TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 84 том

Әлбеков Тоқтар

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 84 том

«Бабалар сөзі» сериясының 84-томына ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қорларында сақтаулы қолжазбалар мен түрлі жинақтардан алынған күй аңыздар енді.

Астана 2012
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек

Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік

Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир

Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар

Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат

Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес

жүз томдық
Күй аңыздар
84 том

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.А., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Алпысбаева Қ., Әлбеков Т. (жауапты редактор), Күзембаева С. Қасқабасов С. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларды дайындағандар: Әлбеков Т., Қосан С., Оралбек А., Байғазы А. (жауапты шығарушы) Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012. Т. 84: Күй аңыздар.—432 бет. ІSBN 978-601-292-490-9 «Бабалар сөзі» сериясының 84-томына ҚР БҒМ Орталық ғылыми кі­ тап­ханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қорларында сақтаулы қолжазбалар мен түрлі жинақтардан алын­ған күй аңыздар енді. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 ІSBN 978-601-292-490-9 (т. 84) © Әдебиет және өнер институты, 2012 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012

Құрастырушылардан
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Мем­лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық
кө­ретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми

ба­сылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады. Серияның
бұған дейін баспаға ұсынылған сексен үш томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып
саналатын эпостық шығармаларға, қара өлең, ертегілер,

жұм­бақтар мен мақал-мәтелдер т.б. шағын жанрларға арнал­
ды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың» он үш,
«Діни дастандардың» жеті, «Ғашықтық дастандардың» он
бір, «Тарихи жырлардың» он бір, «Батырлар жырының»

жиырма, «Мақал-мәтелдердің» бес, «Қара өлеңнің» екі,
«Ше­жірелік жыр-аңыздардың» бір, «Жұмбақтар» мен «Ба-
лалар фольклорының» бір-бір томы, «Ертегілердің» бес то­
мы, «Қазақ мифтерінің» бір томы, «Моңғолиядағы қазақ

фольклорының» бір томы, «Топонимдік аңыздардың» бір
то­мы, «Шежірелік аңыздардың» үш томы баспаға дайында-
лып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томына Қы­
тай қазақтарының, бір томына Моңғолия қазақтарының

фольклорлық мұралары қамтылды.
Күй аңыздары—қазақ мәдениетінің бастауларымен са­
бақтасып жатқан біртұтас рухани құбылыс. Аңыздар­дың

күй  аңыздар
түп-тамырына назар аударғанда, олар халықтың руха­ни
әлемінде айырықша орны бар, ғасырлар қойнауынан бас­
тау алатын дәстүрлі мұра екендігін аңғаруға болады. Оған

Қорқыт атадан бастап бүгінгі күнге дейін үзілмей келе
жатқан күй өнері, олардың шығу тарихына байланысты
ауыздан ауызға тарап, кейінгі ұрпаққа жеткен аңыздар
айқын дәлел бола алады. Күй аңыздарда халықтығымен

қоса, синкретті сипатымен де ерекшеленеді. Бұл арада
күй мен күйшінің, күй мен аңыздың, күй тарихы мен оны
айтушылардың және күйді орындаушылардың арасында­ғы
ажырағысыз байланыстың барлығын әрдайым есте ұста­ған

абзал.
Осы жанрды арнайы түрде зерттеген профессор А.Сейдім­
бек күй аңыздарының пайда болу тарихын бес кезеңге бөліп
қарастырады. Алғашқы кезең—жыл санауымызға дейінгі

VІІІ-V ғасырлардан біздің заманымыздың VІ ғасырына
дейін­гі аралықты қамтиды. Бұлар—ислам дініне дейінгі
қиял-ғажайып тақырыптарға, атап айтқанда, жаугершілік
ке­зеңдердегі жорық сарындары, атақты қолбасшылар, пара-

сатты арулар, қанатты пырақтар, киелі жануарлар туралы
күйлердің аңыздары («Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет»,
«Көкбөрі», «Аққу», «Сарын» т.б.).
Екінші—Оғыз-қыпшақ кезеңіндегі (VІ-ХІІ ғғ.) Қорқыт ата

сарындарына қатысты, сондай-ақ «Абыз толғауы», «Саймақ­
тың Сарыөзені», Балжыңгер» сияқты күйлерге байланысты
аңыздар.
Үшінші—Ноғайлы кезеңіндегі (ХІІ-ХVІІ ғғ.) күй аңыздар.

Бұлардың қатарына «Жошы ханның жортуылы», «Әмір ақ­
сақ», «Қамбар күйі», сонымен бірге Кетбұғаның «Ақсақ құ­
лан», Асанқайғының «Ел айрылған», Қазтуғанның «Сағыныш»
сынды күйлері туралы ел аңыздары жатады.

Төртінші
топта
жоңғар
шапқыншылығы

кезеңіндегі
(ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) тарихи деректілігі басым «Қаратаудың шерт­
песі», «Абылай ханның Майдақоңыры», «Қалмақ биі», «Қал­
мақтың қара жорғасы» т.б. күйлерге байланысты аңыз­дар

қарастырылған.

құрастырушылардан
Бесінші—ХVІІІ-ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басын­да
дүниеге келген халыққа танымал, авторлары белгілі шы­ғар­
малардың шығу тарихына қатысты аңыздар. Бұл туындылар

көлемі тұрғысында да, көркемдік сипаты жағынан да маңызды
болып табылады.
Топтаманың 84-томына М.О.Әуезов атындағы Әде­биет
және өнер институты мен Орталық ғылыми кітап­хана­ның

қолжазба қорларында жинақталған Б. Жақып­баев­тың,
Қ. Айнабековтің, А. Құдайбердиевтің, А. Бейсенғали­қы­
зының қолжазба мұралармен қатар, А.Жұбановтың «Ға­
сырлар пернесі» (1975), А.Сейдімбектің «Күй шежіре»

(1992), У. Бекеновтің «Күй табиғаты» (1981), Т. Мерғалиев­
тің «Домбыра сазы» (1972), М. Сатыбалдиевтың «Шара-
пат» (1973) Б. Мүптекеев пен С. Медеубекұлының «Жетісу
күйлері» (1998), Т. Мерғалиев, С. Бүркіт пен О. Дүйсеннің

«Қазақ күйлерінің тарихы» (2000), К.Сейдехановтың
«Өл­ген қазан» (1985), «Қазақ музыкасы. Антология: Бес
томдық». 1, 3, 4, 5-томдары (2005, 2006), Б. Жүсіповтың
«Жиделі Байсын күйлері» (2000), А. Райымбергенов пен

С. Аманованың «Күй қайнары. Голоса народных муз»
(1990) еңбектеріндегі, cондай-ақ Қытай қазақтарының
«Шин­жаң халық баспасынан» шығарған «Күй аңыздары»
жинақтарының 1-2-кітаптарындағы (2009) күй аңыздар

қамтылды.
Томның алғашқы бөлімі «Халық күйлерінің аңыздары»
аталып, авторы белгісіз туындылар туралы аңыздар топ­
тастырылған болса, «Күй және күйшілер жайындағы аңыз­

дар» атты екінші бөлімде Қорқыт атадан бергі кезеңдерде
өмір сүрген күйшілердің шығармаларына қатысты аңыздар
жинақталды. Томды дайындау барысында жоғарыда атал­
ған профессор А. Сейдімбектің жүйелеу тәсілі басшылық­қа

алынды.
Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә­
тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, рет­тік
санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшалары: том­­

ға енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушы­

күй  аңыздар
лар және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мә­
тіндерге ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары,
мә­тіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен күйшілер тура­

лы түсініктерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және
том­ның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған түйіндерін
құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.

1. «Шақыру»

(І нұсқа)
Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-
қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады.
Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы көзіне көрінген мал-

жанға шабуыл жасап, қырып-жоя бастапты. Небір ақ орда үй­
лерді сақиналап орап алатын жыландар күтірлете сыққанда
күл-талқан етеді екен. Алып жыландардың қыспағына түс­кен
атан түйелердің өзі танауынан қаны дірдектеп, аяқ серпуге ша-

масы келмепті.
Мұндай сұмдықтан дүрліккен қалың ел шошынып, бас сау­
ғалай қашады. Тау-тасты, үңгір-оқапты паналайды. Бірақ жы­
лан нөпірінен сонда да құтыла алмайды. Әсіресе осынау орда-

лы жыландардың көсемі—қос мүйізді айдаһар тірі жанға сауға
таптырмайды. Оның қос мүйізі дем тартып, уытын шашқанда
адамдардың еті ағып түсіп, саудыраған қу сүйектері қалады
екен.

Әбден айласы таусылған адамдар құрып бітетін болған
соң, Тәңіріге жалбарынып көмек сұрайды. Адамдардың зары
Тәңірінің құлағына жетсе керек, кешікпей көктен белгі білі­
неді. Алдымен, аспаннан жолақ жасап жарық сәуле көрінеді.

Сон­соң, сол жарық сәулені жол етіп, қос өркеш түйеге теріс
қарап мінген Нұртөлі атты бала түседі. Баланың қолында аққу
мойын қара қобыз болса керек, небір сиқырлы саз шығарып,
күй төге келеді. Жер бетінен күйдің сарыны естілуі мұң екен,

қаптаған ордалы жылан шиыршық атуын қойып, сілтідей ты­
нады. Бұрынғы қан құмар обыр мінезін ұмытып, күйдің дауы-
Халық күйлерінің аңыздары

күй  аңыздар
сын ұйып тыңдағандай болады. Осы кезде көктен түскен Нұр­
төлі қобызын сарнатқан қалпы Қаратеңізді бетке алып жүре
береді. Оның соңынан күйді үздіге тыңдаған жыландар да

қалмай жылжып, теңіз тұңғиығына бірге кіреді.
Сөйтіп, ен даланы еркін жайлаған халық иықтарынан ауыр
жүк түскендей көңілдерін демдеп, қайтадан мұңсыз-қамсыз
күйлерімен қауышады.

Адамдарға араша түскен Нұртөлі күні бүгінге дейін Қара­
теңіздің астында тоқтатпастан күй төгіп отырса керек. Ал
мүйізді аждаһа бастаған жыландар ордасы қобыздың сазды са-
рынын жалықпай тыңдауда көрінеді.

Нұртөлі қобыз күйін тоқтатпауға тиісті. Егер қобыз кө­мейі­
нен күй сарыны үзілсе, жыландар ордасы қайтадан жер бетіне
шығып, тіршілік атаулыға қырғын таптырмақ.
Нұртөлінің жыландарды күймен шақырып, соңынан ерт-

кен сиқырлы сазын естіген бір құйма құлақ қобызшы кейін
«Шақыру» күйі деп жұртқа жайса керек.

2. «Тауқұдірет»

Есте жоқ ескі заманда домбырада жалғыз ғана ішек, тау­
құ­діретте жалғыз ғана қанат болыпты. Тауқұдіреттің жалғыз
қанаты еркегінің оң жағына, ұрғашысының сол жағына біте­
ді екен. Домбыра не істерін білмей іштен тынады. Тауқұдірет

болса күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қалықтап ұша алатын
қос қанат сұрап, «құдірет-ау, құдірет» деп жалбарынумен бо­
лыпты.
Күндердің бір күнінде тауқұдіреттің аталығына бір ой келе­

ді, «бүйтіп зарлап жүре бергенше, талпынып тірлік етіп кө­
рейік» дейді де, аналық тауқұдіретпен қолдасып ұшуды ойлай-
ды. Бірінде—оң қанат, екіншісінде—сол қанат, екі тауқұдірет
бір-бірімен қолдасып, қанаттарын кере серпеді. Сол кезде

жерден бауырлары көтеріліп, қалықтай ұшып жөнеледі. Жер
беті дөңгеленіп төменде қалады. Қос тауқұдіреттің қанатта­
рын жел сүйемелдеп, көк жүзінде рақаттана самғайды. Сонда
көңілдері шаттанған қос тауқұдірет қуаныштарын жасыра ал-

май «құдірет-ау, құдірет, мұныңа да шүкіршілік!» деп Тәңірге
ризашылықтарын білдіріпті. Кейін бұл тауқұдіреттерден ту­ған
балапандарға тәңірі қос қанат дарытып еді дейді.

халық  күйлерінің  аңыздары
Осы оқиғадан құлағдар домбырашы «Қос қанат бірігіп еді—
ұшты, егер домбырада қос ішек болса ше?» дейді де, екінші ішек
тағып көреді. Сонсоң қос ішекті домбырасын тартып көрсе,

ғажайып үн шығады дейді. Домбырашының қуанышында
шек болмайды. Тіптен, риза болғандығы сонша—ең алғашқы
күйін тауқұдіретке арнайды. Тауқұдіреттің алғашқыда қалай
қиналғанын, «құдірет-ау, құдірет» деп Тәңірге қалай жал­ба­

рынғанын, сонсоң қолдаса ұшып көкке самғағанын күй тіліне
салады.
Шынында да, бұл күйді тыңдап отырғанда, көсіп шертетін тұс­
тары «Құдірет-ау, құдірет» деп сөйлеп қоя бергендей әсер етеді.

3. «Шұбар киік»

(І нұсқа)
Ертеде құралайды көзден ататын бір аңшы болыпты. Тәңі­
рінің бұйыртқан несібесін түзден теріп жеп, аң аулап күн көреді
екен.

Күндердің бір күнінде сағым шалған сары далада өзегі та-
лып, өкпесі өшіп аң аулап келе жатса, бетегелі белде жайы­лып
жүрген жалғыз шұбар киікті көреді. Иіс шалдырмау үшін ық
жағын алып, сайды жалдап, беткейді құлдап, садақ тартым

жерге келеді. Баспалап қараса, желіні жер сызған ешкі екен.
Аң деген көздің құрты, аңшы сол жерде «сенде жазық жоқ,
менде азық жоқ» деп, садағын кезенеді.
«Түз тағысы табиғатпен тілдес» деген емес пе, бір қатердің

төнгенін сезген шұбар киік селт етіп басын көтерсе, садағын ке-
зеп тұрған сұр мергенді көреді. Оқтан жүйрік емес, енді қашып
құтылмасын білген шұбар киік көзі мөлдіреп аңшыға қарай­ды
да, жалбарына тіл қатады.

—Ей, Сұрмерген, жаныма сауға сұраймын. Әлі бауыр көте­

ріп үлгермеген егіз лағым бар еді. Сол панасыз лақтарымды
аңсап, жүрегім елжіреп, желінім дертіп келемін. Мені атпа.
Тілімді алсаң, «атқан оғың жерге түспесін» деп батамды бе-
рер едім. Сонда сен ұшқан құс пен жүгірген аңды құтқармас

несібелі аңшы боласың. Өле-өлгенше тарықпай өтесің! Жаныма
сауға сұраймын, атпа!—дейді.
Аңшы бұл сөзді тыңдамайды. Күнімен табанынан таусы­
лып, дала кезген аңшы бұл киіктен айырылса, үйіне құр қол ба­

күй  аңыздар
ратындай болады да, садағын тартып жібереді. Сонда киелі киік
аңшының көз алдына шұбар тасқа айналыпты дейді.
Осыдан кейін Сұрмергеннің жолы болмайтын болыпты.

Бұл оқиғаны естіген домбырашы «Шұбар киік» деп күй
тартқан екен.
4.«Шұбар киік»
(ІІ нұсқа)

Ертеде несібесін түзден терген бір аңшы болыпты. Бір күні аң
аулап жүріп, шұбар киікке ұшырасады. Жас лақтаған, желі­ні
жер сызған киік екен, бірақ аң деген көзің құрты емес пе, аң­шы
«сен­де жазық жоқ, менде азық жоқ» дейді де, садағын кезенеді.

Осы кезде шұбар киікке тіл бітіп:

—Ей, Сұрмерген, мені атпа. Әлі бауырын көтермеген егіз

лағым бар еді. Жүрегім елжіреп, желінім дертіп келеді. Сен ма­
ған мұрсат бер, сол лақтарымды тойғыза бір емізіп, соңғы рет
бауы­рыма алып, мауқымды басқан соң өзіңе қайтып келейін,—
дейді.

Аңшы ойланып қалады. Нанбайын десе адамша сөйлеп тұр,
нанайын десе басқа кепіл болар ештеңе жоқ.

—Мен сені атпай жіберер едім, бірақ қайтып келетініңе кім

кепіл болады?—дейді аңшы.
Осы сөздің айтылуы мұң екен, аспан шарт етіп, найзағай
жарқ етіп, жерге Мұхаммед пайғамбар түседі де:

—Мен кепіл боламын!—дейді.

Мұнан соң аңшы киікті босатады. Кепілдікке келген Мұ­
хаммед пайғамбар жанында, енді аңшы лақтарын емізуге кет­
кен киіктің қайтып оралуын күтеді.
Арада біраз уақыт өтеді. Күт батуға айналады. Сол кезде

аңшы таңырқап, Мұхаммед пайғамбарға тіл қатады:

—Сіз мені бұйырған ризығымнан қақтыңыз-ау, киік опа­сыз

болды!—депті. Сонда Мұхаммед:

—Сабыр ет, аңшым, он сегіз мың ғаламда мені ешкім алда­

ған емес!—депті.
Осы сөзді Мұхаммедтің айтқаны сол екен, таңы жарқырап
шұбар киік те жетіпті дейді.
Бұл оқиғаны естіген күйші домбырасына келтіріп күй тарт-

са керек.

халық  күйлерінің  аңыздары 5. «Жорға аю»

(І нұсқа)
Таудың тарлан тағысы аю бірде баласын ертіп етекке түседі.
Етекте күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзен бар екен.
Аюдың қонжығы өзен ағысын қызықтап жарқабақтан қарап

тұрғанда құлап кетіпті. Арыны қатты тау суы қорбаңдаған
қонжықты жаңқа құрлы көрмей, қақпақылдап ала жөнеледі.
Көз алдында ақ көбікпен араласып, бір батып, бір шығып
ағып бара жатқан баласын қимай аю жанталасады. Құтқара­тын

дәрмені жоқ, су ішінде қараңдаған баласынан көз алмай жар
жағалап жүгіре береді. Бауырын бұтақ жырып, табанын тас
тіледі. Бірақ баласына деген аналық сезімі сүлдерін сүйре­леп,
қонжығынан қалыспай жүгіре береді.

Осы бір жағдайды көзі көрген күйші домбыра мен сыбыз­
ғыға күй етіп салған екен.
Мынау сондағы аюдың жорғалай балпаңдап жүгіргендегісі
екен дейді.

6. «Қызылқан»

(І нұсқа)
Көктемде ұшып келіп, күз түсе жылы жаққа қайтатын жыл
құстарының ылғи алдын бастап, қарқара тарта ұшып отыра-
тын Қызылқан атты бір құс болыпты дейді. Қызылқан өзінің

соңындағы мың сан құсты небір қанат талар шөлден, топшы
талар белден өткеріп, оты-суы мол өлкеге бастап келіп жүреді
екен.
Бірде моншақтай тізіліп, жылы жақты сағалап келе жат­

қан қалың құс қарлы боранға ұрынып, жойдасыз шығынға
ұшырапты. Сонда, соңынан ерген ұяластарының ауыр халіне
күйзелген Қызылқан мұңын шағып Тәңірге барады. Тәңірі
Қызылқанның шағымын тыңдап болып: «Е-е, түз тағысын та­

би­ғатпен тілдес етпей болмайды екен. Жарайды, мен сендер-
ге адаспай ұшу үшін аспаннан жол салып берейін!»—деп, көк
жүзіне ақ белдеу жол салып береді. Аспандағы ақ белдеу құс
жолының пайда болу себебі содан болса керек.

Ұрпағының қамын ойлап, Тәңірімен тілдескен Қызылқан
атты құсқа арнап сыбызғышы күй шығарған.

күй  аңыздар 7. «Балжыңгер»

(І нұсқа)
Ертеректе байлық-берекесі шалқыған, сән-салтанаты ке­ліс­
кен Байсары деген бай өтіпті. Мекені Өр Алтайдың салқын сабат
аясына біткен Марқакөлдің шүйгін жағасы болса керек. «Бірі

кем дүние» деген емес пе, Байсарыда тұяқ жалғар, шаңырағы­
на ие болар ұл болмапты. Бірақ, оның есесіне ақылына көркі
сай, жұрт аузына ілінген Айымкүл есімді жалғыз қызы бар
екен. Жоққа жүйрік жеткен бе, Байсары бай барға қанағат

етіп, жалғыз қызы Айымкүлдің тілеуін тілеп, бетінен қақпай
өсіріпті.
Жылжып жылдар, сырғып күндер өтіп жатады. Айымкүл
айдай толысып бой жетеді. Байсарының ақылына көркі сай

қызы туралы тамылжыған тәтті сөз аяқ жетер жерге жайы-
лады. Содан өзіне теңдес өмірлік жар іздеген небір нәнталап
жігіттер қыз көруге Байсарының үйіне күн құрғатпай ағылып
келіп-кетіп жатады. Батыры бар, байы бар, шешені мен көсем

бар, бірінен-бірі мойын оздырған қыз көрушілер Айымкүлді
көріп, көңілдері толып, сөз сала бастайды.
Осы кезде Байсары дал болады. Бірінен-бірі иық асырған
өңшең мықтыларға не деп уәж айтарын білмей қиналады.

Жалғызын құтты орнына қондырып, көңіл орнықтыруды ниет
қылған Байсары енді қартайғанда дұшпанымды көбейтіп, ар-
тыма зиянымды тигізбесем неғылсын деп уайым етеді. Мұның
бәрін іштей ұғып жүрген Айымкүл әкесіне сөз салады: «Ұям үйде

болғанмен, өрісім түзде болған соң шара бар ма?! Шара бол­ма­
ғандықтан да, табиғаттың дегеніне көніп, перзенттік өтіні­шім­
ді білдіруге бел будым. Әкем маған күйеу таңдап қиналмай-ақ,
ерікті өзіме берсе екен. Маған атақ-даңқ та, байлық-береке де,

сұлулық-салтанат да таңсық емес. Оның бәрі бір басыма бұйыр­
ған. Сондықтан әкем аяқ жетер жерге жар салып, хан-қара, би-
төре демей, күйеу таңдар тойын жасап берсе екен»,—дейді.
Байсары жалғыз қызының бұл тілегіне қарсы болмайды:

«Тәңірі маған ұл бермеді. Бірақ ұлдан кем емес қыз берді. Оған
да шүкірана! Айымкүлім бой жетіп, перзенттік еншісін сұра­
ған екен, бердім ұлықсатымды! Аяқ жетер жерге жар салың­дар!
Күйеу таңдар тойға қамданыңдар!»—деп ризалығын білді­ре­ді.

Содан күйеу таңдар тойдың межелі күні де келіп жетеді.
Марқакөлдің жағасына жер қайысқандай жұрт жиналады.

халық  күйлерінің  аңыздары
Тойға киіз туырлықты жалпақ қазақты былай қойғанда, Ұрым
мен Қырымнан, Бағдат пен Мысырдан, Шын мен Машыннан,
Үнді мен Хорасаннан үміткерлер келген. Бірінен-бірі асып

түскен сән-салтанат көз тұндырады.
Бір мезгілде кернейлер тартылып, дауылпаз қағылып, ор­
таға әлекедей жаланған жаршылар шығады. Жұртшылық­қа
алқа-қотан жасатып, еңселілеу орынға алтын тақта қойды­рып,

Айымкүлге жол ашады. Көрген жанның көңілін үйіріп, көл­де
жүзген аққудай сызып келіп тақтаға отырған Айымкүл баста
деп белгі береді. Жаршылар саңқылдай жөнеледі.

—Уа, халайық, халайық! Ай мен күндей Айымкүлге қара­

йық. Ұрым мен Қырымнан, Бағдат пен Мысырдан, Шын мен
Машын­нан, Хорасан мен Үндіден келген қонақ бар. Ен даланың
еркін өскен жігіттері және бар. Барлығында бір мақсат—айдай
сұ­лу Айымкүлдің сынынан сүрінбей өту. Бір ғана шарт бар, әр­кім

өзін, елі мен жерін таныстырып, ең басты қасиетін айтып өтсін!
Жаршылардың хабарынан кейін үміткерлер бірінен соң бірі
ортаға шығып, қойылған шарт бойынша өздерін таныстырып,
ең басты қасиеттерін айта бастайды. Бірі жеті атасынан бері

ел билеген әулеттен шыққанын айтады. Екіншісі төрт түлік
малына жер қайысқан бай екенін тілге тиек етеді. Үшіншісі
алтыны мен күмісін түйеге теңдесе, алды-арты түстік жерге
созылатын керуен болатынын көлденең тартады. Келесісі бұл

дүниеде қарсыласы жоқ батырлығын айтып, кеуде қағады. Енді
бірі жеті қат жер астының, жеті жұрттың тілін білетін ғұлама
екенін ескертеді. Тіптен, тағы біреуі қара суды теріс ағыза ала-
тын сиқыр өнерін меңгергенін айтып өтеді...

Айымкүл әрқайсысына ізет көрсетіп қойып, айтылған сөз­
дерді іштей бір сын ғып отырады.
Бір мезгілде қарапайым киінген, есік пен төрдей кер ат мін­
ген бір жас жігіт ортаға шығады. Күнұзынғы сән-салтанатқа

көзі үйренген жұрт гу ете қалады. Батырлар менсінбеген, бай-
лар теңсінбеген шырай танытады.

—Ен даланың төсінде еркін өскен елім бар. Сол елдің

қатардағы қарапайым бір перзентімін. Есімім—Қастер. Жа­у
алмайтын, жұт шалмайтын дәулетім бар, ол—мен үшін ойлан­
бай жанын қиятын достарым. Қашсам құтылатын, қусам же­
тетін қанатым бар, ол—астыма мінген пырағым—Балжың­

гер!—дейді жас жігіт.
2-136

күй  аңыздар
Айымкүл ойланып қалады. Ойлана отырып: «Рас-ау, мал
өлер, дүние тозар. Сол өлер мал, тозар дүниені қаперіне ілмей,
достарын мақтан еткен пейілі қандай кең еді, жүрегі қандай ақ

еді!»—деп іштей күбірлейді. Жай ғана күбірлеп қоймайды, на-
зары тоқтаған осы бір кер атты жігітті сынамақ болады. Сыны-
на толса, тағдырдың жазуы осы шығар деп тәуекел етпек.
Сол жерде Айымкүл ақ орамал көтеріп, жұртшылықтан

сауға сұрап, кер ат мінген Қастерге шарт қояды: «Сөзің ұнады,
жігітім. Енді ісіңді сынағым келеді. Алайда сынаушы жал­
ғыз мен болсам, әділдікке қиянат келтірер едім. Сондықтан
істің сыны екеуімізге бірдей ортақ болсын. Мен қазір осынау

қауымның көз алдында алтын оқалы, жез түймелі күдері тон
тігуге кірісемін. Күдері тон толық тігіліп біткенше астыңдағы
кер атпен Марқакөлді айналып шығасың. Егер үлгерсең, мен
сендікпін!»—дейді.

«Уәде—серт, мақтан—дерт» деген, сол жерде екі жақ та
сертке тәу етіседі. Қастер кер аттың айыл-тартпасын тартып,
үзеңгіге аяқ салады, Айымкүл ине-жібін қолына алады...
Содан Балжыңгерге қамшы басқан Қастер Марқакөлді кө­

белей шауып жөнеледі. Аспантаудың аңғарына сұғына кір­
ген айна көлді айналып шығу оңай болмайды. Із түспеген
шалғынды кешіп, сыңсыған орманнан өтеді. Көлге төне біткен
құз-жартастарды басып, қарлы шыңдардан асады. Қара қо­

рыс батпақтарды жалдап, арқырап аққан ақ жал толқынды
өзендерден өтеді. Шыға шықса, қарлы боранға оранып, ойға
түссе, қара тұманға тап болады. Мұның бәрі аздай-ақ, орман-
тоғай, тау-тастың арасынан ақырып аю шығады, шабынып

жолбарыс кезігеді, күркіреген қабыланмен беттеседі... Осының
бәрінде де Қастер мінген Балжыңгер нағыз ерге серік пырақ
екенін көрсетеді. Көлді көбелеп, қияны жебелеп, қуса жетіп,
қашса құтылып, шапқан сайын ширыға түседі. Содан, күн мен

түннен жаңылып, батысы-шығыс, шығысы-батыс болғандай
бір мезгілде көз ұшынан Байсарының ауылы көрінеді. Шал­ғын­
ға шашқан жұмыртқадай ағарып, алқа қотан қонған ауыл­дың
қарасы көрінгенде Балжыңгердің белі көтеріліп, созыла ша­

бады. Сол бетінде жұлдыздай ағып келіп, Қастер тізгін тарт­қан­
да, Айымкүлдің қадап үлгермеген соңғы түймесі қалса керек.

—Сыныма толдың, Қастер. Егер сенің сыныңа мен толсам,

тойыңды жасай бер!—дейді Айымкүл.

халық  күйлерінің  аңыздары

—Сен де сыныма толдың, Айымкүл! Қадалмай қалған жал­

ғыз түйме—ердің басшы, әйелдің қосшы екенін мегзегенің деп
білемін!—дейді Қастер.
Сол жерде жиналған жұртқа Айымкүл тіл қатады:

—Ардақты ағайын! Алыстан келген қадірлі қонақтар! Қыс­

қа жіптей күрмеуге келмейтін қыз дәуренімнің қызығына куә
болдыңыздар. Ең алдымен кіндік қаным тамған туған жердің
атынан, сонан соң алтын бесік елімнің атынан алғыс айтамын.
Жеңдім деп желігудің, жеңілдім деп жасудың қисыны жоқ.

Мен—жалғыз, сіздер—көпсіздер. Бәріңді бірдей құрметте­сем
де, біріңді ғана таңдағанымды айтқым келеді. Тағдырымды кер
ат мінген Қастерге тапсырдым... «Тойдан—тобықтай белгі» де-
ген, барлықтарыңызға қалы кілем, нар түйе, тай тұяқ баста­ған

үш тоғыздан сый тартамын. Бәсекелес емес, бауырлас бо­лып
тарасаңыздар екен!—дейді Айымкүл.
Айымкүл мен Қастердің сынына да, сырына да жұрт көңілі
толып, риза болады. Екі жастың көңіл қосуы ұлан-асыр тойға

ұласады...
Осы оқиғаға куә болып, ер жігіттің даңқын шығарған
Балжыңгердей пырақты көзімен көрген күйші «Балжыңгер»
атты күй шығарады.

Ел ішіне «Балжыңгер» күйінің үш нұсқасы кеңінен тара­ған.
Күйді жете меңгерген, аңызын да жақсы білетін домбырашы­лар
бұл үш нұсқаны бір күй етіп тартады. Күйді тарту бары­сын­да
мынау «Балжыңгердің аяғы», мынау «Балжыңгердің ша­бы­

сы», мынау «Балжыңгердің желісі» деп, күйдің сарынын та-
раулап, жіктеп отырады.
«Балжыңгер» күйінің аңызы ғана емес, әуен-сазы да драма-
лы тартысты бейнелейді. Бірде мамырлап, бірде ширығып оты-

ратын күй сарыны адам сезімінің күрделі сырына бойлағандай. 8. «Нар идірген»

(І нұсқа)
Ертеде бір кедей шал мен оның ақылына көркі сай жалғыз
қызы болады. Кедейліктен басқа міні жоқ, ұжымдары жарасқан,
төңірегіне сыйлы жандар екен. Жар дегендегі жалғыз нарын

сауып тамақ, мініп көлік етсе керек. Соның арқасында ешкімге
көзін сүзіп тіленбей, барды қанағат етіп күн көреді.

күй  аңыздар
Күндердің бір күнінде сауып отырған бекбатша нардың жас
ботасы қос кіндік болып ауырып өледі. Ботасын жоқтап сар­
наған нар сүтін бойына тартып, иімейтін болады. Сөйтіп, түйе

сүтін жалғыз қорегі еткен әкелі-балалы кедей мүлде ас-су­сыз
қа­лады. Әсіресе қарт әке жалғыз қызының жаутаңдаған жү­зі­не
қарап, еш қайраны болмай қатты қапаланады. Сонда ақыл­ды
қызы жұбату айтып; «Әке, уайымдай беріп қайтесіз, Құдай­дың

бір жақсылығы бар шығар, шыдай тұрайық» дейді екен.
Әрине, қанша сабыр сақтағанмен, шыдам тамақ бола ма?! Бір
күні әбден шарасы таусылған ақылды қыз әкесіне тіл қатады:

—Әке, қыз болып жаралған соң, жатағым төріңіз болғанмен,

өрісім түзден ғой. Маған ақ батаңызды беріңіз де, халқыңызға
хабар салыңыз. Біздің бекбатша нар тек қана ботасындай бозда-
тып күй тартқан адамның алдында йюге тиісті. Кімде-кім өнерін
асырып, нарды иіте алса, мені сол өнерпазға қосыңыз,—депті.

Әкесі қызының сөзін жерде қалдырмай, аяқ жетер жерге
жар салады. Ел іші өнерпазсыз болған ба, сұлу қыздан дәмелі
күйшілер төңіректен ағылып келе бастайды. Жұрттың етек-
жеңі жиналып болды-ау дегенде, төрешілер сайланып шығып,

күйшілердің өнерін сынауға кіріседі. Небір саусағынан саз
төгілген дәулескер күйшілер сай-сүйегіңді сырқыратар сарын­
дар­ды судай сапырады. Бірақ ботасын жоқтап, көзінің жасы
мөл­тіл­деген бекбатша нар меңірейген қалпы тұрып алады. Тар­

тылмаған күй, шертілмеген мұң қалмайды. Көбелері сөгіл­ген­
ше күй төккен өнерпаздардың әбден мысы құрып, бі­рі­нен соң
бірі шеттей береді. Бекбатша нар мұның ешқайсысын шыбын­
ның ызыңы құрлы көрместен түнерген қалпы тұрып алады.

Содан, күйшілердің ішінде іріктеліп-сұрыпталып бір қарт,
бір жас домбырашы қалса керек. Кезек қарт күйшіге беріледі.
Өзі де бір, күй күйдіріп, сарын сүрлегендей жан екен дейді,
нардың алдына қаққан қазықтай болып отырып алады да:

«Ал, қарағым, білегіңді түрініп, көнегіңді оңтайлай бер!»—
дейді қызға. Сонан соң қу тақтай, екі ішекті бауырына басып,
шерткенде алыс бір қиырдан ботаның боздаған үні естілген­
дей болады. Алғашқыда елестей елең еткізген сарын бірте-бір­

те айқындалып, енді бір сәтте ботаның өзі үкідей үлпілдеп, ба-
ладай елпілдеп келіп қалғандай әсер береді. Осы сәтті күткен
қарт күйші одан сайын қағына тартып, біресе ілме, біресе шал-
ма қағысқа салса, енді бірде тебеген қағыспен тарпып-тарпып

халық  күйлерінің  аңыздары
жібергенде домбыра шанағы «көс, көс!» деп сөйлеп қоя береді.
Сонда күн ұзын мелшиіп тұрған нардың тұла бойы шымырлап,
алпыс екі тамыры босап, емшегі дертіп қоя береді.

Малының сыры иесіне мәлім, нардың ағыл-тегіл иіп бара
жатқанын алдымен қыз сезеді де, көнекті көтере түскен қалпы
түйенің емшегін қатты қысып, кернеп келген сүтті үрпінен
шығармай қояды. Мұның себебі—қыздың көңілі қарттың со­

ңында кезек күтіп отырған жас күйші жігітте еді дейді. Түйенің
емшегін уыстай қысып, иінін тоқтатқаны—жігіттің кезегіне
іріккендегі қулығы болса керек.
Қарт күйші мұны бірден сезеді де: «Пах, күйім келіскенмен,

күнім өтіп кеткен екен ғой!»—деп, кезекті жас жігітке береді.
Жігіт домбыраны тарта жөнелгенде, қыз алақанын керіп, уы-
сына сыймай бара жатқан нардың емшегін босатып қоя береді.
Ақ саумал көнектің бүйірін тесіп жіберердей саулап жөнеледі.

Бұл кезде осы гәптің бәрін аңғарып, біліп отырған жас күй­
ші іштей намыстанып, бір жағы қызға деген сезімін білдіргісі
ке­ліп «Күйдім-жандым» деген күйге салған екен.
Күй бітіп, нар ағыл-тегіл иіп, жұрт мәре-сәре болысады. Сон-

да төрешілер жағы отырып жаңағы қарт күйшіге: «Төрелік­ке
өкпе-наз, күдік-күмән болмағаны керек, күйім келісті деге­нің­
ді түсіндік, күнім өтті дегеніңнің мәнісі қалай?»—дейді. Қарт
күйші: «Оның мәнісі—түйені иіткен менің күйім еді, бірақ

қыздың көңілі өзінің теңінде болды да, иіп келген сүтті іркіп
қалды. Осы айтқанымның ақиқат екенін білгілеріңіз келсе,
мына жас жігіт екеуміз әлгі күйлерімізді қайта тартқан қалпы
екі бағытқа жүрейік. Сонда мына тұрған жануар кімге «ботам»

деп ергенін көресіздер» деген екен.
Бұл шарт төрешілердің көңіліне қонып, қос күйшіні қайта
сынға салады. Сонда, айтқанындай, бекбатша нар қарт күйші­
нің шалғайын иіскеп, соңынан ере беріпті.

Қыз бетін басып ұялады, жұрт аңырып қалады. Сонда
қайтып оралған қарт күйші: «Уа, ағайын, мен бүгін өзім қар­
тайсам да, күйімнің қартаймағанын көріп бір жасап қалдым.
Тосылмаңдар, «тең теңімен, тезек қабымен көрікті» деген, екі

жастың бақытын тілейік!»—деген екен. Сөйтіп, кедей шал мен
қызының басына бас қосылып, күйеу бала үшеуі ұжымдары
жарасқан қалпы, ештемеден тарықпай, келісті ғұмыр кешіпті
дейді.

күй  аңыздар 9. «Қос мүйізді Ескендір»

Әйгілі Ескендір патшаның басында қос мүйізі болса керек.
Бірақ мұны тірі жан білмейді екен. Себебі шашын алдырған
сайын сол шашын алған адамның басын шаптыртып тастап
оты­рыпты. Мұның мәнісі, Ескендірге түсінде бір әулие аян бе­

ріп: «Егер шашыңды алушыдан басқа адам мүйізіңнің бар еке­
нін білсе, сол күні жарық жалғанмен қоштасасың!»—деп ес­кер­
тіпті дейді. Осыдан кейін-ақ сақтық жасап, шашын алдырт­қан
адамының басын кестірте берген ғой.

Осылайша, Ескендір төңірегінде қолының ебі барлар си­рей­
ді. Бір күні шаш алу кезегі патшаның жақсы көретін жақы­нына
келсе керек. Сонда Ескендір сол жақынына шашын алдырып бо-
лып былай депті: «Шарт бойынша, менің мүйізімді көрген адам

бұ дүниемен қоштасуға тиісті еді. Бірақ мен саған тиіспеймін.
Шашымды тек қана өзіңе алдыртып тұрамын. Тек, есіңде болсын,
мүйізімнің бар екенін екінші адам білген күні басың кесіледі».
Осыдан кейін-ақ шаштараздан маза кетеді. Алдымен, Ескен­

дірдің қос мүйізі жатса түсінен, тұрса есінен кетпей есі шығып
жүреді. Бара-бара бұған еті үйреніп, енді өзі ғана білетін
жаңалықты жұртқа айтқысы келген бір сезім билейді. Бірақ ай-
тайын десе, жанынан қорқады, айтпайын десе, ішіне толған құ­

пия сыр шыдатпайды. Ақыры, амалы таусылғандықтан патша
сарайындағы жеті жұрттың тілін білетін тәуіпке келіп, өзінің
дертті болғанын айтады. Тәуіп болса, әрі-бері қарағаннан кейін:
«Дертің ауыр болғанмен, емі жеңіл. Ішіңе толған бір құпия сыр

бар екен. Сол сырды сыртқа шығару үшін елсіз-күнсіз бір жер-
ге барып, басыңды ойға қарат та, ішіңе толған сөзді айтуың
қа­жет. Жай айтпайсың, әрине, аузыңнан сілекейің шұбырып,
ішің ортайғанша қайталайсың. Тек, даусыңды ешкім естімей­

тін болсын. Біреу-міреу естісе, басыңа қатер!»—дейді.
Шаштараз тәуіптің айтқанын бұлжытпай орындайды. Ел­
сіз-күнсіз жердегі бір құрғаған құдықты тауып алып, басын сол
құдыққа салбырата түсіреді де. «Ескендірдің басында қос мүйіз

бар! Ескендірдің басында қос мүйіз бар!..»—деп, жанын жегі­
дей жеген сөзді іші ортайғанша қайталайды. Осылайша, айы­
на екі рет елсіздегі құдыққа келіп, ішіне толған сөзін қайта­лап,
дертін жеңілдетіп жүреді. Жақынының аузы беріктігіне патша

да риза, күтпеген кеселден оңай құтылып жүргеніне шаштараз
да риза болып жүріп жатады ғой.

халық  күйлерінің  аңыздары
Күндердің бір күнінде, шаштараз барып жүретін құр құ­
дықтың басына әлдеқайдан келе жатқан керуен тоқтайды. Ел
кезген керуеншілердің ішінде неше түрлі қабілеттің адамдары

болатын әдет емес пе. Мына керуеншілердің ішінде де жұрт­
тан асқан бір сыбызғышы бар еді дейді. Сол сыбызғышы ері­
гіп отырып құр құдықтың түбіне қарайды да, онда өсіп тұрған
қамысты көреді. Бұл қамыс, әлгі дертті шаштараздың аузы-

нан ақтарылған сілекейден нәр алып өссе керек. Сол жерде,
сыбызғышы жігіт құдыққа қарғып түседі де, бір сабақ қамысты
жұлып алып, сыбызғы жасайды.
Ескендір патша құпиясы осы жерде кереметін көрсетеді.

Керуенші жігіт сыбызғысын ойнатайын десе, сыбызғысы «Ес­
кендірдің басында қос мүйіз бар!» деп адамша сөйлеп қоя береді.
Керуенші жігіт өз құлағына өзі сенбей, сыбызғыны қайта ойна-
тып көрсе, жаңағы сөз тағы да қайталанады. Сол жерде басқа

керуеншілер де мұндай ғажапқа таң қалса, екіншілері әлемге
даңқы әйгілі патшаның сыртынан ғайбат сөз айтылғандай се-
кем алысады.
Тағдырдың бұйрығы бойынша, құпиясы жария болған Ес­

кен­дір сол күні жарық жалғанмен мәңгілікке қоштасып еді
дейді.
Бұл оқиға керуенші жігіттің сыбызғысы арқылы дүниенің
төрт бұрышына күй болып тараса керек.

10. «Бегім бер»

(І нұсқа)
Ел аузында «Жанкент жеті рет күйреп, жеті рет көтеріл­ген»
деген сөз бар. Соның бірі Шаншар ханның ханымы Бегім-анаға
қатысты айтылады.

Шаншар хан Жанкенттің әміршісі болып тұрған күндердің
бірінде нөкерлерін ертіп, сейіл-серуен құрып, аң аулауға шы­
ғыпты дейді. Шаһардан ұзаңқырап шыққанда ханның есіне
садақ ұштайтын егеудің сарайда қалып қойғаны түседі. Оған

өкініп жататын хан ба, көзіне көрінген нөкерінің бірін «бар,
жылдам алып кел» деп жұмсап жібереді.
Хан сарайына тіке шауып келген нөкердің суыт жүрісінен
сарайдағылардың бірі тіксініп, бірі секем алғандай болады.

Сыртқа Бегім-ана да шығады. Сонда ханымның ерекше жа­

күй  аңыздар
ралған көрік-келбетіне қайран қалған нөкер есінен танып, ат-
тан ауып түссе керек. Содан бас көтеріп, есін жиғанша біраз
уақыт өтеді. Одан кейін мән-жайды айтып, егеуді алып, ханға

кешігіп жетеді.
Шаншар хан нөкерден неге кешіккенін сұраған екен, ол
болған жайды бүкпесіз айтып беріпті. Сол жерде хан тарс ашу-
ланып, аттың басын кері бұрады. Нөкерді жеті қабат зынданға

тастады. Бегім-анаға сенімсіздік білдіріп, оның оң қолы мен
бұрымын шорт кестіріп тастайды.
Сол кезде Бегім-ананың аузы дуалы әулие әкесі тірі еді дейді.
Бұл оқиға сол кісіге жетеді де, дереу Жанкентке келеді. Әу­лие

қарт Шаншар ханға: «Уа, Шаншар хан, шындық екеуміздің
бірімізге зауал келтірсін. Мен сол шындықты білгелі келдім.
Егер қызымда күнә болса, сенікі жөн. Ал, күнәсіз болса, ертеңге
дейін қолы мен шашы орнына келсін де, өзің зауалын тарт!»

депті де сырт айналып кетіп қалыпты.
Әулиенің қатал шарты бүкіл шаһар халқын үрейлендіре­
ді. Ертеңінде үрейлі жұрт Бегім-ананың сарайына келсе, ақ
білегі жарқырап, қолаң шашы салбырап орнында тұр дейді.

Ал жазықсыз нөкер өзінен-өзі жеті қабат зынданның сыртына
шығып қалған екен.
Сол жылы сары ала күз түсе Жанкент шаһарына адам ой­
ламаған зауал келіп, улы жыландар қаптап, жұртшылық дүр­

ліге қашуға мәжбүр болып еді дейді. Осы оқиғаны бір өнерпаз
күй тіліне көшіріп, ұрпаққа аманат етіп қалдырса керек.
Бегім-ана—тарихта болған адам. Сырдарияның төменгі
сағасына жақын маңдағы Арал теңізінің түбегінде Бегім-ана

мұнарасы /бейіті/ күні бүгінге дейін күңгірлеп тұр. Зерт­теу­
шілердің анықтауында мұнара ІX-XІ ғасырда салынған. Бұл
кезең түрік-оғыз тайпалары шаңырағын көтерген Салжұқ
мемлекетінің заманына жатады. Түрік-оғызының қынық тай-

пасын билеген Тұқақтың баласы Салжұқ мемлекет басына кел-
ген соң, ислам дініне мойын ұсынған. Мұның өзі Сыр бойында
моншақтай тізілген қалаларын қыстап, жазға қарай желпіне
көшіп жүретін тәңірілік наным-сенімдегі тайпалардың елеулі

қарсылығын тудырған. Салжұқтардың 985 жылы Жент қала­
сын тастап, Нұрата тауына қоныс аударуы Бегім-ана аңы­зы­ның
астарындағы тарихи шындық сорабын аңғартады. Сал­жұқ­
тың өзі осы Жент қаласында өлген. Салжұқтың ұрпағы Сан-

халық  күйлерінің  аңыздары
жар сұлтанның /1118-1157/ тұсында қыпшақ-қимақ ода­ғы­
ның қайы деп аталатын тайпасы Жентті қиратып, Сыр бойы­на
тәңірілік рухтағы қалпын қайта орнықтырған.

Енді аңыз бен ақиқаттың үндестігіне қараңыз, аңыздағы
Шаншар хан—өмірдегі Санжар сұлтан екені ден қойғызады.
Ал аңыздағы Жанкентке қаптайтын ордалы жылан—қайы
тайпасы. Өйткені монғол тілінде «қайы» деген сөз «жылан»

деген мағына береді. Сондай-ақ Кіші жүздің Жетіру тайпалық
бірлестігінің құрамындағы Табын руының бір бұтағы Бегім деп
аталатыны да осындайда еске түседі.

11. «Бегім бер»

(ІІ нұсқа)
Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ
кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір
түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен

бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін
талғажау етеді екен.
Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегін
бірде ұрылар алып қашыпты. Күнелтіп отырған жалғыз ғана

тағамын көз алдында алып кетіп бара жатқанын көрген кем­пір:
«Ойбай, бегім бер, бегім бер!» деп дауыстайды. Сайланып кел-
ген ұрылар қартайған кемпірге жеткізе ме, әне-міне деген­ше
көзден таса болады. Жесір кемпір қатты налып, осындай күй­ге

түсірген Тәңіріне мұңын шағып, зарлапты.
Кемпірдің зарын естіген бір күйші тебірене толқып сыбыз­
ғыға салған екен дейді.

12. «Жетім бала»

Ертеде, жаугершілігі мол заман болса керек. Бірде, қаннен-
қаперсіз бейбіт жатқан ауылды жау шауып, ойранын шығара­
ды. Ойда жоқта басталған аласапыранда бір балажан ана есейіп
қалған жалғыз баласын қазанның астына жасырып үлгереді.

Ауылдың қарсыласқандары ажал тауып, қолға түскендері пен-
де болып, жаудың айдауына кетеді. Содан, қазан астында жа-
сырынып аман қалған бала шаң-шұң басылған соң орнынан тұ­
рып, ойраны шыққан ауылын көреді, тірідей айырылған ана­сын

күй  аңыздар
жоқтайды. «Айналайын, Құдай-ау!» деп зар төгеді (Осы тұста
домбыра «Айналайын құдай-ай!» деген сөздің буын ырғағы­мен
үндес қайғылы сарын шығарады).

Тағдырдың тауқыметінен қашып құтыла ала ма, жетім бала
жатағынан түңілген құлындай болып, иесіз жұртты артқа тас­
тап, беті ауған жаққа жүріп кетеді. Қанша жүргені белгісіз,
күндердің бір күнінде ерні шөлден кезеріп, әбден титықтаған

шағында көз ұшынан қарайған аттылы көрінеді. Жай аттылы
емес, соңына ерткен тазысы бар, қолына қондырған қаршыға­
сы бар, қанжығаға байлаған дабылы бар Қошан сері деген аңшы
болса керек. Құлазып келе жатқан жетім бала жүгіре дауыс­

тап: «Ағажан-ау, ағажан, атыңның басын тарта тұр!»—деп
шақырады (Осы тұста домбыра «Ағажан-ау, ағажан, атың­ның
басын тарта тұр!» деген сөздің буын ырғағымен үндес қайғы­лы
сарын шығарады).

Сол сәт аңшының алдынан құсы қалың отырған көл көрі­ніп,
қолындағы қаршығасы тіленіп ұшып жөнеледі. Қаршы­ғасы
кеткен соң, құстың қызығымен балаға қарай алмай, дабы­лын
дүңкілдетіп, аңшы да шаба жөнеледі. (Осы тұста домбы­ра­ның

үні соғылған дабылдың дүңкіліне, шапқан аттың дүбіріне ұқ­
сап кетеді).
Жетім бала екі өкпесін қолына алып жүгіріп көлге жетсе,
аңшы атын көл жағасына қаңтарып тастап, өзі қамыс арасына

түскен қаз-үйректі жинауға кетіпті дейді. Жапан түзді жаяу
кезіп жаны қиналған бала аттың тұсауын шешіп, қарғып мінеді
де жүріп кетеді. Қошан сері қаз-үйрегін арқалап, қамыстан
шықса аты жоқ. Төңірегіне қараса, көз ұшында желе жортып

кетіп бара жатқан баланы көреді. Дүние кезек деген емес пе,
енді баланың соңынан жүгірген аңшы: «Балажан-ау, балажан,
аттың басын тарта тұр!»—деп дауыстайды. (Осы тұста домбы-
ра «Балажан-ау, балажан, аттың басын тарта тұр!» деген сөздің

буын ырғағымен шертіледі).
Бала болса, қайтып оралсам қандай ниеттегі адам екенін кім
білген, тағы да тентіреп далада қалармын, оның үстіне мендей
емес қой, қолында қаршығасы, соңында тазысы бар, деп ойлай-

ды да, тоқтамай жүре береді. Сол бетінде қара үзіп, шығандай
ұзап барып, бір тақырға іркілген қақтың басына келгенде тізгін
тартады. Аттан түсіп, атының ауыздығын алып, суармақшы
болады. Осы сәт күрс еткен мылтық дауысы естіледі де, суа-

халық  күйлерінің  аңыздары
рып тұрған аты жалп етіп құлайды. Жетім бала жанына ара-
ша болған атының басын құшақтап, еңіреп қоя береді. Сонда
үстінде жарғағы, қолдарында мылтығы бар қос мерген келіп

баланы жұбатады. «Әттеген-ай, жаңылған екенбіз! Шырағым,
құлан ататын мергендер едік. Мына тақырдың қағына құлан­
нан басқа ұшқан құс, жүгірген аң келмеуші еді. Біз байқамай
жазым еттік»,—деп қос мерген өкініш білдіреді.

Сол жерде жөн сұрасып, жайды біліскен соң қос мерген
балаға: «Алаңдар ешкімің жоқ екен. Біздің елдің байының ба-
ласы жоқ еді, балшықтан кісі жасай алмай отыр. Сол кісіге бала
боласың»,—дейді. Жетім баланың бұлданар жайының жоқ

екені белгілі, қос мергеннің сөзіне құлақ асып, ауылына еріп ке­
леді. Айтқандай, баласы жоқ бай жетім баланы зор қуанышпен
бауырына басып бала етіп, ұлан-асыр той жасайды.
Сонымен, күндер жылжып өте береді. Бойы өсіп, бұғанасы

қата бастаған бала жүре тапқан әкесінің үйір-үйір жылқысы­на
бас-көз болып, жылқышылардың қосағасы болады.
Күндердің бір күнінде жетім бала жылқышылардың жайын
білуге келе жатса, тау арасынан түгі жетіліп үлгермеген тып-

тықыр бір құлынды көреді. Бала құлынды қосқа алып келіп,
бағуға кіріседі. Кешікпей-ақ, тықыр құлын тез жетіліп, ат бо-
лады. Жай ат емес, желсе желдей есетін, шапса құстай ұшатын
тұлпар болып өседі.

Бір күні бала атын мініп, әкесіне көрсету үшін үйіне келіп,
атын белдеуге байлап жатқанда пысқырып қалады. Сонда бай
үйінің түндігі құйын соққандай желп ете түсіп еді дейді. Бай
үйге кірген баласынан: «Шырағым, мынауың неғылған ат,

мұндай жылқы бізде жоқ еді ғой»,—депті. Бала мән-жайды ай-
тады. Бай: «Е, дұрыс-ақ, мінетін атыңды тапқан екенсің»,—деп
оң шырай танытады.
Бала осы бір сәтті пайдаланып, көптен көкейінде жүрген

ойын айтады. «Әке,—дейді бала,—тумасам да туғандай көріп,
бауырыңызға бастыңыз. Ол үшін алдыңызда мәңгі қарыздар­
мын. Алайда қазақ «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» демей
ме? Ұлықсат етсеңіз, туған жерімді көргім келеді».

Ержеткен азаматты зорлап ұстап бола ма, бай қаншалық­ты
балаға бауыр басып, қимағанымен, ақылға жеңдіріп ақ бата­сын
беріп, ұлықсат етеді.
Бала қуанышы қойнына сыймай жолға шығады. Былай

шыға тақыр атына қамшыны басып, талай бел-белестен өтеді.

күй  аңыздар
Бір мезгілде тізгін тартып артына қараса, көз ұшында жал­
пылдап бай әкесі қуып келеді дейді. Сөйтсе, бауыр басқан бала-
сы енді қайтып келмей ме деп қимай, тұлпарына мініп, соңы­нан

ере шыққан екен. Сонда баланың да жүрегі елжіреп: «Сағың
сы­нар қайт, әке!»—деп дауыстайды. Осы тұста домбыра «Сағың
сынар, қайт, әке!» деген сөздің буын ырғағын сұңқылдай қай­
талап тұрып алады.

Баланың алған бетінен қайтпайтынына көзі жеткен бай:
«Қайтейін, қайыр қош, алдыңнан жарылқасын!»—деп, көзінің
жасын іркіп, кері қайтады.
Жетім бала сол жүргеннен мол жүріп отырып, күндердің бір

күнінде тау қойнауынан бұрқырап ағып жатқан бұлаққа тап бо-
лады. Бұлақты өрлеп келе жатып, көңілі тасыған бала әнге са-
лады (Осы тұста домбыра үні жан сергітер әсем сазға ойысады).
Кешікпей-ақ, жетім бала бұлақтың бастау қайнарына жа­

қындап келсе, оның әсем әнін елти тыңдап бір қыз тұр дейді.
Жөн сұрасып, тілдесе келе бала қызды ұнатып қалады. Сол
жерде бала: «Маған өмірлік жар болсаң, алдыма мінгізіп алып
кетер едім»,—дейді. Сонда қыз: «Әніңді естідім, тегін жүрек­

тен шықпайтын ән екен, атыңды көрдім, қашса құтылып,
қуса жететін ат екен. Тағдырдың жазуы осы шығар, айтқаның
болсын»,—деген екен. Сөйтіп, көңілдері жарасқан екі жас
тықыр атқа мінгесіп жолға шығады.

Сол уақытта қыздың артында қалып бара жатқан шешесі
мен Ер Көбен деген бір ағасы бар еді дейді. Шешесі күндік жер-
ден жыланның күйсегенін біліп, иісін сезетін қазық аяқ қара
кемпір болса керек. Су алуға кеткен қызының кешіккенінен

секем алып, тың тыңдап жібереді де, болған жайды біледі.
Сол-ақ екен, аттанды салып: «Ер Көбен, әлгі жүзіқара жалғыз
қыз көлденеңді көк аттыға мінгесіп, күндік жерде кетіп ба-
рады, жылдам жете гөр!»—деп байбалам салады. Ер Көбен де

намысқа басып, тұлпарына мініп, қуып береді. Келесі күні де­
генде қараларын көреді. Сонда Ер Көбен: «Қашпа, батыр, қаш­
па, тоқта, батыр, тоқта!»—деп дауыстайды (Осы тұста дом­бы­ра
«Қашпа, батыр, қашпа, тоқта, батыр, тоқта!» деген сөздің буын

ырғағына ойысады).
Сол жерде жанындағы жетім балаға қыз: «Біз мінгесіп қа­
шып құтыла алмаймыз, мені түсіріп кет. Ағамның алдынан
зор­лықпен ілескендей болып шығайын да, «асқар таудай пана

халық  күйлерінің  аңыздары
болған ағам-ай» деп, құшақ жайып жылаған болайын. Біраз
бөгелер, сонда қара үзіп, ұзап кет»,—дейді. Бұған жетім бала:
«Е, мен неге қашайын, зорлық-қиянатым жоқ. Ағаң ет пен

сүйектен жаратылған адам шығар, мән-жайды айтармыз»,—
деп көнбейді. Алайда олай болмай шығады. Ашу буып келе жат­
қан Ер Көбен тықыр атты бір айналып өтеді де: «Ой, әттеген-ай,
кінә сенен емес, қарындасымнан болған екен. Сен ісің ақ болған

соң қашпаған екенсің. Әйтпесе, атың қуса жететін, қашса құты­
латын жануар екен. Енді өткен іске өкінбей, маған ер. Атың­ның
төрт тұяғына төрт табақ жамбы берейін»,—дейді. Жетім бала:
«Алтының маған ат болар ма, ат болса да тықыр атымдай бо­лар

ма?!» деп ермейді. «Ендеше өзің біл, мен саған «қыз алып қаш»
дегенім жоқ»,—деп, Ер Көбен қарындасын мінгестіріп жүріп
кетеді. Жетім бала болса: «Берген жомарт емес, алған жо­март.
Мен көрдім, ол ерді, сен жеңдің. Қайсымыздың ісіміз ақ екені

бір тәңірге аян!»—деп жетім бала қала береді.
Содан, есіз далада ер-тұрманын арқалап жалғыз қалған
жетім бала тағдырына мұңын шағып, зар төгеді (Осы тұста дом-
быра ерекше мұңды сазға ойысады).

Есіз далада ұзақ еңіреп, сілесі қатқан жетім балаға бір
мезгілде ой келеді. «Қой, мен бүйтіп езіле бергенмен іс бітпес.
Әрі жаяу-жалпы қалып, әрі жазықсыз жапа шегіп, сүйгенім­
нен айырылғаным жараспас. Бір амалын қарастырайын»,—

деп орнынан тұрады да, Ер Көбеннің ауылын бетке алып жүріп
кетеді. Сол бетінде тоқтамай жүріп отырып, түннің бір уақы­
тын­да ауыл іргесінде жусап жатқан Ер Көбен жылқысының
үстінен шығады. Ақырын көз үйретіп қараса, ағаш саясын-

да бір жылқышы қалғып тұр дейді. Жетім бала еппен басып
келеді де, шылбырын тұзақтап жылқышының мойына салып,
ағаш бұтағынан асырып тартып тұра қалады. Сонан соң: «Жан
керек болса шыныңды айт, жылқы ішіндегі ең жарамдысын

ата!»—дейді. Шыбын жанын сауғалаған жылқышы: «Айта­
йын, ай­тайын! Ер Көбеннің жұма сайын бәйгеден келетін егіз
күрең аты бар. Бірін кеше қинап мінген екен, үйінің жанында
таңасып тұр. Екіншісі—мына менің астымдағы ат. Шыным

осы!»—дейді жылқышы.
Мұнан әрі жетім бала шылбырды ағаш бұтағына орай тар-
тып, жылқышыны байлап тастайды да, оның астындағы атына
мініп алады. Сол бетінде өзін ұнатқан қыздың ауылына келіп,

күй  аңыздар
қыз үйінің тұсынан кешегі бұлақ басында айтқан әніне салады
(Осы тұста домбыра үні әсем сазға ойысады).
Әнді естіген қыз бұл әннің кешегі бұлақ басында жетім бала

салған ән екенін бірден таниды. Таниды да ойға қалады. «Бұл
келіп тұрған жетім бала болар. Жетім де болса сертке берік
екен. Сол сертінде тұрған соң, есебін тауып егіз күреңнің бірін
қолға түсірген ғой. Қолға түсірген соң маған ат басын бұрып,

белгі беріп тұрғаны болар, тәуекел!»—деп, қыз еппен киініп,
затын салған қоржынын қарына іліп, сыртқа шығады. Сыртқа
шыққан соң алаңсыз болайын деп, есікке қамыттай қара құлып
салады. Сонан соң таң асып тұрған күрең атқа мінеді.

Мұның бәрін көз жазбай бағып тұрған жетім бала қызға
келіп: «Тағдыр жолымызды оңғарсын! Сен жылқыға барып, ай-
дап кете бер. Мен ағаңмен қоштасып қайтайын!»—дейді. Қыз
мұны жөн көреді.

Жетім бала Ер Көбеннің үйінің тұсына келіп: «Ау, Ер Көбен,
Ер Көбен! Сен ер екенсің. Кеше қарындасыңды қалыңсыз бер­
гің келмей алып кетіп едің. Бүгін егіз күреңді мінгізіп, бір та­
бын жылқыны алдымызға салып бердің. Мәрттігіңде шек жоқ

екен, тәңірі жарылқасын!»—деп дауыстайды. Мұны естігенде
Ер Көбен: «Өй, мынау не дейді ей!»—деп, орнынан тұра жүгір­
генде құлыптаулы есікке соғылып, шалқасынан түседі.
Мұны естіген жетім бала: «Ұрит соқ-соқ!»—деп іштей күліп

жүріп кетеді.
Осылайша жетім бала мол жасауымен сүйгенін алып, туған
жеріне жетіп, ел болып кетіп еді дейді.

13. «Ақсақ қаз»

(І нұсқа)
Көктем туа жер ананың тас емшегі жібіп, төс емшегі иіген
кезде жыл құсының шұбап келіп, дала төсін думанға бөлейтін
әдеті. Салқын сабат көлге, жасыл жайлау белге ынтыға жеткен

мың сан құс кешікпей-ақ ұя салып, жұмыртқа төгеді. Ұрпағын
өргізіп, табиғаттың аялы алақанында мәре-сәре күй кешеді.
Осы әдетпен, жыл сайын қалың шеру құс керуеніне ілесіп
келіп-кетіп жүретін қос қоңыр қаз болады екен. Әрине, оның

бірі—ата қаз, екіншісі—ене қаз. Келер жолына көзі қанық
қос қаздың аңсап келіп қанат бүгетін айна көлі болса керек.

халық  күйлерінің  аңыздары
Сол көлдің көк майса құрағын орып жеп, салқын шымына
бауырын төсеп, ерке самалына қанатын керіп рақаттанады.
Әсіресе, ақ үрпек балапандары апыл-тапыл аяқ басып, үпір-

шүпір үйіріліп, құлдыраңдап соңдарынан ергенде қос қаздың
көкірегін шаттық кернеп, қоңыр үнін қосарлай созып өмір
әніне салады екен. Мұндайда қос қаздың саңқ-саңқ еткен әсем
үні сай-саланы қыдыра жаңғыртып, дүние дидарына құлақ

түргізгендей ерекше естіледі. Жел тынып, көл беті айнадай
жалтырап, гүлқұлақтар сыбдырын қойып—қос қаздың әсем
үніне маужырап мүлгігендей қалып танытады.
Күндердің бір күнінде қос қоңыр қаздың шаттық күйі,

өмір әні дала кезген сұр мергеннің құлағына шалынады. Тіс
қаққан сұрмерген сайды сағалап, көлді жағалап, қамысты па-
налап келеді де, қаннен қаперсіз жүрген қос қазға садақ тар-
тады. Қапысыз тартылған садақтан жұлқына шыққан жебе

жолындағы гүлқұлақтың басын шала заулап келіп, ене қаздың
қақ жілігін шорт үзеді. Шошына шыққан ащы үні маужыр
көлді селк еткізгендей, қанат біткен дүрлігіп көкке көтеріледі.
Ақ қанат балапандар үрпиісіп, жаралы анасының бауырына

тығылады. Сонда жаралы қаз ақ үрпек балапандарын құтқа­
ру үшін қанатымен жер сабап, жалғыз аяғын жанталаса сер­
піп, бауырлай жылжып келеді де суға ілігеді. Сол бетінде қа­
нын шұбыртып көл ортасындағы аралға балапандарын бастап

жөнеледі. Мысы құрып, санын соққан сұр мерген жағалауда
қалады.
Жалғыз аяқ-жарым жан болып қалған қоңыр қаздың ендігі
өмірі қасіретке толады. Бұрынғыдай балапандарын өргізіп,

отын қандырып мамырлап қайтар күн жоқ. Жаз жайлаудың
ең бір қызықты күндерін сұлық жатумен өткізеді. Аштан өліп
бара жатқан соң, мойыны жетер шөбін орған болады. Суға
түсіп сыланбаған соң, желге желпініп таранбаған соң бой жүні

қобырап, қауырсыны ыдырай бастайды.
Ол да ештеңе емес екен. Күн өткен сайын балапандары қара
қанат болып, сирақтары серейіп, мойындары сорайып ата қаз­
бен бірге ұзап жайылатынды шығарады. Қоңыр қаз төсімен жер

сүзе жылжып, балапандарына ілеспек болады. Бірақ дәрмен
жоқ. Мұндайда көкірегі шерге толып, көлдің аясын күңіренте
зар төгеді. Ене қаздың сұңқылдаған қайғылы үні төңірегін
мұңға бөлеп, көл беті уайымнан қабаршып жатқандай болады.

күй  аңыздар Осымен күндер заулап өтіп жатады. Көлдің суы салқындап, қоңыр күз түседі. Құстар сап түзеп, топтаса ұшып, жылы жақ­ қа қайтуға қамданады. Бұл кезде ене қаздың балапандары да ұлы дүрмекке ілесіп, анасына қош-қош айтқандай айнала ұша­ ды. Сонда, қанатымен жер сабап, ақсаңдай ұмтылған ене қаз бауы­рын көтере алмай, үйірінен айырылып қала береді. Жай қалмайды, өксігін баса алмай сұңқылдап, қасірет шерін төгеді. Ақсақ қаздың осы халі күйге айналған. 14. «Сау қаз» Бұл күйдің аңызы «Ақсақ қаз» күйінің аңызына жалғас айтылып, күйдің өзі де жалғас тартылады. ...Сонымен, сұр мергеннің оғынан жаралы болып, үйірімен бірге жылы жаққа ұшып кете алмай, ене қаз иесіз аралда зарлап жалғыз қалады. Бауырына басқан балапандарынан айы­ры­ лып, қанаттас серігі ата қаздан көз жазып, қасірет шерін тө­ге­ді. Сап түзеп, моншақтай тізілген ұялас қаздардың соңынан тел­ міре қарайды. Қос қанатын кере серпіп ұшпақ болады. Бі­рақ бауырымен жер соғып, дәрмені таусыла сұңқылдайды. Осындай шақта ту сыртынан саңқ еткен ата қаздың үні ес­ тіледі. Балапандарын қалың құстың легіне қосқан ата қаз қа­ наттас серігін қимай қайта оралған екен. Ене қаздың ет жү­ре­гі елжіреп, сыңсып жылағандай үн шығарады. Ата қазға жұпжұмыр мойнын созып, иығына иек сүйейді. Ата қаз болса кеудесімен демеп, қанатымен желпіп, өзіне ілестірмек болып әлек. Амал қанша, ақсақ қазда дәрмен жоқ. Қанатымен жер сабап, қамыға сұңқылдайды. Дәрмені таусылған ата қаз да аһ ұрып, қош-қошын айтуға мәжбүр болады. Өмірлік серігінен тірідей айырылып, зар төге алыстай береді... Осы көріністі күйші домбыраға түсіріп, қос қаздың сезім күйін, тағдыр талайын қос ішекпен сөйлеткен екен. 15. «Бөкен жарғақ» (І нұсқа) Ертеде ағайынды екі жігіт болыпты. Әкелерінен жастай айырылып, шешесі үшеуі өмір сүреді екен. Алаңдары болмай өс­кен

халық  күйлерінің  аңыздары
ағайынды екі жігіт жастайынан аң аулауды кәсіп етіпті. Бой­
лары өсіп, бұғаналары қата бастаған кезде бұлардың аңшы­лы­
ғы төңірегін тәнті ететін болыпты. Әсіресе түздің бөкен сияқ­ты

көп кездесетін аңын аулауға машықтанғаны сонша—үсті­ле­рі­не
бөкен терісінен тіккен жарғақтарын киіп алып, түз тағы­сы­мен
араласып жүріп қалағанын атады екен.
Күндердің бір күнінде ағайынды екі жігіт тізе қосып, әдет­

тегідей бөкен аулауға шығады. Ен далада сынаптай сырғып
жүрген бөкеннің бұрылып келіп су ішер орындарының болаты-
ны белгілі. Сондай бір бұлақтың басына ертерек келген екі жігіт
атуға ұрымтал орынға бекінбек болады. Сонда ағасы інісіне

ақыл береді: «Екеуміз бұлақтың екі қабағын ала жайғасайық.
Қаталап келіп суға бас қойған бөкенді екі жағынан қақпалап
атсақ қарық боламыз»,—дейді. Інісі ағасының айтқанына кө­
ніп, көрсеткен жеріне бекінеді.

Түс мезгілі болып, күн тас төбеге көтеріліп, тірі жанның
аңқасын кептіргендей ыстық көтерілген кезде мүйізі жарқ
етіп, бөкеннің шолғыншы текесі көрінеді. Іле даланың шаңын
шүйкедей созып, артынан кимелей кеуделеген ешкі-лақтары

жетеді. Сол бетінде қалың киік айналы астаудай жарқырап
жатқан бұлаққа бас қояды ғой. Осы кезде, ұрымтал сәт кел-
ген шығар деп, ағасы садақ тартады. Дүр етіп кері серпілген
бөкеннің келесі шетінен уәде бойынша інісі де оқ жаудырады.

Талай бөкен оққа ұшады. Аң қызығы ағайынды екі жігіттің
делебесін қоздырып, одан сайын құныға атады.
Сөйтіп, екі ортада ұйлыға жөңкілген бөкеннің тұяғынан
қалың шаң көтеріледі. Әлден уақытта аман қалған бөкендер

шаң арасынан сытылып шығып, түзге бет алады. Әлі де болса
шаң арасында ұйлыққан бірер бөкенді атып алып қалмақшы
болған ағайынды екі жігіт қалың киікті өкшелей қуып, садақ
тартады.

Бір мезгілде ағайынды жігіттердің үлкені шаң арасынан
бөкеннің ойқастаған сүлдерін көргендей болады. Қылт еткенді
құтқармай атып машықтанған жігіт садағын құлаштай керіп
тартып жібереді. Бұл жолы да атқаны қапы кетпейді, көздеге­

нін мұрттай ұшырады. Сол бетінде бауыздап ала қояйын деп
жүгіріп келсе, бөкен деп атқаны өзінің жалғыз інісі екен дейді.
Сол жерде бауырының басын құшып жылаған жігіттің зары
кейін ел ішінде «Бөкен жарғақ» деген күй болып тараса керек.

3-136

күй  аңыздар 16. «Жамал-ай!» Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі. Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көшіріп жібереді. Енді қайтып ауылының маңынан жүрсе, жазаламақшы болады. Сонда жүрек сезімін жасыра алмаған қойшының баласы: Қасың сұлу қағаздың сиясындай, Мойның ұзын тоғайдың миясындай. Қайтсем саған қолымды жеткіземін, Жатқан жерің сұңқардың ұясындай. Жамал-ай, Жамал-ай, Болар ма екен амал-ай! деп өлең етіп әнге салып, күй етіп сыбызғыға салған екен.

17. «Тепеңкөк»

(І нұсқа)
Тепеңкөк әу баста бір байдың қойға салған шабан аты екен.
Мың салса бір баспайтын шабандығына бола Тепеңкөк атанса
керек.

Күндердің бір күнінде тақымында жүрген Тепеңкөкке жұрт­
тан асқан бір сыншының көзі түседі. Сыншы Тепеңкөктің ал­ды-
артына шығып, сұқтана қарап тұрып: «Апыр-ай, осы за­ман­ның
жылқысы азды ма деп жүрсем, жоқ, менің көзім тозған екен

ғой. Мына жануар бүйірімді қыздырсаң, бәйгеден келем деп тұр
ғой!»—дейді.
Бұл сөзді естіген қойшы: «Бәрекелді, қойға да жете алмай-
тын Тепеңкөкке қайдағы бәйге!»—деп күледі.

Сыншы сол бетінде ат басын байдың үйіне тірейді. Сөз ара-
сында сыншы: «Байеке, қырық жылда бір туатын ерен жүйрікті
қор қылып, қойға салып қойғаныңыз қалай?»—деп сұрайды
байдан.

Бай бұл сөзді көңіліне алып, сыншы келеке етіп отыр-ау
деген оймен: «Шын жүйріктің қырық жылда бір туатыны рас
болса, сол қырық жылда ортаймайтын дәулетім бар. Менен

халық  күйлерінің  аңыздары
жүй­рік жылқы көргің келсе, қырық жылдан кейін кел!»—деп
қырыс қабақ танытады. Сонда сыншы: «Байеке, көңіліңізге
алмаңыз, мен шынымды айтып отырмын. Шыққыр көзім шық­

паса, қойшының астындағы Тепеңкөк алдына қара салмас жүй­
ріктің өзі. Тек, бабын білмей жүрсіздер. Тепеңкөк бүйірі қыз­
бай шаппайтын, арқасы қозбай арындамайтын ат. Сол үшін,
бәйгеге қосарда екі қоржын басы құм теңдеп алу керек. Әрі-бері

шапқан соң құлағының түбінен тер білінер. Тер білінген соң-ақ
Тепеңкөктің бауыры жазылып, созыла шабуға тиіс. Сол кез­де
қоржын түбін өткір кездікпен тіліп жіберіп, құмын төксе, со-
нан соң аруағын көтере ұрандап, айқайға салып отырса, Те­пең­

көк сақпанның оғындай заулар еді!»—дейді.
Сыншының айтқан сөзіне бай құлақ асып, бәйгеге қосады.
Жай қоспайды, аяққаптай ала қоржынға құм теңдеп қосады.
Айтқанындай, сол жолы Тепеңкөк небір желаяқ жүйріктерге

шаң қаптырып, жалғыз қара болып бәйгеден келіпті. Осыдан
кейін бабы табылған Тепеңкөк бәйгенің алдын бермейтін бо-
лыпты дейді.
Мына күй сол Тепеңкөктің шабысын келтірген, арасында ат

үстіндегі баланың ұрандаған айқайын білдіретін күй екен. 18. «Хан жұбату»

Ертеде халқына қайырымды бір хан болыпты. Халқына
қайырымды болған соң, ханға төңірегіндегілер де құрметпен
қарайды екен.
Ханның бар үміт-тілегіндей жалғыз ұлы болса керек. Сол

жалғыз ұлы енді есейіп, ат жалын тартып міне бастаған шағын­
да қайтыс болады. Жалғыз ұлдың мезгілсіз қазасы ханды қатты
қайғыға батырып, көз жасы көкірегін жуады. Ақылы құмдай
шашылып, қасірет шеккен ханды жұбату үшін аяқ жетер жер-

ден небір ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен келіп, көңіл ай-
тады. Қайғыны ақылға жеңдіруін өтініп, сабырға шақырады.
Бірақ хан қайғыдан езіліп, тірідей солып, басын көтермей жа-
тып алады.

Сол кезде, ел ішінде жұрттан асқан бір сыбызғышы бо-
лады екен. Ханның басындағы азалы халді естіп, арнайы
ордаға келеді. Ел болып иіліп, жұрт болып жиылып, ханның
қайғысына ортақтасып жатқанда мен де шет қалмайын деп ой-

күй  аңыздар
лайды. Сөйтіп, ханға келіп, сәлем беріп, басу сөз айтады. Хан
сол қалпы, сәлемге жауап қатпастан, іштей мүжіліп, өзімен-
өзі болып, меңірейіп жатып алады. Сыбызғышы сәлемінің

өтпегенін көңіліне алмайды. Төмендеу жайғасып отырады да,
құтысынан сыбызғысын шығарып, асықпай сарната жөнеледі.
Бұрын-соңды тартылмаған тың сарын естір құлақты елеңдетіп,
ғажайып сазымен баурай жөнеледі.

Сыбызғы үні ұзақ сарнап, уілдей өксіп, уһілей күрсініп, шер-
шеменнің бәрін дыбысқа айналдырып жібергендей боздап ке­ліп
тоқтайды. Сонда хан төсектен басын көтеріп, сыбызғы­шы­мен
амандасып, жоғары шығып отыруын өтініп еді дейді.

Сыбызғышы төрге шығып жайғасқанда, ханның қас-қаба­
ғын бағып жүргендер күйшінің иығына шапан жабады.
Міне, ханның қайғысын серпіп, басын көтерткен осынау күй
ел ішінде «Хан жұбату» болып тараған екен.

19. «Кербез қыз»

(І нұсқа)
Ертеректе бір өнерпаз жігіт болса керек. Ол кезде жігіттің
жақсысы жылқы бағып, жүйрік мінеді. Күндердің бір күнінде,
сол өнерпаз жігіт саяқ шыққан жылқыларын іздеп жүріп, бір

ауылға кез болады. Сол ауылда шеткерірек тігілген ақ боз үй
бар екен. Үй сыртынан ат байлар мама ағаш көзге шалынған
соң, кісі түсетін «қонағуар үй» боларсың деп ат басын бұрады.
Жігіттің ойлағанындай, үй төңірегі тап-тұйнақтай, аяққа ша-

лынып жатқан мүлкі жоқ. Оймышталған сықырлауықты жара
ашып үйге кіріп келсе оң жақта бір бойжеткен кесте тігіп отыр­
са керек. Жігіт сәлем береді. Қыз лып етіп орнынан тұрып, сы-
пайы ғана амандасып, төрге көрпе салады. Жігіт төрге озып,

қамшысын сыртына тастап, жайғасқан соң, қысқа-қайырым
тілмен жөнін айтады. Қыз: «Е, жоқ іздеп шаршаған екенсіз ғой,
сусын, дәм қамдайын, жайғасып отыра беріңіз»,—дейді де,
шығып кетеді.

Жігіт үй ішіне бажайлап көз салса, жүк аяққа сүйеулі бір
сары домбыра тұр дейді. Құлықсыздау қол созып, жай ғана
дыңғырлата бастайды. Жол соқты болып келген жігіттің құ­
нығып тартуға зауқы жоқ, әшейін ермек еткен сыңайы бай­

қалады. Мұны сол үйдің бойжеткені біресе қымыз әкеліп, бі­

халық  күйлерінің  аңыздары
ресе жастық тастап жүріп байқайды. Жай байқап қоймайды
«домбыраның берекесін кетірді-ау» дегендей жымиып өтеді.

—Құрбым күлкі шақырардай қандай қылығымды бай­қа­

дың?—деп жігіт сыр тарта сауал қояды.
Қыз күлкісін тыйып, кербез қалпымен:

—Жоға, сіздей, елдің шеті, желдің өтінде жүрген жігіттен

мін іздеу үйде отырған бізге жараспас. Мін іздегенмен табыл-
мас. Жәй әшейін, сайрап тұрған домбыраның тілінің күрме­ліп
қалғанына күлгенім ғой,—деп сөзінің соңын әзілге бұрады.
Кербез қыздың қылығына сай есті сөзі, күмістей сыңғырла­

ған үні бей-жай отырған жігіттің жан дүниесін баурап, дүр
сілкінткендей болады. «Аталы сөзге арсыз ғана дау айтады» де-
ген бар. Есті жігіт қыз сөзіне іштей ұйып, еңсесін түзейді де:

—Ә, домбыра тілін түсінер құлақ болса, сөйлетіп көрейін,—

дейді де бір күйді бастай жөнеледі.
Қыз сыпайы ғана тізе бүгіп, қос жанары мөлдіреп, кірпік
қақпай күйге ден қояды. Уыз өңі құбылып, ақ маңдайы кері­ліп,
күйді беріле тыңдаған сыңай байқалады.

Күй тартылып бітеді. Қыздың мамық төсі дірілдеп, жеңіл
ғана күрсінеді де:

—Апыр-ай, бұрын естімеген сыры мол күй екен,—дейді.

Сонда жігіт:

—Құрбым, күйді тартушы мен болғанмен, тартқызған өзің,

сенің кербез қылығың. Осы дидарласуымыздың бір белгісі деп
біл. Күйдің аты «Кербез қыз» болсын,—деген екен. Сөйтіп, екі
жастың көңілін жарастырған күй «Кербез қыз» деген атпен
жұртқа жайылған.

20. «Кербез қыз»

(ІІ нұсқа)
Бір байдың алақанына салып аялап өсірген жалғыз қызы
болыпты. Жалғыз да болса жүзге татитындай ақылына көркі
сай болып өскен екен. «Қыз өссе, елдің көркі» деген рас, бай

қы­зының ақыл-көркі аңызға айналып, төңірегіндегі аяқ же­тер
жерден арнайы ат сабылтып келушілер көбейді. Малына сен-
ген байлар, әліне сенген батырлар сөз салады. Жалғыз перзен­
ті болған соң, бай қызының қас-қабағына қарап, өмірлік жар

таңдау еркін өзіне береді. Ал қыз болса анау-мынауға көңілі

күй  аңыздар
толмаған сыңай танытып, «теңім емес» деген жауаппен тойта-
рып тастай береді.
Сонымен, күндер зулап, жылдар жылжып өтіп жатады.

«Кербез қыз» атанған бай қызының көңілінен шығар ешкім
кезіге қоймайды.
Әрине, бұл жағдай алдымен ата-анасын алаңдатып, кер-
без қыздан жеңгелері арқылы шешесі «не ойлағаны бар екен?»

деп сыр тартады. Сонда қыз: «Ертеңімді ойламай кергіп жүрген
жайым жоқ. Бірақ көрінгеннің етегінен ұстамай, көңілім құ­ла­
ған біреуге тағдырымды тапсырсам ба деп едім. Ата-анама риза­
мын, жарық дүние сыйлады, әлпештеп өсірді, еркімді өзіме бер­ді,

соның арқасында ел ішіне «Кербез қыз» атым жайылды. Ен­дігі
ойым, менің осы кербездігімді кімде-кім сыбызғы тілінде жет­кізе
алса, жанымды түсінетініне көзім жетіп, соған барар едім» дейді.
Қыз ниеті ел ішінде тез тарайды. Осыдан кейін-ақ бай ауы-

лына жорға мінген бай да емес, найза ұстаған батыр да емес,
енді небір нәнталап сыбызғышылар ағылып келе бастайды. Кер-
без қызға көпке дейін бірде-бір сыбызғышы ұнамайды. «Жай
тақпақ, белгілі сарын» деп жақтырмай қайтара береді.

Содан күндердің күнінде кедейқолдылау киінген қарапайым
бір жігіт келіп, «Кербез қыздың көңілін өсірейін, кербездігін
сыбызғыма көшірейін» деп күй тартады. Кедей жігіттің күйі
қыз көңілінен шығып, екеуі көңіл қосады. Бұған қыздың ата-

анасы да риза болып, ұлан асыр той жасайды.
Сонда тартылған осы «Кербез қыз» күйі еді дейді.

21. «Кербез қыз»

(ІІІ нұсқа)
Бір байдың үш ұлының ортасында бұлғақтап өскен жалғыз
қызы болыпты. Қыздың бір аяғының туа біткен сылтымасы
болса керек. Бірақ әке дәулетіне шалқып, үш ағасына ар­қа

сүйеп өскен қыз көкірегін көтеріңкі ұстайды екен дейді. Тіп­
тен, аяғының сылтымасын білдірткісі келмей, кербезсінген қы­
лығына қарап, төңірегі «кербез қыз» деп атап кеткен екен.
Кербез қыздың басы жас, бойы жеңіл кезінде қыз «теңім

емес» деп талай жігіттің меселін қайтарады. Осыменен жүр­
ген­де қыз біраз уақыттың өткенін байқамай да қалады. Қыз
ғұмыры қызғалдақтай келте ғой, қатарының көбі бас құрап,

халық  күйлерінің  аңыздары шаңырақ құрып кеткенде, байдың қызы енді оң жақта отырып қалған кәрі қыз атана бастайды. Арада тағы да біраз жыл өтеді. Күндердің бір күнінде бұл ауылға бір жігіт келеді. Ауыл-аймақты сөз етіп отырып, байдың кербез қызының әлі ұзатылмағанын естиді. Сөйтсе, бұл жігіт­ тің де бір кездері кербез қызға көңілі кетіп, сөз айтқан екен ғой. Ол кезде көкірегін көтеріп жүретін байдың қызы бұ жігітті «те­ ңім емес» деп, маңына жолатпай жіберіпті. Сол кезде қыздың әлі оң жақта отырғанын естіген жігіт ойға қалады: «Апыр-ай, бір кездері жастық сезімімді өзіне ауда­рып, түн ұйқымды қашырған ғашығым еді. Бірақ менің дәуле­тім­ ді қорашсынып, меселімді қайтарып еді. Шын бақыттың кіл­ ті байлықта емес екенін енді білді ме екен?»—деп толғана­ды. Толғаныс үстінде отырып, сол сезімін күйге түсіреді. Күйдің бас-аяғын тиянақтап қолын жаттықтырған соң, ауылдың бір өнерпаз жігітіне қолқа салады: «Осы күйімді кербез қызға айнытпай жеткізгейсің. Күйді түсініп, мән-жайыңды сұрай жатса, жасырмай айтарсың»,—дейді. Уәдеге берік өнерпаз жігіт кешікпей-ақ кербез қыздың алдына барып, сәлем күйді тартады. Күй құлыншақтай құлдыраңдап мұңсыз-қамсыз әуенмен басталады да, келесі бір орамында қос ішектің асты-үсті қатар үн қатып, қайнаған өмірдің бір қуаныш, бір қайғы сарынына ойысқандай болады. Мұнан әрі күйшінің қолы сағақтан қайтып, бел буынға жеткенде әлде бір өкінішті өксік алқымнан алып, сығымдап тұрып алғандай әсер береді... Осы кезде кербез қыз «болды, тоқтат» дегендей белгі беріп, күйді үзіп тастайды. Сәлем күйді кімнің жолдағанын сұрап біледі. Сонан соң, өңі бұзылып, қамыға жүдеп көз жасын мөл­ діретіп сығып-сығып алады. Әлден уақытта бойын жинап, ең­ сесін түзеп: «Қайтейін, тағдырдың жазуы сол да, мен кер­безсіп жүріп, қадірімді білетін нағыз азаматты байқамай қа­лыппын, бағалай алмаппын»,—деп өкінішін білдірген екен. Кейін осы күй ел ішіне «Кербез қыз» деген атпен тарап кетсе керек. 22. «Сал жігіт» Бұл күйдің аңызы «Кербез қыз» күйінің бірінші аңызына жалғаса айтылады.

күй  аңыздар
Ол аңыз бойынша, қыз қылығы мен ақыл-парасатына риза
болған жігіт «өзіңе бір белгі болсын» деп «Кербез қыз» күйін
тартады ғой. Сөйтсе, кербез қыз өзінің ақыл-парасаты мен көз

тартар көркіне қоса дәулескер күйші де екен дейді. Сол жерде
өнерпаз жігіттің ықыласын аяқсыз қалдырғысы келмеген қыз:
«Ықыласыңа дән ризамын. Халқымыз «Сыйға—сый, сыраға—
бал» деуші еді ғой. Менен де бір белгі болсын, «Кербез қыз»

күйінің жауабы»,—деп, «Сал жігіт» күйін тартқан екен. 23. «Қос келіншек»

(І нұсқа)
Бір байдың мәпелеп өсірген егіз ұлы болады. Ата-ананың
тілегіне сай егіз ұлдың екеуі де жұрт аузына іліккендей аза­мат
болып өссе керек. Қай істе де екеуінің жұбы жазылмай, бірі­не-

бірі сүйеу болып, бірін-бірі толықтырып, көрер көзді қуан­тып
жүреді екен.
Бір күні бай отырып: «Бұл екеуінің кіндігін Құдай бір етіп
жаратқанда, менің айырғаным болмас, екеуіне егіз қызы бар

үйге құда түсейін»,—дейді. Сол оймен бойжеткен егіз қызы бар
үй іздеп құлағдар болып жүреді.
Ел іші болған соң әртүрлі гәп кездесе бермей ме, бір үйден
егіз ұл туғанда келесі үйден егіз қыз неге тумасын? Кешікпей-

ақ, бойжеткен егіз қызы бар үй белгілі болады да, бай құлшына
қимылдап құда түседі. Екі жақтың да ықылас-ниеттері жара-
сып, құйрық-бауыр жесісіп, төс қағыстырған құда болысады.
Содан уәделі мерзім жетіп, қос келіншек ақ тілеумен босаға

аттайды, келін болып түседі. Бір басы екеу болып, екі басы төр­
теу болып, тілегі орындалған бай неден аянсын, аяқ жетер жер-
ге жар салып, ұлан-асыр той жасайды.
Бірақ, бәрі де жазудан ғой, той қызып, ел мәре-сәре болып

жатқанда «аттандай» шауып жаушы келеді. Ел шетіне қа­ра­
құрым қаскөй жаудың киліге кіргенін хабарлайды.
Сонда отау үйде мәз-мейрам болып отырған егіз жігіт жұбын
жазбастан атқа қонады. Тас-түйін болып бекініп, қатыгез жау­

дың алдын алу үшін ағайынға ұран салып, қол бастап шығады.
Ал қос келіншек болса әлгінде ғана шырқап отырған шат­
тық әнін мұңды зарға ұластырып, Тәңірге жалбарынады. Ақ
тілеумен қосылған асыл азаматтарының аман-есен оралуын,

халық  күйлерінің  аңыздары
жаудың беті қайтып, ел ішіне қайтадан тыныштық орнауын
тілек етеді.
Естіген жанның жүрегін елжіреткен қос келіншектің осы­

нау зарлы тілегін кейін бір өнерпаз домбыра тіліне түсірген
екен. Сол күйі «Қос келіншек» деген атпен жұртқа жайылған.
«Қос келіншек» күйі—тел бұраумен тартылатын санаулы
ға­на күйлердің бірі. Домбыраның астыңғы және үстіңгі ішекте­

рі бір дыбысқа келтіріліп тартылғанда, шынында да үміт-тілегі
бір егіз келіншектің қатар шыққан мұң-сырындай әсер береді.

24. «Кәрібоз бен Салторы»

Ертеректе жүйрік атты жазбай танитын сыншы, атбегі бо-
лыпты. Оның өзімен бірге қартайған Кәрібоз деген жүйрігі бол-
са керек. Кәрібоздың даңқы құнан күнінен шығып, қашан ар­са-
арса болып қартайғанға дейін небір егелескен жарыста ал­дына

қара салмайды екен. Тіптен, Кәрібоздың даңқы дүрілдеп тұр­ған
кезде талай тойдың бас бәйгесін шаппай-ақ алып жүріпті.
Бірақ, мәңгіні Құдай жаратқан ба, Кәрібоз да әбден шегіне же­
те қартаяды. «Өміріме серік болып, талай қызық күндерді бір­ге

өткізген пырағым едің ғой» деп, иесі Кәрібозды бос қоя береді.
Ақтылы қой, алалы жылқы баққан ел іші жүйріксіз бола
ма, сол кезде Салторы деген бір аттың атағы шыға бастайды.
Жүйрік атқа марапат көп, Салторының бітім-қасиеті жұрт ау-

зынан түспейтін болады. Әсіресе, Салторының шыға шабатын
ұшқырлығы, сол бетінде алдына тұяқтыны шығармастан мә­
реге жеке-дара келетіні ел ішіне аңыз болып тарайды.
Күндердің бір күнінде ұлан-асыр той болады. Той иесі ат жа­

рысының бас бәйгесіне қырық тай тігемін деп, дәмелі жұртты
қызықтыра жар салады. Ұлы дүбір бәйгеге Салторы бастаған
небір жал-құйрығы сүзілген жүйріктер келеді. Мұндай дүбірлі
шақты талай көрген Кәрібоз сол күні бір бөлек мінез шығарып,

өзінен-өзі тықыршып, үй желкесіндегі ат байлар мама ағашты
шырқ айналып, жер тарпып тұрып алады. Бұған иесі онша мән
бермейді. «Жануарым, әбден алжып, үйкүшік болдың-ау енді!»
дейді де қояды.

Осының бәрін көріп, байқап жүретін бір тазша бала бола-
ды екен. Өзі де бір, жыланның күйсегенін білетін зерек болса
керек. Сол тазша бала Кәрібоздың иесінің жанына келеді де:

күй  аңыздар
«Ақсақал, Кәрібоздың әлі де бір шабарлығы бар екен, тіленіп
тұр ғой, обалына қалмаңыз. Егер тілімді алсаңыз, бас бәйгенің
қырық тайы өрісіңізді толтырады. Кәрібоздың шын жүйрікке

лайық ең соңғы өнерін көресіз. Ал тілімді алмасаңыз, осы үйден
өз сүйегіңізді Кәрібозға артып шығарады»,—дейді.
Мына сөзді естігенде шалдың зәресі ұшып кетеді. «Қой,
осы баланың аузына Құдай сөз салып тұрған шығар» дейді де,

Кәрібозға тазша баланы мінгізіп қоя береді.
Ұлы дүбір бәйге де басталып кетеді. Әдеттегідей, Салторы
суырылып алға шығады. Сол бетінде алдына қара салмай, со-
зыла сілтеп келе жатады. Салторының шабысы көрген жанның

айызын қандырғандай еді дейді.
Ал, Кәрібоз болса, ә дегенде кәрілігін жеңе алмай кібіртіктеп
барып, бірте-бірте бауыр жазады. Содан көмбенің қарасы
көрінгенше Салторының артында арқан бойы келе жатады.

Кешікпей-ақ, көмбенің қарасы көрініп, ат қосқан елдің
ұрандаған дауысы естіледі. Сол кезде қырқылжың тартқан
Кәрібоздың белі көтеріліп, делебесі қозып, Салторыны тықсыра
түседі. Салторымен жесісіп келе жатқан Кәрібоздың үстіндегі

тазша бала:
«Алыспан да салыспан,
Салторыдан қалыспан.
Салторыдан қалыссам,

Байдың тайын алыспан.
Бұл Кәрібоз әлі де
Қалған емес жарыстан!»—
деп, қамшыны басады ғой. Кәрібоз ышқына шауып, көсіле

сілтегенде Салторыны тұсаған аттай артына қалдырып, көмбе­
ге оқ бойы бұрын келеді. Келген бетте пышаққа ілінген екен.
Кәрібозды білетін халық мұны да қас жүйрікке тән қасиетке
балап, ырым көріп, етін бір-бір жапырақтан пышақ үстінен

бөлісіп әкетеді.
«Кәрібоз бен Салторы» күйі үш буынға бөлініп тартылады.
Күйдің басын «мынау Салторының шабысы» деп, күйдің ор­
тасын «мынау—Кәрібоздың шабысы» деп, күйдің аяғын «мы­

нау—Кәрібозға тазша баланың қамшы басқан жері» деп тар­та­
ды домбырашылар. Ел ішінде бұл күйдің аңызы бір бол­ға­ны­мен,
тартуға келгенде екі бөліп «мынау—Кәрібоз күй», «ал мы­нау­�

—Салторы күй» деп, бөлек-бөлек тартатын дәстүр де бар.

халық  күйлерінің  аңыздары 25. «Ақ Ертіс»

Орта жүз Керей ішіндегі он екі ата Абақтың бір бұтағы—
Жантекей деп аталады. Жантекейлер өсіп-өнген іргелі ел. Ол
жөнінде ел ішінде «Бір Жантекей ауса бүкіл Абақ-Керейге сый-
майды, бүкіл Абақ-Керей ауса, бір Жантекейге сіңіп кетеді» де-

ген сөз бар. Мұнысы, Жантекейлер санының көптігін айтқаны.
Міне, осы Жантекей елінің ішінде елдің қадірлі бір адамы-
на әңдігер ас беріліпті дейді. Аяқ жетер жерге сауын айтылып,
Қара Ертістің батыс қапталынан құятын бір өзеннің шүйгін

алқабында ас беру белгіленеді.
Межелі күн де келіп жетеді. Көшпелі елдің қуаныш пен
қайғыны бөліп көтерісетін қашанғы әдеті ғой, ас беретін алқап
ақтылы қой, алалы жылқыға толады. Әр үйден, әр ауылдан

арнайы әкелінген еміздікті қара сабалардың сары қымызы бы-
жылдап, өзен жағасындағы салқын шымға қаз-қатар бауыр ба-
сады.
Әрине, ас пен тойдың өкпе-назсыз өтпейтін әдеті тағы бар.

Осы аста Абақтың ноқта ағасы—Ителі елінің бір адамы «маған
арнайы үй тігілмеді» деп жатып ашуланады. Ноқта ағасы ру­
ларға өзгеден бөлектеу құрмет көрсетіліп, алдымен жол бе­рі­ліп,
төрелігіне тоқтайтын дәстүрдің бары рас. Сол дәстүр Ите­лі­нің

адамына көңілдегідей болып жасалмаған ғой.
Содан бұрқ еткен ашу оңайлықпен басыла ма, Ителінің ада-
мы ашу үстінде өзен жағасында қаздай тізілген қара сабалар-
ды бір-бір төңкеріп, қымыздың бәрін суға ағызып жіберсе ке-

рек. Асқа әкелінген қымыздың көптігі сондай—өзен арнасы
көтеріліп, ақ толқын көбік шашып еді дейді. Содан бері Қара
Ертістің бұл сағасын Ақ Ертіс деп атайтын болыпты.
Осы оқиғаны асқа қатысқан бір өнерпаз күй тіліне түсіріп,

оны «Ақ Ертіс» деп атаған екен.
Күні бүгінге дейін Ителі руы Монғол Халық Республикасы­
ның Баян-Өлгий аймағындағы Қобда алабын, Ақ Ертіс бойын
мекендейді. Ителі өз ішінде Ақбақты, Күйік, Бесшал болып үш

атаға бөлінеді. Ұрандары—Бұқарбай, Күйік пен Бесшал ұрпағы
осы ғасырдың 30-50 жылдарындағы аласапыран ауыртпалық­
та Еуропаға ауып кетті. Бірақ ата жұртында қызық дәурен­нің
белгісіндей болып күй қалды.

«Ақ Ертіс» күйінің ел ішінде айтылатын екінші бір аңызы
бар. Бұл аңыз бойынша, төрт түлік малды тіршілік тірегі ет-

күй  аңыздар
кен ел Ақ Ертістің қос қапталына кезек аунап көшіп, мұңсыз-
қамсыз ғұмыр кешеді екен дейді. Яғни өзеннің бір беті қыстау,
бір беті жайлау болған ғой.

Бір жыл көктем ерте белгі беріп, қар аяқ астынан күрт еріп,
Ақ Ертістің суы көтеріліп кетеді де, қалың ел жайлауға шығып
үлгере алмай қалады. Қыс бойы аяқты малдың тебінінде бол­
ған қыстау маңының өрісіне қамалуға мәжбүр болады. Сол жы­

лы төрт түлік мал қоң жинай алмай біраз шығын болып, елдің
берекесі кетіңкіресе керек.
Ел бейғам болмасын, Ақ Ертістің де ақ өркеш толқыны бо­
латынын ұмытпасын деген ниетпен бір өнерпаз «Ақ Ертіс»

күйін шығарыпты дейді.
Бұл күйді ел ішінде «Ертіс толқыны» деп тартатындар да бар.

26. «Қара атты мен торы атты»

Арғы, алыс заманда қазақ даласында барымта-сырымта де-
ген болмапты. Ол кезде жауды алыстан күтіп, бір жағадан бас,
бір жеңнен қол шығарған заман екен. Тіптен, алалы жылқы­
ны барымталау былай тұрсын, біреудің жалғыз атын ұрлаған

адамның жанын қиып жіберген қатал тәртіп болған. Беріде
ғой, халық ханынан айырылып, хан тағынан айырылған соң,
«Үлкені жоқ ауылдың жастары дуана» дегендей, қазекем өзді-
өзін түртпектеп, барымта-сырымтаны әуезе етіп алғаны.

Осындай ауыл-үйі аңдысып, барымта-сырымта қабындап
тұрған кезде бір ауылдың қарттары екінші бір ауылдың
ерулікке шақыруынан қайтып келе жатса, сайтандай сақ етіп
ұрылар кездеседі де, қаукерік қарттарды топылдатып аударып

тастап, аттарын ала жөнеліпті. Осы жағдайдың үстіне басқа
жақтан жолаушылап келе жатқан бір қара атты, бір торы атты
жігіт тап болады. Көз алдарында қарттарға жасалған зорлық­ты
көрген қара атты мен торы атты бөгеліп тұрмастан, тақым қаға

ұмтылып, ұрыларымен сарт-сұрт ұрысып кетеді. Қара атты
мен торы атты екеуі де өз күштеріне сенген жігіттер болса ке-
рек, әрі-бері қағысқан соң-ақ басымдық көрсетіп, қарттардың
мінген атын алып қалады. Жай алып қалмайды, құрық тиіп

елірген аттарды қоғамдап, ұстап береді. Шалдар кәукілдесіп,
қос жігітке алғыстарын жаудырады. Қара атты мен торы атты
қош айтысып жөндеріне кетеді.

халық  күйлерінің  аңыздары
Сонда көрген түстей болған жағдайдан абдырап қалған қарт­
тар, аттарына мініп, өздеріне-өздері келген соң, «ау, әлгі екі
жігітті құрғақ алғысқа тойдырып қоя бергеніміз ұят болды-

ау, тым болмаса аты-жөндерін сұрап қалайықшы, өздері алты
сай етіп бөрік киген екен, керей жігіттері болар» дейді де, соң­
дарынан қуғыншы жібереді. Қуғыншы астындағы атын қам­
шылай түсіп, «Қара атты мен торы атты, тоқта, керей, тоқта!»

деп дауыстай шауыпты дейді.
Осы оқиғаны қарттардың ішіндегі бір өнерпазы кейін ауыл­
ға келген соң күйге салып тартса керек.
Қазақтың күйшілік дәстүрінде бұл сияқты күй атауын

әуен-ырғаққа салып тартатын күйлер көп. «Қара атты мен то­
ры атты» күйінде де «қара атты мен торы атты, тоқта, керей,
тоқ­та!» деген сөздер күй ырғағына бағынып, адамша сөйлейді.
Адамша сөйлей отырып, әуен-сазымен бүкіл оқиғаның жанды

суретін елестетеді. 27. «Аңшының зары»

Аңшылықты кәсіп қылған екі ағайынды жігіт әлдебір се-
беппен елден кетіп, бір таудың шатқалын мекендейді. Күндер­
дің бір күнінде екеуі екі қырқада аң аулап жүргенде, ағасы
бір құлан атып алады. Атып алған құланның етін қапқа са-

лып, терісін күнге дегдітіп отырғанда аспанды аяқ астынан
бұлт торлап, қалың нөсер бұршақ құйып кетеді. Аңшы құлан
терісін тастың бір қуысына күркелеп, соны паналауға мәжбүр
болады. Міне, осы бір шақта, бір қырқаға шыға келген інісінің

көз ұшында құлан көсіліп жатқандай болады. Ойланбастан
садақ тартқан інісі, құланды бауыздап ала қояйын деп кел-
се, өліп жатқан өзінің ағасы болып шығады. Ағасын келмеске
жөнелткен бейбақ ауыр қайғыға душар болып, еңіреп жүріп,

ағасын арқалап қосына қайтады. Бірден қосқа әкелуге баты-
лы бармай, сүйекті жақын бір жерге жайғастырып, ағасы­ның
қосына келеді. Алдынан шыққан жеңгесі қайнысын қан­нен-
қаперсіз қарсы алады. «Кешіктіңдер ғой, ағаң қайда?» деген

сұраққа, қайнысы айтарға жауап таппай, жоқ сылтау айтып қо­
сына кіреді. Сол кезде керегеде тұрған қоңыр домбыра қолына
түсіп, бір мұңды күй шертеді. Сезімтал жеңгесі: «Ойпырым-ай!
Мына күйің бұрын-соңды естілмеген зар ғой! Сен не сұмдықты

күй  аңыздар
бастап отырсың! Осы, ағаңнан айырылып қалып отырғаннан
саумысың?»—депті. Сонда аңшының қолынан домбыра түсіп
кеткен екен деп аңыз қылады.

28. «Қорамжан»

(І нұсқа)
«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен.
Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып,
үсіп өліпті. Сондағы қайғылы хабарды естігенде, шешесінің:

«Жалғыз қалған сорлы анаң,
Қайғы мен зарға жаралған.
Ажалың болды бораннан,
Айналайын Қорамжан,

Сорлап қалдым, Қорамжан!
Зарлап қалдым, Қорамжан»,—
деп айтқан жоқтауынан туған күй екен.

29. «Қорамжан күйі»

(ІІ нұсқа)
Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжан­
ның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыс­
та­ғы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық

ой­нап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқы­
сы­на жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттан-
ды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қалыңдығы
«шаппа, қума» деп қолқа қылады. Қорамжан болмай қаруын

алып, Тепеңкөкке мініп, айғай шыққан жаққа қарай жөней­
ді. Алдыңғы қуғыншыларды қуып жетеді. Бірақ ұзап кеткен
жау қарасы көрінбейді. Тепеңкөк бүйірі қызбай, еті терлемей
жақсы шаппайды екен. Қорамжан атымның бүйірі қызып тез

шапсын, жауға тез жетейін деп екі қап құм теңдеп алып, жауды
қуып кетеді. Тепеңкөк терлей бастағанда, қаптағы құмды төге
бастайды. Сөйтіп, бүйірі қызған Тепеңкөкпен құйындатып,
ұзап кеткен жауға Қорамжан сәтте жетіп келеді. Оны көрген

жау батыры жарда бұғып отырып Қорамжанды атып түсіреді.
Қорамжан оққа ұшып өледі. Осыны күйшілер «Қорамжанның
шешесінің жоқтауы», жас оң жақта қалған «қалыңдығының

халық  күйлерінің  аңыздары
жоқтауы», «Тепеңкөктің шабысы» деп, домбыраға тартады.
Мұны «Қорамжан күйі» дейді.

30. «Бозайғыр»

(І нұсқа)
Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен
екен бабаларымыз,—дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек
жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін

іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып
қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жай­
ғасқан күндердің бірінде, биенің екі сауымынан кейін алыс­тан
бір боз жылқы құйындатып келе жатады. Желі басынан көз

тіккен жылқы иесі: «Я, пірім-ау! Мынау не жылқы болды екен?
Тұлғасы тым кесек қой»,—деп тамашалап тұрады. Сөйтсе
әлгі көзден ғайып, көңілден ұмыт бола бастаған Бозайғыр бо-
лып шығады. Бозайғыр кісінеп кеп, жер тартып желі басына

көлденең тұра қалады. Жал-құйрықтан айрылған, көк шолақ
болып өзгерген. Басында ноқтаның жұрнағы ғана қалған. Кө­
зінен қанды жас парлайды жануардың. «Құрулаған» иесі де
жылап көріседі.

31. «Бозайғыр»

(ІІ нұсқа)
Өткен заманда бір байдың жылқыларының ішінде боз ай­
ғыры бар екен. Боз айғыр жылқылардан ұзап алысқа кетпей,
шет жағында жүретін. Бір күні жылқыны ұрылар айдап кетеді.

Бозайғыр үйірімен бірге ұрылардың қолында үш күн болып,
төртінші күні өздерін айдап келе жатқан адамдардың бөтен
екенін сезіп, ауылға қарай қашып, үйге келеді. Бозайғырдың
үйірінен бұлайша бөлініп келуінің тегін емесін сезген бай­

дың баласы, айғырды жүгендеп, жылқының соңынан қуады.
Жыл­қыға жетіп, алдын орап үйірді кейін қарай қайырады.
Ұры­лар балаға жан-жақтан лап қойып ортаға алмақшы бол­
ған­да, Бозайғыр үстіндегі баланы бір шетке алып шығады. Ба­

ла ұрыларға бір бүйірден тиісіп, бір-екеуін құлатады. Ұрылар
баланы тірідей ұстап алып, жәбірлегісі келеді. Бірақ олардың
бұл ойына бала да, Бозайғыр да көнбей, ұрылардың тағы екеуін

күй  аңыздар
құла­тып, кейін қарай бет бұрғанда, ұстай алмасына көздері жет­
кен ұрылар садағымен баланы атып санынан жаралайды. Ба­ла
жаралы санын белбеумен таңып алып, ұрыларға өшіге қай­та

тиісіп, өзі аттан түсіп, жүруге шамасы келмей қансырап жата­­ды
да, атты қоя береді. Бозайғыр босанған бойда ауылға тартады.
Бозайғырды көрген бай қамығып: «Балам өлген екен, енді
не болса да ізіне түсіп іздейін» деп айғырға мінгенде, Бозайғыр

байға бас бермей, тауда қалған балаға қарай ала жөнеледі.
Келсе, шынында, бала өліпті. Баласының өліміне қайғырып,
жылап-еңіреп бай далада отырғанда қасында тұрған Бозайғыр
оқыранып қоя берді. «Тағы да ұрылар келіп қалған екен»,—деп

бай зәресі кетіп, орнынан ұшып тұрса, бір салт атты жалғыз жо-
лаушы екен. Ерінің қасында домбырасы бар. Әлгі жолау­шы­ға
бай болған жағдайды түгел баяндайды. Сонда жолаушы:

—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер болса сенің

балаңдай болсын. «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды» де-
ген осы да. Балаңның ерлігіне астындағы аты сай екен. «Жақсы
ат жаман жігітті де ер етеді» деген бар ғой. Мына жануар дәл
соған сай келеді екен,—деп қолына домбырасын алып бір күйді

тарта беріпті.
Күй күңірене барып аяқталғанда күйзеліп отырған бай:

—Замандас! Мына тартқаның қайғылы саз болды ғой? Атын

не дейсіз?—депті. Сонда күйші:

—Жануар мына тұрған Бозайғырға разы болып, соған арнап

тарттым, өйткені бұл айғыр болмаса, сенің балаң қайда қалар
еді, сен балаңды қайдан табар едің?—депті.
Осыдан бастап бұл күй ел арасында «Бозайғыр» атанып,
таралған көрінеді.

32. «Бозайғыр»

(ІІІ нұсқа)
Ертеде тау бөктерінде жатқан жылқыларды ұрылар айдап
кетулі. Жылқы ішінде Бозайғыр бар екен. Ол үйірден ұзап
алысқа кетпей, шет жағында жайылып жүрсе керек. Ұрылар

жылқыларды қуғанда Бозайғырды да үйірімен қоса әкеткен.
Жолда үш күн болып, төртінші күні жердің, оны айдап келе
жатқан адамдардың бөтен екенін сезген Бозайғыр айнала пыс­
қырынып, ауылына қашып келеді.

халық  күйлерінің  аңыздары
Бозайғырдың үйірінен бұлайша бөлініп келуі тегін емес
екенін білген байдың баласы, айғырды жүгендеп, ерттеп, қару-
жарағын асынып, жылқының соңынан қуады. Жылқыға же­

тіп, алдын орап үйірді кейін қайырады. Мұны көрген қарақ­шы­
лар жан-жақтан қаумалап баланы ортаға алып, қолға түсі­ріп,
қорламақшы болады. Бірақ олардың бұл ойын түк шық­пай­
ды. Өйткені бала Бозайғырмен бір шетке шығып, ұрылар­ға

тұтқиылдан тиісіп, екеуін құлатады. Қызып алған айғыр­мен
қайта шауып, қарақшылардың тағы екеуін түсіріп, ауылға
қарай жылқымен бет бұрғанда, баланың енді ұстатпайтынына
көздері жеткен ұрылардың тірі қалғаны оны білтелі мылтық­

пен атып, санынан жаралайды. Оқ тиген бала бұрынғыдан да
бетер өшігіп, тұла бойын ыза кернеп, жаралы санын қыл бел-
беумен қатты таңып, қарақшыларға қайта тиіседі. Олардың
қалғандарын құлатып, жылқыны айдап ауылға қайтады. Жол-

шыбай бір төбенің етегіне жетіп, ілгері жүруге шамасы кел­
мей қансырап, атынан жығылады. Бозайғыр әрі-бері оқыранып,
баланың қасынан кете алмай, ақыры болмаған соң ауылға тартады.
Баланың әкесі Бозайғырды көріп, «балам өлген екен, енді не

болса да іздейін» деп жолға шығады. Бозайғыр иесіне бас бер-
мей, тауда қалған балаға қарай оны ала жөнеледі. Келсе, шы-
нында да бала өліпті. Баласының өліміне әкесі қатты қайғы­рып,
жылап-еңіреп отырғанда қасында тұрған бозайғыр оқыра­нып,

кісінейді. Тағы да ұрылар келіп қалған екен деп, бай зәресі
кетіп орнынан ұшып тұрса, ерінің қасына ілген домбрасы бар,
салт атты жалғыз жүргінші екен. Жолаушы баланың жанына
келіп, әкесіне көңіл айтады. Бай болған жағдайды оған түгел

баяндайды. Сонда жолаушы:

—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер болса сенің

балаңдай болсын! «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды»
деген осы да. Балаңа астындағы аты сай екен. Жақсы ат ерге
қа­нат бітіреді деген. Мына жағдай дәл соған келеді,—деп,
домбы­расын алып, бір күйді тартыпты. Күй күңірене барып

аяқталғанда баланың әкесі:

—Замандас! Мына тартқан қайғылы сазыңыздың аты қа­

лай?—деп сұрағанда домбырашы:

—Бауырым, мына тұрған Бозайғырға разы болып, соған

арнап тарқан күйім еді, атын «Бозайғыр» қойдым. Бұл айғыр
болмаса, балаң қайда қалар еді, сен оның сүйегін қайдан табар
едің?—депті.
4-136

күй  аңыздар 33. «Бозайғыр»

(ІV нұсқа)
Қазақ даласында үлкен жұт болады, даладағы жылқы малы
көп қырылады, көп жылқыдан жалғыз бозайғыр қалады. Көк­
ке тойғаннан кейін үйір іздейді.

Бозайғыр әуелі қатты желіп, соңынан шоқытып бар күші­
мен ағызып таудың басына келіп, шығады да, жан-жағына қа­
рап тұрып, пәрменімен кісінейді, кісінеп-кісінеп болып аяғын­
да бір түрлі үнмен қоңыраудай сылдыратып үзілтіп-үзілтіп кеп

тоқтайды, сонда осы Бозайғырдың кісінеген үні адамға бір ая-
нышты әсер ететін еді. Қазақ халқының өмірінің арқауы бол­ған
төрт түлік малы, оның ішінде жылқысын халық өте қадір­леген
ғой. Міне, Бозайғыр күйі жұттың әсерінен туған.

34. «Бел асар»

Бұл күйді бір ұры шерткен екен. Нөкерлеріне жылқыны ай­
датып жіберіп, жол-жөнекей бір үйге кіріп, сусындап отырып, ілу­
лі тұрған үкілі домбыраны алып бір күй шертеді де, аттанып ке­те­
ді. Домбыраның иесі қыз, қонақ аттанысымен: «Мына күйші­нің

тартқан күйі «Бел асар» дейді. Ол неғылса да ұры. Жылқыны бел
асырып жіберіп, өзі жәй жолаушы болып сусындап алдап отыр»
деген екен. Сол қыздың тапқырлығы бойынша ел болып ұры­ның
ізіне түсіп, жылқыны құтқарып, ұрыны қолға түсіріпті.

35. «Ақсақ құлан»

(І нұсқа)
«Саруалының арығы деген жерде үйір-үйір құлан жатыр»
деген хабарды естіп Жошы ханның жалғыз ұлы өзінің құра­лай­
ды көзге атқан мергендерімен жолға шығыпты. Ханның ұлы

құланды көргеннен кейін, үстіне қызыл шекпен киіп, қолына
қаруын алып, ордалы құланмен жалғыз айқаспақшы болып,
басқаларға тоқтау салады. Басқа қу шоқайлы сұр мергендер
сай-сайдың тасасымен бет-бетіне аң аулап кетеді. Сол кезде

үйір ішінен ханның баласына қарсы шапқан жалғыз құлан жер
тартып, пысқырып ханның баласын айнала шауып ойқастап
өткендей болады. Жер бетін қара түнек тұман басады. Мерген-
дер бір-бірінен адасады. Сөйтіп жүргенде, бір құдіретті өктем

халық  күйлерінің  аңыздары
дауыс: «Қу шоқайлыдан қаша жүрің, қызыл шекпендінің үстін
баса жүрің!»—деп жар салып өтеді. Осы өктем үннен кейін лезде
қараңғы түнек сейіліп, жер беті жап-жарық болып шыға келе­ді.

Енді мергендер келіп қараса, ойнақ салған құлан да жоқ, оны-
мен айқасқан ханның баласы да жоқ. Мергендердің тапқаны
ханның баласының жалғыз шынашағы екен. Сол шынашақ­ты
алып, олар аулына қайтады.

Хан өзінің баласының оралмағанына күйініп қаһарына мі­
ніп, елге жарлық айтады:

—Менің балам аман-есен оралатын болсын! Баламның суық

хабарын естімейтін болайын. Кімде-кім «өлді» деген хабар айт-
са, көмейіне қорғасын құйғызамын. Баламның бір хаба­рын
естімейінше, азық-түлік беру тоқтатылсын,—деп хабар­лап,
бүк түсіп жатып алады. Хабаршы болып ханның алдына ба­ру­

ға жан шықпайды. Сөйтіп, қалың ел қатты торығып, күй­зе­ліп
тұрғанда Кербұқа деген домбырашы шығып:

—Баласының өлімін домбырамен мен естіртейін,—деп

дүйім жұртты өзіне қаратады. Ханның босағасына келіп, тізе­леп
оты­рып бір күй бастайды. Бұл күйі құланның жүрісі мен ай­бар
шеккен сәтін суреттейді. Екінші күйін шалады. Бұл күйде хан
баласының қаза болғаны анық айтылады. Сонда мұны түсін­ген

хан басын көтеріп:

—Сенің мына күйің «Балаң өлді, Жошы хан» деп тұр ғой,—

деп тіл қатады. Сонда Кербұқа:

—Ей, тақсыр! Балаңыздың өлгендігін өз аузыңыздан естіп

отырмын,—депті. Сонда, хан қатты қапаланып: «Қап, мен
сөзден жығылдым. Қорғасынды домбыраның көмейіне құйың­
дар! Домбырашыны айдаһар алдына апарып тастаңдар! Жы­
лан жұтсын» деп бұйырған екен. Домбырашы жыланның ал-

дында да күй тартады. Жылан күйге балқып, бауырын жазып,
тұмсығымен, жұдырықтай алтынды күйшінің алдына домала-
тып әкеп тастайды. Кербұқа өлімнен құтылып, еңіреген елдің
батасын алып, олжаға батып, жөніне кетеді.

36. «Ақсақ құлан»

(ІІ нұсқа)
Жошы ханның маңдайына біткен жалғыз ұлы құлан аулау­
ға құмар екен дейді. «Құлан аулау қоян аулау емес, қауіп-қатері

күй  аңыздар
көп» деп хан оны аңға жалғыз жібермейді екен. Күндердің
күнінде ханзада әкесінен ұрланып, аңға бір өзі шығып кетеді,
бір жерлерге келгенде жайылып жүрген бір үйір құланды кө­

реді. Қуанғаннан екі көзі жайнап, қорамсағынан сұр жебесін
суырып алады да, жазықсыз жануарларды қынадай қырады.
Қырудың қызығына түсіп кеткен ол, оғының таусылғанын да
білмей қалады, ханзаданың қауқарсыз халін сезген көсем құ­

лан оны қос өкпеден қос аяқтап теуіп, айдалада өлтіріп кетеді.
Ұлы хабар-ошарсыз кеткен соң, бір сұмдықты білген хан
жаманатты естуге дәті бармай былай деп жар салады: «Кімде-
кім баламның өлгенін есіттірер болса, аузына қорғасын ерітіп

құямын». Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айту­
ға кімнің батылы жетсін! Ешкім тіл қатып, тіс жармайды.
Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгі­ріп
келеді: «Алдияр тақсыр, ханзаданың хабарын білем деп есік ал-

дына бір кісі келіп тұр» дейді ол. Хан: «Кірсін!» деп әмір етеді.
Ішке қолында домбырасы бар бір кісі енеді. Хан: «Жолау­шым,
білгеніңді жасырмай түгел айт!»—дейді. Сонда күйші қолы­на
домбырасын алып: «Менің білгенімді екі шек пен бір тиек ай-

тып береді»,—деп күмбірлетіп жөнеледі.
Күйдің алғашқы шумақтарынан шапқан аттың тұяқ дүбірі
естілгендей болады. Көзінің қарашығындай жалғызы үй жа­
нына кеп қалды ма деп жүрегі тулап қоя береді. Ханның жүзі­не

қан жүгіріп шырайлана түседі. Бірақ осы мезетте үстіңгі шек-
тен жан дүниеңді әлем-тапырық еткен орны толмас өкініш пен
қайғының сұмдық сарыны құлаққа келген еді. Домбыра адам-
ша жылап, адамша егілді. Хан қабағын демде қара бұлт жай­лап,

еңсесі түсіп қоя береді. Қол созған жақсы үміті көзден ғайып
боп, көңілін қапалықтың ауыр мұңы басады. Ендігі сәтте күйші
құланды көрген ханзаданың қуана салған әнін, ажал алып зуыл­
дай ұшқан сұр жебенің дыбысын, өлімнен қашқан аңдардың

тұяқ дүбірін суреттегенде, ханның ойы отызға бөлінеді. Күй ті­лін
түсінуді бұған несін жазды екен тәңірі! Күй шарықтап шыр­қау
шегіне жетті—кенет арындаған екпін кілт үзілді де, дом­быра
көмейінен жан тәсілім еткен жанның ақырғы демі естілгендей

болды. Ханның өңі сазарып қоя берді де, орнынан атып тұрды.
Екі көзіне қан толып, бармағын тістелей берді. Күйші бұл кезде
бастапқы қаралы тақырыпқа қайта оралып, күй екпіні әлсіреп,
қайраты кеміп, дүниеден көшіп бара жатқан пенденің жете ал-

халық  күйлерінің  аңыздары
май кеткен арманын айтып, жанары сөніп бара жатқандай еді.
Хан жас жуған жүзін екі алақанымен басып отырып қалды.
Бірақ есін тез жинап алды да, өз әмірін екі етпей орындамақ­

шы боп: «Жалғыз ұлымның жапанда мерт болғанын естірт­
тің, жазаңды ал ендеше»,—дейді де,—«жақсыны да, жаман-
ды да айтпасын, осымен өмір бақи үні өшсін» деп домбыраның
көмейіне балқыған қорғасын құйдырады.

37. «Айрауықтың ащы күйі»

Ұлы жүзде Тайлақ деген кісі өтіпті. Тайлақ батыр асқан
сыбызғышы адам болыпты. Тайлақ батыр «Айрауықтың ащы
күйін» өзінің Шекер мен Барақ дейтін екі ұлына арнап шы­
ғарған деседі.

Тайлақ батыр сексенге келіп әбден қартайған кезінде жыл­
қысын жау шауып кетеді. Шекер мен Барақ атты екі баласы
қарт әкесін үйде қалдырып, жау соңынан қуады. Сол жолда
Шекерге оқ тиіп, қаза табады. Барақ жылқыдан айрылып, жа-

ралы қайтқанда үй сыртында төбеде отырып, күні бұрын осы
оқиғаны, жаны сезіп, күңіреніп тартқан күйі екен. Бұл күйді
жиналған елі-жұртына тарту арқылы үйде отырған келініне
естіртеді. Сонда үйде отырған келіні: «Әкем тартар күй емес,

өзім естір күй емес, сақта Құдай, сақтай гөр!»—деп үйден шыға
алмай отырып қалады деп аңыз қылады.

38. «Тепеңкөк»

(ІІ нұсқа)
Астындағы жалғыз атынан басқа маңдайында әке де, шеше
де, бауыр да, туыс та, мал-мүлік те жоқ бір кедей жігіт бір ұлан-
асыр тойда тепеңкөк жүйрігін бәйгеге қосады. Бәйгеден келер

аттардың жолын тосып, ол дөң басына шығып отырады да, дом-
бырасын шерте жөнеледі: «Терлігінен тер кешпеген Тепеңкө­
гім, алыс жолдан алқынбай жет мәреге. Ешкімім жоқ шабысың­
ды қостайтұғын қиқулап, дем беретін демің біткен сәтінде. Тек

өзіңде бар үмітім! Домбырамның үні жетсе құлағыңа, бәлкім
ұш­қыр қанат бітер тұяғыңа». Күй сарынын естіген Тепеңкөктің
бойына тың күш құйылып, не байлардың саңлақ сәйгүліктерін
шаң қаптырып, жарыста жалғыз қара боп келген екен дейді.

күй  аңыздар 39. «Тепеңкөк»

(ІІІ нұсқа)

—Өткен заманда, бір кедейдің жалғыз көк тұлпары болып-

ты. Өзі жуас, бірақ жүйрік болса керек. Кедей онымен аңға
шығып, күнелтіс етеді екен. Аңда жүргенде қасқыр, түлкілерді
тұлпармен қуып, соғып ала береді. Тұлпардың бір қасиеті—тері
шықпаса, шаба алмайтын болған. «Аттың сыры иесіне мәлім»

дегендей, аңға шығардың алдында екі қанжығасына екі дор-
ба құмды өңгеріп алып, әрлі-берлі аяңдатып, желдіртіп, көк
тұлпардың терін шығарып алады екен.
Бір күні елде үлкен той болып, соған жер-жерден әнші-

күйшілер, ақындар, палуандар, бай-билер сәйгүлік жүйрік ат-
тарымен келеді. Той басталып, ойындар өтіп, кезек аттардың
жарысына қалады. Бәйгіге дайындалған сәйгүліктер көп екен.
Бәрі де бірінші жүлдеден үміткер. Осы жарысқа көк тұлпарды

да қосайыншы деп, тұлпардың иесі, ат айдаушы келгенше көк
тұлпардың терін шығару үшін, қанжығасына құм өңгеріп,
тұлпардың тепеңдетіп жортып жүреді.
Көп кешікпей ат шабыс басталады. Бірінші болып көк тұл­

пар келеді. Бәйгі алғаннан кейін тұлпардың иесі, атына разы
болып, жарыс алдында тепеңдетіп, жортқанын есіне түсіріп,
«Тепеңкөк» деп күй тартыпты.

40. «Тепеңкөк»

(ІV нұсқа)
Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты.
Өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын жүйрік екен.
Бірақ бір қасиеті—тері шықпаса, мүлдем шаба алмайды, ал

жақсылап тері шықса, қандай жарыс болса да алдын бермейді.
Аттың сыры иесіне мәлім демекші, сол елде үлкен ас болып,
асқа жан-жақтан небір сәйгүліктер келулі. Аста ат шабыс,
жамбы ату, балуан күрестері белгіленіп, озғандарына жүлде

тағайындалады. Бұл асқа әлгі кедей де келеді. Көк тұлпарын
жарысқа қосу үшін иесі бәйге басталмас бұрын қанжығасына
екі дорба құмды өңгеріп, әрлі-берлі желдіртіп, терін шығарып
тепеңдетіп келе жатқанда, елдегі бір домбырашы көріп, аттың

сұлулығына, жүрісіне көңілі толып «шу, жануар, тепең көк»
деп күй тартыпты. Содан бұл күй ел арасында «Тепеңкөк» ата-
нып кеткен.

халық  күйлерінің  аңыздары 41. «Тепеңкөк»

(V нұсқа)
Ертеде бір ханның қойшысы бар екен. Сол қойшы ханның
жалғыз баласымен бір жаққа барып келе жатса, өзеннің
жағасында жылқының басы жатыр екен. Сонда қойшы: «Мені

Толыбай сыншының баласы деп кім айтады, сені көкорақ
тұлпар деп кім айтады?»—деп жылқының басын құшақтап
жылайды. Осы уақиға жайын ханның баласы әкесіне айтып
келеді. Мұны естіген хан қойшыны шақырып алып: «Сен

сыншы болсаң, менің бес жүз жылқымның ішінен шаба-
тын тұлпар бар ма, айқындап бер»,—дейді. Қойшы ханның
жылқыларын аралап, ешбір жылқыға көңілі толмай, ханға:
«Сіздің жылқыларыңыздың ішінде шабатын тұлпар жоқ»,—

дейді. Хан қойшыға қаражатын, керек-жарағын беріп, тұлпар
тауып келуін сұрайды. Қойшы шаһардан-шаһар кезіп, базар-
ларды түгел аралап, ешбір тұлпар таба алмай, бір қойшыдан
жауыр, жүні түскен қотыр тайды сатып алып ханға келеді. Хан

қойшыға: «Бір айдан кейін болатын бір бәйге бар, соған осы тай-
ды қосасың»,—деп бұйырады. Қойшы «мақұл» деп, тайды бір
табын жылқыға қосып жібереді. Асқа он күн қалғанда ханның
баласы үйірге барып қараса, әлі сол қалпында, жауыр арық

тайды қойшы мініп жүр екен. Қойшыдан: «Ханның бәйгеге
қоса­тын тұлпарын мініп жүргенің қалай?»—десе, ол: «Ханның
бес жүз жылқысының ішінде осыдан басқа ұшығына шыға­
тын жыл­қы көрмедім»,—дейді. Содан бәйге болып, тепеңкөк

бәйгені алып келеді. Сонда қойшы Тепеңкөкті:
Кекіліңе болайын күлтеленген жібектей,
Сауырыңа болайын, түбі түскен шелектей,—деп еркелеткен
екен.

42. «Нар идірген»

(ІІ нұсқа)
Баяғыда бір шал мен оның жалғыз қызы болыпты. Олар­
дың күн көретіні де жалғыз нар екен: ішсе асы, мінсе көлігі.
Күндердің күнінде сауып отырған түйесінің ботасы өліп қап,

қызы мен әкесі ас-сусыз қалады. Үйлерінде үнем жоқ, аш-
тан өлуге айналады, шал не істерін білмей қатты қапаланады.
Ақылды қызы оны жұбатып: «Әке, қайғыра берме, Құдайдың

күй  аңыздар
бір жақсылығы бар шығар, шыдай тұрайық»,—дейді екен.
Сол айтқан сөзін естігендей күн сәскеге көтеріле кедейдің
үйіне екі жолаушы келіп түсіпті. Келген ақсақал қарт кісі де,

жанындағы жас жігіт те домбырашы болып шығады. Қыздың
әкесі өзегі талып, өлімнің аз-ақ алдында отырған жайын қо­
нақтарына айтып беріпті. Қарт домбырашы екі сөзге келмей
«қызыңды маған қисаң, нарыңды ботасыз-ақ иітіп беремін» де-

ген. Бұл сөзді әкесі қызына келіп айтады. Сонда қызы: «Бетін
қайтарма, әке. Әуелі түйені идірсін, қалғанын көре жатармыз»
дейді. Күйші қызға: «Қарағым, көнегіңді алып барып, желінін
ұстап дайын отыр» деп, домбырасының құлақ күйін келтіреді.

Сосын түйенің жанына барып тарта жөнелгенде, домбыра «қос,
қос» деп сөйлеп қоя береді. Бір кезде қыз түйе иіп, емшегіне сүт
келе бастағанын байқайды, бірақ шалға тигісі келмеген ол, сүті
ағып кетпесін деп үрпісін саусағымен қысып ұстап отырады.

«Қалай?» деп ымдаған қарияға әлі сүт келген жоқ деп ымдай-
ды, қыздың жайын қабағынан ұққан жігіт домбырасын алып,
енді ол тарта жөнеледі. Сол кезде сүт қысқан желінді қоя беріп
еді, сүт көнекке сауылдап төгіле бастады. Қарт домбырашы

бұған аң-таң қалады. Отағасы өзінің берген уәдесін орындап
нарды иіткен жігітке қызын береді. Сол түйенің сүтін азық етіп,
әкесі, қызы, күйеу баласы үшеуі ештемеден тарықпай көзін са-
тып ешкімге телмірмей, көңілі де, қарыны да тоқ болып өтіпті

деседі. 43. «Нар идірген»

(ІІІ нұсқа)
Ертеде бір кемпір-шал қызымен елден безіп, аң жортпас,
құс ұшпас бір құла даланы мекендеп өмір өткізіпті. Олардың
күнкөрісі жалғыз нары екен. Жылдарда бір жыл қуаңшылық

жүріп, даланың шөбі қурағандықтан, бір үйлі ғаріптің, бетіне
қарап отырған нарының ботасы өліп, нар жүдеп-жадап, суа-
лып кетіпті. Үркердей үш жанның талшығы құрып, тағды­ры­
на қауіп төніп, қасірет-қайғыда қалыпты. Бір күндері бір шал

мен бір жігіт осы араға пайда болған екен. Жүргіншілер бұлар­
дың мұң-зарын ұққан соң, әлгі шал жанындағы жігіт арқылы
кемпір-шалға: «Егер қарымжыға қызын берсе, қазір қара нар-
ды домбырамен иітіп берем!» деген екен.

халық  күйлерінің  аңыздары
Бұл сөз сорлы кемпір-шалдың қайғысын ауырлата түсіпті.
Қыздарын бейсауат біреуге қолынан жетелете салғанға шыда-
мапты. Зерделі қыз әке-шешесінің ойын аңғарып:

—Тағдыр басқа салса, мақұлмын,—деп шалға күй шерттір­

ген екен. Үй ішінен бебеулеген күй үнін естіген даладағы қара
нар орнынан тұрыпты. Қыз ыдыс-аяқ жақтағы шелекті ала
жүріп, шалға лесіп келген жігітке ым қағады. Ол тысқа шықса,
қара нар рас иіген екен. Қыз нардың қос емшегін тас қып қысып

тұрып, ере шыққан жігітке өз жүрек сырын жанарынан төк­кен
жаспен аңғартып, өзіне көмек сұрапты. Шалға қор болып ба­ра
жатқанына қорланып, жалын атқан жүрегі өзіне үміт ар­тып
тұрғанын аңғарған жігіт шапшаң басып үйге кіреді де, шын

жүрегі өзі деп тұрған қыз көңілінің кілті болған зарлы, мұңлы
бір күйді шертеді. Сонда қыз шелегіне сүт бұлақ болып ағады.
Қыздың көз жасы да тоқтаусыз сорғалайды. Осы кезде кем­пір-
шал да риза болып қызын жігітке атап, ақ батасын берген екен.

«Нар идірген» сондағы жігіт шерткен күй дейді. 44. «Нар идірген»

(ІV нұсқа)
Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз түйесі болыпты.
Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өліпті.
Ботасыз қалған жануар иімей, желіні сыздап, күңірене боздай-

ды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Қарт жалғыз
қызымен ақылдасады. Сонда қызы әкесіне:

—Сіз елге хабар салыңыз? Кімде-кім осы маяны иітсе, сол

кісіге мен тұрмысқа шығамын,—депті. Мұны естіген адам-
дар, түйені домбыраның күйімен ғана иітуге болатынын әңгіме
етеді. Талай домбырашылар маяны иітуге келеді, бірақ мая иі­
мейді. Нардың оқиғасы сол өңірге тегіс тарайды. Хабар жеткен

жердегі домбырашылар қыздан үміткер болып, өздерінің өнер
күштерін сынамақшы оймен жан-жақтан келе береді. Осындай
топтың ішінде түрліше жастағы домбырашылар болады.
Шарт бойынша, маяны кім иітсе, қыз сол кісіге тұрмысқа

шығуы керек. Қыз маяны құдықтың басына әкеліп, бұйдасын
мойнына іледі де, шелегін қолына алып, саууға даяр тұрады.
Үш домбырашы келісіп, бірінші кезекті жасы үлкен шалға
береді. Шал домбыраның үнін түйенің боздағанындай күңі­

күй  аңыздар
рен­те тартқанда, маяның алпыс екі тамыры шымырлап иій бас­
тайды. Мұны сезген қыз нардың емшегін қатты қысып тұра бе­
реді де, ортасынан аса бергенде:

—Иімеді! Домбыраны келесіге беріңіз,—дейді қыз шалға.

Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Сөйтіп,
шалдың тартқан күйі «Нар идірген» өмірге осылай келулі.
Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады.
Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін, күй біраз

тартылғаннан кейін маяның емшегін босатып сауа беріпті. Сөй­
тіп, қызды жігіт алатын болады.
Үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты
қапаланған бала, қыздан айырылған өкінішіне арнап «Күйдім,

жандым» деген күй тартыпты.
Осылайша, үш домбырашы күйлерін тартып болғаннан соң,
өзі өнеріне сенімі мол шал қызға қарап:

—Шырағым! Маяны иіткен мен едім, сіз зорлық жасап

отыр­сыз. Егер осы айтқанымды бекер десеңіз, біз әлгіде тарт­қан
күйлерімізді тартып үшеуміз үш бағытқа кетелік. Осы тұр­ған
жануар кімге «ботам» деп еміреніп ерер екен,—дейді.
Қыз маяны иіткен кім екенін біле тұрса да, шалдың талабын

орындауға мәжбүр болады. Айтқандай-ақ, мая шалдың арты-
нан қалмай, шапанын иіскелеп ере беріпті. Мұны көрген халық
маяны кім иіткенін біледі. Бұл жағдайды жұртшылық тегіс
көрген соң шал қайта келіп қызға:

—Қарағым, бұдан былай өтірікке үйір болма, қалаған қо­са­

ғыңмен бірге қартай,—деп шын батасын беріп, қызды жігітке
қосып кетіпті.
Халық күйі «Нар идірген», немесе, кейбір жерлерде «Өрелі
мая» деп аталатын күйдің шығу тарихы осылай болған.

45. «Аққабынның толқыны»

(І нұсқа)
Керей руынан шыққан Мұса деген бір кісі қызын күйеуге
ұзатарда қалың малына қосып, «мінгізгенім» деп Бурылат де-
ген атын да береді. Жыл өткен соң Мұса қызын көріп қайтайын

деп жекжатының аулына келе жатқан екен дейді. Ауылдың
қарасын көрген соң, қолына сыбызғысын алып, «Аққабынның
толқыны» деген күйді тартқан екен. Дәм-тұзы бөтен жерге

халық  күйлерінің  аңыздары
бұйырған Бурылат шалғайдан сыбызғы үнін естігенде құла­
ғын қайшылап, кісінеп қоя береді. Жайылып жүрген үйірінен
жалғыз бөлініп шығып, ауылды айналып шаба беріпті. Жас­

тайынан сыбызғы күйін естіп өскен Бурылаттың бұл мінезін
қыз «әкем келе жатыр» екен дегенге жориды. Айтса айтқан­дай,
қыр басына қылт етіп шыға келіп, ауылға құлаған атты кісі
әкесі болып шығады.

46. «Аққабынның толқыны»

(ІІ нұсқа)
«Аққабынның толқыны» атты күйдің аңызында Бұхтарма
ат­ты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сы­быз­
ғышы Мұса туралы айтылады. Ол өзінің жалғыз қызын «Мар­

қакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып,
оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды
жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса қызының жағдайын
бі­луге «Марқакөлге» бара жатып жолшыбай «Аққабынның

тол­қыны» атты күйін ойнағанда, жасауға берген Мұсаның аты
үйірінен бөлініп шығып, кісінеп ауылды айналып шауып жү­реді.
Иесіне шын берілген ат, Мұса ауылға келгенінен тыным
таппады. Мұсаның ойнаған сыбызғысының үніне дағдыланып

қалған ат, иесінің дауысын он шақырым жерден естіп білді.
Асыл мінезді жануардың тынышсыздануын білетін Мұсаның
қызы мұны көргенде үй ішіне: «Сірә, менің әкем келе жатқан бо-
лар, біздің аттың ойнақшып айнала шабуы тегін емес»,—дейді.

47. «Аққу»

(І нұсқа)
Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір өмір сүріпті. Оның
бар байлығы—жетім сәбилер—немере ұлы мен немере қызы
болыпты. Оның ойлағаны соларды бағып өсіру болған. Кемпір

көрші ауылдың байының сиырын сауып, кірін жуып, тамағын
пісіріп болмашы ғана еңбек ақысын алып отырған. Немерелері
де байдың жұмысын істейді: бала қозы бағады, қыз шай қайна­
тып, анау-мынаусын істейді. Осылайша олар үйтіп-бүйтіп өмір

көре береді, тағдырға тағар кінәсі де болмайды. Бір күні ойла­
ма­ған, күтпеген жерден оларға пәле тап болады. Бай аулына

күй  аңыздар
жау шауып, ел бір түн ішінде сапырылысып басқа жаққа кө­
шіп кетеді, аласапыран кезінде жұртта абайсызда бала-шаға­
сы мен кемпір қалып қояды. Оның үстіне көзге түртсе көргісіз

дауылды, ала құйын соғады. Таң ата дауыл басылады, жұртта
қалған сорлы бейшаралар аң-таң қалады. Олардың ішейін десе
асы, баспанасы тағы жоқ. Жұртта жетім болып қалған сорлы-
лар егіліп тек жылай береді. Баланың әкесінен қалған аң ата-

тын мылтығынан және оның екі сұрағынан (ашасынан) басқа
олардың дымы болмайтын. Ақыры, алдында балаларын ертіп
кемпір, басы ауған жаққа жүре береді. Күні бойы жүріп-жүріп,
күн батуға таянғанда әбден діңкелері құрып шаршаған олар, бір-

біріне жантая жатып, үлкен көлдің жағасында ұйықтап кетеді.
Таң сәріде ұйқылы-ояу жатқан бала бір әдемі дауыс естиді.
Ояна келсе, төбесінде айнала ұшып, қонғалы жүрген аққуларды
көреді. Бала әлден кейін аққулардың көлге қонғанын сезеді.

Бала қуанғаннан әндетеді. Бар деген үйінің қымбат мүлкі—
мылтығын алып бала көздеп атып жібереді, бірақ кербез құсқа
оның оғы тимей кетеді. Аққулар ұшып кетеді, жолы болмай
қамыққан бала көл жағасында қала береді. «Үшеуіміз де енді

аштан өлеміз ғой» деп ойлайды ол. Біраз уақыттан кейін осы
арадан қашық емес тау мен орман арасындағы көлде аққулар па-
налайды деген аңшылардың сөзі баланың есіне түседі. Әжесіне
осыны айтып, оны қарындасына қалдырып, қолына мылты­ғын

алып, аққулар ұшып кеткен жаққа қарай жүріп кетеді. Жүгі­
ріп келе жатып бала әндетеді:
Барар жерің Балқан тау,
О да біздің көрген тау!

Әбден шалдыққан бала қараңғы түсе, Балқан тауының басы-
на шығып, тұңғиықта жалтыраған көлді көреді. Қалың шөпті
қақ жарып жоғары қарай тырмысып, бала көлдің жағасына
келіп, тәтті ұйқыға сүңгіп кетеді. Ертеңгісін бала тағы да көл

үстінде айналып ұшып жүрген аққуларды көреді. Міне, аққу
су­ға қонды. Ешбір қауіпсіз тұмсығын қанатының астына ты­
ғып аққудың ұйықтап кеткенін бала бақылайды. Бала аққуды
атып тигізеді. Осы кезде баланы күте-күте зарығып, оның әжесі

мен қарындасы жылайды. Бұл кезде атып алған аққуын арқа­
лап, бала да өзінің әжесі мен қарындасына келеді. Оны көріп

халық  күйлерінің  аңыздары
қуанғандығынан көңілді ән шырқайды. Олар аққудың етін
жеп, тәтті ұйқыға шомып кетеді. Ертеңгісін үшеуі көңілденіп,
тынығып алғаннан кейін жолға шығады. Кешке қарай олар

қатерлі, қауіпті түнде бұларды далаға тастап, көшіп кеткен
ауылға келіп қосылып, бұрынғысындай өмір сүре береді. Бала
тек мерген болмаған, әкесінен қонған дарынды, жақсы күйші
де болған көрінеді дейді. Еліне келіп «Аққу» атты күйін ол

қобызда ойнап береді. 48. «Аққу»

(ІІ нұсқа)
Қап тауы деген дүниедегі ең үлкен тау болады екен. Бергі
бетіне қыс түссе, ар жағы жайма-шуақ жаз болғандықтан,
әлемдегі жылылықты аңсайтын құс атаулы солай қарай арқан

тартып ұшатын көрінеді. Солардың қатарында аққу деген киелі
құс та бар екен. Қанаты бүтін, топшысы берік, өзі тың болса,
сол Қап тауынан әрі асады екен де, ақсақ, қауырсыны қатпаған,
әлсіз болса, бергі жағында қалып қояды екен. Кейбірі неше рет

өрлеп, неше рет төмендеп, кейде баяу, кейде жылдам ұшып,
әрең асады дейді. Сондағы Қап тауын айналып ұшып жүрген
аққудың таудан әрең асқандағы күйі мынау...
(Соңында күйші өзін Қап тауына балап, домбыраны аққу

қылып, иығынан асырып тастайды.)
... Сол жолда аққуды бидайық құс қуады. Аққу қашып барып
суға түсіп, әрі қарай жүзіп барып, қанатын керіп сілкінеді...

49. «Аққудың зары»

Ертеде бір сұлу қыз бен күйші жігіт бір-біріне ғашық бо-
лыпты. Күндердің күнінде жігіт алыс сапарға аттанады. Аман-
есен оралып, қыздың ауылына келсе, ол осыдан сәл бұрын
қайтыс болған екен. Ел-жұрты сүйегін ауыл шетіндегі көлдің

қасындағы төбенің басына жерлейді. Жігіт сол жерге барып,
домбырасымен қалыңдығын жоқтап, күні бойы зарлана күй
тартады. Көлдің ортасында кішкене арал бар көрінеді. Сол
аралды аққулар мекендейді екен. Көл маңындағылар аққу жұ­

мыртқалаған кезде үнемі салға мініп барып жұмыртқасын алып
кетіп отырыпты. Жігіт сүйгенін жоқтап мұңайып отырса, бала-

күй  аңыздар
пандарынан айырылып сұңқылдап, тынымсыз ұшып жүрген
жалғыз аққуды көреді.

—Бұл дүниеде ұшқан құс, жүгірген аңның бәрі де мұңды,

бәрі де зарлы екен ғой,—деп әлгі күйші жігіт аққудың зарын
күйге қосып тартқан екен...

50. «Қоңыр бұқа»

Халық аңызында ерте уақытта бір ауылдың өзен жағасында
жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол
сиырлардың арасында көк бұқа болады. Сол көк бұқа жанына
ешкімді жолатпайтын сүзеген болады. Сондықтан да ішінде осы

бұқа жүрген бір қора сиыр бойлай басқа малдардан бөлек жайы-
лады екен. Бір күні жем іздеп ашыққан қасқырлар осы бір қора
сиырға шабуыл жасайды. Көк бұқа қасқырлармен арпалысып,
әзірге ауылдан кісілер келгенше бірде-бір сиырды қасқырларға

жегізбей қорғайды. Міне, көк бұқа тынышсыздана бастайды
да, басын қорқынышты көтеріп алып, ауыл жаққа қарап, ауа-
ны иіскелейді. Өз үйірін еш уақытта ауылдан еш адам іздеп
келмейтінін сезген көк бұқа үйірін туған ауылына алып келеді.

51. «Шал бүркіт»

Ертеде бір қазақтың жанында жақсы көретін, қасқыр мен
түлкіге найзағайдай түсетін аңшы бүркіті болыпты. Ол көп
жыл өмір сүріп, ақырында қартайып аңшылыққа жарамайды.
Оның қанат жүні сиреп, құйрығының қауырсындары түсіп,

ұша алмай, ұшса қайтып жерге қона алмай қатты қиыншы­лық
көреді. Бір күні аспанда өте жоғары самғап ұшып, содан жерге
жақындап келіп, жалбарына аянышты ысқырық үн шығарады
да, бірақ қонбайды. Ол солай әбден күш-қуаты біткенше ұшып

тастай құлдырап жерге түседі. Құстардың қалықтап түсуі­
не көмектесетін құйрық қауырсынынан жұрдай болған қарт
бүркіт өлімге душар болады. Оның аянышты шаңқылын естіген
иесі үйінен жүгіріп шығады. Өлім халінде жатқан бүркітке ол

ешқандай айла көмек көрсете алмайды, бірақ көп уақытқа дейін
есінен де шығармайды.

халық  күйлерінің  аңыздары 52. «Жетім қыз»

(І нұсқа)
Ертеде бір өзеннің жағасында жетім қыз бен бала болып-
ты. Ол қыз қайықты жақсы еседі екен. Сол маңдағы балалар
бұларға келіп қайықпен ойнап серуендейді екен. Бір күні қыз

таудан жүзім жинауға кеткенде үйде қалған бала апасының
жоғын пайдаланып қайыққа мініп жүзеді. Бірақ ол қайықты
есе білмейтін. Ойламаған жерден қатты дауыл жел тұрып қайық
үлкен толқынның арасында аударылады, бала суға кетеді. Жа-

нында қалған жалғыз інісінің суға кетіп өлгенін естіген қыз
зарлап жылайды.

53. «Жетім қыз»

(ІІ нұсқа)
Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні
көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз сала-
ды екен. Сонда қыз:

—Мен—әке-шешесі жоқ жетім қызбын,—деп қана жауап

береді екен.
Мына сөзді естігендер: «Ой, жетім екен ғой!»—деп ынтықтық
райынан айнып, қайтып кете береді екен.
Сондағы қыздың:

—Оу, жетім қыз, жетім қыз,

Көрген жанды ынтықтырды бетің, қыз.
Әкесі жоқ жетім қыздың
Кәдесі жоқ.
Шешесі жоқ жетім қыздың

Некесі жоқ.
Ағасы жоқ жетім қыздың
Бағасы жоқ.
Інісі жоқ жетім қыздың

Тынысы жоқ.
Өз-өзіңмен жетіл, қыз,
Сүйгеніңмен кетіл, қыз!—
деп мұңайып, арман қып тартқаны екен...

күй  аңыздар 54. «Бұлғын—Сусар»

Бұрын елден асқан бір күйші аң-құстармен күй арқылы
тілдесіп, сөйлесе береді екен. Оны «аңның тілін білген, құстың
үнін түсінген» деп жұрт аса ардақтайтын көрінеді. Бірде әлгі
күйші тоғай аралайды. Бір-бірімен таласып жатқан бұлғын мен

сусар мұны көре сала тұра қашыпты. Жігіт сонда домбырасын ала
салып күй шертіпті. Әлден уақытта әлгі екі аң кілт тоқтап, бір-
біріне еркелей жақындап, ойнақтап, күйдің ырғағымен билеп ала
жөнеледі. Сондағы сол екі аңды достастырған күй екен...

55. «Жеті атан—Ерке атан»

...Бір бай болыпты. Ол кедейленеді. Күндердің күнінде
өледі. Артында азын-аулақ мүлкі, бір ұлы және бір түйесі
қалыпты. Сол түйе боталайды. Әлгі ұл ботаны сатамын деп же-
телеп жүреді. Сөйтіп жүргенде бір байдың қызы есігінің алды­на

шығып:

—Әй, жігітім, андағы ботаңды сатасың ба?—дейді.

—Сатам,—дейді жігіт.

Сөйтіп, қыз ботаны сатып алып, жеті жасқа келгенше асы­рап
бағады. Тіл үйретеді, адамның тілін білдіреді. Қыз білгіш екен.
Түйенің өсе келе қасиетті болатынын алдын ала байқайды. Түйе
өте зор, алып атан болған екен. Оны ел «түйенің пілі», ал қыз

«Ерке атан» деп кетеді.
Енді қызға біреу дарияның ар жағынан келіп құда түседі.
Қызды ұзатар күн келеді. Отыз күй ойын, қырық күн тойын
жасайтын болады. Бай қызға қалау салады:

—Қызым, нарға не арттырайын?—дейді.

Қыз айтады:

—Не арттырушы едіңіз, өзіңіз біліңіз, байсыз ғой. Артқы

еліңіз күйінгендей, алдыңғы еліңіз сүйінгендей арттыры­ңыз,­�

—дейді. Сонда бай жеті атанға жүк арттырады. Қыз өзі асыра­

ған әлгі Ерке атанға келіп:

—Сен «қалып барамын» деме. Мен дарияның ар жағына

өтті-ау дегенде маған қарай қаш. Қаш та қуып жет. Мен өтіп
болғанша сен де жетесің. Сенің соңыңнан қуады. Қуғанда да
қара жорғамен қуады. Ол жеткенше сен судан өт,—дейді. Со-
нымен қызды ұзатады. Жеті атанға «алдыңғы елім сүйінсін,

артқы елім күйінсін» деп жасау-жабдық артады.
Олар ұзап кеткенде, әлгі Ерке атан қашады. Соңынан қара
жорғамен қуады.

халық  күйлерінің  аңыздары
Ерке атан судан өтіп кетеді. Қара жорға барып суға тіреледі
де қалады.
Ерке атан аман-есен судың арғы бетіне өткен соң, қыз

жүктің бәрін бір Ерке атанға арттырып, жеті атанды қайыра
судан өткізіп, соңындағы еліне айдатып жібереді. Сондағы
жеті атанның жүгін жалғыз өзі көтеріп, Ерке атанның жолдың
жиегіндегі жантақты шалып жеп, желіп бара жатқаны дейді.

56. «Жаңылтпаш сайқал» (бәдік күй)

Ертеде бір қыз бен жігіт домбыра тартысады. Бірін-бірі жеңе
алмайды. Бірінің күйін бірі қайыра тартып ұзақ жауаптасады.
Ақыры қыздың күйі артыла бастайды. Сонда жігіт:

—Мен бір «Жаңылтпаш сайқал» деген күй тартамын. Соны

қайталасаң, жеңесің,—деп күй тартады. Тартқанда саусағы­
мен «сенікі анау, менікі мынау» деп көрсетіп тартады. (Бұл
өзі ұят күй ғой.) Қыз жұрттың көзінше әлгінің қол қимылын
қайталай ал­майтын болған соң, домбыраны тастап, бетін ба-

сып шығып кетіпті. 57. «Сұр теке»

Баяғыда бір мерген болыпты. Бір күні баласын аңға ертіп
шығады. Баласына:

—Сен мына ну тоғай, қалың қурайдың ар жағына өтіп, аң

болса бері айда,—дейді.
Бала тапсырманы орындау үшін тонын теріс айналдырып
киіп, тоғайды аралап, қалың қурайдың арасымен келе жат­қан­
да, аңдып отырған әкесі «теке екен» деп атып жібереді. Жетіп

келсе, баласы өліп жатады.
Сонда: Қалың қурай, сұр теке,

Мені алмадың, қу теке,—
деп зар еңіреп тартқан күйі екен...

58. «Мұңлық—Зарлық»

Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы ханның жал­
ғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, кө­
ңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дар­ға
5-136

күй  аңыздар
астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір
ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан
жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің

көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады. Мыс­
тан кемпір өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес,
құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың
басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді.

Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып,
қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек
те өсуін доғарады.
Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік-өкпеге шыдамаған патшаның

қызы егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы
қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар,
жылаумен жылдар өтеді.
Қатты шаршап, діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы

түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды.
Ұйықтап кеткен соң, оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оята-
ды. Құлақ түріп, тың тыңдаса, «ән салып» тұрған қасындағы
биік ағаш екен. Қыз күндіз қос бүлдіршінін іздеп, түнде осы

«әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл
жұбатып, тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басы-
на шығамын деп оны құлатып алады. Бірақ көп ұзамай са-

мал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның
құпясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басы-
на дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан
бұтаққа ке­рі­ліп қалған ішектерді көреді. Бұл—қыздың екі

баласынан қал­ған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бос­
тау, ал шығыс жа­ғын­дағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің
өлімінен хабары жоқ қыз, енді ағаш неге ән салатынын
түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті

соған тағады. Шертіп көрсе, үні жүрегіне жақын, жаны-
на жайлы естіледі. Қыз бай­ғұс бостау тартылған ішекке үні
мұңды шығатындықтан, «ұлым­—­Мұң­лық», ал ащы, тым
зарлы шығатындықтан, қатты тартыл­ған ішекке «қызым

- Зарлық» деп ат қойып, күндіз-түні қолы­нан тастамай күй

шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен...

халық  күйлерінің  аңыздары 59. «Сал күрең»

Ел ішінде әйгілі бір күйшінің жүйрік күрең аты бәйгенің
алдын бермейтін көрінеді. Қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста
бүкіл сыншылар барлық тұлпарды сыннан өткізе келіп, күрең
аттың қасына тоқтайды:

—Қамыс құлақ, қой жұтқыншақ, үңгір сағақ, қуыс қолтық,

құлан жал, бәйгені өзге алмас, сен аларсың, күрең сал,—деп
бағалапты.
Бірақ ат күзетушінің көзін ала бере қаскөй біреу күрең аттың
табанына шеге қағып жібереді.

Күйші шегені суырып тастап, бәрібір бәйгеге қосады. Топ
ішінен ақсаңдай басып шыққан күрең атқа қарап жұрт:

—Әй, ақсақ атты бәйгеге қосқан қай ақымақ!—деп шулай-

ды. Күйші ерегескенде үндемейді. Денесі қыза келе аяғының
ауырғанын ұмытқан күрең сәйгүліктердің бірінен соң бірінен
озып, ақыры бірінші болып келеді.
Бірақ мәреге жеткен соң-ақ, аяғын баса алмай, сал болып,

жүруден қалады. Күйшінің күреңнің сау күнін армандап, сал
күреңнің жүрісін салып тартқаны екен...

60. «Жиренше шешен»

(І нұсқа)
Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек
хан Жиреншеге:

—Әкесі өлген қалай болады?—дейді.

—Әкесі өлгені—асқар тауы құлағаны,—депті.

—Шешесі өлген қалай болады?

—Сарқылмас бұлағының суалғаны.

—Ағасы өлген қалай болады?

—Оң қанаты қайырылғаны.

—Інісі өлген қалай болады?

—Сол қанаты қайырылғаны.

—Апа-қарындасы өлген қандай болады?

—Өрісі тартылғаны.

—Қатыны өлген қандай болады?

—Аһ, дариға! Қарашашым өлген екен ғой,—деп күңіреніпті

де, тұрмыстағы қызына барып, шешесінің өлімін күймен ес­
тіртіпті. Қарашашты жоқтап күй тартыпты...

күй  аңыздар 61. «Жиренше шешен»

(ІІ нұсқа)
Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып
қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз та­
уып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол

ауылда жалғыз жетім бала бар екен:

—Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін,­—­деп

Жиреншенің ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп кел­се,
төрде бір сұлу қыз отырады.

—Сіз кімі боласыз Жиренше шешеннің?—дейді.

—Мен Жиреншенің қызы Қарлығашпын,—дейді.

—Олай болса, тыңда,—деп жетім бала домбыраны теріс бұ­

рауға салып, «әкең өлді, қарындас» дегізіп, бір зарлы күйді тар-
та жөнеліпті.
Қабырғасы қайысқан Қарлығаштың көңілін жұбатпақ бо­
лып, жетім бала домбыраны оң бұрауға түзеп, сабырлы сал­

мақты тарта келе, өзінің де жетімдігі есіне түсіп кетіп, зарлап
қоя бергені дейді.

62. «Батырдың арман күйі»

Қалмақтардың ауылын шауып, малын тартып алып, жыл­
қыларын айдап келе жатқан батырдың алдынан біреу шығып:

—Уа, батыр, осынша жылқыны өзің бағасың ба, балаңа бақ­

тырасың ба?—деп сұрапты.
Сонда батырдың баласының жоқтығы есіне түсіп, күйініп
тартқаны дейді.

63. «Алып қара құс»

Баяғыда кемпір мен шал мал бағыпты. Тоғыз ұлы бірінен
соң бірі ес біле бастағанда шетіней береді екен. Оныншы ұлы
дүниеге келгенде, шілдехананың үстіне құдайы қонақ келіп
қоныпты. Қонақ кетерінде:

—Сіздің балаларыңыздың иесі алып қара құс. Сол иесіне

жетпей, тіл-көзден өледі екен. Бұл ауылдан жыраққа кетіңдер.
Ұлыңыз ер жеткен соң ораласыздар,—дейді.
Кеткен соң «қонақ—қыдыр, айтқаны жөн болар» деп кемпір
мен шал бір түнде көшіп, бір тоғайдың шетіне барып үйлерін

тігіп, сонда өмір сүре бастайды. Бала үш-төрт жасқа келеді.

халық  күйлерінің  аңыздары
Күндердің күнінде шал аңға шығып, жебесіне еш нәрсе
ілінбей арып-ашып қайтып келе жатса, аспаннан бір алып қа­
ра құс көрінеді. Тырнағына қыстырған қызарғаны бар. Мұны

көріп шал:

—Дәу де болса, сен еліктің лағын әкетіп бара жатсың ғой,—

деп көздеп тұрып үш мәрте атады. Сонда құс қалықтап барып
үлкен дарияның ар жағына құлайды. Шал олжаға кенелдім
деп масаттанып, сал жасап дарияның ар жағына әрең өтіп,
құсқа жетіп барса, қасында сұлап өзінің баласы жатады. Тасқа

ұрылған алып қара құста жан жоқ.
Шал жылап-еңіреп, етегі жасқа толып отырғанда, құсқа жан
да, тіл де бітіпті:

—Ей, аңшы, сенің ұлдарыңның көктегі иесі мен едім. Тоғыз

ұлыңды елің өлтірді. Соңғы ұлыңды өзің өлтірдің. Мен оны ада-
сып келе жатқан жерінен алып келе жатыр ем. Сен оны көк­тегі
иесінен айырдың,—деп өледі.
Сонда барып шалдың есіне баяғы құдайы қонақтың сөзі тү­

седі де, бармағын тістейді. Баласын шекпеніне орап үйіне ора-
лады. Үйінде бәйбішесі жоқ екен. Баланы күндегі жататын ор-
нына жатқызып қойып, домбырасын қолына алып, теріс бұрап
отырғанда кемпірі кіріп келеді:

—Ой, құдай-ай, аспаннан алып қара құс көріп, балама бір­

деңе болды ма деп өкпемді қолыма алып жүгіріп келмеймін бе?
Сен нағып қабағыңды түйіп отырсың? «Таңғы нәсіп тәңірден»,
«Өлмегенге өлі балық жолығар». Елден, жұрттан айналайын,
сәлемдеме беріп жіберді,—дегенде, шал «Балаң өлді, бәйбіше»

деп естірту күйін тартқан екен.
Күйді тыңдап бола бере кемпірі:

—Әй, шал, сен мұндай күйді тартпаушы едің. Мынауың

суық хабар айтып тұр ғой,—деп, жүгіріп барып шалдың шек­
пенін көтеріп қалғанда, ұзыннан түскен ұлы сұлық жатыр
екен. Сонда қарғап-сілеп, шалдың домбырасын қолынан жұ­лып
алып, «Құлыным!», «Құлыным!» деп зарлап, солқылдап, өксіп

күй тарта жөнеледі...
... Кемпірдің күйі тым зарлы, зәрлі, ащы болып, шал да шы-
дай алмай домбыраны қолына қайыра алып, «Ойбай, ботам!»
деп егіле тартады да, соңынан «Жылама, қатын, жылама» деп

жұбату күйін шертеді.

күй  аңыздар
... Сөйтіп, кемпір мен шал баланың өлігін көтеріп елге
оралыпты. (Ескерту: Тағы бір нұсқасында күй соңында бала
тіріліп, көзін ашып алыпты,—делінеді.)

64. «Кенесары—Наурызбай»

Орыс әскерімен белдесуге күш жию үшін:
Қамауда жатып хал болмас,
Қасыңа қалың ел қонбас,—
деп, Кенесары соңынан ерген елімен, батырларымен Ілені ке­сіп

өтіп, Шу бойын өрлей көшпеді ме? Сонан Қордайда шапы­раш­ты
Тойшыбек батырдың ауылына тоқтайды ғой. Атағы жер жар­
ған Кенесары, Наурызбай келді деген соң, ұлы жүз елі қалмай
жиналады. Күні-түні Кененің ауылын босатпайды. Дулаттың

батыры Сыпатай да, шапыраштының ерлері Саурық, Сұраншы
да, қоңыраттан шыққан Байзақ та, төре Рүстем де қалмай келе­
ді. Кенесары екі күн ұдай ешбір адаммен сөйлеспей, маң­дайын
ұстап, ауыр ойланып, төмен қарап отырып алды. Рүстем төре

де, Сыпатай батыр да Кенесары отырған ақбоз үйдің алды­нан
анадай жерден түсіп, «алдиярлап» қолын қусырып, рұқсат
сұраудан басқа бір ауыз тіл қата алмаған. Келгендердің бәрі­мен
Наурызбай ғана сөйлескен. Сонда 19 жасар жас батыр Сұран­

шы атының басын Кенесары отырған үйге тіреп тұрып, есіктің
маңдайшасын көтеріп, былай депті:

—Хан бетін басып, басын тұқыртып, неге төмен қарай бере­

ді? Біз ұялшақ қатын көргелі келгеніміз жоқ, ондай қатындар
ауылымызда жеткілікті, біз ел бастаған, жау жасқаған батыр­ды
көргелі келдік,—депті. Сонда Кенесары басын жұлып алып:

—Уа, ерім екенсің ғой, атыңнан түсіп, жоғары шық,—

депті.
Сұраншыға оң тізесін беріпті. Сонан кейін барып Сыпатай,
Рүстемдер де «алдиярлап» үйге кірген екен. Бірақ Кенеса-
ры олардың бірде-бірімен жылы сөйлеспей, өзінің үйіне баса-

көктеп кірген ер жігіттермен ашылып сөйлесіпті.
Он жеті жасар Байсейіт батыр да атымен құйғытып шауып
келіп, Кенесарының отырған үйінің дәл табалдырығының ал-
дына тоқтапты. Әкесі Тойшыбек:

—Бұл не бейбастылық, сен ханды басынамысың?—деп шы­

ға келіп ұрысқан екен, Байсейіт кимелеп:

халық  күйлерінің  аңыздары

—Мен хан деп келгем жоқ, батыр деп келдім, батырдан ба-

тыр қорықпайды,—деп үйге кіре беріпті. Кенесары бұған да оң
тізесінен орын берген.
Кенесарыға еріп келген өңкей батырларға Жетісудың кі­лең
айбынды ерлері қосылып, Алатауды сілкінткендей бір қа­лың

қайратты қол құралады... 65. «Бесік күй»

Бір күйші-батыр жортып келе жатса, алдынан жау шауып
кеткен жұрттан жалғыз қараша үй шығады. Әлгі үйге жа­қын­
даса, іңгәлап шырылдап жатқан баланың үні естіледі. Жақын
келіп үйге кірсе, бесікті құшақтаған күйі бір әйел өліп жатыр

екен. Анасын жерлеп болғанша бесіктегі бала шырылдап жы-
лауын қоймайды. Сонда күйші-батыр айдалада жалғыз қалған
бесіктегі баланы тербетіп тартқан күйі екен...

66. «Сарбарпы бұлбұл»

(І нұсқа)
Сарбарпы—адамның құсқа айналған түрі екен дейді. Баяғы­
да елден асқан оқымысты адам болыпты. Көктің де, жер­дің де,
судың да, оттың да, құстың да құпиясын біліпті. Бірақ адам­

затқа ешбір пайда келтірмепті. Сондықтан Алла тағала оны
құсқа айналдырып жіберіпті.

66. «Сарбарпы бұлбұл»

(ІІ нұсқа)
Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте
сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқ­
тап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін—

сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан
атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбар­пы
енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су жылан тыныш­
тық бермепті. Көкте қырғи, жерде жылан тұқымын құрта бер-

ген соң зар еңірей сайрапты. Оның сайрағанын су тартылып,
күн тұтылып, тау шайқалып, дауыл көтеріліпті. Бірақ ешбір
аң немесе құс жәрдем жасамапты. Сонда бір аңшы көріп, естіп,

күй  аңыздар
Сарбарпы бұлбұлды әлгі озбырлықтан құтқарыпты. Өзінің
үйіне әкеліп, төрінде бағыпты. Содан бастап Сарбарпы бұлбұл
адамның айнымас досы, жыршы құсы болыпты...

67. «Нұрғазарын бұлбұл»

Баяғыда Махмұд деген елден асқан әділетті патша болып-
ты. Оның Асан, Үсен, Хасан деген үш ұлы бар екен. Күндердің
күнінде Махмұд түс көреді, түсінде ғажайып құс көреді. Әлгі құс
жер мен көктің ортасы, көк перілер шаһарында, тордың ішінде

тұрады. Соны қолына түсіруді армандап, күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан айрылады. Тіпті, тағынан безіп, көшедегі күлге аунап
жатып қалады. Содан Асан мен Үсен әке арманын орындап ке-
луге жолға шығады.

Ең кішісі Хасан да сұранады. Әкесі әрең жібереді. Хасан екі
ағасын қуып жетеді. Үшеуі келе жатып үш айрыққа тап болады.
Сол жерде тас бар екен, тастағы жазуда бірінші жол—«барса ке-
лер», екінші жол—«келер-келмес», үшінші жол—«барса кел-

мес» деп жазылыпты. Хасан жасы кіші болғандықтан үшінші
жолға түсіпті.
Әуелі Гүлбаһрам перінің шаһарына келеді. Мыстан кемпір
бар екен, ол Хасанды киікке айналдырып жібереді, бірақ Гүл­

баһрам оны қайта адамға айналдырып, өзі ғашық болып елу
күн, елу түн бірге болады да, Хасанды қимай жолға салады.
Жылдар жүріп биік таудың басына шыққанда, алып ағаш
кезігеді. Ағаш басында екі басты Самұрық құстың ұясы бар екен,

ұяда балапандары жатады. Сол ұяның астында дем алып жат­са,
жеті басты айдаһар өрмелеп келе жатады. Хасан қорықпай же­ті
басты жеті жаққа ұшырып, тыныш демала береді. Әлден уақ­та
күн тұтылып, дауыл тұрып, ағаш ырғалады. Сөйтсе, Самұ­рық

ұшып келіп қонған екен. Хасанды көріп өлтірейін дегенде, ба-
лапандары араша болады.

—Сен жоқта бізді жеті басты айдаһар жеп кетуші еді, оны

өлтірген сол адам,—дейді.
Самұрық Хасанды қасына алады. Жөн сұрасады. Мән-жай­
ды білген соң:

—Е... е, Хасан, жолың ұзақ. Жеті дарияның ар жағында,

көк перісі—Ғайнижамалдың шаһарында ол құс. Пері, жын,
диюдың бәрі сонда. Олар тек адам етімен қоректенеді. Сен оған

халық  күйлерінің  аңыздары
бара алмайсың, барғанмен аман оралмайсың, кері қайт,—
дейді.
Хасан көнбейді. Амал жоқ, Самұрық жетпіс киіктің етін

алып, жетпіс мес су алып, арқасына Хасанды мінгізіп, жеті да­
рияның ар жағына қарай ұшты дейді. Әр дариядан он күнде
өтеді екен. Самұрық күніне бір киіктің етін жеп, бір мес суды
ішеді екен. Ең соңғы күні Хасан киік етін түсіріп алады да, өз

санынан ет кесіп береді.
Жетпісінші күні Ғайнижамал перінің шаһарына жетеді.
Келсе, перілердің бәрі ұйқыда екен. Ғайнижамал да ұйқыда.
Тек Нұрғазарын бұлбұл ғана ояу. Күлсе, көмейінен гүл төгіледі

екен. Хасан жөнін айтып зарлайды. Нұрғазарынға:

—Жүрші әкеме, әкем сенсіз өлетін болды, мен әкемнің ал­

дындағы перзенттік парызымды өтеу үшін сонша азаптан өтіп
келдім, сөзімді жерге тастай көрме,—дейді.
Нұрғазарын бұлбұл адамша сайрағанда тілінен бал тама-
ды екен, ақылы адамзаттан артық екен, тек денесі құс екен.

Онда да басы лағыл, көзі алтын, кеудесі күміс, қанаты жауһар,
құйрығы зүбәржат, әр қауырсыны күн нұрымен шағылысып,
көздің жауын алады екен.
Хасанға айтады:

—Жарайды. Сен маған ұнадың. Тек менің айтқанымды

орын­да. Әуелі ұйықтап жатқанда Ғайнижамалға қосыл. Мен
некелеріңді қиямын. Өз жүзігіңді оған сал, оның жүзігін өзіңе
сал,—дейді.
Хасан айтқанын істеді. Нұрғазарынды алып Самұрыққа кел­

ді. Самұрық Хасанға айтты:

—Алпыс тоғызыншы күні сен соңғы киікті түсіріп алдың.

Сонда маған ненің етін бердің? Сондай тәтті, сондай қуатты
болды,—деді.
Хасан айтты:

—Өз санымнан кесіп бердім,—деді.

Самұрық екеуін алып ұшты. Ұясына әкелді. Келген соң:

—Сен маған жақсы дос болдың. Өз етіңді кесіп бердің. Мен

саған бір қанатымды беремін. Осыған мініп еліңе жетесің,—деді.
Хасан Нұрғазарынды алып ұшты. Жер перісі Гүлбаһрамға
келді. Гүлбаһрам жақсылап қарсы алды. Бір оқ берді.

—Осы оқпен сені киікке айналдырған мыстан періні атып

өлтіріп кел, әйтпесе кете алмаймыз,—деді.

күй  аңыздар
Хасан барып Мыстан кемпірді көздемей атты, оқ өзі қуалап
жүріп зәлімнің табанынан кіріп, миынан бір-ақ шықты. Сөйтіп,
өлді. Гүлбаһрам далада жүрген киіктердің бәрін адамға айнал-

дырып, тіл бітірді. Бәрін де әлгі мыстан оқып тастаған екен.
Бәрі де батыр екен. Хасанға ерді. Қалың қол болды. Еліне тарт-
ты. Жолда азып-тозып жүрген екі ағасын көрді. Азаптан құт­
қар­ды. Бірақ жолда Асан мен Үсен арамдық ойлады. Хасанды

құ­дық­қа құлатып, таспен басып кете барды.
Елге келгенде бір күнде аспаннан адам жауды. Сөйтсе,
Ғайнижамал мен оның пері, дию, жындары екен. Махмұдқа
жо­лықты. «Нұрғазарынды ұрлаған адамды көрсет» деді. Үсенді

ша­қырды.

—Сен қалай алдың Нұрғазарынды?—деді Ғайни пері. Үсен

айтты:

—Атпен барып едім, сіздер түгел ұйықтап жатыр екенсіңдер,

ала қаштым,—деді.
Асанды шақырды:

—Желмаямен барсам, перілер ұйықтап жатыр екен. Ала

қаштым,—деді.
Ғайнижамал сенбеді. Нұрғазарын бұлбұлға «сайра» деді. Бұл
құстың адамша сөйлейтінін Үсен мен Асан білмеді. Нұрғаза­рын
барлық оқиғаны бастан аяқ сайрап берді.

Ғайнижамал Үсен мен Асанның басын алды. Өзінің Мах­мұд
патшаға келін болғанын біліп ұялды. Бір күннің ішінде Хасан-
ды алып келтірді.
Оң жағында жер перісі Гүлбаһрам, сол жағында көк перісі

Ғайнижамал, екеуін де қатын қылған Хасан көп кешікпей әкесі
ұсынған таққа отырып, әділ патша болды.
Аңыздағы Хасанның ақыл-парасатына тамсанған күйші,
«ұл туса, Хасандай боп тусын» деп осы күйді тартыпты.

68. «Жалғыз көзді әулие»

Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау
барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып
жүргенде, бір әйел жолығыпты:

—Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен ма­лың­

ды түгел қайтарып әкелем,—деген екен. Бай бұл талапты қабыл
алыпты.

халық  күйлерінің  аңыздары
Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның
жалғыз қара айғыры болыпты. Күйеуін сол қара айғырына
мінгізіп, алдына үлкен қарағайды бүрімен өңгертіп, арқанмен

таңып, жаудың кеткен ізімен жетелей жөнеліпті.
Жылқыларды айдап бара жатқан жаудың шеті көрінген­
де, әйел қара айғырдың жүгенін сыпырып қоя берген екен.
Жылқыларды көрген қара айғыр жауға қарай кісіней азынап

шаба жөнеледі.
Қара айғырдың шабысы арқасын қоздырған, делебесін
оятқан жалғыз көзді әулие қаһарланып жауға жете бергенде,
«Тоқта! Тоқта деймін!» деп айғай салыпты.

Азынап шапқан қара айғырды, үстіндегі алпамсадай жал­
ғыз көзді әулиені, алдына өңгеріп алған дәу қарағайды көрген
жау «бір сұмдық келе жатыр екен» деп, айдаған жылқыларын
тастай салып, жан-жаққа қашып кетіпті.

Жалғыз көзді әулие болса, жауды жеңіп, аман-есен аулына
қарай қуана шауыпты.

69. «Бөкен жарғақ»

(ІІ нұсқа)
Баяғыда бір елге оба тарап, оның үстіне ақ сүйек жұт болып,
ел түгел қырылып, тек бір жігіт қарындасымен ғана аман қал­
ған екен. Жігіт аң аулап, қарындасы екеуі аңның терісін киіп,

етін азық етіп күнелтіп жүріпті.
Шіліңгір шілденің бір күнінде ыстықтамас үшін бөкен те­
рісінен киген киімнің жүнін сыртына қаратып киіп алған жігіт
күндегі бөкен аулайтын бөкен жалаққа тартыпты. Ол Бөкен

жалақтың маңына таяп барып бөкен аңдып бүк түсіп жатады.
Осы кезде тағы бір аңшы жігіт бөкен ауламақ болып осы
маңайға келеді де, бүк түсіп жатқан бөкенді көріп атып қала­ды.
Аңшы жігіт оны бауыздап алмақ болып жүгіріп жетіп кел­се,

бөкен емес бір жігіттің жайрап жатқанын көреді. Оқыс жаза­ға
жаны ашып кеткен жігіт мұңайып ойға кетеді.
«Бұл жігіт те мен секілді жалғыз ба екен, әлде серігі бар-
ма екен? Егер серігі болса іздеп келер» деп тосып отырады.

Ертеңінде бір қыз келіп жігіттің өлігін көріп зар еңіреп жы-
лайды. Мұны анадайдан көріп отырған жігіт қыздың жанына
келіп:

күй  аңыздар

—Ағаңды бөкен деп мен атып едім, әдейі атқам жоқ. Мен де

жалғызбын, адам баласын көрмей далада жүргеніме талай жыл
болды. Адам екенін білсем, бүйтер ме едім! Ағаңның өліміне
мен де арманда қалып бармағымды шайнадым. Бақиға жол ал­
ған оралмайды. Ағаң үшін кегімді алам десең, міне құрал, мені

ат та кегіңді ал. Мен де оның соңынан кетейін, бұл өкініштің
куәсі болып артымызда сен қал!—деп жігіт қолындағы қа­руын
ұсынады.
Көп жылап іші-бауыры езілген қыз, ақылы сабасына түскен

соң жігітті өлтіруге қимайды да, жігітпен бірге өмір сүруді
жөн көреді және жігітке: «Менің өксік атқан зарымды тарих­қа
қалдырар өнерің бар ма?» дейді. Жігіт: «бар» дейді де ұзақ тол­
ғанып алған соң, домбыраға қыздың оқыс өлген ағасын жоқтап

зарлап жылаған қасіретін «Әттең, бөкен жарғақ-ай! Әттең,
бөкен жарғақ-ай!» деген күйге айналдырып шертеді екен.
Халық күйі «Бөкен жарғақ» осылай шығыпты.

70. «Жалғыз жігіт»

(І нұсқа)
Бір жылы Ертіс өзені өткел бермей Қара айғыр деген жер­ден
ел тосылып, төрт түлік мал неше күн иіріліп күйісі кетеді. Ел
ағалары бұлай ширыға бермей ел мен малды судың аржағына

өткізуді ақылдасады да, адамды да, малды да қырқарлап өткізе
бастайды.
Осы арпалыста астында шолақ торы байталы бар бір жетім
жігіт, елден қалмайын деп, байталымен суға түсіп кетеді.

Аласұрған ақ бурыл толқын, арық байталы мен жалғыз жігітті
ала жөнеледі. Сонда жалғыз жігіт өзінің қылығына өкініп:
Ат сал! Ат сал елім! Ат сал!—деп зар қаққанымен, аранын
ашқан ажалға кім бара қойсын, сонда астында көк байталы бар

Бейілбай деген тағы бір жарлы жігіт, зар қаққан құрбыласын
құтқаруға, «көк байтал жаның үшін жүзерсің» деп, байталы-
мен суға күп береді.
Асау толқын Бейілбайды да ала жөнеледі. Әйтеуір лақ­ты­

рылған шалмаулардың бірі түсіп, ол зорға құтқарылады. Бірақ
әлгі жігіт сол беті суға кетеді. Бейілбай мен Қамади жалғыз­дық
пен жарлылықтан туған мына ойға кейінгілердің есінде жүр­сін
деп «Жалғыз жігіт» күйін шығарады.

халық  күйлерінің  аңыздары 71. «Жалғыз жігіт»

(ІІ нұсқа)
Ертеде ешбір туыс-туғаны жоқ бір жалқы жігіт болған екен.
Жалғыздық мұңын ешкімге айта алмағандықтан домбыра мен
сыбызғыны ермек етіп, ішкі дертін шығарады екен.

Ол шерткен күйлерінде ылғи бір зардың сарыны білініп
тұратындықтан, ел де бара-бара көп тыңдайтын болыпты. Әйт­
се де, олар мұңлы-зарлы күйдің нендей күйініштен туғанын
білмек болып, жігіттен:

—Бұл немене деген күй?—деп сұрағанда, жігіт:

—Өзім де білмеймін,—деп құтылады екен. Бірақ ол күй

шерт­кенін қоймапты. Ел іздеп келіп тыңдауын тоқтатпапты.
Кейін келе ел оның осындай атсыз көп күйлерін тыңдай беріп,
ақы­ры «Жалғыз жігіттің күйі» немесе «Жалғыз жігіт» деп атап
кетіпті.

—Мұңлы-зарлы бұл күйлерді ел бірден-бірге таратып

ке­тіпті. Күндердің бірінде бір байдың күйге құмар қызы
естіп, әлгі күйші жігітке ғашық болыпты. Уақыт өте келе
қыздың ғашық екенін білген жігіт, жалғыз деп кемсітпей
ғашық болған қызға ынтық болыпты. Бұл оның жалғыздық

мұңына тағы бір қасірет болып қосылыпты. Қызға сөйлесуге
жалғыздығы, байға сөйлесуге кедейлігі тұсау болған соң, ол
тағы домбыра, сыбызғысымен сол арманын күйге айналды-
рып, шерлі жүрегінен «Делдал» деген күй шығарыпты.

72. «Көк төбет»

(І нұсқа)
Бір қойшы бір байдың қойын талай жыл бағып, тышқақ
лағын да ит-құсқа бермепті.
Өзі өрісте ұйқыдан, түнде күлкіден де ексе емес екен. Мұның

сыры күндіз-түні қасынан қалмайтын көк төбетінде екен. Көк
төбет қасқырды қойып, аюға да айбарлы екен. Бұған дән риза
болған қойшы, кезеңде отырып, «Көк төбет» деген сыбызғы
күйін шығарған екен.

күй  аңыздар 73. «Көк төбет»

(ІІ нұсқа)
Ел аузындағы аңыздарда «Көк төбет» күйінің шығуы әртүр­
лі айтылады. Соның бірі, Алтайды мекендеген Зуқа батырдың
ауыл маңына бөтен адам бастырмайтын, атты адамның дыбы-

сын күншілік жерден сезетін, құнан өгіздей көк төбеті бар екен.
Зуқаға қатты өштескен үкімет Зуқаның мықты жігіттерінің
алысқа, жортуылға аттанып кеткенін, жақын мезгілде қайтып
оралмайтынын білген соң Зуқаны ұстауға шерік аттандырған.

Осы кезде оның көк төбеті үш күн жатпай үрген. Итте тіл жоқ,
болмаса ол бір қауіптің болатынын сезген. Ұдайы үш күн, үш
түн үрген ит, үшінші күн таңға жақын дауысы қарылып, жағы
талып, үні өшкен екен. Дәл осы кезде Зуқа таң намазын оқуға

қамданады. Күндіз қарауылдап, қараңғы түсе ауылды қоршап
алған шеріктер дәл осы сәтте оның үйіне басып кіреді. Зуқа
не мылтық алып атысуға, не қашып шығуға үлгірмей қалады
да, тек қолына түскен кереге басында ілулі тұрған кісенмен

мықтысынып алдымен кірген екі шерікті ұрып өлтіреді. Бірақ
мұздай қаруланған көп шерік оны осы арада атып жібереді.
Дайын тұрғандар жалма-жан басын алып, зыта жөнеледі. Осы
оқиғадан бұрын да талай рет Зуқаны ұстауға келген әскерлерді

көк төбет алдын ала біліп үргеннен кейін, адамдар дайындық
көріп, жаудың сазайын тарттырып, өздері аман қалған. Бұл
реткі көк төбеттің үш күн үргенін ескермеген Зуқа ауылы ар-
манда қалыпты, осыны ел есіне салған бір күйші «Көк төбет»

күйін шерткен екен. 74. «Ыңыршақты боз»

Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болып-
ты. Оның жайшылықта бұта артар, көшкенде жүк артар көлігі
де осы аты екен.
Ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса,

бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бәйге қосып, дыр-
думан болып жатыпты. Олардың тұсынан әлгі адам боз атын
жетектеп өтіп бара жатқанда, боз аты бір күрсініп қалған
екен, тарту арқаны үзіліп кетіпті. Мұны көрген әлгі кедей: «е,

жануар-ай, ішіңде өнерің бар екен ғой, сенің де қарызыңнан
бір құты­лайын» деп жүгін сол жерге түсіріп тастап, аттың

халық  күйлерінің  аңыздары
ыңыршағын ал­мастан, бәйге болып жатқан ауылға барыпты,
оған ешкім қарап та қоймапты. Тек аттарды айдайтын кезде
кедей: «Атымның арқасы жайдақ мінуге келмейді, ыңырша­ғы­

мен балам мініп барады»,—депті де қалың жүйріктердің соңы­
нан ілестіріп жіберіпті.
Бәйге келеді-ау деген мезгілде аты барлар да, басқалар да
кезеңге шығып, шаң көрінген жаққа қараумен болады. Бірі ана

ат келеді десе, бірі мына ат келеді деп тұрғанда, жалғыз шыққан
боз ат екені анық болады. Аздан соң басқа аттардан көш бұрын
ыңыршағын сүйретіп боз ат келген екен.
Үстіндегі баласы жығылып, ыңыршағымен келген атқа, жол

бойынша екінші бәйге беріліпті. Осыдан бастап, бұл кедейдің
күйсіз көлігі—боз атқа арналып «Ыңыршақты боз» деген күй
шығарылған екен.

75. «Алшаң қоңыр»

Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым
сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен.
Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын
анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары,

топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене
бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады. Бұлардың өзін
сөз қып тұрғанын аңғармаған әлгі жігіт қоңыр атты алшаң басты-
рып көлденеңдей өте берген екен. Мәми Бейсі қасындағыларға:

—Әке-ау, керейден де мұндай келісті азамат, осындай әдемі

ат шығады екен-ау?!—депті.
Мұны өз құлағымен естіп Бейсімен бірге таңырқаған бір
күйші, әлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан әсем жү­
рісіне «Алшаң қоңыр» деген күй арнаған екен.

76. «Көк дөнен»

Мұңғұл мен қазақ арасының дау-шары бір кездері асқынып
соғысқа айналыпты.
Бұл соғысқа көк дөненін мініп, бала Жәнібек те шығады.
Хан Абылай мұны көрсе де, бетінен қақпапты.

Сұрапыл соғыс бастала сала-ақ, қарсы жақтың күші басым
келіп, Абылай жақ ығысып қашқан екен. Қалың айғай-сүрен,

күй  аңыздар
у да шудың ішінде жүрген Жәнібек бір кезде Абылайдың арт-
та қалып қойғанын аңғарып, жау жаққа қайта ұмтылыпты да,
Абылайды ұтылап, қаумалап жүрген жауға араласып кетіпті.

Жаудың бірталайын жер құштырып, бетін бір қайтарып жі­
беріп, Абылайға келіп, көк дөненін көлденең тартып:

—Қашып құтылыңыз, жаумен мен айқасамын!—депті.

Абылай намыс көріп, көк дөненге мінгісі келмепті. Сонда Жә­
ні­бек ызаланып:

—Басыңды жауыңа алдырғанша, өзім алайын!—деп қы­лы­

шын суырып алған екен. Абылай амалсыз көк дөненге мініпті.
Жәнібек Абылайдың атымен қайта соғысқа шығып, жауды
қанға тоғытып, бетін қайтарыпты.
Жаудың беті қайтқан соң Жәнібек бір кезеңге шығып, атын

қаңтарып тастап, демалайын деп ұйықтап қалады.
Қайтып барған Абылай тобының ішіндегі керейдің бір шалы,
Жәнібектің қайтып келмегенін біліп, іздеп шығады. Шал Жә­
нібек жатқан маңға келгенде атын қаңтарып тастап ұйқыда

жатқан Жәнібекті көреді. Шал Жәнібекті оятып, ахуалды оған
айтады да, топқа бастап кетеді.
Бұл кезде ордадан Абылай да «көк дөненін берген баланы
қайта көремін» деп қузау салып жатқан кезі екен. Осы кездің

үстіне Қабанбай келіп ханға үш талап қойған екен.
Сондағы үш талабы мынау екен: оң тізесінен орын беру; ол
болмаса, асық жіліктің басын ұстатып бала қылып алу; ол да
болмаса, қолында ұстап туын беру. Сонда Абылай тұрып:

—Оң тіземе отырғызып уәзір етсем, халық не дейді? Ал асық

жіліктің басын ұстатып бала қылып алғаныммен кісі баласы
кісіге бала бола ма? Ең дұрысы ешкімнің таласы жоқ, туымды
берейін,—деп Жәнібекке қолындағы туын берген екен. (Осы
туды Жәнібектің үшінші немересі Зарыққан сақтап келген)

Бұл аңыз елге тарап, ханды жаудан құтқарып кеткен көк
дөненді домбырашылар күй етіп, «Жәнібектің көк дөнені»
деп шерткен. Осы күй шертілсе болғаны, ел әруақты батыр
Жәнібектің ерліктерін еске алады.

77. «Ала айғыр»

Ерте уақытта жылқылы бір бай болыпты. Оның жылқысын­
да бітімі бөлек бір айғыры бар екен.

халық  күйлерінің  аңыздары
Бір жылы қарашада осы айғыры із-тозсыз жоғалып, бай тұс-
тұсқа жоқшы аттандырды. Жоқшылар қанша сандалса да, бәрі
байдың алдына құр оралыпты.

Сөйтіп жүргенде аяқ астынан әлгі жоғалған ала айғыр өзі
жылқыға келіп, бай мен жылқышыларды қайран қалдырыпты.
Арқа-басы бүтін, қайта оралған айғырын көрген бай жыл­
қышыларына:

—Ала айғыр үйірін қалай айдаса, сендер де ол жүрген ба­

ғытпен жылқыны айдаңдар, ол хайуан да болса қыстың қатаң
боларын сезіп, өз үйіріне жер шалып келген секілді,—дейді.
Айтса, айтқандай болып шығады. Ала айғыр өз үйірін ай-
дайды. Жылқышылар да барлық жылқыны оның соңынан са­

лады. Олар осы жүріспен айлық жол жүріп, іздесе табылмай-
тын бір түнкелі иен далаға барып тиянақтайды. Жылқышылар
бір қысты осы жерде өткізіп, жылқысы аман-есен жазғытұрым
бай аулына келеді. Қыс орасан қатты болғандықтан, басқа жер­

дегі байлардың жылқылары түгел жұтап қалған екен. Қуа­ныш­
қа бөленген байдың ауылы ақсарбас сойып той жасапты. Сол
тойда бір домбырашы елдің ала айғырға алғысын бейнелеп «Ала
айғыр» күйін шерткен екен.

78. «Мұңлы қыз»

(І нұсқа)
Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні таңғы алаң-елеңде
біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. Ор-
нынан ұшып тұрып қараса, өгей шешесі екен. Қорқып, діріл­деп

тұрған бишара қызға өшіге қараған өгей шешесі:

—Жатамысың, мынаған толтырып бүлдірген теріп кел!—

деп аяғымен қауға шелекті қызға қарай теуіп жіберіпті. Қыз
шелекті алып тауға кетіпті.
Қыздың әкесі көшетін болған соң, бір күн бұрын жоғалып кет-
кен екі сиырын іздеп кетіп, сол сиырларын тауып, ертемен үйіне

келсе, әйелінің үйін жығып көліктерге артып-тартып жат­қа­ны­
ның үстінен түседі. Келе сала көш қамымен болып көшті жүр­
гізеді. Балалары көп болғандықтан әлгі қызын да жоқтамайды.
Олар жаңа қонысқа қонып су әкелуге қамданғанда, шелек­

тің біреуі жоқ болып шығады. Сонан өгей шешенің қылығын бі­
летін қыз әкесі зар илеп жұртқа шабады.
6-136

күй  аңыздар
Ал қызы әлгі шелекті түс ауғанда әрең толтырып, аш қарын
сүйретіліп үйіне келсе, күлі шашылып жұрты жатыпты. Қыз
мұны көріп өгей шешенің қылығын ойлап, өз шешесін сағы­нып

еңіреп жылап отырғанда, астындағы атын қара тер қып әкесі
жетіп, аттан домалай түсіп қызын құшақтап, екеуі бірдей егі­
ліп жылайды.
Бір қауымнан кейін әкесі: «Жүр, балам, кетейік» дегенде,

жетім қыз жылап тұрып:

—Бармайыншы, әкем-ай, күн көрсетпейді шешем-ай!—де­

ген екен.
Бұны естіген елдің қызға жаны ашыпты.. Бір домбырашы
осыдан «Мұңлы қыз» деген күй шығарыпты.

79. «Мұңлы қыз»

(ІІ нұсқа)
Қол, аяғы кемтар қыз жастайынан кемтарлықтың бейне­
тін көріп бұйығы болып өседі. Өзі теңдес балалар қозы жайып,
күр­ке тігіп, өзен бойлай жүгіріп көбелек қуып дегендей бала­

лық­тың базарының ортасында жүріп, өскенде тауда кемтар
қыз оның біріне де ілесе алмай қапада өмір сүреді. Балалық­
тың база­ры­на ілесе алмаудан басталған қайғы өскен сайын өсе
түспесе ор­таймайды. Өз теңдес қыз-бозбаланың бірі тұрмыс­

қа шығып, бірі тұрмыс құрып, өз алдында түтін түтетіп, бала
өсіріп отырғанда кемтар қыз баяғы сол күйі от басынан ұзап
шыға алмайды, мұңнан сейілмейді. Сол қыздың құрбыларына
қызықтай қа­рап, өз мұңына қапалануын көрсеткен күй деседі.

80. «Мұңлы қыз»

(ІІІ нұсқа)
Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбіше­
сі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен
қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір кедейдің балам дегенде

жалғыз қызына құдалық сөйлеседі. «Шал-екең алмайды, мал-
екең алады»,—дегендей, байдың қалың малға атаған ақтылы
қой, алалы жылқысын қимаған қыз әкесі жалғыз қызын байға
тоқалдыққа береді. Әкенің қатігездігіне өзегі өртеніп, за­ма­ны­

ның әділетсіздігіне күйінген қыз ұзатыла жатып: «Қара­кер аттың

халық  күйлерінің  аңыздары
тоқтығы-ай, жалынан ұзын шоқтығы-ай. Мені малға сатқаны
әділеттің жоқтығы-ай»,—деп зарлаған екен. Қыз ұзатуға жиы-
лып, қыз зарын естіп тұрған көпшілік «О, мұңлы, сорлы-ай!»—

деп өкініседі. О баста қыз ұзату салтанатын күйге қоспақ болған
күйші адамның іш-бауырын елжіреткен мына қайғылы халге
іштей елжіреп, қыз зарына арнап, «Мұңлы қыз» күйін шертіпті.

81. «Мұңлы қыз»

(ІV нұсқа)
Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс
болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар
жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиы-

лады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар-
қатар жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып,
қымыз сел боп ағады. Аста бүткіл керейге байлығын танытуға
талпынған байдың балалары дәулеттерін аямайды. Бірінші бо-

лып келген аттың бәйгесіне ат басындай алтынға қоса, тоғыз
ақбас атан жетектетіп, атанға бір қыз мінгізіп беретіндіктері ту-
ралы бір жыл бұрын сарын айтады. Осы сарын бойынша бірінші
атқа жоғарыдағы сыйлықтарын береді. Ат бәйгесіне тігілген

жетім қыздың зарына байланысты «Мұңлы қыз» күйі осылай
шығыпты деседі.

82. «Беген»

Қосар атпен келіп белдеуге түскен жігітті даяшылар ықы­лас
білдіріп ордаға бастайды.
Ордада жатқан бай есіктен имене сәлем берген жас жігіт­тің
бас-аяғына одырая көз салып:

—Иә, кім боласың? Жол болғай,—дейді қырылдаған дауыс­

пен.

—Тақсыр алты алашқа Қарынбай атанған, тайлағы сансыз,

тайы таңбасыз, қойы енсіз Бегеннің баласымын,—дейді.
Бегеннің аты шығысымен басын көтеріп құрмет білдірген
бай, өзіне зор Бегеннің аты аталғанда, бейтаныс қонағына жалт
ете түседі.

Жігіт белдеуге байлаған бір атты «әкемнің сізге сәлемдеме­сі»
деген соң, жігітке бай оңаша үй тіктіріп, бірнеше күн күтеді.

күй  аңыздар
Қонақ жігіт асқан домбырашы екен де, бай қызының дом-
бырашы атағын естіп келген екен. Жігіт бай қызына өнерімен
жағып қалады. Бірақ қу қыз жігітті бағып, сынаумен болады.

Бір күні бай қызы жігіттің ұйықтап жатқан үйіне келсе,
жігіттің аяғы көрпеден шығып жатыр екен. Аяғының әр же­
ріндегі шақай бауы қиған мойыл көк бунақтарынан оның Бе­
ген­нің баласы емесін аңғарып, ендігі жерде бұрынғыдай рай

бай­қатпайды. Ақыры жігіт қайтуға ыңғайланғанда, бұйымтай
сұрай келген байға:

—Әкем мені лайық көрсе құда болсам, отауы мен еншісін,

күңін қоса бір-ақ жолда әкеліп салып, қалың малын айдап
қайтса деген еді,—дейді.
Мал дегенде аңсары ауып, Бекеннің жер қайысқан малы­ның
жарымын айдап алуға індіні кеткен бай:

—Ойбай-ау, ол не дегені, Бегеннің лебізін қалай ғана жерде

қалдырайын, баламның бас-аяғын бүтіндеп, тоғанақтарыңмен
жолға салайын, бірнеше күн аялда, балам,—дейді.
Сезікті қыз әкесіне өз ойын айтып қыңқылдай береді. Бұған
көнбеген бай ақыры арттырып, тарттырып қызын ұзатады. Салт

бойынша қыздың шешесі ілесе жүреді. Айшылық жолдан асып
кеткен соң, жігіт қалыңдығына:

—Бегеннің есігіндегі бір жетім едім, бас құрауды қанша ар-

мандасам да қалыңсыз маған қыз қайда, ақыры осы бір әдіспен
бір қарпып қалмақ болып өзіңді алып келемін,—деп шынын
айтады.
Бұны естіген қыз көш басшыға:

—Тоғанақты түсіріңдер!—деп бұйырады. Отауды тіктірген

соң, қыз домбырасын қолына алып, бір сұмдық күйді шерте бас­
тайды. Күй тілімен қыздың ішкі ой дүниесін жігіт те аңғарады.
Сонда қыз өзінің өкінішін домбыра тілімен:
Келіп едім Бегенге,

Бай Беген бар дегенге.
Тайлағы сансыз, қойы енсіз,
Тайы таңбасыз дегенге.
Қош, аман бол, ата-екем,

Қош, аман бол, апа-екем.
Енді маған сай қайда,
Түсіп кетем тереңге.
Енді маған сай қайда,

халық  күйлерінің  аңыздары
Енді маған сай қайда,
Бай Бегенге қыз беріп,
Қалың малды көп айда!—

деген сөздер айтылады. Қыздың шешесі істің нағына көзі жетіп,
ертесі күйеу баласын шақыртып:

—Бегенге сәлем айт, келер жылы осы уақытта қалың малын

айдап алуға кісі жіберемін!—деп жол ортадан қайтып кетеді.
Сондағы қыздың шерткен күйі кейін келе, ел ішіне қызды
өкіндірген де, байды армандатқан да Беген деп «Беген» күйі
атауымен тараған екен.

83. «Сары бел»

(І нұсқа)
Бір ауылда жасы тоқсаннан асқан бір қария болыпты. Ауыл
адамдары бұл қарияны қадір тұтып, үнемі алдына барып аман-
сәлем жасап, амандық сұрап тұрады екен.

Бір жолы ауыл ағалары барып көңілін сұрап:

—Ақсақал, хал-жайыңыз қалай?—дегенде, төсегінде жан-

тайып жатқан ол басын көтеріп:

—Е, қарғаларым-ай,

Кәрілік келіп қалды кезіменен,
Қарайды келін жаман көзіменен.
Қолындағы көсеумен ұрмаса да,
Ұрғандай боп кетеді сөзіменен,—депті де, төсегінің іргесінде

сүйеулі тұрған домбырасын алып:

—Жастықтың жалыны қайтқан, кәріліктің қарымы бат­қан,

сарғайып сары белде отырғаным. Ал тыңдаңдар,—депті де дом-
бырасынан бір түрлі мұңлы, күмбірлі күй төгіпті. Сонан «Са­ры
бел» атты күй тарапты.
Бұл күйді кей білетіндер Отарбай Дүйсекеұлының қартай­

ғанда шығарған күйі деседі. 84. «Сары бел»

(ІІ нұсқа)
Байлардың жемқорлығын өткір тілімен шенеп, сыбызғы­да­
ғы күйімен әжуа-сықақ еткен сыбызғышыны елдің игі жақсы­
ла­ры бірігіп алып, көзін құртпақ болады. Оған тұс-тұсынан

күй  аңыздар
қысым жасап, тілін тигізіп, тікенегін қадайды. Ел ішін ара-
лап сыбызғы тартып, әзіл-сықақ айтуды қойып, қаршадай қа­
ра күркесінде, бала-шағасының қасында, отынының басын-

да көңілді өмір сүруіне тосқауыл жасап, басқан ізін бағатын
аңдушы қояды. Осынау қапас өмірден құтылуды армандаған
сыбызғышы таңы рауандап ататын, күні күліп бататын, адам-
дары ала-құла бай мен кедей болып бөлінбейтін, зәбір-жапасы

жоқ елді іздеп жолға шығады. Әділдіктің ордасын іздеп талай
елді аралайды, талай жолды басады, талай белден асады. Бірақ
ондай елді таба алмай, арман тауы шағылған сыбызғышы арып-
шаршап, қара күркесіне қарай қайта оралады. Қайда барса да,

еңіреген елді, шерменде болып сорлап, қапас өмірде қан жұтқан
кедейді көреді. Бостандықта өмір сүруді армандаған сыбызғы­
шы ұзақ жол жүріп, еліне бет алып келе жатады да, көлбеп
жатқан құба белге келіп, сыбызғысын тартып отырып қаза бо-

лады. Ел арасында жүрген тағы бір сыбызғышы жігіт жол жү­
ріп келе жатып, құба белде сыбызғысын сүйеу етіп қаза болған
жігітке тап болады. Жігіт аттан түсіп қайтыс болған жігітті
сол жерге жерлейді. Оның кейіп-кескінінен шаршағандық­тан,

арманына жете алмаған мұң мен зардың белгісін көреді. Жол-
жөнекей ауыр жайға, өкінішті оқиғаға тап болған сыбызғы­шы
жігіт айнала ойлана көз жүгіртеді. Шегі жоқ, шеті жоқ дала.
Дала төсінен тіршіліктің жөнкіген дүрбелеңі де, қызған өмір

әні де көрінбейді. Тек о жағы мен бұл жағы тұманданып көрі­
ніп ыстық демін ішіне тартып жатқан, мынау сияқты қаншама
қыршын жасты қапас құшағына алған төңірек сарғыштанып,
зілденіп көрінеді. Дәл мына қалпымен жаңбыр жаумаған, шуақ

көрмеген, қайғыдан басқаны білмейтін керенаудай сезіледі.
Осы тылсым тіршілікке ішқұса болып қайғырған сыбыз­ғышы
сары белде отырып, қаза болған сыбызғышыға арнап «Сары
бел» күйін тартады.

85. «Көк бұқа»

Мұңғұл-қазақ жауласып тұрған шақтарда, мұңғұл елі қа­
зақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. Осы
барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Ке­ле­
сі көктемдердің бірінде әлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта

айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың

халық  күйлерінің  аңыздары
біреуінің ішінде бұзау кеткен екен. Жануар мұңғұл жеріне ба-
рып туып, бұзауынан бұқаша болғанға дейін ол жерді жерсінбей
жүріпті де, өзі құнан бұқаға айналған көктемде бір қора сиыр-

ды айдап ежелгі мекеніне жеткен екен. «Көк бұқа» күйі осыдан
пайда болыпты.

86. «Балжыңгер»

(ІІ нұсқа)
Кезінде байлығы басынан асқан бір мұңғұл болыпты. Оның
жүйрік желмаясы, ісімер бір қызы болыпты. Атқұмар мұңғұл
байы сол өңірде Балжың дегенде бір жүйрік ат бар дегенді

естиді. Осы атты қолыма түсірсем деп ойлаған бай, Балжыңды
шақыртып алып, Желмая мен кер атты үш күндік жолға бәйге­
ге қосады. Бәйге келгенше әлгі қызына бір кісілік киімді тігіп
үлгертпек болады. Егер қыз киімді бітіре алмаса, бәйгеден жел-

мая келмей, кер ат келсе, бай Балжыңға қызын бермек, ал жел-
мая озып, қыз киімді үлгертіп кетсе, кер атты бай алмақ болып
келіседі. Келісімнен кейін жарыс басталып кетеді.
Сонымен, «бәйге келеді» дегенде хабаршы байға кер аттың

келе жатқанын, желмаяның жолда шөгіп қалғанын жеткізеді.
Ендігі сенімін қызынан күткен бай бәйге жетісімен киімнің бір
түймесі қалғанын естіп сасқалақтайды. Сонда Балжың өзінің
ұтқанына көзі жетіп:

—Менің атым Балжың кер,

Білмеген адам қалжың дер.
Түйме бауы бітпепті,
Былжырамай қызыңды бер,—деп айғайлап шы­
ға келеді. Ақыр көп болып байдың күш көрсеткеніне қарат­пай,

Балжыңға байдың қызын алып берген екен. Осы кер ат­тың
ерекшелігін сол кездегі аралас отыратын мұңғұл-қазақ ішін­дегі
Байжігіт күй етіп шерткен екен.

87. «Балжыңгер»

(ІІІ нұсқа)
Бұрын Марқакөл жағасын мекен еткен, дәулеті асқан бір бай
болыпты. Ол қайда жүйрік бар десе, кейде алдап, кейде зор­лап
алмай қоймайтын озбыр да екен. Күндердің бірінде бай «Сал-

күй  аңыздар
даман деген кедейде бір ат бар, ол атқа бұл жалғанда ат жете
алмайды» деген ел дақпыртын естіп, қалай да осы атты қолына
түсіруге аңсары ауыпты. Бай Салдаманды атымен шақыртып

жұқалаған екен. Салдаман да қу іші сезгендей «кедейлік бағыма
біткен әдеттегі жәй ат» депті. Бай Салдаманға:

—Айналасы алты күндік көлді ет пісірім уақытта айналып

кел. Егер ет пісірім уақытта келе алмасаң, атыңа алтын ер салып
өзім мінем, келе алсаң, саған бір тоғызға жығынды боламын,—
деп уәде беріпті. Салдаман атқа сеніп жолға шығыпты. Бай
шіне келе қуанып ордаға кіріп, есе сөйлеп, «қанат бітсе де, ет

пысқанша аттың жете алмайтындығына» көзі жетіп, еттің кө­
бігін алуға бұйрық бергенше даладан аттың қарасы көрінген
хабар келеді. Бұл хабардан шошынған бай далаға шықса, ат
тұяқтары жер ойып, ұшқан құстай екпіндеп келе жатыпты.

Сонда, өзегіне өрт түскен бай отыра кетеді. Бірақ айтқанынан
қайта алмай, амалсыз бір тоғызын беріпті. «Балжыңгер» деген
күй осыдан қалған екен.

88. «Майдажал—Телқоңыр»

Алтай бетінде бұрын өткен бір жылқылы бай болған екен.
Оның бір түнде екі биесі құлындап, бірінің енесін қасқыр жеп,
құлыны қарағанның түбіне кіріп аман қалыпты. Енді біреуі
құлынын емізіп тұрады. Содан бұл жетім құлынды тірі қалған

биеге теліп, екі құлын бір биені еміп өседі. Ат сыншылары екі
құлынды жақсы ат болады дейді екен. Бұл құлынның бірін
«Телқоңыр», бірін «Майдажал» деп атапты. Бай көшкенде екі
баласына екі құлынды мінгізіп қойып, екеуінің жүрісін күйге

қосады екен. «Майдажал», «Телқоңыр» күйі осыдан қалған
екен.

89. «Бұлдыр тау»

Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе
жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар
түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген
болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп

тұр­ған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншылардан құты­
лып, аман-сау сол бұлдыр тауға жетсем деген арманмен, жүкте

халық  күйлерінің  аңыздары
сүйеулі тұрған домбыраны алып: «Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр тау,
саған қашан жетем-ау, шу-шу жаным» деп күй шерткен екен.
Мұны түсінген қыз да көзіне жас алыпты. Екі ғашықтың бірдей

күйзелісін көрген үй иелері «бұ не күй?»—деп сұрағанда жігіт:
«Бұлдыр тау» деген күй»,—дейді.

90. «Бозінген»

(І нұсқа)
Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты
салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге тү­
нерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды.

Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді.
Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де
кетеді.
Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жа­

тып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тос­
тағандай жанарынан жас сорғалайды.
Осылайша зар илеп бара жатқан бозінген бір қолдан босай
қалған орайда сытылып кейініне қашады. Қуғыншылар қанша

қуғанымен жете алмай, ақыры күдер үзеді.
Неше күндік жолды зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің
сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған бота да інгеннің алды-
нан жүгіріп табысады.

91. «Бозінген»

(ІІ нұсқа)
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің
бірі—«Бозінген» сюжеті. «Мұндағы Бағланбай малының құты
болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады.

Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір
мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын
алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап
жылаған Бозінгеннің зарлы даусына құрылған. Бағланбай­дың

екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады.
Бозінгеннің жоқтауы:
Жаралғаннан жасымнан,
Күйіп, жанып сабылдым.

күй  аңыздар
Тартып беру бала үшін,
Үстіме кілем жамылдым.
Көрер күнім бар ма екен,

Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстар­дан,
түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі
түйені құтқарып, ботасына алып келе жатқанда да Бозінген

оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді. 92. «Бозінген күйі»

(ІІІ нұсқа)
Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Елде жөнді мал
қалмайды. Бүкіл ауылды жұттан қалған жалғыз бір бозінген
асырайды. Көпшіліктің күн көріп отырған бозінгені бір күні

иімей қалады, жан сақтап отырған халық қатты сасады. Содан
соң, пәлен жерде бір асқан күйші бар екенін естіп, кісі жіберіп,
соны алдырады. Егер күйші бозінгенді идіріп берсе, сол ауылда
бір сұлу қыз бар екен, соны бермек болады. Күйші домбырасын

күйлеп, ағызып тарта жөнеледі. Күйге құлақ салған бозінген иіп
қоя береді. Бермек болған қыз түйенің сүт аға бастаған емшегін
ұстай алады. Сол арада күйші жап-жас қызды көріп қалады.
Бірақ ол жұрттың ұйғарындысына рахмет айтып, рұқсат етеді.

93. «Алакөз аттың жүрісі»

Ертеде Қобда жерінде атақты жүйрік Құбақан кер ат бер
дегені естіген байлар ұрыларын аттандырып, осы атты әкелуге
жібергенмен кейбірі бос оралыпты, кейбірі ұсталып қалыпты.
Ең ақыры бір ұры ұрлап әкелгенімен, Қобданың ұрылары қайта

ұрлап әкетеді. Өстіп үш алдырып, үш алдыртқан соң, төртінші
рет ұрылар аттың кірпігін жұлып, бір жылдай үйден шығармай
бағады. Жыл уағында алып шыққан ат құбақан торылығы бол-
маса, кірпігі ағарып шығып, шарасы алайған көрер көзге ерсі

ат болады. Осы жыл дабыралы ас болады. Осы аста не бір май-
талман жорға-жүйріктен озып шығыпты. Сонда Қобдадан кел-
ген ұрылардың ішінде біреуі өз аттарын танымай, ала көз атқа
көзі түсіп, домбыраға оның жүрісін, шабысын күй етіп қосады.

халық  күйлерінің  аңыздары 94. «Шыңырау»

(І нұсқа)
Зәулім құз жартасқа ұя салған қыран өзінен ұрпақ көрмей
шерлі өтеді. Жылдағы тапқан жалғыз жұмыртқасын ордалы
жылан жылда жарып тұқымын құртып кетеді.

Бір жылы тағы да жұмыртқаға өрмелеп келе жатқан сұр
шұбардың үстінен тап болған ызалы қандыкөз қыран өткір
тұяқтарымен құлақ-шекеден қатты серпіп, зәулім құздан зын-
дан шыңырауға қарай лақтырып жібереді. Осыдан кейін ұяда

бір күні шұңғыл көз, ақ үрпек балапан пайда болады. Жұмырт­
қа жарып жарық дүниеге көз салған балапанын аялап өсіріп,
кең әлемге қанат қақтыру үшін алыс-алыс сапарлар шегіп жем
тартады. Тянь-Шань асып, Алтай кетіп, Алатау шарлауға тура

келеді. Осындай бір алыс сапардан жем тартып келе жатқанда,
шыңырау түбінен құзға қарай өрмелеген аждаһар-жыланның
бейнесі көз алдына елестеп, қыран өз ұясына жетуге жан ұшы­
ра талпынады. Биік-биік құздарды артқа тастап самғап келе

жатқанда, үстінен қалың нөсер жаңбыр құйылады. Көзінен
тамшылаған ыстық жас жаңбырмен бірге тамшылайды.

95. «Шыңырау»

(ІІ нұсқа)
Ертеде оңайға өткел бермейтін Көкжал деген өзеннің екі
жағалауында Байбол, Тауасар деп аталатын екі ауыл болыпты.
Байболдың кіші келіні Гүлбике енесіне ақыл салғаннан кейін,

ауылдағы жылқышы баланы шақырып:

—Сен, Тауасар ауылына бар, күйеу жігіт Әзілбек ұрын келіп

кеткелі осы ауылдың есігін ашқан жоқ. Бала өзі келеді деп
отырсақ, күз келіп, көші-қон болып кететін түрі бар. Сен, бар да
күйеу баланы шақырып кел!—жұмсайды.
Жылқышы бала тау асып, тас басып, өткелден ат жалдап

өтіп, әзер дегенде Тауасар ауылына барады. Жылқышы бала
Әзілбекке биебау басынан кезігіп, келген бұйымтайын оған
оңашалап жеткізеді.
Онысызда сағынышпен сарғайып жүрген Әзілбек бұл хабар­

ға қуанады да, қайын жұртына кешікпей баратынын айтады.
Әнші, биші, күйшілердің бір тобын ертіп, Байболдың кіші
ауылына Әзілбектер келгенде, ауыл той болып жатқан секілді

күй  аңыздар
әбігер екен. Қонақтардың алдынан шығып ат ұстаған даяшы-
лар бірінен соң бірі келіп, қонақтардың атын алып, ілтипат
көрсетеді.

Арнайы орналастырылған үйлерге жайғасқан күйеу жігіт
және оның серіктері ауыл азаматтарының «Той бастар», «Күй
басы» деген күйлерін тыңдайды.
Әзілбектің өнерлі серіктері әр алуан өнерлерін көрсетіп,

ауыл­ды думанға бөлейді. Олар осылай отырғанда, үкілі камшат
бөркін шекесіне салған бір топ қыздың ортасында Әзілбектің
қалыңдығы Назигүл де топ ортаға келеді.
Жастардың ән-сазы күн батарға дейін толастамайды.

Кешкі қызықты да Гүлбике алдын ала орайластырып қояды.
Екі-екіден жұптасып, әріптесін тақымдап қуып айтысқандар
таңның қалай атып, күннің қалай батқанын сезбей де қалады.
Осылай өткен сауық кештер мен қызықты күндердің неше ау-

нап түскенін білгендер болмапты.
Бір күні сәске мөлшерінде шайға отырған Әзілбек Гүлбике­ге
иіліп келіп:

—Біз қайтайық, ауылдан аттанғанымызға бірнеше күн бо­

лыпты,—дейді. Күйеу жігіттің ойын біле қойған Гүлбике де
қонақтардың қайту талабын үлкен шешесіне жеткізіпті. Сонда
көп ойланып алғаннан кейін, қарт ана Гүлбикеге тесіле қарап
отырып:

—Суы құрғыр ағаш басына шығап, сабасынан асып жатыр

дейді ғой, балалар абай болсын!—деген екен. Гүлбике күйеуді
жолдастарымен аттандыру қамына кірісіпті.
«Тіл астында тіл бар» дегендейін, неше түнге созылған әзіл­
дердің соңы айтылып, бірін-бірі қимаған жүректердің белгісі—

кестелі орамалдар қолдан-қолға өтіпті.
Олардың осындай аттанар кезінде, Әзілбектің кенже балды-
зы келіп, бір домбыра ұсынған екен. Бұл домбыра тоғыз түрлі
ағаштан қиылып жасалыпты. Үп еткен салқын самал тигенде

екі шегінен сазды үн шығады екен.
Олар аттанғанда, тұрып қалған жеңгесі қайта айналып үйге
кіргенде, Назигүлдің өзінің төсегінің үстінде отырғанын кө­ріп:
«Жатып, тынықшы»,—деп Назигүлді төсегіне жатқызып, шы­

мылдықты түсіріп қояды. Мамық төсекке жата сала көзі ілі­ніп
кеткен қыз «Алла!» деп ұшып түрегеледі. Оның шошып оян­
ғанын білген жеңгесі «не болды?» деп қасына барғанда, қыз:

халық  күйлерінің  аңыздары

—Бір жаман түс көрдім, түсімде Әзілбек екеуіміз бір биік

шыңға шығып бара жатыр едік, бір алып айдаһар жолымыз-
ды бөгеді. Алдымен оны, артынан мені жұтты. Содан шошып
кеттім,—дейді жеңгесіне үрейлене қарап.
Олар дәл осылай сөйлесіп отырғанда бағана Әзілбектер кет­

кен жақтан аттан сап айқайлаған дауыс бүкіл даланы жаң­ғы­
рықтырып, жайын отырған ауылды елең еткізеді. Мұны есті­ген
Назигүл мен Гүлбике жүгіріп далаға шыға келсе, Әзілбектің
Бәйгеторысына мінген ақ жейделі бала шыр-шыр етіп келе жа-

тады.

—Ой, не болды?..

—Әзілбектің аты су ортасында жығылып... сұраулар мен

үздік-үздік жауаптар Назигүлге анық ұғылмады.
Онсызда дымы құрып әрең тұрған арудың бойы бір ғажап
қорқынышты жалынға шарпылғандай дір етеді де, не болға­
нын өзі де сезбей, белдеуде тұрған сандал торыға қона кетіп

ұмтылады.
Оның артынан дүркірей шапқан ауыл адамдары келгенде,
Сандалторы бір боз талға байлаулы тұр екен. Маңында жан
көрінбепті. Тек өзеннің қан жұтып, құтырынып алған асау

толқыны айбар шегіп жатыр екен.
Өзеннің екі жағындағы ел екі бірдей есілінен айрылып зар
еңірейді.
Күн бесігіне дейін атты-жаяулар өзеннің екі жағын көп

қарап, түк таппай тарығыпты. Ақыры жеті дөңбекті сал етіп, екі
өнерпазды «Қан иірім» деген жерге дейін қарауға шығарыпты.
Бұл екеуі асау толқынмен жағаласып, ақыры тастан-тасқа
соғылып быт-шыты шыққан салдан, екі дөңбекке жармасып,

«Қан иірімге» жетіпті. Олар иірімдегі бүркіт ұясынан бір нәр­
сенің елбең еткенін көріп қалыпты.
Қиынның ала қанат қыранын аумен алатын бұл екеуі өмір
бойы бүркіт ұясынан осындай жәндік байқамаған екен. Олар

бұған қайран қалады.
Мына екі өнерпазға бір ғажап елес көрінеді. Суға иіліп тұр­
ған боз талға Сандалкерді іле салған Назигүл асау ағынға ашы-
на қарап тұрғанда, қанды толқын арасынан Әзілбек елестеп,

өзін суға атады.
Ол сұрапыл толқын соңынан жағаласып, «Қан иірімге» кел-
генде, бауыры Әзілбекке берген домбыра», иірімді бір айна­лып

күй  аңыздар
барып жағаға шығады. Қыз толқынды жарып барып домбыра-
ны алады да, асау ойдың езгісінен талықсып кетіп, бүркіттің
ұясынан бір-ақ шығады. Ол соңында тұрып «Қан иірімнің»

түбін бір көргісі келеді.
Тасқа жабысып тұрған екі адамның: «Қарағым, бері кел,
құлап кетесің»,—деп тұрғанын Назигүл естіген жоқ. Көз жасы
құрғаған қатулы қабағын түйіп тұрып, туған ел, өскен жеріне

қош айтып, тоғыз түрлі ағаштан қюлап жасалған домбыраны
үйіріп лақтырып жібереді де, қарын иірімге ыршиды. Оның
қызыл сәтен көйлегі көбелектей көлбеп барып, су бетіне қона
бергенде, рақымсыз тылсым күш оны лып еткізіп жалмай сала-

ды!..
Домбыраны жел аударып кетіп жағаға түсіреді. Домбыраның
күйін қойып, өзін жасап жүрген екі өнерпаз осыдан кейін көп
ойланып, ғашықтардың арманына, қиуасыздығына кез болған

бақытсыздығына толы «Шыңырау» деген күйді шерткен дейді.
«Шыңырау» күйі елге осылай тарап кетіпті.
Осыдан соң бұрынғы Көкжал өзені «Шыңырау» өзені деп
атаныпты.

96. «Шыңырау»

(ІІІ нұсқа)
Күз жетіп құстар қайтқанда Шыңырау деген торғай да
қайтады. Ол жол ортада бір мұхитқа тап болып, шексіз мұхит­
тың үстінен ұшқанда, қанаты талып, судың бетіне шыққан қа­

мыс бастарына, сал сияқты нәрселерге қонып дамылдапты. Мұ­
хиттың ортасына жеткенде қонуға қамыс жоқ, ұша берейін десе
дәрмені жоқ шырылдап тұрған екен. Бір күйші осы жан шыры-
лын күйге түсіріп, күй атын «Шыңырау» деп атаған екен.

97. «Шыңырау»

(ІV нұсқа)
Бір торғай бір ағаштың басына ұя салып жұмырқаласа, әр
жылы жылан жеп тоқтатпапты. Әбден запы болған торғай,
жұмыртқасына өрмелеп келе жатқан торғайды көріп, қайтерін

білмей шырылдаған екен. Мұны көрген күйші осы шырылдан
«Шыңырау» атты осы күйді тудырыпты.

халық  күйлерінің  аңыздары 98. «Шыңырау»

(V нұсқа)
Самұрық дейтін құс болған екен. Ол үнемі мұхиттың ор­
тасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына
жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап ке­

теді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп
әкеледі екен. Ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қа­
наты талып, бірде төмендеп, бірде көтеріле беріпті. Жемді тас­
тайын десе қимай, тастамайын десе дәрмені кетіп шырылдай­ды

екен. «Шыңырау» күйі сол самұрықтың зары екен дейді. 99. «Шыңырау»

(VІ нұсқа)
Шыңсысай өктемдігі заманында, халық мылтық тапсыру­
дың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. Осындай жан түрші­
гер­лік қысымда үкімет бір азаматты, әншейінде тас бірдеме­

лерді тастап жібергенде, бір-екі минутқа дейін дүңгірлеп
дауысы есті­ліп тұратын шыңырау құдыққа сүйреп апарады да,
тамам ха­лық­ты жиып алып, шешесінің зарлағанына қарамай:
«кімде-кім үкіметке қарсы шықса, осылай өлтіріледі!»—деп

осы құдық­қа тастайды. Кейін осы аянышты жағдайды Шақабай
шалап де­ген адам «Шыңырау» деп күймен бейнелеген деседі.

100. «Шыңырау»

(VІІ нұсқа)
Бұрын осы дүниеде бір үлкен көл болған екен. Оның ар жақ-
бер жағы көз жеткісіз, әрі түпсіз шыңырау екен. Сондықтан
жұрт оны «Шыңырау көлі» деп атасып кетеді екен.

Осы көлден күзде жылы үйекке қайтатын самұрық деген
алып құстың өзі әзер ұшып өткенде балапандарын алып өтуге
дәрмені жоқ самұрықтың зары төрт әуенмен шертілетін күй
болған.

101. «Шыңырау»

(VІІІ нұсқа)
Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына иен далада қалған бір
жұмыртқаны әкеліп қосады. Үш жұмыртқаны бірдей басып,
уақыты жеткенде үш балапан шығарады. Әлгі тауып әкел­

күй  аңыздар
ген жұмыртқадан сүрепеті өз балапанынан бір басқа балапан
шығады.
Торғай «Қызылшақа ғой, біраз есейсін байқайық» деп

аялдай-аялдай жүріп, бір жолы жем іздеп кетіп оралса, бір ба­
лапанының ақ үрпек жүні дода болып жатқанын көреді. Бақса,
әлгі бөтен балапанының аузы қан екен. Бірақ бұған тағы сен-
бей, тағы бір жолы келсе, екінші балапанын да додасын шыға­

рып жеп алып отырған екен. Онымен тынбай өзіне тап беріпті.
Сөйтсе, ол қаршығаның балапаны екен. Сонда торғайдың
екі балапанынан айырылғанына, өзінің қас жауын, өзі бағып
жетілдіргеніне өкініп опық жеп зарлаған «Шыңырау» деген

күй болған дейді аңыздардың бірі. 102. «Тайшынның тарғыл бұқасы»

Моңғол-қазақ жауласқан кезде, Тайшын деген сиыршыны
атып кетеді. Иесіз қалған малды қазақтар айдап кетеді. Ертесі
айдап келген сиырлар жоқ болып шығады. «Күншілік жер-
ден әкелген мал ешқайда кетпес» деген оймен ізін шалса бір

қора сиырды тарғыл бұқа қайырып ауылына таятып қалғанын
көреді. «Еңбексіз малды қайта әкелгенмен мал болмас» деп
қуғыншылар қайырмайды, десе де, тарғыл бұқаның қасиетін
ел көп сөз қылады. Осы оқиғадан «Тайшынның тарғыл бұқасы»

деген күй шығады. 103. «Қозыкүрең»

Ертеде бір бай жылқышыларына әр жылы табан ет, маңдай
терің бір жабағы тай деп белгіленген екен.
Бай бір жолы жылқыға шығып, жылқыларын сырттай та-
машалап жүреді. Сонда қасында аралатып жүрген жалшысы

өзінің жылдық ақысын сұрап қалады. Бай оған айғыр үйірінің
шетінде тұрған өлі жүні түспеген бір күрең тайды көрсетеді де,
соны ақыңа бергенім дейді. Айлар ауысып, жылдар жылжып
күрең тай ат болған да, бір ауылда үлкен бір той болып, 300 ат

бәйгеге қосылады. Бәйге келгенде бірінші болып қоян сүйек
күрең ат келеді. Оны көрген бай аттың иесін, тегін қузай келе
өзінің кезінде жалшыға берген жаман жабағысы екенін біледі.
Сонда бай өз айғырының тұқымы екенін айтып дау шығарады,

халық  күйлерінің  аңыздары
жалшыға күш көрсетеді. Жиылған барлық ұлық бұған белгілі
кесім айтпайды. Әділетсіздікке күйген жалшы, кезінде та-
бан ет, маңдай терім үшін өзі берген деп шыжықтайды. Сонда

көлденең адам ретінде араға біреу түсіп жалшыға: «Бұл жолғы
бәйге өзіңдікі, ал талас болып отырған осы атқа кім жүз жылқы
берсе, сол алсын»—деген екен. Отырғандар дуылдасып келісе
алмай отырғанда, есік жақта бір азамат домбырадан күмбір­

ле­тіп күй шертеді. Үй іші тына қалып, ершімді күйден бүгінгі
жүл­делі жүйріктің көсіле шапқан шабысын бір көргендей бо-
лады.
Күйші домбырасын бәсеңдетіп барып: «Мен екі жүз жылқы

атадым. Мына күй бүгінгі Қозыкүреңнің шабысы, мұным—­жүз
жылқы, енді басынан ұрып жүз жылқы санап беремін»,—деп
кеуде ұрады. Ақыры, осы бір жомарт салдың пиғылына риза
болған жалшы «Атымның атағы тарихқа күй болып қалғаны

үшін елуін алайын, міне, атың»,—деп салға атты беріпті. 104. «Байшыбырдың күйі—арман»

Ертеректе аң аулап, күн көретін Байшыбыр деген адам
болған. Ол жар дегенде жалғыз ұлы ғана бар, басқа жар-
лы адам екен. Қақпан салып шиті мылтығымен аң-құс атып
күнелтіп жүріпті. Мергеннің қосының маңын да суырдың

іні бар екен. Індегі бір жуан суыр қалай аңдыса да, мергенге
атқыза қоймапты. Бір күні мерген аңнан қайтып келе жатса,
әлгі аңдып алдырмай жүрген суыры іннің аузында отырыпты.
Атып алудың орайы енді келген екен деп білген мерген оты-

ра қалып тартып жіберіпті. Жүгіре келсе, атқаны суыр емес,
өзінің саржарғақ тонын киіп іннің аузында әкесін тосып ойнап
отырған жалғыз ұлы болып шығады. Қанша өкіріп, бақырып өз
басын өзі тоқпақтағанмен оққа ұшқан бала тірілер ме?! Осыдан

«Арман» күйі қалған екен. 105. «Бүркіттің күйі»

Ертеде Алтай тауын мекендеген атақты құсбегі Тілей де-
ген адам өткен. Өзіне әуелде жалғыз кері биесінен басқа мал
бітпеген кедей адам болыпты. Міністен құлындамай жүрген
сол биесі бір жылы ішті көрініпті. Иесі жануардын аман-есен

7-136

күй  аңыздар
құлындатып алайын деп желіні жетіле бастағанда, жылуат-
ты шөптесін жерге қайырып қарап жүріпті. Бір күні ауа райы
аяқ астынан бұзылып, кері биеден көз жазып қалыпты. Таба

алмай дағдарған иесі таңертең ізімен қуалап келе жатса, биесі
қалың тобылғы арасында құлындап, еркек күрең құлынды
емізіп тұрыпты. Қуанышы қойнына сыймаған Тілекең биесін
жетелеп енді қайтайын дей бергенде, бір құстың зәу теректің

басынан пышақтаған дауысы естіліпті. Қараса, бір бүркіт оты­
рады. Теректің түбіне барып кері биенің шуын берейін деп ағаш
басына іліп көтерсе, бүркіт қималдамапты, тас лақтырса да,
қозмалмапты. Анықтап қараса, қанатына қалың мұз қатып ұша

алмағандай көрініпті. Бұл тәңірдің маған берген киелі құсы
болмасын, ала кетіп, күрең құлынмен бірге мәпелеп бағайын
деп, бүркітті ұстап алып, тонына орап, үйіне әкеліп бағады.
Құсты үш жыл ұдайы бағып, күзде қайырып, түлкіге салса, үш

жыл бойы түлкі алмай қойыпты. Құсбегі сонда да қоя беруге
қимапты. Күрең құлынмен бірге бағып, бірге кәртейтейін, түлкі
алмаса да, бағып қағайын деп баға береді.
Бір күні Тілейдің үйіне алыстан жолаушылап келе жатқан

ақ сақалды бір адам келіп қонақ болады. Әңгіме үстінде әлгі
адамға бүркіттің жағдайын баяндаған екен, жолаушы бүркіттің
күміс құймалы томағасын тартып, жемсауын, тегеурінін, сан
етін ұстап көріп:

—Сенің бұл құсың Нарынның сары шегірі екен. Мұның

алдына құс өтпейді. Асқан қыран. Бірақ қазір құстың әлі екі
түлеуі кем екен. Енді үш түлетіп, қар бір жауғанда аңға шық,
көзіне не көрінсе, соны алар. Қыстай қынадай қырып алады
да, ел жайлауға шыға құсты өз бетіне қоя бер. Күзде өзі қайтып

келеді. Құсың нағыз жау жүректің өзі екен. Бұл түспейтін жан
иесі болмайды. Сақ болмасаң, ашуы қайтпағанда адамға түсер.
Құсты өлгеніңше қолыңнан шығарма. Күрең атты осы құсты
алып жүруге мінсең болады. Бұл сенің шаңырағыңа қонған

«бақыт құсы»,—дейді екен.
Жолаушының айтуы бойынша Тілей сары шегірдің басына
күміс құймалы томаға кидіріп, үш қайырып, түлкіге салған
екен. Көзіне көрінгенін құтқармайды. Жазда құсын суырдың

еті­мен бағып семіртіп, түлетіп, күрең атына мініп, аңға шыққан­
да қасқыр, түлкі, арқар, құлжа дегендерді қырып салыпты. Со-
нымен Тілей тез байып, қорасына қой, өрісіне жылқы салыпты.

халық  күйлерінің  аңыздары
Келер жылы ел жайлауға шыққанда, құсын қоя берсе, күзде
қайтып келеді екен. Сөйтіп, Тілейдің сары құсы шаңырағына
қонып кеткен үйге ырыздық еніп, дәулет бітіпті.

Бір күні Тілей құсын қолына қондырып, күрең атына мініп,
қағушысын ойға тастап өзі бір биікке шыққан екен. Сарыше­
гі­рі «қоя бер» деп тілепті. Томағасын тартқан бүркіт лақтыр­
ған зақпының тасындай зымырап көкке шығып, бір уақытта

бір қыраттың астына қарай түйіліп оқша жөнеліпті. Артынан
шауып жетсе, Сарышегір бір тайыншадай қасқырдың арла-
нына түскен екен. Бұрын талай қасқырды алдырып жүрсе де,
дәл мынадай жойқын көкжалды Тілей көрмепті. Сарышегір

бір аяғымен таңнан алып, енді бір аяғымен кеуілжірін ноқта­
лай ұстап, бүктеп астына басқанда, қасқырдың езуінен түйреп
кірген бір тегеурінін қасқыр шайнап жіберген екен. Сонда долы
қасқырды онан ары бүре түсіп, Тілейге де бермей, кеудесін

тесіп жіберіп шыңғырта тартып қасқырдың өкпесін жұлып
алады. Сонан соң бүркіт тік көтеріліп аспанға шығып көрінбей
кетеді. Әдетте, иесі келгенде олжасын тастап, бір шетте оты-
ратын Сарышегірдің мына мінезіне қайран қалған Тілей, екі

көзін аспаннан алмай қарап тұрады. Таңырқайды. Бір заманда
құс зеңгір көктен Тілейдің өзіне тіке қарай зымырайды. Бұрын
қапысыз қыранның аяғын шайнатып алғанына ашуының ба-
сылмай келе жатқанын көрген Тілей әлгі жолаушының «ашуы

қайтпаса, адам алар» деген сөзін есіне алып, қатты қауіптенеді.
Зымыраған бүркітке құлақ түріп, көз тіге күрең аты кісінеп,
жер тарпып шиыршық атады. Сонда:

—Әй! әй! Кәрі жолдасым, қыраным, қилы құсым, кәкә!—

деп екі қолын бүркітіне созғанда, қыран сәл тайып барып бір
төбеге қонады. Тілей бүркітін үйіне әкеліп, аяғын емдеп сылап-
сипап, ашуын басып, әбден сауықтырып, арада бірнеше айды
өткізіп, арқар алдырайын деп аңға тағы да шығыпты. Бір төбеге

шыққанда бүркіт тіленіп ұшып бір қыратты асып зымырап кет-
кен екен. Тілей артынан шауып жотаға шықса, сайдың басынан
аузына дейін алты арқарды, тақыр шаптан бір-бір есіп тастап,
біреуінің тамағынан сығып, басына қонып отырыпты. Қыраны­

на бір кесек қызыл жұтқызып, томағасын кигізіп отырғызып
қойып, өзі арқарларын бауыздап союға кіріскенде қыран тағы
да ұшамын деп тіленіпті. Көкте бір айналып топшысын жа­зып,
шабыттанып жадырап қайтсын деп томағасын тартып қоя бе­ріп,

күй  аңыздар
өзі арқарларды союға кірісіп кеткен екен. Алты арқарды сою аз
жұмыс па, кеш батып, көз байланыпты, бірақ қыраны қайта
оралмапты. Кейде, Сарышегірдің Тілейден бұрын үйге барып

алатын әдеті де болады екен. Үйге төте тартқан болуы керек деп
қайтып келсе, құсы келмепті. Қайта атына міне шапқан Тілей,
бір жотаға шығып, «кә-кәласа» ештеме көрінбепті. Бір заман-
да төменгі бір адам баспайтын шатқалдан жарық-жұрық еткен

сағым, будақталған шаң шығыпты. Бүркіті келмегеніне алаң
болып, түнімен көз ілмеген Тілей, ертесі ерте тұрып, әлгі жерге
келсе, қалың бүргенді жапырып, құлдап кеткен ізге жолығады.
Ізбен тағы да жүрсе, анадай да жарқыраған бір үлкен нәрсе

жатады. Қараса айдаһар екен. Сарышегір айдаһарды басынан
ұстаған екен. А дегенде оның көзін шоқып шығарып жіберіпті
де, содан дәу айдаһар, дүниені талқан қылып осы жерге кел-
генде, төбесін тесіп жібергендіктен миы шашылып, өлген екен,

Құстың тұла бойы жарақаттаныпты. Осыдан соң, Тілей қатты
ауырып жатып қалыпты. Ауруының аужәйін түйген Тілей
туыс-туған, көрші-қолаңдарын шақырып алып:

—Бұл аурудан жазылмаспын. Мен өлгеннен кейін Сары­

шегірімді қоя беріңдер. Енді оның бабын ешкім білмейді. Өзім­
ді ауылдың батыс жағындағы жазыққа қойып, айнала қор­
ған жасаңдар, күрең атымды да қоя беріп, жылыма сойып, ас
беріңдер. Күрең ат сойылған күні, Сарышегір де келіп қалар.

Күрең аттың бір жақ қазысын соған беріңдер!—деп өсиет
қалдырыпты.

—Айтып айтпай, Тілей қайтыс болыпты. Жыл уағы толған­

да, Тілейдің күрең атын асына сойып жатқанда, Сарышегір
аспанда пайда болып, Тілейдің шаңырағын үш айналып, онан
соң Тілейдің бейітіне келіп қонған екен. «Күрең аттың қазысын
өзіміз жемей, алжыған бүркітке береміз бе» деп есер біреулер

аттың жарым өкпесін лақтырып берген екен, Бүркіт өкпені іліп
алып, ауылды бір айналып ұшып, қиян көкке самғап шығып
кетіпті, бір уақытта, ысылдаған дауыс шығып, бүркіт оқтай
заулаған беті өзін Тілейдің бейітіне бір-ақ ұрып, күл-талқан

болған екен. Сөйтіп, Тілейдің Сары құсы өзімен бір қорғанда
қалыпты. Міне, осы осы хикмет оқиға ел арасында аңыз болып
таралып, күні бүгінге дейін сыбызғыдан аңырап, домбырадан
төгіліп, «Бүркіт күйі» аталып келеді.

халық  күйлерінің  аңыздары 106. «Құр ойнақ»

Құр ойнақ күйінің таралуы туралы кәриялар екі түрлі әңгі­
ме айтады. Қайсысы рас, қайсысы өтірік, ол беймәлім. Бірақ екі
әңгімеде «құр» деген ойыншыл құс туралы. Бірінші әңгіме: Құр
деген құс ойынға әуес екен. Топтала жүріп, ойынның қызы­ғына

бір еніп алса, таңның атқанын, күннің батқанын білмесе керек.
Құрдың осы ойын құмарлығына таң қалған күйші «Құр ойнақ»
күйін шығарыпты. Екінші әңгіме: Тобымен жүріп кешке дейін
ойнайтын құрдың ойынына қызыққан байдың бір баласы үйде

де көріп отыру үшін оның ойнайтын жеріне тұзақ құрады.
Сүйтіп, құрды бір-бірден ұстап, үйіне әкеле береді. Бірақ ешбірі
қолға үйренбей өле береді. Ұстаған құрдың бәрі өліп, ұсталма­ған
жалғыз ақ құр қалады. Бала оны да ұстап үйіне алып келеді. Ол

қолға тез үйренеді. Жемін жеп алғаннан кейін, байлап қойған
жерінде ойнап отыра береді. Осыған таң қалған ауыл арасының
күйшісі «Құр ойнақ» деп атапты бұл күйін.

107. «Арман»

(І нұсқа)
Ерте замандарда Асан деген баланың жеті жасында әкесі
қайтыс болып, анасы Жаңыл екеуі жетім қалады. Күн көріс­
тің қиындығынан анасы Жаңыл сол елдегі Тахир деген хан­

ның аңға шығатын иттерінің күтушісі болады. Ал Асан болса
кішкентайынан ханның қозысын бағады. Осылайша, талай
жылдар өтеді. Ауыр жұмыс Асанның анасы Жаңылды әбден
қажытады. Оңашада бір мұңды әуенге салып:

Ит өмірде итшілеп,
Итпен бірге үйшігім.
Иттің де бар иесі,
Иттен де жаман біздің күн.

Ит өмірден құтылып,
Жарылқайтын күн туып,
Жақсылық көрер ел барма,
Бәйшешегі құлпырып.

Кедейліктен жаман жоқ,
Кентай құрлы бағам жоқ.
Басар тау барар панам жоқ,
Бізді ескерер адам жоқ,

күй  аңыздар
Егілсін зарлап мұңлы күй,
Одан басқа шарам жоқ,—деп ылғи да әндетіп
оты­рады. Естігенін ұмытпайтын қағылез болып өседі. Хан сара­

йында болып жатқан сауық-сайранда шырқалған ән, тартыл­ған
күй көкірегіне тоқыла береді. Ұзақты күн қой соңында жүрсе де,
қарап жүрмей, қурайдан әдемі үнді сыбызғы жасап алады. Ол
сыбызғымен өзінің естіген ән-күйлерін тартып үйренеді. Асан

тартқан сыбызғының тамаша сазына егіз лағы бар елік келіп,
үнемі билеп асыр салып ойнайды екен. Олар сыбызғы сазына
үйренгені сондай—Асаннан да қорықпайды, еттері үйреніп
бауыр басады.

Күндерде бір күн мұны естіп білген Тахир ханның ерке ба-
ласы егіз лақты «елікті маған ұстап бер» деп Асанды қатты
қинайды. Қамшының астына алып сабаса да, Асан лақтарды
ұстап бермейді. Әбден долданған хан баласы бұл жайды әкесіне

айтады. Тахир хан Асан мен Жаңылды шақыртып алып: «Ер­
тең елікті лақтарымен алып келіңдер. Менің сарайымда билеп
тұратын болсын. Орындамасаңдар, бастарыңды аламын»,—
дейді. Тахир ханның қаһарынан зәрелері ұшып қорыққанынан

Жаңыл мен Асан елікті егіз лағымен хан сарайына әкеліп
береді. Хан сарайдағы сыбызғышыны шақырып сыбызғы тар-
тады. Бірақ еліктің лақтары билемей, мелшиіп тұра береді.
Ашуланған хан бұл сыбызғышының басын алдырады да,

екінші сыбызғышыны алдырады. Еліктер ол сыбызғышының
тартқанына да қозғалмай тұра береді. Әбден қаһарына мінген
хан, үшінші сыбызғышыны шақыртады. Жанынан түңілген
сыбызғышы Асанның сыбызғысының сиқыры бар деп, соны

сұратып алады. Еліктер оған да селк етпейді, сол баяғы мелши-
ген қалпы, сілейіп тұра береді. Хан бұл сыбызғышының да ба-
сын алғызады.
Сол елде ұзақ жасаған кәрі сыбызғышы бар екен. «Солай да,

солай! Хан еліктің лағын билете алмаған сыбызғышылардың
басын алып жатыр» дегесін қаусап отырса да, амалсыз әрең
басып, ханға келеді. «Тақсыр хан, бұл еліктің лағын билетер
сыбызғының сарынын білсе, сол Асан деген бала біледі, соның

өзін алдыртыңыз»,—дейді. Кәрі адамның сөзін кері қайтара
алмай хан Асанды алдыртады да, қолына сыбызғысын
ұстатады. Асан не бір сұлу сазды күйлерді, таңғажайып сыр-
лы үнмен құйқылжыта тартқанда еліктің лағы билеп ала

халық  күйлерінің  аңыздары
жөнеледі. Сыбызғының әдемі сазына өзі де елітіп, беріле
ұйып тыңдайды. Асанның өнеріне риза болған хан: «Мен,
кәрімді төксем жоқ қылам, мейірімім түссе, жарылқаймын!

Қане айт! Не тілегің бар?»—дейді Асанға. Асан ханға басын
иіп, рахметін айтады да: «Маған ештеңе де керек емес, менің
анам Жаңылға, өзіме бас бостандығымызды берсеңіз, елікті
лақтарымен босатсаңыз болды. Тілегім осы»,—дейді. Тахир

хан дүйім елдің алдында берген уәдесін кері жұта алмай,
Асанның тілегін орындайды.
Ғасырлар бойы сыбызғыда тартылып келе жатқан сұлу саз-
ды «Арман» күйінің тарихы осылайша баяндалады.

108. «Сырым сазы»

Сырым батыр, сөзге шешен, би ақын, күйші, елдің елдігін,
халықтың бостандығын армандаған бүкіл саналы өмірін соның
жолында күреспен өткізеді. Сырым туралы ел жадында әдемі
аңыздар, қызықты сөздер көп болған. Солардың бірі былай ай-

тылады: Сырымның арғы атасының аты Шопан екен. Жорықта
жауға жалғыз шауып, ылғи жеңіске жететін оны басқалары
күндейтін көрінеді.
Күндерде бір күндері қалың әскер шөлге тап болып, оларды

бұдан құтқарудың амалын ойлаған Шопан жапан түзде, жапан
даладан шыңырау құдық қазады да бір тайды бітеу сойып, оның
терісінен үлкен мес жасайды. Сосын қасындағыларға қарап:
«Ал, жігіттер, енді біреулерің құдықтың ішіне түсіп, меске су

толтырып тұрыңдар. Біз мына жақтан мал мен жанды суара
берейік» дейді. Сол екен, мұның көзін құртудың сағатын күтіп
аңдумен жүрген біреулер: «Міне, сәті енді түсті» деп қуанып
кетеді. Сөйтіп, әлгілердің бәрі бірдей: «Ойбай-ау, Шопан жан-

ау, оған жүрегі барып өзіңнен басқа кім түседі» деп шулап қоя
береді. Оны қалғандары да қостайды.
Сөйтіп, Шопан құдықтың түбіне түседі. Мал мен жанды әб­
ден суарып қандырады. Енді оның арқан тартып, құдықтан

шы­ғар кезінде сырттағы тұрғандар бірін-бірі азғырып Шопан-
да құдық түбіне қалдырып кетуге келіседі. Мұны сезген Шопан
құ­дық түбінен дауыстап: «Ал, жігіттер, мені тастап кетіп бара
жат­сыңдар, ендеше ағайындарға сәлем айтыңдар, мен шығарда

әйе­лім ауыр қалып еді, ұл туса атын Дат қойсын» дейді. «Шо-

күй  аңыздар
пан жау қолынан қаза тапты» деп елге жалған хабар әкелген
әл­гі қаскөйлер Шопанның құдық түбінде тұрып айтқан сөзін
көзін жұм­ғалы жатқанда бізге айтқан аманат арызы еді» деп

жеткізеді.
Сонымен, дүниеге ұл келеді, оның атын ағайын Дат қояды,
Даттан Сырым туады. Сырым сазы күйі көне сазға құралған,
өзіндік табиғаты бөлек әдемі күй, күйде Сырымның жорықтары

суреттеледі. 109. «Қазақ пен қалмақтың күйі»

Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда
екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен,
қылыштың жүзімен ғана шешіліп отырмаған. Найзадан өтімді
сөзге тоқтаған, қылыштан өткір уәжді тыңдаған кез де аз бол-

маса керек.
Бірде екі жақтың әскері сеңдей сіресіп, мұздай қарула­нып
келіп, үлкен бір қантөгіс шайқас басталғандай екен. Сонда ел­
дің қамын ойлап белі бүгілген бір қарт тұрып: «Уа, ағайын! Ара­

да­ғы түйін-түйткілді қан төкпей шешейік!» деп сөз бастайды.
Сол кезде тіресіп келген екі ел әскерінің ішінде бірінен-бірі
асқан дәулескер қос күйші бар екен. Сол екі күйшіні күй сайы-
сына түсіріп, қай жағы жеңсе, сол жағының талабын орындауға

уәде етіседі.
Сонда қамалдай қаумалаған қалың әскердің ортасына ақ
киіз жайылып, үстіне қос күйші шығарылады. Алғашқы ке­зек­
ті қазақ күйшісі алып тартқан екен.

Екінші кезек қалмақ күйшісіне тиеді.
Күй біткенде екі жақтың түнеріп тұрған әскері соғыспақ
ниеттерін ұмытып кеткен екен дейді.

110. «Қағытпа»

Өзі күйші, өзі сері бір жігіт жұрт қарағандай жорға атын
жоғалтып, іздеп жүріп бір ауылға тап болады. Бейтаныс ауыл
болған соң үй таңдап жүрсін бе, шеткерірек тігілген бір үйге ат
басын бұрады. Сәлем беріп үйге кіріп келсе, бойжеткен қызы

бар үй екен. Төрге жайғасып, аман-саулық сұрасады. Үйдің
үлкендері көрші ауылға қонақтап кетсе керек.

халық  күйлерінің  аңыздары
Үйге қонақ келген соң бойжеткен қыз кіріп-шығып дәм
қамдайды. «Сырт көз—сыншы» деген емес пе, жас қыздың
қылық-қимылын бағып отырған сері жігіт бойжеткеннің

шалбарының балағында шоқ түсіп күйдірген ойықты көзі ша-
лып қалады. Шалбар ойымынан қыз балтыры ағарып көрініп,
көз арбайды.
Сонда, мырс етіп күлген сері жігіт іргеде сүйеулі тұрған дом-

быраны ала салып, бір тосын сарында шертеді. Домбыра үні
сылқ-сылқ күліп, әлдебір сөзді қоймай қайталағандай болады.
Бойжеткен қыз ши ішінен құлақ түріп тыңдаса, «жалаң бұттан
жалт-жұлт, жалаң бұттан жалт-жұлт» деп сөйлеп отырғандай

әсер береді. Жігіттің нені меңзеп тартып отырғанын сезген қыз
«қап, мына көлденеңді көк аттыға келеке болдым-ау, берген
асты ішіп жөнімен келіп, жөнімен кетпей ме!» деп іштей намыс­
танады. Бірақ сыр бермейді, кіріп-шығып дәм қамдап дастар-

хан жаяды. Ал, сері жігіт болса, домбыра тіліне оралған әзіл
сарынды қызықтап, сұңқылдай қайталап қоймайды.
Жігіттің мұнысына әбден намыстанып, шыдай алмаған
қыз бір айлы сәтте: «Бәрекелді, тәрізі күйші ауылдың бала-

сы болдыңыз-ау, мынауыңыз бұрын естімеген сарын екен.
Кәне, мен қайталап көрейінші, былай тарттыңыз ба?» деп,
домбыраны қолына алған беті сарынын өзгертпестен басқаша
сөйлетіп, қарымта жауап қайтарады. Сонда қыз тартқан дом-

бырада «Жөніңе жүр, жолаушы, жөніңе жүр, жолаушы!» деген
қарымта жауап естіледі. Қыздың зілсіз қарымтасын жігіт те
жазбай танып, өнеріне сүйсінген екен дейді.
Сөйтіп, бұл күй қыз бен жігіттің қалжыңын бейнелейтін

болғандықтан, ел ішіне «Қағытпа» деген атпен тарап кетсе ке-
рек.
Күй сарыны бір орам әзіл сөздің буынын қайталауға
құрылғандықтан тартуға оңай, содан да болуы керек. Ойын-

тойда екі жар болып отырған жастар «Қағытпа» күйін жиі тар-
тып, бір-бірін тың сөздің ырғағымен қағытып, сонсоң бір-біріне
күй тілінде не деп әзілдегенін жорытып, мәз-мәйрам болысып
жатады. Мұндайда домбырашының емеурін еткен сөзі күйі

сарынының буынына сыймаса, күйді құбылта байытып, соны
ырғақ қосып, түрленте шертетін де дәстүр бар, мұның өзі тар-
тушы мен тыңдаушының күй тілінде түсінуін шыңдап, өнердің
өрісін ұзартатын дәстүр.

күй  аңыздар 111. «Ноғайлының зары»

Орманбет би өлген күн,
Он сан ноғай бүлген күн.
Айқай, айқай, айқай күн,
Айқайлап жауға тиген күн.

Қара ноғай босып көшкенде, оның Орманбет би деген үлкен
басшы ақсақалы дүние салады. Сонда: «Ақылгөйсіз, басшысыз
қалған ендігі күніміз не болады?» деп қайғырған халықтың
мұңын Қарт ноғай деген күйшісі күй етіп тарса керек.

112. «Бұлды құс»

Қанша тырбанса да, еңбегі еш, тұзы сор болған, тіршілігі
барған сайын кері кеткен бір кедей жігіт, ауыл-үйін тәрік етіп,
өзінің бақытын іздеп жолға шығады. Келе жатып қақпанға
түскен бір суырға кездеседі. Затында жүрегі жұмсақ, мейірбан

пақыр, қақпанның езуін ашады да, суырды босатып қоя береді.
Сол кезде тылсымның күшімен суырға тіл бітіп адамша сөйлеп
береді. Ол: «Ей адамзат, сен маған үлкен жақсылық қылдың.
Бағыма орай сен кездеспегенде, бүгін менің терім тұздалып

айырға керілер еді. Біле-білсең, мен суырлардың патшасы Ай­
да­наның үлкен ұлымын. Екеуміз кәзір жердің астына тү­семіз.
Менің әкемнің алдына барамыз. Сол кезде менің әкем жақ­сы­
лы­ғыңның өтеуіне осылардың ішінен «қалағаныңды ал, қала­

ғаныңша ал» деп бүкіл қазына-мүлікті ашып тастайды, жер
қайысқан малын аралатады. Бірақ сен оның ешқайсысын алма.
Бұлды құсты сұра. Ол құсты қайдан білесің десе, білсем болды
емес пе, тақсыр, қалағаным осы деп сұрап тұрып ал»,—дейді.

Жігіт суырдың айтқанын істеп, Бұлды құсты сұрап алып
қайтады. Бұл құстың кереметі—ол кәдімгі арпа бидай, тары жеп
алтын саңғиды екен. Сөйтіп, белшеден батқан қарыздан құты­лып,
өзін ғана емес, рулы елін де дәулетті, бақытты қылған екен.

113. «Бегім салы»

Бір орта жастан асқан адам мен, бір жас жігіт жол жүріп
келе жатады. Екеуінің де тіршілігі құбатөбел, мінген көлікте­
рі шардақ екен. Күн түске тырмысқан шақта бір белден асып

халық  күйлерінің  аңыздары
түскен жолаушылар қайран қалып тұрып қалады. Алдарында
мал тұяғы тимеген, шүйгін жайлау, көк саздың қақ ортасын-
да тоғыз қанат оқ орда тігулі тұр. Мінезі жеңілтектеу жас жігіт

«апыр-ай, бұл кімнің ауылы екен, бұл жерге ешкім қонбаушы
еді ғой» дей бергенде көргені көп қарасақал: «Сабыр ет балам,
бұл тегін үй емес, не де болса, барып көрейік»,—дейді. Екеуі
де қазақы ескі әдетпен аттан түсіп, аттарын жетелеп ауылға

жаяу келеді. Үйдің тұсына келгенде ересегі: «Шөлдедік, су-
сын келтіріңіз»,—дейді. Сол сәтте сықырлауық айқара ашы-
лып, ішінен бір жан иесі шығады. Бір қолында көн шелек-
ке құйылған қой сүтінің айраны, екінші қолында сүйретпе

толы қысырақтың қымызы екен. Асығыс қимылдайтын жас
жігіт көн шелекті қағып алады да, мұздай айранды басына
бір-ақ көтереді. Ал ересек асықпай сүйретпенің аузын шешіп,
қойнынан тостаған алып, соған құйып бір тостаған қымыз

ішеді. Сонда сусын алып шыққан үйдің иесі жас жігіттің бетіне
қарап тұрып: «Сабырсыз неме! Қойлы болады екенсің»,—дейді
де, үлкен адамға бұрылып, «Ал сіздің жылқыңыз көп болады
екен»,—дейді. Былай шыққаннан кейін жігіт жолсерігінен:

«Бұ не керемет, мына тұрған үй не, үйдің иесі кім?» деп сұрай­
ды. Серігі—«үндеме, құдай жарылқады, бізге Бегімсалдың өзі
жолықты»,—дейді. Көп ұзамай осы екі адам жер қайысқан мал
иесі болып шығады.

114. «Жетіген»

Ерте заманда бір көпті көрген көне көз қарттың жеті ұлы
болыпты. Жетеуі де елге қорған, жұртқа пана болғандай атпал
азаматтар еді дейді. Ол бір, жаугершілігі көп, тынышсыз за-
ман болса керек. Күндердің бір күнінде алаөкпе болып жаушы

жетіп, ел шетіне дұшпан әскерінің тұяқ іліктіргенін хабарлай-
ды. Содан, көне көз қарттың жеті ұлы мұздай сауыт құрсанып,
жаудың алдын алуға аттанады.
Сайланып келген жаудың жасағы мықты, жарағы берік бо­

латын әдеті. Дұшпан жасағымен арада қанды шайқас баста­ла­ды.
Ел ішінен қол жинап, жауға қарсы шыққан жеті жігіт иық­та­са
жүріп ұрыс салып, жойқын ерліктер көрсетеді. Жаудың бе­тін
қайтарады. Бірақ, шығынсыз соғыс болған ба, осы шайқас­та

ағайынды жеті жігіт те ерлікпен қаза табады.

күй  аңыздар
Қаралы хабар қарт әкеге жетеді. Жеті боздағынан бірдей
айырылған қарттың қайғысында шек болмайды. Еш жұба­ныш
таппай, жаны мүжіле береді. Арада күндер, айлар өтсе де, жеті

ұлының қылық-қасиеті санасында жаңғырып, жанын жегі­
дей жеумен болады. Әбден шарасы таусылып, шыдамы үзілген
қарт күндердің күнінде бір аспап жасайды да, жеті ұлының
рухына арнап жеті ішек тағады. Сонсоң, әр баласының қылық

қасиетін елестетіп отырып жеті күй шығарады. Сол жеті күйді
перзентіндей тербеп, қалған өміріне жұбаныш етіп өтеді.
Жетіген аспабы осылайша дүниеге келсе керек. Ал, қарт­
тың жеті ұлына арнап шығарған жеті күйі ел ішіне «Қарағым»,

«Қанат сынар», «От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды»,
«Құса», «Шамырқан» деген атпен тарап еді дейді.

115. «Қос ішек»

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек»
күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың
қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе
керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл

марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын
ақтармалап алып тастайды.
Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал
жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құла­

ғы­на бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткен­
де атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек,
қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді.
Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғара­

ды. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана
жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі
бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай бо-
лып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп
тұр екен, бір амал жасайын»—деп, ішекті үйге алып келеді де,
бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе,
шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.

Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды,
тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша, домбыра көптің
сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.

халық  күйлерінің  аңыздары 116. «Ақсақ құла»

(І нұсқа)
Ертеде біреудің құла тұлпары болыпты. Сол тұлпардың
тұқымын көбейтемін деп, тұлпардың қасына бие қосып, екеуін
теңіздің ортасындағы адам жүрмейтін аралға апарып тастап­ты.

Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайды екен.
Арада біраз жылдар өтіп, тұлпардың тұяғы көбейіп, бір үйір
жылқыға жетеді. Осы тұлпардың аралда деген хабарын естіген
ұрылар Құланы үйірімен алып кетпекші болып аралға барады.

Әуелден мінезі тентек, оның үстіне көп жылдан бері адам көр­
мей жатырқап қалған тұлпар ұрыларды көре сала шабуылға шы­
ғады. Алдына келгенін тістеп, артына келгенін теуіп, ұрыларды
жолатпайды. Айғырмен арпалысып, әбден шаршаған ұры­лар

алдырмайтынына көздері жетіп, тұлпарды амалсыздан садақ­
пен атады. Оқ құланың аяғынан тиіп, ақсатады. Жаралан­
ған Ақсақ құла бұрынғыдан да қатуланып, ұрыларды тапауға
шығады. Әлсіреген қарақшылар бір шұңқырға түсіп жан сақта­

мақ­шы болады. Мұны көріп ашуланған Ақсақ құла айғыр
өзінен өр­бі­ген бір үйір тұқымын бастап ұрылардың үстінен
тапап өтіп, олар­ды жаншып кетеді. Сөйтіп, тұлпар үйірімен
жауын талқандап, тыныш өмір сүріпті,—деседі.

117. «Шұбар ат»

Ертеде Мәмбетәлі деген жігіт бір күні нағашысының ауылы-
на қыдырып бара жатып, жолшыбай шұбаған көшке кездеседі.
Мәмбетәлі көш бастаушы қарттан амандық сұрасып, өзінің
беталыс жолын айтады. Бұлар да сол бағытқа қоныс аударып

келеді екен. Біраз жүрген соң, көштің жетегінде келе жатқан
ала бие құлындайды. Сонда қарт:

—Шырағым! Жолдан қосылған қонақ едің, мына бие де да­

лада құлындады, жолымыз болар, саған берген сыйым бол­сын,­�

—деп, шұбар құлынды Мәмбетәліге беріпті. Мәмбетәлі жас

құлынды шапанына орап, нағашысының үйіне алып келеді де,
аз ғана уақыт бағып, үйірге қосып жібереді.
Арада біраз жылдар өткенде Мәмбетәлінің мініп жүрген
аты орға құлап мертігіпті. Енді жаяу қалған Мәмбетәлі наға­

шысының жылқысына келіп, таңдаған жылқысына құрық са-
лады. Бірақ құрық бұрыннан өзіне белгілі кербез торыға дары-

күй  аңыздар
май, шұбардың мойнына түсе береді. Ақыры Мәмбетәлі Шұбар
атты үйіне әкеліп үйретеді. Шұбармен аңға шығып, талай рет
қасқыр, түлкілерді соғып алады. Баяғы жолда туған құлын бұл

күндегі Шұбар ат, оны, әрине, Мәмбетәлі бәйгеге шабады деп
ойламайды, жарыстарға да қоспайды.
Бір күні көрші ауылда той болып, оған Мәмбетәлі де бара­ды.
Тойға шабатын аттарды көріп, «Шұбарды да сынайыншы» де-

ген оймен Мәмбетәлі жүйріктердің қатарына Шұбарды бай­лап,
өзі шеткері тұрады. Бәйгіге қатысатын сәйгүліктерді көруге
келге сыншы:

—Осы жарыстың жүлдесін анау тұрған шұбар алады. Өзі

кәрі ат екен. Ең болмаса, өлерімнің шағында бір рет топқа түс­
пе­дім-ау, деп тұрған сияқты. Сол жануардың жанын қинамай-
ақ, байрағын беріңдер,—дейді.
Бұрын бірінші орын алып дәніккен, осы жолғыдан да үміт­

кер билер сыншының бұл айтқанын жақтырмайды. Ат айдау-
шы бәйгіге шабатын сәйгүліктерді бөлек шығарып, ертең таң­
да көмбеден жіберілетінін хабарлайды. Мәмбетәлі сол жерден
Есен деген баланы Шұбарға мінгізіп, топқа қосып жібереді.

Таңғы салқынмен қаз-қатар жіберілген аттар ілгері қарай
лап қойғанда, шұбар ең соңында қалады. Жол ұзаған сайын
жүйріктердің аралары ұзап, бір-бірінен алшақтай түседі. Арт­
тағы Шұбар біраз шапқан соң денесі қызып, бауырын жаза

бастайды. Алдындағыларды біртіндеп қуып жетіп, ілгері аса
береді. Осылайша, Есен соңғы қарақшыға келіп: «Алда кім
бар?» деп сұрайды.

—Бірінші болып бара жатқан Ақбақай мен Қаракер жаңа

ғана өтті,—дейді қарақшы.
Мұны естіген Есен Шұбармен ілгері ұмтылады. Қызып алған
Шұбар жер танабын қуырып, Ақбақай мен Қаракерді ілезде
қуып жетеді. Біраз тізгінін тежеп, қатарласа шауып, ел қарасы

көрінген шамада Шұбар жеке алға шығып, құлдырай жөнеле­
ді. Сөйтіп, Ақбақай мен Қаракерден бір төбе ұзап алға кетеді.
Аттардың келуін асыға күткен халық көз ұшынан көрінген
жалғыз қараны: «мынау келе жатқан, бұрын жарыстың ал-

дын бермейтін Ақбақай ғой» деп тұрғанда, шұбар ат болып
шығады.
Шұбардың бірінші келгеніне сыншыдан басқа адам сенбей­
ді. Әсіресе, Ақбақайдың иесі, би:

халық  күйлерінің  аңыздары

—Шұбар көмбеге бармай, жолдан қосылған, сондықтан бәй­

гі менікі,—деп жеңістік бермей тұрғанда ат айдаушы келеді.
Халық оны ортаға алып: «Шұбар атты көмбеден көрдің бе?»—
деп сұрайды. Сонда ат айдаушы:

—Барлық ат бірге кеткенде шұбар ең соңында қалып қойған

еді,—дейді. Мұнан соң ылажы қалмаған билер шұбар аттың
бәйгісіне қарсылық ете алмайды. Мәмбетәлі бәйгіні алып Есен-
ге береді де, өзі үйіне қайтады. Сол шұбар аттың шабысына
жиналған ел разы болады. Әсіресе осы жиынның ішінде болған

бір домбырашы шұбарға көңілі толып: «Қараның бір аты, бидің
мың атына тұрады»,—деп, «Шұбар ат» күйін шығарыпты.

118. «Сары өзен»

(І нұсқа)
Бір байдың қызын ұзатқанда қыздың мал-мүлік жасауы-
на қосып бір кедейдің домбырашы жалғыз қызын күң ретінде
шаңыраққа мінгізіп береді. Бай билігіне қарсы тұрар дәрмен

жоқ, ата салтын бұзарға қақысы жоқ, сорлы қыз жылай-жы­
лай күңдікке кетеді. Қыздың «қамқорым, сүйенішім» дей­ті­
ні—жалғыз ағасы екен. Күңдікке аттанып бара жатқан қарын­
дасымен жылап қоштасып тұрып:

—Тәңір салған тауқыметті көрмеске лажымыз жоқ. Екеуі­

міздің бір жүргенімізді де көп көрген екен. Бірақ «кебенек
киген келеді» дегендей әлде де үмітім бар. Барған еліңнің игі
жақ­сылары бас қосып отырған бір сәтті пайдаланып ұялмай,
именбей рұқсат сұра да, «Сары өзен» деген күй шертіп бер. Сәті

болса осыдан ыңғай білінер. Күйді туған жерің «Сары өзенге»
арна, зарыңды қос. Жан тебірентер күй шығару қолыңнан ке­
леді,—дейді ағасы. Қыз күң атанады да жат ел, жат жерге ба-
рады. Көргені мехнат болады. Байдың отымен кіріп, күлімен

шы­ғады. Сары уайым, бітімі жоқ көп күйбең, жігерін жегідей
жеп, жүрегін мұңға толтырады. Өстіп жүрген қапастағы күн­
дер­дің бірінде, ол елдің игі жақсыларының басы қосылып, бай
үйі­не жиылады. Өзінің мұң-зарын, туған жерге деген сағы­ны­

шын екі ішекті домбырада сөйлетіп қойған қыз, рұқсат сұрап
игі жақсылар отырған үйге кіреді. Сары қымызды суша сапы-
рып күні бойы ішсе де, тойымдық таппай бөртіп отырған игі
жақ­сылар қыздың жаңа күйімді шертіп берейін дегенін естіп

елең етіседі.

күй  аңыздар
Қыз күйін шерте жөнелгенде күңнің өнеріне таңданған игі
жақсылар бас шұлғысып, тұс-тұстан қолпаштап даурығысып
қалады. Күйді тыңдап болғаннан кейін қыздан кімнің күйі

екендігін сұрайды. Сонда қыз: «Тағдыр маған тумай жатып мех-
нат сыйлады. Етегіне жармасып әке артына ергем жоқ, ана сүтін
тоя емгем жоқ, қос бәйтерегімнен жастай айырылып, жетім
қалдым. Бай есігінде күн кештім. Енді көзімді ашып, жан-

жағыма қарап отырғанда көріп отырғаным мынау. Шаңыраққа
мініп кеп күң атандым. Артымда көз жасымен өңірін жуып
жалғыз ағам қалды, бірге өскен мұңдас құрбыларым қалды,
мөлдір суын сіміре ішіп, кірімді жуған «Сары өзен» қалды.

Осыларды ойласам, өзегім өртеніп қайғы басады. Өзегімді сары
уайым жайлады, соларға деген сағынышым еді. Күй атын «Сары
өзен» атадым»,—дейді.
Игі жақсылар қыздың өнеріне разы болып күңдіктен боса-

тып еліне қайтарды. 119. «Ертіс толқыны»

Мал шаруашылығымен күн өткізген қазақ халқының Ертіс
бойын мекендейтін бір тобы құнарлы өлкені құтты қонысқа
балап, ұзақ жылдарын сол арада өткізеді. Ертіс бойының шөбі
құнарлы, суаты мол болғандықтан одан алыстап кете алмай,

күнгейін қыстап, теріскейін күзеп-жайлап дегендей күндерді
өткізе береді. Күзеу мен жайлау өзеннің бір жақ аңғарында,
қыстау бір жақ аңғарында болады да екеуін бөле ағып Ертіс
жатады. Ертіс—енді, суы ауқымды өзен. Қыстаудан жайлауға

бару үшін өзен суы тасымай тұрғанда өтіп алмаса, ұсақ мал
түгіл, атты кісіге жол бермейді. Жыл сайын бір мезгілде
көшіп дағдыланып алған ауылдар бір жылы күтпеген жер-
ден қиыншылыққа тап болады. Ел бейқам отырғанда жаз ерте

шығып, сай-саланың қары еріп, өзен арнасынан асып-тасып
кетеді де, дүйім ел өткел таба алмай қамалып қыстау жақ ар-
наны жайлап қалады. Қыстаулық өріс қанша дегенімен тарлық
істейді де жер көңілдегідей көктемейді, тебіндеген көкті мал

жеп тауысады.
Мал жаздан да жарасымдық семіздік ала алмайды. Бұл аздай-
ақ, сол жылы қыс қатты болып, қар қалың түседі. Осылайша
ию-қиюы сәйкеседі де, ел-жұрт көптеген малын жұтатып алады.

халық  күйлерінің  аңыздары
Малдың жұтауын, жайлауға өте алмай қалғанын ел өзіміздің
бейғамдығымыздан болды демейді. Ертістің толқынынан бол­
ды,—дейді. Қыруар шығынға ұшыратқан Ертістің ақ өркеш

толқындарын күйге қосады. 120. «Телқоңыр»

(І нұсқа)
Қазақпен моңғол жауласып тұрған ерте кезде екі жетім бала
болыпты. Екі жетімнің үлкені ештемемен шатағы жоқ жуас
екен де, кішісі пысық, ән құмар, әрнеге әуес, домбырашы екен.

Талапты жастың той-томалаққа барып өз өнерін көрсетуіне
қолы қысқалық ете беріпті. Ауылдас бардам адамдардан бірер
тайдың терін сұраса да, алмайды екен. Бір күні ол ағасына:

—Біз бүйтіп жүре бермейік, үйде көміліп отырғанша,

Алтайдың арғы бетіне барып, бұтартар тауып келейік! депті.
Ағасы да бұған мақұл болып, екеуі Алтайдың арғы бетіне жол
алыпты. Екі жаяу жол бойы ел қыдыра ұзақ жүріп он бес күн
дегенде, Саржайлауда жатқан қалқа еліне барыпты. Олар бір

төбенің басына шыға келсе, құнан шаптырым жерде жазыққа
қатар тігулі екі үй тұрады. Үйдің бірі алты қанат ақ боз үй де,
енді бірі отау үй екен. Екі үйдің ортасына тартылған кермеде екі
жылқы байлаулы тұрады. Екеуі әлгі жылқыны алуға торуыл-

дап, көз байланар шақта ағасын әлгі төбеде қалдырып, інісі үй
маңына барса, кермеде басына шылдырмақты ноқта салынған,
аяғы ақ кісенмен кісенделген бір-бірінен айыра танығысыз,
қамыс құлақ, алма мойын екі қоңыр ат байлаулы тұрады.

Кісендеулі атты алып кету мүмкін болмағандықтан, інісі ақыры
ағасын ертіп отау үйге жайын ел аралап жүрген адам бейнесінде
баруға жақындайды. Олар үй сыртына келіп жабықтан баспалап
қараса, үй ішінде екі бойжеткен қыз «Телқоңырдың жүрісі олай

емес» деп, таласып отырғанын көреді. Үйде бас көтерер үлкен
адамның жоқ екенін білген екеуі, не болса да осы қыздармен
тілдесейік, тел қоңырды қолға түсірудің орайы туылар ма екен
деген үмітпен: «Ассалаумағалайкум!» деп үйге кіріп келеді.

Сонда от басында отырған қыз аңырып отырып қалады да, біреуі
қолындағы домбырасын жүкке сүйей салып, қазан жақтағы
сырлы сүйек төсекке шығып отырады. Екеуі ибадатпен төрден
орын алады, үсті-басы жұтаң, жүздері жүдеу екі бозбалаға сәнді

8-136

күй  аңыздар
киінген кербез қыздар көз қырын сала қоймайды. Сөз тартып
жауап ала алмаған екі бозбаланың бірі жүкте сүйеулі тұрған
үкілі домбыраны қолына алып құйқылжыта жөнеледі. Қыз

күй сарынына іштей қатты ынтығып, ұйып тыңдап қалады.
Әсем күй көңіл көбелегін қалықтатқан қос бойжеткен, ақыры
қос бозбаланы іштей ұнатып қонақ етеді. Олардан: «Ертесі ат-
тануды, осы түнді күймен аттыруды» өтінеді. Бұған жігіттер

мақұлдық береді, таң шеті сөгіле бастағанда екі қыздың көзі
ұйқыға кетеді. Осы сәтті тосқан екі бала кереге басында ілулі
тұрған кісеннің кілтін алады да, кермедегі Телқоңырды боса-
тып алып, ноқтасымен жайдақ мініп Алтайдың бергі бетіне бір-

ақ тартады. Қыздар тәтті ұйқы құшағында қала береді.
Отау үйдің қасындағы үлкен үйде ат иесі ақ сақалды шал бар
еді. Байлығы мен салтанаты асып тұрса да, ұл баласы болмаған
шалдың бар бақыты екі қызы мен тайынан баптап өсірген тел

қоңыр аты екен. Шалдың ендігі арманы осы тете өскен қызын
тел қоңырға мінгізіп, тете өскен екі жігітке қосу болатын.
Сондықтан шал қыздарына құда түсе келгендерге: «Осы шартым
орындалса, қыздарымды қалыңсыз беремін»,—деп сөз береді.

Бірақ мұндай жер шыға қоймайды. Ағайынды жігіттер кел-
ген кезде шал қыздарына бөлек үй тіктіріп, өз алдарына сауық
құрдырып қойған екен. Қыздар кейде тел қоңырмен саятқа
шығып тұрса керек. Осы күні шал ерте намазға шыққанда, кер-

меде жаратулы тұратын тел қоңырды көре алмайды, үйге бей-
сауыт екі баланың келгенінен хабар тапқан шал:

—Е, Телқоңыр барар жеріне барып болған екен, бұйрығы

болса кетпес, бұйырмаса келмес, алдырар күні жаздырар де-
ген осы, енді Телқоңырды ұры әкеткенін елге дабыра етпей,
хабарын үйден тосыңдар. «Сабыр түбі сары алтын», екі қызым
қолымда тұрса, Телқоңыр қайта айналып қазығын табар,—деп

бойын кеңге салып жата береді.
Жел тақым балалар желдей ескен жүйріктерімен ара қонып
ауылына келіп те үлгеріпті. Сол кезде атақты бір байдың асы
берілетін болып, төңіректің төрт бұрышына сауын айттырып

«Он атқа бәйге беремін, бас бәйгенің ауыздығына ат байлап, ша-
бандозына асылдан шапан жабамын» деп хабар таратады. Екі
жігіт тел қоңырларын осы бәйгеге қосуға баптайды.
Күншілік жерге айдалған бәйгенің келетін уағы болып, ел

тө­беге топталып жолға телмірумен болады. Бір кезде қатар

халық  күйлерінің  аңыздары
шыққан екі қара көрінеді. Әркім әртүрлі жорып, ел іші гулесіп
жа­тады. Осыдан кейін байлар мен билер тел қоңырға ер-азамат­
тың құнын беріп сатып алмақ болады. Бірақ екі жетім тел қоңыр:

—Телқоңыр басымызға келген қонақ, нағашымыздың бә­

сіресі, сата алмаймыз,—дейді. Сөйтіп, қоңырдың бәйгесімен
қорасына қой, өрісіне жылқы сала бастайды. Өстіп жүргенде
ұлы той болып айтулы ат бәйгесі болады екен, бас бәйгесіне бес
жүз қой атапты деген хабар таралады. Даяшы жігіттер оларды

алдарынан шығып шеткері бір үйге түсіреді. Олар бәйгенің ер­
тең айдалатынын айтады. Бірақ тел қоңыр мама ағашқа да ты-
ныш тұрмайды. Екі жігіт аттарының бұл қылығына қайран қа­
лады, ауаша байламақ болып шешіп алғанда, Телқоңыр оларды

сүзе сүйреп, ауыл ортасындағы үлкен ақ боз үйдің белдеуіне бір-
ақ барып тоқтайды. Төр алдын құралай отырғандарға құйма­лы
сырлы тегенедегі сары қымызды шыбар қайыңнан жасал­ған
қос басты ағаш шығырықты ожаумен көтере-көтере сапырып

құйып отырған қара торы жігіт қана бір-бір шыныдан қымыз
ұсынады. Отырғандардың ішінен аласа бойлы біреу жантай­
ған қалпы басын көтерместен, есіктен кіріп-шығып жүрген той
басқарушыға:

—Мына екеуі қай атаның билері екен менімен дастарқандас

болатын, білгім келіп отыр?—дейді кекесінді пішінмен мыс­
қылай сөйлеп. Сонда үйдің қақ төрінде отырған орта бойлы би
басын көтеріп:

—Киімі жаман болғанымен кеспірі түзу жігіттер екен, қай­

дан білесің, өнері ішіндегі біреу ме? Дәм айдап дастарханы­
мызға келген шығар, оларға да кезек беріңдер! Көрсетсін өнері
болса,—дейді кезекпен ән шырқап, домбыра шертіп сыбызғы
тартып отырған өнерпаздарға қарап. Қолдан-қолға өтіп отыр­

ған домбыра ең соңында екі жігітке де тиіпті. «Қолыма домбыра
бір тисе» деп бағанадан шыдамы таусылып отырған жігіт дом-
быраны құлақ күйіне келтіріп алып, бірде құйғытып, бірде шы-
мырлата баяулатып, бірде шалқыта әуелетіп күйге басқанда,

отырғандар дән риза болып, оларға қымыз ұсынып «бәрекелді»
айтыпты. Күмбірлете әуелеткенде бағанадан ел аңысын аңдап
төсекте жатқан ақ мақтадай кәрия:

—Ой, қайран тел қоңырым-ай, қайта айналып қазығыңды

тапқан екенсің ғой, Құдай айдап белдеуіме қайта байланған екен
ғой!—деп басын жастықтан жұлып алыпты. Сонда отырған­дар:

күй  аңыздар
Тегінде, Телқоңырды екі бала алып кетіпті деген сөз бар еді
ғой, мына екеуі солар болар болып жүрмесін. Айтың­дар­шы
растарыңды, өздерің қай ауылдан не ғып жүрген аза­мат­сың­

дар?—деп енді екеуінің жөнін сұрауға көшіпті. Өздерінің Тел­
қоңырды қалай алып кеткені жайындағы бар болмысты баян-
дап, кәриядан кешірім сұрайды. Сонда кәрия:

—«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген екен атаң

қазақ, кештім күнәларыңды. Осы ауылға неге келгендеріңді
де біліп отырмын, тілеген тілеуім орындалды. Үлкен қызымды
үлкеніңе, кішіңе кіші қызымды атастырып, ақ батамды бердім
сендерге, той үстіне той болсын!—деп, алақанын жайып бата­

сын берген екен. Міне, осы күй қазірге дейін осылай «Телқоңыр»
атанып келеді.

121. «Телқоңыр»

(ІІ нұсқа)
Дәулеті шалқыған, елге беделі артқан бір ұлықтың төскей­
ді жайлаған қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген
қоңыр тұлпары болыпты. Қоңыр ат қамыс құлақ, тік бақай,

бөкен қабақ, сіңірлі, алыс адымды зор денелі аттың сұлуы
атанады. Ұлық қоңыр жүйрікті кермеге байлап сылап-сипап,
мәпелеп күтуші қойып, түнде күзеттіріп бақтырады. Тұлпар­ды
ауыл арасында емес, ел ішінде бас қосатын ұлы дүрмекке ғана

мініп, ру-руды қамтыған үлкен тойларда бәйгеге қосады.
Ел ішінде жылқыға арнап тартылып жүрген күйлердің
бір­де-бірін қоңырдың жүйріктігіне тең көрмеген ұлық: «Қо­
ңыр ат­тың жүрісін күйге түсірген домбырашы болса атан түйе

жетек­тетіп, ат мінгізіп, киіт кигіземін»,—деп бүкіл елге жа-
рия ша­шады. Талай күйді тамылжыта шерткен күйшілер
хал-қадарінше күй шығарады. Бірақ күйшілердің ойланып-
тол­ғанып шығарған күйлері ұлық көңілінен шықпайды. Ел

ішіне аңызға айналған бұл оқиғаға құлақ құрышы қанған көр­
шілес рудың ұлығы қоңыр жүйрікті ұрлап алмақ болады. Бір
қу жігіттің қасына асқан шебер домбырашы қосып, қоңыр
жүйрікті ұрлап әкелуге аттандырады. Ұзақ жол жүріп шарша­

ған екеуі ел шетіне келгенмен мақсаттарына жете алмай дал бо-
лады. «Онда не бар дейсің тәйірі! Аламыз да қайтамыз»,—деген
ойлар құр үміттің бұлаңы болады да шығады. Ұлық ордасының

халық  күйлерінің  аңыздары
қасындағы кермеге байлаған қоңыр жүйрік күндіз-түні кү­
зетулі. Күндіз күтуші басы-қасынан ұзамайды. Түнде қой кү­
зеткен қыз-келіншектер айнала қоршап алақанда ұстайды. Қу

жігіт пен домбырашы әлденеше күн торып ала алмайтында-
рына көзі жетеді. Қасындағы төмен қарап мұңайып отырған
домбырашыға қу жігіт өзінің ойлап тапқан әдісін айтады.

—Бөтен ел бөтен жерде бүйтіп не марқаба табамыз. Ел жа-

тып, қыз-келіншектер қой күзетіп шыққан кезде сен ауылдың
ар жағында дөңге шығып домбыраңды шерте бер. Ет-жүректі
елжіретіп сезімді баурап алатын тәтті күйге құмартқан қыз-
келіншектер сенің қасыңа баруы мүмкін. Жолымыз болып,

олар сені қоршаса, әдемі күйлермен айналдыр. Осы кезде мен
күзетсіз қалған қоңырды жетектеп алып шығайын. Екеуі осы­
ған келіседі де, ел ұйқыға кеткенде бөлінеді. Қой күзетіп қы­сыр
әңгімемен таңның атуын күткен қыз-келіншектер күтпе­ген

жерден төгіле шығып бойды тербеп алған домбыра үніне құлақ
түреді. Бірінен соң бірі үзіліс таппай шертілген күй даусына
елегізген қыз-келіншектер жарыса тұрып, домбырашының
қасына барады. Домбырашы: «Көршілес ауылдың жігітімін,

жол қарап шығып ем, жолым болмай торыққан соң домбыра-
мен сырласып отырмын»,—дейді де, күйді шерте береді. Қо­
лайлы сәтті пайдаланған қу жігіт еппен келіп кермеде бай-
лаулы тұрған қоңыр жүйрікті жетекке алып межелі жерге

тартады. «Енді алып үлгерген шығарсың»,—деп топшылаған
күйші домбырасын қолына ап, қыздармен қош айтысып жолға
түседі. Манадан тәтті күйден нәр алған қыз-келіншектер орал-
са, кермедегі қоңыр жүйрік жоқ. Маужыраған тыныш түнде

ұзақ ұйқыда жатқан ұлық та, ауыл адамдары да «қоңыр жүйрік
жоқ»,—деп айнала жүгіріп шулаған қыздардың дауысы­мен
оянады. «Қайтып айырылдыңдар?»—деген сұрауына қыздар
болған оқиғаны айтып береді.

—Домбырашы қандай күй шертті?—дейді ұлық.

—Домбырашы мынадай күй шертті,—деп күйді ұғып алған

бір қыз шерте жөнеледі.
Алып қашқан ат жүрісін, сұлу шабысын суреттеген күй
тыңдаушыларды баурап алады. Беріле тыңдап егіліп тұрған
ұлық күй біте бергенде басын көтереді де, зор үнмен: «Қоңыр

аттың шабысы мен сұлулығын аумаған қалпында қос шекте
ойнатқан домбырашы бар ма еді бұл елде?! Бар болса баяғыдан

күй  аңыздар
қайда жүрген ол. Бұл елдің күйшісі емес. Көршілес руда бәлен
деген төренің асқан шебер домбырашысы бар деуші еді. Мынау
соның күйі. Атты ұрлатқан сол төре. Талай рет сұратқанда бер-

меп едім, егескен екен»,—депті де отыра кетіпті. Ұлық күйініп
аз отырады да, сенімді екі жігітін шақырып алып:

—Атқа қоныңдар да, сол төреге барыңдар. Ат басындай жам-

бы төреге сәлемдемем. Қолекі тапсырып сәлем беріңдер. Қо­ңыр
жүйрікті сұрамаңдар, берсе, алмаңдар,—дейді.
Төре екі жігітті құрметті қонақ етіп, ұлықтың сәлемдеме­
сін қуана алады. Екі жігіт жүрерде төре бұйымтайларын сұраса

олар: «Ұлығымыз сәлем деді», дегеннен басқа ештеңе айтпады.
Өш-араздығы, алым-берімі жоқ, бірақ қоңыр жүйріктің
қол­ды болғанына қынжылмай сәлем жолдаған ұлыққа риза
бол­ған төре, қоңыр жүйріктің қасына одан аумайтын тағы бір

қо­ңырды қосып береді де: «Ұлықтарыңа сәлем де! Айыбымды
кешкен екен, мен де аяғына жығылдым. Егіздей көрінетін екі
қоңыр екеуімізде тұрмай, біріне-бірі сән беріп сонда тұрсын!»—
деп қос қоңырды жетектетеді.

Сөйтіп, бір қоңыр ат екеу болып оралады да, ұлықтың ор­да­
сының қасындағы кермеге байланады.
Бір-бірінен аумайтын қос қоңырдың пішініне, сымбатына,
жүйріктігіне құмартқан күйшілер «Телқоңыр» күйін шығарады.

122. «Кербез қыз»

(ІV нұсқа)
Бір байдың жалғыз өскен ерке тотай қызы болыпты. Өмір
тақыршылдығын көрмеген. Мол дүниенің кең ортасында шал­
қып өскен қыздың сұлулығына кербездігі сай келіпті-мыс. Сұлу

қызға дүйім елдің талай байының кербезсіген ұлдары, ел іші­нің
сұлуы атанған жігіттері сөз айтқанымен қыз оның бірде-бі­ріне
ықтиярлық бермейді. Теңім емес деген жауап қайырады. Сөй­
тіп жүріп қыздың жасы бірталайға келеді. Ол сонда да ешкімді

ұнатпайды. Қыздың бұл қылығына «қызым отырып қала ма»
деп шешесі қауіптенеді де, қыздың жеңгелерін жұмсап сырын
сұрайды. Сонда қыз: «Мен бір үйдің жалғыз қызымын, әке-
шешем барын менің алдыма тосты, тотыдай тарап өсірді. Со­ның

арқасында кербез қыз атандым. Менің осы кербездігімді кім
сыбызғыда тартады, теңім сол, соған барамын»,—дейді.

халық  күйлерінің  аңыздары
Қыздың сөзі ауыздан-ауызға тарап елге жайылады. Енді
қызға жорға мінген үкілі жігіттер емес, сыбызғышы жігіттер
келе бастайды. Қыз олардың да ешбірінің күйін жақтырмайды.

Сөйтіп жүргенде, бір күні жалбыр шапанды сыбызғышы жігіт
келіп: «Сенің кербездігің менің мына күйімнен артық қандай
еді?!»—деп күйін тартады. Кедей жігіттің күйіне риза болған
қыз соған қосылатынын білдіреді. Әке-шешесі отыз күн ойын,

қырық күн тойын жасап, қызын сүйген жігітіне қосып аттан-
дырады. Сондағы жігіттің тартқан күйі осы «Кербез қыз» күйі
екен дейді.

123. «Кербез қыз»

(V нұсқа)
Құба жонда жылқы бағып жүрген жылқышы жігіт жақын
маңдағы ауылдардың біріне қыдырып барса, үйде тұлғасы көз
тартып, көңілді баурарлықтай, ақ тістері тізілген, алма мойны

үзілген, қос бұрымы өкшесін соққан бір қыз отырады. Қыздың
көркіне мінезі сай. Жылқышы жігіттің аман-сәлеміне ашық-
жарқын үнмен жауап қайтарады да, орнынан тұрып, от жаға
бастайды. Жігіт төр алдына жайғасып, отырады да, жүкке

сүйеулі тұрған домбыраны алып, ақырын ғана шерте отырып,
екі көзін қыздан аудармайды. Қыздың мүсіні қандай сұлу
болса, қимылы да сондай сұлу. Кербез қимылдап от тамызып,
шәйнек асады, қолына түйір кіршік жуытпайды, ыдыс-аяғы

да мұнтаздай. Дастархан дайындап тұрған қыз жігіттің шертіп
отырған бірдің басы, бірдің аяғы араласқан берекесіз күйін естіп
мырс етіп күліп жібереді. Мұны көзі шалған жігіт талғамсыз
шертіп отырған домбырасын қоя салып қыздан:

—Неге күлдің, құрбым? Мазағың болдым-ау,—деп өкінеді.

—Қыран ғана мекендеген асқар тауда жүрген жігіт талғам­

паз болмас па еді. Қайран домбыраның қор болып, сөйлей ал-
май, не айтарын біле алмай тілі күрмеліп отырғанына жаным
ашығаны да. Сіздей жігітті неге қорлайын?—дейді әзілдеп.
Қыз сөзінен ұтылған жігіт білегін түріп, домбырасын көк­

тейді де, жаңа бір күйді шертіп ала жөнеледі. Жігіттің тарт­қан
күйін қыз ұйып тыңдап, күй аяқталғанша қозғалмастан мел­
шиіп тұрып қалады. Күйді бітіп қыздың шын беріле тыңдаған
мына тұрысына разы болған жігіт: «Күй сырын ұққан адам

күй  аңыздар
сендей-ақ болар! Сыртың сұлу, қимылың кербез бе десем, нағыз
сұлулық пен кербездік ішіңде екен. Сол кербездігіңе тартқан
сыйым осы күй «Кербез қыз» күйі болсын»,—депті.

124. «Бұланжігіт»

Бұланжігіт басында күйші емес екен. Ол талапты, батыр бола-
мын, елді жаудан қорғаймын деген ойы бар жігерлі жас жігіт екен.
Бір кезде Абылай хан қалмақтан барымта алдыруға батыр-
ларды жинап, екі жүздей кісіні іріктеп, ауылдың сыртындағы

дөңде кеңес құрып отырады. Сол кезде, жиырма жас шамасын-
да Бұланжігіт Абылайға келіп, осы жорыққа баруына рұқсат
сұрайды. Абылай рұқсат етеді.
Аздан соң, ауылдан желек бүркенген бір жас келіншек шы­

ғып, отырған топтың шетіне таяп келеді. Оны көрген Абылай
келіншектің айтатын арызы бар шығар деп біреуді жібереді.
Келіншек жіберген кісісі арқылы Абылайға арызын айтады:

—Ханға айтыңыз: осы жолға Бұланжігітті жібермесін, егер

жіберсе, ол аман қайтпайды, мерт болады. Мен ол туралы жа­
ман түс көрдім, менің тілімді алмай кетті,—деп келіншек қай­
тып кетеді.
Ол Бұланжігіттің сол жылы түскен келіншегі екен. Хабаршы

келіншектің арызын айтып келген соң, Абылай Бұланжігітке:

—Осы жолға сен бармай-ақ қой, кейінгі жорықта барарсың,­�

—дейді.

Бұланжігіт әйелдің тілін алып, «желкілдеген тудан, жер
қайысқан қолдан, кезенген жолдан» қалғанымнан өлгенім ар­
тық деп, көнбей, сол қолмен бірге аттанып кетеді.
Батырлар Алатаудың асып, қолмақтың жылқысына қас

қарая тиіп, айдап шығады. Алдарына салып алған жылқыны
айдаушыларға қудырып жіберіп, іріктеліп бірнеше батырлар
арттарынан келе жатқан қуғыншыларды бөгеуге қалады. Сол
тосқауылшылардың ішінде Бұланжігіт те болады. Бұлар қу­

ғын­шылардың беттерін басқа жаққа бұрмақ болып, бытырай әр
жаққа бет алып, қаша соғысып жүргенде, асу аузындағы қа­зыл­
ған орға кез келіп, Бұланжігіт орға түсіп қалады. Басқалары
жылқыны алып, құтылып кетеді.

Бұланжігітті қалмақтар байлап алып, ханға әкеп тапсыра-
ды. Бұланжігітті аяғына кісен салып, түнде керегеге керіп бай-

халық  күйлерінің  аңыздары
лап, күндіз кісенімен бие сауғыздырып, құдық аршыттырып,
су тасыттырып қояды. Абылай артынан іздетпей, Бұланжігіт
бір жыл қалмақ қолында азапта болады.

Қалмақтың ханының Қаракөзайым деген бір сұлу, есті қызы
бар екен. Бір күні Қаракөзайым қолға түскен қазақтың баты-
рын көрейін деп келсе, ыстықта Бұланжігіт кісенімен жү­ріп,
бие сауғызып, асау құлындармен алысып жүр екен. Бір жыл

бейнет көргеніне қажып, жасымай жүргеніне таңырқап, әрі
жастыға жаны ашып, әрі сүйіп аяйды.
Түн болғанда керегеге таңулы тұрған Бұланжігітке қыз
келіп: «Сені босатсам қайтер едің?»—дейді. Бұланжігіт: «Бос

кетпей, еліңнен жылқы алып кетер едім»,—дейді. Қыз: «Жыл­
қы алсаң және қолға түсесің, өйткені екі ел әлі барымта қай­
тарысқан жоқ. Сондықтан ел арасында қарауыл бар. Мен сені
босатайын, астыңа ат берейін, жылқы алмай, жамбызбалап

еліңе қайт. Жігіт болсаң, бір іздеп табарсың»,—дейді.
Сөйтіп, қыз Бұланжігітті босатып, белдеудегі суытып қой­
ған бір бәйге атты әкеп беріп, амандасып қала береді. Содан
Бұланжігіт қыздың айтқанын істеп, көзге түспей, шекарадан

өтеді. Бұл ел жайлаудан жаңа қайтқан кез болады. Бұланжі­
гіт ессіз жайлаудағы ата-бабаларының молаларына келіп дұға
етіп отырғанда, бір жас қабырға, ол қабырдың басына шаншыл­
ған қарқараға көзі түседі. Ол өзінің келіншегінің қарқарасы

екенін таниды. Сол жерде оның көңлі босайды. Келіншегі­нің
жорыққа барма дегені, келіншегін жақсы көретіні, қолға тү­
сіп азап шеккені, артынан Абылайдың іздетпеуі ұласып келіп,
одан бір зар шығарады. Моланың басында зарлай отырады.

Сол зарын мұңлы үнмен сарын етіп шығарады. Сөйтіп, Бұлан­
жігіт батырлықты тастап, сыбызғышы-күйші болған екен.
«Бұланжігіт күйі» деген сондағы әйелі қойылған қабырдың ба-
сында айтқан зары екен деп, домбырашылар тартатын еді.

125. «Ақсақ Темір мен домбырашы»

Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі дом-
бырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді
шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін
таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ

Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден:

күй  аңыздар

—Сенің атың кім?—деп сұрапты.

—Менің атым Дәулет!—депті күйші. Ақсақ Темір:

—Шіркін-ай, Дәулет те соқыр бола ма екен?—десе керек.

Сонда Дәулет жұлып алғандай:

—Тақсыр-ау, Дәулет соқыр болмаса, Ақсақтың үйіне барар

ма еді!—депті. 126. «Жалғыз жігіт»

(ІІІ нұсқа)
Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт
әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Бай­дың
да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ

патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орны­на
кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны:

—Сенің балаң менің баламның орнына барып келсін.

Балаң келгенше менің қорамның шетінде отырып малымды
бағып, отынымды жарып, бірді-жарым сауынды сиырым­ды
сауып, ескі-құсқымды киіп жаныңды бағып отыра бер. Ба-
лам аман-есен оралып келіп жатса, мен саған берген дүние­

лерімді сұрамаймын,—депті. Амалсыз кедейдің баласы бай­дың
баласының орнына кете барады. Сондағы жігіттің әке-шеше­
сімен, қарындасымен қоштасқан күйі.

127. «Майдажал»

Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысы­
ның ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын
жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды үйге келер жолды ай-
налдыра желі тартып бие байлапты. Оның ойы: «Келе жатқан

сыншылар, құлындарды сынап өтіп үйге келгенде, өз сынын ай-
тады» деген үміт. Сөйтіп жүргенде бір сыншы бала құлындарды
жағалап келе жатып, бір құлынды екі-үш айналып шығып әрі
қарап, бері қарап, сәлем беріп үйге кіреді. Сонда бай: «Сен бір

құлынға ұзақ қарадың ғой, жүйрік пе, әлде жорға ма?»—деп
сұрапты. Сонда бала: «Жүйрік шығады» деген екен. «Олай бол-
са, сол құлынды сен өзің бағып-бапта» депті бай балаға.
Бала өзі баптап өсірген құлынын, ат болғанда үлкен бір

тойдағы ат жарысқа қосыпты, аты сол бәйгеден жеке-дара озып

халық  күйлерінің  аңыздары
келген екен. Шапқанда аттың сұйық жалы желге желкілдеп
келе жатса керек, сол атқа арнап сыбызғышылар күй шыға­рып,
атын «Майдажал» қойған деседі.

128. «Қыз алып қашқан»

Жалғыз қызы бар бір бай мен жалғыз ұлы бар бай екеуі
құда болады. «Екі жарты бір бүтін болсын, сән-салтанаты
келіскен түтін болсын! Біреуіміз келінім демейік, біреуіміз
күйеуім демейік. Екеуміздің ортамыздағы, екеумізге ортақ

отау болсын»,—деп келіседі. Берік сөз байласқан екі байдың
бесікте құдалық сөйлескеннен кейінгі қарым-қатынасы күн
өткен сайын нығая береді. Екі бай іргелес жайлап, іргелес
қонып, екі ауылдың ортасына дәнекер боп тігілетін сәнді

отау­ды асыға күтеді. Қыз бен бала бірге ойнап, біте қайнасып
өседі. Сәби жүрек бірінің-біріне құдалық жолымен таңылға­
нын да сезбейді. Олар күні ертеңгі бір-бірінен бөлінбес бір бүтін
болғандықтан емес, балалық жетелеуімен ойын қызығына еру-

мен де тату өседі. Ұл ер жетіп, қыз бой жеткеннен кейін арала-
ры алыстай бастайды. Қолаң шашты салиқалы қыз жігіт жүре­
гін баурап, жүрегіне от тастағанымен, қыз жігітті сүймейді.
Жігіттің ештемеге икемі жоқ дөрекі қимылы, шөп басып сын-

дырмайтын еріншектігі, дүңк мінезі қыз сезімін аулақтата
береді. Бірақ бесіктен құда боп, қысқа арқан, тар тұсау сап қой­
ғанын естіген жігітті қыздың жақтыртпағанымен шаруасы да
болмайды. «Отау қамытшылығы бітіп, той дайындығы әзір бол-

са, ақ төсіңді аймалармын» дейді де, жүре береді. Бай да қыз
жайын естігенде, «балалықтың әсері де» деп етегін жимайды.
«Аруақ жолын сыйламай, ата жолын бұзып, ақ басты ана мен
ақ сақалды әкенің қолынан шығып, қайда барады дейсің» де-

ген тұжырымға келеді. Өстіп құда да тыныш, құдағи да ты-
ныш жатқан бір күні той істеу қамытшылығы бітіп, ақ отау
әзір болған күні «қыз қашып кетіпті» деген суық хабар дүңк
ете түседі. Байдың тоғышар ұлын ұнатпаған қыз жылқышы

жігітке ереді де, тайып тұрады.
Қашып келе жатқан қыз бен жігіт ауылдан алыстаған­нан
кейін бұтаның арасын паналайды. Осы кезде қыз жігітке өзі­нің
сырын айтады: «Дәулеті мен әулеті сай, салулы төсек, тігулі

үй дайын бай баласынан неге қаштым? Оның себебі, ол—тоғы­

күй  аңыздар
шар. Бір күн мал шетіне шығып көрген жоқ, оның қолынан ке-
лер де жоқ. Шоқпардай үкі тағып, күмістеген белбеу буынып,
жорға мініп жортқанды ғана біледі. Сен еңбекке құштар­сың,

еңбектің балын жеген өмір—нағыз өмір. Екіншіден, сен—
сыбызғышысың. Өнер өлмейді. Сондықтан сені сүйдім. Осы
жүрісімізді сыбызғыға қосшы, асықпай тыңдайын»,—дейді.
Жі­гіт сыбызғысын тарта жөнеледі, қыз бойы балқып тыңдай­

ды. «Қыз қашып кетті» деген хабарды естігеннен кейін екі жақ
бірігіп тұс-тұсқа қуғыншы аттандырады. Ат сабылтып, үзеңгі
қағыстырып келе жатқан бір топ қуғыншы сыбызғы даусын
естиді де, шілік ішінде сайрандап отырған қыз бен жігітті қолға

түсіреді. Ашу кернеген топ жігітті өлмеші қып сабап, сол жерге
тастайды да, қызды өңгеріп ауылға алып келеді. Жігіттің қыз
тілегі бойынша тартқан күйі «Қыз алып қашқан» атанады.

129. «Қалажан қашқан»

Ертеде біреудің Қалажан деген келіншегі болады. Қалажан
көрікті, сымбатты болса керек. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін
қосағына көңілі толмай, ауыл арасының Кит деген жігітімен
күйеуінен жасырын көңілдес болады. Қалажанның күйеуі

үйде жоқта Кит келіп-кетіп жүріп, екеуінің көңілі одан әрмен
жақындаса береді. Ақыры екеуі қашуға келісіп, келісімді күні
Кит келсе, Қалажанның күйеуі тағы да жоқ екен дейді. Киттің
жетектей келген атына Қалажан мініп, Кит өз атына мініп

қашады. Екеуі ауылдан шыға бере үйге жеткен күйеуі қашып
бара жатқан екеуін көреді де, есік алдындағы бақанды ала сап
арттарынан қуады. Қашып бара жатқан жолдарында әжеп­тәуір
терең өзен бар екен. Егер өзеннен аман-есен өтіп кетсе, онда

бұларды ұстай алмайды. Екеуі өзенге келеді де, тіреліп қалады.
Не де болса өту керек болады. Қалажан атына қамшы басады
да, өзенге түсіп кетеді. Аты малтып отырып аман-есен ар жаққа
өтіп, артына қараса, Кит әлі тұр екен. «Қуғыншы кеп қалды,

тез өт»,—деп дауыстайды. Бірақ Кит өтуге батпайды. Өстіп
тұрғанда қуғыншы келіп Китті ұстап алады. Жүрексіз Кит
Қалажанның күйеуіне де күш көрсетіп, қарсыласа алмайды.
Күйеуінен безіп, қолынан ұстап ере қашқаны Киттің әлсіздігін

көрген Қалажан іштей күйіп, қайта өтіп келеді де, қолы бай­
лаулы жатқан Китке қарап: «Абыройымды айрандай төгіп,

халық  күйлерінің  аңыздары
жылы орнымды суытып ере қашқаным Кит пе десем, Ит екен
ғой»,—деп бетіне түкіріпті. Қалажанның күйеуі сыбызғышы
екен, менсінбей қашқан әйеліне арнап осы күйді тартып,

«Қалажан қашқан» атапты да: «Аңсағаның Кит болса, арам
өлерсің, осыңмен-ақ кете бар»,—ауылына қайтқан дейді.

130. «Арбиян-қоңыр»

Арбиян қазақ қызына үйленгеннен кейін, бір балалы бо­ла­
ды. Баласы көз тартарлықтай көріктеніп өсіп келе жатқан ке­
зінде, бір күні Арбиян аң аулауға кетеді. Осы кезде суға міне
құ­лап жатқан қарағайдың үстінде жүгіріп ойнап жүрген бала­

сы­ның аяғы тайып кетіп, суға кетіп өледі. Арбиян аңнан кел-
геннен кейін баласының қайтыс болғанын естіп, бүк түсіп отыра
қалады да, сыбызғысын алдырып, қоңырлата тарта жөнеледі.
Бұл күй әйеліне жұбатуы және ұлының өліміне деген еңіре­ген

зарын білдіргені екен дейді. 131. «Ойбай, бегім бер!»

Бай баласы мен кедей баласы серіктесіп бек теруге шығады.
Ішер ас пен мінер көлікке қысылып көрмеген бай баласы ер-
тұрманы келіскен атқа мініп шығады да, аяқ артары жоқ кедей
баласы жаяу шығады.

Бірақ бай баласы артынан еріп жаяу салпақтап, болды-
рып келе жатқан кедей баласына байлығы мен салтанатын
көрсеткендей ат үстінде шалқалай отырып, оны мінгестіріп те
алмайды. Туғаннан тақыршылық азабын көріп өскен кедей ба-

ласы аттылы бай баласынан қалыспай жүріп отырып бек теретін
жерге де жетеді.
Туғаннан шөп басын сындырып көрмеген бай баласы маң­
дытып бек тере алмайды, кедей баласы одан әлдеқайда артық

бек теріп алады. Даяр тұрған бекті теріп алудан ерінген бай
баласы кедей баласының дорбасындағы бекке көзін сүзіп қа­
рай­ды, соны олжалаудың амалын қарастырады. Бек теріп бол­
ғаннан кейін екі бала келген ізімен қайтады. Залым бай баласы

кедей баласының бегін алудың жолын ойлап, дорбадағы бегін
көтеріп жаяу келе жатқан кедей баласының бірде соңынан еріп,
бірде қатарласып аяңдайды да отырады. Жол ортасынан асқан

күй  аңыздар
кезде жаяу баламен қатарласып келе жатқан бай баласының
бегін іліп алады да, атын тебініп қап, шаба жөнеледі. Бір­ша­ма
жер жүріп шаршаған кедей баласы оның артынан «Ойбай, бегім

бер»,—деп айқайлай қуады. Аттылы жаяуға қайдан жет­кіз­сін.
Бай баласы бекті сол күйі алып қашып кетеді. Кедей баласы­
ның: «Ойбай, бегім бер»,—деп айғайлағанын естіген күйші
бала зарын бейнелеп, осы күйді шерткен екен дейді.

132. «Тоқта баяу»

Әке мен шешеден жастай айрылған екі бала байдың қозы­
сын жайып, тезегін теріп, қалған-құтқанын жеп, ескісін
киіп күн көреді. Халық аузындағы қай дастан, қай әңгіме-
аңызда болсын байлар қатыгез болады. Олар үшін бір баланың

қарны ашып, киімі жыртылып, көз жасының сел боп ағуы бір
тоқтының маңырағанындай әсер етпеген. Керісінше, тоқты-
серкеш маңыраса, жүрегіне шаншу боп қадалып, қолына қам­
шы ұстатқан. Екі жетім де байдың осы қатыгездігін көріп,

жігері құм боп өседі. Өлі таяқ өршіл жүректі өкпедей езіп, жас
өмірді жасық өмірге айналдырады.
Шілденің аптап ыстығында байдың ауылы көшеді. Баяғы
әдетімен бай екі жетімге қозыны тағы да жаяу айдатады. Көш

жеткен күндік жолда қозы айдаған екі бала әбден шаршайды.
Ересегі буыны құрып, табаны таусылғанын інісіне білдірмесе
де, інісі шаршағанын жасыра алмайды. Шөлден діңкесі құрыған
кішісі қозы айдаған ағасына ілесе алмай жылайды, жылап келе

жатып «тоқта баяу», «тоқта баяу»,—деп жалынады. Баланың
сол жалынышын сыбызғышы сыбызғыда осылай тартқан екен.

133. «Қос келіншек»

(ІІ нұсқа)
Бір бай өзінің екі ұлына елдегі қыздарды түгелдей таңдап
жүріп, баламның теңі осы болар-ау деген екі қызды келін ғып
түсіреді. Байдың қос келіні де байдың өзі дәрежелес дәулетті

адамдардың қызы болады. Жасынан өмір тауқыметін көрме­
ген қос келіннің дене бітімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы да
бір-бірінен аумайды, бір қалыпқа соққандай, бір анадан туып,
бірдей тәрбие алған адамның баласындай болып сәйкеседі.

халық  күйлерінің  аңыздары
Қос келін қимыл-әрекеттерімен, ашық-жарқындығымен бай­
дың салтанатын толықтырып, сәніне-сән, абыройына атақ
қосады. Қос келінді көрген әркім-ақ таңдай қағып тамсанады,

аузының суы құрып мақтап қызығады, сүйсіне қарайды. Бір-
бірінен бөлінбестей ұқсас қос келінді таңдап тапқан байдың
тап­қыштығына дән риза болады. Дүйім елдің назарын аудар­
ған қос келін боз балалардың да жүрегіне шоқ тастап, сезімін

қытықтайды. Қос келінге деген ынтызары ауған бозбалалар­дың
сонда да жолы болмайды. Күндіз жолығып, тіл қатудың орайы
келгенмен, түн жастап жолығудың сәті түспейді. Сезім­нің ыс­
тық лебімен жүрегін жалын шарпып келіндеріне деген бө­тен

қолдың созылып, жат құшақтың ашылуынан күдіктенген бай,
қабаған ит ұстайды. Қабаған ит есіктердің құлыбы, келін­дердің
күзетшісі іспетті болады. Күндіз атты кісіні аттатпайтын иттер
түнде ауыл маңына ешкімді де жолатпайды. Қос келіншекке

созған қолы жетпеген жігіттер олардың сұлулығын мақтап
және оларға деген арман-сағынышын білдіріп, «Қос келіншек»
күйін шығарыпты.

134. «Жорға аю»

(ІІ нұсқа)
Бір аю аралға апан салған екен. Бірде ол қонжықтарына
жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр
жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын құлатып, кү­шік­

терін шайып әкетеді. Судың бетінде қалқып кетіп бара жат­қан
қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құт­
қарып алып қалады. Содан аю жорға боп шыққан екен дейді.
Бұл күй сондағы аюдың жүрісін бейнелейді.

135. «Қызылқан»

(ІІ нұсқа)
Жылда көктемде, солтүстікке құс келетін уақытта, көп
құс шөлден жол таба алмай, қырылып қалады екен. Содан
құс әміршісі—Қызылқан деген қаз жаратушы тәңірге барып,

аспаннан жол салып беруін өтінеді. Тәңірі құстарға аспаннан
жол салып береді. Осы күнгі аспандағы құс жолы содан қал­ған
екен деседі.

күй  аңыздар 136. «Жаралы ақ бөкен»

Құралайды көзінен атқан мерген жігіт аң аулауға шығады.
Не кезіксе құтқармайтын, нені атып алам деп аттанса, соны
қанжығалап келетін мерген бұл жолы ақ бөкен атып әкелу
ниетімен шығады екен. Ол жол-жөнекей кезіккен басқа аң­

дардың ешбіріне оқ шығармай неше күн сарылып тек ақ бөкен
іздейді. Ақ бөкеннің терісі саудагерлер үшін табылмайтын
қазына, қалта толтырар байлық болса керек-ті. Жігіт неше
күн сарылып іздеп жүріп жонда жайылып жүрген бір топ ақ

бөкенге тап болады. Қанжығам майланды, табан терім ақталды
деп ойлаған мерген баспалап келіп ақ бөкеннің біреуін ныса­на­ға
алып, өлер жерің осы деп басып қалады. Бөкендер үрке жөнеліп
қыратты асып кетеді. Мергеннің жықтым-ау деп атқан ақ бөкен

де ақсаңдай басып топ бөкеннің артынан еріп, қашып қыр­қаны
асып кетеді. Жігіт артынан қуса да, бөкенге жете алмайды, жа-
ралы ақ бөкен өлімнен құтылып кетеді. Мергеннің оғы қалт
тиюін бөкеннің киесінен деп ойлаған күйші, ақсақ бөкеннің

жүрісін қосып осы күйді тартыпты-мыс. 137. «Өрелі көк»

Ертеде бір кедей бай аулында болатын бәйгеге жүйрік көк
атын қосуға келеді. Түнде өрелеп қоя берген атын әлдекімдер
ұрлап кетіпті. Таңертең кедей байғұс ауыл адамдарынан
«Өрелі көк көрдіңдер ме?» деп сұрастырса, ешкім көрдік деп

айтпапты. Сонда маңдайға басқан жалғыз атынан айырылған
әлгі байғұс қолына сыбызғысын алып зарлапты. Сол бір ке-
дей зарын халық «Өрелі көк» күйі деп атап кетіпті.

138. «Өрелі кер»

(І нұсқа)
Бай есігінде күн көрген бір кедей жігіттің шапса да,
жорғаласа да алдына ат салмаған кері аты болады. Мал мен
дәулет бермесе де, елге атағын жайған әрі жүйрік, әрі жорға

ат берген тәңірге жігіт іштей риза. Қайда думан, қайда той
болады, қайда бәйге мен жорға жарысы болады, сол топ ал-
дымен кері атқа көз сүзе қарап, сәйгүлік деп осыны айт
десіп таңданады. «Ер қанаты ат» дегендей, кедей жігіттің

халық  күйлерінің  аңыздары
маңдайына біткен жалғыз атқа көзінің құрты түскен та-
лай бай мен әкім қолқа салады. Жігіт оның ешқайсысына
көнбейді. Жігіттің бұл «сараңдығына» ішқұса болған әкімнің

бірі тартып алуға бел буады да: «Шаңырағын шағып, өзін
шабыңдар да, кері атты тартып әкеліңдер»,—деп үкім береді
де, бір топ сойылсоғарларын аттандырады. Шаш ал десе,
бас алған сойылсоғарлар іргелі жаумен шайқасып, ел кегін

қайырардай-ақ қаһарланып, атқа қонады.
Келе жатқан сойылсоғарлардың хабарын естіген біреу
қалыңдығына ұрын келіп жатқан кер аттың иесіне суық хабар-
ды жеткізеді. Әкімнің сойылсоғар ұрдажықтарына қарсы тұ­

рар дәрмені жоқ жалғыз жігіт, тек қашып құтылуды ойлайды.
Әділеттігі жоқ қараң заманның надан биінен құтылудың басқа
жолын таба алмай дал болады.
Тарыққан жігіт атын іздеп шықса, бекітіп қойған аты жоқ.

Ауыл маңындағы сай-саланы тінтіп, өрелі керін іздеп діңкесі
құрыған жігіт қойшыға кезігіп:

—Ой, қойшы-ау?! Өрелі кер көрдің бе, өрелі кер көрдің бе?—

дейді жалынышты үнмен. Қой соңына түсіп ұзақты күн дала­да
жүрсе де, қойдан басқаға назарын салмаған қойшы:

—Ой, жезде-еке-ау! Өрелі кер көргем жоқ, өрелі кер көр­

гем жоқ,—дейді ағынан жарылып. Өрелі керін таба алмай
дал боп жүрген жігіттің алып ұшқан көңіліне: «Үй деймін!
Өрелі кер мұнда тұр, өрелі кер мұнда тұр»,—деп дауыстаған
қалыңдығының үні сабыр береді. Сөйтіп, жаяу жүгіре-жүгіре

тұралап шаршап, алқына ентіккен жігіт екі етегін қайырған
күйі атына келсе, үркіп аты ұстатпайды. Сонда «так-так жа-
ным, так-так» деп атын шыр айнала жүгірген екен.
Жігіт атын ұстап алады. Қуғыншылардың будақ-бу­

дақ шаңы көрініп, таяп қалғандықтан, жігіт атының өресін
алуға да сабыр қылмай қалыңдығын мінгестіріп, өрелі кер-
мен қашады. Шапса алдына ұшқан құс түсірмейтін кер ат
қуғыншыларға жеткізбей, аман құтылады. Жау қарасы

алыстаған соң жігіт пен қалыңдық аттан түсіп дем алып,
аттың өресін босатып, қайтадан ілгері құйғытып, еліне келеді.
Өрелі кердің осы жүрісіне риза болған күйші «Өрелі кер» күйін
шығарады.

9-136

күй  аңыздар 139. «Өрелі кер»

(ІІ нұсқа)
Бір байдың өріс тола жылқысын жау айдап кетеді. Жау­
дың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде
байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал-

құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады
да, шідерлеп бөлек баққызады. Күндердің күнінде кер ат­
тың аяғындағы шідердің бір тиегі ағытылып кетеді де, кер ат
өресімен қалады. Өрелі кер ат қалың жылқы үйіріне келеді де,

жылқыларды бастап еліне жетеді. Жау қолында кеткен қалың
жылқысын неше рет шапқыншы жіберіп ала алмаған бай кер
атқа риза болады да, ел ішіндегі күйшілерді жиып кер ат тура-
лы күй шығаруды тапсырады. Күйшілер күй атын «Өрелі кер»

деп қояды да, жаңа күй шығарады. 140. «Өрелі кер»

(ІІІ нұсқа)
Байдың жылқысын шауып алған бай кері атты шідерлеп
бөлек бақтырады. Жылқы соңынан қуа келген жылқышылар
жылқыны тартып алғаннан кейін кер аттың жоқ екенін біледі.

Сөйтіп, екі жігітті байдың ауылын торып, кер атты алып ке-
луге жібереді. Екі жігіт ел ішінің адамы боп ел қыдыра жүріп,
байдың ауылының малын байқастап кері аттың шідерлеулі
тұрғанын көреді де, ымырт жабыла атқа келеді. Кер атты

жүгендеп, енді шідерін ағыта бергенде байдың қуғыншылары
шу көтеріп, бұларға қарай құйғытып келе жатады. Шідерді
ағытуға шамалары келмей сасқалақтаған екі жігіт шідердің
бір тиегін ағытады да, өрелі керге мінгесе қашады. Өрелі кер

өресімен шапқанда қуғыншыларға жеткізбейді. «Өрелі кер»
күйі осыған байланысты шығарылыпты деген аңыз бар.

141. «Бейжін сары»

Ертеде малмен ғана күн өткізген қазақ халқы тіршілікке
қажетті басқадай заттарды алу үшін басқа елдермен сауда-
саттық жасап тұрған. Басқа елдерге малдардың даяр өнімдерін
бергенде ол елдерден әртүрлі бұл шай, қант сияқты заттар

халық  күйлерінің  аңыздары
алған. Сондай сауда-саттық жүргізген қалаларының бірі
Бейжін (Пекин) болса керек. Бейжінге дейін түйемен барып
қайтатын болған. Сауда-саттық жасау ниетімен аттанған бір

топ керуен талай шөлді, талай белді басып ұзақ жол жүреді.
Адамдар да қажиды, мал да қажиды, бөтен жерді жерсінбеген
мал жол-жөнекей бірлеп-екілеп өліп те отырады. Қажыған ке-
руен жол ортасынан астық-ау деген мөлшерде тағы тынығады.

Керуеншілер түйені матап-байлап, жүктерін жиып тастайды да,
өздері ұйықтайды. Керуеншілер жол бойында артына жиі-жиі
қарап, ұзақ жолды боздаумен өткізген сары атанды «осы қа­шып
кетуі мүмкін» деп ойлайды да, жүгімен қойып, мұрынды­ғы­

нан қазандай тасқа байлап тастайды. Түн ортасы болған ме­зет­
те сары атан байлаған тасты тісімен көтеріп, жүгімен қашады.
Өскен жерін сағынған сары атан осылайша туған жеріне келеді.
Түйе екеш түйенің туған жерге деген сағынышына таң­дан­ған

сыбызғышы осы күйді шығарыпты. 142. «Ат келді»

Бір тойда тұс-тұстан келген халық атпен бірге бәйгеге
Көгалай дегеннің көк аты қосылады. Көк ат ұзақтан келген
екен де, той істеген елдің ешкімі оның сырын білмейді. Сон­
дықтан оған назар да аудармайды. Қазақта тойдың сәні жүй­

рік пен жорға болғаны мәлім. Ат кеткеннен кейін қайтып
оралғанға дейінгі әңгіме тек ат туралы болады. Біреу ананы,
біреу мынаны айтып елпілдеген халық еліре сөйлеп алдыңғы
аттың кімнің аты екенін білмейді, бірақ көк ат екенін толық

айырып, сыбызғымен «көк ат келеді, көк ат келеді» деп күй
шертіледі. Көмбеге бірінші боп Көгалайдың көк аты келеді де,
сыбызғышының күйі «Ат келді» аталады.

143. «Жеті атым»

Өзі кедей, өзі сыбызғышы Делдал деген адам болыпты.
Делдалдың бірінен-бірі өтетін жүйрік жеті аты болады. Бір
күні жеті ат ұры қолына түседі де, жеті жүйрікті ұрылар алып
кетеді. Жеті атын іздеп шыққан Делдал бүкіл елді араласа да,

жеті атын таба алмайды, қай жақтан келген ұрыларға қолды
болғанын да білмей тарығады. Жүре-жүре дымы құрыған Дел-

күй  аңыздар
дал иен далада жалғыз торығып отырады да, беліне қыстырған
қурай сыбызғысын қолына алып, өзінің осы өкінішті қалін
сыбызғыға түсіреді. Тағы да ел аралап аттарын іздейді, енді

сыбызғысын тартып, жаңа күйін көпшілікке естірте жүріп
іздейді. Ел аралап бейсауат жүрген, сыбызғыдағы зарлы күйін
тоқтатпай тартып, торығып жүрген Делдалдың әрекетіне
таң болған төре сырын білу үшін шақыртып алып, жайын

сұрайды. Делдал барлық жағдайды айтады. Сыбызғышының
мүсәпір халін көріп жаны ашыған, өнеріне рахмет айтқан төре
жан-жаққа кісі аттандырып, оның атын ұрлағандарды тауып
әкелуді бұйырады. Жан-жаққа аттанғандар елді аралап жүріп

жеті атын ұрлаған ұрыны тауып, атпен қоса алып келеді. Төре
жеті атты Делдалға қайтарып береді. Сол Делдалдың жеті атын
іздеп жүргендегі күйі «Жеті атым» деген күй екен.

144. «Күй сандық»

Жаугершілік заманында бір ақсақал адам торғауыттардың
қолына түседі. Торғауыттар оны ауылына әкеліп, аяқ-қолына
кісен салып тастайды. Сол кезде ауылға бір сыбызғышы келеді.
Ауыл адамдары жиналып, сыбызғы тыңдайды. Сыбызғышы

«Күй сандық» күйін тартқанда тұтқын шал: «Мен осы күйге
билейтін едім»,—дейді. Кісенді шешіп, шалды билетеді. Шал
шебер биші екен. Оның өнеріне сүйсінген торғауыттар басы-
на бостандық береді және алтын тон сыйлайды. «Күй сандық»

торғауыттардың би күйі екен. 145. «Жаяу дел-дал»

Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының наз­
ды қоңыр үнін ести-ести жылқылары да сыбызғы даусына
әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда өрісте жатқан
жылқылары шұрқырап қораға келеді екен. Күндердің бір кү­

нін­де ұрылар тобы келеді де, байдың жылқысын айдап кетеді.
Бай ұры айдап кеткен жылқыларының ізіне түсіп артынан
қуады. Бірақ көзіне ештеңе шалына қоймайды. Жылқысының
қара­сын көре алмай торыққан бай бір төбенің басына шығып

алады да, дағдысына басып, сыбызғысын тартады. Ұры
қолында иірі­ліп айдалып бара жатқан жылқы сыбызғы даусын

халық  күйлерінің  аңыздары
естіп ұры­лар­дың қайыруына бой бермей, қайырыла қашып
сыбызғы тартып отырған байдың қасына келеді. Таң-тамаша
болған ұрылар жылқының соңынан қуа келсе, қалың жылқы

байды қоршап тұрғанын көреді. Ашуланған ұрылар байдың
қолын байлап тас­тайды да, сыбызғысын бөліп лақтырып
жіберіп, жылқыны айдап жүре береді. Қолы байлаулы бай
жүріп отырып үйіне келіп, дел-дал боп отырып осы күйді

тартыпты-мыс. 146. «Ақсақ қаз»

(ІІ нұсқа)
Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі—
көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бө­
леген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп,

өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп,
ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі
түседі. Ол бейғам жүрген қаздың шырқын бұзып, шырапатын
шығаруды ермек санайды, ерлік көреді. Қазды атып олжалау-

ды армандаған жігіт, бір күні мылтығын алады да, көл жағалай
бірі ұшып, бірі қонып өз қызығына масаттанып жүрген қаз­дар­
ға бет түзейді. Қамыс жиегін паналай келген мергенсымақ қаз­ға
оғым дариды-ау деген межелі жерге тоқтайды да, бір топ бала-

панын артынан ерткен ене қазды қарауылға алады. Ба­ла­пан­да­
ры­ның тәй-тәй жүрісін қызықтап тұрған қаздың тұрысы жігіт
дегбірін қоздырады. Мылтық даусы тарс ете түседі де, ойында
қуаныштан басқа ештеме жоқ ене қаз қанатын қағып-қағып

жіберіп, ұшарға дәрмені жоқ екенін білгеннен кейін көлге түсіп
жүзе жөнеледі. Жаңа ғана қанатын қомдап жүрген балапан-
дар шулай ұшып аралға өтіп кетеді. Ене қаз да аралға ілінеді.
Қазды қанжығасына байламаса да, оғы тигеніне масаттанған

жігіт атына мініп, ауылға тартады. Балапандарын ертіп аралды
мекендеген, ұшарға дәрмені жоқ ақсақ қаз уайыммен солады.
Күн артына күн келіп, күз болады. Құс қайтады. Барлық құс
сәнді сап құрып, ән маржанын төгілтіп, оңтүстікке бет алғанда,

бейшара болған ақсақ қаз ғана мұң мен зарын төгіп үйірінен
айырылып аралда қала береді. Күйші ақсақ қаздың осы мұңын
күйге қосқан екен дейді.

күй  аңыздар 147. «Ақсақ қаз»

(ІІІ нұсқа)
Баяғы өткен заманда шал мен кемпір болады. Олардың ақ­сақ
қазы бар екен. Мал дегенде жалғыз өгізі болады. Кедей­шілік,
жоқшылықтан әбден жауыр болады. «Ұлынабалы-Ысына­балы»

деген жер екен, жаугершілік кеп қалып көшіп жатқан ел екен.
Жау кеп қалып, жалғыз өгізіне қараша үйін, керекті мүлкін ар-
тып, шал кетейін десе, кемпірі мен қызы қалады, кемпірі мен
қызын алайын десе, баспанасы қалады. Сонымен, жансауғалап,

өгізге мініп шал кетіп қалады. Жұртта қалған қызы: «Енді
көрген күніміз не болады, беу-беу, құдай-ай?»—деп жылап
жатқан кезі...
Осы кезде бір тылсым күш көк бұқа ретінде келіп, кемпірдің

көз алдында тұрады. Кемпір сол зарымен көк бұқаға отырған
сәтте жау да төніп қалады. Бірақ көк бұқа ешбір жеткізбес­тен
кемпірді аман-есен шал мен қызына қосқан екен.

148. «Еркеатан күйі»

(І нұсқа)
Баяғыда бір шал мен кемпір болған екен. Олардың Ерке-
тай деген жалғыз қызы бар екен. Еркетайдың ботасынан өзі ақ
ірімшік беріп, еркелетіп, үйретіп асыраған тайлағы бар екен.

Еркетай оған Еркеатан деп ат қойған екен. Еркетай Еркеатан­
ның шудасына маржан тізіп, айдарына, екі өркешіне үкі тағып,
басына сылдырмақты ноқта кигізіп, жібектен өріп бұйда тақ­
қан екен. Қыз оны көзінен таса қылмай бағып жүреді екен. Ер-

кетай Еркеатанымен ойнап, ермек етеді екен. Шал мен кемпір
елсізде отырады екен. Бір күні қыз үйінде кесте тігіп, алданып
отырып қалыпты. Әлден уақытта Еркетайдың Еркеатаны есіне
түсіп, далаға шықса, көз көрімде Еркеатан көрінбейді. Қыз

қарап таба алмай, жез өкшелі кебісін қолына алып, алдындағы
таудың басына жүгіріп шығады. Сол кезде суға жығылып
жатқан Еркеатанын көріп қасына келеді. Бірақ батбаққа батып
қалған Еркеатанды қыз тұрғыза алмайды. Қайта жүгіріп тауға

шығып, әкесіне: «Еркеатан суға жығылды, арқан әкел, әке-
ке!»—деп, қыз айғайлайды. Алыстағы әкесі ести қоймайды.
Сөйтіп тұрғанда қыздың көзіне қара атты, торы атты екі жо-
лаушы түседі. Енді қыз соларға: «Қара атты мен торы атты,

халық  күйлерінің  аңыздары тоқта, тоқта!»—деп айғайлайды. Міне, қыздың осы айғайлап айтқанын домбырашылар күй етіп тартады. Мұны «Еркеатан күйі» дейді. 149. «Еркеатан» (ІІ нұсқа) Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. Ол уақытта қызға: «Не қалайсың?»—дейді екен. Сонда қыз: «Кішкен­тай­ дан бірге өскен ерке атанды қалаймын»,—дейді. Бірақ, әкесі «ма­лым­ның басы» дей ме, әйтеуір, атанды қимайды. Сонымен, қыз әке-шешесін, елін, жұртын тастап сыңсуға салып кете барады. Қызға әбден үйреніп, бауыр басқан ерке атан қыздың кө­ші­ нің артынан жүгіріп бара жатып дарияға түсіп кетеді. Сүйік­ті жануарына жаны ашыған қыз: «Әке-ке-ау, әке-ке-ау, ерке атан кетті, қайтейін»,—деп жылайды. 150. «Ортеке» Аңшы Құламерген таутекені көп атқан екен. Құламерген­ нің анасы баласы әрбір саяттан қайтқан сайын бір жапырақ етті кесіп қыл арқанға кигізіп қояды екен. Күндердің күнінде ар­қан етке толады. Сол күні оған түсінде аян болады. Таутекенің киесі қыз бейнесінде келіп «О, ана, сенің балаң неге бізді сонша есеп­сіз қырады? Тәңір оның ісіне ырза емес. Адам өзінің керегінен ар­ тық алуға қақысы жоқ. Құламергенге сәлем айтыңыз, оның ше­ легі толды. Енді бір тамшы қан төксе, қарғысқа ұшырайды»,— дейді. Шошып оянған анасы баласына: «Қарағым, сен арқан үстіне шықтың, ендігі жердегі саят жақсылыққа апармайды. Садағыңның бауын шешіп, аңшылықты тоқтат енді»,— дейді. Алайда таутекенің терісін саудагерлерге сатып, пайдаға құнығып алған Құламерген анасының айтқан сөзіне құлақ аспай, тағы да аңшылыққа шығады. Сол күні күн бұлт болады. Тау ішіне кірген Құламерген бірде-бір текені таба алмайды. Әбден шаршап шөлдеген аңшы бір тастың тасасына от жағып, шай-су ішпек болады. Осы кезде жанынан бұрын көрмеген

күй  аңыздар
сүттей аппақ, мүйізі алтын бір теке көлденеңдеп өте береді. Әккі
Құламерген садағын жұлып алып, қандыауызға жебені салып
жіберіп, шірей тартып жібереді. Жалп етіп құлаған текені де­реу

бауыздап жіберіп, етін мүшелеп бұзады. Терісін тұздап орап, бір
асым етті қазанға салып демалуға отырады. Сол отырған бойы
қалғып ұйықтап кетеді. Бір уақытта дүрс еткен әлдебір дыбы-
стан шошып оянады. Қараса, бағанағы өзі бұтарлап тастаған ақ

теке түк болмағандай, оққа ұшпағандай, сойылмағандай қар­
сы алдында бүп-бүтін тұр екен. Көзінен от шашқан теке қатты
қорыққан Құламергенді үш рет айналып басынан бір қарғиды
да, жайылып кете береді.

Ертеңіне Құламергеннің аты үйіне бос қайтады. Аңшының
анасы атты ары-бері айналып қайран қалады. Ертоқым бүтін,
қару-жарағы аман, тек Құламергеннің өзі жоқ. Білгір әйел атты
зерлей қарап жүріп оның бауырының күйгендігін байқайды.

Байқайды да: «Балам арасанға түскен екен» деп жорамалдай-
ды (арасан—қайнап жатқан ыстық бұлақ). Атқа мінген ана өзі
білетін арасандарды аралап жүріп біреуінің ішінен әбден пісіп,
сүйегі езіліп кеткен баласының мәйітін табады. Осы хикаяны

естіген бір домбырашы: «Бұдан былай аңшылар жөн-жосық­
ты бұзбасын, керегінен артық алмасын»,—деп осы өнеге күйді
шығарған екен.

151. «Кәрібоз»

Бұрын біреудің Кәрібоз деген жүйрігі болыпты. Кәрібоз
құнанынан бастап қартайғанға дейін рулы елдің ішінде болған
ірілі-уақты барлық тойда алдына ат салмаған жүйрік атала-
ды. Кәрібозды көріп талай той иесі бәйгесін шаппай беріпті.

Кәрібоз қартайып, алжыған шағында Салторының атағы
жайы­лады. Салторы көмбеден ат шыққан жерде-ақ, суырылып
алдына шығып, сол күй шаңын көрсетпестен көш бойы бұрын
келеді екен. Кәрібоз қырық жасқа келіп, жүрісінен жаңылып,

қырқылжың тартқанда бір үлкен той болып, бәйгеге Салторы
қосылады. Сағымдай сылаңдап, шұлғып басып, ауыздықпен
алысып кетіп бара жатқан бәйге аттарын көрген Кәрібоз өріс­
тену шапқан күйі иесінің үйіне келеді де, жабыққа басын са­лып,

тықыршып тұрып алады. «Қасиетті жануарым алжыған екен»,
деп ойлаған иесі Кәрібоздың тықыршығына төзе алмай: «Тағы

халық  күйлерінің  аңыздары
бір шауып келгісі келіп тұр ма?» дейді де жүгендеп, бір баласын
мінгізіп, бәйгеге кеткен қалың аттың соңынан қоя береді. Үйден
шыға құйғыт жөнелген Кәрібоз ілезімде-ақ бәйге аттарды қуып

жетіп, қатарға қосылады. Аттар межелі жерге барғаннан кейін
қайтарылады. Салторы дағдылы әдетімен ә дегеннен-ақ оқ бойы
атылып шығып, көпке дейін алдына ат салмайды. Осы сәтте:

—Мен бекерге жарыспан,

Мен қалғам жоқ жарыстан.
Алыспан да, салыспан,
Салторыдан қалыспан,—
деп Кәрібоз да топ ортада келе жатыпты. Қыза шыққан

Кәрібоздың қадамы қарыштай түседі. Сөйтіп, көмбелі жерге
Кәрібоз Салторыдан бұрын келеді де, келе сап пышаққа ілінеді.
Тойға жиналғандар «Қасиетті жылқы еді»,—деп Кәрібоздың
етін бір-бір жапырақтан бөліп алады.

152. «Майдажал»

Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама
жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат
шап­пайды, бап шабады. Қаз мойынды жүйрігі, жол жұмсатар
жорғасы жоқ. Барға бағымы, малға қыры жоқ адам»,—деседі

екен қариялар Қазанғап туралы. Қариялардың айтқанына іш­
тей күйінген, әрі алдына жан салмас жорға мен жүйрікті арман­
даған Қазанғап уайымдайды да қояды екен. Сөйтіп жүргенде
бір күні оған «Ел мені мал танымайды деп сөгеді. Мал танитын­

дарды әкеп таңдатайын, қалың жылқының ішінен бірі болма-
са, бірі табылар» деген ой келеді де, ат таниды-ау деген білгіш
атаулыны ертіп кеп, жылқысын жиып бір-бірден көрсетеді.
Бірақ қанша адамға көрсетсе де, жорға мен жүйрік шықпайды.

Қазанғап шынымен-ақ жорға мен жүйрікті маңдайыма жаз­
баған екен деп, торығып отырған бір күні ауылға жалбыр ша-
панды жігіт келе қалады. Бай үйінен орта құрсақ тамақ ішкен
жігіт бай әдейілеп сұрамаған соң, нендей шаруамен келгенін де,

қайдан келгенін де айтпайды. Тысқа шыққан баймен ере шығып
желі басына барады. Мама бие, жалды айғырлар мен желідегі
құлындарға тесіле қарап тұрған жігіт бір мезетте байдан бөлініп
шығып, желінің орта шенінде байлаулы тұрған сары құлынның

қасына барып, ар жақ, бергі жағына шығып, көп қарайды да,

күй  аңыздар
байдың қасына келеді. Жалбыр шапанды жігіттің бұл әрекеті­
не таңданған бай одан құлынға неге қарағанын сұрайды. Сон-
да жігіт: «Жорғаның жорғасы болатын жануар екен»,—дейді.

Бай қуанып кетеді де, жігітті үйіне ертіп келеді, қойын сойып
құрметті қонағы болдырады, құлынның жорға болатын қандай
белгілері барын, күту жолдарын сұрайды. Жігіт барлығын да
асықпай отырып айтып береді. Бай сары құлынды сол күннен

бастап жігіттің айтуы бойынша баптап бағады. Сары құлын
тай болғанда майда жалы жер сызады, құнанынан бастап, өле-
өлгеніне дейін алдына шаң түсірмеген жорға болады. Қазанғап
жорғасын «Майдажал» атайды. Майдажалдың жорғалауына

таңданған домбырашы оны мақтап осы күйді шығарады. 153. «Жалқы жігіт»

Қоралы жылқы біткен жалғыз жігіт жылқысын бағып жүр­
генде, тосыннан келген жау жылқысымен қоса өзін де қолға
түсіреді. Жау қолынан құтылудың амалын таппай, торыққан
жігіт жаудан жылқысын аралатуды өтінеді. Жаулар жанына

бірнеше бақылаушы ертіп беріп, жылқысын аралауға ұлықсат
береді. Қолы байлаулы жаяу жігіт жылқыларын аралап жүріп,
өткен өмірін ойлап толғанғандағы толғанысы екен дейді. Бұл
күй жалғыз ұлы жау қолына түскенін естігенде шешесі мен

келіншегінің зарлауы да бар мұнда. 154. «Жетігеннің жетеуі»

Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған
өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бі­
рінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда
өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының

бір шеті қарияның шаңырағына да жетеді. Балалары бірінен соң
бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып,
аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бе­
тіне жылқы қылынан бір ішек тағып, сазды мұңға толы жоқтау

әнін салады. Осы жеті түрлі әуенді шығарып, әр баласының
мінез-құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады.
Үлкен ұлы Қани қайтыс болғанда шал «Қарағым» деген
күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға—«Қанат сынар»,

халық  күйлерінің  аңыздары
үшінші баласы Жайкелдіге—«Құмарым», төртінші Бекенге—
«От сөнер», бесінші Қауасқа—«Бақыт көшті», алтыншы бала-
сы Жұлзарға—«Күн тұтылды» деген күйлерді арнайды. Қарт

ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші ішегін
тағып, ұзақ тартылатын соңғы күйін шертеді. Шалдың балала-
рына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасы-
на «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді.

155. ҚОРҚЫТ /ІX ғасыр/

(І нұсқа)
Қорқыттың кіндік қаны тамған ата мекені Қараспан тауы
еді дейді. Ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып,
құрсақтағы баласын үш жыл тоғыз күн көтерген екен. Сол үш

жылдың әр жылында толғақ қысып, дүниеге нәресте келетін­
дей қамданып, Қорқыттың анасы бөбеу қаға қиналатын болған.
Бірақ бірінші жылы да, екінші жылы да бала тумайды.
Содан үш жыл тоғыз күн дегенде Қорқыттың анасын шын

толғақ қысады. Бұл жай толғақ болмайды, дәл сол күні Қор­
қыттың анасымен бірге бүкіл дүние қоса толғатып қинал­ған­
дай, көк жүзін түнерген қара бұлт торлайды. Күн күркіреп,
найза­ғай ойнап, дауыл соғып, дүниенің астан-кестеңі шығады.

Мұның бәрін дүниеге келер нәрестенің киесіне жорыған жұрт­
ты үрей билейді.
Бұл жөнінде ел есінде сақталған мынандай сөз бар:
Қорқыт туған кезінде

Қара аспанды су алған,
Қара жерді құм алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туғаннан соң қуанған!

Шынында да, Қорқыт туысымен жел тынып, бұлт ыдырап,
күн шығып, дүние тіршілік маужыр күйге түседі. Жұртшы­лық
мұны да жақсы ырымға балап: «Бұл бізді қорқытып дүниеге
келген бала болды, есімі Қорқыт болсын!»—деп, құлағына үш

рет айқайлап, атын Қорқыт қояды.
Қорқыттың дүниеге келуі қандай бөлек болса, оның өмірі де
сондай ерекше болады. Жастайынан ұшқан құс, жүгірген аңға,
Күй және күйшілер туралы

аңыздар

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
соққан жел, жауған жауынға ден қойып, табиғатпен тілдес бо-
лып өседі.
Күндердің бір күнінде, бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт

түс көреді. Түсінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіре­
ген әулие қарт аян береді: «Уа, Қорқыт, тұр!—дейді әулие.—Сен
бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атанның жілігіндей
болсын, шанағы қара бақырдай болсын, көні аруананың бауыр

терісінен болсын, тиегі ор текенің мүйізінен болсын, ішегі бесті
айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңның аты қобыз бол-
сын. Сол қобыз қиялыңа қанат, жолыңа шырақ, жаныңа ара­ша
болар!»

Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянса, көкірегі
күйге толып, көмейінен сөз саулағандай халде екен дейді. Сол
бетінде қобыз жасауға кірісіп, әулиенің қойған барлық шарт-
тарын орындайды. Сонан соң қобызды қолына алып, құлағын

бұрап, қияғын шалып көрсе, сарнап қоя береді. Әлгі көкірегін
кернеген күй қобызына көшіп, аспан асты сазды сарынға бө­
ленеді. Ұшқан құс, жүгірген аң, ескен жел—бәрі сүттей ұйып,
қобыз күйін тыңдайды.

Қорқыт тартқан көп күйдің бір қайырымы осы екен. 156. «Қорқыт»

(ІІ нұсқа)
Қорқыттың қырық жыл ғана өмір сүретіні аян болады. Осы-
дан кейін Желмаясын желдей ұшырып өлімнен қашады ғой.
Қашқанмен Жаналғыш алдын орап, қайда барса Қорқыттың

көрін қаздырып жатады. Бірақ көпке дейін Жаналғыш Қорқыт­
тың жанын алуға бата алмай, құр босқа төңіректеумен болады.
Ақыры, бір күні Жаналғыш алтыннан сандық соқтырып,
Қорқыттың жанын алуға бел буып, сайланып шығады. Мұны

күні бұрын болжап білген Қорқыт ажалдың тұзағына түспеудің
амалын ойлайды.
Күндердің күнінде Жаналғыш ақыры Қорқытпен бетпе-
бет келіп: «Кір мына сандыққа!» деп бұйырады. Қорқыт болса

күні бұрын ойластырған амалына салып: «Кіруін кірер едім,
бірақ мына қалпымда сандыққа қалай сиямын? Алдымен өзің
кіріп көрсет, сонан соң дегенің болсын!»—дейді. Сол жерде
Жаналғыш сандыққа кіріп көрсетпекші болғанда Қорқыт оны

күй  аңыздар
тарс жауып, аузын ашылмастай бекітеді де, дарияның суына
ағызып жібереді.
Жаналғыш сандыққа қамалған қалпы ағып кете барады.

Сөйтіп, халық көпке дейін өлім дегенді білмей, шат-шадымен
ғұмыр кешетін болады.
Сол кезде дарияның аяғында ауы бос шықпайтын керемет
бір ақжолтай балықшы болады екен. Бірде Жаналғыш қамал­

ған сандық әлгі балықшының ауына түседі ғой. Балықшы «бұл
не­ғылған сандық» деп аузын ашқанда, сандық ішінен долдана
ақырып Жаналғыш шығады. Ашу үстінде көзіне көрінген ба­
лықшының жанын алады. Сонан соң, Қорқыттың жанын алу

үшін кектенген қалпы іздеп кетеді.
Ал Қорқыт болса бұл кезде Жаналғыштың өкшесіне түске­
нін есіне алып, «аңдыған жау—алмай қоймас!» деп мұңайып,
сол көңіл-күйін қоңырлатып қобызына салған екен.

157. «Қорқыт»

(ІІІ нұсқа)
Жаналғыш Қорқыттың жанын алмақшы болып, өкшелей
қуып қоймайды. Сонда Қорқыт тағы да бір амалын келтіріп,
өзінен аумайтын қырық сурет салады да, қырық бірінші болып

қатарына өзі отыра қалады.
Сонан зәрін шашып, қаһарын төгіп, Қорқыттың жанын ал­
маққа Жаналғыш жетіп келеді ғой. Келсе, қаздай тізіліп бір-
бірінен айнымайтын қырық бір Қорқыт отыр дейді. Жаналғыш

әрі қарап, бері қарап қайсысының Қорқыт екенін айыра алмай
амалы таусылады.
Жаналғыш шын түйіліп келген бір жолғы қаһарынан Қор­
қыт осылай құтылып еді дейді. Осыдан кейін бұрынғыдан да

жабырқап, қара қобызынан мұңды қоңыр күйлерді азыната
төгетін болады. Қорқыттың қоңыр күйлерінің тартылу мәнісі
осы болса керек.

158. «Қорқыт»

(ІV нұсқа)
Қазақ халқы Қорқытты саз құдіреті, оның ішінде қобыз­дың
атасы деп атайды. Адам жанының ең асыл сыры қобыз үнін­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
де деп біледі. Сондықтан да өз кезінде бойларындағы құпия
қуаттың сипатын жұртқа жария ету ісінде ел ішіндегі бақсы­
лар қобыз сарынын пайдаланып отырған. Қобызды дәріптеп,

киелі саз құралы санатында жұрттың санасын ұйытып, жүре­
гін елжіреткен. Қобыздың сиқырлы қасиеті жалынды жырмен
бейнеленген.
«Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.
Ақ қайыңның безінен
Айырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған, қобызым.
Өзегінен еменнің
Ойып алған, қобызым.
Ақ ырғайын қиянның

Құлақ қылған, қобызым.
Қыл құйрығын құланның
Ішек қылған, қобызым.
Тәутекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым.
Тобылғының шыбығын
Қияқ қылған, қобызым».
Осылайша бұрқырата жыр төгу арқылы қобызбен күңі­рен­

те күй шерте отырып, Қорқыт атаның жарық дүниеге құш­
тар­лығын, өмірде жақсылықты асыру жолындағы арманын,
қа­жыр-қайратын аңыз қып айтады. Бабаның ұлы мұратының
желісін қобыз сарынымен ел жүрегіне жеткізіп, ой-сананы

тербейді, жанын елжіретеді. Сарнаған қобыз үні құдірет болып
сезіледі. Ал домбырада шертілетін «Қорқыт» күйінің ырғағы
да, желісі де өзгешелеу. Мұңды күңіреніс сарыннан гөрі толға­
ныс, бұрқаныс бунағы басым. Қасиетті бабамыздың басынан

кешкен уақиғалар мен көңіл-күйін ашып, адам ойына ұлылық­
тың ұрығын себуге арналған сыңайы бар. Осыған орай, аңыздар
да сол мұраттан тарамдалады.
Қорқыт ата желдей жүйткіген желмаясымен қалың қат­

парлы таулардың сай-саласын аралап, есілте жортып келе жа-
тады. Жайқалған жасыл нуға бөленген таудың бір жотасына
шықса, екі жағы жалама жартасты шұңғыл аңғардың ішінде
қиян-кескі соғыс жүріп жатыр екен. Қирай сұлаған адам

күй  аңыздар
өлігінен аяқ алып жүргісіз, әлі тірі қалғандары бірін-бірі най-
залап, қылыштап, таласқан итше шайнасады. Біреуді-біреу
парықтамайды. Көздерін қан жапқан, әкесі қарсы келіп қалған

баласын, ағасы інісін соққылайды.
Ақыл-есінен адасып, құтырғандай арпалысады. Тағы аңша
жұлқысып, бірін-бірі жүндей түтеді. Осы арада Қорқыт ата
төбенің басына отыра қалып, қобызын күңіренте сарнатады.

Сиқырлы, зарлы сарын тау-тасты жаңғыртады. Зарлы үнге
балқығандай тау шайқалып, жер теңселеді. Ес-түссіз алысып
жатқан адамдар тәлтіректей теңселіп барып, сұлай-сүлай ке­
теді. Қан жоса боп жатқан өліктер қорғасындай балқып ериді

де, әрқайсысы домалаған қой тастарға айналып кетеді.
Күйін безілдете сарнатқан Қорқыт атаның жаны күйзеліп,
ойы шалқиды. Мына тайпалардың адамдарына мына ұлы
таудың құшағы тарлық етті ме? Туыстығынан бездірген обыр­

лықтың кесірінен бір-бірінің жаулығы соның салдары ма?
Неге түбін ойламайды бұлар? Мынандай қанды қырғын ха­лық­
ты құрдымға құлатпай ма? Жалпақ әлемнің құшағынан құ­
лашты еркін жаятын жер табылар-ай. Ал адам баласын ақыл­ға

келтіретін, өлімді тиятын шара бар ма? тәңір сормаң­дай пен­
делеріңе өзің жар бола гөр!.. ендігі өмірімді, ақыл-ойым­ды осы
жолға жұмсайын...
«Құлпырып тұрған қамқа тон,

Шүперек болар тозған соң.
Бүрлеп тұрған бәйшешек,
Қурай болар солған соң...»
Елінің қамын ойлаған Қорқыт атаның жүрегі қан жылай­ды.

Тайпаның тағдыры жанын күйзелтеді. Жердің желінін ембей,
желкесінде ойнақтаған асау тайпаның күйреуі—қайғысы бола-
ды. Осы қасіретті тебіреніспен Қорқыт ата желмаясына мінеді
де, тынысы кең, тарпығы жоқ, өлімді білмейтін жер іздеу үшін

дүниені шарлап кетеді. Ұзақ жол тартады. Бір күні қалың
орманның шетіне шығып, жалпақ жазыққа көз салып тұрады.
Айналасына қараса, орманның шетінде біреу жер қазып жа-
тады. Бұл күннің батысына барған кезі екен. Әлгі жер қазып

жатқан адамның қасына келсе, жас жігіт екен. Қорқыт ата жөн
сұрайды:

—Бір адамның өмірі өшкен екен-ау, бұл кімнің көрі? Жігіт

жолаушыға қадала қарайды да:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—Бұл Қорқыттың көрі,—дейді.

Мұны естіген Қорқыт ата өзінің де қартая бастағанын сезеді.
Бірақ адам баласын өлімнен құтқарып, бақытқа кенелтемін
деген ойы жебейді. «Мен әлі мұратыма жеткен жоқпын, арма-
нымды орындамай өлмеймін». Осы оймен артына бұрылады.

Қатпар-қатпар құм кешіп, аңызғақ ескен жол басып, асқар-
асқар таулардан асады. Таудың етегіне түскен кезде жер қазып
жатқан біреуді көреді. Дене бітімі шомбалдай жігіт ағасы екен,
жөн сұрайды. Ол да сұсты көзбен қарап, Қорқытқа көр қазып

жатқандығын айтады. Алдынан шырадай жайнап шығып келе
жатқан күнді көреді де, солға бұрылады. Қалың орман, қатпар
таулардан, адырлы өлке, батпақты саздардан өтіп, жайқын те­
ңізге жетеді. Теңіз жағасында тасты ойып, жер қазып жатқан

орта жастағы адамға кезігеді. Ол да Қорқытқа көр қазып жат­
қандығын айтады. Қорқыт ата өзінің қуаты қайта бастағанын
сезеді. Тағы да бөгелместен жылжып оңға бұрылады. Көлдерді
жағалап, айдынды өзендерден өтеді. Жалпақ даланы шарлай-

ды. Алдынан айнадай жарқырап жатқан жалпақ өзен кезігеді.
Өзеннің жар қабағында бір шал жер қазып жатады. Шаршап-
шалдығып жеткен Қорқыт ата:

—О, қадірлі қария, бұл кімнің көрі?—деп сұрайды. Шал

қамыға қарайды да:

—«Өзекті жанға бір өлім», одан қашып қайда барып құ­

тылмақсың, Қорқыт? Бұл сенің көрің, енді осыған кір де, ты-
ныс ал!—дейді.
Қайда барса да өзіне қазылған көрге тап болған Қорқыт
атаның көзіне өлім нышаны елестейді. Аппақ қудай сақалы

желбіреп, сол арада жүгіне отыра қалады. «О, жарық дүние, қа­
діріңді білмеген адам баласына ақыл бер, қамқор бол! Жердің
көркі елмен, елімді емірентпек едім, ол ойымды асыруға уа­
қы­тым жетер емес. Жалғыз өзімнің қолымнан келмейді екен,

соны білмеппін. Көп біріксе, көл емес пе, соны ойламаппын.
Сол күйімді қолдай көр...».
Қорқыт ата сол арада жарық дүниеге тілегін айтып, өзінің
ақырғы қоштасу күйін шерткен екен...

Осы арман домбыра үнімен берілетін «Қорқыт» күйі мұң­
ды да, зарлы да емес, теңіздің толқынындай ширатыла бұ­
рал­ған дауылды бұрқаныс, домбыраның бунақты үні, күм­бір­
леген дүмбірлі сарынмен өне бойды шымырлатады. Жүректі

10-136

күй  аңыздар
тебірентіп, ғажайып сырлы ойларға батырады. Адамның са-
насын шайқап, жігерлі сенімге баурайды. Күй ырғағындағы
тебіреніс ойға бөлеген толғаныспен құшағы кең әлемге жете­

лейді. Бауырмалдықтың, тіршіліктің сырын ұғуға баулиды.
Жаныңды жайнатып, туыстық сезіміңді жетілдіреді. Қырқыс
қиянаттан жирендіреді.

159. «Аққу»

(ІІІ нұсқа)
Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт бұрышын шарла­
ғанда жанынан сауғаны өзінің кіндік жұрты Сырдың суынан
тапқан ғой. Желмаясының жабуын су үстіне төсеп, оған жай­

ғаса отырып алып, қара қобызын бебеулеткенде аңдыған ажал
маңайына жолай алмаған.
Қорқыт қобызды тынымсыз тартқан. Ол қобыз тартқанда су
ағысын тоқтатып, жел тынып, жан-жануар анталап келіп ұйып

тыңдайды екен.
Бірде Қорқыт әдеттегідей күй сазын сарнатып отырса, көкте
ұшып бара жатқан бір топ аққу естіп, айнала ұшып, ақыры
қанат бүгіпті дейді. Аққулар мұңлы күйдің дауысына елтіп,

қара қобызға үн қоса бірге сұңқылдасып, Қорқытпен бірге
мұңайған екен.
Көңіліндегісін күй етіп шалатын Қорқыт құстың төресі
аққудың мейірімді қасиетін қобызына салады.

Ұрпақ есінде «Аққу» күйі болып сақталған күй сол еді дейді. 160. «Желмая»

(І нұсқа)
Қорқыт есейіп, бәсіре байланар жасқа келгенде Қыпшақ
еліндегі нағашыларына барыпты. Нағашылары Қорқытқа
«таутайлақтың» тұқымынан өркені түскен бота сыйлайды. Қор­

қыт ботаны нәрестедей мәпелеп, тіл-көзден қорғаштап, сылап-
сипап өсіреді. Тірсегі бекіп, табаны қата келе бота Қор­қыттың
соңынан қалмай ілесіп, бір сәт көз жазса боздап мазасы кетеді
екен. Тайлақ болып, танауы тесілген соң да не келеге қосылмай,

не бөтен адамды маңайына жолатпай, тек қана Қорқытқа ба­
уыр басып өседі. Тайлақтан кейін құнанша, одан әрі буыршын

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
болған шағында жүрісіне тұяқ біткен шыдамайтын, табаны
мұздан таймайтын, жеті күн, жеті түн от оттап, су ішпесе, мыңқ
етпейтін, тықыр бұйра Желмая болып шыға келеді.

Қорқыттың «Желмая» күйі осынау қанатты көлігіне, сенім­
ді серігіне арналған екен.

161. «Желмая»

(ІІ нұсқа)
Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойы­
луы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған
жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қаша­

ды. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабы­
ғын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі
қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың атын «Қорқыт»
қою керек деседі.

Бір заманда біреулер түсінде Қорқытқа: «Қырық-ақ жыл
жасайсың!»—деп аян беріп кетіпті, содан кейін Қорқыт желден
жүйрік Желмаяны жазылап мініп, мәңгілік өмір іздеп шыға­ды.
Әлемнің бүкіл елдерін аралап, бәрінде де өлім бар екенін көр­ген

соң, Сырдарияға қайтады. Желмаясын құрбандыққа шалып,
өзі судың үстіне кілем төсеп отырып, Қорқыт қобызымен өмір
әнін шығарыпты. Осы ән айтылып тұрған кезде өлім Қорқытқа
жақындай алмайтын болыпты. Қалжыраған Қорқыт бір ме-

зет қалғып кеткенде, ажал оны жылан болып шағып, өлтірген
екен. Бірақ Қорқыт күйі ажалмен айқасын тоқтатқан емес. Күй
тартылған жерге ажал бара алмайды-мыс. Сол заманнан бастап
Қорқыт бейнесі өмір үшін өлімге қарсы күреспен байланысты.

162. «Елім-ай, халқым-ай!»

Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп,
дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын
қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар ай-
тады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара

қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найза-
сы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанның қомында
өмір өткеретін жаугершіл заманын елестетіп мұңға батса ке-
рек.

күй  аңыздар
Осындайда қасиетті қара қобызын шамырқана толғап:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені қараң болар!—
дейді екен.
Қорқыт атаның сол сарындары ел ішінде «Елім-ай, халқым-

ай!» деген күй болып тартылады. 163. «Сарын»

(І нұсқа)
Қорқыт жиырма жасқа толғанда ақ сақалы беліне түскен, ақ
таяғы көк тіреген әулие келіп, тағы да түсінде аян береді: «Уа,
Қорқыт, бұл жарық дүниеде саған қырық жыл ғұмыр маңдайы­

ңа жазылған, одан артық жүрмейсің!» дейді. Ояна келсе түсі екен,
әулиенің айтқан сөзі өңіндегідей құлағында қалып қояды.
Осыдан кейін-ақ Қорқыт қатты тіксініп, өлмеудің амалын
іздеп, Желмаясына мініп, дүниені кезіп кетеді.

Күндердің бір күнінде Қорқыт дала кезіп келе жатса үпір-
шүпір болып жер қазып жатқан бір топ адамға ұшырасады.
«Ау, бұл қазып жатқандарың не?»—деп жөн сұраса, әлгілер:
«Қорқыт әулиенің көрін қазып жатырмыз!» деп жауап береді.

Мұны естіген Қорқыт Желмаясын бұрып, келесі бір қиырға бет
түзейді. Бірақ шаршап-шалдығып, енді бұйда тартып тыны­
ғам дегенде алдынан тағы да көр қазушылар ұшырасады. Жөн
сұраса келсе, олар да Қорқыттың қабірін қазушылар болып

шығады. Осылайша, Қорқыт өлімнен қашып, дүниенің төрт
бұрышын шарлағанымен, алдынан өзіне арнап көр қазушылар
кездесе береді. «Қайда барсаң—Қорқыттың көрі!» деген ескі сөз
осыдан қалыпты дейді.

Содан әбден тарығып, титықтаған Қорқыт жер ортасына
жетсем, жаным қалар деп, өзінің туған жері Сырдың жағасына
жетеді. Сол жерде Желмаясын сойып, оның терісімен қаңсыған
қара қобызын қаптайды. Сонан соң судың бетінен көр қазыл­

мас деп, Желмаяның жабуын Сырдың суына жаяды да, соның
үстіне жайғасады. Сол жерде осындай халіне қамыға отырып,
қара қобызын мұңды сарынға салған екен. Осы сарынның бір
қайырымы ұрпақтардың есінде сақталған ғой.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Қорқыт Сыр суының үстінде жүз жыл бойы өмір сүріпті дей­
ді. Бұл уақыт ішінде қобызын тоқтаусыз сарнатып, ажалды ма­
ңайы­на жолатпапты дейді. Қорқыт қобыз тартқанда жел тынып,

су ағы­сын тоқтатып, жан-жануар ұйып тыңдайтын болса керек. 164. «Сарын»

(ІІ нұсқа)
Қорқыт өлімге мойын ұсынбай, Сыр суының үстіне Жел­
маясының жабуын төсеп, қобызын толассыз сарнатып оты­ра­ды
екен дейді. Қара қобызын сарнатып отырғанда ажал маңайы­

на жолай алмапты. Қобыз дауысы жеті күндік жерге жетіп,
дүниенің бәрін сүттей ұйытса керек.
Күндердің күнінде қиян шалғайда жатқан Арқадағы бір
ауылдың серуен құрып жүрген қырық қызы Қорқыт қобызы­

ның дауысын естиді. Естулері мұң екен, қырық қыздың тұла
бойы қорғасындай балқып, қобыздың талып жеткен үніне
ынтыға құлақ түріп, өзге дүниені ұмыта ынтығады. Сол халде
жеті күндік жерден талып жеткен қобыз дауысын бетке алып

жүріп кетеді. Жүрген сайын үні айқындалған қобыз сазы қы­
рық қызды одан сайын баурап, үздіге шақырғандай болады.
Қобыз дауысын ынтыға ұмтылған қырық қыз күн жүреді,
түн жүреді. Жүрген сайын күйдің алапаты асқақтап, құдіреті ар-

тып, одан сайын баурай түседі. Қамсыз шыққан қырық қыз сол
беттерінде Бетбақ деп аталатын елсіз-күнсіз шөлге тап болады.
Табандары тілініп, еріндері кезеріп, жол азабынан гөрі шөл аза-
бы жандарына батады. Бірақ қыр астынан естілгендей сарнаған

қобыз үні қыздардың сүлдерін сүйреп, сұңқылдай шақырады.
Ақырында қырық қыздың отыз тоғызы Бетбақтың шөліне
шыдамай, әбден титықтап, шөлден өледі. Тек бір қыз ғана таң­
дайы кеуіп, табанының ойылғанына қарамастан, Сырдың жа­

ғасына жетіп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссіз құлайды.
Қорқыт ақсақ қыздың аузына су тамызып, басын сүйеп,
мән-жайды сұрап біледі. Басқа қыздардың шөл азабын тар­тып,
жолда қалғанын естіп пұшайман болады.

Кейін жаңағы Арқадан арып-ашып жеткен ақсақ қызбен
Қорқыт көңіл жарастырып, соған үйленген екен.
Арқадағы қырық қызға талып жеткен Қорқыт қобызының
сарыны ұрпақтан ұрпаққа «Сарын» деген күй болып жетеді.

күй  аңыздар
Күні бүгінге дейін Арқада, Ұлытаудың батысында, Дулыға­
лы Жыланшық өзенінің сол жақ жағалауында «Сарын жеткен»
деген шоқы бар. Жергілікті халық бұл шоқыны «Сарын тауы»

деп те атайды.
Ал Қорқыт көңіл қосқан ақсақ қыздың бейіті Қорқыт бейі­
тінің солтүстігінде, Арқа жағында күні бүгінге дейін бар. Жер­
гілікті халық бұл бейітті «Ақсақ қыздың мұнарасы» деп атайды.

Бұдан да өткен қызығы—Сарын тауынан шығып, Сырдың
жағасындағы Қорқыт бейітіне тура жүргенде, Арыс құмының
батыс жақ өкпе тұсынан «Қыз қалған» деген жерді кезіктіруге
болады. Бұл жер шынында ұшқан құстың қанатын талдыра-

тын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын қу медиен құла дүз.
Міне, туған жердің төсінде ата-бабамыздың шежіре сыры
осылай сақталып келеді.

165. «Тарғыл тана»

Қорқыттың Желмаясы астында, қара қобызы қолында
үнемі ел аралап, адасқанға жөн сілтеп, аңырғанға ақыл беріп,
сәуегейлік құрады екен. Төңірегіндегі көзі көріп, көңілі түскен­
ді қобызына күй етіп қосып, алдағыны қырық жыл бұрын бол-

жайтын болыпты.
Күндердің бір күнінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк
тіреген бір әулие Қорқытқа түсінде аян береді: «Уа, Қорқыт, сен
өлімді аузыңа алмасаң, саған еш уақытта өлім жоқ!»—дейді.

Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянады да, «Тәңірінің
бұл да бір сыны болар» деп көкейіне түйіп алады.
Содан жылжып жылдар, сырғып күндер өтеді. Ақ сақалды,
ақ таяқты әулиенің айтқан өсиетін естен шығармай, өлім туралы

сөзді аузына алмай, қобызын тартып, ел аралап жүріп жатады.
Бірде Желмаясының бұйдасын тартып, бел жазып отыр-
са бір ауылдың тайлы-таяғы қалмай жабылып қашаған өгізді
қайыра алмай жүргенін көреді. Сол жерде Қорқыт Желмаясы-

на міне салып, қашаған өгізді қайырып бермек болады. Бірақ
өгіз Қорқыттың Желмаясына да бой бермейді. Қуа-қуа әбден
титықтап шаршайды. Сонда Қорқыт: «Қап, саған өлсем де жет-
пей қоймаспын!»—деп Желмаясын тебіне түседі. Осы сөзді ай-

туы мұң екен тарғыл тана тасқа айналып, қатып қалады. Тасқа
айналар алдында тарғыл танаға тіл бітіп:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Менің өзім қара едім,
Қарадан туған ала едім.
Туған жерім—Қазалым,

Мына тау болды-ау ажалым!—
деп дөңбекши ыңыранған екен.
Сол жерде өлім туралы сөздің аузынан шығып кеткеніне Қор­
қыт қатты өкініп, мұңға батады. Бірақ болар іс болды, енді тағ­

дырдың жазуынан қашып құтылудың амалын ойлайды. Сөй­тіп,
Желмаясын желдіріп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді.
Осы оқиға Қорқыттың қобызына «Тарғыл тана» деген күй
болып шалынған екен.

166. «Ұшардың ұлуы»

Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы бо-
лыпты. Ол кездегі жақсының әдеті—жүйрік мініп, ит жүгіртіп,
құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, Ұшар де-
ген құмай тазысы бар екен. Әсіресе Ұшары қара жерден із кесетін

аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын
жолды ит болса керек. Астындағы аты, соңындағы тазысы келіс­
кен соң, жігіт жиі-жиі аңға шығып, саятшылық құрады екен.
Күндердің бір күнінде жалғыз жігіт тосын дертке шалдығып,

дүние салады. Ел аза тұтып, арулап қояды. Сонан соң бұрынғы-
соңғының дәстүрі бойынша, өлік шыққан жұртты ауыстырып,
ауыл қонысын өзгертіп, жаңа жұртқа аунап қонады.
Жаңа жұртқа келген соң, жесір кемпір «жалғызымның көзі

ғой» деп, тазыны іздесе жоқ дейді. Содан көңілі алаң болып,
тынши алмай ескі жұртқа келсе, Ұшар жас қабірдің басында
иесін қимай ұлып отыр дейді. Үшкір тұмсығын көкке қаратып
ұлып, иесін жоқтап сарнаған Ұшардың дауысын естігенде жесір

кемпір:
Жалғызымнан айырылдым,
Қанатымнан қайрылдым!
Ұшар, Ұшар, кә-кә!—

деп дауыс қойып, аңырап қоя береді. Ескі жұртта жалғызынан
айырылған сорлы ана мен иесінен айрылған жетім тазы қосыла
күңіренеді.
Осы бір қайғылы халді Қорқыт қобызына күй етіп шалған

екен.

күй  аңыздар 167. «Әуппай»

(І нұсқа)
Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент
көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын
сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына көңіл бөле алмайды.

Ал баласы мен зайыбы Сырдың жағасында өмірлерін өткеріп,
Қорқыттың тілеуін тілеумен болады.
Содан бала есейе бастағанда апасының бағып-қағып, ал­
дандырғанын місе тұтпай, қобыз тартып отырған әкесіне тал-

пынуды шығарады. Уыздай білегін созып, бұлқына ұмтылып,
неше түрлі қылық көрсете бастайды. Бұған Қорқыттың да
жүрегі елжіреп, бауыры аяғының басына түскендей күй кеше­
ді. Бірақ, амал жоқ, қобызын тоқтатып, жағалауға шықса,

ажал тұзағына ілігетінін біледі. Сонда Қорқыт баласына телміре
қарап, көзі көріп тұрса да, еміреніп иіскей алмай, бауырына
қысып, мауқын баса алмай мұңаяды. Мұңая отырып, баласын
алдандыра жұбататын «Әуппай-әуппай» деген күй тартады.

Осы көріністің куәсіндей болып, ұрпақ есінде «Әуппай» күйі
сақталған.

168. «Әуппай»

(ІІ нұсқа)
Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін
төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала
көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт

шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасын­
да ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қа­
рап, баласын: «Әуппай, әуппай»,—деп жұбатып тұрады. Сонда
қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші:

Айналайын балам-ай,
Жас балаңа алаңдай,
Аш болсаң да, ойыңда
Аман сақтау балаңды-ай,—

деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй
тілімен сөйлеткен екен.

169. «Башпай»

Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында «Башпай»
Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан сауға тау-
ып, дарияның бетіне Желмаясының жабуын төсеп, соның
үстінде күндіз-түні қобызын сарнатып, ажалды аластап отыра-

ды ғой. Сол күндерде Қорқыттың Ақтамақ атты қарындасы да-
рияны кешіп, тамақ алып келіп тұрады екен.
Бірде Қорқыт қарындасының алып келген дәмін татып
отырғанда алай-дүлей дауыл соғып, толқын тұрып, бұлардың

берекесін алады. Сол бір аласапыран шақта Қорқыттың баш-
пайы қарындасына тиіп кетеді. Байқаусызда болған осы жағ­
дай өле-өлгенше Қорқыттың есінен кетпей, өзін күнәлі сезініп,
пұшайман болады екен.

Күндердің күнінде, дарияның бетінде жүз жыл бойы ажалды
жолатпай өмір сүрген Қорқытқа қапысын тауып ажал шіркін
жетіпті дейді. Сол күні әдеттегідей Ақтамақ ағасына дарияны
кешіп тамақ алып келеді. Тамақтан соң Қорқыт маужырап,

қалғып кетеді. Дамылсыз сарнаған қобыз үні бір сәт толас
тауып, қарындасы ағасының оянуын күтіп отырады.
Осы кезде қобыз үнінің тынған сәтін пайдаланып, дәм сал­
ған қоржынмен бірге ілесіп келген сақиналы зәрлі жылан өр­

ме­леп келіп Қорқытты шағып алады. Қорқытты жүз жыл бойы
аңдыған ажал осылайша жылан болып келіп, қапысын тауып
еді дейді.
Айтқанша болмайды, Қорқыттың бойына ажал уы жайы-

лып, өлімге бой ұсына бастайды Сонда, көз алдында дәрменсіз
шырылдаған қарындасымен арыздасып, қоштасып, көптен
көкейінде жүрген соңғы тілегін айтады. «Ажал шіркін қапыда
тұзаққа түсірді. Бір өкінішім—осы. Екінші өкінішім—баяғыда

Сырдың бетін дауыл шалғанда өзіңе башпайым тиіп кетіп еді.
Кешілмейтін күнәм сол. Қасиетті Сыр-ананың жағасында ма­
ған арналған мола қазулы тұрған болар. Мені жерлегенде екі
башпайымды ашық қалдырыңдар. Өміріме серік болған қасиет­

ті қара қобызымды өзіммен бірге көміңдер. Мен өлсем де, менің
атымды атап, ұрпағымның есіне салып жатар. Хош жарығым!
Жылама, жылама, жылағанмен бола ма?!»—дейді Қорқыт.
Қарындасы: «Аға, ағатай, асқар тауым, алтыным!»—деп еңіреп

қоя береді.
Сол жерде Қорқыт соңғы күшін жиып, қобызын қолына
алып, қарындасын жұбатқандай болып, бірер қайырым күй
шалған екен.

Қорқыттың осынау соңғы күйі «Башпай» деген атпен ұр­
пақтарының есінде қалыпты. Ал қара қобызы болса Қорқыт

күй  аңыздар
өлгеннен кейін моласының ішінен «Қорқыт, Қорқыт!» деп
күңіренген дыбыс шығарып жататын болыпты.

170. «Байлаулы киіктің зары»

Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының ті­
лін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің
маңыраған даусы құлағына шалынады. Ол: «Қос лағым жетім
қалады-ау, шөпке ауызданбаған сорлылардың күні не болмақ?

Тым болмаса, соңғы рет емізіп, иіскеп, мауқымды басып та қа­
ла алмадым»,—деп зарлайды. Қорқыт жан-жағына бағдар­лап
қараса, бел астында тігулі тұрған қараша үйді көреді. Киік
сол үйдің алдында көгендеулі тұр екен. Киікке жаны ашыған

Қорқыт үй иесіне: «Мына жазықсыз жануарды жібер, өз беті­
мен тамақ тауып жеуге ауызданбаған егіз лағы бар екен, обалы-
на қалма»,—дейді. Қорқыттың бұл сөзіне құлақ аспайды.

—Онда мен киікті босатқаның үшін ақысын төлейін,—десе,

үй иесі:

—Жоқ, мен мұның сүтін сауып ішіп отырмын, кешке сойып

жеймін,—деп оған да көнбейді. Басқа амалы қалмаған Қор­
қыт:

—Болмаса киіктің орнына мені кепілдікке ал, оны босат.

Лақтарын тауып алып, емізгеннен кейін қайтып келеді. Егер
сол кеткеннен оралмаса, менің Желмаямды сойып же,—дейді.
Үй иесі киікті босатып жібереді. Киік байлаудан босана са-
лысымен, тау-тасты кезіп жүріп лақтарын тауып алады. Олар-

ды емізгеннен кейін, қас қарая қайтып келеді. Осы оқиғадан
кейін Қорқыттың «Байлаулы киіктің зары» күйі дүниеге кел-
ген екен. Бұл шығармасында күйші қаталдық пен мейірімді­лік,
жауыздық пен қайырымдылық жайында толғанады.

КЕТБҰҒА /XІІІ ғасыр/ 171. «Ақсақ құлан»

(ІІІ нұсқа)
Атының тұяғы жеткен жерге әмірін жүргізген әйгілі Шың­
ғыс ханның Жошы деген ұлы болған. Жошы да хан боп өткен.
Даңқты әкесінен тиген еншісі—Ұлытау мен Азау теңі­зі­нің

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
арасында керіліп жатқан байтақ далада алғаш Алтын Орда
мемлекетінің шаңырағын көтерген. Құландай жөңкілген көш­
пелі елдің басын қосып, әмірін жүргізген.

Шыңғыс ханның Қоңырат руының қызы Бөртеден көрген
алғашқы перзенті осы Жошы хан екен. Бөртеден мұнан басқа
Шағатай, Үгедей, Төле деген ұлдар көріп, оларға да өз алды-
на енші бөліп беріп, бөлек-бөлек ел еткісі келгені шежіреден

белгілі. Бірақ тақтың буы туғанына қарата ма, Шыңғыстың
көзі жұмылысымен-ақ балаларының арасындағы иеліктері ара-
дара болып, шілдің қиындай ыдырап кеткен ғой.
Өз кіндігінен тараған балаларының ішінде Шыңғыс ханға

ертерек серік болып, талай-талай қанқасап соғыстарда жеңіс
туын желбіреткен сүйеніші Жошы хан болса керек. Бірақ
Шыңғыс ханның жанын жегідей жеген бір түйткіл мәңгілік
жүрек түкпірінде шемен болып жататын еді дейді. Онысы—

ертеректегі бір соғыста келіншегі Бөрте меркіттердің қолына
тұтқынға түсіп, кейін Шыңғыс хан құтқарып алғанда осы
Жошы хан іште келіп еді деген әңгіме. «Шешенікі—хақ,
әкенікі—нәркүмән» деген емес пе, осы жағдай Шыңғыс ханды

мәңгілік күмән құрсауында өткізген ғой. Алайда Жошының
қалтқысыз перзенттік көңілі мен жойқын ерлігі, әскери ша-
лымды өнері мен адалдығы әкесінің әлгіндей күмәнді ойларын
ұдайы сейілтіп отырады екен.

Содан, әкелі-балалы Шыңғыс хан мен Жошы ханның ара-
сына сызаттың түсетін кезі—Сыр мен Әму бойына шабуыл жа-
сайтын тұс еді дейді. Оның себебі—Қызылқұм мен Қарақұмды
қыстап, жазға қарай шашырай көшіп-қонып жүрген көшпелі

елдің ішінде қоңырат тайпасы да болған ғой. Ал қоңыраттардың
Жошыға нағашы жұрт екені белгілі. Сонсоң да, Жошы наға­
шы жұртына іш тартып, аяусыз қан төгуден тартынады екен.
Тіптен, қанша күші жетіп, құдіреті асып тұрса да, Жошының

Үргеніш қаласын алты ай қоршап, мәмілеге шақырып жатып
алуының бір сыры осы екен. Әрине, мұндай нәуетек, жал­пақ­
шешейлік Шыңғыс ханның табиғатына жат, әрі бетіне шіркеу.
Міне, әке мен баланың арасындағы қырбайлық осылай баста-

лады. Тіптен, бара-бара Жошы хан әкесінің қанқұмар жоры­
ғы­нан жалыққандай шырай танытып, батыс пен оңтүстік ел­
де­рі­не жасауға тиісті шабуылдан тартыншақтай береді. Оның
орнына сахараның көк шалғынды самалды белдеріне ордасын

күй  аңыздар
қондырып, төңірегіне әнші, күйші, саятшы, батыр, балуан
жігіттерді жинап, серілік құрып, сайран салуды әдетіне ай-
налдырады. Сары қымызды сапырып, бір мезгіл жез таңдай

әнші, айыр көмей ақындар мен дәулескер күйшілердің өнерін
тамашаласа, енді бірде Сарыарқа мен Сырдың арасындағы
сайын далада құлан аулап, оның айнадай жалтыраған өзен-
көлдеріне қыран құстарын жабады екен. Жошы ханның тек

қана томағалы бүркітінің, қоңыраулы қаршығасының, сақи­
налы сұңқарының өзі сегіз жүзден асушы еді дейді. Сонда,
күз айларында Құланөтпес, Сарысу, Атасу өзендерінің бойын­
да қыранның қияғы мен сұңқардың тұяғы жебедей суылдап,

қылыштай жарқылдап, аспан астында қанды шайқас болып
жатқандай әсер береді екен. Мұндайда Жошы хан ерекше ма­
ғұрланып: «Әкемнің жеңілуді білмейтін әскерінен гөрі, менің
қырандарымның соғысы қызық!» дейді екен.

Әрине, арқасүйер ұлының бұл қылығы Шыңғыс ханға жет-
пей жата ма? Онда да, жай жетпейді, қырық құбылып, сан саққа
жүгірген өсек сөз шындыққа бергісіз болып жетеді. Өзін аспан
астының әміршісі санайтын Шыңғыс ханға мұндай қауесет

ұнамайды. Жай ғана ұнатпау емес, баяғы іште шемен болып
қатып жатқан күдік-күмәні қозып, алқымына запыран ашу бо-
лып кептеліп, аласұртады ғой. Оның үстіне Шыңғыс хан мән-
жайды әбден білгісі келіп, Жошыны бір-екі рет шақыртқанда,

қызық-думанмен жүріп құлақ аса қоймайды. Жошының бұл
мінезі Шыңғыс ханды біржолата ширықтырып, ашу үстінде
аяусыз жазаға әмір береді ғой.
Шыңғыс әулетінің жазасы белгілі. Айыптының белін қайы­

рып, омыртқасын үзіп өлтіру керек. Осы ниетпен Шыңғыс
ханның жасырын жасағы Жошының аң аулап жүріп, оңаша­
ланатын сәтін бағады.
«Аңдыған жау алмай қоймас» деген, күндердің бір күнінде

аз ғана серігімен құлан аулап, шығандап жүрген Жошы хан
аңдушылардың құрсауына тап болады. Талай қан майданда
туы қисаймай шыққан Жошы хан оңайлықпен берілмейді.
Бүкіл серіктері қырылған соң да жалғыз өзі жойқын ұрыс са-

лады. Бірақ сайланып шыққан күші басым қарсыласы шыдат-
пайды. Алдымен бір қолын қылышпен шауып түсіреді. Осыдан
кейін қансырап, ат жалын құшқан Жошының омыртқасын
қайырады.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Сағымды далада Жошы ханның жаны кеудесінен шығар-
шықпаста көкжиекті шаңдата жосылтқан хабаршы көрінеді.
Бұл Шыңғыс ханның сауғасын, кешірімін жеткізуге асыққан

хабаршы еді дейді. Жай ғана сауға емес, «Жошының өлімін
ескерткеннің көмейіне балқыған қорғасын құйылсын!» деген
қарғыстай жарлығы қоса жетеді.
Енді қайтпек керек? Болар іс болып қойды. Қандай құдірет

болса да қайтып Жошыны тірілте алар ма?! Сол жерде қанды
қол тобыр «ханның ұлы құлан аулап жүріп мерт болды!» деген
сылтауды желеу етіп, Жошы ханның жансыз денесін ордасына
алып қайтады.

Енді Шыңғыс ханға қалай естірту керек?! Жұрт қиналып,
сеңдей соғылысады. Жанын қиып, суырылып шығар ешкім
болмайды. Ал жаман хабарды жасырып қоя ала ма?! Онда да,
Шыңғыс ханнан мүмкін емес. Осылайша, ел есеңгіреп, дал бо-

лады.
Сол кезде Шыңғыс ханның оң тізесін баса отыратын, Най-
маннан шыққан Кетбұға деген жырау бар екен. Жұрт амал тап-
пай қамалып тұрғанда, Кетбұға суырылып шығып хан ордасы-

на беттейді ғой. Табалдырықтан аттай бере Кетбұға:

—Уа, хан ием, саған Тәңірінің рахметі жаусын һәм сенің

қол астындағы барлық жанға тыныштық болсын!—дейді.
Өз жарлығы өзіне шаншудай қадалып отырған Шыңғыс
хан түнерген қалпы:

—Саған не керек!—десе керек.

Сонда Кетбұға жырау:

—Хан ием, мен бүгін бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен

көкірегіме қайғы-шер толып, өзіңе ғана мұңымды шаққалы
келдім!—дейді де, қолындағы домбырасын бебеулете жөнеледі.
Алғашқыда мың сан тұяқ дала төсін дүбірлетіп, делебені
қоздыра еліктіргендей болады. Бұған бір сәт селт етіп, көңіл

бөліп үлгермейді, домбыра шанағынан азынап өрген азалы үн
Шыңғыс ханның еңсесін қайта басады. Сол азалы үн үдей өк­сіп,
орны толмас өкініштің лебіндей шегін тарта сарнайды. Әл­гін­
де ғана желдей жүйткіген мың сан тұяқтың дүбірі енді қара­лы

хабар жеткізген бейбақтың ширыққан зарындай жонын шы­
мырлатады.

—Япыр-ай!—дейді Шыңғыс хан.—Бұл не ғажап! Тап Жошы

өлгендей жүрегімнің егіліп қоя бергені қалай!

күй  аңыздар
Шыңғыс ханның аузынан осы сөздің шығуы мұң екен,
сыртта қамалып, дағдарып тұрған халық «Хан иемнің өзі айт-
ты, Жошыдан айырылдық!»—деп ұлардай шулап, еңіреп қоя

береді. Болған істің шындығына енді көзі жеткен Шыңғыс хан
сол жерде бармағын шайнап, екі иіні селкілдей еңірейді.
Осы кезде Кетбұға жырауға да тіл бітіп, домбырасын бебеу-
лете қағып, былай дейді:

«Уа, иеміз, Шыңғыс хан!
Домбыра не деп жырлайды,
Сарнап бір дауысын қырнайды,
Құлағың сал осыған...

Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан ту құлан,
Қиырсыз құба далада,
Аңда жүрген балаңа

Кез болып бір қашыпты,
Белден белге асыпты.
Ақсақ құлан, Жошы хан,
Елсіз құба далада,

Қат-қат бұдыр салада,
Мекендеп өрген өрбісіп,
Ордалы құлан жосыған.
Қуып ақсақ құланды,

Мінгені тұлпар құнанды,
Ордалы үріккен құланға
Құйғытып ойнап қосылған,
Өлім деген Тәңір ісі,

Желіккен құлан әңгісі,
Құлан мен тұлпар еліккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,

Жұлмалап, жалмап кетіпті
Ордалы құлан шошыған.
Жұрттың аузы бармаған,
Сөзді айтып жырлап зарлаған

Домбыраның балаңды
Естірткені осы, хан!
Өзгеге артпа жалаңды,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Еліктірген балаңды
Сол қу құлан, ту құлан,
Балаң өлді—Жошы хан!

Нансайшы, ханым, осыған!»
Хан жарлығы екі болмайды, сол жерде Кетбұға қолындағы
домбыраның қалақ бетін ойып, жаман хабарды естіртуші ретін­
де шанағына балқыған қорғасын құйылады. Домбыра беті­нің

ойық болуы содан қалып еді дейді.
Қаралы хабар жеткен соң, Шыңғыс хан өзін-өзі іштей қажап,
өкініштің уына белшесінен батып, үш күн, үш түн дөңбекшиді.
Ешбір басу сөзге жұбанбай, қайғы өзегін өртеп, құмыға береді.

Сонда Шыңғыс ханның бәйбішесі, ақылы кемел Бөрте ал-
дымен ес жиып, болған іске беріктік танытып, күйеуіне былай
деген екен:

—Хан ием, сен қайғырып жатқанда халқың ғау-ғау көте­ріп,

бүлік шығарғалы жатыр!

—Е, менің халқым бүлік шығаратындай не болыпты?!—

дейді Шыңғысхан.

—Сенің халқыңды екі дай етіп, егеске түсірген дау бар

көрінеді,—депті Бөрте,—оның себебі, бір бай өзінің ықыласы
ауып, көңілі жарасқан тамырына ат басындай алтын сыйлаған
екен. Сәті түсіп, орайы келгенде қарымтасын қайтарар деп ой-
лайды бай. Бірақ арада біраз уақыт өтсе де, тамыры қарымта

қайтаратын шырай танытпайды. Сонда бай ренжіп, өз алты-
нын қайта сұрайды. Тамыры бермей, дау болып, төрелету үшін
биге жүгінсе, билер де әділдік қылмай, жартысы «бергенін
қайтарсын» дейді, жартысы «қайтармауға тиісті» дейді. Осы-

мен елдің арасы екі дай болып тұр.
Мұны естігенде Шыңғыс хан ренжіп:

—Ах, бұлары қалай! Билік әділ болмаған екен. Сыйды ала

білген кісі, бере де білсе керек емес пе!—депті.
Бөртенің де күткені осы болса керек:

—Хан ием, сабыр қыл! Тәңірім саған бала беріп еді, оны

уақыты жеткенде өзі алды. Құдіреттің ісіне көну керек. Тәңірі
саған Жошыны сыйлап еді, енді сол сыйын мерзімі келгенде сен
де қиналмай қайтара біл!—деген екен.
Шыңғыс хан Бөрте бәйбішенің осы бір басу сөзінен кейін

есін жиып, еңсесін көтереді.

күй  аңыздар
Сол кезде Шыңғыс ханның Домбауыл деген адал берілген
құлы бар екен. Бала кезінен көз алдында өскен Жошыға де-
ген Домбауылдың көңілі алабөтен болса керек. Жошының

өлімінен кейін Домбауыл ант суын ішіп, жер бетінен құлан
тұқымын құртпақ болады. Сөйтіп, байтақ даланың шығысын
орап Тарбағатай тауынан Іле өзеніне дейін құлан өте алмайтын
ор қазады. Батысында Құланөтпес, Терісаққан өзендерінің ар-

насын тереңдетеді. Сонан соң Қабанқұла, Әңкей, Бөкен деген
үш тұлпарды баптап, құлан аулауға шығады ғой. Батысы мен
шығысы орланған құландар үйір-үйірімен Бетпақтың шөліне
жөңкіледі. Домбауылдың күткені де осы. Шөлге шығандатып,

шалдыққан құландарды Домбауыл аяусыз қырады. Бетпақтың
байтақ даласы қан сасиды.
Содан, күндердің бір күнінде Домбауылдың салған сүргіні­
нен бес құлан сытылып шығып, Шу өзенінен әрі өтіп кетеді.

Шудың табанына жете бере Қабанқұла шөлден ұшып өледі.
Әбден титығына жетсе керек, кешікпей-ақ Әңкей де зорығып
өледі. Кейін, жаңағы аман қалған бес құланнан тұқым тарап,
кең дала қайтадан құланға толған екен дейді.

172. «Ақсақ құлан»

(ІV нұсқа)
Қылышынан қан тамған Шыңғыс хан шолғыншы ұстай­
ды екен дейді. Дүниенің төрт тарабындағы жаңалықты сол
шолғыншылар хан ордасына жеткізіп тұрады екен. Күндердің

күнінде шолғыншылардың бірі әдеттегідей көргенін айтып
келеді. «Осындай, «Саруалының арығы» деген жерде болдым.
Ордалы құланның мекені екен. Маңайына ешкімді жолатпай-
ды. Маңына келгенді теуіп, таптап, шайнап өлтірердей. Әйте­

уір, атымның жүйріктігінен әзер қашып құтылдым»,—дейді.
Сонда Шыңғыс ханның қасында отырған Жошы деген ба­
ласы: «Ой, ақсақал, адамды құлан теуіп өлтіреді дегенге сен­
бей­мін»,—депті де, өзінің сенімді деген қырық жігітін қамдап,

құлан ордасына бармақшы болыпты. Қырық жігіт: «Бармай-ақ
қойсаң қайтеді» деген екен, оған хан баласы көнбейді.
Содан, Жошы қостанып қырық жігітін ертіп аттанып кете­
ді. Шолғыншының айтқанындай, Саруалының арығы құлан

ойнағына айналған екен. Аң деген көздің құрты ғой, сол жерде

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Жошы жеңілдік үшін қызыл шекпенін киіп, қобылы садағын
алып, құлан ордасына қарай қасқайып тура жүреді. Ал, қырық
серігі болса жүрексініп, жабынды тасаны баспалай ілесіп оты-

рады.
Жошының қарасын көрген құлан ордасы шоқтай болып
иіріледі де, ішінен бір ақсақ құлан бөлініп шығып қарсы жүре­ді.
Сол бетінде осқырына одағайлап келіп, жерді тарпып жібер­ген­

де жер бетін сасық қара тұман басып кетеді. Осы кезде Жошы­
ның қырық серігі енді қайттік деп аңырып тұрғанда: «Қырық
жігіттен қаша жүріңдер, қызыл шекпенді баса жүріңдер!» деген
дауыс естіледі. Сөйткенше болмайды, аспан астын дүсірлеген

көп тұяқ кернеп, алағай да бұлағай болып кетеді.
Бір мезгілде тұман ашылады. Қырық жігіт андағайлап
қараса, құлан да жоқ, хан баласы да жоқ. Тек қана, жердің ас­
тын үстіне шығарғандай болып, қалың құланның шұбырынды

ізі жатыр. Қырық жігіт үш күн бойы сол шұбырынды ізді тінте
қарап жүріп хан баласының шынашағын ғана тауып алады.
Шынашақты жерлеп, хан баласына лайық күмбез тұрғызады.
Содан, қырық жігіт қайғырып елге оралады. Болған істі

айтуға ешқайсысының жүрегі дауалмайды. Шыңғыс хан болса
жігіттердің келгенін естіп: «Менің балам аңнан оралғанда ма­
ған соғып өтуші еді ғой. Япыр-ай, балам жазым болған-ау!»—
деп уайым шегеді. Жазғырар ешкімді білмей аласұрып: «Кімде-

кім баламның жаман хабарын жеткезсе, көмейіне балқыған
қорғасын құйылады!»—деп жар шашады. Бірақ жарлық ханға
бала бола ма, сол қалпы жүрегі жамандықты сезіп, қайғырып
жатып алады.

Ол кездің дәстүрінде қандай қаза болса да, жетісіне дейін
естірту қажет екен. Жошының жетісі тақалған сайын халық
не істерін білмей ұйлығады. Сол кезде Найманнан шыққан
ұлы жыршы Кетбұға деген домбырашы: «Қой, хан баласының

өлімін естіртпей болмас, домбыраға тіл бітіргенім рас болса, мен
барайын!»—деп, Шыңғыс ханның ордасына келеді. Келсе, хан
қайғыға қамалып, теріс қарап жатыр. Кетбұға орданың орта-
сына тізе бүгіп, домбырасын тарта бастайды. Бұл күй «Құлан

ойнақ» деп аталады. Ел ішінде «Құланның жүрісі» деп тартатын
домбырашылар да бар. Әп дегенде лепілдеп, екпіндеп естілген
тың сарынға Шыңғыс хан елең етіп құлақ түреді. Домбыра одан
сайын лепіріп, ұлы дүбірге ұласқан сәтте Шыңғыс ханның көзі

11-136

күй  аңыздар
жайнап, әлдебір үміт күші сілкіп тұрғызғандай басын көтеріп
отырады. Домбыра үні оның көз алдына баласы Жошының
арындап, құланды қойдай қайырып жүргенін елестетеді. /Осы

кезде домбыра құлан үйірінің құйындай ұйтқып жөңкілгенін,
мың сан тұяқтың дүбірін білдіргендей серпи қағылады/.
Шыңғыс ханның басын көтеріп алған Кетбұға енді домбы­
расына шымшымдап бөлек сарын, бөтен дыбыс қосып екінші

күйін бастайды. Бұл күйі «Естірту» деп аталады. Әлгінде
ғана аңның апшысын қуырған елес әп-сәтте сейіліп, ханның
құлағына бір хабар еміс-еміс жеткендей болады. Бір уақытта
домбыраға тіл біткендей: «Уа, иеміз Шыңғыс хан, балаң өлді—

Жошы хан!»—деп сұңқылдай сарнап қоя береді.
Сол кезде Шыңғыс ханның дауысы саңқ етіп: «Тоқтат, сенің
тартар, менің естір күйім емес екен. «Балаң өлді—Жошы хан»
деп тұр ғой!»—дейді.

Кетбұға болса сабырмен: «Ай, тақсыр, балаңыздың өлімін
өзіңіз естірткеніңіз не болғаны»—деп уәж айтады. Сонда
Шыңғыс ханның мысы құрып: «Қап, мынау ауырлықты өзіме
аударып кетті-ау!.. Жарайды өз жарлығымды өзім аттамай-ақ

қояйын. Бірақ жаман хабардың аузымнан шығуына себепші
болғаның үшін жазаланасың! Сені Айдаһарлы тауы­ның ал­қы­
мын­дағы айдаһар үңгірінің аузына алып барып тас­тай­ды!»­—­
деп, нөкерлеріне әмір береді.

Сол жерде хан бұйрығын қаза қылмайтын нөкерлер Кет­
бұғаны дедектетіп алып жүріп, айдаһар үңгірінің аузына топ
еткізіп тастап кетеді.
Айтқанша болмай, адам иісін сезген айдаһар ширатыла

серпіліп үңгірден шығады да, лебімен тартып Кетбұғаны жұ­туға
оңтайланады. Сонда, басқа шарасы қалмаған Кетбұға жүре­леп
отыра қалып, домбырасын көкелете сұңқылдатып, бір күйді
тарта жөнеліпті дейді. Бұл күй «Айдаһарды арбау» деп ата­ла­

ды. Кейбір күйшілер домбыраға «көке-көке» деген сөздің ыр­ға­
ғын келтіре тартатын болғандықтан, бұл күйді «Көке-көке» деп
те атайды.
Күй сарыны естілуі мұң екен, айдаһар сұлық түсіп, иегін

жартасқа сүйеп, қимылсыз қалады. Бір мезгілде күй бітеді. Сон-
да айдаһар манаурай қимылдап, ініне қайта кіреді де, кешік­пей
ат басындай алтын алып шығады. Алып шыққан алтынын «уф»
деп үріп, Кетбұғаның алдына түсіреді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Осылайша, ханның қаһарынан, айдаһардың айбарынан аман
қалған Кетбұға домбырашы мұратына жеткен екен.
«Ақсақ құлан» күйіне қатысты үшінші аңыз Қазақстан­ның

шығыс өңірінде айтылады. Күйдің сарын-сазы да бөлек.
Бұл аңызда да баласы Жошының өлімін естіп Шыңғыс хан­
ның ширығуы баяндалады. Ашу үстінде «қайтсеңдер де, балам-
ды өлтірген ақсақ құланды қолға түсіріңдер!» деп әмір етеді.

Содан құланды қамалап ұстау үшін Тарбағатай тауынан ба-
стап, Іле өзеніне дейін ор қазылады. Қалың әскер ақсақ құланды
қаумалап, орға тықсырып келгенде, қазулы ордан қарғып өтіп,
Бетпақтың даласына шығандай шығып кеткен екен дейді.

173. «Ақсақ құлан—Жошы хан»

(V нұсқа)
Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып,
құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күн­
дер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін сезсе де,

жаман хабарды естігісі келмеген хан:

—Кімде-кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе,

соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын,—деп халыққа жар
салыпты. Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін біле­ді,
бірақ әкесіне айтуға батылдары бармайды.
Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы бұл

хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Бірақ күзетшілері­
нен асып ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып,
домбырасынан бір күйді күңіренте тарта беріпті. Кешқұрым
саңқылдап шыққан домбыра үні сол маңайды тегіс шарлап,

орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. Тақта мүлгіп
отырған хан сәл басын көтеріп:

—Мынау ненің үні? Барып біліңдерші! Егер менде шаруа-

сы бар адам болса, мында алып келіңдер!—деп уәзірлерінің
біріне әмір етеді. Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып
келеді. Хан оған:

—Қайдан жүрген адамсың, мында келу мақсатыңды айт!—

дегенде домбырашы:

—Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген бір күйім бар еді, соны

сізге сынатқалы келіп едім,—депті.

—Е, олай болса домбыраңды тарт!—депті хан.

күй  аңыздар
Бұл сөзді естуі-ақ мұң екен, күйші домбырасының бұрауын
қоңыр дауысқа салып, әрбір қағысын салмақпен қағып, бір
күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қа­

тал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естідің бе хан ием, қайғы­
лы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан,
айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен
сезіктенген уәзірлерінің бірі:

—Тақсыр! Мынау не дегелі отыр өзі?—дегенде, хан айнала

отырғандарға, домбырашыға қарап:

—Мына бастағаның, сенің тартатын, менің еститін күйім

емес екен. Бірақ әдейлеп келген екенсің тарт, тарт!—депті.
Ханнан ұлықсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда,
домбыраның көмейінен:
Ақсақ құлан шошыған,

Қырда еркін жосыған.
Тынышын бұзып құланның,
Оқ атты сіздің ұлыңыз,
Опат болды осыдан.

Хабарын соның айтуға
Арып-ашып алыстан
Келіп тұр мынау домбыра.
Болған істің барлығын

Қалдырмай түгел баяндар.
Үніне оның құлақ сал,
Қаумалаған, халайық,
Хан бастаған жарандар!

—деген қайғылы үн күңіреніп естіледі. Әсіресе домбыраның

әрбір буынында: «опат болды, опат болы»,—деген сөздер адам
айтқандай ап-анық естіліп, қайталанып тұрады. Мұны естігенде
төрде отырған хан егіліп жылайды. Ханның шешесі мен әйелі,
қызы қатты қапаланып зарлайды. Домбыраның «сиқырлы

сазы» мен қайғылы үнінен есі кетіп әлсіреген хан:

—Ұстаңдар мына күйшіні!—деп, уәзірлеріне әмір етіпті.

Сонда күйші ханға қарап:

—Уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ

еді ғой, жазығым мына домбыра емес пе?—депті. Хан осы жерде
сөзден жығылып, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да
бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын»,—
деп домбыраның көмейіне қорғасын ерітіп құйдырыпты. Содан

бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
БАЙЖІГІТ /XVІ-XVІІ ғғ./

174. «Қайың сауған»

Ол кезде иісі қазақтың қысқа қарай ірге түйістірер жері
Сырдария, Шу өзендерінің бойы болса керек. Арналы өзен­
дердің қос қапталы сыңсыған нар қамыс жиде, жыңғыл,
сексеуілі ұйысқан тоғай, қыс бойы дым тисе болды оты бөртіп

шыға беретін қалың қыртыс құмдауыт бұйраттар. Осынау құ­
нарлы өңір көшпелі елді жаз шыға өргізіп, қысқа қарай кең қа­
натымен қымтайтын киелі мекен болған. Сол киелі мекенді ке-
рейлер де қыстап, жаз жылт етісімен Арқаның апайтөс даласын

дендей өтіп, шырқай көшіп жайлайды екен. Сонда, көкірегі ше­
жіре құйма құлақ қарттар: «Сырдың суы тәтті, Арқаның шөбі
шүйгін. Бірақ қалың керейдің кіндік жұрты—Қара Ертістің
бойы мен Алтай, Тарбағатайдың қолтық-қолаттары. Заман

дауы­лы сол жерден іргемізді көтергенде бір дуалы ауыз батагөй
да­на айтқан екен «жеті ұрпақ алмасқанда ата қоныстарыңа қай­
тып ораласыңдар» деп сол дананың айтқаны келер болса, же­тін­
ші ұрпақтың да төбесі көрініп қалды-ау»,—деп отырады екен.

Дуалы ауыз дана айтса айтқандай, ата қоныстан кіндік үзген
керейлердің жетінші ұрпағы төбе көрсеткен жылдардың бірі
өзгеше болып басталады. Табиғат жарықтық ашөзек шақтан
бастап-ақ апшыны қуырып, қырыс қабақ танытады. Көктем

шуағы жер құйқасын жібіте алмай, тамыр біткен жер астына
бұғып қалады. Шөп буыны ерте қатып, төрт түліктің бауы-
ры тартылады. Бастау біткеннің көзі тарылып, суының дәмі
бұзылады. Селдіреп жеткен жыл құстары балапандарын ерте

өргізеді...
Осының бәрін қалт жібермей бақылап жүрген есепші Ба­
йымбет іштей бір нәубеттің жақындағанын кезеді. Атар таңды
үмітпен қарсы алғанымен, айналасынан көңілге жұбаныш бо-

лар нышан таппай дал болады. Жаз бойы көктен нәр тамбай,
байтақ дала тері сүйреткендей бедеу тақырға айналады. Күні­
мен бүйір соғып шаң жұтқан жылқы шілденің күнінде ықтап
жусайтын әдет шығарады. Байымбет бұрынғыдан бетер маза­

сызданып, төсегінен безінеді. Күндіз-түні табиғаттың қас-
қабағына қарап, ақсүйек жұттың жақындап қалған демін сез-
гендей мазасызданады. Ел-жұртының ертеңгі қасірет шегер
ауыр азапты күндерін елестетіп дал болады.

күй  аңыздар
Сөйтіп жүргенде күз демі білінеді. Бір күні Байымбет жолға
қамданады. Жанына ат-көлігі сай алты жігіт ертіп, саркідір
сіңірлі атанға қос артады да, жолға шығады. Ауыл-ел адамда­ры

бар үмітін Байымбетке артып, оң сапар тілеседі.
Байымбет ел шетіне ұзап шығып, ауыл-елден қара үзген
шақта тізгін тартады. Атанды шөгеріп, қосын тіктіреді? Не
ойлағаны бар? Байымбеттің жанындағы серіктері тықақтап

жөн сұраса, жаман ырым болар деп бой тартып, мазаламайды.
Күндер өтіп жатады. Байымбеттің бар бітірері ерте тұрып,
атына мініп, бел асып кетеді. Содан түс ауа қайтып оралады.
Бұрынғыдан бетер тұйықталып, бұрынғыдан бетер мазаң күй

кешкендей.
Бір күні Байымбет әдеттегідей ерте тұрып, атына мініп, бел
асып кетеді де, көп кешікпей қайта оралады. Жүрісі суыт, жа-
нарынан үміт сәулесі ұшқындап, өңіне өзгеріс енгендей. Келе

қосты жықтырып, жолға қамдайды. Жанындағы серіктері аң-
таң.
Сөйтсе, қос тіккен жердің шығысында көлбеп жатқан қыр
астында бір қасқа бұлақ болады екен. Бұл өңірдегі аяқты аңның

таңдай жібітер жалғыз мекені осы қасқа бұлақ болса керек.
Байымбет сол бұлақтан із кесіп, жұттан ауған аңның бетін
білгісі келіп жүреді екен ғой. Ал жалғыз аттанатыны—көп бо-
лып жүріп аңға иіс алдырса, түз тағысы шошынып, бағытын

өзгертер деп сақтанғаны еді дейді.
Байымбет жанындағы серіктеріне мән-жайды айтып, ке­
шік­пей-ақ қасқа бұлақтың басына келеді. Келсе, тұяқты аңның
шұбырынды ізі жосылып жатыр. Ішінде саздауытқа тереңдеу

батқан бір із мөрдей болып көзге түседі. Сол жерде Байымбет:
«Мен іздеген қырдың қоңыр құлжасы осы еді, енді мұнан көз
жазып қалмайық»,—дейді.
Содан, Байымбет бастаған жеті атты қоңыр құлжа бастаған

түз тағысының шұбырынды ізіне түсіп, ілеседі де отырады.
Аңды қуып жетіп үркітпейді де, қара үзіп кейін де қалмайды.
Осы қалыппен күн жүреді, түн жүреді. Арада апталар өтеді.
Қоңыр құлжа бастаған аңның ізі шығысты бетке алып, үдере

тартып барады. «Иә, сәт!» деп қойып, Байымбет те қалыспай
ілеседі.
Күндердің бір күнінде қиырдан зорая көлбеп жатқан ақ
бас тау көрінеді. Қоңыр құлжаның ізі осы ақ бастаудың теріс­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
кейі­не қарай бөктерлей тартады. «Көрінген таудың алыстығы
жоқ» деген, кешікпей-ақ ақ бас тауды алқымдап, теріскейіне
қарай Байымбеттер де өтеді. Сонда, қарсы беттен мұнарта

көрінген көкшіл таудың баурайында керіліп жатқан кең алқап
жолаушылардың көзін тұсағандай болады. Бір жағында көз
қарықтыра жарқыраған Мұзтау. Қарсы бетте көгере мұнартқан
Көксұн. Арасы керіле созылған ирек адырлы апайтөс алап.

Апайтөс алаптың ащылы-тұщылы оты ұйыса біткен.
Жерұйыққа тап болғандай сұқтанып келе жатқан жолау­
шылар бір бел асқанда, иек астында қоңыр құлжа бастаған
тұяқты аңдарды көреді. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» де-

ген емес пе, іздеген жерұйығымен сағынысып табысқандай,
шөбі шүйгін алапқа кенедей қадалған. Неше күн бойы үдере
тартқанда іздегені осы өңір сияқты. Енді бұл жерден дабыл
қағып қусаң да кетер емес.

Сонда есепші Байымбеттің ақ сақалы желбіреп, кәрі жүрегі
елжіреп тұрып: «Міне, біздің жанымызға араша, малымызға
пана болар құт мекеніміз осы!»,—деген екен. Содан бері бұл
өңір Сауыр атанып еді дейді.

Сөйтіп, түздің қоңыр аңы бастап келген шүйгін өңірді
көріп, көңілдері толып, Байымбет жанындағы серіктерімен
елге қайтады. Елге келісімен ағайын-туғанның басын қосып,
қабағы қату жұттың жақындап келе жатқанын ескеріп, жаңа

жұртқа қоныс аударудың жайын ортаға салады. Әрине, күл
төгіп үйренген мекеннен кіндік үзіп, қотарыла көшу қалың
елге оңай емес. Әрі ойлап, бері ойлап келгенде жаңа жұртқа
тебін малын ғана қостап қыстатып шығуға пәтуаласады. Одан

әрі тағдырдың бұйырған жазуы ретімен бола жатар дейді.
Содан, Байымбет ақсақал өзі араласып жүріп, сайдың та-
сындай атпал азаматтарды іріктеп алады да, қарашаның қарлы-
жаңбырына ұрынбай тұрып тебін малын айдап жөнеледі. Төрт

түлік малды тіршілігіне тірек еткен қалың ел ақсарбасын ша-
лып, ақ тілеуін тілеп қала береді.
Есепші Байымбеттің айтқаны айдай келіп, сол жылдың
қысы қылышын сүйрете келеді. Күздің соңын ала көк иық етіп

жауған жауынның аяғы сақылдаған сары аязға ұласады, Жер
бетін көк кіреуке тоң буып, қыс басталмай жатып-ақ қыспаққа
алады. Мұнан әрі қаңтары қырланып, ақпаны ақырып, біресе ат
құлағы көрінбес ақтүтегімен, біресе қарып түсер қызыл шұнақ

күй  аңыздар
аязымен апшыны қуырады. Әйтеуір ел-жұрт қамсыз емес,
қолдағы малының қоңы қайтпай тұрғанда сойып алып, келер
күннің бұйыртар сыбағасын күтумен болады.

Бұл кезде Байымбет есепші бастаған ел азаматтары отар-отар
қойын, табын-табын жылқысын, келелі түйелерін Сауырдың
шүйгін қорығына салып, ащылы-тұщылы отын сары май-
дай кертіп жеп жатады. Өзі де бір аязы жұмсақ, қары күрпек,

ықтасыны мол, шөбі жұғымды құт мекен екен. Тебін малы
қуырған бидайдай бөртіп, табан аудармай құныға жайылып,
құн­дыздай құлпырып алады. Барлық уайымдары артта қалған
ағайын-туғанның жай-күйі ғана болады. Әсіресе, не боларын

болжап біліп отырған есепші Байымбет ел-жұрттың жайын
ойлағанда құмығып, уайымнан шөгіп кетеді. Жылт етіп шығар
көктемді тықырши күтіп, қыс құрсауында қалған ағайын-
туғанға тезірек қол ұшын бергісі келеді...

Содан, аңсай күткен көктем де жетеді. Малдың алды төл­дей
бастайды. Қыстан дилы шыққан малдың төл төгіні де жеңіл бо-
лады. Аз күнде бауыр көтеріп, аяқтанып шыға келген төл өріс­ті
толтырады.

Байымбет есепшінің көңілі сонда да күпті. Енді тезірек елге
бет бұрып, қыстан тарығып шыққан ағайынның аузын аққа
тигізуді арман етеді. Кешікпей-ақ, мыңғырған малды жая ай-
дап, елге жетуге асығады.

...Қарт есепші жаңылмапты. Сол жылдың қысында Сыр
мен Арқа алабында ақсүйек жұт болады. «Бір үй ашықса, бір
ауылды жұтатады, бір ауыл ашықса, бүкіл елді жұтады» деген
емес пе, алты ай қыстың ауыр нәубеті тірі жанды тұралатып-

ақ тастаса керек. Елдің алды ашығып, амалы таусылған соң,
бүр жарған қайыңның бүйірін тіліп, шырынын іше бастаған
екен. Бұл жұттың «Қайың сауған» атануының себебі де осы еді
дейді.

Ел-жұрт осындай халде жүргенде дала төсін ырысқа тол­
тырып, бір басы екеу болып, жанындағы жігіттерімен есепші
Байымбет те жетеді. Сөйтіп, үміт жібі енді үзіледі-ау деп
отырған ағайынның айы оңынан туады.

Осыдан кейін қалың керейдің алды қона жылжып, түп
атасының кіндік қаны тамған киелі жұртына қоныс аударған
екен.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 175. «Көкбалақ»

Кербалақ пен Көкбалақ даңқы қатар шыққан тұлпарлар
екен. Кербалағы сұлу мүсінді, ойнақтаған қызу қанды, мінезді
ат болса керек. Ал Көкбалақ ондай емес, селт етпес сабыр-
лы, бірақ, ұлы дүбірде тегеурін танытатын лақпа жүйрік бо-

лыпты. Екеуі де иесіне екі түрлі қызық-қуаныш сыйлап, бірі
сән-салтанатымен күйшінің көңілін өсірсе, екіншісі сенімін
орнықтырып, жанын марқайтады екен. Бұл екеуін күйші де
мәпелеп бағып, «бірінің бағын біріне байлатпайыншы» деп,

бәйгеге қатар қоспайтын көрінеді. 176. «Қоңыр қаз»

Байжігіт күйші ер жетіп, бұғана бекітіп, оң-солын таныған
кезде Ақсұңқар деген ақылына көркі сай қызға ғашық болады.
Ақсұңқардың әкесі Ағиық ақсақал көпті көрген, өмірдің
парқы мен нарқын бажайлаған, төңірегіне сыйлы, өзіндік дәу­

лет иесі болса керек. Ел-жұртқа күйшілігімен даңқы жайы­лып
кеткен Байжігіттің Ақсұңқарда көңілінің барын Ағиық ақса­
қал іштей сезіп, орайлы сәттерде дәмелі жігітті сынап жүреді.
Ал Ақсұңқар болса, «Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні

бір» деген емес пе, жұрт мақтаған жігітті қыз жақтайтын
әдетке бағып, ол да Байжігіт күйшіні ұнатады. Бірақ ол кезде
қалыңсыз қыз, жабусыз нар болған ба, жеме-жемге келгенде
жоқшылық Байжігіттің қолын байлап, шарасын тауысады.

Содан күндердің бір күнінде өнерін тал бойына тірек еткен
Байжігіт сүйген қызы Ақсұңқарға шарт қояды: «Егер қа­лың­
малыңның кесімін әкеңнің өзіне айттырып, кәдеге қа­нағат
еткізсем, маған қосылар ма едің?!»—дейді. Ақсұңқар болса:

«Әрине, әке көңіліне қарап, ата салтын аттай алмай жүр емес­
пін бе, ата-анамның мақұлдауын естісем, мен сендікпін!»—деп
ағынан жарылады. Екеуі сол жерде қол алысып, төс қағысып,
уәде байласады.

Сонымен күндер өтіп жатады. Бірде, Байжігіт жолаушылап
келе жатқандай болып Ақсұңқардың үйіне түседі. Қыз әкесі
Ағиық ақсақал: «Иә, балам, ерден—ергенек, жерден—ебелек
деген, сұқбат көңіл ашады, сұқбатсыз көңілді кір басады, атың

жауыр болса да, атағың тәуір, қарап отырмай көсеуіңді көсеп,
отыңды маздата отыр»,—дейді. Әке сөзіне іштей мағұрланған

күй  аңыздар
Ақсұңқар да Байжігітке сынай қарап, болар-болмас езу тарт­
қандай болады.
Сонда, Байжігіт аз аяда арқаланып, мұндай орайлы сәттің

кездесе бермейтінін көңіліне түйіп, томағасын сыпырған
қырандай шабыт алып шыға келеді. Кешікпей-ақ, іргеге сүйей
салған домбырасын алып, құлақ күйін баптайды да, бұрын-
соңды шиырламаған тың сарынды сырғыта жөнеледі. Айдын

көлге ақ төсін басып, сыза қалқыған қоңыр қаздың үніндей бір
сыршыл әуен біресе сыбырлап, біресе сыңқылдап «әп» дегеннен
буынға түсе баурайды. Бара-бара әлгі қоңыр қаздың көкірегінен
мұң төгілгендей, сабыры сырға, сыңқылы мұңға ұласқандай

болады. Сырын айтып, мұңын шаққан сайын тыңдаушысын
өз тағдырына ортақтастырып, сол мұң мен сырға ілестіріп жө­
нелгендей. Сол бетінде қоңыр қаз сыбырлап-сыңқылдайды,
ма­мырлап-мұңаяды, қамығып-қаңқылдайды, сарғайып-саң­

қыл­дайды. Естір құлақтың құрышын қандырғандай, сезер жү­
рек­тің шерін тартқандай болады. Сөйтіп, қоңыр қаздың мұңы
мен сырының төрешісі етіп тыңдаушы жұртты ұйытып тастаған
күй мамырлап барып тынады.

Ағиық ақсақал түйіле тұнжырап отыр. Бәйбіше дәрменсіз
халге түсіп, шөгіп кеткендей. Ақсұңқар болса жанары боталап,
жасқа толып қалған. Бәрі де күйдің тілін жазбай танып отыр.
Үнсіздікті Ағиық ақсақал бұзып, Байжігітке оң шырай бе­

реді: «Шырағым-ай, мынауың қалыңсыз қыз беруге тұратын
күй екен. Жұрттың сөзі рас болды, бармағыңа бақ қоныпты.
Жалғызбын деп қамықпа, сенің өнеріңе көз қиығын салмас, кө­
ңіліне алмас, ниетін бермес қыз болмас!»—деп еңсесін тік­те­ген­

де, қызына көзі түседі. Сонда Ақсұңқар әкесінің ойын ұштап,
«Сөзіңізге құлдық әке! Ата сөзі—парыз, ана сөзі—қарыз, байла-
уы шие сертім бар еді, түйінін өзіңіз шештіңіз. Мен бір қоңыр қаз
едім, қияннан іліп, қияға қонатын қаршығаға олжа еттіңіз. Ме­

нің бағамның парқына бойлап, нарқын айттыңыз. Өзіңіз тонын пі­
шіп, қалыңын бердіңіз. Енді тойыңызды қамдаңыз!» деген екен.
Болар іс болған соң, Ағиық сөзге келмепті, Тәңірдің жазуы
осы шығар деп, өз қолымен той-томалағын атқарып, жасау-жаб­

дығын қамдап, қызы Ақсұңқарды Байжігіт күйшіге қа­лыңсыз
қосыпты дейді.
Байжігіттің бұл күйі ел ішіне «Қоңыр қаз» деген атпен жа­йыл­
ған. Белгілі күйші Әшімтайдың да «Қоңыр қаз» атты күйі бар.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 177. «Қосбасқан»

Халқымыздың салты бойынша, ең ауыр қылмыс, кешірімсіз
күнә—қос басу. Салт бұзу жаман ырымға саналса да, қос ба-
сып, жылқы барымталау кездесіп тұрған. Бірде көршілес ха­
лықтың бір топ суық қол сұғанақтары ел тонап, қос басу емес,

қыз басу, олжа салуға дейін барып, екі елдің арасын шие­ле­
ніс­тірген қырғын болыпты. Шырық бұзып, ырық кетірген
тоң­мойындардың қылығы екі елдің де шыдамын тоздырып,
төзімін тауысыпты. Шыдай алмаған екі жақтың көрегендері бас

біріктіріп, күнәһарларды жазаға тартуға бекінеді. Төреліктің
бір жақ тізгінін—Тума би, екіншісін Сона би ұстапты.
Төреліктің төріне, топтың алдына құныкерлер мен күнә­
һарларды шығарады. «Шырақтарым кім еді, көзін тігіп, арыңа

тиген, намысыңды жер еткен, жүрекке жара салып, ақ жүзіңді
қорлаған. Тап басып таны да, дәл көздеп көзінен ат кіріптар­
дың. Жебең тиіп көзі шықса, қолы сынып, басы жарылса, жү­
ректен өтіп, демі бітсе—арыңның садағасы. Жаза басып мүлт

кетсең—жаныңның садағасы. Күрмелген жіп, күйінген жүрек
жарасының шешімі, төрелігі сол болар, шырақтарым, садағың
берер жазасын...»—деп, Сона төреліктің төрінде тұрған он екі
қызға қорамсақты ұсына берген кезде, кек кернеген ызалы қыз

Гүлсана суырылып алға шығады. Болған жағдайды шұбыртып
айта келіп, ашу қысып булыққан ол садағын шірене тартып,
ұзын сойыл ұр да жық қара дойырды мұрттай ұшырып түсі­ріп­
ті. Күй атасы атанған Бәжең осы оқиғаның желісін, оның күйі­

ніш-сүйінішін, төрелігін «Қосбасқан» деп ат қойып, домбыра­
ның көмейінен осылайша күй сөйлетіпті.

УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙ ХАН /1711-1780/

178. «Жетім торы»

«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей,
рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған.
Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе
жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол

дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгем­
бай шыққанда, оның өкшесін басқан батырлар да аз болма-
са керек. Қанжығалы руының Жантай, Үйсінбай, Арқандар

күй  аңыздар
атты ағайынды үш батырының жойдасыз ерлігі кезінде иісі
қазақтың қайратын жаныған. «Жолбарысты ердің ері алады,
болмаса ағайынды екеу алады» деген рас сөз. Қанжығалының

үш батыры тізе қосып ұрыс салғанда, қамалдай болып қарсы
келген жау­ды қоғадай жапырушы еді дейді. Әсіресе өңінің
сұстылығына орай «Қарабұжыр» деген қосақ аты бар Жантай
батырдың ерен ерлігі аңыз болып тараған. Жантайдың жой­

қын батырлығына Абылай хан ерекше сүйсініп: «Елдің шетіне,
желдің өтіне, жаудың бетіне тұтқан қорғаным, қайраулы қара
қылышым!»—деп отырады екен. Шынында да, Қанжығалы
Қарабұжыр Жантай әлекедей жаланған бес жүз қолды бастап,

үнемі алғы шепте, тоспада жүретін болыпты. Жаугершілік за-
манда жаудың алдын торып жүру оңай емес. Айламен алып,
қайратпен жеңетін қатал міндет. Бірақ Жантай жаудан жал-
таруды білмесе керек. Қандай қиын-қыстау кезде де қалмақ­

тың қарасынан көз жазбай, қопарыла қозғалар болса, алдымен
Жантайдың қолы тоспаға шығып отырған.
Жантай сияқты даңқты ағасын Үйсінбай мен Арқандар арқа
тұтады. Арқа тұтқан соң да қалмақтың қосынын қорықпай то-

руылдап, шеттеп қонған күреңінен олжа түсіріп қайтып жү­
реді екен. Сол әдетпен бір күні Үйсінбай батыр үш-төрт түйе ол­
жамен оралыпты. Ауылға жете бергенде қарсы ұшырасқан інісі
Арқандар еркелеп «Сауға» десе керек. Сонда інісін қайрағы­сы

келген Үйсінбай: «Сауғам жоқ, қалмақта не көп—түйе көп,
денің сау, қол-аяғың бүтін, өзің барып ал!»—деп жүре беріпті.
Ағасының әзіл сөзін көңіліне алып, намысқа булыққан
Арқандар жанына серігін ертіп, жауға аттанады. Сол бетінде,

қалмақ күреңінің қарасы көрінгенде тізгінді бір-ақ тартады
ғой. Баспалап қараса, желдеп жайылып шыққан бір келе түйені
көреді. Күреңнен қара үзіп, ұзады-ау деген кезде түйе келе­сін
сырғыта қақпалап айдап жөнеледі.

Жаугершіл кездің көзі қырағы емес пе, қалмақтар түйесіне
жаудың тигенін сезіп қалып, қуғыншы шығарады. Өкшелеп
келіп қалған қуғыншыны көрген Арқандар серіктерін озды-
рып жіберіп, өзі тоспада қалады. Алғашқыда, жалғыз-жарым

қуғыншы болса бетін бір қайырып тастайын деп қарсы алған
Арқандар жау қарасының көп екенін көреді. Арқандардың
тәуекелге бел буып, қуғыншыны жалғыз қарсы алудан басқа
айласы қалмайды. Сарт-сұрт ұрыс басталып кетеді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Бұл екі арада, қуғыншының күшінің басымдылығын бай­
қап қалған Арқандардың жеті серігі түйелерді тастай салып,
көмекке ұмтылады. Бірақ бұлар жеткенше, саны көп қалмақ

Арқандарды қаумалап қоршап, найзамен шабақтап кетеді...
Жақсы көретін інісінің ойламаған жерден мерт болуы Жан-
тай мен Үйсінбайды қатты күйзелтеді. Морт мінезді Жан-
тай: «Не өлемін, не жаудың қанын ішіп, Арқандардың кегін

қайтарамын!»—деп бес жүз қолымен атқа қонады. Бұл жо­
рыққа Жантайдың ер жетіп қалған баласы Тоқыш пен інісі
Үйсінбай да қосылады.
Жантай батырдың інісінің өлімі аяқсыз қалмайтынын біл­

ген қалмақтар да дүрлігіп, оң мың қолмен қарсы алады. Осы жо­
лы, ашу үстінде шолғыншы серіктерінің бірі: «Жақа, жау­дың
қарасы көптеу екен, арттан келер күшті күтсек қайтеді»,—десе
керек. Сонда Жантай түнерген қалпы: «Жаумен санап соғыспас

болар!»—деп қынаптан қылышын суырған екен. Қалмақтың
мұздай құрсанған он мың қолына Жантайдың бес жүз сарбазы
жанынан түңіліп қарсы шабады.
Бұл соғыс қазақ пен қалмақтың бірдей жанын түршіктір­

ген, қан қақсап қырғын болған. Соғыстың дәмін татып
жүр­ген Жантай батырдың сарбаздары ұрыс басталғаннан-ақ
бас-ба­сына жиырма қалмақтан келетінін бірден болжайды.
Мұн­дай­да, түйіл­ген жұдырықтай болып, араға жауды кіргізбей

со­ғы­су қажет. Мұны жақсы білетін сарбаздар қоралана тұрып,
құ­жынаған қалмақтың баса-көктеуіне мүмкіндік бермей, ке-
зекке қойып соғысқандай діңкелетеді.
Жан алып, жан берген соғыстың қанқызу бір сәтінде Үйсін­

байдың қарнын қылыш сойып өтеді. Сонда тілінген қар­нын
шалғайымен басып, бір қолымен ұрыс салып жүрген Үйсінбай
ағасына: «Жантай батыр, қарын жарылса, тірі қалуға бола
ма?»—деп сұраған екен.

Ұзақты күнге созылған шайқас Жантай батыр сегіз серігі­
мен қалады. Оның біреуі Жантайдың баласы Тоқыш болса ке­
рек. Соғыстың аяқталуына көзі жеткен Жантай батыр астын­да­
ғы торы тұлпарына баласы Тоқышты мінгізіп: «Тоқыш ба­лам,

мыналар болмады ғой, енді кегімді алар ешкім қалмас, бұзып
шық та, елге жет!»—депті. Содан, қолынан қылышы түскен­
ше қалың жаумен жалғыз арпалысқан Жантай жойдасыз ерлік
көрсетсе керек.

күй  аңыздар
Осы соғыста әбден селдірей сиреген қалмақ жауынгерлері елі­
не жеткенде «Қазақтардан жеңіліп қалдық!» деп келіп еді дейді.
Қарабұжыр Жантай батырдың қалай мерт болғанын есті­

генде Абылай хан: «Тасқа шапса, кетілмейтін қайраулы қара
қылышым-ай!» деп күйіне қайғырған екен.
Содан, Абылай ханның өзі бас болып, Жантай батырды ару­
лап қояды. Батырдың әруағы риза болу үшін торы тұлпарын тұл­

дап, жал-құйрығын күзеп, жылында соятын етіп бос қоя береді.
Қайғыны қайратқа жеңдіретін жаугершілік заман емес пе,
аласапыран күндер бірінен соң бірі өтіп жатады. Талай рет
дабыл қағылып, талай рет шаңды жорыққа шығып, талай ер-

лер шәйіт болып, талай рет жеңіс туы желбірейді. Күндердің
бір күнінде Абылай хан ордасына қосын жиып, шеру тартып,
кезекті бір жорыққа аттанбақшы болады. Жорық алдында
әйгілі батырлар хан ордасына жиналып, пәтуаласқан сөздер

айтылады. Ереуіл аттары кермені сүзе тартып, ерлерді қан
майданға асықтырғандай тықыршиды.
Осындай шақта орда сыртынан ат дүбірі шығып, іле күмбір­
лей кісінеген дауыс естіледі. Хан ордасына атпен келу рәсімде

жоқ. Абылай хан бастаған батырлар мен билер елең етісіп,
сөздерін тыяды. Сол екі арада, әлденеге елегізгендей үнмен
тағы да кісінеген дауыс естіледі. Төлеңгіттердің бірі ордаға
кіріп: «Хан ием, Жантай батырдың тұлданған аты ғой, жорық

дүбірін сезіп, иесін іздеп жүрген сияқты»,—деп тіл қатады.
Осы кезде Жантай батырдың торы тұлпары құйрығы сабаудай
болып, орданың алдынан ойқастай өтеді де, батырлардың аты
байланған үйреншікті кермеге барып тоқтайды. Сонсоң ішін

тартып тағы бір қоңыраудай күмбірлеп кісінейді.
Күтпеген көрініс ордадағылардың есіне Жантай батырды
түсіріп, мұңайтып тастайды. Сонда Абылай хан да көзі боталай
мұңайып: «Қайран Жетім торы, иесін сағынған екен ғой... Бізге

де керек ер еді-ау!»—деген екен.
Абылай ханның «Жетім торы» атты күйінің дүниеге келуіне
осы бір оқиға себепші болып еді дейді.

179. «Дүние қалды»

Абылай хан осынау фәни жалғаннан өзінің көшетінін біл­
гендей, дүние салатын жылы қазақ даласының оңтүстігін

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
ара­лап қайтуға шығады. Жалаң сейіл, жай серуен Абылай
болмысы­на жат, жолға шығар алдында үш жүздің батырла­ры­на
хабар беріп, Түркістанда тоқайласуға пәтуаласады. Он­дағы ойы,

орыс пен қалмақтың бір жайлы болған толасын пайдала­нып,
оңтүстіктегі қалың қазақтың іргесін орнықтырып қайту бол-
са керек. Әсіресе Шымкент, Сайрам, Тәшкент, Қоқан, Бұхара,
Үргеніш жағындағы қазақтарды сарттарға түрткілетпей,

біртұтас елдік айбарын танытып қайтуға бел буады.
Бұл кезде, кеше ғана қалмақтың қаһарлы қолын жайратып,
қытай мен орыстың бетін бері қаратқан Абылай ханның айба-
ры Орта Азияның ұсақ хандарын ықтырып отыратын. Абылай

хан оңтүстікке келген соң Түркістанға өз баласы Садық сұлтан­
ды, Талас пен Қызылкөл маңына баяғы Қытайға кепілдікке
беретін баласы Әділді ие етіп қояды. Шымкент пен Сайрамға
Ғабдырахман деген сартты, Тәшкентке Мырзахмет деген сартты

әкім етеді. Сонсоң, қалың қосынына шеру тартқызып, Самар­
қанды бетке алады ғой. Жолда Жиренше шешеннің жең­гесі­
нің атымен аталған Жұпар қорығына жеткенде, тізгін тартады.
Әулиелі адам еді деп, бір қонып өтуді ниет етеді де, шатырын

құрғызады.
Сол күні Абылай хан батыр-билерімен түннің бір уақытына
дейін әңгімелесіп отырып, жатар алдында Бұқар жырауға:

—Не тілеулі жолға аттанып барамыз, нысанаң бар еді ғой,

бүгін сәуе көріп бер,—дейді. Сонда Бұқар жырау:

—Қарап жатпаспын, сен хансың ғой, өзің де болжай жат­

қайсың,—депті.
Оңтүстіктің қоңыр салқын түні қандай, бір мызғып кетсең,
ұйқың қанып, құр атқа мінгендей боласың. Оның үстіне керіліп
жататын уақыт па. Торғай шыр еткенде Бұқар жырау сыртқа

шықса, Абылай хан да тұрып, шатырының маңында жүр екен.
Бұқар жырау жақындап келіп, сәлем берген екен, Абылай хан:

—Иә не көрдің?—деп сұрайды.

—Ештеңе көріп-білмегендей болғанша, өзің көргеніңді

айт!—депті Бұқар жырау.
Абылай ханның жыраудан жасырар сыры жоқ. Бірауық
түнере толғанып отырып, көрген түсін бастайды:

—Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның алдына сұ­

лап жатып алды. Бұл не қылған жолбарыс деп көз тоқтатып
қарап едім, жолбарыс дегенім аю болып шыға келді. Апы-

күй  аңыздар
рай, жаңа ғана жолбарыс еді ғой, аю болғаны қалай деп қайта
қарағанымда, көкжал бөрі болды. Мұнан соң түлкіге айналды.
Одан кейін қоян болып кетті. Осы кезде оянып кеттім, көрген

түсім осы,—дейді.
Бұқар жырау да ханға тура сөйлеп, қадірін арттырған адам.
Көп бөгелмей Абылай ханның түсін жориды:

—Шатырыңның алдына келіп шөккен жолбарыс—өзіңсің.

Жолбарыс болып көрінген сенің бақ-талайың, алыс-жақынды
ықтырған айбарың. Шатырыңның алдына келіп, бас көтермей
сұлап жатып алғаны—сенің жетіп жығылған жеріңнің осы
болғаны. Мұнан арғы көксегеніңді бақ-талайың көтермейді.

Енді «есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп, сарттан өліпті»
дегізбей, аман-есеніңде осы жерден қайта ғой... Ақырыңның
не боларын да айтайын. Көз алдындағы жолбарыстың аю
болғаны—өкше басар ұрпағың аюша алысып өтетін заман туа-

ды екен. Аюдың көкжал бөріге айналғаны—келесі ұрпағың бір-
бірімен ит-құсша ырылдасып өтер. Ит-құстың түлкі болғаны—
одан кейінгі заман ұрпағыңды түлкіше бұлаңдатар. Сонсоң
көргенің қоян болса, қоянша қорғалап, бас сауғалайтын заман

да келер,—депті Бұқар жырау.
Абылай хан түйіліп отырып қалады. Әлден уақытта Бұқар
жырауға қарай ошарыла бұрылып, әлденеден үміт еткендей:

—Енді өз көргеніңді айт!—дейді. Сонда Бұқар жырау

іркілместкен:

—Мен көргенімді айтсам, күннің көзі, жердің жүзіндегі

әулиелер «Абылай хан өлді, соның жаназасын шығарысуға
Түркістанға бара жатырмыз!» деп құмдай құйылып, жын-
дай жиылып жүр екен. Енді аманыңда қайтқаннан басқа жол
жоқ!—деген екен.

Абылай хан жыраудың болжамына құлақ асып, Самарқанға
елші жөнелтіп, «соғыспақ ниетім жоқ еді, әулиелерге зиярат
қыла келдім, елдің қадірлі қарттары қонаққа келсін» деп сәлем
айтқызады. Онымен де тынбайды, Орта жүз бен Кіші жүз­

дің батырлары бастаған қалың қосынды елдеріне қайтарады.
Бірақ Абылай ханның көрген түсі есінен кетпей, өзінен-өзі
оңашаланып, іштей құмыға толғаумен болады.
Осындай бір толғаныс кезінде домбырасын қолына алып

«Дүние қалды», «Қайран елім» деп күй тартқан екен дейді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 180. «Абылай ханның Майдақоңыры»

Абылай ханның жорғасы болыпты. Әлгі бір жорғалағанда
үш алуан—кейде арындап, кейде ақырындап, кейде аяңдап
жорғалайды екен. Содан оның жорғасын «майдақоңыр» атап
кетеді. Осы жүрісін домбыраға салады. Бірақ «тіл болады» деп

ешкімге көрсетпей айдалаға барып тартады. Сонда қой жайып
жүрген қойшы ғана көріп, күйді қолындағы таяғына түсіріп
алады да, ауылға келгенде:

—Абылай хан жорғасының жүрісін былай салды,—деп

таяғымен тартып көрсетіпті. Күй содан елге тарапты. 181. «Сары бура»

Қазақтың дәстүрлі наным-сенімінде, алапаты артық туған
адамның желеп-жебеп жүретін киесі көмекке келіп, дұшпан­
ның десін басып, көзге көрінеді екен дейді. Мәселен, қиын-
қыстау сәттерде Қаз дауысты Қазыбек биді аузынан от шаш­

қан аю жебеп жүреді екен. Тарақты Байғозы батырдың киесі
ақиық бүркіт болса керек. Жарылқап батыр Алтайдың қызыл
түлкісіне сенеді екен. Әйгілі Кемпірбай ақын өз бойының кие­
сін көк үйрекке балайтын болған.

Міне, осы сияқты қиын-қыстау кезінде желеп-жебеп жү­
ретін кие хан Абылайда да болыпты. Ат үстінде өмірі өткен хан
Абылай қиын сапарға, қанды жорыққа аттанарда, жолы бо-
лып, ойына алғаны сәтімен орындалар болса, сары бура жолға

маңдайын беріп жатады екен. Егер жорық сәтсіз болатын бол-
са, сары бура Абылайдың бұл сапарын теріс көргендей болып,
сырт беріп жатады екен. Абылай ханның киесі болған сары
бура алдымен Бұқар жыраудың түсіне енген екен. Бұқар жы­рау

сары бураның жатысына қарап, болжау айтатын болған. Қиын-
қыстау кезде желеп-жебеп жүретін сары бураға арнап Абы­лай
хан күй шығарыпты дейді.
БОҒДА /шамамен 1765-1845 жж./

182. «Жем суының тасқыны»

Арқасында домбырасы бар Боғда Жем өзені тасып жатқан
кезде, бергі беттегі ауылға өтейін деп, өткелге атын салады.
12-136

күй  аңыздар Өзеннің ортасына жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы атымен бірге ағызып әкетеді. Бір жарға соғылған аты суға кетеді де, өзі өлдім-талдым дегенде домбырасын арқалап, жиекке шығады. Боғда демін алып, киімін кептіріп отырып: «Япырмай, мынау табиғаттың күші керемет құдірет екен-ау. Бұл менің атымды ағызып алып кетті, өзім өлім аузынан қалдым. Өмірдің өзі де осы қатты ағыс сияқты емес пе?»—деп, Жем өзенінің тасқынын, оның дүлей күшін, күймен бейнелепті. Сол Жем суы былай ағады екен. 183. «Бозтөбе» Өткен ғасырда Қазақстанның батысында бір жылы ашаршылық болып, мал көп қырылыпты. Ашыққан халық кү­ нелтіс іздеп, жан-жаққа кете барады. Сол жылы Нарынның батыс жағындағы Боғда тауының етегіне қоныстанған ел де аралап жүрген домбырашы Боғда, осы бір уақиғаның куәсі болып, сол төбенің басында отырып, «Әдірә қалған Бозтөбе» деп күй шығарыпты. Сөйтіп, Боғданың бұл күйі кейіннен «Бозтөбе» аталып, халық арасына кеңінен таралыпты. ЖАНТӨРЕ /XVІІІ-XІX ғғ./ 184. «Шалқыма» Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған. Осындай бір жылдары көктем ерте шығып, мыңғыраған төрт түлік малмен, қаптаған қалың ел жылдағы әдетінше Жайықтан өтіп жатады. Жылдың төрт мезгілі: қыстың аты—қыс, жаздың аты—жаз, күздің аты—күз, көктемнің аты—көктем. Әсіресе көктем айларында: маңыраған қозы, кісінеген құлын, мөңіреген бұзау, боздаған бота—далада ұлы думан той жасап жатқандай көрінеді. Көктемде ауылға жан бітіп, жарқын-жарқын әзіл сөздер айтылып, қызкеліншектердің сыңғырлаған әдемі күлкісі дала қызығына айналады. Ұлы дүрбелең. Айнала жасыл желек, көк майса шалғын шөп. Мазаңды алып, делебеңді қоздырады. Біреуді-

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
біреу аңсап іздегендей күй сезімге түсесің. Мұндайды сурет­
теуге тек ақынның ғана сезімтал жүрегі, күйшінің күмбір­
леген күйінің ғана құдіреті жетеді.

Қора, қора қой жатыр,
Қарын, қарын май жатыр.
Түйе, түйе жүк жатыр,
Ауыл, ауыл ел жатыр,

—десе ақындар, күйшілер небір әдемі күйлерді домбыраның

көмейінен төгілткен.
Дәл осындай бір жылдары Жантөренің ауылы да көктемде
Жайықтан өтіп, келесі жақтағы беткейге қонып жатады. Сол
кездегі әдет-салт бойынша елдің игі-жақсылары бас қосып,

Жайықтың арғы бетіне елден бұрынырақ шығып қарап
тұратын. Жантөре де қасына жиналған төре ауылының игі
жақсыларымен бірге арғы бетке өтіп алды. Айналасы тегіс
көрінетін, биіктеу жар төбенің басына қалы кілемдер мен

текеметтерді төсетті де, өзі төңірекке қырағы көзімен көңілі
толып қарап тұрды.
Сол кездегі дәстүр бойынша: Жантөре жастайынан өте
зерек, сөзге ұста, әрі шешен, он саусағынан күй төгілген

ақынжанды адам еді. Көз алдындағы көктемгі даланың
ғажайып осындай көрінісі көңіл-күйін тасытса керек. Төре
жанында тұрған қаптаулы қарағай домбырасын қолына
алып беті-жүзі алабұртып, бір керемет сазды әуенді құйқыл­

жыта төгілтті дейді. Бұрын-соңды мұндай сазды естімеген
ағайындары, қасындағы ел жақсылары, домбыраның үніне
елтіп, берілген күйі тым-тырыс отыр. Бір кезде Төре күйін
бітіріп, домбыраны қасында жатқан көпшікке сүйей сал-

ды. Басын көтеріп жан-жағына жалт қарады. Айнала үнсіз.
Қапелімде не болып қалғанын, алғашқы сәтте төренің өзі
де түсінбей қалды. «Бұлары несі?»—деп ойлады сезіктеніп.
Бір кезде көптің ішінен бір ағайыны: «Төре, жаңағы күйіңіз

бұрын-соңды біз естімеген, керемет саз болды!»—дегенде ғана
мән-жайды енді түсінген Жантөре: «Е, е, е! Ол мынау төгіліп
Жайықтан өтіп жатқан еліме қарап, көңілімнің шалқып
кеткені ғой!» деген екен.

Сөйтіп, «Шалқыма» күйі Жантөренің кеудесінен қарлы­
ғаштың балапанындай ұшып шығып, қазақтың кең даласын
аралап кеткен дейді айтушылар.

күй  аңыздар

САРША /XVІІІ-XІX/

185. «Бозінген»

(ІV нұсқа)
Бір кедейдің маңдайына бітіп, таңдайына талшық етіп отыр­
ған мал дегенде жалғыз «Бозінгені» бар екен. Жазғытұрым сол
Бозінген боталайды. Бір айдан кейін Шу өзені тасыған кезде бота

жардан құлап мерт болады. Ботасын іздеген Бозінген күндіз-түні
боздап күңіренгенде, зарлы даусы бүкіл ауылды басына көтереді.
Жануардың боздаған даусына қапа болып, көңілі босаған
Сарша: «Жар басындағы жантақты жанынан кешкен нар жей­

ді» дегендей, жануар, әбден қиналдың-ау!»—деп қолына дом­
бы­расын алып, «Бозінген» деген күйін шығарыпты.

БЕЙСЕНБІ ДӨНЕНБАЙҰЛЫ /1803-1872/

186. «Жеке батыр»

1817 жылы көктем, Бейсенбі ауылы қазіргі Қаба ауданына
қарасты Қостай талдысы деп аталатын қоныста отырған еді.
Рулық қақтығыстың жолын қуып жүздерін суыққа бұрған
бөгде рудың бұлаңшы тобы талтүс кезінде қанаттас отырған

дәрігер (байкісі) ауылының бір топ түйесін, ауыл адамдары­ның
қарсылығына қарамай, алдына сап айдап жөнеледі. Ауыл­дағы
бала-шаға «бұлаңшы» деп ұлардай шулады. Әсіресе малмен көз
ашып, малды жанының тірегі еткен ауылдағы аналар зар иледі.

Аналардың «ойбай, құрыдық, күнге қарап ұлыдық, жұртта
қалып құрыдық, бұл не сұмдық, бұл не басынғандық, бізден ұл
тумап па еді?» деген зар-заласы тау-тасты жаңғыртты. Ауыл­дан
Дөненбай шаңырағын да шайқалтты.

Ер жүрек Дөненбай мына қорлыққа шыдамай, атына де-
реу ер салды. Қатарлас отырған ауыл азаматтарын аттанысқа
келтіріп, бұлаңшылардың өкше ізіне түсті. Бұлаңшылар жер
түбіне барса да, қуып жетіп, түйелерді қайтарып әкелмек. Осы

мақсат-тілек мінген атына қамшы бастырды, бұлаңшылар­
ды састырды. Тебінгі терге көміліп, тұлпар талыққан кезде
басқалардан бұрын жеткен Дөненбай түйе бұлаушыларымен
жалғыз айқасты. Апыр-топыр айқаста бұлаңшылардың ал-

тауы аттан құлап, қалған екеуі қаша соғысты. Сойыл жетпес

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
аралықтан Дөненбайға зуылдатып садақ жебесін жұмсады.
Дөненбай сауыт-саймансыз от кеуделі жүрегін садақ оғына то-
сып, сол майданда жан үзді. Осы бір шайқас болашақ күйшіні

сормаңдай жетім етті. Бекең әке арманына арман қосып, бір
жаңа күйдің көзін ашты. 14 жасында «Жеке батыр» атты күйін
әкесі Дөненбайға арнады.
«Жеке батыр» күйінде әкесінің ел тілегі жолындағы ер­лі­

гіне, өзінің әкеден жас қалған жетімдік көңіл-күйі қосыла күм­
бірлеп, бізге жетті.

187. «Кербез сылқым»

Әйми сұлу басы Таласта тұрғанда, менің бұрынғы күйеуім­
нің руында мені әменгерлікке аларлықтай жігіт туған жоқ деп
қарысады.
Ал Бейсенбі ел намысын өз намысым деп біледі. Ол кез-

де жесір кету ел-жұрт үшін үлкен қорлық саналады. «Осы
ғұрлы өңмеңдейтін, жесірің кетті ме» дейтін сөздер де бар.
Әймидің керейде мені алатын жігіт жоқ деуі білген адамға на-
мыс қозғайтын іс еді. Бұған шыдамаған Бейсенбі: «он бірінен

ассаң да, он екісінен аса алмайсың» деп қалады. Осыны аңдып
отырған сұңғыла әйел: «он екі керейдің қай бегзатын тани-
мын. Көз алдымда өзіңіз тұрсыз, сізге мақұлмын, сіз мақұлдық
берсеңіз, басымды ашам»,—деп күшейді. Осы кезде қиналыс­

та қалған Бейсенбі қасындағы жолдасы Мыңжанға: «Кербез
сылқымға сөз ұстатып алғаным-ай!»—деп өкінді. Мыңжан:
«жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, он екі керей
кеңесінде болады» деп ақыл берді. Кейін Әйми Бейсенбіге аяу-

лы жар болып, ел қадіріне бөленген кезде, Мыңжан би: «әуелгі
сөз рахым деген, кербез сылқым көңіліңізден, домбыраңыздан
ұмыт қалмасын»,—деп ескертті. Жақсы жардың жағымды
қылығы, нәзік сезімі «Кербез сылқым» күйін тудырып, біздің

заманға ұрпақ жалғады. 188. «Арман»

(ІІ нұсқа)
Керей атаның келіні Әйми, күйеуі өліп, жесір қалған соң,
төркініне отауымен көшіп барып қоныстасып қалады. Жесір­ді

күй  аңыздар
ерден кетсе де, елден кетірмеуді қарастырған жесір иелері бұл
жұмысты Бейсенбіге тапсырады. Сол заманда «Қасым ханның
қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жолы бойынша тұл

әйелдің ер таңдау құқығы болады екен. Кеңеске қатысқан би-
лер Әймиге ер таңдау құқығын береді. Билерді барлай қараған
асқақ сұлу «Керейде мені алатын жігіт жоқ» деп қарысады.
Билер кеңесі Әймиге: «Сен керей жесірісің, көзің түсер ері­

ңе, аяғың жетер жеріңе тоқта, керейдің бірінен ассаң да, он екі
керейдің біріне тоқтайсың» деп кесім жасайды. Ақша жүзінде
нұр ойнаған сұлу Әйми: «тұл әйелдің ер таңдау құқығы өзінде
болса, осы топтағы билер қауымына құлдық ұрайын, керей

жесірі екенім рас, керей биі Бейсенбіні таңдадым»,—деп қол
қусырып, басын иеді. Мына қойылған орынсыз талап Бежеңе
оңай болған жоқ. Абақтың бір жесірін дауға түсіп, ақырында
өзі алса, қандай әділет болмақ. Бұл іс билер кеңесінің сара-

бына салынып, «тұл әйелдің ер таңдау құқық заңы бойынша,
әйелдің талап-пікірі орындалуы тиісті»,—деп шешім жасалды.
Әймидің талабы орындалмаса, «билер заң бұзды» деген халық
наразылығына қалар еді. Осыдан соң билердің кесім жасауы-

мен, жесір иелерімен ақылға келіп, тиісті қалыңмал бодауын
төлеп, Бежең Әймиді әйел үстіне алып, жар етті.
Әйми ақыл-парасатты, ел-жұртқа жағымды, берекенің ада-
мы болды. Әйми өзінің зерделі, ұнамды іс-әрекеті, ақжарқын,

меймандос, сауықшыл өнерімен жұртқа да, Бежеңе де ерекше
ұнады. Ол ұстаған үй түгел түсетін, белдеуінен ат кетпейтін,
Бейсенбі бидің ардақты шаңырағына айналды. Осыны көре
алмаған күндесі қызғаныш тудырды. Өзінің жақындарын, ыр­

қына көнетін адамдарын Әймиге қастандық жасауға айдап
сал­ды. Осы қатігез, қараниет қайшылық жағдайында Әйми со­
лардың қолынан қаза тапты. Бұл кезде Бейсенбі тағы бір съез-
ге кеткен еді. Ұзақ жолдан ат соғып, суыт келген Бежең жар

өліміне қатты күйзелді. Жүрегі тілініп, қабырғасы сөгілді.
Ел-жұрт, ақсақалдар ақыл-кеңес бермесе, Бежең де құсаға бу­
лығып, тіршіліктен уаз кеше жаздады. Осы күйікті шер «Ар-
ман» атты күй болып бізге жетті.

189. «Қара құлақ ат»

Бейсенбінің ұлы Оспан (Алтайда Қара Оспан аталады) атас­
тырған қалыңдығы Рәбиғаны алар жолында өзінің тума аты қа­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
ра құлақ атты мініп, күйеу жолдастыққа Байтарақ, Жақсыбай
деген адамдарды ерте барған. Осы тойда ат бәйгесі болып, құ­
далардың арнаулы баптап әкелген жүйрігі болмағандықтан,

күйеу жігіт Оспан қара құлақ атты баптамай бәйгеге қосқан.
Бапсыз сәйгүлік қара құлақ ат бәйгеден келіп, Байтарақ ба­
луандықта жығып, Жақсыбай Айжан деген қызбен айтысып
жеңіп, құдалар жақ өнердің әр түрінен жеңістік алған. Сол

замандағы Жақсыбай мен Айжанның айтысы, өзіндік айтыс
салтын сақтаған қалпымен ауыздан-ауызға тарап, ел арасында
қазірге дейін сақталуда. Осы келін түсіру барысындағы қуаныш
Бежеңе шабыт қозғап, «Қара құлақ ат» күйін туғызған.

190. «Көк шыбар ат»

Бейсенбі билік басында болған жылдардың бірінде қазақ
ортасында болған съезге өзінің тума жылқысы ішінен шық­
қан таңдаулы көк шыбар атын мініп барады. Бежеңе есесі кет-
кен бір адамдардың айдап салуында, аттың сыртқы тұлғасына

қызыққан екі жортуылшы ұры, көк шыбар атты оңашада
бөгенайлап көреді. Сонда көк шыбар аттың тілінің астында
дөңгелек қара қалы, ауыздығының тыртығы барын байқайды.
Дәл осы белгілерді куә етіп, атқа таласу ойына келген жала­

қор шідерде тұрған аттың мойнына асылып жылайды: «Қайран
жануарым-ай, дөненінде асаудан үйреткен едім, сонда езуін
ауыздық қиған еді. Алты жасында жоғалған еді»,—деп зар-
лайды. Съездегілер: «Бұл Бейсенбінің аты еді, мұнысы қалай

болды?»—деп тамсанады. Бежең өзінің тума малы екендігі
шындық деп айтса да, ана екі ұры белгіміз бар дейді. Екі жақтан
сұралып аттың ерекше белгісі сарапқа салынады. Бежең сырт­
қы тұлғасын, жасын айтқанымен нәзік белгілерін нақты айта

алмай қалады. Ал екі жалақор көріп алған белгісін айтып, нақ
шындықтай етіп сөйлеп, құстай қондырып, оқтай төндіреді.
Ат тілінің астындағы қара қалы, езуінің жыртылуы сияқты
белгілер бойынша ат жалақорларға тәуелді болады. Өз басы­ның

жалаға ұшырап, әділетті істің әділетсіз істің алдында жеңі­
ліс тапқанын әрі аттың нәзік белгілерін біле алмағандығына
Бежең қатты ызаланады. Атты ұрыларға жетектетіп жатып:
«Жанаттың шыбарын жегеннің жаны желінеді» деген ел ара-

сында тараған тәмсіл бар еді. Менің шыбар атым емес, елім

күй  аңыздар
жанаттың шыбар аты еді, жаның желінбесе болды, мен бір тай-
дан кедей болмаспын, сендерге бақ па, сор ма? оны болашақ
бел­гілесін»,—деп қалады. Айтушылар аңызына қарағанда осы

съез ақырласпай-ақ, әлгі екі ұрының бірі ауырып, өлім халіне
келеді. Жан үзер алдында: «Керейдің киелі биінің атын жала­
мен алған едім, жанаттың шыбарын жеймін деп жаным желін­
ді, ол дүниеге алып кетпейін, атты иесіне тапсырыңдар»,—деп

өсиет айтыпты. Атты қолына алған соң, Бежең осы оқиғаға бай­
ланысты «Көк шыбар ат» деген күй жаратқан екен.

191. «Майдақоңыр»

Бейсенбінің әлеуметтік істерге араласып, өсіп-жетілуіне
Маман би үлкен жебеуші болды. Сол дәуірде Маман би әділ,
турашылығымен ел көзіне түскен. Айтса сөзі, қолқаласа бет-
беделі өтетін үлкен билердің бірі еді. Жас болғанымен Бей­

сенбінің әділқазылығы мен ақылдылығына қызыққан көзі
қарақты қарт би Бейсенбіні өз жанына ертіп жүріп баулиды.
Жас Бейсенбі Маманға еріп талай топты жиынға, думанды
ас-тойға, қазақ ортасындағы толып жатқан келелі кеңестер

мен дау-шарларға қатысады. Бұл сапарлар Бейсенбіні өмір
тануға, қалың халықтың күйін байқап, әділет жолын қууға
ұмтылдырады. Бейсенбі билік басына байлығымен не ру шон­
жар­лығымен емес, қайта әділдігімен, сөзіне жұрт ұйыған ше­

шен­дігімен халыққа іс көрсетуімен танылып шыққан адам.
Оның әділділігі мен шешендігі, алымдылығы жөнінде ел аузын-
да мадақталып келе жатқан талай аңыз-әңгімелер бар. Со­ның
бірі «Көк бесті дауын» шешкен әділ билігі болып табылады.

Бейсенбінің жастау кезіндегі бір аста өткізілген ошақ
бәйгеде алдымен келіп, жүлделі болған көк бестісі үлкен бәйгеде
қастандыққа ұшырап мерт болады. Көк бесті абақ керейдікі,
уақ—жауапты жақ екен. Екі тайпа елдің арасында осыған бола

үлкен дау туылып, ұзаққа дейін шешілмейді. Уақтың Еркөкше
биі: «Ел арасын берекелестірсем, өлгенде артыма дау қалдыр­
май бітіріп кетсем»,—деп ойлап, абақ керей мен уақтың сөз
ұстар билерін кеңеске шақырса керек. Кеңеске абақтың жанат

руы жағынан Маман би қатысады.
Қасына жас Бейсенбіні ертіп барады. Ол Еркөкше биге аман-
даса барғанда, Еркөкше би:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—Мына балаң кім?—деп сұрайды. Санда Маман би:

—Інім, Дөненбай батырдың баласы, тізгін ұстатарым,—деп

таныстырды.
Кеңес басталып, екі жақтың даугерлері дауын айтып, та-
лабын білдіргеннен кейін, қарт Еркөкше би даудың төрелігін
айтуға Бейсенбіні көрсетіп:

—«Кәрінің сөзі тәтті, ісі сәтті, жастың жалыны қатты» де-

ген сөз бар. Жас биім, осы даудың билігін сен айтшы,—дейді.
Екі арыс елдің арасындағы ескі дауға тұңғыш рет кезіккен
Бейсенбі:

—Бестінің құны—бес кесік, біткен жөн екі жақ елдесіп,

жүрмелік қан кешіп, құн кесіп, бұл жолы бас бәйге—500 қой
көк бестінің сыбағасы еді. Бір кесік соған, бір кесік абақ елінің
ұранына, ал қалған үш кесік ел ара берекелік ісің ғой,—деп
тақпақтай жөнеледі.

Ұзаққа созылып білтеленген ескі даудың шиесі шешілгендей
болады. Екі жақ Бейсенбінің билігіне айрандай ұйыйды. Абақ
керей жағы 200 қой алып, 300 қойды кешірім етеді. Бұған дән
разы болған Еркөкше би Бейсенбіге өзі мініп жүрген қоңыр

жорға атын тарту етеді. Аттың түр-тұлғасы мен жүрісіне көңілі
толған Бейсенбі домбыра шанағына «Майда қоңыр» атты әсерлі
күй туындатады.

192. «Телқоңыр»

(ІІІ нұсқа)
Бежең төменгі Алтайдың «Кешім қызыл үйеңкі» деген же­
рінде найман-керейдің бітім дауына қатысады. Жиын топ
тарқамастан бұрын «бәйбішеңіз ауыр науқастанып қалды»

деген хабар жетеді. Күн кешкірген шақ болса керек. Бір бар-
дам адамның телқоңыр деген атын мініп қатты жүріп, Буыр-
шын өзенінің жағасындағы Шыбар тал деген жердегі үйіне
түнделетіп жетеді. Әйелінің ауру беталысы оңалған соң, қайта

жиынға барады. Телқоңырдың осы сапардағы алымды жүрісі,
жолының жақсылығы Бежеңе әсер жасап, «Телқоңыр» күйін
тудырады.
Екінші бір аңыз дерек былай айтылады: Бежең алғашқы

атқа міну сапарын жылқы қостарында бастаған. Өзіне қарасты
жылқыдағы қоңыр биеден ылғи жақсы ат туады екен. Қоңыр

күй  аңыздар
бие құлындаған жылдардың бірінде бір қоңыр құлын туады.
Енді бір биеден тағы да бір қоңыр құлын туылса да, құлыны
өліп қалады. Сонымен Бежеңнің қоңыр биесінен туған қоңыр

құлын өз енесі мен құлыны өлген биені қатар емеді. Келесі
жылы өз енесі қысыр қалып, қоңыр құлын тайынан құнанына
дейін арда емеді. Бежең осы қоңыр құнанды жастай өсіріп, бас
үйретіп, жуасыған соң, өз мінісіне алады. Осы қоңыр ат жа-

рысса, озатын, қуса, жететін, неше түрлі әсем жүрісті, сурет
тұлғалы ерекше жылқы болады. Телқоңырына ерекше разы
болған Бежең «Телқоңыр» деген күйін арнайды.

193. «Көк иірім кеңес»

Айтушылардың аңызына қарағанда, Бейсенбі Көк иірім
кеңесіне екі рет барған. Бірінші рет барғанда найман-керей
ортасындағы жер талас бітімін найман билерімен келісіп,
бітіріп қайтқан екен. Келесі жылы жер талас қайта өршіп,

үлкен төбелес шығып, екі жақтан адамдар сойылға жығылып,
бас жарылып, көз шығып, қол-аяқ мертігіп, бұл істер бітімсіз
дауға айнала бастаған.
Әсіресе керей жақтан бір жігіттің басы айырылып, өліп қала

жаздаған. Наймандар жағы керейдің жаралы адамын қолына
салсақ, ауыр жарақатын көрген ызақор туыстарының бірі көзін
жойып, кісі құнына қалармыз. Онан да қолымызда бағып, өлсе
де, тірілсе де, көзбен көрелік дескен. Ал керей жағы адамымызды

өлтіріп, тығып тастадыңдар деп жарғы жазып, мал қуып алған.
Бұл ушыққан істі бітіруге найман жағы съез ашуды талап
еткен және керей биі Бейсенбіні шақыртқан. Бежең екінші
рет барғанда, ол жердегі керей ауылдары қыс қатты болып,

малы жұтаған. Аштық-жалаңаштық жайлаған. «Жұт жеті
ағайынды» дегендейін сарысүзек ауру жүріп, адамдардан өлім-
жітім көбейген. Бежең ауылдарды аралап көріп, барын жоғы­на
теліп, ақыл-кеңес айтып жанашырлық жасаған.

Әсіресе өткен жылы жер бөлісін мұқият істемей, екі жаққа
да көңілшектік істегеніне қатты өкінді. Бұл жолы қатаң келіп,
жерді әділ бөлді. Екі жақты жақсы келісімге келтірді. Керей­
дің сойылға жығылған жаралы адамын туған-туыстарын ертіп

апарып, көзімен көрсетті. Қарсы жақпен ақылға келіп, дәрі­гер
шақыртып, сойылға жығушылардың бағып-қағуына өткізді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Екі жақтың ерегесін тоқтатып, еліне қайтты. Алайда Бежең
өзінің дәрменсіз күйде екенін сезіп, көп ой толқынына түс­кен.
Өзара береке-бірлікте болып, ірге бөлмей, алтыбақан алауыз

болмай, оқу-білімге ұмтылып, өнер үйренсек, мұндай ауыр
жағдай тумас еді деп армандаған. Осы арман сапарында «Көк
иірім кеңес» туған.

194. «Танысаңшы»

Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысы­ның
ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жат­
қан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе, сырттай күзетіп
отыр­ған ауыл адамдары одан сезіктеніп ұстап алады да, билер­

дің алдына сұраққа апарады. Әсілі, жылқылы ауыл оның наға­
шы­ла­рының жамағайындары болса керек. бұл кезде Бейсенбі де
осы ауылда екен. Сұрақ үстінде Бейсенбі ұрыға баланып отыр­
ған домбырашыны қиын жағдайдан құтқару үшін, шабытта­

на қолына домбыра алып, бір түрлі қоңыр ырғақты күй төгеді.
Әлгі домбырашы күй әуенінен «танысаңшы» деген ырғақты
айқын ұғынады. Сонымен ол жалт беріп: «нағашыларымның
ауылына келіп отырмын, бұлардың әр қандай жақсы ісі менің

мақтанышым, арғымақ жылқыларын көргенде қуанғаннан көз
алмай қарай бердім. Менің жақсы ниетімді жаманға жору жа-
рамас» дейді. Сонымен ол сөзден ұтып, құтылып кетеді. Осы-
лайша, ел ішіне Бейсенбінің «Танысаңшы» күйі тарап кетеді.

195. «Ой, дүние-ай!»

(І нұсқа)
Бежеңнің Алтай тауындай абыройын көре алмаған күндес
жаулары, керей ішінен Бежеңді жоғалтып, елін бодан етуді ерте
ойластырған. Сонымен бір съезде Бейсенбіге жасырын қастық

жасалып, мекені Буыршынға әрең жетіпті дейтін аңыз бар.
Хал үстінде жатқан күйші арғы-бергі жағдайды ойлап, сүйегін
иенге, ешкім білмес жерге жасырып жерлеуді тапсырып өсиет
айтқан.

Ажал қармаған азапқа қайрат көрсетіп, күй шабытын бой­
ға жинап, елі мен жеріне, қормал дос-жарандарына өткен өмір,
тәтті армандарына, ұрпақтарына қош айтып, «Ой, дүние-ай»

күй  аңыздар
деген күйін шығарған. Осыдан соң пәни жалғанның жарығы­
мен мәңгілік қош айтысқан.

196. «Ерке бұлан»

Ертеректе Алтай тауларында бұғы тектес аша тұяқты, күйіс
қайыратын, тұр-тұлғасы көркем, шоқтығы биік, түсі кер қызыл
бұлан деген аң болған. бір кезде Бежең ауылының жігіттері
Қанас өзенінің бойынан осы аңның бір бұзауын ұстап алып

қолға бағады. Аңның зәбірсіз момын, тұқым жақтан сирек,
киелі қоңыр аң екендігіне көзі жеткен Бежең осы аңды үйіріне
қосып қоя береді. Осының артынан ұзақ толғаныс арқылы
«Ерке бұлан» күйін шығарады. Күй өте әсем болады. Бежеңнің

өз ұрпағынан Мақаш деген домбырашы көп шертеді екен. Кейін
ауылдастары оны Мақаш демей «Ерке бұлан» дейді екен.

197. «Құс қашқан»

Бейсенбінің тұсында керей атаның жантекейінен шыққан
Тікен деген құсбегі адам болыпты. Алтайдың белгілі бір же­
рінен қансонарда қара құсынан айырылып қалады. Құсынан
айырылған Тікен назаланып, көп күндер үйінен шықпай құ­са­

ланады. Мұны естіп-білген Бейсенбі Балбағайдағы Қожам­жар
төреге адам жіберіп, бір қыран құсты Тікенге алдырып береді.
Қазақ ұлтының кең сахарадағы құсбегілік өнерін жоғары ба­
ғалаған Бежең осы туралы ойланыс жасайды. Аспандағы құс­

тың тілін біліп, қолына қондырған адамның да қыран құстай
қырағылығы бар-ау, бұл сахара мәдениетінің сайыпкер салты
ғой. Қыран құс қуанышты да, қайғыны да иесіне сыйлайды
екен, осыған да күй тудыру қажет деп тебіренеді. Осы деректен

«Құс қашқан» күйі туындайды. 198. «Әйми»

Әйми керейдің шеруші руынан туған біреудің жалғыз
ұлына айттырған найман руының қызы екен. Қалың малы
беріліп болып алғалы отырғанда, бақытқа қарсы күйеу жігіт
қайтыс болады. Жігіттің жылы өткеннен кейін «қызға біреулер

құдаласқалы жатыпты» деген хабар керей жағының құлағы­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
на тиеді. Керей жақ алатын жігітін қосып, қыз жаққа адам
жібереді. Бірақ қыз барған жігітті жаратпайды. Құда жақ:
«Қалың малды қайтарамыз» деп жат ниет білдіреді. Жігіт жақ

бұл ақуалды орыс жерінде съезде жүрген Бейсенбіге хабарлай-
ды. Сол дәуірдің ережесінде қызды айттырған жігіт өлсе, қыз
сол елдегі өзінің таңдаған жігітіне барады. Егер ол жігіт алма-
са, яки алуға жағдайы жар бермесе, қалың мал салауат бола­ды.

Қыздың талабына лайықты жігіт шықпаса, қыз жақ қалың ма-
лын қайтарып беріп, қыздың бас еркіндігін алады екен.
Бежең қайтар жолда келіп құдалармен сөйлессе, олар қалың
малды қайтарамыздан басқаны айтпайды. Бейсенбі: «Қалың

мал қайтару қашпас, мен қыз лебізін өз құлағыммен естісем,—
деп Әймиді шақыртып алып,—құдаласқан жігітің бақытқа
қарсы қайтыс болды. Бұл—тағдырдың ісі. Атамыз қазақта
«жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген салт бар. Мына

жігіттерден көңілің сүйгенін таңда, көңілің толмаса, бүкіл
керейді таңдауыңа да болады»,—дейді.
Ат-атағы елге әйгілі Бейсенбіні Әйми де сырттай білуші еді.
Бұл рет Бейсенбінің көз тартарлық тұлғасы мен көңіл толар­лық

келбетін көргенде Әймидің іштей ғашықтық сезімі қозға­лып,
Бейсенбіге: «Керейден өзім таңдаған жігітіме баруыма бо­ла
ма?»—деп сұрайды. Бейсенбі: «Ел салған жол, жалғасып келе
жатқан салт қой, неге болмайды? Болады!»—дейді.

Өжет Әйми: «Ондай болса, мен өзіңді таңдаймын, басқаңа
бармаймын»,—дейді. Бейсенбі бір жағынан өзі айтқан сөзінен
бұлтара алмайды, енді бір жағынан Әйми сынды сымбатты, сұ­
лу, өжет аруды өзі де шын жүрегінен сүйеді. Осылайша, Әйми

өзінің тамаша мінез-құлқы, ұнамды іс-әрекеті, ақ жарқын,
меймандос, сауықшыл ерекшелігі және зейінді зерделілігімен
жұртқа да, Бейсенбіге де ұнайды. Бежеңнің ақылына ақыл
қосып, дау-шарларға билік айту, елді береке-бірлікке шақыру

іс­теріне де араласады. Ел алдында зор беделге ие болады. Түсе­
тін түсел, келетін қонақ Әйми отауына ауады. Әймидің осын-
дай іс-әрекетіне сүйінген Бежең өзінің көңіл-күй, ой-өрнегін
«Әйми» атты күй қылып қалдырады.

199. «Көш келді»

Бежең үлкен ұлы Қара Оспанға қалыңдық айттырып, келін
түсірер кезде, ырым жасап баласын қайнына аттандырады.

күй  аңыздар
Құда жақ қыз ұзату тойын жасап келінді аттандырыпты деген
хабар жетісімен, тұңғыш келінінің қуанышты тойын асыға
күткен Бежең, келін келуге бір күн қалғанда, ауыл іргесіндегі

төбеге кілем салдыртады да, ауыл ақсақалдарымен бірге ағыл­та
әңгіме соғып, төгілте күй шертіп отырады. Келесі күні түс­тен
кейін қыз ұзатқан құда-құдағилар көші ауылға жақындаған­
да ата салт бойынша келінді аттан түсіріп, ауылға жаяу бас­

тайды. Кежімдеген келін атын мінген бойжеткен мен көш то-
сып жүрген балалар «көш келді!»,—деп шүйінші сұрай ауылға
келеді. Ауылдағы ақ самайлы әжелер мен Бежеңнің бәйбі­ше­сі
салт бойынша келіннің атына шашу шашып, балаларға шүйін­

ші беріп риза етеді. Қуанышқа бөленіп сезім шаттығы шалқыған
Бежең көсілте күйге басады. Торқалы той, думанды қызықпен
жалғасып таратады. Алыс жерден келіп, екшеліп қалған ерек­ше
күтімдегі құда-жұрт, сыйлы қонақтар қош айтып, еліне қайту

үшін Бежеңнің үйіне келеді. Бұлардың ішіндегі қадірменді
қарт құдасы, қаратай руынан шыққан әйгілі би Мәметек те
бар еді. Бежең алыс сапардан келген сыйлы қонақтарын жібер­
мей, тағы бірнеше күн жатқызып, дыр-думанды сауық-сайран

ұйыстырып береді. Мәметек би: «Бежең құда, сен қатынасқан
ұлы дүбірлі бас қосулардың бірде-бірі күйсіз басталып, күйсіз
аяқталып көрген емес еді ғой! Қане, балаңның торқалы тойы-
на арнағаның болса, біз соны естісек» дейді. Қаумалай отырған

қалың жұрт бұл пікірді құптай жөнеледі.
Бежең домбыраның құлақ күйін келтіріп алады да: «тойға
арнаған екі күйім бар еді. Бірі—шүйінші сұрай келген қуа­
нышты хабар шабытымен туған «Көш келді» атты күй; енді

бірі тұңғыш ұлымның думанды тойы басталғандағы қуа­ныш­
ты сезімнен туған «Той бастар» күйі дейді де, құйқылжыта күй­
ге басады. Айшықты жасалып, айызды шертілген осы бір тәтті
күйлерден жан семіртерлік ләззат алған Мәметек би: «шір­кін, аты-

затына сай ершімді-ақ күйлер екен қарағым, Тәңірім қол-аяғыңа
дерт бермегей, отауың құтты, балаларың бақытты әрі ұрпақты
болсын!» деп ақ батасын беріп, ақ тілегін білдіріп аттанады.

200. «Екеуім-екеуім»

Бежеңнің Әйнеп, Зәйнеп деген екі қызы болған екен. Арасы
бір жасар тетелес өскен екі бала Бежең үйінде болса, қасынан
шықпай еркелеп, әкелерінен екі елі айырылмайтын болыпты.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Екі баласының мейірі Бежеңе ауған екен де, Бежеңнің жаны
осы екі баласының үстінде екен.
Белгілі бір жылы Бежең сапарға шығады. Бірде дем алып

жатып ұйықтап кетеді де түс көреді. Түсінде өз үйінің төрінде
отырса, үйінде баққан екі кептер бар екен, бір қаршыға киіз
үйдің шаңырағынан ұшып кіреді де, әлгі екі кептерді тең іліп
алып, есіктен шығып кетеді. Бежең орнынан тұрып кептерді

арашалап алып қалайын деп қозғалғанда өзі оянып кетеді. Осы-
дан кейін көңілі қобалжып, үйіне қайтқысы келіп, жұмысын
тез бітіріп үйіне қайтады. Бежең келгенше екі баласы жұқпалы
қызылша ауруына шалдығып, екеуі де бір күнде тең қайтыс

болады. Балаларды енді ғана оң жаққа жатқызып болған кез-
де, Бежең де үйіне келіп түседі. Балаларының ежелгі дағды­
сы бойын­ша алдынан жүгіріп шықпағанынан күмәнданады.
Бежең үйіне кірумен зарлы көріс басталады да, шаңырақтан

өлім шыққаны мәлім болады. Бежең тағат қыла алмай оң жақ­
тағы шымылдықты ашып қараса, екі бала қатар жатқан. Ол
шыдап тұра алмай екі баласын құшақтап бауырына басып,
«қос жанарым, екеуім», «екеуім, екеуім» деп егіле еңірейді. Үй

толы адам бірге жылап, бүкіл үй күңіренеді. Қатарға қосылып,
көзге көрініп қалған екі бірдей баланың бір күнде тең қайтыс
болып, оң жақта сұлап жатуы Бежеңді ауыр қайғы теңізіне ба-
тырады. Қос балапанын өлімге қимаған ол, қараша айында киіз

үйдің іргесін түргізіп тастап, балаларын шығартпайды. Өзі де
нәр татпайды. Ақыры Құлбек бастаған ел ақсақалдары келіп
Бежеңе жұбату айтып, иландырып балаларды қойдырған екен.
Балаларының өліміне қатты қайғырып назаланға Бежең «Қос

жанарым, екеуім», «Екеуім, екеуім» атты қайғы-қасірет­ке
толы зарлы күйді шертіп, шерін, мұңын тарқатады екен.

201. «Бодау кеңес»

Шыңжаң аймағында ғұмыр кешкен белгілі би, әйгілі күйші
Бейсенбі Дөненбайұлының (1825-1898) «Бодау кеңес» деп ата-
латын күйі бар. Осы күйдің аңызын ақын Нүкеш Бәдіғұлұлы
былай баяндайды:

«Алтайдағы абақ-керей елінің бодаусыз кеткен дау-шарын
бітіру үшін үлкен жиын болады. Қаба деген жердегі Алқабек
өзенінің көкорай шалғынына ақшаңқан үйлер тігіледі. Бұл

күй  аңыздар
оқиға 1853 жылы болып еді дейді. Бодау кеңесіне арғын, най­
ман, керей, уақтың тізгін ұстаған игі жақсылары шақырылады.
Ең бір еңселі ақ ордаға арнайы шақырылған аға сұлтан Құнан­

бай Өскенбайұлы келіп түседі... Керейдің Маман биі өзі баулып
жүрген жас жігіт Бейсенбіні ертіп келеді. Мұндай бас қосуға
Бейсенбінің енді-енді араласа бастаған жаңа талап кезі болса
керек.

Уәделі мерзім болғанда билікке араласатындар Құнанбай
түскен үйге жиналып, еселі орындарына жайғаса бастайды.
Жасы кіші Бейсенбіге босаға жақтан орын тиеді. Межелі кісі­
лердің басы қосылды-ау дегенде, Құнанбай отырып:

—Кәне, дау-шарды неден бастаймыз?—деп сауал тастайды.

Керей жағынан дау иесі болып отырған Шау би айнала
отырған билерге салмақ салып, «сөз бастаңдар»,—дейді. Алай-
да, аға сұлтан Құнанбайдың мысы басып, ешкім суырылып
шыға қоймайды. Сонда, босаға жақта отырған Бейсенбі еңсесін

тіктеп, жүгіне отырып тіл қатады:

—Сұлтан аға, біз сөзді қалай бастаймыз?—дейді Бейсенбі,—

арғын, найман біздің ағамыз еді. Алайда әрідегі Сыр бойынан
ауғанда арғын ағаның қамшысының жуандығынан, берідегі
Қалбадан ауғанда найман ағаның қамшысының жуандығы­нан
қоныс теппей келіп едік. Содан, ортамыз ойылғандай, орда­мыз

бұзылғандай болып, мекен қуып жүрген елміз. Қоныс ауда­рып
келген жеріміз қалың дүрбіт пен ұраңқайдың ортасы. Бұлар­
дың бесік белгісі, төсек үлгісі жоқ ел, алса—бітім, берсе—итім
дегенді ғана біледі екен. Сондықтан кеуделеуді көріп, ортасы

ойылмаған, саудалауды көріп ордасы бұзылмаған, жаны бір,
заңы бір ағаның баласы өзі сөз бастамай ма?
Жаңа талап, жас жігіттің өр мінез, өжет сөзі, қиыннан
қиыстырған орынды уәжі отырған жұртты өзіне ошарылата

қаратады. Қос жастықты шынтақтаған әрі паң, әрі асқақ аға
сұлтан Құнанбай да басын көтеріп, Бейсенбіге барлай бір қарап
алады. Сонан соң сөйлеп кетеді:

—Болар, болар!—депті Құнанбай.—Өзі де болғалы тұр екен

ғой! Аузының жұрт иланар киесі, көмейінің жау жасқанар дуа-
сы бар жігіт екен... Ау, ағайын, жиын өзі де басталып кетті емес
пе?! Бала жігіт жөн сөз айтып отыр: сендер білгелі жуандардан
басымдық көріп елден шеттедіңдер, жерден айырылдыңдар.

Оған мен қамықпасам, қуанбаймын. Керейден сендей бала­ның

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
туғаны исі қазаққа мақтаныш. Бұл реттегі биліктің тізгінін осы
балаға беріп, біз тыңдаушы ғана болайық!
Құнанбайдың оң шырайы отырғандарды жадыратып, тілеу­

қор ниеттерді тоғыстырғандай болады. Сол жолғы бодау кеңес­
те Бейсенбі төбе би болып, дау түйінін қалдырмай шешім айта-
ды. Ағайын арасы келісімге келіп, жарасым табады. Мұның
бәрін қалт жібермей сыннан өткізген Құнанбай жиын тарқар

кезде Бейсенбіге «көмейінен бітімді сөз ақтарылған шешен,
билігіне ел тоқтайтын көсем, аузы дуалы, ойы киелі жігіт екен»
деп баға беріпті.
Сонда, Бейсенбі осы бас қосудың ұрпаққа үлгі болар бір бел­гі­

сі болсын деп, өзінің «Бодау кеңес» атты күйін шерткен екен».

ҚАЗАНҚАПҰЛЫ ТӘТТІМБЕТ /1815-1860/

202. «Нар шөккен»

1841 жылдың қысы қылышын сүйрете келіп, ақсүйек
жұттың нышаны белгі бере бастайды. Мал сүмесімен күн кө­
ріп отырған Арқа қазақтары абыржыңқы күй кешеді. «Жұт
жеті ағайынды» дегендей, қардың қалыңдығына, малдың

өлім-жітіміне, ит-құстың молаюына, ұры-қарының білінуіне
қоса терістіктен тұрған үскірік жел жыландай ысқырып ба-
сылмай қояды. Мал мен жанның апшысын қуырған қарлы
боран Алшымбайдың да көп жылқысын ықтырып, көрші ру­

лардың қорық-теппесіне алып келеді ғой. Аштық атасын та-
ныта ма, Алшымбайдың ыққан жылқысы қорықтарды талап,
тақырлағаны былай тұрсын, ауыл-ауылдың үстін басып, арық-
тұраққа деп жинаған көпен-шөмелелеріне ауыз салады.

Алшымбайдың жылқысы екенін білсін-білмесін көз алдын-
да бөтен малдың аяқасты болып отыра ма, ауыл адамдары ығып
келген көп жылқының алдын жасқап, бұрып жібереді. Сол
бетінде ыққан жылқы Қарасор көлінің бықылдап жататын со-

рына тіреліп, біразы шығын болады ғой.
Мұны естіген Алшымбай «жылқыларымды әдейі бақас­
тық­пен сорға түсірді» деп, көрші ауылдардан өлген малын
өн­діртіп алу үшін төңіректің би-болыстарын жинап, салмақ

салады. Берсе—қолынан, бермесе—жолынан алатын, өктемді­
гін жүргізіп қалған Алшымбайға ешкім қарсы келе алмай,
13-136

күй  аңыздар
қиналған көпшілік араша сұрағандай, елдің жаңа талап жас биі
Тәттімбетке кісі жібереді.
Көптің сәлеміне құлақ асқан Тәттімбет келгенде Алшым-

бай би елдің апшысын қуырып, би-болыстарды ықтыра сөйлеп
отырса керек. Тәттімбет Алшымбайдың жасының үлкендігін
сыйлап, сөзін бөлмей шеткерірек отыра кетеді.
Сонда Алшымбай дегенін арындататын үкім сөзін бітіре бер-

генде Тәттімбет:

—Дат, Алшеке! Үкіміңізге қосарым бар!—дейді.

—Айт датыңды!—деп Алшымбай ошарыла бұрылады.

Сонда Тәттімбет:

—Алшеке, жалғыз Айбике емес, жапсар жатқан Шаншар да,

қала берді Қарқаралы, Қуды ен жайлаған иісі Қаракесек сізді
төбесіне көтеріп, дуалы ауыз, тура би деп біледі. Дуалы ауыз,
тура би деп танып, тағдырының тізгінін қолыңызға ұстатып
отыр! Ол ол ма, ықпалыңызға жүргізем десеңіз, Қарқабат ана-

сын ұрандас кеткен бір шоғыр Қаракесек былай тұрсын, қы­
рық сегіз болыс Майқы-Бошанға, одан асып Арғынға айтқаны­
ңыз өтеді. Япырау деймін, осынша билікте отырып, неліктен
терістіктен соғар үскірікті алдын ала болжамадыңыз! Қалайша

жұрттан асқан құдіретіңізбен болжап, өз малыңыз ғана емес,
төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайынға қамқор бола
алмадыңыз. Біле білсеңіз, мұндай үлкен міндет елдің сіздей
үлкеніне лайық емес пе еді. «Тас түскен жеріне ауыр». Сіз

білмегенді сіздің панаңыздағы қара халық қайдан білсін?!
Бо­ранның соғарын, жылқының ығарын, ыққан жылқының
сорға түсерін болжап, біліп отырудың жолы Сіздікі емес пе?!
Менің қосарым—боранда ығып, сорға түскен жылқыны осы

ел бөліп төлесін-ақ. Ал осынау қалың елдің биылғы жұтта
өлген жылқысын, жұттың боларын болжамағаныңыз үшін сіз
төлеңіз. Ол болмаса үкім бұзылсын!—деген екен.
Алшымбай өзінің белден басып, артық кетіп отырғанын

мойындап, Тәттімбеттен тосылған екен дейді.
Бұл Тәттімбеттің жұт жылы басынан өткен бір сәттік қана
оқиғасы. Ел басына түскен ауырлықта Тәттімбет мұнан басқа
да көп қажыр көрсетеді. Ел атынан Омбыға барып, аштыққа

ұрына бастаған елдің ес жиюына ерекше ықпал етеді.
Кейін осы оқиғаны есіне алып, төрт түлік малдың төресі
нарды шөктірген ауыр жұт туралы «Нар шөккен» деген күйін
шығарып еді дейді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 203. «Көкейкесті»

(І нұсқа)
Күйдің қалай туылғандығы туралы мынадай шежіре бар.
Есімі ел көңілінде ұялаған күйші көрер тірлігін де ақыр­
ластырып қалады. Өмірінің соңғы кезінде ауру азабын шегіп,

үзілер соңғы дәмін күтіп жатқан күйшіге күллі қазақтың
бірталай жердегі игі жақсылары жиналып барады. Көңілін
сұрап, жақсы жұбатуларын айтып отырған топқа әлден уақытта
Тәттімбет, ауру төсегіне сүйеулі тұрған жан серігі—домбырасын

алып, ғажайып бір күй шертеді. Күй аяқтала сала отырған топ
бұл күйдің қайсы күй екендігін сұрап білгілері келеді. Сонда
күйші, бұл күйімнің аты «Көкейкесті» болсын дейді. Күйшіні
күзетіп, сусын беріп, ажалмен таласып отырған шәкірті әрі інісі

Жақсымбет күйші табанда бұл күйді жатқа алады. Күй осылай
туылып, кейін Жақсымет арқылы елге тарап, заманымызға жа-
тады.

204. «Көкейкесті»

(ІІ нұсқа)
Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күй­
ші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кеш-
кен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген-өтелмеген

парызын ой таразысына салады да, өзінен-өзі мұңға батады.
«Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым-ау»
деп ширығады, жанарына ыстық жас үйіріледі. Мұңдас-сыр­
лас дос-жарандарының хал-жайын ойлайды. Сөйтіп, толға­нып

жатқанда елдің бір азаматы келіп көңілін серпілткісі келе­
ді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең таралғанын, мұрагер
шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бі­
рақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей

назаланады. Осы тұста күй толғағысы келіп, домбырасына қол
созады. Отырғандар жүкке сүйеулі тұрған қоңыр домбырасын
қолына ұстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп, домбыраны
кеудесіне сүйеп, шалқалап жатып, сыры терең, толғанысты бір

күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай-сүйегін
сырқыратады. «Бұл күйіңізді жаңа естіп отырмыз, қандай күй
болды екен?»—деп сұрайды. Сонда, Тәттімбет: «Көкейкесті»
болсын,—деген екен.

күй  аңыздар 205. «Бес төре»

(І нұсқа)
Тәттімбет танымал күйші ғана емес, тұтас Қаракесекте сөз
ұстаған сері, шежіре-шешен болған кісі екен. Сонысынан бол-
са керек, бір жолы ол Қаракесектің белгілі бір биі—Алшынбай

бидің атынан Омбыға жіберіледі. Тәттімбет бұл сапарында
Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев сияқ­
ты бірталай би-төрелермен сапарлас болады. Би-төрелердің жол
бойы байқатқан озбырлығына, местігіне, елге танытқан суық

рай зорекерлігіне іштей ызасы түсіп, ұнатпай келе жатқан күйші
төрелер бір ауылға түсіп, мәжіліс құрып отырғанда, тыңнан бір
күй шертеді. Бөгенайы бөтен бұл күйді байқап қалған төрелер:
«Мынау қайсы күй екен?»—деп сұрап қалады. Сонда Тәкең:

Күйдің аты «Бес төре»,
Бесеуі де мес төре.
Санаң болса кеудеңде,
Жұмбағымды шеш төре.

Өз еліне қасқырдай,
Мұнша неге өш төре?»—деп жауап қатып, күйді
тағы қайырып бір шертіп жіберген екен. сөйтіп, күйшінің әй­
гілі «Бес төре» күйі осы Омбы сапарынан туған екен.

206. «Бес төре»

(ІІ нұсқа)
Тәттімбет Омбыға барған сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса
Шорманов, Ыбырай Жайықбаев, тағы басқа бірталай би, төре­лер­
мен сапарлас болады. Кейбір шонжарлардың жол-жөнекей ел­ді

қат­ты шығынға ұшыратып, қыспаққа алған озбырлық, зомбы­лы­
ғы­на төзбей «Бес төре» күйін шығарыпты. Іштен тынып жүр­ген
күй­ші бір ауылда мәжіліс құрып отырған азулы төрелер ара­сын­да
тың­нан бір күй тартады. Бұл күйдің жайын сұрағандарға:

Күйдің аты «Бес төре»,
Бесеуі де мес төре,
Санаң болса кеудеңде
Жұмбағымды шеш, төре.

Өз еліне қасқырдай,
Неге мұнша өш төре?—
деп жауап берген екен.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 207. «Былқылдақ»

Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, ке-
дей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыя­пат,
қошаметке бөленіп жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттім­бет,
өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші,

сол қызды көруге аттанады.
Айтса айтқандай, өнері мен бағы өрлеп тұрған қыздың
күйшілік құдіретіне Тәттімбет айырықша сүйінеді әрі оған
құ­марлығы артып, оның әр қылығын күндіз-түні бақылайды.

Оның кедей қызы болған соң үйіне көмектесіп, бастаудан су та-
ситын жәйтін байқайды.
Бардам бай балаларына кеудесін алдырғысы келмейтін ке-
дей қызы әсем киініп, кербез басып, тәкәппар, паң мінезбен су

көтерсе де, әсем қылықпен басатынын көрген Тәттімбет қыз
жүрісінен «Былқылдақ» деген күй шығарған екен.

208. «Жылқыда»

Арқа бойында бір жылдары қыс тым қатты болып, тұтас
жатқан адырларды қасаттанған қар алып малға жайылым
бермейді.
Осындай жұт белгісін сезген жылқышы Тәттімбет көршілес

найман елі отырған өңірге жылқы салып, өзі ел аралап сауық-
сайранмен болады. Еліне осындай өнерлінің келіп, өнерімен мәз
еткенін найман елі де теріс көрмепті. Жылқысын қумай, өзін
қадірлі қонақ ретінде қарсы алады.

Жылқысы жұт көрмей, өзі қысты сайранмен алған Тәттімбет
ел мен жерге риза болып, «Жылқыда» атты күй шығарған екен.

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ /1818-1889/

209. «От жалын»

Бір күні Махамбет Жәңгірдің он екі биімен бірге далада келе
жатса керек. Сонда астындағы қара қасқа аты алды аяңдап, ар­
ты желіп, билердің алдында оқ бойы озып отырыпты. Сонда бір
би тұрып: «Ей, Махамбет! Қазақта атты адамдар қатар жүреді,

сен немене, тазы итке ұқсап жұрттың алдын бермейсің!» десе
керек.

күй  аңыздар
Сонда Махамбет артына қарап, екі бүктеп ұстаған бұзау тіс
он алты өрме бөкейлік қамшысын тақымына тіреп, бір жағына
қисайыңқырап отырып: «Е, неменесі бар, мен қарғылы қара

тазы болып, алдарыңда оқ бойы шығып отырсам, артымнан он
екі төбет дүңкілдеп ере алмай келе жатса, дүниенің қызығы сол
емес пе!» деп билердің жағын қарыстырған екен дейді. «Қайран
от ауызды, орақ тілді ақыным-ай»,—деп Құрманғазы сол арада:

«Исатай мен Махамбет, өкіне ме екен өлдім деп!» деген жолдар-
мен басталатын өлеңін жайлап термелеп айтып келіп, аяғында
бір күй тартып жіберген екен дейді. Күйдің аты «Жалын» бол-
масын, «От жалын» болсын деп отырғандар толықтаған екен.

210. «Маната»

Күндердің күнінде күйші Үстіртке келіп, оның жоғары
көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе
жатқан керуеннен асудың сырын сұрап, әңгімеге біраз қана­
ды. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын қатты тартып, өмілдірік-

құйысқанын мықтап алып, «Қара түйе—Манатаның» шыңына
көтеріледі. Бұл шың туралы ел ауызында небір қызықты
аңыздар барын бұрыннан да білетін. Енді, міне, ертегідей бо-
лып естілген асуды өз көзімен көріп, өз аяғымен басып келеді.

«Қара түйе—Манатаның» жоғары қарасаң, бөркің түсетін,
төмен қарасаң, басың айналатын үстірттің текше-тегіс үстіне
шығады. Ақ сұр аттың айыл-тартпасын босатып, аз уақыт жел-
ге қаратып, қаңтарып қойып, шылбырынан ұстап отырып, біраз

ойға кетеді. Бұл шыңның басына шықса да, төмен түссе де, аман-
есен өткендіктеріне мал сойып, садақа беріп жататын керуен­нің
істегенін істейтін қауқары жоқтығын есіне алады. Дегенмен бұл
да ел ауызында бар жер екен деп, асудың асқарларын домбы­ра

дыбысымен жаңғырта «Маната» деп күй шығарады. Біреу­лер
бұл күйді «Маната тау» деп те атайды. Сөйтіп, үстіртке аса­тын
асу—«Қара түйе—Манатаның» басын жылдар бойы сада­қа
шалған мал етінің исі мен жер ошақтың түтіні ғана шалса, ол

құздарды Құрманғазының қолынан шыққан күйдің сиқыр­лы
толқыны да шалып өтіп, шың-шыңды қуалап кетті.

211. «Қайран шешем»

Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің
Орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен-өзі болып,
қалың уайым теңізіне батады. Бір күні қысқа серуен кезінде
Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға

тілі тигені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі
қазақ арасында көп болып, қазақшаны судай білетін болады. Ол
Құрманғазыны жұбатып, көптеген ақыл айтып, өзінің өмірінен
біраз шежіре айтады. Екеуі енді айырылмас дос болып, сырла-

сып, ақылдасып отыратын болады.
Құрманғазы Лавочкинге өзінің осы жолға шығардағы басы-
нан кешкен бір әңгімесін баяндап береді:
«Ақбаевтің атарман-шабармандары ұстап алып, көк арбаға

тіркеп, енді жүргізейін деп тұрғанда шешем Алқа келе жатқа­
нын көрдім. Әлпештеп өсірген анама әлі күнге бір қызмет ете
алмай, оны үнемі қауіп-қатерде, жоқшылықта ұстап келгенмін.
Енді, міне, көп жылдан соң келгенде тағы да оны пұшайман

етіп кетіп бара жатқаным ойыма түсіп, шыдай алмай көзімнен
бір тамшы жас шығып кетті. Сонда, қайран шешем менің
қасыма келіп: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме
екен ғой, туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып

тұрсың?!» деп жағымнан шапалақпен тартып-тартып жіберді.
Сонда ғана мен антектік жасағанымды сездім. Анама күле қарап
қош айтыстым»,—дейді.
Құрманғазының бұл әңгімесі Лавочкинге үлкен әсер етеді.

Ол өзінің шешесінің талай мейірбанды істерін есіне алып, біраз
әңгіме етеді. Құрманғазы болса шешесінің жас кезінде қан­дай
сотқарлығы болса да кешіріп, қандай тентектігі болса да Са­ғыр­
байдан арашалап, қалай да Құрманғазыны қақпайламай, бір­

беткей етіп өсіруге тырысқанын, ондай тәрбиенің Құрманғазы
өмірінде үлкен рөл ойнағанын күйші қайта-қайта есіне түсіріп,
небір еркеліктерін көз алдына елестетіп, көрер таңды көзімен
атырады. Қатар жатқан Лавочкин де өзімен-өзі сырласып, ол да

аунақшып ұйықтай алмай шығады.
Ертеңінде Құрманғазы ойланып-толғанып, қолына дом-
бырасын алып, қолы хат білмесе де, ардақты анасының айта
қалғандай «жазасын» қағаз бетіне түсіретін мүмкіншілігі бол-

маса да, домбыраның қос ішегінде бір ескерткіш қалдырайын
деп күй шертті. Оны Лавочкинге тартып бергенде екеуінің ерлігі
де бір сәт кейінгі пыланға шыға тұрып, кішкене көз жастарын
төгіп алды. Бірақ өмірдің небір өткел бермес асуларын, асқар

күй  аңыздар
белдерінен өткен қайратты жігіттер тез өздерін-өздері жинап
алып, күйді қайта-қайта орындап, тыңдап, оның ішінде тек
сағыныш ноталары ғана емес, күш-қуат барын, тіпті сартылдап

қашып бара жатқан аттың тұяғының сарыны барын естігенде,
бірін-бірі тілсіз түсініп, ол сарынның арман даусы екенін біліп
қойды. Ақылдасып келіп күйдің аты «Қайран шешем» болды.

212. «Түрмеден қашқан»

Қазақ музыкасымен жете таныс болмаса да, қазақтың
әншілерін, күйшілерін көп тыңдап, біраз көзі ашылып қалған
Лавочкин, күй тыңдап болғаннан кейін Құрманғазыға өзінің
сезгенін, алған әсерін айтады. Досының өз ойынан шыққанына

Құрманғазы да риза болады. Олай дейтініміз—күйдің ортасын-
да келетін ат шабыс ырғағы күйшінің анасына деген барлық
жылылығымен бірге, қашу да ойында барлығын меңзеген­
дей болады. Екі тұтқын музыка тілінің мұндай өткірлігін

тағы біраз әңгіме етіп, күлісіп те алады. Жаман домбыраның
біраз қолқабысы тигенін де айтып, музыканың адамды рух-
тандырып жіберетін қасиетіне тоқталады. Осы кезде түрме
қараушылардың бірі Лавочкинге оның шешесі келгендігін

айтады. Ол түрме бастықтары рұқсат еткен бөлмеге барып
шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын
баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен
білдіреді. Шешесі қоштасып кеткен соң, Лавочкин тамақтарды

камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндай­ды.
Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздерінше іш тартып
жүрген, баяғы домбыра алып келіп берген күзетшіге білдіреді.
Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді. Бір түнде екеуі болат ара-

мен кісендерін кесіп, қашуға дайындалады. Қашу жос­пары
әбден піскен соң, Құрманғазы көңілденіп: «Бұл оқиғаны да
ескерусіз қалдырамыз ба?»—деп тағы күй шертеді. Бұл күйді
тыңдаған Лавочкин Құрманғазыға: «Е, нағыз қашатын күй

мынау ғой, әкімдердің біреуі естіп, ойымызды біліп қалар,
жетер»,—деп күліп тоқтатады. Сонымен күйдің аты «Түрме­ден
қашқан» болып кетеді.
Шынында да, «Түрмеден қашқан» күйінде басынан аяғына

дейін тынымсыз атшабыс ырғағы бар. Екпіні еш уақытта әл­
сіремейді. Баса қуғаннан аяғына бірақ шығады. Күйдің жыл­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
дамдығы сондай—жеке домбырада тартатын шеберлердің бәрі
бірдей өз екпінінде «Түрмеден қашқан» күйін аяғына шейін
тартып шыға алмайды. Ал оркестрде өз екпінінде таза тарту

тіпті қиын.
Айтушылар Құрманғазы осы күйді тартып отырғанда,
түрменің тұсынан бір шенеуник өтіп бара жатыр екен. Ол
тұра қалып күйді басынан аяғына дейін тыңдап болып, ба-

сын шайқап: «Мына бір қазақтың домбыра тартысы маған
ұнамайды, қашып кетіп жүрмесін, мықты болыңдар!»—деп
түрме бастықтарына айтып кеткен екен дейді. Осы хабарды
әлгі достасып жүрген күзетші арқылы Лавочкин естіп барып,

Құрманғазыға қалжыңдаған деседі. Ал «Түрмеден қашқан»
күйінің қандай жағдайға арналып шығарылғанын айтпаса да,
музыканы түсінетін адамдар оның дыбысынан тарсылдаған
тұяқ дыбысын естиді.

213. «Лауішкен»

Құрманғазы мен Лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді.
Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды
тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей алыстап кетеді. Оның
үстіне жәрдемдескен күзетші де құғыншылардың маңдайын

басқа жаққа бұрып жіберіп, бұларға біраз уақыт ұтқызады. Иен
далаға шыққан соң, бұлар еркінірек жүреді. Бір күн, бір түн
жүріп, таң ата Лавочкиннің бір таныс балықшысының үйіне
келіп дем алып, тамақтанады. Бірнеше күн тыныққан соң,

Құрманғазы түрме досына өзінің еліне қайту керектігін, онда
қалған ата-ананың хал-жайын білу керектігін айтады. Лавоч­
кин қимас досымен айырылудың керек екенін білсе де, біраз уа­
қыт тағы отырып әңгімелеседі. Құрманғазы қолына домбы­ра­сын

алып, тағы бір күй шертеді. Ол күйдің бұрынғы өзі естіп жүр­ген
күйлерге ұқсамайтынын, күйшінің тағы бір шығарма­шы­лық
жаңалығы екенін Лавочкин сезеді де, ешнәрсе демей тыңдап,
үлкен ойға батып отыра береді. Күйді аяқтаған соң, Құрманғазы

Лавочкинге қарап: «Ананың бәрі де—ана, қай тілде сөйлесе
де, олардың балаға деген мейірбандықтарының тілі әркімге де
түсінікті, мына менің жалпыға тілі түсінікті күйімді сол орыс
анаға—Лауішкенге арнаймын»,—дейді. Құрманғазының «в»,

«ч» дыбыстарына тілі келе бермейтін. Сондықтан күйші­нің өзі

күй  аңыздар
айтқандай, халық арасында бұл күй «Лауішкен» атанып тарап
кетті. Досының мұндай сый тартқанына Лавочкин қатты риза
болып, өзі домбыра тарта алмайтынына қынжылып, бірақ:

«Сенің қолыңнан бұл күй халыққа жайылады ғой, шешеме
көргенде айтармын» деп уәде беріп, құшақтасып қоштасып,
екеуі екі жаққа жүріп кетеді.

214. «Ақбай»

Ақбайдың Әубәкірі Құрманғазының торы аты жөнінде
хабар естиді. Торының құнан күнінде-ақ бәйге бермегенін
жеткізушілер үлкейтіңкіреп аңызға айналдырады. Өзімшіл
Әубәкір: «жалаң аяқ Құрманғазыға ондай ат қайдан бітті дей­

сің, біреуден ұрлап алған шығар, барып тартып алып келіңдер,
іздеп келсе, көресіні көрсетерміз ол қарақшыға»,—деп екі
кісі жібереді. Құрманғазы екеуін екі ұрып аттан түсіріп, босқа
арам тер болып старшынның сойылын соғып жүргендерінің

ұят екенін бетіне басып: «Көрген-білгендеріңді Әубәкірге айта
барыңдар»,—деп қоя береді. Құрманғазы Әубәкірдің өзіне
өштесіп қалғанын, оның тағы да соңынан жарық алып тү­се­
тінін біледі. Дос-жарандарын шақырып алып, старшынның

мына шексіз зорлығын әшкерелей, масқаралай шығарған
жаңа күйін таратады. Күйдің басында біраз қайғылы хәлдер
суреттеледі. Ол қайғы тереңдеп кеңейіп, ыза-ашу ноталарына
айналады. Кенет Құрманғазыға тән тағы күн жапқан бұлттың

ыдырағанындай жасық дыбыстар қала тұрып, күй көңілденіп,
шырқап, домбыраның сағасына қарай сырылып, аттың дүрсілі
естілгендей тыңдаушыға құлақ түргізеді. Осы бір күш, қажыр
суретті қайталап тағы күшейеді. «Үмітсіз сайтан ісі» дегендей

алдан жақсылық күнін күткендей жаймашуақтанады да, тағы
кенет ауыр ой, терең қайғыға көшеді. Бұл ауыр жағдай да ұзаққа
созылады. Домбыраның сағасына барып біраз «мұңын халқына
шаққандай» тақырып пернелер арқылы өтіп, сол кейіп, сол

үнінде жайлап, асықпай кейін қайтады. Бастағы ауыр жайды
суреттейтін шырқаған, зарлаған тақырып қайта бір көрініп,
күй аяқталады. Жиналған жұрт көп уақытқа шейін томса-
рып отырып қалады. Біраздан кейін бастарын көтеріп, күйдің

аса терең мазмұндылығын әңгіме етеді. Күйшінің анасы Алқа
тұрып: «мұның аты—бізге күн көрсетпей қойған Әубәкірдің

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
әкесі Ақбайдың атымен аталсын. Сенің әкеңнің көп жыл-
дар бойы бермеген ақысы үшін, сені талай жәбірлегені үшін,
халқыңа Ақбайдың арам атын әйгілеу үшін домбырадан ғана

өшіңді аларсың» дейді. Жиналған жұрт бір ауыздан күйдің
атын «Ақбай» қоялық дейді.

215. «Аман бол, шешем, аман бол»

Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап
жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы
болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алға­
нын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса

болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда
Есенқұл беріш Игіліктің үйіне түсіп, қызы Әуесті Құрманғазы­ға
атастыру жөнінде Игілікпен сөйлескенін, малдан жарлы болса
да, баласының өнері бар екенін, халық ауызында тек жақсы­лық

сөздерімен ғана айтылатынын, әкімдердің «ұры», «қарақшы»
деп жүргенінің шын сырының неде екенін айтқанын баласы-
на баяндайды. Әзірше қолда бар үш-төрт қарасын беріп, Құдай
қосқан құда болатынын тұжырыңқырап айтып та салды. Әкесі

Сағырбайдың жасы келіп қалғанын, енді өзінің де немере
көретін кезінің жеткенін қосып қояды. Ардақтап, ақ сүтін беріп
өсірген анасының сөзіне Құрманғазы «үндемеген—ризалық­тың
белгісі» дегендей пішін көрсетеді. Іштей бәрін түсінген Алқа

жаз шыққандай жадырап табанда Сағырбайға айтты. Қарт
әке де қуанып қалды. Бірақ баласының тағы да жиһан кезіп
кететіні әсіресе анасының дегбірін қашырды. Соңғы бірнеше
түн Алқа ұйықтай алмайды. Торы атты ерттеп жолға жиналған

Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алып,
қадірлі анасына қоштасып, бір күй тартады. Шығарып салуға
жиналған достары күйдің атын сұрамай-ақ білді. Өйткені бұл
күйдің басындағы бірінші бастамасының өзі «аман бол, ше-

шем, аман бол» деп қақсап тұр еді. Күйде жабығу кейпі атымен
жоқ болатын. Құрманғазының бұл күйі жайбарақат басталып,
тіпті қайнына аттанып бара жатқан күйеудің шабытындай
көтеріңкілік жағдайда еді. Тек кейбір жерлерінде күйші аз-

дап кідіріп қалып, дыбыстарды нақтағанда ата-анасын, алтын
босағасын қимағандық кейпіндегі дыбыстар ғана шығып, көп
ұзамай баяғы «аман-есен оралармын, ешнәрсе ойламаңдар» де-

күй  аңыздар
ген сияқты болашағына сенім бар еді. Айтушылар Құрманғазы
осы жүрер алдында «Ертең кетем» деген күй шығарған екен.
«Ертең кетем» күйінде домбыра кәдігімгідей «ертең кетем» деп

сөйлеп тұрғандай дейтін. 216. «Қыз Данайдың қырғыны»

1850 жылдардың басында Құрманғазы жоғарыда айтыл­
ғандай күй арқылы қоштасып, тағы да Жайық өзенінің сол
жақ бетіне қарай кетеді. (біреулердің айтуынша, Құрманғазы
Игіліктің қызы Әуесті алып келіп, ауылда аз болып, үй ішін

Жәлел дейтін жамағайынға тапсырып кетеді). Ол Жем өзенінің
бойындағы Төремұрат, Нарынбай, Өтен деген батырларға бар­
ғысы келеді. Олар етжақын болмағанымен Құрманғазының
үлкен әкесінің нағашыларының руынан шыққан болады

екен. Бірнеше күн жүріп, Жайықтан, Жемнен аман-есен өтіп
Төремұрат, Нарынбай ауылына келеді. Батырлар үйде жоқ,
басқа бір ауылда жиын болып, соған кеткен болып шығады.
Құрманғазы батырлар кеткен ауылдың шамасын сұрап біліп,

онша алыс емес дегесін солай қарай кете береді де, әлгі ауыл-
ды тауып келеді. Батырлар өздеріне арналып тігілген үйде
екен. Аттарын белдеуден түйіп тастапты. Найзаларын үйге
сүйеп қойыпты. Құрманғазы көп найзаның бірін алып, жерге

шаншып, соған атын байлай сала үйге кіреді. Күйшінің берген
сәлемін ешкім елең қылмайды. Үй ішіндегілер бір әңгіменің
қызу жерінде отырса керек. Әлден уақытта Нарынбайдың көзі
есік жақта әлі күнге түрегеліп тұрған Құрманғазыға түсіп кетіп:

«Уа, жігіт, қайдан жүрсің? Төрге шық!»—дейді. Құрманғазы­
ның шөлдеп, түтігіп ерні кезеріп тұрғанын көріп, саптаяқтан
қымыз құйдырып береді. Құрманғазы бір зере қымызды көтеріп
тастап, тамағын кенеп, домбырасын тақпақтап, өзін өлеңмен

таныстыра сөз бастайды:
«Нарын еді жайлауым,
Қиқу салған құсы бар.
Қамысы қалың көлдерім—

Бәрі қалды артымда.
Бала жастан бір жүріп,
Асық ойнап алысқан,
Қатар өскен теңдерім.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Қайран туған топырақ,
Барлығынан уаз кешіп,
Маңдайға түскен тәуелмен,

Төремұрат, Нарынбай,
Іздеп келген ерлерім!»—дей бергенде, Төремұрат:
«Сөзің жақсы екен, арғы жағын айтпай-ақ қой, таныса жа-
тармыз, іздеп келсең, іні бол!»—деп Құрманғазының сөзін

тоқтатып, шақырып қасына отырғызады. Сол кезде осы күйді
шығарған екен.

217. «Алқа»

Құрманғазы жаяулап ел шетіне келіп, бірақ ауылына ба­
руға бата алмай, Жәлел деген досының үйіне келеді. Жәлел
Құрманғазыны қойнын ашып қарсы алады. Бірақ күйшінің үй
ішінің аман-саулығын айтқанда аздаған әңгімесінің кірбіңін

Құрманғазы сезіп қалады. «Ел аралаған сыншы болады» деген-
дей, Құрманғазының қырағы көзіне ол кірбең ілініп қалады.
Сол жерде Құрманғазы тұрып: «Сенің әңгімеңнің түбінде ай­
тыл­май тұрған бір жай бар ғой. Несін жасырасың, айт! Біздің

үйде бірдеңе болып қалған ғой» дейді. Жәлел біраз уақыт кібір­
тік­теп, ақыры болған оқиғаны кезегімен баяндайды. Ол күйші­
нің әкесі Сағырбайдың осыдан екі ай бұрын қайтыс болғанын,
осыдан үш күн бұрын Әуес пен емізулі баласы Қазиды Орынбор-

дан солдаттар келіп, қашып кеткен күйшінің орнына «залеке»
деп алып кеткенін айтады.
Құрманғазы ұзақ уақыт басын көтере алмай, күрсініп оты-
рып қалады. Басынан ауыртпалықтың кетпей қойғанына на-

лиды. Бірақ «уайым түбі—теңіз, батасың да кетесің, тәуекел
түбі—қайық, мінесің де өтесің» дегендей, әрең тамағынан өт­
кен асты ішіп болғасын, тұжырымды шешімге келеді. Ол шеші­
мін досына айтып, өзі сол түні шешесіне көңіл айтуға, аман-

есен келгенін білдіруге, алған шешімін айтып естіртуге үйіне
кетеді. Алқа аңырап қалғанын баласына шағып, қанша мықты
болғанмен қапелімде бір үйлі жаннан жалғыз өзі ғана қалға­ны­
на қатты күңіренді. Бірақ жақсы көрген баласы Құрманғазы­

ның төбесін көргесін көңілі біраз жұбанып, баласының Әуес­
тің соңынан қуу жоспарын мақұлдайды. Тек Құрманғазының
енді ешкімге қолын тигізбеуін , басқа қауіп төніп бара жатса,

күй  аңыздар
ешкімге ұрынбауын тілек етеді. Барлық өмірдегі қуанышы мен
реніші, сүйінгені мен күйінгені күй арқылы сыртқа шығып ба-
рып көңілі бір жерге тоқтайтын Құрманғазы, осы арада тағы ру-

хани жолдасы домбырасын алып, толғанады. Әкесінің өліміне,
Алқадай анасының аңырап қалғанына арнап күй шертеді. Бұл
күй кейін халық арасында «Алқа» атанып кетеді.

218. «Бұқтым-бұқтым»

Жәлел ауылына жалғас отыратын бір байдың жылқысынан
екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы
Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады. Көрген кісілердің ай-
туынша Құрманғазы төтелейді. Ал солдаттар болса жолдан

шықпай, бұраңдап жерден ұтылады. Үш күн өткеннен кейін
Құрманғазы бір малшылардың айтуы бойынша, отрядтың
қоналқыға тоқтайтын жеріне жақындайды. Сайды, жыраны
қуалап отырып, солдаттардың қонып жатқан жерінің үстінен

шығады. Солдаттардың әбден ұйқыға кеткен кезін аңдып,
қос атты ылдиға байлап тастап, өзі жаяулап, айдың астын
ала солдаттарға келеді. Олар мылтықтарын ешкінің мүйізі
сияқты етіп қалқайтып, бір-біріне сүйеп қойып, шырт ұйқыда

қаннен-қаперсіз жатады. Әуес шетіректе алдына баласын
алып, еңкейіңкіреп отыр екен. Құрманғазы абайлап ысқырып
белгі береді. Әуес Құрманғазының белгісін танып, жыламасын
деп Қазидың аузына емшегін салып, қара шапанды бүркеніп,

еңкейіп жүріп отырып Құрманғазыға келеді. Құрманғазы
Әуесті аттарын қалдырған жаққа жіберіп, өзі «керек бола-
ды» деп мылтықтың біреуін алып, аттарына келеді. Сонымен,
Құрманғазы Әуес пен Қазиды алып кетіп қалады.

Солдаттар ертемен бір-ақ оянып, Әуестің жоғын көріп, айна-
ладан іздейді. Таба алмағасын қолдарын бір сілтеп кете береді.
Орынборға келіп: «Құрманғазының әйелі кішкене емізулі ба-
ласымен далада қонып жатқанымызда қашып кетіпті. Біраз

жерді шарлап іздедік, таба алмадық, қасқыр жеп қойған бо-
луы керек»,—деп ақпар береді. Мылтықты бұл оқиғаға арала-
стырудан қорқып: «бара жатқанда суға түсіріп алдық» дейді.
Құрманғазы болса аман-есен ауылына келеді. Солдаттардан

Қази мен Әуесті ұрлап алып келгенін айтып, Құрманғазы бір
күй бағыштайды. Ол күйдің аты «Бұқтым-бұқтым» болады.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 219. «Бұлбұлдың құрғыры»

1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын
Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей
ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата заңы» бойын-
ша аз уақыт бұл дәрежеге ие болады. Бірақ Дәулеткерейдің

бұл руларды билеуі Құрманғазыға жаман тимейді, өйткені
осы жылдарда екі күйші танысады. Бірі—Исатайға бүйрегі
бұрған, қызылқұрттан шыққан Құрманғазы, бірі—Бөкейдің
кіші інісі Шығайдан туған төре Дәулеткерей болып кездесіп,

өмір жағдайында көзқарастары алшақ жатқанымен, оларды
жақындастыратын үлкен күш пайда болады. Ол күш—өнер
күші, күй күші болып шығады. Бірінші көріскенде бір-бірі­
не қоңыр салқын болғанымен, аз уақытта-ақ бейтаныстық

мұз еріп, екі күйші жалпы тілді тез тауып кетеді. Олай дей­ті­
німіз—Құрманғазы отырған, жүрген жерлерінде үнемі Исатай­
дың, Махамбеттің әңгімелерін көп айтады. Қалай дегенде
ондай әңгімелер Дәулеткерейге ұнай бермейді. Бірақ кейін

Дәулеткерейдің қитығына тие бермейін деп, Құрманғазы ол
отырған жерде «бас жаққа» бара бермейді.
Қызылқұрттың жер дауымен бір күні жақсы көретін
шәкіртінің бірі Көкбаланы алып, Папастың ауылына келеді,

Папас би күйшіні жақсы қарсы алады. Құрманғазының кел-
ген жұмысын бітіріп, қызылқұрттың пайдасына мәселені ше­
шіп береді. Әуелі Папас бір күй тартады. Күй Құрманғазыға
қатты ұнайды. «Мынау не деген күй еді, тым сайрап тұр екен?»

дейді Құрманғазы. Папас күйдің атының «Бұлбұл» екенін ай-
тады. Құрманғазы сол арада бір күй тартады. Енді күйдің аты­
ның не екенін Папас сұрайды. Құрманғазы: «Бұл менің бұлбұ­
лым еді» дейді. Сонда Папас тұрып: «Жоқ, аға, мынау бұлбұл

емес, бұлбұлдың құрғыры ғой»,—дейді. Содан келіп бұл күй
«Бұлбұлдың құрғыры» атанып кетеді.

220. «Айда бұлбұл, Айжан-ай»

Дәулеткерей өзінің әкімшілік жұмысын жиып қойып, енді
біраз уақыт Құрманғазымен бірге ел аралап, күй тартып жү­реді.
Бір осындай сапарда екі алып сол өңірге атағы шыққан Ай­жан
қыздың үйіне барады. Ол өзінің көпке жайылған «Айжан қыз»

атанып кеткен күйін тартады. Құрманғазы Айжанның тар­

күй  аңыздар
тысына риза болып кетіп, қолына домбырасын алып, бір жаңа
күй шертеді. Папас тұрып: «Құреке, мынауыңыз бұрын-соңды
естілмеген күй екен, аты не болады екен?» дейді. Құрманғазы:

«Бұл мына Айжан бұлбұлға шығарғаным ғой!»—дейді. Сол
арада Папас: «Онда бұл күйдің аты «Айда бұлбұл, Айжан-ай»
болсын»,—деп күйге ат қойса керек. Құрекеңнің күйіне риза
болған Айжан сол арада домбыраға түсіріп алады. Осы жүрген­

де Құрманғазы Папастың «Жігер» күйін әлденеше рет естіп,
аса риза болады. Бірақ творчествалық кезеңнің ең бір көңілді
тұсына келгеннен бе, Құрманғазы «Жігерге» еліктеп, өзі бір
күй шығарады. Ырғақтық жағынан Құрманғазының «Жігері

де» Папас вариантына ұқсайды. Бірақ күйдің динамикалық
құрылымы мүлде басқа болады.

221. «Назым»

Құрманғазының соңғы жылдары табылған «Назым» атты
бір күйі бар. Күйді бізге берген адам оның шығу тарихы жөнін­
де ештеме айтпады. Дина бір әңгімесінде былай баяндаған:
«Құрекең Көкбаламен екеуі бір жақтан келе жатқанда бір

моланың басына жиналған көп қараны көреді. Келсе, ол адам
тобы екен. Ол адамдар осыдан бірнеше сағат бұрын ғана ке-
нет өлген бір адамды көмгелі жатыр екен. Сұрастыра келгенде
өлген қыз болып шығады. Ол күндіз бір асау аруананы сауамын

деп, көнек қойған тізесін көтеріп, оң жақ қолын нардың артқы
аяғынан орай бергенде, ол қызды тақ жүректен теуіп қалады.
Қыз шалқасынан құлап, содан кейін есі кірмейді. Денесі суып,
демалысы білінбейді. Ата-анасы зарлап «о, дүниеге кетті» деп

көр қаздырып, жаназа оқып, бейіт басына алып келіп көмгелі
жатқаны осы болып шығады.
Құрманғазы түрмеде неше түрлі адамдармен кездесіп,
«өлу­дің» неше алуан кезеңі болатындығынан хабары бәрі есі­

не түседі. Ол әсіресе қазақ ауылында талып қалған не қатты
ұйқыға кететін жайларды білмей, күтпей көме салудың барын
біледі. Сондықтан жиналған топқа қарап:

—Бір-екі сағат тоқтай тұрыңыздар, мүмкін бұл қыз өлмеген

болуы керек, асығыстық дұрыс болмайды,—дейді. Тұрғандар
бұл сияқты бұрын-соңды естімеген «сұмдыққа» сеніңкіре­мей
бастарын шайқайды. Әсіресе араларында тұрған молда:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—О, кештен, бұ кешке шейін өлген жанның қайта тірілгені

жоқ, ондай сөз айтып күпір болмаңыз!—деп жолатпайды. Құр­
манғазы ашуланып молдаға:

—Сірә, сен бірдеме алып қойып, соны қайта құсамын ба

деп қорқып тұрған шығарсың, амандық болып қыз тірілсе, сол
бергенді қыздың садақасы деп сенен алмай-ақ қояйық!—деп
молданы тоқтатады. Қыздың ата-аналары:

—Алыс сапардан келе жатқан жолаушылар екен. Көпті

көрген адамдар шығар, аялдай тұрыңдаршы!—деп көздерінің
жасын тағы бір төгіп алады.
Осылай көпшілік тоқырап тұрған кезінде кебін қозғалған­
дай болады. Құрманғазы жүгіріп барып жүрегін басып,

тыңдап: «Шүйінші, жаны бар!»—деп айқайлап жібереді. Өзі
жанындағы торсығынан қыздың аузына су тамызады. Қыз
біртіндеп дү­ние­ге ене бастайды. Баяғы молда: «Астапы­ралла,
Астапы­ралла!»—деп топты айнала жүгіріп, ақыры ауылға

қарай қаша жөнеледі. Басы Құрманғазы мен Көкбала болып,
молданың жағдайына біраз күліп алады. Бұл кезде қыз да әлсіз
түрде көзін ашып, аң-таң болып айналаға қарайды. Әке-шешесі
«қорыққан мен қуанған бірдей» дегендей, тағы да біраз жылап,

тостағандарын жуып алады.
Қызды ауылға алып келіп, туысқандары үлкен той қылып,
ат шаптырып, балуан түсіріп бір жетідей мерейлейді. Қыздың
әке-шешесі Құрманғазы мен Көкбаланы бірнеше күн қонақ

етіп қатты сыйлайды. Көптеген күй тыңдап мәз болады. Кете­
рін­де қыз Құрманғазыға: «Сіз менің екінші әкем болдыңыз,
сіздің арқаңызда мен екінші рет дүниеге келдім, өмірбойы
сізді ұмытпаймын»,—деп құшақтап жылап жібереді. «Менің

көзімдей көріп жүріңіз»,—деп өзінің ең жақсы көретін сары
ат деген арғымағын Құрманғазыға жетелетіп жібереді. Ал
Құрманғазы оған арнап күй шығарады. Айтушылар сол қыз­
дың аты Назым екен дейді. Мына қыз сол «Назым қыз» болып

та аталатын еді дейді. Бір әңгімеде Құрманғазы қызды көміп
кеткен бойда келіп, бейіттен бір дауыс шыққандай болып, жаңа
салған топырақты күшті қолмен қазып, қызды көрден алып
шығып тірілтеді делінеді. Әрине, бұл сияқты аңызға айналған

әңгіменің бұтақтары көп болады емес пе, оның бәрін бірдей
келтіріп жатпадық.
14-136

күй  аңыздар 222. «Бозшолақ»

Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша
Жиделіде жүріп қалады. Оған себеп болған күйшінің Папаспен
достасуы болады. Уақытша советке қадірлі Папас үндемесе де
оның төреден шыққан туысы, ақсүйектігі Әубәкір сияқтылар

бата алмайтын қорған болады. Бірақ Құрманғазының соңынан
қалмайтын Әубәкір күйшінің тағы бір жақсы атты болғанын
естіп, адамдарын жіберіп бір түнде сары атты ұрлатып алды-
рады. Атын іздеп барған күйшіні Әубәкір сөгіп: «саған жақсы

ат неге керек? әуелі анау құрым киіз жапқан үйіңді неге ағартып
алмайсың, Құрымбай мырза!»—деп кемсітеді. Онымен қоймай
қарсыласар ойы да жоқ тып-тыныш тұрған Құрманғазыны
қапылыста жігіттеріне ұстатып, сілейтіп сабап, естен тандырып

тастайды. Түн ортасында ғана көзін ашқан Құрманғазы үсті-ба­сы
көк ала қойдай болып үйіне келіп, қалай кегін алуды ойлайды.
Әуелі бейбіт жолмен көрейін деп, Құрманғазы Әубәкірдің
сыйласы дегенмен, Шыман төренің баласы Жаншаға барады.

Құрманғазының ойынша, Жанша өткен оқиғаны есіне алмас,
бұл жасы келіп, дәрежесі көтеріліп тұрған кезінде мейірімі тү­сер
дейді. Бірақ Жанша сау күніндегі әдетіне басып, Құрманғазы­
ны балағаттап қуып жібереді. «Бай байға құяды» деген осы екен

ғой деп, Құрманғазы қайтып бара жатып, Шыман әулетінің
жылқысынан іріктеп елу атты қуып кетеді. Бұхараның ашуы­
нан қорқып қалған, көлеңкеде өскен ақсүйектер Құрманғазы­
ның соңынан батып қуа да алмайды. Бірақ «Жараның ауызы-

на тұз сеуіп қайтемін»,—деп Құрманғазы Шыман тобының
аттарын ауылының қасына алып келіп, қуып тастап, өзі біраз
желпініп өшін алғандай болады. Кейін Әубәкірдің қойған аты
«Құрымбай» есіне түсіп, «қанды ауыздан шыққан сөз екен, ізсіз

қалмасын» деп өлең шығарып:
Сұрасаң менің атым Құрымбай-ды,
Жайықтың суы маған жұрындай-ды.
Шыманның елу атын бір айдадым,

Құрымбай жай адамға ұрынбайды» дейді.
Құрманғазының бұл өлеңі халық арасына кең таралып ке­те­
ді. Шыман әңгіме болған жерде осы өлең айтылмай қалмайды
екен деседі.

Әубәкір досы Жаншаны бір тізе бүктірген күйшінің бұл
ісіне қатты ыза болады. Құрманғазыны қалайда тыныш жүргіз­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
беуге уәде береді. Өзінің пікірлес бір старшынымен бірігіп:
«Құрманғазы қоғамға қауіпті адам» деп сол кездің жек көретін
адамына қолданатын қаруы—«бейбіт үкім» жасап, күйшіні

Үркітке айдататын болады. Оны естіген Құрманғазы тағы амал-
сыз тасаланады. Әубәкір жиырма старшынға боблік шашып,
Құрманғазыны табылса, ұстау керегін білдіреді. Бірақ стар­шын
біткеннің бәрі де «Құрманғазы біздің қарауымызда жоқ» деп

хабар береді. Олардың ішінде орта дыбыс станцияның депу­та­
ты Бердінов, Бекболат Ұстыбаев, Жантілесов, Наурызәлин тағы
басқалардың аттары аталады.
Күндердің күнінде Әубәкір Құрманғазыны ұстатып айдата-

ды. Күйшіні Саратовқа дейін жай арбаға мінгізіп алып келеді.
Арбаға шеккен Бозшолақтың еріксіздік жағдайын тақырып
етіп алып, Құрманғазы күй шығарады. Күйдің аты «Бозшолақ
атты боқ дүние» болады. Кейін күй «Бозшолақ» атанып кетеді.

Құрманғазы бұл күйде Бозшолақтың жүрісінен бастап, өзінің
еріксіздік халін суреттейді.

223. «Терезеден-есіктен»

Құрманғазы Үркіт түрмесінде біраз жатып қалады. Бұрын
әлденеше рет қашып кеткені жазулы болғаннан ба, күйшіні
мұнда тіпті қатты ұстайды. Басқасын былай қойғанда оның
не істеп отырғаны үнемі аңдулы болады. Терезеден де, есіктен

де сығалап қарап, мінез-құлқының бәрі қарауылшылардың
алақанында болады. Құрманғазы күзетшінің біреуі әкеліп бер­
ген ескі домбырасын икемдеп алып, тағы күй шертеді. Өзін
күндіз-түні терезеден-есіктен аңдыған адамдардың міне­зіне ар-

нап «Терезеден-есіктен» деген күй шығарады. Құр­ман­ғазы­ның
домбыра тартысы тұтқындарға ұнайды, бәрі жабылып түрме
бастығымен сөйлесіп, Құрманғазының домбыра тартуына рұқ­
сат алады. Осының бәріне жәрдемдескен Сергей деген орыс до­

сы болады. Ол Құрманғазының өмірбаянын сұрап, күй­ші­нің
шатпақтап айтқанымен шет жағасын болса да түсінеді. Сергей­
дің іштартқаны бірден Құрманғазыға сезіледі. Сол күннен ба-
стап Құрманғазы Сергейден сырын жасырмайды. Бір күні баты-

лы жетіп, Сергейге өзінің қашуды ойлап жүргенін айтып, одан
ақыл сұрайды. Даладан жұмыс істеп кешеуілдеп қайтып келе
жатқанда серігі Құрманғазыны есебін тауып кейін қашырып
жібереді.

күй  аңыздар 224. «Қазижан»

Құрманғазыны тағы бір ауыр оқиға күтіп алады. Жалғыз
баласы Қази қатты ауырып жатыр екен. Бұл жағдай күйшінің
жанын қозғайды. Баланың уайымымен үйінде астың жоғын,
тұрмысының қиындығын да елемейді. Бірақ Құрманғазының

тілегі болып, Қази көп уақыт төсек тартып жатып, әйтеуір беті
бері қарайды. Әбден арықтаған бала енді тез оңалып кету үшін
жақсы тамақ керек болады. Оның үстіне көп уақыттан бері
күйшісін сағынған ел адамдары, достары ағылып келе береді.

Баласына да, келген-кеткен қонақтарына да Құрманғазы
тамақ, қонақасы тауып бере алмайды. Өйткені, Алқа мен
Байғазының жиған-терген қара-құрасын баяғы Әуесті қуған­
да Құрманғазының мініп кеткен екі атының иесі, бай сыпы-

рып алады. Сөйтіп, күйшінің үй-іші тек өлместің күні ғана
болып күнелтіп отырады. Басқасынан бұрын Құрманғазыға
қонақтарын, достарын разы қыла алмағаны батады. Пәлен
жасқа келіп ақ-қараны, өмірдің небір соқпағын да, тоқпағын

да көріп, қаншама ыстық-суыққа көмпісті болғанымен, мына
бір жағдай күйшінің жанын қаттырақ тербетеді. Қонақтары
кеткесін Қазидың жанына жайлап, ыңырсып:

—Сұрасаң менің атым Құрманғазы,

Құтқармас қашса қоян құмнан тазы.
Үйіңе досың келіп құры аттанар,
Қайтейін кедейшілік малдың азы.
Күреңнің тобығынан тарттым таңба,

Бай менен бас имедім биге, ханға.
Арықтап сары аурудан тұрғанында,
Ас тауып бере алмадым Қазижанға.
Айтайын айт дегенде өлеңімді,

Білемін бір күн барып өлерімді.
О да бір маған берген бақыт шығар,
Кетейін жайып жұртқа өнерімді.
Құрекең ұшқан құсқа мылтық атқан,

Жігітке жараспайды үйде жатқан.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Кешегі буырқанған кезеңімде,
Байларды қабан едім зар жылатқан,—деп дом-
бырасына қосылып әндетеді. Күй тартады. Бұл күй ел арасында

«Қазижан» атанып кетеді. 225. «Павескі»

Жетпісінші жылдардың аяғы жақындайды. Бұл кезде бұ­
рынғы Құрманғазының соңына түсіп жүргендердің бір­қа­та­
ры өледі. «Біреулері Құрманғазы енді осы жолдан ке­лер дей­
місің»,—деп күдерлерін үзіп, жәйбарақаттанып қалады.

Осын­дай жайлардың нәтижесінде Құрманғазы кәдімгідей ты­
ныш­тық дәрежеге енді шындап енгендей болады. Үй іші де
ты­нышталып, жадыраңқы өмірге жаңа енгендей, «ұһ» деп
дем­дерін алғандай болады. Қазидың дерті де әбден айығып, әке-

шешесін қуантады. Өмір бойы бұл үйдің төбесін бүркеген бұлт
ыдырап, күн көзі көріне бастағандай сезім үй іші адамдары­
ның бәрінің де басында болады. Осындай жайма-шуақ күнде
кенет тағы да дауыл тұрып, Сағырбайдың қараша үйін тағы да

қобалжытады. Бір старшын ойда-жоқта Құрманғазыға бір қағаз
алып келеді. Ол қағаз Астрахан генарал-губернаторы кеңесінің
Құрманғазыны шақыртқан қағазы болады. Павескіні алып,
бармай қоюға қорыққан кісідей болармын деп, Құрманғазы

тағы жолға жиналады. Кетерінде әдетінше қолына домбырасын
алып, күй тартады. Тыңдаушылар сұрауына Құрманғазы: «Бұл
күйдің аты «Павескі» (повескі) болсын»,—дейді.

226. «Саранжап»

Халық арасында әңгімелер бойынша, Құрманғазыны гене­
рал-губернатор түрмеге жауып тастайды. Түрмеде күйші қал­
мақ­тың батыры Саранжаппен танысады. Саранжап өзінің ру
басыларына бір нәрседен жазып қалып, оны осы араға алып

келген екен. Екеуі ақылдасып көп ұзамай есебін тауып, Астра-
хан түрмесінен қашып кетеді. Олар Астраханнан 50 шақырым
жердегі Ерғали Есжанов деген адамның үйіне келіп паналап,
екі айдай жатады. Ерғали аздап оқығаны бар, орысша біле­

тін көзқарақты адам екен. Өзі дарынды домбырашы Ерғали
Құрманғазыны бұрыннан сырттай-ақ ұстаз ететін. Бақытсыз­

күй  аңыздар
дық жағдайымен үйіне келген Құрманғазыны әкесіндей күтеді.
Осы бір кезеңде шыққан көптеген күйлерін үйретеді. Саран­жап
та күйшімен бірге болып, аздап тыныққасын еліне кететінін

айтады. Құрманғазы сол арада: «Мынау саған арнап шығарған
күйім еді. Екеуміздің бірге болғанымыздың естелігі болсын»,—деп
бір күй тартады. Ел арасында ол күй «Саранжап» атанып кетеді.

227. «Төремұрат—Нарынбай»

Төремұрат айналаға қарауыл қойып, көптеген мал сойды-
рып «Қызданайды екінші рет алғанымның тойы» деп, үлкен той
жасайды. Тойдың көптеген бәйгелерін тағы Құрманғазы ала-
ды. Кешке ойын басталғанда баяғы киік атыста, алтынқабақта

жеңіліп
жүрген
батырлардың
жігіттері

қорлығы
өткен
Құрманғазыдан өш алмақ болып, Шөкен деген қызды азғырып,
оған бір-екі ауыз өлең үйретіп, Құрманғазыға қарсы айттыра-

ды. Ойында ешнәрсе жоқ күйшіге қылымсып Шөкен қыз келіп:
«Жиен аға, айтысайық!»—дейді. Құрманғазы қарсы алмауға
арланып, «болсын» деуі-ақ мұң екен, кезек те сұрамай, Шөкен
бастап кетеді:

Байлардан қазық қалады қонған жерде,
Түлкінің еті қалады сойған жерде.
Ішкен ас, сый-құрметті олжа көріп,
Жүресің төбет иттей тойған жерде.

Сен жүрген бір «боз қаңғыр» біздің елде,
Шет жерде әлін білмей әлек болған,
Сөзім шығын болады-ау сендей кемге»,—деп
өлеңдетеді.

Құрманғазы бұл әңгіменің түбінің қайдан шыққанын сезеді.
Қыздың өз қара басынан мұндай ауыр сөз шығатынының еш­
бір реті жоғын біледі. «Жетім бала—кекшіл» дегендей, қыздың
сөзі өңменінен өткендей болады. Домбыраға қосылып, қалайда

жауап беру керектігін ойлап, шырқап кетеді:
«Шыға алмай жаман жүреді туған жерде,
Қайда да ер жүреді сыйған жерде.
Сайрандап сары даланы кетсем кезіп,

Өнерпаз атым шықты сіздің елде.
Теңедің кемітем деп мені итке,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Адасқанның өзіне алды жөн де.
Азғырған біреулердің тіліне еріп,
Құрбыжан тілім тисе, артық көрме.

Қонақ көрген көргенді елдің қызы,
Ауылыңа келген жұртқа «тиістің» неге?»—
дей бергенде Нарынбай сезіп қалып, айдап салып отырған
жігіттерді алдына шақырып алып, қамшының астына алады.

Ойынның қызығы бүлінеді. Төремұрат, Нарынбай, Қызданай
үшеуі Құрманғазыны үш жағынан жұбатып, ақыл айтқанымен,
күйшінің көңіліне бір түйін түсіп, ойынды қалай қыздырамын
дегенімен, бұл кеште Құрманғазы сырттай ғана жарқылдап,

іші түтін болады. Нарынбайдың ашуынан зәресі ұшып кеткен
Шөкен қыз қаша жөнеліп, енді ойынның қарасын да көре ал-
майды. Ойын тараған соң, Құрманғазы жатқан үйіне келіп, кө­
рер таңды көзімен атқызады. Ертеңінде батырлардың алдында

тағы бір күй тартып, оның атын «Төремұрат—Нарынбай» атай-
ды. Қоштасып, батырлар берген арғымақ атты жетекке алып,
Бөкейге қарай жол тартады.

228. «Амандасар»

Құрманғазының Төремұрат—Нарынбайға баруын біреулер
басқаша айтады. Ел ауызындағы нұсқа бойынша, Құрманғазы
жоғарыда айтылғандай басқа ауылдан батырлар тауып алып,
сәлем беріп кіріп барғанда ешкім назар аудармаған соң, қолындағы

домбырасын алып, тізерлеп отыра қалып, бір күй тартады.
Домбыраның даусы шығып бастағанда-ақ, дуылдап отырған көп
тына қалады. Құрманғазы да оларға қарамай, күйдің ырғағына
жаны билегендей өзімен-өзі болып кетеді. Күйде неше алуан сы-

пайы үндер, оның арасында жалғыз атты жолаушының салған
әні секілді дыбыстар кезектеседі. Құрманғазы күйді аяқтаған
кезде Нарынбай тұрып: «ау, жаным, қайдан келдің? әңгімемен
байқамаппыз ғой, жоғары шық»,—депті дейді. Құрманғазының

сол арада тартқан күйін көпшілік сұрап болмаған соң, қайта орын-
дап, күйдің аты «Амандасар» еді десе керек.

229. «Боз қаңғыр»

Құрманғазы кенеттен кетіп қалғанымен жолшыбай батыр-
ларды сағынады. Олар жөнінде бала Ораз ақынның:

күй  аңыздар
«Төремұрат, Нарынбай,
Өте дегдар ерлерім.
Сол ерлерім барында

Қолдан намыс бермедім,
Құлшылыққа
көнбедім...»—деген
толғауын

айтып, біраз уақыт жақсы өткен күндерін есіне түсірді. Бірақ
баяғы Шөкеннің «боз қаңғыр» дегені көкейінен кетпейді.
Бір жерге тоқтап демалып, ойланып, домбырасын алып күй
шертеді. Қаншама қадірлі болып жүргенімен бір шөпжелке

сө­зінің мұншама ауыр тигені деп, өзінше осы оқиғаны да ізсіз
тастамайын дегендей тағы бір шытырманды дүниеге келтіреді.
Ол күйдің атын өзі «Боз қаңғыр» қойды. Кейінгі кездерде бұл
күйді ойнағанда күйдің туар тарихын айтып отырады екен.

230. «Арба соққан»

Осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері
Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың
ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жі­
берген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып

кетеді. Ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі
Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып, Гилинин меші­ті­
нің азаншысы болып тұрған бұрынғы қазақ-орыс Сейтқұлов­
тар­дың тоғыз жылқысын қуып кетеді. Бұл жөнінде Сот-

ник Чер­номорсков рапорт түсіріп, Құрманғазының істері
шекаралық комиссия уақытша совет және Орынбор генерал-
губернаторлығының араларында жүреді. Бұл 1857 жылы бо-
латын. бірақ архивтік деректердің бірінде, бұл іс сол кездегі

Орынбор генарал-губернаторы Перовскийдің бұйрығы бойын-
ша қысқарады.
Ауызша деректер бойынша, Құрманғазыны осы сапарда
тағы ұстап, айдап Орынбор түрмесіне салады. Жолда кетіп

бара жатып Құрманғазы «Арба соққан» деген тағы бір күй
шығарады. Бұл күйде сырттай аты «Арба соққан» болғанымен,
онда арбаның салдыры, ат тұяғының тасырлы, дауысы, талған
куердің дыбысын бермейді. Мұнда күндіз-түні ағаш арбаның

үстінде шаршап, езіліп, еріксіз елінен айырылып, тағы айдауға
кетіп бара жатқан адамның жан дүниесінің ауыр жайы бар.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 231. «Қызыл қайың машина» Халық ауызында Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі­ нің шығуы да осы кезеңге жатқызылады. Аңыз бойынша, Құрманғазы осы қашып келе жатқан сапарында иен далада жал­ғыз өскен қызыл қайың бұтағын жамылып отырып, қуғын­ шы­лардан аман қалыпты дейді. Кейін: «Менің елім де, жерім де, ағашым да, бұтағым да пана екен, анадай қойнын ашып жапырағын жауып паналат­ қан қызыл қайыңға арнап едім» деп орындаса керек. Күйшінің осы сапарында туған шығармасының бірі— «Машина». Қазақтың құлазыған кең даласымен салыстырғанда, қа­ла­ ның өмірі ритмді қозғалысы, у-шуы, әрине, мүлде басқаша, міне, қыдырман Қазының «Машина» күйі осы айтылған қала өмірінің суретін береді. Арбаның доңғалағындай сырғып, тез өтіп жатқан қала өмі­ рін, Құрманғазы машинаның доңғалағының айналуындай тез жүріс ырғағымен береді. Әрине, күйде біз айтқан тура­сы­нан-ту­ ра сурет жоқ. Бірақ кідіріссіз қозғалыстың кейпі бар. Дала­ның асықпайтын баяу өмір сазына қарсы келетін, қозғалыс кейпі бар. 232. «Адай» Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты-жөнін Құрманғазы ашық айтып бере қоймай, қазақ әдетіндегі «сүйрей салмамен» жүрген жерінің иттен, құстан амандығын, басқа «алды-салдының» естілмегенін, ат-көлігінің аман екендігін, «Құдайы қонақ» екендігін айтумен тоқталады. Бір кезек үй иелері шаруалары болып далаға шы­ғып кетеді. Осы кезде Құрманғазының көзі керегенің басында ілулі тұрған үкілі сары домбыраға түседі. Домбыраның үкісі—оның иесінің не қыз, не сал мен серінің бірі екенін ескертеді. Қан­шама ұзақ жол жүріп шаршап келгенімен, домбыраны көргенсін, оны ұстап қарағысы келіп, қолына алып, бір-екі қағып, әдейі «теріс бұрап», бұрынғы орнына апарып қайтадан іліп қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін кемпір мен шал, он жеті-он сегіз жас шамасындағы қыз кіреді. Қыздың аты Ақмаңдай екен. Ол келісімен-ақ, төрде отырған қонаққа көзінің қырын да сал-

күй  аңыздар
май, бірден керегенің басындағы домбырасын алып, тартуға
айналды. Бір-екі қаққансын-ақ, домбырасының бұрауының
өзгергенін сезіп:

—Мынаған кім тиген?—деп әке-шешесіне қарайды. Олар не

дерін білмей, «жазықты осы болар-ау!» дегендей төр алдындағы
күйшіге қарайды. Ақмаңдай енді қайталап сұрамай домбы­
расын бұрынғы өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақ­
маң­дай күйдің аяғына шыққан кезде Құрманғазы қызға қарап:

—Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой!

Домбыраны бері берші!—дейді.
Күтпеген жерден мұндай әңгіме есіткен Ақмаңдай, екі көзі
күйшіде болып, домбырасын Құрманғазыға қалай ұсынғанын
сезбей де қалады. Кемпір мен шал аң-таң болып, «бұл өреде

Ақмаңдайдың домбыра тартысы жөнінде ешкім бір ауыз сөз ай-
тып көрген жоқ еді, бұл «жер астынан екі құлағы тік шыққан
қандай жік» екен дегендей біріне-бірі қарай береді.
Құрманғазы бір күйді тартып болған кезде үй адамдары

біріне-бірі сыбырлап, бұрын-соңды бұл айналада Ақмаңдайды
домбырадан сүріндірмей келгендерден емес-ау, тартыс шоқты­
ғы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ қонақты шыра­
мытқандай, баяғы ашудан тыс жылы шыраймен күле қарап:

—Шырағым, домбыра тартысың біздің бұл араның тарты-

сына ұқсамайды. Қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен
соның өзі емеспісің, «аяқ алысың» әләй екен тым,—дейді.
Құрманғазы мұртынан күліп:

—Болсақ, болармыз,—деген екен.

Енді үй-іші болып қолқалап, Құрманғазыға қайтадан дом-
быра тарттырып, бірнеше күн жатқызып қонақ етіп, сый-құр­
метпен аттандырады.

233. «Ақсақ киік»

Көпке белгілі Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі де осы
сапарда шығыпты деген аңыз бар. Төремұрат, Нарынбай ауы-
лында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда
Құрманғазы: «Киіктің қай жерінен тигізейін?»—деп сұрапты

дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр
деймісің дегендей: «Аяғынан» дей салыпты. Сонда Құрманғазы
киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге
Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір
күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат

күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбы­расын аяқтап
болғанда ғана өзі барып: «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе
туып қалды білем, атын қойдың ба?»—деп сұрайды. Сонда
Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбет-

пен:

—Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей,

өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жа-
ралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына
бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кет-
кен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты—«Ақсақ

киік» депті дейді. 234. «Балқаймақ»

Құрманғазы Жем бойынан қайтып келе жатып бір қараша
үйге түседі. Үй жапан далада жалғыз болады. Үйдің қасында бір
саулы інген боздап жүреді. Құрманғазы үйге кіргенде, бір бой-
жеткен қыз ибамен сәлемдеседі. Күйші алыстан келе жатқан

жолаушы екенін, қатты шөлдегенін айтады. Қыз жалма-жан
мосы ағашын көтеріп, күйе басқан қара шәйнекті асып, от жа­
ғады. Шайы қайнағанша далада жүрген інгенді көс-көстеп ша­
қырып алып, сауады. Інген сүтін құйып қыздың берген шайы

Құрманғазыға аса ұнайды. Шөлдеп келген жолаушы бір өзі бір
шәйнек еңсереді. Әбден өзіне-өзі келгенсін Құрманғазы қолына
домбырасын алады. Қыз да қонағының тыныға бастағанын
біліп, енді бір таза ауа жұтсын дегендей іргенің көлеңке жағын

түреді. Құрманғазы күй шертеді. Аяқтап болған кезде қызға
қа­рап: «Сіздің берген шайыңыз әншейін шай емес, маған бал­
қаймақтай болды. Осы күйімді сізге арнадым. Балдан тәтті шай
бергеніңіз үшін күйдің атын «Балқаймақ» қойдым»,—дейді.

235. «Кедей зары»

Арқадан Жем-Сағыз арқылы еліне қайтқан Құрманғазы
жолшыбай бір ауылға соғады. Ауыл шетіндегі қараша үйдің
жанына келіп, сырттан дыбыс береді, бірақ іштен ешқандай

күй  аңыздар
жауап болмайды. Қайта қамығып, зарлап жылаған қайғылы
үн естіледі. Бұл не жағдай екенін білмекші болған Құрманғазы
үйге кірсе, егіліп жылап отырған кемпірді көреді.

Құрманғазы әлгі кемпірмен амандасып, хал-жағдайын
сұрайды. Сонда кемпір:

—Жалғыз балам бар еді. Оған еліміздегі биіміз «атымды

ұрладың» деп жала жауып, шабармандарына дүре соқтырып,
сойылға жықты. Сол балам ақыры қамшының зардабынан қаза
тапты. Енді осы үйде жалғыз қалып, зарлап отырған қу баспын,
шырағым,—дейді. Ананың қайғысына ортақтасып:

—Жыламаңыз, шеше, жылағанмен кеткен адам қайта кел­

мейді. Ел, жұрт, ағайын аман тұрса, сіз де қиыншылық көр­
мессіз,—деп Құрманғазы оны жұбатады.
Қарт ананың қайғысын өз көзімен көрген күйші:

—Сорлы болған кедей, бәрінің де күйі осы ғой,—деп, «Кедей

зары» атты күйін толғана тартыпты. 236. «Көбік шашқан»

Жаздың тамылжыған ыстық күндерінің бірі. Аңызақтан
шөліркеген Құрманғазы бір ауылға кездесіп, ауыл ортасынан
шеткері, көгалға тігілген ақбоз үйге қарай атының тізгінін
бұрады. Үй сыртына жақын келіп, ішке дыбыс береді. Үйден осы

ауылдың түйешісі Жиенәлі шығып, Құрманғазыға амандаса­
ды. Құрманғазы оның сөзінен бұл Әділеке төренің отауы екенін
біледі де:

—Шөлдеп келе жатырмын, сусындап шығуға рұқсат болар

ма екен?—дейді. Сонда Жиенәлі:

—Жарайды, ханымға барып айтайын,—деп үйге қайта кір­

генде, төрде отырған ханым:

—Үйдің қожасы жоқ, түсуге болмайды!—дейді дауыстап.

Сыртта тұрған Құрманғазы бұл сөзді естігеннен кейін
ауылдың батыс жағына жағалай қонған кедейдің қараша үйле­
ріне қарай жүре береді. Бір үйдің жанына келіп, «осы ауыл
үйінің төрін бермесе де, көлеңкесін беретін шығар» деп атынан

түсіп, киіз үйдің көлеңкесіне отырады. Үй иесі жарлы болса да,
өзінің шамасына қарай күйшіні күтіп алады.
Құрманғазы біраз тыныстап, енді кетпекші болып сыртқа
шыққанда бие сауынынан қайтқан байдың қыз-келіндерін кө­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
реді. Қолдарында бір-бір шелек толы сүт, көбігі бұрқырап,
теңселген жүрістен жерге төгіліп келеді. Мұны көзі шалған
Құрманғазы домбырасын алып, бір күйді төгілте тартып жі­

береді. Домбыраның бұлбұлдай сайраған әсем сазын үй иесі
де, шуылдасып келе жатқан қыз-келіншектер де ұйып тыңдай
қалады. Құрманғазы күйін бітіргенде қасында тұрған үй иесі:

—Қонағым, бұл тартқаныңыз қандай күй?—деп сұрайды.

—Ой, ағатай-ай! Бұлар байлыққа белшесінен батып, иті

май жемей отырса да, сұрағандарға сүт түгіл, бір жұтым су да
бермейді. Олар сүт пен қымызды сіз бен біз секілділердің іш­
кенінен көрі, жерге төгілгенін жақсы көреді. Анау, сүтті жерге
төгіп келе жатқан байдың ақылсыз қыз-келіндерін мазақтап,

қайран қор болған қымызға шығарған «Көбік шашқан» атты
күйім,—депті Құрманғазы.

237. «Құрманғазы»

Құрманғазы бір байдың аулына қыдырып келіп, оның үйіне
түспек екен. Байдың қызы Құрманғазы келгенде бие саууға
шығып кетіп, келгенсін, Құрманғазы қолына домбырасын
алып, «Бие сауған» деген күй тартқан екен. Қыз да домбы-

рашы екен, түсініп қалады да, ол да домбырамен күй тарта-
ды. Екеуі де бірнеше рет күй тартып жеңісе алмай отырғанда,
Құрманғазы жата қалып, башпайымен күй тартып қызды же­
ңеді. Бай Құрманғазыға жақсылап қонағасы беріп, ат-шапан

беріп, сол ауылда бірнеше күн болып, домбыра тартып басқа
ауылға аттанған екен.

238. «Қашқындық жолы»

Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүр­
ген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазы­
ның руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы қашып жүріп бір
күні Төремұрат батырдың үйіне келіп, оған қызметке жүргісі

келетінін айтқан. Төремұрат жүруге ұлықсат еткен. Сонда
қызмет істеп жүре береді. Оның кім екенін білмейді. Төремұрат­
тың жолдасы аңғарғыш адам екен, Құрманғазының тегін
жүріспен жүрмеген адам екенін біліп бір күні Төлемұратқа:

—Батыр, осы қараңнан (Құрманғазы арық, ұзын қара кісі

екен) қорқам, тегін адам емес, осының оңайын сұрап, ұлықсат

күй  аңыздар
бергенің мақұл, өйткені бір кесірі тиер,—дейді. Төлемұрат бір
күні Құрманғазыны шақырып алып:

—Ал, шырағым, сен қайдан жүрген кісісің, жөніңді айт­

шы?—дегенде:—Менің атым Құрманғазы. Отыз орысты өлті­
ріп, қылмысты болып қашып жүрмін. Хан «ұсталсын» деген
еді, соған қашып жүрмін. Сізге паналап келдім,—дейді.

—Ол айтқаның дұрыс. Мен сені қолымнан келгенше па-

налатамын, бірақ ханға күшім жетпейді. Әлім деген руда екі
батыр бар. ... Сол екеуі осы күнге дейін ханға дұрыс бағынған
жоқ. Хан да оларға бата алмайды. Сол екі батырға бар, солар
паналар,—дейді.

Құрманғазы күрең атына мініп, сол екі батырға келіп:
«Сіздерге қызметке жүрейін деп едім»,—дейді. Батырлар
келісіп жылқы бағуға жұмысқа алады. Құрманғазыға «арық
қара» деп ат қояды. Сөйтіп жүргенде Кіші жүзде бір той болып,

соған сауын айтады. Соған екі батыр екі көк мойнақ ат жарата-
ды. Және Құрманғазыға:

—Арық қара, мына күрең атыңның мүшесі тәуір екен,

бәйгіге қоспайсың ба?—дейді. Сонда Құрманғазы:

—Қоссам қосармын,—дейді де жүре береді. Айтылған

уақытында той болады. Екі батыр жаратқан екі атын алып
барады. Хан да жүйрік екі-үш атын жаратып әкелген екен
Құрманғазы да күрең атын алып келеді. Аттарды бәйгіге де
жібергенде Құрманғазыға:

—Е, арық қара, атыңды бәйгіге қосасың ба?—дейді әзілдеп.

—Қосамын,—дейді.

—Е, қалай қоспақшысың, жаратқан жоқсың ғой, терін алған

жоқсың. Тоқ ат шаба ма?

—Ой, терін ауырлаған ат бола ма?—дейді де, күреңнің

үстіне қырық жастағы бір адамды мінгізіп, аттың сырын ай-
тып, бәйгіге жібереді. Бәйгі он көштік жерден болады. Күрең
ат бәйгінің алдында жалғыз, үстіндегі кісі басын тарта алмай
өкпесі қысылып, әрең келеді. Күрең ат бірінші бас бәйгіні ала-

ды. Енді балуан күресі болғанда хан «түйе балуан» деген, денесі
адамға бітпеген бір зор адамды шығарады. Бай екі батырға:

—Ал, батырлар, балуаныңды шығарың,—дейді. Батырдың

балуандарынан бірі де шықпайды. Сөйтіп тұрғанда бір батыр
Құрманғазыға:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—Қалай, арық қара, күресіп көресің бе мына балуанмен?—

дейді. Құрманғазы:

—Жарайды,—деп ортаға қарай шығып, шешінбестен үстін­

дегі күпісімен жүре береді. Батырлар:

—Тоқта, қайда барасың? Шешінсейші,—дейді. Құрманғазы:

—Ей, киімін ауырлаған балуан балуан бола ма?—дейді де

күреседі. Күресте ханның түйе балуанын жығады. Сол уақытта
екі батыр қуанып «арық қараны» құшақтап:

—Әй, сен Құрманғазы емессің бе?—дегенде:

—Ай, ағайлар, мені өлтірдіңіз ғой, мына хан мені ұстап ала-

ды ғой,—дейді. Сонда екі батыр:

—Жоқ, шырағым, енді екеуіміздің біреуіміз өлмей сені ұстап

бермейміз,—дегенше болмайды, ханның әскерлері қоршап ала-
ды. Екі батыр ұрысып алдыртпай кетеді. Артынан екі батырға
кісі салады. «Құрманғазыны бізге ұрыссыз бер, егер ұстап
бермесең, ұрыс болады» деп келген кісіні кейін қайтарады.

—Беретін кісіміз жоқ, ұрысса ұрысқанша, төбелессе төбе­

лескенше тұрамыз,—дейді. Артынан екі мыңға жуық әскері­
мен екі батыр ұрысып, тағы жеңеді. Бірақ бірі ауыр жарала­нып
қайтады. Содан кейін қалған бір батыр Құрманғазыға:

—Ал, шырақ, екеуіміздің біреуіміз өлмей ұстап бермеймін

деп едім, әлде де өзім өлмей сені ұстап бермеймін. Бірақ,
енді сен басқа жерге кеткенің тәуір болар еді. Жалғыз күшім
жетпес,—дейді. Құрманғазы «мақұл» деп күрең атына мініп
қашқындық жолмен кете барады. Сөйтіп, жүргенде көптеген

жылдар өткесін, Құрманғазыны ұстап түрмеге салады. Арты-
нан шешесі іздеп барғанда, ауыз-ауыз жолықтырмайды. Сонда
жатып «Қайран шешем» деген күйді шығарады.

АБЫЛ ТАРАҚҰЛЫ /1820-1892/

239. «Абыл»

XVІІІ ғасырдың соңын ала Кіші жүздің көптеген рулары
Жайықтан арғы алап пен Еділ бойы сияқты атақонысына тұяқ
тигізуге зар болады. Табын, тама, жағалбайлы сияқты рулар­
дың біраз бөлігі орта жүздің ханы Абылайға салмақ салып, Сары

Арқаға көшіп кетеді. Осы кезде үстірт үстіне қарай ығысқан
қалың адай тайпасы ХІХ ғасырдың бас кезінде Маңғыстау

күй  аңыздар
түбегіне деңдей орнығады. Мұндай қыспақты бір жағы Иран
шахынан, екінші жағы Ресей патшалығынан түркімендер де
көреді. Сөйтіп, тағдыр тауқыметі қазақтар мен түркімендерді

үстірт үстінде тоқайластырады. Шыңырау құдықтың бір жұтым
суы ағайын екі елді алакөз етеді.
Осындай бір қырбай шақ болса керек. Бірде жоқ қарап
жүрген Абыл күйші түркімендердің қолына түсіп қалады. Са­

ны көп, күші басым түркімендер Абылды сөзге келтірмейді.
Сарт-сұрт қағып, қолын артына байлап, атқа көлденең салады.
Сол бетінде салақтатып алып келіп ауыл иесінің үйінің алдына
сылқ еткізіп тастай салады.

Бұл кезде ауыл иесінің үйінде қонақтар бар екен. Қазақтың
қолға түскенін естігенде даурыға гу-гулесіп, «алып кел, көр­
ейік» дейді. Кешікпей-ақ қолы артына байланған Абылды ке-
лекелеп, қазақтарды бір ауыз қыжырта сөз етіп алады. Содан

бірте-бірте басқа әңгімеге ойысып, тіптен орталарында тұтқын
қазақтың отырғанын да ұмытып кетеді.
Абыл көз қиығын салып қараса, төрде екі жағына ұстара
жанығандай бір қара сұр жігіт ағасы есіп әңгіме соғып отыр

дейді. Өзге жұрт «о, бақшы, о, бақшы» деп әлгі қара сұрды
көтермелеп қойып, әңгімесіне құлақ түреді. Қара сұр одан сай-
ын екілене есіп: «Бүйтіп тартып едім» деп дутарын бебеулете
шертіп қояды дейді.

Содан әлде уақытта қара сұр түркімендерді бір жайлы қы­
лып, енді қазақ арасында болғанын, небір дүлдүл күйшілер­
мен сайысқа түскенін, тіптен қазақ-түркіменге аты жайылып
кеткен Абыл күйшінің өзін көргенін айтады. Отырған жұрт:

«Апыр-ай, Абылдың өзін көрдім дейсіз бе?»—деп таңырқаса,
әлгі қара сұр одан сайын лепіріп: «Көргенің не, өз қолынан күй
үйрендім»,—деп соғады.
Бір кезде әлгі қара сұр «Абылдың сондағы тартқан күйі

еді»,—деп бір күйді бастайды. «Аңқау елге арамза молда» де-
ген, қайдағы бір ауыл арасынан естіген жыр-терменің сарыны-
на салып, сүректете жөнелсе керек.
Осы кезде босағада отырған Абыл күйші әбден төзімі тау-

сылып, мінез көрсетеді. Күйдің біткеніне қарамайды. Дутар-
ды төпеп отырған қара сұрға: «Әй, бақшы»,—дейді,—«Абыл
олай тартпайды, тоқтат басты ауыртпай!»—дейді. «Ұрының
арты қуыс» дегендей, қара сұр сап тиылады. Үйдегілер оша-

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
рыла бұрыла Абылға қарайды. Содан соң, о жер, бұ жерден «е,
сен қайдан білесің?», «Абылды танушы ма едің?», «осының өзі
күйші болып жүрмесін?» деген дабыр сөз естіле бастайды.

Сонда үй иесі өмір көрген, бір орнықты адам болса керек,
«жә, шуламаңдар, бұл қазақтың қолын шешіңдер, Абылдың
қалай тартатынын өзі көрсетсін!» дейді.
Айтқанынша болмайды, бір жігіт лып етіп орнынан тұрып,

Абыл күйшінің қолын шешеді. Екінші біреуі дутарға қол
жалғайды.
Абыл аз-кем қолын жазып, дутарды алады да, құлақ күйін
келтіре бастайды. Дутардың ішегі шаңылтырланып шертіп

тұр екен, босата бұрап, үйірінен адасқан сыңар қаздың үніндей
қоңыраулатып алады да, қаға жөнеледі. Жаңағы бір даңғаза
бопса желік әп-сәтте ғайып болғандай, үйдің ішін сабырлы
саз жайлайды. Сабыр болғанда немкетті бейжай халық емес,

сырты түйіліп, іші егілген, сырты бүтін, іші жалын бір сиқыр
отырғандарды лебімен тартып, сол ішкі ағынға ілестіріп үйіріп
әкеткендей дейді.
Күй бітеді. Жай бітпейді, үйдегілердің еңсесін басып, тәу­

бесіне келтіріп, мына дүние тіршіліктің алдын-артын ала­қанға
салғандай көз алдына келтіріп тынады. Онымен де қоймайды,
түйінін өзі шешіп, байлауын өзі айтып тастағандай.
Түркімендер өзгеге тоқтамаса да, күйге тоқтайды. Күй тілін

түсініп, күйге күңіреніп, күйге жұбана алатын ел. Отырған­
дар тұғжыңдап төмен қарайды. Бетке шіркеу, беделге көлеңке
түсетін бір іс жасап алып, тығырыққа тірелгендей.
Үнсіздікті үй иесі бұзады: «Жарқыным, осы сен Абылдың

өзі болмасаң игі еді?» дейді. Абыл: «Болсақ болармыз»,—деп
сабырмен тіл қатады.
Осыдан кейін-ақ, Абыл күйшінің иығына шапан жауып,
жарылып төрден орын береді. Содан соң үй иесі: «Ал, шырағым

Абыл, көңіл кірі айтса кетеді деген, сөйлет домбыраңды»,—
дейді.
Сол күні шер тарқайтындай күй тартылады. Одан ары адай-
лар мен түрікмендер арасындағы кикілжің ұмыт болып, ағайын

елдің дәм-тұы жарасады.
«Абыл» күйі туралы осындай әңгіме адай мен түркімен ара-
сында күні бүгінге дейін айтылады.
15-136

күй  аңыздар

ШЫҒАЙҰЛЫ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ /1820-1887/

240. «Бұлбұл»

(І нұсқа)
Әйгілі күйші Сағырбайұлы Құрманғазы бір даудың салда­
рынан істі болып, сол кездегі Бөкей Ордасының әкім сұл­таны
Шығайұлы Дәулеткерейдің алдына келіпті дейді. Құрманғазы­

ның күйшілік даңқына Дәулеткерей сыртынан қанық екен,
ықыласпен қарсы алады. Ауыл-елдің амандығы сұралып, сый-
құрмет көрсетілген соң, Құрманғазы келген шаруасын айтады.
Сонда Дәулеткерей: «Құрман аға, бір ғана базына шартым бар.

Теріс дау болса да пайдасын сізге шешейін, тек бір-бірімізге
айтар сөзімізді күймен жеткізіп көрсек қайтеді»,—деп, ашық
шыраймен күтпеген қолқа салады.
Құрманғазы үшін көкірегін кернеп келген мұң-сырын

күймен жеткізу жеңіл. Сондықтан да, іркілместен келісім
береді.
Дәулеткерей: «Олай болса, сіз қонақсыз ғой, күйді мен
бастайын»,—деп, бір күй тартады. Бірден сергек басталған

күй Құрманғазының жүрегін баурап, іш-бауырына еніп, буын-
буынына түскендей жанына жағады. Күй біткенде Құрманғазы:
«Апырай, мынауың бұрын естімеген тамаша күй екен, бұл не
күй?»—деп сұрайды. Дәулеткерей болса сәл жымиып алып, «Біз

күй тілімен сөйлесуге тоқтадық емес пе, егер күйім шынымен-
ақ сізге ұнаса, онда мұның аты «Бұлбұл» болсын»,—дейді.
Сонда Құрманғазы да домбыраға қол созып, аз-кем тол­
ғаныстан кейін бір күйді бастай жөнеледі. Әлгінде ғана жүрегін

шарпыған ыстық сезімді өкшелей қуып, ізін суытқы­сы кел-
мегендей домбыраны лекіте қағады. Тың сарын қат-қаты­
мен түсіп, қыранның қауырсынындай жымдасып, мүдірмей
төгіледі. Бір мезгілде домбыра сағағын қақтай сауып, таңдайы

тақылдап, өліп-өшіп, әлденені қадалып айтқандай болады да,
іле кері серпіліп, сабасына түскендей, сыбырлап-сыңқылдап
барып тынады.
Дәулеткерей де әсерін жасыра алмайды: «Тамаша екен, бұл

не күй?!»—деп сұрайды. Енді Құрманғазы жымия күліп тіл
қатады: «Тілдің емес, күйдің айтқышын бұлбұлға теңеген өзің
емес пе, менің күйімнің де аты «Бұлбұл»,—дейді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 241. «Ақжелең»

Дәулеткерейдің аулына жақын жерде домбыра тарту ше­
берлігімен де, көріктілігімен де көзге түсіп, жақсы атағымен
ел аузына ілінген Ақбала атты қыз бар екен. Аң аулап жүріп,
сусындауға түскенде сұлу қыздың өнеріне таң қалады. Ақбала

бір Ноғайлының (Байұлы руының бір атасы) бұла өскен жалғыз
қызы болса да, ата-баба жолынан аттап, әдепсіздік көрсете
қойған жоқ. Бірақ өзін қашан да тәкаппар ұстайтын әдеті еді.
Тіпті, көңілім жақын деп жүрген жігіттердің өзі жеме-жемге

келгенде тайсақтап, қыз алдында тілі күрмеліп қала беретін.
Ақбалаға Дәулеткерейдің жылы ұшырағаны—ол өзі «ежел-
ден келе жатқан тәртіп бойынша ел билеу үшін жаратылған»
ақсүйектер тұқымынан шыға тұрса да, өз домбырасын жанын-

дай сүйетін күйші, өз ортасынан ғана емес, өзге ортадан асық­
қан өнерпаз әріптестерімен де тіл табысып, шүйіркелесіп жүре
береді екен. Дәулеткерей де «Ақжелең» аттас күй шығарып,
оны сол қызға арнапты.

242. «Ысқырма»

«Ысқырманың» шығу тарихы да айта қалғандай. Дәулет­
керей төре тұқымына лайықсыз болса да, атын мінбей, ауыл
сыртында жаяу серуендегенді тәуір көреді екен, сондай серуен-
ге шыққан бір күні келе жатып бірдеңе деп күбірлегендей бо-

лады. Қасындағы серігі «о не?» деп елең ете қалып еді, күйші
басын шайқай, «үндеме» дегендей ишарат білдірді. Дәулет­
керей сосын балалар құсап ысқыра бастады. Бұл қылық,
әрине, «Шыңғыстың әулетіне» тым ерсі еді. Оның үстіне қазақ­

тар ысқырған әдепсіздік белгісі деп санайды. Дәулеткерей
қасындағы серігінің абдырап қалған түрін көріп жымиды да,
бірдеңеге қуанып асыққан адамша үйіне қарай тез-тез адымдай
жөнелді. Серігі ештеңеге түсінбеген қалпы иығын бір қомдады

да, соңынан еріп жүре берді. Үйге келіп Дәулеткерей қолына
домбырасын алды да, жаңа күйді шерте жөнелді. Музыканы
жақсы түсінетін құймақұлақ жолдасы күй сарынынан бағана
әдептен аттап, айдалада ысқырып салған үзік-үзік әуеннің са-

зын бірден айырған. Зердесіне келген күйден үйге жеткенінше
айрылып қалмай пернеге түсіргеніне қуанған Дәулеткерей, бұл
күйге «Ысқырма» деп ат қойдым дейді жолдасына.

күй  аңыздар 243. «Жұмабике»

Масқар руынан шыққан Жұмабике деген қыз әсем дауысы
сол атырапқа әйгілі, асқан әнші, ақындық өнері де бар адам
екен. Малға сатылып, сүймеген адамына кетіп бара жатқанын
Уақытша совет председателінің алдына кіріп өлеңге қосып,

мұңын шаққан еді деседі. Сонда қыздың даусының да, әні мен
сөзінің де кереметтігі сонша—отырғандар оның тағдырына
қатты аяушылық білдіріп, көздеріне жас алған екен. Атастыр­
ған жігіті асып тұрған ақылды да, кісі сүйсінерлік көркі де жоқ

көптің бірі еді дейді. Уақытша совет Жұмабикенің тілегін орын-
дап, өзі қаламаған күйеудің құрығынан құтқарады.

244. «Топан»

Дәулеткерейдің Топан атты аңға салатын қыран бүркіті бо-
лыпты деседі. Бір күні сол құс ұшты-күйлі жоғалып кетіпті.
Дәулеткерей келеді деп, екі көзі төрт болып, күте-күте, келме-
ген соң, аяғы жеткен жердің бәріне де сұрау салады. Ешқай­

дан сыбысы шықпайды. Күндердің күнінде үйінде шалқалап
жатқан күйі қолындағы домбырасына қапа көңілін қосып жат-
са, шаңырақтың ар жағында, шыңырау көкте қалықтап ұшып
жүрген Топанды көреді. Қуанғаннан тап сол жерде «Топан» де-

ген күйді тартқан екен. 245. «Көрұғлы»

(І нұсқа)
Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі Орта Азия
халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы»
дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу

себебі күйші өмірінің бір сатысымен байланыстыра айтады.
... Бірде ауыл аралас, қой қоралас жатқан, төсекте малы,
төскейде малы қосылған түркімен ағайынға Дәулеткерей қо­
нақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алдынан

шығып, ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе ке­
рек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа, ағайын, сөзі­
ме құлақ сал!—депті,—түркімен ағайынның көңілінде көлеңке
жоқ екен. Мал беріп еді, өледі деп алмаған едім. Бірақ құр қол

қайтқаным жоқ. Осы сапардан бір белгі болсын деп, өлмейтін,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
тозбайтын күй шығарып қайттым!» депті. Сондағы күйі осы
«Көрұғлы» екен.

246. «Көрұғлы»

(ІІ нұсқа)
Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл
көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып
отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз.

Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, ру-
хани орталық, өнер жолындағы өзара ықпал етушілік қашан­
нан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де шет қал­
ма­ған. Ол түркімен тақырыбына арнап «Нар иген», «Тәштит»,

«Көрұғлы» сияқты күйлер шығарған.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйінің аңыз әңгімесі Орта Азия
халықтарының арасында кеңінен тараған әйгілі «Көрұғлы»
дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу

себебі күйші өмірінің бір сәтімен байланыстырла айтылады.
...Бірде, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан, төсекте басы,
төскейде малы қосылған түрікмен ағайынға Дәулеткерей
қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алды-

нан шығып, абыройлы ел ағасының олжасын қызықтамақ
ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей:
«Уа, ағайын, сөзіме құлақ сал!—депті.—Түркімен ағайынның
көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, «өледі» деп алма-

дым, дүние беріп еді, «тозады» деп алмадым. Бірақ құр қол
қайт­қаным жоқ. Осы сапардың бір белгісі болсын деп, өлмей­
тін, тозбайтын күй шығарып қайттым!»—деген екен.
Сондағысы, осы «Көрұғлы» күйі еді дейді.

ҚОЖЕКЕ НАЗАРҰЛЫ /1823-1881/

247. «Бұлбұл торғай»

(І нұсқа)
Қожеке Мұқыр, Жырғалаң деген жерлерді мекендеп жүр­
ген екен. Бір күні Қасымбай деген ұстамен бірге Мұқырдың қа­
лың орманынан отын алуға барады. Таңертеңгілік мезгіл болса

ке­рек. Ағаш бұтағына қонып отырған бұлбұл торғай құйқыл­

күй  аңыздар
жытып сайрай жөнеледі. Бұлбұлдың сан құбылтып сайраған
әсем үніне еліткен бұлар алатын отындарын ұмытып, әуенге
қызыға тыңдап отырып қалады. Әлден уақытта Қасымбай:

—Шіркін, мына бұлбұл дауысының жағымдысын-ай. Үнін

домбыраға салып алар ма еді? Түсіре аласың ба?—деп сұрайды
Қожекеден.

—Домбыра болғанда, түсірмей несі бар?—дейді Қожеке.

—Ондай болса, домбыраны мен жасап берейін,—деп, Қасым­

бай орманнан қураған қарағай ала қайтады да, үйіне келген соң
домбыра шауып жасайды. Қураған қарағайдан қақпақ салады.
Тау ешкісінің ішегінен ішек есіп тағады. Қожеке сол домбы­ра­
ны қолына алғанда, көкейіне таңдағы сайраған бұлбұл торғай­

дың құйқылжыған үні оралыпты. 248. «Қамбархан»

Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан
деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған
аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жібер­
се, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты.

Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жат-
са, құлағына ерекше бір жағымды әуен, құйқылжыған үн,
үзілмейтін сарын естіледі. Жан-жағына қараса, бір бұтақтан
бір бұтаққа керіліп қалған қос ішекті көреді. Жел соқса,

ішек ызыңдап қоя береді екен. Қамбархан әлгі ағашты кесіп
алып, шауып, жонып, домбыра жасапты да, күй шертіпті.
Қамбарханның бұл жаңалығы бүкіл қазаққа аңыз болып тара-
лыпты.

Осы аңыз желісіне Қожеке «Қамбархан» атты күй шығарған.
Оның бізге бірнеше нұсқасы жеткен.

249. «Шалқайма»

Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке
қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауыл­
дастарын шақырып алып:

—Қотаныңнан шыққаның—Отаныңнан шыққаның емес.

Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы.
Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
сөзге түсінеді,—дегенде, бірсыпыра ағайын келіспей, шалқая
тыңдап, теріс пікір білдіреді.
Сонда Қожеке жаңа бір күй тартады.

Тыңдап болғанның бірі:

—Көке, бұл қай күйіңіз?—дейді.

—«Еңкейгенге еңкей, ол—адамның құлы емес, шалқайғанға

шалқай—ол Құдайдың ұлы емес», күйдің аты «Шалқайма»—
депті.
Сонда барып біраз ағайын Қожекенің сөзіне тоқтаған екен.

250. «Кертолғау»

Өткен ғасырдың соңына қарай Шыңжаңдағы ұйғыр, дүң­
ген, қырғыз халықтары сияқты қазақтар да жергілікті үкімет
билеушілерінің езгісіне ұшырайды. Қашанда ел басындағы
ауырлық тауқыметтің ел еңсесін көтерер азаматтардың иығы­

на түсетін әдеті. Іле бойындағы Садыр палуан бастаған көтері­
ліс­тен кейін, ел ішінде тыңшы молайып, бірін-бірі түрткілеген
жағдай көбейді. Бұл билеуші өкімет орындарына ұнамайтын
адамдардың көзін жою үшін қолданатын ежелден белгілі тәсіл.

Міне, осындай аласапыран кезде орыс отаршылдығының
қыспағына шыдамай Қарқара мен Нарынқол өңірінен Текес
бойына көшіп барған қалың албанның бас иесі, әйгілі күйші
Қожеке Назарұлына жала жабылады. Ол кезде өкімет орында-

рына ең қолайлы адал берілген қызметші және ел ішінен мол
дерек сүзіп қайтатын тыңшы ел кезеген саудагерлер болған.
Әсіресе, туысы бөлек, ұлты бөтен саудагерлер бас көтерер аза-
маттарды аяусыз көрсетіп отырған. Оған елдің өз ішіндегі көр

кеуде, шолақ ойлы, іші тар пенделер қосылғанда, өсек пен жала
өрттей қаулап, елдің берекесін кетірген. Осы тұзақ Қожекенің
де мойнына түседі. Текес бойына келген татар саудагерінің ке­
руенін Дәркенбай деген көнтақым ұры тонайды. Ертеңінде өкі­

мет адамдары елдің апшысын қуырып, ұрыға іздеу салады. Сол
кезде өр албанның Дадай деген болысы Қожекемен дәм-тұзы
жараспай, қырбай болып жүреді екен. Ұрымтал сәтті пайда-
ланып, үкімет адамдарына «керуенді тонатқан Қожеке» деген

куәлік бере қояды. Өктемдік жүрген жерде кісілік бола ма,
Қожекенің ауызын ашуға шамасын келтірмей ала жөнеледі.
Болған оқиғаны даланың «ұзын құлағы» әп-сәтте Текес бойына

күй  аңыздар
жайып жібереді. Сол кезде төңірегіне ықпалды Рабат төре мен
Мамырбек төре дереу атқа қонып, өздерінің сыйлас-сыралғы
досы Қожекені үкімет адамдарынан бір жылға кепілдікке сұ­рап

алады. Бір жыл ішінде шын ұрыны тауып бермек болып уәде
береді.
Бірақ ізін жасырып үлгірмеген ұры оңайлықпен таптыра
ма. Уәделі мерзім жақындайды. Нақақ жала Қожекенің жіге­рін

құм етіп, шарасын тауысады. Қожекенің адалдығына шығар
күндей сенетін ағайын-туыс та сеңдей соғылысып күйзеледі.
Бір күні Рабат пен Мамырбек төрелердің ауылда жоқты­ғын
пайдаланып, баяғы арызқой Дадай болыс Қожекені тағы да

қамауға алдыртады. Бұл жолы Қожекенің баласы молла Ыбы-
райым қоса тұтқындалады. Оларды алды-артына қарат­пас­
тан Күре қаласындағы түрмеге қамайды. Бұл сол кездегі саяси
тұтқындарды қамырдай илеп, азаптың небір сорақы түрле­рін

ойлап табумен даңқы шыққан зұлымдықтың ордасы сияқты
орын болатын.
Күре түрмесінде Қожеке небір азапты көреді. Азаптауда­
ғы мақсат белгілі, жапқан жалаға мойындату. Бірақ Қожеке

шындықтан басқа ештеңке айтпайды.
Бұл кезде Қожекеңнің қадірлес досы Рабат төре де қол қу­сы­
рып отырмайды. Ақша жұмсап, адам салып, Қожекені боса­тып
алу үшін жоғарғы жақты айналдырады. Ақырында Қоже­кеге

өлім жазасының кесіліп қойғандығын біледі. Оны бұзу­дың еш
мүмкіндігі болмаған соң, Рабат төре өз басын кепілдікке тігіп,
ел-жұртымен қоштастыру үшін бір аптаға сұрап алып шығады.
Бірақ бұл жағдайды Қожекенің өзіне білдірмейді.

Содан, елге келіп, ағайын-туғанымен қауышып, сағыны­шын
басқан соң, үлкендер оңаша үйге жайғасады. Сол кезде Рабат
төре майдалап сөз бастайды: «Е, Қожеке, өмірге келген пенде
бір-біріне қонақ деген рас екен. Өзіңнен көз жазғалы құлақ­қа

ұрған танадай болып, қоңылтақсып қалдық. Домбыраңды ұста,
сенің де көкірегіңе біраз сыр жиналған болар. Ертең не бо­лары
Тәңірдің еркіндегі заман ғой. Шығар көкірегіңдегіні, сөй­лет­ші
домбыраңды!»—дейді.

Қожеке өзінің аз уақытқа кепілдікке шыққанын сонда ғана
біледі. Біледі де, бір ауық түйіліп отырып тіл қатады: «Өлместі
Құдай жаратпайды, тозбасты ұста соқпайды, өлімнен қашып
жан сауғалар жайым жоқ. Тәңір алдында арым таза, бір ғана

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
жағдай жанымды қинайды, Рабат! Өзің сияқты қадірлі азамат-
пен мәңгілік қоштасу қиын екен!»—депті. Бұл сөзді естігенде
Рабаттың иығы бүлкілдеп, көзіне жас алады.

Ал, Қожеке болса, тұғырдағы шәулідей дүр сілкініп, еңсесін
түзеп, қолына домбырасын алады. Сонан соң көкірекке кептел-
ген мұң-шері «Кертолғау» күйі болып ақтарылады. Қожекенің
«Таскөмір шоғы алдында», «Тас көмір шоғына қарылу» күйлері

де тартылады.
Арада бір апта өткенде Қожекені қайтадан Күре түрмесіне
қамап, көмір шоғына қақтап өлтіреді.

ҚАЙРАҚБАЙ ШӘЛЕКЕНҰЛЫ /1828-1877/

251. «Еміл толқыны»

Ертеректе Қара Ертісте мұз қатысымен, ел өтіп аржағына
қыстайды екен. Бабақан би бастаған бір зәңгі ел, ежелгі әдеті
бойынша көшіп, мұздан өтпек болады. Бабақан бірнеше адам-
мен мұздың аржағына өтіп, аттарынан түсіп, мұзға таңырқай

қарап тұрады. Көшкен ел мұз ортасына келе бергенде, мұз ойы-
лып, бір зәңгі ел мұз астына кетіпті.
Бабақан—80 жаста, он балалы адам екен. Бірнеше баласының
отауы да бар екен. Бұлар тұтас мұз астына кетіпті. Басқалар

Бабақан биге тоқтау айтса да, елі-жұртын, бала-шағасын ойлап
қайғы-зарға батып жүреді екен. Бұл хабарды естіген Қайрақ­бай
бір сыбызғы күйін тартып, Бабақанға тоқтау айтыпты:

—Еменнің иілгені сынғанмен тең, сен еменсің, иілмейсің,

қай­ғыға майысып сынасың, бірақ Еміл толқиды, иілмейді. Қай­
ғы адамды толқытады, адам шыдамды болу керек,—деген екен.
Сондықтан бұл күйдің атын «Еміл толқыны» деп қойған екен.

252. «Қоңыр жел»

Қайрақбай Тарбағатай жайлауынан ойға түсіп, бір мезгіл
тұрып жайлауға қайтып бара жатқанында, қоңыр жел соғып
рахаттандырған сықылды. Сонда Қайрақбай омырауын ашып
қоңыр желге төсеп: «Оһ, шіркін, қоңыр жел-ай!» деп, жасыл

жайлауды желпіген қоңыр желді сыбызғыға түсіріп бір күй
тартып, атын «Қоңыр жел» қойған екен.

күй  аңыздар 253. «Молқоңыр және Майдақоңыр»

Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене
салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере
алады екен. Соның бірі—жал-құйрығы мол, денесі соған лайық
қоңыр аты болған екен. Бұл қоңыр ат өрге келсе, қайыспайтын,

еңіске келсе, қолтауламайтын ат екен.
Тағы бірі—Майдақоңыр деген аты болыпты. Ол жүргенде
шыныға құйған су шайқалмайтын майда жүрісті ат екен. Бұл
күйлерді Заманбек топ ортасында көп шертіп, содан ел ішіне

кең таралған. 254. «Бұтабайға арналған кеңес»

Қайрақбай заманында Бұтабай деген кісі аға сұлтандыққа
сайланыпты. Бірақ Бұтабай ағайынның қадірін, алаштың
құрметін ұмыта бастаған кезінде, ауыл ақсақалдарымен бірге
Қайрақбай да барып «құтты болсын» айтып, елдің береке-

бірлігін, тілегін ұмытпауды түйін етіп, бір кеңес күйін тартқан
екен. Қазірге дейін Тарбағатай өңірінде осы күй «Бұтабайдың
кеңес күйі» деп аталып кеткен. Ал Бұтабай домбыра тартқан
адам емес, тек күй оған арналғандықтан осылай аталған.

255. «Ой толқыны»

Өз кезінде Қайрақбай орта жүздің бір жиынына барғанда,
рулар арасындағы алауыздықтың салдарынан билердің басы
қосылмауға айналыпты. Бұл жағдайды білген Қайракең көп­
шілікке ой тастау үшін табанда бір күй тартыпты. Осы күйдің

әсерімен съез сәтті ашылған екен. Үлкендер: «бәрімізге ой салған
Қайрақбайдың осы күйі болды. Бұл күйдің аты «Ой толқыны»
болсын деп, сол жерде-ақ күйдің атын тұрақтандырған екен.

ШОҢМАНҰЛЫ ТОҚА /1830-1914/

256. «Саржайлау»

Тоқаның «Саржайлауының» дүниеге келуіне қатысты ел
ішінде екі-үш түрлі әңгіме айтылады.
Біріншісі, қырғыз манабы Шәбденнің асымен байланыс­
ты айтылатын әңгіме. Алатаудың қазақ-қырғыз болып тең

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
жайлаған апайтөс алқымында Шәбденнің әйдіңгер асы беріліп,
оған қазақтың жеті уезінен игі жақсылар шақырылады. Ар­
қаның Ақтау дуанынан Сайдалы Сары Тоқа бастаған бір топ

адам келеді. Тоқа құр қол келмейді, Шәбденнің асының жөн-
жоралғысы деп елу меңсіз қара жылқы айдап келеді. Бұған қоса
әнші-күйшісін, сұңғыла шежірешісін, жауырыны жер иіске­мес
балуанын, үкілеген бәйге атын, қысқасы, тамақсау мешкейіне

дейін жанына ертеді. Содан Алатауды теңселткендей айтулы
ас беріледі. Аста Тоқаның Тайқасқа деген аты аламан бәйге­
ден бірінші келіп, Бақа деген балуаны белдескенін жығып, өзі
қырғыз-қазақ домбырашыларын аузына қаратып, үш бірдей

жеңіске ие болады. Сол жеңістердің жүлдесі ретінде мың сом
ақша, үкілеп кілем жабылған жеті арғымақ, жеті тайтұяқ ал-
тын Тоқаның алдына тартылады. Сонда Тоқа: «Бұл дүние мені
пейішке енгізер деймісің, салдым ошаққа, жеті уезд елінің басы

бүйтіп күнде қосыла бермес, қылдай етіп бөліп беріңдер!»—
деген екен.
Содан, Шәбденнің асы тарқап, абыройы аспандаған Тоқа
серіктерімен елге қайтып келе жатқанда: «О, шіркін, біздің

Арқа елі осы кезде бой жазып, жайлауға шашырап қонып
жатыр-ау!»—деп, туған жеріне деген сағыныш сазындай бір
күйді ат үстінде шертеді. Тоқаның әйгілі «Саржайлауы» осы-
лай шығып еді дейді, ел ішіндегі әңгіменің бір парасы. Бұл де-

рек бойынша, «Саржайлау» күйінің алғашқы тыңдаушылары
Жетісу жұрты болған.

257. «Төрт толғау»

(І нұсқа)
Тоқаның қартайған шағында ел-жұртқа қадірлі болып
танылған Жалмағамбет дейтін үлкен ұлы қырық алты жасын-
да дүние салыпты. Сол жылдың қары қалың түсіп, көктемде

Жалмағамбеттің бейіті су астында қалса керек. Бұған Тоқаң
қатты күйініп, ұлының сүйегін қайтадан дөңес жерге қоюды
ниет етсе, ауылдың молдасымақ діндар адамдары: «Жаназа
шығарарда «Аманат!» деп жерленбеген мұсылман баласының

мүрдесін қазу күпірлік, кітап сөзінде орнынан қозғалған пенде
о дүниеде бейіштің қарасын көре алмақ емес»,—деп наразылық
білдіріпті.

күй  аңыздар
Тоқаның әйгілі «Төрт толғау» дейтін күйі осы бір қасірет
шектірген оқиғаға орай шыққан. Жай шықпаған, көкірекке
кептелген шер тарқамай, қайта-қайта толқи лықсып, төрт күй

бо­лып шыққан. Ер жетіп, елге қадірлі болған баласының өлімі—
бір қайғы, төңірегіндегі күйреп қалған ет жақындарының қа­
сірет шегуі—екінші қайғы, күтпеген жерден Жалмағамбеттің
деген топырағының суға қарық болуы—үшінші қайғы...

Қысқасы, әрбір күйзеліс сәтінде Тоқа домбырасына ғана мұңын
шағып, домбырадан ғана күйзелген жанына жәрдем тілеп,
«Төрт толғау» атты тізбекті күйін дүниеге әкелген. Бұл күй өз
ішінде «Естірту», «Арнау», «Ана жүрегі», «Немере зары» деген

бөлек-бөлек атауларымен белгілі.
Осы жолы қожа-молданың қарсылық жасағанына қарамай,
Тоқа Жалмағамбеттің сүйегін дөңес жерге қайта жерлет­кен.
Өзінің жанын түсінетін ел азаматтарына арқа сүйеп, соларға

жүрек азабын шағым еткендей, сауға сұрағандай: «Дүниенің
тұтқасы «Аманат» деген жалғыз ауыз сөзде тұрса, қылша
мойным талша, көтердім бәрін де. Болмаса көктем шыққан
сайын баламның су астында қалғанын көріп, пенде болып

отырмай-ақ қояйын... Уа, ағайын, Жалмағамбетімнің басына
барыңдар... жерді жырып су ағызыңдар... бесікшесін қайта
ашыңдар... өлгеніне көнгенде, өзгесіне көнбейтін несі қалды,
егер Жалмағамбетімнің денесі бұзылмаса, маған сүйінші сұрап

хабар беріңдер!»—деген екен.
Қыста жерлеген мәйіт бұзылмайды ғой, ұйықтағандай бо-
лып жатқан Жалмағамбетті Тоқа мен бәйбішесі Көрік келіп
көреді. Сол жерде Көрік дауыс салып, былай деп жоқтау айтып-

ты дейді:
Айналайын Құдай-ау!
Қапалық салдың басыма,
Толтырып көзді жасыма,

Боздағымнан айырып,
Қабырғамды майырып,
Қамалдым қайғы қосына,
Көресім менің осы ма!

Қара бір таудың алқымы-ай,
Болғанда қаңтар салқыны-ай,
Жаннатқа жаның қонсын деп,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Жатағың жайлы болсын деп,
Жауып ед торқа топырақ.
Жылаулы болған халқың-ай!

Құданың ісі жөн болар,
Жылаусыз күнім кем болар,
Наурыздың туған айында
Сел ағып сала-сайында,

Жамбасыңа су тисе,
Көкірегіме шер толар!
Бұл істі салса Құдайым,
Ақсарбас тағы сояйын,

Көзімді жаспен ояйын,
Ағарған шашты жаяйын.
Торқа деп қойған жеріңнің,
Топан су алса маңайын

Қалай да ғана шыдайын!
Осы жоқтау өзінің ерекше сазды, мұңды сарынымен күні
бүгінге дейін ел арасында айтылады. Көз көрген қарттардың
айтуында, Тоқаның ақындық шалымы да ешкімнен кем болма­

ған. Жаңағы жоқтау мен оның мұңды сарынын бәйбішесіне
Тоқа­ның өзі шығарып беріп еді деген сөз бар.
«Төрт толғау» күйінің соңғы «Немере зары» деген бөлігі
Тоқаның немересі, Жалмағамбеттің баласы Хамитке қатысты.

Сол кезде Хамиттің есі кіріп қалған кезі екен, әкесінің суық
тәнін мүрдеден шығарып, қайта жерлерде «көкелеп!» өліктің
үстіне құлап, үлкен-кішінің сай сүйегін сырқыратып еді дейді.
Бұған Тоқа да бейтарап қарай алмай, кейін «Немере зары» деп

атап күй толғаған. 258. «Төрт толғау»

(ІІ нұсқа)
Бір жылы Тоқа мал жайылатын құнарлы жер іздеп, Иманақ
тауының етегендегі Исен дейтін шұрайлы жерге барыпты.
Сол жерден ауылдың қонатын орнын белгілеп, жанындағы

жігіттерге құдық қаздырып, оларға: «Елді көшіріп келіңдер,

күй  аңыздар
біз осында күтеміз»,—деп, жанында жеті жасар баласы бар
Тоқа әлгі жерде қалып қояды.
Тоқа атының ерін алып жайылысқа жібереді де, көгалға

тоқымды төсеп, айнала табиғаттың сұлу көркіне қызықтап
қарап біраз отырады. Сәл тынығып, қолына домбырасын алып
бір мезет күй тартады. Күйге берілгені сонша—тіпті, жанын-
да жүрген баласын ұмытып кетеді. Домбырасын тартып бо-

лып, баласы есіне түсіп шақырса, бала көрінбейді. Айнала-
ны шарқ ұрып іздейді, таппай, сілесі қатып шаршаған Тоқа
тамағы кеуіп шөлдеп, су алып ішейін деп құдыққа келсе, судың
бетінде қалқып жүрген баланы көреді. Баласын құдықтан

шығарып, өзі отырған жерге әкеліп жатқызады да, бетін жау-
ып қояды. Өзі қатты қапаланып, қайғырып, үкілі сары домбы-
расынан күңіренте бір күйді тарта береді. Сол мезетте ауыл да
көшіп келіп, жаңа конысқа үйлерін тіге бастайды. Бірақ Тоқа

баласының өлімі жайлы ешкімге тіс жарып ештеңе айтпайды,
жұртқа сездірмейді. Ал сұрағандарға:

—Ойын баласы ғой, балам шаршаған шығар ұйықтасын,—

дейді. Ел үйлерін тігіп, түгел орынға отырып жайғасады. Мал
сойып, кешкі тамақ ішіліп, жұрт жата бастады-ау деген кез-
де, Тоқа домбырасын алып, күңіренген бір күйді тарта береді.
Тоқаның күйлері құлағына қанық отбасы, мына тартқан

күйінің бұрын естілмеген жаңа екенін бірден сезіп, әйелі:

—Мынау бұрын тартылмаған, естілмеген зарлы күй ғой,

қайдан шықты? Не пәлеге бастадың?—деп сұрайды. Бірақ
Тоқа бұларға ешқандай жауап қатпай күйін жалғастырып тар-
та береді. Күйдің тіліне түсінген Тоқаның әйелі:

—Құртқан екенсің ғой жалғызды. Домбыра қақсады ғой,

жалғызым,—деп жылай бастайды. Сол кезде Тоқа:

—Тоқтатыңдар жылауды! Ел жаңа қонысқа келіп, қуаны­

сып жатқанда, түн ішінде дауыстап жылап ауылды дүрліктір­
меңдер. Кетер бала, кетті. Жылағанмен қайта келмейді. Бізге
қазір дауыстап жылауға болмайды. Домбырамен ғана жылай-
тын күніміз болды бүгін. Менің әлгі тартқаным «Естірту» күйім

еді,—депті Тоқа.
Тоқа «Естірту» күйін тартып болып, енді мына тартатыным
балама арнаған «Арнау» күйім,—деп бір күйді күңіренте тарта
беріпті. «Арнау» күйдің бітуіне әрең шыдап отырған әйелі:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—Әкелші бермен домбыраңды! Ішім жанып барады, құ­лы­

ныма мен де бір зарлап күй тартайын,—деп домбыраны алып
«Зарлау» күйін тартып, күй аяқтала бергенде, талып жығылады.
Бұл жағдайды естіп отырған Тоқаның шешесі күңірене келіп:

—Әкелші домбыраны! Мен де құлыным деп жоқтап жіберейін

немеремді,—деп, «Жоқтау» күйін тебіренте тарта беріпті.
Сонымен Тоқаның «Төрт толғау» күйі өмірге осылай келген
екен.

САРЫМАЛАЙ /1835-1885/

259. «Сансызбай»

Сарымалайдың сыбызғышылық өнері ауыл арасына ғана
емес, төңірегіндегі Орда, Орынбор сияқты қалаларға да кеңі­нен
мәлім болған. Мұндай орындарда Сарымалай қолдан қолға ти-
мей, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленеді екен. Тіп­тен

сыбызғышының асыл өнеріне тәнті болғандар астына ат мін­
гізіп, үстіне киіт кигізіп, зор құрмет көрсететін болған.
Бірде Сарымалай ел аралап жүріп, Сансызбай деген байдың
ауылына тап болады. Сансызбай өзінің кең ордасында әйгілі

сыбызғышыны қолқалап отырып, ұзақ таңға күй тартқызады.
Тіптен, күйшінің жол соғып шаршап келгеніне де қарамай, әр
күйдің аңызын айтқызып, беріле тыңдайды.
Содан, таң алдында дем алуға сыртқа шыққан Сарымалай­ға

ауыл жігіттері: «Апырай, біздің байекең алуға жомарт, беру­ге
сараңдығын сізге де көрсетіп, тұла бойыңыздағы күйді сауып
алды-ау!»—деп әзіл айтады. Сансызбайдың сараңдығын Сары-
малай үнсіз ғана ішіне түйіп алады.

Ертеңінде Сарымалай жол жүрмекші болады. Ауыл жігіт­те­
рі айтса айтқандай, Сансызбай мыңғырып мал айдаған байлы­
ғына қарамастан, Сарымалайға ешқандай жөн-жоралғы жаса-
май, сұлу-сыпайы қоштасады. Сонда Сарымалай сыбызғысын

алып, кешегі күйлерінен мүлде бөлек бір күйге салды дейді. Сол
жерде күй тыңдап отырғандардың бірі: «Мынау бір тың сарын
ғой, бұл күйіңіз не деп аталады?»—деп сұрайды. Оған Сары-
малай: «Бұл күйімді басқаға сараң болса да, тыңдауға жомарт

Сансызбайға арнадым»,—дейді.

күй  аңыздар
Мұны естіген Сансызбай қызара ұялып, бір жағынан сараң­
дығын жұртқа жайып жіберер деп қысылып, сол жерде әйгілі
күйшіге ықылас көрсетеді. Сарымалайды қолқалап отырып

қайтадан төрге шығарып, «сыбағаң» деп қой сояды, «жолың»
деп иығына шапан жабады.
Бірақ өнер шіркін өлетін мал, тозатын дүниенің шылауында
жүрмейді ғой. Соның бір айғағындай болып, бүгінгі күнімізге

«Сансызбай» күйі жеткен. 260. «Ақсақ құла»

(ІІ нұсқа)
Кіші жүздегі он екі ата Байұлының бір бұтағы Адай болған­
да, Адайдан тарайтын іргелі рулардың бірі Қырықмылтық деп
аталады. Сол Қырықмылтықтың бір тармағы Мұқалдың ішін­де

Қарабас деген қадірлі адам өткен. Қарабас дүние салғанда үш
жүздің бір-бірімен құлақтас адамдары тегіс күйзеліп еді дейді.
Қарабас балалары әкесінің асын Алшынның жуан ортасы
деп Құмауытта өткізіпті. Үш жүзге сауын айтып, бас бәйгеге

елу түйе, екі жүз елу қой тігеді.
Қарабастың асында үш жүздің небір нәнталап ығай-сы­
ғайларынан басқа, қатысам деген үміткерлердің де бетін қақ­
пайды. Сондай үміткерлердің бірі Табын ата елінен келген Жұбан

деген жігіт екен. Мініп келген құла қасқа атының қолдауы түсіп,
сылти басып келгеніне қарамай бәйгеге қосатынын білдіреді.
Жұрт ішінде Жұбанды қыжырта кемсітіп, әжуа етушілер де бо-
лады. Жұбан мұның бірін елемей, құла қасқасын тәуекел деп

бәйгеге қосады.
Ұзын саны алпысқа тарта бәйге аттарының ішінде Жұбан­
ның Ақсақ құласы жалғыз қара болып бірінші келеді.
Осы оқиғаны көзімен көріп, көңіліне тоқыған Сарымалай

сыбызғысына күй етіп тартқан екен. 261. «Жорға аю»

(ІІІ нұсқа)
Ертеде бір аңшы аю аулауға тауға кеткенде, кішкене баласы
әкесінің артынан ілесіп қалмайды, әкесі ол баланы аңғармай­
ды. Қалың тоғайға кірген соң, бала әкесінің қарасынан көз жа-

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
зып, жолдан адасып, жалғыз өзі беті ауған жағына жүре береді.
Осы уақытта ол балаға аю шабуыл жасап, өлтіреді де, оны
жерге көміп жатады. Бір кезде осы аюдың ізіне түскен аңшы,

баласын жайғастырып көмгелі жатқан азулы аңның үстінен
шығады. Аңшы аюды атады, бірақ оқ аюдың бір аяғына тиеді.
Жараланған аю үш аяғымен қашады. Аюдың сондағы шабы-
сы жорғаның жүрісін елестетеді. Екінші рет атқанда аюды

құлатады.

БАЙСЕРКЕ ҚҰЛЫШҰЛЫ /1841-1906/

262. «Жекпе-жек»

Мүйізді Өтеген батыр еліне жайлы қоныс, шұрайлы мекен
іздеп көп нөкерімен жолға шығады. Шығысында Бежінге дейін
барып, батысында Еділге дейін жол тартады. Талай азапты
басынан кешіреді. Ақтөбе деген жерге бет алғанда таң бозын-

да алдарынан алып айдаһар шығып, кес-кестеп тұра қалады.
Нөкерлерінің бәрі жанынан шошып кейін шегінгенде, Өтеген
өзі жеке шығып айдаһармен алысыпты дейді. Батырды жеңе
алмаған айдаһар кейін шегініп, Өтегеннің керуеніне жол беріпті

дейді. Осы жекпе-жекті Байсерке күй тілімен бейнелесе керек. 263. «Төрт қарға»

Шу өзенінің бас жағын мекендейтін Ұлы жүзден шыққан
орта шаруасы бар бір адам мұқтажсыз өмір сүріпті. Ақкөңіл, қо­
лы ашық болғандықтан ауылдастары оны «Жомарт» атап кетіп­
ті. Бірақ баласы болмай, соған қатты ренжиді екен. Жасы елуге

аяқ басқан соң мұрагерлерден де үміт үзіп, Құдай салғанды кө­
ріп, жата береді. Жұбайы да қарапайым, жолдасының айтқанын
екі етпей, тату-тәтті өмір өткізеді.
Қоян жылы келгенде үлкен жұт болып, елдегі мал біткен­

нің бәрі қырылып, халық ашаршылыққа, босқыншылыққа
ұшырайды. Мұндай жағдай Жомартқа да жақсылық әкелмей­
ді. Көктемге салым оның да қысып ұстап отырған бірді-екілі
тұяғы шөбі болмағандықтан опат болып кетеді. Ол бала орнына

жас малды: бұзау, қозы, бота, құлындарды бағып-қағып күтеді
екен. Енді мал орнында оның қыстауында әрнемені шұқып,
16-136

күй  аңыздар
қарқылдаған төрт қарға қалады. Қарғалар шалдың жалғыз
екенін сезгендей, бір орыннан екінші орынға секіріп жүріп, бір
уақытта онсыз да қайыр сұрауға, болмаса өлуге бел байлаған

жалғыз шалдың қасына келеді. Тіпті, олар да жалғызсырады
ма, кім білсін, шалдың артынан ілесіп қалмай қояды. Шал бір
нәрсесін ұмытқан кісідей сәл ойланып тұрып, жүгіріп үйіне ба-
рып, домбырасын алып шығады. Көктем лебін әкелген самал жел­

дің ызыңына қосылып тұрып домбыраның шегіне қол соғады.
Шал ескі бір күйді ойнап кетті. Домбыра халық басына түс­
кен ауыр қайғыны сезгендей боздай жөнеледі. Күйде көңілсіз
әуен тақырыбы өтіп жатыр, бірде аттың желісін бейнелейтін саз

да естіліп қояды. Сонан кейін басын төмен салып, бір кез өзін-өзі
ұмытқандай шал күйді өте бір нәзік сезіммен шерте жөнеледі.
Үздік-создық дыбыстары барған сайын баяулап, әлсіреп барып
күй аяқталады.

Жан-жағына байқап қарайды. Төңіректе ешкім көрінбейді.
Тек жаңағы төрт қарға ғана дөңгеленген көздерімен қарап
қалыпты. Барлық жерде өлген мал, жандардың қалдықтары
көрінеді. Жомарт домбырасын қайта қолға алып қарғалардың

қарқылдаған үніне еліктетіп бір күй тартты. Домбыра төрт
қарғамен қарғаша сөйлесіп кетті. «Сендерден басқа менің еш­
кімім жоқ, мені тастап кетпей-ақ қойыңдар, маған ештеңе қал­
маса да, сендер үшін жететін азық мол»,—дейді.

ЕСБАЙ /1842-қ.ж.б./ 264. «Айда бұлбұл, сайра бұлбұл»

Ел әңгімесіне қарағанда Есбай бұл күйді бозбала шағында
домбырамен алғаш әуей болған кезінде шығарған екен. Же­
тімдіктің тақсыретін ерте көрген, сынық көңіл бала жігіт
оңашаға барып зираттардың арасында отырып күй тартатын

әдет шығарады. Бірде, күй тартып отырған кезінде төбесіне бір
жалғыз бұлбұл құс келіп, үйіріліп тұрып алады. Келесі күні
сол көрініс айна-қатесіз қайталанады. Үшінші күні де солай
болады. Екеуі бір-біріне әбден үйреніседі. Бұлбұл көкте, Есбай

жерде, әрқайсысы өзінің мұңлы жырын толғап жүре береді.
Кейіннен өзінің жалғыз мұңдасына арнап бозбала Есбай осы
күйін шығарған екен.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 265. «Үш атаның тартысы»

(І нұсқа)
Кіші жүздің төресі Қаналы үлкен бір мәжіліс ұйымдасты­
рып, оған дүйім жұртты шақырады. Мәжіліс үстінде көптеген
ойындар көрсетіледі, өнер сайысы болады. Ақырында күй тар­

тысы басталады. Тартысқа үш кісі түседі. Олар: Байұлынан—
Есбай, Әлімнен—Тоғызбай, Жетірудан—Науша қыз екен. Бірін­
ші кезек Науша қызға тиеді. Наушаның тартқаны «Шилеме,
шегелеме» күйі. Аңызда Науша бұл күй жайында былай депті-

міс: «Бірде далада «Ақсүйек» ойнап жүргенде, шоңқаймамды
тасқа соғып, өкшесін сындырып алдым. Сонда бір құрбы жігіт,
ұсталығы бар еді, айдың жарығында шоңқаймамның өкше­
сін кәдімгі шимен шегелеп берді. Сондағы құрбымның өнеріне

разы болып шығарған күй еді».
Қазақ өнері—Шығыс өнерінің бір саласы, мұнда астарлап
айту, символ мен ырым көп орын алады. Мысалы, бұл күйде
әңгіме мүлдем ұста жігіттің өнері жайлы емес екені аңғары­ла­

ды. Немесе ашып айтсақ, Науша қыз көңілдестік жайын мең­
зеп, емеурінмен жеткізген.
Келесі кезек ата жолы үлкен Тоғызбайға тиеді. Тоғызбай
«Қызыл қайың—Мамыт» деген күйді тартады. Бұл күйдің

әңгімесін Тоғызбай былай деп түйген екен: «Бір жігіт бір қызбен
көңілдес болады. Бірақ өзінің олақтығынан, келген сайын
иттерді шулатып, елге жария болып қалады. Содан кейін бірде,
әсіресе белсене шауып жүрген бір қайың-қаптал итті манағы

жігіт айдалада қуып жүріп, әбден сабап, бір аяғын сындырып
қоя береді. Міне, сонда, «итті алдай алмаған жігіт қызбен не
сөйлеспек?» деп шығарған күйім еді»,—депті.
Науша мен Тоғызбайдың арасында әлденедей, келісім,

ұғысымның барын байқау қиын емес. Науша, қыздың көңілін
таба білген епті жігіт жайын айтса, Тоғызбай жұғымы жоқ
олақ, ебедейсіз жігіт жайын айтып отыр. Сол жиында отырған
қыз-бозбалаға өнеге ғой бұл.

Үшінші кезек Есбайға тиеді. Есбай сол жерде отырған ха­
лыққа қарап: «Уа, жарандар, мына екі домбырашы бұрыннан
дайындап келген күйлерін тартты. Ал мен осы арада, табан
астында шығарған күйімді тартамын. Және бұлар оң қағып

тартса, мен теріс қағып тартамын»,—деп, «Теріс қақпай» күйін
тартады.

күй  аңыздар
Атырау өңірінде Есбайдың шертісіне тәнті болмайтын адам
болмаған. Жұрт: «Па, Байұлының домбырашысындай күйді
ешкім шала алмас. Тазбала жеңді»,—десіп шуласып кетеді.

Сол кезде Қаналы төре: «Халықтың аузына Байұлының атын
Құдайдың өзі салды ма, әлде Есбайдың бағы ма, білмеймін.
Қош! Байрақ Есбайдікі»,—дейді. Сонда елде болмаған бір оқиға
болыпты. Айрандай ұйыған жұртты селк еткізіп, Науша қыз:

«Дат»,—дейді. Қазақта тіл кеспек, сөзін жұтқызу деген жоқ.
Қаналы төре: «Айт!»—дейді. Науша қыз былай дейді:

—Уа, алдияр! Мен бірінші кезек өзіме тигенде сасып қалып,

қолыма ілінген күйді тарта салып едім. Ендігі тілек—осы
жиынға арнап, әкелген күйімді тартсам деп едім. Маған байрақ
керек емес. Жұрт күйімді тыңдаса болды.
Халық та, төре де құп көреді. Науша қыз өзінің «Бұлбұл»

атты әйгілі күйін тартады. Жұрт Наушаның саусақ алысына
қайран қалып: «Апырмай, Байұлы бізді қолын олай сермеп,
былай сермеп алдап кеткен жоқ па осы? Мына Наушаның қолы
ілме күйге шебер екен»,—дейді. Біреулер тіпті «Байрақты Нау-

ша алсын!»—деп қалады. Қаналы төре: «Ау, халайық, төре екі
сөйлемейді. Бір тойда екі жоралғы болмайды, өздерің Есбай-
ды жақсы дедіңдер. Мен «хош» дедім. Ал енді мына сөзің қай
сөз? Қысқасы, төре бір-ақ байрақ береді. Ауылдың атынан сый-

құрмет берсеңдер—оны өздерің білесіңдер»,—дейді.
Осы кезде Есбай сөз алады:

—Уа, халайық! Осы жасқа келгенше талай тартысқа түстім.

Осы уақытқа дейін өзім білген домбырашы менің алдымды кес­
пеп еді. Ешкім менен кейін күй тартпап еді. Ал енді Науша
қыздың мына тартуын менің заманымның өткені деп білдім,—
дейді. Дейді де, мұңайып отырып: «Өттің дүние» күйін

қозғайды. 266. «Үш ананың айтысы»

(ІІ нұсқа)
Әйгілі күйші Есбай Балұстаұлы (1842-1910) тартқан «Үш
ананың айтысы» атты тармақты күйдің аңызын толық қал­
пында келтіре кетудің артықтығы жоқ.

«Кіші жүзге аты мәлім Қаналы деген төре 1903 жылы
сары­ала күзге қарай әкесіне ас береді. Шежіре сөздің қисыны

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
бойын­ша, Кіші жүздің он екі ата Байұлы, алты ата Әлім, жеті
ата Жетіру тармақтарының түпкі аталары бір болғанымен ана­
лары бөлек болған соң «Үш ананың балалары» деп атайтын

дәстүр бар. Сол үш ананың балаларына Қаналы төре сауын ай-
тып, үш арыс елдің кіндік ортасы деп, ас беру үшін Сағыз өзені­
нің «Терісаққан» деген сағасына киіз үй тіктіреді. Қапысыз
таңдалған шымдауыт, қияқты алапқа тігілген үй саны 900 бо-

лыпты. Үй бас сайын Хорезмнен алдыртқан ұнды бір-бір қаптан
үлестіріпті. Мұның сыртында, келген қонақтарға сыбағасы деп
үй ара бір тайдан, жолы деп үй бас сайын бір қойдан сойылады.
Ол кезде астың көркі—ат бәйгесі, балуан күресі, өнер сайыс­

тары. Сол дәстүр бойынша, алдын ала сауын айтушылар ат
жарысының бас бәйгесіне өңшең бір өңді елу айыр інгеннің
тігілетінін, бас балуанға бір үйір қысырақтың бұйыратынын,
сондай-ақ осы аста үш ананың күйші-домбырашылары өнер

өрелестіретінін, жеңімпазға үш жасар бұқа беріліп, иығына
оқалы жібек шапан жабылып, құрметіне ту көтерілетінін ха-
барлайды.
Межелі уақытында Кіші жүздің жақсысы мен жайсаңы бас

қосқан ас басталады. Асты Қаналы төренің өзі басқарады. Ат
бәйгесінде, Адай, оның ішінде Мұңал, оның ішінде Әли ата-
сынан Нұрымның Тауаны деген байдың шұбар аты бірінші
келеді. Тауан бай Қаналы төреге әрі құда, әрі қайын болса ке-

рек, «маған атағы да жетеді» деп, бас бәйгеге тігілген елу айыр
інгенді ошаққа қалдырып кетеді. Сөз арасында айта кетуге бо-
лады. Тауан бай 1926 жылы қайтыс болып, келесі 1927 жылы
ас берілген. Бұл ас Адай арасындағы ең соңғы ірі ас дейді көз

көргендер.
Қаналы төре берген астағы балуан күресінде Жетірудың
жігіті бас балуан атанып, бір үйір қысырақты еншілейді.
Содан, түздегі қызықтың солығы басылып, шөліркеген жұрт

бір-бір сусындап алған соң, кезек үш ана домбырашылары­ның
күй сайысына жетеді. Нәнталап күйшілер Қаналы төренің он
екі қанат сары ала ордасына шақыртылады. Байұлынан аттай
алпыс мүшеліндегі Балұстаұлы Есбай келеді. Әлімнен қырық

жастағы Тоғызбай күйші көрінеді. Ең соңында Жетірудан әйгілі
Алтынай күйшінің шәкірті он сегіз жасар Науша қыз жетеді.
Күйшілерге Қаналы төренің өзі сарапшы болады.

күй  аңыздар
«Уа, ағайын!—деп Қаналы төре сөз бастайды.—Үш ананың
бетке шығар күйшілері алдымызда отыр. Бұрынғы-соңғының
дәстүрімен бұларды қара тартысқа, қала берді түре тартысқа

салсақ, онда апталап тыңдауға тура келеді. Сондықтан бір-
бірден күйлерін тыңдап, «Теңіз дәмі тамшысынан белгілі» де-
гендей, төрелігімізді айталық».
Отырғандар Қаналы төренің уәжін қабыл алады. Сол жер-

де «жолы жіңішке» деп, бірінші күй тарту кезегі Науша қызға
беріледі. Ол кезде тартар күйінің бөгернайын танытып, мән-
жайын айтып алатын дәстүр бар. «Бұл күйдің шығуына себеп­
ші оқиға басымнан өтіп еді,—дейді Науша қыз.—Бірде, айлы

түнде ауылдың қыз-бозбаламен бірге ақсүйек ойнап жүріп
етігімнің өкшесін тайдырып алдым. Сонда ақсүйекті бірге
іздесіп жүрген жанымдағы жігіт етігімнің өкшесін ай жары­
ғына қаратып отырып, шимен шегелеп бергені. Сол жігіттің

өнеріне риза болғаннан шығарған күйім еді».
Науша қыз осылай дейді де, «Шилеме-шегелеме» деген күйін
тартып шығады.
Келесі кезекті «атасының жолы үлкен» деп, Тоғызбайға

береді. «Менің күйіме де өз басымнан өткен бір оқиға себепші
болып еді,—дейді Тоғызбай.—Жапсар ауылда Мамыт деген қыз
болды. Әзіліміз жарасып, сөзіміз үйлескен жандар едік, ертелі-
кеш бара қалсам, Қызылқайың деген иті күрпілдеп үріп ал-

дымнан шығады. Қабаған ит қызды ауылға жолатпай діңкемді
құртты. Содан бір күні қолыма таяқ ұстап, сайланып шықтым.
Әдеттегідей алдымнан үріп шыққан итті қатты жасқап едім,
жайына кетті. Мен де мұратыма жеттім. Сонда көңілім өсіп

қайтқан соң шығарған күйім еді».
Тоғызбай жорғадай сыдыртып күйін тартып шығады. Мұ­
нан әрі күйдің кезегі Есбайға тиеді. Сонда Есбай: «Бұлар күйді
оң қақты ғой, қайталау болмасын, мен теріс қағайын» деп, сол

жерде «Терісқақпай» деген күйді шығарып тартады.
Күй біткен кезде тыңдаушылар ду ете қалады. «Ойпырм-ай,
бұл Есбайға дауа жоқ екен... Түрткені де, шерткені де күй ғой...
Табан астында тыңнан шығарып тартты-ау» деседі. Көптің

қолдауына Қаналы төре де қосылып, «Бәйгенің иесі—Есбай»
деп айтып салады.
Сол жерде Науша қыз уәж айтады: «Қадірлі ағалар,—
дейді,—кезек тосын тиген соң, қолым үйренген күйді тартқа­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
ным рас еді. Болмаса, шығарып тарту біздің де қолымыздан
келеді. Маған бәйгенің де, байрақтың да керегі жоқ. Осынау
асқа құр қол келмейін деп, құлағын шығарып келген жаңа

күйімді тартып берейін».
Науша қыздың уәжін Қаналы төре бастаған жұрт қабыл ала-
ды. Іле Науша сарыны тың, қағысы тосын бір күйді лекілдете
жөнеледі. Отырғандар жаңа күйге сүттей ұйып, құлақ түреді.

Әсіресе, Қаналы төренің Күнтай атты бәйбішесі ұмсына түсіп
құлақ түргенде жаулығы сырылып, шашының көрініп қал­
ғанын аңғармайды. Күй делебе қоздыра құлдыраңдап барып
бітеді. Күнтай бәйбіше апыл-ғұпыл жаулығын түзейді. Мұны

байқап қалған Науша қыз күліп: «Менің күйіме ең беріліп
тыңдаған адам Күнтай апамыз сияқты, сондықтан бұл күйдің
аты «Күнтай» болсын»,—дейді. Ақылды қыздың қылығына ри­
за болған Қаналы төре қабақ серпіп, Науша қыздың алдына «зер

бұйымыңды салып жүр» деп күміс сандықша қойдыртады.
Осы кезде Есбай отырып тіл қатады: «Апыр-ай, менен кейін
күй тартылмаушы еді, дәуренім өтейін деген екен-ау!» деп,
сол жерде «Өттің дүние» деген күйін тартады. Күй тереңнен

толғап, күңірене дөңбекшіп, отырғандардың ойын сан-саққа
жүгіртеді.
Сонда Тоғызбай күйші: «Сабыр, Есаға, сабыр! Өлмейтін
өнердің алды-артында дүбірі қалың болмайтын ба еді. Мұн­дай­

да шүкірлік еткен жарасар»,—деп, сол жерде «Әләйлім жал­
ған» деген күйін шертеді.
Күй біткен кезде аңтарылған жұрттың ішінен біреу сөз бас­
тайды: «Ау, ағайын, осы біз мына Байұлының қолын олай-бұ­лай

сермегеніне алданып қалған жоқпыз ба?»—дейді. Бірінен-бірі
өткен күйдің әсері суымай отырған жұрт дабыр-дұбыр болып
қалады. Бірі—«Наушаның қолы шебер екен», келесісі—«Жоқ,
Тоғызбайдың сарыны сұңғыла болды» деседі.

Өршіп бара жатқан дауға Қаналы төре басу айтады: «Жә,
ағайын, дейді,—бұл бір айта жүретін өнер сайысы болды. Осы
жерде тегін тартылған күй жоқ, бәрі де кісіліктің сойылын
соғып, жөн-жобасымен тартылды. Олжаның үлкені сол болса

керек. Дегенмен, кесім айтылып қойды. Енді мені екі сөйлетпей-
ақ қойыңдар. Жеңіс Есбайдікі, құрмет туын көтеріңдер! Ал,
Науша мен Тоғызбай болса, олар да сый-құрметке әбден лайық
екен. Риза етіп аттандыру мойнымызда болсын».

күй  аңыздар 267. «Жалды қара»

Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы
былай болыпты:
Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген
халыққа беделі бар, ауқатты адам болыпты. Көпеннің отыз

жылқысы, бес түйесі, 40-50 қойы болса керек. Бір жылы қыс
қатты болып, мал түгел боранға ұшыраған. Сонда Көпеннің де
малы өліп, жалғыз қара айғыры ғана тірі қалады.
Жалы тізесіне төгілген қара айғыр, жазғытұрым үйірін іздеп,

қолды-аяққа тұрмай, бекітсе—бекітуге, байласа—байлауға
көн­бей, кісінеп, ауылды айнала шауып жүреді. Мұны көрген Есбай:

—Шіркін, жануарым-ай, жалғыз қалып зарыққан екен,—

деп күй шығарады. Содан халық арасына Есбайдың «Жалды
қара» күйі болып таралып кетіпті.

ДҮКЕНҰЛЫ ЫҚЫЛАС /1843-1916/

268. «Айрауық»

Ықыластың бұл күйіне де өткен заман оқиғасы арқау болған.
Ертеректе Ақшахан деген хан болған екен. Айналада ан­та­
лаған жауы көп, ат үстінде күн кешер жортуылы мол заман бол-
са керек. Күндердің бір күнінде ел тағдыры сынға түскен, ердің

басы бәйгіге тігілген ұлы сүргін, жаугершілік болыпты. Сонда
жауды жеңіп, жалауы желбіреп қайтқан Ақшахан көзге түскен
батырлардың басын қосып, той жасап, сый-сияпат көрсетеді.
Осы бас қосуды Айрауыққа айрықша ықылас көрсеткен хан:

«Айрауық сен—ел еркесісің, қашан көзім жұмылғанша бетің­
нен қақпаймын»,—деп, жұрт алдында жария етіп еді дейді.
Сол кезде Ақшаханның бой жетіп, толықсып отырған
жал­ғыз қызы болады екен. Айрауықтың осы қызға көңілі

кетеді. «Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген емес пе,
Айрауықты қыз да ұнатса керек. Сөйтіп, Айрауық пен хан қызы
бір-бірі­мен көңіл жарастырған соң Ақшаханға сөз салады.
Ақшахан болса: «Жалғыз қызымның ұнатқан адамы

Айрауықтай батыр болса, Айрауықтың қалағаны менің қызым
болса, екі жастың қалауы болсын!»—деп, ұлан-асыр той жасай-
ды. Сонан соң, хан қызына лайық жасауын келістіріп, қырық
нарға жүк артып, Ақшахан жалғыз қызын ұзатады.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Содан, Айрауық батыр хан қызын алып, нөкерлерін ертіп,
көшкен елдей болып, көңілдері тасып еліне қайтып келе жа-
тады. Сол кезде, есесі кеткен жаудың ел шетін торып жүрген

жасағы бар екен, бір күні аңдып жүріп Айрауықтың көшіне
тұтқиылдан шабады. Айла тауып, ақыл тоғыстыруға мұрша
болмайды, арсы-күрсі айқас басталып кетеді. Қапыда соққан
жау қоя ма, аз сәтте Айрауықтың жанына ерген жігіттерін

баудай түсіреді. Айрауық жалғыз өзі қаша ұрыс салып, жауға
теңдік бермейді. Сөйтіп жүргенде садағының адырнасы үзіліп,
бойында басқа қаруы қалмаған Айрауықтың амалы болмай бір
төбенің басында тұрып қалады.

Ақшаханның ару қызын мол жасауымен қолға түсірген жау
мәз болып, көшті бұра тартпақ болады. Осы кезде Ақшахан­ның
қызы сауға сұрайды: «Некелеп қосылған қосағым еді, бұйрық
осы шығар, енді тым болмаса бір ауыз тілдесіп, қоштасып

айырылысуға ұлықсат етіңдер»,—дейді.
Мерейі үстем болып тұрған жау ару қыздың тілегін қабыл
алып, Айрауыққа қарай алып жүреді. Сонда, Айрауыққа жа­
қындап келген Ақшаханның қызы: «Ей, Айрауық, мұнша неге

есің шықты, тарыққанда талғасын деп, қанжығаңа мейіз түйіп
едім ғой»,—депті.
Сөйтсе, алдын болжайтын ақылды қыз «заман қандай бо-
лады» деп, түйе сіңірінен ширатып жасаған садақтың тара-

мыс адырнасын ерінің қанжығасына байлаған ғой. Жаңағы
«тарыққанда талғажау етсін деп, мейіз түйіп едім» деп тұрғаны
сол адырнаны меңзегені еді дейді.
Бұл емеурінді Айрауық түсініп, садағына адырнасын тағып

алып, жауға «жекпе-жек, жекпе-жек!» деп қайта шабады.
Қаруы келіскен Айрауық дес бермейді, қапысыз атып, қынадай
қырып шыдатпай, ақыры жауды түре қуады. Сөйтіп, сүйген жа-
рына қайта қосылып, аман-есен еліне келіп, мұратына жетіпті

дейді. 269. «Бозторғай»

Бір жылы ел жазылып жайлауға шығып, төрт түлік мал
Арқаның апай төсіне тұяқ іліктірген кезде Түсіпбектің үйіне
әдеттегідей Әупік пен Нақып бастаған Дәулеттің ағайында­
ры келеді. Қадірлі қонақтарына Түсіпбектің үй іші жайылып

күй  аңыздар
жастық, иіліп төсек болып, жандары қалмай күтеді. Түсіпбек
қобызын сирек ұстайтын адам екен. Бірақ сыйлы қонақтары­
ның көңілі үшін қобызын алдырып, әдеттегідей інісі Ақынбайға

құлақ күйін келтіртеді, шайырын жаққызып баптатып алады.
Түсіпбек қобыз алдыртқаннан-ақ үй төңірегіндегі бала-
шағаның дабырын тыйып, үй ішіндегілер тиісті орындарына
жайғасып тыныштық сақтайды. Тек қана босаға жақта тұғыр­

да отырған бүркіт «қияқ-қияқ» деп шақырып, тыныштықты
бұзғандай болады. Ақынбай кіржің етіп: «Қолбала емес, түзден
алған құс еді, қайыруға көнбей қойды, қайсар екен»,—деп,
қонақтардың алдында ақталғандай шырай танытады.

Үйдің ши жағында Түсіпбектің Шәмшиядан туған Шырын
деген қызы ши түбіндегі қара сабаның сылдырмақты піспегін
қызықтап тұрады. Жаңа қаз басуға жарап қалған Шырын­ның
үстінде қызыл көйлегі болса керек.

Содан, Түсіпбектің қобызды қолына алғаны сол екен,
босағадағы бүркіт дүр сілкінгенде тұғыр басына орай салған
балақ бауы босап кетеді. Аяғының босағанын сезген асау бүр­
кіт тұяғымен сарт-сарт ұрып, томағасын сыпырып түсіреді.

Томаға түсісімен жанары жарқ-жұрқ етіп, үйдің ішіндегілерді
жұтып жіберердей бір шолып шығады да, көзін саба түбінде
селтиіп тұрған қызыл көйлекті Шырынға қадайды. Іле лып
етіп тұғырдан қарғып түскен бүркіт балпаң-балпаң басып теріс

қарап сылдырмақпен ойнап тұрған Шырынға қарай жүреді.
Үй ішіндегілер сілтідей тынып, аңырып қалады. Себебі, түз
тағысының мінезі аян, дәл қазір тосын қимылды сезсе болды,
көз алдындағы қызылды қызғанып тұяқ жұмсауы мүмкін.

Бүркіттің шалт қимылы жай оғындай жылдам екенін, сол
жер­де жат қимылмен жарысып тұяқ жұмсаса, баланы майып
қылатынын әсіресе құсбегі Түсіпбек жақсы біледі. Жақсы біл­
гендіктен де, Түсіпбек тығырықтан шығар шешімді өзі табады.

Үй ішіндегілер «енді қайттік!» деп булығып отырғанда
Түсіпбек қолындағы қара қобызын сыза жөнеледі. Қиян дала,
қиыр шеттен талып жеткендей бір тосын сарын үздіге сұңқыл­
дап келіп, ширыға шырылдайды.

Сонда, қызыл көйлекті баланың ту сыртына төніп келген
бүркіт мойнын қылқыңдатып, ашық тұрған түндіктен зеңгір
көкке көзін төңкере қадап тұрып қалып еді дейді. Бүркіттің
қобыз үніне алаңдаған сәтін пайдаланған Ақынбай лып етіп

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
орнынан тұрып, түз тағысын тік көтеріп әкеп тұғырына қон­
дырады.

270. «Жалғыз аяқ»

Бағаналы Сандыбайдың Ерденінің баласы қайтыс болғанда
Ықылас өзінің «Ерден» деп аталып кеткен жұбату күйін
тартқан. Сол жолы Ықыластың арқалы өнеріне тәнті болған
Ерден Тамалардың барымталанған жылқысының қайтары­

луына себепші болған ғой. Оған қоса Ықыластың алғаш рет
алыс-жақындағы бас көтерер білікті адамдарға танымал бола-
тыны да осы кез. Тама руының игі жақсыларына олжа салып,
өз ағайындарының арасында да зор беделге жеткен.

Осы сапар Ықыластың қанатты өнеріне тәнті болған Ерден
сый-құрмет көрсетіп, астына ат мінгізеді, иығына шапан жабады.
Содан Ұлытаудағы Ерден ауылынан көңілдері көтеріңкі
аттанған Тама елінің адамдары Сарысу бойындағы қонысына

ертерек жетуге асығып, суыттау жүрсе керек. Сол суыт жүріске
шыдамай, Ықыластың Ерден ауылынан сыйға мінген аты
ақсап, қолдауы сөгіліп қалады. Бұл топтың ішіндегі ең жасы
Ықылас болған соң үлкендер жағы әзілдеп: «Әй, Ықылас, осы

сенің қобызыңның дауасы күшті болып тұр. Жалғызынан айы­
рылып, жер бауырлап жатқан Ерденнің қайғысын сейілтіп,
басын жерден көтерттің. Ол аз дегендей, Ерденнің көнтақым
ұрылары әлдеқашан сіңіріп кеткен малымызды қайтарттың.

Енді мына Ерденнен мінген пырағыңның жанын қинамай,
сол қобызыңның өнерін тағы көрсетіп, бір шипа келтірмей­сің
бе»,—дейді. Ұзын жолда ерігіп келе жатқандарға ермек керек,
басқалары да әлгі сөзді қолдап, кеу-кеулеп кетеді.

Сонда Ықылас жасы үлкен ағаларының сөзін әзіл де болса
жерге тастамай, ат үстінде келе жатып қобыз тартады. Сарын­ы
да, ырғағы да бөлек соны саз әлгінде ғана әзілдеп келе жат­қан
үзеңгілестерін елең еткізеді. Күй еркелей толқып, сырғи созы-

лып барып аяқталғанда тыңдаушылары: «Өй, мынауың тың са-
рын болды ғой!»—деп таңданыс білдіреді.
Сонда Ықылас бағанағы әзіл сөзге әзілмен жауап қайырып:
«Енді қайтейін, иен далада ерімді арқалап жаяу қалар жайым

жоқ. Мына ақсақ атыма шипа болсын деп тартқан күйім ғой!»
деген екен.

күй  аңыздар
Кейін бұл күйі ел ішіне «Жалғыз аяқ» деген атпен тарап еді
дейді.

271. «Жезкиік»

Көктемнің шуақты күндері бел алып, Арқаның Бетпақ­
дала­мен жапсарындағы Ақтау, Ортау, Қызылтау деп аталатын
сілемді таулары ерекше шұрайланған кез екен. Ел жазылып
жайлауға шыққан, көңілдері көтеріңкі, мәре-сәре.

Осындай бір табиғат пен адам қауышып, жайлаудың қызық
күндері басталған шақта дәулескер күйші Сайдалы Сары Тоқа­
ның үйінде Арқаға даңқы жайылған күйші-домбырашылар­дың
басы қосылып қалса керек. Олар: «Сары Тоқаның інісіндей»

болып кеткен қобызшы Ықылас, ән мен күйді тел меңгерген
Дайрабай, домбыраға тіл бітіретін Қыздарбек. Бұлардың бәрі­
нің де ауылдары Сары Тоқа ауылына жапсар. Сонсоң да, Тоқа­
ның жасының үлкендігін сыйлап, ел жайлауға шыққан кезде

арнайы келіп сәлем беруді әдет еткен.
Орайы келген сәтте бас қосу, сырлы сұқбат, кезек-кезек
тартылған әсем күйлер бұлардың көңілін көтеріп, шабыттарын
шалқытады. Осындай бір шақ болса керек, көгалға сары ала

сырмақ төсетіп, сары қымыз сапыртып, сұхбат құрып отыр­
ғанда ауыл іргесіндегі жоннан асып төгілген алтындай болып
қалың киік көрінеді. Ғажайып көрініс әркімді-ақ қайран қал­
ды­рады. Сонда, қашаннан ұшқыр ойлы, шалт мінезді Тоқа оты­

рып: «Мынау бір, көз алдыңнан кетпесе деп тілейтін сұлу сурет
екен. Шыныменен сұлулықты дыбыс етіп саусақтарыңа іл­ген­
дерің рас болса, осы суретті күй етіп көріңдерші!»—дейді ғой.
Табиғаттың еркін өсіп, желмен жарысқан ерке киігін та-

машалап отырғандардың ішінде Тоқаның әлгі өтінішіне ал-
дымен Ықылас елеңдеп, аз-кем абыржи толқып отырады да,
қара қобызына қол созады. Іле қыл қияқты құшырлана шалып,
әлгі бір сұлу суреттен бірде кем емес сырлы сазды құйқылжыта

төгеді. Күй бір тыңдауға ойнақы болып көрінгенмен, осынау
даланың мұң-сырын тұяғына ілестірген арман-киіктей болып,
азаттықты дәріптейді.
Күй де бітеді, қалың киік те қыр асып, көзден таса болады.

Сонда, көкірекке қуаныш өксігі болып кептеліп, жанары жаса-
урап отырған Дайрабай алдымен тіл қатады. «Апыр-ай, Ықам-

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
ай, адам жанын айтқызбай түсінетін жампоз екенсіз ғой! Ту­саң
ту! Әлгі сырлы саз қырдың қызыл киігін қиялдағы жез киік­ке
айналдырып жіберді-ау!»—деген екен.

Сол жерде «Жезкиік» деген атпен тұсауы кесілген күй ке­
шікпей-ақ байтақ қазақ даласына тарайды...
Бұл—қазіргі Жезқазған облысына қарасты Жаңаарқа ауда­
нының жерінде қыз бұрымындай Көктал деп аталатын өзеннің

бойында 1880 жылы жаз айларының бір мамыражай шағында
болған оқиға.
Ел ішінде «Жезкиік» күйіне қатысты мұнан басқа да бір
аңыз айтылады. Ықыластың үлкен әкесі Алтын бармағы майыс­

қан зергер болыпты дейді. Сол кезде тамалармен жапсар Қоңыр
төренің ауылы отырады екен. Бұл—әйгілі Құдайменде төренің
бел баласы. Құдаймендеден Қоңыр, одан Бегалы, Жаналы де-
ген екі бала болған. Бегалыдан Жәңгір туған. Осылардың қай-

қайсысы да төрелігіне қоса төңірегіне байлығымен де даңқы
жайылған, жуансіңір шонжарлар болған.
Бірде Қоңыр төре өзінің бой жетіп отырған қызының жа­
сауын келістіру үшін Алтын зергерді арнайы шақыртып, жаз

бойы зер бұйым жасатады. Алтынмен бірге ер жетіп қалған
немересі Ықылас еріп келеді. Жай еріп келмейді, жасы
ұлғайып қалған атасының бірде көрігін басып, бірде көмірін та-
сып, қолқабыс тигізеді. Қоңыр төренің қызы өзіне арнайы зер-

гер бұйым жасалып жатқан соң, күн сайын ұстаханаға келіп,
бірде саусағын, енді бірде білегін өлшетіп кетіп жүреді. Сөйтіп,
жүріп Ықылас екеуі жақын танысып, сөздері жарасып, бір-
біріне көңілдері құлайды. Әсіресе, Ықылас тұңғыш рет бозбала

сезіммен құлай беріліп, жан дүниесі жалынға оранғандай күй
кешеді. Оның үстіне Қоңыр төренің қызы атастырған жігітіне
салқындау болса керек. Бұл да Ықыластың қабырғасын сөк­
кендей жүрегін сыздатады. Аз уақытта танымастай өзгеріп,

мұңая тұйықталып жалғыз ғана қобызымен сырласқандай
ертелі-кеш күй шалады.
Мұнің бәрін зерек атасы Алтекең сезіп жүреді. Немересі­нің
уыз сезімін аяп, іштей күйзеледі. Бірақ амал бар ма?!

Содан, күндердің күнінде төре қызының зер бұйымдары да
жасалып бітеді. Қоңыр төре мейлінше риза көңілмен: «Алте-
ке, қолың құтты болсын, мынау қол майың»,—деп, алдына екі
үйір жылқы салады.

күй  аңыздар
Сонда Алтын алғысын айта отырып: «Көңілің зерек, құла­
ғың түрік төресің ғой, баламның күйін тыңда»,—деген екен.
Мұнысы, төремен сүйек боламын деп дәмесін зорайтпаса да, екі

жастың бір-біріне ынтық сезімін емеурін еткені еді дейді.
Қоңыр төре бұл емеурінді түсінеді. Түсінбегенде ше, атасы
иек қағуы мұң екен Ықылас жаз бойы жас жүрегіне жұбаныш
болған күйін лекіте шалып жөнеледі. Сырты сұлу тың сарын

естір құлақты елең еткізіп, жүрдек ырғағына еліктіре үйіріп
жөнелгенімен, күй астарындағы мұңлы сезім жүректі шымыр-
латып сығымдағандай болады.
Сонда, Қоңыр төре де іштей мүжіліп, өзінен-өзі шөгіп, үн-

түнсіз отырып қалған екен...
Кейін, арада жылдар өткенде Ықылас жолаушылап келе
жатып қалың қорым, моланың арасынан әлдекімнің мұңлы
даусын естіп, ат басын бұрады. Жақындап келсе үсті-басы өрім-

өрім, ағара бастаған шашы ұйысқан, есі кірерлі-шығарлы бір
бейбақ әйелді көреді. Бұл баяғы Қоңыр төренің Ықылас ғашық
болып, өзінің әйгілі «Жезкиік» күйін арнаған қызы еді дейді.
Ықыластың әйгілі «Қоңыр» күйі осы Қоңыр төреге арналып

еді деген сөз бар. 272. «Ерден»

(І нұсқа)
Бірде Ерден жапсар жатқан Таманың Қазы деген әлдісімен
қырбай болып, қыр көрсету үшін алалы жылқысын ойсырата
айдатып алады. Жылқышылар дереу із кесіп, ұрланған жыл­

қы­лардың Бағаналы еліне тірелгенін анықтайды. Кешік­пей-ақ,
Ерубай би бастаған Байзақ қажы, Берден, Иманмырза, Есен­
шора батыр, Барлыбай, Тіленші, Құлтас қатарлы Таманың игі
жақсылары Ерденнің алдына өту үшін атқа қонады. Берсе, ақа­

дал малын айдап қайтып, бермесе, бетін біліп қайтпақшы болады.
Сол кезде Дүкенұлы Ықылас жиырмаға әлі тола қоймаған
жігіт екен. Өз еліне қобызшылығымен танылып, тіптен өз жа-
нынан күй шығарып, жұрт аузына іліге бастаған кезі болса

керек. Ерденнің ауылын бетке алған Таманың игі жақсылары
Ықыласты да атқосшы етіп ерте жүреді.
Содан, Таманың жоқшылары Ерденнің ақ ордасына келіп
ат басын тірейді. Сол жерде осыдан бір күн бұрын Ерденнің

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Әйменде деген ұлының қайтыс болып, қаралы күйде екенін
естиді. Маманың игі жақсылары аза үстіне тап болған соң иба
сақтап, Ерденге көңіл айтудан арыға бармайды. Ерден болса

жұбату сөздердің бірде-біріне селт етіп мойын бұрмастан, ах
ұрып теріс қарап жатып алады.
Ерденнің бұл сияқты қайғы жұтып, қасірет шеккен халі
тек қонақтарды ғана емес, бүкіл Бағаналы елін дағдартады.

Сөз біледі, жөн біледі дегендердің көңіл білдіріп, басу айтуы
Ерденнің басын жерден көтерте алмайды.
Сонда Бағаналы елінің Шоқай /Құлжабай деп те айтады/ де-
ген шешені келіп былайша басу айтаса керек:

Ассалаумағалейкүм Ерден!
Кеткенің бе кердең.
Мен Шоқай ағаң,
Алыстан көңіл айта келген,

Кел, кәне, көріселік,
Басыңды көтер жерден!
Басыңа бақыт құсы қонып,
Жасыңнан орын алдың төрден.

Жаратқан пұлсыз беріп, құнсыз алды,
Нең бар еді Құдайға берген?!
Сенің шикі өкпе балаң түгілі
Әкең Сандыбай да өлген.

Оны мына мен көзімнен көргем,
Қолымнан көмгем.
Өлген қайтып келмен!
Ауырды жер көтереді,

Жерді жел көтереді,
Қазаны ел көтереді,
Қайғыны ер көтереді.
Қарадан туған хан емес пе едің,

Айырдан туған нар емес пе едің?
Кеше әкең Сандыбай өлгенде,
Қасында мен бар емес пе едім?
Сен сонда жалаңаяқ бала емес пе едің?

Жаманның басына іс түссе, бойлай береді,
Көтер басыңды,
Қарсы ал досыңды!
Босатпа беліңді,

Жасытпа еліңді!—
деп сөз тастайды ғой. Сонда ғана Ерден:

күй  аңыздар

—Е-е, бастасым келген екен ғой!—деп, жастықтан ба-

сын көтеріп отырады. Бірақ қайғыдан есеңгіреп, ешкімге на-
зар салмастан еңсесі түсіп отырып қалады. Тек, анда-санда
құмыға уһілеп, тұсында сүйеулі тұрған қара қобызын сипап
қойып, шерін босатқысы келгендей шырай танытады дейді.

Қобызды сипай отырып, «Жазғызым, құлыным!»,—деп булыға
күбірлейді.
Осылайша қара қобызына Ерден әлденеше рет қол созады.
Кеудесін кернеген зарды сыртқа шығарар сарын тілегендей бо-

лады.
Ерденнің басындағы осындай қайғылы халге босаға жаққа
тізе бүккен Ықылас та куә болып отырады. Өлімнің жолы ауыр
ғой, ол да іштей егіліп, Ерденнің басындағы қайғыны қобыз

тілімен сарната сөйлеткісі келеді. Бірақ осынау азалы шаққа
қаншалықты араша түскісі келіп отырса да, төрге баса-көктеп
шығып қобызға қол тигізуге батпайды.
Осындай күйде үш күн, үш түн өтеді. Әймендені арулап

қойып, өліктің үшін береді. Көңіл айтшылардың алды соңғы
басу сөздерін айтып аттана бастайды. Ерден болса сол өзімен-өзі
болып, тіс жармаған қалпы қара қобызына мұңая қарап қойып
отырған қалпынан танбайды.

Ал Таманың игі жақсылары болса үн-түнсіз аттанып кетуді
жөн көрмей, «өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тірлігін
ісейді» деген қисынды сөздерін айта отырып, келген шаруала-
рын емеурін етеді. Сол жерде Ерден бір-ақ ауыз сөз қайтарады:

—Өз малым иесіз қалып жатқанда өзгенің малын қайте­

мін!—деп келте қайырады да, орнынан тұрып, сыртқа шығып
кетеді.
Ерденнің бетін білген соң Таманың ер-азаматтары қайтуға
жиналады. Осы кезде неше күндей қобызға ынтық болып, бірақ

мынандай қаралы шақта қол созуға батылы жетпей булығып
отырған Ықылас төрдегі қара қобызды ала салады да, шалып-
шалып жібереді ғой. Жай шалмайды, үш күн бойғы Ерденнің
«беу, жалғызым, құлыным!» деп күрсіне егілген сөзін сөйлете

сызады. Сол қалпы Ерденнің көкірегіне кептелген зарды
аңырата созып бір қайырады да, қобызды іргеге сүйей салады.
Осы кезде сырттан ентіге басып Ерден кіреді. Көзі жасау-
рап, иегі кемсеңдеп, омырау ашылып кеткен. Кірген бетте үй

ішіндегі Таманың жоқшыларын бір шолып өтеді де:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—Апыр-ай, біреуің қобыз тарттыңдар ма, жоқ әлде, менің

кеудемді кернеген қайғы сыртқа шыққысы келді ме?! Бір сарын
сұңқылдап есімді алғандай болды-ау!—депті.
Сонда үй ішіндегілер Ерденнің толқып, бұзылып тұрған
өңінен қаймығып, жерге кіріп кете жаздап еді дейді. Тек бір

қарт отырып:

—Ау, Ерден, сабыр-сабыр! Мұнша неге боркемік болып

кеткенсің. Мына бір бала балалық жасап, қобызыңа қол тигізіп
қойды,—деп Ықыласты көрсетеді.
Осы кезде Ерден екі иығын басқан зіл батпан жүкті алған­
дай, еңсесін түзеп келіп орнына отырады. Сонан соң басын

көтеріп, қабағын ашып, Таманың жоқшыларына мойын бұрып
тіл қатады:

—Уа, Таманың жақсы-жайсаңдары! Тай-тайлақты екінің

бірі ұрлайды. Рас, мен сендерден мал ұрлап едім. Ал сендер
менен адам ұрлапсыңдар! Неше күннен бері менің қайғымды
қызықтағанша, сол қайғыма араша түсер адамның барын айт­
саңдар болмай ма?! Іздегендерің мал болса табылар, қайғым­

ды сейілтер күй табылмас... Бел шешіп жайғасыңдар, қобыз
тыңдайық!—деген екен.
Неше күн бойы азалы ортада толқумен болған Ықылас қо­
лына қара қобыз тиісімен тың сарынды сыза жөнеліпті. Қобыз­

дың қоңыр үні «бе-еу, жалғызым, жалғызым!» деген шерлі сөзді
жоқтау айтқандай азынай созып бастап, «айналайын қарағым-
ай, үйбай-ай!» деп күңірене толғап, күрсіне қайырады. Қыл
қобыз ішегін тарта жылап, азалы жанның зарын төгеді. Өтпелі

өмір, опасыз жалған туралы тұңғиық ойларға батырады...
Сонда Ерден:

—Пай-пай, мұндай да жорға болады екен ғой! Десе десін-

ау, десе десін-ау!—деп, қайғыдан сейілгендей шырай танытқан
екен.
Сөйтіп, осы жолы Таманың игі жақсылары Ықыластың
қобызының арқасында ұрлаған малдардың көзі барына көзін

алып, көзі жоғына төлеуін алып, ат-шапан айып үшін алдарына
қосақ салып, арттарына тіркеу ертіп, абыроймен елге қайтады.
Ал Ықыласқа арнайы сый-сияпат жасап, иығына оқалы шапан
жабады, астына ат мінгізеді.

Ықыластың осы жолы Ерден алдында тартқан көңіл айту
күйі ер арасына «Ерден» деген атпен тарап еді дейді.
17-136

күй  аңыздар 273. «Ерден күйі»

(ІІ нұсқа)
Ықыластың туған жері—Тама әкімшілік тұрғысынан
ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша
айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады. Ол ешкімнен,

ешнәрсемен санаспаған ниеті қара, қатал жан атанады. Ол
әсіресе негізгі тұрғындары Арғын руы болып саналатын бұл
жерге ауып келген Тама руына тым қыспақтық жасайды. Екі
руды таластырып, Ерден өзінің бас қамын ойлайды. Бір күні

Тама руының өкілі жинаған алым-салыққа мүсе тұтпаған Ер-
ден, Арғындармен шектес отырған Тамалардың жылқысын
қуып әкелуге өз шабармандарын жұмсайды. Таманың адамда-
ры «абыройлы, беделді» Ерденге келіп ешбір жазықтарының

жоқ екенін, тиісті алым-салықтарын тиісінше төлегендерін
айтып, мал-мүліктерін қайтарып беруін өтінеді. Олардың
сөздерін құлағына ілмеген Ерден, тіпті «түрмеге айдаймын»
деп қорқытады. Тіпті, ол ол ма, Ерденнен көңілі қалған оның

бір атшабарманы Ықыласты қамшымен сабалап бәлеғаттап
оның жалғыз атын тартып алады, қобызын тағы сындырмақ­
шы болады. Ашуға булыққан Ықылас жаяу болса да Ақмолаға
барып «дуанбасына» өз көзімен көрген атшабарман әділетсіз­ді­

гін айтуға бел буады. Бірақ ауылдастары Ықыластың бұл ойын
мақұлдамайды. Ерден ол ойлағандай ақкөңіл емес, ол қайта
біздің жылқымызды қайырып беруді өтінген ақылды азамат­
тарымызды дымсыз қуып жіберген, «ол, сені, Ықылас тіпті кісі

құрлы көрмейді» дейді олар.
Бірақ Ықылас ауылдастарының бұл ақылын тыңдамайды.
Жолда ол «Жалғыз аяқ» күйін шығарады. «Егер би бір ауылды
ғана билесе,—дейді Ықылас,—менде жүрегі таза, ар-ұяты бар

адамдарды билейтін күш бар, менде, менің өтінішімді «жарым
патшаның» өзін тыңдауға мәжбүр ететін қобыз бар».
Жолда—Ақмолаға жақындағанда, Ықылас Ерденнің сүйік­
ті ұлы Айменденің өліп, оның ауыр қазаға ұшырағанын, Ерден­

нің кеңсесінде сирек болатынын естиді. Қолтығына қобызын
қысып, Ықылас Ерден үйіне келеді. Алдынан қарсы шыққан
Ерденнің малайы «дуанбасының» үйде екенін, бақсыны қа­
былдауға құштар екенін айтады. Ол кезде қобыз ұстағанның бәрі

бақсы атанатын. Басын төмен түсіріп, Ықылас төр үйге кіреді.
Қайғысына ортақтасқандай болып, ол қысқаша дұға оқиды да,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар өзінің қобызын ала салып қайғылы-қазалы күйін ойнай бастайды. Күйдің музыкасына шыдай алмаған Ерден мен оның үй-іші ұзақ жыласады. Қайталап тағы және тағы ойна дегендей Ерден Ықыласқа басын изеп белгі береді. Көңілі толған Ерден Ықыласқа жақсылап қонағасын беріп, кетерінде: «Қандай өтінішің бар еді?»—деп сұрайды. «Менің бір ғана өтінішім бар, егер мүмкіндігі болса, Тама руының жылқысын қайтарып бергізуіңізді сұраймын»,—деді Ықылас. Ерден бұл өтінішін орындайтынына уәде береді, Ықыластың тағы бірнеше үйінде жатып, өзінің қобыз ойнап, үй ішінің көңілін аулауын өтінеді. Ерденнің ұлы Айменде өліміне арнап шығарған Ықылас күйі халық арасына «Ерден күйі» атанып тарап кеткен. 274. «Қазан» «Қазан» күйіне қатысты ел ішінде мынадай бір сөз бар. Ықылас өз кіндігінен Түсіпбек, Мақұлбай, Ақынбай деген үш ұл көрген. Үшеуі де әке өнерін шашау шығармай, бойларына дарытқан қобызшылар болған. Осылардың ішінде үлкені болған соң ертерек шаруаға араласып, ағайынға бас-көз болғаны Түсіпбек. Еті тірі Түсіпбектің қотанына мал бітіп, саудасы сәтімен жүріп, әжептәуір дәулет иесі болған адам. Бір жылы Арқа байлары мен серіктесіп Ірбіт жәрмеңкесіне кіре тартады. Өзімен бірге «әрі серік боласыңдар, әрі ел-жер көресіңдер» деп, әкесі Ықылас пен інісі Мақұлбайды ертіп алады. Ірбіт жәрмеңкесінде саудасы сәтімен жүрген Арқа байлары іргеде тиіп тұрған Қазан қаласының қазыналы дүкенде­ріне соға жүруді ниет етеді. Бірге келіп, бөлек қайтудың қисы­нын таппаған Түсіпбектер де амалсыз Қазандатып қайтпақ бола­ды. Осы сапар Қазан қаласына жеткенде Мақұлбай тосын бір дерт­ке шалдығып, дүние салады. Сонда Ықылас: «Қазанға мен барғаным, Мақұлбайдан қалғаным!..»— деп, өзінің жоқтау күйін тартып еді дейді. Бұл күйі кейін ел ішіне «Қазан» деген атпен тарайды.

күй  аңыздар 275. «Ханшайым»

Бір жылы Кенесары қалың қолымен Арқаның Бетпақдала
жақ жапсарындағы Болат, Тайатқан, Шұнақ, Мұңлы, Қулы
тау­ларын тұрақ етеді. Бұл жерлер Шұбыртпалы, Тарақты, Тама
руларының іргелес қонып жайлайтын мекені.

Сол жылы Кенесары інісі Наурызбайдың жанына қырық
жігіт қосып, Кіші жүздің Тілеуқабақ деген ірі байына аттанды-
рып, жасағына жұмсайтын мал алдырмақ болады.
Наурызбайдың от пен судан қайтпай жалындап тұрған кезі.

Оның үстіне қаһарлы ағасына арқа сүйейді. Сонсоң да батыл
қимылдап, Үшбурыл өзенін қиып өтіп, Тілеуқабақтың үш қос
жылқысын айдап, жөнелсе керек. Сол кезде Тілеуқабақтың
ер жеткен Әлі, Мұса деген екі ұлы, Қаншайым атты ақылына

көркі сай қызы болады екен.
Қолды болған малының соңына түскен Әлі мен Мұсаны
Наурызбай жалғыз өзі қарсы алып, екеуін де қуып тастайды.
Сонда, намысқа шыдамай Қаншайым атқа мініп, Наурызбайды

жекпе-жекке шақырады. Күш-қайратына сенімді Наурызбай
қызға қол көтеруге намыстанып, Қаншайымды сөзге тартады.
«Қол көтеріп қарсыласатын емес, құшақ ашып жар ететін жан
екенсің»,—депті Наурызбай. Сонда Қаншайым: «Құшақ ашып

жар етсең, басыңа басым тең, Наурызбай! Бірақ ата салты-
нан үлкен емессің, өлетін мал мен тозатын дүниенің жолында
аруаққа шет болмағайсың!» деген екен.
Сол жолы Наурызбай Қаншайымның ақыл-парасатына

тәнті болып, көңілі құлай беріліп, жылқыны өз өрісіне кері ай-
датады. Сонан соң Тілеуқабаққа кісі салып, құдалық сөйлесіп,
ақыры Қаншайымды алып қайтады.
Қаншайымның келін болып түскен жері Болат, Тайатқан,

Шұнақ тауларының Бетпақдала жағындағы Майтөккен деген
жер. Кенесары соңынан ерген жалғыз інісінің бас құрауына
ұлан асыр той жасайды. Көп мал сойылып, ақ май ағып, майлы
сорпа көп төгілген осы жұрт кейін Майтөккен аталып кеткен.

Наурызбайдың үйлену тойы дүрілдеп өткен соң, екі жасқа
арналып алтын үзікті ақ отау тігіледі. Ел-жұрт Наурызбай мен
Қаншайымға ақ тілеу айтып, оң аяқпен босаға аттатады.
Жортуылда жүрген елдің ұйқысы сергек, етек-жеңі жинақы

болатын әдеті ғой. Бірде, Наурызбай ерте тұрып, жасақ қосын
аралауға кетеді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Сонда, сыртта жүрген Кенесары отау үйдің жанынан өтіп
бара жатып жабықтан қарап еді дейді. Бұл кезде Қаншайым
отау ортасына қойылған жез леген үстінде суға түсіп тұрса

керек. Кенесары өңі жылып, жымия күлген қалпы бұрылып
кетеді.
Ханның осынау тосын қылығын байқап тұрған бәйбішесі
«мұның не?» деп сұрағанда, Кенесары: «Бір шүйкебасқа бо­

ла құр қол келгені қалай деп пұшайман болып жүр едім,
Науанымның қосағы үш қос жылқыға тұрады екен!»—депті.
Бұл сөзді естігенде ханның ырымшыл бәйбішесі: «Апыр-ай,
көзің жаман еді, сұғың өтер ме екен, түкір, түкір!»—деп шыр-

пыр болады.
Айтқанындай, арада үш күн өткенде ару Қаншайым аз сәтте
қарайып дүние салады.
Ел-жұрт күні бүгінге дейін Қаншайым сұлуға Кене ханның

көзі тиіп еді дейді...
...Осы оқиғаны бала кезінде жалықпай тыңдап өскен Ықы­
лас есейген шағында күй етіп тартып, оны «Қаншайым» деп
атаған. «Қаншайым» десе дегендей, күй мейлінше нәзік сыр-

лы, сұлу бітімді. Қарапайым ғана қайырымдары тыңдаушы
көкірегіне тез қонақтап, бірер толғамда тез жатталып, күй
тынған соң да әсем сарыны қайта жаңғырығып соңынан қал­
майды. Әсіресе, жалқы ішекпен сыза қайыратын тұстары

Қаншайымдай арудың ойлы мұңға батқан парасатты тұлғасын
санаңа ұялатқандай болады.

276. «Қасқыр»

Ықыластың жастау кезінде әкесі Дүкен өзімен бірге Қоян­
ды жәрмеңкесіне ертіп барыпты дейді. Онысы, ел көріп, жер та­
нысын деген әкелік қамқорлығы болса керек.
Арқадағы Мұңлы, Қулы тауларын жайлап отырған тама­

лардан шыққан жолаушы Қоянды жәрмеңкесіне бару үшін жо-
лай сайдалы, тоқа, тарақты, карсон, керней руларының жерін
басып өтеді. Бұл жерлерді Желтау, Ақтау, Ортау, Қызылтау,
Бұғылы, Тағылы деп аталатын Арқаның сиыртаңдай, қат­пар­лы

таулары алып жатыр. Алыстан жатаған болып көрінге­ні­мен,
бұл таулардың қолтық-қойнауы аңғарлы, тал, терек, қайың,
мойыл сияқты ағаштары ұйыса біткен, қалтарысы мол. Мұның

күй  аңыздар
өзі сол заманның жол торыған ұры-қарысына, барымта-сарым­
тасына таптырмайтын мекен болғандай.
Содан, Дүкен мен Ықылас әкелі-балалы болып, Қоянды

жәрмеңкесінен ырғалып-жырғалып қайтады ғой. Жолай Бұ­
ғылы, Тағылы тауларының терең шатқалды сайларын қуалап,
«мұнан өтсек, өзіміздің Қызылтау, Ақтаудың да сілемі көрінер»
деп келе жатады. Бір мезгілде жалғыз ғана асуы бар кезеңнен

өте бергенде сойылдары шошаңдаған бес-алты аттылы «Таста!
Таста!» деп, тап береді. Ес жиып болмайды, Дүкен мен Ықы­
лас­ты сойылмен жасқап, ат сауырындағы қоржындарын іліп
әкетеді. Базаршылап баюды күйттеп жүрген Дүкен жоқ, бала-

шаға қолға қарар деп алған болмашы қант-шайдың ұрыларға
олжа болғанына өкінбейді де.
Сөйтіп, карсон, кернейдің ұрыларына қоржындарын ғана
алдырғанына риза болып, Дүкен мен Ықылас елге келеді. Елге

келген соң, ағайын-туған, көрші-қолаңмен жүздесіп болған соң,
Ықылас көптен ұстамай сағынып келген қара қобызын қолға
алады. Шайырын жағып, құлақ күйін келтіріп болған соң, са-
рыны мүлде бөлек бір күйге салады. Күй деуге де келмейтін,

қасқырдың ұлығаны, қаншықтың қыңсылағаны сияқты то-
сын дыбыстар шығады. Енді бірде, даланың бір үйір аш бөрісі
қосылып ұлығандай ұзақ сарын азынап тұрып алады.
Қобыздың көкжал бөрі болып ұлыған тосын үнінен ауыл

үйдің иттері шошынып, шабалана үріп, азан-қазан болады.
Сонда Дүкен: «Шырағым-ау, мұның не?»—дегенде, Ықылас:
«Көке, танымай отырсыз ба, кешегі Бұғылы, Тағылының ішінде
кездескен қасқырлар емес пе!»—деген екен.

Ықыластың тырнақалды күйлерінің бірі болған осы сарын
кейін ел ішінде «Қасқыр» деген атпен тараған.

277. «Саржан төре»

Оқиға 1833 жылдар шамасында Арқа тамаларының ру басы
Итемген би мен Кенесарының ағасы Саржан төренің арасында
болған.
Абылай заманында Еділ, Жайық бойынан ығысып келген

Таманың Жөгі, Шақа деп аталатын бұтақтары Бетпақдала­ның
Арқа жақ пұшпағынан қоныс алған. Шөбі сұйық, суы кер­мек
қуаңдау жерден қоныс тигеннен бе екен, Тамалардан мыңды

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
айдаған мыңғырған бай шыға қоймаған. Оның есесіне елінің
есесін жібермейтін еңіреген ерлер мен дуалы ауыз билер, мінген
атын шәйі жібекпен тұсаған сал-серілер мен біртуар өнер­паз­

дар шығып баққан. Әсіресе, Таманың шеберлері соққан сырлы
күмбездер күні бүгінге дейін сағымды белдерде суреттей болып
көзіңді тұсайды.
Міне, осынау қатал табиғат ортасында, қатал заманда өзін-

өзі қағып оттатқандай болып отырған бейбіт руға бірде Сар-
жан төре кісі салып, жасаққа жұмсар мал сұратыпты дейді.
Сол кезде Тама жұртының ақыл сұрар ақсақалы Сеңгірбай­ұлы
Итемгеннің жасы тоқсанды алқымдап, екі көзі көруден қал­ған

кезі екен, Саржан төренің кісілерін құр қол қайтарыпты.
Содан, күндердің бір күнінде Қарсыадыр мен Манадыр­дың
арасындағы Ботақан көлін жайлап, ханнан қаперсіз отырған
тамаларға «Саржан төре бастаған мың қол елді шапқалы келе

жатыр» деген хабар жетеді. Суық хабардан үрпиісіп, не істерін
білмей абдыраған ел Итемгеннен ақыл сұрайды ғой. Сонда
Итемген мың түйе шығартып, олардың өркешіне тымақ кигі­зіп,
бүйіріне сырық бойлатып, Манадырдың керме иық жазығына

шығартады. Таманың Араб, Қоңырбай, Дүйсенбай деген үш ба-
тырына мың түйені қоғамдап иіріп тұруды тапсырады. Сонсоң
жау келер беттегі еңселі шоқының басына сырмақ төсеттіріп,
Итемгеннің өзі жайғасады да, «Енді тырп етпей күтіңдер» деп

ақыл береді.
Кешікпей-ақ даланың шаңын шүйкедей созып Саржан тө­ре­
нің қалың қолы көрінеді. Елеуреп, екпіндеп келе жатқан қа­лың
қол Манадырдың қайқаңына іліккенде күтпеген көріністен

тосылып, амалсыз тізгін тартады. Өркештеріне тымақ кигі­
зіп, бүйіріне сырық байлаған мың түйе Саржан төре үшін жер
қайысқан қолдай болып көрініп еді дейді.
Сол жерде Саржан төре: «Мал ашуы—жан ашуы, Тамалар­

дың қабағы қату екен, текке шығынға ұшырамайық»,—деп,
қалың қолымен кері қайтып кеткен екен.
Кейін осы оқиғаны Тама ішінің бір ақыны:
«Әз болған Итемгеннің екі көзі,

Кітаптан кейін емес айтқан сөзі,
Шапқалы мың кісімен Саржан келіп,
Қорқытқан кереметпен жалғыз өзі»,—
деп өлең шығарады.

күй  аңыздар
Ел ішінде жиі айтылатын бұл оқиғаны Ықылас қобыз ті­
лінде сөйлетіп, «Саржан төре» атты күй тартылғанда ши жы­
лаушы еді»,—деп отыратын.

278. «Шыңырау»

(ІХ нұсқа)
Ықыластың бұл күйінің шығуына да ел ішінде айтыла-
тын аңыз әңгіме себепші болса керек. Сол аңыз әңгіменің бір
нұсқасы былай айтылады.

Ертеде қанаты туырлықтай Шыңырау деген самұрық құс бо-
лыпты. Шыңырау адам аяғы жете бермейтін жапан түзде өсіп
тұрған алып бәйтерекке ұя салады екен. Сол ұясында жұмырт­
қа басып, екі жылда бір рет жалқы балапан шығарып жүреді.

Балапаны қара қанат болып, жетіле бастағанда төңіректің аң-
құсы жанынан безіп жоғалып кетеді екен де, самұрық құс қома­
ғай балапанына айшылық алыс жерлерден шеңгелдеп жем таси­
ды екен. Бірақ, амал қанша, айшылық алыс жерлерден таңын

созып, топшысын талдырып, өліп-өшіп жеткенде балапаны ыл­
ғи ұяда жоқ болып шығады. Сөйтсе, сол төңіректі мекен еткен
бір әбжылан Шыңырау жем іздеп кетісімен бәйтерекке өрме­леп
шығып, балапанды лебімен тартып, жұтып кетіп жүріпті.

Осы оқиға жыл сайын қайталана беріпті. Содан, Шыңырау
әбден зәрезап болып, қасірет шегіп, қиян шеттен жем алып
келе жатып, бауыр етіндей балапанын ойлағанда ағыл-тегіл
жы­лайды екен. Сонда, Шыңыраудың көз жасы жерге нөсер

жаңбыр болып құйылады дейді. Енді бірде, туырлықтай қос
қанатын құшырлана серпіп, балапанына жетуге асығып ұша­ды
екен. Ондайда, жер бетінде жойқын дауыл тұрып, жел екі­леніп,
екпіндей соғады дейді.

Күндердің күнінде Шыңыраудың топшысы ағарып қар­тая­
ды. Бұл өмірден енді ұрпақсыз өтем-ау деп, уайымдап жүрген­
де тағы да бір жұмыртқа көріп, балапан басып шығарады.
Кешікпей-ақ, балапаны басы бақырдай қара қанат құс болып,

өсіп жетіледі. Көзіне көрінгенді алмап-жалмап, қақшып жұ­
тып, төңіректің ұсақ-түйек аң-құсына тоймайтын болады. Сол
кезде Шыңырау жалғыз балапанына жем іздеп, қинала-қинала
тағы да алыс сапарға ұшып кетеді.

Сол заманда елдің шетінде, желдің өтінде, жаудың бетінде
жүріп, ел-жұртына қорған болған Айдос атты бір батыр болады

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
екен. Бірде, Айдос батыр жол жүріп келе жатып, мидай далада
елді торыған жаумен соғысып жүріп елсіз-күнсіз қиян шөлге
шығып кетеді. Ай жүріп, апта жүріп, астындағы аты шөлге

шыдамай ұшып өледі. Сонда Айдос батырдың өзегі талып, көзі
қарауытып келе жатса, мидай далада бір алып бәйтерек өсіп
тұр дейді. Сол жерде батыр бәйтеректің көлеңкесін саялап, дем
алуға тізе бүгеді. Дем алып отырса, бәйтеректің ұшар басынан

шырылдаған балапан дауысы естіледі. «Бұл неғылған балапан?»
деп қараса, бәйтеректі бірнеше сақина етіп ораған бір әбжы­лан
ұядағы балапанды арбап, жұтуға оқталып тұрғанын көреді. Сол
жерде, Айдос батыр селебесін қынынан суырып, әбжылан­ның

басын шауып тастайды. Балапан болса, адамша сөйлеп, Айдос
батырға алғысын айтады, жай-жапсарын түсіндіреді.
Осы кезде, аяқ астынан дауыл тұрып, алып бәйтеректі сы­
қырлата ырғайды. Бұған балапан қуанып, Айдос батырға бұл

дауыл шешесі Шыңыраудың қанатынан ескен желдің екпіні
екенін айтады. Әлден уақытта шүмектеп жаңбыр жауады. Ба-
лапан одан сайын қуанып, мына жаңбыр жақындап қалған
шешесінің көз жасы екенін айтады. Сонан соң Айдос батырға:

«Менің шешем алыс жолдан шаршап, уайым шегіп, ашула­нып
келе жатыр ғой. Келген бетте көзіне түссең, жазым етуі мүм­
кін. Ашуын басқанша менің қанатымның астына жасырына
тұр»,—дейді. Айдос батыр балапанның айтқанын істейді.

Айтқанындай, кешікпей-ақ самұрық құс та жетеді. Сықыр­
латып ағаш басына қонады. Балапанының амандығын көріп
шексіз қуанышқа бөленеді. Бауырына қысып мауқын басады.
Сол кезде ғана секем алып, балапанынан: «Адам иісі шығады

ғой!»—деп сұрайды.
Балапан шындықты жасырмай, болған оқиғаны бастан-аяқ
айтып береді. Сонда самұрық құс балапанының қанатын кө­те­
ріп: «Ей, адам баласы, аспан астында менен күшті жоқ қой деуші

едім. Қателеседі екенмін. Жер бетінде сенен ақылды, сенен
күшті, сенен бақытты тіршілік иесі жоқ екен. Құдіретіңе құл­
дық, қолымнан келген жақсылығымды аямайын, қалауыңды
айт»,—дейді. Айдос батыр шөл далаға ұрынып, еліне жете алмай

келе жатқанын айтады. Содан, самұрық құс Айдос батырды қана­
тына отырғызып алып, әп-сәтте еліне жеткізіп салған екен дейді.
Ықылас күйші осы оқиғаға тебіреніп, қобызына салған ғой.
Шынында да, күйдің басы қанатынан дауыл есіп, көзінің жасы

күй  аңыздар
жаңбыр болып, балапанының амандығын ойлап, уайым етіп
келе жатқан Шыңырау атты самұрық құстың шамырқанған
мінезін білдіреді. Сонан соң, балапанын көргеннен кейін сабыр-

лы қуаныш, шүкірлік сезім тәтті мұңға ұласып, қобыз тілінде
жүрек шымырлата сарнайды.
«Шыңырау» күйінің ел арасында мұнан басқа да аңыздары
бар. Соның бірі, Шыңырау деген үлкендігі торғайдай ғана ақ

құс екен деседі. Сол құс жылы жаққа ұшып келе жатып, жолай
шет-шегі жоқ дарияға тап болады ғой. Алған бетінен қайтпай
ұша берген екен, бірақ жағалау оңайлықпен жеткізбейді. Ақыры
қанаты талып, титықтайды. Қанат бүгіп тыныс алар бұдыр бол-

май қалжырап, шыбын жанын қоярға жер таппай шырылдайды.
Түпсіз дария мұны жұтатын ажалдай болып көрінеді. Со-
дан, дәрмені бітіп, енді суға құлаймын-ау деп келе жатқанда
дарияның бетінен жоны шығып жүзіп бара жатқан алып ба­

лықты көреді. Сол жерде қанатын бүгіп, балықтың жонына қо­
нып тыныс алады да, дарияның келесі шетіне аман-есен ұшып
жеткен екен дейді. Ал дария үстіндегі Шыңыраудың қанаты та-
лып, шырылдаған сәтін домбырашы күй етіп тартыпты дейді.

«Шыңырау» күйінің келесі аңызы да құс туралы. Шыңы­рау
деген бір құс биік шыңға ұя салса керек. Бірде ұядағы аш бала-
пандарына жем алып келе жатса, шыңның басын бұлт шалып
тұрса керек. Ұяға тезірек жетсем деп заулай ұшып келе жатқан

Шыңырау жартасқа соғылып, етекке құлайды. Қайта көтері­ліп
ұшайын десе, топшысы сынған, дәрмені болмайды. Осы кезде
құз жартастың басындағы аш балапандардың шырылдаған да-
уысы Шыңыраудың құлағына жетеді. Сонда, амалы тау­сыл­ған

Шыңыраудың көзінен шерлі жасы сорғалаған екен.
Осынау қайғылы оқиға күй тіліне түскен ғой.

279. «Шыңырау»

(Х нұсқа)
Ықылас қобызшы жол жүріп келе жатып, бір өзеннің
жағасындағы жалғыз ағаштың түбіне тоқтаған екен дейді.
Астындағы атын отқа қоя беріп, ағаштың көлеңкесінде дем ал­

мақ болған. Кенеттен шырылдап бәйек болып, ағашты айнала
ұшып жүрген торғайға көзі түседі. Ықылас ағаштың басына
көз жіберсе, әлгі ағаштың бұтағында ұя бар екен, содан бас­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
тары қылтиып-қылтиып тұрған балапандар көрінеді. Олар да
жанұшыра шырылдайды. Сөйтсе, ағаштың бойымен ұяға қа­рай
жылан өрмелеп бара жатыр екен. Балапандарға жаны ашып кет-

кен, Ықылас қамшымен жыланды ұрып өлтіріп, суға тастай­ды.
Сол кезде құс та ұясына жетіпті. Сонда Ықылас: «Жыртқыш­тың
аты жыртқыш деген осы-ау. Адам да, жылан да өзінен әлсізге
зорлық қылады. Өмірдегі осындай қарау-қиянаттың қасі­ре­тін

қобыз күйімен халыққа жеткізсем» деп ойлаған екен. 280. «Шыңырау»

(ХІ нұсқа)
Бір батыр немесе жолаушы ұзақ жолдан шаршап келе жа-
тып, күн ыстықта жапандағы бір өсіп тұрған алып бәйтеректің
көлеңкесіне келіп демалады. Маужырап ұйықтап кеткен ол бір

кезде тынымсыз шырылдаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не
екен деп басын көтеріп жоғары қараса, бәйтеректің жоғарғы
жағында шырылдап зар қағып ұшып жүрген шыңырау құсты
көреді және бәйтеректің басындағы шыңыраудың ұясында ба­

лапандардың шырылдаған даусын естиді. «Бұларға не болды»
деп тағы да айналасына қараса, төменде оларды жеуге өрмелеп
бара жатқан үлкен әбжыланды (немесе айдаһарды) көреді. Шы­
ңырау құс оны ұясына жібермеу үшін арпалысып жүр екен.

Жаңағы адам дереу қынабынан қылышын суырып алып жы-
ланды шауып өлтіреді. Сөйтіп, құстың балапандарын ажал­дан
аман алып қалады. Осыдан кейін шыңырау құс батырмен мәң­гі
дос болуға уәде береді.

281. «Шыңдау күйі»

Ұлы жүздың бір тарауы Сиқым руынан шыққан батыр
Тайлақ, тек күшімен емес, сондай-ақ асқан сыбызғышы ре­
тін­де танылған батыр болған. Бір күні Тайлақтың аулына мез­
гілсіз кезде шапқыншылар келіп, жылқысын айдап әкетеді.

Тайлақтың Секер және Барақ атты екі ұлы шапқыншыларды
қуып кетеді. Барақ соққыдан қаза табады, Секер жауын жеңіп,
аулына оралады. Секердің қаза болған ағасын алып келе
жатқанын алыстан көрген сексен жастағы әкесі сыбызғысын

қолына алып ойнай бастайды, оның ойынынан:

күй  аңыздар
«Секер менен Барағым,
Айналайын қарағым,
Біреуіңнен айрылып,

Бүгіле жерге қарадым»,—
деген Тайлақтың зарлы жоқтауы естілгендей. Сыбызғының
үнін естіген Барақтың әйелі бір жамандықтың болғанын сезеді.
«Сыбызғы үні құлағыма келмесе екен» деп ол қапаланады.

Сыбызғының жоқтауына жиналған жұрт, Тайлаққа көңіл ай-
тады, бірақ ол ойнай береді, ойнай береді. Әлден уақыттан кейін
қалжыраған Тайлақ, есінен айрылып, құлап түседі. Ықылас
бұл күйді жаңа бояумен нақыштап қобызға салады.

МЕРГЕНБАЙ ЕРДЕНЕҰЛЫ /1843-1929/

282. «Арман»

(ІІІ нұсқа)
Мергенбай он алты жасында батыр атаныпты. Ол былай бол­
ған екен.
Текес өзенінің ар жағында отырған қалмақтар бер жағын­

дағы қазақтардың малын шауып, қыздарын ұрлап, қайта-қайта
мазасын ала беріпті.
Ердене асқан бай екен. Жылқысы Сырт жайлауда жататын
көрінеді.

Бес жүз кісі қол жинап, қалмаққа шабуыл жасамақ мақ­
сатпен сол Сыртта ат үйретіп, ұрыс, шабыс, атысқа дайында-
лады. Солардың ішінде Мергенбай да бар екен. Әкесі оны сырт
көзден тасада ұстапты. Тілден, көзден сақтағаны болса керек.

Бірақ бала Мергенбай әкесінің рұқсатынсыз бес жүз адаммен
бірге қалмаққа аттанады.
Әуелі ежелгі ұрыс әдісі бойынша жекпе-жекке жол бері­ле­ді.
Алғашқыда бес жүз кісіден қырық адам алға шығады. Со­ңын­

да сол қырық адамнан екі-ақ адам суырылып жеке қалады. Екі
адамның бірі Мергенбей, Екіншісі кіші әкесі Шыңғысбай ба­тыр
екен. Шыңғысбай батыр айтады:

—Балам, бірінші кезек кәпір қалмақтыкі. Босқа мерт бо­

ларсың. Жолды маған бер,—дейді.

—Жоқ, әке,—дейді Мергенбай,—шынымен ұл деп таны­са­

ңыз, жекпе-жекке мені жіберіңіз,—деп көнбей қояды.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Шыңғысбай амалсыз көнеді. Найзаның ұшында отырғандай
дегбірі қашып, ұлының амандығын тілеп, әруаққа сыйынып,
Құдайға жалбарына береді. Бірінші кезек қалмақтыкі екен.

Алғашқыда білтелі қара мылтығымен атпақ болғанда, от ал-
май қалып, кезек Мергенбайға тиеді. Ақшолақ бірдеңке деген
мылтығымен алып қалғанда, қалмақтың тұмағын ұшырып
әке­тіпті. Бұдан кейін семсерлесу басталады. Мергенбей жас­тық

шап­шаңдықпен а дегенде-ақ қарсы келе жатқан қалмақтың
жарты басын жарып өтеді. Қалмақ ат жалын құшып құлайды.
Мергенбей енді әрең дегенде аттан аунатып жерге сұлатып,
семсерін көтеріп басын шабайын деп жатқанда, батыр қалмақ

жарты басын көтеріп:

—Әй, батыр, жас екенсің. Сілтеуді білсең де, кесуді үй­

ренбепсің. Шабуылды білсең де, шабуды білмепсің. Семсерің
тағы қата тиер. Мә, кесер болсаң, өзімнің семсеріммен кес,—
деп Мергенбейдың қолына ұстара жүзді семсерін беріпті.

—Сенің атың кім?—дейді Мергенбай.

—Бадыма,—дейді қалмақ батыры.

—Мен—Мергенбаймын!—деп көзі қанталаған Мергенбай

сем­серді көтере бергенде, Шыңғысбай:

—Балам, әлі жассың, мойныңа қан жүктеме. Нағыз ер екен.

Өлсе, енді өз ажалымен өлсін,—деп тоқтатыпты. Сол жолы
қазақтар қалмақты шауып, ендігәрі тиіспейтіндей етіп үлкен
олжамен оралыпты.
Сонда Ердене ұлының ерлігін естіп, алдынан шығып:

—Сендей ұлды берген Алладан айналайын. Арманым орын-

далды. Құдайға мың да бір шүкір,—депті.
Сонда Мергенбай қалмақтың батырлығын айтып:

—Нағыз дос болатын-ақ жігіт екен, әттең...—деп арман

қылыпты. Өмірінің соңына дейін сол арман көкейінен кетпей,
ылғи «Арман» күйін тартады екен.

ШАЛ МЫРЗА /1850-1934/

283. «Жалтаң қарға»

Жапан далада өлексеге қонып, жемтік шоқыған қарға ба-
лапандарына ақыл айтыпты, деп басталады аңыз. «Балапан-
дарым, мен қартайдым! Үш жүз жасқа келдім. Өмірде көпті

күй  аңыздар
көрдім, көптеген нәрселерге куә болдым. Ал енді сендерге ай-
тар ақылым: әрдайым сақ болыңдар. Жейтін жемтіктеріңді
екі шоқып, айналаға бір қараңдар»,—дейді. Сонда анасына қо­

сылып жемтік шоқыған қарға балапандарының бірі дереу ба-
сын көтеріп алыпты.

—Ләббай, қамқоршы ана! Айтқаныңның бәрі мақұл, қабыл

алдық. Бірақ біз екі шоқып, айналаға бір қарағанша, бір шо­
қып, айналамызға екі қарасақ, қалай болар екен,—депті-міс.

284. «Мұңлы қыз»

(ІІІ нұсқа)
Бұл күй халық арасында «Әуппәли, бөпем-ай», «Жетім
қыз», «Мұңлы қыз» деген атауларға ие. Көп тараған аты—
«Мұңлы қыз». Күйдің де, аңыздың да бірнеше нұсқалары бар.

Сол аңыздардың бірінде былай делінеді:
Бір жігіт әкеден жастай жетім қалып, шеше тәрбиесінде өсе­
ді. Тентек атанып өскен ол бетіне ешкімді келтірмепті. Шешесі­
нің «мүмкін, тоқтар» деп үйлендірген ниетінен ештеңе шық­

пай­ды. Әйелі ұл бала туады, бірақ тоқтауына ол да септеспейді.
Ақыры сол елдің ауқатты әулеттерімен сыйыспай, елден
шеттеп кетеді. Маңайына адам топтап, байларға бөрідей тиеді.
Бір күні өзі жоқта елін қарақшылар шауып, ауылды аяусыз

масқаралап, қырып-жояды. Қан сасыған ауылда жігіттің қа­
рындасы мен жалғыз баласы ғана тірі қалыпты.
Ағасының жас баласын арқалаған қыз, жігіттің бекінген
жеріне келіп, ағасына шешесі мен жеңгесінің, бүкіл ауыл аза­

маттарының қазасын естіртіпті. «Жігіт кек алу жолында атқа
мінеді»,—деп аяқталады шежіре-сөз. «Әуппәли, бөпем-ай» не-
месе «Мұңлы қыз» күйі өмірге осылай келіпті.

285. «Тәнтән қыз»

«Тәнтән қыз» тарихын айтушылар «Мырза бұл күйді бір
үлкен тойда шығарған екен» деседі. Жаздың күні, ми қай­
натқан шілде айы. Көрші ауылдың үлкен жиынында бас қос­
қан ел сауық құрды. Мырза ақ орданың туырлығын түргізіп

тастап, күй дариясын тасытты. Кенет күйшінің көзі бөпесін
жұбата алмай жүрген өрімдей қызға түседі. Мырза тани кетеді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
«Жақында ғана шешесі өлген жетім қыз Жібек қой...»—деп
іштей күбірлейді.
Қыз қолындағы бөпесін жұбата алмай: «Әуппәли, бөпем-

ай, әуппәли, бөпем-ай» деп, мұңлы әуен ырғағына қосылады.
Мырзадан жанындағылардың бірі: «Бұл кіміңіз еді, танысыңыз
ба?»—деп сұрайды.

—Ой шырақтарым-ай! Бұл бір шешесі өліп, қамкөңіл бол­

ған Жібек атты жетім қыз еді. Қолындағы көтерген бөпесі—
анадан жастай қалған өзінен кейінгі сіңілісі. Мына—халық
жиналған жиынға келейін десе, қолындағы бөпесінен келе ал-
май, келмейін десе, үйде жалғыз отыра алмай, енді міне, екі

ортада тән-тән болып жүрген ғой,—деп күрсінеді Мырза. 286. «Раздасу»

1925 жылдар шамасында «Ойынду» деген алқапта қыз ұза­
ту тойы өтеді. Бұл—қазіргі Қазалы ауданы, Құмжиек елді
мекенінен он шақырымдай жер.
Шал Тілеубай деген кісі шобан төртқара Жәрішке Зада де­ген

қызын ұзатады. Тойға әдейілеп Мырза шақыртылып, халық­қа
өнер көрсетеді. Ел-жұртын қимаған қыз аужар айтып, көңі­лі
босайды. Осындай көріністерден көкірегіне ой түйген Мырза
«Қыздың ел-жұртымен арыздасуы» деген күйін тартады.

287. «Ташауыз»

Мырза Ташауыз жерінде базар аралап келе жатады,—деп
баян етеді күйдің ұзын-ырға тарихы.—Халық жиналған жай-
мада бір түркімен жігіті дутар тартып, өнер көрсетіп отыра-
ды. Түркімен жігітінің тартып отырған күйінің аты «Ташау-

ыз» екен. Бұл қандай күй дегендерге: «Мына Ташауыз көпірін
салған ерлердің құрметіне арнаған күйім»,—деп, дутарын
тарта береді. Азғантай уақыттан соң, жігіттің қасына бір қыз
келіп, тиісе сөйлейді:

—Аға, күйді жақсы тартады екенсіз. Әйткенмен, мына

тартқан күйіңнің бір қайырмасы қалыс қалғаны-ай,—деп, түр­
кімен жігітінің тартқанын місе тұтпай, қыз бұл күйді қайта
тартады.

күй  аңыздар
Күн ұзақ жиналған халық арасында елеусіз тұрып, бір күйге
таласқан екі өнерпаздың өнерін тамашалаған Мырза, қызға бы-
лай дейді:

—Шырағым-ай, күйді сен де әсерлі шертеді екенсің. Де-

генмен, сенің де бір қайыруың қалыс болды ғой,—деп салалы
саусақтарын домбыра шанағына созады. Осы жерде Мырза
қыз бен жігіттің күйін қорыта келе өз жанынан жаңа бір әуен
ырғағын төгілте жөнеледі. Кейін бұл күй халық аузында «Та-

шауыз» атанады. 288. «Қара жорға»

Байдың жылқысын бағып, шаруасын күйттеген жалшы
жігіт байдың жалғыз қызына ғашық болыпты. Қыз көңілі жі­
гітте болғанымен, жалшыға тиюіне қыздың ағайын-туыстары
ырзашылық бермейді.

Күндердің күнінде қыздан жігітке хабар келеді. «Әкем
мені сүймеген адамыма атастырып, жақында тойымды жасап
ұзатқалы жатыр. Егер уәдеңнен таймаған болсаң, ебін тауып,
мені алып қаш»,—депті. Не қыларын білмей, ақылы алпыс

бөлінген жігіт ауылдың беделді ақсақалымен ақылдасып, жөн-
жоба сұрапты. Жігіттің сөзін түгел тыңдап болып, ақсақал
жауап қатады:

—Шырағым, талабың оңғарылсын! Бірақ біз ол байдың

қызын байлықпен ала алмаймыз—дәулетіміз жетпейді. Батыр­
лықпен де ала алмаймыз—күшіміз жетпейді. Тек, асқан ақыл-
айла жұмсап қана ала аламыз депті. Сонда жігіт:

—Ақсақал, ол қандай айла?—деседі.

—Байдың Қаражорға деген атақты жорғасы бар. Егер сол

жорғаны қапысын тауып қолға түсіре алсақ, жорғаның өзі де
келеді, өзіне қоса қызды да әкеледі. Қыз өз еркімен келген бола-
ды. Біз сонда ғана бар жаласынан аулақ боламыз,—дейді.

—Мақұл, ақсақал. Айтқаныңызға көндім. Бірақ сол Қара­

жорғаны қолға түсірудің жолын айтыңыз. «Ер серігі—тәуе­
кел», көрейін белді байлап,—дейді жігіт.

—Олай болса, қалыңдығыңа хабар айт. Ұзамай бара­тын­

дығың жөнінен бір ауыз ишарат білдір. Бірақ ол сен барған
күннен бастап төсек тартып жатып қалсын. Науқас адамның
кейпінде болсын. Жағдайын сұраған жеңгесіне жауап бермей,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
тек шешесіне тілдесіп, бір ауыз тілек айтсын: «Мен жат жұртқа
кетерімді біліп, құса болып жатырмын. Әкеме айт, кетерімнен
бұрын туған-туыс аралап, қатар-құрбыммен көңіл көтеріп

қалғым келеді. Маған, мінуге Қаражорғасын берсін»,—десін.
Және бұл әңгімені шешесі ауылдың қадірлі деген адамына
айтқызсын. Әйтпесе, бай көнбес. Қаражорға әйел түгілі, ер
адамның да тақымына берілмейтін қасиетті жануар еді,—деп

қауіп айтады.—Ал Қаражорға тақымға тигесін қыз аттың ба-
сын бірден ауылға бұрмасын. Әуелі аттың табанын қызды­
рып, әбден бусандырсын. Өзің ілгері жүре бер де, ақырын күт.
Қалғаны тағдыр-талайыңнан белгілі болар,—деген екен.

Жігіт ақсақалдың айтқан ақыл-кеңестерін түгел орын-
дайды. Қыздың шешесі де әкесін көндіріп, ақыры Қаражорға
қыз тақымына тиеді. Әрі-беріден соң табаны қызып, бауырын
жазған Қаражорға маңдайын Тасқұдыққа беріп, бағыт алып

жөнеп отырады.
Жолшыбай жігіт қалыңдығын тосып алып, елге сүйіншіге
шабарман жібереді. Жігіттің тілеуін тілеп, жолын тосып тұрған
ел-жұрт алыстан ала шаңның ішінен қарауытып ерекше көзге

түскен Қаражорға ақыры бай қызының еншісі, дүниесінің басы
болып, келген жеріне сіңіскен екен деседі.

ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП /1854-1927/

289. «Балжан қыз»

Балжан деген қыз қарақалпақтар ортасында туып-өскен
қазақ қызы екен. Ақылына көркі сай, қылығына өнері сай, жұрт
аузына іліккен ару бойжеткен болса керек. Қазанғап жер көріп,
ел танып, өнер іздеп жүрген кезінде Балжан қызбен таны­сып,

тұңғыш рет бозбала сезімі оянады. Ойын-тойда сөздері жара­сып,
өнерлері үндесіп, біраз күн жұптары жазылмай бірге болады.
Содан Қазанғап қайтар кезде Балжан қыз арнайы қошта­
су­ға келіп: «Ал, Қазанғап аға, тілеуі жолыңызда жүре­тін бір

қарындасыңыздың барын ұмытпаңыз, қыз ғұмыры қыз­ғал­дақ­
тай келте екенін білесіз ғой, жыл ұзатпай келіп тұрыңыз!»,—
деп ішкі сезімін емеурін етеді. Қазанғап та қимас көңілмен тіл
қатып: «Уәде—Құдайдың аты, жыл ұзатпай арнайы келемін»,—

деп сөз береді.
18-136

күй  аңыздар
Қазанғап ұзақ жол жүріп, еліне келеді. Елдегі жағдай
белгілі. Жоқшылықты серік еткен ата-ана қартайған. Баяғы
қоңыр үйдегі тірлік. Қарт анасы Қазанғапқа мұңын шағып,

қолқанат болар келін көргісі келетінін білдіреді. Тіптен, көрші
ауылдағы көз көрген қатарларымен сөйлесіп, Жәми атты қызға
құда түсіп қойғандарын айтады. Тіршіліктің темір қамыты
дегеніне көндірмей қойсын ба, Қазанғап әрі-бері ойланып, ата-

ананың тілегіне бас иеді. Жәми қыз да тәрбие көрген ару бол-
са керек, Қазанғаптың көңілі толады. Ата салттың рәсімінде
«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген жөн-
жоралғы бар. Қазанғап бас құраудың қам-кереметіне кіріседі.

Кедейдің ойға алғаны қай бір оңайлықпен орындала қойған,
бірі кем дүниенің кетігін бүтіндейін деп жүргенде арада бірер
жыл өтіп кетеді. Күндердің бір күнінде аяқ астынан Жәми қыз
дүние салады. Қазанғап күйзеледі. Күйзелгенмен өлген қай­тып

тірілмейді. Тірі адам тірлігін жасау керек.
Қазанғап тәуекелге бел буып, баяғы қарақалпақ арасын­дағы
Балжан қыздың ауылын бетке алып, жолға шығады. Ойы Бал-
жанды өмірлік жар етіп, алып қайтпақ.

Бұл жазмыш дегенді қойсайшы, Қазанғап Балжан қыздың
ұзатылу тойының үстіне түседі. Қыз көңілі өңі түгілі түсін­де­
гіге сеніп, дұғадай ұйыйтын әдеті ғой. Балжан қыз Қазанғап­
тың баяғы уәдесінен көп үміттеніп, күтудей-ақ күткен екен.

Бірақ араға екі жылдың жүзі түскенде, амал жоқ күдер үзе бас­
тайды. Күдер үзген соң да сөз салып жүрген бір жақсы жердің
баласына келісім береді.
Ақылды ару Балжан қыз бота көзі мөлт етіп, көзінің жасын

ішіне жұтады. Сонан соң болған іске болаттай беріктік таны­тып,
болашақ күйеуі мен жолдас-жорасына естіртіп ашық шы­раймен
тіл қатады: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды.
Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі

еселеп күтіп-ақ едім. Кінә өзіңізден, енді арамызда өкпе мен
өкініш қалмасын. Ақ тілеулі тойымды өзіңіз басқарып, уәдеде
тұра алмаған айып-шамаңызға өмір бойы маған күй арнап
өтіңіз!»—деген екен.

Бұл сияқты ақ жүрек, адал көңілге көлеңке түсіруге бола ма,
Қазанғап сол жерде Балжан қыздың кісілігі мен бүкпесіз ашық
көңіліне риза болып: «Дегенің болсын!» деп бас иеді.
Сөйтіп, Қазанғап өмір бойы Балжанға сұлулық пен ақыл-

парасаттың тәңіріндей табынып, күй шығарып өтеді. Ол
күйлері «Балжан қыз», «Қыз он бесте», «Балжанның он жетісі»,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
«Балжанның келін болып түсуі», «Сен кеткенде, мен қайтем»,
«Балжанның екі мықынының бүлкілдеуі», «Балжан қатын»
деген атпен күні бүгінге дейін тартылады.

Міне, осыдан кейін өмірді өнердің мәңгілік ететініне күмән
келтіріп көріңіз.

290. «Көкіл»

(І нұсқа)
«Көкіл» күйіне қатысты ел ішінде аңыз-әңгіме көп. Соның
бірі Қазанғап пен Үсен төренің алғаш кездесуіне байланыс­
ты айтылады. Бірде Қазанғап ел аралап жүріп Қарақамыста

отырған Үсен төренің үйіне түседі. Үсен төре үйінде жоқ екен.
Қазанғап сусын ішіп, шөлін басқан соң, төрде сүйеулі тұрған
төренің домбырасына қол созады. Үсен төренің дәулескер дом­
бырашылығын сырттай еститін. Төренің даңқына домбырасы

сай екен, Қазанғап қызығып кетіп бірер күй тартады.
Осы кезде үйіне Үсен төренің өзі де келіп қалады. Төрінде
домбырасын тартып отырған бейтаныс біреу. Төре бел шешіп
жайғасқан соң, жақтырмаған шырай танытады.

—Құдайы қонақ екеніңе сөз жоқ, бөлінбеген еншің әзір.

Бірақ құдайы қонақтың еншісіне үй иесінің домбырасы да
бұйырады дегенді естімеп едім. Домбырама ұлықсатсыз қол
тигізген ендігі айып өзіңнен. Төрелігін тартқан күйің танытар,
көрсет өнеріңді,—дейді Үсен төре.

Қолына домбыра жағып отырған Қазанғап «Көкіл» күйін
сұңқылдатып қоя береді. Күй бітер-бітпестен Үсен төре еңсесін
тіктеп, ошарыла бұрылып:

—Апырай, бұл төңіректе домбыраны бұлай сөйлететін еш­

кім жоқ сияқты еді. Күйің жан-жүрегімді баурап, буыныма
түсіп кетті ғой. Осы Ұлықұмда жалғыз атты Қазанғап деген
күйші бар деуші еді, жарқыным, сол сен емессің бе?!—дейді.
Сонда Қазанғап:

—Болсақ, болармыз!—деп жымиған екен.

Алғаш осылай танысқан Қазанғап пен Үсен төренің арасын-
да үлкен кісілікті қарым-қатынас орнаған. Қазанғап Үсен төре­
ден домбыра тартудың небір шеберлік шалымдарын үйренген.
Кейін екеуі додалы күй сайысына түскен соң да бір-біріне деген

сый-құрметінен айнымаған.
Міне, «Көкіл» күйінің адам танытар құдіреті осындай.

күй  аңыздар 291. «Көкіл» (Көкейге түскен Көкілжан)

(ІІ нұсқа)
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы
болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс аулы­
ның тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен таны-

сып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады.
Үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп
тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келінінен алдырып,
тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге кірген Үсен төре

домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп:

—Домбырамды менің рұқсатымсыз алып тартуға батылы

жеткен неткен жансың? Ал енді көрсет өнеріңді, егер дұрыс
тарта алмасаң, осы жерде айыбыңды төлейсің?—дейді.
Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан»
атты жаңа бір күйін шертеді. Күйші домбырасы басынан

уайым-қайғы арылмаған кедей қауымның ауыр өмірі, жаны­на
батқан мұқтаждығы жайында күңірене жөнеледі. Сай-сүйек­ті
сырқыратқан күй сазы Үсен төрені қатты толқытады. Қазан­ғап­
тың домбырашылық шеберлігіне таң-тамаша қалған ол орны-

нан еріксіз ұшып түрегеліп:

—Япырым-ай, түр-тұлғаңа қарасам, алыстан келе жат­

қан адам тәріздісің, шырағым. Бұл өңірде мен көрмеген, дом­
бы­расының үнін естімеген күйші жоқ еді. Сенің домбыраңнан
төгілген мына күй жан-жүйемді босатты ғой. Өмірдің талай
қиын­дығын басыңнан өткеріп, мұқтаждықты көп көрген жан

екен­сің. Ұлықұмның бойында Қазанғап деген кедей, жалғыз
атты тамаша домбырашы бар деп естуші едім, сол сен боларсың.
Қазанғап болсаң, жоғары шық, төрге оз,—дейді.

—Болсақ, болармыз,—деп Қазанғап төрге шыға берген екен.

Белгілі күйші Үсен төре мен Қазанғап осылайша танысады.

292. «Торы жорғаның бөгелек қақпайы»

Қазанғаппен сыйлас, қадірлес Бүркітбай деген бай болған.
Мал тегін адамға бітпейді ғой, Бүркітбай төрт түліктің тілін
білетін, шаруаның ығын тапқыш, табиғат сырын танығыш зе-
рек жан болса керек.

Бір жылы жаз ортасы ауғаннан-ақ шөп буыны ерте қатып,
құс ерте қайтып, жылқы малы ішін тартып, алдағы қыстың

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
қолайсыз болатын сыңайы байқалады. Табиғат сырына зерек
Бүркітбай ширақ қимылдап жүріп, ұсақ малы мен қара малын
базар шығарып, ақшаға айналдырып үлгереді. Ал жылқысын

сенімді жігіттерге тапсырып, Аралдың Құланды деп аталатын
құрақты, қамысты қорығына айдатады.
Бүркітбай қателеспеген екен, қылышын сүйретіп қыс келеді.
Қара күзден бастап көк иық етіп ұзақ жауған қара жауынның

аяғы сақылдаған сары аязға ұласады. Дала төсін көк сауыт мұз
құрсайды. Жерден қылтанақ теріп жей алмаған төрт түліктің
аз күнде жілік майы үзіліп, ақсүйек жұт болады.
Әбден, күйзеліп көктемге «шықпа, жаным, шықпа!» деп

әзер жеткен ел бар үмітін Құландыдағы жылқыға артады. Со-
дан, көктем жылт етіп шығып, ел-жұрт біріне-бірі сүйеніп,
жайлауға тұяқ іліктіргенде Бүркітбайдың қалың жылқысы
да көрінеді. Жай көрінбейді, бір басы екеу болған көп жылқы

шұрқырап, сұлық жатқан дала төсіне жан бітіреді. Жер
қайысқан жылқының алдында Бүркітбайдың малының басы
Торы жорға айғыр, жал-құйрығы жер сызып, кекілін сілки
шұлғып, үйреншікті жайлауын бетке алып келе жатса керек.

Осынау көрініске сүйсініп, іштей шүкірлік еткен Қазанғап­
тың қолындағы домбырасынан тың сарын лекілдей төгіліп
қоя берген екен. Сонда жаңа күйге елең ете қалған Бүркітбай
да қуанышын жасыра алмай: «Қазанғап-ау, мына күйің со-

нау көрінген торы жорғаның бөгелек қақпайы сияқты ғой!»—
депсе керек. Қазанғап болар-болмас жымиып қойып: «Болса,
болар!»—деген екен.
Ел қуанышын өз бағына балайтын Қазанғаптың бұл күйі

кешікпей-ақ «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» деген атпен
дүйім жұртқа тарап еді дейді.

293. «Домалатпай»

Бір жылы Қазанғап ел аралап жүргенде Адай ауылындағы
Ботақара деген байдың үйіне барады. Үйде бойжеткен қыз
ұршық иіріп отырады. Жанында сүйеулі домбырасы тұрады.
Ол—Ботқара байдың жалғыз қызы және сол жерге аты шық­

қан белгілі домбырашы екен. Қазанқап үйге кіріп, жайғасып
отырғаннан кейін, үнсіз отырған қызы сөзге шақыру үшін, өзі­
нің киіз қаптағы домбырасын алып күй тартады. Қыз домбыра­

күй  аңыздар
ның көмейінен шыққан күй сазына еріксіз мойын бұрып, күй­ді
зейін қоя тыңдайды. Қазанғаптың орындаушылық шеберлі­гін
көрген қыз, күйшіні сынау үшін:

—Сіз мықты домбырашы болсаңыз, мына ұршыққа күй шы­

ғарыңызшы?—деп қолындағы ұршығын кілем үстіне домала-
тып жібереді...
Мұндай тосыннан қойылған сұраққа сезімтал күйші жақ­
сы­лап жауап беру үшін, сәл ойланады да, ұршық домалап ба-

рып тоқтаған жерге көз тастап, бір күйді тарта жөнеледі. Баяу,
бірқалыпты дамыған күй үні, оның әсем сазы қыздың сезімін
оятады. Қазанғап тартқан күйдің «сиқырлы» үніне шырмалған
қыз, бір сәт басқа дүниені ұмытқандай, екі көзі күйшінің

саусақтарында, құлағы күйде болып, біраз ұйып қалады. Күй
самғап, шарықтап барып біткенде демін ішіне тартып, үнсіз
отырған қыз күйшіге қарап:

—Мына тартқан күйіңіздің аты не болды?—деп сұрайды.

Сонда Қазанғап:

—Шырағым, қазақта «жастың талабын қайтарған күнәға

батады» деген сөз бар, сондықтан сенің талабыңды қайтар­
майын деп айтқан сауалыңа арнап шығардым, бұл күйдің аты
«Домалатпай» болсын,—депті.

294. «Бұраңдама, келіншек!»

Қазанғап күйшінің өнері шартарапқа тарап белгілі бола
бастаған шағы болса керек. Қайда барса да, елі құрметтеп
қарсы алған ғой. Жылда жазғытұрым ауыл-елді аралап,
күмбірле­тіп күйін тартып, майын тамыза, әңгімесін айтқанда,

күйді ұйып тыңдап отырған жұрт, өздерін таңғажайып сырлы
дүние­нің ішінде жүргендей сезінетін еді. Күйші әрбір ауылды
жыл­да осылайша аралап шығатын. Әр сапарында сол ауылға
жа­ңа күй, жаңа саз әкелетін. Бір жылы бұрынғы әдетінше ара-

лап жүргенде ел шетінен алыстап, өзге өңірге шығыңқырап
кетеді. Алда ел шығар, не де болса жүре көрейін деп ойлайды.
Астындағы Бозжорға да өндіре аяңдап, жер апшысын қуы­
рып келеді. Бір мезгілде, күн сәске түс болғанда алдындағы

төбенің баурайынан екі-үш ақ шаңқан киіз үй көрінеді. Өзі де,
астындағы Бозжорға да шөліркеп шаршай бастаған еді. Сол
ауылға түстенуді ұйғарды.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Ортадағы әдеміше келген киіз үйдің сыртына тоқтап, қа­
зықбауға атын байлай бергенде үйден алты-жеті жасар бала
жүгіріп шығады. Қазанғаптың қасына келіп аман-саулықтан

кейін, үйге қарай бастап ала жөнелді.
Қазанғап ашық тұрған киіз үйдің есігінен «Ассалау­маға­
ликум!» деп кіріп келді. Үйде отыздар шамасындағы келіншек
бар екен. Сәл жымиып, «төрге шығыңыз» дегендей ишарат

білдірді.
Қазанғап төрге жайғасып отырғаннан кейін, таңдайы құр­ғап
тұрғанын сезді де, келіншекке қарап: «Жүргінші жолаушы едім,
сусыныңыз болмас па екен?»—деді. Келіншек сәл-пәл жы­миды,

сол жақта тұрған қоңыр күбінің бетін ашып, пісіп-пісіп жібер­
ді де, ағаш аяқты толтыра құйып Қазанғапқа ұсынды. Күйші
сіміріп жіберді де, кесені бірақ төңкерді. Шөлдеп келгендікі ме
қымыз керемет тәтті болып көрінді. Келіншек кесені алды да

тағы құйды, бұл жолы бағанағы кішкене балаға қарап, «Мына
қымызды ағаға апарып бер»,—деді. Бейтаныс жолаушыға қы­
зықтай қарап отырған бала ұшып тұрып, қымызды алып берді.
Балаға «рахмет» деді де, қымызды бір-екі ұрттады. Келіншекке

қарады да: «Қарындасым, қымызың балдай тәтті екен, шөлімді
су сепкендей басты. Рахмет!»—деді. Келіншек сәл жымиды да:
«Жолаушы болсаңыз, хош келдіңіз! Жолдан шаршаған шы­
ғарсыз. Демалыңыз. Мен шай дайындайын»,—деді де сыртқа

шығып кетті. Қазанғап тысқа шығып, Бозжорғаны суытты да,
үйге қайтып келді. Көпшікке қисайып еді, ұйықтап кетіпті.
«Аға, шайға тұрыңыз» деген дауыстан оянды. Алдында құман
ұстап қолға су құяйын деп бағанағы бала тұр. Сонда білді,

ұйқысы қанып, тынығып қалыпты. Қонақ демалсын деп шай-
ды әдейі кешуілдеткенін түсінді.
Үш-төрт кесе шай ішіп, маңдайы жіпсіп, көңіл хошы келіп,
рахаттанған Қазанғап жөн сұрасты: қай ауыл, қай ел екенін

білді.
«Шайыңыз бағана берген қымызыңыздан да дәмді екен,
қарындасым»,—деп Қазанғап өзін таныстырып өтті.
Бұл келген қонағының әйгілі Қазанғап күйші екенін ке­

ліншек бағана-ақ білген. Көрші елде Қазанғап күй тартып, өнер
көрсетіп жүр екен деп естіген-ді. Ел аңыз етіп айтатын осындай
атақты күйшінің өзінің ақ дастарханында қонақ болып отыр­
ғанына дән риза, келіншек өзі де өнерден құралақан емес-ті.

күй  аңыздар
Қазанғап өз халқының тұрмыс-салтын өте терең білетін
сұңғыла зерек кісі еді. Айнала көз тастады, үй-іші аса бай бол-
маса да, жып-жинақы сәнді екен. Керегеде екі домбыра ілулі

тұр. Біреуі кішірек домбыра. Осы үйде жүгіріп жүрген, сүп-
сүйкімді мына баланың домбырасы боларсың-ау деп ойла-
ды. Байқайды, дастарханда әжептәуір сыйлы қонақ келгенде
беретін тағамдар қойылған екен. Мұндай сый-құрметке көңілі

толған Қазанғап, енді назарын келіншектің өзіне аударды,
нағыз қас сұлудың өзі десе де болады екен. Өзінің әлі үйленбей
жүргені есіне түсті. «Шіркін, осындай жарым болса», деп ойла-
ды. Тап бір осы шақта ішкі сырды біліп қойғандай Қазанғап­тың

ойын келіншектің сөзі бөлді.

—Күйші аға, сіздің ел аралап жүргеніңізді естіп едік.

Біздің жаққа келмейсіз. Жақсы өнерге біз де құмармыз. Айып
етпесеңіз мына кішкентей да сіздің күйіңізді тыңдағысы келіп
отыр, біз де өнеріңізді тыңдалық,—деді. Күлімсірей жы­миып,
наздана қарап, қолқа салды.

Көңілі толып, әбден риза болып отырған күйші қолына дом-
бырасын алып, күй толқынын бірінен кейін бірін ал кеп ағытты
дерсің. Ақжелеңдердің небір сұлулары бұлақ суындай асып,
төгіліп жатты. Тұла бойын шабыт кернеген Қазанғап қанша

уақыт күй тартқанын өзі де сезбеді. Бір сәт күй толастағанда
келіншек: «Ой-бой! Шоғым сөніп қалған екен ғой!»—деп сыртқа
қарай бет алды. Шығып бара жатып, артына күлімсірей қарап:
«Пай-па-ай, шіркін, дүние-ай! Осындай да саусақтар болады

екен-ау!»—деді. Киіз үйдің сықырлауығы екі жаққа айқара
ашылып қалды. Келіншек ошақ басына қарай бұрала басып
кетіп барады. «Былқ-сылқ еткен жүрісі қандай әдемі еді»,—деп
ойлады Қазанғап. Сіз он саусақтан өнер тамған күйші болсаңыз,

мен осы ауылдың қас сұлуымын, күйші болсаң, суретте осыны
деп тұрғандай.
Келіншек ошақ басында әр нәрсені түрткілеп, күйшінің көз
алдында көлбеңдеп жүріп алды. Біраздан кейін қып-қызыл

шоғын алып, қайтып келді. Сонда күйші қапелімде төгілген ша-
быт толқынын тоқтата алмай сол көрініске арнап: «Қарындас,
мынау: «Бұраңдама, келіншек» деген күйім болсын»,—деп сол
бойда әдемі бір сұлу күй шығарып тартқан екен дейді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 295. Қыз Ақжелең мен Қазанғап

Қарашаның үйіре соққан бораны айналаны ақтүтек етіп
жіберген.

—Қарашада соққан боранды алғаш көруім. Сірә, биыл жұт

болмаса игі еді,—деді екі аттылының егделеу келгені.
Жолаушылар бұйрат құмның желкесіне шыққанда, таяқ
тас­там жерден жылтыраған от көрінді. Іңір қараңғылығы жаңа
түсе бастаған шақ еді. Екі жолаушы қазақ дәстүрі бойынша

сәлем беріп, киіз үйге кіріп келеді.

—Жем бойын бетке алып шығып едік, мына құтырына

соққан бораннан жүрісіміз өнбеді, жолай алдымыздан көрін­
ген соң, осы үйге түсіп, қонып шығайық деп келдік, ныспым
Қазанқап, мына қасымдағы қосшым Ержанның Кәдіралысы,—
деді жолаушылардың үлкендеуі бойлары жылынып, алдарына

шай келген кезде.
Үй иесінің кесесі қолынан түсіп кете жаздайды.

—Апыр-ау, сенейін бе, сенбейін бе? Кәдімгі домбырашы

Қазанғап па? Апыр-ау, емшегі беріш боп қатып қалған бесті
нарды күйімен идірген Қазанғап па бұл?

—Жолыңыз құтты болғай, лайым!—Қазанғаптың көзі кіш­

кене терезе алдына сүйеп қойылған тоғыз пернелі қара домбы­
раға түсіпті. Орнынан тұрып, әлгі домбыраны алады да, түрегеп
тұрған күйі қағып-қағып жібереді.

—Тартыңыз, Қазеке,—деп үй иесі домбырашының кідіріп

қалғанын көріп.

—Жоқ, бұл домбыраның иесі бар екен, оның рұқсатынсыз

тартуға болмайды. Құлақ бұрауынан иесінің өнерпаз екенін
көріп тұрмын.

—Апыр-ай, Қазеке, тегін емессіз-ау! Оның иесі өзіміздің

Ақжелең ғой. Жан дегенде көрген жалғыз балам. Ұлым да,
қызым да сол. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, бозбалаша
киінген, жасы он төрт-он бестердегі жас өспірім қыз сәлем беріп,
үйге кіріп келеді. Ақжелең осы еді.

Шай ішіліп, дастарқан жиылған соң, кезек домбыраға келді.
Ақжелең қос бұрымын арқасына қарай серпіп тастайды да,
домбыраның ішегін бір-екі қағып жібереді.

—Көке, мына домбыраны біреу ұстапты ғой,—деді ол сосын

жұлып алғандай.

күй  аңыздар

—Күнім, әлгінде мынау Қазанғап ағаң байқап көріп еді.

Қазанғап сонда байқады—қыз солақай екен, домбыра теріс
бұралыпты.

—Балам, жасым үлкен болғанмен, әуелі өзің тарт,

домбыраның бабын бұзбайын,—дейді Қазанғап қыз өзіне дом-
быра ұсынған кезде, Ақжелең домбыраның сағақ пернесін
басып тұрады да, безілдете жөнеледі. Сүйріктей саусақтары
бірте-бірте жоғарылап, біресе бәйгеге қосылған аттың шабысы,

біресе жорға бүлкілдің жүрісі естілгендей болды. Енді бірде сол
қолдың аты жоқ саусағы ортаңғы пернелердің бірінде дірілдеп
тұрып алып, екпіндеп келген күй кілт үзіліп еді.

—Бәрекелде, талабың таудай болсын! Бұл күйің не

деп аталады?—дейді мына тартысқа арқасы қоза бастаған
Қазанғап.

—Сізге жайылған ақ дастарқанның үстінде туып отыр, бұл

күйдің атын әзір өзім де білмеймін,—дейді қыз.

—Ата өнерін қадір тұтқан өнерпаз қыздың өзінің атымен

аталсын, «Ақжелең» болсын,—дейді күйшінің серігі Кәдіралы.
Күй кезегі Қазанқапға келгенде, Кәдіралы денесімен күйші­
ге бұрыла қарады. Құдіретті саусақтардың ізін аңдып, көкейіне
тоқып отырғандай. Қазанғап күйін кейінгі ұрпаққа жеткізсем

деп құштарлық тұла бойын билеп алған... Өте бір аяныш­ты,
зарлы әуен отырғандардың еңсесін түсіріп жібереді. Күйші
саусағы сағаға барған кезде Ақжелеңнің көзінен бір тамшы жас
тамып кетіп еді.

—Ойпыр-ай, Қазеке, сіз тартқанда домбыра сөйлейді деу­ші

еді, рас екен, елді тағы бір аласапыран оқиға күтіп тұрмаса бо-
лар еді?..—дейді отырғандар.

—Биылғы жылдың бастауы жаман. Айтуға аузым бармай,

осы домбыраға ғана ерік беріп отырмын, бұл көптен көкейімде
жүрген «Көкіл» еді,—деп Қазанғап төмен қараған күйі ләм-
мим деместен едәуір уақыт отырып қалады.
Сол жылы елде жалпақ жұт болыпты деседі.

296. «Кіші Қаратөс»

Ел арасында Қаратөс атанған Аймағамбет деген атақты дом-
бырашы болыпты. Қаратөстің жасы Қазанғаптан үлкен екен.
Қазанғап Қаратөспен кездесіп, күй тартысады. Бірақ бірін-бірі

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
жеңе алмайды. Қазанғаптың домбырашылық өнерін көрген
Қаратөс оған:

—Мен ауылда домбырашы Қаратөс атанған едім, енді сені

көріп, ізімді басар іні барына қуанып отырмын. Сен әлі жассың,
талабың алда. Менен кейін сені көрген адамдар «мынау екінші
Қаратөс» екен дейтіні анық. Мен саған шын ниеттен батамды
бердім, өнерің өрлеп, өсе берсін,—деп риза болыпты.

Қаратөстің өнерін бағалағанына, ағалық тілегіне разы бол­
ған Қазанғап сол жерде бір күй тартып, «атын өзіңіз қойыңыз»
деп Қаратөске қолқа салыпты. Сонда ол аз ойланып:

—«Ізіңді басар іні болса, еңбегіңнің жанғаны» деген екен

бұрынғылар. Бұл күйдің аты «Кіші Қаратөс» болсын,—дейді.

—Ал, жарайды, бұл тартқаным «Кіші Қаратөс» болса, мына

күйдің аты «Үлкен Қаратөс» болсын,—деп Қазанғап Қаратөске
арнап күй тартады. Інісінің мұндай құрметіне аса разы болған
Қаратөс домбырасын жас күйшіге сыйлапты.

ЕРАЛЫҰЛЫ МӘМЕН /1859-1931/

297. «Ақшолпан»

(І нұсқа)
Мәмен «Ақшолпан» күйін өткен заманның атадан балаға
жеткен бір аңыз әңгімесін естігенде шығарып еді дейді.
Қазақтың бүйіріне шаншудай қадалған қалмақ заманы бол-

са керек. Ол кезде әйгілі Төле, Әйтеке билер тірі екен. Күндердің
бір күнінде Ұлы жүз бен Кіші жүздің жапсарындағы ауылдар­
дың арасында кикілжің болып, Кіші жүз жағының жігіті жа-
зым болады. Содан, арада біраз уақыт өтсе де, Ұлы жүздің ауы-

лы теңдік бермей, өлген жігіттің арты «бір арысымыздың құны
сұраусыз қалды-ау» деп, пұшайман болып жүреді екен.
Осы жағдай Кіші жүздің Әйтеке биінің құлағына шалына­ды
да, «қой, ағайын елдің арасында көлеңке болмасын, бітіс­ті­ріп

қайтайын» деп жолға шығады.
«Тура бидің дүбірі күншілік жерден естіледі» деген сөз рас
болу керек, бір күні Ұлы жүздің Төле биіне «Әйтеке би құн дау-
лап келе жатыр» деген хабар жетеді. Биге деген құрмет—елге

деген құрмет. Төле би ауылы жұртын жаңғыртып, көк майсаға
арнайы үй тіктіріп, Әйтеке биді құрметпен қарсы алады.

күй  аңыздар
Әйтеке би әбден жайғасып, бірер күн тыныққан соң, сөз
орайы келгенде Төле би: «Иә, Әйтеке, жолаушының көргені көп
болады, көргені көптің айтары көп болады, сөйлеп отыр»,—

дейді.
Сонда Әйтеке де осы сөзді күткендей: «Е, Төке, иісі қазақтың
қамын жеген ағасысың, еліңе алтын тонның жағасысың. Көпті
көргеннің айтарының да көп болатыны рас. Көргенімізді айту

бізден болсын. Көргеннің бәрін айту шарт емес, түйгенді ғана
айтқанға не жетсін. Менің түйгенім, ел болудың кепілі—тірімен
танысып, өліге болысып отыру екен»,—депті.
Қашанда жөн сөздің жағында болатын Төле би ризалық

білдіріп: «Уа, Әйтеке, біздің басымыз бір жағаның, білегіміз
бір жеңнің ішінде емес пе?! Қызметіңе дайынбыз, артық-ауыс
іс болса оған да қайылымыз. Қолыңды қағып, жолыңды шалар
ешкім жоқ. Қылышың болса, мойын басық, құшағың болса,

қойын ашық»,—дейді.
Би ағасының ұлағат сөзіне риза болған Әйтеке де жадырап,
жылы шыраймен: «Би аға, сөзіңізден садаға, бұйрық сізден бол-
са, жабдық бізден болсын!»—деп сөзін түйіндейді.

Осымен әңгіме бітеді. Әйтеке бидің жанындағылар ештеңе
түсінбей аңтарылып қалады. Содан бой жазуға сыртқа шық­
қан бір сәтте Әйтеке биден жанындағылардың біреуі: «Келген
шаруамыздың сөз болмағаны қалай?» деп сұраса керек.

Сонда Әйтеке би: «Келген шаруамыз сөз болып қана қойған
жоқ, шешімі де айтылды. Төле би бізге жасаулы қыз беретін
болады»,—дейді.
Айтса айтқандай, Әйтеке би осы жолы Ұлы жүзге қадірі

артқан Назар деген кісінің Ақшолпан есімді қызын жасауымен
алып қайтады. Кейін осы Ақшолпаннан әйгілі Өтебас би туып-
ты дейді.
Міне, ілгері буынның осы сияқты ірі істерін естіген Мәмен

қатты тебіреніп отырып «Ақшолпан» күйін шығарған екен. 298. «Ақшолпан»

(ІІ нұсқа)
Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан
атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты
сай, төңірегіне ақыл көркімен ұнаған аяулы ару болса керек.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Сонсоң да ел-жұртқа еркін, ерке болып бой жетіп еді дейді. Той
үстінде, бір жағы сол еркелігі бар, бір жағы қимастық сезімі
бар, Шолпан қыз төңірегіндегі құрбы-құрдастарына бір ба-

зына айтады: «Қадірлі көз көрген құрбы-құрдастарым, қыз
дәурені қызғалдақтай келте екен, бауыр басып, бой жеткен
ел-жұртымды қимай, көңілім алабұртып отыр. Менің осы бір
көңіл-күйімді күй тілінде сөйлетер кім бар?!»—депті.

Ойын-тойдың өнерпазсыз болмайтыны қашанғы әдеті емес
пе, сол жерде аққу мойын домбыра қолдан-қолға көшіп, небір
әсем күй күмбірлей тартылады. Бірақ бұл күйлердің ешқайсысы
Шолпанның көңілінен шықпайды. Бәрі де бұрын талай тарты-

лып, талай естіліп жүрген күй болса керек. Шолпанның нәзік
жүрегі жаңа саз, тың сарын тілеп, қазіргі көңіл-күйіне үндесер
күй іздейді.
Осы кезде домбыраға Мәмен қол созады. Отырғандар

алғашқыда көлденеңді көк аттының үйреншікті қонақкәдесі
бо­лар деп мән бере қоймайды. Бірақ Мәмен домбыраны баптап
алып, лекіте қағып жөнелгенде үйдің іші сілтідей тынады. Күй
сұ­лу сазына қоса мұңды сырымен жан тербейді. Сол қалпында

қызуы басылмастан лекілдеп келіп тынады. Шолпан қыздың
жанарына таңғы шықтай мөлдіреп жас іркіледі. Ризашылы­ғы­
ның белгісіндей, Шолпан орнынан тұрып, өз қолымен Мәмен­
нің иығына шапан жабады.

Осы жолы тартылған күй ел ішіне «Ақшолпан» деген атпен
тараған екен.

ЕРНАЗАРҰЛЫ ДАЙРАБАЙ /1860-1937/

299. «Дайрабай»

(І нұсқа)
Дайрабайдың жамағайыны Көбен деген бай жалғыз ұлына
Қанжығалы жағынан қыз айттырса керек. Ата салтында құда
мен құданың бастары сай келіп, сөздері жарасқан соң, болашақ

күйеу бала жөн-жоралғысымен қыз көруге барады. Сол салтпен
Көбен байдың баласы да қыз көруге шығады ғой. Бұл өзі, ата
дәулетімен алшаңдап өскен, өмірдің ыстық-суығын көрмеген
бос белбеу, боркемік жігіт болса керек. Сонсоң да, Көбен бай

сырмінез баласының жанына сол кездің өзінде-ақ өнерімен ел-

күй  аңыздар
жұртқа мойын бұрғызып, сал-серілігімен танылған Дайрабай-
ды қосады.
Көбен байдың баласы мен Дайрабай Ереймен тауын ен жайла­

ған Қанжығалы еліне келіп түседі. Көруге келген қызы сол елдің
қадірлі бір байының мәпелеп өсірген жалғызы екен. Есімі Ажар
болса керек. Ажар десе дегендей, атына заты сай ару еді дейді.
Мұндайда қыз беруші жақтың да, қыз алушы жақтың да

бір-біріне сын көзбен қарайтын әдеті. «Қоянның түрін көріп,
қалжасынан түңіл» дегендей, Көбен байдың баласын алғаш
көргеннен-ақ Ажардың көңілі толмайды. Бас қосқан отырыс­
тарда әрі-бері сөйлесіп, қылық-қасиеттерін байқаған соң, тіп­

тен түңіле түседі. Оның есесіне, күйеу жолдас болып келген
Дай­рабай өзінің түр-тұлғасымен, ақыл-парасатымен Ажар­дың
ықыласын аударады. Әсіресе аста-төк арқалы өнерін көрген­де
Ажардың нәзік жүрегі бұлқына соғып, жастық сезімнің жа-

лынына шарпылады. Дайрабайға қарап жүзі нұрланса, Көбен
байдың баласына қарап мұңаяды. Іштей тағдырына налып,
оңашада көз жасына ерік береді.
Ажар қыздың жан бұлқынысын Дайрабай жазбай таниды.

Жай танып қана қоймайды, бұл да Ажардың ақыл-көркіне
сүйсініп, сұлу сезімге бой алдырады. Әсіресе Ажар қыздың жан
жадыратар әзіл-назы, жүрек елжіретер ерке қылығы, енді бір­
дегі қиялға қанат бітірер сыршыл сұхбаты Дайрабайды ай­рық­

ша арқаландырып, шабыт тұғырына қондырғандай болады.
Міне, осындай бір шақта Дайрабай өзінің сезім күйі мен
Ажар қыздың қылық-қасиетін домбыраға салып еді дейді. Бұл
күйі ел ішінде «Дайрабай» деген атпен тарайды.

300. «Дайрабай»

(ІІ нұсқа)
Дайрабай мен Көбен деген жамағайын байдың арасы жақсы
болмапты дейді. Мұндай қырбайлыққа себепші Көбеннің шол­
жың болып өскен жалғыз баласы болса керек. Көбен бай өзімен

иықтас Қанжығалы байының Ажар дейтін қызын баласына
алып берген. Қыз аларда болатын жөн-жоралғыда Дайрабай
күйеу жолдас болып барады. Көбен байдың бос белбеу, болбыр
ұлындай емес, еті тірі Дайрабайдың Ажар қызбен әзіл-қалжыңы

жарасса керек. Оның үстіне Ажар өнерге іңкәр, сезімтал қыз

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
екен. Дайрабайдың әсем сазды күйлеріне ынтығып, жанынан
шықпай қояды. Кейін, келін болып түскен соң да, Дайрабайды
аузынан тастамай, орайы келсе, арнайы шақыртып, өнерін та-

машалап жүреді.
Осының бәріне Көбен байдың баласы іштей қызғаныш жа-
сап жүреді екен, бір күні Дайрабайдың көзінше Ажарды таяққа
жығады. Мұндайға шыдайтын Дайрабай ма, әрі-бері ара түсіп,

басу айтқан екен, болмаған соң мытып-мытып жібереді ғой.
Бұған қорланған бай баласы байбалам салып, «өз үйімде сабап
кетті» деп даурығып, онымен қоймай, «Ажар мен Дайрабай
ашына екен» дегендей қауесет таратады.

Көбен бай баласының жайын біледі. Бірақ өз қолын өзі
кессін бе, ашу үстінде заң орындарына жүгініп, іс жүргізіп,
қаттатып-шоттатып дегендей, ұлықтарға малын шашып, Дай-
рабайды Ақмоланың түрмесіне түсіреді. Мұнымен де тын-

байды, Дайрабайдың өзі баптап, құлын кезінен бауыр басқан
жүйрік көк аты болады екен, Көбен бай оны да иемденеді.
Дайрабайдың інісі Шақабай ағасының көк атына таласып,
қарсылық көрсеткен екен, Көбен бай кеудемен қағып, жеңістік

бермейді. «Айыбын жуып, түрмеден шыққан соң, өз қолымнан
алады» дейді.
Сөйтіп жүргенде Нұра бойында үш жүздің басы қосылған
бір әйдіңгер ас болып, Дайрабайдың көк аты бірінші келеді.

Бірақ Дайрабайдың есімі ауызға алынбайды. Жұрт «Бәйгеден
Көбеннің көк аты келді» деп біледі. Шақабай «жарайды, атағы
ауылға ортақ қой» деп, дау шығармайды. Мұның қадірін бі­
летін Көбен бай бар ма, көк аттың бәйгесіне алған қыруар сый-

сияпаттан Шақабайға сабақты жіп бұйырмайды.
Міне, осы оқиғаның бәрі жіп-шырғасы шықпастан түрме­де­
гі Дайрабайға жетіп жатады. Дайрабай болса ызаға булығып,
шыдай алмай, ақыры есебін тауып түрмеден қашып шығады.

Сол бетінде бой тасалап інісі Шақабайдың үйіне жетеді. Сонсоң,
ес жиып, өзіне-өзі келіп алған соң, Көбен байдың иелігіне
айналған көк атын түнделетіп ұрланып барып мінеді де, Тоқы­
рауын бойын­да Тобықты Құбылтай деген үлкен нағашысы /Дай­

рабайдың әкесінің нағашы жұрты/ болады екен, солай қарай
тартып отырады ғой. Жолай қалың Қаракесекке қоныс болған
Қызылтаудың сай-саласын қуалап жүріп отырып, бір бұлақты
алқапқа келгенде тізгін тартады. Сол жерде Қызылтаудың

күй  аңыздар
қалың қыртыс сай-саласында жол баққан ұрыларға тап болып,
Дайрабай аяулы көк атынан айырылады. Содан шыбын жанын
олжа көріп, жүдеп-жадап, нағашысы Құбылтайдың ауылына

жетеді.
Нағашы жұрттың көңілінде көлеңке бола ма, бейнет шегіп,
қорлық көріп жеткен Дайрабайды алақандарына салып қарсы
алады. Есін жиып, өзіне-өзі келген Дайрабай кешікпей-ақ

өнерімен төңірегіне жағып, Тоқырауын бойындағы елдің қадір­
лі қонағына айналады. Оның үстіне бұл өңірдегі Қыздарбек,
Итаяқ бастаған дәулескер күйшілермен танысып, небір шер
тарқатар сұлу сұхбаттар құрады. Қанатты өнерлерін ортаға са-

лып, күйқұмар қауымның құлақ құрышын қандырады.
Осындай бір, шабытқа тұғыр болған бас қосуда Дайрабай
өзінің арттағы өмірін есіне алып, іштей шамырқана толғанып
бір күй тартады. Бұрын естімеген, әсем сазды тың сарынға

елең еткен тыңдаушы жұрт «Бұл не күй?» дегенде, Дайрабай:
«Бұл менің басымдағы гәп қой, күйдің атын «Дайрабай» десе де
болар»,—депті.
Тоқырауынның құйма құлақ домбырашылары сол жерде

«Дайрабай» күйін қағып алып, қолдан-қолға тарата тартып
кетіп еді дейді.
Дайрабай осы жолы Тобықты ішіндегі Кәмшат деген
қобызшы қызбен көңіл жарастырып, бас құрайды. Содан ауы-

лы іргелес жатқан Көбен байдан сескеніп, бой тасалау үшін оң­
түстікке қарай кеткен. Дайрабайдың қалған өмірінің Қаратау
өңірінде, Шу алабы мен Сыр бойына өтуінің себебі осы еді дейді
көне көз қарттар.

301. «Дайрабай»

(ІІІ нұсқа)
Көбен байдың қиянат-зорлығымен түрмеге түскен Дайра­бай
бір күні орайын тауып, қашып шығады ғой. Сол бетінде, бой
тасалау үшін Қорғалжын көлінің қалың қамысын паналайды.

Ну қамысқа бойлай еніп, аралап келе жатып, бір қасқалдақтың
ұясына тап болады. Ұяға үңіліп қараса, екі-үш сары үрпек ба-
лапан аузын ашады дейді. Дайрабай осынау қорғансыз тірші­
лік иесін ес көріп, сол жердің құрағына тізе бүгеді. Суылдаған

қамыс, шырылдаған балапан үні, шет-шегі жоқ кең дүние,

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
алды-артының ұшығы жеткізбес уақыт... Балапандар үстін
көлеңке шалса болды, шырылдап аузын ашады. Анасынан жем
күтеді... Ал көкте жалпылдап жапалақ ұшады, жалтылдап

тұрымтай қалықтайды. Қарайғанның бәрінен қайырым күт­кен
балапандардың кез келген сәтте жапалақ пен тұрымтайға жем
болуы оңай...
Сонда бұл балапандар осынау жарық жалған, кең дүниеге

не үшін келді?! Не көрді?! Не тындырды?! Дайрабай өз өмірін
ұядағы сары үрпек балапандармен салғастырады. Панасыз
бейбақ балапандарға мұңдасындай елжіреп қарап, жан дүниесі
құлази толғанады...

Кейін осы көрініс, осы бір сезім Дайрабайдың есіне қайта-
қайта оралып, ақыры күй тіліне түсіп еді дейді.

302. «Дайрабай»

(ІV нұсқа)
Дайрабай—әңгімеге шебер, әзілге ұста, ашық-жарқын адам
болыпты. Өзі әнші, күйші, сері атанған, жалғыз атты кедей
екен. Бір күні Дайрабайды Алтайдағы Тобықты Құбылтай де-

ген нағашысы шақырады. Бірақ ел арасына өзінің өнерімен аты
шыққан Дайрабай, қолы тимей, бұл шақыруға бара алмайды.
Сөйтіп жүргенде елде үлкен той болып, сол жердегі Көбен де-
ген бай ағайыншылап, Дайрабайдың жалғыз Көкбесті атын

өзімсініп, бәйгіге қосады. Ал Дайрабайды күреске шығарады.
Досбай, Көлбай еліндегі тойдың осы ат шыбыс жарысын-
да Дайрабайдың көкбестісі бірінші болып келеді. Дайрабай
белдескенін жығады. Бірақ бұл бәйгінің бәрін Көбен бай өзі

алып, Дайрабайға ештеңе бермейді. Той бітіп, ауылға келген
соң, Көбен Дайрабайдың көкбестісін тартып алып, өзін елден
қууға әмір етеді.
Көбен Көкбестіні кісендеп, қасына төрт кісі қарауыл қояды.

Дайрабай—өз атын қалай да қайтарып алу үшін күнде кісенде
тұрған атты аңдумен болады. Ақыры сәті түсіп, бір күні Дай-
рабай ат күзеткен қарауылдардың үшеуін ұрып жығып, атқа
ұмтылғанда басқа адамдар келіп қалып, ол өз басы зорға қашып

құтылады. Мұнан кейін Дайрабайдың соңына қуғыншылар
түсіп, жан-жақтан іздейді. Олар қанша іздегенімен, халық
өздері сүйген өнер иесін ұстап бермейді, қайта жасыра түседі.
19-136

күй  аңыздар
Аттан айырылып қаламын ба деп қорыққан Көбен бай енді
көкбестіні қараңғы түнекке құлыптап ұстайды. Сол ауылдағы
Дайрабайдың тілеулестері Көбен байдың атты жасырған же­

рін Дайрабайға хабарлап, оған көмектесуге әзір екендіктерін
білдіреді. Бір күні Дайрабай жігіттердің жәрдемімен үйдің
төбесінен түсіп, аттың аяғындағы кісенді сындырып, үйдің
қабырғасын бұзып, көкбестіні алып қашып кетеді.

Дайрабай сол кеткеннен Алтайға асып, баяғы өзін шақырып
жүрген Құбылтай нағашысына бет алады. Жолшыбай бір ауыл­
да болып жатқан тойдың үстінен шығып, осы тойда Кәмшат
деген қобызшы қызбен танысады. Ол қыз да Тобықтыға жиен

екен.
Тойда Кәмшат қобызбен, Дайрабай домбырамен өз мұңда­
рын шертеді. Бұлардың тартысын халық қызыға тыңдайды. Бі­
рақ не айтып, қандай сыр шертіп отырғандарын жете түсін­бей­

ді. Сол күні Дайрабай—өзінің жалғыз екендігін, кедейлік­­тің
салдарынан байлардың қысымына шыдамай осы жаққа кетіп
қалғанын баяндаса, Кәмшат—өз әкесінің жоқтығын, жетім­
дік өмірін айтады. Осылайша, екеуі музыка тілімен бір-бірін

ұғысып отырғанда, бозарып таң да атады. Ертемен Кәмшат­тың
өгей әкесі сауда істеуге базарға кетеді.
Сол күні Дайрабай Кәмшатты алып нағашысының ауы­лына
қарай қашады. Бұлардың артынан қуғыншылар шығады. Ал-

тай жеріне жете бергенде Дайрабай мен Кәмшатты қарақшылар
ұстап алады. Ұрылар бәрі жабылып Дайрабайды ұрып-соғып,
үлкен қара тасқа матап байлап, Кәмшатты алып кетеді.
Дайрабай сол жерде екі күндей байлаулы жатып, әрең деген-

де ретін тауып босанып, жаяулап нағашысының үйіне жете­ді.
Нағашысы жиенін көріп қуанып, елін жинап той жасайды. Осы
жиында Дайрабай бастан кешкен оқиғасын түгел баяндай оты-
рып, домбырамен бір күйді екпіндете тарта беріпті. Күйді бері­ле

тыңдаған Алтай елінің адамдарының ішінен бір қарт:

—Шырағым-ай! Адамның жан-дүниесін қозғаған мына тарт­

қан сазыңның аты не еді?—дегенде, Дайрабай:

—Өздеріңіз де сезіп отырсыздар ғой Дайрабайдың жайын,

бұл күйді «Дайрабай» десеңдер де болады,—депті.
Сөйтіп «Дайрабай» күйі дүниеге осылай келген екен деседі.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар 303. «Дайрабай»

(V нұсқа)
...Дайрабай Алтай руынан Сармантай елінен екені рас, ол аса
мықты балуан жігіт болған. Әрі әнші, әрі домбырашы, бірақ өте
кедей болған. Оның жамағайыны Көбен деген бай кісі болады.

Ол әрі мақтаншақ, атқұмар сараң да болады. Дайрабайдың жал­
ғыз биесінен туған Қара көк бестісі аса жүйрік болады. Оны Кө­
бен толық құнын бермей алып бәйгеге қосады. Көк бесті алдына
жылқы салмаған жүйрік болып, бүкіл Арқа елін адақтағандай,

үздік аты шыққан жүйрік болады. Арқада бір үлкен ас болып,
көк ат бәйге алады. Сол жолы Дайрабай бас балуанға түсіп жыға­
ды. Бар бәйгені Көбен жиып алады. Дайрабайға түк бермейді де,
Дайрабай алыс бір елде нағашысы бар екен, соған барамын деп

Көбеннен ат сұрайды. Көбен бермейді, соған өкпелеп Дайрабай
бір күні көк атты ұрлап алып шөлге қашады.
Алтай ішінен шығып Қаракесек ішінде Карсон, Керней
ауыл­дарына келеді. Сонда бірнеше күн жатып, аса бір жақсы

күй тартады. Бұл күй ер жігіт елімен, туысы өскен жерімен
қоштасуындай өте мұңды да, өршеленген ерлікте түйдектеліп
айтылып жатқандай болады.

ӨСКЕНБАЙ ҚАЛМАМБЕТҰЛЫ /1860-1925/

304. «Жаңылтпаш»

Өскенбайдың өскен ортасы қашаннан түркімен ағайындар­
мен жапсар жатқан соң да, дос көңілді аралас-құраластық
үзілмеген. Әсіресе, ер азаматтар арасында біліштік-тамыр­лас­­
тық қарым-қатынас орнығып, оның өзі алыс-берісі, әзіл-қал­

жыңы жарасқан дәстүрге айналған.
Ер жігіт елдің елдік дәстүрінен шет бола ма, Өскенбай
күй­шінің де түркімендер ішінде Құлыбай, Сапар-Мәмбет,
Өдеулі сияқты күйші достары, Сейіт-Мұрат, Қош-Мұрат деген

ағайынды біліш-тамыры бар екен. бірде жанына ерткен бір топ
жолдастары бар Өскенбай аң аулап жүріп, жолы болып, екі
құлан атып алады. Құлан атқан жері біліш-тамырлары қоныс
еткен Ұлықұдық, Сауқұдық деген жерлерден алыс болмаса ке-

рек. Өскенбай «неде болса тамырларымды бір қуантайын» деп
қос құланды жетегіндегі атына теңдеп, Сейіт-Мұрат пен Қош-
Мұраттың ауылына ат басын бұрады.

күй  аңыздар
Сол бетінде ауылға келсе, үй сыртында сіресіп бірнеше ат
кермеде тұр. Үй ішінен гу-гу дауыс естіледі дейді. Өскенбай ды-
быс берген екен, ішінен Қош-Мұрат тамыры жүгіріп шығып,

шұрқыраса амандасады. Сылқ еткізіп құланды түсіріп мәз бо-
лып қалады.

—Ау, неғып дуылдасып жатырсыңдар? Мына аттыларың

кімдер?—деп Өскенбай жөн сұрайды.

—Пай-пай несін сұрайсың! өзіңнің жездең Мәмбет-Пана бо-

лыс, Нәубет старшын, Үдімбет-Салық бастаған игі жақсылар
бүкіл Хиуаны ауызына қаратқан Құлыбай бақшының өнерін
тамашалап, ду-ду болып жатыр!—дейді Қош Мұрат тамыры.
Өскенбай сыртынан даңқын білетін Құлыбай-бақшының

атын естігенде «апыр-ай, қалай болар екен!»—деп сәл бөгеледі
де, тамырынан:

—Құлыбайды сырттай естігенім болмаса, көрмеп едім, дом-

быра тартысы қалай екен?—деп сұрайды.

—Ойбой, несін айтасың! Оның жанында сен домбыра ұстау­

ға ұяласың!—деп Қош-Мұрат тамыры Өскенбайдың намысына
шоқ тастап жібереді.
Айтқандай үйге кірсе, Мәмбет-Пана бастаған жақсы-жай­
саңдар төрге жайғасқан. Орталарында Құлыбай-бақшы ұзын

мойын домбырасының пернелерін құлаштай қуалап, күй төгіп
отыр дейді.

—Ә, балдыз екен ғой, кел төрлет!—деп Мәмбет-Пана басын кө­

теріп отырады,—Кел балдыз, сенің де бірдеңе тыңқыл­дата­ты­ның
бар еді ғой, мына Құлыбай-бақшыдан өнеге үйрене­тін болдың!
Мәмбет-Пананың жездесініп айтқан әзіл сөздері Өскен­
байдың жаңағы сырттағы сезімін одан сайын қоздырып, намыс

буа түскендей болады. Бірақ сабыр сақтаған қалпы төрге озып
жайғасқан соң:

—Біздің қазақ «жақсы күй—жан азығы», «жақсыны көр­

мек үшін» дейді. Құлыбай-бақшының даңқын сыртынан есту­
ші едім, енді, міне, көз көргенге қуаныштамын!—деп сұлу, сы-
пайы тіл қатады.
Бірақ жездесініп отырған Мәмбет-Пана иықтап қоймайды:

—Ау, балдыз, сен өйтіп сынықсыма, бұл жерде саған бұйы­

ратындай қыз жоқ, онан да Құлыбай-бақшының мысы басып,
жауыр аттай маймаңдап отырмын десейші!—деп қусыра түседі.
Сонда Өскенбай, мұнан ары шыдай алмай:

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

—Апыр-ай, жездеке-ай, болмадыңыз ғой! Тәуекел, қазақ

пен түркіменге бірде жеңіп, бірде жеңіліп, бірде жығып,
бірде жығылып жүрген қашаннан жарасушы еді. Азар болса,
Құлыбай-бақшы Хиуаны ауызына қаратқан шығар. Ал Кіші
жүздің үш тақтасын ауызына қаратқан алты науайының бірі

мен боламын! Бері бер дутарыңды!—дегенде Өскенбайдың жо­
ны шымырлап, арқасы қозып, өңі алабұртып кетсе керек. Құ­
лы­бай-бақшы дутарын ұстата берген екен. Сол жерде дутардың
үнін де құбылтып, өзінің қимылын да құбылтып, бұрын-соңды

қазақ, түркімен естімеген ойнақы сазды құйқылжыта тартып
шығады да, дутарды Құлыбай-бақшыға тастай салады. Өскен­
бай да іркілмейді, тура алғашқы өз күйінің сыңарындай, қитұр­
қы қағысы мол екінші күйін бұлаңдата қағып шығады. Осы

кезде Мәмбет-Пана:

—Ал, ағайын менен бір сауға болсын! Бұл жолы біреудің

жеңуін көруді мұрат тұтпай-ақ қоялық. Екеуі де шалғыш екен,
төрелік тең болсын!—деп күй айтысын тоқтатқан екен.
Өскенбайдың осы жолы тартқан екі күйі де ел ішіне «Жа­
ңылтпаш» деген атпен тараған.

БӘЗҒАЛАМ /1860-1932/

305. «Молқоңыр»

Өткен XІX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын,
найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек
Үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің тірісінде өзінің асын
қосып беріп, Майлының Қоңыроба сазы жайлауында айға

жуық сән-салтанат құрады. Сол асқа арғы бет қазақтары
да топ-тобымен келіп, әсіресе сол жақтан Сары төре бастап
келгендердің сән-салтанаты, күтімі айырықша болады. Жорға,
жүйрік, балуан, шешен, шежіре, әнші, күйші өнер саңлақтары

арқылы өзінің атақ даңқын шығарып, Сары төреден асып түсуді
ойластырған Мамырбек төре Жайырдағы уақ еліне қос атпен кісі
жіберіп, Бәзғаламды алдырады. Күйшілер кезекпен күй тартып
отырғанда Сары төренің домбырашысы домбыраның құлағын

оң бұрауға өзгертіп, өзгеше бір күй шертеді. Күй аяқтай бер-
генде Бәзғалам сол құлақ күйімен әлгі өзгеше күйді өз әйеліне
қайта шертіп береді. Сонымен күй сайысы басталып, шет елден

күй  аңыздар
келген сыйлы қонақ болғандықтан, алдыңғы кезек Сары төре
жақтан болып, Бәзғалам сол шерткен күйлерді үстінде қайта
шертіп отырады. Осылай күй шертісу бір күнге жалғасады да,

бір мезетте Бәзғалам қисынын тауып, кезек алып күй бастай-
ды. Сары төренің домбырашысы да Бәзғалам шерткен күйлерді
қайта шертіп беріп отырады. Бір сарынмен кете берсе, өзгеше
өнер парқы болмайтындықтан, тың бір өнер арқылы көзге

түспекші болған Бәзғалам домбыраның құлағын оң бұрауға
өзгертіп алып, оң аяғындағы мәсіні шешіп тастап, бақайымен
шертіп, қолымен перне басып, ерекше айыз қандырар бір күй
орындайды. Дәл осы кезде қос жастықта шынтақтап жатқан

Мамырбек басын жұлып алып: «Ау, Бәзғалам, бұл не күй?
Ағаштан басқа баққаның бар ма сенің?» дегенде, Бәзғалам:
«Төре тақсыр, Жайырдың жоны—Қызыл жон, Қара жон болып
екіге бөлінеді. Қату тауынан басталып, етегі Шөгей мен Орқыға

тірелетін өңірді Молқоңыр дейді. Біздің елдің көктеу, күзеу,
жайлау, қыстауы сол Молқоңырдың қойнауында екенін өзіңіз
білесіз. Бұл күйдің аты сол киелі мекеніміз—«Молқоңыр».
Арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылмай ағаш бақтым десем

де болады»,—деп жауап қайтарыпты. Сонымен Сары төренің
домбырашысын жеңіп, Мамырбек Үкірдай оған төтенше разы
болып, жаға-жеңі зерлі шапан жауып, ат мінгізіп қайтарған
екен.

306. «Жолаушы»

Бәзғаламның әкесі Айқынбаймен бірге туысқан Қажыке
молланың кенже ұлы Ергенбай оқытқан дін сабағына қанағат
етпей, 1919 жылы үлкенірек ғұламадан дін оқуын оқымақ
болып Дөрбілжін ауданына барады да, сұрастырып жүріп

Мүсейінбай деген ұйғыр молланы тауып соған жалданады.
Оқып жүргенде Тұрпаннан бір топ саудагерлер келеді. Ерген-
бай олардан «Тұрпанда жеті әулие» деген үлкен медіресе бар
екендігін ұғады да, қожайынымен келісіп, сол медіреседен оқу

үшін соларға ілесіп жолға шығады. Туыстарының жібермей
қоюынан алаңдап, елден ұзап кеткен соң, Дәм өңірінен өткенде
кезіккен бір ел адамынан ағасы Ерданға хат жазып, өзінің оқу
іздеп Тұрпанға кеткенін хабарлайды. Содан үш жыл өткенде

оқуы бітіп, сол жерге мұғалім болып қалғандығын хабарлап

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
хат жазады. Өтеп руынан шыққан Лақ рубасы бұдан хабар та-
уып, игі жақсылар бас қосқан бір жиында бұл жайды айтып,
уақ елінің зәңгісі Темірхан бастаған ел ағалары Ергенбайды

елге алып келуге ағасы Ердан молланы аттандырады. Ол нау-
рыз айында аттанып, үш-бес күн дегенде Тұрпанға жетеді. Інісі
атын Омар қариға өзгертіп, үйленіп алған екен. Сол медіресені
басқаратын Нияз деген шаңяға жалынып жүріп, әйелінен ажы-

ратып алып қайтады. Жолай Сауан ауданына жеткенде оларға
Нұрпай батыр кезігеді. Батыр таныса келе екеуіне екі ат мінгізіп
қайтарады. Екеуі Шөгей өңірінде Рақадыл деген ауқатты
ауылдың қорасында етік тігіп, өрімшілік істеп отырған неме-

ре туысы Бәзғаламның үйіне келеді. Бәзғалам әңгіме үстінде:
«Біздің туыстардың ішінде сен екеуіңдей ұзақ әрі киелі жол
басқан жолаушы жоқ, сондықтан көптен бері ойлаған бір күйім
бар еді»,—деп «Жолаушы» күйін арнайы шертіп берген екен.

307. «Сабазым-ай»

1917 жылдар уақ елі екі зәңгі ел болып, Дөрбілжін ауданы-
на қарайды екен. Қату тауындағы Дәрбіті өзенінің бойында­
ғы Кеңтүбек деген қойнауға біреулер апиын егіп кеткендігі
байқалып, сол кездегі өкімет адамдары Шәуешектегі дутыңға

мәлімдейді. Дутың: «сол өңірге жауапты мәнсаптыны ұстап
әкеліңдер» деп бұйрық түсіреді. Ол уақ алты қасымның бірі
Өтептің бес ұлының Қожаннан тараған Бөрібайдың немересі
ел ауызына ілініп жүрген Жайырбай Ботақанұлы еді. Үкімет

адамдары бұйрық бойынша Жайырбайды Шәуешекке апарып
қамап тастайды. Бұл істен хабар тапқан мәмбет елінің үкірдайы
Жалбағай, дөртуілдің үкірдайы Көксеген, мәметек қошқарбай
елінің үкірдайы Еңселер ел жиып кеңес құрып, дутыңға арыз-

данады. Жайырбайдың күнәсіз екеніне елден факт жияды.
Сонымен бұған мойынсал болған дутың Жайырбайға ақ зоң
шапан кигізіп, қасына жеті шерік ертіп жақын туысы Ер-
генбайды хатшылыққа тағайындап, төрт үкірдай елді арала-

тады. Жайырбайдың аталмыш қылмысын естіген жамағат
оның ақ зоң шапанына «жазықсыз адам жазаланбасын» деп
қолдарын қояды. Сонымен, ол ақталып аман қалады. Бәзғалам
Жайырбайға арнап «Сабазым-ай» деген күйін шығарады.

күй  аңыздар

НҰРПЕЙІС КЕЛІНІ ДИНА /1861-1955/

308. «Бұлбұл»

(ІІ нұсқа)
Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан бол-
майтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық,
шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы ашар, бастаңғы,

сірне, ұлыстың ұлы күні, асар, шілдехана, бесікке салар, тұсау
кесер, сүндет тойы, тоқым қағар, қыз ұзату, келін түсіру, ас
беру, міне, мұның бәрі де—адам өмірі, тек қана адамның мейір
шуағына бөлену арқылы бақытты болатынын білген елдің өмір

салты. Осындай бас қосулардың бірінде Дина өзі қатарлы Ба-
лым атты бір қызбен танысады. Табиғаттың жомарттығында
шек бар ма, Балымның ақылына көркі сай, аяулы ару болса
керек. Әсіресе сызылтып айтқан әндері, сылқылдатып тартқан

күйлері Динаға ерекше әсер етеді. «Япырай, бір адамның бойы-
на осынша қасиет біте береді екен-ау!» деп қайран қалады.
Осы бір, жалғыз сәт қана бас қосып, дәмдес болған Балым
қыз көпке дейін Динаның есінен кетпей жүреді. Қыз баланың

өрісі алыстан бұйырған соң ба, жоқ әлде жыл құсындай ша-
шырай көшіп-қонып жүрген ел болған соң ба, әйтеуір, Балым
қызға Дина қайтып кездесе алмай жүреді.
Уақыт сырғып өтіп жатады. Бұл кезде толықсып бой жет-

кен Балым қыз бір төреге тұрмысқа шығады. Балым болашақ
күйеуіне құлықсыздау болған екен, бірақ төре төрелік мысы-
мен, малының күшімен алса керек.
«Жібекті түте алмаған жүн етеді, аруды күте алмаған күң

етеді» дегендей, төре Балымға жайсыз болады. Балымды бұлт­
тың көлеңкесінен қызғанып, басынан таяқ айырмайды. Әсіресе
ән айтып, күй тартуына тыйым салады. Өнерді өмі­рі­не серік
етіп өскен Балымды мұндай жағдай құсалыққа ұрындырады.

Бір күні күйеуі үйде жоқта Балым көршіден домбыра ал-
дырып, күй тартады. Көптен аңсаған сырласына іштегі шерін
ақтарғандай, домбыраны беріле тартып отырады. Қас қылған­
дай, осы жағдайдың үстіне күйеуі кіріп келеді. Мұндайға төзе­

тін төре ме, шаңырағымды жынның ұясына айналдырдың деп,
Балымды оңдырмай сабайды. Осы оқиғадан кейін булығып жы-
лаудан болды ма, жоқ әлде, төренің шолтаңдаған қамшысы ти­ді
ме, әйтеуір Балымның екі көзіне бірдей ақ түседі. Жалған­ның

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
шырағындай жанарынан айырылып, аяқ жолын тауып жүру
мұң болады.
Балымды ару кезінде қадірлей алмаған төре, енді көзіне ақ

түсіп, кіріптар болғанда тіптен керексіз етеді. Ақыры, күндер­
дің бір күнінде, тотыдай тарантып алып келген Балымды
тоқымдай сүйретіп, төркініне апарып тастайды. Осыдан кейін
Балым өмір бойы тағдырына налып, Тәңіріге мұңын шағып

өтеді. Көкірегінен небір зарлы әндер ақтарылып, төңірегіне
«Соқыр қыздың әні» деп таралып жатады.
Бұл өнердің сарыны, ән мен күйге құлағы түрік жүретін
Динаға да жетіп жатады. Бірақ «Соқыр қыздың» бір кездегі,

ауыл-аймақты аузына қаратқан Балым екенін білмейді. «Япыр-
ай, әні қандай мұңды еді, сазы қандай есті еді» деп, таң қалып
жүреді.
Бір күні ауыл-аймақтың әдеттегідей бас қосуында Дина

сырттай ынтығып жүрген «Соқыр қыздың» өзін көреді. Мұн­
дайда сырттай мүсіркеп қоя салатын Дина ма, бақытсыз бей­
бақ­тың көңілін аулау үшін жанына барып, қолын алып, күйін
тартып, сырласады. Әңгіме үстінде «Соқыр қыздың» баяғы Ба-

лым қыз екенін біледі. Мұнан соң Дина тіптен тебіреніп, өз ба-
сына түскен нәубеттей күйзеледі.
Әрине, қанша тебіреніп, күйзелгенмен күйректікке са-
лыну Динаның табиғатында жоқ. Сол жерде есін жиып, бой-

ын бекітіп, замандас құрбысы Балымға тіл қатады: «Балым,
шүкірлік еткенің жөн, ата-анаңның әлпештеген бұлбұлы бо-
лып өсіп едің, енді, міне халқыңның ардақтаған бұлбұлы болып
жүрсің»,—дейді. Жай ғана сөзбен жұбатып қоймайды, кейін

Балымға арнап «Бұлбұл» атты күй шығарады. 309. «Кербез»

Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны
шынында да сұлу, өткір, ашық адам болғандықтан туысқан­
дар арасында беделді болады. Дина сияқты ол да феодалдық
ауылдың салт-санасынан жоғары адам екен, оның даусы күшті

болмаса да, нәзік, құлаққа жағымды болыпты. Жаздың кешкі
майдақоңыр самалында, ауылдың у-шуы басылған кезде, абы-
сыны Динаға келіп, оның тамаша тартатын домбырасын, ұлы
ұстазы Құрманғазының өмір оқиғаларын, анасы Алқа жөнін­де­

күй  аңыздар
гі әңгімелерін тыңдайды. Ал Кербез қазақ қыздарының мал­ға
сатылатыны, бақытсыздығы жөніндегі қайғылы әндерді ақы­
рын сызылта айтады. Ол өлеңмен Динаға мұңын шағып, шерін

тарқатады, ал соңында жастықтың, ғашықтықтың серпілінді
әндерін айтып, Динаның көңілін көтереді. Кербездің күйеуі ол
келіншек болып атасының босағасын аттаған соң, бірнеше ай-
дан кейін өледі. Жесір қалған Кербез екінші күйеуге шыққысы

келмейді. Кербездің едәуір малы болады. Бірақ ол мал-дүниеге
жанын салмай, күн көруге жетерлік мөлшерінде ғана шаруа­
сына қарайды.

310. «Көгентүн»

Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші
береді, соны көгентүн дейтін.
«Менің Бапас абысыным—Кербездің бір қора қойы бола-
тын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы

жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана
көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың
біреуіне арнап бір қозыға ен салуы керек еді, қозышы бала
үнемейін сызылтып, бір мұңды әнді айтып жүреді дегенді ес­

тігенмін. Кербез менің айтқанымды істейді. Бала менің айт­
қанымды сезгендей, алдымен маған, сонан кейін барып Кер-
безге алғыс айтты. Баладан мен жалғыз жүргенде айтатын
өлеңін айтып беруді өтіндім. Аз ғана уақыт ұялып тұрды да,

бала өлеңін айтуға кірісті. Ол бала жақында қайтыс болған
шешесінен өткен жылы естіген «Ақ қозы» деген әнді айтып
жү­реді екен. Өлеңнің аты мазмұнымен жымдасып жатыр. Бұл
өлеңде шешесін қасқыр жеген жетім қозы жайлы айтылады

екен. Бала өзін сол ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп,
өлеңді ерекше сезіммен айтты. Баланың әні көкейімде қалды.
Мен кедей балаға арнаған «Көгентүн» деген күй шығардым».

311. «Қара қасқа ат»

Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жа-
сауларына қоса, үш болысқа аты шыққан, «Қарақасқа» деген
жүйрік ат береді. Кенже сияқты, Нұралының атқа құмарлығы
болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап бағады.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын
еске түсіретін ескерткіш сияқты болады. Кенже Динаны
Нұрпейістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс

болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз ауылын
сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті әкесі­
нің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істеге­нін
(домбырашы болғанын) қуаттаушы еді. Бірде Қарақасқа ат ауы-

рады да өліп қалады. Дина өзінің бақытты жастығының тіл­сіз
куәсіндей Қарақасқа аттан айырылғанына қайғырып, оған ар-
нап күй шығарады. Күйдің басынан аяғына дейін ерекше жақ­
сы көргендік, жан жылылығы айқын суреттеледі...

312. Композитор Дина мен өнерпаздар

Ертеректе белгілі ақын, өнер иесі Динаның үйіне екі-үш жас
жігіттер келіпті. Ойлары Динаның алдында күй тартып, өнер
сайыспақ. Аман-саулықтан кейін Динаның ілулі тұрған домбы-
расын алып тартуға лұқсат сұрапты. Дина:

—Алыңыз, жаным, тартыңыз!—деп ризашылық білдіріпті.

Қайткенде де, өнер адамының жаңалыққа жаны құмар емес пе?
Сонда жігіттер бар өнерін салып екі-үш күй тартыпты. Ке­зек
Динаға келгенде Дина сол күйлерді қайта тартып беріпті. Ша-
масы орындау техникасы шебер болса керек, жігіттер Дина­дан:

«Не күй тарттыңыз?»—деп сұрапты. Сонда Дина:

—Ал, сендердің тартқандарың қандай күй?—деп қайтара

сұрағанда, жігіттер:

—Біздің тартқанымыз «Бозмұнай», «Бозшолақ» деген күй­

лер!—депті. Дина:

—Сендердің тартқандарың «Бозшолақ» болса, менің тарт­

қаным «Өз шолағым» деген екен.

СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ /1865-1945/

313. «Аққу»

(ІV нұсқа)
Баяғы өткен заманда Қазығұрт тауының етегінде айдын
көл болыпты. Сол көлге бір аққу келіп амалсыз тұрақтап қа­
ла­ды да, жыл сайын балапандайды. Балапандарының қанаты

күй  аңыздар
қатая бастағанда ерінбей-жалықпай сонау аспанмен таласқан
Қазығұрт тауының басына шығарып, аққуларды өздерінің
атамекеніне қарай ұшырып жібере береді екен. Жас аққулар

сөйтіп атамекеніне қайтатын көрінеді.
Балапандарын ұшырып жіберген аққу Қазығұртта біраз
әл жинау үшін аялдап қалады. Көп ұзамай атамекенін, бала-
пандарын сағынады. Сол сағынышпен елге оралып ұшып келе

жатқанда, жол торып жүрген бидайық құс қуа жөнеледі.
Бірақ бидайық құс қанша қуса да, аққуға жете алмапты.
Жолда бар қиыншылықты көріп, арып-ашып еліне оралып, өз
балапандарын аймалапты.

314. «Қос келіншек»

(ІІІ нұсқа)
Ел жайлауға шыққанда бір өзеннің екі жағында екі келін­
шек өмір сүріпті. Екеуінің де аты Шәрипа, екеуі де домбырашы
екен. Екеуі өзеннің екі жағында отырып күйімен амандасып,

сырласады екен. Содан біреуі «Күнгей Шәрипа», біреуі «Те­
ріс­кей Шәрипа» аталып кетіпті. Бір жылы жайлаудан түскен­
де екеуі де бір мезгілде қайтыс болыпты. Сол оқиғаға орай, қос
келіншекке арнап домбыраны тел бұрауға салып тартқаны.

315. «Тәжінің Бозайғыры»

Бекмырзаның Тәжісі жылқылы бай екен. Желісінен құ­лын,
кермесінен тұлпар, қысы-жазы сабасынан қымыз арыл­май­тын
көрінеді. Сол жылқылардың төлбасы Бозайғыр екен.
Өзі бай, өзі жомарт, саятшы, құсбегі, мәрт, елге істеген

жақ­сылығы көп, мектеп, медресе аштырған парасатты Тәжі
бір күні Сыбанқұлды арнайы ат жіберіп алдыртады. Неше күн
күй тартқызып, сый-сияпат көрсетеді. Замандасының көңілін
тапқан Сыбанқұлды ауыл адамдары бірінен соң бірі шақыр­

тып қонақ етеді. Тәжі қасына ертіп аң, құс аулауға апарады.
Аңшылықта жүріп те Сыбанқұлға неше түрлі сиқырлы күй
тартқызады.
Сондай көңілді бір сәттерде Тәжі:

—Сыбанқұл, сенің атыңды күй шығарады, ал менің атым­ды

не шығарады?—дейді.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Сонда Сыбанқұл:

—Сенің атыңды мың жылқының басы Бозайғыр шы­ға­ра­

ды,—депті. Шындығында, мойнына құрық салдырмай өт­кен
Бозайғырдан мың құлын тарайды. Кәртайғанда алжып, үйі­
рі­нен айырылып, көрінген жылқы сай-сайға қуалап тастаса,
ашын­ған Бозайғыр айдалада тұрып азынайды екен.

Соны көрген Сыбанқұл Тәжінің алдында тұрып күй тартады.

—Мұның атын аташы,—дейді Тәжі.

—Бұл—«Тәжінің Бозайғыры»,—депті Сыбанқұл.

316. «Саңдық ашты Сарыөзен»

Бір күні күйші Сарыөзен деген өзенді бойлай өрлеп келе
жатады. Өзен тасып, толқындары төңкеріліп, тынбай тулап,
тасқа тигенде қайта қайырылып, сандықтың аузын ашқандай
ақтарылып жатады. Осы көрініске қызыға қарап келе жат­

қанда, артынан атпен бір жігіт жақындап:

—Ассалаумағалейкүм!—дейді.

Сыбанқұл үндемей жүре-жүре бір кезеңді асқанда барып
жігітке бұрылып:

—Уәликсалам,—депті.

—Ой, ата мен сізге сайдың аяғында сәлем беріп едім, басы­на

келгенде жауап қатқаныңыз қалай?—деп сұрайды жігіт.
Сонда Сыбанқұл күйші:

—Сен, балам, ренжіме. Мен бағанадан бері «Сандық ашты

Сарыөзен» деген күй тартып келе жатыр едім,—деп домбыра-
сын қоржынынан алып, сол жерде әлгі күйін тартқан екен.

ТАУДАНБЕКҰЛЫ ДӘУІТБАЙ /1873-1937/

317. «Арна»

Қиын кезде ел қамын ойлап, түрлі амалын қарастырып, ат
үстінен түспейтін азаматтың бірі күйші Тауданбекұлы Дәуіт­
бай болған. Бір жылы ерте көктемде Боғда үкіметінің жандай­
шаптары қимылын ширатып, елді дүрліктіре бастайды. Осын-

дай қиын шақта Дәуітбай күйші жанына бір жолдасын ертіп,
Қобда сыртындағы елге хабар беруге келе жатса, өзеннің қы­зыл
суы жүріп, сең бұзыла бастапты дейді. Қамсыз отырған ел­ге

күй  аңыздар
қалайда хабар беру шарт. Сәт сайын сарқырап-күркіреп ағасын
күшейтіп бара жатқан Қобданың асау мінезі тіптен асық­
тыра түскендей болады. Сонда Дәуітбай: «Әй, мұндайда аяған

жан кімге шікірә!»—дейді де, астындағы атты тартып-тар­тып
жіберіп өзенге қойып кетеді. «Дәуітбайдан жаным ардақты ма!»
деп, жанындағы жолдасы да күмп береді.
Содан Қобданың ақ көбік шашқан асау ағысы екі жігітті

жанқадай қалтылдатып ала жөнеледі. Тақымға басқан атта-
ры иектерін көтеріп, парылдай жүзіп жан таласады. Бірақ
дүлей күш туырлықтай сеңдерімен соғып, келесі жағалауға
маңайлатпай қояды. Дәуітбайдың аты бір-екі рет су қауып,

өзінің де бойынан қауқар кеткендей көзі қарауытады...
...Әлден уақытта, ес кетіп, жан шықты дегенде бірдеңе
сарт етіп иығына тигендей болады. Сөйтсе, жағалауға бұрын
шыққан жолдасы қыл арқан лақтырған екен. «Суға кеткен тал

қармайды» деген, жан-дәрмен арқанға қолы тиіп, аман-есен
Дәуітбай да жағалауға шығады-ау.
Сол күні ауылға келіп, ағайынның ықыласына бөленіп оты-
рып, Дәуітбай әлгінде ғана көрген азабын күй тіліне түсі­ріп еді

дейді.
Бұл күй ел ішіне «Арна» деген атпен тараған.
СОҚЫР ЕСЖАН /XІX ғ. ІІ жартысы/

318. «Соқыр Есжан»

Өткен ғасырда Есжан деген атақты күйші болыпты. Есжан
бала жасынан әділетті, бірбеткей болып өскен. Кішкентайы­
нан өзінің еңбегімен күн көріп, азаптың ауыр жүгін арқа­лай­
ды. Бірақ он саусағынан өнері тамған домбырашы-жігіт ха­лық

алдында қадірлі болады.
Бір күні Есжан байдың ауылына келіп, одан еңбегінің
ақысын сұрайды. Әңгімеге құлақ қою былай тұрсын, бай сөзге
келместен, нөкерлерін шақырып, Есжанды қызыл жон етіп

сабатады. Таяқ етінен өтіп, салы суға кетіп қайтқан Есжан
қалайда кегін қайтаруға бел байлайды. Араға біраз айлар са-
лып, бір күні жаңағы байдың жылқысынан бір жақсы атты
ұстап мініп кетеді. Бұл қылығы үшін бай Есжанды ұстатып, екі

жылға соттатады.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Екі жылдан соң Есжан еліне қайтады. Жаздың аңызағында
тілі аузына сыймай, сусап келе жатқан жаяудың алдынан бір
ауыл кездеседі. Бір ақ үйдің есігін ашып кіріп келсе, үйде жан

жоқ екен, сабадан өзі бір зерең қымызды құйып алып ішеді. Кеп-
кен таңдай жұмсап, көзі шырадай ашылған кезде жан-жа­ғына
қараса, керегенің басында ілулі тұрған домбыраға көзі тү­се­ді.
Есжан домбыраны алып бірнеше күй шертеді. «Би келіп қал­ған

екен» деп даладан асып-сасып үйге бәйбіше мен бикеш кел­се, на-
шар киімді бөгде адамның домбыра тартып отырға­нын көреді...

—Бидің домбырасын рұқсатсыз неге аласыз, қандай адам

едіңіз, енді ол мына бізді де, сізді де жазалайды,—деп екі әйел
зар қағады. Есжан үнсіз ғана «жаздым-жаңылдым» дегендей
ишарат білдіріп, үйден шығып кетеді. Көп ұзамай үйіне орал­
ған би домбырасының бұрынғы орнынан қозғалғанын сезіп,

қолына алып қағып көреді де:

—Мына домбыраны кім ұстады, әлде бөтен біреу келді ме?—

дейді.
Бәйбіше мен қыз оқиғаның шынын айтады. Би дереу шауып­
келдерін жіберіп, ауыл шетіндегі қараша үйде отыр­ған Есжан­
ды сүйрелеп алып келеді. Жолшыбай Есжанды қам­шы­ның

асты­на алып сабаумен болады. Бірге-бір келгенде есесін жібер­
мей­тін Есжан, бұл жолы да шабарманның біреуін қағып жібе­
реді. Бірақ осы арпалыстың кезінде бидің екі сойыл соғары­ның
сілтеген қамшыларының ұшы Есжанның бір көзіне тиіп, со­дан

көрмей қалады. Би де кәріне мініп отыр екен, Есжанды көр­
ген соң бұрынғыдан жаман қатуланады. Есжан өзінің белгілі
домбырашы екенін, бір жаламен екі жыл түрмеде болып, содан
күні бітіп шығып келе жатқанын, онда домбыраны, әнді, күйді

сағынғанын айтып, бидің домбырасын байқаусыз ұстаға­нына
кешірім сұрайды. Би бұрынғысынан босағандай болып:

—Осы айтқандарың бәрі рас болса, маған бірнеше күй тартып

бер, сонда ғана сенемін,—деп домбырасын Есжанға ұсынады...
Домбыраны сағынған саусақтар перне бойлап жорғалайды.
Қаншама қатулы болғанымен, күйді түсінетін би, мына
домбырашының тартысының ерекше екенін сезеді. Домбы-

рашы жаңа күйге көшкен сайын ол екі көзі Есжанда, құлағы
күйде болып, басқа дүниені ұмытқандай болады.
Есжан өнер иесі адам екенін би білген соң, оған өзінің іс­
те­ген озбырлығы үшін кешірім сұрайды. Есжанды қонақ етіп

күй  аңыздар
сый көрсетеді. Оны өз қарауына қалдырғысы келеді. Бірақ би
қаншама жалынғанмен, күйші байдың ауылында қалғысы
келмейді. Қанша жібиін дегенімен, мына бір түскен өмірлік

таңба, оны келісімге келтірмейді, бидің құл домбырашысы бо-
лып жүруді ар көреді. Есжан соқыр көзін бидің қызының бер-
ген жібек орамалымен таңып, қош айтысып, Жайыққа қарай
жол тартады...

Есжан сол жүргеннен жүріп отырып Жайыққа жетіп, ар­
дақ­ты анасы, сүйікті қарындасымен көріседі. Күйшінің еліне
оралуы бұл аймаққа тез тарайды. Халық бұрынғысындай жи­на­
лып, оның күйін тыңдайды. Алыс сапардан, ауыр жолдан қайт­

қан Есжан енді бұрынғы күйінің үстіне күй қосады. Ай­дау, түр­
ме, байдан жеген таяқ, биден көрген қорлық, туған жер, ұш­қан
ұяны сағынған жүрек—бәрі қосылып, домбыра­ның көмейі­нен
күй болып төгіледі. Қаумалап отырған әлеуме­тіне Есжан:

—Елге аман-есен оралғаныма қуанамын, сендерді көріп,

алдарыңа күй тартқаныма мақтанамын, өмірдің талай тас өт­
келін кештім, талай ауыртпалықты да бастан өткіздім, сендер­
ден кеткенде Есжан едім, енді бір көзді бидің ашуы алып,
«Соқыр Есжан» болдым, оған налымаймын, халқым тұрғанда,

он саусақтың өнері тұрғанда Есжан әлі де Сіздермен бірге бо-
лады, болаттай бір күй шығып та қалып еді, соны тыңдаңыз­
дар,—деп домбырасын тарта жөнеледі. Сондағы Есжанның сол
са­парда шығарғаны—«Соқыр Есжан» күйі екен деседі.

319. «Айнам қалды»

Күйші Соқыр Есжан жас кезінде көрші ауылдағы бір бай­
дың Ақбикеш деген қызына ғашық болады. Ақбикеш те Есжан­
ды ұнатқанымен екі жастың қосылуына әлеуметтік жағдай
кеселін тигізеді. Ақбикеш—өнер иесі, өз ауылындағы белгілі

домбырашылардың бірі. Ол Есжанмен ойын-тойда кездескенде
бір-біріне домбырамен ғана сыр шертіседі екен.
Арада екі жыл өтіп, түрменің уақытын бітіріп, еліне қайт­қан
Есжан жолшыбай Ақбикештің ауылына соғады. Онда үлкен той

болып жатады. Бұл Ақбикештің ұзатылар тойы екенін Есжан
білмейді.
Есжан бір үйде жиналып отырған ауыл жастары мен қарт­
тарының үстіне барады. Бұлар—«Ақбикеш аулымыздағы он

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
саусағынан өнері төгілген домбырашымыз еді, енді ол бізден
кетіп, сіздерге барғалы отыр, ең болмаса, соңғы рет Ақбикеш­тің
тартқан күйін тыңдап қалалық, қызымызға рұқсат етіңіз»,—

деп, құдалардан рұқсат алып, оңаша үйде Ақбикешке күй тарт­
тыру үшін жиналып отырғандар екен.
Ақбикеш біраз күй тартып, домбырасын тізесіне сүйеп, қол
орамалымен маңдай терін сүртеді. Осы кезде Есжан да үйге

кіріп, босағадан отыра кетеді. Ақбикеш тағы да күй тартуға
ыңғайланып, үйдегілерді көзбен бір шолып өткенде есік ал­дын­
да отырған Есжанға көзі түседі. Есжанның жүдеу сиқына қапа­
ланып, мұңайған Ақбикеш:

—Келесі күй «Айнам қалды» аталады,—деп домбырасын

тарта беріпті. Күйді беріле тыңдап отырғандардың бірі:

—Мына домбыраның үні шынында да «айнам қалды, ай-

нам қалды» деп қақсап тұрған сияқты. Осыншама көп жасау
дайындағанда қол ұшындай айнаны сандықтың бұрышы­на
тас­тай салуға болмады ма екен?—дейді жанында отырған екін­
ші бір кісінің құлағына сыбырлап. Сонда Ақбикештің әлгін­дегі

қимылын сезіп қалған екінші қарт:

—Жоқ, олай болмас. Менімше, осы отырғандардың ішінде

Ақбикештің ұнатқан жігіті, айнасы қалып бара жатқан болар.
Қыздың соған арнап, домбырамен айтып отырған назы шы­
ғар,—дейді.
Шынында да, бұл күй Ақбикештің Есжанды көріп мұңайып

тартқан, ескерткіш есебіндегі «Айнам қалды» атты күйі екен
дейді халық арасында.
СЕЙТЕК /XІX ғ. ІІ жартысы/

320. «Бұлбұл Айша»

(І нұсқа)
Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып,
күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайта­ды.
Астрахань губерниясынан қайтар жолда екеуі бір ауылға тап

болады. Төбелері көрінгеннен алдарынан шығып, бұларды ат-
тан түсіріп, аяқтарын жерге тигізбей оқшау тігілген айдынды
ақ отауға алып келеді. Жұрт абыр-сабыр, гу-гу, қошемет. Сақа­
ман күліп Сейтекке: «Әй, осылар дәу де болса бізді біреумен

20-136

күй  аңыздар
шатастырды» деп еді, ол жайбарақат: «Саспа, әліптің артын
бағайық, біздің неміз кетіп барады?» деп жауап береді. Әлден
уақытта ең үлкен ақ отаудың иесі Құмар келеді. Ат үстінен

түспей жатып, ауылдастарынан: «Не болды, құда мен күйеу
бала келді ме?» деп сұрап жатыр. «Қайдам, екі кісі келді, жік-
жапар боп қарсы алдық. Бірақ қайсысы күйеу екенін біле алмай
отырмыз»,—десті жұрт. Бұлардың айтуына қарағанда, ауылға

әкеп түсіргендері кездейсоқ бір жолаушылар боп шықты. Ша-
малы уақыт өткен соң шын қонақтардың өздері де келді. Олар-
ды қол қусырып күтіп ап, Сейтек пен Сақаманнан жоғары
отырғызады. Құмар енді Сейтек пен оның серігіне көңіл ауда-

руды қойып, біресе құдасымен, біресе күйеу баласымен әжін-
гүжің әңгімелесіп кеткен еді. Мұнысын көңіліне дық алған
Сейтек өзін танытудың бір орайын іздеп отырды. Күн кешкіріп
ойын-сауық басталды. Сейтек домбырасын алып, бірнеше күй

тартып өтті. Жұрт назары енді бұған ауды. Үй иесі менсінбеген
сыңаймен: «Сейтек деген осы сен емессің бе? Домбыра тар­туың
аз-мұз соған ұқсайды екен»,—деп ернінің ұшымен сұрай сал-
ды. Сейтек «менмін» деп басын изеді де қойды. Құмар әуелі сыр

білдірмесе де, «өзі бір тентек деуші еді, қара басым­ды қадір­
лемедің деп сойқан салып жүрер» деп артынан сескеніп қалды.
Сол арада қалыңдықтың домбырашы екені де анықталды.
Қыз домбырасын алып күй тарта жөнелді. Сейтек оның домбы-

ра шертісін ұнатып қалды да, «қарағым, домбыраң бұлбұлдай
сайрайды екен» деп сол Айша атты қызға арнап табанда бір күй
тартады. Ел арасына ол күй «Бұлбұл Айша» деген атпен тарап
кетеді.

321. «Бұлбұл Айша»

(ІІ нұсқа)
Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан
Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты
шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек,

өзі сұлу қызы болған екен.
Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп
барып, қызбен өнер сынасып көңіл береді, бірақ Байғұмар қо­
лында қу домбырасынан басқа ештеңесі жоқ Сейітбекті жақ­

тырмайды. Бұл қорлықпен өртенген Сейітбек қос ішектен мың

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
түрлі құбылтып сайраған бұлбұлдың әуенін шығарып, «Бұлбұл
Айша» деп атап күй шерткен екен.

322. «Бес қыз»

(І нұсқа)
Сейтек қалмақ елін аралап жүріп, бір үйге түседі. Үй ішінде
бес қыз үйді басына көтеріп, әңгіме-дүкен құрып отыр екен.
Келген қонақтың домбырасы бар екенін көргенде: «Сіз күй

тартыңыз, біз билейік» деп қолқа салады. Сейтек бұл кезде
қалмақ жұртының музыкасымен недәуір танысып қалған еді.
Сол жерде би ырғағына келтіріп бір күйді тарта жөнеледі. «Бұл
қандай музыка?» деп қалмақ қыздары таңқалады. Сонда Сей-

тек бұл күйді сендерге арнағаным болсын, аты «Бес қыз» деп
жауап айтады.

323. «Бес қыз»

(ІІ нұсқа)
...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгенше­
сіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ
шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп, Сейтектің астын­

дағы іңгеншені тартып алады. Соны кек сақтап қалған Сейтек
жанына Сахаманды ертіп барымтаға аттанады. Төре Арсылан­
ке­рейдің жайылыста жүрген бір үйір жылқысынан екі семіз
атты алып келеді де, іңгеншенің құны үшін деп кедейлерге сой-

ып береді. Осыны сылтау еткен төрелер енді Сейтектің со­ңы­на
шырақ алып түседі.
«Аңдушыны алушы жеңеді» деп халық айтқандай, ізге
түскен төрелер ақыры қалмай жүріп, Сейтекті қапылыста

ұстап, Орданың түрмесіне жабады. Бірақ Сейтек түрмеде көп
жатпай қашып шығады... Осы бетімен үйіне соқпастан Нарын
құмына кетеді. Еділ бойын, Қалмақ қырын түгел аралайды,
делінген еді.

Сейтек қалмақ жерінде жүргенде бір үйге келсе, үйде
бес қыз іс тігіп отыр екен. Бірақ Сейтек бұларға шөлдеп, су-
сын ішуге келгенін айтады. Сол кезде, отырған қыздардың
біреуі орнынан тұрып, шалап бермекші болып жүре бергенде

Сейтектің қолындағы домбырасын көріп: «Сіз бізге саз тартып

күй  аңыздар
бермесеңіз, үйден шығармаймыз»,—деп қалжыңдайды. Мұн­
дай қалжыңның талайын көрген Сейтек, сусынға қанып алған­
нан кейін, тамағын кенеп: «Егер сендер билейтін болсаңдар,

мен саз тартайын»,—дейді.
Осыны естуі-ақ мұң екен, қыздар орындарынан ұшып тұ­
рып, билеуге дайындалады. Бұл жағдайды көрген Сейтек, киіз
қап­тан домбыраны шығарып алып, бір күйді тартып жібереді.

Күй­дің әсем сазына бес қыз ұршықтай үйіріліп билей жөнеледі.
Күй­дің музыкалық үнінде қалмақ сазына жақын келетін эле­
мент­тер мол болғандықта ба, әйтеуір, осы бір күйдің сазы қыз­
дарға қатты ұнап қалады. Сейтек домбырасын құйқылжы­тып,

біраз тартып-тартып тоқтаған кезде қыздар Сейтекті ортаға
алып: «Бұл не деген күй, аты қалай?»—деп сұрайды. Аяқ асты-
нан қойылған мұндай сауалға бірден не дерін білмей қалған Сей-
тек, сәл кідіреді де: «Осы отырған бесеуіңе арнаған «Бес қыз»

атты күйім болсын»,—деп үйден шығып кетеді... 324. «Шәрипа»

Қанша қиындық көріп, тауқымет тартса да, Сейтек салы
суға кететін жан емес-тін. Жасы алпысқа таянса да бойында
күші мол, қайратты, әжуалағысы келгендерге ақысын жібере
қоймайтын. Осы сөзімді тірілтейік. Бір күндері Сейтектің ау-

лына аузында бейпіл сөз, қолында жалаңдаған пышағы бар,
елді үркітіп, қорқытып бір есерсоқ жас жігіт келе қалады.
Сейтек бір досының үйінде шай ішіп отырған. Бабымен шай
ішіп, балқып отырғанда біреу-міреу келіп мазасын алса, он-

дай адамның сыбағасын беретін. Әлгі жігіт те үйге дәл осындай
сәтте баса көктеп кіріп келіп еді. Көзінің еті өскен көргенсіз,
келе «алжыған қақбас» деп Сейтекті жерден алып, жерге сал-
ды. Сейтек әуелі үндемей, жайбарақат шайын ұрттап отыра

берген. Жігіттің одан сайын жыны келеді. Енді үйдегілерді
түгел сыпыртып шығып, шай құйып отырған осы үйдің келіні
Шәрипаға тиісе бергенде, Сейтек ақырын ғана оған: «Қарағым,
шайыңды іш, суып қалды. Шамасы жоқ шалдар мен әлжуаз

әйелдерге ұрынып не қыласың, өзің қайратты бала көріне­
сің, шырағым»,—дейді. Ұр да жық, алаңғасар жігіт сөз аста-
рын түсіне ме, орнынан атып тұрып, «ә, сайтан шал, сен маған
ақыл үйретпекшімісің?!» деп атасындай Сейтекке дүрсе қоя

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
беріп, пышақ ала ұмтылған. Сейтек көз ілеспес шапшаңдықпен
пышақ ұстаған қолын шап беріп, қайырып жібереді де, пы­ша­
ғын жұлып алады. Сосын әкіреңдеген немені аяғының асты-

на басып отырып, асықпай шайын іше береді. Шайын ішіп
болған соң Сейтек әлгі жігітті тұрғызып, бір нұқып қалып
еді, қаңбақтай ұшып барып есіктің аржағына топ ете түсті.
Сол жатқаннан ол тырп етпей біраз жатты. Жүрген жерінде

жұрт­тың берекесін қашырып, зәресін ұшыратын жетесіздің
бұл үйге де кіріп келіп сойқан салмақ болған түрін көргенде
жүрегі тас төбесіне шыққан Шәрипа оның ақ сайтанын қағып
алған Сейтектің ерлігіне қайран қап, алғысын білдіреді. Әйтсе

де, «дастарханның шырқы бұзылмасын, тентек те болса қонақ
қой, шай ішсін, рұқсат етіңіз»,—деп келіншек Сейтекке қиыла
тілек айтты. Шәрипаның мына ақылдығы мен қайырымды­лы­
ғына риза болған күйші сол жерде Шәрипаға арнап бір күй тар-

тады. Ел арасына да сол атпен тарап кеткен. 325. «Сексен ер»

Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап кө­
бейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз
отыз адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнекешев басқар­ған
болатын. Осы бөлімше 1919 жылы 15 желтоқсанда Ордаға келіп

аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандылардың жа­
сырын әрекеттері әлі де тоқталмаған кезі еді. Қолдарында қаруы
жетіспеген, әрі әскери тәжірибесі жоқ, жаңадан ұйымдас­қан
осы бөлімшенің Ордаға келгенін елін сатқан жексұрын Мыл­

қайдар деген біліп қойып, Анохиннің бастауындағы бан­ды­лар­
ға хабарлайды. Түн ортасы ауа Анохиннің бандылары бейқам
жатқан жүз отыз жігітті қоршап алады. Тірідей жау қолына
түсуді ар көрген қызыл әскерлер қарулы жаумен арпалысады.

Осы соғыста елу адам тірі қалады да, сексен жігіт қаза болады.
Осындай халықтың азаттығы мен бостандығы жолында
құрбан болған сексен жігіттің өліміне Бейсен Жәнекешев:
Аттанып Нарынқұмға баралық та,

Қылышты қызыл қанға малалық та.
Кешегі құрбан болған сексен жігіт
Жолына Мылқайдарды шалалық та!—

күй  аңыздар
деп, қалған сарбаздарын ертіп Нарын құмына аттанады. Құм­
дағы шағыл арасында жасырынып, қашып жүрген Мылқайдар­
дың басын кесіп алады.

Сексен жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек:
«Қайран, қапыда кеткен ерлерім-ай!»—деп, «Сексен ер»
атты күйін тебірене отырып шығарды.

КӘДІРӘЛІ ЕРЖАНОВ/1885-1968/

326. «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада»

Кәдірәлінің ұстазы атақты күйші Қазанғап қасына ерген
шә­кірттеріне тек күй үйретіп қана қоймайды, оларды басқа
ауылдың домбырашыларымен тартысқа шығарып, қандай
жағдайларда қарсыласын жеңуге болатынын айтып, үнемі

бау­лып отырады. Бір жылы Кәдірәлі Қазанғаптың қасында
жүр­генде Табын руының Тасыбай, Қонақбай сияқты белгілі
дом­бы­ра­шыларымен тартысып оларды жеңеді. Кәдірәлінің
олар­ды жеңу себептері былай болыпты: Тасыбай мен Қонақбай

ауылындағы жасы жетпістер шамасындағы бір бай төрт әйелдің
үстіне бесінші етіп, көрші ауылдағы бір кедейдің жас қызын
малға сатып алыпты. Қыз байдың үйінде бір жұма болғанда,
елде қалған сүйген жігіті артынан іздеп келіп, бір түнде алып

қашып кетеді. Түн ортасында бай жас «жұбайын» іздеп, шырт
ұйқыда жатқан ауылды бөрліктіріп оятады.
Қыздың қашуына көмектескен сол ауылдың қу жігіттері
байды мазақтап, қыз бен жігіт ауылдан ұзағанша оны ал­дар­

қа­тып ауыл маңындағы қарабарақтың арасынан іздеген бо-
лып, «ана арада, мына арада» деп, түн ішінде қарауытып кө­
рінген қарабарақтың арасын байға аралатып, әбден сілесін
қатырыпты. Осы оқиғаны естіген Кәдірәлі Тасыбай, Қонақбай

ауылының байларын мазақтап, «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-
ау, мына арада» деп күй шығарғанда, Тасыбай мен Қонақбай:
«Сараң байдың қырсығы бүкіл елге, ел намысына тиді»,—деп,
өздерінің жеңілгендіктерін мойындапты. Сөйтіп, Кәдірәлінің

«Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада» деген күйі, осы
оқиғаға байланысты шыққан екен.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

МҮКЕЙ ӘБІЛҚАЙЫРҰЛЫ /1884-1916/

327. «Қосбасқан»

(ІІ нұсқа)
Мүкей мен Жайыр жортуылда жүріп бір байдың қыз ұзату
тойына қатынасып қалады. Олар өздерінің атын-жөнін құпия
сақтап, отау үйінде болып жатқан жастардың сауығына кіреді.

Олар жастар арасында біреулердің Мүкейдің «Телқоңыр»
күйін бұзып шертіп отырғанын көреді де, оның домбырасын
сұрап алып, «бұл күй менің білуімде былай еді»,—деп шертіп
береді. Құрбыларының қалауынша күйші жалғасты бір қауым

күйлерді орындайды. Қыза түскен домбыра сауығының бұл сал-
ты үлкендердің де құлағына шалынып, той иесі оларды ауыл
ақсақалдары отырған шаңыраққа шақыртып күй шерткізеді.
Топ арасында отырған орта жастардан асқан бір тақыс сау-

дагер сауда істеп жүріп Мүкей ауылдарына қонып кеткені есіне
түсіп, Мүкейді таниды да:

—Ой, інім, сен әлгі жортуылшы, күйші Мүкей екенсің ғой!

Ауыл-аймағың аман ба?—деп суырыла амандасады. Мүкей ша-
расыздан саудагердің тануын мойындайды. Той иесі Мүкейді
құрметтеп қонақ етеді. Ертеңінде аттанар алдында Мүкейге ел
ақсақалдары ақыл айтып:

—Алаштың өнерлі азаматы екенсің, мұныңа жұрт риза.

Атыңды сырттай естушы едік, бүгін көзімізбен көрдік. Ал жор-
тып жүріп жылқы қуатын өнерің де бар екен, мұныңа жанымыз
қас. Екі аяғыңды егіз баспа, алдыңғы өнеріңді алға сүйре, соң­
ғыңды су түбіне таста,—деп шапан кигізіп, ақ тілекпен аттанды­

рыпты. Мүкей осыдан соң ел тілегін жөн көріп, жортуылын да
қойыпты. Еліне оралғаннан кейін «Қос басқан» күйін жасапты.

328. «Терісқақпай»

Айсыз түн, қызыл іңір. Үштас жайлауының төрінде отырған
Қара Оспан бидің сегіз қанат ордасының жанынан жалғыз өтіп
бара жатқан Мүкей, үй ішінде шертіліп жатқан күйді құлағы
шалады да, атын қалтарысқа бекітіп қойып, үй іргесіне таяу

келіп күй тыңдайды. Оны сай тазанына ат қойып келе жатқан
екі жігіт шалып қалады да, «баспалап жүрген ұры»,—деп ұстап
алып, Қара Оспанның алдына апарады. Өзінің үй іргесіне не

күй  аңыздар
үшін келгендігін сендіре алмаған Мүкей Қара Оспанды мойын-
дату үшін, өнерін паш етіп күй шертеді. Қара Оспан да күмән­­
нан айығып, оның күйшілік өнерін қадір тұтады. Қара Оспан­

ның өзі де Мүкеймен күй шертіседі, қонақ етеді. Ертеңінде
Мүкей мал дауымен Қара Оспанға келген екі адамның әңгіме­сін
тыңдайды. Оның біреуі жоқ-жітік еді. Бұл дауға Қара Оспан­
ның дұрыс қазылық етпей, бардамға жан басып, кедейді айып-

ты еткенін көреді де, бидің әділетсіздігіне төзе алмаған Мүкей,
Қара Оспанның үйінде отырып қолма-қол «Теріс қақпай» күйін
шығарып шертеді. Күйдің сол кездегі аты «Қақпай» болып,
кейін «Теріс қақпай» деп аталып кеткен.

329. «Күзетші қыз»

Көгілдір ай сәулесі түсіп тұр. Жайлаудың жалпақ беткейін­
дегі ұйқыға батқан ауылдың солтүстік астырты теріскейлі
бүргені қалың болып, осы шытырманның арасын жарып өткен
жан жолмен екі жүргінші келе жатты. Олар күзеттегі қыздар­

дың «Екі-ай жирен» әнін құмарта тыңдап, Шоқпар тас түбегін­
дегі самырсынға аттарын бекітті де, ойға алып келген байекең­
нің ақбоз жүйрігін алып кетуді ойлайды. Күзетші қыздар бір
мезет айтқан әндерін тоқтатып, күй шертеді. Бұл күй Мүкейдің

«Жетім торы ат» күйі еді. Қыздардың күйдің ырғағын толық
түсіре алмай отырғанын аңғарған Мүкей, қасындағы жолдасы-
на: «Мен жолаушы бейнесімен қыздарға барып, күй шертіп ай-
налдыра тұрайын, сен осы орайда ақбоз жүйрікті алып кет»,—

дейді.
Кәперсіз аттан түсіп жатқан жігітті көрген қыздар үркер­дей
боп орындарынан тұрды. Олар жігіттің аман-сәлемін қымсы­на
алғандай болды. Мүкей қыздарға:

—Жолаушы едім, шерткен күйлеріңізді тыңдап сауық бар

екен деп әдейі бұрылдым. Мен де өздеріңіз сияқты күйқұмар
жан едім. Қане шертіңіздер, күйлеріңізді тыңдап көрелік,—­
дейді. Үш қыздың екеуі бұйығылау болса керек, бірін-бірі құ­
шақ­тап, сұңғақтау, ересек қыздың артын ала ығыстап тұр.

Үкілі құндыз бөрік, қос етек көйлек, шынтақ жең камзол ки-
ген қыз тіл қатты:

—Ағай, біз сізден «қараңғыда не қылған кісі?» деп қорқып

қалсақ, онда жақсы болды ғой. Келіңіз, отырыңыз,—деп үстіне

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
алаша жабылып, ішіне сырмақ төселген күркені нұсқады. Әлгі
сұңғақтау қыз наздана сөйлеп:

—Ағай, сіз Мүкей деген күйшінің «Жетім торы ат» деген

күйін білесіз бе?—деді. Тұнық құлын даусына күміс шолпысы
да үн қосқандай сыңғыр етті. Оның ай нұрына шағылған ақ­
ша бетінен еркелік пен өткірліктің, талап пен талғамның таң­
ғы самалы есіп тұрғандай. Қыздың қылықты сипатына жүрегі

жылыған жігіт:

—Қарындас Мүкей дегеніңізді танымасам да, «Жетім торы

ат» деген күйінен хабарым бар еді. Домбыраңызды беріңіз, шер­
тіп көрейін,—деп еді, қыз домбыраны ұсынды. Майысқан, кү­
міс сақиналы, сүйрік саусақтардың салалы уысынан сүйкімді
қыздың үкілі домбырасын алды да, Мүкей «Жетім торы ат»

күйін бебеулетіп жіберді. Жалынды күйшінің саусағынан күй
сезімінің саф алтыны төгілгендей болып, балауса қыздың бал­
ғын көңілін балбыратып бара жатқан сияқты.

—Бәсе, осылай шертілетін сияқты еді,—деп қайта-қайта

шерткізіп тыңдай береді.
Ақшарбы бұлттардың арасынан ақ сәулесін шашыратып,
сұлу Шолпан да сығалай бастады. Жігіт күйді тоқта­тып, ат­та­
нуға ыңғайланып еді, күзетші қыз қиыла сөйлеп:

—Ағай, сізге рахмет! Біз үшін жолыңыздан бөгелдіңіз.

Ауылыңыз шалғай болмаса, бұдан кейін де өнеріңізге ортақ
бол­ғым келеді,—деп қимас досынан айырылғандай мұңайып
ор­нынан тұрды.

—Ақжарқын қарындас, сіз де сау болыңыз! Өнер құмар

жаныңыздан айналдым! Тәлейым болса, тағы да көрісерміз...
Жігітті қолтықтап аттандырған қыздың қызулы алақаны,
оның жүрегіне сөнбестей от ұшқынын тұтатып жібергендей еді.
«Осындай бір кінәдан пәк періштені қалайша алдауға қи­дым»

дейтін өкінішті ой жігіт жүрегінде кете берді...
Сәресіден тұрған байекең жүйрікті жоқтайды. Күзетші
қыздар ешкімді көрмегенін айтып, болған істі жасырып қа­
лады. Ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып жүрген жалғыз

ерке­сі­нің сырын білетін байекең онан ары қузап айттыруға ба­
та алмайды. Күндер өтіп жатты... Қыз үйінен ұрланып, қалың
қара­ғай­дың арасында домбыра шертіп отырған жерінде әкесі
абай­сыз­дан үстінен түсіп қалады. Қыздың шертіп отырғаны

Мүкей­дің «Жетім торы ат» күйі еді. «Қалқам-ау, сол жоғалған

күй  аңыздар
хайуан сенің үйренген өнеріңнен садаға, Мүкейдің күйін үйре­
ніп­сің ғой»,—деп әкесі қызының маңдайынан искейді. Ат­тың
жоғалуы Мүкейден екендігі деректен еді. Қызы да болған іс­ті

жасырмай айта салады.
Бірнеше жылдан соң, ат иесі бір үлкен аста күй шертіп
отырған Мүкейге кезігіп: «Менің жүйрік көгімді алғандығың
шүбәсіз. Бірақ қайтармай-ақ қой, сен оның бодауына, менің

балама «Жетім торыңды» ерттеп мінгізіп кетіпсің. Менің ақ­
бо­зым сол «Жетім торыңның» ауыздығына байлаған баламның
тілашары болсын»,—деп кешіріпті. Күйші аталы сөз алдын-
да басын иіп, сол ас үстінде «сіздің балаңызға арнауым» деп

«Күзетші қыз» күйін шығарыпты. 330. «Телқоңыр»

(ІV нұсқа)
Мүкей бас болған он бес жортуылшы солтүстік Алтай сі­
лем­дерін мекендейтін дөртуыл елінен 300 жылқы айдап келіп,
Қаба ауданының батысындағы Қара жиде, Бүркеу дейтін жерде

жылқыны бөліске салады. Мүкей жолдастарына талап қойып:

—Маған осы жылқыдан көп бөлістің керегі жоқ, небары

ойға алған үш жылқым бар, соны беріңдер?—депті. Ондағысы
екі қара биені тел еміп келе жатқан қоңыр құнаншығарға көзі
түседі. Оның қолмен жасап қойғандай жұп-жұмыр сүйек біті­
мі, су төгілмес майталман жорғасы мен ат шаптыратын желісі

ерекше көзге түседі. Қоңыр құнан екі енесінің белінен елікше
секіріп түсіп ойнайды екен. жолдастары сұрағанын беріп,
Мүкей арманына жетеді. Қоңыр құнан екі енені кезек-кезек
тел еміп келгендігінен «Телқоңыр» деп аталады. Ол не үшін

екі енені емгендігін жылқының түпкі иесі болмаса, кім білсін?
Мүкей қоңыр құнанды дөненінде үйретіп қолға бағады. Оны
ат ағашқа байласа, жұлып тоқтатпайды. Үйге байласа, төбеге
шапшиды. Сондықтан ұзын шылбыр тағып, түскен жерінде бос

қойып үйретеді екен. Жануар шылбырды тартып, түлкі құсап
бұлаңдап ойнап тұрады екен. Телқоңыр қуса, құсты тістеп
жететін, қашса, шаңын да көрсетпей құтылатын «айтақалсын»
ат болыпты.

Телқоңырдың екі енесі екі жылдан соң, мекеніне қашып
кетіпті. Бір күні Мүкей мал көздемек боп, биік құмның басы-

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
на шығып, екінті намазын оқып жатады. Жанында дағдысы
бойынша бос тұрған Телқоңыр тегі енесі есіне түсті ме екен,
кенет кісінеп, ішін тартып аунайды да, сілкініп ап, бұрынғы

келген жағын бетке алып қаша жөнеледі. Намаздың қаза
болмауына әрең шыдаған ат иесі қара тер боп түтігіп жақын
маңдағы ауылдарға барып аттан сап, адам топтап, үш күн, үш
түн қуса да, телқоңыр жеткізбей, қарасын үзеді. Сөйтіп, орны

толмас өкінішке батқан Мүкей «Телқоңыр» күйін жасайды. 331. «Бұлбұл торғай»

(ІІ нұсқа)
Тамылжыған көктемнің май айы еді. Құлын жарғақпен қап­
талған домбырасын мойнына асып алған Мүкей, Білезік өзенін
құлдап, Кеңтөренің ауылын бетке алып бара жатты. Жылан-

дай жосылып аққан Білезік өзенінің бойы бүрлеген орман.
Күйші көңілін табиғат дүниесінің осы бір көрікті шағы баурай­
ды. Оның құлағына қайыңның бұтағына қонып сайраған бұл­
бұлдың әсем сазы шалынады. Мүкей атынан түсіп, байыздап

әлгі сайраған бұлбұл құстың әнін қызыға тыңдайды. Секем­шіл,
сезімшіл әнші бұлбұл бұтақтан-бұтаққа қонып құйқылжи­ды,
тамылжыған сыр шертеді....
Күйші домбыра тілімен бұлбұл торғайдың артынан еріп жү­

ріп әуеніне әуен қосып, жол бойында ет асым ерулеп «Бұлбұл
торғай» күйін жасап шығады да, қоналқыда Кеңтөренің үйіне
келеді. Күй ырғағын ұмытып қалмау үшін шай соңынан кейін
қайталай шертіп отырады.

Қазақ тұрмысы мен өнеріне қанық Кеңтөре:

—Мынау күйіңізді бұрын-соңды естімеген екем, аты не?—

деп сұрайды. Мүкей күйдің бүгін жол бойында шығарылған­ды­
ғын айта келіп, күйдің аты «Бұлбұл торғай» деп еді, Кетөре:

—Онда сенің ұстап алғаның менің түбегімнің бұлбұл тор­

ғайы болды ғой,—деп қағытпалы қалжың айтады. Мүкей:

—Оныңыз рас төрем, Қабаның елі де, жері де сенікі ғой,

«төресіз ел, төбесіз жер жоқ». Төреміз жарлық берсе, немізді
аяйық... Өзіңізге бір арызым болып шыққан бетім еді, көктем­
нің жаршысы тіл қатты. Жолым болар деп ойладым,—дейді.
Кетөре мақтаныңқырап, қарқылдап күледі де:

—Арызыңды айт,—дейді.

күй  аңыздар

—Тақсыр, бірнеше жылдың алдында немере қарындасым

Нұрғайшаны Сауыр тауының арғы бетіндегі Жайыр дейтін
өнерлі азаматқа қалыңсыз үйлендірген едім. Жайыр өткен
қыста «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген
ауыл кәрілерінің пікірі бойынша екі ат, екі бие әкеп беріп кет-

кен. Жуықта осы малдың артынан торғауыттан екі жоқшы
келіп екі атының көзін танып қайтарып алды. Қалған екі бие­
сіне екі құнажын байтал қайтарсам, олар: «сендер биелерімді
құлындатып, тығып отырсыңдар, малымның көзін аламын»,—

деп жанжал тудырып отыр. Оның биесін қыста соғымға жы­ғып
алған едік, осыны бітім қып берсеңіз,—дейді. Кетөре:

—Жегенің рас болса, айып тоғызсыз-ақ екі байталды орны-

на салып бітіруге болар. Ертең даугерді маған алып кел,—деп
кесімді жауап айтады. Риза болған Мүкей тағы да күйін шер­тіп
отырады да:

—Жолым болды, күй сіздікі болсын,—деп аттанып кетеді.

Сөйтіп, «Бұлбұл торғай» күйі «Кетөренің бұлбұл торғайы» деп
те жұрт арасына тараған екен.

332. «Ой, дүние-ай!»

(ІІ нұсқа)
Қыраулы күз. Ән салып, қош айтып жыл құстары да қайтып
жатты.
...Қазалы болғандарды жаназаласып, жерлескен Мүкей

Шұң­қыршидегі киіз үйімен отырған семиясына келіп сал­
ғырт­тау аттан түсті. Оның денесі жер тартып, желке жүйесі
шақ­қылап, көңілі айнып ауырғанына бірнеше күн болған. Ол
бір сәт төр алдында шынтақтай жатып, қоңырқай киіз үйдің

жарты­лай ашылған шаңырағынан алыс биікке көз тігіп, аспан
әлеміне үңіліп еді, бір топ тізбекті тырналар тыраулап төбесі­
нен бір айналып ұшқандай болды да, аздан соң көзден қарасы
үзіліп, құлақтан даусы тынды. Көктен естілген осы бір тырна-

лар әні оның құлағынан көпке шейін кетпеді...
Күйші ауыр күрсінді де басын көтерді. Кешкі шай қамымен
жүрген соңғы—жас жұбайы Көкежанға қарап:

—Ажалдың жер қармағы маған да ілінгелі тұрған сияқ­ты.

Халыққа келген зобалаңнан кім қашып құтылар дейсің! Кім­
нен артықпын! Бірақ амал не, ұрпақсыз кеткеніме өкінем! Көке­

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
жан, домбырамды әперші?—деді. Көптен бері қазалы болған­
дар­дың батақор қайғысымен қам көңілді жүрген Көкежан­ның
әжім­сіз сары қызыл жүзіне алауы өшкен әлдебір күңгірт кө­

лең­ке қонақтаған сияқты. Жарының әлгі айтқан сөзінен оның
жүрегі зу етіп төбесіне шыққандай болды.
Көкежан көзіне жас іркіп, үлкен абдыраның қақпағын
ашып, домбырасын алып берді де:

—Қайдағыны айтпаңызшы, қорқам, «жақсы лепес—жарым

ырыс» қой! Кеңшілігі бар Құдайым сақтар өзі,—деді кейісті
үнмен тіл қатып.
Мүкей домбырасының құлақ күйін теңшеп алды да, бір саз­ды
ырғақты қоңыраулата қағып келіп, сәл тыныстағандай күбірлеп:

—Ой, дүние-ай десеңші! Қайран өмір зымырап өттің ғой!...

Сайранды шағым—ұстаспас сағым,—деп ауыр күрсінді. Оның
жын буған бақсыдай дірілдеп, қалтырап тұрған тұла бойын
өз еркінен тыс бір қысым күш кернеп тұрған тәрізді. Соңғы
сазды ырғақты қайталап шерте береді. Бұл осы бір тұңғиық

түннің соңғы толғанысынан туған күй—«Ой, дүние-ай» еді.
Жарық дүниені—тіршілік күресін қимастықтан туған асқақ
армандарға толы күйші жүрегі осылайша ақырғы рет өмірімен
қош айтысты. Күйші өмірден кетті. Онан ұрпақ қалмады. Бірақ

оның артында өлмейтін күй мұрасы қалды. 333. «Үш күйдің аңызы»

Алқабекте деген бір бай болған екен. Байдың мәпелеп бақ­қан
екі енеге телі бір қоңыр құлыны болыпты. Оның жүрісі жай­лы,
жалы майда, өзі суреттей көркем екен. Байдың осындай әдемі
тағы да бір аты бар екен. Бай аттарды ұрыдан қорқып түнде киіз

үйде бағатын бопты. Бұл аттарды байдың Сәулем деген қы­зы
күзетеді екен. Сәулем домбырашы әрі әнші болыпты да, дом­
быра мен әнге қатты құмар екен.
Күндердің бірінде Боғданың Қаратауын мекендеген Мүкей

деген ұры байдың аттарын торып, жанына екі адамды ертіп,
осы ауылға келеді. Бірақ олар қанша торыуылдаса да, лажын
таба алмай бірнеше күн өтеді. Ақыры маңайдағы елден аттар-
ды түнде байдың қызы күзететінін, Сәулемнің домбырашы әрі

әнші екенін, домбыра шертілсе, құлақ түріп қалатынын естиді.
Сонымен қыздың қапысын таптым деп есептеген Мүкей жол­
дастарына:

күй  аңыздар

—Қызды мен домбыра шертіп айналдырам, сендер сол орай-

да аттарды қайтсеңдер де алып шығыңдар!—дейді де, кеште
қыз отырған киіз үйге барып:

—Бикеш, күйіңді шерт, естиін деп келдім,—дейді. Бұл

ұсынысты қабылдаған қыз домбырасын шертеді. Бірақ бей-
таныс кісіден тартынып, шабыттанып шерте алмайды. Сон-
да Мүкей қыздың домбырасын сұрап алып, «Қос қағу» деген
күйді безілдетіп ала жөнеледі. Ершіммен еркін шертілген күй

сазы қызды бірден баурап, өзінің ат күзетіп отырғаны мүлде
есінен шығып кетеді. Күйді бір ауық шертіп серіктері аттарды
шығарып болды-ау дегенде, Мүкей қызға қош айтып жөніне
кете береді. Қыз күйші жігіттің аты-жөнін сұрап қалмағанына

өкініп қалыпты. Бір кезде аттың жоғалғанын білген қыз, ата-
анасына айтудан қорқып, қасындағы қыздарға да: «Адам келді
деп айтпайық, ұйықтап қалыппыз деңдер»,—деп үйретіп
қояды. Көр заман жер-көкті шарлап таба алмай күдерін үзген

бай торығып отырғанда, қыз баяғыда жігіт шерткен күйді
шертеді екен. Әкесі бұрын қызының мұндай күйді шерткенін
естіп көрмегендіктен таңырқап: «Мұны қайдан үйрендің?» деп
қузай бастайды. Қыз шынын айтады. Сонда бай:

—Балам-ау, бұрын неге айтпайсың, аттар табылды емес

пе?!—дейді қуанып. Сонан ол Ертісті өрлей біткен домбыра-
шыны іздепті. Күйін тыңдайды. Бір күні Шақабай Мақатжан
дегеннің үйінен әлгі қызы шерткен күйді естиді. Бай бұл күй­
дің жайын сұрағанда, ол:

—Қаратаудағы Мүкей дегеннің «Қос қағуы» осы,—депті. Со-

нан бай Мүкейді іздеп Еренқабырғаға барса, екі аты кермесінде
байлаулы тұр екен. келген адамның бұйымтайын сезген Мүкей
алдынан шығып қарсы алып, қонақ қылыпты, қонақ әбден
тыныққан соң, Мүкей домбырасын алып:

Телқоңырыңызды міндім, жүрісі мынау екен, Майда­жа­лы­
ңызды міндім, жүрісі мынау екен, сізді осында алып келген қос
қағуым мынау,—деп үш күйді шертіп берген екен.

334. «Әттең, жалған, тұл дүние»

Қараңғылық пен надандық жайлаған өткен заманда күн
сайын үдеген сары ауру, елді өрттей шарпып, өлім көбейіп,
ауыл адамдары көмуге үлгермей қарбаластаныпты. Бұл дерт

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
Мүкейдің де бауырын жалап, үрім-бұтағын жалмапты. Сонда
қасіретті күйші, дауылды күні зәр күйіне келген қыран құстай
шарқ ұрып, «әттең, жалған, тұл дүние-ай» деп домбырада күй

төгіпті.

ӘШІМ ДҮҢШЕҰЛЫ /1896-1962/

335. «Ақ ерке, Ақ толқын, Жай толқын»

Халық ішінде мынадай бір аңыз бар екен: ертеде атақты бір
домбырашы жігіт жолдастарымен жолаушылап келе жатып,
сусындап алу үшін жол-жөнекей бір үйге түседі. Бұлардың ал-
дынан бір қабаған ит шығып үйге кіргізбейді. Сонда үйден бір

бойжеткен қыз шығады. Жігіт қасындағы жолдасына: «Мынау
неткен көргенсіз еді, келген қонақтың атын байламақ түгіл,
итті де қорымады-ау!» дейді. Жігіттер үйге кірсе, қыз оларға
көз салмай, төсек үстінде кесте тігіп отырады. Домбырашы

жігіт төсектің бас жағында тұрған күмістеулі домбыраны алып,
шертпекші бола бергенде қыз:

—Домбыраны бері әкеліңіз, бұзып қоясыз,—дейді. Жігіт

ашумен домбыраны қызға лақтырады. Қыз домбыраның құ­лақ
күйін бұзып тастап:

—Шерткіш болсаңыз, енді шертіңіз,—деп жігітке қайта

береді. Жігіт құлақ күйі бұзылған домбырамен ұзақ бір күй
шерте бастайды. Жігіт күйі қыздың көңіл-күйін тебірентіп
жібереді.
Қыз кергішті сүйеп қойып, жігітке қарай жылжи түседі.

Жігіт:

—Ауылымызға айта барайық, сізде бір күй шертіп беріңіз,—

деп домбыраны қызға береді. Қыз да бір күй шертіп, домбыра-
ны жігітке қайта ұсынады. Жігіт тағы ағытылып бір күй шер-
те жөнеледі. Жігіттің өнеріне риза болған қыз қымыз құюға
ыңғайлана бергенде, қолында саумал құйған көнегі бар шешесі

үйге кіріп:

—Бұларың кім, иен үйде дүрілдеген?—деп ашуланады. Қыз:

—Апа, жолаушы екен, сусын ішкелі келіпті,—деп ана

ашуы­на басу айтып, қымыз құя бастайды. Қыз домбырашы
жігітке бір кесе қымыз ұсынып: «Күйіңіздің аты не?»—деп
сұрайды. Сонда жігіт: Бұл—«Ақ ерке» деген күй, ал мынау «Ақ

күй  аңыздар
толқын», мынау «Жай толқын»,—деп оған қоса тағы екі күй
шерткен екен.
Әшім осы әңгімені естігеннен кейін, бұл күйдің дерегін көп

іздеп таба алмайды, ақыры сол әңгіме желісі бойынша өз алдына
қызға арнап, «Ақ ерке», «Ақ толқын» деген екі күй, кешігіп ой-
ланатын шешесіне арнап, «Жай толқын» деп бір күй шертеді.

336. «Қазақ-қырғыз достығы»

Бір жолы Әшімнің Құлжадағы қазақ-қырғыз ұйымшасында
тұрған кезі екен. Әшімнің жақын досы, қырғыздың атақты
күйшісі Асанәлі екеуі бір қырғыз семясында қонақ болса ке­рек.
Бозаға қызған соң Әшім мен Асанәлі жұрт тілегі бойынша күй

шертеді. Сонда Әшім өзіне деген қырғыз халқының дос пейі­лін
бейнелеп осы күйді шертеді. Жұрт: «Бұл не күй?»—деп сұра­ған­
да, Әшім: «Бұл—«Қазақ-қырғыз достығы» деген күй» дейді.

337. «Бөктергі»

Ел ішінде мынадай аңыз бар: тегінде бөктергі деген аса
қыран құс болыпты. Ол көзіне көрінген құстың бәрін алып жей
беріп, құс тұқымы азайып кетіпті. Құстар жиналып құс пат-
шасына арыз қылыпты. Құс патшасы да бөктергіге шара таба

алмай, барлық құсты жиып, оған қарғыс жаудырыпты. Бөк­тер­
гіге қарғыс тиіп, күніне жүзді қағып, бірді ілетін болып қа­лып­
ты. Әшім осы аңыз бойынша «Бөктергі» күйін шығарған.

338. «Самұрықтың зары»

Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан-жануар біт­
кенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, ба-
лапанын ұшырғаннан кейін, басқа бір өңірге қыстап келуге кетіп
қалады екен. Зәулім ағаш басына немесе жақпар тасқа ұялап,

әр жылы екі жұмыртқа табады екен. Ол бір жылы шыңырау
құздың басына ұя салып екі жұмыртқа басып, онысы балапан
болады. Бір күні ұрғашысы да, еркегі де жем іздеп шығып кетіп
қайтып келсе, жыртқыш құстың бір балапанын өлтіріп шоқып

жеп отырғанын көреді. «Әттеген-ай, уағында жем әкеліп бере
алмағанымыздан болды-ау!»—деп қайғыланған самұрық енді

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
жалғызының тілеуін тілеп, оны бағып-қағып ұшатын күйге
жеткізеді. Бір күні балапанын ұядан ұшырып шықса, балапа­ны
шыңырау құзға түсіп кетеді. «Енді жалғызым да қарамай кет­

ті-ау!»—деп зарлап, налып мекеніне кетіп қалады. Келесі жы­
лы және келіп ұялап, екі жұмыртқа табады. Бір күні ұрғашысы
жұмыртқаны шайнап ұядан ұшып шығып, қасындағы ағаш­
тың саясына қонақтап, ұяға қарап отырса, аспаннан бір қара

құс екі аяғын салбыратып ұшып келіп ұяға түседі де, қайта тік
ұшып шығып кетеді. Самұрық құс бұған таң қалып, «бұл тегін
емес, мұнда бір сыр бар», деп түйеді. Сөйтсе, айтқандай, аспан-
нан ұшып түскен құс жыртқыш, қасыкөй құс екен. Өзінің бір

жұмыртқасын әкеліп, самұрықтың бір жұмыртқасын алып
кетеді екен. Мұны білген самұрық балапанына зар жылап
қысқы мекеніне қайтады екен. Сол момын құстың зарына зар
қосып, «Самұрықтың зары» деп шерткен күй еді.

339. «Желмаяның желісі»

Ерте заманда бір батыр болыпты, ол елі десе жанын үзеді
екен. Бір күні елін ұры шауып кетіпті. Ол қасына қалың қол
ертіп жауын қуалап, шауып кеткен малын қайтарып әке­лу­
ге жол тартыпты. Батыр желмаяны баптап мінеді екен. Жау

ұзап кеткендіктен тізгін үшімен жүруге тура келіпті. Осы кезде
қасындағылар желмаяның желісіне жете алмай кейіндеп қала
беріпті. Оларға қарайын десе, жау ұзап кететін болыпты.
Сонымен батыр жалғыз өзі желмаяның бар желісімен ағы­

тылып келе жатса, Іле өзені сияқты өзеннің Жаманты сияқ­ты
бір білек жеріне кез болыпты. Батыр желмаяның ек­пі­німен
келіп іркілмей өзеннен аттағанда, желмаяның артқы аяғының
өкшесі суды шалып еткізіп қалыпты. Сонда әлгі батыр «бізден

кейінгі балалар ойлай-ойлай өтетін бұлақ екен»,—деп артына
бұрылып бір қарап қойып, желмаяға қамшы басып жүріп кет-
кен екен.
Ертеден қалған осы әңгімеде жүйрікті таңғаларлық етіп

суреттеумен бірге, үлкен өзеннен өткеннен кейінгі батырдың
сөзі, кейінгілер үшін бірер іске кезіккенде алдымен ойлану жөн
екенін ескертеді. Желмая сияқты жүйріктің желісінен шабыт
ала отырып, Әшім «Желмаяның желісі», «Сұр толғау», «Өрелі

шабдар» т.б. күйлерді шерткен екен.
21-136

күй  аңыздар 340. «Таң бұлбұлы»

Күй қуалап, ізденіп жүрген жас Әшім, бір жылы Көкқамыр
баурайын аралай келіп Қайшы, Шірке жайлауында болады.
Барған жегжатының Әшіммен шамалас бір ұлы бар екен. Екеуі
кешқұрым сауындағы биені өрістетіп жіберіп, кешкі айтыс

өлеңге барып, таңға жақын қайтады да, өрістегі жылқының
маңына, бұлақ бойындағы бітік бозтал арасына келіп көз шы-
рымын алады. Таң рауандап келе жатқанда Әшім ояна кетеді.
Тал арасынан бір бұлбұлдың сайрап тұрған үні құлағына шалы-

нады. Әшім сан әуенді бұлбұл үніне қатты қызығып ұйып тың­
дай­ды. Бұлбұл үні тоқтаған кезде Әшім домбырасын қолына ала
салып, әсем саз шығарып, бұлбұлға дыбыс береді де, қайтадан
тоқтата қояды. Бұлбұл қайта сайрай жөнеледі. Бұл тұста Әшім

домбыра үнін көтеріп әсем күйге басады. Мұны естіген бұлбұл
сайрауын тоқтата қояды. Жайлаудың жайлы таңы, табиғат­тың
ерке, шешен құсы мен өнер қуған жас домбырашы Әшім әрі
өнер жарысында отырғандай әрі тәтті әуенмен сырлас­қан­дай

болады.

—Мен бұл іске қатты таңырқадым,—деуші еді Әшім, осы

жай­лы сөйлегенде,—бұлбұлдың сайрағанына назар аударға­
ным да сол екен. Бұлбұл ұшып жақындап келеді де, тағы сай­
райды. Бұлбұлдың әсем әніне берілгендігімнен қасымдағы
жігітті де оятпаппын, күн қыза келе бұлбұл ғайып болды, қалың

бозтал ішінен оның бойын да көре алмадым. Табиғаттың осы бір
еркесімен «сырласып» отырып, биені де кеш жиып қайттық.
Адам сезіміне осындай ерекше ықпал жасалмаса, шабыт қайдан
келсін! Мен «Таң бұлбұлы» деген күйді осылай шығардым.

ҮСЕН ТӨРЕ /шамамен XІX-XX ғғ./ 341. «Шамшырақ тас»

Ол заманда, жазда, қазақ ауылдары мал жайылымын өз­
гертіп, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отырған. Сондай
бір көште Тананың әкесі Тілеміс би үлкен ұлы Тананың киіз
үйін ең алдымен көшіріп, жайлауға апарып қондырып қояды.

Қалған ауылдар біртіндеп, өз кезегімен соңынан көшетін бола-
ды. Тананың отауы тігілген жасыл жайлау Ертіс өзенінің дәл
жағасына таяу екен. Тана мырза күндіз киіз үйдің ішінде дем

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
алып ұйықтап жатса керек. Әлден уақыттан соң бір нәрсенің
ыңылдаған дауысынан оянып кетіп, көзін ашып қараса, киіз
үйдің ішінде есіктен төрге дейін қаптап, толып отырған бір

түрлі мақұлықтарды көреді, не екенін біле алмайды. Бұрын
мұндайды көрмеген жас жігіт есікті сырттан жауып, далаға
шығып, біреуді «келесі ауылдағы Ертісбай қарияны тез ертіп
әкел» деп аттандырып жібереді.

Ертісбай қария Ертіс өзені бойында туып-өскен кемеңгер
қарт болса керек. Қария келіп ғажапты көзімен көреді.

—Бұл дарияны мекендейтін терісі аса қымбат ақ бас құн­

дыздар. Бұлардың сенің үйіңе өздерінің келіп кіруі ғажап, өте
сирек кездесетін құбылыс. Шырағым, саған Алла рахым етіп
бақ-дәулет қонады екен,—депті Ертісбай. Жас жігіт Тана:

—Бұларды енді қайтеміз?—деп сұрапты қариядан.

Бұлар дарияның жоғарғы ағысына қарай серуендеп кетіп
бара жатыр екен. Күн ыстықта көлеңкелеп, сенің үйіңе келіп
кірген көрінеді. Бұлар да даланың аңдары, сойып, терілерін сы-
пырып алу керек. Бұл ақ бас құндыздардың терісі аса қымбат

саналады. Бір ғана жаға болатын төрт елі құндыз терісінің
құны қос ат тұрады немесе екі ту бие болады. Сонда бұлар
қанша байлық екенін өздерің ойлап көріңдер. Ала жаздай да-
рияны кезген балықшы осының біреуін ұстап алса, үлкен олжа

көреді,—деп Ертісбай қария төрде отырған үлкен құндызды өзі
соғып өлтіріп, Тана мырзадан рұқсат сұрап, осының ұртын­да­
ғы нәрсені мен алсам депті. Оның не нәрсе екенін Ертісбай өзі
айтқан соң ғана басқалары біліпті. Ол—«Шамшырақ тас» екен.

Құндыздар тобын басқарушы қараңғы түнде шамшырақты
тісіне тістеп алып, маңайын жарқыратып басқаларына жол
көрсетеді екен. Сол тасты түнде қағаздың үстіне қойса, соның
жарығымен қағазды оқуға да, оған жазуға да болады. Кейін­нен

ел біліпті: Ертісбай сұрап алған сол шамшырақ тастың құны он
екі атқа бағаланыпты дейді.

ТҮРКЕШ

342. «Қоңыр ала»

Түркештің тұсында Жолдыбай деген кедей болыпты.
Жолдыбайдың мал дегенде, маңдайына біткен жалғыз қоңыр

күй  аңыздар
ала аты бар екен. Ол шапса, алдына қара салмайтын жүйрік
болса керек. Талай ат шабыс бәйгісінің жүлдесін жеңіп алып-
ты. Бұған іштері күйген байлар мен билер, қалай да осы атты

өздерінің қолдарына түсіруге, тіпті болмаған күнде Қоңыр
аланың көзін құртуға тырысады. Жолдыбайдан қолқа салып
Қоңыр аланы сұрайды. Бірақ Жолдыбай оған көнбейді. Ақыры
болмайтынын білген соң, би өзінің шабармандарына:

—Қоңыр аланы ұстап алып келіңдер!—деп бұйырады. Ша­

бармандар жайылыста жүрген Қоңыр аланы жан-жақтан қор­
шап ұстамақшы болады. Бұл келгендердің бөтен адамдар еке­нін
сезген Қоңыр ала қоршаудың бір шетінен бұзып өтіп, ауыл­ға
қарай қашады...

Қуғанмен ұстатпайтынын сезген шабармандар Қоңыр ала-
ны атып мертіктіреді. Жануар жаралы жанын қинай-қинай
қуғыншылардың қолына түспей, үйіне жетеді. Атының ая-
нышты халін көрген Жолдыбай маңдайына біткен қимас жал­

ғыз атының мерт болғанына қатты қайғырады. Өзіне қастан­дық
ойлаған билерге лағынет айтады.
Жолдыбайдың осы жағдайын көрген Түркеш «Қапыда кеткен
қайран, қоңырым-ай» деп, «Қоңыр ала» атты күй шығарады.

ХАНЫМ

343. «Айнам қалды»

(ІІ нұсқа)
Өткен ғасырда, Батыс Қазақстандағы төрелердің ауылын-
да елге қадірлі, шебер домбырашы атанған Ханым деген қыз
болыпты. Сол ауылда Ханымның жасынан сүйген Оспан атты

жігіті бар екен. Оспан сіңірі шыққан кедей болады.
Бір ауылда жүрсе де, бұл екі жас ата заңынан аттап, бір-
бірі­не қосыла алмайды. Сөйтіп жүргенде Ханымды бір байдың
ба­ласына ұзатады. Оспан болса, елдегі бір кедейдің қы­зы­на

үйленеді. Жалшылықта жүрген Оспан Орынбор, Ойыл жәр­мең­
келеріне байдың малын айдап жиі барады екен. Сондай сапар­
ларының бірінде Оспан Орынбордан Ханымға арнап ескерткіш
ретінде бір әдемі айна әкеліп, көзімдей көріп жүр деп сыйға тар-

тыпты. Арада бірнеше жыл өтіп, Ханым елде қалған Оспанды
ойлап, есіне түсіру үшін айнаға қарайын десе, айна жоқ болып

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
шығады. Сонда Ханым домбырасын алып, «Көшкен жұртта
айнам қалды» деп күй тартыпты. Сөйтіп, халық арасында
Ханымның бұл күйі «Айнам қалды» атанып кеткен.

БАЛБИКЕ

344. «Бал бұрауың»

Ертеде Маңғыстау түбегінде бір байдың Балбике деген әйелі
болыпты. Балбике—әрі ақылды, әрі ел-жұртына беделді бол­ған
екен. Бірақ ол бала көтермей, бай Балбикенің үстіне жас әйел
алыпты. Екінші әйелден бір бала болып, байдың көңілі жас

әйелі мен балаға ауады. Баланың жоқтығы Балбикенің жа­ны­на
қатты батады. Ол қамығып, қайғырып домбырасын алып күй
тартып өзін-өзі жұбатады.
Бір күні ауылда той болып, тойда Балбике домбыра тарта-

ды. Ол тартқан күйлерді халық құмарта тыңдайды. Әсіресе,
Балбикенің соңғы тартқан күйіндегі мұңды сазды сезген бір
қарт:

—Е, шырағым-ай! Он саусақтан шыққан екі шекті бал бұ­

рауың, болып тұр ғой сайраған мұңды жырауың,—деп күр­
сініпті. Сол жерде отырған басқа тыңдаушылар да:

—Я, бұл жәй бұрау емес, бал бұраудан шыққан зарлы күй

болды,—десіпті. Сөйтіп, Балбике тартқан осы күй ел арасында
«Бал бұрауың» аталып кетіпті.

ЖАҢҒАРА

345. «Жанғара күйші»

Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып
алып:

—Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жа­

ңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Бұл
шартымды орындай алмасаң, бұдан былай домбыраны қолыңа
ұстауды қоясың,—дейді.

—Мақұл,—дейді күйші.

—Ендеше, қазір ол үйге келіп қамыр илейді. Сол кезде

күйіңді бастайсың.

күй  аңыздар
Сөйтіп, келіншек қамыр илеуге кірісе бергенде, Жаңғара да
бір күйді тарта жөнеледі. Бір күйден соң екінші күйге басады.
Бір кезде күйге ұйыған келіншектің қолы керсеннен шығып

кетіп, жер сипап отырғанын байқайды. Қараса, байдың қабағы
түсіп кетіпті. Жаңғара домбыраны қасына сүйеп қойып:

—Байеке, енді кезек сіздікі,—дейді.

Бай лажсыздан орнынан тұрып, әлгі айтқан уәдесін орын­дау
үшін, етегін бір қағып, тысқа шығып кетеді.

346. «Аллам жар»

Аспантайда ұрпақ болмаған екен. Әулие-әмбиелердің ба­сы­
на қонып, ел аралап, Алла Тағаладан нәресте тілейді. «Ұрпақ­
сыз қаламын ба?» деп қатты қиналады. Бір күні Аспантай биік
төбеге барып түнейді. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Алла Тағала

ниетіңізді қабыл етті, көп ұзамай нәрестелі боласыз, атағы жер
тарапқа тарайды»,—дейді. Көп ұзамай дүниеге ұл бала келеді.
Алладан тілеп алған баласына Тілеп деген есім беріледі. Бала
жыламай, емшек ембей, денесінде құр жаны бар болып ерек-

ше туылады. «Иә, Алла, тілеуімізді бердің, бірақ баламыз аш-
тан өледі ғой» деп зарлап отырған кезде, Марал Ишан деген
көріпкел-бақсы баласына дем салып: «Балаларың бұл өмірге
әулие болып туылған, бесігінде Алланың жіберген көмекші­лері

жанашыр болады»,—дейді.

ЫБЫРАЙ

347. «Делдал күйі»

Өткен ғасырда арғы бет керейдегі төрт тайжының бірі—
Жайырдың асы болып, асқа сауыр Сайқан, Қаба, Алтайдан,
бұл жағы Еренқабырға, Боғдадан адам шақырылады. Аты жер
жарған асқа игі жақсылар, өз елінің небір өнер иесі болған ән­

ші-күйшілерін, атан жілік арыс азаматтарын алып келеді.
Біріне-бірі жалғанып айтылып жатқан ән, жығысып жат­қан
палуан, шертіліп жатқан күй ішінде жалпақ жұрттың жү­рек
пернесін басқан «Делдал» күйі болады.

Он саусағынан өнер тамған қарт Ыбырай қолына дом­
бырасын алысымен өзінің күй орындау өнерінің ерекшелігін

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
танытып, бірінің артынан бірін шерте отырып, әлден уақытта
белгісіз бір күйді мың түрлендіре жөнелгенде, көзінің жасы са-
лалы сақалынан сорғалайды. Бұған отырған елдің де сай сүйегі

сырқырайды. Қарт бұл күйін өзінің үлкен келіні қаза болғанда
«Делдал» атты күйі екенін айтады. Әңгіме былай екен:
Ұлы Наумел жайлауға көшерде қалыңдығының сырқат
қалғанын көріп, ел жайлауға барған соң көңілі орнықпай дел-

сал жүреді. Жайын біліп келейін десе, қырық көш төр жай-
лаудан ойға түсу оңай болмай, күндері өте береді. Ұлының бұл
халін ұғып, түсінген Ыбырай, ақыры ұлын барып хабарласуға
жөнелтеді.

Наумел күн жүріп, түн жүріп қайын жұртына таяғанда
тобыр адамның зиратқа беттеп бара жатқанын көріп, жүрегі
аласатып, ат басын тарта қалады. Жігіт ең соңында кетіп бара
жатқан жалғыз адамнан жай ұғысса, жерлегелі әкетіп бара

жатқан өз қалыңдығы болып шығады. Сонда Наумел төбесінен
жасыл түскендей аттан құлап қалады. Ел де күйеу баланы та-
ниды, ес жидырып топырақ салуын айтады. Көз жасын көл ет-
кен Наумел күзде алғалы отырған қалыңдығын жерге көміп,

сүлдерсіз жайлаудағы үйіне оралады. Неше күн нәр татпай,
әкесінің ақылымен әрең есін жияды. Ақыры әкесі: «Ал, ба-
лам, өтер адам өтті ғой, сонда осы өлімде саған қатты батқаны
қандай іс болды, айтшы?!»—дегенде, Наумел: «Маған бәрінен

батқаны—зиратқа беттеп бара жатқан адамдарды көргенде,
алуан түрлі оймен, делдал күйге түскенім» дейді. Әкесі Ыбырай
осы бір аянышты халден тудырып, «Делдал» күйін жаратқан
екен.

Күйді тыңдаған тамам жұрт: «Ойпырым-ай, нағыз өнер ғой,
осындай өнерлі қолдар да кәртейіп, бір күні топырақ астында
саудырап қалады-ау»,—деп қимастық аңғартқан екен.

САЙМАҚ

348. «Сары өзен»

(ІІ нұсқа)
Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар
қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, мал-
дарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның ішінде жылқышы Саймақ

күй  аңыздар
та бар екен. Қалмақ елінде Саймақ үш жыл тұтқында болып,
олардың малын бағады.
Бір күні қалмақтың ханы үлкен той жасап, елдегі барлық

өнерпаздарды жинайды. Той қызып, әншілер, күйшілер, жыр­
шылар өз білгендерін сыншыға сынатып алдынан өтіп жат­
қанда, орда сыртынан сайраған сыбызғының үні естіледі. Хан
да, сыншылар да, халық та елең етіп, бәрі де мына бір тосын-

нан естілген сыбызғы үніне таңырқай құлақтарын түре қалады.
Сыбызғышы бір сазын аяқтап, жаңа күйге көшкен кезде, хан
уәзірлерінің бірін шақырып:

—Бұл кім болды екен? Барып біл де, осында алып кел!—

дейді. Ханның айтқанын екі етпейтін уәзір ордадан шығып ай-
нала іздеп жүрсе, бір үйдің көлеңкесінде екі көзін тас жұмып,
сыбызғының сазына әбден беріле тартып отырған, өздерінде
тұтқында жүрген Саймақты көреді. Уәзір Саймақтың қасына

келіп:

—Жүр, соңымнен ер!—деп, ханның алдына алып келеді.

Хан Саймақты қарсы алдына отырғызып:

—Сенің мұндай өнерің бар ма еді? Мына тойға неге кел­ме­

дің?—дейді. Сонда Саймақ қолын кеудесіне апарып:

—Тақсыр! Ел-жұртынан айырылып, қаңғып жүрген мен-

де той тойлайтын не көңіл бар, оған қоса мені ешкім тойға
шақырған жоқ,—депті. Саймақтың бұл сөзін естіген хан:

—Жә! Арызыңды кейін айтарсың! Кәзір өнеріңді көрсет!—

дейді.
Саймақ сыбызғысымен бір күйді күңіренте тартқанда ха­
лық ұйып тыңдайды. Ол сыбызғысын той біткенше тартады.
Халық Саймаққа дән разы болып, алғысын айтыпты. Хан да

Саймақтың өнеріне бас иіп:

—Сен өнерің бар адам екенсің, мұнан былай менің құл­шы­

лығымда жүрмей-ақ қой, еліңе барып өнеріңді шыңда, рұқсат
етемін,—депті.
Бұл сөзге Саймақ қуанып, ауылына қайтуға әзірленіп жат­
қанда қасында уәзірлері бар хан келіп:

Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын тебінер.
Ер ел-жұртын сағынса,
Ер-тұрманын тағынар,—

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
дегендей, елге жүруге даярланып жатыр екенсің, жаяу қайтпа,
анау жылқыдан өзіңе ұнаған бір атты ұстап мін,—депті. Хан ат
мінуге рұқсат берген соң Саймақтың есіне—өзінің құлынынан

үйретіп өсірген Саржорға аты түседі. Осыдан үш жыл бұрын
Саржорғаны Саймақтан қалмақтар тартып алған екен, енді
топ жылқының ішінен Саймақ Саржорғаны ұстап мініп, еліне
тартады. Ауылға жақындағанда Сары өзеннен өтіп, ат шалды-

рып, біраз тынығып, туған жердің топырағына бір аунап алуды
армандаған Саймақ өзеннен өткенде астындағы Саржорға аты,
алдыңғы аяғын тарпып, оқыранып, кісінеп қоя береді. Мұны
көрген Саймақ:

—Шіркін, жануарым-ай! Елін, жерін, суын бұл да сағынған

екен ғой. Пысқырынып амандасып жатқанын қарашы,—деп,
біраз айналаға қарап тұрды да, «қой, жануар ат та өз жеріне
келгенін білдіріп, қуанышты үнін шығарғанда, менің үнсіз
қалғаным жарамас»,—деп сыбызғыдан бір күйді тебіренте тар-

та беріпті. Күйін ойнап біткен соң, аман-есен ауылына келіпті.
Ел-жұрты Саймақты көріп қуанып, оны ортаға алып, көрген-
білгендерін сұрайды. Саймақ қалмақ ханының құлшылығын­да
болғанын, одан сыбызғы тартып босағанын, елге жақында­ған­да

Саржорғаның пысқырғанын айта келіп: «Сары өзеннен өт­кен­
де мен де сыбызғыдан бір күй шығарып едім, енді сол сазым­ды
домбыраға салып тартайын, оның аты «Сары өзен» бол­сын»,—
деген екен.

НАУМЕЛ

349. «Төрт жаяу күйі»

Кешегі үкіметтен зорлық, жаулық көрген аласапыран заман-
да Алтайдан ауып босқан ел қайда тыныштық, қайда бостан­дық
бар деп, Мори, Баркөл, Гансуға ағылған. Осындай босқан елдің
соңынан қуған үкімет әскері жазықсыз елді қырғындап, қа­зақ

көшінің соңын мал мен адамның сүйегіне толтырады.
Осындай астаң-кестеңде он бір жігіт елден бөлініп кетіп,
жаудан қуғын көреді. Басы ауған жаққа қашқан жігіттер,
өздері­нің елсіз құмды далаға шығып кеткенін бір-ақ біліп,

аштық пен шөлден астындағы аттарын сойып жеп жаяу
қалады. Ақы­ры күн сайын қатары азайып, Баркөл маңында

күй  аңыздар
отырған елдің үстіне төрт жігіт қана келеді. Төрттің бірі
Ыбырайұлы Наумел екен, неше күн ел-жұртпен аманда­
сып, сағыныш мауқын бас­қан соң, Наумел ертелі-кеш белгі­

сіз әуенмен, қолына домбыра алып толғанып, ақыры «Төрт
жаяу» күйін шығарған екен.

ЖАНЖІГІТ

350. «Салкүрең»

Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен
ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жан­
жігіт дейтін сал болған екен.
Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. Осы

күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт
салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе, қоңыр аттың
сүйек бітімінің ірілігіне қарап «Молқоңыр» дейді екен. Осы
екі атының жүрісін Жанжігіт домбыраға салып күй ғып шер­

те­ді екен. Бара-бара ол «Салкүрең», «Молқоңыр» деген халық
күйіне айналыпты.

РАҚЫМ

351. «Рақымның өмір толғауы»

Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер Рақым деген
шебер өткен. Ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық
тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген,
өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. Рақым тіккен

саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс
белбеуді жұрт қадыр тұтқан. Рақымның таутекенің мүйізінен
жезбен оюлап жасаған сары ала шақшасы, сол заманның
қолы жеткендері мақтанышпен алып жүретін зіннат бұйымы

бол­ған, десе де Рақымның шеберлігін елге айырықша
танытқан өнері—оның жасаған домбырасының көркемдігі
мен шешендігі екен. Рақым шеберлік өнерінің сыртында,
асқан домбырашы да болған кісі. Оның мұндай қасиетіне

өз қолымен жасаған домбырасының ойдағыдай шешен де,
көркем болуы негіз болатын. Сондықтан ол домбыраның

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар
құлағынан тиегіне дейін өзі орналастырып, әрбір пернені ор-
нын тауып байлап қолынан бір-ақ шығарған. Домбыра алуға
келгендерге Рақым алдымен өз күйі «Өмір толғауын» тартады

екен. «Әзір аттанамын» деп отырған жүргіншілер Рақымның
күйін қимай, ақыры атының ерін алуға мәжбүр болады
екен. Міне, осылай «Өмір толғауы» жұрттың жүрек қылын
тербететін күйге айналған. Рақымның көптеген шәкірті, не-

месе Рақым қолынан шыққан домбыра­ны ұстайтын домбыра-
шылар қашан, қай жерде болсын өздері­нің күйін Рақымның
«Өмір толғауымен» бастайтын болған.

ӘМІРЕ

352. «Әміренің арманы»

Әміре—Алтайда туып, кейінірек Еренқабырғаға көшіп
келіп мекендеген. Күйші, қолөнершілікпен жан бағып, етікші,
ағашшы, темірші болған. Жас ортасында әйелі қайтыс бо-
лып, жалғыз ұлынан басқасын ауру жалмап кетеді. Бұл соққы

оған қатты батады. Уайым-қайғы бұлты басынан айналып
шықпайды. Жалғыз ұлы азамат болып қалса да, аяғын қол
қысқалықтан шырмай алмайды. Өстіп жүргенде сол жалғызы
да өліп, қу басы ғана қалады. Жалғызының қызығын көре ал-

май, одан айырылып қалғанына қатты назаланып, есінен тана
жаздайды. Халық жиылып, қабір басынан қайта оралғаннан
кейін, ел ішіндегі тілді, жақты адамдар Әміренің көңілін аулап
жақсы сөздерін айтып оны жұбатады.

Осы кезде домбырашы Әміре, ашада ілулі домбырасын
қолына алып, бір мұңлы күйді:
Ой, жалған, жалған ай!
Жалғаннан көңіл қалған ай!

Жалбарынып өткен Алламның,
Жалғызымды да алғаны-ай!
Көкірегіме шер боп байланды,
Таусылмайтын мына арман-ай!—деп күңірентіп

шерте жөнелген екен. Содан бастап қалған өмірінің әр күні на-
мазын өтегеннен кейін қолына домбырасын алып, баласының
өліміне арнаған осы «Арман» күйін шертіп өткізген екен.

күй  аңыздар

АҚЫМЖАН

353. «Ақымжанның қоңыр күйі»

Ақымжан—Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сы­
быз­ғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның
өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақым­
жанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып

қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кез-
де Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді. Ақымжан
сыбызғы тартқанда басындағы кепеші бірде желкесіне кетсе,
бірде маңайына келіп жүріп тұрады екен. Күйші өзі жылқы

бағуды ұнатыпты, Естіген құлаққа қарағанда, Ақымжан жыл­
қыны сыбызғымен жусатады екен. Ол сыбызғы тартқанда,
жылқы құлағын қайшылап, еріні жыбырлап, мүлігіп тыңдап
қалады екен. Бірде бір байдың жылқысын жортуылшылар қуа

қашып бара жатқанда, Ақымжан сыбызғы тартқан екен. Сонда
айдаудағы жылқы тоқтап, қайта желісіне оралыпты.
Қазақтың көптеген сыбызғы күйін Ақымжан ақсақал кейін­
гі ұрпаққа жалғастырып, танытып, мұра етіп қалдырып кет­

кен. Қай жерде ойын-сауық, топ болса, той басын «Ақымжан­
ның қоңыр күйімен» бастау әдетке айналған.

ОРАЗБАЙ

354. «Оразбайдың ақ белбеу аты»

Еренқабырғада аты шыққан атақты сыбызғышы Құрыш
деген адам өткен. Оның «Оразбайдың ақ белбеуі аты» деген өз
туындысын көп тартып, халық күйі етіп қалдырған. Ақ белбеу
бір кедейдің жүйріктігімен, жорғасы мен аяңына ат желіп ілесе

алмайтын, топпен жүргенде қырындай ойнақтап, әсем басатын
көркімен елді таңқалтқан ат болыпты. Сондықтан өнерпаздар
оны күй етіп, аттың әсем жүрісін күй тілі арқылы бейнеле­ген.
Қысы-жазы арқасынан ер кетпейтін кедейдің жалғыз ке­рігі

болғандықтан, ат айыл қиып, ақ айыл болып қалады. Сон­дық­
тан ел оны ақ белбеу ат деп атап кеткен.

күй  және  күйшілер  туралы  аңыздар

МҰХИТ БИТЕНОВ

355. «Үш балам»

Мұхит Битеновтың күйі. «Үш балам» күйін 1962 жылы ав­
тордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді.
1941 жылы Битенов Мұхит Отан соғысына аттанғанда оның
үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді.

1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады.
Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда алдынан шы­
ғатын үш баласының бірі де болмай, бәрінің де қайтыс болға­
нын естіп, қатты қайғырады. Ол өзіне жұбаныш болар ештеңе

таппай, төрде ілулі тұрған домбырасын алып көзден жасын
ағыза, толғана, тебірене отырып бір күй тартады. Күйді тыңдап
отырғандардың бірі:

—Мұхит, мына тартқаныңыз бұрын естілмеген саз ғой, аты

қалай?—дегенде:

—Я, дұрыс айтасыз! Бұл үш баланың қайғысына арнаған

«Үш балам» атты күйім,—депті әрі күйші, әрі жауынгер Мұхит
Битенов.

МЕРУЕРТ МЕРХАДИН

356. «Аққу»

(V нұсқа)
Меруерт Мерхадиннің күйі. Бұл күйді 1962 жылы Меруерт
өзі орындап, шығу тарихын да әңгімелеп берген еді.
1930 жылы жаздың бір шуақ күнінде Меруерт Сарытау

етегіндегі көлге құс аулауға барыпты. Көлдің ортасындағы
шағын аралды айналып төрт аққудың жүзіп жүргенін көреді.
Толқыны тербеліп, жартасқа соғып жатқан судың жағасы­
на киімдерін тастап, мылтығын алып, Меруерт әлгі аралға

малтып өтеді. Онда аққулардың ұясы бар екен. Ұядағы сегіз
жұмыртаның алтауын алып, екеуін қалдырады. Меруерттен
бір пәленің келгенін сезген аққулар, судан көтеріліп, ұясының
үстінен айналып шығады да, жағада тұрған Меруертке қарай

жалынышты үнмен сұңқылдап ұшады. Мұны көрген Меруерт:

—Осы жерден алып кете алар ма екен, соны көрейінші,—

деп, әкелген жұмыртқаларын жағаға қойып, өзі бұғып, тасадан

күй  аңыздар
қарап отырады. Аққулар жұмыртқаға әлденеше рет жақын­дап,
қанатымен қағып, аяғымен іліп кетпекші болды да, ала ал­май
төрт-бес дүркін айналып ұшып, мұңды үнмен көлді жаңғыр­тып

кетіп қалады. Меруерт сол аққулардың жұмыртқасын іздеп
ұшқанын көріп, олардың жалынышты үнмен сыңқылда­ға­нын
естиді...
Үйіне келген соң далада көрген оқиғасын, табиғат көрініс­

терін көз алдына елестетіп, аққулардың сыңқылдаған дыбы­сын
домбыраға салып, Меруерт «Аққу» деп күй шығарады.

Томға енген мәтіндерге  түсініктеме
Қазақтың халық аңыздары—ұлттық фольклорымыздың ең
бір көне де көлемді жанрларының бірі. Жалпы, аңыздардың
тақырып аясы өте кең, сюжеті де сан алуан болғанмен, фольк­

лортанушы ғалымдар оларды екі тақырыптық түрге бө­леді.
Ал­ғашқы топқа тарихи аңыздар, ал екіншісіне мекендік (то­
по­нимдік) аңыздар жатқызылады. Қазақ аңыздарын алғаш
сөз етуші ғалымдар қатарында Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потаниндер­

дің есімі аталады. М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Б.Адамбаев сынды
ғалымдардың Кеңес дәуіріндегі еңбектерінде аңыз жанрының
табиғаты туралы бағалы пікірлер кездеседі. Шынтуайтында,
қазақтың күй аңыздарына терең мән беріп, маңызды мәселе

көтерген академик-жазушы М.О.Әуезов болды. «Бірінші топқа
жататындар,—деп жазады Мұқаң,—Қорқыт, Асан, Алдар көсе
сияқты тарихи адамдар жайындағы аңыздар және Қожанасыр
жайындағы аңыз-анекдоттардың қазақша нұсқалары. Екінші

топқа күй аңыздары жатады. Домбыра мен қобызда, сыбызғыда
тартылған күйлер арқылы әр аңыздың мазмұны баяндалады.
Қазақта күй жүздеп саналады. Солардың әрқайсысының да
ауызша айтылатын кіріспесі болады»1.

Қазақтың халық прозасын арнайы зерттеуші академик
С.А.Қасқабасов күй аңыздарының синкретті сипаттарына на-
зар аудара келе, былайша тұжырымдайды: «Ал, күй аңызына
келсек, онда әртүрлі жанр тоғысқан: миф, аңыз, әпсана-хикаят,

ертегі, жыр. Күй түрінде орындалатын аңызды айтар болсақ,
олардың басым көпшілігі тарихи оқиғаларға байланысты бо-
лып келеді»2. Расында да, күй аңыздары фольклордың өзге
1 Әуезов М. Уақыт және әдебиет. — А. 1962. —55-б.

2 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. —А., 1984. —131-б.
22-136

күй  аңыздар
жанрларымен де, өзімен тектес, өзектес мекендік немесе тари-
хи аңыздармен де тақырыптық, сюжеттік сарындар жағынан
сабақтасып жатады. Зерттеуші сондай шығармалардың қа­

та­рында «Сарыөзен» күйін атайды3. Бұдан күй өнерінің ғана
емес, күй аңыздарының да синкретті табиғатын, алуан та­қы­
рыптылығын айқын аңғарамыз.
Қазақтың күй аңыздары туралы зерттеу жұмыстары кеші­

рек қолға алынғанымен, бірқатар құнды еңбектер жарық көрді.
Солардың арасында белгілі этнограф-ғалым А.Сейдімбектің
«Күй шежіре» атты кітабы айрықша атауға лайық. Ғалым­ның
жазуынша, күй тартылмас бұрын білікті домбырашы сол күйдің

шығарушысы, шығу себебі, күйдің тартылу ерекшелігі, күйді
кімдердің жеткізгені және қазіргі тағдыры жайында мағлұ­
мат беретін әңгімесін айтып алатын болған... Яғни, осы күймен
қосарлана айтылатын әңгімені халқымыз «күй аңызы» деп

атайды».4 Зерттеуші күй аңыздарының туу себептері жайын­
да сөз қозғай келе төмендегідей пікір сабақтайды: «Қазақта
неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын сонша аңыз-
әңгімесі бар. Қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз,

сазсырнай сияқты музыкалық аспаптарымызда тартылатын
мың сан күйдің бірде-бірі себепсіз шықпаған. Бұл аңыз әңгі­
мелер тартылатын күйдің музыкалық мән-мағынасын, әуендік
ерекшелігін, иірім қағыстарын дұрыс түсінуге себепші болумен

бірге халқымыздың тарихи-әлеуметтік өмірінен мол мағлұмат
береді. Күй аңыздары өзінің нақтылығымен, шынайы өмірді
арқау етуімен халық тарихының ең бір жанды шежіресі болып
табылады»5.

Әрине, күй аңыздарының ұлттық фольклорымыздың осы
жанрындағы өзге екі түрінен елеулі айырмашылықтары бары
күмәнсіз. Бұл құбылысты зерттеушілердің өздері де түр­лі­ше
түсіндіреді. Мәселен, күйдің тарихы, жеткізушілер туралы

мәліметтер, мұрағаттық яки кітаби деректер, күйдің музы­
калық табиғаты мен семантикасы, таралу аймағы мен вариант­
тары сияқты толып жатқан кәсіби сипаттары да күй аңызда­
рының өзіне хас жанрлық ерекшелігін аңғартады. Алайда таза

фольклорлық, иә болмаса, халықтық туындыларға қойылатын
3 Сонда. —149-б.
4 Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. —А., 1992. —24-б.
5 Сонда. —26-б.

ғылыми  қосымшалар шарт бұдан өзгерек. Өйткені фольклоршы үшін күйдің қалай тартылуы, саздық сипаттары немесе күйшінің шәкірттері туралы кәсіби нақты деректерден гөрі, сол күйдің шығу тарихы, халық аузында айтылатын сюжеттік сарыны қамтылатын ілкі аңыздаулар бағалырақ болып саналады. Өкінішке қарай, күй аңыздарының басым көпшілігі кезінде хатқа түспегендіктен, мамандардың аздығынан және қарапайым салғырттықтың кесірінен мәтіндік, мазмұндық тұрғыда көп өзгеріске ұшы­ ра­ған. Айталық, күй аңыздарын алғаш ел арасынан жазып алушылардың бірі академик А.Жұбанов та, одан соңғы күй та­ биғатын зерттеуші ғалымдар да, ең алдымен, оларға фольк­лор мұрасы ретінде емес, музыкалық шығарма деп қарағандығы еш­кімді таң қалдырмаса керек-ті. Оның үстіне көптеген күйлер же­ке орындаушылардан жазылып алынып, нотаға түсірілу­ мен шектелді. Сол сияқты ертеректе А.В. Затаевич секілді талай музыка зерттеушілері жинаған, түрлі мұрағат қорларында сақталған күйтаспалар жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан бәрі болмаса да, бірқатар күй аңыздарының жасанды жолмен—тақырыптық, сюжеттік мазмұнына қарап, енді біресе күйді тыңдап отырып сипаттау негізінде кейінгі музыка мамандарының қолымен жазылғанын аңғару қиын емес. Десек те, күй аңыздарын жинау, зерттеу, жариялау бағытында қазақ зерттеушілерінің атқарған қызметі аз емес. Әсіресе қа­ зақ музыкатану ғылымының атасы академик А.Қ.Жұбанов­тың сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап жазған зерделі зерттеулері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Боғда, Түркеш, Абыл, Дина т.б. атақты күйшілер жайындағы іргелі еңбектері өз алдына бір төбе. Ғалымның ұзақ жылғы ізденістерінен соң жазылған «Ғасырлар пернесі» атты көлемді кітабы күй аңыздары мен олардың жанрлық табиғатын бағамдау бағы­тын­ да сара жол ашқан алғашқы құнды еңбек болды6. Осы кітап­ та «Қазақтың күй аңыздары қалай туған?» дейтін маңызды сауалдарға салиқалы жауап беріліп, салмақты деректер, ойлы тұжырымдар келтіріледі. «Қазақтың домбырашы-күйшілері шаршы топ алдында шығып, күй орындамастан бұрын, шы­ ғарманың мазмұны мен тарихын ауызша айта кететін-ді. Домбырашылар күйдің мән-жайын өз сөздерімен айта отырып, 6 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. (Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы туралы очерктер). —А., 1975.

күй  аңыздар мұндай әдісті кейде тыңдаушыларға өз ойын ұқтыру үшін қолданатын. Көптеген халық күйшілері ащыны да, тұщыны да өз жұртымен бірге көріп жүрген соң, күй тарихына орай, әңгіме-хикаялары көптің көкейіндегі арман-мұңына дөп түсіп, қарайлас жататын»7,—дейді зерттеуші. Ғалымның «Халықтың өнерге құштар махаббаты мен құрметін кей аңыздардан аңға­ ру қиын емес, оларда музыканың елдің сана-сезіміне, тіршілі­ гі­не, табиғат-болмысына тигізетін елеулі әсері сөз етіледі»8 деген пікірі де күй аңыздарының мәдени, этнопсихологиялық әрі әлеуметтік маңызының тереңдігіне дәлел. Күй аңыздары этнограф-ғалым А. Сейдімбек еңбектерінде де жан-жақты талданғаны мәлім. Зерттеуші академик А.Жұбановтың жұртшылыққа мәлім келелі ой-пікірлеріне сүйене отырып, күй аңыздарын былайша жіктеуді ұсынады: 1. Тарихи оқиғаларға арналған күй аңыздары. 2. Күйші-композиторлар өміріне қатысты күй аңыздары. 3. Қоршаған орта, табиғат туралы күй аңыздары. 4. Тұрмыс-салтқа байланысты туған күй-аңыздары. 5. Арнау-күйлерінің аңыз-әңгімелері. 6. Жан-жануарлар туралы күй-аңыздары.9 Сондай-ақ музыка зерттеушісі Ә.Мұхамбетова күй мен күй аңызының арасындағы сюжетті және синкретті тұтастықты аң­ ғартатын төрт түрлі сипатын атап көрсеткен. Оның бірін­ші­сі— аңыз аясындағы күй. Екіншісі—аңызға айналған күй. Үшін­ шісі—төл аңызы бар күй болса, төртіншісі—күй мен аңыз10. Қазақтың күй аңыздары жайында музыка зерттеушісі Т. Мерғалиевтің арнайы еңбегінде жақсы қамтылған. Бір ерекшелігі—онда А. Жұбанов еңбегіндегідей күйшілердің шы­ ғармашылық өмірбаянына емес, күйлердің нотасын кескін­ деу­ге көп тер төккен. Зерттеуші қазақ күйлерін: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, жануарларға арналған күйлер, лирикалық күйлер деп тақырыптық-сю­ жет­тік мазмұнына қарай жүйелей отырып, кітаптың соңында күйлердің тарихы, олардың авторы мен орындаушылары ту7 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. —А.,2002. —15-16-бб. 8 Сонда. —17-б. 9 Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. —А., 1992. —29-б. 10 Сонда. —30-б.

ғылыми  қосымшалар ралы мәліметтер келтіреді. Осы қосымша тарауда автор Асан қайғы, Боғда, Құрманғазы, Түркеш, Есбай, Саймақ, Есжан, Құлшар, Ақбикеш, Сейтек, Балбике, Дайрабай, Қазанғап, Дина т.б. белгілі күйшілердің туындыларының шығу тарихы тура­лы кейбір аңыздық деректерді көпшілік назарына ұсынған. «Ба­ балар сөзі» жүз томдық басылымының кезекті томын әзір­леу барысында бірқатар күй аңыздары жоғарыда айтылған кі­тап­ тан алынды11. Күй аңыздарының мәтіндері музыка мамандары—А.Райымбергенов пен С.Аманова әзірлеген «Күй қайнары» (1990) атты жинаққа да енгізілген. Аталған кітапта авторлар әр күйдің нотасымен бірге олардың орыс және қазақ тілдеріндегі аңыз мәтіндерін де қатар жариялаған. Онда күйлердің өзі аспапта орындалу ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, қобыз, домбыра, сыбызғы күйлерінің тарихы кезең-кезеңімен және халық аңыздарының негізінде жүйелі баяндалады12. Жинаққа енген халық күйлерінің («Хан жұбату», «Тепеңкөк»; «Жүндібайдың сазы», «Жорға аю», «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Ел айы­ рылған», «Ноғайлының зары» т.б.) аңыз әңгімелері өзінің шы­ найылылығымен әрі нақтылығымен ерекшеленеді. Күй аңыздарын жинап, жүйелеуде А.Есенұлы мен Г.  Елеусізқызы дайындаған «Күй керуені» деген кітапқа енген мәтіндер де назарға алынды. Атап өтер жайт—осы кітапта ха­лық күйлеріне баса көңіл бөлінген және Құлшар, Тәттімбет, Сүгір, Боғда, Тоқа т.б. дәулескер күйшілердің күрделі күйле­ ріне орын берілген13. Күйлердің көп варианттылығы, соған сәйкес сан алуан күй аңыздарының нұсқалары пайда болуы күмәнсіз. Мысалы, осы жинақта «Ақсақ құлан» күйінің—6, «Кеңес» күйінің—4, «Қосбасардың»—6 нұсқасы берілген. Сондай-ақ күй аңыздарын қарастыруда музыка және фольк­ лор маманы Б.Жүсіповтың зерттеу еңбектері де қаперге алынды. Автордың Сыр бойы күйшілік мектебі дарынды өкіл­де­ рінің шығармашылық мұрасын арнайы сөз еткен кітабында Құрманай, Төремұрат, Домақ Тәппет, Құрақ Досжан, Үсен төре, Қазанғап, Шал Мырза, бастаған бірқатар халық күйшілерінің 11 Мерғалиев Т. Домбыра сазы. (Музыкалық—этнографиялық жинақ). —А., 1972. —288-313-бб. 12 Раймыбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. 13 Есенұлы А., Елеусізқызы Г. Күй керуені. —А., 1997. —160-б.

күй  аңыздар өмірі мен өнеріне қатысты аңыздық тұрпаттағы көнелік әң­ гімелер қамтылады14. Біз бұл материалдарды қажетіне қарай пайдаланып, кейбір халық аңыздарын осы томға ұсынып отыр­ мыз. Соңғы кездері Қытайда тұратын қазақ фольклоршылары да күй аңыздарының екі томын баспадан шығарды15. Бұл бағалы басылымның алғашқы томына халық күйлері енгізілсе, екінші том халық күйшілері шығармашылығына арналған. «Бабалар сөзі» сериясының осы томына енген күй аңыздары­ ның бірқатары аталған қос томдық бойынша әзірленді. Күй аңыздарын жинақтау барысында музыка зерттеушісі У.Бекеновтың еңбектері кеңінен пайдаланылды.16 Автордың шертпе күй шеберлеріне, олардың өмірі мен күй мұрасына байланысты жариялаған бірнеше аңыздары да қаперге алынды. Сондай-ақ бірен-саран күй аңыздарының мәтіндері жекелеген ауыз әдебиеті және көпшілікке арналған ғылыми-танымдық басылымдардан алынғанын атап өту парыз17. Бірсыпыра фольк­ лорлық аңыздар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыкатану бөлімі қызметкерлері дайын­да­ ған 5 томдық қазақ музыкасының антологиясынан алынды18. Олардың арасында кейбір күй аңыздарының бұрын жария­ ланбаған нұсқалары да ұшырасады. Әрине, жоғарыда аталған кітаптарға енген күй аңыздары­ ның көпшілігі ішінара өңделіп, кейінгі кезеңдегі саяси-қоғам­ дық идеология аясында мазмұндық, мәтіндік өзгерістерге ұшырағаны байқалады. Мәтіндерді жүйелеу барысында күй аңыздарының нұсқалары мұқият салыстырылып, олардың ха­ лықтық, фольклорлық сипаттарына баса назар аударылды. Бұл орайда ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы ӘӨИ сирек қорында сақталған күй аңыздарының қолжазба материалдары да (ӘӨИ, ҚҚ: № 241, 296, 1066-бумалар) кеңінен қамтылды. Қысқаша айтқанда, «Бабалар сөзі» 100 томдық топтамасының кезекті 84-томына ұсынылған қазақ күй аңыздарының мәтіндері атал­ ған серияның ұстанымдарын және фольклорлық жинақтарға 14 Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері. —А., 2000.—288-б. 15 Күй аңыздары (құрастырған: Г. Қуанбекқызы). 1, 2—кітаптар. —Үрімжі: Шинжаң халық баспасы, 2009.—261-б. 16 Бекенов У. Шертпе күй шеберлері.—Алматы: «Жалын», 1977.—92-б. 17 Шарапат (Құрастырған: М. Сатыбалдиев). —Алматы, 1973.—208-б; Өлген қазан: Аңыздар (Құрастырған: К. Сейдеханов). —Алматы, 1973.—336-б. 18 Қазақ музыкасы. Антология: 5 томдық. 1-5 томдар.—Алматы, 2005-2006.

ғылыми  қосымшалар қойылатын ғылыми талаптарды толықтай сақтай отырып дайындалды. Жоғарыда аталған әртүрлі жинақтар мен қолжазба қорынан алынған күй аңыздары мәтіндерінің 84-томдағы орналасу тәртібі мен реттік саны төмендегідей: Күй шежіре: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 25, 26, 155, 156, 157, 159, 160, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 171, 172, 174, 175, 176, 178, 179, 202, 240, 256, 257, 259, 260, 268, 269, 270, 271, 272, 274, 275, 276, 277, 278, 289, 290, 292, 297, 298, 299, 300, 301, 308, 317. Домбыра сазы (Музыкалы-этнографиялық жинақ): 27, 28, 29, 30, 32, 34, 39, 44, 94, 116, 117, 235, 236, 237, 238, 267, 293, 302, 318, 319, 323, 325, 342, 343, 344, 345, 348, 355, 356. Күй аңыздары. 1-том: 31, 43, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 82, 83, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 93, 95, 96. 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 120, 208, 321, 333, 334, 347, 349, 350, 351, 352, 353, 354. Қазақ күйлерінің тарихы: 40, 91, 92, 118, 119, 121, 122, 123, 173, 184, 185, 294, 311, 326. Күй аңыздары. 2-том: 158, 181, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 203, 205, 207, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 239, 245, 246, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 304, 305, 306, 307, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 335, 336, 337, 338, 339, 340. Ғасырлар пернесі: 36, 38, 42, 45, 46, 47, 50, 51, 52, 168, 169, 170, 232, 233, 234, 241, 242, 243, 244, 261, 263, 273, 281, 309, 310, 320, 322, 324. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 1-том: 41, 147, 148, 149, 79, 80, 81, 84, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 136, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 145, 146, 151, 152, 137, 144, 161, 279, 280, 150, 153. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 3-том: 126, 127, 183, 346. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 4-том: 296. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 5-том: 204, 258. Жетісудың күйлері: 48, 49, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 180, 247, 248, 249, 262, 282, 313, 314, 315, 316.

күй  аңыздар
Күй табиғаты: 35, 37.
Күй қайнары. Голоса народных муз: 111, 134, 135, 177, 182,
206, 291.

Күй тәңірдің күмбірі: 112, 113, 114, 115, 264, 265, 266.
Жиделі Байсын күйлері: 283, 284, 285, 286, 287, 288, 341.
Өлген қазан. Аңыздар: 295.
Шарапат: 154.

ӘӨИ. №1066-бума: 33.
ӘӨИ. №296-бума: 124, 303.
ӘӨИ. №241-бума: 125.
ӘӨИ. №1058-бума: 312.

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дү­
ниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жал­

ғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұң­
сыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған
ешкім тең емес».

Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды
және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты
белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пә­
нидегі істерін таразылап, біреулерін жұмаққа, енді біреулерін

тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін, Алла
Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған.
Мұхаммед [с.а.с.]—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі.
Оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігі­мен

жиырма үш жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­
дік­ті білдіруге болады.

Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­ды­
лығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз
есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),
Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық

(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Мұхаммед пайғамбар—ең соңғы пайғамбар, Ислам діні­
нің негізін салушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қала­

сын­да дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед
өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина

күй  аңыздар
Мұхаммед алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед
Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң ата-
сы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің

тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден
үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні
таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40
жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды

уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткен-
де арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам
дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондық­тан
б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге

Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам
жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс бол­

ды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипат­
ты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағи­
дулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы—қазақ халқының ұлы ақы­

ны, философ, ағартушы, композитор. 1845 жылы қазіргі Шы­
ғыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауын­да
дүниеге келіп, 1904 жылы Шыңғыстауда қайтыс болған. Бейіті
Жидебай қыстауында. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

Абақ —керей тайпасының бір тармағы. Керейдің «Төр ше­
жіресі» керей этнонимінің Абақ (Әппақ) деген әйелімен бай-
ланыстырып, Абақ керей сол ананың ұрпағы дейді. Ел ішінде
«Абақ—үйсін Сармырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң

Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі
баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп «менің ашамайлы
керейім» деп ертіп жүреді екен» деген аңыз сақталған. Абақ
соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (би

Майқы емес), Майқыдан: Ермен-Изен, Жусан туады. Абақ
керейдің қазіргі 12 атасы осыдан өрбиді. Абақ керей руы
ХVІІІ  ғасырдың соңына қарай өздерінің атамекендері Қара
Ертіс алқабына, Алтайға оралады.

Абыл Тарақұлы /1820-1892/—халық күйшісі. Маңғыстау
өңірінде туып-өскен. Шын аты Абылай. Абыл бала кезінде
еркелетіп атаған есімі. Жасынан ән мен күйді серік етіп, Боғ­­
да, Қошқар сынды күйшілерді ұстаз тұтқан. Олардың күй­

ғылыми  қосымшалар
лерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шыға­рып,
орындаушылық, күйшілік өнерімен танылған. Қазақстан­ның
батыс аймағын, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Хиуа айма­

ғын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түсті. Абыл­
дың «Абыл», «Ақжелең» (Абыл нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ
құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күй­
лері сақталған. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай,

Арал, Құлшар, Қауен, Есір т.б. күйшілер өздерін Абылдың
шәкірті санаған, әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық
дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.
Абылай хан /1711-1781/—қазақтың ұлы ханы, мемлекет

қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан,
бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек,
кейін ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бе­
сінші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: қазақтан Уәлибақы,

қалмақтан Тәуке хан туады. Уәлибақыдан Абылай. Ал енді
Шәді Жәңгірұлы таратқан шежіре бойынша, Абылай Жошы—
Тоқайтемір әулетінің өзге бір бұтағынан тарайды және аштар­
ханид Әбілфайыз ханның (Бұхара ханы) баласы деп саналады.

Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр
болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер Абы­
лай» атанған. Абылайдан Көркем Уәли, одан Абылай (Әбіл­
мансұр) туады. Аңыз бойынша, Абылай жетім қалып, үйсін Төле

бидің қолында тәрбиеленеді. Абылай қаһарлы хан болуымен
қатар, қазақ халқының рухани мұрасынан еркін сусындаған
дарынды күйші ретінде де белгілі. Оның «Ақ толқын», «Ала­
байрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс жа-

сында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында қай­тыс
болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесене­сінде
жерленген.
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлы бірлестігіне енетін

басты рулардың бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Бай­
ұлында: Есентемір, Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше
бір топ құрайды. Ел аузында «Есентемір, Адайсың, Берішің­
мен қалайсың» деген сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде хал­

қы­ның саны жағынан да алдыңғы орындардың бірін алады.
ХІХ  ғасырдың орта шеніндегі есеп бойынша, Адайлар қырық
мың түтін болған. Осы Адайлар негізінен үлкен екі атадан—
Құдайке мен Келімбердіден тарайды.

күй  аңыздар
Албан—қазақ халқын құрайтын ежелгі ірі тайпалардың
бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына кіреді. Албан ата-
уы көне жазба тарихи деректерде кездеседі. V-VІ ғасырларда

Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тай-
пасы аталып, дулу одағында болған. Шежіре деректері бойын-
ша, Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. Оның атын
Тілеуберді қойып, Жарықшақ атандырған себебі—бала туғанда

жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында
«Жа­рықшеке», кейіннен «Жарықшақ» атап кеткен. Сол Жа­
рықшақтан үш ұл: Албан, Суан, Дулат тарайды. Үшеуі өсе келе
үш рулы елге айналады. Үлкені—албан, ортаншысы—суан,

ең кенжесі дулат болып бөлінеді. Қазіргі кезде албандар Алма-
ты төңірегі, Нарынқол, Шонжы, Кеген аудандарымен қатар,
Қытайдағы қазақ автономиясының Құлжа, Текес, Нылқы,
Мұңғылкүре, Шапшал т.б. аудандарында қоныс тепкен.

Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі.
Ше­жіре бойынша, Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо­ны­
сы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Бал­
қаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежел­

ден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қы­тай
жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерт­теу­шісі
Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ шежіре­сін­
де арғындар: бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөліне­

ді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып: қуандық,
сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қаракесек деген
аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті момын» аталып:
қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім,

шақшақ болып жіктеледі.
Арқалық батыр /XVІІІ ғ. соңы—XІX ғ. басы/—сыртқы
жау­ларға қарсы соғыста даңқы шыққан батыр. Абақ-керей
төресі Әжі Көгедайұлына наразы топты бастаған. Бұл күресте

оған қалмақтың Қарамерген, Қоңқа деген батырлары қосыл­
ған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз, әңгімелер, жыр-
лар көп сақталған.
Асан қайғы Сәбитұлы /XІV ғасырдың соңы—XV ғасырдың

басы/—мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ке-
рей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.
Асан қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орны-
на Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ор­

ғылыми  қосымшалар
дасының тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы
хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапы-
ран кезеңдермен тұспа-тұс келді. Асан қайғы қазақ халқының

ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Ке-
рей, Жәнібек сұлтандарды жақтады. Шу мен Арал аралығында
Қазақ ордасы құрылған кезде Асан қайғы жаңа мемлекеттің
ұраншысына айналды.

Ол іздеген «Жерұйық» шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұр­
тын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғам­ның үлгісі,
қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы еді.
Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып, тол­

ған­ған абызды халық «Асан қайғы» деп атаған. Жаңа хандық­
қа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа
жетуін көздеген. Осы мақсатты көздеп, ол осы хандыққа қазақ
руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.

Әбілқайыр хан /1693—12.08.1748/—қазақ ханы, қол­
бас­шы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны—Өсектің ұрпағы,
Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы
деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен,

ша­буыл­дарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің
ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кет­
кендіктен Ресей империясынан көмек сұрап Сібір губерна-
торы М.П.Гагаринге хат жазған. 1726 жылғы Ордабасыдағы

Құрылтайда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайла-
нады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыздық
өршіп, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс
билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айында

Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант бе­
реді. 1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр
ханды Орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға
өзенінің Өлкейекке құятын тұсында жерленген.

Әйтеке би Байбекұлы /1644-1700/—қазақтың атақты үш
биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан шық­
қан. Атақты Жалаңтөс батырдың немере туысы. Тәуке хан
құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының атынан мүше бо-

лып сайланған, «Жеті жарғының» өмірге келуіне айрықша
еңбек сіңірді. Халық биді «Айыр тілді Әйтеке» деп те атаған.
Әлімұлы—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Ше­
жіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Әлімнің атасы—

күй  аңыздар
Қаракесек. Әлімнің алты тармағы болғанына қарай, ел ішінде
«Алты ата Әлім» деп те аталғаны мәлім. Белгілі ақын Көлдейбек­
ұлы Ерімбет (1850-1911) шежіресінде Әлімұлына жаманақты

(шекті), қарамашақты (төртқара), айнықты (қарасақал), ұла­
нақты (қаракесек), тегінболатты (қарасақал), тойқожаны (ақ
кете) жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов,
зерттеуші Қ.Салғараұлы, шежіреші Ө.Ахметов те қостайды.

Әлімнің тармағы алтау болғанымен, ұранға шыққаны—төртеу.
Олар: жаманақ, ұланақ, қарамашақ, айнық.
Әшім Дүңшеұлы /1896-1962/—күйші. ҚХР, Іле Қазақ
обылысының Күнес ауданында өмірге келген. Әкесі Дүңше

ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім
домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға
аты әйгілі күйші атанады. Шыңжаңның көп жерін, Қытай­дың
ішкі өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. Өзі де «Ақ ерке», «Ақ

толқын», «Таң бұлбұлы», «Сыбызғы үні», «Аққу келді», «Күй
қайтарма», «Арман-ай» т.б. күйлерін шығарған.
Байбақты—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре
бойынша, байұлынан таратылады. Байжиен, Батақ аталары-

на бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын қо­
ныстаған. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Мәлке, Күш­
пен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым т.б. билер мен батыр­лар
шыққан. Ұраны—Дәуқара, таңбасы—бақан.

Байғозы Наймантайұлы /1705-1803/—батыр. Руы—та­
рақты. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Көктің көлі ауылында
туылған. Әкесі Наймантай Тәуке ханның бас батырларының бі­
рі болған. Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылы­

ғы­на қарсы азаттық күресте қатар шыққан. Байғозы жоңғар­
мен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау,
Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі
шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозының қызы Қойсанадан

Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күй­
ші Ықылас Дүкенұлы туған.
Байжігіт /1705-1795/—күйші, композитор, бостандық жо­
лындағы күрескер. Сары Нияз төренің шәкірті. Байжігіт өмірі

ат үстінде, қалмақ басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрес
кезеңінде өткен. Сол жорықтар әсерімен «Нарын», «Қы­лау ба-
тыр», «Алмажай» сияқты күйлерін шығарған. Эпика­лық са-
рында тартылатын күйлерінде ел қорғаны болған жаужү­рек

ғылыми  қосымшалар
батырлардың бітім-келбеті музыканың тілімен өрнектел­ген.
Оның «Секіртпе», «Бұлғын-Сусар», «Тоғыз тоты», «Қос оба»,
«Ақтабан», «Аңшының зары», «Беласар», «Қашқан қалмақ»

т.б. күйлері бар.
Байсерке Құлышұлы /1841-1906/—күйші, домбырашы,
Жетісу күйшілік мектебін салушылардың бірі. Жамбыл облы­
сының Шу өзені бойында өмірге келген. Байсерке Ұлы жүз ішін­

де дулат. Атақты мүйізді Өтеген батырдың тікелей ұрпағы бо­лып
келеді. Байсеркенің әкесі Құлыш он саусағынан өнері төгіл­ген
ісмәр, халық музыкасының парқын білетін сергек жан бол­ған.
Байсерке домбыраны бала жасынан меңгеріп, Жетісу алабы

мен көрші қырғыз елінің күйлерін 16-17 жасында-ақ меңгер­
ген. Алқалы бас қосуларда дәулескер күйшілермен дом­быра
тар­тысып, алыс-жақынға таныла бастаған. Оның алғашқы күй­
лері «Ат ойны», «Жекпе-жек» күйлерімен қатар, «Келін­шек»,

сондай-ақ баласы өлгендегі «Солқылдақ», қазақ даласын­дағы
жұтқа арналған «Төрт қарға», Ресей отаршылдығына қарсы
«Ұранкүй» т.б. күйлері бар.
Байұлы—қазақ халқын құрған тайпалардың бірі. Шежіре

бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Байұлына байланысты
ежелгі Қытай деректері мен кейінгі жазба деректерде бірқатар
мәліметтер ұшырасады. Мәселен, Орхон-Енесей жазбаларын-
да Байырқу, ал Таң империясының жылнамасында Байегу

делінеді. Байұлы алғашында Теле бірлестігінің құрамында бол­
ған. Түркі қағандығы оларды бағындырған соң, әуелі Шығыс
Түркі қағандығының, кейіннен Батыс Түркі қағандығының
құрамына енеді. Қытай деректері олардың Канганьхэ өзенінің

бойын мекендегенін айта келіп: «Бәрі де ауқатты, 60 мың адам-
дары бар, 10 000 әскер шығара алады» деп жазды. Билеуші­ле­
рін «Елтебер» деп атаған.
Барақ Сатыбалдыұлы /1743-1840/—батыр, Кіші жүз

қа­зақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі.
Ба­рақтың батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Ала­кө­
бекті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 18 ғасыр­дың
70 жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен

Жайық арасында қалмақтармен соғысты. 1785-1792 жыл­
дары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы
күрес басшыларының қатарында болды. Батырдың тегеу­рін­
ді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зом­

күй  аңыздар
былығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жер­
лерін сақтап қалуға септігін тигізді. Батыс Қазақстанның
отарлануын тежеді, әскери бекіністердің көптеп салынуына

жол бермеді.
Бейсенбі Дөненбайұлы /1803-1872/—күйші. Қазіргі ҚХР,
Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Буыршын ау-
данында туып-өскен. Әділ билігімен, дәулескер күйшілігмен

танылған Бейсенбіні халық қастерлеп, «Бежең» атаған. Әкесі
Дөненбай Бейсенбінің 14 жасында қаза тауып, осы оқиғаның
әсерінен «Жеке батыр» күйін шығарған, туысы Маман бидің
тәрбиесінде өскен. Жас та болса зерделі баланы Маман би ел

ішінің жай-жапсарына көз қанықтырсын, байламды билік
айтудың жөн-жобасын үйренсін деп ертіп жүреді. Маман биге
атқосшы болып керей, найман, уақ рулары бас қосқан жиынға
барғанында аға сұлтан Құнанбайдың батасын алып, жиынның

төбе биі ретінде билік айтқан. 1840 жылы Үштас жайлауында
Ажы төре басқарған жиында төрт бидің бірі болып сайланған.
Алтай, Тарбағатай, Баян өлгий аймағындағы қазақтардың
саяси-әлеуметтік тағдырын шешкен келелі істердің басы-қа­

сын­да болған. Бейсенбінің «Ажар», «Ақ жол, Кәрі боз», «Ала
кү­зен», «Арман», «Бейсенбі-Көкен», «Қара ала ат», «Құс қаш­
қан», «Көк шұбар ат», «Майда қоңыр», «Төрт бидің кеңесі» т.б.
күйлері болған.

Беріш—қазақ халқын құрған тайпалардың бірі. Шежіре
бойынша, Кіші жүздегі байұлы бірлестігі құрамына енеді.
Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен
аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің тарихы

тым ертеден бастау алатыны тарихи деректерде айтылады. Иса-
тай, Махамбет…
Берке хан /1209-1226/—1255-1266 жылдары билік құрған
Алтын Орда ханы. Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі. Әкесі

тірі кезінде-ақ Дешті Қыпшақ пен Түркістанның әміршісі бо-
лып тағайындалған. Хан боп сайланғаннан кейін, исламды
қабылдап, Алтын Орданың ресми діні ретінде бекітеді. Ахту-
бада Сарай-Берке қаласын салдырып, мемлекет астанасы етті.

Мысырдағы мәмлүк сұлтандарымен одақтасып, Византия мен
Хулагу иеліктеріне қарсы шығады. 1266 жылы Кавказға жа­
саған жорығы кезінде қайтыс болып, өзі салдырған Сарай-
Беркеге жерленеді.

ғылыми  қосымшалар
Боғда /лақап аты, шамамен 1765-1845/—күйші, компози-
тор. Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы. Оның күй­
лері Ақтөбе, Орал, Маңғыстау өңіріне кеңінен таралған. Боғда

Абыл, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар,
«Алпыс екі Ақжелеңді» түгел тарта білген күйші. Ол Исатай
бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбетпен жақсы
қарым-қатынаста болған. Боғданың кең тараған «Боз төбе»,

«Жем суының тасқыны», «Екіндіде ел іздеген», «Боғда», «Қара
жаяу» күйлері—терең философиялық ойға толы лирикалық
толғаулар.
Бөгенбай /шамамен 1680-1778/—атақты қазақ батыры. Ба-

тыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде дүниеге келген. Орта жүз—
арғынның қанжығалы руынан шыққан. Әз-Тәуке заманында
қазақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерлерін басқарып,
1668 жылы ордабасы сайланған. Бөгенбай қазақ жерін жоңғар

басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар шайқастар­ды
басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы қалмақтары­ның
шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес қосқан. 1688 жы­лы
қалмақтардың шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жа­

раланады. Батыр алғырлығымен, жеңімпаздығымен көзге түс­
кенде Абылай хан оған «хан» атағын да береді. Қазақ әскерінің
тарихындағы даңқты қолбасшылардың бірі.
Бөрте /1154-1230/31/—Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңы­

рат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішін­
дегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы
Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып,
ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады.

Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қа­лып, көп­
теген қиыншылықтарды бастан өткізеді. Тек ержеткеннен
кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып
қай­тады. Осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер ша­буыл

жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әке­сінің
андасы керей хандығының ханы Тұғырыл (Уән хан) мен жа­жи­
рат руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөр­тені
босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелінен көптеген

бала тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған төрт ұлын
өз мұрагерлері ретінде таныған.
Бұқар жырау /1693-1787/—әйгілі қазақ жырауы, Абы-
лай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие»

23-136

күй  аңыздар
деп те атаған. Абылай ханды сынай отырып, оның көргендігі
мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола
білгенін тебірене жырлайды. Бұқар жыраудың Абылай ханға,

Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай батырларға шығарған арнау­
лары, насихат жырлары ел есінде сақталып қалған.
Дайрабай Ерназарұлы /1860-1937/—күйші. Туып-өскен
же­рі Қарағанды обылысының Атасу өзенінің бойы. Әкесі Ерна-

зар орташа дәулеті бар саятшы, атбегі, қыран құс пен жүйрік
атқа құмар сері адам болған. Дайрабайдың бойындағы сал-
серіге тән мінез-құлық, әншілік-күйшілік қасиет ата-анасынан
дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжын

төңірегіне жақсы таныс болып, осы өңірдегі Жарылғапберді,
Ғазиз, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай, Төлебай сал сияқты әйгілі
адамдармен дәмдес-тұздас, қадірлес дос-жар болған. Олардың
өнерінен тәлім ала жүріп, өзі де «Шұбар тау», «Қараторғай»,

«Келіншек» деген әндер шығарса, «Дайрабай», «Қоштасу»,
«Қыр», «Сыр», «Сырдың суы» т.б. күйлері оны қазақ жұртына
әйгілегені дау тудырмайды.
Дәулеткерей Шығайұлы /1820-1887/—күйші, домбыра-

шы, композитор, қазақтың күй өнеріндегі лирикалық бағыт­
тың негізін салушы. Бөкей Ордасының сұлтаны болған әкесі
Шығай орыс тілін жақсы біліп, орыс мәдениетіне ден қойған.
Болашақ күйшінің өмірге көзқарасын қалыптастыруда Исатай-

Махамбет бастаған көтерілістің әсері зор болды. 1869 жылғы
қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазымен кездесуі Дәулеткерей­
дің өміріндегі маңызды кезең. Дәулеткерейдің күйлері халық
арасында кең тараған. Оның «Желдірме», «Тартыс», «Ысқыр­

ма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелең» т.б күйлері бар.
Дәуітбай Тауданбекұлы /1873-1937/—күйші, композитор,
ақын. Туып-өскен жері Шығыс Қазақстан облысының Бұқ­тыр­
ма өзенінің бойы. Орта жүз құрамындағы найман тайпасы­ның

Байсары бұтағынан шыққан. Дәуітбайдың әкесі Таудан­бек
Моңғолия қазақтарына танымал ақын, ел ісіне ерте аралас­
қан шешен адам болған. Осындай ортада өскен Дәуітбай бала
кезінен домбыра мен сыбызғыны тең ұстап, бозбала шағын­да-ақ

құрбы-құрдастарына, жеңгелеріне арнап күй шығара бас­тайды.
Оның артында «Ертіс толқыны», «Жалама айдаған», «Ар­на»,
«Қайран Бежең», «Тартау» т.б. күйлері қалған.

ғылыми  қосымшалар
Дина Нұрпейісова (Дина Кенжеқызы Нұрпейіс келіні)
/1861-1955/—домбырашы, күйші, композитор, Қазақстан­ның
халық артисі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі

белгілі домбырашы болған. Дина домбыра тартуды 8-9 жа­сын­
да үйренеді. Оның Құрманғазымен кездесуі болашақ өнер жо­
лында шешуші рөл атқарған. Құрманғазы Динаның дары­ны­на
тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді. Ақыл-кеңес беріп, күй үй­ре­

теді, оны өзіне шәкірт тұтады. Дина ұстазының күйлерін орын-
дап қана қоймай, оның күйшілік, орындаушылық өнерін­де­гі
ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Құрманғазы­
ның мектебінен өту Динаның домбырашылық өнерін шың­

дай түсті. Динаның «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүн» атты
күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалары­
ның бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат—ұлы жүз құрамына

кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған Ди-
ханбай батыр шежіресі бойынша, Үйсін Бәйдібектің кіші әйелі
Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан, Суан,
Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шы-

мыр болып бөлінеді.
Едіге—ХІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген та-
рихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса, батыр әрі қолбасшы
болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында

тәуелсіз билік құрумен бірге, ел басқару істеріне белсене ара-
ласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеу­
шісі мен Ақсақ Темір арасындағы текетіресті өз пайдасына
шешуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес Ресей жеріне

бірнеше рет баса көктеп кірді. 1396-1419 жылдары Ұлы Ноғай
Ордасын құрып, оның басты бегі болды. Қара халық арасы-
нан шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын
қорғағандықтан, қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын

жеген Едіге» деген атпен өшпестей жазылған. Оның бейнесі мен
есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бой-
ынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ жерінде—Ұлытауда жатыр.
Мергенбай Ерденеұлы /1843-1929/—ел аузында батырлы­

ғы да, күйшілігі де ерекше танылған дара тұлға. Әкесі Ердене
Байғозыұлы бес ағайынды болған. Ең үлкені Ердене байлығы­
мен де, әділ билігімен де көзге түскен. Ұлы жүздің Ресей құра­
мына кіруі жөніндегі құжатқа қол қойғандардың бірі. Ерден­нің

күй  аңыздар
Мергенбай, Дайырбай, Көдек, Тұрғанбек, Татамбай, Жан­бота
деген алты ұлы болған. Ал Мергенбайдың өзі тоғыз әйел алып-
ты. Соңғы екеуінен бала жоқ екен. Басқаларынан отыз ұл, отыз

қыз көріпті. Солардың он төртінен ұрпақ тараған. Бәрі де өз
ортасында беделді, өнерпаз, батыр-палуан болып өседі.
Жетісу өңіріндегі күйшілік өнердің өрнегі бөлек тағы бір
мектебі, осы Мергенбай атымен тікелей байланысты. Арғы

ата­лары Байғозы, Шыңғысбай, өз әкесі Ерденеден қалған күй­
шілік-домбырашылық өнерді ұрпағына аманат еткен Мерген-
бай көптеген күйлер шығарған адам. Оның шаңырағына «Дәуіт
пайғамбар қонған» деген тәмсіл әлі күнге дейін айтылады.

Жантай батыр—қазақ халқының жоңғар шапқын­шы­
лығына қарсы азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр.
Орта жүз—арғын тайпасының қанжығалы руынан шыққан.
Абылай хан 1771 жылы Ресейден Қытайға қарсы ығысқан

қалмақ әскерін барлауға әрқайсысына 500 әскерден беріп,
Бөгембай мен Жантайды жіберген. Жантай батыр қолға
түсіп қалған інісі Арқандарды құтқармақ болып, 10 мыңдық
жау шебіне басып кіріп, осы соғыста ерлікпен қаза табады.

Батырдың сүйегі Есіл өзенінің бойындағы Жантай ауылының
жанында жерленген.
Жантөре Айшуақұлы /1759-1809/—мемлекет қайраткері,
дипломат, Кіші жүз ханы (шамамен 1805-1809). Ол Ресейдің

қазақ жеріне ықпалын тежеу саясатын ұстанды. Хан сайлан­
ған алғашқы айлардан бастап-ақ билікке таласқан бәсекелес­
те­рінің қарсылығына тап болды. Әсіресе өзінің нағашысы
Қаратай сұлтанның оны хан ретінде танудан бас тартуы Кіші

жүздегі саяси ахуалды шиеленістіріп жіберді. Жантөре осын-
дай қарсылық жағдайында жетіру бірлестігіне арқа сүйеп, ше-
бер дипломатиялық саясатымен қарсыластарының арасына
іріткі салды. Байұлының бір бөлегі Жантөреге қолдау көрсет­ті.

Сондай-ақ ол кіші жүз арқылы өтетін Ресей мен Бұқар, Хиуа
хандықтары арасындағы керуен саудасының қазақтар үшін
пайдалы екенін түсініп, оны қолдады және үстемелеп баж
салығын алып, хандық қазынаны молайтты, керуен тонаушы-

ларды қатаң жазалап отырды.
Жарылғап батыр /1733-ө.ж.б./—батыр, би, шешен. Бұ­
қар жырау «Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде—Жидебай, То­
бықтыда—Қараменде, Кернейде—Жарылғап» деп Жарыл­ғап

ғылыми  қосымшалар
батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған ба­тырлар
қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18
ғасырдың басында Ресей отаршыларына қарсы кү­рескен. Жа­

рылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата
алып, жорыққа аттанған. 1748 жылы Қалба-Шаған шайқасында
Кебін қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Сонымен бірге,
Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгенбай ба-

тырмен сөз қағыстырып, артына тағылымды шешендік сөздер
қалдырған.
Жәнібек хан, Әбу Сайд /XV ғасырдың басы-1470/—Қазақ
хандығының негізін қалаған хандардың бірі, Орыс ханның

ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы. Туысы Керей ханмен бірлесе
отырып, Қазақ хандығының негізін қалаған. Сондықтан та­
ри­хи жазба деректерде болсын, «Хандар шежіресінде» болсын
Жәнібек хан есімі Қазақ хандығының құрылуына байланыс­ты

кездеседі. 1465-66 жылы Керей хан қайтыс болғаннан кейін,
Жәнібек хандық билікке келеді. Бұрындық ханның билік
құрған жылдарын есептемегенде, Қазақ хандығының билігі осы
кезден бастап Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді.

Жәңгір /1801-1845/—Бөкей ордасының ханы (1821/23-
1845), Бөкей ханның баласы. Бөкей қайтыс болғаннан кейін хан
тағы мұрагерлік жолымен Жәңгірге берілген. Алайда Жәңгір
жас болғандықтан, ол ержеткенге дейінгі ордадағы билік Бөкей

ханның інісі Шығай сұлтанға тапсырылады. Жәңгір 1823 жыл­
ға дейін Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбие­
леніп, еуропаша білім алып, хандықты әкімшілік жа­ғы­нан
басқаруды үйренеді. Жәңгір орыс, татар, неміс тілдерін біл­

ген. Жәңгір билік еткен тұста Бөкей ордасында сауда жәр­мең­
кесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше,
дәріхана, архив ашылды, хандықтың алғашқы картасы жа­
салды. Сондай-ақ Жәңгір хан өз қаражатымен мектеп ашып,

М.С.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, Қ.Шығаев т.б. білім алған.
Жиренше шешен—Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан
(XV-XVІ ғғ.) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше ше­
шен есімі ақыл-парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиеті­

нен берік орын алған. Халық аңыздары бойынша, Жиренше
шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құру­
да ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық
бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық

күй  аңыздар
жадында сақталған шешендік сөздер мен аңыз-әңгімелер көп.
Жиренше шешен туралы аңыз-әңгімелер түркі тектес басқа
халықтарда да кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше

шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түркіменде ақылды да,
тапқыр Ийкренче туралы аңыздар бар.
Жошы /1187-1227/—Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Жошы
ұлысының негізін салушы, қазақ хандарының атасы. Жас

кезінен бастап аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп,
Шыңғыс хан жүргізген барлық жорықтарға белсене араласты.
1223 жылғы құрылтайда Ертістен Оралға дейінгі және онан әрі
Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрі Жошының иелігіне

өтті. Ордасы Ертіс өзені бойына орналасты. Жошы әкесінен ал­
ты ай бұрын қазаға ұшыраған. Оның өлімі жөнінде халық ара­
сын­да әртүрлі аңыз әңгімелер бар. Оны бірде «аң аулап жүр­ген­
де құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, кейбір де­рек­тер­де

«өзіне қарсы келуі мүмкін» деп, құпия түрде әкесі Шыңғыс хан
өлтірткен. Мазары Жезқазған қаласынан 45 шақы­рым жер­дегі
Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Жібек, Төлеген—қазақтың «Қыз Жібек» эпосының бас

кейіпкерлері. Жібек пен Төлеген қазақ халқында шын ғашы­
қтар символы ретінде құрметпен аталады.
Исатай Тайманұлы /1791-1838/—Бөкей ордасы мен Кіші
жүздің батыс бөлегінде 1836-1837 жылдарда болған азат­тық

көтерілістің басшысы. Кіші жүз құрамындағы байұлы тай­па­
сының беріш руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезін­
де атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.
Керей—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының

бірі. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамына енеді. ІX-XІІ ға­
сырларда керей тайпасы Керей хандығы аталған мемлекет
құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс Моңғол құмына
дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы,

солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся
мемлекетімен іргелес жатты. Ол кезде Керей хандығы керейт,
жиркин, қонхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп
аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең

ірісі керейлер болғандығы мәлім.
Кемпірбай Бөгембайұлы /1834-1895/—айтыс ақыны. Өз
өмірінде талай саңлақ ақындармен сөз додасына түсіп, жең­ген
де, жеңілген де тұстары аз болмаған. Сол айтыстарының мән-

ғылыми  қосымшалар
жайына қарағанда, ақынның үнемі әділдік пен шындық­ты
айтқанда, аталы уәжге тоқтауды жөн санағанын байқауға бола-
ды. Айтыстарының ішінде ең ұтымды да көркемі атақты ақын

Шөжемен айтысы деуге болады. Ақынның: «Кеудемнен көк
ала үйрек қош деп ұшты, шіркін, сол кәрі жолдас өлең білем»
деуіне қарағанда, бойындағы дарынның өзіне қонған киелі
қасиет екенін айтып сыр шертеді.

Кенесары
Қасымұлы
/1802-1847/—қазақ
жеріндегі

1837-47  жыл­дар аралығындағы ұлт-азаттық көтерілісінің
қолбасшысы, қазақтың соңғы ханы. Абылай ханның немересі
Кенесарының негізгі мақсаты—Абылай хан тұсындағы Қазақ
хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру

еді. 1841 жылы үш жүздің өкілдерінің мақұлдауымен қазақ
ханы болып сайланады. Кенесары бастаған әскери қимылдар
1838  жылы Ақмола бекінісін басып алып, өртеп жіберуден ба-
сталады. Сондай-ақ Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын

алады. Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше
рет ойсырата жеңеді. Ресей империясы Кенесары ханның басы
үшін қомақты бәйге тігеді. 1847 жылы қырғыздармен болған
шайқаста қаза табады.

Кетбұға /шамамен 1150-1225/—жырау, күйші, аңыз
кейіп­кері. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының баға­
на­лы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат
әл-атрак» («Түрік шежіресі») кітаптағы деректер мен ел ауы­

зын­дағы аңыздар бойынша, «Жошы хан аң аулап жүріп қаза
тапқанда, Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бат-
пайды. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алып,
баласы Жошының қаралы хабарын күй тілімен жеткізеді.

«Ақсақ құлан» күйі осылай туыпты-мыс». Бүгінге Кетбұға­ның
осы күйі және күй шығарар алдындағы айтқан бірнеше жол
өлеңі ғана жетті.
Көтібар Бәсенұлы /1757-1833/—батыр. Кіші жүз құра­

мындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-
азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің
отарлауына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге
бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған,

үлкені атақты—Есет батыр тарихи тұлға. Көтібар—«Айман—
Шолпан» дастанының, М.Әуезовтің осы дастан желісімен жа­
зылған пьесасының кейіпкері.

күй  аңыздар
Қазанғап Тілепбергенұлы /1854-1921/—күйші-композитор.
Арал аймағындағы Құланды түбегінің тумасы. Шығармалары
Батыс Қазақстан аймағындағы төкпе күй дәстүрінде көрінген.

Бірақ күйшінің өзіне ғана тән көркемдік-образдық, музыка­лық
суреткерлік өрнектері де айқын. Оның сексеннен астам күйі
болған. Олардың алды ноғайлы дәуірінің оқиғаларын тол­ғаса,
енді бір тобы «Ақжелең» (І-ІІ түрі), «Күй шақырған Ақ­желең»,

«Домалатпай Ақжелең», «Орынбай-Ақжелең», «Тен­тек Ақ­
желең», «Бұраң бел Ақжелең» (І-ІІ түрлері), «Кербез Ақ­же­
лең», «Серпер Ақжелең», «Бұлбұл Ақжелең» болып ке­леді. Бұл
Ақжелеңдер—Батыс Қазақстан аймағындағы күй­ші­лік өнер­ге

тән образдық әлем. Қазанғаптың басқа да «Кө­кіл», «Ыс­қыр­ма»,
«Қиту-қиту», «Қайт-қайт», «Торы жорғаның бө­ге­лек қақ­пайы»,
Шымырауыл құс» т.б. күйлері ел ішіне кең тараған.
Қазтуған Сүйінішұлы /XV ғ./—даңқты ноғай-қазақ жы-

рауы. Көшпелі Ноғай Ордасының биі һәм батыры ретінде та-
нылатын оның бірнеше айшықты тұлғалары ел жадында
сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырау шығармашылығы ту-
ралы М.Мағауин, Қ.Сыдиықұлы тәрізді қазақ ғалымдары­ның

зерттеулерінде жан-жақты сөз болып, есімі әдебиет тари­хы­
нан лайықты орын алды. Қарға бойлы Қазтуған—«Қырым­ның
қырық батыры» желілі жырларының жеке қаһарманы.
Қазтуған шығармаларынан қазіргі кезге «Бұдырайған екі

шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір»
деп аталатын үш толғау ғана жеткен. Бұл аталған жырлар қа­зақ
әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағы­нан
ғана емес, сыртқы түзілім, құрылыс тұрғысынан да ерек­ше да-

раланады.
Қазыбек би Келдібекұлы /1667-1764/—қазақ халқының
бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем-
лекет қайраткері. Орта жүздегі арғын тайпасының қаракесек

тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда Төле
би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші болды. Жасы
ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-1711 жылдары Жоңғар
хандығына үш рет елшілікке барған. Бидің мүрдесі Қожа Ах-

мет Иасауи кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз дауысты
Қазыбек» есімі кең тараған.
Қанжығалы—шежіре бойынша, Орта жүз—арғын тайпасы-
нан тарайтын белгілі рулардың бірі.

ғылыми  қосымшалар
Қаракесек—Орта жүз—арғын тайпасының бір руы. Ше­
жіре деректеріне қарағанда, Қаракесек Арғын тайпасының
«Бес мейрам» атанатын рулар бірлестігіне кіреді, яғни Мей-

рам сопының кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа деген
баласынан тарайтын ру. Қаракесектен Майқы, Бошан, Танас
тарайды. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы Арғын тайпа-
сымен бірдей болғанымен, өздері Арғын ішінде Болатқожа­ның

шешесі—Қарқабат атын ұран еткен.
Қарашаш—қазақтың Жиренше шешенге байланысты аңыз­
дарының кейіпкері. Жиреншенің әйелі Қарашаш туралы ерте­
гілердің сюжеттері, көбінесе, шешендік жұмбақтар сарыны

негізінде құрылған. Қазақ фольклорында «Қарашаш» деген ат-
пен әйгілі болған тиіптік бейненің қалыптасу тарихы өте ұзақ.
Ол шешендік, тапқырлық, даналық туралы ертегі, аңыздардың
пайда болу, қалыптасу, даму тарихымен тығыз байланысты.

Қожеке Назарұлы /1828-1881/—күйші, сазгер. Қазіргі Ал­
маты облысы, Райымбек ауданы, Қарқара ауылында туылып,
ҚХР, Іле Қазақ автономиялы облысы, Қызылкүрке деген жер-
де қайтыс болған. Қожеке Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері

мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өз­геше шы­
ғармалар тудырған. Оның туындыларында төкпе, шерт­пе, терме
күйлердің белгілері араласып, айырықша мә­нер­мен тартыла­ды.
Ерекше күш-қайратты танытатын, жігерлі күйлер жүрек қы­

лын шертетін нәзік те, сырлы сазға ұласып отырады. 1860 жылы
Ресей отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқ­­
ты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қожеке,
қа­зақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына көнбіс,

тоқ­мейіл, жігерсіздігін әшкерлеп, «Шалқайма» күйін шығар­
ған. Осы күйі үшін патша әкімдерінен теперіш көріп, ақыры
өзіне қарасты 25 үймен Шығыс Түркістанға қоныс аударған.
Бі­рақ мұнда да жергілікті билеушілер жағынан құғынға ұшы­

рап, тұтқынға алынып, түрмеге жабылады да, азаптап өлтірі­
леді. Оның «Қамбар хан», «Жиренше», «Стамбұл», «Мұңлық»,
«Біржан мен Сара», «Көрұғылы сұлтан» т.б. күйлерін атауға
болады.

Қозы Көрпеш—Баян сұлу—осы аттас дастанның бас кейіп­
керлері. Қазақ арасына мол тараған аңыз бойынша, Қозы мен
Баян бір кезде өмір сүріп, кейін олардың моласы да сақталған
тәрізді, яғни халық оларды өмірде болған адамдар деп сенеді.

күй  аңыздар
Орыс-қазақ зерттеушілерінің мәліметтеріне қарағанда, бұл
мола және олардың басына орнатылған ескерткіш қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылына

таяу—Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Қорқыт /VІІІ-ІX ғғ./—жырау, композитор, әнші, күйші,
қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Тарихи жазба
мәліметтер мен аңыздар, халық шежірелері бойынша, Қара­

қожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында,
Жаңкент қаласында өмір сүрген.
Қоңырат—Орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халық­та­

рының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында қо­
ңырат тайпасының өзіндік орны бар. Көбінесе Жиделібайсын,
Сыр бойы мен Орта Азия далаларын мекендеген. Өзбекстанда
Қоңырат қаласы бар. Алпамыс батыр осы қоңырат руынан

шыққан делінеді.
Құнанбай Өскенбайұлы /1804-1886/—би, аға сұлтан,
Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Бұрынғы Семей облысы,
Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауында туған. Құнанбай жасынан

палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп,
әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1846 ж.
генерал Вишневскийдің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы
ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты.

Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері
А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қай­
раткерлік тұлғасы туралы: «Құнанбай өңірге аты жайылған
адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және

жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам
жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі,
қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай
біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман.

Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та,
кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады.
Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған...,
әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан

болған»—деп сипаттайды («Қазақ даласына жасалған сая-
хат туралы жазбалар». А., 1979). Кей деректерде Құнанбай
қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам
уақыт тұрып, Құдайға құлшылық етушілерге арнап тәкие

ғылыми  қосымшалар
(қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Ол би,
болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын—қазақтың
дәстүрлі заңын, патша өкіметінің «Сібір қазақтарына арнал­

ған низамын», шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрі­нің
негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асыр­ды.
Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң
тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай

білді. Балаларын орысша оқыта отырып, мұсылмандықты
уағызда­ды. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы
деректерді жинап, бір ізге түсірген—М.Әуезов. Оның «Абай
жолы» эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеология

ықпалына сай бұрмаланғанымен, жан-жақты сипатталып, ше-
бер сомдалған.
Құрманғазы Сағырбайұлы /1823-1889/—күйші, компози-
тор, дүлдүл домбырашы. Оның күйлеріне тарихи мазмұнмен

қатар, терең ойларға жетелейтін саздылық тән. Кең тынысты,
буырқанған шығармалар мен баяу, терең мәнді туындылар
Құрманғазы шығармашылығының жанды буыны. Құрман­
ғазы­ның күйлерінің бірсыпырасы қазақ халқының поэзиялық

өлең­ өрнектерімен сабақтас. Мысалы, «Аман бол шешем, аман
бол!» деген шығармасы 8 буынды поэзиялық өлшемнің көріні­
сі. Құрманғазы 70-тен аса күй қалдырды. Қазақ мәдениеті
және музыкатану ғылымы үшін Құрманғазы күйлерінің

фольклорлық келбеті—көп нұсқалылығын; музыка тілінің
даму ерекшеліктері—стадиялылығын; жалпы күй өнеріне
тән белгілері—типологиясын т.б. анықтаудың маңызы зор.
Құрманғазы­ның «Ақбай», «Қайран шешем», «Кісен ашқан»,

«Түрмеден қашқан», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым»,
«Қызыл қайың», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Сарыарқа»
т.б. көптеген күйлері бар.
Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі ха­­

лық­тарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда
Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыс­
тардың бірі. Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина
Усу ескерт­кі­шінде кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бой-

ынша ІX ға­сыр­да­ғы қыпшақтардың құрамына қимақ, субар,
қаңлы, қарабө­рік­ті, тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тай-
палар енген. Қыпшақтар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін
алғашында қи­мақ қағандығының құрамында болып, XІ ға­

күй  аңыздар
сырда бөлініп шықты. Шыңғысхан империясының батыс
бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті
қыпшақ деп атаған.

Махамбет Өтемісұлы /1803-1846/—батыр, ақын, күйші.
Исатай Тайманов бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды
жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, аздап орысша оқыған.
Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдар Орын-

бор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында
болды. 1834 жылдан бастап Исатай батырмен бірікті. Жәңгір
хан Махамбетті өз жағына тартып старшын лауазымын ұсы­
нып та көрді. Бірақ орыс империясының қазақ хандығын жою

мақсатындағы іс-әрекеті, жердің тарылуы, әсіресе, Жәңгір
ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен қайын ата-
сы Қарауылқожаға ұстемдік беруі бүліншіліктің туылуына
себепші болды. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін

байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді,
елдікті сақтап қалуға шақырды. Оның «Мұнар күн», «Ереуіл
атқа ер салмай», «Әй, қызғыш құс, қызғыш құс», «Ұлы арман»,
«Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер»,

«Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы» т.б. көптеген
жырлары бар. Махамбет тек қана ақындығымен емес, күйші­
лік өнерімен де әйгілі. Мысалы, «Қайран Нарын», «Жұмыр
қылыш», «Шілтерлі терезе», «Жайық асу», «Қиыл қырғыны»

қатарлы бірнеше күйлері бар.
Мәмен Ерғалыұлы /1868-1931/—күйші, композитор. Ба-
тыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданынан. Құрманғазы­
дан тағылым алып, халық арасында оның күйлерін («Адай»,

«Байжұма», «Төремұрат», «Теріс қақпай» т.б.) нәсихаттады.
Ұстазының орындаушылық нақышын терең меңгерген Мәмен
өз жанынан «Ақ шолпан», «Қайғылы қара», «Қаражан ханым»,
«Кербез Ақжелең» т.б. күйлер шығарған. 20-ғасырдың басын-

да қазақ даласында болған аласапыранды кезеңді меңзейтін
«1916  жыл», «1917 жыл» атты күйлері бар.
Орда Ежен /т.ж.б.-1253/—Ақ Орда мемлекетінің негізін
қалаған хан. Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның

үлкен ұлы. Қазақ хандарының арғы атасы. Орда Ежен 1236-
1242  жыл­дардағы моңғолдардың батысқа жасаған барлық
жо­рықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бө­
лінгенде сол қанатын Орда Ежен, оң қанатын Бату басқарған.

ғылыми  қосымшалар
Осының негізінде 13 ғасырдың ортасында әскери-саяси иелік­
тер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды.
Рүстем төре, Рүстем, Тентек төре — қазақ сұлтаны.

1821  жылғы Қоқан хандығының езгісіне қарсы Түркістан,
Әулиеата, Шымкент және Сайрам қалаларының аумағын
қамтыған көтеріліске жетекшілік етті. Ол қақандықтармен
бол­ған ұрыста күштің тең болмауы себепті жеңіліп, қо­қан­

дықтармен ымыраға келеді, алайда Саржан төре бастаған ұлт-
азаттық көтеріліске қолдау білдірді. Рүстем төре Ұлы жүз
қазақтарының арасына көшіп келіп, Түрген өзені бойынан
бекініс салдырады. Осы жылы өзіне қарасты билермен бірге

Құдайберді дуанбегі жіберген, қоқандықтардың 56 зекетшісін
қырып салғаннан кейін Қарқара жаққа өтіп кетті. Шоқан
Уәлихановтың көрсетуінше, ол Құлжа маңын қыстаған. Ке-
несары Қасымұлының Жетісуға келгенін қолдағанымен, қыр­

ғыздармен болған соғысын құптамады.
Салжұқ—түркі-оғыз тайпасының бір тармағы. Құрамына
қынық тайпасы басшылығындағы әртүрлі оғыз тайпалары
кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен атал­

ған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ
сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар қазіргі
түрік, түрімен, әзербайжан т.б. түркі халықтарының ұлт
ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Саржан Қасымұлы /т.ж.б.—1836/—қазақ халқының 1825-
1836 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі,
Абылай ханның немересі. Орта жүзде хандық биліктің жойы-
луына тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасым

сұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі жағынан
ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді
талап етті. Оның осы мақсаттағы көтерілісі он жылға со-
зылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржан-

ды зұлымдықпен өлтірді. Оның бастаған ісін інісі Кенесары
жалғастырды.
Саурық Ыстамбекұлы /1814-1854/—батыр, би. Ұлы жүз—
шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай

батырдың алтыншы ұрпағы. Немере ағасы Сұраншы батырмен
бірге Жетісуді Ілеге дейін билеген Қоқан хандығының езгісі­не
қарсы шығып, жергілікті халықтан жасақ құрды. 1853 жыл­
ғы Сарыкемерде Тілеуқабыл руларын шапқан қоқандықтарға

күй  аңыздар
қарсы ұрысқа Саурық батыр да белсене қатысқан. Ол Ресейдің
Жетісуді жаулап алу саясатына наразылық танытушылар­
дың да алдыңғы қатарында тұрып, орыс әскерлерінің Тойшы-

бек бекінісіне шабуылына ашық қарсылық білдірді. Саурық
қырғыздармен соғыс кезінде қаза тапқан. Саурық туралы
Сүйінбай, Жамбыл жыр толғаған.
Сейтек Оразалыұлы /1861-1933/—күйші, композитор.

Батыс Қазақстан Бөкей ордасы ауданында туылған. Жасы-
нан домбыраға құмар Сейтек 12 жасында күйшілік шеберлі­гін
танытқан. Алғашқы домбыра тартуды ағасы Сұлтанғали­дан
үйренген. 17 жасында Салауаткерей, Әлікей сынды дом­бы­

рашылармен жүздесіп, олардың «Көркем-ханым», «Алтын
шаш», «Әсем» т.б. күйлерімен репертуарын толықтырады.
Сейтек шығармаларының негізгі тақырыбы халықтың тұр­
мыс-тіршілігі, өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік теңсіздігі,

озбырлығы болса, осы ойын күйлері арқылы жеткізген Сей-
тек талай мәрте абақтыға да жабылады. Кейін Сейтек Сібірге
айдалғанда ел-жұртына деген сағынышы, оның тұрмыс жай-
ына деген күйзелісі «Айдау», «Түңілдім», «Арман», «Замана»

сияқты күйлері арқылы өрнектелді. Сондай-ақ Сейтек осы за-
мана шындығын күй тілімен жеткізсе, оның тағы лирикалық
толғанысты арнау күйлері болғаны мәлім.
Сиқым—Ұлы жүз дулат тайпасына кіретін рулардың бірі.

Шежіре деректері бойынша, дулаттан сиқым, жаныс, ботбай,
шымыр тарайды. Сиқымнан—аққойлы, қарақойлы, қусирақ,
шуылдақ, әлсейіт, жансейіт тараған.
Сыпатай Саурықұлы /1837-1899/—Қоқан хандығы бас­

қын­шылығына қарсы күрескен батыр. Ұлы жүз—шапы­раш­ты
руының есқожа тармағынан шыққан. 1857 жылы Ш.Уәлиханов­
тың Жетісуға сапарында оны Іле өткелінде Диқанбай батыр-
мен бірге қарсы алып, жергілікті халықтың кәсібі, әдет-ғұр­

пы жөнінде көптеген мәліметтер берген. Сыпатай батырдың
ерлігі, елін қорғаудағы жауынгерлік жорықтары Жамбыл мен
Құланаян Құлмамбет, Жамбыл мен Сарбастың айтыстарын­да,
Сүйінбай жырларында айтылған.

Сырым Датұлы /1723-1802/—батыр. Азан шақырып қой­
ған есімі Шынтемір екен. Батыс Қазақстан облысының Сырым
ауданындағы Сарыой аулында дүниеге келіп, Хиуа хан­дығы
жерінде қаскөйлердің қолынан қаза тапқан. Тегі—Он екі ата

ғылыми  қосымшалар
Байұлына жататын Байбақты руының Шолан (Әйтімбет) ата-
сынан. Халықтық шежіре бойынша, Шоланнан—Дат, Есен­бай,
Байторы; Даттан—Адамбай, Шынтемір (кейін оны ерке­летіп

«Сырым» атандырған), Атымтай, Жомарт, Базарбай, Барлы­
бай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай және жастай
өл­ген Шыбынтай деген он бір ұл туады. Патшалық Ресейдің
да­ла­лық өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық би­

лік­ке дәстүрлі шектен асыра артықшылық беруі арқылы қа­лың
бұқараның табиғи-өзіндік құқыларын шектеуі (атақоныс­тан
ажыратып, бағзылы иеліктегі өзен, көл жағалауларын, өріс,
жайылымдарын пайдалануға тыйым салуы т.б.), алым-салым­

ды көбейтуі Сырымды және оның тұстастарын қатты ашын­ды­
рады. Олар қолдарына қару алып, қалыптасқан саяси жүйе­
ге—отарлаушы орыс үкіметінің жергілікті әкімшілік­тері­не,
«орыс тағайындаған» хан, сұлтандарға қарсы көтеріледі. Бұл—

дәстүрлі қазақ қоғамының қалың бұқарасын, оның әр алуан
әлеуметтік топтарын (қарасын да, төресін де, шаруасын да, бай-
бағыланын да, би-ақсақалын да, батыр-баһадүрін де) қамты­ған,
Ресейдің отарлау әрекетіне қарсы бағытталған ұлт азатты­ғы

жолындағы көтеріліс-тұғын
Сұраншы батыр Ақынбекұлы /1815-1864/—қазақ баты-
ры, Саурық батырдың немере інісі. Ұлы жүздегі шапырашты
тайпасының есқожа руынан шыққан. Аталары Қарасай батыр,

Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел арасында атағы шыққан ше-
шен, батыр болған адамдар. Сұраншы батыр Ресей үкіметіне
Верный (Алматы) бекінісін салуға көмектеседі. Орыс әскерле­
рі­мен бірге Тойшыбек бекінісі жанында Қоқан хандығының

3 мың әскерімен соғысып, жеңіске жеткен. Осы сияқты орыс
әскерлерімен бірігіп Қоқан басқыншыларының езгісіне қарсы
сан рет соғысқа шыққан. Сұраншы батыр бейнесі Жамбыл­дың
«Сұраншы батыр» поэмасында, Сүйінбайдың «Сұраншы», «Ту

алып жауға шықсаң сен» толғауларында жырланады.
Тама—қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре
бойын­ша, Кіші жүз құрамына кіретін жетірудың ішіндегі
бел­гілі атаның бірі. Кейбір деректер бойынша, тама XІ-XІІ

ғасыр­лар­да Қаратау бөктерін, Созақ қаласын, Қазалы өңіріне
қоныс­тан­ған. Тама Қарадөң батыр ұрпақтары Мұрын жырау­
дың айтуынша, былай өрбиді: Қарадөң батыр—Жұбаныш—
Сүйініш—Ер Бегіс—Ер Көгіс—Тама. Ел аузындағы шежіреде

күй  аңыздар
және М.Тынышбаевтың пайымдауы бойынша, Тамадан—Қа­
рабура, одан—Нәрік, Нәріктен—Шора батыр, Шорадан—Шот­
қара, ал Шотқарадан—Есенгелді, Жөгі, Жабал өрбиді.

Тарақты—Орта жүз құрамындағы тайпа. Тарақты ежел­
гі одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында әде­
биетте деректер кездеспейді. Оның шығу тегі жөнінде қазақ
шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша, ақ­

жолдан қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, тарақты,
уақ, тарақтыдан апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші (жасши), әлі,
сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке, көгедей болып он
екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны

арғын тайпасына жатқызады. Тарақты Қазан төңкерісіне дейін
Орталық Қазақстанның Ақтау, Қызылтау, Ортау мекенде­
рін, Жоғарғы Сарысу, Көктің көлі, Есіл, Нұра өзендерінің
бойын мекендеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес­

те Тарақтының Наймантай, Байғозы батырларының есімдері
аңызға айналған. Бетпақдаланың Арқа жақ шетінде, Шажа­ғай
өзенінің бойында Тарақты Алтыбай батырға ескерткіш-күм­без
соғылған. Ұраны—Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.

Тәттімбет Қазанғапұлы /1815-1862/—күйші, компози-
тор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негі­
зін салушылардың бірі. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен
дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі

Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбет­
тің түрлі тақырыпты қамтитын 40 тан аса күйлері бар. Оның
«Қос басар», «Сары жайлау», «Сары өзен», «Терісқақпай»,
«Сылқылдақ», «Бес төре», «Азамат», «Алшағыр», «Азына»,

«Көкейтесті», «Бозторғай», «Қорамжан», «Бозайғыр», «Ерке
атан», «Ноғай-қазақ», «Кер киік», «Қашқан қалмақ», «Қара
жорға», «Балбырауын», «Жетім қыз», «Сал қоңыр», «Көш
жанаған», «Сары қамыс», «Шәйір қалды» т.б. күйлері өмірді

терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін
аңғартады.
Тойшыбек Қасаболатұлы /1783-1860/—би, батыр. Ұлы
жүз—дулат тайпасының ботбай руынан. Кенесары Қасым­ұлы

бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау
танытқан. 1849 жылы Алматы қаласына таяу маңда, Ақсай
және Қарасу өзендерінің түйіскен тұсында бекініс салдырған.
Тойшыбек батыр өз өмірінде Ресейдің отарлау саясатына қарсы

ғылыми  қосымшалар
қол бастаған. Талай рет Қоқан, Қырғыздармен бірлесіп Іле
өңіріндегі бекіністерге шабуыл жасап, орыс әскерлерін көп
шығынға ұшыратқан.

Төле, Толуи—түркі-монғол ханзадасы. Шыңғыс ханның
төртінші ұлы. Шешесі Бөрте Қоңырат қоңырат тайпасынан
шыққан. Төле жас кезінен бастап үнемі әкесінің қасында бо-
лып, монғолдардың негізгі жорықтарының бәріне дерлік қа­

тысқан. Кейін Шыңғыс хан өзі билеген аймақтарды Бөртеден
туған төрт ұлына бөліп бергенде, Төлеге қарашаңырақ иесі—
кенже бала ретінде монғол үстірті мен түркі-монғолдардың
не­гізгі әскер күші мұраға қалдырылған. Негізгі әскер күшін

өз қолына шоғырландырған ол моңғолдардың 1235-1242 жыл-
дар Қытайға, Шығыс Еуропаға, Иранға жасаған жорықтары­на
белсене араласып, көмекке балаларын жіберіп отырды. Жаз-
ба деректерге қарағанда, ағасы Шағатай мен Үгедейден бұрын

қайтыс болған.
Төле би Әлібекұлы /1663-1756/—қазақтың атақты үш биі­
нің бірі. Қазіргі Жамбыл облысының жерінде, Шу өзенінің
бойындағы Жайсаң жайлауы деген жерде дүниеге келген. Ұзақ

өмір сүріп, 1756 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле
би ауданына қарасты Ақбұрхан-Орда деген жерде қайтыс бол­
ған. Сүйегі Тәшкен қаласындағы Жүніс ханның қабырының қа­
сына жерленген. Дулат ішіндегі Жаныс. Жаныс—Жайылмас—

Қожамберді—Құдайберді—Әлібек. Орта жүздің биі Қазыбек
Келдібекұлы мен кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі
Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болып, қазақ халқының
заңы ретінде «Жеті жарғының» дүниеге келуіне ат салысады.

Тәукеге Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жер-
ден басқаруға, сөйтіп, бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға
көмектеседі.
Төремұрат Тайлыбекұлы /1821-1823/—белгілі батыр. Кіші

жүздің таз руының жастабан тармағынан шыққан. Өтен, На-
рынбай батырлардың үзеңгілес серігі болып, Ресей отаршыла­
рына, түрікпен аламандарына қарсы соғыстарда ержүректілі­
гімен аты шыққан. Қаһармандығы үшін таз руының ұранына

айналған. Палуан, мерген, домбырашы ретінде де қадірленген.
Түрмеден қашып шыққан ұлы күйші Құрманғазыны панала-
тып, қамқорлық көрсетеді. Біреуге айттырылып қойған, сүйген
қызы Данай сұлуға үйленгендігі үшін елден қудаланып, Хиуа

24-136

күй  аңыздар
жұртына кетуге мәжбүр болған. Түрікпен аламандарымен
соғысып, Күйкен тауы маңында қаза тапқан.
Уақ—Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректе­

рінде уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен
оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. Уақтың шығу
тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан мен
Н.Мыңжани ІX-XІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген он-

гуттарды уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен А.Левшин
оларды қазақ хандығына XVІ-XVІІ ғасырларда ғана қосылды
деп санаған. Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай батырлар
арқылы уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап көріне ба-

стады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша, уақ керей
тайпасымен туыстас. Уақтың алғашқы атамекені Қазақстанның
оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы болса керек.
Шағатай /1183/85-1241/—Шыңғыс ханның Бөртеден ту­

ған екінші ұлы. Аса ержүрек батыр және қайсар мінезді адам
болған. 1211-1216 жылдары әкесінің Солтүстік Қытайға қарсы
жасаған жорығына ағасы Жошы, інісі Үгедеймен бірге аттан-
ды. Хорезм жорығына аттанар алдында келешек мұрагер ту-

ралы сөз болып, Шыңғыс хан Жошы туралы пікірін сұрағанда
дөрекі жауап беріп, ағасы мен ата-анасының көңіліне қаяу
салады. Осы оқиғадан кейін Жошы мен Шағатай, кейіннен
екеуінің ұрпақтары арасында бітіспес алауыздық пайда бола-

ды. Үгедейдің билігі тұсында империя өмірінде Шағатайдың
рөлі күшті болды. Інісі онымен үнемі ақылдасып отырды.
1235 жылы Қарақорымдағы ұлы құрылтайда Батысқа жорық
жасауды қолдап, Батудың Рус пен Шығыс Еуропаға жасаған

жорығына ұлы Байдар мен немересі Бүриді аттандырады.
Шағатай қоңыраттың қызы Есенунды, кейіннен оның сіңілісі
Турьханды әйелдікке алды. Шағатай өз ажалынан қайтыс бо-
лып, Әмудария бойына жерленген.

Шеруші—шежіре бойынша, Орта жүздегі абақ керейден та-
райтын он екі атаның бірі.
Шоқан Уәлиханов /Мұхамед-ханафия/ Шыңғысұлы /1835-
1865/—қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, та-

рихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. Омбы
ка­дет корпусын бітірген (1853). Петербург университені­нің
тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған. Арғы ата­
лары—Абылай, Уәли хандар. Әжесі Айғанымның тәрбиесін

ғылыми  қосымшалар
көрген ол жастайынан оқу-білімге әуестеніп, Құсмұрындағы
мұсылман мектебінде бастауыш білім алады. Шоқан осы мек-
тепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді оқуға және

хатқа түсіруге машықтанады. Халық мұрасын жинауды қолға
алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш—Баян сұлу»,
«Едіге» жырларының нұсқаларын хатқа түсірді. Шоқан жа-
сынан араб, шағатай тілдерін, кейінірек Орта Азиядағы түркі

тілдерін меңгерді. Шоқан Уәлиханов аз ғұмырында артына
ұшан-теңіз мұра қалдырған көрнекті тұлға.
Шора батыр—1. Шора Нәрікұлы батыр, тарихи тұлға. Кіші
жүздің Жетіру тайпалық бірлестігінің Тама руынан шыққан.

2. Шора ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген аты

әйгілі құсбегі. Жалайыр руынан шыққан. Ауыз әдебиеті жан-
рында батырлар, тарихи тұлғалар жайлы қайталау, алмасу көп
болғандықтан, жырдағы Шора есімі анық емес. Дегенмен бұл
жырда дулаттар мен жалайыр руы көп сөз болғандықтан, Шора

батырды осы жалайыр Шорамен байланыстыруға болады.
Шыңғыс Уәлиханов /1811-1895/—аға сұлтан, полковник,
қоғам қайраткері. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әкесі.
Уәли ханның кіші әйелі Айғанымнан туған. Жастайынан би­

лік­ке араласып, алдымен Аманқарағай (Құсмұрын), кейіннен
Көкшетау округтерінің аға сұлтаны болып сайланды. Кенеса-
ры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдады, бірақ
белсене қатыспады. Заман ағымын терең түсініп, оқу-білімді,

экономикадағы өзгерістерді жоғары бағалады.
Шыңғыс хан—моңғол ханы. ХІІІ ғасырдың басында
Қазақстан, Орта Азия елдеріне шапқыншылық соғысын бас­
тайды. Жолында кездескен ұлыстар мен ру-тайпаларды жау-

лап алып, өз әскерлерінің қатарын толықтыра отырып, олар-
ды кезекті жорығына пайдаланады. Ғалымдардың зерттеулері
Шыңғыс әскерінің басым көпшілігі осы түркі тектес ру-тай­
палардан құралғанын көрсетті. Тіпті, ол Орта Азияны жау­

лап алып, енді Солтүстік Африкаға қол сұға бастайды, осы ке­
зеңде Мысыр елін (Египет) басқарып отырған Бейбарыс сұл­тан
Шыңғыс хан жорығының бетін қайтарып, Мысыр еліне аяқ
бастырмай қояды. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт

ұлына (Жошы, Төле, Шағатай, Үгедей) бөліп беріп, олар өздері
жаулап алған елдерде хандық құрады.

күй  аңыздар
Үгедей, Өгедей /1186-1241/—Шыңғыс ханның үшінші
ұлы, әрі мирасқоры. Жас кезінен бастап әкесінің жорықтарына
қатысқан. Шыңғыс хан империясының 1229-1241 жылдар ара­

лығындағы «Ұлы ханы» болған. Ағалары Жошы мен Шағатай
арасында үнемі дау туа бергендіктен Шыңғыс хан Үгедейді алға
шығарып, екі ағасын оған бағынуға міндеттеді. Үгедей білімді
әрі ақылды адам болған. Мемлекет іргесін нығайту мақсатын­

да ел астанасы Қарақорымды салып, халық санағын жүргіз­ді.
Жылдам хабар алу үшін пошта қызметі ұйымдастырылды.
Ықылас Дүкенұлы /1843-1916/—күйші, қобызшы, компо-
зитор. Ықыластың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста болған

адам, ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақ­
сы тарта білген. Ықыластың күйшілік дарыны ерте ашылып,
7-8 жасынан бастап-ақ қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді
тез игеріп алған. Оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы

күй­шілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын
жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті.
Оның «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас», «Қазан»,
«Қамбар—Назым», «Жезкиік», «Шыңырау», «Аққу», «Ер-

ден», «Жарым патша», «Бес төре», «Жалғыз аяқ» т.б. толғау
күй­лері бар.

Аждаһа—аздаһа, айдаһар, алып жылан Антектік, әнтектік /ж.с./—қателік, кемшілік Аңқа /к.с./—кеңсірік, тамақ қуысы Әбжылан [ әб /п/—су]—фольклорлық шығармаларда суды мекендейтін улы жылан Әйдіңгер /ж.с./—атақты, үлкен, әйгілі деген мағынада қол­ данылады Әләй /ж.с./—1. жол; 2. дүлей Әмеңгер /к.с/—қазақ дәстүрі бойынша, жесір әйелдің күйе­ уінің орнын басуға құқылы қайын не қайынағасы Әндігер /ж.с./—қадірлі, құрметті Базына—өзім деген адамға айтылатын наз, өкпе, тілек. Бақастық /ж.с./—көре алмастық, қызғаншақтық, күншіл­ дік Бақшы /т/—ақын, жырау, бақсы Бардам /с.е./—Күйлі, әл-ауқатты Бек /з.б./—таулы жерде өсетін айыр жапырақты, тамыры жеуге жарамды өсімдік Ботташық—сәбізге ұқсас, көпжылдық шөптесін өсімдік Бөблік, боплік—мәтінде құлақтандыру, хабарландыру ма­ ғы­насында Бөгенай /ж.с./—түр, тұлға, дене бітімі деген мағынада Бөктергі—ұсақ жәндіктерді аулайтын ақсары жүнді жырт­ қыш құс Бұла—еркін, ерке, қағусыз өскен, еш бейнет көрмеген (адам, мал) Дәулескер—майталман, шебер. Мыс: дәулескер күйші Дерітіп (дерту)—1.ісіну, сыздау; 2. Пісіп жетілу, толысу сөздік

күй  аңыздар Дилы—күйлі, қуатты Дутар—өзбек, ұйғыр, түрікмен, тәжік халықтарының қос ішекті музыкалық аспабы Ексе /с.к./—Ересек, мосқал Жәрмеңке—үлкен базар, көшпелі немесе маусымдық сауда орны Жойдасыз /ж.с./—үлкен, жойқын, ерекше деген мағынада Зәңгі—1. Жергілікті әкімдердің ең кішісі, старшина; Қы­тай қазақтары арасында қолданылған ең төменгі әкімшілік лауа­ зымы. 2. Қара нәсілді адам, негр. 3. Қызметші, құл. 4. Саты, басқыш. Зәрезап—мезі болу, шошыну, жалығу, запы болу Зоң /з.з./—қарғаның түрі Зүбәржат /а/—жасылдау түсті, жылтыр, асыл тас Ибадат—инабат Кебенек /к.с./—малшылар аязда, жауын-шашында киетін жұқа киізден тігілген сырт киім. Күбі—айран, іркіт, қымыз пісуге қаймақтан май түсіруге арналған ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін піспегі бар ыдыс. Қарқара—1. құстың бір түрі; 2. мәртебе, мерей; 3. қауыр­ сын Қаукерік—аңқау, аңғал, әңгүдік Қоғамдау—топтау, жиыстыру, басын біріктіру, шоғырлау Қормал /с.ж./—жанашыр, қамқор адам Қузау—қуза етістігінің қимыл атауы. 1. Бір нәрсені қозғау, қаузау. 2. /ауыс./ Мәселе көтеру, қозғау салу Қылшан—/к.с./—ертедегі батырлардың жебе салып жүруі үшін жылқының қылынан істелген оқ қабы, қорамсақ Қысырақ—үйірге қосылмағандықтан қысыр қалып құ­лын­ дамаған байтал, бие Ләббай /а/—құп; құзырыңа әзірмін Лепес /ар./—айтылған сөз, лебіз Летаргілік—мәтінде бірнеше тәулік үйқы мағынасында Мағұрланып /ж.с./—маңғазданып, бойына тоғытпай деген мағынада қолданылады Мәзһап /а/—жол; діни мектеп; ағым; бағыт Мосыағаш—/к.с./—ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісі­ ретін үш тағанды темір құрал

ғылыми  қосымшалар
Мүсе /ж.с./—місе
Нәнталап /ж.с./—үлкен талапты, талапшыл деген ма­ғы­
нада

Нәркүмән /ж.с./—күмәнді, сенімсіз деген мағынада
Нәубет /а/—1. ырызық, ырыс, бақ, дәулет; 2. апат, кесепат,
ауыртпалық; 3. кезек
Нәуетек /ж.с./—еңбек істеуге қыры жоқ, бос

Нөпір—қалың, қаптаған, көп
Перен /ж.с./—ақ берен. «Берен» сөзі парсы тілінен енген,
қазақ тілінде бірнеше мағына береді. Бұл жерде берік метал­дан
соғылған мылтық дегенді білдіріп тұр

Пұшайман /п/—бейшара, сорлы, қайғы, өкініш
Пылан /о/—жоспар
Раборт /о/—рапорт, мәлімдеме
Сабат—шөбі шүйгін, салқын жер, көгал

Сықырлауық—киіз үйдің ши есігінің ішкі жағынан жабы-
латын, оюлап жасалған, жарма ағаш есік
Сіргежияр—күзде бие ағытарда ең соңғы қымызға көрші-
қолаңды шақыру кәдесі

Түнкелі—Шөбі шүйгін, шұрайлы, тың жер
Түсел /ж.с./—түсетін, қонатын үй, қоналқы
Уәж—тапқыр сөз, сылтау, ұтымды жауап
Уызқағанақ—қойдың уыз сүтін бүйенге құйып, аузын

буып, бумен пісіретін тағам.
Ұйқыашар—наурыз мерекесі кездерінде, сақпан кезінде
қыздардың жігіттерге арнап пісіретін тағамының атауы
Шалғай—1. алыс, қашық, қиыр шет. 2. Киім етегінің екі

аралығы
Шашыратқы—1. өсімдік; 2. күйек түсер кезде істелетін
ырым, той
Шәйіт, (Шаһид, шейіт) /а/—1. ислам діні жолында қа­

сиетті соғыстарда қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт
деп атайды; 2. әділет жолында қайтыс болған адам
Шерік /з.к./—1. Жиын; 2. Сарбаз, жауынгер, қарулы
әскер

Шыбар /с.с./—шұбар
Шікірә /ж.с./—дәргәр, пана, ұлық

Жер-су атаулары
Азау (Азов теңізі)—Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүс­
тігіне орналасқан теңіз. Керч бұғазы арқылы Қара теңізбен бай-
ланысады.

Ақмола—Есіл өзенінің бойында ескі керуен жолы өтетін
Қараөткелде орналасқан, аққайрақ тастан әдемілеп жасалған
ескерткіш белгілері; Қазақстанның бас қаласы Астананың
бұрынғы атауы.

Алатау—басы Хантәңірінен басталып, Ташкент қала­
сы­­ның маңына барып аяқталатын биік шыңдарын мәңгілік
мұз­дықтар мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. Олар
Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. деп ата­

лып, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен
Қырғызстан Республикасының біраз аумақтарын алып жатыр.
Алматы—республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстан­
ның оңтүстік шығысында Іле Алатауының солтүстік баура­йын­

да орналасқан. 1927 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның
астанасы болды. Қазір 1,5 миллионнан астам тұрғыны бар ірі
қала.
Алтай—тау жотасы, аймақ. Түркілердің атамекені болған

Алтай тауы қазір орыс Алтайы, Монғол Алтайы, Қазақ Алтайы
деп бөлінеді. Оның үштен бірі Қазақстанның үлесінде. Қазақ
Алтайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді Алтай болып, Ертіс өзені
арқылы екіге бөлінеді. Оларды Қалба жотасы жалғастырып

тұр. Алтай тауы батыстан шығысқа қарай, яғни ең биік нүктесі
Мұзтауға қарай биіктей береді. Алтайдың осы аймағын қазақ­
тар Өр Алтай деп, Катонқарағай мен Марқакөлдің арасындағы
тау жотасын белгілеп жүр. Қазақ ішінде ол таулар Тарбағатай,

Алтай жайлаулары делінеді.

ғылыми  қосымшалар
Алтын Орда—орта ғасырларда Шыңғыс хан империя­сы­
ның құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түркі мемлекеті.
Алтын Орда құрамына Ертістің шығыс жағалауынан Балтық

теңі­зіне дейінгі, Сібірден Хорезмге шейінгі ұлан ғайыр аумақ
енді. Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы
Сарай қа­ласы болып, кейін Берке хан кезінде Сарай-Беркеге
көшірілді. Алтын Орда Анадолымен, Сириямен, Мысырмен,

Визан­тия­мен және Шығыс елдерімен сауда қатынасын орна-
тып, елші­ліктер алмасты. Ұлы Жібек жолының маңызды бір
тармағына бақы­лау жүргізді. Әмір Темірдің жойқын әскері
жасаған үш жорығы­нан кейін Алтын Орда әлсіреп, 1502 ж.

соңғы билеуші Шейх Ахмед ханның өлімінен соң мемлекет
жойылды. Алтын Орда жерін­де Қазақ, Ноғай, Қырым, Қазан,
Қасым, Астрахан, Сібір, Башқұрт хандықтары пайда болды.
Амудария (Ежелгі атаулары—Әму, Окс, Балх, Жәйхун)—

Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. Амудария жаға­
лауында Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Түркіменстан орна­
ласқан. Осы мемлекеттер өзенді ауыл шаруашылығына, егін
шаруашылығына пайдаланады.

Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақстанды
білдіреді. Шындығында, қазір Арқа—Орталық, Шығыс, Сол­түс­
тік Қазақстанды және Ақтөбе облысының бір бөлігін қам­титын

үлкен аймақ. Арқа туралы тарихшы Құрбанғали Халидтің
«Тауарих-и Хамса-и шархи» атты еңбегінде көп деректер бар.
Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен шежіресі» атты еңбегінде Арқа мен
Дешті-Қыпшақты бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.

Арыс—Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен.
Астрахан (Қажы-Тархан)—қала, Ресей Федерациясы­
ның облыс орталығы. Еділ өзенінің екі жағалауын ала Каспий
теңізінен 150 шақырым қашықтықта орналасқан. ІІІ ғасырда

Астраханның орнында хазарлардың ежелгі астанасы Итиль,
VІ ғасырдың аяғында Балангир қаласы болды. ХІІІ ғасырда
Шыңғысхан ұрпақтары ескі қаланың орнына Хажытархан қа­
ласын салды да, ХІV ғасырда хандықтың астанасы етті. 1459-

1556 жылдары Астрахан хандығының басты қаласы болды.
Аягөз—Алматы, Шығыс Қазақстан облысы аумағы арқылы
ағатын өзен. Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдерінен ба-
стау алады. Балқаш көлінің солтүстік шығыс бөлігіне құяды.

күй  аңыздар
Бағдат—көне қала, (кейбір жорамалдар бойынша, ежелгі
парсы тіліндегі «бага»—Құдай, «дад»—берген, яғни «Құдайдың
сыйы» деген ұғымды білдіреді). Ирак мемлекетінің астанасы.

Тигр өзенінің екі жағалауында орналасқан шаһарды «Мәдинат
ас-салам», яғни «Бейбітшілік қаласы» деген атпен Халиф
Мәнсүр 762 жылы тұрғызған.
Балқан тау—Каспий теңізінің оңтүстік шығысында, Түр­

кіменстан Республикасы жеріндегі тау жоталарының тіз­бегі.
Оқ Балқан, Кіші Балқан сияқты атауларымен де мәлім. «Барар
жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген қазақ мәтелі
осы араны меңзеген.

Балқаш көлі—Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұй­
ық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңізінен кейінгі ірі
су қоймасы. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне
Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз өзендері құяды.

Бетпақ шөлі, Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлі­
гіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қара­
ғанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында
орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен,

шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен,
солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Бұқтырма өзені — өзен, Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақ­
стан облысы, Қатонқарағай, Зырян аудандарының жерімен ағып

өтеді. Ағысының күштілігіне байланысты «Бұқтырма» атанған.
Бұхара (санскритше вихара—монастырь)—б.д. І ғасырында
іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысында орна­
ласқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазірде Өзбек­

стан Республикасының осы аттас облысының орталығы.
Еділ (Волга)—Еуропадағы ең үлкен өзен. Еділ бастауын
Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды. Еділге 200-
ден астам сала құяды. Еділ өзенінің әдеби—тарихи деректер­де­

гі орны ерекше. Оны барша түркі халықтарының ақын-жы­рау­
лары құрметпен атап, өз шығармаларына арқау еткен.
Ерейментау—Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап.
Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан. Ол Өлеңті және

Шідерті өзендерінің су айрығы болып табылады. Осы өзендер­
дің салалары—Жарық, Қарасу, Олжабай, Тұрғынбай өзендері
тау беткейлерінен басталады.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Обьтың

сол саласы. Монғол Алтайының оңтүстік-батыс беткейіндегі

ғылыми  қосымшалар
мұздықтардан бастау алып, Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды облыстарының аумағын басып өтеді.
Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы

және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан
Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс
Қазақстан, Атырау облыстарының жерінен ағып, Атырау қа­
ласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жайық өзені бойымен

Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.
Жаңкент (Жаңакент)—орта ғасырлардан сақталған кө­
не қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орна­
ласқан. Жувейнидің, Несевидің және Омаридің тарихи ең­бек­

терінде айтылады. Жанкент X-XІ ғасырларда Оғыз бір­лес­тігі
билеушілерінің қысқы ордасы, мұсылмандар қонысы, сау-
да жолы болды. Қала Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін
Х-ХІІ  ғасырлар аралығында өркендеген.

Жем—Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау об­
лыс­тарымен ағып өтеді.
Зайсан—Шығыс Қазақстан облысының аумағында орна­
ласқан көл. Солтүстігінен Нарым мен Күршім, Оңтүстігінен

Сауыр-Тарбағатай жоталарының сілемдерімен қоршалған қа­
заншұңқырда жатыр. Зайсанға Қара Ертіс өзені құяды да,
Ертістің (Ақ Ертіс) бір саласы ағып шығады.
Қазалы—Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы қала

(1867 жылдан). Аудан орталығы—Әйтеке би кентінен оңтүс­
тікке қарай, Сырдарияның оң жақ жағалауына орналасқан.
Кейбір деректер бойынша, елді мекен аты «Қаза» деп атала-
тын балық аулау жабдығынан шыққан болса, басқа деректер-

де мұнда әділ қазылығымен аты шыққан халыққа жаққан бір
адамға байланысты «Қазы» атанып кейін «Қазалы» болып
өзгерген дейді.
Қазығұрт—Шымкентке жақын жердегі тау. Қазақ аңыз­

да­рында «Нұх пайғамбардың кемесі осы Қазығұртқа келіп тоқ­
таған» делінеді.
Қанас—Қытайдың Шыңжаң өлкесінде орналасқан тау ара­
сындағы ірі көлдердің бірі.

Қара теңіз—Атлант мұхитының жерорталық теңізі. Жаға­
лау­лары Ресей, Румыния, Болгария, Түркия елдеріне ортақ.
Қарқара—Алматы облысының Райымбек ауданындағы
өзен, тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақты

күй  аңыздар
өзеніне дейін созылып жатқан кең алқапты және сол өзен
жағасындағы ауыл атын жергілікті халық Қарқара атайды.
Осы жер 1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің

ошағының бірі болғаны тарихтан белгілі.
Қиыл өзені—Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе облысы, Ойыл,
Қобда аудандары жерімен ағады. Қиылдың салалары—Ақ­
құдықсай, Қоңырсай өзендері Доңызтаудан басталып, Сарал-

жын аралы тұсында Ойылға құяды.
Қобда—Ақтөбе облысындағы аудан орталығы. Елек ала­
бындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда ауданы жер­ле­
рімен ағады.

Қордай—тау, асу аты. Жамбыл облысындағы аудан орта­
лығы. Шу-Іле тауларынының оңтүстік-шығысындағы Кіндік­
тас және Жетіжол жоталары аралығындағы асу.
Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Қара теңіз,

Азов теңіздерімен Перекоп мойнағы арқылы шығыс Еуропа
жазығымен ұштасады. Солтүстік бөлігі-жазық даламен, Оң­
түстік жағы Қырым тауларымен ұласады.
Маңғыстау—облыс, тарихи аймақ. Қазақстанның оңтүс­

тік-батысында орналасқан. Ел аузында Маңғыстаудың ойында
360 әулие өмір сүргендігі айтылады.
Марқакөл—Шығыс Қазақстан облысындағы көл. Халық
аузындағы бір аңызда: «Көл орнындағы бір аңғарға қап-қара

марқа қозы түсіп кетіп, соны шығарып алғаннан кейін орнында
аяқ астынан үлкен көл пайда болыпты» деген мәлімет кезде­седі.
Сондай-ақ көл атының осылай аталуын жалайыр тайпасы­ның
марқа руымен байланыстыру да бар. Тарихи деректерде ХІІІ-

ХV ғасырларда Алтай тауының Күршім ауданында жалайыр­
лардың тұруы бұған дәлел. Ғылыми этимология бойынша, Ал-
тай тауында қар суынан жиналатын көптеген көлдердің «үлке­ні,
марқасы» деген мағына береді. Марқакөл—«үлкен көл» деген

атау. Ел аузында осы көлде ақмарқа деген жануардың тірші­лік
ететіні де айтылады. Ақмарқа—балық атауы. Бұл да мағына­сы
жағынан жақын байланысады.
Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар

әрі ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы
Қаһираны (Қайыр) да Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорын-
да, сондай-ақ көптеген шығыс халықтарының ауыз әдебиеті
шығармаларында Мысыр шәрі деген атау жиі ұшырасады.

ғылыми  қосымшалар
Нарынқол—Алматы облысының Райымбек ауданына қа­
расты елді мекеннің аты.
Нарын құм—Батыс Қазақстан аймағындағы үлкен құм.

ХІХ ғасырдың соңына дейін мұнда Жәңгір хан мен оның мұ­
рагерлерінің ордалы қонысы орналасқан.
Өлеңті—Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облы­
сының Сырым және Ақжайық жерлерімен ағады. Қазақ эпос­

тарында жиі аталатын, тарихи-мәдени маңызы зор көне эпо­
нимдердің бірі.
Сағыз—Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау облыс­
тарының жерімен ағады. Қазақтың батырлық эпостарында,

Асан қайғы, Махамбет, Мұрат жырларында жиі аталатын та­
рихи-эпикалық гидроним.
Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық
ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Орналасқан

жері қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік батысында, Шымкент
қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» атты еңбегінде
кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан кейін Сайрам маңыз­ды

орталықтардың біріне айналған. ХV-VІІІ ғасырларда қазақ хан­
дықтары кезінде ірі сауда, діни және мәдениет ошағы болған.
Самарқан—ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі бол­
ған, Зеравшан өзенінің аңғарына жақын орналасқан Орта Азия­

да­ғы көне қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасы­ның
осы аттас облыс орталығы.
Сарай—Алтын Орданың астанасы. Осы аттас екі қала бол­
ған. Олардың бірі Батудың сарайы, екіншісі, Беркенің Сарайы

деп аталған.
Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі
ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Жетішатыр.
Сыр—Сырдария өзені. Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария

мен Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шығыс
бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып,
Арал теңізіне құяды.
Сібір—Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жаға­ла­

уының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия
шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.
Тайсойған—Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы
құм. Ойыл өзенінің төменгі бөлігінің сол жағалауымен жарып

шыққан өзенді бойлай созылып жатыр.

күй  аңыздар
Тарбағатай—Зайсан және Балқаш—Алакөл арасындағы су
айырық тау қыраты. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының
жерінде орналасқан. Тау ендік бағытта батыстан шығысқа қа­

рай созылып жатыр. Аягөз ауданында Тарбағатай ауылы бар.
Тәшкен (Ташкент) [/т.,п./—тас қала]—көне тарихи қала.
Өзбекстан Республикасының астанасы. Қазақ халқының ауыз
әдебиеті мен фольклорында жиі ұшырайды.

Текес—Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты
ауыл және өзен атауы.
Түркістан—тарихи қала. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан об­
лы­сындағы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның

оң жақ аңғарында орналасқан. 2000 жылы көне қаланың
1500  жыл­дығы аталып өтті. Арабтардың географиялық жазба-
ларына қарағанда, ІV-X ғасырларда бұл қаланың орнында Ша-
угар (арабша Шауағар) мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған.

XІІ-XІV  ғасырларда Түркістан Яссы деген атаумен белгілі
болды. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі салынған соң, түркі
халықтарының діни-рухани орталығына айналды.
Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ шо­

қылы, таулы өлке. Ұлытауда атақты Жошы хан мазары сақ­
талған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің бас қосып, ел
тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп тұрған.
Ұрым (Үрім, Рум)—Византия. Шығыс халықтары оны орта

ғасырларда осылай атаған. Сол халықтардың фольклоры мен
әдебиетінде Рұм атауы өте алыс, ғажайып өлкенің символы
ретінде қолданылған.
Үнді (Үндістан)—Үнді мұхиты жағалауында, Оңтүстік

Азияда орналасқан мемлекет. Гималай тауларынан оңтүстік­
ке қарай оңтүстігі, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа
және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе
жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Арабия

теңізінің, Шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының сулары-
мен қоршалған.
Үргеніш—ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекеті­нің
астанасы. Орны қазіргі Түркменстан Республикасы, Ташауыз

уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жанында. Үргеніш­
тің гүлдену кезеңі XІІ-XІІІ ғасырлардағы хорезмшахтар би­лік
еткен кезеңге тура келеді. XІІІ ғасырдың ортасынан бас­тап
Алтын Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімші­

ғылыми  қосымшалар
лік орталық ретінде өз маңызын жойған жоқ. XІV ғасырдың
ортасына қарай Хорезм Алтын Ордадан бөлінген кезде Үргеніш
қайтадан оның астанасына айналды. XVІІ ғасырда қала тірші­

лігі құлдырап, кері кетті.
Хорасан—Орта Шығыстағы тарихи аймақ. Хорасанның
құрамына қазіргі Иран Ислам Республикасының солтүстік-
шығыс бөлігі, Мерв шұраты, қазіргі Түркменстан Респуб­ли­

ка­сының оңтүстігіндегі шұраттар, қазіргі Ауғанстанның сол­
түстігі және солтүстік-батыс бөліктері кіреді. Хорасан атауы
Сасани әулеті кезінен белгілі. VІІ ғасырдың ортасында Хорасан-
ды арабтар жаулап алды. Араб халифаты ыдырағаннан кейін,

ІX ғасырдан XVІ ғасырдың бас кезіне дейін Тахири, Саффари,
Самани, Ғазнауи, Салжұқтар әулеттерінің, Хорезмшаһтар т.б.
мемлекеттердің құрамында болып, Орта Шығыстың эко­но­ми­
калық жағынан неғұрлым дамыған облыстарының бірі болды.

Шымкент—ежелгі қала, Оңтүстік Қазақстан облысының
орталығы.
Шын-Машын—Орта Азия, иран, араб елдері орта ғасырда
Қытайды «Чин» деп атаған. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі

221-жылдан бастап Қытай елін билеген Цинь династиясының
өзгертілген атауы.
Шыңғырлау—Жайық өзенінің сол саласы. Батыс Қазақ­
стан жерімен ағады. Орал тауларынан бастау алып, Жайық өзе­

ніне келіп қосылады. Осы аттас аудан да, жер аты да бар.
Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей
Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық
және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу атала-

ды. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері Қазақстанда. Қорағаты,
Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б.
Шідерті—Батыс Қазақстанның Сырым ауданындағы өзен,
Өлеңті алабында. Эпостық туындыларда екеуі қатар аталады.

Іле—Қазақстан мен Қытай жеріндегі өзен. Алматы облы­
сы­ның Райымбек ауданынан бастау алып, Қытай жері арқылы
елімізге оралып, Балқаш көліне құяды. Шекарадан бері атал­
ған облыстық Ұйғыр, Іле, Балқаш аудандарының жерлерін ба-

сып өтеді.
Ірбіт, Үркіт—Бұрын қазақтардың ауызекі тілінде Сібір­дің
қалалары осылай атала берген. Қазіргі Иркутск қаласы.

Ақынбайұлы Дәулет /1924-?/—қобызшы. Қобыз күй­ле­
рінің аңыз-әңгімесін жақсы біледі. Жамбыл облысына қарас­ты
Сарысу ауданындағы «Жайлаукөл» совхозының тұрғыны.
Дәулет—белгілі қобызшы, күйшісі Ықылас Дүкенұлының

туған немересі. Ықыластың Дүйсенбай, Түсіпбек, Ақынбай
атты үш ұлы болған. Ақынбайдың баласы Дәулет. Ықыластың
қара қобызы осы Дәулеттің қолында сақталған көрінеді.
Ауғанбаев Шанақ /1912-?/—сыбызғышы. Шығыс Қазақ­

стан облысына қарасты Қатонқарағай ауданының Тайпақ село­
сындағы Топқайың деген жерде туған. Ол кезде бұл жер Таңба
ауылы деп аталған. Шанақ сыбызғы тарту өнерін әкесінің аға­сы
Төти, нағашы ағасы Сүлеймен деген кісілерден үйренген.

Шанақ сыбызғы тартудың тамаша шебері болумен бірге,
сыбызғыда тартылатын көптеген халық күйлерін бүгінгі күні­
мізге жеткізген адам. Оның репертуарында «Ертіс толқыны»,
«Жамал-ай», «Жесір әйел», «Жетім қыз», «Телқоңыр», «Боз­

інген», «Қалмақтың күйі», «Балжыңгер», «Жорға аю», «Көк
бұға» сияқты ондаған күй бар. Қазақтың көптеген музыка
зерттеушілері Шанақтың тартуында көптеген сыбызғы күй­
лерін алғаш рет нотаға түсірді.

Ахмедияров Қаршыға (Қаршымбай) /1946-2010/—дәу­
лескер домбырашы. Бұрынғы Гурьев облысының Махамбет
ауданына қарасты Таңдай селосында туылған. Қаршымбай Ал-
маты консерваторясын Қ.Мұхитовтың класы бойынша 1972

жы­лы бітірді. 1967 жылдан бастап-ақ Құрманғазы атындағы
ха­лық аспаптары оркестрінде жетекші домбырашылардың бірі
болып еңбек етті. Қазақтың күй өнерін насихаттаудағы толым-
ды еңбегі үшін және сирек кездесетін дәулескер домбырашы­лы­

ғы үшін 1982 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Томға енген аңыздарды айтушы һәм
жинаушылар туралы мәлімет

ғылыми  қосымшалар
Ахмерұлы Қабыкей /1924/—музыкалық фольклор жинау­
шы белгілі маман. Баян-Өлгий аймағындағы Бұлғын сұмы­
нының Сөңкіл деген жерінде туған. 1975 жылы Өлгийде

қазақ­тың ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастырушы қызметін
атқарған, МХР-дың еңбек сіңірген артисі.
Қабыкейдің өскен ортасына ән мен күй дарыған. Әкесі Ах-
мер, ағасы Қызыл, әпкесі Жұқа өнерпаз адамдар болған. Қабы­

кейді ән-күйге баулыған. Сол ортадағы Н.Қытайбай, Ж.Қасихан
домбырашылар, М.Ыбырай сыбызғышы Қабыкейге халықтың
ұшан-теңіз күй өнерін үйреткен.
Қабыкей 1958-1959 жылдары Қазақстанда болып, Тілендиев

Нұрғиса, Оспанов Тұрғыт, Қажығалиев Шамғон, Есқалиев
Әзидолла сияқты белгілі композиторлардан, музыка маманда-
рынан, домбырашылардан тәлім алады.
Қабыкейдің халқымыздың ән-күйін жинап, нотаға түсіріп,

жариялауда сіңірген еңбегі зор. Ол жинаған ұшан-теңіз музы­
калық мұралар «Монғолия қазақтарының халық әндері»
/1965/, «Ән» /1927/, «Баян-Өлгий қазақтарының домбыра жә­
не сыбызғы күйлері» /1976/, «Қазақ әндері» /1984/ деп атала-

тын кітаптарда жарияланды.
Қабыкейдің өзі шығарған ән-күйлері де ел арасына жақсы
таныс.
Әбіқаев Ахметжан /1903-1986/—Торғай өңірінің белгілі

халық ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күйші. Торғай об-
лысы, Жангелдин ауданы, «Шилі» совхозында дүниеге кел-
ген. Әкесі Әбікай да төңірегіне ақындығымен танылған. Ах-
метжан белгілі халық ақыны Ахметбеков Нұрқан сияқты ел

ішінің шежіре-сырына жүйрік адамдармен дәмдес, дос болған.
Иісі қазақтың шежіре сөзі мен өнегелі әңгімесін Ахметжан
мейлінше мол білген, ғалым-зерттеушілеріміз бен ақын-жазу­
шы­ларымызға көп дерек берген.

1937 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздардың рес­пуб­
ликалық байқауында Дина Нұрпейісова бірінші орынға, Ахмет-
жан екінші орынға ие болды.
Әбілтаев Шәміл /1948/—белгілі күйші-композитор, Қа­­

зақ­стан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Құр­ман­
ғазы, Дәулеткерей, Дина күйлерін жеріне жеткізе тартумен
бірге, өзі шығарған әндері мен күйлері де жұртшылыққа
жақсы таныс.

25-136

күй  аңыздар
Әлпекұлы Ахметбек /1938/—күй аңызын айтушы. МХР,
Баян-Өлгий аймағының Ұланхұсын сұмынында туылған.
1972 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерватория­

сын Ш.Қажығалиевтың класында бітірген. Қазір Баян-Өлгий­
дің музыкалық драма театрындағы Қазақтың халық аспаптар
оркестрінің дирижері болып еңбек етеді.
Әлімғазиев Закария /1915-1977/—домбырашы. Семей об-

лысына қарасты Мақаншы ауданының Фрунзе атындағы кол-
хозында туып-өскен. Халық күйлерінің аңызын мол білген, со-
нымен бірге күйді де нәшіне келтіре тартқан адам. Үлгі тұтып,
тәрбие алған ұстаздары Бәдіғұл, Жасболат, Нұрбек деген

төңірегіне белгілі домбырашылар. Закария «Шаңды шабуыл»,
«Қапты қақ», «Барақ батыр» сияқты ондаған халық күйлерін
тартқан.
Жасынан жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, саят­

шылық құрған Закария өзінің сергек болмысымен төңі­ре­гінде
сері атанған. Дәулескер домбырашының бұл қасиеті рес­публика
киношылары түсірген «Ақиық» атты деректі фильмде жарқын
көрініс тапқан.

Әрінұлы Башар /1889-1872/—қазақ шежіресін мейлін­
ше көп білген адам. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауда­
нын­дағы С.Сейфуллин атындағы совхозда ғұмыр кешкен.
Баше­кең Шоңманұлы Тоқа, Дүкенұлы Ықылас сияқты әйгілі

күйшілердің көзін көрген адам. Шоңманұлы Тоқа дүниеден
қайтқанда топырақ салған.
Белгілі жазушы Мұқанов Сәбит кезінде Башар ақсақалды
арнайы іздеп келіп, көп сұхбаттасып, «Шерім бір тарқады-ау!»

деп аттанған екен.
Әсемқұлов Талас /1956/—домбырашы, белгілі жазушы. Се-
мей облысының Шұбартау ауданынан. Әйгілі күйші Байжігіт­
тің мұрасын тұңғыш жеткізіп, нотаға түсуіне, күйтабаққа жа-

зылуына себепші болған.
Ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасқан Байжігіттің мол мұ-
расын нәшіне келтіре тартқан соңғы тұяқтардың бірі Жүніс­
бай домбырашы болған. Жүнісбай өз кезегінде бойындағы асыл

өнерді жиені Таласқа үйреткен.
Әубәкіров Ілияс /1895-1967/—белгілі домбырашы. Қара­
ғанды облысының Теңіз ауданында туылған. Кезінде Үкілі
Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты өнерпаздардың жанына еріп,

ғылыми  қосымшалар
серілік құрған. Балуан Шолақтың «Ғалия» әні арналатын ару
Ғалияның қолынан қымыз ішкен. Жастық желікпен барымта-
сырымта жасап, Сібірге жер ауған.

Кеңес заманында Ілияс өз бойындағы күйшілік, әншілік,
жыршылық қасиеттерін жарқырата көрсетті. 1934 жылы өт­
кен халық дарындарының Бүкілқазақстандық байқауында
Әубәкіров Ілияс күй тартуда екінші орынды жеңіп алды.

Ілиястың репертуарында «Орақ зары» сияқты халық күйі,
Абылай ханның «Садақ қақпай» деп аталатын күйі болған. Со-
нымен бірге өз жанынан «Толқыма» деген күй де шығарған.
Әшімов Шәміртаза /1908-?/—белгілі домбырашы. Жез­

қаз­ған облысының Балқаш қаласында туылған. Жеті атасы-
нан бері қарай әншілік, күйшілік дәстүрі үзілмей келе жатқан
әулеттің ұрпағы. Домбыра тартуды ағасы Шыраттан үйренген.
1935 жылы М.Калининнің Қазақстанға келуіне байланыс­

ты қойылған салтанатты концертке А.Жұбановтың шақыруы
бойынша Шәміртаза да қатысып, толымды өнері үшін бағалы
сыйлық пен мақтау грамотасын алған.
Әшімов Шәміртаза халық күйлерін нәшіне келтіріп тарту-

мен бірге, өз жанынан ән-күй де шығарады. Оның «Жас дәурен»
әнін өз төңірегі қызыға айтады.
Байсейітов Мақсұт /1927-1972/—ақын, халық мұрасын
жинаушы. Қарағанды облысының Тельман ауданындағы Са-

рытау деген жерде туған. «Өмір оты» /1953/, «Қарқаралы ба­
сында» /1977/ атты өлең кітаптардың авторы.
Мақсұттың әкесі Байсейітов Ыбырай кезінде республи-
ка жұртшылығына танымал домбырашы болған. Алғаш рет

Тоқаның, Дайрабайдың, Қыздарбектің, Әбдидің күйлерін ас­
тана тыңдаушыларының алдында тартқан кісі осы Ыбырай. Ол
кісінің өзі шығарған «Нарқызыл» атты күйі де бар.
Балмағамбетов Садуақас /1941-1999/—әйгілі күйші,

Қа­­занғаптың мол мұрасын жеткізген санаулы домбы­рашы­
лар­дың бірі. Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты
«Сар­бұлақ» совхозында туған. 1974 жылы Алматы консер-
ваториясын Қ.Тастановтың класында бітірген. Кейін осы

консерватория­да аға оқытушы болып қызмет істеген. Оның
қолында Қазанғаптың алпысқа тарта /варианттары мен жүз
қаралы/ күйі бар. Садуақастың әкесі Балмағамбет дәулескер
күйші болған адам. Бекет пен Ерназар батырларға арнап «Қос

күй  аңыздар
қыран» атты күй де шығарған. Балмағамбет ертерек дүние са-
лып /1941/, Садуақас домбыра тартуды нағашысы Қуантайұлы
Матайдан үйренеді. Кейін Қазанғаптың көзін көрген Ержанов

Қадыралы /1905-1987/, Байғанин Момын /Нұрпейіс жыраудың
баласы/, Айпақов Жәлекеш, Сартов Шүрен сияқты домбыра-
шылардан көп өнеге, дерек алған. Қазанғап күйлерін өзіндік өр­
нек-сазымен тартатын бірден-бір домбырашы осы—Садуақас.

Басығараев
Бақыт
/1928-2001/—белгілі
домбырашы,

күй­ші, Қазанғаптың күйшілік мектебін жалғастырушы, Қа­
зақ­станның еңбек сіңірген қызметкері. Қызылорда облы­сы­
ның Арал ауданына қарасты Құланды деген жерінде туған.
Қазір Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Айшуақ

ауылындағы музыка мектебінде домбырадан сабақ берген.
Бақыт ел ішінде жүріп, халықтың күйшілік өнеріне жас­
тайынан ден қойған, көкірегіне мол дерек жинақтаған дарын­ды
домбырашы. Оның репертуарында Қазанғап күйлері айрық­ша

мол. Себебі Қазанғаптың көзін көрген төл шәкірттерінің бірі Ес-
жанов Қадыралы /1905-1987/ Бақыттың туған нағашы ағасы.
Бақыттың шешесі Балсұлу Қадыралының туған қарындасы.
Қадыралы Бақытқа домбырашылықтың қыр-сырын үйрету­мен

бірге, Қазанғаптың қыруар күйін мұра еткен. Қазанғаптың кө­
зін көріп, күйін өз қолынан үйренген Әлім руының Төртқара­
сы­нан шыққан Жұмәлі, Жанқылышынан шыққан Әбдіғали
сияқты домбырашылар да Бақытқа көп үлгі-өнеге берген.

Бақыттың өз жанынан шығарған «Толқын», «Аманғосым,
аман бол» атты күйлері бар.
Бәдіғұлов Нүкеш /1936-1999/—белгілі ақын. ҚХР, Шың­
жаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданының Ақсу аулында

туған. «Бәйтерек» /1974/, «Нұрлы жұлдыздар» /1976/, «Кү­
лім­де шуақ» /1979/, «Жарық сәуле» /1982/, «Сырлы ағыс»
/1984/ сияқты кітаптары жарық көрген. Абай атындағы Қазақ
мемлекеттік педагогикалық университеттің филология фа­

куль­тетін бітірді. Қазір Қазақстан Жазушылар одағында әдеби
кеңесші.
Бегалин Сапарғали /1895-1982/—белгілі жазушы. Семей
облысының Абай ауданында туған. Сапекең өзінің тырнақ алды

өлеңін 1914 жылы «Айқап» журналына жарияланғаннан ба-
стап, өмірінің соңына дейін қаламын қолынан түсірмей өндіре
жазған қаламгер.

ғылыми  қосымшалар
С.Бегалин шығармашылының елеулі бір арнасы халық
ақындарының, әнші-күйшілерінің өмірі мен өнеріне арналған.
Өмірден көрген-түйгені мол Сапекең бұл тақырыпта да тари-

хымыз бен мәдениетімізді нұрландырар қыруар дерек қалдыра
білді.
Бекмұратов Шамұрат /1925-?/—қобызшы, қобызға дау-
ыс қосып жыр-терме, қыса-дастан айтатын байырғы дәстүрдің

соңғы өкілдерінің бірі. Туып-өскен жері Қарақалпақстан­ның
Қоңырат ауданы. Қазір Нүкіс қаласында тұрады. Қобыз ша­
луды нағашы ағасы Ақназаров Жанғазардан үйренген.
Ш.Бекмұратов Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның қобыз­

ға дауысын қосып айтуында «Қобыланды» эпосы күйтабаққа
жазылған. Әйгілі сыбызғы күйшісі Сармалай күйлерін Шамұрат
қобызға салып тартады.
Бекмұханбетұлы Омархан /1915-1986/—Мергенбай күй­

шінің екінші ұлы Бекмұханбеттің кіндігінен шыққан дарын­ды
күйші, домбырашы. Алматы облысының Шәлкөде жайлауын­да
өмірге келген. 1930 жылдары голощекиндік солақай саясат­тың
кесірінен туыстарымен бірге Қытай жеріне өтеді. Онда мек­теп

директоры, аудандық оқу ағарту ісінің бастығы болып қыз­
мет атқарады. Көзі ашық, көкірегі ояу, ішкі мәдениеті жо­ға­ры
Омархан атадан қалған күйшілік өнерді де тастамай, одан әрі
жалғастыра береді.

Аталары Байғозы, Ердене, Мергенбай, Нұрмұханбет және
Қожеке, Шалтабай, Абылай күйлерін, басқа да халық күйлерін
нәшіне келтіре тартқан арқалы домбырашы, өзі де күй шығар­
ған күйші болған. Өкінішке қарай, Кеңес өкіметінің сыңар­жақ

саясатының кесірінен Омарханның өнері көзі тірісінде ресми
орындар тарапынан ескерілмеді, еленбеді.
Битенов Мұхит /1912-1983/—домбырашы. Орал облы­сы­
ның Жәнібек ауданындағы Қамысты аулында туды. Домбы­ра­

ны бала кезінен тартқан. Оның домбырашылық өнерінің шың­
далуына туысқаны—дарынды күйші Дүйсенғалидың ықпалы
көп болды.
Мұхит 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы

оралғанда үш баласының бірдей қайтыс болғанын естіп, қатты
қайғырып «Үш балам» атты жоқтау күйін шығарды. Соғыстан
кейін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы «Ортау»
совхозында тұрды.

күй  аңыздар
Мұхиттың репертуары өте бай болған. Ол көптеген халық
күйлерін орындаумен қатар, Құрманғазы, Соқыр Есжан,
Түркеш, Әкібас, Ыбырай т.б. күйші-композиторлардың күй­

лерін жақсы тартатын. Орындаушылық өнерімен қатар, Мұхит
өз жанынан да көптеген күйлер шығарған.
Бөкеев Оралхан /1943-1993/—белгілі қаламгер. Шығыс
Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Шың­

ғыстай ауылында туған. 1969 жылы әл-Фараби атындағы Қа­зақ
мемлекеттік университетін бітірді. Республикалық «Ле­ниншіл
жас», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» сияқты газет-журналда-
рында қызмет атқарды.

Ол Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық­
тың, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Молодая гвар-
дия», «Жалын» баспаларының сыйлықтарының және ҚР Мем­
лекеттік сыйлығының иегері. Шығармалары ағылшын, неміс,

чех, болгар, венгр, араб, жапон тілдеріне, сондай-ақ туысқан
республикалар халықтарының тілдеріне аударылған.
О.Бөкеев тамаша қаламгерлігіне қоса, Қазақстанның шы­
ғыс өңірінде айтылатын аңыз әңгімелердің, этнографиялық

мысалдардың білгірі.
Бөкейханов Науша /1870-1944/—күйші. Бөкей хандығына
қарасты Шоңай көлі (қазіргі Орал облысының Жәнібек ау-
даны) деген жерде туды. Ол—Бапастың (Дәулеткерейдің)

жиені. Науша Бөкей ордасының атақты домбырашыларының
ортасында өсті. Оған Салауат, Мақар, Тұрып сынды дарынды
күйшілер ұстаздық етті. Науша Дәулеткерей күйлерін оның
ұлы Салауаттың өзінен үйренді. Сондықтан болар, Наушаның

репертуарында Дәулеткерейдің 50-ден астам күйлері болған.
Ол 1935 жылы Алматыға келіп, сол кезде құрылып жатқан
халық аспаптары оркестрінің іргетасын қалаушылардың бірі
болды. Наушаның репертуарында тоқсаннан аса күй болатын.

Оның репертуарынан алынған отыз күй Құрманғазы атын­да­ғы
халық аспаптары оркестрінің алтын қорына айналды.
Ғинаятұлы Бабағұмар /1967/—ел ішінің шежіре әң­гі­
мелерді жинап жүретін зерделі жас. Моңғол Халық Рес­пуб­

ликасының Баян-Өлгий аймағында туған. Венгрияның ауыл
шарушылығы институтында екі курс оқып, қазір Ұлан-Батор
Ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған.
Дүйсеков Бейсен /1877-1962/—шежіреші, халық мұрала­

рын жинаушы. Семей облысының Жарма ауданына қарасты

ғылыми  қосымшалар
«Рассвет» совхозындағы Бүрліағаш бөлімшесінде туып-өскен.
Жас кезінен Сарыарқаны, Алтай мен Тарбағатайды, Моңғо­лия­
дағы Қобда аймағын көп аралаған. Қалмақ, қытай тілдерін­де

еркін сөйлеген.
Ол әсіресе Қазақстанның орталық, шығыс өңіріне қатысты
ру шежіресін, жер жайын, топонимдік аңыз-әңгімені мейлін­ше
көп білген адам.

Жақанов Илья /1936/—жазушы, композитор. Жамбыл
об­лысының Сарысу ауданына қарасты «Жаңатас» (бұрынғы
«Ілгерібас» колхозы) совхозында туған. Әйгілі қобыз күйшісі
Дүкенұлы Ықыластың аталас ұрпағы. 1963-1984 жылдары

Қазақ радиосының музыка редакциясында еңбек етіп, қазақ
музыкасын насихаттауда елеулі еңбек еткен.
И.Жақанов қазақ музыкасы мен қазақ өнерінің майтал-
мандарына арналған «Қайта оралған ән» /1968/, «Хош бол

вальс» /1968/, «Екі жирен» /1971/, «Махаббат вальсі» /1983/,
«Аққулар қонған айдын көл» /1988/ сияқты кітаптардың және
көптеген радиопьесалардың авторы. Оның «Нені ойладың»,
«Даниярдың әні», «Әсел», «Жайлаукөл кештері», «Түнгі сыр»,

«Толағай», «Балқан тау» сияқты ондаған әндері жұртшылық­қа
кеңінен танымал.
Жалмышев Сағын /1936/—домбырашы. Туып-өскен же­
рі—Атырау облысы. Сағын домбыра тартуды жеті жасынан

бастаған. 1958 жылы әскери міндетін өтеп қайтқан соң, Аты-
рау қаласында ҚР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,
күйші Құсайынов Сейілхан ұйымдастырған Нұрпейісова
Дина атындағы ұлт аспаптар оркестріне қатысады. Мұның өзі

Сағынның домбырашылыққа біржолата ден қоюына себепші
болады. Бұл жолда оған ұстаздық етіп, көп тағылым берген
адамдар: күйші-композитор Тілендиев Нұрғиса, домбырашы-
лар Өскенбаев Мұрат, Сұлтанов Фазыл, Есқалиев Әзилдолла.

С. Жалмышев Құрманғазы, Дәулеткерей, Боғда, Сейтек,
Қазанғап сияқты дәулескер күйшілердің жүзге тарта күйін
орындайды. Оның тартқан күйлері күйтабақ болып шық­
қан. Қазақ радиосының теледидардың, ҚР Ғылым академия-

сы Әдебиет және өнер институтының қорында Сағын тартқан
көптеген күйдің үнтаспасы сақталуда.
Жаманғараев Совет /1929/—күйші. Өзбекстандағы Бұха­
ра облысына қарасты Тамды ауданында туған. Әкесі Сүгірбаев

күй  аңыздар
Жаманғараның күйлерін тартып, аңыз әңгімелерін жеткізу­ші,
«Жас дәурен» /1960/, «Өлеңдер» /1965/, «Құрдастар» /1966/
деп аталатын өлең кітаптары жарық көрген.

Жантайлақұлы Қасихан /1914-?/—домбырашы, халық
күйлерін насихаттаушы. МХР, Баян-Өлгий аймағының Бұл­ғын
сұмынында туылған. Оның әкесі Жантайлақ—әйгілі Көбеш
батырдың нересі.

Жантілеуов Қали /1902-1970/—ҚР-нің халық артисі
/1954/, белгілі күйші-домбырашы. Орал облысының Жаңа­
қа­ла
ауданында

дүниеге
келген.
Ұстазы—әйгілі
халық

күй­шісі Ерғалиұлы Мәмен /1858-1931/. Мәмен өз кезінде
Құр­манғазыға шәкірт болған. Қ. Жантілеуов 1934 жылы Қа­
зақ­стан өнерпаздарының тұңғыш рет өткен слетіне қатысып,
бірінші орын алған. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы

Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің домбырашысы бол-
ды. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория­ның ха­
лық аспаптары кафедрасында /1945-1955/, Қазақтың Жамбыл
атындағы мемлекеттік филармониясында /1955-1968/ еңбек етті.

Қ.Жантілеуов Қазақстанның батыс өңіріндегі күйшілік
өнер­дің майталман білгірі, күйдің әрін тайдырмай халықтық
дәстүрде орындаудың буынсыз шебері. Ол кісіден тағылым ал­
ған күйші-композиторлар, домбырашылар: Ү.Омаров, Х.Тас­

танов, Қ.Мұхитов, Н.Тілендиев, Ә.Есқалиев, Қ.Ақмедияров,
Ш.Әбілтаев, С.Балмағамбетов т.б.
Жәлімбетов Нәби /1907-1989/—белгілі домбырашы. Қы­
зыл­орда облысының Қазалы ауданына қарасты Ақсиық деген

жерде туылған. Халықтың байырғы күйлерін көп біл­ген, ол
білгенін келістіре тартқан дәулескер домбырашы. Сыр бойын­
дағы Мырза, Айсүгір, Жалдыбай сияқты әйгілі күй­ші­лер­дің
дәстүрін жалғастырған соңғы өкілдерінің бірі.

Нәби 1940 жылға дейін Қазалы темір жолында еңбек етіп,
кейін Қызылорда облыстық филармониясында домбырашы­
лық қызмет атқарған. «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Құлан
жорға», «Баулы ешкі» сияқты байырғы күйлерді белгілі дом-

бырашы, музыка маманы Райымбергенов Абдулхамит нотаға
түсірген.
Жұбанышұлы Сандуғаш /1959-1998/—домбырашы. Мон­
ғол Халық Республикасының Баян-Өлгий аймағындағы Делуін

сұмынында туған.

ғылыми  қосымшалар
Сандуғаш еңбек жолын машина жүргізуші болып бастап,
Өлгийдің музыкалық драма театрындағы оркестрде біраз уа­
қыт домбырашы болды. Қазір Қазақтың ауыл шаруашылығы

институтының мал дәрігерлік факультетінде оқиды. Сандуғаш
халқының рухани мұрасына қатысты шежіре сөзді көп біледі.
Жылқыбаев Қойбағар /1900-1981/—күйші. Жезқазған об­
лысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен. Әртүрлі жұ­мыс­

тар атқарған еңбек адамы. Әйгілі күйші Шоңманұлы Тоқаның
көзін көріп, көптеген күйлерін, өмір деректерін білген.
1960 жылдары республикалық халық шығармашылығы
Үйі мен республикалық радиоға Тоқа Шоңманұлының «Жал­

ғыз шырақ», Бәйшеттің Қыздарбегінің «Жетім қыз» сияқты
күйлерін бас етіп, бірнеше күй жаздырған.
Кәбішев Өзбек /1921-1981/—күй аңызын айтушы. Қара­
ған­ды облысының Егіндібұлақ ауданында туған. Өзбек—

Тәттімбеттің туған шөбересі. Тәттімбеттен Қыстай, одан Кәбіш
/1880-1934/, одан Өзбек туады. Күйші бабасының тұтын­ған
заттары, суреті, медальдары мен грамоталары осы Өзбектің
үйінде сақталып келді. Өкінішке орай, 1928 жылы Тәттімбет­тің

немересі Шайқы бай-болыстың тұқымы ретінде кәмпеске­ле­ніп,
тұтқындалған кезде, басқа туыстары күйші бабасына қа­тыс­ты
заттардың бәрін құртып жіберуге мәжбүр болған.
Семей музейіндегі Қазанғап пен Тәттімбеттің медальдарын

жазушы Сатаев Амантай осы Өзбектен алып, табыс еткен.
Керімқұлов Омархан /1935/—күйші. Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті ауылында тұрады.
1954 жылы Құлжа қаласында күйші-домбырашылардың

күй сайысы өтеді. 19 жасар Омархан сонда 120 күйді мүлтіксіз
орындап, жеңімпаз атанады.
Күйшілікке Қожекенің баласы Рақыш, Шіде секілді өнер
иелері баулыған. Заман ағымы, тұрмыс тауқыметі Омарханға

көп жылға дейін домбыра ұстатпады. Оның күйшілік-дом­
бырашылық өнерінің қайта түлеуі еліміздің тәуелсіздік алуы-
мен байланысты. Ол туралы газеттерде, теледидарда бағалы
пікірлер айтылып, Жетісу өлкесіндегі күйшілік мектебінің есігі

қайта ашылғандай болды. Омарханның өзі де күй шығарумен
айналысады.
Қазыбеков Нұрқасым /1936/—белгілі жазушы. Туған же­
рі—ҚХР, Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Текес ау-

күй  аңыздар
даны. «Тұсаукесер» /1974/, «Шалғайдағы мектеп» /1974/,
«Бей­таныс» /1978/, «Ағайын» /1982/ сияқты кітаптары жа­
рық көрген. Құлжадағы А.Хасыми атындағы педагогикалық

училищені /1957/, ҚазМУ-дің филология факультетін /1968/
бітірген.
Қаймолдин Омар /1910-2011/—күйші. Қазіргі Семей об­
лысының Шұбартау ауданында туған. Домбыра тартуды ма­

мандық етпесе де, жан азығы еткен. Репертуарында қалың
көпшілікке белгісіз күйлер көп. Әсіресе Байжігіт күйлерін көп
тартады. Алғашқы ұстазы—әкесі Қаймолда. Үлкен атасы Шон-
тай да белгілі күйші болған. Әкесінен күйлер үйренумен қа­тар,

Рәмилә, Рақыш, Ысқақ, Оразай сияқты ел ішіндегі белгілі
күйшілерден шеберлігін толыстырған.
Қалбасұлы Сыбанқұл /1865-1945/—күйші. Қазіргі Ұйғыр
ауданына қарасты Кетпен тауының баурайында дүниеге кел-

ген.
Сыбанқұл жастайынан қолына домбыра алып, еліне күй­
ші бала атана бастаған шағында ауыл-ауылды аралап, ел
ішіндегі күйшілерден күй, ән-жыр, аңыздар үйреніп, бойына

сіңіреді. Сонымен бірге өзі де күй шығара бастайды. Ол өмірде
қиыншылық көп көрген. Бір жағынан кедейшілігі қолын бай-
ласа, екінші жағынан жалпы елдің басына төнген аласапыран
аумалы-төкпелі заман да оның еңсесін басады. Сондықтан да

күйлерінің көбінің сарыны мұңды-зарлы келеді.
Қатшаұлы Шабдарбай /1936/—жазушы, музыка тари-
хын зерттеуші. Монголиядағы Баян-Өлгий аймағында туған.
1963 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика­лық

университетін бітірді. «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай»,
«Алтай суреті» деп аталатын өлең кітаптарының, «Керім-ау
айдай» атты пьесалар жинағының, «Өрлеу», «Өз қолымен»,
«Бақталас», «Түтін иісі» романдарының авторы.

Белгілі музыка зерттеушісі Ахмерұлы Қабыкеймен бірле­сіп
қазақ ән-күйлерін, аңыз-әңгімелерін жинасуға атсалысқан.
Қожаханов Кәрмен—күйші. Семей облысында туып-өскен.
Өзге дерек жоқ.

Құдайбергенов Бұралқы /1878-1962/—халық ақыны, ше­
жіреші. Жезқазған облысындағы Жаңаарқа ауданына қа­
расты «Жеңіс» совхозында туған. Жиырмасыншы жылдары
коллективтендіру жұмысына қатысып, үгіт-насихат өлеңдер

ғылыми  қосымшалар
шығарған. Ұлы Отан соғысы жылдарында үгіт-концерт брига-
дасына жетекшілік етті.
Б.Құдайбергенов Жапақов Маясар, Нұрмағамбетов Жолде-

кей сияқты халық ақындарымен айтысқан. Бұралқының Орал
қызбен айтысы ел ішінде кең тараған.
Құдайбергенов Бұралқыдан қалған мұралар ҚР ҒА Орта­
лық ғылыми кітапханасының (250, 730, 1457-бумалар) және

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қол­
жазба қорында (749-бума) сақтаулы тұр.
Құмақайұлы Кәлек /1930/—сыбызғышы. МХР, Баян-
Өлгий аймағындағы Тұлба сұмынында туған. Сыбызғы тарту

өнерін және сыбызғыда тартылатын көптеген күйлерді әкесі
Құмақайдан үйренген. Қазір Баян-Өлгийдің музыкалық дра-
ма театрындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрінде еңбек
етеді.

1976 жылы Өлгийде жарық көрген «Баян-Өлгий қазақ­
тарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты кітапта
Қ.Құмақайұлының тартуында бірнеше күй берілген.
Құсайынов Мұқас /1927-?/—домбырашы. Орал облысының

Тайпақ ауданындағы Краснояр ауыл советіне қарасты Масат де-
ген жерде туған. Домбырашылық әулетіне дарыған. Мұқас та
домбыраны өз бетінше үйреніп, репертуарындағы Баламай­саң,
Түркеш, Құрманғазы сияқты күйшілердің шығармаларын ел

ішінен құлағына сіңірген.
Құсайынұлы
Мұсайып
/1941/—күйші.

МХР,

Баян-
Өлгий аймағының Алтынсөг сұмынында туылған. 1967 жылы
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын Қ.Таста­нов­
тың класы бойынша бітірген. Қазір Баян-Өлгийдің музыкалық

драма театрында еңбек етеді.
Қылыбайұлы Риян /1932-1986/—күйшілер туралы және
олардың аңыздарын жеткізуші. МХР, Баян-Өлгий аймағы­
ның Ұланқұс сұмынында туған. Ол Өсерханнан тәлім алған.

«Бәйге», «Қайран тәтем», «Намыс», «Құлагер» қатарлы он күй
шығарған.
Марғұлан Әлкей /1904-1986/—аса көрнекті қазақ ғалымы,
бұрынғы Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі

/1933/, филология ғылымының докторы /1946/, ҚР Ғылым
академиясының академигі /1958/, Қазақ КСР-інің еңбек сі­
ңірген ғылым қайраткері /1961/, профессор /1960/, Қазақ КСР

күй  аңыздар
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1966/. Қазақстандағы та-
рих, архелология, этнография, әдебиет пен өнер саласындағы
ғылыми ойдың дамуы Ә.Марғұланның есімімен тікелей бай­

ланысты. Ол кісінің 300-ден астам ғылыми зерттеу еңбектері
Орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің тарихи тегін тануда
сүбелі мұра болып табылады.
Мергенбайұлы Нұрмұханбет /1886-1944/—Жетісу өлке­

сіне аты әйгілі күйші, әрі домбырашы болған адам. Мерген-
бай күйшінің үлкен ұлы. Сан рет күй тартысына қатысқан.
Домбырасының ішегі ұстараның жүзімен сипай тартқан май­
дақоңыр күйлерін ешкім қайталай алмаған. Кейде аяғының

саусақтарымен де тартқан екен. Ақбайдың Нұрғожасымен
күй тартысады. Нұрғожа пышақтың жүзімен тартады. Есесіне
Нұрмұханбет ұстараның жүзімен тартып жеңеді.
Репертуарында аңыз күйлер, тарихи күйлер, табиғат су­

реттеріне, адам тағдырына арналған күйлер мол болған.
Домбыраны таңды-таңға ұластырып тартқанда еш шар­ша­
маған, тыңдаушысын да жалықтырмаған. Төрде отырса, күй
ырғағымен бірге жорғалап босағаға барып, босағадан төрге

өтіп кеткенін өзі де байқамайтын болған. Нұрмұханбет оң қол
саусақтарын шанаққа тигізбей тартуды шеберліктің шыңы деп
бағалаған да, шәкірттерінен соны талап еткен.
Мерғалиев

Тмат
/1936-2009/—музыка
зерттеуші.
1964  жы­лы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып

қыз­мет атқарып жүрген Құсайынов Мұқастан Асанқайғы­ның
«Ел айырылған» күйін жазып алып, нотаға түсірген.
Мүсәпіров
Әшірбек

/1904-1982/—белгілі
домбырашы.
Жезқазған облысының Балқаш қаласында туған. Төңірегіне
әнші-күйшілігімен танымал болған өнерпаз адам. 1935 жылы

М.И.Калининнің Қазақстанға келуіне байланысты қойылған
салтанатты концертте күй тартып, шебер домбырашы ретінде
көзге түскен. Кейін Құрманғазы атындағы халық аспаптары
оркестрінде біраз жыл қызмет атқарады.

1939 жылдан бастап денсаулығына байланысты Балқаш
қаласына қайтып оралған Әшекең Қоңырат руднигіндегі көр­
кемөнерпаздар үйірмесінде халық аспаптары оркестрін бас­
қарды.

Ә.Мүсәпіровтың өзі шығарған көптеген ән-күйлері Балқаш
өңіріне кеңінен мәлім.

ғылыми  қосымшалар Мықтыбаев Дәулет /1904-1976/—әйгілі қобызшы. Ықы­ лас күйлерін жеткізіп, аңызын айтқан санаулы қобызшылар­ дың бірі. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Дәулет Ықыластың төл шәкірті Тоқтамышұлы Әбікейден, Ықыластың баласы Түсіпбектен қобыз тарту өнерін үйреніп, тағылым алған. Кейін Д.Мықтыбаев Құрманғазы атындағы консерватория студенттеріне ұстаздың етті. Бүгінгі күніміз­ ге белгілі қобыз күйлерінің басым көпшілігін жеткізген Мықтыбаев Дәулет. Мырзабеков Алдаберген /1930/—Қазақ КСР-інің халық артисі. Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Бай­қадам селосында дүниеге келген. 1955 жылы Алматы консерваториясының халық аспаптары факультетін Л.М.Шаргород­скийдің класы бойынша бітірген. Сол жылдан бастап бүкіл шығармашылық өмірі халық аспаптары оркестрі­мен тығыз байланысты. 1960 жылдан бастап Қа­зақ­ тың Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары ор­ кестрінің дирижері, сонан соң, бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болды. 1964  жылдан Алматы консерваториясында педагогтық қызметпен қатар айналысып келеді. Консерватория студенттерінен құрылған халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі болған. 1988 жылы профессор атағын алған. Оңғаров Мүйімсат /1912-?/—белгілі сыбызғышы. Маң­ ғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты «Ақшымы­ рау» совхозында туған. Жеті атасынан бері қарай сыбызға тартқан әулеттің соңғы ұрпағы /Дәулеті—Құлбарақ—Ахмет— Қажыр—Байнияз—Оңғар—Мүйімсат/. Содан да болар, Мүйім­сат репертуарында сыбызғы күйлерінің сирек кездесе­тін нұсқалары бар. Сыбызғышылық өнерінің шыңдалуына ағасы Бауыржан көп ықпал еткен. Мүйімсат—еңбек адамы. Жастайынан балықшылық кә­ сібінде, Таушықтағы көмір шахтасында еңбек етті. Ұлы Отан со­ғысына қатысты. Кейін қой шаруашылығында болып, 1975  жы­лы еңбек демалысына шықты. Қазір Маңғыстау ауданына қарасты «Шетпе» ауылында дүниеден озды. Белгілі домбырашы, музыка маманы Райымбергенов Абдулхамит Мүйімсат ақсақалдың тартуында көптеген сыбызғы күйлерін алғаш рет нотаға түсірді.

күй  аңыздар
Оразалиев Класбек /1933/—домбырашы, күй аңыздары­
ның білгірі. Өзбекстан, Науаи облысы, Үшқұдық ауданында дү­
ниеге келген. Репертуарында жүзден астам күй бар. Әсіресе Сыр

байындағы, Үстірт, Маңғыстау атырабындағы жыр-термелер
мен толғаулардың сарынын күйге айналдырып тарту дәстүрін
терең меңгерген. Тосын тыңдаушы тап басып тани бермейтін,
тіптен құлақ қанықпаса, бір сарын болып естілетін осынау

мейлінше қызықты күйшілік мектептің ел ішіндегі ең жарқын
өкілдерінің бірі деп Класбекті айтуға болады. Балқы Базар,
Көшкінбай жырау, Бала жырау, Дүр Оңғар, Шораяқтың Омары,
Кете Жүсіп, Әкімкерей, Кетенің қос жүйрігі атанған Сүйкімбай

мен Сүйіндік сияқты жыршы-жыраулардың сарын-саздарын,
әндерін Класбек бас-аяғы бүтін күй деңгейінде тартады.
Класбектің ұстазы белгілі домбырашы Жайықбаев Жүсіп
болған. Ал Жүсіп өз тұсында республикамызға танымал күйші

ретінде 1936 жылы Москвада өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің
онкүндігіне қатысқан.
Орымбеков Бегімсал /1911-1985/—күйші, домбырашы.
Жез­қазған облысының Босаға теміржол станциясында туып-

өскен. Тоқа, Қыздарбек, Ықылас, Әбди, Әбікен сияқты белгілі
күйшілердің көзін көрген, негізінен, сол күйшілердің күйлерін
мейлінше нәшіне келтіріп тартқан.
Бегімсалдың «Бес перне», «Мырза шертпек» атты күйлерін Қа­

рағанды, Жезқазған облысындағы домбырашылар жақсы біледі.
Орынтаев Оспанбай /1909-1981/—журналист, халық мұ­
ра­ларын жинаушы. Семей облысының Үржар ауданындағы
Ақжар селосында туған. Көп жылдар бойы Қарағанды облыс­

тық «Орталық Қазақстан» гезетінде еңбек еткен. Республика­
мыз­ға аты мәлім халық ақындары мен әнші-күйшілер туралы
мағлұматы мол естеліктерді, зерттеу мақалаларды жиі-жиі жа-
зып тұрған.

Оспанов Зарлық /1898-1971/—домбырашы. Қостанай об­
лысының Аманкелді ауданына қарасты «Родник» совхозында
дүниеге келген. Арқа мен Атыраудың домбырашылық дәстү­рін
тел игерген, шежіре сөздің білгірі.

Өскенбаев Мұрат /1904-1979/—белгілі күйші, домбыра-
шы. Қазіргі Маңғыстау облысына қарасты Ералиев ауданын-
да дүниеге келген. Домбыраны өз әкесі, белгілі күйші, домбы-
рашы әрі ақын, саятшы, серілігімен танылған Өскенбайдан

ғылыми  қосымшалар
үйренген. Мұрат та, әкесі Өскенбай да сол өңірдегі әйгілі Боғда,
Еспай сияқты дәулескер күйшілердің дәстүрін жалғастырушы
ірі домбырашылар.

Сондай-ақ Мұрат Өскенбаев Тазбала, Абыл, Сәулебай, өз
әке­сі Өскенбай күйлерін толық меңгеріп, бүгінгі күнімізге жет­
кіз­ген адам. Мұрат репертуарында 300-ден астам күйдің болуы,
бұл кісінің қазақ музыка мәдениетіне қаншалықты өлшеусіз

үлес қосқан танытса керек.
Өтебаев Рахмадия /1902-1989/—халық ақыны, шежіреші.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туып-өскен.
Әдеби мұрасы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов

атындағы Әдебиет және өнер институтындағы қолжазбалар
қорында /502/ сақтаулы.
Райымбергенов Абдулхамит /1957/—белгілі күйші, ұстаз.
Ақтөбе қаласында туған. 1972 жылы орта мектепті бітірген соң,

Ақтөбе қаласындағы музыка училищесіне түседі. Оны ойда­
ғыдай бітірген соң Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Алматы
консерваториясына түсіп, Тастанов Хабидолла мен Мұхитов
Құбыштың класы бойынша 1981 жылы бітіріп шығады.

Абдулхамит 1984-1985 жылдары консерватория қабыр­ға­
сында құрылған «Мұрагер» ансамблін ұйымдас­тыру­шы­лар­
дың бірі. Осы ансамбльдегі жемісті еңбегі үшін Абдулхамитке
1990  жы­лы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреа-

ты атағы берілді.
Абдулхамит әйгілі Қазанғап күйшінің шығармаларын
жинап, насихаттауға елеулі еңбек сіңіріп жүр. Қазанғаптың
«Ақжелең» атты күй кітабының /1984/ жарыққа шығуына

мұрындық болып, күйлерін жинап, нотаға түсіруде Абдулхамит
халық мұрасының жанашыры ретінде тамаша өнеге көрсетті.
Садуақасұлы Кәдіркей /1898-1981/—домбырашы, шежіре
сөздің білгірі. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы

С.Сейфуллин атындағы совхозда туып-өскен. Белгілі күйші
Шоңманұлы Тоқаның көзін көрген. Тоқа күйлерін бүгінгі
күнімізге жеткізушілердің бірі. Кәдекеңнің шәкірті—белгілі
домбырашы Тілеуханов Мұхаметжан.

Сағынғанұлы Құмар /1909-1987/—күйші және олардың
аңыздарын жеткізуші. МХР, Баян-Өлгий аймағының Ұлан­
құс сұмынында дүниеге келген. «Құдіретторғай» және әкесі
Сағынғанның «Делдал» деген күйлерін орындаған.

күй  аңыздар
Сартқожаұлы Қаржаубай /1949/—белгілі түркітанушы,
тарихшы. МХР, Баян-Өлгий аймағында туған. Ұлан-Батор
университетінің филология факультетін бітірген және Ленин­

град университетінің аспиратурасында оқыған. Қ.Сартқожа­
ұлы­ның белгілі кеңес түркологы С.Г.Кляшторныймен бірге
жүргіз­ген зерттеулерінің нәтижесінде бірігіп жазған ғылыми
еңбектері ғылыми ортаға жақсы таныс. Қаржаубай көркем про-

за жазумен де айналысады. «Аялдамалар» /Өлгий, 1983/ атты
әңгіме-повестер жинағы жарық көрген.
Сәлбенбекұлы Мұсайбай /1910-?/—күйші. Қожеке баста­ған
күйшілер ауылында өскен. Күй шертуді Рақыштан, Шаңия­дан,

Шідеден үйренген. Репертуарында Қожеке мектебінің жүзге
жуық күйі сақталған. Әр күйдің шығу себебін, аңыз-әңгіме­сін
жатқа білумен қатар, ел тарихын да көкейінде деректерді де
өте көп біледі. Өзі де күй шығарған. Ақындығы, термешілігі де

бар.
Сүйінбеков Оразғали /1889-1964/—күйші, күй аңызын
айтушы. Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданында туған.
Әкесі Сүйінбек өз еліндегі белгілі домбырашылардың бірі

болған. Оразғали домбыраны алғаш әкесінен үйреніп, бертін
келе ауылдағы домбырашылардың тартқан күйлерін мұқият
тыңдап, репертуарын молайтады. Сөйтіп, ел ішінде әнші-күйші
Оразғали атанады. Ол домбыраны Абыл, Есбай, Кәуен, Арыс­

тан, Боғданың дәстүрінде тартады. Оразғалидың өзі шығар­
ған, кеңес заманының тақырыбына арнаған күйлері де бар. Ол
халық композиторларының күйлерін орындаған және олар­дың
шығу тарихын жақсы білген.

Таласбай Елемес /1926/—күйші. Алматы облысының Ра­
йымбек ауданындағы Кеген ауылында дүниеге келген. Ста­лин­
дік-голощекиндік асыра сілтеу заманында балдырған кезінде
ата-ана, туған-туыстарының құшағында Қытай жеріне ауады.

Арғы аталары Еспембет бақсылығымен әулие атанған, әрі асқан
күйші болған екен. Еспембеттен Қожабек, Таласбай деген екі ұл
туады. Таласбай да аймағына әйгілі күйші болған.
Елемес Таласбай «Мүйізбай», «Қарайт пен Сарайттың күйі»,

«Мұңлық-Зарлық», «Кенесеры-Наурызбай», «Аққу», «Бұлғын-
сусар», «Бозінген», «Сұр теке» секілді халық күйлерін, Қоже­
кенің, Бөлтіріктің т.б. композиторлардың күйлерін жеткізу­ші.
Өзі де күй шығарады.

ғылыми  қосымшалар
Тоқтағанов Айтжан /1948/—белгілі домбырашы. Орал
облысының Орда ауданында туған. Алматы консерваториясын
дәулескер домбырашы Қарабалина Бақыттың класы бойын-

ша бітірген. Айтжан біраз жыл Құрманғазы атындағы халық
аспаптары оркестрінде еңбек етті.
Айтжан—қазақтың күйшілік мектептерін жақсы меңгер­ген
санаулы домбырашылардың бірі. Оның домбырашылығы күй­дің

нәзік те сезімтал сырларын таныта тартуымен ерекшеленеді.
Тұрсынбеков Түсіпбек /1943/—домбырашы. Қарағанды
облысының Егіндібұлақ ауданында туылған. Тәттімбеттің ата-
дан балаға жалғасқан мұрасын көкірегіне түйіп, тынымсыз на-

сихаттап жүрген ұрпақтарының бірі. Түсіпбек әйгілі күйші,
бабасының немересі Шайқының, шөбересі Өзбектің көзін кө­
ріп, нақтылы өмірбаяндық деректер жинақтаған. Тәттімбеттің
«Азына», «Секіртпе», «Кенжетай», «Манабай», «Балқантау»,

«Майдасары», «Көш жанаған», «Сары қамыс» сияқты сирек
тартылатын күйлерін жеткізуші де осы Түсіпбек.
Тұтқабеков Фазыл /1942/—домбырашы. Жезқазған облы­
сының Жаңаарқа ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылдық

советіндегі Талдыбұлақ деген жерде туған. Әкесі Қасым Ар­
қаның Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Ықылас, Қыздарбек, Әбди
сияқты күйшілерінің алдын көрген арқалы домбырашылардан
күй тартуды үйренген. Өзінің баласы Фазылды да алты жасы-

нан бастап домбыра тартуға баулыған.
Фазыл мал шаруашылығының маманы болғандығына қа­
рамастан, домбырашылыққа жан-тәнімен берілген адам.
Тәттімбет, Тоқа сияқты дәулескер күйшілердің дәстүріне шаң

жуытпай, әрін тайдырмай еңбектеніп жүрген ел ішіндегі білік­
ті өнерпаздардың бірі.
Түсіпбеков Тұрсынбек—домбырашы. Қарағанды облысы­
ның Егіндібұлақ ауданында туылған.

Тілеуханов Мұхаметжан /1946/—домбырашы. Жезқазған
облысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен. Қазақ КСР-інің
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Тоқа күйлерін күйлерін
республика жұртшылығына алғаш таныстырушылардың бірі.

Мұхаметжанның тартқан күйлері күйтабаққа жазылған.
Тілегенов Тай /1900-1985/—тарихи аңыз-әңгіменің біл­
гірі, шежіреші, төрт түліктің сыншысы. Жезқазған облысы,
Ұлытау төңірегіндегі Жезді ауданында туып өскен. Әсіресе

26-136

күй  аңыздар
сол өлке тарихына жүйрік адам. Сәтпаев Қаныш, Марғұлан
Әлкей сияқты ғалымдарға мол дерек берген. Ұлытаудың
Алтыншоқы деген биігіндегі Ақсақ Темір қалдырған жазу-

лы тасты тұңғыш рет /1922 ж./ ғылыми ортаға Тай Тілегенов
хабарлаған. 1923 жылы Ленинград Эрмитажынан Семенов
деген кісі келіп, Тай бастаған жеті адамға Алтыншоқыдағы
жазулы тасты алдыртқан. Сөйтіп, Ленинградқа Жосалы

темір жол станциясы арқылы алып кеткен. Бұл таста тарихи
құнды айғақ-жазудың бар екенін кейін профессор Поппэ мен
академик Ә.Марғұлан анықтады.
Уатханұлы Кәбетай—сыбызғышы. МХР, Баян-Өлгий ай­

мағы, Тұлба сұмынында туған.
Уәлиев Ысқақ /1908-1944/—дәулескер сыбызғышы. Орал
облысының Казталовка ауданында туып-өскен. Ысқақтың әке­
сі Уәли төңірегіне танымал сыбызғышы әрі аңшы, сері болған.

Құрманғазы, Дина сияқты әйгілі күйшілердің көзін көріп,
дәм-тұзы жарасқан. Ысқақ сыбызғышылық өнерді алдымен өз
әкесінен үйренген.
1934 жылдан бастап Уәлиев Ысқақ өнерін республика

жұрт­шылығы тани бастаған. КазЦИК атындағы оркестрде сы­
бызғышы бола жүріп, Қазақтың Жамбыл атындағы филар­
мониясының өнерпаздар тобымен бірге ел ішіне жиі-жиі шығып
тұрған. Сол жылдары халық аспаптарында ойнаушылардың

Бүкілодақтық конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие бола-
ды. «Амангелді» кинофильмін дыбыстауға қатысады.
Әйгілі Сармалай күйшінің мұрасын бүгінгі ұрпаққа тұңғыш
жеткізген осы Уәлиев Ысқақ. Ысқақтан алғаш рет жазып алған

академик Жұбанов Ахмет.
Уәлиев Ысқақ Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан.
Үмбетбаев Сматай—қобызшы. Жезқазған облысының
Жаңаарқа ауданына қарасты «Жеңіс» совхозында туған. Қобыз

тартуды өз бетінше үйренген. Әкесінің айтуынша, Сматай 6-7
жасында қобыз сұрап, кешікпей-ақ көне аспапты тартуды
игеріп кеткен. Сматай әйгілі күйші Дүкенұлы Ықыластың ру-
лас /Тама руының ішіндегі Шақа бұтағы/ ұрпағы. Сондықтан

да ол өскен ортасында жүйрік қобызшыларды көп тыңдап,
халық өнерінің дәстүрлі үлгілерін көкірегіне қонақтата біл­ген.
Кейін Сматай өзінің туа біткен дарынын Құрманғазы атын­да­
ғы консерваторяның қабырғасында шыңдап, Ж.Қаламбаев

ғылыми  қосымшалар
пен Д.Мықтыбаев сияқты дәулескер қобызшылардан тағылым
алған. Ол өз репертуарында бүгінгі күнімізге жеткен қобыз
күйлерін түгелге жуық игерген.

Үрістемұлы Көпжасар /1957/—домбырашы. МХР, Өлгий
қаласында дүниеге келген. Баян-Өлгий аймағы музыкалық
мәдениетінің білгірі. 1990 жылы Құрманғазы атындағы Ал-
маты консерваториясын белгілі домбырашы Жайымов Айт­

қа­лидың класында оқып бітірді. Көпжасар домбыра тарту
өне­рін Баян-Өлгий аймағына аты жайылған дәулескер домбы-
рашы Дәуітбайұлы Сәнияздан үйренген. Ал Сәнияздың әкесі
Дәуітбай /1968-1937/ болса шығыс өңірімізге есімі әйгілі

күйші-композитор.
Көпжасар Үрістемұлы Қазақстанның шығыс өңіріндегі, әсі­
ресе Баян-Өлгий аймағындағы күйлерді нәшіне келтіре тартып,
аңыз әңгімесін тарата айтатын зерделі домбырашы.

Хасенов Әбікен /1897-1958/—қазақтың күйші-дом­бы­ра­
шы­сы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сің­
ген артисі (1945). Қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданын-
да туылған. Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен,

немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы
болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубекпен
Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді. 1934 жылдан
қазіргі Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. Со-

нымен қатар ол Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті»,
«Сылқылдак», «Бес төре», «Азамат», «Қос-басар» (бірнеше тү­
рі) т.б. туындылары күйтабаққа түсірілді. Оның өзі шығарған
«Қоңыр» атты күйі бар.

Хасенов Әбікен /1897-1958/—домбырашы. Қарағанды об­
лысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы деген жерде дүниеге
келді. Домбыраны 7-8 жасынан ойнай бастады. Оның алғашқы
ұстаздары—туыстары, домбырашылар Мақаш пен Ақмолда

өздерімен ілестіріп жүріп, өнерге баулыды. Әбікен Арқада аты
шыққан Әбді, Баубек, Қыздарбек күйшілермен кездесіп, күй
үйренді, олардан бата алды. 1934 жылы Сәкен Сейфуллиннің
айтуымен Алматыға шақырылып, қазақ драма театрына орна-

ласты. Ол өмірінің соңына дейін осы театрда актерлік қызмет
атқарды.
Әбікен—Арқа күйлерін өте шебер орындайтын күйшілер­дің
бірі болды. Ол орындаған шертпе күйлер мәдениетіміздің ал­тын

күй  аңыздар
қорына айналып, көпшілігі халық аспаптары оркестрі мен же­
ке орындаушылардың негізгі репертуарына енді.
Хатшанұлы Шабдарбай—күй аңыздарын жеткізуші. МХР,

Өлгий қаласында туылған.
Ықылас келіні Рәзия /1886-1976/—күйші. Жамбыл облы-
сы, Сарысу ауданы, «Жайлаукөл» совхозында дүниеге келген.
Әйгілі қобызшы Дүкенұлы Ықыластың шаңырағына Рәзия

он бес жасында келін болып түскен. Алғашқы кезде Рәзия өз
әке-шешесін сағынып, мұңайған сәттерде Ықылас еркелетіп
ал­дына отырғызып, қобыз тартады екен. Мұндайда Рәзия қобыз
үніне ұйып, атасының алдында бұйығып отырып ұйықтап қала­

тын көрінеді. Сонда Ықылас: «Ал, шырағым, тұра ғой, әкең де
бүйтіп еркелеткен жоқ шығар, орныңа жата ғой»,—дейді екен.
1932 жылғы ел басына түскен аштық нәубеті кезінде
Рәзия мен күйеуі Ақынбай, қолдарында бір жасар баласы бар,

қоржынында Ықыластың киелі қара қобызы бар, Арқадан
оңтүстікке қарай жаяу шыққан. Осы сапар Бетпақтың шөліне
бір жасар баласын жерлеп, қолдарында жалғыз қара қобыз бар,
Шу бойына өліп-талып жеткен.

Ықылас туралы қазіргі ғылыми айналымда жүрген дерек­тің
көбі осы Рәзия келіні арқылы жеткен.
Ысмағұлов Мұстафа /1914-1988/—өнер тарихын зерттеп,
музыкалық фольклорды жинаумен айналысқан адам. Орал

облысының Жәнібек ауданына қарасты Свердлов атындағы
кеңшарда туған. Жастайынан еңбекке араласып, Еділ бойы,
Ташкент, Қызылорда, Балхаш, Владивосток, Қарағанды, Алма-
ты сияқты жерлерде әртүрлі қызмет атқарғанына қарамастан,

туған өлке тарихын зерттеп-тануға ұдайы көңіл бөліп отырған.
Шәменұлы Ысмайыл (лақап аты—Нышан) /1883-1979/—
дәулескер қобызшы. Туып-өскен, ғұмырын өткерген мекені—
Сыр бойы, Қызылорда (Ақмешіт қаласы). Нышан—Сыр

бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасқан Қорқыттың
қобызшылық дәстүрін бүгінгі күнімізге жеткізген соңғы тұяқ.
С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Ә.Марғұлан сияқты өнер пар­
қын тап басып түсінетін халқымыздың зерделі азаматтары

Нышанның көшелі қобызшылығына 20-30 жылдардың өзінде-
ақ назар аударған.
Өкінішке орай, Нышан өнерін магнитофон таспасына жа-
зып, хатқа түсіру ісіне музыка зерттеушілеріміз тым кеш кі­

ғылыми  қосымшалар
рісті. Әйгілі қобызшыға жасы тоқсаннан асып, қолынан қуат,
бойынан шабыт қайтқанда ғана назар аударылды. Сөйтіп, оның
теңіздей шалқыған өнерінен тамшыдай күй мұрасы жазы­лып

алынады. Бүгінгі күндері әйгілі Қорқыттың жиырмаға тарта
күйі сақталып жетті десек, соның тоғызы Нышан ақсақал­дың
орындауында нотаға түскен.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ҚҚ—Қолжазба қоры
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Ш—шифр

ҚазМУ—Қазақ Мемлекеттік Университеті
дәп.—дәптер
А.—Алматы
/а/—араб

/ир/—иран
/моңғ./—моңғол
/о/—орыс
/п/—парсы

/с.а.с./—Салла Аллаһу алейһи ас-салам
/тат./—татар
/т/—түркі
/к.с./—көнерген сөз

/қалм./—қалмақ
/қыт./—қытай
/ж.с./—жергілікті сөз
/солт./—солтүстік

/оңт./—оңтүстік

Пайдаланылған әдебиеттер 1.  Ахмадияров А. Ғ. Сержан күмбірлеткен күйлер.—Алматы,

1997. 2.  Әбеуұлы Асан. Қазақ ауыз әдебиетінің өнерпаздары.—

Шинжаң халық баспасы, 1996. 3.  Әбілтаев Ш. Ұлытау (күйлер жинағы).—Алматы, 1979. 4.  Әсемқұлов Т. Домбыраға тіл бітсе.—Жұлдыз, 1989, №5. 5.  Бейсенбі күйлері. Құраст.: Қабылалды Абдоллаұлы.—

Шинжаң халық баспасы, 2006. 6.  Бекенов Уәли. Күй табиғаты.—Алматы: Өнер, 1980. 7.  Бекенов Уәли. Шертпе күй шеберлері.—Алматы: Жалын,

1977.—92-бет. 8.  Бекхожина Т. Даламның назды саздары.—Алматы: Өнер, 1996. 9.  Жақанов І. Аққулар қонған айдын көл.—Алматы: Жазу-

шы, 1988. 10.  Жұбанов А. Ән-күй сапары.—Алматы, 1975. 11.  Жұбанов А. Ғасырлар пернесі (Қазақтың халық компо­зи­

торларының өмірі мен творчествосы туралы очерктер). Баспаға
дайындаған—Бисенғали Ғизатов.—Алматы: Жазушы, 1975.

12.  Жұбанов А. Дәулеткерей.—Алматы, 1961. 13.  Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.—Алматы, 1975. 14.  Жұбанов А. Қазақтың халық композторлары, 1962. 15.  Жұбанов А. Құрманғазы.—Алматы, 1978. 16.  Жұбанов Қ. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда

болуы жөнінен.—Алматы, 1960. 17.  Жүзбасов Қ. Қазақ халқының музыкалық аспабы—

домбыра // Қазақ ССР ҒА-н хабаршысы, 1972, №2. 18.  Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері: Оқу құралы.—

Алматы: Ғылым, 2000.

күй  аңыздар 19.  Затаевич А.В. 500 казахских песен и кюев.—Алматы,

1931. 20.  Затаевич А.В. 1000 песен казахского народа.—Алматы,

1960. 21.  Есенұлы Айтжан. Күй—Тәңірдің күбірі.—Алматы:

ТОО «Дайк-Пресс», 1996. 22.  Күй аңыздары. Қазақ халық ауыз әдебиетінің қазынасы.

// Құраст.: Г. Қуанбекқызы. 1-кітап.—Үрімжі: Шинжаң халық
баспасы, 2009.

23.  Күй аңыздары. Қазақ халық ауыз әдебиетінің қазынасы.

// Құраст.: Қ. Баймұратұлы, Г. Қуанбекқызы. 2-кітап.—
Үрімжі: Шинжаң халық баспасы, 2009.

24.  Күй қайнары.—Іле халық баспасы, 1985. 25.  Қазақтың музыкалық фольклоры // Қазақ ССР ҒА ха-

баршысы. Әдебиет және өнер институты.—Алматы, 1982. 26.  Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 1-том. Көне

музыкалық фольклор.—Алматы: Қазақпарат, 2005. 27.  Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 3-том. Ал­

ғашқы авторлық музыка.—Алматы: Казақпарат, 2006. 28.  Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 4-том. Кәсіби

халық композиторларының шығармашылығы (XІX ғасырдың
екінші жартысы—XX ғасырдың басы).—Алматы: Қазақпарат,
2006.

29.  Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 5-том. Кәсіби

халық композиторларының шығармашылығы. (XІX ғасырдың
екінші жартысы—XX ғасырдың басы)—Алматы: Казақпарат,
2006.

30.  Қыдырбайұлы Х. Күйшілер мен күйлер.—Ақтөбе, 1994. 31.  Қорқыт. Елім-ай. Құраст.: М. Жарқынбеков.—Алматы,

1987. 32.  Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі // Жұлдыз, 1993, №12. 33.  Мағауин М. Алғысөз // Бес ғасыр жырлайды.—Алма-

ты, 1984. 34.  Мақайұлы Камал. Күй күмбірі.—Шинжаң халық баспа-

сы, 1989. 35.  Мақайұлы Камал. Күй пірі.—Шинжаң халық баспасы,

2008. 36.  Мерғалиев Т. Домбыра сазы (Музыкалы-этнографиялық

жинақ).—Алматы: Казақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1972.

ғылыми  қосымшалар 37.  Мерғалиев Тмат, Бүркіт Сәрсенбай, Дүйсен Орынбай.

Қазақ күйлерінің тарихы.—Алматы, 2000. 38.  Мұхамбетова Ә. Қағажу көрген қазақ музыкасы //

Жұлдыз.—1991, №5. 39.  Мухамбетова А. Национальное и интернациональное

в музыке советского Казахстана // Вопросы теории и эстетики
музыки.—Вып. 7.—Л., 1972.

40.  Мухамбетова А. О програмности казахской народной

инструментальной музыки.—Москва, 1973. 41.  Мүптекеев Б., Медеубекұлы С. Жетісу күйлері.—Ал­

маты: Өнер, 1998.—352 бет. 42.  Мұра.—Алматы: Жазушы, 1990. 43.  Мұхитов Қ. Домбыраға арналған пьесалар.—Алматы,

1990. 44.  Райымбергенов А. Ақжелең (күйлер жинағы).—Алматы,

1986. 45.  Райымбергенов Абдулхамит, Аманова Сайра. Күй қай­

нары. Голоса народных муз.—Алматы: Өнер, 1990. 46.  Сарыбаев Б. Күй нотаға толық түссін // Жалын.—1981, №1. 47.  Сарыбаев Б. Қазақтың музыка аспаптары.—Өнер, 1981. 48.  Сатаев А. Тәттімбет жайлы мақала // Жұлдыз.—1965, №5. 49.  Сейдімбеков А. Күй және көшпелілер мәдениеті // Жұл­

дыз.—1991, №№ 2,3. 50.  Сыр саңлақтары.—Алматы: Өнер, 1985. 51.  Тарақты Ақселеу. Күй шежіре.—Алматы: КРАМДС-

Яссауи, 1992. 52.  Тарақты Ақселеу. Қазақтың әйгілі күйшілері.—Ұлттар

баспасы, 2003. 53.  Тәттімбет. Сары жайлау. Құрастырған: Е. Үсенов.—Ал­

маты, 1988. 54.  Тоқтағанов А. Қазақ күйлерінің этимологиясы // Аста-

на дауысы, 1993. 55.  Тоқтағанов А. Күй мәдениетіндегі кейбір жұмбақ сыр-

лар // Астана дауысы, 1993. 56.  Толыбаев Құрманбай. Нар идірген.—Алматы, 1993. 57.  Өлген қазан. Аңыздар. Құрастырған: Көбей Сейдеханов.

—Алматы: Жалын, 1985.

58.  Шарапат. Құраст.: М. Сатыбалдиев.—Алматы: Казақ­

стан, 1973.

күй  аңыздар 59.  Шегебаев П. Домбровые кюи Западного Казахстана. Тра-

диционная форма и индивидуальный стиль. Автореферат дис...
кандидата искусствоведения.—Л., 1987.

60.  Ысқақова Г. Ой шақыру.—Қызылорда, 1994.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БУМАЛАР

1.  ӘӨИ: ҚҚ, Ш.241, 2-дәптер. Айтушысы: Айнабеков Қайып,

жазып алған—Сәйділ Талжанов. 2.  ӘӨИ: ҚҚ, Ш.296, 1-дәптер. Қазақ күйлері туралы аңыз-

әңгімелер жинағы. Жинаушысы—Ахат Құдайбердиев. 3.  ӘӨИ: ҚҚ, Ш.1058. Бейсенғалиқызы Айсұлу. Құрманғазы,

Дина әңгімелері. 4.  ӘӨИ: ҚҚ, Ш.1066, 13, 25, 38-дәптерлер. Жақыпбаев Боз-

тай жинаған ән мен күй жинағы.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова продол-
жает работу над изданием стотомной серии книг «Бабалар сөзі»
в рамках Стратегического национального проекта «Мәдени
мұра».

Предыдущие, вышедшие из печати, 83 тома серии были
посвящены публикации многочисленных жанров казахского
фольклора, выдающихся в художественном отношении образ-
цов и таких крупных по объему текстов, как эпосы, историчес­

кие сказания, дастаны, а также множества малых жанров—пе-
сен, загадок, пословиц и поговорок. До настоящего времени из
печати вышли одиннадцать томов «Романических сказаний»,
семь томов «Религиозных сказаний», тринадцать томов «Ли-

рических сказаний», один том «Генеалогических сказаний»,
одиннадцать томов «Исторических песен», двадцать томов
«Героического эпоса», сборник загадок—один том, пять то-
мов «Пос­ловиц и поговорок», двухтомник «Народные песни»,

однотомник «Детский фольклор», пятитомник «Сказки»; две-
надцать томов серии составляет фольклорное наследие казахов
Китая, опубликован однотомник «Казахские мифы»; вышел из
печати один том книги «Фольклор казахов Монголии», опубли-

кован однотомник «Топонимические легенды» и четырехтом-
ник «Родословные сказания и предания».
Предлагаемый читателям очередной, 84-й том серии посвя-
щен «Родословным сказаниям и преданиям»—одному из древ-

нейших жанров казахской народной литературы, дошедшему
до нашего времени в своем первозданном виде и сохранившему
свои исключительные художественные черты и особенности.

күй  аңыздар
Как отмечено выше, данный том представляет собой по счету
4-й том, посвященный указанному жанру.
Музыкальные предания, корни которых уходят в глубину

веков, занимают особое место в культурном наследии народа
и представляют собой ценнейший пласт казахской духовной
культуры.
Эти древнейшие традиции жанра берут свое начало от зна-

менитого Коркут-ата и, передаваясь из поколения в поколение,
дошли до нашего времени, о чем и свидетельствуют образцы
преданий, бытующие и ныне в народе.
Следует всегда помнить, что существует незыблемая взаимо­

связь между преданием и его исполнителем, между историей
кюя и его интерпретатором.
Исследователь этого жанра казахского фольклора профес-
сор А.Сейдимбеков подразделяет историю их происхождения

на пять этапов. Первый этап охватывает период с VІІІ-V вв. до
н.э.—до VІ в. нашей эры. Это доисламский период развития
жанра, характеризующийся преимущественно тематикой вол-
шебных преданий: о военных походах, великих предводителях,

женщинах-героях, крылатых конях, волшебных животных
(«Қос мүйізді Ескендір», «Көк бөрі», «Аққу», «Сарын» и др.).
Второй этап охватывает огузо-кипчакский период (VІ-ХІІ вв.),
включающий предания Коркут-ата, в том числе «Абыз толғауы»,

«Саймақтың Сарыөзені», «Балжыңгер». Третий, ногайлинский
этап (ХІІ-ХVІІ вв.) включает предания-кюи. К их числу отно-
сятся народные предания: «Жошы ханның жортуылы», «Ақсақ
темір», «Қамбар күйі», а также широко известные предания

«Ақсақ құлан», «Ел айрылған» Асанкайгы, «Сағыныш» Каз-
тугана. К четвертому этапу, охватывающему период джунгар-
ских набегов (ХVІІ-ХVІІІ вв.), относятся предания, в которых
превалирует историческая правда: «Қаратаудың шертпесі»,

«Абылай ханның Майдақоңыры», «Қалмақ биі», «Қалмақтың
қаражорғасы» и др. Пятый этап характеризуется появлением в
народе преданий, созданных по мотивам или об истории произ-
ведений известных казахских авторов ХVІІІ-ХІХ вв.—начала

ХХ в. Эти произведения отличаются как своими объемами, так
и художественными характеристиками.
В 84-й том серии включены рукописи Б.Жакыпбаева,
К.Айнабекова, А.Кудайбердиева, А.Бейсенгалиевой, сохранив­

ғылыми  қосымшалар
шиеся в рукописных фондах Института литературы и искусс­
тва им. М.О. Ауэзова и ЦНБ МОН РК, а также опубликован-
ные в различных сборниках произведения: «Ғасырлар пернесі»

А.Жубанова (1975), «Күй шежіре» А.Сейдимбекова (1992), «Күй
табиғаты» У.Бекенова (1981), «Домбыра сазы» Т.Мергалиева
(1972), «Шарапат» М.Сатыбалдиева (1973), «Жетісу күйлері»
Б.Муптекеева и С.Медеубекова (1998), «Қазақ күйлерінің та-

рихы» Т.Мергалиева, С.Буркит и О.Дуйсенова (2000), «Өлген
қазан» К.Сейдеханова (1985), из пятитомной антологии «Қа­
зақ музыкасы» (2005, 2006); «Жиделі Байсын күйлері» Б.Жу­­
сипова (2000), «Күй қайнары. Голоса народных муз» А.Рай­

ымбергенова и С.Амановой (1990), а также из изданного в
Китае 2-томника преданий китайских казахов «Күй аңыздары»
(2009).
В первой части книги «Народные предания о кюях» помеще-

ны произведения неизвестных авторов; во вторую часть вклю-
чены предания о кюях, созданных сказителями начиная со вре-
мени Коркыт-ата, которая называется «Предания о кюях и их
исполнителях». В процессе подготовки данного тома преиму­

щественно использован принцип классификации, предложен-
ный в свое время профессором А. Сейдимбековым.
В соответствии с принципами научной подготовки данной
серии, приведенные тексты пронумерованы и снабжены прило-

жениями.
Научные приложения тома состоят из сведений о собирате-
лях (записей) текстов, их составителях, об изданиях; научного
комментария к публикуемым текстам, словаря, указателя гео-

графических названий, комментариев об исторических и рели-
гиозных личностях, встречающихся в текстах, о названиях эт-
нических групп и племен, сведений о сказителях и собирателях,
списка использованной литературы, а также резюме на русском

и английском языках.
Общий объем тома — 27,0 п.л.

Summary Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov contіnues publіshіng of a hundred volume serіes of the book «Babalar sozі» іn the frame of the Strategіc Natіonal Project «Madenі Mura». Prevіous 83 volumes of the serіes were devoted to the pub­ lіcatіon of numerous genres of Kazakh folklore, remarkable іn terms of theіr artіstіc desіgns and such large volume texts as epіcs, hіstorіcal tales, dastans, as well as many smaller genres—songs, rіddles, proverbs and sayіngs. So far, the followіng volumes have been publіshed: eleven volumes of «Romantіc storіes», seven volumes of «Relіgіous legends», thіrteen volumes of «Lyrіcal Le­ gends», one volume of «Genealogіcal storіes», eleven volumes of «Hіstorіcal Songs», twenty volumes of «Heroіc epіc», a collectіon of puzzles—one volume, fіve volumes of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Folk Songs», one volume of «Chіldren’s Folklore», fіve-volume edіtіon of «Tales», twelve volumes of folk herіtage of the Kazakhs of Chіna, one-volume of «Kazakh myths»; one volume book « Folklore of the Kazakhs of Mongolіa», one-volume «Topo­ nymіc legends» and four-volume «Genealogіcal storіes tales and legends». The proposed to the readers volume 84 of the serіes іs devoted to «Genealogіcal storіes and legends»—one of the oldest genres of Kazakh folk lіterature, whіch have reached nowadays іn іts orіgіnal form, and retaіned the exceptіonal artіstіc features and cha­ racterіstіcs. As іt was mentіoned above, thіs volume іs the 4th volume devoted to the specіfіed genre.

ғылыми  қосымшалар Musіcal legends whіch orіgіnated many centurіes ago, occupy a specіal place іn the cultural herіtage of the people, and represent a valuable layer of spіrіtual culture of the Kazakh people. These ancіent genre tradіtіons have orіgіnated from the famous Korkut-Ata, were transferred from one generatіon to another and reached nowadays, as evіdenced by the legends, whіch currently exіst among the people. We should always remember that there іs a strong relatіonshіp between the legend and the performer, between the kuy story and the іnterpreter. The researcher of thіs genre of Kazakh folklore professor A.Seydіmbekov dіvіdes the hіstory of theіr orіgіn іnto fіve stages. The fіrst phase covers the perіod from VІІІ-V c. BC—up to VІ c. AD. Thіs іs a pre-Іslamіc perіod іn the development of the genre, whіch іs maіnly characterіzed by the theme of magіc-legends: about mіlі­ tary campaіgns, great leaders, women-heroes, wіnged horses, magіc anіmals («Kos myuіzdі Eskendіr», «Kok borі», «Akku», «Saryn», etc.). The second phase covers the Oguz-Kіpchak perіod (VІ-XІІ c.), whіch іncludes legends of Korkut-Ata, іncludіng «Abyz tolgauyі», «Saіmaktіn Saryozenі», «Balzhynger». The thіrd stage - Nogaylі (XІІ-XVІІ c.) іncludes legends-kuіs. Among them are folk legends: «Zhoshy hannyn zhortuyly», «Aksak Temіr», «Қambar kүі», as well as the well-known legends «Aksak kulan», «El ayrylgan» by Asankaіgy, «Sagynysh» by Kaztugan. The fourth stage, coverіng the perіod of Jungar raіds (XVІІ-XVІІІ c.) іncludes legends whіch tell about the hіstorіcal truth: «Karataudіn shertpesі», «Abylaі hannіn Maіdakonіrі», «Kalmak bіі», «Kalmaktіn karazhorgasy», etc. The fіfth stage іs characterіzed by the appearance of the legends that were created based on the hіstory or the works of renowned Kazakh wrіters of XVІІІ-XІX century—the begіnnіng of the XXth century. These works are dіstіnguіshed by both the volume sand artіstіc characterіstіcs. The 84th volume of the serіes іncludes the manuscrіpts of B.Zhakypbaev, K.Aіnabekov, A.Kudayberdіev, A.Beіsengalіeva whіch are preserved іn the manuscrіpt collectіons of the Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov and CSL of RK, and the works publіshed іn varіous collectіons: «Gasyrlar pernesі» by A. Zhubanov (1975), «Kuy shezhіre» by A.Seydіmbekov (1992), «Kyy tabgaty» by U.Bekenov (1981), «Dombyra saz» by T.Mergalіev

күй  аңыздар (1972), «Sharapat» by M.Satybaldіev (1973), «Zhetysu kuylerі» by B.Muptekeev and S.Medeubekov (1998),»Kazakh kuylerіnіn tarіhі» by T.Mergalіev, S.Burkіt and O.Duysenov (2000), «Olgen kazan» by K.Seydekhanov (1985), іn a fіve-volume anthology «Kazakh muzykasy» (2005, 2006), «Zhіdelі Baіsyn kuylerі» by B.Zhusіpov (2000), «Kuy kaynary. Voіces of people’s musіc» by A.Rayіmbergenov and S.Amanova (1990), and 2-volume edіtіon of the legends of Chіnese Kazakhs «Kuy anyzdary» publіshed іn Chіna (2009). The fіrst part of the book «Folk legends about kuy» іncludes the works of unknown authors; the second part contaіns storіes about kuys created by storytellers sіnce the tіme of Korkyt-ata, whіch іs called «Legends about kuys and the performers». Іn preparіng thіs volume, the prіncіple of classіfіcatіon proposed by professor A. Seydіmbekov was used. Accordіng to the prіncіples of scіentіfіc preparatіon of thіs se­ rіes, the іncluded texts are numbered and supplіed wіth annexes. Scіentіfіc annexes of the volume consіst of the followіng: іnformatіon about collectors (records) of the texts, theіr publі­shers, edіtіons; scіentіfіc comments to the publіshed texts, dіctіonary, іndex of geographіcal names, comments on hіstorіcal and relіgіous persons, mentіoned іn the texts, names of the Kazakh clans and trіbes, іnformatіon about the storytellers and collectors, lіst of references and summarіes іn Russіan and Englіsh languages. The total volume іs 27,0 pp.

мазмұны Құрастырушылардан........................................................5 МӘТІНДЕР Халық күйлерінің аңыздары 1. «Шақыру» (І нұсқа)..................................................... 11 2. «Тауқұдірет» .............................................................. 12 3. «Шұбар киік» (І нұсқа) ................................................ 13 4.«Шұбар киік» (ІІ нұсқа) ............................................... 14 5. «Жорға аю» (І нұсқа)................................................... 15 6. «Қызылқан» (І нұсқа).................................................. 15 7. «Балжыңгер» (І нұсқа)................................................. 16 8. «Нар идірген» (І нұсқа)................................................ 19 9. «Қос мүйізді Ескендір» ................................................ 22 10. «Бегім бер» (І нұсқа).................................................. 23 11. «Бегім бер» (ІІ нұсқа)................................................. 25 12. «Жетім бала» ........................................................... 25 13. «Ақсақ қаз» (І нұсқа)................................................. 30 14. «Сау қаз» ................................................................. 32 15. «Бөкен жарғақ» (І нұсқа)............................................ 32 16. «Жамал-ай!» ............................................................ 34 17. «Тепеңкөк» (І нұсқа).................................................. 34 18. «Хан жұбату» ........................................................... 35 19. «Кербез қыз» (І нұсқа)................................................ 36 20. «Кербез қыз» (ІІ нұсқа).............................................. 37 21. «Кербез қыз» (ІІІ нұсқа)............................................. 38 22. «Сал жігіт» .............................................................. 39 23. «Қос келіншек» (І нұсқа)............................................ 40 24. «Кәрібоз бен Салторы» ............................................... 41 25. «Ақ Ертіс» ............................................................... 43 26. «Қара атты мен торы атты» ........................................ 44 27. «Аңшының зары» ..................................................... 45 27-136

күй  аңыздар 28. «Қорамжан» (І нұсқа)................................................. 46 29. «Қорамжан күйі» (ІІ нұсқа)......................................... 46 30. «Бозайғыр» (І нұсқа).................................................. 47 31. «Бозайғыр» (ІІ нұсқа)................................................. 47 32. «Бозайғыр» (ІІІ нұсқа)................................................ 48 33. «Бозайғыр» (ІV нұсқа)................................................ 50 34. «Бел асар» ................................................................ 50 35. «Ақсақ құлан» (І нұсқа).............................................. 50 36. «Ақсақ құлан» (ІІ нұсқа)............................................. 51 37. «Айрауықтың ащы күйі»............................................ 53 38. «Тепеңкөк» (ІІ нұсқа)................................................. 53 39. «Тепеңкөк» (ІІІ нұсқа)................................................ 54 40. «Тепеңкөк» (ІV нұсқа)................................................ 54 41. «Тепеңкөк» (V нұсқа)................................................. 55 42. «Нар идірген» (ІІ нұсқа).............................................. 55 43. «Нар идірген» (ІІІ нұсқа)............................................. 56 44. «Нар идірген» (ІV нұсқа)............................................. 57 45. «Аққабынның толқыны» (І нұсқа)............................... 58 46. «Аққабынның толқыны» (ІІ нұсқа).............................. 59 47. «Аққу» (І нұсқа)........................................................ 59 48. «Аққу» (ІІ нұсқа)....................................................... 61 49. «Аққудың зары» ....................................................... 61 50. «Қоңыр бұқа» ........................................................... 62 51. «Шал бүркіт» ........................................................... 62 52. «Жетім қыз» (І нұсқа)................................................ 63 53. «Жетім қыз» (ІІ нұсқа)............................................... 63 54. «Бұлғын—Сусар» ..................................................... 64 55. «Жеті атан—Ерке атан» ............................................ 64 56. «Жаңылтпаш сайқал» (бәдік күй)................................ 65 57. «Сұр теке» ................................................................ 65 58. «Мұңлық—Зарлық» ................................................. 65 59. «Сал күрең» ............................................................. 67 60. «Жиренше шешен» (І нұсқа)....................................... 67 61. «Жиренше шешен» (ІІ нұсқа)...................................... 68 62. «Батырдың арман күйі» ............................................. 68 63. «Алып қара құс» ....................................................... 68 64. «Кенесары—Наурызбай» ........................................... 70 65. «Бесік күй» .............................................................. 71 66. «Сарбарпы бұлбұл» (І нұсқа)........................................ 71

мазмұны 66. «Сарбарпы бұлбұл» (ІІ нұсқа)...................................... 71 67. «Нұрғазарын бұлбұл» ................................................ 72 68. «Жалғыз көзді әулие» ............................................... 74 69. «Бөкен жарғақ» (ІІ нұсқа)........................................... 75 70. «Жалғыз жігіт» (І нұсқа)............................................ 76 71. «Жалғыз жігіт» (ІІ нұсқа)........................................... 77 72. «Көк төбет» (І нұсқа).................................................. 77 73. «Көк төбет» (ІІ нұсқа)................................................. 78 74. «Ыңыршақты боз» .................................................... 78 75. «Алшаң қоңыр» ........................................................ 79 76. «Көк дөнен» ............................................................. 79 77. «Ала айғыр» ............................................................. 80 78. «Мұңлы қыз» (І нұсқа)............................................... 81 79. «Мұңлы қыз» (ІІ нұсқа).............................................. 82 80. «Мұңлы қыз» (ІІІ нұсқа)............................................. 82 81. «Мұңлы қыз» (ІV нұсқа)............................................. 83 82. «Беген» .................................................................... 83 83. «Сары бел» (І нұсқа)................................................... 85 84. «Сары бел» (ІІ нұсқа).................................................. 85 85. «Көк бұқа» ............................................................... 86 86. «Балжыңгер» (ІІ нұсқа).............................................. 87 87. «Балжыңгер» (ІІІ нұсқа)............................................. 87 88. «Майдажал—Телқоңыр» ........................................... 88 89. «Бұлдыр тау» ........................................................... 88 90. «Бозінген» (І нұсқа)................................................... 89 91. «Бозінген» (ІІ нұсқа).................................................. 89 92. «Бозінген күйі» (ІІІ нұсқа).......................................... 90 93. «Алакөз аттың жүрісі» .............................................. 90 94. «Шыңырау» (І нұсқа)................................................. 91 95. «Шыңырау» (ІІ нұсқа)................................................ 91 96. «Шыңырау» (ІІІ нұсқа)............................................... 94 97. «Шыңырау» (ІV нұсқа)............................................... 94 98. «Шыңырау» (V нұсқа)................................................ 95 99. «Шыңырау» (VІ нұсқа)............................................... 95 100. «Шыңырау» (VІІ нұсқа)............................................ 95 101. «Шыңырау» (VІІІ нұсқа)........................................... 95 102. «Тайшынның тарғыл бұқасы» ................................... 96 103. «Қозыкүрең» .......................................................... 96 104. «Байшыбырдың күйі—арман» .................................. 97

күй  аңыздар 105. «Бүркіттің күйі» ..................................................... 97 106. «Құр ойнақ» ..........................................................101 107. «Арман» (І нұсқа)....................................................101 108. «Сырым сазы» ........................................................103 109. «Қазақ пен қалмақтың күйі» ...................................104 110. «Қағытпа» .............................................................104 111. «Ноғайлының зары» ...............................................106 112. «Бұлды құс» ..........................................................106 113. «Бегім салы» .........................................................106 114. «Жетіген»..............................................................107 115. «Қос ішек».............................................................108 116. «Ақсақ құла» (І нұсқа).............................................109 117. «Шұбар ат» ............................................................109 118. «Сары өзен» (І нұсқа)...............................................111 119. «Ертіс толқыны» ....................................................112 120. «Телқоңыр» (І нұсқа)...............................................113 121. «Телқоңыр» (ІІ нұсқа)..............................................116 122. «Кербез қыз» (ІV нұсқа)...........................................118 123. «Кербез қыз» (V нұсқа)............................................119 124. «Бұланжігіт»..........................................................120 125. «Ақсақ Темір мен домбырашы».................................121 126. «Жалғыз жігіт» (ІІІ нұсқа).......................................122 127. «Майдажал»...........................................................122 128. «Қыз алып қашқан»................................................123 129. «Қалажан қашқан».................................................124 130. «Арбиян-қоңыр».....................................................125 131. «Ойбай, бегім бер!» .................................................125 132. «Тоқта баяу»..........................................................126 133. «Қос келіншек» (ІІ нұсқа)........................................126 134. «Жорға аю» (ІІ нұсқа).............................................127 135. «Қызылқан» (ІІ нұсқа).............................................127 136. «Жаралы ақ бөкен».................................................128 137. «Өрелі көк»............................................................128 138. «Өрелі кер» (І нұсқа)................................................128 139. «Өрелі кер» (ІІ нұсқа)..............................................130 140. «Өрелі кер» (ІІІ нұсқа).............................................130 141. «Бейжін сары»........................................................130 142. «Ат келді»..............................................................131 143. «Жеті атым»..........................................................131

мазмұны 144. «Күй сандық».........................................................132 145. «Жаяу дел-дал»......................................................132 146. «Ақсақ қаз» (ІІ нұсқа)..............................................133 147. «Ақсақ қаз» (ІІІ нұсқа).............................................134 148. «Еркеатан күйі» (І нұсқа).........................................134 149. «Еркеатан» (ІІ нұсқа)...............................................135 150. «Ортеке»................................................................135 151. «Кәрібоз»...............................................................136 152. «Майдажал»...........................................................137 153. «Жалқы жігіт».......................................................138 154. «Жетігеннің жетеуі» ...............................................138 Күй және күйшілер туралы аңыздар ҚОРҚЫТ /ІX ғасыр/ 155. «Қорқыт» (І нұсқа)..................................................140 156. «Қорқыт» (ІІ нұсқа).................................................141 157. «Қорқыт» (ІІІ нұсқа)................................................142 158. «Қорқыт» (ІV нұсқа)................................................142 159. «Аққу» (ІІІ нұсқа)...................................................146 160. «Желмая» (І нұсқа).................................................146 161. «Желмая» (ІІ нұсқа)................................................147 162. «Елім-ай, халқым-ай!» ............................................147 163. «Сарын» (І нұсқа)....................................................148 164. «Сарын» (ІІ нұсқа)...................................................149 165. «Тарғыл тана» ........................................................150 166. «Ұшардың ұлуы» ...................................................151 167. «Әуппай» (І нұсқа)..................................................152 168. «Әуппай» (ІІ нұсқа).................................................152 169. «Башпай» ..............................................................152 170. «Байлаулы киіктің зары».........................................154 КЕТБҰҒА /XІІІ ғасыр/ 171. «Ақсақ құлан» (ІІІ нұсқа).........................................154 172. «Ақсақ құлан» (ІV нұсқа).........................................160 173. «Ақсақ құлан—Жошы хан» (V нұсқа).......................163 БАЙЖІГІТ /XVІ-XVІІ ғғ./ 174. «Қайың сауған» .....................................................165 175. «Көкбалақ» ...........................................................169 176. «Қоңыр қаз» ..........................................................169 177. «Қосбасқан» ..........................................................171

күй  аңыздар УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙ ХАН /1711-1780/ 178. «Жетім торы» ........................................................171 179. «Дүние қалды».......................................................174 180. «Абылай ханның Майдақоңыры» .............................177 181. «Сары бура» ...........................................................177 БОҒДА /шамамен 1765-1845 жж./ 182. «Жем суының тасқыны» .........................................177 183. «Бозтөбе»...............................................................178 ЖАНТӨРЕ /XVІІІ-XІX ғғ./ 184. «Шалқыма» ...........................................................178 САРША /XVІІІ-XІX/ 185. «Бозінген» (ІV нұсқа)...............................................180 БЕЙСЕНБІ ДӨНЕНБАЙҰЛЫ /1803-1872/ 186. «Жеке батыр» ........................................................180 187. «Кербез сылқым» ...................................................181 188. «Арман» (ІІ нұсқа)...................................................181 189. «Қара құлақ ат» .....................................................182 190. «Көк шыбар ат» ......................................................183 191. «Майдақоңыр» .......................................................184 192. «Телқоңыр» (ІІІ нұсқа).............................................185 193. «Көк иірім кеңес» ...................................................186 194. «Танысаңшы» ........................................................187 195. «Ой, дүние-ай!» (І нұсқа)..........................................187 196. «Ерке бұлан» .........................................................188 197. «Құс қашқан» ........................................................188 198. «Әйми» .................................................................188 199. «Көш келді» ..........................................................189 200. «Екеуім-екеуім» .....................................................190 201. «Бодау кеңес».........................................................191 ҚАЗАНҚАПҰЛЫ ТӘТТІМБЕТ /1815-1860/ 202. «Нар шөккен» ........................................................193 203. «Көкейкесті» (І нұсқа).............................................195 204. «Көкейкесті» (ІІ нұсқа)............................................195 205. «Бес төре» (І нұсқа).................................................196 206. «Бес төре» (ІІ нұсқа)................................................196 207. «Былқылдақ» ........................................................197 208. «Жылқыда» ..........................................................197

мазмұны ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ /1818-1889/ 209. «От жалын» ...........................................................197 210. «Маната» ..............................................................198 211. «Қайран шешем» ....................................................198 212. «Түрмеден қашқан» ................................................200 213. «Лауішкен» ...........................................................201 214. «Ақбай» ................................................................202 215. «Аман бол, шешем, аман бол» ..................................203 216. «Қыз Данайдың қырғыны» ......................................204 217. «Алқа» ..................................................................205 218. «Бұқтым-бұқтым» ..................................................206 219. «Бұлбұлдың құрғыры» ............................................207 220. «Айда бұлбұл, Айжан-ай» .......................................207 221. «Назым» ...............................................................208 222. «Бозшолақ» ...........................................................210 223. «Терезеден-есіктен» ................................................211 224. «Қазижан» ............................................................212 225. «Павескі» ..............................................................213 226. «Саранжап» ...........................................................213 227. «Төремұрат—Нарынбай» ........................................214 228. «Амандасар» ..........................................................215 229. «Боз қаңғыр» .........................................................215 230. «Арба соққан» ........................................................216 231. «Қызыл қайың машина» .........................................217 232. «Адай» ..................................................................217 233. «Ақсақ киік» .........................................................218 234. «Балқаймақ» .........................................................219 235. «Кедей зары» .........................................................219 236. «Көбік шашқан» ....................................................220 237. «Құрманғазы»........................................................221 238. «Қашқындық жолы»...............................................221 АБЫЛ ТАРАҚҰЛЫ /1820-1892/ 239. «Абыл» .................................................................223 ШЫҒАЙҰЛЫ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ /1820-1887/ 240. «Бұлбұл» (І нұсқа)...................................................226 241. «Ақжелең» ............................................................227 242. «Ысқырма»............................................................227

күй  аңыздар 243. «Жұмабике» ..........................................................228 244. «Топан» ................................................................228 245. «Көрұғлы» (І нұсқа).................................................228 246. «Көрұғлы» (ІІ нұсқа)...............................................229 ҚОЖЕКЕ НАЗАРҰЛЫ /1823-1881/ 247. «Бұлбұл торғай» (І нұсқа).........................................229 248. «Қамбархан» .........................................................230 249. «Шалқайма» ..........................................................230 250. «Кертолғау» ..........................................................231 ҚАЙРАҚБАЙ ШӘЛЕКЕНҰЛЫ /1828-1877/ 251. «Еміл толқыны» .....................................................233 252. «Қоңыр жел» .........................................................233 253. «Молқоңыр және Майдақоңыр» ...............................234 254. «Бұтабайға арналған кеңес» .....................................234 255. «Ой толқыны» ........................................................234 ШОҢМАНҰЛЫ ТОҚА /1830-1914/ 256. «Саржайлау» .........................................................234 257. «Төрт толғау» (І нұсқа).............................................235 258. «Төрт толғау» (ІІ нұсқа)...........................................237 САРЫМАЛАЙ /1835-1885/ 259. «Сансызбай» ..........................................................239 260. «Ақсақ құла» (ІІ нұсқа)............................................240 261. «Жорға аю» (ІІІ нұсқа) ............................................240 БАЙСЕРКЕ ҚҰЛЫШҰЛЫ /1841-1906/ 262. «Жекпе-жек» .........................................................241 263. «Төрт қарға» ..........................................................241 ЕСБАЙ /1842-қ.ж.б./ 264. «Айда бұлбұл, сайра бұлбұл» ...................................242 265. «Үш атаның тартысы» (І нұсқа).................................243 266. «Үш ананың айтысы» (ІІ нұсқа)................................244 267. «Жалды қара» .......................................................248 ДҮКЕНҰЛЫ ЫҚЫЛАС /1843-1916/ 268. «Айрауық» ............................................................248 269. «Бозторғай» ...........................................................249 270. «Жалғыз аяқ» ........................................................251 271. «Жезкиік» ............................................................252 272. «Ерден» (І нұсқа).....................................................254 273. «Ерден күйі» (ІІ нұсқа)............................................258

мазмұны 274. «Қазан» ................................................................259 275. «Ханшайым» .........................................................260 276. «Қасқыр» ..............................................................261 277. «Саржан төре» .......................................................262 278. «Шыңырау»(ІХ нұсқа).............................................264 279. «Шыңырау»(Х нұсқа)..............................................266 280. «Шыңырау» (ХІ нұсқа)............................................267 281. «Шыңдау күйі» ......................................................267 МЕРГЕНБАЙ ЕРДЕНЕҰЛЫ /1843-1929/ 282. «Арман» (ІІІ нұсқа).................................................268 ШАЛ МЫРЗА /1850-1934/ 283. «Жалтаң қарға» .....................................................269 284. «Мұңлы қыз» (ІІІ нұсқа)..........................................270 285. «Тәнтән қыз» .........................................................270 286. «Раздасу» ..............................................................271 287. «Ташауыз» ............................................................271 288. «Қара жорға» .........................................................272 ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП /1854-1927/ 289. «Балжан қыз» ........................................................273 290. «Көкіл» (І нұсқа).....................................................275 291. «Көкіл» (Көкейге түскен Көкілжан) (ІІ нұсқа).............276 292. «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» ..........................276 293. «Домалатпай» ........................................................277 294. «Бұраңдама, келіншек!» ..........................................278 295. Қыз Ақжелең мен Қазанғап......................................281 296. «Кіші Қаратөс».......................................................282 ЕРАЛЫҰЛЫ МӘМЕН /1859-1931/ 297. «Ақшолпан» (І нұсқа)..............................................283 298. «Ақшолпан» (ІІ нұсқа).............................................284 ЕРНАЗАРҰЛЫ ДАЙРАБАЙ /1860-1937/ 299. «Дайрабай» (І нұсқа)...............................................285 300. «Дайрабай» (ІІ нұсқа)..............................................286 301. «Дайрабай» (ІІІ нұсқа).............................................288 302. «Дайрабай» (ІV нұсқа).............................................289 303. «Дайрабай» (V нұсқа)...............................................291 ӨСКЕНБАЙ ҚАЛМАМБЕТҰЛЫ /1860-1925/ 304. «Жаңылтпаш» .......................................................291

күй  аңыздар БӘЗҒАЛАМ /1860-1932/ 305. «Молқоңыр» ..........................................................293 306. «Жолаушы» ..........................................................294 307. «Сабазым-ай» ........................................................295 НҰРПЕЙІС КЕЛІНІ ДИНА /1861-1955/ 308. «Бұлбұл» (ІІ нұсқа)..................................................296 309. «Кербез» ...............................................................297 310. «Көгентүн» ............................................................298 311. «Қара қасқа ат» ......................................................298 312. Композитор Дина мен өнерпаздар..............................299 СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ /1865-1945/ 313. «Аққу» (ІV нұсқа)...................................................299 314. «Қос келіншек» (ІІІ нұсқа).......................................300 315. «Тәжінің Бозайғыры» .............................................300 316. «Саңдық ашты Сарыөзен» .......................................301 ТАУДАНБЕКҰЛЫ ДӘУІТБАЙ /1873-1937/ 317. «Арна» ..................................................................301 СОҚЫР ЕСЖАН /XІX ғ. ІІ жартысы/ 318. «Соқыр Есжан» ......................................................302 319. «Айнам қалды» ......................................................304 СЕЙТЕК /XІX ғ. ІІ жартысы/ 320. «Бұлбұл Айша» (І нұсқа)..........................................305 321. «Бұлбұл Айша» (ІІ нұсқа).........................................306 322. «Бес қыз» (І нұсқа) .................................................307 323. «Бес қыз» (ІІ нұсқа).................................................307 324. «Шәрипа» .............................................................308 325. «Сексен ер» ...........................................................309 КӘДІРӘЛІ ЕРЖАНОВ/1885-1968/ 326. «Қасқа-ау, ана арада—қасқа-ау, мына арада» ............310 МҮКЕЙ ӘБІЛҚАЙЫРҰЛЫ /1884-1916/ 327. «Қосбасқан» (ІІ нұсқа).............................................311 328. «Терісқақпай» .......................................................311 329. «Күзетші қыз» .......................................................312 330. «Телқоңыр» (ІV нұсқа).............................................314 331. «Бұлбұл торғай» (ІІ нұсқа)........................................315 332. «Ой, дүние-ай!» (ІІ нұсқа).........................................316 333. «Үш күйдің аңызы» ................................................317 334. «Әттең, жалған, тұл дүние» .....................................318

мазмұны ӘШІМ ДҮҢШЕҰЛЫ /1896-1962/ 335. «Ақ ерке, Ақ толқын, Жай толқын» ..........................319 336. «Қазақ-қырғыз достығы» ........................................320 337. «Бөктергі» .............................................................320 338. «Самұрықтың зары» ...............................................320 339. «Желмаяның желісі» ..............................................321 340. «Таң бұлбұлы» .......................................................322 ҮСЕН ТӨРЕ /шамамен XІX-XX ғғ./ 341. «Шамшырақ тас» ...................................................322 ТҮРКЕШ 342. «Қоңыр ала» ..........................................................323 ХАНЫМ 343. «Айнам қалды» (ІІ нұсқа).........................................324 БАЛБИКЕ 344. «Бал бұрауың» .......................................................325 ЖАҢҒАРА 345. «Жанғара күйші»...................................................325 346. «Аллам жар»..........................................................326 ЫБЫРАЙ 347. «Делдал күйі» ........................................................326 САЙМАҚ 348. «Сары өзен» (ІІ нұсқа)..............................................327 НАУМЕЛ 349. «Төрт жаяу күйі» ...................................................329 ЖАНЖІГІТ 350. «Салкүрең» ...........................................................330 РАҚЫМ 351. «Рақымның өмір толғауы» ......................................330 ӘМІРЕ 352. «Әміренің арманы» .................................................331 АҚЫМЖАН 353. «Ақымжанның қоңыр күйі» ....................................332 ОРАЗБАЙ 354. «Оразбайдың ақ белбеу аты» ....................................332 МҰХИТ БИТЕНОВ 355. «Үш балам» ...........................................................333 МЕРУЕРТ МЕРХАДИН 356. «Аққу» (V нұсқа)....................................................333

күй  аңыздар ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге  түсініктеме.................................337 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер................345 Сөздік..........................................................................373 Жер-су атаулары...........................................................376 Томға енген аңыздарды айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет..............................................................384 Шартты қысқартулар.....................................................406 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................407 Пайдаланылған бумалар.................................................410 Резюме.........................................................................411 Summary.......................................................................414

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 84 том кюи-легенды (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан

Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек
Компьютерге терген: Б. А. Әділханқызы

Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы

ИБ № 2607

Теруге 27.04.12 жіберілді. Басуға 25.05.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №136. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспасының баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙