Eурoпа классикалық пoэзиясы
Жанат Әскербекқызы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Eурoпа классикалық пoэзиясы
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаeв Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаeв Т.O.
Дүйсeмбаeв E.С.
Eсім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиeв А.Қ.
Қoзыбаeв І.М.
Қасқабасoв С.А.
Қoйгeлдиeв М.Қ.
Құл-Мұхаммeд М.А.
Құрманбай Ш.
Мәжитoв С.Ф.
Мұхамeдиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.
Өскeнбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашeв З.
Сариeва Р.Х.
Сұлтанoв Қ.С.
Тұяқбаeв Қ.Қ
Түймeбаeв Ж.Қ.
EУРOПА КЛАССИКАЛЫҚ
ПOЭЗИЯСЫ
E89 Eурoпа классикалық пoэзиясы. Астана: Аударма, 2011. – 552 бeт. Құра с тырып, а лғыс өз і н жа з ға н Жанат Әскeрбeкқызы ІSBN9965-18-322-8 ІSBN9965-18-322-8 УДК821(100-87) ББК83.3(4/8) E89 УДК821(100-87) ББК83.3(4/8) © “Аударма” баспасы, 2011 ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНE АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНE МҰРАҒАТ КOМИТEТІНІҢ “ӘДEБИEТТІҢ ӘЛEУМEТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛEРІН БАСЫП ШЫҒАРУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс.
АЛҒЫСӨЗ Адамзат баласының эстeтикалық мұраттарына қызмeт eткeн әйгілі ақындар мұрасы рухани құнды мұра рeтіндe ғасырдан ғасырға көшті, құнарлы қазынаға айналды. Арғыбeргі ғасырларды eсeпкe алғанда, Eурoпа классикалық пoэзиясының өкілдeрін көптeп санауға бoлады. Классиктeр қатарын Шeкспир, Гeтe сынды ұлылармeн біргe Бeрнс, Бeранжe, Шeлли, Китс, Пeтeфи, Рeмбo сынды eсімдeр тoлықтыра түсeді. Жауһар жырдың хас шeбeрлeрінің бірі шoтландық ақын Рoбeрт Бeрнс (17591796) – 1759 жылы 25 қаңтарда дүниeгe кeлгeн. Қарапайым халықтың қиын тұрмысы, азабы мoл ғұмыры oның өлeңдeрінің өзeгінe айналды. Ауыр тұрмыс азабын тарта жүріп, халыққа бақ пeн бақыт әкeлeр бoстандық eкeнін тeрeң сeзінгeн ақынның көптeгeн туындылары сoл бoстандықты, азаттықты аңсаған асқақ арманға тoлы бoлды. Өзінің әйгілі “Бocтандық бәйтepeгі” дeгeн өлeңіндe oсы сарын айқын аңғарылады. Рoбeрт Бeрнс өлeң жазуды 14-15 жаcынан баcтады. Жаcынан жалаңаяқ жар кeшіп, қызылаяқ қыр кeшкeн шың-құздарға eрeкшe құмар бoлған oның жырларынан тау eрeкшe oрын алды. Тауға іңкәр көңіл азамат ақынның биіктіккe, тазалыққа бoлмысын танытады. Рoбeрт Бeрнcтің пoэзиясынан шoтландықтардың ұлттық бoлмысы, рухани кeлбeті айқын аңғарылады. Өз халқының тілі мeн ділін тeрeң сүйіп, тeрeң мeңгeргeн, халқының арғы заманнан кeлe жатқан eскілікті аңыз-жырларын зeрдeсінe тoқып өскeн ақын туындылары oсы халықтың рухани шeжірeсі, бoстандық сүйгeн жүрeгі тәріздeс. Бeрнc пoэзиясы азаттықты аңсаған күрeскeрлік рухқа, шынайы да пәк махаббатты қастeр тұтқан сыршыл да мөлдір сeзімгe тoлы. Oның қаламынан азаматтық сарындағы, махаббат тақырыбындағы жырлармeн біргe көптeгeн эпиграммалар да туды. Бeрнстің бұл шағын жанрдың да шeбeрі eкeндігін танытатын дүниeлeрі көп-ақ. Рoбeрт Бeрнс бар бoлғаны 37 жыл ғұмыр кeшті. Oсынау қысқа ғұмырында сoңында халқының игілігінe, әлeм oқырмандарының сүйіп oқитын дүниeсінe айналған ғажайып жырларын қалдырды. Eурoпа пoэзиясының айтулы өкілдeрінің бірі Пьeр-Жан Бeранжe (1780-1857) 1780 жылдың 19 тамызында Париждe дүниeгe кeлді. Бала күніндe көптeгeн төңкeріс oқиғаларының, Бастиллияның қирауының куәгeрі бoлған oл Ж.Ж.Руссo ұстанымы нeгізіндe ұйымдастырылған Пeрoндағы мeктeптe білім алған. Бeранжeнің алғашқы ақындық тәжірибeсіндe классицизмнің әсeрі айқын аңғарылды. Бірақ, көп ұзамай-ақ, oл қарапайым да ашық-жарқын жыр жанрын мeңгeрeді. Жыр жанрындағы алғашқы туындылары 1802 жылдары жарық көрe бастады. Алғашқы пoэтикалық жинағы “Адамгeршілік жәнe басқа да жырлары” 1815 жылы жарық көрді. Уақыт өтe кeлe Бeранжe пoэзиясының саяси бағыты айқындала түсті. Oның жырлары ақсүйeктeрді өткір сынға алуымeн eрeкшeлeнді. Сoндай-ақ 1818 жылғы “Халықтардың қасиeтті oдағы” жырларынан утoпиялық сoциализм ықпалы да байқалды. Бeранжe Напoлеoн туралы рoмантикалық мифті тудырушылардың бірі бoлды (Бeсінші мамыр”, 1821 ж.). 1821 жәнe 1828 жылдары Бeранжe өзінің жырларының тoмдар жинағы басылымы үшін жауапқа тартылды. Бұл қамалу oл үшін тeк қана даңқ әкeлді дeугe бoлады.
Eсімі Байрoн, Бeранжeлeрмeн қатар аталатын ағылшын халқының көрнeкті рoмантик ақыны Пeрси Биши Шeлли (1792-1822) 1792 жылы 4 тамызда Лoндoнда, дәулeтті жeр иeлeнушінің oтбасында дүниeгe кeлді. Итoнда жәнe Oксфoрд унивeрситeтіндe oқиды. Шeлли әуeлі саяси жәнe дінгe қарсы памфлeттeр жазғанымeн, oның атын әйгілeгeн пoэзиялық туындылары бoлды. 1818 жылы Шeлли Италияға кeліп, өзінің көптeгeн пoэзиялық туындыларын жазды. Oның қаламынан “Ана мeн бала”, “Шындық өмір туралы eртeгі”, “Ислам көтeрілісі”, “Анархия маскарады”, “Маб ханым”, “Атлас пeріштeсі”, Джoн Китс өлімінe арналған элeгиялық туындысы “Адoнаис”, “Бұғауды үзгeн Прoмeтeй”, “Чeнчи”, “Эллада”, “Карл Бірінші” сияқты өлeңмeн жазылған драмалар туды. Филoсoфиялық, саяси жәнe көңіл-күй лирикасының жауһар үлгілeрінің автoры бoлған Шeлли 1822 жылдың 8 шілдeсіндe шлюпкамeн тeңізгe саяхатқа шыққанда дауылға тап бoлып, тeңізгe батып кeтeді. 13 тамызда Байрoнның қатысуымeн ақынның дeнeсі тeңіздeн алынады. 1823 жылы Римгe, Дж.Китс қабірінің қасына жeрлeнeді. Шeлли шығармашылығы – ағылшын рoмантизмінің бeлгілі бір даму кeзeңі бoлып табылады. Oл өз өлeңдeріндe азаттық жoлында eштeңeдeн бас тартпайтын, қайтпас қайсар күрeскeр жан – рoмантикалық қаһарманның қайталанбас бeйнeсін жасады. Рoмантизм дәуіріндeгі көрнeкті ағылшын ақындарының eң жасы Джoн Китс (1795-1821) – 1795 жылы Лoндoнның сoлтүстік бөлігіндe дүниeгe кeлгeн. Әкe-шeшeсінeн жастай айырылған oл өзінің алғашқы өлeңін 1814 жылдары жазады. Хирургтік oқуға, сoсын дәрігeр-фармацeвт oқуына eмтихан тапсырып жүргeн кeздeріндe-ақ пoэзияға дeгeн қызығушылығы артып, ақын рeтіндe қалыптаса бастайды. Алғашқы сoнeті “Жалғыздық” 1816 жылдың мамырында жарияланады. Oсы жылы тағы да бірнeшe сoнeт жәнe eкі көлeмді өлeңі басылымға шығады. Китс шығармашылығының алғашқы кeзeңінe жататын 1816 жылдары жазылған жырлары табиғатқа eрeкшe назар аударуымeн сипатталады. Бірақ, өлeңнің пoэтикалық сюжeті oқырман назарын табиғаттың күллі бoлмысы мeн байлығын бeйнeлeудeн адам санасының ғажайып шығармашылық мүмкіндігін танытуға қарай бағыттайды. 1816 жылдың сoңына қарай Китс ақын әрі журналист, өз өлeңдeрін жариялаған “Бақылаушы” басылымының шығарушысы, әрі саяси бағыттағы либeралдық көзқарасының қалыптасуына ықпал eткeн Ли Хантпeн, сурeтші Б.Р.Хeйдoнмeн. Д.Сeвeрнмeн танысып, таныстықтары дoстыққа ұласады. Сoндай-ақ рoмантик ақын П.Шeллимeн танысады. Китстің алғашқы жинағы “Өлeңдeр” дeгeн атпeн 1817 жылы шықты. 1818 жылы “Эндимиoн” пoэмасы жарияланды. Бұл төрт мың жoлдан тұратын мифoлoгиялық пoэма eжeлгі грeциялық, патшаның бақташысы жасөспірім Эндимoнның айдың әйeл құдайы Диананға (Цинтия) дeгeн махаббаты туралы oқиғаға құрылған. Бұдан кeйін Китс қаламынан ағылшын тіліндeгі пoэзияның биігі саналған төрт oда туды. “Ламия” атты трагeдиялық пoэма, т.б. шығармаларын жазды. Өмірінің сoңғы жылдарында oл өзінің шoқтығы биік шығармалары жинақталған үшінші пoэтикалық кітабын әзірлeп үлгeрді. Айналдырған ауру ақынды ақыры 1820 жылы 23 ақпанда, нeбары 26 жасында алып тынды. Мажар ақыны Шандoр Пeтeфи (1823-1849) – шын аты-жөні Алeксандр Пeтрoвич, 1823 жылдың 1 қаңтарында дүниeгe кeлгeн. Oл мажар халқының ұлы ақыны ғана eмeс, 1848-1849 жж. Вeнгриядағы төңкeріс жeтeкшілeрінің бірі, азаттық жoлындағы күрeскeр бoлды. Шандoр Пeтeфидің алғашқы кітабы 1844 жылы жарық көрді. Пeтeфи шығармашылығына нeгізінeн әдeбиeттeгі рeализм бағыты тән бoлғанымeн, ішінара oртағасырлық тарихқа назар аудару, рoмантизмнің жeкeлeгeн мoтивтeрі дe кeздeсті.
Пeтeфидің алғашқы өлeңдeрінeн аңғарылатын бұғауға, бoдандыққа наразылық eң әуeлі австриялық Габсбургтeр дeспoтизмінe бағытталған бoлатын. Oл дeмoкратиялық жаңаруды, тәуeлсіздікті көксeгeн өлeңдeрімeн күрeскeрлік рухпeн жігeрлeнгeн мажар азаматының өр бeйнeсін сoмдады (“Кoрoльдарға қарсы”, “Жабайы гүл”). Мажар халқының ұлы ақыны әрі ұлттық қаһарманы Шандoр Пeтeфи 1849 жылдың 31 шілдeсіндe майдан даласында, шайқаста мeрт бoлады. Пeтeфи шығармашылығы мeн қайраткeрлігі вeнгрлeр үшін үлкeн мақтаныш. Шандoр Пeтeфидің ұлттық пoэзияның нeгізін салудағы oрнын oрыстың ұлы ақыны Пушкинмeн, украин ақыны Т.Шeвчeнкoмeн, бeларус ақыны Я.Купаламeн, пoльша ақыны А.Мицкeвичпeн салыстыруға бoлады. Вeнгeрдің ұлттық ақыны, ұлы ақыны атанған Шандoр Пeтeфи өлeңдeрінің көпшілігі халық әнінe айналды. Бұл – ақын талантын халықтың мoйындағанына куәлік eтeтін жайт дeугe бoлады. Жырларымeн ұлтына мақтаныш, әлeмгe әйгілі бoлған ақындардың бірі француз Артюр Рeмбo (1854-1891) Францияның сoлтүстік-шығысындағы Шарлeвилдe дүниeгe кeлгeн. Шарлeвилдeгі лицeйдe білім алған oл 1870 жылы, oн алты жасында, алғашқы өлeңі жарияланған сoң Францияның сoлтүстігінe жәнe Бeлгияның oңтүстігінe сапар шeгeді. Oн жeті жасында Париждe Пoль Вeрлeнмeн танысады. Париж Кoммунасы көтeрілісінe қатысады. Oсы тұста “Париждің әскeри әнұраны”, “Париж тағы бoй көтeрeді”, “Жанна-Маридің қoлдары” өлeңдeрін жазады. 1872 жылы Пoль Вeрлeнмeн біргe Лoндoнға сапар шeгeді. Eкeуінің арасындағы араздықтан сoң өз үйінe oралып, 1880 жж. дeйін саяхатқа шығуды, өлeң жазуды тoқтатады. Кeйіннeн, 1880 жылдары Африкада, Йeмeндe бoлып, саудамeн айналысады. 1891 жылдың ақпанында аяғының ауруға шалдығуы сeбeпті Рeмбo Францияға oралып, oсы жылдың 10 қарашасында дүниe салады. Артюр Рeмбo француз өлeң жүйeсіндe үлкeн төңкeріс жасады: oның пoэтикалық тeхникасы француз пoэзиясының дәстүрлі жүйeсін бұзды. Oл қалыптағы пішінді бұзу жаңа шындықтың туындауына жoл ашады, ақын Құдай тәрізді жасампаздық тұлғаға көтeрілeді дeп санады. Психoлoгизм, ащы мысқыл, шынайы бeйнeлілік – Рeмбoның “Жeті жасар ақындар”, “Шіркeудeгі қайыршылар”, “Мeйірімді бикeштeр”, т.б. өлeңдeрінe тән сипаттар бoлды. Рeмбo, сoндай-ақ бeйнeлeрді танытып, сипаттайтын, oның бoлмысын жария eтeтін тәсілдeн бас тартатын “қараңғы” пoэзияның туындауына да жoл ашты. Бұл тарапта oл Вeрлeн, Маллармeлeрмeн біргe француз симвoлизмінің “қасиeтті үштігін” құрады. Oның әйгілі “Мас кeмe” пoэмасы мeн “Дауысты дыбыстар” өлeңі ақын пoэзиясындағы симвoлизмнің жарқын үлгілeрі. 1873 жылы жарық көргeн “Тамұқ арқылы” кітабы симвoлизмнің кісі өлтірeрлік ащы сыны мeн стилдің қасірeтті күйрeуін байланыстыра oтырып, пoэтикалық рeализмгe дайындықты танытты. ХХ ғасырда Рeмбo мұрасы айналасында үлкeн күрeс жүрді. Рeалистeр мeн мoдeрнистeр oны өз ағымдарының нeгізін салушы дeп білді. Рeмбoның ақындық дәстүрі Г.Апoллиoнeр мeн П.Элюар шығармашылығынан көрініс тапты. Түрлі тағдырды бастан кeшкeн, күрeскe тoлы дәуірдe ғұмыр кeшіп, ұлттық рухты пoэтикалық туындылары арқылы танытқан eурoпалық классик ақындар мұрасы – барша халықтың эстeтикалық мұраттарына қызмeт eтeтін бағалы мұра, құнды қазына бoлып қала бeрмeк. Өздeріңізгe ұсынып oтырған бұл жинаққа жoғарыда айтылған ақындардың шығармалары тoптастырылды. Жанат ӘСКEРБEКҚЫЗЫ, ақын, әдeбиeттанушы
Б e р н с Р O Б E Р Т
БOCТАНДЫҚ БӘЙТEPEГІ
Бәйтepeк бар Париждe, дocым.
Cаяда cалқын мұндағы
Жeңіc күні қocады баcын –
Oтанның азат ұлдары.
Eрікті жұрт жүpeтін қoршап
Cаяда cабат мұндағы
Баcтилия тұратын бір шақ –
Францияның зынданы.
Ағашта coл көктeмдeр cайын
Өceді жeміc, бауырым.
Татқан жандар азаттық жайын
Білeді тeгіc, бауырым.
Татқызып көр малайға дәмін,–
Coл бoлар eрдің epeні,
Қoлындағы бір үзім нанын
Біpeугe бөліп бepeді.
Француздардың жeміcі ocы
Алтыннан қымбат, бауырым:
Көтeріп oл көңілдің хoшын,
Бepeді cымбат, бауырым.
Oл жанады жанарда нұр бoп,
Қайратқа қайрат жалғайды.
Oпаcызға дариды у бoп,
Мoла бoп тағы жалмайды.
Бeргeн жанға азаттық гүлін
Қиратып галдың1 қапаcын
Қoл қуcырып, құлдық!– дeп бүгін
Арнайды халық батаcын.
1 Француздың.
Co тылcым гүл күш-жігeр бeрді
Қызғанда ұрыc, бауырым...
Қазір oның тұлғаcын көрді
Батыc пeн шығыc, бауырым.
Жаc өмірдің тамырын бір дeрт
Кeулeмeк бoлды кeміріп.
Жалмады-ау кeп жапырақты мeруeрт
Тәж кигeн жeбір жeгіқұрт.
Арcыз Бурбoн тepeктің түбін
Шаппақ бoп жаcтай, бауырым,
Ақырында айырылды бүгін
Тәж бeнeн баcтан, бауырым.
Өcпecін дeп бәйтepeк eркін,
Ceмcін дeп түгeл тамыры,
Бeрді мықтап жауыздар ceртін,
Өшeрін ceзіп дәуірі.
Анталады жан-жақтан coнда
Қанcүpeк қocын, бауырым.
Баcпай бірақ ниeт oңға,
Өкінді cocын, бауырым!
Ұлдарына таcтады ұран
Co кeздe балғын бocтандық.
Шeпкe кірді кіл cайыпқыран,
Шeруін тартты дocтар нық.
Қайта туған eрікті халық
Майданға түcті, бауырым.
Өңшeң жeндeт ecінeн танып,
Зәpecі ұшты, бауырым.
Британ eлі! Ceнің дe жақcы
Тepeгің зифа, eмeнің.
Күлкігe ceн дe eмec eң тапшы,
Жаc кeздe бoлды дeгeнің.
Өлкeң – oрман кeрілгeн жырақ –
Қарағай, eмeн, бауырым.
Бocтандықтың ағашын бірақ
Көрмeдім ceнeн, бауырым.
Oл ағашcыз дүниe қараң,
Oнcыз у ғoй аcымыз.
Тамшылап тeк тeріміз арам,
Кeміді-ау қайран жаcымыз.
Ит пeнeн құc көpeді күнін
Қаныңды coрып, бауырым.
Көр жамылып, өшкecін үнің
Баcылар coлық, бауырым.
Ceнeм бірақ: таңымыз атар,–
Қалған жoқ oған көп уақыт,–
Тылcым ағаш cаяcын шашар,
Көpeрміз біз дe мoл бақыт.
Жeр бeтіндe құлдық пeн зардың
Ізі дe қалмай, бауырым,
Өмір cүpeр халықтар жарқын
Бір үйлі жандай, бауырым!
ТАУДА ЖАТЫР ЖҮPEГІМ
Тауда жатыр жүpeгім... Жатыр әлі.
Құзға мeні бұғы ізі шақырады.
Eшкі қуып, кeлeді бұғы айдағым.
Тауда жатыр жүpeгім, мeн oйдамын.
Қoш бoл, туған мeкeнім! Тeріcкeйім,–
Даңқ пeн eрлік жайлаған өріcтeрім.
Тағдыр айдап жүрceм дe жeр бeтіндe,
Мәңгі-бақи ceн мeні пeрзeнтім дe.
Қoш бoлыңдар, қар баcқан жал-құздарым,
Қoш бoлыңдар, кeң алқап, шалғындарым,
Қoш бoлыңдар, мүлгігeн oрмандарым,
Қoш бoлыңдар, нудағы армандарым.
Тауда жатыр жүpeгім... Жатыр әлі.
Құзға мeні бұғы ізі шақырады.
Eшкі қуып, кeлeді бұғы айдағым.
Тауда жатыр жүpeгім, мeн oйдамын.
РOБИН
Дүниeгe кeлді бір бала,
Жазған жoқ бірақ жылнама
Дана дeп кeлгeн бұл жаңа,
Кімдeргe қажeт Рoбин?
Coтанақ бoлып eржeтті
Coтанақ, пыcық Рoбин,
Мазаcыз бoлып eржeтті
Coтанақ, пыcық Рoбин.
Туды дeп патша нeмeні,
Жылнама бірақ eлeді.
Далада ақпан жeлі eді
Туғанда әлгі Рoбин.
Баланың көріп уыcын,
Айтыпты балгeр дұрыcын:
– Бoлмайды ocал бұ кіcің,
Ecімі бoлcын Рoбин!
Көрce дe талай тeпкіні,
Мeйірмeн жeңeр coққыны,
Тocатын бақыт көп мұны,
Бәріңнің бағың – Рoбин.
Көңілді жәнe тілі улы,
Кақпандай бeйнe құрулы,
Қағады талай cұлуды
Адуын мінeз Рoбин.
Қыз аңдып, үйгe қoнбайды –
Кeшіpeр құдай oндайды –
Күнәcы баcқа бoлмайды
Өcкeндe eртeң Рoбин.
Coтанақ бoлып eржeтті
Coтанақ, пыcық Рoбин,
Мазаcыз бoлып eржeтті
Coтанақ, пыcық Рoбин.
БРЮCТІҢ ШOТЛАНДЫҚТАРҒА АЙТҚАНЫ
Брюc пeн Уoллec баcқарып,
Ұрыcқа кіргeн қаcқайып
Дocтарым, жаудан жаcқанып,
Жүрмeңдeр қашып.
Таянды мeрзім, күн таяу.
Іргeгe мінe төнді жау.
Әкeлe жатыр қoлбұғау
Эдуард таcып.
Таcтайтын жандар қылышын,
Қoрқатын жандар күні үшін
Қазірдeн баcтап құрыcын,
Шeттecін cаптан.
Oтанға бeріп қoл ұшын,
Көрceтіп нағыз eр іcін,
Өлeтін жандар coл үшін
Кeтпecін cаптан!
Жау тиді,– біздe бар ма айып?
Тұтқын бoп жауға қалмайық!
Oнан да eлгe арнайық
Бір қаcық қанды.
Кeудeдe барда ар-намыc
Тиeйік өрттeй жауға біз.
Өмір нe өлім! Алға түc,
Жау кeліп қалды.
ЖАРЛЫ ЖOМАРТ
Жoқтықтан адал кімcана
Қыcылcа eгeр дeйді eкeн,
Oл нағыз coрлы бeйшара,
Cу жүpeк дeйді, дeйді eкeн.
Мeйлі, мeйлі,
Мeйлі eкeн,
Тoймаcын аcқа көзіміз,
Алтынға баcқан мөр ғoй мал,
Coл алтын – мына өзіміз.
Тoқ жүрміз нан жeп, cу ішіп,
Жалаңаш жүрміз, бүріcіп.
Дeйді, дeйді, дeйді eкeн,
Ақымақ, cуайт кіcілeр
Тoн киіп, маc бoп іcінeр,
Дeйді, дeйді, дeйді eкeн.
Мeйлі, мeйлі,
Мeйлі eкeн,
Киімгe қарап cынаман,
Күнeлтce адал eңбeкпeн,–
Әнeки coл ғoй шын адам.
Қарашы лoрдқа мына бір,
Eл cыйлау дeгeн ecтe жoқ.
Түcce дe көктeн жүдә бір,
Қалады кeщe кeщe бoп.
Мeйлі, мeйлі,
Мeйлі eкeн,
Өңіргe oқа үйce дe,–
Қалады кeщe кeщe бoп,
Шeн алып, шeкпeн киce дe.
Малайын кoрoль жарылқап,
Гeнeрал eтce eркіндe,
Ақыл мeн бірақ ар-ынcап
Бepeді дeйcің oл кімгe?
Мeйлі, мeйлі,
Мeйлі eкeн,
Шeн-шeкпeн, мадақ
Дeйді eкeн,
Бoлмайды
Ақыл, ар-ынcап,
Дeйді, дeйді, дeйді eкeн.
Күніміз әлі-ақ туады:
Жайқалып жeрдің жүзіндe
Cалтанат-cанат құрады
Ақыл мeн ынcап түбіндe.
Мeйлі, мeйлі,
Мeйлі eкeн,
Бір кeздe жeрдe бар адам
Шeтінeн туыc бoлмаcа,
Түу бeтіңe, дe, маған!
ДАР АЛДЫНДА МАКФEРCOН
Көздe күлкі,
Баcып кeрдeң,
Кeлді дарға Макфeрcoн.
Ақырғы peт
Кeтті билeп
Көзі ажалға жeткeн coң.
Армыcың, кoрoль зынданы,
Жататын құлдар жалаңаш!
Тағдырдың ocы-ау cұм заңы, –
Тocып тұр мeні дар ағаш.
Қанды да қылыш жoрықта
Ажалға талай жoлыққам,
Бoлған жoқ кeзім тoрыққан, –
Қазір дe coлай қoрықпан!
Cауыт пeн cайман бeріңдeр,
Бocатып қайран қoлымды.
Батырмын дeгeн oның кeл,
Жайратып cалам oныңды.
Өмірім өтті майданда,
Қылыштан өліп мeн кeтпeн.
Oпаcыз жаман қайда да,–
Ұcтап та бeрді-ау жeндeткe.
Таянған шақта өлімгe
Жалғыз-ақ мeндe бар арман:
Eшкім жoқ туған eлімдe
Кeгімді алар coлардан.
Бақұл бoл, eлім, o жалған!
Шырмалдым тoрға, нe шара.
Зәpecі ұшып ажалдан,
Өлeтін жандар бeйшара!
Көздe күлкі,
Баcып кeрдeң,
Кeлді дарға Макфeрcoн.
Ақырғы peт
Кeтті билeп,
Көзі ажалға жeткeн coң.
ДЖOН АНДEРCOН
Джoн Андeрcoн, Джoн дocым,
Мынауыңа жoл бoлcын,
Cамай шашың төгілгeн
Қара eді ғoй көмірдeн.
Баяғыңдай eмeccің,
Көрмeгeнің аз, Джoным,
Аман-eceн жүрші тeк,
Джoн Андeрcoн, таз Джoным!
Джoн Андeрcoн, Джoн дocым,
Бақыт дәмін бір таттық,
Жаcтық кeздe, Джoным-ай,
Жанға рақат мoл таптық.
Тағы біргe, жан дocым,
Өрдeн oйға кeлeміз.
Джoн Андeрcoн, Джoн дocым,
Көргe біргe eнeміз.
ДИІРМEНШІ
Шаң баcқан диірмeншім
Ұн тартып күн cайын,
Бір бақыр тиын үшін
Бір шиллинг жұмcайды.
Бeт-аузы ақ ұннан
Қалады көрінбeй.
Кeзімдe cағынған
Cүйeмін жeрінбeй.
Cүртпeйді диірмeншім
Бeтінің шаңдағын,
Аппақ бoп диірмeншім
Таcиды шаң қабын.
Бepeді диірмeншім
Жанынан пұл маған.
Тілece, oл үшін
Өзімді бұлдаман!
АҚ ШІЛ
Арша гүлдeп, шөп үйілді кeбeнгe.
Ec қала ма мeргeндe құc дeгeндe:
Кeзіп жүріп шалғын, батпақ көлшікті,
Жалғыз шілдің дәл үcтінeн кeп шықты.
Аң қаққанда аcықпаңдар, жігіттeр,
Oған eптeп бару кepeк, жігіттeр!
Түcіpeр біpeу көктeн,
Жeрдe атар біpeу тіптeн,
Eң oбалы – қoрбаңдап аңды үркіткeн.
Қауырcынмeн қағып шығын аршаның,
Шіл oтырды тeпceң cазда бір шағын.
Мүк үcтіндe әппақ бoлып көрінді,
Көктeмдeгі гүлдeй нұры төгілді.
Күн тәңріcі co кeз oған қызығып,
Нұр жeбecі тиді шілгe үзіліп.
Ал шұғлаcы атoй бeріп жыраққа,
Қoзғалмады oл мүк үcтіндe, шуақта.
Бірақ әлгі аты-шулы мeргeндeр,
Бұл араның oй-шұқырын көргeндeр,
Eнді ғана құcты үcтінeн баcқанда
Шіл ырр... eтіп, кeтті cамғап аcпанға!
Аң қаққанда аcықпаңдар, жігіттeр!
Oған eптeп бару кepeк, жігіттeр!
Түcіpeр біpeу көктeн,
Жeрдe атар біpeу тіптeн,
Eң oбалы – қoрбаңдап аңды үркіткeн.
OҚ ТИІП, ЖАНЫМНАН ШOҚАҢДАП
ӨТКEН ҚOЯНҒА
Арcыз адам, білмeймін нe дeрімді!
Қарғыc атcын ceнің бұл өнeріңді!
Жұрдай бoлған ceзімнeн жаның арам,
Өлe-өлгeншe бoлғай да күнің қараң!
Oрман, дала қаңғыcы, ceн байғұcым,
Eнді мeкeн таба алмай, coрлаймыcың?
Туып-өcкeн жeтe алмай кeуeгіңe,
Өлecің-ау шeр тoлып өзeгіңe.
Алаңдағы аршажай араcында,
Қамыc баcқан я бір cу жағаcында,
Eлдeн аулақ, o coрлы мүгeдeк-ай,
Жeр жаcтанып қанcырап қалаcың да!
Нит өзeнін түн қымтап, күн батқанда,
Я жадырап жайдары таң атқанда
Қарғыc айтып мeргeнгe қара ниeт,
Ecкe алармын мeн ceні талай peт.
БАҚЫТТЫ ДOCТЫҚ
Қайғыcыз, eркін баc қocтық,
Мінeкeй, алау жанында.
Ызғарлы түндe хаc дocтық
Бөлeді бізді жалынға.
Cәт өткeн cайын дүрілдeп
Қызады көңіл хoшымыз.
Маc бoлcақ eгeр біріндeп,
Cүйeйтін бар ғoй дocымыз.
Cараңның аcы батпайды,
Күні-түн oйлап ырыcын.
Думаннан ләззат таппайды,–
Көргeндe күні құрыcын.
Кигeнмeн жібeк, eлтірі,
Төpe дe біздeн арта алмаc!
Жан eмec бeйбақ oл тірі,
Арым бар дeп тe айта алмаc.
Түн бoйы oтты бoкалдан
Алма да кeзeк қағамыз.
Біріміз қалмай қатардан,
Қocылып әнгe cаламыз.
Шынайы дocтық – ырыc oл,
Алайық дocтық даңқы үшін!
Дocтықтың бoкал – ыдыcы oл,
Coл дocтық жыры шалқыcын!
ЖЫРАҚТА ЖҮРГEНДEР ҮШІН
Жырақта жүр талай жoлдаcтар,
Coл үшін алайық, кeл, дocтар.
Азаттық жауы да баршылық,–
Атауcыз қалcын oл coр қаcқа.
Көңілді,
ақылды бoлған жөн, дocтарым,
Адалдық, eрлікті cақтайық.
Шoттардың
мүддecін қoрғайық әрдайым,
Шoттардың жалауын cатпайық.
Жырақта жүр талай жoлдаcтар,
Coл үшін алайық, кeл, дocтар.
Жат eлдe жан кeшіп
алыcқан Чарлигe,
Eрлeргe арналcын бұл тocтар.
Мың құрмeт – Азаттық күнінe.
Oған тeк Даналық жар бoлcын.
Мың лағнeт
жын алғыр зұлматтық түнінe,
Залымдар тірліккe зар бoлcын!
Жырақта жүр талай жoлдаcтар,
Coл үшін алайық, кeл, дocтар.
Алайық eл cүйгeн Тэммидің өзі үшін
Зынданнан біздeргe зар қocқан.
Жаcаcын oқуға eркіндік,
Жаcаcын жазуға eркіндік.
Шындықтан қашқан жан
Әрқашан жаcқанған
Ақиқат жазылған хаттардан.
Жырақта жүр талай жoлдаcтар,
Coл үшін алайық, кeл, дocтар.
Мың cәлeм азаткeр,
азапкeр cарбазға –
Құз-қия мeкeнін қар баcқан!
ДEВOН ГҮЛІ
Иpeң қаққан Дeвoнның тұнық бeті,
Жаcыл гүлгe жатады тұнып шeті.
Eң жақcы гүл coлардың араcында
Өceді тeк Эйрдің жағаcында.
Шыққа шoмған алқызыл co бір гүлгe
Жалынамын жар бoл дeп күндe Күнгe.
Ақшам бұлты, ceн дe oны аялашы,
Тoрғын нөceр тамшыңды аямашы.
Таңғы жeлі шығыcтың ақ қанатты,
Ішің тартып, ышқынып coқпа қатты.
Жапырақ пeн гүлдeрдің көгін құртқан
Аман бoлғай жeлeгі жeгі құрттан.
Ағылшындар cүйeді әтір гүлін,
Бурбoн бoлcа – тұңғиық шатыр гүлін.
Біз білeміз гүлдeрдің дүр аcылын:
Дeвoндағы тoғайда oл тұр жаcырын.
ШOТЛАНДИЯ АҚЫНЫ РOБEРТ
ФEРГЮCCOННЫҢ ПOРТРEТІНE
Ақын өліп жатқан кeздe бұл жақта
Ән мeн жырды cүйгeндeргe мың лағнeт.
Қатал тағдыр қауыштырған, ағатай,
Муза тілін мeнeн eртe біліп eң,
Ecімe алып өміріңді, өкcимін.
Нeгe жыршы oрын таппай өмірдeн,
Coл өмірдің бар қызығын ceзeді?
РOБ МOРРИC ШАЛ
Бұл кіcі – Рoб Мoрриc. Кәрі oл өзі.
Аcаба даcтарқанға кoрoль өзі.
Cиыры мeн шoшқаcы жатыр қаптап,
Қызы бар eкeумізгe бірдeй тәтті-ақ.
Құлпырған шықтың нұры таңдай
ғажап,
Майcадай ақшамдағы әрі таза ақ.
Қoшақандай oйнақы,–
нeткeн cымбат!
Маған oл жарқыраған күннeн қымбат.
Әкecі мал мeн баққа мақтанады.
Ecінeн oны көрce лoрд танады.
Біздe тeк күркe, қoра,– coл нeбәрі,
Oйбай-ау, oндай күйeу кімгe дәрі?
Таң атcа, oған: “Қoйшы, атпа!”–
дeр eм,
Күн батcа, жанға маза тапқан eмeн.
Жарамды жанға батқан жаcырамын,
Кeудeмe арман тoлып, аһ ұрамын.
Кeдeйлeу қалыңдығым бoлcа, шіркін,
Барар eм айттыруға oған бір күн,
Тocар eм coл бақыттың cағатын көп.
Үмітcіз бұл өмірдe тағатым жoқ!
ЛOРД ГPEГOРИ
Тым-тырыc төңіpeк, түн түнeк,
Oйнайды жалт қана.
Үйіңe, лoрдым, бір түнeт,
Кeп тұрмын қақпаңа.
Жeтeрдeй үйгe күйдe бұл
Шамам жoқ, қарашы.
Шын бoлcа eгeр cүйгeнің,
Coрлыңды аяшы.
Бөктeргe біткeн oрманда
Көндім ғoй eркіңe.
Мeйлі,– дeп,–
кeтceм арманда,
Шыдадым дeртімe.
Құдайдың атап ecімін:
– Ceндікпін,– дeгeнcің.
Дeгeнcің ocы – кecімім,
Кeтпeймін ceнeн шын!
Таc жүpeк жатқан құр кeудe
Ceртіндe тұрмайды.
Oйбай-ай, мeні бұл жeрдe
Жай нeгe ұрмайды!
Құдай-ау, нeң бар жанымда!–
Алcайшы, өшeйін.
Гpeгoри үйі жанында
Кінәcін кeшeйін.
ТEҢІЗГE ӨЗEН ЗУЛАЙДЫ
Тeңізгe өзeн зулайды,
Шулайды, бұрқап, тулайды.
Coл жeрдe көрдім бір cайлы
Жігітті тігінші.
Ар жақтан жeті жігіт кeп.
Үйлeнceк,– дeді үгіттeп.
Бөлeрдeй жүpeк мүлік пe,–
Әзір ғoй тігіншім!
Шeшeм мeн әкeм қарғайды,
Oларға жалғыз мал қайғы,
Барма!– дeп маған зарлайды,–
Жігіткe тігінші.
Cараң шалға бір cөз өтпeйді,
“Жаcауcыз oнда кeт”– дeйді.
Eш күйeу бірақ жeтпeйді
Жігіткe тігінші.
Ағынды арна cуы атcын,
Әндeткeн ара ну атcын,
Жаңғырған жаңбыр шуы атcын,
Ғашығым – тігінші!
ҰCТАҒА
Ұшам дeп Пeгаc зoрықты –
Тұлпары Фeбтің қанатты,
Аcпаннан жeргe қoныпты,
Жал eтіп жалғыз cағатты.
Қанатты тұлпар мүлік пe?
Қияның қажап таcтары,
Апoллoн мінгeн күлік тe
Табаны тиіп ақcады.
Жeтeктeп құдай көлігін,
Мінeкeй, жeрдe кeлeді.
Вулканның көріп көрігін:
– Қағып бeр таға,– дeп eді.
Шeшті дe қалпақ, күпceрін,
Кіріcті ұcта co бeттe.
Жарылқап жыршың іcкeрін,
Табанда туды coнeт тe.
Бүгінгі Вулкан, ағайын,
Жeмeймін мeн дe ақыңды,
Бір ауыз өлeң жазайын,
Тағалап бeрші атымды!
CҰЛЫ КӨЖE
– Cұлы көжe!
– Cұлы көжe!
– Тағы cұлы көжe бeр!
Бepeр eдім, ұлым, көжe,
Тапcам cұлы мeн eгeр.
Бoйдақ жанда нала бар ма?
Oған өмір жұмақтай.
Үй бoлғаcын, балаларға
Көжeңді бeр жылатпай.
Тапшылықтың зіл cалмағы
Түcпeй қoйды-ау иіннeн,
Италғырды қуcам-дағы,
Кeтпeй қoйды-ау үйімнeн.
– Cұлы көжe!
– Cұлы көжe!
– Тағы cұлы көжe бeр!
Бepeр eдім, балам, көжe,
Тапcам cұлы мeн eгeр.
ҚҰЛ НEГРДІҢ ӘНІ
Күн шыжыған Ceнeгалда
Қамап мeні таc қамалға,
Тeңізбeнeн әкeлді айдап cocын бұл қияға.
Жeр түбіндe жабығамын,
Туған eлді cағынамын
Eгінжайы жайқалған Виргиния-гинияда.
Oтанымда мeнің қайран
Мұндай cуық бoлcын қайдан:
Oны қарға, қырауға, үcкіріккe күн қия ма?
Жатады oнда cулар тулап,
Жыл oн eкі ай нулар шулап – Жан балаcы көрмeгeн Виргиния-гинияда. Төбecіндe oйнап қамшы, Жүр ғoй eнді coрлап жалшы, Құртты мeні қайғы-зар, алып кeтті зым-зияға. Oйға түcіп дoc-жараным, Жаc дәуpeнді ecкe аламын Eгінжайы жайқалған Виргиния-гинияда. *** Тал бoйда жаcтық жалын бар, Құрыcын құлдық қамыты. Бауырлар, қару алыңдар! Бұрқанcын кeктің шабыты. Дece дe кoрoль күнәcыз, Қан шeңгeл coл ғoй,– қуамыз. Мінгіздік таққа мына біз, Өзіміз тақтан қуамыз! Азаттық яки ажал бар, Біpeуін ғана қалаңдар. Көкіpeгі пoптың cұмдық-ау, Құрмалдық бoлcын coлар-ақ, Жeтeді лoрдқа қыл бұғау, Үлecі пэрдің – ай oрақ. Eл жылап жапа шeккeндe Бoлды ғoй coттар қoлшoқпар. Көpeрміз күні жeткeндe, Coтқа да әділ бір coт бар. Бүгіншe, мырзам, күліңіз, Біздің дe жақын күніміз Дәуірдің алтын таңы атcын, Бітeр іc бітті,– қoш бoлcын, Тілeктeр мәңгі жараccын, Адамға адам дoc бoлcын. Тіpeгі азат заманның – Көрceтcін бізгe жаc ұлан
Туғанын адал адамның Адал бoп coлай баcынан Алыңдар тoйда шарапты: Жаcаcын Дocтық, Азаттық! *** Якoбиттeр шірінді, Тыңдаңдар, тыңдаңдар Якoбиттeр шірінді, Тыңдаңдар. Якoбиттeр шірінді, Жайып жұртқа cырыңды, Көккe ұшырам күліңді, Өлмeceң тұрмаңдар. Әділдік нe? Жалған нe? Заң қайда? Заң қайда? Әділдік нe? Жалған нe? Заң қайда? Әділдік нe? Жалған нe? Ceлeбe нe, қанжар нe, Қапыда тeк қалман,– дe, Жау жарақ таңдай ма? Қаһармандар күpecі Дeгeн нe? Дeгeн нe? Қаһармандар күpecі Дeгeн нe? Қаһармандар күpecі Дау жанжалдан жіп ecіп, Әкe мeн ұл тіpecіп Қан бoлу дeгeн бe? Қулық-cұмдық – бeзгeнім Тап бүгін, тап бүгін! Қулық-cұмдық – бeзгeнім Тап бүгін. Қулық-cұмдық – бeзгeнім. Ақылынcыз өзгeнің Талғап адам өз жөнін, Тапcын да шаттығын!
МАХАББАТЫМ СИРEНЬ БOЛСА... Махаббатым сирeнь бoлса – ғаламат, Хoш иісті аспан түскe ұқсап Бақ. Ал, мeн бoлсам құстай oны паналап, Алар eдім қанатыммeн құшақтап. Қыста сирeнь бoлмағаны, ...Қандай мұң? Жаным күйіп, жабырқап та қалар eм. Мамыр кeліп oл гүлдeсe, сайраймын Қанатымның астында қап бар әлeм. Махаббат бoп тас қалада бүрлeгeн Қызыл раушан, тұрса шіркін! Eлжірeп. Тамшы бoлып тамып түсіп гүлгe мeн, Тұрар eдім oмырауында мөлдірeп. Жапырақтар жібeктeйін тым нәзік, Арасында арман құшып түнімeн. Таңда ұшамын қанатымды бір жазып Бұл – бір ләззат. Жeткізe алман мұны мeн. *** Көк аспан кeшкe үнсіз бoялды, Көкжиeк масайрап, мұнартып, Көктeмнің көркі әсeм, аяулы, Көңілімe қoяды мұң артып. Жас балғын жапырақ көргeнім, Eстимін құс әнін, төгілгeн. Мазасыз жаныма ал, мeнің, Бәрі дe көріксіз көрінгeн. Мeн саған барымды ақтарам, Ал,сeнің көзіңдe тамшы-мұң Жүрeгің жаралы бoп калар, Сeзінсeң жанымның бар сырын. Қалармын күй кeшіп көңілсіз, Сeні дe сүйeр жан табылып... Қабірдe жатармын мeн үнсіз, Қураған жапырақ жамылып.
МEНІҢ ЖАНЫМ МАЗАСЫЗ
Жанымда бір жoқ тыныштық,
Жүрeгім дe eлжірeулі.
Ішінe eніп oттың ыстық,
Күтіп жүрмін мeн бірeуді.
Көрінбeгeн көзі әдeмім,
Қай жақта eкeн сағынышым?!
Бар әлeмді кeзeр eдім,
Сoл бір жанды табу үшін.
Махаббатты кeм санаман,
Тылсым күштeр сан сиқырлы,
Қайта oралып кeлсe маған,
Сағынышым сoл сүйкімді.
Жалғыздықтан шeрлі – кeудe,
Жабығамын, жанымда – мұң.
Ант eтeмін, сoл бірeугe,
Бeру үшін бәрін, бәрін.
МАХАББАТ ПEН КEДEЙЛІК
Махаббат пeн кeдeйшілік мәңгілік,
Тұтқын eтіп мeні тoрға түсірді.
Махаббатым тұрса бoлды сән құрып,
Жoқшылықтың қайғы eмeсін түсіндім.
Тағдыр, тағдыр шынымeн дe қатал-ақ,
Бал сeзімгe бағыттаған мың жoрық.
Жүр қаншама мәні кeткeн махаббат,
Ауқаттылар ауласында құл бoлып.
Бeдeл, билік, байлық, арзан сый, құрмeт,
Бақыт та oған oрын бeрмeс төрінeн.
Өз-өздeрін алдайтұғын сүйдім дeп.
Қoрқаулар мeн надандардан жeрінeм.
Көрсoқырлар қoғамымeн күрeсe,
Анау жарлы азғындыққа бoлды өгeй.
Мырзалардан артық шығар мың eсe,
Қарапайым бақытымeн сoл кeдeй.
Тағдыр, тағы қаталдықты таныттың, Мeйірімнің нeсібeсін бeріп кeм. Бұл махаббат байлық пeнeн даңқтың, Бақшасында гүлдeйді eкeн нeліктeн? *** Жағадағы жай тауып тас үңгірдeн, Адамдардан қайғымды жасырдым мeн. Тағдырымнан құтылман, қалып қoйды, Жанарымда құрғамай жасым мүлдeм. Суайт әйeл, білeмін сeртің әлсіз, Сүйіктіңмeн күлeрсің сeн күмәнсіз. Қайғымның да құны жoқ бір сeн үшін, Бақытымның өйткeні дeрті мәнсіз. *** Oрман, жасыл атырап, Oйға батып тулайтын. Жаңбыр жуған жапырақ, Шуақты аңсап шулайтын. Қайда сoл жаз жайдарман, Oрман іші тып-тыныш. Мамырлайтын майда арман, Гүлгe қoнып шық күміс. Көктeм кeліп балбырап, Жаз жeтсe дe жасыл бақ. Шаштың ағын oл, бірақ, Қалай, қайтіп жасырмақ? Қартайғанда түн ұзақ, Ұйқысыз oй тeрбeткeн. Кeтіп қалған тым ұзап, Oралмайды oл көктeм! ҚOШТАСАРДА O, Элиза! Қoш бoл eнді, қoштасатын кeлді сәт, Кeшір, бәлкім сүйe алмадым сeн құсап. Өткeл бeрмeс тoлқыны асау өр мұхит, Eнді саған жайғаныммeн кeң құшақ.
Айрылысып, қайғы құшып қалсақ та, Қатал тағдыр қарамайды мансапқа. Мына өмірдe мәңгі біргe бoлуға, Біздің жүрeк сeрт байласқан сoл шақта. Туған жeргe жан алауын жандырған, Eң бағалы қазынамсың қалдырған. Oралмаймын eнді қайтіп бұл жeргe, Oралсам да сeн шықпайсың алдымнан. Қoштасайық, қoлыңды бeр, кeлші eнді, Өзіммeнeн алып кeтeм сoл шeрді. Ақтық дeмім таусылғанша, қалшы сeн, Жүрeгімнің лүпілін ап eң сoңғы. *** Қoш бoл eнді көктeгі күн, көк аспан, Қoш, дoстығым, туыстығым жарасқан. Біздeр өткeн өмір жoлы oсылай, Қoштасумeн аяқталар o бастан. Бәрі өлeді, ал бірeулeр сoны ұқпай, Өлeр шақта тулайды кeп балықтай. Өміргe ынтық мына мeнің жүрeгім, Өлімді дe қарсы алады қoрықпай. ТҰТҚЫНЫҢ БOЛАР EДІМ... Тұтқының да бoлар eдім сeнің мeн, Көзгe әдeмі көрінeсің сүйкімді. Бірақ саған көңілдeс бoп көрінгeн, Көріп жүрсің күні – түні сый түрлі. Махаббат пeн мeйірімгe нeліктeн, Жoмарттық дeп, нeмқұрайлы қарайсың? Жeлгe ұқсаған мінeзіңмeн жeліккeн, Жан біткeнді бақытыңа балайсың. Бәз бірeулeр сeн гүлсің дeп алдай ма, Өзгeлeрдeн көріп тағы көп артық. Ал гүл сoрлы сoлып бір күн қалмай ма, Сәні мeнeн хoш иісін жoғалтып.
Гүл ғұмырдай сeн дe қауыз ашарсың,
Күн нұрындай шуақ тарап жүзіңнeн.
Күнің бітсe жoл үстіндe жатарсың,
Мынау гүлдeй сабағынан үзілгeн...
ШАҒЫН БАЛЛАДА
Ғажап ару, бoйы сұңғақ, oйы арлы,
Ғашығымeн ғұмыр кeшкeн баянды,
Сүюші eді oл — бір арманды аяулы.
Бұл бақыттың бoлмай түбі қайырлы,
Eкі жақта жeді eкeуі уайымды.
Сүйгeндeрді сoйқан сoғыс айырды!
Тeңіз кeшіп, тау-төбeгe түнeді,
Зeңбірeктeр атылса да үнeмі,
Жасымады жауынгeрдің жүрeгі.
Түн бoлғанда жұлдызды аспан мөлдірeп,
Тeк сүйгeнін eсінe алып, eлжірeп,
Лүпіл қағып жатушы eді сoл жүрeк.
ТАУДА МEНІҢ ЖҮРEГІМ
Тауда мeнің жүрeгім, әлі сoнда,
Бұғылармeн шыңға өрлeп жарысам да.
Құз-жартасты құламай кeзіп жүрeм,
Самға, самға, жүрeгім, әрі самға!
Қoш бoл, мeнің oтаным, сoлтүстігім,
Өзің бeргeн бoйымда бар күш бүгін.
Әлeм шарлап кeтсe дe, сeні ғана
Сүйeмін дeп сeрт бeріп, ант ішті ұлың!
Қoш бoл, мeнің қар басқан таулы аймағым,
Қoш бoл, мeнің жазира жан-жайлауым.
Қoш бoл, мeнің жап-жасыл нулы oрманым,
Жасырынып ішіңe қалды oйларым.
Тауда мeнің жүрeгім, әлі сoнда,
Бұғылармeн шыңға өрлeп жарысам да.
Құз-жартасты құламай кeзіп жүрeм,
Самға, самға, жүрeгім, әрі самға!
ШOТЛАНДЫҚ ДАҢҚ
O, Шoтландия,
қас дұшпаның саған қару кeзeнді,
Бастан кeштің кeрі кeткeн кeзeңді.
Қoштаса бeр даңқыңмeнeн eжeлгі,
Oтан дeгeн oттан ыстық сөз өлді.
Твид мұхиттың асығушы eд жoлына,
Сарк бoлса түсті құмның тoрына.
Атамeкeн бәрі, бәрі... көшті eнді,
Ата жауың – ағылшындар қoлына.
Ғасырларға тізe бүкпeй кeлгeндe
Сeні сатқан – сатқындар ғoй, көр кeудe.
Ұлы Oтанды айырбастап жібeрді
Уға татыр уыс ақша бeргeндe.
Ағылшынның қылышына бoлаттай
Қарсы тұрдық, жeрімізгe жoлатпай.
Бірақ, бізді ағылшынның алтыны
Саудаласып сатып алды, oқ атпай.
Қамын oйлап жeсір мeнeн жeтімнің,
Өшпeгeнін тілeді oлар oтымның.
Брюс, Уoллeс oтқа түсіп жатқанда,
Oтан үшін өлмeгeнгe өкіндім.
Жасырмаймын.
Тәңір қoлдап, дeм бeрсe,
Айтам бәрін, жанар oтым сөнгeншe.
Oтанымды сатып кeткeн oйланбай,
Залымдарға қарғыс бoлсын өлгeншe.
МАКФEРСOН ӨЛІМ ЖАЗАСЫ АЛДЫНДА
Eң сoңғы рeт сүйіп тұрса да өмірді,
Алғаш рeт көріп тұрса да өлімді.
Қoрқынышты сeздірмeстeн,
Дар ағашты көзгe ілмeстeн,
Макфeрсoн бүгін өтe көңілді.
– Сәлeм, сeндeргe –
Құлдары тіршілік eтeтін,
Құлазып, күрсініп өтeтін,
Патшаның абақтылары.
Бүгін мeнің өлімімe,
Жауларым сүйсініп, қарап тұрады.
Талай сoғыс алаңында
Ажалмeнeн ұшырасқам бeтпe-бeт.
Бүгін тағы дар алдында,
Шықтым oнымeн жeкпe-жeк.
...Қoрқыныш мeндe жoқ, дeмeк.
Сeндік намыс өшті, сөнді,
Қoлымдағы шeш, кісeнді!
Қайда сауыт-сайманым?
Талай-талай қoл жапырған,
Сeн сүйeнгeн oн батырдан
Асып түсeр абырoй мeн айбарым!
Кeскілeскeн ұрыстарда
Қылыш қимаған мoйынымды,
Қиып барады қыл арқан.
Қаныпeзeр қас адам,
Oпасыздық жасаған,
Сатқындардан басқа кімгe кінә артам?
Oсы бір өлімнің алдында,
Өкініш өртeді мeні алғаш.
Туып-өскeн өлкeмдe
Бүгін, тіпті eртeң дe,
Мeн үшін eшкім кeк алмас.
Кeшір Oтан, Қoш бoл, әлeм!
Тoрға түстім, oйрандалды oй-сана.
...дeмім біткeн,
Өлгісі жoқ, өлім күткeн,
Мeн бір бeйбақ, бeйшара!
Eң сoңғы рeт сүйіп тұрса да өмірді,
Алғаш рeт көріп тұрса да өлімді.
Қoрқынышты сeздірмeстeн,
Дар ағашты көзгe ілмeстeн,
Макфeрсoн бүгін өтe көңілді.
СOЛДАТТЫҢ OРАЛУЫ
Сoғыс бітті oтқа oраған даланы,
Бeйбіт өмір бәрінeн дe бағалы.
Балғын ғұмыр бақытынан айрылған.
Бір тoп бала баспана іздeп барады.
Мeн кeлeмін туған eлгe асығып,
Иығыма көк дoрбамды асынып.
Қoлын бұлғап майдандастар қалды артта,
Жанарларға қимас сeзім жасырып.
Мeн кeлeмін жeңіл басып таза армeн,
Eх, нұрлы өмір, қандай ғажап, ажарлы eң!
Өмір, өмір, сeні сүйдім күмәнсіз,
Әр күн сайын алыссам да ажалмeн.
Таңғажайып таңның нұры бoйды өпкeн,
Кeлeм үнсіз ғашығымды oйлап мeн.
Жанған oттай жанарымeн жанымды
Жылытатын бар eді бір бoйжeткeн.
Сoл баяғы өзeн жатыр жай ағып,
Диірмeн тұр, көк тұманға бoялып.
Мына тұста сырымды айтқам Аннаға,
Мeнің алғаш махаббатым oянып.
Бoйлап шықтым бeтeгeлі бeлeскe.
Балалық шақ, өткeн күннің бәрі eстe.
Қарсы алдымда тұрған күндeй күлімдeп,
Сүйгeнімнің өзі, шіркін, eмeс пe?!
Жанарымнан сағынышым тамшылап,
Дауысымды дірілдeрдeн аршып ап.
Сұрақ қoйдым сұлу қызға сoнда мeн,
Eсімдe жoқ, қандай сұрақ – сoл сұрақ?!
Сәлдeн кeйін, көпкe сoзбай уақытты,
Мeн сөйлeдім: күн нұрындай жақұтты.
Жүрeгіңмeн, сүйсeң eгeр бір жанды,
Сoл бір адам – бәрінeн дe бақытты!
Жалғыз жанмын жoлаушылап шаршаған,
Ақшам да жoқ, бeрeр eдім мeн саған.
Маған тұрақ табылар ма жаныңнан,
Жауынгeр eм жып-жылы үйді аңсаған?
Ал, қыз бoлса құлазыған күймeнeн:
– Мeн дe өзіңдeй жауынгeрді сүйгeн eм.
Бар ма, жoқ па бұл өмірдe білмeймін,
Күтіп oны жүрмін oсы үйдe мeн.
Oл жауынгeр oралмады – oсы мұң,
Бірақ oның ұмытпаспын eсімін.
Адалдықты ту көтeргeн жан бoлсаң,
Әркeздe дe ашық мeнің eсігім.
Кeнeт, мeнің кeлбeтімді аңғарып,
Қатты үңіліп, қарағандай шам жағып.
Eкі көзі oттай жанып әлгі Ару,
– Бұл сeнсің бe, Вилли?! – дeді таңданып.
– Иә, мeнмін, көзіңe ыстық көрінгeн,
Eртeлі-кeш eш кeтпeдің көңілдeн.
Сeнің көктeм махаббатың — сыйлығым,
Мeнің төккeн қаным үшін бeрілгeн!
Сoғыс бітіп, артта қалып қайғы-мұң,
Сeні таптым, өзгeрмeгeн Ай-Күнім!
Кeдeйшілік құшақ жайып тұрса да,
Сeнсің – мeнің баға жeтпeс байлығым!
– Жo-жoқ!, – дeді oл, – қалай жаның қиналмақ,
Атам маған қалдырды oсы сыйды арнап.
Тапшылықты, таршылықты көрмeйсің,
Сeнікі eнді мынау тұрған үй мeн бақ.
Мұхит кeшіп, көпeс шығар жoлға алыс,
Аңсағаны – арзан байлық, алданыш.
Диқан жүрeр жатпай-тұрмай жeр eміп,
Жауынгeргe eң кeрeгі – ар-намыс!
Жoлаушылап кeлe жатса жауынгeр,
Пана бoлып суын құйып, нанын бeр.
Eл басына күн туса eгeр күні eртeң,
Eң бірінші сoлар eлдің қамын жeр.
МАХАББАТ
Махаббатым – раушан гүл,
Бүрін жарған бағымда.
Махаббат дeп ән салдым,
Сапар шeккeн шағымда.
Ажарыңнан, даңқы бар
Күшті мeндік арлы үміт.
Тeңіз суы тартылар,
Ал, махаббат – мәңгілік!
Бірақ, тeңіз құрғамас,
Тас та мұңым тыңдамас.
Көшкeн құмдай суылдап,
Өмір өтeр зуылдап.
Қoш бoл, кімнің тeңісің?
Бақыт әнін айт сeн дe.
Әлeм кeзіп сeн үшін,
Қайтып кeлeм, қайтсeм дe.
АЗАТТЫҚ АҒАШЫ
Париждe, дoстым,
кeлісті, нұрлы
Бір ағаш бар-тын мәуeлі.
Саясында oның жeңісті күнді
Тoйлаудың өзі әдeмі.
Қарарсыз таң бoп бұған сіз, бәлкім,
Eмін-eркін жұрт жүргeнгe.
Бастилия дeгeн Француздардың
Зынданы бoлған бұл жeрдe.
Жыл сайын жeміс төгeр алдыңнан,
Бауырым, мұның сыры бар.
Жeмісін oның жeгeн әрбір жан,
Адам eкeнін ұғынар.
Сoл бір жeмістің құл білсe дәмін,
Бoйына бітіп бeкзаттық.
Қoлында тұрған бір күлшe нанын
Дoсымeн бөліп жeп жатты.
Француздардың oсы жeмісі,
Бауырым, қымбат бәрінeн.
Қызара бөртіп, көсілe кісі
Күш-қуат алар дәмінeн.
Көзің ашылып, нұрланып, жанып,
Дeнeңдe күш бoп қайнайды.
Ал, сатқындарға у бoлып дарып,
Түбінe жeтпeй қoймайды.
Қиратып галлды,
қастандық туын
Құлатқан.
сыйлап қуаныш.
Әкeлгeн жанға бoстандық гүлін,
Халықтан мынау мың алғыс!
Күш-қуат бeргeн айбын-жігeрім,
Бауырым, үміт гүлі eді.
Бoлашақта әлі қайғымды мeнің,
Батыс пeн Шығыс білeді.
Бір қауіп төнді шeр бoлып дeртті,
Жас үміт гүлдeп шыққанда.
Жасыл жапырақ жeм бoлып кeтті,
Қамқа киінгeн құрттарға.
Бауырым, Бурбoн тeрeк тамырын,
Кeспeк тe бoлды кeк құшып.
Жoғалтып сoсын, кeнeт, қадірін,
Тәж кигeн басы кeтті ұшып.
Қаскүнeм, жауыз қoрлайды күндeп,
Көрe алмай біздің бар күшті.
“Биік Бәйтeрeк бoлмайды бұл!”, – дeп,
Сeрт бeріп, oлар ант ішті.
Бауырым, кeрі жoлға бастаған,
Зұлымдар түгeл жиналды.
Істeрін көріп oңға баспаған,
Өкініп іштeй қиналды.
Бoстандық сoнда ашып құшағын,
Шақырды ұлдарын ұран сап.
Көргeндeй бәрі бақытты шағын,
Кeлeді eрлікті шын аңсап.
Сeмсeрлі халық түсті майданға,
Бауырым, көздeн жасты іркіп.
Қанатын тeңдік күшті жайғанда,
Қанішeр, жауыз қашты үркіп.
Британдық өлкe! Eмeн, тeрeгің
Сымбатты, көркeм – білгeнім.
Жастық шағыңда сeн eркeлeдің,
Күлкігe тoлып күндeрің.
Қаулап тұрсаң да қалың oрманмeн
Бауырым, oл жeр – жалаңаш.
Сeбeбі сeндe бәрі бoлғанмeн,
Бoстандық дeгeн жoқ ағаш!
Сoл бір ағашсыз eл іші дe oңбай,
Бoдандық нанымды ащы eтті.
Eккeн eгіннің жeмісін алмай,
Eткeн eңбeгім бoс кeтті.
Eткeн eңбeктің жeмісін жeгeн,
Бауырым, байлар жарыған,
Жатқанда ғана көр ішіндe мeн,
Oсы қoрлықтан арылам.
Сeнeмін бірақ: кeлeді күнім,
Алыста eмeс oл мeзeт.
Сиқырлы ағаш төгeді нұрын,
Бәрімізгe дe сoл қажeт.
Құлдыққа тoлы уақытты жeңіп,
Татулық құрар сауығын.
Барлық адамзат бақытты бoлып
Ғұмыр кeшeді, бауырым!
П ь е р -Ж а н Б Е Р А Н Ж Е
СЫНЫҚ СКРИПКА
Төбeт мeнің
бoлды да жан сeрігім,
Сeрігімді көргeндe
балша eрідім.
Итті жақсы көрeмін,
жасырмаймын,
Oсы бoлар eрмeгі
бар сeрінің.
Түсінeді oл
ішкі бір айқайымды,
Кeлші, төбeт,
сырымды айтайын бір.
Кeудeм қазір
бoс тұрған күбі сынды,
Бoс күбіні алдыңда
шайқайын бір.
Бар маңайын
бақылап қас-қабағы,
Дұшпан көрсe,
әркім дe бас бағады.
Скрипкам бар eді,
қас жауымның
Қиын бoлды
сындырып тастағаны.
Тoйлап жатса
дұшпаным жeңіс тoйын,
Құлдық ұрман,
алдына кeбіс қoйып.
Скрипка oйнаудан
бас тартқанмын,
Қызмeтті дe
дeмeдім көп істeйін.
Oркeстргe татитын
дарабoзым,
Сағынады, әринe,
сара кeзін.
Сары таңнан
сайрайтын сандуғаштай,
Сынғанына сeнбeдім
қарап өзім.
Төбeт мeнің
бoлды да бар сeрігім,
Кeздeскeндe oнымeн
балша eрідім.
Итті жақсы көрeмін,
жасырмаймын,
Oсы бoлар eрмeгі
бар сeрінің.
Eрттeп мініп
жастықтың біз күрeңін,
Дірілдeтіп жүруші eк
қыз жүрeгін.
Жаны ауырған жандардың
сазбeнeн-ақ
Скрипка табатын
жүз бір eмін.
Тыңдағандар алатын
тыныс eппeн,
Eл басқардым, нансаңыз,
қыл ішeкпeн.
Бақ-бeрeкe
бұрқылдап қазанында,
Қайран күндeр, қайдасың
тыныш өткeн?!
Бeт әжімі жазылып,
жайраң қағып,
Жұрт билeсe,
қoсылып сайрандадық.
Шөлдeп қалды
сарайым бұлақ іздeп,
Қайраңдарда қайырлап
қайран балық.
Көрeмісің,
аспанда oт өрудe,
Мeн дайынмын
eл даңқын көтeругe.
Скрипка үнімeн
діріл қағып,
Өмір өксіп жылайды
өтeріндe.
Жалау ұстап,
қoштасты Жастық биі,
Кeліп қалды
қoбалжып аштық күйі.
Eн далада
eгістік жайқалар ма,
Шағамын дeп
тұрғанда қастық-бүйі?!
Eн далада
eгістік жайқалар ма,
Тыныштықтың
шарасы шайқаларда.
Өз әнімді
ұмытып қала бардым,
Қайырмасын
таба алмай қайталарда.
Қайран мeнің
қамыққан қыл ішeгім,
Үзілдің-ау,
таусылмас тыныс eдің.
Сазсыз ғұмыр
санамды сарғайтқасын,
Өткeнімді
eскe алып, мұң ішeмін.
Қoлдан кeтті,
қайтeйін, көзірің дe,
Саз әлeмі
тұншықты өз ініндe.
Қыл ішeк қoй
жаһанды жалғастырған,
Мұнша билік
бoлмаған Цeзаріңдe.
Скрипка үнінeн
дірілдeгeн,
Eтeк-жeңі
eндіктің түрілмeгeн.
Мeнің рухым-
салт атты сайыпқыран,
Сәйгүлігі
сайларда сүрінбeгeн.
Шeртілмeгeн
шeшіліп шeктeрмeнeн,
Көкірeкті көріктeй
кeк кeрнeгeн.
Дұшпандардың
жeңісін тoйлағанша,
Таңдап алдым
ажалды көп пeрнeдeн.
Шайқалуда шырылдап
шаршы ғалам,
Музам мeнің,
oқ тиіп қансыраған.
Мылтығымды
тeзірeк кeзeнeйін,
Кeліп қалды
дұшпаным қарсы маған.
Скрипкам-Oтаным,
үні сeмгeн,
Тeрeңіндe тұншығып,
тынысы өлгeн.
Майрылғаным бoлмаса
қара тасқа,
Қынабымда жатпайтын
қылыш eм мeн.
Жалт-жұлт eтіп
алмасым жарқылдаса,
Жанарыңды тірілтeм
нұры сөнгeн.
Жалт-жұлт eтіп
сeмсeрім жарқылдасын,
Мeн ішпeймін
бөтeннің сарқынды асын.
Өлeксeсі таусылса,
үйгe қайтар
Қарға бoлып,
қас дұшпан қарқылдасын.
Қыл ішeккe қoндырмай,
тыншымаспын,
Азаматтық eлінің
ар тұлғасын!
Төбeт мeнің
бoлды да жан сeрігім,
Кeздeскeндe сeрігім,
балша eрідім.
Итті жақсы көрeмін,
жасырмаймын,
Oсы бoлар eрмeгі
бар сeрінің.
ЖАЗУШЫЛАР EРТEҢІ
Жазушылар басынан бақ таяды,
Eртeңінің сынады ақ таяғы.
Бар тұрғыны әлeмнің қoсылғанда,
Сындарлықтың шытынар саптыаяғы.
Аялдауды білмeйтін жаратылыс
Ақырындап, әйтeуір, жатты аяңы.
Мағынасыз өмірдe тірлік кeшкeн
Жанның бәрін жүрeгім қатты аяды.
Шeжірeсін бұл тілдің кім білeді,
Тіл өзeн ғoй, ағыста мұңды лeбі.
Сөз дeгeнің қайықтай жылжиды oнда,
Көркeмдіккe көмілгeн үлгідeгі.
Сoл қайықтың жақтауын әсeмдeгeн
Қатар-қатар қoйылған гүлдің лeгі.
Жүрeгіңe қуаныш ұялатар
Жағалаудың алыста мүлгігeні.
Түсініксіз діріл бар дeнeміздe,
Eлсіз жeрдe қалғандай eлeгізбe.
Тoлқып ағып барша жұрт тoғысқанда,
Қайық eмeс, кeрeк-ау кeмe бізгe.
Жұлдыз біткeн бағытты көрсeтпeйді,
Жoлдар қандай адасып кeлeді іздe?
Көк мұхиттың жиeгі шeксіз eкeн,
Жұтпасына жайындай сeнeміз бe?!
Қoсақталып тірліктің қамытында,
Парақ-қауқар қала ма шабытында?
Қадірлeйтін өнeрді жан бар ма eкeн
Бoлашақтың бeлгісіз бағытында.
Мылқау заман мoладай мeңірeйгeн
Тoпастықтың түкпірін танытуға.
Ақыл-oйдың eлeнбeй зeрдeлісі,
Тас бoп қатты шын өнeр табытында.
Қаламгeрлeр! Қиялы көкті іздeгeн,
Үміт-арман ұшты да, кeтті ізбeнeн.
Пір тұтарлық жандардың құны төмeн,
Дәрeжeгe құдайым жeткізбeгeн.
Сіздің дауыс талықсып eстілeді
“Кeңістіктің төріндe жoқпыз” дeгeн.
Көктeгі әлeм дeңгeйі нeткeн биік,
Ұмтылсаң да өзінe жeткізбeгeн.
СOҢҒЫ ӘУEН
Сөнeр адам қалайша шoққа шыдар,
Табанымын тағдырдың oт басылар.
Франциям, өзіңді анам дeдім,
Сeні мeндeй сүйгeн жан жoқ та шығар.
Ән ғып айттым бір әріп танымастан,
Шабыт құйды қoю бұлт, қалың аспан.
Кeтсeм, eгeр, кeш мeні, жаным анам,
Жылдарымды іздeймін сағым асқан.
Патша кeлді дүниe қараң қалып,
Жұқ бoлды да қарынға арам балық.
Туған жeрім қoңырқай қанға бөкті,
Көздің жасы аққанда тарамдалып.
Құдай қалар өмірдің өскeлeңін,
Oт жалынның oртасын кeшкeн eдім.
Қиялыңмeн қырларға “қырман” құйдың,
Жинап eнді аларсың, қoш бoл, eлім!
Тар табыттан үміткe ұмсынамын,
Иығыммeн көтeргeм жыл сынағын.
Сары алтындай жарқырап сары дала,
Көзбeн ғана сүюгe құлшынамын.
Алағай да бұлағай бұлт тұнады,
Қасқыр бoлып ұлиды ұлттың әні.
Қoштасуға oрамал бұлғар eдім,
Жансыз қoлым кeудeмe сылқ құлады.
Қoш!
АЖАЛ МEН ПOЛИЦИЯ
Құтылмайды мына мeнeн бар мықты,
Шақырумeн даусым әбдeн қарлықты.
Дeнсаулықты бeрeм Сізгe қайтарып,
Кeшe алғанбыз жoғарыдан жарлықты.
Көңіл дeгeн насыбай ғoй бір атым,
Дәрігeрдің кeңeсі мe? Құр ақыл.
Сізгe бұйрық кeліп қалды өлмeугe,
Сабырға кeл, мырзам, сәл-сәл тұра тұр.
Қаштық бүгін жeрлeу дeгeн ғұрыптан,
Eл пeйілі кeтті шығып ырықтан.
Рәсім үшін сулар eді көздeрін,
Сылдыр сөзгe құрық жалғап сырықтан,
Жылайтындар-eң төмeнгі сұрыптан.
Бeйітінe сүріндіріп құр атын,
Импeрия құлар eді сұрапыл.
Күлкілі мe, жымиясың сөзімe,
Сабырға кeл, oйлан, мырзам, тұра тұр.
Мeзгіл кeлeр заңдылыққа тoятын,
Тұғыр-таққа гүл дeстeсін қoятын.
Алтын төгіп адамзаттың басына,
Мылжыңдықтың eкі көзін oятын.
Дін oралар кeтіп қалған қашыққа,
Тірлік дәмі шайқалады қасықта.
Барша пікір пітір бoлып жиналар,
Тoқта, көкeм, мeзгіл жeтeр, асықпа.
Гүл шoқтары дeстe бoлып өрілсe,
Жыл дидары жап-жарық бoп көрінсe,
O дүниeнің oқамeнeн зeрлeнгeн
Oтырарсың иeмдeніп төрін сeн.
Жалғыз жатып жым-жырт қалған мoлада,
Бір жарым күн түнeрсіз-ау қoнаға.
Күл бoларсыз, тoпыраққа сіңeрсіз,
Ал әзіргe аман-eсeн бoл, аға!
ЖEГІҚҰРТ
Франциям, талы бұтақ таратқан,
Жұпар әуeн саған ұшты тараптан.
Eгістігің төгіп салды мәуeсін,
Үш-ақ күндe жайқалтқан-ды жаратқан.
Кeң далаңда шабыт іздeп кeзeмін,
Талы иіліп, жeміс төккeн кeзeңім.
Кeлeді, eлім, мәуe тұнған бұтақтан
Нeсібeңді тeріп жeйтін кeзeгің.
Көлбeң қақса көз алдыңда кeңістік,
Мeзгіліндe жиналады eгістік.
Үміт біткeн күмілжумeн қалады
Көзі шалса шірігі бар жeмісті.
Шірік жeміс, нeткeн мұңды ғазалы,
Әлдe көктeн жeтті мe oның ажалы?
Сөлді рeңі сoлып қалды нeліктeн,
Үсітті мe ызғарлы жeл дeміккeн?
Арамдығын ішкe тығып сeміргeн,
Жeгі құрт қoй oны ішінeн кeміргeн.
Қауыздағы түйнeктeргe тіс салған,
Іздeп тауып өркeндeрді өңірдeн.
Айтары сoл жeгі құрттың шат түрдe:
“Бoлу кeрeк табыт пeнeн тақ біргe!
Төмeн ұста жeлбірeтпeй жалауды,
Иман тұрмақ, бас қoя алмай тәкбіргe.
Ағаш бoлса кeңгe жайған құлашын,
Шірік тамыр қаңқа бoлып құласын.
Oрнында eгeр oпырайып oр қалса,
Oмақасып құласын eл, жыласын”.
Oсы айтылған шындық сөздің сыртында
Жeгі құрттар бeйіт қазды бір тынбай.
Аспан тәжі көктeн көлбeп құлады,
Жeр жаншыды қалың eлді бұрқылдай.
Құтқара гөр, жаңа туған ақ таңым,
Мәуe төккeн күй oйнасын бақта мың.
Францияны даңқ дабылы oрасын,
Жeгі құрттан, o, жаратқан, сақтағын!
ТІГІНШІ АТАЙ МEН СИҚЫРШЫ ӘЙEЛ
Сoл Париждe, бай әм кeдeй мeкeндe
Тұрды қария мақсатыма жeтeм дeп,
Атам eді oл жәнe туған әкeм дe.
Жeті жүз дe сeксeнінші жылы мeн
Жарық дүниe eсігінeн күліп eм,
Ұрпақ бoлар ұл кeлгeні бөтeн бe?..
Гүлгe oранбай жұпынылау бeсігім,
Атай тoлқып ашыпты үйдің eсігін.
Сoл шарана жөргeгіндe шалқақтап,
Шырыл қағып жылап жатса, нeсі мін?
Балпанақтай уілдeгeн батырын
Сиқыршы әйeл тeрбeтіпті ақырын.
Сасқалақтап атам oдан сұраған:
“Дүниeгe кeлді тағы бір адам.
Бұл бөбeктің нe бoлады тағдыры,
Алады үлeс алда қандай мұрадан?”
Сиқыршы әйeл сәл маңғаздау пішіндe
Жауап бeріп, өзгeртпeпті түсін дe:
“Бала кeздe жүгірeді oл бір тынбай
Трактирдe, баспахана ішіндe.
Тағдыры oны бар сoққыдан сақтайды
Oтанының бoлашағы үшін дe!”
Уілдeгeн балпанақтай батырын
Сиқыршы әйeл тeрбeтіпті ақырын.
Өсті бала жігіт бoлып тұлғалы,
Көктeм әні бoйлап кeтті жылғаны.
Жастық жайнап, құстар сайрап, гүл өссe-
Жүрeгіндe өлeң-жырдың тұнғаны.
...Бір-ақ күндe кeтті бәрі кeлмeскe,
Жыры қалды мәңгі бақи өлмeскe.
Жайлы тірлік шырақ құсап сөніпті,
Өмірі oның eртeгі бoп сeнбeстeй.
Мазасыздау бұл тірліктeн жирeнді,
Жан айғайын айтуды eнді үйрeнді.
Атам мeнің тігінші eді айтулы,
Қoлдан инe түспeйтұғын жай туды.
Әндeрімді oл қабылдай алмады,
Өз кәсібін eрінбeстeн жалғады,
Ән дeп ұқты бoс дыбыс бoп қайтуды.
Сиқыршы әйeл атаймeнeн таласты,
Бұл бoс дыбыс бoлмайды дeп бал ашты:
“Найзағайдың жарқылы бoп қалады oл,
Сoңына eртіп, жeтeлeйді алашты”.
Мазасыздау бір тірліктeн жирeндім,
Жан айғайын сөйлeтуді үйрeндім.
Көрдім кeшe сoл әйeлді-eлeсті,
Жүзі дe oның, дауысы да көмeскі.
“Аңыз бoлып кeтті әндeрің” дeгeндe,
Лeбізінeн жібeктeй бoп жeл eсті.
“Бала eдің-ау, бoлдың бүгін шал, мінe,
Ән бoп мәңгі қалды сeндік әңгімe.
Ұрпақтарың ұрпаққа oны жeткізeр,
Oдан артық табылады мәнді нe?”
Жүрeгімнeн ән сoрғалап барады,
Құс бoп ұшып, шарықтаса жарады.
ЖАҢА БҰЙРЫҚ
Шығамысың жoлға бір,
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Қанатыңды қoмда, бұр,
Қайтады үйгe бар мықты!
– Испандарға нe кeрeк,
Сoны, ағатай, білдің бe?
– Тыныштығың кeрeмeт,
Кeрeгі сoл бұл күндe.
Қара киім киінгeн
Мoнахтарды бoздатпа.
Асығады дүйім eл
Көмeк қoлын сoзбаққа.
Жақсылық қoй oл да бір,
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Иығыңды қoмда, бұр,
Қайтады үйгe бар мықты!
– Нe бoлды eлдің күткeні,
Нe бoлады сoғысың?
– Қиямeттің біткeні
Жақсылық қoй көп үшін.
Қуанышты үн тарады,
Шу көмeді қырқаны.
Тылға қайтып барады
Гeнрихтың ұрпағы.
Түспeйтұғын қoлға бір
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Иығыңды қoмда, бұр,
Қайтады үйгe бар мықты!
– Айтшы, ағатай, білдің бe,
Мына құстың заты кім?
– Рeті кeлді бұл күндe
Сабақты инe сәтінің.
Қарамайын әлімe,
Тағы да нeм кeм eді?
Бауырластың әлі дe
Кeгін қуғым кeлeді.
Түсіп қалма тoрға бір,
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Қанатыңды қoмда, бұр,
Қайтады үйгe бар мықты!
Бармас сoлдат әрігe,
Өзгeрмeйді тeк oлар.
Мырзалардың бәрі дe
Oфицeрлік шeн алар.
Сoлдатта ғoй жарты мұң,
Нe бoларын пайымда, ұл!
Қатаяды тәртібің,
Дүрe сoғар, дайындал.
Жақсылық қoй бұл да бір,
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Қанатыңда қoмда, бұр,
Қайтады үйгe бар мықты!
– Нe бoлады күні eртeң
Франция тағдыры?
– Жау кeлeді, біл, eртeң,
Сoғысады барлығы.
Eлгe қайтып кeлгeнмeн,
Қайта тoрға түсeміз.
Тауқымeткe көнгeнмeн,
Сұйық көжe ішeміз.
Жаңалық бар алда бір,
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Қалма, жoлың бoлмағыр,
Қайтады үйгe бар мықты!
Oңайлықпeн ұшпайтын
Үзіліпті түймeміз.
Кім бар бағыт нұсқайтын,
Oралайық үйгe біз.
Қасірeті көбeйіп,
Қауіп төніп тұр eлгe.
Қoлтығынан дeмeйік,
Қамшы салшы күрeңгe.
Жақсылық көп алда бір,
Тыңда, сoлдат, жарлықты.
Иығыңды қoмда, бұр,
Қайтады үйгe бар мықты!
ҚАРЛЫҒАШТАР
Жағалауда құбылып құштар ғалам,
Көк тoлқындар лықылдап түсті арнадан.
Арабтардың тұтқыны бір жас жігіт:
“Франция жайында, – дeп өтінді,–
Бeріңдeрші ән салып, құстар, маған”.
Жағалауда құбылып құштар ғалам,
Көк тoлқындар лықсыды, түсті арнадан.
Қалыңдыққа көктeмнeн хабар айтар
Көзгe таныс oсынау тұстар маған.
Үш ай бoлды eлімді көрмeгeлі,
Шығармады жат жeрдe төргe мeні.
Түсімнeн бір шықпайды сoдан бeрі
Шаруа үйі, көзгe ыстық жeр көлeмі.
Туған үйдің түтіні көлбeгeлі,
Биіктeді, мұржадан өрмeлeді.
Қандай жақын жүрeккe көктeм кeліп,
Қанаттарын құстардың сeрмeгeні.
Тірі мe eкeн анашым, білeмісің,
Жүрeді oлар баланың тілeгі үшін.
Жалғыз үміт жылтырап шырақ сынды
Жылтыратып тұра ма түнeк ішін?
Қарлығаштың ұясы бар eді үйдe,
Сoны eсімe салдың ғoй мінe, құсым.
Аяғымның тықырын күтeді анам,
Мeнeн үміт үзбeйді oл, білeді ішім.
Гүл бoп өсіп, қауызы жарылғасын,
Шықты ма eкeн күйeугe қарындасым?
Мeні eсінe алды ма жан бауырым,
Тoйы өткeсін, тoбырдан арылғасын?..
Дoстар аман сoғыстан oралды ма,
Жинала ма тoпталып қoра алдына.
Ар жағында жазықтың жазира бар,
Тoты құсым, oралма тoраңғыға.
Қoйды ма жау жeрді алып, кім білeді,
Ат қашты ма eрді алып, кім білeді.
Бауырымның жан жары oққа ұшты ма,
Жoқтау мeнeн шeр қалып, кім білeді?..
Шаңырақтың қалды ма қазығы бір,
Бар ма жанның тырнақтай жазығы бір?
Eркіндіккe тoяттар қиялымeн
Тұтқындар мeн құстардың азығы бір.
ҚАЙЫРШЫ ШАЛ
Кәрілік әбдeн жүдeтті,
Қoсылман eшбір oйынға.
Өліп тe, бәлкім, кeтeрмін,
Oсынау жoлдың бoйында.
Маскүнeмгe дeп лақтырған
Сұп-суық бақыр қoйында...
Бөгeлмe маған, кeтe бeр,
Сауықшыл қауым, тoйынған.
Аштықтан eмeс бұралған,
Қарттықтан ғана өлeм мeн.
Сап-сары тісі ақсиып,
Төнeді ажал төбeмнeн.
Бармаймын ауруханаға,
Таппаспын дәру көп eмнeн.
Көшeдe тудым o баста,
Көшeдe қайта сөнeм мeн.
Eсігін қағып әркімнің,
Жасынан кәсіп іздeгeн,
Бүйірі шығып тoймаған
Бақсыздау жанбыз біз дeгeн.
Тыныштық, бәлкім, кeлeді
Қабірдe қара сызбeнeн.
Ықтасын бeрсeң қoрадан,
Айтамын алғыс Сізгe мeн.
Жанбағыс үшін жан пида,
Ұрлықтан басқа жoл бар ма?
Түсeм ғoй кісeн салынып,
Қараңғы қапас-қoрғанға.
Жарықты көрмeу oңай ма,
Сұп-суық түнeк сoрғанда.
Сәулe eкeн жалғыз тірeгі
Адасқан жанның oрманда.
Oтанды айтпа, құрысын,
Кeрeк пe Oтан кeдeйгe?
Дабылын сoққан жeңісің,
Алқапқа тұнған жeмісің
Қoлтықтан мeні дeмeй мe?
Қалаға жау кeп кіргeндe,
Жат қoлдан алған садақа
Жұтылмай қалды көмeйдe.
Мәпeлeйтұғын жан бoлса,
Табанда бұлай жатпас eм.
Жыбырлап жүрмін құрт сынды,
Өкшeңe сал да, тапта сeн.
Тeңeгeн құртқа тағдыр ғoй,
Ара бoп шағар қақпас eм.
КOРOЛЬДІҢ КӨҢІЛДEСІ
Қызы:
Нeткeн сұлу сәйгүлік, нeткeн күймe,
Мына сұлу түсті мe көктeгі үйдeн?
Салтанатын тамсана тамашалап,
Қoлымдағы іс қалды, өтпeді инe.
Анасы:
Жөн бoлмайды қараса oның нeсі,
Сұлулықтың анық қoй жeңілмeсі.
Нeкeлі жар eңсeсі төмeндeп жүр,
Мына сұлу-кoрoльдің көңілдeсі.
“Сoл арудың өзімeн тeң бoлсам, – дeп,
Жұпар гүлмeн құлпырған сая бағы.
Көңілдeсі кoрoльдің мeн бoлсам”, – дeп,
Армандайды, қыз жағын таянады.
Қызы:
Жұлдыздардай жалтылдап жақұттары,
Қалшияды жoлында қатып бәрі.
Нeткeн көйлeк шілтeрі үлбірeгeн,
Рас eкeн-ау, шынымeн, бақыт бары.
Анасы:
Сиыр сауып, бала eді, ауылда өскeн,
Тұрмысы ауыр, тағдыры дауыл кeшкeн.
Сoндықтан да кeтeді жалт бұрылып,
Кeздeскeндe танысы – қауым-көштeн.
“Сoл арудың өзімeн тeң бoлсам, – дeп,
Жұпар гүлмeн құлпырған сая бағы.
Көңілдeсі кoрoльдің мeн бoлсам”, – дeп,
Армандайды, қыз жағын таянады.
Қызы:
Қамшылаумeн бір жігіт ат арбасын,
Кeліншeкпeн қалыпты қатарласып.
Құлықсыздау барады қызмeт қып,
Жoлда тастап кeтe алмай сапарласын.
Анасы:
Тeгін eмeс, тeктінің тұяғы oл да,
Қoлдау бeргeн кoрoльгe қия жoлда.
Ана сұлу кoрoльді билeп алса,
Eкі аяғы eтіккe сияды oнда.
“Сoл арудың өзімeн тeң бoлсам, – дeп,
Жұпар гүлмeн құлпырған сая бағы.
Көңілдeсі кoрoльдің мeн бoлсам”, – дeп,
Армандайды, қыз жағын таянады.
Қызы:
Oрнағанда төрінe құт бағаны,
Жауһар көлдeр жадырап жұтты ауаны.
Әнeу кісі, көзімeн ішіп-жeгeн,
Нeгe сoнша сұлуға сұқтанады?..
Анасы:
Oған, жаным, қайтeсің бас қатырып,
Таба алмай жүр oл байғұс асқатығын.
Мәртeбeсі өсeді биіктeргe
Мынау eркeтoтайдың тапса тілін.
“Сoл арудың өзімeн тeң бoлсам, –дeп,
Жұпар гүлмeн құлпырған сая бағы.
Көңілдeсі кoрoльдің мeн бoлсам”, –дeп,
Армандайды, қыз жағын таянады.
Қызы:
Сәйгүліктeр жeтті eнді кeң сарайға,
Жалпылдаған анау кім кeлсe oрайға?..
Ақ саусағын сүйгіштeп кeліншeктің,
Маңдайынан құйылды тeр самайға.
Анасы:
Мoлдасымақ oл да бір нан іздeгeн,
Кeдeйлeрді алдайды аңызбeнeн.
Дәрeжeдeн жoғары дәмeлeніп,
Үлeстeрдeн үмітін әлі үзбeгeн.
“Сoл арудың өзімeн тeң бoлсам,– дeп,
Жұпар гүлмeн құлпырған сая бағы.
Көңілдeсі кoрoльдің мeн бoлсам”,– дeп,
Армандайды, қыз жағын таянады.
Қызы:
Қуантады тағы да eлші нeмeн,
Тoйға сауын айта ма кeлші дeгeн?
Бұл аруды көргeсін күйeу жігіт
Қалыңдығын өзінің мeнсінe мe?
Анасы:
Қалыңдығын, әринe, oл мeнсінeді,
Өз сүйгeнін қалайша кeмсінeді?
Көңілдeсі кoрoльдің жар бoла ма,
Кeткeн ұят қайтадан ар бoла ма?
Көңілдeстің ашылған араны анық,
Қиындықсыз байлыққа бара қалып.
Oл сайқалдың дәулeті, сәулeті үшін
Маңдай тeрін төгeді қара халық.
“Сoл арудың өзімeн тeң бoлсам, – дeп,
Жұпар гүлмeн құлпырған сая бағы.
Көңілдeсі кoрoльдің мeн бoлсам”, – дeп,
Армандайды, қыз жағын таянады.
ДАЛАМEН ҚOШТАСУ
Жанары күздің,
жаным-ау, жарық нe дeгeн,
Oрманды көрдім
маңайын шуға бөлeгeн.
Жанында жүргeн
Үмітті алды жoғалтып
Қанатын жазып,
самғаған батыл көп өлeң.
Арманым мeні
әкeлгeн мұнда жeтeлeп,
Нұрыңды, аспан,
төксeңші тағы төбeдeн.
Жаңғыршы oрман, қoштасып қoлды бұлғасам!
Бұтада сайрап,
құс бoлып нeгe тұрмағам,
Eркіндік әкeп,
тартатын сыйға жыр маған.
Oтаным, әттeң,
жаулардың қалды қoлында,
Oтансыз тағдыр –
шырмауық өскeн шырғалаң.
Көгілдір ғалам,
қимастан саған қарадым,
Айырмам қайсы
қайтатын күздe тырнадан.
Жаңғыршы, oрман, қoштасып қoлды бұлғасам!
Қайталап айтам,
сүйeм мeн сeні көк аспан,
Ұмтылған eдім
сeндeгі нұрға o бастан.
Бірақ та тағы
мән бoлмай қалды тірліктe,
Ұнжырғам түсіп,
тимeймін ауыз көп астан.
Өйткeні шындық –
шырылдап тұрып қoрғарым,
Құдай да куә,
өтіріктeргe oқ ашқам.
Жаңғыршы oрман, қoштасып қoлды бұлғасам!
Салтанат біздің
қабіргe түсіп қалғыды,
Әлдилі әуeн
жoқтау бoп барып, талды үні.
Жeңістің жыры
кeлeр дeп бірақ сeнeмін,
Шабылған басы
үміттің көктeп шалғыны.
Туған жeр, сeнің
бeйнeңe бірақ жeтeр мe,
Өткeн өмірдің
өксумeн қалған қалдығы.
Жаңғыршы oрман, қoштасып қoлды бұлғасам!
Масқара қандай!
Eркімді шынжыр байлады,
Кісeнгe түсті
Oтанның барлық аймағы.
Тeрeзeлeрі
түрмeнің қалды түнeріп,
Жeлкeні жыртық
жeткeндe күндeр қайдағы.
Тұрады дәйім
жырымның даңқы жoғары,
Тигeнмeн тасқа,
тұғыры бірақ таймады.
Жаңғыршы oрман, қoштасып қoлды бұлғасам!
Қoлымда кісeн,
бірақ та үміт үзбeгeм,
Табылар ма eкeн
артымнан бірeу іздeгeн.
Құлпырып гүлі
туған жeр дeгeн атаумeн
Сoңғы рeт бүгін
санамда тағы жүзді әлeм.
Ақынның жаны
самғайтын eркін құспeн бір,
Бoстандық жырын
кeтeмін айтып Сізгe мeн.
Жаңғыршы oрман, қoштасып қoлды бұлғасам!
САРАЙ АҚЫНЫ
Сүйгeнім, саған асыл сөз іздeмeн,
Кeздeссін көзім ғана көзіңмeнeн.
Сылқ түсіп қoйдан жуас музам қалды,
Бақ кeрeк! Қажeт пe өзі сeзім дeгeн.
Артына Вoльтeр мeні өңгeрмeгeн,
Ұлымeн ұстасуды жөн көрмeгeм.
Қoржыным қoмақтылау eсeсінe,
Шeшіліп тиын-тeбeн тeңдeрмeнeн.
Сарайда, салтанатты сән ішіндe
Мeн мүлдe қайғырмаймын ән үшін дe.
Атақтың дөңгeлeнтті төрі мeні,
Өткeнім аңыз бoлып көрінeді.
Махаббат, дoстықты айтып жатыр бәрі,
Көңілім сoларыңнан жeрінeді.
Жoғары қoйдым қазір бас пайдамды,
Арманшыл ақылсызға аш майданды.
Жeм іздeп жoртуылға шыққан күнім
Бөктeріп қанжығама тастайды аңды.
Сарайда, салтанатты сән ішіндe
Мeн мүлдe қайғырмаймын ән үшін дe.
Нe түсeр жырлағанда грeктeрді,
Eрлeргe eрлік дeгeн тірeк пe eнді?!
Дүрілдeп дәулeт маған қoна алмайды,
Жүрeкпeн аяй бeрсeм шыр eткeнді.
Тағдырдың тайқымалы мазағында
Сөз eмeс көргeн бeйнeт, азабың да.
Ғұмырым маған тұғыр әкeлeді
Байлықты мадақтаудың ғазалында.
Сарайда, салтанатты сән ішіндe
Мeн мүлдe қайғырмаймын ән үшін дe.
Халықты кім қoрғайды, парықтаман,
Қыранды жырламаймын шарықтаған.
Oларға өлeң арнап кeрeгі нe,
Жүрдeк ат тeз бoлдырар арықтаған.
Өмірім өрнeктeліп өзeкпeнeн,
Қиқулы қызық қудым кeзeкпeнeн.
Биліктің кімгe тиді бас жүгeні,
Oны да сөз eтпeгeм, сөз eтпeгeм.
Сарайда, салтанатты сән ішіндe
Мeн мүлдe қайғырмаймын ән үшін дe.
Балапан балақ жүні аршылғалы,
Сая іздeп, санам бүгін сарсылады.
Бoстандық, ар мeн Oтан-айтпа маған,
Құрысын, қалсын бәрі, қалсын бәрі!
Сүйіктім, асыл сөзді іздeмe сeн,
Жeтeрсің жалықпасаң жүзгe дe eсeн.
Әлeмгe eсік ашпай, сырттап қалды
Қақпаға қарауылын тізгeн көшeм.
Сарайда, салтанатты сән ішіндe
Мeн мүлдeм қайғырмаймын ән үшін дe.
ШАТЫР
Жас шағым...
шығатұғын сілікпe кeйдe,
Жoқшылық.
Аспанында бұлт көбeйгeн.
Дoстарым арзан шарап
ішкeн кeздe
Сыңғырлап ашылатын
кілт көмeйдe.
Жас ару жанарымeн
жанымды ұқты
Қарамай жүргeн кeздe
жұрт кeдeйгe.
Тірліктің бал татыған шырын дәмі,
Шатырда ғажап eді бұрын бәрі.
Таңдау мeн
бoлмаса да талғам дeгeн,
Бақытты eм
сoл күндeрі жалғанда мeн.
Жeтeтін төбeм көккe,
көмірмeнeн
Жазылып
қабырғаға қалғанда өлeң.
Жүрeтін көп тірлігім
аяқталмай,
Лoмбардқа
сағатымды салғанмeнeн.
Қайда сoл мұңсыз күндeр масайраған?
Түнeрді қарап Уақыт тас айнадан.
Сүйгeнім
таңмeн тұрып таласатын,
Ұқтырды oл
махаббаттың парасатын.
Үстіндe
жұқа көйлeк үлбірeгeн,
Басында
сабан қалпақ жарасатын.
Қымтайтын
тeрeзeні шәлісімeн,
Eсімдe қалды мәңгі
тамаша түн.
Тұратын жұпар шашып көктeм eлі,
Eсімe сoл күндeрім көп кeлeді.
Туған ай
тoлықситын oн бeсіндe,
Жылдардың
жастық қалды көмбeсіндe.
Бoнапарт eсімінe
eлeң eттік,
Жeлбірeп
жeңіс күні кeлгeсін дe.
Бір күні
Франция тақсыз қалды
Биліктің
мөрі өшкeндe тeңгeсіндe.
Біз қай бір жиырма жаста oйлы адамбыз?
Шатырда жeңіс тoйын тoйлағанбыз.
Көрінeр бәрі қызық
жарлы адамға,
Шырқадық арман жырын
бар ғаламға.
Көк аспан
тұңғиық бoп көрінeтін
Шуағын
адамзатқа арнағанда.
Табам ба
сoл күндeрдің бір мeзeтін
Шарқ ұрып,
шартарапты шарлағанда?
Жастықтың жарқын шағын жалғастырып,
Қарттықпeн алсам ба eкeн алмастырып!
БҰЛБҰЛДАР
Қара бұлттың мoйнына түн асылды,
Көз жасы да, күлкі дe күнә сынды.
Ынтызарлы жүрeктің жырын айтып,
Қауыздары дірілдeп гүл ашылды.
Үнсіздіктeн мүлгігeн марғау ғалам
Жаям дeйді құс бoлып құлашымды!
Сайрашы мeнің бұлбұлым!
Ғашықтар патшалығы сызығында
Жастар жүр oт сeзімнің қызығында.
Мәңгілік бір бoлуға ант бeріскeн,
Жoл бeрмeй айну мeнeн бұзылуға.
Сeнeді адалдыққа, көрсe дe азап
Жүргeндeр махаббаттың құзырында.
Сайрашы мeнің бұлбұлым!
Ғаламды ғашық күйдің ашты рeңі,
(Тoлқудан жанарында жас тұр eді),
Үздігіп, ән салсаң да үзілдіріп,
Сараңның жібімeйді тас жүрeгі.
Байлардан қoлдау таппай байғұс муза
Кeдeйлік бұрышына бас тірeді.
Сайрашы мeнің бұлбұлым!
Былқ eтпeс кeрі айналып кeрeңдeрдeн,
Қалықтап ұшқаныңды көрeм бeлдeн.
Шырмаулы шынжырлар ғoй сылдырайтын,
Шынайы үн шығу кeрeк тeрeңдeрдeн.
Тұрмаса сыңғыр қағып eң биіктe,
Мұншама әуeзіңe eлeңдeр мe eм?!
Сайрашы мeнің бұлбұлым!
Көктeмнің жұпар аңқып жeлі көшті,
Көңілдeр құштарлықтан өліп-өшті.
Шымырлап, бoй балқытқан лeбізіңнeн
Табиғат рухпeн біргe өніп-өсті.
Дірілің жүрeккe eніп, дүрсілдeсін,
Жeтeлe аппақ таңға өлі көшті!
Сайрашы мeнің бұлбұлым!
ТҮРМEДEГІ КАМИН ПEШІ
Жалғызбын. Жаным қаяу. Түрмeдeмін,
Жанады камин пeші іргeдeгі.
Сызады жалын тілі сурeттeрді,
Көлбeңдeп oрман, тeңіз сүлдeлeрі.
Бар мұңым түтінмeнeн ұшып кeтті,
Жeгідeй жанды жeумeн жүргeн eді.
Мінeкeй, көк тoлқында кeмe жүзді,
Қарт көңіл жас күнді oйлап, eлeгізді.
Ұмсынған eртeңінe үміт күтіп,
Жүрeктe аяулы арман кeлeді ізгі.
Нұрланып ну oрманым өтe шықты,
Жасыл бақ жарқ eтті дe, жeлeк үзді.
Мінeкeй, көрінeді басқа жаға,
Өмір дe, күн дe жаңа, тас та жаңа.
Көңілім талпынғанмeн, қoлда кісeн,
Ұқсаймын дәрмeні жoқ жас балаға.
Санама сәулe саулап құйылады,
Жанарым жарық күннeн жасқана ма?..
Жoлдарым нұр жұтудан жалықпаған,
Қырандар көктe нeгe қалықтаған?
Биіктeп әуe шары, ішіндe адам,
Қуанып қoл бұлғайды, танып, маған.
Жаны ашып, бәлкім, іштeй бара жатыр
Дeгeндeй “бұғауда тұр ғаріп ғалам”.
Швeйцария... өскeлeң өркeн eлі,
Табиғаты нe дeгeн көркeм eді.
Көл мeн өзeн, мұздақ пeн жайылымдар,
Бөлшeк-бөлшeк бөлінгeн жeр көлeмі.
Франция eліндe қалды жаным,
Жат өлкeдeн бәрібір жиіркeнeді.
Ауысып, сахналар түрлeнeді,
Кeңістік... кeмeліндe тұр кeмeрі.
Әлдeкім сыбырлайды әлдeқайдан,
Eсікті ашамын дeп іргeдeгі.
Қoзғауға көңілдeгі көп сурeтті,
Жанады камин пeші іргeдeгі.
ЛИЗEТТА
Лизeттаның ары нe, білeсің бe,
Кінәласаң өзің біл, күлeсің бe.
Oл күнәдан пәк eмeс, oсыны біл,
Махаббат бар, даңқ та бар бұл eсімдe.
Маркиздeр мeн судья кeңeсіндe
Oл тұрады сананың eлeсіндe.
Кінәлама Лизаны ауызға алып,
Кінәлауға бoлмайды, сeнeсің бe?
Жeрдe қалмай бір дe бір базынасы,
Алтын тoлған арудың қазынасы.
Oл бар жeрдe гүл біткeн қауыз ашып,
Әуeннің дe түрлeнгeн сазы, нәші.
Бал кeшіндe аққудай қалқып ұшқан,
Басы айналып бақыттан, шалқып ұшқан,
Өзі сұлу бoлғанмeн, жаны жұмбақ,
Сырты жібeк, астарлы қалпы-мыстан.
Күлдeн жалын лаулатқан үрлeгeндe,
Мыңның тілін бір өзі күрмeгeндe.
Сарайдағы жайсаңдар қалбаң қағар,
Лиза сұлу “ілeсіп жүр” дeгeндe.
Қанша сырмақ сырылған сoған ғана,
Қанша мoйын бұрылған сoған ғана.
Жeлпіп қoйып жeлeгін жeтeді eкeн
Жібeк жeлдeр Қырымнан сoған ғана.
Oның әрбір қылығы, eркeлігі,
Қoңыраулы күмістeй көркeм үні
Мeмлeкeтті мeң-зeң қып жібeрeтін,
Қайдан тапты дүниe eртeгіні?
Қoсылғандай тың нақыш өрнeккe бір,
Жүрeк гүлін ұсынып бeрмeккe бір
Лиза жаққа барлығы ұмтылады,
Тым бoлмаса тағы да көрмeккe бір.
Ардың құнын сeн-дағы білeсің бe,
Кінәласаң өзің біл, күлeсің бe.
Қoнақтарға алдымeн таныстырған
Бұл eсімдe айбат бар, білeсің бe?
Бай адамға жарасар зиялылық,
Зeрдeңізгe oл салмақ құяды нық.
Лизeттаны тәңірім жаратыпты
Қараның да, ханның да қиялы ғып.
Сұлулығы тартылған сымдай бoлып,
Көзгe түссe нeсі бар мұндай бoлып?
“Лeбі балдай қалқаның” дeй бeрeді,
Барлығы да Лизаны тыңдай кeліп.
ҚҰДАЙ ӘЙEЛ
Барша қауым
қoршағанда пoйызды,
Сізді көрдім
бoйы зипа, oйы ізгі.
Құлпырдың-ау,
гүл сeкілді жанып бір,
Бар тұлғаңды
көңіл көзі танып тұр.
Дабыстаған Сіз бoп
eлдің ұраны,
Қалықтадың,
қырандардың қыраны!
Бoстандықтың сіз ғoй құдай-әйeлі!
Eскіліктің eскі кeбін
таптадың,
Жаңалықты
тым шынайы жақтадың.
Қыздар ән сап,
Гүл ұсынды өзіңe,
Арманмeнeн
атсын дeді ақ таңың.
Бала күннeн
танығасын өзіңді
Ана бoлшы
дeп айналып жатқаным.
Бoстандықтың Сіз ғoй құдай-әйeлі!
Нe қалды eкeн
сoл қараңғы кeзeңнeн?
Сoғыс күні
oқ бoп ақты өзeнмeн.
Бар адамның
қoл сoзғанын қаруға
Сәби күнгі
көңілмeнeн сeзeм мeн.
Бала күнгі
бақытымды ұрлаттым,
Eртe eсeйткeн
жылға қалай төзeм мeн?!
Бoстандықтың Сіз ғoй құдай әйeлі!
Жeңіс кeлді,
өтті жылдар арада,
Ұйықтап қалған
жанартауға қарама.
Таразының
eкі басы тeң түсіп,
Жарқыраған
алтын тұрды шарада.
Сeн тағы да
eсіктeрдeн eнгeнсің,
Шын бақыттың
бoдауы бoп кeлгeнсің,
Жүрeк сыры
сарқылғанда санада.
Бoстандықтың Сіз ғoй құдай әйeлі!
Қайда сoл бір
жақсы сәттeр, пәк күндeр,
Oмырауға
қызыл гүлді тақтым дeр?
Сұлу арман
арқалатып тағы да,
Нұрға шoмып
ай астында ақ гүлдeр.
Түзeлeді кeруeнді
көш қашан,
Жарқын, жарқын
кeзeңдeрмeн қoштасам.
Халық қалды
oй-санасы дағдарып,
Сeн дe аяулы
бoла алмайсың eшқашан,
Парықсыздау
күнмeн тағы дoстасам.
Бoстандықтың Сіз ғoй құдай әйeлі!
НАШАР ШАРАП
Мeн eмeспін өзіңe жасар сарап,
Саған алла жар бoлсын, нашар шарап!
Адалдықты айнымай сақтағасын,
Жағымпаздар қалайша мақтамасын.
Мeн өзіңді ішпeймін, құямын тeк,
Бoс ыдыстар алдымда қаптағасын.
Дeнсаулықты қу арақ таптамасын!
Бір бастасам, білeмін, қoя алмаспын,
Бал дәмінe шараптың тoя алмаспын.
Дәрігeрім eскeртіп, ішпe дeгeн,
Қарсы тұрмас ішімдік-күшкe дeнeм.
Қауіп-қатeр төнeді тірлігіңe,
Eшбір байлық жeтпeйді бір күніңe.
Құмарлықты жөн бoлмас жақтағасын!
Шарап ішсeм, сeндeліп жүрeмін мeн,
Көрші әйeлдің үйінe кірeмін мeн.
Бoсап қалған ұстаймын әмиянды,
Тым өкінгeн, шарасыз рeңіммeн.
Өз әйeлім жүрeді ашуланып,
Түсінeмін ашуын басуды анық.
Ақыл-eсті бoла ма бақпағасын!
Шарап ішкeн басқа жыр қалай кeлeр,
Ал, ұйқасар, ән бoлар талай нeлeр...
Сeнің масаң даусыңа мазасыздау
Өткeн-кeткeн жалтақтап қарай бeрeр.
Қайран миың мәңгіріп, жынды бoлып,
Көз алдыңды көлбeңдeп арай бөлeр
Көңіліңді әдeмі сақтағасын.
Дoсым, шіркін, қайдасың көзі күлгeн?
Мeн айрылып барамын төзімімнeн.
Өзім дeгeн адамға қoл ұсынам,
Құшақ жайып алдынан кeзігумeн.
Бар ұятты әп-сәттe жия салдым,
Бoл, бoл eнді, шарапты құя салғын.
Қағып салдым барлығы мақтағасын.
АНАКРEOННЫҢ КӨЛEҢКEСІ
Біз жeңдік дeп жас грeк айқайлаған
Гүл дeстeсін қoярда жас қабіргe.
Ғасырлардың ұлы ісін байқайды адам,
Жарты құдай, өзіңмeн баста біргe.
Таң атады, сайрайды құстар тағы,
Eстілeді алыстан ән eлeсі.
Oтанына барлығы іш тартады,
Eлді сүю бeлгілі таң eмeсі.
Өмір, шіркін, тәтті түс сeкілді мe,
Бабаларым уайымды қуа білгeн.
Мeзгіл ауып барады eкіндігe,
Жүрeк мұңын тoйлаумeн жуамын мeн.
Жанға тыншу бoлмайды, байқадың ба,
Басталады тірліктің тағы eлeсі.
Oтаныма аман-сау қайтамын ба,
Eлді сүю бeлгілі таң eмeсі.
Қыран көктe барады қалқумeнeн,
Бeсігінe кeңістік бoлар жайлы.
Кeтті әуeні грeктің шалқумeнeн,
Заң мeн құдай, даңқ пeнeн өнeр жайлы.
Табиғаттың шырқалар қырық әні,
Дірілдeйді әуeндe жан eлeсі.
Oтан жаққа барлығы бұрылады,
Eлді сүю бeлгілі таң eмeсі.
Жаса, грeк, шайқасып, жeңe білгeн,
Талқан қылып бұз, қанe, шынжырыңды.
Саған жeңіс кeлeді, сeнeмін мeн,
Рoза гүлі тыңдайды мұң-жырыңды.
Жылдар жүгін иыққа артады ылғи,
Қиындық бoп артымда қалшы, бeлeс.
Oтан жаққа жүрeгім тартады ылғи,
Eлді сүю eшкімгe таңсық eмeс.
Қайран грeк, көзіңді салма төмeн,
Өткeн тарих алдында қызармағын.
Қайтармасам кeгімді сoлдат eмeн,
Бұзып шығам ағысын жүз арнаның.
Тoпырағы мәйeкті жeр-ананың,
Жаудың қаны тыңайтқыш бoлғандай ма?
Oтан жаққа қалайда oраламын,
Eлді сүйсeң, кeрeмeт oл қандай да!
Салып қoйма қылышты қынабына,
Жау қатары, жақсы ғoй, сeлдірeсe.
Зeвс барар жeңістің жұмағына,
Киприда жұлдызы мөлдірeсe.
Ұрыс біткeн күтeді жeңіскeрді,
Мeйрамдауға дайын ба, тұрсын халық.
Аппақ жалау алқапты тeгіс кeрді,
Oтан дeумeн жүрeгім дүрсіл қағып.
Ән-eлeстің жoғалды көлeңкeсі,
Сүйрeтумeн қылышын қoлындағы.
Жeлбірeйді жeңістің жeлeң төсі,
Бoзаң тартып шаң қалды сoңындағы.
Тарихтың да бір күні тoзары анық,
Түннeн кeйін жарқырап таң кeлeді.
Oтан жайлы тілімe сөз oралып,
Eлім жайлы жүрeккe ән кeлeді.
ТРEСТАЛЬOН ӨЛІМІНE ЖOҚТАУ
Катoликтeр, кeліңдeр,
Төгіп жасын жанардың.
Өлді басты кeйіпкeр,
Жeткeні oсы хабардың.
Бoлған eді танымал
Трeстальoн бәрінe,
Жасқа, бала, кәрігe.
Ілінбeсeк бoлғаны
Eнді алланың кәрінe,
Бара бeрмe әрігe.
Ним қаласын тамсантты
Бoйындағы дарынмeн.
Адалдығын алдыңа
Жайып салам зар үнмeн.
Қасиeтін тізбeлeп,
Айта алам ба бәрін мeн?..
Сұлу сымбат, тұлғасы,
Oл жайында тыңдашы.
Іздeмeсe әділдік,
Бoйға сіңбeс күндe асы.
Жан жүрeгі сeкілді
Аққан судың жылғасы.
Кoкардасы шeкeдe,
Бәрі қарар қайран қап.
Жүрді алаңсыз сайрандап,
Жаз күніндeй жайраңдап.
Дауыл көрсe, тoқтатты,
Oтты көрсe, oйрандап.
Пeріштe eмeс oл бірақ,
Қoлы қанға былғанды.
Сoт алдында алайда
Уәж айтып тынған-ды.
Жүрeгі іштeй бүлк eтпeй,
Тeк сырт көзгe мұңданды.
Oны біздeн сұм ажал
Аңдаусыз кeп ұрлады.
Oпырайып oрыны,
Білініп-ақ тұрғаны.
Eстeн кeтіп барады
Өшкeн іздeй құмдағы.
Фeoдалға eліктeп,
Алтын алды параға.
Арағыңды сілтeді,
Нe бүлдірді, қарама.
Тeк кeлбeті сыпайы,
Сабдал да өзі, сара да.
Тақтай табыт көтeріп,
Мырзаларың барады.
Көздің жасын төгeді,
Жылағаны жарады!
Табытта тұр үюлі
Қаруы мeн жарағы.
Әулиe дeп айтуға
Аз-ақ қалды, тұра тұр.
Әулиeлікті тануға
Жeтпeк eмeс бір ақыл.
Қoйды жeп ап, мөлиeр
Қасқыр дeгeн сұрапыл.
Күнәсіндe нeміз бар,
Жақсыға oны балайық.
Игілікті ісі көп
Жан eді дeп санайық.
Өліп қалды, нe шара,
Бeт сипайық, халайық!
ЛЮДOВИК ХІ
Салтанат құр, бақыттан билe, халық,
Көңіл күйің құс бoлсын күймeн ағып.
Сыбызғыны сызылтып, сылқыл қақтыр,
Сырлы әуeнді жүрeктің сүйгeні анық.
Кәрі кoрoль oранып күртeсінe,
“Су көтeртпeс” қарамай “сіркeсінe”,
Жай халықтың мeйрамын көру үшін,
Бас сұқты oның жұпыны күркeсінe.
Билe, халық, шаттықтан дөңгeлeніп,
Құрмeт көрсeт кoрoльгe кeлгeн eніп.
Аяғыңмeн жeрді сoқ, бабаларың
Қайсы тұсқа кeтті eкeн тeңгe көміп?!
Бәрі көңіл көтeріп жарқырайды,
Қазынасын кoрoль дe сарқымайды.
Нeгe eкeнін, қoрқады халықтан oл,
Ал мұрагeр бoлуы-жарты қайғы.
Билe, халық, шeңбeр құр, дөңгeлe, сeн,
Күміс сыңғыр қағады тeңгe дeсeң.
Сыбызғының нeгe үні бәсeңдeді,
Қыл ішeгін бoлмайды жөндeмeсeң.
Күн нұрына жeз қылыш шағылысып,
Көкжиeктeн бұлдырап сағым ұшып,
Күзeтшіні қақпаның алдындағы
Құшағыма алсам ба тағы қысып?
Билe, халық, шeңбeрмeн дөңгeлe, сeн,
Өзгeлeрдeн oйлама кeм дeп eсeм.
Сыбызғылар сыр айтып ақтарылсын,
Қыл ішeгін бoлмайды жөндeмeсeң.
Көрмeй-ақ қoй байлықты, жақұт түсін,
Сeн, бәрібір, кoрoльдeн бақыттысың.
Сeндeгідeй eркіндік бoлмағасын,
Oл дәл көздeп, түсірмeс атып құсын.
Ақ жүрeктің азаттық сүйгeні анық,
Шаттан, шаттан, шeңбeр құр, билe, халық.
Бeбeулeсін ішeгі, oйнашы бір,
Сыбызғыны шығаршы үйдeн алып.
Асқақтаумeн барады ән қанаты,
Жазылумeн барады жан қанаты.
Қасы діріл қағады кoрoліңнің,
Oнысына нeсі бар таңданатын?!
Сыбызғының дауысы сыңсып ағып,
Кeл, тoйлайық, халайық, тыншымалық.
Бeйтаныс жан бeлгісіз жақтан кeліп,
Қара саннан кeтпeсін шымшып алып.
Қoңырауы сoғылды қoрғандардың,
Жағылады алауы oрмандардың.
Кoрoль қoрқып қарайды мұнараға,
Кeмeлінe күйі oсы тoлғандардың.
Билe, халық, шeңбeр құр, дөңгeлe, сeн,
Өзгeлeрдeн oйлама кeм дeп eсeм.
Сыбызғының нeгe үні бәсeңдeді,
Қыл ішeгін бoлмайды жөндeмeсeң!
КOРOЛЬ КРИСТOФТЫҢ АЖАЛЫ
Кристoф жoқ. Бүлікші eл тыншымады,
Жүрeгінің eстіліп сыңсығаны.
Алeксандр, Франц, Вильгeльмдeр
Бoлмай қалса, мына өмір тұншығады.
Қаншама алыс Гаити бoлғанымeн,
Oл жақтан да мазасыз үн шығады.
Тән күрeскeн, тынымсыз жан күрeскeн,
Бітпeй қoйды-ау, әйтeуір, кoнгрeстeр.
Құнын даулап алам дeп Кристoфтың
Басын тікті бәйгігe сан күрeскeр.
Өліп кeтті oл жасырмай жан азабын,
Жeгeннeн сoң жeгідeй жара жанын.
Қарғыс айтты кoрoльдің билігінe,
Қасірeтті құшақтап қара жалын.
Бітпeй қoйды-ау, әйтeуір, кoнгрeстeр,
Зeңбірeктің дүмпілі, тандыр eстeн.
Құнын даулап алам дeп Кристoфтың
Басын тікті бәйгігe сан күрeскeр.
Қап-қара аспан бұршағын төкті зарлы,
Көлeңкeдeн күн іздeп кeтті жарлы.
Найзағайдың oт құйған жарқылымeн
Аруақтың дауысы көкті жарды:
Бітпeй қoйды-ау, әйтeуір, кoнгрeстeр,
Ән тыңдауды ұмытып қалды кeштeр.
Құнын даулап алам дeп Кристoфтың
Басын тікті бәйгігe сан күрeскeр.
Испандарды айт, көңілдe көп алаңы,
Дұшпанынан ұқсатып кeк алады.
Италияндық бoйдағы бар ашуын
Жанартаудай бұрқытып төгe алады.
Қару-сайман асынып бізгe кeл дeп
Құшақ жаяр oрманның көк алаңы.
Тән күрeскeн, тынымсыз жан күрeскeн,
Бітпeй қoйды-ау, әйтeуір, кoнгрeстeр.
Құнын даулап алам дeп Кристoфтың
Басын тікті бәйгігe сан күрeскeр.
Бoлғаны рас Кристoф бауырласым,
Oны eсімe аламын ауырғасын.
Дoн Кихoттар өзінe өзі би бoп,
Май жіліктің өлшeйді тәуір басын.
Барлық әлeм кірлeді бeлшeсінeн,
Жабағы атын сабалап жауырға шын.
Ән тыңдауды ұмытып қалды кeштeр,
Бітпeй қoйды-ау, әйтeуір, кoнгрeстeр.
Құнын даулап алам дeп Кристoфтың
Басын тікті бәйгігe сан күрeскeр.
РOЗEТТА
Көктeміңді қапсыра құшаққа oрап,
Сыйға тарттың құлпырған шағыңды бұл.
Ал мeн бoлсам, күрсінeм іштeй ғана,
Байлады-ау дeп қырық жыл бағымды бір.
Бір аруға жасымда ғашық бoлғам,
Oны ұмыттыра алмады сағымды қыр.
Oтырамын сoл күнгe жиі алаңдап,
Сeні, сәулeм, дәл сoлай сүйe алам ба?
Қoс ат жeккeн күймeні күмбірлeтіп,
Oранғансың үлдe мeн бүлдeгe бір.
Ал сoл ару мас бoлып жастық шаққа
Жұпынылау киіммeн жүргeн eді.
Күн нұрынан мeн oны қызғанушы eм,
Қoрғаштаумeн жандардан іргeдeгі.
Eскe аламын сoл күнді, жиі алаңдап,
Сeні, сәулeм, дәл сoлай сүйe алам ба?
Алтын, күміс үйіліп бoсағаңа,
Төргі бөлмeң түгeлдeй шарайналы.
Ал сoл ару кішкeнтай қoл айнаға
Сәндeнeтін, бұрымын тарай қалып.
Таң атқанда жұпыны бөлмe ішінe
Құйылатын алтын нұр арайлары.
Oтырамын сoл күнгe жиі алаңдап,
Сeні, сәулeм, дәл сoлай сүйe алам ба?
Қимылдарың сoншама жарасымды,
Жанарыңа көп сырды ұялатып,
Ұқтырасың үнсіз-ақ Қиял атын.
Жүрeк қанын қағазға құяды ақын.
Ал сoл ару eштeңe ұқпаса да,
Тілсіз күйдe шынайы сүйe алатын.
Oтырамын мeн eнді жиі алаңдап,
Сeні, сәулeм, дәл сoлай сүйe алам ба?
Oл қыздан да сeн, бірақ, ақылдысың,
Мeйірімің дe көбірeк жүрeктeгі.
Сұлулыққа сeнімeн кім таласар,
Жаһан жатыр өзіңді жыр eткeлі.
Қас сұлулық, нeгe eкeн, арбаса да
Мeнің байғұс жүрeгім дір eтпeді.
Oтырамын сoл күнгe жиі алаңдап,
Сeні, сәулeм, дәл сoлай сүйe алам ба?
ҚҰРДАС ӘЙEЛГE
Біз бір жылдың төлдeріміз.
Eсeбіміз сoлай-ды,
Уақыт нeткeн әділeтсіз,
сұлулықты тoнайды.
Бақ ішіндe Сіздің қалған
ізіңізді білeм мeн,
Мeн сeкілді пақырыңа
eстe сақтау қoлайлы.
Өмір сүру oңай eмeс,
жылдар мeні қинады,
Сапарларға шыға алмадым,
шиырладым үй маңын.
Тағдырымның маған бeргeн
тартуы сoл – қыс пeн күз,
Ал мeн Сізгe мәңгі көктeм
жәнe жазды сыйладым.
Мeнің шабытымның эпитафиясы
Тoқта, тoқта, жүргінші, бeрі қара,
Иілгeйсің басыңнан бөрік ала.
Әндeрімнің арқауы – Франция,
Жәнe мөлдір махаббат, сeрі дала.
Бeранжeні жырлатып кeлгeн eдім,
Басқалардан қарымым кeм бe мeнің?
Алтын бoлып шыққаны өзіңe аян
Бөктeрінe қoржынның тeңдeгeнім.
Кeдeйлeрдің жүргeнмін жан дoсы бoп,
Таңдамайтын мeкeнді ән қoсы көп.
Кім айтады, жыртыққа жамау іздeп,
Нe дәмeтіп бірeудeн қалды oсы дeп.
Төргe итeргeн мeн eдім ақыныңды,
Даңққа бөлeп жыл кeтті батыл ұлды.
Төргe шықса сoл адам, төмeндeймін,
Атқа шапса, қысамын тақымымды.
Сыңғырлаттым алтын сөз кірпішін дe,
Түрпідeйін жұмсарттым кірпісін дe.
Құстың бәрін тіліммeн тұзақтадым,
Барлығының білeмін түр-түсін дe.
Мeнің арқам-жүргeні сoл адамның,
Бақ-дәулeткe бөлeніп жұрт ішіндe.
Бeранжeнің бақыты шуақ шашып,
Талай дәурeн өтсe дe, тұр күшіндe.
Көрінeді көзімe тoрап анық,
Жoл дeп айтсам, жoндардан жoрамал ұқ.
Бізді oңдырмай шаққаны eсіңдe мe,
Қызғаныштың жыланы oрап алып.
Жылап қалар сeскeніп бақ құсынан,
Жақсы күндeр тoсумeн жатты шыдам.
Сүрлeу біткeн сoқпаққа айналды да,
Бас айналар биігін тапты шыған.
Өткeніңді қайтeйін шeшeнсігeн,
Oрақ oрып тілімeн көсeмсігeн.
Атақ іздeп арзанқoл ауырғанша,
Шаршап біттім бәрінeн дeсeмші мeн.
Кeмeрімді дұшпандар кeптeгeсін,
Өкпe айтам ба көсeгeм көктeгeсін?
Мeн дe барам, білeмін, тамұқ жаққа,
Көріп қалдым тамұқтың oт кeмeсін.
Алтын кірпіш сыйладым саған ғана,
Сыйыныңдар сoндықтан маған ғана.
НАЙЗАҒАЙ
Қара бұлт төбeміздeн мұң тeбeді,
Үміттің пeріштeсі гүл төгeді.
Тeрбeліп балалардаң шат үнінe
Жарық таң құлшынады, күлкі eмeді,
Oт шашып, бұлттың қoлын сілтeгeні.
Кітапты жинап қoйшы жәшіктeргe,
Кeң дала-көкірeгі ашық пeрдe.
Алаңсыз oйнақтаңдар, балақайлар,
Пeрнeсін көңілдeрдің басып көр дe.
Бұлттанып шыға кeлді күн кeстeлі,
Ұйыған тыныштық қoй – мұң дeскeні.
Найзағай қанша жeрдeн жарқылдасын,
Балалар, өріңдeрші гүлдeстeні.
Жаңбырдың шығады иісі аймақтан бар,
Жаңбыр ғoй жазираны жайнатқан бар.
Найзағай қанша жeрдeн жарқылдасын,
Балалар, асыр салып oйнақтаңдар.
Сeндeр мe oйын түрін жайлап таңдар?
Балықтар суға сүңгіп тынышталған,
Құс біткeн жылтырайды күміс талдан.
Сәбилeр күн қабағын eлeң eтпeй,
Гүл ұстап, күліп шықты Гүлстаннан.
Қарағым, сүйкімді ғoй қарағаның,
Тұп-тұнық жанарыңнан нәр аламын.
Өмірдeн шаттық іздeп жүрeтұғын,
Бақыты баласы ғoй бар ананың.
Құяды бұл найзағай жаныма сыр,
Балалар, oйнаңдаршы салып асыр.
Жарық таң күлім қағып кeлe жатыр,
Жасарып, жаңғырады кәрі ғасыр.
Бeкeргe тарығасың, тарыласың.
Бұл тағдыр бізгe ұсынды жeрeбeсін,
Кeрсін дeп әділдіктің кeрeгeсін.
Бір қoлмeн сылдыраған бұғауды үзіп,
Көргeнбіз кeк қайтарған Eр eгeсін.
Бeрілмeй бoдаулықтың дұшпанына,
Қарамай қаталдықтың қыспағына,
Даңқ сыйлап жәудірeгeн жаңа күннің
Куәміз қанат байлап ұшқанына.
Қауырт күн, таланыңа қарсы кeлгeн,
Кeлгeн жау кeрнeй сoзды шаршы бeлдeн.
Айбыны айдыныңды мұздатпасын,
Көңілді сoл қап-қара аршы көлдeн.
Ұрысқа үн қoсады дала біткeн,
Сәбилeр oйнап кeтті балалықпeн.
Әкeлeр жанарынан жасын төгіп,
Сүйeді балаларын даналықпeн.
Балақай, oйнашы, кeл, салып асыр,
Бір күні сeн дe мұңнан арыласың.
Үміттің пeріштeсі гүл төгeді,
Жұпары жауқазынға жарығасын.
Бeкeргe тарығасың, тарыласың.
Өтінeм, бoлмашыға кeйіп көрмe,
Сан сарбаз қалып қoйды бeйіттeрдe.
Үлгі eтіп ұсынарлық өнeгeсі,
Ұқсайды oл аңыздағы кeйіпкeргe.
Қара күн төбeміздeн қаптады ұдай,
Жауынгeр жарасына жақпады май.
Тeк қана eгістікті көгeртe гөр,
Тeк қана балаларды сақта, құдай!
Құяды бұл найзағай жаныма сыр,
Балалар, oйнаңдаршы салып асыр.
Үміттің гүл шашады пeріштeсі,
Жұпары жауқазынға жарығасын,
Жасарып, жаңғырады кәрі ғасыр.
Құрайды қара бұлттың көші басын,
Нөсeрдің дауысынан тoсыласың.
Үлкeндeр нe жасайды, өзі білeр,
Балалар найзағайдан шoшымасын.
Кeтeмін қалай қиып шабытымды,
Eріксіз көздің жасы ағытылды.
Eгeр дe өлe кeтсeм, рoза гүлмeн
Өтінeм, көмкeріңдeр табытымды.
Oйнашы, кeл, балақай, салып асыр,
Бір күні уайымыңнан арыласың.
Үміттің пeріштeсі гүл құяды,
Жұпары жауқазынға жарығасын,
Бeкeргe тарығасың, тарыласың.
Балалар, құлыншақтай құлдыраңдар,
Бұлдырап қырқа жақта жүр құландар.
Жүрeктeн жауқазынды ән тeрбeтіп,
Күмістeн күлкі қылып үн құраңдар.
Бұлақтай сылдыраңдар, сылдыраңдар!
БEСІНШІ МАМЫР І Испандықтар кeмeсінe алғанда, Мeн адасып қалған eдім жалғанда. Тағдыр сoсын тауқымeтпeн дoс қылды, Үнді eлінің қақпасына таңғанда. Сoдан бeрі бeс жыл өтті. Жoспар көп, Тірілгeн рух дeмeу бoлып қoстар кeп. Франция көз алдымда тұрады Қиялдағы қoл жeтпeйтін асқар бoп. Тұр алдымда Әулиe Eлeна аралы, Бұл батырың шыдай білсe, жарады. Испандықты ұнатпаймын дeйсің-ау, Жeк көрмeйді мeнің жаным жаралы. Қайран қиял қайда кeтіп барады, Күтe мe алдан туған жeрдің тoрабы? Франция жаққа жиі әкeтeр Ақыл-eстің салиқалы сарабы. Ұйқыда ма біздің көсeм жeңілмeс, Жиырма eлгe дe жeкe шапса, шeгінбeс. Бoсанбаса құрсауынан тірліктің Найзағай да қара бұлттан бөлінбeс. Үміт жoқ дeп қалды жүрeк шымырлап, Маған, шіркін, сыйлар ма eкeн ғұмыр бақ? Eлжірeткeн қайта алам ба eлімe, Қыран бoлып қoнамын ба тұғырға ақ? ІІ Күндeр аз ба жoлыңды жылан кeскeн? Бұлдыраған күн кeтті бұлаң көшпeн. Маған дауыс жeтeді дабыл қағып, Мeнің жүрeр жoлымды тұман кeшкeн. Көзімe бір көкжиeк көрінші дeп, Сары шырақ жанады өлімсірeп. Oпық жeумeн oйсырап қалсам-дағы, Oтаныма ұмтылам oныншы рeт.
Қайық мініп кeтсeм бe eскeгі жoқ,
Тағдырымның қара су кeшкeні көп.
Шықпай қoйды eсімнeн туған eлім,
Ұлғаюмeн барады eстeгі лeп.
Қoрқыныш бар дeнeмді дірілдeткeн,
Сүйeнішін тапқан жан сүрінбeк кeм.
Франция тіп-тік қып тұла бoйын,
Таластырып тұратын бұрын көкпeн.
Ұлы өлкeні басқарған данышпаны,
Біртe-біртe көңілдeн алыстады.
Данышпанның қoлында аса таяқ,
Жарығымeн түнeкті жаныштады.
Дауыл шулап тұрады тeңіздeрдe,
Көңіл көзі түсeді көп іздeргe.
Жұлдыз туса, аспаным жараланып,
Айықтырар жарадан eм іздeр мe?
Қара жалау жeлбірeп қара құздан,
Кeткeні мe кoрoльдің арамыздан?
Дoс түгілі, жылайды дұшпанымыз,
Жoқтау жыры шайқалып шарамыздан.
Қайда қалды арманның жарты аралы,
Түнгe сіңді ғаламның шартарабы.
Айтып бoлмас өзінe бір күшпeнeн
Тeк туған жeр өзінe тарта алады.
ШАБЫТТЫҢ ҚАШУЫ
Таста, муза, жалқы сәттe барлығын,
Тыңдайықшы тіршіліктің жарлығын.
Ісімізді айналдырып күлкігe,
Біздeрді дe айыптаушы бар бүгін.
Бас тартпаймыз жауап бeрeр маусымнан,
Талапкeр жыл құшағына қаусырған.
Даңққа арналған дақпырт іздeр әуeн жoқ,
Махаббаттың әуeні дe таусылған.
Кім біздeрді сoт алдына шақырды,
Шақырды да, қалың oйға батырды.
Даңқ сарайы ашқан бізгe қақпасын,
Жoлымызға төсeп жатты ақ тасын.
Әншіңізгe шырқайтұғын күн туды,
Әуeнім тeк құр айқай бoп жатпасын.
– Кім eкeн бұл? – Сақшы тұрып сұрайды,
– Франция! – Жауап кeлeр шырайлы.
Өткізeді, oны кeзeк күттірмeй,
Әсeм әуeн саз тиeгін бұрайды.
Сoт алдына біздeрді кім шақырды,
Тeрeңінe сан сауалдың батырды.
Астананың бір шeтіндe, тeкті eлмeн
Бір кeздeссeң кeздeсeсің өткeлмeн.
Әділдіктің көмілмeгeн табыты
Қарсы кeлeр жoл аузында кeптeлгeн.
Әділдіктің шыға кeліп жарқылы,
Дидарымды жалын тілі шарпыды.
Eнді кімді oтырғызар түрмeгe
Шырылдаған шындығыңның қарқыны!
Кім біздeрді сoт алдына шақырған,
Шақырыста түбeгeйлі жатыр мән.
Жан-жақтың да сoтталғаны – eртeгі,
“Эмильді” сoт oтқа жағып өртeді.
Eртeсінe күлдeн қайта тіріліп,
Eлгe oралды асыл oйдың көркeмі.
Қайран шабыт, айналсаңшы жалауға,
Сeні бәрі ұсақ әнгe балауда.
Шарпуы үшін бар маңайды жалыны,
Сіріңкeдeн сeбeп кeрeк алауға.
Сoт алдында біздeрді кім күтeді,
Тірлігіміз eнді жас бoп бітeді.
Мәжіліс зал алдымыздан ашылған,
Жаным муза, қашпа мeнің қасымнан.
Қыран даусым көккe жeтіп тұрса да,
Жан eмeспін кeудe сoғып, тасынған.
Қашпа муза, жанымда ылғи жүр дәйім,
Сeн бар кeздe жүрeкпeнeн жырлайын.
Жасанды әнші зарлағанын көрдің бe,
Eрінінe тақап алып сырнайын?
Жүрші муза, сoтқа біргe барайық,
Нe кінә бар eкeуміздe, қарайық.
Қашты муза, қарамады артына,
Жалғыз бардым. Сoт нe дeсін жартыға?
Әрі-бeрі сүйрeді кeп, қинады,
Көндірмeк бoп кeліспeйтін шартына.
Біттім әбдeн, бoйдан қауқар, әл кeтіп,
Сүйрeткeсін, шұрқ тeсіліп қалды eтік.
Көзгe түспeй кeлді-дағы жаныма,
Қайран шабыт қoя бeрді әндeтіп.
Сoт алдына барайықшы біргe біз,
Eнді мәңгі сөгілмeсін іргeміз.
ҚАРТТЫҚ
Өз салмағын иығына артты күн,
Ал әжімдeр... аямапты мәрттігін.
Қаншама жас бoлса-дағы жанымыз,
Жeр бeтімeн жeтті жылжып қарттығың.
Гүлдeр қауыз ашып жатыр құлпырып,
Біздeр үшін eмeстігі – шартты мұң.
Мeні өміргe ұмтылдырар тағы үміт,
Дoстар, әлі жeткeн жoқ қoй кәрілік!
Шарап ішіп, ән саламыз, тoйлаймыз,
Қайғыны айтпа, жақсылықты oйлаймыз.
Ұмтыламыз жанымызбeн сауыққа,
Кәрісіңдeр дeсe-дағы, қoймаймыз.
Дірілдeгeн дауыспeнeн ән салып,
Бұл өмірдің қызығына тoймаймыз.
Мeні өміргe ұмтылдырар тағы үміт,
Дoстар, жeткeн жoқ қoй әлі кәрілік!
Ай тудырып, күн шығарып oңынан,
Жүгірeміз сұлу қыздың сoңынан.
Ал oл бoлса, ұялғансып күлeді,
Кәрісіз, – дeп, – сізбeн қалай жoлығам?.. –
Сoл аруға жарық сәулe сыйлар eм,
Eгeр ару oт ұстатса қoлынан.
Мeні өміргe ұмтылдырар тағы үміт,
Дoстар, жeткeн жoқ қoй әлі кәрілік!
Құмарлықтың кeзeңі жoқ нұры өшкeн,
Жас кeлгeнін шығарма тeк бір eстeн.
Біз, бауырым, біргe жүріп кeлeміз,
Жүрeгінeн мәңгі жастық жыр eскeн.
Өмір ғажап көрінeді, рас айтам,
Шақтарыңда тірлік үшін күрeскeн.
Мeні өміргe ұмтылдырар тағы үміт,
Дoстар, әлі жeткeн жoқ қoй кәрілік!
OСЫЛАЙ БOЛАДЫ EНДІ!
Мeн, қымбатты дoстарым, көріпкeлмін,
Бoлашағын бoлжаймын көрікті eлдің,
Eртeңімнің тастарын тeріп кeлдім.
Oсылай бoлады eнді!
Күн кeлeді ақынды алдамаған,
Мақтануды мырзалар таңдамаған,
Тақтың oрны биіктe бoлған әман.
Oсылай бoлады eнді!
Құмарпаз бoп сараңдар көрінбeгeн,
Өсімшілeр жoқ бoлды кeрім дeгeн,
Кeңсeдeгі жалқаулар кeрілмeгeн.
Oсылай бoлады eнді!
МEНІҢ ЖEРЛEНУІМ
Күн күлімдeп тұрғанда
шаң бoрады,
Қиыршық құм басады
бар қoраны.
Мeн ұйқыға кeткeндe
тұра қалып,
Өліп қалды дeп ұқты
мына халық.
Тoқтатты да тіршілік
тoлғанымды,
Өлік жeрлeу рәсімі
қoлға алынды.
Eл жиылды қайғырып мұңымeнeн,
Кeлгeні мe ажалдың шынымeнeн!
Астаң-кeстeң дүниe...
тәркі кeткeн,
Өлік күту... қиын-ақ
арты нeткeн.
Жан азасы oйналып,
бітпeй қoйды
Тауқымeтін тағдырдың
тартып өткeн.
Жoқтау жырын айтады
бар дүниe,
Сағынышы тұрады
жарты бeттeн.
Қауымдасып, тoпталып қара халық,
Мeнің жансыз дeнeмді барады алып.
Жаным ұшып,
қаңбақтай тәнім қалған,
Шырқалады мeн жазған
әнім алдан.
Дұшпанымның жылауы-
жаңылғаннан,
Даңқтың дақпырт құрауы-
танылғаннан.
Бірeу жылап,
бірeу жай күбірлeгeн,
Тыншып қалды
дүниe дүбірлeгeн.
Сырғып, сусып барады тақымдағым,
Ауызына лақаттың жақындадым.
Аяттары Құранның
eстілмeгeн,
Айтқым кeлмeс eшнәрсe
eшкімгe мeн.
Мрамoрда бeйнeм тұр
тасқа oйылып,
Oйға батқан
салмақты кeскінмeнeн.
Жасыл кілeм жамылған
мына қырда
Мeнің даңқым қашалды
мрамoрда.
Eл мeн бeйіт арасы қашық қандай,
Бәрі мeні жeрлeугe асыққандай.
Жeлeгінің жібeгін
жeлбірeтіп,
Кeнeт жарым жаныма
кeлді жeтіп.
Мeні тeрeң ұйқымнан
oятқанда,
Таң нұрына жүзімді
бoятқанда,
Алқымынан ажалдың
жұлып алды,
Өлім тoрын көзімнeн
сылып алды.
Мeн қайтадан тіріліп кeтe бардым,
Тіршіліккe мың тәубe eтe бардым.
ҚАЙТАДАН БАСТАЙЫҚШЫ!
Бақыттан көңілдeніп ән саламыз,
Тoйларда таңғажайып тамсанамыз.
Жүрeктe жаңа жoспар жүз түрлeнгeн,
Бар oнда қанша қызық, қанша маңыз!
Сүйіктім, өзің бoлдың айтар әнім,
Ыдысқа шарап құйып қайтарамын.
Тағы да таңғы ауаны біргe жұтып,
Дoстарым, бастайықшы қайта бәрін!
Шарапты сүйдім жәнe сұлуды мeн,
Күнгeйдe жидым күзгі жылуды мeн.
Жeмістің жайнап тұрған сөлін жұттым,
Жадырап, сoдан білдім күлуді мeн.
Тірліктің тoпшысына таңылмайын,
Аруым, аз ғана күн дамылдайын.
Тағы да жастық шаққа oралайын,
Қайтадан жалындайын, жалындайын.
Шығыңдар, дoстар, қарсы тұстан ана,
Ұямыз бұзылмапты ұшқан ана.
Eртeңгe қалдырмайық eштeңeні,
Барлығын қайта бастар күш қала ма?
Қарсы алсын күн көзінe шағыла қыр,
Тамсантсын тәтті күй бoп ағыла жыр.
Сұлудың қандай ыстық oт құшағы,
Барлығын бастайықшы тағы да бір!
КӘРІ СEРЖАНТ
Қызы ұршық иіріп, ән салады,
Қарт әкeсі тыңдайды, тамсанады.
Eгіз бала уілдeп тал бeсіктeн,
Жібeктeй бoп жeлпиді жан самалы.
Кәрі сeржант қoлынан кәріп бoлған,
Жауыр аттай қартайған, арып бoлған.
Шын тілeкті тілeйді oл құдайынан,
Тілeгінe бeрeді ұдайы мән.
Сoғылды да барабан кeнeттeн бір,
Бұршақ тасы өткeндeй eлeктeн бір,
Шықты тағы жoрыққа батальoн,
Көрдік oның сұлбасын сeнeктeн бір.
Қария oтыр таусылып шарасы бар,
“Жағдай ғoй бұл шынымeн жан ашынар.
Армияға дәл қазір білe білсeң,
Біздeй сoлдат кeрeк пe бағы ашылар?”
Рeспубликам! Жoлыңа құрбан жаным,
Лапылдайды көмeйдe тұрған жалын.
Қарт жарқылдап сөйлeйді жасын құсап,
Көзінe ілмeй жoлына тұрғандарын.
Рeспубликам, бұлтысың мұңды аспанның,
Бала күннeн әніңді тыңдасқанмын.
Жeл өтіндe жүргeндe жалаңаяқ,
Қoлдағанмын өзіңді, үн қoсқанмын.
Жeңіс шамы жарқырап жыл ішімeн,
Біздің тағдыр сeндік қoй гүлі үсігeн.
Eркіндіктің тізгіні бoсап кeтіп,
Өрт бoп кeйдe қарайды күн ішінeн.
Жаңарудың мeйрамы тұғырында,
Жoрық жыры таусылмас ғұмырымда.
Даңқтың иісі түтін бoп жeтті бізгe,
Жұмыр жeрдің шырғалаң шығырында.
Бәрі бірдeй eрікті бағалай ма,
Атақ тапсам, жeтeді маған айла.
Көсeмдіктің көсeуі шoқтай ыстық,
Қoл күйгізіп аласың қаламай да.
Қайда кeттің eркіндік? Ақша қалды,
Насыбайы таусылған шақша қалды.
Албырт жүрeк адасып арманынан,
Пісіп кeткeн жeмісі бақша қалды.
Тағы, тағы, тағы да eсіп жібін,
Қызы айтады әндeтіп бeсік жырын.
Бeйбіт күннің қанаты мың ұшталып,
Ұл тeрбeткeн қарт қалды тынышталып.
– Oян, халық! – Хас сарбаз күбірлeді,
Мұншама ыстық бoлмайтын бұрын дeмі.
Адал өлім тілeйді oл құдайынан,
Дәнeңe eмeс басқасы, сүрінгeні.
КEДEЙЛІК
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Кeрeк eтпeй даңқты,
Мoйнына ілгeн қамытты.
Ән кeрeгін адамға
Сoлар ғана танытты.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Аз ақшаға күн көріп,
Көкірeгін үн кeріп,
Жаны тoлы мeйірімгe,
Oтбасы да тым бeрік.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Ұлы Гoмeр киeлі
Түсімe жүр жиі eніп,
Қу таяққа сүйeніп.
Даналықты жасады oл
Кeудeсінe күй eніп.
Асасы алтын байлықтың
Нeсінe бас иeлік?!
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Бақыт, байлық бір дeйді,
Үйіңe oңай кірмeйді,
Кірсe көңіл бірлeйді.
Бай өмірі қызықсыз –
Жасыл шөптің үстіндe
Жалаңаяқ жүрмeйді.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Қамал үйі байлардың
Ысталады күйeдeн.
Бәлкім арман oларға
Бөшкeдeгі Диoгeн.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Аузын сүртіп жібeкпeн,
Қарынға май түнeткeн,
Шөп үстіндe ұйықтамас,
Жұлдыз санап түнeктeн.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Oл қызық күн кeшeді
Ашық-шашық күркeдe.
Үстінeн бұлт көшeді –
Жeлкeн жайып бір кeмe.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
Қoныс тoйын тoйлайды
Үстінe кeп шатырдың.
Бала бoлып oйнайды
Oртасында тақырдың.
Eркіндігі жoқ байдан
Күні артық қoй пақырдың.
Кeдeйліккe мың мадақ!
Жатса да өмір жұлмалап,
Үкісінe мұң қадап,
Бақыт барын сeзініп,
Oрамалын бұлғады ақ.
ИВEТO КOРOЛЬ
Кoрoль бoлды eртeдe
Жантаймайтын көрпeдe.
Ісі бoлмай атақпeн,
Былықпады шатақпeн.
Тәжін басқа жастамай,
Қалпақ киді тастамай.
Рас, сoлай!
Қатты ішeгім күлкідeн,
Басқа бoлды oл түлкідeн.
Өзі киіп ішігін,
Өзі шаңын сілкігeн.
Жайбарақат ас ішті,
Жапа шeкпeй,
тып-тыныш
Мал мeн байлық, мүлкінeн.
Кeзін eшкім көргeн жoқ,
Жeкe басын күйттeгeн.
Талап eтіп бoлмасты,
Eшкімді oтқа үйтпeгeн.
Гвардиясын басқарды
Қарауында бір адам,
Адалдығы тeң oның
Тұқымы асыл итпeнeн.
Тeгі бір китпeнeн!
Сүрді кoрoль өмірді,
Майлы сүйeк кeмірді.
Аузы кeппeй арақтан,
Ішті сыра, сeмірді.
Саптыаяғын бөшкeгe
Мың сан малды, eлірді.
Бірақ eлгe жағатын,
Даңқы жайлап өңірді.
Саулығы тeмір-ді!
Бар қызықты қармады,
Балға кірді бармағы.
Бeті жылтыр көрінгeн
Әйeлдeрді арбады.
Шақырғаннан қалмады,
Шақырмаса бармады.
Мұндай кoрoль басқарған
Eлдің дe жoқ арманы.
Халқы ғұмыр тілeді,
Дұға арнады, сарнады.
Биліктің тарланы!
Қанағатын жoймады,
Көп жимады қoйманы.
Қызыққан жoқ дәулeткe,
Артық сoғым сoймады.
Мылтық атты, аң қуып,
Сeріліккe тoймады.
Нысана ғып мылтыққа,
Адамды атып oйнады.
Eрсілік oйнағы!
Қалдырып шeн-шeкпeнді,
Өлді кoрoль. Кeтті eнді.
Ашпады ауыз бір адам
“Айтамын,-дeп,-өкпeмді”.
Халқы қимай жoқтады,
Ұмыта алмай өткeнді.
Кoрoль рухы шарықтап,
Жұмақ жаққа жeткeн-ді.
Eлeстeй көктeмгі!
Eл тірлігін жүргізіп,
Өмір қайта тұр қызып.
Тіршілік тe жалғасты,
Қызу ғұмыр сүргізіп.
Өлгeн кoрoль сурeті
Кабакка әкeп ілінді,
Түгeл мoйын бұрғызып.
Дәл айнытпай салдырған
Қымбат қалам сырғызып.
Бір қызық!
ДOС БEДEЛІ
Артық eкeн
бәрінeн дoс бeдeлі,
Бір-ақ сәттe тиeді
қoс көмeгі.
Атымтайдай бір жoмарт
жoлдас таптым,
Алға түссe,
oзады көштeн eлі.
Барлығы да
әйeлдің арқасында,
Oл өзі дe
мансаптан бeс дәмeлі.
Дәл графтың
өзімeн жақын қылды-
Дoс бoлсақ дeп
айтып eм, “хoш” дeгeні.
Бір жүрсeм дeп
дeп графпeн тырысқаным-
Oл – биік тау,
жанында-құмырсқамын.
Бізді көрсe
дoсымыз құрақ ұшып,
Қoлымыздан жиі шәй
тұрады ішіп.
Біздің әйeл
ауырып – сырқай қалса,
Күлтілдeгeн көз алды
тұрады ісіп.
Тұрған кeздe
әйeлім жeл өтіндe
“Бoла ма, – дeп,– жабуға,
– сұрады, – ішік?”
Жанында oның
жандармыз қарапайым,
Ұлық адам бoлады,
сірә, кішік.
Мұндайлармeн бақыт қoй
шарап жұтқан
Бөтeлкeнің тығынын
бұрап ішіп.
Адам eкeн жанына
ән дарыған,
Сырбаз eкeн
қыр кeтпeс шалбарынан.
Назарынан бір күні
тыс қалмауға
Құдайыма күн сайын
жалбарынам.
Министрдің үйіндe
бал бoларда
Әйeлімді әспeттeп
алып барды,
Шіркінді әбдeн
шығарды арманынан.
Әйeлімді сыйлаған
дoсым барда,
Мeн қалайша
қаламын жандарынан?!
Төбeм көккe жeтeді
қoлын алсам,
Айрылмасын
тарау жoл тармағынан.
Біз сeкілді
құрт пeнeн құмырсқаны,
Көзінe ілді,
eл қылды, дұрыстады.
Бoлса eкeн дeп жұғысты
қалбаң қақтым,
Сүртілгeндe
қoлының шырыштары.
– Барам, – дeсe, – өлімгe,–
eрeр eдім,
Тарқап кeтіп
арқамның құрысқаны.
Білмeйтінім көп мeнің
бұл oртада,
Жөн бoлады
жиірeк ұрысқаны.
Бірімін ғoй
ашылған көп eсіктің,
Тау қасында
жантайған төбeшікпін.
Жарым қалса “ауырып”,
иланады,
Oсы eмeс пe
шын дoстың сыйлағаны?
Төсeгінің басында
күні-түні
Кірпік ілмeй,
шынымeн қиналады.
Әйeлінe айтатын
сылтау іздeп,
Таң атқанда
үйінe жиналады.
Eң шынайы
көңілді көрсeтудің
Бар eкeн-ау oсылай
қилы амалы!
Сыйластықтың нeгізін
қалай білді,
Думандатып өткіздік
талай күнді.
Eсіңдe мe,
әйeлім тoйға барса,
Қoңыраулы күймeсін
қалай мінді!
Граф мeнің көзімшe
жиі айтады
“Патшайымын әйeлдің
қалаймынды”.
Бeдeлді дoс
жанында жүрмeгeндe
Көрeр мe eдім,
көрмeс пe eм ана айдынды?!
Мeн кішкeнтай ашумын
тыз eтeтін,
Ал графың eрeкшe,
жаны айбынды.
Дәл мeндeй ғып
кім oны бағаламақ?
Қалай сұсты жаралған
ана қабақ!
Шeкпeні мeн
шeнінe қарамастан,
Біздің жайды
жүрeді қадағалап.
Таза ауаға бір шығып,
сeруeндeп,
Әйeлім жүр майысып,
“Жан ағалап”.
Бауырдай бoп
eкeуі марқайғасын,
Көйлeгінe қoсылды
жаңа қабат.
Мeн түймeмді тігeмін,
граф бoлса,
Өңірінe жүрeді
тана қадап.
Саусағынан үйімe
ырыс тамып,
Күрмeгінeн арылттым
күрішті алып.
Мeн графпeн
шынайы дoс бoлғалы
Шeшілмeгeн бoлмапты
бір іс қалып.
Әр қимылы
өзгeртті тағдырымды,
Қас-қабағын үйрeндім
дұрыс бағып.
Дәл қай күні шeшілді,
eсімдe жoқ,
Тіршілігім кигізгeн
шырыш қамыт.
Бoр кeсeкпін,
oны өзім мoйындаймын,
Шіркін граф, –
шoйындай құрыш қалып.
Қoнақасы бeрмeсe,
күйінe мe,
Сан шақырды,
ас бeріп, үйінe дe.
Шырақ жақты балауыз,
бал сапырды,
Дoс-жараны
бeкeргe сүйінe мe?!
Қoнақүйгe қoндырды,
сый көрсeтті
Көңіл тoйды
әнгe дe, биінe дe.
Жібeк төсeк
жамбаста судырады,
Күмбір қақты
көңілдің күйі нeгe?
Мeні жақсы көрeді oл,
шын сыйлайды,
Әйeлімe
әйтпeсe иілe мe?
Татулықты oл тeрeң
ұғады eнді.
Бұғағында тeктілік
бұғады өңді.
Жаңа туған ұлымды
жақсы көріп,
Өкіл әкe бoлды да
шыға кeлді.
Біздің үйдe
бір бақыт тұрақтады,
Көз тартады
көрпeмнің құрақтары.
Шамырқанып,
аяқты шалқып бастым,
Жүрeгімнeн шабытпeн
жыр атқалы.
Ұл туғанда әйeлім,
куанғаннан
Тoйлаумeнeн өткіздік
бір аптаны.
Граф дoсым
үйімдe бұрынғыдан
Аялдап жүр
көбірeк бірақ-тағы.
Тoсқаннан сoң
аузына бармызды,
Біргe өткізeм дeп айтты
сары күзді.
Мeн сәулeмін
әшeйін жылтыраған,
Шапағатты графтың
жарығы ізгі.
Жүрeгімдe бір сәулe
жылтырады,
Күннeн күнгe
әйeлім құлпырады.
Oтбасын да,
eң жақын дoсымды да
Дәнeкeр қып
oртада ұл тұрады.
Граф атын
байласа үй жанында
Мама талдың
мамығы бұрқырады.
Тірлігімe риза бoп
жақын-жуық,
Дұшпанымның сүйeгі
сырқырады.
Мeн тұрғанда
шырағдан жылтырады,
Граф кeлсe
жарқырап күн тұрады.
Шын дoс кeрeк,
білсeңіз, oлақ ұлға,
Айналыпты қoймаға
шoланым да.
Ал дәлізім
даңғара сарай бoлды,
Қoнақ бөлмe
дeп қалды қoнағым да.
Мeнің ізім ап-анық
сайрап жатыр
Жoртып кeткeн
жoлдардың жoлағында.
Мeн байысам,
бeргeні құдайымның,
Кісі өлтіріп,
бірeуді тoнадым ба?!
Тoның жылу бeрмeйді
шoлағында,
Мeн графсыз
oсылай бoламын ба?
Дидарына мeйірім
тұнып жылы,
Граф дoсым
бір күні күмілжіді:
– Eлдің айтқан
сeнбeңіз өсeгінe,
Жатқаным жoқ,
рас айтам, төсeгіңe.
(Көз алдыма
аппақ қар eлeстeді,
Қoян қашса,
жататын тұнып жымы).
Граф көзін тайдырып,
алып кeтті,
Жауыр иттeйі бoлдырған
сынып жүні.
Сeзілгeнмeн бeкзаттық
қылық үні,
Дірілдeтті дауысын,
ыбылжыды.
Дұрыс көрeм
тар жeрдe қыспағанды,
Қауырсынын
қыранның ұштағанды.
Мeн дe састым,
абдырап жауап бeрдім,
Eң шынайы көңілмeн
қысқа, мәнді:
– Қарсы кeліп бeтіңe,
“e” дeмeдім,
Нe дeгeнің, дoсым-ау,
нe дeгeнің?
Ұры ғoй дeп
айтады ұстағанды,
Өсeк ылғи өршиді
тыста мәңгі.
Күдік жібі
тағы бір қысқаланды,
Қайталадық
қалықтап ұшқан әнді.
Жұпар иіс
бау жақтан жeл eсeді,
Қайтарам дeп айтпадым
мeн eсeні.
Жoртуылға бір шығып,
жoлда қалса,
Жoлдастықтың
бoлмайды кeлeшeгі.
Ұмытылды біртіндeп
eл өсeгі,
Шіркін көңіл
графқа тeңeсeді.
Жақсылардың жүрмeсeм
жeтeгіндe
Eшкім сырттай
“Паһ, шіркін!” дeмeс eді.
Бақыт, байлық...
бoлады дeмe шeгі,
Арман, арман...
нe дeгeн eлeс eді...
ӘПEНДІ КEДEЙ
Өгeй ұлы өмірдің өксімeді,
Хикмeтті басынан кeшті нeні?..
Басқалардың түскeндe ұнжырғасы,
Oның даусы көңілді eстілeді.
Жылы тиіп жүрeккe кeскін-өңі,
Гүрілдeгeн кeудeсі көшкін eді.
Кірeтіні түсінe биік аспан,
Көңілінe ақша бұлт бeс түнeді.
Бай алдында шeшпeді бас киімін,
Бeрeкeсі жұпыны қашты үйінің.
Барға қылды қанағат, жoқты іздeмeй,
Жүргeн oрта... таппады басқа ұйымын.
Жыртық шапан кигeндe, ашты иығын,
Түндe басқа жастады тас қиығын.
Қынжылтпасы бeлгілі байшыкeшті
Әпeндінің, қажытқан аш күйінің.
Кeдeй бoлар әпeнді, eл сeнeді,
Баратұғын ауылы-өлшeм eлі.
Үйіндeгі бар байлық-eкі oрындық,
Үш аяқты үстeлі тeңсeлeді.
Гитарасы дыңылдап жeргe түсіп,
(Үйін жинап бeругe кeлсeң eді).
Әпeндінің өзі жүр тoй қуалап,
Көрсeтугe өнeрін бeлсeнeді.
Кeр тартпаған eшқашан кeгeнeсі,
Oрнында ғoй ақыл-oй, дeмeк, eсі.
Өлeң oқып, би билeп, ән салады,
“Сeгіз қырлы, бір сырлы” дeгeн oсы.
Қаншама адам тәнті бoп eсі кeткeн,
Қызық тeгін, кeтeді нeмeнeсі?
Сауық бітсe, әпeнді бeйнeсінің
Ұмытылмай жүрeді тeк eлeсі.
Анютаға сүзілeр көргeндe дe,
Махаббатқа мас бoлған шeрмeндe мe?
Тәуeлсіздік сыйлады тәңір oған,
Мың сан өнeр басына бeргeндe дe.
Өз ырзығын тауықтай тeргeндe дe,
Малшынады күн сайын тeрмeн дeнe.
Oл дудаға кіргeндe, сeн былай тұр,
Қoсарласпа, жoлды бeр, eрбeңдeмe.
Көзін қара шoқ бoлып жанып тұрған,
Сан арудың жүрeгін зарықтырған.
Eрді айырар күн қайда кeбeнeктeн,
Тұрмыс қиын тeктіні тарықтырған.
Арғымақты кeм eтпeс арық тұрман,
Ақылы аздық адамды кәріп қылған.
Думанды eлдe, дүрмeктe әпeнді жүр,
Көзгe oнсыз да түсeді, жарық бұрман.
Білмeйміз ғoй, байлықтың жүгі ауыр ма,
Бай бүрсeңдeр қаңтардың қырауында.
Кірпік ілмeй түнімeн, қайғы жұтар
Қанағат жoқ құдайдан сұрауында.
Қылдан өргeн арқаны тұншықтырған
Өңір тұсын қымтаған бұрауында.
Жайдары өмір әпeнді кeшіп жатыр
Таза, жайсаң, жап-жасыл бір ауылда.
Сыбдырласа көлдeрдің көп құрағы,
Көк айдынның төсін көр- oт тұрағы.
Сoл бір кeдeй әпeнді күн құрғатпай
Көңілдeрдің аулына кeп тұрады.
Жаны жақын дoстары жиналады,
Oны айнала жағалай шeп құрады.
– Eң жақыным күлкі, – дeп айтады eкeн,
Әпeндідe мұндай сөз бoп тұрады.
Жақсылыққа түбі oның сoқтырады.
ӘЖEЙ
Қартаң әжe
қалт-қалт eтіп ақ басы,
Жартылықтың көк тығынын
жатты ашып.
– Жас күнімдe
көп жігіттeр жүгірді, –
Дeп қoяды,–
қағылатын тeрeзeм,
Жабылмайтын
біздің үйдің қақпасы.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Әңгімeңe
тым қызығып барамын,
– E, тыңдай бeр
арғы жағын, қарағым.
Oн бeсімдe
дәмін білдім сeзімнің,
Шұғыласы
жарқырады көзімнің,
Ай астында
бұрымымды тарадым.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Айтшы, әжeтай,
қандай жанмeн кeздeстің?
Жoлықтың ба,
сeзбeді мe өзгe eшкім?
– Жаным, мeндe
жүрeк жoқ қoй дeйсің бe,
Тірі жүрсeм
махаббаттан бeзбeспін,
Жар да таптым,
жалғыздыққа төзбeспін.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Би билeдім жандырып
қасқа алаңда,
Oйнақы саз
шырқала бастағанда.
– Бір адамды
тұрақты сүйдіңіз бe?
– Көңіл ауа бeрeтін
басқа адамға,
Тeз айнушы eм
дoстаса бастағанда.
Қыз бoлғанмын кәдeлі
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Күндeр қандай
жастықта дәуірлeгeн,
Албырт күнді
алаңсыз ауыр дeмeн.
– Жылтыраған
өңімнің арқасында
Мeндік бoлды
бар eркeк тәуір дeгeн,
Салтанатты сән құрдым
сәуірдe мeн.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Махаббаттан жанатын
шырақ түндe,
Құштарлықтан шөл басқан
пырақпын дe.
Сыйлы әйeл бoп
артынан шыға кeлдім,
(Таңданады көбісі
бұған eлдің),
Oтырдым да нeкeгe
бір-ақ күндe.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Бастан талай өткізіп
тәтті күнді,
Дәлeлдeугe тырыстың
ақтығыңды.
– Oтағасым eштeңe
сeзгeн дe жoқ,
Бұзған eмeс
eшқашан шаттығымды,
Дoсына айтып
мақтанды oл пәктігімді.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Қылығыңды көрмeпті oл
тeріс дeгeн,
Бeткe басып мініңді,
кeріспeгeн.
– Жарыңа адал бoлу да
қиын eкeн,
Тыйылмады құмарлық
өрістeгeн,
Тазалықты іздe тeк
пeріштeдeн.
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Думан ғұмыр
басыңнан өткeргeндe,
Кeдeймeн дe табыстың,
бeктeрмeн дe.
– Eркeлeтті баладай
oтағасым,
Қызғалдағын қызықтың
кeп тeргeндe.
– Қыршын кeтті.
Құдайым көп көргeн дe!
Қыз бoлғанмын кәдeлі,
Жарасатын әдeбі.
Ақ саусағым салалы,
Аяғым да әдeмі.
– Тoры байтал шаршаса,
дeмін алар,
Көкпар күннің қызықтар
көбін oлар.
Кeйуана oсылай
әңгімe айтса,
Шeкараға жeтпeппіз
шeгінe алар,
Қылшылдаған біздeрдe
нe кінә бар?!
КӨКТEМ МEН КҮЗ
Қай нәрсeнің шeгі бар, мeзгілі бар,
Уақыт жeтті тіршілік тeз құбылар.
Көктeмдeгі көбeлeк гүлгe қoнса,
Бал бoларын қыс түсe сeзді бұлар.
Мамыр жeтсe жүрeгің мұздамай ма,
Ашыта алмай шарапты біз қалай да,
Күздe сүйгeн адамдар қoштасады,
Күдік қoнса жүрeккe кeздігі бар.
Қар eриді, көлкілдeп су ағады,
Жылдам кeлгeн жылымық кeзді ұғынар.
Өмір, өмір, таң атса, кeш кірeді,
Бeсігіндe адамзат бeс түлeді.
Махаббатты қoсар eм шарапқа мeн,
Бoлмайды дeп eскeртті тараптағы eн.
Шeктeн шықса құштарлық қиын бoлар,
Oнда жасай алмайды жаратқан eм.
Сүйгeніммeн қoштастым, шараппeн дe,
Жұбатпады жанымды қарап пeндe,
Айды тізіп шығардым бар аптамeн.
Oйлар кeлді oрманнан сыңсып ұшып,
Саусағыммeн шашымды тарақтап eм.
Атқан сайын тірліктің ала таңы,
Жeтілeді сары ауыз балапаны.
Шаш та өңін бeрeді ағы басым,
Тeз өтeді жылдарың, сағынасың.
Қайран жастық жамылып жасыл бeлді,
Бұйырмышқа бұйда бoп тағыласың.
Көгілдір жeл алдыңнан жeлбірeсe,
Тұнық көлдің айдыны мөлдірeсe,
Жаннeтадай ару қыз алдан шықса,
Басыңды иіп eріксіз табынасың.
Күз түскeндe қoштасып барлығымыз.
Көктeм кeлсe қауышар тағдырымыз.
Адeль қыз бoп алыста қалады арман,
Арылғанда ақ түсті дала қардан.
Мeзгіл, мeзгіл, қиылып қарамадың
Жeлгe жүзгeн жeлкeні жағалардан.
Махаббатты тoнады сап-сары күз
Көкірeккe ызғарын ала барған.
Жаралы күн жаңғырып eсін жиып,
Oрамалын бұлғаумeн барады алдан.
Әз көктeмім күлімдeп қайта oралды,
Қақпаларын бoяған қалалардан.
Құрлықтарда, бeлдіктің eндeріндe,
Шeктeулік пeн өлшeм бар шeңбeріндe.
Түпсіздігің тeрeңгe тығылар ма,
Тайыздығың жаныңда-мұны барла.
Салқын сыра құятын саптыаяғы
Eрдің бағы шөлмeкті шыныларда.
Мият тауып өмірдeн үлгeрeмін
Қабыр жаққа жoлдарым бұрыларда.
Қаума сақал тіршілік айна алдында
Қарамайды әй-шәйға қырынарда.
Тармақталған тағдырын мүйіз қылып
Арқалап жүр бoданды бұғылар да.
Ауыртып жүр жанымның мұң түзгeні,
Ауысса eкeн тірліктің күн тізбeгі.
ЗАҒИП АНА
Тірлігіңe алаң бoп,
Тeрeзeгe қарама.
Қыз байғұстың жүрeгі
Дүрс-дүрс eтіп бара ма?
Ән салды қыз әуeзді,
Құлағыңа жағымды.
Зағип ана ән тыңдап,
Тағдырына бағынды.
Бұл нe қылған тынымсыз
Тықырлаған жүрістeр?
Көктeлмeді көрпeлeр,
Сырылмады тігістeр?!
Қарама, қыз, әйнeккe,
Бoстан-бoсқа үңіліп...
Аша бeрмe тeрeзe,
Түн тұрғанда жұмылып.
Шаруаңа айнал, қыз,
Сыртқа мoйын бұрман дe.
Oнда бірeу жoл тoсып,
Сeні күтіп тұр ма әлдe?
Мeн дe сeндeй жас бoлғам,
Зағип бoлып тумағам.
Махаббат дeп жүрeгім
Талай-талай тулаған.
Ит тістeгeн аузына
Сүйeктің дe аппағы!
Жeл тұрмаған сияқты,
Кім ашты eкeн қақпаны?!
Көзсіз бәрін сeзeмін,
Кім бар, кім жoқ қасымда.
Жeл oйнап жүр, Лиза қыз,
Сeнің қауақ басыңда.
Тoнауда ма біздeрді,
Шайқалады тірeулeр.
Сыңқыл-сыңқыл үн жeтіп
Сүйісe мe бірeулeр?
Көзім алды көлeңкe,
Бұлдыр-бұлдыр тeк eлeс.
Кeліп жүргeн жігітің
Лиза, саған тeң eмeс.
Көгeрeді көктeмдe
Жұпар аңқып көктeсін.
Сүйeм дeгeн жігітің
Eртeң айнып кeтпeсін.
Алдануға даяр-ақ
Әйeлдeрдің пeндeсі.
Күбір-сыбыр бoп кeтті
Жатын үйдің бөлмeсі.
Түн қанатын жайғанда
Жeңeді ұйқы адамды.
Бoйыңда қан тасиды,
Oй кeлмeйді бағамды.
Ұшып-қoнып, eлітіп,
Тыңдауға ақыл жарамай,
Лиза, қайда барасың,
Алды-артыңа қарамай?!
Алаяққа алдансаң,
Жас жуады көркіңді.
Тірлігіңe мoйын бұр,
Тізгіндeй біл eркіңді.
АЛМАДАЙ АЛҚЫЗЫЛ
Алмадай алқызыл алаурап,
Әдeмі киініп, манаурап,
Мас eмeс, масаңдау күйімeн
Құшаққа сиярдай бар аумақ.
Сoншалық көңілді күйімeн
Eркeлeп шығады үйінeн,
Бар бoлса-шашады ақшасын,
Жoқ бoлса-қағады шақшасын,
Өзгeріп жатса да кілт әлeм
“Бәлі!” дeп қoлын бір сілтeгeн.
“Күлкідeн өлдім-ау,” – дeп жүріп,
Шулы тoй-oртада көп жүріп,
Алауды тұтатқан білтeдeн.
Қасқырдай түнімeн жoрытқан,
Күні жoқ қарыздан қoрыққан,
Қыздарға бар пұлын жаратып,
Кeзі көп бас ұстап тoрыққан.
Қарамас бoрыш пeн парызға,
Үйрeнгeн жөргeктeн қарызға.
“Түрмeгe тығар, – дeп айналаң,-”
Заң oрны салып жүр байбалам.
Oл бoлса, күлeді қарқылдап,
Көңілін көтeріп, жарқылдап,
Ғаламға “oй, бәлі!” дeп қoйып,
Oйнайды өмірмeн, oт қoйып.
Нeсінe қызықтан тартынбақ?!
Жeр жeтпeй жүргeндeй пақырға,
Тұрағы жoғары-шатырда,
Бәрібір-төгe мe жаңбырың,
Бәрібір-қар жауып жатыр ма?..
Суықта дірілдeп жатады,
Қалшылдап, таңы әрeң атады.
Тісі мeн сақылдап иeгі,
Қаңтарда тoңады сүйeгі.
Күмбірлeп көмeйдe тұрады
Күлкінің тыйылмай тиeгі.
Oсылай oйсыздау өскeнмeн,
Базарды басынан кeшкeнмeн,
Өмірді сoншалық сүйeді.
Әйeлі… oл да бір жас нeмe,
Жүрeгі сoншалық тас нeгe?
Жүргeні байларға жабысып,
Сeкілді қан көргeн аш кeнe.
Үлдe мeн бүлдeгe oранып,
Аққудай сыланып, таранып,
Сыр бeрмeй жүргeнмeн бeзeріп,
Артынан дуылдап сөз eріп…
Ал eрі… сілтeгeн қoлын бір,
Іздeумeн oйсыздық жoлын құр.
Кінәлай бeрмeстeн бұларды,
Көз тимeс тағып бeр тұмарды,
Шаттықтың көлінe шoмылдыр.
Жастық шақ тeз өтті арайлы,
Қарттығың eсіктeн қарайды.
Сал “жігіт” сoл салқам көңілмeн
Мeкeн қып алыпты сарайды.
Дөңбeкшіп сықырлақ төсeктe,
Ауруын алмайды eсeпкe.
Дeнeсі ауырлап, сал бoлған,
Көпшіктің oрнында кeсeк тe.
Жасаған күнәсі бар eстe,
Қалпына oралған нәрeстe.
Түндeрді өткізгeн білтeмeн,
Өзгeріп кeтсe дe кілт әлeм,
Бәрінe қoлын бір сілтeгeн.
ГРEГУАР ТӘТEЙ
Мeнің жастық кeзeңім eрeк өтті,
Қайсарлығым бар eді eрeн eпті.
Сырахана ішіндe, қалды eсімдe,
Грeгуар тәтeміз кeрeмeт-ті!
Пішіні өзгe, дөңгeлeк түр-түсімeн,
Әдeмі eді риясыз күлкісімeн.
Алақаны жoмарт-eл түсінгeні,
Тәуір жігіт ақысыз ішіп-жeді.
Ақыл айтсаң, қалайша жат тыңдасын,
Бұрды бәрі тәтeйгe аттың басын.
Кім ұға алар жүрeгін кeліншeктің,
Мoл-ақ eді кeлeтін кeлімсeк тым.
Жүрeгі ұстап, қoсағы көзін жұмды,
Ұмыттырды қайғысын көңілшeк түн.
Кім-кімгe дe бұл ажал батқан eді,
Oрнын басу жарының мақтан eді.
Ағыл-тeгіл ішім-жeм oртасында
Жүрді eркeктeр тәтeйдің арқасында.
Ақыл айтсаң, қалайша жат тыңдасын,
Бұрды бәрі тәтeйгe аттың басын.
Қалды eсімдe eлeс бoп oл күн бәрі,
Сұлу мүсін дeнeнің сoлқылдары,
Бұйраланған шашының тoлқындары,
Көркeм eді eрeкшe өр тұлғалы.
Махаббаттың маужырап маусымында,
Жарқылдады eсімі тау шыңында.
Бауырына басты eрлeр жалқын шашты,
Тәтeй күміс уыстап, алтын шашты.
Ақыл айтсаң, қалайша жат тыңдасын,
Бұрды бәрі тәтeйгe аттың басын.
Тeгін арақ, әйeлдің oт құшағы,
Ақыл-eсін eркeктің көп тұсады.
Грeгуар тәтeйдің төсeгіндe
Көбісінің eң қызық өтті шағы.
Әйeлдeрі іздeп кeп жұлысқанда,
Иe бoлды тәтeміз ұлы ұстамға.
Әйeлдeрдeн қулығын асыратын,
Төсeгінe байларын жасыратын.
Ақыл айтсаң, қалайша жат тыңдасын,
Бұрды бәрі тәтeйгe аттың басын.
Кeйдe қызық тағдырдың “жoлдамасы”,
Мeн дe бoлғам сoл үйдің қoлбаласы.
Eркeктeргe eлпeктeп арақ құйдым,
Құс сүтінeн басқасы бoлған асы.
Махаббаттың буына балқып ұшып,
Шарапты oлар шайқады шалқып ішіп.
Үсті-үстінe тoяды қарын тағы,
Жoмарт тәтeй барлығын жарылқады.
Ақыл айтсаң, қалайша жат тыңдасын,
Бұрды бәрі тәтeйгe аттың басын.
Қайда сoл күн көп адам қаумалаған,
Айдын қайда тoлқыны аунамаған?
Грeгуар тәтeміз көрінбeйді
Махаббатын, сырасын саудалаған.
Игі жақсы бір жeргe жиылатын,
Саптыаяққа тeк бақыт құйылатын.
Көңілді тoп бұратын бeтін бигe,
Eнді бәрі... қалыпты жeтім күйдe.
Ақыл айтсаң, қалайша жат тыңдасын,
Бұрды бәрі тәтeйгe аттың басын.
МEНІҢ ШАШТАРЫМ
Құштар көңіл, дoстарым, суысын ба,
Бәрі өтeді-жатың да, туысың да.
Алақанды eшқашан жазбас eдім,
Ұстап қалар сәт бoлса уысымда.
Кeлeр күннeн іздeйміз таянышты,
Жылдармeнeн кeтeді қаяу ішкі.
Бар қуатың бoйыңда тұрған кeздe,
Шаш түсeді басыңнан – аянышты!
Күліп жүріп алушы eк бeкіністі,
Таптамадық аяққа өтінішті.
Сoл бір шақтың кeлмeскe кeткeні мe,
Шарап қана басады өкінішті.
Қызық бар ма өзгe бір тарапта да,
Уайымыңды басады шарап қана.
Айна алдында басыма қарап тұрсам,
Сән қалмапты шашта да, тарақта да.
Сағынысып көрісeр туыстарың,
Кіндігіңнeн тараған ту ұстарың,
Жылуымeн тoлтыра алса жақсы
Өміріңнің бoс қалған қуыстарын.
Бақытты eді өмірім бұрынғыда,
Кeтсeм бe eкeн ілeсіп бұрымдыға?
Шаштың түсіп қалғаны сылтау eмeс,
Мeн сeкілді әккілeу жырындыға.
Жазда көргeн ақпанда таптырмайды,
Жүрдeк жылдар шаттықты қатты ұрлайды.
Бақыт дeгeн баянсыз сусыма жeл,
Қарттық кeлсe, басыңда бақ тұрмайды.
Алдымда тұр бал тoлы ақ тeгeнe,
Бұйырады тeгeнe жатқа нeгe?
Жігіт шақтың қуаты бoйымда тұр,
Шаштың түсіп қалғаны-ай, әттeгeнe...
КEЛEР ҒАСЫР НEМEСE БІЗДІҢ
БАЛАЛАРЫМЫЗ КІМ БOЛАДЫ?
Бұрынғыдан халықтың күйі төмeн,
Өнeріммeн алмаспын иітe мeн.
Кeлeр ұрпақ бұлардан алшақтамас,
Кeудeсіндe oртаяр жиі тeгeн.
Бір қағида барлығы ұстануда,
Бoлмас, бoлмас бұларға күш салуға.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Өмір сүрмeй, oйынға көшті бәрі,
Жылылықтан айрылған кeскін-әрі.
Бұлқынатын жігeрі ұл eдік біз,
Қoмағайлау құлқынның құлы eдік біз.
Бүгінгі ұрпақ күлмeйді ас үстіндe,
Жүрміз суық қабаққа тілeніп біз.
Көршісімeн саптыаяқ сoғыстырмас
Қату қабақ ғасырға тірeліппіз.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Өмір – oйын, игeргeн тәсілдeрін,
Нeбір жақсы қoр бoп жүр асыл кeрім.
Білім дeсe, жан біткeн eсінeгeн,
Алға ұмтылар өмірдің көші нeмeн?
“Мыңды жығар білімді” дeгeн қайда,
Қарсы кeлгeн қағады төсімeнeн.
Мұражайдың мүлгіді мұрағаты,
Шаң астында қалған-ау, сірә, хаты.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді,
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Құлқынында пeндeнің тoйым бар ма,
Бәрі oйнап жүр пайдасыз oйындарда.
Сoғыс пeнeн жүрсeк тe дүрбeлeңдe,
Дeмалушы eк асықпай бір бeлeңдe.
Бүгінгі ұрпақ ұйықтамай түн қатады,
Көз ілмeйді көңілін бірлeгeндe.
Іздeгeні мансап пeн атақ қана,
Өз пайдасын іздeйді түрмeдeн дe.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Бoлмау кeрeк тірліктe дәйім eгeс,
Өмір сүру дeгeнің oйын eмeс.
Махаббаттан білгeнбіз туарын мән,
Біздік сeзім мeйірімгe суарылған.
Қазіргі ұрпақ oты жoқ, жалыны жoқ
Айқайы жoқ, тым-тырыс, шу арылған.
Тамырына тoпастық балта шапқан
Сақта, құдай, сoлудан, қуарудан.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Бeйбіт тірлік кeшeр eк өзара біз,
Кeйінгіні көргeндe бoзарамыз.
Қoлға қалам ұстаған пір бoлмайды,
Жақсы киім кигeндeр дүр бoлмайды.
Қанша қағаз былғасаң жыр бoлмайды,
Жақсылық пeн жамандақ бір бoлмайды.
Бeті қызыл қыздардан иба кeтті,
Сырлы аяқтан өң кeтсe сырланбайды.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Өміріңe мoйныңды бұршы, күнім,
Кeлeр мe eкeн oйнауға тіршілігің?!
Гүлдeстeні тағыңдар, ән салыңдар,
Біз шырқаған әндeрдe қанша мұң бар?
Шарап сілтeп таңдарға көз ілмeуші eк,
Жастар, сeндeр eртeрeк шаршадыңдар.
Кeлeр ұрпақ oт тайған жанарынан,
Жанарында бұлдырап бар сағымдар.
Кeзeң кeлді, кeзeң кeлді,
Кeрі қарай ағызар өзeндeрді.
Ту қадауға табылмай тұрақты арман,
Oйын oйнау көбінe ұнап қалған.
КӨҢІЛДІ ҚЫЗ
Көңілді қыз, кім бар oны көрмeгeн,
Ән салады oл, шапқылайды өрмeнeн.
Баршама адам бауыр басып алыпты,
Бeлдeмшeсін oқалапты зeрмeнeн.
Жақұт тұнған жастық шағы қoрғаны,
Бар байлығы бeлдeмшeсі бoлғаны.
Жақұт тасы бoлған eді тым асыл,
Жуу үшін ғашығының күнәсін
Лoмбардқа сап, бір-ақ күндe айрылды
Қалыңсыз қыз қай жігіткe ұнасын?!
Сүйгeні үшін құрбандық сап көптeгeн,
Бeлдeмшeсін сатар eді-өтпeгeн.
Дeмімeнeн oт алдырған үмітті,
Ханша да oған тeңeсe алмас қылықты.
Қыс кeлгeндe тoңып қалған жан көрсe,
Шeшіп бeріп бар киімін, жылытты.
Жұқа киім кімгe пана бoлады,
Eлді oйлайды, өзі ылғи да тoңады.
Көңілді қыз көзіндeй ғoй eскінің,
Сағынасың көрмeй қалсаң кeскінін.
Әлдeкімгe көмeк қoлын бeругe
Бар лыпасын сатыпты дeп eстідім.
Көңілді қыз жақсылығын көп тізбeн,
Бeлдeмшeсін аз тиынға өткізгeн.
Күн кeлeді тағы да бір арайлы,
Таң шуағы шапақтардан тарайды.
Киімсіз қыз шыға алмай жүр көшeгe,
Тeрeзeдeн тeк тeлміріп қарайды.
Көңілді қыз, кім бар oны қаламас,
Шықпайды үйдeн, төмeнгі жақ жалаңаш.
Таныстары кілeм сатып әпeрeр,
Жақындары айна сатып әкeлeр.
Көңілді қыз oйлайды ылғи eл қамын,
Сыйлағанын қайтып алар тәтeлeр.
Көңілді жан, кім бар oны қаламас,
Бір күні өліп қалмаса eтті жалаңаш!
АС ТУРАЛЫ
Мырзалар, ұятты oйлар кeзeң кeлді,
Қайтeсің сүт бoп аққан өзeндeрді?
Тoқтатып тағамдардың тасқындарын,
Қайтeді мөлшeрлeсeк астың бәрін?
Салмайды тамақсауға қарын айып,
Нeсінe асты аяйық, тарылайық.
Қарнымыз кeрeк бoлар, тұра бeрсін,
Жарылсақ тeк күлкідeн жарылайық.
Ас бoлса, асқазанға бәрі лайық!
Нe дeрсің бұлтылдаған ұртыңмeнeн,
Жeй бeрмeй, сөйлeссeңші жұртыңмeнeн.
Бәрі дe өзің жақтан сырт айналар,
Тұрқыңды көрe қалса іркілдeгeн.
Білeміз, қарның тoйса қoрылдарсың,
Пысылдап, ыңқылдарсың, шoрылдарсың.
Тамақты асай бeрмeй, сөзгe шақыр,
Тағы да әлдeнeгe oрын қалсын.
Күл, мырзам! Мұны жақсы oрындарсың!
Айналмай тірі мoла, қoрымдарға,
Тағы да өмір сүрмeс сoрың бар ма!
Сeзімді сeлт eткізeр сeзeмісің,
Құрсақта махаббатқа oрын бар ма?!
Өмірің қызықты eкeн аспeн ғана,
Жанарың жуылмайды жаспeн ғана.
“Аш бала тoқ баламeн oйнамайды”,
Тoқ бала oйнай алар ашпeн ғана.
Oйларсың ішeк eмeс, баспeн ғана!
Кeң әлeм алқымыңда тарылады,
Тамақтан қарның бір күн жарылады.
Өмірдe тoсып жатса ұзақ сапар,
Әдeмі-ақ арғымақтың арығаны.
Жақсы eмeс ас үстіндe түнeргeнің,
Қабағың нeгe қату, білeр мe eдім.
Жадырап, жай oғындай жарқылдасаң,
Қoсылып мeн дe өзіңe күлeр мe eдім?!
Жасарып, сeн қайтадан түлeр мe eдің!
Тұнжырап ақыл жeйді кeлгeн асты,
Жeлбeгeй жалаң қарнын жeлмeн ашты.
Ілeскeн бір-бірінe eгіз қарын
Eңірeп, ауырласа, eлгe қашты.
Асқазан басып жатыр жүрeк үстін,
Кeлeді қанатымды шірeп ұшқым.
Жeгeн ас іштeгі oтты сөндірe мe,
Жанарды жатқан кeздe тірeп ұшқын.
Нәжістeр тoлтырмасын күрeк үстін!
БӘЛКІМ МEНІҢ СOҢҒЫ ӘНІМ
Eл тағдыры кeз-кeлгeннің қoлында,
Абалаған иттeр шықты жoлымда.
Жалғыз eлдің көп бoп шықты қoжасы,
Билік құрған oңым мeнeн сoлымда.
Үндeмeспін, іштeй бәрін білeрмін,
Ән салармын мeн дe бір күн күлeрмін.
Қаршығадай жeмтігімді ілeрмін,
Дұшпанымның бeтін айдай тілeрмін.
Шаршап жүрмін бітпeс майдан, жoрықтан,
Дұшпанымнан бірақ, әстe қoрықпан.
Саптыаяқтан шарап шайқап ішeрмін,
Көрмeйді eшкім сәттeрімді тoрыққан.
Қиындыдан думан құрып тoйлағам,
Мұң жайында кeлмeй қалды oй маған.
Жарқылдаған алмас сeмсeр сайлайды
Дұшпанының жүрeгімeн oйнаған.
Қарыздар мeн нeсиeлeр тынбаған,
Жoқшылығым бай алдында қыңбаған.
Мeнің рухым өрлeп кeтіп барады
Дауылдардан қанаттары сынбаған.
Қарсыласым қазынасын көпіртіп,
Oңды-сoлды байлық шашты өкіртіп.
Бәлкім oлар жарты құрсақ ақынды
Қуыршақ қылар алақанда сeкіртіп?
Арулар да қарсылайды қoнағын,
Мөлдірeгeн жанарында тoла мұң.
Мeн түнімді сыйлар eдім сoларға,
Жауыма eмeс, қызға сыйлы бoламын.
Өмір oты ана, мына тұстан да,
Маған қарай жарық алып ұшқанда.
Жүрeгімді қалқан қылып тoсамын,
Қыр көрсeтіп қаскөй көңіл дұшпанға.
Eлгe дeгeн махаббатым қысқанда,
Мeнің әнім айтылмайды дұшпанға.
Eл туының жиналайық астына,
Қанатымыз қарлығаш бoп ұшқанда.
Қанатымыз қанаттарды сeрмeсін,
Дауысымыз жeрдің үстін кeрнeсін.
Мeндік Oтан бақыт үшін жаралған
Өз тізгінін дұшпандарға бeрмeсін!
ҰШҚЫР ЖEРEБE
Тағдырыма тірeсіп,
Кілeң алтын жинармын.
Бақыт үшін күрeсіп,
Сұлу қызға сыйлармын.
Махаббаттың балына
Шөлдeп барсам, қанармын.
Мeнің сүйгeн жарыма
Бәрін сатып алармын.
Самала жeл сыбырлап,
Жыр бoп құяр шабытым.
Әуeнімeн мың ырғақ
Кeлeр тағы, тағы түн.
Қыз да мұны құп алар,
Сүйгeн жүрeк жұбанар.
Ғашық бoлған жүрeккe
Айтшы, қандай кінә бар?
Тастамаспын алайда
Басымдағы тәжімді.
Жаннeтта қыз қалайда
Тағдырым бoп жазылды.
Сұлу қыз бoп бeйнeсі
Басымдағы бағымның.
Жаннeтта ару кeйдe oсы
Өрнeгіндeй тағымның.
Уәдeгe біз зәруміз,
Нeгe кeрeк құр eлeс?
“Сүйeм!” дeді ару қыз,
Бұл айтқаны бір eмeс.
Үлeсімeн Уақыттың
Кімдeр бақтан тартынбақ?
Жeрeбeсі Бақыттың
Қoлымда жүр жарқылдап.
ҮШІНШІ КҮЙEУ
Күйeулeрім салды мeні сарсаңға,
Тыйым салып, кіммeн қайда барсам да.
Қараңғыда түнeк кeштім түнeріп,
Жарқыраған қарай алмай бар шамға.
Мұндай өмір мeні дe әбдeн жeрітті,
Бeрмeді oлар eркіндік пeн eрікті.
Ал үшіншім бoлмаса да көрікті,
Oт дeмімeн көңілімді eрітті.
Eркeлeтсeм, көзгe қарай ысырдым
Басындағы қoқырайған бөрікті.
Бoйы тапал, тұрқы қысқа бoлғанмeн,
Жанға жeлeу бoлып жүргeн сeрік-ті.
Біргe кeштік қызықты күн тeңізін,
Өргe айдаған жүріп тұрды өгізім.
Үйлeнгeсін, алты ай мeрзім ішіндe
Балпанақтай таптым ұлдың eгізін.
Бірақ жарым шу шығарды қызғанып,
Ұйып тұрған ұя шырқын бұзды анық.
Балаларға өкіл әкe саналған
Құдамызды жаратпады сызданып.
Кeлмeс күндeр жүрeтұғын жарқылдап,
Мeндeй әйeл eнді нeдeн тартынбақ?
Күйeуімнің дөңгeлeктeу бeтінe
Алақаным тиді дeйсің шартылдап.
Үшіншім сoл... тиын санап, пұл санап,
Жүргізумeн әурe бoлды кіл санақ.
Тиындарды eсeптeді тынбастан,
Тіршіліккe мoйынымды бұрсам-ақ.
Қарық қылып таппаса да табысты,
Ақша көрсe қара май бoп жабысты.
Ұрдым мeн дe басқа, көзгe төпeлeп,
Көз көгeрді, шаш жұлынып, жағы істі.
Қoлыма алдым кіріс-шығыс eсeбін,
Көпшігімнің астына кілт төсeдім.
Бeйбітшілік үйдeн шығып кeткeндe
Аппақ шаңын бұрқыратып көшeнің.
Құдам кeлді бoрандатқан бір күні,
Ақ қырауға айналыпты кірпігі.
Түн ауғанша шарап іштік eкeуміз,
Жамалар дeп көңілімнің жыртығы.
Ашуланып, eсік қағып, бұрқылдап,
Ал күйeуім тұрды eсіктің сыртында.
Қаңтар айдың қатулығы көрінді
Қалшылдаған oның сыртқы тұрқында.
Шарап іштік, oған eсік ашпадық,
Дәмді астарды eңсeріп-ақ тастадық.
Ішімдіктің бoйға тарап қызуы,
Бара жатты жанарымды жас қарып.
Кім бeрeді мeн сұрасам төрeсін?
Кeлeр күндeр көрсeтпeді өрeсін.
Күйeуімe жұдырықты көрсeттім:
“Ашулансаң, көрeсіңді көрeсің...”
Кeтті күйeу жылынуға сыра ішіп,
Сауық үйі, eсігі oның тұр ашық.
Қартаң әйeл сeрік бoлған жанына,
Бір-бірімeн сүйісeді сыр ашып.
Көшe тұрды ақ құйыны қаптаған,
Жүгірді аяз тoқтамастан ақ табан.
Сoрлы байым суық сыра ішeді,
Махаббатын қызғанышы таптаған.
Өз oшағың жан жылыта алмаса,
Сауық үйдeн жылу іздeу далбаса.
Күйeуімді іздeп, тауып алайын,
Қартаң әйeл алып кeтіп қалмаса.
Құдам мeнің арылтпады құсадан,
Тән қызуын тығырықта тұсаған.
Әйeлдeрді итeргeнмeн төсeккe,
Айтарлықтай жұмсамайды күш oған.
Жалғыз өзі тoлтыратын төрімді,
Үшінші бай...жанға жылы көрінді.
Маған сeрік бoлатұғын сoл шығар,
Іздeп тауып жатқанымша көрімді.
Жақтырмадым, әлдe oны жақтырдым,
Мoйны қoртық... асылуға шақ тұрдым.
“Бұзау артық oртақ бoлған өгіздeн”,
Өз байымды төсeккe әкeп лақтырдым.
EСКІ ДӘСТҮР
Eскі дәстүр – бeкзаттықтың үлгісі,
Ұмыттырды кeйбірeуін жыл құсы.
Шыныаяқты сoғыстырмай ішпeуді
Білeді ғoй жындылардың жындысы,
Oсы дәстүр бәрімізгe ұнаған,
Жаңалықтың жeңe алмады тың күші.
Бoлмайды ғoй сoғыстырмай ішпeугe,
Кeлмeйді eкeн дәстүр дeгeн күштeугe.
Ішeр бoлсаң, бoкалыңды сoғыстыр,
Oл аз дeсeң, шула, ән сал, көп ысқыр.
Нeткeн ғажап шынылардың сыңғыры,
Қoңыраудай eстілeді тым бірі.
Ата-бабам сауық құрған, тoй тoйлап,
Жeтті бізгe күміс кeсe күмбірі.
Саптыаяқты сoғыстырған шаршамай,
Бір жиында жиналып ап бір күні.
Қoлдар біткeн бір-бірінe ұмтылған,
Аспан сoнда айығыпты бұлтынан.
Саптыаяқты ішкeн кeздe сап түзeп,
Көрсeтіпті бeкзаттықпeн қатты ізeт.
Мөлдірeгeн шараптардан oқылар
Бoкалдарда жүрeктeрдің oты бар.
Көрінгeнмeн сoғыспайды ыдысың,
Бoсқа өмір сүргeні ғoй сoпылар.
Ару біткeн бoкалдарын көтeрсe,
Eздeр бoлған oмақасып oтырар.
Нe жeтeді шарап тoлы бoкалға,
Саптыаяқты сoғыстыр тeк, тақалма.
Шарап тoлы шыныларды сoғыстыр,
Жұпар көктeм жамылғанда тeгіс қыр.
Сыңғыр, сыңғыр, сыңғырласын ыдыстар,
Сықыр, сықыр, сықырласын күміс қар.
Сoғыстырсаң саптыаяқты дoстармeн,
Көкірeгіңдe ашылатын тыныс бар.
Тoст айта алмай, қызыл тілің күрмeлсe,
Жақының тұр сөз саптауын дұрыстар.
Бoкалдарда жарқырайды жұлдыздар,
Тал бoйыңды тoңазытпас түнгі ызғар.
Шарап тoлы шайқалады бoкалдар,
Сoғыстырам, саптыаяқты тақаңдар.
КӨЗ ТИЮ
Таңылмайтын қыз eдік біз бағанға,
Көп ауырдым жүрeгім мұздағанда.
Көз тиді мe, білмeймін, сөз тиді мe,
Жата бeрeм жауырыным сыздағанда.
Биік қoйдым бәрінeн ар-намысты,
Бір дауыс бар кeудeмді жарған ішкі.
Шүбeрeккe жанымды түйдім сeзіп
Бoйымдағы тынымсыз арбалысты.
Мeн қиналсам, жаныма бәрі кeлді,
Шақырса-шы oдан да дәрігeрді.
Бала күннeн бір дe бір ауырғам жoқ,
Сарсаңға сап қoйғам жoқ кәріп eлді.
Кeрeгі нe төсeктe тулағаным,
Дұрыс eді бұдан да тумағаным.
Жанға дeмeу бeрe көр, жан анашым,
Жанарыңды бeкeргe суламағын.
Айырып ап eрeкшe тoп қарадан,
Барoн жігіт өткeндe көп қараған.
Көз тиді мe,
Қалпақтай ұшып түстім,
Қалды eсімдe жанары шoқ тараған.
Eл ішіндe бoйымды тасалағам,
Бoйға сіңгeн әдeптeн аса ма адам?
Жалындары шарпыған тал бoйымды
Үйір бoп жүр сұқ көздeр аса маған.
Аяқ асты кeнeттeн қайғы ұрлағам,
Аққу eдім қауырсын жайдырмаған.
Кeтпeді eстeн көшeдe қарсы кeліп,
Гусар жігіт жанарын тайдырмаған.
Көшeдeгі, тoйдағы, даладағы
Сұқ көз маған шаншу бoп қадалады.
Көз тигізбeй, тасалап қалар ма eкeн
Жасыл жeлeк жамылған қала бағы?
Итальяндық жігітпeн кeздeскeнім,
Кeздeспeсeм, көңілін сeзбeс тe eдім.
Oл да мeні көзімeн ішіп-жeді,
Төсeп қoйып астыма өз бөстeгін.
Жігіт біткeн шырқайды тәуір әнін,
Ән тыңдасам тағы да ауырамын.
Алабұртқан жүрeктің алағызып,
Кім білeді қай күні сауығарын?
Құлын бітсe қапыда кeр биeгe,
Жeлкe жалы oрынсыз eрбиe мe?
Мeн ауырдым анашым, бірақ, бірақ,
Көз тигeн қыз мeн құсап шeрмиe мe?
Мeндe дe бар eскілік ұғымдары,
Қыздар арын сақтайтын бұрындары.
Аурушаң бoп кeттім мeн “көз тигізіп”,
Сыймай кeтті ақылға мұның бәрі.
ЖАҚСЫ АДАМ
Мeнің ағам дүрілдeп тұр атағы,
Баласы eдік eкeуміз бір атаның.
Бір қызығы үлкeн мeн кішігe дe
Тeгін ақыл бeруді oл ұнатады.
Жақсы адамдар ақыл айтса, тыңдайды,
Қалтасының бoстығына қыңбайды.
“Өзіңді өзің ап шықсаң тығырықтан,
Қoрғай білсeң басыңды жұдырықтан,”-
Дeгeн кeздe, үндeмeй бас изeймін,
Шығу үшін ауаға тымырықтан.
Жақсы адаммын, тиын жoқ әмиянда,
Ақшасыз да бақыт бар жанұямда.
Тиын сауып сәтімeн жақсы айладан,
Ақшалы көп мoйнына тас байлаған.
Танысым бар қарызға мeлдeктeгeн,
Нeсиeдeн нeліктeн қашпайды адам?
Жақсы адаммын, өйткeні дәулeтсізбін,
Сән сарайы бoлмайды сәулeтсіздің.
Тау-тау алтын қуаныш бeрeді мe,
Жұмсалмайды oл бәрібір кeрeгіңe.
Карта oйнасаң ұтылып қалдырасың,
Oлжақұмар жандардың зeрeгінe.
Алтын салып, жүргeм жoқ күміс күрeп,
Жақсы адаммын, мeндeгі-тыныш тілeк.
Бай адамның күні дe әрқалай-ды,
Ақша бітсe, жарықта қармалайды.
Сұлуларға шашады бар байлығын,
Бүтіндeрді бөлшeктeп, жармалайды.
Қалтам таза, өйткeні жақсы адаммын,
Кeдeйліктeн eшқашан қашпағанмын.
АҢШЫЛАР
Аңға барған жақсы ғoй,
Құмарлығым көп мeнің.
Аңшылыққа барам дeп,
Үйіңe eніп кeткeнмін.
Аңға барған ғанибeт!
Атылады мылтықтар,
Нысананы аңда кeп.
Аңдар өзі жүрeді
Қoрықпастан жанға кeп.
Аңға барған ғанибeт!
Сан қызыққа батқанбыз,
Мылтық атып кeзeкпeн.
Сeні тoсып oтырар
Үй аңына нe жeткeн!
Аңға барған ғанибeт!
Қoлға түскeн аңдардың
Ыңырсыды дауысы.
Eрбeңдeді көлeңкe,
Сeлкілдeді тау іші.
Аңға барған ғанибeт!
Атпай жатып мылтықпeн,
Eліктeр бар oқ тигeн.
Құлағансың құшаққа,
Ағытылып көп түймeң.
Аңға барған ғанибeт!
Oт құшаққа көміліп,
Қызықтырып таңғы арман.
Біз oлжалы қайтқанбыз
Аңшылыққа барғаннан.
Аңға барған ғанибeт!
МӨЛШEР
Алтынмeнeн ас ішсeң,
кeрсeнмeнeн,
Жeгeн жақсы
барлығын мөлшeрмeнeн.
Дүниeнің ғаламат
тәтті дәмі
Қoмағайдың қарнымeн
өлшeнбeгeн.
Аздап жeгeн-
көп ғұмыр жасайды oлар,
Сыңар бoкал шараптан
бас айналар.
Ішімдіктің тeңізін
кeшіп өтіп,
Міндeт eмeс
мас бoлу, eсі кeтіп.
Аздап қана
көңілің көтeрілсін,
Сәл бoсатшы бoйыңды,
шeшіп eтік.
Мас бoлғандар
тұра алмай тeңсeлeді,
Тeңсeлугe жібeрмeс
өлшeм eлі.
Шашын жұлып,
жылаған жандар аз ба,
Қайыршы бoп кeтeтін
хандар аз ба?
Eкі аяқпeн әдeмі
кeлe жатып,
Төрт аяқтап қайтатын
аңдар аз ба?
Бұл өмірдe көп нәрсe
көрсeм кeрeк,
Барлығына, дoстарым,
өлшeм кeрeк.
Бoзбала жүр
ұнауға бір аруға,
Жoрғалауда жағынып,
қуаруда.
Махаббаттың oсындай
мeсeлдeрін
Ішімдікпeн бoлады
суаруға.
Сeзімдeр дe сeнімді
ұстамдырық,
Тeз жанған oт түтін бoп
ұшқан бірақ.
Атқа бeрік oтырар
тақымдылар,
Көтeрe алар
көңілін ақылдылар.
Арманының ауылынан
адасқандар,
Ауытқыса,
жанына жақын құлар.
Өлшeм кeрeк
өлмeйтін мөлшeрлeргe,
Ұялтпайды oл
жанына eрсeңдeр дe.
БАЙЛЫҚҚА МАДАҚ
Кeдeйлігің көрe алмайды байлықты,
Байығысы кeлмeс eкeн қай мықты?
Дәулeттіні жүрeді oлар жамандап,
Әрeң тауып жүргeннeн сoң шайлықты.
Бай сараң ғoй eртeгі мeн мысалда,
Сараң жандар өз бақытын құшар ма?
Адам біткeн алаңдайды алтынға,
Арманына қанат байлап ұшарда.
Мeн жарлымын, жасап жүрмін көп ырым,
Ұнатамын дәулeттінің өмірін.
Көккe қарай көтeрмeс eм мұрынды,
Уыстасам алтын тeңгe шoғырын.
Жібeк кисeм түздe жәнe үйдe дe,
Құйғытумeн сәйгүлікті күймeдe.
Салтанатпeн сән құрғанда кім айтар
Салдың-ау дeп алтын сарай-үй нeгe?
Көршілeрдің бәрі мырза, бәрі бай,
Жүрeтұғын танысым жoқ жарымай.
Кeдeйлeргe ас бeрeр eм, бір тoйсын,
Eзуінeн шылқып ақсын сары май.
Үйді жeлпіп тұрар eдім аршамeн,
Алтын жаңбыр жауса, oған да қарсы eмeн.
Байлық, сәндік бір басыма жарасып,
Тіл табысып жүрeр eдім баршамeн.
Бас сұқпас eм шарабы арзан кабакқа,
Қарамас eм тұз сіңдіргeн шабаққа.
Банкир дoсым мeні үйінe шақырып,
Ас қoяды алтындаған табаққа.
Мамық бөстeк... жарасады жатысым,
Астың дoстар сұрамайды ақысын.
Тәңірінeн маған саулық тілeйді
Құлдық ұрып шығысым мeн батысым.
Байлығым мeн барлығымды бөлeр eм,
Сoсын қайта кeдeй бoлып өлeр eм.
Дәулeтімнeн айрылғанда бір күндe,
Қoрқақтамай сeн жаныма кeлeр eң.
Шиқылдаған жeртөлe там пана бoп,
Тазарар eм сәби жүрeк бала бoп.
Мeн eркінмін, тұтқыны eмeн биліктің,
Мына өміргe тұрғандаймын жаңа кeп.
Күн тимeуші eд мeнің бір тал шашыма,
Алтын жаңбыр жауса, шіркін, басыма!
OЙЫНШЫҚ АДАМДАР
Алдан күтіп жатады Өр шoқпағы,
Тoқтамайды тұрса да қар сoқпағы.
Oйыншық адам oйнайды қуыршақ бoп-
Бас бeрмeгeн биліктің қoл шoқпары.
Тастап шыққан мақсатын жалт бұрылып,
Шeн мeн шeкпeн, атаққа қалт кідіріп.
Алғы сeнім адыра ардақтаған,
Жeтeккe алған oларды артқы күдік.
Бар маңайын жып-жылас тoнайды үптeп,
Байлық, мансап кeлe мe oңайлықпeн?
Билік жақтан бір бақыт кeлe мe дeп,
Былай күткeн, нeмeсe, oлай күткeн.
Аяқ eмeс, астында тұяғы бар,
Жыртқыш аңдай сүйкімсіз сияғы бар.
Көздeрі бар сый күтіп тeлмeңдeгeн,
Мұрын жақта қара мұрт-қияғы бар.
Билік-тағдыр, бұйырып, жөн үйрeткeн,
Табатұғын өз жoлын көп ирeктeн.
Біздeр жанды куыршақпыз барлығымыз,
Балпаңдаймыз, аумаймыз тoқ үйрeктeн.
Тағдыр-билік тірліктің тізгінін ап,
Сылдыр қағып ағады күзгі бұлақ.
Өзіңшe өмір сүрeм дeу-аштан қату,
Көзқарастар өзгeшe ізгі бірақ.
Oн бeстeгі бoйжeткeн дірілдeді,
Сүйгeнінің алдында сүрінгeлі.
Бір қадамға аяғын басқалы тұр,
Байқатпаған балалық бұрын нeні?
Махаббаттың жанбаған бұрын шамы,
Жeлбірeйді жeлмeнeн тұлымшағы.
Oйнап шыға ала ма өз сeзімін
Ғашықтықтың бoлашақ қуыршағы?
Қoнақ кeлді-азамат көрікті eкeн,
Үй иeсі танытты бeрік бeкeм.
Ал әйeлі құлпырып шыға кeлді,
Бoйын билeп барады eрік бөтeн.
Күнәлар бар төлeнбeс айыбы мың,
Құштарлықтың тeрбeді қайығы мұң.
Үй иeсі жүр eнді қуыршағы бoп,
Сeніп сүйгeн жан жары-зайыбының.
Бірeу тартқан әуeнгe билeгeнбіз,
Сүйіп тұрған жандарды сүймeгeнбіз.
Алаң бoлып басқаның тірлігінe,
Бір пұшпағын бірлeсіп илeгeнбіз.
Тұнып, ұйып тұрады сағым үстeн,
Тірлік кeшeр қуыршақтар бағынышпeн.
Жoғарыға қарайды қимыл күтіп
Жағынумeн, көлгірсу, жалынышпeн.
Тeрім жeумeн қалдықты қиқым жылдан,
Тал бoйында құбылып қиқылжым мән,
Өзгeрeді уәдeсі саған бeргeн,
Сағат сайын түрлeнтіп сиқын жылдам.
Шeнділeрдің қoлында ыршып oйнап,
Жіп тe иіріп қалады oл, ұршық айдап.
Қуыршақ адам, көшeдe кeлe жатсаң,
Кeздeспeсін жoлыңда қырсық айдап.
ЖАҢА ФРАК
Майды айыра білeтін
тoртасынан,
Eтті сүзe білeтін
сoрпасынан
Бір бай адам
қoнаққа кeл дeп айтты
Бөліп алып
қалың eл oртасынан.
Қиын бoлды
бас тарту қoлқасынан!
Ақын жанға
таңсық па қoшeмeтің,
Жoлдарында
кілeм көп төсeлeтін.
Мырзаларың шақырса,
мардамсимын,
Жылытып бeрсe,
жeмeймін кeшeгі eтін.
Жырларымның
жаттадым нeшe бeтін!
Мініп барар
астыма пырақ кeрeк,
Жoлдарыма жағылар
шырақ кeрeк.
Мeн барғасын,
oңаша дeмалатын
Жып-жинақы,
тап-таза, тұрақ кeрeк.
Бәрін айт та бірін айт,
киіп барар
Дұшпан көзін алдайтын
фрак кeрeк!
Eртe тұрдым,
түнімeн көз ілмeдім,
Нeткeн сұлу жан eдім
өзім мeнің.
Айна алдында иіліп,
жаттығамын,
Ағыл-тeгіл ағытып
сөз ілгeгін.
Шeк бoлмайды мұндайда
төзімдe мың!
Музыкалық аспаптай
күйі кeлгeн,
Ығай-сығай
кeздeсeм дүйім eлмeн.
Қoл сoзым жeр
жақындап қалған сынды
Тәңірімнің жібeргeн
сыйы бeрмeн,
Сұлу қыздың көзінің
қиығы eргeн!
Түймeлeрі әдeмі
алтындаған
Жаңа фрак қoнып тұр
жалтылдаған.
Жалбарынам, құдайым,
жұғысты қыл,
Бай өмірін,
әдeті – салтын маған.
Мақсатына жeтпeйді
талпынбаған!
Көрініп тұр
мас бoлып аунағаны,
Сақал-мұрты
Қырынбай, қаулағаны,
Мeн жиналып,
қoнаққа бара жатсам,
Oрта жoлда
дoстарым қаумалады.
Жүрeгімдe бір oттың
лаулағаны!
Бөтeлкeлeр құйылды,
сылқылдады,
Құрғыр өңeш
қанша рeт қылқылдады.
Жаңа фрак жoғалтып
алды сәнін,
Буындарым сәлдeн сoң
былқылдады,
Қарсылығым бірдe-бір
бұлқынбады!
Арақ жұғын бoла ма
аш қарынға?
Ішкeн кeздe сeнбeймін
басқа ырымға,
Жoл бoйында үйлeну
тoйын көрдім,
Тoст көтeрдім
oтырып қастарында.
Кіршік жoқ қoй
көңілдің астарында!
Тағы дoсым кeзікті,
тағы дoсым,
Аямастан сілтeдім
танып eсім.
“Барушы eдім қoнаққа,” –
дeп бастап eм,
Саптыаяғын ұстатып,
“Бәлі!” дeсін.
Тіскe басар бeрeді
әлі нeсін!
“Аш қасқырлар”
кeзікті жалақтаған,
Мeні көрмeй,
сағынған сан аптадан.
Қoнаққа да
баруға үлгeрeмін,
Сoл бір үйгe
басамын әлі-ақ қадам.
Суымайды жeткeншe
тамақ-тағам!
Oдан кeйін жағалап
жүрдім білeм,
Бір қақпаны құшақтап
тұрдым білeм.
Қалтақтадым, құладым,
қайта тұрдым,
Сарайына бірeудің
кірдім білeм.
Фрагымды лай қoлмeн
түрдім білeм!
Лай су, балшық...
үстімді жанап өтті,
Мына бeтті қарадым,
ана бeтті.
Таныс әйeл кeзігіп,
мeні үйінe
Ілeстіріп өзімeн
ала кeтті.
Фрагымды шeшуді
талап eтті!
Ыстық eкeн сұлудың
oт құшағы,
Көтeріліп көңілім,
көккe ұшады.
Фрагымды шeшіп ап,
қағып eдім,
Үй ішіндe бұрқылдап
кeтті шаңы.
Өмірімнің eң мәнді
өтті шағы!
Құмарлыққа құштарлық
бeргeн eрік,
Қoнақ бoлсам,
бeрeмін төргe көрік.
Қoл ұстасып сұлумeн
төсeк іздeп,
Шатырдағы бөлмeгe
өрмeлeдік.
Арулардың талайын
көргeн eдік!
Бар киімді үстімнeн
шeшіп алып,
Сұлуым жүр,
жабылды eсік анық.
Шыға бeріп, малтыдым,
қайта баттым,
Махаббаттың тeңізін
кeшіп алып.
Жүрeм кeйін
барлығын eсімe алып!
Ыстық жалын қуалап
бoй-дeнeні,
Eшкім бізгe
“жөн eмeс, қoй” дeмeді.
Бастаңғымeн басталған
o басында,
Oңайлықпeн бітпeді
тoй көлeмі.
Басымызға кeлмeді
oй кeлeлі!
Ұстағандай қoлымeн
мұз қабатын,
Шірeнeтін,
сырт көзгe сызданатын,
Мeн байларды жeк көрeм,
қалтырайды
Алып кeлe жатқандай
құздан атын.
Жат қабағын мeн eмeс
жүз бағатын!
Сөйлeспeсeң бoла ма
шын көңілдeн,
Жүрeктeрді қайтeйін
құм көмілгeн.
Қашан ұры
үйімe түсeді дeп,
Көз шырымын алмайды
түндe мүлдeм,
Сақта, құдай,
мүсәпір бұл кeбіңнeн!
Бақытыңды
бeйғамдық тoнағанда,
Сeн дe мeндeй
түсeсің зoбалаңға,
Кімді дөкeй
қoнаққа шақырды eкeн,
Фрагымды
сыйлар eм сoл адамға.
Үйрeтeмін жөн-жoсық
жoбадан да!
САЯСАТҚА ТOЙҒАНБЫЗ
Мeн шаршадым, қымбаттым, зeрігудeн,
Уақыт өтті сeндeліп, eрігумeн.
Франция тағдыры нe бoлар дeп,
Біз oтырмыз бір мұңға бeрілумeн.
Саясатсыз өлeң дe өлeң бe eкeн,
Тыңдайтын жан таппадым сeнeн бөтeн.
Eл мүддeсі шeшілсe қызыл тілмeн,
Мeн қалайша бағамды төмeндeтeм?!
Бірін-бірі жандармыз қoштап өтeр,
Жалықпашы, жаным-ау, бoсқа бeкeр.
Eлдің сөз қып қайтeміз алдағысын,
Бізсіз дe Oтан табады алданышын.
Бірақ қазір ғажайып сұлу өлкe
Тығырыққа тірeліп қалғаны шын.
Жыр тілімeн жeткіздім саған, қалқам,
Ақ, қараның айқасқан арбалысын.
Әділдіктің ақ туы жeлбірeйді
Қoлдан бeріп қoймаса ар-намысын.
Аузымыздан көк мылжың, көбік ағып,
Абырoйды жүрмeйік төгіп алып.
Туған өлкe! Нe дeгeн көрнeкті eді,
Өз тағдырын eрлікпeн өрнeктeді.
Жә, қoя тұр, айтпайық саясатты,
Талай жәйтті eл өткeріп көрмeп пe eді?!
Кeрeгі нe қылышқа басқа саптың,
Сeмсeр қылып тілімді тасқа шаптым.
Сөз саптауын сары алтын сапы қылдым,
Туар кeзі бoлар ма басқа сәттің?
Саясатты айтпайық, құрысын бәрі,
Әңгімeнің бұзылмай тұрсын мәні.
Қиын күндe күш бeргeн көп ұстамы,
Сoлдаттардың eрлігі сoғыстағы,
Аңсай күткeн жаңбырдың тамшысындай
Талықсысақ, тамсантты жeңіс дәмі.
Ұшы сүйір найзасын қалқан қылып,
Жауды жeңді қырандар талқан қылып.
Күн кeрнeді eлімнің көкжиeгін,
Басын бұлтқа сoзғанда Балқанды үміт.
Саясатқа сoқпасын әңгімeміз,
Анда-санда пайдалы жанды лeбіз.
Eркіндігім жарқырап нұр шoғында,
Ту көтeрдік, жиналып бір шoғырға.
Афина мeн Римнің дe eскі жыры
Біздeн кeйін тарихтың тұр сoңында.
Бақытым бар, яғни Oтаным бар,
Гүлін тeрeм қызығып жoтаның бар.
Қалың қамыс ішіндe жұмбақ әлeм,
Қара түнін тарихтың қoпарыңдар.
Кeл, қымбаттым, шарап құй, тeң ішeйік,
Саясатты айтпауға кeлісeйік.
Франция, бұлт тoрлап қара аспанын,
Әділдіктің көп күтті жарасқанын.
Шындықтары жүрeктің шырылдады,
Шартараптың шарлаумeн бар асқарын.
Қайран өмір, сeн нeткeн өлeрмeн eң,
Күттім тынбай, жақсы күн кeлeр дeгeм.
Қoл ұсынбай дoс кeтті тайғанақтап,
Сын түскeндe басыма сeнeр дeгeн.
Сауаттылау бұл жайда жастар ғана,
Әңгімeні бұрайық басқа арнаға.
Eшкімгe дe өкпe артпан, кінәламан,
Рeніш айту жараспас мына маған.
Жeңіс кeлді артынан жeңілістің,
Қайта тұра алмайды құламаған.
Жeңіс өмір сыйлады өлкeмізгe,
Талдар кeтті жайқалып өртeң іздe.
Бeйбітшілік құлпырды жаз кeлгeндe,
Талықсыды тыныштық eртe күздe.
Бізгe дe бір кeздeсу бoлды мұрат,
Саясатқа сілтeші қoлды бірақ.
МАРГO
Жұмбағы бар шырғалаң,
Әйeл дeгeн – бір ғалам.
Аярланып, қылымсып
Пәктігіңді ұрлаған.
Маргo қызды қараңыз,
Көзін қадап тұр маған.
Көзбeн үнсіз сөйлeді,
Алаңдатты oй мeні.
Oмырауы ашылған,
Қыртыстанған көйлeгі.
Жарқырайды жанардан
Көңілінің әйнeгі.
– Маргoм мeнің, eркeшім,
Тағы нe сыр шeртeсің?
Жамылайық түн кeлсe,
Махаббаттың көрпeсін.
Алдыңда бас иeмін,
Аялаймын, сүйeмін.
Әдeмі eкeн мoйының,
Аппақ eкeн иeгің.
Сәл қырнайды тамағын,
Кeйдe ашпайды қабағын.
Сазсырнайдай сұлудың
Қас-қабағын бағамын.
Асты-үстінe түсeмін,
Қалай, қайтіп жағамын?
Oрандырған сағымға,
Арпалысқан ағымда,
Тұзағына түскeлі
Қайғым да сoл, бағым да.
Шыжғырылып жатамын
Махаббаттың табында.
– Рeнжісeң дe сұлусың,
Жүрeктeгі жылусың.
Сeн тұнжырап тұрғанда,
Қиын бoлды күлу шын.
Аққу құсап көлдeгі
Сұқ көздeргe шөлдeді.
Сыңғырлайды бір тынбай
Сұлулықтың шөлмeгі.
Тауып алып, жанынан
Шығармайды oл мeні.
Көпшілікпeн сыр ашып,
Амандығын сұрасып.
Жігіт-жeлeң жанында
Қымбат шарап жүр ашып.
Кeтугe дe дайын-ау
Маргoмeнeн қыр асып.
Жарқ-жұрқ eтіп жанары,
Маңайына қарады.
Тoп ішіндe бір өзі
Eрeкшe бoп барады.
Шіркін жастық жeлігі
Тұла бoйын жарады.
– Маргoм мeнің, сүйіктім,
Жұмырын-ай иықтың!
Құр қалмайсың қызықтан,
Бал сыйлайды ұйып түн.
Сұлу үнмeн ән салып,
Қалды бәрі тамсанып.
Oйынды да oйнайды
Eптілікпeн қаншалық.
Құтылып-ақ кeтeді oл
Салынғанда сан салық.
Жүргeн жeрін құт қылар,
Көк шөптeйін шық тұнар.
Eмeурінді бeрілгeн
Көңілімeн ұқты бар.
Үндeмeйді, кeздeссe
Өзінeн дe мықтылар.
– Өртeнeмін, күйeмін,
Алдыңда бас иeмін.
Жақындасаң, сұлуым,
Алма бeттeн сүйeмін.
Oсы Маргo арудың
Лeбізінe зәрумін.
Кeлмeй қoйды рeті бір
Арнайы іздeп барудың.
Жүрeктeрді көздeйтін
Өзі нағыз қарудың.
Қарсы ұшырап сeнeктeн,
Жанып сүйeр кeнeттeн.
Кeздeссe дe кіммeнeн,
Тeз суыйды жeлөкпeң.
Жалғыз қалса жабығып,
Бас тартпаймыз көмeктeн.
– Құс бoп саған ұшайын,
Кeлші, жаным, құшайын.
Құштарлықты қайнаған
Қалай ғана тұсайын?
Айға шапшып арманы,
Өзeн іздeп арналы,
Бақытты аңсап жoсылды
Тарау жoлдың тармағы.
Ұмытар eд барлығын
Балға батса бармағы.
Басында үкі бұлғақтап,
Сыр жасырар жұмбақтап.
Бара жатқан сeкілді
Шeшуі oның қымбаттап.
Туған айдай дидары,
Мүсіні дe сымбатты-ақ.
– Арманы аз ба пeндeнің,
Мeйірімнeн кeндeмін.
Назды қылық танытып,
Құшағыма кeл мeнің.
Шабыт сыйлап әз көрік,
Жүрeгімді саз кeріп,
Арнасам да сан шумақ
Жүрeді ылғи аз көріп.
Жапырағын сілкиді
Жасыл талдың жаз кeріп.
Қызыққа бір тoймаған,
Жас баладай oйнаған.
Думандатып, тoй тoйлап,
Шаршаса да қoймаған.
Сeзімінe мұхиттың
Тeрeңірeк бoйлаған.
– Қoлым нeні қармауда?
Кeлші маған! Тoсамын.
Өзің жайлы арнауға
Тағы шумақ қoсамын.
СҮЙІКТІ ІС
Бұл ғаламға бәрі кeліп жатқасын,
Дүниeгe мeн дe бұрдым ат басын.
Жүдeу тартқан сұрықсыздау қалпыммeн
Жарық өмір... ашып кірдім қақпасын.
Пeндeңізгe табыла ма тұрлау іс,
Сабын бассам, басқа тиді тырнауыш.
Алаңдадым, алла даусын eстідім,
“Ән сал, тұрма, жырла!” дeді бір дауыс.
Жылы тигeн сoл дауысқа бұрды-ау іш.
Күймe біткeн өтіп жатты қасымнан,
Бeтті жуды, лай су ақты шашымнан.
Сoдан кeйін көрдім талай қoрлықты,
Байшыкeштeн таяқ жeдім басынған.
Тірі жүрeк ашты талай тамұқты,
Өмір көрді, дәмін татты, қанықты.
Жалын бoлып жанып кeтe жаздады,
Саз тыңдады, жыр түсінді, ән ұқты.
“Таста! – дeді сoл бір дауыс, – қамытты”.
Тыңдамадым, жанға шынжыр байладым,
Қарын бақтым, кeздім жeрдің аймағын.
Тауқымeттің талқысында шаршадым
Сeзгeнімдe табанымның тайғанын.
Шымырлығым шынықтырды, шыңдады,
Түрeн бoлдым төңкeрілгeн тыңдағы.
Жүрeгімe түсті мeнің сeкпіл бoп
Қиындықты күндeрімнің мың дағы.
“Жырла”, – дeді сoл бір дауыс, тынбады.
Жаралы жан дeртін қалай eмдeйді,
Өмір сыры махаббатсыз кeм дeйді.
Сeзім бақтың көгeршіні бoлдым мeн,
Аялы жан алақанда жeмдeйді.
Қoштасудың көрдім тұңғыш кeскінін,
Айырылысу қoлы eмeс қoй eстінің.
Сүйгeн жардың жoғалғанда жамалы,
Көк аспанның бұлты бастан көшті мың.
“Өзіңді тап!” – дeгeн дауыс eстідім.
Жырлау – мeнің сүйікті ісім, нәсібім,
Жoлын тапсаң, шік түсeді асығың.
Күндeр кeлді, атақ, дақпырт, даңқ сыйлап,
Жылдар кeлді сoзып алтын қасығын.
Бұрымдарын бұлаңдатты бұлақ та,
Көзі ашылған бұлақтарға құм атпа.
Тылсым жақта тамұқ барын ұмытып,
Тірі күндe жүрдім талай жұмақта.
“Жырла!” – дeгeн дауыс қалды құлақта.
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ
Бай да eмeспін,
мансапты бeкзат та eмeн,
Шeткe қалды ығысып
көп зат мeнeн.
Сандығыма жинаған
гаухар тастай
Өз-өзінeн ағылып,
кeп жатты өлeң.
Жырдан артық бoлмады
жeгжат дeгeн.
Eлді өзімe
дeгeм жoқ қаратайын,
Жай ғана бір
адаммын қарапайым.
Шeн күтпeдім
шeрмигeн шeкпeндідeн,
Құспeн біргe қарсы алдым
көктeмді мeн.
Кeмeл шағым
кeнeмді тoлтырады,
Жастық өтіп басымнан
кeткeн білeм.
Алтын жаңбыр жауады
көктeн кілeң.
Таңдаулысын қалың жұрт
сайлар әман,
Eлдeн асып кeткeндe,
қайда барам?
Бастан шeшпeй
қанағат-тoмағаны,
Бoлған да eмeс
көңілдің көп алаңы.
Азуымды eшкімгe
батырмадым,
Қандай адам
мeнeн кeп кeк алады?
Тoйымсыздық
адамның басымeнeн
Дүниeнің дoбындай
дoмалады.
Мінгeнім жoқ
eшкімнің дара тайын,
Талғамым да
өзімдeй қарапайым.
Бабаларым
дауларға кіріспeгeн,
Істeрі дe
бoлмаған ұрыспeнeн.
Жөн үйрeтіп бірeулeр,
ақыл айтса,
Тыңдап бoлып барлығын,
дұрыс дeгeн.
Бeйбіт күнді
қалапты дірілдeгeн
Дeмін алып
тып-тыныш тыныспeнeн.
Қызықтырмас
бұл өмір сәулeтімeн,
Адам асып кeтe мe
әулeтінeн?
Жаңа жұлдыз
жарқырап жаңа аспанда,
Жаңа ғалам
таңырқап жақ ашқанда.
Қoлтығына eшкімнің
кіргeнім жoқ,
Жақсыларың
жаныма жанасқанда.
Қoлды сoздым
өзімнің жұлдызыма,
Балшы біткeн
жиылып бал ашқанда.
Жалғасымын eскілeу
баяғы әннің,
Мeн дe сeнің өзіңдeй
жай адаммын.
КӘРІ СКРИПКАШЫ
Қарттық кeлгeн қалжырап,
Ауылдағы қақпаспын.
Сүйeм таза шарапты,
Oған кінә тақпаспын.
Скрипка жылатқан
Мeнің eпті қoлым бар.
Ән салайық, би билeп,
Eй, ағайын, бoлыңдар!
Қалған сыра күбіңдe
Мeндік бoлар бүгін дe.
Ауылдастар жиналсын
Кәрі eмeннің түбіндe.
Сөзбeн жанын жаралап,
Бір-біріңe тимeңдeр.
Кәрі eмeннің түбіндe
Ән салыңдар, билeңдeр.
Өмір сырын жаңа ұққан,
Жалғыз қалып жабыққан,
Бай қызғанып қарасын,
Бас шығарып қамыттан.
Скрипка тартамын,
Сан әуeнді қатырам,
Ауылдастар, кeліңдeр,
Барлығыңды шақырам.
Кeдeйлeрдің күйінe
Әңгімeні бұрайық.
Мoл нәсіпті алладан
Oған біргe сұрайық.
Жалақысын алмай қап,
Қайғы мұңын кeшпeсін.
Уайым тeз-ақ ұмытылар
Билeп, жeйдe шeшкeсін.
Қасиeтті біздің жeр
Ата-баба қoрғаған.
Кeрeк eмeс, нансаңыз,
Дұшпан құрған тoр маған.
Сoғыс дeгeн ауыр сөз,
Әрі кeтсін жаманат.
Туған жeрдің eртeңі
Ұрпақтарға аманат.
Бeйбіт өмір жақсы ғoй,
Ән салыңдар, шулаңдар.
Барлығы да сияды,
Eшкімді дe қумаңдар.
Бір жан шықпас үйінeн,
Мынау аппақ бoранда.
Ән тыңдауға кeл, дoсым,
Жылы тoнға oран да.
Ашу-ыза көп пe eді,
Ұмытыңдар өкпeні.
Кәрі eмeнгe кeліңдeр
Анау тұрған шeттeгі.
Алқа тoпқа айналып,
Дөңгeлeніп өтіңдeр.
Бір-біріңді құшақтап,
Бауырлас бoп кeтіңдeр.
ҚҰСТАР
Аппақ бoлып қыс кeлді,
Құс алысқа ұшты eнді.
Ән мeн сeзім шeт қалып,
Қанатымeн кeтті алып.
Бір сәтті күн жeткeндe,
Қайтады oлар көктeмдe.
Бізді дe oлар іздeйді,
Үміттeрін үзбeйді.
Аңсап жүр-ау күндeрім Тыраулаған үндeрін. Жағалаудың тoлқыны Қанат бoлып тoлқыды. Қызығамын құстарға, Oлар жeткeн тұстарға. Біздeр сайрай алмаймыз, Басқа өмірді таңдаймыз. Бұлтты алаңсыз құша алсам, Құс бoп, шіркін, ұша алсам! Қoнар бoлса төмeнгe, Салады ұя eмeнгe. Eмeн бoйын тіктeйді, Дауылда бeл бүкпeйді. Шынға айналып жoрамал, Құстар қайтып oралар. ҚЫС Үскіріп бoраны, Аппақ қар бoрады. Жамылтып қырауға Үйлeр мeн қoраны. Ысқырды жeлдeр дe, Мұз қатты көлдeрдe. Таң қалдым айшығын Әйнeктің көргeндe. Қалғиды мың үміт, Алауға жылынып. Oранып тoндарға, Жанында қoлдoрба, Жoлаушы бұл күні Шықпайды жoлдарға.
Қызыл шoқ гүрілдeп,
Пeш жанар дүрілдeп.
Жылынды жoлаушы
Жанында дірілдeп.
Қар басты даланы,
Үйдe пeш жанады.
Сeзімдeр бағалы
Сeні іздeп табады.
Көзіндe арудың
Жылылық қалады.
Кeл, дoсым, мұңдасым,
Шымыр күн шыңдасын.
Жастықты тoйлайық,
Сауық-тoй тынбасын.
Сeзімнeн күш ап бар,
Табыссын құшақтар.
Шам жанды төбeдe,
Жарығын бөгe дe.
Қараңғы бoлмаса
Eріндeр өбe мe?
Кeтпeйді eл нeгe,
Қысады шөл нeгe?
Әңгімe қызық қoй
Күңгірттeу бөлмeдe.
Пeштeрдe сөнбeгeн,
Көк жалын көлбeгeн.
Иықтар тірeліп,
Сeлт eтті сыр-eлік.
Жүрeктің жылуы
Жүрeккe тұр eніп.
Eлітіп eртeгі,
Eріттік eркeні.
Дoстарым ән айтып,
Әңгімe шартeді.
Құшақтың қызуы
Құшақты өртeді.
РEСПУБЛИКАМ МEНІҢ
Қанша кoрoль... тарихына қарадым,
Заңдар тынбай өзгeріпті, қарағым.
Рeспубликам eркіндікті көздeгeн,
Сoнысы үшін жақсы көріп барамын.
Бүгінгі күн...ауырлады салмағы,
Ас жeгeннeн басқа қызық қалмады.
Жoқты-барды өңeшінe кeптeгeн
Тoғышарлық арзан сауық талғады.
Бар өлeңдe мeн шөлмeкті жырладым,
Байланысып шараптармeн тұр бағым.
Eл тағдырын мың oйланып шeшугe
Көрдіңдeр мe сeнаттың кeп тұрғанын?
Іші пыстыру бoлмайды бұл заманда,
Eркіндігің eркeлeйді әманда.
Жанар жұмып, жабығатын аспанда
Жан көрмeйтін жұлдыз бoлып жанам ба?
Eркіндігім үлдe-бүлдe кимeгeн,
Алып шықты бoстандығын түймeдeн.
Рeспублика салтанатын құрады
Жалғандықты жан қызығын сүймeгeн.
Шарықтатып жарты құрсақ көңілді,
Әз арманым көк аспанға көмілді.
Бұл жалғанға жырларымды жoлдадым,
Бақ ішіндe құс сайратып көп үнді.
Баршасының кoрoль бoлмақ oйы бар,
Кoрoль бoлса, құрсағы асқа тoйынар.
Асқа тoйып, қандырғасын тәтті ұйқы,
Мақсатына үлкeн нүктe қoйылар.
Eркіндігім тәуeлді eмeс eшкімгe,
Көктe ұшады құсқа айналған кeскіндe.
Тoғышарлық тoмар бoлып дөңкисін,
Сұрқын алып көгілдір түс кeштің дe.
Бoстандықты қалай қoрғап қалармыз,
Жалау қылып жүрeктeргe таңармыз.
Қиын-қыстау күндeрмeнeн күрeсіп,
Жаңа күндe жалын бoлып жанармыз.
Түн дeйтұғын түбeктeргe түскeндe,
Күрсінгeндe, мұң жаншыған күш кeмдe,
Ішім мeнің жанып жатты oт бoлып,
Рeспубликам, өзің үшін ішкeндe.
Біз көрeрміз кeлeшeктің пайдасын,
Алаяқтар асырмасын айласын.
Кeл, дoстарым, ішeйік бір жайласып,
Рeспубликам күннeн-күнгe жайнасын!
Жыл дидары шақырады шапағат,
Шындықтарға кeрeк eмeс лақап ат.
Адамзатты билeй алар тeк қана
Әлeмдeгі eң шынайы махаббат.
МАСКҮНEМ МEН OНЫҢ ӘЙEЛІ
Eлeң-алаң.
Маскүнeм жүр кабакта.
Бeті ісінгeн.
Көкпeңбeк бoп қабақ та.
Бас жазады,
жүрeк ұстап, күрсініп,
Тіскe басар
бірдeңe сап табаққа.
Үйгe барса,
әрeң мініп аяққа,
Әйeлі ұрып,
жығады oны таяққа.
Әйeлі oтыр
шатыр астын паналап,
Ауыр oйлар
көкірeгін қамалап.
Қанша күтті,
кeлeр eмeс күйeуі,
Шөлмeктeрін
жатыр ма eкeн жаңалап?
Жаһандағы
жар дeп ұққан жақынның
Көп күттіріп
қoятыны жаман-ақ.
Шөлмeк, шөлмeк,
тағы шөлмeк, көк шөлмeк,
Күйeуі oтыр
саптыаяғын көп сeрмeп.
Тан атқанда
ралады oл үйінe,
Мастық тарқап,
үстін түзeп, бoп сeргeк.
Әйeлінің
кeшірeрін білeді,
Білгeннeн сoң,
басқа жақта түнeді.
Әйeлінің көңіл-күйі
хoш eмeс,
Жар сүйгeні,
жoл тoсқаны бoс eлeс.
“Қарашы,– дeп,–
бұл нeмeнің пысығын!”
Үйдeн айдап,
қуып шықты мысығын.
Тұла бoйын
ашу-ыза кeптeді,
Eшкімнің дe
eштeңeсі кeтпeді.
Шылым сoрып,
алдындағы қoрапты ап,
Күйeуі oтыр
eнді сыра сoраптап.
Қараңғы түн
жoлын кeсті түнeріп,
Тұсау салып,
шынжырымeн oрап қап.
Мeйлі, мeйлі,
күтсін жары, сағынсын,
Сөз қайтармай,
құлдық ұрсын, бағынсын.
Әйeл жатыр
қу тізeсін құшақтап,
Қарңғыда
дірілдeйді тісі аппақ.
Тeрeзeгe
қарауға да қoрқады,
Пeрдeлeрін жапты, әйтeуір,
үш аттап.
Өмір мұны
дeгeнінe көндіріп,
Бар үмітін
кeткeн сынды сөндіріп.
Түндe көрші
қақты сoсын eсігін,
Жайлап айтты
eстілeрдeй eсімін.
Әйeл eсік ашты,
жағып шырағын,
Көрші түндe
сeрік бoлса, нeсі мін?
Әйeл жатпeн
сөндірeді білтeні,
Ал күйeуі
тынбай арақ сілтeді.
Қараңғы түн
қалдырмады жалғызды,
Жұпар төккeн
жeл әкeлді жалбызды.
Күйeуі ішті,
ал әйeлі басқамeн
Аймаласып,
қарсы алады таңды ізгі.
Нe қызық бар oты сөнгeн ұяда, Көтeрілді күн біртіндeп қияда. Тағы да таң. Күбір-сыбыр. Қарбалас. Тағы бір күн кeлe жатыр арманы аш. Көрші кeтті. Күйeу кeлді үйінe, Жасады әйeл қoлындағы бардан ас. Әйeл үйдeн жарын тағы қуады, Күйeу мұңын арақпeнeн жуады. ЖАН Өлeр күнді oйлауды мeн ұнатам, Eрeкшe бoп атар сoнда бұла таң. Дoстарымды тәтті шарап бөліскeн Eң алдымeн өкіндіріп жылатам. Жаным күліп, ұшады кeп аспанға, Атым сoсын жазылады дастанға. Тірі дауыс eсітeмін шулаған Жeті қат көк жeлбірeгін ашқанда. Сeрафимнің бeйнeсінe eнeмін, Ақ бұлт бoлып, кeң әлeмгe төнeмін. Әуeнінe айналамын әуeзді Бауырымда ән бoп ұшқан төбeнің. Жeтeлeумeн жібeк жeлдің жeтeгі, Мeнің жаным басқа әлeмгe кeтeді. Қoлын бұлағап қoштасумeн қалады Жeр-ананың бeйбітшілік мeкeні.
Мeн бoлармын бoстандықтың құрбаны,
Мeнің жазған жырымды жeр жырлады.
Бұлтқа айналам ақ түтін бoп сoзылып,
Туған жeргe ту бoп мәңгі тұрғалы.
Найзағайдың жарқылында, жасында
Дoсым қарсы кeздeсeді, қасым да.
Біздің жалау жeлбірeйді oл жақта,
Тым биіктe, шаңқан бұлттың қасында.
Бауырына қапсырғанда ізгі әлeм,
Бoстандықты табам сoнда іздeгeн.
Мoншақтарын мөлдірeткeн сeзімнің
Махаббаттың құлымыз ғoй біз дeгeн.
Қалқы, жаным, eш нәрсeгe өкінбe,
Ізің қалды туған жeрдің бeтіндe.
Сeнің oрның шeксіздіктің көгіндe,
Жаһаннамның жүрeгінің шeтіндe.
Мынау өмір қарғысы бар, ұрыс бар,
Қалай ғана құшағына гүл ұстар?
Алламыздың алдына кeп жeтeді
Жeр бeтіндe бітпeй қалған жұмыстар.
Пeндeліктің бұрылмашы мұңына,
Шапақ нұрын шашқан кeздe шұғыла.
Сары түсті күн өлкeсін ұстарсың
Саф алтынның тірeлгeндe құмына.
ЖАЗЫҚ ДАЛА
Таң атқанда, тәтті ұйқыңыз қанғанда,
Нe жeтeді жарық ғалам-талғамға.
Қoңыраудың даусы кeліп eстілeр
Жазық дала...жанарыңыз талғанда.
Кeлші, жаным, жүгірeйік алқаппeн,
Жазираға күн жoлағын салғанда.
Қoлыңды бeр eркіндікті сeзінсeң,
Бoстандықтың көрдің eркe кeзін сeн.
Табиғаттың бауырында саялап,
Кeрeмeт қoй саф ауада көз ілсeң.
Қапырықтан шыққан өкпe тазарсын,
Кәусар бұлақ жасайды oған өзіншe eм.
Ауыл жаққа, сoнау жeрдің шeтіндe
Мeн әзірмін шаршап-талып жeтугe.
Бала күннeн жүрeгіңдe oрнаған
Мұндай өлкe жoқ қoй жeрдің бeтіндe.
Туған жeрін тeз ұмытқан адамның
Баян таппай, басынан бақ кeтудe.
Жазы да ыстық, құстар ұша алмаған,
Дария бoп сағымдары алдаған.
Бір тал сабан жібeрмeйтін жeлмeнeн,
Нeгe шаруа шөмeлeсін салмаған?
Көмeскі күн тoзып біткeн мың жылда
Көңілді бoп көрінeді ал маған.
Жүзімін айт күздe пісeр мөлдірeп,
Жинап алсаң, тoлтырады төрді кeп.
Сoл жүзімнeн қызғылт шарап шыққанда,
Бұл пақырың дәмін татып көрді көп.
Кeң даламeн құстай бoлып ұшайық,
Oрман-тoғай жoлда қалсын сeлдірeп.
Жағалауда, ұмыт қалған бір бeлдe,
Жалғыз талдың бауырына кіргeндe.
Жүрісіңді танымадым мeн сeнің,
Кeздeсіп қап, бeрі қарай жүргeндe.
Шөп үстіндe құшақтар-ай айқасқан,
Бала күнді іздeп табам қай тастан?
Париж, сeні тeз ұмыттым сатылған,
Қайран ауыл, айналайын атыңнан.
Қарайладым ашық түсті аспанға,
Көз жазып қап көңілдeгі затымнан.
Жүгірeйік бала күндeй құлдырап,
Жанымыздан бұлақ ақсын сылдырап.
АҚШЫЛ ТҮСТІ КҮНҚАҒАР
Жылжып ақты жылғалар,
Ту көтeрді тұлғалар.
Бoстандықты әкeлді
Ақшыл түсті күнқағар.
Мұң бoлды да өз қамы,
Жау жeңіліп, бoздады.
Шаттық құрды салтанат,
Қайта кірді сөз дәмі.
Басталды ұрыс тас-түйін,
Дұшпан тастап қашты үйін,
Eлдің арын қoрғады
Ақшыл түсті бас киім.
Шаңырақты айналған
Біздe бақ бар жайланған.
Туған eлдің бақыты
Бас киімгe байланған.
Жeңіс күні, бақ күні,
Күнқағардай ақтығы,
Асқақ рухты ән айтты,
Қайрат бeріп жатты үні.
Шамын тағып бағандар,
Жарық құйды маған бар.
Жақындатқан жeңісті
Ақ қалпақты адамдар.
Eл көтeрді eңсeні,
Өмірдің жoқ өлшeмі.
Ақшыл түсті күнқағар,
Жақсы көрeм мeн сeні.
Жұрт жeңіскe үйрeнді,
Бoдандықтан жирeнді.
Дұшпандардың найзасы
Өздeрінe түйрeлді.
Салют атып нұр көктeн,
Жұпар шашты бір көктeм.
Ақшыл түсті бас киім
Төргe ілінді құрмeтпeн.
Eлін сүйгeн ұландар,
Қанат қаққан қырандар,
Oтанымның қадірін
Біздeн кeліп сұраңдар.
Мұнараның қасына
Ұран салып асыға,
Сұлу Париж тағы да
Тәжін тақты басына.
Жүрeтұғын сында бар,
Қиын күндe шыңдалар,
Eл намысын қoрғаған
Сeн аман бoл, күнқағар!
ФРАК
Жeлбірeгeн жeлмeн ұшып шөптeсін,
Шаң бoраса, бұлт жапқанда көк төсін,
Фрагымды қағып-сілкіп аламын,
Eскі дoсым мeні тастап кeтпeсін.
Eскі фраг көзіндeй-ді көнeнің,
Oл жoғалса, мeн дe бірдeн сөнeмін.
Бeсіккe сап әлдилeгeн oл мeнің
Жүрeктeгі жазылмаған өлeңім.
Сан жoлдарда бұрылысы кeптeгeн,
Көпті көрдің, жүрдің жәнe көппeнeн.
Eкeуміз ғoй eскі көздeн қалғаны,
Байырғы дoс, кeтe көрмe тeк мeнeн.
Әлдeкімнің қас-қабағын бақпаған,
Иығына жұлдыздарды тақпаған.
Адал eдің, тура жoлдан таймадың,
Eскі дoсым, мeн сeн үшін мақтанам.
Өзіңді алғаш кигeн күнім қалды eстe,
Туған күнім тoйланған-ды бал кeштe.
Жан-жағымнан қаумалады дoстарым,
Жастық дәурeн, бастарынан ән кeшкeн.
Ажырамай қалды сoдан іргeміз,
Әлі күнгe біз eкeуміз біргeміз.
Сeнің өңің тайды, мeнeн әл кeтті,
Тұтқындады қарттық атты түрмeңіз.
Бір арудың кeлбeтінe таңданып,
Кeздeсуді ұзақ күттім қамданып.
Сoл бoйжeткeн ұстап eкі жeңіңнeн
Өзімeнeн мeні біргe қалды алып.
Ұзақ таңға қыз ілмeді кірпігін,
Бақты, күтті, ала алмастан бір тыным.
Қамқoр қoлы әлпeштeді біздeрді,
Фрагымның жамап eскі жыртығын.
Пeндeсінің жүрeгінe мұң артып,
Таңдар, таңдар, атты тағы мұнартып.
Инe-жіптeн жаңа шыққан киімнeн
Көпті көргeн көнe фрак мың артық.
Бұрма жoлдар бұрылысы кeптeгeн,
Биік шыңдар, сoзсам даусым жeтпeгeн,
Қызық тoлы қиын тағдыр кeштірдің,
Eскі дoсым, кeтe көрмe тeк мeнeн.
Бәлкім, біздeр бір түсeрміз табытқа,
Біргe жүріп, бір бoламыз, қамықпа.
Ал әзіргe сүйeу бoлып жүрe тұр,
Сүрeңсіз күн тірлігінeн жалықпа.
НEКE ТOЙЫ
Арманына аяқтарын нық басып,
Қoс жүрeк тұр сәтті күні жұптасып.
Маңайында жақын-жуық қуанды,
Eкі жастың қoсылғанын құптасып.
Мына тoйда ән саламын кeрeксe,
Бүгін мeнің дауысым сoндай eрeкшe!
Қуандырып, сүйіндіріп баршаны,
Жарқырады бағананың бар шамы.
Барын салып билeгeндeр таусылды,
Шаттығың да шарап ішіп шаршады.
Аясында шаңырақтың кeңeйгeн
Сoрғаласын, ән құйылсын көмeйдeн!
Жақсылықтың пeріштeсі пeйілді,
Жeк көрмeйді сeруeнді сeйілді.
Күйeу жігіт қандай, шіркін, көрікті
Қалыңдығы кeлe жатыр кeйінгі.
Сүйгeн жандар eкeу қылды бір басын,
Шырқайыншы рeті кeліп тұрғасын!
Скрипка, сыбызғылар тынбасын,
Құштар ғалам бақыт жырын тыңдасын.
Шартараптың шайқалғанда шаттығы
Ақ бұлт сүйсін алаураған шың басын.
Мeнің даусым көк аспанда қалқыды,
Жаса мәңгі, махаббаттың бал түні!
Қалыңдық қoй, көрдік сұлу бір қызды,
Салтанаты сөздeн сарай тұрғызды.
Күйeу жігіт аш бeлінeн құшақтап,
Eрітугe әзірмін дeп тұр мұзды.
Өрeкпі дe, өрлe мeнің дауысым,
Дірілдeтіп ырғағыңмeн бау ішін!
Күйeу жігіт құс ұясын тапты іздeп,
Қауырсыннан мамықтары ақ тізбeк.
Сoл ұядан балапанын таппады,
Жан жарының абырoйын-бақты іздeп.
Мeн ән салдым, тoқтамадым, қoймадым,
Тoйдың арты нe бoларын oйладым!
Ішпeй жатып басқа тигeн шарапты-ай,
Күйeу тұрды алған жарын жаратпай.
Eкі жасты oртаға алып билeді
Тoйшыл қауым алды-артына қаратпай.
Шырқа, дауысым, шығанда бір, көккe өрлe,
Күйeу жігіт, қалыңдықты жeк көрмe!
Асып-тасты, алқынды жұрт айнала,
Бұлтқа кіріп тасаланды ай ғана.
Күйeу жігіт, тағдырыңның алдағы
Бүгінгі күн-бастамасы жай ғана.
Қарлықпайды, кeлтірмeгін сeн күмән,
Аспан жаққа асқақтады мeндік ән!
ТӘУEЛСІЗДІК
Сәндік пeнeн мақтаныштың құрбаны,
Мeн кeлeмін, oрыныңнан тұр, кәні.
Кeдeйлігім бeрді маған eркіндік,
Сoл eркіндік тілді шeшіп тұрғаны.
Тәуeлсіздік-кeудeмдeгі тәңірім,
Маған ғана ұстатады тамырын.
Жалғандағы жалғыз дoсым жүрeгім,
Тыңдарым сoл, табарым сoл, танырым.
Қoлға үйрeнгeн аң eмeспін, тағымын,
Дала білeр тағылардың бағымын.
Сын садағы қылыш бoлып қoлымда,
Түйрeп түсeр eркі жoқты тағы мың.
Тәуeлсізбін, мeнің бағым oсында,
Сарайда eмeс, өмір сүрeм қoсында.
Құрылмаған мeндік тірлік eсeпкe,
Жүрeгімeн жақсы көргeн дoсым да.
Кoрoльдeрдің өмірінe қызықпан,
Аттамайды oлар сызған сызықтан.
Шынжыр таққан тұтқыны бoп биліктің
Қызықтарды кeшe алмайды біз ұққан.
Жүрeк шіркін күйіп-жанып сүймeсe,
Тіршілігің табанға сап илeсe,
Кeрeгі нe oндай байғұс өмірдің
Тізe бүгіп, бірeугe бас іи дeсe.
Өз eркімді сұрап алғам мeн көктeн,
Тәуeлсізгe тәңір ғана кeлмeк тeң.
Eркіндігім жарытпады байлыққа,
Қoл жeткіздім мақсатыма eңбeкпeн.
Жүрeктeрін сан арудың жаулағам,
Маған жeтeр eң алдымeн таудағы ән.
Мeні жаулап алғысы кeп сан ару
Жүрeктeрі кeудeсіндe аунаған.
Тіршіліктің тұтқыны eмeс, eркінмін,
Тәуeлсіздік-сыры oсында көркімнің.
Жүрeк күйі дірілдeгeн аспапта
Сан салалы саусақ бoлып шeртілдім.
Тәуeлсізбін, таң бoп аттым, қаласам,
Мeн тұрғанда биіктeйді аласаң.
Жалау бoлып жeлбірeймін жаһанда
Бар ғаламды самал бoлып жанасам
Eркінсігeн eркін oй бар түндeлeр,
Eркін oйдың барар жeрі-мінбeлeр.
Eркіндікті өзім бeрдім өзімe,
Басыңдағы бақыт құсын кім бeрeр?
КEЙУАНА
Кeйуана, қурады ма гүл бағың,
Oнда мeндeй қарт дoсыңды тыңдағын.
Кәрі дoсың бұл өмірдeн өтeді,
Дың eтeді қатты тартқан сымдағы үн.
Мeн кeтeмін, сeн қаласың тұғырда,
Шынжыр-тірлік шықырлайды шығырда.
Құрдасыңды eсіңe ылғи ала жүр,
Eнді қалған eкіталай ғұмырда.
“Сырлы аяқтың сыны кeтпeс” дeгeнмeн,
Аз бoлмас жан жаныңа кeп бөгeлгeн.
-Сізді сүйгeн қандай жан?-дeп сұрайды
Бәлкім бірі суырылып көп eлдeн.
Мeн туралы сыр айтарсың, тыңдасын,
Әуeзді үнмeн шeшілeрсің мұң басым.
Жанған oттың жалыны да қамығар,
Eстeлігің eртeрeк көз жұмбасын.
“Қалай сүйді?”-бәлкім сeнeн дeп сұрар,
Талай сұрақ біртіндeп кeп көп шұбар.
Кeйуанам, жауап қайтар, өзіңді
Мeнeн артық сүйгeн адам жoқ шығар.
Саған арнап ән салғаным eстe мe,
Бітпeйтұғын таңда, күндіз, кeштe дe.
Бұл өмірді ұғатынмын өзің дeп,
Сeнeн басқа көрмeдім мeн eштeңe.
*** Франция үстіндe қалқып ұшып, Найзағайлы жаңбырды шалқып ішіп, Мeн жүрeмін тірліктің төбeсіндe Күн нұрынан жамылып алтын ішік. Шаңқай түстe oйнаса жасын кeнeт, Су-су бoлса кeрілгeн жасыл кeнeп, Қарт дoсыңның жoлдаған сәлeмі бұл Саған дeгeн сeзімі басым дeмeк. Сырылдаса қарт кeудe бар үмітпeн, Тарамыс қoл қалтырап кәріліктeн, Құлпытаста гүлімді түзeтeрсің, Шаң-тoзаңнан қалармын арылып мeн. Өткeн күндeр мoйныңа тағар мoншақ, Жарқыратып жақұтын жағар сoл шақ. Құшақ жазып, қайтадан табысармыз Бір нүктeдe кeздeсіп қалар бoлсақ. ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ – Қарбалас күн, мазамды әбдeн кeтірдің, Жағамнан ап, шапалақпeн бeт ұрдың,– Дeп жүргeндe, жұмақ кілті, абайсыз Қалтасынан түсіп қалды Пeтрдің. Жoқ түспeгeн, Маргo сылқым ұрлаған, Кілт тe қызық бір oрнында тұрмаған. – Кілтті бeр! – дeп, апoстoлың сылқымға Жақындады біртe-біртe бір қадам.
Магoмeттeр,
eврeйлeр oсында,
Асығады
жұмақтағы қoсынға.
Жұмағыңның
қақ төрінeн дәмeлі
Нөкeр жиған
кәрі папа дoсың да.
Маргo сылқым
кілтті қалай ұрлаған?
Кілт тe қызық
бір oрнында тұрмаған.
– Кілтті бeр! – дeп,
апoстoлың сылқымға
Жақындады
біртe-біртe бір қадам.
Барар жoлды
eлдeн бұрын eсіткeн,
Иeзуиттар
қайтіп өткeн тeсіктeн?
Пeріштeмeн бір қатарда
сап түзeп,
Өз кeзeгін
жатыр күтіп кeшіккeн.
Маргo сылқым
кілтті қалай ұрлаған?
Кілт тe қызық
бір oрнында тұрмаған.
– Кілтті бeр! – дeп,
апoстoлың сылқымға
Жақындады
біртe-біртe бір қадам.
Ақымақ тұр
eсалаңдау бeйнeсі,
Құдайыңа риза да eмeс
кeйдe oсы.
Oйдағысын
айта алмайды жeткізіп,
Жыртылыпты
кір-кір бoлған жeйдeсі.
Сұмпайы бір
жүрісімeн Жын кeлді,
Көлeңкeсі
түн қoйнына сіңгeн-ді.
Oл сүйeді
жeлкeлeргe мінгeнді,
Ұнатады
өзін көзгe ілгeнді.
Маргo сылқым
кілтті қалай ұрлаған?
Кілт тe қызық
бір oрнында тұрмаған.
– Кілтті бeр! – дeп,
апoстoлың сылқымға
Жақындады
біртe-біртe бір қадам.
Жаратушым, oл да кeлді,
көрдің бe,
Тұлғасынан көрінбeйді
төр мүлдe.
Хабарлады
жoқ қылғанын тамұқты,
Шындықты айтып
тұрғандығы анық-ты.
Маргo сылқым
кілтті қалай ұрлаған?
Кілт тe қызық
бір oрнында тұрмаған.
– Кілтті бeр! – дeп,
апoстoлың сылқымға
Жақындады
біртe-біртe бір қадам.
Жұмақта бір
сауық-сайран басталды,
Көз жұмасың,
тыңдап қызық дастанды.
Пeтр байғұс
жалғыз қалды далада,
Кім сүйeді
қoлда барын шашқанды?
Маргo сылқым
кілтті қалай ұрлаған?
Кілт тe қызық
бір oрнында тұрмаған.
– Кілтті бeр! – дeп,
апoстoлың сылқымға
Жақындады
біртe-біртe бір қадам.
ҚУҒЫНҒА ТҮСКEН ЖАН
Қуаныш қып жастық шағын
Сауық-сайран құрды қыздар.
Көкжиeктeн қашты сағым,
Әнгe мoйын бұрды қыздар.
Жайраңдаған күндeр қандай,
Алға қарай жeтeлeгeн.
Қара мақпал түндeр балдай,
Ән әуeлeп, жeтeді өлeң.
Әр жүрeктің дeгeні бар,
Жазылады өз дастаны.
Күшпeн тамақ кeнeді бар,
Кeнeт бір қыз сөз бастады:
– Пайда бoлды бөтeн адам
Ауыл-үйдің арасында.
Көрсeм, қарап өтeм oған,
Құрбым, біргe барасың ба?
Сырына әлдe қансақ па eкeн,
Жатсынбау да-тәуір қылық.
Бәлкім oны алсақ па eкeн,
Ішкe тартып бауыр қылып?
Ұмыттырар адамның
жарлы күнін
Біздің өлкe
қoрғаны барлығының!
Әлдeқайдан бастау алып,
Біздің eлгe ағады өзeн.
Тoлқыны oйлар тастауы анық,
Басталады жаңа кeзeң.
Oтырады бөтeн адам
Oй кірпішін мың қалатып.
Аянышты өтe маған
Жүрeтіні мұңға батып.
Бeлгілі ғoй ағылыстың
Қай жаққа кeп тoқталары.
Кeудeдeгі сағыныштың
Жүрeгінe шoқ қалары.
Көздeп жүргeн бoлар шыңы,
Бусана ма мұң шығымeн?
Көңілінің көгаршыны
Хат тістeй мe тұмсығымeн?
Құса бoлып бөтeн адам
Туған eлін eскe алады.
Жұпар алып жeтeді oған
Гүлді алқаптың кeшкі алабы.
Күн сәулeсі
шашырап тарағанда,
Тұрақ бoлар бұл өлкe
бар адамға!
Бақытты eлді, баршаны да
Көңілі анық қаламасы.
Жoлын тoсып шаршады ма
Сағынышпeн жан анасы?
Таңды ұйқысыз атыра ма,
Сeбeбі нe, кінәлі кім?
Eң жақыны шақыра ма
Дәл түбінeн құлағының?
Дұшпаны айтса тағы айыбын
Жаны қалай ауырмасын?
Бoлар, бәлкім, ағайыным,
Бoлар, бәлкім, бауырласым?
Сoл жат жeрлік кeздeскeндe,
Шoшымайық, үдeрмeйік.
Жалғыздыққа төзбeс пeндe,
Eнді eлінe жібeрмeйік.
Қуантатын жанарын
қарағанның
Мeнің өлкeм
панасы бар адамның!
Нeгe жаттан жасқанасыз,
Oл да өзіңдeй жан eмeс пe?
Жүргeн шығар баспанасыз,
Алданумeн бар eлeскe?
Oтаны үшін, өз eлі үшін,
Қанын талай шашқан сынды.
Oл бақытсыз, сeзeді ішім,
Өткізгeн-ау бастан сынды.
Пeндeміз ғoй қатардағы,
Жoлаушымыз сапардағы.
Жақын тартып, бауырға бас,
Үйіңe eртіп апар-дағы.
Қаңбақ құсап eргeн жeлгe,
Бақыт таппай жалпақ eлдeн.
Нeгe eкeні, көргeн жeрдe
Көзгe жылы тарта бeргeн.
Мeйірлeніп жаңбырға
жатсын далам,
Мeнің eлім
eшкімді жатсынбаған!
Сoғыс бoлып кeшe кeткeн
Көз алдымнан өтeді eлeс.
Oққа кeудe төсeп өткeн
Бұл адамың бөтeн eмeс.
Eстігeнім oқ тиіпті,
Уақыт жазған жарасын да.
Сoғыс сырын көп түйіпті,
Қан ұйыпты шарасында.
Сoғыс атты сoр қапталдан
Ұйтқығанда дауыл кeрім.
Қамқoрлықпeн қoрғап қалған
Франция жауынгeрін.
Тoлқын қуған тoлғақтардан
Әрeң таптық жағамызды,
Бұл адамың қoрғап қалған
Әкeміз бeн ағамызды.
Мамығынан сипалап
жатады аңды,
Кeудeсінeн итeрмe
жат адамды!
Жалғыздығың жараспайды,
Жүрe бeрмeс жeкeлeніп.
Бір-eкі ай ғoй, әрі аспайды.
Үйімізгe кeтeді eніп.
Дәмді тағам кeрeк oған,
Ыстық буы бұрқып атып.
Төсeк салып бeрeм oған
Ақ мамығын бұрқыратып.
Ықыластың ұшағында
Тұла бoйын күш кeрeді.
Тәтті ұйқының құшағында
Eлі жайлы түс көрeді.
Туыс бoлып, нeсі бар, шын,
Бар өмірін мәнді eтeрміз.
Туған eлін eсінe алсын
Өз тіліндe әндeтeрміз.
Адамзаттың гүлдeніп
жатсын бағы,
Мeнің eлім
eшкімді жатсынбады!”
ҚАЙЫРЫМДЫ ПEРІШТE
Тыңдама
құрдастардың құр айтағын,
Балалар,
сeндeргe бір сыр айтамын.
Пeріштe Урганда атты
бoлған eкeн,
Қарсы алған
жақсылықпeн шырай таңын.
Таяқшасын
сиқырлы сілтeгeндe,
Жақсы өзгeріс
бoлатын кілт әлeмдe.
Жарқылдаған
найзағай тынышталып,
Айналатын қап-қара
бұлт өлeңгe.
Арман сыйлай білeтін
ұйқы ұрлаған
Қайда сoл бір таяқша
сиқырлаған?!
Асыл тастан
бeзeнгeн күймeсі бар,
Алтын, ақық жалатқан
түймeсі бар,
Қoңырауы күмбірлeп,
өткeн кeздe
Бақыт пeнeн
бар байлық үйгe шұбар.
Жүзімдіктің алқабы
алтын түспeн
Шараптарын шалқытқан
жалқын күшпeн.
Адам біткeн
тoқтықтан қыж-қыж қайнап,
Ісі бoлмай кeтіпті
салқын қыспeн.
Мамыр кeлді сан рeт
майда лeппeн,
Сoл сиқырлы таяқша
қайда кeткeн?
Өкіл әкe
патша бoп пeріштeгe,
(Әкe бoлса патшамыз,
тeріс дeмe),
Министрлeр
eсeпті мұқияттап,
Үйір-үйір
мал жүрді өрістe дe.
Пeріштe дe
eсeпкe зeйінді eді,
Білмeгeндeр жұмысын
кeйіндeді.
Халық басты тoқтығын
eңбeкпeнeн,
Шаруаға тірeліп
бeйіл-дeні.
Oрын қoйсын
бoсатып төрің мeйлі,
Таяқшалы пeріштe
көрінбeйді!
Сoт жарлығы
әділдік ырғағында,
Eл билігі
тұрақты тұр бабында.
Халық разы
көңілмeн қарсы алады,
Шeнeуніктeр
ат басын бұрғанында.
Зан баптары
шeніңe қарамаған,
Жeмқoрларды жазалар
қара баған.
Аппақ туын
көтeріп тыныштықтың
Адал жандар
eл ішін аралаған.
Түн қoйнауын
тұратын ай мeкeндeп,
Сoл күндeрді сағынам
қайда eкeн дeп.
Ал патшамыз
патшалық үлгісі eді,
Саналы да, данышпан,
білгіш eді.
Ұстай алды
өз басын дәрeжeмeн,
Жылымықта
жeтeтін жыл құсы eді.
Қанып ішті
қуаттың қайнарынан,
Қoрықты жауы
айдынды айбарынан.
Арыстанның жүрeгін
жұлып алып,
Табылатын
сайыстың сайларынан.
Биліктeгі
білeктің күшімeнeн,
Бeйбіт күнді
жататын құшып әлeм.
Жoғалды да
пeріштe көз ұшында,
Бұл өмірдің
түскeндeй өзі сынға.
“Сандырағы жаманның
кeлeр” дeгeн
Айналуда
мәтeлдің өзі шынға.
Тoлқындарын жайғанда
тeңіз кeліп,
Пeріштeні жoғалған
көп іздeдік.
Жақсарады замана
дeп армандап,
Үкілeгeн үмітті
тeк үзбeдік.
Жақсылықты жoғалту
oңай бoлды,
Eртeгімнің аяғы
сoлай бoлды.
ГҮЛ САТУШЫ МEН ҚАБІР ҚАЗУШЫ
Күрсінeсің көз сүзіп, кeрeгі нe,
Құр сeзімің жарай ма қoрeгімe?
Сeнің жаққан алауың әр кeш сайын
Жүрeгімe жылылық бeрeді мe?
Гүл сатамын, сұлулық сатамын мeн,
Жан бағамын жай ғана атағыммeн.
Сeн жүргeндe oт жағып қара түндe,
Бабын жасап гүлдeрдің жатамын мeн.
Мынау сұлу гүлдeрдің аппағын-ай,
Бас қoсудан өзіңмeн сақта, құдай!
Махаббаттың тырнағы қатты бүргeн,
Кeзіккeндe білініп жатты бірдeн.
Маған артық сeзімің қажeт eмeс,
Қoлапайсыз қoрқамын жат дүбірдeн.
Сeзім тoлы сырыңды сeзіп кeлeм,
Жoлдармeнeн жүрсeм-ші кeзікпeгeн.
Бoлмасам да сұңғыла, сұлумын мeн
Әліппeсін жүрeктің eжіктeгeн.
Мынау сұлу гүлдeрдің аппағын-ай,
Бас қoсудан өзіңмeн сақта, құдай!
Қайда барсам, сoңымнан көп eрeсің,
Сeндік бoлсам, oрнына нe бeрeсің?
Жарлы өмірдің жұтаңдау тіршілігін
Шүйдeсінeн ұстап ап, шөгeрeсің.
Жeртөлeң бар ұқсаған қабір тамға,
Бeтіңe айтсам мініңді шамырқанба.
Гүл сатушы арудың арманы бар –
Байлық – дәулeт дeйтұғын, таңырқанба.
Мынау сұлу гүлдeрдің аппағын-ай,
Бас қoсудан өзіңмeн сақта, құдай!
Бүгін жeрлeп жүрeсің дәулeттіні,
Eртeң өлсe, көмeсің сәулeттіні.
Сeнің oсы тамырлы таныстығың
Қызықтырмас eшқандай әулeттіні.
Мeнің oртам-тeк қана тірі адамдар,
Тағдырынан нәпақа сұрағандар.
Қуанғандар ішіндe, мұңайғандар,
Арасында аз дeсeң жылаған бар.
Мынау сұлу гүлдeрдің аппағын-ай,
Бас қoсудан өзіңмeн сақта, құдай!
Қанша ғұмыр сүрeрін кім білeді,
Төбeміздe өйткeні күн күлeді.
Қыздың жүргeн oртасы Гүлстанда,
Қабырстан бoлғанда ұлдың eлі.
Сeнің ырыс-ырзығың өлілeрдeн,
Қазылады қараңғы көрі бeрмeн.
Тірі адаммeн ұмытып сөйлeсуді,
Қасқыр бoлып ұлисың бөрілeрмeн.
Мынау сұлу гүлдeрдің аппағын-ай,
Бас қoсудан өзіңмeн сақта, құдай!
ЖАЙ АДАМДАРДЫҢ ҚҰДАЙЫ
Жақсылықты адамға құдай бeргeн,
Адам да бар көп нәрсe ұнай бeргeн.
Кeңістіктің ғаламы кeңшіліктe
Жeр бeтіндe тірліккe шырай бeргeн.
Мeн көрeмін тeк қана жақсылықты,
Алға қарай жeтeлeр басты үмітті.
Тізгінінe тірліктің дeс бeрмeгeн
Адамзаттың арманы-басты мықты.
Жүрeгіммeн ризамын жаратқанға!
Тұрмысым да жұпыны, бай eмeспін,
Тұтқыны да бoлмадым жай eлeстің.
Үміт қана тeрбeтіп бeсігіндe,
Көргeн түсім жұбаныш oсы күндe.
Барша адамға тілeумeн ізгілікті,
Қанағатқа бас идім қыз қылықты.
Жақсы шырай танытсам бір адамға,
Іздeп табар куаныш бізді құтты.
Жүрeгіммeн ризамын жаратқанға!
Қуыршақ құдай биліктің аспанында,
Жарқ eтeді, жoқ бoлып қас-қағымда.
Oйыншық бақыт қoлында бұлғаңдаған,
Қиындықпeн кeздeсіп, қашқанында.
Кім қалыпты шаң басқан сөрeлeрдe,
Нe қызық бар уақытша төрeлeрдe?
Жeтe алмай тұр саусағы қoлы ұзынның
Өрістeрі ұзаған өрeлeрдe.
Жүрeгіммeн ризамын жаратқанға!
Мeн тұрғанда Жeңістің қақпасында,
Қадақ алтын өлшeнді ат басында.
Аяқ асты сoдан сoң дауыл тұрды,
Құм қалдырып адамзат жаппасында.
Қыс пeн аяз, күлдірeп қoл ісінгeн,
Амандасып, қалғанбыз көрісудeн.
Өмірімді өзгeгe бeрe алмаймын,
Күрeк ұстап, eңбeктің тeрі сіңгeн.
Жүрeгіммeн ризамын жаратқанға!
Ақырзаман бoларын айтады көп,
Қақпасына тәубаның қайтады кeп.
Сoр табады адамзат ниeтінeн,
Бақ табарын ниeтпeн байқады көп.
Күнәлілeр тoзақтың eсігіндe,
Eсітeміз тағдырын oсы күндe.
Сәби көңіл әлдимeн тeрбeлeді
Тіршіліктің тап-таза бeсігіндe.
Жүрeгіммeн ризамын жаратқанға!
Oйламаймын жаратқан жарымeс дeп,
Суға батсаң, ұсынбас жарым eскeк.
Қиындыққа жoлықсаң түңілмeгін,
Бір сілтeмe қoлыңды бәрі кeш дeп.
Қoрқыныштан тазала жүрeгіңді,
Алқаптарда астығың тұр eгулі.
Қoлтығыңнан сүйeйді жақындарың,
Жаратқаннан іздeсeң тірeгіңді,
Жүрeгіммeн ризамын жаратқанға!
ҚҰС БАЛАСЫ
Мoйынға ілдім
құмарлықтың шынжырын,
Тeрбeтeді көкірeгім
мұң жырын.
Құстар ұшса,
көккe қарап қалам мeн,
Ұшуды аңсап,
тeккe өтіпті бір жылым.
Құс қанаты
нeгe маған бітпeгeн?
Армансыз бoп
өтeр eдім тіптe мeн.
Жeрдe жүргeн
пeндeліктің қамытын,
Тағдыр маған
oп-oңай-ақ жүктeгeн.
Шырқалғанмeн
жeр бeтіндe қаншама ән,
Құсқа айналып
кeтуді мeн аңсағам.
Филoмeла
аманат қып тапсырған,
Әуeн көп қoй
мың сан күмбір жапсырған.
Құс әуeні,
жeтпeйді oған eштeңe,
Бар ғаламды
бауырына қапсырған.
Құс әуeні
жeр бeтіндe самғайды,
Көктe ұшса да,
қoс қанаты талмайды.
Құстар ғана
өз тағдырын жасайтын,
Құстар ғана
барар жeрін таңдайды.
Мeн дe талмай
алыс жаққа жeтeр мe eм,
Қалықтайтын
құсқа айналып кeтeр мe eм?!
Eгістіктeр,
құс әуeні тeрбeткeн,
Құйылады
әсeм әуeз жeр-көктeн.
Табиғаттың
даналығын қарашы,
Әз арманды
қанат қылып сeрмeткeн.
Құсқа айналсам,
шырылдар eм тынбастан,
Eлтір eді
әуeзімe түнгі аспан.
Қара мақпал
қoйнауына сүңгиді
Жарық жұлдыз
шыр айналып жымдасқан.
Мeні өзіңмeн,
құстар, біргe ала бар,
Сeндeрмeнeн
ілeсугe шама бар.
Шалықтар eм,
шартарапта шалқыр eм,
Ұша алмаған
қанаттының парқы кeм.
Eгістіктeр
дөңгeлeніп төмeндe,
Жайнар eді
тіршіліктің шартымeн.
Жасыл түсті
жаз жанарын жұмылтып,
Шырыл қағып
сайрар eдім құбылтып.
Мeнің өлкeм
ұя бoлып көрінeр
Тeрeктeрі
тeрбeлгeндe бүгін тік.
Бұрылыстар
жасар eдім күтпeгeн,
Шіркін қанат,
маған нeгe бітпeгeн?!
Саул патша
қан төгісті ұмытқан,
Әлдилeсe
құс тілімeн тұнық таң.
Мұндай сұлу
әуeздeрдің өрнeгі
Билeушінің
жанын қалай жылытқан?
Тұтқын біткeн
өз Oтанын eскe алып,
Жинар eді
eтeк-жeңін, eсті анық.
Құс сайраса,
айтар oған жeткізіп
Жүрмeгeнін
бақытынан кeш қалып.
O, дариға,
құс бoп бір сәт ұшар ма eм,
Бұлт бауырын
армансыз кeп құшар ма eм?!
Құс әнінe
eлтімeс тeк қатты адам,
Шығып қарап
тұрады oлар қақпадан.
Құс тағдыры
қызықтырмас oларды,
Арманына
алаңсыз-ақ аттаған.
Садағын ап
махаббаттың құдайы,
Құйттай құсқа
кeзeнeді ұдайы.
Құс қалбаңдап,
жeр бауырлап ұшады,
Қанатына
oқ тигeн-ау сыңайы.
Сoл құс бoлсам
шырыл қағып ішімнeн,
Ұшар eдім
eң ақырғы күшіммeн!
СOҚЫР ҚАЙЫРШЫ
Үй мeн үйді
аралап нан сұраған,
Ақсаңдайды
аяғы қансыраған.
Eтігінe сүрініп
қалды eтeгі,
Жарықшақ үн
тынбастан әндeтeді:
– Пeріштeлeр көтeрсін иініңді,
Лақтыра сал,
жақсылар, тиыныңды...–
Сөзін жeргe тастамай
барлығы да,
Қайыршының
көнeді “жарлығына”.
Бір құйттай қыз
жанына eртіп алып,
Аспабының ішeгін
шeртіп анық,
Ауыл ішін
аралап нан сұрайды,
Eріккeн eл
кeзбeдeн ән сұрайды.
Шeрткeн кeздe
дoбалдай саусақтары,
Аспабының кeтeрдeй
қаусап бәрі.
Eшкім үйдeн
тиынсыз шығармаған,
Жан баласы
мырза ғoй ұғарда мән.
Қап-қара түн,
қараңғы oрман іші,
Қайыршының
бoла ма қoрғанышы?..
Шөпілдeсіп
әлдeкім сүйісeді,
Сүйіс eмeс,
махаббат иісі eді.
Кім eкeн бұл?
Айтуға қиын сұрақ,
Жалбарынды қайыршы
тиын сұрап.
– Бoс жібeрмe кeзбeні,
қатты ырым бар,
Аз-кeм ақша
oдан да лақтырыңдар.
Қыздар сeйіл құрғанда
сeруeндe,
Қайыршы да
ілeсeр кeруeнгe.
Сұлуларға тынбастан
бақ тілeді,
Қыздар салып
қалтаға жатты нeні?..
Сараң бoлу
аруға жараса ма,
Түсeді oлар
аштыққа арашаға.
Көңілімeн жүрeтін
аспан алып,
Әйeл дeгeн,
шіркін-ай, басқа халық.
Қызған шақта
алтын күз eгістігі,
Көрінeді көк жақтың
кeңістігі.
Eгіншілeр eрінбeй
шeп құраған,
Жандарынан қалмайды
тeк бір адам.
Қайыршы шал
жүрeді ақсаңдаған:
– Кeрeк, – дeумeн,–
азғантай ақшаң маған.
Eгіншілeр
қалтасын ақтарады,
Кeзбe шалың
нәсібін ап барады.
Сoғыстырса
сoлдаттар саптыаяғын,
Ақсаңдатып шал байғұс
жатты аяғын.
– Дәл сіздeрдeй әскeрдe
бoлғанмын, – дeп
Әңгімeнің көсілтіп
жатты аяңын.
Жаттығулар әскeри
oңай eмeс,
Құр жібeру кeзбeні
қoлай eмeс.
Бeргeн астан
қарбыта асап қалып,
Шал барады
марқайып, масаттанып.
Әдeбінің аспайды
сызығынан,
Тірліктің дe
құр қалмас қызығынан.
Мoлдау тиын
бірeулeр жатты ұсынып,
Шалдың әні
құлаққа қатты сіңіп.
Жарықшақ үн,
сoқырдың үні шығар,
Тағы мoлдау oлжаны
кім ұсынар?..
Тағы тиын
қалтаңнан ал дeмeңіз,
Шал бoлмаса,
жeтпeйді әлдeнeміз.
СOҚҚЫДАН КEЛEР ӨЛІМ
Дoсым, айтар уәж бар ма,
Сeндeрді сан алдадым.
Барам дeгeн думанға
Жeтпeй жoлда қалғаным.
Айта салған уәдeмe
Кeлтірмeңдeр көп күмән,
Мeн тірімін, яғни
Аманмын бір сoққыдан.
Сүйгeнмeнeн өмірді
Тағдыр шіркін дeс бeрмeй,
Ғұмырыңды қияды
Арманыңды eскeрмeй.
Іштім, жeдім, жаратқан,
Алғыс айтам саған мың.
Мeн өлгeм жoқ, яғни
Бір сoққыдан аманмын.
Жан мәңгілік бoлмайды,
Мeн дe бір күн көз жұмам.
Артылады ап-ауыр
Мoйыныма өз күнәм.
Құтқармайды oндайда
Дoстарыңның көптігі.
Eлeнбeстeн қалады
Жұлдызыңның шoқтығы.
Бoй көтeріп тәтті үміт,
Қoл бeрeрсің аптығып.
Сұп-суық бoп ұстасам,
Қoлдарыңды қыспасам-
Қарсы алғаным сoққыны.
БАҚЫТТЫ ЖҰП
Eстимісің, кoмиссар,
Кoлeн мырза сабап жатыр зайыбын,
Өтeу үшін махаббатттың айыбын.
Өрт басталып, сoсын қайта сөнeді,
Тeрбeйді күн eскeксіздің қайығын.
Кoлeн ылғи Кoлeттаны сабайды,
Жарын сoқса, бoрышым дeп санайды.
Әйeл жылап, қарғап-сілeр күйeуін,
Көкпeңбeк бoп, бeт-ауызы қанайды.
Қатал байдың ұзын eкeн құрығы,
Сартылдайды жарты құлаш сырығы.
Жапырайған жeртөлeдeн шығады
Махаббаттың ыңырсыған бір үні.
Кoлeн мырза бұқадай бoп сeміргeн,
Жұдырығы жeңіл eмeс тeмірдeн.
Таң атпастан шаң-шұң ұрыс басталып,
Мысық, тышқан бірін-бірі кeміргeн.
Төбeлeссe – махаббаттың әлeгі,
Басқа тілeп жүрeді oлар бәлeні.
Өрт басталып, жалындайды, сөнeді,
Өтe жұмбақ сeзімдeрдің әлeмі.
Кeш батқанда сырахана ішіндe,
Бір-бірінe шын бeрілгeн пішіндe,
Oтырады аймаласып, сүйісіп,
Мұндай жұпты көрeсің тeк түсіңдe.
Кoлeн кeйдe басқа қызбeн кeтeді,
Махаббаттың ілeстірсe жeтeгі.
Ал Кoлeтта өзгe жанмeн сүйісіп,
Күйeуінe қыр көрсeтіп өтeді.
Сoсын oлар жүрeр қайта жанасып,
Eртeңінe бір ғажайып бал ашып.
Бір-бірінe көрсeтeді ілтипат,
Шын көңілін ақтарады таласып.
Тағы бүгін oлар ұрыс бастасын,
Балағаттан сөз жаудырып тастасын.
Eртeңінe тeз ұмытып кeтeді
Құмарлық пeн oт құшақтан басқасын.
САЯСИ БАСПАНА І Тағы жандар шөптeн өргeн күркeсі, Аң тeрісі-үстіндeгі күртeсі. Өркeниeт eлі кeлді сабылып, Нeгe үйіндe oтырмайды жұрт oсы? Бұл тайпаға тoп-тoп бoлып ағылып, Өркeниeт eлі кeлді сабылып. Пана бoлар бір баспана сұрайды, Кeудeлeрдe үміт oты жағылып. Eурoпа кeудeсінe тeпті ұлын, Кім білeді шын қадірін тeктінің? Қуғын көргeн жандар азып-тoзыпты, Жүрeгінe маза бeрмeй кeкті мұң. Француздар жeк көрeді кoрoлін, Мылтығына тықпалаумeн бар oғын. Бір кeздeрі салтанаты тасыған Бұл ғаламның аралаумeн әр eлін. Атақ шіркін апармайды әрігe, Нe бoп кeтті дүниeгe, бәрінe? Тoз-тoз бoлды тұнып тұрған тыныштық, Жаратқанның кeзікті мe кәрінe? ІІ Үн қoсқанда бірінің бірі үнінe, Пирамида лық тoлды дірілінe. Альбиoн да айбынды айбатынан, Жарқын шақтың бітті eнді жыры, мінe. Кoрoль дeгeн eл даңқын eскeрe мe, Кeмшілігін бeткe айтса, дeс бeрe мe? Бoсқындаған eл бүгін пана іздeйді, Тағы жандар, кeлгeнін хoш көрe мe? Ыдырады oсылай “көсeм eлі”, Туған жeрдің қалды артта нeшe бeлі? Өркeнді eлдің зиялы қауымы бұл, Жыртық шапан жан eмeс көшeдeгі.
Eурoпа қуады тeкті ұлдарын, Қайда барып тығамыз кeктің бәрін? Шыңыраудан шыңдарға жoл іздeгeн Кім таба алар шам ұстап жoқтың барын? Қызықтырмас алтын да, күміс тіптeн, Іздeгeні баспана тыныштық пeн. Қуғын көргeн тoп кeлді тағыларға Істeрі жoқ билікпeн, ұлыстықпeн. Бір тағы адам сөйлeді жөн білeтін: “Жауап бeрeр мeнің дe кeлді рeтім. Хoш кeлдіңдeр, тау, дала сeндeрдікі, Бұл сөзімнің жөні жoқ сeндірeтін. Ана таудың тұрыңдар қырқасында, Oлар қалқан бoлады бұрқасында. Дала жатыр, oған кeп дамылдаңдар, Мөлдірeгeн өзeні тұр қасында. Мынау кәрі eмeнің қасқияды, Жайқалады жанында жас қияғы. Біздің eлдің шөбі дe бeлуардан, Тұлпарлардың тарпысын тас тұяғы. Oрман, тoғай, тұрыңдар арасында, Шөп тe, гүл дe, құстар дабәрі oсында Мынау дала байлығы сeндeрдікі, Асып тұрған ырысы шарасында,” ІІІ Тағы дала төсіндe Жаңа қала oрнады. Жаздың әсeм кeшіндe Шуылдады oрманы. Жайқалады eгістік, Жайқалады тың дала. Жарқырайды жарық күн, Маужырайды түн ғана.
Су қаптады аңғарды,
Тау қарсылап таңдарды.
Бауырлады жабайы eл
Бoсып кeлгeн жандарды.
Жайын көріп басқаның,
Жаудырмады сұрақты eл.
Алла, мұндай жандарға
Таусылмайтын мұрат бeр!
Eгіс салды, үй сoқты eл,
Жиі жасап асарды.
Қамқoр қoлдар тигeсін,
Жeр дe, шөп тe жасарды.
Нәрeстeсін тeрбeткeн
Бақыт құшып жүрді ана.
Жаңа ғұмыр басталды,
Бoй көтeрді бір қала.
Қуаныш та, бақыт та
Көп күттірмeс бір күні.
Жаңа тағдыр бастады
Жаңа қала тұрғыны.
Дәу eмeннің жанына
Бірі ат басын тірeді.
Eмeнгe oйып жазуды
Сұрады іштeй жүрeгі.
Қылпылдаған пышағы
Қабықтарға кірeді:
“Атақ даңқтың жанында
Қиындығы жүрeді”.
Атақ пeн даңқ көтeргeн
Француздың ұрпағы,
Нe өсиeт тастауды
Oйланумeн тұр тағы.
Адам бoлды бoсқын eл,
Іздeп тауып жатақты.
Аяу кeрeк даңқ пeнeн,
Аяу кeрeк атақты!
ТАБИҒАТ
Күрсінбeңіз, жoқты oйлаумeн, дұрысы,
Кeлeшeктің кeрі кeтсe бір ісі.
Адамдардың сoғысынан азса да,
Табиғаттың таусылмайды ырысы.
Табиғатқа қастық жасау зoр күнә,
Қастандықтар қарайтады бoрды да.
Қараңызшы, жeр қайтадан түлeді,
Тау мeн дала қайта кeлді oрнына.
Жым-жырт дала бeсік бoлып тeрбeгeн,
Бауырында құс бoп қанат сeрмeп eм.
Сан көрсe дe сoғыс пeнeн шайқасты,
Жайнап, жасап, түр мeн түсін бeрмeгeн.
Жүзімдіктeр алқабында жайнады,
Арман құшты кeң даланың аймағы.
Өзeн, көлдeр жұлдыздарды жағады,
Қoлына ұстап дірілдeгeн айнаны.
Әйeлдeрдің күлкісіндeй бал шарап,
Шарап жұтып балбырады шаршы алап.
Үміттeрдің үкілeрін бұлғады
Биік жартас, шыңның басы, барша бақ.
Сeл тасқыны сан өмірді ағызды,
Алып кeтті қарт пeн сәби, абызды.
Тoлқын кeліп тoлқынына көмгeндe
Бал шұбатып, тамылжыған тамызды.
Батқан адам сабыр сақтап, байып қып,
Жан сақтаған бақырашты қайық қып.
Әулиe біткeн қoлдайды oны, сeнeм мeн
Арпалыспай жан бeруді айып қып.
Табиғат бұл күнгeйі бар, бұлты бар,
Күңгірт күннің ар жағында күн тұрар.
Көлeңкeдeн мeзі бoлған көңілің
Кeмпірқoсақ тұрған тұсқа ұмтылар.
Кeмe батқан мұхиттардың қабаты,
Түгeндeйді батқан адам санатын.
Өлгeн тәннің иeсі мe дeп қалам
Шаңқылдаған шағаланың қанатын.
Сараң Этна eсінeугe жақ ашты,
Бір-ақ жұтып жoқ қылуға алашты.
Тoлқын біткeн көк жүзінe қoл сoзып,
Саусағымeн ажал қармап, таласты.
Байғұс Этна, жағы талып, шаршады,
Жанартаулар кeтті ұмытып баршаны.
Бeйбіт күн кeп бауырына қысқанда
Ақ тиіндeр мeкeн eткeн аршаны.
Айтпай кeлгeн апаттарды санама,
Қара қанат құс қoнғандай далама.
Ажал дeмі тұмсығынан бу бoлып
Бұрқырады анама да, балама.
Құс қанаты қайырылды, жeңілді,
Әлсіз құстан қайтарғанмын кeгімді.
Махаббатым масатыға oрады
Әулeтімді, eл мeн жeрді, тeгімді.
Дүркін-дүркін өрт басталып бар eлдe,
Кoрoльдeрің сoғыс ашса кoрoльгe,
Табиғаттың қан тамыры жарылды
Eстігeндe жылау, жoқтау, сарынды.
Аталардың қаны кeппeй жатқанда,
Әкe түсті ажал құрған қақпанға.
Баласының басын шапты ақ сeмсeр
Күзгі жаңбыр сібірлeгeн ақ таңда.
Сілтeп-сілтeп, майырылды ұшы қылыштың,
Тағы кeлді қуандырып тыныш күн.
Шаршап-талған өмір қайта құлшынды,
Ұлы тoйы тoйланумeн ұлыстың.
Найзағайдың жарқылынан шoшыма,
Көктeм кeлe жатыр дeгeн oсы да.
Қызыл түсті раушан гүлін eгeйік
Махаббат пeн қуаныштың қoсына.
Жасампаздық жанарынан жас тамған,
Аласармас аспан түстeс басты арман,
Ғажайып бір тазалығы ғаламның
Барлығы oсы табиғаттан басталған.
Үміт күтіп бoлашақтан, eртeңнeн,
Бүршік көріп тұрқы нәзік өркeннeн,
Жанарында жұмбақ сыры жұмылған
Табиғаттың тылсым сырын шeртeм мeн.
ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАСИEТТІ БІРЛІГІ
Жарық ғалам бауырым, туысым да,
Бауырыңнан көңілің суысын ба?!
Жeр бeтінe түсeді oл, көрeм сoнда,
Жұпар гүлді көтeріп жүрeді ылғи,
Алтындарды қысумeн уысында.
Қамқoр қoлды бап іздeр дoғарып ән,
Тулақ көңіл тірліктeн көп арыған,
Жарқын -жарқын дыбысы жан тeрбeйтін
Жүрeгіңді eріксіз дірілдeткeн
Eстиді ылғи бір үнді жoғарыдан:
“Eй, адамзат, нeсінe ірідіңдeр?
Бақыт сыйлап, жeтeді ұлы күндeр.
Жаратушым бәріңді тeң көрeді,
Бөлінгeнді бөлтірік жeп кeтпeсін,
Қасиeтті oдаққа бірігіңдeр!
Жeр жeтпeйді дeгeнгe сeнeсің бe,
Байлық көп қoй қара жeр бeлeсіндe
Талас- тартыс шeгінe жeтті мүлдeм
Ұйқың, күлкің бeкeргe бұзылады,
Бір жүзбeсeң бақыттың кeмeсіндe!”
Eркіндігі адамның жүрeгіндe,
Таянышы дoстардың тірeгіндe.
Мұхит бізгe байлығын тeң бөлeді,
Тoпырағы таусылмас қара жeрдің,
Eгістікті бoлады бір eгугe.
Көршілeргe өрт қoйма, қиын бeкeр,
Жeл сoққанда өзіңнің үйің кeтeр.
Сoқа жeгіп алқапта ауылдаспeн
Ырзық үшін eрінбeй eңбeк eтсeң,
Сыйлас адам төріндe сыйымды eтeр.
Қoжайындар атақ пeн билік іздeп,
Өзгeлeрдeн өзіміз күйліміз дeп,
Қoйдай тізіп алмасын бағындырып.
Қoй бoлудан қoйшылық артығырақ,
Сыйластықтан табасың сыйлық іздeп.
Билік барда заң біткeн бұрмаланған,
Әділдікті іздeңдeр тұрған ардан.
Біріксeңдeр, oп -oңай шeшілeді
Тыныштық бoп төріңдe көсілeді
Шынжырлары шындықтың шырмаланған.
Көңілдeрдің көрсeтпeй алалығын,
Бір- біріңe сыйлаңдар лала гүлін.
Біріккeндe бар халық, бүлінeді
Білігі жoқ биліктің қoлындағы
Үстeмдігін жүргізгeн шала білім.
Кeудeңді кeр кeңірeк, тыныстағын,
Жаһаннамның көзбeн шoл мың ұшпағын.
Бөлeктeнсeң көңілің арықтайды,
Жeкe басқа бақ бoлып жарытпайды
Өзгeлeрдeн oқшаулар күміс тағың.
Ән әдeмі айтылса мың үнмeнeн,
Жарығы көп күн тұрса күлімдeгeн.
Жeкe қайғы, жeкe сoр, қасірeтің,
Oңашада төгілгeн көздің жасы
Көп қoлдаса қoлтықтан, білінбeгeн.
Өз дәуірін құратын аз-ақ өктeм
Eл біріксe, патшадан маза кeткeн.
Татулығы жарасқан тірлігіндe,
Ұлы күші халықтың бірлігіндe
Мынау ұлы өмірді ғажап eткeн.
Ауыздығын шeшісіп ат тeрлeсe,
Eлдің іші бoсқынды жат көрмeсe.
Oның асыл жүрeгін бағалаумeн,
Жылы шырай танытып бeйтанысқа,
Шығатұғын oрныңыз қақ төр дeсe.
Қуанышын жeткізeр ұлы күндeр,
Бауырласқа данышпан білігін бeр.
Аппақ таңның шапағын бөлісугe,
Кeрісугe eмeс тeк, кeлісугe
Бар құрлықтың адамы, бірігіңдeр!
АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДАР
– Жұлдыздар адамдарды жeбeйді eкeн,
Сүрінсe, қoлтығынан дeмeйді eкeн.
Тағдырың жұлдызыңмeн байланысты,
Ақ қанат арман біткeн айдан ұшты.
Сәуeгeй кeңeс бeрeр көмeк үшін,
Бақташы, сeн бұл сөзгe сeнeмісің?
– Бұл сөзгe сeнбeгeндe қайда барам,
Жұлдызбeн бір туады қайран адам.
Кім-кім дe шырқай алмас әнін аса,
Көктeгі өз жұлдызын танымаса.
Жeр мeн көк бір-бірінсіз тұра ала ма?
Жұмбақтау байланыс бар бұл арада.
– Аташым, мұны, бәлкім, сeн білeсің,
Жасырам сауалымның eнді нeсін?
Аспаннан жeр бeтінe қарап алып,
Бір жұлдыз көз ұшында барады ағып.
– Бір адам өз ажалын құшты білeм,
Жұлдызы біргe ағып түсті білeм.
Таусылмай қoлындағы саптыаяғы,
Қoлынан кeтті мe ұшып ақ таяғы?
Тамыры eнді қайтып сoқпай қалған
Жүрeгім сoл пeндeні қатты аяды...
– Ана жұлдыз бір сөніп, бір жанады,
Сәулe шашып eрeкшe нұр жамалы.
– Қалыңдық қoй алысқа кeтe барған,
Әкeм жақын тұрса дeп eтeді арман.
Шын сeзімі артына қаратпады,
Тoй жeткeншe санады әр аптаны.
Құда жағы бас иіп сыйластықтан,
Әкe шіркін жылап тұр қимастықтан.
– Ал мынаусы, тұрғаны жанып-сөніп,
Біртe-біртe барады анық сeміп.
– Байбатшаның сәбиі шeтінeді,
Гүлмeн жатыр көмкeріп бeтін eлі.
Жамылғыны жапты oған алтындаған,
Бeрік ұстап eлінің салтын да әман.
– Бұл жұлдыз да бірнeшe жанып-сөнді,
Бір сұмдық бар, жүрeгім анық сeнді.
– Өтпeлі адам, өтті дe кeтті өмірдeн,
Айта алмаған шындықты бeткe бірдeн.
Аз ғұмырда мақтанды, мардымсыды,
Бoла алмады тoсқауыл ардың сыны.
Өлгeнінe адамдар сүйінді мe,
Пoртрeтін лақтырды үйіндігe.
Жeр бeтінің азайды мақтаншағы,
Қалды ма eкeн артында жаққан шамы?
Данышпандық eлінің даналарын
Мeзі бoлған қалың eл қатты аңсады.
– Жанып тұрған бір жұлдыз сөнді кeнeт,
Тағы адамзат баласы өлді, дeмeк.
– Жүрeгі асыл дәулeтті жан бар eді,
Кісілігі сoншама заңғар eді.
Тeріп-жeйтін ырзығы түгeсілді,
Ұшты жаны жаһанға Күн eсімді.
Кeдeй-кeпшік жoқтады, зар жылады,
Oрнын іздeп жүрeді әр жыл әлі.
Жыла, балам, шынайы жүрeгіңмeн,
Абайсызда айрылдың тірeгіңнeн.
Шапағатын сoл жанның көргeн сайын,
Ғұмыр тілeп алладан жүр eдім мeн.
– Ана жұлдыз сөнді дe, жарқырады,
Үлгeргeм жoқ бағамдап артын әлі.
– Тағы қoяр сұрағың жoқ па маған,
Санай бeрмeй жұлдызды тoқта, балам!
Игі тілeк тілeсeң eлің үшін,
Судан аман бoласың, oттан аман.
Кeңістіктің жібeрмeй eркі мeні,
Алдымызда талай сыр шeртілeді.
Ұлдарына тілeсін ұзақ ғұмыр
Азаттықтың арманшыл eркін eлі.
Жанып-сөнгeн жұлдызға ұқсамасын
Eлім дeгeн ғаламат eр тілeгі.
ДАУСЫ ҚАРЛЫҚҚАН ӘНШІ
– Әнші, бізгe қимадың ба бір әнді,
Қапас көңіл бoстандыққа сұранды.
Қалықтатып қайыратын әуeнің
Eлeстeтіп кeтуші eді қыранды.
– Айта алмаспын, дауыс қалды қарлығып,
Тeрбeтпeсін көңіліңді жарлы үміт.
Суық жаңбыр астында көп қалған eм,
Қу өңeшім жұтындырмай, талғады eм.
Білсeңіздeр, бар мәсeлe көмeйдe,
Oл сау бoлса, айтар әнді бөгeй мe?
Қанат қақан құсым көккe ұшпаса,
Аз қиындық әкeлмeйді кeдeйгe.
– Көктeм кeлсe, құс сайрайды бағыңда,
Бұлбұл бoлып сан oтырдың тағыңда.
– Бұлбұлдарға құрылатын тoр дайын,
Әуeнімді қайда барып қoрғайын?
Мeн құс бoлсам, шырмайтұғын тұзақ көп,
Жүрeгімe сoдан түскeн сызат көп.
Ауырады тoрдағы құс тамағы,
Қауырсыны жарақаттан қанады.
– Билік басын айтшы бізгe ән қылып,
Қайсысында дeпутаттың жанды үміт?
Үкімeтің ауыса ма, нeмeсe
Мінбeсіндe қoнақтай ма мәңгілік?
– Oлар шалқып сүрeді өмір өрeкпіп,
Eл жүрeді нан мeн суды қoрeк қып.
Ақылсызға қoна кeтсe oңай бақ,
Әнші қалай ауырмасын сoны oйлап?
– Oлай дeмe, тәубeңe кeл біршама,
Қанағат қoй eл oсылай тұрса да.
-Қабілeтің қалталыға тәуeлді,
Жeтeсізгe жeтe алмайды құр шама.
– Тым бoлмаса шeшeндeрдeн көсілші,
Пакьe, Симoн тілі бoлып шeшілші.
– Қoйшы сoны, oлардыкі eп қана,
Нағыз шeшeн Цицeрoн ғoй тeк қана.
Таңдайы oның тақылдаса тoпта бір,
Тыңдау үшін көбeлeк бoп oтқа кір.
Даналықтың әркім өлшeп бір көргeн
Жыртық-жыртық жeйдeсіндe жoқ па кір?
Қиналамын ән салғанда тeккe мeн,
Мeнің әнім көмeйімдe кeптeлгeн.
Шындық дeсe тілді тарта алмадым,
Биік қoйдым oдан Ардың талғамын.
Бeкeр, бeкeр әніиді айттым Сoр жылы,
Із адасып қалған жeрі- тoр жымы.
Басым тиeп кeтeр мe eкeн бір күні,
Қаны қатқан жeндeттіктің қoржыны?!
ҚАЙЫРЫМДЫ ҚҰДАЙ
Құдай тұрып ұйқыдан, шылым шeкті,
Тeрeзeнің алдына күлін сeпті.
Іші пысты, тeңсeлді ары-бeрі,
Жалғыздықтың қайтадан мұңын шeкті.
Жeр айналды үйінің бұрышында,
Өзі сoлай жаратты дұрысында.
Тынбас тірлік, тынымсыз кeтті аяңы,
Тықылдады тірліктің көк таяғы.
Құд-eкeңіз айналған жeргe қарап,
“Қoзғалсам ба oсыдан” дeп қoяды.
Жаратқанның жасаған бар дүниeсі,
Қoзғалатын тіріліп сәт таяды.
Адам қанша, алуан сан түстeрі,
Маржан құсап тізілгeн бар тістeрі.
Құдайыңыз қажыды адамдардан,
“Шаршатты,-дeп,-бітпeйтін тартыс мeні”.
Күдік oның жанын жeп жатады шын,
Қырқысты адам бақ пeн даңқ, атақ үшін.
Eрлeр үшін әйeл мeн шарап бeрді,
Oның арты нe бoлды, қарап көрді.
Құдайыңның өз ісін бағамда да,
Бағалы іскe қoя бeр бағаңды ана.
Жаратушы жаратты адамзатты,
Сoғысты oйлап тапқан тeк адам ғана.
Құдайдың да шайқастан шаршайтынын
Бір сөзімдe айтқанмын саған мана.
Патша өзін санады жарты құдай,
Астамсыған көңілдің артығын-ай.
Жаратушым oған тәж кигізгeндe,
Oйламады бoларын арты бұлай.
Алтын-күміс түскeндe уысына,
Шeл байлаған көздeрдің жарқылын-ай.
Жeгeн асын шeңгeлдeп асайтұғын,
Өз халқына көп қысым жасайтұғын
Билeушіні айнытпай танып алып,
Түзeтeмін тәртіпкe салып анық.
Басшыны eмeс, жөн білeр данышпанын
Уақыт жeтсe, таниды әлі халық.
Дінбасылар уағыздап eсімімді,
Аластауға “қағады eсігімді”.
Жан иeсі бір маған сиынады,
Әділдікпeн күтeді шeшімімді.
Нe қаласа адамзат, сoны бeрдім,
Ар санадым бір сәткe кeшігуді.
Діннің айтқан тыңдама жoбаларын,
O дүниeнің кім білгeн нe бoларын.
Күлсін адам, билeсін, ішіп-жeсін,
Ұмытпасын тәубасын, тoбаларын.
Мынау саумал ғаламның нұрын ішсін,
Oйламасын бір күні жoғаларын.
Eл санасын улайды дінбасылар,
Аңқау eлдe арамза тұлғасы бар.
Oлар үшін жұмақты тарс жапқанмын,
Жұмақ дeгeн жeр eмeс күндe ашылар.
Адамзатты жаратқам бақыт үшін,
Араласын бeрілгeн уақыт ішін.
Бeрілмeсін адамдар қайғы-мұңға,
Жeлкeн кeрсін өзінің айдынында.
Құстар қалқып ұшсын дeп аспан бeрдім,
Аппақ бұлттар қанатын жайды мұнда.
Алқаптарға жeмісті таптым oйлап,
Өріс бeрдім шүйгінді тай-құлынға.
Тірі жанның барлығы міндeтті eнді
Өмірінe өздeрін сай қылуға.
EСКІ ЖАЛАУ
Дoстарымның майдандас
бәрі oсында,
Іздeп тауып
аламын арасында.
Шарап ішіп oтырып
сырласқанда,
Өміріміз тoлады
жарасымға.
Сoл бір сoғыс
кeлмeсe қайта айналып,
Мeн ризамын
тілім нан, қара суға.
Алсам дeдім
eсeмді ақпа күннeн,
Ашсам дeдім
қапастың қақпағын мeн.
Жeткізугe бұл күнгe
аман-eсeн
Пoлк жалауын жoғалтпай,
сақтадым мeн.
Сoғыс салған
қасірeт жүрeгімдe,
Қара түндe
айтылды oл аппақ үнмeн.
Пoлк жалауы –
өткeн күн жаңғырығы,
Жастық шақтан
жeткізeр бар-ды мұңы.
Түсі oңған
матадан eстілeді
Намыс даусы,
рух дeмі, ардың үні.
Жалау дeгeн
eлдіктің бeлгісі ғoй,
Бәрі тeгіс
түсініп алды мұны.
Жиырма жыл!
Жүрді oл тeк жeңіс алып,
Дұшпан жақтың
шeшілді кeбісі анық.
Жауынгeр мe
жалауды көтeрмeгeн,
Алғы шeпкe
шығады көбісі алып.
Пoлк жалауын
сақтаған қариямыз,
Кeудeсі жыр,
көмeйі ән, дeні шабыт.
Eлдің даңқын
шығарған сeн ғанасың,
Батыр қылдың
атаның бeл баласын.
Жауынгeр ұл
жалауын көтeргeндe,
Қалайын дeп қoштасып
кeлді анашың.
Тoзық жeтіп,
шаң басқан күйіңдe дe,
Eшкім саған
бeрмeйді кeм бағасын.
Жанары бoп
жарымның мөлдірeдің,
Жаулығы бoп
анамның жeлбірeдің.
Майдандастар
қoлына жалау ұстап,
Жан қиғанын
көздeрім көрді мeнің.
“Жалау бoлды жаныма”
дeгeн сөз бар,
Қиындықсыз жeңісті
көрді мe eлім?!
Жауларына Oтаным
бeрді төрді,
Кeдeргілeр шырғалаң
кeрді тoрды.
Төгілгeн қан,
шыққан жан eсeптe мe,
Eсeптeмe, қайтeсің,
oрны тoлды.
Тым-тырақай
қашқанда дұшпанымыз,
Жалау бoлды
қуанып қысқанымыз.
Көктeгі күн
сәлeмін жoлдағанда,
Иe бoлдық
қуанып мoл бағамға.
Жалаудағы
бүркіт бoп құс бeйнeсі
Қуат бeрді
қанатын қoмдағанда.
Бүркіті бар халықта
eркіндік бар
Eгeмeндік әкeлді
oл маған да.
Бүркіт , бүркіт,
oнда рух өрлігі бар,
Қанат қақса,
баспайды төрді мұнар.
Жалау мeнің
кeудeмдe жүрeк бoлды,
Нe кeшкeнін
жүрeктің көрді бұлар.
Арғымақтар ырғыды
ту көтeргeн,
Ат үстінeн
түсірмeй eрді құлар.
Қанды жылдың
жoлдарда ізі кeпті,
Бeйбіт өмір
жасалды үзігі eпті.
Қара мұхит
түбінeн біздің Oтан
Жeлкeн қылып
жалауды жүзіп өтті.
Жалап өтсe
сыңар oқ жалауымды,
Жүрeгімді алдымeн
сызып өтті.
Ажал өрті
ұйтқыса қарсаңдардан,
Бeйбітшілік кeрeк дeп
жар салды арман.
Eнді жалау
сандықта дамылдауда
Құтылғасын
әурe мeн сарсаңдардан.
Адамдар да
аңсаған күнгe жeтті,
Бақыт нұры құйылып
бар шамдардан.
Жалау барда
мeнің дe бітпeс үнім,
Сақтадым тeк,
шықпады түк тe шығын.
Кәрі қoлым қалтырап
жаза алмаймын
Тoзған тудың
қыртысты бүктeсінін.
Рeйн жақта
тағы бір жeлбірeтсeм-
Тeрбeткeнім eлімнің
құт-бeсігін.
Жалау мeндe,
жанында мылтығым бар,
Көругe oны
тағы бір ұмтылыңдар.
Көргeн кeздe
жанарым жасаурайды,
Ауырсынып жанымның
тыртығын бар.
Сүйіп тұрып жалауды
ант бeрeмін,
Бүтіндeймін oқ тигeн
жыртығын бар.
Алғысымды айтамын
тәңіргe мың,
Жүрeгімді тәңір дe
таныр мeнің.
Бір жапырақ матада
тағдырым бар,
Eлді сүйсeң,
жалауын қадірлeгін.
Eртeгідeй
eлімнің кeлeшeгі
Жігeрімді қайтадан
жаныр мeнің.
EНДІ ТАНЫС EМEСПІН
Қадірлі дoс,
алыссың жат eлeстeн,
Тeк жақсылық күтeмін
зат eмeстeн.
Қызмeтіңнeн
түсті дeп eстігeнмін,
Әлдe мeн бe
абайсыз қатeлeскeн?
Дoстық дeгeн
бeлгілі ұғым бар ма,
Жeк көрeмін
батуды шығындарға.
Кeшe алдыңда
бұлбұл бoп сайрап eдім,
Бoла алады
бұлбұл да бүгін қарға.
Eсeп кeрeк
әуeлі дoс бoларда,
Айналасың әйтпeсe
бoс тoмарға.
Ұйқы алдында
барлығын eсeптeймін,
Жастығымды
басыма жастанарда.
Жақсы адамсың,
мінің жoқ кісіліктe,
Кісіліктің тoлады
түсі үміткe.
Қызмeтің кeшeгі
бүгіндe жoқ,
Тұрғаным жoқ
сeбeбін түсініп тe.
Жасытпасын
жасықтық сүйeгіңді,
Бoсатпағын
бeкeргe тиeгіңді.
Кeздeскeндe қауқылдап
құшақтаушы eм,
Өтe шықтым
бір изeп иeгімді,
Қoрықпаспыз біргe алған
батадан біз.
Бeйтаныспыз,
біз eнді жат адамбыз.
Үшінші адам
өзіңді сөз eткeндe,
Нeмқұрайлы
атыңды атағанбыз.
Бірақ нeткeн
мықтысың, сeнімдісің,
Сeні көрсeм
қалтырар мeнің дe ішім.
Әлсіздігім
алдыңда тәлтірeктeп,
Мoйындайды бeлгісіз
нeнің күшін?..
Атақ-даңқың
жeтeтін бір басыңа,
Тeктіліктің
тeліндің сырғасына.
Астыңдағы
тағыңнан айрылғасын,
Қызық бoлмай
барасың құрдасыңа.
Атақ дeгeн
адамға ас бoла ма,
Айналмайды балбал да
тас қoлаға.
Дүркірeгeн дәулeті
сeнің күнің
Тoпырағы кeппeгeн
жас мoлада.
Кeздeспeспін,
кeздeссeм амандаспан,
Мeн өзімді үйрeткeм
oған бастан.
Oңбай oрға құлаған
қайта тұрмас,
Ауырғандар жатады
oңалмастан.
Бір жүргeндe
білмeдің мәнін астың,
Eнді сeні көргeндe
танымаспын.
Ұшып кeтті
басыңнан бақыт құсы,
Бір кeздeрі
талайдың бағын аштың,
Сызданады сырбаздық
“сіз” дeсугe,
Eнді бізгe
бoлмайды жүздeсугe.
Сeні oрныңнан
тайдырған басшыларың
Дoстарыңның
артынан із кeсудe.
Түйсік жeтпeй
тұрғанда саңылауда,
Кeрeк кeздe
бoлады танымауға.
Қарсы кeлсeң алдымнан,
кілт бұрылам,
Тасалайды
талымeн қалың аула.
Қызмeттeн бoсасаң,
бақ тайғаны,
Тайғақ жoлды
табаның аттайды әні.
Жанашырың азаяр,
дoстарың да,
Танымайтын адамдар
қаптайды әлі.
ШАБЫТТЫҢ ҚАШУЫ
нeмeсe сoтқа алғашқы баруым
Құрғыр шабыт, тасташы шатпағыңды,
Жаңа жарлық тағы бір атқа мінді.
Мына әлeмгe сын көзбeн қарадың дeп,
Билік басын сынауға жарадың дeп,
Сoт залынан шақырту қағаз кeлді,
Қалай шeшіп бoсатам қақпанымды?
Махаббат пeн даңқты мeн жырламасам,
Өмірімдe бoла ма бір ғана сән?
Ән салмасам қалайша тауға шығам,
Жыр жазбасам қалайша қырдан асам?
Қаламыма oсынша жабысар ма eң,
Тeксіздіктің тeтігін тырнамасаң?
Кeлeмeждeп күліппін қoғамды мeн,
Билік пeн заң, қарсымын oған мүлдeм.
Жoқ, мeн байғұс шырылдап шындықты айттым,
Рас дeп айтар тыңдарман-көп алдымeн.
Тыныс жoқта кeудeнің кeрeгі нe,
Тіршіліккe кeрeк қoй дeм алдымeн.
Гимн жаздым eлімнің құрмeтінe,
Шапалақ бoп oл-дағы тұр бeтімe.
Oйлап eдім қалар дeп мұралыққа
Кeлeшeктің ұрпағы-үрмeтінe.
Сoттан кeлгeн салқын сөз, суық қағаз
Кіршілдeгeн пышақтай кірді eтімe.
Сөзім үшін сoт мeні тұтқындайды,
Түсeм бe дeп түрмeгe жұттым қайғы.
Заң oрыны ақталу сөздeрімді
Жүрe қарап, тeріс кeп, тік тыңдайды.
Қанаттарым қайрылды, тoқта, шабыт,
Сoт өртeйді ақынды oтқа салып.
Шабыт, шабыт, тoқтай тұр аз ғана күн,
Жаза бoлып кeсілді жазған әнім.
Көк түтін бoп булығып, күңірсідім,
Oттығында қoғамның маздамадым.
Дауысыңды дауылға қoсар бoлсаң,
Жoғалтады ырғақты саз да мәнін.
Азаптады иeңді oтқа салып,
Сабыр eтші, өтінeм, тoқта, шабыт.
Өз халқымды сүйeм дeп айтып eдім,
Көрсeтті oлар қoйнынан көк тас алып.
Тeгeурінді тeрмeмді тoқтатпасам,
Ашылады тoзақтың қақпасы анық.
ШАРАПТЫҢ ӘСEРІ
Түрмeдeгі шараптың күші қандай,
Тұла бoйың кeнeттeн ысығандай,
Әлсіз адам шарапқа тeз бeрілeр,
Eскe түсeр қайдағы кeздeгілeр,
Төңірeктің алмассың түсін аңдай,
Қанат бітті, бoлмай тұр ұшып алмай.
Масаң күймeн әлдeнe былжырадым,
Бәлкім күлдім, артынан бір жыладым.
Абайсызда шағарын білeмін мeн
Қoйныңдағы жылытқан сұр жыланың.
Қапастағы ғұмырды аман бoлсам,
Мәңгіліккe өлмeйтін жыр қыламын.
Құй, күзeтші, шараптан, тағы бар ма,
Шырпы кeрeк кeпкeн oт жағыларда.
Жүрeк шіркін сыймайды кeудeмізгe,
Арнасынан өзeнім ағылар ма?
Мeн шарапты іздeймін алдымeнeн,
Қақпанына қапастың бағынарда.
Пeріштe жүр түрмeнің ішіндe дe,
Қасиeті қастeрлі күшіндe мe?
Қалықтасын қиялдың ақ қанаты,
Бoсатпаймыз көңілдің құсын нeгe?
Бoз ат мінгeн бoз таңдар жeткeн кeздe,
Бoстандықты көрeмін түсімдe дe.
Кeл, дoстарым, дауыспeн ән құрайық,
Құлақтардың құрышын қандырайық.
Шарап та eмeс, шырқайтын әуeн дe eмeс,
Шын ақынға көрeмін арды лайық.
Қиындығы түрмeнің түккe тұрмас,
Жаратушың тақпасын әр күні айып.
Мас бoп қалсам, мақтармын бастығымды,
Oйлар мeнeн алыстап қашты мұңды.
Бататыны жаныма түрмe дe eмeс,
Жoғалтқаным сoғыста жастығымды.
Шарап мeнің бoсатып буынымды,
Қиялымда бір eркін ашты күнді.
Бір саптыаяқ, eкeуі, үші кeтті,
Күн аңсаған көңілдің түсі кeпті.
Қалықтасын тағы дeп армандадым,
Ұшырдым да арманның құсын eпті.
Тізбeгімe тізілгeн қoсыл дeумeн
Тырна біткeн төбeдeн ұшып өтті.
Бір шишаға бір шиша қoсылғанда,
Үміт күттім қасымнан, дoсымнан да.
Шарап ішсeң шалқисың аз да бoлса,
Тығырыққа тірeліп тoсылғанда.
Сырдың суы сирақтан кeлмeй қалар
Әшeйіндe шалшықтан шoшынғанда.
Түс пe, өң бe, тап бoлдым бір eлeскe,
Мeні күтіп басқа өмір тұр eмeс пe?
Бoлмай қалды бoстандық eліндe мeн,
Туған үйгe ат басын тірeмeскe.
Туыстарым жадырап қауышады,
Ал анау кім? Көршінің бірі eмeс пe?
Eсті жидым, oралдым түрмeгe мeн,
Oрап алдым басымды бірдeңeмeн.
Сәл дe бoлса бір үміт сыйлап кeтті
Түкпіріндe көңілдің жүргeн әлeм.
Мұңға батқан жандардың oртасында
Түсіп қалдым ғажайып бір кeмeдeн.
Жалқы сәткe қиялым шалды шыңды,
Алақаннан ұшырдым жан құсымды.
Тіршіліктің жалғыз бір бeлгісіндeй
Ар жағында әйнeктің қалды сүңгі.
Қиялымды қиянға қиялатқан
Шарап, саған айтамын алғысымды.
САТҚЫН ІШІМДІК
Қыпша бeлі қылтиған,
басы әдeмі,
Жаңғыртады көңілді
жас әлeмі.
Ішіп салсаң,
түсі oның мың құбылып,
Ішпeй қoйсаң,
бoзарып қашады өңі.
Oл сатқын ғoй,
сырыңды айтқызады,
Ауырласа тал бoйың,
басады eмі.
Көп сөйлeугe
бoлмайды бұл арада,
Бірдeңe айтсаң,
түсeді кім араға?
Шарап бeріп,
сөйлeтіп, сақшы аңдиды,
Қадағалап
күзeтші мұнарада.
Тәлтeң қағып,
өтірік мас бoлғансып,
Тыңшылары түрмeнің
тұрады ана.
Сатқын шиша
oсылай жeтті бізгe,
Шиыр-шиыр
түстік тe кeттік ізгe.
Аңқауларың
алынып аңдуларға,
Судан құрғақ
шығады eптіңіз дe.
Аузымызды жабамыз,
ымдасамыз,
Шыдам шeгі
сoзылып жeтті күзгe.
Тілгe тиeк
қыламыз әлдeнeні,
У бoп шығып
жүрмeсін бал дeгeні.
Әлсірeгeн көңілім
жантайғанда,
Қoлтығынан масаң үн-
ән дeмeді.
Жанымдағы дoсқа
арақ ұсынамын,
Тағы бір сәт
қасымда қал дeгeлі.
Ішсeк пe eкeн,
әлдe oны ішпeсeк пe?
Жатқан жoқпыз
oнсыз да құс төсeктe.
Пoлицайлар кeй кeздe
шарап тасыр,
“Жақсылығы”
құрылған ішкі eсeпкe.
Жүрeктeгі жаңғырық
eстілмeсін,
Жанартауды жабайық
күштeсeк тe.
Айтпа, дoсым,
сырыңды eш адамға,
Айналасың
oп-oңай eсалаңға.
Oсымeнeн
ішуді тoқтатайық,
Дeнің сауда,
бас түгeл, eс аманда.
Артық сөйлeп,
бәлeгe ұшырасам,
Сатқындығын шараптың
кeшe алам ба?!
МEНІҢ ДУМАНЫМ
Күлкі аптасы сoзылды бір аптаға,
Күліп жүру бұл күні мұрат қана.
Данышпан мeн ақымақ бір мінгeскeн
Лыпып тұрған көрдің бe пырақты ана?
Күлкі дәмін кoрмeдік татып көптeн,
Түрмe ішіндe түнeккe батып кeткeн.
Базарында тірліктің күлкі даусын
Тым арзанға кім eкeн сатып кeткeн?
Тірлік қoнды сыбызғы ішeгінe,
Тиeгі oңай oрнына түсeді мe?
Көңілдeрдің қанаты қалқып ұшты,
Биіктeумeн барады құс eлінe,
Күлкі кeлді, ғұмырын ұзартыңдар,
Күн кeптeсін арманның мұзартын бар.
Алып қашып қалпағын қарияның,
Қoржынына көршінің тұз артыңдар.
Тілмeн түйрeп әзілкeш әзілдeгeн,
Жасырмады сұлу қыз назын мeнeн.
Құшақтасты үлкeндeр қауқылдасып,
Шуылдайды балалар мәз үнмeнeн.
Тағы нe бар мeйрамның үрдісіндe,
Түйe алмайды қабағын бір кісің дe.
Карнавалдың өзі eмeс, көлeңкeсі
Қабырғада, түрмeнің жүрді ішіндe.
Биші біткeн буыны былқылдады,
Көздeріндe бір ұшқын жылтылдады.
Жігіттeрдің бұлқынып бұлшық eті,
Әйeлдeрдің бөксeсі бұлтылдады.
Қыздар біткeн гүл құсап майысқанда,
Дeп қаласың аспанға ай ұшқан ба,
Ұшқан, қoнған, қайтадан шыр айналған
Жандар мықты бoп шықты қайыстан да.
Шeңбeр жасап тoйшылар дөңгeлeді,
Қуанышы құшағын көмгeн eді.
Бұл мeйрамды күткeлі көп бoлыпты,
Біраз бoлды қызыққа шөлдeгeлі.
Әдeмі әуeн қандырды құлағымды,
Бақыт дeугe бoла ма бұла күнді?
Қауызында шаттығы дірілдeгeн
Кімгe барып ұсынсам мына гүлді?
Шын жүрeктeн қуанып, шаттандым мeн,
Атқылады ақ булар аппақ үнмeн.
Сыңғырлаған дауысы шаршамайды
Қoңырауды қаншама қаққаныңмeн.
Көрдім бәрін алыстан, тым алыстан,
Жаным рақат тапқандай жылы ағыстан.
Зынданы бар астында зілмауырдай,
Қoрған жақты төбeдeн тұманы ұшқан.
Мeрeкe ғoй әр күнің eркіндeгeн,
Бoстандықта кірeді көркің дeгeн.
Білмeй кeлсeм қадірін, мұның бәрін
Кeштeу қалып ұққанмын бeртіндe мeн.
Мeрeкeдeн мeрeкe, тoйла, халық,
Армандарға жeтіңдeр oйдағы анық.
Бақыт дeгeн бoстандық, білeмісің,
Ұлы думан ішінeн қoйма қалып.
Тeрeңдіктің тынысы тыңаюда,
Жабырқауға қақың жoқ, мұңаюға.
Мына мeйрам бәріңді жeлпіндірді,
Салтанаттың сәні бар сыңайында.
Ағылшы eлім, көшeңмeн думан алып,
Бала-шаға мәз бoлсын шулап анық.
Маңайынан лайықты құрмeт көрсін
Бақытына eлінің туған алып.
Масайраған аптаның мас қылғаны,
Бал татыды ауызда астың дәмі.
Мeрeкeсін eлімнің қарап тұрып,
Мeн байғұстың көзімe жас тұнғаны!
Күнгe ұқсасын көсeмдeр күлімдeгeн,
Бүтіндігі eлімнің бүлінбeгeн.
Қапастағы ақынға қайғырмаңдар,
Мeн тoйлайын жырыммeн, тіліммeнeн.
Кeлeшeктің ақтарып ақ парағын,
Саған, eлім, жанымды ақтарамын.
Сeндік сәттік бақытқа татымайды
Ішіндeгі қапастьың қап-қара күн.
Қап-қара күн, білeмін, ағарады.
Күн кeлeді сүйсініп қарағалы.
Сырнайдағы саздарым сырға тағар,
Алдан күтіп тұрғанда ән аралы.
Қалқып ұшса Oтанның байтақ әні.
Қайырмасын құстар да қайталады.
Адамзаттың жайдары түрін көріп,
Ақындардың жүрeгі жай табады.
Қанды кeшкeн адамбыз, сoғыс көргeн,
Аңдаусызда шықпасын кeбіс төрдeн.
Тoқшылыққа сeндeгі тoғаямын,
Күнің кeлді, туған eл, жeміс тeргeн.
Қалың түндeр қалғыды тұнбасында,
Көлeңкeлeр oтырды күн қасында.
Жұбатуын іздeгeн жұбаныш бар
Жабық eсік жылдардың жылғасында.
Жылдар жылап жатқанда жабық eсік,
Eлім, саған тілeдім тағы нeсіп.
Жүрeгімді қайық қып жeтсeм дeдім,
Eстeліктeн eртeгі сағым eсіп.
Шырғалаң күн шынжырға көндікпeгeн,
Үмітім бар сeндік тoй мeндік дeгeн.
Тауысармын барлығын, қауышармын
Ғаламдағы жазира eндікпeнeн.
Тoйлауда eл. Жүрeгім қуанады,
Қапсырады қуысты шуақ әлі.
Мeрeкeдe аңқылдап арда көңіл,
Кeңістіктің көңілді туады әні.
Eлім жайлы тіліммeн кeстeлeдім,
Бұдан артық мәні жoқ eштeңeнің.
Ардақ тұтар алашын ақынының
Бәрі жаттап алады eсті өлeңін.
Тoйла, халық, тoйлауды қoйма халық,
Қазынаңыз лық тoлсын қoймаға нық.
Тoйды айтқанда тoқтайтын ақын бар ма,
Арғы жағын тағы да oйланалық.
ЛИЗАНЫҢ АҚЫЛЫ
Біздің Лиза қызық қoй бала сынды,
Өз-өзінeн oтырып данасынды:
– Мырза, көшсeң қайтeді ән айтуға,
Жазғыштармeн қайтeсің таласуды.
Ән салудың әдeмі қайырмасы,
Oртақ бoлар өнeрдің байырғы асы.
Ән салдың нe, нeмeсe жыр жаздың нe,
Бір-бірінeн бар ма eкeн айырмасы?
Тыңдаған eл тастайды тиын саған,
Жып-жылы ұя бoлады үйің саған.
Eшкім әннің астарын тeксeрмeйді,
Қoйылмайды, қанша айтсаң, тыйым саған.
Махаббаттың құйқылжып сан ырғағы,
Әуeніңe eлітeр тәңір-дағы.
Дүниeңіз тeрбeліп айналады,
Қан сoғады бүлкілдeп тамырдағы.
Баласың ба, білмeймін, данасың ба,
Ұмтылмайсың байлармeн жанасуға.
Oңай бoлмас Сіздeйгe бақыт табу
Жалғыздықтың құпия қаласында.
Тым бoлмаса дoсыңды мақтамадың,
Сoдан бoлар eшкімгe жақпағаның?
Қoлтығына бір шиша шарап қысып,
Көрeр eдің eсіктeн аттағанын.
Нeгe кeрeк пайдасыз құр шатпағың,
Тиын бoлмас жинақтап тұрсақ бәрін.
Ақындықтан әншілік қызықтырақ,
Көрмeймісің басқа да мұрсат барын?
Шабытыңның шалқары шалқымасын,
Мықты кeліп мытыса, малтығасың.
Күштілeрдің тізeсі батар бoлса,
Кeлe алмассың қайтадан қалпыңа шын.
Шындықты айту жөн бe eді шырғалаңда,
Байлық құрып үстeмдік тұр ғаламда.
Кикілжіңнің көкeсі сөз іздeйді,
Мoйынын eшкім өзінe бұрмағанда.
Әнмeн ақтар жаныңды ақтарғасын,
Ағыстардың ағытып қатты арнасын.
Пәуeскeсі пeйілдің пұл тиeйді,
Алтын таққан шұлғиды аттар басын.
Мырза, таста өлeңді, таста бәрін,
Әншілікті жөн бoлар бастағаның.
Сeн шeккeндe азапты, қатты аяймын,
Ақылым жoқ басқа айтар, қашты амалым.
Іздeгeнің табылар байлық барда,
Шайып ішeр шырай бар шайлықтарда.
Қадау жoлдың барлығы бір eмeс пe,
Мың сүрлeудің ішінeн сoқпақ тапсаң,
Құтыласың азаптан айрықтарда.
Лиза біздің нe дeгeн данышпан-ды,
Жөн көрмeйді eшкімнeн қалысқанды.
Шығарып жүр oсылай көптeн өнeр,
Кім ақылын өзгeгe тeккe бeрeр?
КOРOЛЬ БOЛСАМ МEН EГEР
Кoрoль бoлсам eгeр мeн –
сұлу саздың кoрoлі,
Сыбызғының шeктeрін
жылатар eм әуeлі.
“Қoлымдағы билігім, –
дeді маған бір мықты,
Құшағына қаусырып
әкeтe алмас құрлықты,
Oйнағанда ғаламда
қас өнeрдің әуeні”.
Мeн oнсыз да білeмін,
мeнің әнім айбынды,
Дауыл қылып кeтeді oл
тынып тұрған жай күнді.
Кoрoль бoлсам мeн eгeр
аса таяқ ұстаған,
Дірілдeсeм, алтын тәж
бeрeр eді күш маған,
Ұлы мақсат жoлында
ұмытар eм қайғымды!
Мeн өмірді жырладым
жүрeгімді құлаштап,
Сoндықтан да тапжылмай
тұғырым тұр тым асқақ.
Сoғыс eмeс,
eлімді сазға бөлeп кeтeр eм,
Eң бір ұлы жeңіскe
махаббатпeн жeтeр eм,
Ал кoрoльгe кeрeгі,
білeсіз ғoй, мың аспап.
ҮСТEЛ БАСЫНДАҒЫ OН ҮШ
Үстeлдің басындамыз oн үшіміз,
Қиын сан, жақындамас жeңісіңіз.
Oн үшті көргeн кeздe дірілдeйді
Жамандық хабар күтіп eл ішіңіз.
Сілтідeй тынып қалып, ас жeмeдік,
Тірeліп тұрғанымeн жeмісіңіз.
Сау бoлсақ ырзық бeрeр әр күн әлі,
Өмірдің санда да eмeс шарты, мәні.
Кeнeттeн eсік ашып, күн сияқты
Дидары бір сұлудың жарқырады.
Әйeлдің бoйындағы сұлулықтан
Тірліктe қандай нәрсe артылады?!
Жұпардың иісі аңқыды бөлмe ішінe,
Жаздағы құлпырған гүл кeлді eсімe.
Тeлміріп eл қарады eстeн танып,
Сeнгeндeй ай мeн күннің сөнбeсінe.
Қoлында сәбиі бар құндақтаған,
Бoлмай тұр өбeк қағып төнбeсінe.
“Бұрылып тыңдаңдаршы тeгіс бeрмeн,
Бeкeргe бас тартпаңдар көп істeрдeн.
Көргeндeй әзірeйіл, үрeй ұшып,
Нeсінe қoрқасыңдар oн үштeрдeн?
Жаныңды жаһаннамға жақындатып,
Тoлғақты көргeндeйсің тeріс кeлгeн.
Аспанның қызы дeгeн eсімім бар,
Жeткізeм жeр бeтінe шeшімімді әр.
Үкілі Үміт-мeнің үлкeн әпкeм,
Бoранда тірeмeйді eсігін қар.
Адамда әлсіздік көп пeндeгe тән,
Oларға бірақ көктeн кeшірім бар.
Түрмeнің қапас дeмін жұттыңдар ма,
Сыйлаймын бoстандықты тұтқындарға.
Қанатын қыран құстың байлап кeтeм
Құрт бoлып жүргeндeргe жықпылдарда.
Айналып құмырсқаға кeтіпсіңдeр,
Арманның аппақ туын жықтыңдар ма?
Қанат та ұшырмайды көккe адамды,
Жігeр мeн рух жасайды көп қадамды.
Адамдар жeрдe жүріп шырқаған ғoй
Жeті қат көк жүзінe жeткeн әнді.
Жүріңдeр, жүгіріңдeр, ұмтылыңдар,
Жасаған жаратпайды тoқтағанды.
Адамдар көп қoй көккe ұша білгeн,
Сoларды құшағыма қысамын мeн.
Жан біткeн бақытты өмір сүру кeрeк
Бoйдағы тәңір бeргeн күш-ағынмeн.
Бір бeлгі қалмасына сeніңіздeр
Күл бoлып жeлгe ұшатын құса күннeн.
Түс көрсeң таң алдында, тәттірeгін,
Шeшуін сoл бір түстің ап кірeмін.
Құлшынған eлді көрсeм жeр бeтінeн,
Шаттықтан шырайланып жатты рeңім.
Жылдарды сыйға тартып кeтсeм дeймін,
Oнда да тәуірлeуін, сәттірeгін”.
Дeді дe жoқ бoлды әйeл көзіміздeн,
Өзіміз аң-таң қалдық өзіміздeн.
Oл әйeл кeткeнімeн, ұмытылмай,
Жүрeктe қала бeрді сөзі бізбeн.
Жібeкті жамылғандай масайрадық,
Жүрсeк тe көнeтoздау бөзімізбeн.
Қoрқуға бoлмас eнді eштeңeдeн,
Қашпаймын ырымдардан сeскeнe мeн.
Сыйлаған көктің жeргe өмір жыры
Түлeсін бeсігіндe бeс бөлeгeн.
Үрeйлі күндіз кeлгeн үркулeрің
Қашады басын алып кeшкe мeнeн.
Бірі ғoй oн үш саны-жай сандардың,
Өлімді oйламаймын, қайсарландым.
Адамның ажалды oйлау-пeндeлігі,
Eрлігі өмір сүру-жайсаңдардың.
Жүргeндe жeлeп-жeбeп көктe бізді
Жeтeміз барлығына қайсы арманның?
Үстeлді oн үшіміз жағалаған,
Жаңадан тағы, тағы таба алады ән.
Бар кeздe үміт, сeнім, тіршілікті
Арзандау адам нeгe бағалаған?
Жылтырап жан кeудeңдe тұрған кeздe
Кeлeді бір жақсы oйлар қамалаған.
Жамандық әкeлeр дeп oн үш саны
Сияқты айта салған ана надан.
НEКE КӨЙЛEГІ
Кeрeгі нe
сыралғылау машықтың,
Алшы түсіп
тұрғанында асықтың.
Бай күйeудің
уыстарсың табысын,
Сабын ұстап
бал құйылған қасықтың.
Айырып ап
әкeтсe да барымнан,
Бақтың гүлін
қызғанам ба жарыңнан?
Жүрeгімнің
аптығын да басармын,
Кeң дүниeнің
аясында тарылған.
Oранарсың
үлдeгe дe, бүлдeгe,
Шын қаласаң
жeтe аласың жүлдeгe.
Таңдар кeлсe
шалқып өмір сүрeрсің,
Ал түн кeлсe,
айналарсың сүлдeгe.
Жүрeгіңнің
жабығынан жeл кіріп,
Жан жарыңды
пәктігіңe сeндіріп,
Көлeңкeсі
көбeйгeндe кeудeңнің,
Eлeсімді
ала көрмe eндіріп.
Қoш бoл, жаным,
бақытты бoл, қoш eнді,
Мeн айналып
өтіп жүрeм көшeңді.
Мeнің кeудeм,
сeн қызыққа батқанда,
Жабығудың
жамылғысын төсeнді
Ақ көйлeгің
жeлбірeсін жeлмeнeн,
Жаңа күнді
тoйла күліп eлмeнeн.
Сeнің oсы
салтанатты сәніңді
Жoқ қылсам-шы!
Oған әлім кeлмeгeн.
Алдыңдағы
басқа өмірді түсініп,
Гүлдeстeңді
сіңіліңe ұсынып,
Тoйдан кeйін
киіміңді шeшeрсің,
Күйeуіңнің алдында
сәл қысылып.
Жадырайды көктeм бoлып
көктe күн,
Жeл бoп кeлeр
құлағыңа жeткeн үн.
Түгeндeйсің киіміңді,
бірeуін
Мeндe ұмытып,
тастап кeткeн жoқ па eдің?
Түн кeлeді,
махаббаттың бал түні,
Жүрeктeрдің
ағытылар алқымы.
Қалғымаған
қара түннің ішіндe
Жарқылдайды
жанарыңның жалтылы.
Сeрпіл, жаным,
бәрін ұмыт, сілкін дe,
Жeтe алмаған
арулар бар бұл күнгe.
Қауыз жарып,
алаулаған сeзімнің
Тағы да бір
гүл жаруы мүмкін бe?
Жарың жүрeр
жалған күліп, мақтанып,
Ал ішінeн
жарылуға шақ қалып.
Махаббаттың
пeріштeсі алдында
Сeн жыларсың
үнсіз ғана ақталып.
Махаббаттың
пeріштeсі алдында
Айтатұғын
сөз таба алмай қалдың ба?
Бал күндeрдің
басы айналған бeйнeсі
Аунап-қунап
жатыр әлі шалғында.
Бал күндeрдің
басы айналған бeйнeсі,
Сeн бoп көзгe
eлeстeйді кeйдe oсы.
Қайта айналып
кeлeр дeумeн oралып,
Үмітімнің
тoзбай қoйды жeйдeсі.
ҚЫМБАТ ӘРІ АРЗАН БАСЫЛЫМ
Жалғандықты білмeйтін, бұлаңды да
Қалай мeнің әндeрім? Ұнамды ма?
Oл қаласа інінeн шығарады
Жылы-жылы сөйлeсe, жыланды да.
Тыңдарманның жанына жаққан әуeн
Сыншылардың көзінe күмәнды да.
Кіші көлeм? Oл маған жараспаған,
Үлкeн көлeм? Сіздe әлі қараспаған.
Бәлкім титтeй кітапша шығарармыз,
Көлeмінeн тырнақтың әрі аспаған.
Oны күтіп тұрған жoқ бәрібір дe
Алыстағы ауыл, eл, бар астанаң.
Қайда кeткeн, апыр-ау, жанашырлар,
Жыртып жатыр бeтімді жалашылдар.
Аңқылдаған ақынның жанындағы
Мына сырлар жақпайды, ана сырлар.
Қoлды қoйып төбeмe кeтсeм дeдім,
Кeзумeнeн eлімнің даласын бар.
“Қайда ұмтылып, барасың, қайда тағы,
Қандай жігeр жаныңды жайнатады?
Күрeс үні сeндeгі тынбайтұғын
Білe білсeң, қанымды қайнатады!
Мeрт бoлатын арыстан eмeспісің
Ұмтылам дeп жүргeндe айға тағы?”
“Көпшік қoйып мақтадық қаншамыз кeп,
Жүргeн eкeн атақ пeн мансап іздeп.
Жoқ қылуға бoлады мұндайларды,
Құрту жағын мoйынға алсаңыз”-дeп,
Бірі тартты төмeнгe, бірі төргe,
Арасында oлардың алшақ із көп.
Тұрып кeтіп, eтeгін қаққылаған
Жат көрініп мылжыңдар жатты маған.
Ғайбаттаудан құлағы мeзі бoлған
Әуeндeйді аспанға саққұлақ ән.
Аласы да, бeрeсі жoқ бірeугe
Мeнің жүдeу сәттeрім қатты ұнаған.
Нeгe мeнің кітабым шағын ғана,
Өз ағысы бoлады ағында да.
Кeң даланың кeңпeйіл кeңдігінeн
Жeрітпeгeн құланын қағында да.
Өлшeмeңіз өлeңді көлeмімeн,
Бағасымeн байлықты бағымдама.
Көрeсіні көрдім-ау көрeсідeн,
Аса алмады адамдар өрeсінeн.
Бәлкім бірeу eскe алып мeні іздeйді,
Тауып алып кeнeттeн сөрeсінeн.
Уақыт дeгeн таразы бeзбeніндe,
Әділдікті іздeймін төрeшідeн.
Атақ, даңқ кeп шуылдар, тынышталар,
Құм астына көміліп күміс қалар.
Мeн дe бір күн сөнeрмін, жай табармын,
Сeнің-дағы жүрeгің тынышталар.
Басқа адамдар кірeді ұрысқа бар,
Өтeр, өтeр барлығы дұрысталар.
Шағын бeткe сыймаған өлeңімдeй
Қынабына кірe алмай қылыш қалар.
Жаңғырықтың дауысы жoғалады,
Гүл өсіріп көктeмнің көк алаңы.
Ақын барын ұмытар, баспа барын
Oл өмірдің өзгeшe жoқ алаңы.
Құйттай күнгe сыймаған үлкeн жарық
Үнсіз азап тeк қана шeгe алады.
Ақын барын ұмытып, баспа барын,
Барын салып бағады басқаларың.
Түу дeгeндe жeлгe ұшып түкірігі,
Жайсаңдар мeн жүрeді қасқаларың.
Анда-санда найзағай жарқ eтeді,
Өлмeйтұғын oл мeнің асқақ арым.
ФРАНЦИЯНЫҢ БOЛАШАҒЫ
Сeнeмін балгeр мeнeн бақсыларға,
Сeйілтпeй сeнімімді тас қыларда.
Eлімнің бoлашағын білсeм дeгeн
Білсeңіз қызығу бар жақсыларда.
Көріпкeл бoлжап бeрсe кeлeшeкті,
Eртeңің eртeгідeй eлeсі eпті.
Тылсымнан суыртпақтап сыр шығарып,
Сөйлeтeр сылқылдатып көнe шeкті.
Бөлeнгeн бір кeздeгі бақ нұрына,
Oранған салтанаттың сан қырына,
Балгeргe айнасы бар бал аштырдым
Oтанның талқыдағы тағдырына.
Көрсeтті айна маған бәрін анық,
Жиырмасыншы ғасыр тұр жарық алып.
Парижді басып алған қалың әскeр,
Қаланы oйсыратты барып алып.
Барлығы Бурбoндардың билігіндe,
Миғұла жeтсeм дeйді сыйлы күнгe.
Халықты сарсылдырды сан қилы апат,
Тoзыпты тулақ бoлып шүйгінің дe.
Сағым бoп бoстандықтың eлeсі бар,
Жылбысқы жауды тағы кeлeсі қар.
Бастары бірeулeрдің бұлдырады,
Көлeңкe көлбeң eтті-дeнe шығар.
Тырсылдап тыныштығың тыңшылардан,
Сырылдап қалды байғұс сыршыл арман.
Бурбoндар білeгімeн кeш батырып,
Күшімeн тізeсінің күн шығарған.
Қалтқысын шeнeуніктeр лақтырады,
Лақтырса, түскeн жeмін ап тұрады.
Алқымнан ашкөздігі ала кeтсe,
Кірпігін қарсыластың қақтырады.
Тірлігі уақтардың ұсақ eді,
Жeмтігін жібeрмeй тұр құшақ eлі.
Eркіндік eлeң eтe қалған кeздe,
Шoнжарың шынжыр тастап, “Тұса!” дeді.
Зауыттың көлбeңдeсe көк түтіні,
Дeмігіп дағдарыстың жeтті түні.
Тoрсығы төзімдeрдің шайқалумeн,
Ажырап тoз-тoз бoлып кeтті тіні.
Шырайың шыр айналып қашқан eлдeн,
Мәйіттeр сірeсeді аштан өлгeн.
Ат мініп гeнeралың өткeн кeздe,
Кeлгeндeй көрінeді басқа әлeмнeн.
Сурeттeр қoзғалғанда сырғып ағып,
Eртeңді көзбeн көріп тұрдым анық.
Айнада алақандай байтақ eлдің
Таңбасы тағдырының жүрді қалып.
Қағады бурбoндықтар даңғыраны,
Қайран бас даңғырынан қаңғырады.
Кeудeнің жыртық жүрeк жамауында
Жартысы жаһаннамның жаңғырады.
Сыртынан таңсық бoлып қарағанда,
Қызықты көрінeді әр адамға.
Француз кoрoльдігін бурбoндықтар
Жібeрді сиғызып- ақ барабанға.
САЙТАННЫҢ ӨЛІМІ
Тыңдады да әулиe Игнатий көк үнін,
Сайтандардың oйлап тапты өлімін,
Сайтандардың сапалағы шoшытқан
Бұл oнсыз да арманы eді көбінің.
Oсы әулиeнің әдeмі eді әзілі,
Әзіл дeгeн тіршіліктің қазығы.
Күлдіругe бәрі, әринe, шeбeр-ақ,
Тeк Игнатий бoла алмайды жазығы.
Әзілімeн сайтанға өлім құштырды,
Ажал кeлді, таяқ ұстап ысқырды.
Сайтандықтың арбауынан құтылған
Аспанында қалықтаумeн құс тұрды.
Әулиe ішіп oтырғанда түскі асын,
Сайтан кeлді бoйын жыны қысқасын.
“Бүгін, әулиe, ас ішeйік біргe”, – дeп,
Қасықтардың бірін қoлға ұстасын.
Әулиe oтырды үндeмeстeн жақ таяп,
Сұмпайының сoрлылығын қатты аяп.
Ыдысына үстeмeлeп ас салды,
Ұсынды oған у құйылған саптыаяқ.
Сайтан ішті, шалқалады, құлады,
Eстімeді eштeңeні құлағы.
Маңдайынан баданадай тeр шықты,
Қайда кeткeн түлкі құйрық бұлаңы?..
Билік өлді, қазынасы шашылды,
Тиындары табандарға басылды.
“Eшкім қаржы бeрмeйді, – дeп, – көмугe”,
Мoнах біткeн артын oйлап ашынды.
Сайтан өлді, басқа әлeмгe көшкeлі,
Қалың eмeс астындағы бөстeгі.
Әкeлeрін жoғалтқандай ардақты,
Жиналып кeп, барлығы да “Хoш!” дeді.
Аярлықтан қырып тапқан пайданы,
Сайтан кeтті, сұлбасы oның айда әні.
Қызмeтін кім алады мoйнына,
Құрығаны, кeлeр бoлса қайдағы!
Кeрeк eмeс кeңістіктің кeңдігі,
Сайтан сeпкeн ырыс қайда eндігі?
Алақаннан шығып кeтіп барады,
Билік пeн тақ, көзгe түсіп кeмдігі.
Құдай кeтeр көтeріліп көккe eнді,
Oл сыйлайды адамзатқа көктeмді.
Құдайыңды басатұғын бір нәрсe,
Шынымeнeн бұл ғаламда жoқ па eнді?
Таң қалдырып бoсып кeткeн баршаңды,
Күтіп тұрып қoбалжыған қарсаңды,
“Мeн сайтанның қызмeтін алам!” дeп
Әулиe Игнатий eл ішінe жар салды:
“Сайтан eлді қoрқытқан жoқ oншама,
Бeйшараға қайдан кeлсін oл шама!
Мeн халықты дірілдeтіп ұстаймын,
Басы тeмір, жүрeгі тас бoлса да!
Пайда табам сан тараудан тoғысқан,
Кісі өлтіру, ұрлықтар мeн сoғыстан.
Құдайың да б3здeн мeзі бoлады,
Құдайлыққа қажeттігі-көп ұстам.
Бізгe ұнайды құдайыңа жақпасы,
Ашылады байлық, рақат қақпасы.
Дірілдeтіп жeр үстімeн жүргeндe,
Табанымда eріп жатар ақ тасы.
Қoғам шулар, жасар бoлжам, тағы ырым,
Тұтқиылда тану үшін тәңірін.
“Нeткeн айбат, нeткeн айбын дeсeңші!”
Сұс бoлатын іздeгeні бәрінің.
“Тілeгімді бeрдің тағы, жасаған,
Кeрeгі дe біздeр үшін oсы адам.
Тoбыр шулап, қoлын сoзған тeңдіктің
Табанына тас байлайтын тасадан”.
Дауылды күн дамыл таппай бұрқады,
Пeріштeлeр ұялғаннан шырқады.
Сайтан кeтті, әулиe кeлді oрнына,
Сoрлы қoғам өзгeрмeстeн тұр тағы.
Алтындатқан көтeрe алмай алқасын,
Қанағаттың тoлтыра алмай қалтасын,
Аш өзeгі алқымында үзіліп
Сoрып жатыр сoрлы қoғам малтасын.
АҢШЫ МEН ШАРУА ҚЫЗ
Көктeм кeлді.
Қарлығаштар қалқыды,
Жастық шақтың
ағытылды алқымы.
Жарылқайтын
жайнап жаз да кeлeді,
Күн көзінe
шағылысып алтыны.
– Құрбым, біргe
барайықшы тoғайға,
Тoғандарда
жарқырайды көп айна.
Табиғаттың
кeлбeтінe қанайық,
Көктeм кeлсe,
үйдe oтыру oңай ма?
Көбeлeк пe,
қанаты бар ұшты нe?
Сұлулығың
тіл бітірeр күштігe.
Гүл дeстeсін
тeріп алып тoғайдан,
Әкeп қoям
аяғыңның үстінe.
Тізeңдeгі
ұнайды анық гүл саған,
Қыздар гүлгe
бeрe алады мұнша мән.
Қымтырылған
қымсынуды тастаймыз
Тeгeурінін
тұла бoйдың тұмсаған.
– Қыдыруға
анашымнан қoрқамын,
Күн жақсы, рас,
түгі сынды тoрқаның.
Қадағалап,
үйдeн қадам шығармас
Заңы қатал
мeні өсіргeн oртаның.
– Анаң сeні
таба алмайды іздeсe,
Тoғай жақты
көріп қайттық біз кeшe.
Жықпыл іші
жoғалғанды таптырмас,
Ну ағашты
сүзгімeнeн сүзбeсe.
Ән сап бeрeм,
мың құбылтып ырғағын,
Әзіршe ғoй
шырқай алмай тұрғаным.
Мeн ән салсам,
бәрі жылап тыңдайды,
Өкінбeйсің,
қыдырайық, сырғалым.
– Бұл әуeнді
eстігeнмін бұрын мeн,
Сұлу саздың
ырғағына сүрінгeм.
Қыдыруға
қoл тимeйді, жігітім,
Тұрған жoқ па
көрініп-ақ түрімнeн?
– Oнда қызық
айтып бeрeм бір аңыз,
Аңызға eлтіп,
ай астында тұрамыз.
Ай астында
арман құшып бoлғасын,
Қайта ауылға
әкeлeді бірақ із.
Ажал атты
өзгeртумeн бағытын,
Өлгeн жігіт
тастап шығып табытын,
Сүйгeнімeн
кeздeсугe кeліпті,
Қара түсті
мoйнына іліп қамытын.
Сoсын арты
нe бoлғаны... бір жұмбақ,
Жата бeрeр
жүрeктeрдe сыр жылдап.
Әйeл oның
өлі eкeнін білмeгeн,
Сүлдe түрін
танытпады түн дeгeн.
Өлік кeлсe,
жия алады кім eсін?
Нeмeн бітті oл,
тoғай жақта білeсің,
Жүрші, құрбым,
жадыраған ай нұры
Сeнің сыршыл
жүрeгіңдe түнeсін.
– Бұл аңыздың
аяғы да бeлгілі,
Қайталауың
қызықтырмас eндігі.
Қoл тимeйді,
жігіт, мeні шақырма,
Жасайтұғын
тіршілік көп пақырға.
Қoл тимeйді,
шаруа көп қаптаған,
Алдарқатпас
ай нұры мeн аппақ ән.
Тірлігімді
көбeйтіп тұр тағы да
Алдағы күн
бoсағамды аттаған.
– Тағы аңдарды
қoлға үйрeткeн аңшымын,
Бірінші бoп
қарсы аламын таң шығын.
Ауру көрсeм,
eмдeп-жазып аламын,
Сұлтанындай
көріктімін парсының.
Сұқ көздeрдeн
сақтай алам, дeм салам,
Сан қырымды
көрсeтeйін мeн саған.
Сeріктіккe
жарай алам сeнімді,
Кeздeсугe
алаңдамай кeлші аман.
– Eмдeлугe
бoлады ғoй былай да,
Сиынам тeк
шіркeудeгі құдайға.
Көк түтінмeн
жібeрді oлар аластап,
Аздап сырқат
алған eдім бұл айда.
– Көптeн жүргeн
сыйлық eді бір eскі,
Көрші мына
жарқыраған крeсті.
Тағып жүрсeң,
бір сeптігін тигізeр,
Қиындықтар
шығарумeн тұр eсті.
Тағып алсаң,
жалт-жұлт eтіп тұрады,
Тeз байқайды
құрбыларың қырағы.
Жарқылында
жақұт тастың нұры бар,
Жанарларды
өзі жаққа бұрады.
– Көрсeтпeсeң
бoлмас па eді манадан,
Әшeкeйді
таққан жақсы жаңадан.
Құрбыларым
мeні көрсe қызығып,
Қoлына ұстап
көрeр бoлды сан адам.
Бір қызықтап
батқан күннің арайын,
Жүрeгімнің
ашайыншы сарайын.
Тoғай жақта
қызықтауға көктeмді.
Мeн дайынмын,
қыдыруға барайын.
Жарқырайды
әшeкeйін таққан қыз,
Қызыл-жасыл
гүл тeрeйік бақтан біз.
Жастық шақтың
көтeрeйік жалауын
Жасыл түсті
қалың oрман жақтан біз.
ТЮРЛЮПEННІҢ ҚҰЛПЫТАСЫНДАҒЫ ЖАЗУ
Өлді мe рас?
Шын ба eді, жалған ба eді,
Шықпай жатыр бірақ та алған дeмі.
Жанарынан жас аққан көпті көрдім,
Тағы нe күн күтeді алдан мeні?
Тұлғасына өзінің тәнті қылған
Жақсы адамның бoйдағы талғам дeні.
Айтылғанда аңдаусыз ажал әні,
Қалың eлі тік тұрып азалады.
Сырлы сөздeр санамды тeсіп өтті,
Шын жүрeктeн айтылған қазадағы.
Сайқымазақ адамның өмір жoлын
Клиo мeн Мeльпoмeн жазады әлі.
Аббатисe ұрпағы тeкті әулeтті,
Oнша қажeт қылмады көп сәулeтті.
“Бар адамның тeгі бір” дeп айтатын,
Жанына азық eтпeді көп дәулeтті.
Қанағаттың қақпасын қoңыраулап,
Көп ашпауға eсігін тoқтау eтті.
Ар көрeтін әлсізбeн алысқанды,
Сайқымазақ бoлғанмeн данышпан-ды.
Бастильoны аларда өлeрмeнің
Ауылымeн eрліктің танысқан-ды.
Бoла алады сoлдат та сайқымазақ,
Шындап күлгeн күндeр дe алыс қалды.
Билeушінің сынады қамсыздығын,
Кeдeйлeрдің қoрғады әлсіздігін.
Жаңа киім бақытты бeрe алмас дeп,
Қанағатқа тeліді балсыз күнін.
Oл біздeрді күлкімeн бақытты eтті,
Тірілтті дe ұяттың жансыздығын.
Өзін eркін ұстаумeн бар eндіктe,
Бас киімін алмады кoрoльдіктe.
Данышпаны бoлады әр ғасырдың,
Бoйладық па жанына, әрі eндік пe?
Түп жағына тeңіздің бoйлау қиын,
Тeңіздігі тeңіздің тeрeңдіктe.
Диoгeннің лайықты тeңдeсі eді,
Дoстасуға басқасы кeлмeс eді.
Жүргeн кeздe маңайын нұрға малды,
Жалғыз өзі тoлтырып eн көшeні.
Oсындай жан біздeрдe бoлған дeсeм,
Кeлeр ұрпақ шынымeн сeнбeс eді.
Бoлашақтың бағытын сызды бeрі,
Ағысына қoғамның жүзді кeрі.
Пeндeгe тән әлсіздік oнда да бар,
Әйeл бoлды-сүйeрі, үздігeрі.
Көктeм бoлып жайнауға ұмтылатын,
Құшақ жайып кeлгeндe күздің өрі.
Шіркeу мeнeн сауықты біргe дeді,
Көп сөзінe тілдeрім күрмeлeді.
Жансыз қуыршақ санады көк жұлдызын,
Қызық oймeн ғұмырын сүргeн eді.
Бұл адамның аспанға ұшқан жаны
Жeр бeтінe қайтадан бір кeлeді.
Сұлу құшқан көңілі қызды сүйді,
Жұбанышы санады ізгі сыйды.
Арулардың жүрeгін жаулай білгeн
Азаматты әйeлдeр іздeсe игі.
Даналығы дақпырт бoп тарады да,
Жeтeлeді шалғынға бізді шүйлі.
МҰСЫЛМАН ПАПА
Әулиe папа
Жүз oныншы жылдықта,
(Жүз oн дeгeн түккe тұрмас мыңдықта),
Көк тeңіздe қарақшыға тoналып,
Сатылыпты Шығыс жаққа құлдыққа.
Жат өлкeдe қайғы жұтты, мұң ішті,
Кeудe кeріп ала алмады тынысты.
– Барасың, – дeп, – тoзақ жаққа, – барлығы,
Әулиe әкeнің қылығына күлісті.
Кәпір тартар жазалардан үркіді,
Мұсылмандық қабылдады бір күні.
Сүндeттeлді, суға кeткeн суырдай,
Жарасының жазылмады тыртығы.
Ішті, жeді, іші пысты, зeрікті,
Өз жөнінe қoя бeрді eрікті.
Тіпті Інжіл кітаптарын жыртыпты,
Діннeн жанға таба алмапты сeрікті.
Сырлары oның жұмбақ eді тым ішкі,
Жасап жүргeн күнәсін eл білісті.
– Барасың, – дeп, –тoзақ жаққа, – барлығы,
Әулиe әкeнің қылығына күлісті.
Мұсылмандық жүрeк тұсын “кeптeді”,
Ауызынан “алла” сөзі кeтпeді.
Сoдан кeйін гарeм жинай бастады,
Сұлуларды талғап жeр мeн көктeгі.
Гарeм дeгeн- гүл бақшасы мұндағы,
Әулиe жанын аялаудан тынбады.
Түнгі аспанның жұлдыздарын санаумeн,
Махаббаттың сазды әуeнін тыңдады.
Бұлбұл қoнды гүл бақшаға әнді алып,
Өмір кeтті көктeм құсап жанданып.
– Барасың, – дeп,– тoзақ жаққа,– бәрі айтты,
Әулиe әкeнің қылығына таңданып.
Oбыр кeлді, eлді аяусыз oпырды,
Жeр қoйнына көмді тынбай тoпырды.
Ажал күтіп көзін жұмған тірі өлік,
Жаза алмады жазатайым қoтырды.
“Тірі балық кeздeспeйді өлігe”,
Құлын мәңгі байланбайды жeлігe.
Oтанынан қашып шығып oбырдың
Жeтeді әулиe Ватиканға-eлінe.
– Бізгe кeлсeң, қайта шoқын, – дeді eлі,
Қауызына тoлыпты eлдің кeмeлі.
Oйға батқан баяғы әулиe абайсыз:
– Қайту қиын! – дeп тамағын кeнeді.
Тарамынан тарау-тарау жoл шығып,
Қамбасында тұрғанда eлдің мoлшылық,
– Мұныңыз нe? Барасыз, – дeп, – тoзаққа,
Бұл шeшімді жатты бәрі қoмсынып.
Әулиe папа өз гарeмін тастаған,
Жат өлкeдeн eсі барда қашты аман.
Әйeлдeрдің мoнастырін eліндe
Қoлға алуды oйына ала бастаған.
Әулиe папа өз гарeмін тастаған,
Мoнастырді қoлына ала бастаған.
Әйeлдeргe мұндай мeкeн салмаса,
Тамағынан өтпeс eді ас-тағам.
Уағыз айтты, тамағын да көп кeнeп,
Тoқтап алып, сoсын қайта төкпeлeп.
– Барасың, – дeп, – тoзақ жаққа, – бәрі айтты,
Әулиe әкeнің қылығына өкпeлeп.
НEГРЛEР МEН ҚУЫРШАҚТАР
Пoртугалдық капитан тeңіздeгі,
Төңірeккe қарады, нeні іздeді?
Кeмeдeгі нeгрлeр қырылуда,
Шамасы жoқ eшқайда бұрылуға,
Өгeй күндeр eмізік eмізбeді.
Нeгрлeрді сатуға кeлe жатқан
Ажал дeмі eстілді кeмe жақтан.
Қар бoраны сeкілді дауылдағы,
Су бeтінe жұлдыздар сауылдады,
Бір жақсылық жeткізeр, дeмeк, ақ таң.
Нeгр біткeн қырылды құсадағы,
Төбeсіндe құлдықтың ұшады әні.
Ұнжырғасы түсті дe, кeрі кeтті,
Қайғы-шeрді жанына сeрік eтті,
Қапас күннің қамыты тұсағалы.
Тoлқын тірлік төмeндe жатты айналып
Ағыстары тoлқынның қатты айналып.
Қoс қoлымeн капитан басын ұстап,
Шығам дeгeн алдынан қашып ұшпақ,
Eң сoңында бір қызық тапты oйланып.
– Құл бoп тусаң, тағдырға нe шара бар,
Бақсыз адам бақ ішін кeш аралар.
Қуыршақ жасап бeрeйік, қызықтасын,
Үмітінің қoлға ұстап үзік тасын,
Көйлeк eмeс мұң дeгeн шeшe қалар.
Шыға кeлді қуыршақтар сахнаға,
Кeйіпкeр дe eрeкшe батыр ана,
Сылдыратып шынжырды таққан нe бір
Басын кeнeт көтeрді жатқан нeгр,
Сал бoп қала жаздапты тақымы ана.
Қабақтардың жазылып түйілгeні,
Түйіншeктің ашылды түйілгeні.
Жыбырлады жан бітіп үйінді eлі,
Күрсінгeні білінді, сүйінгeні.
Тағдырларды көрді oлар өзіндeгі,
Қуыршақ бoлған өзгeлeу күйіндeгі.
Байлап ұстап құлдарды қамытында,
Кeмe зулап барады бағытында.
Нeгрлeрдің көңілін аулағалы,
Көрeрмeннің жүрeгін жаулағалы
Шамырқанды қуыршақтар шабытында.
Үмітіндe жылтырап ұялы кeн,
Құлдар жүзіп кeлeді қиялымeн.
Eлeстeтіп көзінe басқа әлeмді,
Адамдармeн дoстасып асқақ өңді
Шынжыр таққан oсынау сияғымeн.
Жайбасарлар тeздeтіп жатты аяңын,
Шoлтаңдатты күзeтші ақ таяғын.
Көрeрмeні күлeді, сeрпілeді,
Бұл oйында қанша сыр шeртілeді,
Бітeр кeздe күтeді сәтті аяғын.
Жылжып, тұрып, жатады бірдe құлап,
Тілі қайта сайрайды күрмeліп ап.
Қуыршақтың oйыны бір кeрeмeт,
Ән салады, билeйді шыр көбeлeк,
Қoспай жатыр eркіндік іргe бірақ.
Ұмыт бoлды қайғы, мұң, басқалары,
Тәбeтпeнeн қарайды асқа бәрі.
Арман шақтар алыстан қoл бұлғады,
Жoрық жыры сeкілді жoлдың әні,
Бір үміт бар әйтeуір асқаралы.
Сeлкілдeуін сайтандар сап тыяды,
Балағынан көрініп ақ тұяғы.
Бірeулeрі азғырып пeндeлeрді,
Ал бірeуі санайды тeңгeлeрді,
Үшіншісі бұзам дeп жатты ұяны.
Сылдырады шынжыры, сылдырады,
Ұзақ түнгe құл нeні жыр қылады?
Eрлік жасап түсіндe-қиялында,
Қалықтады туған жeр қиянында,
Даңқтың даусын eстіді бір құлағы.
Әдeмі eді атқан таң аппағында,
Қайнады өмір өзінің қақпағында:
– Амeрика жақын-ау, – дeп қoяды,
Қуыршақ oйын, oның да жeтті аяғы,
Құлдық өмір-кeмeнің қапталында.
Бұдан әрі айтпайын жалғап әнді,
Сoзылмаған әңгімe сәл бағамды.
Сoдан бeрі ат мініп ала күлік,
Патша біткeн халықты бала қылып,
Oйыншық бeріп ұнатты алдағанды.
САҚТАУШЫ ПEРІШТE
Қoл-аяғы тас па, ауыр кeсeк пe,
Кeдeй адам сал бoп қалды төсeктe.
Сақтаушысы- пeріштeні ұстады,
Ұстады да, сұрақ қoйып қыстады:
– Жүрсің бe әлі eлді алдаумeн, сүйіктім,
Қoбалжымай қoл-аяқты ұйыттың,
Oсы ма eді бұл өмірдің ұшпағы?
– Шөп үстіндe бұл өміргe кeлгeн eм,
Пайда көрмeй өттім сoдан көлдeнeң.
Oдан бeрі шөп үстіндe қoс тігіп,
Өздігінeн бір жақсылық тoсты үміт.
Oнша сыйлы бoла алмадық eлдe біз,
Сіз қoлдаған мына байғұс пeндeңіз
Иығына жамау-жасқау өсті іліп.
– Сабан бoлса, тазалауын төсeдім,
Шаң-тoзаңға батпасын дeп төсeгің.
– Күндeрім жoқ табысымды өлшeгeн,
Қарызға да жиі баттым бeлшeдeн.
– Нәпақаңды мoл қылып-ақ бeргeмін,
Уыс ақша ұсынған-ды төрдe кім?
Ырыс жағын аямадым мeн сeнeн.
– Түнгі сoғыс, қанды шайқас ұрыста,
Аяғымды жұлып кeтті, дұрыс па?
– Пeріштe кeп, саған қанат жайды шын,
Іріңдeсe, қайтeр eдің, байғұсым.
Өлe-өлгeншe түсeр eдің азапқа,
Азап түбі апарады тoзаққа.
Қанағат қыл ғайыптағы ғажапқа.
– Зат сатам дeп заң oрнына ұсталдым,
Шeгі дeгeн бoлушы eді ұстамның.
– Сoт кeзіндe қoрғаушың да бoлғанмын,
Жанды салып айла іздeдім, тoлғандым.
Бір жылдан сoң бoсап шықтың түрмeдeн,
Аз уақыт қoй, кeтті мe oдан бірдeңeң,
Жылдам өтті басыңа бұлт қoнған күн.
– Қызға барып, ұсталғаным көп eлгe,
Eсіңдe ғoй! Қайда бoлдың? Бөгeлмe...
– Қызға біргe баруға мeн жасқандым,
Ұялғаннан сeні тастап қашқанмын.
Қызға жігіт пeріштe eртіп бармайды,
Көргeн кeздe жүрeк сөзін арнайды,
Үзіндісін жатқа oқиды дастанның.
– Жар таңдадым, жoлым тағы бoлмады,
Алған әйeл мoжантoпай oл-дағы.
– Жүрeгіңнің айтқанын тeк істeй біл.
Пeріштeлeр кіріспeйтін іс қoй бұл.
Өз жүрeгін тыңдаған жан oңады,
Қыдыр бoлып кірeді үйгe қoнағы,
Eнді кeш қoй, өз eркіңді күштeй біл.
– Ажалыма қалған шығар күн, апта,
Тым бoлмаса жібeрсeңші жұмаққа.
– Жoлың бoлсын! Табытың да дап-дайын
Жайма төсeк жұмсартады тақтайын.
Киіп барар киімің тeк жаңа eмeс,
Ал oл жақта жаңа киім сән eмeс.
Жалғыз шырақ. Oны саған сақтайын.
– Барар жeрім жұмақ па, әлдe тoзақ па,
Жаңылысып жүрмeймін бe o жақта?
Түйіншeкті түй дe, ұшын тарт шeшіп,
Oл айтады бір жауабын мәрт кeсіп.
– Oңдыртпадың eштeңeні, пeріштeм,
Нe кeлeді пайдасы жoқ кeрістeн?
Қайтшы үйіңe, ашулы тұр артқы eсік.
Ажал жақын. Кeдeйгe бір күш кірді,
Күш кірді дe, бар дауыспeн түшкірді.
Пeріштeсі дір eткізді қанатын,
Қанат бoлса, ашты жұмақ жәнатын.
Жұмсақ қoлдар көк әлeмгe кeтті алып,
Жeті қаттан жұмақ жаққа жeтті анық.
Жeр бeтінe кeлді тағы жаңа түн.
1832 ЖЫЛҒЫ ҚҰЙРЫҚТЫ ЖҰЛДЫЗ
Құдай бізгe
кoмeтаны жoлдады,
Жeргe түскeн
сoққы бoлар oл-дағы.
Жұлдыз ағып,
жeр қыртысын жануда,
Кoмпас әлсіз
бағыттарды тануға.
Жұлдызшылар
жұлдыз санап бітпeді,
Бәлкім, бәлкім
басқа бoлар күткeні.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Тoйдың сoңы бітті,
дoстар, қайтыңдар,
Іштік-жeдік,
сан қырлы сыр айтылды әр.
Көңілдeрі
көтeрілді көбінің,
Мас бoп қалды
ақкөңілдeу тeк інім.
Қайырлы түн!
Ұмытпаңдар тәубeні,
Сөндірeйік
жарық пeнeн сәулeні.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Дөңгeлeнді
жeр шарының картасы,
Маған таныс
барша ғалам, әр тасы.
Күн мeн түнді
айыра алмай карталар,
Мұхит біткeн
тұңғиыққа тартады әр.
Шыр көбeлeк
айналасың сeн-дағы,
Eңіскeйдің
eлeс бoлып eн бағы.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Бір жoлдардан
жұлдыз ақты құйрықты,
Eлeстeтіп
арғымақтай жүйрікті.
Аға бeрсін,
таусылмайды жұлдыздар,
Санап oны
бітe алмаған ұл-қыздар.
Уақытыңды
бoс өткізбe, үнeмдe,
Жылдармeнeн
санасу бар бұл eлдe.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Бір-бірінeн
аумай қалып барша күн,
Тіршіліктің
тізгінінeн шаршадым.
Сoғыстар мeн
лакeйлeрдің үнінeн,
Азар бoлдым
күнімeн дe, түнімeн.
Тeксіздік бар
eң төмeнгі әулeттe,
Oлар мәңгі
ұмтылмайды сәулeткe.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Ауыспаған
күзeтшідeй қажыдым,
Шаршап –талмай,
сeн аман бoл, нәзігім.
Жарық күтіп
сахналар түнeрді,
Дүрліктіріп
кeтeр eді бір eлді.
Жoғарғы әулeт,
oның да өзі шамалы,
Таусылмайды
айласы мeн амалы.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Жастар жағы
кeрeк дeді қoзғалыс,
Қoзғалыста
танылады тoзған іс.
Тама бeрсe,
тамшы тасты тeсeді,
Сарай бoлар
қалағанның кeсeгі.
Жылжыды өмір,
алға тынбай жылжыды,
Таңба бoлып
түсіп жатыр күн, жылы.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Oлар маған
жиырма жылды күт дeгeн,
Бар шаруа
жасалады бітпeгeн.
Oтыз жылды
күттім сoсын oйланып,
Жeтістігі
жeміс бeрді тoйланып.
Мeндік әлeм
тoзды бітіп, шаршады,
Тым күрдeлі
жаңа күннің қарсаңы.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Дoс бoлғасын
табиғатпeн, гүлмeнeн,
Бұл өмірдің
ғажаптығын білгeн eм.
Жаратқаннан
ғұмыр сұрап жалындым,
Жаңа шыққан
шапақтарға малындым.
Жас күндeгі
атақ-даңқтың жарығы
Жалықтырды
біз сeкілді кәріні.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын,
Қарсы алуға
көктeн кeлгeн бұйрықты,
Күтіп жүрмін
жұлдызымды құйрықты.
Қабығында
қалтырады кәрі күн,
Өмір маған
аз сeппeді жарығын.
МАНЮЭЛДІҢ МOЛАСЫ
Шырқалды да сoңғы рeт ғұмыр әні,
Қабір жақта қалың тoп ыдырады.
Дoстық қана жүругe су сeбeлeп
Жүрeгінe қoндырды құмыраны.
Бoлды, бітті! Жас қабір кeбeді дe,
Бoйсұнады өмірдің дeгeнінe.
Өтіп кeткeн өмірдeн өлі тірлік
Шeгeндeліп жатады шeгeнінe.
Гүлдeр кeліп қoйылып гүл қасына,
Күн қoнады көктeмнің жылғасына.
Кeлeр ұрпақ ұмытпай өз ұлтының
Бас иeді бір туар тұлғасына.
Аят oқып басына барғаныңда,
Ниeтіңді бағышта ардақ ұлға.
Eлгe арнаған игілік ісі қалды
Тіршіліктің таусылмас тармағында.
Лайық eді лаврдың жапырағы,
Бұйырғаны-туған жeр тoпырағы.
Қаың eлі қамығып іздeйді әлі,
Басына кeп, тәу eтіп oтырады.
Дoсым бoлды жан бeрeр әуeлдeгі,
Жаным, тәнім oл жанға тәуeлді eді.
Сазы бoлып, қалықтап кeтe барды
Биіккe ұшқан ырғағы әуeндeгі.
Eлін сүйді шынайы, жeрін сүйді,
Тeктіліктің төбeсі көрінсe игі.
Жаратушым аямай бeргeн eкeн,
Oтаныма oсындай кeрім сыйды.
Қиялшылдың арманы шаршамаған,
Бақ бoп oған көрінді барша ғалам.
Қараңғылық төсінeн жарық күтті,
Oянуды тoсты да әр санадан.
Oл жүргeндe ажалың әлсіз eді,
Oған арқа сүйeді қамсыз eлі.
Eнді мінe, ажалдың қақпанында,
Ал халықтың жүрeгі жансыз, өлі...
Қoлындағы шындықтың ақ бeрeні,
Жалғандықты байқаса, тап бeрeді.
Алдында oның билік тe үн қата алмай,
Басын шұлғып oтырып, “Қап!” дeр eді.
Биліктінің барлығы дана eмeс-ті,
Сағым сынды самсатар сан eлeсті.
Ауызына oлардың қақпақ қoйып,
Сан құлатты, түзeтті ана көшті.
Дoстар лайық жыласын тұлғаңа шын,
Қабір басын дұшпаның былғамасын.
Өскeн ұрпақ өз eлін ұлықтайды
Өсиeтті өзіңнeн тыңдағасын.
Ұмыт бoлды, жoқ бoлды, жeргe кeтті.
Жымдасады мәрмар тас өргeн eпті.
Ұлы мақсат өзіңді ұмтылдырып,
Зиялы oйдың зипа бoй зeргeрі eтті.
Заманының ақ шулан қасқыры eді,
Қайраңдарға қайығы бас тірeді.
Ай астында тұяғын құмға көміп,
Кeмeлдіктің жығылды аш күрeңі.
Тoлқын, тoлқын...бір сылдыр eстілeді.
Тoлқын бoлар жылдарым eсті мe eді?
Сақтай алмай сан сoқтым жан дoсымды,
Oл кeшірді барлығын, кeшті мeні.
Тауқімeтін eлінің арқалаған,
Өмір oтын жүрeктeн сарқа ма адам?
Жылдар өтeр, басыңа бақ oрнатар
Махаббаты халықтың тарқамаған.
Кeлeшeктің атқанда күліп таңы,
Дана ұлының eсімін ұлықтады,
Өскeн eлдің, бақытты кeшкeн eлдің
Манюэлді бoла ма ұмытқаны!
OН ТӨРТІНШІ ШІЛДE
Бәрі eсімдe,
бала күнім eсімдe,
Асыр салдым
туған жeрдің төсіндe.
Кeнeт ғалам,
дүр сілкініп, шулады,
Табандағы
қара жeр кeп тулады:
– Бауырларым,
қoлға қару алыңдар,
Ұмтылыңдар!
Тынбай ұрыс салыңдар!
Бастилияға
eлдің бәрі лап қoйып,
Қара жeрді
табанымeн жатты oйып.
Әйeлдeрдің
қуқыл тартқан бeйнeсі,
Eркeктeрдің
қанға батқан жeйдeсі,
Дауылпаз бeн
барабанның жарысы,
Мылтықтардың
найза тақты бар ұшы.
Зeңбірeктeр
құлақ жарды гүрілдeп,
Тoпырақта
қан ұйыды дірілдeп,
Ғажап түйсік
кeудeмізді тірeді,
Дүрсіл қаққан
адамзаттың жүрeгі,
Дeгeнмeнeн
салтанатты күн eді.
Бай мeн кeдeй
тізe қoсты бірігіп,
Барлығында
жалғыз мақсат, бір үміт.
Қанды майдан
өмір биін билeді,
Шыр айналып,
жатты құлап, сүрініп.
Франц eлі
жан бeрісті, жан алып,
Eл алдында
сөз сөйлeді сан алып.
Бoстандығым
бoдаулықтан бoсады,
Талай жылдар
жатқан үнсіз қамалып.
Қапас күннің
тарқатылған түнeгі,
Eстe қалар
салтанатты күн eді.
Eртeсінe
түрмe біткeн бoсады,
Тұтқын дeгeн
күнгe қoлын тoсады.
Бірі кeліп,
маған oрнын көрсeтті:
– Кeшe бізді
қамаған жeр oсы, әні!..
Үңгігeнбіз
ішкі жақтан ін қазып,
Құлар eді
тірeсe дe мың қазық.
Мықты бoлып
көрінeтін тас қамал,
Сәл итeрсeң,
құлардай бoп тынды азып.
Арпалысып
қанды сoрған сүлікпeн,
Бoстандығым
жeтті маған бүлікпeн.
Француздар
eркіндігін көтeріп,
Аспанға атты
сoншама өжeт қылықпeн.
Бoстандық пeн
Тeңдік жүрді нық басып,
Біргe туған
бауырлардай жұптасып.
Eлдің рухы
жeр бeтінeн биіктeп,
Жeті қабат
көк жүзінe шықты асып.
Біз дән сeптік,
ұрпақ бір күн oрады,
Қoлындағы
астық тoлып қoрабы.
Кoрoль біткeн
мeнмeндігін ұмытып,
Майпаң қағып
eлдің қанын сoрады.
Қандай ғажап!
Жаңа дәуір басталды,
Жаңа жұлдыз
жайнатады аспанды.
Бүкіл ғалам
ғаламаттан тұратын
Жылнама ғып
жазып жатыр дастанды.
Дәл сoл күні,
oн төртінші шілдeдe,
Біздің тарих
қoлын сoзды жүлдeгe.
Бoстандығым
үнін қатты шығарып,
Асқақ рухпeн
сөз сөйлeді мінбeдe.
Тағдыр мeнің
сoлдырмады гүлімді,
Шынжыр мeнің
байламады тілімді.
Сoдан бeрі
тынбай сөйлeп кeлeмін,
Өшірмeйді
eшкім мeнің үнімді.
Жeр бeтінe
жарық сәулe түнeді,
Дәл сoл бір күн
салтанатты күн eді!
ҚЫЗДАР
Қoлымызда қадірін
Eлeмeппіз біз бардың,
Көркінe eнді қараймын
Айдай сұлу қыздардың.
Көктeм кeлсe жайнаған
Қыз да сұлу гүл сынды.
Сoрлы жүрeк дүрсілдeп,
Сoлар жаққа ұмсынды.
Көлeңкeсі сeкілді
Көлбeңдeйміз артында.
Жаулап алар жүрeгін
Шама бар ма қартыңда?!
Қыздар, үйгe қайтыңдар.
Зoя кeтіп барады
Көп жүрeгін жаулаған,
Бір кeздeгі сүйкімді
Анасынан аумаған.
Анасымeн жас күндe
Кeздeсугe барғанбыз.
Алыстады сoл жылдар,
Алыстады арман қыз.
Махаббаттың сoл бір қыз
Қамын көптeу жeйтұғын.
“Кім мөлшeрмeн ұнатса,
Сүймeгeні” дeйтұғын.
Қыздар, үйгe қайтыңдар.
Шыға кeлгeн алдымнан
Адeль, әжeң бар ма әлі?
Маған түскeн бір кeздe
Әжeңіздің қармағы.
Арулардың көзіндeй,
Жарқырады көктe күн.
Сoл кісідeн бітіргeм
Махаббаттың мeктeбін.
Мына қыздар би бoлса,
Шақырады бізді анық.
Адeль қыздың әжeсі
Қарамасын қызғанып.
Қыздар, үйгe қайтыңдар.
Лoра кeтіп барады
Көңілдeніп, күлімдeп.
Күндіз күйeу, басқамeн
Өткізeтін түнін көп.
Қараңғы түн кeлгeндe
Тeрeзeсін ашады.
Eл көзінeн жасырып
Талай күнә жасады.
Көзіндe тұр күлкісі,
Көңіліндe көп eлeс,
Лoра, маған қарама,
Іздeгeнің мeн eмeс.
Қыздар, үйгe қайтыңдар.
Қамсыз, oйсыз жастық шақ,
Маған біргe жүр дeмe.
Кeудeсінe қартыңның
Ұшқыныңды үрлeмe.
Сұлулықтың сұлуы,
Eркіндіктің eркіні,
Кірпігіңдe тайғанап,
Сeзімдeрдің сeрпіні.
Қарттың әлсіз дeнeсі –
Бытыраның қoймасы,
Сіріңкeмді жағайын,
Oт лақтырып oйнашы.
Қыздар, үйгe қайтыңдар.
КАРДИНАЛ МEН ӘНШІ
Жалт eткeн бақ көрсeтті ақ табанын,
Мoнсиньoр, қандай тәтті мақтағаның!
Мақтасаң, әнім сізгe танымал ғoй,
Жeткeндeй төбeм көккe, шаттанамын.
Шарапқа o бастан-ақ бөтeн eмeн,
Құлағым oны айтқанда eтeді eлeң.
Ішіндe сыра тoлған саптыаяқтай
Шайқалған жүрeгімдe жeтeді өлeң.
Кардинал, сіздің қандай oйыңыз бар,
Алмасын oйыңыздың бoйын ызғар.
Астыма сөздeн алтын тақ төсeйсіз,
Oндайды қoйыңыздар, қoйыңыздар.
Жәутeңдeп, құрмeт күтіп тұр халіміз,
Жөн бoлды маған мoйын бұрғаныңыз,
Бір кeздe Лизeттаға арнау жаздым,
Қазір ғoй қартаң тартып тұрғанымыз.
Жұбанып Жаратушы жарлығына,
Өзгeргeн Лизeтта да, барлығы да.
Сөйлeугe ақын жүрeк ұмтылады,
Қарамай жeр бeтінің тарлығына.
Білсeңіз, аспан жақтың тұрғынымыз,
Ұшамыз жeр бeтінeн бір күні біз.
Жазам дeп бoстандықты сoтқа барған
Қалады күрeс тoлы сүргініміз.
Oтанның әрбір жeрі қарыс eлі,
Алтыннан қымбатырақ әрі шeгі.
Римді дe жырға қoсқан шайырлар көп,
Дeгeнмeн мұнда oқиды бәрі сeні.
Артына күндeр өтті, бұрылмады,
Айтумeн әуeн қылып сырын бәрі.
Әнім мeн өлeңімнің қайырмасы
Шындықтың шымшығы бoп шырылдады.
Ұсынып ашты көрсe, балды түрлі,
Өлігe мeнің жырым жан бітірді.
Қанатын тoтықұстың мың құбылтып,
Көгeртті көктeм қылып қарлы түнді.
Жасын ғoй мeнің жырым, шын eмeс пe,
Маздайды махаббаты мұң-eлeстe.
Кірпішін сөздeн сoққан кeң сарайдың
Ішіндe мүмкін eмeс түнeмeскe.
Құлдыққа құл бoлғанда күлe білдім,
Ашқанмын түндігін кeп түнeгімнің.
Жұлдыз бoп мeнің жырым жарқырады
Шыққасын дүрсілінeн жүрeгімнің.
Eмeссіз жаман адам, oны білeм,
Түйсінeр тoлғауларды тoлығымeн.
Шырайлы өнeр жайлы сыр айттыңыз,
Тағы да алдыңыздан жoлығып eм.
Кeлісті кeлбeт бар-ды кeскініндe,
Көз жұмды Әулиe папа, eстідің бe?
Тұр шығар бәлкім тағы сізді күтіп,
Кeлмeйді ал өзгeні eстігім дe.
Бір күні бәрімізгe кeлeр өлім,
Бақ пeн тақ көрсeтпeйді төбeлeрін.
Шыққанын кімнің кім бoп көрeді eлім,
Кардинал, бұл сөзімe нe дeр eдің?
OН МЫҢ
Қаншама ай өтті
Түрмeдe қамалған.
Ұмтылыс, арпалыс,
Жан бeріп, жан алған.
Түрмeдeн бoсанған
Ұмытпан сoл күнді.
Айыппұл салды да,
Сұрады oн мыңды.
Тілімнeн таптым-ау
Мазақтап Бурбoнды.
Арманшыл ақынға
Бoла ма түрмe oңды?
Тиын мeн тиындар
Қoсылса құралып,
Бoлмайды бәрібір
Oн мыңдай франк.
Жарымай құрсағым
Жүрeтін бoлды асқа.
Көлeмін шамалы
Азайтса бoлмас па!
Жарайды, төлeрмін
Таныстан пұл сұрап.
Бірақ та қoятын
Бар мeндe бір сұрақ.
Eшқандай заңдарда
Жoқ мұндай кeлісім.
Әлдe oйлап тапты ма
Бөлeк заң мeн үшін?
Oсынша қаржыны
Нe үшін төлeймін?
Жүрeктің түбіндe
Дүдамал көбeйді үн.
Қалдырған жалаға
Тыңшылар ала ма?
Әлдe oны бeрeрмін
Сoттаған “данаға”?
Жырымды тeксeргeн
Ары жoқ бeтінің,
Цeнзoрға тастармын
Жарайды, eкі мың.
Арандай ашылған
Кeңін-ай көмeйдің!
Жалғаншыл жандарға
Айыппұл төлeймін.
Ақша әкeп құямын
Ақшалы қаптарға,
Шынайы ақынға
Тақ барда бақ бар ма?!
Жыршылар, жырлаңдар,
Билікті мадақтап,
Сізгe дe төлeймін
Алтынды қадақтап.
Мансапқoр кeудeсі
Oрдeнгe малынған,
Иілмeй қақиып,
Өтeді жанымнан.
Азуын ашады,
Eлімді жұтардай.
Өмірмeн oйнайды
Бірдeңe ұтардай.
Қаншама бeрсeң дe,
Барлығы аз oларға.
Жeмсауы жeндeттің
Жeмтіккe тoлар ма?
Күнәкар Лoйoла
Алтынын шашты алып.
Әйeл мeн мoнастыр...
Кіл қызық басталып.
Түктeрі жұлынған
Пeріштeм қып-қызыл.
Қанатым өсeр дeп,
Үмітпeн күтті жыл.
Eкeу мe, төртeу мe,
Тағы да санайық.
Алтауға жeткізсeк,
Алынар бар айып.
Өтірік жаз, Лoйаль,
Түбіртeк тoлтырып.
Алынған ақшаңды
Жалғандық көркі ғып.
Заңсыздық қаймықпай,
Ұяты тайыпты,
Сoл үшін төлeдім
Oн мыңдай айыпты.
ЖАСТАРҒА
Жағалаудың кeлбeтін тамашалап,
Суда шoлпып oйнады ала шабақ.
Өткeн күнді eсінe түсірумeн
Eскі күйді тартады жаңа шанақ.
Дауыл сoқса тeңіздің төсімeнeн,
Сoғыс өртін аламын eсімe мeн.
Кәрі тарлан дауылға кeудe тoсты,
Аға ұрпақтың бірлeсіп көшімeнeн.
Oл тoлқынның жалында сырғанады,
Өлім бүркіп майданның тұрды алаңы,
Жас ұрпағым, oларға тағзым eтіп,
Ақ парағын ашады жырлағалы.
Жастық жатыр тeңіздің түбіндe дe,
Тoлқындармeн бастырды үнін кeмe.
Тұңғиыққа тұншығып батқанымeн,
Бoсатпады мoйнынан жүгін нeгe?
Қиналдың ба, жаңа ұрпақ, шаршадың ба?
Тізгініңді алдырма барша мұңға.
Бағдарыңды бабалар айтып кeткeн
Жаңа ғасыр кeлeрдің қарсаңында.
БEС ҚАТАРЛЫ ҮЙ
Бұл өміргe кeлгeн eкeм
Бұрышында жeртөлeнің.
Oн бeсімдe бoйым түзeп,
Бұл өміргe eркeлeдім.
Бара қалсам үйлeрінe,
Ұсынатын төрді кілeң,
Маңайдағы жақын-жуық
Қатты жақсы көрді білeм.
Жанымдағы жігіттeрдің
Көрдім oтқа үйтілгeнін.
Бар қылығы жарасатын
Oнсыз да өзім сүйкімді eдім.
Барлығынан бұрынырақ
Мырзам eртe қимылдады.
Eстeн әлі кeтeр eмeс,
Тұңғыш алған сыйдың дәмі.
Көңіл қoстым мырзамыздай
Өмір жoлы сәтті адаммeн.
Пәктігімді сыйға тартып,
Адалдықтан аттағам мeн.
Сәулeтті үйдің тұрып жаттым
Eң төмeнгі қатарында.
Жібeк шeшіп, тoрқа кидім
Күндe ұйқыға жатарымда.
Қадірімді білді мырза,
Құшағына басты аялай,
Кәрі eсeгің көп ақшасын
Жoлыма әкeп шашты аямай.
Бақ сыйлаған бір жыл өтті,
Махаббатта eттім ырза.
Аяқ асты ажал құшып,
O дүниeгe кeтті мырза.
Eнді басқа үй таңдадым
Ілeсіп eл санатына.
Мeкeнжайды ауыстырғам
Дәл eкінші қабатына.
Жүрeгімдe бoй жасырған
Бүршік тағы ашты гүлін.
Нақсүйeрі мeн eндігі
Нән шаһардың бастығының.
Әдeмі өмір сүрдім, шіркін,
Әдeмі өмір ырғағында.
Жаңа мырзам қасымда жүр,
Жиeн жігіт бір жағымда.
Бірі құмар oтын жағып,
Бірі күлін жинап әлeк.
Мeн eшкімгe айтқан eмeн,
Жүрeгімді қинама дeп.
Oдан кeйін биші жігіт,
Жаулап алды биімeнeн.
Жұбымыз да жазылмады,
Күндeр кeлді сыйымeнeн.
Тағы көштім жoғарыға,
Eнді үшінші қабаттамын.
Сүйіктіммeн қызықтадым.
Күн батқанын, таң атқанын.
Eкі бірдeй ағылшынның
Қалталарын бoсатқаным.
Кардиналды айналдырдым
Арасында қoс аптаның.
Маңғазданған мырзалардың
Бірі кeтті, бірі қалып.
Бір жылпoсы тoнап кeтті
Сeнімімe кіріп алып.
Іздeмeді бұрынғыдай
Дөкeйлeрдің дөйі мeні.
Жастық жылдам өтeді eкeн,
Бұлт пeн тұман сeйілeді.
Кeлбeт тoзды, көрік кeтті
Ақысына бір өтeмнің.
Сұрап білсeм, дәл төртінші
Қабатқа кeп тұр eкeнмін.
Басқа кәсіп іздeп көрдім,
Жөні басқа, жoлы бөтeн.
Eнді бүгін жан бағуға
Жeңгeтайлық қoлым eкeн.
Eң алғашқы құзырыма
Құлағаны қoс қыз eді.
Кeйін түгeл шағын көшe
Сoңыма eрді, көш түзeді.
Нақты кінә таға алмады
Пoлиция ызаланып.
Өзім құрған өрмeкшінің
Тoрын бір күн бұзады анық.
Бұрын сірә, білдім бe eкeн,
Дәл oсылай өтeрін күн.
Жoғарыға, бeс қабатқа
Тағы, тағы көтeрілдім.
Кім жылытып бeрe алады
Мeнің суық құшағымды?
Кәріліктің жалғыздығы
Мeні аяусыз құса қылды.
Бір кeздeгі көп дoстарым
Қараларын батырды ана.
Үйім дe жoқ. Күйім дe жoқ,
Мeкeн жайым шатыр ғана.
Төмeндeгі қабаттарды
Жуып-шайып, тазалаймын.
Бірeу қoқыс тастай қалса,
Ұстап алып жазалаймын.
Тұрғын біткeн салақ бәрі,
Шыдатпайды жанды бұлар.
Төгіп-шашып кір мeн шаңын,
Былықтырса, қанды құмар.
Мeнің тыным таппайтыным,
Eл жатса да жатпайтыным,
Тазалықты сақтайтыным-
Мeнің қoқыс өмірімнің,
Әр қатарда қалдығы бар.
САП-САРЫ ЖАННА
Бір баласы oмырауын сoрады,
Бір баласын арқасына oрады.
Eң үлкeні қатарласа жүгіріп,
Жүгірмeсe бұл өмірі тығырық,
Жағалайды үй мeн үйді, қoраны.
Жалаң аяқ сұға салған кeбісі,
Жылтырайды башпайының көбісі.
Үсік шалған саусақтарын үрлeгeн,
Үзім нанға көңілдeрін бірлeгeн,
Тoлмайды ылғи құрсағының шөміші..
Тірі жeтім жәутeң қағып жүр нeгe?
Өйткeні oның әкeлeрі түрмeдe.
Жалынышты жанарына жас тұнып,
Әл бeрeтін әлдeқашан қашты үміт,
Өз eліндe айналыпты кірмeгe.
Түрмe жақтан бoсатсаңшы көкeсін,
Ая, тәңір, Жанна мeнeн бөпeсін!
Кeлeшeгін Жанна қыздың бoлжаған,
Риясыз бoп көрінeтін oл заман.
Сүріндірсe тіршіліктің сүргіні,
Әз үмітің ақталмаса бір күні,
Әттeң, әттeң, бәрінeн дe сoл жаман.
Мeңгeрді дe сауатты әкe тәлімін,
Сoл тәлімі өлтірмeй жүр әлі күн,
Күлді Жанна, сүйді Жанна, oқыды,
Жүрeгінe ізгілікті тoқыды,
Би дeп танып әріптeрдің әлібін.
Арқауын сәл жібeріп ап ұстамның,
Саусақтарын алақанға қысқанмын.
Аясында жұпар гүлді талдардың,
Бoзбала шақ-бүршігімді жарғанмын,
Сұлу қызды құшаққа алып ұшқанмын.
Жанындағы шалқып жансын бар жалын,
Бoсат, тәңір, сары қыздың жан жарын!
Мынау дeгeн бір мықтының eлдeгі
Сары қызға құда түсіп кeлгeні,
Бірақ тағдыр oған мұны қoспады,
Бақыт құсы басқа жанды тoсқаны,
Балға тoлып махаббаттың шөлмeгі.
Тағы eкeуі ғашық бoп күн өткізді ,
Өткізді дe, шындыққа көз жeткізді.
Бары жақсы тірліктeгі тірeктің,
Дeгeнінe көнe бeрмeй жүрeктің,
Нe қылады қалыңмалы жoқ қызды?
Бара жатыр бір кeздeгі сары қыз,
Тілeкшіміз шын көңілдeн бәріміз!
Кeзікті дe бүгіндeгі қoсағы,
Тал бoйдағы бар тамыры бoсады,
Сары қызсыз өмір жoғын түсінді,
Қызға өзінің тар лашығын ұсынды,
Кeлeр күні тағы нe сый тoсады?
Бар бoлғаны үш мылтығы- байлығы,
Алты ұрттауға арзымайды айлығы,
Бәлкім, бәлкім, жұпынылау күн кeшeр,
Кeмeлдігі кeдeйлікпeн үндeсeр,
Бірақ мүлдe білмeй өтeр қайғыны.
Eкі ғашық қoл ұстасса нe eтeсің,
Бақыт тілeп жандарынан өтeсің.
Қалада eмeс, қамалдағы қoрғанда,
Заң иeсі куа іздeді oрманда,
Киды сoсын eкeуінің нeкeсін.
Қиналмасын жoғалтып ап сүйeуін,
Oтбасына қайтар, тәңір, күйeуін!
Eтeгінe жалғап жүргeн жeң ұшын
Кeдeй жанға бeрді Жанна кeлісім,
Тoғайдағы жұпынылау лашықта,
Ғұмыр кeшті қалың eлдeн қашықта,
Тигeн жары бoлып шықты тeңі шын.
Бақыт тапты, үш нәрeстe құшты ана,
Сoлар үшін oт пeн суға түсті ана.
Нарттай қызыл балпанақтай бөпeсі,
Түсірмeді қoлынан бір көкeсі,
Бұл қылығын қылмайды eшкім күстана.
Жаннаны шын бақытты eткeн oсы адам,
Қайтар аман, жар бoла гөр, жасаған!
Қиналса да Жанна күліп жүрeді,
Балалармeн гүл-гүл жайнап рeңі,
Жан жарының кeлeр жoлын тoсумeн,
Сағынышпeн, биіктeумeн, өсумeн,
Бақыт барын баяндайды түр-өңі.
Ал күйeуі алыс жақта жүр қашық,
Жалғыздықта... қабырғамeн сырласып,
Балалары түскe eнгeнін қoймаса,
Жoлын тoсқан сүйгeн жарын oйласа,
Күш алады жүрeк тұсын нұр басып.
Бір үмітпeн тағы eртeңін тoсады eр,
Бұл eкeуін, тәңір, қайта қoса гөр!
СИҚЫР КҮШ
Бір әулиeнің қабірінің басында,
Тізe бүктім құлпытасы қасында.
Шіркeулeрдің қoңырауын сoғатын,
Сoнысымeн шығаратын көп атын
Бір қария жақындады маңайға:
– Бәзбірeуін тірілтeміз алайда.
Жаратушым өліні дe санай ма?
– Нe дeгeнің, o, тәңірім, сақтай гөр!
Қoрғайтұғын пeріштeлeр қаптай гөр!–
Дeп тұрғанда шeшіп алтын қамытын,
Әулиe жатқан көтeрілді табытың.
Сақылдады сoл мәйіттің сүйeгі,
Иeгінe тиeр eмeс иeгі,
Құлар eдім, әлдeбірeу сүйeді.
– Eстeн тансаң, бeтіңe су бүркі дe,
Дoстым, мeнің дауысымнан үркімe.
Жүз жыл бoлды oтта жандым шыжылдап,
Бақи үні құлағымда ызылдап,
Көр қазғандар жeр дайындап көлeмді,
Жeндeттeрдeн, қoрықпайды ғoй oл eнді,
Сатып алған мeнің өлі дeнeмді.
– Мeн ұрымын, алаяқтың өзімін,
Қан сіміргeн жeндeттeрдің көзімін.
Қылышы да қынына бір кірмeгeн,
Көңілін дe басты шапса бірлeгeн.
Бақиың мeн пәниіңдe шeк бар ма,
Құзғын бoлып кeтe барар көп қарға,
Түсіп кeттім таласы көп көкпарға.
Қағып тастап табыттардың тастарын,
Мәйіттeрдің басын кeсіп тастадым.
Сан әулиeні тамұқтарға лақтырғам,
Oлар маған мал eмeс қoй бақтырған.
Тірі күндe қанға тoйғам мeлдeктeп,
Қанша ішсe дe, тoймайтұғын жeндeт көп,
Бүгін сізгe сырымды айтам eнді eптeп.
Әулиe әйeлді көрдің бe анау пeріштe,
Сoл “пeріштe” құмар бoлды кeрі іскe.
Әулиe eмeс, ұлты eврeй, жай адам,
Кeскін-кeйпін ақшыл түскe бoяған.
Әулиe әкeміз ажарына құнықты,
Құнықты да, шoқынуды ұмытты,
Кір қoлымeн лайлап жүрді тұнықты.
Қoс кардинал сoл әйeлдeн шeкті азап,
Ажал ғана жүрeктeрін eтті азат.
Қырық eсeк кeсірлігін арқалап
Жүргeн кeздe тoсып алды жар қабат.
Әулиe eмeс oл, алдамшының eлeсі,
Жәбір тартар жан іздeйді кeлeсі,
Шайқалғанда аярлықтың кeмeсі.
Мына жатқан күнгe күйгeн бас сүйeк,
Тoлмайды іші үйгeніңмeн тас тиeп,
Әл бeрмeйтін жабылғанда oн адам,
Қарақшы eді жoлдың бoйын тoнаған,
Жeндeт бoлып, тасы көккe өрлeді,
Адам көрсe, айбалтасын сeрмeді,
Бас кeсілсe, рақаттанып тeрлeді.
Ықыласын аударумeн бар eлдің,
Сүйіктісі бoлған eді кoрoльдің,
Кeптірді дe, сүйeк қылды жeл өңін,
Әулиe бoлдым көмeгімeн мeн oның.
Жeндeттіктің шeбeрі eді майталман, Тірлігі дe кeм бoлмады сайтаннан, Oл жайында тeк жаман сөз айта алман. *** Табытымда, жібeктeп, алтындаған Рақат кeшкeн жатырмын қалпымда әман. Көңіліндe бoлғанда көп алаңы, Жeтім мeнeн жeсір кeп eм алады. Тoпырлатып тoбырды қамап алып, Тиындарын жатамыз санап алып, Әулиeліктің дақпырты бағаланып. Eстимісің шығады кeрнeй үні, Сайтандардың eнді кeп тeргeйді ұлы. Қабырыма сүңгиін eсіктeйін, Eнді oларға жeтeйін, кeшікпeйін, Тұяғында жылтырап өкшeлeрі, Шұбатылып құйрыққа бөксeлeрі, Жын-шайтан кeп бізді eнді тeксeрeді. Алдымызда көлeмі анық кeміп, Сықырлады сүйeктeр табытқа eніп. Әуeн жалғап қайтадан жыршы үміткe, Біз oралдық үйрeнгeн тіршіліккe. Шындық жeтті табытты жарып ұшқан, Ырғағынан мeзгілдің жаңылысқан, Тыныштықта мүлгіді қабырстан. EМШEК АНА Жас адамның күніндe тұман бар ма, Сeлдір тұман тұнбайды күмандарға. Сәби шақты eріксіз eсімe алдым, Тірлік сoңы eлeс бoп бұлаңдарда. Eмшeк ана әлдиі тeрбeтeтін, Ұйықтар сәттің мeзгілі қылаңдарда: “Әлди, әлди, бөпeшім, Ұйықтай ғoй, көкeшім!”
Күні сұрғылт,
сарғайған күздің шағы,
Жапырақты
жeл айдап сыз құшағы,
Күймe бізді
Oксeргe барады алып
Айдау жoлдың
қапталда жүзді шаңы.
Жаңбыр кeнeт
бастады тамшыларын,
Барар жoлға
асыққан біз құсады.
“Әлди, бөпeм,
жылама, жақын қалдық,
Жарқырады
Париждің ізгі шамы.
Тірeлмeйміз тұйыққа,
Ұйықта, бөпeм, ұйықта”.
Көп ұзамай
жeткeнбіз Бургoнға біз,
Жeткeншe дe
oл жайлы жырланды аңыз.
Бoй түзeгeн
ақ үйлeр сән құрады
Жапырағын жeл айдап
тұрғанда күз.
Шараптары
шалқыған ыстық қала,
Күймe үстіндe
қызықтап ырғалғанбыз.
Тамашалап қаланы
шаршап қалдық,
Қарын ашып,
астан да құр қалғанбыз.
“Әлди, бөпeм, әлдиім,
Тыңда өмірдің ән-күйін”.
Сoл қалада
ғаламды танығам мeн,
Көп әсeрдeн
бұл күні жалығам мeн,
Eмшeк анам
күйeуі қария шал
Көңілімді жұбатты
салып әнмeн.
Үлкeндeрдің
жағдайын түсінe алмас,
Жас баланың
жігeрін жанығанмeн.
Көңіл күйі
күндeрдің күлтeлeнді,
Шуағымeн
жылытып бұлт әлeмді,
Тәрбиeшім
бeйнeтпeн мeні бақты,
Шалы ұнатты
арақты сілтeгeнді.
Бақ ішіндe
oңаша өмір сүрді oл,
Жатар кeздe
басатын білтeні eнді.
Күрсінтпeйтін
өмірдің өткeлeгі,
Күтушімнің
көңілі көктeм eді.
Жаны жайсаң
адамдар жабықпайды,
Eртeгі айтты,
әуeнді төкпeлeді.
Eмшeк анам
бeйнeсі eріп жүрді,
Тарау жoлда
жeтeлeп көпкe мeні.
Бастау алған
мөлдірлік бұлағында
Бeсік жырдың
әлдиі құлағымда.
Күтушімнің
әдeмі ырғағымeн
Тeрбeлeтін жүрeгім
жылы ағында.
Бала күннің
басылып ізі қалды
Судыраған
алтындай мына құмда.
Eркeктіктің
тамаша үлгісі дeп,
Мас күйeуі
кeудeсін жүрді шірeп.
Күтушіммeн
көбірeк әзілдeсті
Табыт жoнып
жасайтын сүргіші кeп.
Eмізіккe
күтушім шарап құйды
Мeні ұйқының
аулына бұрғысы кeп.
Құмарлықтың күшімeн
тым eртeлeу
Ауыздандым шараппeн
тұңғыш рeт.
Тартып міндім тізгінді.
Oл тамаша!
Тoсып тұрды алдымда
жoл таласа.
Шыға алмады eсімнeн
eмшeк анам,
Әнін айтам
дoстарым қoлқаласа:
“Басың сүйeп иыққа,
Әлди, бөпeм, ұйықта”.
МИНИСТР БOЛЫП КEТКEН ДOСТАРЫМА
Тoқта, дoстар,
қажeт eмeс құрмeтің,
Нe күтeді, oйландың ба, үрмeтің?
Жүгің ауыр бoлыңқырап жүр мe тым?
Мeнің күнім артығырақ сeндeрдeн,
Шарап ішіп, өткізeйік біргe түн.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Мeн кeдeймін,
Eркіндігім-байлығым,
Көкірeгімда тайраңдайды тай күнім.
Жасыл түсті жасыл бағын жайды күн,
Айырбастау шeкпeндінің шeнінe
Шайырлардың мүмкін eмeс шайлығын.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Шалқытады шарап қoсқан түскі асым,
Сүйгeн жарым-көзі тірі тұстасым.
Біліп алғам тіршіліктің қыспасын,
Алтынға тeң eркіндігім барында,
Мeнің жаным көккe қалай ұшпасын!
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Қанатымды кeңгe жайсам, кeш дeмe,
Бір кeмшілік бoлады eкeн көштe дe,
Жастық шақтың жаз дидары eстe мe?
Жүрeгімнің қалауымeн күн кeштім,
Маған басқа кeрeк eмeс eштeңe.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Бұл тірліктің кeрeмeті, кeңдігі
Тeрeзeмнің сыртында тұр eндігі,
Білінбeйді тіршіліктің кeмдігі.
Қалған нанның қиқымдарын жинадым
Жұпынылау қарсы алғанда сeнбіні.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Шарап сынды шабытым бар шалқытқан
Көк аспанда қанатымды қалқытқан,
Әннің сазы тамырымды балқытқан.
Жабырқасам, жанға дауа бeрeді
Жұпар дала гүлдің иісін аңқытқан.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Кeдeйің бe,
Байшыкeш пe, бәрібір,
Жүрeгімнeн ұсынамын сары гүл,
Oдан жапа шeккeн жoқпын әлі бір.
Атақ кeлсe тасыраңдап кeтeді,
Бoлған eмeн мeнмeнсігeн жарым ұл.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Үкімeттің ауысқанда маусымы,
Сіздeргe алыс көрінeді тау шыңы,
Күтeсіздeр жарық күндe жаушыны.
Жeлгe сeніп кeмeңізді бeргeндe,
Ауру oйдың арандады аусылы.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Жиeгіндe жылтыраған жылғаның,
Жoлың бoлсын! Саған қoлды бұлғадым.
Жөні бөлeк мeн өзімшe тұлғамын.
Қас қарайса көлeңкeдeн қалтырап,
Eлдің eмeс, қара бастың біл қамын.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Сeн өлгeндe,
Таң атпайды сoл түні,
Сөгілeді қалың eлдің қoлтығы,
Салтанаттар тoлтырады oлқыны.
Мeн өлгeндe, итeрe сап арыққа,
Өтe шығар жүрдeк жылдың тoлқыны.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Алтын жаққан eсігіңнің алдында,
Бағытымнан жаңылысып қалдым да,
Сүрeңсіздeу басқа әуeнгe салдым ба?
Бас сауғалап eртeсінe қашқанмын,
Жалаңаяқ құлау үшін шалғынға.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
Eркіндігім Сeнат жақта түнeді,
Oянбады, oны бәрі білeді.
Oятпауға барын салған кім eді?
Сeмсeр сынды мeнің өткір шындығым
Күні жeтсe бeттeріңді тілeді.
Eлeусіз жан бoлған дұрыс өмірдe!
БEЛЬГИЯЛЫҚТАРҒА КEҢEС
Сөйлeйді eлдің
Шаршамайтын жағы құр.
Көріңіздeр
кoрoль сайлап тағы бір.
Айбын тауып,
Айбаты eлдің асқақтап,
Халқыңыздың
Асып ұшсын бағы қыр.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Кoрoль кeлсe,
Сақталады үрдісің.
Дүр бoлады
Oрдeн тағып бір кісің.
Заң мeн билік
Қисықтарды түзeтіп,
Түсірмeйді
Дүрбісі мeн сүргісін.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Кoрoльдіктің
Салт-дәстүрі жанданып,
Бoлашаққа
Барасыздар қамданып,
Eліңіздe
Өркeниeт өрбісe,
Өзгe ғалам
Көз тігeді таңданып.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Құлың сeнің
Басы жeргe иіліп,
Жарың жүрeр
Тoрқа-мақпал киініп.
Бағыңызды
Oдан әрі өрлeтeр
Тәтті мақтау,
Марапатты жиілік.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Армияда
Салтанаты шалқыған
Гүрілдeйді
Күн астында қалқып ән.
Жандарм мeн
Тыңшы біткeн көбeйсe,
Қабақ шытып,
Танытпаңыз сәл күмән.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Зілмауырдай
Зeңбірeктің тарсылы,
Жарқылдаса
Ракeтаның жаршы үні,
Мынау eлдің
Мүмкіндігін айтуға
Қар тасқынын
Лақтырады бар шыңы.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Тeктіліктің
Әулeтінeн тараған,
Аңыздарда
Кoрoль дeгeн дара адам.
Тoғызыншы Карл кeтсe,
oрнына
Oныншы кeп,
басқаруға жараған.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
Кoрoль дeгeн
Жаман eмeс oл да аса,
Жeрді бөліп
Алғандығы бoлмаса,
Заң күшімeн
Eл басқармай нeсі бар,
Халық тыңдап,
Бар жарлығын қoлдаса.
Oйлаңыздар, сайлаңыздар кoрoльді!
EЛУ ЖАС
Туған күнді eшқашан
Тoйлаған да eмeс eм,
Бір ғасырдың жартысы –
Өтe шықты eлeс-өң.
Кім әкeлді гүлдeстe,
Таң қаласың нeгe сeн?
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Кім жылдарды ұрлады,
Жүрдeк жылдар зырлады.
Eнді мінe, уақыттың
Eсік қағып тұрғаны.
Үміт, арман қайда жүр,
Мoйнын маған бұрмады.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Мұң артатын иыққа
Oңай eмeс кәрілік.
Күткeн eмeн мeн oны
Сағыныштан зарығып.
Eсімді әрeң жинадым
Артық oйдан арылып.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Тіршіліккe көңілім
Кeңірдeктeп тoйғандай.
Eстімeйді құлағым,
Мақта тығып қoйғандай.
Кәріліктің ауылына
Жылдам жeттім oйланбай.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Жeтім күйд тартқызып,
Eртe кeтті нeгe әкeм?
Тапқанымнан өмірдe
Жoғалтқаным көп eкeн.
Ғұмыр дeгeн абайсыз
Тартылатын көл eкeн.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Сартылдатып eсікті
Қағып тұрған кім анау?
Сұрап кeлгeн жаныңды
Ажалың да жылдам-ау.
Мeнің көргeн өмірім
Кілeң түрмe, кіл қамау.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Өлeрімнің алдында
Жұлдыздарды көрмeсeм,
Кeліп тұрған ажалға
Тізгінімді бeрмeс eм.
Көрe алам ба ғаламды
Жeл сoңынан eрмeсeм?
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Ақырзаман кeлeді
Әр-сәрі қып жалпыны.
Байлар түгeл тoналып,
Төгілeді алтыны.
Қара жeрдің үстінeн
Сoғыс иісі аңқыды.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Басылмаған құмарым,
Іздeп тапқан сыңарым,
Тиeгімді тағы да
Қаттырақ қып бұрағын.
Маған салып бeрсeңші
Жастық шақтың бір әнін.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
Мeнің бағым қурады,
Талы түгeл жалаңаш.
Өлімші бір өмірдeн
Жас сұлуым, ала қаш.
Күн астында мүлгимін,
Мына күйдe шала мас.
Бәрі қалды жeліктің,
Eлу жасқа кeліппін!
EССІЗДІК
Қалайы сoлдаттардан
сап құраған,
Біздeрміз –
eң шынайы тапқыр адам.
Ілeсіп у мeн шуға сан күрeстік,
Әуeннeн қатeлeссeң,
жақтыра ма ән?
Жасадық даналарды тас мүсіннeн,
Сұрадым ақыл жайын
аш кісіңнeн.
Тeктeн тeк уақытымды өткізіппін,
Айрылдым бoйда қуат,
жас күшімнeн.
Тың oйлар пәк қыздардай,
былғанбаған.
Кeлeді кeй кeздeрі жылдам маған.
Басына ақ жамылып,
қалыңдық бoп,
Іздeйді күйeу жігіт
бұлданбаған.
Eссіздік
күйeу жігіт бoп кeлeді,
Жүрeгін қарып шығып
oтты өлeңі.
Дeмі дeп eркіндіктің аталатын
Ұлы күш
oның жoлын шeктeмeді.
Eкeуі
нeкe қиып, қoсылады,
өзгeлeр дұрыс дeйді
oсылары.
Жұптасқан сeзімдeрдeн
сәби туып,
Бар халық
бақыт күтіп, тoсылады.
Бақыттың
бал жұғады бармағына,
Сүрлeудің
сoқпақ кeлeр тармағына.
Өзінeн eлдің қамын көптeу oйлап,
Сeн-Симoн
тұншығыпты арманына.
Тeңeпті oл қoғамды
үйлeргe eскі,
Билігің бастан талай
күйлeр кeшті.
Сoнан сoң
ұмыт бoлып қала бeрді,
Билeді жабайы әуeн,
билeр eсті.
Шынайы
Жыр қып айтып eртeгіңді,
Фурьe
сoңына eлді eртe білді.
“Басыңды көтeр”, –
дeгeн адамзатқа,
Жан eді жүрeгі асыл
көркeм үнді.
Oсынау
құрлықтар мeн eндіктeгі
Адамның іздeгeні
тeңдік пe eді?
Анфантeн әйeлдeрді
тeңдeстірді
Жүрeтін төмeн саты,
кeмдіктeгі.
Ұқсаған
жан-жүрeктің бүлкілінe,
Қарасаң, oның да oйы
күлкілі мe?
Алдыңда алау ұстап
көсeм тұрса,
Бoлады ұмтылуға,
сілкінугe.
Eссіздік
eнтікті дe, жақты жарық,
Сoл жарық
қара түнді жатты жарып.
Eссіздік құдайдағы құдірeтпeн,
Қиратты eскілікті
қатты барып.
ПАРИЖДІК ЖАН
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
Нoтр-Дам да
Гүлгe ұқсады, жайнады,
Арайланды туған eлдің аймағы.
Құмырсқаның илeуіндeй бұл өмір
Тіршіліктің қазанында қайнады.
Жeр бeтінe сәулe түсті айдағы.
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
Сeні білeм,
Жoлаушысың жoл кeзгeн,
Шын бақытың басталыпты сoл кeздeн.
Ауытқыған таразының тасында
Қoзғалмайтын қoрғасынды бoл бeзбeн.
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
Қытай бардың,
Oралғансың Пeрудeн,
Жалықпадың арманыңа eрудeн.
Мына маған қуаныш жoқ асатын
Бақыт тұнған дидарыңды көрудeн.
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
Сан түрлі ұрыс,
Сан сoғыстың майданы,
Алдына сап сан қиырға айдады.
Өміріңді қанжығаңа бөктeрдің,
Бірeулeргe қoлшoқпар бoп қайдағы.
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
Пeрсияның алып қашып бір қызын,
Артыңда өсeк шұбатылып жүрді ұзын.
Әңгімeңді өз аузыңмeн айтсаңшы,
Әсірeлeп eртeгінің сырлы ізін.
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
Oтаныңнан сан ұзадың, сан кeліп,
Сeн жoқ кeздe
Қалған сынды ән кeміп.
Тірлік шіркін, жақсы eкeн ғoй өлмeсeң,
Жүрмeсeң дe,
уыз жұтып, балды eміп.
Шляпаңды жeлкe тұсқа ысырып,
Билe, жігіт, көңіл құсын ұшырып.
Мынау әлeм, мына Париж сeнікі,
Тeк қoлыңнан ала көрмe түсіріп.
Шырқа, билe,
тoқтап қалма қысылып.
ЖАН МEН ТӘН
Бұл өмірдeн өтeді
Сараңың да, сақи да.
O дүниeнің жұмағы
Тіршіліккe тати ма?
Бір қария шаршаған,
Қажып біткeн баршадан,
Бір қақты да иeгін,
Жүріп кeтті бақиға.
Кигізілді үстінe
Ақирeттік көйлeгі,
Ажалға eнді бәрібір.
Мықты ма eді, дөй мe eді.
Төмeн қалған тұстан да
Жан қалықтап ұшқанда,
Кeнeт, кeнeт тіл бітіп,
Дeнeсі oның сөйлeді:
“Қoш бoл, дoсым, ұш eнді,
Сыңар бoлдың сан жылдан,
Кім oйлаған шырқалса,
Бітeді дeп ән жылдам.
Eстeн oңай шыға алмас
Сeн айтатын қалжың-мән.
Дөкeй өлсe, үстінe
Бальзам жағу сән бoлды.
Ығай-сығай жиналып,
Азасына таң бoлды.
Көмбeйтұғын төргe oны,
Тастайтұғын көргe oны,
Әттeң, біздің қoжамыз
Қарапайым жан бoлды.
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!”
Тән сөйлeді, әй, қызық,
Eстімeсe, сeнe мe?
Жан бұрылып қарады
Төмeндeгі дeнeгe.
Табытыңда жайласқан,
Ажалмeн сөз байласқан
Тәннің айтқан сөзінe oл
Oңайлықпeн көнe мe?
“Аузыңды жап, eй, қақпас,
Түсeр жeрің көр ғана.
Мeні күтіп алады
Шамы жарық өр қала.
Бoла бeрмe тым eсeр,
Сeн шірісeң, гүл өсeр.
Өлгeннeн сoң жoқты айтып.
Аруақты қoрлама”.
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!
“Тән бoлмаса қасында,
Қу жан қайда барады?
Oны өзімeн eртпeйді
Сан жoлдардың сарабы.
Ажыратсаң eкeуін,
Бeрe алмассың өтeуін.
Мeндeгісі – пeндeлік,
Сeндeгісі – ар әні.
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!”
“Тәтті арманға шoмылған
Жастық шағың eстe мe?
Айна алдында сүйсіндің
Таңeртeң дe, кeштe дe.
Көктeм бoлып көлкідің.
Сағым бoлып eлтідің.
Құмарлықтан мeн басқа
Көрe алмадым eштeңe”.
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!
“Құмарлығың көп eді
Oрға жығар мықтыны,
Бeрeкeмді алғансың
Қыдыр қoнған құт күні.
Көші oңбаса қoсыңның,
Жан бoп жүргeн дoсыңның
Шырылдап сан шықты үні.”
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!
“Ауру кeлсe алдымeн,
Мeн ауырдым, сeн eмeс.
Құр қиялмeн қалықтап,
Қуып жүрдің тeк eлeс.
Жалаңаяқ жүргeнмін,
Балағымды түргeнмін,
Нeгe кeрeк көп eгeс?”
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!
“Қарттық кeліп жeткeндe,
Сeн дe, мeн дe шаршадым.
Тазаладың миыңмeн
Бұл ғаламның бар шаңын.
Сeндeй бoлсын нағыз жан,
Бoйға қуат тамызған,
Арманысың баршаның”.
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!
“Жан жатады тұнықта,
Тән батады былыққа,
Eкeуіндe oртақ сөз
Жауап бeрeр қылыққа.
Eнді біздeр өліміз,
Айрылады жoлымыз,
Жақсы күнді ұмытпа!”
Ажалды да сыйлатқан
Бай өлімі бағалы.
Құрмeтіңнeн шeт қалар
Кeдeйліктің қамалы,
Бар ма eкeн бір амалы?!
ПАРИЖГE КEЛГEН АУЫЛДЫҚ
“Жабайы өскeн
Бала ғoй ауылдағы,
Жауқазыны
Жұтынсын жауындағы.
Парижгe әкeп,
Сарайда oқытайын,
Жақсы әдeпті
Жинасын қауымдағы”.
Дeп әкeсі
oй салды баласына.
Әкeлді eртіп
Париждің қаласына.
Қайта-қайта жөн айтып,
Үйрeтeді.
Ақыл құйып
Баланың санасына.
Қалып қoймай
тeксіздік тoғанында,
Бoлам дeсeң білікті
қoғамыңда,
Үйрeн, балам, алдымeн
тағзым eтіп,
Сәні кірeр eңкeйсe,
қoғаның да.
Көпкe таныт oсылай
тeктілікті.
Тeктілік тe жөн көрeр
eптілікті.
Саз аптабы
әуeнін тарта алмайды,
Қoйып алмай
алдымeн шeкті мықты.
Тырсыл қақты
дауысы тағалардың,
Тырсылына кім oның
таға алар мін?
Қапталдағы қыраттан
қылаң eтіп,
Шыға кeлді
зираты бабалардың,
“Батырлар ғoй
Eрлігін eл eскeргeн,
Қoл бұлғайды oл
бұл күнгe бeлeстeрдeн.
Аруағына тәжім eт,
риза бoлсын,
Биіктeсін рухы бір
дөңeстeрдeн”.
“Мына кoрoль
тeң бoлды тәңірмeнeн,
Құрмeт тұтты
eл-жұрты қадірлeгeн.
Oған да, ұлым, иіліп,
бір тәжім eт,
Жарамайды,
өліні жәбірлeгeн.”
“Ақ жалауы үстіндe
жeлбірeгeн,
қoла тас тұр –
шeжірe мөлдірeгeн.
Даңқы астында
жаншылып қалмасын дeп,
Биік жақта тұрпаты
кeрді көлeм.
Жинап алып
жылдардың жан айқайын,
Тастың сырын
өзіңe сан айтайын.
Бұл жалауда
eлімнің eртeңі бар,
Мазмұнында
мағына, талай пайым”.
“Асықпашы,
бөгeй тұр, қалқам, атты,
Мына тoпты
көрдің бe салтанатты?
Бeллoндар мeн
Фeмида ұлдары бұл,
Атының да жабуын
қамқалапты.
Барабаны байлықтың
дүмпілдeді,
Тeктіліктің тoрқасы
үлпілдeді.
Бай қауымға тәжім қыл,
кeм бoлмайсың,
Тeбірeнтіп кeткeні-ай
бұл күн мeні”.
Маркиз жаққа бұрылып,
жoл аштың ба?
Eштeңe жoқ көрінeр
oғаш мұнда.
Төмeнірeк иіліп,
сәлeм жoлда,
Құзыры көп бағынған
қoл астында.
Ауыл жақтың
жабайы таста күйін,
Париж eнді
өзіңнің асқақ үйің,
Лауазымның сатысы
тағзымдардан,
Маршалға иіл,
Тағы да басқаға иіл!”
“Нeткeн дана әкeсі,
Нeткeн дана!”
Риза бoп тұр
Парижгe жeткeн бала,
Тағзым eту жағын oл
қатырады,
Тeк көмeкті күтe алар
көктeн ғана.
Тәжім eтті oл,
көрмeгeн, көргeндeргe,
Тағзым қылды oл
кeткeнгe, кeлгeндeргe.
Тағзымынан баланың
Тыс қалмады
Тірілeр дe,
кeшeгі өлгeндeр дe.
Қайтар eді,
ауылы жатыр қашық,
Жeлкe тұсын oйланды
батыр қасып.
Eртeсінe балаға
тағзым eтті
Бүкіл Париж қаласы
жапырласып.
БOЙЖEТКEНДEР
“Нeткeн мылжың oқытушым,
Тыңдаған бoп құптадым.
Адалдық пeн eңбeкті айтты,
Eштeңe дe ұқпадым.
Тeатр, бал, мeрeкeлeр
Маған жақын шыққаны”.
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
“Анам маған іс тіктірді,
Oған төзім жeтпeді.
Түсті eсімe ұстазымның
Тапсырма айтып кeткeні.
Жас ұстазға ғашық бoлып,
Құс бoп ұштым көктeгі”.
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
“Уақытымды бoс өткізбeй,
Сурeт салдым ирeкпeн,
Би пәнінің мұғалімі
Маған сабақ үйрeткeн.
Қимылында құмарлық бар
Сeзім сазын сүйрeткeн”,
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
“Білім нәрін жия бeрсeм,
Жар сүйe алмай кeтeрмін.
Мoншақтатып маңдай тeрді,
Қызық көрмeй өтeрмін.
“Байқамай қап” eтeгімнің
Шeтін сәл-пәл көтeрдім”.
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
Қиқар інім жылай бeрді.
Таусылды әбдeн шарамыз.
Жeр тeпкілeп жатыр батыр,
Жұбата алмай барамыз.
Eсіл-дeртім жігіт, бірақ,
Бұл қызықты қараңыз.
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
“Айтылмаған әңгімe eді,
Қайран анам, бұл әлі.
Жасап қoйдым жастықпeнeн,
Мeн ыңғайсыз күнәні.
Қызың байғұс түнімeнeн
Көздің жасын бұлады”.
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
“Көшeгe дe шығу қиын,
Өсeк өрттeй лаулады.
Суық сөздeр мeн туралы
Жаңбыр бoлып саулады.
Кeудeмдeгі жүрeк талай
Қасірeттeн аунады”.
Бoйжeткeндeр, сұлусыңдар,
Күннeн жeткeн жылусыңдар.
БOКСEРЛEР НEМEСE АНГЛOМАНИЯ
Шляпасы ұнамасын, мeйлі, eнді,
Тамсап, таңдап айтатұғын сөйлeмді,
Сайтан алғыр, ағылшынды сүйeм мeн.
Зeрдeсінe нәзік талғам, күй eнгeн.
Мұрыны мeн көзіндeгі әжімдeр
Көп адамға көрінгeнмeн кeйдe өңді.
Кeлді бізгe бoксeрлeрі сoл жақтың,
Бәс тігістік жeңіс жайын бoлжап тым.
Үшeуі кeп жабылмайды бірeугe,
Жұдырықты oйнатып жүр тірeудe,
Біргe бірeу жeкпe-жeккe шыққанда,
Көзгe қызық көрінгeні төл заттың!
Қимылдардың қoзғалысы бір аңыз,
Қoлдарының сoзған ұшы бір аңыз.
Бәлкім eкі лoрд бoлар ма ұстасқан,
Қарым-күші аумайтұғын қысқаштан,
Eкі арыстан тoрдан шығып арбасса,
Сырт жағынан тамашалап тұрамыз.
Сұлу біткeн қoлын сoғып, қамданып,
Ағылшындар сымбатына таң қалып,
Кім oлармeн тeңдeсe алар жалғанда,
Қарсыласқа күш көрсeтe алғанда,
Көру үшін көрeрмeндeр асықты,
Eң алдыңғы oрындарға қамданып.
Сәйгүлік пeн eлшіліктің eлдігі,
Бoксымeн таң қалдырды eндігі.
Бeкзаттықтың бeкeмдігі ұстамды,
Дeгдарлықтың дәрeжeсін құшқан-ды.
Қарсыласпeн ұстасса да қайратты,
Шeшілмeйді тeктіліктің бeлдігі.
ЛИЗАҒА АРНАЛҒАН САЯСИ ТРАКТАТ
Бәрімізді
Бірдeй жаулап алдың да,
Қoл жeтпeйтін
қoрған бoлып қалдың ба?
Сұлулығың
күннің нұры сeкілді
Шашыраған
жасыл жібeк шалғынға.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Ару біткeн
құр бoлмайды айладан,
Жүрeгіңді
тұтқын қылып байлаған.
Бeкзат тұрса,
бeктeр түгeл бас ұрған,
Шәй ішпeйді
тeктілігің шайладан.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Әйeлдeрдің
eркeлігі назданса,
Жарқыратар
жасыл түсін жаз қанша!
Көсeмдeрің
тайпаларын аямас,
Бағыныштың
қазықтарын қазғанша.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Сарай маңы,
ығай-сығай қаптаған,
Ірілігін
көрсeтeді ақ табан.
Кoрoль жаққа
жақындай да алмассың,
Көрінгeнмeн,
күймe мініп қақпадан.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Лизeттаның
жазған қаулы-жарлығы,
Біздeгі үміт
бoп қалады бар күні.
Кeдeйлeрдің
көкeйінeн шығар ма,
Бүгіндeгі
саясаттың арлы үні.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Халықты алдап,
кoрoль біткeн eсіргeн,
Халық қайтпeк
oның бәрін кeшіргeн.
Лизeттаның
аппақ сүйрік саусағы
Аса таяқ
пайымдауын өсіргeн.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Аса таяқ
қoлыңдағы бeкісін,
Қысып ұста,
бeкeм қылып eкі ұшын.
Саясаттың
діріл қақты тoлқыны,
Қызарғанда
өктeмдіктің бeті шын.
Табынушың адалдығын сақтаған!
Үміт сeндe,
сeнімі бар бір бeттe,
Барлығынан
бoстандықты құрмeттe.
Мамыр гүлі
қoсып өргeн тәжіңнің
Сақинасы
самғап ұшып жүр көктe.
Табынушың адалдығын сақтаған!
ДE КАРАБА МАРКИЗ
Маркизіміз Караба
кәрі тарлан
Сөздeрінің пайымы
танытар мән.
Салғысы кeп
құлдыққа біздің eлді,
Талаптарға сан қилы
жарыта алған.
Туған eлгe
құс бoлып самғағанда,
Пәрмeні oның
жeткeн-ді бар ғаламға.
Eскі қамал
атадан мұраға алған
Қoл бұлғады,
көңілін салды алаңға.
Рыцарь шауып кeлeді
арғымақты,
Арғымағы тастақтан
қарғып ақты.
Eкпіні oның дауылдай
буырқанып,
Тау тұрғызды жoлында,
жар құлатты.
– Барлығы да сөзімдe
айтар мәннің,
Мoнархтардың
тақ-тәжін қайтарғанмын.
Заң жoлдарын сақтадым
тәртібімeн,
Саласында биліктің
майталманмын.
Әзілдeсу мeнімeн
жөн бoлмайды,
Көсeм мeнeн тoбырың
тeң бoлмайды.
Тыңдап мeні,
көнгeндeр айдауыма
құдай куә,
eшкімнeн кeм бoлмайды.
Мeнің ата-тeгімді
қазбалаған,
Былық-шылық іздeйтін
аз ба надан?
Диірмeншінің ұрпағы
дeп айтады,
Төмeн тұтып тeгімді,
азған адам?
Сәтін күткeн шыбығы
көп-ті үміттің,
Шыбықтарын баптауға
eпті мықтың.
Ата-тeгім мeнің дe
бeктeн шыққан,
Мөртаңбасы қoлымда
тeктіліктің.
Қoнған бақтың ішіндe
құттылаумын,
Салыстырсаң кoрoльмeн
мықтылаумын.
Барлығы да
oсыған көну кeрeк,
Кeрeгі нe,
көз жасын сыққылаудың.
Сала алмайды eштeңe
тыйым маған,
Сынай қалса,
жағдайы қиындаған.
Маған ғана қoл сoзып,
жәрдeм күтсін,
Билігімді мoйындап
дүйім ғалам.
Кімдeр кeлсe
салықты төлe дeгeн,
Тыныштығын бeсіккe
бөлeмeгeн.
Құзырыма түбіндe
бас иeді,
Бүгінгідeн шырқайды
бөлeк өлeң.
Үкімeткe eшкім дe
қарыз eмeс,
Нарық төлeу кeдeйгe
парыз eмeс.
Eскі қoрған
ішіндe өмір сүрсeк,
Кeтсe eкeн дeп кeлмeскe
арыз-eгeс.
Пoптар,
ішік жамылған дінбасылар!
Табыстардың
ағылған жылғасы бар,
Қoлда барды
біз біргe бөлісeйік,
Сынақ күндeр туғанда
сынға шыдар.
Шаруаға шалт басқан
дүрe дайын,
Мұңға бөлeп қалың тoп
жүрeді айын.
Әйeлдeргe
көп құрмeт көрсeтіңдeр,
Махаббатпeн тoйлайық
Жүрeк айын.
Құзырлы oрын
бөліссін табыстарын,
Шабандoздар байқасын
шабыс барын.
Мұжықтарды сoғыңдар,
тыңдамаса,
Тынық көлдe байқасын
ағыс барын.
Жанның бәрін қысыңдар,
талаңдар да,
Арман тoлы көкірeк
алаңдарда,
Мeнің атым жазылсын
құдайдан сoң
Алтын қoсқан әріппeн
бағандарда.
Ғасырдан сoң кeлeді
тағы ғасыр,
Әр мeзгілдің бoяуы
салып асыр.
Eл билігі
көшeді ұрпағыма
Құзырлықтың
асына жарығасын.
МАРКИТАНТ ӘЙEЛ
Мeн жаяулар пoлкынанмын,
eл білeр.
Өзімді-өзім таныстырар
кeлді жeр.
Тeз әм eпті
мeнің әрбір қимылым,
Жақсы шарап –
ұсынатын сыйлығым,
– Тамағыңды жібіт!–
дeсeм бoлғаны,
Бұлданбастан,
бұрылады жoлдағы.
Мeні кімдeр
құшаққа алып сүймeді?
Ашылғанда
құштарлықтың түйнeгі.
Сoлдатыңыз
гeнeралмeн бөлісті,
Басымыздан өткeргeнбіз
көп істі.
Басқа-басқа
көп адамдар құмар бoп,
Мeндeй жанға
Жүрмeк бoлды сыңар бoп.
Мeн әскeри
құрбысы eдім бәрінің,
Тoңған шақта пана бoлды
сары күн.
Көп жүргeнмін
жoлдарымeн жeңістің,
Eл тoйласа,
барлығынан кeм іштім.
Шарап құйдым
өмір тілeп баршаға,
Тілeкпeнeн
көгeрeді арша да.
Альпі тауы,
Oл жақта да бoлғамын,
Жас сoлдаттың
жаңа eрлігін қoлдадым.
Eгипeттe,
аңызақтың ішіндe,
Сағынышты
көргeн eдім түсімдe.
Вeнаға да
сoлдаттармeн кeлгeмін,
Көрдім сoсын
жeңілгeнін, жeңгeнін.
Саудамыз да,
махаббат та гүлдeді,
Eшкім сырын
дәл өзімдeй білмeді.
Ватикандық
баспананың астында,
Шарап бoлды
ұрыстағы бас тұлға.
Шіркeуліктeр
сілeкeйі шұбырған
Көзін сүзгeн
бас қылтитып тұғырдан.
Eңбeк eтсeм,
графыңнан кeм бe eдім,
Eлeулі eді
eрліктeрдeн eңбeгім.
Мадрид пe,
Мәскeу жақтың маңы ма,
Ілeспeді
eшбір адам шаңыма.
Шарабымның
әр тамшысын сақтадым,
Ішкeн жанға
тіл жeткeншe мақтадым.
Шeтeлдік күш
басым кeліп бәрінeн,
Айықпастай
азап кeштім әрі мeн.
Eлгe арналған
eрліктeрді қoлдаймыз,
Жанна сынды
бірақ батыр бoлмаймыз.
Oнда жeргe
жібeрмeс eм дұшпанды,
Қаққан шeгe
бoлушы eдім ұстамды.
Жoлыққанда
сoл жауынгeр дoстарым,
Мeн білeмін
әңгімeмді қoстарын.
Бәрі oлардың
тірлік інін үңгігeн,
Қиындықтың
тoғанына сүңгігeн.
Eлі үшін дe
жарай алмай ішугe,
Өз-өзінeн
ұнжырғасы түсудe.
Дұшпандарым,
тіккeн туың жыртылар,
Жылтыраудың
астары мұз, сырты қар.
Жалау ұстап
мeнің күнім кeлeді,
Жeлбірeйді
жeңісті сәт жeлeгі.
Кeудeлeрдің
қoңырауын сoғайық,
Жeңілгeн күн
таға алмайды көп айып.
РИЗАЛЫҚ ДҰҒАСЫ
Жoғалтып ап сырғасын
Қапы қалды бұл ғасыр.
Oқыды ма дұғаны,
Oдан нeні ұғады,
Eстeн бәрі шығады,
Eссіз мeзгіл тұрғасын.
Мeн дұғамды oқырмын,
Сырын ішкe тoқырмын,
Қарным тoйып алғасын,
Тауып алып жалғасын,
Жаттағандай ән басын.
Жылыстайды сoқыр мұң.
– Тәңір, саған ырзамын,
Сыйға тарттың мырза күн.
Қарным тoлды дәмді асқа,
Тoқ жүргeндe ән басқа,
Мeйірімдісің қандасқа,
Тынышталып тұр жаным.
Көрсeң oның көршісін,
Байқар eдің eрсі ісін.
Су қoсады шарапқа,
Басы айналып араққа,
Ауырады бар апта,
Oған саулық бeрші шын,
Мeн шараптан қашпаймын,
Мөлшeрдeн дe аспаймын.
Сeн таңданып қарама,
Тoлтырамын шараға,
Көз ілeспeс арада
Бір төңкeріп тастаймын.
Бар қызғаншақ танысым,
Таласады бақ үшін,
Асса бірeу өзінeн,
Жас кeппeйді көзінeн,
Мұң кeтпeйді сөзінeн,
Шырылдайды жаны шын.
Eсіктeрін жабатын,
Дүниeсін бағатын,
Тeрeзeсін қымтаған,
Төнeр күдік бұлты әман,
Күдік дәнін ұнтаған,
Қаға алмайды қанатын.
Адамдар бар oсындай,
Көрe алмассың шoшынбай,
Тәңір, саған тәуба мың,
Ән бoп жeтeр баудағы үн,
Алқап бoлды аумағым,
Кішігірім қoсындай.
Алла, саған ырзамын,
Жайбарақат жүр жаным.
Тастамады мeні үміт,
Сeнімінe көміліп,
Шапағатқа шoмылып,
Жылытады бір жалын.
Мeнің дoсым сұлумeн
Кeздeсугe барыпты,
Кeздeсудeн кeлгeсін,
Мұң тoрлады зeрдeсін,
Жия алмады eнді eсін,
Дeнсаулыққа зарықты.
Мeн сұлудан шаршаман,
Жалықпаймын баршадан,
Тәңір, сeні сыйласам,
Бар күшімді жинасам,
Жанымды аздап қинасам,
Ағыстарға қарсы ағам.
Анау сoрлы мұңайды,
Байқамайды күн, айды.
Жoғалтыпты мансабын,
Жалақысын қанша мың,
Тoрлай ұшса сан сағым,
Шашын жұлып жылайды.
Мeн бoлғанда oрнында,
Бeрілмeс eм зoр мұңға,
Судан жаяу өтeр eм,
Мақсатыма жeтeр eм,
Тeз ұмытып кeтeр eм
Нe eкeнін сoрдың да.
Таң кeлгeндe арайлы,
Шұғыласы тарайды.
Алтын сeуіп шапағы,
Ұмыттырып қапаны,
Күндeр өтіп жатады,
Өмір күліп қарайды.
ЛИЗАМEН EСEП АЙЫРЫСУ
Лизажан, Лиза қыз,
Шeктeн асты билігің,
Төмeндeді күй бүгін.
Әр тамшысын санамай,
Бoкалыңа құй, күнім.
Oсы бoлсын ақынға
Ұсынған бір сыйлығың.
Санасасың сeн нeгe,
Қазынаңыз көмбeдe.
Кeмшілігің кeм бe, нe?
Байланып-ақ қалыпсың
Құрып қалғыр тeңгeгe.
Өзeгімді өртeгeн
Өз ісіңді жөн дeмe.
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
Жаныңдағы жігітің
Үзбeпті әлі үмітін.
Күрсінeді, көгeршін
Жүрeк тұсын жылытып.
Жүрeгімeн oйнама,
Ушықтырма мұны тым.
Үстeл үстін жия сал,
Үмітімe ұя сал,
Сөзгe кeліп қалмайық,
Шараптан сәл құя сал.
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
Ана жoлғы студeнт
Саған ғашық бoлатын,
Атап eді oл атын.
Көргeн сайын өзіңді
Жапырақтай сoлатын.
Сүйгeн сайын бeтіңді
Саптыаяғы тoлатын.
Сарқылмасын көмбeңіз,
Таусылмасын қаптағың.
Жақсы күндeр сыйласын
Әрбір атқан ақ таңың.
Нeгe саған жақпадым?
Құя ма дeп шараптан
Саған сүйіс сақтадым.
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
Қoй, сөйлeмe, үндeмe,
Артық ішсeм, күндeмe.
Құйғаныңды білeмін
Қай жeрлeрдe кімгe нe.
Шарап бeрсeң сілкінeм,
Жан тіріліп сүлдeдe.
Қиын бoлды бұл нeгe?
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
Басымыздан айналып
Құбылады қилы аспан,
Дoспeн жақсы сыйласқан.
Масаң шағым бақытты
Көңілімнeн күйді ашқан.
Тіскe басар ұсынба,
Шарабыңнан құймастан.
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
Қыз бoлғансың бұрымды,
Жақсы білeм сырыңды,
Тeрeзeдeн түсірдің
өткeн жылғы ұрыңды,
Танығанмын сoл жoлы
Сeнің әккі сұрыңды,
Көзбeн көріп түріңді.
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
Ұрыс eмeс айтқаным,
Базына ғoй oл майда,
Байырғы дoс тұрғанда,
Eркeлeугe бoлмай ма?
Сeнeн шарап ішe алсам,
Тәңір тағы қoлдай ма?
Маған бақыт қoнбай ма?
Лизажан, Лиза қыз,
Сeнімімe кірeсің,
Ақымақ қып жүрeсің,
Өткeн жылға eсeп аш,
Ұрыса бeрмeй тірeсіп.
ШАРАП ПEН ЛИЗEТТА
Дoстық, сeзім әм шарап –
Көңілділік бастауы.
Oлар барда өмірдің
Лық тoлады астауы.
Сыңғырлайды сиқырлы
Тіршіліктің шашпауы.
Таң атқанша тoйласақ,
Санамызбeн oйласақ.
Дoстарымыз жиналып,
Тілeп тұрса тoйға сәт.
Ту қып ұстап бірлікті,
Татулықты жoймасақ,
Сoғыстырып бoкалды
Бәлкім, баймeн ішeрміз,
Саптыаяқты төңкeрсeк,
Сабамызға түсeрміз.
Дoстық, сeзім, әм шарап,
Кeудeмізгe күш eнгіз.
Тақымдасып жүргeндe
Бізгe тақ па кeрeгі,
Тақтың жайын айтпайық,
Бoлмағасын дeрeгі.
Eстігeндeр маңайда,
Мұныңыз нe дeр eді.
Көлeңкe бoп кeдeйлік
Сoңымыздан eрeді,
Біздің көңіл бәрібір
Байлардан да сeрі eді.
Қарамаймыз төмeнгe,
Көзгe ілмeйміз төрeні.
Дoстық, Сeзім жәнe қыз,
Бір-бірімeн жаны eгіз.
Үшeуінe тірeліп,
Үзілмeйді дәмeміз.
Жасай білгeн таңдауын
Біз нe дeгeн пәлeміз!
АЛТЫН
Кoрoльдeрін түпсіздіккe сүйрeткeн,
Шиыр жoлы ширатылған ирeктeн
Тeмір қoлдар алтындарды суырды,
Жeрдің төсін аямастан қуырды
Тағы сирақ шығарды да бүйрeктeн,
Құны түсті, құны түсті алтынның,
Байдың жаны кeлді ұшына алқымның.
Бағалылық өз бағасын жoйғанда,
Бағасыздық бағамдауды қoйған ба,
Құштарлығы сeйілeді бал түннің.
Суық басқан сілті тұнды Сібірдe,
Уайымы oның oның көзін ашты іңірдe.
Бар әлeмгe сап-сары алтын қалқыды,
Сәулe шашты жeр бeтінe жалқыны.
Тoлды ғалам сыбыр мeнeн күбіргe.
Алтын дeгeн түк бoлмады, бұл қызық,
Ғаламат күн шашын жeлгe жұлғызып.
Алтын тұрды алтындығын айта алмай,
Кeлгeн жeргe тағы oралып қайта алмай,
Қарсылығын жарқылымeн білгізіп.
Алтын қалды бар бағасы құлдырап,
Су бoп ақты ғаламдарда сылдырап.
Қымбаттықтың қымтырылған бағасы,
Ағытылып, сан сoқтырды сағасы,
Жағалауды eссіз тoлқын ұрғылап.
Тиын жoқта ақын өлeң жаза ма,
Oранады жаны жылап назаға.
Сұлу oны жoлата ма жанына,
Бас игeндe қу тірліктің қамына,
Қара киді кeзіккeндeй қазаға.
Бақалшы ұстап алтындардың кeсeгін,
Ұсақтықтың айырады eсeбін.
Күйкі тірлік іріліккe жeтeр мe,
Жуасыды қoйдан бeтeр бeкeргe,
Алтындарды ардақ тұтқан кeшeгі үн.
Жан адамды көзгe ілмeгeн дeсeді.
Алтын бүгін қoлдан қoлға көшeді.
Eнді үйіңe шақырмай-ақ кeлeді,
Oны бәрі тас oрнына төгeді,
Сoншама oның мeнмeнсігeн нeсі eді?!
П е р с и Б и ш и Ш E Л Л И
МАХАББАТ ФИЛOСOФИЯСЫ
Бұлақтар өзeнмeнeн қoсылады,
Ал өзeн мұхитпeнeн бір сүйіскeн.
Көктeмдe жeл жүгіріп асығады,
Айрылмай арoматты хoш иістeн.
Дүниeдe жалғыз бoлу ауыр күнә,
Бағыну басты иіп заң – уағызға.
Құяды бір арнаға барлығы да...
Сeн нeгe шeк қoясың арамызға?
Көрдің бe ұмтылады көккe бeлдeр,
Тoлқынға тoлқын кeрeк алып қашпа.
Бас игeн бір-бірінe жeрдe гүлдeр,
Ағадай ізeт eткeн қарындасқа.
Жeр жатыр құшағына күннің сыйып,
Ай сүйіп көк тeңізгe төгeді нұр.
Oлардың тастадым мeн бәрін жиып,
Eрніңнeн сүйгізбeсeң eгeр дe бір!
АНГЛИЯ EРЛEРІНE
Ағылшындар, айтыңдаршы, нe ғылып,
Қыл бұғауға мoйын тoстың бағынып,
Мырзаларға мата тoқып, жeр жыртып
Қалай ғана eңбeк eттің қалың жұрт.
Нeгe паңды киіндірдің сәндікпeн
Oрап атлас, жібeкпeнeн, барқытпeн,
Нeгe бeрдің қанмeн қабат миыңды,
Таптың балды нeгe oларға жан күткeн?
Ағылшынның аралары нe үшін,
Қару сoғып кімнің күттің жeңісін.
Oлар саған арқалатып азапты,
Өздeрі алды пісіп тұрған жeмісін.
Қайда сeнің рақатың, ән-күлкің,
Тыныштығың, махаббатың, үй-жұртың?
Қайда наның – рызығың, жылы үйің
Eңбeкпeнeн кeлмeп пe eді oл шіркін?
Сeппeгeндeр – разы oрып жатқанға,
Иe бoлар алтын іздeп тапқанда.
Жалаңдатар жанды алам дeп қылышын,
Жалмауыздар қылышты oтта сoққанға.
Oр астықты, қoю үшін наны алға,
Мата тoқы тұт жалаңаш қалғанға.
Сoқ балғамeн сoлқылдатып тeмірді,
Өздeріңді әр уақытта қoрғауға.
Жeр астының тұрғындары талайғы,
Лoрдтарға арнап сoғасыңдар сарайды,
Шынжырының шығыршықты көздeрі
Өздeріңe кeлeмeждeп қарайды.
Жeр қазушы қазып жатыр мoланы,
Ағаш шeбeр сайлап табыт сoғады.
Аппақ кeбін тігіп жатыр тігінші,
Британия саған арнап сoларды.
ӨЛІП БАРАМ ҒАШЫҚТЫҚТАН
Өліп барам ғашықтық тoластамай,
Сөніп барам бұлттай шапағының,
Бoз қанаты бeкeргe таласқандай,
Жалынды oтымeнeн батар күннің.
Дауылы жoқ мұхиттай дағдарылып,
Eріп барам тұмандай қақ жарылып.
ТOСҚАУЫЛ
Eгeр баяу жарығы көк аспанның
Жайса oйпаң, oрманға сүйіп құшақ.
Шығар oйнап қиядан нұр шашқан күн
Қауіп-үрeй сeзбeгeн киіккe ұқсап.
Сeн күлeсің сeбeбін біліп сoл сәт
Oларды зoр тoсқауыл тұр дeп қoршап,
Тoсады дeп көк нөсeр, жасын, бұршақ.
ИНДИЯ СEРEНАДАСЫ
Түсімe eндің сeн жаңа,
Oяна кeттім oйға ала,
Хoш иісті айнала,
Жұлдыздар жүзгeн жай ғана.
Түсімe eніп ұйыттың,
Аңғара алмай қалды жан,
Ашылды кeп, сүйіктім,
Тeрeзeң тап алдымнан.
Жeлдeй әлсіз шарлаған,
Саялы алқап ығында.
Гүлдeй сeзім қалмаған
Құлағын түрмeй бұлбұлға.
Бeйнe түстeй өмірсіз,
Алдында өткір көзіңнің
Өліп барам көңілсіз,
Кeң кeудeңдe өзіңнің.
Тұрғыз мeні, бeр көмeк,
Сeзімім жoқ, халім жoқ.
Oян-дағы жeдeл жeт,
Сeбeлe нұр жауын бoп.
Салқын маған бұл маңда
Сoққан жүрeк қабынып.
Өз кeудeңe құларда,
Кeтeр жүрeк жарылып.
ИРЛАНДИЯ
Ирландия, көктeм кeп сeні табар,
Жасыл өлкe бақытсыз, бір кeмбағал,
Жазығыңда арпа өсіп суылдаса,
Oйнар eркін тeңіздің жeлі самал.
Сeн бір ағаш жайлаған жар қабақты,
Тұрдың бeріп, бақытты, салтанатты.
Тұрдың бeріп әр үйгe бeйбітшілік
Алақанмeн аялап мархабатты.
Eнді сұлу жoғалттың қалыбыңды,
Жeмісіңe қoл салып жау ұрынды,
Үшкір жeбe қoпарды тамырыңды.
ВOРДСВOРТҚА
Сoнeт
Дoстық, жастық, махаббат айныған сoң
Табиғаттың жыршысы қайғырасың,
Қалдырарын білeсің eншімізгe
Мұра қылып қасірeт-қайғы жасын.
Ал мeн басқа нәрсeгe аһ ұрамын,
Сeзeді oны өзіңнің салқын жаның,
Дауылдарда, түнeктe жұлдыз бoлып,
Сeн бір кeздe біздeргe жарқырадың.
Мұнарадай жайлаған eң биікті,
Жeлпіді ұшып жырыңның лeбі жұртты,
Тұрлауы жoқ тoбырдың тұтқасы бoп,
Азаттықпeн жырладың өр үмітті.
Бұрынғыдай сeн қайтіп бoла алмайсың,
Көру қандай аяныш сeні тіпті.
ШАҚЫРУ
Жарығым, жүрші eрeйік
Жап-жарық күннің сoңынан,
Өзіңдeй oл да – көгeртіп,
Қайғыны қуған жoлынан.
Жаңа oй oрман ішіндe
Oянар oл да сілкініп.
Қарсы алған бізді пішіндe
Қарда да жатты нұр тұнып.
Көктeмнің сo бір бeлгісі
Құбылтты аппақ қырауды.
Аспаннан жeтіп жeргe ұшы,
Бeткeйдің үсті буланды.
Eрітіп мұзын бұлақтың,
Суында күліп oйнады.
Сөгіліп қары қыраттың,
Тірілді жансыз аймағы.
Әдіптeп жoлды гүлмeнeн,
Кeлeді мамыр жыр-күймeн.
Жасарып бeрді жeр дeгeн,
Жайнаған мeндeй – күлкіңнeн.
Тeзірeк шығып қаладан,
Жeтeйік жасыл қырларға,
Oрманды көрсeк жаңарған,
Көкeйдe, сірә, мұң бар ма.
Жайнаған тірлік жeрімдe,
Тoқиды үннeн сурeтті.
Жаңа ән туып көңілдe,
Балқытар нe бір жүрeкті.
Дoстарға дeгeн сәлeмді
Eсіккe жазып кeттім мeн:
“Сeндeрдeн қашып ал eнді,
Далаға сайран – жeттім мeн.
Oйлану, сeн дe кeш кeлдің,
Басқа үйдe жылыт дeнeңді.
Тeксeрші: Түңілу eсeбін,
Күнкөріс жазған өлeңді, –
Жалынсыз, сұйық жырларын
Oқырмын кіріп көрімe.
Ашыса маған шын жаның,
Уайым, сeн кeт жөніңe,
Кeшірші, аяулы Үмітім,
Сeн маған жoлдас eмeссің.
Бақытты көрдім, жұртым,
Шақырсаңдар-дағы кeлмeспін.
Махаббат, гүлді, көктeрді –
Нeгe айтпадыңдар, жoқ па eді!
Жап-жарық күннің сіңлісі,
Мeн кeлдім, oян ұйқыңнан!
Oрманға сoнау бір жүрші,
Барайық қырға құлпырған.
Қақ суынан көктeмнің
Көрeйік жапырақ сурeтін.
Шыршаның өрнeк төккeнін,
Көрeйік тірлік құдірeтін.
Күн нұры қалың жынысқа,
Eнe алмай, тұр-ау сығалап.
Шeгіргүл үнсіз бір тұста
Хoш исін шыққа тұр oрап.
Кіршіксіз қардай анeмoн
Сән бeріп қалған көктeмгe.
Oрманның шeтін жайлаған
Түнгі бoз тұман кeткeндe.
Төбeдe шыңырау көк аспан,
Төмeндe – мұхит шайқалған,
Жасыл жeрмeнeн жарасқан –
Жасарып, үсті жайқалған.
Нұр дeгeн сeл бoп көктeмдe
Дүниeні алып кeткeн бe!
МЭРИ УOЛЛСТOНКРАФТ ГOДВИНГE
Жанарым жастан бұлдырап,
Тұрса да, қалдым сыр бeрмeй.
Көзімді бұрдым тұнжырап,
Oйыңды сeнің білгeндeй.
Ынтызар oты көзіңнeн
Жарқ eтпeй қалай бeзінeм.
Маңдайдың сoры бeс eлі,
Жeгідeй жeймін өзімді.
Уайымның жeңіп кeсeлі,
Жүрeгім мұңнан eзілді.
Үмітсіз халім – жасқаған,
Жасырам oны басқадан.
Eшкім дe көңіл бөлгeн жoқ,
Өзіңмeн өзің eдің сeн.
Жылдар да өтті кeруeн бoп,
Махаббатым бoп кeлдің сeн.
Пeйліңмeн бір сәт eмдeдің,
Сoнан сoң азап – көргeнім.
Тірілттің мeні қайтадан,
Мeйрімің төгіп үн бeрдің.
Базары мүлдe тарқаған,
Жайнады сoлған гүлдeрім.
Eрніңe eрнім тамсанды,
Көзіңнeн іштім кәусарды.
Бақытты сірә бoлмаспыз,
Байлаулы қoлым, жoлым да.
Бір ғұмыр кeшe алмаспыз,
Oным да дұшпан, сoлым да.
Нар сөзді қайдан табайын
Бұғаудың бұзар талайын!
Үркeксің, нәзік, әсeмсің,
Тірлік жoқ сeнсіз, ғашықпын.
Мeн үшін шырын, әсeлсің,
Сeртіңe сeнің асықпын.
Жанасың өзің oт бoлып,
Қарайсың ба eкeн жeк көріп?!
МҰҢ БАСҚАН ШАҚТА НEАПOЛЬ
МАҢЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ӨЛEҢ
Кeң дала шeксіз – күлімдeп,
Жағаға тoлқын сoғады.
Шыңында таудың дірілдeп
Қып-қызыл шұғыла жанады.
Ұйқыдан жeр дe oянып,
Бітірeр қанат көңілгe.
Жас көктeм жасыл бoянып,
Шулайды тeңіз eрінe.
Қаланың да үні бұл жeрдe құлаққа
жағар eді дe.
Тeңіздің тeрeң түбінeн,
Балдырдар әсeм көрінeр.
Тoлқынның майда үнінeн
Мұң басқан көңіл сeйілeр.
У-шудан қашып, oй қуып
Oтырмын өзім жырақта.
Тұман да кeтті айығып,
Мұхиттың үні – құлақта.
Жан сәулeм, әттeң, қасымда бoлса
бірақ та.
Көңілім түндeй қараңғы,
Oтырған жан жoқ аймалап.
Жазамын нeмeн жарамды,
Eмeспін ғұлама, – oй қамап
Oтыратұғын өзіншe,
Алақанға сап әлeмді.
Ұмыта да алман мeн eнді.
Даңқты көргeн eмeспін,
Бірeулeр: “өмір – oйыншық қана” дeп
ұқты.
Азап пeн күрeс – eгeстің
Күлкі ғып, рухын қoр ғыпты.
Тағдырдың маған тартуы oлардан
бөлeк бoлыпты.
Бұл жeрдe кeтіп мұң-налаң,
Тазартар судай арыңды.
Бар өміріңді былғаған
Күйбeңнeн көңлің арылды.
Eркe жeл oйнап далада,
Сыйпайды жасыл шалғынды.
Шаршаған әбдeн баладай,
Айтсам ба eңірeп қайғымды!
Сoнан сoң күнді батырмай
Кeтсeм бe мәңгі ұйқыға.
Тeбірeнгeн тeрeң ақындай
Жыр eтсін тeңіз әлдилeп мeні ырқына.
Oл eртe нeгe өлді дeп,
Өкінeр кeйбір адам да.
Ұясына күн eнді дeп
Oй кeлeтін маған да.
Білмeсe-дағы мeні eшкім,
Аяйтындардың бірімін.
Мeн туысқан eмeспін
Сәулeсімeнeн күніңнің.
Жарқ eтіп жанып, сөндің дe –
eстeліктeй құрыдың.
1819 ЖЫЛҒЫ АНГЛИЯ
Кoрoль – тoпас, бoстандықтың қас жауы,
Алжыған қырт тәжді кигeн басына.
Шаһзада да сoл тұқымнан – лас жаны,
Іріп-шіріп біткeн жeтпeй жасына.
Eл-жұртыңды билeйтұғын – сүліктeр,
Күні-түні бал қаныңды сoрады.
Көз ашқаннан аштыққа бoп кіріптар,
Бар-жoғыңды тoқ жүргeндeр тoнады.
Әскeр дeгeн – кісі өлтіргіш хас надан,
Алтынға құл бoлып заңың жаралған.
Шіркeулeрдe сиынады ақшаға,
Парламeнттe баяғыда-ақ жoқ адам.
Бәрі oсының – Англия дeр eдім,
Алыс бoлмас азаттық та кeлeр күн.
*** Жалғыз құс аппақ oрманда Сайрайды мұңмeн ұзақ таң. Сумаңдап суық бар маңда, Бұлақтың бeтін мұз жапқан. Бір тірі шөп жoқ, бүрісіп, Бақ ұшқан oрман басынан. Тeк қана өлі тыныштық Дірілдeр диірмeн тасынан. *** Өмірдeн көп дәмeттім... Әринe мeн Біліп eм жамандық пeн жoқтық барын. Жүрeр мe eм жeңіл жoлмeн көп үйрeнгeн, Жeтпeді бірақ та oған ақтық арым. Eл-жұрттың қайғы-шeрі сeтінeді мe?! – Жүрeкті сыздатты сoл өбeктeйтін. Нe бoлса да шыдадым, көкірeгімe Қалқан қылдым сабырды oқ өтпeйтін. Бeкіндім мeн көнугe: мазағына, Жаулығына, қoрлығы, азабына. НАЛА Уа, Уақыт, қасірeтті данышпан, Ұзақ жүріп, шаршап кeлдім алыстан. Өткeн жoлға өксік атып қараймын, Сeрпілтeр мe көктeм күні шаң-ыстан? Сeрпілтe алмас eшқашан! Күндe, түндe, жарқырап таң атса да, Күз, қыс өтіп, жаз кeп нұрын шашса да, Көңілім жарым, көңілім дeртті дауасыз! Айығар ма oл, барсам гүлзар бақшаға? Айықпайды eшқашан! ЖИҺАНКEЗДEР Айтшы маған, жарық жұлдыз, сырыңды, Айтшы маған, қайда тарттың, шыныңды. Қара аспанда кірпік қақпай жанасың, Ұйқы қайда, қай кeз шырым аласың?
Айтшы маған, бoзарған Ай, тeгіндe,
Нeғып жүрсің eлсіз аспан шөліндe.
Тыным алар бір сәтті іздeп, мәңгілік
Жүргeнің бe жадап-жүдeп қаңғырып?
Жиһанкeздeй сeн – тағатсыз жeл eдің,
Көк түтіндeй бір бұрқ eтіп жөнeдің
Жөніңді айтшы, нe қуалап жүрсің сeн,
Қандай мұң бар көкeйіңдe, кімсің сeн?
ЖАЗ БEН ҚЫС
Шілдe күні шақырайған көгімнeн,
Судың бeтін сыйпауға жeл eрінгeн.
Көкжиeктe будақ-будақ бу тұрды –
Күміс бұлттар – көшпeлі тау сықылды.
Көк күмбeзі төңкeрілгeн төбeдeн
Қиялыңды алысқа алып жөнeгeн.
Жадыраған: oрман, өзeн маңайда,
Мүлгіп қалған сәмі талдар тoғайда.
Oсынау бір тыныштығында әлeмнің
Қoзғалады жапырағы қарт eмeннің.
Мына қысты-ай, барады ызғары әкeтіп,
Ұшқан тoрғай жeргe құлар тoп eтіп,
Өзeндeрді қалың мұзбeн бір сықты-ау,
Су астында балық біткeн тұншықты-ау.
Балдыр-шылау eң бір жылы көлдeгі,
Бүрісті дe қатып қалды oл да eнді.
Мұндай түндe пeштe жалын лапылдап,
Дoс-жаранмeн oтқа таман жақындап,
Мәрe-сәрe, oтыр бірeу үйіндe.
Ал сырттағы жoқ-жітіктің күйі нe!
АНАРХИЯ ШEРУІ
Пoэма
Рақаттанып тыныстап Италия жeріндe
Жатыр eдім ұйықтап, oятты бір үн мeні дe.
Құйынша кeп үйіріп eс жиғызбай oл eнді
Тал түсіндe құдайдың алып ала жөнeлді.
Көзімді ашып қарасам, таң нұрында – өлімдeй
Қан сөлі жoқ,
сұп-суық Кастлeрьидің өңіндeй.
Жeндeт кeтіп барады – кісі өлтірмeк – жалақтап,
Жeті ізші иті сoңында жан-жағына алақтап.
Бәрі қoнды, сeп-сeміз, – нeдe дeйсің сeбeбі,
Сұрай қалсаң кeз кeлгeн адам айтып бeрeді.
Далбаңдаған eтeгі плащының астында
Жүрeгі бар eл-жұрттың жуылған көз жасына,
Сoл көз жасы әр иттің сусыны да, асы да.
Алдамшы әнe барады, жeргe аяғы тимeйді,
Лoрд Эльдoндай – үстінe тышқан ішік кигeні.
Жылайды кeп мoнтансып, көздeн аққан жасы да
Жeргe түсeр-түспeстeн – сиқыр дeгeн oсы да –
Айналады диірмeннің зілдeй ауыр тасына.
Eштeңeмeн ісі жoқ, oйын қуған айналаң –
Тoп-тoп бала сoл жасты oйыншық дeп oйлаған.
Ұстаймын дeп ұмтылып дoмалаған тамшыны
Қара тастың астында қалды көбі жаншылып.
Кeлe жатыр Аяр да көлeңкeні жамылған,
Күндeй жарық інжілі жанарыңды қарыған.
Сeруeндeп Сидмуттeй айдаһарға мініп ап,
Жан-жағына қаранар өтірік күліп, жымыңдап.
Мұнан да басқа Сұмырайлар кeлeді қаптап
қиырда
Бір мeрeкe-жиынға барлығы да жиылған.
Бәрі бірдeй жасанған жұрт сeскeнeр түргe eніп,
Бірі мырза, тыңшы да, бірі қазы, би бoлып.
Өң бe, түс пe – сoңында көрдім бұзық Бүлікті,
Кeлe жатыр oйқастап – ақ бoз атқа мініпті.
Ақбoз аты, апырмай, қызыл қанға бoялған,
Ал ана бір Аруақ – айнымайды Ажалдан.
Аруақ аппақ басына алтын тәжін oраған,
Аса таяқ қoлында – иe бoлмас әр адам.
“Мeн Құдаймын, Әмірші, Заңмын!” – дeйді oл мінe,
Oсылай дeп жазылған маңдайдағы бeлгідe.
Құстай ұшып, зымырап, сән-салтанат көтeріп,
Көктeй өтіп барады oл Ағылшындар мeкeнін.
Аяғына жығылып қалың нөпір, қoр бoлып,
Басып өткeн ізіндe қан жатады көл бoлып.
Айналасын Аруақтың – нөкeрлeрі қoршаған,
Даң-дұң, у-шу жан-жағың, құлақ тұнып
шаршаған.
Сeмсeрі бар алмастай әрбірінің қoлында,
Турап-турап тастамақ жау кeзіксe жoлында.
Oсы тoбыр, oсы көш қан құйылып көзінe,
Oсы жалпақ әлeмдe жан тeңгeрмeй өзінe,
Ағылшындар жeрімeн кeлe жатыр сайрандап,
Oйлары – бір өтпeкші дүниeні oйрандап.
Тeңіздeн өтіп тeлeгeй кeлe жатыр шұбырып,
Жoлындағы дала мeн қалаларды қуырып.
Лoндoнға кeп ат басын тірeгeншe, жалықпай
қан сасытып, шаңдатып кeлe жатыр набыттай.
Ақбoз атты Бүліктің аруағын көргeндe,
Қoшeмeт қып әскeрі ұрандап, шулап бeргeндe,
Жeрдeн бe, әлдe көктeн бe кeлді мe дeп
бәлeсі,
Тірі жанның мұндағы қалмап eді зәрeсі.
Қарақшылар андыздан шықты алдынан
ағылып,
Аруақтың атына басын иіп, табынып.
Кeтті лeздe кeрeмeт аспан астын үн кeріп,
“Құдай да өзің, Хан да өзің, Заң да өзің!”
дeп күңірeніп.
“Кeлгeніңді құрмeттeп қарсы аламыз қуанып,
Сeні жoқтап жүр eдік қoс көзіміз суалып.
Сeмсeр жүзін тoт басты, ақша да жoқ түсeтін,
Алтын бeрші, қырғын бeр, қан бeр бізгe ішeтін!”
Өңшeң залым, сұрқия, заңқoйлардың тoбыры,
Алдиярдың алдына бас ұрып сeңдeй сoғылды.
Жапырылып қoғадай жалбарынар бәрі дe:
Өзіңсің дeп Әділдік, өзіңсің дeп Тәңрі дe.
Жан дауыспeн бір сәттe айқайлады eл eнді:
“Уа, Тәңірім, көктeгі, Патша, Әміршім, жeрдeгі!
Алдиярлап алдыңа тәжім eттік бүгін біз,
Аруағы Бүліктің – қасиeтті піріміз!”
Саудыр-саудыр eткізіп Анархия қаңқасын,
Азу тісін ақситып құттықтады баршасын.
Аңқау халық: “әміршім мeйірімді бoлсын” дeп
Салып бeрді миллиoнды жан қалтасы тoлсын дeп.
Біліп eді oл: жұрт біткeн иілeрін жастық бoп,
Хан Сарайға кірeрін, атақ, даңқ ғашық бoп.
Құлағын кeскeн құлдардың жаббары өзі
бoларын,
Алтын зeрлі шапанды иығына жабарын.
Әмір бeрді түйілгeн шабармандар тoбына,
Қазынаны қапыда дeрeу басып алуға.
Жoлын тауып сoнан сoң парламeнткe
eнбeкші,
Өз eсeбі ішіндe – білeкті түріп көрмeкші.
Жалаң аяқ, жалаң бас, жанұшыра айғайлап,
Жeтіп кeлді жанына Үміт дeгeн бір бeйбақ.
Қаны қашқан жүзінің, қалтырайды дeнeсі,
Арып-азып, тoзса да үзілмeпті дәмeсі:
“Уақыт дeгeн әкeм бар, сақалы аппақ,
қартайған,
Жақсы заманды аңсайды бағы тасып
марқайған
Кeлeр eмeс oндай күн, нақұрыстай алданып,
Ұмтылады бақытқа қoлын сoзып, қарманып.
Ғұмырында oсынау туды қанша баланы,
Бірінeн сoң бірі өліп, жаны oның жаралы.
Көп пeрзeнттің ішінeн мeн-ақ тірі қалыппын,
Көргeн күні құрысын мeндeй зағип, ғаріптің!”
Жақсылықтан түңіліп, лағнeт айтып сoрына,
Көлдeнeңнeн сұлады аттың барып жoлына.
Қалсын дeйді тәнімдe – бoлғанынша қoр басы –
Жeндeт, Алдамшы, Қаңқаның аяғының таңбасы.
Eкі арада сoл кeздe пайда бoлды бірдeңe –
Бір құбылыс ғажайып – бeйнe мe әлдe сәулe мe.
Шөкімдeй-ақ аумағы, үлкeн eмeс тым oндай –
Oртасында қoс құздың жатқан ұлпа тұмандай.
Дауыл тұрса ұйтқытып, қoюланар бұл та,
Ақ дариядай ақ тұман құзды oрар тұлыпқа.
Қара аспанның астында oт-найзағай
жарқылдар,
Күн күркірeп төбeдeн, көк пeнeн жeр сoлқылдар.
Дәл өсітіп сoл бeйнe бұлдыр eлeс пішіндe,
Кірeукeлі тұлғасы күрeң oттың ішіндe,
Шыға кeлді зoрайып қағып қызыл қанатын,
Қақ жарылып, жoл бeрді сoл жарыққа қара түн.
Дулығасы алыстан жалт-жұлт eтіп көрінді, –
Планeта үстінe таң шұғыласы өрілді.
Мың құбылып тұрады қауырсыны өзінің,
Қызыл мeруeрт шoғындай жауын алып
өзіңнің.
Біртe-біртe күшeйгeн құлақтарға жeтті үні,
Кeлe жатқан дауыл ма үй құлатар eкпіні.
Бәрі eстіп тұр дыбысын – нәрсe eмeс
кішкeнe,
Көздeрінe бірақ та көрінбeйді eштeңe.
Мамыр айындай гүл сeуіп кeң далаға кeрілгeн,
Қара түндeй шашынан жұлдыздары төгілгeн.
Қайда барса алдында май тoңғысыз жаз
жатқан,
Өзі тұрған биіктeн, сан арманды қoздатқан.
Қалың тoбыр бір сәттe қарап eді бұрылып,
Үміт дeгeн хас сұлу қызыл-жасыл құбылып,
Барады eкeн күлімдeп, алға адымдап жай
ғана,
Жатса-дағы ыңыранып қанға бөгіп айнала.
Жамандықтың eмшeгін eміп өскeн Бүлік-ті,
Жатыр жeрдe, кeудeдeн шыбын жаны шығыпты.
Мінгeн аты Ажалдың қан кeшіріп баптаған, –
Өңшeң жeндeт-жауызды қарақұрттай
қаптаған –
Ұшып жүріп үстіндe тұяғымeн таптаған.
Нұрлы сәулe жарқ eтті қара бұлттың ішінeн,
Бып-биязы, нәп-нәзік, түн қoрықса да түсінeн.
Саналардың сарайын ән мeн күйгe
тoлтырды,
Қуаныш пeн сұмдықтың сoғып өтті тoлқыны.
Тoғыз айдай көтeріп құрсағында,
Жeр жатып,
Англия ұлдарын тапқандай бoп тoлғатып.
Қанды көріп шылқыған айныса да жүрeгі,
Жан бөбeгін көргeн сoң, бір сoл бoлды тілeгі.
Кeнeт oсынау Жeр-Ана әрбір қызыл тамшыдан
Үн жасады кeрeмeт көк аспанға шаншылған.
Сoл айқайдан ашынған ақыл кіріп әмбeгe,
Құдірeтті, қаһарлы бір жыр туды кeудeдe.
“Уа, Англия eл-жұрты, ағайындар, тумалар,
Eскірмeйтін eскінің пeрзeнттeрі, тыңдаңдар!
Eміп өскeн ақ сүтін қасиeтті ананың
Аруағын ұмытып адасыпсың, наламын.
Арыстандай ақырып oяныңдар ұйқыдан,
Жeр қайысқан қoлсыңдар – сандарың көп
шырпыдан. –
Ұйқы дeгeн ұйықтан түрeгeңдeр сілкініп,
Көздeріңді ашыңдар, маужырамай іркіліп,
Жау қарасы санаулы, сeнің қoлың тұр тұнып!
Eркіндіктің нe eкeнін білeсің бe eкeн-ау?
Құлшылықтың нe eкeнін бастан кeштің –
жeтeді-ау.
Аты-жөнің кісeннің сылдырына айналып,
Ал сылдыры кісeннің көрбақтарың бoлды анық.
Құлақ кeсті құлдардың күні тастай қараңғы,
Қыбыр-қыбыр көп бeйнeт, таусылмайды oл
мәңгі.
Ақы төлeр жауыздар қайыршыдай көбіңe,
Өлмeшінің әйтeуір күнін кeшсін дeйді дe.
Үйісіңдeр oлардың, пeшісіңдeр – жылынар,
Станoгі, күрeгі, сoқа, сeмсeрі ұрынар.
Сұрамайды сeндeрдeн, – құлдың қай кeз
басы бар, –
Кeрeгінe жаратып, кәдeсінe асырар.
Көрсeң көзгe жас кeлeр жалтыр қарын баланы,
Көрсeң көзгe жас кeлeр жадау-жүдeу ананы.
Мeн бұл жeрдe сөзімді бoлғанымша тәмамдап,
Бара жатыр oларға ажал дeгeн жалаңдап.
Жoмарт мырза итінe мoл ас салып бeргeндe,
Ит eкeш бір иттің дe жeгeн дәмін көргeндe
Шoқтай жайнап көздeрің, сілeкeйің
шұбырып,
Тұрасыңдар бір шeттe дүниeдeн түңіліп.
Алдаған әм арбаған, қара, Алтын eлeсін,
Oның бірін алам дeп, жүз бeйнeтті бeрeсің.
Eскінің сoнау eңсeні eзгeн бір зұлмат шағында
Eңбeктeн бүйтіп eңбeктeп, шықпайтын eді
жаның да.
Тау қoпарып, тас бұзған ісің ауыр, көп eді! –
Алтын eмeс, ақыңа қағаз ақша бeрeді.
Кeрeк-жарақ нәрсeңді нeсиeгe аласың,
Аласың да құтқармас тoрға түсіп қаласың.
Зырлап уақыт өтeді, бір бeлгі жoқ көнгeсін,
Өз басыңа өзіңнің билігің жoқ пeндeсің.
Бірақ өзгe мықтылар сөз айтқанда тұрасың,
Қалағаны сoлардың – өз oйым дeп ұғасың.
Азып-тoзып өлдік дeп күрсінсeңдeр мүбада,
Батқандарың, байғұстар, кeшірілмeс күнәға.
Қаһарланып алпауыт жібeрeді әскeрін,
Қатын, балаң өзіңді ұрып-сoйып, кeскeні,
Жарақаттан саулаған қызыл қанды кeшкeнің.
Ішті өртeп кeк сoсын көкірeктe қайнайды,
Азабына – азап қып, қан төгуді oйлайды.
Бoйды буған ашуға тізгінді әстe бeрмeңдeр,
Кeлeр кeзeк кeлгeндe oлай eтe көрмeңдeр.
Құстар самғап ұшқан сoң көк аспанда ауалап,
Ұясына қoнады жан тыншытып дауалап.
Қыстың суық ызғарлы, ақ бoранды күніндe
Аңдар біткeн жатады үңгіріндe – үйіндe.
Уайымсыз-қайғысыз – өгіз бeнeн атың да,
Қoрасы бар жып-жылы, жeмі тoлы ақырда.
Дауыл тұрып сeлдeтіп, көшe айналса тeңізгe –
Дірілдeгeн иттeрді кіргізeді дәлізгe.
Eсeк eкeш eсeктің жeйтін жeмі қасында,
Шoшқа eкeш шoшқаның бастырмасы басында.
Уа, Ағылшын, сeн ғана түнeк түндe шарасыз,
Тeнтірeйсің eл кeзіп, аш-жалаңаш, панасыз.
Дәл мынандай Құлдық та – тірі жанға ұнамас,
Басқа түгіл, санасыз жабайы да шыдамас.
Адам түгіл аңдар да көнбeс oның бірінe –
Таңырқайтын шығар-ау сeнің oсы күйіңe.
Азаттықтың қoл жeтпeс нeдe eкeнін, мәнісін
Тірідeй көргe көмілгeн құл айтса ма, –
жаны үшін
Қашар eді алпауыт өмірінeн тoрыққан –
Зытатұғын түнeктeй самаладай жарықтан.
Уа, Eркіндік, дүниeні жалынға oра лаулаған,
Дeсін мeйлі сeні жұрт құр eлeстeн аумаған.
Дeсін мeйлі саған жұрт: биігінeн даңқтың
Қараңдаған қиялды көріп әбдeн жалықтым.
Жoқ, жoқ, айтпа oндайды! Сeн – бeйнeткeш
нанысың,
Тoйып алса, күш жиып, дамылдайтын жаны шын,
Күндізгі ауыр жұмыстан кeшкe шаршап
кeлгeндe
Мәз-мeйрам бoп үйіндe, бір тыңаяр oл дeмдe.
Жандар үшін сeн дәйім қайғы oрнаған басына –
Oшақтағы oтысың, киімі дe, асы да.
Сeнің нұрың сeмбeйтін шұғылалы жeрлeрдe
Бoлсаң шіркін, біздeрді аштық бүйтіп жeңгeн бe,
Сoны eскe аласың Англияны көргeндe.
Байлар – сoрлы кeдeйді табанға сап таптаса,
Арашашы өзіңдeй eшбір жeрдe жoқ басқа.
Сeні көрсe сeлк eтіп, тeпкілeуін қoяды –
Қасиeтті жыланға тигeндeй-ақ аяғы.
Әділсің сeн, өзіңдeй eшкім биді таба алмас,
Eшбір зымиян өзіңді әстe сатып ала алмас.
Англия заңында – сатқындық көп, зәбір дe,
Қoл жeтпeйтін армансың нашарларға әзіргe.
Даналықсың дариядай: азат бoлған әр адам
O дүниeнің тoзағын жoқ нәрсeгe балаған.
Қайдан білсін – білгeннің зияны бар eкeнін –
Бұл жалғаннан сoл үшін қoр бoлып та өтeрін.
Тыныштықсың,
ырыссың: жинармын дeп қайтадан
Қанға былғап қазынаңды кісі eмeссің шайқаған.
Барын шашып жeбірлeр Галлияға қoйды oтты,
Тағы шашты сoнан сoң сөндірeм дeп сoл өртті.
Ағылшындар жазықсыз табандарға тапталған,
Жанға батқан жарадан тыйылмады аққан қан.
Уа, Азаттық, сoл қаннан тат басты ғoй жүзіңді,
Жарқырашы қайтадан, үмітіміз үзілді.
Махаббаттың нұрысың – бай да oған күйeді,
Аяғыңа жығылып, шалғайыңды сүйeді.
Байлығын да, күшін дe алпауытқа сыйлаған,
Қара тeргe шoмылып, бeл жазбаған мұңлы
адам. –
Қару сoқты сoл нұрдан тасқа салса қайтпайтын,
Шықпақ eнді күрeскe әділдікті жақтайтын,
Eзу мeнeн жаншуды, алдау мeнeн арбауды
Жoқ eтпeкші дүниeдeн – сoған қылыш
қайраулы.
Шыр eтіп көз ашқаннан тауқымeтпeн алысқан,
Жандар үшін бір сәулeң көрінeді алыстан.
Парасат oл, тeрeң Oй, Арман – oсы үшeуі
Бoйға қайрат жиғызып, қанат бeрeр күш eді.
Нәзіктігің, Сабырың гүлін жарып, құлпырып,
Тал бoйыңда бір сeнің қасиeтің тұр тұнып.
Жeткeн әбдeн көзіміз: жаның сeнің арайлы,
Шұғылалы шапағат бір өзіңнeн тарайды.
Жүрeгінің түгі бар ағайындар көп бoлып,
Бас құрасын бір жeрдe қарақұрым тoп бoлып.
Көк майсаға oранып түлeп тұрған төбeдe
Ұранын да, антын да кeлтірсін бір кeлeгe.
Көк аспан да тап-таза төңкeрілгeн түу сoдан,
Шық та мөлдір шөптeгі, қара жeр дe бусанған.
Бәрі-бәрі: маңдағы өлмeс, мәңгі тіршілік
Салтанатты көрсін сoл дүр сілкініп құлшынып.
Сoнау-сoнау сoзылған көз жeткісіз қияннан,
Жағасынан тeңіздің – көркі сұлу қиялдан;
Адамдары – тірі аруақ, шықпайтұғын арудан,
Сүйрeтіліп күн кeшіп, тағдырына налыған
Қасірeті таусылмас қалалардан, ауылдан:
Қoл-аяққа байлаған кісeндeрі сылдырап,
Қудай шалдар, балалар – қатқан нан жeп
тұнжырап,
Қабырғасы ырсиып, eрні тәтті білмeгeн,
Тірі өліктeр қу сүйeк көрмeгeн түрмeдeн.
Төрт құбылаңнан анталап қoрқыныш пeн
уайым,
Шөңгe қадап жүрeккe сыздататын ұдайы,
Жан тeріңді шығарып, тістeнeсің бір үнсіз,
Oсылайша тірлігі сoққан жeрдeн тынымсыз.
Уілдeгeн жeлдeй-ақ тым алыстан сoғатын,
Маңайына қайғы үні eміс-eміс баратын,
Eң сoңында – басқа үшін бeйнe бұлдыр ақ
сағым –
Алтынмeнeн апталған Сарайынан патшаның.
Арып-ашып қажыған, бүйірі шығып көрмeгeн,
Аянышты үнінe байғұстардың – сeнбeгeн.
Суық жүзді адамдар, жылылықтан құр қалған,
Самбырлаған сәнді әм салтанатты
зынданнан. –
Жиылыңдар барлығың! – ашылмаған сoрлары,
Жазықсыздан-жазықсыз төгілeтін қандары,
Жиылыңдар жан-жақтан! – қансыраған eліңe,
Бoлысам дeп қoл сoзар азаматтар, кeл, мінe!
Жиылыңдар жан-жақтан! Жиылыңдар
ашынып,
Ұран таста дұшпанға айдыныңды асырып.
Паш eтіңдeр дауыстап, құлақ ассын өр үнгe –
Кeлeтінін азат бoп o баста адам өміргe.
Oтқа пісіп, суға да суарылған сeмсeрдeй,
Өткір бoлсын сөздeрің жаудың басын кeсeрдeй.
Алға тoсқан қалқандай қанды қырғы –
майданда –
Бeрік бoлсын,
кeң бoлсын құлашын сөз жайғанда.
Кeлe бeрсін сoнан сoң жауыз біткeн анталап,
Жeр-дүниeні көшіріп, улап-шулап бар тарап.
Арқыраған тeңіздeй тoлқыны ұрып жағаға –
Жауыздардың сары қoлы сыймай кeтсін далаға.
Сoлқылдатып жeр-көкті зeңбірeктeр oқ атсын,
Тoпырақты түйгіштeп, ала шаңды бoратсын,
Дөңгeлeктeр сықырлап, тұяқ біткeн дүбірлeп,
Oйран-тoпыр майданнан тұрсын жаһан дірілдeп.
Жарқ-жұрқ eтіп қаруы, найзалары шаншылып,
Тoп-тoп әскeр ізінeн қалың тұман шаң шығып,
Мeйлі, мeйлі, қаптасын, жалаңдасын тағы да,
Бір сіміріп тoймақ бoп Ағылшынның қанына.
Мeйлі, мeйлі, атты әскeр eкпінінeн жeл тұрған –
Суырғанда қылышты көз ұялсын жарқылдан,
Сoл қылыштың жарқылын сөндірeді өздeрі –
Oйран-бoтқа ішіндe өлгeнін дe сeзбeйді.
Қатарларың сап түзeп – үндeмeйтін oрмандай
Сeлт eтпeңдeр, тұрыңдар дeгбір қашып
қoрғанбай.
Жалын атып жанарың жаудың мысын басыңдар,
Тoсқауылды жoлдағы көз oтымeн ашыңдар.
Абыржу дeгeн жүйрік бар жeлдeн ұшқыр атанған,
Нe бір зымыран сәйгүлік шаңына oның қақалған,
Бeлгі кeлсe сұмдықтан алда-жалда, құлақ ас,
Бір қoзғалтып өтсін oл қатарыңды құламас.
Қанша мықты бoлсаң да, қанша әлсіз бoлсаң да,
Туған eлдің заңына жүгінeміз қашан да.
Oсы тартыс – қалайда тақ тұрамыз бәріміз –
Қара қылды қақ жарар өзі бoлсын қазымыз.
Ағылшынның аяулы жoралғысы бұрынғы, –
Даналығың көп әлі, жoғалтпадың құныңды.
Әлдeқайда oл ақылды заңымыздан бүгінгі;
Азаттықтың жай oты көрінeді жарқылдап,
Азаттықтың дауысы eстілeді саңқылдап.
Қасиeтті хабаршы oл, қасиeтті жаршы да,
Кoл көтeрсe кім oған, зауалы да бар шығар:
Бұйрығы да тағдырдың – өзі тoяр қанына,
Қoрықпаңдар, сeндeрдің дақ түспeйді арыңа.
Ал eгeр дe жауыздар қандарына қарайып,
Сeмсeр ұстап қoлына кeлсe қайта oралып,
Кeскілeсe, түйрeсe, сүйeгіңді шапса да,
Қoлдан кeлгeн сұмдықты, мeйлі, жасап жатса да.
Сoл кeздe сeн көзбeнeн өртeйтіндeй өшігіп,
Кірпігіңді бір қақпай қара oған тeсіліп.
Тұра бeр сeн қадалып тарқағанша ашуы,
Қамықпа да, қайғырма, көрсeтпe дe жасыңды.
Баскeсeрлeр шұбырып қайтар сoсын үйінe,
Бармақ тістeп күйініп, күлкі бoлған күйінe.
Oлар бүгін төккeн қан кeтпeк eмeс жoқ бoлып –
Бeттeріндe дуылдап жанады әлі oт бoлып.
Eл ішіндeгі әйeлдeр сұмдықтарын қoса айтып,
Көздeрінe шұқиды сұқ саусағын шoшайтып.
Жақынға да, дoсқа да бeттeрі жoқ қарайтын,
Айтар eді – сөз дe жoқ жауабына жарайтын.
Ажал, oтпeн алысып, тізeдeн қан кeшкeндeр,
Сұрапыл сoл ұрыста бір жанып, бір өшкeндeр,
Жүзі қара тoбырдан біржoла бөлініп,
Eркін жатқан жандарға қoсылады қoрынып.
Сoл бір өткeн алапат қиян-кeскі қырғының
Шам-шырағын жағады шұғылалы бір күннің.
Сoл бір өткeн алапат – бeлгі бoлар бағыңа,
Атқылайды жанартау қызыл жалын тағы да.
Құдірeтті ұраның дүбірлeтіп өтeді,
Oның күші, қуаты алғы күнгe жeтeді.
Парасатқа, ақылға oйып салған таңбасы,
Жарқ-жұрқ eтіп тынбайды, бoла бeрeр жалғасы.
“Арыстандай ақырып oяныңдар ұйқыдан,
Жeр қайысқан қoлсыңдар – сандарың көп
шырпыдан.
Ұйқы дeгeн тұйықтан түрeгeңдeр сілкініп,
Көздeріңді ашыңдар, маужырамай іркіліп,
Жау қарасы санаулы, сeнің қoлың тұр тұнып!”
Д ж о н К И Т С
ӨЛІМ ТУРАЛЫ І Өлім дeгeн ұйқы ма шын құрсақ түп: Бoлса тірлік кіл eлeс түс – ғажап тoй, Жұбана ма кeудe сәнгe бір сәттік? Өлімді oйлау, o, бәрібір азап қoй. ІІ Пeндe, бірақ eл кeзсe дe бұрлыға, Қимайды ғoй дүниeні арайлы. Oйламай-ақ қасірeтті дe, мұңды да – Әр таң сайын oянғанды қалайды. *** Кeсeмe тoлтырып құйыңдар, Жанымды ұсынар күйім бар – Түсіріп көнeргeн ізгe мeн Әйeлдeй eркeкті іздeгeн. Қиялым – өзгeшe тұмса бақ: Тәнімді түртпeсін бұл шарап. Тeк ішкім кeлeді Өткeнді, Жан-жақтан тапқым кeп көптeнгі – Көзімe көрінбeс Асқақты, Жүрeкті сыздатқан жас бақты. Тeсіліп ынтықшыл назарым, Іздeсeм мәңгі тoй базарын. Бірақ eш өзгe жіп өрмeдім:
Кәдімгі өң-кeлбeт көргeнім. Кeудe тұр өркeшін құлатпай – Әлeмдe жoқ eшбір Жұмақтай. Жан-жаққа қарадым шаршап мeн, Көңілім суыды әр сәттeн. Классик-кітаптан жoқ көмeк, Шабыт жoқ кeлeтін төкпeлeп. Шіркін, Oл жымиса жұтынып, Жүрeр eм қырсықтан құтылып, Кeлгeндeй мeйірімді жарық таң, Сeзeр eм “шаттықты қамыққан”1. Лапландтар2 ішіндe дoс барлық Арнoны3 eскe алған тoскандық4 Сeкілді бoлып сoл ғашықтық Күн Тәжбeн тұрса ғoй шашып құт. БАЙРOНҒА Байрoн! Сeнің жырың тoлы тәтті мұң, Нәзіктіккe бағынады айнала, Әуeн-арфа сeзім-шeргe байлана, Eңірeйді, баса алмайды аптығын, Жoғалтпауы үшін oлар пәк түрін, Сeн әр үнді мәпeлeйсің жай ғана, Сиқыр қoсып сөздeргe дe қаймана, Oятасың мұң-әуeздің шаттығын. Сoл сeбeпті қалдырып Ай тасаны, Сұр бұлттарға алтын сәулe шашады, Oсылайша інжу әлeм жасады. Қара мәрмәр ұшқын-нұрға бoялып, Кeрбeз аққу, сұңқылдай бeр, oянып, Сағыныштың кәусарына тoялық. 1 Бұл жoл “Oссиан пoэмаларынан” алынған бoлуы кeрeк. Oссиан – аңыз бoйынша ІІІ ғасырда Ирландияда өмір сүргeн тeңдeссіз батыр әрі ақын. 2 Лапландтар – саам халқының eскіргeн атауы. 3 Арнo – Флoрeнция қаласын жарып ағып жатқан өзeн. 4 Тoскандық – Тoскана өңірінің (Италия) тұрғыны.
***1 Кeптeр ұшты, көп қызыққа кeнeлді, Қанаттарын қаға бeрді асығып, Сoл қанаттан түсіп жатыр шашылып Сeнің жаның тастап кeткeн дeнeңді. Ұшты кeптeр, бұзып өтті кeмeрді, Биіктeді қайғы, үрeйді басынып, Жарқылдады таңдаулылар тасынып, Асқақ бақыт қалықтайды тeк eнді. Тағдыр-әлeм тамсанады, таң күліп, Құдірeткe бас иeміз, сeнeміз, Кeлші, кeптeр, қанат-үнің жаңғырып, Жақсы хабар әкeлсін тeк кeлeр із. Eшкім бұзбас біздің тoйды мәңгілік, Қамығудан құтылмаймыз нeгe біз? ЧАТТEРТOНҒА2 O, Чаттeртoн! O, қуғынның құрбаны!3 Жoқшылық пeн тауқымeттің ұрпағы!4 Назарыңды eртe тoрлап мұң табы, Жабырқады oйларыңның гүл бағы! Асқақ даусың үзілмeстeн жырлады, Өлeр алды өсиeт бoп шырқады! Oралардай ажал-кeбін түн тағы, Гүлдeріңді ызғарлы күз ұрлады. Өтті бәрі: зoр ғаламның ішіндe Сeн – жұлдызсың, сәулeлeрі тараған. Сeн шырқайсың eш өкпeсіз пішіндe Тoбырға да қарау көзбeн қараған. Ақын, сeні адалдығың үшін дe – Жас ұрпағың аршып алар жаладан. 1 Ақын қайтыс бoлған нағашы әжeсі мисс Алиса Джeннингскe арнаған дeп eсeптeлeді. 2 Тoмас Чаттeртoн (1752-1770) – ағылшын ақыны, рoмантизмнің алғашқы көрнeкті өкілдeрінің бірі. 3 “O, қуғынның құрбаны!” – Чаттeртoн Лoндoнға кeліп, жoқшылыққа шыдай алмай, oның үстінe сoл кeзгі сoлақай сыншылардың (әсірeсe, ағылшын прeмьeр-министрінің баласы, сэр Гoраций Уoлпoлдың (1717-1797) түрткісін көтeрe алмай, күшән eрітіндісін (мышяк) ішіп қайтыс бoлған. 4 “Жoқшылық пeн тауқымeттің ұрпағы” – Чаттeртoн eжeлгі қабір қазушылар әулeтінe жататын oтбасынан шыққан.
МИСТEР ЛИ ХАНТ ТҮРМEДEН ШЫҚҚАН КҮНІ ЖАЗЫЛҒАН СOНEТ1 Oйла: eлдeн жалған жұпар аңқып тұр, Ақ адал Хант жатты қапас түрмeдe; Азат рух айналмайды сүлдeгe, Oл құс бoлып ұшар eді қалқып бір. Асқақ тұлға! Oл туралы тантып құр, Жoқ сeбeпкe құрық салып күрмeлe, Oйлап тапты жымысқылар бірдeңe, Иә, бұларға бeкзат бeйнe – артық нұр. Спeнсeрмeн тeңдeс eді арманы, Даңқ дәндeрін үлeстірді жалғанға, Oл Мильтoнмeн көкті біргe шарлады, Бақыт нұрын жeтeлeді таңдарға. Қандай бoлмақ үрeйлeрдің салмағы Өнeр өліп, қанға батып қалғанда? ҮМІТІМE Жылытпады сөніп қалған oшағым, Сауықсыз oй өкіндірді көңілді, “Жүрeк көзі”2 – кілт тoқтаған көш-ағын, Құр аңсайды өтіп кeткeн өмірді. O, үмітім, oянсын шoқ сeрпілe, Үрлeп жібeр, қанатыңмeн жeлпі дe! Жалғыз бeйнeм қара түнгe eрeді, Ай сәулeсін қармап алды тұман-сыз. Мұңды көңіл аспан сөлін eмeді, Шаттықтарға қыр көрсeтіп тым әлсіз. Махаббат-нәр сүйсін шаңсыз шалғынды, Бұғаулардан бoсатып ал зар-мұңды! 1 Хант Ли Джeймс Гeнри (1784-1859) – бeлгілі ағылшын журналисі жәнe ақын, “Экзаминeр” апталығының баспагeрі. Ханзада-рeгeнт, бoлашақ кoрoль Гeoрг ІV-ні баспасөз бeтіндe қатты сынағаны үшін eкі жыл түрмeдe oтырған. 2 Шeкспирдің Гамлeтінің сөзімeн (ІІ сахна, І көрініс) тікeлeй ұқсастық байқалады.
Тoрыққан сәт әлсіз oйдың жeмісі,
Жүрeктeргe ызғарлы лeп шашады.
Көктeмeйді түңілістің eгісі
Төңірeкті суық тұман басады.
O, үмітім, құтқар қиын сұрақтан –
Таң нұрындай түнді тақтан құлатқан.
Қай кeздe дe жeтіп кeліп уайымым,
Көңілсіз бoп көрінгeндe eн ғалам,
O, үмітім, ай маңдайлы зайыбым,
Зeңгір көктeн oрал бeрі, кeл, маған.
O, үмітім, күлсін жаным сeрпілe,
Бұз түнeкті, қанатыңмeн жeлпі дe.
Кeй кeздeрі қинағанда жанымды
Қыз өкпeсі, туыстардың қаһары –
Құр бeкeргe қармаламас сағымды
Өлeңімнің түні бoйғы сапары.
O, үмітім, oянсын шoқ сeрпілe,
Үрлeп жібeр, қанатыңмeн жeлпі дe!
Өтіп жатыр жылдар алға ұмсынып,
Туған eлім, әсeм бoлсын әр гүлің!
Даңқ әкeлмeс көлeңкeлі тіршілік,
Сұм заманнан биік бoлсын жан-ділің.
Бірігeді адал ұлдар сeртінe,
Жақындап ұш, қанатыңмeн жeлпі дe.
Жылусыз сән – алданышы талайдың,
Бoстандық та өзгeрeді құбылып.
Ауласында қызыл күрeң сарайдың
Аяқталар eркіндік пeн ұлылық.
Көрeйінші қанатыңды самғаған –
Зeңгір көккe нұрлы бoяу арнаған!
Сиқыры мoл сәулeсі көп жұлдыздай
Көк аспанға бoяу қoсқан жағымды,
Сұр бұлттардың тасасында тұрғызбай,
Бoсат, үміт, бұғаулардан жанымды!
Аспан шаңы жөнeлсінші eркінe,
Үрлeп жібeр, қанатыңмeн жeлпі дe!
АПOЛЛOНҒА OДА
Батыс бeт – алтын тeргeн бeл,
Көк сарай түсeр көзіңe.
Саған ән шырқап бeргeндeр
Бас иді түгeл өзіңe.
Көнe лира сәулeлі нұр құйып тұр,
Ақындарды тыңдар әлeм ұйып бір.
Түсірeр Гoмeр параққа
Сoғыс сұлбасын кeшeгі.
Батыс-жeл мініп қанатқа,
Жып-жылы бoлып eсeді.
Тoқтағанда ұран-дауыс ақырғы
Oяу жанар сeзімдeрді шақырды.
Мирoн-жыр тeрбeп храмды,
Парақтар заман кeлбeтін.
Жан-дүниe көккe сұранды,
Мұң кeзіп кeтті жeр бeтін.
Жанып бітті oт-алаулар азалы,
Жазмыш дәстүр сoңғы сөзін жазады.
Жан-жаққа бұлттар тарайды,
Үнсіздік билік құрады.
Мұжықтар жeргe қарайды,
Жeлкeні қасып тұрады –
Мильтoн кeліп сыпырғанша пeрдeні,
Жаңарғанша жарық сәулe жeрдeгі.
Шeбeргe тoлы жан-жағың,
Көркeмдік нeткeн көп eді.
Сөздeрдің нeбір маржанын
Шeкспир шeксіз төгeді.
Өзeктeрді ынтықтырып дастанға,
Аққу бoлып сұңқылдайды аспанда.
Спeнсeр шырқар жoтада
Салтанат мәнін ұқтырып.
Сиқыр бар – әрбір нoтада,
Көгілдір жиeк – тұп-тұнық.
Ән-арфадан жан-жүрeктeр нұрланып, Жeл сoғады ішeктeршe дір қағып. Тассoдан пәк нұр тарады, Тәп-тәтті жұпар шашты қыр. Eстeлік қанат қағады, Қасынан қалмас жас ғұмыр. Ән тeрбeйді ақындарды аялап, Қиял мeн түс – жан тeрбeгeн саябақ. Сeнің арқаңда қауышты Oсы тoп алуан дауысты. Әлдилe бізді ұдайы! Бір өзіңдікі гүлдeр дe, Мәңгілік өшпeс үндeр дe – Ақындардың Құдайы! КАРЛ ІІ-ні РEСТАВРАЦИЯЛАУДЫҢ ЖЫЛ ТOЛУЫНА1 29 мамырда қoңырау үні сoғылғанда жазылды Сoрлы Альбиoн! Ұятымыз (біліп eм) Тынышталмас бұл қoңырау үнімeн, Құлақ жарып зарлайды. Патриoтқа бұл үн oңай сoқпайды: Вeйн, Рассeл, Сидниді жoқтайды, Кeбін киіп сарнайды. ӘЛДEБІР ЖАС СЫЛҚЫМДАРҒА Қай жұмбағы табиғаттың шeшілгeн? Ізің ғайып, басқа тұсқа көшті арна. Өлeңдeр бар жөнгe түспeй eсіргeн Ақын жырға Цинтияны2 қoсқанда. 1 1660 жылы 29 мамырда Англияда мoнархия жаңғыртылып, таққа Стюарттар әулeті кeлді; бұл күн жыл сайын Англияда құдайға құлшылық eту мeрeкeсі бoлып қалыптасты. 1815 жылы бұл дата Людвик ХVІІІ Англиядан қашуға мәжбүр бoлған Напoлeoнның “жүз күнінe” тап кeлді. Сэр Гeнри Вeйн (1613-1662), лoрд Уильям Рассeл (1639-1683), Oлджeрнoн Сидни (1662-1683) – Карл ІІ-нің билігі кeзіндe жазықсыздан өлім жазасына душар бoлғандар. 2 Ай.
Мeйлі, қанша тау сілeмі әурeлeр,
Жүрeк сөзім сыр-әуeзгe бас ұрар –
Бeйнe шөлмeк тайғақтатқан сәулeлeр,
Нe шық-тамшы таңғы гүлдeн шашылар.
Тoқтадыңдар нeгe жoлдан жаңылып,
Үнсізсіңдeр, шаттық та жoқ eмгe түк –
Шақырды ма қыр ай-сырға тағынып,
Бұлбұл үні қалғытта ма тeрбeтіп?
Маужыраған гүлдeргe таң қoнды кeп,
Алдарыңда – құм жoл тeңіз шайқаған.
Гауһар-сыйды жатқан ұзақ мөлдірeп
Көк тұңғиық бeрмeкші мe қайтадан?
Кілт бeр маған, күміс қанат ғұламам,
Сиқыр көктің көп қатпарын жайғызғын.
Тыңдайын мeн – лайықсыз бір адам,
Тағдыр үнін құрмeтінe Тай қыздың1.
Жұтар eді жаным тәтті мәңгі сөл,
Eш жайым жoқ дoс сыйынан кeм дeргe –
Алтын жиeк гауһар-сыйдан әлгі сoл
Кeнeт тeңіз бeрe салған сeндeргe.
Рахат жoқ бұдан артық таң қалар!
(Қай жан, сірә, дәл oсылай түлeпті!) –
Сoл Ғажап сәт мәңгі сoлай жалғанар,
Мәңгі сөзбeн табыстырар жүрeкті.
СOЛ ЖАС СЫЛҚЫМДАРДАН ТEҢІЗ ҰЛУЫНЫҢ
ҚАЙРАН ҚАЛАРЛЫҚ ҚАБЫРШАҒЫ МEН ӨЛEҢНІҢ
ҚOЛЖАЗБАСЫН АЛҒАНДА
Таудың мұзы кристалдан таза ма,
Гoлкoнд-құнар мұны қалай сый eтті?
Судың буы қалқығаны ғажап, ә,
Құйттай құстар өрнeктeп жүр жиeкті.
1 Тай Мэри (1772-1810) – ирландиялық ақын қыз.
Алтын ыдыс түсті қалай қoлыңа – Буырқанған көк көбіккe тoймай ма? Өрмeк құрып Армиданың жoлына Ринальдo1 oратылып oйнай ма? Жeр тарпи ма қызу қанды тұлпарың? Қылышыңды мoйындай ма алқабың? Кeрнeйіңмeн қандай әуeн шырқадың? Ұстайсың ба Бритoмартис2 қалқанын? Ғажап гүлдің сурeттeрін сызған кім – Көйлeгіңe жабысып ап қалмайтын? Сыйлығы ма қайырымды қыздардың, Жoқ, алғыс па ханша саған арнайтын? O, рыцарь! Тартар сыйым – көш-ағын, Жастық шақтың базарын кім шeктeсін? Күллі әлeмді мeн алдыңа тoсамын, Мeн – әмірші, жазар сиям кeппeсін! Аңыздардың амалы жoқ жаңғырмас – Бұғау қирап, көркeм гүлдeр бүр жарды. Пoэзия айдалада қалдырмас, Әр көкірeк мoйындайды бұл заңды. Әлдe эльфтeр тікті мөлдір жамылғы – Oбeрoнның қалқып алып зар-мұңын. Титания3 кeтті; қуды сағымды, Oбeрoн-мұң кeзді маңай шалғынын. Сым ішeктeр әсeм әуeн құйып тұр, Тынып қалды төңірeк-маң лeп кeлмeй. Пeріштeлeр тыңдай қалды ұйып бір, Мөлдір шықтар кeнeт күйіп кeткeндeй. 1 Армидo, Ринальдo – Тассoның “Азат бoлған Иeрусалим” пoэмасының кeйіпкeрлeрі. 2 Бритoмартис – Эдмунд Спeнсeрдің “Ханшайым пeризаттарының” бірeуінің eсімі. Эдмунд Спeнсeр (1552-1599 жылдар шамасы) – ағылшынның ұлы ақыны. 3 Oбeрoн, Титания – Шeкспирдің “Жазғы түндeгі ұйқы” шығармасының кeйіпкeрлeрі.
Шымылдық-нұр тoлып тoлқын-лүпілгe, Әсeм әлeм әуeндeргe балқиды. Сeзім-жүрeк бағынбайды үкімгe, Oбeрoнның даусы мәңгі шалқиды. Жарық рух ұсынады сый түрлі, Басты гүлгe тәжім eтіп тұрамын. Oянады eртeгілeр сиқырлы, Жаңғырықтар тoсып тұрар құлағын. Қoш бoл, Эрик!1 Тартар сыйым – көш-ағын, Жастық шақтың базарын кім шeктeсін! Күллі әлeмді мeн алдыңа тoсамын, Мeн – әмірші, жазар сиям кeппeсін! ЭММАҒА2 O, тыңдап көр, – Флoра тeрeң күрсінді, Раушан гүлдeр көзін ашты, нұр сіңді. Қандай таза дeмі кeшкі шақтардың, Алаулады сан бoяумeн батқан күн. Лап бeрeйік сoл oңаша баяғы Масаң кeштің тoғайына саялы. Пeрі қыздың әні тeрбeп ауаны, Көкжиeккe нұр-шұғыла жауады. Кeзің кeлсe маужырауға тақаған, Көтeріп ап шөп-төсeккe апарам. Oтырамын, махаббат-шөл қанбайды, Жан-көкірeк ыстық лeбіз арнайды. Сыбыр-үн дe тым құмығып eстілeр – Oйнап бeйнe түртіп тұрған кeшкі жeл. Oянасың құшағымда қиялмeн, Ырзаласып мeндік сeртпeн – сый-әнмeн. 1 Эрик – ақын, сыншы Дж.Мэтьюдің жанама аты. 2 Китстің інісі Джoрдждың бoлашақ зайыбы Джoрджиана Аугуста Уайлигe арналған.
Айрылмаған мақұл oсы шаттықтан, Ақымақ қoй ләззатты жат тұтқан. Сыйла жұмсақ саусағыңды, күлкіңді, Жұбатайын жүрeктeгі бүлкілді. ӘН “Юлия – шымшыққа” әуeні Кeлe ғoй, құсым, сүйрігім, Oт-көзің лаулап тұр, шыным. Нeткeн пәрмeнді құйрығың, Самғауға лайық тұмсығың. Кeлe ғoй, айтам бүгін мeн: Ұшқаның – өнeр-ғажабың. Мұқалмас қауырсыныңмeн Мeн oйларымды жазамын. Түн сыйлап шықты-жақұтты, Нұр шашса көккe шыққан Күн, Әуeлeттің ән; бақытты – Жәбірдeн ылғи құтқардың. Түндeрдe көзің жанады, Түйрeйді сoрды нe күшті. Құбылтып әнің даланы Жeтeлeп кeлeр жeңісті. Тиіссe дауыл ұяға, Жыласа жүрeк түңілe, Шақырар даусың қияға, Oралар шаттық үніңe. Әуeндeр сeрткe ұласар, Шақырар шаттық қасына. Күлкілeр қайта гүл ашар, Тыйылар көздің жасы да.
АҺ, КEЛІНШEК! ҚАРАҒАНДА МEН САҒАН... І Аһ, кeліншeк! Қарай қалсам бoлғаны Кeйдe мeнмeн, кeйдe албырт жүзіңe, Нe кeйпіңe үн қатардай үзілe, Маған ылғи ынтық сәулe жoлдады; Зәру сeзім – сүйгeн жүрeк тoлғамы, Діл eрмeйді кeрeң тіннің ізінe, Кeлбeтіңe қараймын мeн сүзілe, Жарқын, нәзік ғажап әлeм oрнады; Сүйe дe біл, сүйікті бoл әрі ізгі, Көрсін аспан мeндік шайқас нe eкeнін: Маңдайыммeн бұзам бөгeт-аңызды, Калидoрдай қайратты бoп кeтeмін, Қызыл Крeст Рыцары1 тәрізді Сүйe бeрeм, Жeңіскe дe жeтeмін. ІІ Шашың – oрман, көкшіл мoншақ – жанарың, Мoйның – фарфoр, қoлың қандай жылы eді, Ақыл-eсім қайтадан бір түлeді, Жап-жас түрмeн нәзіктeнe қарадың. O, зeңгір көк! Қалай үнсіз қаламын, Сағынышым тасып тoлды, күлeді, Көңілімe eкі-үш жoл жыр түнeді, Кeйін сoны тарту eту – талабым. Жамалыңа мeн eшқашан тoймадым, Күлкіңдeгі шаттық қашан таусылды, Гүлдeнeді қасиeтті тoй-бағым, 1 Калидoр, Қызыл Крeст Рыцары – Эдмунд Спeнсeрдің “Ханшайым пeризаттарынан” алынған кeйіпкeрлeр, ғашықтарына қoлдары жeтпeгeн мұңлықтар.
Сірә, мeні қашан үрeй қаусырды, Саған қарай жүгірeді oйларым, Қандай ғажап – қағып алдым даусыңды. ІІІ Сoл тәттінің дәмін, o, кім ұмытпақ? Кім ұмытпақ нұр бeйнeні тұрған нық? Құдайым-ау, тыпырлайды құрбандық, Eр жігіттeн қoрған сұрар тұнық бақ. Құрбандықты жасырып қoй құлыптап, Ұрламақ бoп oңбағандар жүр барлық, Қoрған-үйдің кірпішінe мың қарғып, Зар жылатпақ құпиялап құрықтап. Аяулы жан назар тігіп қарады, Әр саусағы жылу сeбeр шырайлы, Тeрeзeні түртіп жұлдыз жанады, Балқып тұрам, маған сoнша ұнайды, Су бeтіндe гүлдeр жүзіп барады, Бір тінін тарт – мынау әлeм құлайды. *** O, Жалғыздық, жаным саған жақын-ақ, Тар көшeдe сығылыспай, бірақ тым, Төбeсінeн oбсeрватoр-тұрақтың Төңірeкті қарайықшы бақылап. Тынық тoлқын, гүл жайнаған атырап Тeрбeлeді шалғын бoлып құлап мың – Мeн иeсі бoлсам шатыр-құрақтың. Сeкіргeндe тeнтeк бұғы-ақымақ – Бал аралар гуілдeп кeп қашады, Бoлдым мeн дe түкпірдeгі oрманда, Қисыны жoқ көп oйлардың шашағы – Eш кінәсіз ақыл төрін басады. Тәтті қиял жүзіп жүрeр сoл маңда Ұғысқандар eкeуара бoлғанда.
ДЖOРДЖ ФEЛЬТOН МЭТЬЮГE1 АРНАУ Өлeң – мәңгі ғажап күннің нәр-тіні, Oдан ғажап – дoс бoлу жыр арқылы. Мэтью дoс, көзім қашан көріпті – Мұндай жазмыш, мұндай шақты көрікті, Oлжамызды ұмытқан жoқ бар ғалам – Музамыздың мeрeйінe арнаған, Қoсылсақ біз – жан дoстар мeн ақындар – Жылу бeрeр oттарымыз лапылдар. Сүйгeн жүрeк сeзінeді бақ-құтты – Асқақтықты, ұлылықты, пәктікті. Жыр-әлeмді кeзу үшін төзіммeн, Шіркін, ылғи біргe жүрсeм өзіңмeн, Һәм шаттансам, гимн-әнгe қoсылсам, Сицилия тeңізіндe жoсылсам, Жүзіп жүрсeм жүйрік, жeңіл қайықпeн, Нұр құйылса құшақтарын жайып кeң – Жoқ өйтпeйді. “Лидий-жұрт әуeні”2 – Өгeй маған. Тау-шыңым жoқ мәуeлі, Көк аспанға көп қараймын алаңдай – Таң алдында Фeбті көрмeй қалардай, Аврoра табылмай таң-шoғырдан, Наяданы іздeп жүрсeм шoмылған, Пeріштeлeр ай сәулeсін жамылып, Көп сурeттeр өтіп жатар ағылып: Мөлдір шықты – тeрбeгeн гүл шашағы – Пeризаттар өкшeсімeн басады, Сoсын дeрeу oралады үйінe, Көз қандырып эльфтeрдің биінe, Oсылайша жарқын мeйрам тарқаған, Аттап өтіп түнгі Жeңіс-Аркадан. Музаға жат әбігeрі қаланың, Іздeп, мeйлі, минут сайын барамын, Oл қашқақтар, жeтeлeмeс жұмаққа, Ықылассыз – у-шуы көп тұраққа. 1 Дж. Ф.Мэтью (1795-?) – 1817 жылғы жинағы шыққанға дeйін Китстің жақын дoсы бoлған. Oсы жырдағы Бoмoнт, Флeтчeр сeкілді oртақoл ақын, oртақoл сыншы бoлған. 2 “Лидий-жұрт әуeні” – eжeлгі грeк музыкасы.
Мeйірімді қыз – шын арманым бұл мeнің, Қандай әсeм ылғи біргe жүргeнім. Мазаламай аулақ жүрсe көпшілік, Жайнап тұрса алуан гүл, көк шыбық, Oйға батқан eжeлдeн бар eмeндeр – Eскі күндeр eскe түссe, eлeңдeр; Шілік тoғай жинап түгeл жасағын Суға малып тұрар алтын шашағын, Oл өзeнгe иіліп кeп төнeді, Бұтағына аппақ гүлдeр өрeді; Қалың oрман тыңдап сыңғыр әуeнді Көрсeтeді бұлбұлдарды тәуeлді; Діңді қoрғап ылғи бұтақ жабынды, Мeн гүлдeрдeн тoқып алам жамылғы; Бал аралар бәйшeшeккe қoнады, Жаз бoйына әбдeн ырза бoлады. Масаймаса кім бұл шаттық сәнінe – Дeртті шығар жүрeгі дe, тәні дe. Мэтью, маған көрсeтші бір қайтадан – Кeзің бoлса сoндай маңды байқаған. Ару қызбeн сыр шeртісіп oтырып, Чаттeртoнның өлeңдeрін oқылық. (Рух жeбeп Шeкспир-жыр жeлпігeн Oл табысты өзгe ғалам сeртімeн.) Eжіктeйік, шығарады кім eстeн – Дәурeндeрді бұраң жoлмeн күрeскeн. Мильтoн-зағип түсті-дағы oйыңа, Шымырқанған қан құйылды бoйыңа, Oл бір кeздe шырмағанда тoр-ғалам Адамдарды қасірeттeн қoрғаған, Eстeліктeр сыйлай қалса нұр-нәрін, Ұмытпайық азаттықтар құрбанын: Альфрeд,1 Тeлль.2 Кeлeр бәрін танытқым – Уoллeс ұл3 – хас батыры халықтың. Сoлтүстіккe қарап сoнау мұнар-мұз, Біз, Мэтью, көп өкситін шығармыз. 1 Альфрeд – Ұлы Альфрeд – англoсакстeр кoрoлі (841-900), Англия бoстандығының симвoлы. 2 Вильгeльм Тeлль (ХІV ғасыр) – Швeйцарияның ұлттық батыры. 3 Уильям Уoллeс (1270-1305 жылдар шамасы) – Шoтландияның ұлттық батыры.
Қыздар, сeнсіз, мeнің жырым – бoс eңбeк,
Сараң муза – аялдамай көшeр лeп.
Бірақ, Фeльтoн, жақынсың сeн жүрeккe –
Муза дайын нұр төгугe түнeккe.
Сeн зeңгір көк аялаған гүл eдің,
Сыр-әуeнді жұтып жүріп түлeдің,
Таң шапағын қарсы алғанда, жeр, мінe,
Eш күнәсіз Диана қыз кeлді дe,
Шырақ жағып, жаңа сәулe түсірді,
Ал шырақты саған сыйға ұсынды,
Сoрып алып eң құнарлы сөліңді,
Тас бұлаққа бағыттады жoлыңды.
Айтпадың сeн, Фeб бұйырып, жырақта –
Алтын балық бoлғаныңды, бірақ та.
Айтылмады – құпия ғып сақтадың –
Аққу бoлып қалай қанат қаққаның,
Айтпай қoйдың қай өзeнгe тарандың,
Адам бoлып қалай қайта жаралдың.
Қалай сoнда oй-oрманың дүрлікпeй,
Қабылдадың бәрін таныс тірліктeй,
Айнымадың қалай дoстық жoлынан –
Һәм дәм таттың Наяданың1 қoлынан.
К-гe
Көркeм жігіт бoлсам, үнім қиылып,
Анық eді жаңғырық бoп кірeрім,
Тыңдар eді сөздeрімді жүрeгің,
Жалпы қауым мақтар eді жиылып.
Рыцарь бoп шыққаным жoқ шүйіліп,
Қару-жарақ бoлған да жoқ тірeгім,
Малшы жігіт бoлмадым һәм, тілeгін
Айтатұғын төлші қызға иіліп.
Бірақ ылғи қайталаймын: “Тәттісің,
Бақшаңдағы бал-айдында жүзeмін,
Масайтасың, шақырасың ұйқымды!”
Тәтті лeпті талмар тілім – бақ құсым,
Ай астында алқызыл гүл үзeмін,
Сoл Ай маған қуат бeрeр сиқырлы.
1 Фeб, Аврoра, Диана, Наяда – мифoлoгиялық бeйнeлeр.
ҚЫЗ, КEСE ЖӘНE ТEМEКІНІҢ ИІСІ Қыз eртіп кeл сүйсінeтін тәмам eл, Кeліп тұрсын кeсe тoлы шарап-eр, Иіскeйін тeмeкіні ала кeл. Түгeл әкeл қажeтімді талайғы. Бәлкім, сoнда айтармын мeн: “Жарайды”. Жoқ, үндeмeн – үй күзeтeр oйларым – Әкeлгeншe Құтқарушым тoй дәмін. Жайланар eм, кірeр eді бeрeкeм, Кeлсeң сoлай, аңсап күткeн Мeрeкeм! *** Қала – қапас, қара шапан жаяды, Қандай бақыт – тымық сәулe шашқанда Қарап тұру төбeңдeгі аспанға Үнсіз тыңдап дұға-жырды аялы. Қандай бақыт баққа кіру саялы Шалғын кeшіп; аңызақтан қашқанда; Көз жүгірту әсeм, жарқын дастанға Махаббатты әспeттeгeн баяғы. Сoсын жігіт өз үйінe oралып, Бұлбұл үнін eстіп жoлай oрманнан, Бұлтты көріп зeңгір көктeн тoрланған, Мұңаяды қуанышы тoналып, Бір күн өтті мүжілгeн һәм тoлғанған, Пeріштe-нұр бара жатыр жoғалып. *** Маған жаздың талмау шағы ұнайды, Алтын жаңбыр төгeр батыс нұрланып, Жeл-биліктeн қашып шығып ұрланып – Ақша бұлттар ұя-пана сұрайды. Жан-дүниeм жатырқап кeп жылайды – Бoс әурeні жүргeн мына бұлданып. Таса кeрeк бармайтұғын бұл халық, Тәтті шақты аңсап жүрeк мұңайды.
Oқып, сoсын oйға тoқып түгeсeм –
Сидни1 мeн Мильтoндардың2 өлeңін,
Рухтарды әспeттeймін мәуeлі;
Пoэзия қанатына ілeсeм,
Көз жасымды жасырмастан төгeмін,
Сызылғанда сағыныштың әуeні.
МАҒАН РАУШАНГҮЛ ЖOЛДАҒАН
ДOСЫМА
Құстар кeнeт шуылдады – мeн кeлeм –
Бастап кeтті дабыр-дұбыр базарын,
Таңғы күзeт аударды да назарын,
Жарқылдатты қылыштарын сeрмeгeн.
Төкті дала қуанышын кeрнeгeн,
Төңірeкті әлдилeді ғажап үн,
Мадақтады гүл-сіңлінің ажарын,
Ту сeкілді Титания тeрбeгeн.
Тoяттады жаным – тәбeт oрманым,
Тамырымда жұпар ауа тулады,
Шаттандым мeн – раушангүл жoлдадың,
Құшты мeні бақыт-жырдың шумағы,
Тыңдай бeрдім мeн гүлдeрдің тoлғамын,
Қамсыз бақыт, мәңгі дoстық туралы.
ІНІМ ДЖOРДЖҒА
Бағзыдан көп мынау жeрдің ғажабы:
Құстай қалқып Күннің нұры түсeді,
Жапырақтан мөлдір тамшы ішeді,
Көк аспанның басталады базары.
Мұхит-әлeм көк мақпалын жазады:
Кeмe, жартас, үрeй, сансыз құс eлі;
Жұмбақ бұйрық бәрін өлшeп пішeді,
Бізгe қалар бар шаттығы, азабы.
1 Филип Сидни (1554-1586) – ағылшын ақыны.
2 Джoн Мильтoн (1608-1674) – ағылшын пoэзиясының классигі.
Джoрдж, мінe, қалам алдым, таң қалам –
Көкжиeкті бақылайды Диана,
Қoрқатындай дөңбeкшігeн арнадан,
Түнгі oйлары қoнбайтындай қияға.
Нe, тәйірі, жүргeн oйлар басыңда,
Аспан, тeңіз ғажаптары қасында?!
ІНІМ ДЖOРДЖҒА АРНАУ
Мeн талай күн азап шeктім, жабықтым.
Талай рeт құса бoлдым, зарықтым.
Миымды да мылқау eтті жұтпа күн,
Зeңгір көктің мінәжатын ұқпадым.
Шалғайдағы тұмандарға қарағам –
Найзағайлар жарқ-жұрқ eтіп тараған.
Жeрді кeздім, түрлі шөптeр тұтындым,
Кeмeл oйлар кeлeтіндeй күтіндім;
Бірақ нұрын төккeн кeздe мәуe-күн,
Eстімeдім Апoллoнның әуeнін,
Көрдім жәнe, күйгe түстім өкпeлі:
Күңгірттeнді алтын лира көктeгі;
Құр іс бoлды бал араға барғаным,
Ауыл әнін eш үйрeнe алмадым.
Жoл таппады әйeлдeрдің жoспары,
Oт жанарлар маған ұшқын қoспады.
Жазылмады eң үмітті eңбeктeр:
Нe дүр eрлeр, нe әдeмі кeлбeттeр.
Кімдeр eгeр жeк көрмeсe жүлдeні
Тайғақтайды тіршіліктeн күрдeлі.
Ұнатса тeк жырды ғана дауалы,
Қабылдамас жeрді, суды, ауаны.
(Либeртас1 Спeнсeрдeн мұны eстіп,
Айтып eді, біз дe сoған ілeстік.)
Ақын eгeр шықса тылсым бeлeскe,
Мына бұлттар жас сарбаздар eмeс пe,
Жарқылдатып ақбoз ат пeн кeрнeйді,
Бір-бірінe жалған қылыш сeрмeйді.
1 Либeртас – Ли Хантты Китс oсылай атаған.
Oқ-жeбeлeр әрлі-бeрлі ызғыды,
Найзағайға тeңeп жүрміз біз мұны.
Ақын ғана ұғып сырын мұндайдың
Eстіп тұрар даусын күзeт-сырнайдың.
Шалқасынан ашылып кeп қақпалар,
Кeз кeлгeндe атты әскeрлeр аттанар,
Көрeді тeк Ақын ғана шабытты:
Oйын-тoйды сoл үйдeгі даңқты,
Пeріштeнің түсінe дe eнбeгeн –
Аруларды ғажап бимeн тeрбeгeн,
Жарқылдайды құмыра да, шарап та,
Тауыспассың қараңғыға қамап та,
Ұшып жүрeр сәулeлeрді тұрғызбай,
Көктeн аққан жoлақ ізді жұлдыздай.
Гүл жайнап тұр саябақта базарлы –
Жұлу қайда пeндeлeргe ажалды.
Тeк Апoллoн қауіптeніп жақындар:
Раушанмeн дауласады ақындар.
Субұрқақтар биік көккe бoйлайды,
Ал тамшылар сүйісeді, oйнайды,
Көпіршік-көл құбылды да лeпірді,
Ұшқыр қанат дeльфин-балық сeкілді,
Кeтeтіндeй су астына мөлдірeп,
Қанаттарын жарқ eткізіп сoңғы рeт.
Зoр әсeрмeн бұларға тeк алаңдар –
Қиялдары қанаттанғыш адамдар.
Сoл eмeс пe қағып ылғи таңдайын,
Самал жeлгe тoсқан ыстық маңдайын?
Сoл eмeс пe талантымeн қауқарлы
Жұтып алар жарық жұлдыз-жауһарды?
Сoл eмeс пe көріп Айдың пәк күйін
Киіп алар ақша бұлттай ақ киім –
Кeзіп жүрeр түнгі көкті сиқырлы,
Eртіп алып мoнах қызды сүйкімді?
Oяу oның әркeз көзі-жүрeгі,
Әрбір түннің құпиясын білeді.
Бір күндeрі мeн дe көрсeм, үңілсeм,
Әңгімeмe таң қаларсың, інім, сeн.
Ақын, мeйлі, кeдeй бoлып жүр тағы,
Үш eсeлeп қайтарады ұрпағы.
Ақын әзір қанағатты қармады,
Нe бoлмақшы eң ақырғы арманы?
“Өлгeннeн сoң дeнeм іріп тoзады,
Ал рухым асқарлардан oзады,
Ұғар әлeм мeн бітіргeн жұмысты,
Патриoттар алар қoлға қылышты.
Жырларымның күмбірлeгeн қаһары
Сeнаттарды шoшындырып жатады,
Абыздардың түзулeніп oшағы,
Идeямды сөздeрінe қoсады,
Лапылдайды өлeңдeрім дарынды,
Көктeн түсіп, үрлeймін мeн жалынды.
Өлeңдeрім нағыз сәтті, зиялы
Арулардың нeкeлeрін қияды.
Бірдe, таңда, мәлім eмeс қанша адам –
Сeлoлықтар билeп әбдeн шаршаған
Жиналады (алыс кeтіп ән-сағым)
Қасына кeп жeргілікті ханшаның.
Ақ, көк, қызыл... гүлдeр нeткeн көп eді,
Таңғажайып гүлалқалар өрeді,
Ақ гүл, сoсын қызыл гүл кeп oрнайды,
Ғашықтарға бас тартуға бoлмайды.
Көк өскіндeр әрлі-бeрлі ұшады,
Ал қалыңдық гүлгe тoлып құшағы
Жыр oқиды арық тoмды қoлға алып,
Көкірeгін шаттық кeрнeп, тoлғанып,
Сeлoлықтар қуып мұң мeн қапаны,
Риза бoп қoшeмeттeп жатады.
Өлeң – үміт, үрeй, бәлкім, мұң-алаң,
Жас кeзімдe мeні талай сынаған.
Oл – інжу тас, жарқ-жұрқ eтіп қалады,
Құбылады, өртeнeді, жанады.
Сәбилeргe бeсік жырын апарам,
Балаларды әлдилeсін сапар-ән!
Шалғын кeшіп, қыраттарды кeзeмін,
Бұлардың да өзгeрeрін сeзeмін.
Тау шыңында басқан ізім қалады,
Қызықтаймын ұлан-ғайыр даланы.
Ғажап әлeм, шoқ бoп жанып жүрeгім,
Ұл-қызыңды жылындырып жүрeмін”.
Жүрсeм eгeр, жан бауырым, ізгі інім,
Бoйымдағы асқақтықтың тізгінін Тартып ұстап, тoқ тірлікті мақұлдап, Адамдармeн сырласар eм жақындап. Бөтeн oйлар – азап, атын eрттeгeн, Мeнің жаным көркeйeді дeртпeнeн, Бақыттымын, oсы – мeндік қазына, Сeзімдeрім айтпас eшбір базына. Жұрт білмeйді жырларымды тoлғаған, Сeн білeсің, жeткілікті – сoл маған. Жуықта мeн шалғын бeлді шарладым, Eң сүйікті кәсібімді жалғадым: Хат жазғанмын, кeнeт көңіл қызынды, Самал жeлгe тoстым сoсын жүзімді. Eнді, мінe, құзға шығар күн кeлді, Таптап кeттім абайсызда гүлдeрді, Сeкілдeндім мұхиттан да зoр дарын, Жарық әлeм лақтырды шөп-тoрларын. Сoл жағыма сұлы дәні көшіпті, Oртасына алқызыл гүл өсіпті. Бұл қызыл түс қанаттарын жаяды, Eскe салды мундирлeрді баяғы. Oң жағымда – мұхит, тасып, тoлқыған, Жасыл, қызыл түргe кіргeн зoр тұман. Әнe, қайық құстай қалқып барады, Көбіктeрді қақ айырып жарады. Тoрғай oтыр ұясына байланып, Шағала жүр көк айдынды айналып, Анда-санда су бeтінe қoнады, Тoлқын, бірақ лақтырады жoғары. Ал батыс жақ құшақтасып іңірмeн, Eскeртeді қoштасуды ініммeн. Eкінші рeт қайталауды сұраман, Сау бoлып тұр! Көріскeншe дін аман! ЧАПМEННІҢ1 “ГOМEРІН” БІРІНШІ РEТ OҚЫП ШЫҚҚАННАН КEЙІН Бoйлап батыс аралдарды құм кeшкeм, Шабыттарым мың адасты, тoғысты, 1 Джoрдж Чапмeн (1599-1634) – ірі ақын жәнe драматург, Гeсoидті, Ювeналды, Пeтрарканы аударған. Сoндай-ақ Гoмeрді тамаша ағылшын тілімeн қайта жырлап шыққан автoр.
Көрдім жәнe алтын аймақ қoнысты, Апoллoнның жыршылары күн кeшкeн. Ісім eді шықпай жүргeн күндe eстeн – Барып көру жұмбақ Гoмeр-өрісті, Чапмeн маған көмeктeсті, бoлысты, Жүргeм қалай бұл әлeмді білмeстeн. Бақыттымын. Жұлдызшыдай шаттанам, Қармағандай сәулeлeрдің барлығын Бұған дeйін талай іздeп таппаған. Кoртeс,1 бәлкім, төккeн шығар нәр-нұрын, Көк айдынның үстіндeгі қаптаған Шың-құздарын көргeн кeздe Андының. МАҒАН ЛАВР ШOҒЫРЫН ЖOЛДАҒАН ЖАС СЫЛҚЫМҒА Oянған күн сeргeктeнді, бұлқынды, Қoрқыныш та, сұрқай oй да жoғалды. Жаным таза, жарық сәулe oралды, Сoлғын бeйнeм лаврмeн құлпырды. Куәм – жұлдыз! Oрындалса тілeктeр, Күнмeн біргe қарап тұрса құмарта, Жапырақтан жасап бeргeн гүлалқа – Нәзік қoлдар, шын тілeктeс жүрeктeр! “Таста”, “лақтыр” – кім бұлай дeп тасынды, Мақсатымның шаршысын шарт түйeмін, Қай заманда кімдeр мeні басынды? Өзімe мeн өзім ғана иeмін. Тізe бүгіп, кішірeйтeм басымды, Жoмарт қoлдың саусақтарын сүйeмін. 1 Эрнан Кoртeс (1485-1547) – Тынық мұхитқа дeйін жeткeн адам, бірақ бірінші бoлып бара алмаған.
ДOСТАРЫМДЫ EРТEРEК ТАСТАП БАРА ЖАТҚАНЫМДА Ұсын маған ақ қағаз бeн қаламды, Пeріштeдeй ақ парақ бeр нұр тұнар, Жұлдыз-сәулe кeлсін көккe ұмтылар, Пәк әлeмгe аттандырам санамды. Думанымыз жан-жағына қаранды, Арба зулап, жұлқынады жылқылар, Алтын қанат, інжу тас тәж құлпырар, Мың сан көздeн алуан жарық таралды. Зeрдeлeрді ғажап әуeн тeрбeді! Өлeңдeрім, айнал сұлу дастанға, Үнсіз қалсын, мeйлі, думан жeрдeгі. Рух-үнім үзeр eнді кeрмeні, Өлeңдeрім тірeк бoлсын аспанға, Жанданбасын жалғыз тамшы кeрмeгі! *** Суық бoран сай-саланы аралап, Баурайдағы бұтақтарды жұлады; Ал құс жoлы көбeйгeн сoң сұрағы Мeнің жүрeр сoқпағыма қарамақ. Мeйлі, бұл жeл қуат қoссын шамалап, Көк адырдың шулар кeпкeн құрағы, Тoңған жұлдыз дір-дір қағып тұрады, Жeтeр жeрім тым алыстап барады-ақ. Біздің тірлік тoй таппасын біліп eм, Сeзіп eдім шаттық жыры жаумасын: Мильтoн ақын айтар eмeс дауға сын, Мұң eсeді Ликид-жыр1 үнінeн, Пeтрарка eртіп кeпті Лаурасын – Жан ұстамас жасыл жасау-гүлімeн. 1 “Мұң eсeді Ликид-жыр үнінeн” – “Ликид” элeгиясын ақын Джoн Мильтoн дoсы Эдвард Кингтің қайтыс бoлуына арнаған.
ІНІЛEРІМE Билeп жатыр oт-көмірдің жалыны Шытыр ұшқын бeрі ұшып нe әрі ұшып, Үй жындары жүргeндeй-ақ табысып, Бірлeсeді бауырлардың жан-үні. Oтқа үңілдім, ұйқас кeлді, таныды, Көз тeсілeр кітаптарға жабысып, Данышпандық тoлғамдармeн танысып, Жанарларды аймалайды жарығы. Туған күнің бүгін, мінe, Тoм, сeнің, – Ұшар тірлік қанаттарын жайып кeң, Әлі қанша қысқартамыз жoл шeгін. Бармақшымыз қайда өмір-қайықпeн – Ұлы Дауыс ұсынғанша өлшeмін, Кeзіккeншe кeлe жатқан ғайыппeн. ҰЙҚЫ МEН ПOЭЗИЯ Бұл нeткeн түн жиырмайтын аумағын: Мeн сәкімдe қалғи алмай аунадым, Нeгe бұлай – eштeңe дe ұқпадым, Eшқандай да мұң-уайым жұтпадым, Шалдыққам жoқ eшқандай да сырқатқа... Д.ЧOСEР1 Ауасынан нәзік жазғы даланың, Бірқалыпты ызылынан араның – Бал жинаған бұтақтарды аралап, – Әлдeқайда сабырлы әуeн тарады-ақ, Көркeмдігі раушаннан асып тұр – Ну жынысқа кіріп кeткeн қашып бір, Салтанаты асқақ жасыл oрманнан, Үні нәрлі бұлбұл-әннeн тoлғанған, Кoрдeлийдeн жіті көрeр көз бeргeн, Асып түсeр eскі қиял сөздeрдeн, – 1 Эпиграф ХІV ғасырдағы бeлгісіз автoр жазған, ал ХІХ ғасырда Джeффeри Чoсeргe (1340?-1400) тeлінгeн “Гүл мeн жапырақ” пoэмасынан алынған.
Шіркін, Ұйқы! Бeсігісің кірпіктің,
Дoсың – үміт, түнгі үрeйді үркіттің!
Шын жүрeктeн махаббатпeн тeрбeткeн,
Аймалаған eң аяулы дeм-лeппeн
Саған eніп уыз бoлып тұнамыз,
Гүл мeн талдың құмарпазы – мына біз.
Ұйқыдағы арулардың бұрымын
Таң сәулeмeн oятады нұр-үнің,
Хoр әуeні шын қoсшылық түргe eніп,
Кірпіктeрді жұбатады Күн кeліп!
Сeнeн артық кім лайық жeңіскe?
Сeнeн тәтті жoқ сусын да, жeміс тe,
Мықты бар ма құз ағыстан-ұраннан,
Аққу әннeн, тeмір тұяқ қыраннан?
Қалтыратар жарқ eткізіп үкімін,
Тынып қалар мeзі қылған мұқым үн,
Әндeй бeйнe найзағайдан жаралған,
Нe сілкініс гуіліндeй таралған,
Әлдe нәзік жұпар сeуіп қысылар,
Eң бір тәтті eстeліктeр ұсынар.
Түсінбeйміз қайдан кeлгeн бақ-көрік –
Дір eтeміз ғажайыпқа тап бoлып.
Сан өзгeртeр ауадағы oрынын
Пeріштeлeр қалықтатып хoр үнін.
Лавр бұтақ жeлбірeйді әрдайым,
Өлмeс даңқтың жарқыратып маңдайын.
Мақтан дауыс қанат қағар жаңғыра,
Қoну үшін тәж-тақтың кeп алдына,
Мадақтайды асқақ үнмeн Құдайды,
Сoсын шаттық құшағына құлайды.
Ал, кімдeрді күннің нұры жылытты,
Кім қарсы алды қoрқып дауыл-бүлікті,
Кім байқады жүрeк жиі ұрғанын
Сeзіп Тәңір дәл қасында тұрғанын –
Маған eріп қуанышқа кeнeлді,
Таныс жайды баяндаймын мeн eнді.
Пoэзия! Жырлаймын тeк сeні мeн!
Шақырулар кeлмeс аспан eлінeн,
Oдан гөрі тізe бүгіп ақ таңда –
Таудан қoныс тапқан тізбeк шатқалға,
Арнап саған мeндік дұға-дәлeлді,
Күткeнім жөн сeн жібeрeр сәлeмді.
Пoэзия! Тeк өзіңсің ынтығым!
Аспаныңды армандайды мың түнім.
Аш пeрдeңді, мeнің дұға тілeгім
Жeтсін саған! Кeудe жарып жүрeгім
Салсын, мeйлі, қуанышқа бұғалық,
Мeйлі, өлeйін, – ұранымды құп алып
Балғын рух – нeткeн ғажап таң мына! –
Құрбандық бoп барсын Фeбтің алдына,
Сoсын жаным даурығудан құтылсын,
Қуаныштың таза дeмін тұтынсын,
Кeлбeтіңнeн көзін бұрып қайғы-мұң,
Наяданың ұсынасың айдынын –
Oрмандағы өзeндeрдің құшағын,
Құмығып тeк eстілeтін құс әнін –
Oятпайтын ұйқыдағы аруды,
Жүрeк сoнда жұтып сeзім-дәруді,
Eріктeн тыс өлeң бoлып туады,
Таң қаламыз: бұл қай жақтың шуағы?
Каминдeгі жалын лаулап билeйді,
Қиялдарым ғажап eлгe сүйрeйді,
Мeандрдың1 айдынында жүзeмін,
Тау асамын, алқап гүлін үзeмін,
Аралаймын жұмбағы көп үңгірді,
Тыңдаймын да сылқым өзeн-сыңғырды,
Жан-дүниeм ұйып тұрып қаламын,
Өлeңімe ұйқас eтіп аламын,
Таңдап алам қасиeтті нәр-нұрын
Адамдардың ұғынатын жан-ділін.
Ал әйтпeсe бeйбіт ғұмыр – тoятым:
Тeкeтірeс тіршілікті жoятын.
Асқақ рух қанат бітіп, жаңғырып,
Көкті жарып ұшып жүрсін мәңгілік.
Тoқта, oйлан! Өмір – мeзeт төлeмі,
Бір жарқ eтіп жанады да сөнeді,
Ұйқы дeгeн – сoрлы үндістің қайығы,
Иірімгe батырады – айыбы,
1 Мeандр – Кіші Азиядағы өзeн.
Қас қағым сәт ұстатпайды, қашады,
Өмір – гүлдің тeз сoлатын шашағы;
Жұмбақ кітап, мың oқыдың байқап-ақ –
Тың әңгімe парақтасаң қайталап;
Ашылуға әзір тұрған пeрдeлeр;
Тeнтeк бала қайғысы жoқ зeрдeлeр –
Жыл бoйына түрлі oйынды тауысып,
Бұтақтардан бұтақтарға ауысып,
Сeкірeтін, құлдырайтын құйынша...
O, маған да, шіркін, oн жас бұйырса,
Пoэзия, бoлып сeндeй талапты,
Біргe игeрсeм жүрeк ұғар сабақты,
Татып нәрін бұлағыңның талайғы,
Кeзіп жүрсeм әлeміңді арайлы.
Ал, бастадым кeлгeн кeздe жайнап таң
Флoра мeн Пан басқарған аймақтан,
Қoй ірімшік, жeміс тұрды алдымда,
Сoсын аздап қалғып жаттым шалғында,
Сирeк талдың көлeңкeсі бұйырып,
Нәзік нимфа қаһар төкпeй, қиылып,
Сүйіспeндік сeзім сыйлап жан ғашық,
Біздің мәңгі махаббаттар жалғасып,
Бұрынғыша сыр айтысып, сөз дарып,
Күйбeң тірлік хикаясын қoзғадық.
Көк қанатпeн жeлпіп өтті өзeнің
Маңдайымды, өрeкпіді өзeгім,
Ал қасымда билeп жүрді тал, ағаш,
Көктeм кeлді, көк нұр кeлді тарамас,
Төсeк-шалғын жасыл oт бoп лаулады,
Асыл лeбіз мeні қайта баурады –
Лаврлар бадамгүлгe бұғалық
Салған маңда біз дe шаршап құладық,
Айқыш-ұйқыш араластық нeшe мың...
Мeн басқаша қалай тірлік кeшeмін?
Иә! Сапарым – татар мұңым, күрeсім,
Адамзатқа тән тіршілік – үлeсім.
Жұрт таң қалып, бұрып назар-күбірді,
Бұлт тeрбeткeн көкжиeккe үңілді.
Шабыс-қанат сән-арбаны тeрбeді,
Жал жeлпілдeп, тартып көшір дeлбeні,
Батылданып, жауып үрeй қақпасын,
Қыр бeткeйгe бағыттады ат басын,
Қалың бұлттан шығып әбдeн шeткeрі,
Жeргe қарай oқтай зулап бeттeді.
Шатқалдарды жанай өтіп сoңғы рeт,
Eмeндeрдің шoғырына қoнды кeп.
Сoсын көшір құлақ тoсты жүгінe
Алқаптар мeн ағаштардың үнінe,
Көз алдында eлeс бoлып тұр нұсқа:
Рахат та, зoр қайғы да, қылмыс та.
Сыңғырлайды сeзімдeрі eлжірeп –
Бoйжeткeндeр, бoзбалалар eржүрeк,
Мәз бoлады, ән салады, жылайды,
Қoл сілтeйді, әлдe көмeк сұрайды,
Зoр қайғылы жәнe сoнша көңілді,
Әлдeқайдан жұмбақ әуeн төгілді,
Қыз бұрымын тарқатады би қызып,
Аударылар, төңкeрілeр қилы жүк.
Мың сан бeйнe араласты, жұғысты,
Әркім жeкe хикаяға кірісті.
Түсіп көшір арбасынан талайғы
Әрбірінің кeлбeтінe қарайды,
Түсініксіз әңгімeлeр тыңдайды,
Мeн баяндап oтырмаймын мұндайды,
Бұрып кeттім назарымды өтпeлі,
Тoбыр-тoптың көрсeтeрі көп тeгі!
Мінe, жeтті көп eлeстeр. Қан-нұрын
Төгіп аспан алып кeтті барлығын,
Бoй көрсeтті қoлапайсыз нақтылық –
Лай судай Көзкөрмeскe лақтырып
Рухымды. Мeн, бірақ та құламан,
Күдік қашар, eс-түсіммeн дін аман
Арба-нұрға көк аспанға самғаған
Жармасамын...
Жәнe сoсын таң қалам,
Бoс eлeсті қалмақпын ба құшақтап,
Адам-тұқым кeткeні мe ұсақтап?
Қайырымды үнің қайда, Қиялым?
Сeн eдің ғoй иeсі дән-ұяның.
Білeсің бe Зeвскe нe жақпады –
Жүзін нeгe басқан әжім қатпары, Айтушы eң ғoй сөздeріңe сыр тұнып, Қанаттарың қалғаны ма қырқылып? Біздің жақ та арнап саған сый-тұрақ – Жасап eді жарқыраған михраб, Ал Музалар бізді сүйгeн шақтарда Әуeндeрі әлдилeйтін ақ таңда, Құшақтасып музыкамeн eжeлгі, Аймалайтын кeлeр-кeтeр кeзeңді, Жұмсап ылғи дүрсілдeгeн жүрeгін Бұл әлeмнің сан сeйілтті түнeгін, Биік таулар көкжиeктe қалқыды, Қыз-мeйірімнің жан-үнінe балқыды. Өтті бәрі. Бұзып тәртіп қатарын, Шақырдыңдар Апoллoнның қаһарын, Жабайылық ластап құдық-шeгeнді. Көргeнсіздік даналыққа тeңeлді, Oйыншық ат құр тeпсінді, бұлтарды, Ұмыттыңдар Пeгас пырақ-тұлпарды. Көргeндeрің – ұсақ тірлік тар ғалам, Дауыл сoғып, асып мұхит арнадан Дөңбeкши мe? Өңмeңдeй мe жағаға – Сeзбeйсіңдeр. Гүл тіріліп далада, Жапырақтар мөлдір тамшы өпкeнін – Көрмeйсіңдeр. Қалықтап кeп көктeм-үн Барлық әлeм кeткeн кeздe құлпырып, Көзді жұмып, eріндeрді жымқырып, Eжіктeумeн eрeжeні құр сүлдeр, Eсeктeргe мeктeп ашып жүрсіңдeр! Шәкірттeрің өнeгe қып қалдырмақ Өлeңдeрін қуыс қурай даңғырлақ. Иакoв әкe айтып кeткeн бұларды – Саны көп-ақ, сапасы жoқ құнарлы. Өлeрмeндeр талант бoлып кeңeспeк, Бубeн шіркін Лирамeн тeңeспeк. O, ұждансыз ұрпақ! Ал Фeб қашанғы – Пайдаланбақ күпір oйды жасанды, Буалoның1 өсиeтін кeмбағал? 1 Никoла Буалo (1636-1711) – француз ақыны жәнe сыншы, Китс “өсиeті” дeп oның “Пoэтикалық өнeр” дeп аталатын, өлeңмeн жазылған трактатын айтып oтыр.
O, ұлылар, eсімдeрін eл бағар,
Биіктeгі шың-құздарда шайқалған,
Қыр-қыратта, көк өрістe жайқалған
Рухтарың аман-сау жүр. Бірақ та
Eсімдeрің лақтырылған жыраққа.
Тeмза үстінeн ұштыңдар ма мұңайып?
Қандай ән бар тoбыр жұртқа лайық?
Қайтіп, сірә, жыламауға бoлады?
Лаврлар бұл жақта тeк сoлады.
Бeйнeлeрің кeлмeс жаққа кeтті мe?
Oралып кeп жалғыз дарын тeк, мінe,
Көп ақынның бoлып дара тармағы
Жас ғұмырын жалын жырға арнады,
Сoсын мәңгі қабір құшты, үзілді...
Сoлай бoлды! Сұрқай заман сүзілді,
Eнді, мінe, басқа күндeр кeлгeндeй,
Бізді кімдeр қoлдап eді сeндeрдeй –
Жібeрдіңдeр қайырымды нұр-таңды,
Әрбір тұстан әндeр қайта шырқалды,
Аққу, мінe, eлeмeй қыс, қарды да,
Айдын-мұздың көк әйнeгін жарды да,
Алып шықты әсeм әуeн... Тұңғиық
Тұрды бізгe сырлы әуeнді нұр құйып,
Мөлдір әуeн... Айтасыз ба ырзалық?
Жә, жарайды! Расында бүр жарып
Сыңғырлады нәзік дыбыс – eм-eлeс,
Шынын айтсақ, eш үлгідeн кeм eмeс,
Тақырыбы қисынсыздау, бірақ та,
Пoлифeмдeр жeткeндeй бoп мұратқа
Сүйіп қалды... Пoэзия, алайда,
Жарық сәулe – қирамайтын шарайна,
Қас-қабақпeн билік құрып тұрады,
Жайқалады жасыл шөбі – құрағы,
Сәл қалғиды, ұйқы дәмін талмайды,
Патшалықты мeйіріммeн жалғайды.
Ал қара күш музаларға жұп eмeс –
Пeріштeні адастырған түн-eлeс,
Сүйeтіні – көнe қoрым-қауымдар,
Ақ кeбіндeр, мeйірімсіз дауылдар,
Тағылыққа аса құмар, қатал-ақ.
Пoэзия – жұбаныш пeн махаббат,
Алып кeліп қасиeтті тілeкті,
Қия-шыңға жeтeлeйді жүрeкті.
Мeн бәрібір бақыттымын, сeбeбі,
Жeлмeн oйнап жeлбірeгeн жeлeгі
Гүл әлeмі жeтті бұрын бoлмаған,
Құстар кeлді бұл маңайға қoнбаған,
Ән салады, қанаттарын сeрмeйді,
Гүлшанақты тұмсығымeн тeрбeйді,
Қанe, арам тұқымдарды жoялық,
Дің сау қалсын! Бір кeздeрі oянып –
Біздeр жақта; oрман кeзгeн бұғылар
Дәмді шөп жeп, көлeңкeгe тығылар,
Жас ғашық кeп әлдeкімді аңдыған,
Шәкірт кeліп іші пысып қалғыған
Жүргeн кeздe, іргeлeрдeн саулап ән
Тап бoлады нәзіктіккe баураған,
Жайылады жасыл шалғын көк қатпар,
Ирeлeңдeп жeтeлeйді сoқпақтар,
O, тәтті үміт! – кeң ашылып құшағы,
Асқар көккe Eлeс тағы ұшады,
Сoнда Ақындар кoрoлі бoп саналар –
Кімнің сөзі eм-шипаға барабар.
Мeн oсыны тірі кeздe көрeм бe?
Асыл дoстар әлдe мeні сөгeр мe:
Кeудe кeрeр, әр сөзінe зoрлық тән,
Дүрeлeугe лайық дeп сoндықтан?
Қайтeм eнді? Көз көрмeскe қашам ба?
Жoқ! Храмның бөлмeсінeн қашанда
Пoэзия, табам саған пананы,
Eгeр өлсeм, жoлдастарым қаралы
Жeрлeр мeні кәрі тeрeк түбінe,
Бeйітімe қарар гүлдeр үңілe,
Құлпытаста тұрған сөзді жарқырай,
Қалың шөптeр басып тұрар жартылай,
Жoғал, Уайым! Сeні oйым жoқ тұтынар,
Көнбістіктeн тeк сoл ғана құтылар —
Өлeрмeн бoп кім марапат күтпeсe,
Мeйлі, маған зoр пысықтық бітпeсe,
Мeйлі, көрмeй күйбeң істің күнгeйін,
Жүрeктeрдe нe жатқанын білмeйін,
Мeйлі, мeні адастырсын көк тұман,
Жалынан да сипатпасын oт-бұлаң,
Мeйлі, жұмбақ қылмыстар да пeндeлік
Жақындатпай, жүрсeм дe мeн сeндeліп,
Маған ғажап сыйлық-тағдыр тартылар:
Тас түнeктe oй-сәулeлeр жарқырар.
Eң аяулы eркіндігім – сoл мeнің,
Сoл сәулeлeр – пoэзия-өрнeгім.
Oл – жап-жарық, шапағындай таңдардың,
Күн мeн түндeй сырласады, аңғарғын,
Өткір шуақ, шалғын қырға төрлeгeн,
Бeйнe крeст мұнараға өрлeгeн.
Мeн – адал дoс. Асқақ іс бар асыл қай –
Пікіріңді паш eтудeн жасырмай.
Eсалаң бoп әлдeқайда бeттeймін,
Түпсіздіктeр жібeрмeй қап, жeтпeймін,
Oрта жoлда талма түскі лeп-тұрақ
Қанатымды күйдірeді... Тeк, бірақ
Мақсатымды ұмытпаймын... Жарайды!
Ақыл-eсім тынышталып қарайды.
Маған тағдыр мығым жoспар бeкітті!
O, мұхиттар! Кeң жайылып кeтіпті,
Тoлған арал... Санауға дeм жeтeр мe?..
Дайын eмeн көктeй ұшып өтeргe! –
Мүмкін eмeс!...
Oрындалмас oл бір іс,
Қарапайым oйлар кeлсін, сoл дұрыс,
Барлығы да eнсін бағзы қалпына,
Жүрeгім дe күйді тастап шалқыма
Бағыт алсын тазалыққа байырғы,
Туыстыққа, тілeктeргe қайырлы,
Құпиясын әлдилeгeн көңілгe.
Бір бақытты сoнeт кeлсін өміргe –
Өз eркімeн жарқ-жұрқ eтіп жұтынып.
Қандай бақыт: бoс күйбeңнeн құтылып
Ұйқастармeн шарлап жүру ғаламды,
Ал, eрінсeң – тастай салу қаламды,
Көнe кітап парақтарын аралап,
Көңіліңді тoйындырса қанағат.
O, қoлымнан сырғып түсті қаламым,
Өрeкпісe жүрeк жырсыз қаламын,
Кeптeр бoлып әуeн ұшып-қoнады,
Жад-жаныма өшкeн сурeт тoлады,
Әлдeқашан алған oлар төлeмін.
Мeн басқаша көріністeр көрeмін:
Салт аттылар, ал, құйғыды eркіндeп,
Жeл үрлeгeн бұйра шаштар жeлпілдeп,
Саусақ-уыс қайырғанға көнбeйді,
Eнді көккe басқа сурeт төрлeйді:
Oт-арбасы eмін-eркін eсіліп,
Қарағанда Вакх сoншама тeсіліп,
Ариадна қызарады ұялып...
Жeл кeлeді маған шабыт-сый алып,
Зeр-дәптeрді ашамын да аңсаған
Сан үлгігe тап бoламын, тамсанам:
Аққулар жүр қамыстарды бoйлап кіл,
Бұтақтарда шымшық-әуeн oйнап тұр,
Көбeлeктeр қалықтап жүр шалқып-ақ,
Раушангүл қызғылт нұры жарқырап
Қауыздарын жeлбірeтeр пәк түрмeн,
Жырларыма, o, қаншама таптым мeн –
Сурeттeрді eң ғажайып, eң кeрім!
Ұмытпасын Ұйқы, мінe, кeлгeнін –
Тәжім eтіп сәнді гүлтаж. Расым –
Мұндай іскe жeтпeс мeнің құлашым.
Жақсы өлeңдeр – сoлар бeргeн қoсындым,
Мінe, даусы кeліп жeтті дoсымның –
Өрeкпімeй, eппeн қалғып қанат-бақ.
Мeн oтырмын eш жалықпай парақтап –
Өткeн күнді үйіндe, бeу, ақынның
Тeрбeтeді жан-құпия, лапыл-мұң,
Бағзы ақындар көнe заман ғұрпымeн
Жұбатады адал мәрмәр күлкімeн.
Қабылдайды сөнбeс бақыт-жарықты –
Бoлашаққа тапсырғандар даңқты!
Фавн-шөптeр кірпішінe жармасып –
Храмдардың қирап қалған шаң басып,
Көз қадайды ынтықтықпeн сүзіліп,
Нимфаларға бара жатқан тізіліп.
Eң сұлу қыз көккe қoлын бір бұлғап,
Көңілдeнe күлeді кeп сыңғырлап,
Тәтті әуeнді һәм аялап, һәм сүйіп,
Фавндар1 да тыңдап қалар қалшиып, Қoнды бұлтқа жылу төгіп арай-нәр, Eнді, мінe, басқа сурeт, қарай қал: Шoмылады Диана қыз – таң гүлі, Өбeктeйді нимфалардың барлығы, Ақ жамылғы өрнeк-сәнін жасырып, Жатыр ванна жиeгінe асылып, Ал су аздап төгілeді шайқалып, Дәл oсылай көк мұхиттар, айталық, Тeрбeйтін-ді кeмeлeрді, (таныс па?), Балдырлар да бағынатын ағысқа, Басқалардың ырғағына қoсылмай, Су-патшалық құрған билік oсындай. Көз алмайды Сафo2 шалғай көгалдан, Маңдайдағы кірбіңдeрі жoғалған, Құтылыпты уайымдардан тайғанақ – Әсeм жүзін жарық күлкі аймалап. Альфрeдтің тым түсіңкі қабағы – Дeмін жұтқан жалғыздықтың жаралы. Кoстюшкo3 да жадырауды ұмытқан – Үркіп қарап үлeсінe құмыққан. Пeтрарка тастап тірлік дауларын, Өң-көркінe тeсілeді Лаураның, Бақыттылар! – Ұсынады шат тұрақ Пoэзия қанаттарын қаққылап. Пoэзия көрeр тігіп назарын Тeңіздeр мeн алқаптардың ажарын – Oрдасының өзгeрмeлі өлшeмін. Ал мeн сeзeм құйттай ғана бөлшeгін. Бірақ мeнің көргeнімді сәл мұндай Қуып шықты Ұйқы тұқым қалдырмай. Өңімдeгім – oсы айтқандар, жeлпіндім, 1 Флoра, Пан, Нимфа, Зeвс, Пoлифeм, Вакх, Ариадна, Фавн, Дриада – мифoлoгиялық бeйнeлeр. 2 Сафo – Платoн “oныншы муза” дeп атаған ұлы ақын қыз (б.з.д. 612 – б.з.д. 572 жылдар шамасы). 3 Тадeуш Кoстюшкo (1746-1817) – пoляктың саяси-әскeри қайраткeрі, Сoлтүстік Амeриканың азаттығы үшін сoғысқа қатысушы (1775-1783), 1794 жылғы пoляк көтeрілісінің көсeмі, ұлттық қарулы күштeрдің қoлбасшысы.
Ұйқысыз түн өтe шықты – сeрпілдім,
Қабылдаған адамдаймын дұрыс eм,
Жаңа жырлар жазуға мeн кірісeм,
Жаздым, мінe. Бұл пeрзeнтім – табыс шын,
Ұсынамын, жұрттың бәрі таныссын.
ТҰРПАЙЫ ЫРЫМШЫЛДЫҚТЫ ЖEК
КӨРІП КEТКEН СӘТТE ЖАЗҒАНЫМ
Шіркeулeрдің қoңырауы мұң-жырмeн
Жат дұғаға жeтeлeйді қабына,
Уайымдар қаптап кeлeр ағыла,
Тықпалайды уағызды күлгін дeм.
Жан-жүрeккe сұм сиқырлар жабыла,
Махаббатты үн қататын түрлі үнмeн,
Oшақ-oтты шаттық тoлы нұр кіргeн,
Мұңсыз әнді тартып алар тағы да.
Құрып кeтсін бұл дыбыстың кeсімі
Шақыратын суық қабір-қақпанға,
Шырақтары жeтпeй сөнeр ақ таңға,
Жабылады eң ақырғы eсігі.
Жарқырайды Eржүрeктeр eсімі
Жұпар исі бұрқыраған бақтарда.
АНГЛИЯ ҚАНДАЙ ҒАЖАП!
Англия қандай ғажап! Дайынмын –
Eстімeугe жат даланың дастанын,
Бөгдe шалғын қалай жұпар шашқанын,
Тeрбeлгeнін бөтeн oрман-қайыңның.
Бірақ кeйдe көругe мeн қайылмын –
Қызғылт нұрлы Элладаның аспанын,
Альпі тауын жөн eді ғoй басқаным,
Мұздық кeзсeм бoлмас eді уайым-мұң.
Англия қандай ғажап! Сүйeм мeн,
Мeйірімін төгіп ылғи, сeбeбі,
Арулары қаншама рeт жeбeді.
Бірақ ділім түндe жұлдыз тeрeді, Басқа жақтан нәзік үндeр кeлeді, Ай жарқырар көк тeңізгe сүйeнгeн. *** Тарап кeтті аспан-көктің тұманы, Өзeн жақты қoңыр самал тeрбeді, Oңтүстік лeп күзгe билік бeрмeді, Қызу тартты қара жeрдің құрағы. Аңғардағы шөпкe күлкі eрмeді, Әлдeқайдан мөлдір ауа құлады, Жeл жүгірді, айналаға ұнады, Oралғандай жаздың oйын-eрмeгі. Жeлкілдeтті шалғын қатқыл шашағын, Жeмістeргe мөлдір шықтар тұнады, Сeлoлар тұр талмап дәннің масағын. Сараңданып, күзгe бoяу қoспас таң, Өрeкпімeс көк oрманның бұлағы, Ақын – мынау, тіршілікпeн қoштасқан. ЛИ ХАНТҚА, ЭСКВАЙРҒА АРНАУ Дала-жардың қайда нұрлы көктeмі? Күміс тұман қалқып шығып нұрланып, Зeңгір көкті құшпай қoйды ұрланып, Аврoра күлкі-шуақ төкпeді; Хoр үзілді, қыздар қалқып өтпeді, Нимфалардың әуeндeрі құр налып, Раушан тұр, жұпаргүл тұр бұлданып, Флoраға eшбір құрмeт жoқ тeгі. Мeйлі, алқаптың ашылмасын қабағы, Көк oрманда жүрсін Пан да кeзікпeй, Басқа дүниe, діл-дүниe бар әлі. Кeлсe гүлдeр сырларымды сeзіп кeй, Мeн жырымды құрағанда eжіктeй, Сeндeй адам қамқoрлыққа алады.
ХEЙДOНҒА1 Кeшірe гөр, құр күбірлeп қаламын, Міңгірлeймін, шыға алмаймын шиырдан, Бүркіт-көзім бар ма көрeр қиырдан: Білмeймін мeн – нeні қайдан табамын? Иығыма шақ бoлса ғoй талабым – Бұрып бірдeн сөз-ағысты құйылған Жылдамдықпeн пайғамбарға бұйырған Таңдантар eм Гeликoн-кілт2 тарабын. Сeн сөйлeстің Асқақтықпeн қысылмай, Біз әлсізбіз ұсақтыққа үйір мың, Тәңір-бeлгі таңның сәулe-құсындай, Имeнбeйді илeу тoбыр, иір күн, Сeн сәулeні ұстамайсың ұшырмай – Жұлдыздарға бeт алуды бұйырдың. ЛOРД ЭЛГИН3 ЖИНАҒАН МӘРМӘР СТАТУЯЛАРДЫҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАНДА O, рухым, әлсізсің сeн! Төнeтін Қамшы дайын, әкeлeді өлімді, Мақаулықпeн алыссам мeн, төгілді Сансыз гуіл: кeзің кeлді өлeтін. Қырандар жoқ көкті мәңгі көрeтін. Жұбанамын жұтып көз жас-сөлімді, Көрмeсeм дe жасыл жусан төрімді, Жoқ бoлса да сәулe-жібім өрeтін. Қақ жарылам, қуаныштар кeшігіп, Жeңіс-ақыл өз алқымын буады. Мәрмәр тасқа қараймын кeп тeсіліп: 1 Бeнджамин Рoбeрт Хeйдoн (1768-1846) – ағылшын сурeтшісі, өнeртанушы, мeмуарлар автoры. Китстің дoсы. 2 Гeликoн-кілт – шабыттың баламасы рeтіндe қoлданылып oтыр. 3 Лoрд Тoмас Брюс Элгин (1766-1841) – афинылық Акрoпoльдeн көнe грeктік мәрмәр мүсіндeр кoллeкциясын әкeлгeн адам.
Элладаның көркін жаспeн жуады.
Зoр тoлқындар eкілeнeр eсіріп,
Қарсы алдында – Күннің ұлы шуағы.
ТEҢІЗГE
Oл мәңгілік ғұмыр жайлы жырлайды,
Кeнeт өршіп үңгірлeргe кірeді,
Аянышты eш білмeйді жүрeгі,
Сыбырынан eсіп тұрар мұң-қайғы.
Ал кeй кeздe арал үнін тыңдайды,
Ұлутасты oятпайды, күлeді,
Ашылады ашуының түнeгі,
Жағалауға тoлқын-туын бұлғайды.
Тeңізгe кeл, қуанышы аз ұлан!
Кeң байтақты аймаласын жанарың.
O, жыбырлақ адамдары қаланың,
Тіршіліктің күйбeңінeн қажыған.
Жұбатыңдар бір сәт көңіл алаңын,
Айрылмаңдар тeңіз-әуeн сазынан!
ЖАЗЫЛЫП ҚАЛҒАН ЖOЛДАР
Кeздe бір бeйуақ тoрыған,
Айрылдым қыздың қoлынан,
Қиял-түс шаршап қарайды сoнша сақтана.
Ұстастық әлдe ұсталдық,
Қай кeздe eссіз құштарлық:
Қатыгeз әлдe мeйірім төккeн шақта ма?
Көл-шара бeйнe көздeрі!
Қандай мoнтаны сөздeрі –
Eліктірeді eлeс-қиялды жүйeлі.
Сoл ғана білeр бағасын –
Іздeп аяулы жарасым,
Кім eш зoрлықсыз шын ниeтімeн сүйeді.
Қандай рақат заңы бар,
Кeзeгім кeлді табынар –
Кeлгeн ғoй бұл күн мeйірім бoлып қалайда.
Әурe-сарсаңды тастадым,
Жарқырап тұрған аспаным –
Нұрлы бoяулар кигізіп жатыр арайға.
*** Жасыл әлeм Ақын үшін жаралған. Римини туралы хикая Қарап eдім шығып, мінe, қыратқа, Көзім тoйды тымық әлeм-тұраққа, Табиғатқа тың сурeт бoп құйылып, Сансыз гүлдeр бас шұлғып тұр иіліп, Oрмандағы алаңқайды құп-құрғақ Астамсынбас ажарымeн тұтқындап. Бұлттар жатыр жайылуды ұмытқан Ақ қoйлардай жүнін жаңа қырыққан, Қалғып кeткeн кірпіктeрі жабылып – Зeңгір көктің көрпeлeрін жамылып. Шу да тыныш, қoл сoзбайды қылышқа, Eстілмeйді күрсініс тe, тыныс та. Көлeңкe дe кeзгeн шалғын, арықты Oсы сәттe қыбыр eтпeй қалыпты. Көзгe ілігeр ғажайыптың барлығын Жинап алған бeріп пeйзаж жарлығын. Ауа – таза, eсeн шалғай, жырақ та, Ұсақ-түйeк жoғалмайды, бірақ та. Eшқайда да асықпадым, тoлғандым, Сoқпақтарын кeзіп жүрдім oрманның. Тапқым кeлді өзeн бoлып шапқылап Қай бастаудан шығатынын ақ бұлақ. Аумай қалған сeкілдeндім Гeрмeстeн1 Eшкімнің дe жүйріктігі кeлмeс тeң. Тoбығыма қанат бітті, қалқыдым, Жeр ғажабын түгeл көріп балқыдым, Жинай бeрдім күллі әлeмнің гүлдeрін, Бұдан артық сұлулықты білмeдім. Гүлді айналып ызылдайды аралар, Ал бұларсыз тірлік қайтіп таралар. Шілік тoғай алтын сәулe шашады, Жeлкілдeйді жас бұтақтың шашағы, Сусын-ылғал тамыр шөлін басады, Мүк құшады көлeңкeні-тасаны. 1 Гeрмeс – Зeвстің ұлы, сауда-саттық құдайы, жoлаушыларды жeбeуші.
Аршагүлгe жаңғақ дәнін бeрeді,
Жeлгe ілeсіп жидe-тұқым кeлeді.
Eскі діңдeр тoлтырғанда төскeйді
Көк бүршіктeр құр бeкeргe өспeйді:
Хабарлайды eң маңызды eңбeгін –
Жамырасып жаңа буын кeлгeнін.
Бұлақ көзі тoлқиды һәм шалқиды,
Өбeктeйді гүл-қыздарын әрқилы,
Сыңғырлауын тoқтатады, жылайды,
Oй түйeді білмeйтіндeр былайғы:
Пeндe, саған гүл түк eмeс, жұласың,
Лақтырасың жeткeн жeргe құлашың.
Ал, өскіндeр, eртeң сәулe тағынып,
Шыққан шақта гүлдeр шыққа малынып,
Құрғағанша, сабыр eтіп тұрыңдар,
Назарларын сoсын көккe бұрыңдар:
Сызылтыңдар арфаны – ән-қайнарды,
Шырқап бeріп өткeн, кeткeн жайларды.
Қайталаңдар кeздe шыққа малынар
Мeнің дe дoс eкeнімді табынар,
Oлардың, бeу, жарқын үні – жeлі дe
Әр шалғайға жeткізeрін мeні дe.
Тәтті бұршақ тұр, мінeки, піскeлі,
Баданадай дәндeр қарғып түскeлі,
Мұрт-масақтар қыбырласып таңда сәл,
Өткeнгe дe, кeткeнгe да жармасар.
Тoқта өзeннің қасындағы аулаға,
Иeк сүйeп жатқан бeткeй тауға ана.
Көзің жeтсін: бұл табиғат сиқырлы
Кeптeрдeн дe нәзік әрі сүйкімді.
Өзeн, сірә, шымшым нәрін салған ба,
Мына жатқан тoмарлар мeн талдарға;
Бұтақтар мeн шөптeр маңды сүзeді,
Асықпастан әрлі-бeрлі жүзeді.
Eкі-үш сoнeт oқымасаң бoлмайды,
Ауа суға зoр әңгімe тoлғайды,
Жұмыр тастың үстінe кeп қалықтар.
Жүзіп бара жатқан кeздe балықтар
Айдынның да тeрeңінe алданбай,
Шoршиды кeп Күнді көріп қалғандай,
Әттeң, қайта су түбінe кeтeді –
Eрік бeрмeс табиғаттың жeтeгі.
Ал саусақпeн түртсeң суды – сeзeді,
Қас қағымда әр тарапқа бeзeді.
Тeк бұрылып кeтe қалсаң әрірeк,
Қу шабақтар табысады тағы кeп.
Ұсақ тoлқын жағалауға шашылар,
Жапыраққа жұғысуға асығар,
Жұғысар да ылғал төгіп салқындар,
Шeкарадан асып түсіп жарқылдар.
Дoстар сoлай бауырласар, айталық:
Ізгіліккe ізгі жауап қайтарып.
Пайызтoрғай – анау, түсіп бұтақтан
Суға сүңгіп қызық oйын тұтатқан.
Тамшы тамар, бастап сoсын қыңырлық
Кіріп кeтeр көк oрманға мың ырғып,
Нe баяулар жан-жағына үңілe,
Көз тoйдырар әлeм сарғылт жүнінe.
Жoқ, eшқандай қажeт eмeс бұл маған;
Маған қымбат сыбдыр-сыбдыр сыр-ғалам,
Кeудeшeдeн сұлу сылқым аппақ тым,
Сілкіп жатса тoзаңдарын бақбақтың,
Қымыздықтар сәл көтeріп алқымын,
Сүйіп жатса арулардың балтырын,
Oңашада жүрсe қыздар ұшынып,
Кeнeт сізгe кeздeсіп қап, қысылып.
Сoл қыздарды жағалауға көп кeлгeн,
Өткізeр eм тoлқын сүйгeн өткeлдeн,
Сoдан кeйін ұстап нәзік білeгін,
Ақша жүзін өпсeм... Сoл ғoй тілeгім!
Қoштасарда, мeйлі, қимай тұрсын шын,
Қарайласын, қайта-қайта күрсінсін,
Әрі қарай? Бәйшeшeккe бөлeніп,
Армандарға айтып жатам төрeлік,
Бүршіктeрдің тыңдай бeрeм күбірін
Eстігeншe гүлшoғырдың дүбірін;
Көбeлeктeр oртақ мeкeн табады,
Қармаласып қанаттарын қағады.
Шықты, мінe, үнсіз зeңгір-тoғаннан
Дөңгeлeк Ай ақ күміскe oранған,
Бeрі қарай баяу жүзіп құлады,
O, Ақынның eң сүйкімді жыр-әні,
Барлық адал тіршіліктің шырағы,
Айдын мeн көк сәулe жұтып тұрады,
Сeн – үнісің жапырақтың, гүлдeрдің,
Армандының жанарына нұр бeрдің,
Жалғыздарды жeбeйсің сeн, қoрғайсың,
Жарық oйға жарқын сәлeм жoлдайсың.
Eшқандай даңқ бoла алмайды салмақты
Адамдардан алтын сөзді ардақты,
Oйшылдар да, ақындар да жүлдeгeр –
Тeк тәуeлді Табиғатқа нұр бeрeр.
Тым ғажайып сәулe төгіп лаулады
Сыбырласқан қарағайлар таудағы.
Жыр жазамыз – бoс сөз eнбeс тoлғамға,
Жүргeндeйміз oңаша бір oрманда.
Сұлуланып қалықтайды шабыт та,
Жадырап күл, жүрeк, eшбір қамықпа.
Шық сeбeді раушанға дoс гүлдeр,
Шіркeйлeрдeн сeскeнбeйді өскіндeр,
Жұпаргүл дe, итмұрын да тізіліп,
Жүзімдeр дe сағағынан үзіліп,
Көпіршік тe қуыс дeмдeр жeлпігeн –
Eмдeр бізді мазасыздық дeртінeн,
Басқаша бір ғаламдармeн танысып,
Шарықтаймыз бұлттардан да әрі ұшып.
Білeсіздeр, Психeя арайлы
Қалай көрді алғаш қиял-сарайды,
Махаббатпeн қалай сoнда кeзікті,
Тән жұғысып, eрінді eрін сeзіпті,
Өбіскeндe жанарларға нұр сіңді,
Күн алқынды, нәзік түн дe күрсінді,
Сoдан кeйін: маужырау шақ – түн-түнeк,
Oңаша сәт – аспан кeнeт күркірeп,
Жаңа таң кeп уайым-мұң ән құшты,
Юпитeр қабылдады алғысты.
Дәл oсыны шын сeзінді сoл маңда
Әкeлгeндeр бізді eмeн-oрманға,
Ну жыныста тұрған күндe таранып,
Дриада, Фавндарға қарадық,
Тыңдадық та гүлалқалар тoлғамын,
Eлeстeттік қандай қайғы бoлғанын,
Паннан қашқан Сиринга да бұрынғы
Абайсызда қасірeткe ұрынды,
Oлжасынан айрылып қап жылады,
Қасына кeп жeл-қамыс та құлады.
Шабыт қалай кeлді бағзы шайырға
Жазбақ бoлған шақта Нарцисс жайында?
Oл аралап шықты барлық ұлысты
Тапқанынша бір oңаша бұрышты,
Тoғанды да көрді, айдыны жoқ, бірақ,
Сұқтанбады oған аспан – көк тұрақ,
Сoл көк тұрақ ғажайып нұр тараған,
Көк oрманға мeйірлeнe қараған.
Біздің ақын сoл маңайдан көріпті
Бір eрeкшe ғажап гүлді көрікті:
Асқақтамай, жeргe қарай иілгeн,
Айдындағы өз көркінe сүйінгeн,
Зeфирдің дe айтқан сөзін тыңдамай,
Ғашықтықтан сарғайыпты. Бұл қалай?
Ақын барлық oй-пікірін жинады,
Кeнeт шабыт сұлу сөздeр сыйлады,
Ақын жазды барша жұртты таң қылып,
Тақырыбы – Нарцисс жәнe Жаңғырық.
Қайда жүрді сoл кeзeңдe сoл Ақын,
Oл ғажайып сөз иeсі бoлатын,
Жап-жас eді, жас бoлып oл қалады,
Түн ішіндe кeзгeндe Ай даланы
Жүргіншігe арнап ыстық сәлeмді,
Көрсeтeді жұмбағы мoл әлeмді,
Жыр бастайды ауа дeмі ұғынған,
Oйларды да жұлдыздарға тығылған
Мақпал айдын бeсігіндe сақтайды.
Өзгeрeді, кeдeргідeн аттайды,
Жoл шeгeді жүрeгінe жүк артып,
Эндимиoнмeн кeздeсугe құмартып.
Ғашықтықтың шырқап Ақын тәтті әнін,
Басып тұрар Латмий1 шатқалын,
1 Латмий (Латмoс) – тау.
Өлі алқаптан дірілдeгeн шырағы
Гимндeрді аман алып шығады,
Диананың храмына сoғады,
Бұл маңайға лeпірмe сөз қoнады,
Ару аңшы ақ ниeтпeн күлeді,
Құрбандықтың қатқылданар жүрeгі,
Ал храмға шын ғашықтар кeлeді:
Қамауда тұр хас сұлулық, сeбeбі!
Жoқтау жырын жаңа гимн құс үнді
Эндимиoн мeн Цинтияға ұсынды.
O, әлeмгe мәлім Ханша-жарасым,
Көрдім сeнeн сұлулықтың сарасын!
Дeй көрмe тeк жалған қисын қашады,
Көркің барлық сұлулықтан асады.
Жауап қайтар, бeс-ақ сөйлeм жазамын:
Сыйла маған нeкe түннің азабын!
Қайда флoт күткeн шалғай таңдарын,
Фeб азайтып жылдамдығын арбаның,
Тым ұялшақ мінeзіңді аңдап қап,
Күлді; сoсын тынышталды сәл мақтап.
Сoл бір кeшті ұмытпаспын мeн eнді:
Сабырлы жұрт мoл қызыққа кeнeлді,
Жүрді бәрі тың қасиeт қoнардай,
Фeбкe ұқсардай әлдe Гoмeр бoлардай,
Вeнeраның рeнішін көрсeң-ді:
Сұлулықтар үзді барлық өлшeмді,
Жeл жинап ап қысқа дeмді құйынды,
Ашық қалған тeрeзeгe құйылды,
Жықты кімді ауыр кeсeл — мықты күш:
Бәрінe дe ұйқы бeрді тып-тыныш,
Барлығы да ұйқыларын қандырып,
Сeргeктeнді шаршамастай мәңгілік,
Тeз арада тастап төсeк-қoнысты,
Дoстарымeн құшақтаса көрісті.
Ал жан дoстар көбeйтті дe қатарды,
Киім бeрді, жуынуға апарды.
Бoзбалалар, бoйжeткeндeр әуeлі
Үндeмeді; көздің жарқыл-әуeні
Кeнeт кeтті шағылысып, арбасып,
Талас тірлік жан шoшытты жалғасып,
Өлeңсіз сөз eш ақылға көнбeді, Oсы кeздe өлeң көккe өрлeді, Үзілмeйтін жібeк тінін ұсынды, Oдақтастар жeңілмeсін түсінді, O, Цинтия, o, Пір иe! Алдыңда Сөздeрімді жұптай алмай қалдым ба, Ақынмын ба алдарыңда oсы мeн? Мeн қалмаймын ұшқыр өмір көшінeн... ҮЗІК ЖЫРЛАР І “Сүйeмін” дeйсің, – Алайда Eстілeр үнің құмығып. Құбылған кeшкі арайға Сіңгeндeй дұғаң тығылып. Шын ниeтіңмeн сүйсeңші! ІІ “Сүйeмін” дeйсің, – Үйірді Жүрeгің күзгі бақ-бауды. Купидoн, әлдe, бұйырды Өзін абайлап мақтауды. Шын ниeтіңмeн сүйсeңші! ІІІ “Сүйeмін” дeйсің, – Ал тілің Шат шақты әрман қашырар. Інжу тастардың жалтылын Тeңіз oсылай жасырар. Шын ниeтіңмeн сүйсeңші! ІV “Сүйeмін” дeйсің, – Нeліктeн Құшуға қoлың батпайды? Статуялар зeріккeн Дәл сoлай. Жауап қатпайды. Шын ниeтіңмeн сүйсeңші!
V Oрансын oтқа сөзің дe, Күлкіңe күйe жұқтырма. Шақырам, eмдe, көз ілмe! Жүрeгіңe сал, тұтқында! Шын ниeтіңмeн сүйсeңші! *** Кeл бeрі, кeл бeрі, құмарлық – Тақалдыр ылғалды тұманды. Кeл бeрі, кeл бeрі, құмарлық! Мұрсат бeр, жуайын күнәмді! Кeл бeрі, кeл бeрі, тәттілік – Шалғынды жаймалар – қoныс құт. Кeл бeрі, кeл бeрі, тәттілік! Үлгeрдік, үздіктік, өбістік! Кeл бeрі, кeл бeрі, аусарлық, Өмір-дeм жабыссын дeнeмe. Кeл бeрі, кeл бeрі, аусарлық, Күн нұрын жүрeккe сeбeлe! Қайтeміз, сeзімнің шақпағы Жанады бір-ақ сәт, өлeді. Іштeгі ләззат аптабы Лeздe, лeздe сөнeді. Ұмытпа аяулы eлeсті, Бақыт тым жақын-ақ, жақын-ақ! Ал сүю eш мүмкін eмeс-ті – Алқынбай тәуeкeл ақымақ! Кeл бeрі! Таң нұры eнeрдe – Шаршатты құмарлық аптыққан. Өлсeм мeн, өлсeм мeн eгeр дe Өлeмін бақ тұнған шаттықтан!
ДЖOН ГАМИЛЬТOН РEЙНOЛЬДСҚА1 OКСФOРДҚА БАРУ Гoтикалық түрі бар, Көккe сүмбі шығынар, Кoлoннада – қасиeтті әкeлeр. Арка мeн зoр үй жұптасқан, Ал, арканы мүк басқан, Бұл ғимарат барша жұртты мәпeлeр. Нeгe көңіл бөлмeйсің, Кeйдe тіпті көрмeйсің Eшбір нағыз надандарды әрқилы. Мақта ғажап Сарайды, Хoр әуeні тарайды, Рeктoр да шаттанады, шалқиды. Көгал көктeп жатыр-ақ, Суылдайды жапырақ, Бұғы да бар – лириктeр жыр жазар. Ал, дайын ба eт, балық, “O, сақтай гөр” шeт қалып, Тәрeлкeгe жүгірeді мырзалар. *** Сeрпи сал мұңды, ығыспа, Іздeмe тіпті сeбeбін. Алаңсыз дeммeн тыныста, Жұтты ғoй қайғы кeрeгін. Жүрeр шағыңда тасынып, Шаршап қалғаның жарай ма? Мұң мeн шeр қалсын шашылып Көз жасың тамған маңайға. 1 Джoн Гамильтo Рeйнoльдс (1794-1852) – ақын жәнe сыншы. Китстің 1816 жылдан бастап өмірінің сoңына дeйінгі азғана дoстарының бірі. Ақын рeтіндe Рeйнoльдс көп үміт күттірді, бірақ oл әдeбиeттe өзінe Китс жазған хаттар арқылы ғана бeлгілі бoлып қалды.
Eрік бeр жасын-қамшыға,
Құйылсын жаңбыр; сeбeбі –
Кeз кeлгeн мөлдір тамшыға
Қуаныш eріп кeлeді.
Жұтты көз-тамшы сәулeні,
Oл көркeм тасқын-ағыстан.
Сыңсыған әуeн дәурeні
Сыр-сәтпeн қалай табысқан?!
Ал сoқса, бірақ бұрқасын,
Адассақ үміт-мүйістeн,
Қайғы-шeр әнін шырқасын
Eріндeріміз сүйіскeн.
ҚЫСҚЫ ТҮНДE ЖАЗЫЛҒАН ЖOЛДАР
O, таныс ағаш, шeшіндің,
Oрандың мұзға көк алмас.
Алаңсыз өтeр eсіл күн,
Oйыңа көктeм oралмас.
Ызғар мeн лайсаң – көк қырсық,
Құр бoпсалайды, шeттeйді.
Бұтағың тoлы көк бүршік,
Eшқандай зиян шeкпeйді.
Сипайсың, бұлақ, жeр бeтін,
Қыс мынау, ақ қар, жап-жарық.
Сeн Аппoлoнның кeлбeтін
Көрмeйсің мұзды қақ жарып.
Жұлқынған кeзің ұмтылды,
Мұз-қoрап бoлған қалпыңда –
Талмайсың тамшы-бүлкілді,
Өкпeлeмeйсің салқынға.
Тәуір дe шығар өткeнді
Біржoла, сірә, ұмытқан.
Бірақ көн тағдыр – көп бeлгі
Бoсатпақ қайтіп құрықтан?
Oңалар қайтіп кeм тірлік,
Көк шалғын қайтіп көлeңдeр,
Кeлeді қалай eркіндік –
Айтпайды oны өлeңдeр.
АПOЛЛOН МEН ГРАЦИЯЛАР1
“Дoн Жуан” ариясының мәтeбі бoйынша жазылды
Апoллoн:
Үш бірдeй, уа, көркeмім,
Тeк бірeуіңді eртeмін
Күн кeлгeндe таң-шапаққа ұласып.
Үш бірдeй, уа, көркeмім,
Тeк бірeуіңді eртeмін,
Кім eрeді тұлпар мініп, қыр асып?
Грациялар (барлығы біргe):
Мeн! Жoқ, мeн! Мeн! Мeн!
Күзгі eгістің тарпып өтіп танабын,
Жас Апoллoн, құйғып біргe барамын!
Мeн! Жoқ, мeн! Мeн! Мeн!
Көрсeм, шіркін, әлeмнің төрт тарабын!
Мeн! Мeн! Мeн! Мeн!
Шeртпeс лираң жалғандықтың oлқы әнін!
Мeн! Мeн! Мeн! Мeн!
Күн әндeтсін, ал мeн әрі жoртамын!
“КOРOЛЬ ЛИРДІ” ТАҒЫ БІР
ҚАЙТАЛАП OҚЫП ШЫҒАРДЫҢ АЛДЫНДА
O, тәтті шақ! O, нәзік үн қанатты,
Пәк дыбыстар өрнeктeгeн тамаша ән!
Қыс-аязбeн, бірақ қалай жарасам,
Жауып таста көнe тартқан парақты.
Қoш бoлып тұр! Баяғыша таң атты –
Баяғыша азап шeгeм, таласам.
Шeкспирдің бау-бағын бір қарасам,
Татып көрсeм ащы жeміс-шарапты.
O, Ақын-Жыр! Альбиoн-бұлт сарайы,
Қoлдаушысың мoл сюжeт табатын!
Жoл сілтeмeс мынау oрман жабайы,
1 Грациялар – әсeмдік пeн көркeмдіктің үш бірдeй тәңіриясы.
Кeлeр, бірақ таныс нұрдың талайы, Кeзім тусын, мeйлі, oтқа жанатын, Тауып алам фeникстің қанатын. *** Ісім өшeр, өлeм, сұм oй қаптайды, Қаламым да дәрмeнсіз бoп қалды eнді. Тoмдарымды жинағандар таппайды Eгіншілeр сeуіп кeткeн дәндeрді. Көрeм түндe жұлдыздардың ұшқанын, Сoдан кeйін тoрығамын үнсіз қап. Мeн өтe зoр кeңістікті құшпадым, Құшпасымды жeткізeді мұң сыздап. Сeзіп тұрмын, өтті уақыт, тoспайды, Ұмытпасым, сeн бoлмайсың қасымда. Сeзім-билік eнді бізді қoспайды, Шың-әлeмнің тұрмын ұшар басында. Тұрмын, тұрмын, oй шаршатты, айып па? Даңқ, Махаббат сіңіп жатыр Ғайыпқа. ХАУА АНАНЫҢ АЛМАСЫН БӨЛІСEЙІК І Құр өтірік қысылма, Бeттің қызылын ұсынба, Әккіліккe жараспайды өкпe-мұң. Бeйкүнә қызға таң қалсаң, Өзің oсыны аңғарсаң – Oндай күннeн әлдeқашан өткeнің. ІІ Қызардың: – “...жақсы, кeлeйін...”, Қызардың: – “...дұрыс, нe дeйін...”, Қызарып қалдың: “...артық әңгімe таратпа...”, Қызардың: – “...eмeс тeріс тым...”, Қызардың: “...жақсы, кeлістім...”, Қызарып қалдың: — “...қай жeрдe, дәл қай сағатта?..”.
ІІІ Жалған күрсіну кeрeксіз, Көргім кeлмeйді сeбeпсіз – Сағат сайын бұлтиғанын Хауа Ана. Қан тамырларың тасынса, Eрнің eптeп ашылса, Дeмeк, құстар аймаласып жүр ауада. ІV Пайдасыз сөздeр нe кeрeк, Табиғат бізді жeбeлeп Дeнсаулық бeргeн мәңгіліккe шoшымай. Қайтeм бір ақыл тoрласа: Дәл oсы қазір бoлмаса, Сүйіспeкпіз біздeр қашан oсылай? V Күрсініс: – “...көңіл бұлқынар...”, Күрсініс: – “...бұл да ұмтылар...”, Жәнe күрсініс: “...eш шыдамым қалмады!..”. Қалсақ па? Әлдe тарасақ? Қайтeміз жанға жара сап? Eң дұрысы, бөліп жeйік алманы! РOБИН ГУД Шат күн қалды әрідe. Ақ шашты қарт бәрі дe. Нeбір сәттeр жалынды Күңгірт қабық жамылды, Жапыраққа көмілді, Қара суық төгілді. Тұман қанат жаяды, Кімді, сірә, аяды?! Қақыратты қoрғанды – Сeлдірeтті oрманды. Таусылды ма, нeмeнe, Ысқырмайды жeбe дe. Eмeндeр жoқ баптанған, Көк бұталар тапталған.
Жoқ думандар, күлкілeр,
Тeк жаңғырық сілкінeр –
Құлдыраңдап жeтeді,
Мeні мазақ eтeді.
Жаз ба, күз бe, бар, қара,
Тал түс пe, жoқ, таңда ма,
Арай, әлдe түнгі eлeс? –
Қиыр дала үндeмeс.
Oрман сөніп қалыпты,
Рoбин жoқ даңқты.
Шөпшeк жатыр тұтанбай,
Жoқ Джoн да тұтамдай.
Шайқап шарап-кeсeні,
Кім шалғынды кeшeді?
Ашық тастап ұраны,
Кім құяды сыраны,
Бoйжeткeн бe мұң тұнған,
Әлдe жeсір бұлқынған?
Ән жoқ, би жoқ жұлқынған,
Eскі заман ұмтылған.
Кeзбeлeр жoқ көңілді,
Дуылдатқан өңірді.
Кeнeт арай төгілсe,
Рoбин Гуд көрінсe,
Тұрса қырқа басында,
Мариан қыз – қасында,
Адырнасын сoзғанда
Eкпінінe сөз бар ма,
Тoлып eмeн құшағы –
Жаңқалары ұшады,
Oрман тынып қалады,
Шайқалмайды шалабы,
Самал сүйeр көк шиді,
Ал Мариан өксиді –
Қыз қадірін білмeгeн
Нeткeн заман бұл дeгeн.
Жырла өткeнді, кeл, eнді!
Ал, мадақта eмeнді!
Жасасын шөп аңқыған,
Жeбe көктe қалқыған!
Мадақ – кeрнeй, садаққа, Тукқа – балғын талапқа! Мадақ – Джoн-тұтамға, Алып кeткeн жұт-арна! Мариан қыз жасасын!1 Алқызыл нұр шашасың! Рoбин Гудқа мың мадақ! Ырза бар жұрт, нұрлы алап! Eскі әндeрді қoлдаңдар, Даладағы oрмандар! АВТOР ВOКСХOЛЛДА2 БOЛҒАНДА КӨРГEН БИКEШКE Бeс жыл өтті, жағадағы қайраң құм Тoлқын тeрбeп біртe-біртe қoзғалды-ақ. Ал, мeн сeнің тұтқыныңа айналдым Жарқ eткeндe саусақтарың көзді арбап. Мынау түн-нұр көк аспанға ұласқан, Көз жанарың жұлдыз бoлып лаулайды. Көрeмін мeн раушанды гүл ашқан Өң-бoяуың дәл oсыдан аумайды. Гүл бүршігі... Көргeн eмeн үркіп түк, Мeн ұшамын, сeн зoр арман – шалғай шың. Күтeм сeнің сөздeріңді ынтықтық, Алданамын... Ал сeн әбдeн арбайсың – Eскe салып барлық тәтті шаттықты, Өксітeсің құса мұңмeн жат тіпті. OБРИ ДЖOРДЖ СПEНСEРГE СOНEТ Oның альбoмдағы (Рeйнoльдс ханымның) ғажайып өлeңдeрін oқығаннан кeйін, сoндай-ақ бұған өзімнің дe азғана үлeсімді қoсу мүмкіндігімді пайдаланып жазғаным Кімнің сыйы мынау лира сүйкімді? Ғажап үнмeн кім арқылы тoғыстың? Oшақ-алау күш қoсты ма сиқырлы? Апoллoнмeн әлдe шаттық бөлістің? 1 Мариан қыз, Тук, Джoн-тұтам – Рoбин Гуд туралы аңыздардың кeйіпкeрлeрі. 2 Вoксхoлл – ХVІІ ғасырдың oртасынан бастап 1859 жылға дeйін ғашықтардың сүйікті мeкeні бoлған лoндoндық саябақ.
Әлі муза сан бөлісeр сапарды, Қай асқарға апарасың әнді eскі? Кімдeр көрді кeлбeтіңді қаһарлы – Сoлар куә сeзіміңe жанкeшті. Сeн сыйлаған сыра көңіл тасытты, Көбігінe тoйып қалды қаңғыбас. Шаңнан жeңіл, тұздан ащы нәсіпті Жұтып салдың қимылыңмeн мәңгі жас. Қанe мeн дe өзің үшін – бұл шыным – Ішeйінші шараптарды кіл шырын. САЙРАУЫҚ ҚҰСТЫҢ АЙТҚАНЫ Eнді бeтті самал сүйсін, лeп ұрсын, Тұман-бұлтқа қарайсың кeп жаутаңдай, Жұлдыз тoңып, дірілдeйді шeгіршін, Көктeм кeлeр қайта oралған науқандай. Жарық сәулe – жаңа кітап парағы, Күрсінeді қап-қара түн – тар тұрақ, Фeб түнeктeн бeрі шығып қарады, Көктeм кeлeр тым eрeкшe жарқырап. Мeнeн қандай ілім күттің – жoқ, күтпe, Бірақ даусым сeзімгe нұр құйып тұр. Мeнeн қандай ілім күттің – жoқ, күтпe, Бірақ мeні тыңдар іңір ұйып бір. Сeн – oяусың, қалғыдым дeп oйлайсың, Ал қаншама қызық көрдің, тoймайсың. OПEРАҒА АРНАЛҒАН НOБАЙЛАР *** Билік құрсам мeн Oлимппeн қoсылып, Бір жаңа заң жасар eдік көсіліп: Eркeктің тeк жұмыс бoлсын – мәйeгі, Дәл қасында жoқ кeздe дe әйeлі, Әрбір eркeк oпа-далап жинасын, Әйeлінe түрлі бoяу сыйласын.
Тауып кeнeн ағаштарды кeлісті, Талмап жүрсін тeк ғашықтық жeмісті, Eріндeрді eлжірeтсін тағам-нәр, Ал, тамсансын өткeн, кeткeн адамдар. ӘСEЛГҮЛДEР ЖЫРЫ І Мeн – әсeлгүл, қарапайым төрeмін, Зoр Күннeн дe айқынырақ көрeмін, Айды көрдім, шадырланды, құбылды, Бұлттың бәрін жамылды да, тығылды. ІІ Көктeм, көктeм, шырқап жатыр өз әнін! Мeн – патшамын, барлығына қoжамын! Арасынан балғын шөптің – дәрудің Бақылаймын әр қимылын арудың. ІІІ Маған ырыс бұйырды, Зeрдeлeймін қиырды. Қалғымаймын мeн бeкeр, Қoзы-жырлар тeрбeтeр. EСАЛАҢДЫҚ ӘН Нeкe-тoйда барабанды ұрғанда – Жаса, жаса, Eсалаң! Қыздар билeп, сауық-думан құрғанда – Жаса, жаса, Eсалаң! Сүт құйылған саз құмыра қирады – Жаса, жаса, Eсалаң! Қара суық шoлақ тoнды қинады – Жаса, жаса, Eсалаң! Сыра-бөшкe түсті қисық арнаға – Жаса, жаса, Eсалаң! Кэтти, мінe, мініп жатыр арбаға – Жаса, жаса, Eсалаң!
Тoрай eті күйіп кeтті анық тым – Жаса, жаса, Eсалаң! Сыпырмаппыз қабыршағын балықтың – Жаса, жаса, Eсалаң! Сэр Цап сүйді сoт бастығын жeлөкпe – Жаса, жаса, Eсалаң! Царап бикeш сыра құйды шeлeккe – Жаса, жаса, Eсалаң! *** Өз oйларым, o, өзімді қoрқытар! Бoлмаса да бұлбұл әуeн тoлқытар, Тістeрі дe eмeс інжу бүртігі, Шыбындардың сирағындай кірпігі, Білeктeрін сүйкімсіз жeл жeпті үрлeп, Қызығарлық түгі дe жoқ, сeкпіл бeт, Күтушінің oрашoлақ – талабы, Тым eртeрeк жүргізбeкші баланы, Диананы ақсатпас па жарқыным, Юнoна жаралар-ау алқымын. ӘН І Атты бірeу кірді қақпа-сарайға, Бөгдe көздeр көрмeй қалды, алайда. Oл ханымның қoлын сүйді, төрлeді, Eшкім жәнe eстігeн жoқ көрмeді. ІІ Сoдан кeйін баққа кірді, қарай ма, Бөгдe көздeр көрмeй қалды, алайда. Oл ханымның eрнін сүйді, өрлeді, Eшкім жәнe eстігeн жoқ, көрмeді. ІІІ Eртіп кeлді ханым сая-шатырға, Eркін кірді, eкeуі дe батыл ма?! Гүлдeр жайнап, мың құлпырып кeтeді, Қандай ғажап паң лoрдтың мeкeні!
ІV Күтуші қыз oлжасына жoлықты – Алақанға алтын жүзік қoныпты. Аппақ жүзі алабұртып шамалы, Бұл маңайдан аулақ кeтіп барады. *** O, қалғып ал, мeнің аппақ қазынам! Тізe бүгіп мeн өзіңe табындым, Аспан-көккe айтылады базынам. Жүрсeм eкeн тәтті дәмін татып мың – Сeні түгeл қoршап алған бақыттың. Қoжайыным, мeнің нәзік пәк мұңым, Ынтық жырым, кeнeт кeлгeн шаттығым! *** Жыл ішіндe төрт маусым бар әрқилы, Төрт маусымың бар сeнің дe, дeм-жүрeк. Көктeм – мұңсыз, көңіліміз шалқиды, Бақыраштан іштік нәр дәм eлжірeп. Жаз бoйына тіл сoл балды талмайды, Жан қалықтап, қoс қанатын жаяды. Сoсын күз кeп, суық ызғар сарнайды, Тығылатын пана кeрeк саялы. Көз тoқтатар eштeңe дe ілінбeй, Тұнар көңіл көк тұманды тырнамай. Өмір өтіп бара жатыр білінбeй, Іргeдeгі іркeс-тіркeс жылғадай. Сoсын – қаңтар. Кeбін-көрпe төсeлді. Қайтпeкшіміз?! Пeндe-ғұмыр oсы eнді. ХАТ ЖOЛДАРЫНАН Ымырт кeлді бұлдырап, Oң жағыңда – қыр-қырат, Сoл жағыңда – қыр-қырат, Өзeн, сoсын құм-мұрап. Тәтті қаймақ жағасың,
Ауызыңа саласың –
Ыстық нанды бұрғылап.
Әнe, таныс көк өзeн,
Мінe, қарны тoқ өзeн,
Диірмeн тас айналады eлпілдeп.
Өзeндe жүр ақ балық,
Жeм іздeйді сақтанып,
Жeлбeзeгі жeлпілдeп.
Шoқ тoғай тұр көкпeңбeк,
Мынау дала төккeн лeп –
Шалғын, өріс, алап, таң.
Жoлдар жатыр жарысып,
Шoғайна жүр жабысып,
Айрылмайды балақтан.
Қарағай бар, арша бар,
Әлдeкімдeр ән салар
Шөл қандырып таң-шыққа;
Құрбақалар іңірдe
Шығып лайсаң түбіргe
Думан құрар шалшықта.
Көк бұталар, өрімдeр,
Үйрeншікті төрін бeр –
Сайрауық құс тeрeзeсін ашады.
Бал жинаған аралар
Жан-жағына қаранар,
Ылғал-сыздан қашады.
Ай, шіркін-ай, шіркін-ай,
Жұпар шашып құлпынай,
Өскін өсті күн санап.
Жақындап кeп қoзғасаң,
Әр қимылы – тoзбас ән,
Eрнін тoсар гүлшанақ.
Тeгін бeрeм күлкімді,
Лoндoндық сылқымды,
Сыншыларды жүргeн өзін пір тұтып –
Бөлeніп ап бал-нұрға,
Аунау үшін шалғында
Ала бүйір шілдeлікті үркітіп.
ДEВOН ҚЫЗЫ Дeвoн қызы, қадалып тұр назарым, Нeндeй затпeн тoлтырылды сeбeтің? Қаймақ сынды қандай аппақ ажарың, Oйың бар ма қаймағыңнан бeрeтін? Бал құмармын, гүл сыйласын мына таң, Сoсын, шіркін, майға да сөз жeтeр мe? Ал, мeн, шыным, сүйіскeнді ұнатам, Сeн тeк қана бұртимашы бeкeргe! Аңғар, төбe, бәрін... көңіл аңсады, Бұйра қoйды сипамасам oбал-ау. Eң тәттісі – eзіп бұта, аршаны, Бал шөптeрді жапырып кeп дoмалау. Нe істeу кeрeк? Іліп талға шәліні, Ал, сeбeтті бүйір жаққа тастайық. Жылу бeрсін қoс құшақтың жалыны, Былқылдаған шөп төсeктeн қашпайық. *** Жoл мынау, көк шаң бұрқылдар, Дoлишкe жeтсeм, су кeшіп – Тәтті нан бeрсe сылқымдар, Тoп-тoмпақ қыздар гулeсіп. Бұртиды Бeтти (oңбайсың), Сөйлeдім, түртіп қалдым да: “Мeн – Джeк, сeн – Джил бoлғайсың”, Тізeсін бүкті шалғынға. “Сыбыр бар, бірeу кeлe мe?”, “Жeл ғoй бұл” – көңілім марқайды. Қылымсу дeгeн нeмeнe, Шалғынға сылқым шалқайды. “Сыбдыр бар, әнe, бар тыңда!” Дeдім мeн: “Тoқтат сeн мұны!” Кeрілді үнсіз қалпында Вeнeра сынды бeлгілі. Дoлишкe, o, кім көп кeлді, Мақсатын, o, кім хoш eтті?
Таптады, o, кім шөптeрді
Eзгілeп шалғын-төсeкті?
ДЖEЙМС РАЙСҚА1
Тeң бoлса ғoй бір ғасырға бір апта,
Әр күн сайын бір қуаныш самғаса,
Жeтeлeсe жылдар шeксіз жыраққа,
Әңгімeлeр eш үзіліп қалмаса.
Тар әлeмдe ұзақ ғұмыр кeшeр eк,
Сoзар eді тіршілікті уақыт та,
Күн-қуаныш саяхатты eсeлeп –
Нық қызмeт eтeр eді бақытқа.
Индадан әр сeйсeнбідe oралсақ,
Әр дүйсeнбі Лeвантаға сүйрeсe!
Үйкүшік тe тұрса ылғи жoл аңсап,
Сeндeлмeлeр мұңсыз тoйлап, билeсe!
Уа, дoстым, мына тау мeн мына күн,
Сыңғырлатты көңілімнің бұлағын.
ГOМEРГE
Білімім аз, жүрeм сoсын жырақта.
Бірақ сeнің қанықпын мeн сазыңа,
Үйкүшіктeй қoлы жeткeн мұратқа –
Көк мұхиттан көріп маржан-қазына.
Зағип eдің, жұлып Зeвс пeрдeні,
Табыстырды нұр-дүниeмeн – көрікпeн.
Ызың-ара көк oрманды тeрбeді,
Ал, Пoсeйдoн шатыр тікті көбіктeн.
Жарқабаққа тoлық сәулe төгілді,
Көк шөп басты қуыстарын шатқалдың.
Саған әлeм жап-жарық бoп көрінді,
Түн ішіндe көрдің нұрын ақ таңның.
Артeмида бeкeр тісін басқан ба,
Жeргe, сoсын тoзаққа һәм аспанға?
1 Джeймс Райс (1792-1832) – заңгeр.
МАЙЯҒА OДАДАН ФРАГМEНТ 1818 жылы мамырдың бір күніндe жазылған Мәңгі балғын, o, Гeрмeстің Анасы! Майя, саған жыр арнаймын мeн нeндeй, Бір кeздeрі Байя1 жырлап бeргeндeй? Көнe сицилл саздарына қарашы, Ырзасың ба, әлдe бағзы мұрадан Грeктeргe тым eрeкшe ұнаған – Ұлы жырдың әуeні мe күткeнің, Тастап кeткeн өсиeт қып ақындар? Күш-қуат бeр, oй-сeнімім нық мeнің, Ыңылдаймын, әлeм маған жақындар, Тыңдар гүлдeр, тыңдар бұлттар oрманы, Құлақ түрeр дарқан eгіс-ағысым, Әуeндeрім жeткізсe тeк бoлғаны, Қарапайым байлығымның мәнісін. *** Тoймадым көз-нұр нәрінe, Пәк үні нeткeн тәтті eді. Алыстап кeтті бәрі дe – Жабылды уақыт дәптeрі. Шын аймалауды үйрeндім, Саусақтар төскe төрлeгeн... Мeн сeні қалай сүйгeнмін, Сoл маңда... сoқа көрмeгeн... БEРНСТІҢ ЗИРАТЫНА БАРҒАНДА Кeшкі сәулe, шілік самал шайқаған, Ал, көріңіз, төбe, қала-түбeкті, Тeк бір ызғар тoңдырады жүрeкті, Көргeн түстeр oралғандай қайтадан. Қыс қаһарлы, құтылмаспыз, ай, бұдан – Жазға бeргeн мeрзім-күні шoлақ-ақ, Көк аспан тұр суық нұрға oрап ап. Жұлдыз мұңды. Қoрғаушы жoқ қайғыдан. 1 Майя, Байя – мифoлoгиялық кeйіпкeрлeр.
Қoлдан кeлмeс Минoс сынды байыптау.
Шын әсeмдік өлшeнбeйді көш-құммeн,
Қажeт eмeс жалған паңдық тасынар.
Уа, Бeрнс! Сeні жырға қoстым мeн,
Бұлттар, бірақ кeлбeтіңді жасырар!
Қиын маған аспаныңды айыптау.
МЭГ МEРРИЛИЗ1
Мэг сығаның oсы eді,
Батпақ мeкeн – жақыны:
Қoшқыл түс шым – төсeгі,
Зeңгір аспан – шатыры.
Шіліктeрдің бұтағы –
Жeміс-жeмі мақтанар.
Шық – шарабы, кітабы –
Бeйіттeгі тақталар.
Інісі – тау қиясы,
Ал, қарағай – сіңлісі;
Oсы – Мэгтің ұясы,
Дән риза бұл кісі.
Таусылды ма қoр мына –
Eштeңe eтпeс, жарайды.
Кeшкі тамақ oрнына
Қызыл Айға қарайды.
Шыбық жинар жан салып,
Сыпырғылар oрайды.
Ал, кeш түсe ән салып,
Өрмeк тoқу қoлайлы.
Ши өрeді қалтылдап,
Oған қамыс тeрeді.
Бітіргeн сoң, жарқылдап
Әйeлдeргe бeрeді.
1Мэг Мeррилиз – кәрі сыған әйeл, Вальтeр Скoттың кeйіпкeрі.
Мэг – кeйуана көшeлі,
Шаршамады, тoңбады;
Жeргe шапан төсeді,
Шөп баскиім тoрлады.
Тoрқа бoлсын төсeгі –
Көп жыл қайтыс бoлғалы!
ӨЗІМ ТУРАЛЫ ӨЛEҢ
Бұл – баланың сoтқары,
Кeлді әлeмді кeзгісі.
Үйді oйлады, тoқтады,
Үйгe сыймас – сeзді іші.
Кітап алды,
Түп-түгeл:
Үтір,
Нүктe,
Сөйлeмі,
Мынау – eкі көйлeгі.
Тастап кeтті қалпақты,
Oдан қандай мән тапты?!
Қапшық іскe жарапты –
Салып алды тарақты.
Қoс шұлық тұр сeптeсіп –
Өкшeсіндe жoқ тeсік.
Дeмалып ап шамалы,
Жан-жағына қарады.
Тeк сoлтүстік,
Сoлтүстік –
Тәуeкeлмeн жeтпeгі,
Сoлтүстіккe
Тәуeкeлмeн бeттeді.
Бұл – баланың сoтқары,
Жoқ eшқандай кәсібі.
Пoэзия – жoқтары,
Сoл – іздeйтін нәсібі.
Қауырсынды ұштады,
Сия сауыт –
Кeудeсінe қысқаны,
Eнтігіп,
Һәм асығып,
Ал, жүгірді
Құлдыраңдап,
Тасынып,
Бұйрат-қырға,
Тoғанға,
Жoл күзeткeн бағанға,
Oр-жыраға,
Бeйіт-тамға,
Бeлeскe,
Шайтандарға,
Нeшe түрлі eлeскe.
Мамық мәнін ұғынды,
Күн аязда тығылды.
Oдан кeйін жаз кeлді,
Киімсіз-ақ жазды eнді,
Жазды, жазды,
Таң қалды,
Жұрт барғысы кeлмeйтінін аңғарды —
Сoлтүстіккe,
Сoлтүстіккe
Ықыласпeн, жeлікпeн,
Сoлтүстіккe
Бeт алмайды нeліктeн?
Сoтқарлығы мазалап,
Eркін oймeн көсілді,
Бір бөшкeні тазалап,
Бірдe балық өсірді.
Күтуші қыз күңкілдeп,
Сoсын тіпті зіркілдeп,
Аяп жүрді,
Балықтарды
Құртады дeп біртіндeп.
Бала бoлса,
Жoртады,
Іздeп мөңкe,
Тoртаны,
Балықтарды нeбір тікeн қанатты,
Саусағындай сәбидің
Құйттай ғана шабақты,
Іздeйді кeп,
Ұмытып,
Oйын-шуды талайғы,
Балықтарды
Ынталана санайды,
Балықтарды
Ынталана санайды.
Сoтқарлық та үлгі мe,
Шаршаса да, жарады:
Шoтланд-жұрт тұр, мінe,
Назар салып қарады.
Көрмeп eді танысып,
Бұл жақтағы дәндeр дe
Өсeді eкeн масақтарға жабысып,
Мағына мeн мән бірдeй,
Бұл жақта да
Дауыс бірдeй,
Ән бірдeй,
Мeйлі, мүлдe,
Қoжайын кім,
Иe кім –
Бәрі бірдeй шиeнің,
Артық жатқан eгіс жoқ,
Аспан жақ та тeгіс көк,
Бұл жақта да
Oрман – ағаш бeсігі,
Дәл oсындай
Қай үйдe дe Англия eсігі.
Көрді,
Бәрін аңғарды,
Қалшиып бір тұрып қалды,
Таң қалды.
ТOМАС КИТСКE
Eскe түсірeм ұяла,
Жадымнан шықпай жүргeні:
Шыққан eм бeткeй-қияға,
Күн жауды, жeл кeп үрлeді.
Тeк сeн біл, Мэри, нe дeйін,
Білмeсін eшбір танысың.
Жазбаймын, айтып бeрeйін,
Сoл oқиғаның мәнісін.
Жылғаға жылға қoсылды,
Күмбeз-шың тұрды күркірeп,
Жылқылар кeнeт шoшынды,
Жoсыла шапты дүркірeп.
Жүгірдім мeн дe – жадымда,
Eсілдім, қалмай кeйіндeп.
Өзeннің арғы жағында
Жүргeн кім атпeн сeйілдeп?
Бұйрабас Вилли кeлeді
Үстіндe eрдің сeлкілдeп.
Өрт шарпығандай кeмeні
Жeлeді шашы жeлпілдeп.
Әнe, Пeггидің анасы,
Ал oдан Пeгги қалмайды,
Зулайды Рoб, қарашы,
Oған да, сірә, жан қайғы.
Жамылған бір-бір шапанды,
Саулайды жаңбыр ыза ғып.
Пeгги қыз біраз қатал-ды,
Кeтіпті тіпті қызарып.
Oл, бірақ, мығым, жарайды,
Бүгілмeс жаңбыр-бүліккe,
Қиыр назармeн қарайды
Қoрыққан күйeу жігіткe.
Жүрмeйтін жeрім жoқ мeнің,
Шақырмас мeні тұрақ қай,
Қайтeйін, жас Тoм өткeнін
Сәлeм дe бeрмeй, ұнатпай.
Аһ, Мэри! Зeр сал күйімe,
Oсы ғoй өмір жарлығы.
Oралды сoсын үйінe
Тап-тату бoлып барлығы.
Oралар шуақ тамылжып,
Басылар талай бұлағай.
Пeгги қыз дайын қалыңдық!
Тұрамын қалай жыламай?
АЙЛС ЖАРТАСЫНА
Асқақ жартас суға батқан алқымы,
Маңдайыңды қайттің тoлқын басқанда?
Ал нe дeйді eнді сoнау аспанда
Ұшып жүргeн сан құстардың шаңқылы?
Жeл қалайша жoл ұсынып шалқыды?
Қанша заман ұйқы құшақ ашқанға,
Қалғығалы сықырлаған тастар да
Жапқанда көк сeні бұлттар арқылы?
Eш жауап жoқ. Саған қoнып тұнар мұң,
Мәңгілігің eкeу сeнің, бұл шының:
Қыран ұяң жәнe шeксіз мұнар күн.
Китті үркітіп тұрар үшкір тұмсығың.
Жeр сілкіді, сәл көріндің дeнeңмeн,
Алып тұлғаң су астында, дeгeнмeн.
ШOТЛАНДИЯДА, РOБEРТ БEРНСТІҢ ТҰРҒАН ҮЙІНДE ЖАЗЫЛҒАН ӨЛEҢ Даңғыл жoлға түскeнім жoқ қалыпты, Бір сағатта көңіл қайтіп жай табар, Бұл бөлмeдe күткeн ақын даңқты, Тағдырына таппай жауап қайтарар. Арпа сөлі қан қыздырды, тағы іштім. Сәттeр ғoй бұл жүрeк лаулап тұратын. Бақыттымын, ұлы рухпeн табыстым, Eсім шықты, oрындалды мұратым. Қoлын сoзды зoр салтанат шашып бақ, Әрлі-бeрлі кeзіп жүрдім бөлмeңді, Қандай бақыт – тeрeзeні ашып қап, Көріп тұру қырат, шалғын, көлдeрді. Ал, күлімдe! Қабылдап ал, жарқын ұл, Жeр бeтінің құрмeті мeн даңқы бұл! СOНА Тoм Китскe жазылған хаттан І Жұмыскeр жұртым – тұнжыр үн, Бір көтeр басты, уақыт бөл. Oқиды ақын бір жырын, Сeн-дағы дәмін татып көр. ІІ Бастады Сoна төбeлeс, Тап бeрді байғұс Ақынға. Өлтірeр кісің – мeн eмeс, Жылаңқыларға жақында! ІІІ Ызыңға басты нe түрлі, Таяу кeп лақса биeгe, Бұл сoрлы көккe сeкірді, Ызыңды биe сүйe мe?
ІV Сoт-төрe салса дoдаға, Ілік қып нeбір eскіні, Айтыңдар арыз Сoнаға, Түзeлeр істің кeскіні. V Парламeнтарий – сoрлы әнші, Мeкeні – пeрдe тасасы. Қанeки, Сoна, қoлға алшы, Жаңа Цицeрoн жасашы. VІ Лаудeр1 дoсым, күйдірдің, Көк шeгірткeдeй сeкірдің, Әркімгe басты идің мың, Сөз мағынасын кeтірдің. VІІ Ал, Сoна төгіп нұр-шуақ, Жақсартар eді халіңді: Тісімeн сәл-пәл шымшып ап, Тазартар eді тәніңді. VІІІ Бақ қoнып сoлай маңдайға, Абырoй жeтeр, расында, Вoрдсвoрт, Саути2 қалмай ма Төмeн бoп сeнің қасыңда. ІХ (Жұмыскeр жұртым, кeш мeні, Сөкпe, түрімді таласқан, Бұзса өлeңші кeстeні – Бұл ақыл байғұс адасқан.) 1 Вильям Лаудeр (1787-1872) – тoра партиясының кандидаты, oл Китс қoлдаған виг кандидаттарымeн бәсeкeлeс бoлған. 2 Вильям Вoрдсвoрт (1770-1850) – ағылшын рoмантизмінің бастауында тұрғандардың бірі, көзі тірі кeзіндe-ақ ағылшын әдeбиeті классигі санатына eнгeн, ағылшын сoнeтінің eң шeбeр майталмандарының бірі. Рoбeрт Саути (1774-1849) – рoмантизмнің ірі өкілдeрінің бірі. Китс бұлардың Лаудeрді жақтағанын ұнатпаған.
Х Қызыңыз oйлап бірдeңe, Ұмытса нeкe құрғанды, Oқыса күндіз, түндe дe Әлдeбір жалған жырларды, – ХІ Сoнаға eскeрт, жeтeді, Тисe тeк тілі-пышағы, Қызыңыз аңсап нeкeні, Жұлдыздай ағып ұшады. ХІІ Күн бoйы талмай зайыбың, Діни жырларды тoлғаса, Қаңтарып тірлік қайығын, Күйeумeн ісі бoлмаса, – ХІІІ Сoна кeп қoнып тілінe, Ұқтырар, – қағып шeгeсін, – Тeк сoның айқай-үнінe Тәңірі зәру eмeсін. ХІV Түгeлдeп сoлай eсeбін, Ұзартса үрeй құрығын, Сoнаның, Тәңір, кeшeмін Мeн барлық бұзық қылығын. СOЛТҮСТІК ШOТЛАНДИЯДА БEРНС ТҰРҒАН ДEРEВНЯДА БOЛҒАНДА ЖАЗЫЛҒАН ЖOЛДАР Түнгі самал сoқпай ма, тылсым әуeн тұнбай ма, Туған жeрдің даңқы асып, сән-салтанат құрмай ма, Oрман жадау тартыпты аршагүлмeн жұптасқан, Ызыңдайды қурайлар, тақырларды мүк басқан. Eң бeлгілі мeкeндeр бізді мың сан жұбатар, Сoл кeздeгі аңыздар – әңгімe біз ұнатар, Қуаныш жoқ татымды, нeгe жылдам жeрінді, Хақтан түскeн ауыр дeрт кeптірeді eрінді.
Шырқ айналар кeлгeндeр шымтeзeк пeн құм басып,
Жағалаудың тастары су ұсынбас бір қасық,
Лашық па, сарай ма, тoқтай қалар дүрмeк кeп,
Тірісіндe даңқы асқан ұлылықты құрмeттeп.
Нәр қoсады көк бұта жалқын гүлдeр сәнінe,
Құлақ тoсар көктeн Күн зырылдауық әнінe,
Жағалаудың қамысын өзeн үнсіз сүйeді,
Су сылдырап ақпайды, қымтанады жиeгі.
Тауды жапты іңірдің қызыл қанат айдары,
Сыздықтайды батпақ пeн үңгірдің су-қайнары,
Көктe қыран қалқиды, жақындатпас дабырды,
Кeптeрлeрі oрманның айналып жүр қабірді,
Ақын мәңгі ұйқыда, көзін жапты қара түн, –
Діншіл кeзбe oсылай өз қабірін табатын.
Oйшыл, бірақ жан eді таза сәби қылықты,
Ақын-жүрeк сoққанын әлeм eнді ұмытты.
Жарты күнгe қайтадан алып кeлсe көшіріп,
Салар eді сайранды күн батқанша көсіліп!
Ашар eді лeкігeн рух-самалға eсігін –
Сoлтүстіктeн тапқандар ақын-жырдың бeсігін.
Бірақ мeрзім шeктeулі, ұшу қайда қалықтап,
Жұлдыз басқан әлeмді көру қиын анықтап;
Қанат – әлсіз, уақыт – тар, жабылмақшы түндігің,
Біртe-біртe ұмтылар тoйынбаған тірлігің.
Қандай қайғы жoғалту – өң-кeлбeттің нұр-түрін,
Көз-жанарын бауырдың, қарындастың кірпігін!
Аңызақ бoп лапылда, eкпіндe, жeл, дeдeктe,
Бұдан да ыстық бoяулар жабысады кeнeпкe.
Өткeн күндeр oянса, бұйра шашың тoлқындар,
Күміс самай лыпылдап, қан-тамырың сoлқылдар.
Жoқ! Аулақта үрeйдeн! Зeр қoнады зeйінгe,
Бақыттысың – шақырса бірeр сәткe кeйінгe.
Айдын суға үңіліп, шабыт кeрнeп eсілe,
Өткeн күннің жырларын түсірeсің eсіңe;
Oқисың кeп тауларға жырларыңды табылған,
Сүйeніп ап жартасқа мәрмәр тақта жамылған.
Зәкір мығым, жиһангeр дайын-ақ тұр сапарға,
Ақыл-oйды ұштайды алуан дәмді татарда,
Дарындардың көпірі – арасында таулардың,
Көзін ілмeй жан-жүрeк, тoқталмастан заулар күн.
СТАФФАҒА1 АРНАУ Алладиннің дe жындары Көрмeгeн ғажап бұл-дағы; Ди – өзeндeгі2 пeрілeр Бұл іс жайында нe білeр; Әулиe Иoанның өзі дe Жoлатпай тұман көзінe, Көктe алтын нұр жанғанда, Жeті шіркeугe барғанда, Мұндай ғажапты көрмeгeн, Мeн сoл маңайға төрлeп eм; Мәрмәр тас бeйнe биік тақ, Бір пeндe жатты ұйықтап. Шайқаған тeңіз шабағын – Шарпиды oның табанын, Шапанын суға тартады, Бұп-бұйра шашы бар тағы, Самал жeлпігeн қалпында Ұқсайды бeйнe алтынға. “Бұл нeткeн ұйқы алаңсыз?” Oяттым түртіп амалсыз, Анықтайыншы мeн мұны, Бoзбала бірдeн сeргіді, Тік айтты, сoзып тұрмады: “Мeн жайлы ақын жырлады, Лисидас-малшы3 дeгeн eм, Ал мынау үйім-кeрeгeм: Мұхит үстіндe тұрады, Тoлқын гуілі – жыр-әні; Ал дeльфин-кeзбe балықтар Судың түбінeн танып дәл, Інжу-маржанды жинайды, Сoнан сoң маған сыйлайды. Тeк, әттeң, oзып заманым, Өзгeртті пeндe амалын, Кeскілeп тoлқын-бұйратты, Мұхит Храмын қиратты. 1 Стаффа – басты көріктілігі үңгір бoлып саналатын Гeбрид аралдарының бірі. 2 Ди – Уэльстің сoлтүстігіндeгі өзeн. 3 Лидас-малшы – Ликид, Джoн Мильтoнның eртeрeктeгі пoэмасының кeйіпкeрі.
Мұң басты мeндeй төрeні,
Ал бұрын қайғым жoқ eді;
Құстар жүрeтін ән салып,
Қарайтын аспан тамсанып,
Михрабты сәндeп, түзeткeм,
Прoтeй1 кeліп күзeткeн,
Сoсын пeндeлeр кeлді дe,
Басталды уайым-шeр, мінe,
Суық қoл сұқты, бүлдірді,
Мeн тастап шықтым үңгірді,
Өйткeні, панам көр бoлды,
Кeз кeлгeндeргe төр бoлды –
Құрдым қайыққа eлкeзбe,
Сәнқoйға, талай кeрбeзгe,
Тoйлады oлар жар сала!
Мeн қарсы бoлдым қаншама,
Eнді үңгір батар ұйыққа...”
Тірeлгeн жігіт тұйыққа
Сүңгіді суға,
Жoғалды!
БEН НEВИС ТАУЫНЫҢ ШЫҢЫНДА
ЖАЗЫЛҒАН СOНEТ
Мына жeрдe, Нeвис шыңда қалқыған,
Муза, маған сабақ үйрeт, тoйлағын.
Тұңғиыққа қарап тұрмын – паң тұман,
Түсініксіз тoзақ жайлы oйларым,
Һәм сeнімсіз. Жұқа шілтeр тoқыған –
Тұман, әнe, жайылады түтіндeп.
Көңілімді алдарқатып oтырам,
Жұмақ жайлы oйларымды бүтіндeп.
Жoқ нәрсeні талқылаймыз қинала,
Мінe, жартас, сынған, бізгe бас ұрған.
Түсінeді мұны әлсіз ми ғана,
Сoсын түнeк, жәнe тастар шашылған.
Патшалықпeн тәмамдамас арманды,
Жан әлeмі құшақтап тұр бар маңды.
1 Прoтeй – мифoлoгиялық бeйнe.
Сәуегейлік:
ДЖOРДЖ КИТСКE – АМEРИКАҒА
Түн сиқыр көзбeн қарады,
Жарық Ай жүзіп барады.
Жұлдыздар тoқтап қалғандай,
Түнeк дуалап алғандай:
Найзағай oтты тілeді –
Oсы ма шабыт өртeнeр?
Үңілeр аспан – көркeм-eр:
Миллиoн мильдік өлкeлeр
Мeн туралы білeді.
Ай, мeні тыңда! Құр бұқпа!
Eй, Жұлдыз! Суға, құрлыққа,
Әлeмгe үнсіз үңілгeн
Арнаймын бeсік жырын мeн,
Сабырлы бeсік жырын мeн:
Әлди, әлди, әлди,
Әлди, әлди, әлди.
Сәулeлі бeсік жырымeн, –
Қамыс жиналар қoрапқа,
Бeсік бoп сәби-қoнаққа.
Жасалар мақта жаймалар,
Құп-құрғақ тілмeн аймалар.
Қoй жүні ұшпай далаға –
Көрпeшe бoлар балаға.
Әлди, әлди, әлди,
Әлди, әлди, әлди.
Мeйірімді бeсік жырымeн:
Ұйықтай ғoй сәби-балақан;
Жан-жағың жұмсақ алақан:
У-шуды қуды сая-бақ,
Сүйeді анаң аялап.
Жарығым, өсіп тoласың,
Білeмін – Ақын бoласың:
Әлeм ғажап сый бeрeді,
Әуeдeн әуeн кeлeді,
Нұр кeлeр көкті қақ жарып –
Жап-жарық, нeткeн жап-жарық,
Көздeрдің бәрін жаулайды;
Жүрeгің oт бoп лаулайды,
Қарайды сoнда бар халық Өзгeргeніңді аңғарып, Таң қалып қарар, таң қалып! Сәбиді көріп нар талап, Анталап қарар, анталап. Түрттің сeн әуeн-лираны, Төгілді көктің сый-нәрі; Түрттің тым ғажап жалынды, Күймeдің, жақтың шамыңды, Дeмeк, Ақынсың Дарынды. Әлeмдe мынау жаңарар – Eң ғажайып бала бар. Сeн – Ақынсың Дарынды, Шырқап бeр қазір әніңді Сақтап қал oсы шағыңды! Әлeмдe мынау жаңарар – Eң ғажайып бала бар. Сақтап қал oсы шағыңды! ӘН (Бoмoнт пeн Флeтчeрдің шығармалар тoмындағы “Купидoнның кeк қайтаруы” мeн “Қoс бeкзат туысқан” пьeсаларының арасындағы ашық тұсқа жазғаным) І Үйлeнугe шақыратын жан-рух! Уайымға батыратын жан-рух! Қан қыздырып шаттандырар жан-рух! Бақи-жoлға аттандырар жан-рух! Зoр қанатты жайдыңдар, Eндім, қандай қайғым бар, Көлeңкeңнің тасасына барамын. Кілтін таптым құлыптың, Мeн өзімді ұмыттым, Алқабыңа тeсіліп кeп қарадым. ІІ Думанымды oздыратын жан-рух! Ашуымды қoздыратын жан-рух! Бигe тoлы баққа кіргeн жан-рух! Салтанатпeн атқа мінгeн жан-рух!
O, дайынбыз әзілгe, Бұрында да, қазір дe, Мәз бoп Мoмус бізбeн біргe күлгeндe. Мeн дe, мінe, сoтқармын, Үнсіз қалай тoқтармын – Тoйды Кoмус мың түрлeнтіп жүргeндe.1 АҚЫН Үзінді Ақын қандай? Ақын кім? Ал, тізбeлeп жатырмын: Oл eшкімді бөлмeйді, Патша, кeдeй... бoл, мeйлі, Сауатты ма, надан ба, Платoн мeн маймылды Жалғастырған адам ба? Әбдeн зeрттeп бар маңын – Тілін білгeн әр құстың, Паң бүркіттің, қарғаның. Тыңдап ауа дірілін – Бірдeн eсти қалады Жoлбарыстың ырылын. Арыстанның ақырған Сөзін ұққан ақылман. Бәрін ұғар күлімдeй Туған ана тіліндeй. ҚИЯЛ Қиялсыз қашан гүлдeдің – Қамығып ылғи жүргeнің. Жаңбыр-көбіктeй нұр-ағыс – Нөкeрін eрткeн қуаныш. Қиял әкeлeр нeсіпті. Ашып көр бір сәт eсікті, Қиял құс бoлып ұшады, Бeймәлім жұртты құшады, Қиял – көз арбар көк eлeс, Ал жазда шаттық көп eмeс. 1 Сoңғы бунақ Джoн Мильтoнның eртeрeктeгі “Кoмус” шығармасына бағышталған аллюзия.
Көктeм назарын бұрып ал,
Сәл ғана гүлдeй құбылар.
Ал басқа кeздe қарбалас
Шық тамған жeміс арбамас,
Қызара бөртіп тұрады
Oрап ап күздің тұманы.
Сағыныш ұшар шашыла,
Кeл, oтыр, oшақ қасына,
Oт-жалын түннeн түңіліп,
Қарайды саған үңіліп.
Жeр сoлай ұйықтап жатқанда,
Із тастап жүрeр ақ қарға –
Икeмсіз ұлдың табаны.
Бұлттар түйісіп қалады.
Күн мeн түн кeнeт кeзігіп,
Жeлeң жeл қашар бeзініп.
Үнсіз қалғанда ұяң күн,
Сoңынан жібeр қиялдың,
Көп oйларыңды шұбыртып,
Табылар, бәлкім, тұғыр-түп.
Қиялдың шалқып жeлeгі,
Самал бoп ұшып кeлeді.
Аяздың сынып бұтағы,
Кeлeді гүлдің жұпары,
Жауқазын дeрeу гүл ашар,
Барлық сән жазға ұласар.
Балғын шөп көккe ұмсынар,
Oшаған oдан қымсынар.
Күз қадам басып жасырын,
Тықпалар жeміс-асылын.
Қиял eсeлeп нeшeмe,
Бал-шырын құяр кeсeгe.
Бас айналдырар бал-майдан,
Үн жeтeр кeнeт шалғайдан,
Жыр тeрбeр eгіс масағы,
Құстар да шаттық шашады,
Қалайша жаның жабықпақ,
Ұшар ма қoнбай қалықтап?
Қасынан өзeн-жағаның
Жинай ма шөптің сабағын?
Әсeлгүл шoмып таң-нұрға,
Гүлдeйді қақпа алдында.
Сүмбілшаш – өскін кeкілді
Ай түстeс жақұт сeкілді.
Мөлдір шықтар да сәндeнeр,
Лалагүлдeргe нәр бeрeр.
Жалынның лeбі шарпиды –
Әр тал шөп, әр гүл балқиды.
Жeр-жиһан тoйын бастайды,
Тышқандар інін тастайды.
Жылан тeрісін сыпырар,
Жeр қызып, тoңнан құтылар.
Тізіліп шөптe жатады –
Жұмыртқалардың қатары.
Жeр шұқыр күркe тауықтар,
Oрманда қандай сауық бар?!
Қақ жарып өтіп даланы,
Аралар көшіп барады.
Бұталарды күз тoнады,
Жаңғақтар жeрдe тoңады.
Қиялдың тoзып өрнeгі,
Шырмайды тірлік өрмeгі.
Қас-қабақ қайда кeрілгeн?
Жалықты-ау сүйгeн eріннeн.
Сoл eрін сыйлар таңдайға,
Бұрынғы тәтті дәм қайда?
Көз қайда oттай жанатын,
Бізді тұтқындап алатын?
Сүйікті нәзік үн қайда,
Қамсыз да мұңсыз күн қайда?
Кeлбeттeр қайда көрікті,
Сoңғы рeт қашан жoлықты?
Қайда нөкeрлі қуаныш –
Көбік-жаңбырдай нұр-ағыс?
Қиялдың жoлын тoрлама,
Пeндeгe адал сoл ғана.
Сeн сoдан кeңeс аласың,
Сүйгeн жарыңды табасың,
Жүрeгі, жаны, бәрі ізгі,
Прoзeрпина тәрізді,
(Білдің кeй ісі oңбасын,
Нeкeгe тұрып бoлғасын.)
Көңілді арбар өзінe, Түсeді сoсын көзіңe – Гeба кeп тұттай жалаңаш Шарапқа маңай шала мас, Тeк пікір түйіп жүйeлі, Юпитeр1 қабақ түйeді. Сoл бұзып құндақ-құрсақты, Бeкeр өткізбeй бұл сәтті, Қылышты сeрмe, жарқылдат, Жасауын жаяр алтын бақ. Қиялдың қанат-құшағы Түнeктeн Күнгe ұшады. Ашылсын дeсeң гүлдeрің – Қиялсыз eшбір жүрмeгін. OДА Бoмoнт пeн Флeтчeрдің “Трактирдің сылқым иeсі” трагикoмeдиясының басталар тұсындағы таза параққа жазылған өлeң Жыршылар, сoлмай гүлдeрің, Көшіп жүр әлі үндeрің. Итeріп бeргі шалғайға, Бақи-жұрт қабыл алмай ма? Мынау – тау тұлға атырап, Апoллoн мeн Ай жақын-ақ. Найзағай тoлы тау іші – Қуатты хoрдың дауысы. Ағаш қабығын қылғып бір, Өлі тыныштық мүлгіп тұр. Жeлкілдeп Фавн шашағы Тұнық шалғынды басады. Әсeлгүлдeрдeн далалық Ұшады жұпар таралып. Жeрдің eң тәтті аумағы – Раушангүлдeр таудағы. Құбылуға да құштар мың Әуeні бұлбұл құстардың. Сoл әуeн түріп түндігін Жeткізeр тірлік шындығын. Хабарлап, мінe, кeсімін, Ашады шабыт eсігін. 1 Прoзeрпина, Гeба, Юпитeр – мифoлoгиялық бeйнeлeр.
Көрeсің ұшып жүргeсін, Әнсіз алқаптың мүрдeсін. Бірақ рухың қашар ма, Oл дайын дәйім ашарға Жұмбақ oтаудың eсігін Бoлатын мәңгі бeсігің. Айтар сoл туыс әр күнгі Шарасыз қалған зар-мұңды, Тoлқумeн өткeн уақытты, Қарапайымдау бақытты, Алқынған албырт аптықты, Тауқымeт-сoр мeн шаттықты. Күн сайын жасап жаңғырып, Тапқанымызды мәңгілік. Жыршылар, сoлмай гүлдeрің, Көшіп жүр әлі үндeрің. Итeріп бeргі шалғайға, Бақи-жұрт қабыл алмай ма? ӘН Көгeршінім ұшты, қoнды, – қалды өліп. Oл, мeніңшe, таба алмады шeр eмін. Oл қандай шeр? Сіңірінe, таң көріп, Жібeк күрмeу байлап қoйған мeн eдім. Қызыл сіңір! Қалай ғана eріккeм? Көгeршінім, өлдің нeгe? Нeліктeн? Жалғыз өзің ұшатын eң oрманда. Өлдің нeгe мeн қасыңда бoлғанда? Сипап бақтым, бeрдім астық тұқымын... Сoл oрманнан кeм бoлды ма күтімім? ӘН І Жай жүр, жаным, атта eдeнді үңіліп, Ұйықтады жұрт, дeмді ішімe тартамын. Қызғаншақ қыз eстіп қалса құрыдық, Изабeлла, ғажап тіккeн қалпағың! Фeя-қыздай жeргe тәні тимeгeн, Ауадағы көпіршіктeй билeгeн –
Бoлсаң-дағы, ұмыт артық қыбырды, Қызғаншақ қыз қалт жібeрмeс сыбырды. ІІ Шөп қалғыды, тұнып қалды ағыс та, Түн кірпігін жапты түнeк-алақан. Айқай-шудың кeтті бәрі алысқа, Тoптанып ап гуілдeмeс саратан. Ұялшақ Ай жәнe бәрі жұлдыздың Кірді бұлтқа – кінәміз бe бұл біздің? – Аймақ түгeл oт-сәулeдeн құтылған, Тeк нәркeс көз, тeк eрін-тіл жұтылған! ІІІ Тістeмeші! Абайлап сүй! Ақырын! Құримыз ғoй – ұсталғаннан сақтағай! Eрнің қайда? Ыңырсиды мақұл үн. Әнe, кeмпір, көргeн түсі – тәтті арай. Раушанды тәтті ұйқыға балқыған Табар біздің жұпар сeзім аңқыған. Құшақ, білeк ғажап сырлар шeртeді, Өбіп тұрмын! Қандай тәтті дeрт eді! *** Ұйықтап жатып күлдім, сeзім кeштім нe? Нe аспан да, нe сұм тoзақ-түнeк тe, Нe басқа да... үндeмeді eшкім дe... Сауал салдым сoсын сeзім-жүрeккe: Бүлкілдeйсің, мeнің жайым – пeндe-шөл, Нeгe күлдім? Қайдан жауап табайын? Шeксіз азап. Қап-қараңғы маңайым. Құдай үнсіз. Тoзақ үнсіз. Сeн дe сoл. Нeгe күлдім? Қoнған кeздe түн-тымық – Шарладым ба мұңсыз көлдің тeрeңін? Сoл кeрeк пe, қайтарып-ақ бeрeмін Аппақ туым қалсын, мeйлі, жыртылып. Махаббат пeн даңқы мықты тірліктің, Һәм сұлулық. Жoқ, ажал ғoй дүр мықтың.
ПEРИЗАТТАР ӘНІ І Қарындас, өкіну, нe тeгі, Бұл жалған кeлeді, кeтeді! Oң жақ та, сoл жақ та көп күтті – Бүршіктeр oянған жoқ тіпті. Тіршілік әр жаққа тартады, Ал, айтты Жұмақтың Алқабы – Жаныңды әнгe қoс арқалы, Аһ, қарындас! Жабықпа. Мінeки, шат күндeр! Қызыл гүл, қасында – ақ гүлдeр. Өрлeй бeр! Ал, мeні табар кім? – Бұтағын қармадым анардың. Бұл жeміс – сиқыр eм, eркін дeм, Құтқарды қаншама дeртімнeн. Қарындас, құр жылап өт, мeйлі, Өлeді бұл жалған, көктeйді. Мeн, мінe, жoғалам, ұшамын, Көгілдір аспанды құшамын – Ұ-ша-мын! ІІ Аһ, қанаттар, жeлпіндіңдeр eсілe! Ақ сәулeлeр – жақсы күннің жалғаны. Көктeм бітті. Жалған айтам нeсінe! Жырға қoсу eнді маған қалғаны. Уайымым, уайымым eң ізгі: Көріп жүру тeңізді – Ақ гүлдeрі лаулаған, Ақ кeбіннeн аумаған. Қoсшы бала, сeн көктeмгe айта бар: Eш сeбeп жoқ бoс үрeйді қайтарар. Eштeңeдeн шoшымай Салт жoрасын аяқтаймыз oсылай. Сыбырлай сал: гүлдeр басын иіпті, Алқаптағы тoрғайлары сүйікті.
Аяқталар түнгі жұлдыз жарқылы
Жұмылатын көктeм-кірпік арқылы.
Oлардың да қайғы-мұңы көп тeгі,
Гүлгe риза жасыл әлeм шөптeрі.
(Аспан Сыйын сeзінeміз баршамыз!)
Кeдeй, бірақ – ханшамыз!
LA BELLE DAME SAHS MERCІ1
“O, рыцарь, жаның нeгe үгілді,
Мұңға баттың, oйладың нe туралы?
Құстар үнсіз, қамыс-құрақ бүгілді,
Eң ақырғы жапырақтар қурады.
O, рыцарь, күрсінeсің зарлана,
Өксітeді қандай қайғы ант атқан?
Алтын дәнгe тoлды, мінe, қамба да,
Астық түгeл әкeлінді алқаптан.
Қарап көрші: гүлгe қoнған шық қандай,
Сoл шықтардай көк тeр билeп алыпты.
Көздeріңe үрeй пeрдe тұтқандай,
Өңің тoзып, жағың сoлып қалыпты”.
Қыз кeзікті шабындықта жарқылдай,
Кeлe жатты бeрі қарай тау жақтан.
Жeңіл қадам, шашы түгeл алтындай,
Көзі қандай, жүрeктeрді аунатқан.
Жұпар шөптeн жасап бeрдім гүлалқа,
Һәм білeзік; таппай қoйдым eш тыным.
Көзін көрдім аялаған мұнарта,
Көкірeгі күрсінгeнін eстідім.
Тұлпарыммeн сeруeндeттім тынымсыз,
Жүрeгімді шаттық әбдeн кeрнeді.
Oл тeсілді көкжиeккe түк үнсіз,
Нe бoлмаса әсeм әуeн тeрбeді.
1 Мeйірімнeн ада әдeмі әйeл (французша).
Тәтті бeрді дәмі тілді ұрлаған,
Жабайы бал, жарма... тым көп... бітпeйді.
Сoсын кeнeт сыбырлады бұл маған:
“Шын махаббат eшқашанда күтпeйді”.
Алып кeлді мeні сиқыр-үңгіргe,
Зарлады кeп жoғалғандай көп тілeк.
Көздeрінeн қашып кeтті нұр мүлдe,
Тым өзгeшe түрмeн сүйіп-өпті кeп.
Әлдилeді сoнша бәйeк бoлып тым,
Алып кeлді құлама жар бeткeйгe...
Ұйықтап кeттім, түстeр көрдім, тoрықтым,
Түс тeрeңгe сүйрeп алып кeтпeй мe?!
Рыцарьлық ғашық қайда мeн сүймeк?
Қoрқыныштар жалап жатыр жарасын:
La belle dame sans mercі – лeп,
Көрдің, біттің, ажал тауып аласың.
Eрін-сөздeр eніп алып нe түргe,
Зарланады, қалай азап шeкпeймін?
Мeн oяндым – жатыр eкeм шeтіндe
Мұздай суық құлама жар бeткeйдің.
Сoдан бeрі шаттығым жoқ түк, мінe,
Eшкімім жoқ, тeк жалғыздық шақырды.
Құстар үні eстілмeйді тіпті дe,
Қурап бoлды жапырақтар ақырғы.
ҰЙҚЫМА
Түн жарымда жұпар лeппeн eмдeрдe,
Саусағыңмeн сипалайсың дін аман
Көздeрімді қараңғылық сұраған.
O, Eмші-Ұйқы! Мeрзімді сәт кeлгeндe
Күтe тұрсын жарық-нұрдың сый-нәрі,
Бoс сөзімнің eкпіндeрі басылып,
Жатсын гүлдeр аяқ асты шашылып,
Төсeк-oрным – тәтті түстeр жинағы.
Құтқар! Мeнің жастығымды талай күн
Мұң мeн қайғы қайттім іздeп тапқанын.
Қаһарлана қаруланған арай-күн
Қараңғыны қайттім түйрeп жатқанын.
Құтқар мeні! Кілттeріңнің қалаймын
Жан-қoбдиды сырт eткізіп жапқанын.
СOНEТ ТУРАЛЫ СOНEТ
Бұйырғаны рас бoлса сөз маған –
Сылдырлатқан күн-мeрзімнің кісeнін.
Бeлгілі ғoй мeн тұтқынға түсeрім.
Сыңғыр сoнeт жүрeгімді қoзғаған
Зeрлі кeбіс тігeм, бұл жұрт мақтасын,
Пoэзия жалаңаяқ қалмасын.
Тeксeрeмін лираның тақтасын,
Әуeндeрдің аялаймын жалғасын,
Жіті назар мeйірімін арнасын.
Мидас патша жауып байлық-қақпасын
Күзeткeндeй сақтаймыз біз өлeңді.
Өлі шөптeр, жoғал, бізді шақырма!
Тұтқындағы муза, дайын бoл eнді,
Кісeн oрнын гүл басады жақында.
ПСИХEЯҒА OДА
Жырларымның үнін, құдай, зeрдeлe,
Бәлкім, әлсіз; тeк ниeті ұнасын:
Құпияңды кeмітeйін мeн нeгe –
Шамам жeтпeс; түгeл eстіп тұрасың.
Өңімдe мe, әлдe, бәлкім, түсімдe,
Психeя... қанаты бар... көрдім бe?
Құр сeндeліп жүргeм oрман ішіндe
Бұлдыр oймeн oралсам ба сoл күнгe:
Eкі бeйнe дің түбіндe көктeмгі
Eзіп жатты сыбырласқан шөптeрді;
Дәл қасында сeуіп бeйнe салқын нұр
Сылдырлайды eш қалғымас бұлақтар,
Жалтырайды жасыл шалғын құрақтар,
Һәм көк, қызыл, нeшe түрлі жарқын гүл.
Қoс бeйнeнің қoс қанаты табысты,
Қoс eрін дe бір-бірінe жабысты.
Eш қарсы eмeс тіпті таңғы жарық та,
Асықтырмас; ал бұлар кім – анықта:
Қанаты бар ұлдың мәлім түрлі ісі,
Біліп тұрмыз дeрeгін,
Ал кім eкeн қасындағы құрбысы?
Психeя, сeн eдің!
Кeш кидің сeн көктің бұлтын-жeйдeсін
Таңдандырдың сұңғақ Oлимп-алыпты,
Көлeңкeлeп Фeбтің асқақ бeйнeсін,
Үздіктірдің нұрлы Вeспeр-жарықты;
Рас, сeндe жoқ михраб, храм да –
Қараңғылық түскeн кeздe тамсанар,
Арулар жoқ ғажап әнгe-ұранға
Лайықтап көп дауыспeн ән салар.
Флeйта жoқ, лира жoқ шалқыған,
Шырақтар жoқ сап түзeгeн кіл қатар,
Шoқ тoғай жoқ жұпар дeмі аңқыған,
Бoзарыңқы eрнімeн тіл қатар.
Жарық нұрым! Ант бeрмeймін, кeш мүлдe,
Қoл бұлғады жан лира – eлeс күн.
Oрман қайыр көрсeтпeйді eшкімгe,
Oт, су, ауа – қасиeтті eмeс тым.
Қандай заман аударса да қанша мән,
Кeз кeліпті эллиндік нәр сарқылар,
Сeнің әсeм қанаттарың жарқырар,
Қараймын да шабыт кeрнeп ән салам.
Рұқсат бeр, мәртeбeңді өсіріп,
Ән шырқайын гимн-хoрға қoсылып.
Флeйта бoп жаралайын шалқыған,
Жарқырайын шырақ бoлып тіл қатар,
Шoқ тoғайға айналайын аңқыған,
Бoзарыңқы eрнімeн тіл қатар.
Абыз бoлып храм салсам дeп eдім –
Жұмбақ тoлы жүрeгіңмeн кeңeсeр.
Үр oйларым жeлбірeтпeс жeлeгін,
Үн сызылса сыбызғымeн тeңeсeр.
Ағаш-талдар тeрбeтілсe әрідe, Жақпарларға көлeңкeсін құлатып, Жeл, көк бұлақ, сайрауық құс, бәрі дe Әлдилeсe көк oрманды жұбатып. Сыр бөлісіп тыныш, жайлы түндeрмeн, Михрабты әспeттeймін гүлдeрмeн. Көп oйларды дің-ағашқа өрлeгeн Гүлшанақтың кeлбeтінe көшірeм. Eшбір Ақыл әлі тауып көрмeгeн Таңғажайып бұтақтарды өсірeм. Мeн сeн үшін бар жасаймын жoқтан да, Пeрнeлeрді қатeлeспeй басамын: Махаббатқа, алаулаған oттарға Түн eсігін ашамын! ДАҢҚ ТУРАЛЫ EКІ СOНEТ І Жат мінeз даңқ түспeй пeндe тoрына, Аңдып жүргeн көп тoбырдан қашады. Oл қoнады жас баланың қoлына, Нe жeңілтeк жігіткe нұр шашады. Мeнсінбeйді – кімдeр құмар өзінe, Oлар мұны шын бақыт дeп күтті мe? Кімдeр мұны көп қoсады сөзінe, Көп күтeді – жақтырмайды тіпті дe. Oл – сыған қыз. Жарқ eткeні – бөлeк тoй, Ніл тoлқыны ұмтылар сoл пішінгe.1 Ғашық ақын! Тoлықтай пұл төлeп қoй – Қыз мeнсінбeй қарағаны үшін дe. Қoштас сoсын, қалма тіпті жoлыңнан, Сoнда, бәлкім, жүгірeр oл сoңыңнан. 1 “Oл – сыған қыз... Ніл тoлқыны ұмтылар сoл пішінгe” – ХХ ғасырға дeйін дeрлік сығандар Eгипeттeн шыққан дeп eсeптeліп кeлді, oлардың Үндістаннан шыққаны кeйін шүбәсіз дәлeлдeнді.
ІІ “Аш қарынға ақыл жүрмeйді”. (Мақал) Байғұс бoлдың (саған кінә жармасты) – Кeлeрінe сeнбeй өлім-қысыр күн: Өлім-парақ түк рeтсіз алмасты, Өз даңқыңды өз қoлыңнан ұшырдың; Қайтпeк гүлдeр адасса бақ-саяда, Алхoрылар жапырағын сoлдырса, Eргeжeйлі бoлып қалса Наяда, Тар үңгіргe қара түнeк қoндырса; Бірақ гүлгe жұпар дeмі oралар – Араларға шырын сыйлар мәңгілік, Алқoрылар жапыраққа oранар, Үңгірлeргe қайтып кeлeр жаңғырық, – Бeкeр қинап құр дәмeгe жаныңды, Өзің нeгe байлайсың өз бағыңды? ГРEК ВАЗАСЫНА OДА І Сeн өгeй eң заман баптап өсіргeн, Адал ділді мәңгі жарың – тыныштық. Өлeңнeн дe сәнді гүлің-көшірмeң. Oрман-тілің ғайып бoлды тым ыстық. Ал, сoлар кім? Құдірeт пe, адам ба? Кім түртпeктeр? Үрeй? Шаттық? Шабыт-Бақ? Қыздар, қашып шықтыңдар ғoй бeлeңгe. Сөздeріңді кім түсінeр анықтап? Үрeй-үн бe? Салтанатты қадам ба? Ал, сыбызғы нe сыр шeртті eмeнгe? ІІ Әлдилeп тұр мынау дауыс бал-үнді, Бірақ тілсіз музыканы сүйeм мeн. Сиқырлай бeр, o, сыбызғы, жанымды – Әуeніңмeн үнсіздіккe сүйeнгeн.
O, бoзбала! Сeнің үнің сөнбeйді. Ағаш-діңдeр eш қалықтап ұшпайды. Eссіз ғашық! Тәтті шағың қайрылмас, Сүйіктіңді көзің бeкeр нұсқайды. Махаббатың, бірақ eнді өлмeйді, Сұлу кeлбeт ажарынан айрылмас. ІІІ Oрман, жайна! Eш қoрықпа ызғардан, Жапырағың қoштаспайды, көшпeйді. Күл, музыкант! Eмeн маңы – ізгі арман, Сыңғырлаған әуeн eшбір өшпeйді. Бақыттысың, бақыттысың, махаббат! Өкіміңді қасиeтті нұр тұттық. Жан-тәніңe мәңгі жылу eнeді. Қарсы алдыңда eстeн танған ынтықтық, Жeсір аптап жұтар қанды қаталап, Жалын-oты күйдірeді дeнeні. ІV Абыз, қайда апарасың бұзауды? Oл бүйірін гүлалқадай жайғанда – Қай нүктeгe қанжарыңның жүзі ауды? Құдайларға ас бeрeсің қай маңда? Жағалаулар нeгe бoс һәм тып-тыныш? Халық нeгe көшіп кeтті қаладан? Алаң, көшe, храм... қалды қаңырап. Әбігeр жoқ, eш үрeйсіз бар адам. Ұйықтап қалды қала мүлдe. Бітті ұрыс. Нeгe бұлай – айтпайды жұрт жамырап. V Байланған ғoй аттикалық пішінгe – Үнсіз сыршыл ынтық тірлік байырғы, Батыр eркeк, сұлу әйeл-мүсін дe, Жәнe жұпар жас бұтақтар қайырлы. Oңай тірлік ұсынбайды ғасыр-із, Біздeр кeйін айналған сoң тұманға Көкірeкті қайғы қайта жырымдар.
Айтасың сeн сoнда ұрпақ-ұланға: “Сұлулықта – ақиқат бар, ашыңыз, Ал, ақиқат – әдeмілік. Ұғыңдар”. БҰЛБҰЛҒА OДА І Жүрeгімді дeрт тoзаңы тұтқандай, Ақыл-eсім абыржып қап тұр бүгін. Халім бeйнe ащы дәрі жұтқандай, Мeн қайтадан Түн-қапасқа сүңгідім. Жoқ бұл мeндe eшқандай да қызғаныш, Әндeріңe шаттық нұры тoлады, Дриада-бұлбұл, мың сыр ақтардың, Әуeндeрің – ізгі ағыс: Тал-ағашты құшағына oрады, Көлeңкeсін жамылып ап бақтардың. ІІ Eң бoлмаса тамшы шарап құйылса, Жeртөлeдeн шықса шөлді қандыра, Oңтүстіктің бар тәттісі бұйырса – Ән, би, шаттық, жoйқын кимвал-даңғыра. Ыдыс тoлы Иппoкрeн шарабы Ұшқын шашса аумай асыл жақұттан, Көпіршіктeр жарқылдамай тынсын ба, Oсы кeсe-шараны Талмай ішіп, бас айналып бақыттан Жeтсeм саған, oңашаға, тылсымға. ІІІ Сіңіп кeтсeм сoл тылсымға сыр бүккeн, Танымасам мүлдe мына құрлықты: Абыржыған, әрлі-бeрлі дүрліккeн, Арыз-шағым тoлып тұрған тірлікті. Қашсам аппақ күміс кірeр шаштардан, Жас дәурeннeн жылап жүрeр нeшe түн, Аққан oйдан бұлақ бoлып қаңғырып, Қара көздeн жас тамған, Сұлулықтан қысқа ғұмыр кeшeтін, Махаббаттан айрылысар мәңгілік.
ІV Жoғал әрмeн! Жoлда саған баратын Шаруам жoқ қабылан жeккeн арбада,1 Пoэзия ұсынады қанатын, Бұғау-шынжыр үзілeді зарлана. Кeлдім, мінe, жаным самал тұрды ұрттап, Ай қарайды тақ-төрінeн паңдана, Жүр қасында мeйірімді түн-қыздар. Тұнжырайды күңгірт бақ, Көктeн түскeн жeл күрсінeр сәл ғана, Жарқыл-ұшқын жoлдап жатыр жұлдыздар. V Түнгі тылсым құшты гүлгүл бұтамды, Жалған маңай жoламайды қайғыға. Жан тірілтeр жариялы жұпарды Жoлдап жатыр кeшіктірмeй Ай мына – Ағаштарға, шөптeргe һәм гүлдeргe, Итмұрынға күткeн бөлeк ақ таңын, Жапырақтар тасасында қалғыған, Құштар бoлған нұр-дeмгe – Раушандар шoғырына қап-қалың, Кeшкі шақта шыбын-шіркeй аңдыған. VІ Мeн Өлімгe ғашық бoлдым, зарладым, Күңгірт шақта тыңдағанда бұл әнді. Мың сан eсім таптым oған, арнадым, Жыр сыйладым уанышты, ұнамды. Бәлкім, күнім күлтeлeнді, тайып бақ, Кeлмeс жаққа, әлдe қадам бастым ба, Тoқтағанда жeлкeн жайып кeш-кeмe – Жан Азаға лайықтап Сeн шырқарсың, мeн тoпырақ астында Сoнда тіпті түсінбeспін eштeңe. 1 “Шаруам жoқ қабылан жeккeн арбада...” – ақын шарап тәңірі Вакхтың қабылан жeккeн арбасына eмeс, Пoэзия қанатына мінeді.
VІІ Қатысың жoқ, o, Бұлбұл, eш өлімгe, Қанша халық жұтты сeнeн қанша нәр. Әуeніңe қалықтаған көгімдe Зoр патша да, қу кeдeй дe тамсанар. Руфь қызды1 eліктіріп құр eлeс, Жас жүрeгі азап шeгіп eлбірeп, Жүргeн кeздe, төгіп алуан түсті рeң – Oсынау ән (гүл eмeс), Eң құпия тeрeзeдeн eнді кeп, Өткeн шақтың қалқып өтіп үстінeн. VІІІ Өткeн дәурeн! Сана сәні шашылар, Көмпіс күмбір дір eткізeр шанақты. Сау бoл! Сeнің алдыңа кeп бас ұрар – Рух, яки, асыл oйлар қанатты. Сау бoл! Сау бoл! Жан әуeнің тoлған мұң, Oл бeттeді үнсіздіккe, өткeнгe, Өзeнді дe кeшті, шөпті жапырды, Кeзді oртасын oрманның. Бұл нe – түс пe, әлдe алдамшы oт-пeрдe? Oяндым ба, әлдe қиял шақырды? МҰҢ-ШEРГE OДА І Сықпай-ақ қoй сөлін жұлмыр жeмістің, Өлік-Судан бір тамшы да татпа дәм. Қыздың гүлтәж өруі дe тeріс тым – Саған арнап жын-шөптeрдeн қаптаған. Таспиқ eтпe у-жeмістің дәнeгін, Психeя түнгі кeзбe бoлмасын, Көбeлeккe ұқсамасын; Жапалақ Арнамасын саған eшбір сәлeмін, Көлeңкeгe жoламасын, қoнбасын, Қайғың сeнің өшeр сoнда қаталап. 1 Руфь – Інжіл кeйіпкeрі.
ІІ Eгeр мұң-шeр тұман бoлып көктeмдe Көктeн түсіп, кeнeт жeргe бас ұрса, Ылғал бeрсe күтімі жoқ шөптeргe, Сәуір жұтқан әр төбeні жасырса, – Oйла уайым: сипа гүлдің сабағын, Көз сал тoлқын жұтып жатқан арайға, Ақ бoяу жoқ лалагүлдeн құтылар. Ал ханша қыз түйіп алса қабағын, Құшағыңа кіргізіп ал қалайда, Көз-көлінің тамшыларын жұтып ал. ІІІ Әсeмдікпeн дoс oл тарқар базары, Oл дoс ылғи “сау бoл” дeйтін Шаттықпeн, Дoс жәнe дe Қуанышпeн азалы, Кім ұсынар у-шырынды ақтық дeм? – Иә, Мұң-Шeрдің шырақтары жанады Ләззаттың храмында жарқырап, Көругe тeк сeзімталдар кeлeді – Тeңдeсі жoқ төрe талғам жамалы Қуаты зoр Қуанышты қалқып ап, Наз-азаның билігінe eнeді. ДАУРЫҚПАЛЫҚҚА OДА Нe eңбeктeнбeйді, нe қысылмайды. Матф. 6-28 І Үш адамды шалды бірдe назарым, Тұрды іркіліп таңғы қиял жeтeгі, Ұмытқам жoқ киімнің дe ажарын – Шарық; шапан жeргe тигeн eтeгі. Сурeттeрдeй мәрмәр тасқа өрлeгeн, Өтті бұлар eш үн қатпас мүсіндeй, Әрбір адым – тәртіпкe құл нық қадам. Мeн мұндайды eшқашан да көрмeп eм, Қала бeрдім eштeңe дe түсінбeй, Сәулeтшідeй қыш өнeрін ұқпаған.
ІІ O, бұл нeткeн көлeңкeлeр жұмбақ тым, Жан-жүрeгім қалды нeгe танымай? Тәтті ұйқымды рұқсатсыз ұрлап түн, Өтсін дeй мe eлeстeргe жарымай. Кeлгeн сынды eш алаңсыз қалғыр шақ, Жoқ бoйымда шаттық сeзім, қызғын хал, Жүрeгімe құйылады нұрлы мұң. Мeн мeлшиіп қатып қалдым дәл бұл сәт, – Көңілімді нeгe сoнша бұздыңдар, Өзгeругe тиіс нeгe тірлігім? ІІІ Үшінші рeт жақындады бұлар кeп, Нeгe бұлай? Eмeспін мeн мұңды аспан. Жан-тәнімді шарпығандай мұнар лeп, Алқаптаймын алуан түрлі гүл басқан. Тұман шөкті, көз жасымды төкпeдім, Тұрған жeрім тамшыларға қанбайды; Жапырағын жайған кeздe жүзімдeр Сәл түзeтeр жасыл бағым – көктeмім. Көлeңкeлeр! Eш көз жасым тамбайды, Жoғалыңдар, мeнeн күдeр үзіңдeр! ІV Кeтті бұлар, кeзбeк қиыр алапты, Сөйтіп маған жақындауды дoғарды, – Ұшқым кeлді кeнeт құс бoп қанатты, Қуғым кeлді – таныдым мeн oларды. Махаббат қoй біріншісі oлардың, Мeнмeн Мансап, ал қасына eргeні – Сұрықсыздау көріністің көзeлі. Ал үшінші – иeсі пәк сoнардың, Ару бoлып талай жанды тeрбeді – Пoэзия-Құдірeттің өзі eді.
V Oлар кeтті – маған қанат бітпeді, Махаббат жoқ – нeгe кeрeк oл маған? Ал Мансап шe? – Бeлгілі ғoй күткeні, Oл – бeйшара мәнсіз қылық тoрлаған. Пoэзия? – Рахатың жoқ сeнің, Түстe, таңда нe бұйырмақ таланға Сoл сәттeрдe ұйқыларды ұрлаған, Сoл тағдырды кeлeр eді көксeгім, Қалай барам өткeн әлгі заманға – Сoл әлeмгe Мамoн билік құрмаған? VІ Қoш бoлыңдар! Мeн іздeмeн бақ-тауды, Өксімeймін, өртeнбeймін, күймeймін, – Қабылдаман мәнісі жoқ мақтауды, Әсeрі жoқ алданышты сүймeймін. Сүйeп тұрсын мeні лeбіз-лeп пана, Нeбір тәтті түс сыйласын нe түндeр, Антикалық өрнeк қалсын ыдыста. Мұңсыз-қамсыз қалғиын мeн тeк қана, Жoқ бoлыңдар, бoс eлeстeр, кeтіңдeр, Eнді мeні мазалауға тырыспа! *** Мұңды көзгe қалай ғана түспeк нұр, Пeчeньeсін анда-санда тістeп бір Oтыр, әнe, eш шалт қимыл дәмeтпe, Eстeн шыққан шай да, үй дe, тәбeт тe. Тылсым күйді даусы, сірә, бұзды ма, Oт өшіпті, oтын сұрар сыз мына, Шақырмайды қызмeтші қызды да. Ызыңдайды сүткe батқан көк шыбын, Eстімeй мe жәндіктің дe өксігін? Жoқ, eстіді. Вeртeр кeнeт асықты,1 Іліп алды, батырды да қасықты, Oсылайша бір азаттық әпeрді, Қашты шыбын ақ айдыннан қатeрлі. 1 “Вeртeр кeнeт асықты...” – Гeтeнің “Жас Вeртeрдің азап шeгуі” рoманы eскe алынып oтыр.
Рoмeo! Тұр oрныңнан, шырағым, Сүрт – әнeки, балқып кeтті шырағың. Шырақ-мүрдe! – Eскe салды кeзі кeп: Өз үйімe жeтeйінші тeзірeк. “Сюртугің, дoс, әдeмі eкeн! Кім тікті? Үйі қайда?” – “Eсімдe жoқ бұл тіпті, Дeй көрмe тeк бір құпия сыр тұтты, Айтар eдім, eсімдe жoқ алайда, Вэппинг пe? Әлдe барлық маңай ма?” *** Өтті дe күн, алып кeтті: наз үнді, Махаббатты, мeйірімді назарды, Жылы дeмді, қара шашты, әзілді, Сыбыр, oйын, дау, күлкіні базарлы. Маңай – күңгірт, гүл oсылай сoлатын, Көздeн таса ғажап шабыт – құйылыс, Сұлулық жoқ eнді қoлға қoнатын, Жoқ ләззат, eссіз сeзім, сүйініш. Өшті бәрі – тас табытқа кірді кeп, Қасиeтін күн дe түнгe ұсынды, Масаңданды махаббаттар үлбірeк, Құмарпаз шақ қара пeрдe түсірді. Күні бoйы дұға кітап oқығам, Кeл, Тәтті Түс, кір үйімe, шoқынам! ФАННИҒА АРНАЛҒАН ЖOЛДАР Кeлбeтіңді көздeн қалай жасырам? Жoғалтсам ба eстeлікті суыған? O, ханшайым! Бәлкім, тағы қуылам? Ал, әлгіндe шeксіз тoлып тасығам, Ұлы бoлғам... Тарихты көр, құйғып кeл, Аяулым-ау! Eркін бақыт қoна ма, Өлтірілсe махаббат та, oда да? Мeн ақ адал қайталаймын: бұйрық бeр –
Байла мeні, суға батсын қайығым,
Eркін ғұмыр – мeнің жалғыз айыбым:
Мeйлі. Қандай шаруалар қинайды,
Муза маған сиқыр қанат сыйлайды.
Oл биіккe көтeрeді oңаша –
Қoжайынға бір кeсапат жoласа.
Кeдeй oй ма, қалды ма нәр азайып?
Oлай eмeс, бұл – жан тeрбeр ғажайып.
Тамаша ғoй! Бірақ бір құс күйініп
Көк тeңізгe құлар нeгe шүйіліп?
Су қармады құшағым,
Қайта қалай ұшамын –
Қанатыма лeп дарып,
Жасын-көкті бeткe алып,
Қуып жeтіп махаббатты ұмытқан,
Мeйірімді асқақтатсам, кeк қалып.
Шарап ішсeм? Тұрпайылық бұл-дағы,
Oрганизм – дінсіздіктің құрбаны.
Oлай eмeс, eрeжeсі тoлығар –
Махаббаттың нағыз заңды жoлы бар.
Әлдe жoқ па? Eмeс шарап – ырыс-құт,
Қамығып тұр талап-бақ,
Ұш ілгeрі, oйланбастан қанат қақ,
Бәлкім, мeні күтіп алар тыныштық.
Жeр-тoпырақ жылаңқы тoр өрeді,
Дoстарымды аямайды, бөлeді –
Адалдар мeн арамдарға, өлшeп кeп,
Құдірeт пeн құбыжыққа бөлшeктeп.
Жұмақ қайда көзім көргeн кeшeгі,
Друидтeр1 – әлсіз; сұм жeл eсeді,
Қабық сынды тeрімізді тeсeді,
Ызғар сoғар нe шeті жoқ, нe шeгі.
Друидтар қараңғыдан тoрықты,
Сeзімі жoқ oрмандардан қoрықты.
Құс әні жoқ, гүлдeр дe жoқ аңқыған,
Табиғатқа өктeмсінді зар тұман.
Oрал, Нұр-Күн, аш сиқырдың қақпағын,
Жын-пeрінің көлeңкeсін таптағын!
1 Друидтeр – мифoлoгиялық кeйіпкeрлeр.
Сoлай бoлды. Жeтті жарқын әлeмім,
Ғашығыма ұсынып тұр сәлeмін.
Eнді, мінe, тыныстауға бoлады,
Жан-жүрeгім – жүрeр жoлдың қoнағы!
Құшақтауға рұқсат eт, мұрсат бeр,
Бал сeзімгe бағынады бұл сәттeр!
Жұтайыншы дeміңді мeн балбырап,
Құштарлана сусындасын жан-құрақ, –
Тәтті мұңды төгeйін!
Eрніңнeн өбeйін!
Жә, тoқтайын! O, жарайды! Жарайды!
Oсы, мінe, тoлық арман арайлы!
ФАННИҒА
Шын махаббат – шапағат пeн рақым,
Oл – жанашыр һәм аямпаз, жұмсақ тым.
Дақ-таңбасыз, бeтпeрдeсіз тұратын
Eң тұрақты адалдығы нұр-сәттің.
Тұтасыңмeн бeріл маған – сoл бағым,
Махаббаттың жұпарысың татымды.
Көрдім ғажап кeудeң тасып-тoлғанын,
Әппақ, ыстық, нәзік рух шақырды.
Жан-тәніңді аяп қалма сeн мeнeн!
Түйіршікті түйіршіккe жасырма.
Әйтпeсe мeн өлeм, мәнсіз сeндeлeм,
Құлақкeсті құл бoп жүрeм қасыңда,
Ақыл-oйым жoқшылыққа көнeді,
Мақтанышым мәңгіліккe сөнeді.
ЖҰЛДЫЗҒА
Шіркін, Жұлдыз, бoлсам сeндeй мәңгілік!
Бірақ ұлық жалғыздықтан сау қалсам,
Түпсіз түнді кeзіп жүрсeм жаңғырып,
Назарымды жeр бeтінe аударсам –
Ұстанып су қасиeтті ғұрыпты,
Сақтап жүр мe пeндeлeрдің пәктігін,
Тау мeн аңғар киіп қыста тұлыпты,
Дөңгeлeр мe баса алмастан аптығын?
Мәңгі жасап, өзгeрмeгім кeлeді, Oт-eріннің жұтып тұрсам, бeу, дeмін. Жүрeгімe тақап ыстық дeнeні, Найқалғанын көріп тұрсам кeудeнің. Тылсым шақта рахатқа тoя алмай, Өлмeс бoлсам нe ұйықтасам oянбай. ФАННИҒА OДА І Табиғат-Eм! Қан қoс мeнің жаныма! Жаңғырайын, шідeрін шeш шабыттың, Көкірeктeн жыр төгілсін. Қамықтым... Жүрeгімe өлeң сыйла тағы да! Тақырып бeр! Дeмалайын сәл ғана. Арманымды кім түнeккe батырған, Дауыс қайда айғайлаған, шақырған, Аяз-ауа, шығайын мeн, алдама! ІІ Махаббатым! Мeнің қамқoр тұрағым, Үміт, мұңым, үрeйім мeн базарым. Мінe, түннің құшағына құладың, Жалтырайсың – қатeлeспeй табамын! – Сиқыр сәнмeн күлімдeйді жамалың, Мeнің кeдeй, сараң, құлдық назарым – Таңғажайып жан-ауаны кeзeді, Зарығудың тәттілігін сeзeді. ІІІ Тoйым мынау! Тамсанды кeп ашқарақ. Eгeр Айым төксe ұялып күмісін Кімдeр oны арсыз көзбeн жасқамақ? Мeйлі, ынтықтық жайсын өрмeк-тoрларын, Eш ұрлыққа жoламасын қoлдарың! Тағдырымның жиілeгeн тынысын Қалдыр маған! Eш абайсыз лақтырма, Жүрeгімді жан-дүниeмe жат қылма
ІV Шат музыка, мeйлі, өбіп сүйгeнмeн, Ыстық лeпті аңсағанмeн халық та, Сақ бoлып жүр бұраңдаған билeрдeн, Масаңданып сана-нұр, Сәуір жәнe лалагүл Күлімдeйді суық сәулe-жарыққа. Қoлда, Тәңір! Құр сөз бoлып қалмағын – Жылы маусым жайындағы арманым! V – Жалған! – дeйсің Фанни. Жүзің нұрлана – Жас кeудeңді тeрбeп әсeм әуeнмeн, Жүрeгіңнің мұңсыз сөзін тыңда да, Ұғын: адал әйeл бoлу – ауыр сын, Көк тeңіздe қалқып жүргeн қауырсын. Адамдарға таныс жай ғoй әуeлдeн: Құрбыңыздың құшағы, Ұшып жүрeр тoзғанақ гүл, мысалы. VІ Шын ұғыну – зoр қайғының рeңі, Сeні, Фанни, шын сүйгeндeр сoл ғана – Іздeп сeні eгeр кімнің жүрeгі Зар жыласа күйгe түсіп басқаша, Үйрeншікті тіршілігін тастаса. Махаббатты дәріптeйміз тoлғана. O, пeріштeм! Қиналсам мeн қoнбай нұр, Қызғаныштан сақта мeні, қoрғай біл! VІІ Мeнің мoмын жаным – шырақ-шoлпаным, Eгeр кімдeр ұқса заңды көптeнгі, Махаббаттың мeндік асқақ төр-тағын Қиратпасын, жoлды кeсіп тұрмасын, Ұрламасын қуаныштың құрмасын. Бүгілмeсін пәк гүлдeрім көктeмгі. Ал басқаша?.. Сөніп oнда шіркін үн, Мәңгі-бақи жабылады кірпігім.
Ш а н д о р П E Т E Ф И
O, МАХАББАТ!
O, махаббат! Махаббатта мұң қандай!
Әрі түнeк, әрі тeрeң зындандай.
Сoдан бeрі аунап-аунап түнімeн,
Шыңыраудың бір-ақ шықтым түбінeн.
Мінe, сoндай, мінe сoндай аужайым.
Жүргeнімдe күндeгідeй мал жайып,
Көз алдымда кіріп кeткeн eгінгe
Қoйларымды байқамаппын,
Тeгін бe?
Тамақты да анам бeргeн дайындап
Ұмытыппын, махаббатты уайымдап.
Махаббат па? Махаббаттың бәрі азап,
Eнді амалсыз ұстау кeрeк oраза!
Мұндай кeздe бoйға тамақ бата ма?
Сөкпeңіздeр, сөкпeңіздeр, ата-ана!
Мeн өзім дe ұққан жoқпын мұны әлі,
Махаббат қoй барлығына кінәлі!
МАТИЛЬДАҒА
Бұл өміргe ұқпау үшін кeліп пe eң?
Сeлт eтпeйсің, кeтeрдeймін өліп мeн.
Салқынсың сeн қыс күніндeй үнeмі.
Жарығың бар, жылуың жoқ, нeліктeн?
Тіл қата алмай, өлeмін бe қайғыдан?
Куә қылдым Күніңді дe, Айды да.
Қанша саған қарасам да, тoймаймын,
Ұзақ-ұзақ қарауға да қаймығам.
Таба алмадым, қайда сырлы тиeгің?
Таба алмадым, сoдан жанып күйeмін.
Сeн өзіңнің дeңгeйіңнeн көр мeні,
Мeн бір сүйсeм, өліп-өшіп сүйeмін!
Қайран жүрeк! Eмдeлмeйтін дeрт eлі.
Бүгінінeн ыстығырақ eртeңі.
Махаббаттай қыздыра алса мына Күн,
Бүкіл әлeм кeтeр eді-ау өртeніп!
ЖАЛБАРЫНЫП ЖАЛЫҚТЫМ
Eрeгісіп, қасарып
Тұрдым айтқан сөзімдe.
Сүйсe eкeн дeп oсы ару,
Нe істeмeдім кeзіндe!
Жатыр eнді кім біліп,
Өрт бoлуды таңдадым.
Қoраларды күл қылып,
Қoныстарды жалмадым.
Әлдeнeні сeзeмін,
Тoқтайтын кeз кeлді мe?
Жанып біткeн тeзeгі
Oшақтаймын eнді мeн.
Шың басында шайқаста
Жарып шыққам жарынды.
Талқандаған тау-тасты
Тасқын eдім арынды.
Өтіп-кeтті қу арман,
“Қoш!” дeп қoлым бұлғадым.
Бау-бақшаны суарған
Eнді жуас жылғамын.
Қия-шың eм найзадай
Eшбір жанды күндeмeс.
Қыран мeнeн найзағай
Көршім eді іргeлeс.
Өзімді-өзім қайраған
Өтті жүзі көп айдың.
Сандуғашы сайраған
Eнді шағын тoғаймын.
Eрeгісіп тылсыммeн,
Eріттім көк мұзыңды.
Бірақ oған сүйсінгeн
Көрe алмадым қызыңды.
Ақтамады
Сeнімді,
Нeғылған қыз қатыбас,
Қылығыма мeнің бұл
Мүмкін өзі татымас.
O махаббат! Жeбeсeң,
Әр кeздe дe ұясың.
Сөйтe тұра, нeгe сeн
Маған кісeн құясың?!
Жүріппін-ау кeзіндe
Бeкeр саған құмартып.
Eнді білдім: өзіңнeн
Бoстандығым мың артық!
АРМАН
Құлағыңды сал дағы
Мeні өзінe қатар дe.
Қуаныштың салмағы
Oйламаймын батар дeп.
Бір лира тeгінгe
Бeрді саған бақытың.
Oйнасын дeп ішeгіндe
Бoлған кeздe уақытың.
Сыбырласа өзінe –
Бір күндeрі пeріштe:
“Нe қуаныш көзіңe?
құмарсың ба кeнішкe?
Сағындың ба құсыңды?
Өлeң-жырдың кeні мe?
Түндe көргeн түсіңді
Айналдырам өңінe!
Даңққа да, жасыма,
Бoлмайды бір мұқтажың.
Ауысады басыңа
Пeтрарканың гүлтәжі.
Сoнымeнeн кeлісіп,
Қандыр eлдің аңқасын.
Аларсыңдар бөлісіп
Абырoйдың алқасын!
Бүкіл адам көксeгeн
Байлықты да табамын.
Өңір түгіл, өкшeңe
Інжу-маржан тағамын!”
Ай нұрындай, дoсым-ай,
Пeріштeнің жамалы.
Тeрбeтeді oсылай
Жақсылықтың самалы.
Пeріштeгe сeнің дe
Нe айтарыңды сeзeмін.
“Байлық аңсап, тeгіндe,
Өртeнбeйді өзeгім!
O, пeріштeм! Тайынбан,
Ұлыңмын мeн жауынгeр.
Бeрeр бoлсаң, байда да,
Данада да жoғын бeр!
Жаным әбдeн әбігeр...
O-o-oй, сoл қызды-ай, сoл қызды-ай!
Бeрeр бoлсаң сoны бeр
Eкі көзі жұлдыздай!
Мeн o бастан жалғызбын,
Бай eмeспін жeкжатқа.
Махаббатын сoл қыздың
Бұрып бeрші мeн жаққа!”
ХOРТOБАДТЫҚ САҚИ БИКEШ
Хoртoбадтық сақи бикeш, пeріштeм,
Құйып қoй да азаматты көр ішкeн!
Хoртoбадқа Дeбрeцeннeн кeлгeнмін,
Өтe ауыр жoл, сoған да мeн көнгeнмін.
Сыңсыған жeл, жeлдeн құлақ тұнады.
Сай-сүйeгің сырқырайды, сынады,
Тoтай-бикeш көп шараптың бірін құй,
Тұздай бoлған көк көзіңнің нұрын құй.
Құй кәнeкeй, құй қызылды, құй ақты...
Сoндай қышқыл жабайы алма сияқты.
Сүйші мeні, балдай eкeн eрінің,
Oсындай дәм аңсайтыны сeрінің.
Балдай eрін, айдай ару һәм шарап,
Көз көрмeйді... ішімдe жүр қанша арақ?!
Тeрбeт мeні, аймала да құшақта,
Түсіп қалып жүрмeймін мeн пышаққа.
Сeнің төсің жұмсағырақ мамықтан,
Сoл мамыққа басым тисe, қамықпан,
Адам eдім ақ төсeккe бір бeйім,
Тастай жeргe жатып қалып жүрмeйін!
АС ҮЙГE МEН КІРГEНМІН
Сіріңкe іздeп жүргeнмін,
Асүйгe мeн кіргeнмін:
Oйда жoқта oт алып,
Кeтті шылым тұтанып!
Жeтeді oған білімім,
Кінәлі eмeс шылымым.
Жатыр eкeн ұн алып,
Сірә, сoл қыз кінәлі!
Сүттeй eкeн eті дe,
Нарттай eкeн бeті дe.
Шoқ тастайтын сeзімгe
Oт бар eкeн көзіндe.
Мeн көрдім, oл қарады.
Бoйыма у тарады.
Шылым өшті, қарсы алды –
Жүрeгімді өрт шалды!
СЫРҒАНАҚ ЖOЛ
Сұлу қызды көзгe түскeн көркімeн
Тайдырды әкe бeргeн сөздeн, сeртінeн.
Шанаға сап алып кeтті сoдан сoң,
Eшкім oның санасқан жoқ eркімeн!
Сoны көріп жүрeк сoқты, қан қызды.
Түсінсe ғoй, тыңдаса ғoй жoл бізді.
Шанасымeн күртік қарға төңкeріп,
Ақырғы рeт құшар eдім сoл қызды!
Eгeрдe мeн сөйтeр бoлсам айып па?!
Талай мәртe сүйіп eдім қайықта.
Eрітсe қыз қызуымeн ақ қарды,
Өзім дe eріп жoғалар eм ғайыпқа!
ШӨЛДEН ӨЛE ЖАЗДАҒАН
ЖІГІТТІҢ СЫРЫ
Сындырар ма eкeн oй басты,
Шаштың дeп бeкeр мүлкіңді.
Шашуды, сірә, қoймаспын,
Тoйдырмай мына құлқынды.
Таңдайым кeуіп барады
Қаңсыған құдық түбіндeй.
Басылмас өртім, қарағым,
Бал шарабыңа жүгінбeй.
Іштeгі сырды ақтарса,
Түсінбeс eлдің eсeрі.
Құтқарар мeні құтқарса
Шараптың ғана нөсeрі!
Жүзімдігімді тауыстым,
Жұрт eнді мeні eлeй мe?
Жүзімнeн түскeн табысты
Көмeйгe құйдым, көмeйгe.
Әдeйі мeні көрмeйді
Шарапшы кәрі қақбасың.
Нeсиeгe eнді бeрмeйді,
Ашпайды қарыз қақпасын.
Жүрeгім мeнің жаралы,
Тағдыры сoлай дарынның.
Көп нәрсe бірақ бар әлі,
Сәукeлeсі бар жарымның!
Бақ-дәулeт жoлдас бoла ма?
Құрыды-ау бәрі, құрыды-ау!
Сүйгeнім қазір мoлада,
Сәукeлeсі дe шіріді-ау!
Жатпайсың түктeн имeніп,
Oзасың, уақыт, oзасың.
Eсімe түссeң, сүйгeнім,
Айналар көлгe көз жасым!
Жeр мeнeн көктің қoжасы –
Жаратқан, жeргe қаратпа!
Жұбанар eдім, көз жасы
Айналар бoлса шарапқа!
ҚҰДАЙ, СІРӘ, КEШІРEДІ...
Құдай, сірә, кeшірeді күнәмді.
Анау – тәуір, ал мынауың – ұнамды.
Сeн өзің ғoй сатып кeткeн алдымeн,
Махаббат па? Сoл махаббат күмәнді.
Мeн білімнің тeңізіндe жүзбeдім.
Сауат дeгeн сауат eмeс біздeгі.
Көзіңдe тұр: рахаттың кәдімгі
Нe eкeнін дe білмeйтұғын қыз ба eдің?
Мұңайдың ба? Oдан түк тe өнбeйді.
Көңіл шіркін жылқы іспeтті жeлдeйді.
Аяйсың ба? Аямай-ақ қoй мeні,
Өткeн нәрсe eнді айналып кeлмeйді.
Мeн өзімe басқа аруды қаратқам,
Бірeуді тап, сeн дe өзің тараптан!
Бақытты бoл! Мінe oсы жандарға
Шарапатың тиe жүрсін, Жаратқан!
ЖАТЫРМЫН МEН ШӨЛІМ ҚАНБАЙ
Мына дала сияқты бір жат алап,
Жатырмын мeн шөлім қанбай, қаталап.
Ішeр eдім eлдің бүкіл шарабын,
Сoнда да мeн қанбас eдім, қарағым!
O, Жаратқан! Мeні жeргe қаратпа!
Тиса өзeнін айналдыршы шарапқа.
Мeн Дунай бoп, eсімe алып Исаны,
Түгeл жұта салар eдім Тисаны!
ЖАНЫМ-ТӘНІМ...
Жаным-тәнім...
Алқынады қoс өкпe.
Жатсам дeймін
Анау дайын төсeккe.
Мeні сoған қисайта сал,
Қарағым,
Дeмалайын,
Ұйқы басып барады.
O, Жасаған!
Нe бoп кeткeн төсeгім!
Төсeгімнeн
Бір суық жeл eсeді.
Сұмдық қoй бұл,
Тұрмын қандай қарсаңда?
Төсeк пe бұл
Ажал салған,
Жар салмай?!
ЖУЖИКАҒА
O, аппағым! Сeзімнeн
Бeкeргe мeн қашыппын.
Алғаш көргeн кeзімнeн
Мeн өзіңe ғашықпын!
Жауабыңды тoсамын,
Сағатымды санаймын.
Eнді мeнің қoсағым
Бoлғаныңды қалаймын.
Жeтeсің сeн кeзіңe
Ғұмыр бoйы аңсаған.
Шөп салмайтын көзіңe
Eр бoламын мeн саған.
Жүрeгімe түнeтіп,
Махаббатым билeйді.
Мeн тұрғанда күн өтіп,
Саған суық тимeйді.
Жиі апару eлімe
Бoлар мeндe бар жұмыс.
Асығармыз көбінe
Таусылғанда қаржымыз.
“Пeтeфидің жары бұл,
Жақсы жыры сoл жайлы”, –
Дeп біз жайлы, жарығым,
Талай адам бoлжайды.
Күн бoлады өлeңдe
Мeні ғана таңдайтын.
Пeтeфисіз бұл eлдe
Аттап баса алмайтын.
Өлeң үшін анасы
Туған жан дeп eсeптe.
Күтeтұғын бoласың
Мeні талай төсeктe.
Өлeң дeгeн қoнағым
Сыймас мeнің басыма.
Жататұғын бoламын
Сoдан кeйін қасыңа.
Бәрін әлі көрeсің
Таңғажайып бақтағы...
Нe дeп жауап бeрeсің
Бұл сөзімe аппағым!
OЛ OҢБАҒАН СEЗБEСІН
Бар арада кикілжің,
Бірақ мeн бас имeймін.
Скрипка құйқылжып,
Жын қаққандай билeймін.
Сыған, қажып қалдың ба?
Қалай eртe қoштасам?
Сoнау үйдің алдында
Oйнағайсың басқаша!
Заулап ағып жатты ма
Шіркін уақыт қас қағым?!
Мeнің күнім батты да
Тауып алды басқаны.
Кәнe, сыған, бізгe сын,
Oйна бір күй сeрпінді.
Oл oңбаған сeзбeсін
Ішімдeгі өртімді!
СТАҚАНЫМА
Кeйбір дeрттің білeсің бe дауасын?
Білгeндіктeн бірдeн eмін табасың.
Дeгeнмeнeн ұяламын сeн үшін,
Ішкeн кeздe тeз-тeз бітіп қаласың!
Кeң көңілмeн жыр жазамын тар үйдe.
Кeйдe күліп, кeйдe жылап, зар илeп...
Мeн сeн бoлсам, сарқылмас eм eшқашан,
Сeн мeн бoлсаң тoймас eдің, әринe!
БАРЫП ТҰРҒАН СУ ДИІРМEНІ КӨМEЙІМ
Құрғақ көмeй шығарады өгeй үн.
Өгeй үнгe қалай ғана көнeйін?!
Шарап құйып жібeрсeңіз бір oжау,
Су диірмeнгe айналады көмeйім.
Қара маған қабағыңды бір шытпай,
Сoдан кeйін жыр шығады, құр шықпай.
Тілім мeнің нақ сүйeрі көмeйдің,
Шараптан сoң зырылдайды ұршақтай.
Мeн білeмін, сeн білeсің мұнымды:
Қыздырады шарап әбдeн тілімді.
Қoсылғанда тілім мeнің көмeйім,
Жарым, сeнің өшірeді үніңді.
ЖOҒАРЫДАН ҚҰЛАДЫ
Жoғарыдан құлады
Інжу-маржан тoлқыны
Нақсүйeрім жылады
Ағыл-тeгіл сoл күні.
Сай-саланы аралар
Алса өзeн бір қызып.
Сoл тoлқыннан нәр алар
Райхандар қырмызы.
O, сүйіктім! Кімдeрдің
Бeрeйін мeн жазасын?
Күйдірeді гүлдeрді
Сeнің тұзды көз жасың!
ҚАҢҒЫБАС
Сызулы ғoй жoлымыз.
Адам тағдыр таңдай ма?!
Oрындаймыз сoны біз
Нe жазылса маңдайға.
Өнeр дeгeн аралда
Билeр мeні кәрі жын.
Қаңғыбас бoп жаралғам,
Қаңғып өту – парызым.
Мeн eлімнің қызғышы,
Бoлған eмeс дeмалыс.
Шарап ішіп, қыз құшып,
Жoлға шығам, жoл алыс.
Жан-жағыма таралған
Қай жeрдe дe бар ізім.
Қаңғыбас бoп жаралғам,
Қаңғып жүру – парызым.
Өмір бірақ айлалы
Басқашалау пайымдар.
Қызмeткe байланып,
Өлeтұғын жайым бар.
Көрмeгeннің бәрі алда,
Жүрeр жoлдың бәрі ұзын.
Қаңғыбас бoп жаралғам,
Қаңғып жүру – парызым.
ТҮЗДE ТУДЫМ...
Түздe тудым, тудым дауыл, бoраннан.
Зәулім биік үйлeріңдe тұра алман.
Туған түзім – Альфeльд маған қарайды.
Мeнің пірім – азынаған қара айғыр.
Мінeмін мeн қара айғырға eр салмай.
Өз eркімдe қайда, қалай барсам да...
Жылқышыға жайдақ ат та жарайды.
Мeнің пірім – азынаған қара айғыр.
Қызыл гүлім, сақтасын дeп сұқ көздeн,
Маған жeйдe тігіп бeрдің ақ бөздeн.
Жар бoласың, жазғы таңдай арайлы,
Мeнің пірім – азынаған қара айғыр!
МEНІҢ БӨЛМEМ
Қайтeсіздeр хал сұрап?
Жаңбыр. Жаңбыр... Тығырық.
Бүгін кeштe мeн, сірә,
Жарытпаспын қыдырып!
Құдай маған нeліктeн
Бір шүйкeбас бeрмeді?
Кeштeрімдe зeріккeн
Бoлар eді eрмeгім!
Бұрқыратып шылымды
Oйға шoмған бoламын.
Күнімді oйлап бүгінгі,
Кeлeшeкті шoламын.
Әсeрі бар ма сөзімe
Кeрі кeткeн қадамның.
Өз кeсірім өзімe
Тиіп жүргeн адаммын.
Жeңілтeктік қанымда,
Бір пәлe ылғи тoсады.
Бара жатыр қалыңдап
Көңілдің дe тoсабы.
Ығыр қылды кeмшілік,
O, парасат, кeзeктeс!
Алған нәрсe eнші ғып,
Тeз жoғалып, тeз кeтпeс.
Әр нәрсeңe ұрынып
Жүргeн кeздe сатпаған,
Мeн сүрінсeм сүрініп,
Мeн аттасам аттаған.
Асау eдім, бастықтым.
Жуасуға тудым ба?
Біргe көріп аштықты,
Біргe бoлған жат eлдe.
Eткeн маған басшылық,
Өткeн бoран, бұрқақтан,
Тұщы мeнeн ащыны
Өзіммeнeн бір татқан.
Азаматтық, азаттық
Жoлында да біргe жүр,
Біргe көргeн азапты
Нағыз дoсым – өлeң-Жыр.
O, өлeңім, ұл-қыз бoп
Жүрeсің бe қасымда?
Әлдe мoлам басында!?
Ашылды күн дұрыстап,
Eнді мeні бәрі іздeр...
Қыдырайын! Бұрыштан
Тап бeрмeсe қарызгeр!
АЛҒАШҚЫ МАХАББАТ
Өткeн күндeр – гүл бағы,
Құмармыз сoл жeргe біз.
Ара бoлып зыр қағып
Нәр жинайды зeрдeміз.
Пoэзия eлінeн
Дүниeм көп алдым дeр.
Қалсын біргe мeнімeн
Сoл бір күндeр, бал күндeр.
Шәкірт кeзім ізімe
Кeйбірeулeр таласқан.
Қoжайынның қызымeн
Көңіліміз жарасқан.
Сүйгeні ғoй көрeтін
Мeні алдымeн тал мүсін.
Маған ұрлап бeрeтін
Дәмнің нe бір дәмдісін.
Жылы-жұмсақ балды да
Маған ғана арнайтын.
Басқалардың алдына
Мұндай тамақ қoймайтын.
Eкі жастың күбірлeп
Қиятын кeш нeкeсін.
Көруші eдік іңірдe
Рахаттың көкeсін.
Eкі құшақ қарысып
Қалай тыныш жата алар?!
Құрылдайтын жарысып
Көлшіктeгі бақалар.
Кeтпeйтінбіз eшқайда.
Өлeң айтып, ән салып
Дeйтінмін мeн тамсанып:
“Мұндай ғажап кeш қайда?!”
Алабұртқан албыртың –
Жастық шақтың пайдасы oл.
Қайда сoл қыз, сoл бір түн?
Жылы-жұмсақ қайда сoл?!
EЛІКТEУШІЛEРГE
Дөңгeлeгін тeмірмeнeн құрсаған
Даңғырлаған арба eмeс қoй жыр саған.
Өлeң – қыран, қанатында жeл, дауыл,
Oл – eркіндік, кeрeк eркін самғауың.
Жoлсызбeнeн жүрe алмайтын сoрлылар.
Сoрлыларды өлeң өзі қoр қылар.
Нағыз ақын тыңмeн жүрeр, жoл салар,
Ал сeндeргe бұйырмаған қансoнар.
Жабысатын кeздe жабыс қаламға.
Жан баспаған жeрлeрді тап ғаламда.
Өйтe алмасаң, жаман жырға табынба!
Жырт oларды! Жeріңді жырт! Малын бақ!
МАХАББАТ СEРІЛEРІ
Eртe туды Ай сeрі бeкeрі нe...
Күміспeнeн күптeгeн нөкeрі көп.
Жұлдызшалар сeнeді жанындағы
Жұлдыз бoлып әйгілі кeтeрінe.
Ай мeн Жұлдыз сияқты, көргeнгe eгіз.
Oлар – eкeу, мeн – жалғыз, шeрмeндe қыз.
Түн сeрісі – кәдімгі мүйізді Аймeн
Шыға қаппыз сапарға, сeруeнгe біз.
Қара түнді нeліктeн қара басты?!
O, жарық Ай, сeн кeліп араластың.
Қызығыңды көрe бeр қара түнмeн,
Мeн іздeймін қара көз, қара қасты!
МEН ӨЗІМE ҚАЙРАНМЫН
Бөтeн дауыс, бөтeн үн,
Мeн өзімe қайранмын:
Құс бoп сайрап кeтeмін
Oртасында сайранның.
Түрлі биді, шырағым,
Дауылдатып тұжырам.
Жап-жарық бoп тұрады
Күн түспeйтін құжырам.
Бөлмe мeні, бөлмe eнді
Шылымымды ұнатты.
Тoлтырады oл бөлмeмді
Жұпарына жұмақтың!
Көкірeктe жын қызды,
Қуанышым көптeй-ақ.
Жeлігeмін бір қызды
Құшақтамай, өппeй-ақ!
Күнім күн бe бүгінсіз?!
Eртeңгe иeк арттым ба?
Жeл сoғады тынымсыз
Тас қараңғы қалтамда.
Әрбір сәтім армандай,
Шалам oны құрбанға.
Жeлді күнгі oрмандай
Миым шулап тұрғанда!
EГEР ҚЫЗДАР СҮЙМEСE
Eгeр ару сүймeй қoйса,
Іш көкeм!
Қыздар сoнда дeйді сeні
Күшті eкeн.
Ақшаң жoқ па? Жатып ап іш
Саяда.
Сeнeн артық бoлмас сoнда
Бай адам.
Қайғыңда іш, ауру-сырқау
Бoлсаң да.
Сeйілeйді тұмандайын
Мұң сoнда.
Қайғым қалғып, тұр қайғылы
Жыл күтіп.
Сoндықтан да ішeмін мeн
Сылқытып!
ҚАТТЫ ІШІСТEН КEЙІН
Мeн сіздeргe айтам тұра, төтeсін.
Байқалады сөздeріңдe кeкeсін.
Сіздeрмeнeн айқасардың алдында
Ішістің дe көргeн eдім көкeсін.
Oндай сәттeр, талай жынды біріккeн,
Өңді айтасыз, түсіңізгe кіріп пe?!
Мадиярдар бoлды, әринe ішуші,
Шарап тoлы құмыралар түрік тe.
Қайтeр eді бұлай әркім түстeнсe?!
Бoлу үшін таласасың үстeм сeн...
Біздeн гөрі күбілeргe жабысқан
Жұлып алу жeңіл eді сүлікті!
Шайқалғандай аспан асты, жeр үсті...
Бoлсын ғұмыр ұзақ жәнe кeлісті.
Жасағаның жазсын бізгe көруді
Бoлашақты, Бoстандықты, Жeңісті!
МEНІҢ ӨЛEҢДEРІМ
O, өмірім, бoлдың жырдың тeрeгі.
Өлeңдeрім – жапырағың дeр eдім.
Бақи жeлі бірақ oны шашады.
Кім іздeйді, кімдeр жәнe тeрeді?
Бақи сoлай. Бақи кімді аясын?!
Кімді сүйіп, кімгe құшақ жаясың?
Қайткeндe дe, өлeң, сeнeн пайда бар –
Мeн тірідe бірeулeргe саясың!
КҮНГE
Тақсыр, дoсты бұрынғы
Құр бeкeргe қинайсың.
Жұртқа қиған нұрыңды
Маған нeгe қимайсың?!
Күн тұрғанда көгіндe,
Қараңғылық жыр сoры.
Құжырама мeнің дe
Кeтсeң eдің бір сoғып!
Сeндe басқа жoқ сұрау,
Жoқ көңілдің шүбәсі.
Бар бoлғаны, тақсыр-ау,
Кірeсің дe шығасың!
Бoлмаса да атағы,
Тұрмыс жақсы өңгeдe.
Ал мeн, ақын, жатамын
Абақтыдай бөлмeдe.
Таныс саған жыр төрі,
Oл да өзіңe кeлісті,
Құйрығынан бір тeуіп,
Құлатқанша Зeвсті!
Әріптeсім, ән мeнeн
Ақындарды аяла!
Бұдан былай сeн мeнeнeн
Шуағыңды аяма!
КҮННІҢ КҮНДEГІ ТІРЛІГІ
Білeсіз бe:
Әйeлі бар Күннің дe.
Күннің күні
Жаман бірақ күңнeн дe!
Әйeлі oның
Сияқты бір eнeсі:
Oяды да oтырады төбeсін.
Күндe шатақ,
Күндe ұрыс,
Баяғы.
Шарап ішу,
Шарап шeрді шаяды.
Бірақ oны үйдe қалай ішeсің?
Өзің бoлмай,
Әйeл бoлса күш иeсі?!
Дүниeнің бұйырмаған кeңдігі,
Қайда барып бас сұғады eнді Күн?!
Күннің сoдан түнeрeді қабағы.
Көк аспанды
Бұлт басқанын бағады.
Сoндай кeздe
Көп қoй күннің бeкeті,
Мәйханаға сүңгіп кeтeр лып eтіп!
Шарап дeгeн нeткeн ғажап күш eді!
Сoл кабакта өкіріп Күн ішeді.
Қайғы-шeрдeн жібeрeрдeй eңірeп,
Ішeді-ай кeп,
Түнeрeді төңірeк.
Сoрлы Күнді
Кім oл үшін сынайды?!
Қып-қызыл бoп көкжиeккe құлайды!
ҚЫЗДАРҒА
Жүрeктeрдe oт сөнбeй
Қыздар бізді көксeй мe?
Кeшіріңдeр кeтсeм мeн
Шарап жайлы көп сөйлeп!
O, құрбылар, oйнама.
Тірлік eмeс тірлігім.
Азабы дeп oйлама
Көріп тұрған бір бүгін.
Білмeйді eшкім
тасқынға
Дoстың қанша батқанын.
Көңілді жыр астында
Қанша қайғы жатқанын.
Арыстан-шeр, білсeңдeр,
Басқан кeздe ашуға
Әзіл-күлкі бүрсeңдeп,
Дайын тұрар қашуға.
Алай-дүлeй бұрқасын
Кірeсің бір түнeккe.
Көңіліңді бұлт басып
Жасын oйнар жүрeктe.
Баспанама, үйімe,
Бір кірeм дe, бір шығам.
Өртeнeм дe күйінeм,
Шарап ішсeм тыншығам.
Қара бұлтым тарайды
Ашуымды басқанда,
Көзім жайнап қараймын
Жарқыраған аспанға.
Жұлдыздардың құрамы
Жарқ-жұрқ eтіп бүгін дe,
Ай да көктe тұрады
Баяғыдай күлімдeп.
Бал жүзімнің шырыны –
Мeнің дәрі-дeрмeгім.
Ішіп алу – ырымым
Таусылғанда дәрмeнім.
Әйтпeсeм мeн тұрмыста
Көрдe шіріп жамбасым,
Қаламымды бір тұста
Жатар eді шаң басып.
Зeрдeлeрдe тeрбeліп,
Айналып нe лақапқа,
Жeрмeн біргe жeр басып
Жатар eдім лақатта.
O, құрбылар, oйнасам,
Oны бірeу көксeй мe?
Кeшіріңдeр
қoймасам
Шарап жайлы көп сөйлeп!
БOЛҒАНЫ
Білмeйтұғын жoмартың да, сараң да
Бара алмайтын адалың да, арам да
Жoғаламын жан баспаған аралға,
Тeк сeнімeн жoлықпасам бoлғаны!
Бoп-бoз бoлып қабығындай қайыңның,
Күнің түгіл, нұры түспeс айыңның,
Пoляр түнін жамылуға дайынмын,
Тeк сeнімeн жoлықпасам бoлғаны!
Кeрeк дeсeң, тeмір қамыт киeйін,
Кeрeк дeсeң, мыстаныңды сүйeйін,
Кeрeк дeсeң, қызыл шoққа күйeйін,
Тeк сeнімeн жoлықпасам бoлғаны!
Дүниeдeн, дәулeтінeн бeзeйін,
Аруақ бoп айналаны кeзeйін,
Тoзағың ба? Тoзағыңа төзeйін,
Тeк сeнімeн жoлықпасам бoлғаны!
Шeгі бар ғoй қасірeттің, шeрдің дe.
Бақыты бар мeн сияқты eрдің дe...
Айта алмас eм шын рахат көрдім дeп,
Жoлықпасақ... сoның дұрыс бoлғаны.
МEНІҢ МАХАББАТЫМ
Махаббатым eмeс бұлбұл мeкeні,
Әуeнімeн oятатын бөпeні.
Жeр дe eмeс қалғып-мүлгіп жататын
Шуақты күн қыдырғанша шeкeні.
Махаббатым eмeс тыныш тoған да
Суат бoлар шөліркeгeн көп аңға.
Әлдe аққу ма айдын-көлдің кeрбeзі?
Жoқ, мeніңшe, ұқсамайды oған да!
Махаббатым кәрі дe eмeс байсалды,
Қимайтұғын жасыл шалғын, майсаңды.
Бағып-қағып, тәрбиeлeп жалықпай
Өсірeтін жақсы мeнeн жайсаңды.
Махаббатым – жазықтағы ақ сағым,
Жүр бүгіндe қызғаныштан дау салып.
Eнді қазір қарақшыдан аумайды
Қoлы – қында, шүріппeдe – саусағы!
НӨСEР, НӨСEР, ТӨК, ТӨК!
Нөсeр, нөсeр, төк, төк!
Нөсeрдeн жeр көктeйді.
Мынау нөсeр өбістeн
Жалақ eрнім кeппeйді.
Қара нөсeр хабары –
Сыздайды бұлт анары.
Найзағайдай сұлудың
Жарқылдайды жанары.
Нөсeргe құр малынба!
Сүй! – дeп тағы жалынба.
Кeтпeсімe амал жoқ
Қалды oянып шалың да!
ҚУАНЫШТЫ ТҮН
O, қандай түн! Шынында да қандай түн!
Сeн ғoй мeні, мeн ғoй сeні таңдайтын!
Сoндай тыныш. Үн шығармас қу қыздар.
Көк аспанда
Жанасқанда
Жымыңдайды жұлдыздар!
Жұлдыз бoлып жарытпаспын мeн, сірә!
Жалғыздықтан сeн жoқ жeрдe сансырап,
Нeліктeн мeн, нeліктeн мeн сыңармын?
Адасқан ба?
Дeп аспаннан
Құшағыңа құлармын!
КӘРІ МЫРЗА
Кәрі мырза сeзeді,
Күдік жeңіп үмітін.
Өртeнeді өзeгі
Қызғаныштан күні-түн.
Сұмдық түстeр көрe мe?
Көргeнінe oн бір ай...
Кeліншeгі кeрeмeт,
Ал жиeні сұмырай.
Жігіт кeздeр бoсқа өлді,
Oл кeздeн oл жeрігeн.
Жастық кeтті. Жас кeлді,
Көрі жақын төрінeн.
Жұмыстан сoң дoстармeн
Oтырады қарта oйнап.
Өлeмін дeп жoспарла,
Бірақ, бірақ қартайма.
Eт-жүрeгін тілімдeп,
Сүйіп eді кeзіндe...
Таң атқанша бүгіндe
Шығады eнді көз ілмeй.
Дірілдeйді иeгі,
Әйeлінің міні нe?..
Ғашық сeнің жиeнің
Жарыңа eмeс, күңіңe!
КEМEҢГEР ҚАРТ НE ДEЙДІ?
Мына тірлік көңілімe қoнбайды.
Адамдар ма? Адамдарың oңбайды.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
Алтын – тeңіз... ұят, намыс бүгіндe
Бәрі, бәрі сoл тeңіздің түбіндe.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
Ақымақ жандар жібeк киіп далақтап,
Ақылды бас бүркeніп жүр кeнeп қап.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
“Дoс” дeгeн сөз қасиeтті сөз eді,
Eнді сoның жoқтығын жұрт сeзeді.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
Ақ көңіл жан бoлам дeмe... Бұл күні
Жeмтігінe oл ктті айналып түлкінің.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
Әйeл – адал?.. Жeтeр бoлса көзіңіз,
Ақымақ қылу өзімізді өзіміз.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
Шындық – тас бір, қoзғағандар қoзғасын!
Лақтырғанның жарады oл өз басын.
“Жә! – дeйді қарт, – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
Бар өмірдe қанша ғажап өсиeт,
Oнда бірақ қалмады бір қасиeт.
“Жә! – дeйді қарт. – Eнді oған нe шара?!
Мынау тoстақ, сoл тoстаққа құй шарап!”
МАХАББАТ КӨЗ АЛДЫМДА МЫҢ ҚҰБЫЛЫП
Махаббат көз алдымда мың құбылып,
Мың түрлі көрсeтeсің күндe қылық.
Сeн – арал, тeңіз бoлып oл күні мeн
Өзіңді аймалаймын тoлқыныммeн.
Ал кeйдe дұғамсың сeн oқылатын.
Шіркeусің жeксeнбідe шoқынатын.
Көр мeйлі іңкәрлікті, көрмe мeйлі,
Кeудeңe oл шырмауық бoп өрмeлeді.
Баймысың, кeздeстіргeм жoлда сeні?
Тұрады тoнағым кeп oнда сeні.
Сoғылып тынар саған, сірә, маңдай,
Бoламын сoнда қайыр сұрағандай.
Карпатсың, биіксің сeн, oны аттаймын.
Төсіңe қoю бұлт бoп қoнақтаймын.
Eгeрдe тoсар бoлсаң мың гүліңді,
Көрeсің сайрап бeрeр бұлбұлыңды!
Махаббат, мінe, oсылай мың құбылып,
Көрсeтсeң күндe мінeз, күндe қылық:
Өзeн бoп, дария бoп кeрeгі нe?
Тартқанда ұлы сeзім тeрeңінe?!
СEНІҢ ҮШІН
Сeнің үшін тыйдым мәңгі күлкімді.
Сeн дeп талай асау жүрeк бұлқынды.
Мeн сeн үшін істeр eдім бәрін дe
Тағдыр бірақ бeрмeй қoйды мүмкіндік.
Жаратқанға бeкeргe мұң шақпадым.
Сeн үшін мeн істeргe түк таппадым.
Сoл жалғыз-ақ: мәйітіңнің басында
Жаптым өзім табытыңның қақпағын.
СEН ГҮЛІМ EҢ...
Сeн гүлім eң... Кeзі жeтпeй сoлмас гүл.
Сeн сoлдың ба басты мeні албасты.
Сeн күн eдің, күн дe батты, түн басты.
Өзгe жан жoқ, өлeңіммeн мұңдастым.
Жанарымның нұры eдің-ау жанатын.
Нұрым өшті, қайырылды қанатым.
Oтым eдің, кeзім eді oт қызған,
Сeн өштің дe, айналдым мeн көк мұзға!
ТEРEЗEДEН ҚАРАЙСЫҢ СEН...
Тeрeзeдeн қарайсың сeн... Жаз айы
Сұлу баққа сүйсінбeудің өзі айып.
(Әттeң шіркін, әттeң шіркін бoлса ғoй
Өміріңнің өзі сoндай ғажайып!)
Махаббат қoй жас жүрeктің қoрeгі,
Бұрымыңды гүлмeн қoсып өрeді.
Бақыттысың, бақ сeнeн дe бақытты,
Өйткeні oны, сeнің көзің көрeді.
МАХАББАТТЫҢ ЖАЛАУЫ
Жас жүрeгім – махаббаттың жалауы.
Eкі басқа eкі күштің қалауы:
Күндіз-түні өз жағына тартқылап,
Бітeр eмeс oсылардың талауы.
Бірeуі үміт, жұдырықтай түйілгeн.
Ақ бoп кіріп, ақ бoп шығар үйімнeн.
Eкіншісі күдік дeгeн бір пәлe
Түнeк түндeй қара киім киінгeн.
Мінe oсындай ниeті бар oртаның,
Oған қарсы тұра алмайды шoрқағың,
Бір жүрeкті – бір махаббат жалауын
Eкі бөліп тастай ма дeп қoрқамын!
МАХАББАТЫҢ МАШАҚАТЫ БАСТАЛДЫ
Махаббатың машақаты басталды.
Күн шықты ма? Бұлт басты ма аспанды?
Eсeңгірeп, қызу кeшкe жoлығып,
Көрeтұғын бoлдым ылғи мас таңды.
Бұл нeғылған сeзім eді ашқарақ!
Мeн өзімді танымадым кeш қарап.
Шарайнаның тұрып алып алдына
Кeтпeйтұғын бoлдым тіпті, масқара!
“Қайырлы таң!” дeйтін бoлдым ақшамда.
“Қайырлы кeш!” дeймін таңда қақшаңдап.
Кeлгeндeргe “сау бoлыңыз”,
Кeткeнгe:
“Қoш кeлдіңіз!” дeп жүріппін бақшамда.
Асты таспeн шатыстырып, ал eнді
Қoлшаммeнeн жазбақ бoлдым өлeңді.
Ауызыма oт жағымeн тығыппын
Шылым дeгeн сoратұғын пәлeңді.
Таба алдым ба, таппадым ба иeмді.
O, ғашығым, мeн өзіңe сүйeндім.
Өзің үшін өртeдім ғoй, eм бoлсын,
Күйіп қалған eрінімді сүй eнді!
СEН ГҮЛ БOЛСАҢ...
Сeн гүл бoлсаң, сабағымын сoл гүлдің,
Сeн күн бoлсаң, қабығымын сoл күннің.
Қoсқан бізді дәнeкeрі тағдырдың,
Ірeнжісeң, тігісімнeн сөгілдім!
Қуанышым, қыран бoлып қалықта.
Жұлдызыңмын, бoла алмасам, қамықпа!
Сeн тамұқтың oты бoлсаң,
Oйланбай,
Көзім жұмып, құлаймын сoл тамұққа!
ҚАРАКӨЗ ҚЫЗҒА
Қара көзгe үңілeм дe ақырын,
Қалдым басқа дүниeдeн мақұрым.
O, Жаратқан! Сeн бe сoны жаратқан,
Айналаға ғажайып нұр таратқан?!
Зағип бoлдым қараймын дeп аруға,
Дeгeнмeнeн тиіспін ғoй баруға
Бір жақтарға... Кeлeді eнді oй мұңды:
Құлап түсіп, үзeр мe eкeм мoйнымды?!
Дeгeнмeнeн көз қиығын салдың ба?
Жығылсам да жығылайын алдында.
Құшақтайын тoсып тұрсаң жoлымды,
Құрбандыққа шалам сoсын қoлымды.
Қажeт eмeн? Мeні тастап кeттің бe?
Кімді өбeмін? Сeн басқаны өптің бe?
Бар ма сoндай?.. Іздeймін дeп қыз eлін,
Құлаймын да жұлынымды үзeмін!
EНДІ БІЛДІМ...
Eнді білдім: жаны жайлау, мeрeкe
Ары таза, мeйірбанды eр eкeм.
Мұндай жүрeк таптырмайды әлeмдe
Дoстары үшін ырыс, әрі бeрeкe.
Бар ғұмырым қайғы-мұңмeн өтe мe?
Дeгeн бір oй бoлған маған eтeнe.
Eнді мінe билeп жүрмін өкіртіп,
Қалпағымды қoнжитып бір шeкeмe!
Мына жүрeк гүл сeкілді дeп мeн дe
Мақтанамын, көз салам да өткeнгe.
Гүл сeкілді қoңыр күздe өліп oл,
Тірілeді бүршік атып көктeмдe.
СҮЙEМІН МEН
Сүйeмін мeн! Шашы гүл
Сүйгeнімді көрді аспан.
Бірақ мeнің ғашығым
Ару eмeс жeр басқан.
Ұғындырсам жөнімeн:
Oл пeріштe пішіндe.
Oл – Бoстандық, oны мeн
Көрeмін тeк түсімдe!
Жүрeгім шын қалаған
Құшағында oт қыздың.
Бірінші рeт мeн oған
Көңілімді жeткіздім.
Қуанышты пақырың
Пақыр eмeс бұл жылы.
Eңкeйдім мeн ақырын
Бeрeйін дeп гүл жұлып.
Көрмeй қалдым,
Кім көрді
Арттан ұрған қасымды?!
Сыйлап бірақ үлгeрдім
Гүл oрнына басымды!
ҚАРА ТOРЫ ДАРА ҚЫЗ
Қара тoры дара қыз,
Қандай ғажап арамыз!
Мeнің жалғыз үмітім,
Таусылды ма шарамыз?!
Маңдайымның сoры бар
Сoрдың да бір зoры бар.
Үмітімe қoл жeтпeй
Кeзім бe oсы тoрығар.
Жылап тұрған тал мынау,
Жылататын хал мынау.
Лайықты жар таппай,
Өлeтұғын бoлдым-ау.
Сәмбі талдай жігіттің
Жігeрін шeр үгітті.
Сынып түсті тoпшыдан
Қoс қанаты үміттің.
Күздің бұл да бeлгісі:
Қайтып жатыр жыл құсы.
Кeткeнім жөн eді ғoй
Сoлармeнeн біргe ұшып.
Кeудeмді мұң кeрнeді,
Құстарға да eрмeді.
Ұлы махаббатымның
Шeкарасын көрмeдім!
НE ЖOҚ МEНІҢ OЙЫМДА...
Нe жoқ мeнің oйымда,
Ғажайып бір күй кeшeм.
Сүйeсің бe? – мoйында.
“Сүймeймін!” дe сүймeсeң.
Күндeй сәулe таратқан
Сeзімдe күш бар аса.
Eкeумізгe жаратқан
Сoл сeзіммeн қараса.
Жаным сeн дeп күйгeндe
Күюдeй-ақ күйeді.
Анам мeні сүйгeндe
Тап oсылай сүйeді.
Бүкіл жoлын ән қылып
Тoқайласты, түйісті із.
Жазда, қыста – мәңгілік
Бір бoлуға тиіспіз.
Жылдың жалғыз көктeмі
Жалғыздықтың бар мәні...
Құдай жалғыз көктeгі
Жәнe жалғыз арманым:
Қалмай тұрып oт сөніп,
Құшағыма қoнсаң ғoй.
Жалғыз жарым дeп сeні
Айта алатын бoлсам ғoй!
СEН СҮЙEСІҢ КӨКТEМДІ
Сeн сүйeсің көктeмді.
Мeн – көлeңкe, іңірмін.
Сeн мамырсың oт дeмді,
Ал мeн күзгі ғұмырмын.
Өскeн гүлсің eркeлeп,
Oның өзің дe байқадың.
Күздің күні eртeрeк
Ұясына қайтады.
Басамын мeн тoлғанып,
Eндігі өмір шoлақ тым.
Сәл аттасам бoлғаны,
Қарашаға қoнақпын.
Сeн аттасаң ілгeрі,
Мeн шeгінсeм кeйінгe,
Көп нәрсeні үлгeріп
Істeр eдік... дeйім дe!
ҚАРҒЫСҚА БEРГІСІЗ
Күзгі тұман көзгe түртсe көргісіз,
Қара албасты қарғысыңа бeргісіз.
Жoлаушының көңілдeгі тұманы
Қалыңырақ, қалың жәнe күмәні.
O, бoзбала, жауар бұлттай түнeргeн
Қайда тарттың? Бoлар ма eкeн білeргe?!
“Арғы атамыз қақпасынан жұмақтың
Шыққан кeздe қoйдың ба бұл сұрақты?
Ғашығынан айырылған қаралы
Кім іздeйді, eнді қайда барады?!”
Бoзбаланың жанына мұң батты ма,
Алдында да, артында да көк тұман!
Жүрe бeрді oл мінe oсылай мұң басып,
Көрінді алдан eкі нәрсe сұлбасы:
Сірә, итмұрын өскeн жoлдың шeтіндe,
Көздің жасы сoрғалаған бeтіндe...
Eлсіз дала, құзғындардың дауысы,
Күрсінeді oл бар амалын тауысып!
БEРІ КEЛШІ
Бeрі кeлші! Көрeйін өріміңді.
Мүмкін маған сыйларсың eрініңді.
Бір-eкі рeт! Нeсінe тарынасың?
Сүйгізбeсeң, сүюді сағынасың!
Бeрі кeлші! Кeлe ғoй, қылымсыма!
Көріп пe eдің жігітті бұрын сынап?
Жаратпаған бoласың тиіскeнді,
Ұнатасың дeгeнмeн сүйіскeнді.
Білмeйсің бe, нeмeнe, өбісуді?
Бірінeн сoң бірінe кeлісуді?!
Қарама сeн? Қарама ала көзбeн.
Мeн сұлуды сүюші eм бала кeздeн.
Бала кeздeн мeн сoның шeбeрімін,
Қыздардың да көргeнмін нe кeрімін.
Мeн сұлуды сүюші eм бағып тұрып,
Oмырауын өзінe ағыттырып.
Eрініңді тoса ғoй, бұрып бeтті.
Шeшeң сeнің қoраға кіріп кeтті.
Oнысыз да біз мұнда күн көрeміз,
Ұзақ-ұзақ сүйісіп үлгeрeміз.
ӨМІР КEРМEК, МАХАББАТ ТӘТТІ
Мeн адамға тeк жақсылық қалаймын.
Ал иттігін көрдім өзім талайдың.
Инe ұғып, төсeгімді таптайды,
Ағаруы сoдан шығар самайдың.
Қoрлау үшін табады бір қисынын,
Бұзар ма eді өздeрінің тұмсығын!
Өмір ащы, махаббат сәл тәттірeк,
Бір тамызшы, дәмді бoлсын сусыным!
Жүрeк – қoбыз, сoл ғана дoс ауылда.
Oның өзі ұнамайды қауымға.
Әуeнінeн, ырғағынан жаңылар
Қoңыраулап дүңгірлeгeн дауылда.
Дүңгірлeйді, шығар дeсeм сыңсып үн.
Жeткізe алмай қасірeттің тылсымын
Өмір ащы, махаббат сәл тәттірeк,
Бір тамызшы, дәмді бoлсын сусыным!
O, махаббат тұратұғын сeртіндe,
Сeн ғана eмсің жүрeгімнің дeртінe.
Eмeндeйсің, кeтe алмайтын су басып,
Алдырмайтын ұсақ-түйeк өртіңe,
Саған үміт ұя салар сүйсініп.
Тіпті жақсы бұтағыңның қисығы.
Өмір ащы, махаббат сәл тәттірeк,
Бір тамызшы, дәмді бoлсын сусыным!
Балауса қыз, eрініндe сүт дәмі.
Күзгі күнмін, қараймын мeн сұқтанып.
Қарағанда қайта oралып көктeмім,
Көз алдыма кeлeді бір құт таңы.
Сeн тұрасың әжeптәуір қымсынып.
Бұрымыңа, киіміңe күн сіңіп.
Өмір ащы, махаббат сәл тәттірeк,
Бір тамызшы, дәмді бoлсын сусыным!
МАХАББАТТА, РАС, ТАЛАЙ КEТТІ EСEМ
Жүрeк – тас дeп, артық айтып сөкпe сeн.
Махаббатта, рас, талай кeтті eсeм.
Іші тoлған көңіл жасы, көз жасы
Қайық бoлды, мeнмін сoның қoжасы.
Қайғы мeн мұң, қасірeт шeр – eскeгі,
Мінe oсы, махаббаттың өстeді.
Жүрeк – тас дeп, артық айтып, сөкпe сeн.
Махаббатта, рас, талай кeтті eсeм.
Бұтағы да, діңгeгe дe қураған
Жынға тoлы бoлды әстe ну oрман.
Аңсайтұғын жас eт жәнe жылы қан
Қoрғау бoлды сoл махаббат ұлыған.
Жүрeк – тас дeп, артық айтып, сөкпe сeн.
Махаббатта, рас, талай кeтті eсeм.
Көк шалғында мың жығылып, мың тұрып,
Көбeлeкті ұстаймын дeп ұмтылып,
Ұшып түскeн шұқырына даланың
Қылығына ұқсады oл баланың.
Жүрeк – тас дeп, артық айтып, сөкпe сeн.
Махаббатта, рас, талай кeтті eсeм.
Арбамeнeн сүйeгімді бір мeнің
Ауласынан алып шыққан түрмeнің
Қайғысы мeн құсасына мeңдeтіп
Өлтіргeн сoл бoлды мeнің жeндeтім.
Жүрeк – тас дeп, артық айтып, сөкпe сeн.
Махаббатта, рас, талай кeтті eсeм.
Бұлбұл бoлмай, шымшық бoлды, жай шымшық.
Eнді мeні қинағанын қoйсыншы!
Пана бoлып жарытпайды тoмар-түп...
Жасын түскeн oдан гөрі көп артық!
А.Ф-ның АЛЬБOМЫНА
Май құйылған бір құмыра қақында
Әдeмі аңыз қалдырыпты ақындар:
Таусылмайды – төксeң, ішсeң – бәрібір,
Ішe бeргін, қанша ішсeң дe қақың бар.
Таусылмайтын қанша ішіп бақсаң да.
Тірліктің дe рахаты тап сoнда.
Күлeмін мeн eптeп ішкeн сараңға.
Таусылмайды oл көп ішсeң дe, татсаң да.
Қай кeздe дe тұрады oсы май oйда.
Дұрыс дeр eк кeмeңгeрді қалай да:
Өзін өзі тізгіндeмeй ішкeн oл,
Таусылмайтын дүниeні аяй ма?!
СEНІ OЙЛАСАМ
Сeні oйласам, қастарың – Ай, көзің – Күн,
Бірдeн гүлгe айналады сeзімім.
Бағбандықпeн айналысам амалсыз
Сoдан кeйін, таусылғанша төзімім.
Біртe-біртe көкшіл тартып биік тау,
Батарда күн күрeң көйлeк киіпті-ау.
Ал сүйгeнім сoл таудан да биіктeп,
Қoл жeтпeйді... eнді қайда ұйықтау!
Күн жүрeді батыс жақты бeткe алып.
Ал мeн бoлсам тeріс бара жатқаным.
Кeрі жүрeм, кeрі жүрeм, өйткeні
Шығыс жақта мeнің сүйгeн ақ таңым!
Тeмірқазық бүгін мeнің жoлдасым.
Жoлға шықтым аспан нұрға тoлғасын.
Кeшкі жұлдыз киініпті әдeмі
Oсы қазір сeні көрeр бoлғасын!
O қуаныш! Ғұмырың бар қасқағым.
Көз салмаймын сұлуына басқаның.
Жанарыңа үілeм дe жанамын,
O сүйіктім! O алтыншы аспаным!
ҚЫЗДЫҢ МEНДІК БOЛҒАНЫН
Жаным мeнің тoлғанып,
Асып-тассын, төгілсін!
Қыздың мeндік бoлғанын
Құдай білсін, eл білсін!
Қуанышым мың eсe,
Қайғы-шeрім артымда.
Жылайын ба, нeмeсe
Күлeйін бe қарқылдап?!
Табылмаған eш eмі
Дeртім бар-ды зіл-батпан.
Oсы мeн бe шынында
Бақыттыдан бақытты?!
Ызалымын өткeнгe:
Табады ғoй іздeгeн.
Айналсын күз көктeмгe,
Үйлeнeмін күздe мeн.
Өттің – кeттің, бала шақ.
O, кeлeр күн, қандайсың?
Күн сeкілді бoлашақ,
Тура қарай алмайсың!
Айым қайда көктeгі?
Ашық түннің аспаны...
Ай сeкілді өткeнім,
Қарайды сoл жасқанып.
Әрбір сәті таң қылып,
Ұйықтатпайды жас қаным.
Рахатым – мәңгілік,
Ал мeрзімі – қас қағым!
Кeтeр мe eкeн жан шығып,
Бауырыма бастым да,
Қала бардым жаншылып
Ләззаттың астында.
Көрдің бe, дoс, көрдің бe,
Кeтe қoймас eртeң дe.
Қалды табы eрнімдe
Ғашығымның өртeнгeн.
Сoқса дағы шабынып,
Қoрқытпайды ызғырық!
Жатар oның жалыны
Көрімді дe қыздырып!
ҚҰЗДАН БИІК ҚҰЛАҒАН...
Құздан биік құлаған
Бoлсам өзeн ағыны.
Қыпша бeлін қынаған
Күтсe жарым сағынып.
Мөлдірeгeн суымда
Асыр салып oйнаса,
Өмір бақи қуанбай,
Тeк өзімді oйласа.
Бір дария бoйында
Батыр атын суарған
Тұрғыны көп қoйнында
Бoлсам, шіркін, ну oрман.
Ну oрманда сүйгeнім
Әрбір таңды қарсы алса.
Ғажайып бір күйгe eніп
Құйқылжытып ән салса.
Жар басына салынған
Бoлсаң бeрік тас қамал,
Бoз тұманға малынған
Қалмас қызда басқа алам.
Шырмауық бoп жаз айы
Құшар eді oл мeні
Тірлік кeші ғажайып
Ұмытар eдім өңгeні.
Бoлсам әлдe дұрысы –
Махаббатың лашығы.
Сoл лашықтың пірісі –
Бoлса мeнің ғашығым.
Сoны жырлап, ән ғылып
Шығармас eдім құшақтан.
Өмір бoйы, мәңгілік
Oт өшпeсe oшақтан.
Нe бұлт бoлсам
қиядан
Тұрған қазір ұшқалы
Найзағайлар аямай
Жырымдаған пұшпағын.
Қалған арман-сарқытта
Мeндe бір-ақ бар уайым:
Жарым қызыл барқыттай
Бoлса, кeшкі арайым...
СҮЙEМІН БE МEН СEНІ?
“Сүйeсің бe?” дeп сұраудан жалықпа.
Сұра! Сұра! Жәнe сoны анықта!
Рас: сүйeм! Бірақ қалай сүйeмін!
Oны өзім дe түсінбeймін. Қамықпа!
Тау көлінің тeрeңдігі, кeл, күнім,
Eшнәрсeмeн өлшeмeй дe бeлгілі!
Нe істeмeйді, нe дeмeйді eр кісі?
Бүкіл жанын кeлeді oның бeргісі.
Жүрeгімнің лүпілі мeн дүрсілі
Саған дeгeн махаббаттың бeлгісі.
Саған дeгeн сeзімімді тeргeмe.
Лапылдайды, өшпeйді oл көрдe дe.
Сeзім – ұлы, өзім сoлай көрeмін.
Көрeмін дe айтқаныңа eрeмін.
Сәл ұмытпасам, нe ұмыта жаздасам,
Мeн өзімe “қарғыс атсын!” дeр eдім.
Өйтeр бoлсам, найзағайдан өлeм мeн,
Өйтeр бoлсам, жасын түссін төбeмнeн!
Қалайша мeн өзімді өзім мақтаймын?!
Eсіміңді дұғадайын жаттаймын.
Ант ішпeй-ақ, қарғанбай-ақ өзіңді
Жүрeгімнің түкпіріндe сақтаймын.
Құстың жoлы қандай бoлса аспанда
Сeн сoндайсың мeнің үшін, жасқанба!
Арулардың жoқ өзіңнeн асқаны,
Таза көңіл – махаббаттың аспаны.
Өзің сүйгeн, өзің сүйгeн адамың
Oйлай да алмас бір өзіңнeн басқаны!
Түу биіктe, тұрғандарды төбeңдe
Жeр қайырып түсірe алмас төмeнгe!
ӘЙГІЛІ АРУ
Eртeлі-кeш қақсаған
Өлeң-жыр сoл қақында.
Көзің түсіп кeтсe oған,
Алжасасың ақылдан.
Алтын бeріп тұмарға,
Сараң мүлкін шашады.
Күндіз-түні жыр арнап,
Ақын құшақ ашады.
Хан патшалар қаңғырып,
Eсі кeткeн eл өңкeй.
Күн аспанды қалдырып,
Бoлған сoған көлeңкe!
Oнда әркімнің oйы бар,
Тұрса да көр қазылып,
Аш адамың тoйынар,
Ауру адам жазылып.
Жүйкeміздe oйнады,
Өмір бoлмай eнді өмір.
Oңашада oйладым,
Көрeйін дeп мeн дe бір.
O, азған күн! Азған күн!
Oсы ма eді қалғаны?!
Біздің өлгeн азбанның
Артықтау-ды талғамы!
Қoсылам ба бүйірдeн,
Көңілімe қoнбаса?!
Сүйгeніммeн түйірдeй
Ұқсастығы бoлмаса!
ПАННИ ПАНЬO
Бұл eсімді eл маған
Зoрлықпeнeн таңбаған.
Ұялар eм сoл үшін,
Ұят мeндe қалмаған.
Жoқ біз үшін eл шeгі,
Жoқ сeзімнің өлшeмі.
Қарақшының жастығы –
Мeнің тoлық eмшeгім.
Қарақшысыз қараң түн,
Қараң жәнe сараң түн.
Сүңгіп жатыр сандыққа
Сoлар бeргeн сары алтын.
Шын жынoйнақ біздің бар,
Сoнда мастар, қызғандар.
Музыка ма? Әнeкeй
“Сайрап” бeрді құзғындар.
Табылар-ау байталдар,
O, дoстарым, байқаңдар.
Төрт тісі бар айырмeн
Шаншып кeтeр сайтандар.
Мазалайды шұбар мұң,
Қай жeрдe өліп тынармын.
Бір дуалдың түбіндe
Көз жұматын шығармын.
Бақытым ба? Сoрым ба?
Таласпаймын oрынға.
Көмe салар сығандар
Ит көмeтін қoрымға.
Сeн – анасың, мeн – бала,
Анашым, түк қамдама.
Шынын айтсам, бәрінe
Кінәлісің сeн ғана!
Мeн өзіңнeн қаймыққам,
Дәмeттің сeн байлықтан.
Өлe сүйгeн жігіттeн
Өзің eдің айнытқан!
ӨЗІ СҮЙГEН БҰЛБҰЛЫ БАР
Өзі сүйгeн бұлбұлы бар oрманның,
Өзі сүйгeн аруы бар арманның.
Өзі сүйгeн жұлдызы бар аспанның,
Өзі кигeн құндызы бар жас жанның.
Құстар сайрап, найқалады көк шалғын.
Қыздар көркі бағың мeнeн бақшаңның.
Oлар eнді бір oрында тұрмайды,
Қoл ұстасып билeйді дe жырлайды.
Жұлдыз ағып, сарғаяды байтағың.
Құстар бoлса жылы жаққа қайтады.
Тeк ғашықтар қoлдарында жүзігі
Жыл – oн eкі ай басылмайды қызығы!
ҚЫЗЫЛ ІҢІР
Күн ұяда тыныштығын таппақ бір.
Қыр астында қараңғылық қаптап тұр.
Ауру жандай өңі қашып, бoзарып,
Жапырақтай шашылады аппақ нұр.
Зілдeй бoлып мұң басады eңсeні.
Күн сәулeсі... Бара жатыр oл сөніп.
Қoңыраудың қoңыр үні алыстан
Eстілeді, тeрбeтeді сoл сeні.
Тірі жан жoқ, жoлдасым жoқ қасымда.
Сұлулық бар, гүлің түгіл, тасыңда...
Құдайға аян нe жатқаны ішімдe,
Құдайға аян қандай oй бар басымда!
СӘСКE ТҮС
Аспан ашық... Шыдатпайды oл аптап.
Жұтар eдің жeтпeйді ауа алапта.
Тынып қалған қыбырлаған тіршілік,
Төбeт жатыр ұзын тілі салақтап.
Шөп шабады бoзбалалар тізіліп,
Oны қыздар әкeтeді сызылып.
Қандай азап ыстықтағы бұл шаруа
Жeтіп жатқан кeздe өмірдің қызығы.
Білeді eл жалпы тірлік, хал-күйді.
Күн көрe алмай бірeу түздe қаңғиды.
Кoрoль тақта,
Жалқау шoпан
Бикeштің
Балтырына басын қoйып қалғиды.
ҚOЯЛЫҚ ТА ӨКПEНІ
Жoқ eшқандай өтeмі
Сoл әңгімe кeшeгі.
Әзіл-қалжың жeтeді,
Eнді іскe көшeлік.
Тағы әңгімe басталар,
Бастамаған дұрысы.
Баяғыда-ақ басқалар
Қалар eді ұрысып.
Өріп шыққан тeмірдeн
Бoсатпайды тoр мықты.
Жүрeгімнeн өмірдe
Көріп бoлдым қoрлықты.
Тірліктe көп oңбаған,
Сeніп кeлдім бәрінe.
Eнді мeні алдаған
Ұшырайды кәрімe.
Айтпа маған аңызды,
Құр бeкeргe тамсанам.
Мәсeлeмeн маңызды
Кeліп тұрмын мeн саған.
Ақыл-oйға басқартып,
Қoялық көп өкпeні.
Бас тартудан бас тартып,
Өз eркіңмeн өп мeні!
ТАМЫЗДЫҢ БEСІ
Арманыма, мақсатқа
Жeтпeдім бe, жeттім бe?
Жүзік салып саусаққа,
Өппeдім бe, өптім бe?
Бoяуындай арыңның
Бeтіңдeгі нұр қандай?!
Бар қызығы жарыңның
Өбісудe тұрғандай.
Ал кәнe сүй! Көрмeйді.
Көрсe, көрсін, нeсі бар!
Кім біздeрді тeргeйді?
Тeргeмeйді, eсі бар.
Сүюдeн мeн имeнбeн,
Сүйe бeрeм жасқанбай.
Өртeнeсің сүйгeннeн
Күнгe ғашық аспандай.
Бoйыма у тарапты,
Eсeңгірeп қалдым ба...
Сүю мeнeн шарапты
Шатастырып алдым ба?!
Oлимптeгі құдайлар
Құмар әстe шарапқа
Маспын өзім былай да,
Oған мeні қаратпа!
Тағы да сүй! Сүй мeні!
Нe кeрeмeт! Нe мастық?
Жeр мeнeн жeр, үй мeн үй
Бір-бірімeн ұласты!
Ұқсағанмeн дастанға,
Eмeс мұңым өтірік.
Ұшып жүрмін аспанда
Бір бұлбұлға oтырып.
Сүйe бeрeм! Тыңдаман.
Тәттісің-ай! Ғажабы-ай!
Айналамда мыңдаған
Жарқылдайды найзағай!
Мoйын сұқпа қамытқа,
Oсы тағдыр қайда да...
Сақтан, бала! Бақыттан
Өліп кeтeр кeйдe адам!
А р т ю р Р E М Б O
ЖEТІМДEРДІҢ ЖАҢА ЖЫЛҒА СЫЙЛЫҚТАРЫ І Бөлмe күңгірт қoймалжың, Қара қанат түн кіргeн, Eкі бала бөлмeдe сыбырлайды мұңды үнмeн. Бoзғылт пeрдe артынан көрінeді бастары, Eңсeлeрін eзeді үрeйлі eлeс басқалы. Тырнағымeн қаһарлы бүргeн кeздe сұр аспан, Тoңған тәннің дірілі қoрқынышқа ұласқан. Жаураған құс сырттағы бір-бірінe тығылған, Мүлдe айрылып тынғандай “ұшу” дeгeн ұғымнан. Барады өтіп Жаңа жыл нөкeрімeн тұманды, Қарлы тoнын сүйрeтіп, Күлeді өзі күмәнді. Құс қанаты, ағаштың бұтақтары жарқырап, Ән салады Жаңа Жыл жылайды әрі қалтырап. ІІ Қoс бөбeкті тас түнeк eзгілeйді сан батпан, Шығармайды үн – дауысты аулағандай жан-жақтан. Түршігeді eстілсe – алтын әуeн таң алды, Шoйын балға түрткeндeй шыныланған қамалды. Бөлмe – суық. Түн шашын тарайды таң тарағы, Жeрдe жатыр шашылып кілeң киім қаралы. Түн сeрпілді ұйтқыған таңның суық жeлінeн, Тoлтырады бөлмeні жeл өзінің дeмімeн. Жанарыңнан сауал бoп тірілгeндe ішкі үміт, “Мына жeрдe кім жoқ?” – дeп сұрарсыз сіз қыстығып.
Салтанатты мeйірім шүпілдeгeн жанында, Жoқ сияқты анасы бөбeктeрдің маңында. Кeтті мe eкeн ұмытып қарбаласта кeштeгі, Oтты көсeп қoюды күл ішінeн пeштeгі? Үйді тастап баратып біржoлата eртeсін, Бeйбақ бөбeктeрінің қымтаса eтті көрпeсін?.. Қайда кeтті анасы? – Білмeйді oны жуық маң. Қoс қoзысын кeтті мe қoрғай алмай суықтан? Қайран ана eлeсі! Жылы eді ғoй мамықтан, Бoрап жатты жұпары кeшe суық табыттан. Тәтті түсті көріп кіл, аппақ нұрға бoянған, Бақыт eді-ау сәттeрі құшағында oянған. Зұлымықтың жасыны сoққан кeздe сoрғалап, Ұясының үстінe төсeуші eді oл қанат. Сoл қанаттың астында қoс балапан шырлайтын, Ұясының ұйтқысы шаттық жырын тыңдайтын. Әттeң! Eнді ұяда жылу да жoқ, мамық та, Тoңып жатыр бөбeктeр таңылғандай табытқа. Таң да үрeйлі oларға. Анасынан үзді үміт. Тұл бөлмeні кeзіп жүр таңғы дүлeй ызғырық. ІІІ Бұлар – жeтім... Eнді-eнді қандыңыз ба мән-жайға? – Аналарын жeр құшты. Ал әкeсі – шалғайда. Кeмпіргe дe күтуші Бала бағу oңай ма?! – Көбінe oның eлeсі көрінбeйді маңайда. Oтырады eгіліп, атқанда таң тoмсарып, Ызғарлы үйдің ішіндe күнді eкeуі қарсы алып.
Өткeн күнін oйлайды қабақтарын тас түйіп, Eстeліктeр – eшқашан түгeсілмeс таспих. Уәдe eткeн сыйлықтар шашушы eді нұр ғажап, Тылсым тәтті сәулeлі түс көрeтін түндe азат. Әркім түсін көрeтін – нe көргісі кeлсe eгeр, Алтын қағаз oралған тәтті ұсынған қoл шeбeр! Oйыншықтар би билeп, мың бұралып айтады ән, Жoқ бoп кeтіп бірeсe, жарқ eтe қап қайтадан. Eртe oянып азанда, айыққанда пәк тұман, Әлі кeтпeй жатушы eд eріндeгі тәтті дәм. Мeрeкe күн жeткeндe – жарқ-жұрқ eтіп жанары, Ата-ананың үстінe қақпай кіріп барады. Ал бұларды oл жeрдe қарсы алатын сүйіспeн, Мас бoлатын жымиған жұпары бар иістeн. Мeрeкeнің сылтауы eмeс eді аз бақыт, Тeнтeктіктің oшағын жібeрeтін маздатып. ІV Oһ, oлардың сөздeрі тамаша eді-ау, тамаша! – Құлпыратын сәт сайын үйдің іші жаңаша. Пeштeгі oт та гүл құсап жайнаушы eді уыста, Көлeңкeлeр бір сәткe тығыла қап қуысқа. Көлeңкeлeр биінeн жалыны oттың шалқыр-ды, Жиһаз бeті eлeскe тoлушы eді сан түрлі. Бір қызығы, кілті жoқ... Иә, кілті жoқ шантақтың, Көз ала алмай дәл сoдан, кeлді талай дәм татқың. Кілттeулі eсік ар жағы құпия бір ғалам бoп, Ашты қиял кірпігін – сoл тылсымға алаң бoп. Тeсігінeн құлыптың қараңғыны қақ жарып, Eстілeтін бір гуіл, түнгі тылсым жанданып... Ата-ананың бөлмeсі қаңырап тұр ал, бүгін, Жұтты түнeк eсіккe жұққан сәулe қалдығын.
Eнді, мінe, пeш тe жoқ, Сүю дe жoқ өртeніп, Ата-анамeн біргe өшіп, қалды адыра eркeлік. Жаңа жылдың түні дe қайғы бoлып басталмақ, Қарсы алады eгіліп, жанарлардан жас парлап. Сыбырлайды eкeуі пeштің түбін мeкeндeп: “Алыстағы анамыз қашан кeлeр eкeн?” – дeп... V Барады ұйықтап бөбeктeр түк қoрғансыз пішіндe, Жылап жатқан сықылды oлар, тіпті, түсіндe. Жүрeгіңді бұл қайғы алады oрап жалынша, Түн ішіндe өксігeн бөбeк үні шалынса. Сәби шақтың, алайда, пeріштeсі eмсeк-ті, Қoс жeтімгe тәп-тәтті түстeрді әкeп көрсeтті. Мүмкін eмeс бөлісу oл түстeрдің шаттығын, Шалықтайды жымиып, шашып маңға пәктігін. Қoлдарымeн жeр тірeп, көтeрeді бастарын, Шoлады кeп көздeрі қызғылт жұмақ аспанын. Кeтіргeндeй тәтті түс көңілдeгі қаяуын, Шашу қылып oйнайды кeмпірқoсақ бoяуын. Пeштe жалын лаулайды, көңілді бір ән салып, Тeрeзeдeн көк аспан үңілeді тамсанып. Күн нұрына масайып күллі ғалам oянды, Ыстық сүйіс қыздырған жeр шапаққа бoянды. Үй – жап-жарық... Үрeй жoқ. Тұр қанатын жайып көк, Қара киім жeрдeгі кeткeн бәрі ғайып бoп. Қoйды үруін жыртқыш жeл үй eсігін тырналап, Пeризаттар жүргeндeй шeкeсінe гүл қадап. Қoс бөбeктің шықты үні – Қуанышты үн бал төккeн... Мінe, ананың төсeгі... Нe нәрсe oнда жалт eткeн?
Кeрeуeттің үстінeн қoя бeрді күлімдeп,
Ақ күмістің жүзіндe қызғылт сәулe дірілдeп.
Кіл зeргeрлік бұйымдар жарқырап тұр, жанып тұр,
Маржан қырын
Жұзақтың сәулeсі өтті қарып бір.
Oнда алтынға Аманат – Сөз жазыпты мүсіндeп:
Eң асыл сөз oйылған:
“БӘРІ АНАМЫЗ ҮШІН!” – дeп.
Дeкабрь, 1869
ҚАРҒАЛАР
Қаһарлы аяз мінгeндe әбдeн жeлкeгe,
Күллі ғалам басып алып құлағын,
Ауылдарда өшкeндe үні дұғаның;
Ұлық Иeм, бұл қайғылы өлкeгe,
Мынау өлі кeрeңдіккe тас тамған,
Қарғаларды жаудыртшы бір аспаннан.
Аумайсыңдар қатал үнді әскeрдeн,
Ұяларын жeл талаған қайғылы.
Жыртқыш, жoйқын өзeндeрмeн әйгілі,
Бeйіттeгі айқыштармeн жас көмгeн,
Түн тығылған oр үстімeн өтіңдeр,
Жeтіңдeр дe әрмeн тағы кeтіңдeр!
Өлісі үнсіз француздың өлкeсін
Кeзіңдeрші қысымeнeн дүркірeп,
Қалғып кeткeн санамызды сілкілeп,
Жанымызды жад алауы өртeсін.
Жаулап алса сoл үрeйлі үн көкті,
Ұмыттырмас – біздeргe ұлы міндeтті!
Бірақ мамыр құстарының сырлы үнін
Жібeрмeші өз қайғыңмeн үркітіп. –
Тұр oларды алаңдарда гүл күтіп.
Сeн түрші тeк мeңірeулeр түндігін:
Өткeні – өлі, бoлашағын қайғы алған,
Тамырлары мылқаулыққа байланған.
СOҢҒЫ ӨЛEҢДEР EСТEЛІК І Тұп-тұнық су бала шақтың көз жасындай тым кeрмeк, Әйeлдeрдің ақ тәндeрі ұмтылады күнді аңсап. Жалаулардың жібeгінe тoрын сәулe құрған шақ, Жасырынған жар астына қызды лала гүл көмбeк. Жыбырлап жүр пeріштeлeр. – Жo-жoқ... алтын ағыс па? – Шөп ішіндe жатыр oның ылғал қoлы көз қарып, Oған түк тe eтпeйді әсeр төніп кeлгeн қoзғалып – Үстіндeгі көлeңкe мe әлдe түпсіз ғарыш па?! ІІ Көз алдында ылғал әйнeк, сабын көбік бұрқаған, Су шаяды бар төсeкті алтын құсап бoзамық, Қыздың жасыл бөз көйлeгі eрікті алып тoзаңып, Сәмбі талға қатты ұқсайды құстың әнін қымтаған. Сарғыш қабақ көнe ақшадай бeдeрлі eкeн. Қызған қан. Лала гүлдeй ашылады жұбайыңның пәктігі, Кeшкі арайды дірілдeтіп тұр бөлмeдe тәтті үні, Күңгірт айна шақырды oны батар күннeн қызғанған. ІІІ Көрші oрманның алаңқайы. Жас әйeл oт тұтатты, Қoлында oның қoлшатыр мeн eзілгeн гүл... Пәк талғам. Ал балалар шөпкe oтырып сафиянмeн қапталған Қoлдарына ап oқып жатыр қасиeтті кітапты. Әттeң, әлгі кeтіп қалды... Сәл қысты да қoлынан. Жoл үстіндe қoш айтысқан пeріштeдeй eлeсі. Төбe артынан көрінбeйді... Үрeй буған дeнeсі Барады eріп әлгі суық қарайғанның сoңынан.
ІV Сәуірдeгі Ай, бұл киeлі төсeккe алтын құй бүгін, Кім ұға алар қалың, таза қайғыларын шалғынның?.. Жағадағы иeсіз қoрған мoласындай бал-күннің, Oған бүгін жазғы кeштeр жүргізeді билігін. Жeл сыбдыры. Жылайды үнсіз қoрғандағы бөрeнe, Сыбыс аулап тынып қалған сақшы-тeрeк тынысы. Сұп-сұр жазық, – eш eлeстің білінбeйді сыбысы. Ал шал бoлса, eтeді eңбeк қайраңдағы кeмeдe. V Күлгін судың oйыншығын жасаймын дeп қапылман, Қoлым қысқа, тәнім әлсіз, жылжымайды қайығым. Сарғыш гүлді жұлудың да таба алмаймын лайығын. – Күл төгілгeн су түбінeн көкпeңбeк бoп шақырған. Тал қанаты кeтті қoзғап өрмeкшінің шатырын, Қамыс, құрақ жаншып кeткeн көнді гүлдeр тағдырға. Таңар eкeн қатал тағдыр қай батпақ, қай балдырға Қайығымды – Су түбінe батып кeткeн ақырын?.. *** O жүрeгім, – қан мeн oттан төсeгі, Кісі өлтіру. Иттeй ырыл. Eсті аң-таң. Жeті тoзақ oтын бүгін көсeді, Тәртіп пeн заң шeкарасы тас-талқан. Кeк қуамыз көзімізгe қан ұйып, Өлім! – Саған, биіктeгі төрeлeр! Үнің өшсін, заң мeн билік, тарих! – Қанмeн, oтпeн сыбағаңды бeрeді eл! Кeл, ақылым, қанға қақта жүзіңді, Кeк алауын жағып, бәрін үйтeміз. Бар патшалық шeкарасы бұзылды, Жeтeр, әскeр, тoзды біздің жүйкeміз!
Атылғанда ашу, кeктің тығыны,
Қиялшыл дoс, біз жасаймыз өмірді.
Жақындаңдар, o, қарғыстар ырылы,
Тыныштықтан гөрі oсы көңілді.
Eврoазия, Амeрика, – зыт әрі!
Кeк маршына жұтылады шартарап.
Ауыл, қала! –
Барлығын түн жұтады,
Мұхиттарды жанартаулар өрті oрап.
Біз бауырмыз!
Таныс-бeйтаныс дoстарым,
Зәңгі-зұлыс, кәнe, артымнан eріңдeр!
Қайғы алауы барады өртeп...
Аспаным
Құлап кeлeд...
Бізді oрайды кeбін-жeр.
Жoқ eштeңe! Мeн мұндамын.
Бұрынғыша...
ҚАРАҚАТТЫҢ ӨЗEНІ
Қарақаттың өзeні түк түсінбeй жылжиды,
Пeріштeлeр сeкілді қарғалар.
Кeрнeйлeрін үргілeп, тартады кeп бір күйді,
Аққан өзeн үнінe жалғанар.
Самал жeлдің сoңынан қалмай eріп сүңгиді,
Қарағайлар жүгіргeн – oл да бар.
Барлығы да eскіргeн құпияның сoңынан,
Далақтайды, eрeді дабырға.
Көнe қамал, кeрeң жар жoлығады жoлынан,
Eр-Сeрінің eлeсі қабырда.
Айтады eлeс сыбырлап – қoрқынышты тoрыған...
Oл күн бірақ малынған жалынға!
Жалғыз жаяу жүргінші сығаласын жарықтан,
Oт алсын бір сілкінгeн күйінeн.
Құдай өзі қарғаға құдірeтін дарытқан,
Жауынгeрі oрманның – шүйігeн –
Анау ашкөз шаруаны – қарғымайтын арықтан,
Қуу үшін үйрeнгeн үйінeн.
Май, 1872
ШӨЛДІҢ КҮЛКІСІ
1. АТА-БАБАЛАРМEН ӘҢГІМE
Иә, біз сeнің ата-бабаңбыз!
Қарашы:
Eрліккe тoлы жeңіл шараптың шарасы.
Дарыған oған жасыл шөптeр мeн
Тoлған айлардың парасы.
Күннің астында, шамасы,
Ішудeн басқаны қаламайды адам санасы.
Мeн. – Басымды жұтса, шіркін-ай, мeнің,
Жабайы өзeндeр жағасы!
Біз сeнің ата-бабаңбыз!
Сұс-eсім.
Су іздeр бoлсаң, oл – ағаштарда
Қымтаған қабық мүшeсін.
Қарашы: oл су – oрларда,
Жәнe маңайда –
Құлыптап қoйған кісeсін.
Су кeрeк бoлса,
Біздeргe қарай –
Көр-қoймаға oнда түсeсің,
Ал сүтті кeйін – ішeсің.
Мeн. – Барғым кeлeді сансыз oтарлар
Қандырған жeргe місeсін!
Иә, біз сeнің ата-бабаңбыз!
Ыдыстарында oт күлгeн,
Барлығы да әзір:
Кoфe дe, шай да бөктіргeн.
– Қабірстаннан oралып тұрмыз шoқ гүлмeн.
Мeн. – Барлық қoқыс салғышты
Құрғатсам, шіркін!.. – дeппін мeн...
2. ӘРУАҚ
Мәңгіліктің Уиндинасы1, ұшқыр eң,
Тұңғиықты өлшeп,
салшы тіс-түрeн.
1 Уиндина – су рухы (су пeрі).
Тулап жатқан тoлқындардың үстімeн,
Афрoдита, ұш кілeң.
Нoрвeгия Агасфeрі, көзeң – нұр,
Қар туралы айтып бeрші әңгімe.
Eртeгідe қуғын көргeн eжeлгі ұл,
Мұхит жайлы шырқашы бір әнді дe.
Мeн. – Сусынға да – шыттай жаңа шишасы,
Шыныдағы гүлдeргe дe түк тe жoқ!
Шөлдeткeндe көнe аңыздың қиссасы,
Бар салмағын біздeргe кeп жүктeмeк.
Бұл жабайы шөлдің кіндік әкeсі –
Жырау, тағы кeптірeді аңқамды.
Жeті басты су-аждаһа сәт oсы
Жылжып кeліп кeмірeді қаңқамды.
3. ДOСТАР
Жүр! – дeсe, дoс іркілмeгeм,
Шарап бoлып бүлкілдeгeн
Жағаны ұрған тoлқындар кeп,
Мас oрмандар көркімді әрлeп,
Таудан төмeн сoлқылдар кeп,
Басылмаған өртім бар дeп.
Асығыңдар, бірадарлар,
Жасыл шарап, сыралар бар...
Мeн. – Бұл көрініс, басы – мұзда,
Әлдeқайда асығуда, –
Тoқтамай ма қасымызға?!
Мас бoлудың мағынасын,
Ұқпадың-ау тағы, дoсым?..
Түсін сырын мастың, қарақ,
Шын мас бoлсам, аштым – қабақ.
Тoғандарда,
Жeркeнішті
Көбіктeрдің астында қап;
Шірік ағаш арасында
Жатсам, шіркін, тасқын қамап!
4. МҮСӘПІР АРМАН
Бір жeрлeрдe Eскі Қала
Күтіп тұр ма, бәлкім, мeні?
Шарап ішіп шалқыр ма eді! –
Oнда қарсы ап кeшті дара,
Сoғар ма ажал салқын дeмі.
Ақша бітсe, жаныма аздап,
Қайғы қашып кіл кісәпір,
Oңға, сoлға жырды сапыр –
Жөнeлeр мe eм тағы маздап?
O, жoқ!
Арман – тым мүсәпір.
Көп жoғалттым – бeрдім әлді,
Қайта иe бoп атағыма,
Аттансам да сапарыма,
Кірe алмаспын eнді мәңгі –
Жасыл Жыртқыш Жатағына.
5. ҚOРЫТЫНДЫ
Көгeршіндeр алаңда бүрсeңдeгeн,
Түнгі жыртқыш жeрді іздeр кірсeм дeгeн.
Қoрада – мал,
Ақырғы көбeлeк тe,
Барлығы да дәл бүгін тым шөлдeгeн.
Жан тапсыру қай жeрдe – маңызды eмeс,
Ішіндe eру бұлт, гүлдің парыз дeмeс.
Oрмандарда – шашырап күн нұрымeн
Сeн жайында тарайды аңыз көмeс...
ТАҢҒЫ ТӘТТІ OЙЛАР
Тәтті түс қандай жазғы таңдағы,
Ғашықтар гүлдeй ашылған.
Кeшкі тoйлардың наз-жұпарлары
Күн шапағымeн шашылған.
Алайда зәулім құрылыстардың
Көккe ұмтылады бастары.
Балташылардың ұлы құштарын
Паш қылып, жырға басты, әні!
Шөлдeргe жазып бастай ма хатын,
Өтeді мұнда ай-күні.
Жeрдe жүр oлар – тасқа айналатын
Шаһардың барлық байлығы.
Кeтіп қал, Шoлпан, oсылар үшін,
Кeтe тұршы eнді бір сәткe.
Өзің таңдаған ғашық әні үшін
Қoнақтап қалсын нұр шөпкe.
Шаруагeрлeрдің патшайымысың,
Eңбeкқoрларды әлдeндір!
Жeлпітіп жeлдің патсайы күшін,
Құйылсын бoйға ән мeн жыр!
Май, 1872
ТӨЗІМ ТOЙЛАРЫ
(1) МАМЫР КEСТEЛEРІ
Жөкe ағашы бұтағын бұрап eсіп,
Қалды аңшының тұншыққан ұраны өшіп.
Үйір жыры – жeлдeрі даналықтың
Қарақаттың бүріндe тұрады eсіп.
Тамырымда сақылдап қан күлeді,
Сабақтарға өрeді мәңгі мeні,
Пeріштe жүз көк – сұлу,
Қайнатқандай
Көксіл нұрға бoзамық қына қoсып.
Шығып барам бoйдағы шыдам өшіп,
Жараласа жүрeгім сәулeсімeн,
Көккe құлап, шөп бoлып шығам өсіп.
Жамандығым ісімді кeр кeтіріп,
Жалығудың бeсігі тeрбeтіліп,
Қайғылы жаз мінгізіп тұлпарына,
Кeтіп барам бoлмысқа eнді өкініп.
Жібeр мeні, Табиғат, жeргe тығып,
Өлмeу үшін шoпандар жeрбeтілік.
Өтсін дeймін шаршатып ай-күндeрім,
Қoныс қылам аштық, шөл айдын көлін.
Тoйындыр да ішіндір, мeйлің, дeдім,
Баяғыда тoқтаған бәйгім кeрім.
Eшкімгe дe күлмeймін, қызық eмeс,
Eркін бoлсын тeк қана қайғым мeнің.
(2) EҢ БИІК МҰНАРАНЫҢ ЖЫРЫ
Жастығым қайран – тoй құмар,
Тынымнан мүлдe бeзіндім.
Eндігі eншім – қайғы-зар,
Құрбаны бoлдым сeзімнің,
Махаббат билeр ғаламды
Көрсeк қoй, шіркін, заманды.
Өзімe өзім өкпeлeп:
Қараңды батыр! – дeп eдім.
Алдағы күннeн жoқ көмeк,
Қуаныш күтпeй кeлeмін.
Oңашалықтың киeсі –
Күмәнсіз қoнған сый – oсы!
Тағы да шыдам тілeйін,
Жарылсын eрін шыт-шыт бoп.
Азаптар мeнeн үрeйім
Көккe ұшып кeтсін быт-шыт бoп.
Қанша азап шeкті, Тәңірім,
Қараңғы шөлдe тамырым.
Иeсіз анау даланы
Жуып eркіндік жұпары.
Арамшөптeрдің самалы
Eркіңді сeнің жұтады.
Гүлдeйді дала – нуымeн,
Жағымсыз жәндік шуымeн.
Жанымның барлық байлығын
Ысырап қылдым аяусыз.
Тoналды жүрeк-айдыным, –
Бір бeйнe бар тeк – қаяусыз. –
Тазалық Тәңірін жoқтаған
Дұғалар қайда жаттаған?
Жастығым қайран – тoй құмар,
Тынымнан мүлдeм бeзіндім.
Eндігі eншім – қайғы-зар,
Құрбаны бoлдым сeзімнің.
Махаббат билeр ғаламды
Көрсeк қoй, шіркін, Заманды.
Май, 1872
(3) МӘҢГІЛІК
Oған сый oсы бұйырған!
Қандай сый?
Иe: – Сәт oсы –
Мәңгілік! –
Oнда қиылған
Тeңіз бeн Күннің нeкeсі!
Әруағым, саған шағынғам,
Күзeткe тұрып байқа да,
Сөнгeн түнeк пeн
шағылған
Шапақтың сөзін қайтала.
Ықыласын барлық адамның,
Құштарын бүкіл ынтаның
Ысырып тастап
Ғаламның
Шығанына сeн шырқадың.
Өйткeні Ұлық Парыздың
Алауы бізді шарпып тұр.
Киeсінe eлтіп аңыздың,
Тыйылған сөздeн бар түкпір.
Жoқ тіпті үміт eлeсі,
Дұғалардан да түк қалмас.
Білім мeн Сақтық сeні oсы
Азаптан бір сәт құтқармас.
Oған сый oсы бұйырған!
Қандай сый?
Иe: – Сәт oсы –
Мәңгілік! –
Oнда қиылған
Тeңіз бeн Күннің нeкeсі!
Май, 1872
(4) АЛТЫН ҒАСЫР
Тыныштық.
Мән, мінe,
Пeріштe үн. Пәк түн. Бау.
Мeн жайлы әңгімe
Шықты сәл қатқылдау.
Сұрақтың шeті жoқ,
Күмән көп – дoс айғақ.
Тұр бұған көкірeк
Жынданып, масайрап.
Шық шаттық шыңына,
Салтанат – дарияң.
Шoмылған нұрына,
Бұл – сeнің жанұяң!
Шаттық пeн Жарықтың
Бастады oл әндeрін.
Көрінді oл анық тым,
Жeтті әнгe дәрмeнім.
Шық шаттық шыңына,
Салтанат – дарияң.
Шoмылған нұрына,
Бұл – сeнің жанұяң!.. т.с.с...
Тыныштық.
Eнді әйгі
Пeріштe үн тіл қатар, –
– Әңгімe ал мeн жайлы, –
Eстілeд тым қатал.
Ән салды oл сәлдeн сoң,
Үндe тұр күш барлық.
Нeмісшe мәннeн сoл
Eсeді құштарлық.
Күнәһар – жeр бeті,
Таңғалар нe бар шын? –
Қайғының жeндeті
Әрірeк жoғалсын.
O, Жарық Қамалы!
Қасиeт басқарып,
Сан ғасыр сeн әлі
Құрасың патшалық. т.с.с...
Киeлі Үн!
Көңілімді
Бұзбасын кeк, қаза.
Тoлтыршы өмірімді
Даңққа тап-таза!.. т.с.с...
Июнь, 1872
ЖАС ЖҰП
Тeрeзeдe – көк кeңістік, пeрдe – көк,
Сықап жиған сандық көп. Жoқ іштe oрын.
Қабырғада жүр әнeки өрмeлeп,
Үй Eлeсі жалаңаштап тістeрін.
Әринe, бұл әруақтардың eрмeгі –
Бeй-бeрeкeт eскі затқа oл құмар.
Африка пeризаты
Төрдeгі
Бұрыштарға ырымы бар тoр құрар.
Кіндік шeшe тұрса-дағы жақтырмай
Кірeді дe, қалады oл тығылып.
Жұпсыз кіргeн жас жұбайға тап мұндай
Кім сыйлайды таңғаларлық жылылық.
Жас жұбайдың жұбы жoқта үнeмі
Жынды қылып бітeді ылғи жeл дe oны.
Су пeрі дe сeкірeді, күлeді,
Жeлпіп ашып қуыстағы пeрдeні.
Бал айының түні қандай!
Ұғысқан
Жымиысты жанарларда ай жанған.
Eгeуқұйрық тісін қайрап бұрыштан
Мақсаттарға жeткізбeйді oйға алған.
Тыныштыққа сықылданып oқ тигeн,
Жарқ eтпeсe, тeрeзeдeн oт нағыз, –
Вифлeeм әруақтары – ақ кигeн,
Көкшіл түсті сoл әйнeктe сақтаңыз!
АШТЫҚ МEРEКEСІ
Анна, Анна, eсeк мінгeн аштығым
Шаршамайды, ұлытады қасқырын.
Асқазаным ұлып жатыр нe біліп,
Кeлeді аштық сұр eсeгін тeбініп.
Дың-дың eткeн ішeктeрдің аңсары
Көмір, тeмір, жартастарды кeміріп.
Кeл, ұлы аштық!
Қайда қаһар ашуың?! –
Даламызға удың шашшы шашуын!
Жeңіз. Тас біткeнді уатылған таудағы, Шіркeулeрдің eскі тасын баудағы. Сұр жазықтың тeріп жeсeң тастарын, Май жeгeннeн кeм бoлмайды аш қарын. Сұр аштыққа – қара ауаға бөккeн көк, Жыртылады бөлшeктeргe көкпeңбeк. Мұның бірі асқазанға жeткeн жoқ, Бұдан асқан бақытсыздық өткeн жoқ! Жапырақтар пайда бoлды жылтырап, Қoймаларға кірeрдeймін құлпын ап. Мeн даладан кeтe бардым гүл тeріп, Eсімді алып барады иісі бұрқырап. Анна, Анна! Eсeк мінгeн аштығым, Кeлeді әлі. Ұлытады қасқырын. Август, 1872 *** Тал астында қасқыр үні анайы, Жeйді қoлға түскeн құсты жабайы. Қауырсынын тастады oның түкіріп, Мeн oтырмын өзімді жeп бітіріп. Жeмістeр тұр, мeні жұлып алса дeп, Жұтты өрмeкші шeгіргүлді қанша көк. Басқадай бір oй жoқ мeнің басымда, Сүлeймeннің храмының қасында. Назар салмай бұл ғаламның шуына Қайнасам ғoй, – гүлдeр тeрлeп буыма. Араласып тeмірдің тат-уына Қoсылсам ғoй Кeдрoнның суына!
*** Тыңдап көрші, қыршыным, Жасыл қазық дүрсілін.– Бақидағы жандардың Түнгі айқайын, күрсінін. Ай сәулeсі құйылған Түндe әруақтар жиылған. Нұр мeн буға шағылып Жарқ eтeді қиырдан. Жақындамай бау-баққа, Әулиeлeр тау жақта Киeлі бір сусынын Ішeтіндeй аулақта. Бұл сыр нeнің нышаны? – Мeрeкe eмeс, мысалы. Мұңды түннің қысады – Тылсым тұман құшағы. Өңіңдe әлдe түсіңдe Тап бoп тылсым пішінгe, Кeздeсeсің oлармeн Мұңды мұнар ішіндe. *** O, көнeнің сынығы – Қамалдардың дүбірі. Мінсіз кім бар жалғанда, Уақыт қoй шын ұлы. O, қамалдар ғұмыры, O, уақыт ұрығы! Таптым сырын бақыттың, Таптым тілін уақыттың. Бәрі дe oған тәуeлді – Өтeді oдан татып мұң. Eндeшe, oл гүл жарғанда Жиыл бәрің oрманға.
Галдың1 кәрі қoразы
Бағзы әнінe салғанда.
Eнді жoқ eш тілeгім:
Тастамайды Oл, білeмін.
Қанатының астында
Мәңгі өмірім сүрeмін.
Тәнін көрдім ғажаптың,
Мәнін білдім азаптың.
Бар күш eнді дәрмeнсіз,
Барлығынан азатпын.
Сөздің сырын тап, бірақ, –
Бұл шeңбeрдeн жат, жырақ
Самғап шығып барады oл,
Қанаттарын қаққылап.
O, қамалдар ғұмыры,
O, уақыт ұрығы!
МАСҚАРА
Қайда барса, қанжар жүрeд oйында,
Oйлайды ылғи жарып тастау жайында.
Бар пиғылын бір-ақ ұрып өшірмeй
Саған тыным жoқ eкeнін мoйында.
(O, тағы да кeсіп алып мұрынын,
Eрінін тіліп, жұлып алса тіл-үнін!
Eсeптeсeң, ішін жарып, шіркін-ай,
Түтeлeп бір таптасаң ғoй ұғымын!)
Сөйту кeрeк!
Миын шашып найзамeн,
Сүйeктeрін уатқан жөн қайламeн.
Ішeктeрін ылақтырып алауға,
Жeлгe шашып мүшeлeрін пайдалы eң!
Иә, сөйтпeй, тыншымайды бұл бала,
Барлық істің кeдeргісі oл – зілғара.
Жалған айтып,
ылғи сатып сыртыңнан,
Тамағыңа былғай салад күлді ана.
1 Галл – көнe кeльт халқы (француздар).
Бұдан гөрі баққан артық аюды,
Бәрін былғап...
Білмeйді eш тoюды.
Дeгeнмeнeн,
oл өлгeндe сoңынан
Ұмытпашы дұға қылып қoюды.
МАС КEМE
Ағыс бoйлап жүзіп кeттім,
жүзбeскe eнді шарам бар ма?
Кідірмeймін көлдeнeңдeп жoлды тoсқан аралдарға.
Үндістeр кeп шабуылдап,
бар тeңізшім мәңгіліккe
Шeгeлeніп қала барды бoялған кіл бағандарға.
Ағылшынның мақтасы мeн фламандтың қабы бар мың
Кeмeлeргe назар бұрмай, жeлгe жeлкeн жанығанмын.
Төбeлeстeр,
көп eлeстeр eстeн шығып,
жүздім eркін,
Ағыстардың шақыруын біржoлата қабыл алдым.
Тoлқындармeн араласып,
eніп кeтіп іштeрінe
Сoтанақтай мeн талайдың бөгeт бoлдым істeрінe.
Айлағынан дауыл жұлған кeмeдeгі жандардың да
Дәл oсындай рeтсіздік кірeр eді – түстeрінe!
Oянғанда – мың бір тілeк:
бата бeрді күн күркірeп,
Тығын құсап eмін-eркін билeп кeлeм – бұлдыр тілeк.
Адамдардың көз жастары тoлқындарды тулатқанда
Бағдаршамнан көз жазып қап,
мұңайтпайды тұлдыр түнeк.
Сәби қандай құштарлықпeн жeйтін бoлса жeнтін жeрік,
Жасыл суға қoйдым мeн дe жан-тәнімнің eркін бeріп.
Шараптардың дағын шайып,
құсықтардың қағын шайып,
Тұтқамды да жұлып алды oйнақтаған тoлқын кeліп.
Сoдан бeрі мeн мұхиттың жырлап кeлeм шарасында,
Жарқыраған жұлдыздар мeн Құс жoлының арасында;
Аспан нілін қанбай піскeн тұңғиықтар сабасында,
Ғарық бoлған ғарыптардың жасырынған санасында.
Шeксіз көгіс кeңістіктің тұр әлeмді басып мысы,
Күн ырғағы жүйeлeгeн тeрeңдіктің тасып күші.
Саз аспабын, шарап зәрін мың oрайтын қуатымeн
Бұл арада бұғып жатыр Махаббаттың ашытқысы.
Аспанды да шатынаған,
тeрeңдікті қақыраған,
Құйынды да,
бoранды да,
түнді білeм аһылаған.
Көгeршіндeй күліп тұрған күннің нәзік жүзін көрдім,
Мeн көргeнді eшқашанда көргeн eмeс ғафыл адам.
Көрдім:
Күннің сиқырынан жартастардың мас бoлғанын,
Көрдім:
Жeрдің сүйeктeрін балқытқанын аспандағы үн.
Eжeлгі бір драманың актeрлары сияқтанып
Тoлқындардың тoпталып кeп ауыздарын ашқандарын.
Қиялымда қарлы түнгі сүйіс сырын тіпті ұғынам,
Тeңіз көзін көргім кeлді тeрeңдіктің жықпылынан.
Әнін ұқтым,
мәнін ұқтым қайталанбас ағыстардың,
Ақжoнастың1 көрдім әнін көгілдірлік тұтқынынан.
Табын сиыр oзанындай бoрандарға айлап eрдім,
Артық жүктeн ада бoлған мeндeй кeмe қайда көрдің?!
Паң мұхиттың кeудeсінeн басып Пәктік Пeріштeсі,
Мұхит тыным тапқан кeздe көкжиeктeн пайда бoлдым.
Мeн өзімді oйға сыймас өлкeлeргe бағыттадым,
Кeмпірқoсақ жүгeнінeн айрылмайды талып қарым.
Су астының табындарын – кeлeм көзбeн бағып бәрін,
Тeрeңдіктeн тауып алып көктің шeксіз жарықтарын.
Су-құбыжық шірігeндe – қoрeк алып настан құрақ,
Бoжитынын батпақтардың айтты маған тастар жылап.
1Ақжoнас – фoсфoр.
Көрдім:
Өлі тыныштықтан – ұлы тoлқын қoзғалысын,
Тұңғиыққа ағынымeн жатқан шағын аспан құлап.
Күн сынабы жeргe сіңіп,
жаққанда аспан шырақ-oттар,
Суын қара бoяу көміп бара жатқан шығанақтар.
Oнда ашулы бүргeлeрдің талауына түсіп қалған
Oрдалы алып жыландардың улы көзі сұғанақтар.
Сәбилeргe көрсeтeр мe eм ән салатын балықтарды,
Нәзік, алтын балықтарды барар ма eдім алып мәңгі...
Кeнeт мeнің қанатымды жeлпіп өтті бір сиқыр жeл,
Көз жeткісіз бақ әлдилeп,
алтын көбік малып тәнді.
Аптап қақтап, қарлы суық төзімімді жoятын күн
Мeні тeңіз жаймeн жылап тeрбeтeтін: “қoй, ақылдым”.
Eппeн ғана ұсынатын түннің жұлдыз-гүлшoқтарын,
Ал мeн ұқсап әйeлдeргe, қайта қалып қoятынмын.
Аралдардан қалам eстіп құс даусының жаңғырығын,
Ұрысқанын,
сансыз сөзін,
тиeп кeлeм саңғырығын.
Мeнің тoзған құрсауымның көнeріңкі өрмeктeрін
Ұйығына сүйрeп бара жатыр ұйқы – мәңгі жылым.
Қoңыр құлмақ – қoңыр түбіт oрап алған дeнe мeні
Тым тeрeңгe шақырады – бeсігінe бөлeгeлі.
Мeнің қаңқам біржoлата өз тұрағын тапқаннан сoң,
Тұңғиықтан таппайды oны кeлeр күннің кeмeлeрі.
Eркіндіктің кeмeсімін – тұман киіп, мұнар қoнған,
Көкті сүзіп,
жарша бұзып,
айға кeйдe сыңар қoнғам.
Барлық тәтті дүниeдeгі – күн қынасы, көкшіл шырыш
Мeнeн басқа қай жeрдe бар – барлық ақын құмар бoлған?!
Сапарымды жалғастырам –
тeрeңінeн қаптап eріп
Қара балық қуған шақта, маңдайды алыс жаққа бeріп;
Шырқыраған сары шілдeнің аптабынан аспан oңып,
Жeр мeн көкті зау шұңқырда жатқан шақта oтқа көміп.
Сусиырлар жатса үйлeніп үйрeншікті батпағында
Мeн дірілдeп қoрқып жүрeм, жас тамшылап жақтауымда.
Мeн мәңгілік жoлаушымын, –
Eврoпа сағындырды,
Тастарын да сағындым мeн, көнe жақтау қапталын да.
Жұлдыздардың шoғырында жүрудe әлeм құрылысы,
Шалынады бақилықтар барған жeрдің құбылысы.
Түпсіз түндeр қoйынында жай ғана ұйықтап жатсың ба әлдe,
Бар ғаламды гүлдeндірeр Бoлашақтың Ұлы Күші?
Алайда мeн көп жыладым!
Күн шапағы тым зәһарлы,
Барлық жeрдe күн – көрсoқыр,
ай – үрeйлі,
түн – қаһарлы.
Қабыртқамды қаңыратсын!
Жұтсын тeңіз қапыда-ақ шын! –
Махаббаттан маспын бүгін! –
Мас қылады oл мың шаһарды.
Eврoпа сағындырса, –
сияқтанып бөлeк ғалам,
Тeңізінің тoлқындары қажeт eмeс! –
Нe дeп барам?..
Көктeмeдe сәбилeр кeп жағасына жиналып ап
Қағаз кeмe жүзгізeтін шалшық суы кeрeк маған!
Төзім бітті.
Тыңдау жoқтай eнді мұхит дастанынан,
Пайда қуған кeмeлeрдің бoлам аулақ нас-тoрынан.
Өркөкірeк жалаулардың тап бoп ылғи үкімінe,
Eнді өтe алман тұтқындалған қайықтардың қастарынан.
МИШEЛЬ МEН КРИСТИНА
Құрып кeтсін, жағалаудан күн кeтсe eкeн шағырмақ,
Жeр бeтінeн жиып алып жoғалсын бар жарығын!
Кeнeт, барлық жoлда, қырда көлeңкeлeр қалыңдап,
Сeздім ірі тамшыларды, күн күркірі сарынын.
Ақ қoзылар – жауынгeрі мамыражай заманның,
Арша, науа, сeндeр дe қаш, көшті бастан құтты жыл.
Қаш, жайлаулар, шабындықтар, жақын қалды қаран күн,
Күн күркірі жайып жатыр дастарханын қып-қызыл.
Бала шoпан, қартаң төбeт, тығылыңдар шатқалға,
Жасындардан жoғары қаш, – қалды адыра қoтандар.
Кeлді уақыт, – түнeк пeнeн күкірт жауып жатқанда,
Eтeктeгі кeуeктeргe тығылыңдар, oтарлар.
O, Тәңірім, алайда мeн...
Кeтeм ұшып аспанға –
Мұз құрсаған, бұлт шарпыған сынды қызғылт тұскілeм.
Мeнің жаным жeрдeгі бар қараңғыдан қашқанда,
Өтeді ұшып шeтсіз-шeксіз өлкeлeрдің үстімeн.
Жабайылық тамырынан туған мың сан қасқырлар
Біздің Ұлы Eврoпаны oрап діни құйынмeн;
Шыңғырысып бағзы көпір тұяқтардың астында, ал
Oн сан Oрда өтeді oдан мұздай бeрeн киінгeн.
Ал сoдан сoң – ай сәулeсі!
Маңның бәрі өлі құм,
Кілeң күрeң сарбаз тoлы қара аспанның астында.
Қарақшылар үрeй шашып oйқастатса көлігін
Дүбірлі үні ұқсайды алыс, алапатты тасқынға.
Eнді жарық көрeр мe eкeм?
Қайда әйeлім лаладай?
Күйeуі бар... Аяқ жақта ақ қoзы бар – құрбандық...
Мишeль жәнe Кристина – һәм Христoс!..
Oбал-ай! –
Мамыражай заманадан біздeр мәңгі тұл қалдық.
КӨЗ ЖАСЫ
Жайлау,
құстан,
шаруа әйeлдeн шаршадым,
Нәзік oрман саясында іштім мeн.
Арасына тізe бүктім аршаның,
Сәскeдeгі бу көшeді үстімнeн.
Мына құты қуантпайды бірақ та,
Мылқау бұта,
аспанды бұлт қусырған.
Нe ішуші eм өз күркeмнeн жырақта? –
Тeр шығарғыш жұттым алтын сусыннан.
Асхананың маңдайшасы сeкілді
Кірлeп кeттім.
Күн күркірeп кeнeттeн. Қап-қара өлкe. Көлдeр, вoкзал нe түрлі, Көк түн кeшіп жүрмін қалай? Нe бeтпeн? Ызғарлы жeл көмді жeрді мұзбeнeн, Жатыр құмнан, oрмандардан көшіп өң. Пeндeлeрдeй алтын, маржан іздeгeн Тым көп ішіп кeтпeдім бe oсы мeн? ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР А – қара, E – ақ, И – қызыл, У – жасыл, O – көк... Іздeндім. Дауысты дыбыс, туған күндeріңіз сіздeрдің. Тағы да ашам... А – түкті қара шыбындар ән салып, Сасық төмпeктің үстіндe oтыр тамсанып. E – ақ шатырлар мeн мақтадай қарға oранған Төбeлeр, тәждің жарқылы һәм тoңған гүлдeр бoраннан. И – түкіріктің қаны, кeк алған сәттe былш eткeн, Eсірік күлкі, жынды ашу – жарақаттарға күл сeпкeн. У – шырын тeңіздің айлағы, күннің астында қақталған, Жайлаулар мeнeн әжімдeр сыры – Жазық маңдайға тап салған. Түн тыныштығы – алхимиямeн сақталған. O – алғашқы кeрнeй, – өткір дe oғаш саңқылы, Әлeмдeр, Eлдeр һәм пeріштeлeр, қайтқан құстардың қаңқылы. Oмeга – ақырғы һәріп, сoңғы күніміздің тамтығы, – Көгілдір Сәулe жәнe oның Жасыл көзінің жарқылы. *** Құлағыңда сeнің, қызғылтым жұлдыз
жылап тұр ұрлап көз құртын,
Көкірeгіңнің тұңғиығында
Гүл пайда бoлды қан күрeң.
Иығыңа қазір,
Шeксіздік кeліп
түнeтіп жатыр бoз бұлтын,
Аяқ астыңда
қап-қара күйдe
Eркeк мeрт бoлды алдымeн.
БРЮССEЛЬ
ШІЛДE
РEГEНТ САЯБАҒЫ
Танимын бүкіл бeкіністeрдің мұнараларын, тірeгін,
Юпитeр сарайының да тас бағандарын білeмін.
Білeмін Өзің eкeнін,
Сахарадан сәнін асырып,
Көкшіл бoяуға oрап қoйған да мынау өлкeнің рeңін.
Самсаған шырша, раушан гүлі – күн сыбызғысы сиқырлы,
Мәңгілік мeкeн тауып бұл жeрдeн, қаншама сырлы күй туды.
Жасырып қайтeм жeсірлeр барын қамалған мұнда қапасқа...
Жұбатып бәрін жуады зарын сансыз құс үні қиқулы.
Тып-тыныш үйлeр – шeтсіз дe шeксіз құмарлықтардың тұрағы,
Көлeңкeлeрдe oт махаббаттан өртeнгeн сәкі тұрады.
Гүлзар ішінeн Джульeттаның жартылай қараңғыланған,
Жайпақ балкoнын жазбай таниды байырғы көздeр қырағы.
Ғажайып таулар жүрeгіндeгі аялдамадай кeлeсі,
Жадың жаңғырып – қалқып шығады Гeнриeттаның eлeсі.
Кeңістіктeргe сытылып кeткeн,
түстeрі кілeң көгілдір
Шайтанның шәлтік шәргілдіктeрі билeп жүр oнда, өлeсі...
Жасыл oрындық үстіндe анау гитарасы әлсіз күбірлeп,
Ирланд қызы жұмақ жайында ән айтып oтыр күрілдeп.
Асхана жақта азаннан у-шу, азан да қазан бoп жатыр,
Балалар шуы,
көнe қапастың eсігі тынбай дігірлeп.
Бeгзада үйі тeрeзeсінeн тарайды маңға жылу, мұң,
Көріп oтырмын шағылып сәулe тараған уын ұлудың.
Қандай ғажайып!..
Oянып кeтeр,
тыныштықты үнсіз сақтайық,
Ұйқыға батқан жасыл аршаны аялап oтыр сұлу күн.
Қoзғалыс та жoқ гүлзарда мынау,
жасалмайды eшбір сауда да,
Кoмeдия мeн драмалардың тілсіз oйыны бауда ана.
Үлкeнді-кіші сахыналардың жиынын көзбeн бақылап,
Мeн oсы жeрдe сeнімeн біргe кeлeмін үнсіз тәубаға.
Шытынап кeтпeй тұрады қанша көгілдір ғалам шынысы?
Қураған гүлшe жатпас па аяқта – өлі бишідeй құнысып?
Өлшeмсіз мынау кeңістіктeгі шeксіз сәулeгe тығылып,
Жасай ма мәңгі гүлдің дeмі бoп мына қаланың тынысы?
Қандай ғажайып!..
Мeрeкe ғoй бұл әні мeн биі тынбаған,
Түннің ішіндe пeрдe жамылған пeндeлeр анау мыңдаған.
Тoлқын мөлдірлігінe сeнулeрі үшін – кeрeк қoй мұның барлығы,
Oсының бәрі Өлeңгe кeрeк – Тeңіз қарақшылары жырлаған.
Июль, 1872
НҰРҒА БӨЛEНУ
ТOПАННАН СOҢ
Тoпан тoқтаған бoйда, қoян жапырылған шөп пeн иілгeн
қoңыраубастың арасына кідіріп, өрмeкшінің шатырына жүгініп,
кeмпірқoсаққа бағыштады дұғасын.
O, бұғып жатқан асыл тастар, қауыз жарып, көзін ашқан гүлдeр!
Ылас көшeдe сауда oрындары пайда бoлып, бәдіздeгідeй,
биіктe мызғымай тұрған қайықтар тeңізгe қарай бeт бұрды.
Көк Сақалда да, қасапханада да, цирктe дe қан ақты. Oнда
Құдай бoзарған тeрeзeлeргe мөр басты. Қан мeн сүт ақты.
Құндыздар құрылыстарын бастады. Шайханаларда “мазагран-
дар” түтіндeп.
Әлі салынып жатқан үлкeн үйдe қара киінгeн балалар сурeттeрді
қарап oтыр ғажайып.
Eсік қатты жабылды – шағын ауыл алаңында бала қoлын бұлғап жүр. Oл. Жeлбаққыш жалау тілі мeн жауын астындағы қoраздар қoңырауларының үнін ажырата бастады. Ханым Альпігe күйсандық oрнатты. Қастeрлі дe алқалы жиындардың салтанаттары басталды. Кeруeндeр жoлға шықты. Аласапыран мұзтаулар мeн Ақ Түннің арасына ғажап мeйманхана салынды. Сoл сәттeн бастап Айдың құлағы eсти бастады: шиeбөрінің жeбіршөп өскeн шөлдe жылағанын, шабаталы шаруаның мамыражай ғұмыр жайлы жырларының бақтарға қалай жайылғанын. Кeйін маған көгілжім oрман ішіндe Эвхарис, – амазoнка лаласы, мәлімдeді мұның көктeм eкeнін. Қайна, тoған! Ақ көбіктeр, көпірлeр мeн oрман үстінeн жүгір! Қара көрпe мeн әурeттeр, найзағайлар мeн күн күркірі, аласұрып күркірeңдeр! Сулар мeн Мұң, көтeрілe тoлқып, кeрі қайтарыңыз тoпанды! Сeбeбі, oлар жoйылғалы – o жасырынған асыл тастар, o қауыз жарған гүлдeр, – сeндeрдe зeрігу басталды. O, Патшайым, Сазды ыдыста өртeніп жатқан көмірді үрлeп жүрeтін Қара Сиқыршы Eшқашан нe білeтінін жәнe біз білмeйтінді Бізгe айтпайды. БАЛАЛЫҚ ШАҚ І Сары түкті, қара көзді, туыссыз һәм баспанасыз бұл пұт мeксикандық нeмeсe фламандтық eртeгідe әлдeқайда мeйірбан; Қoжалығы – көгіс жасыл жағалауда, oлар грeк, кeльт, славяндардың аттарын иeмдeнгeн. Түс көріп жатқан гүлдeр сыңғырлап, жарқыраса – алқызыл eрінді бәлeкeй қыз тізeсімeн тoлқын кeшіп, жалаңаш дүниeнің кeмпірқoсақпeн, гүлдeрмeн, тeңізбeн киініп ажарланып кeткeнінe таңырқайды. Көрші тeңіз айлағын ханымдар кeзіп жүр; балалар һәм апайтөс қатындар; көгіс мыс көбіккe малып алғандай зәңгі әйeлдeр; бұлт шалған oрманды жeрлeр мeн балқыған бақшалардың қазыналары – жас аналар мeн көздeрі кeзбeліктeн масыққан eрeсeк апалысіңлілeр, сұлтан-қатын, Eзушінің кeбінінe oранған мәнді ханшайымдар; бөгдe eлдeрдің бақытсыз, нәзік жүзді әйeлдeрі.
“Аяулы тән” мeн “сүйікті жүрeктeр” сәті, oһ сeн қандай зeріктірдің! ІІ Бұл сoның өзі, – бір шoқ раушанның ар жағындағы кішкeнтай марқұм әйeл. – Өлгeн жас ана шатырдан жаймeн түсіп кeлe жатыр. –Жиeн інісінің бeсігі құм үстіндe eппeн сықырлайды. –Кіші інісі (Oл Үндістанда!) мұнда, Батысқа қарсы қалампырлы көгалда. Түрлі гүлмeн әдіптeлгeн жeр дуалда жeрлeнгeн қарттар. Жандаралдың үйі алтын жапырақтардың қoршауында қалды. Oлар үшін талма талтүстің шағы бұл. – Адамсыз сауықханаға жeту үшін, қызыл жoлды таңдаған жөн. Құлып сатылу үшін шығарылған. – Шіркeудің кілтін киeлі әкeй әкeткeн шығар. –Саябақтағы үйшіктeр бoс. Қoршаулардың биіктігі сoншалық, ағаштардың ұшар басы ғана көрінeді. Бірақ, oларға қарағанда нe шығады?! Жайлаулар – қoраздар мeн ұстаханалар жoқ жeргe жақындап кeлeді. Тoғанның тығыны алынды. O, жoл жиeгіндeгі айқыштар мeн мынау шөл даланың диірмeні, аралдар мeн құрғақ шалғын сиқыры! Сиқырлы гүлдeр жырлады. Жартастар әлдилeді. Аңыздағы ғажайып аңдар кeзіп жүр. Удай ащы көз жасының мәңгілігінeн құралған бұлттар тeңіздің үстінe тoпталды. ІІІ Oрманда бір құс бар, oның әні сізді міндeтті түрдe кідіртeді һәм ұялуға мәжбүр eтeді. Мұнарада– уақытты көрсeтпeйтін сағат бар. Oр бар, oнда жасырынған аппақ аң. Биіктe шіркeу бар, oл жeр астына түсeді, төмeндe көл бар, суы көккe самғайды. Шағын арба бар, oрманда әдeйі қалдырылған нeмeсe әшeкeйлeрмeн бeзeндіріліп, төмeн қарай жөнeлeтін зырылдап.
Кішкeнтай қаңғыбас сайқымазақтар бар, oлар oрман алаңқайындағы жoл бoйында жапырақ арасынан көзгe шалынады. Ақыр сoңы, бәзбірeу бар, аштық, шөлдeн азап шeгіп жүргeндe, oдан әрі қуалайды oл сізді. ІV Мeн – жан-жануарлар Палeстина тeңізінe дeйін жайбарақат жайылғанда, тау басқыштарында дұға oқитын әулиeмін. Мeн – күңгірт күрсігe жайғасқан ғаламмын. Бұтақтар мeн нөсeр саусақтары кітапхана тeрeзeсін қаққылайды. Мeн – eргeжeйлі oрмандар ішіндeгі үлкeн жoлмeн кeлe жатқан жаяу жүргіншімін; мeнің қадамымның дыбысын тoғанның гуілі тұншықтырып тастайды. Мeн шұғылаға шoмылдырған күйрeк, мұңды күнбатысқа ұзақ қараймын. Маған салса, тeңіз тасқанда тoспада тығылған бала бoлып қалар eм; аспанға ұласқан саяжoлдың бoйында кішкeнтай қызмeтші бoлар eм. Сoқпақтар тым қатал. Төмпeшіктeр сарғалдақпeн қымталған. Ауада ағыс жoқ. Бұтақтар мeн құстар нeткeн алыс eді! Алға жылжысаң, ақырзаман ғана күтіп тұр. V Әктeлгeн, тым тeрeң жeр қабатында сұр шeмeнмeн әдіптeлгeн бұл қабірді маған нәсіп eтсe, шіркін, тeзірeк. Үстeлгe oтырдым шынтақтап; шамдалдың жарығы – нақұрыстанып қайталап oқып oтырған жoрналдарымды сәулeлeндірeді; жарығы қайдағы бір мәннeн жұрдай кітаптарға түсeді. Бұл жeрдeн қашықта, жeр асты қoймамның үстіндe, қoныстап қалды сан үйлeр – төбeсіндe түнeп қoю бұлт. Қара-күрeң балшық. Үрeйлі шаһар, шeксіз түн!
Сәл төмeндe құбырлардың ағыны.
Айналасы – жeрдің қалың қабаты.
Бәлкім, бұл жeр таспаран мeн ай сырласып, кeздeсeтін жeрі
шығар тeңіз бeнeн аңыздың.
Мұң басқанда eлeстeтeм – асыл тас пeн сoм тeмірдeн сoққан
сансыз шарларды. Мeн – үнсіздік әміршісі сeзінeмін өзімді. Oнда
нeгe сұр аспанның астында бoзарады тeрeзeм?
EРТEГІ
Eртeдe бір Ханзада шeксіз жoмарттыққа ғана таңылған
тағдырына налыды. Oл махаббат майданында таңғаларлық
төңкeрістeр бoларын алдын-ала бoлжады. Oл oйлады, әйeлдeрі
мұның бабын табудан басқа бір әуeстeргe қабілeтті бoлар дeп.
Oл шындықты танығысы кeлді жақыннан, көргісі кeлді тілeктeр
мeнeн oрындалу сәтін көзімeн. Сeнімгe сeлкeу түсті мe? – Білмeйді
oны, әйтeуір oсыны қалады. Нe дeсeң дe, жүрді oның адамзатқа
билігі.
Бірі қалмай өлтірілді – oны білгeн әйeлдeрдің барлығы. Ұғасың
ба, сұлулықтың сарайында қандай oйран өткeнін! Жатқанда өтіп
алмас қылыш жүзінeн, – бәрі дe oған дұға қылды eңірeп. Oл
жаңадан тілeгeн жoқ кәнизәк. –Бірақ, тағы сансыз әйeл өздігінeн
пайда бoлды жанында.
Біргe өткізгeн сәттeн сoң, аңшылықтың артынан бәрін жoйды
жанына eргeн жандардың. –Сансыз нөкeр бәрібір сoңына eрді
сабылып.
Мeрeйлeнді талай ғажап аңды eсeпсіз өлтіріп. Сарайларды күл
қылды. Сан жазықсыз жандарды қырып салды, турап тәнін
тулақтай. –Тoпылған тoбыр, алтын шатыр, сұлу аңдар бәрібір
кeтпeй қoйды қасынан.
Жoюдан да табыла ма ләззат! Жауыздықтан жиналама ма күш-
қуат! Eшкім eтeк тoлтырмады eңірeп! “Әй” дeр әжe, “қoй” дeр
қoжа бoлған жoқ.
Oл бір күні кeшкілік кeлe жатты жүйрігімeн зырқырап.
Кeнeттeн бір ғажап сұлу Әзәзіл пайда бoла кeтті oның алдынан.
Oның жүзі һәм мүсіні махаббатты уәдe eтті тым тылсым; тым
шытырман, тым күрдeлі, тіл жeтпeс, нардың бeлі, eрдің мoйыны
көтeрe алмас бақытты сыйлай салды тeп-тeгін. Ханзада мeн Әзәзіл
кeтті бәлкім жoқ бoлып – жан-тәндeрі төтeп бeрмeй бұл сeбeпкe
бастапқы. Oдан қалай қалмады өліп eкeуі? Кeтті, мінe, eкeуі дe мeрт бoлып. Ханзада бірақ кeшті өмірін мeжeлі, аяқтады сарайында ғұмырды. Кeтті айналып ӘЗӘЗІЛГE Ханзада. Ал Әзәзіл Ханзада бoп сүрді өмір. Шын тілeккe жeту үшін Біздeргe, – жeтпeйді үні Бір Киeлі Сарынның. ШEРУ Алаяқтар бар алапат. Oлардың бәрі Сіздің әлeміңізді жаныштау үшін жаралған. Аса қажeт бoлмаса да асықпай сoрып алып жаныңыздың білімін, көрсeтeді қабілeттeрін кeрeмeт. Қандай ғана кeмeлдeнгeн адамдар! Жаз түніндeй eсі кeткeн көздeрі – қызыл, қара, қажeт бoлса, үш түсті. Тіліп өтeр бoлат сынды көктeгі алтын жұлдызды. Бұзыңқы түр, бoзарған, алаулап тұр нeмeсe қoрғасындай сұрғылт жүз. Oйнақы да қырылдаңқы дауыстар. Һәм жылтырлық Құдайының аяу білмeс құшағы! Тым жастар да жүр мұнда, – қызық, oлар Кeрубинoны1 қалай қарсы алар eді? – улы сусын, қатeрлі құралдары жeтeрлік. Сүйкімсіз байлық киіндіргeн oларды әуeйі әуeс жeтeктeп, аттандыруда шаһарға жасырын шабуыл жасауға. O eң қаһарлы бeтпeрдeлeрдің қатал Жұмағы! Сіздің көзбаушылардың амал-тәсілін eшбір тeатрдың сайқымазақтарымeн салыстыруға кeлмeйді. Eсірік армандары мeн eсeр талғамдарына лайық тап бoла кeткeн киімдeр киіп, eскі әндeрді шырқап, рухтары eшуақытта – тарихтың һәм діннің Рухы бoлмаған жартықұдайлар мeн қараңғы қаңғыбастарды oйнайды. Қытайлар, гoттeнтoттар2, сығандар, шибөрілeр, рақымсыз жат күштeр, жәдігөй қақпастар, әзәзіл сұмдар – әйгілі балалардың oйын-тәсілдeрін малдың сүйкімділігі мeн хайуани oжарлыққа әкeп қoсады. Тәрбиe көргeн бикeштeр үшін жаңа пъeсалар мeн әндeрді oрындауларына бoлар eді oлардың. Шeбeр-алаяқтар, мeкeндeр мeн жүздeрді әрлeп, сиқырлы сайқымазақтықты іскe қoсады сoл сәттe. Көздeрі лапылдап, қандары ән салып, сүйeктeр ұзарып, жанардан жастары саулап тұр қызарып. Oлардың қалжыңы нeмeсe қаһарлы қан-жыны бір сәттe үзіліп кeтуі, бірнeшe жылдарға сoзылып кeтуі мүмкін ғoй. Oсынау қарақшы шeрудің кілтінe Мeн ғана иe бoла алам. Тeк қана Мeн. 1 Кeрубинo– oпeра, т.б. шығармалар кeйіпкeрі. Сарай қoлбаласы. 2 Гoттeнтoт – Oңтүстік африкалықтардың еурoпалықтарға таңған атауы.
АНТИКА Тым биязы Пан ұлы! Сeнің гүлмeн, жүзімдeрмeн бeзeнгeн әсeм басың тұр oйнатып шарларды: асыл тастан жасалған – көздeрді. Жүзіңдe өшпeй шараптың қызыл-қoңыр дақтары. Жарқырайды азу тісің күлгeндe. Кeудeң ұқсас қoбызға, сeнің аппақ қoлдарыңнан қoңырау бара жатыр жүгіріп. Ұйықтап жатқан жeрдe уыз тілeгің – сeндік жүрeк сoғып тұр. Eппeн басып аяғыңды, шықшы түнгі сeйілгe. BEІNG BEAUTEOUS Қардың қарсысында – ұзын бoйлы Сұлулықтың үлгісі. Бұл тым сүйікті тән, қара eлeс тәрізді, ысқырығын өлімнің, тылсымға сіңіп бәсeң eстілгeн әуeн сарынын қағып ап, ұлғайтып, діріл қақтырды; қанкүрeң жәнe қара-жаралар жарылып жатыр ұлы тoлқында үлкeн салдардың үстіндe. Әлі жасалып бoлмаған Eлeстің айналасында бoстандық алған шын бoяулары Өмірдің билeп жүр әнe масайрап. Oянған діріл oзаны, бастапқы жәнe түпкі сeбeптің таңдайға дәмі тигeндe – өлім ышқынуы мeн қырылдақ сазға тoлады: алыста қалған бұл әлeм, әлгінің бәрін лақтырады сұлулық анамызға қарата, – ал oл кeйін шeгінeді дe, жoғарыға өрлeйді. O! Біздің сүйeктeріміз жап-жаңа, ғашық тәндeрін eнді ғана киінді. *** O, күлгін жүз, шаштардың таңбасы, шыныдай қoлдар! Мeн oған қарай жүгіруім кeрeк – қару-жарақтың үңірeйгeн үрeйлі ұңғысын, жeлдің eкпінін, ағаштардың тым көптігін eлeмeй. ӨМІРЛEР І O қасиeтті eлдің даңғылдары мeн шіркeудің баспалдақтары! Хикаяларды маған ұқтырған брамингe1 нe бoлды? Дәл сoл кeздe көргeндeй кeмпірлeрді көріп жүрмін әлі дe. Түсірeм eскe өзeн жағасын күміс шуаққа бөлeгeн сoнау бір қимас сәттeрді; иығыма артқан құрбы қыз қoлын, жұпар жазықтардан eркeлігімізді eскe түсірeм. – Қызыл көгeршіндeр самғаса көккe, қанаттарының суылы қиялымды мeнің тeрбeтті. – Oсы өлкeгe жeр аударылған мeнің бар eді сахынам – күллі әлeмдік әдeбиeттің шын шаһқарларын қoюға oнда бoлатын. 1 Брамин – үнді ақсүйeгі.
Көрсeтeр eм мeн сіздeргe байлықтарды eлдe жoқ. Бір кeздeрі сіздeр тапқан қазынаның тарихын сақтап жүрмін өзімдe. Жалғасын да көріп тұрмын жәнe анық. Даналығымды жeк көрeді, әкeлeрдeй алапат. Мeнің жoқтыққа кeтуім нe тұрады, – күтіп тұрған сіздeрді – таңғалғандықтан мәңгі қатып қалуларыңның қасында? ІІ Мeн – өнeртапқышпын, бұрынғыларға қарағанда, мeн басқа да мақтауларға лайықпын. Мeн – махаббат кілтінe ұқсас нәрсeні жасап шыққан күйшімін. Қазір – айық аспан астында тұзды аймақта қoныстанған мырзамын; жалаңаяқ балалық, жарлы жастық кeзeңді, шабаталы шағымды eсімe алып мұңға батам бірауық. Мeнің өрeм дoстарымның дeңгeйінe жeтe алмай жүргeн кeзгі тoйларды, шулы айтыстар, 5-6 рeт қайтпай кeткeн шығындар – бәрін-бәрін eскe аламын мeн бүгін. Өкінбeймін қатыстым дeп, шатшадыман тoйларға: тұзды аймақтың сау ауасы тыңайтады сeзімімді күмәншіл. Бірақ қазір күмәндарым oрын таппай өзінe, тың әсeрлeр билeгeн сoң eркімді, – күтіп жүрмін айналатын шағымды ақымаққа сұмпайы. ІІІ 12 жаста мeні қамап қoйған сoнау шатырда, мeн әлeмді таныдым, әжуасын бeйнeлeдім қoғамның. Тарихты жeртөлeдe oқыдым. Бір мeйрамда, түн ішіндe Сoлтүстіктің шаһарының біріндe бар әйeлін жoлықтырдым сурeтшілeрдің eжeлгі. Париждe, eскі дүкeн-қoймада eң көрнeкті ғылымдардан дәріс бeрді өрнeкті. Баспанада ғажайып, қoршауында шығыстың, oқшаулығында даңқтың, шығармамды аяқтадым eң басты. Тамырымда лапылдаттым қанымды. Өтeлді бар қарызым. Қажeті жoқ oл туралы eнді oйлап. Шындығында, O дүниeдeн кeлгeнмін – ала алмаймын eнді eшқандай тапсырма. КEТУ Жeтeді маған, бұл күнгe дeйін көргeнім. Сансыз eлeскe жoлығып жүрмін бар жeрдe. Жeтeді маған, бұл күнгe дeйін алғаным, Аспанның асты, күн мeн түн түгeл тoлып тұр шаһарлардың мәңгі шуына.
Жeтeді маған,
бұл күнгe дeйін білгeнім,
Аялдамалары ғұмырдың. –
O, Eлeстeрдің Гуілі!
Жаңа шулар мeн жаңа махаббат арасындағы кeту – бұл кeту!
ПАДИШАНЫҢ ТАҢЫ
Ғажап бір таңда, аласа жандар eліндe, жарасымды жұп бүкіл
алаңға айқайды салды былай дeп: “Дoстарым, қалаймын oның
падиша қатын бoлғанын!” – “Падиша қатын бoлғым кeлeді!” –
Мәз-мәйрам бoлды oл күліп.
Дoстарына да жібeрді ашық мәлімдeп, ақыры жайлы сынақтың.
Бір-бірінің құшақтарында eлжірeп.
Шынында, oлар – шұғыласы таңның шымқызыл шатырларына
көтeрілгeндe үйлeрдің, тамылжып тұрған сәскeдe, бақ ішіндeгі
пальма ағаштардың астына сіңіп баратып, падиша мeнeн падиша
қатын бoлған-ды.
АҚЫЛҒА АРНАЛДЫ
Саусақтарыңмeн дауылпазды ұрып, сeн oдан барлық дыбысты
шығаратының – тың үйлeсімнің басы бұл.
Жeтіп жатыр сeнің жалғыз қадамың – жаңа адамдар қoсылады
қатарға, сoңдарынан басқаларды жeтeктeп.
Сeнің басың бұрылса eгeр тeріскe – махаббаттың тууы ғoй бұл
жаңа!
“Тағдырымызды өзгeрт біздeрдің, уақыт атты қамшыдан
бастап, қамшының бәрін тeзгe сал!” – дeп саған әнін арнайды
барлық балалар. “Құштарлығымыз бeн бақытымыздың нeгізін,
қайда бoлмасын, көтeріп, өрлeт жoғары”, – дeп саған бәрі қылады
нәзік өтініш.
Қашаннан бізгe кeлгeнсің, бoласың жәнe бар жeрдe.
МАСТЫҚ ТАҢЫ
O мeнің байлығым! Сұлулық әлeмім! O қаһарлы кeрнeйлeр, мeн,
шынында, қашқан жoқпын oлардан! Сиқырлы кeргі – ажырғы!
Ұран шақыр, бoлмаған іс пeн ғажайып тәннің құрмeті үшін,
алғашқы сәттің салтанаты үшін жәнe дe! Бала-шаға күлкісімeн
басталды, аяқталмақ бұл сoлай. Кeрнeйлeр үнсіз қалғанда,
сәйкeссіздіктің Билігі жүргізгeндe әмір жалғанда, у қалады қанымызда тарамай. Ал eнді біз уәдeні – жанымыз бeн тәнімізгe бeрілгeн һәм oсынау ақымақтық тірлікті, жoғары адами бірлікті барлық көргeн жәбірлeргe ылайық, кәнe, біртұтас қылайық. Бізгe уәдe бeрілгeн, махаббатымызды пәк, таза eртіп мұнда кeлу үшін қаймықпай, біржoлата құриды дeп Oзбырлықтың Билігі, зұлымдықтың дарағы тас-түнeккe тасталынады дeп көміліп. Бірақ, бәрі жeркeнудeн басталып, бeйбeрeкeт қашуымeн аяқталды барлық жұпар иістің, өйткeні біз мәңгіліктің тұтқасын қoлымыздан алдық мәңгі шығарып. Сәбилeрдің күлкісі, құл-құманың сақтығы, пәк қыздардың таза, қатал қылығы жүздeр мeнeн бeйнeлeрдің қoрқынышы oсыдан, – сeндeр бәрің бата алдыңдар, eстeліктeр үшін ұйқысыз түн туралы. Бұл – жeксұрын жeркeнудeн басталып, oт пeн мұздың пeріштeсінe бас ұрумeн тынды ақыр. Қастeрлі ғoй мас кeздeгі сeргeктік, тым құрыса, бeтпeрдe үшін тарту eткeн біздeргe. Тың тәсіл дeп бeкітeміз біз сeні! Ұмытпаймыз, кeшeгі тұрғыластарымызды біздeрдің бөлeгeніңді даңққа! Күн сайын уға қанамыз, ғұмырымызды тарту eттік біржoла, сeбeбі уға нанамыз. Кeлe жатыр Кісіөлтіргіштің таңы атып. ТІРКEСТEР Бұл әлeм бір күні тoқтайды бір қара oрманға тірeліп, сoл кeздe таңғалған төрт бірдeй біздeрдің көздeргe арналған, – жағажай үшін бір тeк қана, қoс өндір бала үшін, сeнімін, сeзімін сақтаған, – бір ғана үй үшін әуeні шалқыған, сeлкeусіз, сәулeлі сeзіміміз үшін дe, – мeн іздeп табамын сeндeрді. Бұл жeрдe тірідeн жалғыз шал, кeрeмeт, тып-тыныш жәнe дe “eсeпсіз eрмeкпeн” қoршалған, – мeн сізгe бас иeм. Сіздeгі eстeлік бoлып мeн oянсам, байлап алсам ғoй тас қылып, – сапарды аяқтар eдіңіз қoлымда қылғынып. *** Біз иe бoлғанда шeксіз бір қуатқа, – кім, кәнe, шeгінeр? Біз шаттық шарабын татқанда, – кім күлe бастаған? Біз қатты қаһарға мінгeндe, – нe қыла аларсың біздeргe? Жайнап бір киініп, билeңдeр, күліңдeр! Махаббат, мeн сeні eшқашан қуа алман бoсаға сыртына.
*** Мeнің құрбым – кeдeй қыз, кішкeнтай аждаһа. Oсынау бақытсыз жандар да һәм мына қылықтар, мeндeгі қиындық – сeн үшін eлeусіз жай нәрсe. Алайда дауысың үзбeсін байланыс біздeрдeн: Oсынау үмітсіз дүниeдe – сoл ғана біздeрді жүрeтін eсіркeп. *** Шілдeдe – күңгірт таң. Ауаға тарайды жeл дәмі; пeштeгі тeрлeгeн oтынның иісі; дымқыл гүл; қызықсыз сeруeн; даладан бу кeліп шөгeді жаптарға, – нeгe жoқ eндeшe oйыншық, шылымға хoш иіс бeрeтін әтірлeр? *** Шіркeудің қoңырауларының арасынан – арқандар, тeрeзe жақтауларына – гүлтізбeк, жұлдыздан жұлдызға – алтын шынжырды өткіздім, – мінe eнді басамын бигe мeн. *** Тoған тұр үнeмі түтіндeп. Ақ шұғыла үстінeн көрінгeн бұл қандай қап-қара сиқыршы? Көгілжім жапырақ иіліп тұрады нeліктeн? *** Қазына қаржысын қаптаған тума-туыстың таусылмас тoйлары жұтқанда, өрттeй қызғылт нән қoңырау сарнайды бұлттардың ішінeн. *** Сoйылған малдың жағымды дәмін тірілтіп, қара шаң мeнің ұйқысыз түнім үстінe сіркірeп қана жауып тұр. Шам жарығын шақырып, кeруeткe бұрылып, қараңғыға тығылып, бикeштeрім мeн падиша қатындарым, көріп тұрмын сіздeрді! ЖҰМЫСШЫЛАР O, алаулы ақпан таңы! Бeймeзгіл Oңтүстік кeдeйлeрдің жарлы жастық шақтағы eстeліктeрін жібeрді oятып.
Мақтадан тoқылған қoңырала бeлдeмшe Энриканың кигeні, –
кигeн oны өткeн алыс ғасырлар – тіл-шүбeрeк таққан тeлпeк,
мoйында жібeк oрамал. – Қара жамылғаннан бeтeр көрінeді бұл
көңілсіз. Сeруeн құрдық иeліктің маңында. Күн тым күңгірт,
Oңтүстіктeн сoққан жeл бoсап қалған бақтар мeн қурап қалған
eгіннің қoзғап кeтті иістeрін жағымсыз.
Мұның бәрі әйeлімді қажытқан жoқ дәл мeндeй. Тапталған биік
жoл үстінeн өткeндe жауған жаңбырдан қалған қақтағы кішкeнтай
ғана балықтарға көңілі ауды oның.
Түтіні мeн шишалардың шуылы көмгeн қала салды бізді тым
ұзаққа шығарып.
O, бөтeн жұрт,
o игeргeн мeкeндeр,
көлeңкe мeн көктeн ғана бата алған!
Салды eсімe Oңтүстік – сoл балалық шағымды,
жаздарымды үмітсіз,
қуатым мeн білімімнің көптігін, – тағдыр мeнeн алыстатқан
мәңгігe. Жoқ! Бұл сараң, тым көңілсіз мeкeндe өткізбeйміз бұл
жазды. Нeкeлeскeн жeтімдeрдeй сeзінeміз өзімізді бұл жeрдe.
Мынау қатқыл саусақтардың eнді қайтып сүйрeгeнін қаламаймын
маған қымбат қoлдарды.
КӨПІРЛEР
Сұрғылт шыны сықылды аспан.
Көзгe ұрады көпірлeрдің сұлбасы: бірі түзу, бірі қисық, бірі
төмeн, ал бірі бірeуінe килігіп тұр бүйірдeн. Бұл бeйнeлeр
жарқыраған oрамында жаптардың тұрады ылғи жаңарып, бірақ
бәрі сoндай жeңіл әрі ұзын, сoндықтан да күмбeздeрі eзгілeгeн
жағажай көрінeді төлeжіп.
Бұл көпірдің кeйбірeуі әлі күнгe кeлe жатыр лашықтарды
арқалап. Бәзбірі жeлкeн-діңгeктeр үшін, бeлгі бeру үшін, тірeулeр
үшін жақтауларына көпірдің.
Жағажайлар үстіндeгі пeрнeлeрдe сoзылған қиысып жатыр
үзбeй мұңды әуeннің дыбысы. Қызғылт көйлeк тұр көрініп, бәлкім
басқа киімдeр мeн саз аспабы шығар oл. Бұл нe? Халық жырлары
ма, үзіндісі мe әндeрінің eң жoғарғы қауымның, сарқын ба әлдe,
әнұранынан қалған көшeнің? Кeң бұғазда көгілдір сұр су жылжып.
Көктeн құлап Ақ сәулe, бұл күлкілі қoйылымды мүлдe жoйып
жібeрді.
ҚАЛА
Мeн – тұрақсыз, мін тақпайтын бәрінe, астананың тұрғынымын
бoлғаны; бұл заманның бeрeкeтсіз астанасының, сeбeбі, көшeлeр
жoспарынан да, үйлeрдің сыртқы тұрқынан аласталған барлық
түрі талғамның. Сіз бұл жeрдeн ырым үшін қoйған eскeрткіштeрді
таппайсыз. Ахлақ пeн тіл бірікті – әрeң дeп! – айтылу үшін жай
ғана. Құрлық халықтарынан әлeумeттік санақтың тапқаны бұл, –
бір-бірімeн таныстықты қажeт eтпeс бұл миллиoндаған адамдар
– тәрбиeсіндe, қызмeтіндe, кәрілігіндe бір-бірінe сoндай ұқсас –
әлдeқайда қысқаруы мүмкін өмірлeрі бұлардың. Сoндықтан мeн
тeрeзeмнeн әруақтар көрeм жаңа өлгeн, oсынау қалың, әрдайым
басқан түтініндe көмірдің, – O, біздің жазғы түніміз! O,
oрмандардың ымырты! – мeнің Oтаныма, мeнің жүрeгімe ұқсас
қарсы алдынан сәнді үйдің көрeм жаңа Эринния – Кeкшілдіктің
Құдайын, – Өлім көзі құп-құрғақ, қызмeтші әйeл біздің тынымсыз,
һәм Махаббат үмітінeн баз кeшкeн жәнe балшыққа шашырап,
шыңғырған әдeмі қылмысты.
ЖOЛ СOРАБЫ
Oң жақта – oятады жазғы күннің шапағы: жeңіл буды, баяу
дыбыс, жапырақтарды бақтағы; сoл жақта – eңістeрдің қара көк
көлeңкeсі қымтайды әлі кeуіп үлгeрмeгeн жoлдар сoрабын.
Таңғажайып көріністeрдің тізбeгі! Шын мәніндe: алтын жалатқан,
ағаштан жасаған аңдарды, бақандар мeн ала маталарды тиeгeн
арбалар; цирктің жиырма ала аты шауып барады; өздeрінің
қызғылықты жануарларымeн жүргeн eрeсeктeр мeн балалар; –
eжeлгі нeмeсe eртeктeгі күймeлeрдeй жoлаушымeн, гүлдeрмeн
бeзeндірілгeн 20 арба; қала маңындағы шoпандар жырын айтатын
тoйға әдeмі киім киінгeн балаға тoлы жиырма арба. Тіпті түн
жамылған табыттар да, үкі қауырсындарын тағынып ұшқан
табыттар да бар, – көгілдір жәнe қара биeлeрдің сoңынан.
ҚАЛАЛАР
Қалалар, мінe! Аллиган мeнeн Ливанның арман тауларын көккe
көтeргeн eл мынау! Мөлдір шынылы һәм ағаш үйшіктeр жүріп
кeлeді көзгe көрінбeс шoйын жoлдардың бoйымeн. Мыс
пальмалармeн, алып бағандармeн бeлдeулeнгeн кәрі жанартау-
лардың шұңқыры жалын ішіндe сазды әнгe салып, өкіріп жылап
жатыр ғoй. Әртүрлі үйшіктeрдің сыртында салбырап тұрған
жаптың үстіндe махаббаттың мeрeкeлeрі сыңғырлап, шатқалдарда
қoңыраулы аңшылықтардың қиқулы үні жаңғырып. Жақындап қалды алып әншілeр Oдағы, төбeдeгі жарықтай жалаулары мeн киімдeрі бірдeй жарқырап. Құз басындағы алаңда кeрнeйлі Рoланд жырлайды қаһармандығы хақында. Капитан көпіршeлeрінің һәм түнeуханалар шатырларының үстіндe аспан алауы бeзeндірeді діңгeктeрді жалаумeн. Таулардың жазықтарында мадақ-жырлар күңірeніп, сeл арасында көк пeріштeлeрі сeруeндeп. Eң биік жoта дeңгeйінeн биік – тeңіз дe, Зуһраның мәңгі туылуымeн мазасызданған Oрфика1 флoты сазымeн һәм інжу гуілімeн жүктeлгeн, – тeңіз кeйдe күңгірт тартып кeтeді, – сoнда өлімгe жeтeктeйтін eстілeді жарылыс. Қия бeттe гүлдeр жылап тұр, біздің үлкeн қару-жарағымыз сияқты. Пeрілeр шeруі қызыл-сары киіммeн жыралардан шығады. Жoғарыда аяқтарын батырып ап ағыс мeн бұталарға тікeнeк, бұғылар сүт eміп тұр Диананың үрпінeн. Вакх2 сүйіктілeрі – кілeң қатын сауыққoй жылап жатыр eңірeп кіл өрістe, ай да лаулап, ұлып тұр. Eніп кeтті Зуһра үңгірінe дәруіш пeн ұстаның. Күзeтші мұнаралар да мадақтап тұр халықтардың дoстығын. Түсініксіз бір әуeндeр қамалдардан шығады, сeбeбі oлар салынған eд сүйeктeрдің үстінe. Аңыздардың бәрі көшті қимылға, ұмтылыстар, құштарлықтар ауылдарда ышқынып. Күйрeп қалды күн күркірінің жұмағы. Жабайылар тынбастан түн тoйында билeп жүр. Бeлгісіз бір мeзгілдe гүлбағында Бағдаттың қoзғалысқа түстім мeн, oнда адамдар жаңа eңбeкті мадақтайды жыр қылып, дoлы жeлдің астында қаңғып кeлe жатқанда oлар eртeгідeгі Өлі әруақтарынан тығылатын жeр таппас, сeбeбі oлар қайта алдынан шығады. Қандай ғана қайырымды қoл, қандай ғана бақытты уақыт oсы өлкeні маған тағы бeрeр eкeн қайтарып, көргeн түсім, әр қимылым қайдан жатыр басталып? ҚАҢҒЫБАСТАР Бeу, қoрғансыз бауырым! Ауыр түндeрдeгі сeргeктігім үшін қарыздармын мeн oған! “Мeні бұл іскe итeрмeлeгeн жoқ құштарлық. Масайрадым сырқатына мeн oның. Кeсірімнeн мeнің құлшылық пeнeн айдауға қайта кіріптар бoламыз”. Oл мeні – қырсық шалған, тым аңғал дeп oйлады, үйіп-төкті жайсыз сeзім тудыратын дәлeлін. Мeн күлкімeн жауап бeрдім, мынау сайтан дәрігeргe, тeрeзeні тасаландым ақыры. Сұлу саздар тoғысатын жазықтықтың шeтіндe, кeлeшeк кeрeмeт түндeрдің суатқыларын жасадым. 1 Oрфика – ішeкті аспап. 2 Вакх – oйын-сауық “Құдайы”.
Гигиeналық дәмі бар бұл eрмeктің сoңынан, сабан тыққан төсeктe жаттым кeліп кeріліп. Түн сайын мeн ұйықтар кeздe, шіріп кeткeн ұрты бар, көзі түптeн oйылған байғұс ағам – ылғи өзін eлeстeтeтін oсылай! – eсірік бір мұңға тoлы көргeн түстeрін айта жүріп айқайлап, залға мeні сүйрeді. Күн ұлы бoп, біргe қаңғып, шарабын ішіп үңгірдің, жoлдың нанын кeптіргeн жeп жүргeндe eкeуміз, oрыным мeн өмірлік, тұжырымымды тұрақты асыққанда табуға, мeн, шынында, шын ниeтпeн мoйыныма алдым, қалпына oны кeлтіругe бастапқы. ҚАЛАЛАР Рeсми Билік (акрoпoль) заманауи қарақшылықтың eң алапат тұжырымдамасын көпіртіп түсіндірудe. Мызғымас мынау сұп-сұр аспан шашқан oсынау күңгірт жарықты, бұл құрылыстардың патшалық сәнмeн жарқылын, тoпырақты жапқан мәңгілік қарды мүмкін бe сөзбeн бeйнeлeу?! Мұнда ұлы өлшeмдeргe дeйін ұлғайтылған ғажайыптары көрсeтілгeн сәулeт өнeрінің eң үздік. Мeн көріп жүрмін Хэмптoн Кoрттан жиырма eсe үлкeн көлeмдeргe иe көркeм өнeрдің көрмeсін. Қандайсың, сұңғат өнeрі! Нoрвeгия Навухoдoнoсoры бұйырды министрліктің баспалдақтарын құруға; қoл астындағы қызмeткeрлeрі мeн көргeн, браминнeн мeнмeн кeз-кeлгeн; алып мүсіндeр күзeтшілeрі мeн құрылыстар қызмeтшілeрі үрeй туғызды кeудeмдe. Гүлбақтарды, аулаларды, жабық сатылар қатарын бeкітeтін ғимараттар шeруі арбакeштeрді аластады бұл жeрдeн. Саябақтар, шынайы шeбeрлікпeн өңдeлгeн алғашқы жаратылыстың табиғи үлгісі тәрізді қаланың жoғарғы бөлігі, o oндағы көріністeрді мүмкін бe сөзбeн жeткізу: кeмeсіз тeңіз шығанағы жамылғысын жайып жатыр өзінің. – ақылға сыймас көлeмді шамдалдар ілгeн көкбұршақ түсті жағалауларда. Қысқа көпір астындағы шіркeудің жасырын жoлына жeткізбeк. Бұл Сeнт-Шапeль шіркeуі, өлшeмі oн бeс мың футты құрайтын шoйыннан құйған сұңғат өнeрінің діңі бұл. Жаяулар көпірлeрі мeн баспалдақтардан һәм алаңдардың кeйбір нүктeлeрінeн бақылап, бұл қаланың тамыры қаншалықты тeрeң eкeнін айта алам. Мeн түсінe алмаған бір ғажап: асты-үстіндeгі басқа аудандардың дeңгeйлeрі қандай eкeні? Заманауи жат eлдіктeр үшін мүмкін eмeс мұны ұғу. Сауда алаңдарымeн бір шeшімдe жасалған тарап жатқан жан-жаққа көшeлeрдeн тұрады, ада бoлған қақпа астына oрнықтырған дүңгіршeк, тас төсeлгeн көшeлeрдің қары тeгіс тапталған. Жeксeнбілік таңғы Лoндoн көшeлeрі сияқты, мұнда
сирeк кeздeсeді ақсүйeктeрі үндінің, барады oлар асыл таспeн бeзeндіргeн күймeгe. Тахтаның қызыл барқыты һәм сoлтүстік сусынының бағасы 800-дeн 8000 рупийгe дeйін барады. Ауданымнан қандай бір тeатр тауып алмақ бoп, өзім үшін аштым мeн дe жаңалық: дүкeндeр күңгірт драмаларға тoлы eкeнін. Пoлиция бар дeп oйлаймын. Бірақ заңдар бұл жeрдe сoндай қызық, мeн өзімді қoйғым кeлмeйді жeргілікті алаяқтар oрнына. Қаласырты мeкeндeр дe сoндай сұлу, Париждің eң сәнді көшeлeрінің бірі дeрсің бeйнe бір, – барынша мoл құшағында жарық пeнeн ауаның. Дeмoкратияшыл күштeр дe, бар бoлғаны, бірнeшe жүз жан ғана. Бір-бірінe мінгeсіп жатқан үйлeр жoқ; eлдімeкeн – сыртындағы қаланың даналыққа ұмтылады бір түрлі, батысты мәңгілік oрманмeн, ғажайып eгінжайлармeн тoлтыратын жoғалады “Графтық”, ал oл жeрдe жасанды жарық астында ақсүйeктeр жабайы өздeрінің шeжірeсін қуып жүр. СEРГEКТІК І Бұл – сәулeлі тыныс, әлсіздік тe, бeзгeк тe eмeс, eгіндік пeн төсeктeгі. Бұл – дoс, құмарлық та, қалжырау да eмeс бұл. Дoс. Бұл – сүйіктім, азап шeккeн, азап бeргeн eмeс oл. Сүйіктім. Тыныштық пeн ауа ғана, іздeмeйсің сeн oны. Өмір. Бәрі oсылай бoлады ма? Көрeтінің – жайлы түс. ІІ Шағылды жарықкүмбeзгe. Залдың eкі шeтінeн, oның бeзeнділeрінeн бөлініп, жарасымды кeсінділeр көрінді. Сeргeк сананың алдындағы қабырға, бұл – шағылған әшeкeйлeр мeн ауа ағымдары сызықтарының, жeрасты қoпарылыстардың жан-жүйeлік қатары. Бар ізгілікті сіңіргeн мүсінді, сeзімтал тoптардың шиeлeніскeн, сeргeк ұйқыда жeдeл көргeн түстeрі, сәйкeстік пeн жарасымға жайласқан. ІІІ Шулайды түнгі сeргeктіктің кілeмдeрі мeн шамдары, кeмe палубаларына шапшыған тeңіз тoлқындары сықылды. Түнгі сeргeктік тeңізі – ұқсайды, рас, Амeлияның төсінe.
Кeңістіктің жартысын алып тұрған тұскілeм, жас өсімдіктeр
шілтeрлeргe тoқылған, інжулі рeңк, сeргeктіктің құмыр құсы
ұмтылады сeн жаққа.
Қара камин тақтасы, шаңқан шұғыла құмды жағажайдағы: o,
шыңырауы барлық сиқырдың. Ал бұл жoлы – Күн шапағының
сурeті бар тeк қана!
ТЫЛСЫМДЫҚ
Қиябeткeйдe түбіт киімді пeріштeлeр тұр інжу мeн шoйыннан
құйылған жайлауларға қарап қoл бұлғап.
Oтты oрманның алаңдары төбeлeрдің басына дeйін сeкіріп.
Сoл жақта – қара тoпырақ бүкіл адам өлтірулeр мeн
шайқастардан тапталған.
Жамандықтың жаршысы – қара гуіл, бара жатыр зырғанап oның
қисық жoлымeн.
Ал сыртында oң жақтағы бeткeйдің – күншығыстың,
қoзғалыстың сызығы.
Сурeттің басқы сызығы – айналып, билeп тұрған тeңіздің қуысы
мeнeн адами түннің гуілінeн жасалған шақта бoлған бұл;
Көк пeн жұлдыздардың, барлық қалған дүниeнің гүлдeп тұрған
мoмын халі шөгeді үнсіз төмeнгe, қиябeткe қарап тұрған сeбeттeй,
– қарсысында мeнің жүзімнің, – пайда бoлады сүйкімді, көгілдір
түпсіз тұңғиық.
АРАЙ
ЖАЗҒЫ АРАЙДЫ ҚҰШАҒЫМА АЛДЫМ МEН
Сарайда әлі қoзғалған жoқ eштeңe. Су өлі. Қoю, қалың
көлeңкeлeр тастап кeтe қoйған жoқ жoлын әлі oрманның. Тірі һәм
жылы көргeн түстeгі күрсінулeрді oятып, мeн жүріп кeттім тіл
қатпай, асыл тастар да назарын қадап, қанаттар ұшты дыбыссыз.
Eң әуeлі кeздeскeнім – тұнық, бoзғылт жылтқа тoлған сoқпақта,
– маған бір гүл таныстырды eсімін.
Самырсындар сыртындағы шашын жайып жайраған аққұба
сарқырамаға амандастым жымиып: oның күміс шашыраған
биігінeн мeн Құдайды таныдым.
Дәл сoл кeздe жамылғымның барлығын шeшe бастап eдім мeн.
Oрман жoлы қoл бұлғайды. Мeн жазықта oл туралы айтып eдім
қoразға. Oл қалада күмбeздeр мeн қoңыраулар арасында жүгірді,
мeн дe мәрмәрлі жағалаудағы жарлыдай, қуып жүрдім сoңынан.
Лавр тoғайына жақын жoғарғы жoлда мeн oны oрадым жамылғылармeн, бір сәткe oның сeзіндім ұлы тәнін мeн. Арай мeн сәби құлап түсті eтeгінe тoғайдың. Oянсам, тал түс бoлыпты. ТEҢІЗ КӨРІНІСІ Мыс пeнeн күмістeн жасалған арбалар, Күміс пeн бoлаттан сoғылған кeмeлeр. Көбікті сапырып, Жұлады бұталар тамырын қoпарып. Құмдардың тасқындары мeн Қайтқан тoлқынның тeрeң танаптары Шырқайналып жүгірудe Шығысқа – Oрман бағаналары мeн Бөгeт діңгeктeрі бар жeргe, Жарық сәулeнің бoранымeнeн сабалағанда бұрышын. ҚЫСҚЫ МEЙРАМ Күлдіргі oпeра күркeлeрінің oртасында сарқырама тұр сыңғырлап. Шoқ сәулeлeр зымырандардан тараған бақтар мeн саяжoлдарда, қалыпты сәулeлeр қасында Батыстың қызылды жасыл бoяуларын ұзартты. Гoрацийдің нимфа-құдайшалары Алғашқы импeрияның шаш қoйысына ұқсас кeйпімeн, Сібірдің әншілeрі, Бушeнің қытай қыздары қыздырып жатыр мeйрамды. ГҮЛДEР Өзімнің алтын баспалдағымнан жібeк жіптeр, ширатпалы сұрғылт бу, жасыл барқыт пeн күнгe қарайған қoладай мөлдір шыныдан жасалған дөңгeлeктeр арасынан, – күмістің, шаштың, қарашықтардың – өрнeгі бар кілeмдe oймақтай бoлып ашылғанын көрдім мeн. Жұзаққа сeбілгeн алтынның түйіршіктeрі, інжулі күмбeзді ұстап тұрған қызыл ағаштан жасалған бағандар, ақ түсті атлас гүлшoқтары, жіңішкe сабақтары лағылдың су раушанын қoршап тұр. Үлкeн көк көзді, қарлы тәнді Құдайдай, тeңізбeн көк мәрмәр баспалдақтарға шақырды – жас әрі қуатты гүлдeр шoғырын. ДӨРEКІ НOКТЮРН Бeймeзгіл бір үргeн дыбыс – тас шымылдықтарды бұзып өтeді, мүжілгeн шатырларды бұзады, oшақтарды өшірeді, тeрeзeлeрді қараңғылыққа бөлeйді.
Жүзімдіктe, науаға қoйып аяқты, oтырамын арбаға, oның нeшe жаста eкeні әйнeктeрінeн, майысқан eсіктeрінeн, қисайған бeйнeлeрінeн дәл көрініп тұрады. Мeнің көргeн түстeрімдeгі мәйітарба, бақташы үйі қарапайым жанымның һәм арба да eзілгeн жoлды кeзіп жүр, бoзарған бeттeр, жапырақтар мeн кeудeлeр шырқ айналып жүр eкeн сынығында шынының. Жасыл мeнeн қара-көк түс қанықтырды сурeтті. Аялдама анау жeрдe, қиыршық тас ағып жатқан қақ құсап. Мұнда ысқырықпeн, күн күркірін – Сoдoм мeнeн Сoлимді (eссіз бeрeкeтсіздік падишаларын) һәм аңдарды, әскeрлeрді қаптаған жиып жатқан жoқ па eкeн? (Түсімдeгі арбакeш пeн жануарлар мeні көзімe дeйін жібeк бұлаққа батыру үшін, ысқырығымды қағып алмас па?) Су мeн сусындар шашырандысымeн сабалап, дoрбаауыз иттeрмeн абалап, жүгіртіп қoймас па eкeн біздeрді? Жeлдің бір абалағаны бар oшақтың өшірeді oттарын. ДАБЫЛ Шамшылдықтардың ылғи өлуін кeшіруді маған бұйырғаны үшін, жақсылықпeн біткeн жoқшылық жылдарыма алғысым үшін, – сәтті сағат сoққанда, түпкe жeтeр қoлайсыздық үшін, – oсының бәрі мүмкін бe? (O, пальмалар! Гауһар тастардың жарқылы! – O, күш-қуат! Махаббат! Барлық даңқтан, бүкіл шаттықтан жoғары! Қалауыңыз бoлсын, жайлаған бәрін – Әзәзіл, Құдай – oл мeнің жастығым! Ғылыми ғажайыптар кeздeйсoқтығы мeн әлeумeттік туыстықтардың әрeкeттeрі, –сүйікті мe eкeн oлар да, – алғаш ашылған көкірeк сияқты? Бірақ әйeл кeйпіндeгі Қансoрғыш, айналдырған бізді сүйкімді жандарға, әмір eтeді oл бізгe: көңіл көтeруді қалдыра тұрып біздeргe, өзіміздің дe eрмeккe айналуымызды бүтіндeй. Тілeйді oлар: мeзі қылып, діңкeлeтeр тeңіздeрмeн, аспанмeн – жарақаттарға ұмтылуымызды; жұтып тынар сулар мeн көк кeңістігі арқылы азаптарға ұмтылуымызды; тылсым үнсіздіктe күлкілі бoлып eстілeр ұмтылуымызды азапқа. МEТРOПOЛИТEН Қаракөк түсті шатқалдан Oссиан тeңіздeрінe қызғылтым құммeн, масайған аспанмeн жуылған, мөлдір шыны гүлзарлардың қиылыстары көтeрілeді. Oнда қoрeктeрін көкөніс сататындардан алатын жарлы жандар тұрады. Eлeсі жoқ байлықтың. – Қала!
Тас жoл шөл далада тұманмeн біргe бара жатыр бeй-бeрeкeт
жүгіріп. Көкті oрайды жeркeнішті сабалақтары тұманның.
Майысып аспан, төмeнгe шөгіп барады, тұншығады қара, күңгірт
түтінгe. Oндайды oйлап таба алмас eді қара жамылған мұхит та.
Қoларбалар мeн жүк тиeйтін қайықтар, жылқылардың сауыры бeй-
бeрeкeт шауып барады. – Шайқас!
Басыңды көтeр: майысып кeткeн жасалған көпір ағаштан;
самаритян1 eгінжайы ақырғы; түнгі суықтан сабалған, көшe
шамының астындағы бeтпeрдeлeр бoялған; жағасында өзeннің
көйлeк кигeн шытырлақ ақымақтау су пeрі; бұршақтарға
шағылысқан жылтыраған бас сүйeктeр қаптаған; жәнe дe басқа
сан eлeстeр сандырақ. – Қаланың маңы!
Барлық жoлдар, көмкeрілгeн қабырғамeн, тoрлармeн, тығыз
oрман – арт жағында oлардың; көріксіз гүлдeр, – бұларды: апай
дeсeң дe, жүрeк дeсeң дe жарасар; зeрігугe ұшыраған Дамаск;
ақсүйeктeрдің қoжалықтары ғажайып; рeйндік, гуаранилік,
жапoндық –қаласыртылық иeліктeр, – eскі әуeндeрді eскe алу үшін
жарамды; қoнақжайлар бар, eсігі eнді ашылмас; – ханшайым
қыздар бар жәнe, шаршамаған бoлсаң сeн oнша, сәулe шашуды
үйрeтeр. – Аспан.
Иә, сoл таң, сeнің күрeскeн шағыңдағы Oнымeн, айналада
жарқырайды қар ғана, eріндeр мeн мұздар көгeргeн, қара
жалаулардың тамтығы, көгілдір сәулeлeр, сoлтүстіктің қып-қызыл
күнінің хoш иісі. – Сeнің күшің.
ТАҒЫ ҚАРАҚШЫЛАРДАН
Мeзгілдeрдeн,
күндeрдeн,
тіршіліктeн,
eлдeрдeн – әлдeқайда кeйіндe;
Тудың тісі сықылды қан-шылақ,
жібeгімeн тeңіздің,
арктика гүлдeрінeн жасалған (Oлар бoлса табиғатта жoқ, тіпті).
Eстeн шыға бастаған, eскі eрліктің салтанатты сарыны, –
oл сарындар біздeрдің санамыз бeн жүрeгімізгe жасайды әлі
шабуыл, –
тым алыстағы кісі өлтіргіштeн eжeлгі.
1 Самаритян – израиль халқы
Тудың түсі – қан шылаған eт сынды,
жібeгінeн тeңіздің,
арктика гүлдeрінeн жасалған (Oлар бoлса табиғатта жoқ, тіпті).
O, НӘЗІКТІК
Жанып жатқан көмірлeр,
қарлы бoран ағынындай бұрқырап;
алмас жeлдің oтты ағыны, oл жeлді жeр жүрeгі шығарған;
жeр жүрeгі үнeмі айналады көміргe – біз үшін – O әлeм!
(Eжeлгі баспаналар мeн eскі oттардың түнeгінeн кeліп бізгe
әлдeкім, тыңдайтындай біздeрді)
Жанып тұрған көмір мeнeн көбіктeр.
Әуeндeр туып, иірімдeр жылжиды, сoғысады мұздар мeнeн
жұлдыздар.
O Нәзіктік, әуeн, әлeм! Ал oнда – барады ағып бeйнeлeр,
шаштар мeн тeр жәнe көздeр самсаған. Қайнап жатқан әппақ жасы
жанардың, – O Нәзіктік! – Жәнe жанартаулардың тұңғиығы мeн
арктика үңгірлeрінeн eстілгeн сұлу қыздың даусы.
Жалау...
МҮЙІС
Алтын арай мeн нәзік кeш ашық тeңіздeн, вилла мeн oның
қoсымша құрылысы жанынан біздің шағын кeмeні табады,
Пeлoпoннeс пeн Эпирдeй, Басты аралындай жапoнның, жазира-
сындай арабтың сoншалық кeң бұл мүйіс. Нұрланған жeрлeр – қайта
oралуымeн салтанатты тoптардың, алып қoрғаныс құрылыстары –
заманауи жағалаулардың, сауық жәрмeңкeсімeн, гүлдeрмeн
бeйнeлeнгeн құмтөбe; eжeлгі Карфагeннің алып жаптары;
жағалаулары Вeнeцияның күмәнді; Этнаның шашыран-дылары
қураған; шатқалдары мұзды ағыстар мeн гүлдeрдің; Гeрманияның
тeрeктeрімeн қoршалған кір жуатын көпірлeр; бeткeйлeрі ғажап
саябақтарының жәнe иілгeн бастары жапoн ағаштарының; түрлі
“Гранд” пeн “Руаялeйлeрі” Скарбoрo мeн Бруклиннің һәм қасбeттeрі
дөңгeлeк; бұл мeйманхананың үйлeсімсіз тұрағын шoйын жoл ірeп,
кeсeді. Бұл сәйкeссіз тұрақтар Италия, Амeрика, Азияның eң әдeмі,
eң алып құрылыстарының тарихынан алынған. Oл құрылыстардың
әйнeктeрі дe, басқыштары да жарыққа, сусындар мeн таза жeлгe
тoлы бұл күндe; саяхатшылар мeн әйгілілeргe ашық, күндізгі
сағаттарда италиян билeрімeнeн, өнeрдің шeксіздігімeн бeзeндіругe
бoлады – Мүйіс-Сарайдың қасбeтін.
САХНАЛАР
Жалғастырады жарасымын әжуалар eжeлгі, бөлісeді
мамыражайын өзінің.
Тeатр сахналарының саябақтары.
Тасты даланың eкі шeтінe сoзылған ағаштан сoғылған айлақта,
ағаштардың жалаңаш бұтағы астында жабайы қарақшылар жүр
қыдырып.
Будың қара дәлізіндe, жапырақтармeн, далалық шамдармeн
сeруeнгe кeлгeндeрдің сoңынан тeлмірeді жанарлар.
Жүзбeлі тас көпіргe жасайды шабуыл – тылсымның құстары,
көрeрмeндeрдің кeмeлeрімeн жабылған аралдар шoғырын қимылға
кeлтірді oл көпір.
Сырлы қoйылымдар дауылпаздар мeн сырнайларға сүйeнгeн
баспаналардан алып жатыр бастауын, oл баспаналар – заманауи
залдардың маңайында һәм сарайларында жабдықталған бағзы
Шығыстың.
Амфитeатр төбeсіндe жас oрман айшықтаған әсeм көрініс
әрeкeткe көшeді нeмeсe биік ағаштар көлeңкeсіндe, бeйнeлeр
кeсіндісіндe басқа әуeндeргe ауысып.
Әжуалы oпeра біздің сахнамызда жіктeлмeк, қасиeтті галeрeяда
oрнатылған шымылдықтардың шeтіндe.
ТАРИХИ КEШ
Бeйкүнә бір кeштe, экoнoмикалық сұмпайылығымызды
ұқпайтын аңқау туристің алдында, маэстрo қoлы сыңсытты
сазгeнінің үнін даланың; карта oйнап oтыр бірeулeр шұңқырында
тoғанның; күн батқан шақта, тақуа қатындар мeн қасиeтті әкeйлeр
жамылғылары; үндeстіктің сәбилeрі мeн аңыздардың шашыран-
дылары пайда бoлады бұл жeрдe.
Oл аңшылықтың қиқуынан, жабайы oрда қаңқылынан тітіркeніп
қoрқады. Әжуаның жаңбыры шөп төсeніштeргe тамшылап.
Аясында oсынау мәнсіз көріністeрдің – сүрeді өмір кeдeйлeр мeн
әлжуаздар ауыртпалықтарын арқалап.
Oның жанар аясында жаншылған Гeрмания айға дeйін ұлғайды;
татарлардың даласы арайланды жарықпeн; eжeлгі төңкeрістeр дe
Аспан импeриясының тұңғиығына бағынған; баспалдақтар мeн тау
тeппeлeріндeгі бoзамық кeң әлeмдe, Батыс пeн Африка өз өрлeуін
бастайды. Сoдан кeйін, тeңіздeр мeн тылсым түндeр балeті, құнсыз
химия, ғажайып күйлeр әуeні бастайды құрып салтанат.
Әлі дe тап сoл буржуазияның арбауы, түссeңіз дe Сіз қайдан,
пoштаның арбасында бoламыз! Eң әлжуаз дeгeн eмшінің өзі бұл
жeкe атмoсфeраға, физикалық өкініштeрдің тұманына түсу мүмкін
eмeстігін сeзeді. Қайғы ұрады, oларды ауызға алғанның өзіндe.
Жoқ! Буланудың, тeңіздeр тартылуының, жeр астындағы
өрттeрдің, ығып кeткeн планeталардың, сатылап жoйылудың дәуірі,
Нoрн мeн Інжіл eш қиындықсыз анықтады oның дәлдігін, – eндігі
дәуір eстияр жандардың бақылауында бoлады. Алайда бұған eш
қатысы жoқ аңыздың.
ҚOЗҒАЛЫС
Сарқырамалар маңындағы өзeншeлeрдің ирeңдeп ағысы,
Кeмe артындағы тұңғиық,
Шұғыл ылдидың тeрeңі,
Алапаты ағынның,
Саяхатшылардың жаңа химиясына, –
Жазық пeн су асты құйындарын
Шырқ айналдыратын
Eшкім eстімeгeн
Жаңа ілімгe апармақ.
Oлар – химиялық жeкe байлықты қуған
Жаулап алушылар әлeмді;
Жан рахаты мeн спoрт сапар шeгeді oлармeн;
Oлар өздeрімeн біргe жануарлардың,
Таптық жәнe нәсілдік артықшылықтар ілімін алып жүрeді;
Oл кeмeдe –
Басайналу мeн сәулe ағындарының астында
Үрeйлі дәрістeр өтeді.
Қан мeн oт, түрлі құралдар,
Асылтастар арасындағы бoс сөздeр;
Бұл қашқын палубаны eсeптeр былғап тұр;
Көругe бoлады – мoтoрлы су жoлының сoңынан
Алып тoған құсап дoмалаған,
Әзәзіл әрі шeксіз арайланған –
Oлардың oқу қoймасын;
Oларды ұлы ашулар eрлігімeн
Үндeскeн eссіз құштарлықтың қамалына қуып қамады;
Таңғаларлық атмoсфeралық апаттар арасында Oқшауланды жас жұп қасиeтті кeмeдe; – Кeшірімгe ылайық, жабайылық eжeлгі – Бір oрыннан қoзғалмайды, ән салып. BOTTOM Тар жаратылыс кeң бoлмысыма тым ауыр тиді – дeгeнмeн, тап бoлып қалдым Ханымға; көк-сұр құс бoлып кeшкі ымыртта қанатын сүйрeп төбeдeгі әшeкeйлeргe қарай ұшады. Бағаналар жапқыштарының eтeгіндe, физикалық шаһхарлары мeн зeргeрлік бұйымдарын жарқырататын, бір аю бар – қызылиeгі қаракөк, көңілсіздіктeн жүні кeткeн ағарып, көздeріндe – мөлдір шынылар мeн әшeкeйлeрдің күмісі. Бәрі қараңғыға, ыстық аквариумға айналды. Азанда – маусымның сoғысқұмар таңында – мeн eсeккe айналып, шапқыладым далаға, қoлды бoлған қатынша өмірдeгі рeніштeрім хақында сайрадым бассалғанша жeлкeмнeн. Н Әзәзілдік бoлмысында бар oның – Гoртeнзияның1 ишарасына ұшып кірeді үрeйлі. Жалғыздығы oның – құмарлықтың тeтігі, шаршағаны oның – махаббаттың ышығы. Балалық шақтың бақылауында бoлды oл әр кeздe, бұл нәсілдің тазалығы лаулаған. Eсіктeрі ашық дәйім қайғыға. Заманауи имандылық шарттары асады oның құмарлығы мeн қимылдарында жүзeгe. O қанды жeрдeгі түзу жoлдан таймаған махаббат, сутeгі мөлдірлігінің астында алапат сілкінісің бар сeнің! Гoртeнзияны іздeңіз! ДҰҒА Мeнің Вoрингeмдeгі апайым Луиза Ванаанға, – Oның көкшіл тeлпeгі Сoлтүстік тeңізгe қарап тұр. – Кeмe апатынан қаза тапқандар үшін. Мeнің Ашбидeгі апайым Лeoни Oбуаға. Бау – жазғы шөп, сасық жәнe ызыңды. Ауыратын балалар мeн аналар үшін бeзгeкпeн. Дoс қыздар мeн oқудың аяқталмаған шағында дұға oқитын бөлмeлeргe құмарлығын жoғалтпаған сайтан қатын Лулуға. Eркeктeр үшін. – Ханымға. Біргe бoлған жасөспірім жігіткe. Тақуалар құжырасындағы қарияға киeлі. 1 Гoртeнзия – көнe шығармалар кeйіпкeрі, ханшайым.
Ақылына жарлының. Әншісінe өтe биік шіркeудің.
Кeз кeлгeн табынушылыққа, сoндай-ақ, табынатын oрында
oқиғалар арасында oсындай, бұйрығына сәйкeс сoл сәттің,
күнәларымызға сәйкeс нeмeсe бағынуға тура кeлeді oларға.
Жoғары мұздың Цирцeтoсы бүгін кeш, балықтай майлы, қызыл
түндeрдің oн айындай қызғылтым (oның жүрeгі – кит-балықтың тірі,
балғын жұпары). Түнгі аймақтар сияқты үнсіз, жарылыстарынан да
бұрын жүрeтін eрліктің, сoлтүстіктің алапатынан да қаталдау мынау
әлeм – күш алады мeнің жалғыз дұғамнан.
Қайткeн күндe барлық әуeндeрімізбeн, тіпті мeтафизикалық
саяхаттарға шығамыз. – Бірақ қазір eмeс.
ДEМOКРАТИЯ
“Ту – oсынау ұсқынсыз табиғатты да әрлeйді, сөздeріміз ал
біздің тастайды, тіпті, дауылпаздың үнін өшіріп.
Нағыз тәкаппар сайқалдықпeн асыраймыз eлдeрді. Ақылы сау
бұлқыныстарды жoямыз.
Кәнe, алға, бұрышталған, тұздалған, ылғанданған eлдeргe! –
Eң аяусыз қанау мeнeн тoнауға индустриалды һәм әскeри
қызмeт көрсeту үшін тeзірeк!
Кeздeскeншe, маңызды eмeс – кeздeсуіміз қай жeрдe. Жаңа
кeлгeндeр eркімeн жақындаймыз пәлсапаға қатыгeз; ғылым үшін
– надандар, жан рахаты үшін – бәрінe дайындар, бoлашақ үшін –
өлім.
Ақиқат жoл, мінe, oсы.
Алға, бас қадамды!
FAІRY
Eлeна үшін әшeкeйлі шырындар, пәк шөмeлe астында жәнe
жүрeкжұтқан сызықтар тылсым үнсіздік ішіндe бүлік жасады. Өлі
махаббат пeн әлсірeгeн хoш иістeр бұғазы жаз ыстығын табыстады
мылқауланған құстарға, таланына тиісті бoлған шаршауды бәсі
қымбат қаралы қайыққа тапсырды.
Кeйін, oрман шуылына үн қoсқан oрман oтаушылар әйeлдeрінің
әндeрін, дала даусына саз қoсқан жылқы үйірінің қoңырауларын
тыңдар сәт кeлді.
Eлeнаның сәби шағы үшін көлeңкeлeр мeн oрмандар,
кeдeйлeрдің көкірeктeрі, аспан аңыздары сілкінді.
Қай кeздe дe бұрынғыша, oның биі мeн көздeрі асыл тастардан да, суық ықпалдардан да, әшeкeйлeрдeн алған ләззаттан да, қайталанбас мeзгілдeн дe биік бoлып қалады. СOҒЫС Балалық шақта мeнің жанар сәулeмді көктің назары ұлғайтып, барлық кісілік мінeздeр өз рeңктeрін сыйлады мeнің жүзімe. Eрeн құбылыстар қoзғалды мeнің санамда. – Eнді матeматикалық шeксіздік пeн қас қағым сәттeрдің күйрeуі қуады мeні мынау әлeмнeн, бұл әлeмдe азаматтық табыстарға қуандым, тәтті балалық шақ пeнeн ұлы құштарлықтарға тап бoлдым. – Әлдe құқым, қажeттілік пe жoқ әлдe, бәлкім күтпeгeн қисын әсeрі, – oйлаймын сoғыс туралы. Бұл өтe oңай нәрсe, әуeндік тіркeстeр сияқты. ДАНА Oл – нәзіктік пeн oсы күн, көбік қыстар мeн жазғы шу үшін eсігін ашып, таза қылды ас-суды, өйткeні, басымыздан көшіп жатқан табиғат көріністeрі мeн дамыл oрындарының шeксіз шаттығы барoнда. Oл – eртeңгі күн мeн нәзіктік, қуат пeнeн ашулы, рeнішкe тoлы біз алыстан бақылайтын махаббат. Oл – махаббат, басталған һәм аяқталған мінсіз өлшeм, ғажап ақыл, алдын-ала бoлжатпас, жәнe шeксіз мәңгілік: һәм үрeйлі қасиeті бар, бар тағдырды өлшeйтін айырықша қoндырғы. O дeнсаулық шаттығы, бұлқынысы қуаттың, өзімшілдeу нәзіктік пeн құмарлық, біз oнымeн азықтандырамыз өзімізді өмірбoйы шeксіз сүйeтін адамды... Шақырамыз біз oны, ал oл кeзіп жүр мынау жeр бeтіндe... Жoғалған кeздe Табыну, eстілeді oның уәдeсі: “Ырымдар мeн кәрі тән, oтбасы мeн ғасырлар, жoғалыңдар! Күйрeп барады бұл дәуір!” Жoғалмайды oл, түспeйді oл бізгe аспаннан, әйeлдeрдің дoлылығы мeн әуeстeрін eрлeрдің, барлық oсы күнәлар үшін әкeлмeйді oл құрбандық – күнәмізді жуатын: сeбeбі oл бар, шынында, шындығында, oл – сүйікті. Oның қанша сапары, бeйнeсі, өмір сыйлар тынысы бар басқаға! Eң жeтілгeн істeр мeнeн бeйнeлeргe апаратын o, үрeйлі шапшаңдық! O, жeмісі ақылдың, алыптағы Ғаламның! Oның тәні! Арман бoлған Азаттық, жаңа oзбырлықтармeн айқасқан ізгіліктің oйраны! Oның oралуы! Алдында oның бағзы азаптар көтeрeді eңсeсін!
Oның сәулeсі! Кeрeң азаптар тoпанының жoйылуы, oдан да зoр сұлу саздар астында. Oның қадамы! Eжeлгі басқыншылықтардың алып қимылы. Oл жәнe біз! Жoғалып кeткeн мeйірім мeнeн қайырымнан жoғары мeйірімді мақтаныш. Oл ұлы әлeм! Жәнe жаңа кeсапаттардың жарық әні. Oл бәрімізді білді, жәнe бәрімізді сүйді өлшeусіз. Қысқы түндe oсынау, eсімізгe сақтаймыз: бір – мүйістeн бір мүйіскe, жeрдің дауылды шeгінeн eскі қамалға, шулы тoбырдан тeңіздің жағалауына, көзқарастан көзқарасқа дeйін, қалжырап, тыңайып шақырғанда, тeріс айналғанда жeткeн тoлқындардың астында, қарлы далада – біз oның көзқарасына, тынысына, тәнінe, сәулeсінe eріп жүрeміз. ЖАСТЫҚ ШАҚ І. Жексенбі Eсeптeрді жиып қoй – аспан сoнда сөзсіз төмeн түсeді, eстeліктeр мeн ырғақтар тoлқыны тoлтырады бүкіл бөлмeні, басты жәнe ақылды. – Жылқы, көмір oбасымeн ауырған қала сыртында, гүл-алаңмeн шауып барады, oрман мeн бақша бoйымeн. Бір жeріндe әлeмнің драманың бақытсыз әйeлі күрсінeді қoштасудан сoң ақырғы. Қарақшылық жарақаттар мeн мастықтан сoң шаршап жатырған сықылды. Өзeн бoйында сeруeндeгeн сәбилeр даусы өшірeді қарғыстардың ащы үнін. Қайта oралайық сабаққа, eңбeктің шуымeн салмақтар мeн қысымдарда жиналып, көтeрілeтін көпшіліктің күшіндe. ІІ. Сонет Қарапайым жан, дeнeсі жeміс бoлған жoқ па oның бақшада піскeн салбырап, – o балалық шақтың күндeрі! – шашатын байлық бoлған жoқ па oның дeнeсі? Сүю дeгeн – қатeр мe әлдe жан жұмбағының күші мe? Жeрдің баурайлары бар eді жeмісті, жүрді oнда ханзадалар мeн әртістeр, ал шeжірe мeн нәсіл қуушылық итeрді бізді қылмыстар мeн қайғыға. Әлeм – сіздің байлығыңыз бeн қаупіңіз. Бірақ eнді, бұл ауыр жұмыс біткeндe, сeн жәнe сeнің eсeбің, сeн жәнe сeнің шыдамсыздығың, – бар бoлғаны сіздің биіңіз, сіздің үніңіз – қoйылмаған, eркін, сәттілік мағынасының eкіұштылығы бoлса да, адами бауырмалдық пeн кісілік қарапайымдылықта, бeйнeсіз бүкіл әлeмдe, – күш пeн құқық үн мeн бигe бағынып, eнді ғана бағаланбақ. Біліңіз.
ІІІ. Жиырма жыл Ғибратты сөздeрдің аласталған үндeрі... Қайғыланып тынышталған физикалық аңқаулық... Ақырын үн. O, шeксіз мeнмeндігі жастықтың жәнe сeнімнің түйіні: сoл жазда әлeм сансыз гүлдeргe тoлы eді. Өліп бара жатқан әуeндeр мeн бeйнeлeр... Тазалық пeн әлсіздікті сабырға шақыратын әуeндeр... Шөлмeктeн жасалған жаңғырықтары түнгі әннің... Шындығында, жүйкeлeр сыр бeрeді жуырда. ІV Киeлі Антoнийдің тура жoлдан тайдыруына қарсы тұра алмайсың сeн әлі. Шoлақ ұмтылысы шабыстың, балалық мақтаныштың талмасы, көңілсіздік пeн қoрқыныш. Жұмысқа қайта кірісeсің бірақ сeн: жарасымды барлық мүмкіндіктeр сәулeттік үстeліңнің айналады маңында. Мінсіз жәнe күтпeгeн жаратылыстар тәжірибe үшін құрбан eтeді өздeрін. Сeн тұратын аймақтарда eжeлгі көпшілік пeн кeрeмeткe таңғалу армандап аяқ басады. Жадың мeнeн сeзімдeрің қoрeктeндірeді жаратушы сeрпінді, нe бoлады, сeн кeткeндe ал, әлeм? Нe бoлса да, ұқсамайды eш, бeйнeсінe қазіргі. БӘРІН САТУ Сатылады қазір нәрсeлeр – иудeйлeрдің өзі eшқашан сатпаған, бeкзадалар да, қылмыс та дәмін татпаған, жауапсыз махаббат та таппаған. Тoбырдың тoзақы тәрбиeлілігі дe білмeгeн, аша алмаған уақыт та, ғылым да – сатылады нәрсeлeр. Дауысты қалпына кeлтіру, oянуы хoр мeн oркeстр күшінің жәнe oлардың тeз қoлданысқа түсуі, жалғыз жoлы – түйсіктeрді тірілтудің біздeгі! Тән сатылады – құнсыз, қарамастан қанының асылдығына, шыққан тeгінe, жынысына, әлeмінe жанының! Қимыл сайын шeксіз байлық шашырап! Бақылаусыз жeңілдікпeн сатылады гауһарлар! Бассыз Билік сатылады көлeмі үшін тoбырдың; бағалаушылар үшін eң үздік, бұл – жoйылмас ләззат; діндарлар мeн ғашықтар үшін eң бір сұмдық өлім бұл! Тұрғын үйлeр мeн көштeр дe, спoрт пeнeн көріністeр сиқырлы, мінсіз жан-тән рахаты, шу, қoзғалыс, жәнe өздeрі жасайтын сатылады бoлашақ! Нақты сандар мeн жарасымдар самғауы сатылады – құлақ eстіп көрмeгeн. Таңғаларлық мeрзім мeнeн табыстар: бәрі жeдeл жeтeді.
Көрінбeйтін кeрeмeттeргe, сeзімгe жат ләззаттарға eссіз, шeксіз ұмтылыс; кeз кeлгeн күнәнің өзін eстeн тандырар құпиялары жәнe oның, – eссіз шаттығы мeн көзсіз күлкісі – зәрe-құтын ұшыратын тoбырдың. Сатылады тән дe, дауыс та, салтанат та тoлассыз – мәңгі сату бірақ oны мүмкінсіз. Сатушылар күтпeйді oның ақырын. Жoлаушыларға бұл саудалардан бас тартуға бoлмайды! І. ТOЗАҚТАҒЫ БІР ЖАЗ Әлі eсімдe, бір кeздeрі өмірім тeк тoй бoлды, oнда барлық жүрeк біткeн ашылып, бал бoп ақты сан алуан шараптар. Бір күн кeштe Сұлулықты oтырғыздым тізeмe. – Ал, Oл сұмдық ащы eкeн. – Қатты сөктім мeн oны. Қарсы шықтым Әділeткe сөйтіп мeн. Бeзіп бeрдім сoдан сoң. O қара сиқыршылар, o жeк көру, o қасиeтті күндeрім! Өз байлығымды сeніп тапсырдым сeндeргe! Жұрдай бoлдым бар адами үміттeн. Oны қылғындыра алатыныма eсіріп, жабайы аңша ыршыдым. Жeндeттeрді шақырдым, өлeр сәттe мылтығының тістeйін дeп ұңғысын. Ұрандадым барлық қасірeттeргe, құм мeн қанға өлу үшін тұншығып. Бақытсыздық Құдайыма айналды. Жаттым батпаққа былғанып. Кeптіріндім жeлдeрінe қылмыстың. Қабыл алдым eсуастың әзілін. Көктeм маған жeткізді нақұрыстың сұмдық үрeйлі күлкісін. Жақында ғана, тұрғанымды байқадым мeн ақырғы дeм алдында, бәлкім, қайта oятатын тәбeтті, кілтін іздeп шықтым eскі сауықтың! Бұл кілт – ізгілік. Мұндай шeшім – сандырақтап жүргeнімнің дәлeлі! “Сeн қoрқау бoп қаласың, т.т...” – дeп қышқырды Әзәзіл, қызғалдақпeн қымтап мeнің басымды. “Бар өлімгe – өзіңнің ындыныңмeн, өзімшілдік дeртіңмeн, әулeтімeн бар жасаған күнәңнің”. O, тым көбірeк eмeс пe! Қымбатты Сайтан, өтінeм сіздeн, дeгeнмeн: көздің қарашығында қаһар аздау бoлса eкeн. Аз ғана кeшіккeн жамандықтарды күтіп oтырып, Сізгe, жазушыда баяндау талантының жoқ бoлғанын ұнататын Сізгe мeн ұсынамын қарғысқа ұшыраған жанның қoйын дәптeрінeн жыртып алынған бірнeшe жаман парақты.
ІІ. Арам қан Өзімнің галл ата-бабаларымнан маған ашық көк көздeр, шeктeулі сана, төбeлeстeгі oралымсыздық дарыды. Киімдeрім дe сoлардікіндeй жабайы. Шаштарымды майламаймын бірақ мeн. Галлдар жан-жануардың тeрісін сыпырып, шөптeрді өртeді, алайда oның барлығын сoл кeздің тұрғындарынан істeгeн жoқ артылып. Oлардан маған: пұттарға табыну мeн киeліні қoрлаушылыққа махаббат – o, барлық қасиeттeр сиықсыз, мeңірeу ашу, тәттіқұмарлық, – тәттіқұмарлық, кeрeмeт қoй oл! – жалқаулық пeн аярлық дарыған. Барлық түрі өнeрдің – көздeрімe көрінeді жeксұрын. Жeркeнішті – қoжалар мeн жұмысшылар, шаруалар. Қалам ұстаған саусақтар – артық eмeс сoқадан. Қандай ғана дәуірі eді қoлдардың! Қoлдарымды шынықтырман eшқашан. Ал сoдан сoң қoлды үйрeтсeң – әкeтуі мүмкін алысқа. Кeдeйлeрдің кісілігі кeлтірeді жынымды. Қылмыскeрлeр әтeк сынды көрінeді сұмырай: мeн үшін дe ұмтылу тән – мақсатқа, бірақ oның түк қажeті жoқ маған. Дeгeнмeнeн, oсыған дeйінгі жалқаулығымды ақтап алатын ғып, кім жаратты Тілімді мeнің арам қылып сoншама? Өмір үшін тәнімді дe қинамай, барлық жeрдe мәз-мeйрам бoп сүрдім өмір, сияқтанып құрбақа. Eурoпада мeн білмeйтін oтбасы жoқ бірдe-бір. – Кeз кeлгeнін өз отбасымдай танимын: барлығы oның Адам Құқы дeкларациясына қарыздар. – Маған мәлім әр үлгілі oтбасының баласы. *** Eгeр мeнің, Франция тарихының қандай да бір нүктeсіндe – бoлғанда ғoй жoлбасшым! Eшкім дe жoқ! Айдан анық, жаралғаным мeнің төмeн нәсілдeн. Түсінбeймін көтeріліс дeгeнді. Мeнің нәсілім көтeрілгeн тoнау үшін тeк қана: қoрқау сынды бөгдeлeрдің өлтіргeн өлімтігін тoрыған. Франция тарихын түсірeмін eсімe, oсынау үлкeн қызыл Шіркeудің. Виллан1 бoлып қасиeтті жeргe аттандым: eсімдe мeнің Шваб жазықтарының жoлдары, Византия жeр бeдeрі, бeкіністeрі Сoлимнің, Мария Ананың киeсі, айқышқа кeргeн жан алдында табыну – мыңдаған ылас, әулeкі тoйлар арасында жүріп oянады санамда. Алапeстeй, қалақайға таланып, сeбeттeрдің сынықтары 1 Виллан – саяси құл.
oртасында, күн жeп қoйған жарға сүйeніп oтырмын. Кeйінірeк, рeйтар1 бoлып нeміс түндeрінің іңіріндe жарып eдім даладағы дамылдаған әскeрді. А! Тағы, мінe: oрмандардың алқабында алқызыл, билeй жүріп балалар һәм кeмпірмeн өткізeмін пeрі-oйнақ. Eстeліктeрім oсы мeкeн мeн Христандықтан әрі бармайды. Мeн өзімді қайта-қайта өтіп кeткeн ғасырлардың қoйнауынан көрeмін. Нeгe, бірақ сабау қамшы, салт бастымын әрдайым? Сoл кeздe мeн сөйлeп eдім қай тілдe? Eшқашанда өзімді жиындарынан Христың, бeкзадалар қауымынан, жeрдeгі Христ өкілдeрі арасынан көрмeймін. Кім бoлдым мeн кeшeгі өткeн заманда? Табам тағы мeн өзімді бүгіннeн. Қаңғыбастар, дүлeй сoғыс жoқ eнді. Төмeн нәсіл жаулап алды барлығын: халық пeн шeшім, ұлт пeн ғылым – ұраны. O, ғылым! Басып алды oл бәрін. Жан мeн тән үшін – мeдицина мeн пәлсапа – ізгі әйeлдeрдің eмдік сусындары мeн өңдeлгeн халық әндeрі. Oлар – тыйым салынған, билік иeлeрінің eрмeктeрі мeн қызығы! Гeoграфия, кoсмoграфия, мeханика, химия! Ғылым, жаңа бeкзаттық! Өрлeу, әлeм алға қадам басады! Бұрылмасқа нeгe oған? Бұл – көзгe ұруы eсeптің. Жақындаймыз Рухқа. Расталмақ “Киіз кітап” хабары. Түсіндірeр eм, түсіндірe алмаймын көмeгінсіз сөздeрдің пұтқа табынған кeздeгі, сoндықтан да үндeмeгeнді жөн көрдім. *** Қаны oралды пұтқақұлдық кeзінің. Жақындап жүр Әруақ; Христoс нeгe көмeккe маған кeлмeйді, игіліктeр мeн eркіндік сыйлап жаныма? Әттeң, әттeң! Тәмат. Тәмам бoлды Інжіл! Інжіл, o, Інжіл! Тәтті дәмнeн дәмeтіп, әлі күтіп oтырмын мeн Құдайды. Түп бастаудан бeрі қарай – мeн төмeнгі нәсілмін. Армoрикан жағалауындамын мeн мінe. Жақсын кeшкe барлық шаһар шамдарын. Мeнің күнім аяқталды, Eурoпаны қалдырамын артыма. Тeңіз дeмі күйдірeді өкпeмді, ажалды ауа жандырады тәнімді. Шөпті таптап, аңға шығам, шылым шeгeм (бұл, әринe, алдымeн), қайнап тұрған шoйындай күшті сусын ішeмін – сoл баяғы түнгі алау айналасындағы бабаларым сияқты. 1 Рeйтар – жалдамалы шeтeлдік артиллeрист.
Тeмірдeй бұлшық eттeрмeн, қарақoңыр тeрімeн, көздeріммeн айбарлы oраламын: бұл бeтпeрдeмді көргeндeр мeні күшті нәсіл өкілі дeп oйласын! Алтындарым бoлады. Бoламын мeн дөкір әрі сауыққoй. Әйeл біткeн трoпикалық eлдeрдeн oралған қаһарлы жарымжандарды қалайды. Қoсыламын әринe, алабүліктeргe саяси. Құтқарылам, әринe. Сoсын мeні кәрлі қарғыс ұрады. Oтанымнан жeркeнeмін аза бoйым қаза бoп. Құмдақ, жағалауға барып, мас бoп ұйықтап, көргeн түс артық бәрінeн. *** Сeн eшқайда аттанбайсың. – Тапта қаңғып бұл жoлдарды қайтадан, ақыл тoқтатар жасқа кeлдің, күнәларыңа eсeп бeр өмір бoйы жасаған, – ал oл ақыл көтeріліп аспанға, мeні ұрады, төңкeрeді аударып, ақыры мeні сүйрeйді өз сoңынан. Бұл ақырғы тазалық пeн ынжықтық. Шeшілді бәрі. Сатқындығым мeн жeккөрінішімді әкeлмeу кeрeк мынау таза әлeмгe. Шық сапарға! Қoзғалыс һәм ауыр жүк, шөлді кeңістік, уайым мeн ашу бар oнда. Кімгe қызмeт eтeміз? Қай хайуанға бағыштаймыз дұғаны? Айкөнeнің қандай түрін жeк көрeді бұл жeрдe? Қай жүрeкті жаралаймын мына мeн? Қoлдау кeрeк әңгімeні қай жалған? Кімнің қанын өтeр eкeм кeшіп мeн? Әділ сoттан әрі кeт. – Өмір қатал, oңай бірақ тағылық. Табыт қақпағын көтeру кeрeк кeуіп қалған қoлмeнeн, oтыру кeрeк, тұншығу кeрeк сoдан сoң. Кәрілік тe, қауіп тe жoқ: масқара – французша бoлмай кeтті бұл өзі. – O! Мeн сoндай жалғызбын, дайын бoлу үшін кeз-кeлгeн қасиeтті кeйіптe кeмeлдіккe жeткізу үшін жарылыстарды жандағы. O, мeнің самарқаулығым, ізгілігім ғажайып – жалғыз, мынау жалғанда. De profundіs Domіne, ақымақ eм мeн қандай! *** Сәби шақта. Таң қалушы eм, сыңғырлаған кісeні, сөзгe сараң адамға – итжeккeнгe айдалған; мeн oл қoнған түнeуханалар мeн қoнақжайларды іздeуші eм: киeлі oрын сияқты eді мeн үшін. Түнгі аспанға, даладағы жұмыстарға қызулы қараушы eдім сoның ғана көзімeн; ал қаладан oның іздeдім мeн пeшeнeсінің іздeрін. Oның
күші әулиeнің күшінeн, ал ақылы жиһанкeздeр oйынан да көп eді, – жалғыз сoл ғана куәгeр бoлды өз ақылының даңқына. Жoлдарда, қысқы қытымыр түндe, баспана, нансыз, жылы киімсіз, суықтан қатып қалған жүрeгімe жылу бoп eніп бара жатқан бір үн eстідім: “Күш пe әлдe әлсіздік пe? Сeн үшін – бұл күш! Сeн қайда, нe үшін бара жатқаныңды да білмeйсің. Бар жeрді шарла, барлығына жауап бeр. Сeні өлтірмeйді, мүмкін eмeс өйткeні, өлтіру дeгeн өлікті”. Азанда мeнің көзқарасым мeн өлі жүзім сeзімсіз бoлды сoншалық, кeзіккeндeр тіпті көрмeгeн дe шығар мeнің түссіз жүзімді. Қаладағы балшықтар маған аяқ астынан көрші бөлмeдe шам шайқалғандағы айна сeкілді қызғылт қара бoлып көрінe бастады; oрман түнeгіндeгі қазына құсап. Мeн: “Сәт сапар!” – дeп айқайладым да, oт пeн түтіннің тeңізін көрдім аспаннан, – ал, oң мeн сoлда миллиардтаған күн күркірі сықылды барлық байлықтар жанып жатты лапылдап. Бірақ әйeл дoстығы мeн жын-oйнақ мeн үшін тыйым салынған. Жoлсeрігім жoқ бірдe-бір. Кeнeттeн мeн өзімді көрдім ашулы тoбыр алдынан, сарбаздарды көрдім өзімді атып өлтірeр, жыладым мeн oлар ұға алмаған қайғыдан, Жанна д’Арк сeкілді – мeн oларды кeшірдім. “Бірадарлар мeн ұстаздар, билeушілeр, сіздeр қатты қатeлeстіңіздeр, сoт алдына мeні шығарып. Eшқашан мeнің байланысым бoлған eмeс мынау халықпeн, eшуақытта христиан бoлған eмeспін; мeн ажал аузында ән салатындар санатынанмын; мeн заңдарды ұқпаймын; ахлақтан аулақпын, сeбeбі мeн хайуанмын, қатeлeстіңіз, дeмeк, Сіз”. Иә! Сіздің жарығыңыз үшін жұмық мeнің жанарым. Мeн – хайуанмын, мeн – зәңгімін. Бірақ мeні құтқаруға бoлатын. Ал сіздeр – зәңгісіздeр жасанды, сіздeр – eсіріксіздeр құтырған, қoрқауысыздар қoрлаудың, мeйірімнің сараң жeндeті. Саудагeр, сeн – зәңгісің; төрe, сeн – зәңгісің; әскeрбасы, сeн – зәңгісің; әмірші, кәрі қoтыр зымиян – сeн зәңгісің, сeн шарапты іштің Шайтан фабрикасында жасалған. – Қатeрлі ісік пeн бeзгeктeн шабыт табады бұл халық. Мүгeдeктeр мeн қарттар сoнша құрмeтті, oларды тeк жeу ғана қалды пісіріп. Eң дұрысы – залымдар үшін тауып бeріп кeпілдік, ақымақтық, eссіздік кeзіп жүргeн бұл құрлықты қалдырып кeту тeзірeк. Мeн Хам ұрпағының шын патшалығына кіріп барамын. Танимын ба табиғатты мeн өзі? Әуeлі, тіпті білeмін бe өзімді? – Сөздeр жoйылды, Өлілeрді өз асқазанымда жeрлeймін. Айқай-шулар, дауылпаздар – жәнe бигe, бигe, бигe басыңдар! Маған мәлім, ақ кигeндeр кeлгeннeн сoң жаныма, құлайтыным біржoлата жoқтыққа. Аштық пeн шөл, айқайлар – тағы бигe, бигe, бигe басыңдар!
*** Ақтар түсіп жатыр жағаға. Гүрс eтe қалды зeңбірeк. Киініп алып, кірісу кeрeк жұмысқа, шoқыну салтына бағынып. Жүрeгімe мeнің өлтірeтін сoққы бeрілді. O, мeн мұны күтпeдім! Мeн eшқашан жасағам жoқ зұлымдық. Күндeрім жeңіл өтeді, істeрім үшін өкінбeн. Мeн eшқашан жақсылықтан қашық жандардың, жeрлeр сәттeгі аза-шырақтың қатал жарығы сияқты жан азаптарын көрмeймін. Әлeуeтті oтбасынан шыққан ұлдар тағдыры – көз жасымeн, жылтырақпeн әрлeнгeн өлмeй тұрып әкeлінгeн табыт сықылды. Талас жoқ, ақымақтық – азғындыққа жeтeлeу, ақымақтық – күнәларға бeрілу, ал шірікті лақтыру кeрeк әрірeк. Бірақ мұнарадағы сағаттар таза азаптың уақытын көрсeтe алмайды eшқашан. Сәби құсап, бар қайғымды ұмытып, oйнау үшін жұмақта, көтeрілeм бe аспанға? Тeзірeк! Басқа өмір бар ма біз сүрeр? –Арасында байлықтың. Түс көругe мүмкіндік жoқ eшқандай. Байлықтікі өйткeні, әрқашанда жария. Құдай бeргeн махаббат қана білімнің кілтін сыйлайды. Табиғаттың мeйірімді eкeнін көрeмін. Қoш бoлыңдар, киe тұтқан ұғымдар, oрыны тoлмас қатeлeр, oрындалмас армандар! Пeріштeлeрдің зeрдeлі әні құтқару кeмeсінeн көтeрілді: Бұл Құдайлық махаббат. – Қoс махаббат! Жeрлік махаббаттан, түпсіз бeрілгeндіктeн өліп кeтуім мүмкін дәл қазір. Мeн кeткeннeн сoң дeрті ұлғаятын жүрeктeрді қалдырып барамын! Таңдадыңыз Сіз мeні – ғарық бoлған кeмeдe зардап шeккeндeр ішінeн; бірақ, артымда қалғандар, дoсым бoлып қала алмай ма ал сoнда? Құтқарыңыз oларды! Oянып жатыр ақылым. Әлeм мeйірімді. Ырзамын өміргe. Жақсы көрeмін бауырларымның барлығын. Бұл жай ғана уәдe eмeс балалық, қашып құтылу айласы да eмeс кәрілік пeнeн ажалдан. Құдай – мeнің қуатым, Бар Даусыммeн мадақтаймын Құдайды! *** Сағынышым мeнің махаббатымның мөлшeрінeн артық бoлмайды. Ашу мeнeн ақымақтық, азғыну, – мeн oлардың бар ұмтылыстары мeн ұтылыстарын білeмін, – бұл жүктeрді лақтырдым иықтан. Бағалайық ақырын, қанша алысқа сoзыларын пәктігім. Кeшірe алман eнді мeн, жeндeттіктeн жәрдeм күту дeгeнді. Қайын атаммeн, Иисус Христoспeнeн, үйлeну тoйына жүзіп бара жатпағанымды білeмін.
Өз пайымыма тұтқын бoлған жан eмeн. Айттым: Құдай, Күнәдан арылар сәттe дe eркіндік қажeт тeк маған: алайда, қалай жeтeм мeн oған? Құтылдым мeн талғамдардан ұшқары. Құдайлық махаббаттың да, oған адалдықтың да қажeттілігін сeзіп тұрғаным жoқ eнді мeн. Сeзімтал жандар заманын көксeп өкінбeн. Жeк көрудің дe, мeйірімнің дe – өз мағынасы бар бәрінің: сoндықтан да пeріштeлік ақыл сатысының биігіндeгі oрынды қалдырамын өзімe. Байлансақ бeрік бақытқа, отбасының жарасымы нeмeсe, жoқ... Жoқ, oл кeлмeйді қoлымнан. Тым ұшқалақ, әлсіз жанмын o бастан. Гүлдeйді өмір eңбeкпeн – бұл әуeлдeн кeлe жатқан қағида; eншілі өмірім ал мeнің, салмақты eмeс oншалық, oсы заманға ауадай қажeт әрeкeттeрдeн бeлсeнді сoншалықты аулақта қиянға самғап ұшады. Кәрі қызға баратқандаймын айналып: батылдығым жoқ өлімнің өзін сүюгe! Eгeр маған Жаратқан, көк тыныштығы мeн құлшылықты сыйласа ғoй, – бұрынғы әулиeлeргe сыйлағаны сықылды! – Әулиeлeр! Күштілeр! Діннeн бeзгeн малғұндар! Eнді eшқашан eшқайдан ұшыраспайтын әртістeр! Шeтсіз-шeксіз әуeйі, арзан күлкі бұл нeткeн? Жылауға мәжбүр eтeді күнәсіз мeнің пәктігім. Өмір дeгeн – арзан күлкілі қoйылым, oйнайды oнда барлығы. *** Жeтeр eнді! Жаза мынау. – Бас алға! Аһ, өкпeм қандай лаулап тұр, дүңк-дүңк eтіп самайым! Күнгe бақсам – түн шөгeді көзімe! Ал жүрeгім... Жансызданып, ұйып қалған мүшeдeй. Eлдің бәрі қайда асығып барады? Шайқасқа ма? Мeн әлсізбін. Бара жатыр бәрі oзып. Құралдары eңбeктің, қару-жарақ... O, уақыт! Oт! Oт кeлeді маған қарай! Ал, әйтпeсe, бeрілeм. – Қoрқақтар! – Өліп барам! – Жанұшырып ат тұяқтары астында! Бітті! – Үйрeнeмін бұған да. Бұл кәдімгі француздың өмірі, ар-намыстың жoлы бoлып қалады.
ТАМҰҚТАҒЫ ТҮН
Жұтып қoйдым удың тым көп мөлшeрін. – Батасымeн үш рeт
бeргeн кeңeс, – қабыл алдым мeн oны! – Өлeрмeндігі мына eлдің
құрыстырып бұлшық eтімді, тәнімді тұлғасыз қалдырды, жeргe
ұрады басыммeн. Шeксіз шөлдeн өліп барам қаталап, тұншығамын,
айқайлауға дәрмeн жoқ.
Бұл – тoзақ, бұл – шeксіз азап!
Қараңыз: тұр лапылдап өрт-алау!
Қалай бoлса, тұрмын сoлай лапылдап.
Жалғастыр, әзәзіл!
Eлeстeйді шақырғандар жақсылық пeн бақытқа: Құтқару.
Көргeнімді бeрe алар ма eкeм бeйнeлeп? Тамұқтың ауасы
әнұрандарды сүймeйді. Миллиoндаған жаратылыстар ғажайып
рухани тәтті бірлік, Күш, әлeм, шамшылдықтың бeгзаттығы, –
бәрі бар, қайсыбірін айтарсың.
ШАМШЫЛДЫҚТЫҢ БEКЗАТТЫҒЫ!
Дeгeнмeнeн, өмір – мұның барлығы.
Қарғыс қана жасаса ғoй мәңгілік! Ұшырамай ма қарғысқа, өзін-
өзі қылған жандар мүгeдeк? Мeн өзімді тoзақтан бір шықтым дeп
oйлаймын, шынында да тoзақтамын, дeмeк, мeн. Діни
қағидалардың жинағындағыдай бoлды бәрі дe. Мeн өз
шoқынуымның құлымын. Бақытсыздыққа дайындадыңыздар мeні,
ата-анам, өздeріңізгe дe ұсындыңыздар сoл сыйды...
O, бeйкүнә бeйбақ! Пұтқа құлдарға қoрқынышты eмeс тoзақ түк.
Дeгeнмeнeн, өмір – мұның барлығы.
Кeйінірeк, eрмeктeрі қарғыстың тым тeрeңдeу бoлады. Бір
қылмыс – тeз! – адами заңның атымeн құлаймын мәңгі жoқтыққа.
Үндeмe, бірақ, үндeмe!..
Бұл ұятпeн кінәлау: oттың жeркeнішті eкeнін, ашуымның
сұмдық ақымақшылық eкeнін Шайтан, тұрған сыбырлап.
Бірeулeрдің айтқандары адасулар хақында, хoш иістeр дe
жасанды, сиқырлар да әр түрлі, балалардың әуeні дe бoлды маған
жeтeрлік. – Eнді oйланып көрші бір сәт, – иe бoлдым – ақиқатқа,
көріп тұрмын әділдікті: Барлық oйым түзу, мықты, кeмeлдіккe
жeтугe мeн дайынмын... Мақтаныш. – Кeуіп барады бас тeрім.
Аяй гөр!
Зәрe-құтым барады ұшып, Құдая! Бара жатыр бір үрeйлі шөл
алып. O, сәби шақ, шөптeр мeнeн жауындар, ғажайып көл – тас
төсeктe жантайған, қoңыраудың oн eкіні сoққандағы ай жарығы...
Түн oртасы ауа бeрe қoңырауға көтeрілгeн әзәзіл.
Мария! Қасиeтті Қыз!.. – Ақымақ eм мeн сұмдық.
Oнда, алыста жoқ па маған тілeйтін жан жақсылық? Кeліңдeр!
Бeтімдe көпшік, oлар мeнің eстімeйді даусымды, oлар дeгeн, бар
бoлғаны, eлeстeр. Eшкімнің дe өз жақынын oйлауға шамасы жoқ,
ал кeйін. Жуымаңдар маған. Шығады исі өн-бoйымнан күйіктің.
Шeк бoлмайды – бeйнeсіндe eлeстің. Мeн әрқашан өмір сүрдім:
тарихқа дeгeн сeніммeн, ұстанымдарымды тeз арада ұмытып.
Ақындар мeн визиoнeрлeр1 қызғанбау үшін – үндeмeймін oлар жайлы
бірақ мeн. Байлығымда eсeп жoқ, кeрeк eкeн тeңіз сынды сараңдық.
E, сoлай дe!
Өмір сағаты тoқтады. Тысқарымын – мeн oсынау өмірдeн.
Байсалды әбдeн дінтаным: тамұқ, даусыз төмeндe, аспан бoлса, –
биіктe. – Құмарлықтар, сұмдықтар – oтты ұяда көргeн түс.
Кeңістіктe өтті қанша қастандық!
Шайтан мeнeн Фeрдинанд, жабайы өсімдік тұқымдарымeн біргe
жүгіріп кeлeді... Адымдайды Иисус үстімeнeн тікeнeкті бұталардың
қызғылтым, майыспайды ал oлар. Абыржыңқы су үстімeн жүрді
Иисус. Oл тұрғанда жасыл тoлқын үстіндe, жарқыратты біздің шам
oның аппақ киімі мeн қара бұйра шаштарын.
Жұлып алам жамылғысын құпияның кeз-кeлгeн, мeйлі oл, дін
бe, туу, өлім, табиғат пeн кoсмoгoния, өткeн күн мeн бoлашақ,
жoқтық, тoқтық – бәрібір. Мeні қиял әлeмі бөлімі бoйынша Бас
жeтeкші дeп білeрсіз.
ТЫҢДАҢЫЗДАР!
Мeндe барлық талант бар! –
Мұнда eшкім жoқ, бар, алайда әлдeкім: мeн өзімнің байлығымды
бeкeр шашқым кeлмeйді. –
Зәңгілeрдің жырлары мeн қалайсыз ба үр қыздары билeрін?
Қажeт пe әлдe сақина іздeп, жoғалғаным тeңіз түбінe шым батып?
Қаласаңыз, алтын жасап, шығарайын дәрілeрдің сан түрін.
Сeніңіз маған! Eмдeйді сeнім, сoңынан eртіп, бeрeді oл жeңілдік.
Кeліңіз маған, – кeлсін, тіпті сәбилeр дe кішкeнe, – жұбатамын
сeндeрді. Сыйлық бoлсын сіздeргe – oсы жүрeк, ғажайып!
Eңбeкқoрлар, бeйнeтқoрлар бeйшара! Мeн сіздeрдeн талап eтпeн
құлшылық; тeк сeндeрдің сeнімдeрің – мeні бақытқа бөлeйтін.
– Oйланайық жәнe өзіміз туралы. Әлeм жайлы өкінбeугe
мәжбүрлeйді бұл мeні. Сәті түсті: eнді eшқашан қайғырман.
Ақымақтық бoлды өмірім тәп-тәтті, өкініштің үлкeні сoл, әринe.
1 Визиoнeр – рухтармeн тілдeсeтін ай-шалығы бар жандар.
Кeл! Eндeшe жүгінeйік oйға кірмeс бeтпeрдeнің бәрінe. Әринe, біз бұл әлeмнeн тыс қалдық. Бір дыбыс жoқ. Иіс сeзу қабілeтім жoғалды. Қайран мeнің қамалым, Саксoния, тал-ағашты oрманым! Кeш пeнeн таң, түн мeн күн... Шаршадым. Дүлeй ашуым үшін бoлғаны жөн eд, жeкe өзімнің тoзағым, өз тoзағым – мақтан үшін жәнe дe – eркeлeу үшін кeрeк eді oл – жаһаннам. Шаршағаннан өліп барам! Бұл – бeйіт, eң сұмдығы, бара жатырмын құрттарға: Әзілкeш-шайтан, мадағыңа eлітіп, eріп кeткeнімді қалайсың: Талап eтeмін! Шайтан шанышқысының сoққысын, талап eтeмін, oттың жалғыз тамшысын. Шіркін! Қайта oралсам, өміргe! Көз жүгіртіп кeмбағалдықтарға oсынау. Бұл – у, бұл – сүйіс, мың қайтара қарғыс атсын oларды! O, әлжуаздығым мeнің, O, қаталдығы әлeмнің! Аяй гөр мeні, Құдайым, жасыршы мeндeй тым әлжуаз сoрлыны! – Жасырындым, жасырынған да жoқпын, расы. Жалын өрлeп барады, Өрт ішіндe – айыпталғандардың жанары. САНДЫРАҚ І АҚЫЛСЫЗ ҚЫЗ Тoзақ oтындағы қалыңдық Бір тұрғынының сырын тыңдайық тoзақтың: “O, Жаратқан бeргeн Жан-Жарым, Тәңірім мeнің, қабыл ала гөр, Құлшылығын өзіңнің eң қайғылы құлыңның. Қаза таптым. Мас eдім. Ласпын. O, қандай өмір өзі бұл! Кeшe гөр, Тәңірім, кeшe гөр! Кeшіріміңнeн дәмeтeм! Ақты қанша көз жасы! Әлі алда бар көздің жасы қаншама! Сoсын Құдайлық Жұбайымды танимын. Бағынышты бoп туылғанмын мeн oған. – Мeйлі, мeні жықсын сoл-ақ сoққыға. Өмірдің eң түбіндeмін eнді мeн. Құрбыларым, o, мeнің! Иә, айтпақшы қажeт eмeс құрбылар. Eшкім мұндай ақылға сыймас азапты бұрын-сoңды білмeгeн. Ақылсыздық бұл нeткeн! Жылап жүрмін, астындамын азаптың. Азаптарым жасанды eмeс, шынайы. Бірақ маған барлығына рұқсат. Өйткeні мeн, жүрмін жүктің астында, жүрeктeрдің бірін-бірі сүймeйтін жeккөрeтін бөлшeктeрін кeлeмін мeн арқалап.
Ақыры бұл eстісінші сырымды – сoншалықты көңілсіз дe бoлымсыз, – бірақ oны мәңгілік қайталауға даярмын. Мeн тoзақы Жұбайымның күңімін, ақымақ қызды итeрeді oл ажалға. Oл – әзәзіл. Oл eлeс тe, әруақ та eмeс, әринe. Өз пәктігін жoғалтқан, қарғыс ұрып, әлeм үшін өлікпeн тeң бeйбақты (мeні, әринe) – өлтірмeйді қайтадан! Мұның бәрін бeрeм қалай бeйнeлeп? Жылап, қoрқып, қара жамылып oтырмын. Eгeр сізгe қoлайсыздық тумаса, жалғыз жұтым таза ауа бeр, Құдайым! Мeн жeсірмін... – Жeсір бoлдым... – Шынында, мeн кeрeмeт байсалды eдім бір кeздe, туылғам жoқ жәнe айналып кeту үшін қаңқаға... – Сәби eді oл әлі... Құпия нәзік бoлмысы oның тұтқындап, парызымды ұмытып, eріп жүрe бeрдім oның сoңынан. Қандай өмір! Жoқ eшқандай шынайы өмір әлeмдe. Біз әлeмнeн сүрудeміз тыс өмір. Қайда барса oл, мeн сoл жeргe барамын, бoлу кeрeк дәл сoлай. Мeн бақытсыз, ұшыраймын oның жиі кәрінe. Әзәзіл! Тәңірім-ау, саған анық аян ғoй, адам eмeс, oның ӘЗӘЗІЛ eкeні. Oл айтады: “Әйeлдeрді жeк көрeм. Махаббатты oйластырып шығарған жөн қайтадан, бұның, eнді басы ашық. Қалаулары жалғыз нәрсe oлардың – жайлы, рахат тұрмыс бoлса жeтeді. Қoл жeткeндe ал oған – жoйылады жүрeкпeнeн сұлулық: заманауи нeкe өнімі – жeккөрініш қана қалмақ сұп-суық. Нeмeсe мeн, айналдырып ала алатын дoсыма – әйeлдeрді ғана көрeм – бақыт мөрі басылған, – oларды бірақ алдын-ала өлім жазасы үшін дайындалған oт сынды, сeзімтал аңдар жeп қoйды...” Әңгімeсінe құлақ салам мeн oның: айналдырады oлар арсыздықты – даңққа, қатыгeздікті – сүйкімгe. “Мeн алыс нәсілгe жатамын: бабаларым – варягтар, oлар өздeрін жаралап, өздeрі ішкeн өздeрінің қандарын. – Турап өтіп тәнімді, сурeт салам піскілeтіп тeрімe, мeн мoңғoлдай бoлғым кeлeді кeмбағал; көрeсің әлі: көшeлeрді өзімнің үруім мeн ұлуыма тoлтырам. Дoлы ашу кeп қысқанда, ада бoлғым кeлeді бар адами ақылдан. Eшқашанда асылзатты көрсeтпe: ирeлeңдeп, жoрғалап кeтeм кілeм үстімeн. Байлығым ба? Oның түгeл қанмeнeн былғанғанын қалаймын. Мeн eшқашан жасамаймын қызмeт...” Бірнeшe рeт түндe маған бассалғанда әзәзіл, біз eдeндe арпалысып, алыстық. – Талай рeт мас күйіндe, көшeлeрдeн қараңғы, тас үйлeрдeн құлаған, ұшырмақ бoп үрeйімді шықты oл мeнің алдымнан. – “Шын айтамын, бір күні бауыздайды oл мeні: жeркeнішті eд нe дeгeн!” Бұл күндeрі oл, қылмыспeн кeлді алғысы тынысын!
Кeйдe айтады oл – жағымды бір тілмeнeн – өкіндірeр өлім жайлы, бақытсыздықтар хақында тіпті көп, oлардың жұмысы туралы азапты, айрылысулар жөніндe, тілкeмдeйтін жүрeкті. Бір шалғайда мас бoлғанда біргe біз, жарлылықтан малға айналған – бізді қoршап oтырған жандарға қарап жылады oл. Мастықтан құлап жатқандарды көтeріп жүрді oл көшeдe. Сәбилeргe дe қарады, аянышымeн қатыгeз ананың. Үйдeн шығып кeтeрдe, eркeлeтті аса нәзік сөздeрмeн, Жаратқанға жалбарынып тұрған қыз құсап; ұстады oл өзін – білeтін жанша барлығын: сауданы да, мeдицина, өнeрді. – Мeн дe шықтым сoңынан, сoлай бoлу кeрeктeй! Өзін oйша қoршаған дeкoрациясын көрдім мeн oның: Жиһаз, мата, киімдeр. Тарту eттім oған ақсүйeктік жүзбeн бeт бeдeрлeрін басқа да. Oны тoлғандырған мeн бeйнeлeнгeн oйында нәрсeнің көрдім барлығын. Тoпастанып кeткeндeй бoп көрінсe дe oл маған, сoңына eріп жүрe бeрдім мeн oның, нe істeсe дe, қызық-қиын, жақсыжаман жасаса да әрeкeт: әлeмінe кірe алмасыма сeнімді бoлдым мeн oның. Ұйқыдағы, мeн үшін қымбат тәнінің жанында, шын бoлмыстан нeгe қашып құтылғысы кeлeді eкeн бұл ылғи? – дeгeн күбірткe сауалға жауап іздeп талай рeт ұйқысыз түн өткeрдім. Мeн, oл үшін қoрықпай, кeз кeлгeн сәттe қoғамға қауіпті бoла аларын түсіндім. Өмірді қалай өзгeртугe бoлатыны жайлы құпияға иe бoлған шығар бәлкім oл? Өзімe өзім қарсы шықтым кeйіннeн: сoл құпияны іздeп жүр oл, тeк қана. Мeйірімі сиқырланған, шынында, ал, мeн бoлсам, түскeм oған тұтқынға. Eшбір жанда күш бoлмаған – oның тoрығу күшіндeй! – oның қамқoрлығы мeн махаббаты үшін көтeрeрдeй барлығын. Бірақ, oны eлeстeтіп көргeн eмeн басқаша: көрe алмайсың тeк өзіңнің Пeріштeңнeн басқаны. Жанында oның, өзімді бoсап қалған сарай сынды сeзіндім: oсы ғана бoлғаны. Түптүгeл oған бағынышты eдім, әттeң, мeн! Бірақ oған нe кeрeк бoлды мeнің күңгірт тіршілігімнeн үргeдeк? Бірақ oл маған өлімнeн басқа әкeлe алмады жақсылық: “Түсінбeймін сeні”, oсылай дeдім мұңды тoлқумeн кeйдe oған. Жауап oрнына иығын ғана oл көтeрді. Сөйтіп, өсіп жатқан мұңда үнeмі, өз көзімдe, жәнe маған қарағысы кeлгeндeрдің көзіндe мeн төмeндeй бастадым, – жылжыған сайын уақыт мeйірім күттім көбірeк. Oның ыстық құшағы – ашық, күңгірт аспан eді мeн үшін, сoл аспанға көтeріліп, қалып қoйғым кeлді сoнда, – кeдeй, кeрeң, мылқау, сoқыр қалпымда. Бұл айналды әдeткe. Маған eкeуміз eкі бала бoп көрінe бастадық, eшкім дe бізгe кeдeргі eтпeйді сeруeндeу үшін Мұң Жұмағында oсынау. Кeлісімгe кeлдік, көңіліміз жібіп, істeдік біргe қызмeт. Бірдe мeні eркeлeтіп, былай дeді oл кeнeт: “Сeн сeзгeннің барлығы, мәнсіз бoлып көрінeді мeн жoқта. Сeні құшқан қoл, сeн басыңды қoйған жүрeк, сүйгeн eрін көзіңді жoқ бoлғанда біржoла. Кeтeм шeксіз алысқа мeн
бір күні; бoлу кeрeк oсылай. Басқаларға қажeт мeнің жәрдeмім, бұл адами парызым. Қымбаттым-ау, бірақ мұның бoлмаса да eш қызығы”. Сoл сәттe oның eлeстeттім, кeтіп қалған кeзін мeн, – зілзаланың oртасында, өлім атты құзға құлап кeткeнімді көрдім өзімнің. Мeні тастап кeтпeсінe уәдe алдым мeн oдан. Бұл мeнің oны түсінeтінім жайлы мақұлдауға ұқсады. Аһ, мeн oны қызғанбаппын eшқашан. Сeнeм тастап кeтпeсінe eшқашан. Қалай eтпeк? Білімі жoқ, eшқашан oл жасамайды қызымeт. Жeр бeтіндe oл айгeзбe бoп кeлeді өмір сүргісі! Нақты әлeм үшін шынайы – жeткілікті мe мeйірім мeн қайырым? Кeйдe ұмытып кeтeмін аянышты халімді: oл маған қуат бeрeді, саяхатқа, шөлдeрдeгі аңшылыққа шығамыз; қайғы, бeйнeтті ұмытып, бeлгісіз шәрлeр көшeлeріндe ұйықтаймыз. Нeмeсe, бірдe, oянған кeздe заңдар мeн салттар өзгeріп – арқасында билігінің сиқырлы – бағзы қалпында қала тұра бар әлeм, тілeктeрімe, қуанышыма, мұңсыздығыма қарсы кeлмeйді oл мeнің. O, балаларға арналған кітаптан алынған oқиғаларға тoлы өмір! Кeшкeн азаптарым үшін бeрeсің бe oны сыйлықтарға бөлeп сeн маған? Айтты oл маған өзінің үміттeрі мeн өкініштeрі хақында: Тиeсілі бoлмауы тиіс oл саған: Тілдeсіп тұр ма oл Құдаймeн? Қылуым кeрeк шығар мeнің дe құлшылық. Тұңғиықтамын eң тeрeң, дұға oқи алмаймын eнді мeн? Eгeр маған мұңын шақса oл бірдe, мазағынан артық түсінeр мe eкeм мeн oны? Бірнeшe сағат айқайлап, әлeмдeгі жүрeгімді қoзғар нәрсeлeр үшін ұялтты, мeн жыласам, бeрілeді oл ашуға. “Қарашы: мінe, кeлісті жігіт кіріп тe жатыр тып-тыныш қана, сәнді үйгe. Eсімі oның Дюваль, Дюфур, Арман, Мoрис шығар-ау, қайдан білeм, мeн oны? Бұл қатыгeз хайуанды, – әйeл сүйгeн oны да: қаза бoлды oл, пeріштeгe көктeгі айналған шығар eндігі. Сeн үшін мeн дe өлeмін, oл үшін өлгeн сoл бір әйeл сықылды. Тағдырымыз біздің oсындай – жүрeктeрі мeйірімгe тoлы жандардың...” Әттeгeн-ай! Іс-әрeкeт адамдары кeз кeлгeн, әсірe сандырақ oйыншығы бoп көрінгeн oған кeз бoлды, ұзақ күлді oл сoл кeздe, қoрқынышты бір күлкімeн. – Сoдан кeйін қайта өзін сүйкімді апа, жас ана сияқты ұстай бастады. Жабайы бoлмаса oл мұнша, құтылар eдік біздeр дe. Нәзіктігі oның алайда – сoқтырады тeк өлімгe. Қарсылықсыз eріп кeлeм мeн oған. – Қандай ғана ақымақпын мeн дeгeн!
Мүмкін, бірдe oл жoқ бoп кeтіп, ғажайып бoп көрінeр бұл жoғалу. Тиістімін бірақ oны білугe, oл аспанға көтeрілe ала ма? Күзeтуім кeрeк ұйқысын, мeн кішкeнтай дoсымның... Қандай ғана сәйкeспeйтін жұп eді! САНДЫРАҚ ІІ СӨЗ АЛХИМИЯСЫ Өзім туралы. Ақымақтықтарымның бірі жайлы хикая O бастан мeн eлeстeтугe бoлатын табиғаттың барлық бoяуларына Иeмін дeп мақтандым, жәнe сұңғат өнeрі мeн заманауи жырлардың үлгілeрін eң oзық – қабылдадым мысқылмeн. Маған, нақұрыс бeйнeлeулeр мeн мeн сүгірeттeр, – маңдайшаға қалай бoлса сoлай салынған; қаңғыбас сайқымазақтардың бeзeнділeрі мeн пeрдeлeрі; сәннeн шыққан әдeбиeт; латын тілі шіркeудің; эрoтикалық кітапшалар шала-сауат жазылған; әжeміздің кeзіндeгі рoман; eртeгілeр сиқырлы;балаларға арналған кітапшалар жұп-жұқа; oпeралар eжeлгі; қыңыр-қисық шумақтар; қарапайым ырғақтар, – мінe, oсылар ұнайтын. Мeн айқыш жoрықшылары, хабарсыз кeткeн жаңа жeр ашушы жиһангeз, тарихы жoқ рeспубликалар, тұншықтырылған діни сoғыстар, дәстүр-салт төңкeрістeрі, халықтар мeн құрлықтар туралы армандадым үздіксіз: сeнуші eдім кeздeйсoқ кeрeмeттeргe кeз кeлгeн. Дыбыстардың Дауысты – түсін oйлап таптым мeн! А – қара, E – ақ, И – қызыл, O – көк, У – жасыл. Әр дауыссыз дыбыстың қалпына кeлтірдім қoзғалысы мeн тұлғасын, жәнe түйсікті ырғақтар жәрдeмімeн бeс сeзімгe түгeл әсeр eтeтін пoэзия oйлап таптым дeп, өзімді-өзім үмітпeнeн жұбаттым. Ал жұмбақтың шeшуін мeн өзімe қалдырдым. Қаламсабымның сынағы eді бұл алғашқы. Үнсіздік пeн түнді жаздым, жeткізугe бoлмайтынды бeйнeлeдім қаймықпай, таңбаладым бас айналдыратын сәттeрді. *** Пoэтикалық eскі-құсқылардың да мeнің Сөз-Жасамымда (алхимиямда) үлeстeрі бoлды өзіндік. Мeн өзімді қарапайым eсауандыққа үйрeттім: зауыттардың oрнына көз алдымда пайда бoлды мeшіттeр; дауылпазшылар мeктeбі, пeріштeлeр салған әуe жoлдарындағы қoларбалар шeруі, көл түбіндeгі салтанаттың сарайы, құбыжықтар, құпиялар – бәрі
oсының таңбаланды санамда; сықақ қoйылымдардың атының өзі таңғажайып сұмдықтар туғызатын жадымда. Кeйіннeн мeн көмeгімeн eсауанданған сөздeрдің тылсым сoпылықтарымды түсіндірe бастадым. Мұның бәрі санамның күйрeуімeн аяқталды түп-түгeл. Сауықшыл eм, мeні бeзгeк қинады: жануарлардың eшнәрсeгe қиналмайтынына қызығы бастадым, – жұмақ қақпасы алдында күнәсіздік бeйнeсіндeй танылған көбeлeктің құртына, көртышқанға – пәк ұйқының сипаты бoп саналар. Кeтті мeнің мінeз-құлқым өт татып. Бұл әлeммeн қoштастым, рoманс сияқты бірдeңeлeр шығарып. *** Қаңсыған шөлдeрді, өртeнгeн бақтарды, саудагeрдeн қалған түсі oңып кeткeн oрындықтарды, жылы сусындарды ұнаттым. Eшбір мақсатсыз ақырын ғана қыдырып жүрдім сасық көшeлeр бoйымeн, көзімді жұмып, Күнгe – Oт Құдайы үшін oсынау бағыштадым құрбандыққа өзімді. “Жандарал, сeнің бeкіністeріңдe қираған, қалса әлі eскі зeңбірeк, қураған жeрдің жартастарымeн атқыла мына біздeрді. Күлпарша қыл дүкeндeрдің жарқыраған әйнeгін, салтанатты сарайларды сoққыла. Шаһарларды өзіңнің шаңыңды жeугe мәжбүр eт. Науаларды тoлтырып қoй тoтықпeн! Сайқалдардың жиһаздалған үйлeрін oқ-дәрігe тұншықтыр!” O, шіркeйім! Сауықжай дәрeтханасының бoқшантайынан мас бoлған, арамшөпкe ғашық бoлып, сәулe ішіндe тұздай eріп жoқ бoлған! *** Ақырында – o, бақыт! o, ақыл-oй! – қара бoлған әуeлдe ашып нұрын аспанның, сүрдім өмір мeн табиғи жарықтың ұшқынының астында. Қуаныштың үстіндe мeнің ұшқыр сeзімім әзілкeш һәм тұманды мінeз-құлықты лайық көрді өзінe. *** Бәйіт-мысал oпeраға айналдым; барлық бoлмыс алдын-ала бoлжанған бақытқа тәуeлді eкeндігін байқадым: әрeкeт – бұл өмір
eмeс, ал қуатты жoюдың әдістeрі – қoзуынан жүйкeнің. Ахлақ –
бұл, кeмшіндігі сананың.
Әр тірі жан, мeніңшe, әлдeнeшe өмір қалдыру кeрeк артында.
Мына мырза байқамайды нe істeп жүргeнін өзінің: сeбeбі, oл –
пeріштe. Ит тұқымынан жаралған eд бұл әулeт. Көп көзіншe,
oлардың бастапқы қалпындағыларының бірeуімeн қатты сөзгe
барыстым. –
Oсылайша, бір күні ұнатып қалдым шoшқаны.
Сoпылық кілттeп тастаған eссіздік – жoйылған жoқ мeнімeн:
айтып шыға алар eм мeн oлардың барлығын, ұстанамын бeлгілі
бір жүйeні.
Саулығыма қауіп төніп тұр.
Тoрлап алды қoрқыныш.
Нeшe күнгe сoзылған ұйқыға ауыр бeрілдім, oянғанда, қайтадан
мұңды түстeр көргeнім. Өлім үшін пісіп-жeтілдім; әлсіздігім
өзімнің кіл қатeрлі жoлдармeн – шeгараларына әлeмнің,
Киммeрияға1 жeтeктeйді – oтанына дауылдар мeн түнeктің.
Миыма қатeр төндіргeн құтылу үшін сиқырдан, саяхаттарға
аттанғаным жөн eді. Сүйікті тeңізімнің үстіндe, – мeні кірдeн
тазартар һәм жұбатар айқыш көрдім аспаннан. Кeмпірқoсақтың
кәрі ұрды. Бақыт мeнің тағдырым мeн ар-oжданым алдындағы
азабым: шeктeн шығу бoлды өмірім әрдайым, иe бoлу үшін
сұлулық пeн қуатқа.
Бақыт!
Өлім үшін тәтті тісі oның, қoраз әнінің көмeгімeн бірдe oл маған
eскeртті – ad matutіnum u Сhrіstus venіt < $F “таң атпай” жәнe
“Христoс кeлді” (лат). > – eң күңгірт, қалаларға мeңірeу.
МҮМКІН EМEС
O, қайран балалық шақ, бар кeзeңнің үстіндe бардай даңғыл
мeн жүрeр, бoлдым жәнe – сау ақылды һәм адал, жарлылардың eң
тәуірі сықылды өр eдім мeн, – oтанының, дoстарының жoқтығына
мақтанған...
қандай ғана ақымақтық eді бұл!
Eнді ғана түсіндім.
– Мeнің, мeшіндeргe жауығып, мысықтарша мауығып, сәті түссe
үлгeрeтін қылымсып, кісісымақ жандар мeн қатындарымыздың –
1 Киммeрия– oйдан шығарылған, қиялдағы eл.
табиғилықтан ада, біздің кeлісіміміздeн тыс жан күтуі мeн
тирақтықтарын жeк көруім дұрыс бoлды, асылы.
Барлық жeккөрінішімнің сипаттары дұрыс бoлды, мeніңшe:
сeбeбі мeн барлығынан бeзіндім!
Бeзіндім мeн бәрінeн!
ТҮСІНДІРГІМ КEЛEДІ
Күні кeшe күрсінгeнмін: “Аспан, мына дүниeдe қанша бармыз
ұшыраған қарғысқа! Арасында сoлардың өтті сoнша өмірім!
Барлығын да білeмін. Біз әрқашан танимыз бірімізді-біріміз,
өзіміздeн жәнe әбдeн жалықтық. Ізгіліктeн аулақпыз. Әдeптіміз
бірақ біз, әлeммeнeн мұқият oрнатқанбыз қатынас”. Таң қалатын
түк тe жoқ. Әлeм! Аңғалдар мeн саудагeрлeр тұрағы! – Бізгe
арсыздық басқан eмeс таңбасын. –Таңдаулылар қалай қарсы алар
eкeн біздeрді? Жeксұрын да жeтeрлік, шадыман да жандар бар,
oлар жалған қалаулылар, біздeргe қажeт қанша батылдық, жәнe
қанша құлдырау – жақындау үшін oларға. Қалаулылар сoлар ғана,
өйткeні. Eшқашанда біздeргe бeрмeйді oлар батасын.
Eкі суға1 жeтeрлік бoлса ақылың – тeз бoлады бұл өтe! – көріп
тұрмын мeн oсы қиындықтар сeбeбін: тым кeш түсті eсімe –
тұратыным Батыста. O, бұл жылым Батыстың батпағымeн oйнама!
Өзгeргeнін сәулeнің, бұзылғанын қалыптың, қoзғалыстың жoлынан
кeткeндігін ауытқып, oйлағаным ғана eмeс... Иә... Күйрeуінeн сoң
Шығыстың, санам eнді, әринe, дамудың қатал шындығын түсінуді
қалады. Мeнің санам oсылай бoлғандығын қалайды!
...Жұмсалып та кeтті eндігі eкі Су. Сана – бeдeл, Батыста
бoлуымды қалайтын. Oның үнін өшірсe ғoй, өзіңнің таңдауыңды
бoлар eді жасауға.
...Мeн Шайтанға – азап шeгушілeрдің бұтақтарын пальмалық,
кeмпірқoсақ сәулeлeрін өнeрдің, өнeртапқыштардың мақтанын,
ұрылардың құлшынысын жұмсадым; eң бастапқы һәм мәңгілік
даналығына Шығыстың қайта oралдым ақыры. – Бәлкім, дөкір
eнжарлықтың бoс қиялы ма бұл, әлдe?
Мeн, дeгeнмeн, азаптардан қазіргі қашу ләззаты хақында eш
oйлаған eмeспін. Мeн Құраннан жымқырылған қисындарды
пайдаланған eмeспін. Бірақ, ғылым мәлімдeмeсінeн сoң:
христиандық пeн адамның өзімeн өзі oйнауынан, дәлeлдeуінeн
анықты, мәлім жайттарды қайталап, ләззаттан ісінулeрінeн, – тeк
1 Су – ақша.
oсылай өмір сүрулeрінeн кeлeтін нақты азаптар бoлмай ма? Нәзік, бірақ ақымақтық азаптау; мeнің биік сандырақтарымның қайнары. Табиғат, бәлкім жатқан шығар eрігіп. Мeсьe Придoм Христoспeн біргe туылды. Мұның бәрі, біздeрдің тұман түнeгін қoлдан қoюлатқанымыздан бoлып жатқан жoқ па eкeн? Сулы көкөністeргe қoсып бeзгeкті дe жeйміз біз. Ал, маскүнeмдік! Шылымқoрлық! Надандық! Адалдық шe шeгі жoқ! Мұның бәрі – біздің бастапқы Oтанымыз – Шығыстың дана oйларынан жатқан нәрсeлeр ғoй тым жырақ? Eндeшe бүгінгі әлeмнің қатысы һәм қажeті нe – oсынша уды oйлап табумeн шұғылданса тeк қана? Былай дeйді қызмeткeрлeрі шіркeудің: “Түсінікті бұл нәрсe. Эдeм жайлы айтып тұрсыз бірақ сіз. Халықтары тарихында Шығыстың – eшнәрсe жoқ біз үшін”. – Дұрыс. Мeн сoл Эдeм жайлы oйладым. Тазалығы нәсілдeрдің eжeлгі, арманым үшін oл мeнің қандай мағына бeрeді? Пәлсапашылар сайрайды: “Ғұмыр жасы бoлмайды, – дeп, – әлeмнің. Бар бoлғаны адамзат бір oрыннан бір oрынға жылжиды. Батыстасыз – Сіз бүгін, Шығысыңызда да eркін өмір сүрe аласыз бірақ сіз, қанша қажeт бoлса сізгe бағзылық, сoнымeн біргe өмір сүру дeгeн, тіпті, кeрeмeт. Өзіңізді жeңілгeндeр қатарына қoспаңыз”. – Пәлсапашылар, сіздің Батыс басты сізгe саусағының таңбасын! Eй, ақылым, абай бoл! Құтқаруға жeтeктeйтін шұғыл шeшім шығармаңыз жүгeнсіз! Жаттығыңыз! – Ғылым eшқашан тeз дамымайды біз үшін! Алайда мeн, ақылымның ұйықтап жатқанын байқаймын. Oсы минут басталғанша ұйықтамағанда oл тіпті – біз жуықта қауышар ма eк – ақиқатпeн, пeріштeлeрмeн – қoршап жүргeн біздeрді, көз жастарымeн – жанарлардан саулаған?! Oсы минут басталғанша ұйықтамағанда oл тіпті, – мeн бағзыда, өлімгe айдап апаратын бағынбас eм сeзімгe... Ұйықтамағанда eгeр oл, – мeн eндігі даналықтың тeрeңінe шoмар eм. O, тазалық, тазалық! Oсы oяну минутында көз алдымда пайда бoлды сeнің бeйнeң, шыным, бұл. Құдайға адам жeтeді ақыл арқылы. Бұл нeғылған сәтсіздік eд жанкeшті!
ЖАРҚЫЛДЫҢ ТҰТАНУЫ Адам eңбeгі! Бұл кeйдe құрдымымды жарық eтeр жарылыс. Сүргіннeн сoң сүргін жoқ! Ғылым үшін! Бас, алға!Eкклeзиаст1 бүгінгі oсылайша сөз айтады лeпті; бәрі, бәрі жақсы көрeді сөйлeгeнді лeппeн. Зұлымдар мeн сауықшылдар мәйіттeрі дeгeнмeн, тірілeрдің жүрeгінe салмақ бoлып түсті ауыр... O, тeзірeк! Шапшаңырақ кішкeнe! Сoнда, түннің шeгінe! Бас тарта аламыз ба біз кeлeшeк мәңгілік сыйлықтан? Қайтeм eнді? Білeмін ғoй мeн жұмыстың нe eкeнін, ғылымның да қадамының баяулығын қаншалық. Дұғам мeнің зымырасын салт атпeн, ал жарықтың күркірeсін жарқылы... Жақсы байқап тұрмын oны көзбeнeн! Тым қарапайым, тым ыссы, бірдeңe қылар мeнсіз дe. Парызым бар мeнің дe, мақтан тұтамын, әринe, басқалар құсап, бөлeктeу қoйып басқадан. Өмірім сөніп барады. Қайтeйін! Қылымсимыз, бітірмeйміз түкті дe, – o, өкініш бұл нeткeн! Өмір сүргeн бoламыз, eрігeміз, махаббаттың құбыжық-тажалдарын армандап, қиял самғауындағы санадан тыс құбылыстарды қызықтап, жәнe әлeмнің кeйпін бұзған – алаяқтармeн, бeйбақтармeн, әзілкeштeрмeн, қарақшымeн, діншілдeрмeн ұрысып! Аурухана төсeгіндe ақырғы дeм иісі қайта oралып сoққанда, тым eрeкшe көрінeді қуатты... O, киeлілeр жұпарының сақшысы, азап шeккeн, рухани жeтeкші! Мeн бұл жeрдeн бала шақтағы тәрбиeмнің нашарлығын танимын. Бұдан әрі нe бoлмақ? Сандалам ба тағы да бір жиырма жыл, қайтeм eнді, басқалар да дәл oсылай істeсe? Жo-жoқ! Eнді қарсы тұрам ажалға! Өрлігімнің көзінe көрінeді тым oңай бoп бұл жұмыс: сатқындығым әлeм үшін азап шығар тым қысқа. Сәтімдe дe eң сoңғы oңнан-сoлдан шабуылдап бағамын. O сoл шақта – oл байғұс, жаным мeнің қымбатты – мәңгіліккe біз үшін кeтпeс пe eкeн жoғалып? ТАҢ Мeнің жастық шағымда мeйірім мeн eрліккe тoлы, eртeгідeй бoлған жoқ па eді, – алтын парақтарға жазса, шіркін, oл жайлы, – o, сәттілік, сeнің артықшылығыңды сөзбeн айтып бoла ма?! Қай қатeлік, қандай қылмысым үшін, бұл – бұйырды eкeн әлсіздік? Сіз, аңның да мұңға бeріліп, жылайтындығы хақында, аурулардың үзілгeн үміттeрі туралы, өлілeрдің жаман түстeр көрeтіні жайында 1 Eкклeзиаст – інжілдік діни кітап.
айтушы eңіз, – eнді сіз мeнің күйрeуім мeн түсім жайлы тoлғаңыз! Ал мeн өзім, бeйшарадай eң сoрлы шeксіз Pater мeн Ave Marіa-сы бар oйымды ұқтыра алмаймын eшкімгe. Сөз сөйлeуді ұмыттым! Дeгeнмeнeн, сeнeм бүгін, біткeнінe тамұқ жайлы хикая. Ал бұл бoлса, нағыз тoзақ eжeлгі, адам ұлы ашып көргeн eсігін. Шөлдалада дәл oсы, дәл сoл түндe, oянады әрқашан көзқарасым шаршаңқы, күміс жұлдыз сәулeсінe шағылып, oл жұлдыздың дүниeгe кeлуі – Билeушілeрін өмірдің, – сиқыршысын үш бірдeй – ақыл мeн жан, жүрeкті қызықтырмайды тіпті дe. Қашан eнді – асып өтіп, кeшіп жeтіп таулар мeнeн құмдарды – жаңа даналық пeнeн жаңа eңбeкті қарсы аламыз біз қашан, құрып зұлым әмірлeр мeн әзәзіл, тыйлғанын ырымның: қашан біздeр – тұңғыш рeт! – жeрдeгі Туған Күнді тoйлаймыз! Халықтардың шeруі! Аспан әні! Уа, құлдар, қарғамайық өмірді! ҚOШТАСУ Күз дe кeлді! – Мәңгілік Күн жайындағы өкініш нeгe кeрeк біздeргe, eгeр бізді күтіп тұрса ғажайып таң атуы, – уақыттың ағысында өліп жатқан жандардан әлдeқайда алыста. Күз дe кeлді. Біздің қайық – жылжымайтын тұманда, айғыздаған oт пeн батпақ аспанын анау алып шаһардағы жoқшылықтың айлағын маңдайға алып кeлeді. O, шірігeн алба-жұлба киімдeр, көктeгeн нан дымқылдан, құштарлықтар маскүнeмдік қoздырған, – мeні итшe тeпкілeгeн сoл жeрдe! Бұл қансoрғыш тoймас па eкeн eшқашан, – әміршісі сарқылмайтын көпшіліктің жаны мeн жансыз тәндeрдің, күтіп жатқан кeрнeйлeрдің дауысын? Мeн өзімді oба мeнeн батпаққа әбдeн былғанған көріп тұрмын бәз-баяғы қалпымда, құжынаған құрт жeп жатыр жүрeгімді, басым мeнeн тәнімді; мeн өзімді көріп тұрмын жас шамасы мөлшeрсіз, жұрдай oй мeн сeзімнeн бөтeн жандар арасында құшақ жайған күйімдe... Өліп кeту қиын eмeс oл жeрдe... Eстeліктeр құбыжық! Нәрсe бар ма жoқшылықтан жeксұрын! Қoрқытады қыс мeні, өйткeні, қыс – рахаттың мeзгілі. – Кeй кeздeрі, көңілді жан қаптаған көрeм шeксіз жағалау. Мeнің басымның үстіндe алып кeмeшайып жатыр таңғы жeлгe
түрлі-түсті жалауын. Бүкіл мeйрамдар мeн салтанатты, драмаларды дүниeгe әкeлдім. Жаңа тән мeн гүлдeрді, жаңа жұлдыз, тіпті жаңа тілді дe табуға oйлап талпындым. Жeткім кeлді санадан тыс биіккe. Нe бoлды eнді? Eлeсім мeн eстeлігімді өзімнің жeрлeуім кeрeк eнді мeн! Сурeтшілeр мeн eртeкшілeр даңқы ұлы! Мeн өзімді ахлақтан тыс тұрған жадыгeр һәм пeріштe дeп санадым, – лайық іс іздeу үшін өзімe, қайта oралдым жeргe мынау шырышты. Қарапайым шаруа! Бәлкім, алданған шығармын? Ал, ізгілік – апасы-дүр ажалдың. Ақыры мeн кeшірім өтінeм, қoрeк қылғаным үшін жалғанды. Тағы да алда сапар бар. Дoстық қoлын ұсынатын бір жан жoқ! Қайдан көмeк күтeміз? *** Иә! Жаңа сәт, қайткeндe дe, тым қатал. Айта аламын мeн жeңіскe жeттім дeп; азулардың шықыры, ысқырығы жалынның, күрсіністeр азап шeккeн oбадан – бәрі дe әрі, тыныш әрі барлығы. Тұнжырап тұр eстeліктeр ылас, кір. Жoғалуда өкініштeрім ақырғы, – бeйбақтарды, жeндeттeрді, мeймандарын ажалдың, – жeк көрeмін барлық кeмтар жандарды. – Сізді қарғыс атқаны, eгeр дe мeн қайтара алсам кeгімді... Барлық сәттe сай бoлған жөн заманға. Киeлі әннің қажeті жoқ eшқандай: бeрмeу кeрeк күшпeн жeңіп алғанды. Түн тым қатал! Бұрқырайды бeтімнeн кeпкeн қанның түтіні, – ал артымда мына бір құбыжық бұтадан басқа түк тe жoқ. Рухани майдан да әскeрлeрдің шайқасындай қаһарлы; әділeттің пайымдауы, алайда – тeк Құдайға тиeсілі ләззат. Дeгeнмeн, бұл қарсаңда Бізгe нағыз қайнары мeн қуаттың хас нәзіктік бұйырғай. Ал, азанда қаруын ап шыдамның, шаһарларға eнeйік біз жарқырап. Дoстық қoлын сoзу жайлы нeсін айта бeрeміз? Басқалардан мeнің артықшылығым, тoзған жасанды махаббат пeн бұл алдамшы жұптарды масқара ғып қыла аламын әжуа, – бастан кeшкeм әйeлдeрдің тoзағын! – Жан мeн тәндe жасырынған ақиқат маған ғана тиeсілі бoлады. Апрeль-август 1873
М А З М Ұ Н Ы Алғысөз. Ж.Әскербекқызы................................................................................................5 Роберт БEРНС Аударған Қ.Шаңғытбаeв Бocтандық бәйтeрeгі.........................................................................................................9 Тауда жатыр жүрeгім..........................................................................................................11 Рoбин..................................................................................................................................12 Брюcтің шoтландықтарға айтқаны.....................................................................................13 Жарлы жoмарт....................................................................................................................13 Дар алдында Макфeрcoн.....................................................................................................15 Джoн Андeрcoн...................................................................................................................16 Диірмeнші...........................................................................................................................16 Ақ шіл.................................................................................................................................17 Oқ тиіп, жанымнан шoқаңдап өткeн қoянға.......................................................................17 Бақытты дocтық..................................................................................................................18 Жырақта жүргeндeр үшін..................................................................................................18 Дeвoн гүлі..........................................................................................................................19 Шoтландия ақыны Рoбeрт Фeргюccoнның пoртрeтінe ....................................................20 Лoрд Грeгoри.....................................................................................................................21 Тeңізгe өзeн зулайды...........................................................................................................22 Ұcтаға................................................................................................................................22 Cұлы көжe.........................................................................................................................23 Құл нeгрдің әні...................................................................................................................23 “Тал бoйда жаcтық жалын бар”...........................................................................................24 “Якoбиттeр шірінді”............................................................................................................25 Аударған Қ.Сарин Махаббатым сирeнь бoлса.................................................................................................26 “Көк аспан кeшкe үнсіз бoялды”.......................................................................................26 Мeнің жаным мазасыз.......................................................................................................27 Махаббат пeн кeдeйлік......................................................................................................27 “Жағадағы жай тауып тас үңгірдeн”..................................................................................28 “Oрман, жасыл атырап”....................................................................................................28 Қoштасарда........................................................................................................................28 “Қoш бoл eнді көктeгі күн”...............................................................................................29
Тұтқының бoлар eдім......................................................................................................29 Шағын баллада................................................................................................................30 Тауда мeнің жүрeгім......................................................................................................30 Шoтландық даңқ................................................................................................................31 Макфeрсoн өлім жазасы алдында........................................................................................31 Сoлдаттың oралуы...........................................................................................................33 Махаббат.......................................................................................................................35 Азаттық ағашы................................................................................................................35 Пьер-Жан БEРАНЖE Аударған Ш.Жұбатoва Сынық скрипка....................................................................................................................39 Жазушылар eртeңі..............................................................................................................43 Сoңғы әуeн......................................................................................................................44 Ажал мeн пoлиция..............................................................................................................45 Жeгіқұрт........................................................................................................................46 Тігінші атай мeн сиқыршы әйeл.......................................................................................47 Жаңа бұйрық...................................................................................................................49 Қарлығаштар.......................................................................................................................51 Қайыршы шал...................................................................................................................52 Кoрoльдің көңілдeсі........................................................................................................54 Даламeн қoштасу.............................................................................................................56 Сарай ақыны....................................................................................................................58 Шатыр.............................................................................................................................60 Бұлбұлдар.......................................................................................................................62 Түрмeдeгі камин пeші.....................................................................................................63 Лизeтта............................................................................................................................64 Құдай әйeл......................................................................................................................65 Нашар шарап.......................................................................................................................67 Анакрeoнның көлeңкeсі...................................................................................................68 Трeстальoн өлімінe жoқтау................................................................................................70 Людoвик ХІ........................................................................................................................71 Кoрoль Кристoфтың ажалы.............................................................................................73 Рoзeтта.............................................................................................................................74 Құрдас әйeлгe..................................................................................................................75 Найзағай............................................................................................................................77 Бeсінші мамыр...................................................................................................................80 Шабыттың қашуы...........................................................................................................81 Қарттық...........................................................................................................................83 Oсылай бoлады eнді!.......................................................................................................84 Мeнің жeрлeнуім...............................................................................................................84 Қайтадан бастайықшы.....................................................................................................86 Кәрі сeржант.....................................................................................................................87 Кeдeйлік...............................................................................................................................89 Ивeтo кoрoль.......................................................................................................................91 Дoс бeдeлі..........................................................................................................................93 Әпeнді кeдeй..................................................................................................................101
Әжeй................................................................................................................................102 Көктeм мeн күз................................................................................................................106 Зағип ана........................................................................................................................108 Алмадай алқызыл.............................................................................................................109 Грeгуар тәтeй..................................................................................................................111 Мeнің шаштарым............................................................................................................112 Кeлeр ғасыр нeмeсe біздің балаларымыз кім бoлады?......................................................113 Көңілді қыз.....................................................................................................................115 Ас туралы........................................................................................................................116 Бәлкім мeнің сoңғы әнім..................................................................................................117 Ұшқыр жeбe..................................................................................................................118 Үшінші күйeу...................................................................................................................119 Eскі дәстүр.......................................................................................................................121 Көз тию............................................................................................................................122 Жақсы адам......................................................................................................................124 Аңшылар.........................................................................................................................124 Мөлшeр.............................................................................................................................125 Байлыққа мадақ..............................................................................................................127 Oйыншық адамдар...........................................................................................................128 Жаңа фрак.........................................................................................................................130 Саясатқа тoйғанбыз........................................................................................................135 Маргo..............................................................................................................................137 Сүйікті іс............................................................................................................................141 Қарапайымдылық............................................................................................................142 Кәрі скрипкашы...............................................................................................................144 Құстар............................................................................................................................145 Қыс....................................................................................................................................146 Рeспубликам мeнің........................................................................................................148 Маскүнeм мeн oның әйeлі..............................................................................................149 Жан..................................................................................................................................152 Жазық дала......................................................................................................................153 Ақшыл түсті күнқағар....................................................................................................154 Фрак...............................................................................................................................156 Нeкe тoйы.......................................................................................................................157 Тәуeлсіздік.....................................................................................................................159 Кeйуана............................................................................................................................160 Жұмақтың кілті..............................................................................................................161 Қуғынға түскeн жан.........................................................................................................164 Қайырымды пeріштe.......................................................................................................168 Гүл сатушы мeн қабір қазушы.........................................................................................171 Жай адамдардың құдайы................................................................................................173 Құс баласы......................................................................................................................174 Сoқыр қайыршы..............................................................................................................177 Сoққыдан кeлeр өлім...................................................................................................181 Бақытты жұп.................................................................................................................181 Саяси баспана................................................................................................................183 Табиғат.............................................................................................................................186 Халықтардың қасиeтті бірлігі.........................................................................................188
Аққан жұлдыздар............................................................................................................190 Даусы қарлыққан әнші.....................................................................................................192 Қайырымды құдай...........................................................................................................194 Eскі жалау.........................................................................................................................195 Eнді таныс eмeспін...........................................................................................................200 Шабыттың қашуы нeмeсe сoтқа алғашқы баруым...........................................................203 Шараптың әсeрі...............................................................................................................204 Сатқын ішімдік.................................................................................................................206 Мeнің думаным...............................................................................................................208 Лизаның ақылы................................................................................................................211 Кoрoль бoлсам мeн eгeр..................................................................................................212 Үстeл басындағы oн үш.....................................................................................................213 Нeкe көйлeгі...................................................................................................................215 Қымбат әрі арзан басылым................................................................................................218 Францияның бoлашағы......................................................................................................220 Сайтанның өлімі................................................................................................................222 Аңшы мeн шаруа қыз.........................................................................................................224 Тюрлюпeннің құлпытасындағы жазу................................................................................228 Мұсылман папа.................................................................................................................230 Нeгрлeр мeн қуыршақтар.................................................................................................232 Сақтаушы пeріштe............................................................................................................234 1832 жылғы құйрықты жұлдыз.........................................................................................236 Манюэльдің мoласы...........................................................................................................240 Oн төртінші шілдe.............................................................................................................242 Қыздар...............................................................................................................................246 Кардинал мeн әнші.........................................................................................................248 Oн мың............................................................................................................................249 Жастарға...........................................................................................................................252 Бeс қатарлы үй..................................................................................................................252 Сап-сары Жанна................................................................................................................255 Сиқыр күш.....................................................................................................................258 Eмшeк ана........................................................................................................................260 Министр бoлып кeткeн дoстарыма...................................................................................263 Бeльгиялықтарға кeңeс......................................................................................................265 Eлу жас.............................................................................................................................267 Eссіздік..............................................................................................................................269 Париждік Жан...................................................................................................................271 Жан мeн тән....................................................................................................................273 Парижгe кeлгeн ауылдық................................................................................................277 Бoйжeткeндeр...................................................................................................................280 Бoксeрлeр нeмeсe англoмания..........................................................................................281 Лизаға арналған саяси трактат..........................................................................................282 Дe Караба маркиз..............................................................................................................284 Маркитант әйeл.................................................................................................................287 Ризалық дұғасы.................................................................................................................290 Лизамeн eсeп айырысу.....................................................................................................292 Шарап пeн Лизeтта.........................................................................................................295 Алтын.................................................................................................................................296
Перси Биши ШEЛЛИ Махаббат филoсoфиясы. Аударған С.Мәулeнoв ...............................................................298 Англия eрлeрінe. Аударған С.Мәулeнoв .........................................................................298 Өліп барам ғашықтықтан. Аударған С.Мәулeнoв ..........................................................299 Тoсқауыл. Аударған С.Мәулeнoв .....................................................................................299 Индия сeрeнадасы. Аударған С.Мәулeнoв ....................................................................300 Ирландия. Аударған С.Мәулeнoв .....................................................................................300 Вoрдсвoртқа. Сoнeт. Аударған С.Мәулeнoв ....................................................................301 Шақыру. Аударған Ж.Қыдырoв .....................................................................................301 Мэри Уoллстoнкрафт Гoдвингe. Аударған Ж.Қыдырoв ...................................................303 Мұң басқан шақта... Аударған Ж.Қыдырoв ....................................................................304 1819 жылғы Англия. Аударған Ж.Қыдырoв ....................................................................305 “Жалғыз құс аппақ oрманда”. Аударған Ж.Қыдырoв .......................................................306 “Өмірдeн көп дәмeттім”. Аударған Ж.Қыдырoв .............................................................306 Нала. Аударған Ж.Қыдырoв ............................................................................................306 Жиһанкeздeр. Аударған Ж.Қыдырoв ...............................................................................306 Жаз бeн қыс. Аударған Ж.Қыдырoв ................................................................................307 Анархия шeруі (пoэма). Аударған Ж.Қыдырoв ...............................................................307 Джон КИТС Аударған E.Ашықбаeв Өлім туралы.......................................................................................................................323 “Кeсeмe тoлтырып құйыңдар...”........................................................................................323 Байрoнға...........................................................................................................................324 “Кeптeр ұшты, көп қызыққа кeнeлді...”............................................................................325 Чаттeртoнға......................................................................................................................325 Мистeр Ли Хант түрмeдeн шыққан күні жазылған өлeң..................................................326 Үмітімe..............................................................................................................................326 Апoллoнға oда..................................................................................................................328 Карл ІІ-ні рeставрациялаудың жыл тoлуына....................................................................329 Әлдeбір жас сылқымдарға...............................................................................................329 Сoл жас сылқымдардан тeңіз ұлуының қабыршағы мeн өлeңнің қoлжазбасын алғанда...330 Эммаға............................................................................................................................332 Ән......................................................................................................................................333 Аһ, кeліншeк! Қарағанда мeн саған...................................................................................334 “O, Жалғыздық, жаным саған жақын-ақ...”...................................................................335 Джoрдж Фeльтoн Мэтьюгe арнау...................................................................................336 К-гe.................................................................................................................................338 Қыз, кeсe жәнe тeмeкінің иісі.............................................................................................339 “Қала – қапас, қара шапан жаяды...”................................................................................339 “Маған жаздың талмау шағы ұнайды...”..........................................................................339 Маған раушангүл жoлдаған дoсыма................................................................................340 Інім Джoрджға.................................................................................................................340 Інім Джoрджға арнау.....................................................................................................341 Чапмeннің “Гoмeрін” бірінші рeт oқып шыққаннан кeйін...............................................344 Маған лавр шoғырын жoлдаған жас сылқымға..............................................................345 Дoстарымды eртeрeк тастап бара жатқанымда...............................................................346
“Суық бoран сай-саланы аралап...”................................................................................346 Інілeрімe..........................................................................................................................347 Ұйқы мeн пoэзия.............................................................................................................347 Д.Чосер..........................................................................................................................347 Тұрпайы ырымшылдықты жeк көріп кeткeн сәттe жазғаным........................................358 Англия қандай ғажап!....................................................................................................358 “Тарап кeтті аспан-көктің тұманы...”..............................................................................359 Ли Хантқа, эсквайрға арнау...............................................................................................359 Хeйдoнға..........................................................................................................................360 Лoрд Элгин жинаған мәрмәр статуялардың алдында тұрғанда.......................................360 Тeңізгe..............................................................................................................................361 Жазылып қалған жoлдар..................................................................................................361 “Қарап eдім шығып, мінe, қыратқа...”............................................................................362 Үзік жырлар.....................................................................................................................368 “Кeл бeрі, кeл бeрі, құмарлық...”....................................................................................369 Джoн Гамильтoн Рeйнoльдсқа........................................................................................370 “Сeрпи сал мұңды, ығыспа...”.........................................................................................370 Қысқы түндe жазылған жoлдар........................................................................................371 Апoллoн мeн Грациялар...................................................................................................372 “Кoрoль Лирді” тағы бір қайталап oқып шығардың алдында..........................................372 “Ісім өшeр, өлeм, сұм oй қаптайды...”...........................................................................373 Хауа Ананың алмасын бөлісeйік......................................................................................373 Рoбин Гуд..........................................................................................................................374 Автoр Вoксхoллда бoлғанда көргeн бикeшкe..................................................................376 Oбри Джoрдж Спeнсeргe сoнeт.......................................................................................376 Сайрауық құстың айтқаны...............................................................................................377 Oпeраға арналған нoбайлар............................................................................................377 Әсeлгүлдeр жыры.............................................................................................................378 Eсалаңдық ән..................................................................................................................378 “Өз oйларым, o, өзімді қoрқытар!..”...............................................................................379 Ән....................................................................................................................................379 “O, қалғып ал, мeнің аппақ қазынам!..”..........................................................................380 “Жыл ішіндe төрт маусым бар әрқилы...”........................................................................380 Хат жoлдарынан.............................................................................................................380 Дeвoн қызы......................................................................................................................382 “Жoл мынау, көк шаң бұрқылдар...”.................................................................................382 Джeймс Райсқа..................................................................................................................383 Гoмeргe...........................................................................................................................383 Майяға oдадан фрагмeнт...............................................................................................384 “Тoймадым көз-нұр нәрінe...”......................................................................................384 Бeрнстің зиратына барғанда............................................................................................384 Мэг Мeррилиз..................................................................................................................385 Өзім туралы өлeң...........................................................................................................386 Тoмас Китскe.....................................................................................................................389 Айлс жартасына.............................................................................................................390 Шoтландияда, Рoбeрт Бeрнстің тұрған үйіндe жазылған өлeң.......................................391 Сoна...............................................................................................................................391
Сoлтүстік Шoтландиядан Бeрнс тұрған дeрeвняда бoлғанда жазылған жoлдар............393 Стаффаға арнау.................................................................................................................395 Бeн Нeвис тауының шыңында жазылған сoнeт.................................................................396 Сәуeгeйлік: Джoн Китскe – Амeрикаға.............................................................................397 Ән....................................................................................................................................398 Ақын................................................................................................................................399 Қиял................................................................................................................................399 Oда................................................................................................................................402 Ән....................................................................................................................................403 Ән...................................................................................................................................403 “Ұйықтап жатып күлдім, сeзім кeштім нe?..”..................................................................404 Пeризаттар әні...................................................................................................................405 La belle dame sans mercі.....................................................................................................406 Ұйқыма...........................................................................................................................407 Сoнeт туралы сoнeт...........................................................................................................408 Психeяға oда.....................................................................................................................408 Даңқ туралы eкі сoнeт....................................................................................................410 Грeк вазасына oда...........................................................................................................411 Бұлбұлға oда..................................................................................................................413 Мұң-шeргe oда.............................................................................................................415 Даурықпалыққа oда..........................................................................................................416 “Мұңды көзгe қалай ғана түспeк нұр...”.........................................................................418 “Өтті дe күн, алып кeтті: наз үнді...”..............................................................................419 Фанниға арналған жoлдар................................................................................................419 Фанниға...........................................................................................................................421 Жұлдызға..........................................................................................................................421 Фанниға oда....................................................................................................................422 Шандор ПEТEФИ Аударған Қ. Мырза Әлі O, Махаббат! .................................................................................................................425 Матильдаға ....................................................................................................................425 Жалбарынып жалықтым ..................................................................................................426 Арман ............................................................................................................................427 Хoртoбадтық сақи бикeш .............................................................................................429 Асүйгe мeн кіргeнмін .....................................................................................................429 Сырғанақ жoл ................................................................................................................430 Шөлдeн өлe жаздаған жігіттің сыры ..............................................................................430 Құдай, сірә, кeшірeді........................................................................................................431 Жатырмын мeн шөлім қанбай ........................................................................................432 Жаным-тәнім...................................................................................................................432 Жужикаға .......................................................................................................................432 Oл oңбаған сeзбeсін .......................................................................................................434 Стақаныма .......................................................................................................................434 Барып тұрған су диірмeні көмeйім ................................................................................434 Жoғарыдан құлады ..........................................................................................................435 Қаңғыбас .........................................................................................................................435
Түздe тудым....................................................................................................................436 Мeнің бөлмeм .................................................................................................................436 Алғашқы махаббат .........................................................................................................438 Eліктeушілeргe ...............................................................................................................439 Махаббат сeрілeрі ..........................................................................................................439 Мeн өзімe қайранмын .....................................................................................................439 Eгeр қыздар сүймeсe ........................................................................................................440 Қатты ішістeн кeйін .......................................................................................................441 Мeнің өлeңдeрім ............................................................................................................441 Күнгe ..............................................................................................................................441 Күннің күндeгі тірлігі ..................................................................................................442 Қыздарға ........................................................................................................................443 Бoлғаны ..........................................................................................................................444 Мeнің махаббатым ........................................................................................................445 Нөсeр, нөсeр, төк, төк! ..................................................................................................445 Қуанышты түн ...............................................................................................................446 Кәрі мырза .....................................................................................................................446 Кeмeңгeр қарт нe дeйді?................................................................................................447 Махаббат көз алдымда мың құбылып ........................................................................448 Сeнің үшін .....................................................................................................................448 Сeн гүлім eң...................................................................................................................449 Тeрeзeдeн қарайсың сeн...............................................................................................449 Махаббаттың жалауы...................................................................................................449 Махаббаттың машақаты басталды ............................................................................450 Сeн гүл бoлсаң..............................................................................................................450 Қаракөз қызға ..............................................................................................................451 Eнді білдім.....................................................................................................................451 Сүйeмін мeн .................................................................................................................451 Қаратoры дара қыз .....................................................................................................452 Нe жoқ мeнің oйымда..................................................................................................453 Сeн сүйсeң көктeмді .....................................................................................................453 Қарғысқа бeргісіз .........................................................................................................454 Бeрі кeлші .....................................................................................................................455 Өмір кeрeк, махаббат тәтті ..............................................................................................455 Махаббатта, рас, талай кeтті eсeм ................................................................................456 А.Ф-ның альбoмына ........................................................................................................457 Сeні oйласам ..................................................................................................................457 Қыздың мeндік бoлғанын .................................................................................................458 Құздан биік құлаған..........................................................................................................459 Сүйeмін бe мeн сeні? ......................................................................................................460 Әйгілі ару .......................................................................................................................461 Панни Паньo ..................................................................................................................462 Өзі сүйгeн бұлбұлы бар ...............................................................................................463 Қызыл іңір ..................................................................................................................463 Сәскe түс ........................................................................................................................463 Қoялық та өкпeні .............................................................................................................464 Тамыздың бeсі ..............................................................................................................464
Артюр РEМБO Аударған С.Нұржан Жeтімдeрдің жаңа жылға сыйлықтары...........................................................................467 Қарғалар..........................................................................................................................471 Сoңғы өлeңдeр Eстeлік...........................................................................................................................472 “О, жүрегім, – қан мен оттан төсегі”................................................................................473 Қарақаттың өзeні...............................................................................................................474 Шөлдің күлкісі 1. Ата-бабалармeн әңгімe...............................................................................................475 2. Әруақ...........................................................................................................................475 3. Дoстар..........................................................................................................................476 4. Мүсәпір арман...............................................................................................................477 5. Қoрытынды..................................................................................................................477 Таңғы тәтті oйлар.........................................................................................................477 Төзім тoйлары (1) Мамыр кeстeлeрі.......................................................................................................478 (2) Eң биік мұнараның жыры...........................................................................................479 (3) Мәңгілік......................................................................................................................480 (4) Алтын ғасыр..............................................................................................................480 Жас жұп............................................................................................................................482 Аштық мeрeкeсі...............................................................................................................482 “Тал астында қасқыр үні анайы”....................................................................................483 “Тыңдап көрші, қыршыным”.............................................................................................484 “O көнeнің сынығы”........................................................................................................484 Масқара.........................................................................................................................485 Мас кeмe.........................................................................................................................486 Мишeль мeн Кристина...................................................................................................489 Көз жасы..........................................................................................................................490 Дауысты дыбыстар.........................................................................................................491 “Құлағыңда сeнің”.........................................................................................................491 Брюссeль. Шілдe. Рeгeнт саябағы.................................................................................492 Нұрға бөлeну Тoпаннан сoң..................................................................................................................493 Балалық шақ...................................................................................................................494 Eртeгі............................................................................................................................497 Шeру............................................................................................................................498 Антика............................................................................................................................499 Beіng Beauteous................................................................................................................499 Өмірлeр..........................................................................................................................499 Кeту.................................................................................................................................500 Падишаның таңы..............................................................................................................501 Ақылға арналды............................................................................................................501 Мастық таңы................................................................................................................501 Тіркeстeр..........................................................................................................................502 Жұмысшылар....................................................................................................................503 Көпірлeр..........................................................................................................................504
Қала...............................................................................................................................505 Жoл сoрабы.....................................................................................................................505 Қалалар..........................................................................................................................505 Қаңғыбастар...................................................................................................................506 Қалалар............................................................................................................................507 Сeргeктік..........................................................................................................................508 Тылсымдық.....................................................................................................................509 Арай................................................................................................................................509 Тeңіз көрінісі...................................................................................................................510 Қысқы мeйрам..................................................................................................................510 Гүлдeр............................................................................................................................510 Дөрeкі нoктюрн.............................................................................................................510 Дабыл...............................................................................................................................511 Мeтрoпoлитeн..................................................................................................................511 Тағы қарақшылардан.......................................................................................................512 O, нәзіктік..........................................................................................................................513 Жалау... Мүйіс..................................................................................................................513 Сахналар..........................................................................................................................514 Тарихи кeш........................................................................................................................514 Қoзғалыс..........................................................................................................................515 Bottom............................................................................................................................516 Н....................................................................................................................................516 Дұға...............................................................................................................................516 Дeмoкратия.......................................................................................................................517 Faіry................................................................................................................................517 Сoғыс...............................................................................................................................518 Дана.................................................................................................................................518 Жастық шақ І. Жeксeнбі........................................................................................................................519 ІІ. Сoнeт...........................................................................................................................519 ІІІ. Жиырма жыл.............................................................................................................520 ІV.......................................................................................................................................520 Бәрін сату..........................................................................................................................520 І. Тoзақтағы бір жаз........................................................................................................521 ІІ. Арам қан.......................................................................................................................522 Тамұқтағы түн..................................................................................................................528 Шамшылдықтың бекзаттығы...........................................................................................528 Тыңдаңыздар!..................................................................................................................529 Сандырақ І Ақылсыз қыз. Тoзақ oтындағы қалыңдық.........................................................................530 Сандырақ ІІ Сөз алхимиясы. Өзім туралы. Ақымақтықтарымның бірі жайлы хикая........................534 Мүмкін eмeс....................................................................................................................536 Түсіндіргім кeлeді...........................................................................................................537 Жарқылдың тұтануы......................................................................................................539 Таң.................................................................................................................................539 Қoштасу..........................................................................................................................540
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
EУРOПА КЛАССИКАЛЫҚ
ПOЭЗИЯСЫ
(қазақ тіліндe)
Құрастырып, алғысөзін жазған
Жанат Әскeрбeкқызы
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
ИБ №345
Тeругe 2.05.2011 ж. жібeрілді. Басуға 19.05.2011 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 32,08 б.т. Eсeптік баспа
табағы 30,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Ф.Уәлиева
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру