Шығармалары 6 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Рымғали Нұрғали
© Нұрғали Р., 2013 © «Фолиант» баспасы, 2013 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5 Қаз) ISBN 978-9965-35-999-6 (T. 6) ISBN 978-9965-35-995-8 Н 86 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5 Қаз) Н 86 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2013. ISBN 978-9965-35-995-8 Т.6. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: әдеби зерттеулер, эссе және сұхбаттар. ІІ кітап. – 320 б. ISBN 978-9965-35-999-6 Қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны зор көрнекті ғалым әрі жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және ғылым саласындағы Ш. Уәлиханов сыйлығының лауреаты, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профес сор, академик Рымғали Нұрғалидың 8 томдық шығармалар жинағы ның алтыншы томына «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты әдеби зерттеулері, эссе және сұхбаттары топтастырылған еңбегінің төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші желілері беріліп отыр.
Төртінші желі С А Х Н А Д А Ғ Ы Д Р А М А
САХНАДАҒЫ ДРАМА Спектакль Сана сатылары Біз Бейімбет Майлиннің «Майдан» драмасын көріп отырмыз. Майлин поэзиясында, прозасында, драматургиясында бейне ленген өмір қазақ халқының әлеуметтік рухани тарихындағы ұлы дәуір – артта қалған елдің революциядан кейінгі халі, күйреген ескіліктің трагедиясы, көктей шыққан жаңалықтың өсу психологиясы. Тайталас күрестің, халқының қайта туу эво люциясының куәсі болған қаламгер мол шындықты шығар маларында көркемдік қуат, реалистік шеберлікпен көрсетіп берді. Бейімбетке деген халық махаббатының, бүгінгі ұрпақ сүйіспеншілігінің сыры осында жатыр. Комедия да, драма да, либретто да, сценарий де жазған Май линнің ең үздік сахналық туындысы – «Майдан». Әлеуметтік ортаны түбегейлі суреттеуі, адам психологиясының тұңғиық шындығына баруы, жазылу мәдениеті жағынан да «Майдан» қазақ драматургиясының інжу шығармаларының қатарына жатады. 1934 жылы Қазақстан жазушыларының тұңғыш құ рылтайында жасалған баяндамасында М. Әуезов бұл туындыны тиянақты талдай келіп, «Драмалық игі серпіннің басы – «Май дан» деп бағалаған болатын. Содан бері отыз жылдан артық уақыт өтті. Экономикасының қарыштап өсуімен бірге, халқымыздың көркемдік-эстетикалық
талғамы орасан марқайып кетті. Кеше «Алпамысқа» таңдай қағатын жұрт бүгін Бальзакты түпнұсқадан оқитын болды. Ке зінде қауым қабылдаған, әдеби сын ұнатқан «Майдан» драмасы қазір маңызын жойған жоқ па? Өмір шындығын, эстетикалық әсер беретін көркемдік қуатын сақтады ма? Бұл сұраулардың жауабын қазақтың М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрында Майлиннің жетпіс жылдық тойына орай қойылған «Майдан» спектаклінен іздеу шарт. Өзің талай естіген, бірақ көңіл қойып, ден қоймаған қара пайымдылық. Сөйлем тынысын, сөз кестесін ауылдағы ақса қалдан, әжелерден қотарып алғандай. Қарапайымдылық, қара пайымдылық! «Кедейсің ғой, саған жөнделіп не керегі бар дейтінді шы ғарыпты». Пьеса Пүліштің осы сөздерімен басталады. Тарпаң сұлудың асау мінезі шүу дегеннен көрініс береді. Әлдекімге киліге сөйлеген келіншектің өзін қалай бағалайтынын бірден сезесің. Кеудесін бастырмайтын асқақтық алау атып тұр. Тағы тыңдап көрелік. «Керек емес сөзі! Осы күні жөнделмегенде, қа шан жөнделмекшімін?.. Адырақтың қатыны құсап жұлығым нан шұлғауымды шығарып жүре алмаймын! Бұл – советтің заманы. Керегімді таппаса, кетемін де қаламын…» Пүліш мінезі осындай. Енді оның әдемі киінгенді ұнататын кербездігін ұғасың. Бірер ауыз сөзден-ақ дәуір өзгерісінің адам дар санасындағы әсері білінеді. Кеше қазақтың қай әйелі осы лай тулар еді? Көнбеймін деп бұлқынар еді? Пүліш революция ның маңызын түсінбесе де, заман еркіндігін ұғып қалған. Оның аузынан шығып жатқан теңдік жайлы сөздер – сұсты төңкеріс дүмпуі адам санасындағы эволюция белгісі. Бір қаһарманның алғашқы монологы арқылы көрермен ықыласын тартып алған автор енді пьесадағы оқиғаны кеңі нен өрістете бастайды. Сахнада арсы-күрсі әрекет, ересен қи мыл жоқ. Психологизмге тиянақты мән беріп, драматург кейіп керлерді даралап, характер қақтығыстары, жаңа өмірге көзқа растардың кереғарлығы негізінде туған күресті көрсетіп, терең идеяны паш етеді.
«Майдан» драмасындағы конфликт – бір-бірімен бітіспес таптар арасындағы айқас. Өмір мен өлім жанталасады. Майлин қанау жойылып, түп тамырына балта шабылған кешегі жуан дардың ұжымдастыруға көшкен Қазақстан жағдайында астыр тын соғысқа бет алған жырынды жаулығы жайлы өмірлік ма териалды сұрыптап алып, қызықты бейнелер жасаған. Бекболат, Көдебай, Демесіндерді айтпаған күннің өзінде, Мамық тағдырында өлімнің жарқабағынан құлап бара жатқан таптың тұяқ серпіні бар, алаяқтық психологиясының көп шын дығы бар. Мінез зымияндығы жөнінен алғанда, Мамық қазақ драматургиясында оқшау тұрған кескіндер Әуезовтің Жүз тайлағы, Мүсіреповтің Жантығымен бір деңгейде екендігін айту әділет. Мамықтың Яголық екіжүзділігін, түлкі қулығын Бейімбет шебер диалогпен, жанды монологтар арқылы бей нелейді. Мамық тек өзінше ғана сөйлейді, ұқсамайды ешкімге. Күйеуі Бекболатты аузынан тастамайды, басқаларға пір етіп көрсетуге тырысады, бұл да бір қыры. Қашан да революция таптар билігін шайқалтып қана қоймай, өмірдің барлық қабатын қопаратыны анық: әкесі мен баласы, әйелі мен ері, ағасы мен інісі жауласып, жаға жырты сып кетер сәттер мол. Осындай күрделі құбылыс «Майдан» драмасында шынайы көрініс береді. Досан білек сыбанып, колхоз құрушылардың жуан ортасын да жүрсе, әйелі Пүліш – әлі шөре-шөреде, әлеуметтік тартыстың додасынан тысқары жан. Қызуы басылмаған жеңсік базарына әлі де қызыға қарай береді. Пьесадағы тағы бір арна, тартыс – Зәуре – Әліш линиясы. От қасы, ошақ бұтына оматылмай, биік теп өскен Зәуре – партия мүшесі, қоғамдық қызметтің бүге-ші гесінің астарын түсініп қалған саналы әйел. Әдебиеттегі жа ғымды тұлға, күрескердің типі. Ал Әліш болса, атын колхозға бермей, шылбырына жармасып жүрген малжанды, жекеменшік санадан арылмаған тоғышар. Драматургтің суреткерлік қуаты сол дәуірдегі қат-қабат қай шылықтың бояуын тек ақ, қара түрде алмауынан да байқалады. Безбеннің бір басында тарихтың жаңа көшін жетектейтін
топ – Досан, Орынбай, Зәуре, Дәуіттер, екінші басында күні өткен дәуірдің қара күші – Бекболат, Көдебай, Мамықтар. Екі ортада дал болып адасқандар сенделеді – Пүліш, Әліш, Қа лампырлар. Бірінші топтың қадамына қуанасың, екінші топ тың зұлымдығына ызыланасың, үшінші топтың адасуына жа ның ашиды. «Майдан» тұңғыш рет 1931 жылы Жұмат Шаниннің режис сурасымен қойылды. Бүгінгі әңгіме спектакльдің қазіргі ре жиссері Асқар Тоқпановтың шеберлігі хақында. Майлин тегінде сахналық ремаркаға сараң. Сондықтан аласапыран сол бір дәуір тынысын дөп басарлық, драма табиғатына сай, қаһарман бейнесінің логикасына лайық детальдар табу – режиссер ен шісіне тиген ауыр жүк. Асқар Тоқпановтың басты табысы – драманың әлеуметтік мәнін терең ұғынуында, көрсетіліп отырған мезгілдегі тартысты тар аумақта алмай, бүкіл елдің өмірімен заңды байланыс тыруында жатыр. Спектакльде сахнаның бүгінгі табыстары жақсы пайдаланылған. Жол айрығы қаһармандар тағдыр-та лайының бетбұрысын мегзесе, алакөлеңкеден, қалтарыс қол тықтан шыға келу – Көдебайлардың торғайдай тозуының ай ғағы іспеттес. Рөл бөлуде режиссер әрбір актердің қабілет-ерекшелігін ескерген. Бір топ: Бекболат (Қ. Бадыров), Көдебай (С. Қожам құлов), Демесін (Қ. Қармысов), Мамық (С. Майқанова), екінші топ: Пүліш (Ф. Шәріпова), Орынбай (Ы. Ноғайбаев), Досан (М. Мұратәлиев). Байқасаңыз аға буын мен кейінгі буынды өнер жарысына түсіргендей сыңай бар. Қапанның, Серкенің, Камалдың әртістік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері жайында аз айтылып жүрген жоқ. Бұл жолы өнер тарландары бейне бір Бейімбеттің алдында сын тапсырғандай болды. Інілік борыштарын ақтағандай ерек ше шабытпен ойнап шықты. Көдебай рөліндегі Серкенің жүрісіндегі құнжиюда талай сыр жатыр. Кескен дөңбектей қисық, дүңқ Көдебай бас салса, кімді болса да аюша тарпып тастайтын сияқты.
Демесін – Камалдың соңғы актыларда ретсіз көбейтіп жі бергені болмаса, басы кегжең ете қалатын деталі мағыналы. Бір ғана штрих, маңызды штрих. Тоқталып айту қажет, Сәбира Майқанова Мамық ролі арқы лы шығармашылық үлкен табысқа жетті. Мимика байлығы, ма қам мағыналығы, жүріс-тұрыс, қимылды сөйлету – Майқанова өз жанынан осындай жаңа бояулар қосып, сахналық күрделі тұлға жасады. Бір жағынан кейіпкерлер даралығының аздығынан да болар, әйтеуір Досан (М. Мұратәлиев), Орынбай (Ы. Ноғайбаев), Зәуре (А. Мұсабекова) ойындары өз мүмкіншіліктерінен төмен тұр. Бұл рөлдерде психологизм, кейіпкердің табиғатына тереңдеу жағы жетіспейді. Қарттардан үйрену керек. Режиссер тарапынан пьесаның ықшамдалуы, кейбір қосақ арасында жүрген персонаждардың алынып тасталуын орынды дейміз. Осы бағытта әлі де қырнау жүргізілсе, ол артық емес. Біз «Майдан» драмасын көріп отырмыз. Біз спектакльді ұнатып отырмыз. Біз театрға тағы келуді қалап отырмыз. МАХАББАТ ДАСТАНЫ Ән сызылады. Сырбаз, сазды мұңды ән. Ол еріксіз баурап тартып әкетіп барады. Бала күніңнен жадыңда жүретін, қызу шоғы ешқашан сөнбейтін сырлар қайта маздап қоя береді. Ән аты – «Ақбаян». Айтылар сын, шешілер сыр, ғашық назы, ыстық арман мен тынымсыз тілектің тығырыққа тірелген шақта төгілген жасы. Сол ғана ма? Олай болса қайғы, қамырыққа қашанғы құлақ салар жамағат? Басқа тыныс, жанды елтірер ерекше сарын бар бұл әнде. Ол – заманадан-замана, ғасырдан-ғасыр өтсе де ес кірмей, ұмытылмай, ауыздан-ауызға жатталып, ұрпақтан-ұр паққа жеткен қастерлі өсиеттей сыр, мөлдір махаббат сыры. Ән
үзіле берді. Сахнаға кіжініп шыға келген Қарабай әлгінің бәрін сейілтіп, жұрттың зейінін өзіне бірден аударып алады. Халықтың аңыз әңгімесін, жыр сарындарын шығармаға ар қау ету – дүние жүзі әдебиетіндегі игі бір дәстүр. Қазақ әдебие тіндегі Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіреповтің қабырғалы, классикалық биікке көтерілген бірнеше драмалық шығармасының өзек арнасы – фольклорлық туындылар. Бұл жерде әңгіме сондай шығармалардың бірі – Ғ. Мүсі реповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты үш актілі, алты кар тиналы драмалық поэмасының сахнада қойылуы туралы. Ға бит пьесасы – дараланып, типтік дәрежеге көтерілген мінезді бейнелері бар, тілінен бал тамған, ұлттық колориті соншалық ашық, тартысы шиыршық атып тұрған соқталы шығарма. Ға бит драмалық шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде ақ өлең нің өзіндік түрін тудырды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» сахнаға шығарудың оңай әрі қиын жақтары қатар. Оңай болатыны – бір-бірімен үш қай наса сорпасы қосылмайтын, алуан-алуан мінездер, үлкен құш тарлық, жеріне жеткізе көрсетілген түрлі сезімдер бар. Олар тек талантты әртістерді ғана күтіп тұр. Ал қиын болатыны – оралмасқа кеткен, марғау заманда күн кешкен адамдардың иірімді-қыртысты қалпын дөп баса алмау, пьесадағы тыныс, демді дәл тауып, диалог парқын аңдамай, тақпақтап кету қаупі басым. Драмалық поэмадағы қос тұғыр кейіпкер – Қозы Көрпеш, Баян сұлу үшін тірліктің мән-мағынасы – махаббат. Пьесаның осы бас сарынын көрсету қиындығын және қосыңыз. Осынау жырды білмейтін қазақ жоқ десе, артық емес. Сонда бүгін де театр сарайын кернеп отырған көпшілікті осы пьесаға құмарт тырған не? Ол – адал махаббаттың тау құлатып, қара суды кері ағызар ұлы күшін дәріптеу. Ол – қара тастай қатты, кесіп алсаң қан шықпас, мал деп қақсап өткен, майға қонған шыбынның сирағын жалап ұшы ратын сараң Қарабай.
Ол – адам деп елжіреген, ағынан жарылатын, жүрегі күн шуаққа толы, мөлдір махаббаты үшін мұхит сапыруға бар қы ран жігіт Қозы. Ол – аяулы сезімін – құштарлығын алтынмен аптап, күміспен күптеп, тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай, сүйге ніне ғана бағыштаған ақылы көл-дария, «ай десе аузы, күн десе көзі бар» ару Баян. Ол – ағайынды екеуді көрші қондырмас, алпыс алты айлалы қу, жағымпаз, қанжарды ішіне байлаған, талайларды алып та, шалып та жығатын, құлқыны үшін аспан айналып жерге түссе мыңқ етпес Жантық. Ол – кеудесіне нан піскен, ішіне шынашақ айналмайтын қызғаншақ, содырлы сойқан, әпербақан ұрда-жық – Қодар. Жібек шымылдық сырылып, сахнаға зіркілдей келіп, шы нын ақтарып тұрған Қарабай. Оның кеудесі есіктей, бас-аяғы шапқан томардай жұп-жұмыр. Сақалын аузына тістеп алып, тастай жұдырықтарын білеп, қаптай сөйлеген шағын аңды ңыз. Қыртыс-қыртыс, қатпар-қатпар зілдей қалпын титтей де өзгертпей, басың бар, көзің бар демей төпейді. «Мал, мал!» деп зарлайды Қарабай. Өзегін жарып шыққан жалғызы Баянды да малға айырбастап тынбақ. Сол жолда шұнақ құдайын да сыбап жатыр. Қожамқұловтың бейнелеуіндегі Қарабай тұлғасы – ұлт тық театрымыздың ауыз толтырып айтар үлкен табысы. Қай таланбас тип. Серкенің Қарабайы – көз тоймас сараңдықтың қазақ топырағында жасалған классикалық бейнесі. Даусы бәсең, мүләйім, танауынан арғыны көрмейтін аңқау, енді бір сәт аюша ақырған ойып түсер сұрапыл, міне, мұндай сан-са лалы сезім толқындарын бір Қарабайдың басына сыйдырып бе ре алған Серке Қожамқұловтың таланты – талант, шеберлігі – шеберлік-ақ. Ондаған рөлдерде ойнап, талай бейнелер жасап көп көңілін тапқан саңлақ Шолпан Жандарбекованың Баяны көрушіні сендіреді. Шолпан талантының аса бір нұрлы жағы – ол рөлде ойнаған кезде ешқашан суық, немқұрайды қалуды білмейді, құлай, өртене, шабытпен шалқып, бар жалынын лаулатып, қалтқысыз беріледі.
Пьесадағы талайлар шырмалатын бір қазық бар. Ол – Жан тық (Камал Қармысов). Сәл еңкейіп, бүкжеңдей басып жүрген Жантық ә дегенде қойдан жуас секілді. Енді бір шақта «Бірің өліп, бірің қал, ұрит соқ» дегенде, оны танымай қаласың. Бетіне түгі шығып, кішкентай тарамыс қолдары тарс түйіліп, көздері шатынап, қан жауғызғалы тұрған Жантық. Бетке «әке», «көке» деп, былай шыға бере оқ атып, қылыш суыратын Жантық. Екіжүзді, алаяқ Жантық. Емеурін, жарқ еткен отты көздің ұшқыны, қылп еткен қимыл – осы секілді сахналық өнердің өзіндік бейнелеу құ ралдары Н. Жантөрин мен Р. Сейітметов рөлдерінде нәрлі қал пын танытады. Театрымыздың жас ұрпақ, жаңа толқыны – игі толқын. Бірақ Қозы мен Қодар кейіптерін ойнауда бұлар ескер меген жайлар бар секілді. Қодар да, Қозы да Баянды сүйеді. Қозы – балғын шақта пай да болған, жылдар өтсе де, суымай, қайта ынтығы күшейе түс кен терең, шын асқақ махаббат иесі. Қодар да ынтық. Бірақ ол тоғышар ғашық. Көз жұмбай, дүлей сезім шарпыған оны. Ол «мендік боласың» деп талап етеді. Баян сүйе ме, сүймей ме – есеп емес. Көнбесе жолынан салтына салады. Әрине, әркімге аян шын дық бұл. Бірақ спектакльді қоюшылар, әртістер осы жағына зер сала, толғана түскені абзал еді. Біздіңше, Қозы (Р. Сейітметов) кейде тым жеңілейіп, ұшып-қонып кетеді. Бұл ғашық отына күйіп жүрген Қозының шын сырын тым жадағайлап жіберу болар. Сол сияқты Н. Жантөрин кейде аса қиналысты күйге түсіп, Қодар бойына шақ емес қалып көрсетіп кетеді. «Қодар да ға шық: Баян сүймей кеткен соң, ол неге қиналмасын?!» деуге де болар. Жөн. Бірақ Қодар қиналыстары негізінен ғашықтықтан емес, ызадан, қорланудан туғанын ескерген жөн. Қодар – өлер мен. Қозыны жарып тастауы да осыдан. Сондықтан оның мінез құбылысы, әсіресе соңғы актілерде өш алу, зұлымдық аясында көрсетілуі шарт.
ТАҒДЫР ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ Тахауи Ахтановтың «Боран» драмасы көрерменді бірталай соны қырымен, елеулі ерекшеліктерімен, шыншылдығымен қызықтырып кетті. Үнемі ауыздан түспейтін қағида бар-ды: өмір – терең, өмір – күрделі, адам жаны қат-қабат шыңырау, шытырман; драматургтеріміз өмірдің сол шындығын, шытыр манын, арпалысты, азаны, ездікті, ерлікті көрсетсін. Біздің ойымызша, жаңа спектакльдің табысы осы биік мұрат үдесінен шығуына тіреледі дейміз. 1941-1945! Халық басына күн туып, жайлауды жау шауып, орманды өрт алды; елдің елдігі сыналды, жуан созылды, жі ңішке үзілді; азаматтық махаббат, достық, еркектік – бәр-бәрі қара қылды қақ жарған, әрі-сәрісі жоқ қаһарлы уақыт безбеніне түсті, екшелді. Тар есік, тас өткелде бозамық, күңгірт бояулар сөніп, ақ пен қара ғана қалды. Сезім атаулы домбыра шегіндей тартылды. Сол ұлы шеруде толарсақтан қан кешкен, қиямет көпірінен өткендердің бірі – Қоспан. Соғыс бітті, ол елге оралды. Бірақ адам тағдырының шиыр лы соқпақтарының соғыстан бетер көкіректі жаншыр қияпас ауыртпалықтары, зіл салмағы таусылмаған екен. Ұдай-ұдай шарпысқан, оттай ыстық, аяздай ызғар, дауылдай қаһарлы халкүйлер Қоспан жүрегін бірде инедей шаншыды, бірде есеңгі рете таптап жібереді. Трагедиялық тығырықта қаусап қалардай сәттердің өзінде Қоспан майысып барып түзеліп, тәлтіректеп барып түрегеп кетеді, нахақ жала қамшысы басқа соқса да, пәле бұлты әділеттің көзін тұмшаласа да, сенім сәулесі алдарқатады. Адам күреседі, адам берілмейді – пьесадағы іргелі сарын. Ыдырыс Ноғайбаев Қоспан басындағы осы негізгі күйді жақсы ұққан. Кейде даңғазалыққа тақап қалатын айқайға жол беріп алып, шын қайғыру орнына құр түйілгенімен, төбе-төбе тар тыстар тұсында шын суреткерлік қуатпен ойнайды. Адам ұмытпайды. Адам үшін өткен өмір – көшкен жұрт сөнген сәуле емес. Кешегі қуаныштың нұры жүрекке әлі де жы
лу әкеле алады, беті ашылып кетсе, кешегі жара әлі де жара. Бір өмір, аз өмір, шолақ өмір жолында тапқан рақат, кешкен азап тұтас ағындай мидай араласып, байланысып, тізбектеліп жа тады. Өмір деген жарықтық сол ғой. Аяқталғанына талай жыл болған соғыс Ахтанов қаһарман дары – Қоспан, Қасболат, Жаппасбайлар үшін әлі де әсер етіп отырған фактор, адамшылық пен арамдық, батырлық пен пәлеқорлық тәрізді аралары жер мен көктей, сезімдердің іргесін пышақпен кескендей бөліп берген әділ би. Мансап баспалдағы орнына қарасаң, Қасболат Қоспаннан көш ілгері тұр. Кеше командир, бүгін аудан басшыларының бірі. Шынтуайтқа келгенде, алып-жұлып әкетіп бара жатқан жа маншылығы да жоқ, түзу жүретін, түзу сөйлейтін, түзу мінез адам. Өмірбаяны да түзу. Ал жүрегінің түбіне бойлап, жан қалтарыстарын ақтара бастағанда, осы түзу адамның қарақан басының қамына, өз мансабының құрбандығына қанкөйлек жа уынгер досын да шалып жіберер қисық мінезін көресің. Қисық емес – қияпас, қияпас та емес – қара ниет. Ар алдына, әділет алдына жүгінер шақ болады. Сондағы досың – дос, дұшпаның – дұшпан, қилы заман туып, әлдеқандай күн болғанда, кешегі командирі Қасболат, өзі кезінде жау тосқауылына Қоспанды тастап кеткен Қасболат әділеттің жал ғыз ауыз сөзін айтарға келгенде, теріс айналып жүре береді. Қа райламайды. Мұны қоян жүрек қорқақтық деуге болмас, мұның аты – бәрінен қара басын артық көретін тоңкеуделік, сырты бүтін, іші түтін жанның қорғалап, бүркеп келген көмбесінің ашылуы. Пьесада қаһарман көп емес. Бірақ аз адамдардың арасындағы қақтығыс, тартыс ширатылып, ширығып, талай ащы да әділ шындықтардың кескінін танытады. Бүгінгі драматургияда етек алған форманың ескі қалыпта рын бұзу, жаңа, соны қияларға беттеу үдерісі Ахтанов пьеса- сында айқын көрінеді. Алғашқы батыл ізденіс олқылықтар дан құралақан емес. Бір оқиғадан екіншісіне көшетін реттер де қажетсіз қосымшалар бар. Мысалы, Қоспанның Қасболат
кеңсесіне барар алдындағы кішкене көрініс. Түптеп келгенде, пьесада ой ағымы әдісі қолданылғандықтан, көңіл бөлетін ны сан – бірер адам тағдыры. Өзгелер көлеңкеде қалады: Қаламұш, тағы басқалар. Бақсаңыз, драмадағы негізгі күйлер Қасболат (Ш. Мусин), Жаңылдардың (Ш. Жандарбекова) диалогтары үстіндегі еске алулармен, бұрынғы жайттарды қайта бағалаулармен берілген. Нағыз драма тілі дегеніңіз ассалаумағалейкумнен бастап, ба қайшағыңызға дейін арылтып шығатын қысыр қырттық емес, психологизм екенін терең ұғынған драматург мол жүк арқа лаған диалог арқылы жан сырды ақтара көрсетіп адам несімен қымбат, нағыз адам кім, ізгілік неде, қаражүректілік қайдан шығады деген тәрізді таудай сауалдарға жауап іздейді. «Маған Қоспан керек!» деп аһ ұрған Жаңыл тағдырында тра гедиялық қуат бар. Жаңыл бейнесін қазақ сахнасының соңғы кездегі жеңісінің бірі деп бағалауға әбден батылымыз жетеді. Дәлел ме? Дәлелдейік. Тағдырдың қара шоқпарының астына түскен Қоспан он қиналса, Жаңыл жүз қиналады. Қырсық со ғыстың алыс қырға салған сойқанын, ауырлық батпанын сайсүйегі сырқырай көтерген ер, жар қызығын көрмеген пұшайман, жалғызынан айырылып аңырап қалған ана, бұған өгіздей топас, қасқырдай қорқау, жаудай қара ниет Жаппасбай тізесін қосыңыз, сонда әйел ғана көтере алатын қиындық шығады. Көтерген, бастан кешкен оның бәрін Жаңыл, енді маңдайына тағы тас тиіп отыр. Қоспан дерті. Буынға түскен жұлын құртындай шөктіріп бара жатқан жұрттың саған қуыстана қарауы, сенбеуі деген пәле. Осы қиналыстың бәрі, жүрек сыздатар қайғы мен ашу Қос пан көкірегін бір жаншыса, Жаңыл жүрегін екі жаншиды. Жаңылдың Қоспанға деген махаббатында тек әйелдің ғана қолынан келетін шегіне жетер, өртене берілуі, титтей түйткілсіз, өзін-өзі соған қалтқысыз бағыштау бар. Бейненің бұл дәрежеде көтерілуіне Шолпан Жандарбекова ның шабытты талантты шапағатын тигізді. Ал, тұтастығы, іші-тысының тәмамдала көрінуі жағынан алғанда Жаппасбай – сәтімен табылған, тура өмірден ұстап
алып, қолынан жетектеп келгендей бейне. Аямас қаталдығы жөнінен Еспембеттің туысындай. Әртіс Р. Сәлменов портреттік келбетінің өзін дөп тапқан екен. Атқан оқтай зәрлі тілі, шыр тиған қарынды буып тұрған белбеуі, күлгір күлкісі, әп-сәтте сыздана қалар, кесіп алса қан шықпас беті, жұмыр жердің өзін ойып жіберердей жүрісі – Жаппасбайдың қажет болса, туған баласын отқа тастар мұзжүрек екенін көрсететін сияқты. «Боран» драмасы сюжетінің күрделілігі, композициясы ның өзгешелігі, қаһармандарының басындағы халдің шы тырмандығы әртістерге, ең алдымен режиссерге үлкен жауап, зор салмақ артады. Көрермен іргелі драматург Тахауи Ахта новтың жаңа биіктен көрінуіне бір қуанса, жас режиссер Ес мұқан Обаевтың сәтті дебютіне екі қуанады. Жалпы колорит сұйықтығы, сахнаға әбден сіңісті боп кеткен бірен-саран де тальдардың спектакльде қайталануы режиссер Обаевтың бетіне салық бола алмайды. Режиссурадағы басты кемшілік деп қадап айтарымыз – шу дың тым көбейіп кетуі. Кейде драмалық материалды декорация, музыкалық ағын басып бара жатады. Шабыт жақсы, ал талант баптаған ұстамдылық одан да жақсы. Спектакль бітті. Қырықтың жуан ішіндегі бурыл бас көршім көзіне жас алды. Еркек жылап отыр! Мүмкін, ойына әлдене түскен шығар. ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖЫРЫ Шығарманың қайта басылуы, пьесаның сахнаға қайта келуі – қаламгер бақыты. Бұл жалпақ тілмен айтқанда, туын дының көп кәдесіне жарағандығы, уақыт сыны дейтін қатал сарапшы қаһарына төтеп бергендік, өміршеңдік. Сахнада тағы да – «Намыс гвардиясы». 1942 жылдың 29 қараша күні «Социалистік Қазақстан» га зетінде режиссер М. Гольблат осы спектакльдің не бәрі бес апта
ішінде дайындалғанын жазып еді. Бұл – М. Әуезов пен Ә. Әбі шевтің «Намыс гвардиясы» пьесасының тұңғыш қойылуы бо латын. Қаскөй жау қанды шеңгелін Отан жүрегіне қарай соза түскен сұрапыл шақта жазушылар атқан оқ осы еді. Кім білсін, талай боздақ спектакльді тік тұрып көріп, ғашық жарымен суық перронда асығыс сүйіскен бойда майданға аттанған да шығар. Олар оралды. Олар оралмады ғой. Көрермен қауым қойылымды құп көңілмен қарсы алды. «Казахстанская правда» газеті «Намыс гвардиясы» – біздің қаһарман жерлестеріміз жайлы көркем де көрнекті спектакль, бұл – «Қазақ академиялық драма театрының жоталы жеңісі», – деп жазды. «Социалистік Қазақстан» газеті, «Звезда», «Театр» журналдары спектакльдің шын қасиетін атап, мақтаулы пі кір айтты. Майдандағы жауынгер сөзін тыңдайық: Біз «На мыс гвардиясын» газеттен оқып шықтық. Жойқын ұрыс үс тінде туған жауынгерлердің ерлік қасиеттері өзіміздің күнде лікті шындық өміріміз пьесада шын мағынасында жақсы көр сетілген. Пьеса қолдан-қолға тарап, жауынгерлердің сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Демек, бұл пьеса – жеңіске шақыратын, саяси өткір, құнды шығарма» («Социалистік Қа зақстан», 1942 жыл, 29 қараша). Сол «Намыс гвардиясы» тағы да М. Әуезов атындағы қазақ драма театры сахнасында. Спектакльдің тұңғыш режиссерінің «бес апта ішінде дайындадық» деген сөзінде үлкен гәп жатыр. Ол уақыт таңбасы, мезгіл бұйрығы деген орайға мегзейді. Бұ- рын қойылымда ғана емес, пьеса бойында да аз күндік шын дықтар салқыны бар-ды. Күретамыр оқиғаға қатысы аз, үлкен шенді адамдарды тық палап енгізу, байбаламға тартып кететін ұран сарыны. Жиырма жылдан артық уақыт өткен соң, «Намыс гвардия сының» жаңартылған нұсқасы қайтадан сахнаға келді. Бұл жолы көлденең кейіпкерлер заңды түрде дұрыс алынып тас талған, жаңадан қосылған пролог қисынды, тартымды; Тоқ таровтың Айбар болып өзгертілуі, Жанбозов басындағы хал 2-0194
Ғалиевке көшірілуі, кейбір натуралистік дәлдіктен әдейі қа шу, өмірдегі құрғақ фактілерге табынудан гөрі олардың диа лектикалық жүлгесін тауып, көркем бейне жасауға ден қою. Сонымен сахнада – «Намыс гвардиясы». Зар қаққан сирена, дызылдай ұшқан оқ, жарыла дүрілдеген бомба, иір-иір шырғалаңды траншея – бұл кинодан болмаса, театр сахнасынан көрермен сирек кездестіретін көрініс. Қазақ жауынгерлерінің прозада, поэзияда кейіптелген бейнесі бар шылық, ал драматургияда? Арыстан ауыз ажал төніп-төніп тұрғандығы жай-күйді, адамдар арасындағы қатынасты, сезімхалмен, ой толқынын тек сөйлесу сәттері арқылы ғана беріп көр. Рас, көмекке декорация, музыка бар. Станок басы, кеңсе іші, қырман айналасы емес, ел жүрегіне аждаһа жау анталап – шұбап келіп қалғанда жауынгер басындағы күйді бәз қалпында қалай көрсетуге болады? Пьесадағы батальон командирі Бақытжан Намысұлы – аса күрделі адам, ол – қынаптан суырылған қылыштай өткір ко мандир, мінезі өзінің туған даласы іспеттес: бірде бұрқ-сарқ бо рандай ақ түтек, бірде Арқа самалындай ақ желең, енді бірде түйілген бұлттай ашулы – қырық қырлы, нар кеуде азамат бір. Бұл қаһарманды сахнаға шығарғанда ерекше ысқаяқ ше берлік керек, әйтпесе батырдың орнына дарақыны, жалынды өрт жанның орнына құр айқайшыны бейнелеуге түсіп кету опоңай. Спектакльге деген ынта арта түседі. Сондықтан да әртіс мойнындағы жүк зіл батпан. Әрине, психологиялық құбылыс тарын былай қойғанда, әскери адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мақамын, өзін-өзі ұстауын келтірудің өзі оңай емес-ау. Көрермен мұндай сын сәттерде, әсіресе сұңғыла қас-қабақ тың титтей ымы, үннің сәл дірілі – бәр-бәрі оның назарынан тыс қалмайды, ол жүректің титтей тырсылына шекті тыңдасам дейді. Негізінен әртіс М. Молдабеков Намысұлы кейпін дұрыс бейнелеуге бет алған. Өз міндетін ақыра сөйлеу мен тарс ашу әуенінде қарабайыр түсінбей, пьеса шындығына тереңдеп, бой лап, бағдарлап, өлім тырнақты қамау-қоршауын бұзып-жарып
келіп, генерал Панфилов алдында тұрған сәтін алыңыз. Қолы мен істегенін мойнымен көтеретін өр мінез ажарын танисыз. Опасыздық еткен солдатты өз қолымен атқан Намысұлы – Молдабековке айызыңыз қанады. Генерал Панфилов пен аға лейтенант Намысұлы арасындағы қатынас арқылы көп сырдың шеті ашылады. Бұл арадан орыс-қазақ халықтарының қан май данда тұтаса түскен достығын, Совет Армиясының білікті қол басшысының әскери жас кадрларды тәрбиелеудегі ұстаздық бе тін, әкедей қамқор жанның ақ жүрегін, батыр ата, қайсар ініні көресіз. Намысұлы әлі маңдайына тас тимеген, ойындағысын кімге болса да іркілмей, ірікпей, оттай уытты қалпында жарып айтып салатын орақ ауыз, қабырғамен кеңесу, тоқсан толғаққа салу дан нар тәуекел, ердің жоны, палуанның білегін артық көретін көзсіз ер. Ал генерал Панфилов – көпті көрген, көнені білген қарт тарлан. Салқын сабыр, айлалы ақыл иесі. Иә, ол толқи да, шиыршық ата да біледі (Мәскеуді ойлап қалай-қалай тебіренеді), керек десеңіз, болаттай опырылып түседі (шегінуге бел буған сәт). Түрлі ұлт өкілдерінің бейнесін беру – бұл спектакльдің және бір үлкен қиындығы. Намысұлына я Ғалиевқа келген жолмен Панфиловқа, я болмаса фашист генералы Фогельге келуге бол майды. Әрқайсысына әр түрлі кілт керек. Ұлттық кейіп жасау шеберлігі осы арада қажет-ақ. Бір кезде, 1946 жылғы екінші санында «Звезда» журналы былай деп жазып еді: «Аса қиын театр шарттылығының өзін жеңіп шығып, ол (Қуанышбаев) орыс генералының ұлттық бей несін жасады. Панфилов-Қуанышбаев сөйлеген кезде, ұлттық театрда отырғаныңызды ұмытасыз. Орыс сөзі, орыс келбеті, қимыл мимика тұтас елестегендей болады». Біз қазір әртіс М. Сыздықов рөлі туралы осыны айта аламыз ба? Әрине, Панфилов бейнесін дәл Қуанышбаевша көрсет, сол арнадан табыл деу – әбестік. Айнымас бір тілек бар – генерал Панфиловтың қайткен күнде орыс адамы болып берілуі қажет, ал пьесадағы оның тіл өрнегі дәл осы талап тұрғысында.
Панфиловтың сабырлылығын, ойшылдығын бір қос дұрыс көрсеткен М. Сыздықов басты орайда табыссыз, ол Панфиловты тым қазақыландырып жіберді: қимылдан, үннен, мимикадан орыс ұлты өкілін таныту орнына, тіпті артиллерия, дивизия, командир дейтін сөздердің өзін «әртилериә», «дебезиә», «кә мәндір» деп бұрып сөйлейді. Еңкіш тартып жүру, кейде сүле соқ қимылдау, телефон арқылы бұйрық бергенде сөзден орын сыз жаңылысу – осындай ұсақ-ұлан кемшіліктердің өзі М. Сыз дықовтың өзі – бейнелейтін рөлдің ұңғыл-шұңғылына жетіп болмағанның, қойындаса араласып кетпегенінің, олақтықтың айғағы. Қысқасы, генерал Панфилов бейнесі сахналық биік дә режесіне көтеріле алмаған. Жау жағын сүмірейтіп, бүрістіріп, карикатура қалпында беру «Намыс гвардиясында» жоқ қасиет. Мұнда үш фашистің реалистік бейнесі бар: біріншісі – азулы генерал Фогель (А. Жо лымбетов), екіншісі – штаб бастығы Штольберг (Қ. Әділшинов), үшіншісі – полк командирі өркөкірек Курц (А. Әшімов). Бұ лардың дәреже, мансап баспалдағы қандай қилы-қилы болса, ішкі дүниелері де сондай қилы-қилы. Дұшпан штабын көр сететін сәт – спектакльдің ең бір табысты тұсы. Жолымбетов бейнелеген фашист, қас-қабағы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері тұп-тұтас кәнігі шеберлікпен жасалған тұлға. Ол сесімен басып, Штольбергті жерге кіргізіп жіберетіндей. «Отырыңыз, дивизия штабының начальнигі, құрметті офицер Штольберг» деп сыздықтата бөліп, әр сөзді тісінің арасынан шығарған кезде, көрермен келе жатқан ажалдай суық ызғарды сезгендей болды. Ал елу танкіден айырылған Курцты қалай қысады? «Әке ңізден хат-хабар үзілмей келіп тұра ма?», «Әкеңіз қарт болса да мықты», «Әкеңіз…» деп тұрып, жас офицерді өз қолымен атып өлтіреді. Бұл бір тамаша деталь. Фашист армиясының қан құйлы кескінін дәл көрсететін деталь. Политрук Мейрам Ғалиевпен (Р. Сейтметовпен) генерал Фогельдің бетпе-беті екі дүниені, күн мен түнді қарсы қойған дай, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың шарпысуын дай хал. Орайлы, шешен, көп мағыналы диалогтардан ақын
Мейрамның кескіні көрініп, Фогельді қазақтарды отар тепкісі не түсірмек құзғын ниеті, фашистік келбеті айқындалады. Дра малық тартыс осы сценада түйіліп, заңды түрде аяқталады. Бұ дан кейін Фогельді қолға түсіріп, одан Ғалиевтің жауап алуы артық тұрған сурет, өйткені соның алдындағы қақтығыста моралдық жеңіс Мейрам жағында кетті. Тегі, ұсақ нәрселерді тәптіштеу – реалистік драмаға үлкен мін. Спектакльде көрерменді күлкіге қарқ қылған Есболған Жай саңбаев ойнаған Қайсар Айбаровтың бейнесі. Әу баста «шегіне, шегіне сағым сынды» деп, удай ащы шындықты командирдің бетіне салық қылғандай, жарып айтып салатын Қайсар әскери тәртіпке онша көндікпеген, солдат шинелін киіп, қару арқалап жүрсе де, ауыл арасының қылжақбас көгенкөзінің бірі сияқты әсер қалдырады. Бұл алғашқы әсер, оңғақ әсер. Шыншылдық, қарапайымдылық, табиғилық арнасында оты рып, Е. Жайсаңбаев қазақ жауынгерінің бейнесін жасады деп толығымен айтуға болады. Оның Қайсары өліп бара жатқанда да күліп өлетін, аңыз ететін Тонтай-Шонтайлар секілді күн шуақ жігіт. Қолға түскен неміс офицерін өлтіріп алдым ба деп шошыған кезі, сондағы қылықтары, дастарқан басындағы мі нездері – солдат бойына шақ, жарасымды. Партизанка Нина (Т. Тасыбекова), медсестра Валя (Б. Имашева) соғыс кезінде еркектермен қатар аттанған қаһарман қыздарды елестетеді. «Намыс гвардиясы» пьесасына өзек болған адамдар, басты оқиғалар әйгілі 8-гвардияның өмірінен алынған. Сондықтан бұл қаһармандық драманы сахнаға шығару жауапкершілік үс тіне жауапкершілік жүктейді. Ерлік туралы бәсең дауыспен айтуға, қарабайыр дүние жазуға болмайды. Режиссер А. Мадиевскийдің көп еңбегі, тосын табыстары, жетістіктері бары анық. Суретші Т. Афанасьеваның декорация сы майдан тынысын дұрыс ашып, шығарма лейтмотивіне үн қосып тұр. Спектакль сәтті деп пікір түю аз, Панфилов, Григорьев, На мысұлы бейнелерін тереңдетіп, жеріне жеткізе көрсету ке ректігін, қазіргі күйде олардың олпы-солпы екендігін айту
шарт. Сонау бір кездерде Қуанышбаев, Бадыров, Қармысов шыққан биіктен бүгін төмен жату опық жегізеді. «ЕҢЛІК – КЕБЕКТІҢ» ЖАҢА ОЙНАУШЫЛАРЫ «Отеллоны» немесе «Король Лирді» қарабайыр әртістердің, жай машық қуған сауыққойлардың күшімен сахнаға шығару мүмкін болмаса, «Еңлік-Кебекті» талантсыз труппа әсте қоя алмақ емес. Ол – ол ма, айтылмыш трагедиялар актер үшін үлкен сын, оның мәдениетін, шеберлігін безбенге салып, өлшеп беретін қиын асу. Қазақ сахнасының данышпаны Қалибек Қуанышбаевтан кейін Нысан – Абызды, өз алдына тұтас мектеп боларлықтай жол салған Серкеден кейін Еспембетті тайсалмай ойнау үшін жүрек керек. Көзжұмбай тәуекелдің жүрегі емес, өнерді бойына жиған есті жүрек керек. «Еңлік – Кебек» трагедиясын жүз рет көрсе де жалықпай тын, көрген сайын оның өзгеше қырын тауып, соны тынысын естіп, рухани ләззат алатын қалың қауым спектакльдің жаңа орындаушыларының ойынына демін ішіне тартқан қағылез дікпен көңіл қояды. Біз бұл жерде қазақ топырағында туған ұлы шығарма «Ең лік – Кебек» трагедиясының көркемдік болмысы, оның кейіп керлері, тартысы, композициясы деген ұлан-ғайыр мәселелерді аз-кем шет пұшпақтап, әртістер ойынына байланысты атүсті қозғауымыз қажет болады. Абыз рөлін Нұрмұқан Жантөриннің ойнауы кездейсоқ емес, тиянақты, іргелі өнерпаздық білім алған, театрда, кинода бір қыдыру соқталы бейнелер жасаған мәдениетті актердің бұл қадамын ұлғаю, марқаю, өрелі биікке көтерілу деп қабыл даймыз.
Талантты артист Шоқандай жарқ етіп сөнген ғалымды, Ке бектей жалынды батырды қоя тұрып, бүгін Нысан – Абыз күйін шертсе, о да бір өрісті ізденістен туған жәйт шығар. Абыздың өзегін жарған ащы зардай толғаныс, удай толқын, үзік-үзік дем, толас-толас сөз боп шығады. Қапаның қара түні еңсесін басса да, дүние арпалысынан әлі қажымаған сыңайы бар. Асыра, алыстай ойлаған қамқор ой, ағайын-ауданды қамты ған кең құшақ! Мұң шіркіннің түпсіз тереңіне түсіп кеткен қарсыласпас боркемік қайғы емес, жүрегі езілсе де ызасын айтып қалар, ашуын жасырмас өр қайғы. Жантөрин пішіміндегі Абыз монологында қайраттылық кү ші басымырақ жатыр. Сахналық қимылдың өзінде қаттылық бар. Абыз толғауларындағы тоқсан тарау көңіл күйді оркестр ден төгілген әуендей жамыратып, егілтіп беру үшін жалғыз перне үні жеткіліксіз екендігін актердің өзі де сезетін шығар. Билердің – Көбейдің, Еспембеттің, Кеңгірбайдың, Қарамен денің қаратопан, басың-көзің демей, селдете төккен құйын сөздерінен Абыз тілінің мақамы да, оралымы да, тыныс ырғағы да бөлек. Нұрмұқан бұл ерекшелікті бірқос ұғынып, өзінше пайымдап, Абызды даралауға ұмтылады. Абыз үнінің бас са рыны, өзекжарды тілі – ел, халық, соның арманы, тілегі, күйі, мұңы. Тап басып айтсақ, Абыз елім, халқым, жұртым демей аяқ баспайды. «Ел» дегені көкейкестісі, қайырмасы, домбыраның құлақкүйіндей боп жүрекке жылы тиіп, көкіректі шымыр ет кізген әсер береді. Бұл ретте дүниежүзілік драматургиядағы, бірталай ұлы туындылардағы жеке сөздердің лейтмотивтік мәнге ие болып, шығарманың түпқазық идеясын ашуда аса белсенді қызмет атқаратынын айтуымыз ләзім. Шекспирдің «Король Лирін дегі» «көз» сөзі, Островскийдің «Найзағайында» «найза ғай» сөзі шешуші ситуацияларда қайталанып, философия лық жинақтау үшін символдық рөл ойнайды. Әуезов траге диясындағы Абыз аузында «елім, ел» сөзі осындай көркемдік компоненттердің бірі. Жантөрин бұл астарды жете аңғармаған.
Еңлік, Кебек рөлдерін ойнаудың өзіне тән үлкен қиындық тары бар. Бұл бейнелерді сахнаға шығару үшін трагедия рухын терең түсіну, қазақ тілін айрықша жақсы білу, әртістік қабілет аздық етеді. Жалын атқан жастық рухы қаһарманның аузын дағы монологтардан ғана емес, түр-тұлғасынан, қас-қабағы нан, жүріс-тұрысынан түгел көрініп тұруы шарт. Бұлардың қай қоржыны олқы болса да, Еңлік пен Кебектің сахналық бей несі Әуезов мегзеген биіктен шыға алмай қалады. Еңлік рөлін болсын, Кебек рөлін болсын ойнап жүрген әртістеріміздің та лантына күмән келтірмесек те, көп реттерде олардың бошалаң қимылы, самарқау кейпі, әжім торлай бастаған жүздері көңілге толмаушы еді. Қуатты ситуацияның бірі – Есен, Еңлік, Кебек үшеуінің Қара жартас түбінде кездесіп қалатын сәтін терең драмалық қалпында, қат-қабат психологиялық астарымен бейнелеп беру үшін зор актерлік өнер керектігін қайталап айту керек. Өйткені сол шаққа дейін контрастыда, сырт қарсылықта алынған екі батыр түйісті! Дуэльге шыққан жаулардай Есен мен Кебек айқыш-ұйқыш келіп қалды. Есен Кебекке, Кебек Есенге ұқса майды. Бұл екеуінен Еңлік алабөтен. Әрқайсысының сөзін де, болмыстарын айна-қатесіз танытып, оқиға дамуына от қояды. Бұл сценадағы диалогтар қаһармандардың ішкі дүниесін аударып-төңкеріп, қарнының қырындысына дейін сыртқа шы ғарады. Алыстан тістесіп, өшпенділікпен жауыққан қос батыр жар сүю бақыты табалдырығы алдына бақ сынасып, жиылған ашу, кек, ыза аяқ астында жарылады – тамаша! Еңлік рөліндегі Фарида Шәріпованың жеңіл қимылы, ши рақ жүрісі, таза, ашық үні оның ойынына сенімділік береді. Жас актрисаның батылдығы, сахнадағы еркіндігі қиырға шы ғарып әкеткендей. Фарида Еңлік басындағы трагизмді түбе гейлі ұғынып жетпегенге ұқсайды. Кебекке өзі сыр ашып, құ шақ жайған қыз жүрегіндегі зор қайғы, ауыр халді ұмытуға болмайды. Фарида өз рөлінің мол жауапкершілігін жүрекпен түсініп, шабытты ынтамен ойнаса, Еңліктің жақсы сахналық кейпін жасар мүмкіндігі жеткілікті.
Екі батыр – екі мінез. Есен – ұрт, тарс ашу, кеудесоқ. Кебек – сарабдал, айдынды, өр. Есен – байыпқа бармас тыз етпе. Кебек – кеулей қозғар кең құлаш. Жас әртіс Асанәлі Әшімовтің сырт келбеті Кебек батыр рөлін ойнауға сақадай сай келіп тұр. Жинақылық, ширақтық, жігерлілік, батылдық – бәрі бар. Өкінішке қарай, Әшімов – Кебек бейнесін шығара алмады. Асанәлі жүрексініп ойнады, оның сахнадағы жүріс-тұрысының өзінде тұсалғандай, тартынғандай қалып байқалады. Еркіндік, шабыт, берілу аз. Абыз алдына келгенде айтылатын Кебектің әйгілі монологының өзін Асанәлі бытыратып, тақпақ оқығандай жасытып жібереді. Көкірекпен тебіреніп, лаулай өртеніп, ұш қындап тұрған батыр жүрегінен шыққан толқынды сыр суып, тоңазып қалды. Тегінде «Еңлік – Кебек» трагедиясындағы кез келген рөлді іштей бауырласу, артистің өз тарапынан ұғынуы болмай орын дау мүмкін емес. Есен рөліндегі Матан Мұратәлиев – әредік кезде тым даурығып, орынсыз дабырлап кеткені болмаса, не гізінен, тәуір арнадан табылды. Ең бастысы, Матан Есенді ка рикатураға айналдырып жібермей, Найман батырының күрделі психологиясына бойлап, оның мінез қатпарының бірталай қы рын көрсете алды. Қара жартаста Жапал мен екеуінің арасында өтетін комедиялық сценада Матан лайықты шешім тапты. Есен рөлін орасан күшті актерлік қуатпен ойнайтын Ыдырыс Ноғайбаевты қайталаған жоқ. Трагедиядағы жағымды қаһармандар галереясын Жапал ерекше құлпыртып тұр. Әуезов Жапалының халық әдебиетін дегі Алдар Көсе, Жиренше шешен, қойшы бала сияқты айқын типтермен іштей байланыстылығы шу дегенде айтатын өлеңі нен-ақ көрінеді. Есен, Еңлік – Кебек арасындағы зор тартысты ситуацияда Жапал атқарар іс аз емес. Оның жан дүниесі, сезімкүйі, ой-өрісі, адамдық халі осы орайда көрініп, мол шынды ғымен танылады. Әділін айту керек, «Еңлік – Кебек» трагедиясының жаңа орындаушыларының ішінде ең үлкен табысқа, заңды табысқа жеткен артист – Есболған Жайсаңбаев. Бұрын Сейфолла Тел
ғараевтың, Таңат Жайлыбековтің Жапалдарымен таныс кө рермен қауым осы жолы Есболған Жайсаңбаевтың Жапалы мен жүздесті. Бұл рөлдің драмалық материалындағы күлкі лік юморлық қуат өз алдына, артист Жайсаңбаев өзінің коме диялық талантын жарқырата танытты. Сахнаға өз Жапалын әкелді. Маңдайына әлі тас тимеген, әрненің әлегіне түспеген, тірліктен өзіндік бет іздеп сарп ұрған шақ азабын татпаған, өмір талқысын көрмеген, қажымаған балғын жас. Сезімді жалын аттырып, жүректі тайша тулаттырып қойған ғажап табиғат, кең дүние, керілген дала, асқақ тау, мөлдір аспан – Жапал сол табиғат еркелетіп алақанына салған кінәсіз, пәк перзент. Тау ішінде шаң бұрқ етсе, Жапал оны Матай, Тобықты арасындағы төбелеске, соғыс барымтаға балайды. Білегі жуан жүзді жығып, азулы шайнап, тырнақты бүріп жүрген заманның ұлы төңірегіне қарап байлау жасайды. Тұтынар мұраты да өзі көрген, енді-енді шет жағалап ұғына бастаған іргеден туады. Жапал аңсары – батыр. Жат, жау Тобықтының қабырғасын қаусатар батыр болсам дейді. Соны ойлап, арманға шомып қиялды шын деп қалар жайы бар Жапалдың. Батырлық жайындағы ұзақ әңгімеге сю жет боларлық материал Жапал монологында астарлы, нық қа йырылған күйде көрерменге құлпырып жетеді. Жапал емеу рінін, сөз астарын беруде Жайсаңбаев шабытты актерлік фан тазия байқатты. Есболғанның қабағы, көзі, кірпігі, мұрны, тісі түгел күледі. Жүріс-тұрыстағы еркіндікке, сахнаны билеп кететін ақкө ңілділікке дән риза боласың. Тартыстың үдеп өсіп, асқындап, қабарып барып көрінген сыңайы Найман – Тобықты билерінің сөзбен балталасатын сце насында жатыр. Бұл көрініс – қорқынышты, үрейлі көрініс. Әуелі Кеңгірбайдың (Е. Өмірзақов) монологынан бұзылған атмосфера сәт сайын қапырықтанып, түнеріп, қан иісі шығып келе жатқандай болады. Наймандардың алғашқы шабысының өзі – ұрыс-керіс, жолдағы Тобықтыларды дүрелеу. Бұл дөң ай бат жарылғалы келе жатқан кеселді бомба ызғары.
Шапшып тұр Еспембет! Запырандай ащы кек көзіне қан тол тырып, жауына ұмтылдырып тұр. Іздегені – айқас, қан соқта. Көбей мен Еспембет тартысы қурап тұрған шөпке тиген шақпақ от тәрізді. Бір сөзден бір сөз туып, өрбіп, бірін-бірі қоздатып, кесапатын жан-жағына шашып, усойқыдай жайпайды. Көбей бітімге қарай, тыныштыққа қарай табандап тартса да, түп етектен мықты шеңгелін салған Еспембет ұмар-жұмар түсе бе реді. Екінің бірі – не оны қаусату, не өзі қаусау. Қалкен Әділшінов пайымдауындағы Көбей – сахналық қал пын, өзіндік бояуын тапқан тип. Ал Серке Қожамқұловтың безбүйрек, түскен жерін ойып жіберер қаражүрек Еспембетінен кейін Әтейбек Жолымбетовтың қопақ-қопақ еткен, сөзінде улы кекесін, аязды ызғар жоқ Еспембетіне мүлде қарныңыз ашады. Қабылдай алмайсыз оны. Анда-санда бір дауыстап қалғаны демесеңіз, Есен соңына ерген Найман жасақтары да, Тобықты жігіттері де Еспембет – Көбей арпалысы кезінде міз бақпай, безеріп тұрып алады. Бо лып жатқан тайталас қаперіне кіріп шықпас мүсіндер секілді. «Еңлік – Кебек» трагедиясында көпшілік сценасы екі-ақ жерде: бірі осы билер дауы тұсында, екіншісі соңғы көріністе, бірақ осылардың қайсысында болсын әрекет, сахналық қимыл аз. Қолдарына найза алып, тастай түйіліп, не ашуланғандарын, не жек көргендерін, не ықылас бергендерін білдірмей жүрген тобыр бар. Тіпті Еңлік рөліндегі Фариданың өзі өлім мен өмір жарқабағында тұрған сәтте – Наймандар қаптап жеткен шақта қаннен-қаперсіз баласын құшақтаған күйде бейжай мағынасыз бедірейіп қарап тұрады. Көзсіз надандық құрбандары болған Еңлік пен Кебектің беті жабылмай, кеудесі ғана жабылуы қазақ дәстүріне қайшы келеді. Драма театрының шығармашылық ұжымы аса маңызды іске қадам басып отыр. Іргелі пьесадағы басты рөлдерді жас артистер ойнай бастады. Игі ниет, биік өріс, үлкен асу. Рас, классикалық «Еңлік – Кебек» трагедиясын бірден игеріп кету қиын, бірақ саф талант әманда өр кезең, тас өткел, тар босағада сыналады ғой.
«ҚАРА ҚЫПШАҚ ҚОБЫЛАНДЫ» Мұхтар Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыланды» дастан-дра масы дүниеге бұдан ширек ғасыр бұрын, 1942 жылы келген шығарма. Айрықша көркем, аса қызықты пьеса қолжазба қал пында-ақ әдеби жұртшылық назарын аударған еді. Драма сол кезде Жазушылар одағында талқыланып, бағаланып, Өнер істері жөніндегі республикалық басқарма пьесаны көрерменге тезірек жеткізу туралы қаулы алған. Соғыс уақытындағы ре пертуар тапшылығының орнын толтырғандай бұл туындыны алғаш рет 1944 жылы режиссер Б.А. Дурье Жамбыл облыстық театры сахнасына шығарды. Пьеса екінші рет 1946 жылдың қысында Семей театрында қойылды. Академиялық драма теат рында 1946 жылы 6 сәуір күні «Қара Қыпшақ Қобыланды» дастан-драмасының премьерасы болды. Арада жиырма бір жыл өткен соң «Қара Қыпшақ Қобылан ды» қайтадан қойылып отыр. Задында ұлы жазушылардың көбі туған халқының фольклорымен, ежелгі әдебиетімен етене жақындықта, ерекше бір бауырластық жағдайда болып, сол таусылмас қайнардан тақырып, сюжет, идея алады. Мұндай қарым-қатынастан туған шығармалар қатарында Шекспирдің шотланд эпосы ізімен жазылған «Макбет» трагедиясын, Пуш киннің халықтық сюжетті пайдаланып жазған «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілерін атауға болады. Айта берсек, ондай мысалдар әдебиеттер тарихында өте көп. «Қазақ фольклоры және М. Әуезов» деген кең аумақты, те рең түбірлі, күрделі, қызықты мәселе. Әуезовтің ауыз әдебие тін зерттеуші ғалым ретіндегі ұшан-теңіз еңбегін былай қойған да, оның төл шығармаларындағы фольклордан келген арналар, сюжет желілері, идеялық сарындар, бейнелер, тілдік-стильдік бояу-нақыштар аса мол. Рас, Әуезов дайын қалып, ескі канонды сол бағзы күйінде қотарып ала салмайды, өзінің қаламгерлік мақсатына орай жаңғыртып, құбылтып, дыбысына дыбыс, ырғағына ырғақ, күйіне күй, ойына ой қосып, жаңа сапалы асыл дүние жасайды.
Әуезов 1925 жылы «Таң» журналының бірнеше санында «Қобыланды батыр» жырына арналған зерттеу мақаласын жа риялады. Екінші рет 1939 жылы «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» еңбегінде айтылмыш жырды тақырыптық, идея лық, көркемдік жүйелерде тағы талдады. Сөйтіп, «Қобыланды батыр» эпосын зерттеуші ғалымның көзімен он шақты жыл бойы іздене түсіп, сарыла жүріп тексеріп, ақырында осы драмалық шығармаға арқау етті. «Қобыланды батыр» эпосының революциядан бұрын, рево люциядан кейін баспа жүзін көрген, әлі көрмей жатқан бірнеше нұсқалары бар. Бұл жырдың қай уақытты суреттейтін ай қындауда, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін талдап түсінді руде фольклорист ғалымдарымыз күш жұмсады. Драма жазу үстінде Әуезовтің ғылым табыстарын айрықша кәдеге жарат қаны хақ. Драматург халық арасына кеңінен тараған белгілі эпостан не алып, не қойды деген мәселеге тоқтау шарт. Пьесада аттары арнайы аталған он төрт қаһарманның барлығы да эпоста бар, драматург өз жанынан жаңа кейіпкер қоспаған. Эпоста Тоқ тарбай мен Аналықтың Қобыланды туғанға шейінгі қайғымұңы суреттелсе, драмада ол жоқ. Пьесада Қазан, Алшағырлар Көбікті ханның батырлары: Қобыланды мен Құртқадан туған ұлға байланысты оқиғалар пьесаға енбей қалған. Әуезов пьеса фабуласына эпос оқиғасын ойып тұрып алды. Ең бастысы драматургті эпостағы қым-қиғаш ситуациялар, неше түрлі бейнелер, мінездер, психологиялық сәттер қызықтырып, баурап пьеса жазуға шабыттандырып жіберген секілді. Бұрын «Айман – Шолпан» комедиясын, «Абай» трагедиясын сәтті қойған Әзірбайжан Мәмбетовтың «Қара Қыпшақ Қобы ланды» драмасын сахнаға шығаруы көрермен көңілін жылы тады. Әрекетті айқындап, нақтылап көрсету, драмалық хәлхәлеттерді мейлінше ширықтыру, декорацияның пьеса маз мұнымен жымдаса астасып жатуы, бүгінгі сахна мүмкіндіктерін жете пайдалану – Мәмбетов қорамсағындағы осы алуандас бояу лар, әсіресе Әуезовтің күрделі драмалық шығармаларын қою
кезінде түрленіп, жайнап кеткен болатын. «Қобыланды батыр» эпосы кейін жамалған анахронизмді былай қойғанда, негізінен қазақ даласын мұсылман діні жайлап үлгірмеген бағзы дәуірді бейнелейді. Әуезов пьесасы да сол кезеңді көрсетеді. Драматург ремаркаларында декорацияға, костюмге, музыкаға қатысты көптеген жайттар қысқа айтылған. Олар тұтас спектакль жасау үшін аз. Режиссердің алдында үлкен драматургтің өте күрделі шығармасын сахнаға шығару жауапкершілігі тұр. Шамамен алғанда, осыдан он шақты ғасыр бұрын өмір сүрген адамдардың костюмі, оқиға өткен кезеңге лайық декорация – бұлардың оп-оңай табыла қоймағаны тү сінікті. Режиссер шешіміндегі батылдық спектакль басталысымен бірден көзге түседі. Әуезов пьесасында қиял-ғажайып тылсым күштің иесіндей кейіп – Көклан кемпір бар. Эпоста сөз ара сында ғана айтылатын бейнені драматург күрделі бейнеге ай налдырды, Көклан сөздері – тиген жерін қарып түсіп жатқан өрт тіліндей. Әуезов Көклан тұлғасын фантастикалық ыңғайда кейіптеген. Осы аңғарды тереңдетуге бел байлаған Мәмбетов сәтті табыс үстінен шығып отыр. Біз пьесадағы Көклан сөз дерінің спектакльде тұтас хорға айналып кетуін режиссердің формалистік ізденістері, драматург аңсарынан алшақтау деп қараудан аулақпыз, қайта жақсы жаңалық дегіміз келеді. Пьесаның 1946 жылғы қойылуында Көклан болып ойнаған Сәбира Майқанова бұл жолы үлкен оркестрдегі басты скрип ка іспеттес. Зіл, кекесін араласа шыққан лаңды сөздер ыс қырғандай, зуылдағандай болып естіледі. Үні ашық, әр сөзі металл сыңғырындай айқын Бикен Римова Көкланға екін ші жүз, екінші қыр беріпті. Көклан көлеңкелері оның сөз дерін қайталай жөнелгенде адамның төбе құйқасын шымыр лататындай қорқынышты әсер қалады. Сұмдық, үрей, пәле ту дырар фантастикалық күш иесіндей болып көрінеді Көклан. Оған қарсы тұрған – Қобыланды. Жұрт көңілінде эпос бо йынша қалыптасқан батыр бейнесі драмадағы Қобыланды бей несімен тайталасқа түскендей болады. Сахнаға Қобыланды
шығысымен сол екі бейнені іштей салыстыра бастайсың. Қобыланды – Әуезов драмасының түпқазық кейіпкері. Барлық ұстасудың тартыс линияларының оған соқпай кетпейтіні жоқ. Пьесаның басынан аяғына дейін негізгі назар Қобыландыда отырады. Драматург басты қаһарманын ертегілік – эпостық планда суреттемеген. Рас, эпостық дәстүрден алған бояулар жоқ емес, бірақ негізінен Қобыланды бейнесі реалистік арнада жасалған. Оның сөздері, монологтары терең мағына, мол маз мұнға бай. Ыдырыс Ноғайбаев бейнелеуінде Қобыланды батырлық келбетімен тартып алады. Талантты әртіс сендіре, иландыра ойнайды. Алғашқы сценада-ақ күрделі натураның ер, өжет, жалынды қалпын көреміз. Ноғайбаев Қобыландысы – аршын ды, алпауыт. Көклан тұтқынынан Құртқаны Қобыланды босатқаннан ке йін шайқас қалыңдай түседі. Көбікті хан ордасын көрсететін сценадағы үстеріне қара киген жасауылдың жүріс-тұрыстары, қимылдары ассоциация тудырып, фашистерді еске түсіргендей болады. Сахналық жабдыққа назар салыңыз: алтын, күміс, барқыт, жібек атаулыдан ештеңе жоқ. Тас. Темір. Тері. Со нау алыс, қатал замандардың дәл кейпін осы үшеуі ғана дәл бейнелейтін секілді. Қашанда Әуезов жағымсыз деген қаһар мандардың өзін сүмірейтіп, сүмпитіп жібермейді, оларды жанжақты, сан алуан мінезімен беруге ұмтылады. Айтылмыш драмадағы Көбікті, Қазан, Алшағыр, Біршімбайлар тұтастай алғанда бір кемерде жүргендерімен, олардың тұрпаты өзара ұқ самайды, әрқайсысы өз алдына бөлек, дара күйінде ашылады. Серке Қожамқұлов талантының әлі қожырамаған, тұғырдан түспеген қайратына таңғаласың, разы боласың. Әр сөзі балға соққандай нықтап айтылған, сараң, бірақ жұлып алардай, не сілейтіп түсірердей сесті қимыл көрінген Серкенің Көбікті ханы көз алдыңыздан кетпей тұрып алады. Қазан (А. Жолымбетов), Алшағыр (М. Өтебаев) арасында тар тыс бар. Екеуі ханның оң қолы мен сол қолы болса да, кездескен жерде таутекелерше мүйіздесіп қалады. Тау көкіректері та
сырлыққа шарпылған. «Мен бар, басқа кім бар» деген кеуде. Сұлу Қарлығаны кім құшпақ? Көкейлерін тесіп бара жатқан сол ой, сол құрт. Кейде өз мүмкіндігін жете пайдаланбай қа латын Әтейбек Жолымбетов бұл жолы Қазан рөлінде әртістік талантының жақсы қырынан ашылды. Сәтімен табылған грим, батыр киюге лайық костюм, арбаң-қорбаң жүріс, бет құбы лыстағы мағыналылық, үнді, дауысты құбылту – осының бәрі артистің шабытты ойында сөйлеп кетті. Ситуацияларды контрастыда беру – драматургияда ежелден келе жатқан тәсілдің бірі. Жанрдың осы ішкі мүмкіндігін өз пьесаларында Әуезов орынды қолдана білді. «Қара Қыпшақ Қобыланды» драмасынан да осы контраст принципін көруге болады. Көбікті хан ордасындағы Қазан, Алшағыр арасындағы сілкіс, Қарлыға қыз басына өз әкесі лақтырған бұғалық, қара пәлені жаудыра келген Көклан лаңынан туған қанды серттен соң Қобыландының үйлену тойы көрсетіледі. Бұл сценада режиссер алыстағы заман шындығын дөп басуды мақсұт тұтқан. Қазақ биін дамытуға күш-қайрат жұм сап жүрген балетмейстер Зәуір Райбаевтің спектакльді қою ға қатысқаны өте орынды болған. Жаңа басталған той қы зығы Қызылбас ханы Көбіктінің қыпшақ, қият еліне тиген шапқыншылығымен бұзылады. Тұтқыннан азат боп, еркін өмір рахатын енді татуға ұмтылған есіл Құртқа, аңыраған ана Аналық, тоқсандағы Тоқтарбай, сүйгенімен ашылып сөй лесе де алмаған қайран қарындас Қарлығаш, ыстық ұя, ал тын мекен – бәрі қалып, Қобыланды жауға аттанады. Осы сценадағы Қобыландының өз сөзі, оның әкесі мен шешесінің, қарындасы мен жарының сөздері тебіреністі психологияны, қат-қабат сәттегі көңіл күйді шебер жеткізеді. Бұдан кейін қарсы күштер тез-тез қақтығыса бастайды, сю жет ширақ дамиды. Жалын жас Шуақ қаза табады. Қазан мен Қобыланды бетпе-бет кездеседі. Аяулы іні өлімі Қобыландының аш өзегін қарып түседі. Мұның үстіне сиқырлы Көклан тағы жадырайды. Фантастика элементі орынды, ретті қолданылған, Қобыланды – Қарлыға, Қарлыға – Көбікті – Біршімбай ара
ларындағы тартыстар арқылы әр түрлі кескіндер жоталанып көрініс береді, сан қилы психологиялық сәттер бар. Қапыда қолға түсіп зынданда жатқан Қобыланды батырдың қайнаған ашу кегі, Дон Кихот жанындағы Санчо Пансаны еске түсіретін Қараман мінезіндегі күлкілі жайлар, құштарлық жолында бә рін құрбандыққа шалып жіберген Қарлығаның отты махаб баты, қорлық, азап көрген Құртқа, Аналық, Тоқтарбайлардың көз жасы – осының бәрі көрермен ықыласын тылсымдай баурап отырады. «Қара Қыпшақ Қобыланды» драмасы бастан-аяқ ақ өлеңмен жазылған. Әуезов эпостан жалпы сюжет, оқиға бағытын, же ке оралымдарды, сөйлемдерді, теңеулерді алғаны болмаса, тұ тастай тың шығарма тудырды. Ішкі ұйқастар, басқы ұйқастар, толып жатқан аллитерациялар, ассонанстар, күрделі теңеулер, соны эпитеттер, градациялар, анықтаулар, ауыстырулар, түй дектеулер, әсірелеулердің мол, көрікті қолданылуы пьеса тілі нің өте көркем боп шығуына ықпал жасаған. Тез дамып ширық қан сюжет, кесек-кесек мінездер, шытырманды ситуациялар әртістер ойынына үлкен арна, кең тыныс берген. Спектакльді екі құрам қойды. Театрдың белгілі әртістері Хадиша Бөкеева (Қарлыға), Шолпан Жандарбекова (Құртқа), Рахметолла Сәлменов (Тоқтарбай), Мүлік Сүртібаев, Сейфолла Телғараев (Қараман), Әйкен Мұсабекова (Аналық) ойындарынан қалыптасқан шеберлік өрнегін көрсек, жастар жағынан ізденіс жолындағы бет-бағдарын аңғардық. Әнуар Молдабеков өте күр делі Қобыланды рөлін ойнау арқылы жақсы қабілетін танытты. Ол сырт эффекттен бойын аулақ салып, образды психология- лық жағынан кескіндеуге ұмтылады. Құнарлы қадам. Торғын Тасыбекова Құртқасының бойында лиризм, сезім нә зіктігі, пәктік бар. Ал Фарида Шәріпова жалынды, өрт мінезді, зор құштарлықтан күйген Қарлыға бейнесін жасады. Сахнаның кейде мүлде түнеріп кетуі, жекпе-жек сцена ларының болбырлығы, ақ өлеңдердің табиғи қалыпта төгілмей, тұтқырлана айтылуы сияқты олқылықтарды жөндеуге болады деп ойлаймыз. 3-0194
Суретші Е. Манкеннің декорация, костюмдерінде форма листік ізденістердің дендеп кеткені рас, сонымен қатар алыс дәуір рухын дәл беретін детальдар да бар: қызыл фондағы қып шақтарды бейнелейтін барельеф, бағандардағы кескін. Ғазиза Жұбанова жазған музыка драма лейтмотивіне сарындас. Спектакль финалында пьесадағыдан аз айырма бар. Мәм бетов Әуезов мәтінін бұрмаламайды, тек драманың тоймен біту көрінісін алып тастап, оның орнына алтыншы суреттен соң келетін интермедияны ауыстырған. Спектакльдің аяқ талу сценасы режиссерлік тапқырлықпен, суреткерлік шабыт пен жасалғанын атап айту ләзім. Драматургтің елдік пен жау лықтың, махаббат пен құштарлықтың, жарық пен түнектің шарпысуы туралы идеясы режиссер шешіміне, актер ойынында жанданып, сахналық тілмен сөйлеп тұр. СПЕКТАКЛЬ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ Рас, пьеса сахна үшін жазылады. Драматургтің бір бүйірінде актер ойыны, режиссер шешімі, спектакль тағдыры жататыны сөзсіз. Театр шарттарын ескермеуге әддің жоқ, синтетикалық өнер талаптарын бұза алмайсың. Көркемдік кесте, идеялық тереңдік талаптарын бір сәт ескермегенде, Әуезов пьесалары ның қай-қайсысы болсын сахна тілектерін бек ойластырып жазылған туындылар екендігін көреміз. Ұлы драматург қа ламына тән осы қасиет әйгілі «Түнгі сарын» трагедиясының бойынан да табылады. «Тартыссыздық теориясы» дейтін жалған концепция зар дабын қазақ театры да шекті. Өмір қайшылықтарын бейнелеу ден ат-тонды ала қашу драматургиямыздың көсегесін көгертпе гені белгілі. Мұның үстіне ұлттық классика үлгілері қалтарыс та қалды. Сіз қазір қазақ сахнасында «Еңлік –Кебек», «Айман – Шолпан», «Абай», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Қаракөздер» жоқ деп ойлап көріңізші. Репертуар үңірейіп қалар еді. Соңғы
жылдарда Әуезовтің күрделі пьесаларының сахнаға келуі – мә дениетімізге олжа салған табыстар, мәнді жеңістер. Драматургия тарихында «Түнгі сарын» – кезеңдік шығар малардың бірі, қазақ әдебиетіндегі реализм принциптерінің орныққанын, Әуезов дүниетанымы мен суреткерлік таланты ның берік қауышқанын көрсеткен туынды. Осы шығарма сонау 1935 жылдан кейін сахнаға неге шық пады? Гәп пьеса күрделілігінде жатқан секілді: диалогтардың жа салуы реалистік арнада, ақ өлең, шешендік толғау дәстүріндегі төгілген, есілген жолдар сирек кездеседі; идеялық жүк арқа лаған қаһарман көп; психологиялық тартыс арналары тарамтарам, тартыс бір жүлге, екі жүлге ғана емес, аумақты, шең берлі. Бұған пьесадағы әлеуметтік мәселенің салмақтылығын қосыңыз. Ол – таптар тартысының психологиялық өрістегі кө рінісі, отаршылдық саясат қыспағы, революция және қазақтар деген сұрауларға нақты адам тағдырларын бейнелеу арқылы берілген жауап. Қысқасы, әдебиет тарихында «Түнгі сарын» Әуезовтің ең сүбелі шығармаларының бірінен саналып, орынды бағаланып келгенімен, отыз жылдан астам уақыт қазақ көрермендеріне жетпей, қағаз бетінде жата берді. Сондықтан сахнаға шығып отырған спектакльге деген ықылас айрықша зор. Үлкен драмалық шығарманың режиссерлік шешімі қандай болмақ, актер жанынан қосылар нендей үлес бар – осы түйт кілдер шымылдық ашылмай тұрып мазалай бастайды. Жалынның, яки өрттің тіліндей әсер беретін декорацияда плакаттық сыңай бар. Шым-шымдап айтылатын ой бірден ақта рылып қалғандай. Сахнаға жалғыз адам шығады. Аяқ астынан, қолма-қол самғай жөнелу, ә дегеннен биікке көтеріліп кету оңай емес. Тулаған ойлар, шамырқанған сезімдер, көрерменге айтылған, соның жүрегіне арналған сыр. «Түн еді» деген тіркес қайталанып келеді. Сөйлеп тұрған – Сапа. Бұл – пьесаның прологы болды. Бірақ «Түнгі сарынның» автордың көзі тірі сінде жарияланған басылымдарында жоқ нәрсе ғой. Пьеса қол жазбасында да, жоспар-эскиздерінде де жоқ деталь.
Қайдан келгені? Кім қосқан? Неге қосқан? Қазақтың бір мақалы: «Өткен күнде белгі жоқ». Көп нәр сені ескермейміз, елемейміз. Тіпті сонда тұрған не бар деп мұ рынымызды шүйіре қараймыз. Көшпелі елдің малы, бағы ғана емес, көшпелі тарихы ескермеуді, елемеуді, неғұрлым жүктің жеңіл болуын, көшудің ғана қамын ойлатқан. Арғы көне ға сырларға, шөл ғасырларға өкпе жүрмейді енді, күні кеше ғана жасаған Әмірелерден жұрнақ қалмау, із қалмау деген ұрпақтар алдындағы қылмыс емес пе? Карузолар, Шаляпиндер өлген жоқ, оларды өлтірмеген. Ажал жеңе алмайтын өркениет құдіреті тұрғанда, Күләштің бес-алты әнін ғана емес, бүкіл өнерін неге алып қалмадық екен?! Ескермедік, елемедік, ортамыздан кет пейтіндей көрдік-ау! Осы бір ақсамай қарттың өнер тарихындағы еңбегі өз алдына үлкен жүйе әңгіменің мұрындығы, көпке жариялай айтылатын тағы бір ісі бар. Ескі қағаз, көне суретті ол жыртып тастамай ды, біреулерді ойып лақтырмайды, көзіне бояу құймайды – сақтайды. Құлағын тігіп жүреді, шашылған дүниелерді жинай жүреді. Мен Қапан Бадыровты айтып отырмын. Қазақ театры тарихына қатысты өте қызықты көп құжаттар сол кісінің қо лында. Бұл көлденең әңгімеміздің спектакльге қандай қатысы бар? «Түнгі сарынның» 1935 жылғы премьерасы алдында Мұх тар Әуезов Сапа рөлін ойнаған Қапан Бадыровқа прологта айты латын сөздерді жазып әкеп берген екен. Отыз төрт жыл бойы жоғалмай, жыртылмай сақталған сол қағаз бүгін сахнада сөйлеп тұр. Көрермен ықыласына әсер етеді. Бұдан кейінгі оқиғалар мұғалім көзімен, соның түйсігімен берілген секілді. Әлеуметтік тартыстың қатты ағынына дра матург кейіпкерлерін күп еткізіп түсіріп жібермейді. Бір қа рағанда ұсақ көрінетін іліністер бар. Рас, бір қарағанда ғана. Сусымалы құм секілді есіліп, тартыс ұлғая береді. Сондық тан актер орнына ойынына, өзгермелі күй керек. «Түнгі са рындағы» барлық қаһармандар іштей эволюциядан өтеді. Күнделікті тіршілік алыс-жұлысынан бастап таптық айқас деңгейіне көтерілудің қиналысты жолы жатыр. Осы құбылыс
ты терең сезінбесе, режиссердің ұтылғаны, актердің қапы кет кені. Әуезов пьесасында ішкі рухына ден қою спектакль сәт тілігінің бірден-бір шарты. Мінез қырлары, психологиялық жан-жақтылығы, ұлттық колориті тұрғысынан алғанда қазақ драматургиясындағы ең күрделі бейненің бірі – Жүзтайлақ рөлін Шолпан Жандарбекова ойнауында өзінің сахналық кей пін тапқандай болды. Толықтырар штрихтар керек-ақ. Жүз тайлақтың жігіт-желеңді баурына тартуының түп себебі нәпсі құмарлықтан емес, оның әлеуметтік тегіне сабақтас нәрсе. «Майға бөккен бай қатыны» деген Жантас сөзінде мән бар. Тойған, пайдалы әрекет – істен аулақ мас көңіл еріксіз суық жүріске түссе керек. Осы ретте анау бір қытықтағандай ессіз күлкілерді азайту қажет болар. Жүзтайлақ – үлкен шеберлік пен жасалған әлеуметтік тип, көзге шөп салу оның шыңырау мінезінің бір жүзі ғана. Бұларды ұмытсақ, драматург идеясын шолақ, жетпей түсінгеніміз, қате пайымдағанымыз. Әуезов трагедиясында халық өкілдерінің шыншыл бейне лері бар. Жантас арқылы автор жас буынның үлкен шайқаста шың далуын көрсетеді. Бұл қаһарманның сахналық кейпін жасау үшін шабытты актерлік темперамент үстіне психологиялық дәл, дөңгелек қимыл керек. Осы екі арнаны тең ұстамасаң, сәт сіздікке ұшырау оп-оңай. Басқа кейіпкерлерден иығы асып тұр ған күрескер, көшбасшы жалынды, өрт күйінде көрінуі шарт. Бұл ырғақ тым қатайып кетсе, үгіттік-патетикалық сарын ден дейді. Ішке үңілу, тебіреністі әуендер және қажет. Әнуар Мол дабековтің актерлік ампуласы Жантас тұлғасын жасауға жеткі лікті көрінеді. Оның жүріс-тұрысындағы серпінділік жүзін дегі қайратты ажар, даусындағы өжеттік, көзіндегі тентек сәуле – баршасы керек бояулар. Бірақ бұлар аздық етеді. Әнуар күрескер қаһарманның жан-дүниесіне сүңгіп кете алмаған, өз мүмкіндігін жете пайдаланбаған. Осындай сәтсіздік Райымбек Сейітметов басында да бар. Лаулап кететін, өзін ұмытып ойнайтын талантты актер бұл жолы рөлдің ішіне кіріп, жүрегіне бойламаған. Аума-төкпе,
қиракезік замандағы қазақ зиялысының басындағы өте күр делі дағдарысты көрсету мақсаты пьесадағы мәтінді білу үс тіне сол дәуірге ойшыл тарихшы көзімен де қарауды талап ете ді. Бұл ретте Сапа қиналыстарын бейнелейтін көріністерді ре жиссердің қысқартып тастауын мүлде жөн көрмейміз. Классик шығармасына бұлай жауапсыз қарауға, орынсыз қол тигізуге болмайды. Сом соғылған, маңызды идеялық жүк арқалаған кейіпкер Қыдырбай бейнесінің Сейфолла Телғараев орындауындағы шешімінің де көңілге толмауы драматург идеясынан алшақ кетуде жатыр. Қыдырбай пьесада – түскен жерін ойып жіберер шомбал, спектакльде – ұшып-қонып тұрған қаңбақ шал. Зіл жоқ, ірілік жоқ, дала феодалына тән сойқандық жоқ. Серке Қожамқұлов бейнелеуіндегі Тәнеке де қоңырқай күйде көрі неді. Халық даналығы, ақыл-ой кеңдігі, мол қайрат сырдаң. Ес пембетке, Қарабайға тән үн-мақамдар, қимыл-әрекеттер орын сыз қайталанады. Бұл пьесадағы кейіпкерлерді жіктеудің өзі қиын: бәрінің мойнында әлеуметтік, психологиялық салмақ бар. Сондықтан барлық рөлдердегі актер үшін қиындық бірдей десе де болады. Көз алдымызда өсіп келе жатқан Есболған Жайсаңбаев юморлық бояулармен сатиралық бояуды астастыра білді. Оның Нұрқаны қызықты сахналық персонаж ретінде көрінеді. Сәруар (Р. Әуезбаева) татар әйелінің ұлттық ерекшелігін жақсы аңғартты. Кәрім рөліндегі Қ. Қармысов, Казанцев рөліндегі Ә. Жолымбетов бұл жолы шеберлік биігінен шыға алмады. Қысқасы, «Түнгі сарын» спектаклінің сәтсіздігін режиссер Елеусізовтің үлкен драмалық шығармадағы негізгі идеяларды жаңсақ түсініп, өнімсіз ойлар жетегінде кетіп, қисық шешімдер жасауынан деп білеміз. Сахнада кеңдік, перспектива жоқ, бәрін қысып тарылтып, бүрістіріп жіберген. Халық екпінін, заман қаһарын бейнелеуге бір-ақ қимыл – шаңырақты көтеріп әкету олқы соғады. Әсіресе пьесаның соңғы көріністерін кесіп тастау авторлық ойға зиян келтірген.
М. ӘУЕЗОВТІҢ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ПЬЕСАСЫ Бір кезде Гете ескерткендей, ұлы қаламгер қаламынан шық қан туындының бәрі бірдей саф алтын бола бермейді. Осы әділет пікірді Әуезов жайлы да айту қажет. 1958 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Дос – Бедел дос» қазірде жұртшылық үшін ұшты-күйлі жоғалып кеткен сияқты. Әдебиетшілер жадынан шығарып, сыншылар елемейтін секілді. Рас, кезінде Ә. Тәжібаев: «Мұқаң ең соңғы пьесасында қазақ тілін ұмыта бастағандай, диалогқа тән ұшқырлық, икемділік жоқ» деп жазған болатын. («Өмір және поэзия». Алматы, 1960. – 440-бет). Осы бір дәлелсіз пікірден басқа «Дос – Бедел досты» арнайы сөз еткен, идеялық көркемдік жағынан талдаған, драмалық құрылысына зер салған, тексерген адам жоқ. Орыс әдебиетшілері «Өлі жандардың» бірінші томындағы данышпандық шеберлікті, елін сүйген азамат жүрек махаб батын қастерлеп, құнттап, құрметтеп талай кітаптар жазды. Екінші томдағы адасулар сырын ашты. Пушкиннің бір ауыз сөзін ұғынуға, Лермонтовтың бейтаныс жанның альбомына қалдырған қолтаңбасын ажыратуға кемел ғалымдар көзінің ма йын тауысады. Қасиетті дәстүр, ғибрат аларлық дәстүр. «Дос – Бедел дос» туралы баға неге жоқ? Әлде бұл идеялық жағынан тартымсыз шығарма ма? Әлде пікір айтуға тұрмай тындай солғын, көркемдігі ақсап жатқан дүние ме еді? Әлде… Әлде сынның танауына су жетпейтіндей, қазақ әдебие тінде пьеса аткөпір болып, күнде қаулап туып жатыр ма? Мұның бірі де емес. Гәп – «Дос – Бедел дос» пьесасында Әуе зов таланты бұрын жұртқа мүлде белгісіз, өзгеше бір күйде, жаңа сапада бой көрсетуінде. Фантастика бар мұнда. Драма тургия тарихында қолданылған әйгілі әдіс. Шекспир Гамлет тің әкесінің аруағын сөйлетеді. «Король Лирде» өріп жүрген
албастылар бар; «Дауылдағы» ғаламаттар. Гете лақса болған Фаусты жап-жас жігіт етіп жасартып жібереді. Теңіздей терең идеялар, мұхиттай мол ойлар айту қажет болған шақта қиялда шек жоқ. Драматургияда әлгіндей фантастикалық күйлер пә лендей таңырқатпайды, ол өнерде бола беретін, тіпті қажет шарттылық деп ұғынамыз. Керек десеңіз алысты шарламай-ақ «Қарагөз» трагедиясы ның аяқталуын есіңізге түсіріңіз. Ал қазақ драматургиясында фантастика әуені ең мол ара ласқан шығарма «Дос – Бедел дос» дейміз. Пьеса идеясы – гу манизмнің адамды өрге жетелейтін қуатты күшін мадақтау. Философиясы – әркім заманының перзенті. Осы шындықтар көркем шығарма тілімен жаңаша сөйлейді, өзгеше әсер беріп құлпырады. Үш актіде үш қоғамдық құбылыс көрінісі бар: фео дализм, капитализм, социализм. Бедел, Жаппас, Шәріп, Хажендер феодализм, капитализмнің шет-пұшпағын бала-бозбала күндерінде ептеп көріп қалғандар. Драматург бұл орайда фантазия тізгінін босатады. Осы адам дар әлгі қоғамдарда өмір сүрсе не болар еді? Бірінші актідегі молда Бедел тасбих тартып мүлгіп қалған меңіреу емес, келер күннің саңылау жарығына аз да болса көзін тіккен адам. Сол үшін де дүлей қараңғылық, фанатизмнің те мір табанына түседі: ол қазіреттен қарғыс алады, қызы Гүлжан нан айрылады, өмірі күйрейді. Қыр соңынан қалмай жүрген қырсық – қара албастыдай Жаппас. Екінші актідегі мұғалім Бедел парасат майданындағы күрес ке бел шешіп түсіп кетпегенімен, туған халқының қамырық қайғысына қабырғасы қайысатын азамат, ағартушылық жо лын қуған сыңайы бар. Түн-түнек басқан сұм заман бәрібір топшы сындырады: Бедел айдалады, қызы Гүлжан у ішіп өледі. Алғашқы айқас – бір сермеліп сынған қылыш. Үшінші актіде ғалым Беделдің мағыналы, кезеңді өмірі, за ман, дүние, халық жайлы тебіреністер, толғауы. «Дос – Бедел дос» Әуезовтің басқа пьесаларына ұқсамайды. Мұнан «Еңлік – Кебектегі» поэтикалық тілді, сөйлем ыр ғағын, «Абай» трагедиясындағы сюжет жасау әдісін, архи
тектониканың дәл өзін іздеу ерсі. «Дос – Бедел дос» басқаша принципте жазылған шығарма. Ең алдымен, бұл пьеса фан тастика талабына сәйкес келеді. Қараңыз, Бедел басынан ке шірмеген жәйттерді түсінде көргендей болады. Анда-санда Тарих (бір қаһарман ретінде алынған) Беделдің өзімен сөйлесіп, мұғалім Беделдің әрекет, қадамдарын бағалап, саралап отырады. Пьеса қаһармандары үш түрлі қоғамдық құбылыста, негізінен бір-біріне ұқсастау оқиғаларды бастарынан кешіреді. Әрине, бұл шартты түрде алынған нәрсе. Сөйтсе де жазушының осы жерде жасап алған дайын схемаға салынып кеткенін айту керек, бұл жәйт пьесаның реалистік қуатын солғындатқан. Әлеуметтік орта атмосферасын дәл беру үшін, алғашқы актіде драматург кейіпкерлерінің аузына араб, парсы сөздерін әдейі салған. Олар шығарманы түсініксіз етіп, бүлдіріп тұрған жоқ. Қайта дін фанатизмін дәлді бейнелеуге дөп табылған бояулар. Бұл пьесаның кино өнерінің, сахнаның бүгінгі табыстарын ескере жазылғандығы айдан анық: драматург режиссердің жарты жұмысын тындырып қойған. Сахналық орналасулар, мизансцена, тіпті жарықты қалай пайдалануға дейін ремаркада айтылып отырады. МХАТ көрсететін «Сүйкімді суайт» спектаклін, қазір ГДРда ойналып жүрген «Фаусты» ескерсек, «Дос – Бедел досты» қоюдың көп қиындығы жоқ сияқты көрінеді. Сенбей қаласың. Апыл-ғұпыл сыдыртып қарап шығасың. Қайта шұқшиясың. Зер салып, көңіл бөліп оқи бастайсың. Кос мостың, саясаттың жөн-жосығы, сол саладағы қатпар қиын дықтар, табыстар, техниканың шетін, соны жәйттерін топшы лаған гәп. Таңырқау. Қайта күдік. Бөгде, жат жазу шығар? Әншейін кіріп кеткен қосақ арасының дүниесі болмасын? Жо-жоқ. Өз қолы, Әуезовтің оп-оңай таныла қоймайтын жазуы, өз шы ғармасы. Әуезовтің соңғы пьесасы «Дос – Бедел дос» емес екен, «2010 жылда» деген пьеса. Бұл шығарма жазушының әдебимемориалдық музейі архивінің №138 папкасында сақталып
келген. Сырты қатты, түсі сұр, жалпы дәптер беттерінің екі жағына бірдей ақ жол қалдырмастан тығыз жазылыпты. Өшірілген, сызылған, түзетілген жерлері мол. Жазушы жоспарына қарағанда «Дос – Бедел дос» дилогияның бірінші, ал мына пьеса – екінші бөлімі «Жарым ғасыр», «Елу жылдан соң», «Жарым ғасыр соңында», «Жарым ғасыр өткен соң», «2010 жылда» атты варианттары жарыса қатар тұр. Қа һарманға келсек, бәрі де «Дос – Бедел достағылар» – сол есім, сол адамдар. Пьесаның дәл қашан жазылғаны белгісіз, жазушы ешқандай дата қоймаған. Бірақ бұл мәселені айқындауға болатын бірнеше мүмкіндік бар. Біріншіден, «Дос – Бедел досты» 1957 жылдың соңғы айларында бітіргенін Әуезов «Қазақ әдебиеті» газеті нің 1958 жылғы жаңа жылдық анкетасына берген жауабында айтқан болатын. Екіншіден, тұңғыш қазан айында, ал бортында ит бар жер серігі қараша айында ұшырылды. Бұл да 1957 жы лы. Үшіншіден, Әуезов қолжазбасынан мынаны оқуға болады: «Серік орбитаға шыққан кезде тыныс жиілігі әуелгіден үш-төрт есе артты (иттің физиологиялық функциясындағы өз герістер)». Мәтінде бұл жер орысша. Сөз жоқ, әлгі мәлімет се ріктер ұшырылғаннан кейін ғана айтылуы мүмкін. Сөйтіп, жоғарыдағы жәйттерге сүйеніп, «2010 жылда» пьесасы «Дос – Бедел доспен» біршамада, 1957 жылдың соңында космосқа әлі адам ұшпай тұрған кезде жазылды деуге болады. Бұл шығарма қандай тілек-талаптан туды? Жердің тартылыс күшін үзіп, космосқа серіктер самғатқан ғылыми техникалық ойдың салтанатына қошемет қаншама? «Правдаға» Всеволод Иванов «Совет халқының даналығы», ал Константин Федин «Жұлдыздарға» деген публицистикалық мақала жазып, жүрек лүпілін білдірді, азаматтық мақтанышпен айтты. Әуезовтің фан тастикаға бой ұруы неліктен? Бұл сұраудың жауабын пьесаның негізінен аяқталған прологынан табамыз. Оқиық: «Бедел мен Тарих. Енді Бедел шақырады тағы бір саяхатқа. Тарих таңырқайды. Қандай саяхатқа? Бұл білмес қандай заман бар, қандай соны болуы мүмкін? Әсіресе Тарих білмеген, адам білетін қандай сырлы сала тарих бар? Бедел сенімді.
Бедел: Мына сізге мәлімді сіздің әңгімеңізге баяндамақ бол сам, ол өрескел болар еді. Әділін білмеу, дандайсу десе де сый ғандай. Бірақ, мен сізді өзіңіз кешірген шақтарға шақырмаймын. Мен Болашаққа шақырамын… Тарих: Мен болашақты болжаймын. Бедел: Мен болжаймын. Тарих: Болжап көріңіз. Бедел: Ендеше жүріңіз, алға бастық. Сахнада тарих беті аударылып түседі. Тарих пен Бедел жерде. Түстері мүлде жаңа, киімдері басқаша: жеңіл, көркем, көп бояулы, сәнді күйде…». «Дос – Бедел дос» пьесасында әдейі шарттылыққа барып, бір адам басынан үш қоғамдық формацияны кешкендегі тағ дыр талайды суреттеген драматургтің қиялы енді болашаты көрсетуге ұмтылуы заңды. Әуезов ол үшін тағы да фантастикаға қол созған. Қазірде фантаст әулетінің етене машығының бірі – ертеңгі күнді суреттеу, болашақты бейнелеу. Француздың белді әде биет сыншысы, «Ғылыми фантастика әлемінде» деген көлем ді зерттеудің авторы Юбер Жюзи: «Совет жазушылары фан тастикаға бой ұрғанда болашақты, адамдардың жарқын ке лешегін көрсетеді. Ал америкалық фантастар зәре-құтыңды ұшырады», – деп бостан-босқа жазған жоқ-ты. Десе дегендей, 1962 Нью-Йоркте атышулы Самюэль Деланидің «Эптор қазы налары» деген фантастикалық романы жарияланды. Мазмұ ны – құрыған дүние, қаусаған цивилизация, атом соғысы бәрін жалмап, жұтып, жеп қойған. Рас, жылына сан-сапалақ сұмдықтарға толы 100-120 фантастикалық кітап шығаратын Америка үшін бұл жаңалық емес. Француз Рене Жилуэннің «Адам – жендет» деген кітабы да осындай сыңайда. Күн мен түндей кереғар екі бағыт, екі тенденция: бірі асыл армандар мен игі мақсаттардың жақсы келешегін жырласа, екіншісі әлем-тапырық тозақ отындай сұмдықты көрсетіп, болашақтан бездіреді.
Әуезов суреттеуіндегі өмір – 2010 жыл шындығы. Жарқын шуақты тірлік. Қырғын бомбамен ойран-ботқасы шыққан лақ са жер емес, бәйшешекті өмір, жаңа бүршік атқан жұпар иісті жас махаббаттың құлақ күйі, алысқа мегзеген ойлар, пікірлер таласы. Жазушының фантастикалық шығарма жазуға көз жұмбай лықпен күмп бермегені, әсіресе ғылыми-техникалық әдебиетті қаузағаны, серіктер ұшыру мәселесіне бойлап көңіл бөлгенін көреміз. Әрине, бұл арада драматург қолжазбасындағы космосқа орай әр түрлі әдебиеттен алынған материалдарды тұтас беру қажет емес. Азын-аулақ мысалдардың өзі ізденіс, барлау қай бағытта болғанын аңғартады. Тірі организмнің космостық жағдайды қалай басынан ке шіргенін баяндайтын жазулардың бір парағын оқып көрейік: «…старттан орбитаға шыққанға дейін ит организмінде айтар лықтай өзгеріс болған жоқ. Бұдан кейін салмақсыздық жағдайы басталды. Қалыпты атмосфералық қысым, оттегі 20-40 процент, кө мірқышқыл газы бір проценттен артық емес (кабинада). Мақсат: адам организмінің космостық ұшуларға бейімділігін тексеру». Бұл жәйттердің космосқа екінші серік ұшырылғаннан соң белгілі болғаны өзінен-өзі түсінікті. Пьеса соңында қарын дашпен жазылған беттер космосқа адам ұшыру, сол төңіректегі техникалық жетістіктер, шешілмеген түйіндер, қиын пробле малар хақында. Ең аяғында «Совет ғалымдарының серіктер жайлы тәжірибесі» деген жазу бар. Осындай ізденістерге барып, нақты техникалық мәлімет терді әдейі қарастырғанын көреміз. «2010 жылда» пьесасы дегенде, бұл шығарма төрт аяғынан тік бітіп тұрған драматур гиялық туынды емес. Пролог аяқталған, кейбір суреттердің диалогтары жазылған. Барлығы сегіз сурет. Жазушы қара сөз бен кейіпкерлердің арақатынасын айқындаған, сюжет желісін сызған: сезімдер шарпысуы, мінездер қақтығысының ұзын-
сүре жолы тартылған. Қайталаймын, «2010 жылда» тәмамдал ған пьеса емес, эскиз, ұлы жоба, пьесаның шала біткен түрі, жоспары. Толстой, Роллан, Шолохов, Голсуорси эпопеяларымен иық тас «Абай жолы» эпопеясының құдіретін тамашалап қою аз. Мұхаңнан қалған байтақ мұраны тұтас қамтып, терең зерт теп, түгел бағалау шарт. Осы борышты ойлаған кезде «2010 жыл- да» фантастикалық пьесаның аяқталмаған күйінің қанша лықты маңызды екенін түсінеміз. Елу жыл өткен, ХХІ ғасыр, 2010 жыл. Үлкен ғылым, зор із деніс ордасы – Ұланбел қаласы. Бедел, Сана, Жаппас, Асандар – тарихшы, Гүлжан, Делдал, Бибі. Бұлардың ішінде әсіресе биік теп өскен жас ғалым, үздік физик Делдал. Москва түлегі. Сана, Бибі үшеуі космос сапарына аса қажет аппарат ойлап шығарған. Сынау керек соны. Драматург сюжет бағытын жаңа аппарат сынаудың қираке зік шырғалаңына бұрмайды. Негізгі арна – сезім, психология. Үш жастың – Делдал, Сана, Бибінің басындағы хал. Екі қыздың бір жігітті ұнатқан сыңайы бар. Не істемек керек? Делдал өзі тапқан аппаратты Бибіге береді. Бұл біреудің сезімін, ойын басқаға айтып бере алатын аппарат. Бибі шешіледі. Сүйетіндігін білдіреді. Гүлжан аппаратты кимейді. Жан сырын ашып қоюдан жасқанады. Оның есесіне Делдал ойлап тапқан космостық аппаратты сынауға бел буады. Не жеңіс, не қаза. Гүлжан айға ұшады. Сахнадан телевизор арқылы дайындық ұшудың барлық сәттері тұтас көрінеді. Фантастикалық әдебиетте Айға ұшу жаңалық емес. Ерте гілердегі самұрық қанатында жету өз алдына, Эдгар По шығар масында ауа шарымен, Жюль Верннің белгілі «Жерден Айға» романында адамдар зеңбірекпен атылған снаряд ішінде ұшады. Бұл шығармалардың философиялық тереңдігінен гөрі оқиғасы басым. Ал Әуезов пьесасындағы идеялар мен сарындар кейінгі фан тастармен, әсіресе Герберт Уэльстің бұл жанрға енгізген ға жайып күйдің астары болып көрінетін әлеуметтік, қоғамдық мәнмен сабақтас.
Жазушының өз кітапханасында фантастардан француз Жюль Верн, ағылшын Герберт Уэльс, поляк Станислав Лем, орыс Иван Ефремовтың кітаптары бар. Палеонтолог, профессор И. Ефремовтың «Андромеда тұмандығы» романындағы кейбір күйлер, жайлар Әуезовтің «2010 жылда» пьесасымен орайлас, бір бағытта. Гүлжан Айға ұшып кетті. Ұланбелдегі үлкен ғылым ке ңесі зор іс үстінде. Дүниежүзілік кітап шықпақ. Барлық сала дағы бұрын-соңғы табыстар жөніндегі кітаптың Қазақстан жа йындағы бөлімін жазуға Гүлжанның әкесі Бедел, шешесі Сана қатысады. Гүлжан орала ма, жоқ па? Өлі ме, тірі ме? Осындай ойлар, та ғатсыз сағаттардағы сезімдер буған бұл екеуі жұмысқа белсене кірісе алмайды. Хабар! Гүлжан хабары. Белгісіз бір шифр. Аппараттардың көп-көп сигналдары. Родезия, Мексика ұстаған. Париж, Лондон, Рим аспанға қараулы. Әлем құлағы түрулі. Бәрі де Айға ұшқан жанның хабарын күтеді. Сұрау бойынша Қызылқұмда жауын, оның артынан күншуақ жіберілді. Адамдар үшін бұрынғы көп сөз, көп ұғым архаизмге айналған. Киев ұстаған шифрдің мәнін білетін жер үстінде жалғыз-ақ адам бар – Делдал. Ол – Гүлжанның «сүйем» деген сөзі. Инженер Бибі толқу үстінде, Айға ұшқан құрбысына әрі мақтанады, әрі тамашалайды, жүректің бір бүйіріндегі қызғаныш бүлкілді жасыру және қиын. Делдалмен сөйлесуге жүзі шыдамайды. Сахнада Бибі мен Делдалдың ішкі ойлары сөйлеседі. Қуаныш! Гүлжан Қарақұмға келіп түсті. Ұланбелдегілер бір-бір тікұшаққа мініп солай қарай ұшып жөнеліседі. Делдал аппараты ойдағыдай сыналған. Пьеса Беделдің монологымен бітеді. Аяқталмаған, бітпей қалған «2010 жылда» пьесасы бір жағынан Әуезовтің көп қырлы талантының жаңа сырларын ашуға көмектессе, екінші жағынан ғылыми-фантастикалық драматургияның соны жайлау, биік өрісін мегзейді.
ТАҒЫ ДА СПЕКТАКЛЬ «Кремль куранттары» Тамыз. 1965. Алматының рухани өмірінде, аса мәнді оқиға болып жатыр. Мәскеу көркем академиялық театры – МХАТ келді! Беташар – Николай Погодиннің «Кремль куранттары». Ленин туралы трилогия – үш пьеса жазған Погодин суреткерлік ерлік жасады. Осы шығармалардың туу, жазылу тарихына көз жүгіртсек, кесек таланттың өр шабыты, сырбаз суреткердің инемен құдық қазар еңбеккерлігі, ең бастысы үлкен тақырыпқа деген зор жауапкершілік таңғалдырады. 1936 жылы Үкіметіміз жазушыларды әдебиет пен өнерде Ле нин тұлғасын бейнелеуге шақырған-ды. Абыройлы міндет, ауыр міндет. Шығармалар туа бастады: Треневтің «Нева жағасында», Корнейчуктің «Шындық», Афиногеневтің «Москва, Кремль», А. Толстойдың «Жеңіске жол» пьесаларын осы тұста атауға болады. Бұлардың бәрінде көсем бейнесін жасауға ұмтылған жақсы ниет ойдағыдай сәтті шыға алған жоқ. Аталған авторлардың басты кемшілігі Лениннің сөйлеу тілін беруде еді. Бұлар ре волюция көсемінің стенографиялық сөздерін сол қалпында пайдаланумен шектелді. Мұндай статика көркем образ жасауға лайық құрал бола алған жоқ. Погодин басқа жолмен тартты. «Правда» газетінде ұзақ жылдар бойы жүріп-тұратын тілші боп істеген жазушы кейіп керлердің әсіресе сөйлеу тілінде, тек бір адамға ғана тән мә нер, мақамды зерттеуге төселген-ді. 1959 жылы «Вопросы ли тературы» журналының төртінші санында басылған мақала сында Погодин Ленин жайлы пьесаларын қалай жазғанына тиянақты тоқталды. Бақсақ, жазушы Лениннің шығармаларын әлденеше рет қайталап оқып шыққан, құнттап тексерген, тіпті кей еңбектер ді ұйқыдан оятып сұрасаң да, жатқа айтып берерлік дәрежеге
жетіпті. Ленин жайлы жазылған естеліктерді, архивтерді зерттеу өз алдына бір сала. Өзімен «Правдада» қызметтес болған Мария Ильиничнаның Погодинге айтқан әңгімесі, тигізген пайдасы, берген кеңесі де аз болмаса керек. Сөйтіп, драматургия социалистік реализмнің биік жетіс тіктерінің бірінен саналатын трилогия: «Мылтықты адам» (1937), «Кремль куранттары» (1940, 1955), «Салтанат жыры» (1958) пьесалары туды. «Кремль куранттары» – МХАТ репертуарынан берік орын алған шығармалардың бірі. Қара жүрек жаумен тістесе арпа лысқан, кескілескен ұрыс жүріп жатқан қиракезік күннің өзінде МХАТ өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Театрдың негізін салушылардың әрі көркемдік жағын басқарушылардың бірі Вл. Немирович-Данченко 1942 «Кремль куранттарын» сахнаға шығарды. Жазушының өзі айтқандай, Вл. Немирович-Данченко пьеса ның әбден жетілуіне, композициясының ширап, кейіпкерлер дің мүсінделе түсуіне көп ақыл қосыпты. Жеке сценалардың, кейбір картиналардың режиссер кеңесімен қайта жазылған реттері де бар екен. Көрермен «Кремль куранттары» шу деп басталғанда алғаш қы суреттің шыншылдығына, өмірден тіліп алғандай кесекті гіне таңырқағаны соншалық, демін ішіне тартады. Дүние төң керіліп түскен тар кезең, тас қақпа кескінін көз алдыңызға тірі қалпында әкеле қояды. «Алтын крест, сом крест, нағыз крест, ұнға айырбастаймын» деп дін түгіл әкесінің сүйегін сатып жі беруге әзір дауыспен поп зар қақса, кешегі инженер көше ақ тап, «қауіпсіз, күкіртті сіріңке, қауіпсіз күкіртті сіріңке» деп тентірейді. Қалың тобыр. Бәрі тіленші. Бәрі қақсайды. Сон дағылары – құлқын қамы. Қызыл әскер үні естіледі. Әлгілер тым-тырақай қашады. Ән дауылдап, көтеріліп барады. Жауынгерлердің екпінді маршы. Иә, бұл жиырмасыншы жылдар. Пьесаның алғашқы ва риантында Иверь қақпасы алдында өтетін оқиға кейінірек көр сетілетін.
Задында, осы сурет көрерменнің назарын бірден, магниттей өзіне тартып әкететін, дүрбелең дәуір рухын бейне жарып көр сеткендей жарқын әсермен баурап алады да, енді не болар екен деген құштарлықты маздата түседі. Кейбір добал режиссер лердің пьесаны қидалап қор қылатын, өнер аулынан мүлде алыс қыжал мінезі емес, қайта Погодин секілді үздік талантты драматургтің өзіне ақыл қосқан, мағыналы нәр берген көреген режиссер Вл. Немирович-Данченконың айтылмыш көріністі алға шығаруы – театр мен жазушының достығын паш ететін өнегелі іс. Қашан дүниеден көшкенше, Погодин Ленин туралы пьеса ларын өңдей беруді, толықтыруды, ширата түсуді өзінің жа зушылық мақсатының бірі деп түсінді. Тек «Кремль курант тарының» бірнеше нұсқасы бар. Әр бағдарда қайта-қайта жазылған сценарийлер толып жатыр. 1959 жылы Погодин «Кремль куранттарына» тағы шұқшиды, жаңа, сапалы, та бысты өзгерістер жасады. Ол – пьесаның финалы. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры сах насында МХАТ көрсеткен «Кремль куранттары» – Погодиннің көзі тірісінде ең ақырғы рет құнттап қараған варианты. Ленин туралы трилогияның, үш пьесаның әрқайсысы өз алдына бөлек, аяқталған шығарма. Идеясы, композициясы, кейіпкерлері, бәрбәрі жөнінде осыны айтуға болады. «Кремль куранттарының» «Мылтықты адам» мен «Салтанат жырынан» бір өзгешелігі – мұнда Ленин жан-жақты көрінеді. Қажет десеңіз, көсемнің ішкі дүниесін, шарықтаған қиялы мен буырқанған ақылын ең нәзік суреттейтін осы пьеса. Идея – Ленин арманы. Балақта жатқан, Еуропа мемлекет терінен көш кейін қалған көрбала Россияны алға шығару, экономиканы күрт көтеру, май шаммен сығырайып отырған тауықсоқыр деревняға электр әкелу, міне, Ильич арманы қайда жатыр. Аранын ашқан Антанта омыртқасы үзілгелі көп болған жоқ. 4-0194
Жыланша сүйреңдеген аштық. Саботаж. Қираған завод. Тоқтаған фабрика. Осындай аш-жалаңаш дәуірде электрленді рудің шұғыл жоспарын жасауға қандай адам батылы барады? Жасасын-ақ, іске асуына кім сенеді? Герберт Уэльс «Кремль арманшылы» деп буржуазиялық паң кеудемен күлді емес пе? Погодиннің түпқазық идеясы – Ильич арманы. Қарабайыр, қол-аяқты матап жатқан пұшайман бүгінгіден ертеңгі әсем күнге арғымақ қиялды, іске асар ер ойды шығандату. Бұл – мақсат. Соны драматургия тілімен сахнада қалай бермек керек? Иверь қақпасы алдындағы топалаңдай суреттен соң, оңаша бөлмеде Машаға (РСФР-ға еңбегі сіңген әртіс Г.И. Ка линовская) ғашық жүрек сырын шешіп отырған матрос Ры баковты (РСФСР-ға еңбегі сіңген артист Л.Ф. Золотухин) көру оқшаулау жай. Есікті тарс бекітіп қойып махаббат сөзін жөнсу тілмен айтып тұрған жігіт қалпы аз-кем водевильге де ұқсап кетеді. Бірақ революцияның от-жалынында мұз жастанып, қар кешкен матростың шын сыры, бар келбеті, рас ғашықтықтығына ден қоясыз. Мынадай мінезін қызықтай сыз, жылы раймен күлесіз. Рыбаков «Мылтықты адамдағы» шаруа Иван Шадрин емес, ол революцияға өзі қатысқан, не үшін, кімдер үшін күресетінін жақсы біледі. Ортақ мінез – екеуінің Ильичке деген махаббаты. Погодин қарапайым жандармен, көптің бірімен қатынастыру арқылы Лениннің терең адамгершілік, ересен жылылығын шеберлікпен ашады. Алғашқы суреттер бір жағынан дәуір шындығын, сол кездегі рухты дәл берсе, екінші жағынан, көрермен құштарлығын жа нып отырады: «Қашан Ильич шығады?» деп ынтығасыз. Шаруа Чудновтың (арт. Д.И. Шутов) отбасындағы әбігер, ұлы адамды тосып алу сәттеріндегі толқу сезімдері табиғи күйінде қалың көрерменді де шарпиды. Екпінді аттап, міне, Ленин де кірді. Кейінгі ұрпақтың, мил лиондардың зердесінде сақталған Ленин бейнесін экранда,
сахнада жасаған тамаша артистер Б. Щукин, М. Штраух, В. Софронов, А. Крамов сияқты өнерпаздармен бір қатарда айтылатын СССР халық артисі, Лениндік сыйлықтың лауреаты Б. Смирновтың кесек талантын шалқар шабыт үстінде көрген қауым сатырлата, қыздыра қол соқты. Погодин Ленин тұлғасын жасауда түрлі әдіс қолданады: бірде көсем сезімін, ойын басқа кейіпкерлердің түйсіну, толқуы арқылы бейнелейді, көбіне Ленин тікелей қимыл үстінде кес кінделеді. «Кремль куранттарында» Ленин әуелде шаруа үйінде болады, одан кейін трамвай жөндеушілермен жүздеседі, ақы рында жұмыс кабинетінде, қызмет бабында бой көрсетеді. Осы лай сатылып отырады. Ильич жанының терең иіріміне біртін деп бойың үйрене береді. Сыншылардың Погодин драматургиясының үнемі класси калық үлгісінің сюжет-композиция талап-шарттары үдесінен шыға бермейтін жағын мін етіп таққан кезі де бар. Бұл «Қар қын», «Балта жыры» пьесаларына дөп келгенімен, Ленин жай лы трилогия турасында шындыққа қиыспайды. Мазмұн форма тудыруы керек. Диалектиканың осы қағидасын ескерсек, «Кремль куранттарының» неге көбіне сцена-сцена боп келеті нін ұғамыз. Ленин сияқты серке бейнесін, оның ісін өз дәуірі нің күре тамыр оқиғасы – революциядан, сол революцияның адамдар тағдырына тигізген әсерінен жыра қарауға болмайды. Ендеше Погодин пьесасының бір сюжетті көрінбеуі сырт әсер, «Кремль куранттарының» тұтастығы – идея тұтастығы. Мейлі Забелин болсын, мейлі Рыбаков болсын, мейлі Чуднов болсын, қай кейіпкерді алмаңыз, бәрі де дәуірдің тынысын өз жүрегі мен сезінген, бұған қоса олар Ленин кейпін ашуға әбден керекті персонаждар. Буржуазияның белді қызметкері, кеше ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болып тұрған инженер Забелин Қазан революциясының мәнін, оның тарихи миссиясын бір дегенде түсінбейді. Жұмыс жоқ деуі – желеу ғана. Көше кезіп, сіріңке сатуы – (кеше бүкіл Еуропаға аты әйгілі инженердің) бұл да
совет үкіметіне қарсылық. Тағдыр-ай десеңші, даңқты инженер тамағын сіріңке сатып айырады деген не сұмдық! Әрине, бұл арада гротекс жоқ емес. Инженер Забелин трагедиясын СССР халық артисі Б. Лива нов реалистік арнада, биік шеберлікпен бейнелейді. Болып жат қан терең әлеуметтік өзгеріс мәнін түсінбейтін қарт интелли гент мүлде ашынған. Ол туған қызы Машаны матрос Рыбаков пен көрген сәтте, өз перзентін ертең «жезөкше, жәләп» болады дей салудан тайынбайды. Ливановтың сирек қимылы, өкінішқайғы аралас кесек үні сол дәуірдегі интеллигенцияның талай өкілі басындағы психологиялық драманы дәл жеткізер қарапа йым әрі шынайы бояу. Драматург тек скептик, оптимист, кес телі дама, қорқақ дама деп қана аталған кейіпкерлер күні сөніп, айы батқан топтың соңғы уәж, ақырғы халін елестетеді. Ал Забелин ше? Маша «Парижге, эмиграцияға неге кет педің?» дегенде, ол имандай сырын ақтарады. Инженер Ок тябрьдің мәнін түсінбесе де, туған жерін, Отанын, халқын сү йеді. Сондықтан кете алмайды. Кетпесе де құл-құтан, жақы бай-жарлының үкімет басына барғанына зығырданы қайнайды. Міне, қайда трагедия. Забелиннің матрос Рыбаковпен бетпе-бет келуі символдық әсер қалдырады. Екі Россия кездескендей: ескі, жаңа! РСФСРға еңбегі сіңген артист Л. Золотухин матрос Рыбаковтың жаңа заманға деген құлдық махаббатын, жүректі жара шыққан жа лын сенімін, революция дауылын белден кешкен сарбаз мінез дегі аңғал-саңғалдықты – түп-түгел қаз-қалпында береді. Сонымен, пьесаға негізгі идеяға, арнаға соқпай кететін ли ния, басы артық кейіпкер жоқ. Қаһарман саны 38 болса да, әрқайсысы спектакль архитектоникасына қажетті. Тартысты шиеленістің бірі – Забелиннің Ленин алдына келуі. Инженер бірден иіле қоймайды, іште қатқан қаны бар. Лениннің «Қалай саботаж ба, жұмыс па?» деген сөзін Б. Смирнов қынаптан қы лыш суырғандай етіп, саңқ етіп айтады. Ескі интеллигенцияны көсем әрі ащы сықақ етеді, әрі айқын дәлелмен жаңа шындық
тың жарқын, айқын екенін елестетеді. Инженердің сіріңке сатып жүргенін естіген сәттегі Ильич ашуы қандай! Сірә, Б. Смирнов Ленин рөлін ойнайды деп қана айту мүлде аз болар. Б. Смирнов Ленин бейнесін жасайды. Забелинді қабылдаған сценада қаншама күш бар. Күрделі адам мінезінің қырық сан қыры – сахнада көрінеді. Б. Смирнов Лениннің түрін, тұлға сын, қимылын, сөйлеу мақамын ғана терең шеберлікпен, зор өнерпаздықпен көрсетіп қоймайды. Ильичтің өткір мысқылын, көзіндегі әнтек сәулеге дейін, ерін ұшындағы әзіл ұшқынын, қабаққа қонақтаған ой үзігін, көкіректі кернеген арманды – бәр-бәрін қақас қалдырмайды. Смирновтың Ленин рөлін ойнауы, шынтуайтқа келгенде, үлкен бір актерлік мектеп. Сіз, дәл бағып отырсаңыз, көсем кө кірегінде арман, Россияны гүлдендіру арманы қалайша толқып жатқанын аңдағандай боласыз. Ильичтің бір нәрсеге үңіле бой салуы, шұқшия қадалуы, толқын ой, шешендік сөз арнасын ағытқан өзен тасқынындай төгілуі – осының күллісін Борис Смирнов сахнаға шығара алған. 7 тамыз, 1965 жыл БЕРНАРД ШОУМЕН ДИДАРЛАСҚАНДА Репертуар – театр беті іспеттес. Негізгі бағыт, құрық сілтеген ізденістер одан көрінбей қалмайды. МХАТ репертуары бай, сан алуан. Американ драматургі Джером Килтидің «Сүйкімді суайт» комедиясын МХАТ тұңғыш рет 1962 жылы қойған болатын. Жер шарының әйгілі театрларының көбінде жүрген бұл комедия несімен қызық? Аз уақыт ішінде МХАТ-тың өзі оны 200 рет қойды. «Сүйкімді суайт» шу-дамай модерннен аулақ, бірақ аса қы зық қиыстырылған шығарма. Пьеса хат түрінде жазылған, екі актілі, кейіпкер де екеу-ақ: ағылшынның атақты драматург Джордж Бернард Шоу және кезінде белгілі болған актриса
Патрик Кемпбел. Комедия драматург Д. Килтидің қиялынан ғана тумаған, ол нақтылы документтерге сүйенді. Шоу мен Кемпбел қырық жыл бойы үзбей хат жазысып тұрған және олардың өздері дүниеден көшкен соң жеке кітап болып басылып шықты. Комедияның ұлы арқауы – нақты деректер. Шу дегенде комедия құлаққа тосын естіліп, көзге оқшау әсер етеді. Бұл шығармада әдеттегі пьесаларда болатын оқиға, тартыс, диалог жоқ. Оның есесіне кезек-кезек ауысып отыратын Шоу мен Кемпбел монологтары ғана, оның өзі ұзақ хат түрінде келеді. Көрермен бірте-бірте спектакль атмосферасына еніп, пьеса ның оқшау өзгешелігін тани бастайды. Қайта қойылым ерек шеліктері пьесадағы екі кейіпкердің қылт еткен титтей қи мылына дейін қақас қалдырмай, қағілез бағып отыруды мо йындатады. Тоқсан төрт жаста дүние салған Бернард Шоу ұзақ өмірде талай кемерге құлаш сермеген, мың құлап, мың тұрған, өзі тізе бүккен, өзгені тізе бүктірген, біреуді сүйген, біреудің сүйіктісі болған; әлденеше романның, толып жатқан публицистикалық, әдеби сын кітаптардың, дүниежүзі сахнасына жаңа үн, өзгеше леппен байытқан пьесалар авторы табандатқан қырық жыл бойы аты шулы актриса Патрик Кемпбелге үзбей хат жазып отырды деп кім ойлаған? Хат – етжақын адамдардың еркін сырласуы. Ол көркем әңгіменің қысқалық, нақтылық шеберлік деген талаптарын, пьесаның дәлдік, психологизм, характер атты шарттарын, романның қос қыртыс көлемін мүлде мойындамайды. Хат кө ңіл күйдің ешбір ережеге бағынбай, бәз қалпында, қалтқытартқысыз қағазға түскен сәулесі. Ирландық юморымен Еу ропаны күлкіге қарық қылған өткір пьесалар авторы Шоудың қырық жыл бойғы әйгілі актрисаға жазған хаттары. Сірә, қызыққа толы болар? Ынта үстіне ынта. Патрик Кемпбел рөлін ойнаған СССР ха лық артисткасы А.И. Степанова асқақ, өр, бірде баладай аңқау, бірде шалдуар қырсау жанның әр жастағы, әр күйдегі мінезін береді.
Кең көкіректен күмбірлеп шыққан дауысы, сәл мұң шалған көзі даңқты актрисаның бір кезде Шоу сезімін баурап, тұтқын еткен сұлулығының айғағындай. СССР халық артисі А.П. Кторов Шоудың түр ұқсастығын, шын ирландтық тіл мақамын тамаша келтіреді. Талантты су реткер мінезіндегі аңғал-саңғалдық та жасырын қалмаған. Шоу (Кторов) сүйіспеншілік сырын шертіп отырып, келеңсіз жәйтті де соға салады. ХХ ғасыр басындағы түрлі әлеуметтік оқиғалар көрінісі салқар көштей тізіліп өтіп жатады. Бәрі хат арқылы, драматург, артист сыры, солардың өмірде қалдырған іздері арқылы көрініс береді. Виктория Королеваның өткен дәурені қараңдайды. Бірін ші дүниежүзілік соғыс, одан тұтанған фашизм кесапатты зіл төгеді. Пьесадағы негізгі арна-лейтмотив – өнер тағдыры, өнер мұ раты. Түптеп келгенде, Кемпбел мен Шоуды бір-біріне жа қын тұттырған сол өнерге деген сөнбес ғашықтық. Кемпбел Шоуды қанша «аяулым, жаным», Шоу Кемпбелді қанша «кү нім, сүйіктім» десе де олар қосыла алмайды. Өйткені олар бір құшаққа сыяр жүректер емес. Екеуінің де айнымай, өмір бақи таймай сүйері біреу-ақ – өнер. Шоудың «Пигмалион» пьеса сының тууы, соның алғаш рет сахнаға шығу тарихы баян далатын мезет махаббаттың, жалын сезімнің талантты шабыт тандыратыны әдемі бейнелейді. Хаттардан Кемпбелдің сан сала артистік мінезінің мол қыры жасырын қала алмағаны сияқты Шоудың да азамат кеудесі молынан ашылады. Мынау ақбас, ұрты суала түскен, жүзі қуқыл адам – Шоу. Даусы дірілдеп, іш толқынды жасыра алмай тұр. Ыза, кек, ашу бардай. Қолды-аяққа тұрмайды. Қимылы жіті, көзі сұсты. Осының алдында ғана Патриктен хат келген. Аяныш халді мұң етіп шағатын жыларман хат. Басын тік көтеріп, ШоуКторов жұдырық түйе сөйлеп тұр: «Ұлыңды өлтірген! Өйткені
адамдар бір-біріне қасқыр». Қасқыр ортаның қасқырдай суық моралі. Жыл артынан жыл өтеді. Бәрібір хаттар толастамайды. Байқайсыз, олар енді ғашық көңілдің мұң-шыны емес, өмір өріне шыққан жандардың өз ішіне үңілуі, өткен тірлікке ба ғыштай айтқан бағасына да ұқсап кетеді. Баяғы әзіл, баяғы күлкі жас араласқан қамырық ішінен сығалайды. Шоудың ең жақсы пьесасында басты рөлді зор шабытпен ойнаған Кемпбел басқаға тұрмысқа шығады. Сонымен арадағы қатынас үзілетіндей еді. Бекер. Тағы, тағы шыншыл жүректер дүрсілі дірілді дауыспен көрермен көңілінің пернесін басады. Еңіс. Сексенді алқымдаған Шоу – пьесалары Еуропа, Аме рика театрларында үзбей жүріп жатқан әйгілі драматург. Ал Кемпбел болса, Париждің қараңғы бұрыштарының бірінде қоңторғай тірлік кешеді, кішігірім рөл алса, ол да жүдеу өміріне талғажау. Бәрібір өр жүректі әйелдің асқақ күйі асқақ. Тең, бастас адамы, айнымас досы Бернард Шоумен арадағы хатты үзбейді. Өмір, адам, мұрат, пәни – осылар жайлы тебіреністі ойлар толқын атады. Комедияны РСФСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер И.М. Раевский қойған. Көп-көп монолог бейберекет быты рамай, қыштай қиысып, сындарлы кіріккен. Өткенді еске алу, қазіргі өмір тұтас ағын түрінде өтіп жатады. Тіпті жеке ауысулардың қалай болғанын көрермен байқамай да қалады. Горькийдің «Пьеса симфония секілді жасалады» деген пікірі бар. Жинақтылық, шашау шықпас көп үнділікке мегзеген дана ой. Осы принципті М. Раевский жақсы пайдаланған екен. Болеро сазына ұқсас музыкалық әуен қос қаһарман көңіл күйіне үн қосады, кейде оқиғалар арасын қиыстырады, кейде сцена лардың жарасты атмосферасы секілді. Өнер тағдыры, өнер адамдары махаббаты жайлы мұндай кездесулер әмсе толғантады. 15 тамыз, 1965 жыл
АЩЫ КҮЛКІ УЫТЫ Оскар Уайльд – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағылшын әдебиетінің атышулы өкілі. Сан алуан сарын жазушы қаламына ықпал жасап, таңба салып із қалдырғанымен, оның шығармаларының негізгі бағ дарын, адамшылық идеясын, прогресшіл арнасын тәрк ете алған жоқ. Ақсүйектер колледжін бітіріп, Оксфорд университетінде білім алған талантты жас Лондонның, Париждің жоғарғы қа уымының дырду өмірінің небір думанына белшесінен батқан. Көкірегі ашық, басы бос сал көңіл жігіт сол жалт-жұлт тірлікті асау арман медеті тұтып, талай жылын өткізген. Бірақ дабыра, шу, мәнсіз топтың сырт көзге жабулы, арам түйткілдерін түгел аңдап, көкірекке түйіп жүрген. Сол сырлар, ащы ойлар кезі келіп, қағаз бетіне түсіп, көпке жария болады. МХАТ көрсеткен «Мінсіз күйеу» комедиясы – О. Уайльд пен өмір арасындағы күрделі байланысты терең ұғына алмай қан ша малтығып, қанша «әдебиет саясатпен қоңсы қона алмайды» деген ойды тұтынғанымен, үлкен талант өмір дидарын, түрлі сатыда тұрған қияли адамдардың сан түрлі психологиясын көрсетіп беруден, шындықтан, реализмнен безініп кете алған жоқ. СССР халық артисі, режиссер В.Я. Станицын «Мінсіз күйеу» комедиясын қойған кезде жазушы әлемінің ұңғыл-шұңғылына сүңгіп, оның әр қырын түгел қарпып, спектакльдің биік дә режеде шығуына мол күш жұмсаған. Өткен ғасыр аяғындағы Лондон ақсүйектері өмірінің, перде артындағы сиқын жария қылатын «Мінсіз күйеу» комедиясы асқан артистік қабілет, ең алдымен дәл психологизмге баруды талап етеді. Әйтпесе жал тырап тұрған диалогты сыдырта айтып шығудың жаңсақ, оңай машығына түсіп кету қиын емес. Не бәрі жиырма төрт сағат ішінде болатын оқиғада көп тағ дырлар хикаясы, сан алуан адамның жүрек күйі ақтарылады.
Өзге түгіл, өзінен жасырған, жеті сандық түбіне тыққан көмбе ашылып, құпия паш етіледі. Англия Сыртқы істер министрлігінің қабырғалы қызметкері сэр Роберт Чилтерн (СССР халық артисі П.В. Массальский) сырт көзге жүзік көзінен өткендей жақсы әсер қалдырады. Ше шен. Қимылы ширақ. Мансап баспалдағының қасқа жолында өр кеуде, аршындап бара жатқан бір жан. Қараңыз, пәле аяқ астынан. Шынашақтай ғана миссис Чивли (РСФСР халық ар тисі С.С. Пилявская) әлекедей жаланып, Роберт Чилтернді өз үйінде қуырады. Бағанағы өр, асқақ Чилтерн аяқ астынан аласарып, құрып бара жатқандай, қара жердің жарығы табылса түсіп кетердей, даусы қалтырайды, көзі жыпылықтайды. Сол қолы шалбар қалтасына әдеттегідей әлсін-әлсін сұғылудан да қалған. Не сұмдық! Осы бір терең драмалық ситуациядағы Массальский мен Пилявская өнеріне айызың қана ден қоясың. Пилявская та лантының тегеуріні ерекше қуатпен бой көрсетеді. Мисс Чивли қаһарға мінген кезде Гете Мефистофелінің төбе шашыңды тік тұрғызар тас көкіректігін ойға оралтады. Бірінші акті соңында Чивли Роберт Чилтернді төбеден ұр ғандай тұқыртып, басын жерге жеткізіп кетеді. Чилтерн қыл дан тайса, мансабының күні қараң. Соққы үстіне соққы. Ро берт Чилтерннің шиі шыққан соң, леди Чилтерннің (СССР ха лық артисі А.С. Степанова) жұтқаны желім, жегені сағызға айналады. Тоба-ай десеңізші, қыздың аузынан түсіп қалғандай дейтін өзінің Роберті де қылмыс жасаған! Мемлекеттік маңызды құжаттарды құлқынының құны үшін сатқан дейді. Ішіне ит өлгендей, сонша жыл бір төсекте жатқанда тіс жармаған неткен жан? Кімге сендік? Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны да. А. Степанова – Гертруд Чилтерннің осындайлық халін, беріле, өртене, сене сүйген әйелдің опық жегенін қайталанбастай қуат пен бейнелейді. Енді не болар екен? Осы арада Уайлд интригаға басады. Осы арада сіз ақбас лорд Кавэршемнің (РСФСР халық артисі Г.Г. Конский) ұлы
Горингпен (РСФСР-дің еңбегі сіңген артисі В.Д. Давыдов) арадағы жаяу қалжыңның куәсі боп отырғаныңызды байқамай да қаласыз. Роберт Чилтерннің қылша мойнын талша етіп, қиямет қа йымына әкелген Чивлидің де кешегі өмірі аппақ болып кө рінбейді. Удай тілімен өлгенді тірілтетін, алдап-арбап ұланасыр байлық жинаған Чивли – ұры, талғамайтын ұры. Оған бәрбір. Перде сыртынан сөзге құлақ тігеді. Біреудің үстіндегі жылтыраққа да селқос емес. Ол жарқылдатып тағып жүрген жылан білезік жымысқы дан түскен болды! Тағы да сцена. Чилтернді дір қаққызған тәсілін Чивли көңілі кеткен лорд Горингке айтады. Осы сәтте өз ұрлығы және ашылады. Шоттың басы маңдайына тисе де, оған қымсына қояр Чивли ме екен? Чилтерннің әйелі Горингті оңашада жолығысуға шақырған Гертрудтың тіл-хатын жымқырады. Міне, жоғарғы қауым. Міне, жоғарғы қауымдағы мораль, адалдық, махаббат, мансап жолы. Айналып келіп бәрінің істер ісі – алдау, жалғандық. Әр жерден лап берген өрттей бірнеше у түйін байланды. Роберт Чилтерн, миссис Чивли – ұры, Гертруд – күйеуінің көзіне шөп салушы. Драматург пьесаны қалай аяқтар екен? Тағы да Оскар Уайльд өзінің машықты әдісіне басады. Осыдан аз бұрын Чилтерннің батпандай мансабының күл-талқанын шығара жаздаған құжат, Гертрудты масқаралай жаздаған айғақ хат оп-оңай жойылды. Күлесіз. Ащы, улы күлкі. Масқара болған Роберт Чилтерннің министр портфелін алуы сізді таңырқатпайды. Үлкен шеберлікпен көрсетілген «Мінсіз күйеу» спектаклі мансап, байлық жолында арын белбеуге түйіп, кімге болсын қас дұшпандық жасайтын жоғарғы қауым өкілдерінің мерез жараларының бетін ашады. Күлесіз, жиренесіз, ойланасыз. 16 тамыз, 1965 жыл
БУЛЫЧОВ ТРАГЕДИЯСЫ Максим Горький 1931 жылы тамыз айында, Мәскеуде өз үйінде бір топ өнер қайраткерлерінің басын қосып қонақасы берді. Сол кеште жазушы жаңа шығармасын қолжазба күйінде талқыға салды. Задында бой көрсетуді мін санайтын Горький осы жолы «Егор Булычов және басқалар» атты пьесасын өзі дауыстап оқыған. Бұл туынды оның шығармаларында ежелден берік орын теуіп, орыс әдебиетінде жаңа жота көрсеткен ма ғыналы арна – қоғамдық-әлеуметтік сарынның енді тұтас тен денцияға ауысқандығының айғағы болатын. Сыншыл реализм қорамсағындағы ақырғы оқ Чеховтың соңғы шығармаларында атылып біткен секілді еді. Ал Горький болса соны өрісті жайға, шырқау биікке тартты; Россия өмі ріндегі терең тамырлы тарихи оқиғалардың дүмпуін суреткер жүрегімен жіті сезініп, сол қилы замандағы адамдар мінезін, жаңа дәуір үнін, мол қырлы, сан қырлы күйінде өнер тілімен суреттеді. МХАТ коллективінің «Егор Булычов және басқалар» спек таклін өз репертуарынан 1934 жылдан бері қарай түсірмей келе жатуының себебі де осыған орайлас. Отызыншы жыл дарда кейбір режиссерлар «Егор Булычов және басқалар» пьесасының түпқазық шешімін осы кемерден іздегені, адас қаны белгілі. Евгений Вахтангов атындағы театр қойылы мының репетициясына қатысқанда Горькийдің өзі айтқан ес кертпелеріне зейін салсақ, бұл шығарманың діңгегі Егор Бу лычовтың жүрегі, соның басындағы трагедия екендігіне ден қоямыз. Осы пернені Б.Н. Ливанов пен И.М. Тарханов дөп басқан. Пьесаның ұлы арна құлақ күйі – лейтмотиві Булычов трагедиясы басқа сарындар әуенінде көміліп қалмай, ан дағайлап, атойлап ерекше естіледі. Ол қандай трагедия? Қарасирақ ортадан жарып шыққан Булычов басын тауға, тасқа соқты, беттің арын белге түйді, өмір өріне беттеді.
Мегзегені – байлық, жетті, тапты соны. Ақшадан ақша тудырды. Алдаған, арбаған болатын. Не мұрат енді содан? Арпалыста, итжығыста өткен арамтер тірлік бетіне адамдық көзбен қайта қарауға, екшеп, сынап бағалап қарауға дәті барар ма? Барғанда медет тұтары қайсы? Жалмауыздай жа лаңдай түскен қамау, қоршау топ сол өзі енді жиренген, енді бармақ тістеген пұшайман өмірдің қарақұрым тобыры. Тебі ренгенде, тепсінгенде барар тау, басар жері кәні? Кең өріс, шалқар айдынға тартар жолға тұманды көз жетер ме? Көр қараңғыдан ақ сәулеге құр ұмтылған апақ-сапақ бұлыңғырда қарманады. Бос далбаса. Бірін-бірі қуып, апыл-ғұпыл өтіп жатқан еліктіргіш оқиға пьесада жоқ. Оның есесіне сезімдер шарпысуы, пиғылдар қақтығысы, мінездер тоқайласуы қатқабат. Әр өреден, әр биіктен көрінген түрлі типтердің дүниеге көзқарасы, өмірдің мәніне берген бағасы, қилы моральдардың қым-қиғаш кескілесі көрерменді де баурап, әркімді ішіне үңілдіріп, ойлантып, толғантып қояды. Булычов шаруадан шықса да, ол топқа баяғыда топырақ шашып кеткен саудагер қауымның қаны мен сөлі бойына сіңген, сол таптың бел баласы. Горький шеберлігі кең қалталылардың өз бетін өзіне тырната айғыздайды. Пьесада тайталасқа түспейтін адам жоқ десе де болғандай. Саралап көрейік, поп Павлин (РСФСР халық артисі А.В. Жильцов) ақша сұрай келгенде көп сыры ашылады; приказчик Мокей Башкин (СССР халық артисі И.М. Кудряцев) Мокроусовты ұсыну үстінде көрінеді. Емшінің де бақай қулығы бар. Іштей жегі кеулеген, рухани жағынан азғындық өзегін өртеген Булычов қасында екі-ақ жан бар: бірі – Жолдыбай қызы – Шура (РСФСР-ға еңбегі сіңген артистка Н.И. Гуляе ва), екіншісі – қызметшісі Глафира (артистка Г.А. Попова). Шураның бойында Булычовтің тентек қаны аласұрып ағады. Кейін өмірдің асау арнасының қай жалында кететіні беймә лім. Монологтарын тыңдап көріңіз. Іш кернеген ыза, буырқан ған ашу. Төңірегі жат. Көкірек тынысы тартылғандай. Жас
жүрек талпына ұшып, шарықтасам дейді. «ойран ботқасын шығарам, кек аламын мен қайтсем де, жирен болғандығым үшін, әкемнің ауруы үшін – бәр-бәрі үшін! Басталсын ре волюция, шақырамын. Көрерсіңдер, көресіңдер», – деп жұлынып тұрған Шура тап тартысы мәнін толық түсініп жеткен саналы күрескер емес, сондықтан да Н.И. Гуляеваның оны тым ереуілдетіп, революция маршы естіліп тұрған терезеге тым көбірек апаруы – артық бояу. Негізінен, артистка Шура мінезінің табиғи қалпын, еркекшора келбетін нанымды түрде жеткізе білді. Пьесада аз сөйлескенімен, үлкен салмағы бар бейне – Глафира. Ол бірінші актіде небәрі 14-ақ ауыз сөз айтады. Горькийдің бейнелеуінде салқын сабырлы, есті сұлу. Нәпсі талшығын қараңғы ұрлықпен алып жүрген жеңіл жүрісті әйел емес, Булычов өлім мен өмір шекарасында қалған қиын сәттің өзінде тастап кетпей, айнымай сүйіп жүрген, берілген, аяулы жар. «Тартып кетейікші Сібірге, мен жұмыс істеймін… Не бар осында, не бар? Бәрі жек көреді сені, бәрінің күткені өлімің сенің» деген сөздерінде қаншалықты махаббат, қаншалықты жанашырлық бар. Артистка Г.А. Попова Глафираның таза сұлулығын, асқақ қалпын оңды берсе де, іш астарды, сезімнің бүлкіл тынысын көрсетуде осал соғады. Кей сәтте лап еткен жалын, жалаңаш құштарлықтан емес, Булычовқа деген сүйіспеншілігінен ту ғанын аңдаған абзал. МХАТ артистерінің терең актерлік шеберлігі, шу-дамай сыз, әсіре қызыл бояусыз, психологияны дөп басатыны әрбір спектакльден көрініп жатыр. Василий Достигаев рөлінде ой наған СССР халық артисі М.И. Прудкин жұмсақ, жылбысқы саусақтар арқылы көп дүниені ашып тастады. Жыбырламай, секектемей отыра алмайтын нағыз мыңдарды ұстап жүрген капиталист саусағы қандай сыр айтқыш. Қожасы үшін саусақ сөйлеп тұр.
Бір-ақ рет көрінетін емші Трубач бейнесіндегі РСФСР-дың халық артисі В.А. Попов зал кернеп отырған қалың жұртты күлкіге бөктірді. Әуелде тұрмыстық детальдар мен жеке артистік мән-жайды құнттап кету әйгілі театрдың өзінің сәтсіздікке ұрынуына әкеп соққан. Бұл – бір. Екіншіден, «Егор Булычов және басқалар» – аса күрделі драмалық шығарма. Пьесада Горький драматургиясының өзіндік ерекшеліктері өте айқын сайрап жатыр. Өзге кейіпкерлер соның төңірегінде шыр айналатын, шын мағынасындағы басты деп бөле-жара қарайтын жеке дара қаһарманның болмауы, оқиғаның бірден-бір себепкері – интриганың кездеспеуі, өмірді ағын тү рінде көрсету – Горький пьесаларына етене тән қасиет. Оған қайталанбас сөздік сипаттаманы, терең философияны, қат-қа бат психологияны қосыңыз. «Егор Булычов және басқалар» спектаклін СССР халық ар тисі Б.Н. Ливанов пен И.М. Тарханов 1963 жылы қайта қойған, Горький туындысының шым терең тұңғиығына молынан бар ған, режиссураның шешімінде жаңалық бар қойылым. Драматург құрық сілтеген тұс шым-шытырық өмір, ақпан революциясы қарсаңындағы саудагерлер тірлігінің апақ-са пақты сасқалаңы. Сюжет шиыршық атады. Мыңды үйірген Егор Булычов (Б.Н. Ливанов) өлім аузында, бауырына рак жармасқан. Өлімтікке қаптай ұшқан құзғындардай жалаңдаған көп ауыз, бәрі Булычовтың опат болуын аш қасқырша бағып отыр. Тас түрмедей еңсені басқан зіл салмақ. Сырттан жұл қына естілген шайпау марш үні, ереуіл сазы келеді. Ол әлі да уылдамайды, сонда да, бір есіп қалса да мына бөлмедегіні жай лап, таптап, жерлеп кететін секілді. Игнат Гордеев, Илья Артамонов – бұлар Горькийдің тегеу рінді таланты тудырған кесек тұлғалар. Жалаң аяқ жар кешіп жүріп, өткелектен өтіп, ақыры байлықтың тентек толқынына батқан сыңайы Талғардың сеңгіріндей одыр-шодыр жандар. Ал Егор Булычов мінезін қалыптауда жазушы бұрынғыдан бетер кеулей түскен.
Кешегі пақырдың көл-көсір дүниеге қалай ие болғаны, сол жолдағы ирек қырсық сырлары емес, аптал алпауыттың өмір соқпағының шыңырау жары басынан енді құлағалы тұрған сәттегі гөй-гөйлі шыны, текіректі тебіренісі, өксікті өрекпеуі сахна тілінде бебеу қағады. Өзінің өзегін өртейді, өзгені жа лындай шарпиды. Бір қарағанда пьесадағы омыртқалы тартыс, көкшеке дода Егор Булычов мұрасына таласу сияқты. Бұл Бальзактың «Горио атайынан» бастап талай шығарманың негізгі болған айқас ертең-ақ торғайдай тозып кететін революция алдындағы помещиктік Россия провинциясындағы үстем тап өкілдерінің келбеті көлбең қағады: атасы Булычовтің өлімін тілеп, тімтініп жүрген күйеу баласы адвокат Звонцов (РСФСР-ға еңбегі сің ген артист Г.М. Колчицкий) мансапты арман етеді. Бір тиынды он рет балалататын саудагер Достигаев (СССР халық артисі М.И. Прудкин) тұтар пір – Распутин, дін жолын қуғансыған монтаны Мелания (СССР халық артисткасы К.Н. Еланская) суық жүрістен тайынбайтын көкбет. Жас буын бұдан да сорақы. Достигаевтың қызы Антонина (РСФСР-ға еңбегі сіңген артистка В.Г. Калинина) сөзіне құлақ салайық: «Құлай сүйер құштарым – қорқыныш пен үрей. Зәрем ұшқанда көңілсіздік қашады, қараңғыда отыр саң ғой телміріп, сондай суық бауыр аждаһа бас салса». Ма ғынасыз, мақсатсыз күйкі өмір оны осылай сандалтып қой ған. Алексейдің (артист К.К. Градофолов) есіл-дерті тән ләз заты – нәпсі. Варвара – (РСФСР-ға еңбегі сіңген артистка Е.М. Ханаева) Булычовтың қызы желөкпе заманның бұлаңқұйрық құйынына ілеспек. Әркім құлқынының құлы боп кеткен қиракезік дәуір. Сол Варвара бұрыш-бұрыштан селтеңдеп шыға келеді. Аңдығаны – төсек тартқан әкесі. Аңсай күткені – соның өлімі, арманы – мұра бөлісінде бес-он тиын болса да артық асап қалу.
Өмір асқақ басын еңкейтіп кеткен ызғарлы шақта Булычов қасында көңілсүйер жар да жоқ, әйел Ксения (РСФСР-ға еңбегі сіңген артистка А.Ф. Георгиевская) майға қонған шыбынның сирағын жалап-жұқтап ұшырар сібер сараң. Се зім, көкірек күйі кеудесіне бармас сәулесіз соқыр. «Бес ми нутта сөлкебай, сағатына алпысын қақшиды… Сұмдық-ай», – деп Ксения күйеуін қараған дәрігерге аз ақшаның өзін қи май, шыбын жаны шырқырайды. Георгивская мысық табан жүріспен Ксенияның жалтаңдығын, сорлы күйін дәл жеткізе ді. Ол Булычовтан мүлде алыс, жат, өзі айтқандай, артық мүлік секілді. Долылықпен күйіп тұрған кейпі бар: Ксения – адуын туысы Меланияға бір кезде Егормен тамыр болдың деп тап-тап бергенде беті шімірікпейді. Қайтерсің, анталаған жау ортада талғажау үшін күндесі болса да Меланиямен, анау Звонцев, Башкин, Достигаевтармен жең ұшынан еріксіз жалғасады. «Жат ортаға түстім. Отыз жыл бойы жат ортада. Сенің басыңа бермесін оны. Әкем ғой менің сал айдады, ал мен ше? Тіл де жетпейді оны айтуға» деп өкініш зары селеудей селдіреген езудегі мұрт, тұрбаны үрлеген кезде жұлынып ұшып жатқандай, екі аяқ қамыттанып жерге кіріп барады. Өзінше Булычовты алдадым деп көзі сексеуілдей жанып тұр. Реалистік драма «Булычов және басқаларда» жасандылық көлеңкесі жоқ. Ливанов кейіптеген Булычов – нар кеуде, дария ақыл, орақ ауыз, от тілді жан. Өмір соқпағының ақырғы шақырымдарында өзімен-өзі, осы уақытқа дейін тұтынып кел ген моралімен, сеніміменен, өзі кереғар қайшылыққа түскен, арпалысқан, қос қыртыс, қат-қабат қаһарман. Әр жерден анда-санда бұрқ етіп шаң көрсететін шалдуар пікір бар: шырқай дамыған киноның дәуірінде, телевизия өркен жайып бара жатқан жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында театр тынысы тарылды, ол ертең-ақ сөзсіз жұтылып кетеді. Рас, жаман театрды, көрерменге берер қуаныш, қосар 5-0194
нәрі жоқ қауқарсыз қуыршақ театрды кенеулі кино мен ойлы телевизия шетқақпай қалдырады. Ал қалың көпшіліктің көз алдында өмірдің терең сырларын ашып, небір иірім толқын күйлер шертетін, көрермен шулы тіршіліктің қолма-қол куәге рі болатын ақылды театр әсте аяқ асты болмақ емес. Қайта на ғыз театрға деген халық махаббаты спектакльден спекткальге ұлғайып, өсіп, жан тебірентер сүйіспеншілікке ойыспақ. 21 тамыз, 1965 жыл Бесінші желі Д И А Л О Г
БАТЫР ДА, АҚЫН ДА – ХАЛЫҚТАН «Құрметті, «Өркен!» Жуырда бір жолдасымыз екеуміз ұзақ әңгімелесіп, ортақ пікірге келе алмадық. Оның ойынша, мыса лы, өлең жазатын шопан – интеллигент… Меніңше, интелли гент атын жамылып, өмірге тұтынушылық, тоғышар көз қараспен қарайтындар көп. Қазір оқу орнын бітіріп, диплом алғандардың бәрін интел лигент санау сіңіп бара жатқан сияқты. Осы дұрыс па? Ин теллигент дегеннің кім болғаны сонда? Б. Төкеев, Алматы темір жол транспорты инженерлері институтының студенті»
Редакцияға осы мазмұндас хаттар жиі келіп жатады. Жаңа ру, бетбұрыс идеяларын жанына жақын тұтып, қайта құрудың шынайы сарбаздары болып ауылдарына, өндіріс ошақтарына оралатын жастарды мұндай мәнді мәселенің толғандыруы заң ды құбылыс. Оқушы хатын арқау ете отырып, филология ғы лымының докторы, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сый лығының лауреаты, «Қазақ Совет энциклопедиясының» бас редакторы Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиевті әңгімеге шақыр дық. Сіздердің тілшілеріңіздің де оған қойған бірінші сұрағы осы болды. Р. Нұрғалиев: – «Интеллигент» деген латын сөзінің қазақша мағынасы зиялы, ақылды, білгір деген ұғымды білдірсе керек.
Еске түсіре кетейік, бұл сөзді тұңғыш рет ХІХ ғасырдың 60-жылдарында П.Д. Боборыкин деген орыс жазушысы қол данған. Қазір дүниенің қай түкпірінде болмасын өмір сүре тін аздаған сауаты бар кез келген адамға түсінікті бұл сөздің мағынасы тереңдеп, салмағы ауырлап барады. Әрине, интел лигент термині туғанға дейін оқығандар, зиялылар болмады деген ой тумайды ғой. Орта ғасырларда интеллигенция ретін де ой еңбегімен арнайы айналысатын қолы бос, мүмкіндігі мол адамдар танылды. Бертін келе әр таптың қабілетті, дарынды өкілдері интеллигенция қатарын толықтыра бастады. Мысалы, әйгілі Леонардо да Винчи бар болғаны қағаз куәландырушының баласы еді. У. Шекспир, Әл-Фараби, Б. Спиноза, Рембрандт, В. Белинский, т.б. ұлы адамдар қоңторғай, қоңыр төбел ша ңырақтан шыққан. Бүгінде интеллигент деп күрделі, шығар машылық ой еңбегімен шұғылданатын, мәдениетті дамытатын, тарататын адамдарды айтамыз, оларға ғалымдар, инженерлер, юристер, өнер мен әдебиет қайраткерлері – бір сөзбен, ин теллектуалды қызметпен айналысатын адамдар жатады. Тілші: – Бұрын интеллигенцияның рөліне жете мән бе рілмей келгені белгілі. Мұның мәдени-экономикалық салада кенжелеп қалуымызға өзіндік әсері де болды. Енді, міне, ір гелі ел болудың амалын қарастырып жатқан қазіргі шақта интеллигенция алдына қойылар міндеттер де ауқымды болса керек. Р. Нұрғалиев: – Қайта құру интеллигенцияның алдына ұланғайыр жаңа, абыройлы міндеттер жүктеп отыр. Меніңше, олар бұл асулардан сүрінбей өту керек. Заман талабы осы. Халқымыз тоқырау құрсауын бұзып тастап, қоғамның саяси жүйесін жетілдіру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету ісіне белсене кірісіп кетті. Жақында ғана болып өт кен КСРО халық депутаттарының сайлауы интеллигенцияның әлеуметтік-саяси белсенділігін тағы да айқын дәлелдеп берді. Тіпті осы жаңаша сайлау туралы заң жобасын дайындауға заң, философия, т.б. қоғамдық ғылым өкілдері белсене қатысқа нын атап өткен жөн. Егер тоқырау жылдарында кеңес ғалымда
рының есімі көбінесе ғылыми жұртшылыққа ғана белгілі болса, бүгінде академиктер А. Сахаров, Р. Сагдеев, Л. Абалкин жазған материалдарды газет-журнал жиі жариялайтын болды. Қайта құру әдебиет пен өнер қайраткерлеріне зор серпіліс, сілкініс әкелді. Сталиндік жеке басқа табыну кезінде қабылданған негізсіз қаулылар күшін жойып, Б. Пастернак, В. Гроссман, М. Булгаков, А. Ахматова, М. Зощенко, Ю. Домбровский сынды қаламгерлердің шығармалары басылды. Тоқырау жылдары шет елдерге кетуге мәжбүр болған жазушылардың жан сыры айтыла басталды. Шәкәрім ақсақалымыз бас болып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алыптары – А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтар ортамызға оралды. Осындай өзгерістердің бәрінде интеллигенцияның сүбелі үлесі бар деп білемін. Болашаққа көз жіберетін болсақ, алдағы міндеттеріміз бұдан да зор. Қазақстан интеллигенциясы қайта құру, жариялық мүмкіндігін толық пайдалану үшін бел шешіп, білек сыбанып күресу керек. Аймақтық, шаруашылық есеп, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігін қалпына келтіру, ұлттық және ұлтаралық проблемалар, мемлекеттік тіл, сталиндік қырғын кезінде жазықсыз жапа шеккендерді ақтау, т.б. проблемалар республика халқының белсене ат салысуы негізінде алдағы уақытта өз шешімін табады деген үміттеміз. Тілші: – Қазақ интеллигенттері арасында ел қамын, жер қамын бір сәт естен шығармаған абзал ағаларымыз аз болмаған. Бірақ бүгінгі жастардың солардың бәрін бірдей біле бермейтіні өкінішті... Р. Нұрғалиев: – Қазақ интеллигенттерінің тарихында бір өзі бір елге тұтқа боларлық біртуар азаматтар аз емес. Өзінің ерек ше таланты, тәрбиесі, тектілігімен орыс зиялыларын таң-тама ша қалдырған Шоқан, бүкіл ғұмырын, күш-жігерін оқу-ағарту ісіне арнаған Ыбырай, дала данышпаны Абайды интеллигент, зиялы, ақылман демегенде кім дейміз? Жиырмасыншы ғасыр басында халқымыздың ортасынан Ахмет Байтұрсынов сияқты жаңа типтегі интеллигенция өкілдері өсіп шықты. Ахаңның сырбаз мінезі, сабырлы кейпі, тектілік мәнері, ойлы сөзі, киім
киісі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауына дейін оның білімпаздық болмыс-бітімін аңғартса керек. Революционер-ақын Сәкен Сей- фуллин, алғашқы қазақ профессорлары С. Асфендияров, Қ. Жұ- банов, Ә. Ермековті қазақ интеллигенциясының көрнекті өкіл дері ретінде атауға болады. Бүгінгі қазақ интеллигенциясы өсіп-өркендеген, кемеліне келіп толысқан, сан жағынан да, сапа жағынан да жетілген үлкен әлеуметтік топ. Олардың ішінде қай жағынан болмасын мақтан етуге тұрарлық азаматтар аз емес. Бір табан болса да маған жақындау ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдеріне ғана тоқталмақпын. Бұрын жұртшылықтың өзінің өршіл рухтағы мінезді жыр ларымен тамсандырған қазақтың өр ақыны Олжас Сүлейменов қайта құру кезінде жігерлі қайраткерлігімен көзге түсті. Ол мұрындық болған «Семей – Невада» қозғалысы КСРО-ның сыртқы саясаттағы негізгі бағыты – жаңаша ойлаудың жемісі деп білемін. Осы қозғалыс ұйытқыларының бірі – дәрігер, ака демик Сайым Балмұқановтың есімін де ерекше атап өткен жөн. Республиканың көрнекті қоғамтанушы ғалымы, академик Салық Зиманов, қазақ тілінің жанашыр-жоқшысы, академик Әбдуәли Қайдаровты қазақ ғылыми интеллигенциясының бү гінгі алдыңғы шепте жүрген өкілдері деп білеміз. Ал, кезінде ауыр күндерде мойындарына қандай ауыртпалық түссе де, геолог-академик Қаныш Сәтбаев, әдебиетші-профессор Бей сенбай Кенжебаев, тарихшы-профессор Ермұқан Бекмаханов халық мүддесі, ел қамы үшін тырнақтай да опасыздық жаса маған болатын. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов сталиндік репрес сия кезінің өзінде зор қайрат, мол жігер, ерекше шыдам көр сетіп, «Абай жолы» эпопеясын жазып шықты. Өзінің тарихи миссиясын терең сезінді, алған бетінен қайтқан жоқ. Тілші: – Бүгінде барша жұртшылықты қатты алаңда тып отырған әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемалардың қайсысы сізді көбірек толғандырады? Р. Нұрғалиев: – Бұл мәселелер бірімен-бірі сабақтас, өзек тес, өзара тығыз байланысты проблемалар. Оларды бірнеше
топқа жіктеуге болады. Біріншісі – саяси жүйені жетілдіру, олардың жұмысын демократияландыру мен теориялық негіз де жетілдірудің орасан зор маңызға ие екендігі өзінен-өзі тү сінікті болса керек. Екінші проблема – экономикалық дамуды жеделдету. Қазақстан сияқты бай өлке үшін республикалық шаруашылық есепке көшу, өндірілген шикізатты өңдейтін са ланы дамыту, шет елдермен республика территориясындағы қорғаныс мақсатындағы кәсіпорындары тұрмысқа қажет зат тар шығаруға көшірудің орасан зор маңызы бар, үшінші – әлеуметтік саладағы проблемалар да жеткілікті. Республика халқының өсу қарқыны одақтық дәрежеден жоғары болға нымен, егделердің ерте мерт болуы, дүниеге келген жас сә билердің шетінеу пайызы жан түршіктіреді. Денсаулық сақ тау ісін дамыту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, пен сияның мөлшерін ұлғайту, соғыс ардагерлеріне қамқорлық – кө кейкесті әлеуметтік проблема. Төртінші – экологиялық ауыр жағдай кімді де болмасын самарқау қалдырмаса керек. Қа зір Қазақстанда ядролық жарылысты сынауға тыйым салу ды мақсат еткен «Семей – Невада» қозғалысы, Арал мен Бал қашты қорғау жөніндегі қоғамдық комитет жұмысы күннен күнге қанат жайып келеді. Бұл екі қозғалыстың басшылары О. Сүлейменов пен М. Шахановтың КСРО халық депутаты бо лып сайлануы, олардың шын мәніндегі бүкілхалықтық қолдау тауып отырғандығын көрсетсе керек. Бұдан басқа да түйінді мә селелер жоқ емес. Әлі де болса ақталуын күтіп жатқан, кезінде жазықсыз мерт болған қайраткер азаматтарымыз бар. Жақында ту көтерген «Әділет» қоғамы бұл іске білек сыбана кіріседі деп білеміз. Қазір талай жылдар бойы сірескен сірі мұздың көбесі сөгілді, сең бұзылды. Ендеше, жариялылық арқасында алдағы уақытта да ақиқаттың, шындықтың мерейі үстем бола бермек. Тілші: – Шындық дегеннен шығады, қоғамдық өмірде интеллигенция мен еңбекші бұқара өкілдерін бір-біріне қарсы қоюға бағытталған әрекеттер бой көрсетіп қалады. Бұл да интеллигенцияға деген бұрынғы теріс пікірдің бір мысалы емес пе?
Р. Нұрғалиев: – Интеллигенция халықтың, ең алдымен, еңбекші бұқараның мүддесін көздейді. Интеллигенцияның өсіп-өну базасы – халық. Батыр да, ақын да, бағлан да, дана да халықтан өсіп шығады. Қазіргі қазақ интеллигенциясының көбі өмір жолын еңбек дүкенінен бастаған. Демек, интелли генцияның қатарын толықтыратын негізгі әлеуметтік қайнар көзі – жұмысшы, шаруалар. Ендеше, олардың мүддесі де, мақ саты да ортақ. Өкінішке қарай, кейінгі кезде интеллигенция мен жұмысшы арасында араздық отын тұтандыру, сына қағу әрекетіне барған сілімтіктер де шықты. Мұндай жат пиғылды адамдарды бетбұрыстың қарсыластары ретінде бағалау ке рек. Ақын О. Сүлейменов пен жұмысшы табының өкілі Қ. Шо панаевтың бір округтен сайлауға түскен кезінде осы орайда өз пайдаларын іздеген сұғанақтар әр түрлі айла-шарғыға, бопсаға барды. Бірақ Олжас сынды ержүрек ақынның азаматтық ірілік көрсетіп, келесі турдағы сайлауда кандидатурасын өз еркімен алып тастауы сұмырайлар көмейіне құм құйды. Тілші: – Бүгінгі студент – ертеңгі маман… Олардың нағыз интеллигент болып қалыптасуы үшін бойларына қандай қасиеттерді дарытқаны жөн? Р. Нұрғалиев: – Бүгінгі студенттің бәрі бірдей ертең ин теллигент болып кетеді деп айта алмаймын. Керісінше, қазіргі жұмысшының ертең интеллигент қатарына қосылуы әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі студент ертең жақсы маман, білікті азамат болуы үшін оқу керек, іздену керек. Өзінің азаматтық, қайраткерлік батыл позициясымен елге танылған жұмысшылар аз ба? Ал азамат болу үшін, ең алдымен, арыңды таза сақта. Жариялылық заманында ойыңды орғытпай, күмілжітпей, батыл да ашық айтуға дағдылан. Өз ісіңнің дұрыс екеніне көз жеткізсең – алған бетіңнен қайтпа. Жастыққа ыстық қайрат, жалын-жігер тән. Ендеше, сен жаңалықтың, жақсылықтың алдында жүруің керек. Бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күнмен өмір сүргенің жөн. Жалпы қазіргі жастар құрғақ насихат, жалған уағыз айтқанды ұнатпайды, дербестік, еркіндікті қалайды.
Ендеше, халқыңа жүрек әмірімен қызмет жаса дегім келеді. Ол үшін ең алдымен терең білім, биік парасат, үлкен азаматтық керек. Тілші: – Рымғали аға! Мәнді де мазмұнды әңгімеңіз үшін көп рахмет. Әңгімелескен Шолпан Ұғыбаева. «Өркен», 3 маусым, 1989 жыл СЫНШЫ СЫРЫ «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы, КСРО Жазушы лар одағының мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалиев 50 жасқа толып отыр. Редак цияның тапсырмасы бойынша әдебиетші, филология ғылым дарының кандидаты Болатжан Абылқасымов мерейтой иесіне жолығып, әңгімелескен еді. Төменде осы сұхбатты жариялап отырмыз. – Реке, халқымыздың «көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейтін аталы сөзі бар ғой. Сақа жігіт жа сына жаңа жетсеңіз де шыққан биік, алған асуларыңыз аз емес. Әдеби, ғылыми жұртшылық сізді жақсы біледі, десе де қалың оқырман қауымды қызықтыратын сауалдар да болу ға керек. Осы ретте өзіңізге қояр бірінші сұрағымыз: ғылы ми творчестволық алғашқы қадамыңыз қалай басталды? – Қазақ мемлекеттік университетінің көп көген көзінің бірі, екінші курс студенті едік. ХХ ғасыр басындағы әдебит тен профессор Бейсенбай Кенжебаев лекция оқыды. Ағыл-тегіл шешендік, импровизация жоқ, орасан мол факті, деректермен қызықтырады. Архив материалдары шаш етектен. Кейде қа былдау қиындап кеткен кездері де болады. Тұғжиып кітап оқып отырып ұсталып қалған мені шақырып алып: «Шырағым, мә, мына кітаптарды оқып, сол туралы ойларыңды қағазға түсіріп
әкеле қойшы», – деді. Сабыр Шариповтің 2 томдығы екен. Оқы дым. Жаздым. Профессор Бейсенбай Кенжебаев жазғаныма көптеген ескертпе айтып, қайтадан істетті. Каникул кезінде ауылға жібермей, өзі ертіп апарып архивке отырғызды. Сөйтіп профессор мен студент бірлесіп жазған «Сабыр Шарипов. Өмірі мен творчествосы» деген кітапша 1961 жылы университет бас пасынан жарық көрді. Ғылымға деген қадам осылай басталған. Кездейсоқтық әсері дейсіз бе, заңдылық әсері дейсіз бе, ол ара сын тап басып айта алмаймын. – Сіз жиырмадан астам қазақша, орысша шыққан кітап тардың авторы екенсіз. Олардың басым көпшілігі – зерт теу, сын еңбектері. Өндірте жазу – қалам қуатының ай қын белгісі. Ал сол еңбектеріңіздің бірде-бірінің кітап дү кендерінде сарғайып, жатып қалғанын көргеніміз жоқ. Оқыр ман сүйіспеншілігіне бөленудің кейбір құпия сырларына тоқ тала кетсеңіз. – Әрине, жазылған еңбектің өз оқырманын тапқаны қай авторға да сүйініш. «Құпия сырлар» жоқ. Негізінен әдебиет тану, сын кітаптарының тиражы аз. Тез тарап кетуінің бір себебі сұранысқа жауап болса, екіншіден, сапаға да қатысты шаруа болар. Қазір «Арқау» деген ортақ атпен қайта басылып жатқан «Айдын», «Телағыс», «Қайнар» («Қазақ революциялық поэзиясы») әдеби-сын трилогиясы шығар деп ойлаймын. – Тақырыпты қалай таңдайсыз? Материал жинау мен жұмысты жазуға кететін уақытты қалай екшейсіз? – Ұзақ жылдар қазір «ақтаңдақтар» деп аталатын кезеңнің әдебиетін, Мұхтар Әуезов шығармашылығын, драматургия, теория, поэтика мәселелерін зерттедім. Материал жинауға, сұ рыптауға, саралауға уақыт көп кетеді. Жинау мен жазу қатар жүретін кезі бар. – Қалай, қашан, қайтіп жазасыз? – Ертеректе күн демей, түн демей төпеп жазсақ, кейін жү йеге, тәртіпке, дағдыға үйрендік. Жазуға түске дейінгі уақыт, оқуға, материал жинауға түстен кейінгі, кешкі сағаттар қо лайлы деп білемін. Университетте педагог болып жүргенде
бұл шартты сақтауға мүмкіндік бар еді, соңғы 4-5 жылда бәрі өзгерді. Энциклопедия жұмысы ауыр. Көп уақыт қолжазба, әр түрлі ғылым салаларына байланысты материалдарды оқу ға, редакциялауға кетеді. Кейде бір мәселені, тіпті бір фактіні анықтауға қыруар уақыт жұмсайсың. Қазір көптеген мето дологиялық проблемалар, тарихи көзқарастар, ғылыми прин циптер жаңғырды. Жаңаша ойлау, қайта құру принциптері бел алды. Репрессия құрбандары, ақтаңдақтар ақиқаты, реаби литация шапағаты – бұлардың бәрін энциклопедиялық басы лымдарда көрсетіп беру оңай шаруа емес: авторлармен жұмыс істеуді, ұйымдастыруды талап етеді. – Ғылым жолын бастаған кезде қандай қасиеттер қажет? – Табандылық. Еңбекшілдік. Әрине, табиғи қабілет, икем ділік. Білікті ұстаз қолына түсу: өрісті арна табу және қажет. – Имандылық, адамгершілік қасиеттердің творчество лық процесте алатын орны қандай? Ұлтжандылықтың ше? – Иманын сатып, адамгершіліктен безіп, ұлт мақсатын жер етіп, жалған ғалым атанғаннан қолға күрек алып, жер қазып кеткен артық шығар. – Қазақ әдебиеттану ғылымындағы дәстүр жалғастығы туралы айтсаңыз. – Кезінде Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттануының та маша дәстүрін бастаған. Сол керемет үлгі зорлықпен бұзылып, көп жылдар евроцентризм арнасына түсіп кетіп, термин, категориялардың ұлттық баламасын іздемей, дайын нәрсені көшіре салып келгенімізді несіне жасырамыз? Ұлттық өнердің сипатын табиғи қалпында саралап таныстыратын білікті өріске аңсарымыз ауып тұрады. – Ғылыми кадрларды даярлаудың өнімді жолы қайсы? – Алматы, Мәскеу, Ленинградтың іргелі ғылыми орталық тарынан тәлім алған жастардан ерекше жеміс күту керек. Ендігі қазақ жас білімпаздары үшін батыс, шығыс тілдерін білу парыз болып қалады ғой. – Әр түрлі атақ, дәреже, лауазымдардың ғылымға үлес қосуға қандай пайдасы бар?
– Қалжыңға сүйеп айтсақ, атақ-лауазым батырдың басын дағы дулығасы, кеудесіндегі сауыты іспетті. Кез келген біреу топыраққа аунатып кете алмайды. Жаңа іске, шаруаға мұрын дық болуға жарамаса, атақ-лауазым дегеніңіз салмағымен адамды езіп тастайтын шойын қалпақ шығар. Оның өзі бір дерт. Өйтіп азап арқалап жүргеннен гөрі сыбай-сылтаң күйдің өзі артық. – Әдебиеттану ғылымының бүгінгі күнгі көкейкесті мә селелері қандай деп білесіз? – Кезінде жіберілген орасан зор қателіктерді жөндеудің ке зеңі қайта құру заманында дөп келіп тұр. Ұшан-теңіз эпосымыз, фольклордың сан алуан жанрлары, ерте дәуір, орта ғасыр, жаңа заман әдебиеті терең әрі жан-жақты зерттелуі керек. Ақта лып, ортамызға қайта оралған алыптар Шәкәрім, Ахмет, Мағ жан, Міржақып, Жүсіпбек өз зерттеушілерін күтіп тұр. Әлем дік әдебиеттің биік тұлғасы Қожа Ахмет Иассауиді зерттеуіміз, жариялауымыз керек. – Республикамыздың болашақ саяси экономикалық дамуы туралы не айтасыз? – Экономикалық, саяси, рухани дербестік идеясын әрбір азамат қолдап қана қоймай, осы ұлы мұрат үшін күресуі керек. – Халқымыздың тарихын, мәдениетін толық танып бі луде «Қазақ Совет энциклопедиясы» қандай жұмыстар жүр гізбек? – Осы күндері ҚСЭ коллективі 4 томдық қазақ, орыс тілде рінде «Қазақ КСР. Қысқаша энциклопедиясын» шығарып бітті. Алда «Абай», «Шәкірт» (4 томдық), «Қазақ әдебиеті мен өнері» (4 томдық), «Қазақстан табиғаты» (4 томдық), «Қазақ тілі», «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің шежіресі» (көп томдық), «Шопан», «Денсаулық», «Философия энциклопедиясы», «Зер де» кітабы (көп томдық), т.б. басылымдарды жарыққа шы ғаруға күш жұмсап жатыр. Мақсат үлкен, міндет ауыр. – Энциклопедия неге аз тиражбен шығарылады? – Күні бұрын жазылып, кітап алуға үйренбегенімізден шы ғар. Шынында да алғашқы энциклопедиялық басылымдар
мардымсыз тиражбен тарады. Қазір жағдай өзгере бастады. Халық іздеп оқитын, зәру кітаптардың бірі – «Шаңырақ. Үйтұрмыс энциклопедиясы» 115 мың тиражбен басылды. Алдағы еңбектерімізде осы межені ұстанып отырмыз. Қалың қауым ның, көзі ашық зерделі жұртшылықтың ынта-ықыласы керек. Дүние-дәулеттен бұрын кітап жинауға мойын бұрсақ, жаңа, жақсы дәстүрге жол салар едік. – Елдің қамын өмірінің нысанасы еткен аяулы азамат тар 20-30-50-жылдары түгелге жуық атылып, айдалып кеткені, жазықсыз жапа шеккені бүгіндері ешкімге құпия емес. Осындай зұлмат кезең, аласапыран мезгіл қайталап соқпас үшін не істеу керек деп ойлайсыз? – Бұл өте ауыр сұрақ. Халқымыздың әлеуметтік, экономи калық, демографиялық болашағын кескен, мың жылдар бойы иемденген ата жұрт, баба мекенімізге, оның қойнындағы құт-қазына, байлық-дәулетке иелігіміздің өзіне күдік келті ретін жағдайға әкелген репрессиялар, ашаршылықтар, қуда лаулар трагедиясы әлі жазылған жоқ. Біреу шыбынның ая ғын жазықсыз сындырса айып төлеуі сұралатын заманда, миллиондаған құрбандыққа ескерткіштер орнатпауымыз, аза күнін белгілемеуіміз – ұлттық, патриоттық сана-сезіміміздің әлі де толық шыңдалып болмағанын көрсететін жәйттер. Қанды қырғын қайтып соқпас үшін бірінші қатарда адам баласының игіліктері, ар-иман шарттары, демократия, гуманизм прин циптері тұруы керек. Фашизм, экстремизм, шовинизм, нәсіл шілдік өртінен сақтасын деңіз. – Сіз кандидаттықты да, докторлықты да ерте қорғаған ғалым деп есептелесіз. Осы жолда кездескен қиыншылықтар болды ма? – Менің кандидаттық диссертациям алпысыншы жылдардың ортасында жазылып, қорғалды. Бұл Н.С. Хрущев жылымы ғының кезеңі болатын. Жеке адамға табыну айыпталған, Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды қаламгерлер мұрасы ақталған, З. Шаш кин, Ө. Тұрманжанов, С. Талжанов, М. Қаратаев, Х. Есенжанов қатарластар лагерьлерден, айдаудан қайтып оралған шақ. Аз
ды-көпті кеңшілік туды. Мұхтар Әуезов өнерінің алғашқы кезеңіне, драматургиясына арналған зерттеуде «Еңлік – Кебек», «Қарагөз», «Қилы заман», «Хан Кене» туралы бір жағынан уақыт кеңшілігін пайдаланып, екінші жағынан жастық қы зуымен жаңа пікір айтқанымыз рас еді. Еңбек «Трагедия та биғаты» деген атпен жеке монография болып басылып шық қаннан кейін (1967) «Халық жауы Шәкәрім шығармаларын мадақтаған» деген айыппен А. Қарасартов деген әр түрлі үлкен жерлерге үстімізден арыз түсірді. Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин, профессор Темірғали Нұртазин арнайы мақала жазып, еңбегімізді де, өзімізді де сақтап қалды. Қазақ драматургиясының поэтикасына арналған докторлық диссертация 1973 жылы қорғалды, қат-қабат қиындықтар болды. Бұл мен үшін азап, сергелдеңге түскен жылдар. Үміт үзілгендей, әділет өлгендей, торыққандай кезеңдер. Сонда ұс тазым Бейсенбай Кенжебаев: «Көтер басты. Бу белді. Жұмыс істе!» – деді. Профессорлар грузин Георгий Ломидзе, өзбек Иззат Сұлтанов, башқұрт Ғилемдар Рамазанов, орыс Евгений Челышев қол ұшын берді. – Соңғы жазып бітірген еңбектеріңізді айтыңыз? – Көп жылдардан бері айналдырған «Ай қанатты арғымақ» романы аяқталды. «Алыптар қайтып оралғанда» зерттеу кіта бын, «Полигон новеллалары» циклін жазып жүрмін. – Сұхбат соңында сізді мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, тағы да тың табыстар тілейміз. «Алматы ақшамы», 31 мамыр, 1990 жыл ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ: ЖЕМІСТІ 25 ЖЫЛ Өзге жұртқа, жалпақ әлемге өз танымымен, өзінің салтдәстүрімен, тарихымен, өнерімен, ғылымымен, т.б. оқшау сипаттарымен танылу – тәуелсіздікке ұмтылған әрбір
ұлттың үлкен мұраты. Сол оқшау сипаттарды жинап-те ріп, өз ұлтының өкілдері де, өзге жұрттың оқырмандары да жүйелі түрде түсіне алатындай қалыпқа салып, тасқа қа шағандай бедерлеп, том-том кітапқа айналдыру – өскен өркениеттің нышаны. Міне, осындай шежіре кітап – қа зақтың төл энциклопедиясының жарық көруі Қазақстан Республикасы тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі. Биыл алғаш шаңырақ көтергеніне 25 жыл толып отырған «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы қиын да күрделі қалып тасу кезеңін бастан кеше отырып, оқырман қауымға 3 млн 600 мың дана таралыммен 55 энциклопедиялық басылым ұсы ныпты. Төменде біз осы жұмыстарға басшылық жасап отыр ған белгілі ғалым, «Қазақ энциклопедиясының» Бас редак циясының бас редакторы, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Рымғали Нұрға лиевпен жүргізген сұхбатты жариялап отырмыз. Ұлттық энциклопедиясы жасалған халық – өскен-өркен деген халық. Төл энциклопедиямыздың дүниеге келуі – біз дің де өркениетті елдер қатарына қосылғанымыздың көр сеткіші. Мәселен, жазба мәдениетінің тамыры ықылым за мандарға кететін қытай халқының энциклопедиясын жасау ісі бізден кейін – 1972 жылы ғана қолға алыныпты. «Қазақ энциклопедиясының» бұрынғы одақтас республикалардың көпшілігінен бұрын жасалынып бітуінің өзі халқымыздың мәртебесін көтеретін дерек. Жалпы ұлттық ортадағы кітапқа деген көзқарас және кітап шығару ісінің өркендеуі – сол ұлттың мәдени кемелденуінің айнасы іспеттес. Әдетте, алдымен сауат ашатын әліппе, әр түрлі оқулықтар, онан соң көркем әдебиет, басқа да кітаптар шығады. Ал, эн циклопедия – кітап атаулының мейлінше күрделі түрі, бы лайша айтқанда, «кітаптардың кітабы». Адамзат қоғамы не ғұрлым ілгері басып, дамыған сайын, ғылыми білімдер со ғұрлым көбейіп, жаңа мағлұматтар, ұғымдар мен терминдер 6-0194
пайда болады, бұлар туралы сан алуан кітаптар шығады. Келекеле адамның осы жаңа деректер тасқынына ие болуы, игеруі қиындай түседі, хабаршы құралдардың қайсысында не барын біле алмай дал болады. Осы себепті оларды бір жерге жинақтау, басқа кітаптар жайында анықтама беретін бір кітап жасау, яғни адамзат ойында қорытылған барлық білімдердің жинағы – энциклопедия шығару қажеттігі туады. Энциклопедия сипатты еңбектер ең алғаш қытай халқының жазбаларында (б.з.б. XXII-X ғғ.) пайда болған. Б.з.б. 2-мың жылдықтың 2-ширегінде Мысырда сөздік жасалғаны белгілі. Ежелгі Грецияда Демокрит пен Аристотель еңбектерінің энци клопедиялық сипаты болды. Ежелгі Римде шыққан алғашқы энциклопедияның бірі – Марк Теренций Варроның «Ғылымдар» атты шығармасы. Әбу Насыр Әл-Фарабидің араб тілінде жазылған «Ғылымдар тізбесі», Ибн Синаның «Білім кітабы» трактаты, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» кіта бы, т.б. алғашқы энциклопедиялық еңбектердің үлгісі іспет ті. XVIII ғасырдың аса көрнекті философы Д. Дидро шығарған француз энциклопедиясының бүкіл әлемдік өркениетке ықпалы зор болды. 1768-1771 жж. шотланд баспаханашысы У. Смелли 3 томдық «Британия энциклопедиясын» шығар ды. XIX-XX ғасырларда Еуропа елдерінің бәрінде дерлік эн циклопедия жасалды. XIX ғасырда «Жаңа Америка энци клопедиясы» басылды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде жұртшылыққа кең таралған энциклопедиялық сипаттағы еңбектердің ішінен Ф. Павленковтың «Энцикло педиялық сөздігі», ағайынды Гранат бастырған энциклопе диялық cөздік үлкен орын алды. Осы қысқа қайырылған шолудан көріп отырғанымыздай, энциклопедиялық сипаттағы еңбектерді алғашқыда жеке адамдар – өз заманындағы сан салалы ғылым мен білімнің білгірлері жасаған екен. Мұндай дәстүр ұшқыны қазір де кез деседі. Мәселен, мен жақында Түркияға барған сапарымда кейбір энциклопедиялардың жеке адамдар – белгілі ғалымдар авторлығымен шығып жатқанын көріп қызықтым. Алайда,
әлемдік тәжірибеде күрделі энциклопедиялық басылымдар, әсіресе, ғылымның барлық саласын түгел қамтитын әмбебап энциклопедиялар ұжымдық күш-жігер жұмсау нәтижесінде дүниеге келеді. Қазіргі ғылым мен білім ауқымының кеңдігі сондай, мұның бәрін бір адамның терең білуі мүмкін емес. Сондықтан ғылымның әр саласынан маманданған адамдардан энциклопедияшылар ұжымы жасақталады, олар өздері ма манданған ғылым мен кәсіп салаларындағы белгілі ғалымдар дың, білікті мамандардың ақыл-кеңесіне сүйене отырып, бола шақ энциклопедиялық басылымның құрылымын анықтайды, енгізілетін мақалалардың сөзтізбесін жасап, жазылу үлгісін белгілейді, әрбір мақаланы жазатын маман автормен хабар ласып, олардан келіп түскен материалдарды бір үлгіге келті реді, қажетті суреттер, карталар, кестелер дайын болған соң, басылым өндіріске әзірленеді, т.б. Мұның бәрін тәптіштеп ай тып отырған себебім – оқырмандарға энциклопедиялардың қаншалықты қиын еңбекпен дүниеге келетінін аңғарту. Біздің кітаптарымызда артық бір сөз, тіпті бір үтір болмауы қажет. Мұнда анықталмаған дерек, ғылыми болжам секілді еркіндікке жол бермейді. Энциклопедиядағы мақалалардың газеттегі не месе журналдағы, ғылыми жинақтардағы мақалалардан ерек шелігі де осында. Қазір өзіңіз де байқап жүрген шығарсыз, мер зімді баспасөзде жарияланып жатқан бірқатар мақалалардың авторлары өз ойларын «Қазақ энциклопедиясының» томдары на сілтеме жасай отырып тиянақтайды. Бұл – бүкіл өркениет ті елдерде қалыптасқан дәстүр. Кез келген ғылыми таласта энциклопедиядағы дерек немесе тұжырым ақиқаттың кепілі ретінде қабылданады. Әрине, бұдан энциклопедиялық басы лымдарда ешқандай қателік болмайды деген ой тумауы ке рек. Барлық баспа өнімдері секілді энциклопедия да өзі жа рияланған кезеңдегі ғылыми ой мен қоғамдық пікірдің дең гейін бейнелейді. Біздің халқымыздың тұңғыш әмбебап эн циклопедиясына баға бергенде де осы тұрғыдан келу қажет. Онда көптеген ұғымдар, әсіресе, тарих пен философияға, қоғам дық ғылымдар мен дүниетанымға қатысты мәселелер сол ке
зеңнің рухында жазылған, халқымыздың ардагер азаматтары ның есімдері тұңғыш төл энциклопедиямызға енбей қалған, т.б. Алайда, өзі жарияланған кезеңдегі ғылыми ұғымдар мен тарихымызға байланысты деректерді жүйелеп шыққан, қазақ тілінің ғылыми тілге айналуына елеулі үлес қосқан тұңғыш энциклопедиямыздың мәні мен маңызын ескермеуге болмайды. Жұртшылық арасында «энциклопедия болған оқиғаларды тізіп шығатын шежіре емес пе» деген біржақтылау түсінік бар. Энциклопедия тек шежіре ғана емес, бұл – таным құралы. Өскелең ұрпаққа, әр саланың мамандарына қажетті ұғымдар мен деректерді жүйелеп беріп, ғылымның алға дамуына негіз қалайды, қозғау салады. Қай елде болмасын, энциклопедиялық басылымдардың жарық көруіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетілетіні сондықтан. – Осыдан жиырма бес жыл бұрын қолға алынып, он жылдың о жақ, бұ жағында жасалынып біткен тұңғыш ұлттық энциклопедиямыздың мән-маңызы туралы жақсы айтып өттіңіз. Бірақ, менің ойымша, халқымыз мәдение тінің тарихындағы осынау бір өзгеше оқиға – тұңғыш төл энциклопедиямыздың дүниеге келуі сол кездегі көп науқан ның тасасында елеусіз қалған сияқты. Осының себебі неде? Насихаттау жетіспеді ме, әлде халқымыз бұл шаруаның қадір-қасиетін түсіне алмай қалды ма? – Неге? Кезінде зиялы қауым тұңғыш әмбебап энциклопе диямыздың қолға алынуын, жасалынып біту қуанышын үлкен оқиға ретінде бағалады. Мерзімді баспасөз бетінде де жақсыжақсы лебіздер айтылды. Жалпы тарихтағы елеулі оқиғалар өз тұсында дараланбай, уақыт өте келе тұлғаланып, оның қадірқасиеті кейінірек бағаланып жатады емес пе? – «Ештен кеш жақсы» деген, Реке. Бұл жұмыс қалай басталып, қалай атқарылып еді? Тұңғыш ұлттық энци клопедиямыздың жасалу тарихын білу бәрімізге де парыз шығар. – Қай елде болсын энциклопедия сол ұлттың қоғамдық жә не рухани даму дәрежесінің биіктеген шағында ғана жасалып
отырған. Қазақ елінің саяси-экономикалық және мәдени өр кендеу деңгейі 60-шы жылдардың аяғында тұңғыш «Қазақ энциклопедиясының» жарық көруіне біршама қолайлы жағдай тудырған еді. Қазақстан үкіметінің «Қазақ Совет энциклопедиясын шы ғару туралы» қаулысында (1967 жылғы қыркүйек) осынау үлкен де күрделі басылым алдына: көне заманнан бүгінге де йінгі қазақ халқының өткен тарихы жолын бейнелеу, Қазақ Республикасының экономика, ғылым мен мәдениет саласын дағы жетістіктерін, оның басқа халықтармен байланысын, дос тық одағын, туысқандық ынтымағын көрсету, дүниежүзілік өркениетке қатысы бар аса маңызды ұғымдарды жете баяндау, сөйтіп, еңбекшілердің қалың көпшілігіне арналған жүйелі анық тамалық құрал жасап беру міндетін қойған болатын. Қазақтың тұңғыш әмбебап көп томдық энциклопедиясын әзірлеп, басып шығару үшін Қазақстан Ғылым академиясының жанынан 1968 жылы 1 қаңтарда «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы құрылды, оған ғылыми-зерттеу мекемесінің дәре жесі беріліп, тікелей Қазақстан Ғылым академиясының төр алқасына бағындырылды. Сөйтіп, бұл маңызды құжат Қазақ станда энциклопедиялық кітап шығарудың негізін салып берді. Қазақтың әмбебап көп томдық энциклопедиясын жасауға республикамыздың ғалымдары, халық шаруашылығының ма мандары әдебиет, мәдениет, өнер, қоғам қайраткерлері, ғы лыми-зерттеу мекемелерінің, баспасөздің, мұражайлар мен архивтердің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профес сорлары мен оқытушылары тартылды. Қазақтың тұңғыш эн циклопедиясының Бас редакторлығына академик М.Қ. Қара таев тағайындалып, халқымызға танымал ғалымдар мен ма мандардан құралған Бас редакция жасақталды. Негізгі күш Қазақстан Ғылым академиясы, оның ғылымизерттеу институттары мен басқа да ғылыми мекемелері болды, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары да аса маңызды роль атқарды. Бас редакция жанынан ғылым салалары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен ғылыми кеңесшілер тобы құрылды. Бұлардың құрамында 313 ғалым
мен маман: олардың ішінде 27 академик пен корреспондентмүше, 84 ғылым докторы, 189 ғылым кандидаты болды. Энциклопедияның әр томын әзірлеуге орта есеппен 8501200 автор қатысты. Бұлардың басым көпшілігі – ғылым док торлары мен ғылым кандидаттары, белгілі мамандар, өндіріс жанашырлары, әдебиет пен өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері еді. Энциклопедия мақалаларының ав торлары негізінен тиісті ғылыми мекемелер мен оқу орындары ның ұсынуы бойынша, Бас редакцияның және ғылыми сала- лық редакция алқасының мақұлдауымен іріктеп алынды. Көп томдық Қазақ энциклопедиясын әзірлеу барысында 47 тақырыптық сөзтізбе жасалды. Бұлардың әрқайсысы жеке кітапша күйінде басылды да, мемлекеттік және ғылыми меке мелерге, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орын дарына, шығармашылық одақтарға, кітапханалар мен мұ ражайларға, архивтерге, ірі кәсіпорындарға, жеке ғалымдар мен мамандарға жіберілді. Осылайша, кең түрде пікір алысу, талдап-талқылау нәтижесінде 60-тан аса мекеме, ұйымдар мен жеке кісілерден 8 мыңға тарта ұсыныс түскен еді. Түскен пі кірлер мен ұсыныстар салалық редакцияларда қаралып, ғы лыми кеңесшілердің қолынан өтті, алқаларда екшеледі. Осын дай қыруар еңбек нәтижесінде әмбебап энциклопедияға 50 мың мақала енгізу жоспарланды. Алдын ала әзірліктің барысында ҚЭ бас редакциясы автор лар мен редакторлар үшін бірнеше жадынамалар, мақала схе малары мен басқа да көмекші құралдар бастырып таратты, 1-томға енетін барлық мақаланың жобасы ротапринт әдісімен 12 кітапша етіп басылды да, Қазақстан Ғылым академиясы институттарының, басқа да ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындарының, министрліктер мен ведомстволардың, баспа, газет, журнал редакциялары қызметкерлерінің, жеке ғалым дар мен мамандардың қарап, пікір айтуына таратылды. Мұның бәрі мақалалардың сапасын арттыруға, ҚЭ бас редакциясы ның ұжымы, ғылыми салалық редакциялар ұсынған бағыт пен бағдардың қаншалықты дұрыс екенін айқындауға, кем шіліктердің алдын алуға мүмкіндік берді.
Әмбебап энциклопедиясының 1-томы 1972 жылдың басын да жарық көрді. Жыл сайын екі томнан шығып отырған бұл басылымның соңғы 12-томын оқырман қауым 1978 жылы қолға алды. Бұған жалғас «Қазақ Советтік Социалистік Рес публикасы» атты энциклопедиялық анықтамалық (қазақ жә не орыс тілдерінде), бір томдық «Алфавиттік пән-есім көр сеткіші» шықты. Сөйтіп, 1982 жылы он бес томды тұңғыш әмбебап энциклопедияны басып шығару жұмысы ойдағыдай аяқталды. Қазақ энциклопедиясының аяғынан қаз тұруына ірі ғалым дар мен білікті мамандар атсалысты. Өшуге таянған тарих беттерін ақтарып, небір деректерді қайта тірілтті. Қазақ топырағында жаңадан қолға алынған тың істің елдігіміз үшін орасан зор маңызы бар екенін терең түйсінген, энциклопедияның жұмысы жүруі үшін басқа шаруаларды ысырып қоя тұрып ақыл-кеңесімен де, қаламымен де көмек көрсеткен С. Мұқанов пен Ә. Марғұланды, Ғ. Мүсірепов пен А. Сызғановты, Ә. Бектұров пен С. Бәйішевті, М. Меңдіқұлов пен Т. Бәсеновті, Б. Бірімжанов пен У. Ахметсафинді, т.б. ар дақты ағалар есімдерін тұңғыш энциклопедиямыздың ірге тасын қалаушылар ретінде де халқымыз жадында сақтайды ғой деп ойлаймын. – Реке, қазір «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының атын естіген қайсібір ағайындардың «ау, «Қазақ энцик лопедиясы» баяғыда жасалып бітпеп пе еді, бұлар енді немен айналысып отыр, әлде сол кітаптарды қайтадан шығармақ па?» деген дүдамал сұрағын да естіп жүрміз. Шынымен-ақ, он бес томдық әмбебап энциклопедиямыздан кейін жасалынып біткен дүниелер, бүгінгі жасап жатқан шаруаларыңыз ту ралы айтып өтсеңіз. – Ең алдымен, өмір бар жерде, даму бар жерде энциклопе дия жасау ісінің де тұйықталып қалмайтынын атап айтқым келеді. Әсіресе, ақпарат тасқынының астында қалып, қо ғамдағы, ғылым мен өнердегі жаңалықтарды қадағалап оты рудың өзі қиынға айналған біздің заманымызда барша жаңа
ұғымдарды шұғыл түрде талдап және жүйелеп, оқырмандарға жеткізетін энциклопедиялық басылымдардың маңызы арта түседі. Өркениетті елдерде мұндай жұмыс өндірістік жолға қойылған. Ал бізде – ғылыми салалық энциклопедиялар, ба лалар энциклопедиялары, көпшілік қолды энциклопедия лық басылымдар әлі жасалынып бітпеген. Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізде атқарылар шаруа әлі көп. Он бес томдық әмбебап энциклопедиядан кейін шығарған басылымдарымыздың ең сүбелісі ретінде төрт томдық «Қазақ КСР» қысқаша энциклопедиясын атауға болады. Қысқаша энциклопедияның алғашқы томы саяси және ғылыми әде биетте «тоқырау» деп ат қойылып, айдар тағылған кезеңнің шырқау шыңы саналатын 1984 жылы жарық көрді. Бүгінгі заманның биігінен саралайтын болсақ, КОКП тарихы мен Қазақстан Компартиясының тарихына, Қазақ КСР тарихы мен этнографиясы және әскери іске, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс пен құқыққа, дін тарихы мен атеизмге, бұқаралық информация құралдарына арналған бұл том белгілі дәрежеде сол заманның талаптарына жауап бергені анық. Әрине, бүгінде қалың жұртшылыққа әйгілі болған, бұрын жазуды қойып, айтуға тыйым салынған деректер, кейін ашық жазыла бастаған «ақтаңдақтар» тарихқа арналған томнан көрініс таба алмады. Бұл басылымның 2-томы ірі өзгеріс, саяси бетбұрыс кезеңінде даярланды, осыған орай кітап жаңа редакциядан өтті. Қысқаша энциклопедия томнан томға көшкен сайын толы ғып, уақыт талабына сәйкес кемелдене бастады. Негізінен Қа зақстан ғылымы мен ғылыми мекемелеріне арналған 3-том республика ғылыми жұртшылығының жоғары бағасына ие болды. Ал бұл басылымның 4-томының жарық көруі республи камыздағы аса маңызды тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді. Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Ай мауытов, М. Дулатов сияқты қазақ халқының кемеңгер ұл дары ақталып, республикамызда солақай сын мен тұрпайы социология өрістеген кезде қабылданған қаулылар күшін жойды. Міне, осының бәрі Қазақстан әдебиеті мен өнеріне ар
налған соңғы томнан түгелдей көрініс тапты. Бұған қосымша төртінші томның соңында түрлі себептермен алдағы томдарда берілмеген Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, Ж. Ақбаев, М. Ты нышбаев, С. Қожанов сияқты қазақтың қайраткер ұлдары ның өмірбаяндары, «Қуғын-сүргін», «Саяси ақтау», т.б. ма қалалар берілді. Қазақ елінің өткен тарихы мен қазіргі ты ныс-тіршілігіне, шаруашылығы мен ғылымына, өнері мен табиғатына қатысты жаңа деректерді бір жүйеге түсіріп бер ген бұл қысқаша энциклопедиямыз, жоғарыда айтылған ол қылықтарына қарамастан, бүгінгі замандастарымыз үшін тап тырмайтын анықтамалыққа айналады-ау, – деп ойлаймын. «Қа зақ энциклопедиясы» Бас редакциясы шығарған бұлардан басқа да үлкен-кішілі басылымдар тізімін санап шығу міндетті емес шығар, бірақ басты-бастыларын атап өтейін. Осыдан біраз жыл бұрын біз Қазақстанның әрбір облысына арналған жеке-жеке энциклопедиялар шығаруды қолға алғанбыз. Бұл серияның ал ғашқы кітаптары – «Алматы» және «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиялары жарық көрді. Әсіресе, Қарағанды көмір кенінің ашылғанына 150 жыл толар қарсаңында жарық көрген соңғы басылым көпшілік көңілінен шықты. Ал «Алматы» энциклопедиясын біз жаңа деректермен толықтырып, жақында қайта басып шығарамыз. Осы басылымдар сериясын ары қарай жалғастырып, республикамыздың он тоғыз облысы на арналған жеке-жеке энциклопедия шығару жоспарымызда бар еді. Тіпті, кейбіреулерін жасап та қойғанбыз. Бірақ оларды шығаруға кезінде қаржы табылмады. Ал кейін, облыстық әкім шіліктердің көңілі бізбен байланыс орнатқаннан гөрі өздерін ағалап-жағалап жүрген жекеменшік баспаларға ауып кетті. Бұдан басқа елеулі еңбектердің арасынан Шоқан Уәлиха новтың бес томдық шығармалар жинағын басып шығарғаны мызды атап айтар едім. Бұл кітаптарды қазір күндіз шам алып іздесеңіз де таппайсыз. Мемлекеттік деңгейге көтерілген қазақ тілінің аясын кеңейту мақсатымен «Қазақша-орысшақазақша сөздік», сондай-ақ «Орысша-қазақша тілашар» басып шығардық. Бұлардың алғашқы екеуінің әрқайсысы жүз мың
данамен басылса, тілашар 250 мың данамен (1-басылымы – 100000; 2-басылымы – 150000) жарық көрді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай жарық көрген басылымдардың ішінен «Қысқаша қазақша-орысша сөздік» пен «Ағылшынша-орысша-қазақша тілашарды» атауға болады. Бұл екі басылым да оқырмандардың сұранымын дер кезінде қанағаттандырған қазіргі күнге дейін сұраныстан түспеген пайдалы тіл құралына айналды. «Қысқаша қазақшаорысша сөздік» 150 мың, ал «Ағылшынша-орысша-қазақша тілашар» 200 мың данамен таралуы осының айғағы. Бас редакция өзін-өзі қаржыландыруға көшкен кезден бас тап көпшіліктің жоғары сұранымына ие басылымдарды шы ғарумен де айналысып келеді. Соның бірі – «Әлемде талай қы зық бар» басылымы. Алғашында қазақ тілінде жарық көрген бұл кітап, кейін оқырмандар сұранысына орай «Энциклопедия чудес» деген атпен орыс тілінде де бірнеше рет басылып шықты. Оқырмандардың ерекше ықылас-пейіліне ие болған ҚЭ ба сылымдарының бірі – «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопе диясы, жалпы тиражы 345 мың данамен басылған бұл кітап оқырман қауымның бүгінгі күнге дейін сұранысын тудырып отыр. Амал не, қазіргідей қағаз қымбат заманда, әрі аумағы үлкен кітаптардың бәрі машинамен емес, қолмен түптелетін болғандықтан шығара алмай келеміз. Бір сүйсінетінің, әйте уір, Қытай қазақтарын араласаң да, Түркиядағы бауырлар үйіне барсаң да, алдыңнан «Шаңырақ» шығады, он екі томдық энциклопедия Пекинде басылып жатыр. Қазақ энциклопедиясының назардан қағыс қалдырмай, мақсатты жұмыс жүргізіліп келе жатқан тағы бір бағыты – балалар энциклопедиясын жасау. Өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі – қай елдің де саясатының басты назарында болуға тиіс. Осыдан біраз жыл бұрын үш томдық «Ол кім? Бұл не?» деген энциклопедия шығарғанымыз жұртшылықтың есінде болар. Кезінде қырық мың данамен басылған бұл басылымды да оқырмандар бірден жақсы қабылдады. Жетпей қалғандары қиылып хат жазып, мекемемізді әлі күнге дейін мазалайды.
Қайтадан басып шығаруға сол баяғы қағаз бен қаржы жағы қинайды. Алайда оқырмандар тілегін ескере отырып, жағда йымызға қарай үш томды бір томға ықшамдап, бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл энциклопедияны жақында «Ұлан» деген атпен қайта жарияламақпыз. Ал енді әлі мектеп есігін ашпаған, бірақ өзін қоршаған әлемді танып білуге талпынған бүлдіршіндер бар емес пе? Соларға арналған «Негеш» аталатын энциклопедиямыздың дайын болғанына да үш жыл өтті. Оны басатын қағазыңыздың бір тоннасы 150 мың сом. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Шәкірт» энциклопедиясы, «Математика» энциклопедиясы, «Өнер» энциклопедиясы… қай сыбірін айтайын, балалар үшін дайын дүние көп, тек солардың кітапқа айналуына жәрдемдесетін демеуші жоқ. Мысалға, қазір Бас редакция қоржынында жатқан «Қысқаша политехникалық энциклопедия» мен «Философиялық сөздікті» халқымыз үшін қажет емес деп кім айтады? Кімге көрсетсең де, «о, бұларың жақсы екен, қазақ тіліндегі ғылыми ұғымдар мен атауларды жүйелеп шығыпсыңдар» дейді. Ал өндіріске жіберіп қарасаң, қып-қызыл шығынға белшеңнен батасың. Осындай себеппен дайын болған басылымдарымыздың көпшілігі – «Айқап», он томдық «Қазақстанның тарихы және мәдени ескерткіштері ше жіресінің» бірінші томы, үш томдық «Қазақ әдебиеті мен өне рі» энциклопедиясы, «Қазақ тілі» энциклопедиясы, «Жанұя» энциклопедиясы тоқтап тұр. Өзін-өзі ақтар деген үмітпен «Ис лам», «Халық емшілігі», этнографиялық «Ақ отау» энцик лопедияларын жасап, өндіріске жіберу қамындамыз. Қазіргі негізгі күш-жігер қазақтың ұлы ақыны, 150 жылдық мерей тойын бүкіл әлем жұртшылығы атап өткелі отырған Абай Құ нанбаевқа арналған бір томдық «Абай» энциклопедиясын жасап бітіруге жұмылдырылып отыр. Бұл – жеке адамға ар налған алғашқы энциклопедия, кітапты жасауға белгілі абай танушы ғалымдар тартылған. Мұнда ақынның өмірі мен шы ғармашылығына қатысты барлық деректер мен ұғымдар жүйе леніп беріледі.
– Бүгінгі таңда кітап басу, газет пен журнал туралы, жалпы мәдениет жайында қозғалған әңгіменің бәрі қағаз бен қаржыға келіп тіреледі екен. Сіз ғалым ретінде, жа зушы ретінде, қазақ мәдениетінің бүгінгі таңдағы бедел ді өкілдерінің бірі ретінде біздің қазіргі – нарықтық қа тынастарға көшіп жатқан кездегі тұрмыс-тіршілігімізді қалай бағалар едіңіз, тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениет саласындағы саясатына қалай қарайсыз? – Нарықтық қатынастарды емес, қазақ мәдениетін қайыр шы кейпіне түсіріп, «қарабазардың» ішіне итере салған саясат ты жарамсыз деп бағалаймын. Білікті әдебиетшінің, сазгердің, актердің, суретшінің, т.б. бір айлық жалақысы алыпсатардың күндік табысының ширегіне жетпейтін заманда халқың үшін көз майыңды тауысып, жүйкеңді жұқартып еңбек ет деп кімге ақыл айтарсың. Отаншылдық, ұлтжандылық сияқты қасиетті сезім рухымен күн кешкен азаматтарымыз өзін де, отбасын да қайыршылыққа душар етіп жатса, әлгі сезімдерден қандай қадір-қасиет қалады. Маған кейде бір ой келеді: біздің әдебиетіміздің тарихында «Диуани лұғат ат-түрк», «Кодекс куманикус», «Хисас ул-Ән бия» сияқты қадау-қадау кітаптар бар емес пе? Солар әр дәуір де өркендеген мәдениеттің кейінгі жылдар табы өшіре алмаған алып шыңдары сияқты. Демек, осынау ұлы далада мәдениеттің даму дәуірі құлдырау заманымен, ақ жолақ үзіктермен кезек тесіп отырған. Біз қазір мәдениетіміздің сондай бір құлды рау, үзілер кезеңіне қайта оралып отырғандаймыз. Өкініштісі сол – мұндай заман мәдениеттің басына сыртқы жаулардың шапқыншылығы салдарынан емес, талай жыл аңсап күткен тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің дәрменсіздігі салда рынан түскелі отырғаны. Кітап – өскен мәдениеттің көрсеткіші дедік. Өркениетті елдерде біздің басылымдар сияқты бір кітаптың дүкендегі бағасы 30 доллар. Ал соны қазіргі орыс ақшасының құнына шақсаңыз жиырма бір мың сом болады екен. Осыншама ақшаға айына он мың сомның о жақ, бұ жағында орташа жалақы алатын қалың
көпшілік бір кітап сатып алар ма еді? Әрине, алғысы келсе де, ала алмайды. Осындай жағдайда қаламгерлерге халқының орташа жалақысы үш мың доллар болатын Американы үлгі етіп, неге солар сияқты жұмыс істемейсіңдер деу қисынсыздық. Сірә, біздің алыстағы айға қол созғаннан гөрі, өз қатарластарымыз ға қарап бой түзегеніміз дұрыс болар еді. Миллиард оқырма ны бар Қытай энциклопедиясын жасау ісі түгелдей мемлекет қамқорлығына алынған, ал мемлекетіміздің бізге берген көмегі қағаз сатып алуға да жетпейді. – Мен Сізден тәуелсіз еліміздің жаңа энциклопедиясын жасауға қашан кірісесіздер деп сұрағалы отыр едім. Мына әңгімеден соң, оған батылым барар емес… – Неге? «Үмітсіз – шайтан» деген. Заман осылай тұра берер дейсіз бе? Түзелер. Тек оны тәуелсіз еліміздің жаңа энцикло педиясы деп емес, қазақтың төл энциклопедиясының толық тырылған, жөнделген жаңа басылымы деп атаған орынды болар. Осынау үлкен шаруаға дайындығымыз да жоқ емес. Қандай қиын күндерді басымыздан кешіп жатсақ та, энциклопедия жүйесінің негізгі қаңқасын – салалық ғылыми редакцияларды сақтап қалып отырмыз. Қазір шым-шытырық араласып кет кен ғылыми ұғымдарды, атауларды, жаңа деректерді қалыпқа салып, қайта жүйелеп шығу қажеттігі ертең-ақ алдымыздан шықпай ма? – Осы арада тағы бір сұрақтың реті келіп тұр. Алғаш «Тіл туралы заң» қабылданар кезде осы заңды дайындаушы лар қатарында өзіңіз де болдыңыз. Айтысып-таласып жү ріп ана тілімізге мемлекеттік мәртебе алып бердіңіздер. Ана тіліміздің осы мәртебесі күні кеше Ата заңымызға қа шап жазылды. Қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру үшін атқарылар ендігі шаруалардың бағ дары қалай болмақ? – Ендігі шаруа – ең ауыр шаруа. Өзге жұртты өз сенімімізге иландыратын шешендік, артық-ауыс айтылған әңгімелер жүй кеге шық-шық тиіп жатса да, қызуқандылыққа бой алдыр майтын төзімділік қажет болған уақыт өтті. Енді сөз додасын,
той-томалақты азайтып, нақтылы іс атқаратын кезең туды. Қазақ тілін сауда-саттықтың тілінен бастап, ғарыш кешенінде халықаралық мәмілелерге қолданылатын тілге айналдыру үшін барлық сала бойынша ұғымдар мен атаулардың ана ті ліміздегі баламасын жасап, бір жүйеге түсіруіміз керек. Ол үшін де, әрине, қаржы қажет. Содан соң, бұл іске үкімет біреуге жақсылық істеп отырғандай емес, өзінің төл шаруасындай қарап, қолға алуы қажет. Қазақ тілінің терминологиясын жасаумен қазір кім айна лысып жүр? Көбінесе, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық негізде құрылған бірлестіктер немесе жеке адамдар. Жеке адамдардың отаншылдық сезіміне сүйеніп қана мұндай күрделі істі атқарып шығуға болмайды. Министрліктерде, әр түрлі мекемелерде ау дармашылар жұмыс істейтінін білеміз, олар өз салалары бо йынша әр түрлі сөздіктер де жасап алыпты. Соларды оқып кө ріңізші. Әркім өз білгенінше әр жаққа тартқан. Тіпті қазіргі мектептерге, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналып шығып жатқан оқу құралдары мен оқулықтарда да ұғымға, атауларға қатысты сәйкессіздіктер көп. Бұлай кете берсек, біз «мүйіз сұрап, құлақтан айырылыптының» кебін киеміз. Біздің жастарымыздың ана тілінде оқып алған білімі бұрынғы орысша алған білім деңгейінен төмен жатса, солай болмағанда қайтеді. «Ұзын сөздің қысқасы», бұл айтылған мәселелердің қай-қай сысы да – енді-енді құрылып жатқан Тіл комитетіне ауыр жүк артар алдағы күннің еншісіне тиесілі шаруалар. – Халқымыз жиырма бес жылды жігіттік пен кемелдіктің межесі деп есептеген ғой. Өзіңіз басқарып отырған «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы да осы межеден – қалыптасу кезе ңінен өткен секілді. Осындай өліара кезде оқырмандарға ай тар тілегіңіз. – Оқырман да, сіз де, біз де – бір кеменің үстіндегі жан дармыз. Ең алдымен, қайта орнаған Қазақ елінің туы биік болсын. Қандай тар заманнан да өткен халықтың бүгінгідей уақытша қиындықты қайыспай көтеріп шығатынына сенемін. Энциклопедия – әр халықтың Ғылым академиясы, Ұлттық
университеті сияқты елдігін танытатын ғылыми ордасы. Уақыт ша қиындыққа шыдамай негізі бар, іргетасы қаланған осы ор даны құлатып алсақ, қайта көтеру қиын болады. Халқымыз барда, еліміз барда «Қазақ энциклопедиясы» да болатынына се неміз. Лайым, құдай бізді сенім мен үміттен айырмасын. – Айтқаныңыз келсін. Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Тілеухан Жұмаханұлы. «Егемен Қазақстан», 4 мамыр 1993 жыл ҚАЗАҚҚА ЭНЦИКЛОПЕДИЯ КЕРЕК ПЕ? – Реке, ғалым, сыншы, жазушы, қоғам қайраткері ретінде Сіздің өміріңізге өкпеңіз аз шығар… Абай, Шәкәрім, Мұхтар топырағында туып, ат жалын тартып ержетіпсіз. 26 жаста ғылым кандидаты, 33 жаста ғылым докторы атандыңыз, қазір Қазақстан Ғылым академиясының корреспондентмүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстан энциклопедиясының» Бас редакторы Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиевсіз. Адам ретінде енді арманыңыз бар ма? – Арман таусылса, адамның да таусылғаны. Менің орын далмай жатқан бір арманым бар. Өзің көріп тұрсың, міне, қора-қопа том-том қалың қағазға белшемнен батып отырмын. Энциклопедияға келгелі бір байқағаным, ұлттың бас кіта бын әзірлеу емес, соны басып шығарып, оқушыға ұсыну шар шатады екен. Мынау сөре-сөре үш папкі болашақ «Абай» эн циклопедиясының қолжазбасы… Бүкіл түркі жұрты әзірге же ке адамға арнап бүйтіп энциклопедия шығара қоймаған. Абай- дың өз басы, оның ортасы, сол кездегі қазақ өмірінің басты бел гілері, салт-санасы, ғұрып тұрмысына дейін түбегейлі хатқа тү сірген қыруар еңбек бұл. Ал анау жатқан «Қазақстан мәдение ті мен тарихи ескерткіштерінің шежіресі» деп аталынатын көп томды энциклопедиямыздың Оңтүстік Қазақстанға арналған алғашқы томы. Ахмет Иассауи, Арыстан бап дейсің бе, Отырар дейсің бе, Қазақстанның тарихы, мәдени ескерткіштері сықа толы кен қоржыны, інжу-маржан, қазынасы осы кітаптың
ішінде. Республиканың өзге де топырағы, құнарлы аймақтары осы кезекпен келешекте де шыға береді. Әттең, осы том бұл күнде түстікке келіп жатқан туристер мен тәу етушілердің, ең алды мен, есін жаңа-жаңа жиып, оң-солын бағамдап жатқан қалың бұқараның қолына тисе қане! Оның орнына менің кабинетімде тұтқын болып, құлыпсыз қамалып жатыр. Ең қиыны, кезінде тікұшақпен әуеден түсірілген құны алтынға парапар түрлі түсті слайдтар өшіп барады. Себеп біреу-ақ, қаржы жоқ! 1986 жылы шаруашылық есеп деген шудың әлегімен энциклопедия өзінөзі қаржыландыруға шығып қалған. Басқа-басқа, ұлттың бүкіл түйсігі мен білімін, тұрмысы мен өткен-кеткенін жинақтап, басаяғын түгендеп, тасқа басып беретін энциклопедияны бүйтіп қара суға қамағанды кім көрген? Бұл бірде-бір өркениетті мем лекеттің жасамаған, жасауға батылы бармаған шаруасы. Осы ның кесірінен біз қазір қол жайып, қайыр сұрауға шақ қал дық. Сенбесең, міне, республиканың премьер-министрі С. Те рещенкоға жазған №113 хатымызды оқып көр. Жаңа ғана қол қояйын деп отыр ем. Әлгі томды шығаруға алты-ақ миллион сом керек екен, соны сұрап жыланамыз, қайтеміз. Түстік жаққа қолқа салып көріп ек, «Жылу жинау көбейіп кетті» деп тонда- рын теріс киді. Рубасыларының шашпа-төкпе асын беруге келгенде алдымызға жан салмаймыз, ақшаны аямаймыз. Ойсанамыздың қай дәрежеде екені осыдан-ақ белгілі. Қаржыдан қақтығып Қайым Мұхаметханов, Мекемтас Мырзахметов се кілді мүйізі қарағайдай абайтанушыларды жұмыстан шығар дық, онсыз да аз штатты қысқарттық. Шетелді былай қойғанда, мына тұрған Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург архивтеріне адам жіберейік десек, командировкаға ақша жоқ. Бұдан кім ұтты, кім ұтылды? – Ашынып-ақ отыр екенсіз, Реке. Шынында да мынау басқа жұрт естімейтін, естуге тиіс емес ұят жағдай екен. Осы жақында ғана Алматының бір тұрғыны төрт бөлмелі пәтерін 9 миллион сомға сатып, Ресейге көшіп кеткенін естіп едік. Осыдан соң: «Арманыңыз бар ма?» деп сұрақ қойғанымызға біз ұялып отырмыз. Дегенмен тірі адам тірлігін істейді. Сол тарапта не істер едіңіз.
– Сегіз томдық «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясының» (қазақша, орысша) кезінде оқушы қолына тигенін өзің білесің. Кемшілік, жетістігіне оқушы қауым төреші. Өз басым, он дағы ең үлкен олжамыз – қуғын-сүргінге кезінде жазықсыз ұшырап кеткен зиялы азаматтарымыздың жарық бейнелерін энциклопедия бетіне түсіргеніміз деп есептеймін. «Шаңырақ» атты тұрмыстық хал-ахуалға арналған том қолдан-қолға тимей тарап кетті. Өткен жылы Түркияға барып ек, соның Кония уәлаятының Селім деген ауылында тұратын қазақ азаматының төрінен «Шаңырақты» көріп қатты қуандым. «Қазақ энцикло педиясының» үш томы, «Ғажайып құбылыстардың» үш то мы Бейжіңде «Ұлттар» баспасында араб әрпінде жарық көр ді. Орысша-қазақша, қазақша-орысша-ағылшынша жарыққа шыққан қалта сөздіктер өз алдына. Қазір «Қазақ тілі», «Отба сы», балаларға арнап «Ұлан» энциклопедияларын, сондай-ақ пәлсафалық, политехникалық сөздіктерді әзірлеп жатырмыз. Қысқасы, кезінде арман секілді тәуелсіздікке қолы жеткен жұртымыздың қолына, қайталап айтамын, ұлтымыздың Бас кітабы болып табылатын томдарды түйенің ботасын күтке ніндей көпке созып алмай, дер кезінде қолына тигізіп отыру, 70 жыл бойы қордаланып қалған ой-түсініктерді тазартуға ша ма-шарқымыз келгенше септігімізді тигізу ғой. Бізде одан өзге қандай арман бар дейсің. – Энциклопедия жайлы әңгіменің басын біраз шиырып тастаған секілдіміз. Сөйтсе де, Сізге қойған алғашқы сұрақ тарға қайтып оралсақ қайтеді? – Ғылым жолы соқтықпалы, соқпақты екенін әркім біле берсе де, оның тауқыметін сол жолға түскен адамның өзі ғана біледі. 27 жаста кандидат, 33 жаста доктор болыпсыз деп отырсың, оның бәрі рас, бірақ осы жаста көзге ерте ілігіп, сапқа тұрғаным көп адамның көзіне тікенектей қадалғаны тағы рас. 1966 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қилы заман» қандай туынды?» деген мақаламнан бастап, үстімнен арыз жаңбырша жауды. Мұхаңның көп жыл бойы көмбеде беті жабулы жатқан шығармасына шырылдап ара түскен сол мақала 7-0194
көп жерде талқыланып, ақыры «Қазақ әдебиетінен» Нығмет Ғабдуллин бас редакторлықтан, Зейнолла Серікқалиев бөлім меңгерушілігінен, ал мен Қазақстан Жазушылар одағындағы қызметімнен босатылдым. Құйрыққа байланған сол шала кейін де көп жыл бойы бықсып, көз ашытып жүрді. Басқаны былай қойғанда, «Трагедия табиғаты» кітабымда Шәкәрімнің «Еңлік – Кебек» поэмасын ауызға алғаным үшін әйгілі қанқұйлы жендет Қарасартов Алматыға әдейі келіп, менің өзімді де, кітабымды да сотқа бермек болды. Одан аман алып қалған қадірлі Бейсекең, профессор Бейсенбай Кенжебаев, ғылым тарапында менің руха ни әкемдей болып кеткен Бейсекең Павлодар облыстық газетін де бас редактор болып қызмет атқарып жүрген кезде Қарасар тов қол астында істеген екен, соны алға тартып, Қарасартов қа костюм жауып, жолына ақша беріп, бетін зордың күшімен әрең қайтарды ғой. Үш әріптің үйге келіп, кітаптарымды ақта рып, тексергені де шындық. Жастықтың мастығы ма, сонда да қоймай, Ахмет Байтұрсыновтың «Әдеби танытқышын», Мағ жан Жұмабаевтың 1923 жылы Ташкентте шыққан кітабын, Жүсіпбек Аймауытовтың «Өнер таңдау», «Жан жүйесін» қол тықтап, лекцияға ала барушы ем. Ол жылдары бұл кітаптар үшін бас кететін. Мені осы үшін де қамап қоюға болатын еді. Әйтеуір, құдай сақтады. Осындай пәле-жаланың кесірінен докторлығымды екі рет қорғауыма тура келді. 20 жыл бойы партияға алмай, бір орында шегендеп, тапжылтпай ұстады. Тек жариялылық, демократия заманынан соң ғана еңбегім ақ талғандай болып, ауыздық босап, тұмылдырық алынып, жо ғарыда өзің айтқан лауреаттықтар, ғылыми атақтар пешенеме жазылды. Ең бастысы, бес алып бастаған зиялыларды ақтайтын үкіметтік комиссияларға мүше болып, ақтаңдақтарды жоюға қолқабыс еттім. Бұған және қосып айтатыным: сол бір қиынқыстау жылдары жаһанда жалғыз тентіреп қалған жоқпын, менің ұстаз ағаларым болып табылатын Бейсекең, Бейсенбай Кенжебаев бас болып М. Қаратаев, Е. Ысмайлов, М. Ғабдуллин, Т. Нұртазиндер шама-шарықтары келгенше қолдап-қолпаштап, керек десе, мен үшін қолдарын жанып тұрған отқа тықты.
– Қоғамдық қызметіңіз ғалымдық жолыңыздан бұра тар тып, таразының тең басы бұзылған жоқ па, Рым аға? – Ел іргесі бекіп, қазақтың ой, дүние танымының шырағы қайта маздай бастаған мына заман қара басыңның қамын ғана күйттеп, үстел құшақтап, қалам сықырлатып отыратын уақыт емес. Қазақпын дейтін әр азамат қазір ат үстінде. Түн қатып, түс қашып, бетімізді дұрысқа түзеп, сара жолға тебінгіге тер қатып бір түссек, ғалымдық қайда қашар дейсің. Сұхбатты жүргізген Марат Қабанбаев. «Парасат», 1993, № 2, 12-13-бб. КІТАПТАРДЫҢ КІТАБЫ Біз қазақ кейде өзімізді өркениеттіліктен тым алшақ қап, соған қарай ұмтылып-талпынуға әлі де болса бірқатар факторлар жетіспей тұрған сияқты олқылықтан арыла алмайтын халді басымыздан кеше беретініміз бар. Түнеугү ні бір пікірталастың барысында «Осы қазақ – біз, түптіңтүбінде көсегеміз көгеретін-ақ халықпыз. Өзімізге өйткені көңіліміз бір толып қоймайды ғой» деген еді біреу. «Біз тіпті қалаларымызды, әсем астанамыз Алматыны, театрлар мен көрмелерді, баспалар мен кітапханаларды, жоғары оқу орын дары мен ғылыми-зерттеу институттардың, ең ақыры Ұлт тық Ғылым академиямызды көрнеу елемей, қоңылтақси беретіндікті сүйекке сіңді ұлттық ескі серігімізге айналдырып алған жоқпыз ба екен» деп те ойлайсың кей уақытта. Тек қана кемшілік біткенді теріп-тізіп, өз мініңді өзің қазып, қопара берген сайын дүние орнына келетіндей көріне ме екен әлде. «Бізде мынандай бар, мынандай бар» деп арасында марқайып, көңіл желпінтіп қойған да теріс емес шығар, бәлкім. Ұзын сөздің қысқасы, жақында «Қазақ энциклопедиясының» құрылып, жұмыс істей бастағанына жиырма бес жыл толғанын естіп, ондағы ахуалмен арнайы барып танысқанда тап жаңағыдай ой жетегіне еріп едік. Бұл мекеменің басында отырған адамнан
бір кезде дәріс ап, дүние құбылыстарына ғылыми көзбен қарап, ой қорытуға баулыған өзіміздің Рекең, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рымғали Нұрғалиевпен болған әңгіме барысында ұлтжанды азаматтар қазақ халқын өркениеттілікке қарай апарудың парасаттылық һәм рухани алғышарттарын бұдан көп бұрын ойластырып қойғанына көзіміз нақ жете түсіп, ризашылық сезімге бөленіп қайтқан жайымыз бар еді. Хош, сонымен әңгімеге кезек берейік. – Сөзіміздің пісмілләсында әуелі энциклопедияның жал пы табиғатына сипаттама жасап, осынау әмбебаптық еңбектің бүкіл әлемдік тарихына бірсыпыра тоқталып өтсеңіз. – Өркениеттілік санатқа ілігудің белгілеріне лайық көрсет кіштің бірі – энциклопедия. Кітаптардың кітабы саналатын энциклопедия әр халықтың тілі мен тарихын, ғылымын, әуен-сазы, сәулет өнері, әдебиеті, салт-санасын танытатын бі регей еңбек. Мұндай күрделі еңбектердің дүниеге келуінде ұлттың қоғамдық және рухани даму деңгейінің көрсеткіш бағанасының биіктеуіне байланысты жүзеге асатын бір заң дылық бар. Бұл тұрғыдан еңбектердің тарихы тым көне дә уірлерден басталады. Алғаш қытай жазбаларында (б.з.б. ХІІ-Х ғғ.) пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықтың екінші ширегінде Мысырда сөздік жасалған. Ежелгі Грецияда Демокрит пен Аристотель еңбектерінің эн циклопедиялық сипаты болды. Әбу насыр әл-Фарабидің араб тілінде жазылған «Ғылымдар тізбегі», Ибн Синаның «Білім кітабы» трактаты, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат-ат тү рік» сықылды кітаптар энциклопедиялық еңбектің бастапқы үлгісі іспетті. Әйтсе де энциклопедия шығару ісінің толысып, кемелдене бастаған тұсы он сегізінші ғасыр. Атақты философ Дидро шығарған француз энциклопедиясының өркениетті ықпалдастыққа тигізген әсері аса зор. Он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында энциклопедиялық
еңбектерді шығару жаппай өріс алған кезде Ф. Павленковтың «Энциклопедиялық сөздігі», ағайынды Гранат бастырған осы тақылеттес сөздіктерінің маңызы айрықша. 1925 жылы қазіргі «Ресей энциклопедиясы» (Бұрынғы «Совет энциклопедиясы») баспасының негізі қаланып еді. – «Қазақ энциклопедиясының» қаз тұрып, алғаш қа дам жасай бастаған кездері істің басы-қасында білікті мамандар, білімді адамдар отырған екен. Дегенмен де осын дай күрделі еңбектерді басып шығарудың алғашқы тәжіри бесінде көп жайлар ескерілмей ұмыт қалуы да мүмкін-ау. – Ұлттық Ғылым академиямыздың жанынан 1968 жылы 1 қаңтарда «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакция сы құрылып, оған ғылыми-зерттеу мекемесінің мәртебесі бе рілді. Осынау жауапкершілігі зор ұлан-ғайыр ауқымды іске республикамыздың ғалымдары, халық шаруашылығының ма мандары, әдебиет, мәдениет, өнер, қоғам қайраткерлері, ғы лыми-зерттеу институттарының, баспасөздің, мұражайлар мен архивтердің қызметкерлері жоғары оқу орындарының оқы тушылары тартылды. Тұңғыш энциклопедиямыздың басшы лығына академик М. Қаратаев тағайындалып, оның Бас ре дакциясы танымал мамандардан, ғалымдардан жасақталды. Атап айтқанда, жазушылардан С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тә жібаев, Ә. Шәріпов, ғалымдардан М. Ғабдуллин, С. Бәйішев, С. Кеңесбаев, С. Зиманов, О. Жәутіков, Ә. Марғұлан, А. Қо наев, А. Нүсіпбеков, С. Балмұқанов, өнер қайраткерлерінен Е. Рахмадиев, С. Мәмбеев, Қ. Телжанов және басқа көптеген қадірменді азаматтарымыз атсалысқан болатын. Мұндай еңбек ті басып шығарудың алғашқы тәжірибесіндегі көп жайлардың ескерілмей қалуының әр түрлі себептерін сөздің ретіне қарай ай та жатармыз. «Қазақ энциклопедиясының» әр томын әзірлеуге орта есеппен 850-1200 автор қатысты. Мұндайлық көпшілік әдетте зауыт-фабрикаларда, ірі кәсіпорындарда ғана еңбек ете тіні белгілі. Жиырма бес жылдың ішінде осынау әмбебап еңбек тің әр томын шығаруға жұмсалатын қыруар күш, ақыл-ой, зерде мен зейін, ұйымдастырушылық-бағыттаушылық шаралардың
орасан салмағы тұтастай редакция ұжымының мойнына тү сетіні де аян. Ендеше «Қазақ энциклопедиясының» кезінде бас редакторлары болған М. Қаратаев, М. Қозыбаев сынды көрнекті ғалымдардың, кезінде жауапты хатшы болған белгілі әдебиетшіғалым Р. Бердібаевтың, бөлім меңгерген Қазақстан халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың, редакциямызда әр жылдары қызмет істеген танымал жазушылар Д. Исабеков, М. Сқақбаев, Қ. Сегізбаев, Қ. Құрманғалиев, музыка зерттеушісі Жиенбек Рсалдин, белгілі әдебиетшілер Н. Төреқұлов, Б. Майтанов, А. Му синов, А. Егеубаев, журналистер Б. Қожабеков, Н. Шәкеев, Қ. Әбілханов, М. Құлмұхаметов, К. Есмағамбетов, Ж. Ертілесов, Б. Мергенова, С. Әсіпов, сол сияқты өмірден ерте кеткен Әбен Сатыбалдиев пен Қажығұмар Қуандықовтардың есімдерін бүгінгі таңда ерекше құрметпен атап қойған ләзім. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы қалыптасу кезеңдерінің әр қилы қиын сәттерін тез арада артқа тастап, ширек ғасыр уақыттың ішінде есейіп байсал тартқандықты танытып, 3 мил лион 600 мың дана таралыммен 55 энциклопедиялық басы лымды жұртшылыққа ұсынып үлгерді. – Осы әмбебап көп томдықтар біртіндеп жарық көре бастаған кезде мерзімді баспасөз беттерінен айтылған пі кірлердің арасынан әр түрлі сын-ескертпелер де кездесіп отырған шығар? – 1972 жылы тұңғыш энциклопедиямыздың бірінші томы жарық көруіне орай республикамыздағы қазақ-орыс тілдерінде шығатын басылымдардың барлығы дерлік жар сала жария ет кен мақалаларға көп орын берді. Қалай болған күнде энцикло педия томдары қолға тие бастаған кезде зиялы қауымның көп теген өкілдері қоңсылас түркі халықтарын былай қойғанда, ежелгі дәстүрі бар армян, грузин елдерін де артқа тастап, сол кездегі бүкіл Кеңес Одағы республикаларының ішінде тап осындай бірегей еңбек украин мен белорустан кейін тек бізде дүниеге келгені – рухани жан әлемімізге эйфориялық көңіл күй сыйлағаны да мәлім. Мұның өзі бүкіл өркениетті қауымдастық қа қосылуға мұрындық болатын парасаттық мүмкіншілігіміз
ді паш еткен тұтас бір кезеңнің қорытындысының тәуір жемісі еді. Әйтсе де «Жұлдыз» журналының 1986 жылғы 11 санында Қайым Мұхаметқановтың «Келелі іске кемелдік жарасады» деген мақаласында он екі томдық энциклопедиядағы кейбір кемшіліктер, дәл емес жәйттер атап көрсетілген еді. Жиыр ма бес жылдың ішінде өз энциклопедиясын жасаған қазақ халқы жоғын түгендеп, барын қастерлеп-қадірлейтін жаңа ша салт-санаға бет бұра бастады. Демек бүгінгі таңның қатал дау өлшем безбенімен қарағанда, әрине, халқымыздың тағ дырына қатысты біраз ақиқаттарға ылғи да жағымсыз рең беріліп, тек қара бояумен сипаттауға оңай тұратындық ыңғай анық сезіледі. Анығын айтқанда, Алашорда қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихын баяндауда тұп-тура сондай әдіс қолданылған. Қазақ қауымы зиялыларының демократиялық мұрат-мақсаттарына, көздеген дербестіктеріне жала жабылып, коммунистік сыңарезу көзқарастардың үстемдігі арқылы бір жақты баға берілген. Әйтпесе егжей-тегжейлі талдап, мән-жай ды шынайылықпен көрсете алатын мақала берілуі жөн емес пе еді. Міне, мұның бәрінің есесін кейіннен қайтардық. Бірақ кезіндегі бақылау қысымшылығына, партиялық өктемдіктің өрескелдіктеріне тұсалып қалуға мәжбүр болдық. – Коммунистік тәртіптердің заманында мұқым ұлттық баспасөз партиялық бақылауға алынып отырғаны белгілі. – Бұл жағынан «Қазақ Совет энциклопедиясы» қатты зардап шеккен жайы бар. Оның алдын ала жасаған бүкіл іс-жоспары, кітапқа баратын материалдар мен оған енетін адамдарға дейін Орталық Комитеттің қатаң қадағалауында тұратын. Солардың мұқият сұрыптауынан өтіп барып бекітілетін. Мәселен, мен қол қойған «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясының» төрт томы түгел идеология хатшысының тікелей қадағалауында болды. Кімді алып, кімді қосу тек соның еркіндегі шаруа еді. – Энциклопедияға кіру үшін сонда қандай өлшемдер қо йылды? – Ол өлшемдердің талғамдық өресі, өз перзенттерін бағалап, қадіріне жетудің кісілікті нұсқалары көп бола қойған жоқ де
сем, қателеспейтін шығармын. Партия өз құрылым жүйесінде гі әр түрлі дәрежедегі шенеуніктерді енгізуді ұмытпады. Тіпті жазушылар мен өнер қайраткерлерінің дарыны, халыққа та нымалдығы, ізденістеріндегі елеулі табыстары әсте ескеріл мейтін. Ұлы Отан соғысына қатысқандары үшін ғана бірталай кездейсоқ адамдардың кіріп кеткен жағдайы да кездесті. Тұр пайы социологияның кесірінен айрықша қолтаңбаларымен кө рінген орта буынның бірқатар өкілдері еленбей қалды. Оның есесін қайтарып, кейін төрт томдыққа енгізудің сәті келгені мен, мұндай бақылаудың барынан мүлде хабарсыз жұрт бұған басылымның басында отырған адам кінәлі деп біледі. – Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш за манның өзінде энциклопедия партиялық назардың қатаң бақылауында болса, әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін қа дағалау тіпті асқынып кеткен шығар? – Энциклопедия ұлтшылдықтың ұясына баланып, оған интернационализмнің рухын молынан енгізу үшін орыс адам дары жұмысқа зорлықпен алынып, осы тілде қажетсіз басы лымдар шығарыла бастады. Сол кезде кез келген ұжымды ұс тап тұратын үштік – партия, кәсіподақ, комсомол өкілінің біреуі қазақ та, қалған екеуін міндетті түрде басқа ұлттан болуын ашықтан-ашық талап еткен өктемдікке дейін ұлас ты. Кей тұстарда тіпті энциклопедия мақалалары әуелі орыс тілінде дайындалып, сонан кейін барып қазақ тіліне аудары латын. Сыртқы күштердің зорлығымен энциклопедия сти ліне жатпайтын партия қаулылары тықпаланып, құлаш-құ лаш цитаттар келтіріп отыру міндеттелінді. Оның үстіне эн циклопедияға енбей қалған өкпесі қара қазандай кейбір аға йындарымыз да тырнақ астынан кір іздеп, сонау Мәскеудегі Орталық Комитетке, Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетіне «Қа зақ энциклопедиясында» ұлттық идеялар бас көтеріп, хандар мен сұлтандар жаппай насихатталып жатыр» деген арыздарды қаптатып түсіріп, жоғары жақтан тексерушілердің топырлап келуіне себепкер болды. Мұның өзі жүйкеге тиіп, жұмыс іс тетпейін ахуал орнатты. Тіпті Мәскеуден келген екі бірдей
полковник өздеріне арнайы бөлме босаттырып алып, бізбен бірге сағат тоғыздан алтыға дейін отырып, жеке авторлардың мақалаларын түгін қалдырмай тексеруден өткізді. Қазір ойлап қарап тұрсам, сол екі полковник қолжазбалардан Желтоқсан оқиғасы кезінде таратылған үндеулердің қолтаңбасын іздес тірген екен. Міне, осындайдың салдарынан ұжым өз еркінді гінен айырылып қалды. Халқымыздың тағдырына қатысты жазылған орасан материалдар дайындалған еңбектер жоспарға енгізілмей кейінге шегерілетінді шығарды. Сол уақыттан бі разырақ бұрын қазақ-орыс тілдерінде шыққан «Алматы» эн циклопедиясы дүкендерден, қоймалардан жинап алынып, көзбе-көз өртетіп жіберілді. Ал «қазақ ұлтшылдығы» туралы қабылданған атышулы қаулыда «Қазақ энциклопедиясының» атына қатты сын айтылып, үлкен айып тағылды. Осыны қа пы жібермей пайдаланғысы келген күштер «Қазақ Совет эн циклопедиясын» біржолата көзін құртып, жойып жіберетін әрекетке дейін барды. Тура сол жылы Қазақстан қалалары мен облыстарына арналған серия бойынша шыққан «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы әуелі тұтастай орыс тілін де дайындалып, бір-екі жыл өткен соң ғана барып қазақ тіліне аударылғанын еске алудың өзі өте ауыр. Орталықтың осынау үстемдігінің жүгенсіздігін кейде қайран қалып ойлаған сайын сондайлық басынуға мұрындық болған өз ағайындарымыздың «битке өкпелеп тонын отқа тастаған» сыңайлы қылықтарына таңғалмасқа шараң жоқ. Міне, сол кезде қазақ мәдениеті Қазан төңкерісінен кейін басталды деген империялық экспансия қайтадан бас көтерді, мұсылман дүниесіне жаулықпен қарай тын пиғылдар пайда болды, ең ақыры ұлы көршіміз қытай халқын жамандау етек ала бастады. Жамандық атаулы егіздепсегіздеп келетін әдеті емес пе, келер жылдың жазында «Қазақ энциклопедиясының» архиві айдың, күннің аманында, тапатал түсте өртеніп кетті. Сөйтіп көптеген суреттерден, құнды материалдардан жазатайым айырылып қалдық. Қазақ ұлты ның мүддесіне қарсы күштер қасақана өрт салды деп білем.
– Көп томдық әмбебап энциклопедиялық еңбекті шыға рудың қалыптасқан халықаралық жүйесінде біздікінен ай тарлықтай айырмашылықтар бар шығар? – Энциклопедия – жалпы ауыс-түйісі көп еңбек. Барлық елде ежелден қалыптасқан бірізді жүйе бойынша жұмыс істейтін дәстүр бар. Орыс, ағылшын, жапон, француз материалдары бір-бірін жатырқамастан кірігіп кете береді. Сондықтан да өгей сіген кірпияздықпен қарау жарамайтын нәрсе. Керек десеңіз Түркия өзге елдер энциклопедиясын өз тілдеріне аударып алып, ұлттық кәдесіне жаратып жатыр. Түрік жұртшылығының бұл орайдағы зиялылық ісінің өнегесі баршылық. Тек түрік сұл тандарына арналып шығарылған энциклопедия барын айтсақ та жеткілікті. Тегінде энциклопедия – ұлттың сана көрсеткі шін анықтайтын жиынтық мәні бар аса үлкен сала. Күні ке шеге дейін бір мемлекет құрамында болып келген Белоруссия да энциклопедия туралы кандидатық диссертация қорғалуы – мұндай қомақты істің ғылыми объектіге лайықтылығын көр сететін құбылыс. Бір миллионға жетер-жетпес адамы бар шапшағын эстон халқының кезінде энциклопедиясын жүз мың данамен шығарып таратқан тағлымы да ойлантпай қоймайды. Ал біздің тұңғыш энциклопедиялық еңбектеріміз – қырық мың дана болып шығып, жер-жерлерге тіпті күштеп жөнелтуге де йін барған жағдай кездесті. Есесіне, біздің бұл еңбегімізге дү ниежүзілік мәдени жұртшылық айрықша мән беріп, көптомды энциклопедиямызды әлемнің қырықтан астам елі сатып алды. Қытайдың «Ұлттар» баспасы қазір оның алты томын араб қар пімен басып шығарды. Қытай сияқты орасан көп ұлтты үлкен елде алты томдық энциклопедиясы бар қазақтан басқа халық жоқ қазір. Жерлерінде соғыс жүріп жатқанына қарамай, ар мян, азербайжан, грузиндер энциклопедияларын шығаруға жанталаса кіріскендерінде рухани мәселенің маңыздылығын шын мәнінде түсінгендік жатыр. Ал бізде экономикалық мә селені шешіп алуға деген құлшыныстың басымдығынан ру хани шаралардың маңыздылығы екінші кезекке қарай еріксіз ысырылып кетті. Ал шындап келгенде, біздің де атқаратын
шаруаларымыз шаш-етектен. Өйткені бұрынғыдай орталыққа жалтақтап, солардың ауыз-әуеніне төңкерілетін заман кел меске кетті бұйырса. Тарихи тұрғыдан да, ғылыми негізінен де, әлеуметтік жағынан да әділеттікті орнықтыратын және қазақ ұлтының бүкіл өмір тынысын тұтас қамтитындай эн циклопедия шығаруға қажеттілік қайтадан туып отыр. Қо ғамдық құрылыс бүтіндей өзгеріп, ұзақ жылдар бойына пір тұтып келінген идеология тәрк етілген соң қазақ мемлекетінің тарихы, мәдениеті мен өнері, тұрмысы мен салты, экономикасы, демографиялық ерекшеліктері, медицинасы, спорты сықылды сан қилы салалары толық көрініс табатын ғылыми негіздегі ізденістердің ауқымдылығы қажет. Демек, осы уақытқа дейін жасалған ұлан ғайыр еңбектерді екшеп, сұрыптайтын жұмыс тардың үлкен кезегі тұр. – Біздің рухани дүниеміз құдды сынақ алаңы болған сияқты екен ғой қарасақ. Осының алдында жаңағы сіз айт қандай қатаң бақылау, партиялық өктемдік тұрса, мінеки, енді көп нарықтың қатты қыспағына тап болыппыз. Бар лық жердегі қиындықтар сіздерді де айналып өтпеген шы ғар? Сөйте тұра бүгінгі таңда не шығарып, не дайындап жа тырсыздар? – Алдын ала дайындап қойған көп дүниелер басылмай кезе гін күтіп жатыр. Мәселен «Қазақстанның тарихы және мәде ниет ескерткіштер шежіресі» атты аса қомақты еңбектің түрлі түсті слайдтары ескіріп, өшіп бара жатқаны өкіндіреді. Қан дай жағдай болса да құр қол қарап отырған біз жоқ. Бір томдық «Абай» энциклопедиясы – жеке адамға арналып шығарылатын тұңғыш айтулы еңбек болғалы тұр. 1915 жылға дейін шығып, «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттерінде басылған дүниелерді өз қалпында қайта жарияламақпыз. Жеке-жеке том болмақ. «Ислам энциклопедиясы» Мәскеуде Шығыс әдебиетінің Бас редакциясы дайындап шығарған осы аттас энциклопедиялық анықтамалықтан алынып, оған Халифа Алтайдың Стамбулда жарық көрген «Ғылымхал», Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ша риғат туралы» трактаты, Ыбырай Алтынсариннің «Мұсыл
маншылықтың тұтқасы» қосымша ретінде беріліп отыр. Сонымен қатар «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті мен өнері», «Өнер», «Математика», «Отбасы», «Ақ отау», «Шәкірт», «Ұлан» және басқа көптеген әмбебап энциклопедиялық еңбектері кітап етіп қойылды. Біраз уақыт сабыр етсек бұл дүниелер де қолға тиіп, ой көкжиегін кеңейте түсуге бір септігін тигізер деген ниеттеміз. Өмірді ұстап тұрған тұрақты да қасиетті ұғымдардың кө бін тәрк етіп, рет-кезектегіден гөрі сонау алыс қияндағы орын далмайтын, мақсат, мұраттарға өне бойы үндеп, соған ғана ұмтылдырып келген коммунистік идеологияның қатаң тәртібі де келмеске кетті. Бір-екі жылғы еркіндік тіршіліктің арқа сында қазақ қауымының көз жеткізе түскен нақты шындық тарының бірі – өмір талабына жақындап, ұлттық құнарлықпен қайта табысу. Ал ұлттық құнардың қайнар көзі – ендеше ұлт тық энциклопедия. Демек әмбебап еңбектер баспалардың қор ғасынды тозаңдарында көп бөгеліп қалмай шетінен жарық көре беретін күнге жақындата түскей. Әңгімелескен Ж. Шаштайұлы. «Жас Алаш», 21 желтоқсан 1993 жыл ҒЫЛЫМ ОТАУЫ Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы мықты қалануына экономикалық байлықпен қоса рухани байлықтың да (ғы лымның, әдебиеттің, өнердің, т.б.) қосар үлесі сүбелі. Өр кениетті елдер мұны жадынан шығармаған, ұмытпаған. Баса назар аударған. Бұл ретте ұлттық ой-сананың, салтдәстүрдің, мәдениет пен тарихтың құнды шежіресі – төл энциклопедиясын шығаруға әр халық та ынталы болары сөзсіз. Осы бір абыройлы міндет-парызды өтеу жолында 25 жыл бұрын шаңырақ көтерген «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы қыруар жұмыс тындырды. Біз осы орайда белгілі ғалым, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты, профессор Рымғали Нұрғалиевпен әңгі мелескен едік. – Реке, қазақтың ұлттық әмбебап энциклопедиясының 15 томы және басқа да энциклопедиялық туындылар (барлығы 55 том екен) оқырмандарымыздың игілігіне айналғаны шынында да зор ғанибет. Ұлттық ғылымдарымыздың үлкен жетістігі деп бағаланатын болар. Өзіңіз басқарып отырған Бас редакцияның бұған дейінгі атқарған қызметіне, тын дырған шаруасына, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне ширек ғасырлық белесте тұрып, ой көзімен үңілсеңіз. – Жөн. Жалпы энциклопедия жасау, оны жүйелеп шы ғару – ұлттық сананың жетілген, өскен тұсында жүзеге аса ды. «Қазақ энциклопедиясының» да алпысыншы жылдардың аяғы, жетпісінші жылдардың басында қолға алынуы тегін нен-тегін емес. Бұл кезең тоталитарлық жүйе қаншалықты дәуірлеп тұрғанымен, Қазақстандағы ұлттық ақыл-ой, санасезімнің шамырқанған, буырқанған тұсы болатын. Басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстан да Ұлттық әмбебап энциклопедиясын жасау ісін қолға алды. Бұған сол кездегі рес публика үкіметі тарапынан да көп көңіл бөлінді. Қаржы ауда рылды. Жаңа ұжым құрылды. Игілікті іске жол ашылды. Әдебиет пен өнердің, мәдениет пен ғылымның көрнекті өкіл дері ел мүддесі үшін орындалатын күрделі жұмыстың күр меуін шешуге өз үлестерін қосты. Қазақстан тұңғыш көп том дық әмбебап энциклопедиясын әзірлеп, басып шығару үшін Қазақстан Ғылым академиясының жанынан 1968 жылы қаң тарда «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы құ рылған еді. Сөйтіп республикада энциклопедиялық кітап шы ғаруға негіз қаланды. Бас редакцияның құрамындағы ғылымисалалық 11 редакцияда 130 адам болды. 29 ғылыми-салалық алқалар мен ғылыми-кеңесшілер тобында 313 маман-ғалым дар қызмет атқарды. «Қазақ энциклопедиясының» әр томын әзірлеуге орта есеппен 850-1200 автор қатысыпты. Осыдан-ақ
энциклопедияшылардың еңбегі теңіз түбінен маржан тере тіндердің бейнетіндей ауыр жұмыс екенін аңғаруға болатын шығар. Қазақтың тұңғыш әмбебап көп томдық энциклопедиясын әзірлейтін Бас редакцияның бас редакторы болып академик М. Қаратаев бектіліп, белгілі білгір ғалымдар мен мамандар бас қосты. Ұлттық Ғылым академиясының барлық ғылымизерттеу институттары, жоғары оқу орындарының оқытушығалымдары да бұл жұмыстан шетқақпай қалған жоқ. Ұжымдық еңбектің нәтижесінде әмбебап энциклопедияның бірінші томы 1972 жылы жарық көрсе, соңғы он екінші томы 1978 жылы оқырмандар қолына тиді. Содан соң бұған қосымша орыс және қазақ тілдерінде энциклопедиялық анықтамалық сөздік және бір томдық «Алфавиттік пән-есім көрсеткіші» шықты. Сонымен он бес томдық тұңғыш Қазақ энциклопедиясын шы ғару ісі онжылдық ішінде толық жүзеге асты. Ал мұндай эн циклопедияны бұрынғы одақтас республикалар ішінде бізден бұрын Ресей мен Украина ғана шығарған еді. Бұдан кейін төрт томдық «Қазақ ССР қысқаша энциклопе диясы» да қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке жарық көрді. Барлығы 8 том үш томдық балалар энциклопедиясы «Ол кім? Бұл не?», «Қазақша-орысша сөздік», «Қысқаша орысша-қа зақша сөздік», «Орысша-қазақша тілашар», «Шаңырақ», т.б. ғылыми еңбектер жарық көрді. Бұл жиырма бес жылда «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы үлкен жолға шықты, тәжірибе жинақталды. – Қазақстан ғылымының тарихында бұрын түрен түс пеген энциклопедия жасау ісіне белсене атсалысқан ға лымдар мен мамандар көп болғанын айттыңыз. Солардың көшбасындағы көрнекті өкілдерінің қатарында кімдер бол ған еді? – Қазақ энциклопедияшыларының сол тұстағы қыруар ізде ністері, тарих қатпарларында қалып қойған, өшуге айналған сан алуан деректерді тірілту жанкешті еңбек еді.
Ғылымның, мәдениеттің әр саласының мамандары үлкен біліктілікпен қатыспаса қысқа мерзімде ойға алған күрделі де көлемді жұмысты тындыру қиын еді. Бұл ретте елдігіміздің айғағындай, дәлеліндей осы маңызды шежіре үшін жеке шығармашылық шаруаларын былай ысырып қойып, қажет жерінде ақыл-кеңесімен де, қалам қарымымен де көмек берген зиялы қауым өкілдері – асыл ағалардың еңбектері елеулі. Бұлардың қатарында көрнекті жазушылар С. Мұқанов, Ғ. Мү сірепов, ғалымдар Ә. Марғұлан, О. Жәутіков, А. Сызғанов, Б. Бі рімжанов, А. Нүсіпбеков, актерлер Ш. Айманов, Е. Өмірзақов, суретшілер Қ. Телжанов, С. Мәмбеев, композитор Л. Хамиди, т.б. болғаны қандай ғанибет. Қазіргідей ғылым мен техни- каның өркендеп, дамыған шағында энциклопедия жасау қаншалықты ғұлама болса да бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Бұған озық ақыл-ойдың тоғысуы, сан салалы ғы лым арналарының барын қосып, қажетті жетістіктерін ашып көрсету қажет болды. Алғашқы қазақ энциклопедияшылары сол міндет биігінен табылды деп айтуымызға әбден болады. – Энциклопедияның басқа да баспа өнімдерінен өзіндік ерекшелігін, әзірлеу барысындағы айырмашылық жөнінде де айта кетсеңіз. – Әлемдік тәжірибенің көз жеткізгендей, энциклопедияға бір күндік, науқандық басылым деп қарауға болмайды. Көп сөзділікті, жеңіл шолуды, атүсті байламға бой алдыруды кө термейді. Әр жерден цитат алу, дәлелденбеген, тексерілмеген фактілерді орынсыз тықпалауға жол жоқ. Біреулерді орынсыз мақтауды немесе орынсыз даттауды көтермейтін басылым. Әуелі британ, неміс, француз энциклопедияларына назар ау дарсаңыз, осындай талап қойылған. Қысқа, дәл тұжырымдар арқылы мол мағлұмат, айқын ақ парат жеткізілуі керек. Қазақ айтатын «Тоқсан ауыз сөздің то бықтай түйінін» табу керек оқырман энциклопедиядан. – Реке, осы орайда, тіл ұшында тұрған бір сауалды қойғым келеді. «Қазақ Совет энциклопедиясы» деп аталатын көп томдық еңбектің коммунистік идеология ықпалына қатты
шарпылғаны, Компартияның мүддесіне көбірек қызмет ететіні қазір айқын байқалады ғой. Бұл жөнінде не айтар едіңіз? – Рас, тұңғыш төл энциклопедиямызды тоқырау деп ата латын кезеңнің мұзы сіресіп жатқан кезде, қызыл саясаттың қылышы қылпып тұрған тұста жасауға тура келді. Әр нәрсеге тек кеңестік көзқараспен баға берудің салқыны қатты тигенін, ұлттық тарихымызға, салт-дәстүр, наным-сенімімізге қатысты ақтаңдақтардың мол екенін жасырмаймыз. Әсіресе, ХХ ға сырдағы қазақ ұлттық ояну дәуірінің басы болған, ұлттық да муының негізгі нысанасын белгілеген – Алаш қозғалысы, Алаш ұлттық партиясы, Алашорда өкіметі жөнінде, оның ірі қайраткерлері туралы дұрыс баға берілмеді. Жала жабылды, күйе жағылды. Жаңсақ тұжырымдар жасалды. Тіпті, олар ды тарихымыздан мүлде сызып тастауға жақын қалдық. Ком партияның сойылын соғып, жүйесін, тұйық шеңберді қалып тастырғанын көптеген ғылыми мақалалардан да байқауға бо лады. Тәуелсіз мемлекет, еркін ел болып, бүкіл тарихымызды қайта жазып жатқан тұста энциклопедия томдарына да көп теген түзетулер, толықтыруалар кіргізуге, сөйтіп қайта ба сып шығаруға тура келеді. Қазіргі өтпелі кезең, өлара шақ қиындықтарын артқа тастап, қосымызды түзегеннен кейін бұл шаруа да жедел қолға алынғаны жөн деп ойлаймын. Іргесінде, өз ішінде соғыс өрті тұтанып, шырқы бұзылып жатқан Грузия, Армения, Әзірбайжан сяқты елдердің өзі кеңес дәуірінде шы ғарған энциклопедияларын қайта басып шығарудың қамында көрінеді. Бұдан бұрын Президентіміздің қабылдауында бол ғанымда бұл мәселеге қатысты ойларымды айтқанмын. Өрке ниетті елдерде энциклопедия томдары Библия, Құран сияқты қастерленеді. Әр шаңырақтың төрінде тұратын кітап деп та нылған. Біз болашақ ұрпаққа азаттық энциклопедиямызды қалдыруымыз керек. Дамудың жаңа жолына түскен жас мем лекетіміздің ұлттық шежіресі қамқорлыққа алынады деп ой лаймын.
– Ал «Қазақ энциклопедиясының» басына бұлт үйірілген кездер болды ма? – Осы орайда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейінгі СОКП Орталық Комитетінің «Қазақ ұлтшылығы» жөніндегі әйгілі қаулысын айтуға болады. Бұл ұлттық намысымызға тиген, аққа қара күйе жаққан құжат болғаны өз алдына, оның ызғары ұлттық мекемелеріміздің шаңырағын шайқалта жаздады емес пе? Әсіресе, осы кезде кейбір әпербақан шенеу ніктер ұлтшылдықтың ұясын іздеп әуре-сарсаңға түсті. Сонда «Қазақ энциклопедиясына» көз аларта қарап, саусағын шо шайтқандар да табылады. «Ұлтшылдыққа» тәрбиелеп отыр ған энциклопедия томдарын жыртып, өртеп жіберудің аз-ақ алдында қалдық. Құдай сақтап, бір нәубеттен аман-есен шық тық, әйтеуір. – Нарық қыспағын «Қазақ энциклопедиясының» Бас ре дакциясы қалай сезінуде? – Әрине, басқа да ғылыми мекемелер, баспалар сияқты біздің ұжым да көптеген қиындықтармен бетпе-бет келді. 1986 жылға дейін энциклопедия да үкімет тарапынан бюджет арқылы қаржыланатын мекеме болса, одан кейін өзін-өзі қар жыландыру, шаруашылық есеп дейтін заман ағымына, нарық талабына сай арнаға көшті. Бірақ шыққан кітаптарымыз, ба ғасын қанша жоғары қойсақ та, өзін-өзі ақтамайтын болды. Тіпті, түгел өтіп кеткен күннің өзінде пайда әкелудің орнына тек зиян шектірді. Сондықтан бәрібір мемлекет көмегіне мұқтаждықты сезінудеміз. Мәселен, «Қазақстан тарихы жә не мәдениет ескерткіштері шежіресі» дейтін көлемі 60 баспа табақ кітап дайын тұр. Бұл қазақ даласындағы құнды тарихы және мәдени ескерткіштерге жан-жақты сипаттама беретін 10 томдық бірегей басылымның алғашқы томы. Беташар том халқымызды материалдық және рухани мәдениетінің ежел гі орталықтарының бірі ретінде төрткүл дүниеге танымал бол ған аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында ор наласқан археологиялық, тарихи, сәулет және монументалды өнер тарихына қатысты ескерткіштерге арналған. Ежелгі 8-0194
жылнамаларда «ақ өзен үстіндегі қала» деп сипатталатын Испиджап (Сайрам), моңғол басқыншыларына жарты жыл бойы алдырмай, қарсылық көрсеткен қаһарман тұрғындар қаласы Отырар, қазақтың үш жүзінің хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруге пәтуәласқан қасиетті төбе Ордабасы шоқысы, атақты әмірші Ақсақ Темірдің жарлығы бойынша бой көтерген киелі ғибадатхана Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, т.б. көптеген жәді герліктеріміз жөнінде құнды мәліметтер жинақталған. Керек пе? Керек! Осыны өз күшімізбен шығара алмай отырмыз. Араға жыл дар сала бастаған соң, түсірілгеніне біраз уақыт болған құнды слайдты-суреттердің бояуы оңып барады. Айта берсек, дайын тұрған еңбектеріміз көп. Мектеп жа сына дейінгі балаларға арналған «Негеш», сондай-ақ «Ислам», «Шәкірт», «Ұлан», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті мен өнері», «Өнер», «Математика» энциклопедияларының қай-қайсысы да қыз жасауына қосып беретіндей құнды дүниелер боларына еш кім де күмән келтірмейді. – «Қазақ энциклопедиясы» көрші Қытай елінде қайта басылып шығады екен дейтін сөз рас па? – «Қазақ энциклопедиясын» Пекиндегі «Ұлттар» баспасы қайта басып шығарғалы жатыр. Бұл қытай, моңғол, қазақ, ұй ғыр, корей, т.б. тілдерде шығаратын үлкен баспа. Солар «Қазақ энциклопедиясының» қазір алты томын басып шығарды. Осы арада айта кеткен жөн шығар, таяуда Қытай Халық Республикасы энциклопедиясының бас редакторы бізде қонақ та болып қайтты. Біз де оларға барып келдік. Біз олармен бір лесіп қабырғаға ілетін 1994 жылдың күнтізбесін шығарғалы жатырмыз. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай – төрт тілде шығатын күнтізбе. Бұл шығармашылық байланыстарымыздың бір ғана мысалы. Әрине, көне қытай елінде энциклопедиялық еңбектер көп болған. Бірақ еуропалық үлгідегі ғылыми энциклопедия ны шығаруды қытайлықтардың қолға алғанына он-он бес жыл болыпты. Соған қарамастан олар 74 томдық энциклопедияла-
рын шығарып үлгерді. Жеке баспалары бар. Пекиннің орта лығында үлкен көп қабатты үйлері бар. Мыңдаған адам қызмет істейді. Бізді олармен салыстыруға келмес. Миллиардтан астам халқы бар мемлекеттің энциклопедияшыларға қамқорлығы кісі қызығарлықтай. – Ұлы ақын, ойшыл, дана Абайдың туғанына 150 жыл толуын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтетін болып, қазақ елінің мәртебесі тағы да аса түсуде. 1995 жылға дейін «Абай» энциклопедиясын шығаруды жоспарлаған едіңіздер. Бұл энциклопедияның сыр-сипаты қалай? Дайын ба? Қашан шығады? Биыл ақпан айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті өзінің көшпелі мәжілісін Семейде өткізді ғой. Сол мәжілісте халықаралық бизнес саласында жұмыс жүргізетін бір фирманың директоры «Абай» энцикло педиясына жұмсалатын қаржыны төлеуге әзір екендігін мәлімдеп жар салған еді. Көмек болды ма? – Жеке адамға арналған тұңғыш энциклопедиямыз – бір томдық «Абай» энциклопедиясы болмақ. Онда данышпан ақын, ойшыл, композитордың бай мұрасын талдауға мол орын бері леді. Оның әдеби мұраларына, аудармалары мен қара сөздеріне жеке-жеке мақалалар арналған. Кітапта Абайдың дүниеге көз қарасы, эстетикасы мен поэтикасы, қоғамдық-саяси ой-пікір лері мен көркемдік әдісі туралы зерттеулер де жүйеленеді. «Абай және өнер», «Абай және музыка», «Абай және театр» сияқты бірқатар шолу мақалалар енгізіліп, ақынның әдеби мұраларының қайнарынан тұшынған суретшілер, сазгерлер, режиссерер мен актерлер, әдебиет пен өнер қайраткерлері туралы деректер бар. Энциклопедияда Абайдың өмірі мен шы ғармашылығына, оның отбасына, туыстары мен жақындары на, ізбасарлары мен шәкірттеріне қатысты мол мағлұматтар жинақталған. Оны түзуге Қазақстанның көрнекті ғалымдары, әдебиет зерттеушілері, тарихшылары, этнографтар мен өнер танушылары қатысты. Бұл кітап басуға дайын. Республика Үкіметі бөліп отырған арнайы қаржымен шығармақпыз. Ал кейбір фирмалар мен бизнесмендердің уәдесі құрғақ сөз болып қалды. Олардан қаржылай көмек алған жоқпыз.
– Фашизмге қарсы соғыстағы жеңістің 50 жылдығы қар саңында энциклопедия «Зерде» кітабын шығармақшы деп естіген едік. Бұл шаруа аяқсыз қалмай ма? – Сұрағың орынды. Кешегі 1941-1945 жылдардағы алапат соғыста талай боздақтар майдан даласында қалды. Олардың ерліктерін әспеттеп, есімдерін жадымыздан шығармау – пер зенттік парызымыз. Энциклопедия ұжымының соңғы кездегі шұғылданып жатқан бір үлкен жұмысы осы. Қазір Қызылорда, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар облыстарынан да йындалған кітаптар өндіріске жіберуге әзір. Алдағы уақытта басқа облыстары да қамтылады. «Зерде» кітабы да көп томды. Жалпы атын «Боздақтар» деп атамақпыз. Бұған Баспасөз, Қор ғаныс министрліктері де көп көңіл бөліп отыр. – Реке, шетелдерге сапарлап шығып жүрсіз ғой. Жалпы, энциклопедиялық кітаптарға деген сұраным жоғары ма, төмен бе? Болашаққа үмітпен қарайсыз ба? – Өркениетті, дамыған елдердің бәрінде де энциклопедия лық, анықтамалық кітаптарға сұраным өте жоғары. Ең өтімді товар – осылар. Рас, мұндай кітаптарды дайындауға көп күш жұмсалады. Бағасы да удай болады. Бірақ керек. «Керек тастың ауырлығы жоқ» деп туристердің өзі түрлі энциклопедиялық әдебиеттерді арқалап жүреді. Қазақ энциклопедияшыларының да еңбегі жанатын күн туады. Болашаққа үмітпен ғана емес, сеніммен қараймын. Әңгімелескен Әділғазы Қайырбеков. «Халық кеңесі», 23 желтоқсан, 1993 жыл ХАЛЫҚ ҚОЛЫНДАҒЫ ҚАЗЫНА Энциклопедия – «Кітаптардың кітабы» аталып жүрген күрделі басылым. Ол халқымыздың қолына қай кезде, қа лай тиді? Шаңырақ көтергелі оның Бас редакциясы не тын дырды, бүгінгі күнге қандай табыстармен жетті? «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакторы Рымғали Нұрғалиевпен арада болған әңгімеміз осы төңіректе өрбіген еді. – Энциклопедиялық кітаптар шығару – аса күрделі де қиын шаруа. Мұндай басылымдар қайсыбір елде болмасын білім-ғылымы, тіл-тарихы, әдебиетпен өнері, салт-дәстүрі дегендей, барлық қоғамдық және рухани жағынан дамуының барынша биіктеген кезеңдерінде дүниеге келген. Жинақталған, сараланған білім қорының жасалуы түрлі мақсат-міндеттер ді көздейді. Ал ондай мақсат-міндеттердің тууына әрбір кезең дегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонау көне заманнан бүгінгі таңға дейінгі хал қымыздың жүріп өткен тарихи жолын, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық хал-жайын, ғылым-біліміміздің дең- гейін, жалпы барлық сипатымызды жинақтап, бір жүйеге келтіру, сөйтіп қалың көпшіліктің барлық сауал-сұрақтары на жауап берер үлкен анықтамалық жасау міндетінің тұрға нын біліп, 1967 жылдың қыркүйегінде Қазақстан үкіметі «Қазақ энциклопедиясын шығару туралы» қаулы қабылдаған болатын. Осыған орай 1968 жылдың 1 қаңтарында «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы құрылды. – Әмбебап энциклопедия шығару – ұжымдық еңбектің нәтижесі. Оқырман қолына тарап кеткен 12 томдық эн циклопедияның алғашқы томы қалай әзірленді? – Жалпы алғанда, «Қазақ энциклопедиясының» әрбір то мын дайындауға орта есеппен 850-1200 автор қатысты. Оның басым көпшілігі – ғылым докторлары мен кандидаттары, бел гілі мамандар мен әдебиет, өнер қайраткерлері. Олар өздері еңбек ететін ұжымдардың ұсынуы бойынша Бас редакция мен салалық редакция алқасының келісімімен іріктеп алынды. Ал энциклопедияны әзірлеу барысында 47 тақырыптық сөзтізбесі жасалып, әрқайсысы жеке кітапша ретінде басылды да, түрлі тиісті мекемелерге, оқу орындарына, жекелеген мамандар мен ғалымдардың талқысына ұсынылды. Осындай жолмен түскен 8 мыңға жуық ұсыныс-пікірлер елеп-екшеленіп, ғы
лыми кеңесшілер қолынан өтті. Жұмыс барысын бұлайша ұйымдастыру бағыт-бағдардың дұрыс екендігін білуге, түрлі кемшіліктерден арылуға жағдай тудырды. Міне, осындай жолмен әмбебап энциклопедияның 1-томы 1972 жылдың ба сында, ал соңғы томы 1978 жылы жарық көрді. – Аталмыш әмбебап энциклопедияда аталмай қалған атаулар, енбей қалған есімдер, орын таппаған оқиғалар аз емес. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер заманы жаңа жұмыстар талап ететін сияқты. – 12 томдық энциклопедияның жасалуы барысында ондай жағдайлардың орын алғаны рас. Оған ешкімді кінәлай алмай мыз. Тірліктегі барлық оқиғалар мен іс-әрекетті алақанында ұстап отыруға тырысқан сол кездегі саясаттың салқыны «Қа зақ Совет энциклопедиясы» Бас редакциясының да адымын аштырмады. Ол кез цензураның да тым дәуірлеп тұрған шағы болатын. Әмбебап энциклопедияға кірген барлық оқиғалар мен есімдер Орталық Комитеттің қатаң бақылауында болды. Қазақ және орыс тілдерінде қатар жарық көрген «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясында» ғана репрессиялық қуғын-сүргін, алапат аштық төңірегінде там-тұмдап сыр шерте алдық. Бүгінгі таң ның биігінен қарағанда, әрине, ол жеткіліксіз. Оқырман қауым ның жаңа талап-сұраныстарын қанағаттандыра аларлық жаңа әмбебап энциклопедия қажет. Алайда қоғамымызда орын алып отырған барлық ауыртпалықтар, қаржы, қағаз тапшылығы «Қазақ энциклопедиясының» да басына түсіп отыр. Соның салдарынан бірқатар энциклопедиялық басылымдар кейінге қалдырылды. Мәселен, «Абай», «Айқап», «Қазақстанның та рихы мен мәдениет ескерткіштер шежіресі», «Ислам» энцик лопедиясы, «Боздақтар» «Ақ отау», «Шәкірт», «Халық емші лігі» сияқты басқа да дайын тұрған еңбектер бар. Мұндай эн циклопедиялық басылымдардың жарық көруіне үкімет та рапынан арнайы көңіл бөлініп отырмаса, жұмысымыздың алға жылжуы қиын-ақ. Қазіргі іскер бизнесмендеріміз бен ком мерсанттарымыз да халықтық жұмысқа қол ұшын беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
– «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы өзінің жиырма бес жылының ішінде мақтанышпен айтарлықтай қандай еңбектер басып шығарды? – Жаңа айтып өткен 12 томдық әмбебап энциклопедия мен 4 томдық «Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясынан» өзге де жарық көрген басылымдар аз емес. Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағы, «Ол кім? Бұл ненің?» үш том дығы, «Алматы» және «Қарағанды. Қарағанды облысы» эн циклопедиялық анықтамалықтары, «Алфавитті пән – есім көрсеткіші», түрліше сөздіктер, «Әлемде талай қызық бар» кітабы, «Шаңырақ». Үй-тұрмыс энциклопедиясы» және басқа үлкенді-кішілі еңбектер оқырман қолына тиді. Олар жайында кезінде мерзімді баспасөз беттерінде жақсы ой-пікірлер ай тылған болатын. – Аталған басылымдардың дүниеге келуіне және қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар барысына әдебиет өкілдерінен кімдер араласты? – Ұлттық мәдениетіміздің биік деңгейін көрсетер күр делі басылымдарды әзірлеуге қатынасқан ақын-жазушы лар, зерттеушілер, сыншылар жетерлік. «Қазақ Совет эн циклопедиясы» Бас редакциясының алғашқы Бас редакторы Мұхаметжан Қаратаев, Әбен Сатыбалдиев, Әзілхан Нұрша йықов, Рахманқұл Бердібаев, Дулат Исабеков, Кәрібай Ахмет беков, Бақытжан Майтанов, Кәдірбек Сегізбаев, Қуанышбай Құрманғалиев сияқты көптеген қаламгерлеріміз татымды жұ мыс атқарды, көпшілігі қазір де көмектесіп келеді. – Халқымыздың мәдени өсу деңгейін энциклопедиялық ең бектері арқылы сырт елдерге таныта алдық па? – Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген төрт томдық «ҚазССР қысқаша энциклопедиясының» бұл орайдағы табысы аз емес. Бұл еңбек еліміздің тыныс-тіршілігін алыс және таяу шетелдерге таныстырған анықтамалық болды. Негізі, біздің энциклопедиялық басылымдарымыз әлемнің қырықтан астам еліне тарады. Ал Қытай Халық Республикасының «Ұлттар» баспасы 12 томдық әмбебап энциклопедиямызды басып шығара бастады.
– Әңгімеңізге рахмет. Ел мен жер тарихын, өміріміздің шежіресін жинақтап көрсетудегі еңбектеріңізге тілек ті лейміз. Әңгімелескен Әнуарбек Исламханұлы. «Қазақ әдебиеті», 24 желтоқсан, 1993 жыл ЖУРНАЛИСТ ДЕГЕН ХАЛЫҚ БАР Журналистер арасында төл мерекесіне орай біз респуб ликалық баспасөздерде есімі кеңінен танымал азаматтар мен қысқаша жедел сұхбат ұйымдастырған едік. Көңіліміз қалаған бас редактор да сұрақтарымызға жауап беруге келісім берді. Әрине, қандай да бір ұзақ пікірлесуді, әңгі мелесуді газет көлемінің көтере алатындығы белгілі. Бірақ бүгінгідей жеделдігі желден жүйрік зымыран заманда қысқа әңгімені қолай көрдік. Біздің бұл жолы сұрақтарымызға «Қа зақ энциклопедиясы» Бас редакциясының бас редакторы, белгілі ғалым, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рымғали Нұрғалиев жауап береді. 1. Ұжым басшысы өз қол астында еңбек ететіндердің тұр мыс-ахуалдарын бір адамдай жетік білуі керек емес пе? Осы орайдағы алғашқы сұрақ: бүгінгі журналистеріміздің өмір-тір шілігі қандай деңгейде деп ойлайсыз? 2. Қазақ журналистері республикамызда қоғамдық өмірдің шынайы бейнесін оқырмандарына көрсете алып жүр ме? 3. Жалпы халықтың журналистерге деген көзқарастарын әлі дұрыс қалпында деп есептейсіз бе? 4. Мерекелік тілегіңіз. Рымғали Нұрғалиев, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редак торы: 1. Бұл сұрақ арқылы, сірә, қаламгерлердің тұрмыс-жағдайын айтып отырған боларсыз. Журналистер бұрыннан да бай болып
аста-төк ғұмыр кешіп, шекелерінің қызғаны шамалы. Жылдар бойы пәтер кезегінде тұрып, кісі есігінде жүрген бірнеше буын өкілдерін білемін. Жазғандары басылып, ел көріп, жер көріп, азды-көпті қаламақы алып, кітап шығарып – осылардың буына піскен күндер өткен. Енді журналистердің еңбекақысы жан бағуға да жарамайды, қаламақы түкке де тұрмайды, құны миллиондардың үстіне шығып кеткен пәтер дегеніңіз құр қиял секілді болып қалды. Осыдан барып қабілетті жастарды айтпағанда, орта, егде жастағылардың өзі ретін тауып, әр түрлі кеңсе қызметтеріне, шағын кәсіпорындарға, саудаға кетіп жатқандары жасырын сыр емес. Ашып айтар болсақ, «байтал түгіл бас қайғы» дейтін күндер туды. 2. Қоғамдық өміріміздің өзі дәл қазіргі таңда толқып тұр ғой. «Түске дейін – мүйіз, түстен кейін – киіз». Сондықтан нақты шынайы бейнесі жоқ нәрсені журналистер қалай көрсете алады? 3. Журналист әлеуметті толқытып жүрген мәселелерді биік сапада саралап, бағалап бере алғанда ғана оның мерейі өспек. Ендеше, әр түрлі кезеңдерге жұртшылық көзқарасының өзгеріп тұруы да заңды болмақ деп есептеймін. 4. Қазақ журналистерінің тұрмыс қалпы, мамандық құ ралдары, ой-өрісі, шеберлік ауқымы мәдениетті, өсіп-өркен деген елдердегі қаламдастарының деңгейіне көтерілуін нәсіп етсін дер едім. Сұхбатты ұйымдастырған Кәдірбек Құныпияұлы. «Өркеннің» тілшісі, 8 мамыр, 1993 жыл ЕСКІ ДЕ ЖАҢА ҮНДІ ЕЛІ Қазақстан мен Үндістан арасында әдеби, мәдени және ғылыми қарым-қатынастарды жақсарта түсу мақсатында осыдан бірер жыл бұрын өзара келісім жасалғаны белгілі. Өт кен жылы осы келісім негізінде Үнді елінен келген қонақтар біздің елмен танысып қайтқан. Енді, міне, желтоқсан айының 14-23 күндері қазақстандық бір топ өкілдер үнді еліне барып
қайтты. Біздің тілшіміз осыған орай белгілі ғалым, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы Рымғали Нұрғалиевқа жолығып, бұл сапардың мән-маңызы хақында әңгімелеп беруді өтінген еді. – Жазушы Әлібек Асқаров жетекшілік еткен біздің құрамда, атын атап, түсін түстеп айтсақ, «Жалын» баспасының дирек торы, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, шығысқазақстандық қаламгер Борис Щербаков болды. Сондай-ақ Орталық Азия ны зерттеу мәселелері жөніндегі Делиде өткен ғылыми конфе ренцияға қатысып қайтқан республикамыздың Ұлттық ака демиясының вице-президенті Жабайхан Әбділдин мен Жекен Қалиевтер де мәжілістерге қатысты. Ал енді сапарымыздың мән-жайына келер болсақ, бізді шақырған да, қонақжайлықпен қарсы алған да – Үндістанның ұлттық әдебиет академиясы. Осы академияның тікелей басшы лығымен ұлы Абайдың әлемдік тойы аясында тұңғыш рет хинди тілінде ақын шығармаларының бір томдығы жарық көрген екен. Реті келгенде айта кетейік, үнді елінің тең жартысы (600 миллион) осы хинди тілінде сөйлейді. Бұл бір томдыққа ұлы ақынның өлең-поэмалары мен қарасөздері толыққа жақын қамтылғанын ескерсек, үнділік достардың бұл мәселеге қан шалықты үлкен мән бергенін пайымдау қиын емес. Негізгі жүк аудармашылар – Хэмчандра мен Варьям Сингхқа түсіпті. Қа зір бұл кітап үнділік оқырмандар қолында. Біз келісімен үнді әдебиетшілері мен ғалымдары Абай мерекесі аясында үлкен ғылыми конференция өткізді. Онда белгілі ғалымдар Абхай Морье «Абай шығармаларының негізгі идеялары», Ансир Руми «Абайдың адамгершілік мұраттары», Шанкар Басу «Абай – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы», Девендра Чауве «Абай поэ маларының философиялық негіздері», Варьям Сингх «Абай – өз уақытының қатал сыншысы», Д. Бакая «Абай және Мұхтар Әуезов», Жабайхан Әбділдин «Абайдың философиясы» және мен «Абай мұрасының негізгі арналары» деген тақырыптарда
баяндама жасап, Абай мен оның шығармашылығы жайындағы ой-пікірлерді ортаға салдық. Конференция және басқа да былайғы кездесу-жүздесулер барысында байқағанымыз, үнділік достар Абай шығармаларын тек аударып қана қоймай, оның терең де құпиялы жақтарына барынша назар аударып, өз тұжырым-түйіндері мен байыпты көзқарастарын байқатып отырды. Бұл жәй, әсіресе, осы бір аз күн ішінде бізбен бірге жүріп, бірге болған зиялы қауым арасы нан анық көрінді. Олар Шығыстың рухани дүниесі, мұсылман дық әдебиеті мен философиясындағы сан алуан сарындардың қазақтың данышпан ақынының шығармаларымен соншалықты әуендес, үндес екендігіне қызыға көңіл бөлді. Ал профессор Д. Бакая 1959 жылдың қыркүйек айында Алматыда болған кезінде әлемге әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай» романын өзіне сыйлағанын тілге тиек етіп, ұлы қаламгермен бірге болған сәтті, қазақ халқының қонақжайлық қасиеттерін конференцияға қатысушыларға тебірене әңгімелеп берді. «Ұлыдан ұлағат, жақсыдан шарапат» дейтініміз осы да, данышпан Абайдың бүгінгі мұрагері есебінде талай елдерді аралап, талай жерлерде болып жатырмыз. Әрине, мүмкінді гінше ел көргенге, жер танығанға не жетсін. Көргеніңді, алған әсеріңді көңілге буып-түйіп қана қоймай, оны көпшілікке айтып, сыр ашқың келеді. Мәселен, аталмыш конференция ағылшын, хинди және орыс тілдерінде қатар жүргізіліп отыр ды. Әрине, біз де бұл басқосуға құр қол барғанымыз жоқ. Ұлы ақынның 150 жылдық мерекесіне орай биыл жарық көрген «Абай» энциклопедиясын, ақынның орысша, қазақша жаңадан жарық көрген басылымдарын, басқа да қосымша әдебиеттерді ала барғанбыз. Міне, осылардың бәрін Қазақстан делегациясы атынан жетекшіміз Әлібек Асқаров үнділік достарға сый-сия пат ретінде табыс етті. Ал сөзіміздің бас жағында айтып өткен Абай шығармаларының хинди тіліндегі бір томдық аудармасы ның алғашқы – сүйінші данасының тұсаукесер рәсімі де айтар лықтай дәрежеде әсерлі өтті. Жалтылы көз жауын алатын аса
қымбат матамен оралып, беліне белбеу байланған бұл кітаптың тұсаукесер сәті, шынында да, бізге жақсы әсер қалдырды. Шын мәніндегі достық аясында өткен кездесулерде Қазақстанның Үндістандағы елшісі Рашид Ыбыраев екі ел арасындағы саясиәлеуметтік, әдеби-мәдени байланыстардың бұдан былай да дами беретініне тоқталды. Әдеби-мәдени байланыстар демекші, расын айтсақ, бұрынғы кездегі ішінара, оқта-текте ғана болып отырған қайсыбір қа рым-қатынасты тілге тиек етпесек, бұл салада енді ғана бізге әлем есігі ашылып келеді емес пе? Өмірдің қай тармағында болмасын қашаннан өз үрдіс-дәстүрі бар, әлемге аты әйгілі Үндістанға енді ғана табанымыз тиіп отыр екен. Онда да, әруағыңнан айналайын, ұлы ақын атамыздың арқасында. Әйт песе сонау Бабыр заманынан бері қарай аңыз бен ертегіге ай налып, санатымызға сән қосып, санамызға сіңіп кеткен осы бір ел, шындап келгенде, бізге аса алыс та емес қой?! Кезінде, әлгіндей үздік-создық сапарлар нәтижесінде Мұхтар Әуезовтің «Үнді очерктері», Тахауи Ахтановтың «Үнді дәптері», Сафуан Шәймерденовтің аудармалары (Рабиндранат Тагор) дүниеге келді. Әнуар Әлімжанов пен Аманжол Шамкенов Неру атын дағы халықаралық сыйлықты алды. «Бабырнаманың» да ау дарма кітабы қазір қолымызда. Ал үнділік достардың бізді – қазақ жұртын, оның әдебиеті мен өнерін танып-білуі енді-енді ғана басталып келеді. Бұл орайда ұлы Абай тағы бір әлем есігін бізге айрықша ашып берді. Үндістан – аңыз бен ертегі елі дедік. Шынында да, солай. Ал бірауық, қалт еткен бір мезгілде сол ертегінің ішіне еніп, аңыз бен оңаша тілдескенге не жетсін?! Үнділік достар келген қонақ тарды шаршата да, демалдыра да біледі екен. 12 миллионнан астам халқы бар бір Делидің өзі сіздің көңіл күйіңізді бірнеше күн бойы аулауға жарап жатыр. Әлімсақтан бергі архитекту ралық ансамбльдер, сәулет өнерінің ең озық та қайталанбас үлгісімен салынған үйлер, мұражайлар, мешіттер, храмдар – бәрі-бәрі де менмұндалап тұрғанымен, бір көргенге ішкі сырын бүгіп қалады. Иә, олармен тілдесуге, сырласуға уақыт, білік
керек. Делиден шеттеу Ағрадағы әйгілі Тәж Маһалдың бір өзі ғана неге тұрады?! Ол туралы аңыз да, ақиқат та жетерлік. Ақ мәрмәр, асыл тастан қаланып, өлмес өнерімен өрнектелген ақ жұмыртқадай осынау сән-салтанат сарайы – мәңгі махаббат куәсіндей жанарыңды жаулап, жаныңды дуалап, ерекше, бө лекше әсерге бөлейді. Кезінде мұны 200 мыңдай құрылысшы салған екен. Айдындағы аққудай осы бір әсем ғимарат өмірге келісімен әлгі құрылысшылардың қолдары кесіліп тасталған. Өнердің қатал да қайырымсыз заңы осылай – екінші Тәж Маһал қайталанбауы керек! Көрген, сезгеннің бәрін дерлік жіпке тізе беру шарт емес. Дегенмен, ерекше әсерге бөлеген, есте қалған, назар аудар ған тұстарды да айтпай кетуге болмайды. Бұлар жайында реті келсе, алдағы кезде тағы бір оралармыз. Менің бір байқағаным, үнді жұрты да мына біз секілді кішіпейіл, қарапайым, қанағат шыл, сабырлы, төзімді ел екен. Осыдан ба екен, бізге – қазақ халқына деген ілтипаты мен ықыласы ерекше. Тағы бір айта кететін жәй, сөз болған конференция мате риалдары алдағы күндері ағылшынша, орысша, қазақша жа рық көретін болады. Абай рухы кеңістікті шарлап, Абай ме рекесі әлемдік дәрежеде әлі де өз жалғасын табады. Оның ең бір мағыналы, мазмұнды мезгілін біз көне де жаңа Үнді елінен көрдік. Сұхбаттасқан И. Сапарбай. 4 қаңтар, 1996 жыл ҰСТАЗҒА ҚОЙЫЛҒАН 12 СҰРАҚ Мен сауалдарымды жұптап, дайындап әкелдім. Келісім со лай болды. Филология ғылымының докторы, ҚР ҰҒА коррес пондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Рымғали Нұрғалиев оған өз қолымен жауап жазды. Журналистикада ондай тәжірибе, ондай үрдіс те бар.
Сонымен, ғалым, жазушы, журналист ағамыздың айт қан пікірлерінің мұртын бұзбай оқырман қауымға ұсынып отырмыз. 1. – Аға, студент кездеріңізден естелік болар жайттарды еске түсірсеңіз… – Студенттік күндер – адам өмірінің ең бір жарқын кезі. Білімге, мәдениетке, жаңалыққа ұмтылған жылдар. Сондықтан ол күндердің әрбір сәті әсте ұмытылмақ емес. Қайсыбірін айтып тауысасың, жазыла қалса, тұтас кітап боларлық оқиғалары бар. 2. – Енді өзіңізге білім мен ғылымға жөн сілтеген, әсер етіп, ықпалын тигізген ұстаздарыңыз жайлы әңгімелеп бер сеңіз. – Адам ұстазын ұмыта ма? Бірінші сыныпта әліппе үйреткен тұңғыш ұстазым марқұм Шәмшия Жүзбаева, кейін сабақ берген Нағима Құмарова, Роллан Мусин, Роман Григорьевич Грилборцер, Кәрім Аханбаев, Ерғали Дайрабаев, Мүткен Ошыбаев, Қашура Елеусізова, Құдайберген Базарбеков сияқты мұғалімдердің түр-түсі, мінез-қалпы көз алдымда, дауыстары құлағымда. Университетте ұлы Әуезовтің алдында отырдық, қазақ филологиясының аталары Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Темірғали Нұртазин, Есмағамбет Ысмайыловтардан лекция тыңдадық. Гербстман, Мадзигон шетел әдебиетін, Қа нафиева, Жовтис орыс әдебиетін, Бекхожин, Амандосов, Қо жакеев журналистиканы оқытты. Қолымнан жетектеп үйіне апарып, дәм-тұзын беріп, баласындай еркелетіп, ғылымға бау лыған, екінші курста оқып жүрген кезімде ғылыми зерттеу жаздырып, сол кітапшаны өзі тең автор болып жариялатқан профессор Бейсенбай Кенжебаевтың ғылымдағы, өмірдегі ру хани әкем екенін мақтанышпен айтамын. 3. – Өнерде, ғылымда қылаң беріп қалатын жайттар болады. Мәселен, біреудің еңбегін біреудің пайдалануы… – Өзім ешкімнің ала жібін аттаған адам емеспін. Біреу мені тонап, көшіріп алып жатыр деп те айта алмаймын.
- – Талантқа көзқарасыңыз? – Бір сөзді білесің ғой: «Талант қалтаңдағы ақша секілді. Бар болса – бар, жоқ болса – жоқ» – осыған қосылам. 5. – Шәкәрім қажы «Өлең – ар түзейтін ғылым» деген, ал Пушкин «Поэзия ардан да жоғары» депті. Осыған алыпқосарыңыз бар ма? – Дәл де жақсы айтылған. Шәкәрім қажыны айтам. Пушкин сөзін ойлану керек. 6. – Қазіргі қазақ қоғамында жастардың көпшілігіне азып бара жатқан ұрпақ деп кінә артып жатады. Олардың осындай болуына не түрткі болып отыр? Аға ұрпақ өкілдері тарапынан олардың проблемаларын шешуге көмек, қолдау қажет пе, қажет болса, қандай жолмен көрсетілуі керек деп ойлайсыз? – Қай заманда да алдыңғы толқын кейінгілерге осқырына қараған. Кішілер туралы үлкендер сөзі: «Бұзылған, азған, тозған». Қазір де осылай деп жүр. Бүгінгі жас буын марқайғанда олар да осылай дейтін болады. Бұдан шошитын ештеңе жоқ. Әр буын өз проблемасын өзі шешеді. Барлық уақытта, барлық елде солай болған. «Өзіңе сен, жас ойшыл!» 7. – Өз салаңыз – Әуезов тағылымы тақырыбына біраз сыр шертіп, әңгіме қозғасаңыз. – Былтыр «Әуезов және Алаш» деген кітабым шықты. Осы сұрақтың жауабын сол кітаптан алуға болады. 8. – Таяуда қажылық сапардан оралдыңыз. Қажылыққа жол азабын көріп, мехнатын шегіп, өз қаражат, мүмкін дігіңмен бару керек дейді. Қазіргідей қажылыққа бару үрдісі қажылықтың қадір-қасиетін төмендетіп жібермес пе екен? – Алла бұйырды, сәті түсті, дәм жазды. Сол зияратқа бара қояйын деп қаражат жинағаным жоқ, ешкімнің есігін қағып, алдына да барғаным жоқ. Бес уақыт намаз оқып, сәж деге жығылып, сопы болып кетпесем де, тұңғыш рет қазақ тілінде мұсылман дінінің тарихын, негізгі ұғымдарын, бас ты шарттарын ғылыми тұрғыда баяндап берген «Ислам энци клопедиясын» шығарған еңбегімнің бодауы Сауд Арабиясы
королінің Қазақстаннан арнайы шақырған екі жүз адамының бірі болуыма шапағаты тиді ме екен деп іштей есеп жасадым. Ал дінге мойынсұну, қажылыққа бару-бармау – әркімнің өз ұжданының ісі. Сондықтан бұл төңіректе теледидардан, га зеттен қызыл тілді сүйреңдетіп, ғайбат айту – күнә болмақ. Бойды тартқан дұрыс. 9. – Өзіңіз «Лениншіл жаста» істеген кезіңіз бен қазіргі қазақ журналистикасының арасалмағы қалай болуы керек, нені алып, нені қосу керек деп ойлайсыз? – Жағымпаз журналистика, жалпақ шешей журналистика өлуі керек. Жауынгер журналистика, жүректі журналистика өрге шықсын, ой айтылсын, сын айтылсын. 10. – Халықаралық терминдерді аудару, оларға балама табу ісі жөнінде қандай пікірдесіз? – «Бояушы, бояушы дегенге сақал бояудың» қажеті жоқ. Мәдениетті, дамыған елдер үлгісімен жүрсе, дұрыс болмақ. Термин жасаудың әбден қалыптасқан ғылыми жолдары бар, сол ізбен жүріп отырсақ, қателеспейміз. 11. – «Қазақ энциклопедиясында» неше жыл істедіңіз, ол жерден неге кеттіңіз? Ол жылдарыңызға өкінбейсіз бе? – «Қазақ энциклопедиясында» Бас редактор болып 11 жыл істедім. Мен Семей полигонының кіндігі – Дегелеңде тудым. 1949 жылғы атом бомбасының тұңғыш сынағын 20 шақырым жерден көріп тұрдық. «Гитлер капут! Мы победили!» – деп айғайладық. 1954 жылғы сутегі бомбасын сынағанды да көзбен көрдік, ішінде болдық. Содан 1957 жылы Алматыға оқуға кеткенше, радиацияның қанша дозасын алғанымызды бір Ал ланың өзі ғана білетін шығар. Сол зардап па, 1990 жылы қатты ауырып, жар жағасына бір барып қайттым. Кейінгі кезде көз ауырады, диагнозы – полигон кеселі. Алты томдық жаңа ұлт тық Алаш энциклопедиясын шығаруды жоспарлап, сөзді гін дайындап Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы нұсқауымен оған қаржы бөлінген кезде, мен денсаулығыма байланысты өз өтінішіммен редакторлықтан босатуды сұрадым. Министр А. Сәрсенбаевтың мақтау-марапатын алып, университетке ұстаздық-шығармашылық жұмысқа ауыстым. Бас редактор
әрі мақалалар авторы болып алпыстан астам энциклопедия лық басылым шығардым. Оның ішінде «Абай», «Ислам», «Боз дақтар», «Шаңырақ», «Негеш», «Қазақ ССР», «Алматы», «Қа рағанды» секілді күрделі еңбектер, «Философиялық сөздік», «Ислам», түрлі сөздіктер, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов шығар малары, т.б. бар. Энциклопедияда жұмыс істей жүріп, Мем лекеттік сыйлық алдым, Ұлттық академияға корреспондентмүше болып сайландым. Кітаптарым шықты. Ел көрдім, жер көрдім. Неге өкінем? Өкінбеймін. Қайта энциклопедияда өткен жылдарым өмірімнің бір мағыналы, сапалы жылдары деп тәуба етемін. 12. – Өзіңіз оқыған, бұл күнде шәкірттер оқытып, еңбек етіп жатқан қара шаңырақ – Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 50 жасқа толғалы отырған «Қазақ уни верситеті» газетіне қандай тілек айтар едіңіз? – Тоғызыншы сұраққа берген жауабым – жауап. Әңгімелескен Бейбіт Төлегенұлы. «Өркен», 1998 жыл БІР ҮЗІК СЫР Рымғали Нұрғали – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Көрнекті сыншы, жазушы, энци клопедияшы, педагог. Біздің тілшіміздің берген оқыс сұрақ тарына оның айтқан оқыс жауаптарын назарларыңызға ұсы нып отырмыз. Отбасы – Адамның болашақ тағдырына қандай отбасында туып, тәрбиеленіп өскендігі әсер етеді ғой. Әке-шешеңіз кім еді, ағаіні, бауырларыңыз туралы айтыңызшы? 9-0194
– Әкем Нұрғали Байзолдаұлы (паспорт бойынша Файзуллин) шындығында 1897 жылы Қарқаралы уезінің Дегелең болысын да туса керек. «Екі нөліне қызығып документімді 1900 жылы туған деп өзгертіп алғанмын» деп күліп отыратын. Ұзақ өмір сүрді, тоқсанның жуан ішіне кіріп, 1991 жылы тамызда дү ние салды. Семейдегі бес кластық қалалық училищені бітір ген; 1916 жылы тыл жұмыстарына алынған; алғашқы кеңестік болыстардың бірі; Қарқаралы ауданындағы алғашқы совхоз директоры; 1937 жылы «халық жауы» деп айыпталып, сотта- лып, 1939 жылы М.И. Калининнің араласуы бойынша босатыл ған; Абыралы, Шар аудандарының атқару комитеттерінің төр ағасы; Егіндібұлақ, Шұбартау аудандарында жауапты қыз меттерде істеген. Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтермен Семейде бір мезгілде оқыған, әр кезде Әлиханды, Ахметті, Мір жақыпты көрген, дастархандас болған, сөздерін тыңдаған, Қа жымұқан, ауылдастары Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебе ковтермен дос болған, көзіқарақты адам еді. Менің қазақ тари хына, Алаш азаматтарына деген көзқарасым ең алдымен өз әкемнің ықпалымен қалыптасты. Шешем Нұрғайша – ел арасында көп құрметіне бөленген сұңғыла адам, ғұлама молла Әшімбектің қызы еді. Отыз үш жасында, 1950 жылы баладан қайтыс болды. Өте діндар адам еді, өле-өлгенше мені қойнына алып жататын. Ол кісіден есті ген шариғат әңгімелері әлі күнге есімде. Менің балалық күнде рім әкем Нұрғалидың шешесі Рабиға әжем мен Байзолданың інісі Шоқымет атамның бәйбішесі Күлшім шешемнің әлдиімен өтті. Рабиға әжем алдымен қолын сабындап жуып, одан кейін домбырасын қолға алатын күйші кісі еді. Күлшім әжемнің ертегісі таусылмайды. Алтау едік, ағам Тұрсынғали алпысқа жетпей, інілерім Жеңіс пен Айғали қырықтың о жақ, бұ жағын да полигон құрбаны болды. Әсия, Нәсима деген қарындаста рым бар.
Мықты мектепте оқыдық – Қандай мектепте оқыдыңыз? Сабақ берген мұғалімдер есіңізде қалды ма? Кластастарыңыздан белгілі азаматтар шықты ма? – Әкемнің қызмет бабына орай әр түрлі мектептерде оқуы ма тура келді. Бірінші класқа Семей облысының Шар стан сасындағы қазақ мектебіне бардым. Әуелі орыс мектебіне апарған. Абыралы ауданынан көшіп келгенбіз. Бір ауыз орысша сөз білмеймін. Басқа балалар да, мұғалімдер де мені мылқау екен деп ойлапты. Үш күн үндемей отырып, төртінші күні бармай қойдым. Қазақ мектебінде Шәмшия Жүзбаева деген Семей педагогика техникумын бітіріп келген жас қыз алғашқы ұстазым болды. Ғұмыры қысқа екен, марқұм дү ниемен ерте қоштасты. 5-7 кластарды Абыралы ауданы, Қай нар орта мектебінде оқыдым. Кейін Семей финанс технику мының директоры болған Роллан Мусин, «Білім және еңбек» журналында редактор болған Талап Сұлтанбеков секілді та лантты педагогтерден оқыдық. 1954 жылы жетінші класты үздік бітіріп, Семей геология-барлау техникумына түсіп, бірер ай оқығаннан кейін Абыралы ауданының жерінде полигон ашылып, ел жан-жаққа тарап, біздің үй Шұбартау ауданына көшетін болғандықтан, әкем мені техникумнан шығарып алды. Сөйтіп 1955 жылдың қаңтар айынан бастап, Баршатас орта мектебінде оқыдым. Әдебиетті қазір Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде педагогика профессоры болып істейтін Ерғали Дайрабаев, химияны бүгін жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген «Жалпы химия» оқулығының авторы, марқұм Кәрім Аханбаев, физиканы кейін Алматы жоғары оқу орындарында доцент болған Мүткен Ошыбаев оқытты. Ма тематиканы Кәрімберген Құдышев, тарихты дарынды педагог Қашура Елеусізова берді. Олар бізді жоғары оқу орнының ал ғашқы курстарының программа, оқулықтарымен оқытқан екен, кейін білдік. Ол кездегі Баршатас мектебінің деңгейі өте
жоғары еді. Кімдер шықты? Жазушылар Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеуханов, Несіпбек Айтов, тарих ғылымының док торы Жанұзақ Қасымбаев, биология ғылымының докторы Блок Шәйкенов, мемлекет қайраткерлері Сиязбек Мұқашев, Нина Бөлепова, математик Әбен Аязбаев, мал маманы Теңдік Сламғажин, философ Өкен Тәттібеков, дәрігер Төлеу Мұқа шев – сол мектептің түлектері. Тың көтеру деген науқанның дүрілдеп тұрған кезінде 1957 жылы мектеп бітірдік. Алтын медальға ұсынылған М. Мағауин екеуміздің құжаттарымыз Семейден күміс медаль болып келді. Мен «ск» деген суффиксті дұрыс тасымалдамаппын. Төлек Тілеуханов екеуміз дақпыртқа елігіп, ел экономика сын көтеретін мамандық аламыз, өмір көреміз, содан кейін жазушы боламыз деп Қазақ ауылшаруашылық институтына түстік. Екі-үш-ақ айға шыдадық. Көңілде – әдебиет. КазГУге қарай береміз. Сөйтіп екеуміз де СХИ-ды тастадық. Мұхтар Мағауин бірден филология факультетіне түскен болатын. Әбіш Кекілбаев, Оразбек Сәрсенбаев, Сонарбай Таңқаев, бәрі бірге оқыды. Келесі жазда 1958 жылы олардың қатарына мен де қосылдым. Буын сипаты – 60-жылдар буыны деген ұғым қалыптасты ғой. Сіз де сол толқынның өкілісіз. Осы ұрпақтың бойындағы ерекшелік терді айтып беріңізші. – Елуінші жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың ба сында Қазақстанның әлеуметтік, мәдени, әдеби өміріне аяқ басқан буынның баршасына ортақ сипаттар бар екені рас. Ең алдымен бұлардың балалық шағы соғыс жылдарының азап ты күндерімен, қиыншылықпен, жоқшылықпен бірге өткен. Бұлар – әкелері майданда шейіт кеткен жетім ұрпақ. Оларды өсірген – жесір ана, өлмелі кемпір, қаусаған шал. Қиындық
қазанында қайнап шыныққандықтан олардың өмірге деген құштарлығы, табандылығы орасан зор болды. Қазақстанның төрт бұрышынан арман қуып аттанған жастар Алматыдан рухани байлық, мол сұлулық, зор білім тапты. Болашақ қалам иелері әдебиетті Мұхтар Әуезовтен, тілді Смет Кеңесбаевтан, тарихты Мұсатай Ақынжановтан, шетел әдебиетін Михаил Мадзигон, Александр Жовтистен оқып білді. Күндіз аудитория, кітапхана, кешке драма, опера театрлары, филармония, консерватория залдары, сурет көр месі – білім берді, талғам қалыптастырды. Ол кездің зерек студенттері кітапханалардың сирек, ерекше рұқсатпен кіре тін қорларынан бастарын бәйгеге тіге жүріп тыйым салын ған кітаптарды оқыды. Ахмет, Әлихан, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбектермен танысты; Булгаков, Кафкаларды біліп алды; Одақтың бас әдеби журналы «Новый мирдің» санын жібермей танысты. Жаңа американ, неміс, француз, жапон әдебиетін жас қазақ әдебиетшілері жақсы білді. Мұның үстіне олар әлем музыкасы, сурет өнері, сәулет өнері үлгілерін терең ұқты; Бах, Бетховен, Моцарт, Чайковский, Штраус, Энрико Карузо, Марио Ланц, Федор Шаляпин пластинкалары тыңдалмайтын кеш болмайтын. Рембрандт, Репин, Суриков қана емес, Клод Моне, Ренато Гутузо, Пикассо суреттері қызықталатын. Империялардың пайда болуы, отаршылдық тамырлары, азаттық идеялары, бұл төңіректердегі том-том кітаптар ақта рылды. Жазушылар Одағы секцияларында, баспаларда, га зет-журнал редакцияларында жаңа шығарма, кітап талқы ланып жатады. Күнде әдеби кеш, әдеби мәжіліс, мерейтой. Басылған еңбекті, шыққан шығарманы атау, жуу рәсімі бар. Сөз сөйленеді, пікір айтылады, ой толғанады. Осылардың бәрі қосылып келіп, алпысыншы жылдардың әдеби атмосфера сын жасаған болатын. Ең бастысы, Алланың бұйрығымен талантты, дарынды қалың шоғыр қуат-жігерін еліне, оның өнеріне қызмет етуге арнаған еді.
– Сонда да кімдерге етене жақын жүрдіңіздер? – 1966 жылы жазда Әди Шәріпов Жазушылар одағының бірінші хатшысы болып келді. Ылғи жастарды жұмысқа алды. Одақ аппаратында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» жур налында, «Жазушы» баспасында Сайын Мұратбеков, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Ақан Нұрманов, Мұхтар Мағауин, Рамазан Тоқтаров, Мағзұм Сүн детов, Қабдеш Жұмәділов, Сәкен Жүнісов, Қоғабай Сәрсекеев және мен бір мезгілде істедік. Киностудиядан Әкім Тарази, Әбіш Кекілбаев, Қалихан Ысқақов, Асқар Сүлейменов келеді. Әрбір бас қосу – әдеби мәжіліс, айтыс, талас. Одақта, көшеде, ресторанда, үйде, далада жалғасқан ұзақ әңгіме, күндер мен түндер, айлар мен жылдар. Аспирантураға неге қабылдамады? – Кезінде сіз университетті үздік бітіріп, аспирантураға қалдырылғанмен, орныңызға басқа біреу әділетсіздікпен алынды деген сөз бар. Сол әңгіменің рас-өтірігін айтып бере аласыз ба? – Университеттің 5 курсында оқып жүргенде, 1962 жылдың 1 қазанында курстасым Мәткерім Әкімжанов досым Болат Бодаубаев екеуімізді «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакторы Әбсаттар Бөлдекбаев іздеп, шақырып жатқанын айтты. Бардық. Баспасөзде жарияланған бірен-са ран дүниелеріммен таныс екен. Ұнатыпты. Қолма-қол жұ мысқа алды. Диплом алатын кез таянғанда профессор Бей сенбай Кенжебаев: «Біз де журналист болғанбыз. Бұл шетшегі жоқ, ауыр жұмыс. Жазу-сызуға төселіп қалдың. Енді газетті қой. Ректормен келістім. Аспирантурадан бір орын беріледі. Ғылыми Кеңестің шешімімен сені қалдырамыз», – деді. Күнде жазасың, күнде басыласың, күнде гонарар ала сың – газетті қимаймын. Үш жыл бос уақыт, не оқисың, не жазасың өз еркінде – аспирантураның барлық емтиханын ойдағыдай тапсырдым. Шешім айтылатын сәтте ректор Асқар
Закарин: «Бір орынға он адам документ беріп, емтихан өткізді. Ең жоғары балды университетті бітіріп отырған, Ғылыми Кеңестің шешімімен аспирантураға қалдырылған, студент кезінде жазған ғылыми еңбегі жеке кітапша болып басылған Р. Нұрғалиев алып отыр. Ол әлі еңбек тәжірибесінен өтпеген жас маман. Ал екінші бір талапкер Жезқазған шахтасында көп жыл кенші болған жұмысшы әрі ақын Әбулақап Райымбеков. Ол кісі өз жағдайын айтып Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне арыз түсірген. Сол документке идеология хатшысы Н. Жанділдин жұмысшы ақынды аспирантураға алу керек деп қол қойған. Орталық Комитет нұсқауы біз үшін заң. Сөйтіп Әбулақап Райымбеков аспирантураға қабылданады», – деп қарап тұр. Шешім солай болды. Бейсекең онда-мұнда жүгірді. Қосымша орын сұрады. Бәрібір түк шыққан жоқ. Мойныма су кетіп қайтадан «Лениншіл жасқа» бардым, өзім сұранып солтүстік облыстар (ол кезде тың өлкесі дейтін) бойынша тілші болып, Целиноградқа кеттім. Ол бір тамаша күндер болды. Сарыарқаны армансыз шарладым. Ел көрдім. Жер көрдім. Жаздым. Бір жарым жылдай уақыттан кейін Алматыға қайтып келдім. Аспирант болдым. Екі рет қорғалған диссертация – Сіз докторлық диссертацияны екі рет қорғады, үстінен көп арыз түсті, қуғын көрді дейді. Сол тарихты ортаға салуға бола ма? – Неге болмасын. Айтайын. 1973 жылы мамыр айында Қа зақ университеті филология факультетінің Ғылыми Кеңесінде «Қазақ драматургиясының поэтикасы» тақырыбында доктор лық диссертация қорғадым. Жасым 32-де. Ол кез үшін бұл үл кен сенсация. Қазір екінің бірі отызда докторлық қорғап жатыр. Кеңестен бөгеліссіз өттім. Бір аптадан кейін университеттің Үлкен Ғылыми Кеңесіне бардық. Бұл жерде диссертация ның қалай қорғалғандығы, өткендігі баяндалады. Содан кейін дауыс беріледі. Маған келгенде пәле басталды. Әуелі таяуда
ғана доктор дипломын алған бір әдебиетші сөйледі. Жұмыс аяқталмаған, саяз, құранды, шикі деп соқты. Жаңалығы жоқ, сапасы төмен әрі саяси қателері бар, сондықтан доктор дәрежесін беруге болмайды деді. Бұдан кейін профессор мате матик, профессор тарихшы сөйледі. Үш профессор филолог мін беге шықты. Көп шу болды. Дауласты. Жұмысты Кеңестің күзгі мәжілісіне қалдырды. 1973 жылдың желтоқсан айында Уни верситеттің Үлкен Кеңесі жұмысымды мақұлдап, Мәскеуге Жо ғары Аттестациялық Комиссияға жіберді. Үстімнен неше түрлі жала жапқан, қаралаған арыздар ұйымдастырылды. Қол қоймай жіберілген домалақ арыз дар өз алдына, Ә. Тәжібаев, Ә. Шәріпов, Р. Рүстембековалар дың қолдарын өтірік сырттарынан қойып жіберген арыздар да болды. Бір қызылкөз пәле Өзбекстаннан бірнеше хат түсірді. Диссертация көптеген сараптан өтіп, енді бекиін деп тұрғанда «алашордашыл, ұлтшыл авторларды мақтаған» деген мықты арыз барды. Сол арыз ақыры алғашқы докторлық диссерта цияны өлтірді. Екінші рет 1983 жылы қорғап, сол жылы диплом алдым. Ауыр күндерде орыс академигі В. Челышев, грузин академигі Г. Ломидзе, өзбек академигі И. Сұлтанов, башқұрт профессоры Ғ. Рамазанов қолдады. Бір қазақ профессор: «Әлі жассың, қиыншылықты көргенің дұрыс», – деді, екінші қазақ профес сор: «Алашордада атаңның басы бар ма еді? Сотталмағаныңа рахмет айт», – деді. Бір жазушы: «Ғылымды қайтесің? Проза жазып кетсеңші», – деді. Ленин сілтемесінің әлегі – Сіздердің кездеріңізде кітап шығару оңай болмағанын білеміз. Сонда да нақты көрген бір қиыншылығыңызды айта аласыз ба? Әлде ондай оқиға болған жоқ па? Тұңғыш кіта быңыз қалай басылды, қашан басылды? – Алғашқы кітапшам 1961 жылы профессор Бейсенбай Кен жебаевпен тең авторлықта жарияланды. Өзіме тиісті бөлімін
жазғаным болмаса, қалай басылды, қалай шықты білмеймін. Күзде каникулдан келгенде доцент Темірбек Қожакеев «Әй, профессормен кітапша шығаратын мықты, сабақтан неге ке шігесің?» дегенде бір-ақ білдім. Кандидаттық диссертация материалдары болып табылатын «Трагедия табиғаты» (1968), Жұмат Шанин және театр мәсе лелеріне арналған «Талант тағдыры» (1969) кітаптарым шық қанда қиындық көрдім деп айта алмаймын. Әрине баспа та лаптары, лито екшеулері орындалды. «Қилы заман», «Хан Кене», «Әдебиет танытқыш» туралы жұмбақтап жазбақ бол ған беттер алынып тасталды. «Трагедия табиғаты» шығып кет кеннен кейін барып, Шәкәрімнің жендеті Қарасартов деген Қарағандыдан арнайы келіп үстімнен арыз түсіргені, бірталай әуре-сарсаңға салғаны бір бөлек әңгіме. Докторлық диссертация ретінде жазылған «Күретамыр» деген монография «Жазушы» баспасының 1972 жылғы тақы рыптық жоспарына кірді де, ең соңғы сатыда менің еңбегім жоспар тізімінен өшіріліп, орныма Н. фамилиялы басқа бір жазушының кітабы қосылды. Әр жерге барып, айтып көрдім. Нәтиже болмады. Еңбегім 1973 жылдың жоспарына қосылып, қолыма кітаптың сүйінші данасы тиіп, қуанып отырғанда, «Жазушы» баспасына шақырған суық үнді телефон шалынды. Директор – сіз-біз деп сөйлейтін, бұрын Орталық Партия Ко митетінде ұзақ жылдар істеген, сыртқа сыпайы адам, бас ре дактор – тарс-тұрстау, бұрын шекара әскерлерінің офицері болған қатқылдау кісі. Екеуінің де түсі өзгеріп кеткен. Мұздай. Менің кітабымда бірде-бір партиялық құжатқа сілтеме жоқ екен. Редактордың тікелей нұсқауымен қосылған, Лениннен алынған цитатаның өзінен қате кетіпті, көсем сөзі бұрмаланған. Сондықтан кітаптың терілген барлық тиражы жыртылады. Бұл сөздерді естігенде зәре қалған жоқ. Қате қалай кетті екен? Асығып жүріп, өзім аудара салдым ба? Мүмкін емес. Тексеру керек. Жарты сағат рұқсат сұрап, кітапханаға жүгірейін, Ленинді іздейін, сөздерді тексерейін. Партия тарихы институты бекіт
кен мәтін екен. Өкпемді қолыма ұстап баспаға жетсем, директор мен бас редактор менің кітабымды жойып жіберуге бұйрық да йындап жатыр екен. Ленин томын алдарына тастай салдым. Кітаптың аман қалғанына қуанудың орнына бұрынғыдан бе тер шошып кетті. Өлген адам тіріліп кетсе, мұндай шошымас. Кейін ойлаймын: екеуі де сауатты, көшелі кісілер қатарын да, сондай күйге неге түсті екен? Анда-санда жоғары жақтың алдында өздерінің адал, берілген екендігін дәлелдеу үшін кей бір кітаптарды, авторларды құрбандыққа шалып, қан шығарып отыру қажет болған уақыттың мінезі шығар. Айтпақшы, сол оқиғадан кейін жеті жыл бойы «Жазушы» баспасының есігін ашудан қалдым. Басқа баспалардан кітап шығардық. – Бір кезде академик Мұқамеджан Қаратаев басқарған «Қазақ энциклопедиясының» басына қалай келдіңіз? Кімдер қолдады? Дінмұхамед Қонаевпен қатысыңыз болды ма? Араласып сөйлесіп көрдіңіз бе? Қонаев не деді? – Мені қырық жасқа дейін партияға алмады. Ұлтшыл, алашордашыл деген сөзді парткомға сыбырлап кететіндер бар, содан кейін өткізбейді. Партия мүшесі болмағандықтан қыз мет берілмейді. Докторлық диплом алғаннан соң академик Өмірбек Жолдасбековтің тікелей қолдауымен, екінші жағынан зорлауымен деуге де болады, Қазақ университеті филология факультетінің деканы болып істеп жүргенде Орталық Партия Комитетіне шақырды. Бөлім меңгерушісінің бірінші орынба сары Көрік Дүйсеев жасы елуге жетпеген менен басқа қоғамдық ғылымдар саласында ғылым докторы жоқ екендігін, ал Мәскеу бұл қызметке сондай адамның керектігін нұсқағанын айтты. Сөйтіп Димекеңнің, Дінмұхамед Қонаевтың алдынан бір-ақ шығарды. Бұл 1986 жылдың сәуір айы еді. Алды кең адам екен. Менімен жарты сағат сөйлесті. Аты-жөнімдегі «ғалиларға» қарады ма, әуелі «оралдықсың ба?» деп сұрады. Әке-шешем, арғы тегім, туыстарыма байланысты көп нәрселерді анықтады. Қазақтың алғашқы инженерлерінің бірі Жармақ Төленовпен ауылдас, аталас екенімді естігенде, әжептәуір қуанып қалды. Жармақ аға кезінде репрессияға ұшыраған, ұзақ жылдар түрме
азабын көрген кісі болатын. Кезінде Мәскеуде Қадыржанов, Қонаевтармен қатар оқыған екен. Түрмеден қайтқан соң Жар мақ ағаға Димекең көп жақсылық істепті: қызметке орна ластырған, пәтер бергізген. Қайтыс болғанда басына ескерткіш орнаттырыпты. Қоштасарда Димекең: «Сен менің жақсы до сымның інісі екенсің. Ағаңа тартсаң жаман болмассың. Эн циклопедияның Бас редакторлығы үлкен де ауыр, жауапты да қиын жұмыс. Жолың болсын. Қажетті кезінде келіп тұр. Көмекшіге тапсырып қоям», – деді. Мен 1986 жылғы сәуірдің жиырма төртінде «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакторы болып тағайындалдым. Одан кейін Димекең алдын көргем жоқ. Ол кісі жыл аяғында, желтоқсанда қызметтен кетті ғой. Үмітсіз сайтан – Заман өзгерді. Жап-жас жігіттер мен сұлу қыздар Сейфуллин, Сайын көшелерінің бойында тұр. Біреулер «Мер седес» мініп жүр, біреулер қайыршы. Профессордың ең бекақысы көше сыпырушы еңбекақысынан төмен. Осындай елде өмір сүріп жатқаныңызға намыстанбайсыз ба? Өзгеріс бола ма? – Империя құлады. Бір қазаннан ас үлестіретін заман өтті. Әркім өз қотырын өзі қаситын болды. Көз көріп, құлақ естіме ген өзгеріс келді. Біреу гүрілдеп байып барады, біреу құрдымға кетіп барады. Кім кінәлі? Не істеу керек? Мен бұл сұрауларға жауап бере алмаймын. Бірақ… Егін өсірмей, мал бақпай, өнім өндірмей, аяқ астынан бай болып шыға келгендерге күдікпен қарау заңды нәрсе. Кеше ғана ел қатарлы қызмет еткен, жалақы алған, табыс тапқан қоңыртөбел бүгін темекі сатып, арақ саудалап қана миллионер болды дегенге бала да сенбейді. Дәл қазір біз көріп жүрген көптеген малтабарлардың (бизнесмен емес) үлкен байлығы – үлкен ұрлық. Оның ар жағында үлкен пара, бұрынғы мемлекет мүлкін талап алу, мол несиені сіңіріп кету, сыбайласқан жем қорлық сияқты қылмыстар барлығын түсіну үшін экономист, сот, прокурор болудың қажеті жоқ.
Біз көреміз бе, көрмейміз бе, ол алланың қолындағы іс, бірақ, заман жақсарады, дүние оңалады, дәулет келеді, бақ қонады деген сенімсіз өмір сүруге болмайды, өйткені үмітсіз шайтан. Қазақша білу – Соңғы сұрақ. Отыздан астам кітап шығарыпсыз. Сол еңбектеріңізді балаларыңыз қазақша оқи ала ма? Дәл айт қанда, ұрпағыңыз қазақша сөйлей ме, жоқ па? – Мен жетпісінші жылдары қазіргі Қаз дауысты Қазыбек көшесіне Ә. деген генералмен көрші тұрдым. Сол кісі айтты: «Балаларыңның келешегін неге ойламайсың? Қазақша оқытпа, ертең түкке де жарамайды», – деді. Қазақ генералының түсі нігі сондай болған заман да өтті. Құдайға шүкір, төрт баламның төртеуі де Алматыдағы №12 қазақ орта мектебін бітірді. Неме релерімнің тілі де қазақша шыққан. Тегінде «Қазақтан қазақша білесің бе?» деп сұрауды оны қорлау деп түсіну керек. Сұхбаттасқан Талаптан Ахметжан. Алматы, «Парасат», 18 сәуір, 2000 жыл, №17 СӨЗ БИЛЕЙДІ ХАЛЫҚТЫ – Рымғали аға, сол кездегі оқу орнымыздың атын иемден ген Сергей Миронович Киров «Көркем әдебиет оқымаған адамның миы кеуіп қалады» деген екен. Басымыздың суы кеппеген бала болсақ та, миымызды кептірмес үшін елу сту дент ентелеп сіз дәріс оқығанда аузыңызға қарап отырдық. «Қол бастаудан да сөз бастау қиын» ғой. Ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов сөз сөйлегенде әуелі кішкене кібіртіктеп, кейінірек кеңінен көсіледі дегенді еститінбіз. Сіз де сөйттіңіз. Қол тығыңыз кейіндеу сөгілді. Сіз сөзді кібіртіктеп бастағанда Мұхаңа еліктедіңіз бе, әлде шынымен солай болды ма? Сол сәттер есіңізде ме?
– Неге ұмытайын, бәрі де көз алдымда. Таратып айтса, та рих көп. Университетті бітіргенде ғылыми кеңес шешімімен аспирантураға қалдырылдым. Іштей сенімдімін. Емтихандар біткен соң жай-жапсарын білейін деп барсам, ұстазым, про фессор Бейсенбай Кенжебаев күйіп-пісіп отыр екен. Орталық Партия Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Нұрым бек Жанділдин «Аспирантураға жұмысшы қабылдансын!» деп тікелей тапсырма беріпті. Сөйтіп, «Әбулақапщина» деген атпен мәлім өлеңші аспирантураға өтті де кетті. Соңғы курста оқып жүріп «Лениншіл жас» газетінде істеген ем. Маңдайыма тас тисе де, «Қайтқан малда қайыр бар» деп бұрынғы редакцияға қайта бардым. Редактор Шерхан Мұртаза «Әуелден ғылым қуып кетіп ең ғой, неменеге қайтып келдің?» – деп мұртын тікірейтті. Түсіндірдім. Түсінді. «Қандай жұмыс қалайсың?» – деді. «Алматыдан кеткім келеді!» – дедім. Сөйтіп, мен газеттің Арқадағы (ол кезде тың өлкесі дейтін) меншікті тілшісі болып шықтым. Ол дәуір қазақтың қаны сорғалаған азапты жылдары еді. Бәрін жаныштаған отаршылықты көрдім. Жүздеген қазақ мектептерінің жабылғанын көрдім. Ер-азаматты қорлағанын көрдім. Жер-судың аты өзгертіліп, тау-тастың зар еңірегенін көрдім. Тың өлкесін аралаған Хрущевтің Қонаевпен жүре сөйлесіп, шекесінен қарағанын көрдім. «Іш қазандай қайнады. Күресуге дәрмен жоқ». Ұзаққа шыдамадым. Келер жазда ұс тазым Бейсекең шақырып, аспирантураға түстім. Одан кейін Жазушылар одағының сын секциясында жұмыс істеп жүр генімде Бейсекең тағы шақырды. «Кел!», – деді. Қазіргі ака демик Зейнолла Қабдолов ғылыми еңбек жазу үшін екі жылдық докторантураға кетті де, орны босады. Майлы жер ме, жайлы жер ме, білмеймін, әйтеуір сол вакансияға жүгіргендер, тіпті көп болды. Бірақ бір нәрсеге ниеті кетсе ешкімге дес бермей табандап жатып алатын Бейсекең басқаны өткізбей, ректор Асқар Закаринге арнайы барып, барлық беделін салып, қоймай жүріп мені қабылдаттырды. Сөйтіп, доценттің міндетін атқа рушы оқытушы боп шыға келдім.
Сендер менің тұңғыш шәкірттерімсіңдер. Әлі есте. Күн түспейтін көлеңкелі, қара қоңыр астыңғы қабаттағы ұзын ау диторияда тұңғыш рет дәріс оқыдым. Курстастарың Бақытжан Майтанов, Күләш Ахметова, марқұм Марат Қабанбай қазақ әдебиетіне олжа салған қаламгерлер болып шықты. Сендер сарыауыз балапан болсаңдар, мен жиырма жетідегі жігітпін. Шәкіртім, қазіргі профессор Намазалы Омашұлы: «Лекцияға ылғи да көзіңіз қызарып келетін», – деп еске алады. Оның себебі, аудиторияға шығу үшін түні бойы дайындаласың. Қағазға қарап оқитын ұстаздардан көңіл қалғасын, шамамыз жеткенше еркін сөйлеуге дағдыландық. Сенің есіңде сол күндер қалған екен. Дәріс оқудың өзіндік әдіс-тәсілі, методологиясы бар. Жұртты ерту үшін, әуелі жұрттың соңына еру керек. Оның бір тәсілі – кібіртіктесең де табиғи, таза сөйлеу. – Содан бері сөз өнерінің сөмкесін көтеріп келе жатырсыз, Реке. Сөз өнері деген не? Ахмет Байтұрсынұлының пайы мына жүгінсек, «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің түйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады». Одан бері ықылым заман өтті, әдебиет теориясы дамып, жаңа сатыға көтерілген жоқ па? Бүгінгі күн тұрғысынан Ахаңның пікіріне алыпқосарыңыз бар ма? – Жақсы! Ұзақ жылдар бойы қазақтың тіл ғылымына да, әдебиет іліміне де Ахаңның ашқан жаңалықтары, істеген істері айтылмай, жасырылып келді. Ерен еңбектерін пайдалана отырып, оған сілтеме жасамадық. Оны ізбасарлары мен шә кірттерінің опасыздығынан, яғни әдеби-ғылыми ұрлық деп күстаналауға болмас. Саптыаяққа ас құйып, сабынан қара уыл қарап отырып, идеология, өкімет о кісілердің атын да айтқызбады, еңбектерін де ұмыттыруға тырысты. Ал, енді Ахаңның 1926 жылы Тәшкенде шыққан «Әдебиет танытқыш» кітабы – бүкіл түркі әлемінде биік ғылыми деңгейге көтерілген терең еңбек. Тіпті, ХХ ғасырда ерекше дамыған орыстың фило логия ғылымының талаптарынан қарағанда да осал дүние емес, өрелі, өркешті пікірлер, мол тұжырымдар бар. Қабілетті
қарындасымыз, әдебиетші Айгүл Ысмақова өз кітабында Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі тұжырымдар мен орыстың барлық зиялы қауымы ден қоятын ұлы оқымыстысы Михаил Бахтиннің пікірлерінде сабақтастық бар екенін дәлелдеп берді. Сондықтан әдебиет танудың негізгі ұғымдары, өнердің салалары атаулары, нысанасы, қызметіне байланысты Ахаң айтқан пікірлер әлі күнге дейін күшінде. Маңызды. Мағыналы. Тіпті «Әдебиет танытқышта» тұңғыш рет Ахаң кіргізген тер минологияны біз әлі толық пайдаланып, қолданған жоқпыз. Ахмет еңбектерінде басқа жұрттың шұбар терминдері мен ка тегориялары мүлде кездеспейді. Барлық ұғымға, сол тұстағы қазақ әдебиетінің бар фактісіне атау таба білген және оның бәрі бірімен-бірі байланысты, ұялас. Оларды кезінде Қажым да пайдаланды, Есмағамбет те пайдаланды. Кейінгі Зәки, Зейноллалар да қолданды. Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы негізгі ұғымдарды, басты атауларды жасап берген Ахмет Бай тұрсынұлының данышпандығына таңғаласың. – Жазушы-драматург Дулат Исабеков теледидардан берген бір сұхбатында бүгінгі әдебиеттегі тип мәселесін тілге тиек етті. Шынында да, нарық жүгін көтерген біздің бизнесмендер тип пе? Қысқа күндегі қырық қылмыс тип пе? Қазіргі заманның қаһармандары кім? Сіздің бұл мәселедегі ойыңыз қалай? – Әдебиет, негізінен, өз дәуіріндегі жағдаятты бейнелеп, суреттейтін сөз өнері. Мысалы, Бейімбет Майлиннің естен кетпес пішімді кейіпкерлері кім? Ауылдағы әйел, сол әйелдің күндесі, шал-шауқан, колхоздастыру. Ол дәурен өтті. Ауыл өз герді. Бірақ Бейімбет шығармаларындағы кейіпкерлер біздің санамызда өмір сүреді. Бүгінгі уақытта коммерсант, болмаса баукеспе ұры, шенеуніктер ертең өмір сахнасынан кетеді. Бі рақ олар сөз құдіретімен қағазға түсіп, көркем шығарманың кейіпкеріне айналса, сол типтер де жасайтын болады. Солар арқылы кейінгі ұрпақ өткен заманның тыныс-тіршілігін аң ғарады. Ендеше, кейіпкердің үлкен-кішісі, тақырыптың ірісі мен ұсағы деген пайымды байқап-байқап айтпасақ, бас шайқап қалуымыз мүмкін.
– Ұлттық қаһарманды қалай түсінесіз? – Ертеде, 86-ның оқиғасынан кейін, Мәскеудің Жоғарғы Кеңесінде экологияның мәселесін көтеремін деп мінбеге шық қан Мұхтар Шаханов әлемге Желтоқсан көтерілісін жариялап жіберді. Сонда мен «Бүгіннен бастап Шахановтың қойының кезегіне барам!» деп әзілдедім. Кейде адам бір-ақ қылықпен, бір-ақ әрекетпен ұлттық қаһарман атанып, қалған өмірінде құбатөбел өмір сүруі мүмкін. Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетті, ұлттық қаһарман болды. 45 жасында демалысқа шықты. Содан көз жұмғанға дейінгі тіршілігі хал қына еркелеу болды. Баукең күнде ерлік жасап, күнде жауға шапқан жоқ. Халқы, ұлты соғыс кезінде жасаған ерлігі үшін Бауыржан Момышұлын ұлт қаһарманы деп қабылдады. Немесе қазір ұмытып бара жатырмыз, Совет Одағының жағдайында Батыр атанған Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып тағы батыр болды. Ол күнде көкке ұшпайды, күнде Батыр атағын алмайды. Ұлт қаһарманы! Бірақ сондай азаматтарды қастерлеуіміз, құр меттеуіміз аз ба деп ойлаймын. – Драманы, оның ішінде трагедияны тереңдеп зертте ген ғалымсыз, тұңғыш режиссеріміз Жұмат Шанинді шыр қау биікке көтеріп, арнайы монография жаздыңыз. Жоқтау шысы жоқ өнер иесін қайта тірілттіңіз – азаматтық, жа ңашырлық. Ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов драматургиясы төңірегіндегі ойларыңыз кім-кімді де ойлантпай қоймайды. Драматургияның түрені мен театр сынының соқасын сүйретіп, осы саланың «қара өгізі» атанған ғалымсыз. Қазір бұл жаққа бұрылып та қарамайсыз. Неге жеріп кеттіңіз? – Қазіргі сахналық шығамаларға көңіл толмаса, көп сөз шығындап қайтем. Көңілді көншітпейтін жаман нәрсені «Жа ман, жаман!» дей бергеннен жақсара ма? Өмірдің белгілі бір кезеңдерінде жасыңа, тәжірибеңе лайық айналысатын шаруа ны күйттейсің. Драматургияның соңғы туындыларына пікір білдірмеуімнің негізгі себебі сол.
– Кеңес өкіметі кезінде «Ананы айтпа, мына мәселені қозғама!» деп цензурадай қызылкөз қыдиып, желкемізден қарап тұрды. Қалам ұстағанның бәрі байдың байлаулы итіндей социалистік реализмнің айтағында жүргені рас. Осы орайда Сергей Михалковтың мысалын келтіре кетейін. «Тордың ішіне тоты құсты неге қамап қойдыңдар?» деп сұраса, «Мысық жеп қоймасын деп қамадық» дейді. Михалков айтады: «Әй, өмір-ай, – дейді, – тоты құсты босатып, тор дың ішіне мысықты неге қамамадыңдар осы?» Шүкір, қазір «әй!» дейтін әже, «қой!» дейтін қожа жоқ. Не десең де еркіңде. Тордан құтылған тоты құстарымыз саябақтың ішінде сайрап жүр. Егемен елміз. Тәуелсіздік жылдарындағы драматургтеріміз бұлбұлдай сайрап, неге тоты құстай түрленбейді? – Бұл сұраққа жауабымды тек драматургиямен шектелмей, толық әдебиетке қатыстырып қозғайын. «Кеңес өкіметінің жағ дайында әдебиеттің берген көркем туындылары мол болды да, ал мына еркін заманда ерекше шығармалар неге жоқ?» деген сұрақтар әр жерде әрегідік қойылады. Ол заманды қанша қатал десек те, белгілі бір шығарманы бастыру үшін, жариялау үшін толып жатқан сүзгіден өту қажет еді. Ал, қазір керісінше. Ақ шасы бар адам шимай-шатпағын компьютерге тергізіп, бір ап таның ішінде кітап қып шығарып, тарата беруіне болады. Осы ның салқыны драматургияға да тигесін, драматургтеріміз тұмау тигендей «түшкіріп» жүргені рас. Бұрынғы дәуірде драматур гияға арнайы дайындықпен, оның заңдылықтарын білетін, сол жанрға қабілеті бар адамдар баратын. Мәселен, Мәскеуде арнаулы театртану білімін алған Қалтай Мұхаметжанов басқа жанрға аттап баспай тек осы саламен айналысты. Соның өзінде Қалағаңның сахналық шығармалары оннан аспайды. Ал, қазір ше? Бүгін Абай туралы, ертең Иисус Христос туралы, бүрсүгіні тағы басқа Пайғамбарлар туралы пьеса жазып, әр конкурсқа қатыса беретін «әмбебап» драматургтер шықты. Сахнаның тілін меңгермеген, бейне жасаудың, характер жасаудың әдістерін білмейтін драматургтер көсегемізді көгерте ме? 10-0194
– «Өнер дегеніміз – образды ойлау» болса, сомдалып со ғылған образ бар ма? – Әй, осыны қоя тұрайық. Жоқ қой, жоқ. – Классикалық пьесаларды бүгінгі дәуірге бейімдеп қоюға қалай қарайсыз? – Режиссура да үлке-е-ен өнер ғой. Өнер болғасын дамиды, өнер болғасын мектептері, толып жатқан ағымдары бар. Оты зыншы жылдары қазақ сахнасында қойылған пьесалардың режиссерлері Орталықтан, Мәскеуден келген орыс, жебірей ұлтының өкілдері болды. Олар кейде біздің тұрмыс-салтымыз ды білмегендіктен, ұлттық психологиямызды түсінбегендіктен космополиттік рухтағы спектакльдер жасады. Ал алпысын шы жылдардан бастап театрларымызға қазақ режиссерлері та бан тіреді. Әзірбайжан Мәмбетов, Маман Байсеркенов, Бәйтен Омаров, Жақып Омаровтай режиссерлеріміз – олжа. Кейін гі Болат Атабаев, Жанат Хаджиевтар – жаңа үлгідегі өнер паздар. Сондықтан пьесаны сол қалпында қою, актерлерді ер кіне жібермеу секілді кемшіліктер жойылды. Музыканы, де корацияны пайдалана отырып, қызықты ойындар көрсететін талантты режиссерлердің жаңа тобы шықты. – Терезе сынса – орнына бүтін әйнек саламыз. Машина мыздың доңғалағы тесілсе – жамаймыз. Үйіміздің сырты тозса – сылаймыз, әктейміз. Яғни сынған, бүлінген нәрсеге ғана жөндеу жүргіземіз. Біздің классикалық пьесаларымыз бүтін дүние. Бүтін нәрсеге күрделі жөндеу жүргізіле ме? Ал, біздің сол Сіз жақсы көрген жаңа толқын режиссерлеріңіз пьесалардың өңін өзгертіп, басын аяғына, аяғын басына шы ғарып «эксперимент», «ремонт» жасауы бүтін нәрсені бүл діру емес пе? Бұл не, тапқырлық па, әлде жаңа шешім бе? Мысалы, Әуезовті қидалайды, Чеховты бұйралайды. – Мұның өзі қазіргі режиссурадағы ізденістің бір түрі. Өз жанынан мәтіндік сөзді қоспаса автордың сценарийін пайда лана отырып композициялық құбылтуларға, сюжеттік ығыс тыруларға барған қойылымды неге қабылдамасқа?
– Қазақ театрының қазіргі бет-бейнесін шығыстікі деп тануға бола ма? – Шығыс театры ертеден ерекше дамыған. Мың жылдық дәстүрі бар театр – Жапон театры, оны «Театр Кабуке» дейді. Мұндағы әрбір қимылдың, әрбір ымның, әрбір көзқарастың астары қалың. Оны бір түсінсе жастайынан көрген, поэтикасын білетін көрермен түсінеді. Өзімізге ойысайық, «Еңлік – Кебек» секілді спектакліміздің ең үздік қойылымын жасаған Моисей Исаакович Гольдблат. Ал оған кеңесші болған, тең режиссер, данышпан актеріміз Қалибек Қуанышбаев еді. Билердің сах наға шығуы, жүрісі, отырысы, малдас құруы, сөйлегендегі бетпішінінің құбылуы, қимыл өзгерістері, бас изеуі, қолын шо шайтуы – бәрі-бәрі бұрынғы қазақ тұрмысына лайық табиғи, сенімді түрде жасалған. Ал қазіргі спектакльдерді көрсеңіз – баяғы би емес, қап сүйретіп жүрген ханбазардағы тапыр-тұпыр дарақы жігіттер секілді. Олардың айқайы, тамақтарын жыртып сөйлеуі, ерең-серең қимылы түгелдей жасанды. Қазақтың сол замандағы билік жүргізу мәдениетін білмейміз, дәуір этикетіне сәйкес келмейді, түптің-түбінде біз «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Арқалық батыр», «Еңлік – Кебек» секілді пьесаларды қайта қойған жағдайда «реставрация» жасап, өз қалпына келтіруіміз керек. Сондай-ақ, екінші жүйедегі еуропалық театрлармен, Шығыс театрларымен, қазіргі модернистік, авангардтық театр ларымен емшектес, бағыттас спектакльдер де қатар жүргені дұрыс. – Әлгінде әртістердің сөйлеу мәнері жөніндегі ойлары ңызға қайта оралсақ деймін, Реке. Қазір кейбір спектакльден шаршап шығасың. Кілең бір сарынды, жасанды дауыстардан жалығасың. Рольдегі батыры болсын, ақыны болсын мұң данып, жынданып, тістеніп, зығырданы қайнап, кіжініп, тө бе шашын жұлып, төбелесіп жүргендей айғайлайды. Бұл не айғай? Таланты жетпегендіктен айғайлай ма? – Қазақ театрын жасаған ұлы дарындар ұлттың әуенін, сөй леу мәнерін, мінезін әйгіледі.
Мәселен, тез қимылдың, оқыс оқиғаның кейіпкерлерін Елу бай Өмірзақов жасады. Қолы қатты, тарпаң бидің үлгісі – Серке Қожамқұлов. Ал дана билердің, ұлы ақынның тұлғасын сом даған Қалибек Қуанышбаев шыңына ешкім шыға алған жоқ. Бұл – үлкен арна. Қазіргі қазақ сахнасындағы актерлердің бір ұтылған жағдайы – сол мектептердің тәжірибелерін ұмытып, ұстай алмай қалды. Жеңіл-желпіні малданып, айдалаға сан далып кетті. Мәселен, Қаллеки жасаған дананың үні, толғаныс ырғағы Шәкен Аймановқа, одан Нұрмұхан Жантөринге көшті. Сол әуенді Досқан Жолжақсынов ұстап қалды. Бұрынғы біз дің ұлттық театрларымыздың алғашқы бесігін тербеткен ак терлерде тамақ жырту, айғайлау, жер тепкілеу, екі иығын жұлып жеп тепсіну, селкілдеу деген секілді қояншық әрекет атымен жоқ болатын. Тіпті, қатардағы дарындыларға жататын Қапан Бадыров, Камал Қармысовтың мәдениетін жалғастыра алмай отырмыз. Сондықтан бүгінгі қазақ театры қазақ тілінің мектебі болам десе, қазақтың таза табиғи үнін, әуенін естіртем десе, сол ұлы ұстаздардың аздап болса да сақталып, тасқа жазылған, таспаға жазылған, кинода, пластинкада қалған дауыстарын тыңдап, содан сабақ алғаны ләзім. – Бәзбіреулер «Театр – тәрбие орны емес» дейді. Келі сесіз бе? – «Әдебиет – әдебиет үшін, өнер – өнер үшін» деген де тұжырым бар. Кейде өзіне назар аударту үшін пікірді тұздап, улап жеткізетін де әдіс болады. Әлгі өзің келтіріп отырған дүдәмал пайымды белгілі, талантты режиссер, Неміс, Еуропа театрының жай-жапсарын жақсы білетін Болат Атабаев бірер рет теледидардан айтып қалды. Оны сол қалпында қабылдамау керек. Ерке режиссердің жұрт назарын әдейі бұрып, қисық сөйлегені шығар, сірә? Өмірде де, өнерде де ондай мысал көп. Француз жазушысы Натали Саррот «Мағына басталған жерде, әдебиет өледі» деп дау-дамай туғызу үшін әдейі қысастықпен айтқан. – Әлемде қазір «Жаһандану» деген ағым пайда болды. Түсінсек те, түсінбесек те «Жаһандану, жаһандану!» дейміз. Жалпы, жаһандану деген не өзі?
– Сөздің күші ғажайып. Кейде бір сөз бір халықты жын дандырып жіберуі мүмкін. Мәселен, Германиядағы фашизм, бұрынғы Совет Одағындағы – коммунизм, сонау жиырмасын шы жылдардағы тап тартысы деген сөз, кешегі қайта құру деген сөз – осыған дәлел. Кейде бір сөз тұтас халықты бір күн, бір ай емес, жылдар бойы билейді. Сол секілді қазіргі замандағы ха лықтарға ерекше ықпал ететін сөздер бар. Мысалы, терроризм, жаһандану, мұсылман фундаментализмі, өз пайдасымен отар шылдық, империялық пиғылын жүзеге асыру үшін, әлсізді таптау үшін кейде бір сөз арқылы, танкімен, ұшақпен, раке тамен жаулап ала алмағанды іске асырады. Айталық, Буш бастаған Америка демократия деген сөзді желеулетіп тып-ты ныш жатқан Иракты тапа-тал түсте бомбаның астына алды. Халқын қырды. Немесе кешегі «Совет Одағының қауіпсіздігі» деген бір сөзбенен Ауғанстанға басып кіріп, он жыл бойы соғыс жүргіздік. Миллиондаған бейбіт халық қырылды. Мыңдаған әскерден айырылдық. Жаһандану бүгін ғана пайда болған ұғым емес. Адамзаттың мәдениеті, өркениеті дамыған күннен бастап жаһандану жүріп жатыр. Ұлы Жібек жолы – жаһандану, Американың ашылуы – жаһандану, Қытай ойлап тапқан компастың, қағаздың тара уы – жаһандану, түркілер жасаған арба, ат, ер-тоқымның үзең гісі – ол да жаһандану. Қазіргі замандағы үлкен алпауыттар, империялық пиғылды көксеген елдер үшін жаһандану деген сөз – азды бұғаулап жұ тып алу, күші кемді бағындыру. Жаһандануда ұлт жоқ. Ұлт тық тіл, ұлттық мәдениет жоқ. Өз ана тілінде сөйлемейтін Парламент дегенің де жаһандану кесапатынан туған. Діндерді сыйлау деген атымен жоқ. Егер жаһандану тек христиан немесе ағылшын, саксон елдерінен басталатын болса, басқаларды миссионерлік жолменен христиан дініне кіргізу – жаһандану. Кейбір мәліметтер бойынша 400 мыңнан астам қазақ басқа дінге кіріпті. Бұдан бір ұлттың ертең іштей іруі, дін-дін бойынша бөлінуі деген кесапат туады. Соны жасап отырған адамдар мұны жаһандану деп түсіндіреді. Жаһанданудың экономиканы
дамытуда, ауыс-күйісте, мемлекеттердің бір деңгейге көте рілуіне, технологияларды жетілдіруде прогрессивтік ролі бол ғанымен, ұлттық сананы, ұлттық рухты, ұлттық мәдениетті жоюдағы зиянын санап біту қиын. – Бүгінгі білім жүйесіндегі реформалар мен жаңалық тарға кішкене кідірсеңіз. – Есебінен жаңылып қалдым, әйтеуір реформа көп. Біреуі аяқталмай жатып, екіншісі басталады. Бастаған реформасын аяғына дейін жеткізіп, тиянақтап бітіруге тиіс лауазым иелері басқа қызметке ауысып кетеді. Немесе сол лауазымға лайық емес, әйтпесе сол саланы білмейтін адамдар білім, ғылымның тізгінін ұялмай ұстайды да, аз уақыттың ішінде «Маңғыт, аузыңа саңғыт!» деп ол да тайып тұрады. Қазақстан – әлемдік қозғалыс арқауындағы ел. Сондықтан мектеп, жоғары оқу орындары реформасын қолға алуға қар сылық білдіру – ол ескілік көлеңкесінде қалу. Бірақ іске асы рудың көзін тауып, ретімен, бабымен жасалса пайда әкелетін шығар. Ал, баяғы Голощекиннің ақ қар, көк мұзда айтақырға әкеп киіз үйден «қала» салғанындай, бар нәрсені жойып, реформа жасайтын болсақ, кешегі ауылды құлатып алғанымыз секілді апатқа апаруы ықтимал. Кезінде ділдә шашып, алтын төгіп, доллар шығарып «Бо лашақ» деген бағдарламамен ығай мен сығайдың балаларын қаптатып шетелде оқыттық. Көбі қазақша бір ауыз сөз білмей тін мәңгүрт еді. Содан қазір біздің ғылымымызға, экономика мызға, мәдениетімізге қандай пайда? Соншама шығын шыға рып кадр дайындауда қателіктер болды ма? Қарымы қайтты ма? Бұл сұрақтардың жауабы жоқ. Неге? Жұмысына сай адам бола ды да, адамына сай жұмыс болады. Бәрі де кадрға байланысты. Түптеп келгенде, адамның тілді білген, білмегенінде емес, мә селені маманның дарыны, қабілеті, іскерлігі шешеді. Бір кез дегі Мәскеу, жалпы, Совет Одағындағы жоғары оқу орнын бі тірген мыңдаған мамандар бола тұра, Теміртауда еңбек жолын бастап, жоғары оқу орнын сонда бітірген адам Қазақстанның
Президенті ретінде ұзақ жылдар ел басқарып отыр емес пе? Сондықтан «Шетелдің пәленшеке оқу орнын бітірген екен, пәлее-ен тіл біледі» деген марапат сөз маманға берілген сипаттама емес. Маман деген еңбекте, әрекетте, күресте өзін-өзі танытуы тиіс. Қазір «Реформа жасаймыз. Ғылым кандидаты, ғылым докторының орнына философия докторы болады» деген ойлар айтылып жатыр. Ғылым, білім мәселесі «философия докторы» өмірге енгеннен кейін шешіле қалмайды. Он екі жылдыққа көшіргеннен мектептердің сапасы артып кетпейді. Жоғары оқу орындарына «кредиттік жүйе» енгізе салысымен мамандардың сапасы жақсармайды. – Баяғыда Гагаринді дәріптеген Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын, Жер енді!» поэмасы тез танылды, тез тарады. Кеңес Одағындағы баспасөздің бәрі тез жариялап үлгерді. Тез арада жеке кітап боп басылып та шықты. Дәл сол Олжас Сүлейменовтен кейінгі үрдісті Несіпбек Айт ұлының «Бәйтерек» толғауы қайталады. Әуелі қазақ баспа сөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарқ ете қалды. Астанадағы «Күлтегін» баспасы іші-сыртын алтынмен аптап, күміспен күптеп, тез арада кітап қып шығарды. Бұл не, құбылыс па? Қоғамның ағымы ма? Әл-Фараби өлең туралы трактатында ақындарды үш топқа бөлген. 1. Табиғи дарын. 2. Өлең өнерімен толық та ныс. 3. Алдыңғы екі топқа еліктейтіндер. Сыншы ретінде айтыңызшы, Несіпбек Айтұлы осы үш топтың қайсысына жататын ақын? – Сөз жоқ, табиғи ақын, дарынды ақын. Студент кезінен бі лем. Алғаш балаларға арнап өлең жазып жүрді. Өзі қатарлас ақындармен деңгейлес отырды. Содан «Ескендір қорғаны», «Игорь жорығы туралы» ұлы поэмаларды аударғаннан кейін өз шығармаларында өзгеріс бола бастады. «Бас сүйектер» поэма сы, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арнаған ерекше баллада сы есімізде қалды. Ал, енді Қазақстан кіндігінің Арқаға көшуі, ұлттың жаңаша ұю үрдісі, жастардың Астанаға шоғырлануы, жерімізге көз алартып отырған орыс – орманға деген жаңа
саясатымыз, ұлттың тағдырына тікелей қатынасты түйткіл дер ақындарды толқытады. Қазақ поэзиясында сюжетсіз тол ғау үлгісіндегі шығармалар бұрыннан да бар. Ұлы жыраулар толғаулары өз алдына, Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмірі», Мұ қағалидың «Реквиемі» сарындас Несіпбектің «Бәйтерек» дас таны жақсы белес. Толғанған, толғаған, өзекті ойларды өлеңмен өрнектеген, бүгінгі заманға қатысты тұжырымды ашық айтқан. Бұл поэманы бұрынғы кездегі Ленинді мадақтап, Троцкийді, Сталинді көтермелеп жалпылдаған шығармалар үлгісінде деп қарау – әбестік. Елдік сарындағы ізденістен туған жаңа туынды. – Тіліңіз өткір. Ойыңызды бүкпейсіз. Мысалға алған ныса наңызды шымшып, шаншып, кей-кейде келекелеп, менсінбей тұрғандай сын айтасыз. Өмірде де осындайсыз ба? – Ауылда өстім. Еркіндік болды. Орысты алғаш Алматыға келгенде көрдім. Көп мінезім – қазақы мінездер, көп ағайынды едік, Семей полигонының кесірінен екі ағам, екі інім мерт болып кетті. Қазір бір атадан жалғыз қалдым. Әкем 95 жасында дүниеден қайтты. Әке қызығын көріп, еркелеп өстік. Одан кейін ұстазым Бейсенбай Кенжебаев еркелетті. Мойнына мінгізді. Адам «мен мынадай мінез көрсетейін!» деп сахнада ойнайтын актер емес. Негізінен, кісі табиғи қалпынан ауытқыса, онда жалғандық басталады. Оның ар жағы – өтірік, бояма. – Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артын да бір жол, алдында мың жол. «Мың жолдың ішінде өзен өрлегені де, шөлге улегені де, барса келері де, барса келмесі де бар». Бұл Франконың ілгері замандағы пікірі. Ал, қазір ше? Әдебиетіміздің «Барса келері қайсы, барса келмейтіні қайсы?» – Әне бір жылы бір қарындасымыз газетке «Қазақ әдебиеті енді басталады» деп жазды. Сол мәселеден дау шықты. Ойды, пікірді ащы айтуға тырысқандағы мақсаты – қазақ әдебиетінде жаңа ізденістер болады деген ақ көңіл жанашырлығы ғой. Қаламгерлеріміздің дені фольклордың емшегін еміп, орыс әдебиетін жақсы біліп, табиғи талантының арқасында тұшымды дүниелер жазды. Ал, қазір ағылшын, қытай, неміс, жапон
әдебиетінің түп нұсқасын оқитын жастарымыз бар. Соның бірі – Дүкен Мәсімхан. Ол қытайдың классикалық поэзиясын қазақ тіліне аударып жатыр. Мұндай мысалдар көп. Сондықтан «қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабына» енді шықты. Қай жолмен жүрмейік, негізі, халқының кіндігінен айырылып қал ған әдебиет – жесір әдебиет екенін ұмытпау шарт. – Ендеше бәрі де суреткерлерімізге байланысты дейсіз ғой? Осы орайда Гете былай депті: «Кәдімгі бір күшікті тұрған күйінше суретке салсақ, жер жүзіндегі толып жатқан кү шіктің санын көбейтіп, тағы да бір күшік қосқан болып та быласың. Онымен суреткер ақын ретінде танылмайсың». Қазіргі күшеншек ақындарымыздың поэзиясы күннен күнге «күшіктеп» көбейіп жатқанын немен түсіндіреміз? – Поэзиядағы өтірік тез көрінеді. Өңсіз әйел сұлу боп көрін гісі келсе – ыңғайсыз. Жасандылығы бірден ашылып қалады. Сол секілді ақын емес адамның ақынмын деп тыраштануы бе кершілік. Поэзияда алдай алмайсың. Үлкен жанрларда, қара сөзбен жазылған қалың-қалың туындыларда, музыкамен демеп актерлер ойнайтын өнерлерде, бәлкім, көрермен, тыңдарман дарды алдарқатуға болатын шығар. Ал, төрт-бес шумақ өлеңде немесе шағын поэмада өтірік ақынсып алдау мүмкін емес. – Атақты-атақты ақын-жазушылардың бір шоғыры Астанада. Баяғыдай бас қосып, әжік-күжік әңгімелесіп шер тарқатып тұрасыздар ма? – Ұзын саны жүз қаралы. Тісіне қарасаң, жасы үлкені Шер хан Мұртаза, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбай, Фариза Оңғарсы нова, Сейіт Кенжеахметұлы, Әнес Сарай, Қойшығара Салға ра, Ақселеу Сейдімбек, Болат Бодаубай, Нұрғожа Ораз, Ал тыншаш Жағанова, Сұлтан Оразалинов, Қайрат Жұмағалиев, Қонысбай Әбілден бастап, талантты жас ақын Жанат Әскер бекқызына дейінгі аралықта бірқатар қаламгерлер шоғыр ланды. Жазушылардың өткен құрылтайында Астанадағы бө лімшенің төрағасы етіп, қарымды қаламгер Алдан Смайылды сайлағанбыз. Оның бармаған жері, қақпаған есігі жоқ шығар. Астанадағы Қазақстан Жазушылар одағының бөліміне кеңсе-
баспана сұрады, жиналыс өткізетін зал мәселесімен өкіметке де шықты. Бірақ сүйінші сұрайтындай, қалпағымызды аспан ға ататындай қуанышты хабар жоқ. Тақыр жерде отырмыз. Басымыз сирек қосылады. – Ауыл ақсақалдары «Әкіммен сыйлассаң – есігіңе ат байланады, ақынмен сыйлассаң – басыңа бақ байланады, ал ұстазбен сыйлассаң – ат та, бақ та байланады» деп отыратын. Орыс әдебиетінің озықтары «Бәріміз Гогольдің шинелінен шықтық» десе, біздің біртуғандар «Шерағаңның шекпенінен шықтық» деп ұстаздарын ұлағат тұтады. Сіздер, Зейнолла Қабдолов, Жұмағали Ысмағұлов, Шериаздан Елеукенов, Мұхтар Мағауин секілді көркем әдебиеттің көшбасшылары Бейсекеңнің бешпетінен шықтыңыздар. Биыл Бейсенбай Кенжебаевтың 100 жылдық мүшел тойы. Бір Бейсекең бәріңізді көтергенде... бәріңіз жабылып бір ұс таздың тойын қалай көтермекшісіздер? – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Бей секеңе арналған ғылыми конференция өтті. Астанада да осын дай ғылыми басқосу жоспарланып отыр. Түркістандағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті де қам жасап жатыр. Бейсекеңе арналған естеліктер жинағын, ғылыми мақалалар кітабын, 4 томдық шығармаларын бастырамыз. Күзде той бо лады. Түркістанда музей ашылмақ. Алла жазса, бәрі болады. Әңгімелескен Көпен Әмір-Бек. Астана, «Қазақ әдебиеті», 26 наурыз, 2004 жыл АЙТЫП КЕЛГЕН АЖАЛДАН АЯУЛЫ ҰСТАЗЫМ АРАШАЛАП ҚАЛҒАН – Қызыл империя қылышының қылпылдап тұрған жыл дарында шыққан бір кітаптарыңыздағы «Қилы заман», «Хан Кене», «Әдебиет танытқыш» туралы астарлап болса да айтпақ ойларыңыздың алынып тасталғанынан хабардар
едік. Кімдер алғызып тастағанын білуге бола ма? Не айтпақ болдыңыз? – Менің кандидаттық диссертациямның тақырыбы Мұх тар Әуезовтің трагедиялары болатын. «Абайдан» басқасы жиырмасыншы жылдары жазылған. Әдеби ортаны, әдеби үр дісті, әдеби дамуды тереңірек ұғу үшін сол кезде шыққан бар лық туындыларды оқу керек. Бұл тұста ең маңызды, ең көр кем еңбектерді Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Мұхтар жазған. Бірте-бірте алаш қозғалысы, саяси құжаттар, әлеу меттік мәселелерге қатысты қалың да қиын қатпарлардың ішіне кіріп кеттік. Ескі газеттер, журналдар, кітаптар әлеміне бойладық. Алматы, Қазан, Мәскеу, Ленинград кітапханалары мен архивтерінде отырдық. Сөйтіп, оқулықтарда, зерттеулерде, монографияларда сыпыра жамандалып, саяси айып тағылып, қарғыс астында қалып жүрген қайраткер қаламгерлердің өз геше табиғатын, ұлттық рухын танып, олардың шығармалары ның тереңдігі мен көркемдігіне көзіміз жетті. Ол әсерлерді әуелде жақын-жуық, дос-жаранға сыздықта- тып айтып жүрдік. Өзімізше бір әдеби топ болып шоқтанған Әкім Тарази, Рамазан Тоқтаров, Мұхтар Мағауин, Сайын Мұ ратбеков, Амантай Сатаевтар бас қосқанда қымсынбай сыр ашыстық. Келе-келе университет аудиторияларында лекция үс тінде Алаш ұранды әдебиет туралы ойларымызды ашық білді ріп жүрдік. Оларды алғаш тыңдағандар Сағат Әшімбаев, Алма Қыраубаева, Әділбек Тауасаров, Нұрлан Оразалин, Әшірбек Көпішев, Алдан Смайлов, Сайлаубек Жұмабековтердің курсы болатын (1968 ж.). Мәскеудегі Әдебиет институтында бірер жыл қазақ әдебиетінен лекция оқыған кезімізде (1982-1983 жж.) Алаш ұранды әдебиет туралы тұжырымды ойлар, пікірлер сол кездегі студенттер Ардақ Досжан, Айдар Жұмабаев, Алтын бек Сәрсенбаев, Дархан Мыңбаевтарға да (соңғы екеуі МГУден келіп тыңдаған екен) бүкпесіз айтылыпты. Сол сөздеріміз үшін ешкім ұстап алып, қамап қоймаған соң құныға түстік пе екен, әлде жастық қызуы ма, болмаса өзгерейін деп келе жат қан заман ықпалы ма, әйтеуір қамаудағы кітаптар туралы
пікірді баспасөзге жариялауға ұмтылдық. Ең алдымен, «Қилы заман» туралы мақала туды. Ол қалай басылды, бұл әрекетте Сапарғали Бегалин, Ғабит Мүсірепов, Ахмет Жұбанов, Нығмет Ғабдуллиндер қалай көмектесті, кімдер жазаланды – бұл тура лы бұрын арнайы жазылған. Қайталамай-ақ қояйын. «Қилы заманға» байланысты сенсациядан кейін («Қазақ әдебиеті», 1967, 1 қыркүйек) біздің жазған-сызғандарымызға қарауыл күшейді. Өзімізше қулық ойлай бастадық. Кейбір ойларды астармен, ыммен, жұмбақпен жеткізуге тырыстық. Мәселен, «Қилы заман» романы деудің орнына он алтыншы жылғы көтеріліс туралы шығарма деп кетеміз. Яғни авторды айтпай, туындыны сөз қыламыз. Осындай өзімізше тапқан тәсілдермен Ахмет Байтұрсыновтың қазақ филологиясының негізгі термин дерін жасағанын айтып жібердік (Қараңыз: Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1973). Аты мен заты айқын көрініп тұрса, Алаш ұранды әдебиет өкілдері туралы жағымды пікірді үлкен бас тықтарды, лито қызметкерлерін былай қойғанда, қатардағы редакторлардың өздері жібермейді. Жіберсе – құриды, басы кетеді, жұмыстан шығарылады, қуғындалады. Сондықтан Қа зақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі дәуірде отаршылдыққа қарсы пікірді, алаш азаматтарын мадақтаған ойды, ұлттық рух ты көтерген тұжырымды баспасөзде өткізбес үшін тұтас жүйе, қалың шеп, берік қамал жұмыс істеді. – Шәкәрімді атқан делінетін кәдімгі Қарасартов ат ары тып Алматыға барып, үстіңізден арыз түсіріп, біраз әуреге салыпты. Сондағы көксегені һәм көздегені не екен? – 1967 жылдың аяғында «Жазушы» баспасынан «Трагедия табиғаты» деген кітабым шықты. Үлкен ағалар Мәлік Ғабдул лин, Темірғали Нұртазин еңбегімді мақұлдап, баспасөзде пікір білдірді. Сондай күндердің бірінде Орталық Партия Комитетіне шақырылдым. Аң-таңмын. Бірнеше рет ұмтылғаныммен, пар тияға алмаған. Себебін іштей білемін. Мен қатарлас жігіттер, тіпті Қытайдан келген азаматтар да коммунист болған. Жалпы, ол кезде коммунист болмасаң, екінші қатардағы кісісің. Тәуір қызмет бермейді, өспейсің, жазғаның басылмайды.
Мені ОК-нің қызметкері Әбілмәжін Жұмабаев қарсы алды. Қасында отырған төртпақ, түсі суық, жер ортадан асқан қара кісі. «Трагедия табиғаты» кітабында Мұхтар Әуезовтің алаш ордашыл, ұлтшылдық сарындағы шығармалары мадақталған. Бұл аз болғандай, бандит, совет үкіметіне қару алып, қарсы шыққан жау – Шәкәрімнің «Еңлік – Кебек» дастаны да дә ріптелген. Бұл кітапты өртеп, оны жазған мына боқмұрынды соттау керек!» дегенде зәрем ұшып кетті. Мынау маған арнап келген тажал екен деп ойладым. Әр түрлі сылтау айтпақ болып едім, екеуі де сөзімді шыбын шаққан құрлы көрген жоқ. Салым суға кетіп, сол күні кешке ұстазым Бейсенбай Кенжебаевқа болған оқиғаны айтайын деп барсам, бағанағы төртпақ, түсі суық, жер ортадан асқан қара кісі сол үйде отыр. Төртпақ қара да аң-таң, мен де аң-таң. Сыр бермей отырған Бейсекең ғана. Жиырмасыншы жылдардың аяғында Бейсенбай Кенжебаев Павлодардың газетінде бас редактор болып тұрғанда қауіпсіз дік комитетіне кадр керек болып, бір жас жігітті ұсынып жібе реді. Сол жігіт мына отырған төртпақ қара, демалысқа шыққан чекист – Абзал Қарасартов екен. Бейсекең екеуі көп ырғасты. Мен туралы ырғасты. Біреуі қайтсе мені жерге тықпақ, біреуі қайтсе мені құтқармақ. Ақыры Бейсекең Қарасартовтың ау зын алғандай болды. Қайтар жолының ақшасын берді, үстіне менің ат-шапан айыбым деп костюм-шалбар кигізді, сөйтіп, мені, менің кітабымды аяулы ұстазым айтып келген өлімнен құтқарып қалған. Тағы да бір қырағылығын көрсетпек бол ған кәрі чекист басына ақ құйғанға малданып, жазған арызын қайтып алды. – Алдыңғы аға буын өкілдеріне өкпелеген, көңіліңіз қал ған сәттер болды ма? Университетті үздік бітіріп, ас пирантураға қабылданып тұрғаныңызда Орталық Коми теттің нұсқауымен орныңызға «жұмысшы табынан» шық қан ақын Ә. Райымбековты алып, сізді еңбек тәжірибесі жоқ, жас маман деп ысырып тастағанда ше? 1973 жылы 33 жасыңызда қорғаған докторлық диссертацияңызды арызбен «атқылап» «өлтіргенде» ше? Тағы да сол жылы күн көсем
сөзі (В.И. Ленин) бұрмаланған деген жаламен «Күретамыр» атты монографияңыз («Жазушы» баспасы) екі жыл әуре легені аздай-ақ, «жөргегінде» жыртыла жаздағанда ше? – Өкпелеген, көңіл қалған деген жұмсақ, сыпайы айтылған сөздер ғой. Сұрауыңа орай таратып айтайын. Бір естелік кітапта мені аспирантураға алдырмаған С. Имашев деп қате жазылып кеткен. 1963 жылы Орталық Комитеттің хатшысы Н. Жанділ дин болатын. Ол жай жарлық емес, саяси шешім, ежелден профессор Б. Кенжебаевтың әдеби бағытын қолдамайтын белгілі философ әрі идеология басшысының саналы қадамы, шәкіртімен қосып, ұстазын ұруы – жас шіліктің тамырына балта шабуы болатын. Содан тілші болып Арқаға кеттім. Бір жарым жылдай уақыттан соң қайтып келіп аспирантураға түстім. Кандидаттық диссертация кезіндегі қиындықтар өз алдына, қуырдақтың көкесі докторлық диссертация жазып біткенде тосып тұр екен. Обалы кәне, Бейсенбай Кенжебаев, Мұхаметжан Қаратаев, Кәкен Аханов секілді ағалар қолдады. Қырғыз М. Борбұғұлов, татар Х. Османов, башқұрт Ғ. Рамаза- нов, орыс В. Челышев, өзбек И. Сұлтанов, грузин Г. Ломидзе дос тық қолдарын созды. Бір қазақ профессоры университет кеңе сінде ашық қарсы шықты, жұмысымнан «саяси» қате тапты; екінші қазақ профессоры еңбегім Бакуге талқыға кеткенде «Әлі жас. Біраз ұстап қайтарыңдар. Қиындық көрсін» деді. Үшінші қазақ доценті өзі жасырынып тұрып, белгілі қазақ ғалымда рының өтірік қолын қойып, арыз ұйымдастырды. Ташкентте тұратын бір шала сауаты бар қуаяқ қазақ «оқымыстысы» өз бектердің атынан пәле жауып, қағаз жіберді. Мәскеуге де керегі осы. Қазақтар бірінің етін бірі жеп жатса, неге ара түссін! Тағдыр кейін сол адамдарды түрлі жағдайда маған кіріптар етіп, алдыма әкеп жықты. Кек қусам, қанға қан десем, менің де қолымнан жаманшылық келетін еді. – Көптен бері әдебиетіміздің мойнына уайымшылдық (пессимистік) мініп алды. Оқи қалсаңыз қазақ рухының ірілігі, намысының нарлығы, Тәңіріге аян тектілігі, Бек бекзадалығы... бәрі-бәрі жалған сияқты. Көзінің жасы құр
ғамаған жасық жұрт тәріздіміз. Осындай орынсыз сары уайымды қалай түсінуге болады? – Қазақ әдебиетіндегі ең басты сарын – елдік, азаттық идеясы екендігі анық. Мұны көне түркі жазба ескерткіштері, орта ғасыр жәдігерліктері, жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасыр мұрасы, Алаш ұранды әдебиет, Кеңес дәуірінің үздік шығармалары айқын көрсетеді. Отаршылдыққа қарсылық Бұқар, Мұрат, Махамбет, Шортанбай, Дулат, Абай, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұх тар («Қилы заман», «Хан Кене»), Ілияс («Көшпенділер», «Ал тын Орда») туындыларында ашық айтылса, бірталай қаламгер кейбір ойларын кеңес дәуірінде астармен жеткізуге тырысты. Ал соңғы он жылдың әдеби құбылысы әлі бағасын алған жоқ. Көркемдік тұрғысынан қарағанда, Мемлекеттік сыйлық алға нына көп бола қоймаған марқұм Рамазан Тоқтаровтың «Абай дың жұмбағы», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романдары қызықты шығармалар, ал Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын қабылдауда әдеби сын екіге жарылды: жазушы Бекділдә Алдамжаров дат тайды, сыншы Шериаздан Елеукенов мақтайды. Тоқсаныншы жылдан кейін Жазушылар одағы өзінің бұ рынғы қоғамдық беделінен, ұйымдастырушылық қызметінен айырылды. Өкімет тарапынан бұл мекемеге қаржы бөлінбейтін болды. Кейбір себептермен ұры-қарылардың жемсауына түсіп кеткен қаламгерлер үйін, шығармашылық үйін соттасып жү ріп қайтарып алу үшін Одақ басшылығы әуре-сарсаңға түсті, арамтер болды, көп қиналды. Сөйтіп жүргенде шығармашы лық мәселелер сыртта қалды: әдеби еңбектер талқыланбайды, арнаулы мәжілістер өтпейді, пленумдар болмайды. Газет-жур налдар бүгін әдебиет туралы нақты ештеңе жазбайды. Жеке кітаптарға рецензия берілмейді, суретті аннотация-жарнама сынның басты жанры болып кетті. Мемлекеттік баспалар жа былды. Бұрынғы тосқауыл, іріктеу, сұрыптау жойылған соң қолына қалам алған көген көздің бәрі кітап шығаруға лап бер ді. Ақша төлесең болды, кез келген баспа қалаған көлемде, қалаған безендірумен, қалаған таралыммен, қалаған мерзім
ішінде не жазасың – руыңның шежіресі ме, ауылыңның тарихы ма, мерейтойыңа келген әсіре мақтау құттықтаулар ма, ұятсыз ауыздан шыққан боғауыз сөздер ме, әр түрлі тақырыптағы дилетант жазбалары ма, ащы ішекше шұбатылған пайымдама, эссе, оқулық, роман, поэма, зерттеу, шежіре, шығармалар жинағы... десең де қолыңнан қақпайды. Көлемі жағынан ал ғанда аудан, облыстық орталықтарында, екі астанада, тіпті Ре сейде тасқа басылып шығып жатқан қазақ кітаптарының мөл шері Кеңес дәуіріндегіден артық болмаса, кем емес. Сол лай тасқынның ішінен биік рухты таза әдебиетті, шын ғибратты таза ғылымды ажыратып алу керек. Сонда біз ешқашан уайым шылдыққа салынбаймыз. – «Кішінің жолын кеспе, көмусіз қаласың» немесе «Адам шылықтың алды – артқыға жол бермек» (Шәкәрім) деген халық қағидаларының қазіргі біздің қоғамда пәлендей ма ңызы бар ма? – Бір-екі мысалмен жауап берейін. Жиырмасыншы жыл дардың басында Мәскеуде Күншығыс университетінде Мағжан сабақ берген. Көп студенттің ішінде, әсіресе Бейсенбай Кенже баевқа ықыласы түсіпті. Бауырына тартып, сырласып, ақылкеңес айтқан, ұлттық рухта баулыған, түркі тарихын оқытқан, Абай туралы мақаланың негізгі ойларын ұсынған (Бейсенбай Кенжебаевтың атымен «Еңбекші қазақта» басылды). Мағжан аузына түкірген сол Бейсенбай өле-өлгенше, небір қиын-қыс тау заманда ұлттық мүддеге опасыздық жасаған жоқ. Қазақ әдебиетінің көп ғасырлық тарихын зерттеу мектебінің негізін салды, елдік идеясын берік ұстанған шәкірттерінің тұтас-шо ғырын өсіріп шығарды. Мұхтар Әуезов қандай көреген десеңізші: інілері Қуандық Шаңғытбаевты алғашқы өлеңінен, Қалтай Мұхаметжановты «Бөлтірік бөрік астында» комедиясынан, Шыңғыс Айтматовты «Жәмила» хикаятынан танып, қолдап, пікір жазды. Меніңше, қол ұшын берген деген осы, бағалау, тану, қолдау. Қанаттандыру. – Жас зиялылардың өсіп-толысуына не жетпейді? Оларға Батыс пен Шығыстың қайсысынан молырақ сусындаған дұрыс?
– Батыс, Шығыс деп бөлетін ештеңе жоқ, әлем өркениеті адамзатқа ортақ. Сондықтан қазақтың жас буыны барлық бұ лақтан қанып ішсе өрісі кең, айдыны терең, шығар тауы биік болмақ. – Жастардың ішінен жарқ етіп көзіңізге түскендер бар ма? Кейінгі буын өкілдерінен кімдерге сенім артасыз? – Шахматшы – Дәрмен Сәдуақасов, бокста марқұм Бекзат Саттарханов – әлемдік деңгейдегі құбылыстар. Ал әдебиет, ғы лым туралы дәл қазір мұндай есімдерді атай алмаймын. Демалыс сәттерін даңғырлақ дискотекамен, атыс-шабыс, тағысын тағы көбік кинолармен, түнгі клубтармен өткізетін даңғаза жастарды өзіміз тәрбиелеп жатқандаймыз. Опера, балет тамашалау, театрға бару, кітап оқу, ұлттық өнермен сусындау олар үшін – күлкі. Әрбір ұрпақтың қалыптасу кезеңінде бастан кешіретін балалық ауруы болады. Елуінші жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың басында қуық шалбар киген, батыс билерін би леген, пластинка тыңдаған жастарды «Стиляга» деп есекке теріс мінгізген дәурен өткен. Комсомол жиналыстарына салып, сөгіс беріп, қудалағанды көргенбіз. Өзіміз соның бел ортасында жүрдік. Уақыт озды, ол сәндер кетті. Сондықтан қазіргі жас буынның кейбір әуестігін, дискотекаға баруын ақырзаман кө ріп, айықпас трагедия деп қарауға болмайды. Бүгінгі жас маң дайына тас тиген соң ойланады, алды-артына қарайды, үй ленеді, басына ноқта киеді, ес жияды. Тұрмыс арбасын сүйрей бастайды. Ар жағы белгілі тарих. Ендеше, бүкіл зиялы қауым жас романтиктердің серілігімен, аз күндік мейрам күндерімен күресуінің қандай қажеті бар? Жалпы, кейінгі ұрпақты жаз ғыру, соларды мәдениетсіз, имансыз санауды өз басым қол дамаймын. Әңгімелескен Бесбоғда Алтай. «Айқын» газеті, 28 мамыр, 2004 жыл
ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ – АБЫРОЙЛЫ ЖОЛ Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мем лекеттік сыйлықтың және ғылым саласындағы Ш. Уәлиханов сыйлығының лауреаты, Жоғары мектептің үздік қызметкері, Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайрат кері Рымғали Нұрғалимен жүздесіп әңгімелесудің сәті түсті. Еңбек жолы негізінен педагогикамен, жастарды тәрбиелеумен өтіп келе жатқан үлкен ғалым, жазушы ағамен негізінен ұс таз бен шәкірт, дәстүр жалғастығы деген тақырыпта әңгі мелесуді жөн көрдік. – Аға, келісіп алайықшы. Саясатқа соқпайтын тақы рыпта әңгімелесуге бола ма? – Әрине. Газет – саясат. Теледидар – саясат, радио – саясат. Тіпті көшеге дейін – саясат. Қабырғалар – саясат. Сурет. Уәде. Жарылқау. Сайлаудан өту үшін жасалып жатқан үгіт-насихат. Солар туралы сұрамай-ақ қойғаның дұрыс. Тіпті өтірік уәде жалықтырып барады. – Онда былай болсын, аға. Шәкірт пен ұстаз туралы әңгімелесейікші. Жақсы ма? Сіз қай жерде, қай жылы мек тепке бардыңыз? Алғашқы ұстаздарыңыздың аты-жөні есі ңізде қалды ма? Әлде ұмыттыңыз ба? Еске түсіргіңіз де кел мей ме? – О не дегенің, шырағым. Таратып айтайын. 1947 жылы Семей облысы Шар стансасындағы Бүкілодақтық Ленин ком сомолының 30 жылдығы атындағы мектептің бірінші класы ның партасына отырдым. Мұғаліміміз Шәмшия Жүзбаева, Семейдегі педагогикалық училищені сол жылы бітіріп келген екен. Жиырма жаста, талшыбықтай әдемі болатын. Бәрімізді қатты еркелететін. Кейде бізбен бірге ойнап кетуші еді. Өкпе ауруына шалдығып өмірмен ерте қоштасты марқұм.
Биыл жазда Төлеу Көбдіков ақынның Аягөзде өткен тойына бара жатып жолда Шарға соқтым. Мектеп ғимараты әлі тұр екен. Бірақ қазір жекеменшік емхана болып кеткен. Ауладағы ағаштар арасында Өркенай, Ерік, Төлеубике, Қайша деген ба лалармен асыр салып ойнаған күндер көз алдыма тіріліп келе қалды. – Сол мектепті бітірдіңіз бе? – Жоқ. 1950 жылы анам Нұрғайша 33 жасында қайтыс бол ды. Бес бала жетім қалдық. «Аудандық атқару комитетінің тө- рағасы өлген әйелін мұсылмандық жолымен қойды. Жаназа сын шығарды. Молдалар құран оқыды» деп қызылкөздер арыз беріп, әкей қызметінен босатылып, атамекеніміз Абыралы ауданына қыстың көзі қырауда, 1951 жылдың қаңтарында көштік. Сөйтіп Қайнар орта мектебінің 4-класына бардым. 1954 жылы тамыз айында сутегі бомбасы Дегелең тауының бауырында сыналды ғой. Аудан жерінің жартысынан артығы әскери полигонға кетті. Халық шулап, жылап, еңіреп жан-жақ қа тарады. Біздің үй Шұбартау ауданына көшті. Мен мектепті 1957 жылы Баршатаста бітірдім. – Кімдер сабақ берді? Олардың білім деңгейі қандай еді? Бірге бітіргендердің ішінде төбеге шыққаны бар ма? – Мұғалімдеріміз бірі бірінен өткен тамаша мамандар еді. Бәрінің жоғары білімі бар. Тарихшы Қашура Елеусізова апай сабақтары өте қызықты еді. Химик Кәрім Аханбаев мек теп оқулығы емес жоғары оқу орнына арналған «Жалпы хи мия» (авторы ұмытпасам, Глинка болуы керек) кітабын оқы масақ, бестік баға қоймайтын. Кейін ол кісі Алматыға келіп, политехникалық институтта профессор болды, қазақ тілінде оқулықтар жазды. Әдебиетші Ерғали Дайрабаев сол кездеақ Алаш қайраткерлері туралы ашық айта беретін. Кейін ол кісі Қазақ мемлекеттік университетінде кафедра басқарды, профессор болды. Физика маманы Мүткен Ошыбаев та кейін Алматыда доцент болды, көркем шығармалар жазды. Осындай дарынды ұстаздардың арқасында Шұбартау ауда нындағы Баршатас орта мектебінде сапалы білім берілді, қа
зір қазаққа аты мәшһүр жазушылар Мұхтар Мағауин, Тө лек Тілеуханов, әйгілі профессор, ғалым Блок Шайкенов бір ге бітірдік, төртеуіміз де медаль алдық. Талантты тарихшы Жанұзақ Қасымбаев сол мектепті бізден бір жыл кейін бітірді. Айтпақшы, кәсіподақ қайраткері Сиязбек Мұқашевпен де бірге оқыдық. – Сіз қанша жыл ұстаз болдыңыз? – Өзің есептей бер. Кандидаттық диссертацияны 1967 жылы қорғағаннан кейін, бір жылдан соң, Жазушылар одағындағы сын секциясыдағы кеңесшісі қызметінен ауысып, бұрын өзім студент, аспирант болған Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасына доцент міндетін атқарушы бо лып келдім. Доцент, докторант, декан, профессор, кафедра меңгерушісі – осы жолдардан өттік. Арасында 11 жыл «Қа зақ энциклопедиясының» Бас редакторы болған кезде де про фессорлық қызметті тоқтатқам жоқ. Өзің есептеп көр, сонда аспирант кездегі жұлып-қашты сабақ бергенімізді қоспағанның өзінде, табаны күректей 36 жыл ғұмырымыз университет қа бырғасында педагогтік жұмыста өтті. – Студент кезіңізде кімдерден дәріс алдыңыз? Қандай ұстаздардың сабағы есіңізде қалды? – Қырқыншы-елуінші жылдарда ҚазГУ-де оқыған филолог студенттердің баршасының көз алдында Мұхтар Әуезов тұр. Аудиторияда салмақпен қозғалып, тебіреніп тұрып, ерекше сазды қоңыр әуенімен баурап, ғажайып терең лекцияларын зор шабытпен, керемет шешендікпен өткізер еді. Академик С. Кеңесбаев тіл білімінен көл-көсір білім беретін. Профессор А. Гербстман бірнеше тіл білетін, шетел әдебиетінен тамаша оқытушы еді. Академик М. Қаратаев, профессорлар М. Бала қаев, Т. Нұртазин, Б. Шалабаев, Қ. Бекхожин, К. Қанафиева, К. Аханов, Ы. Маманов, З. Қабдолов, Ж. Төленов, Б. Тұрсын баев, М. Ақынжанов – әдебиетші, тілші, тарихшы, философтар дың алдын көрдік. – Профессор Бейсенбай Кенжебаевтан оқыған жоқсыз ба? Айтпай кеттіңіз ғой.
– Ол кісінің жөні тіпті де бөлек. Алғаш сабақ берген алпы сыншы жылдан бастап сексен жетінші жылы көз жұмға нынша ұстаз ағамыз, рухани әкеміз болды. Кітапхана, мұра ғаттарда жұмыс істеу, ғылыми зерттеудің қыры мен сыры, шығармашылық еңбектің тәртібі, адам ретіндегі жүріс-тұрыс – осының бәрінде Бейсекең берген тағылым, үлгі-өнеге орасан. Тоталитаризмнің қылышынан қан тамған қаһарлы жылдарда Бейсекең ұлтқа қызмет ету, мансап-дәулет үшін сатылмау, бо йыңдағы барыңды үлкен мақсатқа арнау секілді Алаш қай раткерлері мұрат тұтқан ұлы қасиеттерді өзі берік ұстанып, бойымызға сіңіре білді. Шәкірттеріне қиналмай, атақ алатын, жеңіл-желпі, оңай тақырыптарды бере салмай, әуелде өзі түрен салған, ұлттың азаматтық тарихымен, азаттық күресімен са бақтас мәселелерді зерттеуге баулыды. Бұлар түркі дәуірі, ескі заман әдебиеті, жыраулар поэзиясы, алаш кезеңі. – Өз шәкірттеріңіз туралы не айтасыз? Қанша дәрежелі ғылым кадрларын дайындадыңыз? – Жоғары оқу орнында ұстаздық еткелі 40 жылға таяп қалды. Жыл сайын алдыңнан жүздеген студент дәріс алады. Соның бәрі – шәкіртің. Олар педагог, журналист, жазушы, баспагер болды. Мемлекет қызметінде жүргендері де аз емес. Бұлардың ішінде әкім, депутаттар да бар. Ал нақтырақ айтсақ, осы уақытқа дейін 6 ғылым докторын, 25 ғылым кандидатын дайындадым. Олар Алматы, Қарағанды, Түркістан, Атырау, Ақтау, Жезқазған, Арқалық, Қостанай, Көкшетау, Қызылжар, Астана университеттерінде оқытушы, факультет деканы, кафед ра меңгерушісі, доцент, профессор. – Сол шәкірттеріңіздің кейбіреуінің аты-жөнін айтуға бола ма? – Сағат Әшімбаев, Алма Қыраубаева, Әділбек Тауасаров, Үміт Тоқмағамбетова, Ризабек Адуов сияқты талантты шәкірт терімнің ғұмыр жасы қысқа болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед, Нұрлан Оразалин, Алдан Смайылов, Уәлихан Қалижан менен сабақ алғандарын әр кезде айтып жүреді. Ұстаз тұтады. Рес публикалық деңгейде көрінген мұндай қайраткер інілерді мақ тан етем.
– Сізден Мәскеуде сабақ алдық деген адамдар да бар ғой. – Ә, ол әңгіме былай. Сексенінші жылдары Мәскеудегі Әдебиет институтында қазақ тобы болды. Алдымен оларға қа зақ әдебиетінің ескі дәуірінен Мұхтар Мағауин лекция оқыды. Жаңа дәуір әдебиетінен мен оқыдым. Қазіргі вице-министр Ардақ Досжан, журналист Айдар Жұмабаев, ғалым Әлібек Моллаев – сол кездің шәкірттері. Мәскеу мемлекеттік универ ситетінің студенттері Алтынбек Сәрсенбайұлы, Дархан Мың байұлы (қазір Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі) да сабаққа келіп қатысып жүрді. Бұл сөздің төркіні осыдан шыққан шығар. – Жақсы үй-жайыңызды, жайлы жұмыс орнын, дос-жа ран, ағайын-туысқанды, ең бастысы жер бетіндегі жұмақ іспетті Алматыдан көшіп, Астанаға орын тебуіңізді қалай түсінуге болады? – Он жеті жаста Алматыға мың сан бозбала, талапкердің бірі болып келдік. Студент, аспирант, докторант жолын өттік. Қызметке тұрдық. Үйлі-баранды, бала-шағалы, немерелі бол дық. Қолға қалам ұстадық. Қызығы мен шыжығы қатар өрілген ғұмыр жолын кештік. Жас алпыстан асқанда басқа қалаға қоныс аудару оңай емес, әрине. Алматының әрбір ағашы, әрбір тасы, әрбір үйі, әрбір көшесі түгел сырласыңдай: сенің арманың, үмітің, қайғың, мұңың, қуанышың – баршасының куәсі. Қан ша адам тағдырласың, қызметтесің, көршің, тілеуқорың. Ба лаларың оқыған мектеп, жұмыс істеген ғимараттарың – бәрі көзге ыстық, жүрекке жақын. Көлікке мініп тартып кетсең, он бес минутта Алатау құшағынан шығасың: сарқырап аққан тау бұлағы, аспанға атылған жебедей қарағай, белі майысқан қайың... Ел көшкен жаққа бақ та көшеді. Астана – азат қазақ елі нің ендігі кіндігі, ұлтты ұйытар темірқазық. Қанша уақыт алаш қайраткерлері арман етіп, қол жеткізе алмаған мақсат орындалды. Біз секілді жер ортадан ауғандарды қойшы, ең бастысы, ұлы даланың төсіндегі жаңа шаһарға Қазақстанның батысы мен шығысынан, оңтүстігі мен солтүстігінен, Ресей мен
Моңғолиядан, Түркия мен Өзбекстаннан дейсіз бе, шартараптан әсіресе жаңа толқын, жас буын именбей көшіп келіп, бас қала ның түр-түсін, тіл-ділін қазақыландырып жіберді. Құрылысқа бар – көпшілік солар, кеңселерге кір – көпшілік солар, базарға бар – көпшілік солар, университетке бар – көпшілік солар. – Астанада шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік бар ма? Мұнда келгелі не істедіңіз? – Шүкір, Астана ауасы таза, күні ашық. Қыста көкшұнақ аяз, алай-түлей боран. Жазда, Мағжан айтқандай, жүйрік желі апталап соғып тұрады. Азды-көпті жұмыс істеуге мүмкін дік бар. Астанаға келгелі «Драма өнері», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», «Сөз өнерінің эстетикасы», «Эпическая драма тургия», «Алашордынцы», «Дегелең дерті» деген еңбектерім жарияланды. Ұжымдық ғылыми зерттеулер «Көкейкесті әде биеттану» (4 том), «Әдебиет теориясы», «Қазақтың жүз романы» басылымдарын ғылыми жетекшілік жасап, редакциялап, құ растырып шығардым. Алла рақым етсе, болашақ күндерде де жасамақ жұмыстар бар. – Аға, дәстүрлі бір сұрақ. Неше балаңыз бар? Олар қандай мектеп бітірді? Қазақ тілі жойылып кетеді деп ойламай сыз ба? – Құдайға тәуба, алты перзент көрдім: 3 ұл, 3 қыз. Рахман ұл кішкентай кезінде шетінеп кетті. Жетпісінші жылдардың басында – тұңғышымыз Ардақ мектепке баратын болды. Ал матының қақ ортасында тұрамыз. Жалғыз қазақ мектебі орыс мектебінің босағасында отыр. Сол кезде ғалымдар Рахманқұл Бердібай, Шора Сарыбаев, Сайлау Байзақов, жазушылар Жай саңбек Молдағалиев, Қайрат Жұмағалиев, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеуханов, журналистер Нұрмақан Оразбеков, Қуанышбай Құрманғалиев, басқа да жігіттердің балалары бірінші класқа бармақ. Қазақ мектебі үшін күрестік, жүгірдік, айтыстық-тартыстық. Ақыры қазіргі тұрған қонысын №12 қазақ орта мектебі алды ғой. Сол жылдары мектепке барғандардың өзі қазір жігіт ағасы – қырықта. Олар қазақ, орыс, ағылшын, түрік, араб дейсіз бе, жеті жұрттың тілін,
мәдениетін, ғылымын игерген жан-жақты, жұртын сүйетін жүрегі бар азаматтар болып шықты. Бәрін айтпай-ақ қояйын, Қайрат Сарыбай – белгілі дипломат, Саясат Ыбырай – физикаматематика ғылымдарының докторы. Төрт балам да қазақ рухының қасиетті ордасы №12 мектепті бітірді, екеуі ғылым кандидаты, екеуі университет бітірген, кенжем Рабиға, алла жазса, Астананың қазақ мектебіне барады. 4 немерем бар. Үлкені Аркен – студент. Дүние жүзіне тарыдай шашырап кеткен, өз мемлекеттері жоқ курдтар, сығандар тілдерін сақтап отырғанда, қазақ секілді ұлан-байтақ жері, орасан байлығы бар, тәуелсіз елдің тілі жойылып кетеді деп оның қаскөй дұшпандары ғана айтуы мүмкін. – Әрбір ата-ана өз үйінде өз ұрпағымен қазақша сөйлесе; – әрбір қазақ баласы алдымен ана тілін біліп, артынан басқа тілдерді үйренсе; – әрбір мекемеде іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізілсе; – әрбір үйде радио, теледидар қазақша сөйлеп тұрса; – әрбір мемлекеттік шаралар қазақша іске асырылса. Қазақ тілі қағаз жүзінде ғана емес, шын мағынасында Қазақ республикасының мемлекеттік тілі болады. – Әңгімелескеніңізге рахмет! Сұхбатты жүргізген М. Келес. «Қазақстан әйелдері» газеті, 2004 жыл, №5 ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЗАМАНҒА ӨКПЕЛЕЙТІН ЖӨНІ ЖОҚ – Біздің рухани ұлттық құндылықтарымыз бүгінгі ұрпақ санасына ұрық себетіндей қызмет етіп жатпаған сияқты. «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп, өткенді көбірек айтып, қазіргі нақты жағдай мен алдағы күндерге көз салар кезде аузымыз ашылмай қалады. Бұл жөнінде сіз қандай пі кір білдірер едіңіз?
– Әр адамды ұлттық бағытта тәрбиелеу үшін алдымен орта керек. Қазіргі қазақтың аға буыны, орта буыны негізінен ауылда өсті. Көбі қазақи бесікте жатты, аналары бесік тербетіп отырып, олардың құлағына қазақтың әнін сіңірді. Ұлттық қадір-қасиеттің бастауы ана сүтімен жүрекке дарыды. Бала ес біле бастаған соң шаңыраққа қарады, жұлдызды аспанды көрді, ойнақ салған құлын мен тайды, қозы мен лақты танып өсті. Сондықтан қазақ ауылдарында ұлттық тәрбие табиғи негізде қанға сіңді. Тұсау кесу, тайға міну, бәсіре тай беру сияқты дәстүрлер ауылдағы қарадомалақтардың қалыптасқан тірлігі болды. Олар шілдехананы көрді, тойды көрді, тіпті, өлген кісіні жөнелту рәсімдерінің өзі бала санасына тәрбиелік мәнімен ұялады. Ол ұрпақ өмірде қызық пен қоса қайғының да бар екенін түйсініп ер жетті. Олар үшін аспан астындағы жұлдызды көк астындағы ашық театр – алтыбақан болды. Ән салу, ақсүйек ойнау, атқа шабу, көкпар тарту – осының бәрі қазақтың жаңа буын жас өскініне өзінің қазақ екенін ұқтырған орта. Кейін қалаға келіп, оқу іздеп, қала мәдениетін бойына сіңіргенімен олардың жүрегінде бала кезде көргендері мен түйгендері, ұлттық тәрбие үлгілері бәрібір сақталып қалды. Сондықтан да олар шын мағынасында ұлттық топырақтан өсіпөнген азаматтар. Қазіргі жағдайға келер болсақ, қоғамның, экономикалық үрдістердің өзгерістерімен бірге қазақи ауылдардың іргесі шайқалды. Бұл ұлттық мәйектің ұйыған тірлігіне өзгеріс әкел ді. Неше түрлі жалған реформаторлар бір жағынан жабайылық пен, екінші жағынан зорлықпен ауылдарды таратып жіберді. Тұтас облыстар мен аудандар жойылды, ауылдағы қазақы тірлік қазір жоқ. Бұрынғы дәстүрлер тек белгілі бір мерекелерде театрландырылған көрініс ретінде байқалғаны болмаса, пайда ланыла бермейді. Ауылдағы тойлардың ұлттық реңкі мен рә сімдері бұзылып, қазіргі түсініксіз дискотекалық сипатқа ауа бастады. Соңғы 10-15 жылда қалаға ағылып келе бастаған қазақ жастары не ауылдағы ұлттық тәрбие мектебінен өтпей, қазақи сипатта қалыптаспай, не қала тәрбиесіне түсінбей, көрмей дү
бара күй кешіп отыр. Олардың жағалап жүрген жерлері ба зардың төңірегі, арба сүйреу, одан қала әр түрлі фирмалардағы тиын-тебен аз төленетін, ауыр, қосалқы жұмыстарға жегілу. Бастарында үй жоқ. Сондықтан жұмыстан босаған кездегі негізгі айналысатын шаруалары – жиналып арақ ішу, сенделіп бос жүру. Бұрынғы қазақ жастары қалаға келгенде алдымен театрлар мен мәдениет ошақтарын көріп, біліп, айналасы екі-үш жылдың ішінде қала балаларымен бірдей болып, тіпті, олардан озып ілгері кетуші еді. Қазіргі жастардың басым көпшілігінің бойында ұлттық тәрбие де, интернационалдық тәрбие де аздау, олар қайтсем ақша табамын, қайтсем осы тірлігімді үзіп алмаймын деп жанталасумен жүрген адамдар. Сондықтан бұл салада біздің ұлттық рухани күшімізді жинауымыз керек шығар. Екінші жағынан, бұл мәселеге мемлекет қамқор көзбен қарауы қажет. Дәл сайлаудың ал дында көше-көшені аралап, алаң-алаңды қуып, концерттік бригадалар ұйымдастырған байлар мен байшыкештер жай күндерде де халыққа, елге осылай қызмет етсе, онда ұлттық тәрбиенің, мәдениеттің ақсап тұрған бір қабырғасы көтеріліп, жастарымыздың сана өрісі кеңейе түсер еді. Мен бұл жерде бір ғана бағытты айтып тұрмын. Әйтпесе, қолға алынуға тиісті рухани салалар жетіп артылады ғой. Ал, енді мына жастардың кітап оқуы, көркем шығарма тануы бұл да бір қиын шаруа. Өйткені, таңертеңнен кешке дейін басқа тілдерде жасалған, мағынасы саяз, алдамшы қызықпен еліктіріп отыратын кинолар, адамның сезімінен гөрі нәпсісіне әсер ететін әуендер жастарымызды ұлттық топырақтың нәрінен айырып, басқа жаққа тартып барады. Дегенмен, тұтастай алып қарағанда, қазақтың ұлттық мәде ниеті, ұлттық әдебиеті, қазақтың тілі мен ділі мүлде жойылып бара жатыр деген ұшқары пікірге қосылуға болмайды. Мұндай қате пікір біздің халқымызға жамандық ойлайтын адамдар дың пиғылы. Бұлардың мәдениеті құрып барады, тілі жойыл ды, сондықтан басқа мәдениетке көшіп, жаһандану аясында тірлік етуі керек дейтіндер қазақтың қамын жеп жүрген жоқ,
үлкен қателікке бастайтын арам ойдың иелері. Қазақ тезірек жойылсын, тезірек құрысын, бет әлпеті қазақи болғанымен ішкі жан дүниесі христиан ба, кришнаит па, будист пе, жәһуди ме, сондай бірдеңе болсын, мұсылмандықтан іргесін аулақ салсын дейтін көзқарастағылардың бізді жырымдап әкетуге бағытталған әрекеті. Жеріміздің астындағы қазба-байлықтарын шетелдік алпауыттар қалай талапайлап жатса, енді ұлтымызды да сондай бөлшектеуге негіз болатын реакциялық зұлым күш тердің алыстан аңдыған ісі. Сондықтан рухани ұлттық құн дылықтарымызды бағалай білуіміз керек. – Осы орайда қазақтың зиялы қауым өкілдері абдырап қалғандай. Олардың қоғам алдындағы жауапкершіліктері тым бәсең тартып, жалпы елдің даму үрдісінен өздерін бөлек сезінетіндей ме, қалай? Қазіргі зиялы қауымның үні естілмейді. – Зиялы қауымның рухы мүлде өшті деуге келмес. Дегенмен, бұрынғы Алаш қайраткерлері мен бүгінгі зиялы қауымды салыстырып көрелік. Мәселен, 86-шы жылғы Желтоқсан оқи ғасы кезінде қазақ зиялыларының үнсіз қалғандығы аз ай тылып жүрген жоқ. Түрмеге қамалып, итке таланып таяқ же ген қазақтың ұл-қыздарын қорғаудың орнына бір топ зиялы ағалары бұл не деген бейбастақтық, бұл не деген бұзақылық, қайдан шыққан басбұзарсыңдар деп, баспасөз бетінде хат жа зып, қол қойды. Олардың кейбіреулері кейіннен бізді зорлап қол қойдырып еді, коммунистік партияның ызғарымен қойып едік деп ақталған болды. Бірақ ұлтын, халқын сүйетін ер-аза мат кімнің ызғары болса да, шыдауы керек қой. Егер Алаш зия лылары Ахметтер, Әлихандар, Мағжандар, Жүсіпбектер тірі тұратын болса, солар үнсіз қалар ма еді? Болмаса, 1933 жылғы ашаршылықта ішінде Ғабит Мүсірепов бар бір топ қазақ зия лыларының үкіметке шындықты айтып хат жазғанын алайық. Біздің зиялы қауым осындай қадамға бара алар ма еді? Күні кеше ғана қазақтың жер мәселесі көтерілді. Жерді сатуға бола ма, болмай ма деген сауал ортаға тасталды. Әр түрлі көзбояушы, бір күндік пайдасын ғана ойлайтын экономистер, заңгерлер
пәлен елде жер сатылады екен, түген елде жер сатылады екен деген идеяны тықпалады. Осыған орай Қазақстан Жазушылар одағында үлкен үн көтерілді, жазушылар жер мәселесіне бай ланысты комиссия құрды. Жиналыста жерді сатуға қарсылық білдіріп сөз сөйледік, айттық. Бірақ одан нәтиже шыққан жоқ. Біз бұдан арғыға бара алған жоқпыз. Сонымен тоқтап қалдық. Парламентте қазақ депутаттары қазақ тілін білуі тиіс деген жақсы азамат Амангелді Айталының пікіріне қа зақ депутаттардың жартысынан көбі қарсы шықты. Осы кез де біздің зиялы қауым баспасөзде, теледидарда пікірлер айт ты, бірақ мұның бәрі бір арнаға тоғысып, бүкіл халықтың сесті, кекті ашуына айналған жоқ. Егер мұндай жағдай мына тұрған Өзбекстанда немесе Балтық елдерінде, Кавказда орын алса, олардың зиялылары үйде тыныш жатпас еді. Біздің қа зіргі зиялы қауымның кеудесі басылыңқырап қалған. Оның басты себебі, көптеген әлеуметтік жағдайларға байланысты. Бұрын қатардағы ғылым докторының еңбек ақысы обком хатшысының, министрдің еңбекақысымен бірдей болатын. Қазір ғылым докторы, профессордың табатыны көше сыпы рушының айлығына тең немесе кем. Профессор, оқытушы ма мандардың еңбегі құнсызданды. Оны айтасыз, бұрынғы одақ құрамындағы елдер Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия өздерінің Ұлттық Ғылым академияларын мемлекеттің қарамағында сақтап қалды. Қазақстанда бірнеше академик хат жазып, біз мемлекеттің қарамағынан шығайық, ана мемлекетте сондай екен, мына мемлекетте мұндай екен деп бастамашыл болды да, ақыры Ғылым академиясы мемлекеттен кетіп қоғамдық негізге көшті. Бір кезде Одақтағы ең күшті Ғылым академияларының бірі Сәтбаев, Әуезов, Жұбанов, Мар ғұлан сияқты ұлы адамдар негіздеген академияның күйі кетті. Мемлекет тарапынан қамқорлықтың осылай нашарлауы, ғы лыми еңбектің құнының жоғалуы, зиялылар рухының түсуі жалпы әлеуетті әлсіретті. Бұрын ғылыммен айналысатын адам дардың біреуі бірер жылда, енді біреулері он жылда соқталы еңбек жазып шықса, ақысын алатын. Еңбек ерекше бағаланды.
Қазір ондай жоқ. Қоғамға пайдасы бар дүние жасаушы адам- ның еңбек өтеуі қайтпағаннан кейін оның еңсесі түспей ме? Мұн дай кезде одан үлкен бір қайрат, жігер күту қиын. Дегенмен, заманға өкпелейтін жөніміз жоқ. Бағзы замандарда аш жүріп, жалаңаш жүріп, қиын жағдайларда ел үшін күрескен ерлер болды, сондай ерлік қазіргі қазақ зиялыларынан табылмады деп бір жағынан ренжуге де болады. Екінші жағынан бұлай кесіп айту өте қиын. – Зиялылар дегенде елге есімі бұрыннан белгілі ағалар еске түседі. Ал, бүгінгі заманның жас зиялылары қайда? – Жас зиялылар да бар ғой. Мәселен, маған анау физикаматематика ғылымының докторы Асқар Жұмаділдаевтің ай тып жүрген ойлары мен пікірлері ерлікке пара-пар көрінеді. Анық жасын білмеймін, олар да жігіт ағасы болған шығар. Кейде өзімізді өзіміз сыйламағандықтан, құрметтемегендіктен кездесетін келеңсіз жайттар бар. Иісі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері, одақ кезінде кемеге ұшақ қондырып Батыр атанған, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров күні кешеге дейін жұмыссыз жүріпті. Сол Тоқтар депутаттыққа түскен кезде Қызылорда облысында бір есерсоқ сен неге өз жеріңмен барып дауысқа түспейсің деген ғой. Ол жағдайға орай академик Мырзатай Серғалиев лайықты тойтарыс беріп, мақала жазды. Ал, енді ұлттық деңгейіміз, ұлтымызды сүю, халқымыздан шыққан азаматтарды бағалауымыздың өзі осынша құлдыраған кезде не айтуға болады? – Тіл туралы бір жиналыста сіз қай елді кезіп жүрсе де, баласына ана тілін ана сүтімен дарытатын сыған әйелдері туралы әдемі мысал келтіріп едіңіз. Соларға қарағанда же ріміз бүтін, Отанымыз орнында, бірақ қазақ тілі неге көр кеймейді? – Қазақтың қаймағы бұзылмай тұтасып отырған кезінде тіл проблемасы болған жоқ. Бұл отаршылдықтың күшеюіне байланысты туған тауқымет. Патша заманында басталып, одақ кезінде сталиндік саясаттың қаһарына ұшыраған шешендер ді, қалмақтарды, гагауздарды, ингуштарды, немістерді, грек
терді, поляктарды Қазақстанға жер аударды. Ашаршылық кезеңдерінде қырылған халқымыз, тың игеру жылдарында жаппай қоныс аударып келгендер салдарынан тіпті азайып бытырай орналасты. Қазақтан басқалардың саны көбейді. Ел ді мекендер, жер-су аттары түгел орысшаланды, қазақ мек тептері жабылды. Өкіметте орыс тілін насихаттап, көтеру сая саты өрістеді, орыс мектептері ашылды, түптің түбінде бір ғана кеңес халқы болады деген ұғым қалыптасты. Сондықтан тарыдай шашылған халқымыз бірте-бірте балаларын орыс мектептеріне бере бастады. Таза қазақи ауылдар саны азайды. Астана болған Алматыда 1970 жылға дейін бір-ақ қазақ мектебі болды. 50-60 жылдары Алматыға Қазақстанның жержерінен келген зиялы қауымның бәрі балаларын еріксіз орыс мектебіне берді. Қазіргі таңдағы айтылатын бір мәселе – біз тәуелсіздік берген біраз мүмкіндікті пайдалана алмай қалдық. 86 жылдан кейін орыстар қазақша білсін, қазақтар орысша білсін деген қозғалыс әжептәуір көтерілді. Жұрт балаларын қазақ сыныптарына бере бастады, орыстар да қазақша оқуға ден қойды. Аз уақыттан кейін мемлекеттік тіл жалғыз бола ма, қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданыла ма деген әңгіме шықты да, арты сиырқұйымшақтанып, іс қағаздары қазақша жүрмеді, мекемелер қазақша жұмыс істемеді, Парламент қазақша сөй лемеді. Сосын халық ойланып қалды, қазақ тілінің қажеті жоқ екен деп, балаларын қайтадан орыс мектебіне апарды. Сөйтіп, кері үрдіс басталды. Егер сол кезде барлық қазақ балаларын қазақ мектептеріне бергенде, 13 жыл ішінде қазақ тілінің проблемасы шешілер еді. Сондықтан бұл мәселені жүзеге асы рудың бірден-бір жолы әркім өз шаңырағында қазақша сөйлеу керек. Балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептеріне беруі қажет. Қалған тілді бала өзі үйреніп алады. Біздегі ең үлкен қасірет тапқан анасы баласымен өз тілінде сөйлеспей ді, қазақша әлдилемейді. Қазақ тілін білмейтін, қазақ дәстүрмәдениетіне шекесінен қарайтын шоқыншық, мәңгүрттің ұр пағы қалай зорласаң да қазақ болуы қиын. – Қазақтар әр нәрсеге еліктегіш қой...
– Еліктегіш. Бірақ, бұл қиындықтан туатын жағдай. Мә селен, Қытайға қазақтар қуғын-сүргін көріп, қиындық қашып көріп барды. Егер ол қытайша тіл білмесе, қытайдың тіс-тіс жазуын үйренбесе, күнін көре алмас еді. Түркияға Кашмир асып барған қазақтар да түрік тілін үйренді. Бірақ бұл ұқсас тілдер. Ұқсас тілдер бірін-бірі жұтып қояды. Ондағы қазақтар дың аға буыны қазақша біледі, ал бүгінгі жастар түрікше сөйлеп кеткен. Ал енді Түркияға Ауғанстаннан барған қазақ тардың тілі тап-таза. Өйткені, олар ауғандардың ортасында болды, ол жерде қазақ тілін не мүлде ұмыту керек, не сақтап қалу керек. Өзге тілдік топта қазақ тілі оқшауланып өмір сүр ген. Еуропада, Норвегия, Франция, Германияда жүрген қа зақтарды мен көрдім. Түркиядағы қазақтарға қарағанда олар дың тілдері таза. Себебі, қазақ тілі өзге тілдік топта тұр. Өз бекстандағы Жоғары Шыршық, Бостандық аудандарындағы қазақтың тілі өзбектеніп кеткен. Орыс ортасындағы Омбы қа зақтарының тілі таза. Яғни, басқа тілдік ортада қазақтар өзі нің тілінің күші мен қуатын сақтап қалған. Моңғолиядағы қа зақтардың жөні басқа. Баян-Өлгий мен Ұлан-Батордың арасы екі мың шақырым шамасында. Теміржол жоқ, қатынас ша малы. Қобданың бойына біздің қазақтар сынын бұзбай қона қалған. Қазақтың салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын, үлкенді сыйлау, өзгеге кеудесін бастырмау сияқты қазақи қасиеттерді сол жердегі қандастарымыз жақсы сақтаған. Ең рухы жоғары осы Моңғолиядан келген ағайындарымыз деп айтуға болады. – Шенеуніктер көзімен қарағанда біздің халықтың тірлігі жақсы. Бірақ, елдің пікірі қарама-қарсы ыңғайда. Сіз қалай ойлайсыз, ел-жұртымыздың ахуалы қаншалықты түзелді? – Халықтың жағдайын білу үшін өзіміз тұратын Астана қаласын жай ғана аралап шықсаңыз болды. Бүкіл елдің ты нысы осыдан көрінеді. Оған ешқандай ғылыми социологиялық зерттеудің қажеті жоқ. Бәрі алақандағыдай айқын. Шын мағы насындағы Астана аспанмен таласқан зәулім үйлер, жұтынып тұрған көшелер, хан сарайындай котедждер мен солардың ал дына тізілген сан алуан шетелдік қымбат көліктер. Сол ма
шиналарға мініп-түсіп жатқан алтынмен апталған қыз-ке ліншектер мен тістері жарқыраған еркектер, міне, бұл жаңа қала – Астана. Одан кейін бұрынғы облыс кезінде салынған, қабырғалары жарыла бастаған, есіктерінің алдына асфальт тө селмеген сұрғылт үйлерді көресіз. Кеңестік кезеңнен қалған қарапайым автомобильдер мен жай ғана тіршілік кешіп, аса алаңдай қоймай, жайбарақат жүрген қоңыр төбе ел халықтың екінші бір тобы. Бұдан соң белуарынан жерге кіріп кеткен, төбесінде шатыры жоқ жатаған үйлер мен маңайлары батпақ, аулалары қоқысқа толы сұрықсыз баспаналарды, соларда тұ рып жатқан қабақтары қату, сұрқай адамдарды кездестіресің. Қазақстанның бар байлығы құйылып, алып құрылыстар жү- ріп жатқан бас қалада осылай алпауыттар, орташалар және кедейлер тайға таңбас басқандай айқын байқалады. Базарға барсаңыз түп-түгел Қытайдан, Қырғызстаннан әкелінген та уарларды сатып отырған қазақтың қыз-келіншектері, арба сүйреткен қазақтың жігіттері. Күнкөріс қамымен бес-он теңге үшін таңертеңнен қара кешке дейін табанынан таусылып, сауда жасаған жұрт, қаладан сәл ұзап шығып ауылдарға та ман барсаңыз, қирап қалған үйлер, марғау тірлік кешкен ел, мыңғырған малдан айырылып жетімсіреп қалған дала көз ге түседі. Ал, әлгі бүкіл елдің тіршілігі жақсы деген сөз ар тық. Біздің алпауыт байлар АҚШ-тың немесе Еуропаның бай ларындай болғысы келеді, солар сияқты шетелдердегі курорт ты жерлерден демалатын үй-жайларын салып алды. Соларға қарап енді бүкіл қазақ халқының жағдайы жақсарды деп қалай айтуға болады? Бір тілім нан мен қара шайға қарап қалған жұртты, үстіндегі бір киер киімді жылдар бойы ауыстыруға шамасы келмейтін қарапайым елді қайтеміз? Рас, Өзбекстанмен салыстырғанда жағдайымыз біршама тәуір, тыныштық орнап тұрғаны да, лаңкестіктен ада екеніміз де, халықтың бірлікте өмір сүріп жатқаны да ақиқат. Бірақ, осынша байлықпен елдің тіршілігін бұдан әлдеқайда арттыруға болатын еді ғой. Билік басында отырған азаматтар мен Парламент Мәжілісіне жаңадан сайланған депутаттар алдымен осы жайға назар аударады деп үміттенеміз.
– Сіз көп жылдан бері жоғары оқу орындарында дәріс беріп келе жатқан ұстазсыз. Сол тұрғыдан келгенде, Қазақстандағы білім реформаларына деген көзқарасыңыз қандай? – Бұл дүниедегі ең үлкен ежелгі империялардың бірі Ұлыбритания ғой. Барлық халықтарға тілін мойындатып, оны халықаралық қатынас тіліне айналдырған осы ағылшындар. Күні бүгінге дейін бұл ел сонау Шекспир заманындағы ем лені пайдаланады. Соны өзгертуге болады ғой. Бірақ, олар өз гертпейді. Ал, ананы көрсе анаған, мынаны көрсе мынаған жүгіру деген бұл қоғамдық тәжірибеде, әлеуметтік мәселеде ойланып жасалмаса, түбі трагедияға апаратын қадам. Сон дықтан біздің елдегі білім реформаларына таңғалмасқа бол майды. Айналып келгенде Қазақстан Ресей үшін, Англия үшін маман даярламайды, өзі үшін маман даярлайды. Ендеше, Қа зақстанның мектебін бітіретін қабілеті күшті, қабілеті ор таша, қабілеті әлсіз балалардың барлығына сен міндетті түрде ағылшын тілін біл, сен міндетті түрде орыс тілін жоғары дә режеде меңгер деп айта аламыз ба? Талап қоя аламыз ба? Қоя алмаймыз. Сол себептен де еліміздің мектеп оқушылары ана тілін, ұлттық тілді алдымен игеріп, өзге тілді өз талабы бо йынша содан кейін білсе де жетіп жатыр. Мына Германия со ғыстың жарасын жазып, экономикасын көтерді, қазір әлемде экономикалық әлеуеті жағынан үшінші орында. Білім беру тегін. Біздің білім ісімен айналысатын мамандарымыз жыл сайын оқу ақысын көтеру мәселесін алға қояды. Ол ақы жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушыларға беріледі деп, студенттер мен оқытушыларды алауыздыққа итермелейді. Не гізі, сапалы білім беруді ойлау керек қой. Бұрын Қазақстанда елудей жоғарғы оқу орны болса, қазір мөлшермен екі жүзге жақындап қалған сияқты. Осынша оқу орны бізге қажет пе? Шамадан тыс заңгерлер мен экономистер керек пе? Бізде сол ертең жұмысқа тұруды қамтамасыз ете алмайтын басы артық құжаттарды берумен уақыт өткізу көп. Мәселен, осы Астанада ұлы құрылыс жүріп жатыр, болашақта да жалғаса береді. 12-0194
Оған бірден-бір керекті оқу орны – құрылыс институты немесе құрылыс академиясы дер едім. Ол жоқ. Оның есесіне, ана жерде де заңгер, мына жерде де экономист, халықаралық қатынастар мамандығына даярлайтын оқу орындары. Қазақстан бейне бір дүние жүзіне дипломатиялық кадрлар даярлап беретін ошақ секілді. Сыртқы істер министрлігінің аппаратына көп болса бір мың адам керек шығар. Ал біз жылда жүздеп, екі жүздеп маман шығарып, жас буынды айдалаға сандалтып жатырмыз. Түркияда жетпіс миллион халық бар, жекеменшік орны жетеу ғана дейді. Бізде сапасы жоқ, кітапханасы жоқ, базасы жоқ, елден келген балалардың бес-он тиынын қағып алып, бизнес жасап байып отырған да топ шықты. Осыларға тыйым салу керек. Экономикада да, әлеуметтік салада да, мәдениетте де шынайы жанашырлық танытпайынша, заңды тәртіп болмайынша жөнге келу қиын. Бұл өмір көрсеткен тәжірибе. Соны ұмытпаған жөн. – Енді бір сұрақ, сіз үлкен ғалым, әдебиет зерттеушісісіз ғой, қазір немен айналысып жүрсіз? – Осы сауалға жауап бермей-ақ қояйын. Өйткені, бүйтіп жатырмын, сүйтіп жатырмын деу әдетімде жоқ. Әңгімелескен Ғабдул-Ғазиз Есембаев. «Нұр-Астана» газеті, 23 қыркүйек, 2004 жыл
Алтыншы желі Ш А Р Т А Р А П
МАЖАРСТАНДАҒЫ ӘУЕЗОВ КҮНДЕРІ Сапар алдында Телефон соғылды. Әйел дауысы естілді. – Жезде, халыңыз қалай? – Шүкір. (Ішімнен бұл кім екен деп тұрмын). – Сапарға шығуға қалайсыз? – Балдыз шақырса, бармай не бопты. (Кім екен, ә?) – Алысқа. – Қайда? – Венгрияға. – О жақта қайын жұртым жоқ еді ғой. – Табылып қалар. – Не шаруамен? – Мұхтар Әуезов күндері өтеді. Сіз Әуезовті зерттеген жоқ сыз ба? – Ондай еңбегіміз бар сияқты. – Ендеше жолға дайындалыңыз, жезде. Лекция оқытамыз. – Тани алмай тұрмын. Қай балдызсың? – Жібек Әмірханова. – Ойбай-ау, Жібек, қайдағы балдыз, қарындасым емессің бе? – Әйеліңіз қазақ па? Сондықтан да жездесіз. – Жоқ, қарындассың. – Шын қарындас болсақ, баяғыда депутаттыққа түскенде дауыс беретін едіңіз ғой. Досыңызды қолдап кеттіңіз ғой.
Ауызға сөз түспей, аздап тұрып қалдым. – Ол өзі бір баянсыз шаруа еді ғой. Сол заңсыз Парламент тарап кетті емес пе? Осы жерде отыра бергенің дұрыс болды. – Иә, дұрыс болды. Соның арқасында жездемді сапарға ша қырып жатырмын. Сөйтіп, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық тойын Венгрияда бас тайтын болдық. Питер – Батырдың әңгімесінен Ұзын бойлы, қыр мұрын, басына қазақы тақия киген сары жігіт кісі жатырқауды білмейді екен, самбырлап сөйлеп тұр. Қазақшасы тап-таза. Тіпті кейбір қазіргі қазақтар айта ал майтын қ, ң, ө, ұ, і, ү дыбыстарының өзін шегелеп жеткізеді. Домбыраға қосылып ән салады, күй тартады. – Алдымен өзімді таныстырып алайын. Атым – Питер, қазақшасы – Батыр, Будапешт университетінің тюрколо гия факультетінің соңғы курсының студентімін. Қазақ тілін марқұм Қоңыр Мандоки ағадан, қазақ қызы, жеңгеміз Айша Мандоки апайдан үйрендім. Қазақстанның дәмі әлі тартқан жоқ. Моңғолияға бардым, Баян-Өлгейде болдым. Білесіздер ме, қазақша Баян-Өлгей Бай-Бесік деген сөз. Қобда өзенінің суына шомылдым. Бөкен тауға шықтым. Бір ер-тоқымға көзім түсіп, қатты қызығып, қазақ жігітіне сат деп жатып жабыс тым. Ол керемет ашуланды. «Ер-тоқымды сатпайды, мен саған сыйлаймын» деді. Мажарстанға алып келдім, қазір сол ер-тоқыммен атқа мі нем. Өзім туралы осымен тоқтатайын да, қысқаша мажар тари хына көшейін. Ғалымдардың сан алуан зерттеулерінің қорытындысы ай тады, біздің бабаларымыз қоныс аударып келгенге дейін Кар- пат аңғарында скифтер, кельттер, фракиялықтар, германдар өмір сүрген. V ғасырда әлемге әйгілі Атилла (Еділ) батыр баста ған түркі тілдес ғұндар Тисса өзенін жайлап, одан өрлеп барып, Рим империясын тас-талқан еткен ғой.
Орал халықтарының фин-угор тобына жататын венгр тай палары Азиядан батысқа қарай көше-көше, 895 жылы Арпад батырдың басшылығымен Карпат аңғарына келіп құлағанда, жалпы саны жарты миллиондай бар екен. Олар тәңірге сенетін шаман дініндегі адамдар еді. Арпадтың шөбересі князь Геза христиан дінін қабылдаса, шөпшегі Иштван І (997-1038) батыс үлгісіндегі, католиктік сипаттағы христиандықты орнықтырып, 1000 жылы Рим папасының батасын алады. Шолып айтар болсам, 1038-1301 жылдар арасында венгр билігінің басында Арпад батырдың әулеті отырды, еркек кіндікті тұқым біткен соң, ел басына 1307 жылы түбі француздан шыққан Карой І келді. Оның үрім-бұтағы 1490 жылға дейін биледі. Бұдан кейін Венгрияның орталық аудандарын түріктер жаулап алып, олар 150 жылдан астам уақыт үстемдік құрды. Шығыс мәдениетін әкелді, мұсылмандық дәстүрлерді енгізді, мешіттер, қамалдар, моншалар салды. Күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған Бу дапештегі әйгілі арасан моншаны Мұстафа Патша 1556 жылы салдырған болатын. Сәті түссе, барып шомылыңыздар. Ғажап. 1686 жылы түріктер Будадан кеткеннен кейін Габсургтер әулеті көтеріліп, олар тақта 1790 жылға дейін отырды. 1790-1849 жылдар буржуазиялық мәдениет, реформа және революция жылдары, ал 1849-1914 жылдар абсолютизм, аздыкемді тыныштық жылдары, 1914-1945 жылдар бір соғыстан кейін бір соғыс, 1945-1987 жылдар социализмнің қызығы мен шыжығы, 1987 жылдан бастап, өтпелі дәуір, өзгерулер за маны. Капитализм қайта бас көтерді. Ұмытып кетіппін ғой, ХІІ ғасырдың аяғында Көтен батыр бастаған жарты мил лиондай қыпшақтар келіп Венгрияға кірген. Көп ғасырлар бойы олар тұрмыс-салтын, дәстүр-қалпын, ең бастысы – тілін сақтап келген. Еуропа қазаны қоя ма, ақыры жұтылып кетті. Дегенмен, қазіргі мажар тілінде бір мыңнан астам қыпшақ сө зі бар. Көптеген венгрлер өздерінің түп атасы қыпшақ екенін жақсы біледі, оны мақтаныш етеді. Мәселен, менің ата-бабам қыпшақ, – деп барып, Питер-Батыр бір сәт демалды да, сөзін қайта жалғады.
– Венгрияның жер аумағы 93 мың шаршы шақырым, халқы 10 миллион 245 мың. Халқының 96,6%-ы венгр тілінде сөй лейді. Түсінікті болу үшін айтайын, Венгрия жері солтүстіктен оңтүстікке дейін 268 шақырым, шығыстан батысқа дейін 526 шақырым. Дунай Венгрияның 417 шақырым жерінен ағып өтеді. Айтпақшы, 5 миллион венгр шетелдерде тұрады, көбі Румынияда. Венгрлер әлемдік ғылым-білімге не берді дейсіздер ғой. Білгенімше айтып көрейін. Абсолютті геометрия, карбюратор, трансформатор, электр шамы, атом станциясы, термоядролық реакция, электролокомотив, радар астрономиясы, шар қалам, голография, радио, теледидар, электронды-есептеу машинасы, бірінші компьютер тілі, қорғасынсыз бензин, ойын теориясы, осыларды ашқан не венгерлер, не Венгряда оқығандар, не Венгрияда тұрғандар, 19 венгр Нобель сыйлығын алған. Мажарстанда шығыстану ерекше дамыған. Тибет тілін, тибет мәдениетін Гималайға барып зерттеген бірінші еуропалық ғалым Шандар Кереши Чома (1784-1842), түрік тілдерін терең білген Армин Вамбери (1832-1913) еңбектері әлем білімпаз дарына мәлім. Құдай жазса, он-он бес жылдан кейін қып шақтану, қазақтануға байланысты менің жазғандарыммен де дүние жүзі ғалымдары таныса бастайтын болады, – деп ПитерБатыр қалжыңмен аяқтады. – Сөзімнің қосағы болсын, Алтай қазақтарының әні «Керейім – мерейім» әнін айтып берейін, кәне, домбыра қайда? Венгр аспанындағы қазақ әні Венгр тілін білмесең де, Будапештің сәнді ғимараттарының бірі «Дуна Палата» сарайына 24 наурыз күні ағылған жұрттың аузынан екі сөзді анық естіп, ұғуға болатын еді: Қазақстан, Әуезов. Күн жылы. Дунай өзенінен, жан-жақтағы жатаған төбелерден қоңыр салқын леп соғып тұрады екен. Екі миллиондай халқы
бар ұлы қала өзінің сән-салтанатымен, ыстық құшағымен бауырына тартып, жақындасып бара жатыр. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына арналған Венгрияда қазақ мәдениеті күндерін құлақтандырған венгрше, қазақша жазылған жарнамалар әр жерге ілініп қойылған, радиотелехабарлар беріле бастады. Енді, міне, бүгін ресми ашылу салтанаты болмақ. Венгрияның мемлекет, қоғам, өнер, ғылым қайраткерлері, суретшілер, артистер жиналып жатыр. Будапештегі қазақтар түгел жиналды десе болады, жүз елудей қызымыз венгрлерге тұрмысқа шыққан екен. Шу-шу етіп, жиендер шауып жүр, нағашыларынан аумай қалғандары да аз емес, қыздар, күйеу балалар Алматыны, Қазақстан жағдайын сұрайды. Готикалық стильде салынған сарайдың қабырғалары, төбесі христиан мифологиясы сюжетіндегі суреттермен безендірілген. Венгрлердің жүрістері ширақ, киімдері ықшам, үш адамның біреуі қазаққа ұқсайды десе өтірік емес: қаракөз, қарашаш күліп тұрады. Бұл елдің біз байқаған бір тәртібі: барлық шаруа бағдарла мада көрсетілген уақытта өтеді. Сөйлеушілер біздегідей алыс тан орағытып, әр шөптің басын бір шалып, ұзақ-сонар шалғайға кетіп қалмайды, дәл қайырады, тоқетерін айтады. Сол күткеніміздей болды. Венгрия Ұлттар үйінің президенті Ева Рубовска салтанатты жедел ашты да, Қазақстан Респуб ликасы шетелдермен достық және мәдени байланыстар жасау қоғамының президенті, делегация басшысы Жібек Әмірха новаға сөз берді. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жолы, әлем әдебиетіне қосқан үлесі, қазіргі Қазақстан жағдайы, Венгриямен қарымқатынас байсалды әңгіме етілді. Венгрия Мәдениет және білім министрлігі мемлекеттік хат шысының орынбасары Петер Медьеш жауап сөзінде венгр-қа зақ байланыстарының тарихи тамырларына назар аударды, болашақ дамуға көңіл бөлді.
Сарайдың екінші қабатында қазақ қолөнерінің, кітапта рының, қазіргі суреттің көрмесі ашылды. Венгр көрермендері, әсіресе, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Байтұрсын Омарбеков алып келген алтын, күміс, білезік, сыр ға, сақиналарға таңғалды, алаша, сырмақ, кілем оюларына тәнті болды. «Абай» энциклопедиясы беттерін қайта-қайта ашып сүйсінді. Әр тілде шыққан М. Әуезов кітаптарын қарады. Ал суретші Сәлімғали Мырзашев картиналарының қасынан адамдар топырлап кетпей қойды. Реализм мен фантастика, авангард пен абстракционизм, шығыс пен батыс сурет өнерлері тоғысуынан туған картиналарды қарап тұрған венгрлер аузынан «Пикасса, Дали, Клод, Моне, Гутузо» деген сияқты сөздер шығып қалды. Долларын шығарып, қолма-қол суреттерді сатып алмақшылар да табылды. Алматыда көрме жасай алмай жүрген Сәлімғали Мырзашевтің кейбір еңбектері Америка, Францияға сатылып кеткенін бұрын да естуші едік. Оның ашық бояулы, философиялық оқыс идеялы, әдемі картиналары Будапешттің талғампаз қауымын таңғалдырып, қазақ сурет өнерінің даңқын шығарғанға куә болдық. Бұл кеште Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артистер Қапаш Құлышева, Бағдат Самединова, Серік Оспанов, Рамазан Стамғазиев, әрі дипломат, әрі өнерпаз Қайыр Омаров салған ән дер венгр аспанында қазақ рухын мадақтап қалықтап тұрды. Бұл кеште кинорежиссер Ермек Шынарбаевтың Мұхтар Әуе зов әңгімесі желісімен қойылған «Қаралы сұлу» фильмі көр сетілді. Бұл кеште Шандор Петефи мен Абай туралы, Мұхтар Әуезов туралы, Венгрия мен Қазақстан туралы әңгіменің тиегі ағы тылды. Алма Фаркаштың әңгімесінен Венгр-қазақ достық қоғамының президенті Алма Фаркаш (күйеуінің фамилиясына көшкен) қол-аяғы жеңіл, киіктің лағы
іспеттес сұлу келіншек. Бір көргенде венгр ме, басқа ұлттан ба, ажырату қиын. Жүріс-тұрысы, киім киісі, сөз сөйлесі – бәрі венгрден айнымай қалған. Орысша, венгрше, қазақша, ағыл шынша – төрт тілде бірдей сөйлей береді. – Ақтөбенің қызымын, Кіші жүзбін, – деді сөзді өзі бастап. – Жүз, руды қайдан білесің, шырағым? – Папам үйреткен. Ол облыстық газеттің редакторы болып істеді. – Мажарға қалай тұрмысқа шыққаныңды айт десем, рен жімейсің бе? – Онда тұрған не бар. Жасырын сыр жоқ. Тағдырдың жа зуы шығар. Мен Ақтөбедегі мединститутта оқып жүргенде ұшқыштар училищесінде оқитын венгр жігіттері бізге қонаққа келді. Көзі қап-қара, шашы қап-қара қазақтан айнымайтын Иштванмен сол жолы таныстым. Үйлендік. Әрине, қазақтың қызы шетелдікке кетті деп шулап, өсектегендер аз болған жоқ. Біз бақыттымыз. Төрт баламыз бар. Туған-туыстарым, ба уырларым жиі келіп тұрады. Біз Ақтөбеге барамыз. Балалар жазда Қазақстанға өздері кете береді. – Дәрігер болып істейсің бе? – Венгрияға келін боп түскен соң Будапешттегі пединсти тутты венгрше оқып бітірдім. Одан кейін заң институтын және бітірдім. Сөйтіп, ақыры бизнесмен болып кеттім. Иштван әлі ұшқыш болып істеп жүр. Оның әке-шешесі де іс адамдары. Шү кір, жағдайымыз жаман емес, нан мен шайға жетеді. – Оны көріп-біле бастадық. Біздің сапардың барлық шы ғынын бір өзің төлегенің қалай болады? Бекер шашылып қал майсың ба? – Ұлы Әуезовтің 100 жылдық тойына Венгрияға келген он бір қазақтың он бір күнгі шығыны мен жол азығын көтере алма сақ, несіне бизнесмен атанамыз, аға, – деп Алма көзі жарқы рап, күліп жіберді. Осы сәтте ортамыздағы жалғыз іс адамы, «Алматықұрылысхолдинг» компаниясының вице-президенті Мекеш Утин:
– Қазақстандағы бай жігіттерімізден Венгриядағы қарында сымыз асып түсті ғой, – деп шындықты мойындағандай болды. Қарсақ қаласындағы қыпшақтар Буда, Обуда және Пашет қалаларының біріге қосылуымен 1873 жылы Будапешт болған Венгрия астанасы Дунай өзені бойындағы меруерт іспеттес, тамаша сәулет өнерінің туын дылары бар, тамаша шаһар, сондықтан оны туристер мәңгілік мейрам қаласы Парижге ұқсатуы тегін емес. Қаланың Буда жағы Геллерт тауына (235 м) ұласа, Пешт жағы Дунай аңғарын бойлап отырады екен. Ұлы өзенде аң патшасы арыстан күзетіп жатқан көпірлер (барлығы тоғыз) бар. Корольдер сарайы, Парламент үйі, Венгр Ғылым академия сының ғимараты, Буда қаласы, Ұлттық галерея, Вайдахуняд қорғаны – мұның бәрі, архитектуралық ғажайып құрылыстар. Будапешт топырағынан қайнап шығып жатқан сексеннен астам арасанның бәріне дерлік емханалар, моншалар салынған. 1556 жылы жасалған түрік моншасы, 1913 жылы ірге көтерген венгр моншасы – бүкіл Еуропаға әйгілі сауықтыру орындары. Венгр Жазушылар одағының төрағасы, әдебиет зерттеуші Помогач Бела алпыстың үстіне шыққан, сарабдал, орнықты кісі екен. Өз халқының тарихындағы азаттық үшін күресте жазушылар атқарған істерді, әсіресе 1848 жылғы және 1956 жылғы рево люциялармен сабақтастыра әңгіме етті. Мұхтар Әуезовтің әйгі лі романдарын орыс және венгр тілдерінде оқыпты. «Ұлы реа лист» деп бағалады. Өтпелі дәуірдегі өнердің жағдайы барлық елде ұқсас екен. Венгр үкіметі Жазушылар одағына арнайы көмек (дотация) бермейді. Помагач Бела төрағалығын тегін іс тейді, еңбекақыны Ғылым академиясынан алады. Бұл елде қазір поэзия кітабының тиражы – 500, проза – 1000. Венгрия мен Қазақстан Жазушылар одағы арасында қарымқатынас барыс-келіс, кітап аудару туралы келісім-шарт жа
сауға ұсыныс жасалды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы венгр тіліне аударылып жатыр. Венгр президенті драматург екен. Оның бір пьесасын қазақ сахнасына шығарыңдар деген тілек айтылды. Біз бұл ұсыныстарды ресми орындардың құлағына жеткізуге уәде бердік. Қазақстанның қолөнері, сурет өнері, әдебиеті, музыкасы мен таныса отырып, венгрлер өздерінің тарихымен, қалалары мен, жалпы мәдениетінен хабардар етуге барлық мүмкіндікті жасады. Жайлы қонақ үйге жайғастыру, Будапешт салтанатын көр сету, Дунай бойын серуендету, мұражайларды, алаңдарды аралату, Парламент үйі, Ұлттар үйіндегі кездесулер, студент термен, ғалымдармен, жазушылармен жүздесу үстіне, сыртқа алып шығып Сэнтэнрэ, Эстергом, Солнак қалаларына апарып, халық өнерімен, тұрмыс-салтпен, шаруашылықпен етене та ныстырды. Тақтайдай жолдар, жұмыртқадай үйлер, тап-таза қора-қопсы – бәрінен биік мәдениет көрініп тұр. Өздерін XIII ғасырдың басында Венгрияға келіп, бірте-бірте жергілікті халықпен сіңісіп кеткен қыпшақтардың ұрпағы санайтын елдің орталығы Карцаг (Қарсақ) қаласында болу көп әсер берді. Қалаға таяу жерде Алматы іргесіндегі әйгілі Есік төбелеріне ұқсайтын төбенің басына қыпшақ батырларына ескерткіш ор натылған. Бұлар кәдімгі өзіміздің бала күнімізден көріп-өс кен балбалдардың үлкейтілген, мәнерленген түрі. Түпнұсқа ретінде Санкт-Петербургтағы Эрмитаж қорындағы балбал тас тар алыныпты. Қазақстанда осындай бір ескерткіш орната ал мадық-ау деген өкініш оты бетіңізді ду еткізеді. Жалпы Венгряда мүсін өнері дамыған. Көшеде, көпір үстінде, үй қабырғасында, төбе басында шыға келген ескерткіштер тура тірі адам секілді әсер етеді. Дунай жағасындағы Шандор Петефи 1848 жылы революция кезінде өлең оқып тұрғандай. Қарсақ қаласындағы жергілікті мұражайды айнала бергенде алдымыздан тірі Қоңыр Мандоки шыға келді. Биіктігі жарты құлаштай ғана төбешікті сынып түскен жартас бетінде көзіл
дірікті, мұртты, ернінде кекесін бар кәдімгі Қоңыр, саусақтарын қараңыз, пианистің саусақтары сияқты, буын-буыны сөйлеп кеткендей. Қарсақ қаласында тұратын ақын Корменди Лайош Абай, Махамбет, Қалижан, Ғали, Сырбай, Жұбан, Ғафу, Әбу, Тұр сынхан, Қадыр, Қабдыкәрім, Хамит, Олжас, Жарасқан өлең дерін аударып өз қаржысына кітап етіп шығарған. Сапар соңында Қалтамызда қалған бес-он тиынға базарлық, сияпат алып жатырмыз. Венгрядағы сегіз күн бір күнгідей болмай өте шық ты. Бұл топтағы он бір кісі – дипломат, іс адамы, режиссер, әнші, суретші, әдебиетші, мемлекет қызметкері – бір қонақүйде тұрып, бір көлікке мініп, бірге ас ішіп, бірге серуендеп, бірге жүріп, бірге тұрып әбден үйренісіп алдық, әзіл-қалжың жа расып кетті. Бір сәтте: – Елші келіп қалды, – деген дауыс естілді. Орталық Еуропаның алты мемлекетіне қатысты Қазақстан дипломатиясының орталығы Будапеште. Мұнда елшілік бар. Елші – Төлеутай Сүлейменов. Бұл қазақтан шыққан маман дипломаттардың бірі, ағылшын, парсы тілдерінде еркін сөй лейді. Кеңес дәуірінде шетелдерде істеген. Қазақстан Респуб ликасы Сыртқы істер министрі, Америкада елші болған. Алпы сыншы жылдар толқынынан, Теміртауда болашақ Қазақстан Президентімен үзеңгілес еңбек еткен екен. Венгрияда Мұхтар Әуезов күндерін өткізуге көп күш жұмсады. Елшілік қызметкерлері Клара Шериязданова, Болат Ілиясов (Будапешт университетін бітірген, венгр тілін біледі), Қайрат Бибиков (Будапешт университетін бітірген, венгр тілін біледі), Әлия Елікбаева (неміс тілін біледі) күндіз-түні құрақ ұшып жүрді. Түнделетіп Румынияға барып келген елші Төлеутай Сүлей менов ұшақтан түсе сала бізді шығарып салуға келген екен.
Басқа да Будапешттегі қазақтар, қоштасуға келген венгрлер қол бұлғап жатыр. Біз елге бет алдық. Алматы – Будапешт – Алматы. АМЕРИКАДА ТАЛҚЫЛАНҒАН АЗИЯ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ ТАҒДЫРЫ 1. Сөз түрткі Жасы көп үлкен болғанмен, қалжыңдаса беретін қарт жа зушы кездесіп қалып, қағыта сөйледі: – Ә, әліксәләм. Сендер Америкаға қайыншылап қайтты дей ме? – Ол рас. – Қоржындарыңды толтырды ма? – Бұйырғаны болды ғой. – Ана жылы баптистер шақырып, бір қора қазақ қонақ болып қайтып еді. Бұл жолы да шақырған шіркеу ме? Тегін жейтін жер болса, сендер жүре бересіңдер-ау, ә?! – Азия әдебиеттерінің болашағын сөз еткен халықаралық мәжіліске бардық. – Қайдан білейін, шырағым. Көп жұрт сендер шіркеуге қо нып, торайдың басын мүжіп қайтты деп жүр. Шындығын ай тып, жазбайсыңдар ма? Бұрын шетелге бес-он күн барып кел ген кісі бір кітап жазып тастаушы еді, сендер бес-алты сөз шы ғындағыларың келмейді. Өзіміз барып жатқан кісі емеспіз, қай дан білейік. Әлде сол шетелде көзге көрініп, тілге оралатын еш нәрсе жоқ па? Ондай болса, босқа шаршап, шығын шығарып несіне барасыңдар, Алматыда жата бермейсіңдер ме? – деп қарт жа зушы бірталай жерге апарып тастады. Сол қалжың түрткі болмағанда, бұл жолдар жазылар ма еді, жазылмас па еді, кім білсін.
- Ұшақ үстіндегі сырласу Сәуірдің 22 күні таңғы сағат 4.30-да Алматы әуежайынан аспанға көтерілген 81 елге қатынайтын халықаралық KLM компаниясының «Боинг» ұшағының бизнес класы өте жайлы болып шықты. Делегацияның он мүшесінің екеуі – Жазушылар одағының бірінші хатшысы, ақын, драматург Нұрлан Оразалин мен ақын, жекеменшік «Жібек жолы» баспа үйінің директоры Бақыт жан Қанапиянов Мұхтар Әуезов күндеріне қатысу үшін Ресейге кетіпті. Олар АҚШ-қа Мәскеу арқылы жетпек. Шерхан Мұртаза мен Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Маға уин мен Әкім Тарази, Ұлықбек Есдәулетов пен Мереке Құлкенов қатар отырды, билеттер екі-екіден іргелес алынған екен. Менің көршім – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Өзгеміз бір-бір тең киген жолқоржын асынып, не сықырлаған шабадан сүйреп жүрсек, бұл кісі делдиген тері қапшық арқалап алыпты. Еш кім сұрамаса да: «Ана жылы Германиядан әкеліп едім», – дейді. Жалаңбас, үстінде сулық, галстук тақпайтын әдеті әдет, тама ғына дейін түймелейтін жүн көйлек. Аз уақыттан кейін стюардесса сусын әкеле бастады. Ха лықаралық этикет бойынша сөздің бәрі ағылшынша. Мен Әб діжәмілге қараймын, ол маған қарайды. – Жер жүзін көп араладыңыз емес пе, сөйлесіңізші. – Бұйырмасын, ағылшынша бір ауыз сөз білмеймін. – Соғыста үйренген немісше қайда? – Ол да ұмытылды ғой. – Қалай сұраймыз енді? – Профессорсың ғой, бірдеңе қылсаңшы. Шырын, арасан су іштік, шарап келді. Артынан дәм келді… Әбдіжәміл тағы бір сөзді сабақтады. – Сендер менің бас кітабым «Қан мен тер» деп ойлайсыңдар. Саған жаңалық айтайын ба? Олай емес. Бас кітабымды енді аяқтадым деп ойлаймын.
– Қандай кітап? – Мен жаңа роман бітірдім ғой. Жаңа болғанда бұрынғы «Сең», «Парыз» деп келген шығарманың екінші кітабы. Жоқ, жалғасы болмайды. Көлемі он баспа табақ шамасында. Қазіргі заманда қалың, ұзақ дүние жазу дұрыс емес. Түп қазық идеям экологияға, тірі табиғат алдында адам баласының парызына, жауапкершілігіне тіреледі. Бірінші кітаптың, екінші кітаптың аттарын Библиядан алып отырмын: «Был день», «Стала ночь». Осылардың қазақшасы қалай болар екен? Бұдан кейін көркем шығарма жазбаймын. Бірнеше естелік ойымда жүр. Мұхтар Әуезов, Ахмет Жұбанов, Ілияс Омаров, ғұмыр жетсе, осыларды бітірсем деймін. Мұхаң жарықтықпен менің арам қызық еді ғой. Әуелі ол кісі мені Сәбиттің адамы деп ұнатпай жүрді. Мен бейбақ ол кісіні тірі пайғамбар көретінмін. Сырласып сөйлеспек түгіл, қасына барудан жасқанатынмын. Бірнеше рет Мұхаңның өзі шақырса да бармадым. Ол кісінің ұлылығынан қаймығатын едім. Дұшпан не демейді, кезінде кейбіреулер «Әуезов романын Алла Марченкоға жамандатқан Нұрпейісов» деп те шығарды. Теледидар экранында он төрт, он бес жасар оқушылардың сүйіскенін көрсетіп қалды. Әбдіжәміл осыны көріп, тағы бір әңгімеге ойысты: – Мектепте комсомолдан қалай шыға жаздағанымды айтайын ба саған. Сегізінші оқып жүргенде біздің мектепке ауылдан керемет бір сұлу қыз келді. Көзі бар ғой, дәл Лев Толстой жа затын, шыққа жуылған қарақат секілді. Шашы, беті-аузы, мүсіні, аяқ-қолы, жүріс-тұрысы – айтып болмайды. Өліп түс тім ғой, не істеймін? Қасына баруға, тіл қатуға шама жоқ, жү рексінем. Ақыры, өліп-өшіп хат жаздым. Хатты мұғалімдер ұстап алды. Екеумізді де жиналысқа апарып, жерден алып, жерге салды, комсомолдан шығаруға қаулы алынды. Атымыз ауыл-аймаққа жайылды. Сүйрелей райкомға апарған жерінен жанымыз қалды, сөгіспен тынды. Елу-алпыс жыл өткен соң, елге барсам, сол шіркін қыз бүкірейген кемпір бопты. Өткінші дүние-ай десеңші. 13-0194
Үздіксіз сегіз сағат ұшып отырып Амстердамға келіп қондық. Амстердамның әуежайындағы тастан, шыныдан, бетоннан салынған алып ғимарат мың сан ұшақ пен минут сайын келіпкетіп жатқан қалың нөпір жолаушыны судай сорып алып, тарам-тарам арналарына, ұзын-ұзын дәліздеріне, қолтық-қол тық бөлмелеріне у-шусыз, дабыра-даңғазасыз, тізбек-тізбек, опоңай сіңіріп жатыр. Тұманбайдың бәйбішесі Күлтай салып берген жол азықты бөліп жеп, жүрек жалғап алған біздің топ тағы да сегіз сағат ұшуға қиналатын түрлерін байқатқан жоқ. Амстердамда ұшаққа мінген жолаушылардың дені – қара түсті. Бұл жолғы «Боингтің» эконом класына билет алынған екен. Алматыдан шыққандағы қолайлылық жоқ. Көп орын бос. Сондықтан әркім қалаған жеріне жайғасып жатыр. Қазір Қырғызстан жазушылары үш одаққа бөлініп кетіпті. Сондықтан ба, кім білсін, бұлардың делегациясы, жалпы саны он адам бірнеше жолмен АҚШ-қа жол тартқан. Алматыдан бізбен бірге ұшаққа отырған үш қырғыз жазушы келе жатыр. Бұлардың ішіндегі жасы үлкені – Ерніс Тұрсынов, қырғыз ті ліне «Құранды» Крачовскийдің орысша нұсқасынан аударып ты. «Баптистер қоғамының тапсырмасымен «Библияны» да қотардым. Көп қаламақы берді. Бірнеше үй, машина алдым» деп мақтанып та қойды. Англия, Ирландия, Гренландияны көк тей өтіп, Атлант мұхиты аспанын жарып, Америка құрлығына қарай ұшып келе жатырмыз. 3. Үш күнге созылған мәжіліс Қанша жайлы дегенмен, он алты сағат ұшудан шаршаған қалыппен әрі аудармашы жоқ, ішімізде тіл білетін кісі және жоқ, енді жағдайымыз не болар деген күдікпен Вашингтон топырағын басқан салбыраңқы қабағымыз бірден жадырап қоя берді.
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республика сының елшісі Болат Нұрғалиевтің өзі тосып тұр екен. Бірден құшақтасу, амандық сұрасу, жылы шырай. Кезекке де тұрған жоқпыз, құжат толтыру да қинамады – бәрін елші өзі бітіріп жатыр, кеден атаулыдан лезде өте шықтық. Сыртта тағы бір топ қазақ тосып тұр екен – елшілік қызметкерлері, басқа да жігітқыздар, шоқ-шоқ гүл. Қалаға тартып жөнелдік. Вашингтон жап-жасыл ағаштармен, қып-қызыл боп жанған ошақтай гүлді бұталармен, бір-бірінен әсем, жұтынып тұрған екі-үш қабатты жеке үйлермен, кілем бетіндей құлпырған көгалды жайқалған алаңдармен, кез кел ген жерден оқыстан шыға келетін тосын ескерткіштермен, шіркеулермен, мешітпен, сәулет, құрылыс өнерінің ғажайып туындыларының қатарына жататын егіз, ұялас, шоғыр ғи мараттармен, кең өріс, мол пішінмен, мұнтаздай тазалығымен қарсы алды. Қазақстан елшілігі Вашингтонның орталығындағы жақсы жердегі қолайлы үйге орналасқан. Айналасында көптеген ел дердің елшілігі бар. Болат Нұрғалиев маман дипломат екені жүріс-тұрысынан, қас-қабағынан, сөйлеу мәнерінен айқын көрініп тұр. Сыпайы, артық нәрсе айтпайды. Елшіліктің жұ мысын қысқаша баяндап, қызметкерлермен таныстырды. Бір неше американдықты қонаққа шақырған екен. Соның ішін де профессор Деп Дэвидсон да бар. Ол славист, Мәскеуде дис сертация қорғап, Алматыда бірнеше рет болыпты. Америкада оқып жатқан қазақ студенттерінің қабілеті күшті екенін айрықша атап айтты. Өзімен бірге істеген, басқа ұлт өкілдеріне арналған көп томдық қазақ тілі оқулығын жасасқан достары, тілші ғалымдар Элеонора Сүлейменова, Қарлығаш Қадашеваларға арнайы сәлем айтты. Елшілік үйі – Қазақстанның кішігірім бөлшегі іспеттес. Қа рагөз жігіттер, қарагөз қыздар, бәрі де қазақша, ағылшынша судай, рульге отырса, бәрі де машинаны айдап жүре береді. Қабырғаларда қазақ суретшілерінің картиналары, таныс тұр
мыс-салт, белгілі пейзаж, бір бөлмеде ел Президенті мен оның зайыбының суреті ілулі тұр. Түбінде елшілікке жекеменшік үй сатып алынбақ. Жұмыр жердің бір бүйірінен екінші бүйіріне бір тәулікте шаршап-шалдығып ұшып жетіп, енді ғана қызылкүрең шай ішіп, шөл қандырып, ет жеп, жүрек жалғап, әңгіме-дүкен құ рып, шер тарқатып алған қазақтың бір топ жазушысын тағы да елшінің өзі бастап келіп, Вашингтон OMNІ қонақ үйіне жай ғастырды. Вашингтон – кең тыныстың, тазалықтың, салқын сабыр дың, молдықтың қаласы. Ақ үй ғимараттары классикалық үлгідегі сәулет сұлулығымен көз тартады. Әрқашан олар дың маңайы толған серуендеушілер, жергілікті жұрт, ту ристер. Жап-жасыл көгалды ағаш көлеңкесінде отырған жас-кәріні көресің. Аспанға шаншылған ақ найза іспеттес Азаттық мұнарасы, пантеон стиліндегі Линкольн кешені, Ұлттық авиация және космос мұражайы, Корей, Вьетнам соғыстарының белгі-ескерткіштері – қазіргі қалалық архи тектура мәнерімен салынған. Тас атамай таңбалы бір-бірінен айнымайтын мың сан белгі – Орлингтон зиратының басты көрінісі. Сол жерде қастықпен өлтірілген президент Джон Кеннедидің де сүйегі жатыр. Мәжілістің негізгі отырысы қонақүйдің өз ішіндегі делегация келген елдер жалауы ілінген үлкен залда өтті. Конференцияның басты тақырыбы «ХХІ ғасырдағы жаңа дүние мәдениетіне көзқарас: Азия әдебиеттерінің болашақ өріс тері» деп аталып, үш сала бойынша бөлек-бөлек мәжілістер өткізілді. Олар: 1) Классикалық дәстүрлердің жалғасуы және Азия әдебиеттерінің діни негізі: отбасы, Азия әдеби дәстүрлеріндегі тіршілік пен тыныштық; 2) Қазіргі замандағы Азия әдебиеттері: әдебиет және адам құқы; 3) Батыс пен шығыс тіл табыса ала ма? Бұған салалас классикалық дәстүрлер мен қазіргі заман қайшылықтары, Азия әдебиеттеріндегі жаңа, ең жаңа адамдар,
жазушының парызы, міндеті, құқы деген мәселелер де талқыға түсті. Рухани-адамгершілік өзектері, құндылық негіздері, әдеп, есірткі және жастар, тартыстардың шешімі, тыйымсыз нәпсі, неке мен отбасы, шаңырақ бақыты деген тақырыптарда арнаулы мамандар алдымен дәріс оқып, артынан талдау, сарапқа ұласты. Белгіленген мәжілістер өз алдына, түстік, кешкі дәм кездерінде де микрофонға шығып сөйлеу дағдысы әбес болып көрінбейді екен. Баяндамашылар қысқа әрі нақты сөйлейді. Біздің әдетіміз дегі сағызша созу жоқ. Дәл айтып, дөп түседі. Жарыссөз тіпті қысқа. 1992 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, ақын драматург Дерек Уолкот Батыс пен Шығыс арасындағы ежелгі бәсекені әңгімелей отырып, ой құлдығынан, сезім кіріптарлығынан құтылып, адам баласының көркемдік игілік жасау өрістерін мегзеді. Бангладештен келген профессор Шамсул Нах әдебиеттің азаттық күресіндегі қызметіне тоқталды. Ал профессор С. Кер нар (АҚШ) көп жылдар бойы Тайланд жазушыларының шы ғармаларын ағылшын тіліне аударған. Профессорлар Тонг Шин (Қытай), Парһасарати (Индия), Р. Рубинштейн (АҚШ), С. Ма шида (Жапония), К. Буйан (Малайзия) және тағы басқалары әдеби дәстүрлердің жалғасуы, батыс әдебиеттеріндегі буддизм идеялары, әлемдік, ғарыштық әуездердің өнердегі жаңғырығы, дін және мораль төңірегінде ой бөлісті. Ә. Нұрпейісов (Қазақстан) бұрынғы әдебиет пен қазіргі әде биеттің арасалмағы, Ш. Өмірәлиев (Қырғызстан) тәңіршілдік діні, А. Маниасов (Тәжікстан), С. Мирзоев (Әзірбайжан) өз елде рінің бүгінгі тағдыры туралы сөйледі. Қызықты баяндаманың бірін профессор Джек Орли жасады. Қазір қызмет бабымен уақытша Мәскеуде тұрады екен. Бұ рын Қытайда, Моңғолияда, Әзірбайжанда болып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, сол елдердің мектептеріне жаңа тәсілмен тәрбие бағдарламаларын жасап берген. Оның басты идеясы бо
йынша күллі тәрбиенің кіндігі – отбасында, үй ішінде. Бала бақша, мектеп, арнаулы тәрбие орындары білім беріп, кәсіпке үйреткенмен, рухани-адамгершілік сұраныстарды толық қана ғаттандыра алмайды. Шығыс елдерін, олардың мыңжылдық дәстүрлерін зерттей келіп жасаған қорытындысы мынау: Шы ғыс Батыстан өндіріс технологиясын алуына болады, ал батыс Шығыстан адам тәрбиелеу дәстүрін қабылдауы керек. Ғылыми зерттеулер дерегіне сүйенгенде, бүгінгі АҚШ-та 12 млн есірткі қолданатындар, 60 млн темекі шегетіндер, 43 млн ішкіштер бар екен. Қазіргі дүниедегі ең қуатты, ең бай, ең өскен елдің сиқы осы. Бәрі бар, бәрі шаш етектен. Жетпейтіні – от басындағы жылылық, адамдар арасындағы ықылас, кісілік, махаббат. Білім берудің, тәрбиенің басты нысанасы – рухани кәмелет, тұлғаның айналасына деген сүйіспеншілігі, сенім, құрмет дегенді шегелей айтқан профессор Джек Орлидің адам мен адам жатсырап, тасбауырланып кеткен Батыстың қателігін бүгін өндірісі қарыштап дамып, экономикасы өрлей бастаған Шығыс қайталамауы керек деген ойы көпшіліктің көңілінен шығып жатты. Бүгінгі адам баласының тағдырына кесапатын тигізіп отырған соғыс, қатыгездік, қалмыспен қоса рухани дерттер – нашақорлық, маскүнемдік, зинақорлық, жезөкшелік, отбасы ның күйреуі, махаббаттың тапталуын бейнелейтін реалистік шығармаларды насихаттау орайындағы пікірлер бір жерден шықты. Кісі өлтіруді, нәсілшілдікті, отаршылықты, зорлықты, нәпсіқорлықты мадақтайтын туындылар мансұқталды. Әділін айтқанда, үш күнге созылған, отыздан астам елдің өкілі қатысқан, жүздеген адам сөйлеген зор ғылыми-шығарма шылық, әдеби-философиялық, саяси-діни, генологиялық, футу рологиялық зор мәжілістің бас баяндамасын діни уағызшы, жаңа бір сектаның көсемі, шіріген бай, «Вашингтон таймс» га зетінің иесі – Мун бірінші күні жасаған болатын. Мун 1920 жылы Корей түбегінде дүниеге келген, жіпсік көз сегіз баланың бірі. Он алты жасынан бастап қолынан Биб
лия түспеген. Жапонияда оқып, электрші мамандығын игер генімен, жиырма бес жасынан бастап, христиан дініне әбден беріліп, өзгеше бір секталық уағыздар айта бастағаны үшін қуғындалып, түрмеге қамалады. Көп азап, зорлық-қорлық кө ріп барып, ақыры, қырық жасқа келгенде ғана үйленеді. Қазір өз кіндігінен он үш баласы, тоғыз немересі бар. АҚШ-тағы мыңғырған байлардың бірі, бірнеше компанияның иесі, өз ақшасына жеке меншік оқу орындарын ашқан, би академиясын құрған. Көп елге тарайтын, беделді басылым «Вашингтон таймс» газеті – Мунның меншігі. Азияның отыздан астам елінен қыруар жазушыны конференцияға шақырып, олардың барғанқайтқан жол шығынын, қонақүйдегі жамбас ақысын, ішіп-жеу пұлын, бүкіл жүріс-тұрыс, қағаз басу, аударма жасау, қызмет ету қаржысын көтеріп алып отырған – осы газеттің қоры, дәлірек айтқанда, Мунның қалтасы. Сол шіріген бай, белгілі діндар мінберге шықты. Орта бойлы, дембелше, маңдайы қасқаланғанмен, шашы қара, қалың қасты, қара көзді, биік, дөңес мұрынды, қара кос тюм, ақ көйлек киген, піл суреттерімен, алты қырлы көп бұ рыштармен кестеленген галстук таққан бұл адамды жетпістің жетеуінде деуге аузың бармайды, алпыстың ішіндегі адам секілді. Сөйлеп кетті. Салған жерден тосын естіледі. Ағылшынша емес. Сатұр-сұтыр дыбыстары көп, үні қарлығыңқы. Мун кә рісше сөйлеп тұр, ағылшынша, қытайшаға, орысшаға дәлмедәл аудара бастады. Үш күндік конференциядағы ең ұзақ баяндама осы болды. Өзге сөйлеушілер он минуттан асырған жоқ. Бәрі де айтпақ ойларын белгіленген уақытына сидырды. Мун аудитория ықы ласын бірте-бірте бауырына тартып, пікірлерін шын көз жет кізер сеніммен сөйлеп, ой-санасымен әбден берілген күйде жүректен шыққан уағыз-әңгімесін шабытпен айтады. Сөздің ұзын ырғасы Библиядағы белгілі жәйттерден бастау алып, христиан дінінің отбасы, адамгершілік, махаббат, неке
жайлы тұжырымдарын жаңаша пайымдауға ойысты. Балаңа, жарыңа, жақыныңа, адам баласына сүйіспеншілік деген орай да көп толғанды. Сүйіспеншілік жауапкершілігі, отбасы жа уапкершілігі, Құдай алдындағы жауапкершілік – осыларды насихаттаудағы жазушы парызы айтылды. Діндар Мун хрис тиандықтың көп фактілерін өзінше саралап, өзінше пікір ай тады: Адам ата мен Хауа ана, Каин мен Әбіл, Иса пайғамбар мен Иуда, Зәкәрия мен Мәрия ана тарихтарына тосын баға береді. Уағызшының еті әбден қызды. Арқасы бар екен, дауысы шаңқылдап барып, аяқ астынан тына қалады. Бір нүктеге қа рап, қадалып тұрып-тұрып, қайтадан сөйлеп кетеді. Көп нәр сені қас-қабақпен, ыммен, көзқараспен, саусақ қимылымен, жұдырықпен, қолмен, мінберден шығып кетіп бой көрсету мен – сан алуан шешендік, әртістік, бақсылық, жадылау тәсілдерімен адам санасына сіңіріп жіберетін қасиеттерінің арқасында бүгінгі дүниедегі ең үлкен діни уағызшының бірі, христиандықтың жаңа ағымының бастаушысы болғандығын түсінесің. Азияның отыздан астам елінен келген жазушысы, ғалымы, профессоры бар, дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған басқа да білімпаздар бар қалың зиялы қауымды шақырып, көп қаржы шығарып, шығындалғандағы мақсат – осы бір сағаттық уағызды өз аузынан айту, өзін көрсету, өз идеясын насихаттау мақсаты болғанын ұғасың. Әйтпесе қасиетті Мун (оны өзгелер осылай атайды екен) ойларын жер жүзіне таратушы шәкірттер аз емес, Мун уағыздары жазылған кассеталар, теле-кино кадр лар қаншама. Аудиторияны әбден ұйытып алған Мун шабытына енді мінді, Иса пайғамбардың өзіне ауыз салды, әкесінің белгі сіздігі, некесіз туғандығы, үйленбегендігі, артына ұрпақ қал дырмағандығы сыналды. Мунның ойынша, адам – өткінші, артына нәсіл, ұрпақ қалдырған кісіні ғана қастерлеу керек. Көбею, өсу, жалғасу – өмірге келген адамның негізгі мұраты осы болмақ. Өзге тілектің бәрі – баю, мансапқа жету, билік
құру – күллісі жалған. Сондықтан нәсіл, дін өзгелігіне қа рамай, ұлысаралық, еларалық, ұлтаралық деп тосқауыл қоймай үйлену керек. Мұрат тұтар нысана – отбасы, шаңырақ, аралас неке, тату-тәтті өмір сүріп, тіршілікке жаңа төл әкеп, жер бетінде жұмақ орнату – Құдай бұйрығы осы деген ойлар айтылды. 4. Нью-Йорктың тас қамалы Бағдарлама бойынша Вашингтоннан басқа қаланы көрсету жоспарланбаған. Екінші рет АҚШ-қа келу бұйыра ма, бұйырмай ма, бір Алла білсін. Осыны ойлап, екінші жағынан Қазақстан елшісінің жылы қабағын көріп, бір қиялға кеттік: көлік тауып, уақыт тауып Нью-Йоркке барып қайтсақ деп шештік. Шерхан, Нұрлан, Тұманбай, Бақытжан бұрын көрген екен «бармаймыз» деп шықты. Елші дәл айтқан уақытында, сенбі күні таңертең жап-жаңа жайлы автобус жіберді. Жол басшыларымыз – елшілік қыз меткерлері елудегі сақа жігіт Асқар (белгілі фототілші Сиез Бә сібековтің інісі), қырыққа аяқ басқан Бақытжан мен жөн-жо сыққа жүйрік, ағылшынша жақсы білетін Достай. Вашингтоннан сыртқа тез сытылып шығып кеттік. Көлікте де мін жоқ, жолда да мін жоқ. Стаканға құйылған су шайқалып төгілмейді десе артық емес. Алты қатар, сегіз қатарға дейін егіз өріліп ағыла құйылған машиналар толқыны, жол жиегінде үзілмей ілесіп отыратын жап-жасыл орман-тоғай, үлкен жол дардың үстінен лақтыра салынған айқыш-ұйқыш көпірлер көз алдымыздан көлденең өтіп жатыр. Кей тұста «мына жер Қапшағай жолына, Мерке маңайына ұқсайды екен» деп те қоямыз. Жол жиегінде елді мекен, шаһар жоққа тән: саналы түрде ойластырылып жасалған нәрсе. Оны айтасыз, көлік шуы естілмесін деп кей тұстарда арнаулы дыбыс өткізбейтін қорған соғып қойған. Аяғымен оттаған мал, бейсауат жүрген адам көрінбейді. Аспанда баяу қалқыған шарбы бұлттарды көріп,
шоқ-шоқ орман-тоғай болып төңкеріліп жатқан жап-жасыл дүниені бойлап, терең сулы қаракөк өзен-суларды жарып кең автобанмен ағызып келе жатқан көлік ішінде отырып, бір сәт қазіргі замандағы ең өндірісті ел АҚШ-та емес, баяғы индустар ордасында келе жатқандай сезімге бөленесің. Балтимор, Филадельфия қалаларын басып өттік. Алыстан Нью-Йорктің сұлбасы қарауыта бастады. Аранын ашқан қабаған иттің тістері секілді ырсиған, бірі ұзын, бірі қысқа үйлер серейіп-серейіп көрінеді. Қалаға кіре берістегі үш жарым километрлік туннелге сүңгідік те кеттік. Теңіз астына салынған ұзын бітеу сақина жолдан ағызып шыға келгенде, Нью-Йорктің кір, лас, қысаң көшелерінің біріне тап болдық. Қаптаған зәңгі. Тротуарда жатқан адамдар да бар. Бірте-бірте қала ажары ашылып, жарқыраған кеңістікке іліндік. Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты орналасқан аудан нағыз Нью-Йорк кескінін алдымызға жайып салды. Бірі-біріне ұқсамайтын небір салтанатты, әсем, көркем үйлер бой түзеген. Шұбартас, қызыл тас, көк тас, мәрмәр тас, шыны, металдың неше атасы – бәрі кәдеге асқан. Жарқыраған терезелер, әше кейлер, әшекейлі қоршаулар, кіршіксіз қақпалар – барлық пен байлықты паш етеді. Алақандай бос жер қалса, онда гүл бас жарады, ағаш жайқалады. Көлденең жатқан қыл-қыбыр, темекі тұқылы жоқ. Бәрін тазалайды. Бәрін жуады. Сондай бір рахат мекенде әлем халықтары тағдырын шешетін мекеме орналасқан. Жол бойы Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстан бекова туралы сырттай тон пішіп келдік. Қаланың қызы, негізгі мамандығы химик, дипломатиялық жұмысқа қанша ыңғайы бар екен деген күдігіміз бар-ды. Оның бәрі оп-оңай сейілді. Автобустан түскен бойда алдымыздан Ақмарал Арыстан бекова шығып, ел-жұрттың амандығын сұрасқаннан кейін көп уақыт созбай, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас корпусына алып кірді. Ұйымның құрылу тарихы, жұмыс жасау тәсілдері, Қазақстанның мүше болып кіруі, негізгі істердің қазіргі ба
ғыттары, күнделікті жұмыс тәртібі – осылардың бәрін тия нақты, қызықты етіп баяндап берді. Ең үлкен мәжіліс залын аралатып көрсетті. Жұмыс күні болмаған кезде, ғимарат іші туристерге, көрем деушілерге ашық. Әр мемлекет берген сый дәліздерге ілінген: Африкадан келген көне мүсін, арабтан жеткен аят жазулы кілем. Қазақстан сыйлаған таулар суреті мен батырлар кескіні бар тері бедерлі кілем Пикассо картинасымен қатар ілулі тұр. Париждегі Эйфель мұнарасынан бастап, дүниедегі үлкен қалалардың бәрінде бір-бір биік тұғыр не биік құрылыс бар. Оның үстіне шықсаң, бүкіл шаһар аяғыңның астында тұрады, күндіз бәрін көресің, түнде жұлдыз жамырағандай қалың от пен сәуледен жаратылған сұлулықты тамашалайсың. Табиғаттың өзі әдейі жаратып қойғандай, Көктөбені дәл осындай кәдеге дұрыстап пайдаланбай, аяқ астынан, оп-оңай байып кеткен сау дагер, малтабарлардың талапайына беріп жібердік. Қатар тұрған егіз ғимараттың екеуі де жүз он қабат екен, қаладағы ең биік үйлердің ішіне кірдік. Үй деп отырғанымыз үйреншікті ұғым. Әйтпесе, әрқайсысы кішігірім орамды алып жатқан, сан алуан қызмет жүйесі бар, қазіргі заман дағы сәулет өнерінің барлық мүмкіндігін пайдаланып, құм, тас, бетон, шыны, мәрмәр, кірпіш, темір, болат дейсіз бе, неше түрлі құрылыс материалдарын шеберлікпен кәдеге асырып, адам жанына қажеттің барлығын жасап қойған ың ғайлы да әсем, салтанатты да ғажайып орын. Биіктік, кеңдік, тазалық, сұлулық бар. Әр құрлықтан, әр елден келген нәсіл дің өкілдері, жүздеген, тіпті мыңдаған адам берекесіз то пырлап, қысылып-қымтырылмай тез-тез қозғалып, зәңгі сақ шылардың тексеруінен бөгеліссіз өтіп алып, лифтке отырып, лезде үй төбесіне көтеріліп жатыр. Нью-Йорк аяқ астында жатыр. Аспанда шарбы бұлт бар. Қала үстінде ұйысқан қара түтін жоқ, бәрі айқын көрінеді. Кезінде Мұхтар Әуезов айтатын гекзаметр өлшемімен аспанға жазылған тас өлең деген теңеудің тапқырлығы мен дәлді
гіне таңғаласың. Расында да, бірі ұзын, бірі қысқа тас үйлер өлең тармақтары іспеттес. Гудзон шығанағы, Азаттық аралы, ондағы әйгілі Азаттық статуясы, одан әрідегі Атлант мұхитына жалғасып кететін дария сулар, шаһардың шоғыр-шоғыр аудан дары, үлкен күретамыр көшелер, өзен-көлдер, бау-тоғайлар – бәрі айқын көрініп тұр. Тас қамалдар, найза-сүңгі үйлер. Нью-Йорк Бродвейінде келе жатырмыз. Оймақтай жер ойма алтыннан қымбат бұл ауданда бетоннан, тастан, темірден, шы ныдан жасалған, сәулетші қиялымен небір ғажайып, оқыс пішін тапқан мыңсан кеңсе ғимараттары, ойын-сауық орын ары, театрлар, храмдар, дүкендер, салтанат-сәнімен жарқырап, жарнама оттарымен көз тартып, бас айналдырады. Қай елге барсаң, алдыңнан шығатын Сони, Тойота, Самсунг, Кока-кола фирмаларының аттары мұнда да жарқ-жұрқ етеді. Бродвейдегі жарнаманың бір секундтік құны бір кедейдің өмір-бойы табатын ақшасынан қымбат. Аспан зәулім үйлердің қабырғаларына орнатылған алып теледидар экрандарынан атқан-шапқан, кісі өлтірген фильмдердің кадрлары, қарауға адам баласының жүзі шыдамайтын сорақы эротикалық көріністер, түрлі заттарды мадақтаған клиптер бірін-бірі судай сыпырып, ауыстырып өтіп жатыр. Өрт боп лаулап, от боп жанған сәуле түнді күндізге, күндізді түнге айналдырып жіберген. Көзге де тыныштық жоқ, құлаққа да тыныштық жоқ. Бродвейде не керек, бәрі бар. Бәрі оңай, керегі доллар ғана. Жігіттер базарлыққа көйлек-көншек, кілт қыстырғыш, ав тоқалам саудалап, Американы шауып тастағандай болып, жыр ғап келе жатқан көңіл кенет су сепкендей басылды. Дүниедегі қуаттың, байлықтың, биліктің биік қаласы, сол бас қаланың бас көшесі. Бір қарағанда ит басына іркіт төгіліп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап жатқандай. Бәрі бар, бәрі жеткілікті секілді. Әр нәсілдің кәрі, жас мың сан өкілі жүзде рінде не қайғы, не мұң жоқ, тәкаппар кейіпте тартып барады. Осы қалыпты қиялдан түскендей бір сурет бұзды да кетті.
Аспанға шаншылған үйдің іргетас кенересіне құйрығын қойып бір адам отыр. Қарғаның қанатындай қап-қара иыққа төгілген шаш, дөңес биік, жал мұрын, өңменіңнен өтердей өткір көз, тіп-тік биік еңсе, құрыштан құйғандай тұлға, алысқа қарап, бір қалыпта қатып қалған секілді. Биік маңдайын орай, қызыл жіңішке шүберекпен басын тас қып байлап алған. Үстінде сұрғылт кенеп кеудеше. Мойнында бетінде жазуы бар салбыраған тақтайша, алдында көлемі кішігірім шәугімдей темір қалбыр. Бәріміз де жалт қарадық: үндіс. Жүрек шаншып кетті, бетіміз ду ете қалды. Темір қалбырға тиын-тебен жаңбырша жауды; ең соңғы ақ шаларымызды тастап жатырмыз. Осы жердің, тау-тастың, өзен-көлдің, бар табиғат байлығының мұрагері, шын иесі, ке зінде ғажайып мәдениет жасаған тәкаппар да жаужүрек ха лықтың тұяғына аспаннан алтын жауып тұрғандай байлық ордасы АҚШ-та қара бақыр да бұйырмай, қайыршы қылып қойған қай құдайдың қарғысы екен? Қашып-пысып келген, ұры-қары, қарақшылар айрандай ұйып отырған алып елді қалайша торғайдай тоздырып жібереді? Батыр үндістің бүгінгі төлі – не ішкіш, не қайыршы. Қол-аяғын бұғаулап зорлап алып келіп, құлақ кесті құл еткен зәңгінің ұрпағы бүгін Америкада талтаң-талтаң басады: миллионер де, сенатор да, жұмысшы да, полицей де сол. Батыр үндістің бүгінгі төліне не зауал келді? Өздері жолаушы қазақтардан түскен бір қалбыр ақшаны мынау үндіс қай керегіне жаратады? Резервацияға қайта ма, әлде түнімен арақ ішіп, ертең бүгінгі орнына қайтып келе ме? Кез келген босқын байып кетпесе де Америка жағасына жеткен соң өзегі талмаушы еді ғой. Емен де, семен де, тырбанып, еңбегімен бақуатты күн көріп жатқан мынау кеңқолтық елде қайыршы болып үндіс басыңа не күн туған? Бұл сұрақтың жауабын кім бере алар екен? Құдай қарғысы ма, тәңір тәлкегі ме, тағдыр жазуы ма?
- Ұшаққа мінердегі ой Бір жұма дәм-тұзымен сыйлап, елін, жерін, қаласын, бай лығын көрсетіп, алып Азияның перзенттерін бір-бірімен ди дарластырған дарқан АҚШ-та ХХІ ғасырдағы әдебиет тағдырын сараптаған ұлан-асыр зор мәжілістен қазақтың он қаламгері сан алуан әсер алып, неше түрлі пікір түйіп, іштей байып, қайтадан ұшаққа қонғанда, «Осының бәрі туған республика азаттығының арқасында келген мүмкіндік-ау» деген ой әркімнің басында тұрған секілденді. Алматы – Вашингтон. Мамыр, 1997 жыл
Жетінші желі К Е Ң Д І К П Е Н Т Е Р Е Ң Д І К Эсселер
ТАЛАНТ ҚЫРЛАРЫ І Кезінде байыбына барған жоқпыз, қазір ойлап көрсек, елуін ші жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың басында Қа зақ университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында республика ның ең білікті оқымысты-әдебиетшілері шоғырланған екен ғой: Мұхтар Әуезов, Мәлік Ғабдуллин, Есмағамбет Ысмайлов, Бейсенбай Кенжебаев, Темірғали Нұртазин. Әрқайсысы бір-бір мектеп, бір-бір арна. Алдағы күндерде олар туралы, олардың өнерпаздық даралығы, ұстаздық шеберлігі, ғалымдық кел беті, азаматтық тұлғасы туралы жеке-жеке еңбек жазылула рына еш күмән жоқ. Сол шоғырдың жуан ортасында филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі жазушы, сыншы, аудармашы Темірғали Нұртазин тұр. ІІ Анкетадан алынған деректер: Қорған қаласында туған: орысша тоғыз класс бітірген; алғашқы колхоз бастықтарының бірі; партия қызметкерлері; Ленинградтағы журналистика институтын тамамдаған; Қазақ драма театрының директоры; облыстық газет редакторы; репрессияға ұшыраған; Каз ПИ, Каз ГУ-де доцент, профессор. 14-0194
ІІІ Т. Нұртазиннің ғалымдық, зерттеушілік, өнерпаздық тағ дырында Ленинград қаласының, ондағы филология мектебінің берген білім-дерегі, нұсқаулық негізі, шешуші ықпал-әсері әрқашанда аңғарылып тұрады. Жүріс-тұрысынан, тұрмыссалтынан бастап, еңбек ету дағдысынан адамдармен қарымқатынасындағы мәдениеттілігінен дәстүрлі орыс университет терінің кәнігі профессорларының мінез үлгісі, қалып сипаты көрінеді. Мәтіннен, архивтен, кітаптан шыққан сопы-педант оқы мысты емес, өмірдің суық сынағынан өткен, өзі шоқ басқан, талант қанаты отқа шарпылған, арқасына ер батқан адамның сөзіне еріксіз сенер едің. Әрқашан әдебиетті, өнерді өмірдің көрінісі деп қарау, әлемдік мәдениет тарихының мысалдарымен астастыра көрсету, мол деректерді сұрыптай, жинақтай отыра ғылыми қорытындылар шығару – Темірғали Нұртазинге тән ерекшеліктер болатын. Қазақ өмірін, фольклорды, әдебиетті жан-жақты да жете бі лу, орыс тілін ерте меңгеру, арнаулы дайындықтың түбегейлі лігі – Темірғали Нұртазиннің өнерпаздық тағдырына, әсі ресе оның аудармашылық өнеріне зор ықпал жасаған фак тор. Тұңғыш ұлттық эпопея – «Абай жолы» романының ал ғашқы кітаптарын орыс тіліне аударуда ол Л. Соболев, А. Ни- кольскаямен бірігіп тарихи іс бітірді. Жүктің ауыры Нұр тазиннің мойнына түсті. Әуезовтің майы сорғалаған, ұлттық бояуы қанық бейнелер жүйесін, этнографиялық, тұрмыс-салт көріністерін, төгіліп тұрған жанды суреттерді дәл жеткізу үшін қос тілді тең, қатар білу үстіне, өзің жазушы, өзің суреткер болуың қажет еді. Нұртазин осы биіктен табылды. ІV Әдебиетіміздің ең көрнекті өкілдерінің бірі – Сәбит Мұқа нов шығармаларын зерттеу ісінде Нұртазин көп іс тындырды.
1951 жылы алғашқы монографиясы орыс тілінде жарияланды. Кітап орынсыз датталды. Сол зерттеу тереңдетіліп, өңдеті ліп, 1958 жылы қазақ тілінде қайта басылды. Білікті ғалым бұл кітабында Мұқанов шығармаларын талдай отырып, қа зақ әдебиетінің туу, қалыптасу және өрлеу дәуірлері жай лы терең пікірлер, соны ойлар айтты. Ғылыми дәлдік, факті лердің молдығы, эстетикалық талғампаздық – айтылмыш мо нографияның негізгі қасиеттері. Көп талғам, шиырлы ізденістерден кейін туған қазақ әде биетінің проблемалық қыруар мәселелерін қозғайтын «Жазушы және өмір» зерттеуі – іргелі еңбек. Сыншы Нұртазин әдебиеттің көкейкесті мәселелеріне ар нап көптеген еңбек берді. Қазақ әдебиетінің арғы-бергі өкілде рін танытуда орны айрықша. Зерттеушінің Шортанбай, Ыбы рай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы жазған мақалаларында терең ойлар бар. Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұс тафин, Ғабит Мүсірепов туралы еңбектер соны қырымен, жаңа пайымдауларымен қымбат. Жамбыл Жабаев, Жұмағали Саин, Қалижан Бекхожин, Сырбай Мәуленовтер поэзиясының тө ңірегінде ғалым айтқан толғамдар терең де дәлді. Әр кезеңде, әр белде туған зерттеулер, мақалалар «Шеберлік туралы ойлар» кітабында жинақталған. Рас, Майлин шығармалары талай сын пікірлердің, ғылыми зерттеулердің нысаны болды. Жазушының мол мұрасын тү гел алып, тұтастай қарастырған тұңғыш кітап Нұртазин мо нографиясы. Сыншы өзінен бұрынғы зерттеушілер еңбектеріне көз жұмып, өте шықпайды, Олардың қисынды, қисынсыз пі кірлерін екшеп, жаңа байлам жасады. Бейімбеттің ғұмырына қатысты көптеген жаңа материалдар тауып, соны деректер жинаған. Шыққан орта, алған білім, көрген тәрбиенің жазушы талантын қалыптастыруда атқарар қызметі ерекше екені аян. Ғалымның Майлиннің жастық шағын, оқуға берілген кездерін шұқшия зерттеуі табысты болды. Бұрын Майлиннің білім деңгейі, эрудиция мөлшері деген мәселелердің беті күңгірт еді. Уфадағы «Ғалия» медресесі
қандай оқу орны, онда кімдер оқыды деген сұраулардың жауабы да мәз емес-ті. Айтылмыш монографияда көптеген мәселе ше шілді. Зерттеуші Майлиннің түрлі жеке бас құжаттары, еңбек кітапшасы арқылы оның қанша жыл оқығандығын айқын дайды. Қазақша материалдармен бірге орыс, татар, башқұрт тілдеріндегі мәліметтерді кең пайдаланып, «Ғалия» медре сесінің кезіндегі үздік оқу орны болғандығын дәлелдейді. V Ұзақ жылдар публицистика, проза саласында ізденіп «Жаңа саты», «Ауыл тынысы», «Адам бекерге жасамайды», «Мұрат» кітаптарын берген Т. Нұртазиннің бұл саладағы ең үлкен ар наулы дүниесі – белгілі мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы жазған көлемді деректі романы. Автор көп уақыт Алма ты, Бішкек, Ташкент, Мәскеу архивтерінде сарылып жүйелен беген, әр жерде ашылып жатқан сан салалы құжаттарды, тари хи деректі материалдарды қопара қарап, көз майын тауысты: том-том дүниелерді ақыл-ой таразысынан өткізе келе, тұтас қор жинады; ксерокөшірме мен фотокөшірмені былай қойғанда, өз қолымен көшіріп шыққан қағаздар бір атанға жүк болардай. Бұлардың ішінде жалғыз Рысқұлов тағдыры емес, революция, азамат соғысы, коллективтендіру, Түрксібке байланысты, көп теген қоғам қайраткерлеріне қатысты қызықты, тарихи мате риалдар бар. Бір адам емес, тұтас ұжым тындырар іс жасалған. Боль шевиктік террор, ғылым, өнер, әдебиетке қаншама кесір-кеса пат келтіргенін қайта құру кезеңінде, бүгінгі күндері жарыққа шығып, жария болып жатқан фактілер, деректер тағы да айқара ашып берді. Өмір жолында, тірлік күресінде Т. Нұртазин көрген қиын дық, шеккен азап аз болған жоқ, талап тұлпарына енді қонып, қылшылдап тұрған шағында, жала жабылып, қуғынға түсті, абақтыға қамалды. Тіпті еркіндікке шығып, ағарған, пәлежаладан құтылғаннан кейін де кесапат бұлты оның басынан
оңай айыққан жоқ. Орасан күш жұмсап, көп уақыт жіберіп тындырған еңбегі Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы аудармасының басылмай қалуын қиянат демей, не дейсің. Төрт том аударма қолжазба күйінде жатыр. «Жазушы» баспасына жетпісінші жылдардың басында апарып, заңды түрде тіркетіп қойған Тұрар Рысқұлов туралы жазылған де ректі роман қолжазбасының жоғалып кету себебі неде? Бұл қылмысқа пара-пар іске кім жауап бермек. Егер жазушының үйінде сақталып қалған қолжазба негізінде роман мәтінін қал пына келтіргенімізде не болатын еді? Үлкен зерттеуші, бел гілі жазушының ұзақ жылдар жасаған еңбегі әлдекімнің қор жынында кете барар ма еді, қайтер еді. Басқасын былай қой ғанда, сол «бақытсыз» қолжазбаның тағдыры әлі шешілген жоқ. Кітап болып шыға ма, шықпай ма, оқырман қолына тие ме, тимей ме, мұны «Жазушы» баспасы тезірек айтса, әділет болмақ. VІ Ұмытпасам, 1977 жылдың жазғытұрымғы аласапыран, көк соқта күндерінің бірінде Темірғали Нұртазиннің үйіне көңілін сұрай бардым. Ірі бітімді, етжеңді, зор адам арса-арса болып жүдеп қалыпты. Тек үлкен ойлы көзіндегі жарқыл мен ернін дегі кекесінді күлкі ғана өзгермеген. Бейдауа дертпен ұзақ күре сіп шаршағанмен, өмір-тіршілікке, адам-пендеге өшпенділік тің көлеңкесі де жоқ, сабырлы күйде қайран жарық дүниемен қимай қоштасып жатқан сыңай бар. Қалжың-күлкі аралас тыра отырып, айтқан әңгімелерін тұйықтаған, көзі жасаурап, дауысы дірілдеңкіреп барып, сыр секілді, бақылдасу, қоштасу сипатындағы сарынға ойысқан еді. – Арман еткен, ойға алған, мақсат тұтқан шаруалардың он нан бірін де істей алмадық, шырағым. Сүйекке біткен жалқау керенаулығымыз, ұқсатымсыздығымыз бар, көлденеңнен кел ген кесапат репрессия, абақты, қуғын бар, әйтеуір жетер жерге жетпедік. Ірі істерге жас кезде бару керегін ұқпаппыз. Тұрар
тақырыбына кеш, тіпті кеш кірісіппін. Алпыстан асқаннан ке йін архивтерді ақтару, кітапханада жүру, үйден алыстап, басқа шаһарларға бару оңай емес екен, содан асқазанды бүлдіріп алдым ғой. Шіркін, жас ғұмыр, қайратты күндер қайтып келсе, есіл уақытты уақ-түйекке, күйбең-тіршілікке жібермей көрер едім-ау. Қайтерсің, өтер өмір өтті – кетті. Мың ойланып, жүз толғанғанда, сенерің – жастар. Өзің жетпегенге солар жетсін, өзің істемегенді солар істесін деген арманмен өлгің келеді, – деп барып тоқтаған. Содан бері он жылдан астам уақыт өтті. Әз ағаның соңғы сөздері әсте естен шықпайтын шығар-ау. ДЕГЕЛЕҢГЕ БІТКЕН ШЫНАР Сапарғалидың ата қонысы – Шоқан мадақтаған, қобыз тартып, ән салған, үлкен эпикалық дастандар тудырған, ай тыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі – Дегелең таулары. Арғы замандарды айт пағанда, бертінде, әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғына қарай бұл атырап Семей мен Қарқаралының арасын жалғастыратын жандарал қара жолының бойында болғандықтан, қырдағы әрі шығыстық, әрі батыстық деуге келетін мәдени ошақтардың бірі еді. Шежірелік арнадан тартқанда, Сапарғалидың түп бабасы – Қаз дауысты Қазыбектің бір Бошаннан өрбіген қандас туысы, өмір бақи онымен үзеңгілес жүрген, ай, жұлдызға көз тігіп, болашақты айтатын атақты Жүгіней көріпкел. Ескі көз қариялардың аңызына қарағанда, жарықтықтың мәйіті де ағасы Қазыбектің мәйітімен қатар Түркістанда жатса керек. Сапарғалидың бабасы Бегалы кезінде Ташкентте, Бұқарда ұзақ жылдар оқып, шариғат жолымен қоса, Шығыс фәлсапасын, сан алуан ғылымдар жосығын терең үйренген ғұлама, діндер қари болғандықтан, елге оралған соң қыстауы Сарыобада медресе салдырып, молда болып, бала оқытқан, сонымен күн
кешкен. Сол буынның ішінен кейін Сүлеймен қажы (Мемлекет қайраткері Мұқаметқали Тәтімовтің аталары), Алдаберген бо лыс (Шәкәрімнің нағашысы), Ысқақ (Сапарғалидың әкесі) се кілді ислам негіздерін, Шығыс әдебиеті мен мәдениеті тағы лымдарын жас төл, жаңа ұрпаққа сіңіре білген көзіқарақты адамдар шыққан. Дегелең бауырындағы кісілікті шаңырақ тарда құран, шариғат, хадистермен бірге араб, парсы, ша ғатай, түрік, татар тілдеріндегі сан алуан кітаптар оқылған. Бертінде бұған орыс әдебиеті қосылды. Қазақ сахарасында ал ғаш скрипка тартқан да – осы Дегелең ауылы. Ең бастысы, туыстық, құдандалық ретімен іргелес жатқан Шыңғыстаумен Дегелең мидай араласып, әбден бауырласып кеткен елдер екені өз алдына, бұл орталар данышпан Абай тағылымын тең, ортақ етіп өскені ақиқат. Бағзы қазақ қауымындағы жақсы дәстүр бойынша, ата сы Бегалы басқа немерелері секілді Сапарғалидың да бес жа сында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан. Осы алты-жеті жылға созылған сабақ обал мен сауап, күнә мен қылмыс, махаббат пен ғадауат, жұмақ пен тозақ се кілді мәңгілік сұрақтарға имандай ұйытып жауап беріп, Са парғалидың мінез-құлқын, кісілік келбетін, жүріс-тұрысын исламның адамгершілік мұраттары негізінде қалыптастырып, кейін таулар құлап, дариялар арнасынан ауып, тұтас қауымдар күйреп жатса да, құбылып, өзгермейтін рухани әлемнің алтын өзегін жасап берген. Жаңа заман, құбылған дүние ағысы Сапарғалидың басын тауға, тасқа соқты: Семейге келді, орыс мектебінде оқыды, белгілі қазақ зиялылары Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтардың аттарын айдап, кейін туған балаларындай болып кетті, үш жүз елу жігітке басшы болып он алтыншы жылы Петербург түбінен бір шықты, Мұстафа Шоқай басшылығымен Думадан арнайы шешім алдырып азаматтарды аурудан, өлімнен құтқарды; елге оралып, Дегелеңде болыс, Қарқаралыда сот, Алматыда Түрксіб басқармасында қызметкер, газетте журналист, Ғылым академиясында зерттеуші болып істеді, отыз жылдай зейнеткер
болды. Бұл – Сапарғали Бегалин өмірінің көпке белгілі де ректері. Таяуда табылған құжат – Алаш қозғалысына жақындас тығы, Мұстафа Шоқаймен араласқаны, Әлихан Бөкейханов тың туысы Смаханмен достығы, ең бастысы, ұлтшылдығы, со вет құрылысына қарсылығы үшін қазақтың елім деп еңіреген, ұлт жолында сан етін кесіп беруге әзір ерлерінің басына қара күн туғанда Сапарғали Бегалинді де Сталиннің жендеттері 1929 жылы Семей түрмесіне тыққан. Замандастары ұмытпаған шығар, тұғырдан түспеген кезін айтпағанда, сексеннің жуан ішіне кірген шақтың өзінде Са парғали Бегалин көшеде, мекемеде, редакцияда, басқа да ресми жиналыста қатар, тіпті кейбір жас буын өкілдері секілді олпысолпы жүруді, қалай болса, солай үстіне ілінгенді сүйрей беруді білмеді. Ол үнемі жыл маусымына сәйкес келетін әрі әдемі, әрі ықшам, өзіне құйып қойғандай, сәнді киінер еді. Бұл ретте басқада жоқ әрі өте қымбат моданы қуатын Ғабит секілді емес, тазалық, ұнамдылық, қолайлылық талабы бар. Жағасы жоқ жеңсізді жылдар бойы иығынан тастамайтын Ғабиден мінезінен де аулақ. Сапекеңнің көйлегінің жағасын кір шалмайды, шал барының қыры түспейді, пиджагі мыжылмайды, туфлиінің өк шесі қисаймайды, мойнында – қашанда галстук, басында – көктем мен күзде киетін шляпа, қыста – сусар бөрік, жасы тоқсанға қарай беттегенде ғана таяқ ұстады. Ол кісі үйде мыжырайған шарқай сүйретпей, жеңіл, жұмсақ туфли киеді; тізесі қапталған ескі шалбар, жеңі қырқылған шапан, тыртиған спортшы фор масына жолаған жоқ. Жазу столында ресми жиналыста отыр ғандай мұздай киініп алатын. Шашылған, бұрқыраған, аткөпір қағаз жоқ, кітаптар, қолжазбасы, қаламы, қарындашы, өшір гіші, көзілдірігі, бәкісі, қайшысы, гантелі – бәрі тап-тұйнақтай, әрқайсысы өз орнында. Әрідегі үлкендермен қалай араласты, оны біз білмейміз, ал кейінгінің алыптары Мұхтар, Қалыбек, Сәбит, Кенен, Ғабит, Ғабиден, Әлкей, Жүсіпбек, Бауыржан, Бейсенбайлармен, тіп ті бертінге дейін Қарағандыда тұрған Алаш көсемдерінің бірі
Әлімхан Ермековпен Сапарғали Бегалин қандай қарым-қаты наста болғандығынан хабардармыз. Құлақпен естіп, көзбен көр ген жәйттар, өзіміз ішінде болған оқиғалар бар. Мұхтар Әуезов мұхит тектес дарын, телегей-теңіз білім иесі, атақ-даңқы жер жарған, әлемге мәшһүр жазушы, ғалым бола тұра Сапарғали Бегалинді өзінен екі-ақ жас үлкендігі үшін ғана зият тұтып, төрге шығарып, құрмет көрсетті дейсіз бе? Бір еркек кіндікке зар болып жүріп ақыры Фатимадай қасиетті ана дан ұл көргенде (Мұрат Әуезовті айтып отырмыз) оның атын өзгеге емес, дәл Сапарғалиға қойғызу себебі неде? Астына ат мінгізіп, қолына ту ұстатып Абайдың 100 жылдық тойын төбеге шауып шығып бастап беру рәсімін Мұхтар Әуезов неге Сапарғали Бегалинге тапсырды екен? Мұхтардың апталап, айлап Шыңғыстауды аралағанда қасына ерткен сенімді серігі кім? Тағы да – Сапарғали. Сері де бар, бағылан да бар, ғұлама да бар – соның бәрінен Мұхтарға Сапарғалиды жақын еткен қай қасиеті? Сәбит Мұқанов сүйсінгеннен Сапарғалиға өлең арнады. Бауыржан Момышұлы аға тұтты. Өзге ортада басқаны елей қоймайтын Ғабит пен Ғабиден қазақтың ауызекі әңгімесінің үздік шебері Сапарғали отырған жерде байқап басып, көбіне салт, бұрынғы тұрмыс, ел арасындағы хикая, шежіре, аңыз, жүйрік ат, тұйғын құс туралы ағаның ұзақ-сонар сөзіне жа лықпай құлақ қоятын. Сапарғали кейде мұртынан бір күліп қойып, ыңыранбай, қақалмай-шашалмай, жорға секілді тай палып, ашық үн, әдемі әуезбен, қазақы әңгіменің майын тамызып отырар еді. Алып-қашпасы, дарақы-даңғыры, өтірі гі жоқ, қарағай домбырадан төгілген күй іспеттес қоңыр са рын есер еді. Мүмкін, Мұхтар Әуезов те осы орайға құлаған шығар. Жиырманың ішінде бірінші дүниежүзілік соғыстың майданында болып, адам қанының судай аққанын көріп шо шынған, отыздың ішінде жазықсыз елдің тападай тал түсте тоналып, зорлап жасалған тәркілеу кеселінен аштан бұралып қырылғанын көріп, не істерін білмей жүрегі қарайған, қырық тың ішінде ұлтының маңдайына біткен асылдарын атып-асып
құртқан зұлымдықты көріп, дүниенің бәрінен түңілген, елу дің ішінде туған Дегелеңі атом полигонына айналғанын көріп көзінен қанды жас аққан – Сапарғали Бегалин тіршіліктегі жалғыз медетті қалам қайратынан тапқан. Онда да тап тарты сы, науқандық мәселелер емес, саясаттан аулақ, балалар әлемі, табиғат аясы – шығармаларының негізгі өзегіне айналған. Саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған тар заман да, Мағжан айтпақшы, қызыл тілі кісендеулі жүріп, әр түрлі туынды берді. Сапарғали Бегалин – қазақ жазушыларының бүгінгі буынының ішінде жасы сексенге келіп, халқының ортасында той тойлаған бірінші қаламгер еді. Бұл шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармалары да сондай қызық. Сапарғали – әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тар тымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер, көп жылдар шаршамай шапқан жүйрік. «Қазақ бозбалаларына» деген тырнақалды өлеңі 1914 жы лы «Айқап» журналында басылған. С. Бегалиннің қазіргі оқу шы қолына тиген соңғы көлемді еңбегі – «Замана белестері» атты күрделі роман. Осы 65 жылдық ұзақ сапарда суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, тоғыз шағын пьеса, бір роман, көптеген есте ліктер, зерттеулер, мақалалар туды. Сапарғалидың өлеңдерін зер салып, көңіл қойып оқыған адам оның сазды лирик, сыншыл ақын екеніне анық көз жеткізеді. Ақынның «Жаз лебі», «Көктем бұлты», «Нөсер артынан», «Сарыжайлау» секілді өлеңдері – сұлу бейнеленген пейзаж үлгілері. «Кавказ аңыздары», «Бұқара – Самарқанд сапары» циклдарында тосын образ, әдемі деталь, есте қалар бейне лер мол. Абайға, Мұхтарға, Қалыбекке, Қасымға арналған өлеңдерге жүректің тереңінен шымырлап шыққан сыр, таза сезім жан бітірген. Адамдар ерлігін, батырлығын мадақтайтын «Алтай аңызы» (Төлеген Тоқтаров туралы), «Қанатты қазақ» (Нүркен Әбдіров туралы) поэмалары – соғыс шындығын сәтті бейнелеген көркем шығармалар.
Ақын Сапарғали, әсіресе, поэма жанрында кең көсіліп, ұзаққа, алысқа қалам сілтеген. Бұл саладағы оның көп еңбегі сөз арасында, атүсті айтылғанымен, терең талданып, өзіне лайық бағасын алмағандығын өкінішпен ескерте кетудің артығы жоқ деп білеміз. Халық аңызының ізімен жазылған әдемі поэма – «Абақ арманы». Абай, Ілияс құдіреттерімен жасалған тұлпарлар сапына та ғы бір сәйгүлік қосылғандай әсер аласың. Қазақтың кең даласындағы тау-тас, өзен-көл аттарына бай ланысты аңыз-әңгімелерде мол поэзия жатыр. Естігенімізбен ескермейтініміз, мән бермей, байыптамай жүргеніміз, асыл сөз ді қадірлей алмай келгеніміз жасырын сыр емес қой. Әйтпесе ел аңызынан «Батыр Баяндай», «Көкшетаудай» ғажап жыр ту дырған дәстүр сайрап жатыр емес пе? Дәлірек айтқанда, Сапарғали Бегалиннің өткен өмірге арнаған, дерегі, ізі бар материалға сүйеніп жазған дастанда рының ішіндегі ең шоқтығы биігі – дау жоқ, тау атына қа тысты аңыздан туған «Баян жүрек» поэмасы. Бұл шығармада дара бейнелер, эпикалық серпін, кең құлаш, қызықты оқиғалар бар. Қазақ жігіті Сайқым мен қалмақ қызы Баян арасындағы махаббат, екі елдің ерегістен ығыр болып, ер-азамат арқасында достықпен табысуы сәтті көрсетіледі. Шебер әсірелеу, әуелету жарасып тұр. «Айдос», «Ұр, тоқпақ» дастандарынан фольклордың жақсы әсері, өрнек-бедері, бояу нақышы байқалады. Өмірден көп нәрсені көзімен көріп, бастан кешіріп келген талантты адам жазған туындыны оқығанда, тіршіліктің бұрын өзің аңғармаған, сезбеген жаңа қырларын танып, марқайған дай, кенелгендей боласың. Әсіресе, қазақтың көшпелі, бұрынғы тұрмыс-әрекетін жіті білетін С. Бегалиннің әңгіме, по вестерінде мал баққан адамның психологиясы, аңшылардың жан дүниесі сенімділікпен, реалистік шыншылдықпен бейне ленеді. Бұл жанрдағы шығармаларда ұлттық өміріміздің енді қайталанбайтын, тарих қойнауына кеткен, суреткер қаламы тірілткен есте қалар, жанды картиналары бар.
Қазір бірауыздан балалар әдебиетінің үлгілі туындысы саналатын, кезінде одақтық сыйлық алған әйгілі Сәтжан по весіндегі қазға түскен ителгінің қимыл-қозғалысы, динами касы, өмір мен өлім тайталасы бір оқыған адамның есінен кетер ме? «Көксегеннің көргендері» повесінде Алтай өңірінің сұлу табиғаты, өзгеше, дара сипаты жақсы берілген. Қақпанмен аң аулау, мылтық ату, мергендердің сан алуан сырларына қанық болу бар мұнда. Қазақ прозасындағы новелла, оқыс, қызық оқиғалы сәтті шығармаларды атағанда, С. Бегалиннің «Мұстафа қарттың әңгімесі», «Тайатқан тауынан табылыпты», «Алданған жол барыс» хикаялары бел ортада тұрмақ. Әсіресе, ертерек уақыт тарда Балқаштың аспан зәулім қамысын мекен еткен шұбар ала, аң перісі – жолбарыс аулаудың тәсілдерін, ер-азаматтың тапқырлығын, жүректілігін бейнелейтін әңгімелерді кім болса да қызықпай оқи алмаса керек. Халқымыздың жылқы жайын білуі, жүйрік атқа махаббаты «Сұрапылда», «Керкиік», «Колхоз бәйгесі» әңгімелерінде әсер лі көрсетіледі. Қазақ әдебиетінің проза жанрында С. Бегалин туындылары бір сала іспетті. Әсіресе, ол балалар әдебиетін дамытуға зор үлес қосып, «Бүгінгі Ыбырай», «Қазақтың Маршагы» атануы тегіннен-тегін емес. Есімдері әлемге аян Том Сойер, Гаврош, Тимур секілді қызық мінезді, қайратты балалардың қатарына С. Бегалин өз кейіпкерлері Сәтжан, Көксеген, Уәш, Ердендерді қосты. Қазір олар орыс, татар, грузин, поляк, корей, бір сөзбен жетпіс жеті жұрттың балаларының сырлас досына, ет жақын бауырына айналды. С. Бегалин прозасының объектісі – қақаған аяз, дүлей боран, шыжыған ыстық, небір аптапта дала төсін жайлаған кесек тұрпатты ірі мінезді жылқышылар, қойшылар, аңшылар. Бұ лардың дені өмірдің өріне шыққан егделер мен саналы тірлікке енді қадам аттаған жасөспірім, жеткіншектер – ауыл адамдары. Қаламгерлердің жетпісті еңсеріп, сексенге аяқ басқанда Қазан революциясының алғашқы күндеріндегі қазақ ауылын
дағы, қаладағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістерді көр сететін документті, деректі негізі бар «Замана белестері» атты мемуарлық роман жазып шығуын суреткерлік үлкен қайрат деп білеміз. Бұл шығарманың басты кейіпкерлері – белгілі ре волюционер Мұқаметқали Тәтімов, қазақ әйелінен шыққан алғашқы оқымысты, көзі ашық жандардың бірі – Нәзипа Құл жанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі мәшһүр адамдар. С. Бегалиннің бұл романын типологиялық тұрғыда Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабиден Мұстафиннің «Көз көр ген» сияқты айтулы шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады. Республикамыздың атақты композиторлары Мұқан Төле баев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, Садық Кәрімбаев, Сыдық Мұхамеджанов, Қапан Мусин, Еркеғали Рахмадиев Са парғали Бегалиннің мәтіндеріне ән жазған. Сапарғали Бегалин жиырмасыншы-қырқыншы жылдарда ел ішінде кеңес, сот, газет қызметтерінде жүріп, кейін Жазу шылар одағында, Ғылым академиясында істеген кездерінде республиканың кең атырабын көп аралап, ескі көз, кәрі құлақ майталмандермен табақтас, дәмдес, сырлас болған. Осы сапа рында ол естіп, іріктеп, екшеп қағазға түсірген дүниелер – мол қазына. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей, Қуат шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған – Сапарғали Бегалин. Тәттімбет, Әміре, Ес тай, Майра, Қажымұқан, Қалыбек тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де – Сапарғали Бегалин. Ұлттық ойындар жөнінде жинаған материалдары да қымбат. Дегенмен, С. Бегалиннің зерттеуші, оқымысты, фольклорист ретіндегі ең жемісті, ең бағалы туындысы – Жамбылдың ата тегі, өмірі деген іргелі зерттеуі деп білеміз. Жамбылдың көзі тірісінде өзінен, онымен өкшелес қарттардың аузынан жа зылып алынған бұл еңбекте ұлы ақынның өскен ортасы, ата бабасы, алған тағылымы, мінез-құлық ерекшеліктері туралы аса қызық деректер бар. Мұның үстіне революциядан бұрынғы
Жетісу атырабының аңыз-әңгімелері, жүйрік аты, қыран құ сы, сал-серісі, ақын-жырауы, домбырашы-күйшісі жөніндегі фактілер де өте бағалы, дәл. С. Бегалиннің там-тұмдап жарық көрген зерттеуінің кейбір үзінділерін кейбіреулер кейде сілтеме беріп, кейде сілтеме бермей пайдаланып та жүр. Осы маңызды әрі әдеби, әрі этнографиялық тарихи мәні зор жұмысты толық күйінде жариялау оқырманды қатты қуантар еді. Халқымыздың асыл перзенті – Шоқан өмірі бүгінде көп теген көркем шығармаларға арқау болып отыр. Сәбит Мұқа новтың, Сергей Марковтың, Сәуірбек Бақбергеновтің ұлы ға лым өмірін бейнелейтін роман, повестерінің қатарында Сапар ғали Бегалиннің «Шоқан асулары» дилогиясы өзінің деректі негізімен, ықшамдылығымен, тартымды оқиғаларымен ерек шеленеді. Бұл кітап – тамаша адамдар өмірін фактілік не гізден ауытқымай дәл бейнелейтін қазақ әдебиетіндегі сәтті туындылардың бірі. Сексен жылдығын тойлауға елге барғанда радиациядан уланған бұлақтан су ішіп қойған Сапарғали Бегалин жазылмас дертке ұшырап, мерт болды. Жүзге жетер деп жүрген қайратты жан тоқсанға екі-үш жыл қалғанда дүние салды. Маңайына өлім сепкен аждаһа полигон кесапаты Сапарғали Бегалинді өлтіргенмен, оның шығармалары халқымен бірге жасамақ. КЕҢ ТЫНЫСТЫ АҚЫН Қазақ әдебиетіне Абай, Мұхтар сынды екі алтын діңгек, қос алыпты берген Шыңғыстау атырабының қарттары күні бүгінге дейін жеңіл әзіл, ерке мақтаннан құр емес: – Бар десек те болмайды өзі. Енші беріп, машина мінгізіп жіберейік дейміз. Қалаға кетсе, шабыт құсын ұшырып ала тындай көреді, білем. «Жүрек адырдан» шықпайды ғой бұл Шә кір ақының. Осында жатып-ақ кітап жаза береді.
Сол ақын Шәкір Әбенов 1900 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданына қарасты Құндызды деген жерде туған. Арабша ерте хат таныған. Семейдегі приходская школада 3 жыл оқыған. «Борсықтар» деген өлеңі 1916 жылы «Айқап» журналында басылған. Колхоз құру, ауылды советтендіру істеріне белсенді аралас қан Шәкір Әбенов Ұлы Отан соғысына өзі сұранып барып, Брянскі майданынан жаралы болып елге оралады. Қайтадан колхозда, совхозда істейді, шығармашылық жұмыспен айна лысады. Ақын қаламынан туған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Таңшебер – Жапал», «Ортақ арал» поэмалары әр жылдары басылып шықты. Ескі шежіре, халық әдебиетінің білгірі Шәкір Әбенов Жа нақ, Түбек, Дулат, Байкөкше секілді ақындардың мұрасын тұңғыш рет қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Музы ка мамандары Шәкір Әбеновтің айтуымен көптеген ән мен күй лерді нотаға жазды. Ақын көп жылғы жемісті еңбегінің зейне тін көрді. Шәкір Әбеновті қалың жұртшылыққа ақын ретінде таныт қан күрделі шығарма – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасы. Бұл туынды тұңғыш рет 1937 жылы жарияланған болатын. Халық санасына әбден сіңген, небір жүйрік жыршылар, дүлдүл ақындар жырлаған ғашықтықтың ғажайып тарихына Шәкір Әбенов қаймықпай барып, тамаша поэма тудырды. Ол тұста Сәкен, Ілияс, Иса, Қасым, Тайыр сынды сұңқарлар, Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Төлеу секілді не бір ақиықтардың көзі тірі кезі. Ұлттық әдебиетте орын тепкен қызық құбылысты көреміз. Поэмадағы қаһармандардың негізгілері – жырдың көптеген нұсқаларында кездесетін дәстүрлі кейіпкерлер. Сюжеттің жал пы ағысында ерекше бұра тартар, тыңнан салған арналар жоқ. Сөйте тұра, шығарманың ішкі түзілісі, көркемдік бітімі со нылығымен, дара құнарымен әсер етеді. Шәкір Әбеновтің табиғи ақындық дарынын фольклор дәс түрі, жазба әдебиетінің үлгісі, классикалық мұралардың тәлімі
ұштап, өрбітіп өсіргендігін көру қиын емес. Мұның үстіне өлең мәдениетіндегі Абай мектебінің сарынын ә дегеннен аңғаруға болады. Тілдің лексикалық байлығы, сөз байламының кестесі, ұйқас ырғақ шеберлігі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының негізгі қасиеті. Оқиғаларды баяндауда эпостық дәстүрден гөрі, жазба әдебиеті сабақтарын ерекше ескеретіндікті көреміз. Қодар, Қарабай портреттерін жасау кезінде жарасымды әсірелеу қолданылады. Қазақ дастанында Еңлік – Кебек, Қалқаман –Мамырдан кейін диалогты кең пайдалану дәстүрі қалыптаса бастады. Осы белгілерді Шәкір Әбенов поэмаларынан да табуға болады. Халық жырында келте, қысқа қайырылатын жәйттерді ақын тереңдетіп, байытып, әуезге әуез, сарынға сарын қосып, ұл ғайтып, жаңа бояулармен құлпыртып, жаңғыртып жіберген, Қозының Баянды іздеп келе жатқандағы хикаялары, жолба- рыс соғып алуы, қалмақ шалмен кездесуі, қойшылық әңгіме лері, балуанға түсуі – тың дүниелер. Жалпы Шәкір Әбенов поэ масында фольклор мен жазба әдебиеті дәстүрінің жақсы тоғы суын көруге болады. Ақындық таланты эпикалық жанрда жарқырап ашылған тарланның көптеген өлеңдерінде лирикалық, сатиралық, юмор лық пафостың мол екендігін көреміз, эпиграмма, қағытпа, ар нау өлеңдері бір төбе. Ақындық дәстүрдің жалғастығын сөз еткенде, Шәкір Әбенов поэзиясында Абай ықпалы әр түрлі деңгейде аңғарылаты нын айту керек. Тақырыптық тұрғыдан Абай, Ақылбай, Маға уия, Әсет поэмаларындағы объектімен «Кейпін батыр» поэма сындағы өмірлік материал әуендес, сарындас. Шығарма ар қауы – қылышынан қан тамған Ақсақ Темір заманындағы бір оқиға. Бас кейіпкер Кейпіннің шыққан тегі, ауыр тағдыры, тіршіліктегі шырғалаңдары романтикалық сюжетке лайық дү ниелер. Кездейсоқ ұшырасып, оқыстан табысқан Гүлнармен арадағы сүйіспеншілік шебер бейнеленеді. Қазақ әдебиетіндегі өзге елдер тұрмысын бейнелейтін интернационалдық сипаты
айқын шығармалардың ішінде «Кейпін батыр» поэмасы өз ерекшелігімен, айқын идеясымен, шеберлік кестесімен дара ланып тұрмақ. Кең тынысты, мол оқиғалы, көп кейіпкерлері «Таң шебер – Жапал» поэмасында да көркем сурет, ақындық олжалар бар. Фольклорлық тарихи, шежіре-аңыз сюжеттеріне жазған ақын поэмаларының әлеуметтік тынысы кең, эстетикалық мақсаты айқын, тарихты, көне күндерді жақсы білетін ақын ның биік көркемдікті нысана еткен қаламгердің қолтаңбасы көрініп тұрады. Ақын Шәкір Әбенов соңғы кездескенімізде: – Жаңа кітаптың атын «Шыңғыстау» қойдым. Кір жуып, кіндік кескен жерім. Бауырында сексен жыл ғұмыр кештім. Ылғи қарыздар адам секілді болам да тұрам, – деп еді. Рас, ақын қашанда туған жеріне қарыздар.
ӨЛЕҢ ЖОЛЫ КЕСІЛМЕЙДІ Ақын Төлеужан Исмайылов екеуіміз бір ауданда туған адамдар болғанымызбен, дәм-тұзымыз араласып көргеніміз жоқ, тіпті дәлірек айтқанда, қол ұстасып амандасып, шүйір келесіп сөйлескен де кісілер емеспіз. Біздер ауылдан Алматы ға келген кезде, ол атағы дүрілдеген ақын, ал біздер қолға қалам ұстауға жарай бастаған кезде, ол ауыр дертке ұшырап, азапқа түсіп кетті. Әйтеуір жүздесуге жазбапты. Осы азаматқа обал болды-ау деген бір өкініш іште жүретін. Бірақ оның әдеби мұрасын іздестіріп, жинап, кітабын шығарайын деген ой менде болған емес. Ядролық сынауларды тоқтату үшін басталған халықтық қозғалыстың бітірген үлкен бір шаруасы 1955 жылы зорлықпен жойылып, тоз-тоз болып, ел-жұрты жан-жаққа шашырап, естеңдіктен айрылған, атақоныстары полигон табанында қал ған, қазақтың ежелгі құт мекенінің бірі Абыралы ауданының 15-0194
қайтадан 1990 жылы қалпына келтірілуі еді. Уланған су, жара лы тау, дертті топырақ – соған қарамастан, елдің басы қайта дан құрылып, шаңырақ көтере бастады. Халық жоғалғанын іздеді. Арғы замандардағы ұлы бабалары Қаз дауысты Қазыбек би, Жанақ ақын, Тәттімбет күйші, кешегі Әміре әнші, Сапарға ли жазушы өнерпаздығының бір жалғасы – ақын Төлеужан Исмайылов екенін ұққан жерлестері оның әдеби мұрасын жа рыққа шығару қажеттілігін айтып, ынта-пейіл көрсетіп, тар шылық, жоқшылыққа қарамастан, кітап шығынын көтеруді өз мойындарына алып, «Жазушы» баспасына тілек білдіріп, бізге де қолқа салды. Сөйтіп ақынның артында не қалды деген сұ раққа жауап іздей бастадық. Ақынның әдеби мұрасы, архиві, қолжазбалары, дүниемүліктері, кітаптары – бұларды іздестіре бастағанда, әуелде тартымды еш нәрсені қолға іліктіре алмай қиналуға тура келді. Ауызекі сөз, алып-қашпа қауесет қана сақталған. Оның өзі жүйелі, нақты, дәл емес. Ұстарлық, сенерлік дерек жоқ. Анау айтты, былай деген секілді, солай сияқты еді деген шыға рып салма сөздер. Дегенмен Төлеужан абыройы, атақ-даңқы, әсіресе, қаламдастар, аға-дос арасында ұмытылмаған екен, оны білген, араласқан қаламгерлер сыр іріккен жоқ, ойларын қолма-қол айтып тастады, естеліктерін жазып берді. Тахауи АХТАНОВ: «Баспада бірге істедік. Мен – соғыс көрген офицер, ол – университетті енді бітірген қылшылдаған жігіт. Мен көрген ақындардың ішіндегі кесек талант Төлеужан Исмайылов еді. Табиғат берген дарыны өз алдына – мол эрудициясы, терең білімі бар еді. Жанып тұрған от секілді еді, лап етіп көрінді. Бәріміз жалт қарадық. Журналда редактор болып тұрғанымда өлеңдерін бастым, қолдадым. Көп көмектестім. Тапсырмамен талай өлең жаздырдым. Бірақ ауыр тағдырына араша тұрдым деп айта алмаймын. Қазір сөздерін ұмыттым, «Қойлар» деген ұлттық әділетсіздікке қарсы жазылған ғаламат өлеңі бар еді. Өзі жатқа оқитын. Өзгесін айтпағанда, сол бір шығармамен-ақ
әдебиет тарихына кіруге қақысы бар деп айта алам. Көз тиді ме, тіл тиді ме, әйтеуір есіл ақын арманда кетті ғой, опат болды ғой». Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ: «Төлеужан бізден үш-төрт жас үлкен болғанымен, әдебиетке тіпті ерте келді. Бірден өз дауысын танытты. Қуатты талант еді, берерін толық бере алмай кетті. Алыс ауылда туып өссе де орыс тілін керемет білетініне таңғалушы едік. Аударма жасаған кезімізде білмейтін сөзімізді Төлеужаннан сұрап білуші едік. Төлеужан қазақшалаған Лермонтовтың «Мцыри» поэмасы – аудармадағы классика». Балғабек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ: «Бір жолы Төлеужан редакцияға келіп, құдай екеуімізге сатирик бол деп өнер беріп еді, сен ұстап қалдың, мен ұстай алмай қалдым ғой деп мұңайғаны есімде». Төлеужан Исмайылов Семей облысы Абыралы ауданында 1932 жылы (кейбір деректер бойынша 1931 жылы) туған. Әкесі Мұхаметжан колхозға бастық болған, ел ішінде сыйлы, көрнекті азамат, фашистермен шайқасқан ұрыс майданында қаза тапқан. Шешесі Қадиша күні кешеге дейін ұлы Серіктің қолында тұрған. Домбыра тартатын, әншілігі бар кісі. Бұл тұқымда үзілмей келе жатқан өнер бар, түбі ұлы Жанақтан бастау алатын ақындықтың көзі жатыр. Төлеужан талантының табиғатын сол арнадан іздеген дұрыс. Бұрын жақсы үлгеретін балаларды аттата оқыту, бір жылда екі класс бітіру тәртібі де болған. Қайнар орта мектебін сондай жолмен 14-15 жасында аяқтаған зерек, қабілетті, ұшқыр шәкірт – Төлеужан бала күнінен кітапқа құмарлық дағдысын Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінде өзгермес мінезге, айнымас қасиетке айналдырып, ғылымның әр саласынан, әдебиеттен, эстетикадан, тарихтан көп білім алып, тез өсіп, ерте марқайған, қатарластарынан көш бойы озып кеткен. Мұның үстіне, ең бастысы, сүйегіне туа біткен ақындық
таланты бар. Өкінішке орай, ол әдебиет үшін он шақты-ақ жыл еңбек етіп, тіршілігінің қалған он жылында ауыр дертпен, өкпе ауруымен арпалысты. Анасы Қадиша да, інісі Серік те, жары Раушан да, ағайын-туыстары да, дос-жарандары да – ешкім де оны қасірет тырнағынан құтқарып, арашалай алмады. Ақын көзі тірісінде үш-ақ кітабы жарық көрген: «Әлдекім ге бір шапалақ» (1958), «Есіл» (1959), «Америка трагедиясы» (1962) – бәрі де отыз жасқа дейін жарияланған дүниелер. Одан кейінгі он жылда, Семей ауруханасында көз жұмған 1972 жыл ға дейін бірде-бір туындысы басылған жоқ. Азапты дертпен ар палысып, жанын қоярға жер таппай, басын тауға, тасқа соққан, астанаға да, облыс, аудан орталығына да сыймаған жаралы ақынның соңғы мекені – ауыл, шопан інісі Серіктің, анасы Қа дишаның қасы. «Повесть бітіріп, роман бастап еді, көптеген поэзиялық шығармалары бар еді» деген сөздердің аяғында де рек, нақты материал, қолжазба жоқ. Тіпті ел аузында кезінде айтылып жүретін отаршылдыққа қарсы жазылған әйгілі «Қой лар» өлеңінің толық мәтінін таба алмай қойдық. Әділін айтқанда, Төлеужан Исмайылов мұрасын жинас тыруға көптеген азаматтар еңбек етті. 1984 жылы жазушы Медеу Сәрсекеев ақынның «Сырымды айтам» жинағын құрас тырып шығарды. Бүркіт Ысқақов алғы сөз жазды. Өз қолында сақталған бірен-саран материалды бізге берді. Әр түрлі газетжурнал беттерінде бұрын-соңды жарияланған өлеңдерді жи науға Дүйсен Қошқарбеков, Ғаббас Смағұлов, Мұрат Ерден беков, Төлеуқадыр Нысанов мұрындық болды. Ақын өміріне қатысты жаңа деректер Қалихан Алтынбаев, Боранбай Мау қаев мақалаларында бар. Ақын тағдырының көп шындығы замандас, қаламдас аға-достары Әзілхан Нұршайықов, Жаппар Өмірбеков, Мұзафар Әлімбаев, Ғафу Қайырбеков естеліктерінде ағынан жарылып, адал айтылған. Ақынның шығармашылық сапарын сатирадан бастауында талант мінезі, қабілет ерекше лігі бар. Өлеңші атаулы жапа-тармағай, жарыса-жабылып, ма дақ, марапат жырларын ат-көпір төгіп жатқан кезде, уақытқа, заманға сес көрсеткендей, ащы кекесін, өткір сынға толы
туындылар беру поэзиядағы жаңалық еді. Қазақ әдебиетінде терең арна тауып кете алмай жүрген салаға соны тақырып, тың мазмұн, өзгеше түр әкелген ақын шығармаларына қауым назары бірден ауды. Сталиндік тасқұрсау кезеңде әлеуметтік теңсіздіктерді, отарлық езгіні, адамды қорлауды ашып көр сететін шығармалар беру оңай әрекет емес еді. Лирика жанрларында ақын азаматтық, әлеуметтік, саяси, философиялық ойларға меңзейтін тосын өлшемді, соны маз мұнды өлеңге ерекше ден қойды. Дәстүрлі қазақ жырына орыс, Еуропа поэзиясындағы өрнектерді, ырғақ, ұйқастың жаңа түр лерін енгізу талабына күш салды. Мадақ, терме сарындарына бой алдырмай, мәдениетті поэзияға лайық эстетикалық мұ раттарға ерекше көңіл бөлді. Бір сәттік, бір күндік айғақтар емес, ұзақ, ғұмырлық, мәңгілік шындықтар, қайшылықтар туралы толғаныстарға барды. Социалистік, коммунистік идеал дарды бірден-бір ақиқат деп ұққандықтан, партияны, оның же ке қайраткерлерін, Ленинді мадақтап жазған өлеңдері де бар. Мазмұндық, формалық тәжірибе ізденістерге орасан көп қайрат, жігер жұмсаған ақынның жаңа көркемдік құнарла рының айқын көрінісі, зор суреткерлік шабыттан бір-ақ құ йыла салған, алтын жүзік іспеттес жұп-жұмыр туындысы – әйгілі «Есіл» поэмасы. Қазақ әдебиетінде бұрын да сюжетсіз дастандардың талай тамаша үлгілері бар болса, Төлеужан сол дәстүрді дамыта отырып, мүлде соны, жаңашыл шығарма берді. Ақындық Мен планетарлық биікке көтеріліп, ғасырлар, мыңжылдықтарды көз алдынан өткізіп, жүрекжарды сырлар төгеді, толқынды ойлар тербейді, көркемдік уақыт пен кеңіс тікті игерудегі жаңа поэтикалық бағдарды аңғарамыз. Ша быт үстіндегі ақын ұшаққа мініп, ғарышқа самғап, жер ша рын айналып, қазақ даласын шолып, арғы-бергі тағдырлар, тарихтар туралы толғанады. Есіл даласына сүйсіне тебіренеді, ғашық болған татар қызына мұңын шағады. «Бұлтқа маңдайын ұрғылаған болат құс», «шала үйітілген жыр», «жастықтың қоңыраулы күймесі», «өлеңмен құрыш құраған», «қанатын аққу боп қағатын ән-жыр», «қыранның қанаты секілді теп-
тегіс, Есілдің даласы көлбеген» – осы алуандас жаңа көркем дік жаңалықтар поэма бойында тұнып тұр. Ақын палитрасы сан алуан бояуға бай, көз қызықтырар неше түрлі сурет сала ды. «Есіл» – тебіреністі ойларға толы, мың сан әуез, сарынды, зор ақындық шабыттан жаратылған, көкейкесті күй іспеттес, қазақ әдебиетінде мәңгі жасайтын жауһар туынды. Ал «Дала министрі» («Жылқышы») поэмасында ақ қар, көк мұзда қай рат етіп жүрген жылқышы қыздың романтикалық тұлғасы сомдалған. Төлеужанның эстетикалық талғамы оның әр кезде, әр та қырыпта жазған әдеби-сын мақалаларынан айқын көрініп жа тыр. Елуінші жылдардың басында тағы да қуғын-сүргін кү шейіп, зиялыларды, ғалымдарды, жазушыларды жазықсыз қаралап, ұлтшылдық деген кесапат жүйе, жала жабылып, қу далау асқынған, түрмеге тығу бел алған. Дәл осындай кезеңде сатира, сын жазу дегеніңіз қара басыңа пәле тілеп алумен парапар еді. Төлеужан әр түрлі рецензия, мақалаларында, негізінен, шығарманың көркемдік кестесіне, тіл-стиліне, мазмұн жаңа лығына назар аударады. Дәлді байлам, тиянақты пікірлер бар. Әсіресе Тоқаш Бердияров, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мыр залиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев туралы кезінде тұжырымдалған ойлардың уақыт өткен соң көмескі тартпай, маңызын жоймай, дәл қазір айтылғандай естілуі Тө леужанның терең білімін, биік талғамын, зор сыншылдық қабілетін көрсетсе керек. Бір тұста Садықбек Адамбековтың тұңғыш кітабына пікір айтса, бір тұста Нұрлыбек Баймұратов ақындығына қорытынды баға береді, бір тұста Сейітжан Омаров шығармалары талданады, бір тұста жаңа кинофильмге пікір айтылады – мұның бәрінде эстетикалық көркемдік ойлардың жарқ-жұрқ еткен ұшқыны жатыр. Ақынның әдеби мұрасының тамаша бір саласы – аударма. Үлкен, күрделі, еңбек – американ әдебиетінің классигі Теодор Драйзердің «Америка трагедиясы» романының екінші кітабы. Эпопеялық романның қазақша реалистік үлгіде көркем тіл мен аударылуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл еңбек қазақ
аударма өнеріндегі әдеби тілімізді байыта түскен, проза да реалистік стилдің қалыптасуына ықпал жасаған шоқтығы биік туындылардың бірі. Көптеген елдердің әр түрлі ақындарын қазақша шебер сөйлете білген Төлеужанның аудармашы ретіндегі құдіретін көрсететін екі күрделі еңбегі бар: бірі – А.С. Пушкиннің «Батыс славян жырлары» шоғыры, екіншісі – М.Ю. Лермонтовтың «Мцыри» поэмасы. Түпнұсқадағы аса қиын оралымдарға ана тілінде балама таба отырып, дәстүрлі бейнелі ойлау жүйесін күшейту, классикалық шығарманың стильдік-көркемдік кесте сіне лайық бодаудан жаңылмай, жаңа, соны тіркестер, суреттер жарату, ырғақ, ұйқас, шумақ тыныстарының ерекше кеңдігі мен сонылығы арқылы биік поэзиялық деңгейге көтерілу – осы алуандас қасиеттерімен Төлеужан аудармалары ұлттық ақындық құнар, көркемдік игіліктер қатарына қосылады. Қойын дәптерде қалған соңғы өлеңдерде туған елге сағынып жеткен ақын махаббатының көз жасы мөлдіреп тұр. Тербеле жөнелген қазақы жорға жырға қарық боласың да қаласың. Тебіренген, толқыған жүрек лүпілі анық естіліп тұр. Тарихқа шолу, саясат әуені, сатиралық кекесін сарындарынан тазарған бұлшық еті бұлт-бұлт еткен жүйрік жыр жосып кетеді. Туған жердің суреті, ата-баба рухы тіріліп қоя береді. Ақын осы өлең шоғырында өзінің трагедиялық тағдырын, ауыр дерт қиған қыршын ғұмырын жан-жүйені босатар әсермен, мұңлы да шерлі күймен шертіп береді. Мен сені туған елге берем дедім, Бір соның жас шағына сенем дедім. Аузынан табыл іні, қарындастың Мәңгілік жас рухым – өлеңдерім, – деп болашақпен бір тілдесіп алған ақын: Көзімнен жаңбыр жауғанын Сездің бе, туған тауларым.
Баурыңа жетіп лауладым. Қызарып күндей батқалы Өзіңе келдім жатқалы, – деп соңғы сөзін айтып тынады. Дегелең тауының ішінде 1949 жылы тамыз айында тұңғыш рет атом бомбасын жарғанда, Қазақ университетінің үшінші курс студенті Төлеужан Исмайылов ауылда демалыста жат қан болатын. Әскери адамдар бұрын қымыздан басқа ащы ны татып көрмеген жас жігітті зорлағандай етіп араққа ауыз дандырды, «спирт жүрген жерде сәуле ауруы жүрмейді, ал коголь радиацияны айдап шығады» деген. Сол он жеті жаста өзегін күйдірген жынды су алғашқы он жылда жас қайратты жеңе алмай жүріп-жүріп, артынан күтімсіздіктен тапқан өкпе ауруына қосылып, оны әбден азапқа салып, талантын құртып, әдеби ортасы мен отбасынан айырып, дос-жаранынан бездіріп, қаңғыртып, аздыртып, ақыры 1972 жылы көрге тығып тынған. Қазақтың талантты ақыны Төлеужан Исмайылов атом сы нағының, ядролық жарылыстың аянышты құрбаны екеніне қазір ғана көзіміз жетіп отыр. Бұрын ғайбаттаушылар: «Өзі кінәлі. Құдай берген сыйды бағаламады. Ұстай алмады. Ақыры қор болып өлді» дейтін. Көп көмбенің бетін ашқан ендігі шын- дық мынау: полигон қасіретіне шалдықпаймын, ұзақ жасай мын, өмірімді сақтап қалам, шабытпен жазылған мәңгілік жыр лар тудырам деп қиялдап, шарап буынан медет таппақ болған, ем деп қолданғаны зәһарға айналғанын қайран ақын кеш, өте кеш сезді. Ол кезде қайтар жол кесіліп қалған. Бірақ нағыз өлеңнің жолын еш кесапат қия алмайды ғой. ТАЗАЛЫҚ Артық-ауыс сөз жоқ, мінезі жұмсақ, қақ-соқта ісі болмайтын, қой аузынан шөп алмас момын санап жүрген курстас досымыз
аяқ астынан айды аспанға бір-ақ секіртті. Ол кезде екі ауыз өлеңін, не жиырма-отыз жол хабар-ошарын газет бетіне бас тырған жігіттің кеудесіне нан пісіп, Алматыға сыймай ке тетін шағы. Жуастан жуан танытып, бүкіл республика оқыр манын таңырқатып, «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» деген мақаласымен «Лениншіл жастың» бетіне шыға келгенде, бә ріміз таңғалдық. Екінші курс студенті көзі тірі классик Ғабиден Мұстафин, белгілі сыншы, жазушы Темірғали Нұртазин шы ғармаларында орынсыз қолданылған бөгде сөздерді тап басып ажыратып, олардың қазақша баламасын мөлдіретіп тізіп бер ген. Әділ айтты. Арада көп уақыт өткен жоқ, сол «Лениншіл жас» өзінің 1959 жылғы 15 июльдегі санында былай деп жазды: «Лениншіл жас» газетінің редакциясы осы жылғы 9 июльдегі санында КазГУ-дің студенті Б. Бодаубаевтың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» деген мақаласын жариялап елеулі қателік жіберді. Мұны Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бюросы атап көрсетті. Бүгін редакция өзінің мақаласын жариялап отыр». Сәбеңнің соққысы аз болғандай, журналдар, газеттер «жас ұлтшылды» жапа-тармағай мүйіздеп, есінен тандырды. Болат Шу бойында шөп шауып жүргенде, бұл жағдайды естіген ауыл дың бас көтерер үлкендері: «Қарағым, мына газеттердің түрі жаман, сені ертең соттатып жіберуі мүмкін. Бұрынғы аға ларыңнан әулие емессің. Бір амалын ойлану керек. «Сәбит өзі де бала-шаға өсіріп отырған ақсақалды кісі емес пе, алдына барып жығылып, кешірім сұрасаң, аналарға қойыңдар деп ай тар» деген кеңес береді де, Болат Алматыға келіп, Жазушылар одағының есігін аңдиды, ішіне кіруге қорқады, екі-үш күн далада жүреді, бірақ Сәбит Мұқановты кездестіре алмай салы суға кетіп, үйіне қайтып оралады. Ал оқырман қауым қатты қуанған, әдебиет аспанында жаңа жұлдыз болып жанар деп үміттенген Болат Бодаубаев сол ал ғашқы аяусыз соққылардан соң әдеби сын жазуын пышақ кескендей тыйды да, көп жыл журналистикамен айналыса жү ріп, көркем прозаға кештеп келді.
Бүгін жазушы Болат Бодаубаевты қалың оқырман жақсы біледі. Тұстас қаламдастары біз де жақсы білеміз. Білгендіктен де шығар, жазушы атынан журналист деген кәсіби мамандығын қоса тіркейміз. Ризашылықпен, сүйінішпен айтамыз. Өйткені, лиро-романтикалық сазда талай көркем әңгіме, повесть ұсы нып танылған, талай-талай деректі көркем проза туындылары бар жазушының жан-дүние пернелерін басып, табиғи талан тын ашқан факторлардың бірі де осы журналистикаға тән ерек шеліктері. Болат өмірбаяны мен шығармалары, байқап-бай қап қарасақ, қатар өріліп отырған сияқты. Ол әдебиетке көл денеңнен емес, өмірдің тура өзінен келген жазушы. Оның бастыбасты көркем туындыларында («Желсіз түнде жарық ай», «Май жаңбыры») тазалық, сыршылдық, қаламгерлік көркемдік си- паттарымен бірге қазіргі өмірдің нақты моральдық-этикалық, адамдық-имандық мәселелерінің астасып жүретіні де сондық тан. Еңбек ардагерлері, өнер қайраткерлері туралы кезінде жарық көрген көркем очерктерін, шығармашылық портрет- терін қалың оқырман жақсы біледі. Кезінде оның қаламынан туған тіл, әдебиет, мәдениет хақындағы проблемалық мақала лары да игілікті қызмет атқарған еді. Көркем әдебиетке жетпі сінші жылдарда түбегейлі ойыса бастаған Болат Бодаубаев- тың қаламгерлік көзқарасын, өзіндік дүниетаным қырларын әуел баста сол деректі прозасы мен мақала, эсселері танытқан. Қалың оқырман көңіліне олар берік ұялаған. Көркем әңгіме, повестерінде автор сол бір сыршылдық же лілерді, адам жан-дүниесінің сәулелі сұлулығына деген іңкәр лік сезімін жоғалтпай, қай шығармасының да өзекті әуен-ыр ғағындай айналып-соғып отырады. «Шақырады жол алға» повесіндегі Бақыт, «Желсіз түнде жарық айдағы» Батталхан, «Жаңбырдан кейіндегі» Аңсағандар әр шығарманың дара кейіпкерлері болғанымен, үндестіріп, белгілі бір арқау желіге байлап тұрған қасиет те сол – ар алдындағы тазалық, сұлу лыққа іңкәрлік. Мінез-құлқы әр қилы жаңағы кейіпкерлердің өмірдегі мұрат бірлігі, адалдығы, арманшылдығы тіршіліктің сан қатпарлы қалтарыстарындағы кісілік кейпі, адам бала
сына деген мейірімдері тұтас тұлғаны көзге елестетердей. Бұл жазушы туындыларының өзекжарды сазын түзеп, құлақкүйін келтіріп отырған көркемдік олжа, құнарының белгісі. Тақы- рып әрқилы («Жаңбырдан кейін», «Қайрақбай ата», «Талғат тың атасы», «Нағима», «Торы биенің қымызы», т.б. әңгімелері), ондағы сюжеттік бітім мен мінез-құлық көріністері де әрқалай, бірақ соның бәрін жинақтап, бір өзекті арнаға құйып тұрған суреткерлік мұрат-аңсардың айқындығы мен мөлдірлігі. Бұл жазушы қаламының лайықты қасиеті, толымды сипаты. Шағын пікірде қаламдас, қатарлас құрбымыздың бүкіл шығармаларын түгендеп, түстеп жату мүмкін емес. Шарт та емес. Мақсат оның өзіміз байқаған көркемдік суреткерлік ерек шеліктеріне назар аудару. Әйтпесе, тізе берсе Б. Бодаубаев тың көркем шығармалары мен деректі туындыларында қоз ғалған, сөз болған проблемалар да, тақырып жүйесі де бірқы дыру. Көркемдік ізденіс самғаулары да әр қилы. Соның бәріне ортақ, түйіп айтатын бір белгі – нәзік, кей сәттерде ашық сыршылдықты реалистік прозаның талаптарымен ұштастыра келіп, өмірдің өз сурет, романтикасына барынша жақындай түсетіні. Бүгінде белге шыққан журналист-жазушының әдебиет әле міндегі үлес өрнегі тек мұнымен шектелмейді. Ол белгілі ау дармашы, әдебиетті насихаттаушы. Халқымыздың рухани қазынасының ата-тегі әдебиет мүд- десі үшін де, қоғамдық қызметімен де жан сала араласып жүр ген қаламдасымыздың шаңқай түсі алдағы ізденіс арналары ның кеңдігін, алар асуларының еңселілігін меңзейді. КЕМЕЛ КЕЗЕҢ Алпысыншы жылдардың басында кейін қазақ халқының тарихи тағдырына орасан зор ықпал ететін жаңа буын өкілдері саясатта (Нұрсұлтан Назарбаев), ғылымда (Мұрат Айтқожин),
әдебиетте (Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов), суретте (Салахиддин Айтбаев), музыкада (Шәмші Қалдаяқов) өздері нің алғашқы қадамдарын бастаған. Бұл толқын құлдық кіріп тарлықпен жаншылмаған, өр де азат рух иелері болып, хал қының ең жақсы қасиеттерін мұрат тұтып, Батыс пен Шы ғыстың үлгі дәстүрлерін игеріп, барлық салада жаңа арна, кең өріс ашты. Ұлы Мұхтар Әуезовтен қолдау тауып, бата алған, данышпан жазушыға «жыл келгендей жаңалық» сездіртіп, жү регін қуанышқа кенелткен бұл ұрпақтың әлеуметтік майдан да, әдебиетте, өнерде, ғылымда қайрат көрсетіп, ұлтының қанқазынасына олжа салып, қанжыға майлағанына отыз-қырық жылдай уақыт болып қалыпты. Тұсаукесер туындыларын алғашқы жылымық тұсындағы аз-кем еркін күндерде дүниеге әкелген буынның талантты өкіл дері отаршылдықты жәннат деп мадақтаған сайқал идеология ның ең қиын-қыстау уақыттарының өзінде ұлттық мұратқа, өнер табиғатына, халық болашағына опасыздық жасаған жоқ. Ашық айту мүмкіндігі болмаған жерде зарлы шындық, ауыр трагедия, сорақы қиындықтарды бүгінгі күннің ақиқатын ескі тарих, емеурін оқиға, бүркеме ой арқылы айтып бере білді. Сондықтан да бұл буын өкілдерінің бетінде шіркеу жоқ, азат Қазақстанның жаңа төлінің көзіне олар именбей, еменжарқын қарай алады. Осы бағлан, байсалды, батыр буынның кеуде тұсында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Қабдеш Жұмаділов тұр. Елуінші жылдардың ортасынан бастап Қытайдан Қа зақстанға мемлекеттер арасындағы келісім бойынша көшіп кел ген, шекара бұзып қашып келген мың сан еңбек торы, сан алуан кәсіп иелері, бауырластарымыздың арасында көптеген көзі ашық оқығандар, ақын-жазушылар, әнші-күйшілер, әртістер, өнерпаздар, қызмет басында болған мансапты адамдар көп еді. Солардың бәрін түгел түстеп, санап шығу қиын шаруа, дегенмен бұл қатарда ақын-жазушылар Шарғын Алғазыұлы, Бұқара Тышқанбайұлы, Құрманбай Толыбайұлы, Ахмет Жүнісұлы, Елубек Байтоқұлы, әншілер Әмина Нұғыманқызы, Дәнеш
Рақышұлы, әртістер Фарида Шәріпқызы, Абылай Түгелбай ұлы, әлеумет қайраткерлері Балқаш Бапыұлы, Жағда Баба- лықұлы айтылса, қате болмас. Адам қаны су боп аққан соғыстар, кісі сүйегі ақсөңке боп қалған ашаршылықтар, отаршылдық тепкісі, таптық қуда лау кесапаттарынан шекара асып кеткен қандастардың үлкен толқыны қайта көтеріліп, Қазақстанның шығыс аймақтарына қоныстану арқылы көп жаңалық ала келді. Ең алдымен рес публика арзанқолды жұмысшыға, малшы, қойшы, жылқы- шыға бір жарып қалды. Осы қандастарымыз арқылы халқы мыздың жойыла бастаған тамаша ұлттық дәстүрлері, әдет-дағ дылары, отбасы – ошақ-қасының рәсімдері, діни тағылым- дар қайтып оралып, жандана дами бастады. Теңіз тектес тіл байлығы қайта оралды. Дәнеш Рақышұлының жалғыз өзі ғажайып бір ән мектебін алып келді. Рас, Алатаудың, Алтайдың ар жағынан келген бауырлардан шыққан өнер адамдары азды-көпті атақ, марапатқа ие бол ғанымен, қалың қауым еңбегі ескерілген жоқ, олардың ішінен бірде-бір Еңбек Ері, депутат, үлкен орден алған адамды шы ғарған жоқпыз. Қанша лайықты еңбек етсе де, бағаланбады. Осы ұлы қауымның бір баласы, тасты тесіп шыққан қарағай мінездес – жазушы Қабдеш Жұмаділұлы. Студенттер ауылшаруашылық жұмыстарынан қайтып, оқу енді басталған 1957 жылдың күз айларының бірінде, қазіргі Төле би мен Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы сол кездегі Қазақ мемлекеттік университетінің бас корпусында бір әдеби кеш болды. Ол тұста жастар арасында әдебиет, өнер мен театрға құштарлық орасан зор еді. Қаланың әр түрлі оқу орындарындағы студенттер бұл күні көп жиналды. Қытайдан келіп, осы университетте оқып жатқан бір топ жігіт бар екен. Алдымен бір бұйра бас өлең оқыды. Әдемі сезім, биязы. Кейін таныстық – бұл қазіргі қазақтың белгілі ақыны Оразақын Асқар. Тағы бір бұйра бас хикаядан үзінді оқып тұрып алды. Тілі удай. Кейін таныстық – бұл марқұм талантты прозашы Төлеубек Жақыпбайұлы. Үшінші бұйра бас та өлең оқыды.
Елге, ауылға деген сағыныш. Кейін таныстық – бұл қазіргі қа зақтың атақты романшысы Қабдеш Жұмаділұлы. Содан бірнеше жыл бойы екі бұйра бас Төлеубек пен Қабдеш көрінбей кетті. Жағдай былай екен: жігіттер жазда демалыс кезінде Қытайға, ауылдарына барған жерінен «сендер совет тыңшысы екенсіңдер» деген жаламен ұсталып, қуғын-сүргін азабын тартып, түрмеге қамалады, сотталады. Кеше ғана ар наулы жолдамамен әлем жастары фестиваліне қатыстырған, ерекше стипендия төлеп оқытқан кадрларын Пекин енді қолаяғын бұғаулап, шахтыдан еңбектеп көмір қазып шығару жұ мыстарына салады, «еңбекпен түзеу мектебінен» өткізеді. Сол азаптан қашып шығып, шекараны бұзып өтіп Қазақ станға, атамекенге жеткен жігіттердің бірі – бүгінгі қазақтың қабырғалы жазушысы Қабдеш Жұмаділұлы. Қабдештің туған ауылы Семейдің Мақаншысынан алыс емес, Тарбағатайдың арғы беті, халықтың ырыс-берекесін, дәстүр-салтын сақтаған, мың жылдар бойы қалың қазақ мекен еткен құтты жер. Атабабалары – Жұмаділ, Күдері, Смайылдар – ел ішінде беделді, сыйлы адамдар, мешіт салған діндарлар. Ұлт рухы шайқалмаған қасиетті топырақта өсіп, көшпелі өмірдің барлық рахатын көрген сергек бала Шәуешек гим назиясында кешегі Алаш қозғалысының белгілі өкілі Тұрсын Мұстафин (1952 жыл атылған), Уфадағы Медресе «Ғалияның» түлегі Қисам Бадин сынды терең білімді, ұлтжанды, талантты ұстаздардан дәріс алып, балғын шынардай өсіп келе жатқан. «Шұғыла» журналы мектеп оқушысының алғашқы әңгімесін басқан. Сөз жоқ, Қытайдағы қазақ әдебиеті – ұлтымыздың үлкен әдебиетінің терең бір арнасы. Бұған Моңғолияда жасалған қазыналарды қосу керек. Ал Пәкістан, Кашмир арқылы Түр кия асып, одан Еуропаға өткен қандастарымыз жасаған әдеби шығармалар дегенде, әрине үлкен діндар, аудармашы, жазушы Халифа Алтай, белгілі тарихшы, ғалым – қазақ, түрік, ағыл шын тілдерінде қатар жазатын қаламгер Хасен Оралтай, журна лист Қызырбек Қайратолла туындылары еске түседі.
Қытайдағы қазақ прозасының алғашқы күрделі туынды ларын марқұм, әрі ғұлама тарихшы, әрі ақын, әрі жазушы Нығмет Мыңжани, бүгінде жабылған жала кеселінен түрмеде отырған көп томдық «Қылмыс» романының авторы Қажығұ мар Шабданұлы берсе, арғы беттегі бауырлар, дәлірек айтқанда Шыңжаң қазақтары туралы ең алғашқы роман Қабдеш қала мынан туды. Тарихи тақырыптарды өрбітетін, кейінгі жыл дарда жазылған «Бөке батыр», «Зуха батыр», «Қайқая шапқан қарагер» сияқты жақсы романдарда «Соңғы көш» тәжірибесі, дәстүр-үлгісі көрініп-ақ тұрады. Әуелі татымды өлең, байсалды мақала жазып көріне бастаған Қабдештің алғашқы прозалық туындылары соны тақы рыбымен, оқыс оқиғаларымен, шұрайлы тілімен оқырман жүрегін бірден баурап алды. Аз уақыт ішінде қазақ әдебиетіне толымды талант, қажырлы қаламгер келгеніне көпшіліктің көзі жетті. Тырнақалды «Қаздар қайтып барады» жинағын- дағы туған жерге деген махаббат, ата-бабасының мың жылғы жұрты сайрап жатқан топырақта отырса да, шекараның екі жағында қалған, екі ұлы империяға отар болған бір халықтың трагедиясы туралы қоңыр әуез, мұңлы ой, шерлі сарын Қабдеш тің күллі шығармашылық жолының құлақ күйіне айналды. Қазіргі замандағы Қазақстан шындығына арналған «Сәйгүлік тер», «Саржайлау», «Бір топ тораңғы», «Бір қаланың тұрғында ры», «Қарауыл» хикаяттары, «Көкейкесті», «Атамекен» роман дарының өзінде жазушы малшылар, жылқышылар, студенттер, ғалымдар өмірін, бүгінгі ауылды, Алматыны бейнелей отырып, туған жердің қадірі, ел алдындағы парыз деген идеяларды түпқазық нысана етіп ұстайды. Қабдештің тарихи романдар шоғырындағы шаруалар, байлар, кедейлер, батырлар, билер, хандар, әр ұлттың өкілдері, түрлі тартыстар, соғыстар, тарихи оқиғалар – баршасы қазақ халқы азаттық үшін күрес жолында не істеді, қандай асулар асты деген ұлы бір сауалдың жауабын табу үшін бейнеленген сияқты көрінеді де тұрады. Кешегі бір кезеңде Қытай мен біздің елдің арасы шиеленісіп, тіпті Даман аралында, Жалаңашкөлде қан төгіліп жатқанда,
Шығыс Түркістан туралы роман жазып бастыру деген аса бір михнатты іс еді. Бұл қадамға қаймықпай бару үшін әдеби дарынмен қоса азаматтық жүрек қажет болатын. Шығыс Түр кістанның жеке ел азаттығы үшін күрес жолын бейнелеген, қазақ – қытай, қазақ – орыс қарым-қатынастарына арналған «Соңғы көш» романының бірінші кітабын жазып біткеннен кейін Қабдештің азапты күндері басталды: Мәскеудегі небір төрешіктердің байлаулы пікірін тосып, жылдар бойы сарылып күтті. Бірінші кітап көп қиындықтан кейін жарияланды да, шыға салысымен оқырмандар махаббатына бөленді, ал екінші кітап қолжазбасы ұзақ жылдар баспа қоржынында сартап боп жатты. Қабдеш әр есікті қағып көрді, бірақ нәтиже шықпады. Бұдан жасыған қаламгер жоқ. Тағы да жазу үстеліне отырған Қабдеш «алтын шыққан жер ді белден қаз» деген аталар даналығын ұстанып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс Түркістан тарихын көрсе тетін «Тағдыр» (Мемлекеттік сыйлық алды), ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихын бейнелейтін «Дарабоз» (екі том) романда рын жазып бітірді. Сөйтіп, әділін айтқанда, Қабдеш Жұмаділ ұлы данышпан Мұхтар Әуезов реалистік негізін салып, әсемдік биік көркемдік деңгейге көтерген, кейін Ілияс Есенберлин деректілік арқауын ширатқан қазақ тарихи романистикасы- ның бүгінгі таңдағы ең беделді өкілінің бірі болып отыр. Бұл – оның Қазақстанның бергі бет, арғы бетіндегі досы да, дұшпаны да мойындаған шындық. Мәдениетіміздің жақсы бір белгісі баспагерлік өнер дәреже сіне көтерілді. Ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында тамаша редакторлардың тұтас мектебі қалыптасты: Ғафу, Қадыр, Сағи, Жұмекен, Әнуарбек, Тұманбай – бәрі де редакторлар, Рамазан, Мағзұм, Жайсаңбек, Тұтқабай, Төлек және Қабдеш – бәрі де редакторлар. Әсіресе, Қабдештің бай, шұрайлы, терең тілінің шарапатын талай автор көрді. Өз бетімен партия құрып, топ жинап, жиналыстарда көстең деп көрмеген Қабдеш соңғы жылдарда көкейкесті сырларын көбінесе толғау, саралау мақалаларымен шешіле, жеріне жет
кізе айтып жүр. Елдің бүгінгі әлеуметтік жағдайы, әдебиет дағдарысы, ұлыстар арасы, тіл тағдыры – баршасына пікір білдірді. Жарасымды, салмақты, уытты сөздер. БАЛА БЕДЕШ, АЗАМАТ БЕДЕЛБАЙ Көптен көрмеген соң әр нәрсені сұрасып жатырмыз. Ұзақ жылдар Қазақ мемлекеттік университетінің баспаханасын бас қарған Айымды ұстаздар қауымы жақсы біледі. Менің кейбір қалжың сөздерімді оғаш көрген біреуі: – Апайды әр жерге апарып тастадыңыз ғой, – деп қалды. – Шырағым-ау, бұл апаң біздің ауылда аспаннан түскен ке лін атанған. Марқұм Беделбай Көшербаев – менің балалықты бірге өткізген ауылдасым. Мына апаңның күйеуі. Бедеш Мәс кеуде оқып жүргенде, бұл сұлу стюардесса болған. Екеуі ұшақ ішінде, аспанда танысқан. Артынан үйленді ғой. Айым енді жадырады: – Тірі болса досыңыз алпысқа келетін еді. Темекеңе, про фессор Темірбек Қожакеевке бардым. Сыйлас, дос ағасы еді. Серік Әбдірайымовқа бардым. Іні досы еді. Профессор Алек сандр Кузнецовқа бардым. Бірін-бірі жақсы көретін. Бәрінің басын қосып, Бедешті еске алып, дастарқан жасағым келеді. Ұлы Ермек, қызы Айгүл де осыны қолдады. Кейінгілер білмей ді ғой. Баспасөзде бір-екі ауыз болса да, сөз басылса жақсы болар еді, – деді. Осы әңгімеден кейін қолыма қалам алдым. Тайлан патша заманында Жандарал жолы аталған Семей мен Қарқаралыны қосатын үлкен күретамырдың бойындағы елді мекеннің бірі еді. Маңайы түгел шабындық, қорық, қалың шиінен кісі көрінбейтін, ешқашан жұтты білмейтін құтты өлке болатын. Бурадай шөгіп жатқан Дегелең тауының сай-саласы қайың, шілік, терек, Әулие асудан бастау алып құлайтын Қарабұлақ, Ұзынбұлақтың сулары арналы өзенге бергісіз мол, 16-0194
берекелі. Бұл өңірдің маңайы ұйысқан қалың ел. Ашаршылық, соғыстан кейін қайтадан бас көтерген ауылдың бір кіндігі – Тайландағы көпшілік ат басын тірейтін жер – ұста Жақияның дүкені. Маңайдағы барлық шаруашылықтың темір-терсек, аспап-сайманы осында жөнделеді. Қырық жылғы іс-мәшинесі, самауыр іске қосылып, қайшы-пышақ қайралып, сынған кесеге дейін осында құрсаулады. Ат тағаланады, доңғалақ қалпына келеді, арба жүргізіледі. Дүкенде Жақияның балғасының дүрсілі бір тынбаса, үйде менің әкемнің апасы Шәбілдің қара шәйнегі мосыдан бір түс пейді. Күндіз-түні келімді-кетімді кісі, оған қабақ шытатын Жақия да емес, Шәбіл де емес. Бір көргенге болмаса ұста дүкеннің іші балаларды қызық тырмайды: шыңылдап ұрылып жатқан төс үстіндегі темірлер, әр түрлі аспаптар: балта, балға, ара, пышақ, бұранда, біз, қай рақ, қызарып жанған көмір шоғы, көңірсіген иіс, ыстық ауа, ұсталардың денелерінен тамшылаған тер – бәрі қосылып өзінше бір әлем жасайды. Өзгелеріміз есік алдында арбаға, шөп мәшинелеріне мініп ойнағанды ұнатсақ, жалғыз Беделбай ғана дүкен ішіндегі теміртерсекті жағалай береді. Ұсталардың ананы әпер, мынаны әпер дегеніне жаны қалмай жүгіреді. Қолы-басы, бет-аузы күйелешкүйелеш болып, екі көзі ғана жылтырап шыға келеді. Сонда әншейінде көп сөйлемейтін Жақия ұста: – Басқаларың кім болсаң ол болыңдар, онда шаруам жоқ. Да лада қалмассыңдар. Мынау Көшербайдың күшігі Беделбайым – Бедешім, мен кісі танысам, қара дүкеннің киесін ұстап қалайын деп жүр-ау. Бұл ұлым мен секілді темірдің тілін білетін шебер болады, – деп оның басынан сипап батасын берер еді. 1954 жылы 10 тамызда Семей облысы Абыралы ауданының халқы түгелдей отырған орындарынан Қарағанды атырабына бір аптаға көшіріліп, Дегелең тауының бауырындағы Балапан жазығында Совет елінің тұңғыш сутегі бомбасы жарылып, сынақтан өткізілді. Жан басына ақша үлестірілді, бөшке-бөшке арақ үйді-үйге бөлінді, әскери шатырлардан қала тұрғызылды.
Бұрын өмірі дәмін татпаған консерва, колбаса, шоколад де гендерге бала-шаға қарық болды. Бомба жарылғанда аспанда жаңа күн жасалғандай әсер қалды, алып саңырауқұлақ көкке көтерілді, жер тітіреп, ауа құбылып, көгалда сағым жөңкілді, жанып жатқан от шалқыды. Жан-жануар ақырзаман келгендей шошынып, кірерге тесік таппай қиналды. Әуелде жұртқа басу айтып, бас-көз болып жүрген әскерилердің өзі бомба жарылған кезде, зәрелері ұшып, құт-берекелері кетіп, бір-біріне жалтақжалтақ қарап, тілдерін шайнап, тістерін шықырлатып, бастары салбырап, өңдері бозарып, белгісіз күйге түсті. Бұл кезде балаларды құдай жарылқағандай болған еді. Әс кери мәшинелердің қорабына, кабинасына мініп алып, шалашарпы орысшыларының арқасында солдаттармен әмпей-жәм пей. Солардың бел ортасындағы Беделбай жарылыс басталған да үрейленіп кабинаға кіріп алған Томскіден келген шофер солдатқа: – Ой, шірік! Неменеге қорқасың? Мұндай жарылыс біздің Дегелеңде осыдан бес жыл бұрын болған. Бұл саңырауқұлақты сонда көргеміз, – деген. Көп жерлер әскерилердің атом бомбасын сынайтын арнаулы аумағына айналған соң, 1955 жылдың аяғына қарай Абыралы ауданы таратылып, халықты жан-жаққа бөліп-бөліп көшіре бастады: біреулер Абай, біреулер Жарма, біреулер Шұбартау, бі реулер Қу, біреулер Қарқаралы аудандарына көшірілді. Сөйтіп айрандай ұйып отырған қалың ел бөлініп-бөлініп кетті. Бұрынғы Дегелең тауының бауырын, Тайлан атырабын мекен еткен жұрт көршілес Абай ауданының басына, Абай, Бірлік шаруашылықтарына қоныс тепті. Біздер Шұбартау ауданына көштік. Орта мектепті Беделбай Қарауылда аяқтаса, мен Бар шатаста бітірдім. Төрт-бес жыл бойы бір-бірімізді көрмеген едік. 1960 жылы жазда Семей әуежайында кездестік. Атымды атап біреу анадайдан айқайлап тұр. Беделбай екен. Құшақтаса кеттік. – Иә, қайдан келесің? Алматыда мінгендер ішінде жоқ едің ғой, – дедім.
– Менің Мәскеудің полиграфия институтында оқитынымды естіген жоқсың ба? – Беделбайдың дауысында сәл мақтану бар секілді. – Жер түбіндегі Мәскеуде нең бар? Полиграфияны қайткелі жүрсің? – дедім әдейі тиісе сөйлеп. – Немене Бақтажар Мекішев ағамыздан басқа Абыралы баласы Мәскеуде оқымасын деген заң шығып па еді? Полигра фия – қағаз басатын темір-терсек. Оған баруыма баяғы ұста Жақия атамыздың аузыма түкіргені себепші болған шығар, – деп Беделбай басын кекжитіп күлді. – Жақсы болды ғой. Кейін бірдеңе жаза қалсақ, өзгеге жалынбай саған барамыз, – дедім. Беделбай қолын ұсынып: – Аман-есен бітіріп шықсам, бір баспахана билігі тиер, не жазсаң да бастырып тұруға уәде берем, – деді. Арада екі-үш жыл өткеннен кейін Беделбаймен Алматыда кездестік. Айтқанындай, бір баспаханаға инженер-экономист болып жұмысқа тұрған екен. Бірнеше жыл істеді. Тағы да Мәс кеуге барып, аспирантураға түскісі келетінін айтқанда, мен қалжыңдап: – Әріп теретін темір-терсектің де ғылымы бар ма? Соған әуре болып қайтесің? Жалпақ табан жұмысшы болып жүре бермей сің бе, – дегенімде Беделбай: – Сөз теретіндер ғылымы болғанда, техника ғылымы неге болмасын. Терушілердің жұмысын жеңілдету жолдарын көр сететін ұсыныстарым бар, соларды ғылыми түрде дәлелдеп, өн діріске ендіру әдістерін айқындап беретін еңбек жазғым келе ді, – деп басалқы жауап берді. Айтқанындай-ақ, Беделбай Мәскеу полиграфия институты аспирантурасында оқып, Қазақстандағы полиграфия саласынан бірінші ғылым кандидаты атанды. Баспа комитеті төрағасының орныбасары болып қызмет істей бастады. Бір күні кабинетіне барсам, мәз-мейрам күліп отыр. Бұрыннан да кішіктігі шамалы, енді мансаптың желі бар, астам сөйлеп те қалады. – Қатырдым бүгін коллегияда бастықтарымды, – деді сыл қылдап.
– Не істедің? – Төраға Елеукенов – журналист, орынбасар Скоробогатов – журналист, мен ғана маман полиграфияшы инженер-экономис пін, соңғы сөзді мен айтқаным дұрыс деп қатырдым оларды. – Бір жолға сен қатырған екенсің, келесі жолы олар сені қатырады. Орынбасарының өзінен мықты болғанын көтеретін бастық көрген жоқпын. – Қалжыңдап айттым ғой. – Қалжың түбі – шын. Орныңды босатуға дайындала бер. Содан көп уақыт өткен жоқ. Беделбай телефон соғады. – Бірге отырып тамақ ішейік түсте. – Қайда барамыз? – Көк базарға кел. – Басқа жер жоқ па? – Сол маңайға қызметке ауыстым ғой. – Не деп тұрсың? – ЦК баспасына директордың орынбасары болып бардым. – Зампред емес пе едің? – Баяғы қалжың түбіме жетті білем, – деп Беделбай сылқсылқ күледі. Газет-журналдар басылатын үлкен баспаның жұмысын Мәс кеуде бірге оқыған екі дос – Әнуарбек Тілеулесов пен Беделбай Көшербаев жолға қойды. Екеуі арадан қыл өтпейтін тату. Бі ріне-бірі сенеді. Біріне-бірі еркелейді. Беделбайдың елде туыстары, ағасы бар, соларды сағынып, қолы тиген кезде Семей, Шыңғыстау, Абыралы қайдасың деп тартып отырады. Бір күні: – Саған бір сыр айтайыншы. Ел жаққа барып келсем болды, бір жұма бойы бойым көтертпейді. Басым ауырады, қысымым көтеріледі. Әсіресе, Дегелең жақтан аң қағып келгеннен кейін ауыра бастаймын. Сенде сондай жағдай жоқ па? – деді. – Өйтіп қорықсаң барма. Әкеміз-шешеміз, бауырларымыз отырғанда, елге қатынамай қалай өмір сүреміз? Іргедегі қайынжұртыңнан шықпа. – Шынымды айтсам, сен де теріс секіреді екенсің, – деп ренжіп қалды.
1976 жылдың жазы болатын. Беделбай екеуіміз бала-ша ғамен Ыстықкөлге барып демаламыз деп уәделесіп қойған бола тынбыз. Телефон соқты: – Бір шаруа шығып қалды. Екі-үш күнге елге барып қайт сам. Сен жолазықты молдап дайындай бер. Фрунзе емес, Ке ген айналып барайық. Табиғаты керемет, таулары ғажап деп Әнуарбек мақтап отыр. Не сәлем айтасың ағайынға? Жаңа «Москвичпен» кетем. Қасымда ұлым Ермектен басқа ешкім жоқ. Білем, білем. Қатты айдамаймын. Баяғы жүзден аспай мын, – деді. Ең соңғы тілдесуіміз осы болды. Ертеңіне таңға жақын суық хабар жетті. Машинасы өз-өзінен аударылып Беделбай опат болды. Одан бері де жиырма үш жыл өтті. Кейде ойлаймын: жол жақсы, көлік жаңа, күн жарық, кедергі жоқ, мәшине өз-өзінен неге аударылды екен? Жүрек сыздады ма, қысым көтеріліп кетті ме, бас ауырды ма? Кеше ғана сау жүрген атпал азаматтың аяқ астынан мерт болуы қалай? Пәк күндерді Дегелең бауырында бірге өткізген бала Бедештің, еліне танылған Беделбайдың да ажалы полигон кесапатынан келді-ау деп ойлай берем. ЖІГЕР І Жыл басында Қазақ ұлттық университетінің журналис тика факультетінің деканы профессор Намазалы Омашевтің елу жасқа толған тойының дастарқанына жиналдық. Кешегі алдымызда отырып, дәріс тыңдаған студентіміз. Енді оның шә кірттерінің де аузына ата сақал біткен. Алды республикалық басылымдардың редакторлары, радио-тележурналистер. Үзіліс кезінде көп адамдармен, көптен көрмеген ағайын дармен қауқылдасып сөйлесіп жатырмыз. Маңайына жастар үйіріліп, ақар-шақар болып жатқан бір адам – профессор
Әбілфайыз Ыдырысов. Ұзақ жылдар ауыр дертпен күресіп, мұндай жиындарға бара бермеуші еді. Қазір өңі жақсы, қи мыл-қозғалысы айқын, күш-қуатын қайтадан жинап алған, қунақылық бар. Бір кезде шәкірттері ортаға алып гу-гу әңгі ме соғып кетті. Ұстаздарының лекцияны қалай оқығаны, практикаға барғандары, тәжірибе газет шығарғандары, түрлі қалжың сөздері, емтихан алғандағы мінездері, қатал да қыр шаңқы деканмен студенттер үшін сөзге келіскендері, жастар кештерінде жеңгеймен қосылып, Төлеген мен Жібек арияларын орындауы – қойшы, әйтеуір, сан алуан өткен күндердің есте қалған елестері тіріліп қоя берді. Ең соңында, ұстаздарының ақпанның аяғы, наурыздың басында жетпіске келетіндігі сөз болып, мақала жазам деушілер көбейіп, өзара таласа бастады. Тіпті басылымдар да белгіленді. «Біз қалыс қаламыз ба?» дегенімізде, жастар жағы: «Сіз бұл кісіні біздей білмейсіз ғой», – деді. Солай ма еді? ІІ Бірер жыл (1963-1964) менің «Лениншіл жас» газетінің сол түстік облыстар (ол кезде Тың өлкесі деп аталған) бойынша өз тілшісі болғаным бар. Ұшарымды жел, қонарымды сай білетін еркетотаймын, бүгін Көкшеде жүрсем, ертең Баянға тартып кетем. Ерік өзімде. Арқаның өзен-көл, тау-тасын түгел аралап көру бақытын сыйлаған тамаша жылдар еді. Сондай сапардың бірінде, Қостанай қаласында қонақүйде жатқанмын. Есік қағылды. Мәссаған! «Қазақстан пионері» га зетінің редакторы Әбілфайыз Ыдырысов келіп тұр. Сырттай білгеніммен, бұрын ешқандай аралас-құраласымыз болмаған кісі. Сыйлайтын азамат, белгілі журналист. Орталық Коми теттің арнаулы бір тапсырмасымен сапарға келген екен. Менің осында екенімді біреулерден естіген. Астында жақсы көлік бар, мүмкіндігім болса мені де ала кетпек. Торғай атырабын, елді, жерді көрсетпек. «Құланның қасуына – мылтықтың басуы»
демекші, тілшіге керегінің өзі де осындай сапар, сол күні-ақ тарттық та кеттік. Ағамыз ақкөңіл, әңгімешіл, бауырмал адам болып шықты. Ұзын жолда ата-тегі, балалығы туралы көп әңгіме айтты. Он екі жасында Қостанайға келуі, кейін Алматыда университет бітіруі, газетте істеуі – бәрі сөз болды. Осы сапарда Әбілфайыз Ыдырысов мені Торғайдың ұлы даласымен таныстырып, елді, жерді, адамдарды көрсетіп, көңіл қанжығасын майлап жіберіп еді. ІІІ Алпысыншы жылдардың ортасында Алматы зиялы қауы мының бас қосатын бір жері – республикалық көпшілік кі тапхана болатын. Студенттер, аспиранттар, кандидаттар, докторлар, академиктер, өзге жұрт – бәрі үшін небәрі үш-ақ оқу залы бар. Кейде бір орын табу үшін сағаттап тосуға тура келеді. Кейбіреулер оқта-текте бас сұқса, күнде бұл жерден табылатындар да аз емес. Сондай ізденушінің бірі – Қазақ мем лекеттік университетінің оқытушысы Әбілфайыз Ыдырысов. Көбіне-көп арнаулы бөлімде жүреді. Қарайтыны – жиыр масыншы-отызыншы жылдардағы қазақ газеттері. Шаң бас қан, сарғайған, тозған тігінділер. Құмырсқаның ізі секілденіп көрінетін, ширатылып жатқан араб әріптері. Кейде ол газеттерді біз де қараймыз. Бірден ажыратып, же дел оқып кету қиын шаруа. Сонда күлеміз: «Біздің басымыз ды осы батпаққа тығып қойған екі шал: Бекхожин мен Кенже- баевқа болсын обалымыз дейміз. Қазіргі заман тақырыбын бер се, оп-оңай, қиналмай-ақ қорғап кететін едік». Көп жыл еңбек етіп, қиын мезгілдегі баспасөз материалда рын сараптап шыққан Әбілфайыз Ыдырысов тарих ғылымдары бойынша диссертация қорғады.
ІV Осы әңгімелердің басы қайырылғаннан кейін жас редакторлар: – Ойбай-ау, ағай-ау, Әбекеңді, біздің ұстазымыздың өмірін жақсы біледі екенсіз ғой. – Бізге мақала жазып берсеңізші. – Еңбектерін де білетін боларсыз, – деп ортаға ала берді. – Оларың рас, еңбектерін де бір кісідей білем. V Бастау көзін отызыншы жылдардан алатын қазақ журна листикасы, баспасөзі туралы Бейсенбай Кенжебаев, Зейнолла Тұрарбеков, сатира жөнінде Темірбек Қожакеев, очерк жө нінде Төлеутай Ыдырысов, Шерияздан Елеукенов кітаптары басылды. Осы қатарда елерлік еңбектер жазған Әбілфайыз Ыдыры сов та бар. Ең алдымен, оның «Баспасөзді безендіру ісі» (1966) деп аталатын, кейін әрбір редакцияның күнделікті қолдана тын құралына айналып кеткен оқулығын айту керек. Безендіру саясаты: қаріптер және олардың сипаттамасы, көркемдеу үлгі лері, газет нөмірінің архитектурасы нақты сараланды. Бұған жалғас шыққан «Редактор мен корректорға көмекші құрал» (Ә. Бектемісовпен бірге) оқулығы бірнеше рет қайта басылды. Мұнда қолжазба, оған қойылатын талаптар, өндіріске даярлау, редакциялау, корректуралық жұмыстар: автор мен редактор қарым-қатынасы, корректорлық белгі-таңбалар, оларды қол дану тәсілдері жан-жақты көрсетілді. Ал «Фототерім» (1994) оқулығында фототерімнің ерекше ліктері, бүгіні мен болашағы, мәтіндерді фототерімге әзірлеу, басу, жариялау және олардың технологиясы көрсетіледі. Қысқасы, баспасөзді безендіру, қолжазбаларды даярлау, кітап етіп шығару, полиграфия, терім технологиясына қатысты қазақ тіліндегі негізгі ұғымдарды қалыптастырып, алғаш қы бағдарламалар, оқулықтар жазған профессор Әбілфайыз
Ыдырысов екендігін ашып айту әділет болмақ. Мұның үстіне автор «Офсеттік шағын мәшинелер және оларда жұмыс іс теу», «Полиграфия өндірісі» деп аталатын орыс тілінде шық қан монографияларды еркін, жатық тілмен сөйлетіп, қазақ баспагерлерінің күнделікті пайдаланатын кітаптарына ай налдырып берді. VІ Желтоқсан оқиғасынан кейін университеттерде студент терді, ұстаздарды қудалау, жазалау тарихы – әлі жазылмаған қаралы кітаптардың бірі. Сол тұстағы ауыр салмақты жаңа өркен жастық қайратпен көтеріп кетсе, аға ұрпақтың жүйкесі жұқарды, жүрекке сызат түсті. Профессор Сұлтан Досымбеков, академик Өмірбек Жолдасбеков тәңір бұйыртқан жастарын жасай алмай, Желтоқсан кезіндегі қудалау азаптарының құр баны болғандығын ашып айту керек. Университеттегі идеологиялық факультеттің бірі – журна листика бөлімінің төбесінен әңгіртаяқ ойнатып, шәкірттер мен оқытушылар арасынан «жау», «ұлтшыл» іздеген тіміскілер, ең алдымен партия ұйымының хатшысы Әбілфайыз Ыдырысовты тоқпақтағаны рас. Күнде жиналыс, күнде сілкілеу, күнде айқас. Сол қаралы оқиғалардың кесапаты күндердің бір күнінде күт пеген жерден Әбілфайызды да жыққан. Жүйкеге түскен мың сан ауырлық инсульт жасаған. Мұндай ауыр дерттен кейін кісі қатарына қосылу – екіталай шаруа. Бірнеше жыл қан шеңгелді сырқатпен қайтпай айқасып, ақыры оның өлім тырнағынан құтылып, жазу орнына оралып, қаламгерлік қайратына мінген азаматтың қажырына риза бо ласың. Әсіресе, соңғы үш-төрт жылдың ішінде Әбілфайыз қа ламы ерекше жемісті, құнарлы, толымды екендігін көрсетті. Бірінің артынан бірі шығып жатқан кітаптар. Мұхтар Әуезовтің туғанына жүз жыл толуына орай жазыл- ған әр түрлі жанрлардағы еңбектердің үлкен бір міні – нақты
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру