Бабалар сөзі 12 том
Әзібаева Бақытжан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының он екінші томына «Қисса Зарқұм», «Зарқұм» атты дiни дастандар енді. Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................5 Мәтiндер Қисса Зарқұм .........................................................................9 Зарқұм ..................................................................................128 Ғылыми қосымшалар Томға енге
Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды
Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.
Нұрпейісов Ә.К.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы
12 том
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Діни дастандар
ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Әкімова Т., Қасқабасов С., Нарымбетов Ә. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., филология ғылымдарының докторы, Әкімова Т., Жұмәділова М., филология ғылымдарының кандидаты Жауапты шығарушы: Әуесбаева П., филология ғылымдарының кандидаты Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2004. Т. 12: Діни дастандар.—2005.—328 бет, суретті.
ІSBN 9965-619-17-4 «Бабалар сөзі» сериясының он екінші томына «Қисса Зарқұм», «Зарқұм» атты діни дастандар енді. Б 00(05)—04
ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-619-17-4 (т. 12)
© Әдебиет және өнер институты, 2005
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005
Құрастырушылардан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жариялана тын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. Аталған басылымның басты мақсаты—халықтың руха ни мол мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару, сол арқылы ұлттық мәдениетіміздің байлығын көрсету, әрі қазіргі көркем әдебиет пен өнердің дамуына соны серпіліс беру. Соны мен бірге бұл басылым бүгінгі оқырман мен ғылымға ғана емес, келешек ұрпақтың ежелгі мәдениетімізді білуіне, үйренуіне, игеруіне және зерттеуіне негіз болуды көздейді. «Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негіз гі принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады. Әрбір том ғылыми қосымшалармен толығып отыр. Қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған ғылыми тү сініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаула ры, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жыр лаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған резюме кіреді. «Бабалар сөзі» атты серияның он екінші томы алдындағы он бірінші том сияқты діни дастандарды қамтиды, олар: «Қисса Зарқұм», «Зарқұм». Мұнда «Зарқұм» дастанының екі нұсқасы
діни дастандар жарияланып отырған себебі, олардың сюжеті бір болғанымен, бұлардың әрбіреуі де өз алдына дербес, мүлде оқшау стиль мен дәстүр аясында туған шығарма; әр нұсқаның жырлау үлгісі мен тілдік жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. «Қисса Зарқұм» алғаш рет 1877 жылы Қазан қаласында жеке кітап болып жарияланған. Содан соң 1916 жылға дейін он төрт рет мыңдаған данамен қайта басылды. Ал Майлықожа жырлаған нұсқа ел арасында кеңінен тарап, бізге бірнеше қолжазба арқылы жетіп отыр. Дастанның өлең және жыр үлгісінде айтылған, халыққа та нымал екі көлемді нұсқасының болуы осындай шығармаларға үлкен сұраныс болғанының айғағы. Кеңестік дәуірге дейін қазақ фольклорының мәтіндері, негізі нен, араб әрпінде басылғаны белгілі. Ал араб жазуында дауысты дыбыстардың жасырын тұрғаны, бас әріптің болмайтындығы, тыныс белгілерінің қойылмайтындығы мәтіндерді дұрыс оқуға едәуір қолбайлау болды. Қазақ және араб тілдері әр түрлі тіл дік жүйеге жататындықтан, араб әліпбиі тіліміздегі төл дыбыс тарды таңбалауға да, оның өзіндік ерекшеліктерін байқатуға да дәрменсіз. Сондай-ақ ХІХ ғасырда араб жазуын пайдаланудың жалпыға ортақ ережелерінің болмауы да өз әсерін тигізбей қалмады. Сондықтан томды дайындау барысында ХІХ ғасырда араб әрпінде жазылған қолжазба мен Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шыққан дүниелерді дұрыс оқу үшін мәтіндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тілінің жалпыға ортақ жазу нор маларына және контекске сәйкес түзетіліп жазылды, ал кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда қажетті сөздер жақшаға алынып берілді. 1877-1916 жылдар аралығында Қазанда бірнеше рет кітап болып шыққан «Қисса Зарқұм» мен ХІХ ғасырда Майлықожа жырлаған «Зарқұм» дастаны түпнұсқаларынан еш түзетусіз дайындалып, кирилл әрпінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Томның көлемі—20,5 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Қисса Зарқұм
Табылар сөйлесе сөз жоқтан ғайып,
Сөзде қате көрінсе қылма айып.
Кешегі хазірет Расулдың заманында
Бір үлкен соғыс болды таңғажайып.
Аяман «ал» дегенде тіл мен жақты,
Ұқсаған тыңлағанға ынтымақты.
Сөйлейін Пайғамбардан бір хикаят,
Отырған көп жамағат, сал құлақты.
Анық бір күн табармыз о дүнияны,
Өлсек қайтып көрмейміз бұ дүнияны.
Отыз үш мың сахаба, төрт шаһариар
Біраз күн мекен қылды Мәдинені.
Олар һәм өтіп кетті сабаздарың,
Кетіп кейін тастады қағаздарын.
Хақ Пайғамбар бас болып баршасына,
Оқып тұрған бамдаттың намаздарын.
Ішіне бір мешіттің енді сонда,
Пайғамбарды имам қылып тұрды сонда.
Хазірет Жәбірейіл Хақтан келіп,
Хабибіне хабарды берді сонда.
Достына бұ хабар берді сонда,
Құдадан сәлем айтып тұрды сонда.
—Ирақ деген арабтың падишасы
Сіздің үшін жұртын жиды сонда.
діни дастандар
Есітіп шаһ Зарқұм ашуланды,
Ашуланып ләшкерін жиып алды.
Қисапсыз көп ләшкермен келмек болды,
Бұ жақтан қырмақ болды тамам жанды.
—Пайғамбар, алды-артыңды жиың,—деді,
Өзі жалғыз Тәңіріңе сиын,—деді.
Онан бұрын әскерің жиып алып,
Болады бармасаң қиын,—деді.
Үш айлық Ирақ мұннан жол,—деп айтты,
Оған ерген халайық мол,—деп айтты.
Олардай бұ дүнияда күшті жан жоқ,
Қауіпті бір дұшпан сол,—деп айтты.
Бұ сөзді күтіп, тақсыр, ал,—деп айтты,
Алып іздеп алдынан бар,—деп айтты.
Ирақта кәпірлердің көбі,—деді,
Бұрын бармай, келмейді ебі,—деді.
Бұ Зарқұм сақыпқыран балалары
Қаһарман, Қатыранның теңі,—деді.
Зарқұм сынды-ай падиша жоқ өзге,—деді,
Әскері жұп, қадірлі көрінер көзге,—деді.
Жаман қатты, машақат қайғы беріп,
Ақыры қайыр болар сізге,—деді.
Сарқырар, судай ағар қызыл қандар,
Не сынды қаза табар серке сандар.
Бұ жақтан бізге келген бір қаза деп,
Өлеміз деп жөнелсін барған жандар.
Біліп тұрды келгенін сахабалар,
Өлімнен қорықпайтұғын бәрі де олар.
Намазын оқып болған соң хақ Пайғамбар,
—Не, тақсыр, баян қыл?—деп сұрды хабар.
Жасауратты хақ Пайғамбар екі көзін,
Қызартты қайғыменен нұрлы жүзін.
қисса зарқұм
—Қиындық есіттім,—деп,—бүгін өзім,
Айтады Жәбірейілдің айтқан сөзін.
Уақыт жоқ мұнан қашар, қиын сын,—деп,
Құдаға боларсың өлсең шаһидсың,—деп.
Жар салдырды Мәдиненің шаһарына,
«Батырлар Үхүд тауына жиылсын» деп.
Жар салдырды Мәдиненің елдеріне,
Шаһардың бөлек асқар белдеріне.
«Үхүд тауының етегіне жиылың,—деп,
Хамзенің шаһид болған жерлеріне».
Біләлға жар шақыртты айқай салып,
«Бұ жаннан қалмаңыз,—деп,—жаныңды алып».
Отыз үш мың сахаба, төрт шаһариар
Аттанып Мәдинеден тұрды барып.
Мәдинеге тастатты кәрі-жасты,
Ішіндегі бәрінің қайраты асты.
Халайық бір-біріне бақұлдасып,
Мүбәрак хақ Пайғамбар хабар шашты.
Сонда хазірет Пайғамбар сөз сөйлейді,
Шариғат қамын айтып, жөн сөйлейді.
«Бұ жолдан екіталай қайтуымыз» [деп],
Амандасып жылады жас пен кәрі.
Халайық сонда бәрі көп жылады,
Бұ дүнияның қайғысын жеп жылады.
«Қиямет күндерінде жолығайық,
Аман бол қалғандарың» деп жылады.
Садақа бас-басына бермек болды,
Құданың не салғанын көрмек болды.
Екі қос ер басына аттан алып,
«Құдаға тәуекел» деп жүрмек болды.
діни дастандар
Әбубәкір, Омар, Осман, Әли де бар,
Сүйікті, жақын палуан бәрі де бар.
Бір Әлидің он сегіз баласы бар,
Баһадүр палуандардың бәрі де бар.
Әбілмәжін, Мәлікаждар, Садуақас,
Омар Мәди Кәраппен болды жолдас.
Пайғамбардың туын алған Акаша ер,
Сахаба бәрі палуан, құрбы-құрдас.
Бас болған баршасына ақ Пайғамбар,
Қасына өңкей ерген палуан бар.
Отыз үш мың сахаба, төрт шаһариар
«Тәуекел» деп жөнелді мұнша жандар.
Бұлардың қорықпайтұғын бәрі батыр,
Һәр сөзі мың ділдәлық, балдай татыр.
Тәуекел Аққа қойып тақсыр ерлер,
Бет алып Ирақ жұртын келе жатыр.
Олардың кім таңданбас данасына,
Түспеген кәпірлердің табасына.
Жол жүріп үш-төрт айлар арасына,
Келді көз жетпейтін дария жағасына.
Тілейді қор қылма деп бір Құдайдан,
Келеді демін алмай үш-төрт айдан.
Мұхиттың аяғы жоқ, басы жоқ дария екен,
«Қалайша өтеміз?!» деп қалды қайран.
Ұйықтап жатар болды күн батқан соң,
Оқып намаз, азықтан дәм татқан соң.
Хазірет Пайғамбар берді жауап:
«Өтерміз, иншалла, таң атқан соң».
Өте алмай таң атқан соң тұрды ләшкер,
Тәуекелді Құдаға берді ләшкер.
Пайғамбар имам болып баршасына,
Намаз бамдат далада қылды ләшкер.
қисса зарқұм
Оқып намаз, ол тұрды дәрет алып,
Дарияның зорлығына таңға қалып.
Арғы жақтан кәпірдің адамдары
Қарады-ай бергі жаққа дүрбі салып.
Бұрыннан қауіпті екен кәпір олар,
—Келер,—деп,—Пайғамбардан сахабалар.
Арғы жақта бірталай ләшкер бар,—деп,
Барып Зарқұм шаһиге берді хабар.
—Япырым-ай, нағып келген ер,—деп айтты,
Келсе де орны болар жер,—деп айтты.
Ажалы қуып келтірген ғаріптерге,
Апарып төрт жүз кеме бер,—деп айтты.
Оларға бермей кеме болмас,—деді,
«Өлерсің, қайт» дегенге қанбас,—деді.
Бұ дүнияның әскерін жиып алып келсе-дағы,
«Һәй» деген сөзімізден қалмас,—деді.
Барған кісі оларға айтсын,—деді,
Аз болса, олжа қылып өздерін байытсын,—деді.
Жүз мың ұрысатұғын теңім емес,
Екі, үш миллион болмаса қайтсын,—деді.
Жөнелді сексен ерлер кемені алып,
Оларға бармақ болды хабар салып.
Азсынып Пайғамбардың әскерлерін,
Сөздерін Зарқұм шаһтың айтты барып.
Кәпірлер сөз сөйлейді келгеннен соң,
Үркердей боп сахабалар тұрғаннан соң.
—Бұ аз кісің бірлән қолыңнан не келеді?!
Қырылмай қайт, байғұстар,—деп айтады.
—Біз сізді ойға алсақ көп келеміз,
Қамын дін мұсылманның жеп келеміз.
Сендердей көп ләшкерге исенбейміз,
Жалғыздың жары—Құдай,—деп келеміз.
діни дастандар
–Жарайды, жақсы екен мына сөзің,
Баян қыл, кім боласың сенің өзің?
Өлесің соғыспастан қорыққаныңнан,
Біздердің ләшкерімізді көрсе көзің.
—Исенбе көптігіңе сіз,—деп айтты,
Бір дұшпан болды саған кез,—деп айтты.
Құда досты—Мұхаммед хақ Пайғамбар,
Оның ләшкерлеріміз біз,—деп айтты.
Оларға осылай сөз айтып салды,
Пайғамбар мұны есіткеш қайран қалды.
Жазудан ғайри нәрсе һеш болмас деп,
Кемесіне кәпірдің мініп алды.
Жөнелді кемесіне мініп алып,
Жаратқан бір Құданы еске салып.
Шығып дария жүзінен сау-саламат,
Ақ Пайғамбар бір жерге түсті барып.
Ләшкерді хақ Пайғамбар:—Жи,—деп айтты,
Құдай үшін жаныңды қи,—деп айтты.
Бір жерді ұрысуға лайықтап,
Қаруын хақ Пайғамбар ки,—деп айтты.
Қаруын киді тамам сахабалар,
Тәуекел Құдаға қылды-ау олар.
Иә, Салман, қайда менім сандығым?—деп,
Бұйырды Тәңірі досты—хақ Пайғамбар.
Даяр болды бұ сөзді есіткен жан,
«Кәпірден ағызармыз,—деп,—қып-қызыл қан».
Бар екен келген қылыш бір Құдайдан,
Хазірет Пайғамбарға берді Салман.
Бұ төртінің зұлпықар асыл заты,
Оның жаудан шыққан жоқ жаман аты.
Қылышының бірі—қамқам, бірі—самсам,
Мына зұлхажа еді бірінің аты.
қисса зарқұм
Қамқамды [және] ақ Пайғамбар өзіне алды,
Расулға сахабалар таңға қалды.
«Зұлхажа, самсам менен бұ екісін
Алсын» деп ер Әлиге хабар салды.
Әлидің үш қылыш бар бір басында,
Оның күйі түседі жау қасына.
Әскерлерін төрт бөліп төрт жағына,
Бәрінің өзі тұрды ортасына.
«Әскердің оңында—Әбубәкір, солында—Омар,
Артында—молда Осман, алдында—Әли Хайдар.
Осындай салтанатпен тұрың» деп,
Бұйырды Тәңірі досты—хақ Пайғамбар.
Киіндірді бұл елден тамам жанды,
«Ағыз,—деп,—шықса кәпір қызыл қанды».
«Бұ келген Пайғамбардың ләшкері» деп,
Барып Зарқұм шаһқа хабар салды.
Бұ Зарқұм сақыпқыран батыр екен,
Діні жаман, пұт параст кәпір екен.
Мәдинеге ләшкерді жөнелтуге
Тап сол күнде даярланып жатыр екен.
Есітіп шаһ Зарқұм бек қуанды,
Жаман қатты шаттанып, көп қуанды.
«Мехнат тартып іздейтін дұшпандар
Аяғынан келді ғой» деп қуанды.
Қуанып түрлі-түрлі ойлайды ойды,
Бұған ұрыс қылмағы—жиын, той-ды.
Бар екен бұ Ирақта төрт жүз қақпа,
Бәрін Зарқұм бұйрығымен ашып қойды.
Қуанып шаһи Зарқұм айқай салды.
Мұны естігеш батыр Кәлар жетіп барды.
«Бес-алты ауыз насихат айтайын» деп,
Шақырып балаларын жиып алды.
діни дастандар
—Қызық іс бүгін маған болды,—деді,
Көңілім тасып, дәулетім толды,—деді.
Мехнат тартып іздейтін дұшпандарым,
Ажал айдап өздері келді,—деді.
Барыңдар айбаттанып қастарына,
Ажал себеп болыңдар бастарына.
Іздеп келген кедейдің ләшкеріне,
Қара күндер салыңдар бастарына.
Бірің мыңын барыңдар алғандай қып,
Жарық дүния қараңғы салғандай қып.
Қатты ұрыс жұрт көрмеген көрсетіңдер,
Қиямет қайымға ше қалғандай қып.
Барар ең биік өрлеп келмегендей,
Алур ең жүрсең тартып бермегендей.
Қаһарман, Рүстем Дастан соңғылардан,
Қылыңдар, асла, һеш қылмағандай.
Қызыл қанға бояңдар араларын,
Екеу түгіл, қырыңдар дараларын.
Осындай насихатын айтып-айтып,
Шығарды ол өзге балаларын.
Ұғылы шаһи Зарқұмның—ер Жанәбіл,
Оған адам пар келмес дер Жанәбіл.
Жиырма жеті лек ләшкерімен
Шығып тұрды майданға сол Жанәбіл.
Махәбіл деген ұғылы шықты он алты лек
ләшкер алып,
Асхабтарға кетерге қырғын салып.
Қарулары көкпеңбек темір болып,
Жанәбілдің жанында тұрды барып.
Және Зарқұм баласы Қыртас атты
Он екі лек ләшкермен келе жатты.
қисса зарқұм
Махәбілдің жанында қатар тұрып,
Көрсетіп асхабтарға көп айбатты.
Және Зарқұм баласы Қыртас батыр,
О да он екі лек ләшкермен келе жатыр.
Келіп, үш ағасымен қатар тұрды,
Дұшпанға саламыз деп заманақыр.
Хаман деген бар екен немересі,
Оны да артық палуан дейді-ау расы.
Бұ дағы он екі лек ләшкерменен,
Айбаттанып келе қалды сол немесі.
Тағы сұлтан шықты он екі лек ләшкер алып,
Ағасының жанында тұрды барып.
Есеп жетпей бұларға көзін салып,
Асхабтар қарап тұрды таңға қалып.
Көрінбей кетті шаңнан аспан-жерлер,
Шыққан соң бәрі де артық палуан ерлер.
Жүз он батыр оларға басшы болып,
Жүз он лек және шықты найзагерлер.
Нағылып жан болады бұларға тең,
Бәрі палуан соғыста қайраты кең.
О да Зарқұм шаһтың бұйрығымен,
Тағы да зәңгі шықты екі жүз мың.
Зарқұмның қырық бес палуан жолдасы еді,
Онсыз оның көңілі тынбас еді.
Бастығы һәммасының Хақан еді,
Падиша менен барабар сырлас еді.
Бұ Хақан қамал бұзған батыр еді,
Қосылған падишамен ақылы еді.
Немере—Зарқұмменен бір туысқан,
Ағайын өзгесінен жақын еді.
діни дастандар
Осындай палуаннан естіңіз сөз,
Бәрі мықты, ұрыста қайраты тез.
Кейі жүзге, жетпіске, жүз он,
Бойлары кейбірінің екі жүз кез.
Жүреді темір киіп бауын шешпей,
Нағып тұрған елінің қамын жеспей.
Қолдары бір шынардың ағашындай,
Бойы таудай, кәпірдің аузы үңгірдей,
мойны шидей.
—Болар ма,—деді,—көрген бұрынғы жай,
Өзің медет бермесең, патша Құдай.
Ана шыққан екі жүз мың зәңгілердің
Бойлары һәрбірінің мұнарадай.
Таусылмас сөйлегенмен оның сөзі,
Аждаһадай айбатты көрсең жүзі.
Үш жүздік өз алдына ләшкерменен,
Шаһи Зарқұм патшаның келді-ау өзі.
Осынша ләшкерлермен келіп тұрды,
Асхабқа айбат көрсетіп қатты жүрді.
Биік жерге көтеріп мұнара ғып,
Алтын саты жалаумен тақыт құрды.
Хақан, Зарқұм тақытқа мінді барып,
Һәр түрлік салтанатпен айқай салып.
Және қырық мың кәманд атушыны
Қойды қатар, жанына шақырып алып.
Бұ әлемге кәпірден ләшкер толды,
Зарқұм жиып, күтініп мұнша қолды.
Алдына мұнтасы хайла бірлән
Он екі мың пілдерді алып келді.
Бәрінің темір қалқан бастарында,
Түзілген тас пен шойын жастарында.
қисса зарқұм
Кіші ұғылы Зарқұмның тұрды Қайсар,
Отыз лек садақшымен қастарында.
Таусылмас сілегенмен кәпір тегі,
Түбінде мәлім болұр, тыңла мұны.
Сонан байқап біле гөр қисап қылып,
Он екі мың болады һәрбір легі.
Қараңғы болды шаңнан жер менен көк,
Бірін-бірі көре алмай жылады тек.
Тұтылды күннің көзі қап-қара боп,
Тұрғасын жер жүзі көкпеңбек боп.
Ақылы көрген жанның ауды сонда,
Көрген соң кәпірлерді қуды сонда.
Құданың құдіретімен шаңды алуға
Аспаннан қара жаңбыр жауды сонда.
Жиылып тұрды кәпір бәрі де олар,
Бұларға неткен адам соғыс салар.
Қарады көзін салып алды-артына,
Шығып бір тау басына сахабалар.
Ай асты әскер екен күннің көзі,
Адам көзі жетпестей мұның өзі.
Бұ дүнияның баршасын әскер алып,
Көкпеңбек боп кетіпті жердің жүзі.
Тауға шығып қарады көздеріне дүрбі салып,
Тұрады көрген сайын қайран қалып.
Алды-артына ләшкерлердің көз жетпейді,
Қарағандар ақылдан кетті талып.
«Қырар,—деп қорықты,—біздің халқымызды,
Біреу түгіл, өлтірер жалпымызды.
Көз жетпей әскер алды бетімізді,
Жібермей дария таяп тұр артымызды».
діни дастандар
Мұны көрген адамдар жылады зар,
Бүгінгі күн кең дүния көрінді тар.
Бұ дүния үштен бір ләшкер екен,
«Құдаға жыла» деді сахабалар.
Есіткеш зар жылады айқай салып,
Әскердің көптігіне қайран қалып.
«Қашарға алды-артымыз бірдей қамау,
Сақтаймыз жанымызды қайда барып».
Халайық сонда бәрі көп жыласты,
Қамын өз басының жеп жыласты.
Құшақтасып бір-бірі бақылдасып,
«Аман бол, қалғандарың» деп жыласты.
Осындай қайғы толды асхабтарға,
Бет алып ұрыспастан ал кетті кәпірлерге.
«Қорықпасын деп айтсын» деп асхабтарға,
Бір Алла бұйрық қылды Жәбірейілге.
Жетіп келді Жәбірейіл Пайғамбарға,
—Бұ жылаған қайрат бер,—деп,—асхабтарға.
Тұрса да олар ажалды, жатса да өлер,
Келсе қаза Құдайдан шара бар ма?
Қорықпасын, жыламасын, тұрсын жайға,
Енді не жылағанмен табар пайда.
Сонсоң көңілінен қорқу кетер,
Әуелі зікір айтсын бір Құдайға.
Бұлайша хабар берді Пайғамбарға:
—Сізден баян болсын,—деп,—асхабтарға.
—Зікір таһлил Құдаға айтыңыз,—деп,
Жүріп айтты жылап тұрғандарға.
—Қорықпаңыз, тұрысатын жеріне тұрысыңыз,
Қарсыласып кәпірмен жүрісіңіз.
Жалғыз діннің жары Құда деген қайда,
Құдаға тәуекел деп ұрысыңыз.
қисса зарқұм
Олар өлсе, кетеді жаһаннамға,
Сіздер шаһид боласыз барсаң онда.
—Тәуекел Аққа қойып ұрысыңыз,—деп,
Пайғамбар айтты жылап тұрғандарға.
Бұ сөзді ұғып алды сахабалар,
Құдаға зікір айтып бәрі де олар.
«Иә, Тәңірі, кәпірлерге қор қылма» деп,
Дұғаға қол көтерді хақ Пайғамбар.
Қорықпай қарап тұрды жау бетіне,
Қаһар түсті асхабтың келбетіне.
Баршасы мұсылманның ер боп кетті,
Дұғасы Пайғамбардың құрметіне.
«Бір дұшпан саған, кәпір, келді ғой кез,
Бізге кір, өз дініңнен үмітіңді үз».
Мұсылман қуаттанып алды бәрі,
Енді Зарқұм шаһидан айтсақ сөз.
Мұнараның басында тұрды Зарқұм,
Хақанмен қол ұстасып жүрді Зарқұм.
«Қараңыздар қарақшы кедейге» деп,
Қорсынып Пайғамбарды күлді Зарқұм.
—Мен қайранмын,—деді,—мұның келгеніне,
Үш-төрт ай жол арада жүргеніне.
Жетім қалған бас қылып бір кедейді,
Қырылмай айбатымнан тұрғанына.
Ғаламның ұрысайын түзігі үшін,
Олардың келбеттері бұзық үшін.
Ақырып ашулансам қиратармын,
Шығарамын тамашаға қызық үшін.
Біреуі жекпе-жекке барсын,—деді,
Кедеймен соғысты салсын,—деді.
Кешікпей барған жерден ғаріптердің,
Басын кесіп кедейдің алсын,—деді.
діни дастандар
Бұлайша бұйрық қылды тақытта жатып,
Ашуланып аларша шапшаңдатып.
Һәр ойын ойнады осы кәпір,
Қылышын әрлі-берлі жарқылдатып.
Қамшылап ойын ойнап жүрді қатты,
Қылышын әрлі-берлі жарқылдатты.
Бұ палуан түрлі өнер шығарғанға,
Кәпірлер һәм баршасы сырнайлатты.
—Өзім палуан, баһадүр, ер,—деп айтты,
Орын болар келгенге жер,—деп айтты.
Омар Мәди Кәрап деген сахаба түсе қалды,
Жаяулап Пайғамбарға жетіп барды.
Ішінде асхабтардың белгілі еді,
Келіп хазірет Расулдан рұқсат алды.
Рұқсат алды хазірет Пайғамбардан,
—Бүгін өш алайын,—деп,—кәпір қардан.
Келіп ат үстінде қылышпен Омар мардан
Артық өнер көрсетті алуан-алуан.
Ойнай-ойнай қасына жетіп барды,
—Иә, кәпір, кел бері!—деп айқай салды.
Екісі қарсыласып келісіменен,
Кәпірді қылышымен салып қалды.
Қалады сонда кәпір жерге барып,
Омар тақсыр ұрған соң қаһарланып.
Онан кейін жақындап, «кел бері» деп,
Зарқұмға қарап тұрды көзін салып.
Сонда жұрт қайран болды Омар ерге,
Бата алған Пайғамбардан абзал шерге.
Бір кәпір келе жатыр піл үстінде,
Сүйретіп екі аяғын қара жерге.
Піліне бұрын кәпір қамшы басты,
Қайраттанып сыртына қаһар шашты.
қисса зарқұм
Көтеріп қылыштарын қолына алып,
Жүгіртіп екі палуан қарсыласты.
Омардың кім ермеген өз қасына,
Күнінде патша болған жолдасына.
Жүгіртіп салды семсер қақ басына,
Айырылып түсті кәпір жамбасына.
Тамаша қылды көрген Омар ерді,
Пайғамбардан бата алған батыр шерді.
Ұрыс майдан жерінде дал-дал қылды,
Кәпірлерден мен-мен деп келгендерді.
Мұнарадан Омарға бақты Зарқұм,
Арыстандай жігітті тапты Зарқұм.
Бек жаман қаһарланып, есі кетіп,
Ұрыстың барабанын қақты Зарқұм.
—Мынау ер жекпе-жекке келді шетке,
Келісімен күйені жақты бетке.
Енді майдан жеріне қан тимей,
Біреуің атып жібер Мұхаммедке.
Осындай бір іс қылмай болмас,—деді,
Лақтырмай бұ кедей талмас,—деді.
Жүрегіне бір тисе әуел бастан,
Екінші ер батып оған келмес,—деді.
Барабар ер шықсын оған дайын,
Мұның біліп едім осындайын.
Лақтырып жіберсе Мұхаммедке,
Насихат қылар,—деді,—оның жайын.
Осындай үкім қылды Зарқұм батыр,
Кедейлерге саларға заманақыр.
Бір жігіт керкүдәнін мініп алып,
Жүгіртіп ер Омарға келе жатыр.
діни дастандар
Әр не батыр, батыр десең сондай еркін,
Көрген кісі білгендей оның түрін.
Сегіз жүз батпан күрзі қолында бар
Тамаша тақсыр Омар көрді көркін.
—Иә, палуан, бөлек бізден ретің,—деді,
Қолыңда бар ма, палуан, хатың?—деді.
Сияқты патша болған жан екенсің,
Жан, құл*, кім болады-ау атың?—деді.
—Атым—Омар Кәрап, Барбарда тұрдым,—деді,
Әскер жиып, патша болып жүрдім,—деді.
Тастап тәж-тақтымды талақ қылып,
Қызметкер Пайғамбарға болдым,—деді.
—Ендеше, келің бері тысқа,—деді,
Бір күнде қолың жеткен екен құсқа,—деді.
Пайғамбарға қызметкер болған болсаң,
Мықты боп қалқаныңды ұста,—деді.
Былайша жетіп келді қаһарланып,
Түкіріп екі қолға күшін жанып.
Ендеше, кезек бердім, ұрыңыз,—деп,
Көтеріп тұрды қалқан басына алып.
Ұрғанда қалқаннан от аспанға ұшты,
Күші басым болар ма мұндай күшті.
Осы ұрған күрзінің зардабынан,
Атының белі үзіліп жерге түсті.
Ұрып жерге түсірді Омар ерді,
Пайғамбардан бата алған батыр шерді.
Атының белі үзіліп, өзі аман,
Аяғымен жер тірей түрегелді.
Омар есен екенін көрді асхаб,
Әуелі болжай алмай тұрды асхаб.
* Құл [а]—айт, жөніңді баянда.
қисса зарқұм
—Мұны мініп кәпірмен ұрысыңыз,—деп,
Және бір арғымақ берді асхаб.
Ұруы Жанәбілдің тым-ақ қатты,
Ұрған сайын Омарға қатты батты.
Осылайша ретімен ұрыс қылып,
Тақсыр ер-ді өлтірді сегіз атты.
Тағы бір арғымақты берді келіп,
—Ұрыс,—деп,—Жанәбілдің соңына еріп.
Бек жаман есі кетіп қайраттанып,
Үстіне арғымақтың алды мініп.
Баяғыдай ер келді тағы,
Әлі де артық боп тұр оның жағы.
Қайта айналып Жанәбіл ұрғанында,
Белі үзіліп, жығылды арғымағы.
Қалып тұр ақыр кәпір тобасынан,
Асып тұр мұсылманның бағасынан.
Жанәбіл жетіп келіп ат үстінен,
Ұстады ер Омардың жағасынан.
—Жолама, мұндай кісі, жанымнан кет,
Маған келген өлмейді шет.
Көтеріп ер Омарды аспанға атты,
—Мінеки, палуаның,—деп,—иә, Мұхаммед!
Құстай боп тақсыр Омар аспанға ұшты,
«Күші басым болар ма бұлай!» десті.
Жіберген бір садақтың оғындай боп,
Жанына асхабтардың барып түсті.
Құлады тақсыр Омар ұшып келіп,
Әлсіздер қалар еді әлфун өліп.
Саламат, тұла бойы аман болып,
Пайғамбардың қасына келді жүгіріп.
діни дастандар
—Дұға алып, тақсыр, сізден бардым,—деді,
Жанәбілмен соғысты салдым,—деді.
Оның тек ерді һәр кез көргенім жоқ,
Дұғаңызбен саламат қалдым,—деді.
Қолын бұлғап Жанәбіл бақырады,
Асхабқа қаһар төгіп ақырады.
—Жібер,—деп,—мұсылманнан бір баһадүр,
Ат ойнатып, жүгіртіп шақырады.
–Қырармын,—деп сөйлейді,— тамам жанды,
Ағызам,—деп,—көл-дария қызыл қанды.
Біріңді енді қоспай бір-біріңе,
Алармын,—деп,—құл қылып палуанды.
Мынау сөз қатты тиді Пайғамбарға,
—Біз нағып кез келдік,—деп,—пейілі тарға.
Біріңіз барыңыз,—деп,—Жанәбілге,
Бетін бұрып қарады асхабтарға.
Қарады бетін бұрып хақ Пайғамбар,
Ол айтса бармай қалмас есіткен жар.
Келіп хазірет Расулдан рұқсат алып,
Жетіп барды майданға Мәлікаждар.
Мәлік батыр күрзісін қолына алды,
Қаһарланып күшінің молын алды.
«Иә, кәпір, кел бері» деп, айқай салды,
Келетін Жанәбілдің жолын алды.
Көріп сонда Жанәбіл шықты шауып,
Бір ерді ұрмақ болып қайраты ауып.
«Әуелі жол кәпір[ге]» деп, кезек беріп,
Басына тұрды тақсыр қалқан жауып.
Көтеріп күрзісімен ұрды сонда,
Мәлікті шығаруға осы жолға.
Қалқаны дал-дал болып басындағы,
Күрзісінің зардабы тиді қолға.
қисса зарқұм
Күрзісінің зардабы тиді қатты,
Екі қолға зардабы жаман батты.
Мәліктің денесінен қуат кетіп,
Сонан соң кәпірлерге байлап атты.
Олардай, сірә, палуан жұртқа жақпас,
Мұнан басқа қылып іс пайда таппас.
Кәпірдің мұнысына шыдай алмай,
Расулдан рұқсат алды Садуақас.
Рұқсат алып майданға келді жетіп,
Атына қамшы басты екпіндетіп.
Қолындағы күрзісін оңтайланып,
Жанәбілге жүгіртті қаһар етіп.
Барған таң көреді оның нұрын,
Құдайым кез келтірді мұндай ерін.
Оны көріп ер Сағид қалқан жапты,
Жанәбіл салды күрзі мұнан бұрын.
Осындай салды күрзі қатты айқайлап,
Құтырған арыстандай көзі жайнап.
Қалқаны сынып, қолы ауып, қуат кетіп,
Сағидті кәпірлерге атты байлап.
Мұны көріп шыдамай Әбілмәжін батыр,
«Замана ақыр салды мына кәпір».
Хазірет Пайғамбардан рұқсат алып,
Жүгіріп Жанәбілге келе жатыр.
Ашуланып шыдамай Мәжін барды,
Келетін Жанәбілдің жолын алды.
Қолын көтергенше аял бермей,
Оны һәм күрзі бірлән салып қалды.
Салып тура зар-қайғы бастарына,
Жібермей тұр келгенін қастарына.
Мұның да қалқаны сынып, қолы арып,
Қуат кетіп, оны һәм байлап берді әскеріне.
діни дастандар
Жанәбіл тұр барғанды билеп алып,
Мұсылман тұр оларға қайғыланып.
«Қор-жапа қылайын, Мұхаммед» деп,
Жаман-жаман сөйлейді айқай салып.
Сөйлейді ер Жанәбіл жаман-жаман,
—Бар болса, келсін маған палуан адам.
Қуатым бұрынғыдан басым болды,
Салайын,—деп,—кедейге ақырзаман.
Кім барсын Жанәбілдің бұ шағына,
Бәрекелді кәпірдің аруағына.
Бұ сөзді есіткен соң хақ Пайғамбар,
Мойнын бұрып қарайды жан-жағына.
Қамалды өтіп желмей жұрттың бәрі,
Қасында қайғыланды асхабтары.
Баратұғын еш адам болмаған соң,
Түсе қалды Дүлдүлден хазірет Әли.
Келіп:—Тақсыр, хазірет бабам,—деді,
Заман қалай болып кетті жаман,—деді.
Бұ кәпірдің жауабын біз берейік,
Қыла көр бір фатиха маған,—деді.
Әлиге рұқсат берді хақ Пайғамбар,
«Құдаға тапсырдым» деп палуанды жар.
Секіртіп Дүлдүлімен айбаттанып,
Жөнелді Жанәбілге Әли Хайдар.
Секіртіп Дүлдүлімен жетіп келді,
Келісіменен таң көрді Әли ерді.
Айбатынан жер мен көк тітіреген,
Тамаша тақсыр ерге қылып тұрды.
Кигені жібек киім, қызыл бетті,
Өзі шалқақ, тақсырың кең көкіректі.
Сұлулығы бойының тоты құстай,
Әлидің сипатына есі кетті.
қисса зарқұм
Кісі екен өзі жуан Әли Хайдар,
Көзі оттай жайнаған палуан жар.
Басында сегіз қабат болат қалқан,
Қолында екі жүзді қылышы бар.
Және шалқақ сұңқардай жемге тойған,
Ұзыны, көлденеңі бірдей бойдан.
Сапары* екі мұртының екі жақта,
Тамаша құлағынан орап қойған.
Бұ аттан және бөлек мінген аты,
Сегіз жүз батпан күрзісі қолда қатты.
Ғаламның жігіттерін жисаң-дағы,
Бұған пар болмастай көрінді салтанаты.
Таныды:—Бәрекелді, ерсіз сіз,—деді,
Жұрттан асқан бір айбатты шерсіз,—деді.
Мен сізді көрісімен қайран қалдым,
Атыңды әуел баян қыл сіз,—деді.
—Ата-жұртым—Мәдине шаһары,—деді,
Дұғагөйім—Пайғамбар кәри,—деді.
Он сегіз мың ғаламның бәрін кезген,
Менім есімім сұрасаң—Әли,—деді.
Ол тұрды біраз есі кетіп,
Қаһарланып, шыққанға ашу етіп.
—Әли батыр сен болсаң, берік бол,—деп,
Көтеріп күрзісін ала келді жетіп.
Ер Әли қалқан ұстап алды сонда,
Жанәбіл күрзіменен салды сонда.
Дүлдүлі бөксесінен кірді жерге,
Қалқаны пара-пара болды сонда.
Жанәбіл артық палуан, қуаты көп,
Әлиді қатты ұрды күрзімен дөп.
* Бұл жерде ұшы деген мағынада қолданылған.
діни дастандар
Жерлері бұ майданның жарқ-жұрқ етіп,
Қызарып кетті дүния жап-жасыл боп.
Қызарып кетті дүния жанған шоқтай,
Жанәбілден басқада қайрат жоқтай.
Қалқанның сынған тастары аспанға ұшты,
Садағынан шығарған атқан оқтай.
Әлидің кете жазды ақылы ауып,
Жата жазды кәпірден қаза тауып.
Басын Дүлдүлінің бұрып алып,
Хазірет Әли Пайғамбарға келді шауып.
—Жанәбіл мықты екен жан,—деп айтты,
Жас ақты екі көзден қан,—деп айтты.
Бұ дүнияның тау-тасынан қатер жетіп,
Иә, баба, кете жазды хал,—деп айтты.
Маған кетті тау менен тас тигендей болып,
Көңілім кетті бек жұмсап игендей болып.
Жанәбіл мені ұрғанда қол көтеріп,
Қызарып кетті дүния күйгендей болып.
Бұ жолдан, тақсыр, менім кетті күшім,
Күйіп-жанып барады ішім-тысым.
Бір сапар қыла жаздым бұ дүниядан,
Дұға қыл,иә, Пайғамбар, менім үшін.
Мінәжат Хаққа қылды Нұр Мұхаммед,
—Бізден себеп тілер жамиғ үмбет.
Құдай-а, хүкіміңді пәрмен қылып,
Қиындық-мүшкіліңді енді асан ет.
Өзіңнің хас Шерің-дүр Әли Арыслан,
Арыслан деп атадың әуел бастан.
Рахима, Рахман атты падишаһым,
Қор қылма ер Әлиді осы тұстан.
қисса зарқұм
Жанәбіл келді майдан кәпірден қар,
Кең дүния халайыққа көрінді тар.
Өзіңнің сақтауыңмен сақта, Құдай,
Ерікті не қылсаң да құдіретің бар.
Есітіп алды тақсыр қуат мініп,
Жанәбіл тұр майданда һәм мақтанып.
Көңілін енді Арыслан бекітіп алды,
Қайта жауар бұлттай айбаттанып.
—Жанәбіл, келдім қайтып, батыр, саған,
Сабырсыз көргенім жоқ сендей адам.
Бар еді кезек деген уағдамыз,
Ұратын бұ нәубет келді маған.
Бұлай деп келді Әли қастарына,
Өлім себеп болам деп бастарына.
—Олай болса мені сіз ұрыңыз,—деп,
Көтеріп тұрды қалқан бастарына.
Арыслан салды күрзі Жанәбілге,
Әлемде кім шыдаған ондай ерге.
Ошал ұрған күрзіден есен қалып,
Керігі бөксесінен кірді жерге.
Әлидің бәрекелді аруағына,
Ұрғанда кім шыдаған сол шағына.
Қалқаннан тыпыраған тас аспанға ұшып,
Қызарып шоқ боп түсті жан-жағына.
Жанәбіл түрегелді бойын безеп,
«Барабар жан екен» деп көңілін тежеп.
Екісі бұ майданда тас-талқан қып,
Ұрады бірін-бірі кезек-кезек.
Қалмады сонда дағы біреуі өліп,
Ұрады бірін-бірі кезек беріп.
Болат қалқан болады пара-пара,
Темір қалқан береді алып келіп.
діни дастандар
Күрзісін тастап, қолға алды найза,
Шанышқанда шар мағми жанды найза.
Күрзілерін қолына тұтып алып,
Жүгіртіп бір-біріне салды найза.
Ауырлық үш жүз батпан қолын басты,
Бұларды көрген халық жаман састы.
Жүгіртіп, ақырып бір-біріне,
Ошал майдан жерінде найзаласты.
Екі ердің топырақ ұшты жүрген жерден,
Қаһарланса кім қалар Әли ерден.
Екі-үш жүз батпан найзалары
Сынды екеуі де орта белден.
Мұндай жан жаратар ма Құдай Тағала,
Көз көрген қайран болды төре-қара.
Ақырып бір-біріне тағы ұмтылды,
Қынабынан қылышын суырып ала.
Жүгіртіп бір-біріне қарсыласты,
Бұларды көрген халық жаман састы.
Қылыштарын көтеріп қолына алып,
Екі арыстан бір-біріне шапқыласты.
Әзір аулақ бір-бірі табасынан,
Ұрыстың көрсетіп жүр ағасынан.
Қылышын қынабына салды-дағы,
Ұстасты бір-бірінің жағасынан.
Ұстады бір-бірін қатты қысып,
Екпіні екісінің желдей есіп.
Бірінің табанына табан қойып,
Тартысты ат үстінде шіренісіп.
Бұлардың тартулары болды қатты,
Құдай мұндай қылар ма адамзатты.
Екі ердің жағаласқан зардабынан,
Тізеден Дүлдүл, керік жерге батты.
қисса зарқұм
Ұмтылды бірін-бірі алайық деп,
Біріміз дүния салып қалайық деп.
Жанәбіл айтты сонда ер Әлиге:
—Екеуіміз енді күрес салайық,—деп.
Мұны естіп ер Әли түсе қалды,
Оны көріп Жанәбіл жетіп барды.
Екісі екі жақтан рұқсат алып,
Ошал майдан жеріне күрес салды.
Ұстасып бірін-бірі көп салысты,
Көшіріп жер дүнияны қатты алысты.
Екі жақтан қарады екі ләшкер,
Бұлардың күресіне таң қалысты.
Бірін-бірі жеңісіп алмайды һеш,
Олардай болсаң палуан, майданға түс.
Арасын жер менен көктің шаңдақ алды,
Намаз ақшам уақыты болды, күн кешікті.
Кетпейді көбісі бір-бір ынтымақтан,
Кәпірлер, мықты болсаң енді сақтан.
Екі ләшкер қарауыл қатты қойып,
Шам жағып қарап тұрды екі жақтан.
Мұсылмандар тұрған жерге қарап,
Тұрысты екі алысқан ерге қарап.
Осы күн ұйықтамастан шықты ләшкер,
Әли бірлән Жанәбіл ерге қарап.
Әли сынды кез келді бір Арыслан,
Кәпірге деп жаралған әуел бастан.
Күресіп шықты екеуі дамыл таппай,
Күні-түні екеуі шаршамастан.
Тапсырған бір Құдайға Әли өзін,
Зікір таһлил Құдайға айтқан сөзін.
Таң атып, күн шыққан соң екі ләшкер,
Халайық тамаша етіп салды көзін.
діни дастандар
Анлардың жұрты Ирақ еді, байлар
Ашуланса ұрысқа бәрін айдар.
Қараса көзін салып екі ләшкер,
Жанәбіл шаршамайды бірлә Хайдар.
Бұлардың күндегісі күнде алуан,
Дамыл-тыныштық көрмеді бір шыбын жан.
Күші басым көрініп күннен-күнге,
Түрлі өнер көрсетті екі палуан.
Қазылып қалды ор боп жүрген жерлер,
Тамаша ғып көреді көрген ерлер.
Бірін-бірі үйіріп, бірі сілтеп,
Ғажап іс көрсетті екі шерлер.
Екі жұрт қарап тұрды таңға қатып,
Болар деп әлдеқандай көзін сатып.
Бірін-бірі ақырып сілтегенде,
Бөксесінен кетеді жерге батып.
Һеш қуат көрінбейді аз секілді,
Сөзі жоқ айтатұғын наз секілді.
Қара тас дал-дал болып, сулар шығып,
Семіз қой майдан кетті таз секілді.
Екі жұрт қайран қалды осы бастан,
«Әлемде жан болмас,—деп,—мұнан асқан».
Әли бірлән Жанәбіл—екі арыстан,
Төрт күн ұдай күресті шаршамастан.
—Әли, сөз айтамын ерсең,—деді,
Әгар менім сөзіме көнсең,—деді.
Тамақтанып келемін бүгін барып,
Рұқсат, батыр, маған берсең,—деді.
—Жанәбіл, мықты екенсің,—деп айтты,
Сен екенсің баһадүр, шер,—деп айтты.
Тез барып бек тезінен енді өзің,
Әгар сен жігіт болсаң кел,—деп айтты.
қисса зарқұм
Барып сонда Жанәбіл бұйрық қылды:
—Бірден қырық бес қой сойғыл,—деді.
Осы қой етіменен жүз қара нан,
Бәрін батыр Жанәбіл жалғыз жеді.
Бола алман жегендерінің бәрін айтып,
Тамақтанып нәпсіні алды байытып.
Мұқым бір жарты көлдің суын ішіп,
Қасына Арысланның келді қайтып.
Жанәбіл келіп тақсыр ерді көрді,
Құдай абзал жаратқан Шерді көрді.
Бір тасқа көтін қойып қалып еді,
Әуелгі тұрып қалған жерде көрді.
—Мен келдім нан-етімді жеп,—деді,
Кесеменен суларды ішіп,—деді.
Жә, батыр, қосыңызға бармадыңыз ба,
Тағам жемей тұрасыз нешік?—деді.
—Белгілі менім ұйықтап жатпағаным,
Қуаныш ойлап, нәпсіге батпағаным.
Дінімнің асылдығын байқа сонан,
Тағамнан татқанмен бірдей тағам татпағаным.
Қаруда толып жатыр найза, мылтық, оқ,
Атып жұрт тұрған жоқ жаннан қорқып.
—Иә, Әли батыр, енді келіңіз,—деп,
Екеуі қайта ұстасты қолма-қолтық.
Әуелгідей екісі күрес салды,
Бұларды көрген халық қайран қалды.
Ұғылы ер Мұхаммед-Ханафия,
Қасына Арысланның жетіп барды.
Қасына атасының жетіп келді,
Келіп тақсыр Әлиге хабар берді:
—Қартаятын емес ең осы күнде,
Не болды жыға алмадың,—дейді,—енді?.
діни дастандар
От шықты сонда Әли көздерінен,
Ұғылының ашуланып сөздерінен.
Киімінен түгі тұтам тесіп өтті,
Сақал-мұрты тікірейді жүздерінен.
Және үш жүз алпыс алты тамырынан,
Көтерген қырық бес сүйек бір денеден.
Қуатын екі қолға келтіріп ап,
Деп айтты: « Иә, Ханнан, уа иә, Маннан».
Мықтап ұстап белінен алды қатты,
Жанәбіл салмағымен жерге батты.
—Иә, батыр, көріп кел,—деп,—енді көкті,
Көтеріп тақсыр Әли аспанға атты.
Аспанға атып жіберді қолын жайып,
«Мұны алсам кетемін,—деп,—жолдан тайып».
Үстінде бес мың батпан сайманымен
Көрінбей көк жүзінде болды ғайып.
Жанәбіл кетті палуан көк айналып,
Қылыш, мылтық, садағын һәм байланып.
Болғанда сүт пісірім, Пәруардигар,
Келеді бозторғайдай қайта айналып.
Налаш қылып қауымы, Зарқұм жылап тұрды,
Әли ер аспанға атты мұндай ерді.
«Иә, Әли, түсірме,—деп,—Жанәбілді,»
Хазірет хақ Пайғамбар бұйрық қылды.
Арыслан сонда көкке көзін салды,
Жанәбілді көтеріп қағып алды.
Екі жүз сахабалар байлап алып,
Алдына Пайғамбардың алып барды.
Қуанды мұны көріп тамам жандар,
Оларға қажет емес дүние-малдар.
Ақырет қамын айтып Жанәбілге,
Сөйлейді «дінге кір» деп хақ Пайғамбар.
қисса зарқұм
Жанәбіл сонда дінге кіріп қалды,
Ислам діні ақтығын біліп қалды.
Мүбәрак Пайғамбардың сөзіменен
Иман орнап кеудеге толып қалды.
Талай ер жығылғанда барған екен,
Қаруына көздерін салған екен.
Қолына алып келіп, қайтып берді,
Әуелде олжа қылып алған екен.
Қуанды дін-мұсылман «иә, Құдайлап»,
Жанәбіл палуанға тамаша-айлап.
Алып келіп батырға бергеннен соң,
Әуелгідей қаруын алды байлап.
Қосылғаш дос боп кетті асхабтарға,
Және жақын көрінді шаһариарға.
—Кәпірмен рұқсат бер,—деп,—соғысарға,
Әдеппен сөз сөйлейді Пайғамбарға.
Сонда Расул:—Шыдамсыз болма,—деді,
Бұрынғыдай қайратпен тұрма,—деді.
Ол сенің ата-жұртың, иә, шырағым,
Бұ жерде сабырсыздық қылма,—деді.
Болады қазір рұқсат Пайғамбардан,
Жанәбіл есі кетіп болды қайран.
—Рұқсат әперіңіз бүгін маған,—[деп],
Сұрады қайта-қайта асхабтардан.
Осылайша Жанәбіл жалынды көп,
Бәрісі тұрды оның қайғысын жеп.
Бәрісі Пайғамбарды тағзым қылысты,
«Рұқсат енді, тақсыр, беріңіз» деп.
—Бұрынғы таста қайрат, жеңілдікті,
Көрсетпе енді бізге о күніңді,
Тәкаппар, астамшылық, ақыл алмай,
Пақырлықпен жүр,—деді,—көңіліңді.
діни дастандар
Жөнелді Пайғамбардан рұқсат алып,
Көтеріп күрзілерін белге салып.
Ақырып кәпірлерге, айбаттанып,
Баяғы майданға тұрды барып.
Барып майдан жеріне тұрды сонда,
Қаһарланып ақырып жүрді сонда.
Мұнараның басынан шаһ Зарқұм
Баласының келгенін көрді сонда.
Дейді:—Балам, шырағым, азғаның ба?
Бүтін жолдан бір жонды қазғаның ба?
Бұрынғы жөніңменен өлсең еді,
Дініңді жаннан қорқып бұзғаның ба?
Жылап Зарқұм бұлайша тұрды айтып:
—Иә, балам, келдің,—деп,—елге қайтіп.
Сенің мен шын сүйікті атаң емес пе едім?
Қалайша тұрсың маған қылыш тартып?
—Атам, сенің белгілі кәпірлігің,
Кәпірлерге түседі батырлығым.
Әгар де иман айтып, дін таппасаң,
Бола алмас енді менім жақындығым.
Жанәбіл— атым менім, адам жеңбес,
Нағылған жан келеді маған теңдес.
Жаратқан бір Құданы жаңа таптым,
Сіздердің бас қойғаның Құдай емес.
Жаманды неге жақсы қаратамыз?
Өтірік жеңілмеске таратамыз.
Әгар ол бізді қылған Құдай болса,
Оны біз нешік қолмен жаратамыз?
Өтірік,—деді,—кәпір, сенің дінің,
Көзім жетіп өлтіруге келді жыным.
Пайғамбардан Құранды естіп білдім,
Айланып көңілім қатты кетті менім.
қисса зарқұм
Көрерсің көрмегенді көп, жамағат,
Қаласың дінге енсең сау-саламат.
Үйрендім Пайғамбардан бір мың аят,
Кәпірден болса палуан, маған қарат.
Осылайша сөйледі айқай салып,
Тамам барша қуатын жиып алып.
Зарқұмның бұ бір палуан баласы еді,
Махәбіл шықты бұған ашуланып.
Махәбіл келді бұған жаудай болып,
Төгілген қара суға аудай болып.
Үстіне жеті мың батпан сауыт киіп,
Келді бір кішірек таудай болып.
—Жанәбіл, танимысың,—деді,—қорғаныңды,
Жаңа білдім жат бауыр болғаныңды.
Кез келдің ажалыңа өзің,—деді,
Қоям ба мың жаныңнан бір жаныңды.
Махәбіл осылайша келіп қалды,
Қап-қара қайратынан болып қалды.
«Иә, Алла, иә, Мұхаммед Мұстафа» деп,
Көтеріп күрзіменен салып қалды.
Күрзісі Жанәбілдің тиді қатты,
Махәбіл қаттылықтың дәмін татты.
Ошал ұрған күрзіден дүния салды,
Жаны орын жаһаннамнан алып жатты.
Өлтіріп Махәбілді тұрды сонда,
—Күшімді көрсеттім,—деп,—шыққан жолда.
Дініңнің бәрекелді қуатына,
Салауат, иә, Мұхаммед—расул Алла.
Жанәбіл—өзі палуан, жиһани сал,
Оларға керек емес дүниядан мал.
Бір ұғылы бір ұғылын өлтірген соң,
Жылап Зарқұм жағасын қылды дал-дал.
діни дастандар
—Жылама, менім жұртым, ерсің,—деді,
Қадірімді халайық білсін,—деді.
Жанәбіл ашуланып тағы да айтты:
—Ирақтың палуандары келсін,—деді.
Және Зарқұм баласы—Қыртас батыр,
Асхабқа салмақ еді заманақыр.
Қолына жүз жетпіс кез алмас алып,
Жүгіртіп Жанәбілге келе жатыр.
Жеті мың киген сауыт, болат қалқан,
Бауы бар—өңкей темір, шынжыр арқан.
—Мені ойламай бұ істі қылдың ғапыл,
Болғаның және Жанәбіл,—деді,—талқан.
Сахармен келдің ұрыс салып,
Үлкен күрзі ажуни қолына алып.
Бар болса бұ дүнияңда жеті мың жан,
Құтылар бәрі менен қайда барып?
Бұрын Қыртас семсерін алды сонда,
Жаман қатты қаһарға қалды сонда.
Ұмтылып інісіне батыр палуан,
Ақырып күрзісімен салды сонда.
Күрзісі Жанәбілдің тиді мықты,
Қалқан қабат Қыртастан жалын шықты.
Аты менен екісін күлдей жаншып,
Және кәпір шіркінді жерге тықты.
Шүкір қылды Жанәбіл бір Құдайға,
Екі інісін өлтіріп тұрды жайға.
Салауат Нұр Мұхаммед Мұстафаға,
Дінінің ақтығынан көрді пайда.
—Ажалынан қалады бағынған жан,
Онан басқа қалады не қылған жан.
Осы майдан ішінде қан бояйын,
Келсін маған өлімін сағынған жан.
қисса зарқұм
Мұны көріп жылады Зарқұм тұрып,
Екі ұғылы өліп қалды ұрыс қылып.
Көзінен жас ағып, қолын тістеп,
Жылады өзінің жағын өзі ұрып.
—Не етейін, не қылайын, Хашам балам?!
Екі ағаң өліп бүгін болды жаман.
Олардай сен өзіңді ғапыл қылмай,
Жанәбілге барғыл,—деп бұйырды оған.
Киген сауыты жеті мың батпан еді,
Ұрыста жауды қырып олжаға батқан еді.
Адамның ішкі сырын оймен білген,
Данышпан боп халқына жаққан еді.
Өзгеден артық еді Хашам басы,
Күнде жиын-той еді оның қасы.
Белінде алтын кемер, асыл белбеу,
Гауһар тас жарқырайды дулығасы.
Осындай кім таң қалмас палуан ерге,
Қамал бұзған баһадүр кемеңгерге.
Ашуланып бек жаман қайраттанып,
Жүгіртіп жетіп келді Жанәбілге.
—Мен келдім, бұ дүниядан кеттің,—деді,
Басына туған айыңның жеттің,—деді.
Хашам тірі дегенде, иә, Жанәбіл,
Махәбіл мен Қыртасты неттің?—деді.
Бұлайша айтып күрзімен салды тежеп,
Жанәбіл шыдап тұрды бойын безеп.
Ошал ұрған күрзіден есен қалып,
Хашамды енді ұратұғын келді кезек.
Жанәбіл өзі басым, қолы күшті,
Кәпірлер мұны көріп қайғы жесті.
Осы ұрған батырдың күрзісімен
Хашамның басы құстай ұшып түсті.
діни дастандар
Көріп Зарқұм адасты ақылынан,
Жанәбіл қайғы тапты батырынан.
Адасып жерге Зарқұм талып түсті,
Осындай іс көрген соң жақынынан.
Тағы Зарқұм бұйырды палуанға,
—Мынау бәле болды,—деп,—барған жанға.
Хаман деген бар еді немересі,
Майданға бар, жаным,—деп айтты сонда.
Жетіп келді:—Жанәбіл, қашпа,—деді,
Не өнерің бар болса баста,—деді.
Қылышын батыр Хаман суырып алып,
—Қолымнан мықты болып ұста,—деді.
Осылайша ақырып қаһар айтты,
Ұруға тақсыр ерге айла етті.
Көтеріп күрзісін ер Жанәбіл,
Басына інісінің салып кетті.
Құлады жаны шығып жерге барып,
Бұған да кетті Зарқұм қайғыланып.
Сұлтан деген інісі келіп жетті,
Отына жатты жаһаннамнан орын алып.
Бек үлкен қуаныш болды асхабтарға,
Қайғы күнін көрсетті діні тарға.
Еш адам келмеген соң ұрысарға,
Жанәбіл қайтып келді Пайғамбарға.
Келген соң құрметтеді жұрттың бәрі,
Мұхаммед Мұстафаның асхабтары.
Оны қатты көтеріп шаһариары,
Өз қасына шақырды Пайғамбары.
—Жанәбіл, есенбісің, жаным бала,
Сені артық жаратты Құдай Тағала.
Жаратқан бір Құдайға жалбарынып,
Тағы майдан жеріне барып қара.
қисса зарқұм
—Кәпірлер, қайта келдім саған,—деді,
Келетінін білдің бе шамам,—деді.
Кімде-кім өз жанымен дұшпан болса,
Тез келсін жекпе-жекке маған,—деді.
Құдай мұндай жаратты Жанәбілді,
Өзі абзал баһадүр, кемеңгерді.
Ұрыс-майдан жерінде дал-дал қылды,
Талай-талай мен-мен деп келгендерді.
Жанәбілдің келгенін көрді Зарқұм,
Мұндай палуан таныды ерді Зарқұм.
Бұрынғы өлген ерлерге қайғыланып,
Жаман қатты күйініш қылды Зарқұм.
Таңданды Жанәбілдей жұрт еріне,
Қарасып жылай тұрды бір-біріне.
«Қане, Қыртас, Хашам менен Махәбіл» деп,
Бетін бұрып қарады әскеріне.
—Хаман менен Сұһраб қайда?—деді,
Олар-дағы алмайды пайда,—деді.
Шыдатпас жекпе-жекке барғанменен,
Бәрің бір жабылуға ойла,—деді.
Осылай бұйрық қылды саптарына,
Есендігін бәрі батыр заттарына.
Қылышын суырып алып үш мың кісі,
Ұмтылды, қамшы басты аттарына.
Бойында Жанәбілдің таудай талап,
Бір өзін ұрысады мыңға балап.
Қылыш, күрзі, найзасын оңтайлап ап,
Баршасы жалғыз ерді алды қамап.
Бұлайша бұйрық қылды үш мың ерге:
—Шамаң келсе, жанышта,—деп,—қара жерге.
Бірі оңнан, бірі арттан, бірі солдан,
Бәрісі салды күрзі Жанәбілге.
діни дастандар
Бұл ұрыс жұртқа қызық жарысқандай,
Нағып кәпір пар болсын данышпандай.
Бұ үш мың баһадүрлер қой секілді,
Қырып жүрер бір Жанәбіл арыстандай.
Қырған жан мұнан артық қайтушы еді,
Ақырып атының басын тартушы еді.
Қылыш шауып, найзаменен шанышқан шақта
Салауат Пайғамбарға айтушы еді.
Керігі Жанәбілдің сондай жүйрік,
Кейін шауып кетеді, кейін үйіріп.
—Сіздер де кәпірлерге қаптаңыз,—деп,
Жүз ерге хақ Пайғамбар қылды бұйрық.
Бұлайша бұйрық қылды хақ Пайғамбар,
Жүз кісі шапты батыр сахабалар.
Мұны көріп кәпірден он мың кісі,
Қылышын суырып ала келді-ау олар.
Бұ он мың қайтіп келді кәпір надан,
«Салармыз оларға ақырзаман».
Тағы да Пайғамбардың бұйрығымен
Мың кісі және ұмтылды сахабадан.
Бола алман енді айтып бәрін мақтап,
Шығарған ажалсызды Құдай сақтап.
Шаһ Зарқұм падишаның бұйрығымен
Кәпірден жүз мың ләшкер кетті қаптап.
Асхабқа «қапта» деді хақ Пайғамбар,
Жөнелді қарсы алдында Әли Хайдар.
Бәрісі « иә, Аллалап» жар шақырып,
Ұмтылды бірі қалмай асхабтар.
Далада енді соғыс болды қатты,
Көп адам барысымен өліп жатты.
Шаһ Зарқұм падишаның бұйрығымен
Екі жүз мың кәпірлер қойды атты.
қисса зарқұм
Жанында Пайғамбардың Әбубәкір,
Акаша ту ұстайды, қолда шатыр.
Дүния жүзі күңіреніп, тамам болып,
Тамам дария жайқалып бара жатыр.
Асхабқа Пайғамбар бар қөңілге тоқ,
Бәрі медеу қылды, қайғысы жоқ.
Ат қойған екі әскердің дүбірінен,
Шағылғандай боп кетті жер менен көк.
Ұрыс боп, жер мен көкті шаңдақ басты,
Періште көк жүзінен жаман састы.
«Япырым-ай, не болды,—деп,—жер жүзіне!
Періште көк жүзінен жаман састы.
Шаң басып, жұрт айырылды жақынынан,
Ирақтың жері қозғалды кәпірінен.
«Иә, Алла, жер жүзіне не болды!» деп,
Періштелер адасты ақылынан.
Қараңғы күндізгі күн түндей болды,
Тас-топырақ аспанға ұшып, жүндей болды.
Тұтылып күннің көзі топырақтан,
Бірін-бірі көрместей күндер болды.
Қараңғы, шаң мен тұман дүния жүзі,
Көрінбей кетті тітіреп күннің көзі.
Айырылып асхабтан хақ Пайғамбар,
Қалыпты ортасында жалғыз өзі.
Әли жалғыз бір жақта ұрыс салды,
Асхабтан айырылып жалғыз қалды.
Хазірет Нұр Мұхаммед бабасынан,
Тамам балаларын ойына алды.
Әли тақсыр баласын ойына алды,
Хасен менен Хұсайынға қайғыланды.
«Әбубәкір, Омар мен Осман, олар нешік
Болды екен?»—деп айтып салды.
діни дастандар
Осындай үміт үзді ер ерінен,
Кәпірлер қаптаған һәр жерінен.
Хасен менен Хұсайын, Жағыпар таяр,
Олар да кетті адасып бір-бірінен.
Әскерді бет алып бір шетінен,
Кәпірлер зар иледі келбетінен.
Мұхаммед-Ханафия, Омар мен Әли, Аббас
Адасып кеттілер бет-бетінен.
Бір ұрыс болды душар өздеріне,
Бәрінің қаһар толды жүздеріне.
Һәрқайсысы он мыңмен ұрыс салды,
Көрінбей бір мың кісі көздеріне.
Бір мыңды ойға алмады сахабалар,
Аянбай болды көңіл ұрыс салар.
Ақырып, айбаттанып, қаһарланып,
Бірі он мыңмен ұрысты сахабалар.
Көрсеттім біраз долбар мұнша жардан,
Олардың паруай қылған жоқ дүния малдан.
Осындай қаптап кетті екі әскер,
Қылайын, тыңла, кеңес Пайғамбардан.
Қамқамды кәпірлерге салушы еді,
Қан болып майдан іші қалушы еді.
Қырылып кеткен шөптей көп кәпірлер,
Бұларды көрген халық талушы еді.
Бұ қамқам кетуші еді тыраңдатып,
Өлімге қалушы еді кәпір батып.
Екі қолға екі жақта ләнгар алып,
Жіберіп кетуші еді аспанға атып.
Бұ дақатта ұрысты Әбубәкір,
Бір онымен соғысты он мың кәпір.
Жүрген жағын кәпірдің дал-дал қылып,
Салып жүр қатты қырғын, заманақыр.
қисса зарқұм
Ұрысы жалғыз Омар таң қалғандай,
Қырып жүр кәпірлерді дамыл алмай.
Өліктер қисабы жоқ, толып жатыр,
Мысалы жанған өртке шөп салғандай.
Біреуі шаһариардың—молда Осман,
Онымен талай кәпір қарсыласқан.
Мың қойға жалғыз тиген қасқырдай боп,
Әскерлерді тітіретті бұ бір тұстан.
Мұхаммед-Ханафия кірді бір шетінен,
Шошиды көрген кісі айбатынан.
Қылыш, күрзі, найзаны бірдей салды,
Көрген соң талып жығылды келбетінен.
Осындай болды майдан бір жарысқан,
Ұрыста бір-бірі [мен] көп танысқан.
Қырғынын Мұхаммедтің көзі көрген
«Мынау екен,—деп айтты,—аш арыстан.
Кәпір әзір көрген жоқ мұнан пайда,
Ұрысқаны қылған жоқ әзір айла.
Аямай жалғыз жанын салды ұрыс,
Өзін-өзі тапсырып бір Құдайға.
Әуелі жаман ұрысып жүрді қатты,
Кейін шауып, кейбірін аспанға атты.
Талай-талай батырлар құлап жатты,
Үкімі сол … …* батты.
Хасен менен Хұсайын—екі батыр,
Өлім күнін көрсетті заманақыр.
Бұлардың жүрген жағы зар еңіреп,
Өзегі күйген күдедей бара жатыр.
Жағыпар, Мұса фазыл мен екі палуан,
Ағызып майданнан қып-қызыл қан.
* Екі сөздің мағынасы ашылмады.
діни дастандар
Әбубәкір, Омар менен Әлидің балалары,
Олар һәм салды қырғын алуан-алуан.
Әли ұғылы бәрі он сегіз, өңкей мықты,
Кәпірді қырып-жойып жерге тықты.
Оның жүрген жағынан ойбай шықты,
Кәпірді қырып-жойып жерге тықты.
Арыслан ұғылы екенін сонан білші,
Оның жүрген жағынан ойбай шықты.
Айта алман көп асхабтың бәрін мақтап,
Құмдай басып, топырақтай жүрді таптап.
Тағы Зарқұм шаһтың бұйрығымен
Кәпір жүз мың ләшкер келді қаптап.
Бәрі он мың асхабтар ұрыс салды,
Кәпірден шөптей шауып палуанды.
Япырым-ай, сонда-дағы таусылмайды,
Ағызды сахаралардан қызыл қанды.
Осындай болды қырғын дүния боқ,
Асхабқа Пайғамбар бар көңілі тоқ.
Әуелі хазірет Адам атадан бері қарай,
Мұндай, асла, қырғын болғаны жоқ.
Екі әскер қырғын салды дүния толып,
Ешбірі ұрысқан жоқ мұндай болып.
Олардың әрбіреуі он мың ердей,
Талай-талай кәпірлер қалды-ау өліп.
Бұ ұрыста [Рүстем] Дастан болса еді,
Қаһарман, Фағпұр, Жәмшид тұрса еді.
Қабадара, Қасар менен Шаһрабаздар,
Бұлардың соғыстарын көрсе еді.
Сандимен, Қайсарлар насар еді,
Жүніс сахар тамаша етер еді.
«Япырым-ай, бұ не ұрыс, немене» деп,
Ақылы бастарынан кетер еді.
қисса зарқұм
Олар һәм ұрысып еді жұртты жайлап,
Алыпты дұшпанын тірі байлап.
«Нағылған дүния толған ләшкер-ау» деп,
Солардай тұрар еді тамаша айлап.
«Кезектеніп жаңа келдің осы бастан,
Әлемде қай баһадүр менен асқан?!»
Қолда күрзі, қолында найза, қылыш,
Ұрысты ортасында Әли Арыслан.
Жүз отыз мың палуан темір киген,
Тағы тоқсан екі мың пілді мінген.
Және жетпіс екі мың кәпір зәңгі,
Бұларға тақсыр Әли жалғыз тиген.
Әлиге Тәңірі берген таудай талап,
Бұ өзі ұрысады мыңға балап.
Тағы да мұнан басқа он екі мың
Піл қаптап, айналасын алды қамап.
Ұрысуға жүреді Әли, япырым-ай,
Кәпірдің көптігінен еш жапырмай.
Жүгіртіп бір-біріне ұмтылғанда,
Кетеді жер тітіреп көк көрінбей.
Ат аяқ өлген жаннан баса алмады-ау,
Бірінен-бірі ілгері аса алмады-ау.
Қырады демалмастан хазірет Әли,
Кәпірлер табандағы қаша алмады-ау.
Ағады кәпір қаны дариядай боп,
Мың сан аяқ қалмады жығылған боп.
Қызыл қанға Дүлдүлі жүріп жүзді,
Қырылған кәпірлердің қисабы жоқ.
Әли—тақсыр да, мәлік, қырған да өзі,
Сонда зікір Құдайға айтқан сөзі.
Тағы да жүз мың кәпір келді қаптап,
Қараңғы болды шаңынан дүния жүзі.
діни дастандар
Кәпірдің ашуланып жолына алды,
Қайраттанып қаһардың молына алды.
Чоқтары дүния толған немене деп,
Суырып зұлпықарын қолына алды.
Суырды зұлпықарын айбаттанып,
Кетерге бұ майданға ойран салып.
Арыслан жаман қатты нағыра тартты,
Қаһарларын түсіріп қайраттанып.
Ақырды айбаттанып Әли Хайдар,
Кең дүния халайыққа көрінді тар.
Бұ дүния қалт-қалт етіп, қақ айрылып,
Бұлардың жүрген жері болды дал-дал.
Есіткен бұ нағырадан қалды талып,
Мұсылмандар қуанды айқай салып.
Қара жер қақ айырылып бұ дауыспен,
Алды-ау зұлпықарын жанып-жанып.
Есіткен өз жанынан үміт үзді,
Көрген соң тақсыр ерден нағыра сөзді.
Әлидің сибағында зұлпықары
Кеседі кәпірлерден екі жүзді.
Бойламдап өлтірді кәрі-жасты,
Кейінің иіпті, кейінің кесті басын.
Осындай қатты қырып жүріседі,
Қамап алған бір ләшкер айналасын.
Ағызды майдан жерден қызыл қанды,
Кәпірден жерге басып палуанды.
Жүгіртіп шатырлатып қаранады,
Көрмеді асхабтардан жалғыз жанды.
Қырады, күзеді хазірет Әли,
Есіне түсіп кетті Пайғамбары.
Бұ нешік хал болды соғысынан,
Көзіне түспеген соң жолдастары.
қисса зарқұм
—Қанеки,Нұр Мұхаммед бабам,—деді,
Әбубәкір, Омар, Осман ағам,—деді.
Хасен менен Хұсайын екі нұрым,
Қарағым, не болды екен балам?—деді.
Қанеки, ол Мұхаммед арғымағым,
Жағыпар, Фазыл, Абзалдай шам-шырағым.
Ақыреттік он сегіз шырақтарым,
Қарағым, қай жақта екен?—деп жеді уайым.
Сонда жоқтап жылады балаларын,
Өзінің бір Құдаға айтты зарын.
«Қиын-қыстау бір заман болды-ау» [деді]
Көре алмай Расулдың асхабтарын.
«Иләһым, патшамсың, Тәңірі Тағалам,
Сиынады патшам деп пендең саған.
Сахаба отыз үш мың аттанып ек,
Арадан қалар ма екен жалғыз адам?»
Сонда тақсыр Арыслан көп ойлады,
Қамын жолдастардың жеп ойлады.
«Жүдә болып жолдастарымнан жалғыз қалып,
Көрем бе Мәдинені,—деп ойлады.
Қиын іс бүгін маған болды,—деді,
Қызыл қан сахараға толды,—деді.
Осы екен Жәбірейілдің айтқан сөзі,
Һәр қаза басымызға келді»,—деді.
Мұны ойлап қайраттанды хазірет Әли,
Қолында екі жүзді зұлпықары.
Сыпырған тас төбеден шаш-жалды,
Ләшкердің дал-дал болды аралары.
Бұлайша қырғын салды жүз мың ерге,
Талай ерлер құлады қара жерге.
Дем алмастан зұлпықар сипағанда,
Қосады кәпірлердің мыңын бірге.
діни дастандар
Кәпірлердің қосып жүз мыңын бірге,
Құлады талай батыр қара жерге.
Бұларды көргеннен соң патша Зарқұм,
Тағы «бар» деп бұйырды жүз мың ерге.
Атына жүз мың ерлер қамшы басты,
Төгіп көздерінен қанды жасты.
Қаһарланып баршасы айқай салып,
Ләшкерлерге жәрдем беріп араласты.
Ұрып жүрді зұлпықарын жаман қатты,
Кейін шауып, кейбірін аспанға атты.
Тартқан пішеншінің жолындай боп,
Кәпірлер төбе-төбе болып жатты.
Жоғары шаһ Зарқұм тұрды,—дейді,
Әли ердің ұрысын көрді,—дейді.
Хақанменен екісі қол ұстасып,
Тамаша тақсыр ерді қылды,—дейді.
—Иә, Хақан, мынау не қылған жан?!
Бұлардың палуан екен баршасынан.
Әр ұрғанда өлтіріп екі жүзді,
Қылып жүрер майдан ішін қып-қызыл қан.
Тамаша қылды Зарқұм Әли ерді,
Қамал бұзған баһадүр, батыр Шерді.
—Досың да, дұшпаның да ер болсын деген заман,
Ғажайып ер екенсің,—деді-ау,—бәрекелді.
—Иә, Хақан, байқаймысың ерді,—деді,
Қызыл қанға бояды жерді,—деді.
Не болды мына біздің ләшкерлерге?!
Балқыған қорғасындай болды,—деді.
Қылады-ау,–деді,—дария қызыл қанды,
Еш қоймас бүйте берсе жалғыз жанды.
Әгар де ол біздің елде болса,
Жаһанға қайтер ек,— деп қайғыланды.
қисса зарқұм
Аһ, дүния, Мұхаммедтің жары болды,
Қызыл қандар арыққа судай толды.
«Мұны,—айтты,—не айламен ұстармыз?» деп,
Хақанмен кеңесіп ақыл қылды.
—Екі әскер соғысып, араласып,
Біздерді кетеді енді қайғы басып.
Кәманд атып Әлиді байлап алсақ,
Барады өзгелері қайда қашып.
Бұ сөзбен жиырма мың палуанға
«бар» деп айтты,
—Барып байлап, шабысып ал,—деп айтты.
Жібермей осы ерді жан-жағына,
Темір шынжыр бұғалық сал,—деп айтты.
Осындай бұйрық қылды Зарқұм батыр,
«Әлиге салыңыз,—деп,—заманақыр».
Жиырма мың баһадүр, палуандар,
Көтеріп шынжырларын келе жатыр.
Бояп жүр бұ майданды қызыл қанға,
Әлиді көрген кісі қалар таңға.
Кәпірді ат үстінен қыра берді,
Бұ келген көзін салмай палуанға.
Кәпірлер ұрыс қылды дүния толып,
Кетті жер күңіреніп, тұман болып.
Әлиге жетпіс жерден кәманд атты,
Байқатпай арттарынан салды келіп.
Жетпіс жерден түсірді Әли Хайдар,
Өзі Арыслан баһадүр, Құдайы жар.
Ысқырып зұлпықары сипағанда
Кәманд шынжыр арқан болды дал-дал.
Сонда Зарқұм көзінен төкті қанды,
—Мынау қалай қылды,—деп,—барған жанды.
діни дастандар
Жуытатын болмады Әли бізді,
Амал нешік, әйлай,—деп қайғыланды.
Жылап, қойды бетін жерге Зарқұм,
Қырылған қайғыланды ерге Зарқұм.
«Әлиді тарпып-таптап кетіңіз» деп,
Жиырма мың бұйырды пілге Зарқұм.
Тілі аз кәпірлердің айтар сөзден,
«Әли жан қоймас,—деп,—бүгін бізден».
Пілдердің тұмсығында әрбірінің,
Темір шойын шоқпар бар отыз кезден.
Пілдердің мұнтасы жүрсе бастар,
Піл үйренген кісі еді кәрі-жастар.
Темірсіз тұмсығымен ұрған шақта,
Дал-дал боп кетуші еді кәрі-жастар.
Піл қаптап он екі мың келе жатыр,
Салмақ боп Әлиге заманақыр.
Мұны көріп Дүлдүлден түсе қалып,
Етегін түріп тұрды Әли батыр.
Қырыменен тұрды тақсыр есі кетіп,
Кәпірге жүзін тұтып айбат етіп.
Он екі мың пілдердің қарсы алдында,
Мұхым деген біреуі келді жетіп.
Бәрісі қайраттанған келе жатып,
Жолында халайықты таңырқатып.
«Иә, Ханнан,—деп,–иә,Маннан» ұстай алып,
Жіберді осы пілді аспанға атып.
Мына піл бара жатып жылады көп:
—Қор болдым, келемін деп арманда боп.
Сендердің баршаңыз қуатың жалғыз мендей еді,
Жылады:—Өзгелерің қашыңыз,—деп.
қисса зарқұм
Есітіп сонда піл[дер] састы жаман,
«Біз енді кетелік,—деп,—есен-аман».
Көзінен жас ағызып, зар-зар жылап,
Жөнелді қашып бәрі тауға таман.
Жөнелді өзге пілдер тауға қашып,
Ер Әли қаһарланды қайрат ашып.
Сол барған жолменен жұртты басып,
Барады кәпірлерді басып-жаншып.
Ақылы баршасының кетті ауып,
Құлады талай ерлер жерді қауып.
Қызыл қан сахаралардан судай ағып,
Екі жұрт қан ішінде жүрді шауып.
Ұрысып жүр екі жұрт соғыс қылып,
Қызыл қан майдан іші қалды толып.
«Тағы майдан жеріне қаптаңыз» деп,
Жіберді жүз мың ерге бұйрық беріп.
Бұған да тақсыр Әли салды ойран,
Жылаулы кәпірлердің көңілі гөриан.
Мұнараның басынан Зарқұм, Хақан
Әлидің қылғанына қалды қайран.
Қисабы кәпірлердің шеттен асты,
«Қырар,—деп,—көп болса да» Зарқұм састы.
Көтеріп қылыштарын жүз мың кәпір,
Әлиді ортаға ала қамшы басты.
Қараңғы жарық дүния болды ұрыс,
Һешбірінде болмады дамыл-тыныш.
Бәрісі айбаттанып ақырысып,
Әлиге жан-жағынан салды қылыш.
Ақырып айбаттанды хазірет Әли,
Кәпірдің қаптаған соң ләшкерлері.
Кеседі сипағанда кәпірлерден
Екі жүзді тақсырдың зұлпықары.
діни дастандар
Қырып жүрер тақсыр Әли шапшаңдатып,
Өлімге байып кәпір қалды батып.
Ұрған сайын кескен соң екі жүзді,
Талайлары қалды сонда жерде жатып.
Қисапсыз қатты қырды хазірет Әли,
Кәпірдің дал-дал болды аралары.
Ошал ұрыс ішінде жүргенінде
Қарады жан-жағына Пайғамбары.
Олардың рахмат жауған аруағына,
Кәпірден кім бітеді сол жағына.
Намаздігер уақыты екен со мезгілде,
Қарайды мойын бұрып жан-жағына.
Қараса, ағып жатыр қызыл қандар,
Басылып топыраққа өлген адам.
Бойын созып жоғары салды көзін,
Сонда да көрінбеді сахабалар.
Сонда тақсыр жан-жағына көзін салды,
Көрмегеш жолдастарын қайғыланды.
«Отыз үш мың сахаба, төрт жарымнан
Айырылып қалам ба» деп ойына алды.
Хақ Пайғамбар қайғырды тамам жанға,
Құданың хикметіне қалды таңға.
Тақсырдың астындағы мінген аты
Енді жүрер болмады қызыл қанға.
Біле алмай қан төгілді бекер тегін,
Дінді қабыл көре алмай дүниядағын.
Әгар да бұ соғыстан аман қалса,
Бір тау бар табысуға белгілеген.
Пайғамбар салды қырғын кәпір жауға,
Мұнан қалған қылғандай жанын сауға.
«Сахаба, жаның барың, келіңіз,»—деп,
Дауыстап азан айтып шықты тауға.
қисса зарқұм
Әуелі шықты бәрі жақсы жайда,
Баяғы жыртылмаған киім қайда.
Ұрысқан ләшкерге көзін салып,
Сиынып тұрды тақсыр бір Құдайға.
Онан соң шықты аман Әбубәкір,
Кәпірге күнін салып заманақыр.
«Иә, тақсыр, аман ба ең,»—деп зар-зар жылап,
Жүгіріп Пайғамбарға келе жатыр.
Қуанғаннан көзінен төкті жасты,
Жасын төгіп бір-бірі [мен] амандасты-ай.
«Көретін асхабтарды болар ма» деп,
Хазірет Пайғамбарға құшақтасты-ай.
Онан соң келді Омар, молла Осман,
Кәпірді жүндей түтіп қарсыласқан.
Зар жылап олар дағы көрген жерден
Хазірет Пайғамбарға амандасқан.
Нұры күндей балқыды Пайғамбары,
Қасында есен келгенге шаһариары.
Ағызып өне бойынан қызыл қанды,
Аман-есен қосылды хазірет Әли.
Әуелі шықты бұлар мұнша жардан,
Бәрісі кейін қалмады Пайғамбардан.
Денесінде он жеті жарасы бар,
Жаяу келіп көрісті Шаһимардан.
Хасен менен Хұсайын есен-аман,
Кәпірге күнін салып ақырзаман.
Ирақтың көп ләшкерлерін дал-дал қылды,
Оларға жар болмайды жалғыз адам.
Бір-бірлеп, бөлек-бөлек болды нәубет,
Кәпір әзір қылған жоқ оған құрмет.
Қисапсыз кәпірлерді дал-дал етіп,
Саламат келді тақсыр ер Мұхаммед.
діни дастандар
Бір-бірлеп келіп жатыр өлмеген палуан,
Кәпірге қырғын салып өңкей палуан.
Он сегіз Әли ұғылы бәрі де аман,
Ағызып келді тамам қып-қызыл қан.
Олардың кезек-кезек келді бәрі,
Сүйікті Пайғамбардың жолдастары.
Жыласып, қойдай шулап баршалары,
Қосылды есен-аман қалған асхабтары.
Екі әскер соғысты ғой дүния толып,
Қалады талай ерлер жаны солып.
Қызыл қан тұла бойы дал-дал болып,
Расулға амандасты бәрі келіп.
Зарқұм ұғылы Жанәбіл о да аман келді,
Салып келді кәпірге ақырзаман.
Мәлікаждар, Садуақас, Әбілмәжін жетіп,
Ағызып бойларынан қып-қызыл қан.
Олардың халі-жайын көп сұрады,
Қамын үшбу батырдың жеп сұрады.
Бұ бәледен нешік халас болдыңыздар,
Саламат-есенбісің?—деп сұрады.
Бұлайша сөз сұрады Пайғамбары,
Қасында қайран болып асхабтары.
—Қолында кәпірлердің жатқан шақта,
Бір қатты дауыс салды хазірет Әли.
Әли тақсыр дауыстай айбаттанып,
Кәпірден кетуіне қайрат салып.
Ақырған сол тақсырдың дауысымен
Темірді дал-дал қылдық қайраттанып.
Кейінің кеткен қайраты асып,
Кейінің қалған екен көңілі жасып.
Ұрыстан есен шыққан сахабалар,
Пайғамбармен көрісті амандасып.
қисса зарқұм
Хақ Пайғамбар Османға «кел» деп айтты,
–Қалам менен дәуітіңді ал,—деп айтты.
Тірілерді қисапқа сал,—деп айтты,
Өлгендердің қисабын бер,—деп айтты.
Қалам бірлә дәуітін алды Осман,
Алып бір-бір қисапқа салды Осман.
«Он екі мың сахаба өліпті» деп,
Пайғамбарға хабарын берді Осман.
Он екі мың кісі өліп қайғы басты,
Мына өлім аз кісіден мұндай асты.
Естіп осы сөзді тұрған жандар
Баршалары «бауырым» деп зар жыласты.
Бұ дүнияға болғандай баға Зарқұм,
Мұсылманды қылған жоқ тоба Зарқұм.
Аққан қан шалқар көлдей, есі кетіп,
Жөнелді барабанын қаға Зарқұм.
Тап сол күнде жан шыдамастай қаһарына,
Өлімнің қайғыланды заһарына.
Көтінен қалған жұртын бастап алып,
Ирақтың барып кірді шаһарына.
—Кең дүния бүгін, халқым, болды тарлық,
Бұ кедей келіп қатты қылды қарлық.
Неше кісі өліпті санаңыз?—деп,
Санарға шаһ Зарқұм қылды жарлық.
Есі кетіп қайғыланды қастарынан,
Ирақтың дария толды жастарынан.
Бұрынғы қисапқа алып саптарынан,
Санады мың-мың ердің бастарынан.
Былайша жүріп санау қылды кәпір,
Кейбір жерде уағдаласып тұрды кәпір.
«Үш жүз мыңдай және жүз кісі өліпті» деп,
Хабарын осылайша берді кәпір.
діни дастандар
Бұрын көрді көрмеген кепті Зарқұм,
Дін таппасаң өзіңе епті Зарқұм.
Ас ішпей, ұйқы көрмей қайғыланып,
Жылаумен осы түннен шықты Зарқұм.
Бұ түгіл, он екі мың кісі өлді асхабтардан,
Аз кісі қырғын тапты мұншалардан.
«Жер кеппей, атымыз жүре алмас,—деп,
—қызыл қаннан»,
Тоғыз күн Зарқұм аял сұратты Пайғамбардан.
Тоғыз күн тынықтырды көліктерін,
Және мықтап бекітіп белдіктерін.
Халайық уағдаласып бір-біріне,
Екі жұрт жиып алды өліктерін.
Тоғыз күн жатты халық дамыл алып,
«Заман қандай болар» деп қайғыланып.
Намаз бамдат оқысып сахабалар,
«Уағдамыз болды» деп тұрды барып.
Мұқым жиып күтінген елді кәпір,
Көптігінен күңірентіп жерді кәпір.
Сырнай, керней, барабан, әнін салып,
Ұрыс қыла жеріне келді кәпір.
Мұхаммед—Тәңірі досты, Пайғамбары,
Дұғада болып тұрды асхабтары.
Қолында күрзісі мен зұлпықары,
Барады майдан жеріне хазірет Әли.
Ақырып айбаттанып жетіп барды,
Қаһарын бойларына жиып барды.
Өзінің қатты дауыс үніменен
Ақырып, кәпірлерге нағыра салды.
Бұ дүния шақұр-шұқыр даң боп кетті,
Бұларды көрген халық таң боп кетті.
қисса зарқұм
Қара жер қалт-қалт қақ айырылып,
Арасы жер менен көктің шаң боп кетті.
Жануар жапандағы қашып шықты,
Жүректері айырылып сасып шықты.
Тамам дария шайқалып, жер қозғалып,
Суындай бұлақтардың тасып шықты.
Күн көзі жер сілкініп көрінбеді,
Арыслан ақырудан ерінбеді.
Әуелеп талай қорған жерге түсті,
Тау мен тас тоқтамастан дірілдеді.
Бұ дүния жер сілкініп, таңға толды,
Кәпірдің есі кетіп, көңілі солды.
Дария толқығаннан тоқтай алмай,
Суда жүрген кемелер дал-дал болды.
Арыслан нағыра тартты тағы қатты,
Қырық мың кәпірлер өліп жатты.
Бұ даусы үш мың шақырым жерге жетіп,
Бұлақтан сулар шапшып аспанға атты.
Сол жерде барша халық жылады зар,
Мына еркін, кең дүния көрінді тар.
«Біреуің, жеке кел бері,»—деп,
Шақырды палуанды Әли Хайдар.
Шақырды палуанды жалғыз тұрып,
«Келгенді өлтірем,—деп,—жерге ұрып».
Піл мініп, тау секілді болып біреу
Аяғы шықты жерге сүйретіліп.
Бойы жүз жетпіс кез кәпірдің бар,
Кең дүния, мұны көрсе, көрінетін тар.
Басында тоғыз қабат болат қалқан,
Қолында мың бір батпан күрзісі бар.
діни дастандар
Қолында найза кәпірдің, белде—қылыш,
Әлиге барғаннан-ақ қылды күрес.
Амандық,«атың кім» деп сөзге келмей,
Жүгіртіп тақсыр ермен салды ұрыс.
Қолына батырлар алды найза,
Төгер деп тақсыр ерден қанды найза.
Екісі ақырысып бір-біріне,
Жүгіртіп ұмтылып салды найза.
Бірі шаншып, бірі қағып қарсыласты,
Ұрысқанның қисабы хадден асты.
Салар мен Әли Арыслан екі палуан,
Жүгіртіп тоқтамастан найзаласты.
Бір батыр келді кәпір мынау елден,
Екі ердің топырақ ұшты жүрген жерден.
Осы Салар батырды шаншуменен
Әлидің найзасы сынды орта белден.
Салар да мықты-ақ екен жүзіқара,
Дінсізден көзді қылды Хақ Тағала.
Әлиге бұрынғыдан артық найза,
Сахаба алып келді көре сала.
Саларды қайта шанышты хазірет Әли,
Тамаша қылып тұрды жұрттың бәрі.
Ұстаған темір қалқан дал-дал болып,
Екі ердің жыртылыпты қарулары.
Жүрген жоқ найза тастап қылышпенен,
Алған жоқ бірін-бірі бұл іспенен.
Осы күні екеуі қайтып кетті,
Кеш болып дамыл алмай ұрыспенен.
Қайтып өз еліне барды солар,
Зарқұмдай патшасы қуанышта олар.
Меніменен соғысқан кім еді?—деп,
Барып Зарқұм шаһтан сұрады хабар.
қисса зарқұм
—Ондай жан болмас,—деді,—дүнияда жоқ,
Бір асқан батыр екен қуаты көп.
Бұ жаһанда қисапсыз палуан екен,
Мен ондай мықтыны һәр кез көргенім жоқ.
Онан менім таусылды айлам,—деді,
Қара тас болды топырақ қайран,—деді.
Қаптың тауын найзаммен шанышқан болсам,
Оны [да] бұзар еді найзам,—деді.
Тақсыр жоқ, патша Зарқұм, сен секілді,
Келген екен бұ дұшпан тең секілді.
Не қылсам да бұ найзам бір батпады,
Әлемде жан жоқ деуші едім мен секілді.
Дию, пері тұрғаннан жоқ ондай болып,
Бәрі де кетіп еді жүндей болып.
Оған тиген бұ найзам көкке тисе,
Уатылып қалар еді күлдей болып.
—Саларым, шын айтасың, пәлі,—деді,
Оның есімін білмесең—Әли,—деді.
Бұ ғаламның қор қылған бәрін,—деді,
Ана жатқан кедейдің жары,—деді.
Қойып кәпір қарауыл жатты сонда,
Өз-өзінің тағамын татты сонда.
Мұсылманның баршасы ерте тұрып,
Азанды тақсыр Біләл айтты сонда.
Намазды сахабалар оқып алды,
Пайғамбар «бұрын бар» деп, Әлиге хабар салды.
Мініп Дүлдүл, Арыслан айбаттанып,
Ошал майдан жеріне жетіп барды.
Халқы қарап тұрған жоқ ой-ойлатып,
Қаһарланса шыққандай айқайлатып.
Кәпірлердің жағынан батыр Салар,
Жүгіртіп шыға келді ат ойнатып.
діни дастандар
—Мен келдім, ағар,—деді,—қып-қызыл қан,
Қуатым саған, батыр, келді жаман.
Бірі аман қалар ма, Әли палуан,
Бар болса бұ дүнияңда жеті мың жан.
Бұлай айтып Әлиге жетіп барды,
Ашуланып, ұмтылып найза салды.
—Иә, Салар, жетті қаза, өлерсің,—деп,
Суырды тақсыр Хайдар зұлпықарды.
Көтеріп тұрды тақсыр зұлпықарды,
«Бұ Салар дін табар» деп ойына алды.
Әдеп сақтап Арыслан тұрғанында,
Кәпір бұрын қылышпен салып қалды.
Арыслан қаһарланды соныменен,
Бұрын қылыш сілтеген жөніменен.
Өкіртіп ат үстінен айналдырып,
Саларды ұрды жерге қолыменен.
Тамаша қылды мұны көрген ерлер,
Бәрі жұрттан асқан кемеңгерлер.
Салардың ұшып түскен салмағымен,
Дірілдеп тұрды біраз әуе-жерлер.
Ұрғаны Арысланның болды қатты,
Жақындап жан шығарға, талып жатты.
Түсіп, басын кәпірдің кесіп алып,
«Мінеки, басы Салар, ал»,—деп атты.
Жылады көп кәпірлер күйгенінен,
Барады дүния жұмсап игенімен.
Жығылды кәпірлерден жеті кәпір,
Басы жалғыз Салардың тигенімен.
Сахаба ду көтеріп аттанысты,
«Өлеміз» деп кәпірлер сақтанысты.
Салар сынды батырдың өлгеніне,
Құдаға шүкірлік қып мақтанысты.
қисса зарқұм
Құрымайды сонда дағы уайым тынысы,
Кәпірліктің құрымай тұр жынысы.
Оның атын деп еді Мәлікте хан,
Бар еді бұ Салардың бір інісі.
Бұған Зарқұм:—Ұрысқа бар,—деп айтты,
Барып соғыс Әлимен сал,—деп айтты.
Нағылып жаның шыдап қарап тұрсың,
Ағаңның барып қанын ал,—деп айтты.
Олардың елі—Ирақ, түбі—араб,
Ұрысқа бәрін Құдай қойды қалап.
Жаман қылды Мәлікте қаһарланып,
Киініп алды кәпір қару-жарақ.
—Иә, Әли, бұ дүниядан кеттің,—деді,
Өлетұғын сапарға жеттің,—деді.
Менім атым, білмесең—Мәлікте хан,
Мені ойламай ағамды неттің,—деді.
Салардың ұшырдың ба жанын,—деді,
Елімнің кетірдің бе сәнін,—деді.
Бұ дүнияда болса да жеті мың жан[ың],
Ағамның алашақпын қанын,—деді.
Бұлайша Мәлікте хан айғай салды,
Ақырып тақсыр ерге жетіп барды.
Ашуланып бұ сөзге хазірет Әли,
Көтеріп бір қолымен жұлып алды.
Нағылып жан шыдасын Әли ерге,
Өзі Арыслан, баһадүр, абзал Шерге.
Бір қолымен әрлі-берлі айналдырып,
Көтеріп Мәліктені ұрды жерге.
Жерге ұрып, аяқ-қолын байлап берді,
Мәліктедей баһадүр, сабаз ерді.
Алпыс кісі сахаба жетіп келіп,
Алдына Пайғамбардың алып келді.
діни дастандар
Апарып бір шұқырға салды тежеп,
Қуанды көп сахаба бойды безеп.
Ағасы Мәліктенің—батыр Хақан,
Шығатұғын майданға келді кезек.
Мынау қиын көрінді тамам жанға,
Екі ләшкер бәрісі қалды таңға.
«Әкел,—деп,—қаруымды» айғай салды,
Інісін шыдай алмай байлағанға.
«Салармын бүгін қайғы бастарына,
Мына араб кедейдің ләшкеріне».
Тамам жұрт таң-тамаша қылды мұны,
Хақанның келді Зарқұм қастарына.
Тамаша батыр Хақан жұртын жиды,
Қасына сәркарданнан алды биді.
Атына сегіз қабат қалқан алып,
Үстіне жеті мың батпан сауыт киді.
Тегмә сауыт һәммасы жарқылдаған,
Жаудан қорқып көңілі тартылмаған.
Шашағы дулығаның жасыл жауһар,
Тамам сауыт-саймандары алтындаған.
Хақаннан таңғажайып естіңіз сөз,
Ұрыстан қайтар емес қайраты тез.
Басы күмбез ақ үйдей көрінеді,
Қолында найзасы бар екі жүз кез.
Мың батпан қолындағы күрзі таяқ,
Бір керік тау секілді мінді саяқ.
Екі иінінің арасы елу кезден,
Пішіні сол заманда тажалдай-ақ.
Жиырма бірін қылыштың байлап алды,
Хақанды көрген кісі таңға қалды.
Жетпіс батпан киімді ерге салды,
Қасына Арысланның жетіп барды.
қисса зарқұм
Таудай болып майданға келді бастап,
«Әлиді өлтірем,—деп,—жерге шаншып».
«Иә, Тәңірі, Әлиге қуат бер» деп,
Көрген соң зар жылады тұрған асхаб.
—Сенбісің,—деп сөйледі,—Әли батыр?—
Мені ойламай талайды қылдың ғапыл.
Менім атым, біліп ал, Хақан палуан,
Иә, батыр, өлер шағың келе жатыр.
Көптен бері майданда жүрдің,—деді,
Қисапсыз ләшкерімді қырдың,—деді.
Мұнараның басынан тамаша айлап,
Әуелде көзім салмай тұрдым,—деді.
Сен өлтірдің ағамның басын кесіп,
Інімді Мәліктедей қылдың нешік?!
Қылған ісің ғаламнан асып кетті,
Бүгін мен шықтым саған жыным түсіп.
Көрсеттің қамал бұзған шерлігіңді,
Бұзбадың еліңменен бірлігіңді.
Есіме алмай сені тұрамын деп,
Бүгін мен көріп қалдым ерлігіңді.
Қызыл қан енді болар қасың,—деді,
Қоятын кезек келді жасың,—деді.
Ақымақ, аға-інімді не айладың сен,
Ұшар сенің, мен келдім, басың,—деді.
—Сен, Хақан, ойласаңшы сақтануды,
Ініңнің артын ойлап сақтануды.
Көрсетіп бұрын батыр өнеріңді,
Сонан соң айтшы маған мақтануды.
—Иә, Әли, саламын көз саған,—деді,
Мені сен ойладың ба, надан,—деді.
Не сынды ерлік қылдың өзің,—деді,
Баян қыл, хал-жайыңды маған,—деді.
діни дастандар
—Менім өзім—құрайыш, нәсілім—араб,
Талай майдан шығамын қуат байлап.
Хишам боп кәпірлерге салдым һәлак,
Арыслан деп ат қойды Құдай қалап.
Жіберді осы сөзге Әли ерді,
Құдайдың Арысланы кемеңгерді.
Кәманд шынжыр құрды білдірместен,
Үстіне тақсыр ердің тастай берді.
Хақанның тастағанын көрді бәрі,
Екі әскер екі жақта баршалары.
Жетпіс батпан кәманд шынжыр тордың
Оралып ортасында қалды Әли.
Әлидің қарап тұрды көзі жайнап,
Хақан да айбаттанды қатты айғайлап.
Тағы да жеті жібек арқан тастап,
Орап-орап сыртынан алды байлап.
Тірі жан бүйткен жоқ сол күнінде,
Ұрыс қып жауды қырып жүргенінде.
Аяқ-қол қимылдауға шама жоқ боп,
Жаранып тұрды қарап Дүлдүлінде.
Күшейді елі кәпір мына жақтан,
Мұсылмандар, Әлисіз боп енді сақтан.
Шынжыр тор, темір арқан жарымынан,
Әлиді орап ала тартты Хақан.
Осындай қылды айла тақсыр ерге,
Қамал бұзған баһадүр кемеңгерге.
Салмағын ашуланып салып еді,
Дүлдүлі бөксесінен кірді жерге.
Һеш адам жандарына бара алмады,
Бір көрген қайтып көзін сала алмады.
Мұхаммед—Тәңір досы, хақ Пайғамбар,
Оларға һәм кең дүния көрінді тар.
қисса зарқұм
Бұларды көріп барша сахабалар
Деп айтты: «ойбай, Хайдар, ойбай, Хайдар».
Адасып кетті ақыл өздерінен,
Қуат кетті айтарлық сөздерінен.
Әбубәкір, Омар мен молда Осман
Қызыл қан жас ағызды көздерінен.
Сөйтіп жылап тұрды бір Құдайға,
«Әлиге бере көр,—деп,—өзің айла».
Баруға рұқсат жоқ боп Пайғамбардан,
Жылаумен тұрысты көріп жанға.
Зар жылап баршалары тұрды қатты,
Мынау іс асхабтарға жаман батты.
Қылышын қынабынан суырып ала,
Мұхаммед-Ханафия қойды атты.
Мұхаммедтің келгенін көрді Қайсар,
Әкесіне келгенін білді Қайсар.
«Батыр, сені оларға жібермеймін!» деп,
Ақырып айбаттанып тұрды Қайсар.
Хақандай мықты сабаз дүнияны алған,
Талай жүрген жеріне қырғын салған.
Ат үстінде табандап шіренісіп,
Шыққан жоқ әлі тордан Шаһимардан.
Кәпірлер тұр мақтанып көңілі тасып,
Асхабтар тұр зар жылап қайғы басып.
Ішінде бұ шынжырдың тақсыр Әли,
Тулады бір уақытта қайраты асып.
Ашуланып тулады Әли Хайдар,
Құдадан жәрдем естіп палуан жар.
Құданың рақымымен сол уақытта
Оралған шынжыр торлар болды дал-дал.
діни дастандар
Ғажайып жұрт айтатын сөздей болды,
Кең дүния жұрт қысылып көрдей болды.
Шынжыр тор, темір арқан тақсыр ерге
Шіріген, жерде жатқан бөздей болды.
Қуанып қайсар ердің көңілі тасты,
Кәпірлер мұны көрген қайғы басты.
«Мұнан басқа қыларың қалды ма» деп,
Хақанға айбаттанып қарсыласты.
Тамаша қылды көрген Әли ерді,
Қамал бұзған, жұрттан асқан кемеңгерді.
Ақырып айбаттанып тұрғанында
Жолдасы Сәдуақас жетіп келді.
—Аман-есен шықтың ба, Әли?—деді,
Қалай болды кәпірдің зары,—деді.
Оралып сен шынжырда қалғаныңда,
Қысылды асхабтардың бәрі,—деді.
Зар жылап, көрген халық жаман састы,
Ағызып көздерінен қанды жасты.
Жәрдем бере ер Мұхаммед ұмтылғанда,
Кәпірден Қайсар шығып қарсыласты.
Бұ сөзбен атын Әли бұрып алды,
Мұхаммед пен Қайсарға көзін салды.
—Иә, балам, ләшкерлерге барыңыз,—деп,
Қасына баласының жетіп барды.
—Балам, бұ жолда бұрын жүргенің жоқ,
Мұндай үлкен соғысты көргенің жоқ.
Сабырсыздық қыласың, иә, шырағым,
Бабаңның хал-жайын білгенің жоқ.
Күнбатыс, күншығысқа барған бабаң,
Шаһар бұзып, ойранды салған бабаң.
Неше Хақан, Қайсардай палуанды
Жүріп жалғыз жолдассыз алған бабаң.
қисса зарқұм
Талай мұндай шынжырды үзген бабаң,
Бұ ғаламды жолдассыз кезген бабаң.
Балам, мұнан қиынды көргенің жоқ,
Адам бұзбас дегенді бұзған бабаң.
Хақандай жау батырлар келді талай,
Олар да айла қылған олай-бұлай.
Сабырлықпен ақырын күткенімді,
Миясар жары қылған Жаппар Құдай.
Мұны естіп Мұхаммед қайтып кетті,
Көзіне атасының қуаныш етті.
—Аяма, көрсетші,—деп,—өнеріңді
Қасына ер Хақанның келіп жетті.
—Хақан, сен көрдің бе ер мен секілді?
Сені деймін тажалмен тең секілді.
Мен қарап келбетіңе болдым қайран,
Ғаламда болар ма жан сен секілді.
—Рас, Әли, екенсің ер,—деп айтты,
Адамзаттан болғансыз ер,—деп айтты.
Тамаша етсең Зарқұмды көр кел-дағы,
Сонан соң қайтып маған кел,—деп айтты.
Ағам Зарқұм болғанда, Хақан ермін,
Ұрыста өз халқыма жаққан ермін.
Арасын жер мен көктің дал-дал етіп,
Ғаламда жан шыдатпай жыққан ермін.
Мен сөйлесем өлерсің бекер қатып,
Қаларсың қара жерге қазір батып.
Неше расиа малайды аспанға атып,
Жібердім жер мен көкті жарқыратып.
Сені айдап маған ажал келді созып,
Ашулансам кетеді күшім қозып.
Неше-неше патшаның шаһарын бұзып,
Алмадай ғып алғанмын басын үзіп.
діни дастандар
Бәрін айтсам, жанымда тұра алмассың,
Қаһарлансам бетімді көре алмассың.
Әгарда ерлігімді баян қылсам,
Үстінде бұ атыңның жүре алмассың.
—Қыласың мақтаншылық, надан Хақан,
Күн ілгері көп сөйлеме, жаман Хақан.
Рас сен осыларды қылған болсаң,
Аяма, көрсете көр маған, Хақан.
Осы сөзге ер Хақан ашу қылды,
Тосуға сөз таба алмай Әли ерді.
Керігіне қамшы басып, қаһарланып,
Екі жүз кез найзаны сала берді.
Осындай болды душар ер кісімен,
Адамзаттан болған Шер кісімен.
Бұ Хақанның найзасын хазірет Әли
Шаныштырмай, қағып қалды күрзісімен.
Күрзісі тақсыр ердің тиді күшті,
Күрзі тиген бұ найза аспанға ұшты.
Жүгіртіп Әли Арыслан салды найза,
Хақанның ұруымен сынып түсті.
Қараңыз таң-тамаша ұрыстарын,
Кез болған бір-біріне тұрыстарын.
Екі найза екеуі сындырған соң,
Суырып қолына алды қылыштарын.
Бірі олай, бірі былай қағысты енді,
Ұруға айла қылып бағысты енді.
Көтерген қолдарында қылыштарын
Ақырып бір-бірін шабысты енді.
Әли ұрғаш, батыр Хақан тітіреп кетті,
Қалқаны жарылуға жақын жетті.
Астындағы керігінің белі үзіліп,
Қылышының салмағымен өліп кетті.
қисса зарқұм
Аты өліп, батыр Хақан өлмей шықты,
Арыслан бір ұрғанда жерге тықты.
«Мұны мініп, иә, батыр, ұрысыңыз» деп,
Және бір керік келтірді онан мықты.
Бір керік мінді үлкен онан гөрі,
Дал болды екеуінің жүрген жері.
Екісі қылыштарын көтеріп алып,
Ұмтылды шаппақ болып бірін-бірі.
Көтеріп келді семсер Хақан бастап,
«Әлиді өлтірем,—деп,—жерге жаныштап».
Шабайын деп ұмтылып келгенінде
Жалаңаш қолымен алды ұстап.
Жүзі Әли қолында, сабы Хақанда,
Көріп ақыл қалмады тұрған жанда.
Екісі бір қылышқа тартысқанда,
Үзіліп ортасынан кетті сонда.
Қуаты тақсыр ердің палуандай еркін,
«Сонда да жеңем»,—деді кәпір шіркін.
Үзіп алған алмасты ләшкерге атып,
Хақанның зұлпықармен шапты керігін.
Аты өліп, өзі жаяу болды Хақан,
Көрініп Қап тауындай тұрды Хақан.
Бұрынғы керігінен ұлығырақ
Және бір керікті берген мінді Хақан.
Хақан кетті қара боп қайраттанып,
Ұрыспай жан тұрған жоқ жайға аттанып.
Қолына жүз жетпіс кез алмас алып,
Көтеріп келді әлгі айбаттанып.
Барабар Әли түгі қара тасқа,
Жүріп түсірген жоқ осы жаста.
Жібі жанған оттың лебіндей боп,
Тақсырды батыр Хақан салды басқа.
діни дастандар
Бұлардың қосылған жоқ ынтымағы,
Әзір бірдей шығып тұр аруағы.
Құдайым бұ алмастан сақтаған соң,
Хақанды зұлпықармен шапты тағы.
Осындай шапты тақсыр қаһарланып,
Ішіне қайрат толып оттай жанып.
Темір болат қалқанды Әли шапқан,
Зардабынан жығылды жерге барып.
Япырым-ай, бұ не деген адамзат,
Һәр түрлі қырық жазылды хат.
Сонда да батыр Хақан өлмей қалды,
Отыз піл, он керік, осы күн өлді жүз ат.
Хақанға келді жаман қайрат толып,
Аты өлгенге барады көңілі солып.
Және бір керікке мініп, ер Әлиге
Келді, көзі керігінің күндей болып.
Хақанға қарсы Әли жетіп барды,
Шабайын деп алмаспен ашуланды.
Шаптырмай бұ алмасты хазірет Әли,
Қолынан бұ кәпірдің тартып алды.
Әли де ашуланды жаман қатты,
Тартып алған алмасын ләшкерге атты.
Жіберген бұ алмастың тиюіменен
Кәпірден жетпіс кісі өліп жатты.
Екеуі бір-біріне қаһарланған,
Бұларды көрген халық есінен танған.
Кеш болып күн батқан соң, қайтып келді
Қасына Пайғамбардың Шаһимардан.
Мұхаммед—Алла досты, Пайғамбары,
Дұғада болып тұрды асхаблары.
Таң атқаш Құдаға зар жылады,
«Хақанды жеңбейім» деп хазірет Әли.
қисса зарқұм
Таң атқаш, фатиха алды Пайғамбардан,
Қол жайып және дұға алды асхабтардан.
Келіп майдан жеріне Дүлдүлімен,
«Хақан» деп айғай салды Шаһимардан.
Оянып ұйқысынан тұрды Хақан,
Ер Әлидің даусын білді Хақан.
Көрініп Қап тауындай айбатпенен,
Шығып кәпір елінен келді Хақан.
Бұлттай болды жауар Хақан палуан,
Һәр түрлі айбаттанды алуан-алуан.
–Бірі аман қалар ма бүгін менен,
Бар болса бір дүнияңда жеті мың жан.
–Мақтанба әзір, Хақан, соңға қара,
Қылармын, иншалла, пара-пара.
Осы сөзің өзіңе тұсау болар,
Ғинаят ойласа, әгар, Хақ Тағала.
Мұны айтқаш Хақан батыр ашуланды,
Жүрегі оттай жанып күйіп-жанды.
Салмағы күрзісінің мың батпанды,
Көтеріп ерінен қолына алды.
Арыслан қалқан ұстап тұрды жайға,
Сиынып өзі жалғыз бір Құдайға.
«Өзің жәрдем бермесең, падишаһым,
Хақанға қыламын,—деп,—нешік айла».
Ұруға келді Хақан қаһарланып,
Түкіріп екі қолға күшін жанып.
Ұрдырмай бұ күрзіні хазірет Әли,
Кәпірден лақтырды тартып алып.
Бұған да болды қайран жұрттың бәрі,
Бір мұсылман, бір кәпір әскерлері.
Қылышын самсам деген суырып алды,
Хақанды шабайын деп хазірет Әли.
діни дастандар
Бұлар жүр дамыл алмай ұрыспенен,
Не болар бекер қарап тұрыспенен.
Басына ер Хақанның хазірет Әли
Ақырып шапты сонда қылышпенен.
Шаң болды екі ердің жүрген жері,
Құданың Әли Арыслан сүйген ері.
Болмады сонда дағы ешбір қатер,
Қылышпенен шабысты бірін-бірі.
Ұрысып кетті екеуі қарсыласып,
Ұмтылып бір-біріне қайраты асып.
Ұрысқан екі ердің зардабынан,
Қараңғы болды дүния шаңдақ басып.
Хақанмен салды ұрыс Әли Хайдар,
Кең дүния шаңдақ басып, көрінді тар.
Қалып шаң ортасында екі әскер,
Білмеді не қыларын тұрған жандар.
Шаңнан қараңғы болды, күн—кеш,
Олардай болсаң, палуан, майданға түс.
Жарық дүния қараңғы тұман болды,
Екі ердің не болғанын білмеді уа һеш.
Қараңғы шаң мен тұман күн шағында,
Мұсылман жан қияды дін жағында.
Екі ерден құп етіп екі ләшкер,
Шам жағып қарап тұрды түн шағында.
Ақырады анда-санда Әли батыр,
—Иә, Хақан, мықты бол,—деп,—болма ғапыл.
О дағы күркіреді күн секілді,
Естіген есі кетіп бара жатыр.
Екеуі салды ұрыс алуан-алуан,
Кез болды екі топтан екі палуан.
Шаңыменен тұман болып жердің жүзі,
Екі әскер екі жақта болды қайран.
қисса зарқұм
Екі ердің ұрыс болды жиын-тойы,
Жеңген жоқ, бірін-бірі жеңуге ойы.
Осы күн кеш болып, ақшам болып,
Ұрысып шықты екеуі түні бойы.
Ұрысып мықты екеуі әлі тынбай,
Әзер жүр бір-бірінің белі сынбай.
Екісі минут тыныштық дамыл алмай,
Соғысты әл үстінде жеті күндей.
Ұрыстың көрсетіп жүр ағасынан,
Құтылып бір-бірінің табасынан.
Қарулардан һеш айла болмаған соң,
Ұстасты екі батыр жағасынан.
Ұстасып бірін-бірі тұрды қатты,
Құдай күшті қылды осындай адамзатты.
Екі ердің жағаласқан зардабынан,
Тізеден керік, Дүлдүл жерге батты.
Екеуі жағаласып ұрыс қылды,
Бек жаман бір-біріне қаһарланды.
Астындағы аттары қандар сиіп,
Бауырлап қара жерді жата қалды.
Дірілдеп тұрды аттар жата қала,
Адамды күшті қылды Хақ Тағала.
«Ал, енді күрестік» деп екі батыр,
Ұстаса тұра келді айқай сала.
Бұ дүния тағы жаман шаңға толды,
Оны естіген, көрген қөңілі солды.
Арасын жер мен көктің шаңдақ қылды,
Ой жерлер қыр, қырлар ойлар болды.
Ұласты күреспенен күні-күнге,
Тау мен тастар сипаты болды шөңке.
Қараңғы шаң мен тұман күн көрінбей,
Мына күн айналады келер түнге.
діни дастандар
—Иә, Әли, сөз айтамын сізге,—деді,
Ұрыстан түк болмады бізге,—деді.
Арасы жер мен көктің шаңдақ болып,
Топырақ кіріп барды көзге,—деді.
Жеті күн жүрдік атта ұрыс салып,
Екі күн һәм күрестік қаһарланып.
Әгар болса рұқсат, тақсыр, сізден,
Тамақтанып келейін бүгін барып.
Жалынып сөз сөйлейді Хақан батыр,
«Екеуміз біраз қарап тұралық тек».
Ішінен хазірет Әли қайғыланып,
Барады құрт аурудан меңдеген адамдай боп.
—Иә, Хақан, рұқсат жоқ саған,—деді,
Әлі ұрыс біткен жоқ тамам,—деді.
Екеуіміз осы халден айырылмайық,
Есіттірме бөтен сөзді маған,—деді.
Маған ешкім бұлайша айтқан емес,
Қамын ойлап үйіне қайтқан емес.
Бұрынғы сақыпқыран осындайда,
Олар, сірә, іс бітпей бүйткен емес.
Кеткен жоқ оның дұшпан қолдарынан,
Күшінің сасқан емес молдарынан.
Сұрама ижазатты, батыр Хақан,
Бабамның айырылмаймын жолдарынан.
Хақанды жібермеді хазірет Әли,
Жамиғ жер толыпты қарулары.
Аспаннан қатты жаңбыр жауып сонда,
Екі ерді көрді халық, жұрттың бәрі.
Екі әскер қимылдап тұр дүния толып,
Кеткен жоқ екі жақтың көңілі ауып.
Ой жерлер қыр, қыр жерлер ойлар болып,
Қалыпты жердің жүзі дал-дал болып.
қисса зарқұм
Биік жер болған екен қара жолдай,
Бұ дүния дал болды оң мен солдай.
Екі ердің күресімен жүрген жағы,
Болып қалған секілді қазған ордай.
Барады дамыл көрмей бір шыбын жан,
Ағызып ашумен көзінен қан.
Бірін-бірі үйіріп алуан-алуан,
Бұларды көрген халық болды қайран.
Ағады ашуланса қанды жастар,
Әлі жоқ онда тыныштық, жеген астар.
Кез болып сілтегенге тиіп кетсе,
Құмдай болып кетеді қара тастар.
Бірін-бірі ақырып сілтегенде,
Қарайды кейбіреуі көзін салып.
Тұрады мұны көрген таңдар қатып,
Кетеді бөксесінен жерге батып.
Бұларға көрген халық қайран қалды,
Екі әскер тамаша ғып көзін салды.
Ұғылы ер Мұхаммед-Ханафия,
Қасына тақсыр ердің жетіп барды.
—Бабам, сен Шер Құда болдың,—деді.
Талайды бұрын жерге ұрдың,—деді,
Халайық «жеңбеді» деп аузына алды,
Шыдамай күйгенімнен келдім,—деді.
Ұрыстың тоғыз күндей ұдайына,
Жаһанда не жан келмеді жанайыңа.
Иә, ата, енді ұрысты маған беріп,
Тамаша етіп тұрыңыз өз жайыңа.
—Шыдамсыз, сабырсыз жаман,—деді,
Ойын ойнап жүрген жоқ бабаң,—деді.
Кейін қайт әскерлерге, иә, Мұхаммед,
Бабаңа намыстансаң, балам,—деді.
діни дастандар
Есітіп ер Мұхаммед қайтып кетті,
Сөзіне атасының қуаныш етті.
Үш жүз алпыс алты тамырдан күші қайнап,
Түгі тұтам киімнен тесіп өтті.
Халайық екі жақтан тұрды қарай,
Бәріне жоқ болар деп дүния сарай.
«Аяма барлығыңды осы жолы,
Иә, Хақан, жан сақтарың екіталай».
Қарасып тұрды кәпір дүния толып,
Кімінің есі кетіп, көңілі солып.
Күркіреп, күңірентіп батыр Хақан,
Кетті-ау айбаттанып таудай болып.
Салмақпен батты Хақан орта белден,
Құтылмас келді ашу кемеңгерден.
«Иә, Ханнан, иә, Маннан» деп хазірет Әли,
Көтеріп алды тақсыр қара жерден.
Келмейді, сірә, ешкім қастарына,
Көзінің қаһар төгіп жастарына.
Таудай болған бойыменен ер Хақанды
Көтеріп, айналдырды бастарына.
Күн көзі көлеңкеден көрінбейді,
Арыслан күшін аяп ерінбейді.
Ақырып айналдырған екпінімен,
Суылдап жердің жүзі дірілдейді.
Сонда жұрт болды қайран Әли ерге,
Қамал бұзған баһадүр кемеңгерге.
Тоғыз қабат жоғары айналдырып,
Хақанды таудай қылып ұрды жерге.
Хақаннан кетті ерлік, күш баяғы,
Баяғы ерлік кетіп ер сияғы.
Қара жер қалтылдады салмағынан,
Созылды мұнарадай екі аяғы.
қисса зарқұм
«Болар ма,—деп,—қайтып бұрынғы жай»,
Суылдап көріп кәпір салды ойбай.
Үстінде ер Хақанның хазірет Әли,
Көрінді тау басында лашындай.
Қуанды дін мұсылман «иә, Құдайлап»,
Жығылғаш батыр Хақан жерге барып.
Жүз кісі асхабтардан жетіп келіп,
Шынжырлап қол-аяғын алды байлап.
Болар ма өтім мұндай асхабтарға,
Хақандай кім шаттанбас діні қарға.
Аяқ-қолын байлаған бойыменен,
Өңгертіп алып келді Пайғамбарға.
Хақ Пайғамбарға келгеннен соң,
Қолына алып келді бергеннен соң,
«Мұны байлап шұңқырға сал» деп айтты,
Кескінін таңғажайып көргеннен соң.
Әлидің қайраты асты тамам жаннан,
Бұ ерге қуат берді Құдайымнан.
Хақанды байлаған соң шаттанысып,
Сахаба айқай салды қуанғаннан.
Бұ күлкіге қаранып көрді Зарқұм,
Хақанның байланғанын білді Зарқұм.
Әмір Әли алып ұрып байлағанда,
Жаман қатты күйініш қылды Зарқұм.
Хошсыз боп патша Зарқұм жаман састы,
Адасып ақылынан, құты қашты.
«Қайран сабаз баһадүр Хақаным» деп,
Жиылып елі, халқы зар жыласты.
Жылап Зарқұм:—Кетті енді әлім,—деді,
Сен едің бұ ғаламда мәлім,—деді.
Мынау Хақан қарағым, ерім,—деді,
Дүниямнан енді шықты жаным,—деді.
діни дастандар
Барабар енді кім бар жауға тығын,
Хақан кетті, біздерге болды шығын.
Сақтап тұрған ер еді осы,—деді,
Бұзылар енді менім патшалығым.
Қамал бұзған бұ Хақан шерім,—деді,
Біздерге болған енді керім,—деді.
Әли бірлән барабар болатұғын,
Аман бол, кетті Хақан ерім,—деді.
Барғанмен кім пар болар Әли ерге?!
Қамал бұзған баһадүр кемеңгерге.
Бұ сөзді айтты дағы зар-зар жылап,
Бетін қоя жығылды қара жерге.
Әли Арыслан Дүлдүлге алды мініп,
Жаратқан бір Құдайға шүкір қылып.
Қуанып көңілінен қайраты асып,
Сөйлейді ләшкерлерге қарсы келіп.
Келіп сөз сөйлейді айқай салып,
Тамам барша қуатын жиып алып.
—Иә, Зарқұм, дін қабылдасаң келді кезек,
Қалады өзге халқың қайда барып.
Тілімді ал, ислам дініне кіргіл,—деді,
Шын айтамын, тұғры жолға ергіл,—деді.
Құдай жалғыз, Құран шын, Пайғамбар хақ,
Бір Алланың бірлігін білгіл,—деді.
Мен бұрын жол шашқанмын талай күйге,
Ажалды дүния салды бекер-текке.
Әгарда мұны қабыл көрмесеңдер,
Кел,—деді хазірет,—маған жекпе-жекке.
Қылған жоқ енді тақсыр жаудан қауіп,
Темір сауыт, тағы тұр қалқан жауып.
Астына пілден үлкен керік мініп,
Хақан сынды бір кәпір келді шауып.
қисса зарқұм
Қылғандай ашуланса тауды талқан,
Белінде белбеуі бар шынжыр арқан.
Қолында мың бір жүз батпан күрзісі бар,
Тоғыз қабат иінінде жапқан қалқан.
Құтылатын кісі емес жұрттың жаны,
Төгілетін кез болды адам қаны.
Талай ердің алмадай басын үзген,
Өзі еді палуанның палуаны.
—Білемін бөлек сенің затың,—деді,
Қолыңда алған палуан хатың,—деді.
Арыслан тамашалап сұрады жауап:
—Баян қыл, кім болады атың?—деді.
—Атым-дүр Мәлікте хан менім,—деді,
Төгермін келген соң қаның,—деді.
Мен—Хақаннан кем емен өзім,—деді,
Сен дәли палуан болып шықтың,—деді.
Сен дәли палуан болып шықтың,—деді,
Талайларды жерлерге тықтың,—деді.
Онан бетер қылармын сені,—деді,
Саған келер ұрыстың күні,—деді.
Хақанды айламенен жыққан болсаң,
Мені де айламенен алсаңшы сен,—деді.
Бұлайша тақсыр Әли тұрды тежеп,
Басына қалқан ұстап бойын безеп.
«Армансыз, Мәлікте хан, қимылда» деп,
Әуелі бұ кәпірге берді кезек.
Мұны айтып тұрды тақсыр қалқан алып,
Көтеріп Мәлікте хан қалды салып.
Көзінен қан аралас жасы ағып,
Жылады Пайғамбарға шауып барып.
—Кезекті Мәліктеге бердім,—деді,
Бекіп қалқан ұстап тұрдым,—деді.
діни дастандар
Дұға қыл, иә, Пайғамбар, менім үшін,
Есім кетіп әлсіреп келдім,— деді.
Жаңадан дұға қылды хақ Пайғамбар:
—Құдадан медет тіле, палуан жар.
Жеңерсің, иншалла, бұ кәпірді,
Жанына Мәліктенің барғыл, Хайдар.
Бұ жерге таң болып тұрды жиылған жан,
Алар деп үміт етіп кәпір хайуан.
—Бар еді кезек деген уағдамыз,
Ұрайын сен тұр, Мәлікте хан.
Сөз айтып, осылайша келді бастап,
Кәпірді кетейін [деп] жерге жаныштап.
Бекітіп үзеңгіге екі аяғын,
Басына тұрды кәпір қалқан ұстап.
Көтеріп зұлпықарын алды Әли,
Қасына қаһарланып барды Әли.
Ақырып айбаттанып «иә, Ханнан» деп,
Сыртынан қалқанының салды Әли.
Зұлпықар басын жарып өтті сонда,
Атқан жайдың оғындай өтті сонда.
Құданың құдіретімен таңғажайып,
Кесерге көк өгізді жетті сонда.
Әлидің қылышы батты қара жерге,
Дүнияда кім шыдаған тақсыр ерге.
«Көк өгізді және кеспесін, тез ұста» деп,
Бір Алла бұйрық қылды Жәбірейілге.
Сонда хазірет Жәбірейіл жетіп барды,
Құданың құдіретіне таңға қалды.
«Мұнан былай баратын уақыт жоқ» деп,
Басынан зұлпықардың ұстай алды.
қисса зарқұм
Қуаты сол бір жерде көрінді артық,
Іс қылсын мұнан артық енді қайтіп.
Мәлікте хан ашумен білмей қалды,
Ер Әли зұлпықарын алды тартып.
Сонда тақсыр Арыслан суырып алды,
Алғанын өз күшіне таңға қалды.
—Табики, маған шапқан бұ қылышың,
Не қылды ұрғанымен,—деп айтып салды.
—Келді өлім мақтансаң да бұ шағыңа,
Таң болдым, кәпір, сенің аруағыңа.
Көрерсің көресінді, Мәлікте хан,
Әуелі қимылдасаң жан-жағыңа.
Шапты ғой мықтап тақсыр ұрғандай боп,
Тұрмады ғой хал-жайын сұрағандай боп.
«Қане» деп, Мәлікте хан қозғалғанда,
Атымен екі айырыла құлады қорғандай боп.
Сахаба да көтеріп аттанды енді,
Айқайлап баршалары шаттанды енді.
—Надансың түк білмеген, кәпірлер,—деп,
Қуанып тақсыр Әли мақтанды енді.
—Бар болсаң маған, кәпір, келгіл,—деді,
Жолым хақ, шын айтамын ергіл,—деді.
Әгар да тіл алмасаң, шіркін, иттер,
Мәлікте шаһыңа ұқсап тұрғыл,—деді.
Шыдамай бұ сөзге кәпір надан,
Баруға жүре алмай болды жаман.
Әлидің айбатына есі кетіп,
Шыға алмады майданға жалғыз адам.
Әлидің шыдамады заһарына,
Елінің қайғы түсті бір-біріне.
Шыға алмады жекпе-жекке жалғыз адам,
Ирақтың қайтып кірді шаһарына.
діни дастандар
Шаһарға жұмла қашып барды сонда,
Кілтін қорғандардың салды сонда.
Ашық қорған бекітіп қақпаларын,
Берік қылып байласып алды сонда.
Ошал күн жаман қатты күйді Зарқұм,
Шын жұмсап, бойы балқып еді Зарқұм.
Үйіне кірісімен жұрттың бәрін
Шақырып, өз қасына жиды Зарқұм.
—Мен бүгін көрдім халқымның кеңін, тарын,
Құлақ сал, тыңла, халқым, мұның бәрін.
Бұ қалай қиын-қыстау болды заман,
Не айла бұған табар, жақсыларым?!
Нағылып енді дүния жақтағаймыз,
Қалайша, қайтіп,—деді,—хақтағаймыз?
Өзіңіздің ойларыңша ойла, халқым,
Не ақыл бірлә жұртты сақтағаймыз?
Қылатын бар ма айла күн батқан соң?
Ұйықтап амал болмас жай жатқан соң.
Өзі табар бойынан кісі айла,
Қалайша соғысармыз таң атқан соң?!
Бұ қайғысын Зарқұмның көрді бәрі,
Бұ іске қатты жылап тұрды бәрі.
Ешбірі ұрысуға айла таппай,
Жаман қатты жыласып тұрды бәрі.
—Бұ дұшпан келіп бізге болды қатыл,
Боламыз діннен безсек оған сақыл.
Жамағаттың көтеріп басын Зарқұм,
—Ұрысқа таптыңыз ба,—деді-ау,—ақыл?
Қысылдым бүгін, халқым, айтар сөзден,
Мен болдым екі жұрттан үміт үзген.
Әуелі ер Жанәбіл кетті бізден,
Сонда-ақ үміт үзгенмін ұғыл-қыздан.
қисса зарқұм
Жанәбіл кетті бізден дінді қалап,
Шақырды жекпе-жекке оны балап.
Махәбіл бірлә Қыртас, Хашам, Хаман,
Ол ердің күрзісінен болды һәлак.
Жанәбілден Сұхрабым қалды өліп,
Ол ердің ұрғанымен һәлак болып.
Екі жұрт қаптап кетіп ұрыс болып,
Тастады әскерімді қойдай қырып.
Біз көрдік сол сағатта Әли ерді,
Өзі—артық палуан, кемеңгер-ді.
Қисапсыз ләшкерімен зәңгілерді,
Оларға орын қылды қара жерді.
Қызыл қан сахараға жүрді батып,
Екі жұрт қан ішінде шалпылдатып.
Неше жүз мың ерлерім сонда өлді,
Жіберді Мұхым пілді аспанға атып.
Ұрыс тарқап жекпе-жекке болды Салар,
Әлимен қарсы ұрыс қылды Салар.
Ұрысып екі күндей найзаласып,
Қолында ошал ердің өлді Салар.
Өздерің көзің көрді, халқым,—деді,
Жібермей-ақ бір сағатта байлап алды.
Онан соң барды Хақан қастарына,
Әлидің қайғы салып бастарына.
Тоғыз күндей ұрысып алуан-алуан,
Оны һәм байлап берді әскеріне.
Сонан соң кетті менім сәнім,—деді,
Осылай тыңла, жұртым менім,—деді.
Қайран Хақан баһадүр кеткеннен соң,
Дүниямнан шықты менім жаным,—деді.
Тағы да Мәлікте хан барды оны көріп,
Әлимен қарбаласты қарсы тұрып.
діни дастандар
Өздерің көзің көрді, халқым,—деді,
Тастады атыменен екі бөліп.
Мен талайға салып ем заманақыр,
Бүгін мен есім кетіп болдым пақыр.
Дүниядан дүнияға қалмайды екен,
Өзіме өз қылғаным келе жатыр.
Талай жанды орнынан көшіріп едім,
Кең дүнияны тарлыққа түсіріп едім.
Адамды мұндай қылып табанымда,
Пері, дәуді қор қылып ұшырып едім.
Бұ дүния енді бізден өтті,—деді,
Өз қылғаным айналып жетті,—деді.
Аман бол, хош қалыңдар, қайран жұртым,
Бұзылып патшалығым кетті,—деді.
Біздерге орын болды қара жерлер,
Маған серік жөнелді жаһангерлер.
Солардың баршалары дүния салды,
Әлиді ойға алмаған қайран ерлер.
Есітіп барша халық көп жыласты,
Қамын өз басының жеп жыласты.
—Қиын іс, халқым, маған болды,—деді,
Жүрегім қызыл қанға толды,—деді.
Әгар да тыңласаңдар көп ұнатып,
Бір ақыл жаңа маған келді,—деді.
Мұнан басқа қылар іс аз,—деп айтты,
Қызыл қан болды дария саз,—деп айтты.
Осы түннің ішінде жұрт жиылып,
Жабылып бір терең ор қаз,—деп айтты.
Түзетіп қойсын түнде бетін жауып,
Әлиге білдірместей айла тауып.
Шақырса біреу барып бір жағынан,
Ғапыл боп келер,—деді,—қарсы шауып.
қисса зарқұм
—Әлиге жан пар болмас дүнияда,—[деп],
Балқыды қорғасындай жиылған көп.
—Кетпесе сонда жығылып бұ құдыққа,
Онан басқа қылатын айламыз жоқ.
Отырды үйге бәрі жиылысып,
Қарасып бір-біріне қиылысып.
Ұзындығы жүз, ені екі жүз кез,
Кәпірлер құдық қазды жиылысып.
Жыласып тұрды кәпір һәр ауылдар,
Жері Ирақ патша бір бауырлар.
Екі жұрт бір-бірінен қорыққанынан,
Неше мың қойды араға қарауылдар.
Шүкірлік қылды Хаққа хазірет Әли,
Кәпірдің таусылды деп палуандары.
Намаз бамдат имам боп оқып алып,
Дұғаға қол көтерді Пайғамбары.
Ертерек күн шықпастан тұрды кәпір,
Бір айласын ішінде қылды кәпір.
Қағып тұс-тұс жақтан барабанды,
Жеріне ұрыс қылар келді кәпір.
Бір палуан шықты Хишам айқай салып,
Ұзын семсер, күрзіні қолға алып.
—Иә, Әли, мықты болсаң, кел бері,—деп,
Жанында қазған ордың тұрды барып.
Естіді үшбу сөзді Әли батыр,
Қауіпсіз еш нәрседен болып ғапыл.
Хишамды самсамменен салайын деп,
Жүгіртіп Дүлдүлменен келе жатыр.
Хишам да қаһарланды мұнан қашпай,
Қорқып тақсыр Әлиден тағы саспай.
Алдыңғы қазған орды Дүлдүл біліп,
Жүрерге тұрды аяғын қадам баспай.
діни дастандар
Сонда Әли Дүлдүліне ашуланды,
«Аядың ба жүруге бүгін жанды».
Көтеріп қамшысын бауырына,
Арыслан басыңқырап салып қалды.
Секіріп сонда Дүлдүл көкке ұшты,
Әлиден қамшы тиді жаман күшті.
Бөксесінен қара жерге ойылып кетіп,
Арыслан сыпырылып жерге түсті.
Кәпірдің айласы асты тамам жаннан,
Әлидей жұрт айырылды серкесінен.
Ат қойды самсап тұрған Ирақ жұрты,
Бұларды көргеннен соң қуанғаннан.
Мұны көрген халайық жылады зар,
Жаны дос ақыреттік сахабалар.
Адасып ақылынан тұрған жандар
Деп айтты «Ойбай, Хайдар! Ойбай, Хайдар!»
Адасты ақылынан асхабтары,
Жығылып қалғаннан соң тақсыр Әли.
Қабынан қылышын суырып ала,
Тақсырдың шапты өңкей балалары.
Зарқұм айтты:—Шүкірлік, мұны көрдік,
Осындай болар ма деп айла қылдық.
Шығармай таспен атып өлтіріп бақ,
Әгар шықса құдықтан күлкі болдық.
Шыға алмас енді,—деді,—Әли батыр,
Өлімнің өлетұғын болар ақыр.
Қуанып көңілдері қатты тасып,
Жүгіртіп қаптап кетті жүз мың кәпір.
Бәрісі қаптап кетті күркіресіп,
Екпіні қарлы жаңбыр, желдей есіп.
Он сегіз Әли ұғылы салды соғыс,
«Атамыз әлдеқандай болды» десіп.
қисса зарқұм
Кәпірлер бір-біріне бәрі таяу,
Хал келсе, ниеті жоқ Әлиді аяу.
Қолына һәрқайсысы тастар алып,
Жүгіріп аттарынан түсе жаяу.
Әли ұғылы мұны көріп жаман састы,
Төгісіп ашуымен қанды жасты.
Тақсырдың тамам ұғылы жаяу болып,
Жаяу жүрген кәпірге араласты.
Бірі іні, бірі үмітті ағасынан,
Бәрі де асқан мұсылман бағасынан.
Әлидің осы он сегіз балалары
Қашырды кәпірді ордың жағасынан.
Ұрысы Әли ұғылының болды қатты,
Көп адам кәпірлерден өліп жатты.
Ирақ мұны көріп жүз отыз мың,
«Мынау қайтіп барады» деп қойды-ау атты.
Кәпірлер қаптап кетті дүнияны алып,
Оларменен жүр Әли ұғылы ұрыс салып.
Жанәбіл шыдамастан Пайғамбарға
«Біздер һәм ұрысалық» деп айтты барып.
Бұ сөзді қабыл көрді хақ Пайғамбар,
Жанәбіл айтқаннан соң сүйікті жар.
Бәрісі «иә, Аллалап» жар шақырып,
Бірі қалмай ат қойды сахабалар.
Қарсы алдында Пайғамбар мен Әбубәкір,
Ту ұстап ер Акаша келе жатыр.
Шаһ Зарқұм падишаның бұйрығымен,
Жүгіртіп келді қаптап жүз мың кәпір.
Тағы да ұрыс болды дүния толып,
Жер айырылып, шаң шықты тұман болып.
Аянбай жаман қатты салды соғыс,
Баһадүр көп батырлар қалды-ау өліп.
діни дастандар
Қызыл шалқар көлдей қырғын болды,
Кейі өліп, кейбірінің көңілі солды.
Ат аяғы өлген жаннан басылмады,
Өліктерге шұқырлар тағы толды.
Әлидің дін мұсылман қамын жеді,
Қысылғанда керектік тақсыр еді.
Жетіп келіп хақ Пайғамбар өз қасына,
—Иә, балам, хал-жайың қалай?—деді.
—Жаным бар, жатыр,—деді,—Тәңірі сақтап,
Кете ме деп қаупім бар жерге таптап.
Басқа сөз тыңлатарға аял бермей,
Кәпірдің көп әскері кетті қаптап.
Олардың кім таңданбас данасына,
Түспегін кәпірлердің табасына.
«Өзім бір кәпірлермен ұрысайын» деп,
Пайғамбар айтты он сегіз баласына.
Суырып тақсыр қамқам алды қолға,
Өзі ұрыс қылуға осы жолға.
«Балалар, өз басыңа берік бол» деп,
Сипады қылышын оң мен солға.
Бұлайша ақ Пайғамбар ұрыс салды,
Салғаннан ағызды қызыл қанды.
Жүгіртіп астындағы атыменен,
Қамқамның оңы тез астына алды.
Қызыл қан, қызыл топырақ жез боп кетті,
Кәпірлер—қой, Пайғамбар шер боп кетті.
Қырылған ләшкерлердің қызыл қаны
Тасыған таудан бұлақ, көл боп жетті.
Ұрысы тақсыр ердің болды ғайып,
Өлімге келген кәпір қалды байып.
Қарап Зарқұм падишаһ мұнарадан,
Бұған һәм болды қайран таңғажайып.
қисса зарқұм
Екі ләшкер жан аямай ұрыс қылды,
Қырғып палуан мен батыр шерді.
Кіші ұғылы Зарқұмның батыр Қайсар,
Отыз лек садақшымен келді-ау енді.
Бұрын келген жоқ еді Қайсар батыр,
Жанында жібек тудың алтын шатыр.
Артында отыз лек садақшымен,
Жүгіртіп қарсы алдында келе жатыр.
Қайсардың аруағы артық кәрі-жастан,
Өзі палуан, баһадүр қуаты асқан.
Әли түскен шұқырға келе жатыр,
Алдыңғы асхабтарға еленбестен.
Өзі палуан—батырдың даналары,
Бұлардың әзір дұшпан аралары.
Жүгіртіп қарсы алдында келгенінде,
Таниды тақсыр ердің балалары.
Қайсардың артық боп тұр аруағы,
Тағы бірдей шығады әзір жағы.
Белде қылыш һәм садақ бар жарағы,
Секіріп келді көкке арғымағы.
Сахаба мұны көрген жаман састы,
Ақырып бір-біріне қайраты асты.
Мұса риза Әли ұғылы бетіне қалқан салып,
Барып Қайсар палуанмен қарсыласты.
Ақырып келді Мұса айқай салып,
Ұмтылды бір-біріне қаһарланып.
Садақтың оғыменен атып еді,
Жығылды батыр Қайсар жерге барып.
Өзін аман сақтады Хақ Тағала,
Аты өліп, жаяу боп тұрды және.
Атайын деп Мұсаға қарсы шапты,
Бос атын жетектегі мініп ала.
діни дастандар
Сонда Қайсар садақпен атып кетті,
Бір қаһар қатты жаман батып кетті.
Мұсаның астындағы аттан өтіп,
Оқ барып қара жерге батып кетті.
Аты өліп, Мұса батыр жаяу қалды,
Қолына бір-бірінің күрзі алды.
Бірі жаяу, бірісі атты болып,
Екісі таңғажайып ұрыс салды.
Аты өліп, жаяу қалды Мұса батыр,
Кәпірге салушы еді заманақыр.
Екісі қатты ұрысып жүргенінде,
Бұларға ер Жанәбіл келе жатыр.
Кез келді інісімен жекпе-жекке,
Ұрыспай қарап тұру оларға еп пе.
Екісі Қайсар менен ұрысқанда,
Қалқандай тас ұшады аспан-көкке.
Оны батыр сабаздың барулары,
Бір-бірінен қуатты алулары.
Жанәбіл сауыты болды пара-пара,
Ұрыстан дал-дал болып қарулары.
Со күнде кәпір Қайсар өзі күшті,
Қиындық көрсетіп тұр һәрбір істе.
Қылышпен Жанәбілді шапқан шақта,
Басы тақсыр сабаздың жерге түсті.
Ұрып Қайсар қылышын төкті қанын,
Бұ жаһанның қисапсыз палуанын.
Шаһид болып Жанәбіл дүния салды,
Ұжмаққа дахил қылды әзиз жанын.
Кез келді өзі күшті діні қарға,
Кәпірге көңлі жаман, пейілі тарға.
Жанәбілді өлтіріп көңілі тасып,
Ұмтылды атасынан айырылған балаларға.
қисса зарқұм
—Өзімді өзім бүгін ер қылайын,
Шатыр орнын сіздерге жер қылайын.
Жібермей ешбіріңді хал-халыңа,
Жанәбілмен бәріңді бір қылайын.
Бұлайша келді Қайсар көңілі тасып,
«Бәріңді кетермін,—деп,—жерге басып».
Ашуланып кәпірге Хасен ғазы,
Алдынан шықты оның қарсыласып.
О да көрді Хасендей замандасын,
Қызыл қанға бояуға мұның қасын.
Жүгіртіп ер Қайсарды шапқанында,
Астында керігінің кесті басын.
Қылышын Хасен ғазы қалды салып,
Кетті қылыш қалқанын қабат жарып.
Астындағы керігі өліп, өзі есен,
Құлады атыменен жерге барып.
Жығылды мойны үзіліп арғымағы,
Аты өліп және [қалды] Қайсар тағы.
Өзінің сол құлаған бойыменен,
Хасен атын қылышпен шапты тағы.
Аты өліп, жаяу қалды екі батыр,
Салар ер бір-біріне заманақыр.
Екісі қылыштарын суырып алып,
Жүгіріп ақырысып келе жатыр.
Сынап күшін алған жоқ ағаласып,
Әлі кәпір кеткен жоқ табаласып.
Ұстасып бірін-бірі қылыштарын,
Шаптырмай тұрды екеуі жағаласып.
Көз көрген қайран болды төре-қара,
Ұрысып тұрғанына екеу ара.
Бұларды көрісімен жолдастары,
Жүгірді аттарынан түсе сала.
діни дастандар
Хасенді ұстайды «иә, Құдайлап»,
Халайық таң қалысып тамашалап.
Біреу аяқ, бірі қолдан алып,
Жабылып құр белдікпен алды байлап.
Кетіп кәпір барады қайраты асып,
«Хасенді байладық» деп көңлі тасып.
Ер Әлидің он жеті балалары
Жүгіртіп келді атына қамшы басып.
Ағасының үстіне келді сонда,
Келіп қатты бір соғыс қылды сонда.
О жақтан барша кәпір қаһарланып,
Бұларға күрзі-найза ұрды сонда.
Бұлардың қуатының асты бәрі,
Аққан қан шалқар көлдей тасытты бәрі.
Осы он жеті жігіттің зарпыменен,
Шыдамай кәпірлердің қашты бәрі.
Сонда Қайсар ләшкерге ашуланды,
«Неге қаштың, тоқта!» деп айқай салды.
Ақырып, тоқтамаған жолдастарын
Жауған қардай садақтың астына алды.
Бұлардың көрді бәрі салтанатын,
Шығарған жоқ ұрысқа жаманатын.
Оқтарын садақ, мылтық бірдей атып,
Өлтірді Әли ұғылының мінген атын.
Кәпірдің шошымас заттарынан,
Санаған оны есепсіз хаттарынан.
Осы он жеті жүрген жігіттерге,
Жаяу түсе жабылды аттарынан.
Жауыменен жаяу жүріп ұрыс салды,
Аққан қан шалқар көлдей дүния алды.
Кәпірлер қырылса да көптігімен
Жібермей Әли ұғылын байлап алды.
қисса зарқұм
Қараңғы болды тамам жердің жүзі,
Көрінбей кетті тағы күннің көзі.
Мұхаммед-Ханафия кәпірлерге,
Ұрысып ұстатпады өзін-өзі.
Дейді-ау Қайсар:—Бұл ерге тимеңіз еш,
Сақтанып өз-өзіңді қамыңды жес.
Мұны қойып өзгеге жабылыңыз,
Ала алмаспыз, айналып күн болар кеш.
Мұны айтып Мұхаммедті мықтады әскер,
Бірін-бірі шөптей таптады әскер.
Жіберіп өз жайына тақсыр ерді,
Алдыңғы асхабтарға қаптады әскер.
Көрсетті батыр Қайсар салтанатын,
Ұрыстан шығармай жүр жаманатын.
Бұрынғы Рүстемдей көтеріліп,
Секіртіп әрлі-берлі мінген атын.
Жанәбіл қайран сабаз кетті-ау өтіп,
Жылады оны естіген есі кетіп.
Сол ойнатқан керігін бойыменен,
Жүгіртіп Пайғамбарға келді жетіп.
Жүгірткен бойымен жетіп барды,
Келіп тақсыр Расулға ұрыс салды.
Қолында қамқамымен тақсыр Расул,
Басына ер Қайсардың салып қалды.
Қылыш қалқан жағынан тиді қатты,
Аты барып жығылды омақаса.
Қайсарды қара жерден көтеріп алып,
Жіберді хақ Пайғамбар аспанға аса.
Сонда Қайсар аспанға ұшып барды,
«Енді мен өлдім ғой» деп қайғыланды.
Келгенде бері қайтып хақ Пайғамбар,
Түсірмей қара жерге қағып алды.
діни дастандар
—Көріндің кеше ерің тулағандай,
Өзіңді-өзің көтердің бұлағандай.
Әгар да ұрсам,—деді,—қара жерге,
Боларсың бұ жаһаннан тумағандай.
Шариғат жолға жақсы [нәпсі] тыйған,
Талай сендей ер өтті жұртты жиған.
Тілімді алып менім сен, батыр Қайсар,
Құданың бірлігіне келтір иман.
—Сөзіңіз құп көрінді дайын маған,
Кісі едім мен пендеден тайынбаған.
Хақтығын дініңіздің кәміл білдім,
Иманыңның үйрете көр жайын маған.
Мұны айтса, енді Қайсар алғаны бақ,
Пайғамбар дұға қылса болғаны жақ.
Расулдың үйретуімен келтірді иман:
«Құдай жалғыз, Құран шын, досты Хақ».
Ислам дінге Қайсарды кіргізді енді,
Бір Алланың бірлігін білгізді енді.
Дұға қылып, ықыласына разы болып,
Пайғамбар бір арғымақ мінгізді енді.
Жаңадан дін тапқызды Хақ Тағала,
Және жақын Расулға болды бала.
«Кәпірлер, тіл алмасаң, мінеки» деп,
Жөнелді өз жұртымен соғыс сала.
Мұхаммед-Ханафия болды жаяу,
Ұрысып кәпірлермен жүрді жаяу.
Сол ұрысқан орынның бойыменен,
Хазірет Пайғамбарға келді жаяу.
—Нағашы, Тәңірі досты, бабам,—деді,
Болар ма бүгін ат маған?—деді.
Жапа-жалғыз құтылдым жаяу қашып,
Кәпірде кетті інім мен ағам,—деді.
қисса зарқұм
Пайғамбар берді бір ат баласына,
Олардың кім таңданбас данасына.
Бата алып Пайғамбардан ер Мұхаммед,
Кәпірдің қайта кірді арасына.
Жөнелді арғымаққа мініп алып,
Кәпірге жүзін тұтып қаһарланып.
Қайсармен екісі тізе қосып,
Әскердің ішінде жүр ұрыс салып.
Ұрыстан шаң боп кетті дүния боқ,
Батырлар қайраты асқан қуаты көп.
Әлиді шығаруға аял бермей,
Ұрысып жүр, әлі қырғын басылған жоқ.
Жүсіптей Әли жатыр қайғыланып,
«Құдайым, сақтай көр» деп бек зарланып.
Құдыққа тас атқанда бір періште
Тұрады тидірместен қағып алып.
Зарланып тақсыр Әли жатушы еді,
Жылауға көңілі қамлы батушы еді.
Кәпірлер тас атқанда бір періште
Атқан тасты қайтарып атушы еді.
Ұрысты екі ләшкер жұрттың бәрі,
Қырылды есеп сансыз ләшкерлері.
Ошал құдық түбінде жатқан шақта
Құдайға зар жылады хазірет Әли.
Үстінде жүйрік Дүлдүл мінбеген соң,
Амалсызда не қыларын білмеген соң.
«Өңім бе, бұ жатқаным түсім бе» деп,
Жылайды жер жүзінде жүрмеген соң.
Әлидің сол шұқырда жатты-ау өзі,
Толады қанды жасқа екі көзі.
Ошал құдық түбінде жатқан шақта,
Жылап тақсыр ердің айтқан сөзі.
діни дастандар
«Иләһи,—деді,—Тәңірім Хақ Тағала,
Тілеймін құдіретіңнен мен бейшара.
Бұ шұқыр су секілді болды маған,
Әуеде болған орын падишаға.
Иләһым, иә, Иләһым, падишаһым,
Ғаламда падишаһым сен, сен панаһым.
Бұ қайғыны салдың маған бұ жасымда,
Үміт қылсам көремісің жүз мың ақым.
Тілеймін сен, падишаһым, рахматыңнан,
Жамиғ сипатыңның құрметіңнен.
Жараттың Ғаршы Күрсі, Лаух-Қалам,
Ғаламға он сегіз мың тиді панаң.
Талай біздей жылады жүз мың адам,
Бәріне жәрдем бердің, Тәңірі Тағалам.
Иләһи, Зұлжалал рахматыңнан,
Жамиғ сипатыңның һәм затыңнан.
Хазірет төрт мұқарраб періштең,
Саламат құтқар, Алла, құрметіңмен.
Атамыз Адам, Ыдырыс, Нұх пайғамбар,
Олардан жәрдем іздеп, жылаймын зар.
Бабамыз Ибраһым мен Ысмайыл,
Хақ үшін құтқар мені, Паруардигар.
Хазірет Ысқақ, Салых һәм Айуб нәби,
Мұхаммед пайғамбар—Хақ досты, Хабибі.
Сүлеймен, Дәуіт, Шұғайыб, Шиш пайғамбар,
Олардың құрметіне құтқар мені.
Лұқпан хәкім, Даниал және Ескендір,
Бұлардың құрметіне тілеуді бер.
Қызыр менен Ілияс, тақсыр ерлер,
Құдайдан тілеңіздер, байланды шер.
Иә, Мұса, Жахия, Иса бабам,—деді,
Қиын іс болды маған жаман,—деді.
қисса зарқұм
Олардың құрметіне құтқар, Алла,
Қапы боп кетті менім шамам,—деді.
Өзімнің тақсыр бабам, хақ Пайғамбар,
Кең дүния бүгін маған көрінді тар.
Әбубәкір, Омар, Осман ағаларым,
Шапағат қылсайшы»,—деп жылады зар.
«Мұхаммед хақ Пайғамбар, тыңла жарын,
Пайғамбардың көрсет, Алла, ақ дидарын.
Шапағат мен ғаріпке қыла көр»,—деп,
Зарының көңіліндегі айтты бәрін.
«Тіріде салдым қырғын көрген жанға,
Мен бүгін есім кетіп қалдым таңға.
Болам,—деп,—әлдеқандай,—зар жылады,
Әли деп атап едің бұ жаһанға».
Бұлайша тақсыр Әли жылады көп,
«Саламат құтқар, Алла, Құдайым,—деп.
Ирақтың не болғанын көзім көрмей,
Өтем бе,—деп жылады,—арманда боп».
Періште қасындағы сөз айтады,
Әлиге кешіктірмей тез айтады:
«Жылама, бұ шұқырдан шығарсыңыз,
Дұғаңыз қабыл болар» деп айтады.
Зар қылып жылап жатыр көңілі жасып,
«Кәпірлер кете ме,—деп,—жерге басып».
Әлиді шығаруға аял бермей,
Екі жұрт соғысып тұр араласып.
Қырып жүрер кәпірлерді дал-дал етіп,
Жылады өңкей кәпір есі кетіп.
Мұсылман қойдай қырып сол бір жерде,
Пайғамбар ортасына келді жетіп.
діни дастандар
Ой жерлер қыр, қыр жерлер ойдай болды,
Бұ ұрыс бір-біріне тойдай болды.
Қаны дария кәпірдің судай ағып,
Ләшкерлер бөлек-бөлек қойдай болды.
Пайғамбар жетіп келіп:—Әли,—деді,
Саламат жатырмысың, дәли,—деді.
Тірімісің, шығаршы дауысыңды,
Қысылды жолдасыңның бәрі,—деді.
Хал-жайың қалай,—деді,—жан қарағым?
Әли палуан, сүйікті шам-шырағым.
Есенбісің, саламат жатырмысың?
Шығаршы дауысыңды, арғымағым.
Ұрыс-майдан жерінде, алуаным,
Саламат бар ма, балам, жалғыз жаның?
Шырағым, нешік болды халің?—деді,
Сақыпқыран Рүстемдей палуаным.
—Жатырмын, тақсыр бабам, сау-саламат,
Есен бе жаныңдағы көп жамағат?
Аман-есен шықтың ба, бабам?—деді,
Қыла көр бейшараңа бір шапағат.
Қиын болды Ирақтың алған жері,
Көңілге ғаріптің толды шері.
—Өңім бе келгенің, түсім бе, баба?
Бола гөр осы дерттің дәругері.
Әлидің түскен жері жоқтан ғайып,
Әуелі білмей Дүлдүл кетті тайып.
Созып тақсыр Пайғамбар екі қолын,
Жіберді бұ шұқырға сәлде жайып.
Пайғамбар барша жаннан болған артық,
Жаралған әуелден-ақ нұрмен балқып.
Ішінен бұ шұқырдың сәлдесімен
Саламат ер Әлиді алды тартып.
қисса зарқұм
Әлидің қалған екен көңілі жасып,
Аман шықты саламат судай тасып.
Бірінің табандарына табан қойып,
Пайғамбармен көрісті құшақтасып.
Әбубәкір, Омар мен келді Осман,
Бірін-бірі көрген соң зар жыласқан.
Оларменен көрісіп кезек-кезек,
Амандасып жылады Әли Арыслан.
Амандасты асхабтың бәріменен,
Сүйікті бәрі жолдас-жарыменен.
Баласы ер Мұхаммед-Ханафия
Амандасып жылады Әлименен.
Бір-бірлеп амандасты асхабтары,
Пайғамбардың сүйікті жолдастары.
Көзіне көрінбеді жалғызы да,
Сұрады балаларын хазірет Әли.
Әлидің ұғылын сұрап шықты сөзі,
Және Жанәбілді көрмей екі көзі.
Һеш адам Арысланға жауап бермей,
Бұзылғандай боп кетті жердің жүзі.
—Жанәбіл палуан қаны болды,—деді,
Мына Қайсар сабаздан өлді,—деді.
Қиындық бүгін біздің басымызға,
Иә, Әли, бір машақат келді,—деді.
Шыдамай тұрды бәрі көңлін тия,
Ішіне барша қайғы алды жия.
«Кәпірлер байлап алды ағамды» деп,
Жауап берді Мұхаммед-Ханафия.
Айтты сонда Мұхаммед тілін жанып,
Олардың байлағанын айтты салып.
Күркіреп ауадағы күн секілді,
Бұзылып кетті Әли қайғыланып.
діни дастандар
Жұлдыздай ауадағы қалтырасты,
Зар жыласып біріне-бірі қарасты.
Қырылғаннан қалған сахабалар,
Жаңа шыққан өлеңдей қалтырасты.
Бір түс берді асхабқа жалғыз Алла,
Қиындық күн болды осы жолда.
Шама жоқ ұрысатын сахабада,
Жарадан қозғала алмай тұрды сонда.
Бұ соғыс сахабаға жаман батты,
Қиын іс және түсі болды қатты.
Отырып іші күйіп хазірет Әли,
Ол күн ұрыс салмастан жылап жатты.
Тірі қалған асхабтың жарасы көп,
Кәпірдің көптігінен дүния боқ.
Бәрісі қимылдамай жатты сонда,
Атқа мініп шығатын шамасы жоқ.
Қиын іс болды осындай, адамзат,
Жарадан қозғалмай көп жамағат.
Таң атып күн шыққан соң, бас көтеріп,
Оқыды жиылысып намаз бамдат.
Өзі бас имам болды хақ Пайғамбар,
Кең дүния кәпірлерге көрінді тар.
Лажсыз, амалсыздан қайран болып,
Қаруын киді қалған сахабалар.
Япырым-ай, неткен кәпір дүнияны алған,
Ажалсыз, Құдай сақтап өлмей қалған.
Осы түн баласы үшін мың түндей боп,
Жылап шықты зарланып Шаһимардан.
Пайғамбар өзі бас боп жүрді сонда,
Жүріп майдан жеріне келді сонда.
Мұсылманның тағы атқа мінгендерін,
О жақтан барша кәпір көрді сонда.
қисса зарқұм
«Қараңыз,—деді,—ұрысқа жарағанын,
Алармыз бүгінгі күн қалғандарын».
Бұларды көзі көріп патша Зарқұм,
«Аттан» деп қақты ұрыстың барабанын.
Бұлайша бұйрық қылды Зарқұм батыр:
—Бүгінгі күн салыңыз заманақыр.
Жеріне көптігінен шаңға толып,
Құмырсқадай жыбырлап келе жатыр.
Көріп жан қалмады асхабтары,
Көңілге тоқ ішінде Пайғамбары.
Қолына зұлпықарын суырып алып,
Ақырып жетіп келді хазірет Әли.
Дүлдүл мініп, секіртіп айбаттанды,
—Қырармын, пақырлатып келген жанды.
Иә, кәпір, менім атым—ер Әли!—деп,
Тым-ақ жаман тебініп айқай салды.
Әли батыр—сабаздың кемеңгері,
Қаһары бүгін шықты ащы тері.
Билеуші Алла ағлам, патша Құдай,
Естіп тітіреді адам мен дию, пері.
Әлидей дауыс шықты батырынан,
Бәрі араб, дұшпан тарап жақынынан.
Ішінде жер мен көктің жан-жануар,
Олар да қатты адасты ақылынан.
Отырған елі, Зарқұм жаман састы,
«Әли тірі екен» деп қайғы басты.
«Енді нешік қылатын айла бар?» деп,
Жиылған кәпірлердің құты қашты.
—Кәпірлер,—деді,—маған бір айла сайладыңдар,
Ор қазып амал қылып байладыңдар.
Дәуірлеп бір күндей шіркін ер деп,
Мені сен өлді ғой деп ойладыңдар.
діни дастандар
Біліңдер, келді қайғы, бұ сөзімді,
Бұрмаспын тіпті саған нұр жүзімді.
Қылармын қатты қайғы бастарыңа,
Жібермес зұлпықарым жалғызыңды.
Осылай сөз сөйледі қаһар етіп,
Ашудан қайраттанып есі кетіп.
Масат болған пілдей ойнап тұрған шақта,
Хишам деген бір палуан келді жетіп.
Әлиді артық жаратты Хақ Тағалам,
Ажалды дүния салды көп бейшара.
Қолындағы найзасын оңтайланып,
Жаншуға жетіп келді жүзіқара.
Жүзін тұтып кәпірге бақты Әли,
Бір ұрыс және бұған тапты Әли.
Тигізбестен найзасын бұрынырақ,
Қолынан бұ Хишамның қақты Әли.
Әли қылды һәр айла бағайын деп,
Бір қызық, көп мереке табайын деп.
Хишам және қылышын суырып алды,
Арыслан тақсыр ерді шабайын деп.
Шабайын деп ойлады Әли ерге,
Сақыпқыран жұрт асқан кемеңгерге.
Қылыш тұтқан қолымен қабат ұстап,
Хишамды айналдырып ұрды жерге.
Жерге ұрғаш кесті басын хазірет Әли,
Енді кәпір қорқар деп палуандары.
Хишамның тағы өлгенін көргеннен соң,
Ойланды ат қоюға жұрттың бәрі.
Кімі жүз, кімі мың, кімі топ-топ,
Ұмтылды бір кісіге осындай көп.
Бұлармен жалғыз жүріп ұрысқалы,
Қырылған кәпірлердің қисабы жоқ.
қисса зарқұм
Кәпірдің қылды қырғын һәр жеріне,
Бәрісі қайран болып жұрт еріне.
Бұларды көзі көріп шыдай алмай,
Бұйырды патша Зарқұм әскеріне.
—Осындай бар ма палуан қам жегендей,
Қырылды батырларым сөз дегендей.
Тағы жүз мың палуан барсадағы,
Қырар, қоймас бәрісін «һай»дегендей.
Қиындық болды қайғы басыңызда,
Осындай бір іс келіп басыңызға.
Әлиді ортаға алып, атыңыз оқ,
Өздерің бір-бір жерге қашыңыз да.
Әскердің оқ атуға көңілі соқты,
Бұнан басқа қылатын айла жоқ-ты.
Зарқұмның бұйрығынша әскерлері
Әлиді ортаға ала атты оқты.
Бұ кәпір қаһарланып болды жардай,
Көптігі ол да болса қара жердей.
Жиылып атты оқты ер Әлиге,
Аспаннан түсті оқтар жауған қардай.
Екпіні ер Әлидің жел секілді,
Әзір кәпір көптігі ел секілді.
Аузынан көбік ағып қаһарланып,
Масат болып тұрады піл секілді.
Білмеді дәнемені көңілі тасып,
Он жеті ұғылы үшін қайғы басып.
«Балалар әлде нешік болады?» деп,
Һеш нәрсе байқамайды қайраты асып.
Тағы Зарқұм ләшкерге «бар» деп айтты,
—Жаяу қаптап байласып ал,—деп айтты.
Бәріңіз ортаға алып, палуандар,
Темір шынжыр бұғалық сал,—деп айтты.
діни дастандар
Жөнелді сонда ләшкер алмақ болып,
Қасына палуан ердің бармақ болып.
Мұны естіп жиылып кәмандаушы,
Келе жатыр шынжырды салмақ болып.
Жетіп келді кәпірдің палуандары,
Зарқұмның бұйрығымен мұның бәрі.
Бұларды көргеннен соң палуандары,
Ақырып кәпірлерге нағыра салды.
Бұлайша тақсыр ердің қайраты асты,
Кәпірлер сөзді есіткен жаман састы.
Әлидің қаһарына шыдай алмай,
Кәмандты салмастан қайта қашты.
Ақырып, қаһарланып тұрды қатты,
Көрсетіп кәпірлерге шын айбатты.
Һеш адам жекпе-жекке келмеген соң,
Жүгіртіп жалғыз өзі қойды атты.
Жүгіртіп Дүлдүлімен хазірет Әли,
Қысылды мұны көрген жас пен кәрі.
Кәпірлер сол уақытта жетпіс бөлек,
Ашық боп һәрқайсысының аралары.
Әлидей кім шыдасын ерлеріңе,
Қамал бұзған баһадүр шерлеріңе.
Бұ тұрған жетпіс бөлек кәпірлерді,
Ақырып қосты тақсыр бір-біріне.
Отыз мың һәр бөлек ерді сонда,
Әлиге қарсыласып тұрды сонда.
Бәрісін қойдай айдап жалғыз өзі,
Қисапсыз кәпірлерді қырды сонда.
Бір-ақ сап қылды Әли жетпіс сапты,
[Кәпірден] Тәңірі берген артық бақты.
Адамның өліктері құмдай болып,
Қызыл қан сайларынан судай ақты.
қисса зарқұм
Құдай артық Әлидің қылған өзін,
Кәпірге қаһар қылды айтқан сөзін.
Тақсырдың сілтегенде зұлпықары
Кеседі кәпірлердің екі жүзін.
Осы артық қырғын қылып кеткендігі,
Кәпірлер қаны жерге жеткендігі.
Сақалдан салған тарлық қадірлі боп,
Барады зұлпықардың өткендігі.
Бұлайша тақсыр Әли қырды қатты,
Жүгіртіп Дүлдүлменен шапқылатты.
Тартқан пішеншінің жолындай боп,
Өліктер төбе-төбе болып жатты.
Ұзартады зұлпықарын бойын созып,
Әлидің де қуаты кетті қызып.
Қызыл қан судай тасып сахарадан,
Дүлдүлі тізесінен жүрді жүзіп.
Бұлайша жүрді жалғыз қырғын салып,
«Нағылған күн»жұрт айтты қайран қалып.
Осы күн батқанша қырып-жойып,
Кеш болғаш, жатты тақсыр дамыл алып.
Таң атып, күн шығардай болды жарық,
Атына мінді Әли қаһарланып.
Барып майдан жерінде айқай салды,
Есіткен жан-жануар қалды талып.
Есі кеткен халайық көп ойлады,
Қамын өз басының жеп ойлады.
«Япырым-ай, бұ не қаһар, бұ не дауыс,
Ысрапыл сорын ұрды ма» деп ойлады.
Адасты ақылынан көп жамағат,
«Құдай-а, құтқар,—деді,—сау-саламат.»
Кәпірлер, мұсылмандар, жан-жануар,
«Болды ма екен,—деп айтты,—шын қиямет?»
діни дастандар
Ертелі үміт үзді кештерінен,
Біреу түгіл, көбейген бестерінен.
Ұшқан құс, жүгірген аң дүниядағы
Адасып жылап тұрды естерінен.
Жер мен көк тітіреді мұның қасы,
Төгілді кейбірінің жеген асы.
Шақырды өз қасына патша Зарқұм,
Бар еді зәңгілердің падишасы.
—Тұрмаңыз,—деп,—жаным, қарап текке,
Біз мұндай душар болдық үлкен кепке.
Сіз секілді әскерде жан жоқ еді,
Ұрысқа барсаң керек жекпе-жекке.
Бірде палуан, бірде залым қайраты тез,
Айтқан тыңлап хикаят есітіңіз сіз.
Көлденеңі кәпірдің тау секілді,
Ұзындығы бойының екі жүз кез.
Зарқұмнан алды рұқсат зәңгі батыр,
«Дұшпанға саламын,—деп,—заманақыр».
Бұ иттің екі көзі оттай жанып,
Жүгіртіп ер Әлиге келе жатыр.
—Бүгін жекпе-жекке келдім саған,
Боласың мен келген соң енді жаман.
Сонан соң қатты қырғын көрсетейін,
Атың кім, өз мәніңді айтшы маған?
«Атың кім?» деп бұлайша айтып салды,
Құдай мұндай жаратты түрлі жанды.
—Ағызған сендей иттен қызыл қанды,
Дүнияны алған ермін,—деп айбаттанды.
Атын айтты Арыслан тілін жанып,
Жамандар қалушы еді сонда танып.
Әлидің атын естіп осы зәңгі,
Қаһарланып көрінді айбаттанып.
қисса зарқұм
Таң қалды бір-бірінің заттарына,
Әзір көңілі келмейді шаттарына.
Екісі ашуланып қаһарланып,
Қамшы баса ұмтылды аттарына.
Жақсы сөз бір-біріне айтпады өзі,
Ұрыстың ұдайына келді өзі.
Йәжуж-Мажужды қамаған Ескендірдей,
Көрінбей кетті шаңнан жердің жүзі.
Халайық бірін-бірі кетті білмей,
Шаң болып жердің жүзі, күн көрінбей.
Әли менен бұ зәңгі екі ердің
Болып кетті ұрысы жүз мың ердей.
Бұған да қалды қайран жұрттың бәрі,
Екі әскер екі жақта жас пен кәрі.
Осы батыр зәңгіменен дамыл алмай,
Жеті күндей ұрысты хазірет Әли.
Әлиге Зәңгі айтты:—Бұ не күнің?—[деді],
Ұрыстың алдық па екен кегін?—деді.
Тұман кеткіш келейін сізге, батыр,
Болар ма екен рұқсат бүгін,—деді.
Әзір бұл қосылған жоқ ынтымаққа,
Қатты ұрыс қылып жүр сол уақытта.
—Ондай болса, иә, зәңгі, барыңыз,—деп,
Екісі қайтып кетті екі жаққа.
Таң атып, күн шыққан соң болды жарық,
Бұ жақтан хазірет Әли тұрды барып.
О жақтан кәпір зәңгі қаһарланып,
Бұ жақтан хазірет Әли тұрды барып.
Бір залым кез келтірді Хақ Тағала,
Діні жоқ, Хақтан безген жүзіқара.
Екісі қаһарланып соғысқаннан,
Болып қалды сауыттары пара-пара.
діни дастандар
Кез келді зәңгі палуан жазуменен,
Аянбай ұрыс қылды күшінің барыменен.
Осы келген палуан, патша кәпір,
Тағы екі күн найзаласты Әлименен.
Аянбай бір-бірімен ұрыс салды,
Халайық көзі көрген қайран қалды.
Ошал күн хазірет тақсыр Хайдар
Суырды қынабынан зұлпықарды.
Шабайын деп ойлады Әли Хайдар,
—Иә, Зәңгі, келтір иман, палуан жар.
—Иә, Әли, қалқан ұстап бері кел,—деп,
Хабар салды алыстан хақ Пайғамбар.
Әли бетін бұрды енді қарайын деп,
Анық біліп айтқанын алайын деп.
Бұ зәңгі күші жанып қаһарланып,
Келеді екен күрзімен ұрайын деп.
Жаратты түрлі қылып адамзатты,
Ер Әли бәрінің де дәмін татты.
Қалқан, есен-саламат қалды Әли,
Көтеріп күрзісімен ұрды қатты.
Аман-есен, саламат қалды Әли,
Көтеріп зұлпықарын алды Әли.
Зәңгінің де басында қалқаны бар,
«Иә, Алла» деп сыртынан салды Әли.
Салғанда зұлпықары кетті өтіп,
Жығылып қалды зәңгі жерге жетіп.
Жығылған салмағынан жер қозғалып,
Талай қорған бұзылды дір-дір етіп.
Бағыры бар жүз сексен кез жау секілді,
Кесті ғой тақсыр Әли бау секілді.
Қара жерді қозғалтып осы зәңгі,
Құлады бір ұшып түскен тау секілді.
қисса зарқұм
Мынау өліп, Зарқұмға және батты,
Қиындық күн бар ма мұнан қатты.
Бұ зәңгінің бар еді бір інісі,
Өзі палуан, бұ шіркін Қайсар атты.
Ағасының өлгенін көрді Қайсар,
Өзіне келген кезекті білді Қайсар.
Қасына Арысланның қаһарланып,
Жүгіртіп ұрысуға келді Қайсар.
Сол келген бойыменен найза салды,
Ағасы үшін аямай ғаріп жанды.
Ер Әли зұлпықармен ұрғанында,
Тіл тартпай осы зәңгі өліп қалды.
Бек жаман қаһарланды хазірет Әли,
Кәпірдің шыға алмады палуандары.
Қосылып қорыққанынан бір-біріне,
Адасты ақылынан жұрттың бәрі.
—Қимылда, болса күшің енді, Зарқұм,
Ұрыс қылар уақытыңыз келді, Зарқұм.
Ал сонда қаһарланып есі кетіп,
Ашуынан шыдамай тұрды Зарқұм.
—Кием,—деді,—қаруымды үйге барып,
Шығайын бұ майданға қырғын салып.
Бар екен қару салған бір сандығы,
Отыз палуан көтеріп келді алып.
Мұны көрген халайық жаман састы,
Адасып ақылынан құты қашты.
Ашуланып жұмырықпен жалғыз ұрып,
Кілтсіз өзі Зарқұм аузын ашты.
Отырған патша Зарқұм, жұртын жиың,
Мұсылмандар, Құдайға енді сиын.
Басына отыз батпан тәжін киіп,
Үстіне жеті мың батпан киді киім.
діни дастандар
Үстіне киді киім қаһарменен,
Ашуланып күшінің барыменен.
Бар еді төрт батпан бір қылышы,
Суарған айдаһардың заһарыменен.
Бар екен мұндай палуан адамзаттан,
Еш нәрсе тастамастан салтанаттан.
Мұнысын белбеуіне қыстырып алды,
Ауырлығы күрзісінің мың үш жүз батпан.
Бұ Зарқұм бұ дүнияны алған екен,
Дұшпанға қатты қырғын салған екен.
Бір керік алып келді Қап тауынан,
Тегі оның Ғад қауымнан қалған екен.
Ғадтың керігі деп еді аттың тегі,
Таусылмас айта берсек оның кебі.
Ұзындығы екі жүз кез болғанда,
Жүз елу кез тағы бар биіктігі.
Көрген жан тамашаға келер еді,
Ақылынан адам сасып тұрар еді.
Бұ атты суарғанда шылбырына
Отыз палуан жабысып жүрер еді.
Бұ отыз—бәрі мықты палуан, палуан,
Аттан бөлек тағы да алуан-алуан.
Мұнан үлкен ғаламда мал жоқ сынды,
Өзі еді малдарда бір зор хайуан.
Үстеріне отыз кісі бұғалық салушы еді,
Кімі алдын, кімі артын алушы еді.
Әгарда ашуланып тулағанда,
Кімінің қолы үзіліп қалушы еді.
Осындай бір керікке мінді бастап,
«Бұларды қайтайын,—деп,—жерге жаныштап».
Қарында бес жүз батпан найзасы бар,
Басына тоғыз қабат қалқан ұстап.
қисса зарқұм
Осы атқа қаһарланып мінді Зарқұм,
Қаһарменен бет қойып жүрді Зарқұм.
Үстінде қаруларын жарқылдатып,
Ұрыс майдан жеріне келді Зарқұм.
Тамаша қылды мұны сахабалар,
Тәуекелді Құдаға қылып олар.
«Мінеки, шаһ Зарқұм келеді» деп,
Барып хазірет Расулға берді хабар.
Әуелі тұрды Расул көзін салып,
Аты бірлән өзіне қайран қалып.
Пайғамбар:—Қаруымды ап кел,—деді,
Зарқұммен ұрысайын өзім барып.
Қаруын алып келді сахабалар,
Кәпірменен күніге болғаш соғыс салар.
Бар еді бір Құдайдан келген киім,
Үстіне киіп алды хақ Пайғамбар.
Пайғамбар қалған емес жаудан қашып,
Мұны көріп сахаба кетті сасып.
Хақ Пайғамбар майданға келе жатыр,
Тұр екен тақсыр Әли қарсыласып.
Бұ Зарқұм Пайғамбарға белгілі еді,
Екісі екі жұрттың қамын жеді.
—Берейін енді бұған өзім жауап,
Иә, Әли, ләшкерлерге барғыл,—деді.
Пайғамбар ойламайды қашайын деп,
Көңілін кәпірлердің басайын деп.
Қараңғылық, ақаттық ұйқыларын,
Көздерін, Алла берсе, ашайын деп.
Мұны естіп қайтты Әли палуан жар,
Енді кәпір өлерлер пейілі тар.
Әлгі қарсы келген падишаның
Қасына жетіп келді хақ Пайғамбар.
діни дастандар
Сонда патша Зарқұм келді дейді,
Келіп Расул қасына тұрды дейді.
Деп айтты:—Иә, Мұхаммед, Әли ерің
Қисапсыз ләшкерімді қырды,—деді.
Ашуланып сонан соң келдім саған,
Қуатым, қатты қаһар келді саған.
Өшін бүгін алайын бәрісінің,
Қалар ма бұ тұрған жан менен аман?!.
Хазірет Расул айтты:
—Білдің бе мені, Зарқұм, жеңеріңді,
Сасқаныңнан білмейсің не деріңді.
Әгар болсаң өнерпаз жұрттың ері,
Барабар көрсетейін өнерімді.
Бұ Зарқұм ашуланды осы жолға,
Ұзын найза көтеріп алды қолға.
Расулдың қайраттанып бұ сөзіне,
Жүгіртіп найзасымен алды сонда.
Осылайша найзамен салды тежеп,
Қуаттанып қолына күшін безеп.
Салған найза Расулға тіпті батпай,
Тақсырға шабысатұғын келді кезек.
Бұрын шанышқан Зарқұмда қалды найза,
Бұлай деп хақ Пайғамбар алды найза.
Кезек тақсыр Расулға келгеннен соң,
Жүгіртіп шаһ Зарқұмға салды найза.
Тамашаға қаратты кәрі-жасты,
Ақылынан адасып қайғы басты.
Шаң қылып жер мен көктің араларын,
Жүгіртіп тақсыр Расул найзаласты.
Олардың өзі палуан, жаһани сал,
Оларға керек емес дүнияда мал.
қисса зарқұм
Екісі найзаласқан ұрысынан
Темір киім сауыттар болды дал-дал.
Халайық қайран қалды заттарынан,
Өлең қылдық жазылған хаттарынан.
Хазірет Пайғамбар мен патша Зарқұм,
Екісі түсе қалды аттарынан.
Түсе қалып қылышын алды сонда,
Алып қарсы Расулға барды сонда.
Шабайын деп келгенде хақ Пайғамбар
Жалаңаш қолмен қағып қалды сонда.
Пайғамбарым қылышты қақты бастап,
Кәпірді жүн қылуға жерге жаныштап.
Созып шапшаң бекітіп екі қолын,
Зарқұмның белбеуінен алды ұстап.
Көрген жан тұрды бұған таңырқатып,
Өлімнің барша кәпір дәмін татып.
Көтеріп алып шапшаң қара жерден,
Жіберді хақ Пайғамбар аспанға атып.
Мұндайды көріп пе еді Зарқұм батыр,
Бұ жаста көрді түсін заманақыр.
Лақтырған Расулдың бойыменен,
Озып атқан оқтай бара жатыр.
Жіберіп еді тақсыр күші жайып,
Мұны алсам кетемін деп жолдан тайып.
Ұшып кеткен бойыменен патша Зарқұм,
Көрінбей көк бетінде болды ғайып.
Зарқұмның елі—Ирақ, түбі—араб,
Ұрысқа бәрін Құдай қойды қалап.
Көрінбей кеткен соң көк жүзінде,
Екі жұрт екі жақтан тұрды қарап.
діни дастандар
Шаһи Зарқұм падиша жұртына жай,
Адамы көп, бағынған елдері сай.
Қарасып көк бетінде көрмеген соң,
Түгел кәпір шуылдап салды ойбай.
Сонда тұрып кәпірлер көп жыласты,
Тауысып айлаларын жеп жыласты.
Болардай шаһи Зарқұм палуан қайда,
«Кетті, ойбай, қайтеміз» деп жыласты.
Тамам жан көкті қарап тұрғанында,
Құтылмас ерегісіп тұрып жайда.
Жемейді ер болса ердің хақын,
Аспаннан бір бозторғай болды пайда.
Бозторғайдай көрінген бойыменен,
Біле ме ерегіспей ердің затын.
Екі жұрт екі жақтан тұрды бағып,
Төмендеп шаһи Зарқұм келді жақын.
Түсірмей қара жерге хақ Пайғамбар,
«Қалар,—деп,—патша Зарқұм енді нағып»,
Құданың нән көңілінде барлығына,
Жіберген асықтарша алды қағып.
—Кәпірлікпен қасарып кетті,—деді,
Кең дүния түспей тұрып тарлығына.
Мен қайран боп тұрамын сізге, Зарқұм,
Тәңірінің келтір иман барлығына.
Екеуміз ақыреттік дос болайық,
Артық палуан көрінесің көзге, Зарқұм.
Рас,—деді,—көзім иланды ақтығыңа,
Иман келтір, ұнарсыз бізге, Зарқұм.
—Жіберіп қайтып қағып алғанына,
Сенің расул Пайғамбар нақтығыңа.
Құдай салды достықты, тақсыр, сізге,
Дін түзік Құданың жақтығына.
қисса зарқұм
Қалмады шәк-күмәнім үшбу халде,
Енді қате болар деп үміт үзбе.
Бұ Зарқұмға осындай берді ғой бақ,
Иманның үйретіңіз жайын бізге.
Пайғамбар үйретумен келтірді иман,
Екі дүния абзалы болды ғой жақ.
Иман айтып бұ Зарқұм жылады көп:
«Құдай жалғыз, Құран шын, достысы Хақ».
Иман айтып бұ Зарқұм жылады көп,
Бұрынғы ұрысқанға қайғы жеп.
—Қателіктен машақат салдым сізге,
Рақым қып үшбулерді кешіңіз,—деп.
—Қатесіз пенделер де қалмас,—деді,
Қалымнан жайын* ақыл алмас,—деді.
Әуелден жазған бұлай Хақ Тағала,
Жазудан ғайри нәрсе болмас,—деді.
Бұлайша айтып Пайғамбар төкті жасты,
Зарқұм аяғына қойды басты.
Екісі ақыреттік досты болып,
Уағда айтып сол жерде құшақтасты.
Екі жұрт екі жақтан көрді бәрі,
Он сегіз мың абзалы ерді бәрі.
Атынан барша кәпір жаяу түсіп,
«Тәуекел, не хал» деп тұрды бәрі.
Сонда Расул шақырды асхабтарды,
Мұны көрген кәпірлер анық аң-таң қалды.
Пайғамбар мен Зарқұмды құрмет етіп,
Бас болып төрт шаһариар жаяу барды.
Бәрі жаяу Расулға қадам басты,
Әуелі бекер, білмей жамандасты.
* Түпнұсқада осылай жазылған.
діни дастандар
Құрметтеп Зарқұмды төрт шаһариар,
Жаяу келген бойыменен амандасты.
Тұрып жаяу амандасты падишалар,
Нұры күндей балқыды хақ Пайғамбар.
Амандасып атақты сахабалар,
Хақан менен Мәлікте ханды әкелділер.
Көрінді патша Зарқұм көздеріне,
Көн[ген ол] Пайғамбардың сөздеріне.
Бұларды көргеннен соң екі батыр,
«Иман үйрет» деп айтты өздеріне.
Бәрісі жақсы болды нәпсі тыйған,
Құдай үшін соғысқа жанын қиған.
Хазірет Пайғамбардың үйретуімен,
Екі батыр сол жерде келтірді иман.
Сонда Зарқұм қайғымен аһ ұрды енді,
Жаңылып өлген үшін ақылдарынан.
«Әдеппен жаяулап келіңіз» деп,
Өзінің әскерлерін шақырды енді.
Халайық көрді бәрі баяуласып,
Біріне-бірі жақын жаяуласып.
Шақырған патша Зарқұм бұйрығымен,
Келді әскер басшы жаяуласып.
Әскерге сөз сөйледі келгеннен соң,
Келіп жаяу әдеппен тұрғаннан соң.
«Құданың бірлігіне келтір иман»,—[деді]
Зарқұм Хақан, Қайсарды көргеннен соң.
Иман айтты халайық жұрттың бәрі,
Расулдың айтқан сөзі болды дәрі.
Қырық екі лек қалған екен сол уақытта,
Падиша Зарқұм шаһи ләшкерлері.
қисса зарқұм
Отыз лек, һәр легі білсең санап,
Баршасы Пайғамбарды тұрды жанап.
Қой секілді маңырап келтірді иман,
Мұсылман болды халық Құдай қалап.
Пайғамбар иман айтты баһарына,
«Енді Құданың кірмеңіз,—деп,—қаһарына».
Һәр түрлі салтанатпен патша Зарқұм,
Жөнелді алып Ирақтың шаһарына.
Сонда тұрған халайық жылады көп,
Бәрісі ақыреттің қайғысын жеп.
Жасауыл Ираққа қайта шапты,
«Хақ Пайғамбар келеді, көріңіз» деп.
Дін тапты, безбек болды малдарынан,
Мал түгіл, есі кетті жандарынан.
Шаһарда ұрғашы-еркек, жұрттың бәрі,
Расулдың жылап шықты алдарынан.
Көрген соң аттан түсті хақ Пайғамбар,
Жүзін көрген халайық жылады зар.
Кәлима шаһадатты жары қылып,
Иман айтты сол жерде тұрған жандар.
Келуге ғашық болды қастарына,
Көзінің бетін жуды жастарына.
Хақан, Зарқұм, Қайсар мен Мәлікте хан,
Пайғамбарды таққа салып көтерді бастарына.
Құрмет етті халайық Пайғамбарды,
Һәрбірісі көруге болды зары.
Көтерген бойларымен бастарына,
Сарайына Зарқұмның алып келді.
Мың түрлі алтын сарай аузын ашты,
Расулдың көңілі қалқып, нұры тасты.
Алдынан жасауылдар қарсы шығып,
«Хош, сафа келдіңіз» деп жауһар шашты.
діни дастандар
Алтын-күміс, жауһарлар толып қалды,
Бұ дәулет құс басына қонып қалды.
Дүр уа маржан, гауһар, інжу тастар
Көктен жауған жаңбырдай болып қалды.
Кез келді бір дәулет құс бақытына,
Дінінің қуаныш қылды сахытына.
Пайғамбарды көтерген бойларымен,
Зарқұмның отырғызды тахытына.
Тұрысты Пайғамбарды ортаға алып,
Жібек кілем, масаты орын салып.
Алтын-күміс, гауһарлы күрсілерге
Төрт шаһариар тағы да мінді барып.
Жетпегенге күрсі келтірісті,
Ішіне бір сарайдың толтырысты.
Отыз мың ер сайын бір сарайға,
Пайғамбар асхабтармен отырысты.
Ақылдың жаңа тапты даналарын,
Көңілінен келтірді таналарын.
Есен, сау-саламат Пайғамбарға
Әлидің алып келді балаларын.
Көрінді басқа олардың һәрбір заты,
Осылайша кітаптан жазған хаты.
Һәрқайсы сахабаның алтын күрсі,
Бәріне де тигерді алтын саты.
Мұсылмандар оларға берді сабақ,
Бәрісі дінге кіргеш Құдай қалап.
Һәр түрлі палау басып, ас пісіріп,
Алдына тағам қойды табақ-табақ.
Зарқұм бас боп көрсетті қызметті,
Баяғы ұрысқаны ойдан кетті.
Дұшпан дос болғанға сахабалар,
«Құданың бір үлкен нығметі» деп шүкір етті.
қисса зарқұм
Расулды құрмет етті ортаға алып,
Мүбәрак сөздеріне құлақ салып.
Қиямет қалдарынан баян қылса,
Жылады елі, халқы көп зарланып.
Оларға берді Тәңірі мұндай ойды,
Мұны естіген кәпірдің іші күйді.
Һәр түрлі сарайлардың аузын ашып,
Бек үлкен патша Зарқұм қылды тойды.
Той болғаш, алтын күрсі мінді барып,
Расулды құрметтейді ортаға алып.
Пайғамбар һәр мәнінен жол көрсетіп,
Жаздырып берді оларға Құран Шәріп.
Пайғамбарға мінгізді алтын тақты,
Расулмен бірге қылып ынтымақты.
Кәміл мұсылман дінге көзі жеткеш,
Бұрынғы пұтханасын отқа жақты.
Әуелі ғапыл ұрысты мұны білмей,
Расулдың иман айтып соңына ермей.
Ирақтың екі жұрты, халқы бәрі,
Ол күн ұдайына тұрысты ұйқы көрмей.
Пайғамбар алтын таққа мініп отыр,
Уағыз айтып, насихат беріп отыр.
«Болар ма Хақтан кіргенім барда көрінді» деп,
Зарқұм да қуанышта болып отыр.
Болар ма кейін қызық үнемі мұндай,
Олардың нағып тұрсын көңілі тынбай.
Пайғамбардың мүбәрак сөзіменен
Есі кетті, ұйқы жоқ жеті күндей.
Зекет деп төкті тілеп малды бәрі,
Оны санап сахаба алды бәрі.
Бұрынғы пұтханасын жаққаннан соң,
Мәсжид пенен медресе салды жары.
діни дастандар
Дін ойлап, ас жүрмеді тамағынан,
Бәрінің ұйқы қашты қабағынан.
Мүбәрак Пайғамбардың қастарынан,
Бір минут босанбады сабағынан.
Бұлар көрді дәулетті асхабтарды,
Бірталай дінге енгізді дәулет ерді.
Пайғамбарды көтерісіп бастарына,
Һәрқайсысы апарып қонақ қылды.
Шүкір, қайсы байытты асыл тасқа,
Жетпегеннен болды алтын кәрі-жасқа.
Сегіз жүз түйеге артып патша Зарқұм,
Пайғамбарға әкелді, өзгеден берді басқа.
Бұ Зарқұм алған, жүрген жерді,
Жүз түйеден алтындар тағы берді.
Зекет деп санап берді халдарынша,
Өздерінің әл-ауқаты барларынша.
Хақан, Қайсар, Мәлікте хан Пайғамбарға
Олар да берді басқа халдарынша.
Дәулетке толысып қалды асхабтары,
Ирақтың құрмет еткіш жас пен кәрі.
Құрметтесіп шаршамай жалғызы да,
Зарқұм күтіп тұрды балалары.
Олар ерген кісі емес бұ дүнияға,
Көңілі сабаз ғой шын дүнияға.
Қырық күндей шариғаттан мағына үйретіп,
Пайғамбар қайтпақ болды Мәдинеге.
Үйретті жақсы жолды қырық күн жатып,
Бұ күнде жақсылықтың дәмін татып.
Ел-жұрты Зарқұмның баршалары,
Хазірет Пайғамбарды шықты ұзатып.
Тамам жұрт еріп шықты Пайғамбарға,
Қиыспай баршалары айырылуға.
қисса зарқұм
«Қиямет күндерінде жолығармыз» деп,
Зиярат қылды асхабтарға.
Олардың не болмаған арасында,
Ирақтың енді жұрты қаласында.
Хақ Пайғамбар онан соң барып тұрды,
Баяғы өзі өткен дария жағасында.
Сол жерде хақ Пайғамбар амандасты,
Мұны көрген халайық төкті жасты.
Пайғамбардан естігеш осы сөзді,
Шаһ Зарқұм аяққа қойды басты.
—Бақыл бол, Пайғамбар, бізден,—деді,
Ғайып боп кетемісіз көзден,—деді.
Нағып шыдап тұрайын, тақсыр,—деді,
Бірге барып тұрайын сізбен,—деді.
—Ғашықпын мен де сіздей ерге, Зарқұм,
Құдай үшін жан қиған сізге, Зарқұм.
Тұрыңыз тақтыңызда патша болып,
Қиямет күн болармын бірге, Зарқұм.
—Қаламын нағып сізден, хақ Пайғамбар,
Сізден қалсам, кең дүния көрінер тар.
Алтын, гауһар сөзіңнен бер насихат,
Ескеретін қылыңыз,—деп жылады зар.
—Ғапыл болып алданып қалма,—деді,
Өлімді көңіліңнен алма,—деді.
Әуелі дұшпан едің,
бүгін қиыспаймыз айырылуға,
Опасы жоқ бұ дүния, аңла,—деді.
Әуелі дүния мысалы су секілді,
Кетуі ұшқан құстан тез секілді.
Бүгін кетсек таңдауға дүния жоқ,
Мысалы бұ дүнияның бу секілді.
діни дастандар
Салыңыз осыларға көзді, Зарқұм,
Мысал қып есіңізге ап бізді, Зарқұм.
Ақырет қамын ойлап, дүнияға алдаңбаңыз,
Құдаға тапсырамын сізді, Зарқұм.
Мұны айтып көздерінен төкті жасты,
Қиыспай айырылуға зар жыласты.
«Шариғат жолын айтып тұрыңыз» деп,
Зарқұмға хақ Пайғамбар амандасты.
—Бұ дүния салтанат құр бойың тежеп,
Ақыретті көп ойла бойды безеп.
Хақан менен Мәлікте хан, батыр Қайсар,
Олар да амандасты кезек-кезек.
Амандасып тұрысты Пайғамбары,
Елі Ирақ олардың жас пен кәрі.
Кезек-кезек Расулмен амандасты,
Қойдай шулап жылады жұрттың бәрі.
Жылауды көрді халық қатты бәрі,
Айырылу өкінішке батты бәрі.
Қиыспай Пайғамбарды баршалары,
Бауырлап қара жерді жатты бәрі.
Тарқасты біраз[дан соң] той секілді,
Жас ақты екі көзден бой секілді.
Жөнелуге қиыспай бір-бірінен,
Айырылды шулай-шулай қой секілді.
Жылады қозыларша қалған адам,
«Мына күн болды ғой,—деп,—бізге жаман».
Хақ Пайғамбар қасында асхабтармен,
Саламат өтті әуелгі дариядан.
Бұларға толды дәулет асқар белдей,
Көңілі бітіп шалқыды шалқар көлдей.
Сегіз айдай жол жүріп екі арада,
Келеді Мәдинеге көшкен елдей.
қисса зарқұм
Үміт үзген ерлер ғой жандарынан,
Пайда алмады бұ дүнияның малдарынан.
Мәдине шаһарында ұрғашы-еркек,
Жылап шықты Расулдың алдарынан.
Келген халық көзінен төкті жасты,
Ізіне Пайғамбардың қойды басты.
Бір жыл жарым көрмеген халайықтар,
Қуанғаннан бір-біріне зар жыласты.
Есен ерлер жолықты күйлеріне,
Құрмет етті асхабтың билеріне.
Хақ Пайғамбар саламат әуел кірді,
Батырлар барады өзінің үйлеріне.
Кімінің өлген екен ағалары,
Кімінің өлген екен балалары,
Опат болған екен бабалары,
Расулға жылап келді мұның бәрі.
Пайғамбар шаһидтердің айтты халін,
—Ұжмаққа алды,—деп,—мұның бәрін.
Біз де бір күн көшетін керуенбіз,
Өлімге қылма қайғы,—деді—ау,—жаным!
Зарқұм
Бисмилла деп қозғайын,
Шешендер білер сөз жайын.
Дүние, тірлік бейопа,
Адамзат қалмас тозбайын.
Көбейді қылған күнәһым,
Кешіргей Тәңірі, Құдайым.
Халім қандай болады,
Ақырет—қайғы-уайым.
Қараңғы күннің тары бар,
Қайлеттіктің зары бар.
Мұқамбетке біз үмбет,
Досым деген шаһариар.
Құдайдың айттым достыны,
Білдім дүние бостыны.
Бізден соңғы үмбеттер
Әмірін Хақтың ұнасқан,
Қиналып бәрі жыласқан,
Дін үшін ғиззат қылысқан.
Пайғамбары Құданың,
Қолдай гөр барша қостыны.
Сіздерден жәрдем сұрадым,
Сіздерде көп керемет,
Бізге болғай дәремет.
Әзиз жан, тән де аманат,
Айырылар жер қабағат.
Кәміл пірлер, сақтай гөр,
Қиямет күннен саламат.
Құдайдан қорқар жан жақын,
Жан барында мал жақын.
зарқұм
Сұрауы қандай болады,
Есепсіз алдық пенде ақын.
Артыма сөзім қалсын деп,
Аңлаған құлақ салсын деп,
Шапағат қылар ерлерден
Бастады дастан енді ақын.
Өзбек, қазақ тіліміз,
Оқыған ерлер, біліңіз.
Біреудің зейіні пәсірақ,
Біреудің зейіні хасырақ.
Өзім айтсам ұқтырып,
Үйретер едім машықтап.
Өмірім тұрыс бере алмас,
Қара жер кетер астына ап.
Тәжікелесе басқалап,
Нақты сөзін шырғалап.
Өзіне күнә ойласқан,
Оқыса һәркім сартшылап.
Заман-заман болғанда,
Мұсылман абад болғанда,
Дін қылышын шабысып,
Дүние талан болғанда
Қырық жасында Пайғамбар,
Күшейіп әбден толғанда
Зарқұмменен ұрыспақ,
Жол жүру әмір дін үшін,
Пайғамбары Құданың
Өзінің қылған жұмысын.
Кәпір Зарқұм патшасы,
Жасалып тұрған құрышын.
Соларды да қоймады,
Дүниесі құрысын.
Пайғамбары Құданың
Етейін баян бір ісін,
Аяғында айтылар,
Қызық майдан ұрысын.
Маңдайынан сипаңыз
Жетім менен жесірді.
діни дастандар
Оған зұлмат көрсетсең,
Ол дүние кесір-ді.
Аш-арыққа жәрдем қыл,
Ақырет болсын есіңде.
Соңғы үмбет білсін деп,
Естіп ибадат қылсын деп.
Пайғамбарды басында,
Жаратқан жар Құдайым,
Жетім қылып өсірді.
Солардың да басынан
Мүсәпірлік кешірді.
Ер жеткен соң, кәпірдің
Жанған отын өшірді.
Пұтханасын әрдайым,
Бүліндіріп көшірді.
Алмай құры қайтпады,
Әр жұртқа қылса қосынды.
Сақыпқыран мард ерлер,
Сайманданып қосылды.
Тәуекелге берік байла,
Майлықожа, сөзіңді.
Өлім келсе бір күні,
Оратып шығар жүзіңді.
Айтып өткен сөз қалсын,
Өмірің тірі кезіңде.
Қазылардың мақшарда
Болғаймыз да көзінде.
Табысым үлкен һәр қызмет,
Ғазат қылған кезінде.
Ерлер тәсбі етеді,
Қатерлі жерге кетеді.
Ажалдан айлаң қалдырмас,
Болжалды өмір өтеді.
Ғазылардың баршасы
Ғаламнан өтті ертеде.
Пайғамбарым бір күні
Оқиды памдат Меккеде.
Насихат айтты бірталай
зарқұм
Үлкен менен кішіге.
Сахабалар тақ тұрды,
Хақтың бұйрық ісіне.
Пайда болды бір сәуле,
Мешіттің келіп ішіне.
Сахабалар көрісті
Мешітке жарық енгенін.
Пайғамбарым аңдады
Жәбірейілдің келгенін.
Құлағына тиеді,
Пайғамбар алып бір жеңін.
Өзгелер пайым қылысты,
Орнынан тұрысты.
Қол қусырып баршасы,
Жәбірейілді білісті.
Жәбірейіл айтты құпия:
—Алланың досты Мұқамбет,
Құдайың айтты бір істі.
Салауат етіп періште:
—Сәлем деді Құдайың,
Құдайыңның сәлемін,
Саған баян қылайын.
Қылсын ләшкер саранжам,
Ол досымның сарасы.
Күнбатыста бір шаһар,
Ирақ деген қаласы.
Күтініп ләшкер жол тартсын,
Үш айлық жол арасы.
Кәпір Зарқұм патшасы,
Көңілінде жоқ санасы.
Барсын сонда аттанып,
Қылсын діннің таласы.
Сіздер бармай, ол келсе,
Бұл жұртыңды аласы.
Ілгері қылғын айланы,
Өзіңе болар пайдасы.
Еш ықылымнан табылмас,
Оның жарақ, сайманы.
Құдайың мені жіберді,
діни дастандар
Бұ сырды сізге айтқалы.
Үш айда жүрсе жетесіз,
Зарқұмды һәлак етесіз.
Әмірі бұл Алланың,
Аттанып сонда кетесіз.
Пайғамбар айтты:—Жәбірейіл,
Бармаққа онда біз мәйіл.
Сахабалар ауқаты,
Қандайлықпен өтеді?
Қымбатшылық жыл биыл,
Жер бармаққа жазық-ты,
Елімнің әлі нәзік-ті.
Алып жолға бармаққа,
Табады қайдан азықты?
Дерегі жоқ зерлердің,
Деркері жоқ жерлердің,
Дүниесі жоқ қолында,
Ұрысқа керек ерлердің.
Ғазатқа малын жаратса,
Қалғаны мұнда жылайды,
Қайдан ауқат сұрайды?
Жәбірейіл айтты:—Қам жеме!
Асыраушы Құдай-ды.
Қымбаттықты кеткізер,
Қошлықпенен өткізер.
Аттанған азық алмасын,
Ризығын Алла жеткізер.
Бұл сөзді айтып Жәбірейіл,
Пайғамбары Құдаға,
Қайтып кетті самаға.
Уахидан парық болған соң,
Құданың досы Пайғамбар,
Сөйледі асхаб жамаға:
—Жамағаттар, тыңдағын,
Бір мәслихат айталы.
Тірлігімде дін ашып,
Қазы болып өтелі.
Өзі берген бұл жанын,
зарқұм
Қызметтен аяп нетелі?
Өзгесі әзір боп еді,
Ол жерде Әли жоқ еді.
Он сегіз ұлы Әлидің
Ер жетіп еді сол уақта,
Ұрысқа жарар боп еді.
Шақырып алып Пайғамбар,
Бұл сырды айтты Әлиге.
Әр жерге адам жіберіп,
Әшкере қылды бәріне.
—Аттан сайлап мінсін,—деп,
Сауыт сайлап кисін,—деп.
Ирақ деген бір шаһар,
Патшасы Зарқұм білсін,—деп.
Үш айлық жол жүреді,
Жүрмектің қамын қылсын,—деп.
Пайғамбары Құданың
Жайылды жұртқа жарлығы.
Алты күнде даяр боп,
Жүз мың ләшкер барлығы.
Үхүт таудың түбінде,
Етектен қоршап тұрады.
Жиылды барша ләшкері,
Әмзе сақыпқыранның
Шаһид болған жерінде.
Жүз мың ләшкер болған соң,
Есебіне толған соң,
Пайғамбарым Мұқамбет
Меккеден шығып аттанды,
Ғазатқа көңлі шаттанды.
Әбубәкір оң жақта,
Хазірет Омар сол жақта,
Хазірет Оспан алдында,
Хазірет Әли артында.
Он сегіз ұлы Әлидің
Ер жеткен еді сол уақта.
Батыр Әли қалдырмай,
Ертіп шықты ұлдарын.
діни дастандар
Әрқайсысы бір шерідей,
Қараса көріп сындарын.
Ортаға алып келеді
Пайғамбары Құданың
Көтеріп ұстап туларын.
Мұны көріп отырған
Барша ләшкер түсінді.
Тауда таста жазылған,
Бір демде топ боп жиылды.
Түйелерге шатырын
Артып алып сүйінді.
Отыз үш мың сахаба
Әуелі өтті тобымен,
Күнбатыс жақта Зарқұмға
Баратұғын жолымен.
Жүз мың ләшкер Шерінің
Жасанып жүрді соңынан.
Әзірге Салман бастары,
Шақырлап таудың тастары,
Тәуекел етіп барады
Дін исламның ләшкері.
Дүмбірлеп дала күңіреніп,
Жолдарда судан күрмеліп
Бара жатыр Зарқұмға
Жасанған ләшкер түрленіп.
Неше күн қонып көшеді,
«Жетеміз қашан?» деседі.
Несібе Құдай жеткізіп,
Ауқатты жолда кешеді.
Жол мазасын кеткізді,
Жол жүріп екі ай өткізді.
Бір күндерде Құдайым,
Қайнап аққан құйындай,
Бір дарияға жеткізді.
Сол дарияның бойында
Қонып демін алысты.
Кісі өтер дария емес,
Суына назар салысты.
зарқұм
Енді судан өте алмай,
Матал болып қалысты.
Орнатып тікті шатырын,
Неше күн жатты арада,
Өтпектің таппай ақылын.
Пайғамбарым айтады:
—Мына дария-су үшін,
Қам жемеңдер бұл үшін,
Сахабалар, шаһариар,
Екі әлемде ол біздің
Қамқорымыз Құдай бар.
Сау-саламат өтерміз,
Жатыңдар Хаққа болып зар.
Кәпір патша Зарқұмның
Қарауылы бар еді,
Бұл ләшкерді көреді.
Жолға тартқан белгімен,
Барып хабар Зарқұмға
Қарауылы береді.
—Арыз етем, иә, тақсыр,
Есітіңіз сөзімді.
Дүрбіменен тұр едім,
Жаһанға салып көзімді.
Мәдинеден Мұқамбет,
Ләшкері бейхад қабағат,
Араб деген жамағат,
Ол дарияға келіп тұр,
Судан матал болып тұр.
Дүркін-дүркін ләшкері
Дамылсыз шұбап төніп тұр.
Қамыстай қалың көрінді
Байрағы менен тулары.
Өткізбей мұхтал қылып тұр
Дарияның сулары.
Шаңы шаңға жамалып,
Өте алмай жатыр қамалып.
Зарқұм сонда қуанды,
Бір ермек бізге келді,—деп.
діни дастандар
Іздейтұғын дұшпанды,
Келтіріп Латым берді,—деп.
Сөйтіп айтқан гәбіне,
Пәрмен қылып хат жазды
Кемешінің бегіне.
Жіберген кісі келеді,
Зарқұмның хатын береді.
Кемешілер жиылып,
Төрт мың кеме әзір қып,
Дарияға алып жөнеді.
Пайғамбарым ертемен
Назар салып көреді,
Дарияның бетінде,
Бір-біріне тіркелген,
Бұлттай тамам немені.
Төрт мың кеме бірлесіп,
Судың беті күрлесіп,
Бәрі кәпір қараса,
Сөз сұрауға тілдесіп.
Жақын келіп тұрады,
Кемені кейін бұрады.
Өзгесінен біреуі
Оқшау болды ілгері,
Пайғамбары Құданың
Қайсы екенін білгелі,
Сөз айтады ол келіп:
—Е, мұсылман, сен тұрған,
Мұқамбет патша қайсы?—деп,
Кел,—деп жауап сұрады.
Пайғамбарым айтады:
—Біз—сұраған кісіңіз,
Бар болса айтқын ісіңіз.
Сонда кәпір сөйледі:
—Зарқұмнан келген кісіміз,
Мына төрт мың кемені
Зарқұм патша жіберді,
Сіздер үшін келгелі.
«Жанынан безген арабтар
зарқұм
Тез өтсін судан дегені,
Шапшаң өтсін ләшкері,
Қанша болса көп,—деді.
Барһам қылып қырармын,
Қорқынышым еш жоқ»,—деді.
Пайғамбарым айтады:
—Біз де іздеген кісіміз,
Ұрысты сүйер ішіміз.
Қорықсақ келмей жатар ек,
Сыналар ақыр күшіміз.
Кәпірлер берді кемені,
Бұлар ұстап алысты.
Кемені беріп тапсырып,
Кәпірлер қайтып жөнелді.
Әмір қылды Пайғамбар:
—Ләшкердің бәрі келсін,—деп,
Құдіреттің әрқандай,
Тағдыры болса көрсін,—деп,
Тәуекел қылып, кеменің
Ішіне бәрі кірсін,—деп.
Жүз мың ләшкер жиылып,
Бір Құдайға сиынып,
Төрт мың кеме ішіне
Бірден кірді сыйылып,
Сонша сіреу көп қолы
Тегіс өтті бір жолы.
Судан өтіп киінді,
Бөленіп бәрі темірге.
Жақын деп жүр көңілге,
Бас-аяғы жиналып,
Түзеді дәста со күнде.
Көшкенде дәста түзетіп,
Қонғанда түнде күзетіп,
Шалғынға қонса жайқалған,
Тозаң қып шаңын шығарған.
Тынбай жүріп жолына,
Қарауыл қойып алдына,
діни дастандар
Һәм оңына, солына,
«Әзір бол» деп бәріне.
Даланы басып сарыны,
Бір айдан соң жүз мың қол
Зарқұмның жетті шәріне.
Ләшкерімен қарады
Пайғамбардың сарабы.
Бұлттай қалың көрінді
Ирақ шаһар қаласы.
Ол ені мен бұл ені,
Қырық тас жол деп арасы,
Ол ұшы менен бұл ұшы,
Жете алмайтындай көз ұшы.
Қараған кісі болжамас,
Айнадай жалтыр шемен тас.
Көрікті қала етілген,
Мұнара биік жетілген,
Саранжам, сайман етілген.
Қандегі терең алынған,
Бетіне көпір салынған.
Қос араба жүргендей,
Еш қатерсіз қалыңнан.
Көмілген тамам дарбаза,
Саранжам, мылтық андаза.
Мұны көріп Пайғамбар,
Ләшкеріне бұйырды:
—Осы жерге қоныңдар.
Бүгін енді ұйықтамай,
Өзіңе әзір болыңдар.
Бір Құдаға такия қып,
Ісіңді Тәңірім оңдасын.
Түнде тиіп кәпірлер,
Мұсылман набыт болмасын.
Жүз мың ләшкер масала,
Шырақ жақты түнімен.
Ұйқы көрмей қарауыл,
Таң атырды зейінімен.
зарқұм
Сонша ләшкер сергек боп,
Бәрі ықылас шынымен.
Апақ-сапақ таң атты,
Өзі имам боп Мұқамбет
Оқыды намаз памдатты.
Күн шашырап шыққанда,
Дабылдың даусын аңдапты.
Дүңкілдеген дабылдың
Құйылып келді дабысы.
Шаһардың іші шақырлап,
Ғұлғұла болды бар ісі.
Ләшкердің екен сарыны,
Байқап тұрса мәнісі.
Пайғамбарым Мұқамбет
Жарақтарын тіледі.
Жарақтарын күтуші
Салман деген ұл еді.
Ақырап, самсам, зұлхажа,
Біреуі қамқам бұл еді.
Бұл жарақты саймандап,
Пайғамбарым киеді.
Және сауыт-жарағын
Төрт жарлар да киеді.
Он сегіз ұлы Әлидің
Бастан-аяқ киімі,
Темірден еді бәрінің.
Осылай еді мәнісі,
Киінді жарақ бәрісі.
Сол уақытта кәпірлер
Келеді гулеп дабысы.
Дүңкілдеп дабыл қағылып,
Темірлер күнге шағылып.
Қаладан шықты далаға
Зарқұмнан ләшкер ағылып.
Кәпірлер шұбап келеді,
Көшелерге сыйыспай.
Бұлар да сабын түзетті,
діни дастандар
Шығалық деп ұрысқа-ай.
Туын балант көтерді
Пайғамбары Құданың.
Ту түбінде тұрыспай,
Жауға көзін жіберді.
Шамаласып келеді,
Зарқұмшаның бағулы
Жүз мың пілі бар еді.
Зінжір байлап мойнына,
Алып шықты әр пілін.
Даң ерінің дауысы,
Әлемді алар салдырлап,
Қоңырауының дабысы.
Көшеден шықты майданға
Пілдерінің бәрісі.
Жүз мың еді зәңгісі,
Зәңгінің еді әлдісі.
Ешкім тұрыс бермес-ті,
Олардың тисе дабысы.
Ақылынан сасқан-ды,
Айбатын көрсе һәр кісі.
Пендеге душар болмасын
Олардың майдан жеңісі.
Сипаты зәңгі қаралар,
Басы үлкен көз алар.
Олар да келіп сап тартты
Дін исламға барабар.
Сексен мың еді әдісі,
Әдінің үлкен задысы.
Зәңгіден де биігірек
Бой тұлғасы, қадысы.
Біреуі пәлак бойы бар,
Жаман пиғыл ойы бар.
Бағзысына қараса,
Жүз сексен кезден бойы бар.
Аузы үңгірдей ашылған,
Түтіндей демі шашылған.
Бәрінің алмас жарағы,
Жарқырар күнге сабағы.
зарқұм
Зәңгіден соң сексен мың
Әді келді бұ дағы.
Онан соңғы бір ләшкер,
Есебі жоқ бұ ләшкер,
Қызыл-жасыл жалбырап,
Сансыз байрақ қосылды.
Шаң, түтіні тұмандай,
Шапшаңдығы самалдай.
Зарқұмның үлкен ұлы еді,
Жанәбіл деген бұл еді.
Алысқанда тізесі
Мүдірмеген кісіден,
Арыстандар мерт болған,
Оның ерлік ісінен.
«Маған теңлі ер жоқ» деп,
Мағзұр болған күшімен.
Аты шыққан ерлікке
Сан мың ләшкер ішінен.
Жанәбіл келіп сап тартты
Жиырма жеті лек кісімен.
Артынан шықты бір ләшкер,
Асқал болып жүрісі.
Үміт үзді жанынан
Мұсылманның бәрісі.
Он лек кісі Махәбіл,
Жанәбілдің қасына
Бұ да сабын түзетті
Жанәбілдің інісі.
Мұнан соң шықты бір ләшкер,
Қыртас деген ер еді.
Он алты лек ләшкері,
Соны билер бек еді,
Зарқұмның бұ да ұлы еді.
Онан соң шықты бір ләшкер,
Зарқұмның бұ да баласы.
Атын Хашам дер еді,
Жүз мың ләшкер қарасы.
Онан соң шықты бір ләшкер
діни дастандар
Жиырма мың лек шамасы.
Төртеуінен кішісі,
Зарқұмның ұлы ер Қайсар
Жиырма мың лек кісімен,
Ғажайыппенен ол Қайсар,
Жетінші бұ да сап тартты
Дін исламға барабар.
Және екі Зарқұмның
Немересі бар еді.
Хаман, Сұлтан аттары,
Жаңа талап бала еді.
Әрқайсының ләшкері
Он бір лектен бар еді.
Жиырма екі лекпенен
Майданға о да келеді.
Бұл ләшкердің соңынан
Жеті бөлек қол шықты.
Әр бөлігі үш мыңнан,
О да шері мол шықты.
Жеті атақты палуан
Жеті бөлек боп шықты.
Және Зарқұм патшаның
Сыпайылы сәркардан,
Жүз отыз еді сапасы.
Һәрқайсысында он мыңнан,
Бәрінің темір лыпасы.
Асқан еді жаһанда
Салтанатпенен нұсқасы.
Және маншы молдадан
Мырзалары жүз еді.
Бұл майданға шықпаққа
Олар да даяр тұр еді.
Зарқұмның шықты жанында
Жүз уәзірі бар еді.
Өзі болса жүргуші,
Мәслихат болса қылғушы,
Білмеген ақыл білгуші
Жүз уәзірі бар еді.
Бұлардың да адамы
зарқұм
Әрқайсысы мың еді.
Тамашаны көрмекке
Олардың көңілі тіледі.
Мұнан басқа және көп,
Пенденің ақылы жетпейді,
Есебін Алла біледі.
Зарқұм шығып келеді
Ертіп жүз мың сапасын,
Жарқыратып лыпасын.
Бағзылары піл мініп,
Мойнына қару зіл қылып,
Бағзылары керік мініп,
Майданға өзін берік қылып,
Бағзылары пиада,
Екі етегін белге түріп,
Бағзылары мінгесіп,
Түйелерін желдіріп.
Ол кәпірдің ләшкері
Жетпіс сап болды ығысып.
Жол тимеген кәпірлер
Балант жерге шығысып,
Мергендері сап-сап боп,
Майыспай жатты бұғысып.
Артынан және келеді,
Ол кездерде болмаған,
Асығыстап жүгіріп,
Қаламыз деп ажалдан.
Зарқұмның өзі келгенде
Басып қалды шаң-тұман,
Қараңғы болды жер-жаһан.
Қарсы қойды бір-бірін
Кәпір менен мұсылман.
Даңдама келді даңменен,
Үміт үзді жан неден?
Аттанып барған мұсылман
Бірінен-бірі адасып,
Жығылар болды шаңменен.
Мұны көріп қысылды,
Өлімге мойын ұсынды.
діни дастандар
Құдіретімен Құданың
Жаңбыр жауып әуеден,
Шаң-топырақ басылды.
Бұлт ашылып күн шықты,
Көтеріліп тұман, түн.
Мұсылман, кәпір білінді,
Бір-бірін парық қылынды.
Пайғамбарым төрт жарды
Төрт тарапқа бұйырды.
Өзі тудың түбінде,
Әбубәкір оң жақта,
Хазірет Омар сол жақта,
Оспанды қойып араға,
Әлиді «жүр,—деп,—ілгері»,
Алдына салды сол уақта.
Тулары қарсы тігілді,
Жекеге қылыш шағылды.
Он сегіз ұлы Әлидің
Пайғамбардың қасында,
Тудың тұрды түбінде.
Сол уақыттар болғанда,
Мұсылмандар қараса,
Көзін тігіп қараса,
Ол Зарқұмның ләшкері
Есебі жоқ, саны жоқ,
Бәрі бірден жұмылса,
Жерге тиер қаны жоқ.
Қашарға тесік жері жоқ,
Жақын жерде елі жоқ,
Ортаға алып дұшпан тұр,
Ұрысарға шәні жоқ.
Көріп қайран қалды да
Ақыл-есін ұмытты,
Ұрыстан көңілін суытты.
Сыбырласып сөйлесті
Екеу-екеу, бірме-бір:
—Мұның өзі қалай сыр?
Алдымызда бұл ләшкер,
зарқұм
Арқамызда дария тұр.
Мүсәпір болды халіміз,
Құдай-а, өзің дағым қыл.
Әрбіріміз жетпейміз
Бір легіне телімге.
Бұл өлімнен құтылмас,
Мүшкіл болды көңілге.
Үш ай жүріп, басымыз
Жеткен екен өлімге.
Арқамызда дария бар,
Амандық жер қайда бар.
Бұл бәледен, Құдай-а,
Құтылмақ қандай амал бар?
Енді бізді майдалар,
Елден нешік пайда бар?
Айналайын, Құдай-а,
Бір өзіңсің қайырылар.
Барша ләшкер бұл жерде
Тірліктен үзді күдерді.
Бір-бірімен көрісіп,
Арыздасып тұрады.
Сол уақытта Құдайым
Мұсылманды есіркеп,
Пайғамбардың алдына
Жәбірейілді жіберді.
—Иә, Мұқамбет Мұстафа,
Сәлем айтты Құдайың.
Құдекеңнің сәлемін
Саған баян қылайын.
Ұрыспаққа көңілі жоқ,
Ләшкерді басты уайым.
Білмеген кәпір бұл сырын,
Бәрі айтсын зікірін.
Зікір тәсбі тоқтатар
Көңілдің қорқыныш пікірін.
Бұл сөзді айтып Жәбірейіл
Пайғамбары Құдаға,
Қайтып кетті самаға.
діни дастандар
Уахидан парық болған соң,
Пайғамбарым Мұқамбет
Сөйледі асхаб жамаға:
—Мұсылмандар, қорықпаңдар,
Машқұл бол хамд санаға.
Ол Зарқұмның діні жоқ,
Өлсе рахат күні жоқ.
Жаны шықпас тозақтан,
Құтылмайды азаптан.
Әгар өлсе мұсылман,
Жәннат орны жайылар.
Нәсіп болғай ке,
Хауыз кәусар қайнары.
Олар мақтұл, біз қатыл,
Оның анда әлдері.
Ағап атын шапқылап,
Оңы менен соңынан,
Шауып жүріп дауыстап,
Жүз мың ләшкер қолында,
Мінәжат қылды ол күні.
Тәсбі айтып көбіне,
Дұға қылды Пайғамбар
Тудың келіп түбіне.
—Жан жаратқан, иә, Алла,
Он сегіз мың әлемнің
Ырзығын берген сен, Құда,
Әзіздерге бер медет.
Хадден асты бұл ғауға,
Бұл кәпір де, Құдай-ай,
Бір жаратқан мақұлықтың.
Мұсылманды кәпірден
Саламат әйла, Хақ, бүгін,
Қорқыныштарын сап қылғын.
Тілек берер сұраса-ай,
Шыныменен жыласа-ай.
Пайғамбары Құданың
Қабыл болды дұғасы-ай.
Қорқыныш кетіп мұсылман
Көңілі болды араса-ай.
зарқұм
Сол уақыттар болғанда,
Мұсылманның ләшкерін
Көрдідағы ол Зарқұм:
—Үмбетін мұның қара,—деп,
Көңілінде қылды тобасын.
Бір баламның тойындай
Ләшкерінің қарасы-ай.
Үміт қылып келіпті,
Үш айлық жол арасы-ай.
Бұл бейшара арабтар,
Келеді қайтіп шамасы-ай.
Арық аты кілдіреп,
Тамам кедей кәлдіреп,
Бұ да әліне қарамай,
Тұрғандарын қарашы-ай.
Тамам кедей, бұқалаш,
Арпасына болып мас,
Ажал айдап келді ме,
Жетімшесін қылып бас.
Бұл ләшкерден біріңіз,
Майданға барып кіріңіз,
Айдаған ажал арабтың
Алмадай мойнын үзіңіз.
Алдарынан қамармыз,
Атпас таңға салармыз,
Арық атты олжалап,
Ермекпенен алармыз.
Бұл сөзді Зарқұм айтқан соң,
Бір батыры қайырылып,
Тобынан шықты айырылып,
Қызыл ат мініп, безеніп,
Қызыл тон киіп, түзеліп,
Қызыл найза қолында,
Шаншайын деп кезеніп.
Майданға келіп ойнады,
Саптарынан ұзалып.
Талапкер деп шақырды,
Шоқтай болып қызарып.
—Сілтесем алмас қылышым,
діни дастандар
Майданға келіп тұрысым.
Иә, Мұқамбет, тез жібер
Адамыңның бірісін.
Бұл сөзді аңдап Пайғамбар
Әлиге қарап сөйледі:
—Тез біреуді жібергін,
Ол кәпірді өлтірсін,
Мейманасын толтырсын.
Батырлықтың қызметін,
Орнына келтірсін.
Ұрыспаққа біздің араб,
Атағы шыққан қатты зарап.
Ер Әмзенің жолдасы,
Аты—Омар Мәди Кәрап.
Әмзеге жолдас ер еді,
Бұл кәпірді көреді.
Пайғамбары Құдадан
Келіп бата тіледі.
Көпті көрген өзі қарт,
Көп кәпірге салған дерт.
Пайғамбары Құдадан
Бата тілеп шықты мард.
Ер қайнатар зердесін,
Тәуекел ашар пердесін.
Бір шабысқан уақта,
Кәпірдің үзді кәлласін.
Өлтірді Омар мұны ұрып,
Ұшырды күлін суырып.
Саясатпенен бір кәпір
Және келді піл мініп.
Мұны да Омар қылышпен
Екі бөлді бір ұрып.
Пілін босқа жөнеді,
Ол жерде тұрмай кідіріп.
Сонда Зарқұм сөйледі:
—Біреуің бар бұл ерге,
Қосына аман жібермей.
Бізге намыс болды ғой,
зарқұм
Не үшін келдің бұл жерге?
Лақтырып жіберсін,
Ол майданға келмесін,
Көңлімізді бөлмесін.
Қандай зат болса бәріне,
Құр батыр қылмай өңгесін.
Зарқұм былай айтқан соң,
Палуандығын оздырған
Үлкен ұлы Жанәбіл,
Намыспенен майданға
Керік ойнатып шықты бұл.
Күрзі, сайман араса,
«Майданыма келсін,—деп,
Әркім ажал сұраса».
Көтеріп күрзі келгенде,
Сасқанынан ол Омар,
Қалқанын қылды жүз таса.
Көтеріп қайрат дәстімен,
Шоқпарын ұрды қастымен.
Қалқанынан от шықты,
Көзі парлап жасымен.
Шіренгеннен атының
Белі үзілді астымен.
Мінді Омар бір атты,
Құдайдан тілеп қуатты.
Және ұрып Жанәбіл,
Бұл атты да құлатты.
Бұл тартыспен Омардың
Жеті атын құлатты.
Мінді аттың сегізін
Жанәбілдің жолына.
Қайым қылып келді өзін
Және ұрды Жанәбіл,
Жақын келіп қасына.
Тау менен тас жаңғырықты
Бұл күрзінің даусына.
Басын аман сақтады
Шарайна қалқан полаты.
Жегеннен зақым Омардың
діни дастандар
Және өлді ол аты.
Зарып етпей дінінен,
Саламат тұрды ділімен.
Жанәбілге ұмтылды
Өткен уақытта теңінен.
Ұрғызбай-ақ Жанәбіл,
Еңкейіп алды белінен.
Қаһарланып Жанәбіл,
Кіріп еді күшіне.
Керік үстінде қолының
Көтеріп алды ұшына,
Лақтырып жіберді
Мұсылманның ішіне.
Саламат қалды ол Омар,
Соқтығып қалың кісіге.
Бұл секілді жаһанда
Бар екен деп палуан,
Тамаша қылды бұл істі
Кәпірлер менен мұсылман.
Құдай сақтап Омарды,
Өлмей қалды жан аман,
Пайғамбардың алдына
Жүгіріп барды сол заман.
Омар айтты:—Мұқамбет,
Айналайын, бер рахмат.
Майданда тұрған мына мард,
Палуан екен қабағат.
Сізден болды кәрамат,
Өлмей қалдым саламат.
Кетірді әбден жайымды,
Көрмедім ондай қайымды.
Енді барғын демеңіз,
Қайратты палуан, ер екен.
Жүрегім әбден шайылды,
Сол палуан күшті екен.
Сол уақытта Жанәбіл
Мұсылманға сөйледі,
Өктем-өктем айтып сөз:
зарқұм
—Иә, Мұқамбет, тұрма һәр кез,
Палуаныңды жібер тез.
Болмаса мен қайтамын,
Палуаның жоқ, біліңіз.
Мен Жанәбіл піл батыр,
Халық қатарлы білмеңіз.
Кәпірдің һәр сөз шұддаты,
Асып кетті міннәті.
Мына сөзді есітіп,
Мәлікаждар палуанның
Келіп кетті қайраты.
Арабтарға патшалық,
Үкіметке ілінген,
Пайғамбары Құданың
Назарына білінген.
Пайғамбардан бата алып,
Мәлікаждар келді бұл.
Бұрын ұрды Жанәбіл,
Бұл күрзінің зарпынан,
Беймар болды екі қол.
Мәлікаждар палуанды
Ауырламай меңгерді,
Алдына алып өңгерді.
Жоғарырақ көтеріп,
Лақтырып жерге ұрды,
Жер дүңкілдеп тербелді.
Және жерден көтеріп,
Атасының алдына
Лақтырып жіберді.
Мұны көріп мұсылман,
Жаннан үзді күдерді.
Қуанышпен Зарқұм тұр,
Ағашына табынып.
Майданда тұр Жанәбіл,
Нар бурадай шабынып.
«Мұсылман, келе бергін» деп,
Ұрыспақты сағынып.
Қуанар кәпір жабылып,
діни дастандар
Аждаһадай толғанып,
Ұрмаққа күрзі оңданып.
Мұсылманнан сол кезде
Талап ер шықты майданға,
Бір күрзіні қолға алып.
Талаптан бұрын Жанәбіл,
Қарсы шауып келді бұл.
Жалтаруға қоймады,
Кідіруге болмады.
Талап сынды батырды
Салып қалып күрзімен,
Аударып алып атымен,
Оны да сөйтіп байлады.
Енді қорқып көп ерлер,
Жанынан қайғы ойлады.
Біраз жайда хабар бар,
Сады деген бегінен.
Ақ жолына баласын
Басын кесіп берген жан,
Жаһаннан асқан сақи жан,
Пайғамбары Құдадан
Келіп бата тіледі
Садуақас палуан.
Қолында алмас қылышы,
Атақты ердің бірісі,
Жер-жерде мәшһүр ұрысы.
Жанәбілден тоқталмай,
Жетіп барды қасына.
Көтеріп тұрған күрзісін,
Жанәбіл ұрды басына.
Тау-тастары жаңғырықты
Бұл күрзінің даусына.
Мең-зең болып тұрғанда,
Қолының алып ұшына
Лақтырып жіберді,
Ол Зарқұмның бұдағы
Барып түсті қасына.
зарқұм
Жанәбіл және сөйледі:
—Арабтар, тыңда сөзімді,
Көріндім қалай көзіңе?
Мұқамбет, жібер біреуді,
Келмесе кезек өзіңе.
Палуаның жоқ болса,
Өзің келгін өзіме.
Бұл сөзді бәрі есітіп,
Мұсылмандар ығысты,
Бойы ұзындар бұғысты.
Үш мәртебе айтқанда,
Пайғамбары Құдаға
Бермеді ешкім дыбысты.
Ерлердің бәрі егілген,
Еңсесі екі бүгілген.
Ол майданға бармаққа
Бәрі жаннан түңілген.
Үш мәртебе айтқан соң,
Әли келді ділімен.
Келіп бата сұрады,
Түсіп тұрып Дүлдүлден.
Пайғамбарым онан соң
Көтерді қолын дұғаға:
—Барғын, балам, тапсырдым
Жаратқан Жаппар Құдаға.
Сүйініп дұға алғанға,
Майданға өзі барғанға,
Дүлдүл атын секіртіп,
Әли барды майданға.
Жанәбіл сонда Әлидің
Сияғына қараса,
Мінген аты пырағы,
Келеді бәрі жараса.
Өзге көрген адамнан
Бәрінен де араса.
Бір нұр жігіт, қызыл өң,
Маңдайлары жазық, кең,
Кең көкірек, кеуделі,
Көлденең мен бойы тең.
діни дастандар
Сақыпқыран бойына,
Шерідей пейіл тойына,
Әлиді көріп Жанәбіл,
Уайым түсті ойына.
Бірі емес кәпірдің,
Тамаша қылды бәрісі.
Болмаса бұл Әлісі,
Әгар Әли бұл болса,
Лайық екен дабысы.
Осылай ойлап кәпірлер,
Бәрі де қауіп қылады.
Жанәбілдің көңліне
Ғажайып қайғы болады.
Қасына жақын келгенше,
Сыр берместен тұрады.
—Талапкерім, кімсің?—деп,
Әлидің атын сұрады.
Сонда Әли сөйледі:
—Келіп тұрмын өзіңе
Үш айлық жер жолменен.
Атым менім Әли-дүр,
Арабтардың ері мен.
Сақыпқыран жаһанда,
Бір Құданың Шері мен.
Дін исламның жарымын,
Жар бергуші Әлимін.
Жанәбіл сонда кідірді,
Ішінен ойлап пікірді.
Көтеріп алып күрзісін,
Әлиді сонда бір ұрды.
Тау-тастары жаңғырып,
Қара жер қылды қимылды.
Оттары шығып көзінен,
Бихұш болып өзінен,
Дәрмені кетіп Әлидің,
Ләшкерге қарап бұрылды.
Пайғамбарға айтты бір сырды:
—Иә, Мұқамбет, Жанәбіл
зарқұм
Күрзісін ұрды өзіме
Тау-тастары жаңғырып,
Көшкендей болды көзіме.
Қабағат екен ерлігі,
Палуанға ұқсайды белгілі.
Сенсеңіз сөзіме,
Күшінің келдім кезіне.
Иә, Мұқамбет Мұстафа,
Дұға қыл маған тезіне.
—Апу қыл!—деп Мұқамбет,
Бір дұға қылды Әлиге,
Сахып тұрған уәлиге.
—Барғын, Әли, бір Алла
Басыңның болсын панасы.
Бұл сырыңды білмесін
Адамзаттың баласы.
Пайғамбар дұға қылған соң,
Қаһарланып Әлидің
Сахат тауып денесі,
Майданға қайтып келді енді.
Жанәбілге сөйледі:
—Е, Жанәбіл, кел енді,
Хабардар бізден бол енді.
Әуелі ұрдың, мен тұрдым,
Маған кезек бер енді.
Нәубетін беріп Жанәбіл,
Әлидің келді қасына.
Әли ұрды күрзісін
Жанәбілдің басына.
Жер-жаһан кетті жаңғырып
Ол күрзінің даусына.
Бұл күрзіден жеді зіл,
Әлидің ұрған зарпына.
Тағат қылып тұра алмай,
Әлиге мойын бұра алмай,
Біраз уақ болған соң,
Қайтып келді лебіне.
«Барабар маған екен,—деп,
діни дастандар
Ұрысы мұның бөтен деп.
Ұрысқандар Әлимен,
Дәл басына қатер»,—деп.
Қайыл қалды Жанәбіл,
Есі кетіп күшінен,
Өзінен-өзі болды зіл.
Онан кейін екеуі
Күрзілесіп ұрысты,
Неше айла қылысты,
Күні болсын, түн демей
Сабаласып тұрысты.
Күрзімен де болмады,
Суырысты қылышты
Шарайна мен қалқанды
Тілім-тілім қылысты.
Қылышпен де болмады,
Ат үстінен жұлысты,
Аударысып тұрысты.
Ат аяғы шалынып,
Тізерлеп қалып жүрісті.
Жанәбіл сонда сөйледі:
—Аттан түсе қалалық,
Қоян-қолтық болалық.
Екеуі түсті атынан,
Бұл сөзді қабыл алысып.
Бел ұстасып күресті,
Панжаларын салысып.
Жанәбілдің панжасы
Көрініп жүрді қарайып,
Әлидің салған панжасы
Көрінбей қалды ол ғайып.
Неше жерде сілтейді,
Аяқтары тарбайып.
Кәпірлер пұтқа табынар,
Мұсылман Аққа қол жайып.
Екі ләшкер қарасты,
Ортада екі ер таласты.
зарқұм
Бірін-бірі сілтесіп,
Опыр-топыр шаң асты.
Бірін-бірі жықпады еш,
Болып кетті күн де кеш.
Екі ләшкер панарды,
Екі жақтап жағысты,
Күндізгідей болды жер.
Екі палуан бірдей боп,
Тақасып жүр кемеңгер.
Ортада бұлар алысты,
Тілеуін көпке тілетті,
Тірестірді білекті.
Апақ-сапақ таң атты,
Бұл күреспен түн өтті,
Күресті ерлер үдетті.
Үзіліспей күресіп,
Үш күн, үш түн бұл өтті.
Төңіректеп ләшкер тұр,
Төртінші күнге жетеді.
Жанәбілдің қарны ашып,
Ауқатқа мейілі кетеді.
Жанәбіл айтты Әлиге:
—Бір сөзім бар, иә, Әли,
Қабыл көрсең нетеді.
Айтпай сені таныдым,
Ашып, азып, арыдым.
Аласың ба арманда,
Ашты менім қарыным.
Мұхлат бергіш деуші еді
Алыстағы сарының.
Ықылымдағы палуансыз,
Күшіңіз екен жалғаусыз.
Тамақ ішіп мен келіп,
Күресейін армансыз.
Мұның сөзін есітіп,
Тасыды Әли орнынан.
Жанәбілдің сөзінен
Жауап берді тезінен.
діни дастандар
Айтқанын қабыл болғызып,
Көңілін онда толғызып,
Рұқсат беріп қайтарды
Жанәбілдей батырды,
«Қарныңды кел,—деп,—тойғызып».
Асқа тойып келмекке,
Жанәбіл барды қосына,
Көрісті жары, досына.
Қырық қап нан жеді отырып,
Жүз сексен көзе хауыздан
Ішті суды толтырып.
Даярлады аспаздар,
Қырық қойды өлтіріп.
Бәрін жеді Жанәбіл,
Күшін рәса келтіріп.
Асқа тойып Жанәбіл,
Майданға және келеді.
Бағанағы жерінде
Әлиді және көреді.
Сөйледі сонда Жанәбіл:
—Өз қосыма бардым да,
Тойып келдім мен,—деді.
Қарыныңды тойғызып,
Наһар қылып, иә, Әли,
Келмедің бе сен,—деді.
Әли айтты:—Бұл жерде,
Біздің рәсім ұрыста,
Тағам татар кем,—деді.
Ұрыс, соғыс уақытында
Тамағымыз тоқ,—деді,
Ас ішпек бізге жоқ,—деді,
Ақ дінге Құдай жақ,—деді.
Бұл сөзден соң екеуі
Және қылды күресті,
Күрес қылып жүрісті.
Әрмен-бермен жүрісіп,
Сілкілесіп тұрысты,
зарқұм
Сүдігер болды жер үсті.
Айқайласып күштесіп,
Күшпенен жүріп сүрісті.
Сол кездерде Әлидің
Оты шықты жүректен.
Үш жүз алпыс тамырдан
Тартып алды күштерін
Және қырық төрт сүйектен.
Жанәбілді атты аспанға,
Түктері шығып білектен.
Жанәбілдің үстінде
Жеті жүз батпан жарағы,
Артықша ауыр жаңағы.
Лақтырған барабар
Бұлттан өтті жоғары.
Қарағанға аңғарып,
Көрінбей кетті шамалы.
Біраздан соң келе атыр
Тарбаңдап екі аяғы.
Мұны көріп барлық жұрт,
Біріне-бірі қарасты,
Ақылынан адасты.
Кәпір діні жалғандар,
Екі тарау болғандар.
Баяғы кеткен Жанәбіл,
Түсуінен хабар ал.
Назар салып Әлиге,
«Ұста» деді Пайғамбар.
Бағанағы ісімен,
Ашуланған күшімен,
Ұстап алды көтеріп
Жанәбілді ер Әли,
Бір қолының ұшымен.
Мұны көріп сахаба,
Байлады бәрі жабыла.
Мұсылманның ләшкері
Ортаға бәрі алады.
Жанәбілдей батырдың
Мойнына зінжір салады.
діни дастандар
Машақатпен ап барды
Пайғамбардың алдына.
Пайғамбар айтты сол жерде:
—Иман айтқын, Жанәбіл,
Аққа уәсіл боласың.
Жаратқанды бір білсең,
Насапқа жақсы келерсің.
Кәлиманы айтпасаң,
Имансыз болып өлерсің.
Жаһанды Құдай жаратқан,
Бекер сурет ағашың.
Менім алсаң тілімді,
Жақсылыққа жетесің.
Жыласаң рақым қылушы,
Тілесең тілек беруші,
Екі әлемде қамқорың,
Қамыңды Алла жегуші.
Жоқты бар қып жетірер,
Барды жоқ қып бітірер,
Тірілерді өлтірер,
Тірілтіп және келтірер.
Жан жаратқан мақлұқтың
Ризығын және жеткізер.
Аты мың бір, өзі бір,
Қайда барса әзір-дүр,
Сүйген құлға нұр төгер.
Ол пейіште хор жайлар,
Шырын-шекер, нұр жайлар.
Кісі иман келтірсе,
Онда барып тұрғайлар.
Ол тозақта от жанар,
Бүйен, шаян көп болар.
Асылықпен өткендер
Сонда барып тоқталар.
Маған үмбет болсаңыз,
Бұл Манат сізге жоқ болар.
Менмендік пайда қылмайды,
Таныңыз Тәңірі, Құдайды.
Пайғамбардың бұл сөзі
зарқұм
Жанәбілге сонда ұнайды.
Нұр төгіліп көңіліне,
Таныды сонда Құдайды.
Жанәбіл тұрып сөйледі:
—Ақ екен сіздің дініңіз,
Енді кетті зейініміз.
Ғаплатпенен бірталай
Өткен екен күніміз.
Пайғамбарым айтты иман,
Рақым қылды сонымен.
Жан-ділімен Жанәбіл
Сонда болды мұсылман,
Зәлімдігі тыйылып,
Қол қусырып иіліп,
Мұсылман болды сүйініп,
Көңліне иман үйіліп,
Құданың нұры құйылып.
Кәпірлер қайғы қылады,
Реңкі қашып сынады.
Зарқұмның жүзі қуарды,
Аң-таң болып тұрады.
Ал сонда енді Жанәбіл
Бір қызмет қылмаққа,
Пайғамбары Құдадан
Түрегеп рұқсат сұрады.
—Мүшкіл еді уайым,
Жеткеріп берді Құдайым.
Бейәдеп болдым, Пайғамбар,
Сізге бір қызмет қылайын.
Арттағы қалған кәпірге
Қайғы, уайым салайын,
Нешесін аттан алайын.
Маған жауап беріңіз,
Кәпірге қарсы барайын.
—Барғын,—деді Пайғамбар,
Болсын,—деп,—Құда панаһың.
Жарақтарын жидырып,
Керігін алып міндіріп,
діни дастандар
Ұрысқа керек-жарағын
Жанәбілге кидіріп.
Саранжамын сайлатып,
Кәпірге қайғы ойлатып.
Майданға шықты Жанәбіл,
Мінген керігін ойнатып.
Мұны көріп ол Зарқұм,
Көңілін басты уайым.
Жанәбілге сөйледі:
—Не болған саған, жан ұлым?
Мұқамбетке кеттің,—деп,
Біз көрінбей көзіңе,
Әлі де болса иланба,
Алдаған оның сөзіне.
Қылыш тартып келдің бе,
Латтан қорықпай жүзіме.
Бір қиялмен, шырағым,
Келгенсің-ді әшейін.
Әлде болса мұнда кел,
Күнәһыңды кешейін.
Қазынам аузын ашайын,
Басыңа тілла шашайын.
Жанәбіл сонда сөйлейді:
—Тәубе қыл, Зарқұм, тіліңе,
Көзім жетті менім де.
Ұрыспай-ақ, өзің кір
Мұқамбеттің дініне.
Сенің дінің жарамас
Қияметтің күніне.
Жанәбіл соны айтқан соң,
Зарқұм үзді күдерін.
—Ағаңменен ұрыс!—деп,
Жанәбілдің інісі,
Махәбілді жіберді.
Екі ләшкер қарасып,
Аға-іні екеуі
Ұрыспаққа жақындап,
зарқұм
Екі ер келді жанасып,
Батырлық қылды таласып.
Бір-біріне болды кез,
Махәбілден бұрын Жанәбіл
Көтеріп күрзі алды тез.
Екі палуан егеспен
Келіп қалды жүзбе-жүз.
Пұшайман болды Махәбіл
Шыққанына қарсыға.
Көтеріп тұрған күрзісін
Жанәбіл ұрды басына.
Тау-тастары жаңғырықты
Бұл күрзінің даусына.
Атыменен Махәбіл
Аяқ серіппей құлады
Ол күрзінің зарпына.
Махәбілдей батырдың
Сүйегін ұндай ұсатып,
Майда-майда қылады.
Мұны көріп ол Зарқұм
Екі қолын шапаттап,
Жағасын жыртып жылады.
Махәбілдің өлгенін
Тамам ләшкер байқады.
Бармағын тістеп бәрісі,
Бастарын бір-бір шайқады.
Ишарат қылды ол Зарқұм,
Жанәбілдің інісі
Қыртасқа «бар» деп айтады.
Жөнеді Қыртас тоқталмай,
Құйындай аты жүгіріп,
Аяғы шаңды суырып.
Қыртас шығып келеді,
Қорықпастан кідіріп.
Мұны да жықты Жанәбіл,
Күрзіменен бір ұрып.
Майда-майда боп қалды,
діни дастандар
Бір ұрғаннан жығылып.
Екі ұлын бірдей қабаттап,
Жанәбіл барад апаттап.
Мұны көріп ол Зарқұм,
Өртеніп іші барады,
Көзінің жасы тарады.
—Сен де барып ұрыс,—деп,
Ұлына Хашам қарады.
—Барғын, балам, тұрмағын,
Өзің де қапыл болмағын.
Өзімнің ағам екен деп,
Аянып күрзі ұрмағын.
Бұл сөзді Зарқұм айтқан соң,
Майданға Хашам оңданды,
Барайын деп толғанды.
Жеті батпан сауыты,
Дулыға асып қамданды.
Жанәбілдің алдына
Ақырып Хашам бұл барды.
Екеуі жайлап тұрғанда,
Хашам барып сөйлейді:
—Е, Жанәбіл, неттің сен?
Бізді тастап кеттің сен.
Бізден кетіп тіледің
Мұсылманның тілеуін.
Ойламадың атамның
Қарғысы менен сілеуін.
Әгар сенің денеңде
Екі жүз жаның болса да,
Қоймаймын бірде-біреуін.
Жаман туған жатым,—деп,
Берілген жауға қатын,—деп,
Есітпеймін датың,—деп.
Ағам деп қарап тұрмастан,
Жанәбілді ол Хашам
Семсерімен бір ұрды,
«Енді берді Латым»,—деп,
Ұрып енді асығыс.
зарқұм
Жалтарып кетті Жанәбіл,
Басына семсер тигізбей.
Күрзіменен сілтеді,
Теңінен асып жүргізбей.
Қаһарменен күрзісін
Көтерген екен белгілі.
Ұрысқан Хашам кәпірдің
Болмады қабыл тілегі.
Хашам аттан жығылды
Ұсатылып сүйегі.
Салауат айтып Жанәбіл,
Мүбәриз деп тіледі.
Қошуақ болды мұсылман,
Жанәбілге бармаққа
Түңілді кәпір жанынан.
Зарқұмнан рұқсат тіледі
Мехрап деген палуан.
Рұқсат беріп ол Зарқұм,
Мехрапқа айтады:
—Жанәбілді өлтіргін,
Қанжарменен бастарын
Кесіп мұнда келтіргін.
Бізден кеткен арамның
Басына апат жеткергін.
Рұқсат алып Мехрап,
Масаттанып келеді,
Жанәбілді көреді.
Мехрап түзеп жүрісін,
Сілтейін деп қылышын.
Оның дағы Жанәбіл
Келтірмеді құрысын.
Басына ұрды күрзісін,
Мұндай қылып айласын.
Алмадай басы үзіліп,
Шығарды оның майдасын.
Мехрап атты палуанның
Тозаққа жаны жөнеді.
діни дастандар
Хаман деген палуан
Атақты ердің бірі еді,
Жанәбілмен ұрыспаққа
Зарқұмнан бата тіледі.
Жауатұғын бұлттай
Ақырып Хаман келеді.
Кәпір менен мұсылман
Тамашаға тұр қарап.
Бұрын ұрды Жанәбіл,
Күрзісін және бұлғалап.
Хаман ердің денесін
Тастады сонда мылжалап.
Жанәбіл тасты күшіне,
Зарқұм күйді ісіне.
Жанәбіл керігін ойнатып,
—Палуандар, тез кел,—деп,
Майданның барды ішіне.
Кәпірдің болмас сұрағы,
Жарылып қалды жүрегі.
Зарқұм сонда айтыпты:
—Бұрынғыдай адамның,
Бармасын,—деді,—біреуі.
Кәні, Мехрап, Қиртас,
Хашам, Хаман, Махәбіл,
Бәрін набыт қылды бұл.
Бірін-бірін бармаңдар,
Көбің болып жабылғын.
Жекеме-жеке барсаңдар,
Қырып тастар Жанәбіл.
Жалғыз барсаң қылар мат,
Көңілі бізден болған жат.
Бәрің бірден қойғын ат,
Жанәбілді бергей Лат.
Бұрынғыларды не қылды,
Бір-бір барған жеңілді.
Бұл сөзді Зарқұм айтқан соң,
Отыз лек кісі тобымен
Ат қойып бірден төгілді.
зарқұм
Кәпірден ләшкер ағылды,
Жанәбілге жабылды,
Ортаға алып қамады.
Көп түлкіге жалғыз шер
Аянбай қылыш шабады.
Аш арыстандай үңіліп,
Қыза-қыза қызығып,
Қылыштар қанға көміліп,
Келгендері қырылып,
Денелері бөлініп,
Күрзіменен Жанәбіл
Нешесін майда етеді.
Көп кәпірдің жандары
Жаһаннамға кетеді.
Алды келіп қырылса,
Артынан және жетеді.
Пайғамбар Құда ләшкердің
Бәріне жарлық етеді:
—Мына тамам кәпірдің
Жабылғанын көрдіңдер.
Жанәбілге сендер де
Барып жәрдем етіңдер.
Пайғамбар мұны айтқан соң,
Мұсылмандар ат қойды,
Зарқұмға қарай төгілді.
Жанәбілден кәпірлер
Сол кезде бір серілді.
Бір лек кәпір ат қойды
Зарқұм жақтан сол күнде.
Қыза-қыза қызығып,
Отыз үш мың сахаба
Баршасы кірді майданға.
Айтарлық ұрыс болғандай,
Зарқұм да кірді майданға.
Ұрысқа кіріп бар кәпір,
Көбісі жара жеп жатыр,
Кез болған көп ажалға.
діни дастандар
Мұны көріп Пайғамбар,
Өзі де кірді майданға.
Мұсылман, кәпір ұрысты,
Ұрысқа кірмей тұрғандар,
Балант жерге шығысты.
Кәпір менен мұсылман
Бірін-бірі сүрісті.
Төрт жар да кірді майданға,
Он сегіз Әли ұлдары,
Алланың әзиз құлдары,
Баршасы бірден ат қойды.
Жаңғырықты тау-тасты
Алла деген ұраны.
Кез келгенін бір шауып,
Қиратып кетіп барады.
Шаң-топырақ тұман боп,
Аспанға шығып тарады.
Сайдан атқан бұлақтың
Қызыл қан болды сулары.
Екі патша кірген соң,
Ұрыспай адам қалмады.
Қабағат қатты қырғын боп,
Майданның ішін шаңдады.
Жан сатар ерлер намысқа,
Жаманда зәре қалмады.
Жердің жүзі қимылдап,
Адам болып аңдады.
Ілгері ерлер емініп,
Қорқақтар кейін шегініп,
Екі ләшкер ұрысты
Үсті-үстіне төгіліп.
Полат қалқан, сауыттар
Шығырдан кетті сөгіліп.
Не алмастар қирады,
Қан ішіне көміліп.
Біреуге біреу телміріп,
Біреуді біреу жерге ұрып,
Қашып шығып майданнан,
зарқұм
Есірік болып кеңгіріп.
Қылыш сілтеп ұсынып,
Бағзыларын түсіріп,
Нешелер қорқып қысынып.
Талай кісі атының
Жантайып барад жанында.
Аттары болып жосадай
Шашыраған қанына.
Алысқан көп тармасып,
Бір-бірімен жармасып,
Кез келген жерін ұстап жүр,
Қарсы келсе қармасып.
Темірге темір шақылдап,
Күрзіге күрзі тақылдап,
Найзаға найза қағылып,
Қылышқа қылыш шапылдап.
Аяныспай шабысып,
Қызыл қан жосып ағысып,
Баһадүрлер алысып,
Бет алдымен алысып,
Құшақтасқан уақта
Қанжарменен жарысып.
Осындай ұрыс болып жүр,
Сауытқа найза шақырлап,
Сынығы жерде қатырлап,
Қызды да әбден бұл ұрыс,
Қамшыдай қылыш шапырлап.
Жығылып қалған адам көп,
Миы айналып тапырлап.
Зеңбіректер күрсілдеп,
Дамылсыз тура атылып.
Ата алмаған жамандар
Оққа жатыр батылып.
Мылтықтан әскер қырылып,
Қаша алмай жүр бұрылып.
Екі ләшкер ұрысты,
Қыла берді жұмылып.
Екі ту қарсы тігіліп,
Жайылып түсіп атынан,
діни дастандар
Не ерлер қалды бүгіліп.
Талай ер жаяу ұрысар,
Пиада қылып жүгіріп.
Нешелер аттан қисайып,
Нешелер аттан жантайып.
Бұл соғысты көргендер
Қайран қалар аңқайып.
Ерлер тасып, еркейіп,
Баһадүрлер көркейіп.
Дегбірсіз қашты далаға,
Жанынан қорқып еңкейіп.
Салысып тұр тайсалмай,
Арасат болды бұл ұрыс,
Қиямет болған қайымдай.
Пайғамбар жүр ұрыспен,
Кәпірлер қашар ығыспен.
Ұрыста сілтер Пайғамбар
Қамқам деген қылышпен.
Нешені шауып басынан,
Нешені шауып белінен,
Сілтегенде қылышы
Тартар еді демімен,
Қырар еді жексен қып,
Кәпірлердің елінен.
Ұрысар еді ерінбей,
Пайғамбарым ұрыстан
Жүрер еді жиренбей.
Атқанында аспанға
Кетер еді көрінбей.
Келер еді аспаннан,
Көрініп көктің жүзінен.
Келген кезде қылышпен
Бөлер еді тезінен.
Көрсетіп қара күндерін,
Салып төмен жүздерін,
Екі кәпір қолына
Бірдей түскенде,
Соғыстырып кәлласын,
Шығарар еді миларын.
зарқұм
Бәкір Сыдық бір жақтан,
Хазірет Омар бір жақтан,
Қырар еді апаттап
Хазіреті ол Оспан.
Хазіреті ер Әли
Зұлпықарын суырып,
Қылар еді бұл жексен.
Хасен менен Хұсайын
Қиратар еді бөлектеп,
Он сегіз Әли ұлдары
Бірінен-бірі айырылып.
Қарсы келген кәпірлер
Кетер еді қаймығып.
Әнапия-Мұқамбет
Жүрді ұрыста шердей боп,
Қарсыласып ұрысқан
Қалар еді жердей боп,
Әлименен қайраты
Қалар еді бірдей боп.
Он сегіз Әли ұлдары,
Алланың әзіз құлдары,
Бұлар жүрген жағынан
Судай болып төгілді
Кәпірлердің қандары.
Жыртылды тулар парылдап,
Қан ақты селдей сарылдап.
Адам ата бері қарай,
Мұндай болып еш жерде
Ұрыс болған жоқ екен.
Жазық дала, құла дүз
Өлікке толған жоқ екен.
Өлген өлік ол күнгі
Есебі жоқ көп екен.
Бұрынғы Дастан, Рүстем,
Бұлар да талай ұрысқан.
Еш қырғында олар да
Қалмаған екен жұмыстан.
Нариман, Сам, Ескендір,
діни дастандар
Үсіт, Құсрау, Шам, Жахан,
Көп падиша, қаһан жан,
Сұхраб, Һарун Рашид,
Пірідүн, Зухак, Жамшид,
Ескендіриар, Сақ Қайсар,
Бұрынғы өткен осылар.
Бірде-бірі олардың
Осындай ұрысқан жоқ екен.
Бұл секілді жаһанда
Болмаған екен ұрысы,
Ол өткен ердің бірісі.
Бөлектеп кәпір іштерін,
Көрсетіп қайрат күштерін.
Құлақ салып тыңдаңыз,
Құдаға Шері атанған,
Пайғамбардан бата алған,
Хұсусан ол ла ғалам,
Әлидің қылған істерін.
Атымен кірген ер Әли
Ләшкеріне кәпірдің.
Жалғыз келіп білмей жүр
Не болғанын артының.
Қырылды кәпір топырлай
Қиямет күні болғандай.
Шерінің ұрған кәпірі,
Мысалы бидай бауындай.
Төбе-төбе үйіліп,
Өліктер болды қырмандай.
Екі жүзді қылышы
Кесер еді ұрғанда-ай
Жүз отыз мың тамырды.
Бәрі сауыт киінген,
Тоқсан екі мың әдіні
Ұрысқа айдап сүйреген.
Он екі мың піл махмұйт,
Жетпіс екі мың зәңгіні,
Ұрысқа айдап жүрілген.
зарқұм
Осындай ұрыс ішінде,
Бір Әлиді ортаға
Алмақшы бәрі күшімен.
Күн тітіреп, мұнартты
Олардың айбат түрінен.
Әлиді ортаға алады,
Жанасып зарпын салады,
Бір Әлидің үстіне
Бәрі топыр болады.
Шаң-топырақ бұрқырап,
Тұмандай болып қалады.
Ұрыс хадден асады,
Алдын қырып тастаса,
Арты ұмтылып басады.
Осындай ұрыс болғанда,
Алпыс екі тамыры
Хазіреті Шерінің
Күші қыштап барады.
Дүлдүлден түсе қалады,
Әли болды пиада.
Дүлдүлге айтты насихат:
—Әзір боп тұр өзіңе,
Сен тістелеп, тепкілеп,
Кәпір келсе кезіңе.
Бір піл үлкен аяғы,
Сонша пілден Әлидің,
Көрініп үлкен көзіне.
Әли қылды қайратын
Осы үлкен пілдің өзіне.
Бір Құдайға сиынды,
Жалбарып Әли со күнде.
«Иә, Ханнан да, иә, Маннан,
Жолыңа кештім мен жаннан.
Тәуекел қылдым өзіңе,
Медет бермек берсе нән».
Мұны айтып ер Әли,
Кәпірлерге сөйледі:
—Менім атым—Әли Шер,
Шерім деген бір Құдай.
діни дастандар
Ұрысқанмен неше ер,
Көтерер едім, піл түгіл,
Тұтқасы болса қара жер.
Мият қылған піліңнің,
Кәпірлер, енді халін көр.
Бұл дәулеттің бәрі де
Мұқамбеттің дәулеті.
Бұл жанжалдың бәрі де
Кәпірдің қаза мехнаты.
Осыны айтып болды да,
Ұстай алды аяғын.
Көтеріп қолға алғанда,
Халық қарады сияғын,
Бастайды Әли баяғын.
Атқан оқтай зырлайды,
Көтеріп алып басына
Лақтырып жіберді,
Көп пілдің түсті қасына.
Құдіретімен Құданың
Пілге сонда тіл бітті,
Пілдерге қарап айтады:
—Әуре болма, көп пілдер,
Жаман болар істерің.
Меніменен барабар
Емес еді күштерің.
Лақтырып жіберді,
Міне, келіп түскенім.
Адамзат сондай шері екен,
Ұстап ап атып жіберді,
Жаһаннан асқан ер екен.
Лақтырды қаңбақтай,
Дүниеде зор екен.
Бәлеге қалар басыңыз,
Жақын бармай қашыңыз.
Бұл сөзіме наныңыз,
Бойыңды аулақ салыңыз.
Бұл тілімді алмасаң,
Апатта қалар жаныңыз.
Мұны естіп ойға қап,
зарқұм
Пілдердің көңілі қайраңдап.
Өздерін қылып араса,
Ұрысқа келген саймандап.
Мұны естіген пілдердің,
Бәрінің кетіп зәресі,
Қаша берді тайраңдап.
Бет алып қашқан уақта,
Соқтығысты соқырдай.
Қарсы алдына келгенін
Қиратып кетті отындай.
Бәрі қашып барады,
Бұрыла алмай артына-ай.
Көп кәпір жерге тығылды,
Пілдердің қашқан зарпынан.
Желігіп қашқан көп пілдер
Алысқа барып тоқтады.
Астында қалған өліктер
Төбе-төбе боп қалды.
Қаһарланып Әли Хайдар
Мінді тағы Дүлдүлге,
Зәңгіге қарай жол тартты,
Бір ұрыс болар бұл қатты.
Жалғыз өзі айқайлап,
Ортаға ұрды зырқырап.
Зұлпықар кескен зәңгіден
Қан төгілді бұрқырап.
Зәңгілер қашты далаға,
Алды-алдымен тырқырап.
Жүз қайтармай оғынан,
Қауіп етпей жанған шоғынан.
Тоқсан екі мың әді
Бір Әлиге жабылып,
Ұрыс қылды төгіле.
Мұны көріп сол уақта,
Сөйледі Зарқұм көбіне,
Көп баһадүр, бегіне:
—Құлақ салып, халайық,
Тыңда менім кебіме.
діни дастандар
Әр түрлі ұрыс қылсақ та,
Келмеді бұл іс ебіне.
Ерлігін Әли асырды,
Шынымен бізді састырды,
Жалғыз Әли қуалап,
Киіктей айдап қашырды.
Қисапсыз халық қырылып,
Майданды өлік жасырды.
Ат басын тартып тоқтаңдар,
Қылалық тағы тәсілді.
Быж-тыж болып қаша алмай,
Топтаныңдар шашылмай.
Ортаға алғын Әлиді,
Қаңғырып жалғыз жүргенде,
Адамына қосылмай.
Жүз мың лек кәпір ат қойды,
Сөздері болып осылай.
«Қырылғаны қырылсын,
Әбүйір алсын тірісі.
Бүгін болсын арасат,
Ысрапыл сорысы».
Мұны Зарқұм айтқан соң,
Ләшкердің бәрі ағылды,
Шымалдай қаптап жабылды.
Жалғыздық түсіп Әлиге,
Жар-жолдасына шағынды.
Батыр Әли тарығып,
Бір Құдайға жалынып
Көзі толды жасына.
Басқа жан жоқ қасында,
Өршіндеп, өрлеп қарғып жүр,
Дүлдүл аты астында,
Қажымай қарсы шауып жүр.
«Иә, Алла,—деп,—медет бер»,
Өзі жеке жүрсе де,
Көп ләшкердің қамын жер.
Осылай деп жүреді,
Құдадан тілеу тіледі.
зарқұм
Қып тұрған бәрін бір Алла
Құдіретімен біледі.
Пендеге бұл іс қиын-ды,
Жаһанға кәпір жиылды.
Тірілері жарадар,
Қырмандай өлік үйілді.
Пайғамбар халі не болды,
Қай тарапта жүрілді,
Барша әскер мұсылман,
Отыз үш мың сахаба.
—Құдай-а, өзің қоспасаң,
Дидарын көрмек қиын-ды.
Күннің көзі тұтылды
Кәпірлердің оғынан.
Жүрсе екен Хасен, Хұсайын,
Бір-бірінен айырылмай,
Бабасының соңынан.
Ат шылауын айырмай,
Он сегізі тобымен
Бәкір, Мұса, Әнапия,
Көзімнің ақ-қарасы.
Бірде-бірін көрмеймін,
Қалың ләшкер арасы.
Дидарын балдар көрмесем,
Қияметтегі жарасы.
Берік байладым белімді,
Көп жарақат тәнімде.
Оққа тұтып көксімді,
Мойныма алып ұлықты,
Балаларым-ай, не болды?
Дін мұсылман ләшкерді,
Құдай-а, сақта елімді.
Бұл ұрыс болды аламат,
Қарқыны болды қабағат.
Ислам елін, Құдай-а,
Аман етіп кәпірден,
Өзің сақта саламат.
Дін үшін жүрген бұлар да,
Бұған рахат сұрай ма?
діни дастандар
Уайым балдар болып тұр,
Қабағат мұндай ұрыста,
Өзі үшін Әли жылай ма?
Тіліне тәсбі келтіріп,
Мінәжат қылды Құдайға.
—Иә, Пәруардигар, сен дана,
Мен Шеріңе бол пана.
Мұсылманға медет бер,
Пәруардигар Алла Тағала.
Кәпір алып жер жүзін,
Мұсылман жоқ боп қалып тұр.
Мендей Шердің басына
Мұнша жанжал салып тұр.
Өзгелердің, япырым-ау,
Халдері нешік болып тұр?
Пайғамбар Құда төрт жармен,
Мұсылман, барша сахаба,
Айырылысқан ерлерге,
Саламат, Құдай, жолықтыр.
Қырғанменен көбісін,
Ада болмас бұл кәпір.
Ат өлікке сүрінді,
Жол тауып жүру қиын-ды.
Мендей болса әрқайсы,
Біріне мыңы ұрынды.
Бір-бірінен айырылып,
Мұндай қалың күреңде,
Ете алмай жәрдем қайырылып.
Жаңа талап, жас жүрек,
Қалды ма түге қаймығып?
Хасен, Хұсайын, Әнапия,
Жас өмір сізге шырын-ды.
Уайым етіп шашылып,
Барһам болып қырылды.
Айналайын, Құдай-ай,
Көрер күнім бар ма екен
Он сегіз перзент ұлымды.
Кезімде сасқан осындай,
Кешір,—деп,—Алла, тілімді.
зарқұм
Сау-саламат соларға
Жолықтыр,—деп,—тірімде.
Бір Құдайға жалынып,
Мінәжат қылып тұрысын.
Осыны айтып болған соң,
Бір ақырып шығарды
Майданнан Әли дауысын.
Самсам менен зұлхажа,
Берік байлады қылышын.
Қамшы беріп Дүлдүлге,
Өзін ұрды кәпірге,
«Бір Алла,—деп,—дін үшін».
Барған заман ер Әли
Қиратып кетті кәпірдің
Біріне қоспай бірісін,
Найзамен түйреп шаншып жүр
Сүйектері ірісін.
Қарсы алдына келген соң,
Қоймайды аман бірісін.
Қашқандарын қуалап,
Не ерлердің бастары
Алмадай қалды домалап.
Барған сайын асырад
Хазірет Әли ұрысын.
Кәпірлерді бөлектеп,
Алдына салып жүрісін.
Қаһан Зарқұм көрген соң
Бір Әлидің мұнысын,
Тамаша қылды ұрысын.
Не палуан кәпірлер
Әлиге келіп өліп тұр.
Оңы-солын барабар
Қылышпен екі бөліп тұр.
Шерінің қылған бұл ісін
Зарқұм патша көріп тұр.
Көп түлкіні жалғыз шер
Айналақтап шауып тұр.
Аман қалған бірі жоқ,
діни дастандар
Келгелі қырғын тауып тұр,
Қызыл қан жерді жауып тұр.
Нені шапса қылышы,
Жерді барып қауып тұр.
Сонша ләшкер Әлидің
Ерлік, қайрат-күшімен
Айдауына көніп тұр.
Тамаша қылды ұрысын,
Апаттап бәрін жүрісін.
Зарқұм және сөйледі,
Әлидің көріп бұл ісін:
—Бір ықылымның тәжідар,
Падишасы мен едім.
Қарсы келген шаһарды
Қара жерге теңедім.
Адам нәсілін жаһанда
Өзіме тең демедім.
Бұл секілді жігітті
Осынша жасқа келгенше,
Өмірімнің ішінде,
Естіп көрген жоқ едім.
Сенгені бұл екен
Арабтардың жұртының.
Әли деген бар еді,
Атағы бұрын сыртының.
Бұл ер менде болғанда,
Жау болса әгар жеті ықылым,
Баршасыменен ұрыссам,
Құртар едім тұқымын.
Мұның әгар ұрысын
Рүстем көрсе тахсин дер,
Аспандияр, басқалар.
Басқа да жерде бар ма екен,
Ойпірім-ай, мұндай күшті ер?
Латым, саған сиындым,
Осы Әлиді қолға бер.
Бұл ерді кәйтіп тұтармыз,
Зарпынан қайғы жұтармыз.
зарқұм
Кәмандаға пәнде қып,
Тұзақтап ғамкін етеміз.
Өйтпесе кәйтіп алады,
Іске асырмас шараны.
Мұны берсе Латымыз,
Өзгесі қайда барады?
Бұл Әли екен, таныңыз,
Кәмандазды салыңыз,
Ортаға шапшаң алыңыз,
Қояйын сөздің ұзағын.
Зарқұм мұны айтқан соң,
Кәмандаз салды тұзағын.
Асқан қайрат басқа еңбек,
Көріп жүр жалғыз азабын.
Кәмандаз тұзақ салған соң,
Торға Әли шырмалды.
Қимылдауға шама жоқ,
Халі хараб боп қалды.
Тіреп тұрып табанын,
Олай-бұлай ырғалды.
Әй-шәйіне қарамай,
Жабыла тартып кәпірлер,
Сүйреп кетіп барады.
Күшін жиып ер Әли,
Ақырып айқай салады.
Қалтыратты тау-тасты
«Алла!» деген ұраны.
Ақырған Шердің даусымен
Кәманд быт-шыт болады.
Бұл айладан тағы да
Әли Шер аман қалады.
Бастады сонда бір істі,
Бұрынғыдан ер Әли
Он есе қатты ұрысты.
Бет алдына келгендер
Арқасын беріп ығысты.
Қорқып қашқан кәпірді
Мұсылман да қуысты.
Дем алмақ болып сол кезде,
діни дастандар
Ат басын тартып тұрысты.
Әрқайсысы өзінің
Мәнзиліне барады.
Кәпір менен мұсылман
Ашпақшы болды араны.
Ұрыстан бұрын белгі қып,
Пайғамбар Құда айтқан ед:
—Бір жуан шынар бар еді,
Үлкен еді белгілі.
Әр уақта шыққан майданнан
Шынарға келсін,—деп еді.
Алды-арты бірдей әскердің,
Уағдасымен сол күні
Ұрыстан шықты көп ерлер,
Жапырып жауын кемеңгер.
Денесінен талайы
Қызыл қанды ағызып,
Қылыштан қанды тамызып.
Пайғамбар шығып майданнан,
Шынардың барды қасына.
Сау-саламат келе атыр
Жығасын шаншып басына,
Ілестіріп соңына
Әбубәкір, Омарды.
Қошуақ боп келе атыр,
Құп тарқатып құмарды.
Шынардың тұрып түбінде
Пайғамбар Құда бұйырып,
Дабылдың даусын шығарды.
Хазірет Оспан келеді
Қуанып көріп бұларды.
Онан соң келді ер Әли
Қан болып бастан-аяғы,
Сауыттың шығып шарасы,
Ұрыстың бітіп мәресі.
Денесінде бар екен
Жүз жеті жерден жарасы.
зарқұм
Төрт жарменен көрісті
Екі әлемнің сарасы.
Хасен, Хұсайын келіпті
Ер Әлидің баласы.
Олар да келіп көрісті,
Ғанимет біліп тірлікті.
Бір-бірімен көрісіп,
Маңдайынан өбісті.
Әнапия келді бұл,
Тұрғанда бұлар жәй алып.
Күніменен ұрысқан,
Еш кідірмей аянып,
Кәпірлерден есепсіз
Палуандарын жексен қып,
Киімі қанға боялып.
Онан соң келді Жанәбіл,
Күрзісін қылып ол мәйіл.
Ерлігіне бұл ердің
Баршасы болды көп қайыл.
Жиылып ләшкер болған соң,
Есебіне толған соң,
Хазіреті Оспанға
Әмір етті Пайғамбар:
—Қалам, дәуіт алыңыз,
Есебіне салыңыз.
Кәпірлердің қолында
Қанша ер болыпты,
Анығына қаныңыз.
Оспан жазды хаттарын,
Аударып қарап дәптерін
Соғыста болған ерлердің
Піте* берді аттарын.
Есебіне қараса,
Қиямет ұрыс болып тұр.
Мұсылманның халқынан
Он екі мың өліп тұр.
* Түпнұсқада тізу, жазу деген мағынада қолданылған.
діни дастандар
Өліктерін жиып ап,
Мұсылмандар көмді бұл,
Намазын оқып бәрінің,
Жайластырды түнімен.
Мүсәпірлік күнімен,
Жылады бәрі зейінімен,
Жер күңірентіп үнімен.
Мұсылмандар халқымен,
Мәтім тұтты жалпымен,
Мұсылман әдет-салтымен.
Бұрынғы болған ұрыста,
Бұл сықылды шығынды
Еш уақытта көрмеген.
Енді бір сөз тыңдаңыз
Бұл жақта кәпір Зарқұмнан.
Сансыз ерін қырдырып,
Жермен-жексен қылдырып,
Әскерімен бір жүріп,
Қаға-қаға дабылын,
Кірді шаһар Ираққа.
Қайғыға толып жүрегі,
Отырды барып ол таққа.
Зарқұм сонда айтады:
—Ләшкерімен маған жат
Дін исламның бәрі де
Ұрыс қылды қабағат.
Бізден қанша қырылды,
Алыңдар хаттап санаққа.
Қалды ма батыр, палуан,
Иә, болмаса қалмап па?
Жіберді хатқа жүз молда,
Санағы сансыз болып тұр.
Белгілі ердің өзінен
Жиырма жеті лек өліп тұр.
Белгісізде есеп жоқ,
Жердің беті толып тұр.
Мұны естіп ол Зарқұм
Бұзылды көңлі ойран боп.
зарқұм
Алдына адам кіргізбей,
Уәзірін жүргізбей,
Екі бүйірін таянып,
Зар-зар жылап еңіреді,
Қылует жайда білгізбей.
Барша кәпір жыласып,
Өлгендерін санасып,
Шарап ішіп отырды,
«Етпейік,—деп,—уайым»,
Бәрі осыны ұнасып.
Мұсылман жағы жыласып,
Ұйықтамай жүр шуласып.
Бағзылары айтып жүр
Рада іске пұшайман.
Емес дейді жинасып,
«Бақ, тәуекел, ертеге,
Көреміз,—деп,—сынасып».
Мұсылмандар сөйлесіп,
«Ұрысамыз» деп ойласып.
—Иншалла, ертелеп
Шығамыз да ғазатқа.
Қайсымыз болсақ та,
Кірерміз,—деп,—жәннатқа.
Өлген кәпір кірер,—деп,
Жаны тозақ, мехнатқа.
Айналайын, Жаратқан,
Кімге болар тәжі, тақ,
Кімге болар дәулет, бақ,
Аруақ кімге болар жақ.
Біздерге өзің медет бер,
Жарылқаушы Жаппар Хақ.
Баһадүрдің баршасы
Осылай деп отырды,
Ұйықтамай таңды атырды.
Тағдырдың ойлап азалын,
Біләл айтты азанын.
Пайғамбар Құда имам боп,
діни дастандар
Оқыды памдат намазын.
Күн шашырап шыққанда,
Есітті дабыл ауазын.
Тікті һәмма құлағын,
Дабылдың даусын есітіп.
Пайғамбар киді жарағын,
Қылыштарын асынып,
Шықпақтың етіп талабын.
Барша әскер киініп,
Көбісі түйіп қабағын,
Майданға келіп сап тартты.
«Мүбәрак қылсын қадамын,
Мәдине, Мекке арабын,»
Осылай деп Пайғамбар,
Мінәжат қылды сол күнде.
Дұға қылып көтерді,
Тудың тұрып түбінде.
Жүзі толған айдай боп,
Ақ Мұқамбет Мұстафа
Нұрланып тұр түрі де,
Сәулесі шығып аспанға,
Кәпірлерге біліне.
Зарқұмның келеді әскері,
Көшелерге сыйыспай.
Бұлар да сабын түзеді,
Жақындап келіп ұрысқа-ай.
Екі ләшкер жанасты,
Бір-біріне жылыстай.
Әуелі сапта найзалы,
Екінші сапта оқ пен жай.
Үшінші сапта күрзілі,
Төртінші сапта қан төгер
Қылышты мен қанжарлы.
Бесінші сапта әділер,
Алтыншы сапта піл, зәңгі.
Екі ләшкер шекісті,
Екі ту жақын келісті.
зарқұм
Шамалы келіп жуыққа,
Бірін-бірі тұтты оққа.
Атып тұрды ерінбей.
Күннің көзі тұтылды,
Оқ бұршақтан көрінбей.
Зиян етер бұл демей,
Атысып тұрды жиренбей,
Ерлер сабыр қылмайын,
Ойына алмай уайым.
Мәлікаждар ұғылы
Ат қойды бұрын Ыбраһым,
«Медет бер,—деп,—Құдайым»
Қарсыласып екі ту,
Ат қойып қалды тұрмайын.
Екі ләшкер таласты,
Майданға келіп шаң асты.
Көтере алмас қылышпен
Ұстасып тұрып сабасты,
Екі ләшкер тоғысты.
Күрілдесіп жаңғырығып
Екі таудың соғысы.
Көзді ашып-жұмғанша,
Жоқ болды ердің көбісі.
Су орнына шелектеп,
Қызыл қан болды төгісі.
Себептерменен жоқ болды
Жез айылдардың дауысы.
Гуілдейді тоғайдың
Өртенгендей қамысы.
Қорқақтың қамы жанысы,
Ер өлімі—намысы.
Екі қалың ләшкердің
Салып кетті бәрісі.
Қылыш-найза ешбірі
Қалмады қанға боялмай.
Өшігісіп салысты,
Ешбірі жанын аянбай.
Қызығысып кеткеннен,
Сүйекке ашу жеткеннен,
діни дастандар
Сәскеден кешке салысты,
Сайлардан қандар ағысты.
Өліктердің қарасы
Қыр-қыр болып қалысты,
Әр жерге өлік толысты,
Айрықша қырғын болысты.
Адамның аққан қанына
Сулардай болды жер үсті.
Не бедеулер желіп жүр,
Шаба алмастан жазылып,
Шаба-шаба сабылып,
Көбіктеніп басылып.
Сайлардан қандар ағылып,
Біреуге жеке табылып,
Біреуге мыңы жабылып,
Сүрініп барып тұрып жүр,
Өлікке аттар қағылып.
Кез келген ерлер ажалға
Тыныштықты жатыр сағынып.
Өлшеулі өмір біткен соң,
«Ұйықтамасын» нағылып.
Күн бата ұрыс тоқтады,
Қоймады дабыл қағылып.
Бір-бірінен ажырап,
Екі ләшкер айырылды.
Есеңгірер әрқайсы,
Өз жайына қайырылды.
Жаралысы ыңыранып,
Қанға тоқтау болад деп,
Оранған әбден шырмалып,
Балтамен түбін кескенде,
Құлайтын талдай ырғалып.
Іске аспай қалды тау-тау боп,
Қылыш-найза қиралып.
Адамзатқа осындай
Қиыншылық болысты.
Бір-бірінен ұзамай,
Өшігіскен екі жау
Екі суға қонысты.
зарқұм
Масала жағып майдан жер,
Күндізгідей болысты.
Өлген өлік көрініп,
Майданда жатыр бөлініп.
Ұйықтамай таңды атырды,
Қалған ерлер желігіп.
Бір-біріне тап беріп,
Жерді қатты тебініп,
Байлаудағы айғырдай
Сияқты қалған зерігіп,
Тісін қайрап долданып,
Ернін ерлер емініп.
Осындай сөздер боп жатты,
Сүбхі садық таң да атты.
Біләл айтты азанын,
Оқыды намаз памдатты.
Күн шыққан соң мұсылман,
Майданға шықты аттанып.
Медет сұрап өзіне,
Бір Алланы жадқа алып,
Сайманданып баптанып,
Ұрыс жаққа шақтанып,
Туларын жайып бекісіп,
Саясатпен шекісіп.
Екі дария тасқандай,
Шеңберден шығып асқандай,
Келеді бәрі жұлқынып,
Ілгері қарап ұмтылып.
Қоян-қолтық боп қалды,
Тоқталмады іркіліп.
Машқұл болды ұрысқа,
Көзіне көзі түскен соң,
Болмады сабыр қылысқа.
Еш адамның ойы жоқ,
Майданнан кейін тұрысқа.
Екі ләшкер ат қойды,
Қолдарын салып қылышқа.
діни дастандар
Дүлдүліне қамшы ұрып,
Пайғамбардан бата алып,
Әли де кірді ұрысқа.
Дүлдүлге қамшы батырды,
Санына қамшы тиген соң,
Жасындай Дүлдүл атылды.
Топтанып тұрған кәпірдің
Барып түсті ішіне,
Кірді Әли күшіне,
Әні-міні дегенше,
Талайын аттан түсірді.
Сабағынан қиылып,
Денеден кәлла ұшылды.
Долдықпенен шыдамай,
Ер Әли сонда ақырды:
—Тоқта, батыр, тоқта,—деп,
Қашқандарын шақырды.
Қуып өзі жетеді,
Жиырма тас жерлерге
Бұл айқайы кетеді.
Шерінің даусы кәпірдің
Құлағынан өтеді,
Нешесінің сол жерде
Өті жарылып кетеді.
Және айқай салғанда,
Зарқұмның екі құлағы
Самал соққан теректің
Жапырағындай тітіреді.
Екі ақырып ондан соң,
Әли барып майданға,
«Талапкер» деп сұрады.
Салар деген бір кәпір,
Денелері мұнарадай,
Найзалары шынардай,
«Сен барғын,—деп,—майданға»
Әлиге қарсы шығарды.
Көрініп көзге қорғандай,
Ұрыспаққа толғанды-ай.
зарқұм
Айбатына қараса,
Тау мен тас ларза болғандай.
Әлимен келіп салысты,
Шаншысқан найза қолдағы
Бір-біріне жетісті.
Бірінші харба етілді,
Екінші және кетілді.
Үш сапар шаншысып,
Қағылып қалай ұтылды.
Салысты найза барабар,
Айласы артық ол карар.
Неше сапар шанышты,
Найзаны кетті қылмай кәр.
Әли алды қаһармен
Зұлпықарды суырып,
Салар да қылыш суырып,
Қарсы келді тігіліп.
Шабысты келіп барабар,
Қылышпен де болмады,
Сындырып алған найзасын.
Бір-бірінің шығарды
Жарағының майдасын.
Әлек болды екеуі,
Асыра алмай айласын.
Бірін-бірі жықпады еш,
Болып кетті күн де кеш.
Анда Салар сөйледі:
—Кеш болды енді күніміз,
Күн өтіп, жетті түніміз,
Ертеден бері алмадық
Бірімізді біріміз.
Енді ертең ұрысалық,
Қайтпақтың қамын қылыңыз.
Ажырасты екі айырылып,
Осыны айтып екеуі,
Жаталық деп жәй қылып,
Бұл мұсылман, ол кәпір
Ләшкеріне қайырылып.
діни дастандар
Барды Салар қосына,
Көрісті жары, досына,
Әлидің айтты ерлігін
Зарқұмның барып қасына.
—Бүгін менімен ұрысқан,
Барабар келіп тұрысқан,
Кешке шейін майдан қылысқан,
Кім еді ондай палуан,
Жоқ екен оның теңдесі.
Жалғыз өзі қаймықпай,
Жаһанға тұрыс бересі.
Найзамды ұрсам кәр қылмас,
Темір екен денесі,
Ердің екен зердесі,
Ешкімнің келмес шамасы.
Оған ұрған әр найзам
Тисе әгар тастарға,
Шығушы еді парасы.
Мұны естіп Салардан,
Отырған барша уәзірлер:
—Әли деген сол,—деді,
Атақтысы ол,—деді.
Қапыл қалма, әй, Салар,
Ертең әзір бол,—деді.
Мұны естіп ер Салар,
Масаттанып сөйледі:
—Әгар Әли бұл болса,
Аламын ертең мен,—деді.
Қараңғы түн өткен соң,
Күн нәубеті жеткен соң,
Пайғамбар Құда имам боп,
Намаз памдат оқиды.
Ұрыспақ ердің мұрады,
Жасау байлап тұрады.
Әли түсіп Дүлдүлден,
Асығысып жан-ділмен,
Пайғамбары Құдадан
Қол жайып бата сұрады.
зарқұм
Пайғамбарым Әлиге:
«Бар» деп жауап қылады.
Дүлдүлін мініп ойнатып,
Майданға қарсы шығады.
Салар да шығып сөйледі:
—Енді сенің, е, араб,
Екі жүз жаның болса да,
Қоймаспын бірін өзіңде,
Лап көрмегін сөзімді.
Мұны айтып ол Салар,
Қарсыласты Әлиге,
Қылышпенен шабысты,
Жібермес үшін намысты,
Қалқанменен қағысты.
Дулыға менен қалқандар
Бүктеліп қанша қалысты.
Аяныспай ұрысты,
Қылыштасып жүрісті,
Бір-бірінің қылышын
Ұстасып тұрып жұлысты.
Жағадан сауыт сытылып,
Сыртынан қылыш тұтылып,
Ат аяғы шалысты,
Ажырамай құтылып.
Ұрысқан жерлер шаңданды,
Аударысып екеуі,
Мінген аты сандалды.
Екі ләшкер екі ердің
Ұрысына таң қалды.
Мықтап ұстап Әли Шер
Қылышын жұлып алады,
«Алла» деп ұстап белінен
Көтеріп алды жоғары.
Бұлғалап атып жіберді,
Жерге барып құлады.
Салмағымен ол Салар
Топыраққа көмілді.
Денесі үлкен төбедей,
Кім көрді мұндай көрімді?
діни дастандар
«Жайлады,—деп,—мұны да»,
Кәпірлер үзді күдерді.
Қаһарланып ер Әли,
Басын кесіп Салардың,
Зарқұмға атып жіберді.
Бұл қайратты көрсетті,
Алланың Шері пендесі.
Көп кәпірді өлтірді,
Салардың тиіп кәлласы.
Мұны көрген кәпірдің
Қорқып, кетті зәресі.
Бұл Салардың бар екен
Мәлак деген інісі.
Ішін жаман өртеді
Әлидің қылған бұл ісі.
Әбунапра дегені
Күтуші еді жарағын.
Ишаратын байқады,
Майданға шығар талабын.
Оның сиясатының
Айтып болмас тарабын.
Сайлатып әбден киінді
Сауыт-сайман жарағын.
Қабағы кетті түйіліп,
«Бер, Латым» деп сиынып,
Жауап алып Зарқұмнан,
Әлиге келді тігіліп.
Мәлак сонда айтады:
—Палуан араб, неттің сен?
Жүдә алысып кеттің сен.
Басыңды кесіп алайын,
Ағамды жексен еттің сен.
Мәлактың сөзін есітіп,
Ыза боп Әли қаһармен
Бір ақырды оңданып.
Әли ақырған кезінде,
Мәлакшаның жүрегі
Жарыла жазды толғанып.
зарқұм
Қорыққаннан қылышын
Сілтеді бұрын ол барып,
Қатты Әли қозғалып,
Ұстады барып белінен.
Барлық күшін қолға алып,
Жұлып алып атынан,
Алдына басты өңгеріп.
Ишарат қылды ләшкерге,
Алып кет деп тез келіп.
Мұсылманның ішінен
Сексен адам барды да,
Мойнына зінжір салды да,
Ұстап байлап ап барды
Пайғамбардың алдына.
Әли өлмей қалған соң,
Бітеді кәпір мәресі,
Еш қалмайды бәрінің
Мұны көріп зәресі.
Және шықты майданға
Қайраты тасып Әлидің.
Қақан көріп бұл ісін,
Пенде қылған інісін,
Белінен алып мойнына
Байлады Қақан қылышын.
«Өзім барып Әлидің,
Көрейін,—деп,—ұрысын».
Әбу Ысқақ дегені
Көтерер еді жарағын,
Күніге тартып азабын.
Сиясатын Қақанның
Айтып болмас тарабын.
Қақан келді оттай боп,
Керіктің мініп үстіне.
Болат еді қалқаны,
Байлады оны кептіне.
Он екі мың батпан салмағы
Қалқанын киді басына.
Екі жүз кез найзасы
діни дастандар
Ұшына болат салынған,
Дулығасын көтерді
Дүрри, жақұт қағылған.
Алтын-күміс жарағы
Жалтырап күнге шағылған.
Жиырма бір кез қылышы,
Жеті кез еді бір алмас,
Белгілі еді мұнысы.
«Уақытын тауып шапсам» деп,
Алды соны қолына,
Асты ердің мойнына.
Сонша қымбат жарақты
Киді жалғыз тәніне.
Жаһаннан асты сәулеті,
Келді ләшкер ішіне.
Қорғандай болып қауметі,
Көзіне халық көріне.
Мінген керігін ойнатып,
Майданның келді жеріне.
Айбат етіп сол уақта,
Сөйледі Қақан Әлиге:
—Мәлакхан, Қақан, ол Салар,
Кәні, екі ініміз?
Өлтіремін мен сені,
Жүректе қалды шеріміз.
Жаныңа қайғы салайын,
Басыңды кесіп алайын,
Сүйегіңді ұндайын.
Берірек, Әли, кел,—деді.
Болаттан тамам жарағы,
Тажалға ұқсас сияғы.
Қақанды көріп мұсылман,
Шошиды бастан-аяғы,
Айбатына қалды қайран,
Пікірде болды мұсылман.
Саясатпен осындай
Сөз сөйледі ол Қақан:
—Әуелгі кезде көріп ем,
зарқұм
Майданда сен тұр едің.
Мен сені онда ойламай,
Тамаша қылып жүр едім.
Өлтіріп мына екі ерді,
Басыңа бәле тіледің.
Күшімді енді сынарсың,
Сенің өзің кім едің?
Осынша істі қыласың,
Шақтамайсың әліңді.
Салардай қылып төгейін,
Бүгін сенің қаныңды.
Атағың кімсің, намыңды?
Сонда Әли сөйледі:
—Менім атым Әлимін,
Дарақты, тауды көшірген,
Сендей неше кәпірді
Жер астына түсірген.
Дүниедегі менменнің
Өлтіріп намын өшірген.
Неше кәпір патшаны
Құлатып тақтан түсірген.
Қанша да болса дұшпаным,
Ешбірі жоқ есірген.
Бір Алланың Шерімін,
Тәрбият қылып өсірген.
Мұндай неше жанжалдың
Нешесін бастан кешірген.
Астын-үстін қылғанмын,
Таулардың атып тастарын.
Аждаһа мен дәулердің
Кескенмін талай бастарын.
Зарқұмдай неше патшаның
Қылғанмын жексен ләшкерін.
Жер жүзінде қаланы
Дал-дал қылған күштерім.
Дүниеде саны жоқ
Әрбір қылған істерім.
Қарсыласып ұрыссаң,
Қолыма сен де түскенің.
діни дастандар
Мұны айтып Әли тұрғанда,
Мекерлік Қақан бастады.
Қолында үш мың кәмандты
Әлиге қарап тастады.
Керігін қайырып, кәмандты
Кейін тарта бастады.
Кәмандына Қақанның
Әли Хайдар сол жерде
Шырмалып түсіп қалады.
Алтын егар үстіне
Бір ұшын орай салады.
Мінген керігін ойнатып,
Тартып Қақан барады,
Тебініп керігін жүреді.
Шырмалғанын білген соң,
Үзеңгіге аяғын
Бекітіп Әли тіреді.
Кәмандқа Әли түскенін
Барша ләшкер біледі,
Пайғамбар Құда көреді.
«Ессіз менім Әлиім» деп,
Көңіліне қайғы кіреді.
Бәкір, Омар, Оспандар,
Хасен, Хұсайын шаһзада,
Жамиғы тұрған сахаба,
«Сақтай көр,—деп,—Әлиді»,
Құдайдан шындап тіледі.
«Тимегей,—деп,—зарары»,
Он сегіз ұлы Әлидің
Көздерінің жанары.
Ол Мұқамбет-Әнапия
Суырып қылышын алады.
«Рахбарым, атам» деп,
Майданға шауып барады.
Әлидің халін көрген соң,
Қалмады сабыр-қарары.
Зарқұмның ұлы ер Қайсар,
Ат қойды бұ да сол махал.
Әнапияны бағыттап,
зарқұм
Майданға келді барабар.
Қарсы шауып беттесті
Әнапия, ол Қайсар.
Жағаласып тіктесті,
Ерегесіп шектесті,
Бірін-бірі алмаса,
Ерегеспен бітпес-ті.
Бұлардың төте жанжалы
Бітпейтұғын көрінді.
Әли, Қақан екеуі
Тартып тұр кәмандты.
Қамшы ұрып, керігін тебініп,
Зор беріп Қақан тартады.
Қозғалта алмады Әлиді,
Келтіріп күштің бәріні.
Халыққа тұр көрініп
Жетпеген күштің қарымы.
Екі жақта қарап тұр
Кәпір менен мұсылман.
Неше тартты ол Қақан,
Тозаң болды жер, жаһан.
Ашулары Әлидің
Сонда қатты кеп кетті.
Ақырып тұрып Дүлдүлге
Екі аяғын берік етті.
Қаһарланған ашумен,
Барлық қайрат-күшімен
Денелерін тербетті.
Үш жүз мың батпан арқанды
Тарта-тарта екі ер,
Пара-пара боп кетті.
Сол уақытта Әлидің
Долдығына шыдамай,
Көзі толды жасына.
Зұлпықарын суырып,
Қақанға Әли ұмтылды
Шабайын деп басына.
діни дастандар
Сәдуақас сол жерде
Жақын келді қасына.
Құлағына ақырын,
Сыбырлады құпия:
—Майданға кірді ұлыңыз
Ол Мұқамбет-Әнапия.
Қайтарыңыз майданнан,
Болды мұндай оқиға.
Мұны естіп Әлидің
Қалмады сабыр-қарары.
Қақанды қойып ер Әли
Әнапияға жөнелді.
Жеткенінше асығып,
Тақаты қалмай келеді.
Жетіп барып ұғылына
Осы сөзді айтады:
—Майданнан қайт, қарағым,
Көзімнің нұры, жанарым.
Бұл атаңның сырынан
Көңіліңнің жоқ па хабары?
Қақандай талай дұшпанның
Кәр қылмаған зарары.
Неше мұндай кәмандты
Бұл атаң сенің үзген-ді.
Қақан менен Қайсардай
Көп баһадүр наханның,
Қарғаларға жем қылып,
Кәллаларын үзген-дүр.
Неше кәпір патшаның
Шаһарларын талқан қып,
Қалаларын бұзған-дүр.
Бұл атаңның, е, балам,
Аңдамап па ең шерлігін?
Мен Қақанмен ұрысайын,
Кейін барып, ей, қозым,
Тамашаны көр бүгін.
Мен майданға барайын,
Ләшкерге қайтып сен бұрыл.
зарқұм
Бұл сөзден соң Әнапия
Ләшкерге барды қайырылып.
Ол Қақанның қасына
Әли барды қайырылып.
Әлиді Қақан көреді,
Қайта жүрді бұрылып,
Қарсы келді ұрынып.
Әли сонда сөйледі,
Көңіліне шаттық кіріліп:
—Лағнеті, е, Қақан,
Қанша әлің бар, айт маған.
Бүгін енді әзір бол,
Қылайын сені жер-жексен.
Мұны айтып Әли ақырды,
Тітіреді кәпір, мұсылман.
Қақан да сонда сөйледі:
—Менім атым Қақанмын,
Қаһарман, Рүстем қатармын.
Атым мәшһүр, шыққанмын,
Күрескенді жыққанмын.
Салтанатты патшаның
Шән-саукатын бұзғанмын.
Не ерлердің кәлласын
Семсерменен үзгенмін.
Ерлікпенен Зарқұмға
Еріп жүріп жасымнан,
Бұл жанжалды мендағы
Көп кешірдім басымнан.
Шындап ұрыс қылсам, сен
Құтылмассың қашқанмен.
Қолыма түскен қанша ер,
Амандықты қаласаң,
Зарқұмға барып сәлем бер.
Менім әрне салтанат
Шатырымды барып көр.
Мұны қабыл қылмасаң,
Қылайын сені жексен-жер.
Сонда Әли сөйледі:
—Көп айтасың сөзіңді,
діни дастандар
Дәріп қылып өзіңді.
Ұрыс керек, сөз бекер,
Майданда жүрген кезіңде.
Өзіңе мәлім өз әлің,
Шошымас менім еш жаным.
Бұрынғыңда мен жоқпын,
Әзір күшті қыл мәлім.
Мұны естіп Әлиден,
Қаһарын Қақан келтіріп,
Қолындағы найзасын
Әлиге салды итеріп,
Күрзіменен бір ұрды
Найзасын Әли Қақанның.
Қағып ұрып сындырды,
Найзасы жоқ боп кідірді.
Кәрденіне Қақанның,
Найзасын Әли бір ұрды.
Қылмады оған бұл залал,
Бұл найзаны қылмай кәр.
Суырып алып қылышын,
Салыса берді барабар.
Екеуі де сол жерде
Қағысты, тәнге жеткізбей,
Бір-бірінің қылышын.
Екі ләшкер қарасып,
Тамаша қылды ұрысын.
Онан кейін екеуі
Майдандасып жүрісті,
Неше харба қылысты.
Ұлы сәске уақыттан
Кешке дейін ұрысты.
Кешке Әли қаһар қып,
Бір сілтеді қылышты.
Жара түсті Қақанға,
Өтпесе де денеге,
Қақанның басы кеңгіріп,
Бейдәрмен болды көңілі.
Керігімен көшкен бұлттай,
зарқұм
Қақан қашты көбіне.
Әли қуып артынан,
Жақындап барып шамалы,
Зұлпықармен бір ұрып,
Қақанның керігін жығады.
Және бір керік мінеді,
Және қарсы келеді.
Зұлпықармен ұрғанда,
Ол керігі тағы өледі.
Жаңалап керік мінеді,
Дембе-дем бәрі өледі.
Қалқан мен өтпей сауыттан,
Аттарын семсер бөледі.
Кәпірлер пұтқа табынып,
Мұсылман Аққа жалынып
Ұрса-ұрса палуандар,
Өздері қалды сабылып.
Мұсылман айтып Алласын,
Екі ер майдан ішінде
Қылып жүр жанның айласын.
Әлиге Қақан сілтеді,
Жеткізем деп алмасын.
Алмасты ол ұстады,
Қалқан қылмай далдасын.
Бір алмасқа тартысты,
Көбейтіп жанжал-ғауғасын.
Ортада тұр бір алмас,
Екі ер де күшінде.
Жұлып алса қайбірі,
Ұрмақшы тездеп ішіне.
Неше мәрте жұлқысты
Бір алмастың ісіне.
Айтарлықтай бұл жолы
Әли қайрат келтірді.
Бұл таласта ол Қақан
Он екі піл, он керік
Сындырып белін өлтірді.
Бұл тартыста ол алмас
Әлидің келді қолына.
діни дастандар
Жұлып алып ер Әли,
Кәпірдің атты тобына.
Ол алмас кесіп сол жерде,
Жетпіс кәпір өледі.
Күн батарға барған соң,
Ажырады екеуі.
Қақан қалды сол жерде,
Әли қайтып жөнелді.
Жай-жайына қайтысты,
Қарар алып жатысты.
Таң атқан соң аттанып,
Майданға сапты тартысты.
Кәпір менен мұсылман
Бір-біріне қарады.
Толған айдай Мұқамбет
Ту түбінде тұрады.
Әли түсіп Дүлдүлден,
Пайғамбары Құдадан
Қол жайып бата сұрады.
Пайғамбардан бата алып,
Дүлдүліне қамшы ұрып,
Майданға шауып барады.
Жер мен көкті тітіретіп,
Ақырып айқай салады.
Қақан шықты ол жақтан,
Әли шыққан кезінде.
Сөйледі Қақан со күнде:
—Енді сенің, әй, араб,
Мыңдаған жаның болса да,
Қоймаспын бірін өзіңде.
Жауатұғын бұлттай,
Қаға-қаға дабылын,
Әли келді жуықтай.
—Е, баһадүр, кел енді,
Ырза бүгін бол енді.
Қарсы келіп сен маған,
Күшімді менім көр енді.
Сонда Әли сөйледі:
зарқұм
—Не оттап тұрсың сен, Қақан,
Көрсет күшті сен, надан.
Қолымда өлген майданда
Сендей неше палуан.
Бекерге сен де өлерсің,
Онан да болғын мұсылман.
Әгар қабыл қылмасаң,
Түбіңе жетер бұл майдан.
Майданда сөз не керек,
Ерлігің болса, қыл, Қақан.
Сонда Қақан күрзісін
Көтеріп алды қолына,
Егардың алып қасынан.
Ұрғызбастан күрзінің
Ұстады Әли басынан.
Екеуі жақын жанасты,
Бір күрзіге таласты.
Кәпір менен мұсылман
Тамашаға қарасты.
Қақаннан күрзі бөлінді,
Әлидің кетті қолында,
Келтірді Құдай оңына.
Лақтырып жіберді
Кәпірлердің тобына.
Быж-тыж боп қаша жөнеді
Қалың әскер бұрынғы,
«Қалмайық,—деп,—астында».
Әрекет бұрын қылынды,
Әні-міні дегенше,
Күрзі де барып ұрынды.
Салмағымен күрзінің
Қырық алты кәпір қырылды.
Үріккен қойдай кәпірлер,
Сүрлігісіп жүрілді.
Суырып алып қылышын,
Қақанды келіп бір ұрды.
Дулығасы Қақанның
Үлкен еді қорғандай.
Кәр қылмады басына,
діни дастандар
Бұл қылышты ұрғанда-ай.
О да шапты қылышты,
Бұ да шауып тұрғанда-ай.
Онан кейін екеуі
Салысып кетті барабар.
Үсті тозаң, шаң болды,
Қараңғылық мұнарлар.
Қайсысы қалып болғанын,
Болмады ешкім хабардар.
Ақырған сайын ер Әли,
Тітіреп қалар кәпірлер.
Алысып жүрген бұлардың
Естіледі дабысы.
Күрзімен ұрған бір-бірін,
Шақылдайды дауысы.
Қаһарлары келісіп,
Қайраты әбден толысып,
Ысқырысқан демдері
Аждаһадай жұлысып.
Бірін-бірі жықпады еш,
Болып кетті күн де кеш.
Бірін-бірі жібермей,
Тағы да болды көңілі өш.
Екі жақтан жарық боп,
Масала әбден жағылды.
Екі дәудің қылышы
Шапылдасып шабылды.
Саясатқа ләшкерлер
Қағып тұрар дабылды.
Таңдар атып, күн шықты,
Алысып екі ер бұл шықты.
Қыза-қыза екеуі,
Ерегесіп өшікті.
Бірін-бірі ала алмай,
Жеті күн-түн ұрысып,
Бірер дамыл алмады.
Айырылысып кетпекке,
Біріне-бірі болмайды.
зарқұм
Әли мінді күшіне,
Қақанның көзі қарайды.
Денеден кетіп дәрмені,
Әлиден жауап сұрайды:
—Жеті күндей ұрыстық,
Тағам татпай тұрыстық.
Ешбір дамыл ала алмай,
Ұрыспенен жүрістік.
Маған енді жауап бер,
Қосыма қарап жөнейін.
Кешірімді деуші еді,
Ерлігіңе сенейін,
Ауқат қылып келейін.
Сен менім көн сөзіме,
Мен де саған көнейін.
Осыдан, әгар, Әли Хайдар,
Өтірік айтсам өлейін.
Сонда Әли сөйледі:
—Лап ұрғаннан жоқ еді,
Ешбір, сірә, кеміңіз.
Ол уақыттай болмады
Бұл уақытта деміңіз.
Ұрысқан ер уәдесін,
Сырттағы сөзге сенбей,
Көріп-біліп сеніңіз.
Ұйықтамасаң ас ішпей,
Жеңіл тартар денеңіз.
Саған берер жауап жоқ,
Ұрысқа, батыр, келіңіз.
Тағы Қақан сөйледі:
—Е, арабтың палуаны,
Бәрі сынды ұрыста,
Жарағым жоқ қалғаны.
Өзің жауап бермесең,
Жаңалап қайта алғалы,
Бар жарағым сынғаны.
Қосқа барып оларды,
Қылдырып алар күн, кәні?
діни дастандар
Киімдерді тастасақ,
Жаяу күрес бастасақ.
Болмаса бір сөз айтайын,
Бұған бар ма көңіліңіз,
Мұны қабыл қылғалы.
Әли айтты:—Ендеше,
Қабыл көрдім сөзіңді,
Түс керіктен, көресің,
Жеңілте бер өзіңді.
Арманменен өлмегін,
Майдан қылар кезіңде.
Бұл сөзді Қақан есіткен,
Қарғып түсті керіктен.
Мұны көріп «Алла» деп,
Әли де түсті Дүлдүлден.
Әли алды батаны
Пайғамбары Құдадан.
Қақан да сонда қол жайып,
Зарқұмнан рұқсат сұраған.
Екі палуан ұстасты
Қоян-қолтық болысып,
Әли мен Қақан екеуі
Күрес қылды шынымен,
Аяныспай ділімен,
Жер сүдігер болады,
Сүйрелескен зілімен.
Түн болғанша күресті,
Қыла берді түнімен.
Әлиді Қақан сілтесе,
Қара жер болған сүдігер.
Қақанды Әли сілтесе,
Қимылдар еді қара жер.
Түн өтіп, тағы күн шықты,
Күресу менен екі ер.
Кәпір менен мұсылман
Екі ерге тәсілім дер.
Ұстасып бұлар тұрғанда,
Ұлы сәске болғанда,
зарқұм
Әнапия—ұлы Әлидің
Белгілі араб еліне
Қарап тұрып қайраты,
Сыймай кетті тәніне.
Жетіп келді майданға,
Сыбанып екі білегін.
Жыға алмай жүрген атасын
Әнапия көрді де,
Сұсты етіп реңін,
Көрініс беріп халқынан,
«Алла ғаләм Бір уа Бар».
Қасына келіп Әлидің,
Бұл сөздерді қылды заһир.
—Жыға алмадың Қақанды,
Қартайдың, иә, атажан,
Бұрынғыдай күшің жоқ,
Есітерге намың бар.
Бұл Қақанның қолында
Осынша болдың кіріптар.
Жеті күндей ұрыстың,
Тамақ татпай тұрыстың.
Жеті күн, түн ұрыстың,
Барабар болып тұрыстың.
Қайратыңның барлығын,
Ит Қақанға түгестің.
Айналайын, атамыз,
Шыдай алмай ісіңе,
Жүгіріп келді ботаңыз.
Сізден тілек тіледім,
Маған жауап беріңіз.
Менім қайрат-күшімді
Тамаша етіп көріңіз.
Медет берсе Құдайым,
Бұл Қақанды ертерек
Көтеріп жерге ұрайын.
Берші маған, атажан,
Сүйегін ұндай қылайын.
Бермесеңіз рұқсат,
Ұрғын жерге Қақанды,
діни дастандар
Жайыма барып тұрайын.
Бұл сөзді естіп баладан,
Әли қылып намыс, ар.
—Әй, бейәдеп, әрі бар.
Ашуы келіп сөзіне,
Қалқанынан түктері
Тесіп өтті сыртына,
Адам қарап болмастай
Сол кездегі порымына.
Көтеріп алды Қақанды,
Қаңбақтай қылып қолына,
Келтірді Құдай оңына.
Әли Шердің басында
Айналып Қақан жүрілді.
Тұрмастай етіп қаһармен
Лақтырып жерге ұрды.
Салмағымен ол Қақан
Жерге барып көмілді.
Ишаратпен Әли Хайдар
Пайғамбарға қарады.
Үш жүз әскер қолына
Бес кәмандты алады.
Даярланып Қақанға
Жүгіріп жетіп барады.
Машақатпен Қақанды
Жабылып байлап алады.
Кәпірлерді күңірентіп,
Көңілдерін кірлентіп,
Пайғамбары Құданың
Алдына алып барады.
Таудай қылып сүйретіп,
Қабырғасын күйретіп,
Шақ келмейтін еш адам
Мұның қайрат-күшіне.
Кәзір енді қараңдар,
Басына түскен ісіне.
Мұны көріп ол Зарқұм,
Басын тартты ішіне.
—Ой, Қақаным, балам-ай,
зарқұм
Денемнен шықты жаным-ай.
Сенігім де сол еді,
Барабар келген Әлиге-ай.
Ессіз ерлер үзілді,
Салтанат бізден бұзылды.
Бір-ақ ұрып сол күнде,
Екі көзі жұмылды.
Әли жарақ киінді,
Мұсылмандар сүйінді.
Және шығып майданға,
Ойнатып тұрды Дүлдүлді.
Әли Хайдар сөйледі:
—Бұл ұрысты қой,—деді,
Мұсылман бәрің бол,—деді.
Зарқұмға қарап айтады:
—Не себепті ләшкерің
Мұнша кеш боп кідірді.
Тез шықпаса палуаның,
Уақыты соғыс өтеді,
Бұл ұрыспақ нәубеті,
Өзіңе кезек жетеді.
Бұл сөзді Зарқұм есітіп,
Мәлакханды бұйырды.
Атақты ол һәм ер еді,
Тездеп айтып ерледі.
Саясат сұсты мұның да
Қақаннан да зор еді.
Сиынып әді ат мініп,
Әлиге жетіп келеді.
Әли сонда сөйледі:
—Өлсең күнің қараң-ды,
Маған сен де келдің бе?
Бейхұдайы талапты.
Мақсатың қайсы, бейшара,
Хал-дәрменің қалмапты.
Жақсы еді, болсаң мұсылман,
Көңіліңде қалмас ой-арман.
Мұсылман болып өлгендер,
діни дастандар
Бейіште болар шадыман.
Сөйледі сонда Мәлакхан:
—Мен бұл сөзден қам жемес,
Қақаннан күшім кем емес.
Алдап оны жыққансың,
Алданар ондай мен емес.
Сенбеймін кебіңе,
Сенің ондай лебіңе.
Күрзіменен ұрайын,
Қайратыңды көрейін.
Латым берсе абырой,
Қара жерге теңейін.
Маған беріп, е, араб,
Нәубетті, тұршы сиынып.
Кәллаңды қағып алайын,
Күрзіменен бір ұрып.
Мұны айтып Мәлакхан,
Жетіп келді Әлидің
Жақынырақ қасына,
Салып кетті басына.
Тау мен тастар жаңғырықты
Бұл күрзінің даусына.
Әлидің басы қаңғырықты,
Көзінен жас пен от шықты,
Ол күрзінің зарпы ұрды.
От пенен су парылдап,
Көзі толды жасына.
Көшкендей болып тау мен тас,
Айналып кетті басы да.
Атын бұрып ер Әли,
Қайтып келді мең-зең боп
Пайғамбардың қасына.
Келіп Әли сөйледі:
—Пайғамбар, дұға қылыңыз,
Зарып болды көзім, біліңіз.
Пайғамбар әзиз қолымен
Түкірік жақты көзіне,
Сахат болды тезіне.
«Майданға барғын, балам» деп,
зарқұм
Рұқсат берді өзіне.
Дұғасымен Мұқамбет
Көзі тапты құп сахат.
Мәлакханға барды Әли,
Ашуы келіп қабағат.
—Келгін енді, баһадүр,
Бізге нәубет беріп тұр.
Әуелі ұрдың, мен тұрдым,
Ұрайын мен де сені бір.
Кәпір айтты:—Тұрайын,
Кезегіңді берейін,
Зарпыңды сенің көрейін.
Осыны айтып Мәлакхан,
Ұстады қалқан басына.
Сонда Әли ұмтылды,
Зұлпықарын суырып
Шапшаңдап барып бір ұрды.
Қаһармен Шері салыпты,
Екі бөліп зұлпықар,
Жерді барып қауыпты.
«Зұлпықарды ұста» деп,
Жіберді Алла мәлікті.
Жетпесе әгар Жәбірейіл,
Кесер екен зұлпықар
Жердегі өгіз балықты.
Мәлакхан тұрып сөйледі:
—Күшің сенің осы ма,
Бар ма қайтып ұрарың?
Лап етіп ең бағана,
Кәні, зарар қылғаның?
Бит шаққандай болмады,
Осы ма Әли дәрменің.
Әли сонда сөйледі:
—Қылышым менім құп өткір,
Өткенін денең білмей тұр.
Сенбесең, өзіңді
Қимылдатып көрші бір.
Мұны естіп Әлиден,
Қимылдады ол кәпір.
діни дастандар
Қарап тұрған жерінде
Аты мен өзі айырылып,
Денесі екі бөлінді.
Жарқырап жайрап қалғаны
Халыққа айқын көрінді.
Әр тілекті осындай
Бергейдағы бір Құдай.
Шадыман болып дәл сонда,
Мұсылмандар сүйінді,
Кәпірлер жаман күйінді.
Мәлактың халін көрген соң,
Майданнан адам тыйылды.
Әли және майданға
Ойнатып барды Дүлдүлді.
«Талапкер» деп шақырды,
Бұл шақырған дауысы
Қорқытты тамам кәпірді.
«Майданға шапшаң келсін!» деп,
Қаһарланып ақырды.
Әли айтты кәпірге:
—Келгеніңді ұрайын,
Мәлакхандай қылайын.
Мұсылман әгар болмасаң,
Бәріңді де қырайын.
Зарқұм сонда Әлидің
Бере алмай жауап сөзіне,
Тұра алмай қарап жүзіне,
Бір-бірімен кеңесіп,
Ақыл салды көбіне.
Шамақ қылып тұрысты,
Атының басын бұрысты,
Тегіс қайтып майданнан,
Шаһарына кірісті.
Дарбазасын бекітіп,
Ақиқаттап тиыш қылысты.
Көмілді тамам дарбаза,
Саранжам, мылтық андаза.
Есті, басты адамдар,
зарқұм
Бәрі тамам жиылды,
Әңгіме болды дандама.
Уәзірлерін шақырып,
Сонда Зарқұм сөйледі:
—Ақылдасқын бәріңіз,
Бәріміздің қамымыз.
Ұрысынан Әлидің
Шошып қалды жанымыз.
Күніміз әзір қарап-ты,
Заһар қылды шарапты.
Басқа еңбек қылдырдық,
Сағынып алған арабты.
Енді қылсақ болады
Қай секілді талапты,
Ұрысар палуан қалмапты.
Енді кеңес, ақыл не,
Көпшілікке мақұл не.
Сөзіңді айтып, уәзірлер,
Қасыма бері жақын кел.
Кеңес қалай, кеп қалай?
Енді бұған еп қалай?
Бәріңдағы айтыңдар,
Ішке бекер сақтамай.
Қамалып дәйім жатпаймыз,
Ұрысып пайда таппаймыз.
Несіп қылып басқарып,
Бұл жұртты аман сақтаймыз.
Сонда отырып баршасы,
Уәзірлер мен сапалар,
Ішіне қайғы толтырды.
Мойындарын пәс қылып,
Пікір ойлап отырды.
Бір уәзірі бар еді,
Ақылы артық дана еді.
Өзгелерден ол уәзір
Жоғары басын көтерді,
Зарқұмға қарап сөйледі:
—Шаһым менім, арызым бұл,
діни дастандар
Ойласумен болдық сел.
Бір сенген еріміз,
Әуелі кетті Жанәбіл.
Жанәбілді қоймады,
Өзгені аман қоймас бұл.
Лақтырып көкке атып,
Қайтарды соны жұлдыздан.
Жанәбіл кеткен уақытта,
Күдер үздік ұл-қыздан.
Хұсусан бәрібір Әли
Баршаны барһам қылғызған.
Қыртас, Хашам, Махәбіл,
Жанәбіл ісін тынғызған.
Хаман менен Сұхрапты,
Мұны да барһам қылғызған.
Біріңе қоспай біріңді,
Екі арасат ұрысты,
Сансыз ерлер қырылды.
Осы болған ұрыстан
Ат өлікке сүрінді.
Әсіресе Әлиің
Ада қылды түбінде.
Көп адамнан дерек жоқ,
Күн асқан сайын қиын боп,
Көп палуан ерлердің,
Ажалы жетті бәрінің.
Әділер мен зәңгіні
Қаламдады қылышы.
Онан аман қалмады
Ұрысқан ердің бірісі.
Онан кейін пілді атып,
Зәңгілерді қырысты.
Кәні, Салар, Мәлакхан?
Қиямет екен ұрысы,
Онан соңғы Қақанды,
Талай ер өліп, бұ қалды.
Ол ерлер бізге қайда енді.
Жалғыз Әли бұ қылып,
Аттырмай тұр таңыңды,
зарқұм
Дал-дал қылып ордаңды,
Қасты бізді қырмақ-ты,
Қан саптырып тұрмақ-ты.
Сол ерлерді білмеді,
Ер деп көзге ілмеді.
Не арыстан ұстандар
Арманмен өліп жөнелді.
Кім ұрысса талап қып,
Қанша да болса өледі.
Таң атқан соң майданға,
Әли тағы келеді.
Бұл Әлиге, жақсылар,
Ақылды бүгін таппасақ,
Басымыз қалар бәлеге.
Сіздер мақұл көрсеңіз,
Ойыма бір сөз келеді.
Басқаны мұнан білмеймін,
Адам емес бұл деймін.
Бірнеше қандек қазғызып,
Басыңның қамын қыл деймін.
Кәзірден бастап әскерге
Бұйырсаңыз мен деймін.
Майдан жерге зәңгіні,
Кәмандаз бен тарандаз
Ор жағалай жатқызсақ,
Түннен шығып орасақ.
Майданда таңды атқызсақ,
Жасақ байлап сап тартсақ.
Ұрысқа дәста түзесек,
Мәгәрлік майдан іздесек.
«Тез майданға келсін» деп,
Бір адамды жіберсек.
Қандектен әрмен ол барса,
Арабтардың қасына,
Айқайласа ақырып,
Әлидің салып даусына:
—Қайсың бүгін шықсаң да,
Өлімге етем ашына.
Не қылып тұрсың тез шықпай,
діни дастандар
Әли, тірі барсың ба?
Естіген соң бұл сөзді,
Әли шығар ол жақтан.
Және мініп қаһарына,
Келе жатқан Әлидің
Қорыққансып доғынан,
Қандек ішін аралап,
Қашса көрген жолымен.
Қатуланып ондан соң,
Әли қуар соңынан.
Қандекке келіп жығылар
Хабарының жоғынан.
Аңдып жатқан кәмандаз
Оққа тұтар тобымен.
Біз де атты қоярмыз,
Қоймаспыз және онымен.
Латымыз бізге жар болса,
Өлтірерміз сонымен.
Көңіліме осы келгені,
Көрмеймін мақұл өңгені.
Бұл сөзіне әскердің,
«Мақұл» деді бәрісі,
Үлкен-кіші, кәрісі.
Ер өлімі намысы,
Қорқақтың қамы жанысы.
Көзіне қарсы шыға алмай,
Осылай болды мәнісі.
Бұл сөзді мақұл көрісті.
Түн ішінде зәңгіні
Майданға айдап жүрісті.
Алла берсін ақырын,
Кәпірлер қылды бір істі,
Қазды екі жүз құдықты.
Тереңдігін құдықтың
Екі жүз кезден қылысты.
Қандекті терең берік қылды,
Жағасына арық қылды.
Шөп-шалам салып бетіне,
зарқұм
Тосын кісі білместей,
Айласын кәпір асырды.
Кәмандаз бен тарандаз,
Шұқырға бәрін жасырды.
«Жатыңдар,—деп,—әзір боп,
Білмесін,—деп,—бұл сырды»,
Осылай деп айтыпты.
Саранжам қылып болған соң,
Шаһарына қайтыпты.
Құдіреттің әзелде,
Әркімге болса тағдыры.
Сол тағдыры біткенше,
Пенденің қалмас қабдылы.
Берген дәмнің баршасы,
Жаратқан Жаппар Құдайдың,
Өзіне аян барша ісі.
Есерлігің қайтармас
Алланың берген дәулетін.
Ақыл, айла қандырмас,
Ажал менен мехнатын.
Айдап жүрер әр жерге,
Бұйырса ішер шәрбатын.
Көруге тағдыр болған жер,
Көргенше қашан базардай.
Несібең ада болған жер,
Құтылғанша мазардай.
Мұның бәрін бір Алла
Пешенеңе жазардай.
Бітіп қояр әзелде
Құдіреттің қаламы-ай.
Ұнауынан Құданың,
Еш артық-кем болар ма-ай.
Әзелде тағдыр болған соң,
Пайғамбар қалды болжамай.
Әй, жамиғат, мұны көр,
Алладан тағдыр болмаса,
Қазылар ма еді-ай қара жер?
Жаратқан Жаппар Құданың
діни дастандар
Құдіретіне тахсин дер.
Бірі де бөтен болмады,
Алланың сүйер пендесі,
Біреуі досы, бірі шер.
Таңға жақын уақытта,
Қандекті қарап қайтқан соң,
Біләл азан айтқан соң,
Пайғамбарым имам боп,
Оқиды намаз памдатты.
Түн өтіп, таң атқан соң,
Уақтылы күн шықты,
Жалбырап тамам ту шықты.
Ұрысқа дәста түзетіп,
Кәпірлерден есепсіз
Сарынменен шу шықты.
Зарқұмнан ләшкер ағылды,
Сап тартып қақты дабылды.
Мұны көріп мұсылман,
Келді майдан жеріне.
Пайғамбар Құда нұрланып,
Тұрды тудың түбінде.
Зарқұм да тұр үміт қып,
Басшылық етіп көбіне.
«Жасырын қылған ісіміз,
Келгей де,—деп,—ебіне».
Мұсылмандар келіп тұр,
Зікір айтып тәсбімен.
Қарсы келіп Зарқұм тұр
Мың бір қиял пікірмен.
Бір палуаны бар еді,
Атын Хашам дер еді.
Соған айтты неше сөз:
—Сен майданға барғын тез.
Абайлап өткін қандектен.
Сен майданға барған соң,
Әли де келер ол жақтан.
Біраз ұрыс қылған боп,
зарқұм
Бұрылып кейін қаша гөр.
Ұстап алып қалмасын,
Атыңа қамшы баса гөр.
Сен өтерсің өзіңнің
Бұрын көрген жолыңмен.
Атына о да қамшы ұрып,
Әли қуар соңыңнан.
Қандекке келіп жығылар
Хабарының жоғынан.
Біз де атты қоярмыз,
Қоймаспыз және оныңмен.
Сонда Хашамға ұнады:
«Латымыз жар болса,
Өлтірерміз сонымен».
Көңіліне бұл сөз түйініп,
Шауып кетті сүйініп.
Сәулетпен барды майданға,
Жарақтарын киініп.
Бір ақырды ол Хашам,
Майданға барып сол заман:
—Тез келгін,—деп,—мұсылман,
Майдан ығын қылғалы,
Келдім, бүгін қызыл қан.
Көңілімдегі талабым,
Келсе әгар алдыма
Әли деген палуан.
Естіледі Әлиге
Хашамның айтқан хабары.
Әлидің тағат қыларға
Қалмады сабыр-қарары.
Самсам деген қылышын
Суырып алып белінен,
Кәпірге қарап жөнеді,
Қаһарланған демімен.
Адам қарап болмайды,
Ызғарлы айбат беттері.
Мұны көріп Хашамның
Жүрегі тоқтау етпеді.
Бұрылып кейін жөнелді,
діни дастандар
Қандегіне жеткелі.
Қашты Хашам зырқырап,
Сақтанып тұрған бұрыннан,
Қандек ішін аралап,
Өтті аман жолымен.
Ұстамақ болып тығыздап,
Әли қуды соңынан.
Екі көзі Хашамда,
Қандектен хабар жоғынан.
Тоқталып Дүлдүл кідірді,
Ілгері баспай мүдірді.
Ашуы келіп Дүлдүлге
Қамшымен Әли бір ұрды.
Ілгері Дүлдүл жүрмеді,
Әли мұны білмеді.
Және қамшы көтеріп,
Дүлдүлге қарап сөйледі:
—Тоқтамаушы еді еш жерге
Мұнан бұрын тұяғың.
Бұрынғыдай болмады,
Бұзылды сенің сияғың.
Лайық па деп өзіңе,
Осы жеген таяғың?
Жете алмай қуып қашқанды,
Қырқылды ма аяғың?
Осыны айтып ер Әли,
Қаһарланып Дүлдүлді
Қамшымен және бір ұрды.
Санына қамшы тиген соң,
Көзі жанды от болып,
Кідіруге шегініп,
Енді шара жоқ болып,
Шашырап Дүлдүл қарғыды,
Төрт аяғы топ болып.
Екі жүз қандек үстінен,
Бір секіріп өткенде,
Екі аяғы алдыңғы
Жағасына жеткенде,
Шөңгеріліп зынданға
Құлап кетті жоқ болып.
зарқұм
Кәмандаз бен тарандаз
Тұс-тұсынан жүгірді,
Зынданға барып үңілді.
Қатар-қатар кәпірлер
Ат қойысып ағылды.
Зынданда байлап алмақ боп,
Һәмма ләшкер жабылды,
Бәрі ойлап бұл ойды.
Мұны көріп Әлидің,
Тағат қылып тұра алмай,
Он сегіз ұлы ат қойды,
Кетіріп тағат-сабырды,
«Атамызға кәпірлер,
Қылмағай,—деп,—жәбірді».
Бұл әдісті көрген соң,
Паришан болды Пайғамбар.
«Теңсіз шері Әли» деп,
Көңіліне келді көп малал.
«Жау ішінде Әлиді
Сақта,—деп,—өзің, Бір уа Бар,
Кәпірге қылма кіріптар».
Жүректері езілді,
Сахабалар, ол үш жар,
Бір Аллаға қылып зар.
Он сегіз ұлы Әлидің
Түгел жетті қандекке,
Тамам барша әзиздер
Ұрыс қылды тобымен,
Жүз қайтармай оғынан.
Жиырма екі мың кәмандаз
Ұрысты оңы-солымен.
Бұзып-жарып бара атыр,
Сеңді ашқандай қолымен.
Әли түскен қандектен
Кәпірлерді қуады,
Бұлттай қылып сырады.
Кәпірлер жүр сыртқары,
Қандектің қашып лабынан.
Он сегіз ұлы Әлидің
Қалған жоқ күшін аянып.
діни дастандар
Шах түбіне қарамақ,
Қандектен келіп жәй алып,
Қылыш қанға боялып.
Әлидің палуан баласы,
Баһадүрдің марасы.
Атасынан кем емес,
Ұрысын мұның қарашы.
Кәпірге қырғын салады,
Қамысқа қойған алаудай,
Жапырып кетіп барады.
Қандекке барды шамалы,
Өзінен басқа сол кезде,
Қандекте ешкім қалмады.
Ол Мұқамбет-Әнапия
Әли түскен қандекке
Еңкейіп келіп қарады,
Екі бүйірін таянып:
—Шах түбінде қалғаның,
Алланың көріп салғанын,
Атажан, жауап беріңіз,
Сөйлеуге келсе мажалың.
Құдықтың аузы аламат,
Қырғын боп тұр қабағат.
Жаным сізден садақа,
Мен ұлыңмын Мұқамбет.
Тезірек жауап беріңіз,
Бармысыз, ата, саламат.
Осылай сұрақ болғанда,
Жиырма екі мың кәпірден
Жүгіріп еді барлығы.
Не дегенін Әлидің
Білдіртпеді жаңғырығы.
Балалардың басына
Түсті күннің тарлығы.
Болды заманақырлар,
Сілтеген қылыш шапырлар.
Әли түскен қандекті
Тағы алып қалды кәпірлер.
зарқұм
Атына мінді «Алла» деп,
Әнапия кемеңгер,
Өзіне тартқан Әлидің,
Жаңа өспірім бала шер.
Алдынан қарсы шығады,
Кез келгенін ұрады.
Қандекке адам жеткізбей,
Қан саптырып тұрады.
Жиырма екі мың еді жау,
Беттетпеді бұларды.
Қандекке кәпір жеткізбей,
Қайтарып тұрды бұларды.
Қандекті жүрді айналып,
Бәрі шердей сайланып.
Он сегізі бас қосып,
Қарсы тұрды майдан қып.
Қойға қасқыр шапқандай,
Қамысқа алау жаққандай,
Аянбай қылды ұрысты.
Бұрынғыдан он есе
Балалар қырғын етісті.
Ол Мұқамбет-Әнапия
Орасан қырғын етеді,
Кәпірлерді бөлектеп,
Әр жаққа қуып кетеді.
Зынданға келген кәпірді
Тұмандай қылып көтерді.
Он сегіз ұлы Әлидің,
Күші басым бәрінің,
Аждаһадай ұрысты,
Құдықты алып тұрысты.
Ләшкерге Зарқұм ақырды:
—Көрдің бе,—деп,—бұл істі?
Тартынбастан бәрің де,
Ат қойғын,—деді,—Әлиге.
Енді осыдан болмаса,
Күлкі болдық, жақсылар,
Айдай әлем бәріне.
діни дастандар
Мұны естіп ол кәпір,
Мұны естіп кәпірлер,
Ат қойды бәрі ағылып.
Он сегіз ұлдың үстіне
Қонды бәрі жабылып.
Тағы бұлар ұрысты,
Тұра алмады аңырып.
Құдықтың аузын бермеді,
Аянбай қылыш сермеді.
Алдын бұлар қайырса,
Артынан және кернеді.
Қалың ләшкер қамасты,
Көтере алмаспен, қылышпен,
Қамшыдай сілтеп сабасты.
Әли түскен қандекке
Қиямет болып таласты.
Қызыл қан судай төгілді,
Ат тұяғы көмілді.
Әні-міні дегенше,
Талай ер көрді өлімді.
Бет-бетімен ұрысып,
Он сегіз ұлы Әлидің
Бір-бірінен бөлінді.
Айтарлықтай құрыштап,
Күшейді соғыс со күнде.
Қалың ләшкер қорлады,
Екі жақ таласы зорлады.
Қандекті балдар қорғады,
Қорғаса да болмады.
Шауқым салып кәпірлер,
Бұлттай болып орнады.
Жанәбіл айтты:— Иә, Пайғамбар,
Бұл сөзді қылғын ықтимал.
Ат қойсақ біз де болмай ма,
Кәпірлер бірлә барабар?
Сабыр қылып тұруда,
Бізде қандай себеп бар?!
Пайғамбар Құдаға ұнады,
зарқұм
«Барғын» деп жауап қылады.
Бәрі бірден ат қойды,
Барша асхаб, жамағат,
Болды қырғын қабағат.
Асып кетті жүз есе,
Ұрыстардан бұрынғы.
Мұсылмандар сол күнде
Әрбірі мыңға ұрынды.
Жел айдаған бұлттай,
Қандектен кәпір түрілді.
Судай ағып қызыл қан,
Шұқырларға құйылды.
Шымалдай қалың кәпірлер
Қандектен зорға құтылды.
Қандекті жеңіп алғанға,
Мұсылмандар сүйініп,
Бәрі келді жиылып.
Үріккен қойдай еліріп,
Қашқан кәпір тоқтады,
Әскерін жиып топтады.
Кейін бұрып ат басын,
Майданға қарай оқтады.
Тағы бір қиял ойланып,
Мұсылмандар сол кезде,
Қандектен қалды жәй алып.
Атынан түсіп Пайғамбар,
Дауыстады қандекке,
Екі қолын таянып:
—Иә, Әли Шер, Арыслан,
Шах түбінде қалғаның,
Бармысың аман-саламат?
Һәммадан артық, қабыланым,
Басымда көп жанжалым.
Хабар білмей өзіңнен,
Тарылып тұр заманым.
Мен—Мұқамбет Мұстафа,
Басыңа келіп тұрғаным.
Құдыққа Шерім түсіріп,
діни дастандар
Кетіп тұр беттен ажарым.
Сөйлеуге болса мажалың,
Сөзіме жауап бер, жаным.
Хал қалай, сақыпқыраным,
Құданың Шері, палуаным.
Мұны айтып тұрғанда,
Кәпірлер тағы ат қойды.
Бұлттай болып күркіреп,
Мұсылманға жабылды.
Есебі жоқ дүркіреп,
Сөйлесуге болмады,
Ұрыстың қамын ойлады.
Әлиден жауап ала алмай,
Көңілі қарар таба алмай,
Пайғамбарым Мұқамбет
Мінді сонда атына,
Найзамен жерді бір тіреп.
Есіттірмеді дауысын,
Не баһадүр айқайлап,
Нар бурадай күркіреп.
Екі жақтың таласы,
Бәрінікі бір тілек.
Кәпір ердің сыңайын
Пайғамбар Құда байқады,
Балаларға айтады:
—Балаларым, барыңыз,
Жанәбілмен бас қосып,
Осы жерде тұрыңыз,
Келгені болса қырыңыз.
Жоламасын кәпірлер
Атаңыздың қасына.
Орнатайын мен барып
Ақырзаман күндерін
Кәпірлердің басына.
Мұсыбат күнді салайын,
Кегімді сөйтіп алайын.
Мұны айтып Пайғамбар,
Қамқамын алды суырып.
зарқұм
Қамшы ұрып атына,
Кез келгенін бір шауып,
Апшысын қойды қуырып.
Сахабалар жөнелді
Пайғамбардың соңынан.
Бұлар да еріп келеді,
Ат қойып бәрі тобымен,
Ұрысты Зарқұм қолымен.
Жердің жүзі қимылдап,
Адам көп кетті со күнде.
Не алмастар тұтықты,
Қан ішіне көміле.
Не сауыттар сытылды,
Шығыршықтай сөгіле.
Тобымен барып дүркіреп,
Кәпірдің ұрды көбіне.
Қырып-жойып апаттап,
Тудың келді түбіне.
Қашқаны болса қуысты,
Қарсы келген ерлерге
Жан аянбай тұрысты.
Он тоғыз шері бас қосып,
Айналып жүріп қандекті,
Көп кәпірмен ұрысты,
Жүз қайтармай жүрісті.
Кәллаларын қаламдап,
Сілтесіп жатыр қылышты.
Қырылып қалды адамдар,
Сан мың аттар бос қашып,
Далаға қашып лағар.
Ашып көзді жұмғанша,
Көп ердің басы домалар.
Белден соққан жыландай,
Не ерлер екі бұралар.
Қорқақтар өзі жығылар,
Қалыңға қашып тығылар.
Алтын ерлі тұлпарлар
Ойнап бос-бос шығылар.
Мұсылманның әрқайсы
діни дастандар
Біреуі мыңға ұрынар.
Ұрыса-ұрыса ақыры,
Есірік болып қаңғыды.
Екі жақтың батыры
Төбе-төбе өліктен
Жол таба алмай бекілді.
Пайғамбар Құда Зарқұмның
Туларына сол кезде
Жақын келген секілді.
Ажалы жеткен талай ер
Атымен екі бөлінді.
Пиада қалған көп ерлер,
Бұлар да қарап тұра алмай,
Бір-біріне жүгірді.
Еркін басып шаба алмай,
Ат өлікке сүрінді.
Ысрапыл сорын тартқандай,
Есепсіз ләшкер қырылды.
Бермелік деп намысты,
Һәмма адам жұмылды.
Он екі лек кісімен
Қайсарды Зарқұм бұйырды.
Бұлар келіп тобымен
Жанәбілге ұрынды.
Шектесіп Қайсар түрілді,
Сонда Қайсар сөйледі:
—Көбінің жоқ мазасы,
Жанәбілден басқасы,
Бәрі Әлидің баласы,
Баһадүрдің марасы.
Жанастырмай бұл жақты,
Алыстан кәпір атты оқты.
Бұл тұрғанның бәрі шер,
Әлидің ұлы қанішер.
Жақын барсаң апаттар,
Алыстан оққа тұтып көр.
Бұл сөзбенен кәпірлер,
Келмеді жақын жуыққа.
зарқұм
Нысана адым жерге кеп,
Патырлатып алды оққа.
Қар, жаңбырдай оқ жауды
Сауыт, жарақ, жабдыққа.
Жақын келмей кәпірлер,
Өртеп тұрды шоғымен.
Нысанаға тұтылды
Сахабалар тобымен.
От болып жанды аспан-жер
Кәпірлердің оғынан.
Мұса ырза түтігіп,
Жан көрінбей көзіне,
Ілгері жүрді жақындап,
Қалқанын тұтып жүзіне.
Бір оқ атып жіберді
Кәпірлердің өзіне.
Шаһзаданың бұл оғы
Қайсардың тиді қолынан.
Шарайна қалқан, сауытын
Көктеп өтті жонынан.
Дарымапты сүйекке,
Ажалының жоғынан.
Тасқа барып қадалды,
Мұса ырза Қайсарды
Нысанаға тағы алды.
Ол оғын Қайсар тигізбей,
Жалт беріп әдіс етеді.
Мұны көріп ол Қайсар,
Қаһары келіп кетеді.
Кегін бұ да алмаққа
Өзін қайым етеді.
Мұсаға бұ да оқ атты,
Оғы бітіп Қайсардың,
Мұсаның атын құлатты.
Аты өліп Мұсаның,
Өзі аман қалады,
Пиада болып тұрады.
Ер Мұқамбет-Әнапия
діни дастандар
Қасына жетіп барады.
Қаһарланып Қайсарға,
Қазаппенен қарады.
Атып еді бір оқты,
Жалт беріп Қайсар қалады.
Әнапия Қайсарды
Нысанаға алады.
Бұл оғы келіп атының
Миынан етті жаралы.
Шыр айналып қарғылап,
Көп ұзамай құлады,
Пиада бұ да болады.
Тұрмады қарап мұнымен,
Қарсы барды екеуі
Ұстаспақ үшін қолымен.
Сол уақытта кәпірлер
Ат қойды бәрі тобымен.
Бұларды көріп сол уақта,
Хасен, Хұсайын ат қойды.
Жапырып кетіп барады,
Қырғандай қасқыр көп қойды.
Жанәбіл кетті апаттап,
Өзгеше болып ұрысы.
Араласып кетті ми-ми боп,
Жай тұрмады бірісі.
Қызыл қанға боялған
Бәрінің алмас қылышы.
Майдан жердің һәммасы
Өлікке тегіс толыпты.
Қамысқа қойған алаудай,
Өршіндеп өрлеп гуледі.
Бет-бетімен ұрысып,
Ешкім қарап жүрмеді.
Жанәбілге кездесіп,
Сонда Қайсар сөйледі:
—Жанәбіл, қайда барасың?
Сені Латым бергені.
Әли қалды қандекте,
зарқұм
Біздің аруақ жеңгені.
Менім атым ер Қайсар,
Танисың ба сен мені?
Семсерменен алайын
Денеңдегі кәлланы.
Жанәбіл, кәзір сені алсам,
Қоймаспын кейін өңгені.
Өліп кетті қолымда
Не ерлердің сарасы.
Қашып қайда барады
Әлидің бес-он баласы?
Осылай деп ер Қайсар,
Өктем-өктем айтып сөз:
—Тұзы тұтып атамның,
Сені Латым берді тез.
Сабаласып қалысты,
Бір-біріне болып кез.
Қарсыласып алысты,
Жан аянбай салысты,
Күрзілерін қағысты.
Тау мен тасты көшірді
Шақылдаған дабысы.
Майданның іші шаңменен,
Талатоп болып қалысты.
Аяныспай ұрысты,
Жығыса алмай тұрысты.
Әрі-бері кимелеп,
Бірін-бірі сүрісті.
Қаһарланып ол Қайсар,
Қайратына мінеді.
Пәйін тауып туралап,
Алмасын қылыш сермеді.
Жанәбілдей батырдың
Денесін екі бөледі.
Керігінен құлап Жанәбіл,
Шалқалап жанын береді.
Өлген заман жәннатқа
Рухы барып енеді.
діни дастандар
Жанәбілді өлтіріп,
Мастанды Қайсар шалықтап.
Ілгері және жөнеді,
Мінген керігін қамшылап,
Қанжардан қаны тамшылап,
Хасенге жетті жылысып,
Рубару боп қалады.
Қылышын Хасен суырып,
Қайсарға қарап оқталды.
Бірін-бірі екеуі
Шабыспаққа шақталды.
Сынаспаққа екеуі
Баһадүрлер ұнады.
Бірін-бірі сескенбей,
Жүзбе-жүз болып тұрады.
Сонда Қайсар Хасенге:
«Атың кім?» деп сұрады.
Сонда Хасен айтады:
—Менім атым—Хасен ер,
Әлидің үлкен ұлы-дүр.
Өз атам аты—Әли Шер,
Ләшкеріңе ұрынған,
Сақыпқыран кемеңгер.
Үлкен ұлы боламын,
Атым шыққан бұрыннан.
Бейтаупықтың көбісі
Қолымда менім қырылған.
Атымды сұрап нетесің,
Келгенін қылғын қолыңнан.
Сонда Қайсар тездікпен
Қылышын алып оқталды.
Хабардар болып сырынан,
Хасен қақты тигізбей,
Қалқанын тұтып қолымен.
Хасен де шапты қылышын
Нәубетпенен соңынан.
Ауып түсіп жантайып,
Тигізбеді шалқайып.
Кесіп түсті қылышы
зарқұм
Мінген керігін мойнынан.
Төңкеріліп төбедей,
Атымен Қайсар құлаған.
Басы-көзі топырақ,
Өзі аман тұрады.
Мінген атын Хасеннің
Бір кәпір ұрып жығады,
Қайсардың барып қасына,
Хасен һәм барып құлады.
Бір-бірінің екеуі
Жағасынан ұстасып,
Орнынан тұрады.
Жәрдемші көп боп Қайсарға
Ортада Хасен қалады,
Кәпірлер кәманд салады.
Көптеп жығып ақыры,
Пенде қылып алады.
Он жеті ұлы Әлидің
Бұдан болды хабары.
Болғанын пенде көрген соң,
Еш сабыры қалмады.
Жан аянбай ұрысып,
Ер Хасеннің жолына
Өз жандарын қиысып,
Келгенін қарсы өлтіріп,
Қашқаны болса қуысып.
Айбатынан бұлардың
Кәпірдің бәрі сескенді.
Қойдай қырып бөлектеп,
Салып жүр бәрі жексенді.
Жер қалмады боялмай,
Бір дем ұрысын қоя алмай,
Он жетісі салысты,
Аңырып ешбір дем алмай.
Қаша ұрыс бастады,
Сонша ләшкер Әлидің
Он жеті ұлын жеңе алмай.
Және Зарқұм бұйырды
діни дастандар
Бір күрең лек әдісін.
Жақын келмей алыстан,
Істеді бұлар әдісін.
Мылтыққа тегіс алғызды,
Қар-жаңбырдай жауғызды.
Балалардың бәрінің
Кәпірлер атып аттарын,
Баршасын жаяу қалғызды.
Шерінің өңкей ұлдары,
Алланың әзиз құлдары.
Тағы бірі ұрыстың
Арасат болды бұл күнде.
Зор беріп ұрыс қылып жүр,
Әр күреңде бір ұлы.
Бұл ұрысқа қарасаң,
Ойыншық екен бұрынғы.
Сан мың қолға араласып,
Бұлар жаяу жүрілді.
Алдын қырып азайтса,
Артынан және жабылған.
Әрбірінің үстіне
Лек-лек болып ағылған.
Күніменен ұрысты,
Рүстем көрсе тахсин дер,
«Апырын!» деп бұл істі.
Ат таба алмай мінуге,
Жаяулап бәрі жүрісті.
Бір-бірінен ажырап,
Ақыры шаршап тұрысты.
Бірін-бірі кәпірлер,
Жабылып жүріп қамалап,
Ақыры пенде қылысты.
Пенденікі баһана,
Қылып тұр Алла бұл істі.
Атасы қалып қандекте,
Балалары көрді бұл істі.
Ақыры жақсы болғай да,
Ауыр халге кездесті.
зарқұм
Айтарлықтай болды бұл
Бір Мұқамбет-Әнапия,
Жалғыз өзі қалды бұл.
Ұстаймыз деп кәпірлер,
Бұған да күшін салып тұр.
Шыр айналып ортада
Айналақтап шауып тұр.
Сілтеген сайын қылышы
Жерді барып қауып тұр.
Кәпірлер қоршап кернеді,
Өршіндеп ұрыс өрледі.
Ер Мұқамбет-Әнапия
Қолына алып қос қылыш
Оңды-солды сермеді.
Есепсіз қалың кәпірдің
Бәріне өзі кез келді.
Есепсіз қалың кәпірге
Секіріп жетіп барады.
Топтанып тұрған қалыңға
Жамсатып кетіп барады.
Сескеніп ешбір тайынбай,
Қамағанмен кәпірлер,
Күші жетіп ала алмай.
Жалғыз өзі болса да,
Шамалы келген кәпірді
Қырып-жойып тастады.
Бет келгенін апаттап,
Әлидің ойынын бастады.
Өзінің бойын берік салып,
Жалтақтап ешбір қашпады.
Жағасынан қандектің
Бөтен жерге баспады.
Іріктеліп кәпірден
Атақты палуан жиылып,
Әнапия балаға
Неше кәманд тастады.
Түсіріп торға шырмады,
Шырмалып бала тұрмады.
Шүберектей айырып,
діни дастандар
Кәмандіне болмады.
Қанша кәманд салса да,
Талқандайды күйретіп,
Ала алмады сүйретіп.
Қылыш пен қанша найзасын
Сындырып тұрды қиратып.
Әнапия шаһзада
Құдіретімен Құданың
Көп кәпірге жолықты.
Неше жерден денесі
Жарақат сонда болыпты.
Елең қылмай жарасын,
Нағыра тартып ұрысты.
Бет келгенін қиратып,
Қашқанын қуып сүрісті.
Әнапия қарғып жүр,
Жанын Хаққа тапсырып.
Жердің жүзін қызыл қан
Көрсетпей кетті жасырып.
Сонда Қайсар сөйледі:
—Бұған иланбаңдар еш,
Болып қалды күн де кеш.
Жер жүзінің адамы
Қамағанмен жабылып,
Бұл Шер патша бой бермес,
Күшіне ешкім тіркелмес.
Бұны Қайсар айтқан соң,
Көтерілді тұмандай.
Өлген жанда қисап жоқ,
Тірілері шымалдай,
Жел көтерген бұлттай,
Қайтты бәрі жылыстай.
Мұндай өмірі болмаған
Күнбатыс пен шығыста-ай.
Кәпірлер қайтып кеткен соң,
Уақыты тыныштық жеткен соң,
Ер Мұқамбет-Әнапия
Отырды жалғыз дем алып.
Бастан-аяқ киімі
зарқұм
Қызыл қанға боялып,
Есеңгіреп, қансырап,
Қапалығы тығыздап,
Көзінің жасы тамшылап,
Отырды жерді таянып.
Қоя тұрып бұл ерді,
Және бір сөзді, жақсылар,
Мен айтайын баян қып.
Зарқұм менен Мұқамбет
Күніменен ұрысып,
Жан аянбай ұрысып,
Жан аянбай тұрысып,
Арасат майдан құрысып,
Араласқан ми-ми боп,
Оңды-солды жүріліп,
Есепсіз адам қырылып,
Кеш болған соң ажырап,
Қайтқан еді бұрылып.
«Тоқтаңдар» деген әскерге
Дабылдары ұрылып.
Екі әскер ажырап,
Екі жаққа бөлініп.
Сахабалар қарады,
Он жеті ұлын Әлидің,
Пенде қылып баршасын
Ұстап алып барады.
Қосынымен ер Қайсар
Қарсы келіп қалады.
Кәпірлердің қолында
Перзенттерін сол кезде
Пайғамбар көзі шалады,
Оқиға мұндай бопты деп,
Қалмады сабыр-қарары.
Қиын бопты жұмыс деп,
Жарлық етті бәріне:
—Жан аянбай ұрыс,—деп,
Өлтірмей тірі ұста,—деп,
Қолыңа түскен кәпірді.
діни дастандар
Сахабалар ат қойып,
Тұс-тұсынан ақырды.
Мұсылмандар жұмылды,
Әрқайсысы мыңға ұрынды.
Азға топ, ерге гәп емес,
Қарсы келген кәпірдің
Көпшілігі қырылды.
Жетерміз деп балдарға,
Ілгері қарай үңілді.
Асып кетті бұл соғыс
Бұрынғыдан бүгінгі.
Шаң-топырақ тозаңмен
Күннің көзі тұтылды.
Көпшілік қамап жол бермей,
Балалардың баршасын
Алып қашып құтылды.
Алды қашып кеткенмен,
Арт жағы қашпай іркілді.
Тау менен тас күңіреніп,
Жердің жүзі сілкінді.
Қылышқа қылыш шапылдап,
Күрзі мен күрзі қағылды.
Біреуге мыңы жабылды,
Біреуге жеке табылды.
Судай ағып қызыл қан
Топыраққа қарылды.
Әр сахаба үстіне
Жүздеген жара дарыды.
Бидайдың өлік бауындай,
Топ-топ болып қалынды.
Шабыстан ат барлықты,
Айқайдан дауыс қарлықты.
Жаралы тартты зарлықты,
Замана қылды тарлықты.
Үйіне бос-бос барады,
Сан мың бедеу жабдықты.
«Қарама,—деп,—олжаға»,
Патшалар айтқан жарлықты.
Атысып тас алысар,
зарқұм
Екі ләшкер таянып.
Шалғылайды не ерлер,
Шала-жансар боялып.
Шаршаған шығар елінен,
Ісі жоқ күннің кешімен.
Бұл ұрыстан бас тартқан
Бір мұсылман болмады.
Ажыратып алсақ деп,
Балаларды ойлады.
Қашып кетті жеткізбей,
Бұл ойлары болмады.
Сүре қуып артынан,
Салып жүр бәрі ойранды.
Найза тиер түйреліп,
Қырылып қалды кәпірлер,
Отындай болып күйреліп.
Аяқтарын баса алмай,
Көп адам қалған сүйреліп.
Жүруіне дәрмен жоқ,
Құтыла алмай тырбанып,
Белден соққан жыландай,
Қаша алмайды ырғалып.
Қызыл қанға былғанып,
Жарадар болған киіктей
Шалғылап жатыр ыңыранып.
Сау кісілер соғысты,
Қып-қызыл қан болысты.
Екі дария айналып,
Шарықтап тасып лайланып,
Күшейіп әбден толыпты.
Кез келген жанды қарық қылып,
Қайтпайтындай болыпты.
Көп ерлерін сап қылып,
Әді деген ат мініп,
Пайғамбары Құдаға
Палуан Қайсар жолықты.
Екеуі де тайсалмай,
Қарама-қарсы болыпты.
діни дастандар
Бірін-бірі алмақ боп,
Аш арыстандай үңілді.
Қайсардың атын Пайғамбар
Қылышпенен бір ұрды.
Аты екі бөлініп,
Жерге Қайсар жығылды.
Орнынан тұра бергенде,
Аяғын баса бергенде,
Белінен ұстап көтеріп,
Пайғамбарым Мұқамбет
Аспанға атты сол күнде.
Назарын салған кісінің
Көрінбеді көзіне.
Әуеден Қайсар келгенше,
Қара жерде ләшкерін,
Домалатты қамқаммен
Талайының бастарын.
Пайғамбардың бет алды
Апатталып қалады.
Зырқырап қаша жөнелген,
Қалғаны тірі шамалы.
Ұрыстан кәпір серілді,
Шартарапқа бөлінді.
Азайып қалған тірісі,
Көбісі көрген өлімді.
Бір демнен соң аспаннан,
Қарайып Қайсар көрінді.
Қайтып келе жатқанын
Көрді тегіс жарандар.
Арқан бойы келгенде,
Ұстады түсіп Пайғамбар.
Көтеріп тұрып жоғары,
Былайша сауал сұрады:
—Бір ұрсам қазір өлесің,
Бір Алланың өзінің
Аманатын бересің.
Мұсылман болсаң тілімді ап,
Жәннатқа барып енесің.
Тезірек, батыр, қыл жауап,
зарқұм
Ықтияр сенде, не дерсің?
Сонда Қайсар сөйледі:
—Тіліңді, тақсыр, алайын,
Сізге ықтияр салайын.
Түсіріп жерге, дұға қыл,
Мұсылман енді болайын.
Сеніп сонда Пайғамбар
Қайсардың айтқан сөзіне,
Ақырын ғана көтеріп,
Жердің қойды жүзіне.
Кәлиманы айтқызып,
Мұсылман қылды тезіне.
Бір атты әкеп міндірді
Ылайықтап өзіне.
Түрлі сайман-жарақтан,
Қарасып жатыр жағысып.
Тауып берді жоқтарын,
Барлығы назар салысып.
Жауаптасып сөйлесіп,
Жар, жора болып қалысып.
Бара жатыр Қайсарға
Тамам ләшкер қуанып,
Ортасына алысып.
Майданға келіп қараса,
Өзгесінің бәрі жоқ.
Өліп жатыр Жанәбіл,
Жәннатқа болып уәсіл.
Ер Мұқамбет-Әнапия
Боялып қанға қып-қызыл
Пайғамбардың алдынан
Жүгіріп жаяу шықты бұл.
Пайғамбарды құшақтап,
Өксіп-өксіп жылады.
Есіткен ерлер сөзіне,
Бәрі де жылап тұрады.
Бастан өткен күндерін
Бір-бірлеп баян қылады.
—Жаһанға Шері атанған,
діни дастандар
Айырылдым, баба, атамнан.
Атамды көрер күн бар ма,
Құтылып зындан қатардан.
Ажырап тұрмын мен жалғыз,
Туысқан, тамам бауырдан,
Хасен, Хұсайын ағамнан.
Барлығы діннің таласы,
Қиямет қайым болып тұр
Мұсылман-кәпір арасы.
Пенде болды баршасы,
Бір Құда болсын панасы,
Болғай-да қабыл тәубасы.
Есірік болып кеңгіріп,
Ажырап қалдым атамнан.
Кейіндеп тұр талиғым
Әуелі алған бағамнан.
Есепсіз ағып қызыл қан
Денемдегі жарамнан.
Мұндай қорлық көрмеп ем
Туғалы бері анамнан.
Жүзіңді көрдім, жан баба,
Тәнімде қалып жан аман.
Жалғыздық түсіп басыма,
Осы жөнде қапамын.
Айырылдым, баба, бәрінен,
Он жеті бауыр жігерден.
Атамыз Әли есен боп,
Шығар ма екен бұл жерден?
Бәрінен тегіс айырылсам,
Қайтіп, баба, жүрермін?
Жолықпасақ тезірек
Құсаменен өлермін.
Арманым қатты, дертім зор,
Дидарын қашан көрермін?
Пайғамбар айтты қамығып,
Қабағы төмен салынып:
—Жыламағын, әй, ботам,
Қандекте аман бар атаң.
Саламат бәрін көрерсің,
зарқұм
Көңіліңде қалмас еш қапаң.
Зарқұм да кәзір сасады,
Қара уайым басады.
Біз де алдық пенде қып,
Зарқұмның палуан баласын.
Өлтіруге біреуін
О да Әлиді қарасын.
Шегініп бізден тайсалды,
Беріп қашты Қайсарды.
Қапа болма, ей, қозым,
Мінгін атқа енді өзің.
Иншалла, атаңның
Көрерсің, балам, ақ жүзін.
Бұл сөзді айтып Пайғамбар,
Бір топшақ міндіріп,
Көңілін жақсы тындырып,
Бас қосып бәрі кідірмей,
Зынданға келді бір жүріп.
Ендігі сөзді айтайын
Зындандағы Әлиден.
Сақыпқыран уәлиден
Мәлім қып баян айлайын,
Ол зынданның ішінде
Нешік кешкен халінен.
Шерінің түскен зынданы
Терең еді қабағат,
Алладан болды кәрамат.
Көзін ашып қараса,
Дүлдүлінің үстінде
Өзін көрді саламат.
Атқылады таспенен,
Кәпірлер қалың қабағат,
Біреуі барып тимейді,
Бұл не деген кәрамат.
Киелі қандай кісі еді,
Туралап атса үстінен,
Астына барып түседі.
Ауызы кең болғанмен,
діни дастандар
Зынданның еді түбі тар.
Періштелер қағып тұр
Кәпірдің атқан тастарын,
Әли Шерге болып жар.
Зынданның аузы аз мезгіл,
Аз демалыс болды сәл.
Көзін ашып жұмғандай,
Ұйқыдан жаңа тұрғандай,
Бұл сырдан болды хабардар.
Мінәжат қылды ер Әли,
Бір Құдаға қылып зар.
—Білесің, Тәңірім, сырымды,
Қандектен атым сүрінді.
Мұсылмандар не күйде,
Қалдым құдық түбінде.
Айналайын, бір Құдай,
Жолдасым өзің бүгінде.
Жаңылдым қате сөзімнен,
Ашудың келген кезімен.
«Аһ» дегенше жоқ болып,
Кеттім жердің жүзінен.
Жаратушы жан Алла,
Болғай да медет өзіңнен.
Мен өзіңе сиындым,
Иә, Рахым, иә, Рахман,
Иә, Самағ, иә, Сұбхан.
Иә, Қадір, иә, Мәулам,
Иә, Ханнан, иә, Маннан.
Халімнен хабар алушы,
Жарылқаушы Құдасың,
Жалбарындым мен саған.
Иә, Кәрім, иә, Жаппар,
Иә, Қаһар, иә, Саттар.
Мүшкіл түсті басыма,
Жарылқаушы сен, қамқор.
Иә, Зұлжалал, иә, Кәрім,
Өзіңе мәлім бұл халім.
Әуел-ақыр Пайғамбар,
Өзің едің рахбар,
зарқұм
Болғайсыз бізден хабардар.
Иә, Мұқамбет Мұстафа,
Зынданда Шерің қалып тұр,
Халім забун болып тұр.
Қапалық келіп тығыздап,
Ішіме қайғы толып тұр.
Жүдә болған ерлерге
Саламат, Құдай, жолықтыр.
Басыма салдың көп істі,
Айласымен кәпірдің
Арам боп тұр жер үсті.
Кез болған маған төтен іс,
Ақыл-есті бөлісті.
Түскеннен Әли зынданға
Жолдасы еді періште.
«Дұғаң қабыл, иә, Әли,
Уайым қылма бұл істі».
Шерінің көңілін шат қылып,
Жауап берді мәліктер.
Бұл сөзді айтып тұрғанда,
Қасына ертіп көп ләшкер,
Қандекке келді Пайғамбар.
Ақап атын қаңтарып,
Жаяу түсіп барады,
Құдықтан төмен қарады.
Алыс екен бейқисап,
Жақын емес шамалы.
Қарауытып көзіне,
Көрінбестен тұрады.
—Бармысың,—деп,—ер Әли?
Пайғамбар Құда сұрады.
—Жаһанда сақыпқыраным,
Өзіңнен болды күмәнім.
Мен, Мұқамбет Мұстафа,
Басыңа келіп тұрғаным.
Естігенше бір жауап,
Болмай тұр менім шыдамым.
Халіңнен хабар алғалы,
діни дастандар
Жаңа іздеп кеп тұрмын,
Ажырап бастан тұманым.
Шах түбінде, иә, Шерім,
Қандай болды заманың.
Қандекке жетпес көзіміз,
Құлағыңа бара ма
Осы айтқан сөзіміз.
Кәпірді қуып шаһарға,
Босанып келген кезіміз.
Пайғамбардың сөзіне
Жауап берді ер Әли:
—Ләббай, тақсыр, аманмын,
Бұрынғы құрбы, заманым.
Құдықтың тұрып түбінде
Азын-аулақ дем алдым.
Аман-есен отырмын,
«Зынданнан аман шығар» деп,
Бір Аллаға өтіндім.
Түсім бе, менім өңім бе,
Көрініп тұрсыз көзіме.
Зынданның түбін сәуле етті
Айдай жарық жүзіңіз.
Құлағыма келіп тұр
Маған айтқан сөзіңіз.
Алланың бар хақ Хабибі,
Болыңыз дертім табибі.
Тартып ала көріңіз,
Рақым қылып өзіме.
Ғамкін болды Пайғамбар
Әлидің айтқан сөзіне.
Зынданның түбі қарайып,
Көрінбеді көзіне.
Аллаға қылды мінәжат:
—Иә, Ахад, иә, Самад,
Өзіңе қылдым мінәжат.
Бұл зынданнан Шеріңді
Шығарғайсың саламат.
Осылай деп Пайғамбар,
Көзінің жасы төгілді,
зарқұм
Шынымен састы со күнде,
—Арқаным жоқ қолымда,
Құдықтың тұрмын лабінде.
Енді нешік қылайын
Бұл арада Әлиге?
Өзің жәрдем қылмасаң
Бұл Шеріңнің халіне.
Мұны айтып болғанша,
Көзінің жасын тыйғанша,
Үн де келді Алладан.
Осы сөзді айтыпты
Жәбірейіл сол замат:
—Иә, достым Мұқамбет,
Құп білемін халіңді.
Өзім жермін қамыңды,
Қауіп етпей ұзат қолыңды,
Аларсың тартып Әлиіңді.
Естіген соң бұл сөзді,
Ақ Пайғамбар сүйінді.
Еңкейіп қолын ұзатып,
Қармады қандек түбіне.
Құдіретімен Құданың,
Пайғамбар қолы ілініп,
Тартып алды Әлиді,
Періштелер жәрдем қып.
Батайын деп тұрғанда,
Күннің көзі қызарып,
Дүлдүлімен Шеріні
Қандектен алды шығарып.
Пайғамбар Құда көрісті,
Жап-жасыл болып құлпырып,
Жер жүзі кетті нұрланып.
Хазірет Омар, молда Оспан,
Әбубәкір Сыдықпен
Тұла бойы қызыл қан,
Бұлар да келіп көрісті,
Беттерінен өбісті,
Бәрі келіп көрісті.
діни дастандар
Отыз үш мың сахаба
Қол алып сәлем берісті,
Нәубетімен келісті
Зарқұмның ұлы Қайсар да.
«Аһ» дегенде аптығып,
Жол таба алмай қақтығып,
Әнапия көрісті
Атасымен барабар.
Көрінбеді көзіне
Онан басқа балалар.
«Қайда?» деп Әли жоқтады,
Түспеген соң жүзіне,
Жүректе қайғы тоқтады.
Ол Мұқамбет пайғамбар,
Екі әлемнің аптабы,
Әлидің айтқан сөзіне
Беруге жауап таппады.
Атасының сөзіне
Әнапия жылады.
Шер Арыслан тығыздап,
—Не болды?—деп сұрады.
Жылап тұрып баласы,
Бастан өткен оқиғаны
Бір-бірлеп баян қылады.
Жанәбілдің өлгенін,
Балалар пенде болғанын,
Есепсіз жеп жарақат,
Жалғыз өзі қалғанын.
Күллі кәпір жабылып,
Басына мүшкіл салғанын.
Сөйтіп ада қылмады,
Көңіліндегі арманын.
Мұны естіп Әлидің
Шыңылдап кетті құлағы,
Сарғайып жүзі сынады.
Реңі неше құбылып,
Қалмады сабыр-қарары.
«Ой, ботам» деп Әли Шер,
Көзінен жас парлады,
зарқұм
Сақалына тарады.
Безгек болған кісідей
Дірілдеп кетіп барады,
Реңін болжап болмайды.
Сол күндегі кезінде
Жаңылды айтар сөзінен,
От тұтанды жүректен.
Түктері шықты сыртына,
Құрыштанып білектен.
Жан көрінбей көзіне,
Дүние кетті қарайып.
Қызарып неше сазарып,
Ақыл-есін ада қып,
Долдықпенен шыдамай,
Жағаларын пара қып.
Найылаж Шері тоқтады,
Ләшкермен бірге аттанды.
Екі бүйірін таянып,
Түніменен жатады,
Аллаға қылып наласын,
Ойлап жылар баласын.
Асығып «таңды атса» деп,
Көрмекке майдан арасын.
Көзімен таңды атырды,
Біләл азан шақырды.
Памдат намаз өтеп ап,
Пайғамбар Құда аттанды.
Ұрысқа дәсте түзетіп,
Реттеліп саптанды.
Әзірет Әли майданға
Шығайын деп шаттанды.
«Шығыңдар» деген Зарқұмның
Даңғыра дабылы қағылды.
Қолына ұстап ту-байрақ,
Қалың ләшкер ағылды.
Жетпіс екі сап болып,
Көбейіп кәпір қағынды.
Әли шықты тілекпен,
діни дастандар
Көтеріп найза білекпен,
Алдымен шықты сүрекпен.
Кәпірлердің ызасы
Өткен екен сүйектен.
Дүлдүл атын ойнатып,
Қарғытып ойпаң биіктен,
Майданға келіп ақырды,
Оты шығып жүректен.
Әли сонда сөйлейді:
—Нағылеті кәпірлер,
Мұнша қалың күреңсің.
Қалмассың аман бірің сен,
Тамашаны көрерсің.
Көп ләшкерің қырылсын,
Қылыштан қанды тамызбай,
Ат баурынан ағызбай,
Қайтсаң бүгін майданнан,
Әли атым құрысын.
Балаларды көргенше,
Тарылып тұр тынысым.
Зарқұм, сенен дәл бүгін,
Алам енді өшімді.
Осылай деп ақырды,
Әли Шердің дауысы
Жер мен көкті көшірді.
Олай-бұлай ойқастап,
Дүлдүл атын секіртіп,
Әли нағып шыдасын,
Перзенттерін бекітіп.
Зарқұмға Әли сөйледі:
—Біреуі өлсе баламның,
Қырылар күллі адамың.
От қойып бәрін өртеймін
Дәш елің мен қалаңның.
Ойының ба, шының ба,
Зарқұм, сені алмаймын,
Балалардың бірінің
Шөметейінің қылына.
Мұсылман болсаң қояр ем,
зарқұм
Кәпірлігің көндірмес,
Азғырып шайтан сорыңа.
Жолдан азған кәпірсің,
Қандектен мені шықпас деп,
Бәнитке салған екенсің.
Қолыңа сенің барыпты
Көзімнің өңкей жанары.
Сабыр-тағат менде жоқ,
Балдардың болмай хабары.
Тепсініп жерді қазып тұр
Дүлдүлінің тұяғы.
Кәпірді төмен қаратты
Әлидің айбат сияғы.
Майданға ешкім шықпаған,
Бірінің болмай талабы.
Дағдарыпты шамалы,
Айтарлық таппай жауабы.
Естімеген кісідей,
Керең болып құлағы.
Сонша ләшкер ішінен
Қонашшам деген бір әді
Зарқұмнан жауап сұрады,
Талабын қабыл қылады.
Рұқсат алып Зарқұмнан,
Атыла қамшы ұрады.
Қонашшам келіп Әлиге
Қарсыласып тұрады,
Әли келді бұдағы.
Әлиден бұрын Қонашшам
Асырмақ болып айласын,
Туралап салды найзасын.
Найзасын Әли тигізбей,
Тартып алды қолынан,
Қорықпады доғынан.
Мықтап ұстап белінен,
Қаһарланған демімен,
Көкке атып жіберді,
Ғайып қып жердің жүзінен.
діни дастандар
Біраздан соң Қонашшам
Көтінен қайтты қараңдап.
Келе жатыр құлдилап,
Аяқ-қолы далаңдап.
Шамалы жақын келгенде,
Қылышын Әли сермеді,
Денесін екі бөлгелі.
Таудай болып ажырап,
Жерге түсті жарылып.
Дөңестеу еді түскен жер,
Сай боп қалды қазылып.
Басылмады бұған да,
Әли Шердің арыны.
Жұлып алып кәлласын,
Танауларын тілгілеп,
Аузынан екі айырды.
Және мінді Дүлдүлді,
Кәпірге салды құлқұлды.
Пайғамбары Құдадан
Тіледі бата сол күнде.
Ат бауырына қан аққан,
Қыламын деп қырғынды.
Мұны көрген кәпірлер,
Жанынан бәрі түңілді.
Сонда Зарқұм патшаның
Тапқан оғы бұл еді.
Төрт жағынан ұрыс деп,
Төрт палуан жіберді.
Төрт палуан келгенде,
Ойынын Әли бастады.
Көзді ашып-жұмғанша
Бастарын кесіп тастады.
Мағлұм болды һәммаға
Қайратының асқаны.
Сонан кейін палуан
Бестеп-ондап келісті.
Қанша болса соншасы
Қырғын тауып өлісті.
Ұрысқаны жайланды,
зарқұм
Іс керіске айланды.
Енді Зарқұм «Бұл ерге
Қайтемін?» деп ойланды.
Зарқұм және сөйледі:
—Бәрің бірден ат қойып,
Қылыңдар,—деді,—майданды.
Тегіс кеп кәпір қамады,
Тартынып қалған болмады.
Жуықтап тұрып шамалы,
Жақындап келіп қасына,
Оқ жаудырды басына.
Әлидің қолы тигені
Өлімге болды ашына.
Жүз-жүз болып, мың-мыңдап,
Қырылар еді қырғын боп.
Қуып жүр Әли бөлектеп,
Алдында кәпір дедектеп.
Кіруіне көр таппай,
«Бұл араб қайдан кеп ед!» деп.
Қырып жүр Әли апаттап,
Түсіріп кетіп бара атыр,
Кез келгенін қаламдап.
Алдына салып қуып жүр,
Оңды-солды тықсыртып.
Қиратып кетті отындай,
Төсек қып жерге қапсырып.
Кездесті кәпір жылауға-ай,
Көбісін Әли өртеді,
Қалыңға қойған алаудай.
Бет қаратпай екісін,
Үшінші сапқа ілінді.
Төтеп беріп тұра алмай,
Бұлар да қашып бөлінді.
Бұдан аман өткен соң,
Төртінші сапқа ұрынды.
Әлидің тиіп қылышы,
Һәммасы тегіс қырылды.
Басқамен қылып қалғаны
Шартарапқа бұрылды.
діни дастандар
Есірік болған құландай
Қаңғырып көбі жүрілді.
Қуа-қуа Әли Шер
Кәмандазға жеткерді.
Кәмандазды зәңгі мен
Пілден ары өткерді.
Жетпіс екі сап кәпірлер
Қашпаққа бәрі бет берді.
Осы жолғы Әлидің
Айрықша болды жұмысы.
Сілтегенде кесіп жүр
Екі жүзден қылышы.
Ол сапарға қабағат,
Қиямет болды ұрысы.
Жетпіс екі сап еді
Кәпірлердің қарасы.
Бәрі кетті бірігіп,
Әлиден қалмай зәресі.
Қашты қойдай дүркіреп,
Лашындай сыпырып,
Сауғалап қашқан қорқақтар
Кете алмады құтылып.
Қарамайды артына,
Ілгері қарап ұмтылып.
Қолына түскен кәпірлер
Шүберектей жыртылып.
Ат өлікке сүрінді
Бұған да Әли ырза емес,
Есінде серті бұрынғы.
Үстін-үстін ақырып,
Салып жүр Шері көп айқай.
Аққан қаны адамның
Ат баурына жете алмай,
Сертінен Әли кете алмай,
Орындар шартын бүгінгі.
Тізесінен қан кешіп,
Дүлдүлмен шауып жүрілді.
Сертіне Шерім жетсін деп,
Көңілінен арман кетсін деп,
зарқұм
Жаратқан Алла құдіретпен
Нөсер қып жаңбыр төктірді.
Көбіктеніп аққан қан
Ат бауырына жеткерді.
Айтқан сөзі болған соң,
Сай-салаға құйылып,
Қызыл қан әбден толған соң,
Күн қиямға барған соң,
Тоқтады Әли демін ап,
Арқа, басы жадырап.
Кәпірлер қашып зырлады,
Бәледен басы ажырап.
Ұясына кірді күн,
Көз байланып болды түн.
Арманы тарқап ер Әли,
Аман-есен жолықты
Пайғамбары Құдамен.
Денелері қызыл қан,
Сіз-біз десіп отырды,
Баршасы болып шадыман.
Шаттықпен түні өтеді,
Ертеңгі таңға жетеді.
Памдат оқып болған соң,
Пайғамбардан бата алып,
Майданға Әли кетеді.
Зұлпықарын жайнатып,
Дүлдүл атын ойнатып,
Қаһарланып келеді.
Кәпірге қайғы ойлатып,
Майданға келіп ақырды.
Қалтыратты дауысы
Алыс пенен жақынды.
Қаһары келді қатты деп,
Ысрапыл сорыны тартты деп
Қайғырды Зарқұм жабығып,
Қабағы төмен салынып.
Зәңгінің бәрі шулады,
Патшасына жалынып,
діни дастандар
Өтініп тұр арыз қып:
—Еш кісінің сенімен
Емес ед күші барабар.
Өзің шықсаң Әлиге,
Абырой алсаң ықтимал.
Мұны естіп барымен,
Емхатланды ол зәңгі.
—Неме деп адам перзенті,
Әли қандай, мен қандай,
Көрмеймін оны шыбындай.
Мен майданға барған соң,
Тұрар ма екен қорықпай.
Бар күшімді салайын,
Қызметке жарайын.
Жүзімді төмен қылып тұр,
Мен де несін аяйын.
Бір тарпысам жоқ қылам
Мұндай ердің талайын.
Сөзің, Зарқұм, өлмесін,
Әлиге өзім барайын.
Ол зәңгінің қарасаң,
Кілемнен жазық құлағы.
Төңкерілген қазандай
Лағынеттің қабағы.
Панжалары әдетсіз,
Шынардай қол мен аяғы.
Басы үлкен қорадай,
Танаулары науадай.
Қолын созса жоғары,
Жетейін деп хауаға-ай.
Мыңдаған аршын келгендей
Жауырынының жалпағы.
Арқасына байланған
Алты жүз батпан қалқаны.
Әлиге келді ол зәңгі,
Ұрыспаққа оқталды.
Жақындасып екеуі,
Рубару боп қалады.
зарқұм
Көрімнен көрім сияғы,
Тілге келіп және һәм,
Әлиден жауап сұрады.
«Менім атым—Әли»,—деп,
Шері һәм жауап қылады:
— Көрдім талай ұрыста,
Сен секілді надандар
Ұрынар өзі қылышқа.
Мұсылман бол, ақымақ,
Меніменен ұрыспа!
Мен сияқты палуанға
Сендей зәңгі жұмыс па?
Қоқаңдаған доңыздай
Сен сеніп денеңе,
Мақтанғаның дұрыс па?
Қолыңнан келсе аяма,
Барлығыңды қарышта.
Бұл сөзді зәңгі есітіп,
Тырысқансиды намысқа.
Сол уақытта ол кәпір
Қаһарланып Әлиге,
Бір сілтеді қылышты.
Кәлласын кесіп кетер деп,
Ойлады осы жұмысты.
Зәңгінің Әли қылышын
Қалқанмен қағып жіберді.
Зұлпықарын көтеріп,
Қайратына кіреді.
Әли айтты зәңгіге:
—Маған нәубет бер енді.
—Кезегіңді алғын,—деп,
Қалқанын тұтты басына.
Зұлпықармен зәңгіні
Қатуланып бір салды.
Денесі екі бөлінді,
Халыққа аян көрінді.
Өкіріп жатыр шалғылап,
Кім көрді мұндай көрімді.
діни дастандар
Зарқұм көріп бұл ісін,
Екі бөлек қылысын,
Зарқұм және жіберді
«Әлименен ұрыс» деп,
Зәңгінің Баһар інісін.
Баһар шықты майданға,
Өлімге байлап бір басын.
Сасқанынан ақырды,
Әлиге «кел» деп шақырды,
Аламын деп ызасын.
Ағасынан айырылып,
Тағаты нағып шыдасын.
Әй-шәйіне қарамай
Шауып келіп Әлиге
Салғансиды найзасын.
Қалқанмен қағып жіберді,
Асырып Әли айласын.
Қаһарланып ер Әли,
Ұрды оның басына.
Кәлласы кетті домалап,
Өлімге болды ашына.
Сол уақытта кәпірдің
Шошиды қатты жүрегі.
Майданға қарар беті жоқ,
Бәрі тегіс жүдеді.
Пиғылын танып халқының,
Сонда Зарқұм сөйлейді,
Сөйлеген сөзі бұл еді:
— Лағыл, жақұт төгейін,
Баламнан артық көрейін,
Өтірік айтсам өлейін,
Талапкер бар ма осыған,
Әлименен ұрысар,
Қызымды соған берейін.
Уәзір қылып және һәм
Асырайын мерейін.
Мұны естіп Зарқұмнан,
Қарабас деген палуан
зарқұм
Ашық еді қызына,
Жетіп келді қасына.
— Айтқан сөзің, әй, шаһым,
Өтірік пе, рас па?
Қызыңыздан басқа сөз
Еш кірмейді құлаққа,
Мұның жөні бір басқа.
Мақұл десең, падишам,
Әлиге өзім барайын.
Ісініп, асып тұрғанда
Ақырзаман салайын.
Әлиді бүгін өлтіріп,
Қызыңызды алайын.
Арманым жоқ менім де,
Сүйікті болса жұбайым.
Орнына келтірем,
Мұны уайым қылмағын.
Жақсы ләпес есітіп,
Менім де кетті шыдамым.
Күшімді бекер сарып қып,
Құр әуреге қылмағын.
Бәрінен де жоғары
Уағдада тұрғаның.
Апырақтап, аптығып,
Жан көрінбей көзіне,
Осы еді айтқан сөзі де.
Қол қусырып тұрады,
Зарқұмнан бата сұрады.
Сонда Зарқұм қуанып,
Үсті-үстіне жеті қат
Кидірді сауыт тәніне,
Ілдіріп қылыш беліне.
—Жауап беріп сол күнде,
Барғын,—деп,—балам, Әлиге,
Бұрын қылғын әрекет,
Келгеннен жақын шеніңе.
Пысықтап әбден жіберді,
Түспегін деп қолына.
Шауып келіп Әлидің
діни дастандар
Көлденең тұрды жолына.
Әли сонда сөйлейді:
—Тез мұсылман болмасаң,
Төгемін,—деді,—қаныңды,
Шығарармын жаныңды.
Е, бейхұда, ақымақ,
Шақтамайсың халіңді.
Айтқаныма көнбесең
Жей бергін енді қамыңды.
Мұны естіп ол кәпір
Жетіп келді қасына.
Үш жүз батпан күрзісін
Әлидің ұрды басына.
Бұл күрзінің шұддаты
Денелерін зіл қылды.
Есін жиып алған соң,
Әли де мұны бір ұрды.
Аяғы кетіп аспанға,
Бұ да һәм аттан жығылды,
Денеден жаны үзілді,
Қыла алмады қимылды.
Әли және майданда
Ойнатып тұрды Дүлдүлді.
Кәпірлер көріп бұл істі,
Уайым басып тұрысты.
Енді барып Әлимен
Қылмас деп ешкім ұрысты.
Көрмесін деп Зарқұмды,
Бойы ұзындар бұғысты.
Бірін-бірі паналап,
Суға аққан қойдай ығысты.
Күші басым һәммадан,
Болса да кіші көрнегі.
Талапкер болып ұрысқан,
Күмәні жоқ өлмегі.
Баршасының ойына
Бұл қиял еді келгені.
Сонда Зарқұм ойланды
зарқұм
Майданға өзі кіргелі.
—Әлиге өзім барайын,
Өшімді сөйтіп алайын.
Оңашалап тұрғанда
Күшін мен де сынайын.
Ретіне кеп қалса,
Көтеріп жерге ұрайын,
Майда-майда қылайын.
Әгар әлім жетпесе,
Өлейін де тынайын.
Жарамды ерді тауыстым,
Мен несіне қалайын.
Әліміз болды шақ,
Не ғанимет көрермін,
Жалғыз өзім қалып тақ.
Әлимен барып ұрысайын,
Басымнан кәзір кетпей бақ.
Беймағлұм боп қалды
Кімге болар алтын тақ.
Осыны айтып падиша,
Жарағын алды келтіріп.
Қорыққаны ма, састы ма,
Қай жағынан болса да,
Ала алмай демін ентігіп.
Басына киді пана қып,
Дулыға болат бір зерін.
Лағыл, жақұт өткерме,
Беліне буды кемерін.
Ықылымнан асқан ұсталар
Төккен екен өнерін.
Сонда Зарқұм шақтады,
Әлиге қарсы келерін.
Аспап, сайман атының,
Салды жабдық егарын.
Бір қылышы бар еді
Суғарылған заһармен.
Атын шахар дер еді,
Байлады соны қаһармен.
Он мың батпан күрзісі,
діни дастандар
Ауырлығы бар еді,
Өткермелі ілгектен,
Мұны да іле салады.
Сипатына Зарқұмның
Көргендер қайран қалады.
Атын Зарқұм ойнатып,
Алтын асыл жарағын
Майданға барды жайнатып.
Зарқұмның өзі екенін
Көрген жан айтпай білісті.
Жарағына, атына
Тамаша әркім қылысты.
Жел тимеген бойы пәс,
Балант жерге шығысты.
Таңға келіп майданға,
Ойнатып тұрды қылышты.
Пайғамбар Құда қараса,
Зарқұм кірді майданға.
—Жарағымды келтір,—деп,
Әмір қылды Салманға.
—Өзім ұрыс қылайын
Кәпір діні жалғанға.
Патшасы келді кәпірдің,
Майданға мен де шығайын,
Өзім ұрыс қылайын.
Медет берсе Құдайым
Оны дінге салайын.
Жеті қабат аспаннан
Өтті дидар нұрлары.
Перделерін көтеріп,
Бәрі қылды тамаша
Сегіз пейіш хорлары.
Ақап атын бір ұрып,
Майданға жүрді бұрылып.
Жеткенінше асығып,
Қамқамын алды суырып.
Пайғамбар Құда келе атыр,
Іркілген жоқ кідіріп.
зарқұм
Басына шаншып жығайын
Зарқұм өзі шыққан соң,
Бұ кісі нағып шыдасын.
Әлемді алды нұрлары,
Айдай болып дидары.
Пайғамбарды көрген соң,
Әли кейін тұрады.
—Нәубетті бізге бергін,—деп,
Расулы Мұқамбет
Әлиден жауап сұрады:
—Құданың Шері Хайдары,
Ұрыстың талай сен,—деді,
Кезекті маған бер,—деді.
Құдіретін Құданың
Тамаша қылып көр,—деді.
Пайғамбар Құда айтқан соң,
Ұрыстан шықты Әли Хайдар.
Атының басын тартады,
Бұрылып кейін қайтады.
Зарқұм сонда сөйлейді,
Пайғамбары Құдаға
Айтқан сөзі бұл еді:
—Бір Әлиден бұзылды
Салтанат пен бақ, тәжім.
Ойран болып шаһарым,
Өлікке толды тау-тасым.
Неге оны қайтардың,
Бар еді онда қысасым.
Бүгін өзім келіп ем,
Салайын деп аламат.
Қандай қып сабыр етемін,
Әли менім басыма
Қайғы орнатты қабағат.
Қайтарып қосқа Әлиді,
Неге өзің келдің, Мұқамбет?
Осылай Зарқұм дегенде,
Жауап берді Пайғамбар:
—Еш кісінің Әлимен
Тіркелмес күші барабар.
діни дастандар
Пайғамбар атым болмаса,
Әлиден күшім кемірек.
Екі патша күрессек,
Шәнімізге жөнірек.
Асып-тасып сөйлейсің,
Ақылың шығар кемірек.
Барыңды, Зарқұм, қарышта,
Майданға кеңес не керек.
Мұны айтып Пайғамбар,
Қайым болды жолына.
Сілтейін деп найзасын
Зарқұм алды қолына.
Мұны көріп Пайғамбар,
«Бір найзаны жеткіз» деп,
Ишарат қылды соңына.
Әли әкеліп найзасын,
Беріп қайтты тобына.
Екі патша жүзбе-жүз
Найзаларын салысты.
Біріне-бірі тигізбей,
Неше мәрте қағысты.
Екі ләшкер тыңдап тұр
Шақылдаған дабысты.
Кезек-кезек нәубетпен
Күрзіменен ұрысты.
Бір-біріне екеуі
Әр қилы өнер көрсетіп,
Суырысты қылышты.
Қалқанменен қағысты,
Және өткерді бұл істі.
Сол уақытта екі ат
Соқтығысып тұрысты.
Кез келген жерден ұстап ап,
Ат үстінен жұлысты.
Келген уақытта теңіне,
Пайғамбар Құда Зарқұмның
Қол ұзатты беліне.
Зарқұмды аттың үстінен
зарқұм
Жұлып алды со күнде.
Үзеңгіге Пайғамбар
Екі аяғын тіреді.
«Тозақты көріп қайтқын» деп,
Аспанға атып жіберді.
Екі ләшкер қарап тұр
Екі жақта топ болып.
Барабар кетті аспанға,
Көрінбей Зарқұм жоқ болып.
Тұра алмай кәпір жайланып,
Жанының қамын ойланып.
Бір уақытта қараса,
Бұлттай бері келе атыр.
Қарап Зарқұм иланып,
«Патшамыз майда болды» деп,
Кәпірлер тұрды қайғы алып.
Көшкен таудай сияғы,
Қараңдап екі аяғы.
Арқан бойы келгенде,
Пайғамбар қолын созады.
Түсірмей жерге көтеріп,
Ақырын ғана қояды.
Бұл істерді ол Зарқұм
Көргендей болды түсінде,
Тахсин қылды ісіне,
Кәпір менен мұсылман
Қайыл болды күшіне.
Насихат айтты, Зарқұмның
Нұр төккелі ішіне:
—Бұл сөзімді шын тұтқын,
Дос болып мені пір тұтқын.
Жаратқанды бір білгін,
Кітап сөзін шын білгін.
Кәлимаға келтір тіліңді,
Жолыңды таста бұрынғы,
Қабыл алғын дінімді,
Табарсың пайда түбінде.
Дос болалық екеуміз,
діни дастандар
Зарқұм, болғын мұсылман.
Кім ағашқа табынса,
Иманынан ұтылған.
Жалғыз Құдай, өзі тақ,
Бұл сөзіме енді бақ.
Жүйелі сөзге келісіп,
Қылалық, батыр, ынтымақ.
Сонда Зарқұм сөйледі:
—Дініңіз екен сіздің хақ.
Мені көкке атпас ең,
Атсаң да қайтып алмас ең,
Дініңіз күшті болмаса,
Мұнша күшті болмас ең.
Үмбетпен жан-діліммен,
Бұрынғы қайттым күнімнен.
Сеніңіз, Пайғамбар,
Мұсылман болдым зейініммен.
Мұсылман болды тезіне,
Ішіне иман нұр толып.
Шариғатқа езілді,
Мұсылманның белгісі
Сезілді дереу жүзінде.
Мұсылман болды сүйініп,
Қол қусырып иіліп.
Зарқұм шаһтың ләшкері,
Бәрі келді жиылып,
Болды бәрі мұсылман,
Көңіліне иман құйылып.
—Пайғамбар хақ, Құдай бір,
Раушан болды көңіліміз,
Бұл сөзіме сеніңіз.
Мен қызмет етейін,
Шаһарымды көріңіз.
Әдеп тартып, иә, тақсыр,
Тағлым бізге беріңіз.
Көріңіздер үйімді,
Жолыңызға төсейін
Атлас, шәйі бұйымды.
Ортамыздан мешіт сап,
зарқұм
Оқытқын Құран, ғылымды
Мен сияқты ақымаққа.
Мұны естіп Пайғамбар,
Ертіп жүрді ләшкерін,
Мейман болып бармаққа,
Дін жолына салмаққа,
Қаратып тегіс алмаққа.
Зарқұм адам шаптырып,
Тазалатты көшені,
Қайдағы қымбат паластан,
Төседі қаттап нешені.
Дарбазадан ордаға
Жеткенінше төседі.
Алтын үйге кіргізді,
Ізет, құрмет қылғызды.
Өңкей жақсы қосылып,
Мәжіліс келді бабына.
Пайғамбарды ол Зарқұм
Міндірді алтын тағына.
Ішке пікір сақтамай,
Айтысты әбден шындарын.
Алып келді Әлидің
Он жеті әзиз ұлдарын.
Ата-бала көрісіп,
Сұрасты жақсы халдерін.
Отырғызды реттеп,
Төрт жар менен Әлидің
Он сегіз шаһзат балдарын.
Айырылған ерлер көрісті
Бірін-бірі дидарын,
Қуаныш қылды күндерін.
Қақан, Қайсар, Мәлак та
Зарқұмның жақын адамы.
Бұлар да барып көрісті,
Оңынан тұрып самалы.
Зарқұмның қауымы бәрі кеп,
Ұрғашылы, еркекті,
Мұсылман болды тамамы,
діни дастандар
Айқайлап бәрі Аллалап.
Діннің жолы ашылды,
Шариғат жары шашылды.
Мәртебесін биік қып
Пайғамбары Құданың,
Бұрынғыдан асырды.
Бір ай әдеп көрсетті
Үлкен менен кішіге.
Тәртіп болды жұмысы
Шаһарының ішіне.
Пұттан қоймай сындырды,
Медресе, мешіт қылдырды.
Зарқұм ашып қазынасын,
Алтын-күміс ажынасын,
Аяқты жәндік малынан,
Қазынадағы бәрінен
Пайғамбарға нам қылды,
Ықыраж, зекет алдырды.
Есепсіз малдар үйілді,
Қырмандай алтын жиылды.
Не айтса да Пайғамбар,
Ықылас қылды сөзіне.
Бір айдан соң Зарқұмның
Тағын берді өзіне.
Енді ләшкер сүйінді,
«Қайтамыз,—деп,—тезіне».
Қолқа қылып саранжам,
Буынып бәрі түйінді.
Ілгері өткен шаһидке
Дәпін қылды киімді.
Оқиды намаз Пайғамбар,
Өзгесі тегіс ұйыды.
Тәртіпті өзге қысқартып,
Оңайлатты қиынды.
Қандай сөз айтса Расул,
Бәрі тегіс «құп» деді.
Аяқты малды айдатып,
Қазынадан алған тілладан
зарқұм
Сегіз жүз түйе жүктетіп,
Дайындады әскерін.
Бір ай күтіп күзетіп,
Шығарғалы ұзатып,
Зарқұм қолын қусырып,
Неше уәзір сөз айтып:
—Екі дүние рахбарым,
Қай уақытта бар екен
Енді сізді көрерім.
Сіз тұрыңыз тағымда,
Мен қызмет етейін,
Болғанша ада өмірім.
Сіз қайтпақшы болған соң,
Паришан болды көңілім.
Насихат айтты Мұқамбет:
—Біз Пайғамбар, сіз үмбет,
Айнымаса пиғылың,
Әрқашан етем шапағат.
Таза болсын тамағың,
Құранның оқы сабағын.
Бәрін бірдей көргейсің,
Мұсылман қауымы адамын.
Бәрін саған тапсырып,
Тастап кетіп барамын.
Бес уақыты намазда
Дұға қылып тұрамын,
Халіңнен хабар алармын,
Құдіретімен Құданың.
Асығып жұмыс қылмағын,
Сабырлық қылып тұр, жаным.
Ырза болмай қазаға,
Тәубе қылмай балаңа,
Өзіңді отқа ұрмағын.
Көрген соң артық өзгеден,
Дос болдық біз сізбенен.
Қиямет күні боларсыз
Қоңсы, жолдас бізбенен.
Құда бір, Расул бар хақ-дүр,
Үмбет болдық, әй, Зарқұм,
діни дастандар
Бұғандағы шүкір қыл.
Пайғамбардың бұл сөзін
Һәммасы тегіс есітті.
Дұға қылды бәріне
Қол көтеріп мешітте.
Шат болып тегіс адамдар
Далаға шықты барабар.
Пайғамбары Құданың
Соңынан еріп шаһариар
«Қайыр, қош!» деді халыққа.
Күндік жерге шығарып,
Арабтарды ырза қып,
Зарқұм қайтты Ираққа.
Пайғамбар Құда жөнелді
Мәдине бетарапқа.
Аз жүріп жетті еліне,
Туып-өскен жеріне.
Ырғап-жырғап енеді
Мәдиненің шәріне.
Апарған малды таратты
Қаріп-қасер, жетім мен
Шайқы-бұрқы, заһидке.
Тылауат Құран түсіпті
Соғыста өлген шаһидке.
Арабтарды бай қылды
Ирақтан келген олжа мал.
Жарлылары бай болып,
Қошуақ болып шаттанар.
Шаһидтерге жанашыр
Көз жасы қылып қамығар.
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
Томға енген мәтіндерге түсініктеме ҚИССА ЗАРҚҰМ Дастан алғаш рет 1877 жылы Қазан қаласында басылым көрді. Кейін шығарма 1879, 1883, 1888 жылдары қайта жа рияланып отырды. Алайда кітап басылымы одан кейін үзіліп қалды. Оған себеп, дастан ел ішіне тарап, ислам діні жаппай уағыздалатын болса, өзге дін ұстаушылар арасында жік туа ма деген патша цензурасының сақтық әрекеттері еді. Патшалық цензура тарапынан ұлықсат берілгеннен кейін 1902-1916 жыл дары жарыққа қайта шыққан он басылымның жетеуінің ғана таралымы 48000 данаға жеткен. Жалпы, «Қисса Зарқұм» дас таны 1877-1916 жылдар аралығында 14 рет жарияланым көріп, дінге сусындаған халықтың рухани азығына айналды. Кейбір библиографиялық көрсеткіштер мен ғылыми мақалаларда «Зарқұм» дастанын өңдеп бастырған Ж.Шайхы сламұлы деген мағлұмат кездеседі. Кітапты баспаға дайындау барысында дастанның осы күнге дейін сақталып келген басы лымдары мұқият тексерілді. Еш жерде Ж. Шайхысламұлы ның аты кездеспеді. Ал Ж. Шайхысламұлы жинап, жөндеп, кітап етіп шығарған мәтіндердің бәрінде міндетті түрде өз атын қосып отыратындығы зерттеушілерге белгілі. Қазақтың Қазан төңкерісіне дейін жарияланған кейбір кітаптары сияқты бұл дастанды да кім, қашан жырлағаны, қай жерде кімдер жазып алғандығы туралы, баспаға кім дайындағаны, т.б. с.с. паспорттық мәліметтер сақталмаған. Тек басылымдардың мұқабасынан олардың жарық көруіне қол ұшын беруші Ш.Хұсайыновтың мұрагерлері екендігі және Б.Л.Домбровский баспаханасында терілгендігі туралы дерек алуға болады.
діни дастандар
Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тари
хы, даму, таралу жолдары жағынан әр түрлі. Бірақ олардың
барлығының
идеясы
бірдей,
ол—исламдық
руханият
құндылықтарын үгіттеу, мұсылманшылықты өмір сүрудің не
гізі деп түсіндіру идеясы.
Осы негізгі идеяны жүзеге асыру үшін діни дастандарда
дүниенің исламға тән жаратылысқа байланысты түсініктері,
яғни ежелгі діни кітаптар мен Құран мифологиясы, шығыс пен
батыс халықтарына ортақ көне ертегілік, эпикалық мотивтер
мен шығыс халықтарының ұлттық фольклорындағы образдар
кеңінен қолданылады. Бұл шығармалар ойдан шығарылған
көркем қиял арқылы байиды. Кейіпкерлердің образдары
мақсатты түрде халық танымына сәйкес тұлғаланады.
Діни дастандар мазмұнына және тақырыбына сәйкес бір
неше топқа жіктеледі. Солардың бірі—исламды тарату мен
орнықтыру жолында дінсіздермен күресті суреттейтін туынды
лар.
Мұсылмандар да өзге халықтар тәрізді өз дінін ғана нағыз
ақиқат деп санады. Мұсылман еместерді «кәпір» деп қарап,
мұсылманшылыққа тарту, дінді қабылдату—әділетті де,
қасиетті іс саналды. Өзінің бар мүмкіндігін, күш-қайратын
ислам дінінің игілігіне жұмсау, оның кең таралып, салтанат
құруына сарп ету—әрбір мұсылманның басты борышы болып
есептелді. Құранда осы сенім жолында өзін кім құрбан етсе,
оны мәңгілік пейіш қызығы күтетіндігі туралы айтылған.
Исламның орнығуы мен нығаюы үшін қиян-кескі соғыстар
жүргізілгені тарихтан белгілі.
Арабтардың ұзаққа созылған жорықтары, ислам дінін тара
ту мен орнықтырудағы күрестері көптеген батырларды тарих
сахнасына шығарды, кейін олар ондаған қисса, дастандардың
кейіпкерлеріне айналды. «Қисса Зарқұм» сондай жорықтарды
сипаттайтын, ислам батырларын дәріптейтін шығармалардың
жарқын классикалық үлгісі, себебі, онда осы топқа жататын
діни дастандардың негізгі жанрлық ерекшеліктері айқын
көрініс тапқан.
Атап өтерлік жағдай, мұсылмандар «қасиетті соғыс» жүр
гізгенде белгілі бір қағидаларды ұстанды. 1. Соғыс бастал
мастан бұрын исламға кіру туралы ұсыныс жасалады. Егер
дінсіздер қарсыласпаса, бірден қауымға (уммаға) қабылданып,
ғылыми қосымшалар
мұсылмандармен тең дәрежеде құқық иеленеді. 2. Кәпір [кәуір]
деп көпқұдайшылдарды, яғни түрлі пұтқа—тасқа, суға, ағашқа,
тауға, отқа, т.с.с. басқа да жаратылыстарға, я қолдан жасалған
мүсіндерге табынушыларды түсінген. 3. Мұхаммед пайғамбар,
кейін оның жолын жалғастырушылар Қасиетті Құранда
айтылғандай, ислам дінінің негізгі жауы—христиандар мен
иудейлер емес, көпқұдайшылдар екендігін әрқашан назарда
ұстады. Иудейлер [жүһүдтер] мен христиандар қасиетті кітап
[«Тәурат», «Зәбұр», «Інжіл»] иелері [ахл әл-кітап] деп саналды.
Мұсылмандардың ұғымы бойынша, Алла Тағаладан Құран
Кәрім түскеннен кейін өзге кітаптар өз күшін, қасиеттерін
жоғалтып, қолданыстан қалдырылған. Сонда да иудей мен
христиандарға исламға кірмей-ақ, белгілі мөлшерде салық
төлегеннен соң, өз діндерінің ғұрыптарын [ұстанымдарын]
орындауға ұлықсат беріліп отырды. 4. Сондай-ақ мұсылмандар
басқа дін өкілдеріне төзімділік және шыдамдылықпен қарады.
Бұл туралы ислам тарихын зерттеуші А.Мец орынды пікір
айтқан1. Осы қағидаларға сәйкес дастандарда мұсылмандар
ешқашан бірінші болып соғыс бастамайды, тек қана екінші
жақтан [жаудан] жеріне, мүлкіне, отбасына, өздеріне тікелей
қауіп төнген жағдайда ғана қаруланып, соғысқа бел байлайды.
«Қисса Зарқұмның» мазмұнын не бары бес-алты сөйлеммен
айтып беруге болады.
Бір күні Мұхаммед пайғамбарға Алла Тағаланың тапсы
руымен Жәбірейіл періште келіп, Ирак мемлекеті және оның
ержүрек халқы туралы айта отырып, олардың дінсіз кәпірлер
екендігінен хабар береді. Егер оларға тойтарыс беріп, өз дініне
кіргізбесе, онда Ирактың аса қуатты патшасы Зарқұмның
өзі Мәдинеге келіп, зор қауіп тудыруы мүмкін екендігін
баяндайды.
Зарқұм—Қоханның тікелей ұрпағы, батылдығы жағынан
Рүстемнің өзімен теңеседі, оны жеңу қиынға соғады. Қанқұйлы
соғыс үш айға созылып, мұсылмандар жеңілістің талай ащы
дәмін татқанымен, аяғында Жаратушы жәрдемінің арқасында
дінсіздерді тізе бүктіреді. Мұхаммед пайғамбар өзінің сенімді
төрт серігі «әділетті халифалар» мен 33 мың сахабасын ертіп
жорыққа шығады. Зарқұм шаһ еліне жетіп, әскерін тас-талқан
1 Мец А. Мусульманский Ренессанс.—Москва, 1973.—С.39.
діни дастандар етіп, жеңіске жетеді. Мұхаммед пен Зарқұм достасып, кәпірлер ислам дінін қабылдайды. «Қисса Зарқұмның» сюжеті мұсылмандар мен пұтқа табы нушы батырлар арасындағы көптеген жекпе-жектерді суреттеу арқылы өрбиді. Шығармада сұрапыл әскери соқтығыстың эпизодтары, көріністері мен жағдаяттары есте қаларлықтай көркем де, әсерлі баяндалады. Бір қызығы—жау батырлары мұсылман батырларынан кем түспейді, соған қарамастан Мұхаммед пайғамбардың үмбеті дастан соңында жеңіске жетіп отырады. Оның себебі, оларға Алла Тағала жәрдемші. Шығармада батырлардың кезектескен жекпе-жектерінде, екі жақ әскерінің ұзаққа созылған шайқастарында көптеген палуандар, ер жүрек батырлар бой көрсетеді. Мұсылмандар дың қолбасшысы Мұхаммедтің (с.ә.с.) қасына төрт серігі, яғни өзінен кейін араб мемлекетін басқарған алғашқы төрт әділетті халифа—Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли және немерелері мен үмбеттері жиналған. Пұтқа табынушылардың басшысы—шаһ Зарқұм, оның да қасында бірнеше ұлдары, немерелері, қалың әскері бар. Дастан кейіпкерлерінің қатарына Алла Тағала мен Жәбірейіл періштені қосса да болады. Әрине, Алла Тағала оқиғаларға тікелей қатыспайды, бірақ оның жәрдемі, көмегі әрқашан анық сезіледі. Мұхаммед пайғамбар ауыр жағдайға түсіп қысылғанда, Жаратушыға жалбарынады, медет сұрайды. Сонда Алла Тағала Мұхаммед (с.ә.с.)-ға түсінде аян береді, я Жәбірейіл періштені жібереді. Мысалы, Зарқұмның қалың әскерін көріп мұсылмандардың көңіліне қорқыныш енеді. Сонда Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Алла Тағаланың сәлемін жеткізеді: —Иә, Мұқамбет Мұстафа, Сәлем айтты Құдайың. Құдекеңнің сәлемін Саған баян қылайын. Ұрыспаққа көңілі жоқ, Ләшкерді басты уайым. Білмеген кәпір бұл сырын, Бәрі айтсын зікірін. Зікір тәсбі тоқтатар Көңілдің қорқыныш пікірін [664-673]
ғылыми қосымшалар
Демек «Қисса Зарқұмда» да Жәбірейіл періштенің негізгі
функциясы—діни аңыздарда айтылғандай дәнекерлік: Алла
Тағаланың сөздерін, бұйрықтарын Мұхаммед пайғамбарға жет
кізу. Мұндай жағдай діни дастандардың көпшілігіне тән.
Дастанда шынайы өмірде кездесетін оқиғалар мен адам са
насынан тыс фантастикалық-ертегілік жағдайлар, құбылыстар
бір-бірімен орайласып, үндесіп жатады. Бұл—жалпы дастан
поэтикасына тән ерекшеліктердің бірі.
Сонымен бірге шығармада тарихи шындықтар да көрініс
тапқан. Мысалы, Зарқұм патша бірнеше мәрте Мұхаммед
пайғамбарды «кедей» деп дәулетсіздігін бетіне басады. Бұл
жаудың кеміткені емес, ол—тарихи шындық. Мұхаммед
пайғамбардың кедей болғаны көптеген тарихи құжаттардан,
хадистерден белгілі.
Шығарманың кей тұстарында Әли халифаның тұлғасы
қоюланып, әсіреленіп, Мұхаммед пайғамбар бейнесінен де биік
тей ерекшеленіп тұрады. Ол эпикалық батырларға ұқсас сурет
теледі, мысалы:
Екпіні ер Әлидің жел секілді,
Әзір кәпір көптігі ел секілді.
Аузынан көбік ағып қаһарланып,
Масат болып тұрады піл секілді.
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, «Қисса Зарқұм»
дастаны мен басқа да осы мазмұндас діни туындылардың сю
жеттері Әлиді Құдайдың тікелей өкілі ретінде қабылдаған ши
иттер ортасында пайда болғанға ұқсайды.
«Зарқұм» дастанының көркемдігі тәуір, тілі жатық,
көлемі—3742 жол, қара өлең үлгісінде жырланған. Шығарма
тілінің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, біраз араб
және парсы сөздері кездеседі. Олар қазақ тіліне тәржімеленіп,
арнайы сөздікке топтастырылды. Ал түпнұсқада кездескен
көне түркі сөздері мен көне формалар сол күйінде берілді, мы
салы: бірлән, білән, батыр-дүр, атқаш, ұрғаш, т.б. Орыс сөздері
де ұшырасады: барабан, минут, миллион, т.б.
Осыдан 125 жыл бұрын алғаш рет жарияланған мәтінді
баспаға даярлағанда қайсыбір тіркестердің мәтіннен түсіп
қалғаны, ұйқассыз шумақтардың да кездесетіні анықталды. Со
діни дастандар нымен бірге кейбір сөздер дұрыс жазылмаған. Атап айтқанда, түпнұсқада: адамхат деп жазылған, дұрысы: адамзат; дайрат, дұрысы: қайрат; бұзық, дұрысы: қызық; қиямет күндерінде жолға жоқ деп, дұрысы: қиямет күндерінде жолығармыз; мұндайды көрісіп едім Зарқұм батыр, дұрысы: мұндайды көріп пе еді Зарқұм батыр, т.б. Сонымен бірге, мәтінді жазып алған, я көшірген адам бір сөздің орнына қателесіп, мағынасына сәйкес келмейтін сөздерді пайдаланған. Олар контекске орай өзгертілді, мыса лы, кәпір—асхаб, жамандық—жақсылық деп берілді. Бірнеше жерде кездескен орыс деген сөз кәпір деп берілді, себебі жетінші ғасырда арабтар мекендеген Араб жарты аралында орыстардың болмағандығы дау туғызбайтыны сөзсіз. Томға ұсынылып отырған «Қисса Зарқұм» дастанының мәтіні 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан кітаптан еш түзетусіз дайындалды. Ол кітап ОҒК-ның сирек кітаптар қорында (Ш. 1503.) сақтаулы. Мәтін алғаш рет жарияланып отыр. Б.Әзібаева. ЗАРҚҰМ Дастанның бұл нұсқасын жырлаған—Майлықожа Сұлтан қожаұлы. Ол—Қаратау атырабының белгілі ақыны, көптеген ақындармен айтысқа түскен, эпикалық шығармаларды жатқа айтып, жырлап таратушы. Оны Жамбылдың өзі ұстаз тұтқан: «Майлықожа, Құлыншақ, Пірім еді бас ұрған». Білім және Ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорларында ақынның көптеген мұрасы сақтаулы. Оларды жинап, тапсырғандар: Марғұлан Ә., Диваев Ә., Қоңыратбаев Ә., Амантаев Қ., Оспанов Ш., Нұрмағамбетова О., Шәменов К., Досалин С., Баисов Х., Мо лыбаев Н., т.б. Майлықожа жырлаған дастандарының ең көлемдісі—осы «Зарқұм». Дастанның жырлану тарихы өте қызық. Ол ту ралы Майлықожа мұрасын жинаушы К.Шәменов былай әңгімелейді:
ғылыми қосымшалар
Майлы жасы қырыққа келгенде бір сопыны мазақтайды.
Сопы ызаланып «Тіліңді ара шаққыр» деп қарғайды. Шы
нында Майлы киіз үйге кіре бергенде, қауынқаққа қонып
жатқан аралар тілін шағып алады. Майлы жалақ екен. Май
лы бұрынғыдан да жаман әлгі сопыны мазақтай береді. Сопы
«аяғың сынсын» деп қарғайды. Майлы бір үйге қонаққа бара
жатқанда, сабанда көміліп жатқан қарғалардың ұшқанынан
аты үркіп, аттан құлап аяғы сынады. Осының артынша, ауы
рып жатқанда бір күні түс көреді. Түсінде Пайғамбардың әскері
Зарқұм патшамен ұрысуға бара жатқан екен. Оның бір адамы
келіп, Майлыға жолығады. Майлы «кімсіз?» деп сұрайды.
Ол: «Мен—әзірет Әлидің баласы имам Хасанмын. Бізбен бір
ге жүріп, соғысты көріп, өлең ет»,—дейді. Майлы түсінде
соғысты көріп, азанда «Зарқұм» дастанын бастайды»2.
Майлықожа жырлаған нұсқаны дастанның Қазанда 1877
жылдан бастап дүркін-дүркін баспа бетін көрген нұсқасымен
салыстырғанда, екі мәтіннің сюжеті, композициясы және
кейіпкерлер жүйесінде ешқандай айырмашылық жоқ екендігі
анықталды.
Яғни, екі шығарманың да фабуласының қаңқасы болып та
былатын, бүкіл мазмұнына арқау болатын, сюжетті құрайтын
негізгі, ең маңызды мотив, бөлшек, элементтер екі нұсқада да
бірдей.
Алайда екі шығарманың оқиғасы бір, мазмұны өте жақын
болғанына қарамастан, бұлардың екеуі де өз алдына жеке,
мүлде оқшау стиль мен дәстүр аясында туған шығарма. Де
мек, екі нұсқа да жырлау үлгісі мен өзіндік тілдік жүйесімен
өзгешеленеді, яғни әр нұсқаның жырлаушысы белгілі сюжетті
өзі тәрбиеленген жыршылық дәстүр аясында өзінше жырлап,
өзінше туындатып дамытқан.
Айтылғанды дәлелдеу үшін бір-екі мысал келтірелік. Мыса
лы, Қазан нұсқасындағы 821-824 жолдар:
—Белгілі менім ұйықтап жатпағаным,
Қуаныш ойлап нәпсіге батпағаным.
Дінімнің асылдығын байқа сонан,
Тағамнан татқанмен бірдей татпағаным.—
2 ОҒК: Ш. 337, 44-б.
діни дастандар
Майлықожа нұсқасында былайша берілген:
Әли айтты:—Бұл жерде,
Біздің рәсім ұрыста,
Тағам татар кем,—деді.
Ұрыс, соғыс уақытында,
Тамағымыз тоқ,—деді.
Ас ішпек бізге жоқ,—деді,
Ақ дінге Құдай жақ,—деді [1160-1166 жолдар].
Қазан нұсқасындағы «Әуелі хазірет Адам атадан бері қарай,
Мұндай, асла, қырғын болғаны жоқ» деген [1236-1237] жолдар
Майлыда былай берілген: «Адам ата бері қарай, Мұндай болып
еш жерде, Ұрыс болған жоқ екен» [1654-1656 жолдар].
Көріп отырғанымыздай, екі нұсқаның сөз қолданысы мен
тіл көркемдігі мүлде бөлек.
Бұдан тыс Майлықожа нұсқасының кейбір ерекшеліктері
төмендегідей:
—дастанда дін жолындағы көпқұдайшылдармен соғысты
баяндаумен қатар, жыршы мейірімділікті насихаттайды, мы
салы:
Маңдайынан сипаңыз
Жетім менен жесірді…
Аш-арыққа жәрдем қыл,
Ақырет болсын есіңде.
—көптеген эпизод, деталь, көріністер таратылып баяндала
ды. Мысалы, мұсылмандар әскері дариядан өте алмай тұрғанда
Мұхаммед пайғамбардың сахабаларын жұбатып айтқан сөзі
Қазан мәтінінде бір сөзбен берілсе—«Өтерміз, иншалла, таң
атқан соң», Майлыда сегіз жолға ұзарған:
—Мына дария-су үшін,
Қам жемеңдер бұл үшін,
Сахабалар, шаһариар.
Екі әлемде ол біздің,
Қамқорымыз Құдай бар.
Сау-саламат өтерміз,
Жатыңдар Хаққа болып зар.
ғылыми қосымшалар
—Майлықожа ұзаққа созылған соғысты суреттегенде жек
пе-жекке шыққан батырлардың санын азайтқан;
—дастанның аяқ жағында кәпірлер ислам дінін қабылдап,
Мұхаммед пайғамбар мен Зарқұм патша қияметтік дос болуы,
той жасап, екі жақтың әскері дем алғаны, сонан соң екі жақ
қоштасып, Мұхаммед пайғамбар әскерімен Мәдинеге оралып,
елімен кездесетін эпизодтарды Майлықожа Қазан нұсқасына
қарағанда қысқартып жырлаған;
—нұсқада кездесетін араб, парсы, ортағасырлық түркі,
өзбек және Оңтүстік Қазақстанға тән диалект сөздер біршама;
ал жыршы пайдаланған зеңбірек, мылтық дегендерді анахро
низм ретінде қабылдаған жөн, себебі жетінші ғасырларда араб
тарда ондай қару түрлері болмағаны анық;
—Қазан нұсқалары өлең үлгісінде, Майлықожа нұсқасы
жыр үлгісінде жырланған;
—Майлықожа өз атын дастанға қосып жырлаған, т.б.
Майлықожа
Сұлтанқожаұлының
өзбек
шайырлары
мен жақсы араласқаны, тығыз шығармашылық байланыста
болғаны белгілі. Кейбір деректер бойынша, өзбек ақындары
Майлықожадан «Қыз Жібекті» үйреніп, өз репертуарларына
енгізген. Майлықожа өзбек тілін жақсы білген. Сондықтан бо
лар, ақын дастанның басында «өзбек, қазақ тіліміз» дейді.
ӘӨИ-дің қолжазба қорында [Ш. 882.] Майлы жырлаған
нұсқаның көшірмесі сақтаулы. Қолжазбаны 1972 жылы араб
әрпімен жазып, институтқа тапсырған—Шымкент облысының
тұрғыны Мүтәлі Әмірбекұлы.
Томға ұсынылып отырған Майлықожа жырлаған «Зарқұм»
дастанының мәтіні ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы
тұрған (Ш. 706.) нұсқа бойынша дайындалды. Жинаушысы—
Амантайұлы Қысыраубек.
Мәтін бірінші рет жарияланып отыр.
Б.Әзібаева
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы лап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібе реді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.ә.с.)**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым дылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық * Құран Кәрім. 112-«Ихласң сүресі. ** С.ә.с.—салла Ллаһу әләйһи уас салам: Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады.
ғылыми қосымшалар (жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулиллаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады. Аббас—Мекке маңында өмір сүрген хашимилер руына жататын әрі Мұхаммед пайғамбардың ағасы болып келетін белгілі тұлғаның есімі. 750-1258 жылдар арасында араб ха лифатына билік жүргізген әулет Аббастың атымен аталған. Ад, Әд, Ғад—Йемен жерінің оңтүстігін мекендеген көне қауымдардың бірі. Алланы танудан бас тартып, тас тан жасалған пұтқа табынған халыққа Алла Тағала Һұд пайғамбарды жібереді. Ол бір Алланың жолын уағыздайды. Бірақ ад қауымы оған қарсы шығады. Пайғамбардың насиха тын тыңдамаған ад қауымына жіберген Құдай дауылы оларды жер бетінен құртып жібереді. Адам ата—діни аңыздар бойынша, Алла Тағаланың топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасай ды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында беделді, құрметті орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібе реді. Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жей ді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды. Айуб—Құран Кәрімде аты аталған ежелгі пайғамбарлардың бірі. Інжілдегі Иов. Айуб (ә.с.)* Хаурандағы бай, адамгер шілігі мол адам болған. Алла сынайын деп оған шайтан ды жібереді. Шайтан жіберген аурудан Айубтың денесіне * (Ә.с.)—әләйһиссалам /а/—оны Алла жарылқасын! Мұхаммед (с.ә.с.)-дан басқа пайғамбарлардың атына жалғаса айтылатын, жазылатын тілек сөз.
діни дастандар
іріңді жара қаптап кетеді, ол әйелі екеуі адамдардан оқшау
тұруға мәжбүр болады. Шайтан жіберген неше түрлі жаңа
қырсықтарға қарамай, Айуб Алланың рақымына сенімін
жоғалтпайды. Оның көмек сұрап жалбарынғанынан кейін
Жәбірейіл оған «аяғыңмен жерді теп» деп бұйрық береді, ол
тепкен жерден бұлақ суы атқылайды да, Айубтың жарасын
жазып, шөлін қандырады.
Фольклор мен әдебиетте Айуб сабырлылық пен төзімділік,
шыдамдылықтың символы ретінде қастерленеді.
Әбубәкір—Мұхаммед (с.ә.с.) қайтыс болғаннан кейін
тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан,
Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.ә.с.)
исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің ара
сынан бірінші болып мұсылман болды.
Әбубәкір—Расул Алланың «төрт сахаба» аты беріл
ген сенімді серіктерінің бірі. Мұхаммед (с.ә.с.) қайтыс
болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір
араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты
басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (с.ә.с.) түскен
Құран аяттарының жинағын құрастырды.
Әбілмәжін (арабша Абул Муһжин)—«Салсал», «Зарқұм»
секілді діни дастандарда аты жиі ұшырайтын мұсылман ба
тыры. Көптеген ғазауат соғыстарын баяндайтын аңыздарда
Мұхаммед пайғамбар мен Әли әулетінің маңында жүріп,
кәпірлерге
қарсы
ерлікпен
шайқасады.
Шамасы,
мек
келік Құрайыш тайпаларының бірінен шыққан, Пайғамбар
сахабаларының бірі болуы мүмкін.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелер
дің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдында
Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды.
Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен
Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл ша
руаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол
жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал
мезеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған
ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі.
Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға
тиіс.
ғылыми қосымшалар
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші
әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу ба
ласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан,
алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, та
лып қалатын болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның
зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны айты
лады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, оның
ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет
Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,
халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен
замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды
жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер
тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әде
биеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-
аттың нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.
Ескендір Зұлқарнайын [б.д.д. 356-323]—Македонияның
атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы ер
тегі, аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фолькло
рында кең тараған. Сондай-ақ, оған біраз әдеби шығармалар
арналған. Солардың ішінде шығыстың классиктері [Низами,
Фердауси, Абай, т.б.] поэмаларының орны ерекше. Солардың
басым көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі
кемеңгер қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, «аруағына»
көптеген ел табынған, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейне
ленеді.
Жәбірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште
лердің бірі, Алла мен пайғамбарлар арасында жүріп, оларға
Алланың аянын айтушы. Ол Алла Тағаланың әмірімен Мұ
хаммедке (с.ә.с.) келіп Құран аяттарын жеткізген. Жәбірейіл
Адам атаға бейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болған,
діни дастандар
Нұхтың құтылуына көмектескен және оның ұлы Ыбраһымды
құтқарған. Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға
баулыған, сонымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға
Жақияның қашан дүниеге келетінін болжап берген.
Жәмшид—Ежелгі Иранның есімі аңызға айналған патша
сы. Аңыз бойынша, 700 жыл билік еткен Жәмшид шарап іш
кен ыдысынан немесе сиқырлы шам арқылы бүкіл дүние тір
шілігін көріп отыратын болған.
Жүніс—пайғамбар, сондай-ақ сахиб әл-хут және зун
нун деп аталады, Құранның бір сүресі оның атымен аталған.
Аңыздарға қарағанда Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Най
науада бір құдайға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болған
көрінеді. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кеме
ге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан
қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің бел
гісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан,
оны теңізге тастайды. Суда үлкен балық Жүністі жұтып
қояды. Киттің құрсағында аман қалған Жүніс Алла Тағалаға
сенімсіздік білдірген кінәсін мойындап жалбарынады да, аман
қалады. Жағада қалып, әбден жүдеген Жүністі шөл далада
бөкен қоректендіреді. Құранда Жүністің есімі бірден аталмай
ды, оның алдында сахиб әл-хут, зуннун сияқты суреттеме ес
кертпелер аталады. Әңгіменің сипаты, яғни әңгіме желісінің
қысқаша баяндалуы бұл хикаяның тыңдаушыларға өте таны
мал екендігін көрсетеді. Бұл жөнінде Құранда берілген ерекше
түсініктеме де куә бола алады. Бұл аңыз тікелей Мұхаммедті
шыдамдылық танытуға үгіттейтін нақты мысал ретінде пай
даланылады, яғни «құдіреттің шешімін күте тұр, киттің серігі
сияқты болып жүрме!» деген екен.
Қазіргі кезде Иракта, Мосул қаласының қасындағы көне
Найнауа қалдықтарында орналасқан Жүністің «қасиетті»
бейіті кең танымал болып отыр.
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар,
Құранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық
қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп
аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары
ғылыми қосымшалар
жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы
тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан
бар.
Иса —Иса Мәсіхтің (Иусус) есімі христиан дініндегі сияқты
исламда да ілтипатпен еске алынады. Құран Кәрімде Иса
пайғамбарға біраз орын берілген, оның анасы Мәриям хазірет
ке арналған сүре бар. Алайда, ислам қағидасы бойынша, Иса
(ә.с.)—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, «кітап түсірілген»
төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Исаны Құдайдың ұлы
деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде дәріптеп, оған
құлшылық жасайды.
Кейбір дін зерттеушілері (әсіресе, еуропалықтар) Мұхам
мед пайғамбардың христиандарға жылы ықыласпен қараға
нын айтады. Шариғат зерттеушілері Исаны «Мұхаммедтің
дүниеге келерін алдын ала білген» және Аллаға шын
жүрегімен берілген хақшыл пайғамбар ретінде мойындайды.
Ислам ғалымдары «Иса Құдай емес, оған еруші жұрт адасты»
деп санайды.
Йәжүж-Мәжүж—Құран бойынша, Яфес ұрпағынан тара
ған бұзақы, қорқынышты ел. Діни аңыздарда олардың Қап
тауының ар жағын мекендейтіндігі айтылады. Алла Тағала
ның көмегімен Зұлқарнайын Йәжүж-Мәжүжден сақтану үшін
екі дүниенің арасына қабырға орнатады. Түні бойы олар сол
қабырғаның түбін қазады, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына
қайта келеді, сөйтіп олар жер бетіне шыға алмайды. Хадис кі
таптарында ақырзаман алдында бұл қабырға күлге айналып,
Йәжүж бен Мәжүж үшін жол ашылып, олардың жер бетіне
шығатындығы айтылады.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте
се, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
діни дастандар
Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр]—ел ара
лап жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға
қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан
қорғаушы.
Лат —бүкіл ежелгі Арабияда (Набатей, Пальмира, Хира,
Йемен), әсіресе Уадж жазығындағы Таиф маңына ақ тастан
пұт мүсін орнатылып, Хижазда ерекше дәріптелген, исламға
дейінгі әйел құдайдың есімі. Кезінде пұт тасқа және оның
қасындағы киелі ғибадатханаға тәуап етушілер ағылып келіп
жатқан.
Лұқпан—ол туралы исламға дейінгі араб хикаяларын
да біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-
сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын
насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам
ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Ха
ким, яғни хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел,
емші делініп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының
ертегі, жыр, аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ
арасында да «Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра
сөздер бар.
Манат—ежелгі арабиядағы әйел құдайы (лақап аты Та
гийа—«әмірші, билеуші»). Оған Набатейде, Сирия мен Хи
жазда айрықша құрметпен қараған. Ол тағдыр мен ажалдың
құдайы болса керек. Оған тәуап ететін үлкен қара тасты
ғибадатхана Мекке мен Ясриб арасындағы жолда орналасқан.
Ясрибтегі аус және хазрадж тайпалары Манатты ерекше
құрмет тұтып, Меккедегі Қағбаға тәуап етуге барар жолда
мұның да ғибадатханасына қажылық жасаған.
Мұса—Құран кейіпкері, пайғамбар, Алла Тағаладан кітап
жіберілген төрт пайғамбардың бірі. Інжіл бойынша—Моисей.
Аңыз бойынша, Мұса (ә.с.)—Алла Тағаламен тілдескен
және онымен жүздескен бірінші пайғамбар (Адам атадан соң).
Алғаш рет Алла Тағала Мұса (ә.с.)-ға Мысыр маңында
«от» болып көрінеді. Оны перғауынға (фараон—Мысыр
патшасының атағы, титулы) өзінің елшісі етіп жіберетінін,
перғауын елінде бір Алланың жолын уағыздауы тиісті екенін
білдіреді, көмекші етіп, оның бауыры Харонды қосады…
Алла Мұсаға: «Өз халқыңды Мысырдан түн жамылып алып
шық»,—деп бұйырады. Мұса таяқ сермеп қалғанда теңіз қақ
ғылыми қосымшалар жарылып, ашылады. Израильдіктер сол жолмен өтіп шығады. Перғауын мен оның қалың қолы жеткен кезде теңіз тұтасып кетеді де, олар суға батып өледі. Тек күнәсін мойнына алған перғауын ғана кешірім алып аман қалады. Мұса өз халқын бастап, шөл далаға шығады. Сол жерде таяғының құдіретімен он екі бұлақтың көзін ашады. Алла Тағала оның тілегін қабыл алып, адамдарына азық береді. Мұса Алла Тағаламен екінші рет Синай тауында кездеседі. Алла Тағаламен сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса Кәлим (Алламен тілдесуші) деп дәріптеген. Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—ислам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар. 570* жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) алғашында сүт ана сы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи рамазан айында хазірет Мұхаммед Мекке ден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түсті. Мұхаммед 610 жылы 40 жасында Ал ланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.ә.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Мек кеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хиж ра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. * Кейбір деректерде Мұхаммед пайғамбардың туған жылы 571-жыл деп көрсетіліп жүр. Зерттеушілер әлі бір пікірге келмегендіктен, біз қалыптасқан пікірді ұстандық.
діни дастандар
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, си
патты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі),
«Сағидулла» (Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.
Мұхаммед-Ханафия—кейбір жазба мәліметтер мен аңыз
әңгімелерде Әли ибн Әбу Тәлибтің бірнеше әйелінен он сегіз
ұлы болғаны айтылады. Солардың ішінде ислам тарихында
айқын із қалдырғандары—Хасен, Хұсайын және Мұхаммед-
Ханафия болған. Алғашқы екеуінің Әлидің бәйбішесі Фати
мадан туғаны анық болса, Мұхаммед-Ханафияның дүниеге
келуі туралы түрлі аңыздар бар. Солардың біразы оның
Рұм патшасының қызы Ханафиядан туғанын баяндайды.
Мәселен, қазақ арасында кең тараған «Мұхаммед-Хана
фия» дастанында оның Алланың, Мұхаммед пайғамбардың
және Жәбірейіл періштенің көмегімен, әрі Рұм патшасы
қызының тілегі бойынша ерекше жағдайда дүниеге келгені
сипатталған. Ханшайымның өтініші бойынша, баланың
есімі «Мұхаммед-Ханафия» деп аталған. Ол да Әлидің
басқа балалары секілді көптеген «ғазауат» соғыстарына
қатысып, исламның өркендеуіне өз үлесін қосқан Пайғамбар
ұрпақтарының бірі.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх
пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз
адамдар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі
кемеге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан
аман қалып, өмір қайта жалғасады.
Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауы
мына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, исламның
алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар
хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты
одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде
таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он
жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жер
леріне орнықты.
ғылыми қосымшалар
Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге
негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық
жүйесі құрылды.
Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін
күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына «Әмір әл-му
минин» дәрежесін қосты.
638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе
бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына на
маз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифы Әбд әл-
Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара»
деп аталатын күмбез тұрғызды.
Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті ха
лифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы
сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген үмийа
әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пай
ғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың
екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар
Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті
атақ берген.
Ризуан—діни аңыздар бойынша, бейіштің есігін күзетуші
періште.
Рүстем—Ежелгі
Иран
аңыздарының
әйгілі
баты
ры, «Шаһнама» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс
халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Салых
(«тақуа»)—Алланың
самуд
халқына
жібер
ген әулиесі. Құранда көрсетілгендей, ол халықты тек бір
Аллаға сиынуға, өзін соның өкілі деп тануға шақырған.
Самудтықтардың азғантай тобы ғана айтқанына сеніп, бол
жам жасайтын тоғыз адам басқарған билеушілерге ерген
көпшілік оны жай ғана сиқыршы деп танып, түнде өлтірмек
болып келіседі. Алла оларға ешқандай қастандық жасауға
болмайтын белгі ретінде інген жібереді. Ол емін-еркін жайы
лып, самудтықтар оны уақытылы суарып тұруға тиісті бол
ды. Бірақ бұл шартқа көнбей, олардың ішіндегі ең қатыгезі
сіңірін кесіп, ақырында жаншып өлтіреді. Салых олардың
үш күннен кейін найзағай ұрып, жазаға ұшырайтынын жа
рия етеді, Тәңірі қаһарынан барлығы да жан тапсырады. Са
лых пен оның соңына ергендер аман қалған.
діни дастандар
Сәдуақас—арабтың сағид және (уа) хас сөздерінің бірігуі
нен шыққан кісі есімі: Сағид /а/—көмекші, жәрдемші; хас
/а/—арнаулы, жеке, арнайы, айрықша; яғни сәдуақас деген
сөздің ұғымы—арнайы, айрықша, шын жүрегімен берілген
көмекші, жәрдемші. Кейін бұл сөз адам атына айналып кет
кен.
Сәдуақастың есімі әсіресе «Салсал», «Зарқұм» дастанда
рында Әбілмәжінмен қатар аталады. Жырда оны хазірет Әли
дің жорықтас, майдандас әрі адал серіктерінің бірі ретінде си
паттайды.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де
бірдей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр
сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған
разы болған Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға тати
тын» бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман
елдерінің ертегі, дастандарында «аң мен құстың, пері мен
жынның, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп
дәріптеледі.
Хасан, Хасен—Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима
дан туған, Әли ибн Әбу Тәлибтің баласы, шииттердің екінші
имамы. Әли 661 жылы қаза тапқаннан кейін Хасен Иракта
халифа болып жарияланды. Әкесімен бірге, басқа бауырлары
секілді ол да ислам болашағының беріктігі үшін күрескен та
рихи тұлға. Ислам елдері, әсіресе шииттер аса қадірлейтін дін
қайраткері. Олар Хұсайын сияқты Хасенді де «ұлы азап ше
гуші» деп санады. Хасен ибн Әли 669 жылы Мәдинеде қайтыс
болды. Кейбір аңыз-деректерге қарағанда, оған қарсыласы ха
лифа Мағауия адамдары қастандық жасап, у берген.
Хұсайын—Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған, Әли ибн
Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни
әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады. 669
жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық
етеді.
ғылыми қосымшалар
Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан
соң Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде
куфалық халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның
адамдары Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып
өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды есті
се де, сапарын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат
суытқанын білген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін
қарсы аттандырады. 680 жылдың 10-қазанында күші басым
жаумен ерлікпен айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге
ұрыс даласында шейіт болады.
Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер
табынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін
барша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.
Һарон Рашид [763-809]—Аббас әулетінен шыққан бесін
ші халифа. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа
созылған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды,
сонымен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, са
уда және мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар тарихи
тұлға—Һарон Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен
ертегі-жырға айналып кетті. Шығыс халықтары ертегілері
мен аңыздарында ол әділ билеуші, халық қамқоршысы бей
несінде суреттеледі.
Шаһариарлар—[шаһар /п/—төрт, йар /т/—жар, серік]—
тарихта «ал-хулафа ар-рашидун» деген атпен белгілі, араб
мемлекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті ха
лифа—Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.
Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз құдайлық
дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын беріл
ген сенімді серігі, жолдасы болды және ислам дінін тарату,
нығайту ісін ары қарай жалғастырды.
Шиш—діни кітаптарда Адам атадан кейін бірінші аталатын
пайғамбардың есімі. Мұсылман халықтарының шежіресін
де де Шиштің аты ауызға бірінші алынады. Алғашқы
пайғамбарлардың бірі ретінде Шиштің есімін Таурат пен Ін
жілден де кезіктіруге болады.
Фирдауси өзінің атақты «Шаһнаме» дастанында Иран
патшаларының әулетін де осы Шиштен таратады.
діни дастандар
Шұғайыб—алдымен асхаб әл-айка («тоғай адамдары»),
кейін аһл Мадйан («Мадйан тұрғындары») деп аталған
өз тайпаластарына Алла жіберген пайғамбар. Құранда
баяндалғандай, ол халықты тек Аллаға ғана сиынуға, өлшеу
мен таразыға тарту кезінде дәлдікті сақтауға, сауда жасау
кезінде адамдарды алдамауға, жер бетінде сапар шеге жүріп,
имансыздықты таратпауға үндейді; Шұғайыб адамдарды
бұрынғы Нұх, Хұд, Салих, Лут пайғамбарларға сенбегендердің
содан кейінгі тағдырларын еске алуға шақырады. Шұғайыбқа
Мадйан тұрғындарының шағын бөлігі ғана иланады, көпшілік
халық оны нақұрыс, көзбояушы және өтірікші деп есептеді.
Шұғайыбтың шыққан тегінің нашарлығын бетіне басып, оған
тас атып, қуып шығамыз деп қорқытады. Оған еріп, Аллаға
сенгендердің ежелгі дініне қайта оралуын талап етеді. Ал
Аллаға сенгендер болса, бұл талапты орындаудан бас тартып,
Алладан өздерін имансыздардан арашалауды сұрайды. Іле-
шала қатаң жаза жетеді—«зар еңіреу», «астаң-кестең дүние».
Шұғайыбқа сенбегендердің бәрі қаза табады, «олар таңертең
өз баспаналарының ішінде өліп жатады».
Ыбраһым—пайғамбар, Құран кейіпкері, Құдай жолын
алғаш уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы, Ін
жілдегі Авраам. Ең көп тараған аты—халил Алла (Алланың
досы). Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар
табынған пұтқа сенудің мағынасыздығын түсінеді. Ыбраһым
әуелі күнге, айға, жұлдызға сенеді, содан соң бір Аллаға де
ген сезімі оянады. Ыбраһым өзінің сезімін әкесіне және
халқына түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға
кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең
басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа
сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ оның
уағызын олар түсінбейді. Ыбраһымды патшаларына алып ба
рады, ол оны өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Алла Тағала
өзінің пайғамбарын оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып,
Палестинаға апарып орналастырады. Бірде Ыбраһымға Лұт
орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара
жатқан періштелер келеді. Олар Ыбраһымға өзінің және
әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын болжай
ды. Ол бала болашақ Ысқақ пайғамбар еді.
ғылыми қосымшалар
Ыбраһым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге Меккедегі Қағбаны
салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала өз ұлын құрбандыққа
шалу жөнінде аян береді. Ыбраһым да, ұлы да бұған әзір еді,
бірақ Алла олардың сыннан өткендерін ескеріп, құрбандыққа
шалу үшін көк қошқар береді. Ыбраһым Алладан өлімге жан
бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Сонда оған төрт құстың
қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла Тағала
шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді.
Алла Тағала Ыбраһымды әр кез жебеп-желеп отырады, оған
бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды.
Ыбраһым есімімен Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылық
тың барлық рәсімі байланысты.
Ыдырыс—Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлардың
бірі. Ол туралы «Мәриям» сүресінде (56-аят) және «Әнбие»
сүресінде (85-аят) екі мәрте сөз болған. XІV ғасырда дүниеге
келген Бурханаддин Рағбузидің «Қиссаул әнбиесінде» Ыды
рыс пайғамбар жайында қызықты хикаялар берілген. Сондай-
ақ, пайғамбарлар өмірі туралы көптеген діни кітаптарда ол ту
ралы мәліметтер айтылады.
Ысқақ—Құран кейіпкері, пайғамбар, Ыбраһымның бала
сы, Інжілдегі Исаак. Құранда Ыбраһымға Алланың рақымы
түсіп, қартайған шағында оның дінге берік, кіршіксіз өмірі
үшін ұл сыйлағандығы айтылады. Ұлының дүниеге келетінін
қарапайым жолаушылар болып келіп, оның қонақжай дастар
ханынан дәм татқан періштелер хабарлайды. Ол бала болашақ
Ысқақ пайғамбар еді.
Ысмайыл—Құран кейіпкері, пайғамбар, Ыбраһымның ба
ласы, Інжілдегі Исмаил. Ол Алланың әмірімен әкесі Ыбраһым
екеуі тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді.
Аңыздарда Ысмайылды Ыбраһымның күңі Ажардан туған
үлкен ұлы екендігі жайлы айтылады. Әйелі Сараның қыз
ғаншақтығы мен қастандығынан сескенген Ыбраһым Ажар
мен Ысмайылды Арабияға әкетуге мәжбүр болады және оларды
сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң шешесі
ас-Сафа мен әл-Маруа биігінің төбесіне шығады, сонда оған
алыстан құдықты, көгалды жер сағым боп көрінеді. Оларға
Жәбірейіл көмекке келеді. Соның әмірімен Ысмайылдың
өкшесі тиген жерден қасиетті Зәмзәм бұлағы атқылайды.
діни дастандар
Ысрапыл—діни аңыздар бойынша, қиямет күнін хабарла
ушы періште. Ол Иерусалим тауында тұрып, қиямет күнінің
келгенін сырнай (соры) арқылы жеткізеді. Ысрапылдың негіз
гі қызметі—Алланың талаптарын, әмірлерін басқа періште
лерге хабарлау.
Ілияс—көне иудей, христиан аңыздарында Ілиястың есімі
әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей құдайларының
бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда Ілияс пайғамбардан
гөрі, әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен бай
ланыстырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қызыр [Қыдыр] әулие
(ақсақал) түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғайды.
Кейде Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмек
шісі еріп жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық
шығарманың басты кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар
мен ертегілерде) қол ұшын береді.
Сөздік* * Мәтінде басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Абад, абат /а/—мәңгілік, жойылмайтын; қалың ел қо ныстанған жер; шалғынды, көкорай Ағлам /а/—білгір, бәрінен жақсы білетін Ағуа /а/—азғыру Ажына /т/—қазына Ақаттық /а/—қиындық; сенім; идеология Ақырап, самсам, зұлхажа, қамқам—Мұхаммед пайғам бардың қылыштарының аттары Анда /т/—сонда Андаза /а/—оқтаулы Апу қыл /а/—ғапу қыл, кешірім ет Апырын /п/—жақсы, керемет Апырын деу /п/—мақтау, қошаметтеу Арасат /а/—қиямет күні адамдар жиналатын алаң Арыслан—арыстан, хазірет Әлидің эпитеті Асан /п/—жеңіл, оңай Асқал—асқақ, асып-тасу Асылық /а/—күнәһарлық Аузу бисмилла /а/—Алланың атымен сақтанамын Ахад /а/—жалғыз, Алла тағаланың 99 есімінің бірі. Ахирет, ақырет /а/—діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алланың өзгеден жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезін де істеген күнәләрына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезініп, ауыр болса, қабір азабын тартады; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы.
діни дастандар Аял бермей /а/—дамыл бермей Әжуни /п/—өткір Әзел /а/—мәңгілік; мәңгі бақилық; жойылмаушылық; іл геріде; әуелде Әзелде /а/—өмірлік, мәңгілік, ертеде Әзіз /а/—қымбатты, аяулы, ардақты Әйла /т/—жаса, істе Бағзы /а/—кейбірі, кейбіреу Бағыры /т/—бауыр, ауыспалы мағынасы «жүрек». Көне және орта ғасырлық түркі әдебиеті мен фольклорында «бағырым езілді», «бағырым пара болды» және тағы басқа сол сияқты сөз тіркестері қайғылы, қасіретті жағдайды білдіреді Бамдат, памдат /п/—таң намазы Барабар /п/—тепе-тең, бірдей Барһам /п/—аласапыран, аралас; қиын, күрделі; ретсіз Батпан, батман /т/— ежелгі шығыс елдерінде қабылданған салмақ өлшемі. Әр елде өлшем әр түрлі. Көне Бұхарада бір ба тпан 8 пұтқа тең, ал кейбір жерде 4 пұтқа тең. Ферғанада—екі пұт деп саналған. Қазақ өлшемінде—ауыр салмақ, үлкен, көп деген мағынада қолданылады. Баһадүр /т/—батыр Баһана /п/—сылтау, себеп Баһар /п/—ғибрат Баһыл болу, бақыл болу /п/—бекем болу, қоштасу, соңғы сөз Бәлант, балант /п/—жоғары Бәнт, бәнит /п/—арқан, тұзақ Бе /п/—қа,ке,ға,ге (барыс септігінің жалғаулары) Бейәдеп— әдепсіз Беймар /п/—ауру, сырқат Бейпәруай—қорқынышсыз, қорықпай Бейтаупық—шарапатсыз, дінсіз Бейхад /п/—шексіз Бейхұда, бейхұдай—құдайсыз Бетарап—тарапқа Бихұш /п/—көңілсіз, жағымсыз Бұқалаш—халық, бұқара Бір уа Бар /а/—Алла Тағала Гәп /п/—сөз
ғылыми қосымшалар
Гөзел /т/—дала аңы; киік, қарақұйрық, жайран секілді
жүйрік түз тағысы
Гөриан /п/—қайғыру, жылау
Ғазат
/а/—жорық;
мұсылмандардың
ислам
дінін
орнықтыру үшін жүргізген қасиетті соғысы
Ғазы /а/—сарбаз; күрескер; ар-ождан жолында күресуші;
қасиетті соғыс—ғазауатқа қатысушы мұсылман; діни соғыста
ерекше ерлік көрсеткен адамға берілетін құрметті атақ
Ғайри /а/—басқа, өзге
Ғаләм /а/—білу
Ғамкін /п/—көңілсіз, жабырқау
Ғани /а/—бай, мұңсыз
Ғаплат /а/—немқұрайдылық, ынтасыздық, алаңсыздық;
қапы қалушылық, опық жеушілік
Ғаршы-Күрсі /а/—[ғаршы /а/—тақ; ғарыш; аспан; күрсі
/а/—орындық; орын; тақ]—мәтінде ауыспалы мағынада
қолданылған: жеті қат көк
Ғасы /а/—күнәһар
Ғауға /а/—айқай, шу
Ғибадат /а/—мойынсұну, табыну
Ғиззат /а/— қадір, сый, құрмет
Ғинаят
/а/—мейірімді,
жарылқаушы;
мейірімділік,
жақсылық; қамқор
Ғинаят әйласа /а/—қамқор етсе
Ғұлғұла /п/—у-шу, опыр-топыр
Дағым /а/—тірек, сүйеніш
Дақат /а/—минут
Даң—атақты, даңқты
Даңдама—шу; әңгіме, ырду-дырду сөз
Дарақ /п/—ағаш
Дахил қылды /а/— енді, кірді
Дәйім /а/—мәңгі; ұзақ; әрқашан
Дәли /п/—қыран
Дәргаһ /п/—салтанатты сарай; Құдай үйінің дарбазасы;
табалдырығы
Дәремет /п/—шапағат, қайырым
Дәст, дәста /п/—қол
Дәуіт /а/—сия сауыты
Дәш, дәшт /п/—шөл, дала
діни дастандар Дәфін, дәпін, дапын /а/—жерлеу, арулап қою Деркер /п/—қажет, керек Доқ—дікілдеу, қоқаңдау Долдық—ашу Дост /п/—дос Дүрри /а/—маржан, інжу Ділда, ділла, тілла /п/—алтын ақша; алтын, зер мағынасында қолданылады Діні қар—діні жаман Егар—ер, ер тоқым Жама /а/—жамағат, қауым Жамиғ /а/—бәрі, түгел Жаппар, Жағыпар /а/— құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Жаһаннам /а/—діни ұғым бойынша, о дүниедегі күнә һарлардың жаны ұшып баратын жеті тамұқтың бірі, тозақ. Аллаға күмән келтіріп, сенімсіздік білдіріп, оған құлшылық етпегендер жаһаннам отында мәңгі жанады Жұмла, жүмлә /а/—барша, көп Жүдә /п/—өзге, бөлек, тіпті Жыға—хандар мен қолбасылар айырым белгісі ретінде дулығаның төбесіне қауырсын қадап, оны жыға атаған; патша лар мен қолбасылардың соғыста киетін бас киімі Забун /а/—әлсіз, халі кетіп Зағиф, зайып /а/— әлсіз, ауру, нашар, аз Зарап /а/—зор Зарип, зарып /а/—соққы, сабау Заһар /а/—у, зәр Заһид /а/—діндар; сопы Заһир /а/—анық; ашық; нақты Зәңгі /а/—зор, үлкен, қара түсті адам Зер—алтын, асыл тас Зиярат /а/—көрісу; құлшылық Зиярат ету /а/—көрісу; құлшылық етуге бару Зұлжалал /а/—мәртебелі; Алланың 99 есімінің бірі Зұлмат /а/—қараңғылық; түнек; қиыншылық; жамандық; кесапат Зұлпықар (зұлфықар)—Мұхаммед пайғамбардың қылы шының атауы. Исламға дейінгі Арабиядағы атақты қылыш
ғылыми қосымшалар
тардың бірі. Бадр түбіндегі шайқастан кейін қолға түскен олжа
ны бөліс кезінде Мұхаммед оны өзі алған. Пайғамбар өлген соң
қылыш Әлидің қолына тиді. Қылыштың сиқырлы күші туралы
аңыз-әңгімелер көп. Ол қажет жерде ұзарып, қысқара алатын
болған деген аңыздар бар
Зұлхажа—қылыштың аты
Зікір /а/—ес, жад; Алланы еске алу
Зінжір /п/—шынжыр
Иғламнама /а., п/—хабарлама
Ижазат /а/—рұқсат, келісім
Изһар ету /а/—көрсету, талап ету, ұсыну
Иқрар /а/—мойынсұну, еру
Иләһ /а/—Құдай, Алла, Ие
Илһам /а/—діни сенімге ие болу; шабыттану; жігер беру,
рухтандыру
Имам /а/—діни жетекші, мұсылман қауымының басшысы;
мешітті басқаратын және намаз оқығанда алда тұратын дін бас
шысы
Иман /а/—сенім, діни сенім; мұсылмандардың бес парыздың
біріншісі—Алла Тағаланың жалғыз, біреу екеніне сену
Иншалла (ин шаа Алла) /а/—Алла қаласа, Алла тілесе
(ин—егер, шаа—қалау)
Исенбе /т/—сенбе
Карар /п/—батыл, ер
Кәлима шаhадат /а/—куәлік сөз. Алла Тағала мен оның
елшісі Мұхаммедке сенім, иман білдіретін шарт
Кәлла /п/—бас
Кәманд /а/—шынжыр, арқан
Кәмандаушы, кәмандаз /п/—арқан тастаушы
Кәміл /а/—толық; кемел; шын, рас
Кәпір, кәуір /а/—Құран Кәрімде яһуди [жүһүдтер] мен
христиандар жазба жұрты, кітап иелері [аһлул китаб] деп
аталған, ал көпқұдайшылдар, яғни түрлі пұтқа—қолдан
жасалған мүсіндерге, я отқа, тасқа, тауға, суға, т.с.с. басқа да
жаратылыстарға табынып құлшылық етушілер, шындықты
мойындамағандар кәпір делінген. Соңғы дәуірлерде ислам дінін
ұстанушылар бүкіл мұсылман еместерді кәпір деп атаған.
Кәрден /п/—мойын
Кәри /п/—іскер, белсенді
діни дастандар Кәрім /а/—жомарт, игі, шарапатты; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Кемер—асыл таспен әшекейленген, оюланған жалпақ бел беу Кепт /а/—иық Керкүдән /т/—жүйрік жылқы Керік—бойы тапал ат Көзе /п/—балшықтан жасалған ыдыс, құмыра Көксі /т/—кеуде, көкірек Көксіне /т/—кеудесіне Күрзі—шоқпар Күрсі /а/—орындық; тақ Қабағат /а/—өте, тым, тіпті, аса, орасан Қады /а/—көлем Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алланың 99 есімінің бірі Қазап, ғадаб /а/—ашу, ыза, қаһар Қайлеттік /а/—ақыр, соң (істің), нәтиже, қорытынды Қайыл болды /а/— сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран қалу Қамқам—қылыштың аты Қандек—арық, ор Қар /п. т/—жамандық, аярлық Қарар /а/—шешім; келісім; ұсыныс; сабыр; тағат Қари /а/—Құранды жатқа білетін адам Қатыл /а/—өлтіруші Қаумет /а/—күш, жігер, қуат, көтерілу Қаһан /т/—хан Қиям /а/—көтерілу Қиямет күні /а/—ақырет күні, ақыр заман, өмірдің соңы Қиямет қайым /а/—өлгендердің тірілуі, ақыр заман Қияпат /а/—кескін, келбет, пішін Қошуақ /п/—көңілді Құл /а/—айт, сөйле Қылует /а/—жалғыздық, құпия орын, оңаша тұру Қысас /а/—өш, саза, қас Ла ғалам /а/—ол білмейді Лап, лаб /п/—мақтаншақтық,, өзін мақтау; бос сөз; жағалау, кернеу шет Ларза /п/—тербеліс, зілзала
ғылыми қосымшалар
Лат—арабтардың ислам дініне дейінгі сиынған әйел
құдайының аты
Лаухул Қалам, Лаухул Махфуз—[лаух /а/—тақта; мах
фуз /а/— сақталған, жадында ұсталған]—сақтаулы тақта.
Діни ұғым бойынша, әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып
қояды. Сол жазу тақтасы Лаухул Махфуз, Лаухул Қалам деп
аталады.
Ләнгар /п/—бақан, сырық, қада; якорь, маятник, ауыр зат,
зіл, салмақ
Ләпес—лебіз
Ләшкер /т/—әскер
Лек /т/—жүз мың (әскер саны)
Мағзұр /а/—көп, асып-тасқан
Мағлұм /а/—белгілі, анық, мәлім
Мажал /а/—мүмкіндік
Мақтұл /а/—өлтірілген, біреудің қолынан қаза тапқан
Мақшар /а/—ақырзаман күнінде болатын сот
Малал /а/—қорқыныш, мазасыздық, дегбірсіздік
Манат—арабтардың Ислам дініне дейінгі сиынған әйел
құдайының аты
Маннан /а/—қайырымды, жомарт; Алланың 99 есімінің
бірі
Маншы /п/—хатшы
Мар, мара—көрнекті, мақтаулы, таңдаулы
Мард, мардан /п/—батыр, ержүрек; батыл
Масала—шырақ, от
Масат болу—масаттану, шаттану
Мат болу—жеңілу, күлкіге қалу
Матал болу—маталу
Махал /а/—жер, орын
Махкам /а/—берік, мықты, бекем
Махмұйт /а/—әлсіз, енжар
Машқұл /а/—іспен шұғылдану
Мәгәр /тат/—тек; бірақ; дегенмен; алайда; сірә
Мәйіл /а/—дайын болу
Мәлік /а/—билеуші, әмірші, патша, хан; періште
Мәнзил /а/—үй
Мәсжид /а/—мешіт
Мәтім /а/—дүние салған адамды жоқтау
діни дастандар
Мәула /а/—қожа, әкім, әмір, ұлық, қамқоршы, қолдаушы,
сүйеуші
Мейманасын толтырсын—көңілі өссін, масаттансын
Мехнат тартып /а/—бейнет көріп
Миясар /п/—көңіліне жақын, лайықты, бейім
Мият /п/—көңілге медеу, тірек, сүйеніш
Мұддаға /а/—тілек, ой; мақсат, арман; мүдде
Мұқарраб /а/—жақын. Аллаға жақын төрт періште:
Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайыл, Ысрапыл
Мұқым /а/—тіптен, мүлдем; бүкіл, түгел
Мұнтас—пілдердің күтушісі
Мұсыбат /а/—апат, ауыртпалық
Мұхлат /п/—уақыт; үзіліс
Мұхтал /а/—қу, айлакер; кедергі
Мүбада /п/—егер, алда-жалда
Мүбәрак /а/—берекелі, құтты, сәтті
Мүбәриз /а/—батыр, күрескер
Мінәжат /а/—құлшылық ету
Міннәт /а/—күш, төзімділік
Набыт болу /п/—жойылу, өлу
Нағыра /а/—музыкалық аспап
Найылаж /п/—лажсыз
Налаш қылу /п/—налу, ренжу
Нам /п/—ат, есім
Насап /а/—әділдік, қайырымдылық, мейірімділік
Насар—христиан; көмекші
Нахан /п/—зор, үлкен
Ошал /т/—осы
Пайым /а/—байым, түсінік, ұғым
Памдат, бамдат /п/—таңғы намаз
Панаһ /п/—пана, қамқоршы, сүйеніш
Панжа /п/—бес саусақ; қарудың бір түрі
Паришан /п/—қобалжу
Паруай /п/—қызығу, тілеу
Пәй, пәйт /п/—аяқ, табан; негіз, тірек
Пәлак /п/—биік
Пәрман, пәрмен /п/—бұйрық, әмір
Пәруана /п/—түнде ұшатын көбелек. Ауыспалы мағынасы:
біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын үзу
ғылыми қосымшалар
Пәруардигар /п/—жаратушы, жасаған, Құдай
Пәтуа /а/—бітім, келісім, уәде; тұрақ, тиянақ, береке
Пенде болу /п/—кіріптар болу, бағыну
Пиада /п/—жаяу
Пұт параст /п/—пұтқа табынушы
Пұшайман болды /п/—қапа болды, өкінді
Рағна /а/—сүйкімді, шырайлы, әдемі, сұлу
Рада /а/—жағымсыз
Расиа /а/—қозғалмайтын, тырп етпейтін
Расул /а/—елші, яғни жіберілген, негізінен Мұхаммед
(с.ә.с.) пайғамбарға байланысты айтылады
Рахбар /п/—жол бастаушы
Рахман /а/—мейірімді, рахымды Алланың 99 есімінің бірі
Рахмат /а/—мейірім, рақым, рақымшылық
Рахым /а/—мейірімді, қайырымды Алланың 99 есімінің бірі
Рәса /п/—өте, тым
Риза /а/—разы; сүйіспеншілікті білдіру; Мұса пайғамбар
дың теңеуі
Рубару /п/—жүзбе-жүз
Сақи, сахи /а/—жомарт, мырза, қолы ашық, қайырымды
Сама /а/—аспан
Самад /а/—мәңгі
Самсам—қылыштың аты
Сапа /п/—әскер
Сапи, сапы /а/—қалаулы, сайлаулы, шын, адал дос
Саранжам /п/—аяқ, соңы, ақыры; қару-жарақ
Саранжам қылу /п/—тәртіп орнату
Саргардарын /п/—бас айналдыратын, шыр айналдыру
Сафа /а/—жақсы; таза; нағыз
Сахаба, асхаб /а/—Пайғамбардың артына ерген серіктері
Сахар /а/—сиқыршы
Сахат /п/—жазылу, айығу
Сахып /а/—дос, жолдас
Сахыр, сахар—таң, таңертең
Сахыт, сахат /а/—қиыншылық; дұрыстық, шынайылық
Саясат /а/—айла, тәсіл; майдан; алаң
Сәргәрдан /п/—сергелдең
Сәркарда /п/—ие, қожа, қолбасшы
Сәруар /п/—басшы, көсем
діни дастандар
Сибағ /а/—саусақ
Соры, сұры /а/—сырнай, керней; мәтінде: Ысрапылдың
ақырзаман орнарда тартатын сырнайы
Сұбхан /а/—жасаған, күшті, құдіретті
Сүбхі садық /а/—таң
Сүдігер—жыртылған жер
Сүрек—мерзім
Сүрлігу—шаршау, болдыру
Сыдық /а/—шыншыл, шындықты айтушы. Төрт «Әділетті
халифаның» бірі—Әбубәкірдің теңеуі
Сіреу—қатып қалған, сірескен
Табиб /а/—дәрігер ,емші
Такия /а/—сүйену
Талатоп /п/—лас, кір
Талиғ /а/—тағдыр, жазмыш, бақ, бақыт, несібе
Тамам /а/—біту, аяқталу
Тарандаз—мерген
Тарбият /а/—тәрбие
Тауфиқ /а/—келісім, мойынсұну; ынсап, қанағат; жәрдем,
көмек, табыс; бақыт
Тахсил /а/—табу, алу
Тахсин /а/—жақсы
Тахыт /а/—тақ
Таһлил /а/—мадақтау, дәріптеу, «Алладан басқа Құдай
жоқ» (Лә иләһә илла Алла) сөзін айту
Тәжідар—тәж иесі
Тәкбір /а/—ұлғайту, асқақтату; «Аллаһу акбар» сөзін айту,
Алланы дәріптеу
Тәсбі, тәсбих /а/—мадақтау, дәріптеу; 33 моншақ тас
тан тұратын тізбек. Тәсбі тарту—моншақ тастарды тере оты
рып, 34 рет «Аллаһу Акбар», 33 рет «Сұбхан Алла», 33 рет
«Әлхамдулилла» деп Алла Тағаланы мадақтап сиыну. Бұл ере
кше көркем сөздерді Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ә.с.) қызы
Фатима анамызға үйреткен; кейіннен мұсылман әлемінде нұр
сәулелі Фатиманың тәсбісі деп аталып, әр намаз сайын айтыла
тын болған.
Тегмә /т/—аталған, аталынған, делінген
Топшақ— ат
Тұғры /т/—тура
ғылыми қосымшалар
Түпірік—түкірік
Тылауат /а/—оқу
Уа /а/—және
Уағда /а/—уәде
Уасил, уәсіл /а/—жақын; ойына, мақсатына, дегеніне жету
Уахи /а/—Мұхаммед пайғамбарға жіберілген бұйрық-
жарлықтар
Уәжіп /а/—міндет, борыш
Уәли /п/—әмір, аймақ басшысы
Уәли /а/—қамқоршы, сүйеуші; жақын, туысқан, дос;
әулие
Ұстан—тіреу
Үмбет, үммет /а/—ел, қауым, жамағат; жол; Мұхаммедтің
үмбеттері, мұсылмандар, ислам дінін ұстанушылар
Үшбу /т/—осы
Фазыл /а/—артықшылық; әмір; Алланың бұйрығы
Фатиха /а/—беташар, кіріспе; Құран Кәрімнің 1 сүресі
Хабиб /а/—сүйікті, Мұхаммед (с.ә.с.) пайғамбардың эпи
теті
Хад /а/—өлшем, шек
Хадден асты /а/—шектен асты
Хазірет, әзірет /а/—жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың,
имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын
діни атақ
Хайдар /п/—арыстан; хазіреті Әлидің эпитеті
Хақ, Ақ /а/—ақиқат, шынайы, күмәнсіз шындық; Құдай,
Жаратушы, Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Халас /а/— толық, бүтін, бос
Хале, қалы /п/ —қымбат, бағалы
Хале тон—құрметті шапан, тон
Хамду сәна, хамд сана—Аллаға мадақ айту
Ханнан /а/— мейірімді; Алла Тағаланың тоқсан тоғыз
атының бірі
Хараб /а/—қирау, жоқ болу, апатқа ұшырау
Хараж /а/—орта ғасырларда ислам пайда болғаннан кейін
гі мұсылман елдеріндегі жер салығы
Харба /а/—соғыс
Хас /а/—айрықша, ерекше
Хауыз /а/—су қоймасы, су алабы; бассейн
діни дастандар
Хикмет /а/—керемет; ғажайып; дана сөз
Хұсусан /а/—әсіресе
Чок /түрік/—өте, тым, аса
Һәлак /п/—әлек, өлім, өлтіру
Һәмма /п/—барлық
Шадыман /п/—қуанышты
Шайқы-бұрқы—ел, халықты күлкіге қарық қылып жүретін
кезбе, диуана.
Шамақ /а/—тәкәппар
Шар мағми /п/—төрт көмекші
Шарайна—сауыт
Шарғи /а/—заңды, шариғатқа сай
Шариғат /а/—заң; исламның негізгі заңдар жинағы
Шауқым—ойын-сауық, қызық-думан
Шах /п/—қатты жер, топырақ
Шаһар, шәр /а/—қала
Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, жар /т/—жар,серік]—
Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан,
Әли. Кейде төрт жар, төрт шәрі деп те аталады. Бұлар араб ха
лифатын билеген төрт әділетті халифа тарихта «ал-хулафа ар-
рашидун» деген атпен белгілі болған.
Шаһид /а/—дін жолында қаза болған адам
Шаһимардан /п/—батырлардың патшасы
Шән-саукат /а/—салтанат
Шемен, чаман /п/—шым, қыртыс
Шер—арыстан
Шұддат /а/—өктем, қысым; күш; қатыгездік
Шығыр, шығыршық—екі басы дөңгеленіп келіп, бір жер
ден түйіскен, ортасы ашық, кішірек келген жұмыр темір
Шымал—майда құмырсқа
Ықылым /а/—жер; бөлім, бөлік; таныс емес, бөгде ел
Ықыраж /а/—салық
Жер-су атаулары
Бағдат—(кей
жорамалдарға
қарағанда
ежелгі
пар
сы тілінің «бага»—Құдай, «дад»—берген, яғни «Құдай
сыйы» сөздерінен шыққан)—1921 жылдан бері қазіргі Ирак
мемлекетінің астанасы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай
салынған.
Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халифа Мансур 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [На
среддин Туси, Әл-Фараби, т.б.] оқып, білім алған.
Ирак—Батыс Азиядағы араб мемлекеті. Жетінші ғасырдың
30-жылдарында Иракты арабтар жаулап, 661 ж. үмийа әулеті
билеген араб халифатының бір аймағына айналды.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан
құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бетін
дегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы
таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сіл
кінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж де
ген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын та
уды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға
алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты
көптеген аңыздар бар.
Қарахан мемлекеті—Шығыс Түркістан, Жетісу және
Мауараннахрдың едәуір бөлігін қамтыған ертедегі мемле
кет. Қарахан әулетінің атына байланысты осылай аталған.
Негізі түрік тайпаларынан құралды. Шамамен Х ғасырдың
ортасында Қарахан мемлекетінде ислам діні тарады. Түркі
діни дастандар тілінде шығармалар жазылды. Солардың ішінде—Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік», М.Қашқаридың «Диуани луғат ат-түрік», Қожа Ахмет Иасауидың «Диуани хикмет», С.Бақырғанидың шығармалары, т.б. Мәдине—арабша «қала» деген сөз. Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуына байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген ата уы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда Мәдине оның алғашқы астанасы болды. Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед (����������������������������������� с.��������������������������������� ә.с.) осы қалада дүниеге келген. Мұхаммед (с.ә.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Мекке ні 630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады. Ніл—Африкадағы ірі өзен. Тұран, тұрандықтар—Түркістан мен түркі халықтары ның байырғы атауы. Үхүд—Мәдине қаласының солтүстік жағында бес шақырым жерде орналасқан тау. Оның баурайында 625 жылы мұсылмандардың Мұхаммед пайғамбар уағыздаған бір құдайлық дінді қабылдамаған меккеліктермен шайқасы бол ды.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Амантайұлы
Қысыраубек—ауыз
әдебиеті
үлгілерін,
көбінесе Майлықожа Сұлтанқожаұлы мұрасын жинаушы.
Оңтүстік Қазақстан облысынан, мамандығы мұғалім болған.
Қ. Амантайұлы жинаған материалдар ОҒК-ның қолжазбалар
қорында сақтаулы.
Сұлтанқожаұлы Майлықожа—қазақтың белгілі ақыны.
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожатоғай
елді мекенінде туып өскен. Ақбұлақ өзені, қазіргі Бадам
станциясы маңында дүние салған. Мұсылманша хат таныған
Майлықожа өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Оның
арнау өлеңдері, термелері, дастандары («Папор патша», «Пат
ша мен үш ұры», «Аңқау мен қу», «Нақыл», т.б.), айтыстары
(Құлыншақпен, Ұлбикемен, т.б.) бар. 1883 жылы Түркістан
мұғалімдер семинариясының мұғалімі Я.Я.Лютш құрасты
рып Тәшкенде бастырып шығарған «Қырғыз хрестоматия
сында» Майлықожаның бес өлеңі жарияланды. Ақынның бір
топ шығармалары «Үш ғасыр жырлайды» кітабында (1922)
жарияланған, «Нақыл» атты шығармалар жинағы 1972 жылы
жарық көрсе, толық шығармалар жинағы 1997 жылы Шым
кентте баспа бетін көрді.
Ақынның өмір сүрген жылдары туралы мәліметтерде бір
ізділік
жоқ.
Майлықожаның
шығармашылығын
зертте
ген Ә.Оспанұлы оны 1835-1898 жылдарда өмір сүрген десе,
Майлықожаның мұрасын жинаған К.Шәменов 1837-1908
жылдар деп көрсетеді. Кәрібай Шәменовтың айтуынша, әкесі
Сұлтанқожаның лақап аты Шотан болған, сол себепті кейбір кі
таптарда Майлықожа Шотанұлы деп берілген.
Шәменов Кәрібай (1915-1970)—фольклорлық мұралары
мызды жинаған. Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданын
діни дастандар
да туып өскен. Көп жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтында қызмет істеген. Ол Майлықожаның
шығармаларын жинаған, оның өмірбаянына қатысты құнды
деректер қалдырған.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/т/—түркі
/тат/—татар
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық
көрген кітаптар
1. Қисса Зарқұм. ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы:
Ш. 1503.
2. Зарқұм. ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы: Ш. 706. Жинаушысы—Амантайұлы Қысыраубек. 3. Зарқұм. ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы: Ш. 337. Жырлаушысы Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Жинаушы
сы К. Шәменов. 4. Қисса Зарқұм.—Қазан, 1877.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аударған
Халифа Алтай.—Мәдине, Сауд Арабиясы, 1991. 2. Азибаева Б. Казахский дастанный эпос.—Алматы:
Ғылым, 1998. 3. Бартольд В. В. Ислам. 2-том.—Москва, 1918. 4. Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы
(Ежелгі дәуірден 1917 жылға дейін).—Алматы: Санат, 1999. 5. Қасқабасов С. Жаназық. Таңдамалы.—Астана: Аудар
ма, 2002. 6. Массэ А. Ислам. Очерк истории. Перевод с французско
го.—Москва, 1963. 7. Мец А. Мусульманский Ренессанс.—Москва, 1973. 8. Мұхаммед Хейкал. Хайатул Мұхаммад.—Қайыр, 1947.
(қазақ тіліндегі аудармасы).
діни дастандар 9. Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны.—Ан
кара, 1997 (қазақ тіліндегі аудармасы). 10. Ислам. Словарь атеиста. Под общей ред. Пиотров
ского М. Б. и Прозорова С. М.—Москва, 1988. 11. Ислам. Энциклопедия. —Алматы: ҚЭ, 1995. 12. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-
том.—Алматы, 1979. 13. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 4-
том.—Алматы, 1985.—Москва, 1983. 14. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
Москва, 1968. 15. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 16. Қазақ тілінің сөздігі. Құрастырушылар: Ә. Болғанбаев,
Б. Қалиев, т.б.—Алматы: Дайк-Пресс, 1999. 17. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы
лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жамамбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
18. Персидско-русский словарь.—Под. ред. Ю. А. Рубинчи
ка. І-ІІ-том.—Москва, 1970.
РЕЗЮМЕ Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова М�������������������������������������������������������� инистерства образования и науки ������������������������� РК продолжает работу по подготовке и изданию томов стотомной серии «Бабалар сөзі», выполняемой в рамках государственной программы «Мәдени мұра»(«Культурное наследие»). Предлагаемый читателям двенадцатый том данной серии включает в себя два варианта дастана «Зарқұм.» Произведения религиозной тематики, бывшие очень популярными и востребованными в досоветский период истории Казахстана дошли до наших дней в рукописной форме и в печатных изданиях ХІХ ������������������������������������������������������ и ���������������������������������������������������� начала ХХ века, причем увидевших свет произведений было больше чем неизданных, то есть хранящихся в рукописях. Рукописи эти написаны, а книги напечатаны арабским шрифтом. «Қисса Зарқұм» впервые будучи издан в 1877 году, в период до 1916 года издавался всего 14 раз, при этом уточненный тираж семи изданий его составил 48000 экземпляров. Другой вариант дастана был записан в 90-х годах ХІХ ������������������ в. от известного эпического певца, акына Майлыкожы Султанкожаулы. Религиозные дастаны по своему содержанию разнородны, но все они объединены исламской тематикой и идеей. В боль шинстве из них для увековечения и идеализации образов мусульманских богатырей использовались архаические сказоч но-эпические мотивы и сюжеты, общие для народов Востока и Запада, поэтика национального фольклора. Эти произведения обогащались художественным вымыслом, образы персонажей интерпретировались в духе народных представлений, целенап равленно и на всех уровнях привлекалась поэтика дастана. Именно такие произведения были наиболее популярны в народе.
діни дастандар Дастан «Зарқұмң представляет собой образец произведений, повествующих о войнах последователей пророка Мухаммеда с неверными. Вот его краткое содержание: к пророку Мухаммеду является от имени Аллаха архангел Жебреил и сообщает о государстве Ирак, который населяют храбрые, но неверные идолопоклонники. Мухаммед должен покорить их и обратить в свою веру, иначе могущественный падишах Ирака Заркум сам прибудет в Медину и учинит здесь страшный разор. Заркум— потомок Кохана, равный по доблести самому Рустаму, одолеть его будет трудно. Война будет длиться три месяца, мусульманам не раз придется узнать горечь поражения, но в конце концов, с помощью Всевышнего язычники покорятся. Пророк Мухаммед, 33 тысячи его сподвижников, в том числе и четыре его верных друга—четыре первых «праведных халифаң выступили в поход, дошли до страны Заркум-шаха и начали многодневную сечу с его войском и одержали верх. Заркум и Мухаммед подружились. Неверные приняли ислам. Мусульмане во все времена, впрочем как и представители других конфессий, только свою религию почитали истинной, а потому войну с целью обращения всех немусульман в ислам считали справедливой, священной. При этом: 1. Под гяурами [неверные] понимались идолопоклонники. 2. Иудеи и христиане считались «людьми писания» [ахль аль-китаб], то есть обладателями богооткровенных книг. 3. Иудеям и христианам давалось право отправлять свои религиозные культы при условии уплаты подати; другими словами мусульмане были очень веротерпимы, о чем А.Мец пишет следующее: «Христианская церковь и синагога всегда оставались как бы чужеземными государствами внутри империи ислама, которые добиваясь договоров и сохранения своих прав, не давали растворить себя… Необходимость как-то ладить между собой создала прежде всего некую, неизвестную в средневековой Европе веротерпимость.»1 4. Мусульмане первыми не начинали войну; военные действия предпринимались ими только в случаях прямой или косвенной угрозы со стороны противника. Надо отметить, почти во всех, предлагаемых вниманию читателей, дастанах пророк Мухаммед и его сподвижники неукоснительно придерживаются этих принципов.
ғылыми қосымшалар
Особенность произведений этого тома—тесное переплете
ние реальных, земных событий и фактов со сказочно-фантас
тическими, непостижимыми человеческим разумом ситуациями
и обстоятельствами, систематическим вмешательством божест
венных сил. Надо заметить, двуплановость фона происходящих
событий характерна для поэтики дастанного жанра в целом.
Обращает на себя внимание и тот факт, что в дастане образ
халифа Али выписан более красочно и полнокровно, чем образ
пророка Мухаммеда. Подобная картина характерна и для
некоторых других дастанов, что указывает на то, что сюжет их
возник в среде шиитов, где почитание Али порой доходило, по
мнению некоторых исследователей, до обожествления его.
В том включены, как было отмечено, два варианта данного
произведения: 1) текст опубликованный в 1910 г. 2) вариант
Майлыкожы. Сюжеты обоих произведений схожи.
Но при этом это два, совершенно отличные и независимые
друг от друга, произведения, возникшие в разных поэтических
традициях, сложенные разными стихотворными формами
[олен и жыр]. Вследствие чего каждое из них имеет свою
оригинальную словесно-языковую структуру и свой арсенал
художественных средств.
Казанское издание, выдержавшее, четырнадцать изданий,
не имеет паспортных данных, т.е. не указано кем был сложен и
от кого записан текст, кто собиратель и редактор его. Известно
лишь то, что издателями книги являются наследники
Шамсутдина Хусаинова, а отпечатана она в типографии
Б.Л.Домбровского.
Что касается второго варианта дастана «Зарқұмң, то
он записан от Майлыкожы Султанкожаулы [1837-1908].
Майлыкожа—известный акын, участник многих айтысов,
также о������������������������������������
т �����������������������������������
него записано несколько дастанов.
Многотомный свод «Бабалар сөзі»—научное издание. Пуб
ликуемые тексты даются в первоначальном, адекватном пер
воисточнику виде, то есть исключается любое вмешательство в
текст.
Том снабжен научными приложениями, которые включают
в себя: сведения о публикуемых текстах и их вариантах; крат
кий историко-фольклористический и текстологический анализ
текстов; данные о исторических и религиозных деятелях, име
діни дастандар
на которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских,
арабских и персидских слов, терминов и понятий религиозного
характера, а также географических названий; сведения о ска
зителях, собирателях и публикаторах; список использованной
литературы; резюме на русском и английском языках.
Дастаны, вошедшие в данный том, более ста лет находились
под запретом и не были доступны для ознакомления и изучения.
Они подготовлены с первоисточников и на кириллице публику
ется впервые.
Объем тома—20,5 п.л.
Summary M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art, Mіnіstry of Educatіon and Scіence, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparіng and publіshіng volumes of the 100 volume serіes «Babalar Sozі» іmplemented wіthіn the State Program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). The proposed 12th volume of thіs serіes іncludes two versіons of the dastan «Zarkum». The works of relіgіous theme that were very popular and іn demand durіng pre-Sovіet perіod of the hіstory of Kazakhstan have reached present tіmes іn form of manuscrіpts and prіnted edіtіons of XІX and begіnnіng of XX centurіes, and there were more publіshed edіtіons than unpublіshed that are kept as manuscrіpts. The manuscrіpts were wrіtten and books were publіshed іn Arabіc scrіpt. «Kіssa Zarkum» was publіshed for the fіrst tіme іn 1877, durіng the perіod before 1916 іt was publіshed 14 tіmes, and the revіsed cіrculatіon of the seven edіtіons іncluded 48000 copіes. The other versіon of dastan was recorded durіng 90th of XІX century from the well known epіc performer, akyn Maіlykozhі Sultankozhauly. The content of the relіgіous dastans are dіverse but they are unіted by the Іslam topіc and іdea. Іn most of them the archaіc tale-epіc motіves and plots common for the European and Western natіons, poetry of natіonal folklore were used for іdealіzіng and memorіzіng the types of Moslem bogatyrs. These works were enrіched by artіstіc fantasy, types of personages were іnterpreted іn spіrіt of people’s іdeas, poetry of dastans was purposefully used and at all levels. Such works were the most popular іn people. Dastan «Zarkum» іs a sample of the works that narrate about wars between the followers of the prophet Mukhammed and faіthless people. Here іts brіef content: archangel Zhebreіl came to the prophet Mukhammed on behalf of the Allah and told about
діни дастандар the state Іraq where brave but unfaіthful people lіve. Mukhammed should conquer them and turn them іnto hіs faіth, otherwіse the mіghty padіshah of Іraq Zarkum would come to Medіna and destroy іt. Zarkumthe descendant of Kokhan, as brave as Rustam and іt wіll be very dіffіcult to wіn hіm. The war wіll contіnue three months, the Moslem people wіll lose and fіnally wіth the help of God the non-belіevers wіll surrender. The prophet Muhammed and 33 thousands of hіs companіons іncludіng hіs four frіends— fіrst four «pіous Khalіfs» went to the trіp, reached the country of Zarkum—Shah and began the war wіth hіs army and won them. Zarkum and Mukhammed became frіends. The non-belіevers were turned іnto Іslam. Moslem people have consіdered only theіr relіgіon to be the only true relіgіon durіng many years and therefore belіeved that the war for convertіng all non-Moslem people to Іslam was faіr. They thought that» 1. The gjaurs (non-belіevers) were іdolaters. 2. Іsraelіtes and Chrіstіan were consіdered to be «people of the Holy Wrіt» (ahl al-kіtab), і.e. they possessed books about God. 3. Іsraelіtes and Chrіstіans had a rіght to have theіr relіgіous cults іn case of payіng the contrubutіon; іn other words Moslem people were very tolerant to the faіths and A. Mets wrote: «Chrіstіan church and synagogue always were foreіgn countrіes іnsіde the Іslam power, who made agreements on preservatіon of theіr rіghts and conservatіon… The need of keepіng peace between themselves have created fіrst of all the unknown tolerance to faіth іn the medіeval Europe ». 4. Moslem people never started war fіrst; they started wars only іn cases of dіrect or іndіrect threat from theіr enemіes. Іt should be noted іn all dastans recommended for the readers, the prophet Mukhammed and hіs companіons strіctly follow these prіncіples. The specіal feature of «Zarkum»—іs the close combіnatіon of the real, earth facts and events wіth tale-fantastіc sіtuatіons, systematіc partіcіpatіon of God. The two aspect background of the events іs typіcal for the poetry of dastan genre іn general. The type of Khalіf Alі іn dastan іs descrіbed more colorful and completely than the type of the prophet Mukhammed. Such sіtuatіon іs typіcal also for several other dastans, that shows that the plot occurred іn the envіronment of Shііts who worshіped Alі very much as a God.
ғылыми қосымшалар The volume іncludes two versіons of thіs work: 1) text publіshed іn 1910. 2) versіon of Maіlykozhі. The plots of both works are very sіmіlar. At the same tіme these are two very dіfferent and іndependent works, that occurred іn dіfferent poetіc tradіtіons, composed іn dіfferent verse forms (olen and zhyr). Therefore each of them has іts orіgіnal word-language structure and іts own arsenal of artіstіc means. Kazan edіtіon that was publіshed 14 tіmes doesn’t have passport data, і.e. there іs no mentіonіng of the author and the person from whom the text was recorded, the collector and edіtor. Іt іs only known that the publіshers of the book are the descendents of Shamsutdіn Khusaіnov and іt was prіnted at the B.L. Dombrovsky publіshіng house. As for the second versіon of the dastan «Zarkum», іt was recorded from Maіlykozhі Sultankozhauly (1837-1908). Maіlykozha—the well known akyn, the partіcіpant of many aіtyses, he also narrated several dastans for recordіng. The multі-volume code «Babalar Sozі» іs a scіentіfіc edіtіon. Publіshed texts are gіven іn an orіgіnal form adequate to іts prіmary source, і.e. any іnterference іnto the text іs excluded. The volume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr varіants; a brіef hіstorіcal, folk-lore and textual crіtіcal analysіs of texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn texts; a vocabulary of ancіent Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms and notіons of the relіgіous character as well as geographіcal names; data on narrators, collectors and publіshers; a lіst of lіterature used; a resume іn Russіan and Englіsh. The dastans іncluded іnto thіs volume were prohіbіted more than 100 years and were not avaіlable for study. They are prepared based on the fіrst sources and publіshed іn Cyrіllіc for the fіrst tіme. The number of the volume іs 20,5 p.p.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қисса Зарқұм ...................................................................... 9 Зарқұм ............................................................................128 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................275 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................284 Сөздік ..............................................................................299 Жер-су атаулары ...............................................................311 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................313 Шартты қысқартулар ........................................................314 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................315 Резюме ............................................................................317 Summary ..........................................................................321
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 12 том РЕЛИГИОЗНО-НРАВСТВЕННЫЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова
Шығаруға жауапты Р. Тұрлынова
Редакторы Ұ. Тілегенова
Техникалық редакторы Г. Бектібаева
Компьютерде терген Н. Садықова
Компьютерде беттеген М. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген ��������������
«�������������
Баур���������
» ��������
баспасы
ИБ № 1929
Теруге 2.05.05 жіберілді. Басуға 26.05.05 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 20,5. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №263. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «��������������������������������������������� Регис СТ—Полиграф���������������������������� » ЖШС баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру