Мазмұнға өту
Home

Жак Аттали. Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында

Жак Аттали

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жак Аттали. Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында

Жак Аттали — «Жак Аттали. Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында» (Көркем әңгіме). ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ЖАҢА МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА

(Аударған Б. Сатершинов)

Келешектегі әлемдік тәртіп

Тарихтың ағымы жылдамдай түсті. Ерекше, қиялы жүйрік футуристер мен фантаст-жазушыларды есепке алмағанда, күні кеше ғана ешкімнің ақылына кіріп шықпайтын нәрселер бүгінгі күні күнделікті жағдайға айналды. Берлин қабырғасы құлап түсті, түтікшенің ішінде ұрықтандыру кәдуілгі іске айналды, ал Сахара шөлінен оңтүстіктегі елдердің біріндегі түйе айдаушы өзінің ойыншық тәрізді, алақандай ғана ұялы байланысты телефон аппаратының көмегімен Лос-Анджелеспен хабарласа алады. Болашақтан қорқып есеңгірегеніміз әлдеқашан өткен күннің белгісі болып қалды. Өзгерістер - дүмпулермен сілкінген бұл әлемдегі жалғыз айғақ. Бұрынғы геосаяси тәртіп сахнадан түсті, оның орнына жаңа тәртіптер туындауда. Бүл жаңа тәртіптің XX ғасырдың соңғы елу жылдығында бізге кәнігі таныс болған әлемге ұқсастығы мүлдем аз. Келесі мыңжылдықта адамзаттың тағдырын жеңімпаздар мен жеңіліс табушылардың жаңа ұрпағы айқындайтын болады.

Бұл шағын эссенің мақсаты - кең шеңбері бүгінгі күннің көкжиегінен-ақ көріне бастаған осындай болашақтың нобайын сызып суреттеу. Бұл мүлдем қисынды дәлелдеме емес. Бұл, сірә, зерттеушілік рефлексиялардың (түйсіктердің) тізбегіне . саятын сияқты. Біз енді-енді қадам басып отырған дәуірдің кескінін сипаттауға тырысу үшін мен шектен тыс қарабайырлықтың, үдетудің, тіпті тұрпайыландырудың тәуекеліне әдейі барып отырмын. Осының нәтижесінде мен өзімнің мейлінше күрделі әлеуметтік-экономикалық нақтылыққа мазақ кескін беретінімді толық түсінемін. Бірақ кез-келген тұжырымның өзіне лайықты, кейде өте маңызды абыройы болады, өйткені кез-келген тұжырым алып құрылықтардың сызбаларымен қатар, жекелеген құрылыстардың да шағын ауқымын көрсетіп беретін спутниктен жер серігінен (спутниктен) түсірілген фотобейне сияқты, алайда олардың ішінде не барын ол көрсетіп бере алмайды. Менің пайымдауларым қоғамның бірін-бірі алмастырып отыратын әлеуметтік құрылымдары теориясына негізделеді және бұлар келесі жүзжылдыққа өтудің таңсықтығына ез сәулесін түсіреді, ал бұл өтпелі кезең қазіргі кезде біздің әрқайсысымызға да қатысты болып отыр. Бұл мағынадан алғанда, Маркстің «Капиталы» немесе Адам Смиттің «Табиғат және халықтардың байлығының себептері туралы зерттеуі» Ридли Скоттың «Ұстара жүзіндегі жүгіріс» атты кинематографиялық қиялынан анағұрлым пайдасыз болып қалады, жоғарыдағы автор-классиктермен салыстырғанда осы голливудтық кинотуындыдан біз төніп келе жатқан ғасыр туралы шындықты көбірек табамыз.

Келешек жүзжылдықта әлемдегі экономикалық үстемдік үшін табанды күрес жүргізген Құрама Штаттар мен Кеңес Одағын Жапония мен Еуропа алып держава тұғырынан ығыстырып шығаруы мүмкін. Тек америкалық қоғамды түбірімен өзгерту ғана оқиғалардың осы ағымының алдын алып, осыдан туындайтын салмақты саяси салдарлардан бізді аман сақтауы мүмкін. Өздерінің үстем технологиялық «мінберлерінде» отырып алып, олар, өкінішке орай, әлі күнге дейін байлар мен кедейлерге бөлініп отырған барлығына бірдей тұтынушылық идеологиясын қабылдап алған әлемді, климаттың жылынуы мен атмосфераның ластану қаупі төніп тұрған әлемді, авиажолдардың тығыз торабымен тұмшаланған, жер шарының кез-келген нүктесінен бір мезеттік орнықты байланысты қамтамасыз ететін желілермен шырмалған әлемді басқаратын болады. Ақшалар, ақпараттар, тауарлар және адамдардың өздері де бұл дүниеде бас айналдырар жылдамдықпен зымырайтын болады.

Кез келген ұлттық «ноқтаны» сыпырып тастап, отбасылық байланысты үзіп тастап, мұның барлығын адамдарға денсаулықты сақтаумен, біліммен және жеке қауіпсіздікпен байланысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін мөлтек микропроцессорлармен алмастыратын, осындай азаматтар - әлемнің үстем аймақтарынан шыққан тұтынушылар «бай көшпенділерге» (номадтарға) айналады. Олар өздерінің саяси және экономикалық қалауларына сүйене отырып, либералды нарықтық мәдениетті игеруге қатыса алатын болады, олар бос уақытты пайдалану жолдарын іздестіру барысында планетаны шарлайтын болады, олар адами қарым-қатынасқа деген тартылысты, адамдар қауымдастығы мен отбасылық мамыражай қалыпқа деген, жалпы атқаратын функциялары көнергендіктен өз өмірін тоқтатқан құндылықтарға деген сағынышты бастан кешіргенімен, тек өздерінің ғана мүмкіндігі жететін тауарлар мен таңданыс сезімдерін ақшаға сатып ала алатын болады. Банк-автоматтардың төңірегін жағалап, өткінші адамдардан тиын-тебен тілейтін үйі-күйі жоқ кезбелермен күнде бетпе-бет келетін Нью-Йорктің тұрғындары сияқты, бұл ауқатты кезбелер де Жер тұрғындарының біршама бөлігі әлі де мекендейтін, мұқтаждық кешіп отырған перифериядан бас сауғалап қашып, адамдардың планетарлық ауқымында бір тал шөпке жабысқан осы «кедей көшпенділердің» тобырына барлық жерде ұшырасып отырады. Бұл қайыршыланған қарақшылар күнкөріс пен баспана іздеп, бүкіл планетаны шарлайтын болады, Парижден, Лос-Анджелестен немесе Токиодан жүргізілетін спутниктік телебағдарламалардағы тойымсыз тұтынудың көл-көсір әрі еліктіруші картиналарды теледидар экранынан көру олардың сілекейін ағызып, аранын аша түседі. Элвин Тоффлердің сөзімен айтқанда, жайбасар өмірден жылдам өмірге өтудің әурешіл ұмтылысында олар тірі өліктердің өмірін сүруге мәжбүр.

Табиғат пен жатжерліктер тарапынан туындайтын қауіптерден құтылып, бекітілген тәртіптің арқасында аман қалуға тырысатын барлық өзге де өркениеттер секілді келешектегі жаңа тәртіптің беріктігі де оның зұлымдықты ауыздықтай білу қабілетіне тәуелді болады. Әрине, бастапқыда діни үстемдікпен, кейін әскери үстемдікпен орныққан бұрынғы тәртіптермен салыстырғанда жаңа тәртіп, ең алдымен өзінің экономикалық құдіретінің арқасында зорлықты жоюы керек. Діни догматтар мен әскери күшке негізделген бұрынғы үстем тәртіптердің қалдықтары келешекте де әсіресе, әлемдік прогрестен артта қалған елдерде сақталып қала беретіні түсінікті де. Оның сенімді мысалы ретінде Иран мен Иракты көрсетуге болады.

Саддам Құсейіннің Кувейтке басып кіруі және соның салдарындағы «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуы барлық шекаралық даулардың реттелмегенін, ұлтшылдық ұмтылыстардың, «күш саясатын» жүргізудің жойылмағанын ескертіп тұрғандай. Болашақта біздердің Таяу Шығыспен салыстырғанда әлем үшін өмірлік маңыздылығы анағұрлым аз табиғи ресурстарға ие және олардың маңызы тек рәміздік мәнге ғана ие аймақтардағы басқа да агрессиялық акциялардың куәсі болатынымызға күмән жоқ. Әскери күш біздің кедейленген әлеміміздің көптеген аймақтарында әлі де болса шешуші рол атқаратын болады. Бірақ мұндай оқиғалар, өзінің жарықшақты қаупіне, қан төгушілігі мен драматизміне қарамастан, тарихтың басты ағысына әлсіз ғана әсер ететін анахронизм, қосалқы эффект болып қалады.

Парсы шығанағы ауданындағы қақтығыс, мысалы, біз үшін анағұрлым маңызға ие әлемдегі күштер тепе-теңдігіндегі бүгінгі күнгі ауытқуынан адамдардың назарын тысқа бұрды. Соның нәтижесінде Құрама Штаттар бұрынғысынша әлемдегі ең құдіретті ел және оның құлдырауын (немесе тіпті ақырын) болжаған барлық болжамдардың әлі ерте екендігін уағыздайтын табанды тұжырымдар барған сайын көп айтыла бастады. «Ұлы державалардың самғауы мен қулауы» атты кітаптың авторы Пол Кеннеди америкалық әскери күштің жарты әлемге дейін дерлік дендеп енуі туралы бұл өзі қиялды жаулап алған түсінік қайта түлеген держава-гегемон емес, барған сайын солып бара жатқан Американың шынай жағдайын анықтауға қатысты маңызды мәселені айқындағаннан гөрі оны қоюландыра түседі деп тұжырымдайды. Ол Американың экспансиясын - ол қаншалықты ақталса да - Отызжылдық соғыс барысында пәлеге душар болған өздерінің габсбургтық туыстарын құтқару үшін зор әскер жіберген 1643 жылғы Испанияның шешімімен салыстырады: «Испания жоғары сыныпты жаяу әскерге және тамаша үйретілген генералдарға ие еді, оның Милан аймағы арқылы, биік Альпі тауларынан Жоғарғы Рейнге дейін басып өтуі найзағайдай өте шапшаң болды, оның әрекеті шектен тыс кәсіби болды. Бірде бір еуропалық ұлт сол уақыттары «мұндай күшті шапқыншылыққа» қарсы тура алмас еді; Испанияныц бұрынғысынша Еуропаның бірінші державасы екендігіне ешкім шек келтірмеді». Дегенмен, Кеннедидің айтуынша, испандық монархия ауыр қарыздың астында бүкшиіп қалды, өндірістің тиімсіздігінен коп нәрсе жоғалтты, ал өндіріс болса, өз отандарындағы «ерекше» мүдделерін естен шығармаған шетелдік өнеркәсіпшілердің қол астында болды. Қарулы күштерінің барлық жерде көрсеткен тамаша ерлігіне қарамастан, XVII ғасырдың 40-жылдарына қарай «үлестер бойынша пайыздық төлемдерді ауыстыру, сондай-ақ испан корольдерінің өз банкроттығын мойындауы испан державасының құлдырауын толық көлемде көрсетіп берді».

Кеннеди осыған орай, Америка қазынасының жылдық тапшылығы 300 миллиардтық деңгейден едәуір асып кеткеніне (бұл осыдан сабақ алуға тұратындай елді тарихындағы ең жоғары көрсеткіш) қарамастан, жүздеген мың американдық солдаттардың Сауд Аравиясына атандырылғанын атап өтеді; әлемде бірде бір ұлт ақырында саяси құдіретке ықпал ететін тұрақты ұлғаюшы экономикалық негізге ие болмай тұрып, ұрпақтан ұрпаққа жер бетіндегі бірінші ұлт болып қала алмайды. Испания сияқты Құрама Штаттар да өз мойнына ғаламдық жауапкершіліктің жүгін артқанымен, ғаламат қарызға батқан улы державалардың біріншісі емес. Құрама Штаттар «тамаша» жүріс жасаса да, соның нәтижесінде бұл ел соңғы онжылдықтар ішінде әлемдегі ең ірі қарыз берушіден үлкен қарыздар елге айналды, мұндай ирецеденттің тарихта болмағанын айта кету керек.

Өтелімі ұзаққа созылған қарыздың болуы - бұл экономикалық тұрақсыздықтың бастапқы белгісі, ақыры соңында елдің экономикалық күйреуінен хабар беретін күйретуші дисбаланстың көрнекі симптомы. XVII ғасырдағы капитализмнің қалыптасу кезеңінен бастап құбылыстардың тәртібі осылай болып келеді.

Құрама Штаттардың басынан кешіріп отырған қарыздық дағдарысының ауқымы қазіргі нарықтық әлемдік үрдіс барысында біздің бір әлсірей бастаған «зекті» аймақтан басқа, жаңа аймаққа өту кезеңіне көшіп отырғанымыздың бұлтартпас дәлелі болып табылады. Экономикалық құдірет толқындары Америка жағалауларынан алыстап бара жатыр және бұл толқындар Еуропа мен Тынық мұхиты бассейнінің елдеріне келіп жетуі мүмкін. Оқиғалардың осылайша өріс алуы тоқмейілдік тудырмайды. Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық құлдырау бүкіл әлемнің одан ары дамуына қауіп төндіреді. Бұл үдерістің сағын сындыруға АҚШ өз бойынан күш-қуат таба алады, бірақ ол үшін түбірлі экономикалық реформа жүргізу қажет. Өйткені, прогрестің ернеуінде өтетін кез келген нәрсенің экономикалық сипат алатыны болашақты анықтайтын басты ұйымдастырушы принцип екендігі күн өткен сайын айқын айғаққа айналып бара жатыр. Және біз мұны 2000 жылдың белгісіне жақындаған сайын айқын сезіне бастаймыз.

«Қырғи-қабақ соғысы» уақытына тән әскери құдіреттің үстемдігі нарық «патшалығымен» алмастырылады. Демократия мен нарықтың либералды идеялары өзінің басты қарсыласы - әлемге оз үндеуін тастаған коммунистік қоғам туралы баламалы түсінікті жеңіп шықты. Алайда, негізгі шытырманның әлі күнге дейін шешілмегені ешкімге күмән туғызбайды: қалайша экономикалық өсімді реттеуге және оны әлеуметтік әділеттілікпен байланыстыруға болады? Дегенмен, тұтынушылықтың батыстық идеологиясы мен саяси идеялар барлық жерде, әсіресе индустриалды дамыған әлемде адамдардың миын жаулап алды.

Нәтижесінде тұтынушылықтың демократиялық қоғамының популистік желігі (ядролық қырып жоюдың айқын қаупі емес) кеңестік блокқа кірген елдерде өз халықтарының ішінде режимнің заңдылығы туралы мәселені шегіне жеткізе шиеленістірді. Либералды көп пікірліктің құндылықтары мен нарықтық гүлденудің келешектері қазіргі кезде Жердің барлық халықтарын біріктіріп отырған келісімге әкелді. Идеологиялық тұрғыда екі блоктың орнына келген бұл келісім (консенсус) сұраныстарды қанағаттандыратын немесе қанағаттандырмайтынына қарамастан, кәдуілгі тұтынушылардың сұранысына жауап беретін нарық арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Плюрализмнің саяси талаптары тұңғыш рет өзінің экономикалық бейнесін тапты.

Осының салдарынан америкалық экономиканың соғыстан кейінгі құдіреті, өзіне қойылған салмақты талаппен бетпе-бет келіп отырған тәрізді. Өйткені, келесі мыңжылдықтан бізді бөліп тұрған осы онжылдыққа өз тамырын жіберген жаңа тәртіптің қалыптасуы барысында Құрама Штаттар мен Кеңес Одағы - екі әскери улы держава - өздерінің салыстырмалы күйреуін көрсетіп отыр.

Бұл ұлы державалар, соғыстан кейінгі әлемдегі жеңімпаздар келесі жүзжылдықта өздерінің экономикалық жансыздануы барысында улы держава мәртебесін жоғалтып, жеңіліс табушылардың санатынан орын тебуі мүмкін. Әскери күшпен таңылған стратегиялық субординацияны игеріп, Құрама Штаттар мен Кеңес Одағы арасындағы идеологиялық тайталастың аяқталуымен екі жаңа держава - Лондоннан Мәскеуге дейін созылып жатқан Еуропалық кеңістік және Нью-Йорктың өзіне дейін созылған орталығы Токио болып саналатын Тынық мұхиты аймағы - өз үстемдіктері үшін күреске түседі. Бұл аймақтардың әрқайсысы жаңа әлемдік тәртіптің «өзегі», орталығы болуға ұмтыла отырып, барлық жағынан алғанда қарсыласынан асып түсуге тырысады. Бұл аймақтардың қайсысының жеңімпаз болатыны олардың қайсысының шын мәнінде алғашқы ғаламдық рынокта өз дербестігінің пайдасына қарай таңдау жасағаннан кейін барлық мұқтаждықтарды өтей алатын, өздеріне мейлінше пайдалы әрі жеткілікті тиімділікпен жаңа тауарларды өндіре алуына тәуелді болады. Жеңімпаз-кеңістіктің «өзегінің» орналасу орыны өткір бәсекелестік барысында айқындалатын болады.

Мұндай жаңа экономикалық тәртіп мүлдем, Дэниэль Белл және өзге ғалымдар дәстүрлі түрде болжап жүргендей, өнеркәсіпті қызмет көрсету жүйесі алмастыратын «постиндустриялық» қоғам болып табылмайды. Бәрінен бұрын, онда қызмет көрсету жүйесі бұқаралық тұтыну тауарларына айналып өзгеретін, оны «гипериндустриалды» деп атауға болатын қоғам орнайтын тәрізді. Мұның нәтижесіндегі әсерді біздің жүзжылдығымызда жүзеге асқан, қолмен кір жууды кір жуғыш машина алмастырған және ол электр қозғалтқыштың ойлап табылуымен дүниеге келгендей әсермен теңестіріп салыстыруға болады. Бірақ XIX ғасырдағы будың және электр күшін игеруден де өткен және, мүмкін алғашқы қауымдық тайпалардың отты ойлап тапқан кезіндегі бастан кешірген әсерге жақын жойқын сезім миниатюрлендірумен байланысты. Биотехнология мен гендік инженериядағы жеткен жетістіктер адамзат мәдениетіндегі түбірлі өзгерістерге әкелетін жаңа ғасырдағы төңкерістік секіріске жол салады.

Транзисторлар мен компьютерлерді өндіру сияқты микропроцессорларды пайдалануға негізделген технологиялар байланыс пен білім беруден бастап, денсаулық сақтау мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дейінгі қызмет көрсету жүйесін шектен тыс индустрияландырудың жолын қазірдің өзінде ашып үлгерді. Мұның мысалдары аз емес. Портативті компьютер, ұялы байланыс, телефакс - осының бәрі бастапқы нышанда болғанымен, мейлінше дамыған пішінде болашақтың портативті заттарының, тіпті болашақтың номадтық (көшпелі) заттарының алдыңғы үлгілері болып саналады. Бұл бұйымдардың бәрі де бюрократизмнің әр алуан көріністерін, кәсіби дағдылардың, институттардың тиімділігін едәуір әлсіретеді, өйткені олар индивидуумға жеке еркіндіктің, ықшам бейімділіктің, дербестіктің шектен тыс жоғары деңгейін, барлық қажетті ақпарат пен энергияны береді. Олар жеке өмірді анағұрлым сенімді қадағалаумен байланысты тұтынушылардың өсе түскен мұқтаждықтарын өтей алады, оларға белгілі бір технологиялардың көмегімен өздерінің үйреншікті жұмыс орындарынан босап шығуға мүмкіндік береді. Сонымен бір мезгілде адамдар әртүрлі міндеттерді атқаруға мүмкіндік беретін және оларды бұрынғыдан анағұрлым оңай, әрі тиімді орындауға жағдай жасайтын техникалық құралдарға ие болады. Қиялды жаулап алған жаңа технологиялар алдағы онжылдықтарда көз көріп, құлақ естімеген еңбек өнімділігінің секірісіне, энергиялық экономикалық өсімге әкеледі. Әттең өндірістің бүгінгі құлдырауы бізден осы қосалқы нақтылықты жасырып тұрғандай. Мүмкін, тереңдеп бара жатқан осы депрессияны күндердің күнінде жаңа гипериндустриялы тәртіптің дүниеге келуімен сипатталатын босану кезіндегі толғақ ретінде қарастыратын да болар.

Мұндай жаңа тәртіп тарихтың ақырын білдірмейді. Ол үйлесімді, мамыражай қиял да болмайды. Керісінше, «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталып, ал нарық идеясының салтанат құрған тұсындағы дәл қазіргі кезде мұндай қақтығыстың орын алуы әбден мүмкін. Мұндай қақтығыс дәл осы әлемдегі көптеген елдердің өз жерлерінде еркін таңдауға негізделген гүлденген қоғам құруға талпынуынан туындауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда XXI ғасыр әскери олжа үшін, шикізат үшін, тауар өткізу нарығы үшін, сондай-ақ ұлттық бедел үшін мемлекеттер дәл осындай империялық пиғылмен күрес жүргізген XIX ғасырды еске түсіреді. Өйткені, кезінде Батыс пен Шығысты ажыратып тұрған Берлин қабырғасы сияқты, теңсіздіктің жаңа әлемді ыдыратуы мүмкін.

Жаңа әлемдік тәртіптегі йен байлықты бөлісу барысында тіпті ең алдыңғы қатарлы деген ұлттардың ішінде де барлығына бірдей тең үлес тимейді. Мысалы, көңіл көтеру мен ақпараттың ағымына шомылып қалған анағұрлым ауқатты Солтүстікті мекендейтін адамдардың көпшілігі ат төбеліндей азшылықтың құдіреттілігі мен сайран салуының әлжуаз куәсі тана болып, соның барысында өзекті өртейтін қызғанышын жасыра алмайтын еріксіз әрі бейшара «пенделерге» айналып шыға келеді. Өздерінің жұпыны қала қалтарыстарында немесе жай ғана көшеде күнелтіп өмір сүретін қарапайым адамдар онда кіріп-шығу мұң болатын төбені көмкерген биліктің биік ғимараттары мен жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған байлыққа түсінбеушілікпен және қорыққаннан сыйлау сезімімен қарайтын болады.

Мұндай көл-көсір байлық, бірақ, демократияны қалыптастыруға ұмтылып жатқан Шығыс Еуропа мен Азия елдеріне бұйыратынына мүлдем кепілдік жоқ. Қомақты құрбандықтарды талап еткеніне қарамастан, батыл қолға алынған реформалардың дәмелендіруіне сай, нарықтық экономика бұл елдерді ең мұқтаж тауарлармен және тұтынушы тауарлармен салыстырмалы түрде тез толтырып тастамаса, олардың осы уақытқа дейін қол жеткізген экономикалық және саяси еркіндіктері құмға сіңген судай жойылып кетуі мүмкін. Мұның салдарының қаншалықты қиын болатынын болжау қиын, бірақ мұның барлығы Еуропада тамаша «барқыт төңкерісін» жүзеге асыру барысында келмеске кетуі ықтимал. Егер Кеңес Одағында азамат соғысы тұтанса, онда оның миллиондаған азаматтары елдегі кедейшілік құрдымынан қашып құтылуға тырысып, Батысқа қарай ағылатын болады. Бұл «экономикалық босқындар» ауыр сынаққа айналады және Еуропа осындай орасан ағымды игере алатынына сенім де жоқ.

Алайда, ең алдымен, Африкада, Латын Америкасында және көптеген азиялық елдерді, әсіресе, Үндістан мен Қытайда еркектер мен әйелдердің, балалардың - 3 миллиардқа жуық адамның «кедейшілік кейпі» мен бейшаралық жағдайда болуы артықшылықты Солтүстіктің еркіндігімен экономикалық гүлденуін үнемі ұстап тұру уәдесінің тиімділігіне күмән тудырады. «Жасыл төңкерістердің» көптеген азиялық елдерде адамдардың аштан қырылуын тоқтата тұрғанымен және аштықтың әлі күнге дейін аштықтың зұлым нәубет екендігіне қарамастан, қазіргі уақытта ол Латын Америкасы мен Африканын, кейбір түкпірлерінде ғана сақталып отыр, Солтүстікте қайта жаңғырған экономикалық өсім ауқаттылар мен кедейлер арасында өсе түскен орасан зор саңылауды одан сайын ұлғайта түседі.

Оңтүстіктен шетке шығарылатын шикізаттың көлемі мен құны уақыт өте келе түсе береді. Өйткені, өнеркәсіптік өндірістегі ақпарат пен қызметкерлердің біліктілігінің ұдайы өсуінің нәтижесінде гүлденген, бай аймақтарда өзінің мәнін барған сайын жоғалта береді. Оның үстіне Солтүстіктегі көптеген рыноктар басым көпшілігінде кедей Оңтүстіктен келетін экспортқа жабық күйінде қалып отыр. Мексика, мысалы, Құрама Штаттармен өзара қатынастарындағы сауда кедергілерінің көп бөлігін алып тастауға қол жеткізді. Алайда, кез-келген дүкеннен табыла кететін АҚШ- тан шыққан тауарлар сияқты, мексикалық тауарлардың америкалық дүкендердің сөрелеріне тура жол тартамын дегенінше ұзақ жылдар өтеді. Бразилиялық тауарлар үшін мұндай жол одан да қиын.

Балық үміттен айрылған шеткері аймақтардағы халықтар шоғыры экватор сызығының келесі бетіндегі гүлдену мен байлықтың әр алуан кескініне аянышты жанкештілікпен көз тігетін болады. Солтүстікке географиялық тұрғыда жақын, ал мәдени тұрғыда байланысты оңтүстік аймақтарда, оның ішінде Мексикада, Орталық Америка мен Солтүстік Африка елдерінде миллиондаған адамдар байлықтың желігіне барған сайын құмарта түседі, өздерінің үнемі өсе түскен мұқтаждықтарын өтей алмауы себепті ашу мен ызаға булығады. Сонда олар бөтеннің игілігінің ішінара өздерінің өмірінің нашарлауы есебінен, сондай-ақ қоршаған ортаны жыртқыштықпен пайдаланудың есебінен қол жеткізгенін түсінетін болады. Үдемелі әуе тасымалы, теледидар байланысы ғасырында осы оз болашақтарынан айрылған, барынша қайыршыланған адамдарды Солтүстікте бір тарақтың астымен.

қырқатын болады және «экономикалық босқындар» мен мигранттар тобырының шектен тыс ауқымы ретінде қарастыратын болады. Халықтардың қоныс аударуы басталып та кетті: түріктер - Берлинде, мароккалықтар - Мадридте, үндістер - Лондонда, мексикалықтар - Лос-Анжелесте, вьетнамдықтар Гонконгта қазірдің өзінде тұрып жатыр.

Егер Солтүстік болашақта да олардың қайыршы жағдайына енжар болса, толық немқұрайлы қараса, әсіресе, Оңтүстік мұқтаждығын толығымен кері серіпкен Батыстың толыққанды, кең ауқымды көмегі мен жомарттығының арқасында Шығыс Еуропа гүлдену аймағына тартылатын болса, шеткері аймақтарда туратын халықтар міндетті түрде бүлік шығарады, ал күндердің күнінде соғысты да шығаратын болады. Олар Солтүстіктің қазіргі уақытта Оңтүстіктен аулақ болу үшін тұрғызып жатқан Берлин қабырғасы тәрізді қалқанды құлатып тастауға тырысады. Бұл қазіргі заман тарихында болмаған соғыс болады, ол кезінде Еуропаны еңсеріп тастап, соның нәтижесінде ол кейінірек Ортағасырлар деп аталған қараңғылық жағдайына батқан VII-VIII ғасырлардағы тағы тайпалардың жойқын шабуылдарын еске түсіретін болады. Бірақ көкжиекте одан да зұлым және анағұрлым аз аңғарылатын қауіп қылаң беріп тур. Оның жаңа әлемдік тәртіптің мәнінің өзіне, оның плюрализм мен тұтынушылықтың либералды идеологиясына тікелей қатысы бар. Нарық сияқты кез-келген демократияның да мәні - бұл таңдаудың еркіндігі. Оның екеуі де азамат-тұтынушыға әңгіме бұл жерде не туралы болса да, (үміткер туралы немесе тауар туралы) саясат немесе буйым туралы ұсынысты қабылдау не болмаса теріске шығару құқығын береді. Үміткерді қайта сайлау немесе оны орнынан айыру құқығы, жалдау немесе босату, менеджмент жүйесін өзгерту немесе басқа салаға инвестиция салу - жүргізіліп отырған саясатқа, адамдарды іріктеу немесе тауарлар ағымына қатысты осылайша бас тарта білу, түрін құбылта білу, өзгерте білу -тұтынушылық келісімнің іргетасын қалап отырған таңдау мәдениетінің негізқұраушы белгісі. Ол біздің саяси жүйемізге де, біздің экономикалық тәртібімізге де ақпарат тасымалдайды. Оның қайсысы да болмасын плюрализмге және қайтарымдылық ұстанымы деп аталатын (мүмкін икемді емес те шығар) нәрсеге тамырын жайған. Біз бір нәрсені ұғынуымыз қажет: бұл әлемде ештеңе де мәңгіге жаратылмаған. Барлығын да не алмастыруға, не лақтырып тастауға болады. Мұндай ұстаным, таяу болашақ үшін қолайлы болса да, өркениет үшін сенімді тұғыр бола алмайды. Шын мәнінде, ол барлық өркениеттердің басты талабын - аман қалу қажеттілігін бұзады. Бұрынғы өркениеттерді кімдер басқармасын мейлі діни ордендер, мейлі патша ұрпақтары болсын — олардың үстемдігі әдетте ұзаққа созылатын. Бір ғана мысал келтірейік. Америкалық түземдіктер «әлі дүниеге келмеген жетінші ұрпақтың» талаптарын қанағаттандыра алатындай қоғам ұйымдастыру қажеттілігі туралы жиі айтатын. Өткен заманның билеушілері мен көсемдері әдетте пайда туралы маусым сайын берілетін есептер ұғымымен емес, жүзжылдықтардың категорияларымен ойланатын. «Тұрпайы өркениеттер мыңжылдықтар бойына өмір сүрген кезде, путқа табынатындай сыйынатын қазіргі өркениеттер екі-үш жүзжылдықтан кейін қирап жатады»1, - деп Октавио Пас айтып еді. Чеслав Милош «өзгерістердің үнемі құйылуы» нәтижесінде аңғарылатын нигилистік керенаулықтың батыстық өркениетті аман қалу жарқабақтарында бір онжылдықтан екіншісіне алмаса жүріп, дезинтеграция мен шығармашыл белсенділіктің үдерістері арасындағы қиян-кескі шабысқа түсіруіне мәжбүрлеуіне байланысты қобалжу танытады.

Күнделікті күйкі тірлікті табыну нысанына айналдыра отырып, таяу келешекті құдіретке теңейтін қайтымдылық ұстанымынан туындайтын әлеуметтік бас айналу құбылысы қазір өзін көрсете бастады. Шығыста да, Батыста да орын алып отырған діни фундаментализмнің кең ауқымда қайта жаңғыруы, қоршаған ортаны бар ынтасымен қорғайтындардың индустриалдық өмірден баз кешуі, сатылы әлеуметтік құрылымдар мен дәстүрлерге деген сағынышты көңіл-күй демократиялық құндылықтар мен таңдау мәдениетіне тән нарықтық ұстындардың үнемі тұтқиыл шабуылдарға ұшырайтыны және ақырында жойылып кететіні туралы қиялды ойға келтіреді. Бұл жерде «жасылдар» арасынан шыққан бір тартымды деспоттың басқаратын «экологиялық» диктатурасынан бастап, артта қалған Славян республикасын қалыптастыру туралы Солженициннің білдірген идеясына дейінгі небір қорқынышты сценарийлерді көз алдыңа келтіруге болады. Тұтынушылықтың нигилистік, бөлектенген қоғамы қуатты бүлікті де, жалпыхалықтық жағымдылықты да бірдей деңгейде тудыруы мүмкін.

Мұндай салдардың алдын-алу үшін нарықты демократиямен біріктіру қажет. Олардың шектері өткенге бағышталған консервативті құндылықтармен емес, болашақты қамтамасыз ететін құндылықтармен шектелуі тиіс. Мысалы, таңдау мәдениеті өмірдің мәнінің өзін қайтымсыз құбылтатын, өзгертетіндей үдерістерді ез бойына енгізбеуі керек, егер, мысалы, жасушаның тектік (генетикалық) құпиясын (ДНК) пайдалануға немесе толық еркіндік берсе немесе тропикалық ормандарды жоюды ары қарай жалғастыра берсе, осының нәтижесінде планетаны генетикалық мураның бай алуан түрлілігінен айыруға болады. Мұндай өмірлік маңызды үдерістерді өмірдің өзінің негізінің қасиетті орны, қасиетті қорығы деп есептеу қажет.

Егер біз қалыпты өмір сүру үшін жарамды әлемді сақтауға, оны туындап келе жатқан жаңа нәрседен оқшаулауға, салдары міндетті түрде өркениеттің өзін келесі мыңжылдықта ірі жеңіліске әкеліп соқтыратын өндірісті ұдайы өсірудің ессіз ұмтылысынан құтылуға ниеттенсек, онда бізге күштердің ғаламдық тепе-теңдігі мен саяси экономияның заңдарын қайта қарауымыз қажет. Бұл заңдар өркениеттердің тарихын ұғынуға ғана емес, сипаты жағынан түбегейлі (радикалды) болып келетін технологиялық жаңашылдықтардың салдарынан болатын болашақ мәдениеттің мутациясына (тектік өзгерісіне) да негізделуі тиіс. Біз өзіміздің болашағымызды үнемі алға итермелеп, тіпті адами өмірдің шекараларын игеруге құлшына ұмтылатындай ғасыр етуге жол бермеуіміз керек, ал мұндай өмір қашанда (барлық алдыңғы өркениеттерде) Иван Ильич2 өзін-өзі шектеген «жер ізгілігі» деп атаған биологиялық шеңберлермен анықталады.

Жаһандық тұтынушылық демократияның ұлы қайшылығы қуанышқа деген, шаттық пен бақытқа деген құқықтың, таңдауға деген құқықтың шын мәнінде біз өзіміздің балаларымызды күштеп тықпалайтын улы зәр болып шығуымен сипатталады. Егер адам, осы бір омыртқалы паразит, Жерді археологиялық жансыз кеңістікке айналдырар болса, онда бұл оның материалдық игілік туралы арманы өмірдің өзін жойып жібере алады. Біз өзіміздің зайырлы идеяларымыздың салтанат құруына дейін жетуіміз үшін бізге қасиеттіліктің жаңа анықтамасы қажет.

Теориялық шегініс

Болашақты жақсы түсіну үшін бізді күнделікті тығырыққа тығып қоятын пиғылды айғақтардың мәнін айқындау үшін біз қазіргі заманғы әлеуметтік ғылымдардың арасын байланыстыруға үйренуіміз керек.

Бүгінгі күні әлеуметтік қатынастар тарихының түйінін шешуге, шын мәнінде, осы қатынастарды анықтайтын, зорлықпен байланысты болып келетін, ең алдымен тарихты сәйкесінше түсіндіруге мүмкіндік беретін теориялық негізді меңгермей, қоғамның дамуын болжау немесе оқиғаларды түсіндіру мүмкін емес. Осылайша құрылған кез-келген үлгі жасанды құрылым болып табылады, өйткені, Фернан Бродельдің, «ол едәуір деңгейде анағұрлым күрделі экономикалық және әлеуметтік нақтылықты бұрмалау және тіпті оны өз ыңғайына қарай бейімдеу қаупін тудырады». Дегенмен, мен тарих пен ғылымды араластыру арқылы адамзат жадына қарай қысқа мерзімді және сондықтан да міндетті түрде үзікті саяхат жасауға батыл бел буып отырмын. Бұл мейлінше кестелі саяхаттың негізіне жататын теориялар өзінің тамырын Фернан Бродель, Жорж Дюмезиль, Рене Жирар, Клод Леви-Стросс, Илья Пригожин, Мишель Серр, Ив Стурдзе және Иммануэль Валлерстайн сияқты ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің түбіріне қарай жайған.

Мен қазір орнығып отырған жаңа әлемдік тәртіптің, осыған дейін болған басқалары сияқты өмір мен тарихтың заңдарына бағынатынына сенімдімін. Олай болса, басынан бастайық.

Адам адаммен қарым-қатынасқа түскеніне - миллион жыл. От жағудың ойлап табылғанына, ең болмағанда, бес жүз мың жыл өтті. Сол уақыттан бері адамдар өздерінің мына әлемді түсіне алатынын, тіпті өз әрекеттерімен оны өзгерте алатынын сезіне бастады. Адамдардың белгілі бір ұстанымдарды, немесе мифтерді игере бастағанына он бес мың жыл өтті, соның арқасында әлеуметтік өмір пайда болды. Тек он мың жыл бұрын ғана адамдар бірігіп қоныстанатын мекендерде тура бастады, отырықшы өмір тәртібіне көшті. Ақырында адами қатынастардың белгілі бір әлеуметтік саласында ақшаның үстемдік ете бастаған уақытынан мың жылдан азырақ уақыт өтті. Өзіміздің бұрынғы өткеніміз туралы білімдерді талдамай тұрып, біз өзіміздің кім екенімізді ұғына аламыз? Өзіне тірі қалуға мүмкіндік беретіндей адамның миы қандай тәжірибе жинақтады?

Алдымен кейбір ұғымдарды анықтап алайық.

Мен өзіне өмір сүруге мүмкіндік беретін, қандай да бір ұйымдасушылығы бар кез-келген адамдардың тобын - отбасын, тайпаны, ауылды, қаланы, елді немесе халықаралық ұйымды - әлеуметтік формалық түзілім деп атаймын. Осындай әлеуметтік формалық түзілімдерде өмірді ұстап тұру үшін адамдарға осы түзілімнің өзге мүшелері тарапынан болатын да, жаратылыстың оз анықтамасы бойынша болатын да зорлыққа көндігіп өмір сүруге үйрену қажет болды. Барлық тұрпайы қоғамдар зорлықтың осы екі түрімен миф арқылы күреседі. Оларда қарапайым ғана даналық бейнеленген: белгілі бір заттарды ғана иеленуге деген ұмтылыстан болатын қақтығыстың нәтижесінде туындайтын адамдар арасында үнемі орын алатын зорлық олардың бәсекелестігінен пайда болады. Елена сұлудың кесірінен өршіген Троя соғысы - соның жарқын мысалы. Қалай әлдекімде бір нәрсені иелену құштарлығы пайда болса, дәл сондай құштарлық екіншісінде де оянады. Ал осындай ұқсас құштарлық оянған жерде, міндетті түрде, зорлық та пайда болады.

Әлеуметтік түзілімдердің бұзылу қаупін тудыратын бәсекелестікті бәсеңдету үшін адамдар сатылы (иерархиялы) ұйымды ойлап тапты. Олар қандай да бір топтың мүшелеріне мүмкін болар зорлықты, бір мезгілде әрі қожайын, әрі «қарақулақ» болатын бір адамның мойнына жүктеу құқығын беретін құндылықтар мен ерекшеліктердің сатысын қалыптастырды. Жалғыз билеушіге зорлық жасау құқығын бере отырып, топтың өзге мүшелері сонысымен жанама түрде тәртіп орнықтырады. Осылайша, белгілі бір тұлғаға зорлық жасау құқығын беру арқылы және қажет кезінде соған жүгіну арқылы тәртіп бекітіледі.

Табиғаттың тылсым күштерінің жасайтын зорлығын бақылау да адамдардың тудыратын зорлығын қадағалау сияқты тәсілмен қамтамасыз етіледі: бір индивидуумды таңдап алып, оған тылсым құдіретті күш бергеннен кейін, ана дүниеде тірілердің мүддесін қорғауы үшін оны жер асты әлеміне жөнелтеді. Сол себепті де барлық тұрпайы қоғамдарда билеуші мен абыз құдайға ұқсап кететін бір тұлғаға біріктіріледі. Содан кейін топқа одан өмір сүру үшін күресу мүмкіндігін беру мақсатында оны не таза рәміздік түрде, не шын мәнінде құрбандыққа шалады. Оның міндетіне өз азаматтарының арасында туындайтын мүмкін болар барлық дау-дамайды шешу және оларға құдай алдында араша түсу кіреді.

Құрбандық шалусыз тұрақты, ұйымдасқан қоғам болуы мүмкін емес. Аласапырансыз (хаоссыз) тәртіп те болмайды. Алайда, ол мұндай құрбан шалу тоқтаусыз және үнемі кызмет ету үшін, оны абыздар үнемі қайталап отыруы және билеушілер бағынуы тиіс қандай да бір мифтің сәйкес пішімін қабылдауы керек. Тылсым күшке деген сенім, зорлықтың алдын ала отырып, тәртіптің іргетасын қалайды. Әлеуметтік формалық түзілімдердің отырықшы өмір тәртібіне көшкен тұсынан - бұл біздің заманымыздан он мың жыл бұрын орын алған тәрізді - зорлықты бақылаудың үш тәсілі болды: діни, әскери және экономикалық. Мұның біріншісі - адамның табиғатпен және өлу айғағымен өзара қарым-қатынасын, екіншісі әр түрлі әлеуметтік пішіндік түзілімдердің арасындағы өзара қарым-қатынастарды, ал үшіншісі әрбір әлеуметтік формалық түзілімдердің арасындағы өзара қарым-қатынастарды анықтайды.

Зорлықты бақылайтын бұл үш тәсіл әлеуметтік пішіндік түзілімдердің белгілі бір типіне немесе әлеуметтік құрылымға тән биліктің формаларын анықтайды. Сәйкесінше діни, әскери күштер мен ақшаның билігі деп атауға болатын биліктің барлық осы түрлері өзіне дейінгілерге сүйене отырып, бірін бірі алмастырады. Уақыт өте келе олардың расынан бірі алға шығып, үстем ұстанымдарды басып алады, бірақ бұл өзгелерінің қызмет етуін тоқтатқанын білдірмейді. Мұндай эволюция - биліктің бір пішімінен екіншісіне өту -әдетте, дамудың қандай да бір жеке, жарқын сатыларында жүзеге аспайды. Діни биліктің көптеген өзгешеліктері әскери күштің билігі тұсында да көрініс таба алады, бірақ биліктің бұл екі түрі де ақшаның бекіткен билігінде сіңіріліп кетеді, яғни бұл соңғысы бүгінгі күні сіз бен біздің өмір сүріп отырған әлемді анықтайды. Биліктің осы үштігі бүгіндері де өзгеріссіз сақталып отыр. Ол бізден ешқайда қашып кеткен жоқ.

Бұл біздің қашанда зорлыққа сүйене отырып, келіссөздерге жүгінетінімізден болады. Әлеуметтік формалық түзілімдер мен құрылымдардың ұдайы өсуіне орай зорлықты бақылау енді тек жалғыз дін тарапынан ғана жүргізілмейді, ол ішінара саяси функцияларға да, экономикалық функцияларға да ие болады.

Ұлы империялар дәуірінде зорлық пен өлім арасындағы байланыс шіркеу мен әскери күштің билігімен айқындалады, ал капитализм орнаған кезде, бұл байланыс әскери күш пен ақша арасындағы байланыспен бекиді.

Он мың жыл бұрын адамдар Жерге шашылып таралған, ұсақ топтар түрінде өмір сүрді. Мифтер бір «қарақулаққа» шоғырланған әлеуметтік тәртіптердің қалыптасуына әкелді. Бастапқыда мұндай тұлға, шын мәнінде, басқа барлығынан жоғары тұрған және ерекше беделмен қатар, қақтығысты шешу билігіне ие ет пен сүйектен жаралған адам болатын. Мысалы, абыз көсем болып табылды; ол топ мүшелерінің әрқайсысына - еркекке, әйелге және балаға - қасиетті дінге қатысты (атқарым (роль - ред.) бөліп бере отырып, олардың арасында зорлықты азайтуға тырысады. Әлемдегі барлық нәрсеге өмір берілген: табиғаттың өзіне де, адам қолынан шыққан бұйымдарға да. Әр нәрсенің ішінде рухы болады. Мұндай нәрселермен алмасу өмірді алмастыруды білдіреді; тірі қалу үшін жануардың етін немесе өсімдіктің жемісін жеуге тура келеді. Осылайша, еттің байытылған энергиясын қоректенуге қолдану, бір қырынан алғанда, каннибализмнің (адамжеушіліктің) көрінісі болды. Діндарлардың бекіткен тәртібі барысында адам тұтынумен немесе заттарды иеленумен өмір сүреді, дегенмен екеуі де бір нәрсе. Мұндай дүниетанымның шеңберіне кірмей қалатындай ештеңе де жоқ, — өмір де, өлім де, өнер де соған еніп кетеді.

Осыдан төрт мың жыл бұрын ауылшаруашылық және демографиялық мұқтаждықтардың салдарынан ауылдар біріге бастады. Вавилонда, Қытайда, Үндістанда, Жапонияда, Америка және Африкада діндарлар орнатқан тәртіпті, бәсекелестікті дұрыс арнаға түсіру үшін және даулы мәселелерді реттеу кезінде арашашы рөлін атқару үшін күштің орнатқан тәртібі ығыстыра бастады. Күнәһарларды діндарлардан айырып, оларды тиісінше жазалайтын абыздың міндетін полиция оз мойнына алды. Билеуші қасиетті мәңгі биліктің тізгінін өз қолына алды; бастапқыда ол Құдайдың атынан басқарды, ал кейін егер өз мүддесіне сай келіп жатса, күш қолданатын болды. Оның құдіретті рөлін сипаттайтын нәрселерді ол тек өзі ғана иеленетін болды. Тек сол ғана мазарлар мен қабірлер түрінде Жер бетінде өмір сүргенін куәландыратын із қалдыра алды, ал мұндай адамның туылуы жаңа билеушінің туғанын білдірді. Қалғандары дүниеден ізсіз-түссіз өтіп жатты. Барлық нәрселер өзінің рухани мәнін жоғалтты, олар саудасын полиция реттеп отыратын кәдуілгі тауарларға айналды. Күшке негізделген тәртіп б.з.д. VII ғасырдың басында ақшаға негізделген тәртіп өзіне жол сала бастағанның өзінде міз бақпай сақталып турды. Бірақ бұл соңғы тәртіп тек жиырма жүзжылдықтан кейін толық жеңіске жете алды.

Азияның улы империяларынан алыста жатқан Еуропаның кішкентай қалаларында б.з. 1000 жылында адамның санасын ақша айналымы туралы идея жаулап ала бастады. Ақша дүниедегі барлық затты қандай да бір өлшеммен, әмбебап стандартпен бағалауға болады деген ойға әкелді. Мұндай идея кез-келген айырбас пен ақпарат тасымалдауды түбегейлі қарапайымдандырып жіберді. Осылайша адамдардың арасындағы жеке бәсекелестік кімнің қанша ақша көлеміне ие екендігімен анықталатын болды.

Ақша айналымының тез таралуының тағы бір себебі, зорлықты бақылаудың барлық бұрынғы тәсілдерімен салыстырғанда, оның айрықша прогрестілігімен сипатталады. Заттардың құндылығы енді оны жасап шығарған адамдардың өмірінің өлшемі болудан қалды және осы заттарға ие адамдардың күшіне де бағынбайтын болды. Енді осы барлық заттардың артында ақша турды. Ол айналымға тауарлардың анағұрлым коп мөлшерін енгізуге және алыс қашықтықтан-ақ олармен сауда жасауға қабілетті еді. Мұның барысында байлықтың жинақталуы алдыңғылардан анағұрлым артық жағдайларда жүзеге асты. Әр алуан тауарлар көпестің өзінің өміріне қауіп төндірмей, еркін айналымға түсе алатын болды.

Ақша (немесе басқаша айтқанда: «нарық» немесе «капитализм» - барлық бұл атаулар мейлінше күрделі, өзара байланысты тұжырымдамалар үшін жарамды) өзін адамдарға таңа отырып, зорлыққа бақылау жасаудың түбегейлі жаңа тәсіліне айналды және осынысымен діндарлық пен күшке негізделген ескі тәртіптерден едәуір асып түсті. Ақшаға негізделген тәртіп барысында билік ақшаның мөлшерімен анықталды, соның арқасында оның иесі бастапқыда күштің көмегімен, ал кейіннен заң арқылы бақылау жүргізді. Ақша айналымына қарсы шығып, бекітілген тәртіпке қауіп төндіретін ақшасы жоқ адам «қарақулаққа» айналады. Енді діндарлар бекіткен тәртіптегідей алапес емес, күшке негізделген тәртіптегідей бұзақы емес, қайыршы, кедей немесе қаңғыбас «қарақулаққа» айналады.

Әлемнің барлық бәсекелес империяларында орын алғандай көптеген әлеуметтік түзілімдер иық тіресіп қатар өмір сүре алатын алдыңғы екі тәртіппен салыстырғанда, ақшаға негізделген тәртіп ғаламдық міндетті немесе миссияны мақсат ете отырып, қандай да бір ерекше әлеуметтік форматүзілім шеңберінде кез-келген сәтте орнығады. Мұндай тәртіп барысында әртүрлі әлеуметтік форматүзілімдер өздерінің арасында туындаған зорлықты белгілі бір бағытқа бұратын тауар негізінде өзара бірігеді. Ақшаның билігі барлық жерде үстемдік етті, ол көрші аймақтардағы әртүрлі әлеуметтік форматүзілімдер арасында болатын өзара қарым-қатынастардың заңдарын орнықтырды.

XIII жүзжылдықта капиталистік нарық деп атауға болатын құбылыс қалыптаса бастағанда, бірқатар экономикалық құрылымдар немесе түзілімдер пайда болды және қоғам оларды реттеуге деген үрдіс байқата бастады. Бұл түзілімдердің әрқайсысы ерекше технологияға, әдетте энергияны немесе транспортты пайдалану, байланыс технологиясына негізделді. Мұндай технология өз кезегінде, ұсыныс пен сұранысты ынталандыратын экономикалық қозғалтқыш болып табылады. Егер кең мағынада айтар болсақ, XIV ғасырдан бастап, мұндай түзілімдердің саны сегіз болды.

Біз бүгінде реті бойынша оныншы, жаңа нарықтық құрылымға аяқ басып отырғандықтан, бізге осындай құрылымды не анықтайтынын білу қажет. Мұндай форматүзілімдердің орталығында барлығына үстемдік ететін негізгі қаржылық, мәдени және идеологиялық билік (бірақ, саяси биліктің болуы міндетті емес) шоғырланған қала орын тебеді. Әдеттегідей, нарықты элита (ақсүйек) бақылайды, ол тауарлардың өтуі мен бағаны реттейді: элита пайда табады, оның барлығын өз қолына шоғырландырады, жұмыс күші мен жалақыға бақылау жасайды, шығармашылық қызмет пен зерттеулерді қаржыландырады. Элита билікті қолдайтын идеологияны анықтайды. Діни төңкерістер бүл жағынан алғанда, көбіне анықтаушы факторларға айналады. Орталықтың қолындағы валюта халықаралық айырбастарда үстем болады. Жан-жақтан суретшілер мен ұсталар келеді, олар сарайлар мен мазарлар тұрғызады, портреттер мен натюрморттар салады.

Мұндай орталықтың төңірегіне орталықтан тауар алатын көптеген елдер мен дамыған белгілі бір орта немесе орталыққа тартылған аймақ қалыптасады. Бұл жерден гүлденген немесе құлдыраған аймақтардың ескі және жаңа орталықтарын кездестіруге болады.

Одан ары әлі күнге дейін ішінара күшке негізделген тәртіп өмір сүріп отырған шеткері аймақ (периферия) орналасады. Оған орталыққа да, оған жапсарлас аудандарға да өз еңбегі мен шикізатын сататын, бірақ орталықтың байлығына қолы жетпейтін қаналушы аймақтар кіреді.

Кез-келген нарықтық құрылым энергияны жұмсау мен байланысты ұйымдастыру барысында алдыңғыларымен салыстырғанда анағұрлым тиімді технологияларды қолданады. Тауарға деген сұранысты ұстап тұруға қабілетті материалдық құндылықтардың жеткілікті мөлшерін құра алғанша кез-келген құрылым тұрақты болып қала береді.

Ал бұл қабілеттің ақауы байқалып, қиындықтар туа бастаса, онда мұндай нарықтық құрылым әлсірейді. Ол өзіне баламалы құрылым үшін осалдық танытады, баламалы құрылым ұлттардың бекіткен иерархиясы мен үстем технологиясын бұзады.

Осылайша, нарықтық құрылым екі ұзақ мерзімді хаостың арасында қысылып қалып, салыстырмалы түрде қысқа мерзімді тұрақты өмірді қанағат тұтады. Хаостың әлемнің табиғи жағдайы екендігін ескеру қажет, ал нарықтық құрылымның көрсеткен тұрақтылығы - бұл ережеден гөрі кездейсоқтыққа жақын. Біз қарастырып отырған кез-келген сәтте нарықтық қоғам не алдыңғы құрылымнан босану жағдайында, не қандай да бір жаңа түзілімге жақындау жағдайында болады. Босаңдықпен және айқын регрессиямен сипатталатын осы екі құрылымның арасындағы ұзақ мерзімді кезең дағдарыс деп аталады. Бұл сұранысты қалыптастыру және кейін оны ұстап тұру үшін өте жоғары баға төлейтін жағдайда, яғни мұндай нарықтық құрылымды қорғау үшін әскери мұқтаждыққа өте коп ақша жұмсалатын және сонымен қатар тұтынушылардың төлем қабілеттіліктерін сақтап қалу қажет болған жағдайда орын алады. Дағдарыс бір жерде жаңа технология пайда болғанша, жаңа ойлау қалыптасқанға дейін, ал жаңа әлеуметтік қатынастар сұранысқа тиімді ықпал ете алмай, сонысымен өзіндік құн үлесін жалпы қосымша құн деңгейіне дейін көтере алмайтындай жағдайға жеткізгенге дейін созылады. Ол жаңа ұйымдастырушылық құрылым туған кезде, жаңа орталық пайда болған кезде, жаңа технологиялар мен әлеуметтік қатынастар нарықта кез-келген бизнеске жол берген кезде, олар қосымша құнды қалыптастыра отырып, нарықтық емес қызметтерді нарықта жаппай сұранысқа ие бұйымдармен алмастырған кезде аяқталады.

Осылайша, кез-келген дағдарысқа әлемдік үстемдікті көксейтін, ұлттар сатысында өз орнын нығайтуды аңсайтын өзара бәсекелес елдер қатысады. Мұның барысында туындаған халықаралық қатынастардың негізгі элементтері бұл елдердің дайындаған орталыққа жапсарлас аймақтарда қалу, немесе өздерінің орталыққа айналу, немесе, ақырында, егер олар нарықтық тәртіптен тыс қалып келе жатса, сол шеткері аймақтан шығу мүддесін көздейтін стратегияларымен түсіндіріледі.

Бүгінгі күні біз бір дағдарыстың ақырғы кезеңінің және осындай өзгерістердің басталуының куәсі болып отырмыз. Бұл өтпелі кезеңнің мүмкін болар нәтижелерін ұғыну үшін біз алдыңғы нарықтық құрылымдардың кейбір, өздеріне тән белгілерін талдаймыз.

XIII ғасырдан XX ғасыр бойына бірін-бірі алмастырған сегіз құрылым болды, олар мына төмендегі сегіз орталықпен сипатталатын: Брюгге (1300 ж.), Венеция (1450 ж.), Антверпен (1500 ж.), Генуя (1550 ж), Амстердам (1650 ж.), Лондон (1750 ж.), Бостон (1880 ж.) және Нью-Йорк (1930 ж.) және олар негізгі сегіз технологиялық жаңашылдықпен ерекшеленді, олардың басты-бастыларына мыналар жатады: баспа станогы, бухгалтерлік есеп, кеме бураны, тез жүретін голланд тегісбеткейі, каравелла, бу қозғалтқышы, іштен жанатын қозғалтқыш, электромотор.

Анағұрлым тиімді технологияны ойлап табудан өндіріс жақсарады және қоғам тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын төмендету мүмкіндігін табады. Жаппай өндірістің жаңа тауарлары бұрын нарықтан тыс болып келген, коп жұмыс күшін талап ететін қызметтердің орнына келеді және осылайша жаңа материалдық байлықтар пайда болады. Мысалы, өгіз жегілген арбаның немесе жылқыға жегілетін фургонның орнына автомобиль, шылапшынның орнына кір жуғыш машина келеді; ұзақ кештердегі көріністер тарихын театр ығыстырып шығарады, ал театрдың орнына теледидар келеді. Үнемі кеңейе түскен нарықтың ақылға сыймайтын қисыны нарықты қымбат, коп жұмыс талап ететін тауарлар мен қызметтермен толтыруды емес, тұтынушыға арзан тауарлардың көп мөлшерін ұсынумен толтыруды талап етеді. Әрбір кейінгі нарықтық құрылымның пайда болуымен тұтыну мен өндірістің бастапқы ұясы - отбасы - барған сайын өзінің биологиялық өзегіне жақындай түседі, ал оның әуел бастапқы функциялары (тамақ табу, киім, баспана табу болсын) нарыққа беріледі. Бүгінгі күні отбасына ыдырау қаупі айқын төніп отыр, өйткені кезінде оның мүшелері бір-біріне тегін көрсеткен нәрселерін енді төлемді қажет ететін бұқаралық сұраныс тауарларымен алмасып отыр.

Бродель бұл үдерісті тамаша түсінді: «Әлемдік экономиканың негізгі орталығы қашанда оның белсенділік торабын басты қамтамасыз ететін қала болды. Ақпарат, тауарлар, капитал, несие, адамдар, әртүрлі нұсқаулар, корреспонденция - осының бәрі қалата құйылады және одан тасқын боп, ағып шығады. Сауда заңдарын орнықтыратын оның құдіретті көпестері, кейде орасан зор байлыққа ие болады». Бірақ бұл дүниеде ештеңенің де мәңгі еместігі Бродельге мәлім болатын: «Капиталистік қалалардың осы тасқын энергиясының ең басты кемшілігі қаладағы өмірдің анағұрлым жоғары шығындарды талап ететін инфляцияның үнемі жоғары деңгейде туратынын айтпағанның өзінде, өмірдің құнының өзі жоғары деңгейі болатын». Нәтижесінде ол мынадай түйінге келеді: «Жағдайдың басымдылығы белгілі жағдайда тұрақты болып келеді, бірақ үнемі өзгереді... Мұндай ауытқушылықтар... қашанда мәнді болады; олар тарихтың бейбіт ағымын бұрады... бұрынғы тепе-теңдіктің қауіптілігін айқындайды және оның орнына келген күштердің сипатын айқарып ашады... Әлемдік экономикада белгілі бір уақыт кесіндісінде тек бір ғана орталық бола алады. Біреуінің табысқа жетуі ертелі-кеш өзгесінің құлдырауын білдіреді». Бұл жерде мынадай негізгі сұрақ туындайды: «Қандай да бір аймақтың немесе қаланың осындай орталыққа айналуын кім шешеді?».

Егер индустриялық және саяси қауымдардың барлық жұлдыздары қандай да бір мәдени жобаны жүзеге асыру үшін өздерінің барлық ресурстарын жаңа технологияларды дамытуға жұмсап, коммуникацияның өзгеше құралдарын қалыптастыруды жеделдету жолында біріксе, онда қала осындай орталыққа айналады. Техникалық жаңалықтар ой¬лап табуға деген осындай ұмтылыстың арқасында олар белгілі бір тарихи кезеңде әлемдегі кез-келген өзге адамдар тобына қарағанда жаңа тауарлар түріне деген айқын жалпы мұқтаждықты өтеуге анағұрлым дайын болып келеді. Туындаған мәселені түбегейлі шешу үшін, бәсекелестеріне қарағанда ұшқан қиялмен әрекет етуге қабілетті ұлт қажет. Мысалы, бидай өсіру үшін жер тапшылығын қатты сезінген Амстердам, XVII ғасырда бояу өнеркәсібін жедел қарқынмен дамытты. Англияда көмір қорының қажетті мөлшерінің жетіспеушілігі, бүкіл осы елде бу қозғалтқышының жедел таралуының басты себебі болған тәрізді.

Мұндай оқиғалар көбіне уақыты бойынша діни санадағы немесе саяси әрекеттегі түбегейлі өзгерістермен дөп келіп жатады: біздің дәуіріміздің технологиялық жаңалықтары сияқты Амстердам мен Лондонның орталық ретінде бекітілуінде Лютер мен Локк фигураларының маңызы бір де кем емес. Бүгін Токио да дәл сол сияқты өзінің географиялық шеңберлерін дамыта алмағанмен, миниатюрландыру техникасын барынша жетілдірді. «Ойлап табудағы қулық» мызғымас экономикалық ақиқат болып отыр. Материалдық молшылық, географиялық орналасудың кеңшілігі осындай орталықтардың орнығуына сирек әкеледі.

Осыған орай, өткен нарықтық құрылымдарда да, болашақта орнығатындарында да орталық ешқашанда жоғарғы жазмыштан туындайтын ғаламдық саясаттың орталығы бола алмайды. Мейлінше көп жағдайда қарсыластарын қанға бояй отырып, соғыстан аман қала білген қалалар орталыққа айналды (бұл тағылым туралы Американың әлемдегі болашақ орнына лайықты баға бергенде ұмытпауымыз керек).

Сегізінші нарықтық құрылым біздің ғасырымыздың 30-жыл- дарында пайда болды. Оның орталығы тұтынушының уақытын едәуір үнемдеген ұзақ мерзімді сұраныстың тауарлары — кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар мен шаңсорғыштардың пайда болуына әкелген электромотор технологиясының арқасында гүлденіп, кең байтақ аймақтың нақты астанасына айналған.

Нью-Йорк болды. Екінші дүниежүзілік соғыс мұндай нарықтық құрылымның дамуына серпін берді. Ұзақ мерзімді тауарларға ие болуға деген американдықтардың ұмтылысы Кейнстің экономикалық мектебінің өкілдерінің, сондай-ақ «Жаңа курс» деген атауға ие болған бірқатар экономикалық шаралардың арқасында қанағаттандырылды. Олар соғыстан кейінгі жылдары әлеуметтік мұқтаждықтарға ірі қаржы жұмсалатынын алдын ала білді және ең алдымен, американдықтардың сатып алушылық қабілетінің нығаюына, сондай-ақ ел тұрғындарының көпшілігіне жылжымайтын мүлік беруге бағдар ұстанды. Оңай қолға тиетін несиелер тұтынушыларға үнемі жаңа тауарлар алуға мүмкіндік берді. Мэдисон-авеню мен Уолл-стрит әр алуан тауарлар үшін нарық қалыптастыру мен оларды кеңейту үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Орталығы Нью-Йорк болған нарықтық құрылым күмәнсіз үстемдікке қол жеткізді және бұл жағдай 60-жылдардың ортасына дейін сақталды. Одан кейін көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының күрт қымбаттауы нәтижесінде дағдарысқа килікті. Бұл орталық пен негізгі валютамен қамтамасыз етіліп отырған оған жапсарлас жатқан аймақтарда анархия (бей-берекетсіздік) орнады. Және мұндай дағдарыс қандай да бір жаңа орталық және жаңа тұтынушылық тауарлар пайда болғанға дейін жалғаса беретін болады.

Әлемдік орталықтардың даму ағымын және құлдырау себебін көрсетіп беретін экономикалық үлгілер біз қазір табалдырығын аттаған өтпелі кезеңнің мәнін ұғынуға септігін тигізеді. Оған талдау жасау сегізінші нарықтық құрылымның орталығы ретіндегі сатыны ұстап тұруға ұмтылған және сонысымен өз тегеуірінді шабуылын үдетіп, тоғызыншы нарықтық құрылымның орталығы болуға тырысып отырған Еуропа мен Азияның жоғары өрлеуіне кедергі жасауға деген күш-жігерін лайықты түрде бағалауға және терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Түсініктемелер

1. Поляк ақыны, Нобель сыйлығының иегері. АҚШ-да турады.

2. Әңгіме J1.H. Толстойдың «Иван Ильичтің қазасы» повестінің кейіпкері туралы болып отыр.

Фернан Бродель - француз тарихшысы.

Аттали Ж. На пороге нового тысячелетия. Глава 1.

М: Международные отношения. 1993. С. 2-12.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙