TELEGEI

Home

Мың алғыс

Орал-Қосай Байсеңгір

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Мың алғыс

Мың алғыс. Орал-Қосай Байсеңгір

ЕЛІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

Жастық шақпен мақтанам,
Тұрса да ол тым алыс.
Аялаган, баптаған
Ақтөбеме мың алғыс!

Сенен шуақ тарайды,
Сенде туды шатты өлең.
Атқан таңдай арайлы,
Ару қалам— Ақтөбем

Жазың сенің жайдары,
Қысың сенің қатал-ақ.
Жіпсіз мені байлады
Саған деген махаббат.

Саған еш жер жетпеген.
Ырыс қонган бақ төбем.
Естен бір сәт кетпеген
Туған қалам — Ақтөбем!

Шақырады арман тым алыс,
Жүрек толы қуаныш.
Атамекен, туған жер,
Елім, саған мың алғыс!

АРАЙЛЫ АҚТӨБЕМ

Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазган: Аманкелді Сәндібаев
Өзіңсің жыр-әнім,
Құт мекен тұрағым.

Бақыттың бесігі —
Бастауым бұлағым.
Арайлы Ақтөбем,
Алтындай таң нұрың.

Сергітер сезімді
Себелеп жаңбырың.
Сапарда сағынсам,
Көңілден күй таяр.

Сен жайлы елеңдеп,
Күтемін бір хабар.
Арайлы Ақтөбем
Шуағын шашатын.

Сағынып келгенде
Құшағын ашатын.
Көшең бар көркем, кең,
Көк терек көмкерген.

Өзіңмен биікпін,
Өзіңмен өр кеудем.
Арайлы Ақтөбем —
Құт мекен халқыма.

Ырысты бақ төбем,
Жайнай бер, жарқыра!

БАЙҒАНИН МАРШЫ

Әнін, өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Жем-Сағыз егіз жарысып аққан,
Мұнайлы мекен табысы мақтан.
Пейілдері кең - пейіштің төрі,

Ақындар елі шабыты асқан.
Батырлар өткен ерлігі ерен,
Киелі жерім, тарихы терең.
Байғанинменен танысам десең,

Домбыра шертіп, шырқап кел өлең.
Байғанин — байтақ, жайнаған өлкем,
Құт қонған мәңгі, сай салаң көркем!
Суында балық, қырында киік,

Ақпейіл халқым жайлаған өлкем!
Әсем ән тербеп, шарықтап қиял,
Кеудеме күйім қалайша сияр.
Топырағы - алтын, құмында - құт бар,

Баршақұм, Алтай, Оймауыт, Дияр.
Жарқамыс, Абай, Ноғайты, Жарлы,
Миялы, Қопа — көзге ыстық бәрі.
Доңызтау Желтау, Үстірттің үсті,

Жеріне сыймай, мыңғырган малы!
Байғанин — байтақ, жайнаған өлкем,
Құт қонган мәңгі, сай салаң көркем!
Суында балық, қырында киік,

Ақпейіл халқым жайлаған өлкем!
Таусылмас дастан - өмірдің көші,
Ауасы жұпар - көңілдің хошы.
Жігіттері мәрт,

Қыздары сұлу,
Даласы дархан
Байғанин — осы!

ТЕМІРІМ - ӘНІМ

Өлеңін жазган: Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазган: Сейсен Айтжанов
Аңсап келем даламның таңын,
Бозторғайдың шырқаған әнін.

Туған жерге деген махаббат —
Ыстық сезім, өшпейтін жалын!
Ата қоныс — мекенім,
Сені мақтан етемін.

Алып-ұшып жүрегім
Сағынып мен жетемін.
Темір, Шұбарқұдығым,
Мендей сүйсін бір ұлың.

Сенің әрбір қыратың —
Менің алтын тұғырым!
Қасиетті, құт қонған далам,
Аттан түспей қорғаған бабам.

Туған елдің қадірін білмес
Туған жерін сүймеген адам!
Көгінде күн шуағын шашып,
Көрген жанды қылады ғашық

Жан анамдай күтеді мені
Туған елім құшағын ашып!
Шұбарқұдық, Темірім —
Гүл жайнаған өңірім.

Шырқап әнге саламын,
Шалқып тасып көңілім!

ТЕМІРІМ - ӘНІМ

Өлеңі: Орал Байсеңгірдікі
Әні: Сейсен Айтжановтікі

АНАШЫМ

Әнін жазған: Бақтығали Жұмалин,
Сөзін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Анашым, шаңырақтың шырағысың,
Сезімнің мөлдіреген бұлағысың.

Әлемге ән ұран боп қалықтаған,
Өмірлік адамзаттың жыр әнісің.
Қайырмасы:
Анам — арайы таңымның,

Анам — сарайы жанымның.
Анам, асылым, ардағым,
Анам, саған
Осы әнімді арнадым!

Анашым, сағынышым, ақ арманым,
Алдыңда басымды иіп, ән арнадым.
Еркелік елде қалып, ер жетсем де,
Қамқор боп, қайда жүрсем алаңдадың.

Қайырмасы:
Анам — арайы таңымның,
Анам — сарайы жанымның.
Анам, асылым, ардағым,

Анам, саған
Осы әнімді арнадым!
Өзгеше, өзгелерден менің әнім,
Жыр жазсам, оранады жаным жалын.

Бастауы бар бақыттың бір өзіңсің,
Аман бол, сағынғаным, табынғаным.

АНАШЫМ

Әні: Бақтығали Жұмалин
Сөзі: Орал Байсеңгіров
Сезіммен

НАУРЫЗ ТОЙ

Әнін жазган: Бақтығали Жұмалин,
Сөзін жазган: Орал-Қосай Байсеңгір
Алақай-әу, алақай!
Наурыз келді гүл көктем.

Балақай-ау, балақай,
Гүл терейік қыр беттен!
Қайырмасы:
Наурыз той — төккен жыр,

Наурыз той — көктем бұл.
Наурыз тал, наурыз гүл, нәуірзек,
Табамыз жыл іздеп, ай іздеп.
Алақай-ау, алақай!

Қыс кетті ғой ызғарлы.
Балақай-ау, балақай,
Наурыз тал бүр жарды.
Қайырмасы:

Наурыз той — төккен жыр,
Наурыз той — көктем бұл.
Наурыз тал, наурыз гүл, нәуірзек,
Табамыз жыл іздеп, ай іздеп.

ҚҰТТЫ БОЛСЫН

ТОЙЛАРЫҢ

Әнін жазған: Бақтығали Жұмалин,
Сөзін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Шаттық тойға шақырады
Ақтөбенің атырабы.

Алауласын армандарың,
Шаңырақтың оты мәңгі!
Қайырмасы:
Құтты болсын тойларың,

Жас жұбайлар — жас отау.
Еркесі көлімнің,
ертеңі елімнің,
Әнісің көңілдің,

сәнісің төрімнің!
Құшақ жайып қосылғандар,
Махаббатқа бас ұрғандар.
Жазылмасын жұптарыңыз,

Қос аққудай ғашық жандар!
Қайырмасы:
Жас отауға бақ дарыған,
Ақ тілектер ақтарылған.

Жас жұбайдың қуанышы
Қандай көркем, шат-шадыман!
Қайырмасы:

МАХАББАТ ЖЫРЫ

Сөзін жазган: Орал-Қосай Байсеңгір.
Әнін жазған: Дулат Айтжанов.
Жырымды саған жазған жасыра алман,
Отымды жүректегі өшіре алман.

Жастықтың жасыл бағы қол бұлғайды,
Барады алға тартып, асыл арман.
Қайырмасы:
Шырқайық махаббаттың асыл әнін,

Жалынын жас жүректің жасырар кім?
Мен бүгін барлық жаннан бақыттымын,
Асылым, сенің мәңгі қасыңдамын.
Мен сені шалдырмаймын қайғы мұңға,

Антыма етем жұлдыз, айды куә.
Аққудай қатарласып қанат жайып,
Қонамыз махаббаттың айдынына.
Қайырмасы:

Шырқайық махаббаттың асыл әнін,
Жалынын жас жүректің жасырар кім?
Мен бүгін барлық жаннан бақыттымын,
Асылым, сенің мәңгі қасыңдамын.

ӘСКЕРДЕН ХАТ

Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған: Сейсен Айтжанов
Хат жаздым алғаш,
Армысың, құрбым.

Бәрі артта қалды
Думанды күннің.
Отанды қорғап,
Әскерде жүрмін.

Сағындым өскен ауылды,
Қарындас, іні, бауырды.
Жүректе жалын,сағындым жаным,
Ұмытам қалай сол күннің бәрін.

Көктем де келді,
Құстары шулап,
Аңсадым сені
Жүрегім тулап,

Уақыт, шіркін,
Өтсе ғой,зулап.
Ақ желкен арман
Желдіреп желге.

Пойызға міндік,
Көш бастап елге.
Күт мені,сәулем,
Қоштасқан жерде.

Көңілім шалқып,әнімді айтып,
Әскерден елге келемін қайтып!

О, МАХАББАТ!

Көңіліме гүл екті ерте көктем,
Жастығымды өзің ең көркем еткен.
Оралмасқа кетті ме сағым болып,
Күндер қайда біздерді еркелеткен?!

0, махаббат, шалқыған ән едім мен,
Тағдырыма бас иген жан едім мен.
Мына дүние бейхабар сырға толы,
Менің жұмбақ құпия әлемімнен.

Бір сағыныш сыйлайды күз көңілге,
Көзін салсаң тырналар тізбегіне.
Қоштасқан сәт жабырқау кез болатын,
Аңсадың ба, сен мені іздедің бе?!

БАЛДАЙ ТӘТТІ БАЛ ДӘУРЕН

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Сағынғали Нұрғожаев
Өтеді адам шіркін армандаумен,
Тағдырдан өз бақытын таңдауменен.

Көңілде сурет болып қалды-ау кейін,
Алыстап кете бардық бал дәуреннен!
Жылдар өтті айлармен,
Жүрегім- жыр, ән- кеудем!

Аңсап жүрмін, балалық,
Балдай тәтті бал дәурен...
Қол бұлғап балалық шақ сағым болып,
Бұл күнде шырқаласың әнім болып.

Естелік еске түсті-ай, ерке күндер,
Оралшы, балалық шақ, бағым болып!
Жылдар өтті айлармен,
Жүрегім- жыр, ән- кеудем!

Аңсап жүрмін, балалық,
Балдай тәтті балдәурен...

АДАЙ ҚЫЗ

Өлеңін жазган Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Ғайнет Қуандықов
Естен кетпес елес боп тұрар дәйім,
Ай нұрынан жаралған құралайым.

Оймақ ауыз,күлім көз, қаймақ ерін,
Аққу мойын, тал мүсін- жырға дайын!
Ақ маңдайлы Адай қыз,
Ай мен күнге балаймыз!

Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем,талай күз!
Ен даланың еркесі, елігі едің,
Айтшы, қалқам, сен кімнің серігі едің?!

Тәтті ұйқымнан, түсімнен оятасың,
Хор қызындай сен қайдан келіп едің?!
Ақ маңдайлы Адай қыз,
Ай мен күнге балаймыз!

Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем,талай күз!
Жалғыз қалған жүректе мұң қыстауда,
Сәлем айттым сені іздеп Маңғыстауға!

Табысар шақ өзіңдей ару қызбен,
Жақындамай, күн сайын алыстауда...
Ақ маңдайлы Адай қыз,
Ай мен күнге балаймыз!

Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем,талай күз!

САҒЫНЫШ САЗЫ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Дулат Айтжанов
Сағынышқа малынған
Өтіп жатыр баяу күн.

Жыл құсынан ағылған
Тыңда әнімді, аяулым.
Сұрап сенен кешірім,
Жаздым талай жылап хат.

Жүрегімде есімің
Қалды мәңгі тұрақтап!
Сенсіз жалғыз қарсы алдым
Алғаш жауған ақ қарды.

Сол бір кезді аңсаймын,
Бірге өткізген шақтарды!
Арманға бір тоймаушы ек,
Тағдырга не етесің?

Таңға дейін бойлаушы ек
Жұбановтар көшесін...
Жаз да өтті жабырқап,
Сағыныштан сарғайдым.

Қалмасын деп жатырқап,
Өлеңімді арнаймын.
Бүршік жарды гүл сезім,
Сенбе мейлі, сен мейлі!

Махаббатым бір өзің,
«Қош,бол» дегім келмейді!

АНАҒА ТАРТУ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Нұрталап Жүсіпов
Ана - ұстаз, Ана - төзім, кешірім,
Татулықтың тербететін бесігін.

Ұрпағыңның ұранына айналсын
Әлиядай ән-ғұмыр боп есімің.
Ана-өмір, бала-бақыт баршаға,
Сыйлай-тұғын қуанышы қаншама?!

Жан анашым, аман жүрші, ардағым,
Мұңаймашы,күлімдеші, шаршама!
Асыл анам, қорғаным- сен, тірегім,
Бар бақытты бір өзіңе тіледім.

Шаттығы мол шаңырақта шырқасын,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп жүрегім!
Тер төктіңіз ұрпақ үшін,ел үшін,
Ұлағатты ұрпағыңыз — өрісің

Егеменді еліміздің ертеңі,
Еңбегіңіз берсін елге жемісін.
Ана деген — бұл өмірдің пәктігі,
Сәби деген — тірлігіңнің тәтті үні.

Адамзаттың өркендеуі — анадан,
Аналардың азаймасын шаттығы!
Қызғалдақтай құлпырсыншы көңілің,
Әкемізбен қол ұстасқан өмірің.

Анамызды күлімдесін қарсы алып,
Қызық пенен қуанышқа толы күн!
Түн ұйқыңды бөлдің ана тербеттің
Аяладың әлдиледің ержеттім.

Анашымның мейіріміне жетпейді
Бар асылы дүниенің, жер көктің.
Анам менің — баға жетпес асылым,
Қуанышым теңіздей боп тасыдың.

Мерейтойдың,туған күннің тартуы-
Қабыл алшы, ән менен жыр шашуым!

АҚЫН МОНОЛОГЫ

Өлеңін жазған Ізтай Мәмбетов
Әнін жазған Орал Байсеңгір

Аңқылдап жүрген,жарқылдап жүрген жайым бар, Ананың сүті секілді аппақ арым бар.

Өзге емес, өзім қанағат тұтар бағым бар,
Талайым — осы, танымаңдар, таныңдар.
Әйтеуір менің қойынға тыққан жоқ тасым,
Ақ адал жаным- қорғаным әрі жақтасым.

Арманым- жүрек адамды сүйіп тоқтасын!
Арманым- елім ұлым деп сонда жоқтасын!
Жасырмай айтқан, асырмай айтқан шыным бар,

Шыға алмай келген, шығам деп сенген шыңым бар. Төтелеп соған жетелеп өнген жырым бар,

Өмірім — осы, ұқпаңдар мейлі, ұғыңдар.
Әйтеуір менің қойынға тыққан жоқ тасым,
Ақ адал жаным- қорғаным әрі жақтасым.
Арманым- жүрек адамды сүйіп тоқтасын!

Арманым- елім ұлым деп сонда жоқтасын!
Әйтеуір менің қойынға тыққан жоқ тасым,
Ақ адал жаным - қорғаным әрі жақтасым.
Арманым- жүрек адамды сүйіп тоқтасын!

Арманым- елім ұлым деп сонда жоқтасын!

НАҒАШЫҒА АРНАУ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Нұрталап Жүсіпов
Ән саламын ардақты нағашыға,
Ал, нағашы батасын аясын ба?!

Жиендері еркелеп арқа сүйер,
Анасының туысы, панасына!
Мына өмір тірліктің базары ма,
Кірбің түспес көңілдің ажарына.

Нағашым ең тілекші ел ішінде,
Жиенінің қалмайды «назарына»!
Таптық бүгін жарасым,
Басқалардан дарасың!

Ойнап,күліп жиенмен,
Биле, Нағашым!
Жеміс толы нағашым күзің болсын,
Ұлаеатты ұлың мен қызың болсын.

Жиендердің тілегі: жүз жасаңыз,
Артта қалар өмірлік ізің болсын!
Отырыңыз жиеннің ортасында,
Құмарыңыз қалжыңмен тарқасын да..

Көтеріліп қалыңыз көпшілікке,
Біз секілді жиеннің арқасында!
Той-думанмен бұл емір өте берсін,
Арманына нағашым жете берсін!

«Үні шықпас жалғыздың» деген сөз бар,
Жанына алып жиенін жетелесін!
«Жақсы болмақ киіз үй ағашынан,
Жақсы болмақ жігітке нағашыдан»

Өзіңіздей нағашы таба алмаймын,
Жалпақ жатқан қазақтың даласынан!

КЕҢ ЖЫЛОЙ

Әнін, өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Ән тербеген, күй кернеп атырабын,
Жүрегі — сен Кең Жылой, Атыраудың!
Пір Бекеттің Ақмешіт — туған жері,

Қасиетті, қастерлі топырағың!
Кең Жылой, атыңа сай дархандығың,
Шарықтап жүрсем сенің арқаң бүгін!
Ұлтын сүйген намысты ұлдарына

«АЗАМАТЫМ» деп елім артар жүгін!
Мұнайлы елдің келіп көр бастамасын,
Жайып келсең құшақты-дос табасың.
Жарқыраған жұлдызы ең биіктен,

Кең Жылойдың Құлсары — астанасы!
Кең Жылой, атыңа сай дархандығың,
Шарықтап жүрсем сенің арқаң бүгін!
Ұлтын сүйген намысты ұлдарына

«АЗАМАТЫМ» деп елім артар жүгін!
Кең жазира қарасаң, құмар қанар,
Пернесіне көңілдің күй оралар.
Көкжиектен көрінген жолаушыны

Шақырады қол бүлғап мұнаралар!

МҰҒАЛЖАРЫМ -

МЕКЕНІМ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Аймұрат Мәжікбаев
Сағынғанда, туған ел, қушағыңды,
Қанат байлап сезсең ғой ұшарымды.

Болашаққа, өмірге бағыт беріп,
Өзің кестің өнерге тұсауымды.
Арман қуып асқанмын белесіңнен,
Туған жерім, кетпейсің сен есімнен.

Аңсап келем өзіңді, Мұғалжарым,
Тауларыңды күн сүйген төбесінен!
Күй төгілген күмбірлеп әр отаудан,
Жарып шықты жүректі жанартау - ән!

Жұбановтар еңбегі деп білемін,
Биік тұрса Мұғалжар Алатаудан!
Арман қуып асқанмын белесіңнен,
Туған жерім, кетпейсің сен есімнен.

Аңсап келем өзіңді, Мұғалжарым,
Тауларыңды күн сүйген төбесінен!
Адамының бұл жердің арманы асыл,
Сүйген елге еңбекті таңғаласың.

Көркеюде күн сайын Жем қаласы,
Тоғыз жолдың торабы — Қандағашым!

АҚТӨБЕМ — АРУ ҚАЛАМ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Нұрталап Жусіпов
Құт қонып, құшақ толса берекеге,
Жұмағым — Ақтөбенің төрі екен де!

Арайлы ару қалам, алтын бесік,
Айналсын атқан таңың мерекеге!
Ақтөбем — ару қалам,туған жерім,
Кең жайлау көк көбелек қуған жерім.

Мерейлі мерекеңіз құтты болсын,
Жасай бер, думанды елім!
Көңілдің көтересің көкке құсын,
Жастықтың мәңгі жасыл көктемісің,

Қарыздармын өзіңе, ару қалам,
Жалындап жастық шағым өткені үшін!
Ақтөбем — ару қалам,туған жерім,
Кең жайлау көк көбелек қуған жерім.

Мерейлі мерекеңіз құтты болсын,
Жасай бер, думанды елім!
Ақтөбем, күннен күнге жасарасың,
Халқымның құттықтауын хош аларсың.

Тербетіп татулықты мәңгілікке,
Аттай бер жаңа ғасыр босағасын!

АРАЙЛЫ АСТАНАМ

Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған: Марат Жанғазы
Астанамыз — ару қала,
Көрік берген Есілге.

Самаладай жарқырайсың
Сарыарқаның төсінде!
Ақындар шабытпен жырлаған
Есілдің толқынын тулаған!

Жастықтың, достықтың мекені —
Арайлы Астанам, Нұр-қалам!
Жарқыра, Есілдің арнасы,
Жадыра, сұлулық айнасы!

Астана — алаштың ардағы,
Бақыттың мәңгілік ордасы!
Айбынды елім —
Астанам менің!

Болашаққа
Қадам бастың сеніммен!
Асудан асып, көңілім тасып,
Шырқаймын асқақ сезіммен!

Ырыс-құт, береке — елімде,
Тыныштық, татулық — жерімде.
Елдіктің, ерліктің белгісі,
Желбіре, көк байрақ, көгімде!

Жүректі тербетер бұлбұл үн,
Ән-күйім, шашуым - сыйлығым!
Еліммен мақтанам әлемге,
Жыр қылып ынтымақ,бірлігін!

БӘКІР АҒА

(Ақын сазгер Б.Тәжібаевқа)
Әнін, өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Өнерде өрге сүйреп, бақ-талабым,
Шырқасам «Ақбұлақты» шаттанамын.

Тербеткен ән-күйімен кең даланы
«Жем-Сағыз перзенті» деп мақтанамын.
Бәкір аға, ақын аға,
Өшпейді мәңгілікке,атың аға.

Бәкір аға, ақын аға,
Сән берген сенің әнің сахнаға!
«Әдемі-ау» ,«Іңкәрім-ай», «Асыл арман»,
«Сағындым сені» дейтін – ғашық адам.

Даламның «Бозторғайы» тілеуші едің:
«Тұрса деп туған жердің тасы да аман».
Бәкір аға, ақын аға,
Өшпейді мәңгілікке,атың аға.

Бәкір аға, ақын аға,
Сән берген сенің әнің сахнаға!
«Туған жер», «Ауылым» деп атты таңың,
«Әлия» бейбіт елдің жақты шамын.

Бұл күнде ұлы өзенге айналғандай,
Талайдың шөлін басқан «Ақбұлағың».

БІЗДІҢ АУЫЛ ТАМАША

Әнін ,өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Сағынғанда ауылды,
Бұзылады шырқым да.
Көкжүзінде қалқыған

Еске түсер бұлты да!
Қуаныш та қызық та
Сағыныштан ұлы емес
Алыстағы ауылыма

Барып қайтсам-ай, шіркін-ай...
Қырға шығып қарасаң,
Қуанасың балаша.
Жусан исі аңқыған

Біздің ауыл тамаша!
Ақша бұлттай ақ арман,
Қол бұлғайды алыстан.
Қайта оралып ғажап-ау,

Балалықпен табысқан!
Қозы-лақты қайырып,
Шыққа тайып табаның.
Қырдан төмен құлдилап,

Желмен жүйрік жарысқан!

ӘДЕМІ ҚЫЗ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Арыстан Оразымбетов
Ғашықпын мен өзіңе,
Балдай тәтті сөзіңе.

Бір қарауға асықпын,
Сырға толы көзіңе.
Мен өзіңді қаладым,
Ерке қызы даланың.

От боп жанып барамын,
Әдемі қыз!
Лағындайсың еліктің,
Жүрегімді еріттің.

Бақытым боп жолықтың,
Әдемі қыз!
Армандаған аққуым,
Қатар қанат қағайық.

Таң қалдырсын тәтті үнің,
Қосылып ән салайық
Мүмкін емес деймін мен
Қос жүректі суыту.

Алғаш рет сүйдім мен,
Мүмкін емес ұмыту!
Мен өзіңді қаладым,
Ерке қызы даланың.

От боп жанып барамын,
Әдемі қыз!
Лағындайсың еліктің,
Жүрегімді еріттің.

Бақытым боп жолықтың,
Әдемі қыз!

АҚША БҰЛТ АРМАН

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Жәнібек Бекбосынов
Тауыстым төзімді,
Ілмедім көзімді.

Өзің ең оятқан
Алғашқы сезімді...
Махаббат мәңгі көктемдей,
Өкінбе, жаным, өткенге.

Ақша бұлт арман жылайды,
Көз жасын төгіп көк белге...
Өмірдің әні — бұл,
Көңілдің сәні — жыр.

Кетсең де басқамен,
Сүйемін бәрібір!
Махаббат мәңгі көктемдей,
Өкінбе, жаным, өткенге.

Ақша бұлт арман жылайды,
Көз жасын төгіп көк белге..
Ғашық ем күлкіңе,
Аңсаймын бұл күнде.

Балалық махаббат,
Ұмыту мүмкін бе?!
Махаббат мәңгі көктемдей,
Өкінбе жаным өткенге.

Ақша бұлт арман жылайды,
Көз жасын төгіп көк белге.

НАЗ

Айырмай оң,солыңды,
Кеттің іздеп жолыңды.
Неге, әттең, сәл ерте
Сол қоңырау соғылды!

Ақ бантик- ақ көңіл ме,
Аппақ еді өңің де..
Сол мектепті өзіңмен
Қайта бастар едім мен!

Бұлдыраған сағымдай,
Кеттің жастық бағынбай.
Сөнбейді екен махаббат
Мәңгілік от жалындай!

Тағдыр жолы — сан тарау,
Жолықпадық, қалқам-ау.
Ой жіберсем өткенге,
Мүмкін емес аңсамау!

Жазам сені жыр қылып,
Сенің атың тұр биік
Қылығыңмен өмірді
Кеттің маған сүйдіріп...

АСЫЛ АҒА

Асыл аға! Сен — менің асқартауым,
Мен — ініңмін бәйгіге қосқан дәйім.
Аласармас биігім сен аман бол,
Өзің барда, ешкімнен жасқанбаймын!

Ағасы бар өмірде бар алыптың,
Бақыттымын інің боп жаралыппын!
Аға, сенің ақылың маған берген —
Әліппесі секілді даналықтың!

Өтер уақыт, алмасып озар жылдар...
Отау құрдық, енші алып өз алдына.
Іні-келін бұл күнде «аға» десе,
Сен тұрасың қашанда көз алдымда.

Аға болдық! Жүрсек те сезіне алмай...
Бала болдық, бір кезде..(сөзі балдай)
«Аға» деген — інінің айбары ғой,
«Ағама айтам!» дегеннің өзі қандай!

БОЗБАЛАДАН ЕСТЕЛІК

Әнін ,өлеңін жазған Орал-Қосай іі Байсеңгір
Сыр айтпадық ашылып,
Пәк сезімді жасырып.
Өте шықты жас дәурен,

Арман қуып асығып...
Тағдыр саған бар ма сын,
Өзгертті өмір арнасын.
Таңғы шықтай мөп-мөлдір,

Бал күндерім, қайдасың?
Ерік берсем қиялға,
Көңілге арман сыяр ма?!
Қандай бақыт сені ойлау,

Шомып тәтті қиялға!
Жүрекке жыр бөледім,
Сенсің менің өлеңім.
Ең алғашқы сезімді

Оятқан қыз сен едің!
Есіме алсам осы күн,
Қымбат маған есімің.
Осы әніммен тербетші,

Сәбиіңнің бесігін!
Ақылымыз кеш келіп,
Қалды бүгін көш қонып...
Бойжеткенге баяғы

Бозбаладан естелік!

КҮН МЕН АЙ

Алдаберген Жақсыбаевтың орындауында «Азия дауысы» халықаралық байқауында жүлдегер атанған.

Музыкасын жазған: Бейбіт Оралұлы
Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Сен мұңайып жүрмесін деп,
Көктемменен құлпырсын, гүлдесін деп.

Өзіңе арнап, ән жаздым, қалқатайым,
Қайғыны білмесін деп!
Сен деп көңіл жабырқайды,
Жалғыздықтан шеккендей жаным қайғы.

Оттай ыстық жүрегім жалындайды,
Еркіме бағынбайды!
Ай аспаннан нұрын шашып,
...Күн бар ма екен тұратын сырымды ашып?!

Шын махаббат орнайды
Бар жүрекке, дәл мендей болса ғашық!
Сен деп көңіл жабырқайды,
Жалғыздықтан шеккендей жаным қайғы.

Оттай ыстық жүрегім жалындайды,
Еркіме бағынбайды!
Түн...Жүрегім аласұрған!
Көз ашпадым...өмірде адасудан!

Таба алмадым,қайдасың, жанашыр жан,
Мен үшін жаратылған?!
Сен деп көңіл жабырқайды,
Жалғыздықтан шеккендей жаным қайғы.

Оттай ыстық жүрегім жалындайды,
Еркіме бағынбайды!

ҚАРЫНДАСЫМ

ҚЫЗҒАЛДАҒЫМ

Әні: Нұрталап Жүсіповтікі
Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Қарындасым, мәпелеп, аялайын,
Қамқорлықты ағалық аямайын.

Сенің жасқа толғаныңа қуанып,
Ақ тілеуін ақтарды бар ағайын.
Қарындасым — гулім,
Туған күнің бүгін.

Құттықтаймын сені
Әніммен!
Тіліңнен бал-қаймақ,
Күлші гүл-гүл жайнап,

Қадам бас тәй-тәйлап
Сәніңмен!
Қарындасым қызғалдағым ашылған,
Қуанышта әнім шашу шашылған

Ата-анаң табылып тек қасыңнан,
Қонған бақыт ұшпаса екен басыңнан!
Қарындасым — гүлім,
Туған күнің бүгін.

Құттықтаймын сені
Әніммен!
Тіліңнен бал-қаймақ,
Күлші гүл-гүл жайнап,

Қадам бас тәй-тәйлап Сәніңмен!
Қарындасым, сенсің елдің ертеңі,
Қазағымның айдай ару көркемі.
Аққу құсым тербетілген айдында,

Желбіресін арманыңның желкені!

АҚҚУЫМ

М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» пьессасына арнап жазылған Ән Ақылбек Жеменейдің репертуарында.

Әні: Аймұрат Мәжікбаев
Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Бақытыңды басқадан іздедің сен,
Аяулым, асылым.

Үмітімді өзіңнен үзбедім мен,
Аңсадым, ғашығым!
Неліктен махаббаттың гүлі солды,
Айтылды жүрек жыры соңғы.

Қарамадың бұрылып,
Менен мәңгі түңіліп.
Кеткені ме
Пәк сезімдер суынып?!

Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың
Сезімдерді...

Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын
Көзімдегі!!!

Тағдырдың жазуына бар ма шара,
Қош, менің — қымбаттым.
Жүрегіңде жалын от қалмаса да,
Соңғы рет тіл қаттым.

Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай,
Жүре алмаспын есіме алмай.
Қатар ұшқан сыңарым,
Сөнді сезім - шырағым.

Өзіңе арнап жазылған жыр-әнім,
Бақытты бол!

ҚОС БҰРЫМ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Дулат Айтжанов
Ғашықтың ұғар кім жайын,
Сазыңды төкші, сырнайым!

Жырымды тыңдап жапырақ,
Әніме елтіп тұр қайың...
Бөленіп нұрға айналам,
Бейнеңді сенің ойға алам.

Бас ием сұлулығыңа,
Болғаның үшін ән маған!
Арайлап атқан таңбысың,
Жазылмай жүрген әнбісің?!

Шалқиды шабыт шарықтап,
Мәжнүндей тапқан Ләйлісін!
Сырнайдың сазын естідің,
Серуенге шықтың кешқұрым.

Жарыса аққан бұлақтай
Жанарды арбап қос бұрым
Қарағанменен қызыға,
Алмадық сырын біз ұға.

Жазылсын ғажап, әсем ән
Қазақтың сендей қызына!

ҚОБЫЛАНДЫ

Жерін жаудан қорғаған,
Қайратын елге арнаған.
¥ран болған ұлтына —
Намысы биік НАР БАБАМ!

Ата қоныс, құт мекен,
Айтылды сен деп арман- ән!
Тарихты құшып, сыр бүккен,
Бәріне куә — маң далам!

ҰМЫТЫЛМАС КҮН

Музыкасын жазған Димаш Құдайберген
Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе
Еркелеген балдай тәтті сөзіңе

Қылығыңмен баурап алдың жанымды
Қарай бердім нұрға толы көзіңе
Пай,пай шіркін
Ұмытылмас күн!

Аңсап күткен арманым сен
Алаулаған таңдарым сен
Алақанда аялайтын
Аңсарым да, ардағым сен!

Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін
Сөндіре алмас сезімімнің жалынын
Бақытымын бұл әлемде сені егер
Тағдырыма тарту етсе тәңірім...

ЖАҢБЫРЛЫ ТҮН

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Орынгүл Исмағулова
Бір өзіңді аңсап жүрмін,
Санамда жоқ ой бөтен.

Қиял қуып шаршап жүрмін,
Арман құсым қайда екен?!
Көрсем деймін мөлдір көзді
Сезімдерге алданған.

Адастырған тағдыр бізді
Жолықтырса бар ма арман?
Жаңбырлы түн жабырқау —
Көңіл құлазып...

Сағынышым арылмай,
Тұрмын жыр жазып.
Жүрегімді жаншылар
Сезім басылмай.

Терезеңде тамшылар
Көздің жасындай...
Жақсылықтың белгісі деп,
Ақ жаңбырды балаймын.

Жамандыққа сенгісі жоқ
Жүрегімді аяймын.
Өмір-дауыл теңселемін,
Түсінбесек тұзақ көп.

Ғұмырымыз, мен сенемін,
Ақ жауындай ұзақ деп!

КҮНІМСІҢ СЕН

Қуаныштан күмбірлейді айналам,
Көңіл-көктем, бақта бұлбұл сайраған!
Тәңір бізге бар бақытын сыйлады,
Өміріміз жауһазындай жайнаған!

Жырға бөлеп жер көкті,
Күнімсің сен төккен нұр.
Сенің әнің тербетті
Сезімімді мөп-мөлдір...

Ғашық жүрек өртеніп,
Оранады жалынға.
Сырымызды шертелік,
Келші көктем-бағыма!

Өмір — бізге берілген сый уақыт,
Сол уақытты баянды етсе — шын бақыт.
Ал, махаббат — қос жүректің әлдиі,
Әлдилейік, алмайықшы жылатып!

Жырға бөлеп жер көкті,
Күнімсің сен төккен нұр.
Сенің әнің тербетті
Сезімімді мөп-мөлдір...

Ғашық жүрек өртеніп,
Оранады жалынға.
Сырымызды шертелік,
Келші көктем-бағыма!

Ғашықтарға сүйсініп ел қарасын,
Жас жүректер таба білсін жарасым.
Осы әнге қосылуға қақы жоқ,
Білмейтіндер махаббаттың бағасын!

ТЕАТРЫМ —

ТАЛАНТТАРДЫң ОРДАСЫ
Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Нұрталап Жүсіпов
Жолы болсын өмірде өнерлінің,

Алғысына бөленсін келер күннің.
«Актер» деген халықтың бақыты сол –
Жүрегіне жол тапса көрерменнің.
Ән менен күй, қанат қақшы, самғашы,

Ортаймасын көрерменнің олжасы.
Бар халықтың рухани азығы
Театрым — таланттардың ордасы!
Күйге бөлеп көшесін Ахтановтың,

Ұлы Өнер үлтыма бақ дарыттың.
Шапан жауып, ардақтап ат мінгізген,
Сал-серісі біз бүгін мәрт халықтың.
Ән менен күй, қанат қақшы, самғашы,

Ортаймасын көрерменнің олжасы.
Бар халықтың рухани азығы
Театрым — таланттардың ордасы!
Шаттығыңды көмкерген күлкіменен,

Мөлдір моншақ үзілген кірпігінен.
«Актер деген — ересек сәбилерміз»,
Сахнада мың өліп, мың тірілген.
Ән менен күй қанат қақшы, самғашы,

Ортаймасын көрерменнің олжасы.
Бар халықтың — рухани азығы-
Театрым таланттардың ордасы!

ҰМЫТА

АЛМАЙ

ЖҮРМІН-АУ...

Армысың, асыл құрбым-ау,
Шуағын төккен күн мынау! ..
Хат жаздым алғаш өлеңмен
Ұмыта алмай жүрмін-ау...

Ұмыта алмай жүрмін-ау,
Қайдасың, асыл құрбым-ау
Кетсеңде қалқа, қоштастып
Қия алмай қарап тұрдым-ау

Әніммен шашу шашамын
Қиялмен қырды асамын
Өзің деп соққан жүректің
Лүпілін қалай басамын!

Басқаны мендей сүйдің бе
От болып жаның күйді ме
Жүрсің сен, қайда қалқа қыз
Кездеспей кеткен бір бейне!

Өтсе де дәурен...дариға
Махаббат оты жануда
Сезімнің бастым пернесін
Арман боп қалған аруға!

ТІЛ АШАР

Айналдым ұлым, бал тәтті үнің,
Сен үшін тердім өмірдің гүлін.
Қадамың алғаш болсын деп сәтті,
Арманға толы арналды жырым!

Құттықтап сені қуанып елің,
Қонаққа беріп жұмақтай төрін.
«Тілашар» тойың- қыр асар тойың,
Үмітті ақтап, биіктен көрін!

Жалғасып ұрпақ келеді көктеп,
Тілегім жалғыз: «арманға жетпек...»
Қарсы алып сені, құшағын жайсын
Ғылым мен білім- ордасы мектеп!

Күніміз ғажап, еліміз азат,
Бола біл, ұлым, оқуда озат!
Бармақтай бақпен, талаппен таудай
Өркендеп өссін, көркейсін қазақ!

ЖАНАРЫҢМЕН ЖАНАРЫМ

ТҮЙІСКЕНДЕ...

Жолықпаған армандай ес білгеннен
Бір көргеннен жоғалттым есті мүлдем.
Жіпсіз байлап бойымды баурап алдың,
Мұндай жанар көрмедім ешкімнен мен.

Құйып алған әлемнің бар асылын,
Тұңғиыққа тартады қарашығың.
Жанарыңмен жанарым түйіскенде,
Жас жүрегім жай таппай аласұрдың.

Жалт қараған жанарың жай отындай,
Қиғаш қасың қарлығаш қанатындай.
Ерік бермей сезімге кете берсем,
Мөлдір моншақ көзіңнен таматындай.

Жаратқанның мен сені сыйы деппін,
Жалғыз сені келеді сүйіп өткім.
Жолығармыз дедің де қол бұлғадың,
Жанарымда қалды сол суретің...

МӘУЛІТ КҮНГІ ТІЛЕК

Күй де келмес көңілге ыңылдасам,
Ауар екен арқадан жүгім қашан
Құдайдан, сірә, маған еш жақын жоқ,
Н А М А З Ғ А жығылмасам!!!

Ассалау-ма-ағалей-күм, әз халқым,
Қадір тұтқан қасиетті сөз нарқын!
Бабалардан қалған бізге мұра боп
Домбырадай көңіл күйін қозғар кім?!

Жырыңды төк! Ал, ақыным, ақтарыл,
Шабыттанып, шырқа бүгін, топқа кір.
Тәуелсіздік — арманы еді халқымның,
Тұғырлы қыл көк байрақты, Көк Тәңір!

Ұлтымыздың мәртебесі - тіліміз.
Мұсылмандық тірегіміз - діңіміз.
Қолға - құран, жүрекке иман ұйытып,
Ислам нұрын төксін көктен күніміз!

Жұма намаз оқуға асық, жамағат,
Болашаққа тілім, дінім - аманат.
Кәлимамыз: «Лә илаһа илә ләһ»
Пайғамбарым Мұхамедке — салауат!

Бодандықтан құтылды ақыр халқымыз,
Қайта оралды дәстүріміз салтымыз.
Бейбіт күнде бірлігіміз жарасып,
Сүттей ұйып, бұзылмасын қалпымыз!

Қазақстан - ғажайып ел, жасыл бақ,
Абыройын, атақ-даңқын асырмақ.
Атамекен саған сенім артады,
Үмітті ақта, жаса мәңгі, жас ұрпақ!

АЛПЫС АСУ

Әні: Бақтығали Жұмалиндікі,
Сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Алпыс асу асқарлы той бар елге,
Бәйтерексіз тамыр тартқан тереңге.

Өлең жазып өз тілімде өміршең,
Ән сыйлайын әуені ортақ әлемге!
Қ-сы
Азаматсыз дақ түспеген арына,

Жаралғансыз туған елдің бағына.
Алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүзге кеп,
Шырқайықшы осы әнді тағы да!
Өмір - өзен, тағдыр - шыңға өрлеген.

Қайран уақыт, арман қуып шөлдеген.
Апыста аға - арғымақтай таң асқан,
«Елім, жерім танылады - ерімен»
Қ-сы

«Елім» деумен есейдіңіз ертерек,
Ер еңбегін бағалаған ел бөлек.
Ақтөбемнің мақтанышы өзіңіз,
«Ата» дейді ұрпағыңыз еркелеп.

Қ-сы
Шын жүректен тілегімді қосам мен,
Қуанышқа құшағымды ашам кең.
Асқаралы алпыс жастың таңы атты, Тіршілікті

тебірентіп осы әнмен.

ҚЫДЫР АТА

Әні: Бақтығали Жұмалиндікі,
Сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі.
Қыдыр Ата аралар
Жердің жүзін жар салып!

Көрдіңдер ме, балалар,
Қыдыр түнін қарсы алып?!
Қайырмасы:
Қыдыр Ата келеді,

Нұрын шашып далаға.
Ақ батасын береді,
Ақ пейілді балаға.
Наурыз тойдың шашуын,

Теріп жейік тамсанып.
Қыс тарқатар ашуын,
Көктем келсе ән салып.
Қайырмасы.

Болсын бүгін ырыс күн,
Қала менен далаға.
Кұтты болсын ұлыс күн
Ата менен анаға.

АППАҚ АРМАН

Грек композиторы Gіоrgos Маzоnакіs «Sabbao»
әнінің әуеніне жазылған өлең
Өзіңсіз уақыт,
Өтеді баяу.

Сезімзе батып,
Отырмын ояу.
Болмады жолым,
Таусылды төзім.

Бәріне соның
Кінәлі өзім.
Қайырмасы:
Аппақ арман алға бастап,

Өткен күнді артқа тастап —
Шақырды үміт!
«Кешір» десем ұғатындай,
Сенің бейнең шығатындай —

Алдымнан күліп!
Қаталсың тағдыр,
Көзден жас тамды.
Ақ нөсер жаңбыр,

Түнімен жауды.
Сағындым сені,
Түсіндім жаңа.
Ұғатын мені

Табиғат қана!
Қайырмасы:
Аппақ арман алға бастап,
Өткен күнді артқа тастап –

Шақырды үміт!
«Кешір» десем ұғатындай,
Сенің бейнең шығатындай –
Алдымнан күліп!

Өмірде не бар -
Арманнан биік?!
Әні: Орал-Қосай Байсеңгірдікі.
Сөзі: Сағи Жиенбаев

Ұлы:
Ақ сүт берген аялап,
Аманбысың, анашым,
Алыс жүрген балаңа

Алаңбысың, анашым,
Анасы:
Жазған желдің өтінде
Хатыңды алдым, құлыным!

Төбем көкке жетуге
Жақын қалды, құлыным!
Анасы:
Жан болғасын кеудемде,

Шыдап жүрмін, құлыным!
Хабарыңды желден де
Сұрап жүрмін, құлыным!
Ұлы:

Түнде менің түсіме
Еніп жүрсің, анашым!
Ақ бауырсақ пісіріп
Беріп жүрсің, анашым!

Ұлы:
Таңды көзбен атырып,
Қорғап қазақ даласын.
Туған жерге шат күліп,

Ораламын, анашым!
Анасы:
Келгеніңді жарқылдап,
Анаң көрсін, құлыным!

Ұлы:
Аман болшы, Анашым!
Анасы:
Аман келші, Құлыным!

БАТЫР БАБАЛАР

Әні, сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Мекені абыз, әулие, даналардың
Отпан тау ой-қырыңды араладым
Маң басып Маңғыстауда жүрер ме едің

Болмаса менің батыр бабаларым!
Әуелі, Алла - Құдірет
Мәдинада - Мұхамед
Түркістанда- Қожа Ахмет

Маңғыстауда- Пір Бекет!
Есекмерген,Ер Қосай
Тәңірберген, Сабытай
Шотан, Шоғы, Қозыбақ,

Атағозы,Ер Қонай
Көк найзалы Табынай
Өмір-Темір, Ер Шабай
Желе, жебе, жәрдем ет,

Тілекті Алла қабыл ет!!!
Құдайке, Келімберді зекет берген
Дүрлерім бес парызын өтеп келген
Әріде Қосай бабам ұран болып

Беріде ту көтеріп, Бекетке ерген!
Әуелі, Алла - Құдірет
Мәдинада - Мұхамед
Түркістанда - Қожа Ахмет

Маңғыстауда - Пір Бекет!
Ер Есенғұл, Ер Жанақ,
Қармыс, Айтқұл, Ер Лабақ.
Тоқтамыс пен Қарақай,

Сүгір,Сақау, Ер Мыңбай.
Алшынбай мен Арғынбай,
Дәуімшар мен Құдабай.
Желе, жебе, жәрдем ет,

Тілекті Алла қабыл ет!!!
Әуелі, Алла - Құдірет
Мәдинада - Мұхамед
Түркістанда - Қожа Ахмет

Маңғыстауда - Пір Бекет!
Сүйінғара, Бердібек,
Иса, Досан, Ер Төлеп,,
Амантұрлы-Қожалақ

Балуанияз- Түрманбет
Есенияз-Доспамбет
Ер Жоламан-Бердәулет
Желе, жебе, жәрдем ет,

Тілекті Апла қабыл ет!!!

АҚТӨБЕМЕ

МЫҢ АЛҒЫС!

Жастық шақпен мақтанам,
Тұрса да ол тым алыс.
Аялаған, баптаған
Ақтөбеме мың алғыс!

Сенен шуақ тарайды,
Сенде туды шатты өлең.
Атқан таңдай арайлы,
Ару қалам— Ақтөбем

Жазың сенің жайдары,
Қысың сенің қатал-ақ.
Жіпсіз мені байлады
Саған деген махаббат.

Саған еш жер жетпеген.
Ырыс қонған бақ төбем.
Естен бір сәт кетпеген
Туған қалам — Ақтөбем!

Шақырады арман тым алыс,
Жүрек толы қуаныш.
Атамекен, туған жер,
Елім, саған мың алғыс!

АНА ҮЛГІСІ

Сөзі: Бауыржан Бабажанұлынікі
әні: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Арнаған күй көркемін,ән әсемін,
Сен-дағы бір әкенің баласы едің.

Бүгінде бәйтерексің,жапырақ болып,
Төсіңде жайқаламыз, Ана сенің!
Қ-сы
Шуағын айналаға төге келер,

Жыл сайын көктем болып,көгере бер.
Жалғасын өнегеңді ұл-қызыңнан
Тараған немерелер-шөберелер.
Жымиып қарадың көп қатемізге,

Білмеймін, қадіріңе жетеміз бе?!
Жарқьірап жүре берші арамызда,
Әрдайым сүйеніш боп әкемізге!
Ешқашан бұлт шалмасын аспаныңды,

Жалғай бер өмір дейтін дастаныңды.
Пір тұтып әкемізді ардақтаған
Ғұмырың, ана, бізге асқақ үлгі!

ҚАЙРАН КӨҢІЛ

Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Желтаудың біздің ауыл етегінде,
Арманның жүруші едің жетегінде.
Кетпейді жатсам — түстен,тұрсам — естен, Жәудіреп қарағаның-ай кетерімде.

Қалдым қайран,
Жоқ қой айлам!
Өзіңсіз құра алмаймын
Сауық-сайран.

Қалқам-ай, жүрсек деп ем жарасып-ай, Көзімнен
бұл-бұл ұшып барасың ба?
Қайып та қара тастан жас шығарған
Ән салып Ақбөбекке дәл осылай.

Қайран көңіл,
Өттің өмір!
Жылаймын, қимай-қимай,
Агыл-тегіл.

ЖЕҢІС-

ЖЕҢІС

ҒАЛАМАТ КҮН!

Сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
әні: Нұрталап Жүсіповтікі
Аспанда бұлттар көшеді,
Ызғары бір жел еседі.

Табиғат-Ана жылайды,
Мазасыз күй кешеді.
Қосады әнге арманын,
Кешеді ойдың орманын.

Ұмыта алмас ешқашан
Сұм соғыстың зардабын.
Соғыс,соғыс болмаса екен,
Бейбітшілік орнаса екен.

Әлемнің бар балалары
Алаңсыз ойнаса екен.
Жеңіс, жеңіс ғаламат күн,
Ән тербесін бар алапты.

Туған жерді қастерлейік,
Бабалар аманатын.
Аңырап қалған аналар,
Жәудіреп қалған балалар.

Туған жер үшін құрбан боп
Оралмаған бабалар.
Үміттеріңді ақтаймыз,
Ерліктеріңді жаттаймыз.

Борыштымыз мәңгілікке,
Бейбіт күнді сақтаймыз.

ЖҰБАНОВ

ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Гүл көктем келді, міне,
Көңілге жыр толады.
Жастықтың жалынды әні
Жүректен шырқалады.

Шақырды арман-үміт,
Қол бұлғап алыс қырдан.
Ғылым мен өнер-білім
Біздерді табыстырған!

Елімнің болашағы —
Бақытты ұл-қыздары
Жайнайды, нұр шашады
Жұбанов жұлдыздары!!!

Жарқыра, жайна, жайна,
Жұлдызым аспанымда!
Кел, достар, қол созайық,
Арманның асқарына!

Шаттыққа кенелеміз,
Бақытқа бөленеміз.
Ертеңге үлгі болсын
Бүгінгі өнегеміз!

АРНАУ

Армысыз, әз-халықтың астанасы,
Қазақтың жарқыраған бас қаласы.
Ұрпаққа ұлылықты ұғындырған
Құт болғай игі істің бастамасы!

Шаттықтан бал-бұл жанар гүл өңіміз, Арманға толы біздің жүрегіміз.
Ел сүйген, Елін сүйген Елбасының
Сенімін ақтау біздің тілегіміз.
Астана — бар халықтың мақтанысың, Басыңа

арылмайтын бақ дарысын.
Еңбегі Елбасының ұшан-теңіз,
Баптаған Шығанақтай ақ тарысын!

АРМАНДАП ЖҮРМІН

Армандап жүрмін, айта алмай, жаным, Жүректен шығар сөзімді...
Қиял тербеп, алаулап жандың,
Шалқыттың нәзік сезімді.
Айналып менің бақыттан басым,

Жете алмай жүрмін сағымға.
Әлемнің бар жаһұтын шаштың,
Сорым ба, әлде бағым ба?
Қыз болып неге жаралдың екен?!

Қызғаныш сезім тудырып.
Өмірдің бар тәттісін, еркем,
Ішкіздің маған у қылып.
Махаббат от қой жан шыдамас,

Кетпеші қалқам ұғынбай.
Үзіліп түсті бір тамшы жас,
Көктемгі көктің шағындай...

«ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ...»

Ұлттық арна - ұлтымыздың ырысы, Теледидар -
тіршілігім, тынысым. Жүректерге жігер берер жақсы сөз,
«Қайырлы таң!»-деп бастайтын жұмысын.
Қуанышта бал-бұл жанар, гүл өңі,

Қайғы-мұңға, солғын тартар реңі.
Туған елдің тағдыры үшін журналист
От пен судың ортасында жүреді.
Тек шындықты көрсетуге бекінген

Оператор өтер талай «көпірден»!
Режиссер тыным таппас қашанда
Диктор елмен қоштасқанша эфирден!
Уақыт жоқ! Есептеулі қадамы,

Орындаймыз Елбасының талабын. Директордың ұсынысын қабылдап,
Редактор қолға алады қаламын!
Қоғамдағы келеңсіздік жанды жеп,
Мойнында оның бар ауыр жүк, бар міндет!

Монтаж жасау, дубляжды аяқтау...
Өз ісіңді елге ұсыну - ғанибет!
Айту керек, ақиқатты жасырмай,
Қалмау керек, тақырыптар ашылмай. Ұлтымызды ұлықтайтын қашанда,

Міне, біздің «ҰлттықАрна» осындай!

ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ

ПРЕЗИДЕНТТЕРІНЕ

Армысыз ардақты,
Көш бастаған көсемім.
Жақсылардың жолдасы,
Қазағымның Елбасы!

Деп тілейтін қашанда:
«Соғыс өрті болмасын,
Бейбітшілік орнасын!».
Салған сара жолыңды

Ұрпақтарың жалғасын!
Екі елдің достығын
Бүкіл әлем қолдасын!
Бейбітшілік құсындай

Көгершін жырым қалықтап,
Көк аспанда самғасын!
Ақтөбе ару қалама
Бұрдыңыздар ат басын.

Қонақжайлығын қазақтың
Бүкіл ел болып мақтасын!
Шекарасынан елімнің
Достықтың туын көтерген

Жақсылар ғана аттасын!
Ел бірлігі — достықта.
Отаным — менің отбасым!
Қадамдары құт болып,

Елі сүйген перзенттер
Ел сенімін ақтасын!
«Хош келдіңіз, төрлет» -деп,
Жырыммен аштым айқара

Ақтөбенің қақпасын!

ЖАРҚАМЫС ДЕГЕН

БІР ЖЕР БАР

Сөзі: Тобық Жармағамбетов
Әні: Орал-Қосай Байсеңгір
Албырт жел күймен ойнақтап,
Арқамнан қаққан сол жерде.

Қырда өскен қызыл қызгалдақ,
Ырғала басқан сол белде.
Қайырмасы:
Жарқамыс деген бір жер бар,

Жанынан аққан күміс Жем,
Сол жерде мен де асыр сап,
Сол Жемнен мен де су ішкем.
Баурайы балғын бал құрақ,

Ибалы қыздай иілген.
Ғашық боп бұлты балбырап,
Көз тігіп көктен сүйінген.
Қайырмасы:

Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан аққан күміс Жем,
Сол жерде мен де асыр сап,
Сол Жемнен мен де су ішкем.

Бұлағы сыңғыр жұмбақтап,
Сыбырлап бір наз шертетін.
Нәп-нәзік бұлттар сыр сақтап,
Көңілді тербеп елтетін.

Аңсадым сені,
Сағындым сені,
Күміс Жем!

НӘЗІК БҰЛТТАР

Жазушы
Тобық Жармағамбетовтің
рухына
Сөзі: Ертай Ашықбаев

Әні: Орал-Қосай Байсеңгір
Аспанда алтын сәуле ағылды,
Жарқамыс жасыл кілем жамылды.
Аяулы Тобық ага, әр таң сайын

Өзіңді нәзік бұлттар сағынады.
Қайырмасы:
Дала дарқан, жұртымыз нар,
Жоламайды үркіп ызғар.

Асыл аға, бақыттысыз,
Ұмытпайтын бұлтыңыз бар.
Қадірлі қимас күндер қалды алыста,
Дүние бөленеді таңданысқа.

Аяулы Тобық аға, нәзік бұлттар,
Өзіңді сағынып жүр Жарқамыста.
Қайырмасы:
Дала дарқан, жүртымыз нар,

Жоламайды үркіп ызғар.
Асыл ага, бақыттысыз,
Ұмытпайтын бұлтыңыз бар.
Мәңгілік тау тұлғаңды асқардағы

Жырлайды Жарқамыстың дастандары.
Аяулы Тобық аға, ұмытпайды,
Өзіңді нәзік бұлттар аспандағы.
Қайырмасы:

Дала дарқан, жұртымыз нар,
Кір шалмаган бұлтыңыз бар.
Тобық аға, бақыттысыз,
Ұмытпайтын ұлтыңыз бар.

ӘЙЕЛ

БАҚЫТЫ

Қыз-қызғалдақ— өмірдің гүлі,
Күмістей күлкім- көңілдің нұры.
Сәукелемнен сәуле-нұр тарап,
Шырқап өтсем махаббат жырын!

Алдамағай аққу сенімім,
Көркі болсам мен айдын көліңнің.
Ақбосаға аттаған сәттен,
Атансам екен елдің келіні!

Отыма жаққан өзімді ие ғып,
Ошағымнан кетпей кие-құт.
Бөбегімді бөлеген сайын,
Көкірегімнен тұрса күй өніп...

Ақ келін болсам далама құтты,
Салтымды сақтар санада мықты.
Ұлағатты ұлтын сүйетін
Ұрпақ өсіру- ана бақыты!

Ажырамай алтын тағымнан,
Шөбере-шөпшек шықпай жанымнан.
Рулы елдің әжесі болсам,
Кимешегі күнге шагылған!

АЙТАР ЕМ

ЖҮРЕК

СЫРЫМДЫ

Сезімім тағы гүлдей ме,
Жүрегім тағы сүй дей ме?
Жолықтың маған жарқырап,
Кездеспей кеткен бір бейне.

Өмірдің ұлы көшінде,
Қалмайды бәрі есіңде.
Кездесе бердің сен маған
Тар жолда тайғақ кешуде.

Бір-бірімізді сүйіп ек,
Амалсыз отқа күйіп ек.
Іштегі жалын от болды
Қараган сайын жиірек.

Естіген сайын үніңді,
Баса алмай жүрек дірілді
Қалайша келгем байқамай
Соншама тәттілігіңді.

Не деген сұлу көрікті ең,
Аумайсың ерке еліктен.
Тұрмысқа шығып досыма
Қинайсың, енді неліктен..

Қуансам-дағы сен үшін,
Мұңайсам-дағы сен үшін.
Айтар ем жүрек сөзімді,
Досымның келіншегісің!!!

АСТАНАМ МЕНІҢ

Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Жандарбек Назаров
Атыңды жаздым аспанға,
Қанатыменен құстардың...

Арманға есік ашқаннан,
Сәбидей саған құштармын!
Астана - менің анамның
Алақанындай аялы!

Бәйтерек - менің бабамның Құшағындайсың
саялы!
Өркендеп өсіп, Астанам,
Құлашын кеңге жаяды.

Еріксіз елжіретеді,
Есілдің ерке самалы!
Сүйемін туған жерім деп,
Өзіңнен қымбат жоқ маған!

Әлемнің керуені кеп
Секілді саған тоқтаған!
Бір көру керек көзбенен,
Көркіңді сенің ұғатын!

Сұлулығыңды сөзбенен
Жеткізе алмас мың ақын!
Шаттықтан бал-бұл жанар гүл өңіміз Арманға
толы біздің жүрегіміз

Ел сүйген,елін сүйген елбасының
Сенімін ақтау біздің - тілегіміз
Құт қонып,елімізге бақ дарысын
Елбасы-күллі әлемнің мақтанысың

Ұлтыңды жетеледің ұлылыққа
Баптаған Шығанақтай ақ тарысы

СЕН ҮШІН!!!

Әні мен сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Жұлдызға көкте самсаған
Ғашық боп өтті қанша адам.
Жұлдызым менің, жарқыра,

Өзіңе арнап ән салам.
Қуансам-дағы сен үшін,
Мұңайсам-дағы сен үшін.
Дүниеде бір жан жоқ

Өзіңнен қымбат мен үшін.
Қалықтап қиял, сан арман,
Көремін жақұт жанардан.
Жарығым сенсің жалғанда,

Мен үшін ғана жаралған.
Қуансам-дағы сен үшін,
Мұңайсам-дағы сен үшін.
Дүниеде бір жан жоқ

Өзіңнен қымбат мен үшін.
Арманға бірге барайық,
Қосылып әнге салайық.
Болашақты бетке алып,

Қияға қанат қағайық.

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДЫҢ

ЖІГІТ СҰЛТАНЫНЫҢ

СӘЛЕМДЕСУІ

Айып болмас өлеңін арнаса ақын, Қонысбайдың
ұлымын-Алмас атым.
Ұраным- АСАУ-БАРАҚ - Кіші жүзде
Тектілік ұрпақтарға жалғасатын.

Қазақпыз жеті өлшеп бір кесетін,
Сәбиге ат қойса да ойласатын.
Қашанда өткір болсын деген шығар, Жарқыраған алдаспан Алмас атым.
Мақсатым — әрқашанда- алда болу,

Арманым- теміржолдай алға асатын!
Қазақ боп туғаныма мақтанамын,
Қызық пен қуанышы таңға асатын.
Бақ тілеп баршаңызға амандастым,

Салғай деп әрбір істің Алла сәтін!

ЖҮЗДЕСЕЙІК ЖАДЫРАП

Өлеңі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі әуені: Нұрталап Жүсіпов пен Серік Қарамановтікі «Кел, балалар оқылық» деп жол сілтеді ұлы адам, Арман қуып, алыстадық білім берген ұядан.

Көзге ыстық көрінетін Алтынсарин мектебі
Сагыныштан ән жолдадық, сан қиырдан, қиядан. Қайырмасы:
Кездесейік, кездесейік, кездесейік — Ырғызда,

Туған жердің топырағынан нәр алайық ұл-қыздар. Жылдар өтсін жазылмай жұп, жүздесейік жадырап, Күлкі кернеп, түнгі аспанда жымыңдасын жұлдыздар. Құшақтасып көрістік біз қалай ғана тараймыз,

Осы бір сәт уақыттың өтпегенін қалаймыз.
Ұлағатты ұстаздарға тағзым етіп әрқашан,
Алғыс айтып, аман бол деп қимай-қимай қараймыз. Қайырмасы:

Жиырма жылда өзгермеген құрбылардың барлығы, Шаттық сыйлап, сәуле шашты Ырғызымның таң нұры. Серпілтеді селт еткізіп, сезімдерді сергек ғып, Санамызда сыңғырлайды жез қоңырау соңғы үні.

ӘКЕГЕ САҒЫНЫШ

Әні: Дулат Айтжановтікі
Сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Балалық махаббатпен әкеме ән арнаймын,
Аңсаймын мейірімін іздеймін алаңдаймын.

Қашанда көз алдымда тұрады сенің бейнең,
Өзіңдей пана болар асқар тау таба алмаймын.
Сен — менің тірегім,
Сен — менің жүрегім.

Азамат бол деген
Ақ бата тілегің.
Сөзіңнен, өзіңнен,
Жан әке, қуат ап жүремін.

Жүзіңнен нұр төгілген сәулелі шамдай жарық,
Жан әке, сенің арқаң, алаңсыз сайраңдадық.
Білмеппіз қадіріңді жастықта ойланбадық,
Еске алып әр сөзіңді отырам қайран қалып.

Сен — менің тірегім,
Сен менің жүрегім.
Азамат бол деген
Ақ бата тілегің.

Сөзіңнен, өзіңнен,
Жан әке, қуат алып жүремін.
Сөзіңнен, өзіңнен,
Жан әке, қуат ап жүремін

АҢСАУ

Әні: Нұрланбек Бүркітовтікі
Сөзі: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Арман қуып келген едік қалаға,
Қанша жылдар етті, міне, арада.

Бірге жүрген студенттік шақтар-ай,
Сурет боп сақталасың санада.
Қайран, менің жастық шағым,бал-шағым,
Сені аңсаймын жанарымды шалса мұң.

Қиял деген жүйрік атқа мініп ап,
Қуғым келед ауған кезде аңсарым.
Пәк сезімдер,ақ тілектер тоғысқан,
Арман толы жүректерді аңсадым.

Өтті күндер, қызығына тоймаған,
Сол сәттерді сағынышпен ойға алам.
Ізгі арманды іні-қарындастарым,
Жас дәуреннің қадірін біл жайнаған!!!

АНАШЫМ САҒЫНЫШЫМ

Анашым, өзіңді ойлап, алаңдаймын,
Сая-бақ сенен артық таба алмаймын.
Түсімде құшақ толы қызғалдақты
Ұсынып жүрем, мама, саған дәйім.

Анашым, ұл-қызыңның қорғанысың
Анашым- әкемнің сен арманысың
Ұядан түлеп ұшқан балапаның
Самғайды арманыңды жалғау үшін!!!

Көзіңнен мейірім нұры шашыраған,
Тілеймін саулығыңды асыл анам.
Төгілді әсем ән боп сағынышым,
Қалайша сезімімді жасыра алам....

АҚТӨБЕМ МЕНІҢ

сөзі: Орал-Қосай Байсеңгір
әні: Өмірбек Елеков
Күн санап менің көркейді елім,
Тартады өрге үміт пен сенім.

Арманға алғаш қол создым сенде
Арайлы қалам — Ақтөбем менің.
Қайырмасы:
Ақтөбем менің арман қалам,

Жастықтың оты жанған қалам.
Өзіңнен таусылмайтын бақ көрем,
Жайнай бер, жаса мәңгі — Ақтөбем.
Бағыңда бұлбұл сайраған әсем.

Шамдары жарық, жайнаған көшем.
Демессің артық: «Жәннаты жердің —
Сүйікті қалам, Ақтөбем» десем.
Қайырмасы.

Табиғатыңда өзгеден ерек
Жарыса өскен қайың мен терек.
Сулулығыңа сән беріп сенің
Сылдырап аққан ерке өзен Елек.

ПЕРЗЕНТ ЖЫРЫ

сөзі: Орал-Қосай Байсеңгір
әні: Шынбергеп Сүлейменов
Алғысым өзіңе өмірде мың,
Өзіңмен бақыттың төріндемін.

Әкетай жанымда сен болмасаң
Орнайды жабырқап көңілге мұң.
Анашым ардағымсың,
Аяулы асыл әнім.

Әкешім қорғанымсың,
Сен барда жасымадым.
Сіздерге әнімді арнап
Теңіздей тасынамын.

Әкешім өмірде мақтанышым,
Анашым арайлы ақ таңымсың.
Жадымда жатталды жалғыз сөзің
Дейтінсің «басыңа бақ дарысын».

Батаңнан бойыма қуат алам,
Сөзіңмен өзімді жұбата алам.
Бар ма екен анадан асыл адам,
Бар ма екен әкеден қымбат адам.

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ

сөзі: Орал-Қосай Байсеңгір
әні: Сейсен Айтжанов
Даласы гүл-гүл жайнаған,
Бағында бұл-бұл сайраған.

Көкжиегінен күн күліп
Құлпырды айналам.
Қайырмасы
Бәйшешек ерте гүл атқан,

Тап-таза мөлдір су аққан.
Қазақстаным бұл менің
Бар халық ұнатқан.
Бәйшешек ерте гүл атқан,

Тап-таза мөлдір су аққан.
Қазақстаным бұл менің
Бар халық ұнатқан.
Асыр сап ойнап күлемін,

Бақытты өмір сүремін.
Бейбітшілікті қалайды
Балалық жүрегім.

АЗАМАТ

әні: Орал-Қосай Байсеңгір
сөзі: Мұқағали Мақатаев

Ауылда өскен бауырларым қайдасыңдар сендер? Туған жердің топырағы шақырады белдер.

Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар,
Бұйығады бұлақтар да, шайқалады көлдер.
Қайырмасы:
Азаматтар оралыңдар, оралыңдар елге!

Туған жерсіз бақыт та жоқ, бола қалса сенбе.
Қалай ғана оралмассың, бара алмассың сендер
Кіндік қаның тамып қалған қасиетті жерге.
Шабындықта бөденелер, шегірткелер ән сап,

Жасыл тоғай жабығуда, өздеріңді аңсап.
Оралыңдар, оралыңдар, оралыңдар елге,
Біздер үшін неге керек атақ, даңқ, маңсап.
Шақырады шабындықтыр бұйра шашты талдар

Жолдарыңа кез тігуде кемпір менен шалдар
Туған жердің аспаны да азан салып жоқтап
Жұлдыздардың кездерінен отты жасы парлар.
Қайырмасы.

ОРАЛ АҒАҒА ӘН-ТІЛЕК

әні: Сейсен Айтжанов
сөзі: Оралбай Кәметия
Қош келіпсіз қуанышты кешке бұл,
Кештің сәні құшақ толы десте гүл.

Қүттықтаймыз той иесі Оралды,
Мәңгі қалсын, мәңгі қалсын есте бұл!
Салтанаттың сәні болсын әніміз,
Қосылайық, қол соғайық бәріміз.

Әр жүректі Алла нұрға бөлесін,
Жадырасын, жадырасын жанымыз
Әзілі әнімен, көктемі жазымен,
Көңілді тербеткен әсерлі сазымен.

Оралдай ағамыз, артық қой бағаңыз,
Бастаймыз, тойды біз! Қараңыз, қараңыз!
Туған жердің туын биік көтерген,
Азаматтар өмір сүрмес бекерден.

Елдің жайын, елдің жайын жырлайық,
Тәуелсіздік, тәуелсіздік әперген!
Орал аға мұның бәрін ән қылып,
Махаббатты жырға қосқан жандырып.

Өмірде де, өнерде де бағыңыз
Жана берсін, жана берсін мәңгілік!
Шаттыққа кенелген, көңілді көрермен,
Біз шашу шашамыз, сіздерге өнерден,

Келіңіз, көріңіз, мінекей, төріміз,
Бағасын өнердің өзіңіз беріңіз.

МӘҢГІЛІК ЕЛ –

ҚАЗАҚСТАН!

Туған жерім,өскен елім,
Сен деп соғар жүрегім.
Қазақ елі, гүлдене бер,
Перзенттік бұл тілегім.

Қазақстан гүл жайнасын,
Басынан бақ таймасын.
Шат-шадыман барлық адам
Мерекені тойласын.

Мәңгілік ел, Қазақстан,
Қазақстан жайнасын!
Қанатына күн қондырған
Қыран құсым самғасын!

Атыңды мен қосам әнге,
Қосамын жыр-өлеңге.
Достық туын көтере бер,
Үлгі қылып бар елге!

АҢСАР

өлеңі: Бауыржан Бабажанұлы
әні: Орал-Қосай Байсеңгір
Ақ шағала айдынның төсін өпсін,
Қарамайды қара аспан есінеп шын.

Сен ар жақта, қалқам-ау, мен бер жақта, Жайқалады жапырақ, несі кетсін.
Арғы жаққа ұмтылып мен өте алмай,
Бергі бетке ұмтылып сен өте алмай.
Сен ұядан ұша алмас балапандай,

Мен құсы кеп қонбаған алақандай.
Жайқалады жапырақ ағаш бекем,
Қанша ғашық түбінде бал ашты екен.
Көзің жасы Еділге тамды-ау, сірә,

Суын татып керіп ем, ап-ащы екен.
Арғы жаққа ұмтылып мен өте алмай,
Бергі бетке ұмтылып сен өте алмай.
Сен ұядан ұша алмас балапандай,

Мен құсы кеп қонбаған алақандай.

АЙДАЙ ҚҰДАША

Әні мен сөзі: Орал-Қосай Байсеңгір
Гүлі болам бүгін ортаның,
Би де билеп, күй де тартамын.
Әлемдегі тамаша әнді

Құдашама арнап.
Құдашама арнап,
Құдашама арнап айтамын!
Айдай құдаша,

Күндей құдаша,
Өмір тамаша сізбен!
Айдай құдаша,
Күндей құдаша

Көңіл жарасар сізбен!
Жүрген жүріс киім үлгісі,
Таңдай қағар талай мың кісі.
Алақанда аялап өтем,

Жеңешемнің аппақ,
Жеңешемнің аппақ,
Жеңешемнің аппақ сіңлісі!
Сала алмаймын сезімге құрық,

Таға алмаймын жүрекке құлып.
Мына өмірдің сәні болсын деп,
Жаратқан ғой бізді, жаратқан ғой бізді.
Құда бала- құдаша қылып!

АҚ БЕСІКТЕ АЙДАЙ БӨПЕМ

Әні Орал-Қосай Байсеңгір
Сөзі Мағиза Кұнапияқызы
Ұйқыға тәтті бөленген шағың —
Ғажайып елес гүл сағым.

Ұлпадан нәзік мұздаса тәнің
Мейірімменен жылытамын.
А-а-а-а-ай
Ақ бөпем, ақ бөпем

Ақ бесікке жат, бөпем!
Сен үшін мәңгі жүрегім жасыл
Жапырағындай шыршаның.
Базарды кездім бөлейтін сені

Матаның іздеп жұмсағын.
А-а-а-а-ай
Ақ бөпем, ақ бөпем
Ақ бесікке жат, бөпем!

Балапан сынды талпыншы тағы,
Көңілім көлдей тасысын.
Күлкіңнен сенің кеудеме менің
Қуаныш гүлі шашылсын!

А-а-а-а-ай
Ақ бөпем, ақ бөпем
Ақ бесікке жат, бөпем!

МЕН КЕЛЕМІН...

Әні: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
сөзі: Сәтжан Дәрібайдікі
Сеземісің, мөлдірім, мен келемін,
Қарсы алдымнан шықсаңшы сен де менің.

Мен келемін қақ жарып кең даланы,
Кең даладан сені іздеп сенделемін.
Ырғағымен пойыздың тербелемін,
Сеземісің халімді сен де менің.

Қыз Жібегін аңсаған Төлегендей
Мен келемін... мөлдірім, мен келемін!
Телміремін жабысып терезеге,
Кең жазықтан көз талды көре-көре.

Ақ көрпеге оранып дала жатыр,
Жасырады өз жүзін неменеге?!
Ырғағымен пойыздың тербелемін,
Сеземісің халімді сен де менің.

Қыз Жібегін аңсаған Төлегендей
Мен келемін... мөлдірім, мен келемін!
Қалып жатыр қырат бел қар жамылған,
Қараңғылық қысады жан-жағымнан

Мен отырмын сыйынып бір Аллаға
Көремін деп маңдайға жазғанынан!!!

ОРАЛШЫ ҚАЙТА,

ОРАЛШЫ!

Әні: Орал-Қосай Байсеңгірдікі
сөзі: Талғат Тілеулесовтікі
Ұмытып бәрін бір күнде,
Кеттің сен жастық желікпен.

Сонау бір әсем күндерге
Орала берем ,орала берем,
Орала берем неліктен?
Аяулы асыл арманым,

Арманым мені алдадың.
Арайлап атпай таңдарым,
Қалайша жалғыз қалғаным?!
Арайлап атпай таңдарым

Қалайша жалғыз қалғаным?!
Өзің ең көңіл көктемі,
Бақ құсым едің көктегі.
Оралшы, қайта оралшы,

Сағынта бермей,сағынта бермей,
Сағынта бермей көп мені...

ҚАЗАҒЫМ

Әні Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Сөзі Батан Отарбаеванікі
Жалынды жүрек жастарым,
Қосылып бірге бастарың.

Елдіктің туын көтеріп,
Ерліктің жаздың дастанын.
Тілекті жыр қылып жазамын,
Егеменді елім — ажарым.

Нұрсұлтан салған жолменен
Ілгері бассын қазағым.
Тұрмыстың тартып азабын,
Жат жұрттың көрдің мазағын.

Ешкімге енді ешқашан
Болмасын бодан қазағым.
Тілекті жыр қылып жазамын,
Егеменді елім — ажарым.

Нұрсұлтан салған жолменен
Ілгері бассын қазағым.
Қазағым өсіп өнсе екен,
Басына бақыт қонса екен

Қазақтың әрбір баласы
Халықтың ұлы болса екен.
Тілекті жыр қылып жазамын,
Егеменді елім — ажарым.

Нұрсұлтан салған жолменен
Ілгері бассын қазағым.

ЕРЖАН СЕРІКБАЕВҚА

АРНАУ

Әні Дулат Айтжановтікі
Сөзі Орал-Қосай Байсеңгірдікі
Азаматымен Арыстың
Ақтөбеде таныстық.

Өнер деген ұлы жолда табыстық. «Байқамаймыз екен ғой»,
«Тағдыр жолы» бөтен ғой.
Келем дедің, қоштаспай қол алыстық.
Өкінемін сол үшін,

Осы күні мен үшін.
Әндеріңді айтқан жанның бәрі ыстық.
Өзіңді, аға, сағындым,
Өзегін өртеп жанымның,

Сағыныштан сарғаюмен күз келді
«Неткен өмір», «Кім білген»,
Күндер қайда бір жүрген?
Жапырақтар басты жүрген іздерді... Достығымызды бағалап,

Әніңе қостың аялап,
«Ақтөбеде достарым» деп біздерді.
Кеттің бе, Аға, жыраққа,
Дауысың келер құлаққа.

«Алға, қазақ жігіттері»,
«Сен үшін» Ашығын тілеп аспанның, «Көтерейік, деп, достарым».
Шырқаушы едің, жан аға, ел үшін.
«Сен қасымда болмасаң»,

«Қайырлы таң, Алматы» —
Әсем әндер еді аға мен үшін
Өзіңді, аға, сағындым,
Өзегін өртеп жанымның,

Сағыныштан сарғаюмен күз келді.
«Неткен өмір», «Кім білген»,
Күндер қайда біржүрген?
Жапырақтар басты жүрген іздерді... Достығымызды бағалап,

Әніңе қостың аялап,
«Ақтөбеде достарым» деп біздерді.

ҚАЗАҚТЫҒ ЖАҢА ЖЫЛЫ

Кернеген кеудемізді
Шаттықтың күйі қандай?!
Кең жайған керегесін
Қазақтың үйі қандай?!

Тербеткен тал бесікте
Анамның үні қандай?!
Әлемге нұрын төккен
Наурыздың күні қандай?!

Ұл-қызы арман қуған
Жұлдыздай дара туған.
Күтеміз шаттықты,
Күтеміз бақытты

Қашанда жаңа жылдан!
Ән болып төгілеміз,
Шашу боп шашыламыз.
Жаңа жыл келген сайын

Гүл болып ашыламыз.
Мойымай қиындыққа,
Жабырқап жасымаңыз.
Сіздерді қуантуға

Әрдайым асығамыз.
Хош келдің, жаңа жылым,
Жарқыра, жаңа күнім!
Сән беріп сауыққа,

Ән сыйла халыққа.
Қазақтың Жана Жылы!

ЖАУ-ЖАУ

ЖАҢБЫР

Көктем келді нұрлана
Елжіреді Күн-Ана
Балбұлақтар шаттанып
Су жүгірді жылғаға...

Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр
Адамзатты таң қалдыр Жадыратшы,жайнатшы
Көктен жерге тамған нұр!
Қадамыңа гүл өссе

Бақытың ол емес пе
Маған көктем ұнайды
Биыл тіптен ерекше!
Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр

Адамзатты таң қалдыр
Жадыратшы,жайнатшы
Көктен жерге тамған нұр!
Наурыз тойдың шашуын,

Теріп жейік тамсанып.
Қыс тарқатар ашуын,
Құстар келсе ән салып.

ҚАРАЛЫ ЖИЫН

Сол жылдары...Саясат жаулап сананы
Тайғанады тарланбоздардың табаны.

Елім деп соққан жүректерді жер жұтып, Азаматтардың мезгілсіз келді-ау ажалы.

Жесір ғып жарды, жетімек қылып баланы,
Аңыратып ақ шашты абыз ананы.
Күңірентіп күй тербейтін даланы,
Жамылды ерлер жазықсыздан даланы.

Қақпайды күмбір,көңілдің бүгін күймесі.
Мүмкін бе,сірә,Ұрпақтың мұны білмесі,
Аңыз боп қалған адамдар жатыр бұл жерде.
Мәңгілік есте! Әруақтардың бейнесі.

Ерлерім елім, ұмытқан жоқ жатырқап,
Сабағынан үзілді қанша жапырақ.
Жиналған жұртым, тағзым ет арыстарыңа
Бас иіп өтсін, өткенге мәңгі Жас ұрпақ.

Сапта тұр бүгін,ұландардың сән құрып.
Есімі ердің оралды қайта жаңғырып,
Ақталған арман,ақиқат жеңген күн үшін
Атылсын оқтар!

(Құлақта қалсын жаңғырық.)

ҚЫДЫР КӨРГЕН ЖАРЫ НАЗАР

Қашанда сөз ұстанған жазар бәрін
Сөйлесем ағын судай тазарғанмын
Ағайын білер ме екен осы күнде
Адайда Қыдыр көрген Назар барын!

...Бұл күнге аңыз болып жеткен Назар
Ел үшін аттан түспей өткен Назар
Иманы жан жолдасы, ары таза
Намазын қаза қылмай өткен Назар

Көп пенде жүрсе-дағы армандаумен
Келмейді тарих қайтып таңғалғанмен
Оқыпты таң намазын Назар баба
Қасиетті Қыдырдай Пайғамбармен!

...Ол кезде адам басқа, ғасыр бөтен
Бүгінгілер ізіне татыр ма екен
Халқының қамын ойлар бір жан болса
Қыдыр да тап солардың қасында екен...

...Шотан, Майлан, Тастемір, Құдайберген
Ұлдары екен Назардың құдай берген
Қыдыр ата сұрапты, «Назар інім
Не тілейсің» депті дейд, шырайлы өңмен

Депті Назар: «мен жеттім арманыма
Қыламын шүкіршілік жан-жағыма
Төрт ұлым- төрт құбылам аман болғай
Бер депті батаңызды балдарыма!»

Қыдыр ата жайыпты алақанын
Айтайын деп ұрпақтың болашағын
«Шотаным - ел қорғайсың аттан түспей
Майланым- малмен шығар бар атағың!

Құдайберген- Алла берер таңдайыңа
Шешендік бақ боп қонар маңдайыңа
Тастемір - ұрпақтарың көп болады
Атымтай- Жомарт атан аймағыңа!

Ел-жұртың, аман болсын, малың депті
Ырза қыл, ісіңменен қалың көпті!»
Әумин деп бет сипапты Назар баба
Қыдырдың сол батасы қабыл бопты!

ЖЫР ДАРИЯСЫ-СЫР ЕЛІНЕ!

Артқан соң зор сенімін маған елім,
Сәлемін Ақтөбенің ала келдім.
Нұрпейіс Байғаниндей атамыздың
Әніне әуелетіп сала келдім!

Әйтеке, Ер Есеттің еліненбіз,
Әлия батыр қыздың жеріненбіз!
Мөңке әулие, Қобыланды қуат берсе
Күйі боп Қазанғаптың төгілеміз!

Бас ием, Қазақ деген ұлы еліме
Алаштың анасына —Сыр еліне
Атасы Көк Түріктің — Қорқыт бабам
Киелі қобыз үні - жүрегімде!

Көнеден жеткен жырың көмейіңде
Ол сенің мәртебеңде, мерейіңде
Даусы алтын Роза мен Мәдинаның
Бұлбұл құс ұя салған көмейіне!

Ғанименен Мұстафаның арман әнін,
Болашақ армандарын жалғар әлі
Жалаңтөс баһадүрдің ұрпақтары
Рухы қолдап жүргей Жанғожаның!

Нұртауған, Тұрмағамбет шайыр бабам
Жырыңды күллі қазақ мойындаған
Өнердің өшпейтінін дәлелдеді
Кешегі Бекұзақтар жалындаған

Манапты, Нартайларды қылған аңыз
Жарасқан, Әбдіжәміл, Зейноллаңыз
«Танымас күш атасын» дегенменен
Күшіне Ильяның иланамыз!

Атағын алты алаштың аспандатқан
Жырымен жанарлардан жас парлатқан
Сыр бойы- жыр боп төгіл әр жүректен
Бола бер, Қызылордам- досқа мақтан!

Шығатын алда биік асуымыз
Шабыттан-дариядай тасуымыз
Сарқытын ұлылардың алып келдік
Ән мен күй, ұлттық өнер шашуымыз!

ӘН БАСТАУ

Ағайынға айтатын алғысым көп,
Бірін-бірі іздейтін бармысың деп.
Садағасы арымның жаным дейтін,
Басымды ием халқыма армысың деп.

Жүректерді жырлатып,
Әсем әнді тыңдатып.
Өздеріңмен қауышу
Бізге бір бақыт!

Шаттық орнап көңілде,
Қуанышты өмірде.
Таусылмасын той-думан
Туған елімде!

Туған жерімде!
Жүректерді жақсы сөз жылытқандай,
Өкпе-назды күн тусын ұмытқандай.
Байлығын бер иманның ұлтымызға,

Мың жасасын әр қазақ Ұлықпандай!

АСЫҒАМЫЗ АРМАНҒА

Жасарады, жаңарады бар ғалам,
Жаңа жылға қызығамын, таңданам.
Жадыратып жанға шуақ сыйлайды,
«Жаңа жыл» деп, «Жаңа жыл» деп салған ән!

Асығамыз,асығамыз арманға,
Шыршаларда үміт оты жанғанда.
Бақыт құсы қанат жаяр қонам деп,
Жаңа жылға жарты минут қалғанда!

Жастығыңда жалындай біл, жана біл,
Жаңа бақыт басталардай жаңа өмір.
Жас келіннің желегіндей жарасып,
Жамылады ақ ұлпа қар қала, қыр!

Жаңа бақыт басталардай жаңа арман,
Жаһұт көрем жарқылдаған жанардан.
Жас жүрегім жақсылықтың жаршысы,
Жұртым үшін жырлауға тек жаралған!

Жаңа жылда жадырасын күлкіміз,
Жаңа жылда бұзылмасын шырқымыз.
Жаңа жылым жетелей бер биікке,
Жарқын болсын жылқы мінез ұлтымыз!

МЕКТЕБІМ

Өлеңін жазған Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған Марат Жанғазиев
Шырқасын шәкірттер жыр-әнін,
Мектебім — құт мекен тұрағым.

Өзіңде- өнеге,тәрбие,
Сарқылмас мәңгілік
Білімнің бұлағы!
Мектебім менің- өмір бастауы,

Өзіңде өтер жалын жас шағым...
Күміс қоңырау, күй болып кернеп,
Кеңітесің сен көңіл аспанын!
Ұстазда — ұлағат, ұлылық,

Орнатар жүрекке жылылық!
Сүйікті мектебім ұл-қызын
Ұшырар ұядан,
«Күтем - деп, - бір үміт!»

Мектебім менің- өмір бастауы,
Өзіңде өтер жалын жас шағым...
Күміс қоңырау, күй болып кернеп,
Кеңітесің сен- көңіл аспанын!

МЕНІҢ АНАМ

Аңсағанда анамды, көңіл алаң, Сағыныштың сазымен әнге салам. Тыныштықты тербеткен тал бесікте, Мейрімі мол, әлемде, менің Анам!

Анашым - данасың,
Мен үшін дарасың.
Өзіңдей жан асыл,
Табылмас жанашыр.

Қамқорым сен, қашанда кеңес берер,
Жан жетпейді өзіңе теңестірер.
Көк аспанда ақша бұлт қалықтаса,
Көз алдымда ақ шәлің елес берер.

СӘҢКІБАЙ АТАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНІҢ АШЫЛУЫНДА Армысыз, қуанышқа құмар халқым,
Ұлыңды ұлықтасаң шығар даңқын.
Қазақты қуантуға асыққандай,
Ұядан шуақ шашып, шығар әр күн.

Ақының келді ортаға арнай жырын,
Қырандай қанат қағып, самғайды үнім
Сәңкі атам «Қыдыр көріп», тілек айтып,
Алаштан асырған ғой бар байлығын.

Жырымен шашу шашты ақын балаң,
Куә боп қуанышқа жатыр далам
Аппақ шың Ақботаның биігінен
Тұрғандай көз жүгіртіп батыр бабам!

Халқына қорған болған би Сәңкібай,
Ұрпағың даңқыңды айтып жүр шалқып-ай.
Тұрғандай саябақтың саясынан,
Жем бойы жусанының иісі аңқып-ай...

...Бай да өзі, батыр да өзі, би де өзі
Жауының басын жерге иген өзі
Сәңкі атам шаттанып тұр, мақтан қылып
Қазақтың көк байрақты сүйген кезін!

Көзінде әр қазақтың жалын-от бар,
Шаттансын елім бүгін, тартсын көкпар.
Ұл тусын Сәңкібайдай әр отауда,
Ру емес ұлтының, мұңын жоқтар!

4.07.2014 жыл

ЕСТЕ ҚАЛСЫН...

Сөзін жазған Бижан Қалмағамбетов
Әнін жазган Орал-Қосай Байсеңгір
Іздеп мені, туған ел, алаңбысың,
Сахарадан самғайды саған құсым

Жастығымның куәсі, ыстық мекен,
Ару қалам, достарым, аманбысың?!
Жаңғырығы бұл күннің көпке барсын, —
Өмір өзі жақсысын екшеп алсын.

Қуанышта басымыз қосылған күн —
Осы кештің әр сәті,
Осы кештің әр сәті
Есте қалсын!

Алып-ұшпа сезім бе, балалық па,
Мойын бұрып өткенге қарадық па?
Сағыныш қой —достықтың дәнекері
Қанша жылдар өтсе де аралықта.

Жаңғырығы бұл күннің көпке барсын,
Өмір өзі жақсысын екшеп алсын.
Қуанышта басымыз қосылған күн —
Осы кештің әр сәті,

Осы кештің әр сәті
Есте қалсын!
Берейін деп күш-қуат, барымды елге,
Баласындай сүйреген бәрін өрге.

Қане, достар, құрметпен бас иейік,
Жол көрсеткен ұстазға — тәлімгерге.

Өзіңе арнап қыр гүлін мен терейін
Сезімнің де сыйлайын ең тереңін
Сағыныштың сазынан сарғайғанша
Махаббаттың отына өртенейін

Көктемеде гүл ектің көңіліме
Айналдың сен айнымас серігіме
«Бақытым!» деп, мен сені бағалаймын
Шуақ шашқан күнімсің өміріме...

КӨРКЕЙЕ БЕР,

ТУҒАН ЖЕР!

Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Әнін жазған: М.Тәжіғұлов
«Ел» деп сокқан жүрегі,
Қардай әппақ тілегі

Алаңдайды ауылға
Туған жердің түлегі.
Қайырмасы:
Жаса, жаса, Туған Ел!

Бар жақсыны жиған Ел.
Көріне бер биіктен,
Көркейе бер, көркейе бер,
Көркейе бер, Туған жер!

Атамекен-жыр әнім,
Туған жерім-тұрағым
Ұмытпайды ұлы Елін
Ұлтын сүйген ұланың.

Ауыл менің — арманым,
Әлі аңсаймын таңдарын.
Самал желмен жетсе екен
Сағынышым - сазды әнім.

КӨКТЕСІН,

ҚАСИЕТТІ АДЫРАСПАН!

Ерте кеттім, туған ел құндағыңнан
Тіл қатамын Ақтөбе жыр- бағынан!
Ауылымның түтінін, есіме алсам..
Жүрегімді тербейді бір мұңды ән!

..Жан дүниемді бөлейтін жылылыққа
Басымды ием, сағыныш-ұлылыққа!
Медеу болар, көңілге- демеу болар
Туған елім, тірелді тығырыққа..

Ызғырық жел, ызғып соққан өкпеден
Жаңбыр жаумай, малға арман- көк деген
Жолға шықсаң, ұшқан құста көрмейсің
Адам бар ма, мұнда бейнет шекпеген!

Тіршілік жоқ, құм көшкіні айналаң
Сұрқай күндер, бір-бірінен аумаған
Шалдар анау, күлтөбенің басында
Зар заманға зығырданы қайнаған

Жиған малы- байлығы адалдан-ақ
Ішіп-жемі солармен бағаланбақ
Аш қасқырлар айнала торуылдап
Ауыл иті үреді шабалаңдап..

Тына қалса құлағың шыңылдайды
Көрмегендей күй кешпе бұрын қайғы!
..Білте шамға үймелеп бала-шаға
Жарыса оқып, сабағын дуылдайды.

Көкіректен кетпейді күйікте лез
Кең заман-ай айылын жиыпты тез
Жарық-зәру, күн батса қара түнек
Ағараңдар алыстан бейіт-күмбез.

-«Киеден де заман ғой, қадір қашқан..»
Жанарда жас, жұртты ойлап жаным ашқан
Тәңірім, нұрыңды төк Жер-Анаға,
Көктесін қасиетті адыраспан!

Оймауыт-Дияр, 1994жыл

АРАЙЛЫ АҚТӨБЕДЕН —

АҚ ЕРКЕ АҚЖАЙЫҚҚА!

Армысың асау Жайық, ару Жайық
Бір көру арман еді дидар-ғайып.
Самалың жұпар екен, суың кәусар
Нәр алдым сұлулықтан жаным байып!

«Тірлікті бірлікте» деп ұққан елім,
Достықтың туын ұста мықтап елім.
Сұңғыла Сырым баба, Мәншүк батыр,
Ақұштап, Жұбан, Қадыр шыққан елім!

Шабайын арғымақтай алмай тыным,
Сал Мұхит, Ғарекеңдей самғайды үнім.
Арайлы Ақтөбенің жыр шашуын
Қабыл ал,сәлемімді Ақжайығым!!!

Ақжайық нұр ойнайды іреңіңде,
Келгендер шын бақытты бұл өңірге.
Көрген жан саған біткен сұлулықты,
Сақтайды мәңгілікке жүрегінде!

Орал қаласы.
11.09.2013 .

ЖАСАЙ БЕР, БІЛІМ ОРДАСЫ!

Өлеңін жазган Орал-Қосай Байсеңгір
әнін жазган Нұрланбек Бүркіт
Арманға жету — тілегім менің,
Қағады лүпіл жүрегім менің.

Ақ бата беріп, ақжолға салған
Ата-анам — асыл тірегім менің!
Тілекке толы өмір арнасы,
Жарқыра, жайна, көңіл айнасы!

Қарсы алып бізді,
Құшағын жайған
Жасай бер,

ЖҰБАНОВ -БІЛІМ ОРДАСЫ!

Өзіңе келіп, таптым достарды,
Білімге құштар, жалын жастарды.
Тілеймін мәңгі армандастарға
Заманды бейбіт, ашық аспанды!!!

Өнеге беріп, үйреткен бізді,
Шуақ шашатын жандары ізгі.
Шәкірттеріне үміт артатын
Үлгі тұтамыз, Ұстаздар, сізді!

11.11.2013 ж

АТЫРАУ — АСЫЛ МЕКЕНІМ

Әні мен сөзін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Ару Жайық, армысың,
Ұлы Нарын бармысың?
Қазағымның бөліскен

Қуанышын, қайғысын.
Атырауым-ақ айдын,
Ақжайығым-арайлым.
Шағалаңды шарқ ұрған

Шаттығыма балаймын.
Құрманғазы, Динаның
Күйін шерткен бұл дала.
Исатай мен Махамбет

Дүбірлеткен бұл дала.
Атырауым-ақ айдын,
Ақжайығым-арайлым.
Шағалаңды шарқ ұрған

Шаттығыма балаймын.
Жүрсе-дағы тым алыс
Аңсап өткен Бейбарыс.
Алтын бесік — туған жер,

Атырауға мың алғыс!
Атырауым-ақ айдын,
Ақжайығым-арайлым,
Шағалаңа шарқұрған

Шаттана мен қараймын!

НҰР-АСТАНА

Әнін жазған: Болат Боранов
Сөзін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Орындаушылар: Мирас, Құралай Бекжановтар және Динара Қырықбаева
Алтын Ордам,

Сарыарқа төсінде
Жарқыраған!
Болсын мәңгі
Халқың аман!

Бақ дарысын,
Ән болып, тілегім
Ақтарылсын!
Қазағымның

Мақтанысың!
Қол созған арманның есігіне,
Бөленген бақыттың бесігіне,
Назары әлемнің осы күнде —

Өзіңде тұр, Астана!
Арнадым көркіңе жыр- Астана
Жайнай бер, Нұр - Астана!
Айбынды еліме сенем,

Даңқыңды биіктен көрем,
Астана- Бәйтерек!
Жайылған тамыры терең...
Ақ моншақ шашуын шашып,

Есілім толқиды тасып!
Тұрсың сен Астана,
Бар ұлтқа құшағыңды ашып!
Ән күйіммен,

Көркейдің күн санап
Әлдиіммен!
Ән күйіммен!
Әлдиімнен!

Гүлденесің,
Жадырап жайнайсың,
Түрленесің!
Гүлденесің!

Түрленесің!

САҒЫНЫШЫМ ЖЕМ БОЙЫ

Музыкасын жазған: Дулат Айтжанов
Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір
Тал бесікте тербеткен анам менің,
Дархандығы дарыған далам менің.

Сағыныштан сыздаған-ән жүрегім,
Жем бойына келгенде табар емін.
Туған жерім Жем бойы - сағынышым,
Куәгері жастықтың - жалынысың.

Шырқалады жүректен шыққан әнім,
Бір естелік ұлыңнан қалу үшін!
Қызғалдағың бүр жарған қуанышым,
Жусан иісі ақынның жыр-әнісің.

Ұл-қызына Жем бойы үнін қосқан,
Таусылмайтын өнердің бүлағысың.
Түн тыныштық. Ай ару. Көркем едің,
Шабытымды оятқан ерте менің.

Балдәуренді қалдырып ер жетсем де,
Келе берер өзіңе еркелегім

АРМАНЫМ –ӘНІМ

Өмірде мынау қас-қағым
Өзіңе құмар жас жаным
Арманым-әнім,ақ гүлім
Сүймеймін сенен басқаны..

Махаббат мәңгі көктемдей
Самал боп беттен өпкендей
Армандап жүрген ақ құсым
Сағынтып мені жеткендей

Жүрегім оттай жанғанда
Қол создым биік арманға
Бақытым болшы сен менің
Аялап өтер жалғанда

Көңілдің көктем жазындай
Айдынның аққу-қазындай
Сезімге сызат түсірмей
Жұбымыз жүрсін жазылмай...

САҒЫНЫШЫМ-ӘНІМ

Музыкасын жазған Марат Жанғазиев
Өлеңін жазган Орал-Қосай Байсеңгір
Атқан сайын арайланып таң алдан
Жетелейді сан арман

Санамдағы сағынышым өзіңсің
Елес болып .... оралған.
Қайта оралмас бағым
Бұлдыраған -сағым

Келсе қайтып, шіркін
Ең бақытты шағым!
Ойлайсың ба, жаным
Кеудемде от-жалын

Өзің болдың мәңгі
Сағынышым-әнім...
Атыңды да айтып қалам байқамай
Оралады ой талай

Осы бір ән сенен қалған естелік
Айта берем қайталай...
Орал інім,байқаймын арқалысың
Өмір талай өзіңе артады сын

Өнеріңе дем беріп, өріс тілер
Аялы да, аяулы жар табылсын!
Әзімбек Жанқұлиев

ӘЗІЛ ӨЛЕҢ

Жыр жазамын көңілдің хошы келіп,
Жүргеннен соң өнердің көшіне еріп.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжандай,
Жасағандай боп жүрдім тосын ерлік.

Сұлулардың сырғасы сыңғыр қағып
тұрса да,
Қыз таба алмай жүрдім налып.
9 мамырда қолым жетті-ау,

Берлинді алғандай қуандым Нұргүлді алып!

СКАПЕННІҢ АЙЛАСЫ

М. Нөгербеков аударған Ж.Б.Молъердің «Скапеннің айласы» қойылымы кейіпкерлерінің өлеңдері. Өлеңін жазған: Орал-Қосай Байсеңгір.

Жүрші, досым, алда,
Соңында елдің қалма.
Дос болғандар меніменен
Қалмайды жолда!

Алдамаймын сенгін,
Талай елді көрдім.
Ел мақтаған, қыз жақтаған
Скапен - Менмін!

Қыңырыңды да,
Қырсығыңды да
Жолын тауып, жөнге салам,
Жүрсе ығымда!

Ерем десең — ергін,
Көнем десем — көнгін.
Мен білмейтін нәрсе
Астында жердің.

Жарасар бар қылық,
Шығармаймын бүлік.
Қулығыма менің
Бойламас құрық!

Ақша деген — су,
Тиын деген — бу
Табыс өзі іздеп табар,
Болсаң егер қу!

Жұрт ақылды алса,
Сорлы болмай сонша
Скапенге қолы жетпей,
Жүргендер қанша!

Күмбірле, күй төгіл,
Көтерілсін көңіл
«Адамдардың бәрі - актер.
Театр - өмір!» (Шекспир)

Уәде емес құр,
Жұртым айтып жүр
Айласы мол Скапенің
Алдыңызда тұр!

Табаныңмен шоқ басып,
Неге керек соттасып?!
Тұрмын саған жақтасып,
Айтайын Аргант, тап басып!

Артық ақша бергенге
Кетеді бәрі жақтасып.
Арын сатар ақшаға
Адвокаттар - боқ сасып!

(ойлана) Сараң адам ұрысқақ!
Түсініп ал дұрыстап,
Жалған протокол жазады.
Бюрократ - пристав!

Ішерсің талай уды да,
Әділдік, сірә, туды ма?
Мани- мани бермесең
(жайлап) «Мә!» — дейді саған судья.

Қиындық мұндай шекпегем,
Терімді текке төкпегем.
Ақылың болса аздаған,
Ақша керек көптеген!

Төлейсің: 1. Сенім қағазға; 2. Протокол жазған сабазға; 3. Арызыңды тіркеткенге; 4. Бүйрегі саған бүлік еткенге; 5. Қылт еткенге, 6. жыл еткенге; 7. Консултация - кеңеске; 8. Адвокат тамақ жемес пе?! 9. Ісім жүрсін де тездетіп,

(Көрінбейді көзге түк)
Уәде — осы, қыс қолды,
Әкел 200 пистолды!
Р.S. пистол - ақша

БАЙСЕҢГІР ЖЫРАУ

Тарих беттерін парақтасақ, сайын сахара төрінде талай мәдени, әдеби мұраларымыздың дәріптелмей жатқанына көз жеткіземіз. Бағалы жәдігерлер мен қызыл тілге келгенде қамшы салдырмай саулаған талай сөз зергерлерінің біразының аттары атаусыз қалып, шығармаларын шаң басуда. Уақыт көшін кері бұрар қандай әулие. Кешегімізге көз сала бастасақ кемшілікті кеңес үкіметіне артып, күрсінеміз. Ия, ол жылдарды еске алудың өзі қасірет. Дегенмен келмеске кеткен кер заман кезінде жіберген олқылықтарымыздың орынын толтырар уақыт жетті. Әңгімемізге арқау болар Маңғыстау ойы мен Атырау даласын, Ақтөбе өңірін ен жайлаған көшпенді жұрттың жазылмай жүрген жарасы да, дәріптелмей жатқан дарасы да мол. Тегінде біз, арамыздағы ардақтымызды бағаламай, айдаладан алтын іздейтін әпенді жұртпыз-ау. Сонау көне жыраулардан мұрты бұзылмай жеткен киелі жыраулық дәстүрді бек сақтаған «адайдың белгілі бес жүйрігі». Абыл, Нұрым, Ақтан, Аралбай, Қашағандар мен желдей ескен «жеті қайқының» ізін басқан кейінгі жырау- жыршыларды халық хан көтеріп құрметтегенімен, кеңес өкіметі ұлттық өнерді мейлінше тұмшалап ұстағаны ақиқат. Сол бір сойқан кезеңде еркін шырқап шаба алмай өткен жүйріктің бірі - Қосай Байсеңгір Көптілеуұлы. Жүзінен нұры төгілген, шағын балуан денелі, астында есік пен төрдей көк аты бар, жанынан қара домбырасын тастамайтын кісіні, халық «Байсеңгір жырау» атандырады. «Халық айтса - қалт айтпайды». Байсеңгірдің дәуренінде даңқты дүлдүл болғандығына шежіре жандардан жеткен төмендегі деректер дәлел. «Қыдыр көрген Қосайдың тұқымы», «үш жолдасың болса, біреуі Қосай болсын», «қырық жігіт жауға аттанса, қолды Қосай бастасын» деп қазақтың қара шаңырағын ұстап қалған, найзасының ұшы алтын Кіші жүздің халқы бекер айтпасы анық. Сегіз арыс Адайдың басы қосылған жиын- тойларда, бата берер тұсқа жеткенде қалың қауымның: «Қосайдан кім бар!» деп сұрау салатынын естіп те, көріп те жүрміз. Көнекөз қарттардың айтуынша 1959-1961 жылдар шамасында Түркіменстанның Дашховуз облысының Тахта көпір, «Ызымықшиыр» маңынан, Байғанин ауданы даласына: «Ата-бабамның сүйегі жатқан атамекенім, қасиетті топырақ», деп, тәу етіп, бес ұлыменен Байсеңгір деген кісі, немере ағасы Қылышбай екеуі көшіп келеді. Ежелгі ата қонысы Жем-Сағыз өңірі, Желтау - Үстірт - Жылой аралығы екен. Ел ішінде Байсеңгірдің жыршылығы, азаматтығы, палуандығы жайлы сыр шерте алатын ақсақалдар қазірде кездеседі. Солардың бірі, жыраумен талай жолдас болған Байғанин ауданы, Ебейті ауылының байырғы тұрғыны, соғыс ардагері, марқұм Есқуат Төкешов айтқан естелік «Байғанин ауданында, «қой тұқымын асылдандырамыз» деген науқанда, Байекең екеуіміз бас болып Форт-Шевченкодан бірнеше мәрте отар-отар саулық қой айдап келгеніміз бар. Жаздың күні «тоғы шайқалмасын» деп жайып айдап, ай, ай жарым уақытта Қопаға жететінбіз. Жат жердің жыра- жықпылы көп, түн баласы малшылар көз ілмей қой күзетеді. «Ұйқы жауға» жол жоқ! Дегенмен «аңдыған жау, алмай қоймайды». Қойшылар қалғи бастаса, Байекең домбырасын алып шырқап береді. Қоңыр үн таңғы самалмен қосылғанда ұйқың шайдай ашылатын». Есқуат атамыз: «Байеке, көп жырладың, шаршайсың ғой» десе, «бұл құрғырды қайталап тұрмаса, кейінгіге қалмайды ғой» дейді екен Байекең. Көбіне- көп жырлайтыны «Қарасай-Қази», «Орақ- Мамай», «Қобыланды» сынды батырлық жыр-дастандар мен Абыл, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Аралбай, Әбубәкірдей дүлділдердің насихат сөздері, ұстазы, қазақтың соңғы жырауы атанған Ескелді Сүгірдің жыр-термелері екен. Реті келгенде айта кетейік, атақты Ескелді Сүгір Бегендікұлы Байсеңгірдің Тоғайбай деген ұлы үйленгенде Ажар деген келінінің бетін ашқанда, қалы кілем жабылған, түйе жетектетуі, жырды құрмет тұтқанның белгісі болса керек. Ел ауызында: «жұрт «Ер Едігені» тыңдар алдында дәрет алып келетін» деген сөз бар, бүгінде соны естігенде, «қара сөздің қадірін білген қайран бабам-ай» деп еріксіз бас шайқаймыз. «Бұрынғының бәрі әулие» деп Мәшһүр Жүсіп бекер айтпаған ғой. Алтай ауылының тумасы, бүгінде Ақтөбе қаласында тұратын Қойшыбек ағамыз да Байсеңгірмен жүздескенін былайша әңгімелейді: «Ертеректе Самға көмекші шопан болып бардым. Ол кезде «Қызыл әскер» бөлек, «Жданов» бөлек, «Қопа» бөлек, бірақ, бәрінің орталығы «Тұрыш» еді. 1960 жылы қыс айында түйе жетектеген салт атты бір жолаушы келіп, Садуов Орынбасар деген ағаның үйіне түсті. Жан-жақтан хабар күтіп отыратын құйттай ауыл адамдарының, кімнің үйіне қонақ келсе де хабар тыңдау үшін жинала қалатын әдеті ғой, жетіп бардық. Ол кезде адам жатырқау деген жоқ, «төрлет, төрлет» болды да қалды. Төрде қызыл шырайлы, өңді кісі отыр екен, ой-й бір әңгімешіл адам екен, сөзге қарық қылды. Ең қызығы сұраса келе Орынбасарды іні қылды, ақыры батасын беріп, түскен үйінің босағасына нар маясын байлап кетті. Ол кезде біреудің аузы аққа тиіп, біреудікі тимеген кез, «апырмай, бір көрген кісісіне мынадай жақсылық қылады, жақынына қайтеді екен» деп таң қалысты жұрт! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дөп айтып отырғаным ғой. Жарықтық талай жақсы өтті ғой», -деп қалың ойға шомып қалды, Қойшекең. Тағы бір дерек, Бештамақтағы Тама Есет батырдың басында шырақшы болған Айтаманов Орақ ақсақал Байекеңе балдыздығы бар кісі екен, жездесімен көріскен бір сәтін баяндайды. «Жас шағымда буаз інгенін іздеп жүріп, Байсеңгір ауылының үстінен шықтым. Соғыс аяқталып, ел тоғайған кез. Апам қазаннан баданадай-баданадай бауырсақтарды тоғытып алып жатыр екен, «дәм ауыз тиіп, жүрем» дегеніме қарамай, жездем: «отыр да отыр қылды». «Қап, түйемнен айырылатын болдым-ау» деген ойымды дөп басып: «Түйеңді күн көтерілмей, ботасымөн бірге табасың», деді және айтқаны айнымай келді. «Құр адам емес қой. Сөзендінің құмында жұмыртқа пісетін ыстықта, жалаң аяқ жүріп, ораза ұстайтын» еді», деп бір тоқтап, Орақ қарт әңгімесін былайша түйіндеді: Бесқала жақ, аламан басын құрлатып, жыршысын жырлатқан, қазақтың салт-дәстүріне бекем ел ғой. Сондай жиындарда Байекең жырлап отырып, бір көзін күрес алаңынан айырмайтын. Намысқа шабатын шақ туа қалса, домбырасын қоя салып, күресе кететін әдеті бар еді және жықпай қоймайтын қызбалығы да болатын. Орақ ақсақал айтқан жыраудың күреске түскен палуандығын мына мәлімет нақтылай түседі. «Бір күні Байсеңгір түскен үйге кірсем, демалып, ұйықтап жатыр екен, байқағаным, шалқасынан жатқанда, балтырының жуандығынан өкшесі жерге тимейді екен» - дейді, Ақтау қаласының тұрғыны Сағымбаев Амангелді. Ал, Байекеңнің азаматтығын танытар әңгімелердің бірі мынадай: «Қопа да отырғанымызда - қай жақтан екенін білмеймін - жетімдер үйінен бір орыс баланы әкеп, біраз баққаны есімде» дейді Алтын әжесінің бауырында өскен, Құлсарыда тұратын Қаншайым апа. Алтын Әжібайқызы бір рет егіз, бір рет үшен көтеріп, сегіз баладан бес ұлын аман өсірген жан, 98 ге қараған шағында дүниеден өткен. Байсеңгірдің атасы Кенжебайға нағашы атасы Бегей Қараша молда батасын беріп, беліндегі кісесін сыйлапты. Құдай қолдап Кенжебай да қасиет қонған, айтқаны келетін ауызы дуалы жан болыпты. Бақиға көшерінде: «маған молда іздемеңдер, құбыла жақтан ақбоз ат мінген кісі келеді, сол жаназамды шығарады» деген екен, айтқаны келіпті деседі (бейіті Сам, Тұрыш жағында «Шолақ» деген қорымда). Осы Кенжебайдан — Көптілеу, Жылданбай, Қылышбай туады. Көптілеуден Таусеңгір, Қали, Ақілгек, Байсеңгір өрбиді. Ақілгек қара тоқа Сағын дегенге ұзатылған екен, одан үш қыз және Нұрлыхан атты ұл қалады, өзі ауырып қайтыс боларында: «Кенжебай атамның кісе- белбеуін әкелші» деп өтініпті. Көптілөу ашаршылықта інісі Қылышбайды іздеймін деп жүріп, қызыл өкіметтің құрығына ілініп, содан оралмайды. Байсеңгір әкесі Көптілеуге Самда, 1967 жылы, желтоқсанда ас беріп, құран шығартыпты. Байсеңгірдің белгілі ақын Сүгір Бегендікұлымен етене араласқанын жоғарыда айтқанбыз. Тіпті «қасына еріп өнегесін, батасын алыпты» дейді, білетіндер. Сол Сүгірдің шау тартқан уағында, 1950-жылдардың тұсында, Бесқала жерінде елге сыйлы азамат -Айтқұл Әбілғазы мен Нұрақ басқарма үлкен той қылып, «Сүгір, Шамығұл, Ұзақбайлар үлкейді ғой, оларды әурелеп қайтеміз, оның үстіне Сүкең Есқуатын уайым қылып жүргенде, жырлап бер дегеніміз әбестік болар, Құнанорыс Дүзмағамбетпен өзіміздің Айтқұл Байсеңгірде жырдан кенде қылмас» деген кеңесті той иесі де құп көреді. Бұл әңгіме Сүгірдің құлағына жеткенде Ескелді Сүгір мен Шоңай Шамығұл: «Жырламасақ та, бата берер едік қой», депті, кейін бір жиында сол ағайындар арасында, Сүгірдің өзі кесікбас домбырасын қолына алып, назын айтқан екен. Бүгінде Маңғыстауда тұратын Серкеш Сәрсенбай жыршы, Қырықмылтық Бүркітбай жыраудан қалған (ескі кассеталар сақталған) сол сөзді жаттап, жер-жерде айтып жүр. Бұл сөзді кезінде жыршы Құнанорыс Рейім Құрмантайұлы да жырлаған екен.

Сүгірдің назы
Құтты болсын құрдасым
Қуанышты құралың
Әруақты Ер Қосай

Қасиетті еді ұраның,
Ақсақал басы егізім
Жақындықпен жолдадым
Әбілғазы, Нұрағым!

...Әр алуан сөздерді
Есітіп жатыр құлағым
Шақырмапсың тойыңа
Қартайды деп бұларың ...

Қосайдың қалсам тойынан
Қабыл болсын айта алмай
Бұлай да қалай тұрармын
Былтырғы тойда айта алмай

Кесел тапты пырағың
Жыр айтпаған шалдардың
Батасы қабыл болмайма
Қасиетті ошағы-

Менде өзіңнің Мұңалың
Шақырмасаң шақырма
Бесеуі кем алпыс жас
Қарылыққа барма лажым

Мен не күнәнің иесімін
Жиын менен тойларды
Тарқатқан еді кесібім
Баламның барып тойына

Бермегесін батамды
Ажалды жетіп, кешікпей
Ашқаны жақсы ғой Сүгірдің, әләу-у-у
Ләқаттың баян есігін...

«Айталмайд» деп көпшілік
Тауып жүр ғой сөздің расын
Қарылықтан жаман зат бар ма еді-ау Қысқарғанда шығар-ау құлашым
Жолаушы балам да келе алмай

Хабарын оның біле алмай
Қайғы, кәрілік қабаттап
Тырнағым сынған қыранмын
Баса алмай жүрген ұясын

Көпшілікпен барғанда
Мен сөйлемей жатам ба
Сөзімді бұлдап сатам ба
Нағылам оның дүниясын!

Зерек көңіл қызыл тіл
Енді көтті қысалық
Сөйлесеңде ыриясын!
...Елу деген еңку жас

Сыйланды ғой талай біздің бас
Жапыра шапқан жүйрікпін
Құдай берген ауылмыз ғой
Өлсем де құрал бұзылмас

Кетірді ғой менің бәсімді
Жасаған өлмей ұзын жас
Көңілге келген қиялым
Өкпелеген жоқпын қарындас...

...Мен жүйрік едім жүлделі
Сәттігүл мен Қашаған
Ақтаннан алған үлгіні
Бармай кетті ғой Шамыгүл

Ол да Адайдың бұлбұлы
Адайдың жақын арасы
Дүзмағамбет барды дегесін
Оның да сөйлейтұғын жолы бар

Келімбердінің үлкен баласы
Ежелден ердің сойы еді
Тойыңды сауып беріпті ғой
Өзінің бар да шамасы

Біз орнымызды бердік балдарға
Рахмет айтып құлшынып
Қуанып жатыр екі шал
Шамығүл, Сүгір данасы

Ендігі қызық балдарда
Шақырудан қалғасын
Шамырқанар шалдарда
Сөйле десе, сөйлейміз-ау

Ұяты кеткен үлкендік
Азайғасын ар бар ма
Ей,бізден кетті ғой бұл өнер
Еріп жүрміз ғой қоя алмай

Нәпсі деген заңғарға
Дүзмағамбет, Байсеңгір
Ода өзімнің балдарым
Несіне болам арманда!

Көңілдегі сөзімді
Жақындық үшін жолдадым
Әбілғазы ақсақал
Нұрақ бастық-сардарға

Қабыл болсын айта алмай
Торқалы тойдан қалғасын
Сөйледі ғой шайыр арманда
Маған да оңай болған жоқ-ау

Айталмасам жыр құрсын
Жырымнан батам арзан ба!
...Шыққан жоқ мүйіз басыма
Адай,Әлім, Байұлы

Бәрі қалмай жиналып
Боқыш пенен Тауанның
Байрағын озып алғанда
Бәйгеге шапқан тарланның

Енді аяғын тұсадың
Қатардан қалған қарылықтан
Зіл қара шалға ұсадым
Биялай бұлғап қондырған

Қыран құс еді-ау мысалым
Сүкесі едім-ау кешегі анау
Оңайбай мен Мұсаның
Ендігі еске салдыңыз

Бұрынғы өткен қысаның
Ал,Нұрақжан шырағым
Баяны болсын баланың
Құтты болсын айтуға

Шіркеулі беті ағаның
Өкпелеген сөз емес қой
Түсінерсің де өзің қарағым
Өлілердің жиынын

Тірілердің түйінін
Бәрін де көрген данамын
Осыменен сөзімнің
Мұқтасар еттім тәмәмы...

Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған халықаралық жыршылық байқаудың бас жүлдегері, сөз зергері, жыршы — Амандық Көмекұлы. «Байсеңгірдің мақамын алғаш рет шешемнен естідім, Ел ішінде нағашымның дауысы жазылған үнтаспа немесе тағы басқа суреттері сақталуы ғажап емес. Егер сондай мұралар болса ұрпақтарына табыстағаны дұрыс қой» дейді. Байсеңгірден өрген Бурабайды, өкімет жаңа ашылған «Дияр» совхозына жұмысқа жібереді. Қызмет бабымен шалғай ауылға көшкен баласы Бурабаймен бірге келіп, көп ұзамай Байекең дүние салып, қыр басында жалғыз зират пайда болады. Жұрт оны «Байекеңнің басы» деп атап кетеді. Сексенге аяқ басқан ұлы Ноғайбай мен оның Құлсарыда тұратын інісі Асанның айтуынша, тірлігінде құдай берген өнерімен, палуандығымен елге танылып, аты жайылған Байсеңгір Көптілеуұлының дүниеден көшкеніне 45 жыл, туғанына 105 жыл толады екен. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады», дегендей Байсеңгірдің өнері немере, шөберелерінен айналып өтпегеніне куә болып жүрміз. Мысалы, ата даңқын асырған «Біздің ауыл тамаша», «Адай қыз», «Жарқамыс вальсі», «Бәкір аға» сынды талай танымал әндердің авторы, ҚР Құрмет Грамотасының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің әлі талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз.

Әзи Есен-Түгел
Философия магистрі
«Түркі фолъклорының философиясы»
гылыми-зерттеу орталығының директоры

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті.

«КЕҢ ДҮНИЕ ТӨСІҢДІ АШ,

МЕН КЕЛЕМІН!»

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы студенттер театры Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» пьесасын сахналап, көрермендер назарына ұсынғанын газет бетінде хабарлағанбыз. Бұл қаладағы студент жастар үшін ерекше қуанышты оқиға болды. Бір жағынан оқуларын оқи жүріп, екінші жағынан өнерге деген бейімділіктерін сынап көрген студент жастармен, олардың рольде ойнаған ұстаздарымен және осы театрдың жетекшісі, режиссер ретінде тырнақалдысын қойған Орал Байсеңгіровпен жолығып, әңгіме көрігін қыздырған едік.

ОРАЛДЫҢ ОЙ САЛАРЛЫҚ ӘҢГІМЕСІ

— Орал, Т.Ахтанов драма театрында неге жүре бермедің? Абдолла, Жарас, Әбілқайыр тәрізді бейнелерді сахнаға шығаруға мүмкіндік алған жеріңнен кеткеніңе біздің ішіміз ашиды.

— Бұрынғы ақпарат, қоғамдық келісім және мәдениет министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың «Өнер адамдарын басқармау керек, оларға жағдай туғызу керек» дегені бар- ды. Сол айтпақшы, театр жалақысы өзіңізге белгілі, әртүрлі оқиғалар өтті басынан, әйтпесе кетейін деп кеткен ештеңем жоқ.

— Студенттер театрын ашу ойыңа қайдан келді? — Университет жанынан 850 орындық Студенттер сарайы

пайдалануға берілгелі жатыр дегенді естіп, залын, сахнасын келіп қарадық, сахнасы айналып тұрады екен. Мұндай ғимарат тұрғанда театр ашуға мүмкіндік молдығын түсіндім. Университет ректоры ұсынысымызды қабылдап, соның ақыры осылай болды. Студенттерден театр құрдық. Студенттер өз ықыластарымен жиналды, ешкімді қинаған жоқпыз. Шетінен жанып тұрған жастар, өнерге құштар, алғыр, түсініктері түзу. Елу шақтысы келіп еді, жиырмасын ішінен іріктеп-сұрыптап алдық.

— Студенттердің сабағына байланысты қиындық туған жоқ па? Мысалы, мұғалімдер тарапынан дегендей.

— Әрине, қиындықсыз ештеңе болмайды. «Не оқы, не біржола артист бол» деген оқытушылар да болды. Мен оларға шара қолданатын дәрежедегі адам емеспін. Репитицияларды сабақтан тыс уақытқа қойдық. Дегенмен құр білім алып қана қоймай, жанына жақын көрген өнерімен де рухани дүниесін байытқан жастарға дем беріп қойса, ұстаздар да ұтылмайды деп ойлаймын.

— Режиссерлікке бет бұру себебің?

—Драмтеатрда біраз тәжірибе жинақтадым. Мен Алматының мектебінен өткенім жоқ, дегенмен оған өкінбеймін. Менің өнердегі ұстаздарым Дихан Жәлекенов пен Мағзом Бақытжанов, бірі Тәшкеннен, бірі Алматыдан білім алған жандар. Марқұм Мұхтар Арын ағамыздың «Артиске оқудың керегі жоқ, оның, оқуы — репитиция» дейтіні бар еді, шынында адам өз білім көкжиегін ізденістер арқылы кеңейтеді, мен осы жағына көп мән берген жанмын.

— «Қош, махаббатты» жастарға жақын тақырып деп таңдадың ба, ендігі жоспарың қалай?

— Бұл пьесаны Мұқағали ақынның жетпіс жылдығына орай сахналадым. Қойылымның режиссері мен болғанмен, ұжымдық еңбек. Спектакльді музыкамен көркемдеген Қанат Айтбаев, Бақытбек Зейнелов, Аймұрат Мәжікбаев деген талантты достарым. Ал біздің қойылымға есіктерін айқара ашқан облыстық драмтеатрдың көркемдік жетекшісі Лира Шәріпова ханымға, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Еркін Құрманбеков мырзаға, ақыл-кеңесін аямаған сахна шебері Мағзом ағама алғысым шексіз. Шалқия апамыз гример қызметін атқарып, артистерімізге көмектесіп жүрді, алдымыздағы аға толқынның осындай оң көзқарасы біздің театрдың аяғын тең басып кетуіне жәрдем берері анық. Жұрт ақша берсе, репертуар мәселесін ақылдаса отырып шешеміз. Мысалы, Құдайберген Жұбанов отбасына арналған Жиенғали Тілепбергеновтің «Сүйіскендер» атты пьесасын тауып, соны сахнаға шығару ойымызда бар. Егер студенттер театрын қолдайтындар табылып жатса, жоспарымыз көп.

— Ал енді Студенттер театры деген дырдай атағы бар мәдени мекеме артист студенттерге ақы төлей ме, жоқ әлде қоғамдық негіздегі нәрсе ме?

- Әзір ондай мәселе әңгіме болған жоқ. Марқұм Қалтай ағамыздың бір қалжыңы бар еді: «Ойбай, ондай ақшаға мысық та тышқан ауламайды» дейтін, сол айтпақшы, тегін жатқан дүние жоқтығын ескеретіндер бар шығар.

Философия кафедрасының оқытушысы Айшуақ Дәрменұлы: «Жастар: «Біз бармыз!» деп үн қатқандай.

— Айшуақ, студенттер театрына деген қажеттілік бар ма? — Студенттердің бәрі де қазақы түсінік-тәрбиені бойына сіңіріп

өскен ауыл балалары. Ұлт өзін-өзі іздеп жүрген уақыт секілді қазір. Қазақпын деген адам өзінің ішкі дүниесіне үңіледі, бұл театр да сондай бір ізденістердің жемісі деп ойлаймын. Әл-Фараби сынды ғұлама кісі: «Адамға тәрбие имандылықпен берілуі керек, ғылым-білім содан кейін. Ал егер керісінше болса, ол тек апат әкеледі» дейді. Қазір орталық көшелерге көз салсаңыз, арақ-шарап сататын дүкен мен дүңгіршектерден, жарнамалардан өзге ештеңе жоқ. Адамның рухани дүниесіне әсер ететін нәрсені байқамайсыз. Ғылым мен техника алға озып, адамдардың рухани азғындауы белең алған кезеңде мұндай студенттер театрының қылаң беруі игілікті нышан.

— Өзіңіз де кенеттен артист болып шыға келдіңіз. Профессор ролі ұнады ма?

— Артист болам деген ойым жоқ еді, Орал досымның, қолқасымен, шәкірттерді қолдау ниетімен профессор роліне шын көңіліммен кірістім. Профессор ғалым Ғабитовичтің сөзі ұнады. «Шаттыққа, шабытқа, қуанышқа толы шығарма тудыр» дейді Бағдатқа. Қазіргі әндер ылғи бір зарзаманды соғады. Жастардың тыңдайтыны — шетелдік не әлдеқандай жолы болмаған махаббатты жырлайтын жылауық, арзан әндер. Студент деген жастықтың, қуаныш пен ұмтылыстың, оптимизмнің, символы деп түсінемін. Жастармен бірге жүрудің өзі керемет. Олар осы спектакльді қою арқылы өздерін елемейтін не кінәлауға әуес қоғамға өкпелеп, тізгінді өз қолдарына алғандай әсер етті маған.

КӨРЕРМЕНДЕР НЕ ДЕЙДІ?

Кенжеғали Кенжебаев, Қ.Жұбанов атындағы университеттің ректоры, профессор:

— Унивөрситет әз атына лайық деңгейден көріну үшін мұндай театрдың құрылуы орынды деп ойлаймын. Бастаманы құптап, залымызды беріп, қолдан келген көмегімізді жасап жатырмыз. Еш нәрсе бірден болмайды ғой, бұл театр өз қойылымдарымен көпшілік көңілінен шығып жатса, біртіндеп күш алады деп есептеймін. Біз барлық мәселеде де қолдау көрсетуге әзірміз. Оған мүмкін-дігіміз мол. Мұндай театрды заңдастыру үшін біраз уақыт қажет. Біртіндеп аяғынан тұрып кететініне сенеміз.

Ал студенттердің үлгерімі жақсыларын ғана қатыстыру жағын ойлау керек шығар, екі жағын алып жүрем деген ынталары болса, қиын шаруа емес қой.

Мағзом Бақытжанов, Т.Ахтанов атындағы қазақ драма театрының режиссері: Бұл спектакльге Оралдың, жалпы ұжымның аз тер төкпегені байқалды. Режиссерлік шешімі, образдарды саралауы, өзіндік топшылауы — бәрі де діттеген жерден шыққандай. Мұқағали идеясы жүзеге асқан. Суретші Шоқан Қали салған Мұқағали портреті спектакльдің ойын айшықтай түсті. Жалғыз ғана рояльден басқа түк жоқ, осындай жұпыны безендірілгеніне қарамастан, талапкер жастар спектакльді жақсы алып шықты. Бағдат, Асан, Бану, Айбар — төртеуі төрт түрлі, бір-біріне мүлде ұқсамайды, өзіндік орындары бар, әбден ізденгендері көрініп тұр. Спектакль соңындағы балетмейстер Армангүл Құрметжанқызы қойған бидің де мәні үлкен. Қазақта «Үй үстіне үй тіксе, одан да жылы болады» деген сөз бар, Оралдың осында жөні де, жолы да бөлек студенттер театрын ашуға бел бууы батылдықтың, тапқырлықтың белгісі деп ойлаймын. Сондықтан өзіміздің соңымыздан ілесіп, бізді жіті қадағалап отыратын жас буынның бар болғаны біздің етек-жеңімізді жинай түсуімізге, жауапкершілігімізді арттыруға итермелейді. Сондай-ақ, осы спектакльге ғимаратымызға жиналған лықа толы халықтың басым көпшілігінің жастар болуы олардың осы киелі шаңыраққа деген қызығушылығын арттыра түседі деген үмітті оятты. Дихан Жәлекенов, «Алақай» қуыршақ театрының режиссері: — Әңгімені облыстық драмтеатрдан бастап таратайын, өйткені Орал актер ретіндегі алғашқы қадамын сол жерде бастады. Марқұм Мұхтар Арын сынды азаматтар драмтеатрдың негізі қалануына қалай әсер етсе, одан әрі оның қаз тұрып кетуі үшін де бас ауыртты. Университет жанынан театр студиясын ашып, актерлер дайындады, қазіргі драмтеатрдағы актерлердің дені соны бітіргендер. Енді сол ағамыз бастап кеткен үрдісті жалғастырып, университет өз жанынан театр құрып, тағы бір жағымды жаңалық ашты. Мәслихаттың депутаты Төлеген Қуаныш деген азамат :«Сізге актер тауып қойдым» деді бір күні, көзі күлімдеген, әдеміше келген, қолында домбырасы бар осы Орал әнді шырқады келіп. Мәдени-ағарту училищесінде оқиды екен, «театрды сүйем» деді, содан не керек, біздің адам болып шыға келді.

Шын актер сахнада жан алып, жан береді. Орал сондай актер екенін танытты. Басқа рольдерін былай қойғанда, Әбілқайыр сынды ішкі қатпары мол саясаткер роліне тәуекел еткені бәрімізге белгілі. Әйтеуір Оралдың тамырында Әбілқайыр ханның қаны ойнағанын ұққандай болдық. Оралдың екінші тәуекелге барғаны — студенттер театрын ашуы. Бұл ерлікпен пара-пар іс болды. Режиссер ретінде тағы бір қырын танытқан Орал аз қиналмаған шығар. Ақтөбеде режиссер деген де некен-саяқ қой, қатары осындай жастармен толыққанына қуаныштымыз. Актер кезінде бізді талай шырылдатып еді. Енді соны басынан кешкенде түсінген шығар. Мұндай театр басқа да оқу орындары жанынан ашылса, ұлттың тілін насихаттайтын бірден-бір орын дер едім. Ақ жол тілеймін Оралға, ештеңеге мойымасын, осы ісінен берекет тапсын деймін. Ақылбай Құлымшин, саяси әлеуметтік пәндер кафедрасының мәдениеттану пәнінің оқытушысы:

«ЕГЕР СТУДЕНТ БОЛСАМ, ТЕАТРҒА

ТҮНЕР ЕДІМ»

Студенттер тетарының ашылғанына шын қуандым. Бәрін естігесін Оралға: «Көмек керек болса айт» дедім. Өзім де өнерге іңкәр жанмын, мектеп, институт қабырғасында әртүрлі көріністерде ойнап көргенім бар. Біз студент болып жүргенде мұндай мүмкіндік болғанда, шіркін-ай, театрға түнеуден де бас тартпайтын едім. Студенттер жанын салып кірісіп жүр, оларға да осындай бірдеңе үйренетін, рухани, эстетикалық ләззат алатын орта керек-ақ. Жастардың рухани байлығына мән беріп, осыған мүмкіндік туғызған профессор Кенжеғали Кенжебаевқа көп рақмет. Имам Шәмілдің қылышында «Бір нәрсе жасағысы келіп соның нәтижесі туралы күдіктенген адамнан ерлік шықпайды» деген жазу бар екен, үлкен сахна көрмеген студенттермен осы шаруаны қолға алып, халыққа жеткізе білген Оралдың ісін ерлікке санаймын. Айша ролінде көрінген Жұлдызай Обаева, филология факультеті журналистика бөлімінің 2-курс студенті.

«МЕН АРМАНЫМА

ЖЕТКЕНДЕЙМІН»

Бала күнімнен сахнаға шығып, әртүрлі рольдерде көрініп жүрмін. Білмеймін, бірақ апамның ақылымен журналистика бөліміне түстім. Болашақта әзіл-сықақ бағдарламаларын жүргізсем деймін. Айша ролін Орал ағайдан өзім аттай қалап сұрап алдым. Әйтпесе маған тигені — Зағыш ролі еді. Студенттер театры ашылады дегенде қалып қойған жоқпын ба деп жылап жібере жаздадым. Сахнаға шыққанда қол-аяғым дірілдеп кері қайтып кететін шығармын деп қорыққам жоқ, тіпті спектакльдің біткенін байқамай қалыппын. Бағдат Теміржан Төлеубаев, жол қозғалысын ұйымдастыру факультетінің 2-курс студенті:

— Бұл театр туралы біздің топтың старостасы Ерлан Қыдыровтан естідім. Ойнай алам ба деген күдік болды. Өзім бірқатар музыка аспаптарында ойнаймын, Бағдат ролі бөтен болған жоқ. Қорықтым жұрт алдына шығудан, өз ролімді алып шықтым-ау деп ойлаймын.

Асан — Думанбек Қалдымұратов, жол қозғалысын ұйымдастыру факультеті, 2-курс студенті.

— Режиссердің «Актерлік деген — шығармашылықпен айналысу, өзіңмен-өзің жұмыс жаса» дегенін ту етіп ұстадым. Өзім де мектепте рөльдерде ойнайтынмын. Асан ролінде маған ұнағаны — оның қайсарлығы. Асылгүл — Бануға бұрыннан ғашықпын, өйткені екеуміз бір класта оқығанбыз. Жеті ай дайындалған спектакльдің жақсы қабылданғаны қуантты.

Бану — Асылгүл Айдарова, филология факультеті журналистика бөлімінің 2-курс студенті:

«БАНУ ЕКЕУМІЗ

ҰҚСАЙМЫЗ»

Банудың бойындағы биязылық, инабаттылық кез келген қазақ, қызының бойында болуы тиіс деп ойлаймын. Бану ролінің өз еншіме тиетініне сенімді болдым. Думанбек — Асанмен өмірде де бірге оқыдық мектепте, сосын қалжыңдап жатқаны ғой. Шынында, бала күннен бірге өскен достарыңмен сахнаға қатар шығу өзіңді еркін сезінуге көмөктеседі екен. Тап өзім ойлағандай шығара алмаған сияқтымын. Белгілі бір дәрежеде сәтті шықса шыққан шығар. Соңғы репитицияда қатты толқыдым. Бұл өзі кісіні селт еткізбей қоймайтын жаңалық болды. Айбар — Маралбек Сағынғанов, журналистика бөлімінің 1-курс студенті, он жеті жаста:

«МАҒАН БАҒДАТТЫҢ

РОЛІ ҰНАП ЕДІ»

Маған Орал ағай өлең оқытты, содан Айбар ролі еншіме тиді. Егер Айбар бейнесін шығара алмасам, Мұқағалидың әруағы кешірсін. Мен Бағдатты ойнағым келді, оның ауыл туралы сөздері ұнады. Көңілім құлазып жүрген сияқты еді, спектакль аяқталғаннан кейін кеудемді бір қуаныш кернеп, құлшыныс пайда болды. Қасым ролін сомдаған Ерлан Қыдыров, жол қозғалысын ұйымдастыру факультетінің 2-курс студенті:

«ӨМІРДЕ АРАҚТЫ АУЗЫМА АЛМАҒАН

ЖАНМЫН»

Маған өзі ақкөңіл, бірақ арақты жақсы керетін Қасымның ролі қиындау соқты. Асанға жаным ашыды, «Шердің де шегі болуы керек қой, төзімім таусылды» дейтін тұсында көзімнен жас шығып кете жаздады. Әншейін бөтелке босатар басқосулардан осындай іспен айналысқан жүз есе артық деп есептеймін, ал режиссердің еңбегі күшті, біз балабақшаның баласы сияқтымыз ғой, бәріне шыдап, осындай дүние жасап шығарды.

Бүбіш — Мазинова Айнагүл:

«ТЕАТРДЫ ҚИМАЙМЫН»

Араққұмар Қасыммен тойға барып жүретін әйелдің бейнесінде көріндім, айтатын сөзім де жоқ, бірақ сонда да маған театр ұнады. Үйдегілерге де ұнапты, алдында менің қатысқанымды қаламап еді.

Сәлима — Ибашева Гүлназ, журналистика бөлімінің 2-курс студенті:

«ЖАПОНДЫҚ ӘЙЕЛГЕ ҰҚСАП

КЕТКЕНДЕЙМІН»

Ролімді қуана қабылдадым, бір қарасам, жапон әйеліне ұқсап кеткен сияқтымын. Режиссерге рақмет.

Мінсіз — Сәмиева Ақгүл, филология факультетінің 3-курс студенті:

— Мен Асанның әжесі ролінде ойнадым. Кемпір ролін өзім сұрап алдым. Ананың балаға деген махаббаты табиғи сезім ғой, қиналғаным жоқ. Тіпті өзім де шын мейірленіп кеттім. Жұрт бізді шынымен үлкен кісі екен деп қалыпты.

Спектакль біткенде қимастық сезімі пайда болды. Ардақ Қонақбаева,
«Ақтөбе» газеті, 25 мамыр 2001 жыл.

САХНАДА — БӘКІР ТӘЖІБАЕВТЫҢ

«АНА ЖҮРЕГІ»

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы XV мерейлі маусымының репертуарын тағы бір жаңа қойылыммен толықтырды.

... Алдымыздан жалт-жүлт етіп от шырақ,
Әні-міне бақ қонардай боп тұрад,
Жалпы мақтап жаны қалмай жатса да,

Ешкім бізді шын түсінген жоқ бірақ, —деп ақын Есенқұл Жақыпбеков жырлаған өнер адамдарының жыл құсындай сағындырып жететін «Театр күніне» Дәметкен Құсайынованың режиссерлік етуімен алғаш рет Ақтөбе театрының сахнасында жерлесіміз, ақын-драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың «Ана жүрегі» атты драмалық қойылымының премьерасы өтеді. Театр тарихына жүгінсек, пьеса авторы — Бәкір Тәжібаев 13 жасында Көтібар батырдың жеті жасар ұлы Есеттің рөлінде алғаш рет сахнаға шыққан екен. Өнер өлкесінде өзіндік із қалдырған Бәкір Тәжібаев туралы ақын Есенбай Дүйсенбаев:

Сауыққа сәні жоқты сән бермейтін,
Кеудесін шайыр еді-ау ән кернейтін.
Жыры боп Әлия-әннің Ол — өзіне,

Ескерткіш соғып кетті мәңгі өлмейтін, — деп жазады. Өнердің қара шаңырағы Тахауи театры — қашаннан да таланттардың ордасы. Өнерін бағаламаған ел өспейді! Сәби сенімді сахнагерлер 27-28 наурызда сағат 18.00-де театр көрермендерін асыға күтеді.

Орал БАЙСЕҢГІРОВ.
әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ группасы жерлесіміз ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың «Ана жүрегі» пьесасын сахналады. Автордың 80 жылдығына орай дайындалған бұл туынды, кештеу болса да көрермендерге ұсынылып, өнер сүйер қауымды бір серпілтіп тастады. Автор бұл пьесаны Жеңістің 40 жылдығына арнап жазғанымен, біз Бәкір Тәжібаевтың бұл еңбегінің өміршең екендігінің куәсі болдық. Қоюшы-режиссері Дәметкен Құсайынова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Өнер институты режиссура бөлімінің түлегінің алғашқы режиссерлық еңбегі мақтауға тұрарлық. Театрда: драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Гүлбаршын, Жиенғали Тілепбергеновтің «Рамазан- Перизатында» Салиха, Александр Толстойдың «Алтын кілтінде» Буратино... сынды күрделі де, көркем образдары антты актриса ретінде шебер жеткізе білген Дәметкен Құсайынова, режиссерлық қабілетінің де айрықша екендігін паш етті. Әрине, актерлық пен режиссерлықтың арасында үлкен ізденіс, творчестволық өсу жолы бар. Сахна ашылғаннан-ақ қиялыңды қияға жетелейтін суретші мен режиссердың ортақ ойға тоқтаған шешімдері баршамызды сүйсінткені рас. Басты рольде «Ана» бейнесінде Шалқия Бақытжанова — шеберлік мектебінен өтіп шыңдалған талант иесі. Аналық мейірімін төге, қос ұлына мейірлене қарауы, үлкен ұлы Арманы (актер Елтай Кемал)тұңғыш келінін (актриса Майгүл Мұзбаева) әкелгенде, бата берген ақсақалға (актер Серікбай Оразалин) ұлдарының әкесінің тері сіңген шапанды жабуы, балаларыма бата қонсын деген ниеті мен ақ тілеуі шынайылығымен жарасымын тапты. Тойлы сахнаның көрінісінде ойналып тұратын «Гүлсім-ау» әнінің сиқырлы сазы көрерменді сахнаға жетелей түсті. Жастықтың жасыл бағы... балалық балдәуреннің куәсіндей әдемі әткеншектер бір сәтте тербетіле көтеріліп, ақ шымылдыққа айналып, беташар айтылған соң, ақ шымылдық ақ отау болып сахнаға сән бергенде, көрермен көңілі шаттана түсті. Бұл, әрине, театрдың бас суретшісі Айбек Орынбасаровтың творчестволық табысы. Көзінің ағы мен қарасындай қос ұлы Арманы (Елтай Кемал) мен Бағланы (актер Нұрсұлтан Айтқалиев) Анаға деген махаббатарына қаяу түсірмей, өз кейіпкерлерін басынан аяғына дейін мәпелей ойнады, ақ өлеңмен жазылған шығарманы игеру үшін театр актерларына әлі де көп еңбек ету керек. Арманмен қол ұстасып, ақ босаға аттаған Гүлжан (актриса Майгүл Мұзбаева) сұм соғыстың кесірінен тағдыр тауқыметін тартады. Мұндай күрделі образ жасау үшін актриса Майгүл Мұзбаеваның аз тер төкпегені анық. Дауыс ырғағының сенімділігі, өз ролін терең түсіне білуі қуанарлық жағдай. Дей тұрғанмен, сахнада ақ бетінің ажарын алға тарта бермей, образға сай грим салдыру жағын қоюшы- режиссердың да актрисаның да ескергені абзал. Мұндай сын-ескертпелерді Әзілхан роліндегі актер Шынтас Омаровқа да айтар едім. Сахнаның қыр-сырын жетік меңгердім деу үшін, әрбір актер қойылымдағы барлық кейіпкерлермен терең танысуы керек, кей жағдайда актердің орынсыз көп күлуі көрерменге түсінбестік тудырады. Сондықтан да Шынтас Омаров сынды жас актерлерге «артық қыламын деп тыртық қылмау» жағын ойластырған жөн. Ал, көңілге қона қалған кейіпкердің бірі Бағланның ғашығы Алма (актриса Айнагүл Өлмесекова). Алма — Айнагүл әр сөзіне мән бере сөйлеп, қойылымның ажарын аша түсті. Жағымсыз кейіпкер Сәлімді сомдаған Ерлан Исмағұлов актерлық қабілетін жағымды жағынан көрсете білді. Театр сахнасында рольдің үлкен-кішісі болмайды. Актриса Майра Ілиясова Сәлімнің әйелі Айнашты қойылымның ой-қазығына айналдырды. Айнаштың (актриса Майра Ілиясова) Алмаға (актриса Айнагүл Өлмесекова) «соғыстағы солдаттың намысын таптама!» деп шырқырауы азаматын ардақтаған аяулы жардың адалдығы іспеттес. Анаға кіші ұлынан «қара қағаз» әкелген офицер роліндегі актер Есет Оразалинге Бағланның қазасын әскери тәртіппен естірткеннен гөрі, қазақтың дәстүріне сай көңіл айтқанын қалар едік. «Қара қағазды» құшақтап, жылап жүріп «Бөбегім» деп бос бесікті тербеткен Анамен (актриса Шалқия Бақытжанова) бірге көрермендерде көздеріне ерік беріп егіле түсті. Автордың «қатысуымен» өтетін бұл қойылымда Бәкір Тәжібаев бейнесінде көрінген актер Әсет Оразалинді Бәкір ағамыздың өзі деп қабылдадық. Қойылымда шырқалған әндер Тахауи театрының әртістерінің сан қырлы екендігін көрсетті. Автордың өлеңіне жазылған әндерді шырқаған актерлар Елтай Кемал, Нұрсұлтан Айтқалиев, Шалқия Бақытжанова, Әсет Оразалиндер ән әлемінде еркін қанат қақты. Музыкамен көркемдеген сазгер Бақтығали Жұмалиннің өңдеуіндегі автордың «Арманымның ақ құсы», «Бөбегім», «Гүлсім-ау», «Ақбұлақ» әндері жаңа бірқырынан танылды. Балетмейстер Ләззат Мұхамедалинаның би қоюы сахнаның сәнін келтірді. Театрдың жаңа толқын жас әртістері Айгүл Оразалина, Берік Төлегенов, Дәурен Нарманов, Жеңіс Ноғайбаев, Жанар Қанымқұлова Есет Оразалин, Майрагүл Бүркітова, Резеда Балдаирова, Толқын Жандыбаевлардың биге деген икемділігі жұрт көңілін баурады. «Бұлақ көрсең көзін аш» — дейді халқымыз. Бұл спектакльден бұрында жазушы Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелласында» Барыс ролінде, бүгінгі қойылымда Ананың немересі, озат оқушы ролін бейнелеген қаламыздағы 19 мектептің 4-сынып оқушысы Ақерке Сержанқызы театр өнерінің болашағы бар екендігін білдіреді.

— Бұл қойылымның халықаралық театр күнінде премьерасын өткізуіміз - сахна саңлағы ақын, сазгер, актер- драматург Бәкір Тәжібаевтың рухына бас игендігіміз,-дейді театрдың қазақ труппасының бас режиссері Мағзом Бақытжанов.

Ел тәуелсіздігімен бірге шаңырақ көтерген Тахауи театрында, облыс болып құрылғанына 75 жыл толған Ақтөбе өңірінің ақын-жазушыларының шығармаларын кеңінен насихаттауда театр директоры Лира Шәріпованың еңбегін атап өткеніміз жөн. Туған елінде тұңғыш рет қойылған Бәкір Тәжібаевтың «Ана жүрегі» талай асулардан өтер, «Ақбұлақтан» келер ұрпақтың да шөлін басып, сусынын қандырары хақ.

Орал БАЙСЕҢГІР,
театрдың әдебиет бөлімінің меңаерушісі.

АЙБЕРГЕНОВТІҢ АТАМЕКЕНІ

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Төлеген Айбергеновтің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның ата-тегінің тарихи тағдырын зерделесек, қазақ халқына нәубет келген 1931-32 жылдары Айбергеновтер отбасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Доңызтау өңірінен ойға қарай, Бесқалаға ауа көшкен екен. Менің ұсыныс-тілегім Доңызтау өңіріндегі Байғанин ауданының «Дияр» ауылындағы 43 жылдық тарихы бар білім ордасына Матайқұм орта мектебін «Т.Айбергенов атындағы Матайқұм орта мектебі» деп атаса, күллі қазаққа мәшһүр болған поэзия жұлдызының атамекенін айшықтап, алтын қазық қаққандай болар едік, ойыңды қос оқырман, доңыз жылы Доңызтауда бір сілкінсін.

Орал Байсеңгір, Т.Ахтанов атындағы Аңтөбе облыстық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

ӘНШІЛЕРДІҢ МЕРЕКЕСІНЕ

АЙНАЛҒАН КЕШ

Қаламыздың туған күніне орайластырылып, қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар сарайында әуесқой сазгер Орал Байсеңгірдің «Ақтөбем — ару қалам» атты ән кеші болып өтті. Оған Қанат, Светлана Айтбаевтар, Марат Әйтімов, Асқар Көшеров, Аймұрат Мәжікбаев, Жадыра Арыстанова, Дулат-Рита Айтжановтар, Нұргүл Тілегенова, Жәнібек Бекбосынов, Сейсен Айтжанов, Есет Сәдуақасов, Еркебұлан Дәрібаев секілді әншілер мен «Әдеп», «Елес», «Архон», «Қос нұр» топтары қатысты. Орал Байсеңгір — бесаспап жігіт. Т.Ахтанов атындағы драма театрында 5 жылдай қызмет жасап, Әбілқайыр хан, Жапал, Абдолла рөлдерімен көрермен есінде қалған актер. Есенқұл Жақыпбековтің сөзіне жазылған Қадырғали Көбентаевтың «Өнер адамы» әнін айтып шыққанда, Оралдың өнер үшін туған жігіт екеніне шүбә келтіре алмайсыз. «Жігітке жеті өнер де аз» дейді бабаларымыз. Жұртшылық Оралдың айтулы асаба екенін де жақсы біледі. Ал әнге сөз жазатын өнері барын және сазгер ретінде талай ән шығарып тастағанын халықтың бірі білсе, бірі білмес. Бұл жолғы кеш оның сазгерлік қырын танытуға арналды. Сахнаның безендірілуі жағынан Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған жаңалық болды. Республикалық деңгейде өтіп жататын шығармашылық кештердің ұйымдастырылуынан бір кем болмады. Көрермен залында ине шаншар орын қалған жоқ. Әншейінде сырттан келген әншілер болмаса, жергілікті өнерпаздарға көп орындарынан көтеріле қоймайтын халық осы кешке көп жиылды. Бұл да болса жерлестеріміздің өз әншілеріне деген құрметінің ояна бастағаны шығар деп ойладық. Гастрольдік сапармен келген әншілер концерттерін өткізгендеріне риза, сахнаның көркемдігіне мән беріп жатпайды. Бұл жолы жергілікті биліктің ақтөбелік өнерпаздарға мойын бұрып, олардың концертінде сахнаның мейлінше әсем безендірілуіне игі ықпал өтуі жақсылықтың нышаны. Кештің басында қалалық әкімшіліктен ішкі саясат бөлімінің бастығы Мәди Қабыл арнайы келіп, кеш иесіне қала әкімі Архимед Мұхамбетовтің атыннан Құттықтау хат және ақшалай сыйлық табыс етті. Концертті ақтөбелік жұлдызды жұп, халықтың ықыласына бөленген әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың әдемі әзілмен әдіптей отырып жүргізуінің өзі шараның шырайын кіргізіп, бәсін көтерді. Ақтөбенің әншілері тайлы-таяғы қалмай қатысып, Оралдың әнін айтып, не оның сөзіне жазылған әндерді орын дап, халықты үш жарым сағат бойы жіпсіз байлап қойды. Әсіресе, «Байғанин маршы», «Адай қыз» әндері орындалғанда зал дүркіреп кетті. «Адай қыз» әнін Маңғыстаудан келген танымал әнші Асқар Көшеров әуелете шырқады. Бұл кеш жергілікті әншілердің мерекесіне айналды. Алматыдан Есет Сәдуақасов келіп, Оралдың «Балалық шақ балдәурен» әнін айтты. Қалдыбек Құрманәлінің «Шәмші аға» атты әніне тәнті болып жүргенімізде, Орал да қазақтың белгілі ақыны және композиторы, өзінің жерлес ағасы Бәкір Тәжібаевқа арнап «Бәкір аға» деген ән жазыпты. Бұл әнді Нұргүл Тілегенова келістіріп орындады. Оралдың Бәкір ағасының артында қалған мұрасын іздестіріп, «Ана жүрегі» деген пьесасын тауып әкеліп, облыста кешінің өткізілуіне мұрындық болғаны да бар. Орал Байсеңгірді құттықтаушылар аз болған жоқ. Оған облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Қыдырғали Ермұханов Құттықтау хат пен сый-сыяпатын табыс етті. Ал Оралдың туған жері Байғанин елінен аудандық мәдениет бөлімі бастығы Нұрәділ Қолдаспаев келіп құттықтап, аудандық әкімшілік атынан тарту-таралғысын жасады.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.
«Ақтөбе» газеті,
4 маусым 2010 жыл.

«СҮЙДІҢ ЕКЕН,

ОТ ШЫҚСЫН, ЖАЛЫН ШЫҚСЫН!»

Т.Ахтанов атындағы драма театрда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеттің көп салалы колледжінің актерлік өнер бөлімін бітіріп жатқан түлектердің «Ғашықтық хикаясы» атты дипломдық қойылымы көрсетілді. Спектакль көрермендерге, әсіресе, жастарға ұнаған сыңайлы, зал ішін соғылған шапалақ үні кернеп кетті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеттің көп салалы колледжінде «Актерлік өнер» мамандығы бөлімінің ашылуына мұрындық болған сол бөлімнің оқытушысы, Жастар сарайының директоры Орал Байсеңгірдің еңбегін айтпай кетуге болмас. Т.Ахтанов атындағы драма театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасап жүргенде Орал Ноғайбайұлы Ақтөбеге сырттан келген маман актерлердің тұрақтамай кетіп қалатынына қынжылып, 2008 жылы облыстық мәслихатқа Ақтөбеде актерлер дайындайтын оқу бөлімін ашу керектігі Жөнінде ұсыныс айтып хат жазды. Одан облыстық мәслихат шешім қабылдап, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеттің ректоры Кенжеғали Кенжебаевтың қолдауымен осы «Актерлік өнер» бөлімі ашылған еді. Оқу ордасының ректоры болашақ актерлерден қамқорлығын аяған жоқ. Музыкалық аспаптармен қамтамасыз етіп, Жастар сарайындағы кең залда «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы» (оқытушысы — Асқар Тоқпановтың шәкірті Сержан Аманқұлов), «Актерлік шеберлік» (оқытушысы — «Тамашаның» тарланы Бақыт Айтова) пәндерін өткізуге мүмкіндік берді. Болашақ актерлер Алматыдан арнайы шақырумен келген Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры Аман Құлбаев бір апта шеберлік дәрісін оқыды. Режиссер Нұржан Сәндібеков «Сахна қозғалысы» бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Содан бергі үш жылда 30 шақты бала осы бөлімде білім алып жатыр. Биылғы бітіріп жатқан түлектер 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына арналған Ж.Нәжімеденовтің өлеңдері бойынша қойылған музыкалық-поэтикалық қойылымға (режиссері — Орал Байсеңгір) қатысты. Соңғы кездері Ахтанов театрына жастардың беті бұрыла бастады. Оның себебін театрдың бас режиссері Елтай Кемалдың жастар, махаббат тақырыбына арналған жас драматургтердің шығармаларын сахналауымен түсіндіруге болады. Ондай спектакльдерде негізгі рольдерде көбіне жас актерлер ойнайды. Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қанат Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы» пьесасын сахналаған Елтай бұл жолы осыған үндес «Ғашықтық хикаясын» қойыпты. Елтай алғашында ақтөбеліктерге актер ретінде жақсы танылса, кейін білімін одан әрі жетілдіріп, өзін режиссурада сынап жүр. Алғашқы спектаклі жапон драматургі Минору Бэциякудің “Драма на углу улицы. Японский театр абсурда” шығармасы бойынша қойылған «Дерт» қойылымы болатын. Одан кейін қойған біз айтып отырған екі спектаклі де сәтті шықты. «Ақсарай» театрының режиссері Болат Атабаев, Астанадағы Жастар театрының көркемдік жетекшісі, белгілі режиссер, актер Нұрқанат Жақыпбаевтар сынды ізденістерге барып, Елтай Кемал сахнада сөзден гөрі іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа көбірек мән береді. Екі спектакльдің билерін қойған — Т.Ахтанов атындағы драма театрдың балетмейстері Қаршыға Дандағариев. Спектакльді көрген кісі Қаршығаның өлшеусіз еңбегін бағалайтыны анық. Сахна суретшісі — Айбек Орынбасаров. «Ғашықтық хикасында» жатақхананың бір бөлмесінде тұратын актерлік бөлімде оқитын жастардың өмірі баяндалады. Жоғары курстың үш жігіті бірінші курсқа енді түскен «первашты» (Нұржауған Алтыбайұлы) ашса — алақандарында, жұмса жұдырықтарында ұстайды. Сахнадағы актерлердің қимыл-қозғалыстары, билері әрі көркем, әрі әуенге сай, әрі шалт. Аса ептілікті, ыждағаттылықты қалайтын қимылдарды жастар жан қинамай орындайтындай көрінеді. Олар сахнада өздерін судағы балықтай еркін сезінеді. Спектакльдің алып бара жатқан оқиғасы жоқ. Ондағы әрекеттің бәрі әдемі әйлесімділікпен жүзеге асады. Дастан рөліндегі Нұрболат Өтеғұлов өзінің ылдым-жылдым әрі көркем қимыл қозғалысымен, керемет биімен, әдемі әзілімен көрерменін баурайды. Дастан Қымбат (актерлік бөлімнің ІІІ курс оқушысы) деген қызға ғашық, оған сезімін білдіруге келгенде жүрегі дауаламайды. Ал жанындағы екі досы болса, олар да екі қызға ынтызар, бірақ көңілдерін білдірудің ретін таппайды. Қыздарды өздері тұратын пәтерге қонаққа шақырайын десе, олар келісе қоярына сенбейді. Қыздардың көріпкел-балгер дегендерге сенгіштігі бөлек, олардың айтқандарына қатты ұйиды. Қыздарды қайтсек қаратамыз деген жігіттер есебін тауып балгерді үйлеріне шақыртады, соның сылтауымен қыздарды да қонаққа шақырып қалмақ. Бірақ жеме-жемге келгенде Ақмақта балгердің қолы тимей, келе алмай қалады. Ермектің ұнататын қызы Айым (Айзат Әбдіғаниева) мен Рүстемнің сүйгені Мәдина (Жарқынай Есберген) балгер келеді деген соң, екі өкпелерін қолына алып жетеді. Сол кезде жандары мұрнының ұшына келген екі досы Дастанды балгердің рөліне енгізіп жібереді. Қыздар емші әйел кейпіндегі Дастанның айтқанына имандай сеніп қалады. Қас қылғандай балгерді іздеп, тіпті, Қымбат та келеді, Дастанның есі шығып кетеді. Сонда да реті келіп тұрғанда жайшылықта айта алмай жүрген арманын айтып қалады. Дастан рөлі арқылы Нұрболат өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін сахнагер екенін көрсетеді. Бұрын түсініксіздеу сөйлейтін оның әр сөзі көрерменге айқын жетеді. Бойынан жастыққа тән қызбалық, тазалық, өткірлік байқалады. Ермек рөлінде ойнаған Мәди Қолашев, Рүстем кейпіндегі Нұрбек Әділбөк, «перваш» Тұрсынбекті сомдаған Нұржауған Алтыбайұлы, деканды ойнаған Болат Жұмабаевтар керемет актерлік ансамбль құрайды. Олардың ойынына қарап отырып, актерлердің бесаспаптығына риза боласың. Әнде, би де, көркемсөз оқуда қолдарынан келеді. Тұрсынбектің рөліндегі Нұржауған Алтыбайұлының сахнадағы қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі әрі күлкі тудырады, әрі кісіні еріксіз өзіне тартады. Режиссер албырт, шапшаң, қиыннан жол тауып кететін Нұржауғанның әбден «иін қандырған», жас жігіт өз ісіне тас-түйін, бір артық-ауыс қимыл байқалмайды. Жасынан сахнада келе жатқан Нұржауған рөлін жандырып ойнайды. Спектакль соңында сөз алып, осы істің басы-қасында жүрген Орал Байсеңгіровке Алғыс хат тапсырған облыстық мәдениет басқармасының бастығы Нәзира Табылдинова сөзінің соңында :«Осындай дарынды жастарды Ақтөбедегі Т.Ахтанов атындағы драма және «Алақай» қуыршақ театрларына жұмысқа тартамыз», —десе, драма театрдың көркемдік жетекшісі Мағзом Бақытжанов: «Осы жастарды түгелдей театрға қабылдаймыз», — деп, көпшілікті қуантып тастады. Ақтөбенің мәдени өмірінде әжептәуір сілкініс тудырған қойылымды көрген жас та, ересектер де ұтылмайды, бірі өзінің жастық шағын сағына есіне алса, енді бірі замандастарының өнеріне тәнті болары сөзсіз.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА,
«Ақтөбе» газеті,
15 маусым 2012 жыл.

ӨНЕР АДАМЫ ЕШҚАШАН

ДЕМАЛМАЙДЫ

Орал-Қосай Байсеңгір, Мәдениет саласының үздігі: «Қазақ радиосы» арқылы әндеріңізді естіп жүрміз. Ақтөбеде

жатып ән оздырған Орал-Қосай Байсеңгірмен жақынырақ таныссақ дейміз... Иә, әуе толқынынан «Біздің ауыл тамаша» деген әнімді Нұрболат Абдуллиннің орындауында жиі береді. Ауылға деген сағыныштан, туған жер, өскен ортаға деген махаббаттан туған дүние еді. Әу баста сахнаға өзім алып шыққанмын, кейінірек Ақтөбедегі «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі әнші Гүлмарс Аманбаева нақышына келтіріп шырқады.

Ән мәтінінен сағыныш сазын шерттірген туған жеріңіз жайлы біле алмадық... Оныңыз рас, өлеңнің ішінде ешқандай ауылдың аты аталмайды. Өйткені өскен жерін сағынып жүрген жалғыз адам мен емес шығар. Әр қазақтың түптамыры ауылда емес пе?! Сондықтан оларға да әнім ортақ болсын, осы туындымен сағынышын басса екен деген ой туды. Жалпы, кіндік қаным тамған жер - Сағи Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев, Тобық Жармағамбетов, Сәбит Баймолдин, Бәкір Тәжібаев, Есенбай Дүйсенбаев, Қажығали Мұқанбетқалиев сынды дүлдүлдер туған Байғанин ауданы. Бұл өлке мың жылда бір туар ақын Төлеген Айбергеновтің де атамекені. Ауылыңызды айтқанда арқаланып шыға келдіңіз ғой... Құдайға шүкір, біздің ел мақтануға әбден лайық таланттардың мекені. Мақтанудың да түр-түрі бар, біреу «Абайды сабағанда менің атамның қамшысы бірінші тиген» деп те мақтаныпты ғой. Ал менікі -«ауылдастың аты озсын» дегендік.

Көлдерін көптен көрмеген,
Көктемгі қаздай оралып.
Ауылға тартып мен келем,

Ақ жібек бұлтқа оранып, - деп атақты ақын Сағи жырға қосқан «Оймауыт» деген бұрынғы кеңшардың «Дияр» деген бөлімшесінде дүниеге келіппін. Бұл менің рушылдығым емес, ата-бабама , шыққан тегіме деген құрметім деп түсінген дұрыс. «Сүйген құлдарыңның құрметіне бер» деп тілеген ырымшыл халық- пыз ғой, жалпы, қазақтың қай баласы да ата-бабасымен мақтана алады. Өйткені Мәшһүр Жүсіпше айтсам, «бұрынғының бәрі әулие». Адам руын айтқаннан «рушыл» болып кетпейді, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, «Ағатай Беріш-ұраным» деген Исатай, Махамбеттер руы үшін емес, ұлты үшін құрбан болған ғой. Есенқұл Жақыпбектің өлеңіне жазылған Қадырғали Көбентайдың «Өнер адамы» әнін ерекше орындайтын көрінесіз. Бұл туынды сіздің репертуарыңызға қалай енді? Тек мәнді де, мағыналы ән жазатын Қадырғали ағамыздан Ақтөбеде өткен ән кешінен кейін аттай қалап сұрап алдым. Ол кісі «көңіліңе ұнаса, табиғатыңа келсе, айт» деді. Ол кезде театрда актер болып жүрген кезім еді, Тахауи Ахтанов театрының 15 жылдығында алғаш рет орындап шықтым. Кезінде облыстық театрда Т.Ахтановтың «Ант» драмасында-Әбілхайыр ханның, М.Әуезовтің «Айман- Шолпанында» -Жарасты, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Абдолланың рөлін сомдапсыз. Кейіннен сазгер атандыңыз. Бүгінде актерлік, сазгерлік өнеріңіздің бәрін жиып қойып, басшылық қызметке кіріскен тәріздісіз... Жиып қойған жоқпын, жайып қойып кірістім. Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жастар сарайының басшысымын. 2009 жылы облыстық мәслихат шешімімен, университет жанындағы көпсалалы колледжден ректор Кенжеғали Кенжебаевтың қолдауымен «Актерлік өнер» деген маман- дықтың ашылуына мұрындық болғанмын. Қазір Құдайға шүкір, шәкірттеріміз баршылық, облыстық театрларда, теле- радио саласында жемісті еңбек етуде. Бәкір Тәжібаев мұраларының насихатталуына біраз еңбек сіңіріпсіз. Осы жұмыстарыңыз жайлы да айтып өтсеңіз...

Сауыққа сәті жоқты сән бермейтін,
Кеудесін шайыр еді-ау ән кернейтін.
Жыры боп, Әлия-әннің ол өзіне,

Ескерткіш қойып кетті мәңгі өлмейтін, - деп Есенбай Дүйсенбай шын бағасын берген тума талантқа әрдайым тағзым етіп жүремін. 80 жылдығына орай алғаш рет Ақтөбеде Бәкір әндерінің кешін өткізіп, «Ана жүрегі» деген пьесасын арнайы өз үйінен барып алып, Т.Ахтанов атындағы облыстық театрда қойылуына себепкер болғаным рас. Ол кезде театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі едім. Бәкір ағамыз өзі ән шығара жүріп, талай әнге өлең жазған және ол әндердің әлі күнге сыры да, сыны да кеткен жоқ. Өйткені Мұқағалиға «Саржайлауды» жаздырған Нұрғисадай, Бәкір ақынды Ескендір Хасанғалиев жырлата білген жан. Олар ешкімнің тапсырысын орындаған жоқ, тек жүректерінің әмірімен ғана сәтті шығармашылық одақ құра білді. Әндері қалықтады, халқы тыңдаудан жалықпады.

Ал сіздің әндеріңізді кімдер орындайды?

Мирас-Құралай Бекжановтар, Есет Сәдуақасов, Асқар Көшеров, Жадыра Арыстанова, Асхат Тарғынов сынды та- нымал әншілер және жас жұлдыз Димаш Құдайбергенов өз репертуарына енгізген. Ақтөбе қаласында шығармашылық кеш өткізгенмін. Оған жергілікті әнші, сазгерлер қатысты. Қанат-Светлана Айтбаевтар, Марат Әйтімов, Аймұрат Мәжікбаев, Нұрталап Жүсіпов, Дулат-Рита Айтжановтар, тағы басқа өнерпаздар қатысты. «Байғанин маршы» әніңіз сол ауданның әнұранына айналған екен, одан өзге жарыққа шықпай, «көлеңкеде қалып қойды-ау» деп жүрген әндеріңіз бар ма? Зайыбым Нұргүл Тілегенованың орындауындағы «Бәкір аға» және «Қайран көңіл» деген әндерім көпшілікке жетсе екен деймін. Сазгер Жалғас Кеңесовтің М.Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Пай-пай, өмір» деген әні де менің қоржынымда еді. Ол да менің жалқаулығымнан «жетер жеріне жете алмай жатыр». Орайы келгенде, «қалғып бара жатқанда, оятқаныңыз үшін» өзіңізге алғысымды айтсам деймін. Сіздің сауалдарыңыздан шығармашылық шабытым қайта түлегендей болып отыр. Дегенмен ізденісім мүлде жоқ емес. Жақында Бижан Қалмағамбетовтің өлеңіне «Есте қалсын» деген әнім жазылды. Бұйыртса, әртүрлі жанрдағы шығармаларымның басын қосқан «Мың алғыс» деген кітабым жарық көреді. «Қыдыр қонып, өнер дарыған» отбасыңыз туралы білсек... Атам Байсеңгір - жырау болған, сөз ұстанған адам. Жалпы, «сөз» деген киелі дүние ғой, ертеде «Ер Едігені» жырларда халық дәрет алып келіп тыңдайды екен. Бабаларымыз қасиеттің құнын білген ғой, сол үшін өнерге тазалық, адалдық керек! Өз отбасымда Сенім, Сезім, Кемеңгер, Көзайым атты Алланың берген сыйы бар. Арманым - балапандарымды иманды етіп тәрбиелеу! Ақтөбеде өткен С. Жиенбаев, Т.Жармағамбетов, Б.Тәжібаев Т.Досымов, Е.Серікбаевты еске алу кештерінде және Мейірхан Ақдәулетұлы, Ертай Ашықбаев, Бауыржан Бабажанұлы,Сәтжан Дәрібайдың шығармашылық кештерінде өлеңдерін оқып, көрер-менді бір серпілткен екенсіз. Жалпы, қоғамдық- мәдени шаралардан қалмайтыныңызға куә боп жүрмін, бәріне бірдей уақытты қайдан табасыз? Өнер адамы ешқашан демалмайды. 24 сағат жұмыс істейді десем, шындыққа қайшы келмес. «Өнер» деген сөздің түбірі «өн» дегеннен шығады, егер «өнбесе», өнер «өспейді»!

Әңгімеңізге рақмет!
Байдәулет Қаншайым
«Айқын» газеті, 28 қаңтар 2015 жыл

«БАЙҒАНИН МАРШЫ» -

САҒЫНЫШТАН ТУҒАН ӘН

Бүгінгі «Ауылдас» айдарының қонағы — жерлесіміз, ҚР Құрмет грамотасының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір. Ақтөбе қаласында мәдени шаралардың қайнаған ортасында жүретін ол, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Жастар сарайының директоры қызметін атқарады. Байғанин елі білетін «Байғанин маршы», Нұрболат Абдулин, Гүлмарс Аманбаева сынды әйгілі әншілердің орындауындағы «Біздің ауыл тамаша», Асқар Көшеровтің орындауындағы «Адай қыз» әндерінің авторымен арнайы сұхбаттасуды жөн көріп, біз де Ақтөбеге жол тарттық.

— Жем өзенінің арғы жағындағы Диярда туып өскеніңізді білеміз, ауылдассыз, «Ауылдас» айдарына қандай бала болғаныңызды айтып бересіз бе?

—Тентек бала болдым. Үйдің кенжесі болып ерке де болып едім, менен кейін 9 жылдан соң шешем 2 балаға жарық өмір сыйлады. Бар назар кішкентайларға ауған соң, мен жәй ғана «жынды» болып қалдым. (күліп). 1979 жылы Арғы Диярдағы мектеп табалдырығын аттап, «еркеліктің» арқасында келістіре алмай, 1980 жылы қайта бардым.

— Бойыңыздағы өнер кімнен дарыған?

— Атам Байсеңгір Көптілеуұлы — аты дүйім елге мәшһүр домбырашы, жыршы. Өз жұртым да, нағашыларым да өнерден құр алақан емес.

—Жалпы өнерге деген қабілетіңіз қалай дамыды? —Менің Тауханова Оразгүл Боқышқызы деген жеңгем домбыра

тартатын, ол кісі өмірден өтті. Домбыра күмбірлесе, қанша тентек болсам да тынышталып қалатын болыппын. Домбыра тартуды үйренуге деген құштарлығым мықты-тын. Сонан соң жеңгем, асау жуасытқан атбегі секілді, «домбыраны үйретем, бірақ, сен тентек болмайсың», - деген шарт қойды. Сосын, амал жоқ, айтқанын тыңдауға тура келіп, құрыққа көне бастадық. Ол кісі домбыраның пернелеріне күріш жапсырып қойып, үйрететін. Ең бірінші «Туғаннан құлыным деп аймалаған» деп басталатын, ана туралы әнді үйренгенім әлі есімде. Жеңгем күйді де жақсы тартатын. Домбыраны жаңадан үйренген маған күй тарту қиынға соққанмен, менде тыңдау және жаттап алу қабілеті жақсы болған болу керек, ауызбен жаттап алатынмын. Ауызбен күйдің әуенін соңына дейін түгел айтып беретінмін. Қол жүрмегенмен, арғы жағымда әуенге деген қызығушылық пен қабілет ауызбен айтқызатын.

—Туған ел өзінің бауырынан түлеп ұшқан талантты ұлының бүгінгі тірлігінен, өнердегі жаңалықтарынан хабардар болғысы келетіні анық.

—Жүректен шығып, көкейге құйылып, ақ қағазға түскен жазған-сызғандарымның бәрін елге көрсетіп жүремін. «Біздің ауыл тамаша» деп аталатын әнім Нұрболат Абдуллин, Гүлмарс Аманбаева орындауында ел арасында танымал.

«Достық» сазды фольклорлық ансамблінің негізгі әндерінің бірі де -осы ән. «Жарқамыс вальсі» деген Тобық Жармағамбетовтың сөзіне жазылған әнім, «Бәкір аға» деп аталатын Бәкір Тәжібаевқа арналған әнім бар. Сағи Жиенбаевтың «Хат» деп аталатын өлеңіне ән жаздым. Әскерде жүрген баласы мен ауылда қалған анасының арасындағы диалогқа арналып жазылған туынды, бұйырса, жақын арада жарыққа шығады.

—Жаныңыздан өлең шығарасыз, сазгерсіз, жоспарлауға көнбейтін шабыт дейтін ғайып дүние қай уақыттарда көбірек мазалайды?

— Мен осы тақырыпты қозғасам деп ойланып, ұзақ уақыт ойымда қорытып жүремін. Кейде ұйқыдан оянып кетсем әннің сөздері, кейде музыкасы қосылып тіліме оралып, айтып жататын кездерім болады. «Байғанин маршын» осылай жазғанмын.

— «Байғанин маршын» білмейтін ауылдасыңыз жоқ шығар, ауылдың әнұранындай болған осы әніңіз қалай дүниеге келді?

—«Байғанин маршы» сағыныштан туған ән. Жалпы адам баласы өзінің туған жерінен, туған ауылынан алыстаған сайын, оны сағына бастайды. Мектепте жоғары кластарды суы басқа, нуы басқа Құлсарыда оқыдым. Сол кезден бастап жүректі титтей де болса бір сағыныш сезімі тербейтін. Мысалы, Маңғыстау деген жерді Маңғыстау қылған ақын- жыраулар. Абыл, Нұрым, Қашаған - бәрінің өмір тарихына қарасаң, ашаршылық жылдары елден жырақталып Түрікменстан, Бесқала жаққа өтіп кеткен. Осылайша сағынған талант иелері жыр-термені төгеді екен. Ал, оның бәрі бүгінде Маңғыстаудың мәдени мұрасы болып қалыптасты. Сол сияқты, адам ауылдан алыстаған кезде ауылды сағынады. «Байғанин маршында»:

Топырағы алтын, құмында құт бар.

Баршақұм, Алтай, Оймауыт, Дияр, - деген шумақ бар. Әнді тыңдаған бір жігіт: «Сіздің ауылда простой нәрсе жоқ екен», - деп әзілдегені бар. Бәкір ағам: «Қымбат маған белдерің құм қаптаған, туған жер» дейді. Жұрт гүлді жырлап тауыса алмай жүрсе, біз құмды жырлап тауыса алмай жүрміз. Ал, негізінде біздің ауылдың құмындай құм да, біздің ауылдың бұлтындай бұлт та жер бетінде бар, табиғат бүкіл адамзатқа ортақ. Бірақ, байқап қарасаңыз адамға өз жерінікі ыстық көрінеді. Т.Жармағамбетовтың «нәзік бұлттары» барлық аспанда тұрған бұлт қой, бірақ Тобық өз ауылының бұлтын ерекше жақсы көреді. Сондай-ақ, «Біздің ауыл тамаша» деген өлеңді жазар алдында ауылға барғым келді де жүрді. Сол кез мамыр айы болатын. Өлеңде:

— Ақша бұлттай ақ арман,

Қол бұлғайды алыстан.
Қайта оралып ғажап-ай,
Балалықпен табысқан.
Қозы-лақты қайырып,

Шыққа тайып табаның.
Қырдан төмен құлдилап,

Желмен жүйрік-ай жарысқан, - деген жолдар бар. Бұл — менің таза, еш әсірелеусіз, қоспасыз жазған балалық шағым.

Осы өлеңдегі:
Сағынғанда ауылым,
Бұзылады шырқым-ай.
Көк жүзінде қалқыған,

Ақ ұлпадай бұлтын-ай» деген де сөз бар. Сонда, шығармашылық адамына туған жердің бұлтына дейін әсер етеді.

— Қазір не жазып жүрсіз?

— «Ақтөбеме, мың алғыс» деген әртүрлі жанрдағы шығармаларым жинақталған кітабымды дайындап жатырмын. Алла сәтін салса, жақын арада оқырманымен қауышады.

— Сазгерлік, асабалық, актерлық, әншілік қырларыңыз тағы бар, жігіткен жеті өнер де аз дейді, біз білмейтін тағы қандай өнеріңіз бар?

— Музыкалық аспаптардың барлығында ойнаймын. — Шәкірттеріңіз бар ма?

— Бұрынғы Қ.Жұбанов атындағы универститет жанынан құрылған колледжі, қазір АГУ «Тарлан» колледжі деп аталатын колледжде актерлық өнер деген факультетте сабақ беремін. Алғашқы еңбек жолымды Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдан бастап, көптеген рөлдерді сомдадым. Ондағы ойға түйіп, көрген-білгенімді бүгінде студенттерге үйретіп жүрмін. Студенттермен қойылым дайындап, көрермен назарына ұсынып жүрген жайымыз бар.

— Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз?

—Ата-анам Байсеңгірұлы Ноғайбай мен Ажар Алпысбайқызы ауылдағы қара шаңырақта, аға-жеңгем Берген мен Айнұрдың қолында. Келіншегімнің аты-жөні

Нұргүл Тілегенова. Ол да музыка маманы. Алланың берген екі ұл, бір қызым бар. Ұлдарым - Сенім мен Кемеңгер жоғары оқу орындарында студент, қызым - Сезім. мектепте оқиды.

— «Біздің ауыл тамаша» деп өлең жаздыңыз, туған жерге ат басын қаншалықты жиі бұрасыз?

—Қаланың қарбалас тірлігінен шаршағанда алтын құмды ауылыма, алтын жүректі әкем мен анамның құшағына қарай құстай ұшып, тартып отырамын. Жем бойына тынығып, қазақтың құрт пен майы, қаймақ, шайы, шұбат, қымызынан дәм татамын. Біздің ауыл тамаша!

—Жерлестерінің әрбір жаңалығына қуанып, елеңдеп отыратын «Ауылдас» айдарының оқырмандарына айтарыңыз?

—Елдің әлеуметтік жағдайы жоғары болсын деймін. Өткенде, Шалқарға жол түсіп, музыка мектебінің мамандарымен тілдестім, сұрастыра келе, жалақылары едәуір жоғары екендігін естідім. Сөйтсем, олар «экологиялық апатты аймақ» деп қосымша ақы алады екен. Біздің Байғанин ауданы да нағыз радиация деп аталатын ажал сәулесінің аймағында орналасқан, нағыз ошағы Қаражар туралы сөз қозғаудың өзі қорқынышты. Мамандар радиацияның зияны мың жылдап қалады, салар жүгі әлі алда дегенді айтып жүр. Халыққа әлеуметтік көмек тағайындалып, радиологиялық орталық ашылса деген тілек бар. Жалпы, қашанда рухани қасиетіміз төмендемесін. Ауыл аман болсын!

Әңгімелескен
Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ.
Қарауылкелді - Ақтөбе - Қарауылкелді.
«Жем-Сағыз» газеті

«ӨНЕРДЕГІ ӨЗІҢДІ ЕМЕС, ӨЗІҢДЕГІ

ӨНЕРДІ СҮЙ!»

....деген сөзді санасында берік ұстаған, жерлесіміз, ҚР Құрмет грамотасының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Жастар сарайының директоры қызметін атқара жүріп, үнемі облысымыздағы мәртебелі жиындардың ортасынан табылады. Қай жерде салтанатты концерт, ақын-жазушылардың шығармашылық кештері, теледидарда деректі фильмдерді дыбыстау, бейнебаяндарда роль сомдау, театр қойылымдарында, қала берді студенттер театрында, филармония концерттерінде, студияларда ән мәтіндері, сазгерлік туындыларын тыңдаған, көрген сайын нақты қай саланың маманы деп ойлайтынымыз рас.

Осының бәріне уақытты қалай табасыз, негізгі мамандығыңыз қандай? Дұрысы уақытты пайдалана білу - ең үлкен өнер! Істеп жүрген кәсібімнің бәрін өзімнің төл мамандығым деп білемін. Жалпы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінен - «режиссер», кезінде Ақтөбе педагогика институты жанындағы студиядан - «актер» мамандығын және Қ.Жұбанов атындағы университеттің «музыка» факультетін, кейінірек С.Бәйішев университеттің «филология» факультетін бітіргенмін. Сан түрлі оқу орындарында білім алсаңыз да осының бәрі бір арнаға тоғысатын сияқты. Жалпы өнер кімнен, қайдан дарыған? Атам Байсеңгір Көптілеуұлы, елге танылған домбырашы, жыршы. Заманында атақты Ескелді, Сүгір жыраулармен бір жүрген кісі болған. Ал, нағашыларым «бізден дарыған!» дейді, ал, енді «туған топырақтан» деген сөз, шындыққа 100 пайыз жақындайтын сияқты, өйткені, біздің ауылдың құмына дейін ән салады!

Туып-өскен жеріңіз жайлы біле отырсақ... -Жақын «шетелде», анығын айтсам, Доңызтаудан бері, Жем өзенінен әрі, Оймауыт пен Диярдың қасында, Сарыбай әулиенің «басында» туғанмын, ал, кіндігімді кескен, аты ел есінде алтын әріппен сақталған атақты «халық доғдыры» Қуаныш Теңізбаев! «Халық доғдыры» дегенді бірінші рет естіп отырмын. Ол кісіні біздің ел, ерекше, қатты құрметтейді.

-Өз отбасыңыз жайлы білсек... -Әкем Байсеңгірұлы Ноғайбай, биыл 80-ге толады, шешем - Ажар Алпысбайқызы, «Алтын алқа» иегері, көп балалы отбасында туып-өсіп, ер жеттім. Келіншегім - Нұргүл Тілегенова, музыка маманы. Есімі елге танымал Момын Байғаниннен домбыра класын бітірген. Ұлдарымыз Сенім - А.Жұбанов атындағы музыка колледжінде, Кемеңгер -С.Бәйішев атындағы университеттің колледжінде «дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша» тәлім алуда, фехтованиядан «спорт шеберлігіне кандидат», қызым - Сезім, мектепте оқиды, ән айтады, өнерге, әдебиетке жақын. Елбасының алдында өнер көрсеткеніңізді ел айтып жүр, домбыра қағысыңыз бен төкпе термеңіз ерекше дейді жұрт? «Ұстазы мықтының - ұстамы мықты» деген ғой, ұстазым академик Ахмет Жұбановтың сенімін ақтаған профессор Қайырғали Қожанбаев, ал, ең алғаш домбыра ұстатқан, туған жеңгем, марқұм Оразгүл Боқышқызы Тауханова еді... Жалпы, өмір деген үлкен мектеп қой, біздің ауылда домбыраның «құлағында ойнаған» Әлден ақсақалдан «Домалатпайды», «Баламайсанды» тыңдадық, Тілеубаев Құдайберген есімді азаматтың «қағысын» көрдік, Мұқанғалиев Саматтың әніне елтідік, Темірхан Әділхановтың өлеңін жаттадық, Жалғас Қоспағанбетовтен патриоттық тәрбие алдық. Тіпті Оймауытта туып, қазақ өнерінің «алтын діңгегіне» айналған Халық әртісі Алтын Ружееваның ат төбеліндей ауылға театр қойылымдарымен қайта-қайта айналып соғуының өзі үлкен мектеп болатын, кейін байқасам, сол ауылдың құйттай сахнасынан, атағы дардай Чапай Зұлқашевты да, Мағзом Бақытжановты да көрген екенбіз... -Театрдағы сомдаған рөлдеріңіз туралы айта кетсеңіз. -Алғашқы еңбек жолымды Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында актерліктен бастадым. Дихан Жәлекенов бастаған, алғы буын ағалардан үйрене жүріп, киелі сахнаның санаға салар салмағын сезіне тер төге білдім деп ойлаймын. Өнердің иесі қашанда халық. Халықтың берген бағасы, елдің ілтипаты өнер адамына қанат бітіріп, биікке ұмтылдыратыны рас. Театр сахнасында С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде»-Абдолланы, М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» -Жарасты, Е.Әлімжановтың «Тақталасында» - Дауғабайды, Т.Ахтановтың «Антында» - Әбілхайыр ханды, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпанында» - Қожықты, Ж.Тілепбергеновтің «Рамазан- Перизатында» - Жарылғапты, У.Шекспирдің «Король Лирінде» - Бургундия герцогін тағы басқа да рөлдерді сомдап шықтым, сол тәжірибемді қазір жастарға үйретудемін Былтыр «Жастар театры шақырады» деп, «Айналайын, ақ келін», «Ғашықтар хикаясы» қойылымдарына келіңіздер деген сөзіңізді естіп едік теледидардан? Иә, бұйырса, биыл да жар салатын боламыз, «актерлік өнер» мамандығы, былтырдан бастап «Тарлан» колледжіне ауысты, сондағы студенттер күшімен тағы да бір қойылым дайындалуда, жалпы, театр ешқашан көптік етпейді! «Осындай дайындап жатыр екен, қолтығынан демейік, осыдан біздің балаларымыз, жас ұрпақ тәлім-тәрбие алады ғой деп жұрт өре түрегелсе» деймін, кезінде «облыста мәдениет мамандары, халық театрларында оқыған актер жоқ» деген ұсынысты қолдаған, облыстық мәслихаттың шешімімен ашылған мамандық қой. Аудандық мәдениет басшылары өздеріне керек маманды өз есептерінен оқуға жіберіп облысымыздың мәдениетін көтеруге үлес қосса деймін. Қарапайым отбасылардан шыққан өнерді сүйетін балалар ақылы оқуда. Үркетін дүние емес, мен казино, бар немесе лохотронға шақырып жатқаным жоқ қой. Егер, басшылар қолдаса, қалада Жастар театрын ашу қолда тұр, оған маман да, режиссер да, суретші де бар! Көпшілік театрға жиі келуі керек. Тіпті керек десеңіз, құзырлы орындар арқылы, әрбір мекемені ай сайын театр қойылымына келуге міндеттеу керек, билет құны мекеме есебінен төленуі тиіс. Театрға келген адамның санасы тазарып, еңбекке құлшынысы артады, осыны мекеме басшылары ұққаны дұрыс, адамға ауа.су, жылу қандай қажет болса, бұл да сондай - рухани қажеттілік! Шығармашылығыңызда не жаңалық, «Байғанин маршы», «Бәкір аға», «Біздің ауыл тамаша» сияқты әндердің ізін суытып алған жоқсыз ба? Нақты жоспарым жоқ, екі етек болып шауып жүрмін, әйтеуір, алда Сағи, Тобық ағаларымыздың мерейтойы, арнап жазылған әндерім бар, бұйырса, «Ақтөбеме, мың алғыс» деген әртүрлі жанрдағы шығармаларымның басын қосқан кітабым жақын арада жарыққа шығады.

-Әңгімеңізге рахмет. Өнеріңіз өрлей берсін!
Ирина Қоспағанбетова ,
«Керек инфо» газеті, 30 қаңтар 2014 жыл

ОРАЛДЫҢ ТАРТУЫ

Былтыр Ақтөбеде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өңірді көркейту мақсатындағы үш жылдық «Көркейе бер, туған жер» акциясы басталған болатын. Акция барысында талай менмін деген азаматтар өз туған жеріне қал-қадерінше көмек көрсетіп жатыр. Жақында Байғанин ауданы Дияр ауылының Матайқұм мектебінің түлегі, Ақтөбедөгі «Жастар» сарайының директоры ҚР Орал Байсеңгір оқу ордасына музыкалық аппарат сыйға тартты.

— Бұл қуанышты жайт жақында мектебімізде ұйымдастырылған «Кош келдің, әз Наурыз!» мейрамымен қатар келді. Мектебіміздің түлегі Орал Байсеңгір оқу ордамызға музыкалық аппарат сыйға тартып, оқушыларды, мектеп ұжымын, ата-аналарды бір қуантып тастады. Мектепте өтетін түрлі мәдени шаралар барысында мұғалімдер өздерінің жеке аппараттарын тасып жүретін еді, енді жақсы болды, ешкімге ауыз ашпай, өз құралдарымызды пайдаланатын боламыз. Орал секілді жаны жайсаң, елжанды азаматтарға мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз, — дейді Матайқұм шағын комплектілі орта мектебінің директоры Мұхит Бәсенов.

О.Байсеңгірдің туған жер тақырыбындағы «Біздің ауыл тамаша», «Байғанин маршы» секілді әндерін жергілікті әншілер жиі орындап жүр. Бұл да туған жерге деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі болса керек.

М.ТАБЫН.

«Ақтөбе» газеті, 4 сәуір 2013 жыл

АЛҒАШҚЫ ЕРТЕГІ

Бәденіңнің қандай екені қабырғадағы айнаға қарап та анықтауға болады. Бетің қисық болса, айнаға өкпелемейсің. Дұрысы, өкпелей алмайсың. Театрдың сахнасы да айна. Ал енді оған өкпелеу немесе өкпелемеу - өзіңде бар ақыл пікіріңнің шамасын байқататын шаруа. Ақтөбе қаласының қазақ ұлтты бөлігі ұзақ жыл театр сахнасынан өздерін көре алған жоқ. Өздерін сахнадан көре алмаған тек Ақтөбе қазақтары ғана ма еді? Әрине, былайғы елдердің шекара асып келген, кеткен зиялы өкілдері тамсана мадақтайтын ұлттық жақсы қасиеттерімізді қалаларымызға қазақ театры көп болмағандықтан жоғалттық деу әнтектік болар. Сөйтсе де нақ осының да себі тиюге біраз тұстар ұстатпағаны да рас еді. Қаламызда қазақ театры ашылғанда соның тұрақты көрермені бола қоймайтынымызды алдын-ала сезсек те жүрегіміз жарыла жаппай қауанғанымыз да сондықтан. Тұрақты көрермен бола алмасақ та енді, міне, театрдың қаражат жағдайы дегенді естіген сайын ішімізден мүсіркеу сөз айтамыз, әлдекімдерге кіжініп аламыз. Ұлттық мәдениетіміздің облыстық деңгейдегі проблемаларына біздің тікелей қолдау жасауымыздың қожанысырлау бір мысалы осы. Әрине, бұл тереңге кететін әңгіме. Ал театр ашылғанда алғашқы актерлердің қатарында келе қалған жігіттердің бірі Орал Байсеңгіров еді. Оның осы себептен де спектакльдердегі көркем-көрнекі, шикілі-пісілі көріністердің қуаныш-өкінішін қыңқ етпей көтеретін реті бар-ақ. Орал Алматыдағы небір маңғаз профессорлар мен марғасқа режиссерлердің тәлімін алған жоқ. Тоқпанов, Мәмбетовтердің мектебінен өтпеді. Бірақ қазақы театр сахнасына шығуға құқық беретін халықтық мектепте оқып шықты. Байғанин өңірінің қаймағы бұзылмаған қазақы тірлігі, орыс-европалық психология қанша өктемдесе де толық сіңісіп кете алмаған мінез-құлықтың ортасы ақысыз әрі адал дәріс берді. Талабының биті бар адамға, шынын айтсақ, бұл да осал сабақ емес. Сол сабақтарды жақсы игергенін Орал М.Әуезовтың «Айман-Шолпанындағы Жарас, Ж.Тілепбергеновтің «Перизат-Рамазанындағы» Жарылғап, «Ұлпан-Есенейдегі» (инсценировкасын жазған Қ.Ысқақов) қарақшы рольдерінде байқатты. Оралдың тағы бір өзгеше тұсы бар суырып салма ақын, термеші. Оған С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» спектаклінде ақын ролінің ұсынылуының себебі де осы шығар. Ақындық қабілетті жас актер жақында тағы бір жағымды іске жұмсады. Балаларға арнап ертегі-пьеса жазды. Бұрынғыша қолжазба іздеп Алматы асудың қажеті болмай қалды. Орал жазған «Жақсылық пен жамандық» пьесасы арқылы балалар Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақпен достасты. Бірлесіп, жамандықты жеңді. Қолтықтан демейтін аға қай кезде де керек. Оралдың 40-50 минутқа созылатын осы дүниесін қоюға театрдың бас режиссері Мағзом Бақытжанов ықыластана кірісті. Ал драматургия, режиссура деген ұғымдарға әзір бас ауырта қоймайтын балаларға пьеса ұнап-ақ қалды. ...Ертегінің ылғи жақсылықпен аяқталатынын қазір балалар әбден біледі. Режиссер мен актерлердің мазасын алып жүрген қаражат мәселесі де солай тәмамдалса ғой, шіркін. Ал репертуар жұтамайды. Оның біз білген бір дәлелі, мысалы, Орал Байсеңгіров дүниеге әкелген ертегі-пьеса.

Ертай Ашықбаев
«Ақтөбе» газеті, 20.04.1998ж

«ТАХАУИ ТЕАТРЬІ ТАРИХЫНАН»...

Ол жылдары Ақтөбенің шалғайдағы аудан орталықтары өз алдына совхоздарға, тіпті ірі бөлімшелеріне де «АН-2», мен «ИЛ-2» ұшақтары, халық жалпық тілмен атап кеткен «Кукурузниктер» күн аратпа қатынап тұушы еді. Анау алыстағы Мәскеу мен Алматыда басылатын газеттерді, облыстық газеттерді ауыл халқы шыққан күннің ертеңіне оқитын. Елдегі ағайындар автобусқа мінбеуші еді, Ақтөбедегі шаруасын бітіргісі келсе ауыл іргесіндегі ұшақ алыңына баратын да белгілі сағатында ұшаққа мініп, ет пісім уақытта қалаға жететін. Сол жылдары өз басым Оймауытқа жиі жол тарттым. Ұшақ Байғанинге, Жарқамысқа газет-журнал, хат салған сары қапшықтарды тастайды да сүт пісірім уақытта аспанға қайта көтеріліп, 40 минуттен кейін Оймауытқа қонады.Одан әрі тағы қанатын қомдайды да Диярға барады. Диярдың адамдарын қанатының астына алып, Оймауыттан, Жарқамыстан, Байғаниннен сыйғанша «қарнын қампитып» алып, Ақтөбеге қайтып оралады. Неге осы жайды тәпкіштеп жазып отырмын. Менің осы жазбаларымның кейіпкері Орал Байсеңгіров сол біз қатынап жүрген жылдардың бірінде Дияр ауылында іңгәлап дүниеге келген көп қара домалақтың бірі. Матайқұмда, Кеңжылойда мектепке қатынаған, 2-сыныптан бастап қолына домбыра ұстап, ауылдың алты ауызын айта бастаған. Өнердің қиын да күрделі сатыларын өз аулында, ата-ана бауырында 9-10 жасында- ақ меңгеріп алған. Бір жолы Ақтөбенің тамаша өнерпазы, күй перісі, республикалық конкурстардың жеңімпазы Жайлау Асылханов: Аға,осы сіз Оймауытта тудыңыз ба? - деп сауал қойды. Ол шындықты білгісі келді. Көңілін қимадым. -Иә,- деп жауап қайттым. Сұрауының жөні бар. Менің «Қайнар» баспасында 1979 жылы жарық көрген алғашқы кітабым «Оймауыт өңірінде» деп аталып, осы жайсаң өлке адамдарына арналып еді.Сол кітіп жазылып жатқанда Орал бесікте еді, жазылып бітіп, жарыққа шыққанда Диярдың көшесінде бұзау қуып жүрген екен. Мен қайдан білейін. Алғаш кездескенде Орал жанып тұрған жігіт еді. Жасын сұрап едім айтпады, жұмбақтап айтты.-Аға.әлі бойдақпын, қатын жолда, бала белде, болашақ күңгірт - деп әзілге шақырды. Мен Ақтөбе облыстық драма театрында әдеби сарапшы едім. Жасым келген, базардан қайтып оралған шағым. Әрі труппаның дені жастар- орда бұзарлар. Солардың ішіндегі ең жасы. Армия тілімен айтқанда «салага» Орал еді. Алғашта Е.Әлімжаның «Тақталасында» Дауғабайды ойнады. Ақтөбе педагогика институтының жанындағы театр студиясын бітіп келген күндері. Сахнаға әртіс боп бірінші шығуы. Зал аузы-мұрыннан шыққан, лық толы еді. Институт ректоры Мұқтар Арын өзі бас болып студенттерді алып келген. Спектакль біткен соң пікір алысылды. Кім қалай ойнады? Режиссерлік шешім қалай? Сахнаның декорациясы жөнінде. Оралдың Дауғабайына жоғары баға берілді. Әртістер ортасы қызық. Аз айлығын уақытында алмаса да қашанда көңілді жүретін. Шетінен өнерлі. Ән, би, күй, терме, орыстың «Катюшасы», украинаның «Гопағы»-жігіттермен қыздар бәрін де біледі. Анда-санда мақала жазып, тәртіпке шақырып қойғаным болмаса, қолымнан түк келмейтіні тек мен ғана. Орал, осы сен неге ұялмайсың, қымсыңбайсың! Сахнада әкеңнің үйінде отырғандай сезінесің? Сөздерің мірдің оғындай...- деймін ағымнан жарылып.-Ол нанбайды, ағасын кекетіп, әжулап тұрған ғой деп ойлайды. С.Балғабаевтың «Ең әдемі ең келіншегі» сахналанды. Қоюшы режиссер Мағзом Бақытжанов келіншекке Дәметкен Хусаинованы, оның маскүнем күйеуіне Қайрат Амантүрлинді, ал өнерпаз жігіт Абдолла роліне Орал Байсеңгіровты таңдады, Бұл спектакльды бұрын Алматыда Г.Мүсірепов театрында көргем. Гүлжамал болып Лидия Каденова ойнаған. Қойылым ұнаған. Өзіміздің жас театр қай деңгейден шығар екен? «Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» демекші мен әдебиетші, жәй көрермен ретінде көп қобалжимын. Премьерада зал толған жоқ.Театр әлі көрермен жинайтын дәрежеге жете алмаған кез. Оқиға үш кейіпкер арасында өрбиді.Қалғандары көмектеседі. Неге екенін білмеймін Оралға көбірек жаным ашиды. Бәйгеге ат қосқандаймын. Озып келсе екен.Тілегім болды. Орал өзінің Абдолласын басынан аяғына дейін мәпелеп, арқасынан қағып, жанын салып, жүрегінің жылуын беріп ойнады. Көрермен гүл шоғының көбін менің Оралыма сыйлады. 1996 жылы араға елу жыл салып Ақтөбе театрына «Айман-Шолпан» қайтып оралды. «Айман-Шолпан»Ақтөбе сахнасында алғаш реет отызыншы жылдара қойылған, сонда 13 жасар Бәкір Тәжібаев жеті жасар Есет болып сахнаға шығыпты. Ия, кәдімгі Есет Көтібарұлы, кейін патша мен жандаралдың есін тандырған Есет. Орал бұл жолы Жарас болып ойнады. Жарас Әуезовтың өзі ойлап тапқан кейіпкері. Қиын, күрделі, екі жақты жарастырушы, татуластырушы адам. Спектакль басталып кетті. Күндей күркіреп, ызғарын шақырып Көтібар көкем келді. Паң, өркөкірек Әлібек көрінді. Маманбай, Арыстан батыр, Айман сұлу, «елдестірмек елшіден» дегендей жанын салып Жарас жүреді. Екі сағаттан астап жүретін спектакль жалықтырмайды. Алтыншы қатарда отырмын. Желкемнен шықан сыбыр: -Мынау Абдолла ғой.(Оралды айтып отыр) қандай әсем ойнайды. Сол жағымнан күбір құлағыма шалынды: Баға қоюды менен сұраса Байсеңгіровке «5» қояр едім. «Айман- Шолпан аяқталды.Қол соғылды.Қошамет көрсетілді.Тағы да гүл шоқтары Оралды орап тастады. «Рамазан-Перизатта» Жарылғап, «Есеней-Ұлпанда» Қожықтың қарақшысы Оралдың орындауында көрерменнің көңілінің төрінен орын алды. Театр облыстың біраз аудандарын аралады. Атырау мен Ақтауда өнер көрсетті. Ресейдің Орынбор,Тұзтөбе,Ор қалаларына. Адамау аудандарына сапар шекті. М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық театр фестиваліне қатысып «Айман-Шолпанды» әкемтеатр сахнасынан көрсетті. Осы сапарлардың бәрінде Орал театрдың ажары болды. Жалғыз ол емес, әрине Б.Ержанов, .Нұрмағанбетов, М.Ілиясова, Д.Хусаинова... Ал Қ.Балдаиров «ең жақсы ерлер ролі» үшін фестивальдің сыйлығын М.Әуезовтің күміс медалін алды. Андижан театрының режиссері Ақунжанов Қазиханның ойынына риза болып, нағыз өзбек екен деп баға берді. Ол жылдар біздің жас театрдың ессею, марқаю кезеңі еді-ау. Кейін театр құлдырады, жігіттерде селдіреді. Бірі «Екі езуге» екіншісі базарға кетті, қыздар байға ұзатылып кете барды.. Атам Байсеңгір жырау болыпты, елін ауызына қаратқан. Нағашыларым да құралақан емес,-деп жауап берді Орал менің сауалыма. Орал домбырада, баянда, гитарада еркін ойнайды. Наурызбектің, Қашағанның, Ақтанның, Нұрымның, Сәттіғұлдың, Махамбеттің, Базар жыраудың термелерін Оралдың орындауында тыңдап көрдім. Ол ерекше әлем, сүйкімді сәт. Қаршадай жігіттің бойы тұңған өнер. Осының бәрі өзі өмірге еңбектеп келген құнарлы өлкеден, кішкене ғана Дияр аулынан жұққан. Оралдың оқуы да аз емес. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің режиссерлік бөлімін, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбек университетінің музыка факультетін бітірді. Қазіргі «хоббиі» көркем сөз оқу. «Рауан» радиосымен бауырласып алды. Абайдың қара сөздерін, Мұхтар Шахановтың өлеңдерін, Қадыр Мырза Әлінің шумақтарын шебер орындап жүр. Театрда Орал балаларға арнап «Жақсылық пен жамандық» деген ертегі қойып, онысы сәтті болып шығып еді. Осы күндерде режиссураның ендігі сатысын қаузай бастады. Мұқағали Мақатаевтың туғанына 70 жыл толуына арнап «Қош.махаббат» қойылымын әзірлеп жатыр.Тағы да жігітіме сәттілік тілеймін. Әкесі Ноғайбай менімен түйедей құрдас екен. Пайғамбар жасындамыз. Анасы Ажар да шамалас. Екеуімен де Оралдың үйінде табақтас боп, сырласқанымыз бар, келіншегі Нұргүлде өнерлі домбыраның құлақ күйін келтіріп ән салғанын көрдік.Ұлдары Сенім мен Кемеңгер өсіп келеді.Әкесімен шешесіне тартып өнер жолын қуса игі. Біздің осы шағын мақаламыздың кейіпкерінің суырып салма ақындығы бар. Бірақ байқаймын Орал жазғандарын газетке ешқашан ұсынған емес. Мына шумақты оқып, Оралдың ақындығына баға беріңіз.

Жердің бетін жадыратсын күлкіміз,
Жаңа ғасыр бұзылмасын шырқымыз
Жер анамыз тыныштықты тербетсін
Жарқын болсын жылқы мінез ұлтымыз....

Жас келгендікі ме, қайдам, кейінгі жылдары ұмытшақ болып алдым. Оралдың асабалық шеберлігін жазуды ұмытып барады екенмін. Қазір халық әдістері де той басқарып, тойда ән салып жүр ғой. Біздің Орал ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы көкесі Ақтөбеге сапар шеккенде екі рет қарсы алып, ол кісінің жоғары бағасын алды. Оралды Ақтөбеде, Аралда, Атырау мен Ақтауда болатын тойларға жиі шақырады. Жуырда ғана ол Жаңаөзен қаласында бір дөкейдің мерейтойынының ажарын келтірді. О.Байсеңгіров сылқылдаған, былқылдаған 25-ке енді келді. Тыңдырғаны көп, болашағы зор. Жорытқанда жолың болсын!

Марат Мырзағұл,
1998ж.

...Ахтанов атындағы көшеде орын тепкен Тахауи Ахтанов есіміндегі драма театры 1992 жылы өзінің шымылдығын алған рет «Күшік күйеу» комедиясымен ашып еді. Өткен жылғы маусымында драматургтың «Ант» драмалық дастанын қойып.суреткердің аруағына адалдығын тағы бір қырынан дәлелдеді. Біз осы «Ант» қойылымы жайлы рецензия жазып, қаламға былай ерік бердік: «Әбілқайыр драманың басынан аяғына дейін оқиғаның қақ ортасында. Көрермен ретінде ханның қас-қабағын, жүріс-тұрысын,бет-әлпетін аңдып отырдым. Әбілқайырдың терең ойдың, айла- шарғының, мәмлегерліктің, уәдеге беріктіктің, бірбектейліктің, отаншылдықтың, ұлтжандылықтың иесі екені ешбір күмән туғызбайды. Әбілқайыр (әртіс Орал Байсеңгіров) нанымды, иланымды ешбір қоспасы жоқтұлға. Ханды аяп кеттім, жақсы да көріп қалдым. Біздің арғы аталарымыз бойындағы дархан қасиеттерді бойына сіңірген, ел басқару әдісін шебер, терең меңгерген, болашағын ойлап, көріпкелдік танытатын, халқына, ұлтына, жұртына жаны ашитын, осы мақсаттар биігінен шығуға жанын пида етуге даяр екі адам болса.соның бірі - Әбілқайыр, ал біреу болса өзі. Бұған дейін «Перизат- Рамазанда»-Жарылғап , «Айман-Шолпанда»-Жарас, «Ең әдемі келіншекте»-Абдолла, «Есеней-Ұлпанда»-Қожық боп сахнаға шығып, көрерменін баурап алған Орал Байсеңгіровтің Әбілқайыры, оның шығармашылығының құтты қадамдарының биік тұсы, бел омыртқасы деп бағалаған орынды. Орал образға жақсы енген, кейіпкерін жанындай жақсы көреді, бағалайды, мақтан тұтады, қастерлейді.

Марат Мырзагул ,
Қазақстан Журналистер Одағының
Ә.Бөкейханов атындағы сыйлығының иегері
«Ақтөбем- алтын бесігім» кітабынан.

«ЖАРНАМАНЫ ЖАНЫМ СҮЙМЕЙДІ»

Қазақ «жігітке жеті өнер де аз» дейді әншілік те, ақындық та, серілік те баяғының жігітінің бойынан табыла берген. Ал, қазір ондай жігіттер саусақпен санарлық қана. Әні, өнері халықтың жүрегіне жол тапқан әнші, актер, композитор, жерлесіміз Орал Байсеңгір сол аз топтың ішіндегі «сүйектісі», қанжығасы жаңа әнге толған азамат жақында редакциямызға бас сұқты. Орал Байсеңгір, Қ.Жұбанов атындаәы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Жастар сарайының» директоры, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» Ақтөбе филиалындағы «Көзқарас» пікірлер тоғысының жүргізушісі: -Жақында Астана қаласына барып келдім. Астананың 10 жылдығына орай қазір елімізде жаппай әзірлік шаралары жүріп жатыр. Шығармашылығымдағы соңғы жаңалықтың бірі - Елорда күніне орай жазылған «Нұр - Астана» әнінің бейнеклипі қазіргі кезде республикалық теледидардан көрсетіліп жүр. Әнін Болат Боранов, сөзін мен жазғанмын. Жалпы Астананың көркемдігіне, көз тартар сұлулығына арналып жазылған біраз әндердің сөзін жаздым.

-Астана жайлы қанша әнге сөз жаздыңыз?

- Мен сөзін жазған Астана жайлы төрт ән бар. Атап айтсам, «Нұр-Астана» (Әні Болат Борановтікі), «Астанам менің» (Әні Жандарбек Назаровтікі) және «Арайлы Астанам» деп аталатын екі ән бар. Бірінің әнін Марат Жанғазиев , екіншісінің әнін Нұрталап Жүсіпов жазған.

Жалпы соңғы жылдары Астанаға арнап ән, өлең жазу жыл сайынғы дәстүрге айналып бара жатыр ма? Олай деп айта алмаймын. Жалпы менің түсінігімде халықтың, әсіресе, жастардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында осындай әндер қажет деп ойлаймын. Меніңше, әнге жазылған өлеңді мәнеріне келтіре оқыған кезде де ол өзіндік өлеңге тән ерекшелігін жоймауға тиіс. Кейбір әнге жазылған өлеңдерді тек әуенімен ғана тыңдай аласыз. Ал көркемдеп оқысаңыз, құлаққа тосын естіліп үйлесімділік табылмай тұрады. Демек, әнге жазылған өлеңді көркемдеп оқығанда, яғни, әнін, терісін сыпырып алғанда ол нағыз өлеңге тән қасиетін жоғалтпауға тиіс. Сондықтан әнге жазыған өлең сол әннің табиғатымен астасып, бір- бірімен үйлесіп жатуы керек.

Сіз көбіне дайын әндерге өлең жазасыз. Әндерге өлең жазу сіз үшін хобби ма? Хобби деп айтуға болмас. Дайын әндерге өлең жазғанда тұрған ештеңе жоқ. Әрине алдымен өлең жазылып, сосын оған ән жазылғаны дұрыс. Бірақ көптеген ақынның өлеңі әнге «сұрана» бермейді, әнге өлең жазу үшін әннің табиғатын сезіну керек. Соңғы жылдары қазақ әндерінен ұлттық бояу жоғала бастады, шетелдік әуендер ырғағына ұқсастық байқалады дегенге қалай қарайсыз? «Қазақ әні тоқырауда, азып-тозды» деген әңгіме Шәмшінің тұсында да айтылған. Бұл әр кез, әр заман ағымында айтыла беретін нәрсе. Қарапайым ғана мысал келтірейін. Шымкенттіктерге өзбектің әні, биі әбден сіңісіп кеткен. Сол енді бізге де кеп жатыр. Соңғы жылдары ақтөбеліктер үшін той-жиындарда өзбекше би билеу сәнге айналды. Әрине, өзіміздің «шығыс ұлты» ғой деп қарауға болатын шығар. Бірақ меніңше, «еуропалықтарға еліктегеннен жақсы ғой» деп, шығыстың қолтығына кірудің қажеті жоқ. Ешкімге, тіпті, өзбекке де еліктемей, қазақтың өзінің әнінің, өнерінің ерекшелігін сақтауға тиіспіз. Демек әнді сынау, әнге көңіл толмаушылық қай кезде де болады және бола беретін құбылыс. Халық қазіргі күні қандай ән күтеді деп ойлайсыз? Меніңше, патриоттық әндер керек. Патриоттық әндер халықтың рухын көтереді. Отанға, туған жерге, ел деген жұртшылықтың құрмет сезімін ояту қажет. «Менің Қазақстанымнан» , «Атамекеннен» басқа, халық жүрегіне жақын ән жоқтың қасы. Сол себепті, марштық сипаттағы әндер көбірек дүниеге келгені жөн деп есептеймін.

- Алайда, махаббат тақырыбындағы лирикалық халық тез, әрі жылы қабылдайды ғой. Мысалы, Қайрат Нұртас орындауындағы «Арман» әнінің сөзін үлкен-кіші жатқа біледі. Бұл тыңдарманның қалауы емес пе?

Мұның себебі, жазылған әннің дұрыс таралмауында жаңа әндерді халыққа жеткізу жағы кемшін. Қазақ әндерін насихаттайтын радиолар патриоттық әндерді сирек береді. Меніңше, кез келген телерадио ұлтқа қызмет етуге тиіс. Ұлтқа қызмет етпеген соң патриоттық рухтағы әндерді қайтсін, бұл қазіргі күні қазақ әндерін насихаттаудағы ең басты міндет болуы керек.

Сіздің жаныңызға қай әніңіз жақынырақ?

Әннің бәрі жақсы. Сірә, әннің жаманы болмайтын шығар. Тек халықтың көңіліне жол таба алмайтыны болмаса. «Байғанин маршы» әні жаныма жақынырақ сияқты. Байғанин туған жерім ғой. Сексен жылдығына орай өткізілетін шарада осы ән орындалмақ. Соңғы кездері діни әндер де жиі айтыла бастады. Діни әуендегі әндерге қалай қарайсыз? Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбарымыздың туған күні мәуліт кешінде, шығыстық мақаммен діни ән орындадым, өлеңін өзім жаздым. Сол кеште Жәкен Омаровтың бірнеше әнін орындадым. Әрине, әнді жұртқа тарату үшін оған жарнама керек. Онсыз кейде мүмкін емес. Телерадио арналары арқылы қай ән көбірек жиі берілсе, халық соны тыңдайды. Ал, жарнама әнді көпшілікке, тыңдарманға ұсынады. Ұмыт қалып бара жатса есіне салады. Сондықтан әнге жарнама керек. Сіз актерсіз, әншісіз. Қазір телеарнада қызмет істеп жүрсіз. Өзіңізді журналистік шеберлік жөнінен байқап көргіңіз келді ме? «Қазақстан ұлттық телеарнасы» Ақтөбе филиалындағы «Көзқарас» пікірлер тоғысын кәдімгі ток-шоу ретінде өткізуді ойлағанбыз. Өзіңді әр қырыңнан байқап көргеннің зияны жоқ деп ойлаймын.

Әңгімелескен Жанар Нұрғалиева.
Керекинфо. 3 шілде. 2008 жыл.

ҚЫРЫҚ ЖАС

(Ертай Ашықбаевтың «Елу жас» өлеңінің ізімен)
Қырық деген... Елуге дес бермейтін сияқты,
Мынау дүние әлі де ескермейтін сияқты.
Қырма сақал жүзіңе әр беретін сияқты,

Ішкенің мен жегенің нәр беретін сияқты.
Кеше киген костюмің тар болатын сияқты,
Кісі жары кісіге «жар» болатын сияқты.
Атағың мен мансабың аспандайтын сияқты,

Кеше жуас әйелің қақшаңдайтын сияқты.
Бүгін, ертең басыңа бақ қонатын сияқты,
Ұлдарыңа киімің шақ болатын сияқты.
Бедел, байлық жаныңа жиналатын сияқты,

Ақ шашыңа тек әйел қиналатын сияқты.
Әзіл айтсаң он сегіз түсінбейтін сияқты,
Беделіңді бұл бірақ түсірмейтін сияқты.
Думан-қызық, дос-жаран көбеймейтін сияқты,

Жиырма беске қу көңіл елеңдейтін сияқты.
Есігіңді бозбала торып жүрген сияқты,
Өзің түзді, үйді әйел қорып жүрген сияқты.
Елу алда қас қақпай бағып тұрған сияқты,

Отыз әлі ұмытпай танып тұрған сияқты.
Жас жігіттер қызыға қарасатын сияқты,
Бұл қырық Оралға жарасатын сияқты.
Сәтжан Дәрібай,

05.03.2013 жыл.
ОРАЛ - ОРАЛЫМДЫЛЫқ,
ЖАРАС – ЖАРАСЫМДЫЛЫқ

Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай, Ақтөбе облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Маңғыстау сапарын «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен бастаған еді. Ақтөбелік қазақ драма театрының жас труппасы халық жадында қастерленген «Айман-Шолпанды» сәтті шығарған, музыкалы комедия жалықтырмайды. Жалған дүниенің жортуылдары сынға талай салған, бар ғүмырын бәтуаға бағыштаған Жарас-тірлікті түсінесің... Жарас (Орал Байсеңгіров) бейнесі «Айман-Шолпанның» бүкіл композициясының бел омыртқасы іспетті. Жарас бастан-аяқ сахнадан түспейді. Жарас - Орал сөзінің анықтығымен, даусының еркін сенімділігімен, үн екпінімен, қимыл-қозғалысымен (жест), бет мимикасымен көкейде жатталып қалады. Сахнада партнерлары Жарас-Әлібек (Серікбай Оразалин), Жарас-Арыстан (Абай Көптілеуов), Жарас-Көтібар (Қайрат Амантурлин), Жарас-Айман (Майра Ілиясова), Жарас-Шолпан (Данила Әденова), Жарас-Өзбек (Қазихан Балдайыров)... мұның бәрінде Орал - оралымдылық, Жарас -жарасымдылық көрермен ризашылығына бөленеді. Комедияның композициялық арқауының ширай түсуіне, мінсіз өрнек құруына Жарас-Орал аз еңбек сіңірмеген. Келбеті де келіскен, дембелше тұлғасы да сахынаға сыйымды. Ақынжанды актер өз образының ішкі психологиялық иірімдері мен сыртқы әрекет бағдарын елгезек сезіне алған.

Сафи Әжімұратов Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, облыстық «Маңғыстау» газетінің арнаулы тілшісі. Ақтау қаласы. 4.03.1997жыл.

«БАТЫР ҚОЯН»

Ертегі
(Балаларға базарлық)
Қатысатындар:
Қасқыр

Мыстан
Қыдыр ата
Батыр қоян
(Қыдыр ата келді)

Бір жақсылық сезіп келем,
Кең даланы кезіп келем, балаларым!
Ел-жұртымның данасымын,
Алда әлі сан асуым,

балаларым!
Түзесін деп ел ертеңін,
Ақ батаммен көгертемін,
балаларым!

Асыл жолдан шаршап келем,
Жыл көрмесем аңсап келем,
балаларым!
Арқалаған ақ арманын

Келді қызыр бабаларың,
балаларым!

Иә, Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым, Жаңа жыл жаңа биікке жеткізсін. Айтпақшы, балалар, биыл қандай жыл келді? Қане, кім біледі?

(залдан балалар) Қоян жылы, Қоян жылы!

Қыдыр ата - Иә, балалар, дұрыс, өте дұрыс. Былтыр “Барыс” жылы еліміз батыл қадам жасап, үлкен болашаққа жол ашты, ендеше қоян жылы қорқудың керегі жоқ. Адамдардың көңілі ақ қояндай аппақ болып, баршамызға татулықпен береке дарысын! Мен ақ қоянға батамды берейін. Осы жерде кездесуміз керек еді, ол да мені тағатсыздана күтіп жүрген болар - қараңғы түсіп барады. Сау болыңдар, балалар! (Қыдыр сөздерін мыстан кемпір мен қасқыр тыңдап тұрады). Сахнаға Қасқыр шығады, Мыстан шығады. Жуан дауыспен, балаларға қарап, әуелі көрмей, бір уақытта: (жақындай түседі). Мыстан :- Қой! Қасқыр досым, сәл шыда, бұлар өсіңкіресін, содан біртіндеп үңгірге әкеліп тұрасың, мен саған құйрық майына қуырып беремін.

Қасқыр :- Қашан, қазір ме?! Қайсын ұстайың?

Мыстан :- Тиме, достым! Тиме, қазір қазан да жоқ, құйрығы да аз, ал, шикі ет - іш ауырады. Одан да қорқақ қоянды ұстап алып, қазансыз-ақ отқа үйтіп жейік!

- Міне бүйтіп. Құлағынан ұстап тұрып, аяғынан отқа қақтаймын. (Жиіркенішті күледі) қалай?

Қасқыр : (өте қуанып) - Ол қыли қоян бір жерде бұғып жатқан шығар, бүйтіп (қолын артына ұстап құлағын көрсетіп көзін жұмады)

Мыстан : (артынан келіп) - Қасқыр!!! (бар даусымен айқайлап жібереді)
Қасқыр : (Бақырып жібереді)

Мыстан : - Ә, батырым? Саған да жан керек екен ғой. Қояннан да қорқақсың, сенімен дос болу опасно! /Қауіпті!/

Қасқыр : - Қасқыр қасқырға қастық қылмайды!
Мыстан : - Сен қорқақсың! Су жүрексің!

Қасқыр : (ызаланып) - Әп, бәлем! Сен қоянды ма, мені Мыстанға мазақ қылдың-ау, Әп, бәлем!!! Мыстан : - Ендеше Қыдыр ата Қоянға батасын бермей тұрғанда, тарттырайық сазайын.

Қасқыр : - Жүр, кеттік!

Сахна қараңғы, қоян жүгіріп келеді, көзін сүртіп, (музыка да тез) Ақ қоянмын,

Жаңа ғана ояндым.
Көтеріңкі күйім,
Туған жерім — үйім,
Қанша батыр болсам да,

Қараңғыда қиын.
Көктем бұл - жасыл бақ,
Ойнайтын жасырмақ.
Таң атса, күн күліп,

Секірем асыр сап.
Ақ қоянмын, қоянмын,
Жаңа ғана ояндым.
(Балаларға)

Қоян : - Қандай тамаша! Мен сияқты сүп - сүйкімді балалар! Сәлеметсіздер ме, балалар! Неге үндемейсіздер, қорқасыздар ма? Апайларыңнан қорқасыздар ма, қорықпаңдар! Мен өзім, мен өзім, бар ғой, ешкімнен, ешкімнен қорықпаймын! Грамм - тк - тк - тк тілін тықылдатып мақтанып тұрғанда, мыстан күліп, қасқыр ұлиды. Қоян бұтаға тығылып, сындырып кете жаздайды,

(Мыстан, Қасқыр екі жақтан шығып) Қасқыр : Әп, бәлем, қолға түскен жерің осы ма? Қазір біз сені, (тістерін уқалап, қарқылдап күліп ырылдайды). Мыстан : - Енді қаша алмайды. Кел, Қасеке! Мына жіпті жақсылап есіп алайық, ұста бір жағынан, сосын қоянды құлағын байлап, іліп қоямыз.

(Екеуі арқанды есе бастайды), қоянға қарап, Қасқыр : - Енді құтылмайсың, қайдан жүрген қоянсың, а? Қоян : (жылап) - Менің сіздерге жазығым жоқ. Мені Қыдыр атам күтіп қалды ғой. Біз таңның атқанын, Жаңа жылды бірге қарсы алуымыз керек. Қыдыр ата батасын береді, мен оны елімізге бір күнде таратып шығуым керек.

Қасқыр : - А, бата, бата,
а, Қыдыр ата!

Жо - жоқ, біз сені Қыдыр атаға қуырып береміз, су жүрегіңді суырып береміз. Қасқыр мен Мыстан бір жағына шығып, арқанды тұзақ қылып құра бастайды.

Қасқыр : - Түсесің тұзаққа!
Мыстан : - Сосын, үңгірдегі тозаққа!

Қасқыр : (ілтипатпен)-Миыңнан айналайын, Мыстаным, қазанды отқа қой! Мен тұзақ құра берейін. Мыстан : (үңгірдің жанынан қазанды алып, астына от тұтата бастайды, газетті жағып). Қасқыр : - Мен мұны қанша жылдан бері ұстай алмадым, жаяу жарты жыл, велосипедпен бір жыл... осы жолы... иә..., (сілекейін жалап) «қуырдақтың көкесін қоян сойғанда көресің»

Қоян : (балаларға) - Енді не істеймін, қашайын ба, мені тығыңдаршы.
Балалар : - Қаш, қаш!!!
Қасқыр : (атылып кетеді) - Әп, бәлем!
Қоян : Залға балалардың арасымен зыта жөнеледі. (Музыка)

(Балаларды айналып жүгіреді, сықықылықтап күледі) Қара түнек басқанда,
Қулық ойлап сасқанда,
Қасқыр түгіл құланға
Жеткізбеймін қашқанда.

Қалдым тоңып, үсіп,
Зәрем кетті ұшып.
Жете алмайсың жүгіріп,
Зырылдаймын ұшып.

Хи-хи- хи
Қасқыр, қасқыр, кет, кет.
Кел, балалар айқайлайық,
Қасқыр,

Қасқыр,
Кет, кет (3 рет)

Қасқыр, сахнадан түсуге қорқып: мына балалардың мылтығы бар шығар, қап бәлем, (тісін шықырлатып, ырылдайды).

Сол кезде Қыдыр атаның дауысы естіледі алыстан: Ақ қояным аппақ,
атаң қалай таппақ,
Кел қорықпай, көжегім,
Келем сені мақтап.

Ақ қоян, Ақ қоян,
«Батырым» деп ат қоям.
Наурыз келді жыл басы,
Жарықтарды жақ, қоян!

Қоян : - Ата! Ата!

Қасқыр ұлып Мыстан кемпірмен бірге үңгірге кіріп кетеді. Қоян залдан шығып, «Ата» деп жүгіреді. Қыдыр ата : (құшақтап) Денең дірілдеп тұр ғой, батырым - ау, түнде біреу қорқытты ма, айт, шыныңды? Қоян : - Иә, ата, Мыстан кемпір мен жалмауыз Қасқыр жеп қоя жаздады. Сізді таба алмадым, ұйықтап кешігіп қалыппын. Қыдыр ата : - Мені қарсы алғанда, кешікпеу керек, сен биыл жылдың басысың, осы мың жылдық тарих сенімен аяқталмақ. Сен бізді жаңа ғасырға жеткізуің керек, Жыл басы - басымын.

Ешкімнен қорықпаймын.
Қыдыр ата : - Ендеше қайда әлгі қастандық жасаған жамандық иелері?!
Үңгірден Мыстан мен Қасқыр (қосарланып):
Ақ Қоян, бізді айтпашы, жалынамыз,

Енді саған тимейміз, Ант етеміз.
Қоян : (кенеттен батырланып)
Жоқ! «Жауын аяған жаралы болады»
Олар мына үңгірде!

Қыдыр ата : - Қане шығыңдар! (екеуі сүмірейіп шығады, қорқосақтап, біресе анау, біресе Қасқыр алдына шығып) Қыдыр ата : - Иә, сендер биылғы жылға жамандық ойлап, еліміздің берекесін кетірмек болдыңдар ғой, ә?! Мыстан : - Мен енді ешқашанда елге жамандық жасамаймын. Адамның ала жібін аттамауға ант етемін. Қасқыр : - Қарным аш болса қастандық қылмаймын, Қатыгез болсам, қара жерге кірейін! Қыдыр ата : - Мен елді сендейлерден тазартам деп, өмір бойы күресіп келемін. Мен дархан даланың данасымын, панасыздың панасымын! Екеуіңді әбден жамандықтан арылғанша тас үңгірге қамап, жаңа

ғасырға жақсылықпен ғана қадам басамыз.
Қане, кіріңдер тас үңгірге!
Екеуін қамап, үңірді дәу тастармен бекітеді.
(Олар жалына бастайды)

Қоянды басынан сипап:
Қуаныш ұяласын келбетіңе,
Акқу - қыз еркін жүзсін көл бетінде.
Жамандық жасағанның жаны шықсын,

Жақсылық мәңгі орнасын жер бетінде.
Әумин!
Қоян: (музыка).
Кел, балалар, ойнайық,

Қорықпайық, тоңбайық!
Қоян жылы құт болсын,
Сіз-біз болып тойлайық.
Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаң ғасыр, достарым.
Жаңа жыр, Жаңа жыр
Жаттайық, кел достарым.
ІІІашуы — бұп елімнің,

Шаттыгы бұл жерімнің.
Наурыз тойы – халқымның
Қуанышы, көңілдің
Ән айтып жүріп, Мыстан мен қасқырды шығарып, елге сәлем еттіруге барады.

Соңында - Қоян, Қасқыр, Мыстан, Қыдыр ата сәлем етеді. СОҢЫ

ҚЫДЫР КӨРГЕН ЕР ҚОСАЙ

Келімберді, Құдайке —
Адайдың екі баласы
Көзінің ақ пен қарасы
Құдайке еді ағасы,

Сөзге шешен данасы...

Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады. Келімбердінің алты баласының ішінде Мұңал мен Тобыш өте тату болып өсіпті. Есейгенде еншісі бөлінбей, жұбын жазбай жүреді екен. Наурыз айы туа екеуі немере ағалары Құдайкеұлы Қосай батырға көрісіп қайтайық деп атқа қонады. Қосай батырдың ауылына жақындағанда, ағаларының да жолаушылап бара жатқанын көріп, алдынан шығып, «Ассалаумағалейкум»,- деп құшақ жая көрісіп,- жолыңыз болсын,-дейді. «Бірге болсын!» -деп, Қосай батыр інілерін ізінен ертеді. Көп ұзамай алдарынан сағым ойнаған боз төбе көрінеді. Төбеге шықса... Міне ғажап! Қаз-қатар тігілген ақ боз үйлер! Қосай атамыз қос інісіне : -Ал, Мұңал, Тобыш! Біз енді осы тойға түсеміз. Сендерге айтарым, тойдан шыққасын осы төбеден құлағанша, арттарыңа қарамаңдар,-дейді. Тойлы ауыл бұларды құрметпен қарсы алып, үшеуін үш үйге түсіреді. Қосай ата түскен үйде не бір билер мен бектер отырса керек. Төрдегі орын Қосай атаға бұйырып, бас ұстапты. Ас желініп болғасын, үй иесі «бата жаса» дегендей, Қосай атаға ишарат білдіріпті. Сонда Қосай ата қолын жайып:

«Жолаушының жолында бол,
Жолыққанның жолында бол,
Тарыққанның қамында бол,
Әр кез атыңды атап,

Зарыққанның маңында бол! Аллаһу акбар!»- батасын береді де, ал, қасиетті бабамыз, жолға шығып барамыз, бізге де батаңызды беріңіз,-дейді үй иесіне қарап. Сонда үй иесі

Жүрсең жолың болсын!
Жүрген жағың оңың болсын!
Көптен қолың болсын!
Бақ пен дәулет-малың болсын!.

Ықыласың қабыл болсын! Әумин!-депті.

Той тарқап, ағаларына сәлем бере келіп, тойға түсіп, ырза болған інілері қос атпен сар желіп отырып, боз төбеге шығады. Аға сөзі ойда тұрса да, өздеріне құрмет көрсеткен ауылды қимай артына қараса, жаңа дүбірлі той өткен, ауыл жым-жылас. Мұңал мен Тобыш не болғанын білмей, аң-таң боп, Қосай атадан сұрауға батылы жетпей абдырап қалады. Інілерінің төзімі жетпегенін сезіп келе жатқан Қосай:

— Шырақтарым-ай, шыдамдарың жетпеді-ау! Алланың мейірімі мол, кешірер,-деп дұға етеді де әңгімесін жалғайды.

Жаңағы той Қыдыр ғалайһімсаламның тойы еді, пайғамбардың 1 жасының неше жыл екендігін бір Аллам біледі. Ал, сендерге қандай табақ тартты, соны айтыңдаршы. Маған жауырын тартты,- дейді Тобыш. Маған жамбас тартты,- дейді Мұңал. Ендеше, — депті Қосай ата- жауырынның етегі кең болады, Тобыш қарағым, ұрпағың өсіп, дәулетің шалқиды, ал Мұңал қарағым, сенің әулетіңнен бір адам басшы болады,-екен дейді. Қосайдың айтқаны келіп, Тобыш ұрпағы кең жайылып, шетінен мол дәулет бітеді. Ал, Мұңалдан есімі адайдың ұранына айналған әруақты Бекет ата шығыпты. Ал, Қосай батырдың есімін, әулиелігін, қасиеттілігін, пірлігі мен ерлігін тек қана он екі ата Байұлы ғана емес, бүкіл қазақ, көрші өзбек, түркімен, қарақалпақ мойындап, бес ғасыр өтсе де, «Қыдыр көрген Қосай » деп қастерлейді. Кіші жүзде «үш жолдасың болса бірі- Қосай болсын» немесе «қырық жігіт жауға аттанса, қолды Қосай бастасын»,- дейді. Әлі күнге Адай руының ішінде той-садақада Қосай атаның ұрпағынан бата сұрау дәстүрге айналған.

Ел аузындағы әңгімені ұсынған:
Орал-Қосай Байсеңгір
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университеті, Жастар Сарайының директоры.

«Ақтөбе» газеті
Қ. Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университетінің

«НАУРЫЗ-2008»

мерекесіне арналған сценарий Сахнаға қазақтың ағаш үйі іспеттес декорация қойылып, мерекеге сай безендіріледі.

Н. Тілендиевтың «Әлқисса» күйі.
Сахнаға екі жақтан екі жаршы шығады.
І жаршы:
Армысыңдар ағайын,

Көңілдің кілтін табайын.
Қарсы алайық Наурызды,
Жаңа күннің арайын.
Нұрға толсын көңілің,

Жырға толсын сарайым!
ІІ жаршы:
Ағайын-дос, туысым
Жарамас бұл тұрысың.

Ұлы күні ұлыстың
Бастауы барлық ырыстың!
Ғасырлардың құрдасы,
Замананың сырласы.

Қош келдіңіз еліме
Наурыз тойы - жыл басы!
Екі домбырашы шығып, салт-дәстүрдің жаңғырған күні жарапазан айтады.
І домбырашы:

Мерекеде ән салып,
Шабытымды байқайын.
Ақ боз үйдің жанында,
Жарапазан айтайын.

І домбырашы:
Құтты болсын ағайын,
Мерекелі тойыңыз.
Құтты қонақ келсе егер

Егіз туар қойыңыз.
ІІ домбырашы:
Жарылқа құдай барлығын,
Малын көбейт жарлының.

«Жарапазан айтты» деп
Бәйбіше ашар сандығын!
І домбырашы:
Ақ көрпесін ысырып,

Жердің беті көгерер.
Ырза болып әніме,
Мырза болып бере бер!
Екеуі қосылып:

Әсем әнмен тербетіп
Оятамыз елді біз.
Жарапазан айтудан
Шаршамаймыз енді біз!

І жүргізуші:

Елдігіміздің белгісі ғасырлардан ғасырларға жалғасқан, ұлыстың ұлы күнімен құттықтау үшін университет ректоры Кенжебаев Кенжеғали мырзаны шақырамыз. Наурыз тойы туралы ән айтылып жатқанда киіз үйдің жанына ұлттық киім киген студенттер, ұстаздар шығады.

І жүргізуші:
Көктем келіп, жер жүзі шырайланып,
Қанып іш, бал қымыздан құмар қанып.
Ал, қане, құшақ жайып көрісейік

Келгенше кім бар, кім жоқ жыл айналып!
Барлығы қол алысып, төс түйістіріп көріседі.

— Ассалаумағалейкум!

— Уағалейкумассалам!

— Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

— Қыдыр ата жолдасың болсын!- деп амандық-саулық сұрасады. І жаршы: Уай ағайын! Бірлік бар жерде — тірлік бар. Басымыз

қосылған жерде айтар жаңалығым бар. Байекеңнің кенже қызы Наурызгүлге құда түсіп, құдалар келе жатқан көрінеді. Ұлыстың ұлы күнінде құдаларымызды қарсы алайық! Музыка «Сарыарқа» күйімен құдалар келеді І құда: Ассалаумағалейкум! «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген ағайынның аманатын арқалап, Алла деп атқа қонып, аулыңызға келіп қалдық . Сізде сұңқар, бізде тұлпар бар дегендей, ақ киізге біз шаншып, кенже қыздарыңызға құда түскелі келдік. Жаршы: Хабарыңызды естіп жатырмыз. Бұрынғыдай қызды малға сататын заман емес, «тегін тапса, теңін бер» деп атам қазақ айтқан. Қыз жеңгелері: О-оу! Жаршы бала, «қалың малсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас», алдымен күйеу бала мен құдаларды бір сынап алайық. ІІ жеңгесі: Жігітке жеті өнер де аз деген. Көрсетсін бізге өнерін. ІІІ жеңгесі: Еркетайды жігіттің сұлтанына ғана береміз. Жаршы: Ендеше, кұдаларды сыналық. Ал, құдалар, осы қазақта

«үш ортақ» деген бар. Осыны айтып беріңдер.

Құда: Ал, енді үш ортақ дегенім, ай — ортақ, күн- ортақ, жақсы — ортақ. Күйеу балаларыңды жатсыңбаңдар.

Көпшілік: Ой, бәрекелді!
Қыз жеңгесі: Біздің елде «сүт ақысы» деген бар, одан не хабарыңыз бар?

ІІ құда: Сүт ақысы дегеніміз - жат жұрттық қыз баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген ақ сүт берген анасына көрсетілер сый-құрмет. Анау ақ боз үйдің артында қыз шешесіне боталы бозінген, әкесіне ер-тұрманы күмістен ақалтеке арғымақ байлап қойдық. Көпшілік: Уай, бәрекелді! Кұда болсаң, осындай бол. Қыз жеңгесі: Қызымыз көлден шығып шөлге бара ма деп қорқып

едік? Құдалар жағы көңілімізді тауып, жанымызды жадыратып барады.

- Құда: «Куә-куә-куә-дүрміз, куәлікке жүрә-дүрміз» деп бұрынғылар көпшілікті де құр қалдырмаған. Мынау біздің елдің тарту-таралғысы күйеу балаларыңда.

Сол кезде күйеу қалтасынан орамал, сақина, түрлі сыйлықтарды қыз жеңгелеріне, көпшілікке береді. Көпшілік таласып қалады.

Жаршы: Уай, жамағат! Қыз әкесі келеді.
Жаршы (қыз әкесіне):

Еліміздің ағасы - қамқа тонның жағасы. Екі жастың тілегін қосқан адамның орны жұмақта деген. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл деп Абай атам айтпақшы, мыңжылдық құда боламыз деп тұрған құдаңызбен төс түйістіріңіз.

Құдалар төс түйістіреді.

Бас құда: Төсекте бас, төскейде мал қосылған ел едік. Құдамызбен төс түйістіріп, ырзалығын алдық. Енді болашақ келінімізге ата салтымызбен үкі тағып, сырға салайық. Көпшілік:

Құдалық мыңжылдық болсын!
Күйеудің қадамы құтты болсын!
Үзағынан сүйіндірсін!
Қосағымен қоса ағарсын!

Әумин! (бет сипасып, дүға қылады) Ортаға қалыңдық келеді. Құдалар сырғасын салып, үкісін тағады. (Құда түсу рәсіміне арналған жаңа ән сахнада алғаш рет

орындалады)

ҚҰДА-ЖЕКЖАТ КЕЛГЕН КҮН

Өлеңі: О.Байсеңгір.
әні: Н.Жүсіпов.
Жаралған соң жат жұртқа тұрмасы анық,
Күйеу келтір, қыз ұзат, той жасалық.

Көзге ыстық көрінер қарындасым,
Үкі тағып кеткен соң сырға салып.
Қайырмасы:
Ай-хай,

Құда-жекжат келген күн,
Есік ашып, енген күн.
Пай-пай!
Көрімдігін берген күн,

Қалыңдықты көрген күн.
Деген: «құда мыңжылдық» бар емес пе?!
Көңілдерді көтерер ән емес пе?!
Құйрық-бауыр әкелің, асатайық,

«Құда тарту» бұл тойдың сәні емес пе?!
Қайырмасы
(Көрініс. Құдаларға құйрық-бауыр асатады).
Құдаларға «жайылған дастарханбыз»,

Алдарына жамбас пен бас тартамыз.
Сыйлаған дейді күйеуін пайғамбар да,
Жүз жыл бойы алдына төс тартамыз.
Қайырмасы:

Ай-хай,
Құда-жекжат келген күн.
Есік ашып, енген күн
Пай-пай!

Көрімдігін берген күн
Қалыңдықты көрген күн.
Сценарий авторы
Орал Байсеңгір,

Жастар Сарайының директоры
22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне арналған

«ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ»

атты театрландырылған қойылымының
сценарийі
Өтетін уақыты: 22 наурыз 2009 жыл, сағат: 11.00
Өтетін орны: Орталық мәдениет және демалыс саябағы ДАУЫЛПАЗ ОЙНАЙДЫ:

- Жаршылар «Наурыз төбенің» басына шығып, дауылпаздың үнінде мына өлең жолдарын айтады.

Уа, ағайын, туысым,
Құтты болсын ұлысың!
Ала келді әз Наурыз!
Несібе мен ырысын!

Көктем келді далама,
Құлпырды әлем гүлденді.
Берекенің бастауы,
Еліме жаңа жыл келді.

Ән салайық, жырлайық,
Босқа қарап тұрмайық.
Ата - дәстүр салтымыз,
Жарапазан тыңдайық.

(Бұл өлеңнің әрбір жолын 2 рет қайталап жар салып, айту керек!) (Ұлттық киім киген екі жігіт «Наурыз төбенің басында, екі жігіт сахнада, ал үш жігіт халықтың арасына барып «Жарапазан» айтады.) Орындаушылар

«ЖАРАПАЗАН»

Мерекеде ән салып
Шабытымды байқайын.
Ақ боз үйдің жанында
Жарапазан айтайын.

Мейман келсе есікке,
Жүгіріп шық кешікпе.
Есігіңді ашпасаң,
Кесір болар несіпке!

Құтты болсын ағайын,
Мерекелі тойыңыз.
Құтты қонақ келсе егер
Егіз туар қойыңыз

Қозы-лақтар салды асыр.
Жаңа дүние жап-жасыл.
Ұлы күні ұлыстың
Тойла халқым сан ғасыр!

Жарылқағай барлығын,
Көбейт малын жарлының.
Жарапазан айтты деп
Бәйбіше ашар сандығын!

Ұлы күні ұлыстың
Жарапазан шырқалар.
Қолы ашық бәйбіше
Көп ұзамай ұл табар!

Ақ көрпесін ысырып,
Жердің беті көгерер.
Ырза болсаң әніме
Мырза болып бере бер.

Әсем әнмен тербетіп
Оятамыз елді біз.
Жарапазан айтудан
Шаршамаймыз енді біз!

(Жаршылар әндетіп кете береді)
Хореографиялық композиция «Бәйшешек»:

- «Айгөлек» би ансамблінің ортаншы тобы билейді; Сахнада 21 тесігі бар ақ мата жинаулы жатады. Матаның шетіне тігілген петляга 8 найзаның ұшы кигізіліп, сахнада жатады. Музыка басталган сәтте 8 жігіт найзаны жоғары көтереді, осы кезде гуманитарлық колледждің 30 қызы және «Искорки» ансамблінің 10 баласы ақ матаны шетінен ұстап, сахнадан төменге түсіре бастайды. Сол кезде 21 бәйшешек ақ матаның астында тығылып, бірге төменге түседі. Жерге түскенде 40 қыз- жігіттер матаны қозгалтып, ойнатып, толқындатады.

Осы кезде сахнада «Күн» композициясымен - «Әлия гүлі» ансамблінің 16 қызы билейді. Содан кейін төменде ақ матаның (қардың) 21 тесігінен кішкентай бәйшешектер бүр жарып шығады да, би басталады. Би біткен кезде ақ мата толқындаған күйінде, бәйшешектермен бірге сахнаның алдындағы алаңнан шығьп кетеді.

Әдемі лирикалық музыкаға қыздың дауысы:
Наурыз келді гүл-көктем,
Жердің бетін түрленткен.
Гүл- бәйшешек бүр жарды,

Құйылып тұр нұр көктем.
Бусандырып қыратты.
Жылғалардан су ақты...
«Көктем» музыкасы қосылады.

Сахнаға 8 жігіт жасыл матаны 8 бұрышынан ұстап, парус жасап сахнадан төмен қарай қозғалып, алып шығады да және жасыл жер бетіндей матаны толқындатып, қозғалтады. Әртүрлі қимылдар жасап жасыл матаны неше түрлі кейіпке келтіреді. Жігіттер жасыл матаны жерге жайған кезде «Әлия гүлі», «Искорки», «Айгөлек» ансамбльдерінің бишілері көктемгі құлырған қызғалдақтай бірінен соң бірі әдемі билерін жасыл матаның үстінде билейді, бидің соңында жүгіріп кетеді, 8 жігіт жасыл матадан үлкен шар жасап, соның астына жиналып алаңнан кетеді.

Осы кезде музыка әуені өзгереді. 7 ақ жолға арналған ақ матаны 14 қыз сахнадан алып шығып, белгіленген жерлерге күн шуағындай етіп жаяды.

Жаршылардың сөздері.
1 -Жаршы:
Уа, ағайын, ағайын!
Елімнің тұр бағы асып.

Наурыздан жетсек наурызға
Достығымыз жарасып.
2 -Жаршы:
Сиыр жылы халқыма,

Мерекелі жыл болсын.
Қазанымыз ортаймай,
Берекелі жыл болсын!

Күмбірлеген күй қосылады. Жеті әже тостағанда құйылған ағарғанды сахнаға алып шығады.

Бір әже ақ тілегін айтады.
Әженің сөзі:
Уа, ағайын, ағайын!
Шаттықта бүгін шалқыңыз.

Қорғасындай балқыңыз.
«Тоқ болсын» деп халқымыз
Ақ ұсыну салтымыз.
Құшақтасып, көрісіп,

Оң болсын деп айтыңыз.

Содан кейін ақ жолдармен жүріп, көрермендерге дәм татқызады. Әжелер сахнаны айналып өтіп, қайтадан сахнаға көтеріледі. Сахна төрінде 8 жігіттің орындауында ақ матадан «Бәйтерек»

көтеріледі.
Жаршылардың «Наурыз! Бәйтерек! Қазақстан!» туралы сөздері айтылады:
1 - Жаршы:
Көктем кеп, жер бусанып,

Өзенде тасқын селдеген.
Табиғат - ана елжіреп,
Қуанды бірге елменен!
Тойлайды халық Наурызын

Кеудесін шаттық кернеген!
Атам қазақ ұлына:
«Бәйтеректей бол» деген!
2 - Жаршы:

Егеменді ел болдық
Рухы биік өрлеген.
Қол жеткіздік табысқа
Бабаларым көрмеген.

Қазақ деген ел едік
Жарыса көшкен желменен.
Қазақстан жасасын
Қырандай қанат сермеген!

- Сахнаға 7 әже от алып шығып, «Бәйтеректі» отпен аластау рәсімін жасайды, 14 әже қастарында тұрады. Бір әже мына сөздерді айтады.

Әженің сөзі:
Уа, халқым!
Бәйтерек біздің - панамыз!
Бәйтерекке бәле-жәле жоламасын!

Ел байлыгын ешкімде тонамасын!
Өзгелерге ой тастайық,
Бәйтеректі отпен аластайық!
Алас-алас, пәледен алас,

Алас-алас жәледен алас,
Көзі жаманның көзінен сақтағай,
Тілі жаманның сөзінен сақтағай.
Дұшпанның кәрінен сақтағай,

Жаманшылықтың бәрінен сақтағай.
Иесі келді, пәлесі көш! Алас, Алас, Алас!

Әжелер аластау рәсімінен кейін шеңбер жасап тұрады. Жаршы Ақтөбе облысы әкімін сахна төріне шақырады.

1 -Жаршы:

Шығыс даналығында: «Иә, Алла, қолымнан келетін іске қуат бере гөр. Қолымнан келмейтін іске ерік бере гөр және осы екеуін бір -бірінен ажырата алатын ақыл бере гөр» деген екен. Ақылымен ел билеген, елін өрге сүйреген, Ақтөбені «Алтын аймақ» атандырған, облыс әкімін сахна төріне шақырамыз.

Облыс әкімі ортадағы ақ жолмен сахнаға көтеріледі. 2 - Жаршы:
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлыс күні бата алсаң

Үлкен олжа сол болар.
Қыдыр көрген халқымыз
Берекелі ел болар!

Музыка қосылады. Неше түрлі спецэффекттер жасалады. Бәйтеректің ішінен Қызыр ата шығады. Осы көріністерді облыс әкімі сахнада тұрып көреді. Қызыр ата Бәйтеректен шығып, төмендегідей сөздерді айтады.

Қызыр ата:
Бейбіт күн бесігінде тыныстаған
Барша ұлт, барша халық туыс маған.
Иншалла, қазақ елі көркейеді,

Достықтың туын биік нық ұстаған! - дейді де сахнаға шығады. Халықпен амандасады, ел ағасымен көріседі. Қызыр атаның амандасу сөзі: Армысың халқым, армысың елім, Бармысың ел ағасы! Осы елдің қазаны ортаймасың, шаңырағы шайқалмасын деп жүрсің, елдің қамын жеп жүрсің, Тышқан жылы елдің қоймасын қазынаға толтырдың, бір Алла саған жол беріп, Қобыланды бабаң дем беріп, қос патшаның қолын алдың, енді мына Сиыр жылында сол жақсылардың жолын алғын! Уа, жамағат! Биылғы жыл ерекше, бұл Наурыз – Пайғамбардың туылған айы, Мәулет мерекесімен бірге келіп, жердің бетін жадыратты. (Жаршы жас шыбықты сахнаға алып шыгып, Қызыр атаға береді.) Уа, ел ағасы! «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген. Мынау жас шыбықты өзіңе әкелдім. Елің өркен жайсын, көркейсін. Жас шыбық Бәйтерекке айналсын, Бәйтерегің орман болсын, орманың қорған болсын. Өз қолыңмен ек балам!

(Қызыр ата жас шыбықты облыс әкіміне табыс етеді.) Қызыр атаның батасы:
Уа, жамағат қолың жай
Мен берейін батамды.
Ұлыстың ұлы күнінде

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын,
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,

Малың өріске толсын.
Бір Алла панасын берсін,
Панасын берсе баласын берсін,
Баласын берсе данасын берсін.

Бір Қүдай бар қылсын,
Малы жоқты бай қылсын,
Төрт-түлігін сай қылсын,
Оңын күн қылсын,

Солын ай қылсын,
Ғайып ерен, қырық шілтен
Екі дүниеде шапаеат берсін,
Осы тілегіміз Аллага жетсін.

Әумин!

Жеті әже халыққа шашу шашады. Ал облыс әкімі мен Қызыр ата ағаш отырғызуға кетеді. «Әжелер» ансамблінің орындауында әдемі ән орындалады. Төменде қыздар әнді бимен керкемдейді.

Финал. «Наурыз»әні Театрландырылған қойылым, облыстық филармонияның мерекелік бағдарламасына ұласады.

Сценарийді жазған:
Орал Байсеңгір
«Жастар» Сарайының директоры
Қоюшы режисеер Елтай Кемал.

ТАТУЛАСУ ТУРАЛЫ

Наурыз - игі тілектер мен ізгі ниеттердің, ақ пейілдің көл- көсір болып ақтарылар күні. Дәл осы күні дүрдараз адамдардың өздері бір-бірімен татуласып, ауыл-үйлер арқа- жарқа болып араласады. «Жақсынының кегі-жібек орамал кепкенше, жаманның кегі — жерге басы кіргенше» деген даналық сөзді ұстанантын қазақ халқы үшін Наурыз — көңілін кірден арылтып, өнбейтін дау мен өсірмейтін өкпеден тазаратын тұсы

«Татуласу»
Театрландырылған көрініс

Есіктен ентелей жас жігіт кіріп, кеудесіне қолын қойып: Армысыз аға! Ат жалын тартып мінгелі, алдыңыздан кесе өткен жерім жоқ еді. Кінәмді мойныма алып келіп тұрмын. Барымтаға кеткен малдың қарымтасын қайтарамын деп жүріп, түн ішінде бір үйір жылқыңыздың айдауда келе жатқан малға қосылғанын аңғармай қалыппын. Елдің аузына қақпақ бола алмаймын. Ортаға от салғандардың сөзіне сенбеңіз! Кінә менен. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген. Айыбымды арқама арқалап кеп тұрмын.

Отырғандар: 1 - Ой бәрекелді,
2- Адасқанның айыбы жоқ..
3- Ұрының өзі келді десейші. (Жақтырмай)

Елағасы: «Еңкейген мойынды қылыш кеспес» деген. «Өле-тұғын тай үшін, көше-тұғын сай үшін» араздасқанымыз абырой бермес, Пайғамбарымыз: «Кім бірінші кешірім сұраса, соған сауап жазылады» деген екен. Самарқанның көктасы еріген күні көңілдегіні кетірмесем, басымдағы бақты кетіргенім. Ағаны бордан, ініні зордан жасайды деген. Кешірдім, інім, кел, төрге шық, құрметті қонағым бол!

ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ

Театр және мектеп сахналарына
арналған
Қызыр атаны көрген адам бақытты.
(Халық аңызы)

Қатысатындар:
Қызыр ата
Данабай
Санабай

Жезтырнақ - Жалмауыз кемпір
оның ұлы Ақборан
оның әкесі Жалғыз көзді Дәу
Таусоғар

Саққұлақ
Желаяқ
Балалар

(Сахна ертегіге сай безендірілген) (Сахнада Наурызгүлді іздеп тапқанына қуанған балалар Наурызгүлді айналып, ән салып жүр)

Балалар:
Алақай, алақай!
Наурыз келді гүл-көктем
Балақай, балақай

Гүл терейік қыр беттен!
Наурыз той - көктем бұл
Наурыз той - төккен жыр
Наурыз тал, наурызгүл, нәуірзек

Табамыз жыл іздеп, ай іздеп.
Алақай, алақай!
Қыс кетті ызғарлы.
Балақай, балақай

Наурыз тал бүр жарды.
Наурыз той - көктем бүл
Наурыз той - төккен жыр
Наурыз тал, наурызгүл, нәуірзек

Табамыз жыл іздеп, ай іздеп.
Наурыз. Наурыз.

(Сахнаға Данабай мен Санабай шығады. Данабайдың, қолында үлкен киіз кітап. Санабайда табиғатты болжайтын ұзын түтік).

(Балалар жамырасып «Ассалаумаеалейкүм» деп қолдарын ала жүгіреді).
Данабай: Ал, балалар, қыс қамытын шешіп, көктем көк көрпесін қымтағалы тұр.
Иншалла, биылғы жыл жаман бола қоймас.

(сөзді Санабай іліп әкетеді, түтігі көзінде, бір көзін қысып тұрып) Санабай: Иә, үркер топ болып туыпты, ерекше жарқырап көрінеді. Құбыладан соққан қызыл жел де тұла бойыңды жылылыққа

бөлейді. Әсілі, жыл жаман болмас.

Данабай: Балалар биыл қандай жыл? (балалар шулап) Сиыр жылы, сиыр, сиыр жылы! Данабай: (киіз кітабын ашып) Сиыр жылы күллі адамдарға ерекше шуағын төгеді екен. Жер беті жамандықтан тазарып, еліміз көркейеді екен. Санабай: (түтігін төңкерістіріп) ...балалар, аспанды тұман басайын депті. Наурызгүлге абай болыңдар, әйтпесе көктем кештетіп, Қызыр аталарың кешігіп қалуы мүмкін. Балалар: Данабай аға, Қызыр атаны біз көреміз бе, қашан келеді, қай жақтан келеді?! (сұрақтарын жаудырады)... Данабай: Қызыр ата жамандыққа жоламайтын, адалдықты аттап өтпейтін сендердей балаларға, ақ жаулықты аналарға, адамзатқа бақ тілеген аталарың! Қызыр атаны көрген адамның, Наурызгүлдің бүр жарғанын алғаш көрген адамның ғұмыры ұзақ болады, бақытты өмір сүреді, ол үшін ешқандай жамандық ойламай, таза көңілмен қарсы алу керек. Жақсы оқып, ата-әжелеріңді тыңдап, тентек болмасаңдар сендерге де жетеді. Қызыр аталарың келгенде Наурызгүл көктеп, бәйшешек бүрін жарады, сендер екі бірдей кереметті көріп, аталарыңды қуантасыңдар, батасын аласыңдар. (кетеді) : Ендеше біз Қызыр атаны күтеміз. Наурызгүлдің бүр жарғанын көреміз. Апақай, алақай! (Кенет дүлей боранның даусы естіліп, балалар қорқып, тоңа бастайды). (Сахнаға Жезтырнақ - жалмауыз кемпір, қасында жалғыз ұлы Ақборанды ертіп шығады. Жезтырнақты айналып Ақборан билеп жүр, кемпір сақылдап күліп, бетіне өтірік жылылық үялатып, балаларға жақындайды). Балалар: (шуылдап) Сендер кімсіңдер ей, жақындамаңдар. Наурызгүлді суыққа тоңдырасыңдар! - (деп шыр-пыры шығады) Жезтырнақ: Жоқ балалар, мен гүлді жақсы көремін. Сендер кімді күтіп жүрсіңдер?

Балалар: Біз Наурызгүлдің бүр жарғанын, сосын Қызыр атаны күтіп отырмыз. Жезтырнақ: (алдап) Балалар мен Қызыр атаның кемпірімін. Иә, кемпірімін. Сендердің әжелеріңмін.

Ақборан: (ол айналып жүрген биін тоқтатып) Иә, әжелерің бұл, қорықпаңдар. Балалар: Сен кімсің? Сен айналсаң, біз тоңып барамыз. Ақборан: Менің атым Көктем, былайша Қызыр атаның ұлымын.

Қызыр ата еркелетіп «Наурызым» дейді мені.

Балалар: (бір-біріне) Түрлері қандай жаман, түстері қандай суық! (Осы кезде Жезтырнақ аянышты кейіпте жылап отырады) Ақборан: Біз де күннің жылығанын көп күттік, бірақ қаһарлы қыс қыспағына алып, қатты тоңдырып, осындай күйге түсіріп аздырып жіберді. Болмаса біз де сендердің ағаларың сияқты әдемі едік. Мына кемпірдің де шашы аппақ сендердің әжелерің сияқты еді. Қара суық түтіктіріп, қарайтып жіберді. Жезтырнақ: Біздің де сендердей балаларымыз бар, бірақ... Балалар: (аяп) Онда келіңдер бізбен бірге ойнаңдар,

жылынасыңдар.

Жезтырнақ: Жоқ, балалар, мен ойнай алмаймын. Балаларымды сағындым. Әуелі келіңдер, менің балаларыма апара жатқан кәмпитімнен ауыз тиіңдер. Мә! (кәмпитті берерде бастарынан сипаған болып басынан айналдырып «дуалап» жібереді) Балалар: Кәмпит! Алақай, кәмпит! (таласып қалады) (Кәмпиттерді ауызына салған балалар бәрі бірге бастары айналып,

маужырап ұйқыға кетеді) (Жезтырнақ балаларды айналып, түсініксіз сөздер айтып, қолын сілкілеп жүгіріп жүреді) Жезтырнақ: Біз енді көктемді де, Қызыр атаны да келтірмейміз. Ей, аңқаулар! Мен жер бетіндегі жамандықтың иесі Жезтырнақ -жалмауыздың өзімін! Ақборан: Ал мен көктем де емес, Наурыз да емеспін, қаһарлы қыстың Ақборанымын. У-у-у! (тағы бір-екі рет уілдеген музыкамен айналып, айналып жіберді) (Наурызгүлге екеулеп төніп келіп) Жезтырнақ: Наурызгүл - көктемнің белгісі, жақсылықтың нышаны, мен мұны көктемей тұрғанда, түбірімен алып, тас үңгірге тығайын, көрсін бәлемдер! (Наурызгүлді түбімен алып, екеулеп сүйрей жөнеледі. Жан-жаәына жалтақтап қарап қояды).

(Іле-шала сахнаға құлағын тосып Саққұлақ пен Таусоғар, Желаяқ шығады) Таусоғар: Алақаным дуылдап барады, қабағым тартып тұр. Бір жамандық болған сияқты, жүрегім сезеді. Қап тауына кіріп кетсе де, қопарып тастар едім. Саққұлақ: (балаларды көріп) Иә, иә! Бір жамандық анық болған. (Осы кезде ұйқыдағы балалар оянады. Ұйқыдан тұра: бір-біріне «Қайда, Наурызгүл қайда?» деп жыламсырай бастайды) Таусоғар: (гүр ете қалады) Неғып жүрген балаларсыңдар? Балалар: Біз Наурызгүлдің көктегенін, Қызыр атаны күтіп отыр едік. Бір жалмауыз кемпір бізді алдап кетті. Бізді ұйықтатып, Наурызгүлді алып кетіпті. Таусоғар: (мұны естіп ашуланып) Ә, залымдар, жамандықпен күресем деп шаршадым, Желаяқ, бері кел! Қане, қуып жет! Қалай кетті, балалар? Балалар: Білмейміз, біз ұйықтап қалыппыз, білмейміз. (қосарлана) Саққұлақ: (Жерге құлағын төсеп, осы кезде дүркіреп жүгірген аяқ дыбысы естіледі) Иә, иә, жын-шайтан мекендеген Қап тауына бет алыпты. Ап-анық естіліп тұр. Наурызгүлді таудың қуысына жасырмақ екен. (Кенет құлағын жерден алып) Тезірек жетпесек, Наурызгүл солып, қурап қалады. Сосын жер бетіне енді қайтіп көктем келмейді. Қызыр ата да ат ізін салмайды. Таусоғар: (екпіндетіп) Кеттік ендеше! Қаптауына! (Бәрі шуылдап балалар да бірігіп кетеді). Әртістер, алда үлкен қауіп барын имитация арқылы түсіндіріп келеді. Сахнада Қап тауы, Ақборанның үні. Бір шетте үңгірден жанган от, әр жағынан Жезтырнақтың жүзі жаққан оттан алаулап, ұсқынсыз болып көрінеді)

Таусоғар: Шық бермен, жалмауыз!

Балалар: Бізді неге алдайсың, Наурызгүл қайда? 0, жалмауыз! (таудан жалмауыз кемпірдің даусы естіледі) Жезтырнақ: Менің үш шартым бар, соны орындасаңдар, Наурызгүлді аласыңдар. Орындамасаңдар қайта беріңдер.

Балалар: Орындаймыз, орындаймыз.

Жезтырнақ: Көздеріңді жұмыңдар (үңгірден Ақборанды шығарып) Кімде-кім менің ұлыммен жарысып, одан озып мына таяқты бірінші басса (таяғын лақтырып), гүлді алуларың мүмкін. Бұл - бірінші шартым. (Ақборан сахнада айналып-айналып, залға жүгіре жөнеледі) (музыка) Балалар, Таусоғар: Желаяқ қу соңынан, Аттатпа, басып оз. (залдың ішінде қуысып сахнага мінген бойда, Желаяқ бірінші жетеді. Таяқты басады. Балалар Желаяққа болысып, айқайлап тұрады) Балалар: Алақай, алақай. Желаяқ бірінші келді. Әкел гүлімізді. Уәдеңде неге тұрмайсың, өтірікші.

Таусоғар: Гүл қайда? (ақырады) Жалмауыз: (дауыс жаңғырып естіледі) Екінші шартымды тыңдаңдар: Кімде-кім менің шалым Жалғыз көзді дәуді жеңсе, гүлді алуларың мүмкін. Жеңе алмасаңдар қайта беріңдер.

(Жалғыз көзді дәу таудың үстінен көрінеді) Дәу: Қане, қайсың маған тең келетін. (қарқылдап күледі) Бұл әлемде мені жеңген адам жоқ. Кел бермен! Өңкей ынжықтар! Мен Қап тауының қожайынымын! Сендер тау түгілі, тасты көтеріп алыңдар. Балалар: Енді қайттік? Наурызгүл қурап кететін болды! Таусоғар: (жерден дәутасты көтеріп) Иә, аруақ! Дәу болмақ түгілі тау болсаң да! (Лақтырылған таспен бірге дәудің бақырып құлаған зор дауысы естіледі)

Балалар: Алақай, алақай! Жалмауыз кемпір, шық бері. Әкел гүлімізді.
Жалмауыз: Соңғы шартымды тыңдаңдар.

Балалар: Шық бері, неге алдайсың. Гүлді солдыратын болдың?! Жалмауыз: Мені тапсаңдар гүл - сендердікі. (тарқылдап күліп) Болмаса Қызыр ата емес, тағы да Аяз атаны күте беріңдер! (Отты жалп еткізіп сөндіріп тастайды. Тау қап-қараңғы боп кетеді) Саққұлақ: (Жерге құлағын төсеп) Жалмауыз кемпір таудың астыменен жердің қуысына түспекші. Наурызгүлден айырылдық. Таусоғар, қайда сенің күш-қайратың?! Таусоғар: Мен сені жібермеймін. Мұның бола қоймас. Қызыр ата қолдай көр! (дәу таспен жерді ұрады. Сол кезде тау «қопарылады». Кемпір астында қалады. Кемпірдің бақырған дауысы. Ал гүл сол күйі бүршік жарып тұрады. Балалар гүлді қаумалап) Балалар: Наурызгүл көктепті, бүржарыпты Наурызгүл! Алақай, алақай! Енді Қызыр ата келеді. Алақай! (сахнада асыр салған балалар. Осы кезде жасыл қырдың үстінен көптен күткен сымбатты, түлғалы, жүзінен мейірім төккен, қолында асатаяғы бар Қызыр ата көрінеді) Қызыр ата: Армысыңдар, бармысыңдар, балаларым. Өздеріңді аңсап келем, ұзақ жолдан шаршап келем. Осы өлкеде бір жамандық болғанын сезіп, айналып өтпек едім. Жамандықты қақпайлап, адалдыққа ат байлаған сендердей балаларды көріп, батамды берейін дедім. Көңілдері көктем, жандары жаз сендей балаларға қалайша соқпай кетпекпін! Данабайдай дана, Санабайдай саналы болыңдар.

Қолдарыңды жайыңдар:
Иә, Алла қолдасын,
Тыныш заман орнасын.
Жолдастарың ақ болсын,

Жаратқан ием жақ болсын,
Ынтымақ серік болсын.
Еліміздің еңсесі түспей,
Шаңырағы берік болсын.

Намысы бар қазақ болыңдар,
Оқуда озат болыңдар,
Өмірлерің берекелі болсын,
Наурыз тойларың мерекелі болсын!

Әумин!

Балалар: Ата, ата, біз сізге ән дайындап қойдық. Қане, балалар! Қызыр ата аралар,

Жердің жүзін жар салып.
Көрдіңдер ме балалар,
Қадір түнін қарсы алып?!
Қызыр ата келеді,

Нұрын шашып далаға.
Ақ батасын береді,
Ақ пейілді балаға!
Наурыз тойдың шашуын,

Теріп жейік тамсанып.
Қыс тарқатар ашуын,
Көктем келсе ән салып.
Қызыр ата келеді,

Нұрын шашып далаға.
Ақ батасын береді,
Ақ пейілді балаға!
Болсын бүгін ырыс күн,

Қала менен далаға.
Құтты болсын Ұлыс күн,
Ата менен анаға!
Қызыр ата келеді,

Нұрын шашып далаға.
Ақ батасын береді,
Ақ пейілді балаға!
(Сахнада кейіпкерлер бірігіп, көрерменге тағзым етеді) Ақтөбе - 2009.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯН

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасының иегері Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгір 1973 жылы 7 сәуірде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы «Оймауыт» совхозының Дияр елді мекенінде дүниеге келді. 1980-1988 жылдары Дияр ауылындағы Матайқұм орта мектебінде, 1988-1990 жылдары Атырау облысы, Жылой ауданы (Гурьев облысы, Ембі ауданы), Құлсары қаласындағы № 1 В.И.Ленин атындағы мектепте оқыды. 1990-1991 жылдары Ақтөбе республикалық мәдени- ағарту училищесінің режиссерлік бөлімінде оқып жүріп әскерге шақырылып, РСФСР-дің Оңтүстік Орал аймағындағы Челябинск-65 қаласында азаматтық парызын өтеді. 1993-1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институт жанынан ашылған театр студиясынан актерлық мамандығын алып шықты. 1995-2000 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің музыка факультетін, 2009-2011 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің филология факультетін бітірді. Алғашқы қызметін 1994 жылы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында актерліктен бастады.

Театрда сомдаған рольдері:

С.Балғабаев: «Ең әдемі келіншек» — «музыкант» — Абдолла. «Жымбала мен Мико» — «сержант» — Сарбазов. М.Әуезов «Айман-Шолпан»— «жорға» — Жарас. Е.Әлімжанов «Тақталас» — «су жұқпас» Дауғабай. Т.Ахтанов «Ант» — Әбілхайыр хан.

Ғ.Мүсірепов: «Ұлпан» — қарақшы Қожық.

Ж.Тілепбергенов: «Рамазан-Перизат» - кедей Жарылғап .У.Шекспир — «Король Лир» — «күйеу жігіт» - Бургундия герцогі.. Б.Мырзабаев: «Теңге тарихы»- данышпан Әль- Фараби...

...... тағы басқа көптеген рөлдерді сомдады және облыстық М.Әуезовтың 100 жылдық мерекесінде 1996 ж. Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық театрында, А.Құнанбаевтың 150 жылдығында, Ж.Жабаевтың мерейтойларында, Орынбор облысында гастрольдік сапарларда театрдың ұжымымен бірге өнер көрсетті. Театрда актер бола жүріп, драматургия саласында қалам тербеп, «Батыр қоян», «Жақсылық пен Жамандық» атты балаларға арналған ертегі- пьесалар жазды және драматург С.Мақұлбековтің «Қаңбақ шал» ертегісінің кейіпкерлеріне өлеңмен образ жасады. Астаналық режиссер Н.Жұманиязовтың Т.Ахтанов театрында сахналаған драматург Ж.Б.Мольердің «Скапеннің

айналасы» спектакілінің өлеңдерін жазды..

Режиссер Мағзом Бақытжанов пен суретші Петр Калиниченко қойған О.Байсеңгірдің «Жақсылық пен Жамандық» атты пьесасы, әлі күнге театр репертуарында. О.Байсеңгір 1999-2000 жылдары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанынан студенттер театрын ашып, М.Мақатаевтың 70 жылдығына орай, ақынның «Қош махаббат» драмалық шығармасына режиссерлық етіп, студенттердің қатысуымен сахналады. Бұл жайында облыстық, республикалық телеарналардан көрсетіліп, баспасөз беттерінде жарияланды О.Байсеңгірдің өнері, шығармашылығы жайында, облыстық Ақтөбе газетінде журналист Ардақ Қонақбаеваның «Кең дүние, есігіңді аш мен келемін» деген көлемді мақаласы жарық көрген, жазушы Марат Мырзағұлдың «Ақтөбе алтын бесігім», «Тахауи театрының тарихынан» кітаптарында, республикалық облыстық баспасөз беттерінде жазылған. 2006-2007 жылдары Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Осы кезде театр өнері жайында «Театрым таланттар ордасы» атты театрдың сурет-шежіресін шығарған. О.Байсеңгір елді, жерді сүюге арналған көптеген шығармалардың авторы. Атап айтар болсақ, облыстық қазақ драма театрының ән ұранын, «Ақтөбе» радиосының ән ұраны, «Арайлы Ақтөбе», «Темірім әнім», «Мұғалжар вальсі», «Байғанин маршы», «Бәкір аға» т.б. 50-ге тарта әнге өлең, музыка жазған. «Біздің ауыл тамаша», «Қайран көңіл» Қазақстан — жайнасын», «Ақтөбеме мың алғыс» әндері Бақытбек Зейнелов жетекшілік ететін «Достық сазы» ансамблінің репертуарында бұл әндерді Г.Аманбаева, Ж.Арыстанова сынды танымал әншілер орындайды. Бәкір Тәжібаевтың 80 жылдығына орай халыққа ақысыз концерт ұйымдастырып, мерейтойдың облыс көлемінде өтуіне ат салысқан, сценариін жазған О.Байсеңгір ақынның жарияланбаған пьесаларын жинап, облыстық тарихи өлкетану музейіне тапсырған. 2007-2008 жылдары облыстық наурыз мерекесінің сценариін жазып, Қобыланды батырдың, Мүде ханның, Томирис ханшайымның бейнелерін халыққа ұсынды. Негізгі сценарилері Ақтөбе қаласының 130 жылдығы, 135 жылдығы, Ә.Молдағұлованың 70 жылдығы, «Нұрдаулет» мешітінің ашылуы, Нұрпейіс Байғаниннің ескерткішінің ашылуы, Дөң кен байыту комбинатының 60 жылдығы Ақтөбеде Байғанин ауданының өнерпаздарының «Жем- Сағыздың ән самалы» атты концертін ұйымдастырды. Ш.Берсиевтің мерейтойына арналған республикалық айтысты жүргізді және ұлттық дәстүрлі әншілер Г.Аманбаева, А.Қосанова, Г.Сағынғанова, Қ.Тобағабыловтардың кештерін нақышына келтіріп, ерекше қойылым ретінде ұсынды. Наурызбек жыраудың шәкірті, төртқара Өсербай жыраудың концертінің сценариін жазып, кешті жүргізді. Ақтөбелік дәстүрлі әншілердің «Жауһар» атты ән-жыр кешін лекция- концерт қылып өткізді. Республикаға танымал Ж.Асылхановтың, А.Кенегесовтің, дирижер Қ.Қожанбаевтың және «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің шығармашылық кештерін, желтоқсаншы Құрманғазы Айтмырзаның, қоғам қайраткері М.Шахановпен кездесу жиынындарын жүргізу арқылы халықтың алғысын алды. Бұл ән кештері жеке архивте және облыстық «Қазақстан- Ақтөбе» телеарнасының қорында сақтаулы. О.Байсеңгірдің қаламынан туған «Қайран біздің аналар арды ойлаған» атты театрландырылған көріністі облыстық театр сахналады. «Димаш-Али» шығармашылық орталығынан шығатын әр ән жинақтың ішіне ұлттық рухтағы патриоттық өлеңдерді көркемдеп оқып, республикаға таратты. Кезінде «Рауан» радиосы арқылы тәуелсіз қазақ елі туралы жазылған шығармаларды насихаттаған. Ол үнтаспалар «Димаш-Али» шығармашылық орталығының архивінде сақтаулы. Жалпы қай кезде болмасын, республикалық атаулы күндерде, облыстың қоғамдық өмірінде қалыс қалмай қызмет етеді. О.Байсеңгір - Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі. Қоғамдық жұмыстары:

ҚазАҚ авторлар қоғамының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы • «Димаш-Али» шығармашылық орталығында әдеби- редактор. «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында тележүргізуші-редактор. • «Димаш-Али» шығармашылық орталығында Ақтөбенің талантты жастарының басын қосып, жастар шығармашылығына қамқор болып, редакторлық қызмет атқарды. О.Байсеңгір облыстық «Қазақстан-Ақтөбе» телеарна ұжымымен бірге мерекелік шоу, дәстүр-салтты дәріптейтін бағдарламалардың сценариін жазып, көрерменге ұсынған.

Қазіргі қызметі: • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің Жастар Сарайының директоры және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның бас редакторы Ақтөбедегі алғашқы ток-шоу, «Көзқарас» пікірлер тоғысының тележүргізушісі болды. Бұл хабар қаламызда көрерменнің асыға күтетін бағдарламасы, өйткені қоғамның ең өзекті: жастар саясаты, әлемдік жағдай, адам құқығы сынды түйіні шешілмеген, күрмеуі көп маңызды мәселелерді қозғап, қоғамдық пікірлер туғызып келеді. О.Байсеңгір телеарнада қызмет ете жүріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен қолға алынған «Мәдени- мұра» бағдарламасының аясында «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының шығармашылық ұжымымен бірге облыстық мәдениет басқармасының

Шығанақ Берсиев
Сүлеймен сынықшы
Шернияз Жарылғасынұлы
Биші Н.Тапалова

Темірбек Жүргенов 7.0блыстық тарихи-өлкетану мұражайы жайында т.б. фильмдерді жасауға ат салысты және осы фильмдердің дубляжын жасады. Тұңғыш рет Ақтөбе облысында аталып өткен Мұхаммед Пайғамбардың туған күнінде - Мәуліт мерекесінің сценариін жазып, Имам Ағзам өмірімен театрландырылған көрініске режиссерлік жасап, сценариін жазған (бұл жөнінде республикалық «Ислам өркениеті» газетінде жазылған). О.Байсеңгір облыстық Діни басқарманың және республикалық қажылар қауымдастығының алғыс хаттарымен марапатталған. 2008 жылы наурыз мерекесін қарсы алу кезінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің қатысуымен қойылған театрландырылған көрініс қала бойынша «үздік сценарий» деп танылып, Ақтөбе қаласының Әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Ақтөбе облысына әр уақыттарда келген Қазақстан, Ресей Президенттерін және Татарстан Премьер-министрін ақындықпен жырдан шашу шашып, қарсы алған. Мұндай концерттерді көптеп айтуға болады. Олардың арасында: Қ.Қожанбаевтың 60 жылдық концерті;

«Қайратты қазақ» ансамблінің, «Достық сазы» ансамблінің тұсаукесері;
Е. Сәдуақасовтың Астананың 10 жылдығына арнап өткізген концерті т.б.

Мұның бәрі О.Байсеңгірдің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Өзі тек пьеса жазудан басқа, әнге өлең шығарумен және сазгерлікпен айналысады. О.Байсеңгірдің жазған шығармалары республикаға танымал «Гүлдер» ансамблінің әншісі: Ақжол Мейірбековтің және Алдаберген Жақсыбаевтың, Жанар Айжанованың, Асқар Көшеровтің, Қанат-Света Айтбаевтардың, Мирас- Құралай Бекжановтардың, Динара Қырықбаеваның, Аймұрат Мәжікбаевтың т.б. көптеген әншілердің репертуарында. Алдаберген Жақсыбаевтың орындауындағы «Күн мен Ай» (өлеңі О.Байсеңгір, әні Б.Оралұлы) әні «Азия дауысы» халықаралық байқауына Ақтөбенің атынан қатысып жүлдегер атанған. Астананың 10 жылдығына арнап жазылған Мирас- Құралай Бекжановтар орындайтын әнге (өлеңі О.Байсеңгірдікі, әні Б.Борановтікі) бейнекпип түсірілген. Ол республиканың телеарналарында көрсетілген. Әннің аты - «Нұр-Астана». Астанаға арналған тағы бір әні (өлеңі О.Байсеңгірдікі, әні М.Жанғазиевтікі), Жадыра Арыстанованың орындауында, Астананың 10 жылдығына орай өткізілген халықаралық ән байқауының лауреат атанған. Орал Байсеңгір шығармашылығы жайында республикалық «31 канал» телеарнасының «Нұр-Астана» әні жайында халыққа хабар ұсынды. Ақтөбе қаласының 140 жылдығына орай «Арайлы Ақтөбем» әні дүниеге келді. Ол ән Қанат-Света Айтбаевтардың репертуарында. «Ақтөбе ару қалам» атты ән жинағы қала мерейтойында халыққа ұсынылды. Әсем көшелерін ән мен күйге бөлеген «Сағыныш сазы» атты әнге бейнеклип түсірілді, орындағандар Дулат-Рита Айтжановтар. 2009 жылдың наурыз айында қала мәдениетіне қосқан үлесі үшін, қала әкімінің «Алғыс хатымен», 2011 жылы «Облыс әкімі сыйлығының иегері» атағымен, 2012 жылы Облыстық мәдениет басқармасының «алғыс хатымен» марапатталды. 2009 - сиыр жылы, осы жылы туған өнерпаздардың басын қосып «Емшан» компаниясының демеушілігімен «Бұл - біздің жыл» атты думанды кеш өткізді. 2009 жылдың мамыр айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттерінің қатысуымен Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» психологиялық драмасын сахналады. Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жойылсын соғыс» атты поэтикалық қойылым және батыр Бөкенбай Қараұлы жайында дайындалған «Бас сардарым — Бөкенбай» атты театрландырылған көрініс облыстық телеарналардан берілді. 2009 жылдан бастап университеттің көп салалы колледжінде тұңғыш рет «Актерлік өнер» факультетінің ашылуына үлес қосып, қазір сол факультетте ұстаздық етуде.Оның жетекшілік етуімен студенттер мен облыстық драма театр актерларының қатысуымен Қанат Жүнісовтің «Махаббат мелодраммасы» (Режиссер: Е.Кемал. 2011ж) «Ғашықтар хикаясы» (Режиссер: Е.Кемал. 2012ж.), Есенжол Домбаевтың «Айналайын, ақ келін» (Режиссер: Ә.Нәжімеденова. 2013 ж.) қойылымдары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 2010 жылдың 28 мамырында Орал Байсеңгір Жастар Сарайында, қала күніне арнап шығармашылығына 20 жыл толуына орай «Ақтөбем - ару қалам» атты есеп беру ән кешін өткізді. Бұл жайында «Әншілердің мерекесіне айналған кеш» атты облыстық «Ақтөбе» газетінде көлемді материал жарияланды. Астананың сұлулығын әнге қосу, Қобыланды, Бөкенбай, Тама Есет батырлардың ерлігін елге таныту мақсатында жасаған жұмыстары арқылы жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу- О.Байсеңгірдің мемлекеттік идеологияға қосқан зор үлесі деп айтуға болады. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымымен бірге Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында, Атырау облысы Индер ауданында гастрольдік сапарда жоғары дәрежеде өнер көрсеткені, Ержан Серікбаев, Табыл Досымовтарды еске алу кештерінің және облыстық телеарна мен филармония ұжымының бірлескен «Көзайым» тележобасының сценариін жазып, жүргізгені жайында республикалық БАҚ-тарда жазылды. Алматы қаласында Президент мұражайының 5 жылдығына қатысып, «Арнау» жырын орындап, оны мұражай қорына тапсырды. Астана қаласында өткен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Ақтөбе облысының күндері бағдарламасына қатысып, «Елбасыға арнау» жырын жолдады. Бұл концерт еліміздің басты телеарналарында толық көрсетілді. «Қазағым» атты ән-маршы республикалық ән байқауында Гран-при жүлдесін алды. О.Байсеңгір - өнегелі, өнерлі жанұяның отағасы. Жұбайы-Нұргүл Аманғалиқызы Тілегенова, Сенім, Кемеңгер атты ұлдары, Сезім, Көзайым есімді қыздары бар.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙