Ландштафтық жобалау және БАҚ дизайны
Т.Н. Лежнева
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Оқу құралы «Бақ-парктік және ландшафтық құрылыс» мамандығы бойынша КМ.01 «Бақ-парктік және ландшафтық құрылыс объектілерін жобалау» (МДК.01.01) және ОП.06 «Бақ-парктік өнер негіздері» кәсіби модулін игеру кезінде қолданыла алады. Оқу құралында бақты жобалаудың дәйекті кезеңдері ұсынылған. Жоспарл...
My Book
Т.Н. ЛЕЖНЕВА
Contents
КӘСІБИ БІЛІМ
1
Оқырманға
Кіріспе
1 - тарау
2 - тарау
3 -тарау
4 - тарау
5 - тарау
6 - тарау
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
КӘСІБИ БІЛІМ
Т.Н. ЛЕЖНЕВА
ЛАНДШАФТЫҚ ЖОБАЛАУ
ЖӘНЕ БАҚ ДИЗАЙНЫ
«Білім беруді дамытудың федералды институты» федералдық мемлекеттік мекемесі «Бақ-парктік және ландшафтық құрылыс» мамандығы бойынМшәасокретуа арнайы білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім бе2р0у1м3екемелеріне оқу құралы ретінде ҰСЫНЫЛҒАН.
Пікірдің тіркеу нөмірі № 365, 4 қазан 2010 жыл.
4-ші басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы
2016
ӘОЖ 712.4(075.9)
КБС 43.4я75
Л405
П і к і р б е р у ш і —
«Брунс Парк» ЖШҚ бау-бақша-парктік шаруашылық инженері И. Ш. Сафиуллин
Лежнева Т. Н.
Л405 Ландшафтық жобалау және бақ дизайны: оқу құралы / Т. Н. Лежнева. — 4- ші бас., стер. — М.: «Академия» баспа орталығы, 2016. — 64 б.
ІSBN 978-5-4468-3058-9
Оқу құралы «Бақ-парктік және ландшафтық құрылыс» мамандығы бойынша КМ.01 «Бақ-парктік және ландшафтық құрылыс объектілерін жобалау» (МДК.01.01) және ОП.06
«Бақ-парктік өнер негіздері» кәсіби модулін игеру кезінде қолданыла алады. Оқу құралында бақты жобалаудың дәйекті кезеңдері ұсынылған. Жоспарлаудың, аймақтаудың, стилистиканы таңдау және бақты жобалаудың басқа аспектілерінің қағидатты негіздері баяндалған. Бақ кеңістігін жайластырудың жеке элементтері: шағын сәулет нысандары, жолдар, суаттар, көгалдар, жарық қаралды. Қажетті сызбалар мен ілеспе құжаттарды жасаудың мысалдары келтірілді. Орта арнайы білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. Ландшафтық дизайн саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінің тындаушыларына пайдалы болуы мүмкін.
ӘОЖ 712.4(075.9)
КБС 43.4я75
Оқу құралы
Лежнева Татьяна Николаевна
Ландшафтық жобалау және бау-бақша дизайны Оқу құралы
Редактор: М. М. Жакипова
Серия дизайны: К. А. Крюков
Компьютерлік беттеу: Н. В. Протасова
Корректор А. Ю. Гончарова
Бас. № 104113536. Баспаға қол қойылды 08.02.2016. Формат 70 х 100/16. Гарнитурасы «Мектеп». Офсеттік баспа. Қағаз офс. № 1. Шартты баспа т. 5,2. Тираж 800 дана. Тапсырыс № «Академия» Баспа орталығы» ЖШҚ. www.academіa-moscow.ru129085, Мәскеу қ., Мир даңғ.,101В үй, 1
Тел.: (495) 648-0507, факс: (495) 616-0029.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU.AE51. H16679 25.05.2015.
Баспамен «Саратовский полиграфкомбинат» ААҚ ұсынылған электрондық тасығыштардан басылды. www.sarpk.ru 410004, Саратов қ., Чернышевский көш., 59.
Берілген басылымның түпнұсқа –макеті «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады және оны құқық иесінің келісімісіз оның көшірмесін жасауға тыйым салынады
ІSBN 978-5-4468-3058-9
© Лежнева Т. Н., 2011
© «Академия» білім-баспа орталығы, 2011
© Безендіру. «Академия» баспа орталығы, 2011
Оқырманға
Қоршаған орта адамның жеке тұлғасының қалыптасуына әсер етеді. Осыған орай жабық және ашық кеңістіктерді – ландшафтық учаскелерді – бақ пен парктерді безендіру кезінде қоршаған ортаны эстетикаландыруға көп көңіл бөлінуде. Ландшафтық жобалау саласындағы мамандардың, яғни ландшафтық дизайнерлердің өнер мен ғылымның әртүрлі салаларында кең мағлұматтары болуы тиіс. Олар жасанды ландшафтарды жасау мен табиғи ландшафтарды жақсарту қағидаттары мен технологияларын, ландшафт құрамдастары: сәулет ғимараттары мен кешендердің, су объектілері мен өсімдіктердің адам санасына эстетикалық әсер ету негіздерін білуі тиіс және бір мезгілде сәндік өсімдіктер туралы жалпы биологиялық және жалпы агрономиялық мәліметтері болуы тиіс.
Осы құралды оқып-біліп, сіз мынаны білесіз:
Осы құралды оқып-біліп, сіз мынаны істей білесіз:
Кіріспе
Ерте заманнан бері ақындар табиғат сұлулығын өлеңдер мен поэмаларда жырлап, суретшілер табиғаттың әсем жерлерін суреттеріне түсіріп алды. Русте сәулетшілер ғимараттарды тұрғыза отырып, туған пейзаждардың сұлулығын одан асыра түсуге тырысты. Бұл үшін ғимараттарды жан-жақтан көруге болатын жер таңдалып, олардың көркі табиғаттың өзіне сай болатындай етіп тұрғызылды. Сонымен бірге ата-бабамызда әр жаңа салынған үйдің маңында ағаштар мен гүлдер отырғызу дәстүрі қалыптасты. Рустің ең сүйкті өсімдігі – қайың. Қайың – Ресейдің символы. Осы кезге дейін біз терезенің алдында қайың, шетен, үйеңкі, мойылдың өсіп тұрғанын ұнатамыз. Біз ата-бабаларымыз сияқты табиғатпен байланыстамыз. Бала шағынан айналасындағы табиғат сұлулығы адамды тәрбиелейді, талғамын дамытады, өз жеріне деген махаббатты, өз істеріне деген жауапкершілікті, отансүйгіштікті бойына сіңдіртеді. ХІХғ. аяғы-ХХғ. басы қалалардың инженерлік қайта құруымен белгіленді. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен зәулім тұрғын орамдары, электрстанциялары мен көліктік жолдар салынды. Құрылыстың қарқындылығы мен ластанған қоршаған орта кері әсерін тигізіп, үйлесімділікті бұзды, адам мен табиғат байланысын айырды. Адам өмірі мен денсаулығы жағдайының нашарлауы қаланың барлық құрылымдық бөліктерін көгалдандыру, демалыс парктерін, аудандық бақтарды салу, жолдар бойында ағаш отырғызу, көгалдарды жайластыру бұзылған байланысты қалпына келтіру қажеттілігіне әкеп соқты. Адам өмірі мен қызметі үшін қолайлы ортаны құру үшін табиғат заңдары мен компоненттерінің өзара байланыстарын білу керек, оларды зерттеп білу - ландшафтық өнердің басты міндеті болып табылады. Ландшафтық өнер бақтарды жасау кезінде өзін айқын көрсетеді. Д.С.Лихачевтың айтуынша, бақ – адам мен табиғаттың өзара қарым- қатынасының мінсіз әлемін құруға талпыныс. Сондықтан әлем діндерінде бақ жердегі жәннат бөлігі – адам өмір қиындықтарын ұмытып, тыныға алатын жер ретінде түсініледі. Бұл түсінік адамзатты табиғатты эстетикалық жайластыру жағынан игеруге ынталандырды. Ортаны эстетикаландыру ежелгі дүниеден бастап барлық адам қолымен жасалған ландшафтарда байқалады. Ландшафтық өнер өнердің басқа түрлерімен (сәулет, көркем сурет, мүсін, әдебиет) бірге бір уақытта дамып, композицияларды құрудың бір амал-ережелеріне, сондай-ақ әр тарихи кезеңнің эстетикалық мақсаттары мен техникалық мүмкіндіктеріне бағынды. Ландшафтық өнер сәулетпен тығыз байланысты, өйткені екеуі де адам өмірі үшін кеңістікті ортаны ұйымдастырумен байланысты қызмет болып табылады. Осыған орай шамамен 100 жыл бұрын АҚШ-та алғашқы ұлттық парктерді ұйымдастыру кезінде «ландшафтық сәулет» термині пайда болды. Кейін осы ұғым еуропаға келіп, әлі күнге дейін пайдалануда.
1. БАҚ-ПАРКТІК ӨНЕР ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ ДӘУІРЛЕРІ ЖӘНЕ СТИЛЬДІК БАҒЫТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Адам қоғамының әр тарихи дәуірі түрлі техникалық мүмкіндіктермен, экономикалық және әлеуметтік қатынастармен, эстетикалық басымдықтармен ерекшеленді. Осының бәрі, сондай-ақ табиғи және ұлттық ерекшеліктер қоршаған ортаны ұйымдастыруға және оның бейнесіне белгілі бір әсер етті. Тарихи екі стильдік бағыт қалыптасты: жүйелі және пейзаждық немесе ландшафтық. Негізінде ортақ жоспарлау қағидаттары мен композициялық амалдары мен құралдары (табиғи құрамдастар мен сәулет объектілері) бола тұрып, құрылған бақтар мен парктер айтарлықтай ерекшеленеді. Жүйелі стильге Шығыс пен Мысырдың ежелгі бақтары, Греция мен Римнің антикалық бақтары, орта ғасыр бақтары жатады. Жүйелі стиль Қайта өркендеу дәуірінде итальяндық және француз бақтарында өз шыңына жетті. Пейзаждық стильдік бағытқа Қытай мен Жапонияның бақтары, сонымен бірге XVІІІғ. еуропа бақтары – ағылшын бақтары жатады. Қазіргі дәуір үшін бақтарды қалыптастыруда екі бағыттың тең қатысуы тән.
1.1 Жүйелі стильдің өзіндік ерекшеліктері
Жүйелі стильдің негізгі идеясы адамның табиғатты жеңуі болып табылады. Оның пайда болуына ирригация жүйесін – су арналары желісін жасау жолымен Ніл өзені алабында шөл жерлерін игеру және көшелері, алаңдары, ғибадатханалары, сарайлары мен тұрғын орамдары жоспарының геометриялық торы бар қалаларды салу әсер етті. Осы стиль пайда болған елдердің табиғи пейзажы әртүрлілігімен ерекшеленбеді. Күн ыстығынан күйіп кеткен шөл дала және таулы жер климаттық жағдайларға шарттас еді. Сондықтан жүйелі бақ қоршаған ортадан жоғары қабырғаларымен немесе өсімдіктерден жасалған қалың қоршаумен оқшауланып салынды. Тіпті баққа апаратын жолдың өзіне жолаушыны тек қана алдағы объектіге, әдетте сәулет ғимараты – ғибадатхана, сарай, үйге бағдарлайтындай етіп, екі жағынан ағаштар немесе бұта отырғызылды. Жол бойында ағаш отырғызу аллея атауына ие болды. Аллеяны орналастыру мүмкін болмаған жерде, көлеңке жасау және қозғалысты бағыттау үшін перголаны орнатты. Пергола – жабық галереяны құрайтын, шырмалып өсетін өсімдіктермен шырмалған каркас. Жүйелі бақтың дәл белгіленген шекарасы бар. Бұл мүсінмен, гүлсауыттармен, соғылған тормен безендірілген қоршаулар немесе қабырғалар. Жоспарлаудың ішінен дәл геометриялық құрылысқа ие. Барлық аумақты шаршы мен үшбұрыштарға бөледі. Осындай бақ композициясының негізгі өзегі анық байқалады, оған қатарлас қалған объектілер орналастырылады. Әдетте бас жол өзегі болып, ал қосалқы жолдар негізгі жолды қиып өтіп, тік, параллельді және жұлдыз тәріздер сызықтардың жүйесін құрайды. Жолдардың қиылысу жерлерін дөңгелек алаңшалармен бөледі, оларда суаттарды, гүлзарларды орналастырады. Бақ кеңістігін құрайтын табиғи құрамдастар мұқият өнделеді. Олардың табиғи түріне жол берілмейді. Жүйелі бақтың бедерін мұқият тегістейді. Егер бақ еңісті жерде салынса, оны террасалайды. Террассалар баспалдақтар мен пандустармен біріктіріледі, балюстрадалармен безендіріледі. Баспалдақ жүйесі негізгі жоспарлау өзегін құрайды. Су жүйелі бақтарда ерекше мәнге ие. Ол бақтың көптеген конструктивтік элементтерінде қатысады: дұрыс геометриялық нысандағы хауыздар түрінде, не жоғары ағатын субұрқақ түрінде, не аспан көгілдірі мен күн сәулесін шағылдыратын кең су айналары бар тік арналар түрінде. Жүйелі стильде бастысы – судың құндылығын көрсету. Жүйелі бақта өсімдіктер бағбаншының қолында икемді материал болып қызмет етіп, ол мүсінші ретінде олардан қажетті нысандарды жасап шығарады. Кез келген өсімдіктерді отырғызу боскеттердің дәл сызығымен шектеледі. Боскет – қырқылған бұталы қоршау. Көшеттердің өзі саптық орналасу мен биіктігі бойынша сап түзеуге ие. Ең биік ағаштар бақ периметрі бойынша композициялық өзектен алысырақ орналастырады, содан кейін отырғызу биіктігі бойынша орташасын – боскеттегі өсімдіктерді орналастырады. Орталық бөлігі гүлзарлар мен жолдары бар көгалдарға ұсынылады. Ағаштар мен бұталар қырқылып тұрады. Егер ашық кеңістіктерге тас төселмесе, онда олар жасанды шымды жамылғы – көгалмен жабылады. Гүлді өсімдіктер дұрыс геометриялық нысандағы гүлзарларды: гүлбақтарды, рабаткаларды немесе арабескаларды безендіруде пайдаланылады. Арабескалар – түрлі шиыршықтар, гирляндалар түрінде көгалда немесе инертті материалда ою-өрнекті кілем құрайтын гүлзарлар.
1.2 Пейзаждық стильдің өзіндік ерекшеліктері
Пейзаждық стиль адамның табиғатты таңғажайып сұлулық ретінде қабылдауына негізделеді. Ол адамның табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге, өзін оның бөлігі ретінде және онымен біртұтас болуға талпынуының көрінісі. Пейзаждық стильдің мәні – өз бағында, өз үйінің жанында табиғат образдарын жаңғырту. Пейзаждық стильде паркті немесе бақты жасау әрі оңай, әрі күрделі, өйткені, адамның қолымен жасалғанымен, ол табиғилылық, адамның ықпалына ұшырамаған табиғат әсерін қалдыруы тиіс. Мұндай парктегі жасандылық бөгде болып көрінеді. Бақты қоршаған жер оның ішкі құрамына шешуші әсер етеді, өйткені оның жалғасы болып табылады. Сондықтан бақ шекарасын өсімдіктермен жасырады. Түрлі амал-тәсілдерді пайдалана отырып, кеңістікті ұлғайтып, не алыста орналасқан объектілерді жақындата түсіп, кеңістіктің шынайы көлемін сезінуді өзгертеді. Бедер өндеуге ұшырағанымен, биік емес еңіс түрінде табиғи болып көрінеді. Ыңғайлылық үшін иір-иір жолдар немесе аласа қырлы жер түрінде болады. Суаттардың жайлы жағалаулары болады. Су образдың әсерлілігін күшейту үшін қызмет етеді: бақты бұлақтың сылдырымен, құлама сарқырамасымен толтырады. Судың жанына құстар, көбелектер келеді. Мөлдір суда балық көрініп, су өсімдіктерінің сабақтары көлкілдейді. Пейзаждық бақтағы өсімдіктер топтасып не жеке өседі. Таспа түріндегі гүлзарлар алаңқайды қоршайды не шалғынды елестетін массив немесе өсіп кеткен шөпті өсімдіктердің шағын суреттерін елестетеді. Түрлік құрамдары бойынша өсімдіктер осы жер үшін тән табиғи түрлерден өзгеше болмайды: экзотикалық түрлері жоқ, ал адаммен өсіріп шығарылған өсімдік сұрыптары ұқсас табиғи түрлерінен қашықтықта отырғызылады.
1.3 Заманауи бақтар
Заманауи бақтар мен парктерде түрлі стильдік бағыттар қолданылуы мүмкін. Таңдау көп себептер мен мән-жайлармен анықталады, олардың бастысы экологиялық жағдайлар, функционалдық тиесілілігі және ұлттық ерекшеліктері. Алайда, заманауи парктер мен бақтар қандай да бір стильдің таза күйіндегі көрінісі болып табылмайды. Міндеті сәулет ғимараттары, табиғат және адам арасында тепе-теңдікті жасау болып табылатын сәулет дамуындағы жаңа бағыттар ХХғ. аяғында арт- ландшафтардың пайда болуына әкеп соқты. Қойылған міндетті шешу жолдары құрылыста экологиялық таза жаңартылатын қуат көздерін пайдалануда жатыр. Қуатты оңтайлы пайдалану, су ресурстарын сақтау, қайта пайдаланатын құрылыс материалдарын қолдану, адамның өмір сүру ортасы жағдайларын жақсартуға негізделеді. ХХғ. аяғында пайда болған бақтарды шартты түрде мына түрлерге бөлуге болады: Бақтың бірінші түрі дәстүрлі түрге жақын, бірақ құрамында жергілікті флора өсімдіктері бар. Бап сүйгіш бақ өсімдіктерін табиғи түрлеріне ауыстыру өсімдіктерге күтім жасау үшін қажетті қуат пен суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бақтың екінші түрі сәулетте ең жаңа қуат тиімді ғимараттар бөлігі болып табылады. Бақтың үшінші түрі бақ пен ғимараттың құрамасы болып табылады. Оған ғимараттардың көгалдандырылған қасбеттері, төбедегі бақтар және қалалық ортаға табиғаттың әсерін әкелетіннің бәрі жатады. Осылайша, ландшафтық жобалаудың негізгі міндеті қазіргі уақытта адам өмірі үшін қолайлы және оның психикалық-функционалдық күйіне оң әсер ететін ортаны құру болып табылады. Бұл үшін адам тұратын кеңістік функционалдық, экологиялық және эстетикалық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, оң эмоция тудыратын жарқын көркем бейне түрінде болуы тиіс. Ашық кеңістіктің көркемдік құндылығы сәулет объектілері мен қоршаған табиғи құрамдастардың бүтіндігімен анықталады. Дж.Саймондстың айтуынша, ландшафтық жобалаудың маңызды өлшемшарты табиғи ландшафтың құрылымына сәулет объектілерінің оңтайлы жарасымдылығына қол жеткізу болып табылады. Осылайша, ашық кеңістіктер ортасы функционалды мақсатқа сай және эстетикалық жетілген болуы тиіс, яғни нысан мен мазмұн бірлігі қағидатына сәйкес келуі тиіс. Ұйымдастырылатын кеңістіктің үйлесімді бірлігіне белгілі бір кеңістікті нысандарды композицияға біріктіру жолымен жетеді. Пайда мен сұлулық – ландшафты жобалаушының өзгеріссіз бағдары болып табылады.
Бақылау сұрақтары
2. Ландшафт құрамдастарының сипаттамасы. Объектің көлемдік-кеңістіктік құрылымының қалыптастырудағы олардың рөлі
Бақтар мен парктерді жасау үшін территорияны игерудің бастамасы сол жердің ландшафтық ерекшелегін зерттеу болып табылады. «Ландшафт» ұғымының көп түрлі терминологиялық түсініктемелері бар. Ландшафты табиғи құрылым ретінде қарап, осы терминді кез келген дәрежедегі табиғи-аумақтық кешенді белгілеу үшін немесе табиғи-аумақтық кешеннің таксономиялық бірлігі ретінде қолданады. Ландшафтық сәулетте ландшафт деп тегі дәне даму тарихы бойынша біртекті және бірыңғай геологиялық іргетасқа, бір түрлі бедерге, ортақ климаттық, гидротермиялық және топырақтық шарттарға және биоценозға ие нақты аумақ түсініледі. Бедер, су және өсімдіктер ландшафты сипаттайтын табиғи құралдар болып табылады, ал ландшафты құру бір-бірімен өзара байланысты бес табиғи факторлардың әсерімен өтеді: Адамның табиғи ортаға басып кіруі антропогенді ландшафтың пайда болуына әкелді, ол табиғи құралдардан басқа жасанды құралдармен сипатталатын құрылыстармен, жолдармен, мүсінмен және т.б. ерекшеленеді. Антропогенді әсер ету салдарлары бойынша мәдени және акультивті ландшафт деп бөледі. Мәдени ландшафт – адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шаруашылық қызметімен саналы түрде өзгертілген ландшафт. Тиімсіз қызмет нәтижесінде пайда болған ландшафт акультивті деп аталады. Ландшафтардың бір-бірінен басты ерекшелігі біріншісі салауатты ортаны жаңғырту функцияларын орындауды жалғастыруға қабілетті, ал екіншілерінің тозғаны сонша, қандай да бір функцияны орындауға қабілетін жоғалтқан. Ландшафтық сәулет объектілеріне табиғи факторлар мен антропогендік әсер арқылы жасанды жолмен пайда болған ландшафтарды жатқызамыз. Адамзат тарихының бойында жасалған парктер адамның табиғи ортаға басып кіру дәрежесін көрсетеді, ол табиғи кешендердің әлеуетті мүмкіндіктерімен де, шебердің көркем ойымен де анықталды.
Климат нақты аймақта өсіруге жарамды өсімдіктердің құрамын ұсынды. Жер өсімдіктерді өсіру үшін жарамдылық және бедер нысанын пластикалық қайта құру тұрғысынан қаралды. Су аумақты құрғату немесе суару қажеттілігін, сондай-ақ демалу және эстетикалық безендіру үшін жасанды су айдындарын жасау мүмкіндігін анықтады. Өсімдік елеулі өзгерістерге жиі ұшырады, ал жануарлар әлемі эстетикалық бейнені қамтамасыз ететін экологиялық жүйенің ажырамас бөлігі ретінде қаралды. Осылайша, табиғи факторлар және олардың байланыстары ландшафтық өнер объектілерін эстетикалық қалыптастыруға арналған іргетас болып табылады. Олардың парктердің көлемдік-кеңістіктік ортасына қалыптастырудағы рөлін зерделеу ландшафтық композицияларды жасаудың нақты міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Ландшафтық композицияны қалыптастырудың басты құралдары бедер, су және өсімдік болып табылады.
2.1 Бедер
Бедер — жер бетінің нысаны, бақ-парктік ландшафтың негізі. Бедер ландшафтың уақыт бойынша жүйелі сақталатын құрамдасы. Бедерге суаттардың орналасуы және өсімдіктерді отырғызу нысаны мен олардың түрлік құрамы байланысты. Бедердің үш түрін ажыратады: оң, теріс және бейтарап. Оң нысаны шартты түрде белгіленген нөлдік нүктеден жоғары белестер, таулар, еңістер түрінде болады. Теріс нысаны шартты түрде белгіленген нөлдік нүктеден төмен алаптар, жыралар, сайлар, еңістер. Бедері жазықтық учаскелер бейтарап нысанға жатады. Бедер нысандары адамға әртүрлі психологиялық әсер етеді. Мысалы, бедердің төмен нүктелерінде болған кезде, адам зейінді сезінеді. Бірақ осындай жерлерде ұзақ болған кезде, жабырқаңқылық сезімі пайда болуы мүмкін. Белеске не тауға шыққан кезде адамда масаттану, сергектік, көтеріңкі көңіл-күй пайда болады. Жазық бедер статикалық сипатқа ие, тыныштық сезімін туғызады, ал үлкен жазық алаңдар – маңғаз-салтанатты көңіл-күй сыйлайды. Шағын бақта жазық бедер біркелкі жалықтыратын бақтың себебі болуы мүмкін, сондықтан парктің композициясын қалыптастырудың маңызды факторы серуендеу бағыты бойында бедердің әртүрлі нүктелерін кезек-кезек алмастыру болып табылады. Бедер бақтың микроклиматы мен экологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Олар осы аумақтың температуралық және желдік режимдерін қалыптастыруда, топырақтық және гидролитикалық жағдайларда көрінеді. Осымен, желден қорғалған еңістер желге ұшырайтын еңістерге қарағанда өсімдіктерді өсіру үшін анағұрлым жарамды. Бедердің төмен жерлерінде ауаның тұрып қалуынан қолайсыз жағдайлар пайда болады. Еңістердің жоғары бөлігі мен адырлардың топырақтары құрғақ және жұпыны, сондықтан мұнда құрғақшылыққа төзімді және топырақтың құнарлылығын талғамайтын өсімдіктерді еккен жөн. Еңістердің төмен бөлігі өсімдіктердің көбісі үшін қолайлы, өйткені белес етегіне су көбірек ағып, топырақтық қабат шайылып келеді, қар жамылғысы сақталады. Осы өсімдіктерді егуді бөлудегі заңдылықтарды бедердің жасанды нысандарын, мысалы альпілік тауларды жасаған кезде ескерген жөн. Бедер бақ пен парктің жоспарлауына әсер етеді. Әдетте бақтарды тегіс жерлерде немесе еңістерде орналастырады. Еңістегі бақтардың композициясы бір-бірімен баспалдақтар мен пандустармен біріккен тегіс учаскелер – террасалар жүйесі болып табылады. Тегіс учаскелер еңісті учаскелермен кезектеседі. Бедердің сыну орнын жиек деп атайды. Өсімдіктер мен имараттарды әдетте террасаларда орналастырып, еңістерді бос қалдырады. Оларды көгалмен безендіріп, құламалы еңістерді табиғи тас немесе басқа материалдан жасалған тіреу қабырғамен бекітеді. Оларда бұталы өсімдіктерді отырғызу мүмкін. Жиекті балюстрадамен немесе бұталарды тығыз отырғызу арқылы бекітеді. Тіреу қабырғаларын жасау үшін түрлі материалдарды пайдалана отырып, бақтардың түрлі көркем бейнелерін жасауға болады. Еңістерде бақтарды жаппай қараған кезде олардың бейнесін еңістердің, тіреу қабырғаларының кезектесетін қабаттары, сондай-ақ баспалдақтар және өсімдіктер қалыптастыратынын және осындай бақтардың композициялары осы элементтер көлемінің пропорцияларына, сонымен бірге кеңістікте олардың өзара орналасуына тәуелді екенін ескеру қажет. Жер бетінің мүлде теп-тегіс бедері табиғатта жоқ. Шамалы алаңның өзінде бедердің жоғары және төмен нүктелерін бөлуге болады. Алғашқыда беті жазық болып көрінген бақтарды жобалау кезінде негізгі міндет бедерді жасанды қалыптастыру – геопластиканың көмегімен бедердегі ең болмаса кішкентай айырмашылықтарын тауып дамыту болып табылады. Бедердегі айырмашылықтар сезімін күшейту үшін оның теріс және оң нысандарын бір-біріне неғұрлым жақын орналастыру қажет (мысалы, су айдыны мен альпілік тауды жақын орналастыру). Белестің төбесіне биік өсімдіктерді немесе жапырағы ашық өсімдіктерді отырғызса, оның биіктігін үлкейтуге болады. Бедердің төменірек бөліктерінде бұтағы жайылған, жапырақтары қошқыл өсімдіктерді отырғызып, бедерді төмендетуге болады. Бедердің төмендеуін төмен жерінде суаттарды, әсіресе жағасы құламалы суаттарды орналастырып, күшейтуге болады. Безендіруде тастың болуы бедердің бейнесін ұлғайтады. Тас табиғатта түрлі ландшафтарда кездесетіндіктен, композицияларды түсіндіру де әртүрлі болуы мүмкін.
2.2 Су
Су ландшафты композицияны қалыптастырудағы екінші маңызды құрамдас болып табылады, өйткені табиғи ландшафта елеулі орын алғанымен, оның көріну нысандары бедердің туынды нысандары болып табылады. Су барлық тірі ағзалардың өмірін қамтамасыз ету үшін қажет. Су демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. Су айналамыздағы барлық жерде: атмосферада, жердің ішінде және үстінде, барлық ағзаларда бар. Суды ландшафтық композицияларда пайдалану оның физикалық қасиеттері –аморфтылық пен түссіздігіне негізделген. Аморфтылық оны шектейтін беттердің сипатына байланысты нысанға ие болу мүмкіндігін береді. Сондықтан жобалау кезінде суға арналған көлемнің шамасы мен нысанын ескеру қажет. Мысалы, таяз су қоймасының тереңдігінен оның түбі жақсы көрінгенмен, жақын орналасқан заттардың бейнесі көрінбейді. Суды тереңдету мен түбін қараңғылау судың шағылдырғыш қасиетін жақсартады. Бұл өз кезегінде пейзаждық композицияны қалыптастыруда өте құнды. Ландшафтық жобалауда судың екі күйін бөліп шығарады: ағынсыз су және ағынды су. Ағынсыз су адамда тыныштық, жайлылық сезімін тудырады. Осындай суаттарды, әдетте, тыныш демалу орындарында орналастырады. Ағынды судың бірнеше түрі бар. Ол жылдам ағатын су: бұлақ, сарқырама, күрілдеуік. Ол белсенділікті, эмоциялылықты арттырады. Ағынды су тек қана көзбен қабылданбайды. Су қозғалысы бұлақтың сылдырынан, тамшылардың зыңылы мен сарқыраманың күрілдеуіне дейінгі үнмен қоса жүреді, бұл да адамның күшті эмоцияларын туғызады. Ағынды судың басқа түрі – субұрқақтар. Субұрқақтарда су жоғары ағады, табиғатта мұндай болмайды, сондықтан оларды жүйелі стильдік бағыттағы бақтарда қолданып, пейзаждық парктерде пайдаланбайды. Бақ композициясына суаттарды кіргізе отырып, оларды күндізгі және кешкі уақытта жарықтандыруды ескерген жөн. Судың көз шағылыстырар дақтары тынығып жатқан адамдардың көзіне түссе, қолайсыздық туғызуы мүмкін. Шамалы еңісі бар суаттың түбі желдің шамалы есуінен су бетінде шымырлаған діріл алуға мүмкіндік береді, ол су бетін жылтылдатады. Ал суаттың тегіс түбі судың бетін қозғалыссыз күйге айналдырады. Түнгі уақытта суға, әсіресе сарқырамалар мен күрілдеуіктерге жарық түсіру баққа өзіндік ерекшелік пен қайталанбас әсер беруге мүмкіндік береді.
2.3 Өсімдік
Өсімдіктер – ағаштар, бұталар, гүлді және шөпті өсімдіктер ландшафтық композицияның үшінші құрамдасы болып табылады. Олар ландшафтық композицияны қалыптастырудың негізі болып табылады, бірақ көбінесе алдындағы құрамдастарға (бедер, су) тәуелді болады. Осы құрамдастың басты ерекшелігі – формаларының, түстерінің, мөлшерінің әртүрлілігі және уақыттағы өзгергіштігі. Ландшафты сәулеттің кез келген туындысының тиянақталған бейнесі жоқ. Маусымдық өзгерістер мен жылдан жылға болатын өзгерістер өсімдіктердің физиологиялық ерекшеліктерімен шарттас. Ландшафтық композицияны қалыптастырудағы өсімдіктің рөлі жалпы бақ кеңістігін ұйымдастыруда және оны басты орынды өсімдік алатын пейзаждық композицияларға қосу арқылы кеңістікті эстетикаландыруда көрінеді. Өсімдіктің көркем айқындығы оның бейнесімен, сыртқы түрімен анықталып, фактурасымен, беттің түсімен, өсімдіктердің құрылымы мен габитусымен, сондай-ақ кеңістікте олардың өзара орналасуымен және ландшафтың басқа құрамдастарымен өзара әрекет етуімен шарттас болады. Осымен, қалың бұтағы мен діңі бар ағаштар күш-қуат, беріктік әсерін береді. Оларды ашық алаңқайларда жан-жағынан көруге болатындай етіп жеке-дара немесе шағын топтармен орналастырған жөн. Бұтақтары жұқа және ұшар бастары нәзік ағаштар нәзіктікпен, мейірімділікпен, мұңмен орайластырылады. Оларды суға жақын шамалы аумақтарда, шағын сәулет формалары жанында жеке немесе аралас топпен отырғызады. Өсімдіктердің сұрыпталымын таңдаған кезде, өсімдіктердің экологиялық талаптарын ескеру қажет: жарыққа, ылғалға, топырақтың құнарлылығы мен қышқылдығына қатынасы, аязға және салқынға төзгіштігі, үшін шаң мен газға төзімділік. Аралас отырғыза отырып, кейбір өсімдіктердің өсуі басқа өсімдіктердің бүлінуіне себеп болмауы үшін, сүректі өсімдіктердің өсу жылдамдығын және көп жылғы өсімдіктердің алаңы бойынша жайылуын ескерген жөн. Ландшафтық композицияларда өсімдіктерді стильге байланысты топтар, массивтер, жеке-дара отырғызу, бұталы қоршау, тік көгалдандыру, гүлзарлар және шөпті өсімдіктерден жасалған көгалдар түрінде қалыптастырады. Көгалдандыру түрін таңдау көркем ойдан және қойылған міндетке байланысты болады. Мысалы, биік бұталы массивтер мен ағаш топтарынан жаздың ыстық күндерінде және қыстың салқын желді күндерінде демалу үшін жабық және жартылай ашық кеңістіктерді жасауға болады. Бұталы қоршау, топтар бақ кеңістігін жекелеген аймақтарға бөлуге көмектеседі. Тік көгалдандыруды аркаларды, перголаларды, шартақты, бос қабырғаларды безендіру үшін пайдаланады. Гүлзарлардың көмегімен демалу орындарын безендіруге болады, кіре берісті ерекшелеп не гүлзарды жол бойында орналастыра отырып, қозғалысты бағыттауға болады. Жердің бетін жабу құралы ретінде көгалдың міндетіне композицияның түрлі объектілерін бөлу үшін әдемі біртекті фонды жасау мен адам үшін қоршаған ортаны жақсарту енеді. Ландшафта қандай да бір құрамдасының басым болуы оның атауына сипат береді. Осымен, бедер ерекшеліктерімен сипатталатын ландшафтарды жазықтықты, таулы, белесті ландшафт деп атайды. Егер ландшафта су құрамдасы басым болса, оларды теңіз, жағалау, батпақты деп атайды. Өсімдіктің әртүрлі түрлерінің басымдығы орманды, бақ-парктік, шалғынды ландшафтарға тән.
Бақылау сұрақтары
3. Кеңістікті құрылымның түрлері
Бақты жобалауға кіріскен кезде жобалау процесінің мәнін түсіну қажет. Оның мәні кеңістікті қалыптастыруда, жобалаудың басты мақсаты адамның өмірі мен қызметі үшін қолайлы және барлық қажетті функционалдық, эстетикалық және экологиялық қасиеттерге ие ортаны жасау болып табылады. Жобаланатын ландшафтық кеңістікті ұйымдастыру міндетін шешу үшін мыналарды анықтау қажет. Ежелгі грек философы Демокриттің анықтамасы бойынша кеңістік онда материалдық дене бар болған кезде және оны белгілі дәрежеде шектеу шартымен адам сезім органдарымен танылады. Ландшафтық өнерде кеңістік жобалауға келетін, үш өлшеммен: ұзындығы, ені және биіктігімен сипатталатын шектелген аумақ ретінде танылады. Сәулетші Дж.Саймондстың (АҚШ) айтуынша жобалаушы кеңістікті жобалау өнерін ісі алаңдармен емес, көлем мен кеңістікпен болатынын саналы түрде түсінген кезде ғана меңгереді. Кеңістікті құрайтын компоненттер болып кеңістікті шектейтін жазықтықтар және осы кеңістікте орналасқан көлемдер табылады. Жазықтықтар - бұл көгалы, гүлзарлары бар, тас төселген жердің беті, үй қабырғалары, шарбақтар, бұталы қоршаулар және т.б. Көлемді нысанға ғимараттар, көшеттер немесе жер бетінде орналасқан белес, тау түріндегі көлемді көрінетін бедер ие болады. Осы құрамдастардың кешені бақ пен парктердің көлемдік-кеңістіктік құрылымының түрін айқындайды. Кеңістікті құрылымы бойынша аумақтар мына түрлерге бөлінеді: жабық, жартылай ашық және ашық.
3.1 Кеңістікті құрылымның жабық түрлері
Кеңістікті құрылымның жабық түрлерін тұйықтық және аспанды жауып тұратын жоғары жамылғының арқасында визуалдық байланыстарды болдырмайтын немесе шектейтін сүректі-бұтақты ағаш егістері құрайды. Жабық кеңістіктер жамылғының 1,0 бастап 0,6 дейінгі түйіскендігімен сипатталады. Олар көруді шектеумен байланысты белгілі бір психофизиологиялық ахуал орнатып, бақ пен парктерді құру кезінде маңызды рөл ойнайды. Олардың ішкі ортасы бейтарап сипатқа ие және алаңқайлар мен суаттардың ашық кеңістігіне ұштастырылған пейзаждарды қабылдауда үзіліс болып қызмет етеді. Жоғарғы қабаттың ұшар бастарының ұзындығына және төменгі қабаттағы ағаш егістерінің қалыңдығына байланысты жабық кеңістіктер көлденең түйіскен жабық кеңістіктер және тік түйіскен жабық кеңістіктер болып бөлінеді (3.1 сур., а, б) Тығыз отырғызылған кезде ағаш бұталары жоғарыда қабысып, аспанды жауып тұратын және күн сәулелерін өткізбейтін жоғары жамылғыны құрайды, яғни көлденең түйіседі. Егер ағаштардың ұшар басы жоғары көтеріліп тұрса, онда аумақ жан-жағынан жақсы қаралады.
3.1 сур. Кеңістікті құрылымның түрлері:
а — көлденең түйіскен жабық; б — тік түйіскен жабық; в — ағаштарды топтап орналастырумен жартылай ашық; г — ағаштарды біркелкі орналастырумен жартылай ашық; д — ашық
Осындай ағаш егістерінің массивтері толық оқшаулану әсерін тудырмайды. Егер ағаштардың ұшар басы төмен қарап тұрса не ағаштар арасында көрші учаскелермен визуалдық байланыстарды болдырмайтын тал-бұталар орналасса, мұндай жабық кеңістіктер тік түйісуге ие. Олар толық оқшаулану әсерін беріп, тік оқшаулану бар қараңғы-қылқанды ормандарда болу қорқыныш сезімін туғызады. Жүйелі парктерде жабық кеңістіктер боскеттермен және аллеялармен, ал пейзаждық парктерде – массивтермен және шоқ тоғаймен ұсынылған. Бақ пен парктерде жабық кеңістіктерде тынығуға арналған орындықтарды жайластырады, осындай кеңістіктердің ішінде серуендеу бағыттары салынады. Осы кеңістіктердің маңызды рөлі ортаның қолайлылығын арттыруда: жылдың ыстық мезгілінде – бұл көлеңкелі салқын учаскелер, салқын мезгілінде – суық желден қорғалған орындар. Жабық кеңістіктердің эстетикалық айқындылығын егістердің табиғи құрамы анықтайды. Оларда да ағаштардың, бұталардың жеке ірі немесе өте айрықша үлгілерін, гүлдеп тұрған шөпті өсімдіктер, жарық терезелеріне ерекше мән береді. Өсімдікті құрамы әртүрлі болған сайын және қолданылатын өсімдіктердің сыртқы нысандарының өмір сүру жағдайларымен байланысы айқын білінеді де жабық кеңістіктің эстетикалық құндылығы анық бола түседі.
3.2 Кеңістікті құрылымның жартылай ашық түрлері
Кеңістіктің жартылай ашық түрлері – өсімдіктер жалпы алаңның 20...50% алып тұрған учаскелер. Жартылай ашық кеңістіктер жамылғының 0,5.0,2 түйісуімен сипатталады. Бұл ретте түйісуі 0,5.0,4 учаскелер жартылай жабық деп, ал түйісуі 0,3.0,2 учаскелер селдір жас орман деп аталады.
Жартылай ашық кеңістіктердегі өсімдіктер учаске алаңында азды көпті біркелкі орналастырылған жекелеген ағаштармен немесе ағашты-бұталы топтармен ұсынылған (3.1. сур. в, г). Кеңістіктің осындай түрінің көрші учаскелермен жақсы көрінетін визуалдық байланыстары бар. Ондағы өсімдік егістері учаскелерді бір-бірінен шартты түрде оқшаулайды. Кеңістіктің осы түрінің артықшылығы оның бақтағы пейзаждық әртүрлілікті жасауға белсенді қатысуында, өйткені жартылай ашық кеңістіктерде жекелеген ағаштардың болсын, жекелеген ағаш топтарының болсын сәндік қаситеттерін көрсетуге мүмкіндік бар. Оларда жарық-көлеңкелік әсер айқын білінеді. Осындай кеңістіктерде топырақ үсті жабынға ерекше назар аударады. Ол теп-тегіс қырқылған көгал және селдір жас орман арасындағы жеке тұрған қайың, жөке, емен арасында алуан шөпті шалғындық және гүлдеп тұрған топырақ жабынды өсімдіктердің жарқын теңбілі болуы мүмкін. Жартылай ашық кеңістіктер солтүстік ендіктерде үлкен аумақтарды көгалдандыру кезінде көлеңкелі учаскелерді жасау үшін пайдаланылады. Мұнда күнмен жылытылатын ашық кеңістіктерді жасау міндетті шарт болып табылады, ал учаскелер арасында толық оқшаулау ұнамсыз болады. Композицияларды құру ережелері бойынша ұйымдастырылған жартылай ашық кеңістіктер бақты пейзаждық суреттердің әртүрлілігімен байытады, бұл үлкен және шағын бақтардың эстетикалық құндылығын арттырады.
3.3 Кеңістікті құрылымның ашық түрлері
Кеңістікті құрылымның ашық түрлері деп тығыз өсімдіктер мен егістерден және ғимараттардан ада кез келген учаскелер болып табылады. (3.1 сур., д). Әдетте ашық кеңістіктер жобаланатын объектілердің композициялық тораптары болып табылады. Осындай композициялық тораптардың қалған аумақпен байланысын көрсету үшін, оларға учаскенің әртүрлі нүктелерінен көз тартатын сәулелер жіберіледі.
3.2 сур. Ашық кеңістік түрлерінің схемалары:
а — жабық кеңістік; б — үш жағынан шектелген айналған кеңістік; в — екі жағынан шектелген айналған кеңістік (тесіп өткен (1) және бұрыштық (2)); г — бір жағынан шектелген айналған кеңістік
Ашық кеңістіктерді ең жақсы шолуды ең биік нүктелер қамтамасыз етеді. Мұндай жерлерде тынығуға арналған орындықтар орнатып, жаппаларды не көру алаңдарын құрған жөн. Ашық кеңістіктердің пішіні мен көлемін олардың жиектеуі, яғни оларды шектейтін өсімдік егістері мен ғимараттар айқындайды. Адамның көру түйсігіне байланысты ашық кеңістіктер тұйық, айналған және ашылған болып бөлінеді (3.2 сур). Барлық жағынан жиектелген кеңістіктерді тұйық деп, екі немесе үш жағынан жиектеліп, түйсікті бір немесе бірнеше бағытқа бағыттайтын кеңістіктерді обращенные деп атайды. Екі жағынан көлемді элементтермен шектелген айналған кеңістіктер арасынан және бұрыштық кеңістіктерді бөліп қарастыруға болады. Түйсінудің барлық бағыттары бойынша шектеулері жоқ кеңістіктерді ашылған деп атайды. Кеңістіктің ашықтығының жиектеу биіктігі Н және кеңістіктің ені D арақатынасына тәуелді. Осымен, Н:D=1:1 арақатынасы кезінде кеңістік тігінен тұйықталған болып қабылданады. Н:D=1:3 арақатынасы кезінде кеңістік жабық, бірақ анағұрлым еркін болып сезіледі. Н:D=1:5 және 1:6 арақатынастары шекті болып табылады, одан кейін кеңістіктер көру шектеуінен босатылып, ашылған кеңістіктер қатарына өтеді. Ашық кеңістіктер бақ пен парктің ең маңызды құрылымдық элементі болып табылады. Жүйелі парктерде олар партерлермен, ал пейзаждық парктерде алаңқайлармен ұсынылған. Партер – жүйелі парктің салтанатты бөлігін құрайтын, көлденең тегістікте орналасқан, нақты тікбұрыш немесе шаршы геометриялық пішіні бар сәндік композиция. Партерлерді ғимараттардың, парктердің бас кіреберістерінде, алып құрылыстар мен ескерткіштердің алдында орналастырады. Партерлердің композициясына мыналар енеді: Партерлердің құрамына жиі хауыз, субұрқақ, арна түріндегі суаттарды қосады. Алғаш рет сулы партерді Версальда сәулетші А.Ленотр жасады. Гүлзарларды жылдықтардан және төмен қырқылған бұталардан құрайды. Жолдар мен алаңдарды құммен, қиратылған шынымен, кірпішпен, асфальт үгіндісімен төгіп тегістейді. Партерлердің әшекейі мүсіндер, сауыттар, кеспекті өсімдіктер болып табылады. Стилистикалық ерекшеліктері бойынша партерлер фон ретінде инертті материалдар (шілтерлі, ою-өрнекті, жарма және ағылшын) пайдаланылатын күрделі және фон ретінде көгал (жиектеуі бар, ою-өрнекпен немесе онсыз) бар қарапайым болып бөлінеді. Күрделі партерлер жүйелі стиль өркендеген ХVП— ХVШ ғғ. жүйелі парктеріне тән. Кейінгі уақытта олардың суреті жеңілдетілді. ХХ ғ. дұрыс геометриялық пішіні бар, жылдық және кілемді өсімдіктерден жасалған тұтас сурет түрінде орындалатын кілемді гүлзарлар пайда болды. Заманауи ғимараттар сәулетінің ерекшеліктері олардың алдында орналасқан ашық кеңістіктерді безендірудің өзгеруіне әкеп соқты. Қазіргі уақытта гүлзарлар үшін фон болып көгал қызмет ететін қарапайым партерлерді жайластырады. Көгал тегістігін жіңішке гүл алаптары - гүл жиектермен жиектеп, партерлердің орталығын гүлбақпен белгілейді. Гүлбақ – жалпақ немесе ортасына қарай көтеріліп тұрған, дұрыс геометриялық пішінді гүлзар.
Кейде шағын гүлзарларды – модульдерді – көгал фонында орналастырады. Мұндай партерлер модульдік деп аталады. Еңістерде және көгалдардың үлкен алаңдарында күрделі ою-өрнекті пішінді гүлзарларды – арабескаларды орналастырады. Пейзаждық жоспарлаулы парктердегі ашық кеңістіктер алаңқайлар мен көк шалғынмен ұсынылған. Алаңқайлар кеңістікті ұйымдастыруда үлкен маңызға ие. Ең алдымен олар бақтың жоспарлық және композициялық тораптары болып табылады. Олар үлкен алаңдарды алып немесе сүректі массивті оқшауланып орналасқан шағын көк шалғындар түрінде болуы мүмкін. Алаңқайлар бір-бірімен анфиладалық байланысып, баяу біріне-бірі жалғасып өтіп, басты бір алаңқайда тоғысуы мүмкін. Алаңқайлар пейзаждарды құру және шолу орны болып табылады. Алаңқайлардың шөпті жамылғысы сүректі топтар, суаттар, шағын сәулет нысандары үшін фон болып табылады. Алаңқайдан (ашық кеңістіктен) бақ немесе парк пейзажын қабылдауға болады, бұл ретте алаңқай пейзаждық суреттің алдыңғы планына қосылады. Алаңқайлар демалу орындарын, спорттық және балалар алаңдарын жайластыру үшін, көпшілік мереке іс-шараларын өткізу үшін, ал жеке бақтарда – бақша, гүлзарлар үшін пайдаланылады.
Алаңқайлар мына параметрлері бойынша ажыратылады:
Алаңқайлардың көлемі аумақтық мүмкіндіктер мен жобалаушының шығармашылық ойына тәуелді. Бұдан басқа, алаңқай алаңын айқындау кезінде оны жиектеудің биіктігін ескерген жөн. Н: D = 1:1 немесе 1:2 арақатынасы кезінде алаңқайды жайластыру мүмкін емес. Осындай арақатынасы бар кеңістіктер транзитті аймақтар үшін қолданылады. Н: D =1:3 немесе 1:4 арақатынасы кезінде адамның демалуы және ұзақ болуы үшін жайлылықтың ең
3.3 сур. Жиек сұлбасы:
а — тегіс; б — барельефтік;
в — горельефтік
Мұндай арақатынастар көлемі шағын және орташа кеңістіктерде кеңістіктерді жобалау кезінде пайдаланылады. Үлкен бақтарда алаңқайлар композициялық доминант болады, сондықтан оларда Н: D =1:5 және 1:6 арақатынасы ең қолайлы. Конфигурациясы бойынша алаңқайлар доғал, сопақ не оймауыттар мен шоқыларды құрайтын бірсарынды тілінген контурлары бар болуы мүмкін. Алаңқайлардың соңғы пішіні ең қызықты болуы мүмкін, бірақ мұқият өндеуді талап етеді. Осымен, солтүстікке бағдарланған оймауыттар күні бойы көлеңкелі учаскелер болып, ал оңтүстікке бағдарланған учаскелер жаздың ыстық күндерінде демалуға онша жайлы болмайды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған алаңқайлар тек қана күн ортасынан бастап жарық болып, қалған уақытта көлеңкеленіп тұрады. Шығыстан батысқа қарай созылған алаңқайларда күндізгі уақытта елеулі бөлігі көлеңкеленіп, таңғы және кешкі уақытта олар күн жарығында болады. Алаңқай композициясы үшін оның шеті немесе жиегі маңызды мәнге ие. Жиек контуры біртекті, барельефтік және горельефтік болуы мүмкін (3.3 сур.). Біртекті жиекті тегіс жалпақ қабырғаны құрайтын өсімдіктерден жасайды. Осындай жиектің фонында сүректі және гүлді топтар, мүсін жақсы көрінеді. Барельефтік жиекте жекелеген өсімдіктер немесе топтар негізгі контурдан шығады, бірақ массивтен бөлінбейді. Горельефтік жиекте өсімдік топтары алға қарай қатты шығарылып, бірақ негізгі массивтен бөлінбейді. Әдетте алаңқайларды тегіс бедерде немесе судың ағуы үшін шамалы еңісі бар бедерде орналастырады. Еңістердің ашық кеңістіктері жалпы түсінген мәнде алаңқайлар ретінде қабылданбайды. Алаңқай композициясына мына компоненттер кіруі мүмкін: ғимараттар, мүсін, жеке ағаштар, бұталар және топтар түріндегі өсімдіктер. Олардың орналасуына байланысты қозғалыс кезінде қабылданатын пейзаждық суреттердің сериясы жасалуы мүмкін. Құрамдастардың келесідей орналасуы мүмкін: Жамылғыны және жекелеген сүректі өсімдіктерді қоса алғанда өсімдіктердің құрамын жергілікті жердің экологиялық қасиеттеріне, объектінің функционалдық тағайындалуы мен шығармашылық ойына сәйкес таңдайды. Гүлдеп тұрған шалғындыққа жергілікті флора өсімдіктерін қосу орынды, экзотикалық өсімдіктерді қосуды орынсыз етеді. Ал біртекті тегіс қырқылған көгалда бақ өсімдіктері мен экзотикалық түрлердің орналасуы жөн болады. Бақ аумағы бойынша қозғалу үшін жолдар салады. Жолдардың жабыны мен ені әртүрлі болуы мүмкін, алайда жолдар бір-бірімен серуендеуге ыңғайлы және бақты қарау үшін тиімді бағдар құратындай байланыстырылғаны дұрыс. Алаңқайлар арқылы жолдарды сала отырып, шөпті жамылғыны барынша сақтау керек. Алаңқайдың ортасынан салынған жол аумақты визуалды түрде екіге бөледі. Сондықтан жолдарды әдетте жиек бойынша, кей жерлерде оларды өсімдік егістеріне қарай тереңдете отырып салады, бұл бағдарды әртүрлі пейзаждармен байытады.
3.4 Кеңістікті құрылым түрлерінің арақатынасы
Жобалау кезінде кеңістікті құрылым түрлерінің арақатынасы адам үшін қолайлы ортаны құру талабымен анықталады. Ортаның қолайлы микроклиматын жасау міндетін шешу осы ауданның климатына байланысты. Осымен, бұлыңғыр және салқын күндері басым солтүстік аудандарда ашық кеңістіктер демалу үшін жағымды болады. Солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде алаңқайды жиектейтін жиек осында басым суық жел соқпайтындай етіп, неғұрлым тығыз болуы тиіс. Осы аудандарда ашық кеңістіктерге жалпы алаңның 50...70% бөледі. Аудан неғұрлым оңтүстікке қарай орналасса, күн мен жазғы аптап ыстықтан қорғану соғұрлым үлкен мәнге ие. Сондықтан оңтүстік аудандарда жабық, жел жақсы соғып тұратын кеңістіктерді ұйымдастыруға көңіл бөледі. Оларға жалпы алаңның 70% бөледі. Бақ-парктік ортаның психологиялық жайлылығы кеңістіктің адам психикасына әртүрлі әсерімен айқындалады. Құрылымы бойынша әртүрлі кеңістіктер әртүрлі эмоцияларды тудырады. Осы ерекшелікті ежелгі Қытайда бақтардың классификациясы үшін пайдаланды. Онда оятатын эмоцияға байланысты қорқыныш сезімін ұялататын (дүлей шоқ тоғайы және төніп тұрған құздары бар), күлдіретін (ашық алаңқайлары және гүлзарлары бар), идиллиялық (тоған су айдыны бар және ағаш топтары бар аралдар) бақтарды бөлді. Жабық кеңістіктер, тігінен түйіскен шыршалы орман, үрей, абыржу сезімдерін тудырып, алаңқайдың ашық кеңістігіне, тоғанға қарай тезірек шығуға итермелейді. Кеңістіктің бір түрінен екіншісіне өту адаммен әрдайым оң қабылданады, өйткені оған әсердің ауысуын қамтамасыз етеді. Әдетте, анағұрлым контрасты өзгерістер, мысалы көлеңкелі аллеядан күн нұры төгілген алаңқайға немесе тау соқпағынан тегіс жолға өту эмоциялық әсердің үлкен күшіне ие. Көлем, нысан, жарықтылық, түс гаммасы және дыбыстар кеңістіктің және оны құрайтын құрамдастардың эмоциялық сипаттамалары болып табылады. Кеңістіктің және оны құрайтын элементтер көлемінің негізгі сипаттамасы болып ересек адамның антропометриялық деректері немесе балаларға арналған алаңшаларды ұйымдастырған кезде жас топты анықтау табылады. Көлемі адам өлшемінен елеулі артатын кеңістіктер салтанаттылық, не абыржу сияқты сезімдерді туғызады, әсіресе осындай кеңістікте визуалды нысана болмаған кезде. Тұрақсыз формалар, құламалы еңістер, түнеріңкі түстер мен әлсіз жарықтандырылған жерлер жағымсыз әсер қалдырады. Жиектердің бірсарынды көрінісі бар бос кеңістіктер, жылы түс пен жайлы жарық адамның ұзақ болуы үшін, тынығуы үшін ең қолайлы. Белгілі бір түрде кеңістікті құрылымның әртүрлі түрлерін қиыстыра отырып, адамның онда қызметі үшін бейімделген және өзінің эстетикалық түрімен сүйсіндіретін кеңістікке қол жеткізуге болады. Жасанды жолмен ашық және жабық кеңістіктерді жасай отырып, кеңістіктің осы жаңа құрылымы қандай қасиеттерге ие болатынын нақты елестету керек.
Бақылау сұрақтары
4 . Ландшафтық композицияны жасаудың амалдары мен құралдары
Кез келген бақ-парктік объект кеңістік пен кеңістікті нысан (тегістіктер мен көлемдер) болып есептеледі. Жобалаудың міндеті бақ-парктік объектінің барлық құраушы компоненттерінің үйлесімді бірлігіне қол жеткізу болып табылады: жоспарлау және кеңістікті ұйымдастыру бірлігі (бірлік және бағыныштылық қатары қағидаты) және функционалдық тағайындалуы және шығармашылық ой бірлігі (нысан мен мазмұн бірлігі қағидаты). Мұндай міндет барлық компоненттерді композицияға біріктіру көмегімен шешіле алады. Ландшафтық өнерде композиция деп бақ-парктік объектінің кеңістікті нысандарының белгілі бір үйлестікте орналасуын атайды. Ландшафтық композиция жобаланатын аумақта ғимараттар мен шағын сәулет нысандарында, өсімдіктер мен су құрылғыларын орналастыруда, жол- соқпақ желісін жасау жолымен қозғалысты ұйымдастыруда, аумақты бөліктерге бөлуде, осы бөліктерді пропорциялауда және өздері арасындағы олардың өзара байланысында көрінеді. Осылайша, ландшафтық композиция ландшафтың барлық құралдарын пайдалануды болжайды. Композицияларды жасаудың таныс амалдарының көмегімен үйлесімді бірлікке қол жеткізуге болады. Бұл үшін олардың негізгілерімен танысу қажет.
4.1 Кеңістікті нысандар, олардың қасиеттері мен арақатынастары
Кеңістікті нысандар — ландшафтық композицияларды сәулет тәрізді құру құралдары. Көгалы бар жер беті, таспен жабу, су айдыны, үй қабырғалары, кілемді гүлзарлар, қоршаулар тегістіктер болып табылады. Сүректі-бұталы массивтер мен топтар, жеке тұрған ағаштар, бұталар, гүлді өсімдіктер, сәулет имараттары, мүсін, бедердің оң нысандары кеңістікті нысандар –көлемдер болып табылады.
Барлық кеңістіктік пішіндер мыналармен сипатталады:
Кеңістікті нысандардың қасиеттері жобаланатын объектінің кеңістігін қалыптастыру кезінде ескеріледі. Кеңістікті нысандардың шамасын мына өлшемдер сипаттайды: биіктігі, ені, ұзындығы. Осы шамалардың арақатынасы кеңістікті нысанның геометриялық құрылысын айқындайды. Осымен, көлемді нысан биіктіктің, ені мен ұзындығының салыстырмалы теңдігімен сипатталады. Екі шаманың салыстырмалы теңдігі және үшіншісі болмашы болған кезде нысан тегістік ретінде қабылданады, ал бір шама қалған екеуінен басым болған кезде нысан сызықтық болады (жиек сызығы, жол, көмкерме). Құрамдастардың әртүрлі шамалары арасындағы өзара байланысты көрсету үшін олардың метрикалық параметрлерінің арақатынасын қолданады, олар бүтін сандық немесе иррационалды шамалармен көрсетіледі. Белгілі бір композициялық тәуелділікке бағынышты арақатынастың жиынтығы пропорцияны құрайды. Пропорция – белгілі бір арақатынас, жекелеген бөліктердің өзара мөлшерлестігі және бөлшек пен бүтіннің арақатынасы, үйлесімділіктің бір көрінісі. Пропорциялар өнердің барлық түрлерінде сәулетте, сурет өнерінде, ландшафтық жобалауда, гүлдермен безендіру өнерінде композицияларды құруға негіз болып табылады. Үйлесімді үйлестікті алу үшін пропорциялардың көмегімен композициялық міндеттерді шешу жолы пропорциялау деп аталады. Құрамына көлемді кеңістікті нысандар енетін композицияларда пропорциялануға олардың шамалары, геометриялық құрылысы, кеңістіктегі күйі және түсі жатады. Қазіргі уақытта пропорциялаудың екі түрін: пропорциялардың модульдік жүйесін және «алтын қиманы» жиі қолданады. Пропорциялардың модульдік жүйесінде бір шаманы өлшеудің шартты бірлігі – модуль ретінде қабылдайды, ол композицияда кеңістікті құру шамасы немесе барлық құраушы элементтердің өлшем бірлігі болып қызмет етеді. 1:2, 1:3, 1:6 еселік арақатынастарда кіші шама үлкен шаманың модулі болады. Мысалы, шаршы нысандағы гүлбақ жақтарының арақатынасы 1:1, ал гүл жиек жақтарының арақатынасы 1:3 астам, яғни шаршыны 3 рет және одан көп қайталаумен тік бұрыш нысанына ие.
4.1 сур. Кесіндіні «алтын қима» пропорциясы бойынша бөлу Алаңқай ені үшін модуль болып оның жиегінің биіктігі қызмет етеді, ал бақылау нүктесінен қабылданатын объектіге дейінгі қашықтық үшін осы объектінің биіктігі модуль болады. Бақ объектісін жобалау кезінде үй баққа пропорционалды болғаны, ал бақтағы алаңқай алаңы бақтың алаңына, гүлзардың алаңы алаңқай алаңына пропорционалды болғаны дұрыс. Бақ аумағын жобалауға арналған модульге үй сәулетінде салынған модульді қабылдайды, бұл үй мен бақты бір бүтінге біріктіруге ықпал етеді. Бақ-парктік кеңістіктердің әмбебап модулі адам болып табылады. Адамның өлшеміне сәйкес сәулет ғимараттарында 3*3м шаршыны қабылдайды. Аталған модульді негізге ала отырып, жобаланатын алаңды шаршыға сызып, ал барлық жобаланатын элементтерді шамасы бойынша бағындыра отырып, модульдік торды ескерумен орналастырады. «Алтын қима» пропорциясы ең үйлесімді пропорциялардың бір көрінісі ретінде ежелгі заманнан таныс. Мәні – кез келген кесіндіні оның үлкен бөлігі сол кесінді мен оның кіші бөлігінің пропорционал ортасы болатындай етіп екі бөлікке бөлуде. Осындай арақатынас иррационалды болып табылады, мысалы, кіші кесінді АС= 0,382, ал үлкені — СВ = 0,618 (4.1 сур.). Кесіндіні «алтын қима» ережесі бойынша геометриялық құру көмегімен бөлуге болады, мысалы, тікбұрышты үшбұрыштың көмегімен, мұндағы катеттердің арақатынасы 1:2, үлкен катет бөлуге тиісті кесіндіге тең (4.2 сур). «Алтын қима» ережесінің өзіндік ерекшелігі үздіксіз пропорционалды сан қатарын құру болып табылады. Жуық бүтін сандық мәндерді Фибоначчи қатары сандарының көмегімен алады, мұндағы әр кейінгі сан алдыңғы екі санның қосындысына тең: 1,2,3,5,8,13,21 және т.с.с. Осы сандардан бүтін сандық арақатынастар жасалады. 3:5 қатынасынан бастап барлық кейінгі қатынастар «алтын қима» ережесін көрсетеді. «Алтын қима» ережесі партерлерді, гүлзардарды жасау кезінде, пейзаждық суреттерді құру кезінде, жоспарлау элементтерінің мөлшерін анықтауда, яғни бөліктердің арақатынасын табу қажет болған жерде табылады. Осымен, құрамына көгал, жолдар мен гүлзарлар енетін парктерде партерлерді бөліп қойған кезде, құраушы құрамдастар арасында келушілер үшін ыңғайлы және қабылдауға жағымды арақатынасты мына пропорцияның көмегімен жасауға болады:
4.2 сур. Геометриялық құру көмегімен кесіндіні бөлу
гүлзарлар – 3 бөлік, жолдар – 5 бөлік, көгал – 8 бөлік.
Қалалық ортада саябақтарды бөліп қойған кезде осы арақатынас жолдар мен алаңдар пайдасына өзгертіле алады, олар бұл жағдайда көгалдардан басым болады: гүлзарлар – 3 бөлік, көгал – 5 бөлік, жолдар – 8 бөлік. Үй жанындағы бақтарда гүлзарлар басты рөл ойнауы мүмкін және осы арақатынаста жолдардан басым болады. Биіктігі бойынша әртүрлі өсімдіктерді топқа біріктіру қажет болған кезде де «алтын қима» ережесін қолдануға болады. Оның көмегімен топты визуалды теңестіруге болады. Көп қабатты композиция түріндегі топтарда биіктіктердің үйлесімді арақатынасын Фибоначчи сандар қатарының көмегімен алуға болады. Егер аласа өсімдіктердің биіктігін 3 бөлік деп қабылдаса, онда орташа өсімдіктердің биіктігі 5 бөлікке, ал биік өсімдіктердің биіктігі -8 бөлікке сәйкес келуі тиіс. Осы қағидат бойынша олардың кеңістікте ең әдемі орналастыруды анықтауға болады. Симметрия және асимметрия. Кеңістікте нысандар симметриялы және ассиметриялы орналаса алады. Симметрия деп бірдей нысандардың оське немесе тегістікке қатынасы бойынша қатаң заңды орналасуын атайды. Симметрия осі ретінде жол сызығын немесе көзді бағыттау сызығын қабылдайды. Мұндай орналасу кезінде сол бөлік оң бөліктің айнадағыдай бейнеленуі болып табылады. Жүйелі парктер симметриялық композицияларды құру мысалдары болып табылады. Симметриялық композициялар жүйелілікке, салмақтылыққа, статикалыққа ие, салтанаттылық, кейбір шиеленісу сезімін тудырады. Симметриялық композициялармен парктердің салтанатты бөліктерін, әкімшілік ғимараттар алдындағы алаңдарды безендіреді. Ассиметриялық композицияларда көлемі мен нысаны бойынша тең емес құрамдастарды барлық композицияның тепе-теңдігі визуалды сезілетіндей етіп орналастырады. Өсімдіктердің топтағы орналасуы және осы топтардың аумақ бойынша орналасуы ассиметриялық болуы мүмкін. Ассиметриялық композициялар серпінді және көркем. Композицияның сол және оң бөлігінің тепе-теңдігіне жету тәсілдері көп. Сондықтан ассиметриялы композициялар симметриялы композицияларға қарағанда үлкен әртүрлілікпен ерекшеленеді. Олармен демалу орындарын безендіреді, пейзаждық парктерді құруда пайдаланады. Жалпы кеңістікті нысандардың арақатынасы жобаланатын кеңістіктің композициялық тепе теңдігін қамтамасыз етуі тиістігін есте сақтаған жөн.
Ырғақ. Кез келген композицияда (симметриялы немесе ассиметриялы) кеңістікті нысандарды орналастыру кезінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Абыл- сабыл орналасқан нысандар композициядан жағымды әсер қалдырмайды. Белгілі бір тәртіпті қамтамасыз етуге ырғақ көмектеседі.
Ырғақ – бұл элементтердің, құбылыстардың, нысандардың немесе олар арасындағы қашықтықтардың заңды қайталануы. Құбылыстардың ырғақты кезектесуі табиғаттың өзінде бар: жыл маусымының ауысуы, өсімдіктердегі өсу және тынығу кезеңдерінің кезектесуі, адам ағзасының биоырғақтары. Ырғақ сезімі адамда үш рет қайталағаннан кейін пайда болады, ал ырғақтың жүйелі қайталануы 5-8 рет қайталау кезінде пайда болады. Бірдей интервалдан кейін бірдей объектілер қайталанатын ырғақты қарапайым деп атайды. Қарапайым ырғақтың мысалы ағаштарды аллеялық отырғызу. Қарапайым ырғағы бар композициялар жүйелі стильге тән. Эмоциялық деңгейде ырғақтың осы түрі жүйелілік пен тыныштық әсерін береді. Бірақ қарапайым ырғақтың ұзын қатары ұқсас, жалықтырады, қабылдау тонусын төмендетеді. Егер қатарды құрайтын элементтердің мөлшері, қашықтығы және нысаны белгілі бір түрде өзгертсе, ұлғайтса немесе кішірейтсе, күрделі ырғақты қатарды алады. Күрделі ырғақ пейзажды стиль композицияларына тән. Қарапайым ырғақпен салыстырғанда осындай ырғақты қатар серпіндірек, қызықтырақ. Күрделі ырғақ мысалы ретінде 20...50 м кейін сүректі топтар, кең панорамалар, терең перспективалардың көмегімен құрылатын парктік композициялардың кезектесуі қызмет ете алады. Пейзаждық суреттердің белгілі бір ырғақпен кезектесуі аумақ бойынша серуендеген кезде берілген тақырыптың дамуына ықпал етуі тиіс. Оның ырғақты дамуы үдей түсіп, эмоционалды тынығуды қамтамасыз ететін және келесі суретті қабылдауды күшейтетен бейтарап үзіліспен кезектесіп, басылып немесе бір деңгейде жүре алады. Ырғақ қозғалысты ұйымдастырудың, кеңістікте бағдарлаудың белсенді құралы болып табылады, кеңістікті аймақтау ерекшелігін көрсетеді. Контраст, нюанс, бара-барлық. Ырғақты қатарда элементтердің өзгеруін сезіну және сәйкесінше, ырғақ түрін түсіну осы элементтердің өздері арасындағы айырмашылық дәрежесі бойынша мүмкін. Қандай да бір белгісі бойынша элементтердің елеулі айырмасы қарама- қарсылық болып аталады. Композицияларда қатар орналасқан нысандар биіктігі, геометриялық құрылысы және түсі бойынша қарама-қарсы болуы мүмкін. Осы амалды пайдалану жекелеген нысандардың ерекше қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, нақты геометриялық контуры бар өсімдіктерді кескіні еркін өсімдіктердің жанында орналастырады, жасыл жапырақты нысандардың жанында қызыл немесе ала жапырақты өсімдіктерді орналастырады, жұқа жапырақты өсімдіктердің жанында тұтас жапырақтыларды орналастырады. Жарқын гүлбақтың артықшылықтарын көрсету үшін оны жасыл көгалдың немесе қырқылған қоршаудың біркелкі аясына қояды. Осындай фондарда гүлбақ өте қарама-қарсы көрінеді. Алайда, композицияны құрайтын құрамдастар бір-бірінен біруақытта белгілердің көпшілігі бойынша ерекшеленетін тым үлкен қарама-қарсылық композицияны бұзуы мүмкін. Элементтердің нысаны, шамасы және өзге қасиеттері бойынша кішігірім айырмашылығын нюанс деп атайды. Топтардың композицияларында нюансты пайдалану оған тиянақтылық, ықшамдылық береді. Тек қана нюансқа құрылған композициялар талғаммен ерекшеленеді. Мысал ретінде қызғылт, алқызыл және қызыл сәлдегүлден жасалған композицияларды келтіруге болады. Қандай да бір белгісі бойынша композициядағы элементтердің ұқсастығын тепе-теңдік деп атайды. Композициядағы қайталанатын тепе-теңдік элементтер ырғақты тудырады. Композицияның құрамына енетін элементтерде тепе-теңдік белгілердің болуы элементтер арасында өзара байланысты орнатып, оның тұтастығын қамтамасыз етеді.
4.2 Пейзажды қабылдаудағы перспективаның рөлі
Перспектива – бақылаушыдан қашықтаған сайын заттардың визуалды өзгеруі. Ландшафты өнерде пейзаждың тереңдігі шынайылық болып табылады. Перспектива заңдарын пайдалана отырып, кеңістік тереңдігін өзгертуге, оның айқындығын күшейтуге болады.
Перспективаның екі түрін ажыратуға болады: сызықты және әуе. Сызықты перспектива алыстаған сайын зат көлемінің кішіреюімен және оның нысанының өзгеруімен байланысты. Заттың нақты көлеміне байланысты және оның көзге көрініп тұрған өлшемі бойынша адам осы заттың бақылау нүктесінен орналасу қашықтығын анықтап, кеңістіктің тереңдігін бағалай алады. Қабылдаудың осы ерекшелігін кеңістікті ұйымдастыру кезінде қолданады. Сызықты перспектива заңы бойынша бақылаушыдан көлденең тегістікте кететін параллель сызықтар көлденең нүктеде түйіседі. Мысалы, төмендейтін бедерде көлденең параллель сызықтар көкжиек сызығынан төмен нүктеде, ал жоғарылайтын бедерде көкжиек сызығынан жоғары нүктеде түйіседі. Тік сызықтар перспективада тіс болып қала береді. Осыған орай, нақты нысандарды қабылдау, әсіресе ашық көрінген бедерде бұрмаланады. Мысалы, дөңгелек алаңдар сопақ түрінде, белес төбесіндегі заттар биік болып көрініп, ал адамға жақын орналасқан аласа заттар алыс, анағұрлым биік заттарды жасырады.
Сызықты перспективаның көмегімен кеңістіктің тереңдігін иллюзиялық
ұлғайтуға болады. Бұл үшін:
Бұдан басқа, бақ пейзажына одан тысқары орналасқан сыртқы түрлерді қосу оның кеңістігін ұлғайтады. Сызықтық перспективаның көмегімен қашықтықты иллюзиялық қысқартуға болады. Бұл үшін: Әуе перспективасы —бұл оны бақылау нүктесінен алыстаған сайын заттардың анықтығы мен айқындығының, сонымен бірге объекті түсінің өзгеруі. Әуе перспективасы әсері ауаның тазалығына, оның газдануына, су буымен қанықтығына тәуелді. Алыстағы заттардың ең анық көрінуі ашық күнде ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде байқалады. Көгілдір әуе мұнары заттарға басылып, олардың контурын бұдырлатып, түсін өзгертеді. Осымен, алыстағы сары заттар жасыл реңкке, қызғылт сарылары – қою қызыл, қызылдары – көк түске айналады. Көк түс қоюлана түседі, бірақ өзгермейді. Қара түс ашық бола түседі, ал ақ түс мүлдем өзгермейді, сондықтан ақ заттар жақын болып көрінеді. Әуе перспективасының қасиеттерін кеңістік тереңдігін ұлғайту үшін былай пайдаланады. Алыс планда салқын өңді ұшар басының контуры жұмсақ ағаштарды отырғызып, оларды гүлбақтардың көк немесе көгілдір теңбілімен толықтырады. Кеңістіктің тереңдігін ұлғайтудың тағы бір амалы виста болып табылады (итальян тілінен аударғанда виста «әдемі көрініс» дегенді білдіреді). Виста деп өсімдік егістерімен немесе ғимараттармен шектелген, жіңішке бағытталған перспективаны атайды. Әдетте вистаны көру бұрышы 540 құрайтын табиғи бұрыштан кем болатындай етіп, отырғызылған ағаштармен, бұталармен көмкереді. Кейде кулисаларды көп планды етіп жасайды. Олар назарды вистаны аяқтайтын объектіге: мүсінге, шағын сәулет нысанына, әдемі көрініске, сәндік композицияға аудартады. Кеңістікті ұйымдастырудың тұтастығы мен бағыныстылық қатары оны функционалдық тағайындалуы мен табиғи жағдайлары бойынша учаскелерді бөлуді талап етеді. Дегенмен, ұйымдастырылатын кеңістік біртұтас болуы қажет. Тұтастық – көлемдік-кеңістікті доминантаны бөлуде және оған қалған бөліктерді бағындыруда көрінеді. Алаңқай, суат, ғимарат доминанта бола алады. Тарихи парктерде сарай доминанта болып табылады. Осындай парктердің тұтастығы визуалды байланыстардың көмегімен және кеңістікті нақты бір бөлшектеумен шешіледі. Осылайша, сарайға жақын кеңістіктерді барынша ұсақтап бөліп, мұқият өндейді де, одан қашықтаған сайын кеңістік бөлшектерін ірілендіреді. Кеңістікті безендіру де өзгерістерге ұшырайды: сарайға жақын болған сайын, ол мүсінге, гүлзарларға қанығырақ. Бөліктердің бағыныстылық қатарын осы бөліктерде доминатқа тән нысанды, түсті, материалдарды қайталай отырып сақтауға болады. Алайда, нысан бірлігі тек нысанның бағыныстылық қатарында ғана емес, сонымен бірге нысанның оның мазмұнымен бірлігінде көрінеді. Осындай өзара байланыс орман түрлерінде білінеді, мұнда өсімдік нысаны (қайың тоғайы, қарағай орманы) оны қалыптастырудың экологиялық факторларымен – мазмұнымен байланысты. Жасанды бақтарда бақтың көркем бейнесі (мазмұны) өз көрінісін пайдаланылатын пішіндер арқылы табады. Мысалы, ауылдық бақ идеясын көрсету үшін қарапайым өсімдіктерді, аксессуарлар ретінде –ауыл тұрмысының заттарын, кеңістікті бөлу үшін шарбақты пайдаланады.
4.3 Пейзаждық суреттерді қалыптастырудағы түс пен жарықтың рөлі
Түс. Түсті есепке алмай, композицияны құру мүмкін емес. Түс композицияның көркемділігінің маңызды құралдарының бірі. Түс адамның психофизиологиялық күйіне ерекше әсер етеді, адамның қоршаған ортаны қабылдауына ықпал етеді. Түс бірнеше сипаттамаларға ие. Ең алдымен барлық түстер ахроматикалық және хроматикалық болып екіге бөлінеді. Ахроматикалық түстерге ақ, қара және сұр түстің барлық гаммасы жатады. Ахроматикалық түстер бір-бірімен ашықтығымен ерекшеленеді, сондықтан ашықтық немесе жарқындық көрсеткіші олардың сипаттамасы болып табылады. Бақты безендіруде ахроматикалық түстер инертті материалдар арасында жиі кездеседі. Бұл тастар, мүсін, жолдың бетон және асфальт жабыны, ғимараттар. Өсімдіктер арасында ахроматикалық түстер гүлдерде кездеседі – ақ гүлдер (қаралары іс жүзінде кездеспейді) және жапырақтардың боялуында – сұр түс, мысалы тоқұдыс, теңіз цинерария, күміс жиде және т.б. Хроматикалық түстер ең алдымен түстің өңімен сипатталады. Түстің өңі жарық толқынының ұзындығымен анықталады. Шыны призма арқылы өткізілген ақ түстің шоғыры түсті спектрді – кемпірқосақты құрайды, ондағы барлық түстер толқын ұзындығының өзгеруіне сәйкес келетін белгілі бір тәртіппен орналасқан. Түс өңінің саны –жетеу. Бұл мына түстер: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Олардың ішінен сары, қызғылт сары, қызыл түс жылы өң деп аталады, олар жарқын көрініп, жеткілікті түрде белсенді, ықыласты арттыруға әсер етеді, көңіл-күйді жақсартады. Көгілдір, көк, күлгін – салқын өңдер, олар пассивті, тыныштандырғыш әсер етеді. Жасыл түс ортасында тұр, бұл түс «физикалық тепе-теңдік түсі». Үш түс (сары, қызыл және көк) негізгі өң болып табылады, ал жасыл, қызғылт сары және күлгін – қосымша өңдер. Өңдердің өзара қатынастарын жақсырақ түсіну үшін, оларды сегіз бөліктен тұратын түсті шеңберге біріктіреді (4.3 сур.). Сегізінші түсті өң болып қызыл түстен күлгін түске ауыспалы - қызылкүрең түс табылады. Осындай шеңберде бір-біріне қарама-қарсы орналасқан түстер қатты контрасты үйлестікті, ал қатар орналасқандары әлсіз контрасты, нюансты үйлестікті жасайды.
4.3 сур. Түсті шеңбер Хроматикалық түстің екінші сипаттамасы түстегі түс өңінің қанықтығы болып табылады. Кемпірқосақтағы түстер қанық болып табылады. Олардың барлық ашық және қара реңктері қанық емес түстер болып табылады. Егер қанық емес түстері бар компоненттер қанық түстері бар компоненттерден көбірек болса, түсі бойынша композициядағы тепе-теңдікке жетуге болады. Хроматикалық түстер ашықтықпен де сипатталады. Хроматикалық түстер – кемпірқосақ түстері – ашықтығы бойынша ақ түске (сары түс) немесе қара түске (күлгін түс) жақын болады. Бұл ретте барлық хроматикалық өңдер ашық немесе қара реңктерге ие болады. Көзге ашық, бірақ өте жарқын емес өңдер жағымды. Алайда композицияға қара өңдерді енгізу ашық түстің артықшылықтарын айқындауға, көрсетуге мүмкіндік береді. Түсті өңнің санамаланған физикалық сипаттамалары математикалық өрнекке ие, оларды пайдалана отырып, колористикалық композицияларды жасауға болады. Алайда түсті қабылдауға адамның жоғары жүйке қызметінің ерекше заңдары мен оның психологиялық факторлары елеулі ықпал етеді. Осы заңдар константтылық, контраст, түсті үйлесімділік құбылыстарын айқындайды. Константтылық құбылысы адам көзінің жарық көзі өзгерген кезде таныс заттардың түсін өзгеріссіз қалдыру ерекшелігімен шарттас. Түсті қабылдаудың өзгеруі контраст деп аталады. Түстің мұндай өзгеруі көздің бір түстен басқа түске ауысқан кезінде (ретті контраст) және жанаспалы түстердің шекаралас аймағында осы аймақтағы түстің өзгеруі түрінде (бір мезгілдік контраст) болады. Ретті контрастты гүлзарларды, мысалы миксбордерлерді құру кезінде ескеру қажет. Егер миксбордерде көк айылқияқтар мен шығыс қызыл көкнәрі отырғызылса, онда айылқияқтан көкнәрға қарағанда, көкнәр түсі қызыл емес, көз торында алдынғы түстің сақталуы есебінен қызғылт сары болып көрінеді. Егер қызыл көкнәрдың алдында сары айылқияқты отырғызса, онда сары гүлден қызыл көкнәрға қараған кезде, соңғысы қызылкүрең болып көрінеді. Осылайша қабылданатын түстердің реттілігін таңдай отырып, олардың боялуын жақсартуға, олардың қанықтылығын күшейтуге немесе бәсеңдетуге болады. Бір мезгілді контрасты кілемді гүлзарларда ескеру қажет, мұнда түстердің жанасу шегінде жиек пайда болып не суреттің түсі өзгеруі мүмкін. Түстік үйлестіктер түстік үйлесім ережелері бойынша қарама-қарсылықты немесе нюанстық болып құрылады. Шеңбердің диаметральды орналасқан шетінде жатқан түстердің үйлестігі контрасты болып табылады: сары –күлгін, қызғылт сары –көк, қызыл – жасыл. Түстік өң бойынша контрастан басқа, ашықтығы бойынша конраст болуы мүмкін, мұнда бір өңнің немесе бірнеше өңнің түстердің қара және ашық түстері үйлеседі. Доға 30 ....600 шегінде түс шеңберінде орналасқан түстердің үйлестігі нюанстық болып табылады. Жарықтық. Түсті қабылдауға жарық әсер етеді. Ашық күн сәулелерінде көз жарқын жылы түстерді жақсы қабылдап, шашыраңқы сәулелерде – салқын қанық емес түстердің өңдерін қабылдайды. Жарық жобаланатын аумақтың географиялық ендігіне және осы жердің климатына тығыз байланысты. Осымен, оңтүстік ендіктерде жарық күн сәулесі заттардың контурын қатты сызып, бояулардың жарықтығын күшейтеді, перспективаны қысқартады, ал солтүстік ендіктерде күн сәулелері шашыраңқы, бояулардың ашықтығы қоюланып, перспектива тереңдейді. Жарықтың визуалды қабылданатын шектері жарық пен көлеңке деп аталады. Жарық пен көлеңке кеңістіктік нысандардың көлемін айқындайды. Күн сәулелерінің түсу бұрышына байланысты жердің көлемдік-кеңістіктік құрылымын қабылдау өзгереді. Бұл сәулелер заттардың бетіне түсе отырып, біркелкі бөлінбей, осы заттардың жекелеген учаскелеріне әртүрлі жарық беретіндігінен болады. Күн сәулелері түспейтін заттардың бөлігі көлеңкеде болады. Меншікті көлеңкелер – осы заттың бет бедерінен жарық түспейтін заттың бөлігі, құламалы – заттың жарық түскен беті жарықты шағылдырып, ол басқа заттарға түспейтін көлеңкелер деп бөледі. Басқа заттардан шағылған жарықты рефлекс деп атайды. Рефлекстер есебінен құламалы көлеңкесі бар учаскелер жарықтандырылады, сондықтан іс жүзінде күн сәулелері өтпейтін учаскелер болмайды. Заттарды жарықтандыру сипатындағы айырмалар бақтың, пейзаждық суреттердің көлемді-кеңістікті құрылымын қалыптастыру кезінде қолданады. Табиғи жарықпен байланысты жарықтық әсерлер бақтың көлеңкелі учаскелерінен жарық түсетін учаскелеріне өткен кезде қолданады. «Көлеңке-жарық» және «көлеңке-жарық-көлеңке» ауысулар бақта өте қызықты болады. «Жарық- көлеңке» және «жарық-көлеңке-жарық» ауысулары онша қызықты емес. Мұндай ауысулар жалпақ план әсерін туғызып, кеңістіктің тереңдігін оптикалық азайтады. Жарық көзінің жарық түсетін затқа қатынасы күйіне байланысты жарықтың мына түрлерін ажыратады: фронтальды, бүйірлік және контржұқа. Фронтальды жарық кезінде жарық көзі жарық түсетін заттың алдында болады. Фронтальды жарық затты жалпақ қылғанымен, оның шығыңқы бөліктерінен қарама-қарсы шекара жасайды. Мұндай жарықта қою-жасыл жалтыр жапырақтары бар өсімдіктер жақсы көрінеді. Бүйірлік жарықта жарық көзі заттың бүйірінде болады, бұл осы заттың бедерлігін немесе бет фактурасын көрсетуге мүмкіндік береді. Контржұқа жарықта жарық көзі заттың артында болады, адам осы заттың тек қана сұлбасын ғана қабылдайды. Контржұқа жарықта жапырақтары жұқа, ұшар басы селдір ағаштар, шарбақтар мен есікшелердің соғылған торлары көркем көрінеді. Жарық жағдайларына бедер ықпал етеді. Оңтүстікке бағдарланған еңістерді солтүстік аудандардағы бақтар үшін пайдаланған жөн: олар жақсы жарықтандырылып, жылытылады, ондағы өсімдіктер тезірек дамиды. Мұндай еңістерде жарық пен көлеңке әсерлерін пайдалануға мүмкіндік көп. Солтүстік еңістерде құламалы көлеңкелер жазықтыққа және оңтүстік еңіске қарағанда ұзынырақ, сондықтан мұнда көлеңкелі аумақ көбірек. Солтүстік еңістерді оңтүстік аудандарда бақтар үшін пайдаланады. Жарықтың ауысу процесі үздіксіз жүреді. Жарық әсерін тіркеу ұзақтығы күн ұзақтығына байналысты 20...45 мин. Пейзаждық суреттердің көркемдігі пейзаждың өзін жарық жақтары бойынша бағдарлауға, жарық түріне, оны қабылдау нүктесі мен уақытына байланысты. Жарық әсерін тәуліктің қараңғы уақытында бақ-парктік кешендерді жасанды жарықтандыруды ойластырғанда ескерген жөн. Осымен, заманауи жарық техникасы ландшафтың жекелеген элементтеріне жарық түсіруге, жарық пен көлеңке кезектесуінің ырғақты суретін жасауға, бағытталған жарықтың түсті гаммасын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, қылқанды ағаштарға жарық түсіру үшін көгілдір жарық беретін кіріктірілген жарық сүзгіштері бар шамдарды, ал жапырақтары сарғыш өсімдіктерге жарық түсірген кезде натрий шамдарын пайдалану ұсынылады. Қуаты үлкен емес қосымша жарық көздерін орналастыра отырып, жарықтан көлеңкеге өтудің қарама-қарсылығын жұмсартуға болады.
4.4 Пейзажды суреттердің композициясы
Бақ-парктік объектінің бейнесі бақтың пейзаждық суреттерінің жиынтығы ретінде қалыптасады. Пейзажды сурет, пейзаж – ортақ кеңістіктен визуалды бөлініп шығарылған және белгілі бір композициялық құрылысы бар кеңістік бөлігі. Парктік пейзажды сурет пейзажды сурет өнерінің суретінен үш өлшемді кеңістігі мен оны қабылдаудың түрлі нүктелерінің бар болуымен ерекшеленеді. Композицияны құрған кезде парктік пейзаждар сурет өнерінің туындылары бағынатын заңдарға бағынады. Н.Волковтың анықтамасы бойынша пейзаж композициясына мыналар енеді: суреттің негізгі заттары мен акценттер орналасатын композициялық торап (торап суреттің ортасында орналаспауы мүмкін); суреттің маңызды элементтерін бір-бірінен бөлуді қамтамасыз ететін көз аясының бөлшектенуі, яғни қабылдауға кедергі келтіретін артық элементтердің үйілуі болмауы тиіс; қосалқы элементтердің басты композициялық тораппен байланысын қамтамасыз ететін суреттің бүтіндігі. Ландшафтық өнерде ғимарат, алаңқай, суат, сүректі топ, гүлзар композициялық торап болуы мүмкін. Суреттің бөлшектенуі мен тұтастығын сол, бірақ қосалқы элементтер айқындайды. Адамның кеңістікті қабылдауы оның физиологиялық мүмкіндігімен – көз аясы бұрышымен (көлденең және тік) шектеледі. Көз аясының көлденең бұрышы 280 тең екені анықталған. Осы параметрді пейзажды қабылдаудың енін анықтау кезінде пайдаланады. Осыған байланысты А.Кищук пейзаждарды қарапайым, күрделі және панорамалық деп бөледі (4.4. сур.). Бір композициялық торабы бар суреттер қарапайым болып табылады (4.4. сур., а). Құрамында екі-үш композициялық тораптары бар, бір оймен біріктірілген, көз аясындағы көп сюжетті суреттер күрделі деп аталады (4.4 сур., б). Шолу үшін басты бұру қажет пейзажды панорамалы деп атайды (4.4 сур., в). Панорамалы пейзаждарды шолудың көлденең бұрышы 80....120 бастап 3600 дейін болуы мүмкін.
Пейзаждық суреттер мыналармен сипатталады:
4.4 сур. Пейзаж түрлері:
а — қарапайым; б — күрделі: 1 — жол; 2 — өзен; в — панорамалы: 1 — ағаш; 2 — ағаш тобы; 3 — жол
Пейзажды суреттің биік объектісі көз аясына толық түсуі үшін, жер бетіне көлденең жүргізілген сызық және объектінің ең биік нүктесінен жүргізілген сызық арасындағы бұрыш 27...280 құрағаны қажет. Осы мақсат үшін бақылаушы мен объект арасындағы қашықтық осы объектінің екі-үш биіктігіне тең болуы тиіс. Пейзаждық суреттердің ауысуы – пейзаждық алуан түрлілік – кеңістікте қозғалу кезінде және уақыт ішінде байқалады. Бақ-парктік объектіні толығырақ қабылдау үшін бағдарды – сызықты (жолды) ұйымдастырады, одан пейзажды қабылдау жүреді. Суреттердің кезектесуі ашық және жабық кеңістіктердің қатысуымен жүріп (алаңқайлар мен сүректі массив), белгілі бір ырғаққа бағынады. Бұл ретте бейтарап сипатқа ие жабық кеңістіктер эмоционалдық деңгейде үзіліс ретінде қабылданады. осыған орай пейзаждық суреттер арасындағы интервалдарды осы суреттердің ұзақтығынан 6-10 есе рет орналастыру ұсынылады. Пейзаждардың уақытта өзгеруі тәулік ішінде жарықтың өзгеруімен, маусымдардың ауысуымен, сондай-ақ өсімдік параметрлерінің жас шамалық өзгеруімен байланысты. Алаңы бойынша үлкен емес бақтарда пейзаждық суреттерге оның шетінен тыс өзенге, алыс орманға, далаға бағытталған көріністерді енгізген жөн. Бұл бақ кеңістігін көзбен ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
5. Жобалау
Бақ-парктік өнердің кез келген объектісін қалыптастырудың алдында жобаны жасау бар. Жобалау процесіне мына кезеңдер енеді: Жоба алдындағы іздестірулердің негізінде сызба жасайды, онда ағымдағы кезеңдегі жобалануға жататын аумақтың жай-күйін көрсетеді. Мұндай сызба ахуалдық жоспар деп аталады. Жоспарлау құрылымын әзірлеу кезеңінде осы аумақты ұйымдастырудың бірнеше нобайын орындайды. Бас жоспар жобалаудың үшінші кезеңінің нәтижесі болып табылады, бұл – осы аумақта жаңғыртылатынның бәрін көрсететін жоспар. Бас жоспарда ғимараттардың, алаңшалардың, жасыл көшеттердің (сүректі массивтер, топтар, жекелеген егістер, гүлзарлар) орналасқан жерлері көрсетіледі. Өсімдіктерді отырғызудың нақты орындары дендрожоспарда көрсетіледі, ол өсімдіктердің сұрыпталымы көрсетілетін отырғызу тізімдемесімен бірге әзірленеді.
5.1 Жоба алдындағы іздестірулер
Жоба алдындағы іздестірулерге жобалау тапсырмасымен танысу және жер мен оның айналасын зерттеу енеді. Осы кезеңнің нәтижесі ситуациялық жоспарды құру болып табылады.
Жобалау тапсырмасы. Үлгі жобалау тапсырмасында жобаланатын аумақтың тағайындалуы, сондай-ақ жобаланатын аумақтың мазмұны мен безендіру стиліне тапсырыс берушімен қойған талаптары мен тілектері көрсетіледі.
Тапсырмада объектіде көздеу қажет функционалдық аймақтардың тізбесі және қосымша талаптар келтіріледі, мысалы, абаттандырудың нақты элементтерінің бар болуы (субұрқақтар, гүлзарлар, рокарий және т.б.), безендіруде белгілі бір материалдарды, өсімдік түрлерін және түстік шешімдерді пайдалану тілектері. Жеке бақтарды жобалау кезінде жобалау тапсырмасын нақты тұжырымдау үшін әдетте тапсырыс берушіге жауап беру үшін ұсынылатын сұрақтар тізбесін дайындайды. Тізбеге тапсырыс беруші туралы, оның шаруашылық мұқтаждары туралы, демалыс түрлері туралы ұнатулары (белсенді немесе пассивті), сүйікті өсімдіктері туралы жалпы мәліметтерді, бақты безендірудегі кез келген басқа қалауларын алуға мүмкіндік беретін сұрақтар енеді. Жобалау тапсырмасы нобайды әзірлеуде негізге қабылданатын жауаптар тізбесі түрінде қағаз парақта рәсімделеді. Жергілікті жерді және айналасын зерделеу. Бұл кезең жобалануға жататын учаске аумағымен танысу үшін, артықшылықтары мен кемшіліктерін, оны игерудің қиындықтарын визуалды бағалау, сонымен бірге жобалау кезінде пайдаланылуы мүмкін әлеуетті мүмкіндіктерді анықтау үшін жергілікті жеріне шығуды болжайды.
Егер топографиялық жоспар болмаса, онда учаскенің түсірілімін жүргізеді.
Егер осындай жоспар бар болса, онда оны жергілікті орында нақтылайды.
Түсірілім деп учаске параметрлерін өлшеу процесі мен нәтижесін атайды.
Бұл үшін қағаз парағында «қолмен» учаске шекарасын, бар ғимараттар мен сүректі өсімдіктерді, егер бар болса, құдықтарды, таспен жабылған жолдар мен алаңшаларды белгілейді, бедер ерекшелігін белгілейді. Содан кейін өлшеу жасап, өлшеу нәтижелерін жоспарға түсіреді. Жергілікті жерде өлшеу үшін ордината әдісін немесе триангуляция әдісін қолданады. Ордината әдісі орындауда қарапайым, ол бөлшектер өсіне объектілерден перпендикулярларды құруға негізделеді. Бөлшектеу өсі ретінде шарбақ, үй қабырғасы сызығын пайдаланады немесе екі жүйелі нүкте, мысалы ғимараттардың бұрыштары арқылы жіп тартады. Бөлшектеу өсін жоспарда пунктирлік сызықпен белгілейді. Перпендикулярды өлшеу нәтижелерін жоспарға түсіреді. Триангуляция әдісі анағұрлым дәл. Осы әдісті орындау үшін жүйелі объектілерде екі нүкте таңдап, олардан анықталатын объектіге дейін, мысалы ағаштың діңіне дейін, өлшеу жүргізу қажет. Масштабты жоспарда циркульмен әр таңдалған нүктеден диаметрі өлшенген қашықтыққа сәйкес келетін жартылай шеңберлерді сызады. Жартылай шеңберлердің қиысқан жері іздестірілген нүкте Компастың көмегімен учаскенің жарық жақтары бойынша бағдарлауды анықтайды, солтүстікті көрсететін нұсқар ретінде жоспарға түсіреді. Учаскемен барлық жағынан шекаралас объектілерді белгілейді: жолдарды, орманды, ғимараттарды және т.б. Жоспарда учаскеде белгілі бір нүктелерден ашылатын әдемі көріністерді (оларды қызыл сызықпен белгілейді) және кейін Учаскенің фототүсірілімін жасау ұсынылады. Фотосуреттерді панорамалық етіп жасайды, жекелеген объектілерді үлкейтіп түсіреді. Панорамалық суреттерді үйдің алдында, солдан оңға қарай, асатып жасайды. Үйдің фототүсірілімін кіреберістен және учаскенің алыс бұрыштарынан жүргізеді. Кейін жөнделетін немесе керісінше айқын бөліп көрсетуді қажет ететін елеулі объектілерді үлкейтіп түсіреді. Учаскедегі ахуал туралы жиналған деректер ахуалдық жоспарды орындау үшін қажет. Ахуалдық жоспар учаске пішіні мен объектілердің шекарасына жанасатын учаске контурларын және шекараларға жанасатын объекті учаскелерінің контурын көрсете отырып, жарық жақтары бойынша бағдарлауды, өсімдіктер мен ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды және бедерді көрсетумен м территорияның геодезиялық негізі болып табылады. Ахуалдық жоспар 1:100 масштабта миллиметровкада орындалады. Көлемі бойынша үлкен учаскелер үшін 1:200 және 1:500 масштабты пайдаланады. Ахуалдық жоспарға өзгертуге немесе алынып тасталуға жатпайтын объектілерді түсіреді. Ахуалдық жоспар жобаның нобайын орындау үшін негіз болып қызмет етеді. Ахуалдық жоспарда немесе жеке учаскедегі ғимараттардан көлеңкенің қозғалысы траекториясын сипаттайтын сызбаны орындайды. Егер оңтүстік жағынан биік имараттар орналасса, онда олардың көлеңкелерін де талдау керек, өйткені көлеңкелер учаскедегі аймақтардың бөлінуіне елеулі ықпал етіп, өсімдіктердің өсуі мен дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Көлеңке ұзындығы имараттың биіктігіне және күн тоқырау биіктігіне байланысты. Қысқы уақытта күн көкжиектен жоғары көтерілмейді, сондықтан қысқы көлеңке жазғыдан ұзын. Алайда өсімдіктердің өсуі үшін жазғы көлеңкелер маңызды. Оларды сызбада белгілейді. Бұл үшін 450 бұрыштықты пайдалануға болады. Оның көмегімен жазғы күн тоқырауы күніне көлеңке конвертін құрады. Көлеңкелерді құру мысалы 5.1 сур. келтірілген. Жазғы және кешкі көлеңке ұзындығы ғимараттың биіктігіне тең болып, ал тал түсті көлеңке оның жартысына тең болып қабылданады.
5.1 сур. Үйден көлеңкелерді құру:
1 — таңғы сағат 8 таңғы көлеңке; 2 — күндізгі сағат 12 күндізгі көлеңке; 3 — 16 сағ. кешкі көлеңке; 4 — ешқашан күн көзі түспейтін үйдің көлеңкесі
Топографиялық зерттеулермен бір мерзгілде жергілікті жердің табиғи жағдайын зерделейді. Табиғи жағдайларды зерделеу аумақты жоба алдындағы бағалауда үлкен маңызы бар. Оған табиғи ландшафтың негізгі құрамдастары: климат, топырақ, гидрология және өсімдік бойынша деректерді жинау мен жүйелеу енеді. Осы ауданның климаттық жағдайлары туралы деректерді әдебиет көздерінен немесе жергілікті метеостанциядан алуға болады. Жазғы және қысқы кезеңде температуралық ауытқуларға, желдің бағытына, маусымдарға байланысты жауын-шашынның көлеміне, аязсыз кезеңнің ұзақтығына жүргізілген көпжылғы бақылаулар көгалдандыруға арналған өсімдіктердің түрлілік және сұрыптық ассортиментін дұрыс таңдауға көмектеседі. Топырақтық-геологиялық зерттеулер топырақтың өсімдіктерді өсіру үшін жарамдылығын анықтау және оны жақсарту бойынша мелиоративтік жұмыстарды жүргізу үшін өткізеді. Топырақты алдын ала бағалауды жабайы өсімдіктердің құрамы бойынша өткізуге болады. Осымен азотқа бай топырақтар үшін қалақай, құлпынай, ошаған, қынагүлдер тән. Қышқыл топырақтың индикаторы – жылбұрыш, қымыздық, аз қышқылдылар үшін - қышабас, аютабан, бейтарап топырақтар үшін бозот, өгейшөп тән. Осы учаскедегі топырақтар туралы нақты деректер топырақтың үлгісін агрохимиялық зертханаға жібере отырып алуға болады. Топырақтық жағдайларды талдау учаске бетінің бедерін террасалау (егер учаске еңісте орналасса), тегістеу, желден қорғалған демалу үшін орын, суаттарды орналастыруға орын таңдау мәніне зерделейді. Учаскені гидрологиялық зерттеу кейін дренаж, суару жүйесін орналастырудың қажеттілігін анықтау, өсімдіктердің сұрыпталымын таңдау үшін қажет, мысалы сулы топырақтар үшін ылғалсүйгіш, ал құрғақ учаскелер үшін – құрғақшылыққа төзімді. Учаскедегі өсімдіктер құрамын зерделеу көгалдандыру үшін өсімдіктерді дұрыс таңдауға және көшеттеу ісіндегі артық шығындардан сақтандыруға көмектеседі.
Алынған деректерді талдайды және жобалауды бастағанға дейін сақтайды.
5.2 Объектінің жоспарлау құрылымын әзірлеу
Ситуациялық жоспар және жобалау тапсырмасының негізінде нобайды құруға кіріседі. Нобайды орындау онда функционалдық аймақтарды орналастырудан немесе аймақтаудан бастайды. Қалалық тұрғын құрылысындағы бақтар үшін функционалдық аймақтар алаңдарының арақатынасы мынадай болады: тыныш демалу аймағы – кемінде
50%, спорт — 20...30%, балалар — 10... 20%, шаруашылық — 1...2 %. Жеке бақтарда аймақтар алаңдарының арақатынасы және олардың құрамы өзгеше болады. Жеке тұрғын үй құрылысы тәжірибесінде құрылыс пен жас көшеттерді орналастыру дәстүрі қалыптасты.
Әдетте үй іргесіндегі учаске аумағын төрт негізгі бөлікке бөледі:
Осы бөліктердің әрқайсысында түрлі функционалдық аймақтары болады.
Осымен, тұрғын үйдің жанында балалар және спорт алаңы, жемісті бақтың қасында –коллекциялық учаске орналасуы мүмкін. Бақ бейнесіне жеке-дара белгілерді кіреберіс аймақ пен демалу аймағын безендірудің ерекшелігі жасайды. Бақтың толық көркем бейнесі осы аймақтар мен айналадағы ландшафт арасында композициялық өзара байланыс шартымен алынуы мүмкін.
5.3 Объектінің көлемді-кеңістікті құрылымын және композициялық тораптарды қалыптастыру
Көлемді-кеңістікті құрылым деп ашық және жабық кеңістіктердің арақатынасын және олардың өзара байланысын айтады. Кеңістікті қалыптастыру міндеті функционалдық аймақтау кезеңінде шешіледі, өйткені аймақтардың кейбіреуі нақты кеңістіктер болып табылады. Осымен бақ аймағы жабық кеңістік, ал спорт алаңы, бақша аймағы, суат –ашық кеңістіктер. Көлемді-кеңістікті құрылымның қалыптасуына климаттық жағдайлар әсер етеді. Жайсыз желдер жолында сүректі топтар немесе бұталы қоршау түрінде кедергі жасап, олардың көмегімен бақта жартылай ашық немесе ашық айналған кеңістіктерді құрайды. Жоғары ғимараттардың көлеңкесінде тұрған жерлерді жабық немесе тұйық кеңістіктер түрінде құрмаған жөн, өйткені осы жерлердің онсыз да әлсіз жарықтануы нашарлауы мүмкін.
Объектінің көлемді-кеңістікті құрылымын және композициялық тораптарды қалыптастыру
Көтеріңкі бедерде, жел есетін учаскелерді оқшаулаушы және желден қорғайтын өскіндермен қорғайды, бұл олардың тұйық сипатын анықтайды. Жабық кеңістіктерді қалыптастыру ішкі пейзажды композицияларды жасауды болжайды. Кейін кеңістіктің құрылымын шешу композициялық тораптарды қалыптастыру қағидаты бойынша жүреді. Бақта ашық кеңістіктер композициялық тораптар болып табылады (алаңқайлар, суаттар, гүлзарлар, партерлер, демалу алаңдары). Учаскенің композициялық шешіміне учаскенің көлемі мен шығармашылық ойға байланысты бір немесе бірнеше композициялық тораптар енуі мүмкін. Соңғы жағдайда бірнеше ашық кеңістіктерді құрайды, оларды композициялық тораптар ретінде ұсынып, жол торымен байланыстырады. Бұл ретте ашық кеңістіктердің функционалды тағайындалуы бірдей болуы шарт емес. Композициялық тораптарды жақсырақ қарау және қалған аумақпен байланысы үшін оларға учаскенің әртүрлі нүктелерінен, ең алдымен ең биік нүктелерінен көріністі сәулелерді бағыттайды. Көріністі сәулелер өскіндермен жиектелген ашық айналған кеңістіктер болып табылады (5.2. сур.). Көріністі сәулелердің шығу нүктелері арқылы серуендеу бағытын жүргізеді, ал ең қызықты көрінісі бар нүктелерде отырғыштарды, жаппаларды орнатады.
5.2 сур. Өсімдік егістерімен шектелген көріністі сәулелер
Ашық кеңістіктерді жобалай отырып, шаруашылық және басқа аймақтарды оқшаулайтын және көріксіз көріністерді жасыратын өсімдіктердің егістері демалу аймағы жағынан жасыл қабырға сызығы емес, бақтың көлемді-кеңістікті құрылымына кіретін және бақ пейзаждарын қалыптастыруға қатысатын сүректі- бұталы массив түрінде қабылданатындай етіп жобалаған жөн. Пейзаждарды қалыптастыру бақтың көркем бейнесін жасауда үлкен маңызға ие.
Көркем бейне – өнердің барлық түрлері үшін тән шындықты көрсетудің нысаны. Ландшафтық композицияларда көркем бейне идеяны, шебердің шығармашылық ойын көрсетудің құралы болып табылады.
Идеяны бейнелі көрсетудің айқын мысалы ретінде Петергофтың парк композициясын келтіруге болады. Парк композициясының негізіне авторлар Ресейдің Солтүстік соғыстағы жеңісін мәңгі есте сақтау идеясы салынған. Осы идеяны дамыту Жоғарғы парк террасасынан ашылатын теңіз кеңдігінің керемет панорамасы көрінісінен басталып, құламалардың су ағындарының мерекелік шуында, алтын субұрқақтардың шапшып ағуына жалғасады. Арыстанның аузын жыртып жатқан Самсонның мүсіні кульминациясы болып табылады. Онда автор ел үшін маңызды оқиғаны – соғыстағы жеңісті аллегориялы түрде бейнелеген (арыстан –Швецияның мемлекеттік елтаңба эмблемасы, жеңіс Самсон күнінде болды). Идеяны бейнелеу үшін автор жасанды ғимараттарды (мүсінді, арнаны, субұрқақтарды) және табиғи компоненттерді (жер бедерін, өсімдіктердің қылқанды түрлерін және б.) пайдаланды, олар бірге бұзылмас өзара байланысты құрады. Идеяның немесе шығармашылық ойдың болуы жобаланатын объектілерді ландшафтық өнердің шынайы туындылары етеді, оларды мазмұнмен толтырады. Бейнелі ландшафты жобалау әдісін қолдай отырып, алдымен жобаланатын объектінің идеясын айқындап, оны метафора арқылы көрсету қажет. Идеяның басты көрсеткіші композициялық торап – доминанта болып табылады. Оған барлық қалған композициялық тораптар сыртқы бейнесі мен мазмұны бойынша бағынады. Осылайша композицияның негізгі қағидаттары тұтастық пен бағыныстылық қатары және мазмұны мен нысанның тұтастығын сақтауға болады. Болашақ бақ бейнелері үшін метафораны іздеуде ландшафтық сәулетшілер табиғат пен оның құбылыстарына, мысалы, «раушан бағы», «көктемгі бақ», өнер туындыларына, музыкаға, сурет өнеріне, сәулетке, тарихқа, әлеуметтік салаға жүгінеді. Табиғаттың өзі, бақтың орналасу ерекшеліктері бейнені қалыптастыру үшін негіз болуы мүмкін. Бақтың көлемді-кеңістікті құрылымы негізінен шешілгеннен кейін, ал бақ композициясының тұтастығы ортақ шығармашылық оймен біріктіру есебінен сақталғаннан кейін, пейзаждық суреттердің құндылығын және пейзаждық әртүрлілікті талдау қажет. Бұл үшін көз қарау бағытын және пейзажды суреттерді қалыптастыру орындарын анықтайды. Осы орындарды бекіткеннен кейін, пейзажды суреттердің композициясы туралы мәселені шешеді. Оларды құру деңгейінің күрделілігін, композициялық элементтерді орналастыруды, тереңдігін, енін және серпінділігін анықтайды. Енгізілетін толықтырулар мен түзетулер бақтың көлемді-кеңістікті құрылымын тағы бір рет реттейді. Бақтың әзірленген көлемді-кеңістікті құрылымы негізінде жолдарды салуға кіріседі. Композициялық тораптар мен жол желісі бақтың көлемді-кеңістікті құрылымын құрайды.
Жол-соқпақ желісі мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Осы талаптарды орындау үшін ең оңтайлы ретінде айналма жолды көздеген дұрыс. Оны бақтың шетіне жақын, ол барлық аймақтарды қамтитындай етіп немесе әр аймаққа келетін және бас жолға қосылатын тармақтары болатындай етіп салған жөн. Айналма жол серуендеу бағыты үшін де оңтайлы. Оған қойылатын негізгі талап жолдың ең қызықты пейзаж жерлері бойынша өтуі, мұны да одан қосалқы жолдарды тарамдау арқылы ұйымдастыруға болады. Алаңқайға шығу жабық кеңістіктен ұйымдастырылуын ескерген жөн. Сондықтан алаңқайға апаратын жолды аллея егістерімен немесе перголамен безендіреді. Ішкі жолдарды алаңқай жиегі бойынша салу керек. Олар сүректі массивтердің жабық кеңістіктеріне өтіп, жүргіншіні алаңқайға қайтаруы мүмкін. Бұл ретте көгал жабынының тұтастығын сақтаған дұрыс. Оны жолдармен ұсақ бөлшектерге бөлмеген жөн. Осылайша, учаскедегі жолдар құрамына периметральды жол, бас аллея, айналма серуендеу жолы, аймақ ішілік қосу жолдары енетін жүйені құрауы тиіс. Қозғалыстың басты және қосалқы бағыттарын жолдардың әртүрлі енімен және түрлі жабынымен ерекшелеуге болады. Жолдардың енін қозғалыстың қарқындылығы мен тағайындалуына байланысты орнатады: Адамның қозғалысы алабы енін 0,75 м тең деп қабылдайды. Осы ені бойынша барлық қалған жолдарды оған еселенген етеді. Соқпақтар енін тақта жабынына еселенген етіп таңдайды. 10.12% артатын бедерде бұралаң жолдарды жобалайды немесе баспалдақтар мен пандустарды көздейді.
Бақтағы жолдар функционалдық әрі эстетикалық элемент болып табылады. Жолдар сызығы бақта бірқилы сурет жасайды. Жолдардың иілісі мен бұрылыстары бедер, жиек және суаттардың нысандарына сәйкес келуі тиіс. Жолдардың тарамдары бұрыштар түрінде болмауы тиіс, ал жолдардың қиысуы бір нүктеде болуы керек. Бір нүктеде көп жол қиысқан кезде, жүріп-тұру үшін ыңғайлы болуы үшін оларды алаңшамен біріктіреді, одан жолдар сәулеленіп тарайды. Бір объектіге апаратын параллель жолдарды салуды болдырмаған жөн. Осылайша, жол-соқпақты желі бақтың барлық бөліктері арасында байланысты жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы тиіс. Тапсырыс берушімен жоба-жоспарын келіскеннен кейін, масштабта ақырғы жоспарды –бас жоспарды сызады, ол жергілікті жерде жаңғыртылатын болады.
Бақылау сұрақтары
6. Ландшафтық композицияны жасаудың
амалдары мен құралдары
Өсімдіктер бақтың басты құрауышы болып табылады. Сүректі өсімдіктер пейзаждардың пропорциясын, нысанын және жиектерін анықтайды, кеңістікті бөледі; шөпті өсімдіктер беттің фоны мен фактурасын, түсті қарама-қарсылықты, пейзаждың өңін, оның көңіл-күйін айқындайды. Өсімдіктердің сұрыпталымын таңдауда климаттық жағдайлар мен жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін, көгалдандырылатын объектінің тағайындалуын ескеретін талаптардың күрделі кешенінен шығады. Өсу жылдамдығы оңтайлы, ұзақ тіршілік ететін, сәнділігі жоғары және жергілікті жағдайларға неғұрлым бейімделген өсімдіктерді таңдаған жөн. Осылайша, ландшафтық өнер объектілері үшін өсімдіктер сұрыпталымын таңдау объектінің функционалдық тағайындалуын, экологиялық жағдайларды және өсімдіктерді эстетикалық бағалауды ескеретін кешенді процесс болып табылады.
6.1 Өсімдіктер сұрыпталымын таңдау қағидаттары
Сұрыпталымды таңдаудың экологиялық, сәндік, таксонометриялық және биоценотикалық қағидаттары бар. Экологиялық қағидат бойынша осы учаскенің сыртқы ортасы жағдайларына ең бейімделген өсімдіктерді таңдайды. Сәндік қағидат өсімдіктердің сыртқы түріне, эстетикалық қасиеттеріне негізделеді. Таксонометриялық қағидат бір текті немесе түрі бір өсімдіктерден монобақтарды жасау үшін қолданылады, мысалы раушан көшеті, сиренгинарий, тал бағы және т.б. Биоценотикалық қағидат өсімдіктерді таңдаудың ең күрделісі және фитоценоздарды қалыптастыруға бағытталған. Бұл қағидат ботаника, ден- дрология, геоботаника білімін талап етеді, өйткені бұл жағдайда өсімдіктерді табиғатта өсетіндей етіп таңдайды: әрқайсысы өз экологиялық орнына ие болып, олардың жер үсті және жер асты бөліктері бір-біріне кедергі жасамай, бір-біріне жайлы ықпал ететіндей етіп орналастырылады.
Әдетте өсімдіктерді таңдауды экологиялық қағидат бойынша жүргізеді. Экологиялық қағидат өсімдіктердің өсу жағдайларына талаптарының ұқсастығына негізделген. Осы қағидат бойынша өсімдіктерді таңдауды екі жолмен жүргізуге болады. Бірінші жолы – бақтағы жағдайға бейімделген өсімдіктерді отырғызады. Осымен, жарық жақсы түсетін жерлерде ағаштардың жарық сүйгіш түрлерін: еменді, қайыңды, үйеңкіні, балқарағайды отырғызады. Көлеңкелі жерлерде көлеңкеге төзгіш түрлерін: шыршаны, талшынды, боз аршаны, долананы, ырғайды отырғызған жөн. Бірақ жарық жерде отырғызылған емен тек топырақ құнарлы және шамалы ылғалды болған кезде ғана жақсы өсетінін, ал жарық сүйгіш тал тек жақсы суланған топырақта жақсы өсетінін естен шығармаған жөн. Екінші жолы – бақта өсімдіктерге қажет жағдай жасайды. Мысалы, раушандар, нарғызгүлдер, сәлдегүл үшін топырақтың құнарлы қабатын жасайды, қалампыр, қарағай үшін учаскелерді дренаждайды, ал жоғары ылғалды талап ететін гидрофиттер мен гигрофиттер үшін сәндік суаттарды, батпақты жайластырады.
Табиғатта экологиялық факторлар бір-бірімен байланысты.
Өсімдіктерге факторлардың жиынтығы әсер етеді, сондықтан біреуінің жетіспеушілігін екіншісінің артығымен өтелмейді. Мысалы, жазы салқын жылдары жылудың жетіспеушілігі ең суыққа төзімді өсімдіктердің өсуін төмендетеді және оның өсуін тыңайтқыштарды енгізу не мол суару арқылы күшейту мүмкін болмайды. Сәндік қағидат бойынша өсімдіктерді таңдауда олардың эстетикалық ерекшеліктерін ескереді. Олар сыртқы түрімен сипатталады: өлшемі, формасы, ұшар бас габитусы, фактурасы, жапырақтар мен гүлдер түсі. Өсімдіктердің бейнесі маусымдық циклдарға және өсімдіктердің өсуіне сәйкес өзгереді. Көлемді-кеңістікті құрылымды құру кезінде өскіндердің биіктігін, габитусты, ұзақ тіршілік етуін және өсу жылдамдығын ескереді. Ең үлкен өлшемге ағаштар ие. Олар сәндік топтардың негізін құрайды. Сүректі өсімдіктер биіктігі бойынша шартты түрде үш топқа біріктіреді: биік – 20...30 м астам (шырша, қарағай, емен), орташа -12.20м (тал, боз арша, терек) және аласа 8.12м (алма ағашы, шетен, үйеңкі). Өсімдіктерді таңдауда олардың өсу жылдамдығын ескерген жөн, өйткені уақыт өте келе, жылдам өсетін түрлері топтың жалпы бейнесін өзгертіп немесе баяу өсетін түрлерін басып кетуі мүмкін. Жылдам өсетін өсімдіктерге мыналар жатады: қайың, үйеңкі, алма, мойыл, шырша, балқарағай, долана, аю бадам, көріктал, қына ағаш. Баяу өсетін түрлерге самырсын, шілік, емен, жөке, жалқын, шамшат жатады. Өсімдіктердің габитусына бұтақтану сипаты, негізгі бұтақтарының орналасуы, жапырақтануы, жапырақтарының формасы мен өлшемі ықпал етеді. Ұшар бас формалары арасында пирамидалы ұшар бас, жастық тәрізді, шар тәрізді, жылауық, иілгіш ұшар басты өсімдіктерді ажыратады. Пирамидалы ұшар басты өсімдіктерде тік сызығы айқын көрінеді. Олар композицияны көтермелейді. Оларды симметриялық отырғызу мен аллеяларда қолданады. Олар жайылмалы, жастық тәрізді нысандармен күшті қарама- қарсылықты құрайды. Нысаны созылмалы, жастық тәрізді жайылмалы өсімдіктер композицияда көлденең сызықты түзеді. Ол композицияға жүйелілық, орнықтылық әсерін береді. Жалпы фоннан ерекшеленетін шар тәрізді нысандар өте тартымды, сондықтан оларды композицияларда акцент ретінде пайдаланады. Табиғатта ұшар басы шар тәріздес өсімдіктер аз екенін атап өткен жөн. Оның мысалы ретінде батыс шар тәріздес боз аршаны, каспий талы, Тунберг зерегін келтіруге болады. Мұндай форманы қырқу арқылы не ағаштың діңіне ұластыру арқылы алуға болады. Мысалы, үшкір жапырақты үйеңкі, флорибунда раушаны, ешкі талы. Жылауық түрлері табиғатта бар (қайың, тал) және жасанды жолмен алынуы мүмкін: ағаштың діңіне мутацияланатын (шетен) немесе жайылмалы (ырғай) нысандарын ұластыру. Жылауық нысандар көгалда немесе судың жанында солитер ретінде өте әсерлі. Өсімдіктің көркем әсерлілігі алдында санамаланған барлық белгілермен анықталады. Діңгегі жуан, діңгектен тік бұрышта тарайтын қалың бұтағы, ірі жапырақтары бар биік ағаштар қатты физиологиялық түрге ие. Олар қуат, күш, беріктік әсерін қалдырады. Діңгегі мен бұтақтары жұқа, жапырақтары ұсақ, нәзік өсімдіктер жұқа физиономиялық түрге ие. Мұндай түрлер нәзіктікпен, мұңмен байланыстырылады. Ұшар басы ешқандай нысанмен байланыстырылмайтын өсімдіктер тығыз екпелерде фон ретінде немесе бұталы қоршауда қолданылады. Өсу, сыртқы бейне ерекшеліктерін және адамдардың сезімінде туындайтын ассоциацияларды ескеру бақтың көркем бейнесін жасауға және ол арқылы идеяны, шебердің шығармашылық ойын көрсетуге мүмкіндік береді.
6.2 Жас көшеттер түрлері
Бақ-парктік композицияларды ұйымдастыруда негізгі құрауыш болып өсімдіктер табылады. Өсімдік екпелері түрлері мен нысандары барлық бақ-парктік кешеңнің бейнесін айқындайды. Олардың ішінен массивтерді, боскеттерді, топтарды, бұталы қоршауды, гүлзарларды ажыратады. Пейзаждық парктердегі ең ірі екпелер – массивтер, жүйелі парктерде – боскеттер. Массивтерді үлкен аумақтарда табиғи ландшафты жасау үшін қолданады. Олар 1...4 га, ал орман парктерде одан көп алаңды алуы мүмкін. Массивтер периметральды екпелерді құрайды да, аумақты шу, шаң, желден қорғайды. Басым өсетін түрлеріне байланысты қылқанды және жапырақты болып, ал құрамы бойынша – таза және аралас болып бөлінеді. Аралас массивтерде құрылым бір қабатты және көп қабатты болуы мүмкін. Аралас массивте екпе бейнесін және келушінің эмоциялық күйін айқындайтын негізгі түрін таңдайды. Ілеспе түрлерін бас түрдің сұлулығын немесе тыныштық жағдайын жасау үшін нюансты ерекшелеу үшін контраст қағидаты бойынша таңдайды. Мысалы, қою көк шыршалар қайыңдардың ақтығын басып көрсетеді, ал қайыңдар мен шетен ашық орманды құрайды. Көлемі бойынша кішігірім аумақтарда шағын массивтерді – шоқ тоғайды құрады. Шоқ тоғай – бір түрден тұратын екпелер. Әр шоқ тоғайдың өзіндік қайталанбас бейнесі болады. Қайың, жөке, емен, балқарай тоғайлары кең таралған. Боскет – бұл өсімдіктердің жоспарлауы және көлемі бойынша ірі геометриялық формасы. Екпелер сипаты бойынша боскеттердің екі түрін ажыратады: тоғай – тығыз отырғызу, кабинет – периметрі бойынша отырғызу. Боскеттің басты міндеті - нақты геометриялық көлемді қалыптастыру. Боскет- кабинет демалу үшін, музыка залы, кітапхана ретінде және сәндік, бақша, дәрілік дақылдарды отырғызу үшін пайдаланыла алады. Ағаштар мен бұталар тобы массивтер мен алаңқайлардың ашық кеңістіктері арасында аралық буынды құрайды. Топ – бұл ашық кеңістікте оқшауланып орналасқан, бір немесе бірнеше түрлі сүректі өсімдіктердің үйлестігі. Ашық кеңістік алаңының көлеміне байланысты топтар шамасы бойынша ажыратылады: үлкен – ұшар бас проекция диаметрі 80 м дейін, орташа – шамамен 50 м, шағын – 25 м аспайтындар.
Топтың биіктігі ең биік ағаштың биіктігімен анықталады.
Дендрологиялық құрамы бойынша топтар таза және аралас болуы мүмкін. Таза топтарға әдетте экземлярлардың бірнеше саны енеді: 2 бастап 5...7 дейін. Аралас топты құру үшін негіз болып белгілі бір түрдегі сүректі өсімдіктердің түрлік құрамы қызмет етеді: орман өсімдіктері, парктік, жемісті, осы жер үшін экзотикалық өсімдіктер. Аралас топтарға ағаштар, бұталар мен шөпті өсімдіктер енуі мүмкін. Топты композициялық құру симметриялық және асимметриялық болады. Ол ықшам және созылыңқы, тығыз және бос болуы мүмкін. Бастысы, топты қалыптастыру кезінде өсімдіктер арасындағы қашықтықты және олардың орналасуын көздеу қажет. Бұл параметрлер әр экземплярдың өсуі үшін оңтайлы жағдай жасайтындай болуы тиіс. Бұл үшін ең биік өсімдіктерді ортада немесе артқы планда, орташаларын – биік өсімдіктердің алдында, ал бұталар мен шағын жас ағаштарды алдыңғы планға қояды. Топтағы өсімдіктер арасындағы қашықтық дақылдардың жарықтық пен топырақтың құнарлылығына қоятын талаптарына байланысты. Осымен, ағаштың жарық сүйгіш түрлері үшін 5...6 м, ал көлеңкеге төзгіш түрлері үшін 2...3 м қашықтықты қабылдайды. Жұтаң топырақта ағаштар арасындағы қашықтықты биіктіктің ¼...1/5 ретінде, ал құнарлы топырақта 1/3 биіктігі ретінде таңдайды. Бұталар арасындағы ең кіші қашықтықты биіктік параметрлерімен анықтайды. Аласа бұталар арасында (80 см дейін) топтағы қашықтық 40..60 см, биіктігі бойынша орташа (1,5м) – 1 м, биік бұталар үшін (2 м астам) қашықтық 1,5 м бастап 2 м болады. Биіктігі әртүрлі бұталарды үйлестірген кезде қашықтықты жақсы дамыған ересек өсімдіктер үшін ұшар бас проекцияларын сызу жолмен графикалық тәсілмен анықтайды. Проекциялар бір-бірін шамалы дәрежеде басып отыруы тиіс. Ұшар бас проекция өлшемдерін анықтамалық әдебиет бойынша анықтайды. Топ нысаны сәнділіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Нысандар бойынша топтар сфералық, өткір басты және симметриялық және асимметриялық теңдігі бар қарама-қарсы болуы мүмкін. Пейзаждық парктер үшін биіктігі енінен үлкен асимметриялық топтар ең қызықты болып табылады. Пейзаждағы тағайындалуы бойынша топтар парктік суреттің композициялық орталығы, ғимараттар, шағын сәулет нысандары мен басқа акценттер үшін фон болуы мүмкін, көп планды перспективаны жасау үшін кулиса немесе акцент болуы мүмкін. Топқа тән қасиеті: шамасы, нысаны, түсі топқа көркемдік беруі мүмкін. Осы қасиеттердің кешенді әсер етуі кезінде топтың әдемілігі мен бейнелілігі ұлғая түседі. Солитерлер — жеке өсімдіктер. Солитерлер ретінде өзінің әдемілігін ұзақ сақтайтын ең сәнді түрлерін таңдайды. Көгал аясында нақты геометриялық нысандары бар солитерлерді отырғызады: шар тәріздес және конус тәрізді. Сүректі массив аясында жайылмалы нысандар, ал судың жанында – жылауық нысандар табиғи болып көрінеді. Аллея деп өсімдіктер қатарлап отырғызылған тік жолды атайды. Аллеялық отырғызулар бақ пен парктерде жаяу жол немесе өтпе жолда көлеңке жасау үшін және қозғалысты бағыттау үшін пайдаланылады. Бұл үшін жолдың бойында белгілі бір ырғақпен түрі мен жасы бір ағаштарды немесе бұталарды отырғызады. Отырғызу материалына қойылатын басты талап – көшеттердің биіктігі мен пішіні бойынша біркелкілігі. Өсімдіктер арасындағы қашықтық жергілікті жердің климаттық жағдайларына байланысты. Ыстық климатта қалың көлеңке серуендеу үшін жақсы жағдай жасайды, сондықтан ағаштарды тығыз отырғызады. Климаты ылғалды және салқын жерлерде көшеттерді алшақ жасайды. Көлеңкелі аллеяларды құрған кезде жалпақ жапырақты түрлерін: үйеңкі, талшын, жөкені пайдаланады. Ашық аллеяларды балқарағайдан, қайыңнан, шағаннан құрайды. Тағайындалуы бойынша аллеялар бас, кіреберіс, қосалқы, серуендеу, шолу болып ажыратылады. Құрылымы бойынша аллеялар симметриялы және асимметриялы, қарапайым (жолдың бір алабы түрінде) және күрделі (екі және үш алапты – жаяу жүргіншілер мен көлікке арналған) болуы мүмкін. Тік түйісуі бойынша бір, екі, үш қабатты болады. Үш қабатты аллея жабық тесіп өтетін кеңістік түрінде, көз аясын қозғалыс өсі бойынша бағыттайды. Сондықтан мұндай аллеялар сәулет имаратымен, мүсінмен, гүлзармен және т.б. композициялық аяқталуы тиіс. Аллеяларды құрайтын қатарлап отырғызуға бұталы қоршауларды жатқызуға болады. Бұталы қоршаулар еркін өсетін бұталардан (гүлдейтін бұталар) немесе қалыпталған (қырқуға төсімді) өсімдіктерден құралады. Осы түрге шпалерлерді жатқызуға болады. Оларды негізі ретінде трельяждарды пайдалана отыпып қырқу жолымен сүректі өсімдіктерден жасайды. Биік бұталы қоршауларды (1,5...3,0 м) жасау үшін ұсақ жапырақты бөртегүлді, боз аршаны, долананы пайдаланады. Аласа бұталы қоршау үшін (0,5..1,0м) спиреяны, қына ағашын, ырғайды, көрікталды, зеректі, шыршаны пайдаланады. 0,5м төмен қоршауды бордюр деп атайды. Отырғызуды бір, екі немесе үш қатарға сызықпен немесе шахмат тәртібінде 0,3... 0,4 м қашықтықпен жүргізеді. Бұталы қоршаудың тағайындалуы – бақтағы кеңістікті бөлу, жекелеген имараттарды жасыру, шағын сәулет нысандары, мүсін, гүлзарлар, солитерлер үшін фон жасау, жел мен бөтен көзден қорғау.
Гүлзарлар – эстетикалық бейнені қалыптастыратын бақ-парктік объектілерді безендіру құралы. Гүлзарлармен жоспарлау тораптарын (кіреберісті, демалу орындарын) безендіреді, олардың көмегімен қозғалысты бағыттайды, пейзажды композициялардың көркем шешімін аяқтайтын акцент жасайды.
Жүйелі стильдік бағыт үшін жоспардың геометриялық сызылған торымен үйлесетін нақты геометриялық нысаны бар гүлзарлар тән. Бұл гүлзарлардың мына түрлері.
Гүлбақ —бұл дұрыс геометриялық нысаны (шеңбер, шаршы, сопақ, алтыбұрыш және т.б.) бар гүлзар. Гүлбақтарды алаңдардың салтанатты жерлеріде, жолдардың қиылысында, ескерткіштер мен монументтердің алдында, яғни визуалды және жоспарлау өстерінің қиысу жерінде орналастырады. Гүлбақ жан-жақтан қаралады, бұл оның құрылымын шарттайды: гүлбақтың орталық бөлігін топырақты еселеу немесе орталықта биігірек өсімдіктерді отырғызу есебінен биік етіп жасайды.
Кейде онда гүлдері бар контейнерлерді орнатады. Гүлбақтарды алаңқайларда орналастырмаған жөн.
Рабатка – жақ арақатынасы 1:3 астам тік бұрышты нысанды гүлзар. Рабаткаларды жолдың бойында, бөлу жолағында орналастырады, олармен партерлерді, ғимараттардың қасбеттерін жиектейді. Рабаткалар бір жақты және екі жақты шолуы болады. Рабаткаларды бір тектес немесе әртектес өсімдіктерден жасайды, оларды биіктігі, түсі бойынша іріктей отырып, әрқилы ою-өрнек немесе қарапайым қабаттарды құрайды.
Бордюр – жіңішке гүлді алап немесе аласа өсімдіктерден жасалған алап, гүлзарларды, жолдарды, алаңдарды жиектейді. Бордюр гүлмен безендірудің аяқталуын немесе тік элементтерден көлденең элементтерге баяу өту үшін қажет.
Солитер – ұзақ уақыт бойы сәндік қасиеттерге ие, жеке тұрған өсімдік, мысалы сәлдегүл, астильба, нарғызгүл.
Модульді гүлзар – белгілі бір реттілік және берілген арақатынаста қайталанатын, әртүрлі геометриялық нысандардан (шаршы, шеңбер, тікбұрыш) жасалған композиция. Модульдік гүлзардың құрамына гүлдеп тұрған және кілемді өсімдіктерді, инертті материалды, суды қосады.
Пейзажды стильдік бағыт үшін жоспарлау композициялық тораптардың нысанымен үйлесетін еркін жоспарланатын гүлзарлар тән. Олар мыналар:
Топ – бір немесе бірнеше түрлі өсімдіктерді отырғызу бар гүлмен безендіру түрі. Топтар біржылдық, екіжылдық өсімдіктерден жасайды. Құрамы бойынша таза және аралас топтар болып ажыратылады. Таза топтарға өсімдіктің бір түрі немесе бір сұрыпы енеді. Аралас топтар үшін түрі әртүрлі, биіктігімен, гүлдер мен жапырақтарының бояуымен, фактурасымен, гүлдеу мерзімімен ерекшеленетін өсімдіктерді таңдайды.
Миксбордер —топтап орналасқан өсімдіктердің әртүрлі түрлері енетін кең бордюр түріндегі гүлзар. Миксбордерді құру негізіне топтарды құру қағидаттары алынады, атап айтқанда, өсімдіктер биіктігі, габитусы және фактурасы, гүлдері мен жапырақтарының бояуы, гүлдеу мерзімі бойынша таңдалады. Өз кезегінде гүлзардың осы түріндегі топтардың орналасуы ырғақ заңдарына бағынады.
Миксбордерге жоғары талап қойылады: ол ерте көктемнен бастап қоңыр күзге дейін сәндік болуы тиіс. Сондықтан миксбордерге шөпті өсімдіктерден басқа, әдемі гүлдейтін бұталарды және шағын жас ағаштарды қосады. Гүлзардың құрамына 20..50 түрлері ене алады, бұл ретте олардың ішінен бір мезгілде гүлдеп тұратыны 10...15 астам болмауы тиіс. Миксбордер гүлмен безендірудің ең күрделі түрі болып табылады, өйткені таңдау кезінде құрамына енетін өсімдіктер түрінің әрқайсысының экологиялық жағдайларға, өсу жылдамдығына және өсіп-өнуіне, вегетациялық маусым ішінде сыртқы түрінің өзгеруіне және агротехника ерекшеліктеріне қойылатын талаптарын ескеру қажет. Мысалы, егер маусым-шілдеде дельфиниум 1,5...2,0 м биіктікке жетсе, онда гүлдеп, гүлсидамын алып тастағаннан кейін өсімдіктің биіктігі 30.50 см аспайды. Көктемде гүлдейтін қызғалдақтардың, нәркестің, сепкілгүлдің маусымда жер үсті бөлігі қурап, топырақ үстінде бос орын қалады. Осы мән-жайларды осындай өсімдіктерді бөлгенде ескеру қажет. Бұл үшін алдымен әр маусымға немесе гүлдеу айына отырғызу жоспарын жасайды және оны жалпы жоспарға қосады, жалпы жоспарды гүлзарды орнына шығарған кезде басшылыққа алады. Миксбордерлерді көбінесе көпжылғы өсімдіктерден құрайды (6.1 сур.). Қазіргі уақытта бақша түрлерінен, дәрілік өсімдіктерден, табиғи түрлерден жасалған миксбордерлер таралуда. Тасты бақтар немесе рокарийлер – жалпақ немесе белесті гүлзарлар, олардың композицияларында өсімдіктер тастармен үйлеседі. Парктер мен үй алдындағы учаскелерді безендіруге жарамды тасты бақтардың көпшілігі бар. Тасты бақтардың құрамына жоғары және ықшам өсімдіктер, бақ және табиғи түрлері енуі мүмкін. Бастысы, тастар мен өсімдіктер үйлесіп, табиғи көрінуі тиіс. Тасты бақтардың ішінне альпинарийлерді – альпі және қосалқы альпілік флораның биік таулы өсімдіктерден жасалған композицияларды бөлуге болады. Классикалық альпинарийлерді ботаникалық бақта жасайды. Алғаш рет альпинарий Англияда XVІІІ ғ. пайда болды.
6.1 сур. Миксбордер жоспары:
1 — сәлдегүл; 2 — бәйшешек; 3 — виола; 4 —көрнекті седум; 5 — қытай астильбасы; 6 — хоста; 7 — сарана; 8 — жаңа ағылшын ақкекіресі; 9 — дельфи-
Тасты бақты, әсіресе тауды жасау – күрделі, еңбекті қажет ететін іс. Құруға арналған орынды осы учаскеде бар алғышарттарға сәйкес таңдайды. Қырқылған көгалы бар тегіс бедерде немесе биік ағаштардың ортасындағы тау қисынсыз көрінеді. Тасты таңдауға ерекше назар аудару қажет. Олар әртүрлі жыныстардан болмауы тиіс, түсі, фактурасы, формасы бойынша өте өзгеше болмауы тиіс. Бірнеше ұсақ тасты лақтырып не тік қатарлап қойғаннан гөрі, бірнеше ірі тасты орнатып, оларды шағын және ұсақ тастармен толықтырған жөн. Өз формасы бойынша құрғақ ландшафтарға сәйкес келмейтін жұмырланған өзен не теңіз тастары жарамайды. Гүлзардағы тастарды неғұрлым табиғи етіп орналастырады. Олар жерден шығып тұрмай, жерге ½..1/3 қазылып жатуы тиіс. Гүлді қабырғалар тасты бақтардың бір түрі болып табылады. Оларды жол бойында немесе үйдің жанында орналастыруға болады, олармен бедердің биіктігіндегі табиғи өзгерістерді немесе жасанды биік алаңшаларды безендіруге болады. Бұл үшін қабырғаны жайластырған кезде тастар арасында бос орын қалдырып, оларды жермен толтырып, құрғақшылыққа төзімді топырақ жабынды өсімдіктерді отырғызады. Контейнерлер мен сыйымдылықтардағы гүлдерді өсімдіктерді топыраққа отырғызу мүмкіндігі жоқ жерлерде: таспен жабылған алаңдарда, ашық дәліздерде, балкондарда пайдаланады. Қолданылатын контейнерлердің көлемі, нысаны әртүрлі болып, әртүрлі материалдан жасалуы мүмкін. Алаңдарда орнатылатын контейнерлерді ауыр материалдардан: бетоннан, керамикадан, арнайы полимерлерден жасайды. Аспалы контейнерлер жеңілірек болуы тиіс: кокос талшығы, мүк, полиэтилен төселген пластмасс құмыралар, себеттер. Контейнерлердің су ағызу үшін тесіктері болуы тиіс. Түбі бүтін бетонды гүлзарларда жаңбырлы күні гүлдер суланып, өліп қалады. Құрғақ ауа райында контейнерді уақытылы суаруды көздеу қажет. Контейнерлердегі субстраттың көлемі, қоректі элементтердің қоры шектелгендіктен, қалыпты дамуы және мол гүлдеуі үшін әр 10...15 күн сайын азықтандыруды жүргізген жөн. Негізінен контейнерлерге арналған өсімдіктердің сұрыпталымын біржылдық өсімдіктер құрайды. Аспалы кашпо үшін өсімдіктердің ампельдік нысандарын пайдаланады.
6.3 Көгалдар
Көгал бақ пен парктің үлкен және шағын аумақтары жас көшеттерінің маңызды құрауышы болып табылады. Көгал – негізінен көпжылдық дәнді өсімдіктерден тұратын жасанды немесе табиғи шымды жабын. Көгалдардың көріктігі сонша, олар өздері-ақ композицияда доминанта бола алады.
Көгалдандыру жүйесіндегі тағайындалуы бойынша көгалдарды екі топқа бөледі: сәндік және арнайы. Сәндік көгалдарға партерлік, кәдімгі бақ- парктік, шалғынды, мавритан, сондай-ақ көпжылғы әдемі гүлдейтін немесе топырақ жабынды өсімдіктерден тұратын көгалдар жатады. Арнайы көгалдарға спорт алаңдары мен футбол алаңдарында жайластырылатын спорттық және жол бойында, еңістерде орналастырылатын бөлуші көгалдар жатады.
Партерлік көгалдарды ғимараттардың алдында, парктердің салтанатты бөлігінде көлденең бетте орналастырады. Оларға гүлді партерлерде ең үлкен алаңдарды бөледі. Партерлік көгалдарға жоғары талап қойылады. Олар мінсіз тегіс, барқыт тәрізді, бояуы бойынша біркелкі болуы тиіс. Дәнді өсімдіктерден басқа бөтен өсімдіктердің болуына жол берілмейді. Оларды әр 7...10 күн сайын биіктігі 3 см аспайтындай етіп қырқады. Шөптің құрамын жұқажапырақты, жақсы жапырақтанған дәнді өсімдіктерден таңдайды, олар: қонақот, қызыл бетеге, ақ және кәдімгі суоты.
Партерлік көгалдарды орналастыру үшін аумақты мұқият дайындау қажет. Топырақ кемінде 10...15 см тереңдікке құнарлы, орташа сазды, құрылымы кесектелген, рН = 5,5.6,5 болуы тиіс. Бұдан басқа, партерлік көгалдарға арналған учаскелер дренаждалған және мұқият тегістелген болуы тиіс. Мұндай көгалдар бойынша жүру қажетсіз.
Кәдімгі бақ-парктік көгалдар бақтардағы, парктердегі, саябақтардағы, бульварлардағы шөп жабынының негізгі бөлігін құрайды. Оларды дәнді шөптердің 3...5 түрінен (қызыл бетеге, қой бетеге, суоты, бидайық, еркекшөптен) және ақ бедені қосып жасайды. Кәдімгі көгалдың шөп құрамына оның сәнділігі мен ұзақ жасауы тәуелді болады. Мұндай көгалдарды 5 см биіктікке дейін қырқады. Олардың құрамында арамшөптің шамалы көлемінің бар болуына жол беріледі. Олар тапталуға төзімді, сондықтан олармен «шөп үстінде демалу» орындарын безендіреді.
Шалғынды көгалдарды парк мен бақтардағы алаңқайлардың үлкен алаңдарына жайластырады. Оларды бар шөп жабынын жақсарту және өсірілетін шөп қоспаларын себу жолымен жасайды. Шөп қоспалары шөптің 3..5 түрінен: қылтықсыз арпабас, кәдімгі тарғақшөп, суоты, түлкіқұйрығы, атқонақ, бозот, бидайықтан, бұршақты дақылдарды (беде, пышан) қосумен жасайды. Шалғынды көгалды маусымда бірнеше рет шабады. Үлкен алаңдарды суару қиын болғандықтан, құрғақшылыққа төзгіш шөптерді таңдайды. Шалғынды көгалдар сөзсіз сәндік қасиеттерге ие және көптеген жәндіктер мен ұсақ жануарлардың мекендеу ортасы болып табылады. Қазіргі уақытта объектілерді, әсіресе қалалық объектілерді көгалдандыруда кәдімгі және партерлік көгал алаңдарын қысқарту және шалғынды көгалдың басымдығына бағдарлану үрдісі байқалады.
Мавритан көгалдары –жаз бойы әдемі гүлдейтін көк шалғын. Оларды жұқа сабақты көп жылғы дәнді шөптерден және 20 % аспайтын әдемі гүлдейтін бір жылғы өсімдіктерден жасайды. Дәнді шөптердің ішінен шалғын қоңырбасқа, суотына, бозотқа, жайылымды райграсқа артықшылық береді. Жаздық өсімдіктердің ішінен 10...15 аласа және күй талғамайтын түрлерін пайдаланады: сеппе қызылтаңдай, қытай қалампыры, кларкия, желімбас, көк және қызыл зығыр, нигелла, маттиола, қырмызыгүл, ботакөз, эшшольция.
Мавритан көгалына күтім жасаудың ерекшелігі оны маусымда 2 рет қырқу болып табылады: бірінші рет көктемде гүлдейтін өсімдіктер гүлдеп тұқым шашқаннан кейін (шілде айында) және екінші рет – күзде (қыркүйек айында). Қырқу биіктігі 8.10 см. Тұқым шашылғаннан кейін шөпті жинайды. Мавритан көгалы аз таралған, көгалды жиі қырқу мүмкін болмаған жағдайда ең қолайлы. Мавритан көгалына алмастыру ретінде көп жылғы әдемі гүлдейтін өсімдіктері бар көгал болуы мүмкін. Бұл кәдімгі көгал, оның аясында аласа көп жылғы өсімдіктерді: супияз, мускарин, қоңыраубас, көкнәр, түймедақ, кекіре, су жиярды орналастырады. Ағаштардың көлеңкесінде дәнді өсімдіктер нашар дамиды. Осындай жерлерде жасыл жабынды көлеңкеге төзгіш топырақ жабынды өсімдіктердің көмегімен жасауға болады, мысалы, талқурай, құсықшөп, қабіршөп, інжугүл, алмұртшөп және т.б. Көгалдың негізгі функциялары болып мыналар табылады: сәндік, топырақ қорғаушы, санитарлық-гигиеналық. Көгалды жасау топырақты дайындауға, егуге үлкен шығындар мен өсірудің ұзақ уақытын талап етеді. Екпелі көгалдың баламасы – рулондық көгалдар. Екпінді құрылысқа және қоршаған ортаны сақтауға қойылатын талаптардың артуына байланысты қазіргі уақытта құрылыс аяқталғаннан кейін көгалдандырылатын объектілерге кейінгі отырғызумен көгалдарды өнеркәсіптік өндіру технологиясы әзірленді. Көгалдар топырағы қарапайым көгалды тәлімбақтар өрістерінде екі жыл ішінде өсіріледі. Арнайы техниканы пайдалану біркелкі егуге және қалыңдығы мен өлшемі бірдей жолақ түрінде көгалды кесуге мүмкіндік береді. Тыңайтқыштарды енгізу және суару қою жасыл түсті тығыз көгалды өсіруді қамтамасыз етеді. Тасымалдау мен дайын көгалды төсеу бойынша жұмыстың ыңғайлығы үшін кескеннен кейін көгалды рулондарға орайды. Тұтынушыға олар осындай түрде жеткізіледі, олардың «рулондық көгал» атауы осыдан пайда болды.
Көгал төсемі тек қана шөптердің тамыры мен тамыр сабақтарынан тұрады. Сондықтан төсеудің бар технологиясы рулондарды тегістелген құнарлы, арамшөптен тазартылған топыраққа шахмат тәртібімен төсеуден тұрады. Төсегеннен кейін көгалды көгал төсемі топырақпен жақсырақ жанасуы үшін оны таптайды және мол суарады. Жаңа көгалды бірінші рет қырқуды төсегеннен кейін жетінші-оныншы күні жүргізеді.
6.4 Өсімдіктерді отырғызу жоспары. Дендрожоспар
Бекітілген нобай жоспары негізінде отырғызулардың егжей-тегжейлі жоспарын –дендрожоспарды әзірлейді. Дендрожоспар ағаштарды, бұталарды отырғызу координаталары, гүлзарлардың, бақша жүйектерінің, бұталы қоршаудың жергілікті жерге отырғызуға сәйкес орналасуын егжей-тегжейлі көрсетеді. Бұл үшін бас жоспардан отырғызудың белгіленген жобаланатын орындарын көшірмеге түсіреді.
Бас жоспардың масштабында жалпы жоспарды сызып, барлық аумақты шаршы торларына бөледі, жақтарының өлшемдері 0,5*0,5 м (шағын учаскелер үшін), 1*1 немесе 2*2 м. Мұндай жоспарды отырғызу сызбасы деп атайды.
Аумақты шаршыға бөлуді жоспарда тіркелген объектіге байланыса отырып бастайды (мысалы, үйдің бұрышынан, қоршаудың ішкі бұрышынан). Тор шаршыларының өлшемін біліп, авторлық жобаға сәйкес барлық дендрологиялық объектілерді оңай және дәл орналастыруға болады. Көгалдандыруға арналған өсімдіктерді таңдауда мына реттілікті сақтайды. Алдымен сәулет ғимараттары мен өскіндер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін ағаштар мен бұталарды отырғызу орындарын белгілейді. Кейін осы өсімдіктер бақ пейзаждарында акцент болады. Содан кейін бас жоспарда белгіленген құрылым құрайтын отырғызуларда өсімдіктерді отырғызу орны мен құрамын таңдайды. Ағаштар мен бұталарды отырғызу орындарын осы өсімдіктердің бесжылдық жастағы өлшемін ескерумен белгілейді. Бір-біріне қысым көрсетпей, қалыпты қалыптасуы үшін орын қалдырады. Жас ірі ағаштарды отырғызу нәтижесінде пайда болуы мүмкін бос кеңістіктерді аз тіршілік ететін тез өсетін өсімдіктермен толтыруға болады. Өсімдіктерді таңдауда отырғызуда теңгерімге жетуге назар аудару қажет. Бұл үшін ірі өсімдіктерді ұсақ өсімдіктер тобымен, жапырақты нысандарын – қылқанды түрлерімен теңдейді. Сүректі өсімдіктерді орналастырып, шөпті және топырақ жабынды өсімдіктерге кіріседі. Олардың гүлбақ, миксбордер түрінде құрастырады. Гүлмен безендірудің көлемі мен нысандары жалпы жоспарлау мен учаскенің стиліне бағынысты болуы тиіс. Топтар немесе жекелеген түрлері, формалары, түсі немесе басқа қасиеттері қайталанып, гүлзар ішінде, сондай-ақ гүлзарлар мен өсімдіктердің басқа түрлері арасында теңгерім сақталуы үшін, сұрыпталымды таңдауды өсімдіктердің биіктігін, формасын, құрылымын және түсін ескерумен жүргізеді. Дендрожоспарға өсімдіктердің толық сипаттамасы, жоспардағы нөмірі, атауы (орыс және латын), дана саны, ересек өсімдіктің өлшемі көрсетілген өсімдіктердің ерекшелігін (отырғызу тізімдемесін) қоса береді. Гүлзарларды масштабы 1:50 немесе 1:20 жеке жоспарда көрсетіледі. Жазық графикалық жоспарды фронтальді суретпен – алдындағы көрініспен суреттейді, болашақ өсімдіктердің биіктігі мен нысандарын елестетіп көрсетеді. Фронтальды суреттердің масштабы жалпы жоспардың масштабынан өзгеше болмауы тиіс.
Бақылау сұрақтары
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Оқырманға
Кіріспе
1 тарау. Бақ-парктік өнер дамуының тарихи кезеңдері және стильдік бағыттарының сипаттамасы
1.1.Жүйелі стильдің өзіндік ерекшеліктері
1.2.Пейзаждық стильдің өзіндік ерекшеліктері
1.3.Қазіргі бақтар
2 тарау. Ландшафт құрамдастарының сипаттамасы. Объектің көлемдік-кеңістіктік құрылымының қалыптастырудағы олардың рөлі
2.1.Бедер
2.2.Су
2.3.Өсімдік
3 тарау. Кеңістікті құрылымның түрлері1
3.1.Кеңістікті құрылымның жабық түрлері
3.2.Кеңістікті құрылымның жартылай ашық түрлері
3.3.Кеңістікті құрылымның ашық түрлері
4 тарау. Ландшафтық композицияны жасаудың амалдары мен құралдары
4.1.Кеңістікті нысандар, олардың қасиеттері мен арақатынастары
4.2.Пейзаждарды қабылдаудағы перспективаның рөлі
4.3.Пейзаждық суреттерді қалыптастырудағы түс пен жарықтың рөлі
4.4.Пейзаждық суреттердің композициясы
5 тарау. Жобалау
5.1.Жоба алдындағы іздестіру
5.2.Объектінің жоспарлау құрылымын әзірлеу
5.3.Объектінің көлемдік-кеңістікті құрылымын және композициялық тораптарын қалыптастыру
6 тарау. Өсімдіктер сұрыпталымын іріктеу
6.1.Өсімдіктер сұрыпталымын іріктеудің қағидаттары
6.2.Көшеттердің түрлері
6.3.Көгалдар
6.4.Өсімдіктерді отырғызу жоспары. Дендрожоспар
Әдебиет тізімі
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру