TELEGEI

Home

Ақан-Зайра. II нұсқа

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақан-Зайра. II нұсқа

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

Алты суретті, он жеті көріністі либретто

Ақан сері — әнші, ақын.
З а й р а — байдың қызы, мұсылманша жақсы оқыған.
Алтынай – Зайраның шешесі.
Шаймардан — қыз ағасы, иесі де сол.

Б і р ж а н, Ыбырай, Ш о л а қ – әнші, ақындар.
Байсалбай — саудагер бай.
Рамазан — Байсалбайдың саудагер баласы.
Ә л и м а — Рамазанның әйелі.

Айша — Рамазанның қарындасы, аздап орысша оқыған.
Б ә к е н — Байсалбайдың үндемес кіші баласы.
Т ө р е — хан тұқымы.
Әпесер, оязға тілмаш.

О я з – Байсалбай аулының мазақшы қулары.

Д о с а н — Айшаның ақын жігіті, қу, айлакер. Ояз, келімсектер, әр жастағы жігіттер.

Бірінші сурет

Дала. Айлы түн. Таудың етегі. Ауылдардың арасы. Сахнаның ар жағынан Ыбырай, Біржан, Шолақ, Зайра бастаған бірнеше топ қыз бозбала шығады.

Ыбырай бастаған топ
Сұлу жаз, жайнаған жас гүлдерімен,
Жұлдызды қара бүліш түндерімен,
Мас болып, тас жүрек тау қалқып тұрған

Бұлбұлдың нәзік тәтті үндерінен.
Шолпыдай сылдыр қағып аққан Бұлақ,
Бас иіп қарсы алады жасыл құрақ.
Осындай сәнді түнде сайрандамай,

Сауықшыл жас тұрады қалай шыдап?
Бейнесі жаз жастықтың, жастық шақта
Нендей құс болса жазғы табиғатта
Бәрі бар, балы тамар, жайнар, жанар

Кезіміз шындасақ та, ойнасақ та.
Топтың сол жақ қанаты (бұрылып қарап).
Ақан келеді...
Ақан келеді...

(Түп-түгел қарап, күңкілдесіп.)
Ойынға Ақан
Ажар береді...

К ө р і н і с

Ақан аспанға қарап, топқа бұрылмай, ойқастап өтіп бара жатады.
З а й р а (топтан Ақанға қарай шығып).
Аспандағы алтын айдай,
Беттеп қайда кеттің жалғыз?

Қ ы з д а р, ж і г і т т е р
Айды қоршар нұр боп жайнай
Жер жұлдызы біз де бармыз.

З а й р а (Ақанға жақындап). Рақат түн, қиял түні, Ой аспанды өрлеген. Ай ма, әлде адамзат па, Кім асығыс кел деген?

А қ а н (Зайраға бұрылып).
Айды ұқсаң мені ұқтың,
Ай да жалғыз, мен жалғыз.
Көп жұлдызды көптен мұттым,

Іздегенім шолпан жұлдыз.
Түн тынышы сұлу тәтті,
Ай не деген ажарлы!..
Деме бірақ, дәрі тапты

Жан жарасын жазарлық.
Айды сүйіп нұрға бөлер
Алтын күннің сәулесі,
Айдай сүйер сәулесі жоқ

Мен бір жердің әуресі.
Сусаған жан өмір шөлін
Кезуменен жүр әлі,
Емес жырақ, қолда бірақ

Түспей жүрген бар дәрі.
Ыбырай (Ақанға).
Табылар дәрі...
Баста бір ойын.

А к а н (Біржанға қарап).
Қыз-жігіттің ақсақалы
Бар емес пе Біржан сал?
Б і р ж а н

Мақұл, азу тарлан кәрі
Көңілін көптің таба алмас.
Ш о л а қ
Біржан аға! "Серек құлақ"...

Б і р ж а н (күліп).
Біліп едім, Жүргеніңді аңсырап.
Ш о л а қ (қуанып, ойқастап).
Көкжал менмін...

Б і р ж а н
Көп көнсе мен күзетші.
(Көпшілік мақұлдағанын қимылымен көрсетеді.)
Қой, ешкімді жинайын,

Шыда бірақ.
Toп күліп, билеп тарқайды. Сахнада Ақан пен Шолақ қалады.
А қ а н
Қымбатын қамты олжаның,

Жолың болсын, көкжалым.

Шолақ жортып кетеді. Қойға қасқыр тигендей сахна сыртында үрген ит, шуылдаған дауыс естіліп жатады. Ақан сабырсызданып құлақ түреді.

К ө р і н і с
Сахнада билеген Шолақ пен Зайра шығады.
А қ а н (ұмтылып).
Сауға!..

Ш о л а қ (биін доғарып).
Сенен немді аяйын.
Қалауың болса міне ал!..
Зайра (күліп Ақанға).

Мұнда жатыр екен ғой,
Қасқырлардың тарланы.
Қанекемнің қойының
Сау-тамтығы қалмады.

А қ а н
Іздегенім өзіңсің...
З а й р а
Ойыннан от шығарма.

А қ а н
Сен шамсың, мен көбелек.
(Теріс қарап күрсініп.)
Көбелектің ойын от

Айналса да ұғар ма.
З а й р а (ария).
Ойыннан тағы айтам, шығарма от,
Болғанда бір жанған от, бұл күнде шоқ.

Ойнай бер өзге ойынды, сөнген шоқты,
Жаңадан жандырудың қажеті жоқ.
А қ а н (ария).
Нұр төккен самауаттан сен бір шамшы,

Мен арзы шұғлаңмен фитнәні аршы.
Қол созам қиядағы құшағыңа,
Рақым қып ғаламатпен тартып алшы!
Мен Жүсіп, сен Зылиқа, мен бір Мәлік,

Іздеген Бәддіиғүлды жер айналып,
Сен Ләйлі, мен Мәжнүн, ғашық отын
Егерде сөндірмесең кетем жанып.
З а й р а (дуэт).

Шыққан жан деген сөз бар қайтқан көңіл.
Ақан (дуэт).
Мен енді сүре алмаймын сенсіз өмір.
М а й р а (дуэт. Бұлқынып).

Буынсыз пышақұрма,
Ақан, жібер!..
А қ а н (дуэт. Сүйреп).
Ендеше төрешіге тұр Құлагер.

З а й р а (дуэт. Тырмысып).
Жүрекке жол айтқан ба, тұйақ, білек?..
А қ а н (дуэт. Сапысын суырып aп, Зайраның кеудесіне оқталып).
Ендеше ол жүректі кетем іреп!

З а й р а (қорықпай).
Есінді жый!..
А қ а н (қолын түсіріп, талықсыған дауыспен).
Не айтасың?

З а й р а
Жүгінейік Біржанға.

К Ө Р І Н І С

Шолақ жортып кіреді.
З а й р а (Шолаққа).
Шақыр Шолақ Біржанды.
Ш о л а қ (кетіп бара жатып зрителге).

Қыз бен жігіт төреші
Іздесе құдай ұрғаны.
Түстері солған, үйлеспей
Қалқан ба деймін жымдары. (Шолақ шығады.)

К Ө Р І Н І С

Шолақ пенен Біржан шығады. Досан сахнада көріне беріп тығылып құлағын түреді.

З а й р а (Біржанға. Ария).
Еліктіріп тастап мені,
Досымды aп Ақан cepі
Кетіп еді, енді сүйем

Дегенінің бар ма жөні.
Мұндай сүю маған ерсі,
Бітпейтін дау жүрмей елші,
Екі сүю әделіт пе?

Біржан аға, төре берші!
Б і р ж а н (Ақанға).
Сен не дейсің, шырағым?
А қ а н

Өресін тап та өзің шеш.
Б і р ж а н (аз ойланып, екеуіне кезек қарап).
Зайра-жан, Ақан бәйгеңе
Басынды тіксе, сен де тік,

Ақан-жан, сен осында
Жүрген бір топ ақынның
Бәйгесіне қосыл да,
Жүлдеңді ал, озып шық!

А қ а н
Егес ердің қайрағы. (Зайраға қарайды.)
З а й р а. Біржан сөзді байлады.

К Ө Р І Н І С

Желікті қыз-бозбала шығады. Шолақ айтыс болатынын оларға естіртеді. Көптің қозғалысы, күбірі күшейеді. Сахнаның бір жағынан Досан мен Айша шығады. Көп оларға таңырқап қарай қалады.

Д о с а н (Айшаны оңашалап құлағына).
Зайраның көңлі Ақанда!..
Зайраға Ақан берілген.
А й ш а

Топ ақынның тотысы
Зайра болса керілген. (Күліп.)
Сабыр ет, сыбаға
Алармыз Ақан серіңнен.

Д о с а н
Нағашыңның кесірі
Емес пе Зайра, сарапқа
Салды басын.

Айша
Ендеше ешкімге ол бұйырмас.
Бұзайық шырқын ойынның,
Тартынба, сен де ақынсып.

(Екеуі топқа жақындайды.)
Зайра (Айшаға).
Жаттық бар ма жақсыда,
Жатырқама, құрбысың,

Болмасақ та жүз таныс,
Қонақ бол мына ойынға.
А й ш а
Мен танимын, нағашы

Жеңгемсің, мына топырың
Ойының ба, тойың ба?
З а й р а
Ол қай сөзің?

А й ш а
Иең бар!
Бұл не топыр, неткен сал,
Маңайыңды қоршаған?

З а й р а
Кекетпе, құрбым, біреудің
Бұл жерде жоғын жоқтама,
Оң жақта, гүлді жас шақта

Сұқпаймын басты ноқтаға.
Д о с а н (ария).
Тосырқап тұрсыңдар ма мұны кім деп,
Есімін осылай адам білу сүндет.

Тағрипын танымасаң пәһәм айлап
Баяндау қалын, ақуалын бізге міндет.
Пәрзәнті Байсалбайдың, есімі Айша,
Дәулеті дария шалқар, құлаш жайса.

Қол жетпес мәкәни жоқ, төрт ағасы
Тұрады Ғираттағы купес байша.
(Жұрт таңданып күбірлеседі.)
Б і р ж а н (Айшаға жақындап).

Жолың болсын, жүріпсің
Текті атаның баласы!
Ыбырай (Біржанның жалпаңдағанын ұнатпай, көпке).
Жем асаған сері ғой,

Жалпаңдауын қарашы!
Б і р ж а н (Айшаға ақындарды таныстырып).
Балуан Шолақ мына жігіт,
Мынау ақын Ыбырай,

Мен Біржан — сол, қартайған сал,
Мына жігіт Ақан сері,
Жан жолдасы Құлагері.
А й ш а (Ақанға жақындап).

Амансың ба, Ақан сері,
Естігенді көрді көз.
А қ а н (кескініне қарамай).
Шүкір, шырақ.

А й ш а (елемегенін ұнатпай).
Бәйгеге бас тіккен бірақ
Кезеңіне болды кез.
Тілектеспін, уыз батам

Жарысқанда ылғи оз.
А қ а н (сүзіле қарап).
Батасында қыздың қан
Болып па еді шырағым.

«Ер қайраты егесі»
Деп жарысқа шығамын.
А й ш а
Ант аумай ат бәйгеден келген емес,

Жалғыздың артына жан ерген емес,
Бәйгеден келгеніне күдіктенем
Тілегің сенің Ақан жерден емес.
Арыстан мерт болмай ма айға шапқан,

Қиялға қонар жер жоқ көкке лаққан,
Өмірді сүйген адам сұлулықты
Аспанда айдан емес жерден тапқан.
Табар ең жерді сүйсең жерден сұлу,

Жан-тәнің тілегіңе берген сұлу.
Түбінде бермес опа, саған сүйген
Кезінде қолыңа кез келген сұлу.

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

Екінші сурет Зайраның үйі. Қалың жиын. Іштерінде Біржан, Ыбырай, Ақан, Шолақ, Зайра. Шымылдық ашылғанда Айша мен Досан шығып топқа қосылады.

1 - д а у ы с
Түгелденді енді жиын.
2 - д а у ы с
Бастау керек думанды.

3 - д а у ы с
Ақындардың айтысын
Тыңдауға толған жан сыртта.
Шаймардан (Біржанға).

Кім озғанын байқасын
Айтысты бастап бер жұртқа.
Б і р ж а н (ария).
Мұзбалақ ақиық ем жерге түспес,

Кең қолтық арғымақ ем алқымы іспес,
Алдырған азу тісін тарлан көкке
Бұл күнде жас ұлғайып болдым түстес..
Тұғырға қонып көңіл дамылдаған,

Аяғым кәріліктен мамырлаған,
Түсіңдер топқа, кәне, жас ақындар
Жастықтың жарысынан жаңылмаған.
Әніммен желік беріп, дабыл ұрам,

Ұшыңдар тояттауға өңшең қыран,
Ту тігіп өлеңіммен өз жаныңды
Бәйгеге Зайраменен тосып турам.
(Зайраға қарап күледі.)

Осы озып кетпесін.
Ш о л а қ (Біржанға).
Ұйғарса халық, соймақ қан
Құрмалдыққа түйесін (күліп),

Тапты деп тұр мына жұрт,
Мені сездің сүйесін.
Б і р ж а н
Асықпа әлі, балуан,

Алдында қыр бар алуан.
Ш о л а қ
Шабысым ширақ...
Ыбырай (Шолақтың сөзін бөліп).

Жоқ, Шолақ,
Аталы сөзге бер қонақ,
Тізгінін тұрған тежеп,
Ақандікі кезек.

А қ а н
Сөйле, Досан,
Мен әлі де тосам.
Шолақ (ән шырқай жөнеліп).

Атандым жас күнімнен Балуан Шолақ,
Құдайым берді маған күш пенен бақ,
Сұлу қыз, жас келіншекке тыйышсыздаумын,
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.

Ішінде жиырманың менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын,
Кешегі сентәбірдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.

Талай бар таңдай қағып деген "пай-пай!"
Күшім, әнім, салдығым бойымда сай.
Қызға мен ти деп жалынбаймын,
Бір қызға табылады мендей-ақ бай.

(Жұрт ду күледі.)
А й ш а (Шолаққа).
Сүйсінерім сендей ақын,
Келші бері қасыма. (Шолақ жақындайды.)

Д а у ы с т а р
Ширак екен Шолақтың
Мына аяқ алысы.
Д о с а н

Бағасын білсе қалайық (табайық)
Дүрия гауһар сөздерім.
Ірбіт шапқан купестей,
Сөз базарын кезгемін,

Тасынып қалған мұсаннып
Кітабындай сөздерім.
Асылы алтын болмаса
Қажеті жоқ өзгенің.

Барқыт деп, Зайра, түсінбе
Самарқанның бөздерін.
"Баба жадда мән жадда"
Деген расул, қадисын

Болар мақұл сезгенім,
Таразыға тартып көр
Кем дер болсаң безбенім.
А қ а н (Досанды бөліп, күліп).

Әннен артық та қажап даңлары бар.
(Жұрт күледі.)
Ыбырай (кекетіп күліп, Досанға).
Мұхаммбет үмбетіне жарапазан

Бір келген он екі айда ораза жан,
Қайырлы болсын малтаңды,
Қою қылып езгенің.
Д о с а н (тоқтай қап, Ыбырайға ашуланып).

Сен сөйлесең қой дедім бе!.. Ыбырай
Қас сорлының аты емен,
Қара жарыс керегі жоқ.
З а й р а (Ақанға қарап).

Сүзбей құйрық,
Шаппай жүйрік,
Тігіле ме ту тойға?
Тұғыр қосып,

Өзі тосып
Отыр Ақан не ойда?
Бағын сері,
Сынар жері

Емес пе еді
Бұл жыйын?
Сөз өрнегін,
Ән өрнегін

Күтіп мына тұр жыйын.
Қанат жазған,
Қалықтап ән
Ұшса екен аспанға!

Ағындап сөз,
Көктемгі кез
Ұқсап өзен тасқанға.
Б і р ж а н

Естідің бе, Ақан-жан,
Зайра-жан сені қатардан
Бөліп алды, шырқар деп,
Сөзіне сәні қатар ән.

Озып бәйге алады
Әнші-ақын атанған.
А қ а н (Зайра наздана к,арап, "Сырымбет " әнімен).
Түлеп ұштым

Сырымбет саласынан
Тояттауға аққудың баласынан,
Қуған аққу шалдырмай, талды топшым,
Жанды жүрек таппадым жаны ашыған.

Болат едім, ием жоқ қайрайтұғын,
Қаруым кем, бәйгеге айдайтұғын,
Бұлбұл едім бағым жоқ бұтағына
Қонып алып шаттанып сайрайтұғын.

Аз қайғыға адам ба-ем бой ұрғандай,
Дертім ауыр қара жер ойылғандай.
Азаптаймын, аяймын десеңдағы
Ықтыярың, білесің ойым қандай.

А л т ы н (Ақанға).
Атағыңа өнерің
Сай екен, сәулем, көп жаса,
Бір жасап көңіл болды шат.

Зайра-жан, тұр да ағаңа
Ана тұрған тонды жап.
З а й р а (тұрып, тонды жауып).
Жан жараңа қыйналған

Түсінем, Ақан, ойланам,
Үмітімді ақтаған
Әніңе тоным сыйлаған.
Д о с а н (Айшаға).

Бұйырмасын түсінсем,
Толып жатқан бір жұмбақ.
(Айша тыңдамай, мұңайған басын көтермейді.)
Ш о л а қ (Досанды қоштап).

"Өлдім-талдым" сөздері
Қаусап тұрған бір күйрек.
Д о с а н
Өткен жеті ғашыққа

Сегізінші болып бұл
Кетпегесін қаңғырып
Зарланады неге құр?
А й ш а (Досан сөзіне кейіп).

Құдыққа құлан құласа,
Құрбақа ойнар құлақта... (Теріс қарап өзіне.)
Міне солай сүйгенді
Көре алмаймын бірақта.

(Ақанға қарайды. Ол елемейді.)
Д о с а н (намыстанып Ақанға).
Пері қызы қосағың ба
Буып тұрған тілінді?

Сөйлеспеуге сақау қылған
Қызғанып ол ұлыңды.
Бүккен сырың өзгеге жат,
Болса маған ұғымды.

Білмегенге көрдім қажат
Естіртуге мұңыңды.
А л т ы н
З а й р а (үрейленіп, қосынан).

Перісі не, бұл не сөз?!
Д о с а н
Өзі айтар жауабын.
(Ақан төмен қарап үндемейді.)

З а й р а (мазасызданып).
Алғаны ма мойынға
Ашуы қайда Ақанның?
(Жұртта күбір көбейеді.)

А қ а н (басын көтеріп).
Жұрт аузына болып қақпақ
Ала алмаймын басты ақтап,
Өсекшінің өзі айтсын

Сыры болса жүрген сақтап.
Зайра
Бұл не жауап?
Д о с а н (Зайраға).

Демесе бекер,
Қажама жетер.
1 – д а у ы с
Ақан көнді.

2 – д а у ы с
Жеңілді енді.
3 – д а у ы с.
Жеңілсе өлді.

Б ә р і
Досан жеңгені ме?
Ш о л а қ (топқа дауыстап).
Әй, тоқтаңдар бұл не шу!

Әнімен пері түсірсе,
Ақанның ол міні ме?..
Таңданбаған бұның кім
Тіліне де, үніне.

Періні әні мас қылып,
Қасиеті бітті ме,
Осы тұрған біріңе.
Б і р ж а н (Зайраға).

Озды Ақан дарқан,
Батамды берем, қалқам.
З а й р а
Тілегім еді жеңгені,

(Ақанға қасынан орын нұсқап.)
Орның міне кел бері.
Д а у ы с т а р
Жарады Ақан...

Тегін емес терімен
Алды озып бәйгені.
(Көпшілікте қуаныш. Би. Айша Досанды
ертіп жекеленеді.)

А й ш а
Қонып бақыт басыма,
Ғашығын ертіп қасына
Билеп жүр шат боп ана қыз!

Ағаларым қайда жүр?..
Сүйегіме таңба бұл,
Ойынның жылдам шырқын бұз!
Д о с а н

Шаймардан...
А й ш а
Ол кім?
Д о с а н

Ағасы.
Шақырайын.
Ол көнсе
Бұл істің жеңіл жарасы.

(Досан Алтын мен Шаймарданды топтан жырып алып шығып, Зайраға жақындағанда Шаймарданға.)

Сайлауға ояз шығыпты,
Рамазан қасында.
Ойың болса билікте,
Айшадан, менен жасырма,

Айт шыныңды!..
Шаймардан (елегізіп).
Бар ойым,
Қолтықтаушым келіспей,

Оза алмай жүр бойым.
Д о с а н
Айшаның мына ағасы,
Байсақалдың баласы,

Рамазан мырзаның
Би қоюға шамасы келеді...
Ш а й м а р д а н
Онда "шүйінші!"

Десең Досан болмай ма,
Д о с а н (сынаған қараспен).
Сыраға бал, сыйға сый,
Сыйламасаң қолдайма...

Ш а й м а р д а н
Не қыл дейсің?..
Д о с а н (абыржып).
Тарат тез,

Желіккен мына жыйынды.
Аяп қалма мырзадан,
Жасат құрмет, сыйынды...
Ш а й м а р д а н (жалбарынып).

Не сыйлайық?..
Д о с а н
Aт шапан
Демес мырза аламын,

Үлкенде ойы, Зайраға
Айт, қасы пен қабағын
Берсін...
Ш а й м а р д а н

Енді түсіндім...
Билікті қолға тигізсең
Мен көк есек кісіңмін!..
(Алтынға.)

Таратайық топырды,
Үйінді жина, кешікпе!
Тәңірі төрге шығарды
Тұрған басты есікте.

А л т ы н (мұңайып).
Әкесі өлген, іні жас,
Иесі сенсің, шырағым,
Сен ұйғарған сөзіңнен

Демеймін теріс шығамын.
Ертең жатқа кетеді,
Зайражан аз күн қонағым,
Сайрандап қусын деп едім

Бақытының сонарын.
Атастырып әкесі
Кетсе дағы біреуге,
Бос санап басын қарағым

Жүр еді жаңа тілеуде.
Өз тұсының қызынан
Өзге еді көңілі,
Сүйе ме, я сүймей ме,

Білмеймін Ақан серіні.
Әйтеуір соған бір түрлі
Ықыласы құлаған.
Көтере көрме обалын

Тілегін сенен сұраған.

ШЫМЫЛДЫҚ

Үшінші сурет

Түн. Биік таудың құшағындағы көлдің жағасы. Сәулесі суға түскен ай.

К Ө Р І Н І С

Ақан мен Зайра шығып, жартасқа катар отырады.
А қ а н
Бұрын қалай болдық жақын,
Енді неткен алыспыз.

З а й р а
Жақыныңмын яки жатың
Демеймін (күрсініп)
Жай... таныспыз.

А қ а н
Ол қай сөзің?
З а й р а
Ойла өзің!

А к а н
Ой бұлағым сарқылған.
Зайра
Түсінем.

А қ а н
Онда
Қондыр қолға.
Жанды шөлдеп шарқ ұрған.

З а й р а
Іліксе сағым
Жолыма, бағын...
А қ а н

Сөзің бе
Бұл байлаған,
Болдың ба ұғып,
Зайра-жан?

З а й р а
Ұғам. Бірақ....
Үміт жырақ.
Ой толқыған қорғасын.

Неге мені сүйдің, сері,
Пері жарың болғасын?
А қ, а н
Сенбе, Зайра, өсекке,

Кім көріпті періні.
З а й р а
Өзім көрдім...
А к а н

Оның елес.
Сенен өзге жарым емес.

(Зайра талықсыған кескінмен Ақанның кеудесіне басын сүйейді. Ақан мұңды сазбен ән шырқайды.)

З а й р а
Шертші біраз сазыңды
Тыңдайын, ұғайын мұң-назыңды.
А қ а н

Қаршыдан әрі асар ма,
Сүйген жардың мекені?
Созған қолым, дариға,
Оған қалай жетеді?

Ғашықтарым талай бар
Ұшып жүріп табатын,
Самұрық кұс маған да
Тоспайды неге канатын?

От мұхитын өрлеп ән
Ғашығыма жетер ме?
Қап тауындай бөгеттен
Тұлпар сезім өтер ме?

Құлар ма әлде сұңқар ән
Шарпылып қолда қанаты?
Тұрар ма әлде тұлпар сөз
Тозып тұяқ болаты?

Талғанда көктен тоспаса
Ертегі ұшқыр кілемін,
Таппаса аяп ғашық жар,
Зар ойлаумен өлемін.

Осы кезде көл үстіне түскен мұнардан аққу боп пері қызы шығады да билейді. Оны Зайра көреді, үрейленеді, Ақан көрмейді. "Қорлан" әніне көшеді.

Өзіңсің қол жетпесім Қорлығайын,
Мағрұп берген екен күн мен айын.
Мұратқа жеткен де бар, жетпеген де,
Дариға, арманым көп не қылайын.

Саған Қорлан,
Құмар болған,
Өзіндей боп жан тумас,
Туа қалса артылмас.

Уа, дариға, ләйлік тас,
Он сегіз мың ғаламды
Кезсем де сендей табылмас.
З а й р а (Ақанға жабыса түсіп, жалбарынып).

Ақан, кетпе анаған,
Тастап мені далаға...
А қ а н (әнін доғарып).
Ол не, Зайра, не дедің?

(Пері қызы ғайып болады.)
З а й р а
Осы ма пері дегенің?
А қ а н

Перің не?
З а й р а (Ақанды тыңдамай, сөйленіп).
Сұлу тамаша!
Алмаймын бұған таласа

Мен кетем. (Түрегеледі.)
А қ а н (Зайраның қолынан ұстай тұрып).
Тоқта,Зайра,
Барасың қайда.

З а й р а
Сүйгенің бөтен,
Жібер, Ақан, кетем!
А қ а н (жібермей жалбарынып).

Сені ұйқы жеңген ғой,
Сүйгенім сен, неге керек
Маған қызы перінің,
Жалғыз бөтен шер қиялым,

Бірақ саған күндес емес
Тұйғыным мен Құлагерім
Сен жоқтағы серігім.
З а й р а (Ақанды алақанымен жұмсақ итеріп).

Бара тұршы, баршы, Ақан!..
Жияйын аз есімді. (Жалынып.)
Бар, Ақан, бар!..
(Қысыла, дем алып.)

Тынысым тар,
Деме бірақ есірді!
Ақан қимаған белгімен еріксіз шығады. Зайра жалғыз қалады.

К Ө Р І Н І С

Досан мен Шаймардан шығады.
Ш а й м а р д а н (Зайраға).
Мұнда ма едің, қарағым.
Іздеп зорға таптым ғой.

Оң жағында атаның
Бұлаңдап біраз бақтың ғой.
Жаңа дәурен басталды,
Енді доғар оныңды.

З а й р а
Құлағыма қонымды
Ақанның әні еді ғой,
Бұл жат сөзің неткен сөз.

Ш а й м а р д а н
Баксы, балгер, ақынды
Тудырған тұқым емеспіз.
Теңіңді таптық.

З а й р а (таңданып).
Оның кім?
Ш а й м а р д а н
Д о с а н (бір дауыспен).

Байсалбайдың баласы
Рамазан мырза ол.
Тілекті тәңір қабылдап,
Аспанда айға жетті қол.

Күгінейік қонаққа
Жүр, шырағым, кәне, бол!

Зайраны Досан мен Шаймардан қолтықтап жөнеледі. Зайра аяғын еріксіз сараң басып, ариямен өн айтады.

Зайра
Жастық дәурен шынымен
Ілінді ме қармаққа?
Дауылы тағдыр айдаған

Ұқсадым ба қаңбаққа?
Өмір түні, төбемнен
Түнеріп енді бастың ба?
Билетпей басты ағызар

Кездестім бе тасқынға.
Жау ма маған маңайым,
Бар ма жаны ашыр жан.
Адастым, кел жол көрсет,

Қайда, қайда, қайда Ақан!

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

Төртініиі сурет Жасаулы жазғы үйдің іші. Аузы ашық сандық. Басында Досан. Көпшілік кездеме, шай, қант алып жатады. Топ ішінде Ақан, Біржан, Шолақ, Ыбырай, Алтын.

К ө р і н і с
Ш а й м а р д а н (даладан абыржып кіріп).
Рамазан мырза келді,
Жол беріңдер, кәне, бол!..

Анау-мынау қонақ емес
Нөкерімен сыйлы ол.
Бала-шаға, қатын-қалаш,
Шық далаға, беріңдер жол.

Үйдегілер абыржиды. Біраз жұрт тысқа шығады.
Д о с а н (сандығын жауып, Шаймарданға).
Айтқан сөзім келді ме,
Билігіңді берді ме?

Шаймардан (қуанышты кескінмен).
Келді, берді.
Д о с а н
Сыйла енді.

Даладан дауыс.
Жұрт жол ашып есікке үңіледі.

К Ө Р І Н І С

Рамазан, төре, тілмаш кіреді.
Ш а й м а р д а н (иіліп). Құтты қонақ, төрге шық!
Қонақтар көпті көзімен айнала шолып төрге барып отырады.
Т ө р е

Дикарларша мыналар
Таңданды неге осынша?
Д о с а н (шағынып).
Таңданбауға бола ма

Шахбаздардың сіздердей
Бір жерге басы қосылса.

К Ө Р І Н І С

Нөкерлермен Зайра кіріп қымсынбай амандасады.
Рамазан (төреге).
Дұрыс па сөзім?
Т ө р е (күліп).

Өткір-ай көзің!
Ш а й м а р д а н (ақындарға).
Қызмет қыл да міндет қыл
Деген сөз бар, ақындар,

Қызмет етіп мырзаға
Сыйлық дәмін татыңдар.
Қонақтар ақындарға күле қарайды.
З а й р а (қасындағыларға).

Бұдан Ақан
Кием демес шапан...
Д о с а н
Оны көрерміз,

Бейне тауық
Тары тауып —
Жем істеуге шеберміз.
З а й р а

Ақан емес, ол өзгең
Күн көрмейді ол сөзден.
Ш а й м а р д а н (ақындарға).
Аузын буған өгіздей,

Жым-жырттарың қай жым-жырт!?
Қошамет сөз қонаққа
Естігелі отыр жұрт.
Б і р ж а н (айқайлай жөнеліп Рамазанға).

Керейде бір тұқымсың қыдыр қонған,
Ақ күмбез алтын сарай тіккен ордаң.
Әкеңе жаста қонған қара арғымақ
Ұшпай жүр тұқым қуып әлі қолдан.

Аузыңнан уыз тамған асылымсың,
Досқа қорған, дұшпанға басымымсың.
Даңқыңа орыс қазақ басын иген,
Сыртыңнан ынтық болған ғашығымсың.

Кең қоныс жайлауымсың өрістеген,
Қана ма, шалқарымсың, сен ішпеген.
Мыйуасы салбыраған ағашымсың,
Мен тауық көлеңкеңде жемістеген.

Рамазан мен төре тыңдамай, күліп сөйлесіп отырады.
Д о с а н (Біржанды көтермелеп иығына шапан жауып).
Шор аяқ кәрі тарланым,
Шабысыңнан танбадың.

Ш а й м а р д а н
Сөйлес, Ыбырай! Ыбырай
Тиынға сатып алатын
Құштар емен беделге,

Көне алмаймын қалтаны
Жады қып жүгін дегенге.
Асқақ ән, асау сөзіме
Ақша ноқта бола алмас.

Теңгеге телмір деген сөз.
Құлағыма қона алмас.
Он екі мүшем, он қолым,
Жез таңдай айыр көмейім

Сау болса қайыр сұрайды
Бойыма айып демейім.
Ш а й м а р д а н (ұнатпай).
Ол сөздің не керегі.

Рамазан (қабағын түйіп).
Тоқтат мына немені!
Ы б ы р а й
Ұнатар еді мақтаса,

Тоқтадым егер жақпаса.
Д о с а н (Ақанды көрсетіп).
Кеудесіне піскен нан
Үндемей мұнда тұр Ақан.

Т ө р е
Майшайт ету не зачем,
Келгенінде өшіред,
Ну нашинай!

З а й р а (Шолакка)
Ақан да
Қызығар ма шапанға?
Жоқ, қызықпас.

Ш о л а қ
Көрерміз,
Кезеңді жерге кез келді,
Өткенде сын берерміз.

А қ а н (төреге).
Қазақта кім бар еді ханға жеткен,
Таққа мініп бірнеше атаң өткен,
Тілменен талай шешен тамылжыған

Атаңның аруағын мадақ еткен.
Бұл күнде алтын ордаң азып-тозды,
Жел жетпес арғымақтан мәстек озды,
Асылдың сынығы сен көзге түсіп,

Жадырап жүдеу көңіл арқам қозды.
Атаңа аталарым қоңсы қонған,
Ығыңа паналайтын едің орман.
Аталып ол арманым, жаңа қоныс

Таба алмай, кезім еді жүдеп, тоңған.
Тәңірі тілегімді қабыл ойлап,
Панаңа келтірді ме сені айдап,
Жарысқа жанды сала бір түсейін,

Жел беріп көтермеле "Абылай!" лап.
Т ө р е (қарқылдап күліп).
Новый заман
Иесі мына тұрған Рамазан.

Соны мақта...
Д о с а н
Бол жылдам, тұяқ қақпа!
А қ а н (дауысын үзбей).

Өзгеден бұл мырзаның артық салты,
Шалқыған шалқар теңіз алды, арты,
Жаннаттай саясында самал соғып,
Сусындап салқындаған тәмәм халқы.

Д о с а н (Ақанға шапан жауып).
Жарадың, дұрыс... Ақаным!
Міне, сыйлық шапаның.
З а й р а (Ақанға кейіп).

Сорлы ма едің осындай,
Табаныңда бұдыр жоқ.
А қ а н (күмілжіп).
Келер, кетер шамамды

Қызғанда сезбей қаламын.
Р а м а з а н (Зайраға).
Міні бар ма сөзінің,
Жақсы айтты, менімше...

З а й р а (күйінген, қысылған түрде).
Тілегені қарнына
Өзі білсін емінсе!
Р а м а з а н (бумажнегін қалтасынан алып, салмақтап Ақанға лақтырады).

А, солай ма,
Зайра жөнін тапты ғой,
Тілегені мынау ғой
Жақсы салдың есіме.

З а й р а
Жоқ, теріске жорыңыз. (Тоқтатпак болады.)
Жарамас...
Р а м а з а н

Жоқ, солай болсын.
Д о с а н (Ақанның алдына түскен бумажникті бас салып).
Жерге түскен жетімдік...
А қ а н (жұлып қалтасына салып).

Қалауын таптың қар жанды,
Жүйесін тап та сен де ал!
З а й р а (Ақанға).
Ер ме десем, тіленші!..

Намысымнан садаға.
А қ а н
Сергелдең сорлы едім мен,
Енді тіпті қаңғырдым.

Аңғармай жаудың алдауын
Қапылыста алдырдым.
Алдырдым, Зайра, алдырдым,
Қаңғырдым, Зайра, қаңғырдым!..

(Артымен қоштасып қолын. көтере айқайлап тысқа жөнеледі.)
З а й р а (түрегеп).
Мен де кетем!
Ш а й м а р д а н (ашуланып).

Ол не сөз!
Үніңді өшір.
Р а м а з а н (Шаймарданға). Тырп етпе,
Қалың малы төленген. (Ақан шығады.)

Ш о л а қ (Зайраға аянышты қарап).
Не боп кетті қызығым
Келген тойлай!
Сауда бітпес ақшаның

Көзін жоймай.
Сорлы Зайра,
Бұлқынба, белді байла,
Қыздың байы ақша екен

Сығыр ойбай!
Р а м а з а н (Шолаққа қарап).
Мына неме не оттайды,
Шығар үйден үргізбей!

Ш о л а қ
Ер екенсің, шығарсаң (қамшысын оқтанып),
Ту сыртыңды тілгізбей.
Ш а й м а р д а н (Шолакка).

Шық үйімнен,
Салмай бүлік.
Ш о л а қ (Шаймарданға).
Өз күшігін өзі жеген

Намысы жоқ жаман-шірік. (Шығады.)
З а й р а (Алтынды құшақтап жылап).
Түстім бе, айтшы, апа, торға рас?
Төгем бе көзден жасты қан аралас,

Көзімнен ғайып болып ұшқан бағым
Қонар ма қолға қайта созсам құлаш?
А л т ы н (дуэт).
Жүйемді босатпашы, ботам Зайра!

Еркің жоқ болған іске белді байла.
Күдік көп болсадағы, алдан бақыт
Тілейік, шыдайықшы жоқ қой айла.
З а й р а (дуэт).

Не болды, айтшы, апа, ботаң Зайра,
Зорлыққа дейсің қалай белді байла,
Басымнан біржолата ұшты бақыт,
Жолым тар, жан-жағым жар, барам қайда?

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

Бесінші сурет Қайың, қарағай аралас өскен орманның алабы. Оң жақта үлкен кигіз үй, ішінде Байсалбай, қасында қымыз сапырып беріп отырған Бәкен, сол жақта отау, ішінде Айша, Әлима, Досан.

Ә л и м а (ария. Айшаға қарап).
Болып ем бұған шейін сыйлы келін,
Жүз жылғы, үш отаумен келіп едім,
Банке ашып, Ірбіт шауып байытуға

Себепкер болмап па еді әкем менің.
Әкеме басын иген қазақ, орыс,
Сүйеніп соған ағаң болған болыс.
Ұмытып соның бәрін міне бүгін (кекетіп)

Тауыпты жұрт жаңартып соны қоныс.
Жоқ, болмас!.. Ол қорлыққа көне қойман,
Шайқармын ерегіссе тоғын тойған,
Жіберіп төркініме ертең кісі,

Сау басын сақиналап салам ойран!
Күшім бар ерегіссе тоғын шайқар,
Болмайды бұдан басқа сөзім айтар.
Атама айтып осы сөздерімді,

Зайраны мен дер болсаң жолдан қайтар!
А й ш а
Ақындарды ағам жеңсін
Деп ем, бірақ жеңгем сенсің.

К ө р і н і с Сахнаға тойға әзірленген адамдар шығады. Іштерінде дуана, бақсы, бәйітші, ақсақ, соқыр тағы сондай болған қулар бар.

Д а у ы с т а р
Келін келеді,
Келін келеді...
Ә л и м а (құлақ түріп).

Бұл не шу... (Кекетіп, Досанға.)
Тойшылар ма?
(Жекіріп.)
Бытырап, қу!..

Бар жылдам қу!
Досан сыртқа жүгіре басып шыққанда. Әлима, Айша бірге шығады.
Д о с а н
Кетіңдер, түге, кетіңдер!

Топ тарап баратқанда Әлима қуларды жинап алады.
Ә л и м а
Сендер былай етіңдер:
Зайраға алдан барыңдар,

Мазақтап қарсы алыңдар.
Сыраға бал, сыйға сый... (Сұрқияланып.)
Көңілімді табыңдар!
Қ у л а р (шулап).

Жарайды, жарайды. (Репетиция жасағандай қулар құтырынған қимылмен сахнадан шығады. Әлима отауының қасындағы орындықта отырып қалады.)

К Ө Р І Н І С

Досан мен Айша Байсалбайдікіне кіреді.
Б а й с а л б а й (Досанға зілді дауыспен). Әлима сүйер келінім,
Асқар белім төркіні.
Отыра алмай орнығып

Үйіме пәле келтіріп,
Тоқтат бар да!
Д о с а н
Қай қатын

Көнуші еді күндеске.
А й ш а (Досанға сыбырлап).
Бар тез, жылдам, тілдеспе!
Ойнама отпен.

Д о с а н
Оның да
Жоқ деймісің иесі.
Тірессе табан, кем соқпас

Керейдің де киесі.
Б а й с а л б а й (ақырып).
Бар тез, жылдам, сөзді қой,
Көрсетпе көзге, көзін жой!

Досан үйден шығады.

К Ө Р І Н І С

Сахнаның бір жағынан қулар, екінші жағынан Шаймардан, Зайра, Алтын, тағы бір топ Зайраны ұзатушы шығады. Досан Шаймарданға қарсы барады.

Шаймардан (қуларға қарап, таңданып, Досанға).
Біз түсетін үй қайсы?
Құда қайда, бұл қалай?
Д о с а н (күлкілі кескінмен).

Түсетін үй көрінбейді,
Құда сырқат еді азырақ.
Ш а й м а р д а н.
Қалжыңың ба, шының ба?

Д о с а н
Шыным.
Ш а й м а р д а н (Әлиманың үйіне бұрылып).
Қой қалжақты,

Біз мынау үйге кірейік.
Ә л и м а
Жоқ, үстіме тоқал алғызып
Мазаққа көнген күнімде

Кіргізсем де жетер.
Бұнда әзір кірмейсіз.
Ш а й м а р д а н
Ондай қорлыққа,

Көне қойман ендеше,
Тең атаның ұлымын.

Әлима қуларға ымдайды. Қулар Зайраның шымылдығын ұстап дауыспен беташар айтады.

Қ у л а р
Айт келін-ау, айт келін,
Шымылдығыңды тарт, келін!
Күйеуің қайда қасында,

Басың неге салт, келін?
Аяғыңды аттамай,
Енді тоқта, келіншек,
Қайдан келдің

Бұл жаққа
Күйеу жоқта, келіншек.
Күйеу жоқ деп жалғыз-ақ
Көздің жасын бұлама,

Мұнда күйеу болмаса,
Өзге жоқ па, келіншек.
Айт келін-ау, айт келін,
Атыңның басын тарт, келін,

Күйеуі жоқ қасында
Қара басы салт келін.
Баршамызға бір сәлем. (Шымылдық ашылады.)
З а й р а (шошып).

Ұшырадым не күйге,
Бұл не сұмдық жасаған?!
С а қ а у (қылқынып, бет аузын бұзып).
Айнадағы ақ жүзім сіз көйесіз,

Жөн-жосықты біиетін сіз төйесіз,
Ақ жүзімді көйгенін осы-ақ екен,
Кәнеки көйімдікке не бейесіз?
Қ ы л и

Тайқарбайдың үйіне кіріп келіп ем,
Ақ төсегінің үстінде қызы отыр екен,
Ол маған қарап жымың етті,
Мен оған қарап жымың еттім.

С ы б ы з ғ ы ш ы
Пайғамбарым тартқан сыбызғы
Болсаң, көк қойдың денесімен
Қапталсаң, енді кеп маған

Тілейсің арманың не?
Б ә й і т ш і
Көрін қадыр құдыретін,
Білсін дәйім сұнғатын

Мұстапаның үмбетін
Андағ тәшрәп қылды иа,
Сүйтті келін, сүйтті иа.
А л т ы н (таңырқап, түсінбей).

Сайқы мазақ Бұлар кім?
Бұнысы не бетім-ау!..
Ш а й м а р д а н
Қалжыңы ғой жастардың,

Оң сапарын берсін де,
Жатты жерге қондырдың.

К Ө Р І Н І С

Рамазан, ояз, төре кіреді, үйден Байсалбай шығады.
О я з (Байсалбайға жақындап, айнала қарап).
Бұл не?
Т ө р е

Қазақ ботқасы.
О я з (Байсалбайға).
Сіз айтыңыз!
Б а й с а л б а й

Мен айтсам (Әлиманы көрсетіп)
Әне тұр менің келінім.
(Рамазанға жекіріп.)
Аруақ атқан мұндар, сен

Неліктен одан жерідің!
Сен жазды деп жолынан
Мен бетіммен қаңғырман,
Әлиманың үстіне

Саған тоқал алдырман,
Жоғалт жылдам!..
О я з (Рамазанға).
Сөйле сен!

Р а м а з а н (күмілжіп).
Бір білместік іс болды,
Шығам ба әке сөзінен
О я з (аз ойланып).

Заңға дағы, маралға
Дұрыс мұның, сен бірақ
Рыитсырлық көрсетіп
Мұны болса сол құлақ.

Ол әйел, сен жігітсің,
Әйелді сыйлау борышың,
Табысып бер тұрарлық
Оның жайлы қонысын.

(Ояз кетеді.)
А л т ы н (Рамазанға жалбарынып).
Жас жігітсің, қарағым,
Тілеуің бар алдында,

Өзіндей жасты зарлатып
Айдалада қалдырма!
Екеуі түгіл үш қатын
Мырзалар сендей алады,

Байсалбайды тыңдама,
Тулап қайда барады.
"Долданса қатын – деген бар –
Қайнатады қазанды".

Р а м а з а н (Алтынға жекіріп тастап).
Айтқанымнан қайтпаймын,
Мылжыңдап алма мазамды!
(Зайраға.)

"Сүрінбес тұяқ, жаңылмас
Жақ жоқ", Зайра, жаңылмас!
"Ұят та болса тұрат та",
Мен сөзімнен арылдым.

(Шығып кетеді.)
З а й р а (жылап жіберіп).
Ұялсайшы, қара жер,
А, жасаған, ажал бер!

Ш а й м а р д а н (құлай берген Зайраны сүйеп, Байсалдыға).
Сөз осы ма?
Б а й с а л б а й
Дер болмасаң зорлығым бар,

Тартып сүйген болмайды жар.
Ш а й м а р д а н
Олай болса сөзім қысқа.
Көшіп қонған мен де елмін.

Қайта алып кете алмаймын,
Аулына алып келдім.
Келініңді тастап кетем,
Өлтіргенде иемін,

Керейдің мен сырдырмаймын
Алып қайтып сүйегін.
З а й р а (Шаймарданға жылап жалбарынып).
Ағатай-ау, өлдім ғой,

Мені тірі көмдің ғой!
Ш а й м а р д а н
Жетенде болса жылама,
Қайратқа мін, күшің көр,

"Қайта келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман".
Күнде өлгенше бір-ақ өл!
(Алтынды жетелеп.)

Қайтайық кәне жүр, Алтын,
Енді не бар тұратын!..
А л т ы н (еріксіз кетіп бара жатыр, жалғыз тұрып қалған Зайраға).
Маңдайдағы құндызым,

Шым жібек қызыл қырмызым.
Түстің бе ағып шыныңмен,
Аспандағы жұлдызым!
Ұялы қасқыр ұлыды

Қамап сені, құлыным.
Күзетшің жоқ, қору жоқ,
Не болар күнің, шыбыным!

Шаймардан Алтынды сахнадан сүйреп алып шығады. Жұрт тарайды. Сахнада Зайрадан басқа Айша, Досан, Байсалбай, Бәкен қалады.

Зайра (ария, зарлы үнмен).
Ебілістей жасаған қарғадың ба,
Нәлет қамыт киген ат таңғаның ба?
Он сегіз мың әлемнен орын таппай,

Өлгенімше шыныммен зарладым ба?
Алма бетім қайғыдан қуардың ба?
Қара көзім жылаудан суалдың ба?
Түнеріп түн, батып күн, төңірегім

Айналды ма тұманды буалдырға.
Емес пе едім сүттен ақ, судан таза!
Қылмысым не тартарлық мұндай жаза,
Көп залымның біреуі болмасаң сен,

Тілегім сол тәңірі — жібер қаза!
(Етпетінен құлайды.)

К ө р і н і с

Досан мен Айша Байсалбайға барады.
Д о с а н
Мына істің есебін
Табыңыз, бай!

Б а й с а л б а й
Қайт дейсің!
Керейдің кегін күшейтіп
Кемелге жетем демеймін,

Сатып алдым тағы да
Бір пәлені басыма!
А й ш а
Ерден кетсе бар ғой ел.

Байсалбай (қатыгезденіп).
Табам ба ерді қазып жер.
Д о с а н (күлімдеп).
Бәкен ше?

А й ш а
Бұл тапқан сөз,
Бәкен, көн!
Әке, бата бер!

Д о с а н (Бәкенге).
Сен не дейсің?
Б ә к е н ( төмен қарап).
Ұят қой,

Ерік бірақ әкемде...
А й ш а
Досан (қосымен).
Бай сөз айтты, қосайық

Зайраны енді Бәкенге!
Б а й с а л б а й
Болды.
Әкел келінді!

Досан мен Айша Зайраны жатқан жерінен тұрғызып қолтықтап келеді. Байсалбай Зайраға Бәкенді нұсқап.

Мұңайма, балам, жарығым,
Қайғыма тисін сауабың,
Қосылар таптым теңіңді,
Екі ұлға ортақ әкемін,

Сыңар көзім Бәкенім,
Қосылып, қоса ағарып
Болыңдар ұзын өмірлі!
(Бәкен мен жылап тұрған Зайраның қолын Досан екі қолымен тартып ұстатады.)

Б а й с а л б а й (Досанға).
Той жасаттыр, ат шаптыр.
Көтерем өзім шығынын.
Д о с а н (көпке).

Білдіңдер ғой, бастаңдар,
Болар тойдың ырымын.
Жұрт билей жөнеледі.

К Ө Р І Н І С

Бірнеше кісі мен Ақан, Шолақ шығады. Би тоқтайды.
А қ а н
Зайраның тойы осы ғой.
Кеткені ғой шынымен.

Д о с а н (айқайлап).
Aт шабар, ат шабар!
А қ а н (Шолақтың кеңесіне құлақ салады).
Сынасайын бағымды,

"Атшабар"да мұнымен!
Құлагердің аяғын
Тұсамас ақша Зайрадай,
Аман болса қолқасы,

Күлуі дара айнадай,
Қайын жұрттың алдында
Бақ сынар келді кезіме,
Оздырып атты, мырзаның

От тастайын көзіне!
Ш о л а қ
Бәрекелді, мұның мақұл!
Қосылам мен сөзіңе. (Екеуі шығады.)

А й ш а (Досанға).
Үмітті ме әлі де,
Бұлар неге келіп жүр?
Д о с а н

Атшабарда бағымды
Оздырам деп сеніп жүр.
А й ш а
Ә, солай ма, қара сен

Кеудесінің зорлығын!
Көре қойман тіріде
Қу кедейдің қорлығын.
Құлагер тұлпар болғанмен

Тосқауылға шалдырар,
Бақ сынасқан сорлы Ақан
Ертең жаяу қаңғырар!
Теңдесіп бойы жетпесін

Содан кейін түсінер,
Біздің тұқым дегенде
Өкпесі оның үсінер!

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

Алтыншы сурет Ойлы-қырлы сары жота. Сахна сыртында шапқан аттың дүсірі. "Ұста, ұста!" "Сілейт, сілейт!", "Қарауыл!", "Керей!", "Атығайлаған" шулар, ұрандар. Аздан кейін басы көрінген Құлагерді Досан шоқпармен бастан ұрып жығады. Үстіндегі Бөрібай сахна ішіне құлап түседі.

Д о с а н (құлаған бала мен атқа қарап, кекете күліп).
Кезегі келген жерлерге
Бар еді сондай ойыным.
Жат, жануар... Үзіліп

Түскен шығар мойының.
Сахнадан аттар өтіп жатады. Рамазан шығады.
Р а м а з а н (абыржып Досанға).
Танымай алдым алдыңғы

Атты, үсті қара тер.
Өткен жоқ па қапыда
Бірінші боп Құлагер?
Д о с а н

"Жүйрікке томар" кездесіп,
Құлагер оңбай сүрінді,
Бірінші боп бәйгеге
Сіздің көкжал ілінді.

Р а м а з а н (қуанып).
Бар болғыр-ау ендеше
Сүйінші десең болмай ма!..
Д о с а н (м а к т а н ы п).

Іс орнына келгесін,
Асықпасам болмай ма.
Р а м а з а н (асығып).
Сыбағаң даяр,

Енді аяр ат жоқ екен
Тұрма құр,
Мына бір
Шоғыр аттардың

Беттерін былай
Теріске бұр!
Рамазан мен Досан кетеді. Бөрібай сүйретіліп басын көтереді.

К Ө Р І Н І С

Ақан мен Шолақ шығады. Сұлап жатқан Құлагерді, жылап тұрған Бөрібайды көреді.

А қ а н (үрейленіп).
Шатастым ба есімнен?
Сенейін бе көзіме?
Жануар-ай, мерт болар

Келіп пе едің кезіңе!..
(Құлагерді құшақтап жылап құлайды.)
Ш о л а қ (Бөрібайды тұрғызып).
Жарқыным, жишы есіңді!

Не болды?
Маған айтшы тез!
Б ө р і б а й (жылап).
Алдында едім аттардың,

Тосқан жауға болдым кез.
Ш о л а қ
Кім екен?
Б ө р і б а й

Тани алмадым.
Ш о л а қ
Кескіні қандай?
Б ө р і б а й

Сары сұр.
Ш о л а қ (аз ойланып).
Рамазан жұмсаған
Дәуде болса

Досан бұл.
(Қамшысын білеп, айқайлап.)
Шыдайсың ба қорлыққа,
Қайдасың, жыйнал, Қарауыл!

(Бұрқанып шығып кетеді.)
А қ а н (басын көтеріп күйінген пішінмен "Кұлагер" әнімен өлең айтады).
Құлагер, бойда қуат қанатым ең,
Өзіңді бар дүниеге балатып ең,

Сырласар серігім ең, жан қайғымды
Сіңдірмей бойға талай таратып ен.
Ай, Бөрібай,
Ай, керім-ай,

Ай, Бөрім-ай, ай!
Жауымды жеңіп берер балуаным,
Мал түгіл жаннан басым аруағым.
Өмірде сен ең сеніп сүйген досым,

Не болар сенсіз күнім жануарым.
Ай, Бөрібай,
Ай, керім-ай,
Ай, Бөрім-ай, ай!

(Атты қайтадан құшақтап жылайды. Зарлы күй тартылады).

К Ө Р І Н І С

Шолақ, Байсалбай, ояз, Досан, стражниктер шығады.
Ш о л а қ (оязға ашулы дауыспен атты көрсетіп).
Көрдің бе, тақсыр,
Мынау қиянатты. (Байсалбай мен Досанды нұсқап.)

Мыналар қастықпенен өлтірді атты.
Б а й с а л б а й (Шолаққа).
Не оттап тұрсың өзің! (Оязға.)
Тақсыр, мынау

Қып-қызыл,
Қарап тұрып жала жапты!
Тал түсте
Жаралайды қылды деп қас.

Аузыңнан қаның жақпа,
Көзіңді аш!
Ш о л а қ
Құныңды бір-ақ берем,

Жүзі қара қаскүнем,
Жүрегі тас, ниеті нас!
(Сапысын суырып ұмтылады.)
О я з (Шолаққа қарап).

Көргенсіз ит! ( Стражниктерге.)
Арестоват!
(Стражниктер Шолаққа жабылып, сүйреп алып кетеді.)

К Ө Р І Н І С

Зайра шығып Ақанның қасына барады да, қайғылы қалпын көріп.
З а й р а
Қырқылды ма қанатың,
Өлді ме жалғыз керігің?

Алып кет мына қорлықтан
Мен болатын серігің!
А қ а н (бір қарап).
Қолынан шығарғасын Құлагерді,

Ойлама тірі жан деп, Ақан өлді.
(Домбырасын талқандап.)
Тілегім тіршіліктен бітті түгел,
Бақыл бол, айтарым сол

Кетем енді! (Ақан тұрып жүре береді.)
З а й р а (талмаусырап).
Жасаған-ау, осы мен
Бармын ба, әлде жоқпын ба?

Түсім бе, бұл өңім бе,
Әлде пері соқтың ба?

(Аспанға телміреді. Пері қызы аққу боп алдынан шығып билейді. Зайра желіге бастайды.)

Ей, пері!..
Кел бері!

(Кұшағын жая ұмтылады. Пері алыстай береді, Зайра ұмтыла береді. Пері кеткенде, Зайраның алдынан Айша бастаған қулар тобы шығып билеп, Зайраны еліктіріп әкетеді. Біраз талықсыған қимылмен билеген соң Зайра қышқырады.)

Пері, пері... перінің
Мұнда екен ойнағы!..
Құтқар, Ақан,
Перілер қашсам да

Қамап қоймады!
(Құтыра бастайды.)
А й ш а (билеушілерге).
Тоқтаңдар түге,

Жынданды Зайра!
(Токтай қалысады.)
З а й р а (қарманып).
Қоршады пері,

Қайдасың, Ақан, қайда?
(Құлайды.)
А й ш а (талған Зайраның қасына барып).
Қол созған адам едің көкте айға,

Жетуге бірақ оған таппай айла.
Мерт болып, ұшып бастан бақыт құсың,
Түстің бе мұндай күйге енді, Зайра?
Кеудеңді махаббаттан кернеп жалын,

Ұмтылып үмітіңе сусап жаның.
Ақан мен жеріп жердің жұмағынан,
Аз уақыт азап шегіп қудың сағым!
Жолыңа сағым қуған құрдым тұзақ,

Шырмалдың ол тұзақтан кетпей ұзап.
Тұзаққа түспей тура жолын табар
Аяғын сақ басатын мына біз-ақ!
Өмір мұз, мұқыл болдың басар тағаң,

Жолында тәлтіректеп тайғанаған,
Сүйемей сүріндірген қылмысым бар,
Имандай сырым бұным, емес табам!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙