TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 22 том

Әзібаева Бақытжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 22 том

«Бабалар сөзі» сериясының 22-томына «Назымбек пен Күлше қыздың зары», «Есім—Зылиқа», «Қарға батыр», «Талайлы құл мен Әйім қыз», «Мақпал—Сегіз» (4 нұсқасы), «Жетім Мәриям», «Ақбөпе—Сауытбек» атты ғашықтық дастандар енді. Мазмұны Құрастырушылардан X 5 Мәтiндер Назымбек пен Күлше қыздың зары X 9 Есім – Зылиқа X 28 Қарға батыр X 58 Талайлы құл мен Әйім қыз X 90 Мақпал – Сегіз оқиғасы (Қазан нұсқасы) .

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының

кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы

22 том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Ғашықтық дастандар

ББК 82.3 (2 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Елеукенов Ш., Қасқабасов С., Қорабай С., Салтақова Ж. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., филология ғылымдарының докторы, Қосан С., филология ғылымдарының кандидаты, Ақан А., Рақышева Ж., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы). Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2005. Т. 22: Ғашықтық дастандар.—2005.—304 бет, суретті.

ІSBN 9965-35-057-4 «Бабалар сөзі» сериясының 22-томына «Назымбек пен Күлше қыздың зары», «Есім—Зылиқа», «Қарға батыр», «Талайлы құл мен Әйім қыз», «Мақпал—Сегіз» (4 нұсқасы), «Жетім Мәриям», «Ақбөпе—Сауытбек» атты ғашықтық дастандар енді. Б 00(05)—04

ББК 82.3 (2 Қаз)
ІSBN 9965-35-057-4 (т. 22)
© Әдебиет және өнер институты, 2005

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле­
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жариялана­
тын «Бабалар сөзі» атты Жүз томдық басылымды дайындап,

жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты—халықтың руха­
ни мол мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар
фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығарып, олар­

ды ғылыми айналымға енгізу, қалық жұртшылыққа ұсыну.
Бұл басылым бүгінгі оқырман мен ғылымға ғана емес, келешек
ұрпақтың ежелгі мәдениетімізді білуіне, үйренуіне, игеруіне
және зерттеуіне негіз болуды көздейді.

Бүгінгі таңда Жүз томдық серияның 21 томы жарық көріп
үлгерді, соның ішінде: тоғыз том хикаялық, жеті том діни
тақырыптағы және бес том ғашықтық дастандар.
Оқырманға ұсынылып отырған серияның келесі 22-томында

да ғашықтық дастандар қамтылып отыр, олар: «Назымбек пен
Күлше қыздың зары», «Есім—Зылиқа», «Қарға батыр», «Та­
лайлы құл мен Әйім қыз», «Мақпал—Сегіз оқиғасы» (Қазан
нұсқасы), «Мақпал—Сегіз», «Жан Сегіз», «Мақпал—Сегіз ай­

тысы» (М.Құсниұлы нұсқасы), «Жетім Мәриям», «Ақбөпе—
Сауытбек». Бұл—ғашықтық дастандарға арналған соңғы том.
Дастандарда екі жастың адал махаббаты, олардың ой-сезімі,
аңсаған арманы, өзі сүйіп таңдаған жарына қосылуы үшін

күресі, іс-әрекеті баяндалады.
Томға енген «Назымбек пен Күлше қыздың зары» атты дас­
тан дәстүрлі фольклорлық сюжетке негізделген, және онда көне
мотив, сарындар пайдаланылған, қалған шығармалар өмірде

болған оқиғалардың ізімен жырланған. Мұнда оқиғаның өткен
жері, кейіпкерлердің елі, шыққан руы көрсетіліп, басқа да дере­

 ғашықтық  дастандар кті мәліметтер беріледі. Бұл дастандар шынайы, өмірде болған нақты фактілерге негізделген, сюжеті қызықты һәм нанымды, желісі тартымды, кейіпкерлердің жан дүниесін, екі жастың ой-сезімін әдемі көрсеткен, сол кездегі қоғамның әлеуметтік жағдайынан, жалпы халқымыздың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өмірінен, тіршілігінен дәлелді, сенімді көрініс беретін шығармалар. Алдыңғылары сияқты, бұл том «Бабалар сөзі» сериясының дайындау қағидаларына сәйкес әзірленді, яғни ғылыми қосымшалармен толықтырылды, ал жарияланып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан еш өзгертусіз алынды. Томды дайындау барысында араб, латын, кирилл әріптерінде жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тілінің жалпыға ортақ жазу нор­ маларына және контекске сәйкес түзетіліп отырды, ал кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда қажетті сөздер жақшаға алынып берілді. Томға енген шығармалардан «Талайлы құл мен Әйім қыз» және «Мақпал—Сегіз» дастандары бұрын баспа бетін көрген, қалған дастандар бірінші рет жарияланып отыр. Баспаға ұсынылып отырған күллі мәтіндер қолжазбалық түпнұсқаларынан дайындалды. Томның көлемі—19 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Назымбек пен Күлше қыздың зары
Бұрынғы уақытта Жанысбай, Асылбек деген екі хан болған.
Екеуі екі жердің патшасы: Асылбек—ноғайлы деген елдің ханы,
Жанысбай—Қырым деген жердің ханы. Сонан соң Жанысбай өз

елінде хан болып өз маңындағы шаһардың адамдарын өлтіріп, өз
елінде тұра алмай, манағы Асылбек ханның еліне көшіп келеді.
Сонан Асылбек хан Жанысбайды құрметтеп, жақсылап сыйлай
береді. Екі хан сөйлесіп, екеуі құшақтасып дос болады. Асылбек

хан Жанысбайға айтады:—Егерде екеуіміздің қатынымыздан
ұл туса, [екеуі дос,] менікі қыз болса, сен құда, егерде менікі
ұл болса, мен қызыңа құда түсемін,—дейді. Екі хан уәделесіп
дос болды. Көп уақыт өткеннен кейін екеуінің қатыны босана­

ды. Асылбек ханның қатыны ұл табады. Жанысбайдың қатыны
қыз табады. Екі хан жұртты жинап, ойын-сауық қылып жұртты
тарқатады. Асылбек хан баласының атын Назымбек деп қояды.
Жанысбай хан баласының атын Күлше қыз деп қояды. Бір-екі

күннен соң Асылбек хан дүниеден қайтады. Баласы жеті жасқа
келеді. Жанысбай енді ойлайды: «қой, мен енді еліме көшейін»
деп, еліне көшеді. Қыз бен бала бірін-бірі айттырғанын біледі.
Жанысбай өз елінен көшкеннен соң,

Елінің бағы кетіп, дәулет кетті.
Шақырып елі келді жылай-жылай,
Жанысбай енді ойлайды бармақ бопты.
Жанысбай енді ойлайды «тұрмаймын» деп,

«Жетім ұл, жесір қатын көрмеймін» деп.
Еліне қызын бермей көшіп кетті,
«Күлшені бір жетімге бермеймін» деп.

ғашықтық  дастандар
Құдірет Кәрім салды жетімдікті,
Жанысбай енді ойлайды қасіретті.
Жетім ұл, жесір қатын ол не қылсын?

Еліне қызын бермей көшіп кетті.
Күлше қыз кеткен екен жылай-жылай,
Жиырмаға бір заманда жасы жетті.
Әкесі бермеймін деп көшсе дағы,

Күлше қыз амалсыздан әрең кетті.
Назымбек жиырмаға жеткен сонда,
Мектептен оқи-оқи болған молда.
Алысқа алты айшылық қыз кеткен соң,

Назымбек жалғыз өзі қалған сонда.
Әрқайда болады екен адам мұңы,
Күлшенің артық екен ақыл-ойы.
Әркімге беремін деп жүргенінде

Келіпті ноғайлының топ керуені.
Келіпті қатарласып керуендер,
Қыз шығар кешке таман серуенге.
Елінен Асылбектің көшкенінде

Бар еді бір сары бота боз інгенде.
Қалы бар сары атанның маңдайында,
Жамағат, көріп пе едің мұндай жанды?!
Сары атан көше бойы боздағанда

Күлше қыз тыңдай қалып қайран қалды.
Күлше айтты:—Асылбек бай маған ата,
Баласы ақ түйенің бұл сары бота.
Керуен Назымбектен сұрап мініп,

Қазына келген шығар артып мата.
Жаратқан баршамызды бір Құдайым,
Падиша барша жанның білер жайын.
Керуен ноғайлыдан келген болса,

Хабарын ғашық жардың мен сұрайын.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Кигені Күлше қыздың ылғи атлас,
Әрқайда жаман жігіт сертке жетпес.
Басында кәмшат бөрік, кәукардан шоқ,

Көрген жан бір таңданып айтпай кетпес.
Кигені қызыл қамзол, дүрия көйлек,
Сабы алтын аяғында әдіре етік.
Хабарын керуеннен білейін деп,

Күлше қыз келе жатыр өлеңдетіп.
Сөйлейді керуендерге тілі майда:

—Барасыз, ағатайлар, әлде қайда?

Жоғалтқан бір ақсұңқар бейшарамын,
Айтайын білсең жөнін бәрің де ойла.
Салғаным айбалтаға жезден қияқ,
Айтылар қажет сөзді білмеу ұят.

Жалғызын Асылбектің білесіз бе,
Артында Назымбектей қалған тұяқ?
Керуен:

—Назымбек жалғыз ұлы Асылбектен,

Жалғанда не көрмеді жетімдіктен?!
Қыз таңдап әр шаһарды аралап жүр,
Бақыты асқаннан соң Орманбеттен.
Қыз:

Бұл күнде мал мен бағы жұрттан асқан,
Бар еді ғашық жары Құдай қосқан.
Ғашығын Құдай қосқан есіне алмай,
Қалайша қыз іздеп жүр қайрылмастан?

Керуен:

—Әкесі үлкен хан-ды ұлықтан өткен,

Бір Құдай әлекке сап жетім еткен.
Білмейді өлі екенін, тірі екенін
Ғашығын Құдай қосқан жаста кеткен.

ғашықтық  дастандар
Қыз:

—Жасы бар жиырмада, біле ме екен,

Ондай жан ғашық болмай жүре ме екен?!
«Тас ауыр түскен жерге» деген қайда,
Ойына кеткен жарын ала ма екен?
Керуен:

Бақ берген Асылбекке Құдірет Кәрім,
Көп ойлап қапалықпен ғашық жарын.
Назымды Күлше қызға баян қылып,
Айтады ғашық болған қайғы-зарын.

Қыз:

—Керуендер, құлағың сал мынау кепке,

Жалғанда таныс болдым талай бекке.
Бағасы тоғыз жүздік торғын белбеу—
Аманат, осыны бер Назымбекке.
Арманда ақсұңқардай түстім торға,

Құдай-ау, біздің жолды өзің оңда.
Арманда мен де сондай бейшарамын
Бұрында жаста қалған ғашық жарға.
Керуен:

—Сен кімнің,—керуен айтты,—баласысың,

Жөніңді айт, қандай жанның данасысың?
Әкесін баласымен бірдей біліп,
Кісідей таныс болған көп сұрайсың?
Қыз:

—Жақсыға сырды айтпай қалған ұят,

Жаманға сыр айтуым, сірә, қымбат.
«Қырымда бір жаман қыз көрдім» деңіз,
Тапсырдым үшбу сөзді сізге аманат.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Болғанда кеудең сарай, асылың ғаріп,
Бой сақта, ақыл ойла, қадір біліп.
Керуендер алты ай жүріп елге келсе,

Назымбек жатыр екен науқас болып.

—Біз биыл,—керуен айтты,—Қырым бардық,

Қырымнан сауда қылып пайдаландық.
Көп сәлем айтты сізге бір сұлу қыз,
Бір кемер белбеу берді тоғыз жүздік.
Назымбек өзі науқас, көңілі жарым,

Көп ойлап қапалықпен ғашық жарын.

—Не қылсын бөтен жұрттың мені қызы,

Болмаса жастай кеткен ғашық жарым?!
Қайғырды ғашық жарын Назым ойлай,
Іздемек көңілінде шыдай алмай.
Ғашықтар мұратына қашан жетер,

Назымбек науқас болған жеті жылдай.
Назымбек қайғы қосты көкірекке,
Бозбала, құлағың сал мынау кепке.
Болғанда жетінші жыл тәуір болып,

Ойлайды ғашық жарын іздемекке.
Ноғайдың жар шақырып жияр бәрін,
Қалдырмай үлкен-кіші, кәрі-жасын.
«Өнерлі төрт-бес жігіт аламын» деп,

Сынатты он сан ноғай бозбаласын.
Бір жақсы қария бар сол бір кезде,
Сынаумен біледі екен әр мінезді.
Өткізген тоғыз ханды толғауымен,

Қарияның жасы келген тап бір жүзге.
Жиылған бозбаланы қария көрді,
Алдында баршалары қызмет қылды.
Қалдырмай, он сан ноғай бірін қоймай,

Алдыртып баршаларын шақырттырды.

ғашықтық  дастандар
Біреудің алып келді жас баласын,
Қарайды он сан ноғай бозбаласын.
Әлді екен, батыр екен, шешен екен,

Мінезі, білмек екен мәртебесін.

—Адамға ақыл бітсе, дәулет бітер,

Айнымас жақсы жігіт сертке жетер.
Айыр жақ, бұлбұл көмей шешен екен,
Сөйлесе, адам болмас бұдан өтер.
Мынаны ал жолдастыққа тағы және,

Сыныма тура келген сол бозбала.
Палуан керек болса мынаны ал,
Жатқандай адам емес кісі астында.
Бұларға сөз айтады әуел баста:

—Ақыл ойла, ашуды, балам, таста.

Елдегі мықтылықты өнер қылма,
Ашумен бақытын жойған талай жас та.
Бозжігіт ұрыс қылып өліп кеткен,
Таласып патшалыққа соғыс еткен.

Бозбала Құсайынды шейіт қылып,
Ер қанын мойнына артып о да кеткен.
Бозжігіт ғашық болған бір балаға,
Барса да қыз болмаған падишаға.

Ашумен Бозжігітті о да өлтіріп,
Кәпір боп о да кеткен бір Аллаға.
Болғанда ашу дария, ақыл—қайық,
Қайғыны Жүсіп Сыдық көрген лайық.

Ақылмен не қылсаң да бәрің де ойла,
Бойыңа, сірә, ашуды көрме лайық.
Адамзат отқа түссе тұрған емес,
Болмайды от пен топырақ, балам, жолдас.

Алдыңнан Жаппар Ием жарылқасын,
Мысалы бұл дүниенің соған ұқсас.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Білемін мың жылқыңда бес атың бар,
Бесеуінің бес мың сомдық бағасы бар.
Жезмойын, Сұрбикеш пен Бозойнақ ат,

Біреуі—Танакөз ат, Еркешұбар.
Бәрінен артық жүйрік Еркешұбар,
Жезмойын, Танакөз ат жолдас болар.
Мінгейсің Сұрбикешті жау көргенде,

Бозойнақ айшылықты алты басар.
Жүген сал сап күмістен бедерлетіп,
Күміс пен алтын, кәукар ер ерлетіп.
Аяғын болатпенен тағалатып,

Сапар жүр дүйсенбі күн жол жолдатып.
Жол жүрді дуылдатып өңшең манап,
Қалыпты елі-жұрты қойдай шулап.
«Келгенше жалғыз шешем не болар» деп,

Шешесін құшақтайды «апатайлап».
Шешесі үйде қалды жылай-жылай,
Жолына Назымбектің қарай-қарай.
Бесеуі Қырым қырық сан келді дейді,

Арада сапар жүріп үш-төрт айдай.
Жаратқан баршамызды бір Зұлжалал,
Айтайын аз мәселе, құлағың сал.
Бозбала, қыз-келіншек бірі де жоқ,

Бір тайпа елге кепті кемпір мен шал.
Бұларды бұл бесеуі мысқылдаған,

—Бір жерге жиылыпсың өңкей жаман.

Еліңнің бозбаласы қайда кеткен,
Бір жерге жиналыпсың ылғи сабан.
Кемпір мен шал:

—Ей, балам, отырмыз кемпір мен шал таң атқалы,

Түс еді бесін болды күн батқалы.

ғашықтық  дастандар
Жаныстың жалғыз қызы Күлше сұлу
Той қылып соған кетті ұзатқалы.
Назымбек бұрып алды аттың басын,

Төгеді мөлт еткізіп көздің жасын.

—Жетім қып жеті жаста әкемді алған,

Бір Құдай біздің жолды қайда оңдасын!
Қайтайық, кел, бозбала, елімізге,
Жетейік аман-есен жерімізге.
Ұзатып жатқан қызды бізге бермес,

Қайтайық күйік қылмай көзімізге.
Сонда Мұстай жолдасының айтқаны:

—Әкесі зорлықпенен берген шығар,

Ынтызар о да сізге болған шығар.
Біз мұнда іздегенді қайдан білсін,
Ақылсыз әкесі оның ақымақ шығар.
Көрмесек, естен кетпес оның шері,

Көрейік, қандай екен ақыл-ойы.
Ер жігіт ақылы бар еске ала ма,
Бір жолға шығын шығар аттың тері.
Назымбек қайтпақ еді аттан түсіп,

Жолдасы алып жүрді көңілін басып.

—Ұялмай, қадір білмей, елге кетсек,

«Жарым» деп жүре алмассың құшақтасып.
Болғанда кең сарайдан әдеп жақсы,
Қысқа бой, қызыл тілден сүйген жақсы.
Жеткізсе он сан ноғай бірі қалмай,

Бәрінен қадір білген сол-ақ жақсы.
Бұларды «күйеу көр» деп қорламаңыз,
Бәрінен артық шығар мәртебесі.
Жолдасы алып жүрді ерікке қоймай,

Келеді Назым еріп көңілін қимай.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Бесеуі бір белеске шыға келсе,
Алдынан көрініп тұр бір туған ай.

—Артымыз күн, алдымызда туып тұр ай,

Япырмай, талды көзім қарай-қарай.
Күн бесін, ай туатын мезгіл емес,
Ойлай бер, бозбалалар, мынау қалай?
Мұстай жолдасының айтқаны:

—Қалың шаң, қалың қара қойшы шығар,

Жайылған байдың қалың қойы шығар.
Ақ отау алты қанат, қыз-бозбала,
Алтын бау, күміс белдеу үйі шығар.
Аз ғана ғашықтардан айтайын сөз,

Мәселе үшбу сөзді сөйлеймін тез.
Бесеуі ақ отауға келе жатса,
Мал баққан бір қойшыға жолықты кез.
Қойшы кеп сәлем берді өңкей жасқа,

Қарайды, танымайды асыл тасқа.

—Барасыз, шаһбазалар, әлдеқайда,

Порымың бұл Қырымнан болар басқа?
Мұстай:

—Ей, қойшы, біз бір жүрген жолаушымыз,

Бажайлап біліп айтсаң, сұраушымыз.
Ақ отау мынау тұрған қалайша үй,
Не қылған қарақұрым шаһарыңыз?
Қойшы айтады:

—Ең басы бұл Қырымның Жаныс өзі,

Ал соның Күлше сұлу—жалғыз қызы.
Бір ханның баласына берген еді,
Сиқы бар ұзататын бүгін соны.

ғашықтық  дастандар
Жарасар тоқым салсам қаракерге,
Құдай-ау, қайғы салма саналы ерге.
Бір ханның бұ да жалғыз баласы еді,

Риза емес әкесінің берген жерге.
Барады амалсыздан сорлы жазған,
Көп ойлап ғашық жарын қапаланған.
«Тосам,—деп,—отыз бес жыл» уәде қылған,

Барады амалсыздан сорлы жазған.
Бәрінен наз ойлайды күйеу өзі,
Бұрынғы салтанаты, бар мінезі.
Төртеуін күйеу қылып салтанаттап,

Мұстай ер сонда кетті жалғыз өзі.
Ақ отау алты қанат қыз-бозбала,
Күлше қыз өлең айтып отыр және.
Тұсында ақ отаудың тыңдап тұрса,

Жағады қыздың даусы құлағына.
Күлше қыз отыр екен өлең бастап,
Бес бауын бешпетінің шешіп тастап.
Ғашығын жаста қалған өлең қылып,

Аққудай отыр екен қыз ойқастап.
Күлше:

—Аққан су жоғарыдан төмен сарқар,

Қайғы-дерт ішімдегі қашан тарқар?!
Арманда балалықпен көрмей қалды-ау,
Қалды ғой жеті жаста жетім сұңқар.
Кей надан жоқ нәрсені қылар мақтан,

Хан түспес бағы таймай алтын тақтан.
Кәукар көз, алмас мойын қарағым-ай,
Арманда көрмей қалды-ау балалықтан.
Хан еді он сан ноғай Ормамбеттің,

Ісіне кім көнбейді Құдіреттің?!

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Мен жаспын, оны қайдан білемін,
Бір Құдай жүрегіме салған дертін.
Бұрында өтіп кеткен Жүсіп—Зылиха,

Арманға кім жетеді, уа, дариға?!
Бозжігіт ғашық болған бір балаға,
Барса да қыз болмаған падишаға.
Болғанда ашу дария, ақыл—қайық,

Қайғыны Жүсіп Сыдық көрген лайық.
Біреуі ғашықтардың—Ләйлі—Мәжнүн,
Еш адам мендей тартпас қайғы-дертін.
Ішімде үлкен таудай арманым бар,

Кім білер айтпаған соң менің жөнім.
Айтайын білгенімнің бәрін қайта,
Бұрында қайғы тартқан Жүсіп—Зылиха.
Шерменде мен де сондай қайғылымын,

Мұңымды айып қылма, жиылған көп.
Дер үлкен амалы жоқ ғашық Мансұр,
Жігіттер, бір Алланың құдіретін көр.
Мен тостым қарағымды жиырма жыл,

Кешігіп келмеген соң үздім күдер.
Сахаба отыз үш мың өткен кезі,
Шайхынұр өтіп кеткен адам сопы.
Жетеді өзге ғашық мұратына,

Бір Алла, жеткізе көр біз ғаріпті.
Арабтың падишасы Мәлікаждар,
Қырық жыл патша болған тақ Сүлеймен.
Қайғымен жиырма жыл болдым науқас,

Дертім көп осы күнде, көңілде арман.
Көрұғлы, Сейітбаттал, Мәлікаждар,
Қараман, Мәлгәдия, төрт шаһбазалар.
Ойға алған мұратыма жеткізе көр,

Пайғамбар мұрсалун-ай, сахабалар.

ғашықтық  дастандар
Не жаман, бұл жалғанда қайғы жаман,
Мұңымды айып қылма, естіген жан.
Жиырма жыл тосқан жарды көре алмадым,

Дүние опасы жоқ, құрыр жалған.
Қайран күн енді бізден өттің ғой деп,
Осымен сөз аяғын қылдым тамам.
Енді Мұстай жолдастың айтқаны:

—Әуелі мен сөйлеймін, [сен тыңдашы],

Мен едім бір шаһардың падишасы.
Ақын қыз, күйлі [-жайлы] отырсың ба?
Еліңнің жол бермей тұр бозбаласы.
Біреуі он екі айдың—шілде, тамыз,

Сары алтын өне бойың, шашың құндыз.
Қайғы мен мұң-зарыңды айта бермей,
Бейшара, біз де сіздей қайғылымыз.
Не пайда бір тиындай ойлағанмен,

Жаманмен бағаң кетер ойнағанмен.
Қолымнан жеті жасар тұйғын қашып,
Қайғымен қадам басып жүре алмай мен.
Қолымнан ұшқан тұйғын жөні осылай,

Іздемей, сабыр қылып тұра алман мен.
Сауысқан ала құйрық жүр алдында,
Дау алар шешен жігіт төр алдында.
Қолымнан ұшқан тұйғын жөні осылай,

Қарағым, бұдан хабар біле алдың ба?
Қыз:

—Ағеке-ау, рас болса осы сөзің,

Біз үшін келіп тұрған болса кезің.
Берейін жоғыңыздан білсем жауап,
Ағеке-ау, ашып айтсаң аты-жөнің?

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Мұстай:

—Жаратқан баршамызды Құдірет-ті,

Бір Алла, оңғара көр хақ ниетті.
Төренің сұлтан сүйек баласымын,
Руым, ашып айтсам, Орманбет-ті.
Күлше қыз:

—Жоқ іздеп көптен бері жүрдіңіз бе,

Еш хабар жоғыңыздан білдіңіз бе?
Мен айырылдым жеті жаста сұңқарымнан,
Ағеке-ау, ондай нәрсе білдіңіз бе?
Баласы Асылбек хан—Назым мырза,

Екенін күйлі-жайлы көрдіңіз бе?
Ағеке-ау, рас екен қайғы-дертің,
Жеткізсін мұратыңа Құдіретім.
Назымбек күйлі-жайлы аман бар ма,

Есен бе біздің көрген елі-жұртың?
Мұстай:

—Базардан алып келген кемер баулық,

Белінде Асылбек бай торғын жаулық.
Өлгелі Назым мырза үш жыл болды,
Қайтесіз, Құдай ісі, денге саулық.
Қыз:

—Қажылар алты ай жүріп барар Мекке,

Шығып па ең еліңізден жалғыз-жеке?
Өлгенін Назым мырза өз көзіңмен
Көрдің бе анық байқап, ей, ағеке?
Мұстай:

—Үндістан—дүниеде үлкен қала,

Жайлайды бауырында елі және.

ғашықтық  дастандар
«Назымбек сапар шекті дүниеден» деп
Аузына алған еді бала-шаға.
Қыз:

—Жылқыда ұстатпайды қашқан тағы,

Жаяудың ат болады екі аяғы.
Көрмесең өз көзіңмен, ей, ағеке,
Жел сөзі балалардың бұл қайдағы.
Мұстай:

—Жаратқан баршамызды Қадір Алла,

Кім жетпес сабыр қылса мұратына.
Назымды осы тойда бір көрсетсем,
Сүйіншіге не берер ең, Күлше бала?
Қыз:

—Ағеке-ау, тілің тәтті, жүзің нәзік,

Күн қайда Назым бізді іздеп келмек?!
Осындай сағынғанда бір көрсетсең,
Берер ем бес жүз сомдық бір білезік.
Мұстай:

—Бір Алла жазған шығар әуел баста,

Екеуін ата-анасы қосқан жаста.
Жиырма жыл ғашықтықтың бәрін жазған
Бар еді істеп киген бір тақия.
Сары алтын тақияны жан көрген жоқ,

Көңіліне көрсе түсер қайғылы нұқ.
Жазуын тақиямның таны дағы,
Тағып бер тақияма кәукардан шоқ.
Солай деп тастай берді тақиясын,

Күлше алып көзден төкті сонда жасын.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Таниды өзі молда, ақын, шешен,
Көреді тақиядан мәртебесін.
Мұстай ер сөз шығарған өлең бастап,

Жолдасын жүреді екен күнде қоштап.
Ақ үйден бұзып жарып қыз жөнелді,
Етегін дүрия көйлек серпе тастап.
Елі мен жұрты қалды жайын біліп,

Келеді қыз-бозбала соңына еріп.
Күлше қыз Мұстай менен өлең бастап,
Екі ақын келе жатыр тізелесіп.
Күлше:

—Бір ханға әкем берген әлдеқашан,

Қарайды Қырым жұрты Қырым қырық сан.
Еркекке әйел бұрын амандаспас,
[Айып па] өзім бұрын амандассам?
Мұстай:

—Жылқыда ұстатпайды қашқан тағы,

Жаяудың ат болады екі аяғы.
Баласы Асылбек бай—Назым мырза
Сөзіңе жауап тауып бергей дағы.
Қыз:

—Әкемнің берген жері—падиша-хан,

Қарайды Қырым жұрты Қырым қырық сан.
Көзіме күндей болып шағылысқан,
Не нәрсе алдымызда жарқыраған?
Мұстай:

—Отырған күндей болып жарың манап,

Қасында құрбылары қылған қызмат.
Көзіңе күндей болып шағылысқан
Алтын ер, күміс жүген Бозойнақ ат.

ғашықтық  дастандар
Қыздың Назымбекке келіп амандасқаны:

—Қақ жарған қара суды табансыз ба,

Ерте келмей, кеш келген шабансыз ба?
Көп жылдар, көрмегелі көп ай болды,
Құрметлү хан-сұлтаным, амансыз ба?
Сонда Назымбектің қызға амандасқаны:

—Бұрын келіп сөйлеген шешенсіз бе,

Әйтпесе көпті көрген көсемсіз бе?
«Құрметлү хан-сұлтаным» деп айтасыз,
Ханшайым қыз, қалайсыз, есенсіз бе?
Қыз:

—Не пайда-ау дариядай жар болған соң,

Жарасар екі ғашық пар болған соң.
Сұрайсыз енді бізден немене жай,
Іздеген қара бойым бар болған соң.
Назымбек:

—Ей, қалқа, сен не жаздың, мен не жаздым,

Сабағын ақ қурайдың белден қаздым.
Сені іздеп мен елімнен шығып едім,
Шөліркеп су таба алмай өле жаздым.
Қыз:

—Кей надан жоқ нәрсені қылар арман,

Іздеуге бұрыннан жоқ бізде дәрмен.
«Ер жігіт ақылы бар» деген қайда,
Іздемек бізге емес, сізге қалған.
Назымбек:

—Мен сүйген кішкентайдан ғашық жарсың,

Жұмысым іздеп келген жалғыз сенсің.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Бір ханға әкең жатыр ұзатқалы,
Айтасың қандай ақыл, не қыл дейсің?
Қыз:

—Не болар деп өзімнің көңілім жарым,

Көрген соң тәубе қылдым, бір Құдайым.
Ойларсың енді қайда барады деп,
Жиырма жыл құрметіңе тосқан жарым.
Жиылды күйеу, қызға қанша шаһар,

Әркімнің көңілінде бір арман бар.
Бұлар әбден табысып отырғанда
Патшаның баласына барды хабар.
Бұл жайдан хабар алған күйеу, құда,

Бажайлап хабар берген падишаға.
Қасына қырық нөкер ертіп алып,
Шығыпты ханның ұлы сахараға.
Өнерлі өнерпаздар, палуан күшті,

Қылады өнер, сауық әрбір істі.
Өлеңші, өңшең бегін ертіп алып,
Қасына Назымбектің келіп түсті.
Бақ берген падиша екен бұған Құдай,

Порымы он төртінші туған айдай.
Екеуі тізе қосып отырғанда
Болыпты бірі күндей, бірі айдай.
Келіпті екі күйеу бетпе-бетке,

Бұл жұмыс әшкере бопты жиын көпке.
Екеуі тізе қосып отырғанда
Сөйлейді ана күйеу Назымбекке:

—Қырымның осы қырық сан патшасымын,

Есіттім хабарыңды, жолаушы деп.
Барасыз қай сапарға, мырзаларым,
Бажайлап жұмысыңды айтшы маған.

ғашықтық  дастандар
Назымбек:

—Мен ханы ем он сан ноғай Орманбеттің,

Ісіне кім көнбейді Құдіреттің?
Қолымнан жеті жасар тұйғын қашып,
Сонымен сұрау салып кеп тұрғаным.
Патша:

—Таптың ба жоғыңызды, Назым мырза,

Неше айда келіп едің бұл Қырымға?
Ақылмен артыңызды сіз байқаңыз,
Іздеген құсың түсті біздің торға.
Назымбек:

—Қайрат жоқ қолдан келер біздің сізге,

Қаңбақтай жел аударған біз кез келдік.
Әділ деп сыртыңыздан естіп едім,
Падиша, біз билікті сізге бердік.
Патша:

—Ризамын билігіңді бергеніңе,

Болайын хан баласы көргеніңе.
Мен билікті, Күлше қыз, саған бердім,
Таңдап ти арман қылмай сүйгеніңе.
Күлше қыз:

—Мырзалардың бағы асқан асыл тастан,

Бір Алла жазған шығар әуел бастан.
Біреуің әкем берген падишасың,
Біреуің ғашық жарсың Құдай қосқан.
Бұралған тал шыбықтай қара бойың,

Өнерің, артық туған ақыл, ойың.
... ... .... *
Таңдауға [біріңізді] болды-ау қиын.
* Түпнұсқада осы өлең жолы қалып қойған.

назымбек  пен  күлше  қыздың  зары
Патша:

—Күлше қыз, қиын-ау деп қапы қалма,

Бұл сөзім «жалған-ау» деп ойыңа алма!
Дертіңді ішіңдегі ашпаймын деп,
Өзіңе қияметтік қайғы салма!
Алданып баяғыдан жүрмін бекер,

Деуші еді жалған жардың түбі бекер.
Күлше [қыз] жаста қосқан жарың еді,
Назымбек, қияметтік хақың кетер.
Күлше қыз:

—Патша еді мынау тұрған менің ием,

Назымбек, топ ішінде сізді сүйем.
Падиша, сізбен болдым үш жыл жолдас,
Мойныма қарыз қылмай кешсең, тием.
Патша:

—Назымбек менен бұрын сенің жарың,

Көрген соң тәубе қылдың ғашық жарың.
Алдыңнан Жаппар Ием жарылқасын,
Мен кештім, Құдай кешсе, соның бәрін.
Жарасар тоқым салсам қара көкке,

Бір Алла, жеткізе көр хақ ниетке.
Назымбек іздеп келіп жолы болып,
Күлше қыз таңдап тиді Назымбекке.
Екі хан айдалада дос болыпты,

Сөйлесіп көңілдері хош болыпты.
Падиша Назымбекпен құшақтасып,
Назымбек падишамен дос болыпты.
Ерітіп алып жүрді елге таман,

Еріпті құрметіне талай адам.
Жатыпты екі ғашық ақ сарайда,
Жігітке бұдан артық қайда арман?!

Қалар бос жалқау құлақ берген сыйдан,
Тыңдамай қапы қалып, болма бейқам.
Ғашықтық ер жігітке бір үлкен дерт,
Қандай ер мұндай іске жанын қиған.

Кешегі қазақшылық заманында,
Ант, уағда айтылып, арға иман.
Арғында Меңдіқара атты кісі,
Шақыртыпты бірталай үйге мейман.

Ішінде бірге болған Құрманбайдан
Есітіп Әбдірахман іске қонған.
Мен қанып бұл кісіден өлең қылдым,
Болмаған оқиға емес, шыққан ойдан.

Бірталай шонжарлармен басын қосқан,
Сөз аңдып бір-бірінің алдын тосқан.
Тарихи неше түрлі сөз қозғалып,
Бас қосқан жиылыс ед дұшпан, достан.

Құлдықта талайлардың күні кешіп,
Байлаулы өткен қолы болмай бостан.
Жиған мал, абырой, бақ күштінікі,
Болған күн біреулер жер, біреу аспан.

Бақталас бай бәсеке ел жіктеліп,
Момындар малын бағып артын қысқан.
Жолаушы дәулетті үйге түседі көп,
Жүргенде жортуылда әрбір тұстан.

Есім—Зылиқа

есім—зылиқа
Дуылдап түрлі кеңес қызған кезде,
«Сөйлес» деп айқай салды біреу тыстан.
Бұйырды Меңдіқара:—Бірің бар,—деп,

Түсіріп, мейман болса, қолын ал,—деп.
Жолаушы, бір құдайы мейман шығар,
Үйге әкел, пісулі дәм дайын бар,—деп.
Бір жігіт үйден шығып барды көріп,

Қарт екен, шылбыр тұтты, сәлем беріп.
Түсіріп, үй артына атын байлап,
Есіктен бір шал кісі келді еніп.
Отырды дәл ортадан алып орын,

Көрмеген бір қарт кісі мұнан бұрын.
Жел сөзге төрт аяғы бірдей жорға,
Сөйлесіп байқағанда сөздің түрін.
Болғандай заманында ердің басы,

Үлгілі бір қария сөз тұлғасы.
Шой желке, түлей қабақ, қызыл шырай,
Жетпістен асыңқырап келген жасы.
Отырды бұл кісімен кеңес құрып,

Әдеппен бір-біріне мойын бұрып.
Қызынып қымыз ішіп отырғанда
«Сөйлес» деп тағы біреу сыртта тұрып.
Тағы айтты Меңдіқара:—Барып кел,—деп,

Меңдіні жұрт мақтайтын «қалыпты ер» деп.

—Оңаша үй артына атын байлап,

Құрмет қып, болса мейман алып кел,—деп.
Тағы да барды бірі қадам басып,
Сөйлесіп аз кідірді амандасып.
Байлатып үй артына атын қойып,

Әкеліп кіргізді осы үйге есік ашып.

ғашықтық  дастандар
Есіктен келіп кіріп берді сәлем,
Бір асқан көрініп тұр көрнекті адам.
Көрінді салтанаты жаннан бөлек,

Тамсанды айбатына көріп тамам.
Қарайды манағы шал айырмай көз,
Бұзылып түрі, жүзі өзгерді тез.
Ұмтылды төрден тура қолын жайып,

Әлеумет қайырмастан отырды сөз.
Көзінің тоқтата алмай жасын тыйып,
Айырып болар емес көңілін қиып.
Бұ дағы елу шалған бір ер кісі,

Өксіді бір-бірінің қолын сүйіп.
Құшағын айырмастан тұр мұңайып,
Секілді бейне ғашық ерлі-зайып.
Үйдегі жиылған жұрт мұны көріп,

Қарайды мынау іске таңғажайып.
Бір кезде айрылысып келді төрге,
Тізелес орын берді келген ерге.
Тым-тырыс отырысты үйдің іші,

Сөз бастап сөйлесін деп үлкендерге.
Дем алып, Меңдіқара сұрады жөн:

—Меймандар, көрінбейсіз бір ерден кем.

Кісідей сағынысқан көрісесіз,
Ал, енді түсіндірші, жөндерің кім?
Үлкен қарт сонда тұрып айтты жайын,
Сөйлесе ағызады тілдің майын.

—Сыпайым, сыр бердің деп кінә қойма,

Бұл жігіт жалғыз менің күн мен айым.
Мен өзім жалғыз баспын, балам да жоқ,
Нақақтан біреу кетер жалам да жоқ.
Бұл жігіт жалғыз менің жиенім ед,

Риясыз балалықтан алаң да жоқ.

есім—зылиқа
Өскен соң Әлім алып жігіт қылды,
Бермеске мұны қолдан шарам да жоқ.
Қараңғы жортуылға аттандырд[ы],

Шығатын бұғауынан шамам да жоқ.
Қатырып ат мінгізді арғымақтан,
Ақ құмай, ақсұңқар құс қарғылатқан.
Орынбор, Омбы, Сібір, Көкшетаудай,

Мал тартып алдырады әрбір жақтан.
Атағы бұл жігіттің Есім дейд,
Атақты орта жүзге Есім білед.
Белгілі қайтпас болат, қайратты ер,

Мақал болды «Есім барса, есен келед».
Есімге Әлім әбден сеніп алған,
Соңынан талапкерлер еріп алған.
Алтайдан тау жылқысын таңдап жүріп,

Қан күрең сексен тұсақ беріп алған.
Қыдырып Қырым жағын, Қытай шегін,
Серілмес сері болып сеніп алған.
Келеді мал айдатып Алтай жүріп,

Жерлерден ес таптырмай тартып алған.
Қараңғы жортуылда жүреді жай,
Олжасын еңбекпенен көреді бай.
Бұл Есім күрең атпен бір кеткенде,

Кешігіп келе алмады он екі ай.
Отырдық үміт үзіп «өлді ғой,—деп,
Сау болса келер кезі болды ғой,—деп.
«Жалғыз оқ—ер ажалы» деген сөз бар,

Жортуыл жолда басы қалды ғой»,—деп.
Ауылым Амансоздың көлбеуінде,
Әлімнің отырушы ем шендеуінде.
Түйеден кешке таман үйге қайттым,

Екі мес шұбатым бар теңдеуімде.

ғашықтық  дастандар
Ағаштың арасында үйге келсем,
Арыстай күрең ат тұр белдеуінде.
Қуанып үйге кірсем Есім отыр,

Шешпеген белден қылыш, белбеуін де.
Көргеннен сәлем бере тұрды ұшып,
Бір сүйдім білегінен қолын қысып.
Жеңгесі дайын етіп қойған екен,

«Жүремін» деп қарбаңдады дәмін ішіп.
Атына үйден шығып мініп алды,
Беліне бүкпеліні іліп алды.
«Жолыма батаңды бер, нағашым» деп,

Есікте көлденеңдеп тұрып алды.
Қоржынға азық салып алған артып,
Тоқталып тілге келмес мұнан қайтып.
«Есімді көрдім деме ешбір жанға»,—

Деді де, күрең атпен кетті тартып.
Көзімнен «ал» дегенше болды ғайып,
Тілек қып қала бердім қолды жайып.
Есімді көрдім дермін бе ешбір жанға,

«Қайда кетті-ау,—дедім,—қолдан тайып».
Ертемен есептедім малымды кеп,
Барады күйік, шіркін, жанымды жеп.
Бір жігіт мал басына келді маған,

«Әлімнің қара арғымағы алынды» деп.
Әлімге мен де келдім асып-сасып,
Далада Әлім отыр түсі қашып.

—Есеке, Есім келген жоқ па?—деді,

—Келген жоқ,—дедім байға құтым қашып.

—Қара атты ұйғармаймын басқаларға,

Япырым-ай, Есім маған қас болар ма?!
Қара атты Есім ұстап тоқтататын,
Жеткізбес күрең аттан басқа малға.

есім—зылиқа

—Үмітсіз Есім келсін,—дедім,—қайда,

Әлім де «келе алмас» деп қалды ойға.

—Жоқ еді Есім алса өкінішім,

Құлап өліп қалмасын орға, сайға.
Әр жерге сұрау салып хат жолдады,
«Сүйіншім кем емес,—деп,—он бір тайға».
Екі атпен Есім кетті дерек болмай,

Сиындым сақтай көр деп бір Құдайға.
Есімнен, қара аттан да хабар болмай
Тағы да күн созылды бірер айға.
Отырдық жұрдай болып аң-таң қалып,

Бір ай өтіп, екінші ай болды жарық.
Тал түсте екі жандарм жетіп келіп,
Әлімді тұтқын етіп кетті алып.
Әлімнен хабар болмай үш күн дәйім,

Не ғажап іс болды деп жедік уайым.
Жалғыз үй мал басында отырамын,
Қарағай сусылдайды, сыңсып қайың.
Бұлт алып, түстен кейін шықты дауыл,

Арт[қа] қара Әлімнен біздің ауыл.
Маңырап ақсақ қойлар тырағайлап,
Дүрілдеп бұршақ жауып, ықты жауыр.
Желіде құлын, тайлар шұрқырасып,

Ойыннан бала қашып тырқырасып.
Қазықтап, арқан салып, дүрсілдетіп,
Шашы жүр қатындардың бұрқырасып.
Ағаштар бір-біріне басын иіп,

Салбырап мәуелері жерге тиіп.
Бүлініп жапырағы жерге түсер,
Айқасып бір-бірінің бетін сүйіп.
Басына жас келіндер желек жауып,

Бұралып, сыңқыл етіп, бие сауып.

ғашықтық  дастандар
Кешкілік қойған астау суға батпай,
Ойнақтап жылқы кеткен қайта шауып.
Орыстар мәстегімен сылпың етіп,

Ұршығы көкшолақтың бұлтың етіп.
Ағаштан кешке таман қайтқан орыс,
Арбасын өтіп жатыр тырсылдатып.
Белдеуге түйе қоңыр атты байлап,

Қамығып отыр едім, ақыл ойлап.
Есіктен Есім кіріп келді бір кез
Құбылып түрі-түсі гүл-гүл жайнап.
Есіммен амандасып тысқа шықсам,

Күрең ат, қара арғымақ тұрған ойнап.
Қара аттың тасасында бір сұлу тұр,
Тағзым қып иіледі ізет ойлап.
Сәулесі бір туған ай жанып тұрған,

Уылжып екі бетінен нұры тамып тұрған.
Кигені зерлі мақпал, асыл жібек,
Торғынмен тұла бойын таңып тұрған.
Көрдім де қайта айналып кірдім ішке:

—Абырой берсін,—дедім,—әрбір іске.

Бір ғажап үлкен жұмыс болған екен,
Ей, балам, шыдамадым қайран күшке.
Есім айтты:—Еске алдым құдіретті,
Көрерсің тірі болсаң нелер кепті.

Басқа сөз қайырмастан атқа мініп,
«Шұрықта жатамыз» деп жүріп кетті.
Тағы да мұнан кейін үш күн өтті,
Әлімді ұстап, ауылдың құты кетті.

Жайықтан шекті елінен қызды қуып,
Қуғыншы он жеті адам бұ да кепті.

есім—зылиқа
Оралтып облыстан ісін оңдап,
Ояздан қағаз алған заңқой шекті.
Әлімді алып қасына Қостанайдан,

Даугерлер, қыз әкесі бұ да кепті.
Жиналып елге келсе Есім де жоқ,
Келед деп елдің Есім есінде жоқ.
«Қырық жеті, тоғыз тоқсан алмаймын» деп,

Әлімге салған дауда кесім де жоқ.

—Қызымды сенің ұрың алып қашқан,

Баламды тәрбиелеп жастан баққан.
Қыз мінген атың айғақ, дәл сенікі,
Сен өзіңсің ақыл беріп, ойда жатқан.

Бұл жерде көп кідіріп тұра алмаймыз,
Ынтымақ Зылиқасыз қыла алмаймыз.
Ақ бата арадағы бұзылғасын,
Берсең де бес мың қара тына алмаймыз.

Ер болсаң бұл ісіңді тындырып бер,
Еріксіз Есіміңді көндіріп бер.
Есерсоқ, ел бүлдірген тентегіңді,
Құл қылып жайдақ нарға мінгізіп бер.

Орысқа сені ұстаттым мұңымды айтып,
Тауып бер Есіміңді шыныңды айтып.
Болмаса шапқыншылық көрсетемін,
Мұнан соң талай келем саған қайтып.

Әлім айтты:—Сөзімді тыңда, шекті,
Келіпсің кісі өлім боп құнға, шекті.
Қуыпсың қашақ болған бір байталды,
Әкелсе таптырармыз мұнда, шекті.

«Көзі көк, сары оязды пір тұттым» деп,
Өзіңді өзің ұлық қылма, шекті.
Ұрлаттым сол Есімге мен де атымды,
Ант, иман, нанамысың жанға, шекті.

ғашықтық  дастандар
Егерде ақыл беріп мен алдырсам,
Іс бұлай болмас еді онда, шекті.
Орысқа отыз жылдай ұстатсаң да,

Есімді бере алмас жұрт қолға, шекті.
Балалық бірі ұл, бір қыз етті екен деп,
Елім жоқ боялатын қанға, шекті.
Арамға бір шыққансын адал болмас,

Бұл жерге ар-намысты салма, шекті.
Он жігіт қастарыңа елден алып
Ал іздеттік, ұйлығып тұрма, шекті.
Бұл Есім таптырғанмен түспес қолға,

Боларлық жігіт емес сендерге олжа.
Түйеші Есмағамбет нағашысы ед,
Бір соғып ғажап емес, кетсе сонда.
Есімнің бұл бүлігі болды уайым,

Сөнбесе жарар еді туған айым.
Зіркілдеп нашандік те қысып жатыр,
«Бір күнде қыз-жігітті қыл,—деп,—дайын».
Сұрады менен келіп Есім жайын,

Мен айттым бастан-аяқ осындайын.
«Шұрықта қыз бен жігіт жатыр» дедім,
Тұрғанда елім сасып не қылайын.
Екі ел боп Есімді іздеп кетті шауып,

Шұрықтан қапылыста алды тауып.
Ұйқыдағы екеуін де ұстап алған,
Шешініп жатқан екен қылмай қауіп.

Басынан құсы ұшып, бақыты ауып,
Тіл қатпай екеуі де тұр мұңайып.
Оңаша үй тіктіріп, құлып салып,
Тұтқын қып қыз-жігітті қойды жауып.

Шектінің қызын беріп қайырмақшы,
Күрең ат айыбына бұйырмақшы.

есім—зылиқа
Есімді бас ұры қып тұтқынға алып,
Ғашықты бір-бірінен айырмақшы.
Әлімді алдап-сулап көндіреді,

Осылай даудың өртін сөндіреді.
Бұл болған әңгімені бастан-аяқ
Бір досы Есімге кеп сездіреді.
Бұл билік Есімге бастан ұнамас-ты,

Ер Есім бұл қорлыққа шыдамас-ты.
Есікті бұзып шығып қыз бен жігіт,
Жүгіріп қалың атқа араласты.
Кермеде қара арғымақ, күрең ат тұр,

Өлсе де басқа малға қарамас-ты.
Аяғын үзеңгіге сала-мала,
Екеуі екі жүйрік міне қашты.
Жабыла у-шу болып атқа мініп,

Есімнің тозаңына араласты.
Түйекөк шу дегенде бір шалатын,
Қумасам жұрт көзіне жарамас-ты.
Болмаса басқа біреу мініп қуса,

Қарақты ұстап алса, айласы асты.
Өзім қумай болмады өз баламды
Талайлар «атты бер» деп жағаласты.
Жөнелдім түйекөкпен бұлдыр қағып,

Жылмиып жермен-жексен кетті алып.
Суырылып қалың қолдан жалғыз жеттім,
Қол қатпай келе жатыр мені бағып.
Есім айтты:—Ағаеке-ай, неге жеттің,

Көзіне жаман болды-ау мына көптің.
Айрылып Зылиқадан тұтқын болып,
Жүргенше кетейін деп талап еттім.

ғашықтық  дастандар
Қарқынын түйе көктің о да білед:

—Мен саған деп жеткем жоқ әлім келед.

Өлемін қумасам да, жетпесем де,
Бар бәле сен кеткен соң маған келед.
Сол кезде бүкпелімен қалды жасқап,
Менде жоқ ұрыспаққа алған аспап.

—Нағашым, қош енді,—деп жүріп кетті,

Сыпырып төбе терімді алып тастап.
Жығылдым бет-аузым қанға малып,
Түк білмей есім танып қалдым талып.
Боялған үсті-басым қып-қызыл қан,

Көтеріп үйге әкетті теңге салып.
Отырдым есім жиып, қаным жуып,
Нелер жүйрік бедеумен кеткен қуып.
Аттарын жаяу айдап кешке таман

Жете алмай келді бәрі жақын-жуық.
Құтылды қалың қолдан ерлі-зайып,
Зорығып талай тұлпар болды майып.
Төрт салдат аты жүрмей бұл да келді,

«Жеткізбей кетті,—десті,—болып ғайып».
Жиналып кеңеседі төре, қара,
Тексерді кімнен кінә, кімнен айып.
Есімді ел қашқыны деп шығарды,

Қылышпен өз әкесін қылған майып.
Ісіне екі тентек ел күймесін,
Іс қылды деп ойлады болмас лайық.
Әлімді босатады мұнан кейін

Тергемеді айыпкерсіз жолдан тайып.
Әлімді босатады мұнан кейін,
Жиналған тарап кетті елге дейін.
Бетімен қуғыншылар кетті тозып,

Сұрау сап Омбы, Сібір, Өрге дейін.

есім—зылиқа
Сонан соң Есім қашқан болмай дерек,
Сағындым қолға түспей неге керек.
Есімді іздеп шыққан жолым еді,

Татқан дәм кездестірді, болып себеп.
Сол қашқан жалғыз балам мынау Есім,
Қызықтың кім біледі ерте-кешін.
Көрісіп мен жыламай, кім жыласын,

Ендігі өзі шертер әңгімесін.
Отырды жиылған жұрт аң-таң қалып,
Көрдік деп есіткенді көріп нанып.
Есекең төбесінде екі ақ тақырын,

Көрсетті көпшілікке тұрып алып.
Деді:—Жұртым, ендігіні Есім айтсын,
Кеткенін, тұрғандығын қайда барып.
Кезекпен Есімге де сөз берілді

Тыңдаушым, тынышталсаң құлақ салып.
Есім

—Есекең айтып өтті менің сырым,

Бір талай мехнат берді шекті зұлым.
Мен дағы өз әкемдей іздеп келдім,
Жері жоқ жасыратын енді мұның.
Белгілі менің шекті барғандығым,

Ғашық боп Зылиқаны алғандығым.
Асында Имамбектің атым озып,
Олжалы ортасында болғандығым.
Бір тойда сегіз балуан жығып салдым,

Белгілі болды және балуандығым.
«Атыңды ұрлап қостың» деп жанжал қып,
Кешігіп сол дауменен қалғандығым.
Атымның бәйгесіне таласам деп,

Бір биге шекті Шора барғандығым.

ғашықтық  дастандар
Шораның үйінде бар бір сұлу қыз,
Зылиқа оның аты, ай мен жұлдыз.
Еліне шекті барып, төре бермей,

Осында жатып алдым үш айдай күз.
Сөйлестім Зылиқамен оңашада,
Жігітке қарап жату жараса ма?
Әншейін ойын ойнап әзілдестім

Ән салып, домбыраны ала сала.
Зылиқа айтты:—Бәйгеңді ала алмайсың,
Әділ би ақсақалдан таба алмайсың.
Осы елдің ниеті бұзық, атыңды алар,

Тұрғаныңда есен-аман жоғалмайсың?
Есім

—Келеді жаз да болып күн де ұзарып,

Сөйлейсің, Зылиқажан, тым қызарып.
Атыма бәйге бермей егестірсе,
Кетермін ұрласам да бір қыз алып.
Зылиқа

— Өнерді сен шығардың жатқан сайын,

Тұз-дәмін біздің елдің татқан сайын.
Бәйгеге бір қыз алсаң не қоясың,
Күрең ат топтан озып шапқан сайын.
Бұл сөзді мұнан кейін қойып кеттік,

Басқа бір әңгімені шолып кеттік.
Тағы да үш ай жаттым сылтауменен,
Әзілдес екеуіміз болып кеттік.
Бір күні қол салайын дедім бұған,

Болмады жүрегімде титтей шыдам.
Бір күні түнде жетіп барып
Айталы көңілімдегі барлық мүддам.

есім—зылиқа
Қыз айтты:—Бүйтеріңді біліп жүрмін,
Мен дағы жүрегімнен тынып жүрмін.
Мәңгілік алар болсаң айт сырыңды,

Қинама бір күндікке,—деді-ау құрбым.
Менің де жүрегіме байланды дерт
Бұл сөзге қалайынша боламын мерт.
«Алып сені арманымнан шығамын» деп

Ант етіп, уағдаласып байладым серт.
Тимеске уағда айтып, алысып қол,
Аймалап ақ тамақтан болғаным сол.
Сүйген сайын жүрегім жана берді,

Ғашықтыққа мұнан басқа болмады жол.
Келмекке бәлен күні уағда байлап,
Ауылға Амандағы тартқамын жол.
Қуса жетіп, қашқанда құтылам деп,

Қауіпсіз қара арғымақты алғаным сол.
Күнімде уағдалы барып жеттім,
Бір сайдың жағасында қызды күттім.
Таң ата екеуіміз атқа мініп,

Еліме он бір күнде келіп жеттім.
Жау бар деп, басқа бар деп қорынбадым,
Уағдамды орындамай бой ұрмадым.
Шұрықта алты күндей түнеп жатып,

Уағдалы мақсатымды орындадым.
Сонан соң Есекеңнің әңгімесі
Барлығын өз көзімен көрген кісі.
Ағаға амалсыздан қолым тиді,

. . . . . . . . .*
Кез болдым тап сол күні қалың жауға,
Басымыз аман шықты, жаным сауға.
* Бір жол танылмады.

ғашықтық  дастандар
Сол қашқан бетімізбен әрмен өтіп,
Біз бардық паналауға Ұлытауға.
Тәуекел етіп жүрдім әрбір жайда,

Көрген күн ұмытылмай жүреді ойда.
Дәулетті бір кең адам дегеннен соң,
Мен бардым руы қыпшақ Шашамбайға.
Жұрағат ерген деп жаптым жала

Жайлауда отыр екен бір кең дала.
Жарасып, жаным жағып, жақын болып,
Сүйікті Шашамбайға болдым бала.
Аямай қолға берді дүние-малын,

Белгілі оған дағы біздің Әлім.
Үй болып, өз алдыма отау тігіп,
Сол елде дәурен сүрдім бір жыл жарым.
Көргенім тозақ, бейнет бала жастан,

Тәуекел еттім жанға қарамастан.
«Есімді көрген адам ұстасын» деп,
Ояздың тәртібімен бұйрық шашқан.
Мен сорды бір қу ауыз білдіріпті,

Есітіп шекті тағы құтырыпты.
Қуғыншы жандаралмен келіп жетті,
«Салады-ау,—дедім,—тағы бір бүлікті».
Мен сендім Шашамбайға тындырар деп,

Мен үшін малын шашып қырдырар деп.
Қазақша бітім жасап, ебін тауып,
Аяғын бұл жанжалдың тоздырар деп.
Шашамбай қозғалма деп сендірді анық,

Кетпес деп мен де ойладым сөзден танып.
Шектіден сегіз жүз сом сыйлық алып,
Алдына бізді жаяу берді салып.

есім—зылиқа
Ақсауыт Шашамбайға:—Тоқта,—деді,
Сабазды қор қылмас жоққа,—деді.
Шашамбай бұл сөзге де қабармады:

—Былғанатын жайым жоқ боққа,—деді.

Сол жылы қара арғымақ өлген арам,
Күн болды енді бізге ылғи қараң.
Бір атқа Зылиқаны мінгізіп ап,
Бір жауыр жайдақ тұлпар берді маған.

Шектілер күрең атты жетектеді,
Жабдықтап тарта бердік болмай алаң.
Көкпеңбек үстерінде қару-сайман,
Қамығып құр келемін, бар ма шарам.

Ер жігіт кімнен артық қор болған соң,
Байлауы Құдіреттің тор болған соң.
Бір қарап ғашығыма көзім түсті,
Мөлтілдеп ағызады көзден жасын.

—Есімді ерттеулі атқа мінгіз,—деді,

Ұлы ғой мұсылманның, қор болмасын.

—Шығарма,—деді ағасы,—даусыңды,

Көз жасың бұзық үшін көл болмасын.
Еділде келе жатыр беріп азап,
Жеткізбес айлық сапар, жерлер ұзап.
«Жездем» деп кез келгені бір-бір салып,

Қамшымен мазамды алып қылды мазақ.
Тал түсте бір үлкен сайға келіп жатты,
Ат соғып шаршаған жұрт бәрі қатты.
Біреуін қарауылға отырғызып,

Шалғынға күрең атты арқандатты.
Қарауыл отыр еді қалғып-шұлғып,
Кісідей түзге отырған шықтым жылжып.
Бүкпелім табанымда тағулы еді,

Арқанды жалғыз шауып міндім ырғып.

ғашықтық  дастандар
Үстіне аяғымды арта бердім,
Қолыма, күрең атым, қайта келдің.
Ер-тоқым, жүген, қамшы бірі де жоқ,

Қақпалап екі жақтап тарта бердім.
Зылиқа:—Қош, аман бол,—деді көріп,
Кетуге ылажы жоқ соңыма еріп.
Ер болсаң есігіме бір соғарсың,

Ажалға амал бар ма қалсақ өліп.
Сонымен жүріп кеттім құба белге,
Әрқашан медет болсын біздей ерге.
Қуғыншы ілесе алмай қала берді,

Бір ісім өлерменнің келді жөнге.
Қалың ел, қарақұрым жағалбайлы,
Мен келдім ымырттата бір көп елге.
«Ауылдан жарақтанып алайын» деп

Тастадым күрең атты сайлау жерге.
Бір үйге ел жатқан соң кірсем келіп,
Жарыс қып көз жібердім енді төрге.
Жағалай төр алдында қонақ жатыр,

Қарындары қабақтай, жуан балтыр.
Қымызға мас, құлынның етін жеген,
Бәрі де жап-жалаңаш құлап жатыр.
Кестелі кебіс мәсі аяқ жақта,

Есімге киіп алса бәрі татыр.
Көрінді қызғылықты бәрі көзге,
Не берсін тарыққанға мұнан өзге.
Сабаға келе сала басты қойдым,

Ат соққан неше күндей, төзбес шөлге.
Таңдаулы бай мырзаның киімдерін,
Жайғасып киіп алдым қойып жерге.
Үюлі алтын жабдық ат-тұрманы,

Текшелеп тұрманын будым ерге.

есім—зылиқа
Жоқшылық, жүдеушілік бәрі кетіп,
Жайласып және келдім жаңа түрге.
Жабдықтап күрең атты мініп алып,

Тәуекел тартып кеттім елсіз шөлге.
Түйіндім тәуекелге белді буып,
Кісім жоқ паналауға жақын, жуық.
«Осыдан Зылиқаны алмай кетсем,

Еркек боп неге керек,—деймін,—туып».
Басқаға Зылиқаны қия алмаспын,
Бұл үшін жаннан қорқып ұялмаспын.
Бір ерге арқа сүйеп іс қылмасам,

Қызды алып мен қазаққа сия алмаспын.

Берсем де күрең атты парасына,
Шектіден кегімді алмай тұра алмаспын.
Ойлаған мақсатымды орындамай,
Дүниеде тірі болып жүре алмаспын.

Мен бардым правител Мұқанды іздеп,
Қиын іс ғашықтықтан күдер үзбек.

—Ардақты әруағыңа атым,—дедім,

Қор болып, тақсыр төрем, келдім іздеп.
Ағыттым бастан-аяқ іштің сырын,
Қалдырмай уақиғаның айттым шынын.

–Шектіден жесірімді ап беріңіз,

Болмады сізден басқа басар жерім.
Өлгенше құлдығыңда күн кешейін,
Ант айтып, ат көтіне мінгесейін.
Күшіңмен Зылиқаны бір алдыршы,

Бір көріп алтын жүзін, тілдесейін.
Орысқа правител инабатты,
Тарту қып беріп салдым, сыйлап атты.
Жанында Жамантайдай сыншысы бар

Көрсетті сыртқа шығып күрең атты.

ғашықтық  дастандар
Жамантай айтты:—Жігіт қырқар екен,
Қу ілген айдын көлден сұңқар екен.
Алатын ас рудан шаппай бәйгі,

Күрең ат топтан торай тұлпар екен.
Жиналған тамашаға би мен датқа,
Жарасар мал екен деп салтанатқа.
Аяңдатып, желдіртіп шаптыртады,

Салдыртып ат-тұрманды күрең атқа.
Кездіріп қойды байлап кермесіне,
Ар үшін амал бар ма бермесіме.
Талай жұрт таңдай қағып таңырқады,

Байқарға тұс-тұсынан келмесін бе.
Ат пен нар, асыл кілем, алтын жабдық,
Құйылып келіп жатыр жел несібе.
Дырдумен бес-алты күн өткеннен соң

Төренің сонда арызым келді есіне.

—Есімнің білдім,—деді,—армандарын,

Ақтайын қалпын, барлық назарын.
Ат-анжам, қару-жарақ сайлағансын,
Жіберді шақырушы жандаралын.
«Қыз бенен қыз әкесі келсін түгел,

Ер емес Есім қыздан күдер үзер».
Тоқтаусыз деситишнайға бұйрық жазды,
«Тұтқын қып қыз әкесін бірге жібер».
Сүйікті жігіт болдым тыңайған соң,

Жүйрікті мінді төрем қоңайған соң.
Шектіден он сегіз кісі алып келді,
Көп жүріп арасында бір айдан соң.
Шекті елі бұларға да шығындаған,

Параны асты-үстіне тығындаған.
Қалыпты қыз әкесі қызды әкелмей,
Дүниеде байлық, шіркін, не қылмаған.

есім—зылиқа

—Иә, тақсыр, қыз келмеді мұнда,—дедім,

Қыз келмей, сірә, бітім қылма,—дедім.
Ұстадым ер еді деп етегіңнен,
Дұшманға мені таба қылма,—дедім.
Сөйлесті жауап алып үш күн ұдай,

Басқа жұрт сөзге кірмей тұрды былай.
Шектіден он мың теңге алтын алып,
Тағы да сұлтанымды ұрды Құдай.
Былайша правител бұйырыпты,

Сегіз би түгел келіп жиылыпты.
Актіге сегіз жерден мөр басылып,
Некесі әңгіменің қиылыпты.
«Әуелі өкпе, нала қойсын кекті,

Есімге мың жарым сом берсін шекті.
Базарда бес сомнан үш жүз тоқты,
Беруге ақша сонан көнсін шекті.
Бес жүзді билікақы билер алады,

Сонан көп сөйлемей тынсын шекті.
Есімге берсін тағы бір мың теңге,
Ризамын қайратына есіл ерге.
Сонымен ғашық отын бұл сөндірсін,

Қыз барсын ақ баталы берген жерге.
Қазақтың қағидасын бұзса дағы,
Есімнің шыққан жоқ па басы төрге.
Есімнің ел-жұрты жоқ, араң өнбес,

Зайғы боп көрген бейне ескен желге.
Қыз қалса өздерінде шекті түгел,
Бұған да құлақ қақпай болды пенде».
Төренің әділеті болды мәлім,

Сыртым сау, болып жүрдім ішім жалын.
Жеткізсе арманыма айтқанымнан,
Не қылам, Зылиқасыз дүние-малын.

ғашықтық  дастандар
Базарға правител жүрмек болды,
Жүрісін күрең аттың көрмек болды.
Бастығы жолдасының Есім болды,

Нөкерге алпыс кісі ермек болды.
Ақ шатыр тіктіреді артып түйе,
Қасына қалмай ерді бай мен би.
Отыз қой, он екі тай сойып алып,

Айдатты сауынына елу бие.
Қанымға тройкелеп жекті күйме,
Пәуеске әшекейлі алтын түйме.
Жабдықтап тоғыз қара ат салтаң алып,

Жөнелді құрметтесіп үйме-жүйме.
Ақжал ат, төрем берген бір мың теңге,
Мұнанай базарына тарттық жөнге.
Салдыртып алтын жабдық алқалатып,

Салт мініп шықты Мұқан қанкүреңге.
Ақжал ат жер баспайды мойнын толғап,
Базарға төреге еріп келдім бірге.
Сүйікті жақын жаны ашитұғын,

Мен болдым жұмсайтыны қиын жерге.
Алдына Мұнанайдың шатыр тігіп,
Көрсетті салтанатын әрбір елге.
Жапырып шалғынына бие байлап,

Қандырып жатыр малды Сулыкөлде.
Алдырды күрең атты мінемін деп,
Аралап әр көшені көремін деп.
Жанына мені бірге алып барды,

«Оязбен бір тілдесіп келемін» деп.
Қос күрең мініп алдық майдажалға,
Жиналған мыңдаған жұрт қан базарға.
Аралап тар көшені біз келеміз,

Базар тұр таң-тамаша сыймай малға.

есім—зылиқа
Қақ жарып күрең атпен келе жатты,
Дұшманның көңілін басып жабырқатты.
«Жолдасы төресімен келіскен» деп,

Мұнанай базар елін таңырқатты.
Жалтылдап омырауда алтын алқа,
Ақ жібек, ақ қалпақты киген шалқа.
Алдына бәрі келіп алдиярлап,

Тақсырлап қолын алды қайта-қайта.
Аспанға ажырайып мойнын иіп,
Бүкпеңдеп, көтеріліп бойын жиып.
Еліріп, желдей есіп аяңдайды,

Тізерлеп талпынады жерді түйіп.
Жабысып желе шоқып мен де келем,
Қараймын қанкүреңге ішім күйіп.
Ояздың қақпасына жетіп келдік,

Көп халық тамашаға келген еріп.
«Оязбен бір тілдесіп шығамын» деп,
Ұстатып күрең атты кетті еніп.
Үстіне қанкүреңнің мініп алдым,

Беліме бүкпелімді іліп алдым.

—Ал, қашты, ұста, төре,—деп,—Есім қашты,

Көшені қақыратып айқай салдым.
«Ал ұста, ал ұста» деп қамшы басты,
Боп қалды айқай-ұйқай «ұры қашты».
Қайнаған қан базарда мыңдаған ел,

Ұстауға қалың шаңға араласты.
Кейбіреу қамшыменен ұрып қалды,
Кейбіреу етегімнен жұлып қалды.
Сатырлап мылтық, найза шақыр-шұқыр,

Аңдамай талай сорлы өліп қалды.

ғашықтық  дастандар
«Ал, ұста, ал кетті» деп сасып жатыр,
Кейбірі мылтықпенен атып жатыр.
Көшеде жаяу жүрген базаршыны

Аттылар абайламай басып жатыр.
Ақжал ат қосарымда жүрген бірге,
Тәуекел тар көшеде салдым өрге.
Қыр жалы зулағанда әрең тұрды,

Екпіні бейне ұқсайды соққан желге.
Жөнеліп қалың қолдан ажалым жоқ,
Қаңғырып шығып кеттім елсіз шөлге.
Қуғыншы кеш қарайып ада шыққан,

Тәуекел Еділ-Жайық тарттым жөнге.
Құтылып қуғыншыдан демімді алдым,
Түстеніп ұзын жолға ыңғайландым.
Қос күрең бірін мініп, бірін айдап,

Жайыққа Зылиқаға сапарландым.
Шектіге сегіз күнде келдім тағы,
Сыналар осы жолы ердің бағы.
Қалың ел қарақұрым көш келеді,

Атымды бұра жүрдім көрдім дағы.
Қаламын келе жатып әрбір ойға,
Тәуекел әрбір сертке белін байла.
Шектіден жалғыз кісі дұшманым жоқ,

Табылар бұл жұмысқа нендей айла.
Қисайып көшке келдім елбелеңдеп,
Қарайды қосар атқа көрмеген көп.
Астында ұзын құла торы аты бар,

Бір жігіт бара жатыр көлденеңдеп.
Атының аяңымен түйіп барад,
Қара жер қабырғасы сызып барад.
Атының аяңымен әнге басып,

Қарасын қалың көштен үзіп барад.

есім—зылиқа
Жақындап келдім жайын байқайын деп,
Азырақ сөйлесіп сыр тартайын деп.
Егерде ер жігіттің қалпы болса,

Тәуекел бар мұңымды айтайын деп.
Қасына жетіп келдім қамшы басып,
Қарады мойын толғап амандасып.
Ақ құба, жебелі мұрт, ұзын жігіт,

Көңілім кетті елігіп судай тасып.

—Ей, жігіт, жүзің солғын кімсің,—деді,

Қай жерден ат арытып жүрсің,—деді.
Атүсті аты-жөніңді айтшы маған,
Күн ұзақ, ермек сөзге болсын,—деді.
Ішінде кіші жүздің руым тама,

Жайлауға беттеп көшкен елім жаңа.
Екенсің бір жас бала жүзің солғын,
Тартқандай көрінесің қайғы, нала.

—Ей, аға,—дедім сонда,—мен бір мұңды,

Жолында бір ғашықтың болдым жынды.
Ұстаттым шылбырымды:—Ұстаңыз,—деп,
Шектіге апарып бер, сыйлық құнды.

Сұрасаң өз атымды,—дедім,—Есім,
Есімнің естіп пе ең әңгімесін?
Шектіде Зылиқадай ғашығым бар,
Өзің біл, замандасым, ендігісін.

—Білемін, күрең атты Есімбісің,

Шектіні бүліктірді сенің ісің.
Сыр білмейтін кісіге жөнің [айтып],
Ақымақ, ақылың жоқ, жындымысың.
Еркек деп сеніп келіп сырыңды айттың,

Ал енді, қырын кетпес бұл жұмысың.
Табармын тірі болсам бір амалын
Басқаға бірін айтпа, білсін ішің.

ғашықтық  дастандар
Сол жерге қондырды елін жинап,

—Көрейін,—деді,—саған жанды қинап.

Бермекке күйеуіне Зылиқаны,
Бұл шекті елін жинап жатыр сыйлап.
Байладым қос күреңді оңашаға,
Жиналып жатыр тойға бала-шаға.

Қыз-қатын, ауыл үсті қалың адам,
Сайрандап батып жатыр тамашаға.

—Сен жат,—деп достым тойға қалды кетіп,

Келмеді, біраз уақыт кетті өтіп.
Астында жаппа салған жатыр едім,
«Есімжан, қайдасың?» деп келді жетіп.
Достым айтты:—Мен бардым ордасына,

Үй іші толған адам төр басына.
Бардым да есік жақтан орын алдым,
Түспейді қыздың көзі болмашыға.
Жиналған жуан қарын билер екен,

Елінің басты адамы бәрі білем.
Ортаға дүниені үйіп қойған,
Будырған ала арқанмен тайлап кілем.
Лақа мен жанат, тиін, түлкі, қасқыр,

Сәукеле, асыл тондар зер еттірген.
Көрмек үшін қарын алтындатқан
Оқалап, оюлатып жарқылдатқан.
Дүниені көргендердің көзі тойып,

Мәз қылып құдаларды қарқылдатқан.
Осылай етем деген бар ғой серті,
Есепсіз дүниенің жатыр кейпі.
Ойбайласаң, өлсең де қарар емес

Дүниеге таңырқаған жұрт есіл-дерті.
Отырдым Зылиқаның көзін аңдып,
Қайғырып белін мықтап алған шандып.

есім—зылиқа
Көзіне көзім түсіп кеткен кезде,
Аузымды қисаңдаттым қызды таң қып.
Күлгендей төмен қарап тағы бақты,

Ернімді тістей қалдым күйген жан қып.
Орнынан сонда тұрып келді жарың,
Жинаулы артымда тұр бір көп сандық.
Сандықты ашайын деп арттан келді,

Тақымын бұрап қалдым, кетті қарғып.
Қайтам деп қарбаңдадым үйден тұра,
Байқамай отыр халық кеуілін дал қып.
Қыздың да кеуіліне кірді сұмдық,

Танытпай таңырқаттым етіп қулық.
Есіктен ере шығып қала берді,
Асығыс сөйлей алмай тұрды буылып.
Қолымды және қарап бір сілтедім,

«Есім» деп ернімді қалдым шүйріп.
Сілейіп маған қарап кірпік қақпай,
Қыз тұрды кеткенімше үйге кіріп.
Түсінді, келмей қалса кінә өзінде,

Жарыңа қосыларсың болса бұйрық.
Араға бітуәші болып жүрмін,
Жегізіп кетпесең де бауыр-құйрық.

—Ендеше, мен жатайын бетім жауып,

Зылиқа білсе келер қылмас қауіп.
Жанына жолдас алмай жалғыз келмес,
Бәлеге ұшыратар бірі танып.
Амалдап осы жолы тақалғанда

Ишарат білдірерсің ебін тауып.
Сүйткенше «қыз келді» деді сонда,
А, Құдай, бұ момынды өзің оңда.
Жанында бес-алты әйел жолдасы бар,

Ере алмай келе жатыр қалып соңда.

ғашықтық  дастандар
Жамылып шекпенімді жаттым төрде,
Зылиқа қыздарымен келді бірге.
Өзіне таныс болған тас тақия,

Көк сауыр кебісімді қойдым жерге.
«Көшкен елге көріскелі келіп ек» деп,
Бұл үйде көп отырмай қайтты керіге.
Кеткен соң тұра келдім:—Немене,—деп,

Зылиқа енді маған келе ме?—деп.

—Таныды тас тақия, кебісіңді,

Көзімді айырмадым біле ме деп.
Көзімен көріп жарың жасын төкті,
Ишарат ымдасуға екен епті.
Көзіне көзім түсіп кеткенінде,

Үш рет қолыменен жерді түртті.

—Ал енді, замандасым, болды,—дедім,

Басыма қайта дәулет қонды,—дедім.
«Үш күндей осы жұртта күт» деп кетті,
Күрең ат ерлігіңе бердім,—дедім.

—Алмаймын күрең атты берме,—деді,

Ат жолдас қысылғанда ерге,—деді.
Жүргенде жау жолында жаяу қалып,
Жабыдан жаман қорлық көрме,—деді.
Қоштасып көшіп кетті беріп азық,

Қапыда сол досымнан қалдым жазып.
Сол жұртта үш күн тостым, қыз келмеді,
Уағада қайда дедім алтын қазық.
Отырдым мен сарғайып ұстап атым,

Келмеді ғашық болған мархабатым.
Қос күрең бірін мініп, бірін айдап,
Ауылға жетіп келдім таңға жақын.
Шеттегі қараша үйге атты байлап,

Сыптай боп шалбарланып алдым жайлап.

есім—зылиқа
Суырып семсерімді қолыма алып,
Ордаға кіріп бардым гүлдей жайнап.
Ордаға кіріп келдім алып қылыш,

—Тәуекел болсын,— дедім,—үлкен жұмыс.

Есіктен кіріп келіп, демімді алып,
Азырақ тыңдап тұрдым етіп тыныш.
Үй іші тәтті ұйықтап қалған білем,
Білінбес байқағанға ояу дыбыс.

Жарық қып жан-жағымды тұрдым қарап,
Қалыпты шаршаған жүріс, жарға құлап.
Зылиқа бар киімін киіп алған,
Алдында қоржын, қапшық қойған сайлап.

Неше күн ұйқы қысқан үйін аңдып,
Алыпты ақ жібекпен белін шандып.
Ояттым ептеп қана жақын барып,
Түсініп төсегінен түсті қарғып.

Зерлеген масақана жасыл жібек,
Тоқтамай лүпілдеді сасып жүрек.
Бауларын қиып тастап, жиып алып,
Қойныма тыға салдым, бар ғой тілек.

Қоржынды ала-мала шықтым тысқа,
Қарауыл босағада жатыр тыста.
Аяғын тәлтіректеп қыз басқанда
Деп «ойбай,—айқай салды,—мынаны ұста».

Орнынан осыны айтып тұрды ұшып,
Қолынан ұстай алдым алдан түсіп.
«Тырп етсең, шабамынң—деп ұмтылғанда,
Жым болды, қорыққаннан артын қысып.

Қыз барып, атқа мініп қайта келді,
Күреңді көлденеңдеп тарта берді.
Екеуміз екі жүйрік мініп алдық,
Қолыма қызды Құдай қайта берді.

ғашықтық  дастандар
Құбылды көңіл, шіркін, қалған жасып,
Еліред ат мінгенсін судай тасып.
Ауылдан ай астына тарта бердік,

Қосылып «гигигайлап» әнге басып.
Ит үріп, айқай-ұйқай, азан-қазан,
«Қыз қашты» деп ақырды таңмен азан.
Жүгіртіп жүйріктерге қамшы бастық,

Алдым шаң көрінеді, артым тозаң.
Тәуекел, енді түстік ұзын жолға,
Берген соң не тұру бар қызды қолға.
Сол кеткен бетімізбен үш күн қашып,

Біз келдік үлкен шаһар Орынборға.
Аралас мәстектермен жегіп арба,
Жайласып мініп рақат күлйарға*.
Аралап оңтүстікті екі ай жүріп,

Түсіріп қыстап қалдым Дениярға**.

Келер жыл қарақалпақ көктей өттім,
Тәшкенді бір-екі жыл мекен еттім.
Бас қосқан үш қазақтың ортасы деп,
Қоян жыл Ақмешітке келіп жеттім.

Тамадан қоныс алдым Сыр бойында,
Бейнеттің көрдім, аға, мұндайын да.
Жайладық соңғы кезде Қарақұмды,
Іздеуге Есекеңді жүрді ойымда.

Тірі болса дидарын көрейін деп,
Өлі болса дұға қып келейін деп.
Қартаятын уақыты болып еді,
Хал-жайын барып әбден білейін деп.

* Қолжазбада күлйар—шолақ арба деп көрсетілген.
** Қолжазбада Денияр—көл аты деп көрсетілген.

есім—зылиқа
Қарсақбай, Қайдауылды араладым,
Сұрау сап бес қыпшақты сараладым.
Елімнен шыққаныма екі ай болды,

Қабырға, Торғай бойын жағаладым.
Ас пенен деп іздедім тойда бар ма,
Шыбын жан табайын деп бойда барда.
Дәулеттінің дәмінде кездестірді,

Бұл үйде тап болам деп ойда бар ма.
Қуаныш көңіл жайлы болған соң жол,
Шонжарлар жиылыпсыз ақылға мол.
Баяғы тама достым таба алмадым,

Өлгенше ұмытпайтын арманым сол.
Бұлайша орындалды бір мұратым,
Қайраттан кезім емес болдыратын.
Бұл күнде жиырма жеті жасқа келді,

Әлі бар жан жолдасым күрең атым.
Жалданбайды, жүреді жоны ашылмай,
Адамның аты жолдас баласындай.
Бұл күнде бір ұл, бір қыз перзентім бар,

Сұрасаң біздің жайды, міне, осындай.
Руымды сұрасаңыз, руым—арғын,
Әкемнен алты жаста жетім қалдым.
Көрісіп мен жыламай, кім жыласын,

Қолында өсіп едім мынау шалдың.

Ертеде естімеген елде көп-ті,
Кім айтар әңгімені елде жоқты.
Бірі әділ, бірі момын, бірі зәлім,
Жаралған бірдей болып пенде жоқ-ты.

Біреудің ажалы су, біреуі оттан,
Кейбіреу шаһид болған бір апаттан.
Дүние кейбіреуге кең жай болып,
Кейбірін қапаста қып зар жылатқан.

Сонымен заман азып бара берген,
Бірінен бірі орын ала берген.
Тамаша талайлардың қылған ісі
Аңыз боп, ел ауызында қала берген.

Ертеде шығармаған ел есінен,
Билердің билік айтқан төресінен.
Батырдың, бай-жарлының әңгімесін
Қарттардың көп естідім кеңесінен.

Атағы ер жігіттің өнерінде,
Өлімге кім араша сөнерінде.
Айтыпты Қарға батыр бір әңгіме,
Халқына сырын шешіп өлерінде.

Қарғаның бәйбішесі басында отыр,
Мәпелеп, сусын беріп қасында отыр.
Ақсақал, игі жақсы жиналыпты,
Қарғаның көңілін сұрап осында отыр.

Қарға батыр

қарға  батыр
Бәйбіше айдын көлдің аясындай,
Көз тартар алтын тонның жағасындай.
Халықты қадірменен сыйлаушы еді,

Орнықты отыз бие сабасындай.
Ұлықтан үлкен келсе қадірлейтін,
Кісінің көрінуші еді данасындай.
Алдына бәрі келіп еркелейтін,

Өзінің мархаббатты анасындай.
Көтеріп төсегінен Қарға басын,
Бір шолып қарап алды айналасын.
Халқына өсиетін айта келіп,

Сөйлейді көзден төгіп ыстық жасын.

—Уа, жұртым, пенде бар ма өлмейтұғын,

Алланың аманатын бермейтұғын.
Жаралып бұл дүниеге келгеннен соң,
Жан бар ма көресісін көрмейтұғын.
Көп еді қайсарлықтан еткен ісім,

Бұл күнде сырқаулықтан кетті күшім.
Аяғын шалыс басқан ғапыл пенде,
Мақшарда өттім демек ненің үшін.
Армансыз өткен жан жоқ бұл жалғаннан,

Бақ қонып, құтым аумай албарымнан.
«Сені ме» деген дұшпан топ болушы ед,
Қолымды салған созып қармағымнан.
Бермеп ед жаста Тәңірім несібіме,

Кедергі, тоқтау салып кәсібіме.
«Пендеге пенде болып өтпейін» деп,
Байлардың жалданбадым есігіне.
Жоқтықтан жүдеушілік көрді басым,

Он беске жетімдікпен жетті жасым.
Халықтың қазынасынан не пайда бар,
Бермейді бейнет қылмай ішер асын.

ғашықтық  дастандар
Қолыма он алтымда жүген алдым,
Жоқтықтан жұрт малына құрық салдым.
Ел кезіп, ебелектеп түнде жортып,

Жексұрын, малдыларға ұры атандым.
Атандым соныменен «ұры Қарға»,
Қайратпен қара таппай ұрынарға.
Қорқақтар құрығымнан сескенген соң,

Деген жоқ «жаман атақ» мынау Қарға.
Мен кеттім бір заманда елден жырақ,
Құла дүз, құз бен шыңды етіп тұрақ.
Бірге жеп біреудікін, бытыстырып,

Соқтықпай момындарға жүрдім бірақ.
Қараөткел, Қызылжар, Қырдуаннан,
Орал мен Есіл, Жайық, Сырдариядан,
Келемін топ-топ айдап, күн-түн қатып,

Алғандай қалыңмалды бір құдамнан.
Түн қатып, түсім қашып ел ақтадым,
Орман, тау, сай-саланы қонақтадым.
Кісіге көңіл еткен беріп кеттім,

Біреуін өз басыма жаратпадым.
Тарқады талай жерде құмарларым,
Талайды тезге салып нығарладым.
Болғанмен қандай асқан артық палуан,

Қос қолдап бір ұрғаннан шығармадым.
Мені кеп ала алмады ешкім аттан,
Еткен жоқ жолға салып, бұғау қақпан.
Талайы қараңғыда қарсы келген,

Боп жүрді бір ұрғаннан қаза тапқан.
Осындай көп жүрістің біреуінде,
Жерім бар өлмей қалған бір ұяттан.
Кетейін жан барында сіздерге айтып,

Кейінгі кеңес етсін біздің шақтан.

қарға  батыр
Бір жылы Алатаудан жылқы тартып,
Келемін тыным алмай, күн-түн қатып.
Үстіне қалың елдің кеп қалыппын,

Қарасам түн ағарып, таңдар атып.
Жақындап күн шығуға қалды таң да,
Көрініп анау-мынау жақын маңда.
Болғанда-ай көзге түсіп қалатұғын,

Мен келдім паналауға бір көп тамға*.
Күн шығып, сәске болды быж-быж қайнап,
Қойшылар өрістетті қойын айдап.
Жағалай өрлей қонған қалың ауыл

Шаңдатып бие қуып, жем байлап.
Бір кезде ақ киімді, ақ боз атты,
Ақсақал қыр мұрынды, ұзын жақты.
Боз атты қамшысымен сипай салып,

Ырғалтып, аяңдатып келе жатты.
Жақындап келіп қалды тамға таман,
Қашуға келмей қалды менің шамам.
Белгілі «ұры көті—қуыс» деген,

Қысылып мен барамын сонан жаман.
Сыртынан ол моланың бір қарады,
Жан-жаққа көзін салып қарамады.
Қаңтарып ақ боз атқа шідер салып,

Қорымды жаяу келіп аралады.
Отырды бір молаға шарт жүгініп,
Көп уақыт отырар алдын біліп.
Тұрып кеп, аяқ жақтан тағы отырды,

Оқиды қираат пен тәбаракты.
Отырдым осы араға келеді-ау деп,
Тығылып жатқан мені көреді-ау деп.
* Там—мола мағынасында.

ғашықтық  дастандар
Қалың ел хабарланып ұстап алса,
Сазамды ұмытпастай береді-ау деп.
Отырып әрбір түрлі ойға қалдым,

Бір ақыл тапқаныма мен қуандым.
Еңбектеп молалардың арасымен,
Бір көрге үңірейген кіріп алдым.
Бұрын да талай қулық тапқан едім,

Молаға қорқытпаққа жатқан едім.
Көрғап боп көрден шығып елді үркітіп,
Олжаға қорқақтардан батқан едім.
Тағы да соны істеп көрде жаттым,

Ысқырып көрдің ішін ызыңдаттым.
Ауызымды қисаңдатып, тісім қайрап,
Шығарып көрден басым жылмаңдаттым.
Моланың оң жағынан тұрып барып,

Оқиды бұрынғыдай «кәлам шәріп».
Көр ішін күңірентіп бір көрінсем,
Қарайды сескенбестен көзін салып.
Үш рет Құран оқып әлгі батыр,

Қауіпсіз еш нәрседен болмай қапыл.
Қағынып етек-жеңін түрегеліп,
Аяңдап маған таман келе жатыр.
Тауыстым өнерімді енді сарқып,

Құтылам бұл қу шалдан енді қайтіп.
Еңкейіп тесікке келіп қолын созып,
Шап беріп сирағымнан алды тартып.
Бойымен тартып алған кетті үйіріп,

Саусағы сирағыма кетті кіріп.
Ақырып жалғыз қолмен айналдырып,
Қамшымен шыпылдатып қояды ұрып.

қарға  батыр
Үйіріп әрі бері қамшылады,
Қамшыдан қайтіп жылдам жан шығады.
Қамшы өтіп, көп-көк ала қойдай болып,

Қан ағып қабырғамнан тамшылады.

—Батыр-ай, жаным сауға, адам едім,

Іс қылған бос қулықпен надан едім.
Әл білмей, ақымақтықтан түстім торға,
Мал ұрлай елге таман барып едім.
Адаммын, малғұн емес, атым—Қарға,

Құдайым кездестірді сіздей зорға.
Жанымды бір шыбындай сауғаға бер,
Жылқының жетектегі бәрін ал да.
Сол кезде тастай берді мені жерге,

Адаммын дегеніме сенді дағы.
Білген соң анық адам екенімді,
Ал сонда мынау қарттың сөйлегені.

—Уа, шіркін, солай ма екен,—деді,—балам,

Егерде көрғап болсаң, басыңды алам.
Екінші мұндай іске жоламаңыз,
Өзіңнен зорлар шықса келмес шамаң.
Сен дағы бір нанталап ер екенсің,

Әркімнен хайлаң асып жүр екенсің.
Ұрлықпен малды тауып күнелтем деп,
Қусынған бір жаңғалақ неме екенсің.
Кетейін бір сапарға арың төкпей,

Жастықтың кім жүреді қосын жекпей.
Әр істі өте аңғарып ойлап істе,
Арасы әр адамның жер мен көктей.
Дедің бе қорыққаныңнан жалынайын,

Байқадың қарт ағаңның мәні-жайын.
Еңбек қып алғаныңды шығындатып,
Сен иттің малыңды алып не қылайын.

ғашықтық  дастандар
Көрдім деп мен айтпаймын, өзің біл,—деп,
Шал сонда атқа мініп болды жүрмек.
Батырдан қол қусырып, жөн сұрадым:

—Көрдім,— деп,— қалар едім, сізді кім?—деп.

Шал айтты:—Пайда бермес ұсақ айла,
Ғибрат бұл ісіңнен таптың пайда.
Сұрасаң менің атым—Төлек Жәуке,
Мерт болдың арыстандай шауып айға.

Соны айтып өз жайына кете берді,
Ешкімге сездірмедім бұл хабарды.
Ұяттан ғайып пенде өлмейді екен,
Не керек, әттегене, ұрдым санды.

Бір ісім осы менің айтпай кеткен,
Бұған да әжептеуір заман өткен.
Тағы да бір сөзім бар Гүлсім жайда,
Айта алмай көптен бері іште кеткен.

Арқада ардагермін арқыраған,
Ақырсам айдай әлем қалтыраған.
Жасым бар сол уақытта отыз бесте,
Өзімнен кетпеген кез асып адам.

Үйсіннің бір баласы сіргелі еді,
Қашаннан қара әруақ іргелі еді.
Қан тамып, қамшысынан қалтыратқан,
Қарғаның қағындырған күндері еді.

Мен кеттім Алатаудың бауырын өрлеп,
Сыйғызбай ыстық қайрат бойды кернеп.
Ішінде қалың ағаш паналаймын,
Ауылдан жылқы ұрлауға шыққан желдеп.

Ағаштың біраз жаттым арасында,
Тасалап жас қарағай панасында.
Аптығып шөлдеген соң елге келдім,
Түс ауып, намаздігер шамасында.

қарға  батыр
Көрнекті бір ақ орда шетке таман,
Баруға соған таман ұрдым қадам.
«Сол үйден сусын ішіп шығайын» деп,

Атымды тысқа байлап кірдім соған.
Есіктен сәлем беріп кірдім барып,
Бір кемпір қарсы шықты құман алып.
Қайырылмай өте шықты әлгі кемпір,

Амандасқым келіп еді тұра қалып.
Оң жақта бір қыз отыр белі қындай,
Он саусақ, ақ білекке тартқан сымдай.
Аққудың көгілдірі секілденіп,

Жан-жаққа қарамайды мойын бұрмай.
Көрдім де сол сұлуды болдым дертті,
Жүрегім төмен тартып, бойым кетті.
Түймесін мақпал шапан қадап отыр,

Сүп-сүйір он саусағы, инеге епті.
Мен қалдым қызды көріп тамашаға,
Жат қызға жат жолаушы жанаса ма.
Біреуі босағада, бірі төрде,

Лықып тұр сырлы піспек, қара саба.

—Құдаша, амансыз ба?— дедім қарап,

Жолаушы ем жоқ жоғалтқан бір нанталап.
Аптығып шөлдеген соң елге келдім,
Келіп ем ішейін деп сусын, шалап.
Бұл сөзге елең етіп міз бақпады,

Ол, сірә, маған қарап тіл қатпады.
Өзінің ісіменен бола берді,
Назар сап қарау түгіл ұнатпады.
Орнымнан сол уақытта тұрдым ұшып,

Шараға қымыз құйдым пісіп-пісіп.
Қыз сонда маған қарап езу тартты,
Жатқанда шарасымен қымыз ішіп.

ғашықтық  дастандар
Есіктен бір жігіт кеп ыржаң етті,
Ол қызға көзін қысып тыржаң етті.
Түймесін қадап қойған шапанды алып,

Киді де үйден шығып алыс кетті.
Сонымен атқа мініп мен де кеттім,
Бұрынғы өзім тұрған жерге жеттім.
Кешкілік жылқы өрісін бетке алып,

Ағаштың арасына тағы кеттім.
Бір кезде ымырт жабылды көз байланып,
Қараңғы, айсыз, жарық түнге айналып.
Пысқырып қалың жылқы келе жатыр,

Ағашқа бетін қойып ыңғайланып.
Жылқышы өрістетіп кетті қайтып,
Әндетіп жүр тақайлап өлең айтып.
Үстімнен қалың жылқы өтіп жатыр,

Қараймын бір тасада мен де жатып.
Ел жатып, ұйықтаған кез жұрттың бәрі,
Күзетсіз қалды елдің барлық малы.
Ызыңдап құлағыма естіледі

Біреудің жаяулатып салған әні.
Тыңдадым сылдырымды білдірместен,
Бір қара келе жатыр мүдірместен.
Әлгі адам қосарында бір аты бар,

Тұсымнан өте шықты кідірместен.
Ағашқа кіргеннен соң жүрді жаяу,
Жақындап мен де келдім оған таяу.
Екі атты бір ағашқа байлап тастап,

Жүгіріп елге кетті жігіт жаяу.
Аяңдап аттарына келдім жақын,
Байқадым назар салып мінген атын.
Ат-тұрман әшекейлі, алтын жабдық,

Жігіттің тамаша еттім салтанатын.

қарға  батыр
Ойладым «бұ да мендей ұры ма деп,
Ел кезген қарақшының бірі ме деп.
Болмаса бір сүйгені мұның болып,

Қыз алып қаша жүрген сері ме» деп.
Көрмедім өмірімде мұндай малды,
Салқы ерін, салқы төсті, серке санды.
Оқтаудай бауыр еттер жарап қалған,

Қыл сағақ, қамыс құлақ, майда жалды.
Бірі көк көрінеді, бірі күрең,
Сұп-сұлық байлаулы тұр қылмай елең.
Ығысып, шошынысып, құлақ қағып,

Көрген соң пысқырады келген менен.
Ойладым «осы ат маған жарамай ма,
Екеуін он жылқыға баламай ма.
Екеуін алып кетіп елге барсам,

Біріне бір қыз беріп қаламай ма.
Тумаған өмірінде мұндай құлын,
Келмеген дүниеге бұдан бұрын.
Біреуі бір жесірлік аттар екен,

Бара ма күйіп кетіп берген пұлым».
Дедім де аттарды мен алдым шешіп,
Жетекке тартынбайды желдей есіп.
Екі атты аулақ жерге байлап тастап,

Болар деп артын күттім әлденешік.
Бір екеу келе жатыр күңкілдесіп,
Жалтақтап көрінгеннен үрейлесіп.
Күліскен дауыстары дірілдейді,

Бірі алда, бірі артта жүр-жүр десіп.
Шегініп орнымнан тұрдым тайып,
Бірі қыз, бірі жігіт ерлі-зайып.
Манағы қойған атын таба алмай жүр,

Жым-жылас орнынан болған ғайып.

ғашықтық  дастандар
Дағдарды сонда жігіт тұра қалып,
Тыңдады жан-жағына құлақ салып.

—Шайтан ба, жын-пері ме, алып кеткен,

Байлаған осы еді ғой жерім анық.
Қызға айтты:—Осы арада отыр күтіп,
Жүгірді өкшелері тық-тық етіп.
Соны айтып жігіт кетті жолға түсіп,

Қыз қалды орнында үні бітіп.
Мен тұрмын сол арада салып құлақ,
Сырлары мәлім болды оның бірақ.
Дыбысы ол жігіттің естілмейді,

Алыста бірталай жер кетті жырақ.
Ойладым қыздан бір сөз сұрайын деп,
Кез қылған оңашада Құдайым деп.
Тағы да бір қиялдың соңына ердім,

Бұйырса қызды олжа қылайын деп.
Үстіне көк домбайдың мініп алдым,
Шылбырын қос бедеудің іліп алдым.
Манағы жігіт кеткен даңғыл жолмен,

«Қайдасың,— қызға—жүр» деп жетіп бардым.
Қыз айтты:—Арам қатқыр, мұнша зар қып,
Жаяулап қалғаныма тұрмын ар қып.
Көтеріп қол боқшасын маған берді,

Үстіне қыз күреңнің мінді қарғып.
Көргенде қызды бойым кетті балқып,
Бұрылып алға түсіп кеттім шалқып.
Қыз мені қараңғыда байқаған жоқ,

Құйқылжып біз барамыз жолмен тартып.
Құдайым бір сұлуды берді қолға,
Қарғаға болмағандай мұндай олжа.
Қыз мінген күрең атқа көзім салсам,

Шалмайтын төрт аяғы судай жорға.

қарға  батыр
Тас жүген, алтын алқа алқылдаған,
Қолында алтын қамшы жалтылдаған.
Қайшылап қос құлағын аршындайды,

Қара жер дүбірінен солқылдаған.
Келеді қыз қайқая кере тартып,
Кейде бір сөйлескім кеп жауап қатып.
Қыз, күрең домаланып келе жатыр,

Ақ көбік омыраудан кеткен шалқып.
Көк домбай шоқақтайды елбең-елбең,
Мысықтай секіреді жарлау жерден.
Тоқтамай түні бойы кеттік жүріп,

Бір жан жоқ түні бойы бізді сезген.
Кім білер ішіндегі қыздың дертін,
Қыз атқа ие болды емін-еркін.
«Басыма мына құрғыр тұрмады-ау» деп,

Қолға алып маған берді кәмшат бөркін.
Атымның басын тартып шегіншектеп,
Артыма қолым создым еріншектеп.
Қойныма қыздың бөркін тыға салып,

Жөнелдім сыр білдірмей жеріншектеп.
Қоңыр жел таң салқыны самал соғып,
Жымыңдайды жұлдыздар да күлімдесіп.
Ат-тұрман әшекейлі сылдырлайды,

Бейне бір жөнелгендей жайдан көсіп.
Сыбанып ақ білегін оқа жеңнен,
Сүйеді таңның лебі ақ бетінен.
Киіктей шыңнан қашқан желіп жортып,

Кезінде асып түстік қоңыр дөңнен.
Бір кезде таң түрілді құлан иек,
Көрініп көзге сұлу оқа жиек.
Оқ [бойы] қыз алдында қосар атпен,

Ағызып ауыздыққа келем сүйеп.

ғашықтық  дастандар
Ақ боз ат қосардағы ойнап басар,
Күлімдеп күмбездері көңіл ашар.
«Тәңірдің бергеніне шүкірлік» деп,

Келемін шаттық кернеп, судай тасып.
Күндік жер бұл уақытта кеттік жүріп,
Түнімен тоқтамадық бір кідіріп.
«Сұлуым, танимысың жарыңды» деп,

Оралып аттың басын келдім бұрып.
Қыз сонда ұрынғанын білді бірақ,
Жас ақты көздерінен мөлдір бұлақ.
«Айырып не жазығым бар еді» деп,

Қыз сонда аттан түсіп қалды құлап.
Шаң жұққан ақша бетін, қалам қасын,
Отырмын қыздың сипап маңдай шашын.
Түймесін ағытқанда демін алып,

«Үһ» деп қыз көтерді сонда басын.

—Сен мені мал дедің бе ұрлайтұғын,

Бұл дәурен қолда үнемі тұрмайтұғын.
Қанішер, қаражүрек залымбысың
Жазықсыз жанға рақым қылмайтұғын.
Ер болсаң елден сұлу таппадың ба,

Қыздарға қылығыңнан жақпадың ба.
Кім едің елге симай шығып жүрген,
Барыңды маған бола сақтадың ба.
Отырды осыны айтып жасын алып,

Дидарын таң атқан соң көрдім анық.
Кешегі менсінбеген кербез сұлу,
Байқасам көз тоқтатып назар салып.
Болмады мұны көріп менде төзім,

Бар еді ашуланшақ бір мінезім.
Қыз сөзі шымбайыма батып кетіп,
Мінекей, қызға сонда айтқан сөзім.

қарға  батыр

—Сен, шіркін, шыныңды айтшы, маған жөндеп,

Жерің жоқ рай берген маған кел деп.
Ауылыңа кеше күндіз барып едім,
«Жолаушы жоқ жоғалтқан жан едім» деп.
Адам деп қайырмадың жауап жөндеп,

Шапанын тамырыңның қылып ермек.
Көсілген аяғыңды бір жимадың,
Жөн еді жат кісіге жауап бермек.
Жігітке өз-өзіңнен мас болғаның,

Басқаға қозғалмастай тас болғаның.
Қайламды сол жігіттен асырмаққа,
Менің сол сеніменен қас болғаным.
Жақсы қыз жақсы сөзбен жауап берер,

Сипаты сипатына түзу келер.
Басыңа заманақыр түскен кезде,
Сен болдың ардақты қыз сөзге шебер.
Қу сайқал, тастайын ба басыңды алып,

Көрейін жүрегіңді сенің жарып.
Бойыңда өз мініңді өзің білмей,
Сөйлейсің әр нәрсенің басын шалып.
Мен дағы өз елімнің Қарғасы едім,

Ерлердің елеп сүйген жолдасы едім.
Құдайым кездестірді мені саған,
Болмаса ат көтіне алмас та едім.
Қанағат еттің бе, қыз, аманыңа,

Мен сенің қызықпаймын ажарыңа.
Алдырған аңқаулықтан бір ақымақ,
Атқа мін, апарайын жаманыңа.
Жүруші ем жортуылда жаһан кезіп,

Тұрмаушы ем ерегіскен жаннан төзіп.
Қыздардың опасыздық мінезінен
Жүруші ем барлығынан түгел безіп.

ғашықтық  дастандар
Басымның қуанушы ем аманына,
Қорықпай кіруші ем жау қамалына.
Мен, сірә, саған құмар емес едім,

Атқа мін, апарайын жаманыңа.
Шыныңды айт, махаббатты отың жанса,
Сөндіріп мен қалмаймын обалыңа.
Болмаса сөзіңді қой, ер өзіме,

Тап қылған Тәңірім шығар талабыма.
Қыз сонда баяндады мәні-жайын:

—Жаратқан қызды сорлы бар Құдайым.

Қарғажан, айтқан сөзің батып кетті,
Тыңдаңыз, мен жайымды баяндайын.
Әкеттің мені айырып айлаң асып,
Амал не, Тәңірім сізге қылса нәсіп.

Мен дағы торға түскен ғаріп едім,
Ол жігіт жарым емес болған ғашық.
Үйсіннің бір баласы абақ тарақ,
Оларға дәулет берген Тәңірім қалап.

Бар екен Қожагелді деген байы,
Бықсыған дәулетті өзі және салақ.
Елдері бай Қожеке дейді оны,
Жүретін көше жайлап ылғи соны.

Үстінен ала жаздай түспейді екен,
Көн шалбар, көне тымақ, сеңсең тоны.
Бар екен соның саңырау бір баласы,
Бұл күнде жиырма алтыға келген жасы.

Кәсібі қауға тартып, қой бағады,
Өсірген осылай қып ата-анасы.
Сөзіңді айқайлаған естір зорға,
Ас, тойда мінеді екен жайдақ нарға.

Ет салып, тойда олжа алады екен,
Белінде жүреді екен шекпен дорба.

қарға  батыр
Үстіне бір сарт шапан киеді екен,
Аяққа көне шабата іледі екен.
«Па, шіркін, Қожекеңнің мырзасы» деп,

Көз қысып, көрінген жұрт күледі екен.
Әкемнің өз көзінің тірісінде,
Жақтырмай елдің жақсы, бірісін де.
Айттырып Қожекең де құда түсті,

Әкемнің жұрт күйінді бұл ісіне.
Тағы да бір бай бар еді аты Ботпай,
Бар екен жалғыз ұлы жанған оттай.
Ешкімге құда түспей жүрген кезде,

Әкеме келеді екен ат құрғатпай.
Айтқанын оның қабыл көрмеуші еді,
Қызымның жасы кем тұр деп бермеуші еді.
Өкпелеп «сен балама бермедің» деп,

Әкеме өлгенде олар келмеуші еді.
Былғайды бұл жаманат бүкіл елді,
Болмады дәурен сүрмей жүруге енді.
Қасында алты кісі жолдасы бар,

Бір күні саңырау күйеу ұрын келді.
Анамыз қонақасы сойып қойын,
Ілулік, есік ашар етіп тойын.
Жеңгейлер желкілдейді маза бермей,

«Жүр, бикеш, болады,—деп,—қазір ойын».
Отауға күйеу келе төсек салды,
Қасына саңыраудың мені апарды.
Он шақты қасымдағы бөтен қыздар

Менімен қошеметке бірге барды.
Сыбырлап күйеу келмес сырласуға,
Болмады көңілдегі сырды ашуға.
Отырмын қайраттанып белді буып,

Бола ма амал таппай құр жатуға.

ғашықтық  дастандар
Дастархан төрге келді тамақ жайлап,
Бұрқырап сары самаурын келді қайнап.
Алдына жеміс қосып төккен нанды,

Жем жеген мәстек аттай былш-былш шайнап.
Ет берді құдаларға, тартты табақ,
Ұнатпай жолдастары түйді қабақ.
Сыпырып барлық етті бір-ақ соғып,

Қарайды сүйек мүжіп алақ-жалақ.
Егерде кісі болса сынағандай,
Болар ед аяғаннан жылағандай.
Өгізше сөйлегенде мөңірейді,

Ұрда-жық сөзі таудан құлағандай.
Жыладым мен шешеме үйге келіп:

—Қойдың,—деп,—бір жаманға жемге беріп.

Қасында мұның дәурен сүргенімше,
Армансыз қара жерге кетем кіріп.
Шешеміз естіп, білді күйеу жайын,
Көңілінде бір мен үшін бар уайым.

—Жата ғой, ренжіме, төсегіңе,

Көрерсің күнің туса, қарғатайым.
Сонан соң құдаларға берді қабар,
«Бұл жолы қалыңдығы емес даяр.
Тағы да бұдан былай келерсіздер,

Сүйісіп сүйгенменен тарқар құмар.
Аттансын әзірінше айып етпей,
Қазақтың қағидасы болар солай.
Емес қой жете алмайтын ауыл алыс,

Келерсің бергеннен соң өзім қабар».
Сонымен күйеу кетті кінә қоймай,
Етіне бір бағланның қарны тоймай.
«Дариға, күнім қашан туады» деп,

Жүруші ем арып-ашып тыным алмай.

қарға  батыр
Күн бар ма малға сатпай ұзатар қыз,
Ұзатса бармаймыз деп айта алмаймыз.
Басқа бір қыз ұзатар ойын болып,

Күн бар ма отыратын қызойнақсыз.
Шақырып сол ойынға біз де бардық,
Тиісті біз де төрден орын алдық.
Бас қосып қыз, бозбала мәжілісте,

Жастарға бір дәреже мейірбандық.
Ортада біреу отыр тойды бастап,
Қолында домбырасын әнге тастап.
Аяғын «Гүлсім-ай» деп қайырады,

Салмағын сөздерінің маған тастап.

—Ауылым келіпті тау аңғарына,

Сөз айтам саналының заңғарына.
Құланның құба жонда қодығындай,
Кез болдың Қожекеңнің маңғазына.
Япырым-ай, Гүлсім, сенің көрген күнің,

Меңіреу болдың олжа саңырауға.
Зарланып жарық көрмей өткеніңше,
Құдайдан иман тіле, жалбарын да.
Жұрт шулап қошеметтеп дейді «пәлі»,

Кетеді сөйлей берсе одан әрі.
«Қор болған бір құзғынға Гүлсім-ай» деп,
Таң қалып жұрттың бәрі тарай қалды.
Сонымен мен үйіме қайтып келдім,

Жігіттің ән мен жырын айтып келдім.
Шешемнің алдына кеп басым сүйеп,
Дедім мен:—Жан күйігін тартып келдім.
Айта алмай одан әрі бітті халім,

Шешемнің жүрегіне түсті жалын.
Ән салған сол жігітті сұрастырсақ,
Баяғы Ботпай ұлы, аты—Ғалым.

ғашықтық  дастандар
Шақыртты бір жеңгеме түн ішінде,
Шешемнің жұрт таң қалды бұл ісіне.
Тасалап қараңғыда алып келді,

Домбыра етегінің жүр ішінде.

—Шырағым, шақырды деп қылма өкпе,

Шешеннің тілі ортақ деген көпке.
Кінә жоқ жарылмаған жас қауында,
Ән салып ұнатар ек айтсаң бізге.
Баланың қайғысына әкесі ортақ,

Ойласаң миға салып болады анық.
Әкесі өліп кетті жас кезінде,
Амал не, ылажың жоқ құдіретке.
Өлеңді бастан-аяқ қайта айтып бер,

Тізбектеп түрлендіріп әнмен бөгеп.
Баламды көп ішінде ұялтыпсың,
Кәнекей, қандай кінә қойдың не деп?
Сонан соң домбырасын Ғалым алып,

Жіберді түрлендіріп әнге салып.
Жұмбақтап бір-екі ауыз өлең айтты,
Басқаға түсініксіз, біздерге анық.

—Жүрегім менің дағы сары уайым,

Біреудің біреу білмес халі-жайын.
Әшейін Гүлсімге арнап айттым біраз,
Егерде басқа болса не қылайын.
Ылажсыз бір ақсұңқар түстің торға,

Түстің де болдың олжа саңырауға.
Бұғаудан босанарлық ылаж таппай,
Жем болдың құзғындарға жалаңаяқ.
Деді де домбырасын сүйей салды,

Еш адам сезбей қалды бұл қабарды.
Ғалымға қымыз құйып шешем байғұс,
Күрсініп біразырақ ойға қалды.

қарға  батыр

—Шырағым, өкінгеннен болмас пайда,

Қол созған талапкер көп осындайда.
Қапаста ақсұңқарым түсті торға,
Бұғаудан босататын ерлер қайда.
Бұл бейбақ қалып еді жастай жетім,

Тартып жүр құдіреттің зор бейнетін.
Әшейін аяқ асты қылмайын деп,
Бұрынғы әкесінің өсиетін.
Қайтейін, надандықтан айтқан сөзім,

Бола ма мұны көріп менде төзім.
Қайратың жетсе, сен ал бұл қызымды,
Ақтарсың ақ сүтімді келсе кезің.
Әкең жүр өкпелеумен үйге кірмей,

Ағайын араз болды бізді көрмей.
Ақырда Тәңірім солай жазған шығар,
Кетіп еді марқұм маған ырық бермей.
Орнынан сонда Ғалым түрегелді,

Кемпірден бата сұрап жалынды енді.
«Өмірің ұзақ болсын, бақытты бол»
Деп шешем қолын жайып бата берді.
Сөз болды әжептеуір сонан бастап,

Әрине, анам сөзі жүзеге аспақ.
«Түймесін шапанымның қадап қой» деп,
Шапанын кетіп еді маған тастап.
Сөзім жоқ, ауызымнан берген сертім,

Анамның сөзін бөліп кіріспедім.
Қатені сізге істеген мойныма алып,
Бас иіп аяғыңа, соңыңа ердім.
Қолына тарақтының түстім барып,

Құдірет сіздей ерге қылса нәсіп.
Бекер деп енді қалай айта аламын,
Істеген істерімнің бәрі де анық.

ғашықтық  дастандар
Ежелден мағлұм емес сізге сырым,
Солған жоқ, Тәңірге аян, қызыл гүлім.
Нақақтан күнәсізді күйдірмеңіз,

Көп жүрген жігіт білер қыздың сырын.
Басыма ауыр қайғы салмаймын ба,
Ашылмас бір пәлеге қалмаймын ба.
Болады қайда барсам Хақ бұйрығы,

Ат сауыры деген атақ алмаймын ба?
Соны айтып қыз орнынан түрегелді,
«Мінеки, алыңыз» деп қолын берді.
Ақ жүзін аймаладым армансыз боп,

Аққудай мекендеген айдын көлді.
Сеністік көзбен көріп сол арада:

—Кездескен бір іс шығар талабыма,

Екі елді таластырып кеттік бірақ,
Анамның қалдым мен де обалына.
Сонымен атқа мініп жүріп кеттік,
Арада ай жарымдай сапар шектік.

Арқаны жайлап жатқан қалың жаппас,
Ауылына сәске түсте келіп жеттік.
Қаншама жүргенменен сыр сырласып,
Айтпадым өз жайымнан бір сыр ашып.

Менде жоқ маңыраған жалғыз тоқты,
Және жоқ паналайтын жыртық лашық.
Таяндық Бұқарбай мен Сейіл байлар,
Көп жылқы көкалалы мыңдап айдар.

Екеуі екі көлдің басын алып,
Қозыкөш іргелес боп бірге жайлар.
Оларға менің еркім алынбаған,
Қызығып байлығына жалынбағам.

Ар көріп есігіне жалдануды,
Ешкімге көзім сатып табынбағам.

қарға  батыр
Бар еді Қалша дейтін бір құрдасым,
Ол менен аямайтын мал мен басын.
Неме еді әрі жомарт, ер көңілді,

Түсуге кетті соған ықыласым.
Қызға айттым:— Бұл қара үйге кетсек түсіп,
Дем алып аттанайық бір шай ішіп.
Барармыз барар жерге кешке қарай,

Барады ауа қайнап, күн де ысып.
Қыз айтты:—Ауылыңыз болса қашық,
Барармыз дәм бұйырса болса нәсіп.
Өзімнің сүйіп алған жарым деңіз,

Айтпаңыз басқа сөзді бір сыр ашып.
Біз келіп іздеп түстік замандасты,
Шын достың уағадасы жоғалмас-ты.
Үйінен жүгіре шығып Қалша байғұс,

Көрісіп бізбен келіп амандасты.

—Қарғажан, құтты болсын алғаныңыз,

Осы еді біздің дағы арманымыз.
Алдыңда қалың елің күтіп отыр,
Енді бір той жасауға қамданыңыз.
Шешініп біз отырдық төрге жайлап,

Жиылып келіп қалды ауыл-аймақ.
Бұқарбай, Сейілдерді хабарлауға
Бір атқа Қалша мініп кетті айдап.
Біреулер кеп, біреулер кетіп жатыр,

Осындай қызық дәурен өтіп жатыр.
«Япырым-ай, мұндай сұлу көрмедік,—деп,
Алғаның құтты болсын» айтып жатыр.
Шашуды бала-шаға талап жатыр,

Самауыр қайта-қайта қойып жатыр.
Қалшекең бір бағланды алып соғып,
Ши төсеп, домалатып сойып жатыр.

ғашықтық  дастандар
Бесінде Қалша үйінен атқа міндік,
Сейілдің ауылына бетті бұрдық.
Келеді алдымызда Қалша бастап,

Ауылға бір бүйірден тура жүрдік.
Келеді алдымызда Қалша бастап,
Қу Қалша сөйлеспейді өнер тастап.
Оңаша оқшау тіккен бір ауылға,

Қалшекең келе жатыр жайбарақат.
Күмбездеп ақ отауды тіккен сайлап,
Желімен жағалауға бие байлап.
Қыз, қатын шағаладай тау басында,

Келеді алдымыздан андағайлап.
Келеміз қос ақ үйді иеленіп,
Шылбырын қос бедеудің белге іліп.
Ақ отау кестелеген төңірегі,

Күмістен күмбез қағып шегеленіп.
Сом темір босағада дауыл жықпас,
Жағалай туырлықта түрлі асыл тас.
Ұстаған үй жағалай асыл кілем,

Гауһарын ішіндегі айтып болмас.
Болып қалды келін түсіп той тамаша,
Жыршылар жырлай келді бетін аша.
Не керек бұйымдарын дайындатып,

Жолдас[қа] жанын қияр құрдас Қалша.
Біреу ат, біреу шапан беріп жатыр,
Тартулар ағайыннан келіп жатыр.
Айқайлап ақ боз үйде ән шырқатып,

Қыздардың ортасында Қалша батыр.
Бірі жүзік, бірі орамал алмаған жоқ,
Еш нәрсе Гүлсім қыз да ойлаған жоқ.
«Бұл дәулет бұған қайдан пайда болды» деп,

Және де шеттен келген жат адам жоқ.

қарға  батыр
Мәнісі бұл жұмыстың бұлай болған,
Көз жасын жуып Қалша жылай барған.
Бұқарбай, Сейілдердің ортасынан

Сүйінші көптен Қалша сұрай барған.

—Қасында бір сұлу қыз Қарға келді,

Ат соғып, шаршағаннан зорға келді.
Бұқарбай, Сейіл, сенің салтанатың,
Қолыңа бір асыл тас олжа келді.
Қызы екен ұлы жүздің, аты—Гүлсім,

Жалғанда өлмей тірі Гүлсім жүрсін.
Япырым-ай, мұндай сұлу болады екен,
Қарғаның арманы жоқ, ойбай, құрысын.
Кешегі Ләйлі-Мәжнүн, Баян дағы,

Бәдіғұл, Сейпілмәлік, Жамал дағы,
Қыз Құртқа, сұлу Жібек— көріктінің,
Теңі жоқ тірі жүрген адамда[ғы].
Ағайын, бекер емес мұным анық,

Көргенде тояр емес көзің қанып.
Егерде осы айтқаным бекер болса,
Мойныма өлтіріңдер шылбыр салып.
Қарғаның паналайтын панасы жоқ,

Олардың бұлқынарлық шамасы жоқ.
Біреудің босағасын паналай ма,
Қайтеді, онан басқа шарасы жоқ.
Арқалап қайсымыз әкетеміз,

Қалмай ма артымызда дүние боқ.
Қарғаның халі-жайы бізге мәлім,
Қолында тышқақ лақ, малы да жоқ.
Ойласаң Гүлсім қыдыр* бізге келген,

Өзінің алып келген бұйымы жоқ.
* Қыдыр [а]—бақ, дәулет мағынасында алынған.

ғашықтық  дастандар
Атағы бәрімізден Қарғаның зор,
Қайтпайтын ол жау жүрек, бір жалын шоқ.
Қалшекең айтар сөзге қандай епті,

Отырған тамсандырды қалың көпті.
«Қор болған кедейліктен сорлым-ай» деп,
Солқылдап Қалша көзден жасын төкті.

—Бізге де олжа емес пе осы Қарға,

Қарғаның бізден басқа досы бар ма?
Егесіп белдескенде пар келмейміз,
Жарайды қысылғанда әр уақытта.
Бұл Қарға қызды әкелді елім бар деп,

Түсетін алтын аймақ белім бар деп.
Бұл қызға сөзге бай боп айтқан шығар,
Бұқарбай, Сейіл сынды серім бар деп.
Мұны естіп Сейіл сөзін көпке салған,

Бәрі де Сейіл сөзін қабыл алған.
Қырық жылқы, жүз елу қой өзі айдатып,
Қазына он бес нарға түгел артқан.
Білмейді бұл сырларды сұлу Гүлсім,

Еш адам айтпаған соң қайдан білсін.
Гүлсімді қалай алып келгенімді,
Әлеумет, әлі күнге білмей жүрсің.
Бұл Гүлсім сөйтіп алған Гүлсім еді,

Пана жоқ бұдан басқа бұл жерде еді.
Үш тәулік өткенінде арасында,
Бір күні Гүлсім қатты күрсінеді.
Бұрынғы қалыбынан айырылып жүр,

Қабағын ашпай Гүлсім қайғырып жүр.
Ылбырап тұншыққандай демі құрып,
Қайғыға тұла бойын алдырып жүр.

қарға  батыр
Сұрадым:—Гүлсім, саған не болды,—деп,
Көз жасың мұнша неге төгілді?—деп.
Бұрыңғы қалыбыңнан тартып жүдеу,

Сұрадым:—Кімнен тауың шағылды?—деп.
Орынсыз біреу тілін тигізді ме,
Бейкүнә өсек айтып күйгізді ме?
Болмаса сүйген жарың еске түсіп,

Дауасы жүрегіңді күйгізді ме?
Сөйледі сонда отырып мына Гүлсім:

—Жарамды жаны басқа қайдан білсін.

Ойлаймын торға түскен сорлы анамды,
Сен текке мені алғанға мәз боп жүрсің.
Жолыңнан қорықпасаң қауіп қылып,
Барып кел сорлы анамды сауықтырып.

Есіңде бар ма сенің, сірә, батыр,
Кеткенің барлық елді шабыстырып.
Сонымен атқа мініп жүріп кеттім,
Біріне сездірместен қалың көптің.

Бір айдай екі арада сапар шегіп,
Ауылына қайнымның келіп жеттім.
Дәл үйіне қайнымның тауып кірдім,
Есіктен сәлем беріп барып тұрдым.

—Шырағым, жоғары шық,— деді кемпір,—

Қарағым, босағада неге тұрдың?

—Мен келдім, құлдық, ана, алыс жақтан,

Хабарым бар жігітпін әр тараптан.
Отырған босағада себебім сол,
Қорқамын әдеп сақтап әруақтан.
Ал сонда кемпір маған келді жуық:

—Жібермес күнәсізді әруақ қуып.

Гүлсімім жоғалар күн көріп едім,
Көзіме көрініп ед түсің суық.

ғашықтық  дастандар
Енді айтшы, қызым менің қайда кетті,
Айырылып жалғызымнан болдым дертті.
«Қақпас ит, қатынымды тауып бер» деп,

Салып тұр тарақтылар талай өртті.
Сол күні сен ауылға келіп едің,
Түсіңді шала-шарпы көріп едім.
Кетті-ау деп сол жігітпен менің қызым,

Өзім де соны ойлап жүріп едім.
Мен үйге кіргеннен соң есік ашып,
Кемпірдің кетті көзі мені тесіп.
Анамнан лұқсат алып кішілікпен,

Сөйледім қарсы алдында тіке тұрып.

—Анажан, бұл сөзімді ғапу еткіл,

Ризалық алайын деп сізге жеткем.
Махфұзда Тәңірім солай жазған шығар,
Гүлсімді мен өзіме неках еткем.
Өлген жоқ Гүлсім, тірі осы күнде,

Оның жоқ менен басқа досы мүлде.
Келгенде сонша жерден мақсұтым сол,
Жүрейін өлгенімше есігіңде.
Сұрасаң, алшын елім, батыр ағам,

Мың жылдық дұғай сәлем құдаңыздан.
Үш жүздің баласына билік айтқан
Сейілдің інісі едім мендей жаман.
Құшақтап сонда кемпір ықыласпен,

Көп сүйді азалы дауыс, мол жыласпен.
«Гүлсімім, Қарғажаным қолқа, өзегім,
Шаршапсың демің ал» [деп] мол жыласпен.

—Гүлсімнің анық теңі Қарға екен,

Тілегін Тәңірім қабыл алған екен.
Өлсем де арманым жоқ бір Құдайға,
Гүлсімім өз теңіне барған екен.

қарға  батыр
Құданың бұйрығына шара бар ма,
Гүлсім мен ғұмыр берсін Қарғажанға.
Сонымен кеңес құрдық өткен, кеткен,

Түн қысқа жақын қалды таң атарға.
Кемпірге арқа сүйеп алған Қарға,
Сескеніп қауіпсінбес қамалдарда.
Ол үйден атқа мініп жүріп кетіп,

Кешікпей іздеп бардым жанжалдарға.
Жақындап келдім жуық сәлем беріп,
Бәрі де таңырқады мені көріп.
Қырмызы қызыл шапан, жібек белбеу,

Басымда мақпал түсті сусар бөрік.
Алыстан жүріп келген атым жарау,
Көріндім әлеуметке сиқым бөлек.
Бәрі де тура қарап амандасты,

«Жан ғой,—деп,—жүрген басқа мұнда келіп».
Сұрады би мен байлар ата-тегім:

—Жүрсің,—деп,—не себепті, қайда елің?

Сұраған сұлтан, төре, билеріне,
Жауабым сонда мынау берген менің.

—Бір аққу ұшқан екен айдын көлден,

Дәмелі бір қаршыға соңына ерген.
Қаршыға қалбалақтап адасқанда,
Аққуға тап болыпты бір сұр мерген.
Бір атып топшысынан түсіріпті,

Өлтірмей, соймай етін пісіріпті.
Аққуды жараланған алып барып,
Ойнатып бақшасында өсіріпті.
Өтіпті сонан бері біраз заман,

Көңілді, бақшада ойнап қылмай алаң.
Хабарын иесіне айта келдім,
Құсыңды өзің ал деп тұрғанда аман.

ғашықтық  дастандар
Сұрасаң алшын елім, атым—Қарға,
Бұқарбай, Сейіл сынды ағам арда.
Солардың бұйрығымен мұнда келдім,

Қиынға жұмсаған соң, шарам бар ма.
Жіберді «бүлінгенді жөндеп кел,—деп,
Жарасын жаралының емдеп кел,—деп.
Егерде түзелмесе жөнге келіп,

Артыңа өлексесін теңдеп кел»,—деп.
Сөйледім жұрттың бәрін таңырқатып,
Ардақты ағалардың атын сатып.
Көбісі бұл сөзіме түсіне алмай,

Сөйлейді деп әр нәрсенің басын шалып.
«Осы ит не айтад» деп барлық халық,
Қамалап тұра қалды ортаға алып.
«Басынып не шатасың, сен жаман» деп,

Ұмтылды көпшілігі ашуланып.
Сөйлейді бір жас жігіт маңғазданып,
Халыққа «тоқтаңдар» деп айқай салып.
Атына қамшы басып омыраулап,

Ортаға келді жігіт топты жарып.

—Ақымақ ол жынды емес, сендер жынды,

Қамалап иттей шулап ол не қылды?
Түйінін осы даудың бұл шешеді,
Сонан соң мейілің кімнен алсаң құнды.
Аққуы көлден ұшқан Гүлсім екен,

Адасқан қаршығасы мен сұм екен.
Тап келген сұр мергені өзі болды,
Ерлікпен айла асырған бір қу екен.
Жұрт тұрды осы сөзге аң-таң қалып,

Қамалап келді халық ортаға алып.
«Жоқ қылып қарақшыны кетейік» деп,
Жіберді қамшыменен бірер салып.

қарға  батыр
Тұрғам жоқ мен де олардан сонша сасып,
Жібердім көк домбайға қамшы басып.
Қамшымен бірер сілтеп жібергенде,

Жығылды он шақтысы омақасып.
Тоқтатты манағы ер арашалап,
Көп халық келіп тұрды тамашалап.
Баяғы қызды ұрлаған Ғалым екен,

Билерге жақын келді жанасалап.

—Уа, жұртым, қыздың білдік өлмегенін,

Мен сорға бекер болды сенбегенің.
Билігін осы даудың мен айтайын,
Тұрыңдар әділдігім көр де менің.
Біліңдер, билер, бұдан қайтарыңды,

Билер, айт, айтар болсаң айтарыңды.
«Қайсысың алам десең қайтарам» дейді,
Айтып тұр үш жыл мінген байталыңды.
Қарауыл, тарақтылар қайырмасаң,

Бұрынғы абыройдан айрылмасаң.
Көрсеттің көзімізге өнеріңді,
Жарайды, бәрекелді, замандасым.
Айтпаймын аламын деп сүйгеніңді,

Мен дағы сөндіремін күйгенімді.
Бұл Қарға біздің елге күйеу болсын,
Тоқтатшы тарақты мен сіргеліңді.
Көңілі Гүлсімнің зар болмасын,

Айырма Құдай қосқан жан жолдасын.
Бұғаудан босатылған кісілердің
Көз жасы, тағы жылап, көл болмасын.
Ер тоқым екі атымның көзін берсін,

Әлеумет, әділдігім көзің көрсін.
Әуелде ақ батаны бұзған өзім,
Сондықтан қалыңмалын менен алсын.

ғашықтық  дастандар
Қайырылып ынтымаққа риза болса,
Тарақты көп сөйлемей енді көнсін.
Болмаса кіші жүзге шығарып бер,

Сонан соң мейлі тірі, мейлі өлсін.
Билер де бұл билікке қанағат қып,
Тоқтатты осыменен даудың артын.
Баяғы дәукес, сасық Қожагелді

Билерге:—Сөзім тыңда,—дейді,—менің.
Даушылар өз билігін өзі айтып,
Табылса тындырмай ма әділ төре.
Қарғаның батырлығы болды мәлім,

Қатардан артық екен мырза Ғалым.
Сүйгенін бір-біріне қиысқанда,
Қисық қой бұл билікке тынбағаным.
Гүлсімнің менің балам теңі де емес,

Әуелде ұрынарлық жері де емес.
Ол енді маған адам, келін болмас,
Аз ғана атақ еді болған егес.
Ғалымның мен алмаймын жалғыз тайын,

Бір жылғы малдан туған төлім де емес.
Жұрт шулап орнынан түрегелді:

—Мінекей, билік-ақ,—деп,—бәрекелді!

Жезделеп ұлы жүздің жігіттері,
Кемпірге «той жаса» деп үйге келді.
Анамыз қуанышты етіп тойын,
Көтерді тойға келіп халық бойын.

Көкпары, күндіз күрес, түнде өлең,
Ауылда бір жетідей болды ойын.
Ғалымды өкіл аға еттім қайын,
Ол дағы құрметіме тұрды дайын.

—Екі атты алмаймын,—деп Ғалым сонда,

Гүлсімге сол мінгізген болсын тайым.

қарға  батыр
Руы Гүлсім қыздың еді төре,
Әбілмәмбет арғы атасы ханмен бөле.
Ішіне ұлы жүздің сіңіп кеткен,

Деп кеткен сіргеліміз бері келе.
Аты екен атамыздың аты Мәмбет,
Білмеймін одан әрі мен де жөндеп.
Болыпты анамыздан жалғыз құрсақ,

Сол мынау Гүлсім екен болған ермек.
Гүлсімді мен сыйладым жолдасым деп,
Дұшпанға, сірә, таба болмасын деп.
Бұл сырды әлеуметке айтпай кеттім,

Ат сауыры деген атақ алмасын деп.
Айтыпты әңгімелеп мұны Қарға,
Қарғаның бұдан басқа міні бар ма.
Осыны айтып болып көзін жұмып,

Кетіпті ол дүниеге жаны Қарға.

Бір кезде қазақ халқы өсті Сырда,
Көшумен қыс—Қызылда, жаз—Арқада.
Суы мол, өрісі кең, жері байтақ,
Жер жетер қай саланы жайласа да.

Еткені жазы-қысы малдың жайы,
Аралас бірге жүріп жарлы-байы.
Кәсіппен бөтен түрлі алаңы жоқ,
Шаруаға бейімделген түрлі ыңғайы.

Соныдан соны қуып жазда, қыста,
Баққаны сулы-нулы жер шұрайы.
Шөп шауып, мал қамы үшін қыс бекінбейді,
Тебінде қой-қозы, ешкі, құлын-тайы.

Бір жерде үш ай тұтас отырмайды,
Көшумен күн өткізіп өмір ұдайы.
Сол кезде бір бай болған Балпаң атты,
Кісі еді даңқы шыққан салтанатты.

Ешкім жоқ кіші жүзде одан озар,
Әрі ер, әрі жомарт, сақуатты.
Кісі еді қайыр-қамды ағайынға,
Көп еді қоңсысы бай маңайында.

Үлесіп көшсе көлік, сауса сауын
Бірдей боп пайдаланған қолайында.
Адамға жүзі сұлу, сөзі жұмсақ,
Сүйкімді әр мінезі қолайыңа.

Талайлы құл мен Әйім қыз

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Өзімен бірге жүріп, бірге ішіп,
Мырзаша киім киед малайы да.
Мырзаның болды және он бес құлы,

Перзенттен бір қызы бар, болмады ұлы.
Алса да қаншама әйел ұл тумады,
Бала жоқ қыздан өзге, тек сол мұңы.
Бастығы он бес құлдың Талайлы құл,

Сенімді әр шаруаға қолайлы құл.
Құтылып «құлсың» деген жаман аттан,
Ойы бар болсам деген ұлсызға ұл.
Мырза оны жас күнінде сатып алып,

Қойшы боп қойда жүрді басында бұл.
Мінезі Талайлының байға жақты,
Үлгеріп міндетті ісін, кеуілін тапты.
Әр істен таза жүріп, абырой алып,

Сенімді болды-ау үлкен инабатты.
Содан соң қойдан шығып, жылқы бақты,
Шаруа боп бұл малдан да абырой апты.
Істеген қызметіне мырза ырза боп,

Кигізді жақсы киім, ылайық атты.
Буынып мықынынан мырзаларша,
Әбзелдеп мінді таңдап не жорға атты.
Талайлы қатарынан ақылы зерек,

Сенімді, сыры сырдаң емес ирек.
Қолынан барлық шаруа тарайд соның,
Ақылмен ауыл-отанды болды билеп.
Талайлы әрі іскер, әрі палуан

Әр түрлі өнері бар алуан-алуан.
Әрі ақын, әрі тілді, шешен шебер,
Істейді әр түрлі істің бәрін қолдан.
Алысса он кісіге келеді әлі,

Сөйлесе сөзі өткір топты жарған.

ғашықтық  дастандар
Талайлы өзі билеп өзі жайлайд,
Қайырмайд, бай, бәйбіше дүние малдан.
Бала үшін Балпаң мырза алды үш қатын,

Кім білсін көз көрмесе ақиқатын.
Болса да аты Балпаң мырзалықтан
«Мырза» деп атап кеткен байдың атын.
Бұл мырза бір атадан жеке жігіт,

Қайырымды көрші-қолаң, ағайынға.
Қадірлі отанына өте жігіт,
Мінезді қызының да қызғылықты,
Әркім бір айттырсам деп етеді үміт.

Бұл қыздың өзі сұлу аты Күлжан,
Әйім деп ата-анасы сүйіп қойған.
Бұл Әйім бет біткеннің көріктісі,
Кем емес ажар-көркі күн мен айдан.

Әйімнің жасы келді он тоғызға,
Әркім-ақ ынтық болды осы қызға.
Сұлудың сұңғақ бойлы нұр дидары,
Пара-пар аспандағы ай, жұлдызға.

Еділдің қасы қара құндызындай,
Нұр жайнайд, көзі шолпан жұлдызындай.
Тік иық, жазық жауырын, құмырсқа бел
Көрінед көркемдігі үр қызындай.

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай,
Ақша бет, алқызыл жүз қырмызыдай.
Бұралған талшыбықтай белі нәзік,
Сипатын түгесе алман түгел жазып.

Мақтадай үлбіреген ақ тамақтан
Болғандай бір сүйдірсе он күн азық.
Күлімдеп көзі күндей нұр жайнайды,
Көргенде нұр дидарын іш қайнайды.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Бір қызық шатты өмірде сұлу қыз ғой,
Бозбала қызды ойламай нені ойлайды.
Мал салып талай мырза келді сұрап,

Ешкімге мырза жүрді салмай құлақ.
«Ер жетсе өзі барар сүйгеніне,
Мен берсем теңі болмай кетер жылап.
Бар балам қыз да болса жылатпаймын,

Ешкімді, қызым сүймесе, ұнатпаймын.
Өзіме өз мал-мүлкім жеткілікті
Қыз сатып, кімнің мүлкін қызықтаймын».
Деп мырза әркімді бір қайырады,

Қайырмай кімнен қорқып тайынады.
«Беред,—деп,—қызын мырза сүйгеніне»
Бұл хабар елден-елге жайылады.
Тіктірген қыздың бөлек отауы бар,

Жататын жалғыз сонда жатағы бар.
Барад деп өзі көріп сүйгеніне,
Жайылған қыздың елге атағы бар.
«Көрем» деп келген мырза толып жатыр,

Бірі кетсе, бірі кеп қонып жатыр.
Қыз Әйім өз қонағын өзі жайлап,
Өзімен өз тәрбиесі болып жатыр.
Келгенмен көбі қызға бата алмайды,

Сылтаусыз бекер ұзақ жата алмайды.
Қыз тиіп аяғынан сұрамаса,
«Бұйымым пәлен ед» деп айта алмайды.
Түңілді келе-келе талай мырза,

Қыз сүйіп ешбіріне болмады ырза.
«Пәленшенің пәлені жігіт-ақ» деп,
Қызықпайды халық қаншама ұйғарса да.

ғашықтық  дастандар
Қыз жүйрік, қыз сенеді тіл-жағына,
Көз салады теңін көксеп аймағына.
Өз теңі көздегені, ақылы тайлас,

Ешкімнің қызықпайды мал-бағына.
Адамның қыз да болса сыншысы еді,
Сынайды тәжірибе етіп әлденені.
Мырзалар неше жайсаң келсе дағы,

Бәрінің қызбен тайлас келмейд жөні.
Қыз солай сабыр сақтап аз кідірді,
Ой түсіп көкірегіне түрлі-түрлі.
Ешбірі өз ойынан шықпаған соң,

Бекерге ұрынбады, таза жүрді.
Бір күні бай, бәйбіше кеңеседі,
Саңылаусыз бекер кісі емес еді.
Әркімнің ойлағаны өз мүддесі,

Мүддесі байдың—бала келешегі.
«Көрмедік біз жалғанда ұл баланы,
Біз өлсек мал-мүлкіміз тұл қалады.
Жалғыз қыз жан дегенде перзентіміз,

Белгісіз, ол да өссе, кім алады.
Көрмедік біз өсіріп ұл қызығын,
Кигізіп қызыл жібек қырмызының.
Құда боп, қалың беріп, қыз айттырып,

Көрмедік шашып, жайқап мал қызығын.
Түсіріп оң жағыма отау тігіп,
Келінім сәлем етіп тізе бүгіп,
Көрмедік және ұзатып қыз қызығын.

Жалғыз қыз жан дегенде перзентіміз,
Ұлдан кем көретұғын жоқ ниетіміз.
Бұл күнде ол да ер жетті, жасы толды,
Бір жерге орындайтын бар ретіміз.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Біз бермедік барсын деп өзі сүйіп,
Біз берсек сүймесіне кетер күйіп.
Сөз салды талай мырза ұнатпады,

Жүргенін түсінбедік нені біліп.
Әйтпесе, кезенейлі кезі емес пе,
Қосылар теңін тауып ойнап-күліп.
Баруға әлде бізден батпай жүр ме,

Немесе қатар, теңін таппай жүр ме?
Болсын деп ата-ананың ұрықсаты,
Көңіліне сабырлықты сақтай жүр ме?
Бүйткенше шақыралық қонақ етіп,

Бұл істі жүр екенбіз олақ етіп.
Өкілдік аузымыздан есіттірелік,
Қосыл деп бір теңіңе талап етіп».
Әкесі әдейі арнап шақыртады,

Мейман ғып өз қасына отыртады.
Құрмет қып дәрежелі салтанатпен,
Нар сойып қонақасыға бақыртады.
Сыйлады тәрбиелеп қызын мырза,

Болғандай құрметіне әркім ырза.
Шайқады ен дәулетті, шашып малды,
Бұл дәуір тұра бермес басымызда.
Қонақ боп сол күн жатып ертеңіне

Мырза отырып аз өсиет айтты қызға:

—Ер жеттің, келдің, балам, біраз жасқа

Болғандай болдың енді ие қосқа.
Шарты бар тірліктің алуан-алуан,
Болмайды өткізуге өмір босқа.
Туғанмен баста бізден жат жұрттықсың,

Талабы өзге болғанның—жаны басқа.
Ата-ана серік емес, жұпты серік,
Жетпейді қанша айтқанмен [жар] жолдасқа.

ғашықтық  дастандар
Ешкім жоқ ата-анасын ертіп жүрген,
Қоймайды тұрмыс ерікке айрылмасқа.
Қаласаң кімді сүйіп біз де ыразы,

Айтатын әңгіме жоқ мұнан басқа.
Күрсінді осыны айтып ата-анасы,
Қимайды қыз да болса сол қарасы.
«Ісіне табиғатың жоқ,—деп,—шара»,

Мөлтілдеп бір-бір тамды көзден жасы.
Үндемей отырды қыз құлақ асып,
Ұялып төмен қарап бетін басып,
Жат жұрттық екендігін сонда біліп,

Азырақ қамығады көңілі жасып.
Жөнелді аздан кейін үйден шығып,
Бет алып отауына қойған тігіп.
Сылдырлап алтын шолпы арқасында

Етегі шай көйлектің шұбатылып.
Жарқылдап қызыл тіллә түймелері,
Қатарған жең, жағасын белден бүріп.
Үстінде дүриядан бар камзолы,

Ондайды аз шығар қыз көрген киіп.
Майысып тал шыбықтай нәзік белі,
Алдынан соғып самал қоңыр желі.
Тіктірген күміс бұрап, шалып-ойып,

Көк кебіс аяғында қарыс өкшелі.
Басында қызыл шаршы жібек шәлі,
Жетпейді бір ауылдың сатса малы.
Кигені өңшең жібек судырлаған,

Жүз сомдық өзге түгіл орамалы.
Салғаны саусағына асыл жүзік,
Омырауы өңшең меруерт қойған тізіп.
Сырғасы құлағында құймалы алтын,

Гауһар көз білегінде бар білезік.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Белгісіз үр екені, пері екені,
Бойынан түңілгендей көрген безіп.
Толықсып туған айдай нұрлы жүзі,

Сыртынан сымбатына түссе көзің,
Бейне бір секілденед үрдің қызы.
Келеді Әйім сол бетімен отауына,
Сыйғандай айтса әркімнің атауына.

«Тігіс,—деп,—отауымды жаңа жұртқа»,
Қыз-келіншек айтты хабар қатарына.
Жиылды қыз-келіншек қалмай бәрі,
Тең түсті заман қатар құрбылары.

Отауды қайта аударып жаңа жұртқа
Тігісті қатар сіңілі, апалары.
Апарып жаңа жұртқа тікті отауды,
Жайнатып өңшең жібек басқұр-бауды.

Аяқ бау, таңғыш, бас бау—бәрі жібек,
Шилері шымқай қызыл шым ораулы.
Ақ отау жұмыртқадай мінсіз жұмыр,
Қимылдап қыз-келіншек қыбыр-қыбыр.

Сыңқылдап бірін-бірі шымшып, күліп,
Сөз қылып оны-мұны ыбыр-сыбыр.
Қыздар жүр қызғалдақтай гүл-гүл жайнап,
Алысып бір-бірімен күліп-ойнап.

Тегеріш кілем түрлі, кілең салма,
Бауларын айқастырып, шалып байлап.
Түйдірген, шашақтаған, моншақтаған,
Түйіндеп, гүлдендіріп тізген оймақ.

Шабадан, сандық, кебеже, бәрі оюлы,
Қатарлап жиды іргеге тегіс [сайлап].
Қызық пен ойын-күлкі күреңдетіп,
Отауды тігіп қойды дүмбірлетіп,

ғашықтық  дастандар
Қыздарды келіншекпен жібермейді,
«Қонақ қып жіберем,—деп,—құрмет етіп».
Кеш болып, күн еңкейді батыс жаққа,

Бөлінді қыздың ойы бір талапқа.
Айтқызды елге хабар мереке ғып,
Құрбысын қатар оңды жинамаққа.
Саба құйып, мал сойып, астырды етті,

Жиналып қыз-бозбала қалмай кепті.
Аямай бәрін беріп тәрбиелеп,
Көптеген замандасын құрмет етті.
Шығарып түрлі ойын қызғылықты,

Ән салып екеу-екеу өлеңдетті.
Үй толып, бір мезгілде қызды ойын,
Көтеріп көңілін жастар, жазды бойын.
Не сылқым, неше бағлан мырзалармен,

Қыздар бар сұңғақ сұлу, алма мойын.
Отаудың іші-сырты лықа толды,
Тамаша қызғылықты ойын болды.
Аралас қыз бен жігіт қатарымен

Отырды жұп-жұп болып оңды-солды.
Жігіт бар небір өткір сыпылдаған,
Жауапкер, жүйрік аттай лыпылдаған.
Алтайдың алғыр қыран сұңқарындай

Кез келсе алдынан аң құтылмаған.
Топастау сөзге доғал момындар бар,
Жоң байлау қоспақ бура сықылданған.
Тымпылдақ тиянақсыз біреулер бар,

Мәттақам пысықсыған, тыпырлаған.
Білгіштеу оны-мұны адамсыған,
Сөзге ұста сумаңдар бар жыпылдаған.
Маңызды маң-маң басқан мырзалар бар,

«Кім бар,—деп,—менен өзге қылшылдаған».

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Жалпылдап жазы-қысы бір жарымай,
Жоқтықтың шеңгелінен құтылмаған.
Малшы, жалшы, кем-кетік, кедейлер бар,

Жұпыны, тақымдары жылтылдаған.
Сықаққой, күлегештеу күншілдер бар,
Құр сырттан сауысқандай шықылдаған.
Шытынақ темекінің ағашындай,

Шыдамсыз ашушаң бар шытырлаған.
Саржарғақ самайлары таздар да бар,
«Бөркімді кім алады» деп қыпылдаған.
Әйтеуір жігіт-желең толып жатыр,

Лық толы сыймай үйге сықырлаған.
Қыз Әйім соның бәрін сынап отыр,
Ішінде ұлы даудың лықылдаған.
Көпке Әйім көз қиығын салып отыр,

Тұңғиық терең ойға қалып отыр.
Топшылап толы көптің мінез-құлқын,
Зейінімен ойды-қырды шалып отыр.
Дегендей «тең-теңімен, көш жөнімен»,

Әркімдер өз қатарымен болып отыр.
Құжынап құмырсқаның илеуіндей,
Жық-жық боп үйдің іші толып отыр.
Әйім боп мырзалардың есі-дерті,

Ынтық боп іштері оттай жанып отыр.
Жанаса алмай іштері күйіп-жанып,
Көздері қарай-қарай талып отыр.
Ішінде осы көптің құл да болса,

Талайлы қолайына қонып отыр.
Шешен тіл, ақылы дана, өнерпаз ер,
Жарқылдап топты еркін жарып отыр.
Ықтырып бет қаратпай жан біткенді,

Бәрін де айтысқанның жеңіп отыр.

ғашықтық  дастандар
Мұқалмай «құлсың» деген намыс атқа,
Шын жүйрік тіл-жағына сеніп отыр.
Бірақ бұл түбі шикі құл болғансын

Ылайқат көрмей, ойға қалып отыр.
Бір қыз емес, маңызды сөздеріне
Айызы әркімнің-ақ қанып отыр.
«Болайын туысыңа сабаз-ай» деп,

Ауызға әркімдер-ақ алып отыр.
Әйімге толып жатыр ғашық жігіт,
Етеді жанассам деп бәрі де үміт.
Салдырған асыл бұйым ақ сандықтай,

Ашуға түссе егер қолға кілт.
Ешбірін ұнатпайды бірақ Әйім,
Көздейді өзі теңдес сайма-сайын.
Ешкіммен сырласпай-ақ сырттан сынап,

Сезеді бір көргеннен барлық жайын.
Жауапкер, өзі өткір, тілге маман,
Лебізі бал шараптай уыттаған.
Сыртынан қанша жігіт болса да ашық,

Жанасып ешбірі жоқ жуықтаған.
Бір кезде көкжиектен таң сарғайып,
Төбеден ауып үркер, ай жантайып.
Жел есіп, жердің жүзі бозаң тартып,

Жұлдыздар күңгірттеніп кетті батып.
Жарқырап үйге сәуле кірген кезде,
Көпшілік десті әрең «ал, тарқайық».
Ешбірі оясы шықпаған соң,

Әйімнің кеуілі көпке қалды ортайып.
Бұл мәжіліс осыменен тарай тұрсын
Мырзаның үй-ішінен сөз қозғайық.
Мырзаның болса дағы үш әйелі,

Болатын ұл тумаған еш әйелі.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Ынтық боп ұл перзентке жүргенінде,
Болыпты екіқабат кіші әйелі.
Болғанда екіқабат қуанысты,

Дәмелі туа ма деп өзге түсті.
Келмейді жатса ұйқысы қуанғаннан,
Перзент пен мал-дәулеттен не бар тұщы.
Бір күні айы толып толғатады,

Тәжірибе болашақты болжатады.
Білініпті түрлі белгі нышанасы,
Толғақ кеп бебеулетіп сарнатады.
Жиылып қатын-қалаш, кемпір-сампыр,

Салғызып отына май лаулатады.
Асылтты бақан құрып, жүген байлап,
Әзірлеп жабдықтарын түгел сайлап.
Қыздырып отқа май сап, ішін сипап,

Сыйынып «иә, әруақ, иә Құдайлап».
Лақ әкеп бақыртып, айналдырып,
Деп жатыр «садақасы» ұстап байлап.
Біреуі «жарысқазан кәдесі» деп,

Ет асып, бұрқылдатып, қазан майлап.
Ұл туды, «сүйінші» деп бір мезгілде,
Мырзаны жеңгелері жүр шалғайлап.
«Болад,—деп,—бүгін кешке шілдехана»,

Балалар қуанысқан алақайлап.
Күн батты, болды және шілдехана,
Жиылды мерекеге халық және.
Жұрт дулап, бала шулап, ың-жың болып,

Мәз-мәйрам бала-шаға тамашаға.
Мырзаның көтеріңкі көңілі тасқын,
Кім сүймес өркендеуін жеке бастың.
Мырзаның көңілін судай шалықтатты,

Сүйікті қуанышы гауһар жастың.

ғашықтық  дастандар
«Ер перзент— ер мұрасы» деген сол ғой,
Емес пе жапырағы—көркі ағаштың.
Жомарттық бұл мырзаның қалпы бастан,

Үйренген дағдысы еді бала жастан.
Кемі жоқ қатарында мал-дәулеттен,
Жалғыз-ақ ұл перзентсіз шала бастан.
Дүниеде бар арманы бір ұл перзент,

Әйтпесе бір бай жігіт дәулеті асқан.
Болған соң ол қуаныш аясын ба,
Мал—бастың, тірлік—мақсат саясында.
Елуде бір нәресте әрең көрді

Ал мұның шашуынан аясын ба.
Түнде ойын, шілдехана мерекелі,
Қызықты, мал жүрген жер берекелі.
Құрмет қып жиып алып толы көпті,

Таратып таңмен әрең жөнелтеді.
Таң атты, ойын арты жиын болды,
Мереке бұрынғыдан қалған жол-ды.
Қалдырмай ат жетер жер аймағынан

Айтқызды елге хабар оңды-солды.
Сауыншы талай елді аралады,
Жапанды ат тұяғы жаралады.
Екі жеті—он төрт күн сүрік айтып,

Естіріп той бәйгісі жариялады.
Бәйгісі аттың озған қырық жорға,
Бұл қабар үлкен талап аты барға.
Бұдан соң палуанның бас бәйгісі

Береді кілем жауып қырық нарға.
Атағы ұлы жиын бір үлкен той,
Көтеріп көңілді көп, жазатын бой.
Тағы да аттырады алтын қабақ,

Бәйгісі оның тағы қырық құнан қой.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Есітіп бұл хабарды желікті ел,
Шақырған соң сүрікті күні тойға кел деп.
Дәмелі ат қалмады жаратпаған,

«Келмесең де ұлы жолдың бойында өл» деп.
Сейістер ат жаратқан баптап-таптап,
Теңгеріп от пен суын өлшеп, шақтап.
Сүт беріп, сұлы беріп, жемдеп қарап,

Жабулап күн тигізбей күнде баптап.
Өргізіп жал, құйрығын сүзіп, тарап,
Тұмарлап кекіліне үкі қадап.
Жетелеп түн бойына ұйықтатпай,

Әр мезгіл сылап-сипап күйттеп қарап.
Бәйгі атын ертелі-кеш жарыстырып,
Суын басып қолтығы сөгілсін деп.
Баланың атпен тақымын таныстырып.

Сүйтіп ел ат жаратып баптасады,
Жинап қымыз-сусынын тақтасады.
Атақты палуандарын ортаға алып,
«Пәленше пәлендей» деп мақтасады.

Мергендер «алтын қабақ атамыз» деп,
Садақ майлап, мылтығын оқтасады.
Сүрігі екі жеті жеткен күні
Тұс-тұстан шақырған ел қаптасады.

Бас қосқан әлім, шөмен жиын болып,
Талайлар іздеп келіп ат қосады.
Ошаққа үй тігілді жүзден аса,
Барғанға қызғылықты той тамаша.

Үйлерді салтанатты тізілтті кеп,
Қаз-қатар тігіп қойды ірге қоса.
Талайлы құл да болса сөзі сыйлы,
Мал-мүлікке өзі қожа, өзі би-ді.

Жылқыда қойшы мінген бір құла ат бар,
Оны жұрт қойшы мінген құла ат дейді.

ғашықтық  дастандар
Құла атқа Талайлының кеулі кетед,
Бір бұл емес, бұл мінсе, жылқы жетед.
Сол жылы оны қойдан босатып ап,

Ардақтап, бағып-қағып еркелетед.
Талайлы нар құла атты көп баптайды,
Бедеудей бектер мінген ардақтайды.
Ішінде мың сан жылқы жүрсе дағы,

Өзіне сонан бөтен мал жақпайды.
Жұрт мұның мұнысына болып қайран,
«Құла ат,—деп,—құлдың теңі» мазақтайды.
Талайлы жаратады нар құла атты,

Бұл сүйсе де сүймейді жұрт бұл атты.
Бай қайырмайд, басқаға құлақ қоймайд,
Қалай да бұл құла атқа көңілі шапты.
Сынайды баққан сайын көзге түсіп,

Сандары тасырайып, алды-арты өсіп.
Салқы төс, сала құлаш, алма мойын,
Секілді омырауы бейне есік.
Сом тұяқ, қысқа бақай, жазық бауыр.

Бөкен сан, бөрі құлақ, құлын сауыр.
Қолдау еті бесіктей, қоян жонды,
Қайыспас берік мұз бел, артсаң да ауыр.
Құла аттың көзі өткір оттай жанад,

Тұрғандай пішініне адам қарап.
Жарыста алдына жан салмайтұғын,
Ұшқанда құс озбаса біткен қанат.
Үмітін күннен-күнге арттырады,

Сынданып баққан сайын көңілі құлап.
Тигізбей күндіз күнге, түнде желге,
Сұлы іліп, сүт ішкізіп, жапты манат.
Мырза да «бақсаң бақ» деп ерік берді,

Құла атты құл мақтаған келіп көрді.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
«Қоссаң қос, бәрекелді, жарайды!» деп,
Қостады тәуекелшіл Талайлы ерді.
Той болып, жұрт жиылып, болды жиын,

Бас қосқан ұлы топтың күні бүгін.
Мал сойып, ошақ қазып, қазан асып,
Көпшілік қамдасады той жабдығын.
Жүздеп қой, ондап жылқы сойып жатыр,

Қымызды саба-саба қойып жатыр.
Ішіне қатар тіккен қалың үйдің
Текемет, кілем, көрпе жайып жатыр.
Тұс-тұстан лек-лек адам келіп жатыр,

Екі ошақ, екі жапсар ұстап елді
Үй-үйге он-он бестен бөліп жатыр,
Көпшілік мерекені тойлап жатыр,
Келгенін кезегімен жайлап жатыр.

Үйге кіріп, жағалай отырысып,
Ортаға сабаларын байлап жатыр.
Жағалай дастарханды жая тастап,
Қымызды шара-шара айдап жатыр.

Құйылса үйде қымыз сапырылып,
Далада бұрқ-бұрқ қазан қайнап жатыр.
Қаз-қатар қазан-ошақ, қазанда бу,
Будақтап түтін көкке бойлап жатыр.

Ет асқан епті әйелдер ебін тауып,
Қымқырып оны-мұны жайғап жатыр.
Қақпайлап қап бұрышына қайыра тастап,
Бүйрек, сирақ, жөргемді қажап жатыр.

Тамсанып тамақсаулар ет жағалап,
Сорпа ұрттап, құйрық, бауыр шайнап жатыр.
Жалыны жаққан оттың шалқып жатыр,
Шымырлап сорпа судай толқып жатыр.

ғашықтық  дастандар
Шөмішін шелегімен жанына алып,
Әйелдер ептеп бетін қалқып жатыр.
Күрішті қазан-қазан асып жатыр,

Біртіндеп піскен етті тасып жатыр.
Ішіне етке тіккен үлкен үйдің,
Біріне бірін әкеп қосып жатыр.
Дайындалып еті турасуға епсектілер,

Қамшыны жылы-жұмсаққа басып жатыр.
Бозбалалар атқа мінген тынбай жортып,
Сөзін сайлап, үлкеннен кіші қорқып.
Саятшы атқа мінген азаматтар,

Үй-үйге кезегімен табақ тартып.
Салып ап шал-кемпірлер қалған етті,
Қайырған құп табақты, бермей сарқыт.
Саяқшы бозбалалар табақ тартқан,

Дүсірлеп топ-табымен тынбай жортқан.
Төрдегі ақсақалдар кезек-кезек,
Шақырып «кел, шырақ» деп, ет асатқан.
Қарбытып әрі-бері асатқансын,

Шегінген жүрегі айнып, пәті қайтқан.
Сонымен ет тартылып болды тегіс,
Мешкейдің қайтты сұғы не ет жегіш.
Қарық қылып қанша жұртты ет пен қымыз,

Сол күні үлгерілді сүйтіп көп іс.
Бәйгіге дайындалды ертең таңға,
Ұлы айқай түсеміз деп ұлы шаңға.
Күйттесіп ат сейістер атын баптап,

Аулаққа шығып кетті жатпай маңға.
Таң атты, шықты біреу ту көтеріп,
Басына бір биіктің тікті апарып,
Көпшілік шықты соның соңына еріп.

Бөлініп шықты қалмай бәйгі аттары,
Даңқы зор асқар таудай айбаттары.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Әркімнің ардақтаған ая көзі,
Көк мойын, не бір жүйрік саңлақтары.
Бәйгіге қосылған ат жүз қаралы,

Ат қосса соңына ермей кім қалады.
Қосылып атпен бірге көтермеші,
Атты айдап жарым жолға шығарады.
Ат кетті үш күншілік жерге ұзап,

Дегендей атсыздарға «көзің қызад».
Ішінде нар құла ат та қоса кетті,
Көпшілік «құл құла» деп қылған мазақ.
Ат кетіп қалыпты, жұрт дөң басында,

Ойын бар, палуан бәйгі ортасында.
Айқайлап «палуандарың шығар!» десіп,
Хабарлап жалшылар жүр халық қасында.
Дегендер осы қалай сыналатын,

Күштілер келді кезек айқасуға.
Жай күнде «мен—палуан» деп мақтанғандар
Күн келді шама-шарқын байқасуға.
Палуанға біреу шықты әлім жақтан,

Мойнына үлек нардай тұмар таққан.
Қасынан күрескен жан сау кетпейтін,
Сол екен Асқар дейтін қанды қақпан.
Өңкиіп отырып алды өгіздей боп,

Ешкімнен бір дәу қара қапері жоқ.
Тұп-тұтас сырт пішіні піл сықылды,
Ер емес жаннан қорқар ол бір нансоқ.
Дәу қара көрінеді көзге сұсты,

Тұлғасын көрген жанның үрейі ұшты.
Бел буған палуандыққа жасынан-ақ
Ер екен піл сүйекті алып күшті.

ғашықтық  дастандар
Тұлғасы дәу қараның жан шошырлық,
Үкі көз, қалың қабақ, үсті түк-түк.
Айбаты аты шулы арыстандай,

Маңынан жүре алмастай адам жуып.
Дәу қара қолын бұлғап дейді:—Кел-кел,
Емес пе шөмен деген бір талай ел.
Ұйлығып осыншама неге шықпайд,

Жоқ па екен көп ішінен бір талапкер?
Келгенің тірі қайтам деп ойлама,
Нанбасаң күрес дағы, күшімді көр!
Алысса адам тайлас келмейтұғын,

Танытам, танымасаң мен—Әли шер.
Мен тегін бұл арадан кете алмаймын,
Әйтпесе әуре қылмай бәйгемді бер!
Ұйлықты жұрт қысылып мынау сөзден,

Шешініп шыға алмады ешкім тезден.
Қорқытып ол солай деп түңілтеді,
Әркімдер бұрын-соңды сырын сезген.
Палуанға ешкім батып шыға алмайды,

Шыққанмен анау-мынау жыға алмайды.
«Келгенің менен тегін кетпейсің» деп,
Дәу қара одан сайын нығарлайды.
Шыға алмай талай палуан мысық болды,

Қорқып-ақ үрейлері ұшып болды.
Үзгенсін көптен күдер ақсақалдар
Өтінді Талайлыға оңды-солды.
Мырзасы Талайлыға өтінді кеп:

—Сен болмасаң шығатын ешкім жоқ,—деп.

Шықпай қалу елдікке үлкен намыс,
Бәйгіні әкетеді тегіннен-тек.
Талайлы деді:—Дұрыс, шығар едім,
Не жығылып, немесе жығар едім.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Ел-жұртым жоқ, есепте мен бір құлмын,
Әйтпесе бір намысқа тұрар едім.
Пішіні дәу қараның піл секілді,

Алыппен кім күрескен бұл секілді.
Жықсам абырой халықтікі, қалды сіздікі,
Есепте мен елі жоқ құл секілді.
Жығылсам не мертігем, не өлем ғой,

Ол кезде жанашырым кім секілді.
Қорықпаймын дәу қараның түрін көріп,
Екен деп қолы күшті, белі берік.
Тайсалмай талай жерде топқа түсіп,

Жігітпін мен өзіме жүрген сеніп.
Не жығам, не жығылам, ол белгісіз,
Бір тәуекел буғанға белді берік.
Ол жығылса, мертілсе ел-жұрты бар,

Менде жоқ, жазым болсам жанға серік.
Қырық нарға кілем жапқан қызыққанмен,
Мал түгіл, ойлап тұрсам жоқ баста ерік.
Мырза айтты:—Олай десең ұрықсат саған,

Уағыдам халық алдында, мұныма нан.
Нарқұла ат мінгізгенім, берген еншім,
Тағы да ал, бере берем не сұрасаң.
Болады халық намысын жібермесең,

Осындай көпшіліктің қорғалаған.
Құлым емес, ұлымсың, Талайлыжан,
Мен енді бір айтқаным қайталаман.
Жіберме ел намысын шамаң келсе,

Таппадық сенен бөтен шығар адам.
Талайлы ұрықсат алып көңілі тасты,
Босатты ебін тауып еріксіз басты.
«Өңім бе, түсім бе,—деп,—босанғаным»,

Ағызды қуанғаннан көзден жасты.

ғашықтық  дастандар
Белсеніп аттан түсе белін буып,
Палуанмен дәу қарадай келе айқасты.
Екеуі бір-біріне «кел» деседі,

Ұстасып келген жерден белдеседі.
Үйіріп бірін-бірі лақтырып,
Аянбай бірін-бірі сермеседі.
Екеуі емін-еркін алысады,

Қайқайып, қайырылып шалысады.
Арсылдап арыстандай шайналысып,
Біресе тартып қапыл қағысады.
Иықтап көтеруге ыңғайланып,

Қапсыра құшақтасып жабысады.
Дәу қара ішпе-жемге қояр емес,
Өшіккен үлкен нардай аяр емес.
Қаншама қаһарланып ұмтылса да,

Талайлы оңайлықпен болар емес.
Болмаса Талайлыдай құрыш болат,
Өзге жан түссе қолына оңар емес.
Күресіп Асқар дәу мен ер Талайлы,

Екеуі халық алдында қылды егес.
Бұл егес екі талай болып көпке,
Қызыққа қызаңдасып қызарды өңеш.
Түн тынық, күн аңызақ, ағұс қандай,

Күн ыссы, аспан жерге қабысқандай.
Үскірік қаңтардағы қаһарлы аяз,
Кезегі шілдеде ыссыға ауысқандай.
Қыздырып жердің жүзін күннің көзі,

Шаң шығып, көлдер суын тауысқандай.
Шөліркеп аңызақтан адам, айуан,
Кезеріп ерінге ерін жабысқандай.
Тықыршып деміңді алып одан бетер,

Бөгелек ат басымен алысқандай.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Сонда да көпшілік тұр мәз-мәйрам боп,
Таңырқап екі балуан алысқанға-ай.
Шұбырып маңдайынан терлер ағып,

Аңдысып бірін-бірі жүрді бағып.
Екеуі бірін-бірі жығыса алмады,
Қаншама ұмтылса да қаһарланып.
Әдісқой жігіт еді ер Талайлы,

Мәт қапыл теріс жағынан қалды қағып.
Жалп [етіп] қаққан кезде түсті жерге,
Әдіске кім шақ келген Талайлыға.
Тізесін бүгіп барып қалды таянып,

Тұрып кетті жауырын тимей жерге.
Екеуі қайта ұстасып, қайта алысты,
Болмады жығылды, не жықты дерге.
Дәу қара ары-бері омыраулады,

Жұмсады барлық күшін, аямады.
Үйірді, лақтырды, жамбасқа алды,
Бұлқынды, бесті асаудай арындады.
Көтерді, иықтады, тартты, шалды,

Шамданды, шамырқанды, ашуланды.
«Танымайд күш атасын» деген шын ғой,
Сонда да ер Талайлы бір болмады.
Бір кезде ер Талайлы ыңғайға алды,

Сап етіп сол аяқтан қағып қалды.
Қаққанда түйедей ғып дүрс еткізіп,
Омыра омпасынан бір-ақ салды.
Күрт етіп бұғанасы шығып кетіп,

Есі ауып, алыспақ түгіл талып қалды.
Шуласып шөмекейлер көтеріліп,
Жықты деп масаттанып күліп қалды.
Жабырқап жығылғанға намыстанып,

Әлім жақ үндей алмай тұрып қалды.

ғашықтық  дастандар
Мертіліп Асқар палуан талып жатыр,
Намыс қып талмаса да налып жатыр.
Қалды деп әлде неғып «а, Құдайлап»,

Ортаға аға-інісі алып жатыр.
«Бәй-бәйгі, бәйгісі» деп шу-шу етіп,
Дабырлап шөмекейлер барып жатыр.
Талайлы дәуді жығып абырой алды,

Және [алды] кілем жапқан қырық нарды.
Көпшілік қайта-қайта алғыс айтты,
Ырза боп бермегенге намыс-арды.
Бір кезде тапатал түстің шамасында,

Арқаның жазық жатқан даласында,
Күйдіріп жердің бетін күннің шоғы,
Қыздырған желдің самал ауасын да.
Шалғындай өсіп көңлі Талайлының

Тұрғанда ұлы топтың арасында.
Төбесі тигендей-ақ болды көкке,
Бақ қонып қас пен көздің арасында.
Құтылып бір-ақ күнде бар бейнеттен,

Айналды жақсылармен жанасуға.
«Көздеген мақсатыма жеттім-ау» деп,
Түрлі ой түсті ердің санасына.
Қағылды бағанаға алтын қабақ,

Айнала жиналған көп алды қамап.
Қондырып биік баған ортасына,
Басына алтын жамбы қойды қадап.
Мергендер бір шетіне бөлініп шығып,

Кезекпен атты мылтық, тартты садақ.
Ұсынды талай мерген көзін қадап,
Бірі мылтық, біреуі тартып садақ.
Сонда да ешкім атып түсіре алмай,

Оқтары бәрінің де өтті жанап.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Таусылды кезектегі мерген қалмай,
Дал болды ешбіреуі түсіре алмай.
«Талапкер кім, барсын» деп, жаршылар жүр,

Атауға алтын қабақты адам болмай.
Талайлы атайын деп ойласа да,
Оқ, мылтық, садақ, саржа жүр таба алмай.
Мылтығын, оғын қиып бермеді ешкім,

Болмады жүгірсе де олай-бұлай.
Талайлы сөз сұрады көпке қарап:

—Міне, мен шығып едім етіп талап.

Менде жоқ бірақ қазір мылтық, садақ,
Сонымен тұрмын бекер таппай жарақ.
Айтайын, арызым сол, баршаңызға,
Қызықты қимылымды көрсеңіздер.

Оқсыз-ақ таспен ұрып түсірер ем,
Күңкілсіз көп ұлықсат берсеңіздер.
Деп еді, көп те «ұрықсат» деді бұған,
«Қалайша түсірсең де ерік саған».

Өкілдік халық аузынан естіген соң,
Жамбыға жақындады басып қадам.
Тас алды жерден тауып жұдырықтай,
Жіберді зымыратып атқан оқтай.

Сарт етіп салбыраған ақ жамбыға,
Түбінен жұлып түсті, көрді жаппай.
Сабаздың бәрекелді талабына,
Тағы алды қырық құнан қой аппай-шаппай.

Сол кезде түс қайтып ед, күн қырындап,
Мәз болып бәйгі алған жақ жүр жымыңдап.
«Қандай ат келер екен» десіп бәрі,
Бал ашып дәмелі боп жұрт ырымдап.

Көргенше ат қарасын ынтық болып,
Көз тігіп біреу қарап, біреу тыңдап.

ғашықтық  дастандар
Әр жерде шоқ-шоқ адам қора-қора,
Сөйлессе әңгімесі ат екеу ара.
Көп тынып дөң басына тұрған кезде,

Көрінді көз ұшында жалғыз қара.
«Әнекей!—деді біреу,—шықты бір ат»,
Ат десе атқа мінбей кімдер тұрад.
Жөнелді көтермеші топ-тобымен,

Көпшілік тұра алмады шаппай шыдап.
Дегенше әне-міне келіп қалды,
«Дөйт-дөйт!» деп көтермеші ұран салды.
Шылбырын еш адамға ұстатпастан,

Нарқұла ат келіп қалың топты жарды.
Нарқұла ат келе жатыр желдей есіп,
Дүбірі көк түскендей жерді тесіп.
Екпіні жанған оттың жалынындай,

Түтіні ұйтқып шалқып көкке өршіп.
Ойнақтап ақбөкендей жүйткіп, орғып,
Жануар түсіп күй кеткен келісіп.
Жұлдыздай екі көзі жалт-жұлт етіп,

Алдынан көптің ойнап өтті кесіп.
Өзге аттан сүт пісірім келді бұрын,
Ашпаған тұлпар екен адам сырын.
Бітпеген еш жылқыға пішіні бар,

Сол кезде таңырқарлық көрсең түрін.
Құла ат кеп қырық жорға бәйгіні алды,
Жинады бір-ақ күнде дүние-малды.
Басы ерік боп, малына иелік қып,

Тал түсте таңба басып және ен салды.
Талайлы палуан болды даңқы шығып,
Атса түсіріп, күрессе және жығып.
Қосса аты бәйгінің алдын алып,

Босанып құлдығынан байдан шығып.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Жайылды халыққа даңқы Талайлының,
Талайлар ісін көзбен көрді мұның.
«Болайын туысыңа, сабаз-ай!» деп,

Аузының тия алмайды айтса суын.
Таңдаған елден жігіт қыз Әйімнің
Ықыласы кетті құлап, босап буын.
Қайратын Талайлының көзбен көрді,

Таныды білім-өнерін, көңілі сенді.
Аралап талай топты жүрсе дағы,
Таппады аймағынан мұндай ерді.
Оздырды топтан қайрат, көптен табыс,

Құтылды құлдық аттан тағы намыс.
Ынтық боп, құлқы құлап, көңліне ұнап,
Болуға жөн іздеді қалай таныс.
Талайлы мал басына ие болды,

Жері толған жылқы мен түйе болды.
Сұлуға халыққа ұнаған ол да ынтық,
Қайтсем деп қарастырад оңды-солды.
Әйім боп есі-дерті жатса, тұрса,

Келмейді төсекте ұйқы көзін жұмса.
Сөйлесіп ішкі шерін тарқата алмай,
От жүрек халі мүшкіл болды мұнша.
Бір күні ебін тауып жолығысты,

Қойсын ба ашықтықтың дерті күшті.
Сөйлесіп оңашада емін-еркін,
Пікірді түгел шешті ішкі-тысқы.
Талайлы айтып салды барлық сырын,

Сөйлесіп көрмеп еді мұнан бұрын.
Қойсын ба ашықтықтың улы дерті,
Ақтартты ықтиярсыз бар пікірін.

—Уа, Әйім, қатарым-ай, қарағым-ай,

Тілің бал, лебізің тәтті шарабым-ай.

ғашықтық  дастандар
Жолыңда сенің басым болып әуре,
Сенсіз жоқ түк те жалғыз қарарым-ай.
Жолыңда болып әуре сенің, құрбым,

Сен үшін қайғылы боп мен аһ ұрдым.
Болмаса сенен сәуле, ашық жарым,
Көрінбейд дүние жарық маған бір күн.
Болғандай сенен шипа ішкі дертім,

Сен үшін сергелдең боп кетті еркім.
Дертіме менің десең бір шипа қыл,
Көз мейірім, көңіл хошым, сенсің көркім.
Көп айтып сөзі ұзатып не қылайын,

Түсінген де шығарсың сөздің төркін.
Қыз Әйім сөз мәнісін ойлап білді,
Бетіне Талайлының қарап күлді.
Айтуға оған жауап таппасын ба,

Кісі еді асқан зерек, озған тілді.

—Талайлы-ау, ол айтқаның емес бөтен,

Сөзіңіз жерде қалмас, бәрін де етем.
Сізді мен ешкімнен де кем көрмеймін,
Сеніңіз, мен сіздікпін, сертке жетем.
Бұл жерде реттеудің жөні келмес,

Ұят-ты, біліп қалса шешем-әкем.
Аулақта көңіліңізді жұбатайын,
Аңға шық олай десең, ағай, ертең.
«Құп!» деді қол алысып қыз Әйіммен,

Бергенсін уағадасын байқалды жөн.
Солғын жүз нұры тасып шырайланды,
Дертіне табылғандай жүректің ем.
Талайлы нарқұла атты әбзелдетті,

Шығудың ертең аңға қамын жеді.
Жеңіл ер, сайлы сайман, азық алып,

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Жанына екі-үш кісі жолдас ерді.
Қыран құс, жүйрік тазы ертіп алып,
Қалыңға Қаратоғай ол жөнелді.

Тоғайға барып алып жата берді,
Түлкі аулап, құлан, киік ата берді.
Басына Балқашбұлақ қосты тігіп,
Аулақта аң қызығына бата берді.

Қыз Әйім содан кейін үш күн өтіп,
«Барам» деп, қалып еді уағда етіп.
Ат мініп сейілдікке о да шықты,
Жанына өзі теңді үш қыз ертіп.

Бұл үш қыз үш жігіттің көз танысы,
Біріне-бірінің бар сөз салысы.
Бұлар шықты бір жаққа бетін бұрып,
Былай шықса белгілі жөн табысы.

Шыққансын елден аулақ бетін бұрды,
Қаратоғай қалыңға қарай жүрді.
Болмай-ақ кіші бесін төгілдіріп,
Шетіне Қаратоғай келіп кірді.

Төрт қыздың кілең жорға мінгендері,
Масаты қызыл мақпал кигендері.
Төгілтіп төрт жорғалы келеді қыз
Ашық жар алдарында сүйгендері.

Ол қыздың бәрі сұлу тотыдайын,
Кисе киім, мінсе аста аты дайын.
Ер тұрман әшекейлі күміс жапқан,
Алады көрген сайын көздің жауын.

Күміс ер күн нұрына шағылысып,
Аттары қара терге ағылысып.
Қоңыраулы құйысқанның күмбездері
Күлдірлеп бір-біріне қағылысып.

ғашықтық  дастандар
Жорғаны дөңгелентіп қыздар келед,
Желбіреп орамалдар желмен әлек.
Бәрі де бұл қыздардың озған сұлу,

Айрықша қыз Әйімнің түрі бөлек.
Келеді өңшең сұлу жорғалы қыз,
Алқалы, шашпаулы қыз, сырғалы қыз.
Сырғаның сылдырлаған даусыменен

Жаңғырықты жапан дала, ен құла түз.
Тоғайда қыздар шауып, қырдан құлап,
Жарысып келе жатыр атты бұлап.
Белгілі жатар жері аңшылардың

Кәдімгі Қаратоғай, Балқашбұлақ.
Бұлаққа аттың басын тіке салды,
Дегенше әне-міне келіп қалды.
Балқаштың сағасына келген кезде,

Алыстан ақ шатырды көзі шалды.
Аттарын бір ағашқа байлай тастап,
Ішіне ақ шатырдың кіріп барды.
Шатырда жанды адам жоқ кіріп барса,

Көргенсін қыздар болды таң-тамаша.
Жігіттер аңнан қайтып келгенінше,
Шатырда қыздар байғұс жатты оңаша.
Құс салып, ит жүгіртіп кешке шейін,

Аңшылар кешке жақын қайтты кейін.
Байласып алған аңын қанжығаға,
Қосылып өлеңдетер қосқа дейін.
Жігіттер келе жатып аңнан қайтып,

Ән салып, жол қысқартар өлең айтып.
Қозғайды махаббатты—ұлы сырды,
Жалыны ыстық жүрек оттай шалқып.
Мінезі қыз Әйімнің көзге елестеп,

Уылжып тұла бойы кетті балқып.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Сұлудың мәгниті махаббаты,
Екпінін ер жүректің алды тартып.
Қалың ой, қараңғы сор бұлттай қалқып,

Іш күйіп, бой босаңсып, жүрек балқып.
Сұлуды, қыз Әйімді әнге қосар,
Азырақ өлең айтад ойдан қамтып.
Сұлу қыз үйдің сәні, елдің көркі,

Жарасар кисе қырын кәмшат бөркі.
Теңімен көңілі сүйген қосылар ед,
Дариға-ай, болса мәгар басында еркі.
Шыға алмай жауыздықтың шеңгелінен,

Талайдың асқынулы-ау ішкі дерті.
Әйтпесе бір шамадан шығар еді-ау,
Әйімнің қол алысып берген серті.

—Көрдім де дидарыңды көңілім кетті,

От түсіп, жүрегімді қайғылы етті.
Жаралған-ай зайрадан, асылым-ай,
Жан келмес бұл жалғанға сендей көрікті.
Жақсының жүзі сұлу, сөзі берік-ті,

Күйдіріп ашықтығың болдым дертті.
Жеріңе уағадалы келе алмастай,
Қыз Әйім ұмыттың ба берген сертті.
Ақылың біткен тайлас ажар-көрікке,

Қасіретің уландырды қоймай ерікке.
Болмаса сенен ғана бұл дертіме ем,
Түк дауа табылмастай жер мен көкте!
Талайлы осыны айтып күрсінеді,

Қан қайнап, жүрек тулап дүрсілдеді.
Уылжып іш елжіреп, бой босаңсып,
Бір қызып, бір суынып есінейді.
Қиялы қырық бөлек боп келе жатса,

Байлаулы ағашта аттар кісінейді.

ғашықтық  дастандар
Жалт етті кісінеген атты көріп,
Шатырға қалып еді жақын төніп.
Білмеймін қорықты ма, қуанды ма,

Әйтеуір бой шымырлап, етті селк.
Кідірмей сол бетімен қалды келіп,
Елеңдеп аттар үркіп, ойды бөліп.
Бұлардың дүрсілдеген дауысын есітіп,

Шатырдан шыға келді қыздар да өріп.
Ашықтар бір-бірімен ұшырасып,
Жасарып, жайнап гүлдей көңілі тасып.
Қосылып, құшақтасып, амандасып,

Шат болды ынтық жүрек мауқын басып.
Шатырда ойнап-күліп жата берді,
Тілектес, мақсұты бір өңшең ашық.
Аң аулап, сейіл құрып сер бойдақтар,

Тоғайда жата берді араласып.
Өткізіп елге қайтты бірер жеті,
Бет алса қашық емес елдің шеті.
Келеді әрқайсысы өз жөнімен

Толықсып туған айдай ажар-көркі.
Қиял боп келешегі көзге елестеп,
Жары боп көңілі сүйген есі-дерті.
Ой басып жүрген сайын жүз құлпырып,

Келеді бой билетпей кетіп еркі.
Жігіттер бұрын, қыздар соң,
Келді ауылға әр жақтан.
Көрмегенсіп түк нәңе

Монтанылар ой тапқан.
Көрмегенге іс күмән,
Өздеріне аян дән татқан.
Түлкіше қыздар із тастап,

Құлады теріс қыр жақтан.
Аңшылар тура құлады,

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Ырғап, жырғап олжалы,
Аттарына ет артқан,
Қанжығасын қандасып,

Қызылдан қызыл таңдасып,
Не алтайы түлкінің
Құйрығын жерге шұбалтқан.
Аңшылар келіп ауылға,

Әуес көріп аң етін
Жіліктеп үйге таратқан.
Қыздармен жанның ісі жоқ,
Олжаны әркім ұнатқан.

Қыздар келіп отауға,
Жатып алды жабысып.
Шаршап кеп шөлдеп қағысып,
Десін кім келдің қай жақтан.

Бірер жеті тағы өтті,
Көп айтып артын ұзатпан.
Қыздың атқа мінгені,
Жігіттермен қосылып,

Екі жеті жүргені
Сыпсың-сыпсың сөз болып,
Көбейді күңкіл жан-жақтан.
Ұйғарып көзбен көргендей,

Не бал ашып білгендей,
Қашқан өсек бұлақтан.
Әйімді Құдай ұрды деп,
Құшақтады құлды деп,

Күбір-күбір көп сөзбен,
Әйім де азды құлақтан.
Әйімге ашық көп еді,
Өңшең мырза, бек еді.

Аламын деп әуре боп,
Талайлар малын төгеді.
Әйімге малы не керек,
Қанша кісі келсе де,

Біріне болсын демеді.

ғашықтық  дастандар
Есі-дерті Талайлы,
Жатса ұйқысын бөледі.
Көзін жұмса елестеп,

Алдына жетіп келеді.
Құлқы құлап, көңілі ауып,
Махаббаты төнеді.
Ашықтық дерті жанған өрт,

Оп-оңай не ғып сөнеді!
Бір ауғансын ниеті
Бой бермей еркін жеңеді.
Асыл туған Әйімнің,

Сырты сұлу, сымбатты.
Алтайыдай алқызыл,
Қырмызыдай қымбатты.
Бал мінезді, нұр жүзді,

Алмадай піскен ләззаты.
Сөйлесе сөзі мазалы,
Бал шараптай шәрбат-ты.
Ел-жұртына қыз Әйім,

Сүйкімді, сұлу, ардақты.
Сұлулығы Әйімнің
Өз басына сор болды,
Аңдысқан жау зор болды.

Талайлыға ел қимайд,
Дұшпандығы мол болды.
Әйімге сырттан ашық көп,
Ішіне дерті сыймайды.

Бар кінәсі сол болды,
Әйтпесе Әйім нағыпты.
«Күңіренткендей көп елді,
Нашарлығым болмаса

Не жазығым бар ед» деп,
Өз-өзінен өкініп.
«Халқым-ау,—дейді,—не болды?»

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Жұрт күңкілдейд өсектеп
Сыртынан солай есептеп.
Қыз Әйімнің Талайлы

Жуып кетсе қасына:
«Құрығандай елде еркек,
Құлмен болып ашына.
Бай таңдаған бейбақтың

Тапқан теңі осы ма?
Біле-білсе теңі кім,
Құлмен жүру құрғырдың
Лайық па екен басына.

Қаңғырған мынау қызыл бас,
Түбімізге жетті-ау,—деп,
Мырзаның малын иеленіп,
Билігін алып кетті-ау,—деп,

Онымен қоймас тағы да,
Қыз Әйімді құшақтап,
Азары мұның өтті-ау!—деп,
Бұл азарды көргенше,

Мал-мүлікті иелентіп,
Қызды қоса бергенше,
Өлтірсек құлды нетті»—деп,
Көп шулайды сыртынан.

Сыңайын танып бұл істің,
Күдер үзді жұртынан.
Түсіруге қолына
Бөгет болып жолына,

Күні-түні аңдиды,
Талайлы келсе жылқыдан.
Жылқыда жүрсе жұрт тыныш,
Ауылға келсе аңдулы,

Бозбала безді ұйқыдан.
Зерек туған қыз Әйім
Таныды елдің сыңайын,
Құлқын танып қулардың,

Дейді «енді не амал қылайын.
Қолына түссе өлтірер,

ғашықтық  дастандар
Біреуі қылмас ырайым.
Өлтіред деп қорқа алман,
Кел, тәуекел қылайын!

Болған соң әуре бұл істің,
Ұшығына шығайын.
Арпалысқан дұшпанды
Амалын тапсам жығайын.

Тілімді алса Талайлы,
Елден қашып шығайын.
Азар болса өлтірер,
Несіне етем уайым.

Бүйтіп азап көргенше,
Әркімнен бір сөз есітіп,
Жебедей жерге кіргенше,
Өлейін де тынайын.

Талайлымен қосылып,
Кел тәуекел, кел енді
Таланымды сынайын».
Деп Әйім сүйенеді тәуекелге,

Сенімді, асырғандай асқар белге:
Ұстайын, ер еді ғой, етегінен,
Тәуекел, бұл талабым кетпес желгең.
Отарда жүріп-жүріп ер Талайлы,

Бір күні түнде қайтып келді елге.
Әйімге жолығады түнде келіп,
Аңдушы білмей қалды ұйқыға еніп.
Екеуі емін-еркін сөйлеседі

Жұмыстың ішкі-тысқы бәрін теріп.
Қыз Әйім Талайлыға сыр айтады,
Сыр шешіп, сөздің артын ұзайтады:

—Бұзылды елдің ниеті таныдым,—деп,

Батырды қауіптендіріп мұңайтады.
Біздің бұл ісімізге халық наразы,
Ешкім жоқ мен танысам бізге разы.

талайлы құл  мен  әйім  қыз

—Екеумізді өлтірмек қолға түссек,

Әйтеуір аңдып жүріп қысы-жазы.
Қайткенмен бұл арада жүре алмаймыз,
Жүргенмен елдің бетін көре алмаймыз.
Болмайды болған істі жасыруға,

Біз бүркеп ашылғанды тыға алмаймыз.
Халыққа бұл ісіміз болды әшкере,
Болармыз бүйте берсе біз масқара.
Бұл елдің ішінде енді жүріп болмас,

Жетеді іздегенге халық астына.
Талайлы, елің қайда білемісің,
Бәрі жау жан-жағыңның жанған өрттей.
Ішінде жанған өрттің жүремісің?

Бұл елдің бәрі дұшпан біз дегенде,
Ынталы жалғыз-ақ мен сіз дегенде.
«Жігіт туған жеріне» деген қайда,
Болар ма ел табылмас іздегенге.

—Әйім, олай болса енді не етем,

Біздің ел тым жырақ қой, нағып жетем.
Әркімнің басы қымбат, жаны тәтті,
Дегенің жандан шыққан емес бөтен.

—Ендеше кел, тәуекел, ал кетейік,

Ішінде жүріп жаудың біз не етейік.
Олай десең кетудің тез қамын же,
Мақсатқа, нәсіп болса, кел жетейік.

—Сен ертең олай болса отарға бар,

Толтырып қос қоржының және азық ал.
Астыңа нарқұланы ұстап мініп,
Жорғаны егіз күрең қосарыңа ал.
Бүгін емес, сен ертең ымыртта та,

Келерсің Сарыобаға не ел жата.

ғашықтық  дастандар
Кезінде түн ортасы мен барармын,
Болмаса көлденеңнен бір іс қата.
Талайлы осы уағдамен атқа мінді,

Бөктерді азық салған қос қоржынды.
Алғаны ірімшік пен қойдың құрты,
Отарға барамын деп түнде жүрді.
Көпшілік білмей қалды келіп кеткенін,

Түнде кеп Талайлының не еткенін.
Біле қойса басқа еді істейтіні,
Солар ед көптің аңдып күзеткені.
Түнде тұрып Талайлы

Құла атына мінеді.
Барамын деп отарға
Түн ішінде жөнеді.
Күн шығып таң атқанда

Сарыобаға келеді.
Қоржын толы азықты
Сол араға көмеді.
Азықты тастап салт атпен

Отарға түсте келеді.
Талайлыны көргенсін,
Құлдар қалды сауқылдап.
«Би Талайлы келді» деп,

Ортаға алды қауқылдап.
Көпшіл жүйрік көсемдер
Сөйлейді шалқып аңқылдап.
Отырған жері күлкі-ойын,

Тыңдаушының езуі
Жиылмайды қарқылдап,
Түседі көзге жарқылдап.
Көп ішінде белгілі,

Сүйкімді сөзі, үлгілі,
Шығады үні сартылдап.
Қымыз ішіп, ет жесіп,
Қызара бөртіп күлісіп,

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Дүрілдеген мас құлдар,
Қызулы қыршын жас құлдар
Еш нәрсемен ісі жоқ.

Ыржақтап күліп тарқылдап,
Не пікірі барлығын,
Қайдан білсін байғұстар
Айтпаса сырын айқындап.

Құл да болса Талайлы
Мырзаға кеулін бермейді.
Енсе басы есіктен,
Төрге қарап өрлейді.

Төредей сыйлап төңірегі,
Мырзадан кейін көрмейді.
«Құл екем» деп қорғанбай,
Биікке қолын сермейді.

Талайлы байға жағынған
Өзге құлға сенбейді.
Бар шаруасын басқарып,
Реттеп жайлап жөндейді.

Өзі қожа, өзі би,
Анау-мынау кісінің
Айтқанына көнбейді.
Құл түгіл бай да құрметтеп,

Кәделі жерде қадірлеп,
«Кел жоғары, кел» дейді.
Би Талайлы келгенсін,
Құрметтесіп құл біткен

Ортаға алды ұйлықты.
Саба қойып тай сойып,
Сыбаға берді сыйлықты.
Жігіттің жүйрік бұлбұлы,

Бір құл емес әркімдер
Айтқызад беріп билікті.
«Ертең ауыл жөнейд деп,
Тайдың еті болмаса,

Мырза өзге ет жемейд» деп,
Бір құр тайды ұстап сойғызды,

ғашықтық  дастандар
Қойдан семіз құйрықты.
«Әйім көшке мінед» деп,
Және ұстатты жылқыдан

Егіз күрең жорға мен
Нарқұладай жүйрікті.
Тайдың етін тұздатты,
Түнгі салқын самалға

Дегдітті қойды мұздатты.
Сүбесі қарыс қазыны,
Айналдырып ішекке,
Тырсылдата сыздатты.

Әбзелдеп мініп күреңді,
Нарқұлаға ер артты.
Екі қап етті теңдеп ап,
Елге қарап жөн тартты.

Жүрісі жойқын жорғаны
Дөңгелентті, шайқалтты.
Жайқалтып күрең жорғаны,
Нарқұланы жетелеп,

Күміс жүген күреңге
Жарасады шекелеп,
Ырғып, шайқап теңселіп.
Үсті-үстіне төпелеп,

Жүрген сайын жұтынып,
Шығарып өнер еселеп.
Түріп алып маңдайды,
«Қайдасың,— деп,—Сарыоба»,

Тура салды төтелеп.
Теңселе басып тең күрең,
Жосылып судай жылжиды.
Ырғала басып аяғын

Иек қағып шұлғиды.
Ақбөкендей сыдырып,
Ор қояндай зырғиды.
Әрі-бері қызған соң,

Білмейді өрді, ылдиды.
Тастап талай белесті,

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Өтті неше бұлдиды.
Жүрісіне құмартып,
Ұйтқып кетіп барады.

Үш жүйріктің желгенде
Дүбірі жерді жарады.
Бұлт қызарып, күн батып,
Көлеңке өшті, тарады.

Әне-міні дегенше,
Қызылы күннің семгенше,
Сарыобадай биікке
Салып бір келіп қалады.

Екі көзі ел жақта,
Қарай-қарай талады.
Отардан бері шыққалы
Түпсіз терең ой басып,

Келешегін санады.
Сарыобаға келгенде
Есіне түсіп көмбесі,
Іздеп тауып алады.

«Уағадалы жерім осы» деп,
Аттан түсе қалады.
Қаңтарып қойып суытты
Айқастырып үш атты

Басын байлап бұтаға,
Аяқтарын тұсапты.
Көлбеп жатыр көлденең,
Күй толғанып, ән шырқап,

Жалғыз өзі жапанда
Жын ұрғанға ұсапты.
Ашықтық дерті қозғанда,
Қыз Әйімнің суреті

Көз алдына елестеп,
Құшқандай жая құшақты.
Ауа ашық, жел тынық,
Аспанда жұлдыз самсап тұр.

Үңіліп келіп телмеңдеп,
Ашық боп жерге аңсап тұр.
Ай төңірегін ақ белдеу

ғашықтық  дастандар
Айнала қорғап қоршап тұр.
Үркіп үркер бөлініп,
Шыға алмай шарыққа шаршап тұр.

Темірқазық телміріп,
Қозғалмай көкті жусап тұр.
Ақбоз ат пен көкбоз ат,
Шиыршық атып сусап тұр.

Айнала торып алыстан
Жетіқарақшы құрсап тұр.
Керіліп жұлдыз Таразы,
Желіге тартқан ұқсап тұр.

Айдың бетін кіреуке,
Қарауытқан меңі бар.
Піскен нандай дөңгелек,
Бір шеті мүжік, кемі бар.

Болмаса да күндей жарық,
Айдың нұрлы өңі бар.
Ай мен жұлдыз жерге ашық,
Әйел мен қыз ерге ашық.

Әркімнің бір теңі бар.
Сол ашықтың біреуі
Талайлы мен қыз Әйім,
Сарыобадай белгілі

Уағда қылған жері бар.
«Күтіп тұрса» сол жерде,
Түн ортасы болғанда,
Барамынң деген сөзі бар.

Талайлы ойға түсіп түпсіз терең,
Сырласып табиғатпен мылқау, керең.
Тыншымай махаббаты ыстық жүрек,
Дөңбекшіп оңды-солды отырды әрең.

Елжіреп іші-бауыры уылжиды,
Өртеніп аш өзегі іші күйді.
Талмаусып нәзік жүрек, дерт асқынып,
Ыстық қан баяулатып шақ жылжиды.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Мұнартып, көз бұлдырап, құлақ шыңылдап,
Іш қызып жүрек ұйытқып, шеке зыңылдап.
Ат дүбірі, адам дауысы шыққандай боп,

Көз талды, қарай-қарай құлақ тыңдап.
Асығып албырт көңіл ешбір тынбай,
Бір тұрып, бір отырып сабыр қылмай.
Әйімнің күтіп берген уағадасын,

Түн жары[мы] азар өтті болып жылдай.
Әйім қыз әлде неғып жатыр екен,
Талайлы отырғанда болып мұндай?
Төсегінде дөңбекшіп,

Қыз Әйім жатыр бұралып.
Қаптады басты қалың ой
Тұс-тұсынан құралып.
Тізбектеле, тіркеле,

Жалғыз-жалғыз шұбалып.
Жанып-күйіп біресе,
Бір суынып, қуарып.
Талайлы еске түскенде,

Уылжып жүрек уланып.
Үлкен қызу пайда боп,
Жігерленіп буланып.
Ілгергі мақсат сол-ау деп,

Сол өмірге қол-ау деп.
Пікірі біліп сезгендей,
Түйткілденіп сұмданып.
Махаббаты асқынып,

Ойды билеп, бойды алып.
Қыздырғанда мас қылып,
Кеткендей болды жынданып.
Сынағанда сырт көзбен

Қыз Әйімнің тұрмысы
Анау-мынау кісінің,
Қолына оңай түспестей.
Бәрі дайын, бәрі мол:

ғашықтық  дастандар
Таңдаулы киім, қалаулы іс.
Осал кісі ішпестей,
Қымбатты дүние, қыруар мал,

Дәрежелі зор байлық
Өмір бойы өшпестей.
Көңілі мұңлы сонда да,
Жүрегінде жаралы

Бір түйін бар кетпестей.
Ол түйінді, түйткілді
Бір Талайлы болмаса,
Өзге жан оңай шешпестей.

Тәрбиелі мал-мүлікті
Ала келіп есепке
Жүректің титтей жарасын
Жарамады жазуға.

Не мұңың бар десек те,
Тәуекел деп талап қып,
Дүние малды талақ қып,
Жас жүректің мақсатын

Еткісі келед қарамай,
Көлденең күңкіл өсекке.
Осыны ойлап қыз Әйім,
Деп «таланды сынайын.

Жаман күтпей жақсылық
Танып жұрттың сыңайын.
Екі өлім жоқ бір басқа
Несіне етем уайым.

Тәуекелге сүйеніп,
Белімді бекем буайын».
Деді дағы қыз Әйім,
Түнде тұрып киінді,

Етек-жеңін түйінді.
Ер-тұрманын арқалап,
Қабаққа қарай жүгірді.
Бет алдында тұр еді

Бекітулы қойшыкер.
Ұстап алып жүгендеп,
Керторыға салды ер.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Тастады мал-мүлікті,
Ата-ана, туған ел-жұртты
Тәуекел етіп, талап қып,

«Қайдасың—деп,—Талайлы ер!»
Тұрса дағы көрініп,
Сарыоба да біраз жер.
Жетемін деп асығып,

Әрі-бері жортып келгенсін,
Керторыдан шықты тер.
«Мезгілсіз мініп келемін,
Аяңдамай желемін.

Қинады деп ренжіме,
Жүр, жануар, жүрегім.
Қиып тастап мен шықтым
Қыруар мал-мүлкіммен

Қымбатты әке-шешемді.
Жатжұрттық қып жаратты,
Жан-тәніндей аяулы.
Жалғызымын десем де,

Атым әйел болғансын
Туған жерде жүрмек жоқ.
Етейін талап есенде,
Өмірлік жолдас болайын,

Көрсе лайық құдірет,
Талайлыдай шешенге».
Деп Әйім керторыға қамшы басты,
Дегенше әне-міне белден асты.

Төрт бөліп, түн ұйқысын еріксіз қуып,
Құдірет құмар қылған екі жасты.
Екі жас талап қылып қосылуға,
Жанға айтпай жат пікірін жасыруда.

Жалынды жас жүректің махаббаты,
Ынтық боп қосылғанша асығуда.
Талайлы қыз Әйімді отыр күтіп,
Қасірет пен қалың уайым, қайғы жұтып.

ғашықтық  дастандар
Жолында қандай бейнет қыз Әйімнің
Көрсе де, ренжір емес қабақ шытып.
Қыз Әйім ата-анасын қиып тастап,

Көңілі қамығулы көзін жастап.
Мезгілсіз түнде жортып келе жатқан,
Жүректің махаббатты дертін баспақ.
Ойға алмай сән-салтанат, дүние-малын,

Тұрмысқа еріксіз қуғын деп обалың.
Шатты өмір келешекті көзге елестеп,
Күйдірген жан жүректі ыстық жалын.
Бірнеше ойды-қырды, өтіп жалды,

Жуықтап Сарыобаға келіп қалды.
Отырған тыңдап, күтіп Талайлының
Алыстан аттың дүбірін құлақ шалды.
Көреді әркім тәуір замандасты,

Құдірет ашық қылған екі жасты.
Жерінде Сарыобадай уағыдалы,
Қос ашық ынтық болған ұшырасты.
Көргенсін ашық жарын көңілі тасты,

Ибамен иек қағып амандасты.
Қосылып, қол ұстасып емін-еркін,
Сүйісті, құшақтасты, мауқын басты.
Әбзелдеп қос күреңнің екеуін де,

Аттанды Сарыобаның етегінде.
Жөнелді қос күреңге мініп алып,
Нарқұла ат азық артқан жетегінде.
Беталды оңтүстік боп, сапар шекті,

Жөн тартып, тәуекел деп жүріп кетті.
Сол түні таң атқанша тынбай жортып,
Мерзімді біраз асу жерден өтті.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Құмаққа күн көтеріле келіп жетті,
Сәскеде өткел тауып одан өтті.
Сол күні сыпыра жортып желуменен

Тал түсте Текеліге келіп жетті.
Бекінді Текеліге түсте келіп,
Адырлы, тау тасалы, жері берік.
Тынықты күн батқанша ат суытып,

Шаршаған күні-түні тынбай желіп.
Адырда жата берсін жігіт пен қыз,
Тау таса болғанменен жасырмас із.
Әйімді таң атқансын жұрты жоқтап,

Құйылды ел өкпелеп жүрекке мұз.
Ашық көп қыз Әйімге ел-жұртында,
Аңдысқан бәрі дұшпан жүр сыртында.
Кеткенін Талайлымен біліп анық,

Қимайды намыс қылып қызды құлға.

—Құлға ертіп жібергенше Әйім қызды,

Өлтірсек не қылады қаражүзді!
Ол, шіркін, қайда қашып құтылады,
Қуалық, тауып алып қашқан ізді.
Құл құрлы жүзіқара көрмей бізді

Мат қылып кетті-ау, сындырып белімізді.
Өлтіріп қолға түссе екеуін де,
Алалық залымдардан кегімізді.
Деседі желіккендер бас құрасып,

Кектеніп кеңеседі сыр сұрасып.

—Бейбақтың насыр бүккіс обалы жоқ,

Елде еркек құрығандай құлмен қашып!
Бас қосып ізге түсті өңкей кекті,
Бәрі ізшіл, бәрі ақиық, бәрі епті.
«Беймезгіл бейбіт елге бүлік салған,

Алалық сәйгелдектен сүйтіп кекті!

ғашықтық  дастандар
Қыз емес, ол сәйгелдек, сайтан,—десіп,
Көргенсін сайтандығын айтам,—десіп,
Келтірген елге намыс, ерге сөгіс,

Киеңкі ол дағы бір байтал» десіп.
Қырық жігіт ат алмалап шықты қуып,
Кектеніп қыз бен құлға көңілі суып.
Түбінен Сарыобаның ізін тауып,

Жөнелді ізге түсіп түске жуық.
Қырық жігіт ізге түсіп қуып кетті,
Бәрі ашық қыз Әйімге, бәрі кекті.
Түкіріп қолдарына, тісін қайрап,

Көшіріп келе жатыр жер мен көкті.
Кімдер жоқ іштерінде қырық кісінің,
Батыры, палуаны да бар ғой мұның.
Табылад әлденеше өнерпаздар,

Біртіндеп жігіттердің шешсек сырын.
Белгілі палуаны бар Дәулет деген,
Қолына түскен адам сау кетпеген,
Және бар Жантілеудей озған мерген,

Алдынан аң құтылмас көзі көрген.
Тағы да бір керемет қырағы бар,
Жіті көз, мұның аты—Құдайберген.
Талайлар айта берсек табылады,

Бір ізге бәрі түсіп жабылады.
«Артынан жедел жүріп жетелік» деп,
Күн-түні тынбай жүріп сабылады.
Дүркіреп ізге түсіп дабырласып,

Қос атты кезек-кезек алмаласып,
Бір түскен Текеліге жерін көріп,
Деседі «емес шығар енді қашық».
Шығуға Құдайберген тауға барды,

Биіктен ілгеріге көзін салды.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Баратқан Жыландыда екі аттыны
Қиядан қырағының көзі шалды.
Көргенін көпшілікке келіп айтты:

Жырақта көрінеді,—деп,—бір-екі атты.
Екі атты елсіздегі «солар ғой» деп,
Дүркірей ізді тастап тура тартты.
Жігіттер кеңеседі келе жатып,

Қаупілеп Талайлының күшін айтып.
«О залым оңайлықпен қолға түспес,
Қапыда түсірмесек оқпен атып.
Әркімнен ойлағанда күші де артық,

Әл бермейд он кісіге алад тартып».
Қырық жігіт бір-біріне қарасады:

—Тайсалмай барар ең,—деп,—қайсың батып?

Барам деп айта алмайды ешқайсысы,
Жуыр ма Талайлыға жанды кісі.

—Көре ме басқамызды қырау құрлы,

Жалғыз-ақ пар келмесе Байқаң күші.
Байқадам үндей алмай күмілжи кеп,
«Барам ғой» деген болып қақты иек.
Айтуға «бармаймын» деп қорықса дағы,

Ар көред «батыр» деген атына тек.
Батырдың көп сенбейді құлқын байқап,
«Бата алса жарар еді» деп басын шайқап.
«Ол құрғыр оңайлықпен түсірмес» деп,

Пікірін бір-біріне жасырып айтад.

—Келер-ау,—дейді Дәулет,—алысса әлім,

Бірақ, ол жуытпайды-ау,—дейді,—залым.
Құр сырттан «мен сүйтем» деп мақтанса да,
Көп сенбейд, Талайлының сыры мәлім.

ғашықтық  дастандар
Жантілеу озған атқыш мерген еді,
Өлтіріп ол талайды көрген еді.
Жантекең көптің біліп қаймыққанын,

Көтеріп көкірегін ерленеді.

—Жігіттер, қаймықтыңдар неге сонша,

Күші келер он кісіге ол мақтанса.
Мен атып «уайымдама» түсіремін,
Қолымда қара мылтық есен болса.
Көпшілік көңілденді естіп мұны,

—Ырас,—деп,—атса мерген түсіретіні.

Жантекең онан сайын көтерілед,

—Бір-ақ оқ,—деп—дәу де болса оның құны.

Орнықты содан кейін көптің көңілі,
«Оққа дауа жоқ,—деп,—сол істің жеңілі.
Басынған елді-жұртты о залымның,
Қанша айтып қысқарар,—деп,—енді өмірі».

Қырық жігіт қия шауып, қырдан құлап,
Келеді қаптай салып атты бұлап.
Тал түсте Жыландыдан бұлар да өтті,
Болса да қояр емес қанша жырақ.

Сол кезде қыз Әйім мен құл Талайлы
Түстенді Тебірге кеп, атты жайды.
Түс ауа тас шоқының шығып басына,
Көз салды, алды-артына абайлайды.

Басында тас шоқының екеу ара,
Басқа жоқ сөйлесерге жолдас-жора.
Бір кезде кейін жаққа салса көзін
Көрінді шоғырланған бір шоқ қара.

Көргенсін шоқ қараны кетті шошып,
Келеді зулап салып, жүйткіп, жосып.
Секілді бір бөлек қол аттанған жау,
Қырық кісі жүрген жері басын қосып.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Талайлы деді Әйімге:—Қуғыншы екен,
Жүре тұр, мен қалайын алдын тосып.
Дегенсін «қуғыншы екен» зәресі ұшты,

Басына тағдыр салды мұндай істі.
Көңілі босап, мөлтілдеп көзінен жас,
Қоштасып, қол алысып айрылысты.
Қуғыншы келе жатқан көріп көпті,

—Бұл дұшпан әлде қайтер, өңкей кекті.

Таланға қандай зауал тап болар,—деп,
Көл қылып көзден жасты Әйім төкті.
Талайлы деді Әйімге:—Сабыр сақта,
Сүйендік тәуекелге не болсақ та.

Талайға тас түссе де көтермекпіз,
Орынсыз түк пайда жоқ қаймықпақта.
Қош, Әйім, қолыңды бер, ыразы бол,
Тәуекел, не де болса болды осы жол!

«Адам басы тұрмыстың добы» деген,
Көрерміз іс ілгері, белгісіз ол.
Қыз Әйім қош айтысып кетті жүріп,
Талайлы тас шоқыда қалды тұрып.

Қия алмай Талайлыдай есіл ерді,
Артына қарай беред мойнын бұрып.
Тағдырға тәуекел деп көніп қалды,
Қаймықпай қайратына сеніп қалды.

Тұрғансын әрі-бері көп ұзамай,
Дүркіреп қуғыншы да келіп қалды.
Ақырып арыстандай қарсы ұмтылды,
Төзе алмай екпініне қол жыртылды.

Қасқырдай қойға тиген быт-шыт қылып,
Сабылтты, жауды кейін серпілдірді.

ғашықтық  дастандар
Жапырып жауға қарсы ұмтылғанда,
Кез келді батырсынған Байқадамға.
Тайсалдап Тәңірі алғыр қаша берді,

Жасқанып жалт-жұлт етіп оңды-солға.
Тайсалдап жүргенінде жалт-жұлт етіп,
Желкеден салды найза қуып жетіп.
Құлады аттан аунап етпетінен,

Көк найза өңбенінен көктей өтіп.
Түсірді батырды аттан ағып өтіп,
Өзгесін қуа берді дүркіретіп.
Түсірді төрт кісіні шалқасынан,

Бірінен соң біріне қуып жетіп.
Жантілеу ұсына берді алдын тосып,
Талайлы оны көріп кетті шошып.
Мылтықты жақын келіп дүрс еткізді,

Жалғыз оқ аш сүбеден өтті жосып.
Сыр бермей оқ тисе де қарсыласты,
Талайлы тапа ұмтылды, мерген састы.
Қаратпай ай-пайына ойбайлатып,

Мергенді бара шанышты, найзалады.
Найзаны салды нығап тар қолтықтан,
Бұлқынтты улы найза ырғып тыққан.
Көк жебе көкірегінен көктей өтіп,

Сақылдап аузынан қан ыңырсытқан.
Суырылмай сұққан найза сүйретіліп,
Парт етіп ұңғысынан кетті сынып.
Мергеннен Жантілеудей және алып кек,

Өлтірді бес кісіні қару қылып.
Оқтан тез, ажал бар ма оттан күшті,
Қансырап қалжырады, қанды құсты.
[Талайлы есін танып құлады аттан],

Көз жұмды, көңіл семді, жерді құшты.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Есіл ер осылайша қаза тапты,
Көбісі оқ тигенін сезбей қапты.
Ат босанып, адамы жығылған соң,

Сонда біліп өлгенін қайта шапты.
Әуелі ұстап алып нарқұла атты,
Сонан соң Талайлыны ортаға апты.
«Жатыр,—деп,—әлдене ғып» келіп көрсе

Басына әлдеқашан дүние сапты.
Тонап ап бар киімін жалаңаштап,
Көмбестен айдалаға кетті тастап.
Сүйегі есіл ердің құла дүзде

Көмусіз өлімтікке қалды ұқсап.
Қуғыншы енді іздейді Әйім қызды,
Ұзамай іздеп жүріп, тапты ізді.
Көпшілік улап-шулап келе жатыр

«Қыз қалар екен,—деп,—қайсымызды?»
Дәмелі бәрі қыздан, бәрі үмітті,
Қыз сұлу ынтық қылған қырық жігітті.
Біреуі біреуіне қияр емес,

Бір сыр бар ашылмаған, көкірек күпті.
Айрылып ашық жардан Талайлыдай,
Артында екі көзі жылай-жылай.
Көл қылып көзден жасын, көңілі босап:

«Қайтейін қалдың-ау,—деп,—қарағым-ай».
Есіл жас еңіреп, боздап келе жатыр,

—Қандай күн тап болады талайыма-ай!

Алдында Әйім қыздың бір үлкен сор,
Ол да бір теңіз еді көлемі зор.
Құятын сол теңізге бір терең сай,
Белгілі көшпелі елдің қой тоғыты ол.

Келді де Тоғыт сайға түсті аттан,
Тұңғиық бір қара су тұнып жатқан.

ғашықтық  дастандар
Сол жерден күтпек болды келушіні,
Келер деп жаудың сұмы біреуі арттан.
Жанында жанды адам жоқ жалғыз өзі,

Сарғайып сәна-қайғы ақша жүзі.
«Талайлы әлдене ғып қалды екен» деп,
Артында есіл-дерті, екі көзі.
Көңлі мұңлы Әйімнің

Көзінен аққан жас болды.
Өзегі күйіп өртеніп,
Іші мұздап тас болды.
«Талайлымен қаштың» деп,

Елі-жұрты қас болды.
Басалқы айтар бір жан жоқ,
Желіккенге жол беріп,
Ел ағасы қас болды.

Көтермеген соң заманы,
Заманға бар ма амалы.
Қымбатты қыршын жастардың
Еңбегі еткен еш болды.

Талабы оңбай қайран жас,
Елі-жұрты болып қас,
Тұрмысқа мұндай тұс болды.
Кектенген жауға кез болып,

Қисынсыз қиын іс болды.
Жалғыздық түсіп басына,
Көпшіліктен көргені
Қорлық-зорлық күш болды.

Жүйкесі босап булығып,
Қамықты, көзге жас толды.
Қыз Әйім осылайша тұрды налып,
Артына қайта-қайта көзін салып.

Дүрсілдеп сұм жүрегі мұздай болды,
Алыстан қуғыншыны көзі көрді.
Алыстан қуғыншыны көзі шалып,
Жүрегі қыз Әйімнің мұздай болып.

талайлы құл  мен  әйім  қыз
Ерік бермей екі көзі жасқа толып,
«Аһ, дариға-ай, қарағым, Талайлы!» деп,
Жығылды аттан өксіп солқ-солқ.

Өзегі кетті өртеніп, күйіп-жанып,
Білмеді не қыларын есін танып.
Көрмеді тіршілікті енді ылайқат,
Күйікпен бұзылып қаны, ызаланып.

Ыза боп, қаны қайнап, бұзды ниетін,

—Көрем,—деп,—енді нағып елдің бетін?

Тірі қап Талайлыдан не болмақпын,
Жөнім бар, Талайлы өлсе, мен де өлетін.
Талайлы-ау, өлгеніңді тұрмын біліп,
Көре алман елдің бетін енді күліп!

Жалғанда жаным сүйген достым едің,
Сенен қап не боламын дәурен сүріп?
Қан қайнап, ашу қысып, қалш-қалш етіп,
Күйдіріп ыза-қорлық барады өтіп.

Бүйтіп қор болғанымша жауға түсіп,
Онан да өлейін де суға кетіп!
Шешініп киімі мен тастады атты,
Іш мұздап, ашу қысып, қаны қатты.

«Көңілсіз тіршіліктен өлім артық» деп,
Құлады тұңғиыққа, суға батты.
Дүркіреп қуғыншы да кеп қалыпты,
Киім мен сай бойынан тапты екі атты.

Әйім жоқ, аттары мен киімі бар,
«Қыз қайда кетті екен?» деп аң-таң қапты.
Қызды іздеп әрі-бері таба алмапты,
Өлгенін суға кетіп ойлап тапты.

Оларға өлген қыздың керегі не
Екі ат пен киімін ап кейін қайтты.

ғашықтық  дастандар
Сақара Сарыарқаның байтақ жері,
Аты жоқ соның үлкен ...*.
Өлгенсін бірінде құл, бірінде қыз,

«Құл», «Қыз» деп атанулы сонан бері.

Талайлы Әйім қызбен болып ашық,
Аз-кем күн, ойнап-күлген араласып.
Қыз үшін қатарының бәрі араз боп,
Жау өрген жан-жағынан анталасып.

Дәуірдің феодалдық дер кезі еді,
Шықса да құтқармады елден қашып.
Арманда, аһ, дариға-ай, кетті-ау солар,
Тұщы өмір, тәтті дәуір болмай нәсіп.

* Бір сөз танылмады.

Әлқисса, сол жерде қыз жеңіліп қалып, жігітпенен тамыр
болды. Бұ жігіт қазақта бала болып, әкесінің үйінің жылқысын
бағып жүргенде Би Оспан дегеннің түнде кез келіп айтысып,
тамыр болған жері. Уа бұл жігіт жылқыда жүріп, кешке та­

ман қыздың үйіне жөнелді. Бұ жолаушылап қыздың үйінен су­
сын сұрады. Жігіт қыздың үйінің сыртынан өлең айтты. Қыз
бұған қарсы өлең айтты. Сонда қыздың шешесі айтты: «Қой,
жолаушыға сусын бер»,—деп. Жолаушыны үйіне түсірді. Қыз

бенен жігіттің тамыр болғанын шешесі білмейді екен. Қыз ше­
шесі білмесін деп жігітке өтірік өлең айтқан екен. Сонда жігіт
сусынын ішіп алып, жылқысына жөнелді. Тағы да күн батқан
соң, қолына құрық алып қыздың аулына жөнелді. Өлең айтып

келе жатқаннан қыз мұны тыңдап жатыр екен. Қыз жатқан
жерінде өлеңді қоя берді. Сонда жігіттің айтып келген өлеңі:
Жігіт

—Қолыма қайда құрық, алайын ба,

Бір жүріп қыз Мақпалмен келейін бе?
Екі асар ердің жаны білді-ау дейді,
Артынан соғар салқын жел-дау дейді.
Күн бұлт, ай қараңғы, жаңбыр жауып,

Тұсына қыз Мақпалдың келді-ау дейді.
Сонда үйінде жатып қыздың айтқаны

—Жағалай Жайық бойын қыстайым ба,

Дертім жоқ, ескі ауруым ұстайым ба?
Келіпті үй артына біреу ұры,
Ұрыны әжеме айтып ұстайым ба?
Мақпал—Сегіз оқиғасы

(Қазан нұсқасы)

ғашықтық  дастандар Келеді мына жақтан жалғыз адам, Етігінде ол кісінің томар бояу. Өзің біл, қайтеріңді деп айтамын, Бір келген заманында Сегіз надан. Сол жерде жігіт түсіп, қыздың қасында жатты да және ертеңгісін жылқысына қайтады. Бұ жігіттің жылқыда өзімен (бірге) жылқы баққан құрдасы бар екен. Құрдасы бұ жігітке өлеңді қоя берді, «қайдан келдің?» деп. Сонда жігіттің айтқаны: —Айтамын, айт дегенде, қайдан келдің, Көп жылқы көкалалы байдан келдің. Қабағың қатыңқы екен, жүзің жүдеу, Сегізжан, айналайын-ау, қайдан келдің-ау? Әлқисса, тамыры үйін жығып көшейін деп жатыр екен, сон­ да құрдасына айтқан сөзі. Қыз жанынан келген құрдасы айт­ ты: —Айтамын айт дегенде, айдан келдім, Көп жылқы көкалалы байдан келдім. Сұрайсың оның несін, құрдасжан-ау, Жау шауып, бүліп жатқан елден келдім. Құрдасы —Жайықтың арғы жағы, бергі жағы, Қолында ер жігіттің алтын тағы. Қылдың ғой оның несін сары уайым, Есенкелді қарақалпақ қызы тағын. Қолыңа қайың құрық алмаймысың, Бір жүріп Мақпал қызбен қалмаймысың. Қылдың ғой оның несін сары уайым, Күз кетсең, жаз айналып келмеймісің? Әлқисса (әнсіз әңгімесі), бұ қыз көшіп кетті. Жігіт жылқыда қалды. Бұ қызды Жабы деген күйеуге берген екен. Қыз еліне көшіп барған соң, күйеу келіп, қызды ұзатып алмақшы бол­

мақпал—сегіз  оқиғасы
ды. Әлгі Сегіздің құлағына тиді. Жігіт қос атпен «Мақпалдың
тойына жетейін» деп жөнелді. Бұ жігіт Мақпалдың еліне
келіп жетіп, Мақпалдың жеңгесі сыртта жүр екен. Мақпалды

ұзатқанына үш күн болған екен. Сонда жігіт Сегіз Мақпалдың
жеңгесіне өлеңді қоя берді:

—Болғанда үш ай тоқсан мұз қатады,

Мақпалдың тойын қылып ұзатады.
Мақпалды ұзатты деп естігесін,
Сегіз сал қос атпенен түн қатады.
Жеңгесі

—Сұйылған су аяғы осы теңіз,

Өсімтал байдың малы табады егіз.
Кеткелі бикешжанға үш күн болды,
Келдің бе аман-есен, салдау Сегіз?
Сегіз

—Жолында Бұхараның қара қақпан,

Барма екен ұқпағаннан пайда тапқан.
Қолыңа тәңір-аманат беріп едім,
Жеңеше, қане, бізге сұлу Мақпал-ау?
Жеңгесі

—Жолында Бұхараның ағаш қақпан-ау,

Күледі, ойнайды ғой ебін тапқан.
Сұрайсың оның несін, Сегізжан-ау,
Мақпалдың кеткен жолы мынау жатқан.
Сегіз

—Жолында Бұхараның бейіт еді,

Жеңеше, мына сөзің кейітеді.
Мақпалдың асқан жолын маған сілте,
Мақпалдың жолында өлсем шейіт еді.
Жеңгесі

Қамысы Сыр бойлықтың майда қамыс,
Қыз бикеш өмірінде болдың таныс.

ғашықтық  дастандар
Қайт десем, қайтпайсың ғой, бейбақ Сегіз,
Бикештің асқан жолы—Дәуқара алыс.
Мініп қой қаракөкке жөнеледі,

Қаракер жүрмей қалып бөгеледі.
Басына қаракердің ұра тастап,
Мініп қой Кер сүреге жөнеледі.
Мінгені Сегіз сердің қаракерді,

Білмейді шапса дағы алды өрді.
Басына той төбенің шыға салып,
Мақпалдың бұлдыраған көшін көрді.

—Көгеріп көрінеді көшің, Мақпал,

Мың қойдың қорасындай төсің, Мақпал.
Алғаның әлде жақсы, әлде жаман,
Біреуге қор болдың ғой, есіл Мақпал!
Басында қыз Мақпалдың бөркі бар ма,

Мақпалдың үйдегідей көркі бар ма.
Қыз байғұс итке берсең, ит алады,
Басында қыз Мақпалдың еркі бар ма?
Келеді ешкі маңырап лағына,

Келеді қозы маңырап бұлағына.
Сегіздің ертеңгілік ащы даусы
Шалынды қыз Мақпалдың құлағына.
Сол жерде Мақпалдың Сегіздің айтқан өлеңін естіп, қыз

жігітке қарсы өлең айтқаны:
Айтамын айт дегенде, Балғын көлді,
Төңірегі Балғын көлдің шалғын еді.
Артымнан, Сегіз қарғам, даусың шықса,

Аттан ғой есім ауып қалғым келді.
Айтамын айт дегеннен Сегіз келді,
Жылқымыз Сегіз кеткен семіз келді.

мақпал—сегіз  оқиғасы
Тарта тұр аттың басын, жан шешеке,
Құрытқан ынтызарым Сегіз келді.
Шешесі

—Жайықтың арғы жағы, бергі жағы,

Қолында ер жігіттің алтын тағы.
Ақ отау жапан түзде тігілген соң,
Қайтеміз, келіп қалса күйеу Жабы?
Және қыз шешесіне айтады: «бұ сөздің түбі өлім тағы»

деп, түйесінің арқанын қиып, жүгін түсіріп, ақ отауды жапан
түзге тікті. Сегіздің екі аты да болдырып, екі етігін қолына
алып, жүгіріп келе жатқанын қыз Мақпал көріп, қолына бір
торсық қымыз алып, Сегіздің қарсысына жүгірді. Сонда Сегіз

Мақпалды көрген соң айтты:

—Айтамын, айт дегеннен әуелі мал,

Жайылған әуеліде қой деген мал.
Көңілің меніменен болса, Мақпал,
Шүмегін қыспа торсық аузыма сал.
Және жігіт Мақпалға айтты: «Мені отауға шейін көтеріп

бар»,—деді. Сонда қыз Мақпал жігітті көтеріп барғанда қыздың
өлең айтқаны:

—Көгеріп көрінеді көлі құрғыр,

Болсаңшы мұнша алыс-ау жері құрғыр.
Сегізді намысымнан көтерем деп,
Барады екі үзіліп белі құрғыр.
Әлқисса, және жігіт пенен қыз Мақпал жапанда тіккен ақ

отаудың ішінде жатқанда қыз Мақпалдың күйеуі Жабы келіп
қалды. Сондағы Жабының айтқан өлеңі:

—Туады кер биеден торы қулық,

Түс көрдім бүгін түнде жаман сұмдық.
Ақ отау жапан түзде тігіліпті,
Енеке, болып қалды недей сұмдық?

ғашықтық  дастандар
Енесі

—Түймем бар тамағымда алты қатар,

Шешкенде бір қатарын таң да атар.
Сұрайсың оның несін, күйеужан-ау,
Мақпалдың қояншығы ұстап жатыр.
Жабы

—Түймем бар тамағымда алты қатар,

Шешкенде бір қатарын таңда атар.
Иланбаймын бұл сөзіңе мен, енеке,
Ішінде шымылдықтың екеу жатыр!
Енесі

—Айтамын, айт дегенде, анам десең,

Жел соқса құбыладан, панам десең.
Су алып кел қашқын судан, балам, деймін,
Мақпалды тәуір көріп, алам десең.
Әлқисса, сол жерде Мақпалдың күйеуін үш күндік жерге су

алып келуге жіберіп, Сегіз бенен Мақпал қыз екеуі сол жерде
жатып қалдылар. Және қыз Мақпалдың күйеуі үш күндік жер­
ден су алып келіп, екі күн суға шомылдырып, Сегіз бенен күйеу
екеуі құшақтасып тамыр болып, Сегізге бір тоғыз артып жібе­

реді. Сол уақытта Мақпалдың біткен жері.

Қазақ пен қарақалпақ бір туысқан,
Ел екен, біршілікке бел буысқан.
Көп заман қатар көшіп, қыстап-жайлап,
Бір жерде кіндік кесіп, кір жуысқан.

Қалдырып қарақалпақты Бесқалаға,
Қазақтар қоныстанған күншығыстан.
Содан соң бір-бірімен қыз алысып,
Екі ел боп ен-таңбасы айырылысқан.

Кей-кейде араздасып аралары,
Жол тосып, керуен тонап, мал қуысқан.
Қыз таңдап қарақалпақ Жабы батыр,
Жар-доспен жақын-жуық ақылдасқан.

«Көп беріп, көргенді елден қыз алсам» деп,
Бел байлап, бұл талапқа қадам басқан.
Қазақ пен қарақалпақ аралары,
Емес ед ол кездері қыз алысқан.

Есітіп қыз Мақпалдың сырт хабарын,
Құмартып батыр соған кеулі қашқан.
Қазақтан Мақпалды алып Жабы батыр,
Сол бопты «қыз алысқан» әуел бастан.

Қыз Мақпал ашығы еді сал Сегіздің,
Бір-бірін қалап кеулі сүйген жастан.
Сал Сегіз—төртқара, әлім тайпасынан,
Қыз Мақпал—шөмекей дейді, руы—аспан.

Мақпал—Сегіз

ғашықтық  дастандар Бапаңнан* естіп едім ертегісін, Мәжілісте, бір жиында басты қосқан. «Сол сөзді жырға айналдыр, Базеке» деп, Әр жерде болды өтініш жар-жолдастан. Сондықтан Мақпал—Сегіз хикаясын Әлеумет тыңдасын деп еттім дастан. Ел қайтады Егіз көлді әр жыл жайлап, Үй тігеді көк шалғынға бие байлап. Жайлауы жанға рахат Сыр бойының, Таусылмас тамашасы жаз болса, айлап. Алты ай жаз күндіз—жиын, кеш батса—ойын, Сайрандап сүрер дәурен күліп-ойнап. Сүйген дос, сүйіскен жар бір-бірімен, Алып қол, айтысқан серт «мезгіл сайлап». Жете алмай кеуліне алған мақсатына, Арманда кеткендер көп, соры қайнап. Осындай оқиғаларды есіткенде, Қалайша қынжылмассың соларды ойлап. Сүлеймен—су аяғы Көкше теңіз, Өсімтал байдың малы табады егіз. Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз, Өтіпті ғашықтықпен Мақпал—Сегіз. Басталар қысқы аяз ақпанменен, Сонарда түлкі аулайды қақпанменен. Сал Сегіз Мәжнүндей бопты ғашық Бір қызды Ләйлі көріп Мақпал деген. Уәде сынайды ерді лебіз бенен, Бір сөзді екі қайта дегізбеген. Сап болып, сағасыз су сарқылады, * Бапаң—Бақа би Айбекұлы, XІX ғасырда өмір сүрген шөмекей руының бе­ делді адамы.

мақпал—сегіз
Телегей тең болмайды теңізбенен.
Айырып ерді—егізден, жарды—ашықтан,
Жалғаншы ит кімдерге боқ жегізбеген.

Мал баққан шаруаның күні құрсын
Жер ауып, мал-жайы үшін шөп іздеген.
Арқаға жылқы жайып отар кеткен
Мақпалдың ғашық жары ед Сегіз деген.

Бұл дүние әркімдерден өтеді ақыр,
Ғашық боп Сегізді ойлап Мақпал жатыр.
Дәм айдап Сыр бойына келе қапты,
Қыз таңдап қарақалпақ Жабы батыр.

Еліміз Егіз көлді жайлап келді,
Тай-құлын жабағысын байлап келді.
Қыз іздеп қарақалпақ Жабы батыр
Қамданып, қосшы-қолаң сайлап келді.

Бас қылып Бұлдырықты қырық жігітпен,
Жасанып, жабдықтанып жайнап келді.
Мақпалдың «сұлу» деген даңқыменен
«Алам деп Құдай қосса», ойлап келді.

Түрінен төрт түліктің тізе тіркеп,
Ілуін той малы мен айдап келді.
Алам деп Жабы келіп жаздай жатты,
Сый қонақ, күйеу-құда салтанатты.

Жабыға бермек болып ағалары
Көңілін қыз Мақпалдың жабырқатты.
Сәтінде сәрсенбінің той қылмаққа,
Жан-жаққа айтып сауын сөз таратты,

Білген соң бір сұмдықтың басталғанын
Сегізге жазды Мақпал арнап хатты.
«Үш күннен қалмасын,—деп,—жаны болса»,
Мінгізді бір жігітке «күйеу атты».

Өлімнен аямайды Мақпал өзін,
Сарғайтты жылауменен ақша жүзін.

ғашықтық  дастандар
Хат жазып, әсем Мақпал айтып сәлем,
Жіберді арзу болған айтып сөзін.
«Ұсады қыз дәуірім өтетінге,

Басыма кемдік мұндар жететінге.
Бұл елден, тұз-несібем таусылыпты,
Сал Сегіз, мен ұсадым кететінге.
Қалды иесіз терім сіңген құндыз бөркім,

Түскен соң, қызыл салы құрсын көркім.
Біріндей бозбаланың Мақпал едім,
Басымнан билік кетіп, болмады еркім.
Амалсыз не қылайын жалғыз басым,

Кеміді қасіретпен жарым жасым.
Тұрады күнде келіп амандасып,
Тең-құрбы, сенен өзге замандасым.
Ой тауып осындайда жөн сілтейтін

Белгілі болды арасы дос пен қасым.
Қоймайды «жүз жиырма» берген залым,
Айырылдым ақылымнан кетіп әлім.
Тез келіп, алмасаң да жолығып кет,

Кеудеңде болса сенің шыбын жаның.
Сал Сегіз, сені де мен батыр деймін,
Алам деп Жабы келіп жатыр деймін.
Уәде осы айтқанға келе алмасаң,

Бейне бір сені, Сегіз, қатын деймін.
Сүт беріп, сұр жорға атқа жем бермеймін,
Мен сені алғанымнан кем көрмеймін.
Осы айтқан уәдеге бір көрінсең,

Жалғанда сені ешкімге теңгермеймін.
Кетпейсің көңілімнен жүрсем ояу,
Ұйықтасам көз алдымда көргендеймін.
Байланды жатқа басым, жанашыр жоқ,

Итшілеп лажсыздан көнгендеймін.

мақпал—сегіз
Қағаздың хатын оқып қолға аларсың,
Жағдайды білгеннен соң ойланарсың.
Тездетіп айтқан кезге келе алмасаң,

Ізіме өзім түгіл зар боларсың.
Ғашықтың сағынышы түскенде еске
Арқада жылап, Сегіз, сен қаларсың.
Жүрмейді салсам кеме қатқан мұзға,

Болмаған кімдер ғашық Мақпал қызға?
Осы айтқан уәдеге келе алмасаң,
Тапсырдым, Сегіз, сені татқан тұзға».
Арқада жатыр Сегіз мұны білмей,

Көңілі жабырқайды ойнап-күлмей.
Жорытты жолдасына көрген түсін:
«Қойды,—деп,—жеті болды ұйқым келмей.
Жібердім қаракөк пен кер кербезді,

Мақпалға барайын деп жүрмін мінбей».
Сегіздің көрген түсін құрбылары
Жорытты жақсылыққа бәрі бірдей.
Мақпалдан сал Сегізге кетті шабар,

Шабарың сал Сегізді қайдан табар?
Адасып бір жетідей жүргеннен соң,
Ақыры сал Сегізге жетті хабар.
Қыз Мақпал секілденді түскен торға,

Тағдыр-ай, бар бәлеңнен өзің қорға.
Әкеліп сал Сегізге хатты берді,
Қыз Мақпал өз қолымен жазған порма.
Мақпалдың қағаздағы хатын көріп,

Шүйіліп орынынан тұрды зорға.
Жылқыны отардағы тастап иесіз,
Мақпалға барайын деп шықты жолға.
«Бар болса жер үстінде жетемін» деп,

Кер атты қосарға алып, мінді жорға.

ғашықтық  дастандар
Болғанда үш ай тоқсан мұз қатады,
Шыққан күн пұрсат бермей тез батады.
Хаттағы хабарына қарағанда

Мақпалды бұл барғанша ұзатады.
Хабарын қыз Мақпалдың есіткен соң,
Сал Сегіз қос атпенен түн қатады.
Баяғы өзі көрген жерге келді,

Жағалай ошақ қазған көлге келді.
Болғанда үш күн, үш түн алты мезгіл
Отырған көл жағалай елге келді.
Сандуғаш сағынады гүлстанды,

Қиындық көрсе басы зымыстанды.
Мақпалды ұзатқаннан кейін келіп,
Сапары сал Сегіздің «дұрысталды».
Мақпал қыздың төбедей үйін танып,

«Сөйлес» деп сырттан Сегіз дыбыстады.
Бұл қалай заман болды күн кешкендей,
Тыныштық неге мұндай тіл кескендей?
Біз көрген бұл ауылда кім бар, кім жоқ,

Сырласып, бір-екі ауыз тілдескендей?
Ауытқып әр тарапқа көңіл шіркін,
Болып тұр бастан қиын күн кешкендей.
Аблыққан көңіл толқып басылмай тұр,

Бұл үйде адам бар ма сөйлескендей?
Жеңгесі үйден шықты шұбалаңдап,
Сегіздің танығасын даусын аңдап:

—Келдің бе, аман-есен ат-көлігің,

Бикештің ғашығы едің, сүйген таңдап?
Кешігіп келе алмастай осыншама,
Қорғалап, қалдың неден бас амандап?
Басында ықтияры болмаған соң,

Бейне бір тағдыр—құйын, адам—қаңбақ.

—Біз көрген аман ба екен жан-жамағат,

Ғалымға «бісімілдасыз» оқылмас хат.

мақпал—сегіз
Тұйғының тұғырында бар ма, жоқ па,
Жеңеше, отырмысың сау-саламат?
Еліміз көше-көше Байтақ өткен,

Жүнінен ақ қозының байпақ еткен.
Бұралып ат байлайтын, асыл Мақпал,
Көзіме көрінбей тұр, қайда кеткен?

—Үстінен бұл ауылдың өте алмассың,

Дәм татпай өз қолымнан кете алмассың.
Бикештің кеткеніне үш күн болды,
Қой бала, әуреленбе жете алмассың.
Бітеді сортаң жерге қалың қамыс,

Бикешпен он бесіңде болдың таныс.
Әуре боп атың арып жете алмассың,
Бикештің барар жері—Дәуқара* алыс.
Ау, бала, әуреленбей атыңнан түс,

Бендеге етер тағдыр әр мұқам іс.
Айт деген сәлемі бар өз аузынан,
Етің жеп, шекер шайнап, шайыңды іш.

—Көп болды ұйқы кетті қабағымнан,

Шай түгіл, ет жемеймін тамағыңнан.
Дерт болар құр сәлемін айтпа маған,
Жүрмейді ас ішкенмен тамағымнан.
Белімді тәуекелге шықтым буып,

Қос атпен қыз Мақпалды келем қуып.
Кетейін бұл ауылдан аттан түспей,
Боз үйдің көрініп тұр түсі суық.
Мақпалды көрмей қалсам армандамын

Бірге өскен ойнап-күліп, бірге туып.
«Қума» деп, жеңешежан, берме уайым,
Қыз Мақпалдан болмассың маған жуық.
* Дәуқара—Қарақалпақстанның бұрынғы Тақтакөпір ауданы.

ғашықтық  дастандар

—Бикештің сенің үшін қалмады ары,

Сен болдың кеткенінше ынтызары.
Үш киім сәлемдеме беріп кетті,
Біреуі кесте салған орамалы.

—Жеңеше бұл күндері көңілім жарым,

Құрбыдан аямаушы ем қолда барын.
Басқасы қолыңызда тұра тұрсын,
Алып берші кестелі орамалын.

—Сал Сегіз, жұртқа жақтың ниетіңмен,

Бересің сөзге жауап ретімен.
Жетсін деп он күн бұрын хабар айтты,
Бикешке көрінесің не бетіңмен?

—Қаптап жүр күннің бетін қара бұлт,

Сонда да тағдырымнан қылам үміт.
Шыққалы мен Арқадан алты мезгіл,
Адасып жеті күндей жүрген жігіт.

—Сөзіме болмады ешкім құлақ асар,

Деп едім «кеткеннен соң сол адасар».
Бикешке «жіберме» деп көп зар қылдым,
Өзі де бір жан еді алаңғасар.
Бикешжан көп жылап ед сені айтып,

Қой бала, барғаныңмен келмес қайтып.
Қасында бара жатыр алған жары,
Екеуің жолығасың одан қайтіп?
Жабының найзасы бар қолында алмас,

Көзінше оның бикеш жолыға алмас.
Жабыдан ажал жетіп өліп кетсең,
Артыңда сенің бикеш тірі қалмас.

—Жайлауы еліміздің Ащы теңіз,

Ауыздан екі болмас шыққан лебіз.
«Өлсек те бірге өлеміз» деген едік,
Басында осылай ед уәдеміз.

мақпал—сегіз
Жылқымды айдап салдым терең сайға,
Жетер ме созсам қолым көктегі айға?
Артынан қос тұлпармен мен қуайын,

Мақпалдың ұзатылған көш-жөні қайда?
Көрген жоқ қыз Мақпалдан көңілім суып,
Келемін тәуекелге белім буып.
Тобылғы сап, торы айғыр қолда тұрса,

Жабыдан айырамын жетсем қуып.

—Қой десем баратырсың тілімді алмай,

Бикештен жүруші едің көңілің қалмай.
Осыдан көрмей қайтсаң «қатын» деймін,
Келгеннен, өлген жақсы жолыға алмай.

—Келемін обалымды мойныма артып,

Жатармыз өлсек бірге азап тартып.
Осыдан қыз Мақпалды көрмей қайтсам,
Жеңеше, одан дағы өлген артық.

— Қыр жайлап, қайтушы едік Қызыл қыстап,

Киюші ек жанат ішік барқыт тыстап.
Бақытыңды бұл жолы ашсын, Сегіз,
Бикешке көп сәлем айт, қолын ұстап.

—Жеңеше, разымын жолға салсаң,

Арманым көп Мақпалды көрмей қалсам.
Тілегін беріп Құдай екі жастың,
Айтайын сәлеміңді жолыға алсам.
Етегін шайы көйлектің зермен бүрген,

Талпынар бала бүркіт қызыл көрген.
Жеңгесі жылап тұрып жөн сілтеді,
Мақпалдың ұзатылған көш жөнін көрген.
Жөн болар адасқанның өзіне алды,

Қыз мінер ел көшкенде өрме жалды.
Сал Сегіз қош айтысып жөней берді,
Ақ Күләй бұралаңдап жолға салды.

ғашықтық  дастандар
Қос атты бірдей Сегіз келед былап,
Таппаған қыз Мақпалдан ешбір қылап.
Екі ғашық тілегіне бата қылып,

Күләйім сәлем айтып қалды жылап.
Сал Сегіз жолға түсіп жөней берді,
Білгендер бұның теріс демейді енді.
Ұйтқытып ізіменен кеткен көштің,

Еңсерді ел жатқанша талай жерді.
Таң ата жол ортасын аударыпты,
Аттары сыр берген жоқ бір қалыпты.
Қылығы қыз Мақпалдың еске түсіп,

Сал Сегіз өлеңдетіп ән салыпты.

—Құндағы мылтығымның қу қарағай,

Айдыннан атушы едім қу, қарабай.
Бірге өскен кішкентайдан Мақпал едің,
Артыңа кеткенің бе бір қарамай?
Сыйындым пірлеріне ғашықтардың,

Далада қалмасам ед ат жарамай.
Тіліміз бір келіп ед «бісмілдаға»,
Мектепте оқып едік бір молдаға.
Мақсатқа ойымдағы жеткізбесең,

Ғашықтық «адыра қалғыр» құр алдама.
Қыз Мақпал сен де молда, мен де молда,
Пірлері ғашықтардың, өзің қолда.
Осыдан қыз Мақпалды бір көрсетсең,

Алсаң да разымын осы жолда.
Жайлауы еліміздің көделі бет,
Кетіп ек биылғы жыл қоныстан шет.
Қыз Мақпал, дертті қылып кеткенің бе,

Дертіңді өзің салған тарқатып кет.
Ақ теңге тағушы едің қатар-қатар,
Шешкенше бір қатарын таң да атар.

мақпал—сегіз
Керіліп кер маралдай бір төсекте,
Күн қайда қыз Мақпалмен бірге жатар?
Боларын мұндай істің білгенімде,

Арқада қаламын ба, жылқыда отар?
Аямай аттың терін келатырмын.
Қыз Мақпал, бар ма күнің жақындатар?
Келемін дамыл алмай, көп күн жүріп,

Тағдырды болжаған жоқ ешкім біліп.
Көрсетпей кеш қарасын құла түзде,
Сыр берді кербез кер ат тепсіндіріп.
Көрінді бейне өзіңдей жазған хатың,

Болдырып келе жатыр жүрмей атым.
Осыдан, Мақпал, сені көрмей өлсем,
Дұғада бол разы, асыл затым.
Сал Сегіз ренжіді уайым жеп,

Алдында жүрер жолы әлде де көп.
Жолы емес жолаушының ұзақ сапар,
Асықпай жүретұғын «жетермін» деп.
Сал Сегіз қос атпенен салдырады,

Есінен аты жүрмей тандырады.
Жетем деп күн, түн қатып келатқанда
Бір жерде кербез кер ат болдырады.
Кербез кер ат болдырып,

Сегіздің көңілін қалдырды.
Ер тоқым, айыл-тұрманын
Сыпырып түгел алдырды.
Қара жорға аттың үстіне

Алдырып бәрін салдырды.
Сол уақытта сал Сегіз
Толғап тұрып былайша
Аттарын жайып, шалдырды:

—Мен сері едім, сері едім,

Сен топтан озған Кер едің,

ғашықтық  дастандар
Өрістен аңсап келгенде
Сусыныңа сүт беріп,
Азығыңа жем беріп,

Бір жаныма теңгеріп,
Қамыңды сенің жер едім!
Ерегіскен ер болса,
Екіталай жер болса,

Керден озбас дер едім!
Бір сапарға жарамай,
Көңіліме қарамай,
Бұл жерлерге келгенде,

Басыңмен жерді тіредің.
Ызаңнан сенің, жануар,
Бауыздамай кетермін.
Қамымды өлмес етермін,

Қусам да жаяу жетермін—
Маған да жоқ керегің!
Кербез кер ат болдырып,
Кеуілімді менің қалдырып,

Бір сенгенім жануар
Қара жорға ат, сен едің,
Тайыңда тағы «құр» едің.
Құнаныңда арда емдің,

Дөненіңде үйреттім.
Он екі құлаш арқанды
Жібектен есіп сүйреттім.
Дөненнен бесті шыққансын,

Өнер аштың теңселіп.
Қарағай найза өңгеріп,
Топқа міндім белсеніп.
Үш күн болған Мақпалға

Жетемін деп келемін
Қайратыңа мен сеніп.
Ат-қанаты жігіттің
Бола алсаң маған сен серік.

Бестіден шықтың алтыға,
Асыл тарттың салтыңа.
Топтан озып бәйге алып,
Олжа салдың халқыңа.

мақпал—сегіз
«Қара жорға» ат атанып,
Сүрмеде тізгін қатарып,
Жайылды даңқың жалпыға.

Алтыдан шықтың жетіге,
Жан келмеді бетіңе.
Өкпеңе қатты тепсініп,
Ұрмадым қамшы етіңе.

Қарасын көштің көрсетіп,
Разымын, жануар,
Жеткерсең ел шетіне.
Жетіден шықтың сегізге,

Тарттың асыл негізге.
Бұл жерлерге келгенде,
Уайым-қайғы жегізбе.
Досымнан көп-ті дұшпаным,

Табасына қалдырып,
«Азды бір балам» дегізбе.
Үш күн болған Мақпалға
Бүгін ақшам жеткеріп,

Бір келтірші лебізге!
Сен едің қара жорға ат малдың алды,
Бауырға мініп алып қамшы салды.
Кең танау, кебеже құрсақ, томаға көз

Тұлпарсың құйма тұяқ, күлте жалды.
Мақпалға бүгін ақшам бір жеткізсең,
Жаһанда көргенім жоқ сендей малды!
Семіз ат мақталса да, бапталмаған,

Келгенде бір жерлерге ол да қалды.
Сал Сегіз жүретұғын жолын қойды,
Ғашықтық аударады көңіл, ойды.
Жолына қыз Мақпалдың шаламын деп,

Қылышқа шабайын деп қолын қойды.
Дерттеніп, ішіне тұр қайғы сыймай,
Зар жылайды көзінің жасын тыймай.

ғашықтық  дастандар
Ашумен шабайын деп алса дағы,
Қынапқа қайта салды көзі қимай.
Жігіттің ат қанаты—жанға таяу,

Жануар қара жорға ат тартты баяу.
Сырты түк, іші нәжіс, асылы айуан,
Қалдырып құла түзде, етпеді аяу.
Сапары сал Сегіздің тұйықталып

Әзірге түсті сүйтіп «сертке» қаяу.

—Еліме аман барсам пайда маған,

Көрер күн қыз Мақпалды, қайда маған?
Ат таңдап жүз жылқыдан мінген басым,
Бұл күнде табылмай тұр тай да маған.
Жанға—қас, малға—бүлік, мен бір әуре,

Алды-артын күн ілгері ойламаған.
Сал Сегіз тауысып тұр айлаларын,
Көре алмай ғашықтықтың пайдаларын.
Қалған соң екі ат бірдей қиян шөлде,

Сүйеніп, зар жылайды найзаларын.
Өлімнен Сегіз жанын аянбайды,
Қалғансын екі ат бірдей жаяулайды.
Алдында көрініп тұр бір тау төбе,

Шықпаққа соған қарай аяңдайды.
Сегіздің сол уақытта болмады есі,
Мақпалдың еске түсіп көп кеңесі.
Кезінде жеті жастың көрген екен

Сол екен Дәуқараның Көктөбесі.
Құр жүрген ала жаздай екі саяқ,
Жүрсе де қанша ардақтап жанға таяп.
Қалдырды қара жаяу айдалада,

Мат қылды бір сапарға жарамай-ақ.
Шешініп, екі етігін қолына алып,
Жүгірді жолға түсіп жалаң аяқ.

мақпал—сегіз
Қалдырып каракөк пен кербез керді,
Басады қадақ-қадақ қара жерді.
Баратқан көз ұшында мұнарланып,

Мақпалдың сағымданған көшін көрді.
Шешініп, бар киімін қолына алды,
Атына жүрмеген соң көңілі қалды.
Басына сол төбенің шыға салып,

«Мақпал» деп үш қайтара айқай салды.

— Көрінген Көктөбеден көшің, Мақпал,

Ауып тұр күн төбеден бесін, Мақпал,
Сәулеңді сағымданған көріп көште,
Ауытқып келе жатыр есім, Мақпал.
Алғаның әлде жақсы, әлде жаман,

Қор болдың қандай жанға есіл, Мақпал?
Жұлдызы бейшараның туды оңынан,
Күйзелмес, кесіп алса да ет қоңынан.
Келеді құлағына ащы дауыс

Қыз Мақпал келе жатса көш соңынан.
Қайырылып көштен кейін мойнын бұрып,
Қараса «Мақпалдайды» тыңдап тұрып.
Көп тұрды кім екенін айыра алмай,

Келед деп Сегіз қалай жаяу жүріп.
Ақиқат кім екенін білмек үшін,
Кідірді тыңдап Мақпал құлақ түріп.
Көрмекке сол кісінің әуселесін,

Басынан алды жұлып сәукелесін.
Анықтап Сегіз даусын таныған соң,
Көңілінен кетірді арман-қамтемесін.
Мүддесін айтып Мақпал анасына,

Салыпты былайша деп сөз кеңесін:

—Еліміз жайлаушы еді Егіз көлді,

Бай малы көл жайлаған семіз келді.
Әлпештеп асыраған анам едің,
Бір ауыз көңілге алар лебіз келді.

ғашықтық  дастандар
Тарта тұр, әжекежан, көштің басын,
Құрытқан ынтығымды Сегіз келді.
Келеді ешкі маңырап лағына,

Келеді киік құлап бұлағына.
Шешеке, аттың басын тарта тұршы,
Келді ғой Сегіз даусы құлағыма.

—Жайлауы біздің елдің Егіз көлді,

Жылқысы Егіз көлдің семіз еді.
Атымның басын қазір тартатындай,
Сегізің біздің сонша неміз еді?
Басыңнан білсең, балам, өткен көп іс,

Ұятқа бәрімізді қылма тегіс.
Құлағым есітпесін, көзім көріп,
Жабыдан ата-атаңа келер сөгіс.
Иә біліп, көрсе көзі жазатайым,

Оқиға болып жүрер бір қантөгіс.
Мақпалжан, енді реті келмейді істің,
Базарын бастап кештің бұл жұмыстың.
Қоштасып, көп кідіртпей қайтар жолдан,

Қисынсыз көшесіне салмай күштің.
Мезгілі өткен істі ойға алғанмен,
Демейді енді лайық мұныңды ешкім.

—Жабының анасы бар ол да сендей,

Сен неге қайғырасың одан кемдей?
Біреуден біреу асып туған емес,
Сыр алып, болды кезің үйренгендей.
Алыстан Сегіз аңсап келгенінде,

Ешкімнен көңілім жоқ именгендей.
Өзі ер, өзгені сері ол білмей ме,
Елінде жары бар-ды неше мендей.

—Жабыдан ата-анаңа сөгіс келер,

Бір емес, үшеумізге тегіс келер.

мақпал—сегіз
Ол саған өмір серік жолдас емес,
Жабыққан жарым көңілің тегістелер.
Қаларсың обалына өстіп жүріп,

Екі ердің ерегіспен біреуі өлер.

—Бір істі кешірмесе ерім демен,

Тек жатпан өлсем дағы көрімде мен.
Алыстан аңсап Сегіз келгенінде,
Бұл жерлер қайрылмастай жерім демен.
Айтқанын ата-анамның қайырмадым

Әлпештеп асыраған елімде мен.
Ықтияр бір басымда болмаған соң,
Біз де бір олжа малы телімдеген.
Бермесең бір сұраған тілегімді,

Тіліңді ала алмаймын сенің де мен.

—Тіл алмай көшті жақсы қондырарсың,

Қонғансын үш күн еру болдырарсың.
Ойнадың он бесіңде мүйізің шықса,
Көңіліңді кәйтіп бүгін тындырарсың.
Қосылған қияметтік ерің білсе,

Өксітіп өміріңді, қор қыларсың.
Болмаса, ата-анаңа тіл тигізіп,
Белімді сүйтіп менің сындырарсың.
Көлдеуде көк ала үйрек балалайды,

Қызғыш құс көлді қорып жағалайды.
Алдында қалыңмал бар қайран шеше
Назына Мақпал қыздың қарамайды.
Түйеден Мақпал да іле түсе қалды,

Қолына бір ақ алмас пышақ алды.
Шешесі шешуіне қарамай-ақ,
Түйенің қос арқанын қиып салды.
Қолына бір кішкентай торсық алды,

Қымыздан бір-екі аяқ құйып алды.

ғашықтық  дастандар
Аяғын баса алмайтын кербез Мақпал,
Сегізді іздеп кейін жаяу қалды.
Сал Сегіз келе жатыр секіріктеп,

Қарайды Мақпал қызға тура тіктеп:

—Шыныңмен көңіліңді берген болсаң,

Жабыңды берейін бе, екі бүктеп.
Мақпал кеп мойнына асылады:

— Қаһарыңнан қайт, сүйіктім, асыл тек,—деп.

«Берік бол, болған іске» деген сөз бар,
Жабының не қыласың қанын жүктеп.
Сөзіме,—деді,—менің құлағың сал,
Тынығып біразырақ деміңді ал.

Жан Сегіз, жаяу жүріп шаршадың ғой,
Аузыңды қымызбенен жібітіп ал.

—Астында Сегіз ердің домалақ кер,

Шын сүйсең, Сегіз сері, қолыңды бер.
Әжекем ақ отауды тігіп жатыр,
Жан Сегіз, айналайын, отауға жүр.

—Астында Сегіз ердің домалақ кер,

Шын сүйсең, Мақпалжаным, қолыңды бер.
Әжекең ақ отауды тігіп жатса,
Өзіңдей тең құрбыңды арқалап жүр.

—Астында ердің Сегіз домалақ кер,

Шын сүйсең, Сегіз сері, қолыңды бер.
Арқалап тең құрбыңды жүрер едім,
Бай-бай-ай, үзіледі-ау белі құрғыр.
Мінгені қыз Мақпалдың сұр-ды дейді,

Ауызын бәйбішенің бұрды дейді.
Ерулеп емін-еркін сол арада,
Шатыр тігіп, шымылдық құрды дейді.

мақпал—сегіз
Айтылған қыз кезінде бар-ды серті,
Сертінен Мақпал таймай тұрды дейді,
Сал Сегіз балпаң басып, мамыр қаздай

Ішіне ақ шатырдың кірді дейді.
Ілгері көш басшылар кеткен екен,
Қонатын жерге олар да жеткен екен.
Жүргенде жүкті жиып, шатыр тігіп,

Арада біраз мезгіл өткен екен.
Ат қойып кейін қарай көшбасшылар,
Кешіккен көштен қауіп еткен екен.
Көндіріп, шешесін де келгенше олар,

Қыз Мақпал еліктіріп, еріткен екен:

—Тәуекелге бел бумай

Ерлер мінбес кемеге.
Балдағы алтын айболат
Күш түсірмес жебеге.
Адал перзент кезінде

Тура қызмет етеді
Ата менен енеге.
Көңілімді тындырып,
Дұшпанның белін сындырып,

Бір шығаршы төбеге.
Ақылың артық анамсың,
Қапияда сөз тапсаң,
Ұзын сирақ қалпақты

Алдамасқа немене?
Таудан шығып, тас бұзар
Дарияның сағасы.
Тасқа салсаң таймайды

Назбедеу аттың тағасы.
Тіріде кісі не көрмейд,
Өлгенде көздің толады
Топыраққа шарасы.

Мезгілі болды қайтатын,
Алдынан шық күйеудің

ғашықтық  дастандар
Көріне қойса қарасы.
Бір ісімді жөн көрсе,
Бойына мені теңгерсе

Сегіздің болсын ағасы.
Бұл тілімді алмаса,
Сөзіңе құлақ салмаса,
Сегіз өлсе жолымда,

Мен де өлермін соңында
Дұшпанның қансын табасы.
Сол уақыттар болғанда,
Көштен озған көшбасшы

Кейінге қарай ат қойды,
Кешігіп көштің келетін
Өткенсін мезгіл шамасы.
Келатқан күйеу-құданың

Алдынан шығып сол кезде,
Былайша деп толғапты
Қыз Мақпалдың анасы:

—Не қылса да еркі бар

Салған соң басқа Құдайым.
Ақыры түбін оңғарсын,
Сәл жерде түсті уайым.
Көш жөнекей келатып,

Мақпалдың түсі бұзылды,
Аңласам жаман сыңайын.
Қашырып қанын жүзінің,
Қапелімде өзгертті

Ақ бетінің шырайын.
Ат үстінен ауытқып,
Жауапқа тілі бір келді—
Деп едім онда қонайын.

Мақпалдың басы, күйеужан,
Қатарда беклік нар еді.
Не болса соны сендерге
Айтпалық бізге ар еді.

Кеуілде бар мүдделер,
Енді айтайық, құдалар,

мақпал—сегіз
Мақпалдың дерті бар еді.
Мүддесі бітсе сертінің,
Шыпасын тапса дертінің,

Аруақтары жар еді.
Айтатұғын өзіңе
Ибалық қылған ұялып,
Әйелдің жолы тар еді.

Қай уақытта қысылса,
Сырдың суы—емі еді.
Білместік менен өтіпті,
Жадымнан шығып кетіпті.

«Ала жүр, әже» деп еді,
Көш-жөнекей келатып,
Күн ілгері сол үшін
Көп уайым жеп еді.

Осындай халде жатқанда
Өзімнен өзге жан көрсе,
Ауруының шамы еді.
Тілегіңде сендердің

Ойлағаным менің де
Абыройдың қамы еді.
Көңілінде құрттай кірбің жоқ,
Күйеужан, саған Мақпалдың

Ықыласы кеткен жан еді.
Дертті болды алғаның—
Жасынан-ақ көтерді,
Бір Құдайдың салғанын.

Іздеп емін таппасаң,
Әуелі Мақпал саған жоқ,
Екінші онда маған жоқ,
Айырылып балам қалғаның.

Осы жерге қол артып,
Қатарлап бердің нарыңды.
Үйірлеп жылқы, нар түгіл,
Аямадың сен одан

Маңдайдағы барыңды.
Күшейіп дерті Мақпалдың,
Жақындатпай шеніне.
Жақтырмай кейде мені де,

ғашықтық  дастандар
Танабы сүйтіп тарылды.
Тілегіңді берер ме,
Көзіңнің жасын көрер ме,

Аяма, балам, барыңды.
Есіткен соң бұл сөзді
Батыр Жабы сасады.
Тұла бойы түршігіп,

Бетінен қаны қашады.
Жолдастарын ертіп ап,
Төтелеп Сырға асады.
Бұршағын салып мойнына,

Жас сорғалап қойнына,
Атқа қамшы басады.
Атасы тұлпар аққұс ат
Ұшқан құспен жарысып,

Ауыздықпен қарысып,
Бурадай көбік шашады.
«Шу, жануар, шу»—дейді,
Ескен желдей гулейді.

Арандай ашып ауызын
Табаны жерге тимейді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай илейді.
Жабырқап көңілі Жабының
Еш нәрсені сүймейді.
Ауытқып батыр тұлпардың

Ағынына шыдамай,
Зорлықпен бойын билейді.
Сол күні жүрді күнімен,
Келесі кешке түнімен.

Таң саһары болғанда,
Жер ортасы толғанда,
Қасындағы жолдасқа
Батыр Жабы «қал» деді.

мақпал—сегіз

—Жалғыз барып келейін,

Тұлпардың күшін көрейін,
Осы жерден тосып ал,—дейді.
Бұлдырық қари бас болып,
Қайтуын күтіп батырдың,

«Жолың болсын, бар»—дейді.
Күн төбеден ауғанда,
Тұлпардың тұла бойынан
Бұршақтап тері жауғанда,

Аққұс ат сонда оянды.
Бесін мезгіл болғанда,
Оясы әбден толғанда,
Қара терге боялды.

Бұлтартпай басты белінен
Беткейден қашқан қоянды.
Екі күн, бір түн жол жүріп,
Айтарлықтай мол жүріп,

Сырға таман таянды.
Сыр бермей тұлпар батырдың
Ылғауына жарады.
Жағаға келіп, сол пәтпен

Жар басынан қарады.
Асығып аттан түсуге,
Еңкейіп, суды жиектен
Мүтараменен* алады.

Қайтуға түзеп маңдайды
Тұлпарды жолға салады.
Әне-міне дегенше,
Іңірде тамақ жегенше,

Қалдырып кеткен жолдасқа
Лезде жетіп барады.
Көңілін бірлеп бас қосып,
Сол араға қонады.

Жасанған жігіт, жарақты ат,
Көргеннің көңілі толады.
* Мүтара—теріден жасалған су құятын ыдыс.

ғашықтық  дастандар
Жабы батыр түс көріп,
Шырт ұйқыдан оянып,
Көңілі ойран болады.

Қасындағы құрдасы
Бұлдырық қариге «жоры» деп,
Түсін баян қылады:

—Жанға таяу жолдасым,

Бір жылғы туған құрдасым,
Бұлдырық қари сен едің—
Қырық жігіттің бастығы.
Жаудан өлсе жалаңдаған

Арманы бар ма жігіттің
Алынбаса да жастығы?
Аласы малдың сыртында,
Адамның сыры белгісіз—

Арамдық болса ұртында
Дұшпанның болмас достығы.
Ақ некелі еріне,
Қияметтік піріне

Әйелдің бар ма қастығы?
Бүгін жатып түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Ақсұңқар Мақпал болыпты,

Оң жағына қоныпты,
Алғыр қара бүркіттей
Қасында және құс көрдім.
Бұл қалайша көрген түс,

Болғанға ұқсайды қиын іс.
Мақпал шығып алдымнан,
Демеді «батыр, аттан түс».
Рас болса бұл хабар,

«Мақпал—Сегіз» атанып,
Аз ғана дәурен сүріпті,
Өзінің қазақ елінде,
Бірге қыстап, бір жайлап,

Туып өскен жерінде.
Ақылы қысқа әйелдің
Дұшпандығын білдіріп,
Миығынан күлдіріп,

мақпал—сегіз
Мықынына қол салып,
Тар жеріме жол салып,
Сындырмас па екен белімді.

Түсім шайтан болмаса,
Шынымен көңілі толмаса,
Мен барғанша бір жаққа
Сол қазақ кетіп қалмаса,

Көрсетер едім көрімді.

—Айтқанын қылған ер азбас,

Көпті көрген көненің.
Түсі суық тартқанда
Қозы жауырын жебенің.
Жортуылға бас болған,

Дұшпандармен қас болған.
Бөрік ал десе, бас алған,
Қайратына мас болған,
Батыр Жабы сен едің.

Қарағай найза өңгерген,
Азды көпке теңгерген,
Атымын тауып әр істің
Ақылмен ойлап меңгерген

Бұлдырық қари—мен едім.
Ерегіскен ер болса,
Екіталай жер болса,
Сен шанышқан найзаны

Кез келсе мен де шаншушы ем,
Қай жерде сенен кем едім.
Кім көнеді кемдікке,
Қоспас па едім теңдікке.

Әуел бастан ойласып,
«Мынау іс қалай?» демедің.
Өзің батыр болғанмен,
Бұл еткенің ғапылдық—

Алдауымен әйелдің
«Жер—сыбыр» болып бір кеттің,
Шамаңды батыр шенедім.
Ойың—күмән, түс—анық,

Дұшпанның етер ісі анық,

ғашықтық  дастандар
Ұстатқандай келіп тұр,
Ұйқыда көрдім дегенің.
Түшкірініп сол кезде

Батырдың түсі сұрланды.
Қатты мінді кәріне
Пісент қылмай бір жанды.
Бес қаруын берік байлап,

Аққұс аттың беліне
Бекітіп тартты тұрманды.
«Көрінсе көзге сол кезде,
Келтірмай-ақ бір сөзге,

Қосақтап басын кесем» деп,
Қаһарланып жынданды.
Бір сұмдықтың боларын
Білген соң қари Бұлдырық

Ашуын қайтіп басам деп,
Шын бәлеге бұл қалды.
«Көтермей қалжың, назымды,
Шын көрдің» деп әзілді,

Атымын тауып ағытты,
Айтылмаған сырларды:

—Өзіңнен болды батырым,

Құрдасқа түсті жорыттың.
Сынауға айтқан сөзіме
Төзе алмай сонша қорықтың.
Әзілдің алды бұл емес,

Жоруы түстің ол емес—
Бір жақсылыққа жолықтың.
Аңлағандарға алыс жол
Аспан мен жердің арасы.

Көңілде кірбің қалмайды
Айтылса сөздің сарасы.
Қайсақтап қанат қақпайды,
Аққудың болса жарасы.

Өткенді ойға түсірер,
Пернелеп айтсаң түсінер,
Мақпалдың бар санасы.

мақпал—сегіз
Түске сеніп іс қылсаң,
Ашуға салып күш қылсаң,
Ол көңіліңнің аласы.

Жазатайым іс болса,
Көре алмай жүрген көп дұшпан
Қанбай ма оның табасы.
Көзіңменен көрмесең,

Мынауың қалай демесең,
Шашынан көп әйелдің
Жабылатұғын жаласы.
Ақсұңқар—Мақпал, алғыр құс

Ішіндегі жарыңның
Ол—туатын баласы.
Екеу емес, бұл кезде
Айтайын мен үшеуді

Қараудар болған біреуі—
Қасында жүрген анасы.
Кімдер ғашық болған жоқ
Аянып, сірә, қалған жоқ,

Мақпалға келсе шамасы.
Қатардан артық қайратың,
Жолбарыстай айбатың.
Не қылам десең, еркің бар,

Ешкімнің жоқ таласы.
Бұлдырық әрбір сөзін айтты нықтап,
Мылтығын тұрса дағы кезеп, оқтап.
Айтқаны көңіліне ұнаған соң,

Бұл сөзге Жабы батыр қалды тоқтап.
Мырс етіп миығынан күлді батыр,
Бұл сөзге көңілі жай боп келе жатыр.
Үш күндей өмір сүрді Мақпал—Сегіз,

Жиналмай салған төсек, құрған шатыр.
Қайтыпты Сегіз Жабы келгенінше,
Ол істі әлі білмей бара жатыр.
Бір-бірін сосын қайтып көре алмапты,

Ғашықтық дертке Мақпал төзе алмапты.

ғашықтық  дастандар
Салтанат, көрген қызық, сүрген дәурен,
Қиялын Мақпал қыздың бөле алмапты.
Дертінен ғашықтықтың ауру болып,

Сүрекке Мақпал қайтып ене алмапты.
Басталып жаугершілік екі арада,
Сал Сегіз ғашығына келе алмапты.
Шығарып түстік жерге сал Сегізді,

Қыз Мақпал орындады серт лебізді.
Қайғының түсті түпсіз тереңіне,
Кешкендей шексіз айдын көк теңізді.
Қыз Мақпал сал Сегізден тірі айрылып,

Сарғайтқан қасіретпен ақша жүзді.
Жете алмай тіршілікте мұрадына,
Талайлар бұл пәниден күдер үзді.
Ауруы Мақпал қыздың шынға айналды,

Ұстама есі ауысқан жынға айналды.
Дерті орнап көкірекке ғашықлықтың,
Кетпестей қайғы-қасірет мұңға айналды.
Сегіздің келем деген мезгілі өтіп,

Аяғы айлар түгіл, жылға айналды.
Қыз Мақпал тіріліктен күдер үзіп,
Өлімге мойынсұнып ыңғайланды.
Мақпалдың дерті жеңіл, емін тапса,

Сәл жерде сауалғандай ебін тапса.
Тіріде адамзаттың арманы не,
Өзінің сүйген әркім теңін тапса?
Дүниенің кем-тарлығы кімге дәркер,

Жағдайлы жанға жайлы кеңін тапса.
Көп созбай сөзді осымен қысқартайық,
Білгендер түзей жатар кемін тапса.
Алқадан аянбайтын Базар едім—

Сайрайтын сандуғаштай жерін тапса.

—Қай Жолай, мына Жолай, батыр Жолай,

Жылқысы Әлібектің бұнан қалай?
Жылқыны Бесобадан құлатқасын,
Мамықты қызылқайыр етеді лай.
Көрінген қиуланып көшің, Мақпал,

Мың қойдың қорасындай төсің, Мақпал.
Алғаның әлде жақсы, әлде жаман,
Қор болған бір жаманға, есіл Мақпал.
Болғанда үш ай тоқсан мұз қатады,

Мақпалды ертең тұра ұзатады.
Мақпалды ұзатат деп естігесін,
Жан Сегіз қос жорғамен түн қатады.

—Қырлардан қиуланған асып келем,

Қонбастан екі ортаға қашып келем.
Мақпалды ұзатат деп есіткесін,
Қамшыны қос жорғаға басып келем.
Ауылым көше-көше Байтақ өткен,

Жүнінен ақ тоқтының байпақ еткен.
Бірге өскен биттейіңнен, әсем Мақпал,
Сұраймын ауылыңды қайда кеткен?

—Алдында есігімнің шилі қамыс,

Мақпалмен он бесіңде болдың таныс.
Мақпалды қума десем тыңдамайсың,
Дәуқара—баратұғын жері алыс.
Жан Сегіз

(Ишанғали нұсқасы)

ғашықтық  дастандар

—Жолында Бұхараның бейіт еді,

Жан жеңгей, мына сөзің кейітеді.
Мақпалдың кеткен мені жолына сал,
Шықса да шыбын жаным шейіт еді.
Барады-ай аулым көшіп құба дөңге,

Болады көзден кетсе, көңілде өңге.
Үстінде мақпал бешпент, үштап киім,
Жеңгесі шұбалаңдап жолға салды.
Ер Сегіз қос жорғамен жөней берді,

Тамағын айтып өлең кеней берді*.
. . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
Жүрген соң үш күн, үш түн ода қалып,

Түрініп екі етегін жаяу салды.
Басына боз қырқаның шыға келген,
Мақпалдың қиуланған көшін көрген.
Ертеңгі ащы дауыс жете ме деп,

Аңыратып бес-алты ауыз әнге салған:
«Алдында есігімнің қу қарағай,
Құндағы мылтығымның ту қарағай.
Бірге өскен биттейіңнен, әсем Мақпал,

Артыңа кеткенің бе бір қарамай?»
Келеді ешкі маңырап ылағына,
Барады құлан шулап бұлағына.
Ертеңмен айғайлаған ащы дауыс,

Мақпалдың шалыныпты құлағына.
Алдында есігімнің Сегіз көл-ді,
Малымыз сегіз көлден семіз еді.
Жан шеше, түйең басын тарта тұршы,

Діңкемді менің құртқан Сегіз еді.
* Осыдан кейінгі екі-үш тармақ қолжазбада түсіп қалған.

жан  сегіз
Жайықтың арғы беті талды дейді,
Мінгені қыз Мақпалдың жалды дейді.
Түйенің шешуіне шыдай алмай,

Пышақты қос арқанға салды дейді.
Мақпал

—Мінгенім менің дәйім домалақ кер,

Шығады қысылғанда маңдайдан тер.
Шешекем ақ отауды тігіп жатыр,
Ер Сегіз, айналайын, отауға жүр.
Сегіз

—Мінгенім менің дәйім домалақ кер,

Шығады қысылғанда маңдайдан тер.
Құрбыңның тұрып барар жайы жоқ қой,
Қыз Мақпал, айналайын арқалап жүр.
Жайықтың арғы беті талды дейді,

Мінгені қыз Мақпалдың жалды дейді.
Сегіздің ауырлығы он сегіз пұт
Көтеріп иығына салды дейді.
Мақпал

—Көгеріп көрінеді көлі құрғыр,

Жеткізбес алыс екен елі құрғыр.
Құрбыны өзім теңді көтере алмай,
Барады екі үзіліп белі құрғыр.
Сегіз

—Алдында есігімнің сүйірлі тал,

Қабығын сүйіріп жейді қой деген мал.
Құрбыңның сусын ішер жайы жоқ қой,
Аузыма жез құманның шүмегін сал.
Қыз шешесі

—Кер бие шабысы жоқ, желісі бар,

Сөзімнің менің айтқан келісі бар.

ғашықтық  дастандар
Күйеужан, үйге түспей тұра тұршы,
Мақпалдың үйде ұстайтын үйесі бар.
Жабы

Ауылдың ақсақалы Азынабай,
Шапқанда тайдың ізі қазылады-ай.
Мақпалдың үйде ұстайтын болса үйесі,
Ішкенде не нәрсені жазылады-ай?

Қыз шешесі
Ауылдың ақсақалы Азынабай,
Шапқанда тайдың ізі қазылады-ай.
Мақпалдың үйде ұстайтын үйесі бар—

Ішкенде Сырдың суын жазылады-ай.
Су іздеп бара жатқанда бір қойшы айтады:

—Ауылдың қонған жері майдан тақыр,

Күйеу келсе, қыз әкесі құрар шатыр.
Бас екеу, аяқ төртеу болып жатыр,
Қойнында қыздың Мақпал Сегіз жатыр.
Сонда бай жанындағы қылышын суырып алып, ақырып:

«Отаудың есігін аш»,—деп келген жерде, үйден жүгіріп
енесі шығып, екі емшегін жайып: «Не қылсаң да өзің біл,
шырағым»,—деп жылағасын ашуы басылады. Сол кезде
қолындағы қылышы қынабынан бір суырғасын қан ішпе­

се, қайта симай қалады екен. Анасын қимай, астындағы қара
арғымағының басын кесіп тастады дейді. Сол жерде Сегіз бен
екеуі келісіп, Мақпалды Сегізге беріп, бұған Сегіз елінен бір
жаһаннан асқан сұлу қыз әперіп еліне қайтарды дейді.

Сегіздің ата-анасы өліп, бай нағашысы асырап алған.
Байдың ұл баласы жоқ, жалғыз қызы бар екен. Аты—Мақпал.
Мақпалды Сыр бойындағы бір байға беріп, көп мал алады.
Бірақ күйеу нашар бала болып, Мақпал естіп, «бармаймын» деп

әкесіне айтқызады.
Мақпал он бес жасында үйіндегі Сегізге дос болып, уәдесін
береді өмірлік. Бұларға себепші болып қосатын сол байдың
інісінің әйелі—Мақпалдың немере жеңгесі. Одан байдың

әйелі естіп, әйелінен бай естіп, мынадай амал қылады. Сегізді
жылқыменен отарға жіберіп, құдасына хабар беріп шақырып,
тез арада Мақпалды ұзатып жібереді. Сегіз отарда жатып естіп,
жылқышылардан екі жорға алдырып, бірін мініп, бірін жетек­

теп, қуып ауылға келеді.
Сегіз

—Қар жауып қараша мұз қатады,

Мақпалды осы күзде ұзатады.
Мақпалды ұзатты деп естігенсін,
Ер Сегіз қос жорғамен түн қатады.
Ауылым көше-көше Байтақ өткен,

Жүнінен қойдың малшы байпақ еткен.
Жеңеше, ат үстінде жөн сұраймын,
Кешегі Мақпал достым қайда кеткен?
Жеңгесі

—Сүлеймен—су аяғы Көкше теңіз,

Тастамас ерді жаяу малы семіз.
Бикештің кеткен жағы сондай алыс,
Келдің бе, аман есен, сәлем, Сегіз.
Мақпал—Сегіздің айтысы

(М. Құсниұлы нұсқасы)

ғашықтық  дастандар
Қамысы Сыр бойлықтың майда қамыс,
Бикешпен он бесіңде болдың таныс.
Қарағым, атың арып қор боларсың,

Дәуқара—баратұғын жерің алыс.
Сегіз

—Өлгенде жатар жерім—бейіт еді,

Ау жеңге, мына сөзің кейітеді.
Мақпалдың кеткен жағын көрсет маған,
Мақпалдың жолында өлсем шейіт еді.
Жеңгесі

—Жайықтың жағасында қалың тал-ды,

Жорғасы қыз бикештің жібек жалды.
Ақыры қара торы сұлу жеңгей,
Сегізді алып келіп жолға салды.
Жайықтың жағасында сұлу тал-ды,

Мінеді қыздар таңдап өрме жалды.
Мақпалдың кеткен жағы осылай деп,
Басынан талай таудың сүрең салды.
Болдырып қос жорғасы жолда қалды,

Кім берсін шөлдегенмен сусын балды.
Мақпалдың кеткен жағы осылай деп,
Түрініп етек-жеңін жаяу салды.
Басына боз қырқаның шыға келсе,

Мақпалды бұлдыраған көзі шалды.
Әлқисса, Сегіздің енді жүруге жайы келмей, шөлдеп, аяғы
басуға жарамай, отыра қалып, ащы дауыспен ән салады:

—Көрінген қиуланып, көшің Мақпал,

Мың қойдың қорасындай төсің, Мақпал.
Алғаның әлде жақсы, әлде жаман,
Қор болған бір жаманға, есіл Мақпал.
Барады ешкі маңырап ылағына,

Келеді киік маңырап бұлағына.

мақпал—сегіздің  айтысы
Ақыртып менің салған әнім ащы,
Барар ма Мақпалжанның құлағына?
Сегіздің даусын танып, артына қараса, жотаның басында

отырған Сегізді көріп, көштің алдына шауып барып, көшті тар­
тып бара жатқан шешесіне жылап сөйлейді:

—Жайлауы біздің елдің теңіз еді,

Малымыз теңіз жайлап семіз еді.
Шешеке, түйең басын тоқтата тұр,
Жүйкемді менің құртқан Сегіз еді.
Қыз Мақпал қыспа қара торсық алды,

Саумалдан сырлы аяққа құйып алды.
− Шешеке, анау Сегіз өлді ғой, —деп,
Жорғаға жамандатқыр қамшы салды.
Әлқисса, Мақпал сусын алып барып, Сегізге амандасып

жорғасына мінгізіп, өзі жаяу көшке келіп үй тігіп, Сегізді
қонақ етіп, есін жинатады. Сегіз шөлін басып, есін жинап алып,
Мақпалды кері алып қайтам деп азапқа кіреді. Бірақ құда,
күйеу бермейді. Жол үстіндегі жат елдерді жинап, Сегіз айты­

сады. Көпшілік «мал берген күйеу жесіріне зорлық қылма, ба­
лам, еліңді тап» деп үкім шығарады. Кетерінде Сегіз:

—Бір күйі домбырамның татауында,

Жатсам ұйқым келмейді жат ауылда.
Көңілің шыныңменен менде болса,
Барармын қысырақтың матауында.
Осы уәдесімен кетіп, қыс өткенсін, «қысырақтың матауы»

болып, сол күні отаудың сыртында күткен Мақпалды жетектегі
жорғасына мінгізіп алып кете береді.

Қазақта қалмай жүрген ата салты,
Милләтқа қызмет етіп тыймақ салтты.
Көз салған ілгергіде біреуі жоқ,
Артында тамам елдің қалды жалқы.

Дау-жанжал арасында үзілмейді,
«Бұрынғы атам жүрген ізі» дейді.
Малы көп бір кәрінің қатыны өлсе,
«Бар екен пәленшенің қызы» дейді.

Тоздырар өтірікпенен иман жүзін,
Кемітпес қалыңмалдың жүзден ізін.
Қызықты қалың үшін мал көрсетсе,
Беруге ұялмайды шалға қызын.

Туысқан партия үшін жау болады,
Жанжалдан қашан қазақ сау болады.
Қыз байғұс теңіменен кете қалса,
Аяғы ұлы дүбір, дау болады.

Болады кейбіреулер қарсы құда,
Түбінде түзу құда болмас бұ да.
Бір жерге екі көңіл хош келмесе,
Апаттан мағсұмалар болар жүдә.

Осындай іс көп болды біздің елде,
Жазамын көзбен көріп мұны мен де.
Басқұдық болысында, жетінші ауыл,
Қараған Керекудің уезінде.

Жетім Мәриям

жетім  мәриям
Ерте уақытта Басқұдық болысы, қазір Бесқарағай ауда­
ны, жетінші ауыл, Павлодар облысында Нұржан, Нұрқан
деген екі ағайынды орта шаруа кісі болған. Нұржанның

Мәриям атты қызы болған. Қызын Нұржан сегіз жасынан
бастап он сегіз жасқа дейін оқытқан. «Қызым кімді сүйсе,
соған күйеуге беремін өз қалауымен»,—деп, оны жақсы
тәрбиелеген.

Көп ұзамай Мәриямның әкесі де, шешесі де қайтыс болады.
Қыз жетім қалады.
Бұдан кейін Нұржанның інісі Нұрқан ағасынан қалған мал-
мүлкін, Мәриямды және Мәриямның он үш-он төрт жастағы

інісін өз қолына «бағып-қағып тәрбиелеймін» деп алады.
Көп ұзамай сол елдің бір Сүлеймен деген байы Нұрқанға:
«Сен менің балама Мәриямды әйелдікке бер, мен сенің он үш-
он төрт жастағы ініңе қызымды берейін»,—деп, екеуі келіседі.

Мұның үстіне Сүлеймен бай Нұрқанға он бес қара мал бермекші
болады. Сүлейменнің баласы жарымжан, кеміс, ақылы оңды
емес болады, мұны Мәриям білмейді.
Көп кешікпей-ақ Сүлеймен бай өзінің ақылы кем баласы­

на Мәриямды әйелдікке ұзатып алып кетеді. Онда барғаннан
кейін Мәриям күйеуінің өз теңі емес екендігіне көзі жетіп,
ренжіп, көңілсіз болады. Мәриямның бұл халде жүргенін біл­
ген Сүлеймен бай жарымжан баласын Мәриямға өшіктіріп,

«Мәриям әлі олай, әрі бұлай» деп жамандап, Мәриямды күні-
түні ұрып-соғып, қорлық көрсеттіреді. Енді қайткенде де
Мәриям бұдан құтылудың жолын іздейді. Мәриям бұдан төрт-
бес ай өткеннен кейін «төркінімді сағындым» деп, ата-енесінен

рұқсат алып, өз үйіне келеді. Кейін біраз уақыт өткеннен соң
үйіме алып қайтамын деп іздеп келген күйеуіне Мәриям өзінің
көрген қорлығын, күйеуі өз теңі еместігін айтып, күйеуімен
еріп бармайтын болып, Мәриям өз төркінінде, үйінде қалып

қояды.
Сонда Мәриямның атасы Сүлеймен өз елінің ақсақалдарын
жинап әкеліп, Мәриямды сүймесе де өзінің жарымжан баласы­
на зорлап әпермекші болады. Өз елінің ақсақалдары Мәриямға:

«Ағаңның берген жеріне бар, ағаңды ренжітпе, батасын
бұзба»,—дейді. Бірақ Мәриям күйеуі өз теңі еместігін, көрген
қорлық, зорлығын айтып, «енді өлтірсеңдер де бармаймын»,—
деп бармайтын болады.

ғашықтық  дастандар Бұдан кейін жиналып отырған ақсақалдар Мәриямның ата­ сы Сүлейменге: «Бұл баланың көңілі бұзылған, қайтқан екен. Мәриям енді сенің балаңа бармайды»,—дейді. − Бұрынғы берген он бес қара малыңды Мәриямды енді басқа күйеуге беріп, содан сенің малыңды қайтарайық,—деп келіседі. Мұнан кейін Мәриямның ағасы Нұрқан сыртынан Мәриямды сатпақшы болып, кім малды көп берсе, соған бермекші болып, Мәриямға білдірместен сыртынан саудаласады. Мәриям ақыры ағасының басын саудаға салып жүргендігін сезіп, ішінен наразы болады. Бірақ ағасынан ұялып, қорқып, «мені өз теңіме бер» деп ашып айта алмайды. Сөйтсе де Мәриям «өз ойымды ағама қалай айтамын» деп ой­ ланып жүріп, бір күні қол машинамен іс тігіп отырып, өз ойын ағасына білдірмекші болып әндетіп мына өлеңді айтады. Сондағы өлеңі: —Бір кезде сәби болдым қайран дүние-ай, Алшақтап жүгіруші ем үйден үйге-ай. Ес кіріп, бой түзеген уақытымда, Ойлап па ем жолығам деп мұндай күйге-ай. Атандым «жетім Мәриям» әкем өліп, Алдымда жарық сәуле, шамым сөніп. Әзалда Тәңірім басқа жазғаннан соң, Әр түрлі саудасына жүрмін көніп. Ағалар ойламаған көздің жасын, Атадан жетім қалған қарындасын. Он сегіз жармақ өткен Жүсіп нәби*, Солардан қадірлі ме менің басым. Мақсұтқа сабырлықпен о да жеткен, Көз қиып ағалары сатып кеткен. «Сары алтын—сабыр түбі» дегендейін, Мысырға Тәңір ақыр падиша еткен. * Жүсіп пайғамбарды ағалары құлдыққа сатып жібергені айтылып отыр.

жетім  мәриям
Маған жоқ пайғамбарлық, падишалық,
Бір Алла, менің зарым өзіңе анық.
Ішінде қалың тұман жол таба алмай,

Адасқан ақылынан мен бір ғаріп.
Ғаріпті зынданыңа тұтқын қылмай,
Иә, Тәңірім, көрсетесің қашан жарық.
Табылса, алушылар сатқалы отыр,

Ағалар алып-сатар біз бір Сыдық*.
Қазақта ғұрып деген бір азғын жол,
Қыздардың жететұғын түбіне сол.
Ғұрыппен әділетсіз іс істеген

Жақсылар, қияметте жағаңда қол.
Мәриямның ағасы Нұрқан Мәриямның бұл өлеңін есі­
теді. Бірақ бұдан ешбір нәтиже Мәриямның пайдасына
шығармайды. Күндерден бір күні Мәриямның ауылында қыз,

бозбала жиналған үлкен ойын болады. Сол ойынға Мәриям да
барады. Қыз, бозбала реттеніп отырғаннан кейін өлең айтуға
кіріседі. Басқа елден осы ойынға әдейі Мәриямды іздеп келген,
орысша оқыған Ғалым деген жігіт те қатысады. Бұл жігітке

өлең айту кезегі келгенде: «Мен өлең білмеуші едім, бірақ бес-
алты ауыз үйреншікті өлеңім бар еді, көпшілік сұраған соң соны
айтайын»,—деп, қолына домбыра алып, Мәриямның бұрынғы
күйеуге барып, басынан кешірген оқиғасын мысалдап өлең айта

бастайды. Сондағы өлеңі:

—Берген соң домбыраны қолға алайық,

Ұқтырып айту керек сөзді лайық.
Дүние—гүл, сайрамдауға бізге берген,
Қызықтан аз ғана күн құр қалмайық.
Ұмтылып ілгергіге талап етіп,

Қатардан қалғандарға көз салмайық.
Өлеңді кәсіп қылып жүрмесек те,
Сөйлеуге бір-екі ауыз бұлданбайық.
* Сыдық /а/—шыншыл; Жүсіп пайғамбардың лақап аты.

ғашықтық  дастандар
Қиная өлең емес бұным нұсқа,
Мағынасын таратайын әрбір тұсқа.
Қаңғырып, тор сүйретіп жүрген біреу,

Бір күні кез болыпты бұлбұл құсқа.
Көрген соң кім қызықпас бұлбұл құсқа,
Апарып торын құрды бір жынысқа.
Бағында сайрам етіп ұшып жүріп,

Қалыпты тор ілініп қапылыста.
Бұлбұл құс соры қайнап торға түсті,
Ойлап па кез келеді деп мұндай істі.
Арзанға тегін олжа табылған соң,

Қожасы малын сойып, той қылысты.
Болғанмен жұртқа қызық сорлы бұлбұл,
Ішінен қайғы-қасірет суын ішті.
Жақсыны көрмек үшін дегендейін,

Әр жерден үлкен-кіші жиналысты.
Сәтімен қолға түсті бір жақсы зат,
Етуге лазым болды қадір, құрмет.
Тақтайдан қапас жасап орын қылды,

Деп ойлап ойында үлкен зиннат.
Қожасы ізденіпті бұған серік,
Табылса, сатып алмақ пұлын беріп.
Тұзақпен бір қарғаны ұстап алды,

Қарқ етіп отыр екен жағын керіп.
Мақсұты үйір қылмақ бірге сақтап,
Тамағын мезгілімен берді баптап.
Отырған уайыммен сол бұлбұлға

Бермейді қарға дамыл қоқырақтап.
Көзінің інжудейін жасын іркіп,
Жылайды зарлықпенен басын сілкіп.
Алдына екеуінің ас әкелсе,

Қылады қарға зорлық көзге түртіп.

жетім  мәриям
Жетіпті өлер халге бұлбұл аштан,
Ешкім жоқ мұның мұңын ортақтасқан.
«Азырақ желпіндіріп алайын» деп,

Қапастың бір күн қожа аузын ашқан.
Көңілін қоштандырып саф ауада
Қожасы ән естімек сандуғаштан.
«Тұтқында бүйтіп қор боп өлгенше» деп,

Түндіктен ұшып бұлбұл тұра қашқан.
Жайына кетті бұлбұл, қалды қарға,
Табылар жарық сәуле көзі барға.
Мекенін іздеп келіп тауып алды,

Біраз күн түссе дағы қайғы-зарға.
Бұлбұл кеп өз үйіне орнығыпты,
Әркімдер бұл бұлбұлдан ой қылыпты.
«Біз дағы бір қазақтан кембіз бе» деп,

Ұстауға жан-жағынан тор құрыпты.
Қасіреттің дәмі кетпей таңдайынан,
Білерлік болды сөздің ыңғайынан.
«Ыстықты аузы күйген үріп ішер»,

Жүрместей болды тордың маңайынан.
Мінеки, бір ақсұңқар жаһан кезген,
Жем іздеп бұлбұл қонған жаққа келген.
Мақсұты көңліндегі табылған соң,

Дертінен бойындағы хабар берген.
Қадірлі шығар сұңқар өз елінде,
Буынған алтын кемер аш белінде.
Көз салып мағшұғына қарап отыр,

Бұлбұлдың көзі жетпей не деріне.
Өтеді ескен желдей мына жалған,
Кім жетер мақсұтына ойына алған.
Ағалар, айып болмай, мүмкін болса,

Естісек біраз лебіз Мәриямжаннан.

ғашықтық  дастандар
Осы өлеңді айтқанда, отырған көп қыз, бозбала бұл өлеңнің
негізгі мазмұнына түсінбесе де, «уай, бәлі, өлең-ақ!»—деп
қошеметтеді және Мәриям өлең айтсынң деген Ғалымның

сұрауына қосылып, домбыраны отырған көпшілік Мәриям
қызға ұсынды. Сонда Мәриям «Мен өлең білмеуші едім, бірақ
сіздердің меселдерің қайтпасын» деп, домбыраны алып мына
өлеңді айтады:

—Етейік біраз қызмет құрбыласқа,

Не қылам жазған іске шыдамасқа.
Мысалы торға түскен бұлбұл құстай,
Не қасірет кез келмейді ғаріп басқа.
Баршасы бір Алланың тағдырында,

Тіл беріп сөйлетсе де қара тасқа.
Қапалы көңілімізді көтеруге
Біздерді мысал еттің сәнді құсқа.
Қолына бір адамның тұтқын бопты,

Жүргенде сайран етіп әр ағашта.
Қасына серік қылып ойнасын деп,
Қарғамен асырапты бір қапаста.
Қорлыққа шыдай алмай қашқан бұлбұл,

Басы жүр әлі осы күн тайталаста.
Іздеген жаңа тоят сол ақсұңқар,
Ит тиген неге құмар арам асқа.
Ол ырас, талайлардан аузым күйген,

Сертім бар құрғақ сөзді малдан басқа.
Отырсың домбыраңды бізге беріп,
Түсіндім сөзіңізге көңілім еріп.
Сөзге сөз келгеннен соң айта салдым,

Риза бол, азымызды көптей көріп.
Отырған қыз, бозбала өзінің бұдан кейін ойындарын ойнай
берді. Ғалым енді өлең айту кезегі келсе, Мәриямды сендіру
үшін өлеңмен жауап қайтармақшы болып отырады. Бір мез­

жетім  мәриям гілде Ғалымға өлең айту кезегі тағы келеді. Сонда Ғалымның айтқан өлеңі: —Жарасар не деп айтсам, құрбыларым, Біреудің біреу білмес ішкі зарын. Мақсұтқа көңілге алған жетісе алмай, Болып жүр осы күнде көңілім жарым. Жүреді жаһан кезген әр базарға, Татырлық саудасына нәрсе аларға. Нажасат ерте тиген тазармай ма, Лайық қой әркім өзін пәк санарға. «Ит тиген арам асқа көз салма» деп, Халіңді мағлұм еттің ақсұңқарға. Бірақ сол Расулымыздың хадисы бар, Біздерге жөн әміріне бойсұнарға. Жуылса таза сумен үш мәртаба Жарайды алтын сауыт истиғмалға. Болса да қанша қате ғафу қылдық, Жазбаса Қадір Алла амал бар ма. Қысқасы, осы ойында екеуі сөйлесіп, өмірлік жолдас болмақшы болады. Бірақ Ғалымның Мәриямды мал төлеп алатын шамасы жоқ. Ғалым жасырын түрде кезі келгенде бұл жөнінде Мәриямға айтады. Мәриям бұған көнеді. Бірақ қалай алуын Ғалым өзі кейін Мәриямға хабарламақшы бо­ лады. Содан кейін ойын тарайды. Сол елдің жігіттерінен екіүш жігіт бұлардың уәдесін сезіп қалып, Мәриямның ағасы Нұрқанға хабарлайды. Бірақ Нұрқан бұл жігіттердің сөзіне нана қоймайды. Сонда бұлар: «Нанбасаңыз сол елдің инабат­ ты кісісі Досымбайдан сұраңыз»,—дейді. Сонда Нұрқан көк атына мініп, қоңыр шекпенін желбегей киіп, Досымбайдың үйіне келіп аттан түспестен сырттан айғайлап: – Уә, Досымбай, бармысың, шық бері!—деп, айғайлап шақырып алады.

ғашықтық  дастандар
Сонда Нұрқан Досымбайдан:—Өткен түндегі әңгімеден
Мәриямның жайынан сен не білесің? Білгеніңді айт,—дегенде
Досымбай:

− Өткен түндегі ойында мен өзім танымаймын, басқа елден
бір орысша киінген жігіт Мәриямның жанында отырып, өлең
айтысып, сыбырласып сөйлесіп отырғанын көрдім,—дейді. Со­
дан кейін Нұрқан мәселені сезіп, үйіне келе сала, баяғыдағы

қабарлаушы екі-үш жігіттерге жолығып былай дейді:—Біздің
ауылға келіп жүрген басқа елдің жігіті сендерді басынған.
Ол—сендердің жамандығың. Бұдан былай енді сендер оны
аңдыңдар, жолатпаңдар, түнде келетін болса, ұрыңдар, өлтіруге

шейін шара қолданыңдар,—деп, бұл жігіттерді қайрап қояды.
Аңдытып қояды.
Бір күні Ғалым бір жеті өткеннен кейін Мәриямға сөйлесем
бе деген оймен өтірік бір нәрсені сылтау қылып, күндіз басқа бір

үйге /сол ауылдағы/ келіп түседі. Мұны көрген, аңдып жүрген
ауыл жігіттері Ғалымды көріп танып: «Сен қайдан жүрсің?»—
деп жөнін сұрайды.
Ғалым жөнін айтпайды, «бір шаруамен келдім» деп. Бірақ

мына жігіттер бұған нанбайды. «Сенің келген жұмысың бізге
белгілі, енді жан керек болса сен біздің бұл ауылға қадам ба­
сушы болма. Өзің қазір тез аттан»,—деп, әлгі түскен үйінен
қорқытып, қуалап жібереді. Арада бірнеше күн өткеннен кейін

Ғалым қасына бір жігіт жолдас ертіп, түнде тағы осы ауылға
келіп, Мәриямның жатқан үйінің әйнегінен айғайлап мына
өлеңді айтады:

—Сен үшін өлімге де бас байладым,

Белімді тағдырына тас байладым.
Көңіліңе махаббатым орнықсын деп,
Шауып кеп әйнегіңнен айғайладым.

Дұшпан көп жан-жағымда, көңілім қаяу,
Уақыт жоқ сөйлесуге түсіп жаяу.
Бармысың анау күнгі айтқан уағдаңда,
Артымда қазір менің ажал таяу.

жетім  мәриям
Сонда Мәриям қыз ұйықтамай, ояу жатқан екен. Аяғына ка­
лошын кие сала, шапан жамыла сала, асығып далаға шығып,
Ғалымды құшақтай алып, Мәриям мына өлеңді айтады:

—Естідім дауысыңды ұйықтап жатып,

Қасіреттің көріп жүрмін дәмін татып.
Кіргенше қара жерге мен сенікі,
Иіскетші тамағыңнан аймалатып.

Сен тұрсаң, мен тұрамын айтқан сертке, Хақ сөзді айту керек ашып бетке. Жазбаса Қадір Алла амал бар ма, Өзің біл, тастап кетсең қалың дертке. Осы өлеңді айтып екеуі сөйлесіп тұрғанда, Ғалымның арқасынан сойылдың сарт ете түскенін Ғалым бірақ білді. Сонда сойыл [соққан] аңдып жүрген баяғы ауылдың екі-үш жігіттері екен. Ғалым сонымен сол күні таяқ жеп қашып құтылады. Әлгі ұрған жігіттер түндегі болған уақиғаны Мәриямның ағасы Нұрқанға хабарлайды. Сонда Нұрқан өз қолынан келмейтін болған соң, өз елінің ақсақалдарын жинап алып: «Менің мынау қарындасым менің айтқаныма көнбей, өз бетімен бір орысша оқыған жігітке кететін болып отыр. Осының ақылын тауып сіздер жігіттен айырыңдар. Шетке кеткенше қызды осы ауылдың алам деген жігітіне беріп, қалыңмалын маған алып беріңдер»,—дейді. Жиылып отырған ақсақалдар Мәриямды шақырып алып:— Мәриям, шырағым, сен жалғыз ағаңды ренжітіп, өз бетіңмен бір бұзылған жігітпен кетемін деп жүргенің қалай?—дейді сон­ да. Мәриям:—Бұл жөнінде мен еш нәрсе білмеймін, мен ешкім­ ге кетемін деп уәде бергенім жоқ, ешкімді көргенім жоқ, ағам мені бір рет малға сатқан, басымды базарға салып арзандатқан, енді мен ағамның сатуына көне алмаймын. Менде жұмыстарың болмасын,—деп есікті тарс беріп, шығып кетіп қалады. Сонда енді отырған ақсақалдар:—Енді не істейміз,—деп, аңырап отырып қалады. Сонда Ғалыммен бірге оқып жүрген Ғалымның Әбіш де­ ген жолдасы:—Ақсақалдар, сендер бұған ақыл тауыспаңдар,

ғашықтық  дастандар
бұлардың айыру ақылын мен табайын, бірақ Мәриямның
күйеуге беретін бас билігін маған берсеңіздер екен,—дейді.
Сонда Мәриямның ағасы Нұрқан отырып:—Шырағым,

мына Ғалымнан айырсаң, басқа кімге берсең де ырзамын.
Көпшіліктің алдында қарындасымның бас билігін саған бер­
дім,—дейді. Отырған ақсақалдар Әбішке қыздың бас билігін
қыздың ағасы Нұрқанның бергендігін мақұлдайды. Бұдан

кейін отырған ақсақалдар өз бетімен тарасып кетеді.
Енді Әбіш үйіне бара сала Ғалымның атынан Ғалым бо­
лып Мәриямға өтірік хат жазып салады. Хатында былай дей­
ді: «Мәриям, мен сені өмірлік жолдасқа аламын деп, едәуір

уақыттан бері қарай әуре болып жүрмін. Сен үшін түнде келіп
сөйлесемін деп, қолға түсіп таяқ жеп өліп қала жаздадым. Ағаң
сенің көп мал сұрайды. Мал беріп алуға менің малым жоқ. Бүкіл
ел болып менің соңыма түсуде. Қайтсе де маған сені алдыратын

түрі жоқ. Сондықтан бұдан былай сенің бақытыңды байла­
майын. Өз бетіңмен күніңді көр. Мені енді күтпе. Хат жазушы
сүйгенің Ғалым» деп қолын қойған. Осы хатты сол Ғалымның
елінің бір адамы арқылы Мәриямның қолына жеткізеді.

Мәриям бұл хатын алып оқып, анық Ғалымның хаты деп та­
нып қалады. Мәриям хатты оқып енді Ғалым мені алмайды деп
қатты уайымдап ауырып, ас-су ішпей жатып алады.
− Енді Ғалымнан айрылған соң маған ешбір дүниенің

қызығы жоқ. Мені енді кімге берсе соған берсін, барамын,—
деп жеңгесінен ағасына хабар береді. Бұл сөзге ағасы қуанып,
өз ауыл адамдары, ақсақалдарды жинап: «Менің қарындасым
теріспегінен қайтты, түзелді»,—деп қуанып, барлық ауыл

ақсақалдары енді Мәриямға алғыс айтып тарайды.
Содан кейін бір күні қастық істеп, қызға өтірік хат жазып
жүрген Әбіш: «Мәриямды саған әперемін»,—деп, параға бір ат
алып мініп, қатыны өлген бір жігітті ертіп, үш-төрт кісі болып,

Мәриямның ағасы Нұрқанға келеді.
Мәриямның ағасы Нұрқан әуелдегі уәде бойынша бір сөз
айтпастан он бес-жиырма қара қалыңмал алып, әлгі қатыны
өлген жігітке Мәриямды бермекші болады. Мұны Мәриям біл­

мейді. Енді көп ұзатпай бір жетінің ішінде әлгі қатыны өлген
жігіт Мәриямды әйелдікке алып кетеді. Сол күні кешке Ғалым
қасына төрт жігіт жолдас ертіп, Мәриямның ағасының ауылына
Мәриямды іздеп келеді. Бұл келген үйі сол ауылда Ғалымның бір

жетім  мәриям жолдасының нағашысының үйі екен. Ғалым бұл үйден жасыр­ май Мәриямды іздеп келгенін айтады. Бұл үйдің иесі Ғалымға: «Мәриямды бүгін жақын осы ауылда бір жігітке ағасы Нұрқан беріп жіберді. Бүгін кешке сол ауылда ойын-той болады. Осы ауылдың қыз, бозбалалары сол тойға баруға дайындалып жа­ тыр. Сендер де соған барсаңдар, ол жер көп алыс емес»,—дей­ ді. Бұл сөзді есіткен Ғалым не қыларын білмей, қатты күйініп, қапаланады. Жанындағы жолдастарымен келісе келе бұлар да осы ауылдағы болып жатқан тойға барады. Келген жігіттерді құрметтеп ауыл жігіттері орын беріп, Мәриям келін болып түсіп отырған үйге келіп бұлар да оты­ рады. Енді отырған қыз, бозбалалар өлең айтуға кірісіп, өлең айтысып, бір кезде өлең айту кезегі Ғалымға келеді. Сол кезде Ғалым қолына домбыраны алып, мысалдап мына өлеңді айта­ ды: —Қаңбақтай жел аударған келдік тойға, Көрген соң дерт жайылды тұла бойға. Ләпсінің әуесіне әуре болған, Қатеміз жаңа түсті біздің ойға. Бес күндік жалған достың достығына, Алданып, бір ойыңды босқа жойма. Өлерде жаным басқа десе дағы Опасыз жалған досқа көңіл құрма. Көп кешті мұндай жұмыс біздің бастан, Бақырды алтын ғой деп байқамастан. Бұл күнде жабы шауып, бәйге алып жүр, Бұрынғы құлаш мойын жан салмастан. Ақ сұңқар шабысында босқа қалып, Бөктергі тоят алды сәнді құстан. Байласқан Құдай десіп уағданы, Шыныңмен кеткенің бе ойға алмастан. Дескен сөз берік еді айрылмасқа, Отқа сап жақса да майрылмасқа.

ғашықтық  дастандар
Тұрса да желкемізден қылыш таяп,
Түзеген бетімізді қайырмасқа.
Бұл күнде еруші көп, қасарлық аз,

Көрмеген кез болып жүр талай шаһбаз.
Адамға бір күн қонған қоныс та ыстық,
Көргенсін айта салған әншейін наз.
Жолығу екі талай бұдан кейін,

Жетпеді қылған уағдаң кешке дейін.
Қалыңды көзбен көрдім хош-аман бол,
Күн жақсы көрісуге деген дейін.
Бұл өлеңді Ғалым айтқан соң, Мәриям мәселеге түсіне қалып

өзінің алдаумен кеткенін сезіп, есін білмей шатасып қалады.
Бірақ бұл сырын ешкімге батып айта алмайды. Бұрынғы
қайғысына тағы қайғы қосылады.
Мәриямның ендігі ойы: «Ғалым мені енді алмайды, бірақ

менің өтірік хатқа нанып, алданып кеткенімді білмейді.
Сондықтан маған Ғалым өле-өлгенше наразы болып өкпелеп
кетеді-ау»,—деп,—осыны қалай білдіремін, айтамын»,—деп,
Мәриям соны арман етіп, бір табақ қағазға арманын айтып хат

жазып, Ғалымның ауылының бір малшы баласы арқылы осы
хатты Ғалымға жеткізеді. Сондағы жазған хаты мынау:

—Не қылам өкінгенмен өткен істен,

Ғашықтық сертіменен шарап ішкен.
Жас түлек бидайығым қолдан ұшты,
Оралып шыға ала ма торға түскен.
Арнаулы жемісімнің дәмін татпай,

Айырылдым ақ алмадан бақта піскен.
Көзіме дүние жүзі қараңғылық,
Өте алмай алдым дария өкінішпен.
Ылаж қолдан келер көрінбейді,

Байланып күннен күнге бекініскен.
Бұлбұлға қожа болса қара қарға,
Әзелде жазса тағдыр шара бар ма?

жетім  мәриям
Уағдаға бес күн опа қыла алмастан
Өзімді өзім салдым қайғы-зарға.
Түскенде сөзің еске зарланамын,

Махмұттай ғашық болған Нұрғазарға.
Сен үшін іште қапам толып жатыр,
Жүк болар артып қойсам қара нарға.
Қайғымен күндіз-түні көңілім қапа,

Ғалым деп зар қып қазған түскен орға.
Кетпейсің күндіз ойдан, түнде түстен,
Қайғымен аяғымды басам зорға.
Ал енді Ғалым бұл хатты алып оқығанның соңында Ғалым

Мәриямның алдаумен кеткендігін біліп, Мәриямның кінәсіз
екендігін түсінеді. Бұл екі арада Ғалым Мәриямның аты­
нан жоғарғы ұлыққа арыз жазып, ағасының малға сатып
отырғандығын көрсетіп, «өз теңіме барсам екен, әкемнен қалған

мал-мүлкім өзіме тисе екен» деп сұранады.
Бұл арыз жоғарғы ұлықтан: «мына жетім қыздың мал-мүлкі
өзіне тисін»,—деп болысқа түседі. Бірақ болыс Мәриямды алып
отырған күйеудің жақыны болады. «Бұл арызды жазып жүрген

Ғалым, Ғалымның қолы»,—деп, Ғалымды шақыртып алып,
жер аудартпақшы болып қорқытып, Ғалымды тергеуге алады,
оны қорқытады. Ақырында Ғалым арыз жазғанын мойындап,
енді қайтып бұл мәселені қозғамасқа қолынан болысқа серт

қағаз беріп, әзер құтылады. Міне, осы халді Мәриямға білдіру
үшін Ғалым оған мына төмендегі мазмұнда хат жазады:
Мәриямжан, Тәңірге аян сіздің жазық,
Ризамын тірі көмсе қабір қазып,

Мақсатқа көңілге алған жетісе алмай,
Дариға, болды дертің өмірге азық.
Сыртым сау жүргенменен, ішім—жалын,
Жүректі күйдіреді қасірет қалың.

Бенттеулі қол-аяғым шынжырменен,
Қор болдым қозғалуға келмей халім.

ғашықтық  дастандар
Бұл күнде қолдан кетті бізден ерік,
Еш жан жоқ жәрдем қылып, болар серік.
Артым— жар, алдым —дария өте алмастай,

Істелген біздің үшін қорған берік.
Орныққан махаббатың кетпес ойдан,
Секілді жүрегіме құйып қойған.
Сарғайды зағыпырандай порым солып,

Мәриямдай айырылған соң зифа бойдан.
Жазбады қосылуға бізді Құдай,
Күн жетті айырылуға, уа, дариға-ай.
Кесілген қанаттарым, ұша алмаймын,

Көңіліңді суыт, Мәриям, бұдан былай.
Болар деп осылайша ойлап па едің,
Тағдыры бір Алланың, міне, осылай.
Есіңе өткен күндер түскен кезде,

Жүре көр мен ғаріптің халін сұрай.
Біраз күн қызық дәурен бастан өттің,
Бұл күнде теріп айта алмас қалға жеттің.
Бұралған алтын сымдай, ғазиз Мәриям,

Бір өртті сөнбестей қып салып кеттің.
Айырылып түн ұйқыдан, қалмай сәнім,
Қайғымен зағыпырандай ғазиз тәнім.
Жерінде Қадір еткен қосылармыз,

Әлбиде қош аман бол, меһрибанымң.
Ғалымның Мәриямға осы жазған хаты бір адам арқылы
Мәриямға тапсырылады.
Мәриям мұны оқып көргеннен кейін Ғалымның бұрынғы

ізденіп жүрген жұмысынан ешбір нәтиже шықпай және өзіне
болыстың жәбір-жапа көрсетіп қысым жасағаны мағлұм бола­
ды. Сондықтан Мәриям ақырғы хатын келешектегі өз өмірінің
қандай халде болатындығын көрсетіп, Ғалымға мына төмендегі

хатты жазады.

жетім  мәриям
«Аһ, Ғалым, жазған хатың оттай болды,
Дәл тиген жүрегімнен оқтай болды.
Өткен күн, сүрген өмір, көрген қызық

Қазіргі сағатында жоқтай болды.
Сен көріп әр нәрсені уанарсың,
Кеудеңнен қасірет шығып, жуанарсың.
Жолың бос, қайда барсаң басың азат,

Дүниенің қызығымен уанарсың.
Мен ғаріп, үйден шығып жүре алмайтын,
Жаз өтіп, қыс келгенін біле алмайтын.
Жіберсе отқа жағып, суға ағызып,

Тоқтыдай құны бар деп сұралмайтын.
Қызық көр, басың жас, жолың ашық,
Болмады қосылуға бізге нәсіп.
Ендігі көрген тірлік харам болсын,

Бір сенен айырылғасын арыздасып.
Бола ма бұрынғыдай есім бүтін,
Сыртым сау, осы күнде ішім түтін.
Дұғаңнан мен ғаріпті тастай көрме,

Ендігі тірліктен жоқ үмітім.
Әркімнен жапа көрдің бір мен үшін,
Сарғайды зағыпырандай нұрлы түсің.
Ғапу ет, мен ғаріптің қаталығын,

Жан пида қыла алмадым мен сен үшін».
Осы қайғымен Мәриям есінен, ақылынан адасып ұйықтап
жатса, шошып оянып, көзіне көрінген жігіттерді «Ғалым» деп
шақырып, өз бетімен сөйлеп, айғайлап «Ғалым» деп, мына

төмендегі жырды айтатын болды, сондағы жыры:

—Жараттың, Алла-ау, пенде ғып,

Қатарында қазақтың.
Үш жыл болды үй бағып,
Дәмін таттым азаптың.

ғашықтық  дастандар
Бұл көргенім өзіме аз,
Тұра алмадым сертіме.
Әуре болып қысы-жаз

Ем таба алмай дертіме.
Шоқ-шоқ, Мәриям, шоқ Мәриям,
Өзіңді-өзің қор қылдың.
Бұрынғы дәурен жоқ,

Айналаңа тор құрдың.
Ендігі тірлік бәрі арам,
Қияли болып күнде әуре.
Жан-жағыма көз салам,

Көрем бе деп бір сәуле.
Аһ, Ғалым, аһ, жаным,
Кісім жоқ саған бағалар.
Аһ, пасық, аһ, залым,

Малға сатты ағалар.
Айхай достым, меһрибан,
Енді маған бақыл бол.
Аһ, сен үшін жан құрбан,

Халал сөзім анық сол.
Міне, осы жерде қияли болып жырлап жүріп, ақырында осы
қайғыдан ауырып, мұратына жете алмай жетім Мәриям қайтыс
болады.

Шығыпты Шу шымырдан ақын бала,
Сауытбек оның аты, сөзге сара.
Айтысқан қыз-жігіттің бәрін жығып,
Өлеңнен үздік озды жалғыз дара.

Сауыттың кемістігі кедейлігі,
Ақылды, сөзге шешен, болды дана.
Ойынан ән шығарып өлең жазды,
Қағытпа қара сөзге шебер жана*.

Сауытбек Шуда өскен шымыр еді,
Шудағы шымырлардан шығып еді.
Орта жүз Ақбөпенің түп атасы,
Шудағы қара қыпшақ ұруы еді.

Екеуі Шудың өскен жағасында,
Атасы Шуда туған, бабасы да.
Қыс болса құмға түсіп кетуші ед,
Көктеуі Қорақатын сағасында.

Барлары Алатауға көшіп шығып
Жайлайды Сусамырдың саласына.
Сусамыр Алатаудың кең жайлауы,
Шу, Меркі, қазақ, қырғыз бәрі осында.

Ілгері орта жүзден көшіп келген,
Отыз үйлі қыпшақтар бар шамасында.
Қыз беріп, қыз алысып құданда боп,
Дулаттың өсіп-өнген арасында.

Ақбөпе—Сауытбек
* Жана—және.

ғашықтық  дастандар
Қыпшақтар шымырлардың елінде еді,
Сыбайлас, той-жиындас шенінде еді.
Қоныстас қысы-жазда бірге көшіп,

Шу өзен Қорақатын жерінде еді.
Қыпшақтан ақын, әнші бір қыз шықты,
Атағы Шу еліне белгілі еді.
Айтысқан жігіттердің бәрін жықты,

Ешкімнен беті қайтып жеңілмеді.
Сауытбек айтыспаған сол-ақ қалды,
Басқасын бір-бір сынап көріп еді.
Қыпшақтан шыққан еді сол сұлу қыз,

Әнші, ақын, аты Ақбөпе шолпан жұлдыз.
Жері жоқ тұлғасының келіспеген,
Ақ тамақ, алма бетті, алқызыл жүз.
Дәріптеп Сауытбектің айтуынша

Періште тең болмайды болса хор қыз.
Ақбөпе пісте мұрын, сүмбіл шашты,
Қара көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Аршыған жауқазындай кірсіз жүзі,

Тісіне орнатқандай гауһар тасты.
Ұшынан екі беттің қаны тамған,
Тілінен сөйлегенде балы тамған.
Сауытбек арман етіп «аһ» дейтін,

«Ондай қыз тумайды,—деп,—ешбір жаннан».
Жалғанға Жаратушы қимас еді,
Ақбөпе аңлаусызда келіп қалған.
Денесі мінсіз тура тартқан сымдай,

Сымбатты сырт арқасы сыр сандықтай.
Тақтайдай жауырыны тегіс жазық,
. . .* келген қыз жоқ ешбір мұндай.
Тұйғындай тұғырдағы мойнын толғап,

Сыланып отырады тоты құстай.
* Бір сөз танылмады.

ақбөпе—сауытбек
Қойғандай кірпік, қасы оспа жағып,
Сауырлы, белі нәзік, иіні жазық.
Жарқырап шарайнадай қара көзде

Тұрғандай гауһар тастың шамы жанып.
Хорының қызы ма деп көрген кісі
Тамсанып кете алмайды таңырқанып.
Сөйлессең бір жасайсың көңлің шат боп,

Сөзіне ләззатты мейірің қанып.
Биіктеу денесі бар талма бойлы,
Ылайық мінезіне әзіл-ойыны.
Салмақты, байсалқалы, сынық мінез,

Алыстан болжайтұғын терең ойлы.
Тиіссең Ақбөпені әзілге алып,
Тұрады күлімсіреп құлақ салып.
Ақбөпе өткір тілмен түйрегенде,

Қаласың жай түскендей естен танып.
Сөзге де Ақбөпе қыз шебер еді,
Ақылды, қатарынан зерек еді.
Ақбөпе ауылы жақын болғанменен,

Сынасып Сауытбекті көрмеп еді.
«Сырласып емін-еркін бір көрсек» деп,
Ғашық боп екеуі де жүрер еді.
Өлеңге екеуінің мол дарыны,

Жайылған Шу еліне сол сарыны.
Деуші еді Аша болыс ескі уақта,
Шу аудан осы күнгі орталығы.
Ашаның Тілеуқабыл болысы еді,

Шу өзен, Қорақатын қонысы еді.
Алматы, Әулиеата, Шымкент елін
Шақырып үш дуанға той істеді.
Шалғын саз Шуға түсіп тойын қылды,

Тамаша сауық-сайран ойын құрды.
«Болыстың Тілеуқабыл тойы бар» деп,

ғашықтық  дастандар
Жиналды Шу елінің ойы-қыры.
Күтініп қыз-бозбала жүруші еді,
Шешілмек осы тойда ойдың сыры.

Ақбөпе Сауытбекпен жүз көрісті
Болыстың Тілеуқабыл тойы күні.
Жиналды осы тойға жанның бәрі,
Қызықты болды жұртқа тойдың сәні.

«Қыпшақтың ақын қызы келіпті» деп,
Есітіп тегіс келді жанның бәрі.
Ынталы есітуге тойдағы жұрт,
Қандай деп Ақбөпенің салған әні.

Жұрт құмар Ақбөпенің салдарына,
Көргенде көз тояды ажарына.
Сырланған алты қанат ақ орданың
Шығарды Ақбөпені төр жағына.

«Ақбөпе қашан өлең айтады» деп,
Жұрт қоршап қамалап тұр жан-жағында.
Іленің жалайыры той бастады,
Үйсіннің ноқтағасы сол бастады.

Бас қойды, шапан жапты тойбастарға,
«Айтсын» деп Ақбөпеге сөз тастады.
Ақбөпе әннің басты ырғағына,
Дарыған ән мен өлең тіл-жағына.

Сондағы Ақбөпенің өлеңі еді,
Сиынып орта жүздің әруағына.

—Орта жүз арғы бабам арғын, қыпшақ,

Әруағын кем болмаспыз қадір тұтсақ.
Қақ жарған қара қылды Қазыбек би,
Үш жүзге үлгі берген жолға нұсқап.
Хан өтті, датқа өтті, патша өтті,

Әділдік жүргізбеген Қазыбек құсап.
Қобыланды батыр өтті өз қыпшағым,
Ел қорғап, ерлікпенен туын ұстап.
Арқаның Ағыбайын кім білмейді,

ақбөпе—сауытбек
Жауды алған қарсыласқан матап-тұсап.
Солардың әруағы жәрдем берсе,
Болса да тоқтамаймын қиын-қыспақ.

Бабамыз арқада өскен ту басында,
Аз ғана қыпшақ кепті Шу қасына.
Отыз үй қыпшақтар шамасында,
Отырмыз көп дулаттың ортасында.

Салмағым аз да болсам жеңіл емес,
Салса да таразының бір басына.
Сауытбек ақын жігіт бар деуші еді,
Бұл сөзді терең ойлап болжасын да.

Бар болса бізге неге көріспейді,
Далада сыриып жүрмей, кел қасыма.
Сонда Сауытбек:—Мен Ақбөпеге айтысуға батпай жүргенім
жоқ, Ақбөпенің сарыны жер жарады, жұрт өте дәріптейді,

айтысқан жігіттер орнынан тұра алмайды. Айтыссақ, сөзім
тиіп[кетер деп] Ақбөпеге сырттап жүргенім ырас еді,—дейді.
Сол сөзді айтып отырғанда Саукеңмен әзілдесіп жүретін Жиде­
бай деген өте сөзге шебер, қу кісі Саукеңе қарап: «Көр айғыр боз

байталды теуіп жібере ме деп сырттан оқыранып жүрген екенсің
ғой» деп, отырған кісілерді күлдіріп қояды.
Сонда Ақбөпе үйдің киізін түріп, керегенің көзінен көріп
шақырған екен дейді. Шымырлардың жігіттері Жидебай,

Әтібектер [Сауытбекке] келіп: «Сен неге сырттап жүрсің?
Жаңағы Ақбөпе мақтаған орта жүздің әруағы басып тұр ма?
Жүр, сені Ақбөпе шақырып отыр»,—деп Ақбөпенің тұсына
отырғызды дейді.

Ақбөпеге амандасып Сауытбектің айтқан өлеңі:

—Ақбөпе, көңілің шат, денің сау ма,

Сайраған бұлбұл құссың сен бір бауда.
Өлеңмен Сауытбектеп шақырған соң,
Жеткендей болды төбем асқар тауға.
Ақ тұйғын қанатымен қағып өтті,

Тор жайсам түсер ме екен жібек қауға.
Созғанмен қолым қысқа, жете алмайды-ау,
Шың таста ұясы бар биік зауда.

ғашықтық  дастандар
Шақырсам қолыма кеп қонар ма екен,
Байырғы тұйғын еді өскен маңда.
Ақбөпе

—Сауытбек, есенбісіз өзіңіз де,

Қарт, жастар, жалпы аман ба еліңіз де.
Сауытбек шақырумен әрең келдің,
Алғашқы амандасу жөні сізде.
Болсам да төмен етек мен шақырдым,

Сынаңыз жөн келе ме өзіңізге.
Егерде мен шақырып алмағанда,
Ескеріп ілмесеңіз көзіңізге.
Кезіктік осы тойда жүз көрісіп,

Күтсем де келмеуші еді кезімізде.
Іштегі барлық сырды қалдырмай айт,
Сыртыңнан ынтызар ем сөзіңізге.
Мақсатты ойыңдағы ортаға сал,

Тарыдай дақ қалмасын көңілімізде.
Сауытбек

—Ақбөпе, бір көрсем деп болдым құмар,

Сүйгенін көрген кісі көңлі тынар.
Жанасып жақсыменен бір сөйлессең,
Қамалған қайғы, сәнаң іштен шығар.
Шарықтап шарлап ұшып іздеп жүрген,

Серігін таппай жүрген мен бір сұңқар.
Айтулы ақтұйғынға кезіксем деп,
Құмартып сырласуға көп ынтызар.
Тыңдауға жұрт жиналып қалған екен,

Салмақтап сөзді сынап көрсін бұлар.
Ақбөпе

—Сауытбек, той-жиыннан қалмай жүрсіз,

Көз қырын біздің елге салмай жүрсіз.
Білесіз әйел жолы жіңішкелеу,
Ынтызар болсаң неге бармай жүрсіз?
Көңілің сүйген болса барар еңіз,

Шынымен есіңізге алмай жүрсіз.
Ауыл да алыс емес, жақын еді,

ақбөпе—сауытбек
Жолығып, дедіңіз бе, қандай жүрсіз?
Ер жігіт болсам іздеп барар едім,
Амал не, жолым нәзік, жағдай күйсіз.

Сауытбек

—Бара алмай жүрмін атым болмаған соң,

Кедейлік ауыр екен орнаған соң.
Танысып жүрмеген соң бара алмадым,
Сөйлесіп сырыңызды алмаған соң.
Көңілсіз, салқындау ма деп ойландым,

Араға қатынас сөз салмаған соң.
Мысалы, пісіп тұрған сіз бір алма,
Жүрерміз әуестеніп барғаннан соң.
Арманы көңілімнен кетпес дедім,

Құмарым алманы иіскеп қанбаған соң.
Ақбөпе

—Ізденіп Адам барған Һауа анаға,

Ерді іздеп әйел кісі оңала ма.
«Қатынас сөз салмадың» деп отырсыз,
Тұра ма ер жігіттік мағанаға.
Сауытбек, мынау сөзің жолсыз тіпті,

Өзінше қыз жігітке сөз сала ма.
Адамға Һауа іздеп барған емес,
Һауа анам, атам Адам жаралғанда.
Талаптар табанын таптамай ма,

Кедейлік ерге кесір бола ала ма.
Алмаға өзің қолды созбаған соң,
Домалап алма аузыңа бара ала ма?
Біресе атым жоқ деп сылтаулайсың,

Аяғың қалай жетті бұл араға?
Сауытбек

—Ақбөпе, ақ байталдай алшақтадың,

Деп едім жақындайын, шалқақтадың.
Білмейсің орта жүздің қайда екенін,
Тербеттің сырттап жүріп әруақтарын.
Аспанға орта жүзді алып шығып,

Көтеріп көкке өрлетіп ардақтадың.

ғашықтық  дастандар
Ұлы жүз орта жүзден кейін бе еді,
«Бағалы алтынмын» деп мақтандың.
Дулатқа дуа қонған Қызыр шалып,

Кең байтақ жеріне кеп сен мастандың.
Арқадан ауып келген аз үй қыпшақ
Дулаттың ортасында жан сақтадың.
«Алтыннан ауыр бір қыз бар» деген соң,

Көрейін деп келіп ем салмақтарын.
Ақбөпе

—Сауытбек, меніменен өзіңді сал,

Жұрт көрсін, сөзің менен сөзімді сал.
Көппін деп көтеріліп көпсімегін,
Еліңе аз да болсам елімді сал.
Бір мысқал таразыға алтынды қой,

Алтынның мысқалындай темірді сал.
Қайбірі ауыр шығар терең ойлап,
Бағалап салмағына көзіңді сал.
Темір мен алтын парқы аспан жердей,

Аз деме, осы жағын есіңізге ал.
Сауытбек

—Ақбөпе, аздар көптен аса алмайды,

Салмағы аз болған соң баса алмайды.
Болған соң берекесіз, көлемі аз,
Бір жақтан салмақ алып қоса алмайды.
Мақал бар «көл батырар, көп қорқытар»,

Көп қолға жау да қорқып бата алмайды.
Аз елдің ардақтысы көп руда,
Ауызын қарсы сөйлеп аша алмайды.
Болса да әйел үсті мал берген соң,

Құтқарып басын алып қаша алмайды.
Ақбөпе

—Сауытбек, мынау сөзің жөн болмайды,

Жөнсіз сөз сөйлегенмен ем болмайды.
Азбын деп азамат ер жау санаспас,
Бар болса жүрегінде ел қорғайды.
Қобыланды жалғыз өзі жауды қуған,

ақбөпе—сауытбек
Батырлар елге сеніп ер болмайды.
Қарғалар қаптаған көп, сұңқар жалғыз,
Қарға жем, сұңқар оған жем болмайды.

Қаңқылдап қарға шулап іс бітірмес,
Сұңқармен дәрежесі тең болмайды.
Сөйлейді мың адамнан бір-ақ кісі,
Тыңдаушы басқаларда сөз болмайды.

Бәйгені мыңнан озып тұлпар алар,
Бар болса сүйегінде кем болмайды.
Қуады мың қарғаны жалғыз тұйғын,
Қарғаның шулағаны кер болмайды.

Сауытбек

—Сенен мен, Ақбөпе қыз, кем болдым ба,

Сен алтын, темір, шойын мен болдым ба?
Ақсұңқар, алғыр қыран бола салып,
Алтынға аспандадың, тең болдың да.
Қаңқылдап қалың дулат қарға болып,

Аз қыпшақ жем ететін сен болдың ба?
Отыз үй орта жүзге сыймадың ба,
Ағызып алып келген сел болды ма?
Орта жүз жақсы болса неге келдің,

Жау шауып, құйын қуған жел болды ма?
Орта жүз жақсы болса көшпейсің бе,
Кемшілік көргеніңше кетпейсің бе.
Болғанша қасқарауға қатын үсті,

Ойлаған мақсатыңа жетпейсің бе?
Ақбөпе

—Сауытбек, білгіш болсаң «көш» дер ме едің,

Кім қияр көзін ашып өскен жерін.
Болыстың Тілеуғабыл атын бағып,
Атқосшы болғаныңды ескермедің.
Осы ма, Сауыт, сенің білген жерің,

Абайлап өз мініңді бір көрмедің.
Сауытбек, ойламайсың, кім қияды,
Кір жуып, кіндік қаны тиген жерін.
Өзімде өз шаруам жеткілікті,

ғашықтық  дастандар
Жерім жоқ көп дулаттан күн көргенім.
Әнші-ақын, Нұрмахамбет балуанды
Аз емес үйсініңнен білгендерің.

Дулатың саған жақын шымырыңнан,
Арқаның аралап жүр күллі елдерін.
Сайрандап орта жүздің ортасында.
Қимай жүр балуаның сүйген жерін.

Жатады ел болған соң араласып,
Аз емес орта жүзде жүргендерің.
Сауытбек

—Ақбөпе, сен емессің барып көрген,

Кісідей айта бердің танып көрген.
Көргендей көрмесең де тоқталмайсың,
Аралап танысып па ең барлық елмен.
Он жеті, он сегізге жаңа келдің,

Сен емес жасы кексе, тарих көрген.
Қасқырдан үріккен қойдай шетке шығып,
Адасып аз үй қыпшақ нағып келген?
Ақбөпе

—Сауытбек, болмас сөзді айтасың ба,

Көпшілік сөзді сынап байқасын да.
Әркімнің айтқан сөзі өзіне жөн,
Айыбын көзі көрмес арқасында.
Сауытбек, тарих жайын менен сұра,

Бабамнан үйренгенмін он жасымда.
Арқадан аз үй қыпшақ келгені рас,
Ел үркіп шабыншылық шайқасуда.
Наурызбай, Кенесары қырғынында

Қан аққан қырғыз, қазақ найзасында.
Наурызбай сол ұрыста қолға түсіп,
Қырғыздың қазақ қалды олжасында.
Келіпті сол қырғынның кесірінен,

Отырмыз көп үйсіннің ортасында.
Адамға адыр сөйлеу жараса ма,
Ақылды айқын жолдан адаса ма?
Көппін деп көтеріліп, көпіресің,

Көп дулат, саған Сауыт, қараса ма?

ақбөпе—сауытбек
Ақылсыз албырт сөйлер айласы жоқ,
Қаттырақ айттым, Сауыт, ойласын деп.
Астыңда атың да жоқ жаяу жүрсің,

Көп елдің, Сауыт, саған пайдасы жоқ.
Сауытбек

—Ақбөпе, қызбаланып жалындадың,

Бәйге алған боз байталдай ағындадың.
Айып ба өскен елді сөз еткенім,
Сен де айтып орта жүзді сарындадың.
Кемітіп кедейсің деп кекетесің,

Бай еді құда болған қайындарың.
Бай болу, кедей болу ол бір кезек,
Білмейді ешкім болжап арғы жағын.
Қызығып байлығына болған едің,

Айтуға арзымайды қалыңмалың.
Үстіне екі әйелдің тоқал етпек,
Жағдайың, Ақбөпе қыз, маған мәлім.
Көп елді көтергеннің айыбы жоқ,

Қосып айт өскен болса арғындарың.
Ақбөпе

—Берейін, Сауыт, жауап сұрағыңа,

Сұраққа сөз қайтармай тұрамын ба?
Жасымда бабам айтып отырғанда,
Ұғынып алған едім құлағыма.
Жаттығып көңілімде қалған еді,

Он екі-он үш жасар уағымда.
Тарихты сіз де, Сауыт, үйренер ең,
Кездесіп бабам тірі тұрғанында.
Қыпшақ пен арғын, найман Арқа жақта,

Көптікпен қанат жайған әр тарапқа.
Екеуі уақ, керей бір анадан,
Тарақты ноқтағасы біздің халықта.
Мекендеп Әзіреттің* Қаратауын,

Көп халық Сырда жатыр қоңыратта.
* Қожа Ахмет Иасауиды меңзеп отыр.

ғашықтық  дастандар
Осы айтқан жеті ру ел бәрі орта жүз,
Сауытбек, есептей бер аз ба, көп ба.
Кемітіп орта жүздің ішінде айтсаң,

Тірідей үйітер еді басыңды отқа.
Қобыланды ерлікпенен елін қорғап,
Халық үшін қарсы тұрған атқан оққа.
Кім болған Қазыбектей әділетті,

Зарлатты ел кедейін хан мен патша.
Қақ жарған қара қылды әділдікпен,
Бар болса Қазыбектей соны мақта.
Сауытбек

—Әлібек жаныс еді би болыпты,

Басқарып ұлы жүзді игеріпті.
Қазыбек, Әйтеке би, Әлібек пен,
Заманы үшеуінің бір болыпты.
Бір мүшел Әлібек би үлкен екен,

Құрметтеп ағамыз деп сый беріпті.
Бір жағы ұлы жүз деп сыйлайды екен,
Қадірлеп Әлібекті күнделікті.
Кейінгі әйелінен Әлібектің

Ақылды Төле деген ұл болыпты.
Әлібектен Төле деген бала болды,
Жасынан сөзге шешен сара болды.
Он төртте бітпей жатқан дауды шешіп,

Ақылы атасынан дана болды.
Төленің бала би деп даңқы шықты,
Жүргізді әділетпен таза жолды.
Мүгедек, мүсәпірге мейірі түсіп,

Жесір мен жетімдерге пана болды.
Қазыбек, Әйтеке би қартайған соң,
Төле би үш жүзге де аға болды.
Ақбөпе

—Болыс пен осы кезде биің қандай,

Баз адам би, болысқа сиынғандай.
Болыспен бірге жүр деп есітіп ем,
Орынын басасың ба, түрің қандай?
Жақында сайлау бар деп есітемін,

ақбөпе—сауытбек
Шу елі, Аша болыс жиылғандай.
Болыстың бағы саған барған шығар,
Сайлауға ойың бар ма ұрынғандай.

Байларың қайырылып қараса ма,
Ел тартып таласуға күйің қандай.
Жарысып қалып қойсаң үлкен тамға,
Қоя ғой бола алмасаң шығындамай.

Сауытбек

—Ақбөпе, терең ойлап болжамадың,

Едім деп әйел үсті ойламадың.
Зорлығын бай-болыстың көріп жүрсің,
Басынып аз ұру деп қорлағанын.
Бай менен дегенің ғой болыс жақсы,

Көтеріп бай-болысқа болыспашы.
Жастары өз еркімен қалауында,
Болыстан әділ заңды орыс жақсы.
Бай менен деп отырсың болыс күшті,

Істей ме жақсы болса зорлық істі.
Бай-болыс әділетті болса тура,
Өзің де болмас едің қатын үсті.
Қайырылып қарасатын байым да жоқ,

Жалынар бай-болысқа жайым да жоқ.
Аз ел мен кедейлерге зорлық істеп,
Құдайдан қорқатұғын ойында жоқ.
Мінім жоқ кедейліктен жасырмаймын,

Астымда мініп жүрер тайым да жоқ.
Өзіңдей есі бар қыз еске алмаса,
Мал беріп белгіленген қайыным да жоқ.
Ақбөпе

—Сауытбек, деп отырсың алалым жоқ,

Қайрылып қарасатын адамым жоқ.
Табылар көңілі сүйген, ел емес пе,
Өзіңнің жүрегіңнің талабы жоқ.

ғашықтық  дастандар
Көңілі сүймегендер қаламайды,
Сүйіссе бай, кедей деп санамайды.
Уайым түбі терең батырады,

Жігітке жүрексіздік жарамайды.
Тәуекел мінсе қайық өте шығар,
Әр жұмыс тәуекелсіз бола алмайды.
Сауытбек

—Кедейге жақсы қыздар қарай ма екен,

Бай менен болыстардай санай ма екен.
Қалыңға берерге мал, мінерге ат жоқ,
Үйлену кедейлерге оңай ма екен.
Бай менен қайындарың болыс еді,

Қордай мен Ұзынағаш қоныс еді.
Өзіңдей жақсы қызды иемденген,
Кедейге кесір боп жүр сонысы енді.
Ноғайбай бағы жұрттан асып тұрған,

Болыстың әруағы басып тұрған.
Мысалы Ноғайбайға кім батады,
Не десе үйсін, дулат жатып-тұрған.
Ақбөпе

—Сауытбек, жарамайсың, сөзің жасық,

Өтпейтін қайраса да өзің жасық.
Байлықпен болыстықтың керегі не,
Ақылсыз, иіс білмейтін болса сасық.
Дәрежең жаныстармен тең емес пе,

Шымырдан кетер ме еді жаныс асып.
Сауытбек ішаратқа түсінбейсің,
Қалған ба кедейліктен миың ашып?
Сауытбек

—Ақбөпе, жөн сөзіңе жол беремін,

Орынды бұл сөзіңді оң көремін.
Мақсатым ойымдағы осы менің,
Беріліп енді сізге қол беремін.

ақбөпе—сауытбек
Шымырап жетті сөзің сүйегіме,
Бұл сөзің жылы тиді жүрегіме.
Аңсаған арманымды өзің айттың,

Жеткендей болдым жаңа тілегіме.
Ақбөпе

—Тор жайсам деп едіңіз тұйғын құсқа,

Оралсын, торыңыздың жолын нұсқа.
Ойлаған мақсатыңыз орындалсын,
Созыңыз қолыңызды, қолымды ұста.
Сауытбек, ақтұйғынға торыңды кер,

Қолыңа қондырсаң жұрт орынды дер.
Қосамын тілегімді мен де сізге,
Қолымды қысып ұста, қолыңды бер.
Сауытбек Ақбөпеге қолын берді,

Сөздерін жиналған жұрт орын көрді.
Болсын деп екеуіңнің тырнақалдың,
Шәйі шапан, басы құндыз жолын берді.
Сөздері болды жұртқа ...* барлы,

Татымды, тәтті сөзі тұшымалды.
Кигізіп Сауытбекке шәйі шапан,
Құндызды Ақбөпеге ұсынады.
Жымыңдап бір-бірінің қолын қысты,

Ғашықтық жалын өрті ішке түсті.
Қосылып екеуінің махаббаты,
Аймалап оңашада сүйіп құшты.
Көрмесе бірін-бірі тұра алмады,

Көргенше сабыр, таһыд қыла алмады.
Мақсаты шын жолдастық өмір сүру,
Іштегі барлық сырды шығарады.
Ақбөпе Сауытқа айтты:—Кетейік,—деп,

Өмірді бірге жасап өтейік,—деп.
* Бір сөз танылмады.

ғашықтық  дастандар
Айрылып, ажырасып өкінерміз,
Әрекет осы бастан етейік,—деп.
Көрмесе тыныш ұйықтап жата алмайды,

Сол түні таң да тездеп ата алмайды.
Кер заман кедейлерге ескі уақта,
Сауытбек жүрексініп бата алмайды.
Бөпеге Сауыт жауап қайтармады,

Малының жоқтығынан қайсаңдады.
Аянып Сауытбектің көңілін қимай,
Қайталап Ақбөпе де айта алмады.
Көп еді Ақбөпенің қайғы-зары,

Қасқарау жаныс еді қайындары.
Үстіне екі әйелдің алмақшы еді,
Мал беріп атастырып болған жары.
Күйеуі қырық жетіге барған еді,

Үстіне екі әйелдің алмақ еді.
Байлықтың күшіменен Ақбөпеге,
Даңқына, малға жығып болған еді.
Күйеуі ауыл жанап кеп жүреді,

Ығыр ғып Ақбөпені бездіреді.
«Құдай-ау, күнім қандай болады» деп,
Ақбөпе қайғы-зарын жеп жүреді.
Күйеудің аты Тантай, өзі шата,

Ақбөпе мұны көріп өте қапа.
Еліне Ақбөпе қыз бармай жатып,
Үйінде көрсетіп жүр зәбір-жапа.
Кей күні ұмтылады «ұрамын» деп,

«Үйіңнен қашсаң сүйреп шығамын деп.
Ауылға сені осыдан алып барсам,
Жотаңнан таспа тіліп аламын» деп.

ақбөпе—сауытбек
Ақбөпе шешесіне жылады кеп,
«Мұнымен қалай етіп тұрамын» деп.
Қызына шешесінің бар айтқаны:

«Шөбіңе салған шығар, шырағым» деп.
«Талқан боп араз болса шабамын,—деп,
Басыңа ақырзаман саламын,—деп.
Қолыңнан не келеді, аз үй қыпшақ,

Күң етіп қыздарыңды аламын» деп.
Ақбөпе күнде жылайды,
Қайғымен азып мұңайды.
Кетер еді Сауытпен

Шешесін ойлап қимайды.
Ақбөпе жылап еңірейді,
Қыпшақтар пәлен демейді.
Жылы сөз жоқ күйеуден,

Қайғысы қыздың көбейді.
Аз ұру қыпшақ ел еді,
Басқаның тимес көмегі.
Қайындары Қордайда,

Бай менен болыс, бек еді.
Ноғайбай елдің болысы,
Қордайдың белі қонысы.
Күйеудің болыс жақыны,

Қыпшаққа ауыр сонысы.
Тантайдың теріс мінезі,
Ақбөпе жақсы біледі.
Ақбөпе жақтырмаса да,

Ай сайын келіп жүреді.
Бір күні Тантай келеді,
Күйеу боп келіп түнеді.
Келгенін көріп Ақбөпе,

Тітіреп кетті жүрегі.

ғашықтық  дастандар
Тантай күйеу кеп қонды,
Ішіне қыздың дерт толды.
Күйеуге енді қыз керек,

Тамақты тойып жеп болды.
Ақбөпе зарлап еңіреді,
Еріксіз болдым мен деді.
Ақбөпені күйеуге

Жеңгесі ертіп келді енді.
Қолынан күйеу ұстады,
Жеңгесі шықты тысқары.
Махаббат жылы сөзі жоқ,

Еріксіз қызды қыштады.
Жекіріп Тәкең сөйлейді,
Ақбөпе пәлен демейді.
Дегені болмай Тәкеңнің,

Ұрыс пен жанжал көбейді.
Қасарып қыз да көнбеді,
Ұруға қамшы іздеді.
Қамшы іздеп Тәкең жүргенде,

Ақбөпе қашып жөнеді.
Үйіне қашып келеді,
Ішінен шынжыр іледі.
Есікті Тәкең аша алмай,

Үйді айналып жүреді.
Күйеумен келген жолдасы,
Тәкеңнің жасты құрдасы.
Күйеу жолдас Көбен де

Қырық жеті жастың шамасы.
Араз боп күйеу қайтады,
Жолдасы көріп байқады.
Көбекең келіп аулына,

Болынған жайды айтады.

ақбөпе—сауытбек
Тантай қапа болады,
Халыққа бұл сөз тарады.
«Менсінбей жүр» деген сөз

Жанысқа тамға салады.
Болғандай тамға жанысқа,
Арланды жаныс намысқа.
Халыққа бұл сөз жайылып,

Таралып кетті алысқа.
Құлағына Ноғайбай,
Тиіпті барып болысқа.
Ноғайбай болыс біледі,

Жауатын бұлттай түнерді.
«Жесірімді берсін» деп,
«Күш сынасып көрсін» деп,
Қыпшаққа кісі жіберді.

Күйеудің Көбен деген жолдасына,
«Басында бар еді»,—деп,—сен қасында.
Қасқарып қасқараулар шапқаннан соң,
Жаныстың қыпшақ түсер олжасына.

Менімен аз үй қыпшақ ойнамасын,
Ойнаса сау қалам деп ойламасын.
Түсіріп шаңғарағын ортасына,
Шығарам күл-талқан ғып ойранасын.

Қыпшақтың бәрін матап байлатамын,
Аулына ат шаңдатып ойнатамын.
Қызының аяқ-қолын керіп тастап,
Үстінен қой жүргізіп айдатамынң.

Осылай болыс деп еді,
Жұмсаған кісі жөнеді.
Кісінің аты жіберген,
Атын Көбен дер еді.

Азанда шығып атпенен,
Араға қонып келеді.

ғашықтық  дастандар
Болыстың жазған сәлемін,
Естайға әкеп береді.
Ақбөпенің шешесі

Көбенге айтқан сөзі еді.

—Дайындап сенен айтса, Көбен,—деді,

Болмасын құдам қапа менен,—деді.
Бір нәрсе балалықпен деді ме екен,
Анықтап өзім сұрап білем,—деді.
Күйеуді жаннан артық көрем,—деді,

Көңілі ренжіді неден,—деді.
Болыстың көңіліне кір келмесін,
Түскен соң ел жайлаудан берем,—деді.
Шешесі солай деп еді,

Көбеннің көңілі сенеді.
Айтайын деп болысқа,
Атына мініп жөнеді.
Байлары Алатауда жазда болды,

Кедейлер Қорақатын сонда болды.
Кедейі байларымен араласып,
Көк майса Шуға түсіп сазға қонды.
Әсеттің Шуға түсті уағында,

Бидайдың қиғаш маусым орағында.
«Ақбөпе Шуға сазға қоныпты» деп,
Сауыттың тиді барып құлағына.
Сауытбек жолаушылап кеткен еді,

Аулына қайта оралып жеткен еді.
Сауытбек Ақбөпені көрмегелі
Арада айдан асып өткен еді.
Сауытбек Қорақатын жағасында,

Қонысы шымырлардың бар осында.
Шу менен Қорақатын қашықтығы,
Атпенен сәскелік жол арасында.

ақбөпе—сауытбек
Жөнелді атқа мініп жолға түсіп,
Жүрегі аттай тулап алып ұшып.
Сауыттың көңліндегі арманы сол,

Бөпешін аймаласа сүйіп-құшып.
Намазшам өткен кезде келді жетіп,
«Көрініп, сездірсем,—деп,—жанап өтіп».
Ақбөпе уық шаншып тұрған екен,

Сауытбек қақты үзеңгі хабар етіп.
Сауытбек үзеңгісін қағып қалды,
Жалт қарап, Ақбөпе де танып қалды.
Ғашықтар бірін-бірі көргеннен соң,

Аймалап сүйіскендей болып қалды.
Таниды Ақбөпе де көз жіберіп,
Бір-бірін көптен бері енді көріп.
Сауытбек көзін тігіп тұрды біраз,

Ішарат ете ме деп белгі беріп.
Ақбөпе тұрған еді уық ұстап,
Уығын бір сілтеді Шуға нұсқап.
Белгілі екеуіне топ қамыс бар,

Дегендей жата бер деп атың тұсап.
Ол қамыс екеуіне белгілі еді,
Қышақтың қонысы деп ел біледі.
Ел көшіп, сазға түсіп қонған күні,

«Осында бас қосамыз» деп жүр еді.
Шідерлеп үш аяғын атын тұсап,
Шідермен кетпесін деп алыс ұзап.
Ақбөпе Сауытбекпен жүз көріспек,

Зылиқа ашық болған Жүсіп құсап.
Бір қыз бар, Ақбөпенің құрдасы еді,
Құндызай оның аты, сырлас еді.
Ән қосып, өлең айтып бір жүретін,

Жанындай көңілі шырын, қимасы еді.

ғашықтық  дастандар
Ақбөпе «Құндызайға барамын,—деп,
Киізін жәрдемдесіп жабамын» деп.
Бөпеге шешесі айтты:—Барсаң барғын,

Келерсің таң атқан соң, қарағым,—деп.
Көңілі Ақбөпенің орындалды,
Қауіпсіз үй ішінен болып алды.
Ақбөпе Құндызайға айтып кетті,

Белгілі айтпаса да оның бәрі.
Нұсқаған топ қамысқа Бөпе келіп,
Сауытпен амандасты қолды беріп.
Құмары қол алысып тарқамады,

Екі ашық құшақтасып қолтық керіп.
Сүйісті құшақтасып, аймаласып,
Сағынып қалғандығы айдан ашық.
Босасып тұла бойы балқып еріп,

Иіскелеп тамағынан мауқын басып.
Сүйісіп махаббатпен күлімдеді,
Ай жарық бір-бірінің түрін көрді.
Бір айдай көрмегелі болған екен,

«Жүз көрдік сағынысып бүгін» деді.
Мақсаты көңілдегі бола берді,
Не қызық бұл жалғанда одан енді.
Сусындап ләззатпен мейірі қанды,

Іздемек шідерленген қаракерді.
Сауытбек атқа кетті «көрейін деп,
Хабарын қаракердің білейін деп.
Тұр ма екен тұсап қойған жерде атым,

Көрген соң жылдам қайтып келейін» деп.
Дыбысы қаракердің білінбеді,
Жерінде тұсап қойған көрінбеді.
Аты жоқ қойған жерде барып көрсе,

Бөпеге келіп айтты кідірмеді.

ақбөпе—сауытбек
Сауытбек Ақбөпеге қайтып келді,
«Орнында атым жоқ» деп айтып келді.
Ақбөпе Сауытбектен сұрап отыр:

—Атыңды тұсап едің қайтіп?—деді.

—Атымды,—Сауыт айтты,—шідерлеп ем,

Бір жаққа жылжып кетіп жүрер деп ем.
Ауылдың ортасына барып қалса,
Бұл жерде жатқанымды білер деп ем

—Мен білсем атың судан ішем деген,

Шу өзен дарияға түсем деген.
Жүзе алмай су түбіне кеткен шығар,
Кесір боп үш аяғын шідерлеген.
Домалап дарияға аққан шығар,

Аяғын жаза алмастан батқан шығар.
Су толқып, жарға соғып, шетке қағып,
Ақжардың қайраңында жатқан шығар.
Айтқаны Ақбөпенің ақыл екен,

Болжауы жас та болса мақұл екен.
Сөзімен Ақбөпенің Сауыт барса,
Ақжардың қайраңында жатыр екен.
Қайраңның жағасында жатыр сұлап,

Осы еді мініп жүрген жалғыз шолақ.
Аты жоқ мұнан басқа мінетұғын,
Мұны да мініп жүрген майын сұрап.
Су жұтып қаракердің іші кепкен,

Мес болып бар денесі ісіп кеткен.
Сіресіп түнгі суға қатып қапты,
Тартпасы белін бунап кесіп кеткен.
Тартпасын шаппасымен қиып алды,

Сыпырып ер тоқымын жиып алды.
«Апарып таса жерге қояйын» деп,
Тартпамен бәрін қосып буып алды.

ғашықтық  дастандар
Арқалап ер-тоқымын судан шығып,
Іш киім, көйлегінің суын сығып.
«Кепкен соң кейін келіп алармын» деп,

Бір жардың қуысына қойды тығып.
Сауытбек Ақбөпеге келді қайтып,
Атының оқиғасын Бөпеге айтып:

—Атымды майын мінген суға ағызып,

Жүремін,—деді Сауыт,—елде қайтіп.
Сауытбек Аққолтыққа кетем,—деді,
Оралып он бес күнде жетем,—деді.
Ақбөпе айтқаныңды орындаймын,

Айналып енді қайтып келсем,—деді.
Ақбөпе

—Сауытбек, шыдамаспын келгеніңше,

Жолыңда менің басым өлгенімше.
Бойыма ішкен асым тарамайды,
Жүремін қайтіп шыдап көргенімше.
Жаныстар хабарлапты «келемін» деп,

Әжем де жүруші еді «беремін» деп.
Келе алмай қалып кетсең мен саған жоқ,
Онан соң ойламағын көремін деп.
Сауытбек

—Ақбөпе, бір өзіңсің есі-дертім,

Көрмесем басылмайды жалын-өртім.
Өлтірдім жалғыз атты суға ағызып,
Көремін қалай етіп елдің бетін.
Ақбөпе, сәулем сенсің, жаным, ділім,

Қараңғы сенсіз маған көрген күнім.
Бір айсыз қайындарың келе қоймас,
Келермін жаныстардан он күн бұрын.
Қосылып еркін дәурен сүре алмаймыз,

Шаттанып езу тартып күле алмаймыз.

ақбөпе—сауытбек
Кетеміз есітпейтін жер түбіне,
Бұл жерде тыныштықпен жүре алмаймыз.
Сауытбек солай деп еді

Ақбөпе мақұл көреді.
Аймаласып, сүйісіп,
Бетіне ерні тиісіп,
Сауытбек «хош» деп жөнеді.

Аққолтық—Аша арасы
Жаяуға түстік жол еді.
Арғын, тама, үйсіннің
Жаз жайлайтын жері еді.

Үш ұру ел бас қосып,
Сауықтың орда кені еді.
Екі жағы майдан саз,
Ортада Шудың өзені.

Қызойнақсыз қызбайды
Тамаша сауық өлеңі.
Қызойнақты істейтін
Арқаның тама елі еді.

Жүнісбай деген бір тама,
Көріпті аңсап ұл бала.
Шілдехана той істеп,
Қуанған жылы сол ғана.

Қуанып тойды беріпті,
Сауытбек тойға кезікті.
Таң ата шығып Ашадан,
Дәл түсте жетіп келіпті.

Сауытбек тойды бастады,
«Айтсын» деп үйсін қоштады.
Қыз-бозбала, келіншек,
Жиналған тегіс жастары.

Төрт адам тұрды қалыстан,
Озғанды сынап жарысқан.
Өлеңнен озып бәйге алды,
Сауытбек келіп алыстан.

Сауытбек тойда жүргенде,
Бес кісі келді жаныстан.

ғашықтық  дастандар
Әлқисса, Сауытбек Аққолтықта жүрген кезде жаныстар[дан]
Ақбөпені алып қайтуға бес адам келіпті.
Жаныстар хабарлаған «барамын,—деп,

Сол жерде жұма күні боламын» деп.
Ақбөпе мұны естіп қайғыланды,
«Барғанша бармай өліп қаламын» деп.
«Болады енді қандай заманым» деп,

Басына қайғы орнады қараңғы боп
Ақбөпе өтіріктен кесел болды,
«Болмады мұнан басқа амалым» деп.
Ақбөпе кесел болды «өлемін,—деп,

Қалайша сүймегенге көнемін,—деп.
Сауытбек уәде ғып кеткен еді,
Кешікпей он бес күнде келемін» деп.
Әр күні Аққолтықта ойын-сауық,

Той болса өлең айтып, көкпар шауып.
Ақбөпе көңілінен көтерілді,
Сауытбек тамашаға көңлі ауып.
Бөпешті қараңғылық қайғы басты,

Ағызды қара көзден қанды жасты.
«Сауытбек он бес күнде келем» деген,
Күнінен уәделі төрт күн асты.
Қарамас мұңды қыздың жағдайына,

Ақбөпе Сауытты ойлап сарғаюда.
Өтірік «ауырдым» деп төрт күн жатты,
«Сауытбек келмеді» деп уайымда.
Аз ұру қыпшақтар болған жалтақ,

Арманын айта алмайды мейірі тарқап.
Амал жоқ қарсыласар көп жанысқа,
Алады аз ұруды аттай матап.

ақбөпе—сауытбек
Жаныстар үш күн болды келгеніне,
Қайтпақшы Бөпешті алып елдеріне.
«Қызыңды тез шығар» деп қиқу салды,

Ауру деп қарар емес өлгеніне.
Жылайды Ақбөпе қыз «өлемін,—деп,
Қалайша сүймегенге көнемін» деп.
Қайғымен қапалығы асқындады,

«Қандай ғып Сауытбекті көремін» деп.
Ақбөпе шешесіне зар жылады,
Бүгінше тоқтатқын деп жалынады.
«Азанда жүрерсіздер, мал соямыз»

Деп еді, жаныстар да қабыл алды.
Жаныстар қонып түнеді,
Бөпештің болды тілегі.
Таң атса сәтті дүйсенбі,

Жолаушы сүйер күн еді.
Сауытбек және келмеді,
Қайғымен Бөпе еңіреді.
Күдерін үзді Сауыттан,

«Кетемін енді мен» деді.
Бөпенің қыздар қасында,
Бір өскен ойнап жасында.
Құндызай, Кәмшат, Толмаш та,

Шырайым бәрі осында.
Ақбөпе жылап еңіреді,
«Бақытсыз болдым мен» деді.
Сырын айтты қыздарға,

Сауытбек болса келмеді.
Қараңғы түсті басына,
Көзінен жасы жосыла.
Ақбөпенің мұңына

Жылады қыздар қосыла.

ғашықтық  дастандар

—Таң атса енді кетемін,

Қайғымен жылап өтемін.
Сауытбекке «сәлемде»,
Аманат табыс етемін.
Солтай деген бала жігіт Ақбөпемен Сауыттың арасында сөз

алып беретін еді. Ол қыпшақтардың баласы еді. Ақбөпе барлық
сырын осы баладан жасырмай айтып жүретін. Сол Солтай бала­
ны қыздардың ішіне шақырып алып, қашығырақ, Ақжар деген
жарға келіп, даусын адам есітпейтін жерде:—Ішімдегі, қайғы-

шерімді ағызып тастайын. Осы айтылған өлеңімді, қайғылы-
мұңды әнімді Сауытбекке менің даусымдай етіп, өлеңді, әнді
айтып беріңдер. Менің Сауытбекке «сәлемде» деп тапсырған
аманатым осы. Әсіресе, Солтай, саған бұрын жолығар. Менің

даусым мен сенің даусыңның айырмасы жоқ қой. Екеуіміз әнді,
өлеңді бір қосылып айтушы ек. Сен мынандай етіп айт,—деп,
сондағы Ақбөпенің өзі егіліп, көзінің жасы етегіне төгіліп, бы­
лай деп өлең мен әнді айтып тұрған мезгілі еді:

—Ел ішінде бар ма екен мендей мұңлық,

Екі қолым байлаулы, көзім жұмық.
Ықтиярсыз барамын, менде ерік жоқ,
Қол-аяғым матаулы, құрсау-құлып.
Мендей шерлі бар ма екен қайғы асқан,

Босамады жылаудан көзім жастан.
Көкірегім қайғылы, көңлім шерлі,
Сауытбекті барамын көре алмастан.
Күнім қандай болады біле алмаймын,

Көтеріліп көңілім күле алмаймын.
Қайғыменен қан жұтып сарғаярмын,
Дүниеде тірі боп жүре алмаймын.
Көп сарғайдым, Сауытбек, көремін деп,

Он бес күнде кетіп ең келемін деп.
Алып барса, қорлықпен өлтіреді,
Жүруші еді жазаңды беремін деп.

ақбөпе—сауытбек
Сауытбекжан, қарағым,
Жолыға алмай қалғаның.
Уәдеңде келе алмай,

Арманда кетіп барамын.
Жүрекке түскен жараның,
Жалын өрттің, ішкі дерттің
Дәрісін қайдан табамын?

Шықпайтын торға шырмалдым,
Ызғары өтіп-ай боранның.
Атар таң, шығар күнім жоқ,
Ішінде қалдым зымданның,*

Ішінде қалдым ой-ой зымданның.
Сауытбек келмей қалғаның,
Сен келмедің, мен көрмедім,
Құрыды менің амалым.

Қайғыменен қан жұтып,
Арманда кетіп барамын.
Бал орнына зәр жұтып,
Тістеулі кетті бармағым,

Тістеулі кетті бармағым!
Аттанып түске таяу жаныс кетті,
Жылатып Ақбөпені алып кетті.
Қасірет, үлкен қайғы сонан шығар,

Сауытбек Аққолтықта қалып кетті.
Бір қызға той істеді сол арада,
Сауытбек өлең айтты біраз ғана.
Ақбөпе сол мезгілде еске түсті,

Бар ма деп келіншегің сұрағанда.
Бөпешті енді есіне алған екен,
Айналып тамашада қалған екен.
Он бес күн уәдесін есептесе,

Ойласа он тоғыз күн болған екен.
* Зымдан—зындан

ғашықтық  дастандар
Сауытбек қарамады жан-жағына,
Ақбөпе есіл-дерті арманында.
Мезгілден уәделі төрт күн өтіп,

Болыпты он тоғыз күн барғанына.
Сауытбек орынынан түрегелді,
Ашаға тура тартып жүре берді.
«Кешігіп уәдемнен қалыппын» деп,

Қиялын шартарапқа жібереді.
Сәскеде, бүгін кетті Бөпеш мұңды,
Сауытбек есіткен жоқ болған сырды.
Сауытбек бір көрсем деп зыр жүгіріп,

Аралап сексеуіл мен ескен құмды.
«Тапсам» деп келе жатқан Солтыбайды,
Біледі Солтыбай да барлық жайды.
Ол Солтай Ақбөпемен ән қосқанда

Тамсанып, жанның бәрі таңырқайды.
Жылқымен Аша елі Шу жағалап,
Сазына бие байлап, су жағалап.
Ол елдің қойларының барлығы да,

Жатады қара қойын құм жағалап.
Солтай да қой мен құмның жиегінде,
Өзеннің Қорақатын түбегінде.
Құдық бар Қатынқазған деп атайтын,

Белгілі үлкен құдық Шу еліне.
Құдыққа Сауыт шаршап келді жақын,
Дер еді Қатынқазған құдық атын.
Науада бес-алты қой қалған екен,

Жөнелтіп жаңа бопты қойдың артын.
Сауытбек Солтайды іздеп тура келді:

—Сені іздеп келдім, Солтай, мұнда,—деді.

Ауылдың басқасымен жұмысым жоқ,
Ақбөпе аман-есен жүр ма?—деді.

ақбөпе—сауытбек
Солтай да амандасты салқын, жайлап,
Сондықтан Сауытбек те сезді байқап.
Солтай кеп Сауытбектің қолын алды,

«Осынша кешіктің» деп басын шайқап.
Сұрады:—Неге басты шайқадың,—деп,
Бір сұмдық болған екен байқадым,—деп.
Ұсынып Сауытбекке:—Су іш,—деді,—

Онан соң болған істі айтамын,—деп.
Сауытбек шаңқап келген судан ішті,
Солтай да баяндады болған істі.
«Ақбөпе кетіп қалды» деген кезде

Өкініп Сауыт зарлап, құмды құшты.
Сауытбек жалындады күйіп-пісіп,
Кісідей безгек болған денесі ісіп.
Адасып ақылынан жынды болды,

Қайғымен жылай-жылай көзі ісіп.
Сауытбек

—Армансыз болар едім көргенімде,

Мұнан да артық еді өлгенімде.
Сауытбек Солтайға айтты сонда тұрып,
«Ақбөпе бір белгісін бермеді ме?»
Солтай

—Ақбөпе сәлем айтты саған,—деді,

Дайындап кетті сөзін маған,—деді.
Сәлемі саған берген ән мен өлең,
Өлеңін айтып, әнін салам,—деді.

—Ел ішінде бар ма екен мендей мұңлық,

Екі қолым байлаулы, көзім жұмық.
Ықтиярсыз барамын зорлықпенен,
Қол-аяқта салулы қырсау-құлып.
Мен секілді бар ма екен қайғысы асқан,

Босамады жылаудан көзім жастан.

ғашықтық  дастандар
Көкірегім қайғылы, көңілім шерлі,
Сауытбекті барамын көре алмастан.
Күнім қандай болады біле алмаймын,

Көтеріліп көңілім жүре алмаймын.
Қайғыменен қан жұтып сарғаямын,
Гүл ашылып, күн шығып күле алмаймын.
Көп қарадым Сауытбек келеді деп,

Төрт күн жаттым ауырып көремін деп.
Қорлықпенен өлтірер барғаннан соң,
Жүруші еді жазаңды беремін деп.
Болмады, Сауыт, хабарың,

Арманда кетіп барамын.
Уәдеңде келместен
Тістеулі кетті бармағым.
Ақбөпенің осы өлеңін айтып, әнін салғанда Сауытбек

бұрынғыдан да жаман боп, есінен адасып, жынданған кісінің
бейнесіне түсті.
Солтай

—Қателік сенен Сауыт өтті,—дейді,

Сәскеде, түске жақын кетті,—дейді.
Астыңда жақсы ат болса жолығарсың,
Ұламның тұмсығына жетті,—дейді.
Кінә сенде кешігіп қалдың,—дейді,

Бір ат тауып артынан барғын,—дейді.
Жынданып, жылағанның пайдасы жоқ,
Амалдап бір жолығып қалғын,—дейді.
Отырған бүгін жолда боламыз деп,

Жолдағы жекжаттарға соғамыз деп.
Қордайға ақыр бүгін жете алмаймыз,
Ұламда Батырбекке қонамыз деп.

ақбөпе—сауытбек
Сөзі еді Сауытбектің сондағы енді,
«Бір Алла, осы жолда оңда,—деді.
Қаңтарып таң асырып жүруші еді,

Торы атты берсе Құдай қолға,—деді.
Торы атпен Ақбөпеге жетемін,—деп,
Көрінбей ұрлап мініп кетемін,—деп.
Сыбанбек сұрағанмен бере қоймас,

Бір кезге тәртіпсіздік етемін» деп.
Сыбанбек Сауытбектің жақыны екен,
Немере ағайынды тату екен.
Торы ат тұр жабулаулы қазығында,

Күн ыстық, түсте ұйықтап жатыр екен.
Торы атқа жабуымен мініп алды,
Қияды Ақбөпеге шыбын жанды.
Ауылдың сыртыменен кетті зытып,

Көңілі ат жағынан тынып алды.
Жөнелді тор атпенен қамшы ұрып,
Бөпешке жолыққандай көңлі тынып.
Бәйгеге шілде шықса қосамын деп,

Торы атты жүруші еді таң асырып.
Соңынан Ақбөпенің жолға түсіп,
Жүрегі аттай тулап, алып ұшып.
Бетінің сау жері жоқ, құм жабысып,

Екі көз жылай-жылай кеткен ісіп.
Көргендер «мынау қалай көрім,—дейді,
Жын менен ұрған екен пері» дейді.
Қараса тісі ағарып, көзі жылтырап,

Жабысқан құмнан беті көрінбейді.
Ісі жоқ Сауытбектің оныменен,
Барады Ақбөпенің жолыменен.
Бет-аузына жабысқан құм жыбырлатса

Бір сүртіп анда-санда қолыменен.

ғашықтық  дастандар
Күн батпай Ұламға да келді жетіп,
Торы атты қан-былау ғып екпіндетіп.
Сұрады бір қойшыдан келіншекті,

Жіберді жатқан үйін ол көрсетіп.
Ақбөпенің үстіне «барам» дейді,
Ойланып, «күйеу қарсы маған,—дейді.
Бұрын да сезіктеніп жүруші еді,

Бәлеге білсе басым қалар дейді.
Оңаша басқа үйге қонсам,—дейді,
Шамалы жақын үйде болсам,—дейді.
Барған үй сауықшылдау бола қойса,

Ән шырқап бар дауысқа салсам,—дейді.
Бөпештің даусым жетсе құлағына,
Қуанып қалар еді шырағым да.
Жолығып Ақбөпеге бір сөйлессем,

Жеткендей болар едім мұратыма».
Бір үйге келді Сауыт осыны ойлап,
Сыртында «сөйлес-ау» деп тұрды жайлап.
Сол үйден бір келіншек шыға келіп,

Түсірді Сауытбектің атын байлап.
Сауытбек үйге енді қадам басып,
Бір шалдың қолын алды амандасып.
«Ойпыр-ау, қайдан жүрген адамсың,—деп,

Жындың деп, шал қадалып қалды сасып.
Кідіріп Сауытбек те тұрып қалды,
Жабысқан құмды сонда біліп қалды.
Шал айтты:—Құмнан бетің көрінбейді,

Кім сені құмға аунатып жығып салды?
Сұрады:—Құмға аунатып кім ұрды,—деп,
Себеп не жабысқаны бұл құмның?—деп.
Сауытбек ол кісіге айтқан сөзі

«Ат үркіп келе жатып жығылдым» деп.

ақбөпе—сауытбек
Шал айтты:—Іспен жүрген ерсің,—дейді,
Байқасам қайғысы бар сенсің,—дейді.
Жасаурап екі көзің жасқа толып,

Отырсың жылайын деп, не елсің?—дейді.
Отырмын жағдайыңды сұрағалы,
Иегің кемсеңдеп тұр жылағалы.
Солқылдап Сауыт өксіп жылай берді,

Сабыры ар жағына шыдамады.
Солқылдап Сауыт өксіп жылап отыр,
«Жылаудың жайын айт» деп сұрап отыр.
Айтуға Сауытбекке ерік бермей,

Өксігі тоқтау бермей қинап отыр.
Шал айтты:—Баласы едің не елдің,—дейді,
Не жайлы бұл ауылға келдің,—дейді.
Атың кім, ұруың не ел, қалдырмай айт,

Жылаудың жайын айтып бергін,—дейді.
Сауытбек

—Ұруым Ашадағы шымыр,—деді,

Бұл жерді көрмеп едім бұрын,—деді.
Сауытбек менің атым жарлы-кедей,
Сырым да сізге айтар шыным,—деді.
Сырымды сізге ойландым айтайын деп,

Отырсыз жылағанды байқайын деп.
Келіншек қонып жатқан жан сүйерім,
Бір көріп келіп едім қайтайын деп.
Зарыма отырыңыз салып құлақ,

Жылаудың жағдайынан менен сұрап.
Малымның жоқтығынан қолым жетпей,
Айырылып ғашығымнан қалдым жылап.
Барады келіншек те қайғы-зармен,

Дерт болды екеумізге іштегі арман.

ғашықтық  дастандар
Қайғымен екеуміз де жылаудамыз,
Келмейді онан басқа қолдан дәрмен.
Сонда қария кісі:—Сен Сауытбек болсаң, ел аузында еле­

улі жігіттің бірі емессің бе? Сені сыртыңнан есітуім бар. Сені
жұрт ақын әрі әнші, шайқымазақ, қызықшыл жігіт деуші еді.
Мынау келіншек Ноғай болыстың аулының келіндері ғой. Сен
өнеріңмен, ән-өлеңмен айландырып ақырында қолың жетпей

қалыпсың. Малың болса неге әкетпедің?—дегенде Сауытбек
еңіреп жылап қоя береді: «Малымның жоқтығынан, арманда бо­
лып, ажырап қалып барамын. Малым болса, бір әрекет жасаған
болар едім» деп. Сонда Сақ қарт мұның жылағанына қарап «кем

ақыл неме ғой» деген оймен мазаққа айналдырады. Сақ қарт:—
Сен, Сауытбек, ғашығыңа жете алмай, басың айналып, санда­
лып, адасып жұртта қалып, ақырында келіншектің көшіне еріп
келе жатыр екенсің ғой,—деп күліп қояды. Көшке еріп келесің

дегені, сен де ит сияқты екенсің дегені. Онысын Сауытбек
жақсы түсінеді. Сақ қарт біраз ойланып отырып:—Айтпақшы,
Сауытбек, сені ақын, әрі әнші деп жұрт өте дәріптейтін еді.
Ақыр сен адасып, ажырап жұртта қалыпсың, ақындығың,

әншілігіңді көрейін және сынайын. Мен де сынайтын адамның
бірімін,—дейді. Сонда «даусым шықса Ақбөпе есітетін шығар»
деген оймен қуанған Сауытбек мына өлеңді айтып, аяғында Сақ
қарттың айтқанын орындап, ит болып ұлиды.

—Маған айтқан, Ақбөпе, сырың кәні,

Сені іздеп Сауытбек ұрынғаны.
Тұмсығында Ұламның іздеп келіп,
Сауытбектің ит болып ұлығаны.
Орал төбе қасында бес үй отыр,

Ақбөпеден айырлып несіне отыр.
Малым болса бір шатпақ етер едім,
Кедейшілік қолымды кесіп отыр.
Өміріміз жылаумен өтер ме екен,

Бармағымыз тістеулі кетер ме екен.
Адамзаттың түспеді рақымы,
Арызымыз Құдайға жетер ме екен.

ақбөпе—сауытбек
Бір жолықсам Ақбөпе шырағыма,
Осы даусым жете ме құлағыңа.
Шыныменен кеттің бе ақ балапан,

Қара құстың түйреліп тырнағына.
Шырылдатып қара құс кетті алып,
Шеңгелінде барасың естен танып.
Зарымызды зарлаған екеуміздің,

Тыңдайтұғын адам жоқ құлақ салып.
Ау, Ақбөпе, ау—уу—уу, аһ-аһ, аа—а—у.
Сонда үй егесі Сақ қарт Сауытбекке:—Сауытбек, шырағым,
сенің елігіп жылағаныңды өрескел, ерсі көріп, арсыз неме ғой

деп ойлап едім. Менің ол ойлауым, сенің мынау оқиға сырыңа
түсінбей отыр екенмін. Шіркін, ғашықтық адамның ішіндегі
жалын өрт қой, шын ғашықтық жеңілге соқпайды. Соң жағы
сары уайым мен ауруға шалдықтырады. Сенің сыртыңнан

жұрт сарыныңды дәріптеуші еді, елдің айтуындай бар екенсің,
ерім. Сауытым, сені мен ақындығыңды «қандай екен, ойлан­
бай суырып ойынан ән, өлең шығара ала ма» деп сынау үшін
айтқан едім, суырып салма әнге, өлеңге де өте күшті екенсің,

даусың маған өте ұнады. Сен мені есітуің бар ма? Мен де сен
құсап, Дәмелі деген қыздан айырылып қалған едім,—дейді
Сақ ақсақал. Сауытбек қартқа «сіз кімсіз?» деп сұрайды. Сонда
қарт:—Мен Балқыбектің баласы Сақ деген боламын,—депті.

Сауытбек:—О, мен өзіңізді көрмесем де сыртыңыздан [білемін],
әніңізді салып, өлеңіңізді айтып жүретін шәкіртіңізбін,—деп,
тұрып барып шалдың қолын алады.
Сақ қарт Сауытбекке қарап:—Сауытбек, шырағым, менің

жасым алпыстан асып, жетпіске қадам басып, бұрынғы сәнім
қашып тұрған тарланмын, ілгері[де] бәйгені алғанмын. Бұл
күнде аяқтан қалғанмын.

—Сынап көргін, Сауытбек, тарлан бозды,

Аяғынан шорланып қалған бозды.
Естен шығып елеусіз қалған едім,
Дүбіріңе, Сауытбек, арқам қозды.

ғашықтық  дастандар
Балқыбектің баласы Сақ едім,
Қыз сүйетін жасымда кісі-ақ едім.
Дәмеліден айырылып аласұрып,

Тура саған Сауытбек құсап едім.
Жолдасың қайда, жамал-ау,
Таппадым іздеп амал-ау.
Кетпейді естен а, а, аһ-аһ, Дәмелі-ау.

Сақ қарт Дәмеліге арнап салған әні мен Сауытбекке екі ауыз
өлеңін айтып болып, далада қазан асып тамақ істеп жүрген өз
келінін шақырып алып:—Шырағым, анау Батырбектің үйінде
қонып жатқан ұзатылып келе жатқан келіншек мына жігіттің

ғашығы екен. Ол келіншектің аты—Ақбөпе. Сауытбек бір көріп
қалайын деп еңіреп келе жатыр екен, аттың тері мен өзінің
еңбегі еш болмасын, екеуіне дәнекер болғын, шырағым, бұдан
сауап таппассаң жазығына қалмассың,—деп Сақ қарт сөзін

доғарыпты.
Келіншек қайтты бұл барып,
Ақбөпе қыздан тіл алып.
«Келсін» деген Ақбөпе,

Сауытбек қалды қуанып.
Жолыққандай Бөпешке
Көңлі аздап жұбанып.
Күн де батты кеш болып,

Жотаның үсті қызарып.
Ел жатпай-ақ кетуге
Бата алмай шалдан ұялып.
Баса алмас Сауыт құмарын,

Бөпештің көрмей дидарын.
Ел жатқан соң Сауытқа
Шал да берді жауабын.
Сауытбекке шал айтты:

—Көңліңді бұзба, шырағым,

Ноғайбай болыс жақыны,
Білесің жақсы бұяғын.

ақбөпе—сауытбек
Шабыстырып төрт елді,
Қан ойран, балам, қылмағын.
Ап қашсаң жақсы болмайды,

Бізді де бар деп ойлайды.
Көңлі өсік көп жаныс,
Елді шаппай тынбайды.
Оңай-ақ алар қыпшақты,

Қойғандай шашып қурайды.
Кісі өлер жаныс, шымырдан,
Бітімін алып тынбайды.
Осы елден көріп жесірін,

Бізді де жақсы қылмайды.
Барғын, балам, бар,—деді,
Бір жолығып қал,—деді.
Жігітке оңай соқпайды,

Көңілі шіркін жар,—деді.
Көңіліңді қимай отырмын,
Есіңе мұны ал,—деді.
Басымнан кешкен бұл жұмыс,

Білмейді басқа жан,—деді.
Жөнелді Сауыт зар ұрып,
Бөпені келген сағынып.
Шалдан ұрықсат болған соң,

Тұрмайды Сауыт аңырып.
Келіп жетті ақ үйге
Жүрегі тулап қабынып.
«Жолымды Құдай оңла» деп,

Әруағына жалынып.
Ақбөпе шықты ақ үйден,
Бүркеншік шапан жамылып.
Ақбөпе шықты албырап,

Ақ бұғағы салбырап.
Неше түрлі бұралып,
Сәмбі талдай балбырап.
Ай да толған кез еді,

ғашықтық  дастандар
Түстікте тұрды жарқырап.
Ақбөпе айға шағылып,
Жаққандай гауһар шам-шырақ.

Қуанған мен қорыққан тең,
Сауытбек кетті қалтырап.
Ғашықтық жалын зор күшті,
Ғашықтар білер ол істі.

Сағынып жүрген зарығып
Үркер мен айдай тоғысты.
Ақбөпе мен Сауытбек
Аймаласып қол қысты.

Ақбөпенің Сауытбекке айтқан сөзі

—Алып кел, Сауыт, атыңды,

Жолығу осы ақырғы.
Тәуекел мінсең тез—қайық,
Бұрыннан қалған назым-ды.
Мінгесіп атпен кетейік,

Көз—қорқақ, қолың батыр-ды.
Тәуекел жөнеп кетейік,
Салса да заманақырды.
Сауыт та қалды хош көріп

Ақбөпе айтқан ақылды.
Үш кісі жүр қарауыл,
Қырсыққа ісі шатылды.
Күзетші қойған Сақ қарт

Бір қойшы, екі қатынды.
Кетуге іләж* болмады,
Жылаумен таңды атырды.
Ақбөпе, Сауыт қайғырды,

Ақыл мен естен айрылды.
Тыңдайтұғын адам жоқ,
Жылаған қайғы, зар, мұңды.
Сасқанынан екеуі

Қарауылға жалынды.
* Іләж—ылаж

ақбөпе—сауытбек
Қарауыл:—Бізде ерік жоқ,
Айтыңыз шалға арызды.
Осылай деп тұрғанда

Көрінді таңның жарығы.
Құшақтасып, қайғырып,
«Кеттік» деп енді зарығып,
Таң ата жылап айырылды.

Көбейді қайғы, арманы,
Айырылып зарлап қалғаны.
Жолықсам деді азанда,
Болмады басқа амалы.

Қонған үйге барды да
Атына ерін салады.
Ерттеп атын азанда,
Тартпасын тартып алады.

Өзі көрген ақ үйдің
Сыртына жетіп барады.
Жас әйел түйе сауып тұр,
Ботасын иітіп салғалы.

Оянбапты басқасы,
Жалғыз-ақ әйел тұрғаны.
Ат үстінде Сауытбек қоштасып айтқан хабары. Ақ үйдің сыр­
тына келіп, торы атқа сеніп, Ақбөпенің тұсында төніп, күйеулері

басқа үйде жатқанын көріп, Сауытбек қайғырып, Ақбөпеден
айырылып, Бөпешке қайырылып айтқан өлеңі мынау:

—Келдім, сәулем, Ақбөпе, қайтайын деп,

Ақырғы-соң қайыр-қош айтайын деп.
Бұдан былай көрмеймін енді сені,
Келіп тұрмын халіңді байқайын деп.
Қайғырғанмен келмейді қолдан дәрмен,

Кесел болды кетпейтін іштегі арман.
Жаратқанға жоқ еді жазығымыз,
Екеумізге орнады ақыр заман.
Ақбөпе, жаным,

Шекер балым,

ғашықтық  дастандар
Қазан ұрған гүл құсап,
Кетті сәнім.
Сонда Ақбөпе Сауытты біліп, ақ үйден шығып, бұралып

тұрып, титығы құрып, еңіреп егіліп, көзінен жасы төгіліп,
бетіндегі шайы бүркеншігін алып, Сауытбектің қасына барып,
мұңды өлеңмен қайғылы әнге салып жылап айтқан өлеңі.

—Даусыңды есіткен соң шыдамадым,

Сауытбек, сабыр етіп тұра алмадым.
Кетейік дегенімде бата алмаушы ең,
Бүгінгі неге арзиды жылағаның.
Еркім жоқ, ықтияр жоқ өз басымда,

Қарайтын бір адам жоқ көз жасыма.
Пайда жоқ қайғырғанмен енді бізге,
Сауытбек білмеп пе едің ол басында.
Көп жаныс отыз үйге салды қыспақ,

Қолынан не келеді аз үй қыпшақ.
Қорқытып ат ойнатып аз ұруға,
Жылаған адам бар ма маған құсап.
Ғашығым көре алмаймын, күле алмаймын,

Қайғымен енді тірі жүре алмаймын.
Ақбөпенің бетінен сүйіп, бетіне беттері тиіп, өртеніп іштері
күйіп, істерінің қырсыққанын біліп, ақырғы ажырап қоштасуы
еді.

Сауытбек жүріп кетті,
Ақбөпе үйге жылап кіріп кетті.
Іштері өртеніп күйіп кетті,
Өкпе, жүрек, бауыры егіліп, іріп кетті.

Сауытбек қайғырып,
Ақылынан айырылып,
Артына қайырылып,
Ән салды жоқтап зар ұрып.

ақбөпе—сауытбек

—Ақбөпеден ажырап қалғаным ба,

О да қалды Ақбөпе зарлады да.
Кері заман кедейге кесір екен,
Жете алмай дым жоқтықтан арманыма.
Енді сені, Ақбөпе, көремін бе,

Қорлығына тағдырдың көнемін бе?
Сенен қалып не болар көрген күнім,
Енді маған жылағанның керегі не?
Күн бар ма екен, Ақбөпе, көретұғын,

Жан сүйерім сен едің сенетұғын.
Жүрек-бауырым езіліп, ішім күйіп,
Көрінемін қайғымен өлетұғын.
Бұл қайғыны кім тыңдар, құлақ салып,

Өлейін мен бүйткенше суға ағып.
Енді тірі жүргенмен не боламын,
Керегі не өмірдің сенен қалып.
Ақбөпе жылап зарығып,

Көзінің жасы ағылып,
Сарғайды Бөпе қайғымен,
Сауытты ойлап сағынып.
Ақбөпе жылап сарғайды,

Қасірет көріп зарлайды.
Ішкен асы бойға тарамай,
Тамаққа көңілі бармайды.
Аузына асты алмайды,

Күніге ері сабайды.
Кеселі шындап күшейіп,
Қайғыға қайғы жамайды.
Болысар бұған адам жоқ,

Қарсылық етер заман жоқ.
Ақбөпе азып таралып,
Қабықтай еті қалған жоқ.

ғашықтық  дастандар
Көрмегенін көрсін деп,
Менсінбей жүрген сенсің деп,
Қарамай қойды қастықпен,

Қорлықпен жүдеп өлсін деп.
Демейді бар ғой обалы,
Қайғыға іші толады,
Барған жыл алты ай, он күнде

Ақбөпе қайтыс болады.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме

НАЗЫМБЕК ПЕН КҮЛШЕ ҚЫЗДЫҢ ЗАРЫ

«Назымбек—Күлше» дастаны ұлттық фольклорлық сю­
жетке құрылған. Эпикалық дәстүр аясында жырланған жыр­
да кейбір ертегілік сарындар сақталған, әрі мұнда шығыс
ғашықтық дастанының әсері сезіледі.

Дастанда он сан ноғай мен қырық сан Қырым жұртында Ор­
манбет хан заманында өткен оқиға суреттеледі.
Жанысбай, Асылбек деген екі ханның дос болып, балала­
ры туылмай тұрып бесік құда болуы, Асылбектен ұл, Жаныс­

байдан қыздың бір күнде туылуы, Жанысбайдың антын бұзып
үдере көшуі «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырына ұқсас. Пер­
зентті Құдайдан сұрап алу және ағайындарының баласыз ата-
ананы айыбын бетіне басып ренжіту мотиві мұнда кездеспей­

ді. Есесіне баласыз ата-ананың қоныс аудару себебі (мұнда жер
дауына байланысты), ағайынының өтінуімен қайта көшіп ке­
туі қалыптасқан дәстүрден ауытқиды. Классикалық лиро-эпос
жырларында қыз әкесі «жетім балаға қызымды бермеймін»

деп көшіп кететіні белгілі.
Жиырма жасар Күлше қыз боздаған сары ботаны дауысы­
нан танып, ноғайлы елінен келген керуенге жолығып, «Назым­
бек Қырымға бір қызды іздеп келсін» деп, тоғыз жүз теңгелік

кемер белбеуін беріп, сәлемдеме жолдайды.
Шығармаға шығыс дастандарына тән сүйгені туралы хабар
естіп не түсінде көріп махаббаттан ауруға шалдығу мотиві ен­
ген, бірақ ғашық жігіттің жағдайы жан-жақты суреттелмейді,

тек қысқаша айтылады.
Жеті жыл науқастанған Назымбек ақыры Күлше қызды
іздеп шығады. Ел шетінде кездесетін кемпір мен шал және
мал баққан қойшы елдегі маңызды жаңалық—Күлше қыздың

ғашықтық  дастандар ұзату тойынан хабар береді. Назымбек еліне қайтпақшы бола­ ды, досы Мұстай оны тоқтатады. Сонымен қалыңдығын іздеп шыққан Назымбек оның ұзатылу тойының үстінен шығады. Жырдың бұл элементі «өз әйелінің (қалыңдығының) тойындағы күйеу» мотивіне сырт­ тай ұқсағанмен, қыздан үміткерлер арасында тайталас, талас, күрес те, жасырын келген батырдың өзін танытуы да жоқ»1. Көпті көрген қария он сан ноғайдан палуан, шешен, өнерлі төрт-бес жігітті, мың жылқыдан мінетін бес тұлпарды атап, олардың ерекше қасиеттерін сынайды. Қарияның ақылы мен қасына ерген жолдасының адалдығы, ақындығы мен шешен­ дігі Назымбектің ғашығына қол жеткізуіне септігін тигізеді. Демек, Назымбек белсенді емес, оның жолдасы белсенді. Мұстай: «Қолымнан жеті жасар тұйғын қашып, соны іздеп жүрмін»,—дейді. Күлше Назымбек жайын сұрағанда, қыздың көңілін білу үшін Мұстай алдымен оны өлген деп, сосын шындығын айтады. Күлше: «Мен де сұңқарымды жоғалтып едім»,—дейді. Күлшемен айтысып, күйеудің жолдасы Мұстай Назымбектің көңілін білдіреді. Осы тұста жырға айтыс эле­ менті аралас келеді. Сюжеттің шешімі де өзгеше: қыз алдында үміткерлердің өз артықшылығын (күш, ақыл, тапқырлық) көрсетуі немесе қалыңдықтың күйеуді көп ішінен өзі таңдауы болмағанымен, Күлше екі жігіттің бірін таңдау мүмкіндігіне ие болады. Дастанның соңы барша мұрат-мақсатына жететін ерте­ гілік сюжетке сәйкес келеді. Дархан көңілді күйеу патша екі ғашыққа кедергі тудырмайды, Күлше мен Назымбекті өзі некелеп қосады, осылайша екі жас бақытқа оңай қол жеткі­ зеді. «Үстірт қарағанның өзінде бұл жырдың көптеген жері «Қозы Көрпеш—Баян сұлуға» ұқсайтынын аңғаруға болады. Алайда бұл шығармадағы соңғы қосындылар да бадырайып тұр, оларды тіл ерекшеліктерінен, сюжет құрылысынан да айқын көре аламыз»2—деген Ы.Дүйсенбаевтың пікірі жоғарыда айтылғандарды дәлелдеп тұр. 1 Азибаева Б. Казахский дастанный эпос.—Алматы: Ғылым, 1998.—С.131. 2 Дүйсенбаев Ы. Лиро-эпос жайында // Қазақ әдебиеті тарихы. 1 т., 1-кі­ тап.—Алматы, 1960.—505-б.

ғылыми  қосымшалар
Жырдың бір нұсқасында Назымбек патшамен дос бо­
лып, оған өзінің қарындасын қосады. Екі жастың бақытты
қосылуын баяндайтын бұл жыр кейінгі кезеңде қалыптасуы

ықтимал.
1935 жылы «Әдебиет майданы» журналының 1-санында
С.Сейфуллин осы дастанның бір нұсқасын «Күлше қыз» деген
атпен жариялады.

Дастанның Қолжазба қорларында сақталған бірнеше
нұсқалары бар:

1. Назымбек—Күлше. ӘӨИ, Ш.779, 17 бет, кирилл әрпінде,

1973 жылы жазылған. Жинаушысы—З. А. Қайсенов, Шығыс
Қазақстан
облысы,
Ұлан

ауданы,
Асу-Бұлақ
аулының
тұрғыны.

2. Назымбек пен Күлше. ӘӨИ, Ш.677, 2-дәп., 13 бет, кирилл

әрпінде, 1974 жылы жазылған. Жинаушысы—Амангелді
Жұмабайұлы.

3. Назымбек—Күлше. ОҒК, Ш.1619, 2-дәп., кирилл әрпінде,

1960 жылы жазылған. Жинаушысы—Сейілбек Исаев. Жыр
оқиғасы аяқталмаған.

4. Күлше қыз бен Назымбек. ОҒК, Ш.939, 12-дәп., латын

әрпінде, 1941 жылы жазылған. Жинаушысы—Бекенов. Жыр
аяқталмаған.

5. Назымбек. ӘӨИ, Ш.1023, 1-дәп., 18 бет, 135 шумақ,

кирилл әрпінде. 1965 жылы тапсырған Әлімхан Ахмадиев,
Шығыс Қазақстан, Серебрянск ауданы, Қызыл Қордай
ауылының тұрғыны.

6. Күлше қыз. ОҒК, Ш.925, 19-дәп., 11 бет, араб әрпінде.

Қағазы тозған. Жинаушысы—Әлкей Марғұлан. Қолжазбада
«Нұғман Сейдәлі ұлынан 1924 жылы жазып алған Ә.Марғұ­
лан» деген жазу бар.

7. Күлше қыз. ОҒК, Ш.925, 20-дәп., 16 бет, араб әрпінде.

1934 жылы Мықан молда Машанов қолжазбасынан көшірген
Бозтай Жақыпбаев (1887-1970), Павлодар облысы, Баянауыл­
да туған. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты­
ның ғылыми қызметкері болып істеген, жинаушы.

Бозтай нұсқасы толық емес, жырды оқиғаның орта жерінен
бастайды, бас-аяғы жоқ.

8. Назымбек—Күлше қыз. ОҒК, Ш.939, 11-дәп., 16 бет,

араб әрпінде. 1936 жылы қағазға түсірген Ильяс. Қорға 1940

ғашықтық  дастандар
жылы түскен. Қолжазбаның 1-беті, жырдың басы жоқ. Бұл
нұсқаның өзгешелігі—Назымбек патшаға өз қарындасын бе­
реді.

9. Назымбек пен Күлше қыздың зары. ОҒК, Ш.31; ӘӨИ,

Ш.1197, Мф, 26 бет, араб әрпінде. 1920 жылы Қазақстанның
ғылыми-зерттеу қоғамы ұйымдастырған Сырдария экспеди­
циясы әкелген. «Күлше қыз» жырының бір вариантын экспе­
дицияны басқарған Ә.Диваев жазып алған. Басы қара сөзбен

баяндалады. 10. Назымбектің қиссасы. ӘӨИ, Ш.883, 1-дәп., араб

әрпінде. Көлемі—564 жол. Жинаушысы—Мәди Болатов. Ин­
ститут қорына 1981 жылы тапсырған.

11. Күлше қыз. ОҒК, Ш.838, 1-дәп., латын әрпінде,

13 бет, 1935 жылы жазылған. Жинаушысы—Қыздарбек
Қазыбекұлы.

12. Күлше қыз—Назымбек. ОҒК, Ш.925, 18-дәп., 10 бет, араб

әрпінде. Жинаушысы—Шаймардан Торайғыров (1900 жылы
туған). Павлодар облысы, Баянауыл ауылында туған. 1945-1950
жылдары Шаймардан Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл
және әдебиет институтына Сұлтанмахмұттың қолжазбаларын

және көптеген ауыз әдебиет үлгілерін тапсырған. Солардың
бірі—«Күлше қыз—Назымбек».

13. Күлше қыз—Назымбек. ӘӨИ, Ш.1110, 21 бет, кирилл

әрпінде, 1990 жылы тапсырған А.Сейдімбеков. Көшіруші—
Елеусіз Сембеков.

14. Назымбек. ОҒК, Ш.925, 17-дәп., 13 бет, кирилл

әрпінде.
Қолжазбаның алдыңғы бетінде Назымбек қиссасы туралы
жазған түсінік бар (1-2-б.). Жыр Ш.Торайғыров нұсқасына
ұқсас. Бұл нұсқаны Ж.Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысы,

Октябрь ауданы, Ленин атындағы колхозда тұратын Зәкәрия
Қазыбеков деген кісіден 1949 жылы жазып алып, өзінше
түзету жүргізген. Қолжазба Алматы қаласында жазылған.

15. Назымбек пен Күлше. ӘӨИ, Ш.301, 13 бет, кирилл

әрпінде. Жинаушысы—Нұртаза Нұрғалиев. Нұртазаның ма­
териалдарын 1963 жылы Жұматай Мәдиев тапсырған.
Алғашқы тоғыз нұсқа бір негізден өрбиді. 10-11 нұсқа
«Бисмилла рахмани рахим…» деген өлең жолымен, 12-13

нұсқа «Мәселе сөз сөйлеймін әуел бастан» деген өлең жолы­

ғылыми  қосымшалар мен, 14-15 нұсқа «Ақ қағаз алдым қолға қаламымды» деп бас­ талады. Айтушы, жеткізуші, жыршылар осы нұсқаларда жырдың басы мен соңын өзіндік нақышпен берген, ал дастанның оқиғалық өзегіне айтарлықтай өзгеріс енгізбеген. Томға енген мәтін ӘӨИ-дің қолжазба қорында [Ш. 1197, Диваев жинаған нұсқасы] сақтаулы данасынан әзірленді. Түпнұсқадағы бірнеше сөз контекске сай келмегендіктен, үш жерде түзету енгізілді: 319-жолда сый Құдайым емес, сен тыңдашы, 402-жолда Құдайым емес, айып па, 409-жолда қарақтарым емес, біріңізді болып өзгертіліп, қажетті сөздер басқа нұсқадан тік жақшаға алынып берілді. Ж. Рақышева ЕСІМ—ЗЫЛИҚА Шығармада Есім мен Зылиқаның бір-біріне деген сүйіспеншілігі, көптеген кедергілерді жеңіп қосылғандығы баяндалады. Жыр оқиғасы Есімнің жат елден туған жеріне оралып, Меңдіқара ақсақалдың үйінде жиылыста нағашысы Есмағамбетке жолығып, айтқан әңгімесінен өрбиді. Әңгіменің басын Есмағамбет бастап, Есім жалғастырады. Есмағамбетке түйесін бақтырған Әлімбай Есімнің ержүректілігін, батырлығын пайдаланып, оған ұрлық жасатады. Осын­ дай бір жортуылда жүргенде шекті елінің тойына кезігеді. Палуандығымен, серілігімен көзге түседі. Аты бәйгеден ке­ леді. Бірақ той иелері «қаңғып жүрген қаңғыбасқа» бәйге бер­ мейді. Есімге «атыңды ұрлап қостың» деп жала жабады. Он екі ай шекті елінде кідірген ол сол елдің аузы дуалы биі Шора биден төрелік сұрайды. Бидің қызы Зылиқаға ғашық болып, оны алып қашады. Қуғыншылар екеуін тауып алып, Есімді «ұры» ретінде ұлыққа ұстап бермек болады. Мұны естіген Есім қашып шығып, қызды өзімен бірге ала кетеді. Шашамбай де­ ген байға барып жалданады. Бірақ қорқақ Шашамбай Есімді ұстап береді. Қолға түскен Есім күрең атының арқасында тағы да қашып шығып, Мұқан төреден көмек сұрайды. Ойлағаны болмаған соң, жігіт сүйгені Зылиқаны басқа біреуге ұзатпақ болып жатқан жерінен үшінші рет алып қашады. Кедергіден

ғашықтық  дастандар
құтылмасын білген екі ғашық қарақалпақ еліне барып пана­
лайды. Бір ұл, бір қызды болғаннан кейін ғана еліне оралады.
Мұнда бас кейіпкер шығыс дастандарындағы ғашықтар

сияқты
«мәжнүнге»
айналмайды
немесе

таңғажайып
күштердің көмегімен сүйгеніне қосылуды мақсат етпейді. Тек
қана өзінің ержүректігіне, қайсар мінезіне сенеді. Сол асыл
қасиеттерінің арқасында кедергінің бәрінен өтіп мұратына

жетеді. Есім ер азаматқа тән тәуекелшілдігімен қатар, сері,
сұлу жігіт. Ал оның аты классикалық эпостардағыдай кере­
мет қасиеттерге ие болмаса да, иесін қиын-қыстау кездерде
құтқарып отырады.

Дастанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында болған оқиға
арқау болуы мүмкін. Сол кезеңдерде дүниеге келген бұл дастан
жекелеген жыршылардың, айтушылардың қолынан өткен.
Сондықтан да оқиға фольклорлық және жазба әдебиеттің

тәсілдерін бірге қолдана отырып жырланған. Мысалы:
оқиғаның баяндалуы, табиғат көріністерін суреттеу, жырдың
Есмағамбет пен Есімнің жиылған көпшілікке айтқан әңгімесі
түрінде берілуі тек қана жазба әдебиетте кездесетін тәсіл.

ОҒК және ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында дастанның бірне­
ше нұсқалары сақтаулы.

1. Есім—Зылиқа. ОҒК, Ш.690. 1-дәп., 26 бет, араб әрпінде.

Ел аузынан жинап, тапсырған—Н.Ахметбеков. 1936 жылы
Қазақ ұлт мәдениеті институтынан түскен.

2. Есім сері. ОҒК, Ш.690. 2-дәп., 43 бет, кирилл әрпінде.

Қорға Н.Ахметбеков 1936 жылы тапсырған. 3. Есім—Қадиша. ОҒК, Ш.732. 1-дәп., 45 бет, араб әрпінде.

Тапсырған Н.Ахметбеков. 4. Есім—Қадиша. ӘӨИ, Ш.233. 2-дәп., 26 бет, кирилл

әрпінде. Қорға 1957 жылы Батыс Қазақстан экспедициясы
тапсырған.

5. Есім мен Қадиша. ӘӨИ, Ш. 682. 4-дәп., 65 бет, кирилл

әрпінде. Қорға 1966 жылы Ш.Базилов тапсырған. 1953 жылы
көшірілген.
Зерттеу, салыстыру жұмыстарының нәтижесінде 1-
ші нөмірлі нұсқа («Есім—Зылиқа». ОҒК, Ш.690. 1-дәп.)

ел аузынан жазылып алынған түпнұсқалық мәтін екені
анықталды. Оны Н.Ахметбеков 1923 жылы Қазақстанның
бір аймағынан жазып алған. 1936 жылы жинаушы халықтық

ғылыми  қосымшалар
нұсқаны өңдеп, кеңейтіп, біраз шумақтар қосып, қағазға
түсіріп, Қазақ ұлт мәдениеті институтына тапсырған.
1958 жылы Н.Ахметбеков осы өзі өңдеген мәтінді «Тосын

толғау» атты жинағында «Есім сері» деген атаумен өз аты­
нан жариялаған.
Ел аузынан жазылып алынған нұсқаны Н. Ахметбеков бы­
лайша өзгерткен:

«Есім—Зылиқа». ОҒК,

Ш.690. 1-дәп.
Қыдырып Қырым жағын,

Қытай шегін,
Серілмес сері болып сеніп

алған.
Келеді мал айдатып

Алтай жүріп,
Жерлерден ес таптырмай

тартып алған.

(131-134 ж.ж.)
Есімнің бұл бүлігі болды

уайым,
Сөнбесе жарар еді туған

айым.
Зіркілдеп нашандік те

қысып жатыр
Бір күнде қыз-жігітті қыл

деп дайын.

(289-292 ж.ж.)
«Есім сері». «Тосын толғау».

Алматы, 1958.
Қыдырып Қырым жағын,

Қытай шегін,
Есімге ел бетінде дүние

тегін.
Қайратты әрі батыр, өзі

сері,
Егескен талай жаудан

алды кегін.

(121-124 ж.ж.)
Есімнің бұл бүлігі болды

уайым,
Оңдасын оңға оралтып бір

Құдайым.
Зіркілдеп начальниктер

қысып жатыр,

—Қыз, жігіт таң атқанша

болсын дайын.

(269-272 ж.ж).
Сондай-ақ, «Есім—Зылиқа» дастанының басындағы:

Ішінде бірге болған Құрманбайдан,

Есітіп Әбдірахман іске қонған.

Мен қанып бұл кісіден өлең қылдым,

Болмаған оқиға емес шыққан ойдан. (9-12 ж.ж.)

—деген жырдың айтылуынан дерек келтірген өлең шумағы

басқа нұсқаларда алынып тасталынған.

ғашықтық  дастандар Н. Ахметбеков дастанында қыз есімі Қадиша деп беріл­ ген. Есім қызға әкесі Шора би тойға кеткенде сөз салып, ғашықтығын білдіреді. Және Меңдіқара ақсақал үй иесі ретін­ де Есмағамбет пен Есімнің әңгімесін жалғастыруға демеу бо­ лып отырады. Бұлар түпнұсқалық мәтінде кездеспейді. Яғни, ақын өз жанынан қосқан. Және ақын Есмағамбеттің порт­ ретін, Имамбектің асын, Есімнің ғашықтығын, оның ойларын кеңінен, көркем суреттеген. Сондықтан халық нұсқасының көлемі 922 жол, ал Н.Ахметбеков нұсқасының көлемі 1500 жолдан асады. Демек, ақын жырға өз жанынан 700-ден аса жол қосқан. Әдебиет зерттеуші ғалым Ә.Қоңыратбаев «Есім—Зылиқа» дастанына былай деп баға береді: «Сарыарқаны шаң қылған Есім оқиғасы қазақтың махаббат жырларының ішіндегі бір қызықтысы. Жыр өзінің көркем тілі, идеясы ғана емес, сю­ жеті, оқиғасы, реалистік сипатымен де бағаланады. Өйткені, мұнда екі ғашықтың сүйіспеншілігі, ескі салт-санаға қарсы күресі, замана сыны, бергі жердегі Ресей-қазақ елдерінің арасындағы тарихи байланыс та көрініс тапқан»3. Томға енген мәтін ОҒК-нің Қолжазбалар қорында сақтаулы [Ш.690.1-дәп.] қолжазбадан өзгертусіз алынды. Дастан алғаш рет жарияланып отыр. Ж. Салтақова ҚАРҒА БАТЫР Шығыс сюжеттерін арқау еткен дастандармен қатар, біз­ де өзіміздің ежелгі сюжеттерді, өмірде болған оқиғаларды арқау етіп жырланған дастандар аз емес. Әсіресе, ХVІІІ–ХІХ ғасырларда қазақ жерінің әр түкпірінде орын алған тари­ хи оқиғалар мен әлеуметтік-сүйіспеншілік мәселелер біраз дастандардың мазмұнына айналады да, ондай шығармаларда махаббат ғана емес, тарихи және әлеуметтік сарындар баянда­ лады. «Қарға батыр» дастаны сондай, өмірде болған оқиғаның ізімен жырланған дастандар тобына жатады. 3 Қоңыратбаев Ә. Шығармалар жинағы. Көптомдық. 1-том.—Алматы: Мер­ Сал, 2005.—384-б.

ғылыми  қосымшалар
Шығармада біраз жасқа келген, айналасының құрметіне
бөленген Қарға батырдың басынан кешкен қызық оқиғаны
баяндауынан басталады. Қарғаның айтқан әңгімесінің бірі—

өзінің үйлену тарихы. Қарға бірде Алатаудың бауырын өрлеп
келе жатқанында, қатты шөлдеп ауылдың шетінде орналасқан
бір киіз үйге кіреді де, төрде отырған сұлу қызды көреді. Ол
қыз былай суреттеледі: «Оң жақта бір қыз отыр белі қындай,

Он саусақ ақ білекке тартқан сымдай. Аққудың көгілдірі секіл­
деніп, Жан-жаққа қарамайды мойын бұрмай».
Қызды көріп Қарға бірден ғашық болады:

Көрдім де сол сұлуды болдым дертті,

Жүрегім төмен тартып, бойым кетті.

Түймесін мақпал шапан қадап отыр,

Сүп-сүйір он саусағы, инеге епті.
Жігіт шөлдегенін айтып сусын сұрайды. Қыз үндемейді.
Сонда жігіт рұқсатсыз қымыз ішіп шығып кетеді де, ағаштың
арасына барып тасаланады. Мұнда келген Қарғаның мақсаты—

ауылдың жылқысын ұрлау еді. Біраздан соң бір жігіт келіп
ерттеулі екі атын ағашқа байлап ауыл жаққа кетеді. Жасы­
рынып тұрған Қарға аттардың әшекейіне, алтын жабдығына
таң қалады. Ат сыншысы, байлардың талай жылқысын айдап

әкеткен Қарға «Осы ат маған жарамай ма, Екеуін он жылқыға
баламай ма» деп аттарды аулақ жерге байлап, арты не болаты­
нын күтіп тағы жасырынады. Бір уақыттар болғанда әлгі жігіт
бір қызбен келеді. Қараса—баяғы өзі ғашық болған қыз. Жігіт

байлап кеткен аттарын таба алмай абыржиды, оларды іздеп
кетеді. Сонда Қарға қызға келіп өзін білдіреді. Екеуі таныса­
ды, әңгімелеседі. Бір-бірін ұнатып қосылады. Қыз өз тарихын
әңгімелейді. Қыздың аты—Гүлсім. Ол ұлы жүз үйсіннің ішін­

де түбі төре, кейін өзін «сіргеліміз бері келе» деп кеткендерден
шыққан біреудің жалғыз қызы. Оның айттырған күйеуі—үйсін
ішінде абақ тарақ руынан шыққан дәулетті, өте бай Қожагелді
дегеннің саңырау, есуас, сөйлегенде өгізше мөңірейтін 26 жа­

сар баласы [жырда аты аталмайды]. Бір күні сол күйеу ұрын
келеді. Қыз шешесіне «Қасында мұның дәурен сүргенімше,
Армансыз қара жерге кетем кіріп» деп мұңын шағады. Шешесі

ғашықтық  дастандар күйеу жайын біліп, жалғыз қызына қабырғасы қайысып, «бұл жолы қалыңдығы даяр емес» деп алты жолдасымен келген күйеу баланы шығарып салады да, бұрыннан қызын ұнатып жүрген Ботпай деген байдың дені сау, тәрбиелі, өзі домбыра­ шы Ғалым деген баласын шақырып батасын беріп «қайратың жетсе сен ал бұл қызымды, Ақтарсың ақ сүтімді келсе кезің» дейді. Сонымен Қарға жасырып қойған екі аттың иесі—қызды алып қашпақ болған осы Ғалым екен. Демек, Қарға айтқан әңгіменің өзегі—Гүлсімнің қаламаған, өзі таңдамаған, саңырау, ауру күйеуге барғысы келмей басқа біреумен қашуды жоспарлауында. Осы мазмұндас көптеген өзге шығармаларда қыз бен жігіт қашып кетеді, бірақ оларды қуғыншылар ұстап алады, кейде екі ру дау-дамайға түседі, кейде жігіт руы айып төлейді, кейде екі жасты қыз даулаған рудың еркіне тапсырады, кейде екеуін де өшіккендер өлтіріп тынады, кейде оларды ажыратып, қызды атастырған жұрты алып кетеді. Шығармалардың мұндай аяқталуы—олардың ескі қоғамның болмысынан, шындығынан туғанында. М.Әуезов айтқандай: «Ерте күндегі шаруашылық—қоғамдық жайлардан туған заң мен сана әйелді мал бергеннің сол малдай меншігі еткен. Қалың мал төлеген қыз ердің ғана мүлкі емес, ол айттырған рудың да мүлкі деген»4. Ал талқыланып отырған шығармада қыздың алдынан Қарға батыр шығады. Гүлсім оның өр мінезділігін, батырлығы мен адамгершілігін ұнатады. Екеуі қосылады, бақытты өмір сүреді. Демек, мұнда хикаялық мотив арала­ сып, дастан сюжеті басқаша дамиды. Дастанның бас кейіпкері туған жерін, Отанын сырт­ тан келген дұшпаннан арашаламайды, алыстан келген жаумен шайқаспайды. Бірақ ол бірнеше мәрте батыр, ер аталады. Кейіпкер мәтінде былай сипатталады: «Атағы бәрімізден Қарғаның зор, Қайтпайтын ол жау жүрек, бір жалын шоқ». Тағы бірде ол туралы «Егесіп белдескенде пар келмейміз, Жарайды қысылғанда әр уақытта»—делі­ неді. Қарға өзінің батылдылығының, қайраттылығының, жүректілігінің арқа­сында Гүлсімнің шешесімен де, 4 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Мысли разных лет.—Алматы: ҚМКӘБ, 1959.—305-б.

ғылыми  қосымшалар
атастырған, қалың мал төлеген күйеу жағымен де, алып
қашам деген жігітпен де тіл табыса біледі [бұл жерде
қызға көптен назар аударып, көңілін берген Ғалымның да

адамгершілігін атап айту керек]. Сондай-ақ кейіпкер өлер
алдында үйлену тарихымен бірге осы күнге дейін ешкім­
ге айтпай келген басынан кешкен бір оқиғаны «Жерім бар
өлмей қалған бір ұяттан» деп, намыстанбай, арланбай өзі

айтып береді. Яғни, халық санасында шыншыл болу, жі­
берген қатені мойындай білу, сөзге берік болу, момындар­
ды, осалдарды жақтау, тапқан олжаны бөлісе білу, досқа
адал болу т.б.—батырлықтың белгісі.

Бұл шығармадан «батыр», «батырлық» деген ұғымдардың
мазмұны бертін келе өзгере бастағанын, қаһармандық
жырлардағыдай түсінік бермейтінін аңғару қиын емес. Дас­
танда қазақ ауылының өмірі мен тірлігі, халқымыздың

көптеген әдет-ғұрып, салт, ұғым-нанымдары көрініс тапқан.
Басқаша айтқанда, шығарманың бүкіл мазмұны мен сю­
жеті соларға негізделген деуге болады. Дастанда өмірде шын
болған оқиғалар баяндалады, мұнда әсірелеу, фантастика мен

қиялдан шығарып қосылған ештеме жоқ. Қарға батыр алғаш
өзі айтқан әңгіме кейін жырға айналып, ел арасында тарап,
оның бірнеше нұсқалары пайда болғанға ұқсайды.
ӘӨИ мен ОҒК-ның қолжазба қорларында дастанның бірне­

ше қолжазбалары сақтаулы. 1. Қарға батыр. ӘӨИ, Ш.106, 7-дәп., араб әрпінде. 1955

жылы. Көкшетау облысының тұрғыны. Әбіқай Құсайынұлы
тапсырған, Әбіқай Құсайынұлы Қарға әңгімесін ел аузынан
естіп, домбыраға қосып айтып таратқан. Көлемі—996 жол.

2. Қарға батыр туралы. ӘӨИ, Ш.106, 8-дәп, кирилл әрпінде,

жинаушысы Ыбыраев Нақып, 1958 жылы түскен. Көлемі—
1044 жол. Ә.Құсайынұлы нұсқасымен бірдей, тек кейбір сөз,
сөз тіркестері, сөйлемдері басқаша берілген және он екі шумақ
қосылған.

3. Гүлсім мен Қарға. ОҒК, Ш.732, 5-дәп., араб әрпінде.

1941 жылы. бұрынғы Торғай облысы, Амангелді ауданында
жазылған. Тапсырған Ахметбеков Нұрхан (1902-1964)—халық
ақыны, халық ауыз әдебиетінің жинаушысы. Қолжазбаның
мазмұны алдыңғы нұсқалармен бірдей. Осы нұсқаны Н. Ахмет­

беков 1958 жылы «Тосын толғаулар» атты жинақта [104-142

ғашықтық  дастандар
б.б.] өз атынан жариялаған. Кітапта мәтіннің кейбір жолдары
өңделіп, редакцияланып берілген. Сондай-ақ ақын тарапынан
бірнеше шумақ қосылған.

4. Қарға батыр. ӘӨИ, Ш. 983, 9-дәп., араб әрпінде.

Мәтін аяқталмаған, соңғы шумақтары түсіп қалған.
Қолжазбаның жазылған жылы, жері көрсетілмеген, жи­
наушысы, тапсырушысы белгісіз, дегенмен қолжазба
сақтаулы тұрған папканың сыртында «Жақыпбайұлы

Бозтайдың жазғандары, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер
жырлар» деген жазу бар.
Салыстырып зерттеу нәтижесінде бұл мәтін ОҒК-ның
қолжазба қорында сақтаулы Н.Ахметбеков тапсырған нұсқа­

мен бірдей екені анықталды. Тек ол нұсқаның басындағы төрт
шумақ мұнда жоқ, яғни дастан «Қарт Мұрат шарт жүгініп бір
тізесін» деген жолмен басталады. Екі қолжазбаның қайсысы
бұрынырақ жазылды, бірі-бірінен көшірілді ме, екеуі бірі-

бірінен тәуелді ме, оны кесіп айту қиын. 5. Қарға мен Күлсін туралы жыр. ӘӨИ: Ш.332, 2-дәп.,

араб әрпімен жазылған. Қолжазба 1952 жылы қазіргі Ба­
тыс Қазақстан облысы, Зелен ауданында хатқа түсірілген.
Қолжазбаның қағазы жұқарып, тозығы жеткен, жазулары
өше бастаған. Жинаушысы—Тайыр Ауатанов.

Мәтіннің алдыңғы жиырма беті Т.Ауатановтың қолымен
жазылған. Одан кейін оны басқа біреу жалғастырып, аяқтаған.
Жыр соңында «Тайыр інім назарына» деген тақырыпшада
былай делінген:

...Қарғаңыз жазылыпты шақақтанып,

Қиымсыз сөз кірісіп шатақтанып.

Өзінен екі қосып сөз көркейтіп,

Қожекең тек босқа жүр атақты алып.

...Жазбаса керек еді Нұрхан теріс,

Келмейді ойлап көрсем олай келіс.

Біреуін алып тастап, бірін қосып,

Түзеткен болдым сөздің бәрін тегіс.
Сондай-ақ, жырдың соңында төрт шумақ қосылған.
Онда
Гүлсімнің

Қарғаны
жерлегені,
оның
артында

ғылыми  қосымшалар Қаршыға, Қыран деген екі ұл қалғаны айтылады.Осы­ дан жинаушы Т.Ауатанов Нұрхан нұсқасын Қожантай де­ ген кісіге өңдеуге бергені анықталып отыр. Қожантай оны мүлтіксіз орындаған. Н.Ахметбеков жинаған нұсқа мен бұл қолжазбаның айырмашылығы—тек сөздері аздап өзгертіліп, кей шумақтардың орындары ауыстырылған. 6. Қарға қиссасы. ӘӨИ, Ш.876, 8-дәп., кирилл әрпінде. Мәтін Семей облысы, Шар ауданы, Белтерек совхозының тұрғыны Сағатбек Тұрғанбаевтың (1928-1978) қолжазба дәптерінен жазылып алынған. Жинаушысы С.Қорабаев [1978 ж. тапсырған]. Бұл нұсқа Ә.Құсайынұлы тапсырған нұсқаға өте жақын. Бірақ мұнда кейбір сөздер көшірілгенде түсінілмей қате жазылған және соңында біраз тұстары қара сөзбен беріл­ ген. Нұсқаларда дастанның бас кейіпкері Қарғаның «Халыққа сырын шешіп өлерінде» айтқан әңгімесін Мұрат атты қария әрі қарай тарататыны айтылады. Ол «Қарға батыр тура­ лы» дастанда былай делінеді: «Қарт Мұрат бүгіп алып бір тізесін, маржандай тізілтуші ед сөз жүйесін. Бір топта ай­ тып өтті таңдандырып, баяғы Қарға ұрының әңгімесін»*. Алғашқысында ауызша айтылып тараған дастан кейініректе қағазға түседі. Оқиғасы қызық, сюжеті шытырман шығарма жинаушыларды өте қызықтырғанға ұқсайды, оған жоғарыда келтірілген деректерден көз жеткізуге болады. Салыстыру нәтижесінде алты нұсқаның сюжеті, мазмұны, кейіпкерлер жүйесі бірдей екені анықталды, тек біраз сөз бен сөйлем құрылыстарында айырмашылық байқалады, кей шумақтардың орыны ауыстырылған. Сонымен бірге әр нұсқада басқа мәтіндерде кездеспейтін бірнеше шумақтар бар екені байқалды. Томда жарияланып отырған дастан ӘӨИ-дің Қолжазба орталығында сақтаулы тұрған қолжазбадан [Ш.106, 7-дәп.] еш өзгертусіз дайындалды. Дастан бұрын жарияланбаған. Б. Әзібаева * Осы шумақ сәл өзгеріп барлық мәтіндерде кездеседі. Тек жарияланып отырған мәтінде түсіп қалған. Бірақ Мұрат қария туралы еш мәлімет беріл­ мейді.

ғашықтық  дастандар

ТАЛАЙЛЫ ҚҰЛ МЕН ӘЙІМ ҚЫЗ

Жалпы алғанда бұл дастан осы томға енген басқа да
шығармалар сияқты («Назымбек пен Күлше қыздың зарын»
санамағанда) өмірде болған оқиға, шындық ізімен жырланған.
Дегенмен олардан оқшауланады. Себебі, «Қарға батыр»,

«Есім—Зылиқа»,
«Жетім
Мәриям»,
«Мақпал—Сегіз»,

«Ақбөпе—Сауытбектерде» XVІІІ-XІX ғ.ғ. оқиғалары баяндал­
са, «Талайлы құл мен Әйім қыз» дастанына арқау болған оқиға
бұрынырақта болғанға ұқсайды.
Ертеректе өткен ол оқиға халық жадында сақталып,

ауыздан ауызға тараған. Бертін келе оқиғаның көптеген де­
ректі, нақты жайттары ұмытылып, ол туралы әңгіме аңызға
айналып, қосалқы сарын, эпизодтармен [көріністермен]
байып, күрделеніп, дарынды жыршы, айтушылардың ре­

пертуарынан орын алып, біздің заманымызға жеткен.
Сондықтан оқиғаның өткен жері нақты көрсетілмейді,
тек:

Бір кезде қазақ халқы өсті Сырда,

Көшумен қыс—Қызылда, жаз—Арқада.

Суы мол, өрісі кең, жері байтақ,

Жер жетер қай саланы жайласа да,—делінеді.
Сондай-ақ Әйім қыздың елі, руы айтылмайды, бірақ Талай­
лы—қызылбас елінен екендігі халық жадында сақталған және
де шығармада архаикалық сарындар пайдаланылған.

Шығармада құл Талайлы мен Балпаң байдың қызы Әйімнің
таза, шынайы махаббаты, екі жастың ғашықтық аңсары үшін
күресі, кері заманның екпініне тойтарыс бере алмай қаза бо­
луы баяндалады.

Дастанда махаббат аса маңызды, рухани қажетті құндылық
ретінде дәріптеледі. Бірақ ол сезім романтикалық таңғажайып
рухта (экзальтация) суреттелмейді, мұнда асқан қиял мен
әсірелеу жоқ. Оның орнына адам сезімдерін бейнелеудегі

шынайылық, оқиғалардың көркемдік нанымдылығы, терең
психологизм мен лиризм алға шығады.
Талайлы мен Әйім сезімі оқыстан оянып, ғайыптан пай­
да болмайды. Оны түсіндіру үшін ана еркі дәуірінде пайда

ғылыми  қосымшалар
болған, дүние жүзі халықтарының фольклорында жиі кезде­
сетін күйеу таңдау мотиві пайдаланылған.
Бұл мотивтің негізгі мазмұны—қалыңдыққа қол жет­

кізу үшін үміткер сынақтан өтуі керек. Олар фольклорлық
шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі
болады. Ертегілерде үміткер қиын тапсырмаларды орын­
дайды, мысалы, жауабы қиын жұмбақтарды шешеді;

батырлық эпоста жаумен қарсыласып, оны жеңеді;
архаикалық эпоста қалыңдықтың өзімен жекпе-жегі бо­
луы мүмкін.
Талқыланып

отырған
мәтінде
өзіне
берілген

ерікті
пайдаланған Әйім өзіне де, өзінен үміткерлерге де сын көзбен
қарайды. Ол ең бірінші кезекте болашақ жарының адами
қасиеттері мен сезіміне баса назар аударып, өз санасында бүкіл

талап-тілегіне сай келетін қайырымды ердің идеалын жасай­
ды. Бұл талапқа ақылды, ер жүрек, қайырымды Талайлы ғана
сәйкес келіп, Әйім соны таңдайды.
Ал Талайлы образы басында ертегі кейіпкеріне ұқсас си­

патталады. Ертегі кейіпкері сияқты, Талайлы да—төменгі
таптың өкілі, Балпаң байдың құлы. Сонан кейін кейіп­
кер ертегідегідей алдын-ала сынақтан өтіп, тілегіне жетіп,
құлдықтан азат болады да, жоғарғы әлеуметтік тұғырға

көтеріледі. Енді кейіпкер байдың қызына үйленуі керек.
Бірақ ертегідегідей сиқырдың күшімен емес. Ертегі кейіп­
кері арманына жетеді. Ал дастанда екі жастың қосылып,
бақытты өмір сүруін баяндайтын шешім өте сирек кездеседі.

Себебі қалыңмал жүйесіне, дәстүрге бекітілген отбасылық
қарым-қатынастарды суреттейтін, шынайы оқиғалардың
ізімен жырланған дастандарда өмірдің ащы шындығы
беріледі.

Шығармада жігітке де, қызға да мінсіз мінездеме беріледі.
Мысалы, Талайлы асқан ақылымен ерекшеленіп, ақындық
өнерді меңгеру қабілеттілігі жөнінен өзгелерден дараланады.
Сөз тапқыштық пен әзілқойлық, ептілігі жағынан байлар мен

басқаларды артта қалдыруы бұрынғы құл Талайлының жаңа
сападағы беделін көрсетеді. Дастанда бас кейіпкердің өсу
эволюциясы осындай жолмен айқын көрінеді. Халық арма­
ны көксеген кейіпкер—аңшы, иә рудың батыр қорғаушысы

емес, ендігі жерде адами қасиеттері жетілген адам.

ғашықтық  дастандар
Өз тағдырының сүйгенімен ажырамас бірлігін сезіну
кейіпкердің онан кейінгі әрекеттеріне қозғау болады. Қырық
қуғыншы жеткенде ол қызды атқа отырғызып, алға оздырып

жіберіп, қаймықпай жауларымен жекпе-жек күреседі. Оның
батырлық әрекетінің қозғаушы күші—сүйгені туралы ойла­
ры. Бұл көріністе Талайлы образы қазақ эпосының кейіпкер­
леріне жақын.

Демек,
Талайлының
күрделі
образында

ертегілік,
батырлық, лирикалық белгілер қатар көрініс табады да,
осындай әр түрлі желілер тұтас бір арнаға тоғысып, шынайы
тұрғыдағы ержүрек адам образының сомдалуына қызмет етеді.

Бұл—дәстүрлі эпикалық кейіпкердің лирикалық кейіпкерге
айналу жолының жарқын мысалы.
Әйім бейнесі де Талайлыдан кем емес. Ол Талайлыға лайық,
сүйгенінің адал жары.

Талайлыны құлай сүйген Әйім бұрынғы тағаты мен сабы­
рынан айрылып, бүкіл саналы ғұмырын ғашығымен өткізуді
аңсайды. Оқиғаның одан әрі өрбу барысында әкесінің бұрынғы
құлы Талайлыға қосылу үшін тәкаппар да бірбеткей Әйім

қыздың еш нәрседен тайынбауға бел буғанын көреміз. Ол
мақсатына жету үшін өлімге де бас тігеді. Әйімді мұндай
шешімге итермелеген Талайлыға деген нәзік сезімі мен кір­
шіксіз мөлдір махаббаты ғана емес, өзіне бұрын сөз салған

мырзасымақтардың жұрты мен өз елінің Талайлыны бұрын
құл болғаны үшін жек көріп, жаратпауының себебінен ен­
дігі жерде өз аулында қалудың мүмкіндігі де, мағынасы да
қалмағандығы еді. Әйім қыз түнделетіп уәделі жерге келеді.

Неше түрлі беймаза ойлар (ата-анасынан айрылысып бара
жатқаны, бұлыңғыр болашағы, бейқам да бақытты өмір сүрген
кешегі күндері) жанын жегідей жегенімен, Талайлыға деген
сезімі үстем шығады.

Талайлы мен Әйімнің сезімдері олардың жан дүниесінің
ішкі ерекшеліктерінен туындайды. Талайлы Әйімнің сезімін
өз жүрегімен сезініп, алғашқы кездескенде-ақ, оған өзінің
ықыласын білдіреді. Талайлының ғашықтық сезімін білдіруі

дастанда көтеріңкі күйде беріледі: жігіт сүйгеніне жыр арнап,
оның ақылы мен сұлулығын, мінезі мен кісілік қасиетін жыр­
лайды. Сүйген қызының болашағына алаңдаған мұңды көңіл-
күй мотиві өлеңде қоса беріледі. Кейіпкер сезімінің негізгі

ғылыми  қосымшалар өзегі—жігіттің сүйген қызының ішкі жан дүниесін түсінуі мен жоғары бағалауы. Дастан ҚР Білім және Ғылым министрлігі Орталық Ғылыми кітапхананың қорында сақтаулы: [Ш.925]. Мәтін шақпақты дәптерге латын әрпінде, көк сиямен жазылған. Қолжазба соңында «Бұл өлеңді ел аузынан алып жазған қолхозшы Жөкей Шаңғытбаев. 1937-ж., Ақтөбе облысы, Сағыз ауд., Сулықара советі, Жаңа ауыл қолхозында жазыл­ ды» деген жазу бар. Бұл жерде «жазған» дегенді халық арасында кең тараған жырды Ж.Шаңғытбаев өзі айтқандай «ел аузынан алып», яғни басқа айтушы, жыршылардан үйреніп, өзінше жырлап, кейініректе қағазға, хатқа түсірген деп пайымдауға болады. Қолжазбаны тапсырған Бітібаев деген мұғалім. Ж.Шаңғытбаев нұсқасы 1964 жылы «Батырлар жырының» 3-томында біраз қысқарту, жөндеуге түсіп жарық көрген5. Жинаққа кіріспе сөз жазған М.Ғабдуллин жыр туралы былай дейді: «Оқиғасы революциядан бұрынғы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен алынған «Құл мен қыз» адамгершілік­ ті жырлайды, соны ардақтайды. Халық арасынан шыққан Талайлы секілді ер жігіттің өзінің адал еңбегімен абыройатаққа ие болуы, кейіннен оның ауыр күйге ұшырауы, жау­ ларына қарсы күресуі—жырда тарихи тұрғыдан әдемі де тар­ тымды суреттеледі. Сонымен қатар «Құл мен қызда» таптық, әлеуметтік жайлар мол орын алады, оларды да халық жыры сенімді шындық негізінде шебер баяндайды. Өткен кезде, әлеуметтік теңсіздік үстем болып тұрған заманда бір-бірін ұнатқан жастардың мақсат-мұратына жетпегендігі, қайғықасіретке душар болғандығы көрсетіледің6. Ал Ы.Дүйсенбаев7 пен Р.Бердібаев8 шығармаға жазба әдебиеттің әсері мол болғандығын жазған. ОҒК-ның Қолжазба қорында [Ш.692] дастанның тағы бір нұсқасы сақтаулы. Ол бір жолды дәптерге араб әрпінде қарындашпен жазылған. Мәтінді бұрынғы Ақтөбе облысы, 5 Батырлар жыры. Құрастырғандар: М.Ғ.Ғұмарова, О.А.Нұрмағамбетова, Т.Сыдықов, Б.Уахатов.—Алматы: Жазушы, 1964.—474-523 б.б. 6 Сонда, 9-бет. 7 Ы.Т.Дүйсенбаев. Қазақтың лиро-эпосы.—Алматы, 1973.—19-б. 8 Р.Бердібаев. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982.—170-б.

ғашықтық  дастандар
Ырғыз ауданының тұрғыны Бақтыгерей Науқанұлы 1943
жылы 83 жастағы Досжан деген қарттың айтуынан жазып
алған. Бұл нұсқаның мазмұны, сюжеттік желісі, оқиғалардың

орналасуы, кейіпкер жүйесі т.б. Ж.Шаңғытбаев нұсқасымен
бірдей, тек мұнда қыздың аты Сағира, ал жігіттің аты Байтүгіл
құл болып өзгерген.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз

дайындалды. 1964-жылғы басылымда түсіп қалған өлең жол­
дары қалпына келтірілді, кездесетін көне сөздер қолжазба
жазуы бойынша берілді. Мәтінді баспаға дайындауға А.Ақан
қатысты.

Б. Әзібаева

МАҚПАЛ—СЕГІЗ

Бұл да қазақ ішінде көп айтылып, тараған ғашықтық
жырлардың қатарына жататын фольклорлық туынды. Эпос
зерттеушілері «Мақпал қызды» XІX ғасырда туып, сюжеттері
негізінен әлеуметтік теңсіздік, феодалдық қоғамдағы әйел

тағдыры, махаббат еркіндігі мәселелерін арқау еткен «Құл мен
қыз», «Ақбөпе—Сауытбек», «Есім—Зылиқа» сияқты халық
жырларымен бір топта қарастырып, олардың мазмұны, лиро-
эпостық жырларға қарағанда, өмірге бір табан жақындығын

ерекше атаған.
«Мақпал—Сегіз» оқиғасына байланысты жырлар негізі­
нен Жайық, Ойыл, Сыр өзендерінің аралығындағы ежелгі
эпикалық кеңістікте тараған. Алайда осы аймақтардан жа­

зылып алынған жыр нұсқаларының көлемі тым шағын бо­
лып келуі—біріншіден, шығарманың кейінгі ғасырларда
тууынан; екіншіден, көпке дейін жырды өңдеп, дамыта
жырлауға машықтанған әмбебап жыршы-жыраулардың на­

зарына түспей, елеусіз қалуынан деп болжауға негіз бере­
тіндей. «Мақпал—Сегіз» жырының Жайық бойына тараған
нұсқалары бұрынғы Бөкей ордасын жайлаған қазақтар
арасынан жазылып алынған. Жалпы көлемі әрқайсысы он

алты-он жеті шумақтай, яғни сексен-жүз жолдан аспайтын
осындай шағын жырларды фольклор жинаушылары: Мұрат
Құсниұлы, Нәсиболла Биханов, Сағынғали Бекболатұлы,

ғылыми  қосымшалар
Мәтжан Тілеужанұлы секілді белгілі азаматтардың тапсы­
руы қолжазбалардың сенімді қолдан шыққандығына бір­
шама кепілдік етері даусыз. Сондай-ақ аталған нұсқалар

1940-1956 жылдар аралығында дені көне араб әріптерімен
көшірілгендіктен, дереккөз ретіндегі бағасы да арта түсері
белгілі.
Осы тектес халықтық нұсқалардың бірі—«Мақ­пал­—

­Се­­гіз оқиғасы». Дастанның бұл вариантын татар аза­маты
Мұхаммедсадық Сабыржанұлы бұрынғы Ақтөбе уезіне қарас­
ты Ойыл өзенінің төңірегіндегі қазақ ауылдарының бірінен
жазып алған. Алайда, кейбір фольклор жинаушылары сияқ­

ты, бұл кісі де жырды өз атына теліп, автор болуға ұмтылғаны
аңғарылады.
Мәселен, аталмыш халық дастанын 1903 жылы «Жұмбақ
қазақ тілінде» деген атпен Қазан қаласында кітап етіп

бастырған жинаушы жырдың бас жағында қыз бен жігіт ай­
тысын берген. Онда Мұхаммедсадық Сабыржанұлы алдымен
тоғыз арыс ақ кете руының келіншегімен, соңынан Мақпал
қызбен айтысып, екеуін де жеңеді. Бұдан әрі белгілі «Мақпал—

Сегіз оқиғасы» басталады. М.Сабыржанұлы бұдан басқа «Бета­
шар», «Қазақтың тойбастары» т.б. ауыз әдебиеті үлгілерін ел
арасынан жазып алып, кітап етіп шығарғаны мәлім. Дегенмен,
жоғарыда айтылған айтыс жинаушының өзінікі емес, әйгілі

Шернияз Жаралғасұлының Табын қызымен айтысы екендігі
өлең мәтіндерін салыстыру барысында анықталды.
Томға енген осы нұсқаның кітаптағы атауы «Жұмбақ қазақ
тілінде» деп аталғанын, бірақ бұл атаудың негізінен, айтысқа

байланысты қойылғанын ескере отырып, жырдың Қазан вари­
антын «Мақпал—Сегіз оқиғасы» деп ұсынуды жөн көрдік.
Дастанның шағын варианттары бұрынғы Бөкей ордасының
тұрғындары

арасынан
жазылып
алынғандығы
туралы

жоғарыда айтылды. Солардың арасында «Мақпал мен Сегіздің
айтысы» деп аталатын Мұрат Құсниұлы тапсырған нұсқа
мен сол өңірдің өкілі Нәсиболла Биханұлы жинаған «Жан
Сегіз» жыры көркем де кестелі халықтық тіл айшықтарының

молдығымен ерекшеленді. Бұл екі варианттың мазмұны мен
көлемі жағынан жоғарыда аталған Қазан нұсқасына етене
жақындығын көреміз. Алайда кітаптағы нұсқада Сегіз бен
Мақпал қосыла алмай «арманда өтсе», бөкейліктердің вари­

ғашықтық  дастандар антында екі ғашық қалайда жолын тауып бастарын қосқаны айтылады. Мазмұны жағынан кітаптағы нұсқаға Базар жырлаған «Мақпал—Сегіздің» нұсқасы жақынырақ. Көлемі мың жолға жақын дастанның бірнеше көшірмелері ОҒК мен ӘӨИ-дің Қолжазба қорларында сақтаулы тұр. Ба­ зар жырлаған «Мақпал қыз» дастанының нұсқаларын өз ре­ пертуарына енгізіп, ел арасында айтып таратушылар—Жи­ енбай, Сәрсенбай, Құлбосын, Жүніс, Жалғасбай сынды Сыр бойының белгілі жыршы-жыраулары. Бұл шығарманы 1939 жылы алғаш рет фольклор жинаушы Ә.Қайнарбаев Тіләдебиет институтының қорына өткізген [ОҒК.ҚҚ: Ш.925, 2-дәп.]. «Мақпал қыздың» осы әдепкі көшірмесі сол жыл­ дары зиялы қайраткер Мақаш правительдің баласы— Шафқат Бекмұхамедов тарапынан орыс тіліне аударылып, баспаға дайындалады9. Базар жырау нұсқасы Тіл-әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері Ы.Дүйсенбаев, Е.Ысмайылов, С.Сейітов, А.Тоқмағамбетовтердің қатысуымен 1941 жылы жарық көруге тиіс болған «Ғашықтық жырлар» жинағына енгізіледі. Жинаққа кіріспе жазушы Ғ.Мүсірепов болса, «Мақпал қыз» дастанының Базар жырлаған вариан­ тын Ә.Қайнарбаевтан қабылдап алушы—С.Мұқанов екені айтылған10. Алайда, фашистік Германия бастаған соғыс лаңының Кеңестер Одағына жетуімен, аталған фольклор жинағы жарық көріп үлгірмеген секілді. Әрине, кітаптың басы­ лып шықпауының өзге де түрлі себептері болуы мүмкін. Ең өкініштісі, содан қайтып бұл жинақтың жарыққа шықпағаны былай тұрсын, ондағы «Мақпал қыз» сияқты көркемдігі елеу­ лі халықтық шығармаларға ешкім назар аудармаған. Зерттеушілердің нысанасына іліккен Базар нұсқасының екінші бір көшірмесі ОҒК-ның Қолжазба қорына 1946 жылы өткізілген. Араб әрпіндегі бұл қолжазбаны да тапсырған жоғарыда аты аталған халық мұрасының жинаушысы— Ә.Қайнарбаев. Сондай-ақ «Мақпал қыз» дастанының Ба­ 9 Макпал кыз [перевод Ш.Бекмұхамедова]. ОҒК. Ш.733. 10 Ғашықтық жырлар [Құрастырған С.Сейітов, А.Тоқмағамбетов] 1941. // ОҒК. Ш.Д.32.

ғылыми  қосымшалар зар жырлаған басқа да бірнеше көшірмелері табылды [ӘӨИ, Ш.917/5,1-дәп.]. Жалпы, Ә.Қайнарбаев «Мақпал қыз» дастанының Ба­ зар жырлаған бес бірдей нұсқасын Қазалы, Қармақшы аудандарының төңірегінен жазып алған. Олардың алғашқы төртеуі Сәрсенбай, Құлбосын, Жиенбай, Жалғасбай сияқты жыршы-жыраулардың жеке репертуарында орындалып жүргендіктен болар, дастанның кіріспесіндегі Базардың өз атынан айтылатын беташар сөзі—«әлеуметке арнау» түсіп қалғаны белгілі болды. Мұның өзі кейінгі әдебиет, фольклор зерттеушілерінің асығыс қорытындылар жасауына жол бер­ генін көреміз. Дастан туралы алғаш пікір айтушылардың бірі профессор Ы. Дүйсенбаевтың «Біздің қолымыздағы вер­ сиясы түгел емес, оның кіріспе бөлімі түсіп қалған»11 деген болжамының шындық екеніне кейінірек көзіміз жетті. «Мақпал—Сегіздің» тағы бір шағын варианттары Арқа жеріне тараған. Бұлардың саны көп емес. Мәселен, 1974 жылы ӘӨИ Қолжазба қорына өскемендік Кенбай Сейсеба­ ев ақсақалдың өткізген нұсқасы туралы мәліметті «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасынан» оқуымызға болады12. Бас-аяғы бес беттен тұратын, қара өлеңмен жазылған бұл нұсқа «кітаптан көшірілді» делінген. Бірақ қай кітаптан көшірілгені көрсетілмеген. Бас жағындағы бірер шумақты айтпағанда, Сыр өңірінің тұрғыны Меңліаяқ бидің жазып алған нұсқасы да Кенбай вариантымен толық үндеседі. Екеуін­ де де негізгі оқиға «Уәде-сөзге қазық лебізбенен» деп басталып, «Ойлаған түгел жетіп мұрадына» деп біткен. Осы аталған екі нұсқа мен академик С. Мұқанов «Халық мұрасы» атты кіта­ бында үзіндісін келтірген Ғабдол варианты да айна-қатесіз ұқсас екенін көреміз13. Жоғарыда аталған «Мақпал—Сегіз» жырының мәтіндік және сюжеттік құрылысын салыстыра қарағанда, бұлардың Арқа өңіріне Базар жырлаған нұсқа мен батыс өлкеде туған шағын жыр нұсқаларының контаминацияланған күйінде жет­ кенін аңғарамыз. 11 Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.—Алматы: Ғылым, 1973.—147 б. 12 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-том. Алматы: Ғылым, 1979.—244 б. 13 Мұқанов С. Халық мұрасы.—Алматы: Қазақстан, 1974.—232 б.

ғашықтық  дастандар Сондай-ақ оларда кейіпкерлердің орын ауыстырып алуы сияқты өзге нұсқаларда кездеспейтін жаңылыс тұстары да кездеседі. Мысалы, Базар жырау мен батыс варианттарында Мақпалға Сырдың суын әкелуші қарақалпақ Жабы батыр бол­ са, Арқаға жайылған жыр үлгілерінде суды Сегіздің өзі алып келеді. Мұның өзі эпостық шығарманың туу процесінде бола­ тын ішкі даму заңдылықтардың әсерінен екендігі мәлім. «Мақпал—Сегіз» жырының Базар жырлаған нұсқасы— өзге үлгілерге қарағанда, көлемдік жағынан да, көркемдік тұрғыдан да анағұрлым оқшау тұратын толымды туынды. Ең алдымен, Базар жаңғыртқан жыр жанрлық формасы жөнінен дастандар қатарында атауға лайық, яғни белгілі бір эпостық жанрдың жүгін көтерерліктей—басталуы, аяқталуы бар, сюжеттік композициясы әжептәуір жетілген шығарма дәрежесінде көрінсе, қалған нұсқалар көпшілік жағдайда әдепкі әңгіме, айтыс, шағын көлемдегі оқиғалы жыр, ән-өлең түрінде ғана кездеседі. Бұл томға «Мақпал—Сегіз» дастанының бірнеше нұсқасы ұсынылып отыр: 1. «Мақпал—Сегіз оқиғасы». Жырдың бұл вариантын 1903 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған—Мұхамедсадық Сабыржанұлы. Араб әрпімен басылған жинақтың жалпы көлемі 14 бет болса, соның 5 беті Сегіз сері мен Мақпалдың ғашықтық хикаясынан сыр шертеді. Шамамен ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында ел аузынан жазылып алынған. Аталған нұсқа ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы. 2. «Мақпал—Сегіз». Жырлаушысы—Базар жырау Оңдасұлы. Жинаушысы—Ә.Қайнарбаев. Жазылған жері— Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, 1946 жыл. Қолжазба ОҒК сирек қорында (925-бума, 2-дәптер) сақтаулы. 3. «Жан Сегіз». Жинаушысы—Нәсиболла Биханұлы; ай­ тушысы—Ишанғали Шолтаев. Жазылған жері—Орал облы­ сы, Орда ауданы. Көлемі—4-бет. Қолжазба ОҒК-ның Қолжазба қорына 1940 жылы түскен (№ 925-бума, 21-дәптер). 4. «Мақпал мен Сегіздің айтысы». Жинаушысы—Мұрат Құсниұлы. Бұл нұсқа да Орал облысы, Орда ауданынан 1950 жылы жазылып алынған. Айтушысы белгісіз. Қолжазба ӘӨИ Қолжазба орталығында (Ш.364, 4-дәптер) сақтаулы. Араб әрпімен жазылған. Көлемі—3-бет.

ғылыми  қосымшалар
Жарияланып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан еш
өзгертусіз дайындалды.
С. Қосан

ЖЕТІМ МӘРИЯМ

Дастан
М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет

және
өнер
институтының Қолжазба қорында [ӘӨИ, Ш. 341, 1-дәп.]
сақтаулы. Жыршысы—Машырап Ақылбеков. Жинаушысы—

Нұғман Әминов. Жинаушы жырды жыршының өз аузынан
жазып алған. Шығарма бір жолды дәптер қағаздарына көк си­
ямен, араб әрпінде жазылған. Жазылған жері—Павлодар об­
лысы. Қорға 1956 жылы түскен. Дастан бұрын жарияланбаған.

Жыршының баяндауына қарағанда, дастанның оқиғасы ел
аңызынан алынған.
Шығарманың қысқаша мазмұны мынадай:
Мәриям әке-шешесінен жастай жетім қалып, әкесінің інісі

Нұрқанның қолында өседі. Нұрқан Мәриямды қалыңмал
алып, Сүлеймен деген кісінің жарымжан, ақыл-есі кем ба­
ласына ұзатып жібереді. Қорлыққа шыдай алмаған Мәриям
еліне қайтып келеді. Ғалым деген жігіт Мәриямға ғашық

болады. Бірақ екі жастың қосылуына көптеген кедергілер
ұйымдастырылады. Ғалымнан үмітін үзген Мәриям сүймеген
адамына күйеуге шығады. Жырдың соңы сүйген жарынан тірі­
дей айырылған қайғы-қасіретке уланып, жүрегі жараланған

Мәриямның өлімімен аяқталады.
Бұл дастанның негізгі тақырыбы—жастардың өз теңіне
қосылып, бақытты өмір сүру мәселесі. Идеясы—әлеуметтік
теңсіздікті әшкерелеу.

Дастанның желісі қарапайым. Шығармада оқиға малға са­
тылып, сүймеген адамға әйелдікке келген Мәриямның траге­
диясын баяндауға құрылған. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері на­
нымды.

Дастанның мазмұны тартымды. Оқиға көбіне қарасөзбен
баяндалып, арасында кейіпкерлер өз ойларын өлеңмен біл­
діріп отырады.
«Жетім Мәриям» дастанының көркемдігі тәуір. Мәтінде

біраз араб, парсы, орыс тіліндегі сөздер кездеседі. Ондай

ғашықтық  дастандар
түсініксіз сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңында
арнайы сөздікке топтастырылды. Мәтінді араб әрпінен ки­
рилл әрпіне көшіріп, баспаға дайындаған, сөздігін жазған—

Б.Жайлыбаев.
Томға ұсынылып отырған «Жетім Мәриям» дастанының
мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы [Ш. 341, 4-дәп.]
қолжазбадан еш өзгертусіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева

АҚБӨПЕ—САУЫТБЕК

Шығармада Ақбөпе мен Сауытбектің өз теңіне сүйіп қосылу­
ды армандағаны, сол жолдағы іс-әрекеттері, ғашықтардың
сезімі, ойы, мұңы, сәтсіздікке ұшырап, қоштасуға мәжбүр
болғандығы баяндалады.

Шынайы-тарихи негіздегі дастандар қатарына жататын
бұл дастанның сюжеттік қаңқасы былайша құралады: суы­
рып салма ақын, шешен, әрі әнші Сауытбек үйсіннің ішінде
отырған отыз үйлі қыпшақтың қызы Ақбөпеге ғашық болады.

Қыз сұлу, ақылды, айтыста көп адамдарды жеңіп аты шыққан
ақын. Бұл кезде сол елдің Ноғайбай дейтін болысы Ақбөпені
өзінің ауру баласына әпермек болады. Ақбөпе оның байлығына
қызықпайды,

Сауытбекті
ұнатады.
Атастырып
қойған

болыстың баласының келуіне 15-ақ күн қалады. «Тезірек
келіп, осы азаптан мені құтқарыңыз!» деп, Ақбөпе Сауытбек­
ке өтініш білдіреді. Осы уәделі күннен Сауытбек кешігіп ке­
леді. Бұл кезде Ноғайбай болыстың баласы көп адаммен келіп,

Ақбөпені әке-шешесінен тартып әкетеді.
Сауытбек Бүркітбай деген кісінің белдеуде байлауда тұрған
жүйрік атын шешіп алып мінеді де, Ақбөпенің артынан қуа
жөнеледі. Намаздыгер, намазшамның арасында Қордай тауы­

нан бөлінген «Ұлам» деген жерге келгенде, Ақбөпенің көшін
қуып жетеді. Шеткерірек бір үйге түсіп, сол үйдегі қариямен
жөн сұраса келе өз мұңын, өз оқиғасын айтады. Сауытбек
Ақбөпемен кездескенімен, болыстын қаһарынан қорқып, екі

жас бір-біріне қосыла алмай, еріксіз осы жерде қош айтысады.
Сүймеген адамына зорлықпен қосылған Ақбөпе ғашығын ой­
лап, зар қағумен өмірден өтеді.

ғылыми  қосымшалар
Көріп отырғанымыздай, мұнда дәстүрлі бастау жоқ, демек,
баласыз ата-ананы баяндау, ұзақ уақыт мұрагерді күту, оның
дүниеге келгенін тойлау, әлі дүниеге келмеген балаларды атас­

тыру мен таңғажайып махаббат сарыны бұл дастанға тән емес.
Және дәстүрлі эпоста елден кету мотиві батырлық рухта баян­
далса, мұнда тұрмыстық мән басым. Әрі қашудың іске аспай
қалуынан кейінгі ауыр сынақ—қызды зорлықпен сүймеген

адамына қосу.
Ғашығын тартып алып кететін тұста кейіпкер жігіттің
көрінбеуі
әлеуметтік

шындыққа
байланысты.
Сауытбек
ешқайда кетпейді, бірақ ол дәулетті байлар алдында дәрменсіз,

себебі
қалыңмал
төлерлік
мүмкіндігі

жоқ.
Сондықтан
ғашығынан көз алдында-ақ айырылып отырады. Алайда, дас­
тан тудырушылар өзінің сүйікті кейіпкерлерін бұлайша сипат­

тауды жөн көрмегендіктен, көбіне ғашықтардың айырылыса­
тын тұстарында бас кейіпкерді елде болмады деп көрсетеді (ол
сапарда, я аң аулауда).
Дастан оқиғасының әрі қарайғы дамуы эпикалық дәстүрден

көп ауытқиды. Классикалық фольклор кейіпкерлері сүйіктісін
алып кететін тұсқа дөп келіп, жауын жеңіп, қалыңдығын
құтқарады. Ал аталмыш дастанда дастан кейіпкері басқа
жақта жүріп оралғанда, ғашығын күштеп әкеткені туралы

біледі. Эпос кейіпкері сияқты ол да ашу-ызаға булығып, ізі­
не түседі. Алайда шығарма шешімі дастан табиғатына тән
аяқталады. Сауытбек ғашығының соңынан жетіп, Ақбөпемен
жолығады, бірақ бұл ең соңғы және ауыр кездесу болады. Дас­

тан кейіпкері қалыңмал мен әлеуметтік теңсіздік алдындағы
дәрменсіздігін сезіп, жігері құм болады. Яғни сүйгеніне деген
сезімі қаншалықты терең болғанымен, әлеуметтік кедергіден
аттап өте алмайды. Сауытбек мұны өте терең, анық сезеді, ол

былай дейді:

Малымның жоқтығынан қолым жетпей,

Айрылып ғашығымнан қалдым жылап.
Басқаша айтқанда, шығарма шешімінің сүйгенінің ар­
тынан өлетін трагедиялық дастандардан ерекшелігі—мұнда
ашық жекпе-жек көрінбейді, қыз күшпен ұзатылып, барған

жерінде қорлық пен кемсіту көріп, сүйгенін аңсап, қайғыдан

ғашықтық  дастандар өледі. Бұл ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының кейбір шындығын көрсетеді. Дастан кейіпкерлері ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген адамдар. Сауытбек Ұсаұлы (1870-1936)—руы шымыр, Шу өлкесінде аты белгілі, суырып салма ақын, әнші. Сауытбек жас кезінен өлең, ән шығарып еліне танымал, сыйлы болған. Оның әндері мен өлеңдері зерттеліп баспа бетін көрген14. Ал эпикалық шығармалардан Сауытбек Ұсаұлының атына байла­ нысты «Ақбөпе—Сауытбек» дастаны ғана сөз болады. Ал Ақбөпе 1875 жылдары бұрынғы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. Ол Шуға көшіп келген отыз үйлі қыпшақтан шыққан. Әкесі кедей. Ақбөпенің де ақындығы бар, айтысқа қатысқан. Дастанда баяндалатын оқиға 1895 жылы бұрынғы Жамбыл облысы, Шу ауданында болған. Дастанды жылы қағазға түсірген—Белгібай Бектұрғанұлы. Қолжазбаның соңында берілген мәлімет бойынша Б.Бектұрғанұлы «Ақбөпе—Сауытбек» дастанын 1924 жылы Сауытбектің өзінен үйреніп, содан бері жырлап, таратқан. Дастанның бас кейіпкері әрі қайғылы оқиғаның не­ гізгі қатысушысы Сауытбек өзін арнайы іздеп барған Белгібай Бектұрғанұлына 30 жыл бұрын болған трагедиялық жағдайдың шын болғанын тәптіштеп айтып береді. Өзі туралы, Ақбөпе ту­ ралы, қызбен қалай, қай жерде кездескенін, сүйгенінен неге ажырағанын, өзінің кедейлігін—бәрін, бірін қалдырмай ег­ жей-тегжейлі баяндайды. Көп мәлімет, дерек береді. Мысалы, дастанның 375-386-жолдарындағы Ақбөпенің сөздерін былай түсіндірген: «Тілеуқабыл болыс ән, өлеңіме қызығып, асты­ ма ат беріп, алты ай ертіп жүріп, алты айдан соң қайтып алып қойған еді. Ақбөпе соны бетіме салық етіп, кекетіп, нықтап өткен сөзі еді, кедейге кесір көп еді». Сауытбектің сұхбат үстінде айтылған бұл сөздері дастан шумақтарымен араласып жүр. Олар алынбады. Себебі, қарасөзбен айтылған ой кейін өлеңмен де берілген [387-402 ж.ж.]. Мұндай мысалдарды тағы да келтіруге болады. Сондай-ақ қолжазбаның бірнеше жерінде Сауытбек ақын мен Белгібай Бектұрғанұлы арасында болған 14 Затаевич В.В. 1000 песен казахского народа.—М., 1963.—С.479; Ерзако­ вич Б.Г. Песенная культура казахского народа.—Алматы, 1966.—С.97-99; Қазақ совет энциклопедиясы.—Алматы, 1977, 10-том.—63-б.; Ақын-жырау­ лар.—Алматы, 1979.—138-б.

ғылыми  қосымшалар
әңгіме, сұхбаттан үзінділер (проза үлгісінде) дастан жолдары­
мен араласып кеткендіктен, олар да алынбады.
Б.Бектұрғанұлы дастанды Сауытбектен үйренгенін бір­

неше мәрте қайталайды. Жыршы сөзіне күмән келтіруден
аулақпыз. Дегенмен Сауытбек—жасынан ақындық таланты­
мен аты шыққан, ән-өлеңдері жиналған ақын. Бірақ дастан,
жыр шығарғаны туралы мәлімет жоқ. Және Сауытбек—лирик

ақын, сондықтан дастан шығарған болса, ол біздің ойымызша,
баяндалып отырған оқиғаны өз атынан, яғни бірінші жақтан
жырлаған болар еді.
Дастандағы Сауытбектің атынан айтылған өлеңдер—

Сауытбектің
сөздері,
Ақбөпенің
монолог

өлеңдері—
Ақбөпенікі, өйткені ол да ақын болған. Еліміз талантты, да­
рынды ақын, жыршыларға бай. Солардың бірі—Ақбөпе мен
Сауытбек тарихын негізге ала отырып, өлеңдерін пайдала­

нып, дастан етіп құрастырып жырлауы әбден мүмкін. Бәлкім,
ол Б.Бектұрғанұлының өзі шығар. Бірақ екі жастың шынайы
махаббатына сүйсінген, оның сәтсіздігіне, аянышты соңына
қапаланған, ренжіген жыршы Сауытбекті дәріптеу, ұлғайтып

көрсету, көтеру мақсатымен «Сауытбектен үйрендім» дейді.
Б.Бектұрғанұлы—ақындық қабілеті мол белгілі жыр­
шы, эпикалық туындыларды шығармашылықпен дамыта
жырлаған орындаушы. Сондықтан ол «Ақбөпе—Сауытбек»

дастанын басқа біреуден үйренген болса да, оны әрі қарай
өңдеп, байытып жырлағаны күмән туғызбаса керек.
«Ақбөпе—Сауытбек» дастаны—шынайы, өмірде болған
нақты фактілерге негізделген, сюжеті қызықты һәм нанымды,

желісі тартымды, кейіпкерлердің жан дүниесін, екі жастың
ой-сезімін әдемі көрсеткен, сол кездегі қоғамның әлеуметтік
жағдайынан, жалпы халқымыздың ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басындағы өмірінен, тіршілігінен дәлелді,

сенімді көрініс беретін шығарма.
Томға ұсынылып отырған мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында
сақтаулы қолжазбадан [Ш.309, 2-дәп.] дайындалды. Мәтінді
баспаға дайындауға А.Ақан қатысты.

Мәтін бірінші рет жарияланып отыр.
Б. Әзібаева

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы­ лап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібе­ реді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.]**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиыр­ ма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті біл­ діруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­ дылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б. * Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі. ** С.а.с.—салла Аллаһу аләйһи уас салам: Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады.

ғылыми  қосымшалар
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ сөзді
отыз төрт рет, Әлхамдуллилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш
реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.

Адам ата—діни аңыздар бойынша, Алла Тағаланың
топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ жыл­
дар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргі­
зеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында

екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында беделді,
құрметті орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы
бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс
атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін

Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.
Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш
алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның
сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді.

Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен
жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.
Ақбөпе—шамамен 1875 жылдары бұрынғы Жамбыл об­
лысы, Шу ауданында туған. Ол Шуға көшіп келген отыз үйлі

қыпшақтан шыққан. «Ақбөпе—Сауытбек» дастанының бас
кейіпкері. Айтыстарға қатысқан ақын, әнші болған.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті
халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі,

әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі. Жау­
лары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болыпты-мыс.
Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар�����������������

, қамқам, самсам
деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген
шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі
ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты

кейіпкері,
жеңілмейтін
батыр,
халықтың

қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір­
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың ны­

шанына айналған.

ғашықтық  дастандар
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір

сүреді.
Бозжігіт—халқымыз сүйіп тыңдаған, қазақ арасына
кеңінен таралған «Бозжігітң дастаныны» кейіпкері.
Жабы—қарақалпақтың Қолдауын руынан шыққан батыр.

«Мақпал—Сегіз» дастанында Мақпал сұлудың атастырылған
күйеуі ретінде бейнеленген.
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар. Құран­
да оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қам­тыл­

ған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты­
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүзден
астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақырыпқа

арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.
Жүсіп—Зылиха—шығыс халықтарының «Жүсіп—Зыли­
ха» атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері,
махаббат пен сұлулық символы.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847)—қазақ хандығының
соңғы ханы, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы. 1837-47
жылдардағы ұлт азаттық қозғалысының көсемі.
Көрұғлы—«Көрұғлы» атты қаһармандық эпостың бас кейіп­

кері.
Құсайын, ď������
Хұсайын—Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған
Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы.

Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады.
669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық
етеді.
Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан соң

Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде куфалық
халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адамдары
Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға
келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды естісе де, сапарын

жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын біл­
ген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін қарсы аттанды­
рады. 680 жылдың 10-қазанында күші басым жаумен ерлікпен
айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт

болады.

ғылыми  қосымшалар
Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер та­
бынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін барша
шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.

Ләйлі—Мәжнүн—Таяу және Орта Шығыс пен Оңтүстік
Шығыс, Азия халықтарының «Ләйлі мен Мәжнүн» атты әдеби-
фольклорлық туындыларының кейіпкерлері. Араб мәнбілері
бойынша, Мәжнүн—өмірде болған, VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ

ғасыр аралығында өмір сүрген ақын. Ләйлі мен Мәжнүн қазақ
фольклорында таза, өшпес махаббат, шын ғашықтар символы
ретінде суреттеледі.
Мақпал—«Мақпал—Сегіз» дастанының бас кейіпкерле­рінің

бірі. Мақпал есіміне байланысты Сегіз серінің, Бәшен салдың,
Әсеттің, Ақан серінің т.б. халық сазгерлерінің әндері бар.
Мансұр әл-Халаж— тарихи тұлға, сопылар тарихында ерекше
орын алған, түркі халқы мен Иран жерінде аты аңызға айналған

әулие кісі. 858 жылы Иранның Фарс өлкесінде дүниеге келген.
Аңызға қарағанда, оның арғы тегі Мұхаммед пайғамбардың саха­
баларына барып тіреледі. Жастайынан Құран сүрелеріне үңілген,
оқымысты сопы болған. �������������������������������������

922 жылы Хамид ибн Аббас халифа оның
«Әна әл-Хақ» (мен Құдаймын) деген сөзінен қауіптеніп, тұтқынға
алады, көп уақыт түрмеде ұстап, дүреге жығады. Қол-аяғын ке­
сіп, денесін отқа жағып, күлін өзенге ағызып жібереді.

Көпшілік оның сиқыршылығына, әулиелігіне сенген. Хали­
фа үкімінен кейін де халық арасында Мансұр әл-Халаж өлмеген
деген сенім болған, Мансұр туралы көптеген аңыздар тараған.
Мансұр әл-Халаждың «Китаб ат-тауасин» атты туындысы, «Диу­

ан» атты өлеңдері және өсиет сөздері халық жадында сақталған.
Мансұр әл-Халаж есімі қазақ даласына ертеден-ақ танымал
болған. Мансұр жайында Қожа Ахмет Йасауи өз хикметтерін­
де айтып өтеді, оның 11 хикметі түгелдей Мансұр әл-Халажға

арналған.
Мәлікаждар, Шайхынұр, Мәлгәдия—діни дастандарда
есімдері жиі кездесетін кейіпкерлер.
Наурызбай

Қасымов
(1822-1847)—Кенесары
бастаған
қозғалыстың басшыларының бірі. Кенесарының інісі. Көтеріліс

кезінде арнайы әскери топты басқарған.
Сегіз сері—«Мақпал—Сегіз» дастанының бас кейіпкер­
лерінің бірі. Жастайынан өлең шығарып, әнші-сазгерлігімен
даңқы жайылған.

ғашықтық  дастандар
Сейпілмәлік–Бәдіғұлжамал—арабтың «Мың бір түн» атты
ертегілер жинағындағы «Сейпілмәлік–Бәдіғұлжамал хикая­
сы» атты тарауының негізінде жырланған шығыс халықтарына

ертеден таныс дастан, поэмалардың бас кейіпкерлері. Оларда
Сейпілмәлік пен Бәдіғұлжамал таза, өшпес, адал махаббаттың,
шын берілгендіктің символы ретінде суреттеледі.
Сейітбаттал—Қазан төңкерісіне дейін баспа бетін көрген

«Ғазауат Сұлтан» атты көлемді діни дастанның бас кейіпкері.
Ислам дінін нығайту үшін күрескен қаһарман.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы

Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим
қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір­

дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,

дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар,
құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би— мемлекет қайраткерлері;
үш жүздің ауызы дуалы билері.

Ұсаұлы Сауытбек (1870-1936)—Шу өлкесіне аты бел­
гілі, суырып салма ақын, әнші. Томда жарияланып отырған
«Ақбөпе—Сауытбек» дастанының кейіпкері. Сауытбек жас кезі­
нен өлең, ән шығарып еліне танымал, сыйлы болған. Оның әндері

мен өлеңдері зерттеліп, баспа бетін көрген.
Фатима, Бибі Бәтима (635 жылы қайтыс болған)—
Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі,
Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман әлемінде ерекше

қадір тұтатын қасиетті әйел бейнесі. Фатимаға табыну, шама­
сы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун әулетінің
ықпалы күшеюіне байланысты туып қалыптасса керек. Фати­
ма—шииттердің діни хикаяларының басты қаһармандарының

бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі
нысана «Фатиманың қолы» деген атақ алған. Оның небір үмітсіз
ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар деп
саналған.

Сөздік* * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Аблыққан /т/—толқыған, асыққан Ағұс /о/—август: тамыз айы Акт /о/—акт Ақырет /а/—ақырет күні; діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық сезіледі. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы. Арзу /т/—арыз, өтініш, тілек Атым—істің жөн-жобасы, реті Әзалда, әзелде /а/—әуелде, ертеректе; ертеде; мәңгілік Әйла /т/—жаса, істе Әнбия /а/—пайғамбарлар [нәби сөзінің көпше түрі] Әсет—шілде айына шамалас көне ай атауы Бәйіт /а/—қос тармақты өлең шумағы Бек /т/—өте, тым; ел билеуші бай Беклік нар — бір өркешті түйенің түрі. Нардың ең жақсы, текті тұқымдарына жатады Бенттеулі—оралған, ораулы Бина /а/—құрылыс, ғимарат Бисмилла, бисмиллаһи /а/—Алланың атымен. Мұсылман­ дар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды. Боқша—киізден, матадан тігілген қалта, сөмке Бүлу—бүліну, жау шабу Бір тоғыз—сый-сияпат, киіт түрі

ғашықтық  дастандар
Гүлстан /п/—абат, көкорай, нулы жер
Ғазиз—Құдіретті; сирек; қымбат, қымбатты; аяулы, ардақты
Ғапыл, қапыл /а/—қапы болу, білмеу, байқамау, аңқау­лық

Ғаріп, кәріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін; кәріп, шарасыз,
бейшара, жарымжан
Ғаяр /п/—аяр, мекер, алдамшы
Дағуат /а/—шақыру; уағыз айту

Дәркер /п/—қажет, зәру нәрсе
Дүр—інжу, маржан; зор, атақты
Ділдә, тіллә /а/—алтын ақша; кейде алтын, зер мағы­
насында да қолданылады.

Еру—қазақтардың көш кезінде бір ауылға жол-жөнекей
түстеніп, яки қонып кететін уақыты болады. Оны «ерулік» дей­
ді. Ерулікті бұрын келіп жайлауға қонған кісі жаңа көршісіне
береді.

Жаббар, Жаппар /а / —ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Жад қылу /а/—жадына алу, еске түсіру
Жамандатқыр—жылқы малында болатын ауру, кесел

Жандарал /о/—генерал; әскери шенді қызметкер
Жандарм /о/—жандарм
Жармақ—мыстан жасалған ақша
Жастық—мәтінде кектескен дұшпан, қарсылас мағына­

сында алынған
Жер сыбыр—жергілікті мәні жасырын әңгіме, сыр жасыру,
сыбырласу
Жоян—өте күшті

Жұмлә /а/—бәрі, барлығы, түгел
Жүдә /а/—аса, өте, қатты риза болу; бөлек, жеке, дара
Жүз жиырма—қалың малға берілген малдың ұзын саны.
Әдетте «жүз жиырманы» дәулетті байлар ғана бере алған.

Тарата айтқанда: қырық нар, қырық қысырақ, қырық жорға
(немесе жылқы), жиыны—жүз жиырманы құраған.
Запыран, зағыпыран—сары түсті гүл; мәтінде ауыспалы
мағынада қолданылған: сарғайып зағыпырандай

Зиннат /а/—көркем, әдемі
Зифа /а/—көрікті, сұлу, мүсін
Зұлжалал /а/—мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Зүбәржат /п/—жасыл түсті асыл тас

ғылыми  қосымшалар
Зікір /а/—еске алу, есте сақтау; ауызбен айту, баян ету; бел­
гі; уағыз, насихат. Көбінесе Алла Тағаланы еске алып, жалба­
рыну мағынасында. Зікір жүректен (көңіл), сөзбен және дене

қимылы арқылы, яғни үш түрлі жолмен орындалады.
Изһар /а/ —таныту, көрсету; нық, ашық; ауыспалы
мағынада: қайтыс болу
Иншалла (ин шаа Алла) /а/—Алла қаласа

Истиғмал /а/—қолданыс, дағды, тәжірибе; дәстүр, әдет-
ғұрып
Кәлам /а/—сөз, сөйлем
Кәлам шәріп /а/—�����������������������������������������

қасиетті сөз, Алла Тағаланың сөзі; Құран
Кәрім
Кәлла �������
/п/—бас

Кәмар /а/—кемер: өрнек-нақышпен, асыл таспен бедерлен­
ген жалпақ қайыс белбеу
Кәміл /а/—толық, бүтін
Кәпір /а/—Құран Кәрімде яһуди [жүһүдтер] мен хрис­

тиандар жазба жұрты, кітап иелері [аһлул китаб] деп
аталған, ал көпқұдайшылдар, яғни түрлі пұтқа—қолдан
жасалған мүсіндерге, я отқа, тасқа, тауға, суға т.с.с. басқа да
жаратылыстарға табынып құлшылық етушілер, шындықты

мойындамағандар кәпір делінген. Соңғы дәуірлерде ис­
лам дінін ұстанушылар бүкіл мұсылман еместерді кәпір деп
атаған.
Кәрім /а/—жомарт, игі, шарапатты; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі
Кезенейлі—уақыты келген, мезгілі жеткен
Кемзал—камзол
Кеп, гәп /п/—сөз, әңгіме, хикая; бір нәрсенің сыры, мәні;

бір істің, нәрсенің себеп-салдары, тетігі
Кеуіл—көңіл
Киеңкі—жылқыда болатын құрт ауруы, қара қаптал
Көксі ������������������

/т/—кеуде; көкірек
Қабағат /п/—орасан, керемет; өте
Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің
бірі.

Қамтемесін /т/—дайын қылу, қамсыздық, түгелдеу
Қарар /а/—сабыр, тағат
Қараудар—пана, күзет, аңду

ғашықтық  дастандар
Қари /а/—Құранды мәнерлеп, жатқа оқитын дін адамы,
молда, ұстаз
Қасарлық—айтқанға көнбеу; қарысу, қасарысу

Қиная /а/—көңіл аудару, назар; ілтипат; зейін, зер; ықылас
Қираат /а/—оқу; Құранды мәнерлеп, әуенімен оқу
Құдауанда /п/—Құдай
Құдірет—керемет күш, ғажайып қасиет; Құдай, Алла, Жа­

ратушы, Тәңірі
Қысырақтың матауы—ту байтал мен жабайы құланның
ойнайтын, күйі келетін мезгілді қазақтар «қысырақтың мата­
уы» деп атаған

Лағыл—қызыл түсті асыл тас
Лағынет
/а/—малғұн;
Алла

Тағаланың
рақымынан
мақұрым болған
Лахат, лахыт /а/—қуыстап қазылған жер; қабір

Ләб /а/—ерін
Ләпсі—нәпсі, құмар болу
Мағсұма /а/—күнәсіз, күнәдан пәк
Мағшұқ /а/—ғашық, сүйікті

Маддұға /а/—арман, мақсат, мүдде
Мақшар /а/—діни ұғым бойынша, дүние салған адамның
күнәсі тексерілетін кезең; ақырет
Мат қылды /п/—абыройсыздық, дұшпанға таба қылу

Мәртаба—мәрте
Мәттақам—айлакер, қу
Мезгіл сайлау—серттесу, уақыт белгілеу
Мерез—арам, қара ниет

Мехнат /а/—азап, қиындық, ауыртпалық
Меһрибан /п/—мейірбан
Милләт /а/—халық, ел-жұрт
Мұрсалун /а/—жіберілген; Алла Тағаланың пенделерді

тура жолға қою үшін жерге жіберген пайғамбары
Мүмін, мүслім /а/—сенуші; иман келтірген; мұсылман
Мүтара /т/—теріден жасалған су құятын ыдыс
Міскін /а/—бейшара, мүсәпір

Нажасат /а/—лас, кір
Нашандік /о/—бастық; басшы
Нәби /а/—пайғамбар, Алла Тағаланың адамдарды дұрыс
жолға салу үшін жіберген елшісі

ғылыми  қосымшалар
Неках /а/—неке
Оқа—жібек және зер жіптерден өрнектеле тоқылған зер
Осма—қасқа жағатын сүрме

Ошал—осы
Оя—алқым, жемсау, кеңірсік
Пәруана /п/—түнде ұшатын көбелек. Ауыспалы мағынасы:
біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын қию

Пәруардигар /п/—Жаратушы, Жасаған, Құдай
Пәт /п/—екпін, пәрмен
Порма/о/—форма: түр, түрі; қалып
Правител /о/—басқарушы; билеп-төстеуші; ұлық

Пұрсат /п/—мұрсат, уақыт, мерзім
Пір /п/—ақсақал, шал, ұстаз, қолдаушы
Пісент /п/—есеп, санат. Пісентке алмау—менсінбеу, есеп­
теспеу

Рақым, Рахим /а/—ерекше мейірімді; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Расул /а/—елші
Рахман /а/—мейірімді, рақымды; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі
Сақуат—сауқатты, қайырымды
Салдат /о/—жауынгер, сарбаз
Сарық—жүдеу, күй қашқан

Саф /а/—таза
Сахаба /а/—серіктер, жолдастар. Мұхаммед пайғамбармен
бірге ислам дінін қабылдап, мұсылман мемлекетін құруға ат
салысқандар. Мұхаммедтің істері мен сөздері туралы хадистер

сахабалардың айтуы бойынша жазылып алынған.
Саһар /п/—таң мезгілі
Сәйгелдек—жаздың ыстық күндерінде сиыр малына тиетін
сона тәрізді жәндік; оқыра

Сәна /а/—қайғы; қапа; алғыс, мадақ; тілек-өтініш білдіретін
-шы,-ші орнына қолданылатын жұрнақ: бар-сәна (баршы)
Сейіс—жүйрік атты жаратып баптаушы, бапкер
Сер—сері деген сөз

Сұбхан /а/—жасаған, күшті, құдіретті; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі.
Сүрік /т/—қалып; уақыт; өмір (сүру); дәурен
Табиб, тәбип /а/—тәуіп, емші

ғашықтық  дастандар
Тағала /а/—бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі.
Тайлас —теңдес, пар

Тақас—ерегісу, егесу, талас-тартыс
Тамам /а/—соңы, аяғы
Татау—теріс, бұрыс деген сөз. Мыс.: домбыраны теріс
бұрау

Тәбәрак /а/— бақыт, жақсылық тілеу; бата беру
Тәкбір /а/—ұлғайту; асқақтату; «Аллаһу акбар» сөзін айту,
Алланы дәріптеу
Тәрік ���

ету /а/—ұмыту, елемеу; орындамау
Той төбе— дәу, биік төбе
Тройке /о/—үш ат жегілген күйме
Тірік, тіріклік /т/—өмір; тірі болу; тіршілік ету

Уәжіп/а/—міндет, борыш; қағида; шарт; парыз
Ұжмақ /а/—жұмақ, пейіш
Ұсадәм —ұқсадым
Үйесі—түйе малының дерті, яғни тұрмай жатып қалу

Үшбу /т/—осы, бұл
Хадис—әңгіме; хикая; хазіреті Мұхаммед [с.а.с.] пайғам­
барымыздың айтқан ұлағатты, қасиетті, даналық сөздері,
өсиеттері

Хақ /а/—шындық, күмәнсіз, ақиқат; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Хақы—ақысы; бағасы
Халал, алал/а/—шариғат бойынша ұлықсат берілген;

заңды; некелеп алған; таза; адал; жарамды
Халас /а/—құтылу, бос болу, арылу; тыю
Халиқ, халық /а/—жаратушы; Алла Тағаланың 99 есімінің
бірі

Хамлә, хәмлә /а/—жүкті болу
Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-
жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік
71 жерде қолданылған]; таза емес, заңсыз

Хор, хор қызы—діни наным бойынша, ұжмақта болатын
мәңгі жас, өте сұлу қыз
Хүкім /а/—билік
Хұзыр /а/—ерік, ырық

ғылыми  қосымшалар Шабата—жазды күні аяққа киетін жөкеден, талдан тоқылған жеңіл шәркей; шоқай Шариғат /а/—заң; исламның негізгі заңдар жинағы Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, йар /т/—жар,серік]— Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли. Кейде төрт жар, төрт шәрі деп те аталады. Араб халифа­ тын бірінен соң бірі кезекпен билеген бұл төрт әділетті халифа тарихта «ал-хулафа ар-рашидун» деген атпен белгілі болған. Шаһбаз /п/—сұңқар, қыран; әйелжандылық, қыз құмарлық Шаһзада—патшалар мен шаһтардың, имамдар мен халифалардың мұрагер ұлдарын осылай атаған Шаһид, шейіт /а/—ислам діні жолында қасиетті соғыстарда қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды Ылайқат, ылайқатты—лайықты Ылғау—қинау, алысқа мінетін қосақ аттар, яғни лау жылқы Ілу—қазақ дәстүрінде қызға құда түскен жақтың қалыңмалдан бөлек, тойға соятын малмен бірге шаңыраққа атап ілетін киіт түрі

Жер-су атаулары Ақмешіт—Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс орны. Бекініс орыс әскерлері келген кезден Перовск пор­ ты болып аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болған. Алатау—Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің аумағында орналасқан тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Кузнец Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, т.б. жатады. Алтай—Алтай тау жүйесі. Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Арқа—Жайық пен Ертіс өзендері аралығында созылып жатқан ұлан-ғайыр шөлді, қыратты, таулы, сулы да нулы өңірлер, яғни еліміздің терістік өлкесі «Арқа», «Сарыарқа» деп аталады. Байтақ—Ақтөбе облысындағы тарихи өлке (Абат—Байтақ қорымы); жазық және көлдің аты. Басқұдық болысы—бұрынғы Семей губерниясы, Пав­ лодар уезіне қарасты болыс. Павлодар облысының жерінде орналасқан. Бесқала—бұрынғы Хиуа хандығына қарасты Үргеніш, Хожелі, Төрткүл, Хиуа, Шымбай секілді көне шаһарларды қазақтар Бесқала деп атаған. Бесқарағай—бұрынғы Павлодар облысындағы аудан. Бесоба—Ақтөбе облысындағы жер аты. Бұхара—Өзбекстандағы қала аты, облыс орталығы. Дәуқара—Қарақалпақстандағы Тақтакөпір ауданының бұрынғы атауы. Төңкеріске дейін қазақ жері мен Хиуа хандығы арасындағы табиғи шекара ретінде мәлім. Дәуқара тауы

ғылыми  қосымшалар
бірқатар жергілікті аңыздарға арқау болған. Осы төбенің ете­
гіне ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күресінің көсемдерінің бірі,
әйгілі Жанқожа батыр жерленген.

Егізкөл—Арал теңізінің оңтүстігіндегі Қуаңдария сағасында
Көкше теңіз, Ақша теңіз атты екі көл болған. Егізкөл деп осы
екеуін айтқан болар деп болжаймыз.
Еділ—Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы—3530 ша­

қырым. Еділ өзені бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий
теңізіне құяды.
Жайық—Орал тауынан бастау алып, Каспий теңізіне құятын
өзен атауы.

Қарақұм—Балқаш және Сасықкөл көлдері аралығындағы
құм.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан

құралған, ал ең биік шыңында жанартау орналасқан. Жер
бетіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала
осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер
сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж де­

ген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын та­
уды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға
алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты

көптеген аңыздар бар.
Қызыл—Қызылқұм өлкесі.
Қылзам—Араб түбегі мен Африка құрлығының қосылған
тұсындағы мекен, уәлаят.

Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек.
Қытай— Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет.
Жерінің аумағы 9,6 млн. шаршы шақырым.
Мамық—Батыс Қазақстандағы шағын өзен атауы.

Мәдине—арабша «қала» деген сөз. Меккеден кейінгі екінші
қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбардың 622-жылы Меккеден осында қоныс аударуына
байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген ата­

уы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан
(хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда,
Мәдине оның алғашқы астанасы болды.

ғашықтық  дастандар Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның не­ гізін қалаушы Мұхаммед [с.а.с.] осы қалада дүниеге кел­ ген. Мұхаммед [с.а.с.] Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады. Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар әрі ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы Каирді де Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорында, сондай-ақ көптеген шығыс халықтарының ауыз әдебиеті шығармаларында Мысыр атауы жиі ұшырасады. Нарын—Батыс Қазақстан облысындағы үлкен құм. Омбы—Ресейдегі қала. Омь өзенінің Ертіске құяр жерінде орналасқан. Орынбор—Ресейдегі қала. Жайық өзенінің бойында, Сакмар өзенінің Жайыққа құйылысына жақын жерге орналасқан. Сыр—Сырдария өзені. Сыр бойлық—Сырдария өзенінің жағалаулары. Сібір—Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жағалауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Монғолия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі. Тәшкен—Өзбекстан мемлекетінің астанасы. Шыршық өзенінің аңғарында орналасқан. Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ шоқылы, аласа таулы массив. Үндістан—Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мем­ лекет. Астанасы—Дели қаласы. Бұлармен қатар мәтіндерде оқырманға белгілі басқа да қала, тау, су атаулары [Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Шу т.б.] және еліміздің кең-байтақ жерінің бір-бірінен шалғай өңірлерінде орналасқан, географиялық картада белгіленбеген шағын тау, өзен, су атаулары да кездеседі.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Ақылбеков Машырап—Павлодар облысында туып-өскен.

«Жетім Мәриям» дастанын жырлаушы.
Ахметбеков Нұрхан (1903-1964)—Қостанай облысы, Жан­
гелдин ауданы, Жаркешу ауылында дүниеге келген. Қазақ­
станның халық ақыны. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

Әминов Нұғман—бұрынғы Павлодар облысы, Каганович
ауданында туып-өскен. «Жетім Мәриям» дастанын 1956 жылы
М.Ақылбековтан жазып алып, қорға тапсырған. Ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы.

Бектұрғанов
Белгібай
(1894-1967)—туып-өскен
жері

Оңтүс­тік Қазақстан облысы. Белгілі жыршы, халық ауыз әде­
биеті үлгілерін орындаушы, Н.Нысанбайұлының шәкірті.
Ол эпикалық туындыларды халық дәстүрі аясында шығарма­
шы­лық­пен

орындаған.
«Ақбөпе—Сауытбек»
дас­танының
жырлаушысы.

Биханов Нәсиболла (Нәсимолла)—Орал облысы, Орда
ауданында туған. Ұзақ уақыт ауыл мектебінде мұғалім
болып істеген. Ол—Батыс Қазақстан өлкесінің ауыз әдебиеті,
фольклор мұраларын жинаумен жүйелі шұғылданған белгілі

жинаушылардың бірі. Нәсиболла әсіресе, Махамбет, Қайырлы,
Мұхит т.б. ақындардың жыр-толғауларын, сондай-ақ бірқатар
халықтық эпостарды ел арасынан жинаған. Ол «Мақпал—
Сегіз» дастанының шағын халықтық нұсқасын Ишанғали

Шолтаев деген кісіден жазып алған.
Диваев Әбубәкір (1856-1933)—белгілі этнограф, фольк­лор­­
танушы. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын бітірген, 1876
жылдан бастап Түркістанда жұмыс істеген. Сол жылдардан

қазақтың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде
жариялап отырған.

ғашықтық  дастандар
Қайнарбаев Әлқуат (1898-1979)—Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданының тұрғыны. Ұзақ жылдар бойы партия,
кеңес қызметінде істеген. 1930-жылдардан бастап қазақ ауыз

әдебиетін жинап, қағазға түсірген. Фольклор жанашыры
ретінде жүз мың жолдан аса әдебиет мұраларын, Сыр бойы
ақындары мен жырауларының шығармаларын ОҒК мен ӘӨИ-
дың Қолжазба қорларына өткізген белгілі жинаушы. «Мақпал—

Сегіз» дастанының Базар жырау жырлаған бес нұсқасын қорға
табыс еткен.
Құсайынұлы Әбіқай—бұрынғы Көкшетау облысы, Чисто­
поль ауданының тұрғыны. Ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы.

«Қарға батыр» жырын ел аузынан естіп, домбыраға қосып ай­
тып таратушы.
Оңдасұлы Базар (1840–1911)—қазіргі Қызылорда облы­
сы, Қазалы ауданына жақын Қызылқұм өңірінде, бұрынғы

Қуаңдария бойындағы Шірік-Рабат деген жерде дүниеге келген.
Базар—жастайынан жыр-толғау ақыны ретінде қалып­
тастып, қазақтың Сыр мен Арқа, батыс өңір мен өзбек,
қарақалпақ елдеріне даңқы жайылған арқалы жырау әрі жыр­

шы. Жыраудың шығармалары алғаш Ә.Диваевтың Сырдария
экспедициясы кезінде (1920 ж.) жинастырылып, 1925 жылы
Тәшкенде шыққан «Терме» жинағында жарық көрді. Сондай-
ақ Базардың бірқатар таңдаулы толғаулары С.Сейфуллиннің

«Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты кітабында (1931 ж.)
жарияланғаны мәлім.
Базар жырау өлең-толғауларымен қатар, көптеген халық
ертегілері мен аңыздарды, ескі эпостық сюжеттер мен дастан­

дарды дамыта жырлаған ірі эпик ақын. Жыраудың сондай
шығармаларының бірі—«Мақпал—Сегіз» дастаны.
Сабыржанұлы
Мұхамедсадық—Кеңес

кезеңіне
дейін
қазақтың батыс, орталық өңірлерін аралап, ауыз әдебиеті
үлгілерін көптеп жазып алған. Олардың біразы («Қазақтың

тойбастары», «Беташар», «Қыз бен жігіт айтысы» т.б.) Қазан
қаласындағы баспалардан кітап болып шыққан. Солардың бірі
осы қалада 1903 жылы басылған «Жұмбақ қазақ тілінде» атты
кітабында «Мақпал—Сегіз оқиғасы» да бар.

Шаңғытбаев Жөкей—халық ақыны. Бұрынғы Ақтөбе
облысы, Ырғыз ауданының тұрғыны. Ел аузындағы аңыз,
әңгімелерді дамыта жырлаған эпик ақын.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Л—Ленинград

М—Москва
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб

/о/—орыс
/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейJ����������J����������
і����������J����������
н араб әрпJ����������

і����������
нде жарық
көрген кJ������
і������

таптар 1.  Назымбек пен Күлше қыздың зары. ОҒК, Ш.31, ӘӨИ,

Ш.1197, Мф. 26 бет. Араб әрпінде. 1920-жылы Қазақстанның
ғылыми-зерттеу қоғамы ұйымдастырған Сырдария экспедици­
ясы тапсырған. Ә. Диваев жазып алған.

2.  Есім—Зылиқа. ОҒК, Ш. 690, 1-дәп. Араб әрпінде. Жина­

ушысы—Н. Ахметбеков. 3.  Есім—Қадиша. ӘӨИ, Ш.233. 2-дәп., 26 бет, кирилл

әрпінде. Қорға 1957 жылы Батыс Қазақстан экспедициясы
тапсырған.

4.  Қарға батыр. ӘӨИ, Ш.106. 7-дәп. Араб әрпінде. 5.  Гүлсім мен Қарға. ОҒК, Ш.732, 5-дәп., араб әрпінде. 1941

жылы жазылған. Тапсырған—Н. Ахметбеков. 6.  Қарға мен Күлсін туралы жыр. ӘӨИ: Ш.332, 2-дәп.,

араб әрпімен жазылған. Қолжазба 1952 жылы қазіргі Батыс
Қазақстан облысы, Зелен ауданында хатқа түсірілген. Жина­
ушысы—Т. Ауатанов

7.  Талайлы құл мен Әйім қыз. ОҒК, Ш.925. Латын әрпінде.

Жинаушысы— Ж. Шаңғытбаев. 8.  Макпал кыз. [перевод Ш.Бекмұхамедова]. ОҒК, Ш.733. 9.  Ғашықтық жырлар. [Құрастырған С. Сейітов, А. Тоқ­

мағамбетов.]. ОҒК, Ш.Д.32.—1941 ж. 10.  Сәрсенбай мен Балқияның айтысы. ӘӨИ.Ш.917/2, 2-

дәп. 11.  Мақпал—Сегіз оқиғасы. Қазан, 1903. 12.  Мақпал—Сегіз. ОҒК, Ш.25, 2-дәп. Жырлаушысы—Ба­

зар жырау Оңдасұлы. Жинаушысы—Ә. Қайнарбаев.

ғылыми  қосымшалар 13.  Жан Сегіз. ОҒК, Ш.925, 21-дәп. 4-бет. 1940 жылы

түскен. Жинаушысы—Н. Биханұлы, айтушысы—И. Шолтаев 14.  Мақпал мен Сегіздің айтысы. ӘӨИ, Ш.364, 4-дәп. Араб

әрпімен жазылған, 3 бет. Жинаушысы—М. Құсниұлы. 1950
жылы жазылып алынған. Айтушысы белгісіз.

15.  Жетім Мәриям. ӘӨИ, Ш.341, 1-дәп. Араб әрпінде. Жыр­

шысы—Машырап Ақылбеков. Жинаушысы—Нұғман Әминов. 16.  Ақбөпе—Сауытбек. ӘӨИ, Ш.309, 2-дәп. Жыршысы—

Белгібай Бектұрғанұлы.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздJ����
і����

ктер 1.  Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аударған

Халифа Алтай.—Мәдине, Сауд Арабиясы, 1991. 2.  Азибаева Б. У. Казахский дастанный эпос.—Алматы:

Ғылым, 1998. 3.  Ақын-жыраулар.—Алматы, 1979. 4.  Ахметбеков Н. Тосын толғау.—Алматы, 1958. 5.  Әуезов М. Әр жылдар ойлары.—Алматы: ҚМКӘБ, 1959. 6.  Батырлар жыры. Құрастырғандар: М. Ғ. Ғұмарова,

О. А. Нұрмағамбетова, Т. Сыдықов, Б. Уахатов.—Алматы:
Жазушы, 1964.

7.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982. 8.  Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы. − Алматы: Ғылым.

1973. 9.  Ерзакович Б. Г. Песенная культура казахского народа.—

Алматы, 1966. 10.  Затаевич В. В. 1000 песен казахского народа.—М.,

1963. 11.  Қазақ әдебиеті тарихы 1 том, 1-кітап.—Алматы, 1960. 12.  Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-

том.—Алматы: Ғылым, 1979. 13.  Қазақ совет энциклопедиясы. 10-т.—Алматы, 1977. 14.  Қасқабасов С. Жаназық. Таңдамалы.—Астана: Аудар­

ма, 2002. 15.  Қоңыратбаев Ә. Шығармалар жинағы. Көптомдық. 1-

том.—Алматы: МерСал, 2005.

ғашықтық  дастандар 16.  Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1974. 17.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

М., 1968.

18.  Древнетюркский словарь.—Л: Наука, 1969. 19.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

20.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 21.  Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—М., 1970.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Минис­
терства Образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов стотомного Свода казахского
фольклора «Бабалар сөзі», издаваемого в рамках Государствен­

ной программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
В настоящий момент издан двадцать один том Свода. Девять
из них составляют новеллистические дастаны, семь—дастаны
религиозно-нравственного содержания, пять томов включают

произведения романического [любовного] содержания.
Предлагаемый вниманию читателей двадцать второй том
Свода является завершающим в серии романических даста­
нов, он включает в себя одиннадцать произведений, это: «На­

зымбек пен Күлше қыздың зары», «Есім—Зылиқа», «Қарға
батыр»,«Талайлы құл мен Әйім қыз», «Мақпал—Сегіз» (4 ва­
рианта), «Жетім Мәриям», «Ақбөпе—Сауытбек».
Дастан «Назымбек пен Күлше қыздың зары» имеет своей ос­

новой традиционный фольклорный сюжет, включающий в себя
такие древние мотивы как обручение еще не родившихся детей,
муж на свадьбе своей жены, выбор жениха невестой, книжный
мотив любви—болезни, присущий дастанам на восточные сюже­

ты и т. д. Что касается концовки, то она полностью соответствует
типовому сказочному сюжету, т. е. завершение благополучное.
Остальные произведения тома сложены по следам реальных
событий, имевших место в ������������������������������������

XVІІІ�������������������������������

XІX ���������������������������

в.в. в разных регионах Ка­
захстана. Для них, в целом, характерна следующая сюжетная
канва: молодые—юноша (как правило, бедняк) и девушка (зачас­
тую из состоятельной семьи)—любят друг друга, но девушку уже

в зрелом возрасте (до встречи с любимым или после) сватают за
другого: влюбленные пытаются совершить побег из родных мест,
но он не удается; насильственное соединение героини с нелюби­
мым женихом; смерть героини в разлуке с возлюбленным.

ғашықтық  дастандар В этих дастанах отсутствует традиционный пролог, повест­ вующий о бездетных родителях, рождении долгожданного на­ следника и празднестве его, мотив сватовства неродившихся еще детей. Нет и намека на экзальтированную, возвышенную любовь, свойственную дастанам восточным. Отклонением от за­ конов лиро-эпоса следует считать и несостояшийся побег влюб­ ленных, являющийся одним из сюжетообразующих звеньев в конструкции подобных произведений. Мотив побега, в традици­ онном лиро-эпосе трактуемый в духе героическом, здесь приоб­ ретает бытовой оттенок: срыв побега и последующие испытания (унижения и оскорбления), вызванные необходимостью для де­ вушки принудительного соединения с постылым женихом. В отличие от лиро-эпических произведений и дастанов на вос­ точные сюжеты с трагическим (погибают и герой и героиня, причем героиня предает себя смерти после гибели возлюбленного), либо счастливым финалом в анализируемых дастанах отсутствует от­ крытый поединок, героинь насильно выдают замуж и они умирают от побоев, от тоски по любимым. В такой трактовке явно сказыва­ ется фактор времени—эпоха создания этих произведений восходит к �������������������������������������������������������������� XІX ����������������������������������������������������������� в., когда родовые бии уже не осмеливались предавать ослуш­ ниц смертной казни, как это было раньше, они расправлялись с ними «мягче»: муж и его родичи делали жизнь женщин настолько невыносимой, что смерть была для них желанным избавлением. Во всех романических дастанах, равно как и в лиро-эпосе, будь то древний («Козы Корпеш—Баян Слу»), либо более поздний («Кыз Жи­ бек»), основная тема—любовь молодых людей, их борьба за осущест­ вление своей мечты. Но конфликт в эпических произведениях не но­ сит классового характера: герой и героиня находятся на одной ступени иерархической лестницы. То же самое присуще казахским дастанам на восточные и региональные фольклорные сюжеты. Но в дастанах с реальными сюжетами четко прослеживается мотив социального не­ равенства: главный герой принадлежит к классу неимущих, беден и неродовит, а потому не может конкурировать с богатыми женихами, которые, благодаря огромному калыму (а также применяя силу и уг­ розы), могут заставить родителей отдать за них дочерей. Таким образом, в дастане эпический мотив злой и жестокой воли отцов получает социальное углубление и доведен до обоб­ щений: непримиримость богатства и бедности, антагонизм про­ тивоположных классов.

ғылыми  қосымшалар
Главный герой этих дастанов качественно отличается от героя
как богатырского, так и древнего лиро-эпоса. Это не бесстрашный и
всемогущий богатырь. На это даже нет намека в описании внешнос­

ти, поступков и мыслей его. Но образы героев построены по методу
эпической идеализации—выделения, подчеркивания тех или иных
качеств героя. В этих произведениях идеализируемыми являются
акынское, композиторское, исполнительское мастерство героев, а

также высокие морально-нравственные достоинства его. Героями
становятся бедняки-безлошадники, поэты и композиторы.
Тема любви в дастанах этих неотделима от темы борьбы за пра­
во на любовь. Именно эта идея определяет трактовку образов глав­

ных героев данных дастанов—непокорных, восставших, борю­
щихся людей. Определяя главные черты дастанного лирического
героя, необходимо выделить активность, которая есть активность,
прежде всего, мысли, а не поступков и действий, как в эпосе.

Но не все дастаны с реально-историческими основами, име­
ют трагическую развязку. В «Қарға батыр» и «Есім—Зылиқа»
например, публикуемых в данном томе, влюбленные девушка и
джигит соединяются вопреки всем преградам. Надо отметить, в

сюжеты этих произведений вплетены элементы новеллистики,
также героям их присущи такие черты как: отвага, храбрость,
готовность совершить безрассудный поступок во имя своей люб­
ви, лихость, находчивость, авантюризм и удачливость.

Том подготовлен в соответствии с принципами издания серии
«Бабалар сөзі», то есть он снабжен научными приложениями,
которые включают в себя: сведения о публикуемых текстах и их
вариантах; краткий историко-фольклористический и текстоло­

гический анализ текстов; данные об исторических и религиоз­
ных деятелях, имена которых встречаются в текстах; словарь
древнетюркских, арабских и персидских слов, терминов и поня­
тий, а также географических названий; сведения о сказителях,

собирателях и публикаторах; список использованной литерату­
ры; резюме на русском и английском языках.
Дастаны «Талайлы құл мен Әйім қыз» и «Мақпал—Сегіз»
публиковались ранее в фольклорных сборниках, остальные

произведения тома публикуются впервые. Все тексты тома под­
готовлены адекватно первоисточникам.
Объем тома—19 п. л.

Summary M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art, Mіnіstry of Educatіon and Scіence, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of the one hundred volume Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» іmplemented wіthіn the framework of the State Program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). At present tіme twenty one volume of the Collectіon have been publіshed. Nіne of them іnclude novelіstіc dastans, sevendastans of relіgіous-moral content, fіve volumes іnclude romantіc (love) works. The proposed twenty second volume of the Collectіon іs a fіnalіzіng volume іn the serіes of romantіc dastans іncludіng eleven works such as «Nazymbek pen Kulshe kyzdіn zarі», «Karga batyr», «Esіm—Zіlіka», «Talaіdі kul men Aіym kyz», «Makpal— Segіz» (4 versіons), «Zhetіm Marіam», «Akbope—Sauіtbek». Dastan «Nazymbek and Kulshe kyzdіn zarі» іs based on tradіtіonal folklore plot іncludіng such ancіent motіves as engagement of chіldren who yet haven’t been born, husband on the weddіng of hіs wіfe, brіde іs choosіng brіdegroom, book motіve of lovedіseases that іs typіcal for the dastans wrіtten on Orіental plots etc. As for the end, іt completely corresponds to typіcal tale plot і.e. happy end. The rest works of the volume are based on real events that took place іn XVІІІ-XІX cc. іn dіfferent regіons of Kazakhstan. Іn general the followіng plot іs typіcal for all of them: young peoplea young man (usually a poor man) and a gіrl (usually from rіch famіly)—love each other, but the gіrl has been engaged wіth another man (before meetіng her beloved or after meetіng hіm): beloved young people decіde to escape from theіr natіve land, but they faіl; the gіrl іs forced to marry unloved brіdegroom; death of

ғылыми  қосымшалар the heroіne because of partіng wіth her beloved. Іn those dastans the tradіtіonal prologue іs mіssіng that tells about chіldless parents, bіrth of a desіred successor and celebratіon of thіs event, motіve of arrangіng a match of chіldren who yet haven’t been born. There іs no іdea of exalted hіgh love typіcal for Orіental dastans. The faіled escape of the loversthіs іs one of the plot formіng unіts wіthіn the constructіon of such works should be consіdered a dіgressіon from laws of lyrіc-epos. Motіve of escape that іs explaіned іn the tradіtіonal lyrіc-epos іn heroіc way, here іt gaіns every day lіfe feature: escape faіls and further dіffіcultіes (humіlіatіon and іnsult) caused by the necessіty of the forcіble marrіage of the gіrl wіth the unloved man. Unlіke lyrіc-epіc works and dastans based on Orіental plots wіth tragіc or happy end (the hero and heroіne dіed, the heroіne kіlled herself after her beloved dіed) іn the analyzed dastans the open duel іs mіssіng, the heroіnes are forced to marry and they dіe from beatіngs, sorrow for beloved. Іn such іnterpretatіon the tіme factor have іts іmpact—the epoch of creatіng of those works іs XІX century when clan chіefs couldn’t send the dіsobedіent women for executіon as іt was earlіer, they punіshed them «more softly»: husband and hіs relatіves make the lіfe of the woman іmpossіble and they found death as a desіred delіverance. Іn all romantіc dastans as well as іn lyrіc-epos such as ancіent epos («Kozy-Korpesh-Bayan Slu» or more late («Kyz-Zhіbek») the maіn theme іs love of young people, theіr struggle for theіr dream. However conflіct іn the lyrіc-epіc works doesn’t have class character: hero and heroіne are at the same hіerarchіc level. Same feature іs typіcal for Kazakh dastans on Orіental and regіonal folklore plots. However іn the dastans wіth real plots the motіve of socіal іnequalіty can be seen: maіn hero belongs to poor class and therefore he can’t compete wіth rіch brіdegrooms who due to a bіg kalym (as well as force and threats) can force parents to let theіr daughters to marry them. So, іn dastan the epіc motіve of cruel and brutal father gaіns socіal understandіng and іt іs generalіzed: contradіctіon between wealth and poor, antagonіsm of the opposіte classes. Maіn hero of those dastans dіffers from the hero of bogatyr and ancіent lyrіc epos. Thіs іs not a brave and mіghty bogatyr. There іs no hіnt to thіs іn descrіptіon of hіs appearance, behavіor and

ғашықтық  дастандар thoughts. However types of the heroes are based on the method of epіc іdealіzіngoutlіnіng, underlіnіng of hero’s features. Іn those works the followіng features of the hero such as akyn, composer, performance skіlls are іdealіzed as well as hіgh moral-esthetіc merіts. Poor people who have no horses, poets and composers become heroes. Love theme іn those dastans іs related to the theme of struggle for rіght for love. Thіs іdea determіnes the іnterpretatіon of maіn heroes of those dastansunruly, rose, strugglіng people. Іdentіfyіng maіn features of dastan lyrіc hero іt іs necessary to outlіne actіveness, meanіng fіrst of all actіveness of thought but not the behavіor and actіons unlіke іn the epos. However not all dastans wіth realіstіc-hіstorіcal basіs have tragіc end. For example іn «Karga batyr» and «Esіm-Zіlіka» that are іncluded іn thіs volume, young lovers get marrіed despіte all obstacles. Іt should be noted that plots of those works іnclude novelіstіc elements, heroes are brave and ready for reckless acts for the sake of love, they are іnspіrіted, quіck-wіtted, adventurous and lucky. Volume іs prepared accordіng to the prіncіples of publіshіng serіes «Babalar sozy». The volume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcal-folklorіstіc and textologіcal analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are іncluded іn the texts; vocabulary of old Turkіc, Arab and Persіan words, terms and іdeas and geographіc names; іnformatіon on the collectors and performers of the works; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Dastans «Talaіlі kul men Aіym kyz» and «MakpalSegіz» have been publіshed earlіer іn folklore collectіons, other works іncluded іnto the volume are beіng publіshed for the fіrst tіme. All texts of the volume are prepared adequately to the orіgіnal sources. Volume іncludes 19 pp.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Назымбек пен Күлше қыздың зары ......................................... 9 Есім – Зылиқа .................................................................... 28 Қарға батыр ....................................................................... 58 Талайлы құл мен Әйім қыз .................................................. 90 Мақпал – Сегіз оқиғасы (Қазан нұсқасы) .............................145 Мақпал – Сегіз ..................................................................151 Жан Сегіз .........................................................................179 Мақпал – Сегіздің айтысы (М.Құсниұлы нұсқасы) ................183 Жетім Мәриям ..................................................................186 Ақбөпе – Сауытбек ............................................................203 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................249 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................276 Сөздік ..............................................................................280 Жер-су атаулары ...............................................................288 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................291 Шартты қысқартулар ........................................................293 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................294 Резюме ............................................................................297 Summary ..........................................................................300

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 22 том РОМАНИЧЕСКИЕ  ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген М. Әлсейітова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2089 Теруге 23.09.05 жіберілді. Басуға 13.10.05 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 19. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 79. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙