Көңіл көзіндегі қарашық
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жасұлан Серік
Ж. Серік Көңіл көзіндегі қарашық Өлеңдер Алматы “Жазушы” Жасұлан СЕРІК
Көңіл көзіндегі қарашық Серік Ж. Көңіл көзіндегі қарашық: Өлеңдер. – Алматы: “Жа зушы”, 2013.– 112 бет. – “Жас толқын” сериясы. ISBN 978-601-200-430-4 Жас ақынның бұл алғашқы жинағына жастық шақ, сағы ныш, махаббат жөніндегі жүректі тербейтін мөлдір сезімге то лы жырлары қамтылған. Жинақтағы бұдан өзге де әртүрлі та қырыптарға арналған циклдық өлеңдер топтамасы оқырманды шынайылығымен, сыршылдығымен тартады. ISBN 978-601-200-430-4 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 С 37 С 37 © Серік Ж., 2013 © “Жазушы” баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды
Ж. Серік Анама Түсімде сізді көрем... Білмедім не екенін, Далада оранған ақ қарға. Сіз келіп оянып кетемін, Шашымнан иіскеп жатқанда. Апатай! Сағындым... Өзіңді езіліп қу кеудем, Кей кезде жастанып жанарым. Жалықтым қызықсыз күндерден. Білген бе ем дәл бұлай боларын, Қасыңа тез жеткім келеді, Сол ғана арманы балаңның. Апашым, қасыңнан... Неліктен кетті екем жырақтап, Шешімі ақымақ басымның. Кеудемде жауапсыз сұрақ қап, Санамды тонайды тосын мұң. Жыласам... Өзіңдей кім мені жұбатпақ, Жалғыздық – досым бұл!
Көңіл көзіндегі қарашық Жылағым келеді... «Жігіттер жыламас!», – деуші едің, Сондықтан шығарман жасымды. Апатай, мен сенің, Өң емес түсімде естимін дауысыңды. Тіршілік... Төменге тартқылап еңсемді, Амалым таусылды... Өмір-ай, қаталсың... Қинайсың тепкілеп өкпемнен, Тарылды-ау тынысым. Армандап бұл жаққа жеткенмен, Көп болған сенделіп жүрісім. Астана... Сәулетің болғанмен, Ғимарат сарайлар көк керген. Білмедім кім үшін... Ауылға қайтамын... Құрысын... Мен сізді сағындым... Жүрегім езіліп кетеді ойласам сізді мен, Жаныма мұң үйіп қойғандай күз күрең. Бұл жақта дәл сіздей сүймейді мені ешкім, Жанымды түсінер жан іздеп жолдарға үздігем. Айлығы жететін шайлыққа, Басында үйі бар, күйі бар, Бұл жердің жұртынан жүз есе бақытты біздің ел.
Ж. Серік Мен сізді сағындым... Түсіме енесіз жабырқау жанымды жұбатып, Ия, солай, Қап-қара қаланы жүргенім шамалы ұнатып. Ал мұнда ардың да бағасы көк тиын, Абыройға апармас адасқан әңгүдік уақыт. Мүшесі бола алмай миымды мезі еткен қоғамның, Жапырағы сарғайған сары емен секілді тоналдым. Қабағын бағумен күн кешіп келемін амалсыз, Сөздері жаныма бататын жындылау ағамның. Үмітім жемтігі болғалы мұңымның, Көп болған, армандау дегенді доғардым. Аттанған сияқты ем төңкеріп тастардай ілімді, Дәрменсіз мақсатым амалсыз тіршілік түбіне тығылды. Нұрағам басқарған құраған дәл мендей жастары қаладан, Ақтарар жан таппай сенделдім сырым мен мұңымды. Ескекті қайығын шайқаған өмірдің толқыны, Есейтіп жіберді есті қып еркелеу ұлыңды. Безбүйрек ортама безбенді жырларым сала алмай бекініс, Өзекті өртейді жанымды жегідей үгіткен өкініш. Құшақтап жанардан көз жасым сорғалап
жылайын армансыз, Апатай... Дәл бүгін түсіме тағы да бір еніп кетіңіз... Өтініш...
Көңіл көзіндегі қарашық Еңсесін тіктеп ержетті бүгін, Таянып бесік тербеткен балаң. Өзіңнен артық білмеппін бұрын, Қымбатты жоғын жер-көкте маған. Шашыңның ағы – шашылған ғұмыр, Куәсі болған өткен күндердің. Көзіңнен сенің жасырған сырын, Көремін, ана, көктемнің нұрын. Өлеңді сүйген еркелеу ұлың, Тербетті әнмен туған даласын. Қамшының сабы келтелеу ғұмыр, Қызықты болмақ сен барда, анашым. Күлкіңде жаздың шуағы керім, Күрсіністерің тым ауыр, неге? Өткенін көріп мына күндердің, Ұлыңды ойлап жыладым деме. Бәрі де жақсы, уайымдамашы, (Алқасын мұңның тағынып көп күн). ...Түсімде көрдім, жаным, анашым, Мен сені қатты сағынып кеттім... Ана...
Ж. Серік Адаммын деп мен несіне мақтанам, Бір ісім жоқ үмітіңді ақтаған. Кешір, апа-ау, біле алмадым мен неге? Ақылды емес, ақылсыз ұл боп барам. Елеңдейсің қабағымда болса мұң, Қуып жүрмін пайдасы жоқ бал сағым. Осы жасқа келгенімше, білмедім, Жанарыңа түсірді екем қанша әжім? Өтер жылдар, өтер айлар, өтер күн, Ал мен қалай парызымды өтермін? Ойлап тұрсам жүзіңдегі әжімнің, Біріне де татымайды екенмін! Кеселім бар кеудемде күз күрең мұң, Күз күрең мұң – келбеті біздің елдің. Маңдайымнын иіскедің «құлыным» деп, Кеше, ана, түсімде сізді көрдім. Өмір – жолда үмітім шашылып бар, Жинай алмай отырмын жасырып қар. Қалың қайғы іздеп жүр мына мені, Құшағыңа ал, ана, жасырып қал. Балғын шақты тым мұңсыз аңсап көп күн, Аңдамай не екенін алшақтықтың. Кешір, ана-ау, төзімім тозып бітті, Қаладан қайыры жоқ шаршап кеттім! Ана...
Көңіл көзіндегі қарашық Кешір, әке... «Ұлым!», – деген сөзің енді естілмейді-ау, естілмес, Өмір – жұмбақ, жауабын еш, әттең, құрғыр, шештірмес. Сен кеткенде арамыздан сол жылы, Бала екенмін ес білмес. Бала көңіл әр нәрсеге алабұртып құмартқан, Еш күдерін үзбейді ол үміт пенен мұраттан. «Әкем қайда?», – деген кезде. Ал шешем, «Ертең келер, құлыным!», – деп жұбатқан.
Солай десе санамдағы бұлты тарап күдіктің, Арбауында жүріппін ғой ұзақ уақыт үміттің. Мен әкемнің тек келмеске кеткенін, Тоғыз жасқа келгенімде біліппін. Тек өмірде мейіріміне әкешімнің құмарттым, Кеш қалыппын, кеш болыпты бірақ тым. «Келмейді әкең!», – деген кезде үлкендер, Жүрегіммен жылаппын. Сан құбылыс, сан мың арман елес болып көзіме, Жатып аппын құлақ аспай шешем айтқан сөзіне. «Өлімменен күресемін, жеңемін!», – Деп осылай серт беріппін өзіме. Тек соңына жете алмадым ойға алған ісімнің, Сарқылатын кезі болар бойымдағы күшімнің. Кешіректеу өмір менен өлімнің, Қатар жүрер екендігін түсіндім. Сөзімді айтсам шешім тауып нақтырақ, Қам жемегін, ұлың енді екі аяққа нақ тұрад(ы).
Ж. Серік Сен істеген жақсылықты өмірде, Туысқандар айтып маған ұқтырад(ы). Басқалардан мың есе артық, әке, сенің бағмың, Мен несіне мұңаямын, қиналамын, наламын. «Ұлың жаман!», – деп айтқызғың келмесе, Дейтін шешем: «Әкеңе тарт, қарағым!». Өлеңмен де, өмірмен де бауырымдай ұғысам, Жүрегімде саған ғана арналатын жыр ұшан. Ақтау үшін мен анамның үмітін, Саған қарап ержетуге тырысам. Уақыт неге аялдап-ақ алмайды екен бір демін, Бұл өмірдің жалғандығын неге ертерек білмедім. Амал қанша, сағынумен өзіңді, Өте берер күндерім. Көкіректе талықсыйды сая таппай бар үміт, Қалыппыз ғой тағдырдың да дегеніне бағынып. Арамыздан кеткеніңнің себебі: Жүрсін деп пе ең сағынып?! «Не күн кешіп жүр екен?», – деп ойлаймысың екеуі, Әр нәрсенің болмайды ма аяғында өтемі. Шешем менен мына мені өмірде, Әруағыңмен жебеп жүрсең жетеді. Бақыт таппақ бұл өмірден қиындықты жеңсе адам, Бұл жалғаннан пенде болып менде келіп енші алам. Кешір, әке! Бұдан ерте, әттең-ай, Жыр жазбаппын мен саған...
Көңіл көзіндегі қарашық * Білмеймін бір кәдеге жарадым ба? Қиыс қанша қадам бастым санадым ба? Он үштен ассам дағы ісім шала, Ес кіргенше, Жаратқан, мына басты, Дұшпан мен жамандарға таба қылма! Жалт етіп сәуле жанды-ау жанарымда, Мүмкін бір қуаныш бар қабағымда. Тәуекел, өмір алда тік тұрармын, Тік тұрғанша, Жаратқан, мына басты, Дұшпан мен жамандарға таба қылма! Мүмкін мен өшіп, қайта жанамын да, Бір жерде керексіз боп қаламын да. Қалсамда керек етіп біреу алар, Алған кісім құным білсін, Жаратқаным, Дұшпан мен жамандарға таба қылма! Берерімде жоқ менің аларым да, Болғанымда, дәл осы боларым да. Өзіммен өзім жүрген пенде едім, Ендеше сол пендеңді, Жаратқаным, Дұшпан мен жамандарға таба қылма! Мен – мұзбалақ бір жарға қонамында, Ал кеудем көмілмесін нала-мұңға, Жаратқан, өтінерім мына сенен Дұшпан мен жамандарға таба қылма. Біреулерге ойы артық баламын да, Мүмкін елім сенеді жаман ұлға. Жаман ұл үмітіңді ақтар ертең, Үміт ақтар бір ұлды, Жаратқаным, Дұшпан мен жамандарға таба қылма!
Ж. Серік * Жетісу, сенің тауыңды сүйем мұнартқан, Қолын бұлғайтын «Сен мені көр!», – деп жырақтан. Жат көрме мені, мен Сырдан дағы тусам да, Ұлың боп өтем көркіңе мәңгі құмартқан. Жетісу, сенің бұлағыңды сүйем мөп-мөлдір, Бір ерке тәтті кенжетайындай көктемнің, Сәні де бұлақ, әні де бұлақ секілді-ау, Жап-жасыл мына шапанын киген көктемнің. Жетісу, сенің көгіңді сүйем көкпеңбек, Ақша бұлт салған қаламыменен текті өрнек. Көзін арбаған сұлулығымен адамның, Дәл мына сені, айтшы, кім сүймей жек көрмек. Жетісу, сенің тал-құрағыңды сүйем мен, Сәл сыбдырынан жүрегіме менің күй енген. Ақ қайың, сірә, құшағына жылы тартады-ау, Ару қыздарды, сұлу қыздарды сүйенген.
Көңіл көзіндегі қарашық * Сен кеткелі, әже, жанымнан, Жаулады жанды сансыз мұң. Мейірімін ешкім төкпеді-ау, Мейіріміңіздей дәл сіздің. Әруағың разы болса екен, Жоқтауға бердім сәл тізгін. Қайтемін, әже-ау, ажалдың, Алдында мен де әлсізбін. Кездесіп енді атаммен, Тілдесіп жатқан боларсың. Бұрынғы балдай сәттердей, Күн кешіп жатқан боларсың. Қызыңды көріп аналық, Күй кешіп жатқан боларсың. Мейірімі нұрлы, әжем-ау, Іздесең қайдан табарсың? Құлыным деуші ең тым ерке, Еркелік қалды-ау тым алыс. Елестерің мен суреттер, Жан дүниеме енді жұбаныш. Боп алды қазір жүрегім, Сәл нәрсеге де жылағыш. Өзіңе жеткім келеді-ақ, Жетер жол саған тым алыс. Жаулады-ау жанды мұң-шерім, Тоналып жатыр қуаныш. «Ботам-ау, тыңдап ал!», – деп сен, Сөз айтушы едің пайымды. Қалай жеңемін мен енді, Тас болып қатқан уайымды.
Ж. Серік Ауылға барсам еске алам, Қаймақтап құйған шайыңды. Қуанышқа жаяр дастархан, Қайғыға неге жайылды? Жәудіретіп ажал ботасын, Аруанасынан айырды. Көктегі Алла деуші еді, Мейірбан әрі қайырлы. Жаныңды алған Тәңірім, Жәннәттық етсін жайыңды!!! Әумин! Дұшпандарыма ода Мені түсінбейсіңдер, Жалықтым, Сайқалдық бетперделерің. Аяғымнан шаласыңдар кеп, Бақытқа жеткенде менің. Сайқал қыс жайлаған көкіректерің, Білмейді-ау ертең көктем келерін! Мені менсінбейсіңдер, Күлесіңдер, Есінен ауысқан ба деп. Түк сезбес ақымақ дейсіңдер, Басынан бақ ұшқан ба деп. Сендердей жыламап едім, Денемді күл-талқан қылып, Пышағын тағдыр шанышқанда кеп! Мені ұға алмайсыңдар, Шаршадым, Жағымпаз мақтауларыңнан.
Көңіл көзіндегі қарашық Қаншама қасірет әкелсеңдер де, Күдер үзгем жоқ ақ таңдарымнан. Жаратқан Аллам демеушім болып, Айыра көрме тәтті арманымнан! Мені жылатасыңдар, Көлгірсіп, Алдамшылықпен жұбатқан болып. Қаншама иттік жасасаңдар да, Жүрегім тұрар шуаққа толып. Сендер өлгенде мен тірі болам, Жақсы істеріммен, бірақ та, соны ұқ! Мені мұңайтасыңдар, Сезем, Дос болып көрінгендеріңмен. Жанымды жаураттыңдар ғой, Шуақ боп төгілгендеріңмен. Қайсарлықпенен қарсы тұрамын, Айыра алмассыңдар сенімдерімнен! Айыра алмассыңдар сезімдерімнен!
Ж. Серік сыр Қарағым... Мен мұңлы пендемін, Ерте ашқан өмірдің парағын. Бұл жаққа келгелі, Мейірімге қаталап шөлдедім. Шайтан ит азғырып, Көп іштім сезімнің шарабын. Жанымды ұға алар ме екенсің, Сен менің! Таусылды амалым... Бұл қала... Қатыгез жандардың мекені, Ащысы молырақ, өте аз шекері. Нұр қала, бұл қала – жын қала. Дәл біздей сорлылар бұл жақта бізсіз де жетеді. Тұлпары есекпен дос болып, Сұңқармен жұптасқан көкегі. Іздеуден жалықтым, Елім деп еміренер көкені. Кейде мен тасбауыр қаладан, Безгім кеп кетеді... Сезінем... Әзірейіл алардай жанымды бүгін кеп. Мен кейде бордайын езілем. Ешкімге жалынғым келмейді, Жанымды ұғын деп. Ажалдан емес-ау, Мейірімсіз қаладан қорқамын дірілдеп. Бәрінен безінем. Тек қана Аллаға мінәжат, Айтудан жалықпан күбірлеп...
Көңіл көзіндегі қарашық Не етеміз... Айтсаңшы, қанекей, шынымен? Мен кейде тіршілік түбіне үңілем. Ойлаймыз, соңына жетеміз. Осындай қиялдан кей сәтте түңілем. Дейтін ед үлкендер: «Мәңгілік тұрмаймыз, бәріміз кетеміз... Тек қана ақындар жасайды жырымен...» Ендеше кететін шығармын, Сол жаққа түбі мен.... * Атам емес, күллі Алаштың ұлы едім, Жоғын жоқтап ал барына қуанған. Мәңгі «Қазақ», – деп соғады жүрегім, Сол жүректе сансыз сұрақ, мың арман. Сансыз сұрақ жетелейді биікке, Ал мың арман апармай ма бақытқа? Қасыңдамын мен әркезде сүйікті ел, Сен күйінген, сен қуанған уақытта. Мені сенен айырады тек өлім, Сені мәңгі сүйіп өтем жүрекпен. Мен сен үшін барлығына көнемін. Алып шығам жігеріммен түнектен. Туған елім жаса мәңгі, сен өлме, Құрбандығың қажет десең мен едім. Сенен асқан Ұлы ел жоқ әлемде, Мен осыған сенемін!
Ж. Серік Тірлік Мына тірлік неткен тірлік? Мұң тірлік, Ақырына жетеміз деп ұмтылдық. Кеш ұғамыз сонан кейін өкініп, Мұң тірліктің екендігін бір күндік. Мына тірлік – сол баяғы күйбелең, Жоқтар налып, барлар бәрін билеген. Жанарында жарқылы өшіп пенденің, Үміт дейтін мұнарасы күйреген. Мына тірлік – соқыр тірлік көзі жоқ, Жоқ болған соң адасатын кезі көп. Адамдардың жүрегіне мұң қадап, Надандардың сап беретін сөзіне от. Мына тірлік – құнсыз тірлік керексіз, Басы қайда, соңы қайда дерексіз. Елі үшін жаратылып мәрт кеуде, Оқ атылып өлетұғын себепсіз. Мына тірлік – тым меңіреу таскерең, Сол себепті тіл қатпауды хош көрем. Үнсіздіктен оның түгі кетпейді, Тілсіздіктен кете қоймас ештеңем. Мына тірлік – жауабы жоқ сан сұрақ, Сан сұрақтың астарында бар сынақ. Біреулердің соры көп боп бес елі, Ал біреуге бұйыратын тамшы бақ.
Көңіл көзіндегі қарашық Мына тірлік әділетті емес тым, Бірде сорлап, бірде жұртпен теңестің. Сәл ғана күт! Сабыр етші, бауырлар, Ешқайсысың бұл дүниелік емессің... Мен де солай... Бұл дүниелік емеспін.... Ертегі Балалық кез аңғалдықпен дос қылған, Ең төресі сол кез екен бақыттың. «Бауырсақты құтқарам!», – деп қасқырдан, Май шелпекті бір түн құшып жатыппын. Ертегіге алданып қап сенімім, Үлкендерге жақпай қалған пиғылым. «Мақта қыздың марқайтам!», – деп көңілін, Мысығымның кесіп аппын құйрығын. Жыңғыл болған Шалқұйрығым үркер ме? Мен, өйткені, қанық білгем қыр-сырын. Ертөстік боп елерем деп үлкенге, Талай рет бұзылыпты тұмсығым. Таусоғардай тас арқалап көп күттім, Қай жағымнан шабады екен дұшпан кеп? Көрші үйдің кемпірінен қорқыппын, «Ауызында бір тісі жоқ мыстан», – деп. Тым ерке едім, кіргені рас кеш есім, Сенімімді талай мәрте сенделттім. Қарлығаштың қайтарам деп есесін, Айдаһарды күтуменен ер жеттім.
Ж. Серік Арманым да адастырар көп еді, Жүрегімде қалып қойған таңба боп. Тазша бала бола алмадым, себебі, Өтірікті айта алмадым қанда жоқ. ...Алла берген басымдағы құтым нық, Көрерім көп, сабақ болар өткенім. Тауысуға жақын қалдым, шүкірлік, Кеше келген он сегіздің көктемін. Қиындықтар жолығады не түрлі, Тәлкегіне салса тағдыр төзермін. Мына өмір ертегісі секілді, Бала кезде айтатұғын әжемнің. * ...Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін! Мағжан Көгеруде көк аспанның астында ел, Мына біздей көк түркінің ұрпағын, Айға қарап ұлыйтұғын қасқыр дер! Болмас бала отызында жаспын дер, Болар бала он үшінде баспын дер! Кімдерді ұттық, біз кімдерден ұтылдық? Томағасын бек сыпырған қырандай, Қанат қомдап, айбаттанып жұтындық. Е, қазағым, Он үшінде баспын дейтін ұлдарың, Жетерлік қой, шүкірлік!
Көңіл көзіндегі қарашық Өзегелерге бас имейтін өр едік, Айтқан елге бітім қып, Қара қылды қақ жарардай төрелік. Сене білген хақ ұлға, Он жетіге енді келген шағында, Абылайды ақ киізге көтеріп, Хан сайлаған ел едік! Одан бері, Елдің көшін, ұлттың көшін түзедік. Жақсыларға сырласатын жақын дос, Жамандарға алынбайтын құз едік. Он жеті жасқа толғанда, Арыстандай ақырған, Жын-перісін шақырған, Қонтайшының мысын басқан мүдіртіп, Қазыбекті туған халық – біз едік! Махамбет бабам айтпақшы, Шашақты найза қолға алып, Күні-түні толғанып, Арғымақ мініп «Алла!», – деп, «Тәңірім, өзің қолда!», – деп, Он бесінде ат мініп, Еңкеу-еңкеу шаптырып, Қанын ішкен жауының, Ақылдың тасқан кемелі, Қабанбай біздің ер еді! Әлқисса! Елінің арын, намысын ердің ту еткен, Қарсы шапқан жауы менен дұшпанның, Айбаты мен күш-жігерін құм еткен.
Ж. Серік Елі үшін жылаған, Көзінің жасын бұлаған, Елін жәннәт – жұмақ қып, Ал ұлдарын өр қылып, Арлы қызын үр еткен, Үбіс бабам жасында, Алмас қылыш асынып, Ниязын елге көп салған, Қоқанның қанын су еткен! Қасқыр соғатын қырандай ұлың түлесін, Ғылымына барша әлемнің, Жиырмасында қосқан үлесін! Отызында бек өксітіп қазағын, Ардақтаған өз елі, Шоқан деген – ұлы есім! Қолын созған көкте тұрған арманға, Жүрегінде иман менен ар барда. Жиырмасында жалындаған алау боп, Коммунистік жастарға, Орақ, балға таңбаланған жалау боп, Сырда туған Арда туған Ғаниды, Білмейтұғын жан бар ма? Текті ұл ек үлкен сөзін тыңдаған, Талайлардың куәсі ғой бұл далам. Жиырма бес дейтін жасында, Лайықты іс қылып, Кеудесі алтын хас ұлға, Немістің сөккен іргесін, Анамның арда әкесі, Өзімнің асқар аташым,
Көңіл көзіндегі қарашық Әдисті жырласам, Қой деп айтар кім маған? Үміттің отын жандырған, Жырлағанда түні өтіп, күн жетіп, Термесімен алтын сарай салдырған. Көшеней атты ұлдарың, Күміс сыңғыр үнімен, Күллі әлемді таң қылған. Үлкен түгіл атын білген жас бала, Ей, бауырым, білмей қап елдің арын ластама! «Бір тойым бар!», – деп жырлаған ақын ұл – Төлегенді білмеу бізге масқара! Ай тамсанып, абатына күн күлсін, Қазақстан – туған менің Отаным! Ұлың саған өз сезімін білдірсін! Желтоқсанда ызғарлы, Жүректегі алауы, Бек еріткен мұздарды, Бас көтеріп қыршын жастар шықпаса, Ел намысын, еркіндігін ұқпаса, Біз осылай жүрер ме едік, кім білсін?! Шүкір! Қайғы жібін, құрсауын да үздірер, Хас дұшпанын арқардайын сүзгілер, Өзгелерге боданды емес бек еркін, Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Жастарымен мақтанады біздің ел!
Ж. Серік Елім болма жас ұрпақтан түңілген, Құлагердей хас жүйрік, Емес олар қара жолда сүрінген! Баяғыдай найза, қылыш жоқ бізде, Қаруландық біліммен! Шындықты айтсақ бабамыздай өрміз де, Болашақтың кілтін әкеп бер бізге! Ертеңдері үмітіңді ақтайтын, Күллі әлем мақтайтын, Туған тілін, туған ділін, Туған елін, туған жерін сатпайтын! Үмітіңді арт! Намысы нық, өршіл ел, Сен бізге!!! * Ей, өмірім! Қажытқан жанымды арман-мұңыңнан, Жалт етіп сөнер жалғандығыңнан, Әр бір күніңнен зардан құрылған, Жалықтым! Қиялдап бекер көз ілгенімнен, Мұқалып біткен төзімдеріңнен, Ғұмырсыз бұлдыр сезімдеріңнен, Жалықтым! Мейірімсіз, қатал адамдарыңнан, Сүрінте берер қадамдарыңнан, Сайтани сайқал амалдарыңнан, Жалықтым!
Көңіл көзіндегі қарашық Нәпсілік күйге құмартқаныңнан, Жанымды үнсіз жылатқаныңнан, Жауапсыз, сансыз сұрақтарыңнан, Жалықтым! Күнәсіз кезімді сағынтқаныңнан, Тәкаппар мұңға бағынтқаныңнан, Құлқынға жанды табынтқаныңнан, Жалықтым! Ей, өмірім! Аға... (Рымғали Нұрғали рухына) Күңіреніп күй тартты Ұлы Дала, Сарыарқа сол күйіңді ұғына ма? Дәрісіңді есіту бұйырмапты, Сол үшін өкінемін бүгін, аға... Сары белдер Сардарын сағына ма? Алла алдында ақ еді арың, аға. Жылатып кеткеніңде жалпақ жұртты, Шалқысыншы жәннәтта жаның, аға... Шертілмеген бар шығар сырың, аға, Айтылмаған кетті ме мұңың, аға? «Абыройың ассын!», – деп дұға еттім, Мүміндердің ішінде құбылада... Тал бесігің тоқтады-ау бесін ауа, Дәл мендей бір ініңді кешір, аға. Айшық қойдым өлеңмен мазарыңа, Қолымнан келетіні осы ғана...
Ж. Серік Бағаң сенің болмайды жырым, аға, Алтыннан артық еді құның, аға. Жүректерде жасайсың! Күллі Алаштың Ардақтаған ардағы – Рым аға! Рым аға... Құлшылық Таң алды... Азаншы дауысын естідім, Асфани симфония шығар – бұл. Күнахар миымнан ескі мұң Ертегі ойларды шығардым. Шайтаным жылайды азғарған, Періштем нұсқайды намазға. Иманын нәпсісі тоздырған, Менсіз де бейшара жан аз ба? Көңілдің не керек тоқтығы, Мазамды алады мендік мұң. Бір ракат намаздай жоқ құны, Фәнидің бағасын енді ұқтым. Жексұрын ойларды шектер кім, Мұндайда ібіліс аяғыш. Он тоғыз көктемді өткердім, Қалған күн Аллаға аян іс... ...Дүние жалғансың дүрбелең, Ақырет таңы рас бір атар. Ақылы ертерек кірмеген, Кеш, Раббым, құлыңды күнахар!
Көңіл көзіндегі қарашық Жүрегім күбірлеп дұғаны, Ей, жаным, сен енді тыншы нық. Жанарым еріксіз жылады, Сәждеге бас қойдым... Құлшылық... * Жанарымды тұмшаласа тұнық мұң, Маралымды таба да алмай қалам ба? Күйін кешіп сорлап қалған жігіттің, Күйініштің сары алқасын тағам да. Бас ұрғанда тәуелді боп уақытқа, Жасырған ба сағынышын жүрегім? Жете де алмай қиялдаған бақытқа, Кете де алмай қазығымнан жүрермін. Бұл өмірде мәңгі тұрман, тегінде, Құлагердей қапы кетіп құлармын. Ортақтасып өкінішке, өлімге, Екі көзін қөлдей қылып жылар кім. Баса да алмай аяғымды қалмайын, Аша да алмай тылсым дүние қақпасын. Жібер мені зеңгір көкке самғайын, Шідерлеулі жырым ғана жоқтасын...
Ж. Серік * Сезімім өлген сенделіп кетіп, Санамды улап қанша мұң. Емдеші, қане, сен келіп кетіп, Шаршадым, Муза, шаршадым. Жазылмай өмір аппақ парағы, Өлімші жанның сүлдесіндемін. Жүрегім қашан тоқтап қалады, Деген күдікпен күн кешудемін. Артымнан өксіп қалғандар жылап, Кебінім көз боп сол кештен қалды. Кім білер мүмкін жалғаннан жырақ, Кетіп қаламын келмеске мәңгі. Дүние маған ән айтар мұңды, Жалықтым дейді менен де мүлде. Жүрегімдегі бар айтарымды, Сыйғызып кетем өлеңдеріме.
Көңіл көзіндегі қарашық * Мен ешқашан періштемін дегем жоқ, Дей алмаймын, деуіме де себеп жоқ. Өлең болып келіп едім өмірге, Арманым жоқ кетсем егер өлең боп. Мен ешкімге жалынғым да келмейді, Байлық іздеп сабылғым да келмейді, Өлеңімді елім сүйіп оқыса, Елі сүйген ақын мәңгі өлмейді. Мен ешкімді жек көрген де емеспін, Мен ешкімге кектенген де емеспін. Жалғызбын деп жасығам жоқ ешқашан, Қатарымнан қалғаным жоқ, тең өстім. Мен ешкімді өкпелете алмаспын, Заманымның етегіне жармастым. Қадамымнан жаңыламын кей-кейде, Азғырғанда сайтан дейтін албастым. Мен ешкімнен артық едім демеймін, Өзім жайлы енді басқа не деймін? Бар байлығым Өлең ғана, қысқасы,
...кедеймін...
Ж. Серік * ...Шешіндіріп иманды жалаңаштап, Арлы күнім адасып барады ақсап. Құбылаға қарап ап мөңірейтін, Менен гөрі бақытты-ау қара баспақ. Не берер деп күні ертең Құдай маған, Түн ойланам, содан соң күн ойланам. Ыстығында шілденің өлерменбіз, Жалынына тозақтың шыдай ма адам?! Күнахарға Жәннат жақ мұнартқанда, Жауап бермей қиналып сұрақтарға. Мешіт жаққа тартады періштелер, Ал шайтаным бар дейді клубтарға. Қу дүние сүйремес көшімді ұдай, Ес те кетіп есепсіз есірдік-ай. Кеш те болса күнәмді мойындаймын, Күнахар бір құлыңды кешір, Құдай! ...«Ықыласты» жаттатып мүмін аға, Өз Раббысын еске алды құлы дара. Таң намазын оқыды алғаш рет, Қарап ап құбылаға! Аллаху акбар...
Көңіл көзіндегі қарашық Өз елінсіз ақын бағы жанбаған, Ары биік өзің едің арда ағам. Тірегіне інілердің айналған, Жүрегіне сыйып кеткен бар ғалам. Құдіретке табынардай әлдебір, Кешіретін бастарынан хал небір. Сөздерінен табылатын маржандар, Көздерінен төгілетін сәуле-нұр. Жыртылса да жамау-жамау жағамыз, Ешкімге де айтылмаған наламыз. Жалған бізді керек қылмас, қазақтай, Қалың елге қажеттіміз, аға, біз. Қу молаға айналған, Бабалардың барлығы. Қу далаға айналған, Қалалардың барлығы. Қу молаға айналса, Ол Құдайдың жарлығы. Қу далаға айналса, Басқа жазған тағдыры. Сол моланы сүйемін, Үнсіз, мұңлы ғазалды. Сол даланы сүйемін, Күңіренген мазарлы.
Ж. Серік Сол молада жатқандар, Жене алмаған ажалды. Жалпағынан басса да, Дала жұтқан базарды... Дүние – жалған... * Адам болып келгеннен соң жалғанға, Адам болып кеткенің жөн кетерде. Пендешілік сайтан іске алданба, Онда, достым, өмір сүрдің бекерге. Өмір осы ақ-қарадан тұратын, Қуантады, кейді өксікпен жылатар. Өмір – осы босаңсысаң жығатын, Кейде сені шалып қалып құлатар. Ең бастысы, мейірімді бол адамға, Тарата біл бар әлемге жылылық. Адамшылдық қымбат маған, саған да, Бар уақытта болар оның құны нық. Ал, екінші, құрметтей біл кісіні, Инабатың білінсінші ісіңнен. Кішкентай деп соға көрме кішіні, Жақсы кісі барлық жайды түсінген. Үшіншісі, адал болғын досыңа, Сатып кетпе қиыншылық шақтарда. Досың түгіл адал болсаң қасыңа, Сенің адал көңіліңе тоқтар ма?!
Көңіл көзіндегі қарашық Төртіншісі, жаманшылық дегенді, Туған түгіл тілемегін пендеге. Азаматтар білсін, достым, өреңді, Жақсылығың көмек етер көрде де. Бесіншісі, келгенінше шамаңның, Көмек еткін міскіндерге елдегі. «Жәннәт» – деген үлкен, биік қамалдың, Кілті болар жақсы амалың сендегі. Ере көрме шайтан – иттің сөзіне, Тозақ болар ертеңдері айыбың. ...Адам түгіл құмырсқаның өзіне, Жақсылық ет, Алла берер қайырын! Неге? Мен қайдан келдім, белгісіз, Баратын жерім – бұлыңғыр. Сенімдерім де сенгісіз, Сезімім алмас тыным бір. Өлер ме екенмін, кім білсін, Тірілемін бе қайтадан? Жалғанның соңы – бұлдыр шын, Арманның соңы – шайпау ән. Сұрақтарым көп жауапсыз, Іздеген жандар көп мүлдем. Асығамын деп тағатсыз, Адасып бәлкім кеттім мен.
Ж. Серік Мәңгі емес мәнді ғұмыр да, Болса да қанша мың айлаң. Әлемнің кілті ғылымда, Ғылымның кілті Құдайдан. Адамбыз дейсің барлығың, Ал адам өзі кім екен? Маңдайға жазған тағдырын, Құбыладағы Құдекең. Өмірге терең үңілдік, Таппадық жанға нәсіп түк. Тәңірге қарай жүгірдік, Қабірге қарай асықтық... Неге?.. Тыныс белгісі Теперіш көп көрмесем де тағдырдан, Күнәсі жоқ қиялым бар қаңғырған. Өмір жолым бастағанда бақытқа, Сұрау белгі шыға келеді алдымнан. Қорқып мұз боп қалтырайды ми денем, Сұрақтарға сыр айтпауды үйренем. Қуаныштың лебі есетін бойынан, Леп белгісін сағынамын кейде мен. Алға қарай жүзер болса нық кемем, Болашақтан бір бақытты күткен ем. Жазуға емес Өмір деген кітапқа, Мен қорқамын қойылатын нүктеден.
Көңіл көзіндегі қарашық Жетектесе желік көпке жетемін, Татып көрем балы менен шекерін. Үлбіреген үмітімді мұңайтып, Үтірлерге үрке қарап не етемін?.. ...Күйім осы, түсін, мейлі түсінбе, Кей сәттерде адасамын түсімде. Тырнақшаға тағдырымды табыстап, Қалып қоям жақшалардың ішінде. Бір күні... * Келеді түбі бір өлім, Себебін менен сұрама. Күллі әлем сыйған жүрегім, Табытқа сыймас сірә да. Қайғыға бастап нала-мұң, Жылыстап өткен күндермен. Түсімде өліп қаламын, Өңімде тірі жүргенмен. Өмірдің өзі алдамшы, Көңілдің қайтем тоқтығын. Жалғанның соңы – заңғар шың, Ал оған шыққан жоқ бүгін. Өткеніме еш өкпем жоқ, Келер күн аян Аллаға. Қуанышым жетер көктем боп, Жұбанышым да сол ғана.
Ж. Серік Жанымның сырын шертем де, (Бақыттың қайда бал дәмі?) Өзімді қойшы, ертеңге, Өлеңім жетсе болғаны. * Ағайын дей алмадым қиын хәлім, Өмірдің сүріп жүрміз бұйырғанын. Аллаға шүкір еттім, міне бүгін, Есігіне сәл қалдым жиырманың. Жүрегіме сыйдырдым сары даласын, Айбынды елім имеген ханға басын. Өлеңіме оқырман болсаңыздар, Төгерім әлі де алда, арда Алашым. Құлап көрдім өмірде, сынақ көрдім, Жылап көрдім, сен елім қуат бердің. Өзгеге емес өзіме аян болған, Өміріме өкпем жоқ бірақ менің! Ой Азан-қазан көше бойы тынымсыз, Бұл пенделер асығады неге осы? Көз алдыма көп келеді жұғымсыз, Балалық шақ тәтті кездің елесі. Асыққанмен мақсатына жетер кім? Ажал деген тосып алар алдында. Тек елесін сыйға тартқан әкемнің, Қандай өкпе айта аламын тағдырға?
Көңіл көзіндегі қарашық Бұл ажалға қарсы келер жан бар ма? Төмпешік боп қара жерде қаласың. Тәтем де өткен нәлет айтып жалғанға, Мектепке де апара алмай баласын. Кеткендерден ал әзірше жоқ дерек, Ажал деген бұл адамды аяр ма? Жыламадым сұм тағдырға өкпелеп, Атамды әкеп қабіріне қоярда. Жүрегіме сыйлап ауыр мазар мұң, Өлім деген жалмауызға сот бар ма? Топырақ шашқам мен артына ажалдың, Әжемді алып кетіп бара жатқанда. P.S ...Жеңе алмаған еш бір адам өлімді, Егер жеңсе не болады? Жә, құрсын. Жалмағанда арыс кеуде еріңді, Ал ол біздей байғұстарды не қылсын? Тұрағым боп тұрған кезде жұмыр жер, Өкпелеуім «үкімсізге» бекерлік. Кешір Алла, тым болмаса ғұмыр бер, Жақсы істерді жасауыма жетерлік.
Ж. Серік Арсыздың күнін арыңды былғап тойлама! Бұрын қандай ең, қазағым, айтшы, затың кім? Ұлысы болған иманды ақын-батырдың. Ал бүгін елім шайтани іске шатылдың. Қасиетсіз күнін мереке қылып кәпірдің, Біріңді-біріңді күнә жолына шақырдың. Үйдегі барлық үлкен-кішіге сый адам, Жеңгеме сый қып дәл осы күні кей ағам. Үлгісі болар балапанға ұшар ұядан. Ақ махаббаттың құрбаны болған кешегі, Қыз-Жібек, Баян әруақтарынан ұялам. Тәрбие болған жалғасып келген ғасырдан, Қылықтыларым сезімін жұрттан жасырған. Ал бүгін, елім, некесіз ары ашылған. Ұл менен қызың ұялмай үлкен-кішіден, Көшені кезіп біріне-бірі асылған. Қызыңда қазір қызығатұғын жоқ қылық, Ұлдарың – қанден, бөрі емес қарар көкке ұлып. Жүректен өшкен бабадан қалған оттылық. Некесіз туған, күнәға батқан ұрпақтан, Қателік болар табылар деуің тектілік. Күздей қып сорып солдыратұғын көктемді, Көктемнен қалған қуаныш па екен көп белгі? Мұсылман деген кәпірдің ісін жек көрді. Арсыздың күнін арыңды былғап тойлама, Жастарым менің ойланатұғын шақ келді!
Көңіл көзіндегі қарашық * Көз ілсем, Сен жайлы тым тәтті түс көрем, Енді ұқтым, бала екем жел өкпе, Емшегі шешенің аузынан түспеген. Туған жер! Мен саған жеткім кеп тезірек, Отарбаларды, Жиырма вагонымен қосып, Сүйреп келемін «Сағыныш» – дейтін күшпенен. Қаланың тым жұмбақ түндері Күндері күңіреніп өтетін хас жауым, дұшпандай, Ауасы тарылтып Арылтып бақыттан жанымды қысқандай. Аязы ақырып, Шақырып қорқыныш мәхрүк мыстандай. Қанатым жоқ менің, Туған жер! Мен саған ұшып-ақ жетер ем құстардай. Түсімде, ішінде қап қойып елестің, Белгісіз, сенгісіз, Миымның төрінде көз ілген сезіммен егестім. Жан-жақтан жұлмалап, Қу тірлік оятқан ойларға арбалып, Жүрсемде мен сені есімнен шығарған емеспін. Туған жер! Ал мұнда, Дәл сендей шашымнан иіскеп, Басымнан сипаған жоқ әлі мені ешкім!
Ж. Серік Терезе ар жағы тас-түнек қараңғы, Нұр емес мұң сыйлап, Жасқантып жанарды. Жұпарлы жусанның иісі, Мұрынды жарады, дел-сал қып санамды. Ұшырып кеудеден, Шөлдеген тек саған сан әнді. Туған жер! Бауырыңа басшы бір, Сені аңсап, сағынған балаңды! Аққыртау Аққыртау, аппақ қырқа сайын далам, Құдайы ырзығынан айырмаған. Жусаныңа жұпарлы аунап өскен, Шаңырағыңа бас иді шайыр балаң. Аққыртау, аппақ өлке адыр мекен, Маңдайыңа бақ жазған Тәңір бекем. Ата сақал аузында шалдар түгіл, Алты жасар ұлың да қадірлі екен. Аққыртау, сырларың көп ақтармаған, Қойныңда дұшпан жатқан аттандаған. Топырағыңда Күреңін кісінетіп, Жотаңда жауға қарай жортқан бабам. Аққыртау, құлаш құшақ киелі аймақ, Майлыөзек ақ жағаңды сүйеді ойнап. Сабадан сарқа ішкен сары қымыз, Абадан аталарым бие байлап.
Көңіл көзіндегі қарашық Аққыртау, Жалғызтөбе, шағыл құмдар, Шағыл құмды шөктірді сағым жылдар. Биіктегі сексеуіл кешкен ғасыр, Бейіттегі шалдарды сағындыңдар...
Аққыртау... * Он күндей қатты ауырдым, Таппады емін әді ешкім. Біресе саумын, тәуірмін, Біресе дертпен егестім. Доқтырлар содан бекінді, Емдеуге мені дұрыстап. Инелер салды не түрлі, Дәрілер іштім уыстап. Тамақтан деді ұшынған, Шешімі болды ақырғы. Ем-домы қонбай ұсынған, Тамыршы шалды шақырды. Тамырымды ұстап ойлап нық, Деді шал: тәтті күйге ену. Дертіңнің аты – бойдақтық, Емделу жолы – үйлену!
Ж. Серік Әлди Өзегімде өзеурейді неге түн? Сол түніме арбалады қарашық. Көзмоншақтар сәтін сезіп өлетін, Кірпігіме жармасады таласып. Ай қарайды аңтарылып төбемнен, Бара алмаймын шақырғанмен жұлдыздар. Себебі сол, аппақ нұрға бөленген, Жер бетінде мені күткен бір қыз бар. Үміт тіктеп көтереді еңсені, Куәсі ме келер күннің бұлыңғыр? Сол қыз еді ғұмырымның өлшемі, Құрсағында тербетіліп ұлым жүр. Әлди! Әлди! Әлди, құлыным!
Көңіл көзіндегі қарашық Жастығымды ұрлап кетті кеше күз... Жастығымды ұрлап кетті кеше күз, Мастығымды тарқата алмай жүргенде. Өмір – жұмбақ, оны қашан шешеміз? Оңай шығар білгенге. Көрге барып топырақта ал тыным, Тірлік деген – тек ілесу сағымға. Жастық деген – жасау екен, жарқыным, Қуат-күштің барында. Амалсыздан ауыр ойға тұншығып, Желісіне жақын маңда құлын жүр. Содан кейін қалған жұмыс – күрсіну, Арғы жағы бұлыңғыр. Біздің бақыт бедерлеу ме өткенді? Қайта келу мүмкін емес сірә да. Өткеніңнен қалып қойса көп белгі, Еске алуды сұрама. Сағыну ма сонда тапқан ермегің? Жастығыңды қадірлей біл, қадірлім. Ол өткен соң қалған ғұмыр – сенделу, Бұйыртқаны Тәңірдің.
Ж. Серік * Біздің қоғам «алтын қоғам» десек те, Барлық нәрсе сатылады ақшаға. Содан өмір құрылады есепке, Өркениет есігіңді қақса да. Кім айтты екен төмендегі байламды, Мүмкін ол да ақшасымен бағы асқан. «Ақсүйек» деп атап жүрміз байларды, Қу дүниеде қу сүйекке таласқан. Жазығы жоқ солай деген ел кеше, Тарих куә бүгін жеткен сазды үні. «Қара сүйек» – кедей болды ендеше, Бар кінәсі – байлығының аздығы. Көрген жанды есін алып таң қылар, Кереметі болары рас адамның. Мың құбылтып айтқаныңмен дәл бұлар, Өлшемі ғой өткен арғы заманның. Бай дегенде шіренгендер елестеп, Әр ісінің аяғынан құт аңдар. Білесіз бе, алтыны аздар емес тек, Нағыз кедей – рухани жұтаңдар. Дегеніңмен келер істің бәрі алда, Артта қалған есте дейсің қай күнің? Жиғаныңмен емес біздің қоғамда, Иманыңмен өлшенеді байлығың. Мұнан кейін мен де біраз ойландым, Сен де ойлан, алсаң жарар тағылым.
Көңіл көзіндегі қарашық Кедей емес қатарынан байлардың, Көрінуге жазсын бізді Тәңірім! Құранның сүресіндей оқып қойған, Зулап кетіп барады уақыт қайран. Елің тыныш, болмаса жұртың аман, Басыңа кеп қонады бақыт қайдан? Асулардан адаспай өттің анық, Аз қайғырып, ғұмыр кеш көп қуанып. Ақырындап келгенше ақырзаман, Сен аман бол Қазақтай текті халық! Ұғынады харам істі ел неге, Зымырады көкте ұшқан құстай күн. Тығылады адам бір күн көрге де, Жығылады, мәңгі емес күшті айбын. Сұғынады харам тапқан теңгеге, Құнығады дегендей жер құшпаймын. Құмыраны қолға алмаған пендеге, Құбыланы қалай ғана нұсқаймын?..
Ж. Серік Күтіп ал мені... Алыстаса да күндерім нұрға бөленген, Мен сені, жаным, жебеп жүремін өлеңмен. Сен күлсең күлем, біліп қой, қарғам, бар кезде, Жұлдызың болып жымыңдап тұрам төбеңнен. Жанымда мұң бар, ал оны айтшы ұғар кім? Мен сені, сәулем, ұмыта алмайтын шығармын. Өшпейсің мәңгі, менімен бірге жасайсың, Қайырмасы боп кеудемде тұнған бір әннің. Тәнімді тонап, жанымды мүжіп талай мұң, Талай мұңыма сағынышымды әкеп жамаймын. Қараңғы түнек торлаған мына жүрекке, Нұрыңды құйдың, шуағыңды төктің, арайлым. Бір болған кездер не деген шәрбәт, тәтті күн, Тәтті күндерден жұрнақ та, міне, жоқ бүгін. Қараңғы түннің құшағына еніп сен жүрсең, Айың боп мәңгі аймалап тұрам, ақ гүлім. Құтылам қалай, құрғыр-ай, мына түнектен? Күндерім қайда, сезімнен жүрек дір еткен? Самал жел келіп зар қылып әнді ағытса, Мен деп білерсің, сағынып сені жыр еткен. Болды ма білмен, алдыңда сенің кінәм шын, Бар сырын айтып жүрегім сәл-пәл жұбансын. Ақша бұлттардан мөлдіреп моншақ тамғанда, Сағынып сені жылаған мен деп ұғарсың.
Көңіл көзіндегі қарашық Жанымда жоқсың, жанымның сырын айтар ем, Сол сәтте менің сағынышымды байқар ең. Қызғалдақ гүлім қауызын ашқан тым ерте, Желге ұшып кетпе келгенше саған қайта мен. Сен аққуым ең сыңарға жалғыз балаған, Өзіңді сүйген жүректі қайғы тонаған. Ұмытпа мені, тек күдеріңді үзбеші, Бақытың болып өзіңе қайта оралам Ішімде жатқан ішқұса сырды білер кім, Жанарыма кеп қайғы тағады жүдеу күн. Күтіп ал мені, Бір күні барам сен жаққа, Ерттеп мініп сағыныштың сары күреңін... Күтіп ал мені!!! Өзіңе обалы... Жүректе көп жара, мол қайғым, Мен бірақ дәл ондай болмаймын. Өкініп қалмасаң жарар ед, Қолыңа қайтадан қонбаймын. Сен мені жаныңмен түсінгін, Бал емес уыңды ұсындың. Бақ құсын орнаған басыңа, Әй, бірақ, үркітіп ұшырдың. Баласың, Мен үшін сол қайғы, Көрерсің, Тағдырың алдайды. Сен үшін мен – пенде, мен үшін – дәл сендей өзге ешкім болмайды.
Ж. Серік Су алып көңілде аралым, Кінәні мен кімге тағамын? Қасыңнан кеткенде қия алмай, Жаутаңдап қалып ед жанарың. Өмір – қарт сүйреткен таяғын, Шынында мен сені аядым. Кешегі бастаған сөзіңнің, Үтірмен қойып ең аяғын. Әлі де басқаға ұнарсың, Біздегі бұл хәлді ұғарсың. Мен тартқан азаптың кесірі, Бір күні мені ойлап жыларсың. Қарағым, Бар шығар білгенің, Сырласым, мұңдасым – жыр менің. Ақынның жүрегі – шыныдан, Жылатсаң, сынарын білмедің. Таусылды ағаңның амалы, Асқынттың жазылмас жараны. Жүрегім қансырап жылап тұр, Басқа емес... Өзіңе обалы...
Көңіл көзіндегі қарашық Айналдым Жанарыңнан айналдым, тамағыңнан, Қабағыңнан айналдым, қадамыңнан. Жүзің жылы болғанмен, ал мен үшін, Жүректегі алынбас қамалың нән. Кірпігіңнен айналдым, көздеріңнен, Ерініңнен айналдым, сөздеріңнен. Дым білмейтін кісідей жүре бердің, Сені сүйер жан барын сезгеніңмен. Шашыңнан да айналдым, шашбауыңнан, Сөздеріңе елітіп мас та болғам. Есім кетіп жүргенде еміреніп, Қара басты қасқитып тасқа да ұрғам. Жүзігіңнен айналдым, саусағыңнан, Жаратылған нұр бейнең бал сағымнан. Көзімді жұма алмаймын қорқа берем, «Айырылып қалам ба?», – деп аңсарымнан. Айналайын өзіңнен, айналайын...
Ж. Серік Сен мені... Сен мені ұға алмадың, Есімнен шығармадым. Өзіңе қолым жетпес, Ісін-ай бір Алланың. Сен мені сүйе алмадың, Күлкіңмен жиі алдадың. «Басқамен кетем!», – дейсің, Сені оған қия алмадым. Сен мені құша алмадың, Көркіңмен тұсауладың. Қанаты талған құстай, Сен жаққа ұша алмадым. Сен мені жылаттың-ау, Сүюге құмарттың-ау. Сезімнің құз-жарынан, Итеріп құлаттың-ау. Сен мен алдағансың, Өзіңе зар боғам шын. Басқаға – жай адамсың, Мен үшін – арман әнсің.
Көңіл көзіндегі қарашық Ұмытпассың Қанша жанды ұнатсам да ғашық боп, Бір өзіңе жетпейді екен бірақ та. Қайран көңіл, қайран сезім, ғашықтық, Жауап іздер көзіңдегі сұраққа. Мінгесіп ап тұлпарына арманның, Бірге жетсек қиялдаған бақытқа. Құз-жарынан қағып алам жалғанның, Абайсызда тайып кеткен уақытта. Біреулерге сыры ішінде қамалсың, Алынбайтын, ашылмайтын мәңгілік. Мың құбылып өзгерсе де заман шын, Мен өзіңді ұнатқанмын заңдылық. Күңіренген қара түнек бақтарда, Бек, қызарып атпас мүмкін құба таң. Көңіліңе қаяу түскен шақтарда, Самал болып әлди айтып жұбатам. Бар жігіттің бар сырына қанық пе ең? Өтінерім тек өзіңнен абайла. Ақ жауынның тамшылары болып мен, Шаштарыңнан иіскейін жарай ма?! Сағыныштың сары алқасын тағынып, Араларсың арманыңның аралын. Бір өзіңді күтетұғын сағынып, Мына мені ұмытпассың, қарағым.
Ж. Серік Сені ойласам... Сені ойласам сейілгендей бар мұңым, Ал мен байғұс құр сүлдері жарлымын. Қиялымды қорлап, таптап құр елес, Арманымды мың ораған тағдырым. Сені ойласам оянғандай жыр – үміт, Жүрек жырға кеткендей-ау құнығып. Арман, арман қанат қағар сол сәтте, Жатқан қиял арасына тығылып. Сені ойласам кетемін-ау бек еріп, Көрсете алсам жарар еді өрелік. Өзіңменен бірге болған күндерім. Болады екен, айтшы маған, неге ұмыт?! Сары қыз-ау... Сары өріктей уылжып ең күздегі, Бірақ, қолым бұтасынан үзбеді. Қиялыма, шабытыма ақ қанат, Бітіргендей құшақтағы қыз демі. Сары күздей сағыныш ең сары орман, Сап-сары алтын сағынышқа оранған. Сары қыз-ау, дәл мендегі сағыныш, Мына сенің сезіміңнен жаралған. Жүрегіме қуат беріп мың үміт, Мың үміттен үркек қайғым тығылып. Сары қыз-ау, сары күннің нұрындай, Таратқансың жүрегіме жылылық.
Көңіл көзіндегі қарашық Көңілде мұз, ал, қабақта көк қырау, Дегенім жоқ арманыма жеттім-ау. Сары қауынның тілігіндей ерініңнен, Сары қыз-ай, бір сүйе алмай кеттім-ау. Сүйген жігіттің айтатын саған назы бар, Бұл жүрегімде сезімнің аппақ сазы бар. Сағыныш дерті қу жанды жеді жегідей, Өзің кеп енді жазып ал. Алыста жүріп жүрек үнімді сезбессің, Өзің деп соққан жүрегім қалай өзгерсін. Ақ көгершінім ақ арман болған қол жетпес, Қолымнан қашан жем жерсің. Сен мені ойлап сенделіп, жаным, жүрмісің, Жырымның саған ұсынам, еркем, нұрлысын. Үш күннен кейін көктем келеді, сен маған, Оралармысың жыл құсым? Санамды улады бал сағым, Жүректе қанша жыр, қанша мұң. Өзіңді, аппағым, аңсадым, Шаршадым, шаршадым, шаршадым... Жанымды мазалап лағыл мұң, Жартысы сен едің жанымның. Пәктігі өзіңсің арымның, Сағындым, сағындым, сағындым... Мен жіпсіз өзіңе байландым, Көркіңе ай сүйген тойған кім?
Ж. Серік Ерекең айтқандай итіңе, Айналдым, айналдым, айналдым... Жарық қыл жанымның түнегін, Тек мен деп соқсыншы жүрегің. Үмітім үзілмес деп сенем, Жібегім... * Сағым боп қолыңды бұлғатсаң, көкем, Жүректе жанған сезім туласын. Орамалың боп құрғатсам екен, Моншақ боп тамған көзіңнің жасын. Соңыңнан сенің қарайлап қалсам, Бағыңа орал аңсаған құсым. Ауылыңа сенің Абай боп барсам, Тоғжан боп мені қарсы алармысың?! Наз Жаспыз ғой жүрегінде жалыны бар, Өмірдің өлшеп бермес тәлімін ал. Ақын жанның, құрбыжан, біле білсең, Сұлулық атаулыға жаны құмар. Түнереді бұл өмір жүзі бұлттай, Мына менің жанымның сырын ұққай. Үр қызындай үстемдік еттің, еркем, Жүрегімнің ішінде жұдырықтай. Жаның асыл, қарасам, арың асыл, Сөз айтқам ғой өлеңге жарығасын. Өтінерім тек сенен бір-ақ нәрсе, Дұрыс ұққын сөзімнің мағынасын.
Көңіл көзіндегі қарашық Жастық шақ өтер, кетер күндер ерек, Жүректі әлди әнге кім бөлемек? Қазақтың мәрт жігіті бағың болып, Бақыттан басың айналсын шыр көбелек! Мені де аңса... Сүрініп кетіп құлағанымда Өмірге налып жылағанымда Қалып қойғанда мұң аралында Сені аңсағанмын. Сағым боп арман самсағанында Қамалған сәтте қаншама мұңға Қалжырап, құлап шаршағанымда Сені аңсағанмын. Өмірден түңіліп безінгенімде Шерменде күйде көз ілгенімде Фәнидің жалғанын сезінгенімде Сені аңсағанмын. Аяқты шынжыр тұсаулағанында Құс болып көкке ұша алмағанымда Үр қызын өңімде құша алмағанымда Сені аңсағанмын. Уайымнан моншақ тағынғаныңда Құлықсыз күйге салынғаныңда Сарылып күтіп сағынғаныңда Мені де аңса...
Ж. Серік Сүйдім Сөзіңді сүйдім сырмақтай сырып бастаған, Әйтеуір, білмен, жылы сөзіңе мастанам. Барлық сырымды ақтарып салғым келеді-ақ, Мен, бірақ, сенен шынына керек жасқанам. Жүзіңді сүйдім алмадайын-ақ қызарған, Алманы кімдер рұқсатын алмай үзе алған? Ақ жүрегіме айдайын нұрын шашсыншы, Көкірегіңдегі гүл атқан жаңа қыз-арман. Шашыңды сүйдім аумаған бейне толқыннан, Иіліп келіп екі иығыңа артылған. Бек бұйраланған шашыңа, шіркін, сыйыпты-ау, Мен шын бір сүйген болмысы бөлек бар тұлғаң. Көзіңді сүйдім нұрланып маған қараған, Кеудемді білсең, қос жанарың ғой тонаған. Мен асылында бақытты екем қарағым, Көз тастап сенің бір қарауыңа жараған. Өзіңді сүйдім... Бірақ...
Көңіл көзіндегі қарашық Жолықтың неге маған? Қарағым-ай, жолықтың неге маған? Қалмады-ау жан-жағымда сенер адам. Жо-жоқ, енді кезікпе, көрме мені, Өлейін тұрған кезде өрем аман. Жарығым-ай, жалт еттің, бір қарадың, Жаныма жанарыңнан гүл қададың. Сөз айтсам күлуші едің жай жымиып, Сыңғырлап құлағыңда сырғаларың. Аппақ гүлім, ай нұрым, көгершінім, Мен бір жүрген ақымақ өлеңшімін. Гүлге қонған бәйек боп бал арадай, Жиғым келер жаныма сенен шырын. * Ұшығын шығарғандай бір ақпардың, Сіз жайлы мен де біраз сыр ақтардым. Сөзіңіз сыбдыры ма тал-шыбықтың? Күлкіңіз әні ме еді бұлақтардың? Ұғасыз деп ойлаймын жүрек күйін, Ендеше үмітімді жүдетпейін. Кірпігіңіз қарлығаштың қанатындай, Шашыңыз үлбірейді жібектейін. Кең етек тәніңізге үйіліп бір, Көйлегіңіз әдемі құйылып тұр. Қызыл екен ерініңіз шиедейін, Қастарыңыз қияқтай қиылып тұр.
Ж. Серік Жігіттер шешім қылар қандай бекем? Сіз жайлы талай сері ойлайды екен. Ай нұры аймалаған ақ жүзіңіз, Бір сүюге аңсаттырмай қоймайды екен. Желік беріп жүрекке қиялдарым, Өзіңізге жетелеп кей арманым. Сырыңыз тұнып тұрған айнам көзді, Кірпікпен жасыруға қия алмадым. Келбетіңіз көрікті-ау! Қарай қалдым. Қайырмасы өзіңіз арайлы әннің. Сіздей жан табылар ма іздегенге? Болдыңыз ба арманы талайлардың? Айналған Баяндардың жалғасына, Сіздей жан келмейді ғой жан басына. Беу, дүние, сізді сүйген жігіттердің, Орындалар арманы бар ма, сірә? Неге? Жүргізбей екі аяғымды, Қайғының оты тұсаған. Еліктей ерке Баянымды, Түсімде ғана құша алам. Неге? Жанымды жеген жүдеу мұң еді, Бар қиялымды тонаған. Тек сені жаным жүрегімдегі, Тұңғиықтан ғана таба алам. Неге?
Көңіл көзіндегі қарашық Сені ұнаттым Сені ұнаттым сергелдең күйде жүріп, Күдік күнді күтуден именді үміт. Сүрініп тар қапаста қалып қойды, Өзіңді бұрынырақ сүйген жігіт. Тамсандырып неліктен құр алдадым, Солдырып алдым, білем, гүл арманын. Бір кінәмді алдыңда мойындаймын, Ұға алмадым сырыңды, ұға алмадым. Әр сезімде болмай ма тұрақтылық? Жатқан шығар кеудеңде сұрақ тұнып. Кешірімді сұрадым жылап тұрып, Екеумізге келгенде, айтшы, неге? Тозақ ашық, құрғыр-ай, жұмақ құлып. Сезім-дауыл жері бар ма шайқамаған? (Қиялдан қанат қағып ой тараған). Мен қанша өкінсемде өткен іске, Оралар ма екенсің қайта маған?.. Мұғалима апайым Сұлулар көп ақынға жыр жаздырған, Күлкісімен жігіттерді мәз қылған. Шабаздардың бірі едік жарықтық, Қыз біткеннің дарбазасын тоздырған. Дәу де болсақ ойнап жүріп ләңгімен, Қап-қара боп жазда талай қаңғып ем. Қыркүйекте біз келгенде мектепте, Жас мұғалім көбейіпті, ал, кілең.
Ж. Серік Сол апайлар сұлу еді шынымен, Біраз уақыт беймаза боп жүріп ем. Жаңа келген мұғалима апайлар, Әй, жарықтық, бірі өтеді бірінен. Әрбір таңым апайды ойлап атса нақ, Қызғанғаннан жанарымнан жас тамад. Жүруші едім амандасса мектепте, Ауыз сөзін жүрекке нұр, бақ санап. Басын ашып алғандай-ақ бір істің, Сезімімді өлеңіммен ұғыстым. Келгеннен соң отыра қап мен бірден, Ғашығыма жыр жазуға кірістім. Сол шақ шабыт өрге қарай өрлеген, Жырым шықты сөздеріммен зерлеген. «Сүйдім, күйдім», – деп басталған өлеңім, Аяқталды: «Үйленеміз», – деуменен. Түскеннен соң өмір атты сүрлеуге, Фәни бізге барлық жүгін теңдеуде. Айлар өтті, жылдар өтті қас қағым, Жігіт болдық сөзі мығым, өр кеуде. Ғашық болсаң күйімді бұл ұғар ең, Әдемілік, сұлулыққа құмар ем. Сол кездегі өлеңімді бір оқып, Өзіме өзім таң қалғанмын мына мен. Бір өркендеп өсіп келем заманмен, Ол дегенде қалмайтындай алар дем. Басына бақ, жүрегіне жылылық, Есейген соң тілеп едім оған мен.
Көңіл көзіндегі қарашық Бала көңіл дала кезіп сандалған, Шабыт алдым қиялдағы арманнан. Менің алғаш сүю жайлы жырларым, Мұғалима апайыма арналған! Бір жанмын Салғаны тағдырдың, Куәсі бар күннің. Мәңгілік мұңайма, Жан құрбым. Құс болып ұшайын, Неге сыр тұсайын. Жаныма жақында, Құшайын. Күтем деп сарылдым, Аңсаған бағың кім? Ерініңнен сүйейін, Сағындым. Жанымның бәрі мұң Алдамшы сағымым. Жанымды жарық қыл, Жарығым. Жолында жалғанның, Өзіңе қорғанмын. Қорықпа, аппағым, Мен бармын.
Ж. Серік Өмірлік сыңарым, Бұралған шынарым. Сырыңды көзіңнен, Ұғамын. Сезімім білінсін, Жайқалған гүлімсің. Жүректен туатын, Жырымсың. Кімге үміт артамын, Өзіңмен әр таңым. Жоғалтып алам деп, Қорқамын. Өзіңді жырлармын, Сөзімді тыңдар кім. Дәл сені шын сүйген, Бір жанмын. * Бірге өткен күндерім – Ертегі тым қызық өмірден үзінді, Басқаға болсақ деп ойлаушы ек біз үлгі. Сендегі пәктіктің қыл жібі, Өзіме жетпей-ақ үзілді. Мен сені кешпеймін, Сондықтан өлердей өзіңді жек көрем, Біліп жүр, мен үшін өліксің, жоқ көрем. Көзіме көрінбе, өтінем, Аулақ жүр алыстап тек менен.
Көңіл көзіндегі қарашық Ол рас, мойындаймын, Әдемі ақ жүзің керемет көркем ең, Жанымды, тәнімді жалын қып өртеп ең. Ерініңнен дәм татқан, дәл қазір, Білмессің, өзімнен жиіркенем. Санамнан жоғалшы, Неліктен сырымды, мұңымды ұрлайсың? Желге ұшып кететін тұрақсыз құмдайсың. Кірпіктен үзілген тамшы боп, Көзімнің жасына тұрмайсың. Сенсіз де шырқайды, Мен сүйген әуенді көңілдің ән құсы, Бұл саған арналған жырымның соңғысы. Білмедім, Мендегі ғашықтық сезімнің, Кімге екен қарғысы?!
Ж. Серік Қош мәңгі! Мен саған ғашық болмағам, Сен мені неге ұнаттың? Жүрегіңдегі арман ән, Оттығы-ау сезім – шырақтың. Ол шырақ әттең жанбады, Жасыңмен өзің өшірдің. Қиялдың тәтті арманы, Санамнан сені өшірдім. Ешқашан мені ойлама, Бағымын қазір бөтеннің. Аман жүр енді қайда да, Шұғыласы түнек бөтен күн. Аймалап айтар сөзіңнің, Қажеті енді шамалы. Құрбаны болдым сезімнің, Сезбейсің, бірақ, сен әлі. Өзіме әттең жетпей-ақ, Пердесін үзді-ау періштең. Сен үшін қызық көптей-ақ, Алайда уын мен ішкем. Кешіре алмаймын мен сені, Жараладың-ау жас жанды. Арымдай болған еңселі, Періштем, енді қош мәңгі!
Көңіл көзіндегі қарашық Аппақ қар Қара қайғы секілденді-ау батпақтар, Қайғы салған жүрегімде көп дақ бар. Сол дақтарды жуып қане жіберші, Бүгін жауған ұлпа, мамық аппақ қар. Жетем деген тіпті үмітім жоқ менде, Аппақ арлы, аппақ мінез, ақ кеуде. Дәл өзіңдей аппақ, шіркін, боп еді, Сүйген жаным көз жүгіртсем өткенге. Ол қазір жоқ, мәңгі кеткен тым алыс, Он төрт-ақ күн сыйлап маған қуаныш. Жоқ болса да жүректегі суреті, Жылап қалған жан дүниеме жұбаныш. Сергелдең қылды сан сұрағы сынақтың, Періштемдей бола алады бірақ кім, Тек аппақ қар сейілтуші ед қайғымды, Әттең, оның ғұмыры да бір-ақ күн... Мен өлген соң... Сен өзіме пейіліңмен ұнадың, Сезімімді селт еткізген шынарым. Тым кеш ұқтым мына жалған дүние, Қуаныш пен қайғы-мұңнан тұрарын. Қалған жанмын зор қайғыға көміліп, Алдап кеткен әу бастан-ақ мені үміт. Көрген кезде мен өзіңді, елік қыз, Есім кетті есуастай еліріп. Сен дегенде айтылатын ән басқа, Сен де мендей сезіміңді қорғашта.
Ж. Серік Мына өзіңді құлай сүйген дәл мені, Күлкіңменен алдандырсаң болмас па? Жатқаным жоқ сені жырға қарық қып, Көкірегіңді қойған Алла ғәріп қып. Біле алмадым мына қысқа ғұмырда, Махаббаттан жолым болмад, жарықтық. Жә, жә, енді, мен де оған не етейін? Өлім жайын неге ойлайды көкейім? Өңімде емес түсімде-ақ мен сенің, Бұрымыңнан иіскеп мәңгі өтейін. ...Сырларыма жайып салсам сенер кім? Мен өзіңді бақытыма теңермін. Бір күндері жынданатын шығармын, Елесіне еріп жүріп өлеңнің. Басқа басқа, соры қайнаған мен байғұс, Махаббаттың уын ішіп өлермін. Бағың бөлек, сорың бөлек сенің де, Дүниеден озарым рас менің де. Мен өлген соң тек өзіңнің уыс қып, Бұрымыңнан кесіп ора кебінге. Тіршілікте қол жетпеген құсымның, Шашын иіскеп жатайыншы көрімде. Мен туралы өзің қалай ойлайсың? Өмір тәтті, қызығына тоймайсың. Мен өлген соң балаңменен бір келіп, Қабіріме бір шоқ гүлді қойғайсың. Күліп тұрсын қақ төбеңнен күн-айың, «Кеп тұр!», – демен зиратыма лайым.
Көңіл көзіндегі қарашық Ең болмаса көктасымды сүйіп кет, «Сүйген қызым келіп кетті басыма!», – деп Алладан сүйіншімді сұрайын... * Қойшы, күнім, қойшы бәрін, ойланба, Біз негізі келе алмадық байламға. Білесің бе, бұл махаббат құрғырың, Екеумізбен жасырынбақ ойнауда. Мен бе, сен бе біле алмадым сормаңдай? Жылжымадық алдымызда жар бардай. Екеумізді табыстырар құдірет, Жүрегіңе жасырынып қалғандай. ...Әттең, әттең, өле алмаймыз біз бірге, Білмей тұрмын бәрін бірден үздің бе. Тым болмаса есіңе ап жүр сен мені, «Жігіт қой!» – деп, «Мені сүйген қыз күнде». Мүмкін бірге армандарға жетерміз, Қолұстасып бұл өмірден өтерміз. Кім біледі? Біз кездесіп жұмақта, Басқаларға үлгі болар ендігі, Жұп болармыз екеуміз...
Ж. Серік Бүгінгі түн Бүгінгі түн. Қырсық шалды-ау ай жарық, Бірімізге біріміз, Қарап қалдық бір сиқырға байланып. Құшағымда сен тұрсың, Маған қарап жәудірейсің ойланып. Бүгінгі түн. Көше бойы тыныштық, Бірімізді біріміз, Көзімізбен ептеп қана ұғыстық. Қаймақ ерін дір-дір етед жасқанып, Шыққан демің тым ыстық. Бүгінгі түн. Өзге түннен тәттірек, Бірімізді біріміз, Жоғалтардай құшақтадық қаттырек. Саусақтарым шаштарыңды тарауда, Жанарымды шарпып жатыр отты леп. Бүгінгі түн. Екеумізде мас қалып, Бірімізді біріміз, Енді ғана ұғыныса бастадық. Омырауыңды, тамағыңды иіскеп, Ал мен тұрмын мастанып. Бүгінгі түн. Қайғы-мұңым ортаймақ, Бірімізге біріміз, Тілімізбен беріп тұрмыз бал қаймақ.
Көңіл көзіндегі қарашық Төбедегі жарты ай, Сені менен қызғанады айқайлап. Бүгінгі түн. Ең дәмдісі көп түннің, Саған қарап, Сені аймалап көп тұрдым. ...Көрші үйдің жаңа піскен алмасын, Мен ақыры жеп тындым. Ақ парақта қалсын мәңгілік Жүректе шіркін қыңсылап жатыр сан арман, Адамзат озған қарап тұрсаңыз заманнан. Өлеңге кейде беріліп кетіп қиялмен, Сағымдай болып сарылып, шіркін, жоғалғам. Жұдырықтайын ет жүрегіңнен кеудеме, Тірі жан білмес тіршілік нұры таралған. Сенімнен бастап сендірсем бе екен сөз басын? Бұл шумақтарым жүректің қылын қозғасын. Өзіңді ойлап өксігендігім соншалық, Еңірегенмін жастыққа тамып көз жасым. Сен салар тәтті қайда екен, жаным, аялы ән, Аялы әнді естімек болып ой алаң. Түсімде көріп, шашыңнан иіскеп жатқанда, Тәтті қиялымнан көңілсіздеу ғана оянам. Қанып ішермін өзіңнен қашан шырынды, Еліріп жүріп естімеппін де үніңді. Жүрегіңменен ұғар ме екенсің ақтарсам, Өзіңе деген еш пенде білмес сырымды.
Ж. Серік Қыз едің, еркем, мінезі көркем, бал қылық, Бал қылығыңмен жүруші ең естен тандырып. Өзіңді сүйген жүректің тылсым бір сыры, Ақ парақтағы жазу боп қалсын мәңгілік. Өкпем бар Жүрегім – жара, көңілім – қайғы, күйіктен ішім өртенед, Сұлық жатсаң да замана сені сүйрейді алға желкелеп. Сүйетін едім ақ жүрегімді, ақ сезімімді ұсынып, Тумаппын, әпке, өзіңнен, бірақ, әттең-ай, әттең, ертерек. Балалықпенен ағат сөйлесем миығыңыздан күлмегін, Қызғалдағымыз барлығымыз да «ӨМІР» – атты бір жүлгенің. Оқталғанымменен «Сүйем!», – деп сізге барлық сырымды ақтарып, Жасқанып қалам, жүрексінемін, неге екенін білмедім. Алысқа шапса арқаланамын «ШАБЫТ» –
дейтін бір арғымақ, Шерменде жандар шерін ақтарып өлеңге наз бен зар қылад. Бақытты жандар болатын едік бақ құсы қонған басына, Сіз менен ерте біршама көйлек тоздырғансыз-ау ал, бірақ. Бұл жалғанда да күн нұрын шашар, күлімдетер сені көктем бар, Күзбенен қалсын армандап сізді жылаумен өксіп шерткен зар. Он сегізге де, жиырма беске де кінә тақпаймын, білсеңіз Сарылтып шіркін, сағынтып қойған тағдырыма ғана өкпем бар.
Көңіл көзіндегі қарашық Неге жылаймыз бар жақсылықты көрсек те? Жылама, жаным, көзіңнің жасын көрсетпе. Ал екеуміздің жүрегеміз бір соқсыншы, Бір-бірімізден тым алыс, шалғай жүрсек те. Бірге болайық жыласақ, мейлі, күлсек те. Өкінбе, жаным, сен мені ойлап күрсінбе, Біле де алмадым көңілсіз, бәлкім, жүрсің бе? Өзіңді ойла, санаңнан ысыр басқаны, Мені қайтесің, ал мен бір жүрген құр сүлде. Сағынып мені қайғырма жаным, қайғырма, Айналап соққай екеуміз жүзген айдынға. Менімен қоштас, айдынмен қоштас өксітіп, Содан соң мәңгі бұл жаққа енді қайырылма! Боташым, күнім менің, жырым менің, Сен неге жүрегіме үңілмедің. Сені ойлап жынды болды сана-сезім, Сені ойлап кірпігімді түн ілмедім. Боташым, аппақ құсым, аппақ арым, Сені ойлап сор табамын, бақ табамын. Жүр кеттік, қолыңды бер, қорықпағын, Мен сені ұжымаққа ап барамын.
Ж. Серік Боташым, аппақ қанат періштем ең, Сені көріп биікке өрістеп ем. Балды да, уыңды да ұсындың ғой, Тартынбадым, сен үшін мен ішкен ем. Боташым, Ақ Баяным, Қыз Жібегім, Сені ойлап жаз жүдедім, күз жүдедім. Мен күйеуі болайын сіздің елдің, Сен келіні болсаңшы біздің елдің!? * Мен сені тағы да көрдім, Қарамадың-ау бұрылып маған. Махаббатыңа бағына бердім, Қадірін бұрын ұқпаған. Бірге өткен тәтті күндерім, Ойыма орала берді. Көздерің Аққуым менің, Жанымды тонаған бе еді? Мен енді ғайып болармын, Сен мені таба алармысың? Білмедім айып боларын, Өзіме оралармысың?!
Көңіл көзіндегі қарашық * Арманыңның ұшарында тұрмын мен, Адасқан бір пенде дейін жолынан. Айнымайсың ерек өскен қыр гүлден, Ақ сезімнің шапағына жарыған. Иіскесем тамағыңнан не етесің, Иіліп кеп алдыңа бас қойғанда. Инеліктей мүмкін ұшып кетерсің, Иең жүрер келе де алмай байламға. Зуыл қағып өтіп жатыр өмірім, Зырылдауық ойыншығындай баланың. Зарлы болса не етерсің көңілім? Заман – дүние құбылтады жанарын. Асылдығың білінсінші сөзіңнен, Адалдығың жатсын оған астасып. Ауыз сөзге ынтық болған сезіммен, Ал өзіңе қалдым еркем боп ғашық. Дүниненің қысқалығын ескеріп, Дүрбелең – ой өлең жаздым саған мен – Дүниемнен тек өзіңе естелік, Дүр – жауһарым, сені қайдан табам мен? Асығыстық жасадым ба? Білмедім, Ақылға сап алмадым-ау сөзімді. Ақық жырым сезіміңе бір белгім, Айым, мәңгі сақтау үшін өзіңді!
Ж. Серік * Жарылқасын деп Жаратқан, Жалынып Хаққа күні-түн. Жарлыдай көзден зар аққан, Жалғаннан таппай үмітін. Асығып алға, талпынып, Аяқты жайлап басам мен. Ақтық та демім сарқылып, Адамнан көмек тосам мен. Наркескен болам жарқылдар, Нұрланған жүрек сен үшін. Нар дүниеде де салқын бар, Нәрсіз қып сезім жемісін. Ыдысын теуіп ырзықтың, Ықыласым ауды өзіңе. Ыждаһат таппай мұз жұттым, Ықсырып сезім тезіне. Мына дүние-ай қимайтын, Меңіреу, мылқау, үндемес. Маған шын бақыт сыйлайтын, Мүмкін бар алда бір белес!?
Көңіл көзіндегі қарашық * Жалғасы Домалақ ананың, Мен десе сезімі жалындар. Қамқоры ұл-қызым, баламның, Шын сүйген менің де бағым бар! Дәл сендей жарым бар, Мен неткен бақыттымын!!! Анамның әдепті келіні, Сәлемін салатын ізетпен. Некелі ерінің сенімі, Өз арын күзеткен! Дәл сендей жарым бар, Мен неткен бақыттымын!!! Иманы шайтаннан қорғаған, Орамал түспеген басынан. Алланың ақ жолын таңдаған, Жүзінде мейірім тасыған! Дәл сендей жарым бар, Мен неткен бақыттымын!!!
Ж. Серік Саған Қажеті де шамалы енді жылаудың, Қажеті де шамалы енді сұраудың. Сен мені енді көрмейтін де шығарсың, Ал мен саған жыр жазбайтын шығармын... Ағып түскен жұлдыздай боп жоғалдың, Сені тіпті ойламайтын боп алдым. Мені есіңе аласың ба? Білмедім, Сені есіме алуды да доғардым... Сен болғанмен жігерімді жасқаған, Өзіңсіз-ақ өміріме дос табам. Білем, сенде суреттерім жоқ менің, Мен сенікін өшіріп те тастағам... Сыйлап кеттің жүрегіме қанша мұң? Сол мұңыңды көтерем деп шаршадым. Сенде менің нөмірім де жоқ шығар, Ал сенікін термейді енді саусағым... Сор жауынын сорғалатты-ау мұнар күз, Сондықтан ба сезім – шынар құнарсыз. Мен сыйлаған кітап әлі бар ме екен? Сен сыйлаған сезім қазір тым әлсіз... Жазылмайды саған енді тұма жыр, Аза тұтып жүрек дейтін бір ауыл. Менсіз өмір саған қызық шығар-ау, Сенсіз өмір маған қазір тым ауыр... Көз алдымды көлегейлеп көк тұман, Көк тұманнан сені іздеп көп тұрам. Бақыттының сен қатарын толықтыр, Бақытсыздың санын өзім арттырам...
Көңіл көзіндегі қарашық * Махаббатқа іңкәр болған ізгі түн, Ізгі түнде жаным нұрға бөленді. Сендік жүрек ойламайды-ау біздікін, Біздің жүрек тек өзіңе тәуелді. Білесің ғой неге екенін себебін, Түнгі аспанға телмірумен тұрам көп. Жұлдыздарға өлең оқып беремін, Мың жұлдыздың бірі өзің шығар деп. Сол бір кезде жұлдыз ағып аспаннан, Көкжиекке асығады білсем мен. Сен деп қалам өлеңіме мас болған, Менің адал сезіміме шын сенген. ...Шумақ-шумақ өлең арнап өзіңе, Тәтті түстің тереңіне батамын. Содан кейін ұйқы келіп көзіме, Сені ойлап қалғып бара жатамын.
Ж. Серік * Шығара алмай есімнен сені гүлім, Жанарымда жәудіреп мұң – шық тұрды. Саған деген сезімді өлі мұңым, Жүрегімнің түбінде тұншықтырды. Сен сезбедің мендегі хәлді неге? Ал жүрегің темірден жаралған ба? Құлақ аспай мен айтқан әңгімеге, Тіл қатасың тым өзге адамдарға. Ызғар шашып тәніме шемен күй кеп, Қабағың тоңдырады-ау мұз қарысқан. Түк сезбейсің, отырам өлердей боп, Бар кеудемді шарпыған қызғаныштан. Жан дүниеме нұр берер тылсым аппақ, Жанарыма қонған кеп үр мұңым ең. Жауапсыз сезіміме тұншығып қап, Өліп кетсем не етесің бір күні мен... Не етесің?...
Көңіл көзіндегі қарашық Қарадың да тастадың кеудеме ұшқын, Өмірдің ғажап сәтін мен де кештім. Жаны мен тәні нұрдан жаратылған, Періштесің, періште пенде емессің! Жымидың да жаныма тараттың нұр, Көз алмадым күлкіңе қарап тұрдым. Қиялымда сүйдім де маңдайыңнан, Ерініңнің шырынын шарап қылдым! Ұнаттым да жасырдым сырымды әрең, Сол сырымды көзімнен ұғынбап ең. Жанарыңның жарқылы жанымды өртеп, Мұз болған тәнім еріп жылынған ем. Ұмыттым да мұңым мен бар қайғымды, Сезімім өмірімді балдай қылды. Жамау-жамау жыртылған жүрегіме, Енді сен кеп жамайсың қандай мұңды?.. Кешегі, Мен саған оқыған өлеңдер, Дәл қазір жүрекке сыйлар мұң. Бұл өмір – дана шал, кемеңгер, Көкесін көрсетті-ау қинаудың. Үрледім сезімнің отын мың, Жанбады не амал, не шара? Көңілсіз жабырқау отырмын, Күйге ендім, көрсеңші, бейшара.
Ж. Серік Айтпайды бұл әлем сыр енді, Әніне жырымды қоспайды. Соны ойлап көңілім түнерді, Дәл қазір бөтен ой, бас қайғы. Түсінер жанымның сырын кім? Ұғатын пенде жоқ, әй, бірақ. Кім екен сыйлаған шырын мұң? Құларым анық-ау қалжырап. Жаздым да жанымның бар сырын, Мұң шақтым қағаз бен қаламға. Дүние ұсынған бал – шырын, Әттең-ай, тіліме тамар ма? Жазғаны осы ма тағдырдың? Бұйырыр тағы да қандай күн? Куәсі кешегі бал күннің, Қайдасың, ай аппақ маңдайлым?.. * Балхадиша, жарығым, жаным-күнім, Жағады екен, білмедім, бағыңды кім? Сөзсіз, жаным, өзіңе бағындырдың, Боларыңа сенемін бағым бір күн. Балхадиша, құралай, аппақ айым, Сенің әрбір сөзіңнен бақ табайын. Екеуміз қолұстасып келген кезде, Ақ жеңгем тамызса екен отқа майын. Балхадиша, нәзігім, үміт, мұңым, Сөздеріңмен жарығым, сыр ұқтырдың. Мен сені сүйеді екем! Сен дәлелде, Маған деген сезімнің тұнықтығын!
Көңіл көзіндегі қарашық Қара қыз Қара қыз... Кәдімгі... Мен оны сүйемін. Ғашықпын шынымен. Тек қана сол үшін күн болып күлімдеп, түн болып түрілем. Жоқ... Өңімде жоғалтып алғанмын, Түсімде... Мазасыз миымның ішінде Көрем де жүгірем... Жолымда сан түрлі сайтани ойларға сүрінем. Сенемін, Жетемін түбі мен! Сен ғана! Сен ғана... Қара қыз, жабырқау жанымның жамалы, Ерніңе жұлдыздан құлаған тәп-тәтті бал келіп тамады. Бал сіңген еірніңді, Мен емес сені алдап сайқал түн неліктен сорады?.. Қызғаныш – қаншықтың кесірі, Ішімде қанжоса тырнақтың іздері қалады. Өзіңнен алыста, Мен жүрем ессіздік күй сыйлап, Сен берген жауапсыз сезімнің шарабы... Біз мүмкін... Мүмкін біз кездесіп қаламыз, Қорқам... Сен – Күнсің! Мен – Аймын! Тым алшақ өйткені, арамыз.
Ж. Серік Қараймын... Сен келер жолдарға, Кім білер?.. Біріміз бірімізді Әйтеуір табармыз!.. Әлде, Ескірген Уақыттың сарғайған парағы болып-ақ қалармыз... Мен, Сонда да бақыттымын! Өзіңді сүйгенім үшін де, Ей, қиялымдағы, Қара қыз!.. Біз екеуміз Біз екеуміз кездесетін көше – бұл, Кездеспедік... Өтті арада неше жыл? Өшіргенмін үміт дейтін отымды, Кешір уақыт! Кешір мені! Кеш өмір! Біз екеуміз бас сұғатын ресторан, Ресторанды арагідік еске алам. Жылап келем... Сені іздейді мұңайып, Жалғыз қайың және анау ескі алаң. Біз екеуміз сыр ашатын түн жырақ, Сенсіз түндер үндемейді тұнжырап. Ай күледі, жұлдыздар да сол қалып, Енді қайтіп сырласпаймыз біз бірақ.
Көңіл көзіндегі қарашық Біз екеуміз қыдыратын мына бақ, (Алма талдар еді-ау, шіркін, тым абат). Екеумізді жасырмайды бұтақтар, Ай да бізге қарамайды сығалап. Біз екеуміз серт байласқан қайың тал, ...Дәл жанында сұрап отыр қайыр шал. Екеумізді ажыратып ен, келсе әлің, Елесінен тағы бір рет айыршы ал!?.. Ей, Ажал... Нұрға Сұлудың болса әлегі, Жан едім бірақ көнетін. Көргенде қызды әдемі, Шабыт келетін әдетім. Өлең жазсам да зерделі, Өмірдің бітпес сұрағы. Жазғыра көрме сен мені, Кеуде тұсым ғой кінәлі. Жаңылсын атап әкеңіз, Ұл болар деген бір ойда. Алғысым шексіз, не етеміз, Жаңылмай қалған Құдайға. Періште болып көрінген, Жұмаққа жаны некелі. Шиедей қызыл еріннен, Дәм татқым келіп кетеді.
Ж. Серік Ойым бар еді бекінген, Сені көргенде бағана. Алмадай қызыл бетіңнен, Бір сүйсем, айтшы, бола ма? Жалғызды қалап жүрегі, Жан емес әркез ар ойлар. Сендей сұлудың Ұлы елі – Бақытты екен Адайлар. Жүре бер сезім емі боп, Табылмас сендей жер-көктен. Ауылыңа барсам Сері боп, Қарсы аласың ба құрметпен? Өлеңмен сені ойға алдым, Тек тәтті болсын тағдырың. Ақ маңдайыңнан айналдым, Ақтаудың қызы-ай ақ Нұрым!!! * Күнім менің... Сені көріп сенделді мұңым керім. Жұлынбаған, мөп-мөлдір шыққа толы, Гүлім бе едің?.. Жүрегімді тұтқынға ап саған сенген, Улай ме екен санамды шырын-демің?.. Бүгін менің... Жаным менің... Саған сөз де айта алмай жаңылды ерін. Жанарымды алдайтын қолым жетпес, Сағым бе едің?..
Көңіл көзіндегі қарашық Он тоғыз жыл іздеген мына әлемнен, Көктегі Алла берген бағым бе едің?.. Арым менің... Тәттім менің, Кеудемдегі сен келіп отты үрледің. Аппақ ардай, жұпары жанды еліткен, Ақ гүл ме едің?.. Тәңір өзі жаратқан маған арнап, Тамшы бақты тірліктен таптым дедім. Тектім менің... Еркем менің... Нәзік жібін жүректің сен тербедің. Қыз-Жібек пен Баяндай тым қылықты, Көркем бе едің?.. Өміріне өкпелі өлеңшіні, Сен сезбейсің от қылып өртер лебің. Еркем менің... Теңім менің... Шиедейін қызарған еріндерің. Жанымдағы жарама өмір салған, Емім бе едің?.. Ата-енесін құрметтер, жарын сүйген, Атанасың, иншАлла, керім келін! Үрім менің...
Ж. Серік * Арамыз алыстап барады, Кінәлі шақырым, қашықтық. Таусылып сезімнің амалы, Белгісіз күндерге асықтық. Мен сені сүйген ем шынайы, Сен мені сүймейсің, сеземін. Кеше гөр, сезімнің Құдайы, Өртеніп барады өзегім. Қия алмай өзіңді өзгеге, Сыя алмай кетем бе жалғанға? Осылай сүріндік біз неге? Қол созым қалғанда арманға. Тәңірдің жазуы шығар – бұл, Амал жоқ қылатын қарсы оған. Жүрегім еңіреп жылап жүр, Әлі де ғашық қой ол саған. Кеудеме кел дағы тұрақта, Ханшасы жүректің ары нұр. Өтінем, Сен маған кінә артпа, Мен Сені сүйемін бәрібір!
Көңіл көзіндегі қарашық * ...Керім де керім, керім қыз, Керім қыз, сенің теңіңбіз. Жеңгелеріңе жақпаған, Жеңілмей жүрген серіңбіз. Көркем де көркем, көркем қыз, Сөзіңе талай елітерміз. Мүмкін екеуміз бір болып, Сезімнің сырын шертерміз. Жұпар да жұпар, жұпар қыз, Жұпарыңды әлі-ақ жұтармыз. Жаныңа жақын келгенде, Сөз айтуға да жұтаңбыз. Аппақ та аппақ, аппақ қыз, Өзіңдей қайдан таппақпыз. Жылуы кемшін жүрекке, Жылы сөзіңмен от жаққыз. Шәрбат та шәрбат, шәрбәт қыз, Шәрбаттан тілге дәм жаққыз. Есі егесіз ессіздің, Басына бақыт орнатқыз!!! Ия?
Ж. Серік * Кешір, құрбым, Мен сорлының жан сырын несін білдің? Жүрегіме жерлегем сезімімді, Жетегінде жүрмін ғой жесір мұңның. Кешір, гүлім, Егесінен адасқан есім бүгін. Бұ дүниеден жерініп о дүниеге, Бара ма деп қорқамын көшім бұрын. Кешір, қарғам, Өңім түгіл түсімде есімді алған. Сен кеткен соң қызықсыз боп барады, Бес-ақ күндік ғұмырлы бесін жалған. Кешір, жаным, Ақталамын ақтарып несін бәрін. Өзегінен тепкен кеп өз иесін, Үмітімде білмессің өшім барын. Кешір, Нұрым, Болмап еді дәл мұндай шешім бұрын. Өзіңдегі өзіме деген ыстық, Махаббатты, айтсаңшы, өшірді кім? Ойға баттым, Қайда әкетіп барады тайғанап күн. Періштесі-ау жанымның адал сүйген, Пейіш жаққа кетер деп ойламаппын...
Көңіл көзіндегі қарашық Ақ арман қыз, Сен келгелі еруде жанардан мұз. Бірімізге біріміз ынтықтықтан, Мәңгі ғашық болуға жаралғанбыз. Ақ тамақтым, Жанарыңмен жасынды жалт қараттың. Сені сүйген жүректің түкпіріне, Махаббат деп аталар от тараттың. Ақ періштем, Сені көрсем жанамын от боп іштен. Саған ғана байланғам көріктім-ау, Ақ сезімін өзіммен қақ бөліскен. Аққұба қыз, Ақтара алмай сезімді көп тұрамыз. Көздеріңе телмірем сүйгендіктен, Одан басқа алдыңда жоқ кінәміз. Мұңайма қыз! Махаббатын сұрайық Құдайдан біз. Алдап кету ажалды мүмкін емес, Болғанымен бықсыған мың айламыз. Қайғырма қыз! Қайғысы жоқ қам көңіл айдында жүз. Ай сұлу ең, жаныма ауыр, бірақ, Болатыны өмірде айдың жалғыз.
Ж. Серік Өкінбе қыз! Біз өйткені өлімнің өтіндеміз. Жадыратқан жанымды жаз кеткелі, Өкінішпен өксітіп өтуде күз. Жылама қыз! Өкпелеме өмірге мына жауыз. Құдай бізді қашанғы жылатады, Қуанамыз, иншАлла, қуанамыз! * ...Төлеген болғым келмейді, Бекежан атып тастайтын. Кебек те болғым келмейді, Өлетін сорлап жастай тым. Қозы да болғым келмейді, Баянға Құдай қоспайтын. Мәжнүн де болғым келмейді, Сезімі құшақ ашпайтын. Ессіз де болғым келмейді, Ақ махаббатты ластайтын. Бақытты болғым келеді, Бақыты бастан қашпайтын. Жарына деген сезімін, Жаратқан өзі растайтын!
Көңіл көзіндегі қарашық * Сынақтарын көтере алмай жүрегі, Тағдырына тас атады адамдар. Жаныңызда мендей сорлы кім еді? Менен гөрі бақыттысың, балаң бар. Сені сүйген жүрегімнің дерті мың, Кінәсі жоқ, күнәсі көп періштем. Тым болмаса түсімде де бер тыным, Ал сертіңді ұмытпашы келіскен. Төзем бірақ тағдырымның тезіне, Білесің бе, қайғым ауыр, мұң – демім. Өз обалым өзгеге емес өзіме, Кешіре гөр, мен сенікін білмедім. Санам ауыр күрсінеді бүгінде, Қай жаға апарады ой – айдын? Қалтыраған жүрегімнің түбінде, Сені және сезімімді аяймын. Шаттығын да сезінбеген шырайлым, Сезем бәрін, іштей үнсіз жылайсың. Мен де бір күн бір аруға ұнаймын, Сен де бір күн бір жігітке ұнайсың! Мен сенемін!
Ж. Серік * Мен саған жете алмай қамықтым, Сен оны сездің бе, шаттығым? Өзіңсіз күндерден жалықтым, Төзім де сарқылды, жоқ бүгін. Шаршадым сағыныш дегеннен, Түкірем тірлікке тағы да. Қиялдап сен жайлы өлеңде, Жеткендей боламын жаныңа. Мен сені сүйемін – шындығым, Сенде де, жаным-ау, солай ма? Біз бірге боламыз бір күні, Үмітті үзбеші, жарай ма? Ерініңнен сүйейін ендеше, Антындай мәңгілік сезімнің. Сен жайлы түс көрдім мен кеше, Содан соң бақытты сезіндім. Мен сені ешкімге бермеймін, Өзіме жаралған сыңарым. Сен кетпе, сен үшін өлмеймін, Сөнгенше бес күндік мына күн. Жүректе сен барсың, жоқ ешкім, Сен ғана иесі бақыттың. Өзгені сүйген де емеспін, Тізбегін қарасам уақыттың. Сен менің қуаныш-қайғым да, Бақытым, байлығым, барымсың.
Көңіл көзіндегі қарашық Жүретін сыңар боп айдында, Мәңгілік серігім – жарымсың. Соңында арманға жетерміз, Ақ жолын адаспай табайық. Қолыңды бер, еркем, екеуміз, Мәңгілік бақытқа барайық! Жүр кеттік! * Салатын кешке сызылтып тәтті әнім бе едің? Арайлап күліп ататын ақ таңым бе едің? Жүрегіме келіп жүргізші өз билігіңді, Тілегі нұрлы, ары пәк аппағым менің. Өміріме менің килігіп шатыспа деме, Сезімді мынау мендегі уақытша деме. Таңнан тұрам да күн шығар шығысқа емес, Телміріп сонша қараймын батысқа неге?! Жалғанға сенсіз, жарығым, сыймаймын, көресің, Қуанышты емес қайғыны сыйлайды елесің. Ұсынсам саған жанымның аппақ сезімін, Сен мені неге, сәулем-ау, қинай бересің?! Шерменде қылып сен мені қалдырдың мұңға, Сені іздеп ойда сенімім қаңғырды қырға. Қаламасаң да сүйемін өзіңді, жаным, Бұйрығы шығар жазылған тағдырдың бұл да.
Ж. Серік * Есін алған естінің ерке гүлім, Бақыт дейтін күйіңді шертеді кім? Кірпігіңе байланған сері ғұмыр, Ханшайымы шығарсың ертегінің. Ханзадаң кім? Белгісіз бәрі маған, Соны ойлап сенерсің жаным алаң. Жіпсіз байлап тастайтын жүрегіңді, Сезім деген құрғырдың заңы жаман. Түгі де жоқ сезімге кенде болған, Жетегіне елестің ерген арман. Байқадың ба, қия алмай қоштасуға, Жүрегімнің жартысы сенде қалған. Сұлулықтың соқпағын жалғап келген, Өзіңменен Тәңірім мол бақ берген. Ханшайым қыз, күтеді әміріңді, Сені көріп селт еткен сол жақ кеудем!
Көңіл көзіндегі қарашық Жүзіңе тамсанып қарайды ай неге? Бұл жазған өлеңді, сұлуым, жай деме. Екеуміз тоғыспас жолдарға ұқсаймыз, Өмір деп аталар теңізде бұйырар қай кеме? Елігі шығарсың есті алған еріктің, Санамда қап кеткен ескі арман еліттім. Өзімнен қызғанам кей сәтте абайсыз, Айдан да әдемім, күннен де көріктім. Мезі етіп санамды мезгілсіз мұнар күн, Жанымның түбінде сені ойлап жылар мұң. Өзіңді жүрекпен сүйгенім үшін мен, Өзгеден өзгеше бақытты шығармын! Өмірден жерінем неге? Мені ойлап егілем деме. Жанымның жартысы, гүлім, Кетті ғой сенімен бірге. Аймалап қараған едім, Жанымды тонаған ерін. Жанарың сәуле таратқан, Ем болды жарама менің. Ақ гүлім, Жібегім менің, Сені ойлап түнерудемін. Өзің деп әрбір секундта, Соғады жүрегім менің.
Ж. Серік Тағы тұрмын алдыңда, тағы келдім, Арасынан сені іздеп сары белдің. Сен кеткенде мұңайып қалып едім, Сары уайымнан сары алқа тағып едің. Тағы келдім, сонда да тағы келдім! Тағы келем, келемін, келем мүмкін, Не десеңде жүрегім көнер, шіркін. Жалығарсың, кім білер менен бір күн, Жалығармын, кім білсін, сенен бір күн! Саған әлі ғашықпын, саған әлі, Желбіреген бұрымдым орамалы. Өзің салған жүрекке жазылмады, Жазылмады асқынған жарам әлі! Құсым! Маған әлі өкпең бар, маған әлі, Қыз ғұмырың алыстап барады әні. Сен – Періште! Мен – Пенде! Пенде жүрек, Періштені қаламады. Түсін!
Көңіл көзіндегі қарашық * Тағдырым басқа бейнетін салса көніккем, Қалмасам екен аққан жұлдыздай сөніп мен. Түсімде көріп жаныңа жете бергенде, Оянып кетем неліктен? Сезімнің саған сыйлағым келед тәттісін, Өзіме ғана бұйырған, жаным, бақпысың. Көз жазып сенен қалмасам бір күн жарар ед, Періште бейне ақ құсым. ** Жұпарын шашқан гүл едің жалғанға мынау, Ашпаған әлі қауызын адал арына. Сол жұпарыңды талайлар армандап жүр-ау, Түйіп қояйық ақ жаулық орамалыңа! Кірпігіңе келіп байланған бес күнім менің, Жүрегім сені қалайды – шындығым, барым. Естелігі етіп сырымды ескі күндердің, Жолыңа құрбан қыламын бір күні бәрін! Өкпелеме, өкпе деген жай ғана, Ал сен мені сүймейді деп ойлама. Білесің бе, сыр айтқанмын қанша түн, Өзің жайлы жұлдыз бенен айға да. Ренжіме, ренжу деген жат қылық, Жат қылықтан таба алмаспыз тәттілік. Мен өзіңді сүйе берем, сен маған, Қанша жерден көрсетсең де қаттылық.
Ж. Серік Мұңаймашы, мұң дегенің қайғы ауыр, Сол қайғыға ноқтасымен байлану. Маған деген ақ сезімің кешегі, Қайда кетті, сені тастап қайда жүр?! Сен неге ғайып болдың көз алдымнан, Тұзақтан құтылмаспыз ажал құрған. Көзімнің тірісінде сап кетейін, Мәрмәр емес, мәңгі өшпес мазар жырдан. Мені айырар өзіңнен ажал – кемем, Сертім барды жаныңда болам деген. Кеш мені, жаныңнан еш табылмадым. Ренішің болмасын маған деген... Сені сүю Алладан маған нәсіп, Сен жүре бер жер бетін аман басып. Есіңде болсын, жаным, бір жігіттің, Бар екені мәңгілік саған ғашық. Еске алып Сезім – атты өлкені мың, Ішімді оттай шарпып өртеді мұң. Мен сенің кеудеңдегі жүрегіңнің, Жартысы болғым келед, ерке гүлім. Еркетай, түсемін бе шырғалаңға? Жүрек үнім құлаққа тыңдалар ма? Жалғыз өзім жүргендей сезінемін, Осынау түбі шексіз бұл ғаламда. Жанарыңа нұр беріп жүрегімнен, Тамағыңнан иіскер күн болар ма?
Көңіл көзіндегі қарашық * Ет жүрегің сол кеудеңе сыймас түк, Талай дос боп, талайлармен сыйластық. Жолығысу, көрісулер бір басқа, Ең алғашқы кездесулер – қимастық. Жүрегінде сүйген жанның сыры қап, Ондай сәтті бастан кешкен шын ұғад. Талай құшақ ашылады, сонда да, Ең алғашқы кірген құшақ жылырақ. Қажет емес сол кездегі бізді ақтау, Астарында санаң сезер сыр жатты-ау. Басқа жерде айтыла ма, білмедім, Ең алғашқы «Жаным!» деуің қымбаттау. Тұрғандай боп жалғыз өзің көк тіреп, Шала мастық, ал көз алдың көк түнек. Мың еріннің сауғаныңмен «желінін», Ең алғашқы сүйген ерін тәттірек. Ия, әрине болып жатса көмегі, Ғашық болу адамзатқа жөн еді. «Уақыт – емші» деп айтады, өтірік, Ең алғашқы махаббаттың жоқ емі!
Ж. Серік * Махаббаттың не екені беймәлім, Сондықтан ба ашылмаған сыры көп. Ғашық болу – күйзелістер, қиналу, Ғашық болу – жазылмайтын ұлы дерт. Ауызында бір сөзі жоқ татымды, Мені біреу жынды дейді, дей берсін. Кей пенделер жазғырғанша ақынды, Сұлулыққа сүйсінуді үйренсін. Ақталмаймын, ақталып ед бұрын кім? Кері қайта айналдырмас уақытты. Кейіпкері болған әрбір жырымның, Мен құмартқан арулар да бақытты. Көш арбамды алға қарай сүйрер кім? Тұрақсыздық, жүректе жоқ шыдам нық. Мен өмірде бір-ақ рет сүйгенмін, Ал қалғаны – сұлулыққа құмарлық.
Көңіл көзіндегі қарашық Өкпелеуге хақымыз жоқ десек те... Өкпелеуге хақымыз жоқ десек те, Тағы бізді жолықтырды сұм тағдыр. Алдар көсе – армандарым кеше өткен, Ескі күннің естелігін шырқап жүр. Белгісіздеу алдымызда не бары, Артымызда құм өшірген із ғана. Жүректерге бөліп құйған обалын, Білесің бе, есі жоқтар біз ғана. Өкпелеме өтінемін аспанға, Кінә түгіл күнәсі де жоқ оның. Мәңгіліктің ақ мамығын жастанғам, Сәтім келсе себепсіз-ақ өлемін. Ей, ақымақ, ерме маған, қайт кері, Менің ғана түгесілді ертегім. Сен соңымнан келем деме, өйткені, Жатырыңда тербеледі ертеңім. Тауысқанмын ырзық толы кесемді, Дей алмаймын жегенімнің бәрі бал. Кездеспейміз, кешір мені, кеш енді, Ақ бақытым маңдайында соры бар, Ақ бақытым маңдайында бағы бар...
Ж. Серік Жарасына кеудем жар салып ем іздегені, Жағаға қарай лақтырар теңіз кемені. Кейбір достарым кей сәтте қателік қылып, Махаббат пенен достықты егіз көреді. Жанымның ауыр мұңдарын оятқан қайғы, Құмарлықпенен кеудеңде тоят болмайды. Достықтың соңы ұласар ақ махаббатқа, Махаббат бірақ достықпен аяқталмайды. Желкенін жайсам сен жаққа үміт – кеменің, Өтінем, жаным, барлығын ұмыт демегін. Ақүрпек балапаным боп соңымда жүрші, Жолыңа құрбан жүректі жұлып беремін. Өзіңді іздер дәл мендей ғаріпті аяғын, Шырқайтын әркез сезімнің жалықпай әнін. Қызғанып сені өзге емес өзімнен кейде, Сол жақ кеудемнің ішіне салып қоямын. Күн сайын өсіп мен үшін қарыштап құның, Өзіңсіз, гүлім, кеудемде толыспақ мұңым. Сағынып мені өртеніп өлсін демесең, Жанымда қалшы, кетпеші алыстап, күнім. Сенсіз өмірде сенделіп қалып не етемін?! Тәп-тәтті болған таңдайға тамып шекерің. Сәл ғана күтші, сабыр ет, балапаным-ау, Менсіз қаладан өзіңді алып кетемін! Сәл ғана күтші...
Көңіл көзіндегі қарашық Күдік келіп үмітпен «некемді» үзді, Некемді үзді, сертімді бекер бұзды. Ерініңнен сүйгенде бөтен жігіт, Мен құшақтап тұрамын бөтен қызды... Бас имей Сезім атты патшамызға, Өтінемін, жанардан жас тамызба. Саған гүлін ұсынар басқа жігіт, Мен гүлімді сыйлаймын басқа қызға... ...Күйін кешіп мекенсіз кезбе бұлттың, Кесірінен қайғының өзгеріппін. Амал қанша, сен енді өзгеліксің, Амал қанша, мен енді өзгелікпін!.. Қош бол! Ниет сүйреп алысқа көш кемені, Кездесіп бір керемет кеште әдемі. Екеуміз ессіздікпен сырласқанбыз, Жасырмай ешнәрсені, ештеңені. Сетінеп сені көріп сынық мұңым, Сезімнің кереметін шын ұқтырдың. Арамызды жалғаған мәңгілікке, Байқашы, үзіп алма үміт жібін. Үміт – арман алдамас сенсе кімді, (Сұлу қыз-ау, әлемде ең сүйкімді). Мен де жалғыз боп шықтым сен секілді, Сен де жалғыз боп шықтың мен секілді.
Ж. Серік Танытқан екеумізге шырай қабақ, Сансыз мадақ болсыншы Құдайға нақ. Тағдырдың жазуына қарасайшы, Бір-бірімізді ұнаттық құлай қалап. Шертіп жүрген талайдың шекесінен, Бақыт таппақ ақ адал некесінен. Сөйлескенін сол ару білмей кетті-ау, Болашақ бөпесінің әкесімен... Жұлдызға Аспанда Жұлдыз көп дейді, Жердегі жалғыз сен едің. Барлығы саған жетпейді, Өзгеден өзге ерегім. Алуадан тәтті қылығы, Жүректің болар шын емі. Адайдың аппақ сұлуы, Талайдың болған тілегі. Сені іздеп қанша сенделдім, Түсініксіз хәлім, бұл қалай. Ән қыстап жатқан кеудемнің, Маңғыстау жаққа бұрғаны-ай. Сыңғыры-ай, гүлім, күлкіңнің, Досыңа мендей наз арттың. Соңғысы сен бе ең сылқымның, Болмысы біткен қазақтың. Өмірдің татып тәттісін, Гүлі бол жүрген ортаның. Әлемнің барлық жақсысын, Тіледім саған, томпағым!
Көңіл көзіндегі қарашық * Ертең жоқпын, дүние, бүгін бармын, Биік болсын өмірде тұғырларың. Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн, Бүгінгі күн – мейрамы сұлулардың. Жүректің түрмесіне қамалар мұң, Қарыштап өсе түспек бағамы әр күн. Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн, Бүгінгі күн – мейрамы аналардың. Аруларға айтыңдар тең келер кім? Тең келер кім, мен кімді тең көрермін. Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн, Бүгінгі күн – мейрамы жеңгелердің. Алла сенің әрқашан бағыңды ашсын, Баян мен Жібектердің жолын басқын. Әй, достым, құтты болсын бүгінгі күн, Мейрамы сіңілі мен қарындастың. Демеймін ар мен намыс туын жыққын, Әр күніңнен әй, көктем, жылу күттім. Достарым, құтты болсын бүгінгі күн, Бүгінгі күн – мейрамы сұлулықтың!
Ж. Серік * Сертімді талақ қылып кеше берген, Тірілте алмай үмітті көшеде өлген. Мен саған кінә артпаймын, ардақтым-ау, Барлығы маңдайдағы пешенемнен. Ұмытпаймын өзіңді десем де мен, Қайғы артсаң да жүрекке еселеген. Сен маған кінә артпашы, ардақтым-ау, Барлығы маңдайдағы пешенеңнен.
Көңіл көзіндегі қарашық Мазмұны Анама ...................................................................................3 Кешір, әке.............................................................................8 «Білмеймін бір кәдеге жарадым ба?..».............................10 «Жетісу, сенің тауыңды сүйем мұнартқан...»...................11 «Сен кеткелі, әже, жанымнан...».......................................12 Дұшпандарыма ода..............................................................13 Сыр........................................................................................15 «Атам емес, күллі Алаштың ұлы едім...».........................16 Тірлік.....................................................................................17 Ертегі ....................................................................................18 «Көгеруде көк аспанның астында ел...».............................19 «Ей, өмірім!..»....................................................................23 Аға.........................................................................................24 Құлшылық............................................................................25 «Жанарымды тұмшаласа тұнық мұң...» ..........................26 «Сезімім өлген сенделіп кетіп...» .....................................27 «Мен ешқашан періштемін дегем жоқ...»........................28 «...Шешіндіріп иманды жалаңаштап...»...........................29 «Өз елінсіз ақын бағы жанбаған...»..................................30
Ж. Серік «Қу молаға айналған...».....................................................30 «Адам болып келгеннен соң жалғанға...»........................31 Неге?......................................................................................32 Тыныс белгісі........................................................................33 «Келеді түбі бір өлім...».....................................................34 «Ағайын дей алмадым қиын хәлім...» .............................35 Ой..........................................................................................35 Арсыздың күнін арыңды былғап тойлама!........................37 «Көз ілсем...»........................................................................38 Аққыртау...............................................................................39 «Он күндей қатты ауырдым...»..........................................40 Әлди......................................................................................41 Жастығымды ұрлап кетті кеше күз....................................42 «Біздің қоғам «алтын қоғам» десек те...».........................43 «Құранның сүресіндей оқып қойған...»............................44 «Ұғынады харам істі ел неге...»........................................44 Күтіп ал мені........................................................................45 Өзіңе обалы... ......................................................................46 Айналдым.............................................................................48 Сен мені................................................................................49 Ұмытпассың.........................................................................50 Сені ойласам.........................................................................51 Сары қыз-ау...........................................................................51
Көңіл көзіндегі қарашық «Сүйген жігіттің айтатын саған назы бар...»...................52 «Санамды улады бал сағым...»..........................................52 «Сағым боп қолыңды бұлғатсаң, көкем...»......................53 Наз.........................................................................................53 Мені де аңса..........................................................................54 Сүйдім ..................................................................................55 Жолықтың неге маған?........................................................56 «Ұшығын шығарғандай бір ақпардың...».........................56 Неге?......................................................................................57 Сені ұнаттым........................................................................58 Мұғалима апайым................................................................58 Бір жанмын...........................................................................60 «Бірге өткен күндерім –...» ...............................................61 Қош мәңгі!............................................................................63 Аппақ қар..............................................................................64 Мен өлген соң.......................................................................64 «Қойшы, күнім, қойшы бәрін, ойланба...».......................66 Бүгінгі түн.............................................................................67 Ақ парақта қалсын мәңгілік................................................68 Өкпем бар ............................................................................69 «Неге жылаймыз бар жақсылықты көрсек те?...»...........70 «Боташым...» ......................................................................70 «Мен сені тағы да көрдім...».............................................71
Ж. Серік «Арманыңның ұшарында тұрмын мен...».......................72 «Жарылқасын деп Жаратқан...».......................................73 «Жалғасы Домалақ ананың...».........................................74 Саған................................................................................... 75 «Махаббатқа іңкәр болған ізгі түн...»..............................76 «Шығара алмай есімнен сені гүлім...»............................77 «Қарадың да тастадың кеудеме ұшқын...»......................78 «Кешегі...»..........................................................................78 «Балхадиша, жарығым, жаным-күнім...»........................79 Қара қыз.............................................................................. 80 Біз екеуміз........................................................................... 81 Нұрға................................................................................... 82 «Күнім менің...».................................................................83 «Арамыз алыстап барады...»............................................85 «...Керім де керім, керім қыз...».......................................86 «Кешір, құрбым...»............................................................87 «Ақ арман қыз...»...............................................................88 «Мұңайма қыз!...».............................................................88 «...Төлеген болғым келмейді...».......................................89 «Сынақтарын көтере алмай жүрегі...».............................90 «Мен саған жете алмай қамықтым...».............................91 «Салатын кешке сызылтып тәтті әнім бе едің?..»...........92 «Есін алған естінің ерке гүлім...».....................................93
Көңіл көзіндегі қарашық «Жүзіңе тамсанып қарайды ай неге?..»...........................94 «Өмірден жерінем неге?..»...............................................94 «Тағы тұрмын алдыңда, тағы келдім...»..........................95 «Саған әлі ғашықпын, саған әлі...»..................................95 «Тағдырым басқа бейнетін салса көніккем...»................96 «Жұпарын шашқан гүл едің жалғанға мынау...»............96 «Өкпелеме, өкпе деген жай ғана...».................................96 «Сен неге ғайып болдың көз алдымнан...».....................97 «Сені сүю Алладан маған нәсіп...»..................................97 «Ет жүрегің сол кеудеңе сыймас түк...»..........................98 «Махаббаттың не екені беймәлім...»................................99 Өкпелеуге хақымыз жоқ десек те..................................... 100 «Жарасына кеудем жар салып ем іздегені...»..................101 «Желкенін жайсам сен жаққа үміт – кеменің...».............101 «Күдік келіп үмітпен «некемді» үзді...»..........................102 «Ниет сүйреп алысқа көш кемені...»...............................102 Жұлдызға............................................................................ 103 «Ертең жоқпын, дүние, бүгін бармын...»........................104 «Сертімді талақ қылып кеше берген...»...........................105
Ж. Серік Жасұлан СЕРІК КӨҢІЛ КӨЗІНДЕГІ ҚАРАШЫҚ Өлеңдер Редакторы Сәндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Суретшісі Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова «Жас толқын» сериясы Көңіл көзіндегі қарашық ИБ № 7257 Басуға 02.06.2013 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New Roman». Баспа табағы 7,0. Шартты баспа табағы 6,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 976. Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. ЖШС РПБК «Дәуір», 050009, Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а. Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру