Динозаврлар
И. В. Рысакова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Кітап жас оқырмандарды шамамен осыдан 165 млн. жыл бұрын тіршілік еткен динозаврлар әлемімен таныстырады. Мезозей дәуіріндегі таңғажайып жануарлар жайлы қызықты деректерге куә боласыз
MӘСКЕУ
РОСМЭН
МАЗМҰНЫ Кіріспе ........................................................... 4 Динозаврлар эрасы .......................................... 6 Триас дәуірі ................................................................6 Триас дәуірінің фаунасы .............................................8 Юра дәуірі ................................................................10 Юра дәуірінің фаунасы .............................................12 Бор дәуірі .................................................................14 Бор дәуірінің фаунасы ..............................................16 Динозаврларды іздеу жолында .........................18 Көненің куәгерлері ...................................................18 Динозаврлардың ашылуы ........................................20 Динозаврларды қайдан іздеу керек? ........................22 Гоби – ашылымдар шөлі ...........................................24 Қазба жұмыстарына барамыз! .................................26 Динозаврларды қалпына келтіру ..............................28 Динозаврларды тірілтуге бола ма? ...........................30 Таңғажайып кесірткелер .................................. 32 Динозавр дегеніміз не? ............................................32 Динозаврлардың туыстық байланыстары .................34 Динозаврлардың ізашарлары ...................................36 Алғашқы динозаврлар ..............................................38 Ұялары мен жұмыртқалары ......................................40 Қамқоршы ата,аналар .............................................42 Ақылды ма, әлде ақылсыз ба? ..................................44 Вегетариан динозаврлар ................................. 46 Өсімдік диетасы .......................................................46 Ұзын мойынды алыптар ............................................48 Алыптардың алыбы ..................................................50
Құрышпен қапталған кесірткелер .............................52 Мүйізді динозаврлар ................................................54 Айдарлар мен тікендер .............................................56 Сүзеген динозаврлар ...............................................58 Игуанаодондар ........................................................60 Үйрек тұмсықты музыканттар ...................................62 Етқоректі динозаврлар .................................... 64 Алып жыртқыштар ....................................................64 Кесіртке,тирандар....................................................66 Жемін үйірімен жүріп аулаған ...................................68 Құстарға еліктегендер ..............................................70 Теңіз әміршілері ............................................. 72 Мезозой эрасының теңіздеріндегі тіршілік ................72 Ихтиозаврлар .......................................................... 74 Плезиозаврлар мен плиозаврлар .............................76 Көк аспан қожайындары .................................. 78 Ұзын құйрықты птерозаврлар ...................................78 Қысқа құйрықты птерозаврлар .................................80 Ұшуға әрекеттену .....................................................82 Динозаврлардан кейінгі әлем ........................... 84 Динозаврлардың жойылу сыры ................................84 Жердің жаңа қожайындары ......................................86 Шешілмеген жұмбақ көп ..........................................88 Динозаврлар қасымызда .........................................90 Динозаврлардың табылған жерлері ................... 92 Көрсеткіш ..................................................... 94
Көз алдымызға сағатты елестетіп, Жердің бүкіл тарихын 1 сағатқа сыятындай етіп алсақ, планетадағы алғашқы жануарлар 6 минут бұрын пайда болған, дино, заврлар жерде 2 минут бойы болған, ал адамдардың Жер, де өмір сүре бастағанына екі секунд та толған жоқ! а з де тетіп, Жердің бүкіл етіп алсақ, планетадағы рын пайда болған, дино, ған, ал адамдардың Жер, нд та толған жоқ! 550 млн жыл 408 млн жыл Динозаврлар Динозаврлар Кіріспе Күн жүйесі мен Жер осыдан 4,5 млрд. жылдан астам уақыт бұрын түзілген, ал 3,8 – 4 млрд. жыл бұрын біздің планетамыздың мұхиттарында алғашқы тірі ағзалар пайда болған. Жердегі тіршілік формаларының дамуы мен өзгеруі эволюция деп аталады. Соның нәтижесінде кейбір ағзалардың орнын олардан гөрі бейімделгіш басқалары алып отырған. Эволюция барысы бірқалыпты болған жоқ. Жердің бедерлері, құрлықтар мен мұхиттардың ауқымдары, кли, мат өзгерді. Планетамыздың тарихында жаппай қырылып,жойылуға әкеліп соққан бірнеше апаттар болды. Бірақ тіршілік әрқашанда өз дегенін істеп, өліп біткендердің орнына жаңа ағзалар келіп отырды. Ғалымдар жердің ұзақ,сонар тарихын миллиондаған жылдарға созылған , архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой эралары деп, өте ауқымды уақыт бөліктеріне бөлген. Әрбір эра неғұрлым қысқалау уақыт кезеңдерінен – дәуірлерден тұрады. Әрбір эрада Жердің жаңа тұрғындары тіршілік сахнасына шықты. Соны, мен, мезозой эрасын «бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) эра, сы» деп дұрыс атаған, себебі сол кезде бауырымен жорғалаушылар құрлықты да, теңізді де, ауа кеңістігін де жаулап алып, адам
144 млн. жыл
290 млн. жыл
250 млн. жыл
Динозаврлар эрасы
айтқысыз алуан түрлілікке жетті.
Біздің кітабымыздың кейіпкерлері – динозаврлар да дәл осы ме,
зозой эрасында тіршілік еткен.
Динозаврлар құрлықта тым ұзақ , 165 млн. жылға жуық уақыт
бойы үстемдік жасады әрі біздің планетаның бүкіл тарихындағы
омыртқалы жануарлардың ең гүлденген топтарының бірі бол,
ды. Динозаврлардың арасында жер бетіне табаны тиген жануар
атаулылардың ең алыптары және ең сұрапыл жыртқыштары, со,
нымен қатар барынша қораш бейнелі, өсімдік қоректі момында,
ры да өтті. Олардың теңдессіз эволюциялық жетістігі мен мезозой
эрасының соңында аяқ астынан жойылып кетуінің жұмбақ сырын
білуге ғалымдардың неше ұрпағы бастарын қатыруда, солардың
ерен еңбегінің нәтижесінде бұл таңғажайып тіршілік иелері туралы
көп нәрсені білудің сәті түсті.
Бұл суретте
жердегі тіршіліктің
қалай дамығаны
көрсетілген
144 млн. жыл
65 млн. жыл
208 млн. жыл
Динозаврлармен замандас саго ағашының қазіргі күнге дейін 100,ге жуық түрі сақталып қалған. Табиғатта олар Азияның, Австралияның, Мадагаскардың тропиктік ор, мандарында өсіп,өнеді, ал кейбір түрлерін әдемі бөлме өсімдіктері ретінде өсіреді. А м өсі Динозаврлар Динозаврлар эрасы Динозаврлар 185 млн. жылға жуық уақытқа созылған мезозой эрасында, яғни «орта тіршілік эрасында» өмір сүрді. Бұл эра Жердің тарихындағы палеозой эрасының пермь дәуірінде болған тіршілік түрлерінің ең ірі жап> пай қырылуынан кейін іле>шала басталған. Ол кез> де құрлықтағы түрлердің 75 пайызға жуығы, теңіз жануарларының 96 пайызы өліп біткен. Бұл апаттың нақты себептері әлі күнге дейін белгісіз. Бірақ ол әртүрлі мекендеу аймақтарының босауына ықпал етіп, эволюцияның шұғыл қарқын алып кетуіне жол ашты. Ме> зозой үш геологиялық дәуірге бөлінеді – триас, юра және бор дәуірлері. Триас дәуірі Триас дәуірі немесе триас – мезозой эрасының бірінші дәуірі. Ол шамамен 250 млн. жыл бұрын басталып, 215 млн. жыл бұрын аяқталған. Бұл дәуірдің атауы латынның «үш» деген мағына беретін сөзінен шыққан, себебі Германиядағы шөгінді тау жыныстарының қыртыстары арқылы анықталыпты, олардан үш қабат айқын ажыратылған. Жердің триас дәуіріндегі картасынан біз құрлықтар мен мұхиттардың өзімізге таныс кескіндерін көре алмаймыз: бұл дәуірдің басында барлық құрлықтар полюстен полюске дейін созылып жатқан
П а нг е я Динозаврлар эрасы Пангея атты алып құрлыққа бірікті. Пангеяның тілім,тілім жағалауларын жалғыз мұхиттың – Панталассаның толқындары шайып жатқан. Жердегі бүкіл кли, мат бірқалыпты – жазда ыстық әрі құрғақ, ал қыста салқын болған. Құрлықтың түкпірінде шөл далалар түзілген, ал өзен, көл мен теңіздердің ойпатты жағаларында ағаш тәрізді қырыққұлақтар мен қырықбуындардан құралған жасыл ормандар жатқан. Триас дәуірінде қазіргі қылқан жапырақты ағаштардың арғы тектері , жалаңаш тұқымды өсімдіктер кең таралды. Олардың пайда болуы өсімдіктер патшалығының эволюциясындағы маңызды кезең болды. Мұның себебі, олардан бұрынғы қырықбуындар мен қырыққұлақтардың ұрықтары таралып өсу үшін суға мұқтаж болды, бұл олардың жаңа жерлерге тарау мүмкіндігін шектеді. Ал жалаңаш тұқымды өсімдіктер желмен тозаңданады. Сонымен қатар олардың тұқымдарында қоректік заттар қоры болады да, ұрықтың дамуын қамтамасыз ете алады. Осының бәрі жалаңаш тұқымды өсімдіктерге тіршілік үшін күресте жақсы мүмкіндік туғызды. Триас дәуіріндегі ең қалың өскен өсімдіктер қатарында саго ағаштары болған. Сырттай қарағанда олар түйнек тәрізді діңгегі бар пальмаларға ұқсайды, жоғарғы жағында қауырсынды жапырақтардың әсем шоғы тұрады. Ал шындығында саго ағаштары пальма емес, ағаш тәрізді қырыққұлақтар мен қылқан жапырақты өсімдіктердің аралығындағы бір түр. Триас дәуіріндегі құрлықтардың кескіні осындай болған Саго ағашы – нағыз «тірі қазба»
Динозаврлар Динозаврлар Триас дәуірінің фаунасы Пермь дәуіріндегі апаттан аман қалған Жердегі теңізді және құрлықты мекендейтін тіршілік иелері Триас дәуірінің басында жаңа өмір сүру орталарын игере бастады. Эволюция барысында тірі ағзалардың кілең жаңа топтары пайда бола берді. Судың кедергілері болмағандықтан, жануарлар мен өсімдіктер алып құрлық Пангеяны емін,еркін аралай алды. Триас дәуірінің бас кезінде өзендер мен батпақтарда ежелгі қосмекенділер (амфибиялар) – сауытпен құрсауланған лабиринтодонттардың күні бітіп бара жатты. Олардың кейбіреулері ұлғайып өсе берді де, қимылдағанның бәрін жұта беруге дайын аран ауызды, шомбал денелі, шабан қозғалатын Триаста бауырымен жорғалаушылардың арасынан алғашқы динозаврлар пайда болды
Өсімдік қоректі ірі кесіртке листрозаврдың қалдықтары Еуропадан және Антарктидадан табы, луы бұл құрлықтардың триас дәуірінде біртұтас күйде болғанын дәлелдейді. ң , де Динозаврлар эрасы Динозаврлар эрасы жануарларға айналып кетті. Мысалы, басының ұзындығының өзі 1 метрге жететін мастодон> завр осындай болатын. Өзге лабиринтодонттар шағын әрі белсенді жыртқыштар болды. Мысалы, ұзындығы 1,5,2 метрден аспайтын бентозухтардың сыртқы түрі қолтырауынға ұсқайды. Олар кере, мет жүзгіш, бірақ құрғақта да өздерін еркін ұстайды. Барлық амфи, биялар тәрізді, лабиринтодонттар су ішіне жұмыртқалаған, олардан балық сияқты желбезекті дернәсілдер шыққан. Палеозой эрасынан аман қалған аңтісті рептилиялар деп аталатындардың кейбіреулері көптеген керемет қабілеттерге ие болды. Мысалы, цинодонттарда әр түрлі пішіндегі тістер бол, ды: өткір күрек тістер, сойдақ азулар және жайпақ келген шайнау тістері бұл белсенді жыртқыштардың алуан түрлі олжаларды оңай жем қылуына мүмкіндік берді. Олардың аяқтары қапталында емес, бауыр тұсында орналасқан, ал қабыршақтары жүн жамылғыға айналған. Цинодонттар алғаш табылған үлгілері триастың соңғы кезеңінен белгілі сүтқоректілердің арғы тектері болуы да мүмкін. Қысқасы, сол кезеңде балаларын сүтпен қоректендіретін, терісінде жүні бар кішкентай жануарлардың пайда болуы елеусіз күйде өтті. Өйткені триас дәуірінде Жер бетінде әр алуан рептилиялар үстемдік еткен: цинодонттарды архозаврлар ығыстырған, ал триастың орта тұсында тіршілік сахнасына алғашқы динозаврлар шығып үлгерген. Олар әзірге онша көп түрлі бола қоймаған, бірақ арала, рында жыртқыштар – ұсақ целофизистерден бастап, ұзындығы 6 метрге жететін херреразаврларға дейін, , және өсімдік қоректі ірі платеозаврлар болған.
Құрлықтардың бөлінуі салдарынан енді жануарлар мен өсімдіктер жер бетіне кедергісіз тарала алмай, тын болды. Әрбір құрлықтың өз флорасы мен фауна, сы қалыптаса бастады. м т сы Динозаврлар Динозаврлар Юра дәуірі Юра дәуірі, немесе юра – мезозой эрасының екінші дәуірі, 215 млн. жыл бұрын басталып, шамамен 70 млн. жылға созылған. Оның атауы Франция мен Швейцарияның шекарасында сол дәуірде түзілген тау жыныстарынан құрылған аласа Юра тауларына байланы, сты қойылған. Триас дәуірінің соңында Пангея бөліктерге жарыла бастады да, юра дәуірінің басына қарай жаңадан екі құрлық түзілді – Солтүстік полюске алыстап бара жатқан Лавразия және оңтүстікке бет алған Гондвана. Бұл құрлықтардың арасынан ежелгі Тетис мұхиты ашылды. Теңіздің деңгейі көтеріліп, кері шегінген құрғақ жердің орнында таяз сулы теңіздер мен шығанақтар пайда болды. Құрлықтардың ажырауы жалғаса берді. Экватордан оңтүстікке қарай біртұтас құрлық сілемі болды, ал Солтүстік жарты шарда юра дәуірінің соңында Солтүстік Америка мен Еуразия түзілді. Планетадағы климат бұрынғысынша жылы, тіпті ыстық бол, ды, бірақ ол елеулі дәрежеде ылғалдана түсті. Полюстердің мұзды бөріктері болған жоқ, ал Жердің қазір қоңыржай аймаққа жататын аудандарындағы климат тропиктік болды. Жердің бетіне жаңбыр ше, лектеп құйып, өзендер мен көлдердің суы молайды. Триас дәуірінің шөлдері құрлық түкпіріне шегініп, ғайып болды да, олардың орында, рын ылғал сіңген топырақтан бой көтерген қалың ормандар басты. Ал жып,жылы ұсақ теңіздерде алуан түрлі маржандар қаулап өсіп жатты.
Г о н д в а н а Л а в р а з и я Динозаврлар эрасы Динозаврлар эрасы Тропиктік климат ағаш тәрізді қырыққұлақтарға өте жайлы бол, ды, ал олардың шөптесін түрлері қоңыржай аймаққа таралды. Батпақтарда және өзен,көлдердің дымқыл жағаларында бұрынғыдай қырықбуындар мен сушырмауықтар өсті, дегенмен олар баяғы өте ірі көлеміне жете алған жоқ. Өсімдіктер патшалығында жалаңаш тұқымды өсімдіктер үстем орында тұрды. Саго ағаштары барынша алуан түрлі әрі көп мөлшерде болды, бірақ гинкго ормандары, сондай, ақ қылқан жапырақтылардан қазіргі кипаристер мен қарағайлардың арғы тегі – араукария ормандары кеңірек тарала түсті. Бұл ормандар қазіргі ормандарға ұқсай да бастады, бірақ жасыл нудың ортасынан көзіңізге бірде,бір гүл түспес еді, өйткені жабық тұқымдылардың не, месе гүлді өсімдіктердің заманы әлі туған жоқ болатын! Қос қалақшалы гинкго – бір замандарда өркен жайған гинкго класының бүгінгі күнге дейін жеткен жалғыз ғана өкілі. Екі қалақшаға бөлінген жапырақтары бар, жайыла өсетін бұл ағаш ХІ ғ. бастап Қытайдағы, Жапония мен Кореядағы сарайлар мен монастырлердің бақтарына көрік берген. Еуропалық ғалымдарға ол тасқа айналған жапырақ іздері арқылы ғана таныс еді, ХVІІ ғ. аяғында олар динозав, рлар дәуірінің жанды жәдігерімен танысуға мүмкіндік алды. Гинкго – қылқан жапырақты ағаштардың алыстау ағайыны, ал құрылымының кейбір қарапайым ерекшеліктері оны саго ағаштарына жақындатады. Юрадағы құрлықтардың кескіні Қос қалақшалы гинкго
Динозаврлар
Юра дәуірінің фаунасы
Юра дәуірінің жылы да ылғалды климаты және өсімдіктерінің
молдығы жануарлардың эвоюциясына қолайлы болды. Планктонға
бай теңіздерде балықтардың түр,түрі өріп жүрді. Қоректің мұндай
молшылығы теңіз кесірткелерінің , сырттан қарағанда дельфин,
дерге ұқсайтын ихтиозаврлардың және ұзын да икемді мойында,
ры бар плезиозаврлардың өркендеуіне жол ашты.
Құрлықта, жасыл нудың арасында алуан түрлі жәндіктер
құжынап жатты. Батпақтарда алып денелі, азулы лабиринто,
донттар сирек кездесетін болды, есесіне ол жерде қаптаған
құрбақалар бақылдап, тритондар жорғалап жүрді. Жәндіктермен
және басқа омыртқасыздармен қоректенуге көшкен бұл ұсақ
Юра дәуірінде ауада, суда және құрлықта алуан түрлі
рептилиялар патшалық етті.
Динозаврлар
Белгілі динозаврлардың ішіндегі ең кішкентайы – компсогнаттың қазындысы юра дәуіріне жатады. Бұл артқы аяқтарымен жүгіретін, бойы бар болғаны 25 см құйтақандай динозавр болатын. – л см Динозаврлар эрасы қосмекенділер алып денелі бабаларына қарағанда өзгермелі тіршілік жағдайларына әлдеқайда жақсы бейімделген болып шықты, сондықтан да бүгінгі күнге дейін сақталып қалды. Ал өліп біткен ірі денелі жыртқыш қос мекенділердің орнын ме> зозухиялар – алғашқы қарапайым қолтырауындар басты. Бұл рептилиялар құрғақта емін,еркін жылжитын, сонымен қатар ке, ремет жүзгіштер еді, тіпті теңізде тіршілік етуге де көшкен. Көк жүзінде қанатын кең жайып үлкенді,кішілі ұшқыш кесірткелер – птерозаврлар қалықтап жүрді. Олардың ең ұсақтары жәндіктерді аулап, омыртқасыз ұсақ жануарларды аңдыды, ал неғұрлым ірілері ұшып бара жатып судан балықтарды, басаяқты моллюска, белемниттерді қағып әкетті немесе өлекселерді жем қылды. Юра дәуірінде гүлдену кезеңіне жеткен динозаврлар құрлықтағы омыртқалы жануарлардың арасында үстем рөлге ие болды. Олар барлық жерде жүретін. Араларында өсімдік қоректілер мен жыртқыштар, алыптар мен ергежейлілер де болды. Өсімдікпен қоректенетін алыптар – ұзын мойын ди> плодоктар мен брахиозаврлардың аяқ басқан салмағынан жер тітіреп кететін. Стегозаврлар жыртқыштардан қорғану үшін құйрығындағы шошайған ұзын сүйектерін қару етті, ал денелерінің осал жерлерін қалың сауыт жауып жатты. Алай, да денелерінің ірілігі, үшкір сүйектері мен сауыттары өсімдік қоректі кесірткелерді жыртқыштардан үнемі құтқара берген жоқ. Солтүстік Америкадағы юра шөгінділерінен ғалымдар бір табын диплодоктың іздерінің таңбасын тапты, олардың соңдарынан етқоректі алып динозавр өкшелеп қуыпты. Бұл юра дәуіріндегі ең қорқынышты кесіртке – аллозавр болуы әбден мүмкін. Динозаврлар эрасы
Магнолиялар қазіргі тіршілік етуші гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең көнесіне жатады. Олар Жердегі ең алғашқы гүлді өсімдіктерге тән көптеген қарапайым белгілерді сақтап қалған. іш г са Динозаврлар Бор дәуірі Бор дәуірі, немесе бор – мезозой эрасының ақыры. Ол 145 млн. жыл бұрын басталып, 80 млн. жылға созылған. Теңіз деңгейі өте жоғары болып, қазіргіден 200 метр артып кетті, құрлықтардың ауқымды шеткі аймақтарын теңіз суы басып, онда әктасты қабыршаққа оранған ұп,ұсақ біржасушалы жануарлардың тіршілігі қайнап жатты. Дәурендері біткен соң олар су түбіне шөгіп, көзге ша, лынбайтын ұсақ қабыршақтардан құралған жазу борының орасан зор шөгінділерін түзген. Бор дәуірінің атауы да осындай қыртыстарға байланысты қойылған. Бұл дәуір Жер тарихындағы аса ірі апаттардың бірімен аяқталды. Бор дәуірінде құрлықтардың ажырауы жалғаса берді. Бас кезінде Оңтүстік Америка Африкадан бөлініп шығып, олардың арасында Ат, лант мұхиты кең жайылып жатты. Бұл кезде Солтүстік Америка әзірге Еуропамен, ал Австралия – Антарктидамен жалғасып тұрды. Үндістан арал түрінде болды, бірақ ол бірте,бірте солтүстікке, Азияға жылжи берді. Бор дәуірінің орта кезінде Австралия бөлектеніп шықты, ал аяқ шенінде құрлықтардың кескіндері қазіргі қалыптарына ұқсап қалды. Бор дәуірі басталғанда Жер бетінде жылы, құрғақ климат орнады, құрлықтардың ішкі өлкелерінде кең ауқымды қуаң, құрғақ аймақтар пайда болды. Бірақ бор дәуірінің екінші жартысында климат біршама ылғалды әрі ыстық бола түсті. Динозаврлар
Динозаврлар эрасы Бор дәуірінде болған ең басты оқиғалардың бірі – өсімдіктер патшалығының эволюциясында жоғары сатыда тұрған гүлді өсімдіктердің бүкіл Жер бетіне таралуы. Бұл өсімдіктер таңқаларлықтай алуан түрлі, бірақ бәрінде де арнайы көбею мүшесі– гүлі болғандықтан ұқсас. Олардың ұрықтары түйіннің ішінде дамиды, сол себептен гүлді өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп те атай, ды. Тұқым пісіп,жетілгенше, түйін (кейде гүлдің басқа да бөліктері) оның айналасында жеміс түзеді. Жеміс шырынды да, құрғақ та бо, луы мүмкін, бірақ оның басты міндеті – тұқымның таралуы мен көктеп шығуына жағдай жасау. Кейбір гүлді өсімдіктер желмен тозаңданған, олардың гүлдері ұсақ әрі сұрықсыздау болған. Тағы бір өсімдіктердің тозаңын гүлден гүлге жәндіктер тасымалдаған. Тозаңдандырушыны қызықтыру үшін, күлтелері ашық түсті, иісі аңқыған, тәтті шыры, ны бар гүлдер пайда болды. Көбею мен таралуға жағдай жасайтын осындай ұтқыр қасиеттерінің арқасында гүлді өсімдіктер жалаңаш тұқымдыларды емін,еркін ығыстырып тастады. Тропиктік аудандар, да мәңгі жасыл ағаштар – магнолиялар, эвкалиптер, олеандрлар та, ралды. Қоңыржай климатты аудандарда жапырақты емен, шамшат, қайың ормандары өсті. Гүлді өсімдіктердің тіршілік ету формала, ры да әртүрлі – олардың арасында алып ағаштармен қатар жатаған бұталар мен шөптер де болды. Көне де көрікті магнолия Бор дәуіріндегі құрлықтардың кескіні Динозаврлар эрасы
Динозаврлар Бор дәуірінің фаунасы Жер бетіне гүлді өсімдіктер шығысымен
көптеген жаңа тозаңдандырушы жәндіктер – көбелектер, түкті аралар, бал ара, лары пайда болды. Бор дәуірінің ормандарында бауырымен жорғалаушыларға ғана емес, сүтқоректілерге де тамақ табылды, олардың қатарында балаларын қалтасына салып өсіретін қалталылар және балалары анасының құрсағында өсетін жоғарғылар (плаценталы, лар) да болды. Барлық құрлықтарға құстар таралды. Бірақ бұрынғыдай қаптап жүрген птерозаврлар оларға ауадағы үстемдікті әзірге бере қоятын емес еді. Теңіздерде ихтиозаврлар мен плезиозаврларды айтпағанда, аса ірі теңіз кесірткелері – мозазаврлар жүзіп жүрді. Күні бүгінге дейін бейнесі мүлде өзгермеген тасбақалар да кең таралды. Бор дәуірінде динозаврлар өсіп(өнуін жалғастыра берді
Бор дәуіріндегі апат болмаса, бауырымен жорғалаушылар сүтқоректілерге үстемдік орнын босатпас еді де, Жердегі тіршілік эволюциясы мүлде басқа жолға түсер еді деген пікір бар. н н н де Динозаврлар эрасы Құрлықтағы бауырымен жорғалаушылардың арасында ең алу, ан түрлісі де, сан жағынан көбі де динозаврлар болып қала берді. Бор дәуірінде бірнеше жаңа топтарының пайда болуы олардың эволюциясының соңғы сатысы болды. Солардың ішінде өсімдік қоректі жуас кесірткелер – игуанадонттар болды, олар жаулары, нан алдыңғы аяқтарындағы ішкі саусаққа айналған үшкір сүйегімен қорғанады. Гадрозаврлар, немесе үйрек тұмсықты динозаврлар да өте көп түрлі болды, олардың кейбіреулері бастарындағы іші қуыс айдарлары арқылы түрлі дыбыстарды шығара алатындығымен әйгілі. Өсімдік қоректі динозавр цератопстар қуатты сүйек «жағаларымен» және мүйіздерімен жауларының шабуылынан тамаша қорғалған. Бор дәуірінде етқоректі динозаврлар да алуан түрлі болды. Біздің планетамызда өмір сүрген жыртқыш атаулының ең сұрапылы , ти> раннозаврлар дәл осы дәуірде бой көрсетті. Велоцирапторлар көлемі жағынан тираннозаврлардан көп кіші болды, есесіне олардан жылдамдығымен, ептілігімен және аңғарымпаздығымен асып түсті. Оның үстіне тобымен жүріп аң аулай білуі велоцирапторлардың өте ірі олжаны табанға басуларына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда ежелгі кесірткелердің ең жетілген түрлері дәл осы бор дәуірінде пайда бол, ды деуге болады. Бірақ бұл дәуір аяқталар тұста, олардың барлығы да Жердің басқа да көптеген тұрғындарымен бірге құрып кетті. Мұндай апатқа соқтырған себептер жөнінде біз кейінірек айтармыз, ал әзірге мезозой эрасының басты кейіпкерлері – динозаврлармен жақынырақ танысайық.
Динозаврлар Динозаврларды іздеу жолында Динозаврлар Жер бетінде алғашқы адамдардың пайда болуынан көп уақыт бұрын өліп біткен. Бірақ ғалымдар ежелгі кесірткелердің түрі қандай болғаны, дене құрылыстары, тіпті олардың тіршілік ету әдістері, қоректенуі, мінез>құлқы туралы барынша көп біледі, себебі тау жыныстарының қалың қабаттарында олардың тасқа айналған сүйектері, тістері, терілерінің бөлшектері, жұмыртқалары және тіпті аяқ іздері мен тезектері де сақталып қалған. Жойылып кеткен тірі ағзаларды зерт> теумен палеонтология (грек тілінен аударғанда – «ежелгі тіршілік иелері туралы ілім») ғылымы шұғылданады. Көненің куәгерлері Адамдар ерте заманның өзінде тау жыныстарының қабаттарынан әдеттен тыс тасқа айналған сүйектер мен тістерді тауып алып: бұлар қандай жұмбақ аңдардыкі деп бастарын қатырумен болды. Мыса, лы, Қытайда бұл сүйектер мен тістерді аңыздағы айдаһарлардыкі деп білген. Ал Еуропада бұлар әлемді Топан су қаптағанда қырылып қалған жануарлардың қалдықтары деген пікір болды. Тек ХІХ ғ. ғана бұл сүйектер, сондай,ақ барлық тасқа айналған қабыршақтар, ағаш діңдері мен жапырақтардың таңбалары – Жер бетінде миллиондаған жыл бұрын өліп біткен жануарлар мен өсімдіктердің болғанына куә, ал оларды зерттеу біздің планетамыздың тарихындағы белгісіз бет, тер жөнінде көп нәрсені айта алады деген түсінік туды. Өлген жануарлардың көпшілігінің денелері ізсіз жоғалады, себебі олардың етін жыртқыштар жеп қояды да, сүйектерін өлексе жегіштер тасып әкетеді, қалдықтарының бәрін бактериялар, саңырауқұлақтар, күннің көзі, су мен жел бүлдіреді. Тым құрығанда қатты сүйектер мен тістердің миллиондаған жыл бойы күлге айналып кетпеуі үшін көптеген жағдайлардың тоғысуы қажет. Бірақ кейде бұл шынымен де
Шығыс медицинасында «айдаһарлардың» тасқа айналған сүйектері мен тістері бағалы болды. Олардың емдік қасиеттері бар деп, емшілер ұнтақтап үгіп, «мың да бір ем» болатын дәрі,дәрмектерді жасаған. Шығ сү ж ү з е г е асады. Мысалы, динозаврдың өлігі су айдынының лай басқан түбіне көміліп қалса немесе жар құлағанда құм басып қалса, жануардың қаңқасы сақталуы мүмкін. Су мен топырақта болатын минерал, ды заттар сүйектерге сіңіп, оларды тас қылып тастайды. Сүйектер тасқа айналып жатқан кезде, оларды лай мен құмның жаңа қабаттары жабады. Миллиондаған жылдар ішінде олар шөгінді тау жыныстарына ай, налады да, қойнауында ежелгі кесірткенің қаңқасы сақталып қала береді. Кейде динозаврлардың қазба іздерін де іздеп табудың сәті түседі. Мысалы, дино, завр су айдынының қорыс лайлы жағасына табандарының іздерін қалдырса, таңба күйінде сақталып қалуы мүмкін. Ыстық күннің сәулесімен лай кеуіп, қатаяды, ал табанның іздерін құм басып қалып, жаңбырдан қорғайды. Миллион жылдар өткенде тасқа айналған лаймен бірге динозаврдың іздері де сақталады. Динозаврдың тез кеуіп қалған тезегі де тасқа айналатын кездері бар (мұндай тастарды копролит деп атайды). Ко, пролитте өсімдік қалдықтары немесе сүйек сынықтары сақталуы мүмкін, динозаврдың немен қоректенгенін содан білуге болады. Тасқа айналу осылай қалыптасады
Динозаврлар Динозаврлар Динозаврлардың ашылуы 1824 жылы ағылшын Корольдік қоғамының мүшелері Оксфордтың геология оқытушысы У. Баклэндтің өліп біткен алып рептилияның төменгі жақ сүйегінің бөлектері табылғаны туралы баяндамасын тыңдады. Баклэнд ғылымға белгісіз бұл жануарды мегалозавр деп атайды, яғни «алып кесіртке» деген сөз. Арада бір жыл өтісімен ағылшын анатомы әрі табиғат зерттеушісі Г. Мантель ғылымға белгісіз тағы бір көне тіршілік иесінің төменгі жақ сүйегінің бөлшектері мен тістерін ғылыми қоғамның талқысына ұсынды. Бұл кесіртке игуа> надон («игуананың тісі») деген ат алды, себебі оның тісінің пішіні қазіргі өсімдік қоректі бауырымен жорғалаушы – игуананың тістеріне ұқсайды екен. Сөйтіп, мегалозавр мен игуанадон өздеріне ғылыми ат алған тарихтағы алғашқы динозаврлар болды. Рас, жануарлардың мұндай тобының болғанын ғалымдар әлі білген жоқ еді, тіпті «ди, нозавр» деген атаудың өзі біршама кейінірек пайда болды. Оны 1841 жылы белгілі ағылшын палеонтологы Ричард Оуэн ғылыми айналымға енгізді. Ежелгі грек тілінен аударғанда «динозавр» сөзі «қорқынышты кесіртке» дегенді білдіреді. Ал қазір динозаврлардың бәрі бірдей дәу әрі долы мінезді бола бермегені белгілі болса да, ата, уы сақталып қалды. Мегалозавр– ғалымдар сипаттама берген алғашқы динозаврлардың бірі
ХІХ ғ. ортасында У.Хоукинс Лондондағы Дүниежүзілік жәрмеңкеде динозаврлардың шынайы көлеміндегі мүсіндер жиынтығын ұсынды. Динозаврлар жөнінде қалың жұртшылық осылай білді. ХІХ жә Динозаврларды іздеу жолында Динозаврларды іздеу жолында ХІХ ғ. екінші жартысында Солтүстік Американың Нью,Джерси штатында гадрозаврдың толық қаңқасы іс жүзінде бірінші рет табылды. Бұл әдеттен тыс динозаврдың жақ сүйектері үйректің тұмсығына ұқсайды, ал артқы аяқтары кенгурудікіндей ұзын екен. Мұны көрген палеонтолог Дж. Лейди кейбір динозав, рлар төрт аяқтап емес, артқы екі аяғымен жүрген болар деген ойға қалады. Әрбір жаңадан табылған динозаврлар осы бір тосын тіршілік иелеріне деген қызығуды арттыра түсті. Олар жөнінде газеттер жазып, мұражайлар сүйектерін өз жиынтықтарына алуға тырысты. ХІХ ғ. аяғында динозаврларды нағыз «аулау» Амери, када басталды. Оған бәрінен де құмарта қатысушы палеонтологтар Э.Коп пен О.Марш болды. Әуелде олар бірлесіп жұмыс істеп, артын, ша ренжісіп қалады. Бірінен бірі асып түсуге тырысып, тасқа айналған қаңқаларды жергілікті тұрғындардан сатып алды және қазба жұмыстарын өз қаржыларына жүргізді. Бәсекелестік рухы мен сен, сация қуушылық Коп пен Маршты атүсті әрі кейде қате тұжырымдар жасауға мәжбүр еткеніне және олар көбінесе бірін бірі келеке етіп, ұрлық жасады деп айыптағанына, мұның өзі оларды ғылыми қоғам алдында ұятқа қалдырғанына қарамастан, олардың палеонтологияға қосқан үлесі өте қомақты болып шықты. Таңқаларлықтай, бірақ ақиқат: осынау мазасыз «динозавр аулаушылар» жиырма жылдың ішінде 130,ға жуық жаңа түрлерді ашқан! ХІХ ғ. ғалымдар игуанадонның бейнесін осылай елестеткен
Динозаврлар Динозаврларды қайдан іздеу керек? Динозаврлардың сүйектері ұзақ уақыт бойы ғалымдардың қолына кездейсоқ түсіп келді. Оларды жол салған, шұңқыр қазған жұмысшылар, шахтерлер тауып алатын. Қазіргі уақытта палеонтолог, тар динозаврды қайдан іздеуді жақсы білгендіктен, Жердің әртүрлі түкпірлеріне арнайы экспедиция ұйымдастырады. Тасқа айналған денелерді шөгінді тау жыныстарының қалың қабаттарынан таба, ды. Оларға құмдауыт, бор, әктас, тас көмір жатады. Жыныстардың құрамына қарап олардың қайда – теңізде немесе құрлықта түзілгенін, ал қабаттарының орналасуына қарап – жас мөлшерін анықтауға бо, лады, себебі, әдетте, тау жыныстарының ең терең қабаттары жер бетіне жақын жатқандарына қарағанда бұрынырақ пайда болған. Динозаврлар мезозой эрасында тіршілік еткен құрлық жану> арлары. Сондықтан олардың қазба қалдықтары 250,65 млн. жыл бұрын құрғақта, мысалы құмдақ жерде түзілген жыныстардың шөгінді қабаттарынан табылуы мүмкін. Ал теңіз кесірткелерінің тасқа айналған қалдықтарын мезозойдың теңізге тән шөгінді жыныста, рынан, мысалы теңіз жануарларының сауыттары мен қаңқаларынан түзілген әктастардан іздеу керек. Гоби шөліндегі мынадай қызыл құм жалдарынан динозаврлардың және басқа құрып біткен жануарлардың тұтас «молалары» табылған Динозаврлар
Шөгінді тау жыныстары – өзге тау жыныстарының бұзылу өнімдерінің және өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шөгінді қабаттар түрінде жина, луынан пайда болатын жыныстар. Шөг бұ Динозаврларды іздеу жолында Температураның құбылмалылығы, ағып жатқан су мен соққан жел тау жыныста, рын бүлдіріп, тасқа айналған қабаттарын жалаңаштайды да, беткі жағына шыққандарын ғалымдар оңай тауып ала, ды. Мұндай ашылып қалған тұстар өзен мен теңіздің құлама жарлы жағаларынан, су шайған жыралардан кездеседі. Жердің әртүрлі құрлықтарындағы шөлдерден динозаврлар мен басқа да көне жануарлардың тасқа айналған қалдықтары өте көп табылды. Бірақ бұдан осы тіршілік иелерінің барлығы қуаңшылық жерлерде өмір сүрген деуге болмайды. Қазір сусыз аптап шөлдер жатқан жерлерде мезозой эрасында мол сулы өзендер ағып орман өскен, арасында динозав, рлар өріп жүрген. Өлген жануарлардың қаңқалары тасқа айналып, көл мен батпақтың түбіне жиналып қалған. Ал кейін бұл аймақтардың климаты өзгеріп, ормандар мен қалың шалғындардың орнын шөлдер басқан. Неғұрлым ылғалды климатта ежелгі шөгінді жыныстар әдетте өсімдік пен топырақ қабаттарының астында жасырын жатады, ал шөлдерде жалаңаштанып қалады. Температураның күрт өзгерістері және құмды боратып ұшыратын жел оларды тез бұзады да, жердің геологиялық шежіресінің құрып біткен жануарлардың сүйектері бар кейбір беттері ғалымдардың байқампаз көздерінің алдынан айқара ашылып қалады. Тау жынысындағы тасқа айналған сүйектер Динозаврларды іздеу жолында
Динозаврлар
Гоби – ашылымдар шөлі
Моңғолия мен Қытай жерінде орналасқан орта,азиялық Гоби
шөлінің көшпелі малшылары арасында ерте заманнан бері
шөлдің алыс түкпірлерінде бір замандарда өмір сүрген қанатты
аспан айдаһарлары мен құбыжық тас жыландар туралы, олардың
сүйектері әлі бар екені жайында аңыздар мен хикаялар айтыла,
тын. Бұл аңыздардың негізсіз емес екенін 1922 жылы Американың
жаратылыс тарихы мұражайы ұйымдастырған палеонтологиялық
экспедицияның тапқан керемет олжалары растап берді. Гобидің
қақ ортасында, күн мен құм, жел мүжіп бүлдірген Баин,Дзак
(бұл жер енді Жалындаған Жартастар деген көркем атпен таны,
мал) тау сілемдерінің қызғылтым жартастарының шым,шытырық
лабиринтінің арасынан экспедиция бор дәуірінде өмір сүрген
мүйізді динозавр протоцератопстардың бас сүйектері мен тұтас
қаңқаларын тапты. Бірақ ежелгі кесірткелердің жұмыртқаларының,
тіпті жақсы сақталған тұтас үймелерінің табылуы нағыз ғылыми сен,
сация болды, өйткені динозаврлардың қандай жолмен көбейетіні
жөнінде ол кезде әлі ештеңе белгілі емес болатын.
Американың динозавр іздеуші экспедициясы Гоби шөлінде
Динозаврлар
Гобидегі біздің алғашқы зерттеулерімізді басқарған белгілі ғалым әрі жазушы И.А. Ефремов «Желді жол» деген қызықты кітабында экспедицияның жұмысы жөнінде әңгімелейді. Гоби бе Динозаврларды іздеу жолында 1946,1949 ж.ж. алыстағы құпия сырлы Гобиде Мәскеудің Палеон> тология институтының ғалымдары жұмыс істей бастады. Алғашқы жылдарда ресейлік ғалымдар динозаврлардың бірнеше үлкен «мо, ласын» тауып алды. Ғалымдарды әсіресе Алтан,Ула шатқалына жалғасып жатқан тауаралық Нэмэгату қазаншұңқыры – қабырғалары қызғылтым құмтастардан құралған терең де иір,қиыр жердің өте мол тасқа айналған кендері қуантты. Жарларда жел қашап жасаған ғажайып мұнаралар бар, олардың жоғарғы бөліктерінде алып кесірткелердің сүйектері жатып қалған. Динозаврлардың тұтас дерліктей, жақсы сақталған қаңқалары бәрінен де құнды олжа болды. Бұл жерден алып денелі жыртқыш тарбозаврлардың, танк тәрізді сауыты бар өсімдік қоректі анкилозаврлардың, мүйізді трицератопстардың, орасан үлкен зауроподтардың және екі аяқты үйрек тұмсықты динозаврлардың сүйектері табылды. ХХ ғ. екінші жартысынан бастап Гоби палеонтологтардың нағыз Меккесіне ай, налды, ондағы жұмыстар әлі күнге дейін жалғасып, әрдайым жаңа әрі ғажайып ашылымдар жасалуда. Гобидегі ондаған жылдық жұмыс барысында ресейлік ғалымдар жинаған бай жиынтықтар Мәскеудегі Палеонтология мұражайында сақталуда. Алып кесірткелердің қаңқаларын барын, ша айқын көрсету үшін, бұл мұражайдың жаңа ғимаратында өте үлкен қос қабатты зал ашылған! Енді мұражайға келушілер тарбозаврдың қаншалықты қорқынышты болғанын, зауроподтардың неткен дәу болғанын өз көздерімен көре алады, ал экскурсия жетекшілері олардың тіршілігінен көптеген қызықты жайттарды әңгімелеп береді. Динозаврларды іздеу жолында
Динозаврлар Қазба жұмыстарына барамыз! Палеонтологиялық экспедиция жұмыс аймағына келіп жеткен соң, тасқа айналған денелерді іздеуді бастайды. Жердің беткі жағында жақсы сақталған тасқа айналған денелерді табу өте сирек жағдай, бұл жерде оларды табиғаттың сыртқы күштері – өзгермелі температура, жел мен су тез бүлдіреді ғой. Сондықтан, палеонтологтар далалық лагерь құрып, қазаншұңқырлар мен өзен жарқабақтарын, тік жар, ларды мұқият зерттей бастайды. Бұған шыдам мен төзімділік керек, өйткені кейде палеонтологтың жолы болып, жардың қабырғасынан айналасындағы жыныстарға ұқсамайтын ерекше тасты көзі шалатын сәтке дейін жүздеген шақырымдық күрделі жолдардан өтуіне тура келеді. Тасқа айналған сүйек табылды, де, мек, жардың тереңінде динозаврдың бүтін сүйегі, тіпті көп жиынтығы жатуы ықтимал! Ендеше, сүйектері бар қабат, яғни қазба жұмысын жүргізуге болатын қабат табыл, ды дей бер. Ал кейде тасқа айналған сүйек жардың түбінде шашылып жатады, онда ол жардың қай тұсынан құлап түскенін анықтау қажет. Сүйектері бар қабат табылғаннан кейін, оны қазу басталады. Қайламен, күрекпен, шойбалғамен оны аршып, бетіндегі тау жынысы мен топырақ қабатын алып тастауға көп еңбек пен уақыт жұмсалады. Палеонтологтар тасқа айналған сүйектерді тау жынысынан тазалауда Динозаврлар
Әрбір үлгінің қай жерден, қашан және кім тапқаны көрсетілген жапсырма жазуы болуы тиіс. Сонда ғана олардың ғылыми құндылығы бар. Қазба жұмысын мамандардың жүргізгені маңызды! Әрб кө Динозаврларды іздеу жолында Ал содан кейін «тұрпайы» құралдар қазба пышағына, қандауырға және қылшаққа кезек береді. Палеонтологтар солардың көмегімен сүйекті айналасындағы тау жынысынан тазартады. Бұл жұмыс зер, герге тән дәлдікті талап етеді, өйткені әрбір оқыс қимыл олжаны бүлдіріп жіберуі мүмкін. Ғалымдар тасқа айналған қалдықтарды мұқият сипаттап, сызба, сын салады және фотосуретке түсіреді, олардың қандай жағдайда табылғанын зерттейді. Олжаларды тауып алу аз, оларды әрі қарай зерттеу үшін зертханаға бүтін күйінде жеткізу керек. Ұсақ сүйектерді қағазға орап, қораптарға салып байлайды. Бірақ динозаврлардың сүйектері өте үлкен әрі ауыр, сонымен қатар морт сынғыш болуы мүмкін. Оларды бүлдіріп алмау үшін, гипстік орауыштармен орап, желімдегіш ерітінділерді сіңіреді. Ірі сүйектер мен қаңқаның үлкен кесектерін жыныспен бірге тұтас құйма күйінде алады. Жыныстың ішінде сүйектері бар бөлігін жан, жағынан қопсыта жонып, тік бұрышты кесек қалыпқа келтіреді. Оның үстіне жәшіктің бүйір қабырғаларын кигізіп, жыныс пен жәшіктің арасындағы саңылауға сұйық гипс құйып тастайды. Содан кейін қақпағын шегелеп, жыныс кесегінің астыңғы жағын тегістеп, жәшікті аударып қояды да, соңғы қабырғасын шегелейді. Мұндай жәшіктердің салмағы кейде бірнеше тоннаға жетеді, оларды машинаға тиеу үшін, тағы да көп тер төгу керек. Есесіне мұндай құймадағы сүйектер жақсы сақталады. Динозаврдың бір қаңқасын қазу кейде бірнеше жылға созылатыны да бар! Динозаврларды іздеу жолында
Динозаврлар
Динозаврларды қалпына келтіру
Динозаврдың түрі қандай болғанын елестету үшін, қаңқасын
құрастырып, сүйектерін тірі кезіндегі орындарына қойып шығу
қажет. Бұл жерде палеонтологтарға қазіргі жануарлардың ана,
томиясын жақсы білуінің көмегі тиеді. Динозаврлар әдеттен тыс
жануарлар болса да, олардың қаңқасы планетаның қазіргі төрт
аяқты тұрғындарыныкі сияқты орналасқан әрі сондай сүйектер
жиынтығынан тұрады ғой!
Бір өкініштісі, динозаврлардың бүтіндей қаңқалары өте си,
рек кездеседі. Ғалымдар көбінесе бөлек,салақ сүйектермен және
олардың
сынықтарымен
әуреленеді.
Динозаврдың
қаңқасын
құрастыру жұмысын көптеген бөліктері жетіспейтін басқатырғы
пазлды құрастырумен салыстыруға болады. Егер динозаврдың
ғалымдарға бұрыннан таныс түрі болса, олар қолда бар бірнеше
сүйекті салыстыра отырып, жетпей тұрған сүйектердің онына
көшірмесін қоя салады. Алайда дұрыс құрастырылған қаңқаның
өзі динозаврдың түрі қандай болғанын толық елестетіп бере ал,
майды. Сүйектерде кедір,бұдырлар болатыны жақсы, сол арқылы
бұлшықет сіңірлері қалай бекіп тұрғанын, ол бұлшықеттердің
қалай дамып, қалай жұмыс істегенін білуге болады. Сүйек қаңқасы
бұлшықеттермен толықтырылған соң, кесірткенің тері қабатын
қалпына келтіру қалады.
Ғалымдар
үйрек
тұмсықты
динозаврдың
қаңқасын
құрастыруда
Динозаврлар
Мынадай бір әзіл бар: «Динозаврлардың барлығының түрлері бірдей болған, тек олардың қаңқасын әртүрлі ғалымдар әртүрлі етіп құрастырған». Бұл, әрине, әсірелеп айтылған, бірақ осы әзілде аз да болса шындық бар! Мын тү Динозаврларды іздеу жолында ХХ ғ. аяғында ғалымдарға компьютерлік технология көмекке келді. Динозаврларға компьютер мо, ниторлары мен теледидар экран, дарында «жан бітті». Бірақ мына, ны ұмытпау керек, динозаврды қалпына келтіру – белгісіздері көп есеп сияқты, сондықтан оның бірнеше шешімі болуы мүкін, ғалымдар өз білімдеріне сүйеніп, солардың ба, рынша ықтималдарын таңдап ала, ды, ал білімдері үнемі жаңарып оты, рады. Мысалы, 1853 жылы Р.Оуэн, динозаврлардың «кіндік әкесі», игуанадонның бірінші үлгісін жаса, ды. Ол үлгі бойынша, бұл кесіртке ұзын құйрығы бар өте үлкен мүйізтұмсыққа ұқсайтын. 1878 жылы ғалымдардың қолына игуанадондардың 30,ға жуық қаңқасы түсіп, бұлар төрт аяқтап та, екі аяқтап та жүре алатын, кенгуру мен түйеқұстың арасындағы бірдеңеге ұқсайтын біршама тұлғалы жануарлар екені түсінікті бол, ды. Ал оның «мүйізі» , мүлде мүйіз емес, табанындағы тікендей үшкір келген саусақ екен. ХХ ғ. аяғында бұл үлгі де түбірімен қайта қаралды. Игуанадон негізінен төрт аяқтап жүргеніне дәлелдер пайда болды, ал құйрық сүйектерінің дәнекер тұстары қатайып кеткендіктен, олар оны кенгуру сияқты ие алмайды екен. Игуанадонның ескірген бейнелерінің бірі Динозаврларды іздеу жолында
Динозаврлар
Динозаврларды тірілтуге бола ма?
Ғылым қарқынды дамып жатқаны сондай, күні кеше ғана мүмкін
емес болған нәрселер шындыққа айналуда. Кейінгі жылдарда дино,
заврлар ғылыми,көпшілік және көркем фильмдердің кейіпкерлеріне
айналды, экраннан олар тірі сияқты көрініс береді. Бірақ оларды
шын мәнінде тірілтіп алуға бола ма? Ғалымдар теория жүзінде мұны
істеуге әрекет жасай алады, тек олардың қолдарында қандайда бір
динозаврдың ДНК,сі болуы керек. Еске сала кетейік, ДНК > «тұқым
қуалаушылық заты», оның молекулаларында ағза құрылысының
барлық ерекшеліктері туралы ақпарат жасырынған. ДНК жасушаның
ядроларында
болатын
ерекше
құрылымды
хромосомаларға
«салынған».
ХІХ – ХХ ғ.ғ. биологияда ашылған іргелі жаңалықтардың арқасында
ағзаларды клондау мүмкіндігі туды. Клондаудың мәні мынада,
ғалымдар бір түрдің ДНК,сін пайдаланып, оның дәлме,дәл көшірмесін
(клон) жасай алады.
Клондаудың
алғашқы
сәтті
нәтижелері
жылдар,
да құрбақаларға жасалған тәжірибелерден алынды, ал енді
Ойын(сауық бағындағы динозаврлардың көшірмелері
Динозаврлар
1997 жылы Шотландиядағы Рослин иститутының зертханасында Долли деген қой дүниеге келді. Бұл нағыз сенсация болды, өйткені Долли – клондалған ең алғашқы сүтқоректілердің бірі. Динозаврларды іздеу жолында тышқандарды, мысықтарды, қойларды, сиыр, ларды, иттерді... клондаудың сәті түсті. Бәлкім, көп ұзамай динозаврларға кезек келетін шығар? Бірақ бұл оңай емес! Ғалымдардың қолына көбінесе динозаврлардың тасқа айналған сүйектері мен тістері түседі, сирек жағдайда ғана жұмсақ ұлпаларының мумияланған бөлшектері тап бо, лады, оларда ДНК болуы мүмкін. Бірақ ДНК молекуласының құрылысы өте күрделі әрі тез бұзылады. Осы күнге дейін динозавр ДНК,сінің өте кішкентай үзіктері ғана табылған. Құрып біткен кесірткелердің бұзылмаған ДНК,сі табылады деген үміт бар ма? «Юра дәуіріндегі бақ» деген фильмде ғалымдар бұл міндеттің шешімін ұтымды тапқан. Олар динозаврлардың қанындағы ДНК,ні пайдалану арқылы клондайды. Бұл қан динозаврдың қанына тойып алған масалардың асқазанында сақталып қалыпты. Масалар ағаштың шайырына жабысып қалады да, шайыр тасқа айналып, янтарь болып шығады. Фильмді түсіруге негіз болған осы аттас романның авторы Майкл Крайтон шығарманы жазу үстінде мамандардан кеңес алған, ал кесірткелерді клондаудың мұндай әдісі соншалықты қиялилық емес. Бірақ іс жүзінде олардың қандарының янтарь ішінде қалған масаның асқазанында сақталған іздері де табыла қойған жоқ. Сондықтан, динозаврлардың өмірге қайта оралуы бір күндері жүзеге асса да, ол өте алыс келешектің еншісінде. Янтарь (кәріптас) ішіндегі маса зе Динозаврларды іздеу жолында
Динозаврлар
Таңғажайып кесірткелер
Динозаврлар
рептилиялардың
немесе
бауырымен
жорғалаушылардың класына жатады. Қазіргі замандағы
рептилиялар жиыны төрт отрядқа кіреді – қабыршақты>
лар, қолтырауындар, тасбақалар және тұмсықбастылар.
Ал мезозой эрасында мұндай отрядтардың саны он
жетіге жуықтаған, ал олардың ең алуан түрлі әрі саны
көбі динозаврлар болған. Дене құрылысының кейбір
өзіндік ерекшеліктері арқасында олар құрлықтағы сан
түрлі өмір сүру орталарын иеленіп алды.
Динозаврлар дегеніміз не?
Құрғаққа шыққан ең алғашқы омыртқалы жануарлар амфибиялар
болатын. Бірақ олардың тіршілігі сумен тығыз байланысты күйінде
қалды, себебі олардың дымқыл терілері ылғалға мұқтаж болды, ал
уылдырығы суда ғана дами алатын еді. Сондықтан ең алғашқы нағыз
құрлық жануарлары рептилиялар болды. Олардың құрғап кетуден
сақтайтын тығыз қабыршақты терісі бар, өкпелері жақсы дамыған,
бүйректері жинақталған ыдырау өнімдерін ағзадан шығару арқылы
суды үнемдейді. Ең бастысы, рептилияның ұрығы қалың қабатты,
ішінде ылғал қоры мен қоректік заттары бар жұмыртқада дами,
ды, жұмыртқаның ішінен ересек рептилияның құрлықта өз бетінше
өмір сүруге дайын, кіп,кішкентай
көшірмесі жарып шығады. Репти,
лияларда
эволюция
барысында
пайда болған мұндай жұмыртқаны
кейінірек еш өзгеріссіз қалпында
құстар «иемденіп» алды.
Тираннозавр жұмыртқаны
жарып шығуда
Рептилиялардың осы ерекшеліктерінің бәрі біздің кейіпкерлерімізге – динозаврларға да тән болды. Бірақ динозаврлардың, мысалы, аяқ>қолдары едәуір жетілген болатын. Қазіргі рептилиялардың аяқ,қолдары денесінің екі жағында орналасқан, сондықтан олар шайқала басады, ал құрсақтары көбінесе жермен сүйретіліп жүреді. Сондықтан рептилиялар, ды бауырымен жорғалаушылар деп те атай, ды. Ал динозаврлардың аяқ,қолдары аңдар мен құстардағы сияқты денесінің тура астын, да орналасқан. Олардың кейбіреулері артқы аяқтарымен жүрген, араларында керемет жүйріктері де болған. Бір жағынан, мұндай аяқ, қолдар дененің ауыр салмағын да көтере ала, ды, сондықтан да төрт аяқты динозаврлардың арасында Жер бетінде бұрын,соңды болып көрмеген ең ауыр салмақ иелері де болды. Динозаврлардың тістері пішін жағынан алуан түрлі болған және жақ сүйектердің ойықтарында (альвеола, да) орналасқан. Тістердің мұндай құрылымы сүтқоректілерге тән, ал қазіргі рептилиялардан тек қолтырауындарда ғана кездеседі. және Қазіргі рептилиялардың (жоғарыда) және динозаврлардың (төменде) аяқ( қолдарының орналасуы Орнитолестес деген динозаврлар әдеттен тыс шапшаң болған
Анкилозаврлар Юра дәуірі. 215>145 млн. жыл бұрын Стегозаврлар Триас дәуірі. 250>215 млн. жыл бұрын Аллозаврлар Орнитоподтар Қ Ұ С Ж А М Б А С Т Ы Л А Р Аллозав р рлларр Ж А М Б А С Т Ы Л А Р Динозаврлар Динозаврлар Динозаврлардың туыстық байланыстары Қазіргі уақытта динозаврлардың 1 мыңға жуық түрлері белгілі, алайда ғалымдар олардың жаңа түрлерін әлі де табу үстінде. Динозаврлардың бәрі Жер бетінде бір мезгілде өмір сүрмеген. Кейбір топтары миллиондаған жыл өмір сүріп, құрып кеткен, ал кейбіреулері эволюцияланып, жаңа түрлердің арғы тектеріне айналған. К Е С І Р Т К Е
Пахицефалозаврлар Құстар Зауроподтар Бор дәуірі. 145>65 млн. жыл бұрын КАЙНОЗОЙ ЭРАСЫ Дромеозаврлар Тираннозаврлар Бұл суретте динозаврлардың туыстық тармақтары бейнеленген, ондағы әрбір «бұтақша» динозаврлардың белгілі бір тобына сәйкес келеді. Бұл олардың қашан өмір сүргенін және қайсысы қайсысына туыс болып келетінін анықтауларыңызға көмектеседі. ннозаврлар заврлар заврлар ар р Таңғажайып кесірткелер 35 Таңғажайып кесірткелер Барлық динозаврларды жамбасының құрылысына қарай үлкен екі топқа бөледі – құсжамбастылар (1) және кесірткежамбастылар (2). Құсжамбасты динозаврлар өсімдікқоректі болды, ал кесіртке,жамбастылардың арасында өсімдікқоректілер де, жыртқыштар да болды. Цератопстар Цератозаврлар
Динозаврлар
Динозаврлардың ізашарлары
Динозаврлар Жер бетінде пайда болған ең алғашқы рептилия,
лар емес. Олардан көп уақыт бұрын рептилиялар әлемі өте алуан
түрлі болды, олардың арасында таңғажайып жаратылыс иелері де
аз емес еді. Мысалы, ұзындығы 3 метрге жеткен диметродон пермь
дәуіріндегі ірі жыртқыш болған. Оның арқасын бойлай омыртқа
өскіндерінің арасында керілген, қан тамырларына толы көн жарғақты
«желкен» созылып жатқан. Пермь дәуіріндегі тағы бір жыртқыш
кесіртке – эстемменозух. Оның атауы «тәж киген қолтырауын» деген
мағына береді. Басындағы мүйізге немесе тәжге ұқсайтын біртүрлі
сүйек өскіндеріне бола осылай аталған, оның үстіне, еркектерінің
«тәжі» ұрғашыларына қарағанда үлкенірек.
Листрозаврлар ұзындығы 1 метрдей шомбал әрі шабан қимылды
рептилия болған. Олардың өткір кескіш жиектері бар жақ сүйектері
тасбақалардыкіне ұқсайды, ал төменге қарай морждар сияқты
екі сойдақ тісі шығып тұрады. Түрлері қорқынышты көрінгенімен,
олар өсімдікқоректі момын жануарлар болған. Жапырақтар мен
бұтақтарды тасбақалар тәрізді тістеп үзіп алған.
Эстемменозухтардың қазба
қалдықтары Ресейдегі Пермь
маңайынан табылған
Динозаврлар
Таңғажайып кесірткелер 37 Мезозой эрасының басында архозаврлардың («патшалық етуші рептилиялар») ауқымды тобының өкілдері үстемдік алды. Олардың алғашқылары ебедейсіз болды, содан кейін түзу табандарымен шапшаң жүгіре алатын архозаврлар пайда болды. Ұшатын кесірткелер (птерозаврлар) мен динозаврлар міне, осылардан тараған. Ең ертедегі архозаврлардың бірі та> нистрофей болатын. Оның қаңқа сүйектері табылған кезде ғалымдар әртүрлі екі жануардыкі екен деп қалды! Бұл әдеттен тыс рептилияның ұзындығы 5 метрге жеткен, оның жартысынан көбі аса икемді де қозғалмалы мойны болып шықты. Танистрофей құрғақта өмір сүрген, бірақ балықты қорек еткен. Ол балықты су ішінде де аулай алады, әйтсе де көбінесе олжасын көкқұтандар тәрізді жағадан тосып алған. Лагозух , ұзындығы 30,40 см ғана болатын шағын рептилия. Ол неше түрлі жәндіктермен қоректенген. Оның нәзік дене бітімі мен ұзын аяқтары керемет жүйріктігін аңғартады, оның үстіне, төрт аяқтап та, артқы екі аяғымен де жүгіре алған. Дәл осындай рептилиялар динозаврлардың арғы тектері болатын. Диметродонға «желкеннің» не үшін керек болғанын ғалымдар әлі күнге дейін түсіндіре алар емес. Бұл диметродонның дене температурасын тез арттыруына мүмкіндік беретін өзінше бір күн батареясының рөлін атқарған деген болжам бар. ың Танистрофей Лагозух Таңғажайып кесірткелер
Динозаврлар Алғашқы динозаврлар Жер бетінде триас дәуірінің ортасында пайда болған ең ежелгі динозаврлардың тасқа айналған қалдықтарының басым бөлігі Оңтүстік Америкада, Аргентинадан табылды. Жануарлардың бұл таңғажайып тобының қалай қалыптасқанын елестетуге мүмкіндік беретін өте қызық палеонтологиялық жаңалықтар Аргентинаның батысындағы Ишигуаласто ұлттық бағының аймағынан ашылды. Қазір бұл жерде Аргентинаның қуаң даласы пампа созылып жатыр, оның ортасында таңғажайып тас бағандар сораяды, ал Ишигуала, стоны жұмбақ сырлы әрі иен жатқан «жат планеталық» пейзажына бола Ай алқабы деп те атайды. Бірақ осыдан 225 млн жыл бұрын Жердің бұл өңіріндегі климат жылы әрі ылғалды болды, өзендердің жағасында өскен биік діңгекті ормандарда өмір қайнап жатты. Ең алғашқы динозаврлардың бірі – херреразаврлар осы жерді мекен еткен. Херреразаврдың аты 1958 жылы оның сүйектерінің бөліктерін кездейсоқ тауып алған жергілікті шаруаның есімінен алынған. Ғалымдар оның толық бас сүйегі мен өзге сүйектерін кейінірек та, уып алды. Херреразавр ұзындығы 6 метрге жуық, жеңіл денелі, қос аяқты кесіртке болған. Оның құрылысы – кері қайырылған тістері бар шығыңқы жақ сүйектері, мықты артқы аяқтары мен өткір тырнақты, епті жаралған алдыңғы аяқтары – жыртқыш екендігін аңғартады. Херреразавр Динозаврлар
Таңғажайып кесірткелер 39 Ай алқабынан эораптордың («бұрынғы қарақшы») қалдықтары табылды. Бойы 1 метрге дейін жететін бұл шағын динозавр артқы аяқтарымен қозғалған, ал алдыңғыларымен жемін – ұсақ рептилия, лар мен жәндіктерді ұстап тұрған. ХХ ғ. аяғында Мадагаскардан тіпті ертедегі кесіртке – платеозаврдың қалдықтары табылғанға дейін херреразавр мен эораптор ең ежелгі динозаврларға жатқызылып келген. Ол жыртқыш емес, өсімдік қоректі динозавр болған. Төрт аяғымен жүрген, бірақ жан,жағына қарағанда және жапыраққа бой, ын жеткізу үшін артқы аяғымен тұрған. Бұл кесірткенің алдыңғы аяқтарында ұзын, өткір тырнақтары бар. Бразилиядан табылған ставрикозаврдың («Оңтүстік Крест кесірткесі») қаңқасында құсжамбасты және кесірткежамбасты динозаврлардың белгілері бар. Шамасы, бұл олардың ортақ атасы болған сияқты. Платеозаврлар сырттай қарағанда ұзын мойынды алып диплодоктарға ұқсайды, бірақ көлемдері едәуір шағындау (ұзындығы 7 м.) Таңғажайып кесірткелер
Динозаврлар Ұялары мен жұмыртқалары Динозаврлар да өзге рептилиялар сияқты жұмыртқалау арқылы көбейген. Бұл болжамды бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасында Ри, чард Оуэн айтқан, алайда америкалық палеонтологиялық экспе, диция динозаврлардың тасқа айналған жұмыртқаларын, тіпті тұтас үймелерін тауып алған 1923 жылы ғана мұны дәлелдеудің сәті түсті. Айтпақшы, динозаврлардың жұмыртқалары бұған дейін де табылған (Еуропа жерінде), бірақ оларды қолтырауындардың немесе әлдебір басқа рептилиялардың жұмыртқасы деп ойлаған, сонықтан бұл ол, жалар ғылыми сенсация бола алмады, ұмытылып қала берді. Динозаврдың жұмыртқалары әртүрлі пішінде болған: кейбіреуінікі– домалақ, тағы біреулерінікі – аздап сопақшалау. Олар құстардыкі сияқты қалың әктасты қабықпен жабылған, көптеген ұсақ тесіктерге толы қабығы арқылы ұрықтың сыртқы ортамен газ алма, суы жүреді. Кейбір түрлерінің қабығының беті , тегіс, кейбіреулерінікін дөңестер, әжімді іздер, кішкене шұңқырлар басып, өзіне тән бедерлі өрнек түзген. Жұмыртқа қабығының құрылысы оның қасынан табылған ересек түрлердің сүйектерімен бірге сол жұмыртқаның қандай динозаврға тиесілі екенін анықтауға көмектеседі. Диозаврдың жұмыртқасы Динозавр жұмыртқаларының үймесі Динозаврлар
Таңғажайып кесірткелер 41 Тасқа айналған жұмыртқалардың ішіндегісі көбінесе сақтала бермейді, бірақ кейде өте құнды олжалар табылып жатады – жұмыртқаның ішінен ұрықтың сүйектерін ажыратуға болады. Бұл динозаврлардың әртүрлі топтарының даму ерекшеліктері жөнінде баға жетпес ақпарат береді. Ұялар мен жұмыртқалардың орналасуы динозаврлардың көбеюі жайында көп нәрсені білуге көмектеседі. Мысалы, протоцератоп> стар күн сәулесі қыздырған жерге шұңқыр қазып, ішіне бірнеше ондаған сопақша жұмыртқаларды салады. Олардың бәрі ұяда қабығының тесіктері көптеу болатын доғал жағымен жоғары қарап жатады. Майазаврлар жұмыртқаларын қазіргі аллигаторлар тәрізді жапырақтар мен сабақтардың үлкен үймелерінің ішіне салады. Өсімдік қалдықтары шіріген кезде бөлінетін жылу ұрықтың дамуы, на жағдай жасайды. Бронтозаврлар, диплодоктар мен брахио> заврлар өздерінің үлкен әрі домалақ дерліктей жұмыртқаларын су жағасындағы жылы құмға көміп, қараусыз тастап кете берген. Қазіргі теңіз тасбақалары да дәл осылай істейді. Өсімдік қоректі протоце, ратопстар мен майазаврлар бір жерге топтаса ұя салған, ұялары жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы бір орында тұра берген, өздері жұмыртқаларын жыртқыштардан қорғаған. Жыртқыш динозав> рлар – тираннозаврлардың, тарбозаврлардың, дромеозаврлардың ұялары әрдайым бір,бірінен біршама алыс жерлерде орналасқан, бұл динозаврлар өздерінің ұя салған аймақтарын күзеткен тәрізді. Динозаврлардың жұмыртқалары олардың дене көлемдерімен салыстырғанда кішкентай болған. Мыса, лы, алып денелі зауроподтың жұмыртқасы түйеқұстікінен екі есе ғана үлкен. Жұмыртқа өте ірі болса, ішіндегі ұрықтың дамуына жеткілікті мөлшерде келмей қалар еді. Таңғажайып кесірткелер
Динозаврлар Қамқоршы ата>аналар Қазіргі рептилиялардың басым көпшілігі жұмыртқаларын лайықты орындарға салады да, одан әрі ұрпағына ешқандай қамқорлық көрсетпейді. Бірақ кейде басқаша да болады. Мысалы, Ніл қолтырауындары мен аллигаторлардың ұрғашылары ұяларын жыртқыштардан қорғайды, ал жарып шыққан балаларын енелері аран ауыздарына еппен салып алып, жақын жердегі суға апарады да, оларға біраз уақыт қамқорлық жасайды. Әрине, бұл ұрпақтың өсіп, өну мүмкіндігін арттырады, өйткені ересек қолтырауындардың жау, лары мүлде жоқ болғанымен, кішкентай балалары мен жұмыртқалары – көптеген жыртқыштарға дәмді олжа. Динозаврлардың ата,аналық мінез,құлықтары жөнінде ұзақ уақыт бойы мағлұмат аз болды. Бірақ, палеонто, логтар АҚШ,тың Монтана штатында өсімдік қоректі майазаврлардың үлкен отарының орнын қазған кезде, ол жерден жұмыртқалар мен ұяларды ғана емес, динозаврлардың өздерінің де – ересектері мен балаларының сүйектерін тапты. Балалары дүниеге өте кішкентай әрі өз бетімен тамақтана алмайтын, жыртқыштардан қорғана алмайтын дәрменсіз болып келгені түсінікті болды. Ал жыртқыштар олардың айналасын, да толып жүретін: ол жерден қанқұйлы дино, завр троодондардың және қазіргі варандарға ұқсайтын ірі кесірткелердің қалдықтары табыл, ды. Кішкентай майазаврлар енелерінің қорғауында Динозаврлар
Таңғажайып кесірткелер 43 Майазаврлар өз жұмыртқалары мен балаларын солардан қорғағаны анық, ұяға жас шөптерді әкелуі де мүмкін. «Май, азавр» атауы «бала бағушы кесіртке» дегенді білдіреді, ал бұл динозаврлар осы атты толығымен ақтаған. 1923 жылы Гоби шөлінде шағын денелі жыртқыш динозавр табылды, астынан үйілген жұмыртқалар шықты. Ол әлдебір қандасының ұясын үптеп кетпек болғанда құмды дауылдың астын, да қалған шығар деп ойлады ғалымдар. Бұл қарақшы «овираптор», яғни «жұмыртқа ұрлаушы» деген ат алды. Тек арада ондаған жылдар өткенде табылған өзге олжалар бойынша бұл айыптаудың жалған екені анықталды. Овираптор табиғи дауылдан өз ұясын өз денесімен жауып, жанкештілікпен өлген болып шықты! Қазіргі уақытта әлемнің әр түкпірінен ірі жыртқыш динзоаврлардың ұялары көп табылған. Олардың кейбіреуінде жұмыртқаның қабығы ұсақ сынықтарға бөлінген, ал арасында кесірткелер мен басқа да шағын рептилиялардың сүйектері табыл, ды. Бұдан байқалатыны, жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін ба, лалары ұяда ұзақ уақыт болған, сондықтан жұмыртқаның сынғыш қабықтарын таптап тастаған, ал ата,аналары өздерінің қомағай ұрпақтарына белгілі бір уақытқа дейін тамақ тасып тұрған. Жыртқыш динозаврлардың жұмыртқа қабығының құрылымы құстардың жұмыртқасы сияқты болған. Бірқатар ғалымдар мұны кесірткежамбасты жыртқыш дино, заврлар жылы қанды болғанының және өз жұмыртқаларын өздері басып шығарғанының дәлелі деп санайды. Ұя үстіндегі овираптордың қаңқасы Таңғажайып кесірткелер
Динозаврлар Ақылды ма, әлде ақылсыз ба? Динозаврлар ұзақ уақыт бойы тұрпайы, топас мақұлықтар ретінде белгілі болып келді. Ал шын мәнінде сондай ма еді? Ғалымдар динозаврлардың миы мен сезім мүшелерінің құрылысын зерттеу арқылы осы сұраққа жауап іздеуде. Әрине, ол мүшелерді құрайтын жұмсақ тіндері тасқа айналған қалдықта мүлде сақталмайды, бірақ өлген жануардың бас сүйек қуыстарын зерттеу арқылы олардың құрылымы жөнінде көп нәрсені білуге болады. Дене тұрқы автобустай, басындағы мандариндей ғана миының салмағы бар болғаны 70 г. болатын мақұлықтан бәлендей ақылдылық күте қою қиын! Арқасында жалпақ сүйектерден құралған тарақтары бар, құйрығында ұзын тікендері бар өсімдік қоректі кесіртке – сте> гозавр дәл осындай болған. Дене көлеміне қатысты алғанда оның миы барлық динозаврлардың ішіндегі ең кішкентайы. Есесіне оның омыртқасының сегізкөзінде жүйке жасушаларының едәуір қомақты шоғыры болған. Қазір ғалымдардың ойынша, бұл дәу аса ақылды бол, маса да, жауларын тікенді құйрығымен мүлт жібермей жайрата алған, қаһарлы қаруын басқаруға сегізкөздегі «екінші миы» көмектескен. Соққы жасау үшін стегозаврға баспен ойлаудың қажеті болмаған! Біз де күйген кезде қолымызды қас,қағым сәтте тарта қоямыз – бұл жағдайда қимылымызды жұлын басқарып тұрады. Гадрозаврдың миы (сол жақта) және стегозаврдың «екі миы» (оң жақта) Динозаврлар
Таңғажайып кесірткелер 45 Өсімдік қоректі динозаврлардың ішіндегі ең «зерегі» үйрек тұмсықты динозавр (гадрозавр) деп есептеледі. Қазба қалдықтарына қарағанда, бұл кесірткелер табын болып өмір сүрген, бір,біріне әртүрлі дыбыстар арқылы хабар бер, ген, ұрпағына қамқорлық жасаған. Жақсы дамыған орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелері болмаса, мінез,құлықтың мұндай күрделі күйіне жету мүмкін емес. Сезім мүшелерінің жақсы дамуы мен ерекше аңғарымпаздық жыртқыш диозаврларға қажет болғаны сөзсіз, олжасының ізіне түсіп, аңдып ұстамаса және аңшылық дағдыларын үнемі жетілдіріп отырмаса, олардың тіршілік етуі қиын болар еді. Айтса айтқандай, етқоректілердің арасындағы ең «басы істейтіндері» велоцираптор мен троодон тәрізді шағын жыртқыштар болып шықты. Сонымен қатар, олардың көздері де керемет қырағы. Алып денелі жыртқыш тираннозаврдың бас сүйегін зерт, тегенде, оның миының басым бөлігі иіс сезуге жауап беретін бөліктерде жатқаны байқалды. Демек, ол жемін іздеген кезде ең алдымен иіс сезу мүшесіне сүйенген, ал есту және көру қабылеттері біршама нашар дамыған. Динозаврлардың арасында дене көлеміне қатысты алғандағы ең үлкен ми троодонда болған. Бұл түнгі жыртқыштың көздері өте үлкен, ал қырағылығы жағынан қазіргі құстардан кем түспейді. Троодонның көзінің өткірлігі құстардың көзінің өткірлігінен кем болмаған ең Таңғажайып кесірткелер
Динозаврлар
Вегетариан динозаврлар
«Қорқынышты кесіртке» деген аттарына қарамастан,
динозаврлардың басым бөлігі мейірімсіз жыртқыштар
емес, шөп жейтін вегетарианшылдар болған. Басқаша
болуы мүмкін де емес еді! Табиғатта тірі ағзалар
қоректік тізбектермен байланысқан: өсімдіктер күн
энергиясының
әсерімен
тағамдық
заттарды
бөліп
шығарады, оларды өсімдік қоректі жануарларлар жейді
де, бұлар өз кезегінде жыртқыштардың жеміне айнала>
ды. Ағзалардың бұл топтарының сандық арақатынасын
пирамида түрінде елестетуге болады: өсімдіктердің
биомассасы әрқашанда өсімдік қоректі жануарлардың
биомассасынан артық болуы тиіс, ал өсімдік қоректілер
жырқыштардан көбірек болуы тиіс.
Өсімдік диетасы
Триас дәуіріндегі және юра дәуірінің басым бөлігіндегі өсімдіктер
әлемі біздің заманымыздағыдай алуан түрлі болмаған. Гүлді
өсімдіктер пайда болғанға дейін вегетарианшыл динозаврлар
шырынды жемістер мен нәзік шөптердің қызығын көре алмады,
өйткені бұлар табиғатта әлі жоқ еді. Олар қырықбуындардың, саго
ағаштарының, қырыққұлақтар мен қылқан жапырақты өсімдіктердің
қатты жапырақтары мен жас бұтақтарын қанағат етуге мәжбүр бол,
ды, ал бұл қоректік қасиеті аз, тұрпайылау тағам. Соларға тойып
алу үшін, динозаврлардың уақытының көп бөлігі тамақтануға кеткен
Бор дәуірінде шөптер мен бұталарды қорек ететін
өсімдік қоректі шағын динозаврлардың
пайда болуы гүлді өсімдіктердің кең та,
ралуына байланысты деген пікір бар.
сыңайлы. Динозаврдың белгілі бір түрінің өсімдік қоректі болғанын және тіпті оның қоректену тәсілдерін тістерінің пішіні бойынша білуге болады. Жыртқыш кесірткелер қанжардай тістермен қауланған, ал вегетариандардың тістері онша өткір емес. Кейбір динозаврлардың тістері сына пішіндес, тағы біреулерінікі – жиектері кетілген пластина тәрізді. Тістері тым тез мұқалып қалған, бірақ ауыздағы қоры үнемі толығып отырған, себебі жануардың тісі өмір бойы өсе берген. Кей, де динозаврдың ауызында әр түрлі тістер болады. мысалы, стего> заврлар жас бұтақтарды қазіргі тасбақалар сияқты жақ сүйектерінің тіссіз мүйізді жиектерімен үзіп алған, ал қорегін ауызының қуысындағы орналасқан жайпақ тістерінің көмегімен ұсатқан. Жақ сүйегінің құрылысындағы өсімдік шайнауға бейімділік барлық дино, заврларда бола бермеген. Мысалы, зауроподтар жапырақтарды, тіпті қалың бұтақтарды тұтастай жұтып алған. Олардың сүйектерінің арасынан жұмырланған тастар – гастролитер («асқазан таста, ры») жиі табылып жатады. Ғалымдардың пікірінше, бұл динозаврлар оларды қазіргі замандағы құстар тәрізді әдейі жұтқан, өте үлкен асқазандарында олар диірмен тасының рөлін атқарған. Өсімдік қоректі динозаврлардың тістері Стегозавр
Динозаврлар Ұзын мойынды алыптар Ежелгі кесірткелердің арасында көлемінің өте ірілігімен ерк, шеленген зауроподтар – өсімдік қоректі кесірткежамбасты динозаврлар тобы. Брахиозаврлар, диплодоктар, сейсмозав, рлар Жердің жаралғаннан бергі бүкіл тарихында құрлықтың ең ірі тіршілік иелері болған. Алғашқы зауроподтар юра дәуірінде пайда болды, ал ең соңғылары бор дәуірінің аяғына дейін өмір сүрді. Олардың кеспек тәрізді денелері, ұстындардай жуан аяқтары және шектен тыс ұзын мойындары мен құйрықтары бар. Бастары осындай алыптығына сай келмейтіндей кішкентай еді. Зауроподтардың ең ежелгі өкіл, дерінің біріне юра дәуірінің басын, да тіршілік еткен 18 метрлік бара> пазавр («ауыр кесіртке») жатады. Оның шеттері мұқалған қасық тәрізді тістері жапырақтарды жұлып алуға бейімделген. Ғалымдардың болжауын, ша, ол көлемінің ірілігіне қарамастан, қажет болған жағдайда ағаштың ұшар басындағы бұтақтарға жету үшін артқы аяқтарына тіреле көтеріле алатын болған. Нью,Йорктегі Америкалық жа, ратылыс тарихы мұражайының бірінші залында келушілерді қарсы алатын барапазаврдың қаңқасы дәл осындай қалыпта бейнеленген. Ұзындығы 25 метрге жететін Брахиозавр («иықты кесіртке») динозаврлардың ең биігі болды. Бұл алыптың алдыңғы аяқтары артқыларынан ұзынырақ, ал мойыны жоғарыға тік шаншылған. Соның арқасында брахиозавр өзге динозаврлардың бойы жетпейтін ағаш басындағы бұтақтардың дәмін тата алған. Барапазаврдың қаңқасы
Вегетариан динозаврлар Брахиозавр Жердегі ең салмағы ауыр жануар болуы да мүмкін: кейбір есептер бойынша, оның массасы 75 тоннаға дейін жет, кен! Брахиозаврдың кеңсірігі маңдайындағы күмбез тәрізді дөңесте орналасқан. Бұдан ғалымдар мынадай ой түйді, ол ба, сын ғана сыртқа шығарып қойып, тыныс алып, көлдің түбінде жүре алатын болған. Мұндай жағдайда су оның өте ауқымды денесін демеп тұрар еді. Бірақ бұл жорамал дәлелденген жоқ. Есептеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай әдіспен тыныс алу мүмкін емес, себебі динозаврдың денесі мен өкпесіне су шектен тыс үлкен қысым түсірген болар еді. Камаразавр көлемі жағынан брахиозаврдан біршама кішірек болды – оның ұзындығы 18 метр ғана. «Камаразавр» атауы «ка, мералы кесіртке» дегенді білдіреді: оның омыртқаларында сүйегінің салмағын біршама жеңілдететін үлкен қуыстар болған. Бұл жануардың көптеген қазба қалдықтарының арасынан мүлде бүтін дерліктей қаңқалары да табылған. Берлиндегі Гумбольдт мұражайына динозаврдың әлемдегі ең биік қаңқасы қойылған. Ол Танзаниядан табылған брахиозаврдікі. Осы қаңқасына қарағанда, брахиозаврдың бойының биіктігі 12 метрге, ұзындығы 22,5 метрге жеткені байқалады. Брахиозавр – юра дәуіріндегі «керік» асына
Динозаврлар Алыптардың алыбы Өсімдік қоректі динозаврлардың ең әйгілілерінің бірі зауроподтардың тағы бір өкілі – 28 метрлік диплодок болды. Бұл кесірткенің атауы «қосарланған өскін» дегенді білдіреді, яғни оның құйрық омыртқаларының астыңғы бетінде өзіне тән жұп өскіндері бар. Ұзындығы брахиозаврдан асып түссе де, диплодоктың салмағы біршама аз, әртүрлі есеп бойынша – 10,30 тонна аралығында. Диплодоктың қаңқасының құрылысы аспалы көпірге ұқсайды: омыртқасы баған тәрізді аяқтарына тірелген, ал ұзындығының басым бөлігі мойны мен құйрығының еншісінде. Диплодоктар қозғалған кез, де оларды жерге параллель қалыпта созып алады (қалай дегенмен, бұл динозаврлардың іздерінен жерге сүйретілген құйрықтарынан қалды дейтіндей із көзге түскен емес). Диплодоктар биік ағаштардың бұтақтарымен емес, неғұрлым аласа өсімдіктермен қоректенген. Диплодоктардың құйрығы мен аяқтарының жекелеген сүйектері алғаш рет 1877 жылы АҚШ,тың Колорадо штатынан, ал неғұрлым толық қаңқасы 1902 жылы АҚШ,тың оңтүстігінен табылды. Әлемнің әр елдеріндегі мұражайлар осы қаңқадан жасалған үлгілерді алды. Диплодок (сол жақта) және сейсмозавр (оң жақта)
Вегетариан динозаврлар Диплодоктардың қарны тою үшін күніне 500 кг жуық қорек қажет болды, сондықтан олар шағын табындарымен жайылым іздеп баяу қозғалып, көп уақытын тамақтануға жұмсаған. Басқа да зауроподтар сияқты, диплодоктар да қорегін әбден шайнай алмаған – олардың ұшталған қазық сияқты тістері жақ сүйектерінің алдыңғы жағында ғана тұрған, жапырақтар мен өскіндерді жұлуға ғана бейімделген. Мұндай қатты тағамды зауроподтардың бойға сіңіруіне қазіргі сиырлардағы сияқты олардың асқазанында өмір сүретін арнайы бактериялар көмектескен. Өсімдік ашыған кезде жылу бөлініп шығады да, сол «пештердің» айналасындағы ішкі мүшелер мен бұлшықеттердің орасан массасы динозаврлардың денесінің суық түндерде де суынып кетуіне жол бермеген. Белгілі динозаврлардың ішіндегі ең ұзыны диплодок деп есептелетін, бірақ 1979 жылы АҚШ,тың Нью,Мексико штатынан одан да ірі өсімдік қоректі кесіртке – сейсмозаврдың бірнеше сүйектері табылды. Оларды бір турист кездейсоқ тауыпты, әдеттен тыс тасқа сүрініп кетіп қараса, осы динозаврдың құйрық жағындағы омыртқа сүйектері екен. Сейсмозаврдың сүйектері тығыз құмтастың ішінде қалып қойғандықтан, әлі күнге дейін толық қазып алынған жоқ. Бірақ алынған азғантай сүйектеріне қарап,ақ, бұл динозаврдың ұзындығы 40 метрге жеткенін болжауға болады. Сол үшін де сейсмозавр «жерді сілкінтетін кесіртке» деген мағына беретін әсерлі атқа ие болды. Диплодокта өте ұзын әрі икемді, ұшына қарай жіңішкеретін құйрық болған. Бұл алып әрі жуас кесіртке құйрығын шыбыртқы сияқты сілтеп, жаулары, нан – ызалы жыртқыш динозаврлар, дан жақсы қорғана алған.
Динозаврлар
Құрышпен қапталған кесірткелер
Өсімдік қоректі жануарлардың өмірі барлық уақытта қауіп,қатерге
толы болған, жыртқышқа жем болып кетпес үшін үнемі сақ жүруіне
тура келген. Динозавр,вегетариандар да солай. Шағын, шапшаң
қимылды динозаврлар жауынан қашып құтылған, ал баяу қозғалатын
ауыр салмақтылары орта ғасырдағы рыцарьлардан көп уақыт бұрын
сауыт киіп алған, сол сауыттары жыртқыштардың тырнағы мен тісіне
жақсы төтеп берген.
«Скутеллозавр» «кішкентай қалқандары бар кесіртке» деген
мағына береді, оның ұзындығы 1 метрге жуық болған. Скутелло,
завр сауытты динозаврлардың алғашқыларының бірі, оның арқасы
мен бүйірін бөлек,бөлек әрі мықты сүйек қабаттары жапқан. Сол
қаптамалары иесін шағын жыртқыштардың тісінен ойдағыдай қорғай
алған.
Нодозаврлар, яғни «кедір,бұдырлы кесірткелер» тобына жата,
тын сауытты кесірткелер скутеллозаврларға қарағанда әлдеқайда ірі
және біршама жақсы қорғалған. Бұл шомбал денелі әрі ебедейсіз ди,
нозаврлар сырттай қарағанда қазіргі броненосецтерді еске салады.
Мысалы, полакант сейшанияның сауыт,сайманы денесін құрсау
тәрізді орап, жалғаса өскен сүйек тіліктерінен тұрады. Сонымен
қатар екі қапталы мен құйрығын бойлай өткір тікендер қатары созы,
лып жатыр. Динозаврдың аты да осыдан шыққан – «полакант» сөзі
«тікендері көп» деген мағынада. Полаканттың ұзындығы 4 метрге, ал
салмағы шамамен 1 тоннаға жеткен.
Анкилозаврлар әлсіз қорғаныстан белсенді қорғанысқа көшкен
Полакант сейшания
Вегетариан динозаврлар динозаврлар болды. Олар да мықты тікенді сауытпен қапталған еді, ал күшті де икемді құйрықтарының ұшы салмағы 50 кг бола, тын үлкен шор сүйекпен бітеді. Сырттай қарағанда анкилозавр ебедейсіз көрінгенімен, шапшаңдықтан кенде емес. Ызаланған алып жануар құйрығын шоқпардай сермеп, тираннозавр сияқты ірі жыртқыштардың да бас сүйегі мен аяқтарын талқандап жіберген. Анкилозаврдың ұзындығы 9 метрге жеткен, ал салмағы пілдікіндей – 4 тоннаға жуық. Оның жақын туысының атауы – «эуплоцефал» , «басы жақсы қорғалған кесіртке» деген мағына береді. Эуплоцефалдың қабақтарының өзі сүйек қалқандармен қорғалған, жалғыз,ақ осал жері құрсағы болған. Анкилозавр мен эуплоцефал өсімдік қоректі кесірткелердің ішіндегі ең мығымдары болған. Олар бүкіл бор дәуірінде гүлденіп өсіп, ең соңғылардың қатарында жойылған. Қатер төнгенде эуплоцефал жұмсақ қарнын қорғау үшін жерге жабыса қалған ымдары
Динозаврлар Мүйізді динозаврлар Цератопстар, немесе мүйізді динозаврлар – жақсы қаруланған өсімдік қоректі динозаврлар тобы. Олар мығым денелі, мүйізді тұмсық сияқты жақ сүйектері болған. Мойындарын жауып тұрған биік сүйек «жағалары» жауынан қорғаған, ал кейбіреулері айбатты мүйіздерін қару еткен. Мүйізді кесірткелердің бәрі бор дәуірінің басында тіршілік еткен псит> такозавр («тотықұс>кесіртке») сияқты шағын денелі динозаврлардан тараған. Мұның сүйек қалқаны да, мүйіздері де әзірге жоқ еді, ал үлкен басы тотықұстың тұмсығындай иілген мүйізді тұмсықпен бітіп, соған байланысты ат қойылған. Бұл динозавр негізінен артқы аяқтарымен қозғалып, денесінің тепе,теңдігін ұзын құйрығымен сақтап тұрған. Моңғолиядан протоцератопстың тамаша сақталған қалдықтары табылды. Бұл динозаврдың бойы 1 метрге жуық, бірақ дене құрлысының мықтылығы арқасында салмағы 200 кг жеткен. Желкесінен сүйек айдары сорайып шығып, оған мүйізді тұмсықпен аяқталатын жақ сүйектерінің күшті дамыған бұлшықеттері бекиді. Протоцератопс осы тұмсығымен қалың бұтақтарды оңай тістеп үзген, ал қажет болғанда жауының денесіне қадала жабысқан. Цератопс тұқымдастардың ең танымалы трицератопс деп сана, лады. Оның атауы «үш мүйізді бет» дегенді білдіреді. Ұзындығы мет, рге жететін имектеу екі мүйізі көздерінің үстінде, ал қысқалау мүйізі – танауының үстінде тұрған. Трицератопстың мойынын дағарадай сүйек айдары жауып тұрады. Трицератопстың бас сүйегі
Вегетариан динозаврлар Бұл динозаврлардың тасқа айналған көптеген сүйектері Солтүстік Америкадан табылған. Соған қарап ой қорытсақ, трицератопстар мол жайылым іздеп өмір бойы көше жүріп, үлкен табындар құрып тіршілік еткен тәрізді. Табылған бас сүйектердің кейбіреуінде қатты жарақат іздері сақталған, шамасы, бұл динозаврлардың аталықтары мүйіздерімен жаудан қорғанып қана қоймай, қазіргі мүйізтұмсықтар сияқты өзара да сайысқа түскенге ұқсайды. Рас, ызалы трицератопс мүйізтұмсықтан әлдеқайда қорқынышты әрі қауіпті болған, өйткені бұл динозаврдың салмағы екі пілдікіне тең ғой. Трицератопстар мүйізді динозаврлардың ақырғы өкілдері болды , олар бор дәуірінің ең соңында өмір сүрген. Анхицератопс трицератоп, стан екі есе кіші болған, бірақ ба, рынша айбынды көрінген. Оның биік әрі жіңішке сүйек қалқаны екі жарты бөліктен құралғандай, жиектерінде қатар,қатар үшкір тікендері бар. Анхицератопстар батпақты жерлерді жақсы көріп, сол жердің шүйгін шөбін үшкір имек тұмсықтарымен үзіп алған. 1971 жылы протоцератопс пен жыртқыш велоцираптордың қатты айқас үстінде бір,біріне жармасып өлгендегі қалдықтары табылған. Екі динозавр да тау опы, рылып құлаған кезде өліп, қалың құм мен тастардың астына көміліп қалған. тау опы, Анхицератопс
Динозаврлар Айдарлар мен тікендер Стегозаврлар – өте ұзын мойнына сәйкес келмейтін кішкентай қушық басы бар, шомбал денелі, өсімдік қоректі ірі динозаврлар тобы. Арқаларын бойлай биік, үшбұрышты сүйек тілшелерінен тұратын қос қатарлы тарақ жалы созылып жатыр, ал құйрықтарында зәрені ұшыратындай тікірейген үшкір тікендері бар. Стегозавр, яғни «сауытты кесіртке» , динозаврлардың өзі аттас ірі тұқымының ең белгілі өкілі. Бұл салмағы 3 тоннадан асатын, ұзындығы 9 метрге дейін жететін аса көлемді жануар. Стегозаврлардың артқы аяқтары алдыңғыларынан біршама биік болған, сондықтан олар «бүкірейіп», бастарын жерге иіп жүрген. Дегенмен, кейбір ғалымдардың ойынша, стегозаврлар ағаш басындағы бұтақтар мен жапырақтарға жету үшін артқы аяқтап тік тұра алған. Жапырақтарды олар мүйізді тұмсықтарымен үзіп алып, ауыз қуысында орналасқан тістерімен шайнаған. Стегозаврдың мықты құйрығының ұшы жауынгердің үшкір тікенді шоқпарына ұқсайды, тікендерінің өзі 1 метр ұзындыққа дейін жетеді. Құйрығын шиыра сілтеген стегозавр ең қорқынышты жыртқыш динозаврлардың өзімен күш сынаса алған! Ересек аллозавр стегозаврды жеңіп кетуі мүмкін, бірақ көлемі кішірек жыртқыштардың бұл өсімдік қоректі жуас алыпқа шамасы жете қоймасы анық! Стегозаврдың денесінің осал жерлері – мой, ыны мен санының ішкі жақтары құрыш сауыт сияқты сүйек қабатымен жабылған. Стегозавр Д оза рлар
Вегетариан динозаврлар Ал енді стегозаврдың жотасындағы тарақ жалы қорғаныс құралы бола қоймаған сияқты. Оның қызметі ұзақ уақыт бойы беймәлім бол, ды. Шындығында, оны құрап тұрған үшбұрышты тілшелер айқыш, ұйқыш қан тамырларына толы екен. Осыған қарап, ғалымдар оны дене температурасын реттеуге қызмет еткен деген ойға келді. Сте, гозаврлар осы тілшелері арқылы эмоциясын білдіріп, дұшпандарын қорқытуы, жынысы бөлек әріптесін қызықтыруы да ықтимал: динозавр бір нәрсеге елеңдесе немесе ызаланса, тілшелері қанға толып, қызарып кеткен. Кентрозавр – стегозаврдың кішіректеу тұқымдасы, ұзындығы 5 метрге жетеді. Бұл динозаврлардың арасындағы ең «тікенектісі»: арқасын бойлай жапқан сүйек тілшелері найзаның ұштарына ұқсайды, құйрығының түбінен ұшына дейін ұзын, ұзын жеті сүйек тікен орналасқан, осын, дай тікендер жұбы санын қорғап тұр, тағы екі тікен иық тұстарында шошаяды. Кен, трозаврлар да өзге стегозаврлар сияқты табынымен тіршілік еткен. Батыс Африка, да бір жерден отыз шақты кентрозаврдың сүйектерінің бөлшектері табылған. Олар кенеттен болған су тасқынының салдарынан өлген сияқты. Стегозаврлардың ең көп табылған жері , Қытай. Олардың кейбіреулеріне табылған жерінің аты берілген, мысалы, туоянгозавр («Туо өзенінің кесірткесі») және хуаянгозавр («Сычуань өлкесінің кесірткесі»). ») және Кентрозаврдың қаңқасы е е ар а д оза рлар
Динозаврлар Сүзеген динозаврлар Пахицефалозаврлар орташа көлемді өсімдік қоректі динозаврларға жатады. Олардың атауы латыншадан аударғанда «томпақ бас кесірткелер» деген мағына береді. Олардың бас сүйектерінің қалыңдығы 20 см – үш кірпішпен бірдей болған! Пахицефалозаврлардың дөңес маңдайлы үлкен домалақ баста, ры болған, маңдайының айналасын сүйек өскіндері жапқан. Кең маңдайлары оларды өте «ақылды» етіп көрсеткен. Бірақ сыртқы кел, бетке сеніп қалуға болмайды! Пахицефалозаврлардың өте ақылды болғанына сенім аз – олардың керемет қалың бас сүйектерінің ішінен құйтақандай ғана ми шыққан. Бұл динозаврлар Жер бетінде бор дәуірінің екінші жартысында тіршілік еткен. Пахицефалозаврлар – ұзындығы 6 метрге және салмағы шама, мен 1,5 тоннаға жеткен, томпақ басты кесірткелердің ең ірі өкілдері. Бұл динозаврлардың бас сүйегінің төбе тұсын өткір сүйек өскіндері қоршаған, одан кішірек тікендер бетінде де болған. Пахицефалозаврлар табынымен жүрген. Аталықтары мықты бастарын аналықтар үшін жекпе,жек сайысқа шыққанда немесе табындағы көшбасшылық үшін қару етіп пайдаланған деген пікір бар. Олар кәдімгі қой, ешкі, арқарлар сияқты сүзіскен. Пахицефалозаврлардың жекпе(жегі
Вегетариан динозаврлар
Рас, олардың бастары бетпе,бет сүзіскен кезде жарылып
кетпейтіндей соншалықты мықты болды ма дегенге ғалымдар әлі
де дауласуда. Бәлкім, пахицефалозаврларда жекпе,жектің қатаң
ережелері болып, қарсыластар бір,бірін тек денесінен ғана соққан
болар?
Пахицефалозаврлар түзу құйрығымен тепе,теңдік сақтап, артқы
аяқтарымен жүрген, құйрығының түбінде тармақталған қалың
сіңірлері қосымша күш берген. Қырағы көздерінің арқасында
жауының жақындағанын алыстан байқаған. Қауіп төнгенде үріккен ди,
нозаврлар жанталаса қашқан, бірақ құтылар жол таппағанда
айқаса кетіп, жыртқыштарға қатты маңдайларымен
елеулі соққы берген. Мәселе жан сақтауға келіп
тірелгенде «ар,намыс кодексі» күшін жойып,
жарыс қаруы дұшпанды күйрететін қауіпті
қаруға айналған.
Монғолиядағы Гоби шөлінен ұзындығы
3 метрге жететін томпақ бас динозавр,
хомалоцефалдың
тасқа
айналған
сүйектері табылған. Оның бас сүйегінің
төбесін тәж сияқты сүйек қоршаған,
ал қарақұсы өте қалың болғанымен,
салмақты жеңілдететін тесіктері бар. Олардың аса мықты болмағаны
байқалады. Бұл динозаврдың ұсақ жалпақша тістері өсімдіктердің
жапырақтарымен
және
тұқымдарымен
қоректенуге
жақсы
бейімделген.
Табындағы көшбасшылық үшін өзара сайысқа түсу
қазіргі замандағы көптеген жануарларға тән. Олар
қатаң ережелерге бағынады, сондықтан
қарсыластарының бірін кездейсоқ
жағдайда ғана өлтіруі мүмкін.
қтан
Пахицефалозаврлардың
бас сүйегі
Динозаврлар Игуанадонттар Игуанадонттар – ірі көлемді, өсімдікқоректі динозаврлар тобы, олар сопақша беттерінің ұшындағы мүйіз пластинала, рымен бұтақтарды тістеп үзген. Астыңғы жақ сүйектері өте қозғалмалы әрі шайнай, тын күшті бұлшықеттермен қамтамасыз етілген, ал ауыз қуысында көптеген жайпақ тістері қатар,қатар орналасқан. Игуана, донттар қорегін аузының ішінде үгіте ала, тын болған, бұл оның қорытылуын біршама жылдамдатқан. Бұл динозаврлардың артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда біршама ұзын әрі мықтырақ болған. Тасқа айналған қалдықтарына қарағанда, олар төрт аяқтап жүрген, бірақ биікте орналасқан бұтаққа жету үшін артқы аяғымен тұрған. Алғашқы игуанадонттар юра дәуірінің соңында пай, да болып, бор дәуірінде гүлденіп өскен. Бұл динозаврлардың саны өте көп әрі кең тараған тұқымы. Олардың қазба қалдықтары Антаркти, дадан өзге барлық құрлықтардан табылған. Көптеген игуанадонттардың алдыңғы аяқтары өте икемді болған. Ортаңғы үш саусағының ұшында тұяқ сияқты тырнақтары бар, кесірткелер жүрген кезде соны тірек еткен. Икемді «шынашағының» көмегімен бұтақтарды ұстай алатын болған. Ал бас бармақтың орнында ұзын әрі үшкір сүйек тікен болған. Осы қаһарлы қаруымен игуанадонттар ірі жыртқыштың шабуылына тойтарыс бере алады. Динозавр игуанадонның салмағы пілмен бірдей, ал артқы аяғымен бой көтерген кезде 6 метрге дейін жеткен. Игуанадондар Игуанадонның алдыңғы (жоғарыда) және артқы аяғы (төменде)
Вегетариан динозаврлар үлкен табындармен тіршілік еткен. Мұндай табын апатқа ұшырағанда түгелдей қырылып қалатын кездер бар, сондықтан кейде жаста, ры мен жыныстары әр түрлі ондаған жануарлардың қаңқаларының жиынтығы бір жерден табылып жатады. 1878 жылы Бельгиядағы көмір шахтасынан ересектері мен балалары аралас игуанадондардың 30, дан астам қаңқалары табылған. Бұл олжа ғалымдардың игуанадон, дар туралы өте көп білуіне жол ашты, енді бұлар динозаврлардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені саналады. Игуанадондар үйрек тұмсықты динозаврлардың (гадрозавр) арғы атасы болған. Тіпті, игуанадондардың гадрозаврға айналардағы өтпелі түрі де белгілі – пробактрозавр. Тіршілік ету тәсілі жағынан ол игуанадонға ұқсайды, бірақ көлемі кішірек – ұзындығы 4 метрге жуық. Пробактрозавр табындары өзен,көлдердің батпақты жағасында кезіп жүрген. Олардың сүйектері Қытайдан табылды. Уранозавр – игуанадонның Солтүстік Африкадан табылған өзгеше бір туысқаны. Оның арқасын бойлай орналасқан тікендері бар, сол тікендерге көн тәрізді жарғақ керілген. арқасын Игуанадон – игуанадонттардың ең ірі өкілі
Динозаврлар Үйрек тұмсықты музыканттар Гадрозаврлар немесе үйрек тұмсықты динозаврлар жақ сүйектері үйректің жалпақ тұмсығына ұқсайтындықтан осылай аталған. Бұлар ұзындығы 9,15 метрге жеткен аса ірі өсімдік қоректі жануарлар болған. Гадрозаврлар төрт аяғымен жүріп жайылған, ал қатер төнгенін байқаса, ұзын құйрығымен тепе,теңдік сақтап, артқы екі аяғымен қаша жөнелген. Олар жапырақтарды тұмсығымен үзіп алып, ауыз қуысындағы тістерімен үгіту арқылы қоректенген. Гадро, заврда мұндай тістер бір жарым мыңға жуық болған, тығыз қатар түзеп орналасқан, оларды біртұтас эмаль жауып тұрған. Тістердің бір қатары мұқалып бітсе, сыртынан жаңа қатар өсіп шыққан. Гадрозав, рлар өте алуан түрлі болған. Олардың қазба қалдықтары Азиядан, Еуропадан, Солтүстік Америкадан табылуда. Олар Жер бетінде дино, заврлар заманының ең соңында – бор дәуірінің орта шенінде пайда болған. Гадрозаврлардың көптеген түрлерінің бастарында пішіні мен көлемі әртүрлі, ерекше бітімді сүйек айдарлары бар. Гадрозаврлар осы айдарларының пішіні арқылы өз тұқымдастарын тани білген сияқты. Гадрозавр қалың нудың арасымен жүйткуіне тура келген кез, де, бұл айдар оның басын қорғаған болуы да мүмкін. Паразауролоф Паразауролофтың айдарындағы қуыстар
Вегетариан динозаврлар Ең үлкен, артқа қайырылған айдарлар Солтүстік Американы мекендеген паразауролофтардікі болған. Еркектерінің айдарының ұзындығы 2 метрге жуықтаған. Айдардың қалың қабаты арқылы өтетін саңылаулар кеңсірікпен байланысқан. Паразауролоф, тар осындай айдардың көмегімен қатты дыбыстар шығара алған, еркектерінің шығаратын үні жуандау, ұрғашыларынікі жіңішкелеу болған. Динозаврлардың «әндері» шағылысу кезеңінде естілген бо, луы мүмкін, бәлкім сол дыбыстар арқылы бір табындағы жануар, лар өзара хабар алысып, қауіп,қатер төнгенін ескертуі де ықтимал. Ғалымдар бұл саңылаулардың ұзындығы мен орналасуын есептеп, компьютердің көмегімен сол дыбыстардың үлгісін жасауға тырысты. Зертханада құлаққа өте жуан, күннің күркірегеніне ұқсайтын гүріл естілді. Биіктігі 9,12 метрге жететін зауролофтар үйрек тұмсықты динозаврлардың ең ірілері болған. Бұл алыптар судың маңайында тіршілік еткен. Шамасы, олар жақсы жүзгендей, су ішінде жылжу үшін жалпақтау біткен мықты құйрықтарын және саусақ арасында жарғақтары бар алдыңғы аяқтарын пайдаланған тәрізді. Зауролофтарды Моңғолиядағы Гоби шөлінен белгілі па, леонтолог, фантаст,жазушы И.А. Ефремовтың экспеди, циясы тапқан. Олардың табылған жері «Айдаһардың моласы» аталып кетті. і і Зауролофы
Динозаврлар Етқоректі динозаврлар Өсімдік қоректі жануарлар бар жерде жыртқыштар да болуы тиіс. Мезозой эрасында вегетариан>ди> нозаврларды жыртқыш динозаврлар аулап же> ген. Жыртқыштардың кейбіреулері ірі денелілігімен ерекшеленсе, тағы біреулері шапшаң әрі епті болған. Барлығы да артқы аяқтарымен жүрген, кесірткежамбасты динозаврларға жатады. Алып жыртқыштар Өсімдік қоректі алып динозаврлардың өздеріне лайық жыртқыш жа, улары да болған. Өте үлкен етқоректі динозаврлардың бастары ауыр, жақ сүйектерінде қатар,қатар үрейлі тістері болған. Құйрықтарымен демеп отырып, артқы мықты аяқтарымен жүрген, алдыңғы аяқтары артқыларынан біршама қысқа әрі әлсіздеу. Юра дәуірінде Солтүстік Америка мен Африканы мекен еткен Аллозаврдың («таңқаларлық кесіртке») ұзындығы 12 метрге жеткен, салмағы 5 тоннадан асқан. Аллозаврлар шебер аңшы болғанына күмән жоқ, бірақ қажет болған кезде өлекседен де жиіркенбеген. Ғалымдар бұл динозаврлардың сүйектерін сынық күйінде көп тапқандықтан, екі аяқты алыптар бұрылыс жерлерде қатты жарақат алып қалмау үшін өте абай болуы керек тиіс деген болжам айтады. Аяғы сынған динозавр жемін ұстап жей алмай, аштан өлуге мәжбүр болады ғой. Бұрын ғалымдар етқоректі алып динозаврлардың бәрін жақын тұқымдас деп санап, «етқоректі кесірткелер» деген мағына беретін карнозавр де, ген топқа біріктірген. Бірақ кейін бұл тек сырттай ғана ұқсастық екені анықталды. Бұрын
Бұрын айтып өткеніміздей, еуропалық ғалымдардың қолына ди, нозавр атаулыдан ең бірінші рет мегалозаврдың сүйектері түскен. Оның ұзындығы 9 метрге, салмағы бір тоннаға жеткені байқалады. Бірақ бұл тек жорамал ғана, аталған динозавр туралы мағлұмат аз, әлі күнге дейін оның бірнеше сүйектері (оның ішінде тістері бар жақ сүйегінің бөлшегі) және іздерінің таңбасы ғана табылған. Мегалозав, рлар юра дәуірінде тіршілік еткен. Цератозаврдың («мүйізді кесіртке») басына танауының үстіндегі кішкентай мүйізі көрік беріп тұрған, ал көз ұясының үстінде үшбұрышты шор сүйектері томпаяды. Кесірткенің арқасын бойлай осындай бұдырлардың бірнеше қатары созылып жатыр. Еркектері ұрғашылары үшін айқасқан кезде «мүйіздерін» пайдаланған сияқты. Табылған іздеріне қарағанда, цератозаврлар жемін шағын топ болып аулаған, ал тым ірі көлемдегі олжаны жабылып жүріп жеңген. Кішкентай бірдеңелерге мүлде қызықпаған, себебі бұл жыртқыштардың ұзындығы 6 метрге жетеді, салмағы 1 тоннаға жуық. Цератозаврлар юра дәуірінің екінші жартысында тіршілік еткен, қалдықтары Солтүстік Америка мен Африкадан табылған. Аллозавр Цератозавр
Динозаврлар Кесіртке>тирандар Тираннозаврдың («кесіртке,тиран») бірнеше түрі , сұрапыл жыртқыш динозаврлар тобына жататындардың ең әйгілісі, олай бо, луы заңды да. Планетамыздың қазіргі күшті жыртқышы, салмағы тоннаға жуықтайтын ақ аю оның қасында кішкентай күшік сияқты болып қалар еді! Тираннозаврдың алғашқы қаңқасы 1902 жылы АҚШ,тағы Монта, на штатының аумағынан табылды. Бұл алып бор дәуірінің аяқталар тұсында тіршілік етіпті. Биіктігі 6 метрге (денесінің жалпы ұзындығы 14 метр), салмағы 7 тоннаға жуықтаған. Оның артқы аяқтары ерекше қуатты, үш бақайы бар, ал алдыңғы аяқтары – үйлесімсіз кішкентай, ондағы бақайы екеу,ақ болған. Алдыңғы аяқтарының қызметі әлі күнге дейін белгісіз. Қысқа әрі әлсіз болғаны соншалық, тиран, нозавр ауызына тамақ апару үшін тұмсығының ұшына да жекізе алмаған, ал енді құрбандығын паршалап жеуге мүлде пайдалана алмағаны анық. Кесіртке орнынан көтерілген кезде соны таяныш етті ме екен? Әлде еркектері шағылысу кезінде ұрғашыларын ұстап тұруға қолданды ма? Бұл сұрақтарға әзірге жауап жоқ. Тираннозврлардың қорқынышты жақ сүйектерінде пішіні де, өткірлігі де қанжарға ұқсайтын тістер тізіліп тұрған. Кетік жиектері жемінің денесін жарып жеуге керемет бейімделген. Тираннозаврлар шайнай алмаған. Кесектей жұлып алып, тұтасымен жұта салған. 1990 жылы Солтүстік Дакотада (АҚШ) тираннозаврдың ең толық қаңқасы табылды. Бұл ұрғашысы екен, осы қаңқаны тапқан палеонтолог Сью Хендриксонның құрметіне Сью деген ат қойылды оған. 1990 ж
Етқоректі динозаврлар Тираннозавр ауызын арандай ашқан кезінде адамды бұйым көрмей жұтып алар еді. Бірақ ол кезде адамдар болған жоқ, қорқынышты кесіртке көлемі жағынан өзіне барабар олжаға – өсімдікқоректі ірі динозаврларға шабуылдады. Тираннозавр жейтін қорегін қандай жолмен тапқаны туралы бірнеше болжам бар. Ізінен қалған таңбаларға қарағанда, оның адымының ұзындығы 5 мет, рдей, ал онша алыс емес жерге сағатына 40 км жылдамдықпен жүгіре алған. Алайда, кесірткенің бұлтарғыштық қабілеті аз болғаны анық, шұғыл бұрылыстарда құлап түсіп, қатты жарақат алып қалуы мүмкін. Ең дұрысы, тираннозавр жемін тасада аңдып тұрып, бар күшімен қарғи секіріп, өткір тістерін қадай жабысқан сияқты. Тағы бір жорамал бойынша, тираннозавр және басқа етқоректі алып кесірткелер жемін аулауға онша қиналып жатпай, иісшілдігінің арқасында өлекселерді тауып алып жеген. Тираннозавр жер бетінде бұрын,соңды болған жыртқыш атаулының ең ірісі саналатын еді, бірақ 1994 жылы Оңтүстік Амери, када әуесқой палеонтолог салмағы 8 тоннадан асатын жыртқыш ди, нозавр – гигантозаврдың сүйектерін тауып алды. Тираннозаврдың жақ сүйектерінде ұзындығы 20 см болатын тістер орналасқан Тираннозавры
Динозаврлар Жемін үйірімен жүріп аулаған Дромеозаврлар – салыстырмалы түрде көлемі шағын, бірақ өткір тырнақтары мен тістері бар екі аяқты динозаврлар тобы. Оларды рап, торлар деп те атаған, латын тілінен аударғанда «тонаушы, қарақшы, ұры» деген мағына береді. Динозаврлар дәуірінде олар қазіргі тірі табиғат әлеміндегі қасқыр сияқты жыртқыштар атқаратын рөлді ие, ленген. Екі аяқты динозаврлар вегетариандардың арасында да болған (мысалы, игуанадондар), бірақ олар тамақтану кезінде алдыңғы аяқтарын жиі,жиі таяныш етіп отырған. Ал кесіртке жамбасты жыртқыш динозаврлар артқы аяғымен жүгіруде ерекше шеберлікке жеткен. Екі аяғымен қозғалу олардың жылдамдығы мен икемділігін арттырған. Мысалы, дромеозаврлар керемет жүгіргіш болған. Ғалымдар олардың аяқтарындағы сүйектерінің құрылысы мен іздерінің таңбаларын зерттей келе, жақын қашықтықта жылдамдықты сағатына 60 км дейін жеткізе алады деген қорытынды жасады. Дейнонихтердің үйірі тенонтозаврға шабуыл жасауда
Етқоректі динозаврлар Алдыңғы аяқтарымен олар жемтігін ұстай алатын болған. Осы қасиеттерінің барлығы тамағын қиналмай табуына жағдай жасағаны даусыз. Ал жүгірген кезде дромеаозаврлардың тепе,теңдікті сақтауына ұзын әрі мықты құйрығы көмектескен. Дромеозаврлардың беткеұстар өкілдерінің бірі дей> ноних еді. Бұл орташа көлемді екі аяқты динозавр, ұзындығы 4 метрге жеткен. Дейнонихтердің миы мен сезім мүшелері өте жақсы дамыған. Олар үйірімен жүріп, жемінің ізіне түсіп қуып, оны әбден қалжыратқаннан кейін, өткір тістері мен тырнақтары арқылы паршалап тастаған. «Дейноних» сөзі «қорқынышты тырнақ» де, ген мағына береді. Дейнонихтердің артқы аяқтарында ұзындығы 12 см жететін орақ тәрізді өткір тырнақтары болған. Тырнақтары мұқалып қалмауы үшін, дейноних, тер жүгірген кезде оларды көтеріңкіреп алып, олжасы, на жете берген кезде ғана іске қосқан. Дейнонихтер бор дәуірінің басында тіршілік еткен. Олардың қазба қалдықтары Солтүстік Америкадан табылған. Бор дәуірінің тағы бір «қасқыры» велоцираптор («жылдам тонаушы») болған, оның қалдықтары Азиядан табылған. Оның дейнонихтен айырмашылығы, денесі кішірек, басы жалпақ әрі жақ сүйектері ұзынырақ. Велоцирапторлар үйірі үйлесімді қимылдап, өздерінен әлдеқайда ірі денелі, өсімдік қоректі динозаврларға сәтті шабуыл жасай алған. Дромеозаврлар епті әрі шапшаң қимылды болған, бұл үшін зат алмасу деңгейі жоғары болуы тиіс. Сондықтан кейбір ғалымдар олардың жылы қанды болуы әбден мүмкін, жылуды сақтауға жүн жамылғысы көмектескен деп болжайды. Дейнонихтің тырнағы бұл үшін
Динозаврлар Құстарға еліктегендер Кейбір динозаврлардың қалың сауыты да, айбатты тікендері де, өткір тістері де болмаған. Қауіп,қатерге толы әлемде олар жылдамдығы мен ептілігінің арқасында ғана аман,сау қалған. Ор> нитомимид тобына жататын динозаврлардың артқы аяқтары ұзын сирақты, мойындары ұзын, бастары кішкентай, жақ сүйектері сүйірлеу біткен тіссіз болған. Сырттай қарағанда бұл сәнді жараты, лыс иелері қазіргі африкалық түйеқұстарға керемет ұқсаған, бұл тұқымдастардың атауының өзі «құстарға еліктегендер» деген мағына береді. Әрине, орнитомимидтер мен түйеқұстардың жақын туыстық байланысы жоқ, олардың тішілік ету салты ұқсас болғандықтан, осындай бейнеге енген. Бұл динозаврлардың милары біршама үлкен әрі көздері өткір болған. Ұсақ мақұлықтарды қорек еткен, реті келген, де өзге динозаврлардың ұяларын тонап, өсімдіктерді талғажау ет, кен. Түйеқұс тәрізді динозаврлар шағын топтарымен ашық жазықта және ормандарда өмір сүрген, ал қауіп төнгенде құйрығымен тепе, теңдік сақтап, бар пәрменімен қаша жөнелген. Олардың қалдықтары Солтүстік Америка мен Моңғолиядан табылған, тіршілік еткен уақыты бор дәуірінің соңына жатады. Түйеқұсқа ұқсайтын динозавр тұқымдастарының бәріне аты берілген орнитомимнің артқы аяғының сүйектері 1889 жылы АҚШ,тың Колорадо штатының аумағынан табылған, ал арада 30 жыл өткен соң ғалымдардың қолына оның тұтас қаңқасы түсті. Бұл динозаврдың ұзындығы 3,5 метрге жеткен, бірақ дене құрылысы жеңіл болғандықтан салмағы да аз болған. Орнитомимнің бүкіл түр, тұлғасы оның жүгіруге жаралғанын аңғартады. Артқы аяқтары өте ұзын, жерге тірейтін үш бақайы бар. Құстардыкі сияқты іші қуыс сүйектері берік әрі жеңіл, ал бас сүйегі нәзіктеу біткен, көз ұялары үлкен. Алдыңғы тырнақты аяқтары артқыларынан едәуір қысқарақ болса да, жұмыссыз емес: ол динозаврдың қорек жинаған кезінде кәдеге асқан.
Етқоректі динозаврлар «Галлимим» атауы «тауыққа ұқсас» деген мағына береді, бірақ бұл «тауықтың» бойы тұйеқұстан екі еседей биік, галлимим өз тобындағы ең ірі динозаврлардың бірі болған. Динозавр осындай биіктіктен қырағы көздерімен қауіп төніп келе жатқанын алыстан көре алады да, жанұшырып қаша жөнеледі. Оны бірде,бір жыртқыш қуып жете алмаған! Дейнохейрус («қорқынышты қол») – ең жұмбақ сырлы динозаврлардың бірі. Осы күнге дейін оның қаңқасының кейбір бөліктері ғана – жауырыны мен алдыңғы аяқтарының сүйектері табылған. Бұл алдыңғы аяқтардың құрылысы түйеқұсқа ұқсайтын динозаврлардікімен бірдей, бірақ ұзындығы 2,5 метрден асады, ұшында 25 сантиметрлік тырнақтары бар. Дромицеомим барлық динозаврлардың ішіндегі ең жүйрігі саналады. Бұл бадырақ көзді түнгі жортуыл, шы жыртқыштардан қашқан кезде жылдамдығын сағатына 70 км,ге дейін жеткізе алған. Галлимим Орнитомим
Динозаврлар Теңіз әміршілері Құрлықта динозаврлар билік еткен кезде планетаның мұхиттарын теңіз рептилиялары кезіп жүрді. Суда өмір сүруге көшкеннен кейін олардың денелері жұмырланып, аяқтары ескеаяққа айналды. Теңіз кесірткелерінің қалдықтары әлемнің әр түкпірінен табылған, қазір олардың 80>ге жуық түрі белгілі. Мезозой эрасының теңіздеріндегі тіршілік Мезозой эрасының теңіздерінде аммонит деген басаяқты моллюскілер (ұлу) көрнекі рөл ойнады, олардың қабыршақтары спи, раль тәрізді оратылған, ішіндегі қуыстары газға толып тұрған. Бұл ұлулар осы қабыршағының көлемін өзгерту арқылы су түбіне бата да, көтеріле де алған. Мезозойлық басаяқты моллюскілердің келесі бір үлкен тобы – белемниттер. Олардың қабыршақтары шылым пішіндес, сырты тері қатпарымен – мантия, мен жабылған. Мұндай қабыршақтардың мықты да үшкір ұштары бүкіл әлемде теңіздің шөгінді жыныстарының қалың қабаттарында молынан кездеседі, халық арасында «сайтанның саусақтары» деген атпен белгілі. Аммониттер мен белемниттер белсенді жыртқыш болған, бірақ өздері де теңіз кесірткелері мен ірі жыртқыш Аммонит қабыршағының пішіні қойдың мүйізіне ұқсайды, бұл тіршілік иелері ежелгі Мысырдың Амон деген құдайының атымен аталған, өйткені Амонның да басы қой тәрізді бейнеленген екен. д Аммониттердің диаметрі 2 метрге жеткен
балықтардың жеміне айналған. Теңіздің қаһарлы шапшаң жыртқыштары – акулалар динозаврлар, дан әлдеқайда көне. Мезозой эрасында ұзындығы 2,5 метрге жететін акула>гибодустар кең таралған. Торпедоға ұқсайтын сүйір дене, мықты құйрық пен жүзбеқанаттарының мінсіз пішіні бұл акулалардың қатты жылдамдықпен жүзе алғандығын аңғартады. Бор дәуірінің соңында теңіздерде қазіргі замандағы акулалардың барлық топта, ры пайда болып үлгерген. Олар өзге балықтарды ғана емес, теңіз кесірткелерінің балаларын да аулап жеген. Юра дәуірінің теңіздерінде бекірелер де жүзіп жүрді, қазіргі замандағы балықтардың ең гүлденген тобы сәулеқанатты балықтардың арғы тектері – палеонисктердің де алуан түрі кездесетін. Онда төрт аяқты жануарлардың арғы тектерін сана, латын саусаққанатты балықтар да жүзіп жүрді. Бұл балықтар палеозойдың өзінде пайда болған, бірақ мезозой эрасының бор дәуіріне дейін кейбір өкілдері ғана аман,сау жеткен. 1938 жылы ғылыми сенсацияға айналған оқиға болды. Оңтүстік Африка жағалауынан ғылымға белгісіз балық ауланды. Кейін анықталғаны, ол қазба қалдықтар арқылы ғана белгілі болған, 70,80 млн жыл бұрын құрып біткен деп есептелетін целаканттарға – саусаққанатты балықтар тобына жатады екен. Керемет олжаны ғалымдардың қолына берген мұражай сақтаушысының есіміне орай, бұл тірі қазбаға латимерия деген ат берілді. Акула – гибодус (жоғарыда), және латимерия (оң жақта)
Динозаврлар Ихтиозаврлар Ихтиозаврлар немесе балық>кесірткелер триас дәуірінің ор, тасында пайда болып, бор дәуірінің аяғында құрып біткен. Олардың денесі жұмыр, жақ сүйегі алға қарай созылыңқы біткен, көптеген өткір тістері бар. Төрт ескекаяғы бұрылуға және тұрақтап тұруға көмектескен, ал ұшында жалпақ қалағы бар мықты құйрығы негізгі қозғалтушы болған. Утатсузавр , ең алғашқы ихтиозаврлардың бірі. Бұл кесірткелердің толық екі қаңқасын жапон ғалымдары триас дәуірінің басындағы қара тақтатас қабатынан тапты. Қаңқалар қатты бүлінген екен, бірақ қазіргі компьютерлік технологияның арқасында ғалымдар бұл жануарлардың бейнесін қалпына келтіре алды. Басқа ихтиозаврлар, мен салыстырғанда утатсузавр өте ебедейсіз болған. Кеспек тәрізді денесі, алдыңғы ескекаяқтарының әлсіздігі және қалағы кішкентай өзі өте ұзын құйрығы оның жылдам қозғалуына мүмкіндік бермеген. Триас дәуірінің соңында тіршілік еткен шонизавр белгілі ихтиозаврлардың ішіндегі ең ірісі болып шықты, оның ұзындығы 15 метрге жеткен. Шомбал денесі және екі жұп өте жіңішке ескекаяқтары бар. Өте ұзын жақ сүйектерінің алдыңғы ұшында ғана тістері болған. Шонизавр
Теңіз әміршілері Көлемі қазіргі кашалотпен бірдей бұл алып жануардың қорегі де осы киттікі тәрізді балықтар мен кальмарлар болған сияқты, соларды ау, лау үшін өте тереңге сүңги алған. Невадада 30,ға жуық шонизаврдың қаңқалары бір жерден табылды, бұл олардың үйірімен тіршілік еткенін аңғартады. Их тио заврлар сырт қарағанда дельфинге кере, мет ұқсаған, тіпті арқаларында да жүзбеқанаттары болған. Бұлар барлық теңіз кесіркелерінің ішіндегі ең жылдам жүз, гіштер: балықты қуған кезде олар сағатына 40 шақырымға дейін алған. Кит тәрізділердің көпшілігі су ішінде жол табуға және жемін іздеуге эхолокацияны қолданатыны белгілі, яғни суды шерткендей бірнеше дыбыстар шығарады да, олардың басқа бір денеден жаңғырып қайта оралуын тап басады. Ихтиозаврларда мұндай қабілет болған жоқ, олар негізінен көз жана, рына сенген, сондықтан көздері өте үлкен. Бұл кесірткелер жұмыртқа салмағаны, балаларын толық қалыптасқан күйінде туғаны анық белгілі. Денесінің ішінде әлі сыртқа шығып үлгермеген баласының қаңқасы бар ұрғашыларының қаңқалары табылуы осының дәлелі. Ихтиозаврлардың сыртқы бейнесі балықтарға неме, се дельфиндерге қатты ұқсайды. Бір,біріне туыстығы жоқ осы тіршілік иелерінің бәрі де су ішіндегі өмір сүру жағдайларына бейімделудің нәтижесінде ұқсас қасиеттерге ие болған. с Ихтиозаврдың қаңқасы
Динозаврлар Плезиозаврлар мен плиозаврлар Плезиозаврлар – юра дәуірінде гүлденіп өскен теңіз кесірткелерінің тобы. Олардың кеспектей ірі денесі және көлемдері бірдей дерліктей екі жұп ескекаяқтары болған. Құйрығында жүзбеқанаты жоқ, сондықтан теңіз тасбақалары сияқты ескекаяқтарын кезек,кезек сермей отырып жүзген. Кейбір пле, зиозаврлар өте алып денелі болып өскен. Балаларын тумай, жұмыртқа салу арқылы тапқан, сондықтан да көбею кезеңінде құрғаққа жорғалап шығуына тура келген. Плезиозаврлардың екі тобы болды: біреуінің (плиозаврлардың) мойны қысқа, басы үлкен, ал екіншілерінің (плезиозаврлардың) кішкентай бастары өте ұзын мойынға орналасқан. Плезиозаврлар бүкіл әлемдегі теңіздер мен мұхиттарда тіршілік еткен, қалдықтары Антарктидадан да табылған. Плезиозаврлардың ең керемет ерекшелігі 40,76 омыртқадан тұратын аса икемді ұзын мойындары болатын. Мойны кішкентай ғана жіңішке басына ұласады, ал жақ сүйектерінде өткір, ұсақ, сәл қайқылау келген тістері бар. Плезиозаврдың соңғы жеген тамағы ішінде қалып қойған ерекше қаңқаларының табылуынан байқайтынымыз, бұл теңіз кесірткелерінің ас мәзірі алуан түрлі болған. Ол аммониттерді, балықтарды, тіпті ұшатын кесіртке – птеродактильдерді де жеген. Плезиозаврдың ашылуына әуесқой палеон, толог Мэри Эннингтің еңбегі сіңген. Ол 1924 жылы Англия, дан, теңіз жағасындағы жартас жыныста, рынан ұзын мойын, ды теңіз рептилия, сының жақсы сақталған қаңқасын тауып ал, ған. Бұл кесірткелердің сыртқы бейнесін қалпына Плезиозавр
Теңіз әміршілері
келтіру кезінде күлкі тудырарлық қателіктер болды. Мысалы,
эласмозаврдың қаңқасын қалпына келтіріп жатқан палеонтолог
ғалымдар мойын және құйрық омыртқаларын шатыстырып алып, ба,
сын құйрығының ұшына орнатып қойыпты!
Плезиозаврдың тікелей арғы тектері қысқа мойынды плиозав>
рлар болған. Өте шомбал дене, бұлшықеттері білеудей құйрық,
ұзын ескекаяқтар және көптеген өткір тістерге толы қорқынышты
жақ сүйектері бар добалдай «қолтырауын» бас – міне, теңіздер
мен мұхиттардың барлық тұрғындарының зәресін ұшырған бұл
теңіз
кесірткелерінің
сипаттамасы
осындай.
Плиозаврлардың
кейбіреуінің ұзындығы 15 метрге жетіп, планетамыздың тарихындағы
ең ірі жыртқыштардың бірі болған. Олар балықтар мен басаяқты
моллюскілердің ғана емес, өзінің тұқымдастары – өзге теңіз
кесірткелерінің де ізіне түскен сияқты. Ғалымдардың пікірінше,
олардың жақ сүйектері тираннозаврдікінен төрт есе күшті болған,
сондықтан автомобильді де тісімен оп,оңай қақ бөліп тастар еді!
Плиозаврлардың көптеген қалдықтары Солтүстік Мұзды мұхиттағы
Шпицберген архипелагынан табылған.
Энтузиастардың
Нессиді
іздеп
табуға
тырысып
жүргеніне, міне, екі ғасырдан астам уақыт болды. Нес,
си , аңыз бойынша Шотландияның Лох,Несс көлінде
мекендейтін, сипаттамасына қарағанда плезиозаврға
қатты ұқсайтын құбыжықтың аты.
Плиозавр
Динозаврлар Көк аспан қожайындары Қазіргі омыртқалы жануарлардың арсындағы нағыз ұшқыштарға құстар жатады. Динозаврлардың зама> нында аспанның иесі қанатты рептилиялар – птеро> заврлар болатын. Птерозаврдың қанаты кең жайылған тері жарғақ іспетті, бұл жарғақ иықтың және алдыңғы аяқтың керемет ұзын саусақтарының, бүйірі мен санының арасында керіліп тұрады. Птерозаврлардың екі тобы бар: ұзын құйрықтылар (рамфоринхоидтер) және қысқа құйрықтылар (птеродактильдер). Ұзын құйрықты птерозаврлар Рамфоринхоидтар ұшатын кесірткелердің ең алғашқыларының бірі болған. Олар триастың соңында пайда болып, юраның аяғына дейін тіршілік еткен. Бұлар әдетте, ұшында тері «желпуіші» бар жіңішке ұзын құйрықты, шағын денелі тіршілік иелері болған. Ұзын құйрықты птерозаврлар тобының атауы олардың ең белгілі өкілдері – рамфоринхтардың атынан алынған. Бұл кесірткелердің аты грекшеден аударғанда «қисық тұмсықтылар» дегенді білдіреді, себебі олардың жақ сүйектері жоғарыға аздап иілген. Жиегінде артқа қайырылып тұратын өте көп ұсақ тістері бар. Ғалымдардың пікірінше, мұндай жақ сүйек рамфоринхтардың судан балықты тез ұстап алуына көмектескен деп болжайды. Рамфо, ринхтар ұзын құйрықты птерозаврлардың ең ірілеріне жатады: қанаттарының құлашы 1,5 метрге жеткен. Рамфоринх
Диморфодондардың зерттелуі қанатты кесірткелер жердің бетімен қалай қозғалды екен деген сұраққа жауап табуға көмектесті. Бұл птерозаврлардың жақсы сақталған қаңқалары ғана емес, іздерінің таңбасы да табылды. Соған қарағанда, диморфодондар артқы аяқтарын және алдыңғы аяқтардың ұшатын жарғақтардан бос тырнақты бақайларын таяныш етіп жүгірген. «Жүндес сордес» немесе «жүндес албасты» , осындай оғаштау ат берілген ұзын құйрықты птерозавр Қазақстанның оңтүстігінде юраның аяғындағы шөгінділерден табылған, оған ресейлік ғалым А.Г.Шаров сипаттама жасаған. Алдына қарай шығыңқы тістері мен шарасынан шыққан көздері шынында да сордесті қорқынышты етіп көрсетеді. Алайда, үлкендігі қарғадай бұл мақұлық қаһарлы мінезімен ерекшеленбеген сияқты, жәндіктерді жарқанаттар сияқты ұшып бара жатып қағып жегенге ұқсайды. Қаңқаны зерттеген, де ғалымдар арасында көп дау туды, әлі күнге дейін басыла қойған жоқ. Себебі, сордестің тау жынысындағы дене таңбасынан әлдебір қатпар,қатпар іздер көрініп тұр. Кей маман, дар оны дәнекер тіндерінің қалдықтары десе, өзгелері сыртқы жүнінің қалдықтары дейді. Птерозаврлар балаларын тірідей таппай, жұмыртқалайтын болған. Ата,аналары балапан, дары қанаттанып кеткенше қамқорлық жасайтын болғаны да байқалады. ын Жүндес сордес
Динозаврлар Қысқа құйрықты птерозаврлар Бор дәуірі басталар кезде ұзын құйрықты птерозаврлар жой, ылып, әуедегі билікті неғұрлым жетілген ұшқыштар – қысқа құйрықты ұзын мойынды птеродактильдер басып алды. Бұл атау «саусаққанаттар» деген мағына береді, себебі олардың ұшу жарғағы алдыңғы аяқтарының созылыңқы саусақтарына бекіген. Ал қалған тырнақты үш саусағы бос күйінде тұрып, кесірткелердің жартас пен ағашқа өрмелеуіне көмектескен. Шындығын айтқанда, қанаттың мұндай құрылысы ұшатын кесірткелердің бәріне тән, бірақ птеро, дактиль деп олардың алғашқы болып ашылған қысқа құйрықты өкілдерін атайды. Птеродактильдердің құрылысы жалпы ұқсас бол, са да, рептилиялардың өте алуан түрлі тобы болған. Кейбіреулерінің көлемі қарғадан да кіші болса, кейбіреуі – кішігірім ұшақтай. Қоректік заттарының жәндіктерден бастап балық, моллюскілер мен өлексеге дейін әртүрлі болып келуі тұмсықтарының құрылысына да айырмашылық берген. Батыс Моңғолия аумағындағы ерте бор дәуірінің шөгінділерінде қанатының құлашы 1,5 метрлік, салы, стырмалы түрде шағындау келген птеродактильдің қалдықтары табылды. Оған ежелгі грек мифологиясындағы құдайлардың біріне құрмет ретінде фобетор деп ат қойылды. Фобетордың бас сүйегі өте жеңіл, ал ұсақ өткір тістері тұмсығының ортаңғы бөлігінде ғана бар. Фобетор және оның бас сүйегі
Көк аспан қожайындары Фобетор судың бетінен балықты іліп әкету арқылы қоректенген. Бұл птерозаврдың басына сүйірленген айдары көрік беріп тұрған. жылы Солтүстік Америкадағы Техастан өте үлкен птеродактильдің қалдықтары табылып, оған ежелгі ацтек халқының құдайының құрметіне кетцалькоатль («қанатты жылан») деген ат қойылды. Ғалымдардың есебі дұрыс десек, бұл Жер бетінде тіршілік еткен барлық ұшатын жануарлардың ішіндегі ең ірісі. Кетцалькоатльдің тұмсығы қазіргі құстардікі сияқты тіссіз болған, төбесінде сүйек айдары шошайып тұрған. Бұл алыптардың тіршілік ету салты туралы мағлұмат әлі өте аз. Сүйектері жағадан шамамен 400 шақырым жерден табылғандықтан, ғалымдар оларды балықпен емес, қазіргі күшігендер мен құмайлар сияқты аспанда қанатын жайған күйі ұзақ қалықтап жүріп, өлексемен қоректенген деп болжайды. Ірі птерозаврлардың да салмағы аз болған. Жақсы ұшатын құстардікі сияқты, олардың қаңқа сүйектерінің де іші қуыс, ал бас сүйектері әсем әрі нәзік конструкцияға ұқсайды. а рі Кетцалькоатль өте алып болған: қанаттарының құлашы шағын ұшақтар тәрізді 12 метрге жеткен
Шаровиптерикс Динозаврлар Ұшуға әрекеттену Птерозаврлар мезозой эрасындағы теңдессіз ұшқыштар болғанына күмән жоқ, бірақ палеонтологиялық зерттеулер көрсеткендей, ежелгі рептилиялардың басқа топтарының арасын, да да жерден көтеріліп шығып, самғап кетуге деген сәтсіз де болса талпыныстар болған екен. Олардың арасында тым оғаш мақұлықтар да кездескен. Мысалы, шаровиптерикс деген кесіртке, бірінші бо, лып ашқан палеонтолог А.Г.Шаровтың құрметіне осылай аталған, қалықтап ұшу өнерін меңгеріпті. Бұл рептилия батпырауыққа керемет ұқсайды. Ұзын құйрығы, аяқтары мен денесі жұқа тері жарғағын ұстап тұратын тірек қызметін атқарған. Кесіртке жарғағын жайып жіберіп, бұтақтан бұтаққа қалықтаған. Триас дәуірінде кюнеозавр деген шағын рептилиялар тіршілік еткен. Олардың қазба қалдықтары Англия жерінен табылды. Олар әртүрлі жәндіктермен, оның ішінде ұшатындарымен де қоректенген. Жемін қуып жету немесе жауынан қашып құтылу үшін, кюнеозаврлар өзіне тән қанатқа ие болған.
Көк аспан қожайындары Олардың ұзын қабырғалары сыртқа қарай томпайып шығып, ара, сынан жұқа тері жарғақ пайда болады. Мұндай қанаттарын кюнео, завр сермей алмаған, бірақ ағаштан ағашқа керемет қалықтаған. 1969 жылы палеонтологтар Орта Азиядан ұзындығы 15 сантимет, рдей болатын мына бір рептилияны тапқанда қатты қайран қалыпты. Оның арқасында пішіні қауырсынға ұқсайтын екі қатар өте ұзын қабыршақтары болған. Соған байланысты кесірткеге лонгисквама, яғни ұзын қабыршақты деген ат берілген. Бірқатар ғалымдардың ойынша, рептилия қабыршақтарын ұшуға пайдаланған, тек оны, сын сермей алды ма, әлде парашют ретінде ғана пайдаланды ма, сол жері түсініксіз. Әділеттілік үшін айта кетейік, бұдан басқа да пікір бар: қабыршақтардың ұшуға еш қатысы болмаған, рептилия олар, ды жыныстық серігін қызықтыру немесе жауын шошыту мақсатымен тікірейтіп алған. Қазіргі замандағы рептилиялар арасында да ұшатындары бар. Оңтүстік,Шығыс Азиядағы кішкентай ұшқыш айдаһар тері жарғағын екі жағына жайып жіберіп, пальмадан пальмаға қалықтап жетеді. Лонгисквама
кі ға Кюнеозавр
Динозаврлар Динозаврлардан кейінгі әлем Бор дәуірінің соңында динозаврлар құрып бітті, пте> розаврлар да, теңіз кесірткелері де, сондай>ақ өзге теңіз жануарлары түрлерінің үштен екісіне жуығы да солардың кебін киді. Ғалымдар бор дәуірі мен кайно> зой эрасының үштік кезеңі аралығында (К/Т деп атала> тын аралық) түзілген шөгінді жыныстардың жұп>жұқа, қалыңдығы 1 сантиметрлік қабатын зерттей отырып, мынадай сұраққа жауап іздеуде: динозаврлардың қырылуына не себеп болды екен? Динозаврлардың жойылуының сыры Динозаврлар неліктен құрып кеткені туралы пікірталас қаншама жылдар бойы жалғасып келеді. Мысалы, ұзақ уақыт бойы ежелгі кесірткелер баяу қозғалатын, топас мақұлықтар болғандықтан, тіршілік жағдайларының өзгерісіне бейімделе алмай құрып кетті деп есептелді. Тағы бір нұсқа бойынша, өсімдік қоректі динозаврлар, ды құрамында олар үшін улы заттары бар гүлді өсімдіктер құртқан, ал вегетариандардың соңынан оларды қорек ететін жыртқыш дино, заврлар да аштан өлген. Сондай,ақ, динозаврлардың қырылуына олардың жұмыртқаларын жеп қойған сүтқоректілер кінәлі деген пікір де бар. Мұндай болжамдар ондап саналады, бірақ барлығы да дерексіз, яғни жорамалдауға ғана негізделген, салмақты дәлелдері жоқ. Метеорит құлаған кезде атмосфераға 200 мың км3 жы, ныстар көтерілді, ал жарылыс кезінде бөлініп шыққан энергия жерліктер жинақтаған ядролық әлеуеттен 10 мың есе асып кетеді. М э м
Динозаврлардан кейінгі әлем ХХ ғ. 80,ші жылдарында америкалық ғалымдар, әкелі,балалы Луис пен Уолтер Альварестер К/Т аралығындағы тау жыны, старында иридийдің – Жердегі өте сирек металдың мөлшері көп екенін байқады. Бұл иридий біздің планетамызға соғылып, апатқа ұшыратқан алып метеориттің құрамында болған деп болжады олар. Арада 10 жыл өткенде Мексикадағы Юкатан түбегіндегі метеорит, тен пайда болған Чиксулуб кратерін зерттеу барысында оның пайда болған уақыты – 65 млн. жыл бұрын – Жерде болған апаттың уақытына сәйкес екені анықталды. Көлденеңі 15 км метеориттен ені 170 км бо, латын кратер пайда болған. Соққыдан жердің қыртысы қозғалып, бүкіл Жер бетінде зілзалалар толқыны жүріп өткен, ұйқыдағы жанартаулар оянған. Метеориттің өзі соғылған кезде тозаңдай ұсақ жарықшақтарға бөлініп кеткен. Тозаңы жанартау күлімен арала, сып, атмосфераның жоғарғы қабатына көтеріліп, күн сәулесін тұмшалап тастаған. Жерді ұзақ уақыт бойы қысқы кеш қараңғылығы басып, планетаны мекендеушілердің үштен екісі оған төзе алмай жойылған. Чиксулуб кратерінің орналасқан жері Юкатан түбегі Кратер
Динозаврлар Жердің жаңа қожайындары Жердегі динозаврлар мен өзге де ежелгі мекендеушілердің өліп бітуі қас,қағым сәтте болды деп ойламау керек. Бұл құбылыс жүздеген, тіпті мыңдаған жылға созылған. Жердегі тіршілік өзгерген, бірақ толығымен жойылып кетпеген. Рептилиялардың ішінде қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар, жыландар, гатте, риялар апаттан аман қалған, бірақ олардың дәуірі аяқталған. Кай, нозой эрасы – сүтқоректілер мен құстардың гүлдену дәуірі бастал, ды. Сүтқоректілер немесе аңдар – балаларын өздері туып, сүтпен қоректендіретін омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілер жылы қанды, яғни денесінің тұрақты температурасы бар, жылуды сақтау үшін көпшілігінің денесін жүн басқан. Осы ерекшеліктерінің барлығы, содай,ақ миы мен сезім мүшелерінің жақсы дамуы оларға тіршіліктің әртүрлі жағдайларына оңай бейімделуге мүмкіндік береді. Бұл кластың ең ежелгі өкілдері триастың соңғы кезеңінен белгілі. Мысалы, морганукодон жіңішке тұмсықты, жақ сүйегі ұзын, тістері үш дөңесті ұсақ әрі өткір келген кішкентай аң болған. Сыр, тынан қарағанда ол қазіргі жертесерлерге ұқсайды, жәндіктермен және басқа да ұсақ мақұлықтармен қоректенген. Мұндай кішкентай аңдар түн ішіндегі жасырын өмірге бейімделіп, динозаврлардың көзіне түспеуге тырысқан. Ал Жаңа Зеландия аралдарында нағыз «тірі қазба» , гаттерия тіршілік етеді. Бұл рептилия Жер бетінде 200 млн. жыл өмір кешіп, динозаврлар дәуірінің ба, сынан аяғына дейін куә болған. , Морганукодон
Динозаврлардан кейінгі әлем динозаврлар жойылғаннан кейін оларға ешкім қауіп төндірген жоқ, қорек деген жетіп,артылатын болды. Сүтқоректілер осы мүмкіндікті құр жіберген жоқ. Кайнозой эрасының басында сүтқоректілердің қауырт эво, люциясы басталды. Өзге құрлықтардан оқшау қалған Австра, лияда қарапайым қалталылар өсіп,өнді, ал басқа құрлықтарда өсімдік қоректі және жыртқыш аңдардың алуан түрлері көбейді, кейбіреулері ірі денелі болып өсті. Адамдардың «арғы тегі» санала, тын алғашқы приматтардың қазба қалдықтары палеоген дәуіріне жатады. Бұлар қазіргі лемурлар тәрізді ағашта жүретін шағын көлемді жартылай маймылдар, өсімдіктермен және ұсақ жануар, лармен қоректенген. Кайнозой эрасында динозаврлардың орнын аңдар мен құстар басты
Динозаврлар Шешілмеген жұмбақ көп Ғалымдар үшін динозаврлардың жұмбағы аз болған жоқ. Олардың біразына жауап табылды, ал кейбіреулері өз зерттеушілерін күтуде. Мысалы, тираннозавр неше жыл өмір сүргенін және диплодоктар мен брахиозаврлардың салыстырмалы түрде шағын ғана жұмыртқаларын жарып шыққан балалары ересек қалыпқа дейін қалай тез өсіп кеткенін білгің келеді,ақ. Дино, заврлар жұмбағының арасында ешуақытта шешілместей көрінетіндері де бар. Мәселен, динозаврлардың тірі кезіндегі өң,түстері, яғни бояулары қандай болғанын ешқашанда біле алмаймыз. Динозаврлардың тасқа айналған тері үзіктері олардың терісінің құрылымы туралы түсінік береді, кейбір кесірткелердікі жұмыр тас төселген көшедей бұдыр,бұдыр, кейбіреуінікі кесірткелер сияқты қабыршақты болғаны қазір белгілі. Бірақ бұл терілер, әрине, табиғи бояуын сақтап қалмаған. Бұрын мүмкін емес болып көрінген кейбір жорамалдарға дәлелдер көбейе түсуде. Мы, салы, бұрын динозаврлар барлық рептилия, лар сияқты суық қанды болды деп есептелетін. Бірақ жақында кейбір Теризинозавр («шалғы,кесіртке») алдыңғы аяқтарында өте үлкен орақ тәрізді тырнақтары болғандықтан осы, лай аталған. Тырнақтарының ұзындығы 70 см,ге жететіндіктен, бастапқыда қабырғалары екен деп қалған. Ғалымдар бұл кесіртке немен қоректенген, мұндай тырнақтардың оған не қажеті болды екен деп әлі де дауласады. Динозаврдың тасқа айналған терісі ө қ м әл
Динозаврлардан кейінгі әлем
динозаврлардың терісін қабыршақтар емес, қауырсын мен мамық
жапқаны анықталды.
Құстар мен сүтқоректілеге тән мұндай жабынның бір міндеті–
дененің ішкі жылуын сақтап тұру, демек, кейбір динозаврлар
жылы қанды болған. Рас, бұл жорамалды палеонтологтардың
қолдамайтындары да бар, сондықтан бұған неғұрлым салмақтырақ
дәлелдер қажет.
Палеонтологиялық қазбалардың тосын сыйлары жалғасуда. 1983
жылы Англияда басқа динозаврлардың ешқайсысына ұқсамайтын
өте өзгеше түрінің толық емес қаңқасы табылды. Оның басы
қолтырауындікі сияқты ұзын, ал аузы өткір тістерге толы. Ұзындығы
30 см болатын үлкен тырнағына бола оған барионикс («ауыр тырнақ»)
деген ат берілді. Оның сүйектерінің арасынан балықтың қабыршағы
табылғандықтан, ғалымдар бариониксті кейбір қолтырауындар
сияқты судың маңайында тіршілік етіп, балықпен қоректенген деп
болжады.
Екі аяқты шағын мононикустың («жалғыз тырнақ») алдыңғы
аяқтарында бір ғана саусақтан, ұшында үлкен тырнағы бар. Бұл
динозаврдың түр,тұлғасы қандай болғаны әзірге түсініксіз, төменде
оның бейнесінің ықтимал бір нұсқасы ғана көрсетілген.
Барионикс (сол жақта) және
мононикус (оң жақта)
Динозаврлар Динозаврлар қасымызда Шотландияның Лох,Несс көліндегі плезиозавр Нессимен немесе Орталық Африканың ит тұмсығы өтпес ормандарын, да ғайыптың күшімен аман қалған тірі динозаврмен кездесу үімітін үзбеген адамдар әлемде аз емес. Бұл үміттердің орын, далуы екіталай – ежелгі кесірткелердің біреуі де қалмай өліп біткен. Бірақ еңсені түсіруге болмайды. Жер бетінде кесіртке жамбасты динозаврлардың ұрпақтары – құстар әлі де өмір сүріп, гүлденіп жатыр ғой. Олар дене құрылысындағы ортақ қасиеттерді мол сақтап қалғаны сондай, кейбір ғалымдар құстарды «қауырсынданған динозаврлар» деп те атайды. Қауырсын – табиғаттың ғажайып туындысы, рептилиялардың қабыршағынан пайда болған. Қауырсындар құстарды суықтан қорғайды, бірақ олардың басты қызметі – ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қауырсынның берік әрі иілгіш өзегінен бірі жалпақ, бірі енсіз болатын желпуіштер та, райды. Осындай қауырсындармен қапталған құстың қанаты – қазіргі әуе кемесінен кем түспейтін жетілген конструкция. 1861 жылы Оңтүстік Баварияда, құмтас алына, тын кеніште сенсациялық палеонтологиялық олжа – нағыз құс қауырсынының таңбасы табылды. Арада бір ай өтісімен оның иесінің де тамаша сақталған таңба ізі табылды. Көлемі қарғадай ғана, дино, заврлар мен құстардың белгілерін өз бойына таңғаларлықтай түрде «Археоптерикс» «тұңғыш құс» деген мағына береді, бірақ ол қазіргі құстардың тікелей атасы болмаған. Олар қауырсынданған рептилиялардың басқа тармағынан – қысқа құйрықты динозаврлар, дан тараған. қ т да Құстың қанатындағы қауырсын
Динозаврлардан кейінгі әлем жинақтаған бұл мақұлық археоптерикс деп аталды. Оны динозаврлармен (компсогнат сияқты, лармен) алдыңғы аяқтарының тырнақты бақайлары, тісті жақ сүйектері және ұзын құйрығы туыстастырады, ал қазіргі ұшқыш құстардікімен бірдей, ұшуға лайықталған қауырсындары , құстарға жақындатады. Археоптерикс бұтақтарға өрмелеуге, бір бұтақтан екіншісіне қалықтауға епті болған. Ол юра дәуірінің аяғында тіршілік еткен. Кейін белгілі болғаны, археоп, терикс
жалғыз емес екен. Басқа да «қауырсынды рептилиялар» тіршілік етіпті. Юра дәуірінде археоптерикстер, мен бір заманда тіршілік еткен шағын динозаврлар , каудиптерикстердің қаңқалары ХХ ғ. соңында Қытайдан табылды. Каудиптерикстің құйрығын, алдыңғы аяқтары мен бүйірін қауырмындар жапқан. Бірақ каудиптерикс ұша алмаған: ол жер бетінде артқы аяқтарымен жылдам жүгірген, ал «қанаттары» оның бұрылыстарда тепе,теңдік сақтауына және жақын жерге қалықтап жетуіне көмектесуі ықтимал. Қытайда конфуциусорнис деген өте ежелгі құстардың да қаңқалары табылған. Олардың бүкіл денесін қалың қауырсын жапқан. Еркектерінің ұрғашыларынан айырмашылығы бастарын, да айдарлары және құйрығына сән беретін екі ұзын қауырсындары бар. Олардың да қанатының бүкпесінде археоптерикстердегі сияқты тырнақты үш бақай сақталған, бірақ тісті жақ сүйектері қазіргі құстардікіндей нағыз мүйізді тұмсыққа айналған. Ұшқанда да қазіргі қарғалардан кем түспеген. Конфуциусорнис Археоптерикс
С о лт ү с ті к А м е р и к а Оңт үсті к Ам ер ик а 1. Аллозавр 2. Барионикс 3. Брахиозавр 4. Велоцираптор 5. Галлимим 6. Дейноних 7. Диплодок 8. Зауролоф 9. Игуанодон Динозаврлар Динозаврлардың табылған жерлері
Е у р а з и я А ф р и к а А в с т р а л и я Ан та рк т и да 10. Мегалозавр 11. Мононикус 12. Овираптор 13. Пахицефалозавр 14. Полакант 15. Сейсмозавр 16. Стегозавр 17. Тираннозавр 18. Трицератопс 19. Цератозавр
Динозаврлар Көрсеткіш А Ай алқабы 38 Акула,гибодус 73 Аллозавр 13,64,65,92 Аммонит 72 Амфибиялар 32 Анкилозавр 53 Анхицераптос 55 Аңтісті рептилиялар 9 Аралық К/Т 84, 85 Араукариялар 11 Археоптерикс 90, 91 Архозаврлар 9, 37 Б Баклэнд У. 20 Барапазавр 48 Барионикс 89,92 Белемнит 72 Бентозух 9 Брахиозавр 41, 48, 49, 92 Бронтозавр 41 В Велоцираптор 17, 45, 55, 69, 92 Г Гадрозаврлар (үйрек тұмсықты динозаврлар) 17, 21, 45, 62 Галлимим 71, 92 Гастролиттер 47 Гаттерия 86 Гигантозавр 67 Гинкго қос қалақшалы 11 Гоби 24, 25 Гондвана 10 Д Дәуір бор 14, 16 триас 6, 7, 8 юра 10, 12 Дейноних 69, 93 Дейнохейрус 71 Диметродон 36, 37 Диморфодон 79 Динозаврлар құсжамбастылар 34, 35
кесірткежамбастылар 34, 35 Диплодок 13, 41, 50, 51, 92 ДНК 30, 31 Дромеозавр 41 Дромеозаврлар 68, 69 Дромицеомим 71 Е Ефремов И.А. 27 Ж Жазу боры 14 Жұмыртқа (динозаврдың)40 41 З Зауролоф 47, 48, 63, 92 И Игуанадон 20, 21, 29, 61, 92 Игуанадонттар 17, 60, 61 Ихтиозавр 75 Ихтиозаврлар 74, 75 К Камаразавр 49 Каудиптерикс 91 Кентрозавр 57 Кетцалькоатль 81 Клондау 30, 31 Компсогнат 13 Конфуциусорнис 91 Коп Э. 21 Копролит 19 Кюнеозавр 82, 83 Қ Қазбалар 26 Құстар 16, 90, 91 Қырықбуындар 7 Л Лабиринтодонттар 8 Лавразия 10 Лагозух 37 Латимерия 73 Листрозавр 9, 36 Лонгисквама 83 М Магнолия 14, 15
Майазавр 41, 42 Мантель Г. 20 Марш О. 21 Мастодонзавр 9 Мегалозавр 20, 65, 93 Мезозухтар 13 Мозозавр 16 Морганукодон 86 Н Нодозаврлар 52 О Овираптор 43, 93 Орнитомим 70, 71 Орнитолестес 33 Орнитомимидтер 70, 71 Ө Өсімдіктер жалаңаш тұқымды 7, 11 гүлді (жабық тұқымды) 15 П Палеонисктер 73 Палеонтология 18 Палеонтологиялық институт 25 Пангея 6 Панталасса 6 Паразауролоф 62, 63 Пахицефалозавр 58, 59, 93 Пахицефалозаврлар 58, 59 Платеозавр 9, 39 Плезиозаврлар 76, 77 Плиозаврлар 76, 77 Полакант 52, 93 Пробактрозавр 61 Протоцератопс 41, 54 Пситтакозавр 54 Птеродактильдер 80, 81 Птерозаврлар 78, 79, 81 Р Рамфоринх 78 Рамфоринхоидтар 78 Рептилиялар 32 Ричард Оуэн 20, 29, 40 С Саго ағашы 7 Сейсмозавр 50, 51, 93 Скутеллозавр 52 Сордес жүндес 79 Ставрикозавр 39 Стегозавр 13, 44, 47, 56, 57, 93 Стегозаврлар 56, 57 Сүтқоректілер 9, 16, 86, 87 Т Танистрофей 37 Тарбозавр 25, 41 Тасбақалар 16 Тасқа айналу 19, 26 Теризинозавр 88 Тираннозавр 17, 41, 45, 66, 67, 93 Трицератопс 54, 55, 93 Троодон 45 Туоянгозавр 57 Тістер 47, 67 У Уранозавр 61 Утатсузавр 74 Ф Фобетор 80 Х Херреразавр 38 Хомалоцефал 59 Хоукинс У. 21 Хуаянгозавр 57 Ц Целофизис 9 Цератозавр 93, 65 Цератопстар 17, 54 Цинодонт 9 Ч Чиксулуб 85 Ш Шаровиптерикс 82 Шонизавр 74 Шөгінді жыныстар 19 Э Эласмозавр 77 Эннинг Мэри 76 Эораптор 39 Эра кайнозой 86 мезозой 4, 6 Эстемменозух 36 Эуплоцефал 53 Я Янтарь 31
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Автор текста/составитель Рысакова Ирина Владимировна Художники: А. А. Атучин, Е. Н. Богуславская, Н. В. Матюшенко, А. Н. Позиненко, А. В. Свербута, А. Н. Сичкарь Ответственный редактор И. В. Травина Художественный редактор Е. И. Юрышева БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «Балалар энциклопедиясы РОСМЭН» cериясы ДИНОЗАВРЛАР Кітап жас оқырмандарды шамамен осыдан 165 млн. жыл бұрын тіршілік еткен динозаврлар әлемімен таныстырады. Мезозей дәуіріндегі таңғажайып жануарлар жайлы қызықты деректерге куә боласыз Редакторы: Мақпал Мыса Қазақ тіліне аударған: Қайырбек Шағыр Корректоры: Майра Кенжебекова Беттеген: Арман Мақсұтов Басуға 01.09.12. қол қойылды. Пішімі 70 90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Гарнитура «Прагматика». Шартты баспа табағы 7,02. Таралымы: 1000 дана. + 2 000 дана. Тапсырыс № . ІSBN 978,5,353,06047,5 УДК 087.5 ББК 28.1 «Книжник» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 1 Тел.: +7 (727) 273,59,06, 273,59,07 (сату бөлімі) © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжник», 2012г. © Текст, оформление, иллюстрации. ЗАО «РОСМЭН,ПРЕСС», 2012 х
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру