Мазмұнға өту
Home

Қуаныш Жиенбай 2 том

Қуаныш Жиенбай

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қуаныш Жиенбай 2 том

Авторы: Қуаныш Жиенбай

Жиенбай Қ. Таңдамалы. ІІ томдық. ІІ том. Роман, повесть және әңгімелер. – Астана: Фолиант, 2013. – 432 б. Бұл кітапқа жазушының әдеби сын жақсы қабылдаған «Ән салуға әлі ерте» романы еніп отыр. Байқоңыр космодромы іргесіндегі кішкентай ға­ на қазақ ауылының тыныс-тіршілігі әлемдік өркениетпен байланысты­ ра суреттеледі. «Аполлон көбелегі» повесі мен соңғы кездері жазылған әңгімелері жазушының өзіндік қолтаңбасы барлығын аңғартады. Әрбір туындысы оқушысын ойландырады, толғандырады, әйтеуір бей­­ жай қалдырмайды. Сірә, қаламгердің шығармашылық жетістігі деге­ німізді де осы төңіректен іздегеніміз жөн болар. ISBN 978-601-299-020-1 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Ж 60 ISBN 978-601-299-020-1 Ж 60 © Жиенбай Қ., 2013 © «Фолиант» баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

– 1 – Тепловоз мәшинисі ұзыннан-ұзақ созылған қос рельс бойын­ дағы әлдебір қараңдаған бейнелерге бой тіктеп, жітіленіп қайта қарады. Алқашқыда мән бермеген. Сұлутам мен ғарыш айлағы аралығындағы жиырма шақырымдық жол үстінен бұған дейін де талай сұмдықты кезіктіріп жүрген-ді. Сұлутам – төрткүл дү­ ниеге белгілі Төретам бекетіне дария тұсынан келіп жапсарлай қоныстанған шағын ауыл. Бар-жоғы қырық шақты шаңырақ. Тө­ ретамға алқынып жеткенімен жазатайым кептеліп қалатындай төтенше жағдайлар қалыптасса, онда жүк поездарының дені осын­ дағы тұйық жолға келіп тоқтайды. Екі бекеттің күллі тіршілігі тонның ішкі бауындай біте қайнасқан, ғарыш айлағына кезексіз жөнелтілуге тиісті жүк тиеген платформалар уақыт өлтірмес үшін тек осы жерде ғана маневр жасауға мүмкіндік табады... Ал мына қызықты қараңыз, қаныңды қайнатқанда cол ұлы даладан ұлтарақтай орын таппай, қарасан келгір сиыр малының әдейі қитығып, дәл осы тұстағы темір жол бойына бұзаулап қалатындығын қайтерсің! Айтты-айтпады, жаның сондайда тыр­ нақ ұшына тірелер-ді. Сигналды ойбайлатып олай да басасың, былай да басасың. Әрине, мық шегедей әскери тәртіпке бағынатын үш-төрт тіркемелі шолақ платформаның алдынан ол тұрмақ адам шыға келсе де жарты минут аялдауға мұршасы жоқ, жыл­ дамдықты бәсеңдетпей тарта беруге тиістісің қатаң ереже бойын­ ша. Иә, ереже бойынша солайы солай ғой, бірақ көзің көріп тұрып қолың дірілдеместен, жүрегің алқынып аузыңа тығылмастан, түк болмағандай тірі мақұлықты дәу тұмсықпен қағып жіберіп, шылымыңды бұрқыратып қалайша бейқам отыра бермексің. Оу, оның обал-сауабы деген болмас па және ана құрсағынан жаңа шыққан бұзауы бар болғырдың осыған келгенде кінәсі не? Жә,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ оны қойшы, ал сиыр сауып, құрт қайнатып жүрген айлақтағы ке­ ліншектерді, бәсе-ау, қайдан, қашан көріп едіңіз?! Көре алмайсыз, тіпті шекараның ар жағынан да ақ жаулықтыны емге таба ал­ майсыз! Яғни, бұзаулы сиырдың иесі – мына іргеліктегі қазақ ауылында тұратын көп жамағайынның бірі. Бүгін керек болмаса көре қал, жан ұшырып ертең түгендейді сол жоғалған дүниесін... Сонда ғой, бұл пақырдың да үйді-үйдің арасымен бұқпантайлап, тірі жанның көзіне түспестен май сіңген шпалдарды аттап-бұттап, депоға жеткенше қан сорпасы шыға алқына жүгіретіндігі. Сұлутам мен айлаққа қатынайтын платформа жолдан-жолға ауысып, темір доңғалақтары қышырлап, күн сайын мың сан мәрте бағытбағдарын өзгертіп жататын өзге поездарға мүлдем ұқсамайды. Тепловозы да баяғы Түрксіб заманынан келе жатқан ескінің көзі еді. Әйтсе де бір жеріне сызат түспеген, жарау жорғадай әлі де жұлқынып тұр. Қосалқы жолдағы екі-үш вагонды бейбіт тұрғындар рұқсатсыз еркін бара алатын ғарыш айлағының темір қақпасына дейін жеткізіп береді де, содан көп кідірмей кері бұрылады. Айлақтың ішінде не болып, не қойып жатқанымен қарт мәшинистің инедей шаруасы жоқ. Тіпті еш нәрсесіне қызықпайды. Зымыран тасығыштың қалай көкке көтерілетіндігін айтып, өздерінше қызылкеңірдектесіп қалатын кейбір әріптестерінің мыл­ жың әңгімелеріне де миығынан күліп қана қоюшы еді-ау. «Жеке бастарына көк тиын пайдасы жоқ, малтасын езген өңшең қырт! Ал соған бола несіне дауласады, ана жолы тура темір қақпаның ау­зында вагондарды ағытып жатқан тұста зымыранның қол со­ зым жерден көкке көтерілгендігін өз көзімен көрген. Әлемді дүр сілкінткен керемет жаңалықтың тірі куәгері едіңіз деп, біреулер сонда мұның өңіріне орден тақса сөз бар ма, ауыз жарымайтын жалақысын үстемелесе де шүкіршілік айтар еді ғой. Тас та жоқ!» Көсеудей қос саусағының арасынан быртиған бармағын шығарды. Жұтқыншағы жыбырлады. Ол пәлекетті көрдім десең де, көрмедім десең де басыңның пәлеге қалатындығын былайғы жұрт қайдан білсін. «Әлемдік жаңалық, әлемдік жаңалық!.. Ұрып қойыпты бүйткен әлемдік жаңалығын!» Тепловоздың терезесі көптен бері сүртілмеген-ді. Оң жақ бүйір­ дегі оймақтай тесіктен амалдап су бүркіп, әйнек тазалағыштың ескілеу тетігін немкеттілеу бұрап кеп қалған-ды. Сірә, құдай бір нәрсе берер, резина таяқшалардың дірілдеп, бұралаңдап, әп-сәтте

ТАҢДАМАЛЫ шаң-тозаңнан көрінбейтін терезесі түскірді айнадай жалтыратып жібергені. Төңірегі дөңгеленіп көз алдына келе қалды. Айлақ­ тың андыздаған антенналарын да санап алуға болатын-ды. «Кет­ сінші әрі, ендігі қалған ауруының емі антенналар ма еді?!» Кө­ кірегіне қыстап қалған арманы әнтек қана бас көтерді. Айлақ басшыларының ара-тұра аяушылық сезімдері оянып, сол самсаған антеннасының бірін, тіпті істен шыққаны болса да мына ауыл тұрғындары үшін деп орнатып берсе, олардан өткен қайырымды адамдар болмас еді-ау деп те ойланып жүрген. Ондайда Төретам мен Сұлутам іргесіндегі қазақ ауылдары алаңсыз телевизор көріп, бір жасап қалмас па! Олар әлем құлақ түрген аса маңызды саяси жаңалықтарыңды қайтсін, облыстан берілетін көркемөнерпаздар концертін тамашалап, жергілікті термешілер дауысын өз құ­ лақтарымен естісе бітті ғой. Өзгесіне алдыраз болсын! Өкініштіақ, әлемдік ұлы оқиғалардың қақ ортасында отырғандар облыстан берілетін телехабарды да дұрыстап көре алмайды. Зымыран ұшқан сайын жер-жаһанның апшысын қуырған аласат дауыл апталап соғып, құм суырып, сол байғұс ауылдардың есік-терезелерін аш­ тырмай, сыртқы әлеммен болмашы байланыстарының өзін үзіп тынады. Оу, несін жасырады, бұлардың да өзгелер секілді жақсы өмір сүргілері келетіндігі рас. Балалары да өз беттерінше талпы­ нып облысқа, қала берді астанаңызға барып оқып жүр. Ең құрыса, солармен де телефон арқылы сөйлесе алмай, кәріп боп қалады ғой қапелімде. Коммерциялық зымырандардың күн сайын пар-парлап ұшқандығынан бұларға не пайда? Самара – Ташкент тас жолының үстінен өтетін аспалы көпірге кимелеп жете бергенде қарт мәшинистің жүрегі тас төбесінен шықты. Көздері алақтап қос рельс бойына шұқшиып тағы қа­ рады. Саусақтары дірілдеп ие бермеген соң алдымен бірін, сосын екінші қолын бөксесіне басты. Тамағы құрғады, әрлі-берлі құрғақ жұтынды. Қалайы шәйнектегі қанжылым суды үсті-үстіне қыл­ ғытты. Екі көзі жол бойында. Жанары жасаурай берген соң, оны жейдесінің жеңімен апыл-ғұпыл сүртті де, шынтағын терезе жақ­ тауына тіреп, қайта назар жықты. Құлағы шуылдады ма, шекесі шыңылдады ма, ол жағын анық ажырата алмады. Кеуде тұсы дүрсдүрс. Қос өкпесі алқынып аузына тығылады-ай! Сигнал басатын рычагке әлсін-әлі алақан жүгіртеді. Ізінше әліптің артын бағайын дегендей сәл іркіледі. Тепловоз жылдамдығы бірқалыпты. Аспалы

Қуаныш ЖИЕНБАЙ көпірдің арғы құламасына аман жетсе, айлақтың темір қақпасы да әне тиіп тұр. Пенде байғұстың жаны тырнақ ұшына тірелгенде сандырақ­­ тап, әр нәрсені шатып-бұтатын әдеті ғой. Сірә, мына қараңдаған тобыр мен аспалы көпірдің арасы, мықтағанда, сегіз шақырымдық қана жол болар. Манадан бері Төретам – Сұлутам бекетінің батыс бетіне шашырай қоныстанған қазақ ауылдарының өткен-кеткенін көз алдына елестетіп, іргеліктегі айлақтың шашетек шапағатын тек солардың ғана көре алмағандығына кәдімгідей іші ашып, қолынан анау айтқандай үлкен көмек келмесе де сырттай мүсіркеп, ауылдастарына сырттай болысқан мұның дәл осы тұрғанда солар­ дан өткен ата жауы да жоқ-ты. Адам-ау, бұл ағайынға не көрінген? Ас­палы көпір астында құдайдың айдау жолы сайрап жатқан жоқ па! Жеті қараңғы түнде Жетіқарақшыны маңдайға ұста да, қиыстап тарта бер. Ешқайда адастырмай ауылдың төбесінен бір-ақ түсірсін. Ал әлгі Бетбақдаладан ракетаның қалған-құтқан темір-терсегін жинайтындар артынып-тартынып келе жатады да, үш доңғалақты мотоциклімен темір жолдың өкпе тұсынан қойып кеп кетеді. Кө­ пір астындағы күрежол олардан иненің жасуындай бір нәрсе дәметсе жөн-ау?! Кім жүрсе де бәрібір. Көткеншектіктің мұнан өткен сорақысы болар ма, жоқ, қос рельсті кесіп өтпесе солардыңақ ішкен астары бойларына тарамайды, көңілдері көншімейді. Ауылға қарай төтелей тартамыз деп жүргенде аяқ астынан бір пәлеге ұшырап қалса қайтеді?! Кім жауап береді? Айлақтағы­лар ма? Тоқтай тұрыңыз! Беттері безерген, кессе қан шықпастардың ол тұрмақ күллі ауылың өртеніп кетсе де қылдары қисаймас. Оу, ең болмағанда, соны түсінуге болады ғой. Әлде оларды өмірден без­ген біреулер ме дейін десең, алюминий сынықтарын құрақ көрпедей қиюластырып жинағанда бар ма, қолдары қолдарына жұқпайды. Және бір нәрседен құр қалатындай үнемі жанталасып жүргендері. Үш доңғалақты дырылдағы түспегіріңнің оты нақ рельс­тің орта шеніне келгенде өшіп қалса не істемек? Оң жақтан түтінін будақтатып әдеттегіше товарный келе жатады. Бұл товар­ ныйдың жылдамдығын сәл тежеуге, не ретсіз тоқтауына мүм­ кіншілігі жоқ. Атамзаманнан солай қалыптасқан әскери тәр­тіп. Күллі айлағыңыз – әскери тәртіптің құлы. Зымыранның ұшар сәтіндегі әрбір минуты мен секунды қатаң есептеулі. Жер ша­ рының ендіктері мен бойлықтарындағы уақыт ағымының өзі сол

ТАҢДАМАЛЫ Төретамнан ұшқалы жатқан зымыранмен тығыз байланысты болса енді не істемексің?! Жаныңды көзіңе көрсеткенде аяқ-қо­ лыңды өстіп байлап-матап тастап, дымыңды құртады ғой. Жыл сайын әскери тәртіптен қарыс сүйем аттасам атылып кетейін деген мағынада ант беріп сынақ тапсырғандығын әлгі айдаладан темір-терсек жинайтындар қайдан түсінсін. Түсінетін кісі тура жолмен тікелей тартқанда ұтатын жарты сағат уақыт үшін әл­ декімді әбігерге салмайын деп, көпірдің астымен-ақ жөнеп бер­ мес пе?! Өмірлері өтіп бара ма? Ауылға арсалаңдап жеткенде де бітіретіндері белгілі. Әзір тамақтан апыл-ғұпыл ауыз тиеді де ұйлыққан қаншықтай тізбектеліп, кеш батысымен дүкен маңын торуылдайды. Одан соңғылары да оңған тірлік емес, еске түсірудің өзі ұят. Әлде тепловоз мәшинисі бізді тірілей басып көрсін деп, іштей айбат шеге ме екен, а?! Баспақ түгілі сүйегін үгітіп кеп жіберер. Ғайыптан... іргеліктен күн шықпай қалуы мүмкін, ал ғарыш айлағына белгілі уақыт аралығында жетуге тиісті плат­ форманы ешбір құдіреттің күші тоқтата алмайды. ...Өткен жолы да ойламаған тұстан күлкілі оқиғаға тап болған. Жылап-сықтаумен аяқталатын қатерлі шаруа әйтеуір, әупірім­ мен ың-шыңсыз басылып қалды. Үстіне таудай жыңғыл томарын тиеген есек арбаны қас пен көздің арасында таптап кете жаздады. шикіөкпе балалардың талқаны таусылмаған екен де, арбаның арт­ қы доңғалағына тепловоздың тұмсығы жанаса бергенде бір ересен күш жер астынан жарылып шыққандай, арбаны есегімен қоса аулаққа лақтырып кеп жібергені. Жүрегі сәлден соң барып орнына түсті. Терезеден гүрзідей жұдырығын шығарып, ұртын толтырып бір боқтады. Басқадай не істей алады? Маңдайының терін сүрткі­ леп, аздап күйзеліп отырған күйі «Ескі тепловозды біраз тепкіле­ дім ғой, ендігі жерде осы абыройыммен есімнің барында елімді табайын» деп те армандаған. Автоматты кнопкамен басқарылатын зымырандардың бірінен соң бірін орбитаға шығарғанда жиырма шақырымдық жол бойындағы тепловозды адамсыз жүргізу деген не тәйірі?! Бәлкім, біреулер оны да жасырын түрде тәжірибеден өткізіп жатқан шығар. Оу, айдың-күннің аманында мынаусы несі, шырағым-ау?! Ас­­ па­лы көпірдің үстіне жете бергенде сигналды үсті-үстіне тө­пе­ леді. Самайынан аққан ащы тер мойнына құйылды. Жүрегінің атқақтап аузына тығылғаны аз еді, енді тұла бойынан жан кетіп

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қалғандай үсті-үстіне қалшылдады. Бір сәттің ішінде қол-аяғына ие бола алмай діңкеледі де қалды. Әлдеқандай заман болады де­ гендей, оң бүйіріндегі стоп-кранның трос арқанын қозғап-қозғап, терең күрсініп бір дем алды. Шыны керек, ендігі тағдыры сол трос арқанға тіреліп тұр. Мұндайда асып-сасқан әрекет кісінің ойлануына мұрша бере ме? «Өліп қалғаннан сау ма, мына түгелер!» – деп сигналды тағы да үсті-үстіне төпеледі. Аза бойың тітіркене­тін ащы дауыстан секем алған саршұнақ та зып беріп ініне жасыры­ нып үлгерді. Олар дәп бір мұның шіңкілдеген үнін еститіндей көкірегі күбірлеп: «Жолдан былай тұрыңдар, өлемісіңдер соры қайна­ған түгелер!» – деп қолымен жасқап, белгі береді. Мә, без­ гелдек! Мына пәтшағарлардың шынымен естері ауысқаннан сау ма?! Бұрын-соңды мұндайын жолықтырмаған. «Бұл дүниенің қы­ зық-шыжығына әбден кеңірдектеп, енді өлуге ыңғай білдірген екенсің, адам-ау, поездың астына түсіп нелерің бар, бір кездік арқанды мойынға тас қып ора да, тіліңді кәлимаға келтіріп асылып қал. Бірден сеспей кетесің, сүйегің де арулап көмуге жарайды. Ал сендерге керегі осы болса күл-талқандарыңды шығарайын шет­ теріңнен!» Платформа аспалы көпірдің арғы құламасына тұмсық тіре­ген. Санап үлгермеді, сірә, бес-алты әйелдің ағараңдаған орамалда­ рын аңғарып қалды. Соның артынша көзіне ащы тер құйылды да, қарашығы бұлдырап кетті. Жолдан шығайық-ау, жазым болар­ мыз-ау деп айылын жиятын бірі жоқ. Бірінің қолынан бірі ұс­тап, жарты шақырымдай қашықтықта тапжылмастан сіресіп тұр. Бетпішіндерін ажырата алмады. Мәшинист дереу рацияға жабысты. Төретам стансасының үш нөмірлі телефонын саусақтары икемге келмей әзер тергіштеді. – Құрыдық! Ереуіл!.. Тез бол, маған бекет бастығы Қаражанды қосыңыз?! – Кімді?! – Қаражанды деймін, өй, құлағы керең болғыр, сболш! – Боқтамаңыз, сізді де ата сақалы аузына түскен кісі дейді-ау! Осы бассыздығыңыздың, реті келгенде, біз де есесін қайтарар­ мыз. Ұмытпаспыз әсілі! Немене, сонша аттандап, жау қуып келе ме?! – Диспетчер пультіндегі кезекші тағы нелерді мұрын асты­нан міңгірлеп айтып жатты. – Ал бастық жоқ, облысқа кеткен, өнесіей, өңмеңдеп!..

ТАҢДАМАЛЫ – Қашан келеді?! – Бастық бізге есеп беруші ме еді. Кеш бата оралар аман болса. – Оралмаса терісінен! «Енді кімнен ақыл сұрамақ?» Айлақтағылар мәшинистпен сірә да сөйлеспейді. Әлде мына немелердің ереуілдеген сықпыт­ тарының күлін көкке ұшырып, қабырғаларын күтірлетіп, қайдан шықса одан шықсын деп, таптап тастаса ма екен, а?! Өзі тартар айыптан құлан-таза ада. Әскери тәртіптің шеңберінен шықпастан ережеге сай әрекет жасады... О-о, айтқандай Әбдімәлік қайда жүр? Ғарыш айлағының жергілікті тұрғындар арасындағы өкілі осындайда қол ұшын бермегенде қайтеді. Рацияға қайта жармасты. – Күнім сол, кезекшімісің? Аты-жөнің кім еді? – Оны қайтесіз? – Сұраймыз да... – Жер-жебірімізге жетіп алып... – Кешір, кешір айналайын, қазір сенімен ырылдасып жататын уақыт жоқ. Түсінемісің, бір топ әйел ереуіл жасап, темір жолды бөгеп тұр. Жиырма-отыз метрдей жер қалды, стоп-кранды басуға кімнен рұқсат аларымды білмеймін. – Енді маған не дейсіз? – Әбдімәлікті қосшы... жер бетінде тірі жүрсе тауып берші! Космодромның өкілі осындайда көмектеспегенде қайда көмек­ теседі?! Сосын тағы мынаны тыңдап ал! – Кәдімгідей бұйрық бересіз ғой өзіңіз... – Оттама, алдымен рацияның лентасын жалға! Осы әңгімелердің барлығы түгелдей дерлік хатталып жазылып қалатын болсын. Енді сен де боққа былғандың, ешқайда қашып құтыла алмайсың! Ертең бәріміз бірге жауап береміз. – Не, не дейді?! – Со-л-ай, шырылдама! – Қазір, қазір... міне-міне... Әлло, Әбеке, Әбдімәлік Саржаныш, Саржаныш деймін, естіп тұрсыз ба? Не көрінген бұл жұртқа?.. Ауылдың бір топ әйелдері ереуілге шығып, темір жолды басып алыпты деседі. – Қой, қой шырағым, қайдағы ереуіл? Сондағы талап-тілектері не? – Ит білсін! Сөйлесіңіз, платформа мәшинисін байланысқа қо­ самын.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – … – Әбдімәлік, әл-әу, Әбдімәлікпісің?!. Құрыдық!.. Әй-ел-дер!.. – Әйелдер, қайдағы әйелдер, олар не істеп жүр темір жолдың бойында?! Машинистің одан әрі үні шықпады. Стоп-кранның пломбасы сырт етіп, тас еденге домалап түсті. Темір доңғалақтар біраз жерге дейін үйкетіліп, сүйретіліп барып, әзер тоқтады. – 2 – Шүкір ғой, шүкір, шүкіршілік! Аспандағанда қайда барады, айға ұша ма? Ол үшін мына үш қабатты коттеджіңді айналы әуітімен бірге қосып сатқанда қолың жетсе, кәнекей! Еріккен жұрт қазір не істемейді? Сірә, одан өзге ермектері түгесіліп қалған ба, жер бетіндегі адамға керекті игіліктің бәрін тіміскілеп бітірген ғой. Еш нәрсеге қызықпайды немесе еш нәрсе қызықтырмайды. Ендігі қалып тұрғаны, турист ретінде мың сан корабльдердің бірі­ не отырып алып ғаламды зерттеу, аспан әлемінің құпиясын ашу... Бір жағынан, елдің құлағын шулатып қайтеміз дейтін болар, өзімізге белгілі жайды дабырлатып, сырнайлатып, сүйінші сұрап не қыламыз дейтін болар... Кейде солардың кәдімгі Төретам мен Сұлутамның түстік бетіндегі қазақ ауылдарында тұратын туған нағашысынікіне бара жатқандай, «космостағы салмақсыздық дә­режесін сезінсек те неміз кетеді» деп жіптіктей етіп, анау-мы­ наудың қолы жетпес дүниені тым жеңілдетіп, сүмірейтіп жібе­ ретіндерін қайтерсің! Ал соған жұмсайтын қаражатына ша­ шыңның түгі жетпес. Адам-ау, өліп-өшіп салмақсыздық дәрежесін сезінгісі келсе, айлақтың тәжірибе алаңында да дәл соған лайық­ талған техникалық аппарат дегеніңіз аузы-мұрнынан шыға сы­ қиып, толып тұрған жоқ па?! Көңіліңнің қалағанына отыр да, салмақсыздық дәрежесін сезіне бер. Қолыңнан кім қағар екен? Олар күйдіргенде өстіп күйдіреді ғой, қыруар ақшаны бас-көзге қарамастан ауаға шашып жібереді де, ол жаққа тек әлгі бір ауыз жарымайтын «салмақсыздықты сезіну» үшін барып қайтадымыс... «Не?!.. Мен әсілі жынданғаннан саумын ба?» – деді Әбдімәлік. Сөйтті де айналы әуіттің мраморланған жиегіне басын қойып, аспанға қарады. Иә, дәп бір жынданған адамша айналаны басына көтеріп, а-ха-ха-лап күлгісі келді; қоңыр дауысымен барылдап

ТАҢДАМАЛЫ ән салғысы келді. Айтқандай, соңғы кездері өзгеге сыр етіп аша бермейтіндей өзгешелеу бір әдет тауып алды. Онысын керек болса өзінен табандаған жиырма бес жас кішілігі бар қазіргі әйелі Патшагүлге де айтқан емес. Ұяла ма, қысыла ма, әлде уыздай уылжыған жас иіс «Шалдың шалқақтауын қара!» деп мысқыл­дап жүре ме деп те аз-кем қауіптенеді. Дегенмен әлгісі өзіне ұнайды. Ән болғанда да кеудесін соққылап, алып-жұлып бара жатқан қайбір әншілік? Әбдімәлік әнші болғанда енді нені қиратпақ? Сахнаға жүгіре шығатындай жас емес, көшедегі көңілді топтың қарасын көбейтіп, солармен бірге а-ха-ху-лап таң атыра­ тын қайран уақыт та біртіндеп қош айтысқан. Уақыты бар болғыр, ың-шыңсыз өз дегенін істеп бағады-ей! Сенен иненің жасуындай ақыл сұрамайды, есептеспейді, не істеп, не қоятындығын өзі ғана біледі. Мүмкін оған ән деп айдар тағудың да реті келмес. Бір сөзбен түйіндегенде, жүректің тербеліс сезімі ғой кәдімгі. Не істейсіз, жүрегі құрғыры соны қалап тұр. «Саған жетпегені сол еді, соры қайнаған!» деп сол сезімді іштей буындырып, тұншықтырып өлтіре салу керек пе?! Әділеттілік пе мұнысы? Ал жүректі жаулап алған сол әуен жинала-жинала келіп, кәдімгі ауа сыймаған шар тәрізденіп, күндердің күні туғанда тарс етіп жарылса Әбдімәлікті көктен іздейсіз бе, жерден іздейсіз бе? Осы керек пе сендерге?! Оның өзін де тісінің арасынан сыздықтатып, ыңылдап қана ай­ тады. Ұнайды біртүрлі. Ұнағанда сұрамаңыз, мүмкіндік туса оны­сын үзіп-жармай жалғастыра бергісі бар. Содан соң денесі де жеңілденіп қалатындай екі қолын көкке көтеріп, секіріп-секіріп қояды. Жүрегінің соғысы да саябырсиды. Бір қалыпты ырғақпен дүрсілдейді. Онысы құлағына анық естіледі. Жүректің соғысын есту әрине, шүкіршілік, шүкіршіліктің көкесі! Жүрек денемен сырласуға көшті деген сол, әне! Ән салғысы келетіндігінің бар сыры осы ғана. Бәлкім, Әбдімәліктің де барлық болмыс-бітімін осы төңіректен іздеуге тура келер. Бұл бұрын-сонды ел естімеген аса бір жаңалық ашқандығы емес. Өзіне ыңғайлы. Жүрек шіркіннің басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып, анаған да шашылып-төгіліп, мынаған да шашылып-төгіліп, ақыр соңында мұнан артық жайлы орын таба алмаған соң денеге барымен бұрылып, барымен беріліп, бірін-бірі түсініп, бірін-бірінің құлақ қойып тыңдай бастауы ғой! Жүрек пен дене бірін-бірі енді тапты, мінекей!

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Ал мұның сыртынан «Әбдімәліктің бар шаруасы түгелден­ ді, балаларын өздері қалаған қызметтеріне қойды, ұзаққа созыл­ ған сырқаттан соң қайтыс болған әйелінің де қарыз-парызынан құтылды, жас әйелге үйленіп көңілін бірледі» деген секілді қа­ зақбайшыл пәлен-пәштуан ілік іздеудің қажеті шамалы. Жүрек пен дене түсіністі! Мұнан былайғы жерде бірінен-бірі ажырамай, бірге өмір сүргенде ғана мұратқа жететіндігін ұғынды. Шамасы жүректің үнемі ыңылдап ән салғысы келетіндігі содан болар. Сол, сол ғой, одан басқа қандай құпия болушы еді?! Сол әні түскірдің әсіресе, әдемі әуіттің ішінде жатқанда жү­ ректі түрткілеп оята бастайтындығын айтсаңшы! Қай-қайдағы еске түседі. Тіпті турист ретінде орайы келсе ғарышқа ұшудан да кет әрі емес! Атшаптырым ауланың дәл орта тұсынан қазылған әуіт жер асты артезиан құдығының мұздай суына шөпілдей то­ лып, екі иінінен әзер дем алады. Айна тәрізденіп күн сәулесімен шағылысады. Әбдімәлік екі адам еркін сиятындай әуітті де әдейі­ леп кеңірек, тереңірек қаздырған-ды. Құлаш ұрып әрлі-берлі кө­ сіліп жүзбесе де, су астына шым батып сүңгіп кетеді, не шалқалап жатып «салмақсыздық дәрежесін» сезінеді. Патшагүлдің рецепті бойынша денесін де аз-маз күнге күйдіреді. Ал сырттағы аптап жылан жалағандай үйтіліп тұр. Көлеңкеңнің өзі қырық градусқа жетіп жығылар. Әуіттен басыңды шығарып жан-жағыңа қарай бастасаң, бір шымшым өтірігі жоқ, көзің қарауытады, миың сол­ қылдайды. Әріректегі жер ошақ аузындағы от-жалын сағым тәрізденіп, бірде алыс ұзап, бірде қол созым жерден бұлаңдайды. Осы құдайдың апшыны қуырған шаңқай шаң түсінде басына ақ орамалын мойнына дейін малындырып орап алған Патшагүл шырағым да екі қолын қайда сыйғызарын білмегендей түртпектеп жүріп, әйтеуір бірнәрселерді тауып алады. Шелпек пісіре ме, тарының талқанынан шалап жасай ма, абажадай үйде екеуденекеу отырса да тыным көрмейді. Бет қаратпайтын аптабы аздай, оған аңызақ желі қосылған соң оңа ма, ыстықтың демі одан әрі күрт көтеріледі. Ара-тұра тынысың тарылып, ауа жетпей тұншығып қалатындайсың. Ондайда Әбдімә­ лік екі аяғын тырбаңдатып, әуіттің түбіне шым батады. Денесін су көтеріп кетпес үшін әр жерге жібек бауы бар шығыршық орна­ тып қойған. Демің жеткенше содан тас қылып ұста да жайбара­ қат жата бер. Сырттағы тіршілік екі бастан белгілі. Су түбінде

ТАҢДАМАЛЫ жа­тып көздерін тастай жұмады. Алба-жұлба тіршілік ауанын көр­мек тұрмақ естігісі келмейді. Апыр-ай, осы күннің ыстығында белуарына дейін шешініп тастап, қаталап шөл қысып бара жатқан соң амалсыз дарияның лай суынан сіміре бір жұтып, жағалаудың онсыз да жапырағы түсе бастаған тырби­ған көлқұрағына шалғы сілтейтін түйе фермасындағылардың жандары неткен сірі, шырағым-ау?! Жалақылары да ауыз жарымайды. Ертеден қара кешке дейін күннің өтінде. Қарақалпақстаннан әдейі алдырған отыз шақты аруананың бар күтімі солардың мойындарында. Үш-төрт отбасы «Бізге сеніңіз, түйелердің біз тірі тұрғанда қоңы кемімейді, санитарлық талаптарды да мінсіз орындаймыз» деген соң, Әбдімәліктің де үні өшкен. Біреу сөзіңді сөйлеп, шаруаңды дөңгелетіп әкетсе, тілің қышып бара ма? Әбдімәліктерді ғарыш айлағымен байланыстырып тұрған да осы шаруа. Әрине, Сұлутам ауылындағы бұрынғы қаракөл кеңшарының директоры, жоғары білімді, облыс ауыл шаруашылығы активі түгел танитын Әбдімә­ лік те осы заманның тыныс-тіршілігінен анау айтқандай мақұ­ рым емес-ті. Көзі ашық, көкірегі ояу. Жиырма жыл іргелі ұжым басқарғанда да қырық шақты шаңырақтың күллі шаруасын жалғыз өзі-ақ ұршықтай үйіріп жүрген-ді. Дария жағалауындағы шашыраңқы шаруашылық кешегі күнге дейін іргелері ажыра­ мастан тәту-тәтті өмір сүрді. Анау айтқандай лағып, кеңшар мү­ шелері далалық демократияны желеу етіп, ағаш басына шығып алып, бет алды айқайлаған жоқ. Қазір бұл жағаның адамдарына космодром деген аждаһа жақсы болды ғой. «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа», әлдекім төретамдықтар мен сұлутамдықтар атынан сөйлеген болып, «Кос­ модромның жергілікті халыққа жасап отырған зияны мынадай да мынадай!» деп жейдесінің тамақ түймесін ағытып, жұлқынып шыға келсінші, бірі қалмай соның соңынан дүрліге жүгірер еді. Өкпесі алқынғанша, топырақ қауып омақаса құлағанша далақ­ тап, тобырдың қарасын көбейтіп ере берер еді. Ере береді. Ертеңгі күні осы әрекетінің шекесіне таяқ боп тиетіндігін де қаперлеріне алмайды. Аяқтары салбырап лезде аспаннан түсе-түсе қалғандай, Төретам мен Сұлутамның төңірегі демократияның мәуеле­ген жеміс ағашына тұнып тұрғандай... Ой-хой, аттанда, аттанда! «Өстіп, бәрің жабылып, бір атаның баласындай күш біріктіріп, космодромды көшіріп жібересіңдер ғой бұл арадан. Сендердің

Қуаныш ЖИЕНБАЙ осы дүрліккендеріңнен қаймығып, апыр-ай, жергілікті халықпен арадағы жанжал ушығып кетпесе жарар еді, халықаралық қауымдастық біздің бетімізге осыны шыжғырып баспаса болар еді, әлемдік космостық альянс мына сұмдықтан соң теріс қа­рап кетпесе неғылсын!» деп, айлақ басшылары жетіп келіп, «аяқ­ тарыңа жығылады, иіліп-бүгіліп кешірім сұрайды, қала берді қалталарыңа ауызбастырық үшін қаржы салып береді...» Ах-хаха, құр далбаса! Ғарыш айлағын қанша жерден ит тепкінің ас­тына алғаныңмен түк шықпайды. Қылы қисаймайды айлақтың! Коммерциялық ұшыруды үсті-үстіне үдетеді. Керісінше Төре­ там – Сұлутам бекетінің басшысына жасырын түрде, әбден сүзгіден өткен заңнамалық актілердің негізінде соңғы ескерту жасайды; не қатаң сөгіс жариялайды. Себебі, бұл өңірдің күллі тіршілігі темір жолмен тығыз байланысты. Ел-жұртына ие бола алмағандығы үшін, еларалық келісім-шарттардың мәнмағына­сын қарауындағыларға жеткілікті дәрежеде ұғындыра алмағандығы үшін, үгіт-насихат жұмыстарын тиянақты жүр­ гізбегені үшін... Оу, бекет бастығы да адам, оның да асырап отыр­ған шиеттей бала-шағасы бар. Оның үстіне бұған дейін қылаудай қыл түспеген абырой-беделін айтсаңшы!? Әлгі аты өш­ кір жасырын бұйрығы тек Төретам – Сұлутам төңірегіне ғана белгілі боп, сонымен тынса, кәні! Облысты басып өтіп, одан әрмен шығандайды. Міне, сондайда оның да қаны шапшып басына тебеді. «Ендігі шаруам сендермен болсын!» деп жұдырығын түйіп, шырт түкіреді. Тістері қышырлайды. Төтеннен тап болған ашу жүйкесін жұқартады. Бір білместік өтті-кетті деп, мұнан әрі терең­демейін десе ертеңгі күнінің не боларын кім біліпті. Дереу іске көшеді, айлақты бұл арадан лезде көшіріп жібермек болып, артын жыртып айқайлағандарды ә дегеннен қырына алады. Үш-төртеуінің көз­ дерін көкшитіп жұмыстан шығарады, тағы бірнешеуінің айлы­ ғын қияды, қалғандарынан мұндай әрекеттен аулақ жүреміз дегізгі­зіп, жазбаша түрде түсінік жаздырып алады. Әйтеуір, бір жұманың ішінде-ақ бекеттегілердің зәре-құтын алып, тура аяқтарының ұшымен жүргізеді. Жұмысшылардың арасынан өзіне сенімділерін таңдап «шпион» ұстайды. Әбдімәліктің ұстамдылығының арқасында темір жол ірге­ сіндегі қаракөл кеңшарында ондай «бассыздықтың» бірде-бі­ реуі тіркелген жоқ-ты. Кеңшар тұрғындарының жіптіктей

ТАҢДАМАЛЫ татулықтарына сына қаға алмайтынсың. Ал айлақты көшіріп жібергісі келетіндер бұл басқарған шаруашылықтан да бас кө­ терер еді ғой, тіпті олардың бес-алтау болмауы да мүмкін-ді. Он­ дайда адамның аяқ астынан намысы қозып, екі көзін шел басып, құтырынып шыға келетін әдеті емес пе?! Төретам стансасы қол созым жерде. Дарияның бергі бетіне өтсең, станса алаңынан бірақ шығасың. Кеңшардың үлкені де, кішісі де өмір бойы осы Тө­ ретам стансасының қызметін пайдаланып келген. Оңды-солды ағылып жатқан поездар болмаса, тірі адам бүгінде қарға адым алыс шыға алар ма. Сол оңды-солды ағылған поездар Төретамның атамзаманнан келе жатқан еңселі қыш кірпіш үйі болмаса аялдар ма?! Айлақтың тік ұшақтарына бірінің табаны жаңылысып тисе айтсын-ау! Бұлар тұрмақ кеңшар директоры Әбдімәліктің балалары да тек поездардың ғана қызметін пайдаланып келген. Төретамның іргесін басып өтетін Самара – Ташкент тас жолы кейін пайда болған-ды. Күрежолдың бойымен қоңыздай құжынаған жүк мәшинелері жалынып-жалбарынып мың мәрте қол көтерсең де, аялдамасыз жерге тоқтамайды. Оның үстіне сөз шіркін тыныш жата ма, ұзынқұлақтың ызыңы жер-жаһанды ілезде-ақ жаулап алар. «Төретамның жергілікті тұрғындары қызды-қыздымен айлақ басшыларына да қыр көрсете бастапты» деген суыт хабар олардың да құлақтарына еміс-еміс тиіп үлгерер. Сосын айдалаға аялдап не бастарының іскені. Міне, сүйткен Төретам жұрты ғарыш айлағының жергілікті тұрғындарға жасаған экологиялық зияны үшін ұзақ үнсіздіктен кейін дүрліге көтерілсе, қол созым жердегі кеңшар түк көрмегендей мыңқиып отыра береді баяғы. Ақылдылық, иә шектен шыққан сабырлылық па бұлардікі?! Мейлі, айта берсін, тыныштық қым­ бат бәрінен! Сөйткен кеңшардың күндердің күнінде аяғының аспаннан келетіндігін кім білген? Бір жылдың аумағында ай­ рандай ұйып отырған шаруашылықтың тоз-тозы шықты. Көктем айындағы дария сеңіндей күтірлеп, сау-тамтығы қалмады. Кейін бірнешелеген ұсақ шаруашылықтар ұйымдасқан секілді еді, бү­ гінде олардың сайдан санын, құмнан ізін таба алмайсың. Жел көтерген қаңбақтай із-түзсіз жоғалған. Әбдімәліктің сондағы көрегендігін біреулер аңыз ғып айтып та жүрген шығар бұл күнде! Шаруашылығы шатқаяқтаған соң ескі таныстары облыс орталығынан ойып тұрып, әтібірлі қызмет тауып 2-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ берейік деп жалынса да, туған жер топырағынан қарыс сүйем ұзамады. Дініне беріктігін дәлелдеп бақты. Оқыған-тоқығаны көп-көрім пайдаға асты кейіннен. Сөйтіп орайы келгенде айлақ басшылығының алдына сұмдық бір идеяны тастап кеп жіберген. Тыңдағандарың үшін құлдық деп бірден аяқтарына жығылған бұл жоқ. Және идея болғанда қандай! Шұбаттың адам ағзасына тигізер емдік қасиетін тамағың қарлыққанша қақсай бергеннен бір нәрсе өне ме? Мықты болсаң іспен дәлелде! Сан түрлі химиялық қоспалардан даярланатын тағамдардың жанында жарықтық түйе сүті дегеніңіз қа-й-да! Арнаулы аппаратпен түйе сүтін де құрғатып, ұнтақтап, зеңгір көктің қандай қабатына алып шығамын десең де, өмірі бұзылмайтындығы дәлелденген. Бұзылмақ тұрмақ, ауасыз кеңістікке жеткенде ғайыптан бұрқырап жусан исі пайда бола кетеді-міс, корабльдегілердің тәбеттерін ашып, жұмыс істеуге де­ген құлшыныстарын арттыра түседі-міс. Қазекемнің қайран шұ­баты қай кезде қасиетінен айырылып еді?! Ах-ха-хау, қазақ жерінен ұшсаңыз, атмосфераға қазақ дәмін де ала кетіңіз!.. Содан алашапқын сүргін басталған. Шұбаттың құрамы сан мыңдаған зерт­ ханаларда тексерілген. Бұдан шет елдік ғалымдар да шетқақпай қалған жоқ. Себебі, коммерциялық ұшырулардың дені солардың үлестеріне тиетін. Несін айтасыз, құрғатылған шұбат ғарышкерлер үшін жексік астың негізгі түріне айналып шыға келді! Әбдімәлік­ тің идеясы жүз пайыз жүзеге асты! Шыбын жорғаламайтын ұшы­ ру алаңына жергілікті тұрғындар арасынан тұңғыш рет Әбдімә­ ліктің ғана табаны тиген-ді. Айлақ басшылығы рұқсат қағазсыз ішке кіріп-шығуға тек Әбдімәлікке ғана мүмкіндік жасады. Онда да айына үш мәрте. Екі рет түйе фермасындағы жұмысшылар­ дың айлық жалақыларын алу үшін кіреді. Үшіншісі еркін, кә­ дімгі еркін қыдырыс. Бір тәулік бойы айлақтың қай бұрышына барамын, нені көремін десең де, тірі жан бөгет болмайды. Күзет бөліміндегілер де, патрульдер де Әбдімәліктің жанынан үн-түн­ сіз ыздиып өте шығады. Бір түрлі жылы жымиысты көзқарас аңғартады. Әлде өзіне солай ма? «Сіз біздің өз адамымызсыз ғой» дейтін тәрізді, «Сіз біздің сыннан өткен өз адамымызсыз!» Өстіп сызылта түссе дейді Әбдімәлік те. Ғарыш айлағының қарағайдан қиюластырып соққан саунасы, құстың сүтінен басқасының бәрі табылатын тіреліп тұрған дүке­ні, ғарышты игерген атақты ғалымның мұражайы, ауыр ракеталарды атмосфераға алып

ТАҢДАМАЛЫ шығатын мес қарын ұшақ... Әбдімәлікке бәрінің есігі ашық. Бірақ бала емес-шаға емес, дап-дардай Әбдімәлік басымен айлақты бір тәулік тегін аралауға рұқсатым бар екен деп, далақтап шаба бере ме. Лезде сабырлы қалыпқа көшеді. Қулықтарына қанжар бойламайтын айлақтағылардың түк көр­мегендей аузы аңқайып, отқа түсетін көбелекше ұшып-қонып жүрген дала қазағы туралы не ойлайтындарын кім біліпті. Самсаған антенналардың басына орнатылған бір аппарат Әбдімәліктің айлақтағы әрбір басқан қадамын қас қақпай қадағалап тұратын болса, одан «өз адамына» деген оңған сенім бола ма. Оның аяғы ұзаққа бармас. Аңдып жүріп бір оңтайлы сәт туғанда оңдырмай орға жығар. Не деп кінә тағатындарын кім білсін? Бұлардың жазылмаған заңдары өз пайдаларына келгенде оқтай зулайды ғой. Түйенің құрғатылған сүті қалай жасалушы еді деп, енді олар да бас қатырмайды. Тосын жаңалыққа құжат, патент жинаған кім бар. Атмосферадағы бұрқыраған жусан иісіне де бой үйренген. Әбдімәліктің денесі ток соққандай дір ете түсер еді ондайда. Төңірегіне тәкәппарлана назар жығады. Қарсы кезіккендермен енді ыртың-жыртың жата кеп амандаспайды. Шен-шекпені үлкен, жылтырақ пагондылармен де арақатынасты алшақ ұстайды. Не алыстамайды, не жақындамай­ ды. Атамекеннің иесі кім екендігін ең болмаса өстіп сездірейін дейді. Мың жерден қоразданғанмен дүниенің тұтқасын ұстап тұр­ған ол көксоққандар Әбдімәліктің ол ойын түсіне қоя ма? Міне, мәселе қайда?! Осы тұсқа келгенде амалсыз сәл иіледі. Құ­ даның құдіреті, сенің азаматтық асыл тұлғаңды аракідік болса да бағалайтын, ең құрығанда баяғы кеңшар директорына қиын бо­ лып жүр-ау дейтін жанашырлықтың да жұқанасын көре алмайды екенсің бұл жақтан. Бірақ қала, қала ма, күллі төңіректің бүгінгі тіршілігі айлақпен ғана тығыз байланысты. Қалай дегенде де, айлақты төңіректегендердің өзгелерге қарағанда жағдайлары жақ­ сылау. Құрығанда азын-аулақ жалақыңды да уақытымен аласың. «Сыйға – сый, сыраға – бал». Түйе фермасының меңгерушісі­ не айлақ басшылығы «Біздің жергілікті тұрғындар арасындағы өкіліміз боласыз» дегенді де қоғамдық негізде қоса тапсырған. Қайда қашады, Әбдімәлік келісті... Рақат, рақат-ай! Әуіттің түпкі жағына алтын тығып қойған­­ дай аузына ауа толтырып алып, шым батады. Су түбінен безі­ рейетін де тұратын зеңгір аспанға қараудың өзі бір ғажап! Бұлаң-

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бұлаң. Ақшарбы бұлттар қол созым жерден ақ мамық тәрізденіп аударылып-төңкеріледі. Әуіттің түбінде ауа толтырылған аппа­ ратың болмаған соң ұзақ жата аласың ба. Әбдімәлік үшін сол аппараты құрығырды қолға түсірудің өзі мұң болды. Айлақтың дүкендерін түгел аралап шықты. Қырық мың қызыл болса да, сатып алмаққа бекінген. Жоқ, жоқты жерден қаза ма? Алматыда тұратын қызы Мейрамкүлге де «Құлдығым, адамның құнын сұрамайтын шығар, тауып берші?» деп құдайдың зарын қылды. Адам естімесін, есі кіресілі-шығасылы ғой Мейрамкүлдің. Айт­ қаның айтқандай бір құлағынан кіреді де, екінші құлағынан шы­ғып кетеді. Текке шаршайсың. Оу, Әбдімәлік сол ауа тол­ты­ рылған аппаратты керек болған соң сұратып жатқан жоқ па?! Әкеміздің бір шаруасын қақсата бермей тындырып берейік деп лып ете қалатын қыздың түрі анау. Сөзбұйдаға салып әлі жүр. Міне, осындайда керек қой сол аппараты. Тұмсығыңа тағып ал да жата бер, әдемі әуіттің түбінде. Елеңдейтіндей, жоғалтатындай сыртта қайбір қызық қалды дейсің?! Демі бітіп бара жатқан соң амалы қайсы, әуіттің жылтырақ еденіне табанын тіреп оқыс атып шығады. Ах, уһ! Айдаһар шомылып жатқандай әуіттің ернеуіне үздік-создық су шашырайды. Түбің түскірлердің не іздейтінде­ рін қайдам, кейде ақ, қызыл, жасыл қанатты нәп-нәзік көбелек­ тер де осы маңайды айналсоқтап жүреді. Оқыс тиген тамшыдан да жалп ете түседі соры қайнағандар! Әбдімәліктің кәдімгідей жаны ашиды. Саусағымен іліп алайын десе де ебедейсіздігіне ептеп қысылады. Өлтіріп алып қиянатқа батып жүре ме? Сосын иегін таянып көбелектің қимыл-әрекетіне таңданыспен тесіле қарап біраз тұрады. Жалғыз тамшыны ауырсынса да, құртақандай тіршілік иесінің жанұшыра қанат қағып, өмір үшін жанталасуын қарашы-ей! Төбе тесетін аласат ыстық көбелек қанатындағы же­ тім тамшыны да әп-сәтте жұтып тынады. Көбелек жансебілденіп көлеңкеге қарай жылжиды. Қоңыр рацияның безілдеген дауысын судан басын қылтита бергенде-ақ естіген. Әуіттің ернеуіне асылып, еріншектене қолын созды. – Әбдімәлік, Әбдімәлік деймін... Құрыдық! Құртты!.. – Оу, бұл кім құдайдың тапа-тал түсінде жау шаптылаған?! Иә, не болып қалды? Аман ба? – Қайдан аман болсын, құрыдық деймін, құрыдық!

ТАҢДАМАЛЫ – Кім құртқан?! Әй, шырағым, түкірігіңе шашалмай дұрыстап сөйлесеңші адам құсап! – Адам құсап дейсің, асықпай сөйлесуге мүмкіндігім болып тұрғандай! Міне, жиырма метрдей ғана жер қалды. Бес-алты әйел әй-шай жоқ темір жол бойына шығып алып, қандарына қарайып поездың алдын бөгеп тұр. Не істеймін, менің де басым екеу емес, стоп-кранды басуға рұқсат етсең... – Тоқ-та, тоқта деймін, саған стоп-кранды басуға рұқсат ететіндей мен кім едім соншалық?! – Бейшара бола қаласыңдар-ау заматта. Космодромның ел ара­ сындағы өкілімін дегенде жерге сыймаушы едің ғой!.. – Өкіл, қайдағы өкіл, сендердің естеріңе Әбдімәлік осындай кезде түседі-ау. Өзің біл. Менің де басым екеу емес, стоп-кранды басасың ба, әлде әйелдерді таптап кетесің бе... өзің біл! – Түсінікті, шамаң белгілі болды! – Мәшинистің дауысы одан әрі өктем естілді, – Әбдімәлік, сен бірақ мынаны есіңе сақта, бұл әңгіме түбі жерде қалмайды. Біздің сөзіміздің бәрі диктофонға жазулы. Ертең бірге жауап береміз космодром басшыларының алдында... – ... кесіп аларсың мықты болсаң! Судың терең қабатына шым батты. – 3 – Осылай, иә, дәл осылай боларын баяғыда-ақ білген. Оған бола бас қатырудың да қажеті жоқ-ты. 2 + 2 = 4. Бітті. Әйтсе де тірі адамға тіс жармады. Жергілікті байланыс жүйесіне қосылған селекторлық аппарат таң алакеугімде ал кеп безілдесін. Безілдеп қана қойса жақсы ғой, арғы жақтан естілген гүрілдеген дауыс бейне бір жар басынан бос бөшкені әдейі домалатып жібергендей: «Тыңдаңдар, тыңдап тұрмысыңдар?!» деп үстемелейді. «Тыңдап тұрмыз, сіздерді тыңдамағанда кімді тыңдаушы едік. Сіздерден басқа біздің қандай құдайымыз болушы еді!» деп сақал-мұртын бастырып жатқан тұста асүйден басын шығарған Әбдімәлік те ішінен ащы мысқылмен бір мырс етті. Тіпті Патшагүл ұйқысынан оянып кетеді-ау деместен, қамыс қабырғаға сүлесоқ іле салған қолайнаға бір бүйірлеп қараған күйі а-ха-халап күлкісі де келді. Күлкілі ғой, әлгі айлақтағы шілтеңдеген бастықсымақтардың шәлкем-шалыс тіршіліктерінің бәрі күлкілі.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Былайғы уақытта бұттарына жіберіп қойған ойын баласындай тымырайып үн-түнсіз жүреді, жүреді-дағы міне, осындай дүрбелең шақта қалың ұйқыларынан шошып оянып, жан-жақтарына алақжұлақ қарағыштап, өткен-кеткенді жан ұшыра іздестіре бастайды. Турасына көшкенде тәубелеріне келеді. А-ха-ха! Ара-тұра болса да бұларға өстіп темір жолды бөгеп, ереуілдеп тұру керек екен ғой. Маладес, маладес-ей, ауыл әйелдеріне рақмет! Міне, бір-ақ күнде айды аспанға шығарған жоқ па?! «Бұқпантайлап, бейшара­ ның күйін кешіп жүре бергенше өлсек те өстіп, алысып-жұлысып бір өлейік» дегендері шығар. Апыр-ай, алда-жалда... ереуілдеп, темір жолды бөгеу деген жаман ой олардың бастарына қайдан сап ете қалған десеңші! Қарашы-ей, тұп-тура алты мұхиттың арғы жағындағы дамыған елдердің демократиялық үрдісін пай­ даланады. Пайдаланғанда да кәдімгідей! О-хо, біздің дария жа­ ғалауына да келді ғой дүрілдеген демократия! «Тыңдаңдар, Әбдімәлік Саржанович, Қаражан Есболаевич, бұл сіздерге берілген төтенше тапсырма! Бүгін ертеңгі сағат тоғыздан қалмай он жетінші алаңнан табылыңыздар!» – Құп болады, он жетінші алаңнан деймісіз? Мақұл, он же­ тінші алаң болса он жетінші алаң болсын! – Әбдімәлік бейне бір театрға баратындай үстіне әдемілеп әтір септі. Иыққа сұқпаған су жаңа костюмін қолына алып тұрды да, сәл іркілді. Жоқ, бұл жолғы сәнденудің орайы келмес. Темір қақпадан ары өтісімен айлақтағылар Әбдімәлікті көргенде бүгін сірә, кірпідей жиы­ рылар. Ауыз ұшымен беретін сәлемдерінің өзін артық шығынға есептер. Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, орайы келсе Әбдімәлікке жақындамауға тырысады. Жанынан ыздиып өте шығады барлығы. Оу, бір тәуліктің ішінде дүниенің астаң-кестеңі шыққан жоқ па?! Мұнан гөрі бұрқ етіп бомба жарылғаны жақсы еді; зымыран тасығыштың бір тетігі істен шығып, қызыл құмның бұйрат-бұйрат төбелерінің арасына құлап түскені оңды еді. Қазір... енді бірер сағаттан соң Төретам темір жол бекетінің бастығы Қаражан екеуі қол ұстасып, құрып кеткір сол он жетінші алаңнан табылар ғой. Он жетінші алаңның несін сұрайсыз, он жетінші алаңның аты – он жетінші алаң. Еске түсірудің өзі ерсілеу. Он жетінші алаңның аты естілісімен-ақ Әбдімәліктің жүрегі зырқ ете түседі. Естімек түгілі оны көз алдына елестеткісі жоқ. Мұнан табандаған төрт ай шамасында он жетінші алаңда адам шошырлық

ТАҢДАМАЛЫ төтенше оқиға орын алған-ды... Биік дуалдың басынан жергілікті төрт жігіт құлап түсіп, табанда мерт болды. Мүмкін айлақтағылар бүгінгі қаралатын мәселенің өзі он жетінші алаңдағы сол оқиғамен байланысты ғой деп, бұларды да сол жерге бекер шақырмаған болар. Сол... сол-ай, Әбдімәлікті көргенде айлақтағылар кірпідей жиырылмаса қарап тұрыңыз. Тіпті ым-жымымыз бір, өзгелерге қарағанда бір-бірімізді түсіне білеміз ғой дейтін ұзынтұра, селдір шаш полковниктің өзі баяғыдай: «Әбеке, аманбысыз?!» деп қос қолын ала жүгірместен, арығырақтан барып, бас изесіп қана амандасар. Тілдеспейді. Айлақтадағы құрғатылған шұбаттың са­ пасын тексеретін зертхана меңгерушісі де бұл жолы Әбдімәлік­ ті көрсе де көрмегенсиді. Жуан денесін жылдам игеріп, теріс бұрылады. «Пах, пах, Әбеке деймін... Әбдімәлік Саржаныш, естіп тұрсыз ба, сіздің осы бір өнертапқыштық ерлігіңізді ескеріп, туған жеріңізден ескерткіш орнату керек қой» дейтін-ді ол ілгеріректе өтірік тамсанып. «Кім орнатады?» – Әбдімәлік те әдейі сұрайды. «Жерлестеріңіз... Сіз онсыз да Төретам жұртына бір адамдай қызмет істеген жансыз». «Істеуін істедік қой. Бірақ...» «Неге бірақ... Ендеше өз мойныма алайын бұл шаруаны. Асылы, бірбірімізге қарыз боп қалмаспыз. Бәрінің бір амалы болар. Ойпырай, құрғатылған шұбаттың не құдіреті бар-ей, а?! Ғарышта... атмосфераның арғы жағында тура қолмен қойғандай жусан исі бұрқырайды деседі...» Дейді ғой... бірақ бүгін дей алмайды. Аузын буған өгіздей тымырайып, Әбдімәліктен алыс жүруге тырысады. Бір есептен сонысы дұрыс. Бүгін олар Әбдімәліктердің де екі аяғын бір етікке тығады. Жусан иісін де ұрып қойыпты. Қайдағы жусан иісі мы­ надай қаны көтерілген қым-қуыт шаруаның үстінде?! Масқара, масқара-ай! Төретам Төретам болғалы мұндай сұмдықты кім көріп, кім естіпті? Мәс-са-ған, ер-азаматтар үндерін шығармай үй­лерінде бұғып отырады да, олардың орнына әйелдері ереуілге шығады екі білектерін сыбанып. Ереуілдегенде де сұрамаңыз! Біреулер әдейі үйретіп қойғандай, тура темір жолды басып алады! Айлаққа деген өкпе-реніштері болса темір қақпаның сыртында пошта жәшігі тұрған жоқ па. Соған салмай ма қағазға қаттаған арыздарын. Болмаса, іштен біреулерді шақыртсын. Жергілікті тұрғындардың өтініштері заматында қаралсын деген де арнаулы қаулы бар. Үлкен бастық та олармен пікірлесуден қашпас еді. Ал

Қуаныш ЖИЕНБАЙ олар не істеген дейсіз ғой, қолмен қойғандай темір жолды басып алған. Ойпыр-ай, ауыл әйелдерінің ойда жоқта дүңк еткізіп, төбеден жай түсіргендерін қарашы-ей! Бұрын-соңды мұндай сұмдық кімнің қаперіне келген. Адам-ау, гептил төгілген айқайды да бітістіруге болар еді, алғашқыда аттандағанмен кейін істің бәрі бір арнаға түсіп, келісімшарттың негізінде екі жақ та бір-бірлеріне түсіністікпен қарар еді. Ал ауыл әйелдерін келісім столына қалай шақырарсың?! Және олардың айлақтан не талап ететіндері де белгісіз. Әйтеуір, дүрлігіп бас-көз жоқ, темір жолға лап берген. «Осы істі тым асқындырмай ауыл масштабында, ағайын ара­ сында отырып-ақ ың-шыңсыз шешуге болады ғой. Оу, неге бол­ масын, болады әрине, болғанда қандай! Космодромның жер­гілікті тұрғындар арасынан сайлаған әтібірлі өкілі Әбдімәлік қайда жүр? Турасы Әбдімәліктер ел арасына айлақ туралы келелі әңгімелер айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуден қашқақтайды. Беті жылтырап бергі жағымен ғана күліп, үнемі жақсы атақты иемденгісі келеді...» Міне, осыларды ой елегінен өткізгенде Әб­ дімәлікке он жерден әулие болса да қайтіп ішің жылиды. Не үшін құрақ ұшып қарсы алмақ, не үшін жылы шырай амандаспақ?! Аспалы көпірдің арғы құламасына жете бергенде артқы орын­ дыққа жайғасқан Қаражан жүргізушінің иығынан нұқып, тоқтат деген белгі берді. Екеуі де жеңіл мәшиненің екі есігінен апылғұпыл жерге түсті. – Әбдімәлік, – деді темір жол бекетінің бастығы Қаражан тү­ кірігіне шашалып, – шыныңды айт, сен түбі бір нәрсе білесің?! Ма­надан бері байқаймын, айлаққа награда алу үшін келе жатқан секілдісің. – Әрине, награда үшін... – Сөгіс те награда ма? – Сөгіс беріп қойса жақсы ғой. – Немене, түрмеге жаба ма?.. Ереуілдеген біреу. – Тістерін қышырлатып, шырт түкірді. – Ауылда болмағанымды қарашы!.. – Не істер едіңіз? – Әлгі атаңа нәлет жаман мәшинистің бет моншағы үзіліп, стопкранды басып қалғандығын айтам да!.. – Таптап кете беру керек пе еді сіздің ойыңызша?.. – Енді не деп едің?! Өлсе неге шетінен өмірем қаппайды, өй, өңшең иттер!

ТАҢДАМАЛЫ – Ашуланбаңыз, өз-өзіңізге мығым болыңыз. Космодром басшыларының алдында да кішіреймеңіз! Еңсеңізді тік ұстаңыз. Олар да адам баласы ғой... Біз олардың қаншама білместігін кешірдік. Біздің бір білместігімізді кешірмей ме?! Кешірсін... – Ай, қайдам, қайдам-ау!.. – 4 – Ғарыш айлағының жұртшылықпен байланыс департаменті­ нің төтенше бұйрығы: «1. Ғарыш айлағы мен Сұлутам бекеті арасына қатынайтын тауарный поез мәшинесі ұзақ жыл істеген жемісті қызметіне және отбасы жағдайына қарамастан дереу пенсияға шығарылсын. 2. Төретам бекетінің бастығы Қаражан Есболайұлы бұған дейін Құрметті теміржолшы, өз ісінің шебері деген атақтарды иемденген. Қызметіне адал, өз ортасында сыйлы, ұйымдастырушылық қабі­ леті мол. Дария деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты өзен фло­ тының шаруасын жолға қою міндеттері де қоса жүктелген. Өткен айдың басында өзен аңғарында еркін жүзе алатын баржаға тап­сы­ рыс беру үшін Финляндия Республикасына арнайы іс-сапармен барып келген. Сөгіс алмаған, қылмыстық жазаға тартылмаған. Осылары есепке алынсын, әйтсе де қарауындағы мәшинистке космодромның маңызын түсіндірмегені үшін бекет бастығына соң­ ғы рет қатаң сөгіс берілсін. 3. Осындай кемшілік Әбдімәлік Саржанұлына да тікелей қа­ тысты. Рас, жоғарыдағы жолдастай емес, бұл азаматтың кос­ модромға жасаған ұшан-теңіз еңбегі ескеріледі. Міндетті түрде ескеріледі. Құрғатылған түйе сүтінен жасалған аса зәру тағам шетелдіктердің де көңілдерінен шыққан. Түйе фермасы мен ға­ рыш айлағы арасындағы байланыс бүтіндей қатаң графиктік жүйеге негізделген. Тағамның сапасы да әлемдік стандарттарға сай. Бірақ ереуілшілер тәртібіне келгенде Әбдімәлікті де арашалап алуға болмайды. Әбдімәлік ғарыш айлағының жергілікті тұр­ ғындар арасындағы өкілі ретінде тіркелген. Жүріс-тұрысы, мінезі, жұртпен араластығы, беделі түгел тексерілген. Он жетінші алаңның құрылыс жұмыстарына да жергілікті жігіттерді тартқан осы азамат. Ереуілшілерді Әбдімәлік түгелге дерлік таниды. Бұл оқиға­ ның бір күннің ішінде ғайыптан пайда болмағандығы белгілі.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Әйелдер бұл шаруаға біраз уақыттан бері дайындалған. Өкініштісі әрі Әбдімәлікті жазаға тартудың төте жолы, осыларды біле тұра, ол космодром басшылығына хабарламаған. Оны жүрдім-бардым шаруа деп түсінген. Жоғарыдағы жолдас секілді бұл да ғарыш айлағының болашағына салғырт-салақ қарайды. Ия, жерлестері жағына шығып кетуге әзір. а/ Әбдімәлік Саржановичке соңғы рет қатаң ескерту берілсін. б/ Ертеңнен қалдырмай ереуілшілердің ұйымдастырушысын тауып, жеке дара пікірлессін. Үгіт-насихат жұмыстарының ықпа­ лын одан әрі күшейтсін. Ендігәрі мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін ереуілшілер басшысынан жазбаша түрде түсінік талап етсін. Осы шаруалар Әбдімәліктің мойнына жүктелсін. Бұйрықпен ғарыш айлағының барлық қызметкерлері, жұмыс­ шылары толықтай таныссын. 200... жыл, ... тамыз. Төретам ғарыш айлағы». – 5 – «Ендігі жетіспегені осы еді!» – Құлақ шекесінің түбінен әл­ декім күбірледі ме, әлде өзімен-өзі сөйлесті ме, ол жағын анық аңғара алмады. Күбірледі ме деп күлтелектейтін несі бар, кө­ зіңді бақырайтып қойып табалау ғой мұның аты! «Табала, таба­ лаңдар! Әбдімәліктің бүйтіп бейшара кейіпке айналған сәті қолдарыңа түсе бермес. Сондықтан осы жолы ақыларыңды алып қалыңдар!» Ұрлық істеген кісіше алақтап жан-жағына қа­ райды. Жұқа көйлектің өңірі де алқам-салқам. Самайдан аққан ащы тер жуан мойынға аялдамастан бірден жүн-жүн кеудеге жетіп жан тапсырады. Екі қолына да тыным жоқ, ербең-ербең. Көлдей орамалымен үсті-басын қайта-қайта сүрткілейді, онысын жиіркенішті түрде қайта-қайта сығып алады. Жеңіл «Уазик­ тің» қаңылтыр төбесін шақырайған күн тесіп жібергеннен сау ма деп, әнтек шалқайып жоғары үңіледі. Әзірге аман, әй, бүйткен амандығын әдіре жесін! Мұнан гөрі жаман мәшиненің жанар май багіне ұшқын түсіп лап ете қалғаны жақсы еді-ау. Лап ете қалғанда өзінің қандай қал кешіп, қайда жататындығына да көп бас ауыртқысы келмеді. Қайда жатушы еді?! Жер сілкінгендей қатты дүмпу Әбдімәліктің былқ-сылқ еткен өлі денесін ғарыш айлағының ұшу алаңынан бір-ақ дік еткізбеген соң, өзгесінен не пайда?! Төретам бекеті мен ғарыш айлағының арасы қарға адым

ТАҢДАМАЛЫ жер болғанымен екеуіндегі жағдай екі басқа. Әбдімәліктің дәл қазір көріп отырғаны, әне бір үйшіктің көлеңкесіне тығылған қаңғыбас иттер. Құйрықтарын бұттарына қысып, тілдері салақ­ тап, бүйірлері солқылдап, осы бір аспан айналып жерге түсердей аласат ыстықтан қайтіп жан сауғаласақ екен деп, үздік-создық тұншыға қыңсылайды. Ырсылдаған үндері де аянышты. Тозығы жеткен тротуардың бергі құламасынан әлдебір қағазға оралған тамақ қалдықтарының сұлбасы қарауытады. Шыбын-шіркей де сол маңда. Көлеңкеден кеуде көтеріп, тура иек астында жатқан мәпақадан таласып-тармасып өз үлестерін алып қалуға құлықсыз. Борсыған тағамды қосымша жүк қылып қайтеді, сірә олай өткен, былай өткен жолаушы поездарының бірінен әлдекім лақтырып кеткен олжаның бұрқыраған иісі танау қытықтайды. Ілмиген көздерін мүләйімси, еріншектене ашып-жұмады. Ішке түскен ыстықтың әсерінен кешелі-бүгін оңдырып нәр сызбаған. Қарын да шұрқырайды, сілекей де шұбырады. Бұралқы иттерге бұйырған несібеге жармаспай қоя тұрайын деп кештің батуын күте ме, арба сүйреткен тазалық сақшысы бет-аузын ақ шүберекпен тұмшалап алып, қалған-құтқанды сыпырып-сиырып, темір жолдың ар­ ғы бұрышындағы қоқыс үйіндісіне қарай ала жүгірер. Оған да жан керек. Кейде жын соққандай темір жолдың атамзаманнан бекітілген графигін белден басып, әскери мақсаттағы жүрдек поездың да алқын-жұлқын жетіп келетін әдеті бар. Айтты-айт­па­ ды, алдымен сондайдан сақтасын. Бекет бастығы Қаражан шы­ра­ ғымның айтуынша әрине, әскерилердің алдында иіліп-бүгілу­дің қажеті жоқ, бірақ перронның айнадай жалтырап жатуы заңды­ лық әм міндеттілік. Су сеуіп, станса қоймасындағы шаң басқан жасанды гүл көшеттерін бері шығарып қойса да «Оу, бұларың неткен көзбояушылық!» демес еді. Бекет бастығы бергі жағымен «Әскерилерге жалынышты болмаңдар» дегенімен, егер ондай құрмет көрсетіліп жатса іші жек көрмейтін секілді. Перронның тәртіп сақшылары бастықтың: «Гүл көшеттерін әскерилер мұр­ нымен иіскеп, қолдарымен ұстап көруші ме еді, көңіл ғой, олар кетісімен дереу жинап ала қойыңдар!» дегенін де талай естіген. Ал оның қасында бейберекет тамақ қалдықтары шашылып жатса, анық масқараның көкесі сол болар. Өлі тыныштық. Бекет басында қыбыр еткен тірі жан жоқ. Аратұра салдыр-гүлдір етіп орнынан әрең қозғалатын тауарный поез

Қуаныш ЖИЕНБАЙ доңғалақтарының шақұр-шұқыр дауыстары естіледі. Станса кезекшісі дыбыс күшейткіш арқылы әлдекімге пәрмен береді: «Үшінші жолдағы бос вагонды тұйыққа қарай сүйреп әкетіңіз!» «Мақұл, айтқаныңыз болсын!». Бағана басындағы қалайы ра­ диодан айтылған жауап төңірек мүлгіген тыныштық құшағын­ да болғасын ба, тура желке тұстан шыққандай жаңғырығады. Екі жақтың сыбырласып әзілдескендері де қаңғыр-гүңгір, құлақ қоймасыңа шамаңды келтірмейді: «Жалақыны қашан береді екен, естімедіңіз бе?» «Естіме­дім. Немене, немереңнің сүндет тойын осы айда жасап құтылмақ­ пы­сыңдар? Мынадай құдайдың ыстығында кісі той тойлап оңа ма? Күзге қаратуға болмай ма?» «Жасаймыз, жасамағанда... Бір той жасауға шамамыз жетеді әзірге. Ал күзге қалдыру жағын отағасы шешеді». «Ой, жарыл-ау!..» «Сұлутамнан, Қожабақыдан, Аралқұмнан арнайы адам шақыртамыз керек десеңіз...» «Мәскеу­ ден бұрыңғы генсекті шақырмаймысыңдар?! Байың баяғыда «Мен генсектің қолынан медаль алғанмын» деп жер-көкке сыймаушы еді ғой... кеудесін сабалап». «Ой, сіз де... сабалауға тұратын болған соң сабалайды да»... «Еріккендер-ай, – деп шырт түкірді Әбдімәлік,– одан да отыз төртіншіге не пәле көрінді? Отыз төртіншінің қай маңда келе жатқандығын хабарламайсыңдар ма ең болмаса?! Көңілдері­ңізге келсе де айтайын, мәдениеттен жұрдайсыңдар-ау, жұрдайсыңдар! Поез кешіксе күтушілерден кешірім сұралмаушы ма еді?!» Тамағы құрғап бара жатқан соң пластмасса құтыға құйып, үйден ала шыққан қанжылым судан бір жұтты, екі жұтты, үшін­ шісінде жүрегі айныды. Қанша қинаса да онысы өңешінен әрі өтпеді. Аузындағысын қиналмастан аяқ астына төге салды. Әлгі қапылыста теміржолшылардың құрал-сайман сақтайтын қой­ масының жанына келіп дік етіп тоқтай қалған-ды. Осы тұсты қолайлы көрді. Жалғыз түп қарағайдың көлеңкесін қалқаласам да нем кетеді деген бір ойы. Оны өзін алдарқату үшін ғана айта салды. Мынадай от үйірген аптап жалғыз түп қарағайдың қура­ған жапырақтарын бұйым құрлы көре ме, жезтырнақтың саусағын­ дай арбиған сидам бұтақшалары сәл жел көтерілсе морт етіп сынып түсуге дайын тұр. Қолайлы көрген себебі, отыз төртіншіден түскен жолаушыларды осы тұстан қалт жібермей аңдып отырады да, күткен адамын алыс ұзатпастан тап басады. Күткен адамы

ТАҢДАМАЛЫ облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің меңгерушісі, не салық комитетінің төрағасы емес, жәй... әр бекетке бір аялдап Түркістанның базарына жеткенше не одан Төретамға қайта орал­ ғанша әбден діңкені құртатын отыз төртіншінің үстінде жүріп, жеңіл-желпі сауда-саттық жасайтын осындағы көп әйелдің бірі. Аты-жөні де әзер еске түсті бар болғырдың! Сорлатқанда бүгін Әбдімәлік басымен сол әйелді сарсылып тосып алуына тура келіп тұр. Ел арасындағы әңгіменің ауа-жайына қарағанда, темір жолды басып алушылардың «глабары» нақ соның өзі көрінеді. Ойпырай, өле алмай жүріп қарашы бұлардың бірден айға шапшуын! Еске түскенде қандай?.. Бұл жағаның кәрі-жасы кешегі күнге дейін қаракөл елтірісін өңдейтін атақты кеңшарда жұмыс істеген. Өмір сүруге қажеттінің бәрі кешеге дейін сол кеңшардан табылып тұрған. Ой, дәурен-ай десеңші, кеңшардағы жалғыз көшенің бойымен ертеңгілік, не кешкілік кеңсеге барар, яки қайтар жолда жұрттың бәрі шарбақтарынан бастарын шығарып, директормен әмпей-жәмпей амандасып жатушы еді-ау. Тіпті жалаңбұт ойын баласына дейін Әбдімәлікті көргенде шаң-шаң қолдарын сүрткілеп жіберіп, үлкен кісінің алдынан жүгіре шығатын еді-ау. Әкешешелерінің әдейі үйретіп қойғандығын Әбдімәліктің де іші сезеді. Кекіреймейді, қоңыр көзәйнегін алып, сәл ғана тізе бүгеді. Аты-жөнін, мектепке барған-бармағанын тәптіштеп сұрайды. Былдырлаған тіліне қызықса, оның үстіне әке-шешесі құрдастау болып келсе, үй тіршілігін де түртпектеп сұрап біліп алады. Шын ниетімен күледі, күнұзақты жұмыстан шаршағандығын да ептеп ұмытады. Әрине, одан Әбдімәлік ұтылмайды. Әне, Әбдімәліктің балажан, кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы сол күні-ақ күллі дария жағалауына қоңыраулап жетер-ау! Ал мұндай басшыны қайдан табарсың? Балшықтан соғып алуға шамаң келе ме? Әрі ол – осы топырақтың түлегі. Ауыл арасының ағайынгершілік қа­ рым-қатынасын да бес саусағындай жақсы біледі. Тіпті кейбір ерлі-зайыптылар болмайтын жерден айқайласып, түсінбестікпен кермаралдасып, ажырасуға дейін барса да, ол оқиға сол сәтіндеақ Әбдімәліктің құлағына жетіп үлгереді. Қалай жетеді, онда шаруаңыз не? Жел айқайлап жеткізе ме, әлде сондайларды айтып жүретін сенімді адамдары бар ма, тіпті басыңыз ауырмасын. Мейлі, түн жарымынан ауса да Әбдімәлік уақытпен есептес­ пейді. Әлгі екі «айыпкерді» мәшинесін жіберіп, үйлерінен кеңсеге

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ша­қыртып алады. «Ал сөйлеңдер, бас піспейтіндей не бүлініп қалды?» Күйеуі міңгірлейді, еркек байғұстардың шаруаның тігісін жатқыза алмай, ойындағысын толық жеткізуге де шамасы келмей сорлайтындығы қашаннан белгілі ғой. Кешіккен шығар, иә екі-үш жартылықты әлдекімдермен бөлісіп ішкендері де рас, түн жарымына дейін карта ойнағандығын да жасырмайды. Ой, Әбдімәліктің ел арасындағы беделі қандай еді ол кезде. Кеңшар­ дың құдайындай елестейтін. Директордың алдына барғандардың шешілмейтін шаруасы болмайтын. Және сөзбұйдаға салмайды, «ертең келіңіз» деп емексітпейді, қолмен қойғандай нақпа-нақ. Оу, мұндай директор былайғы жұрт үшін маңдайға жазған бақ-дәулет емес пе! Неден кемсіз, бәрі бар. Өзгелер космодромның есігінен сығалай алмай жүргенде Әбдімәлік не істеді десеңші! Жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына космодром басшылығының қы­ рын қарауы «әлемдік қауымдастық алдында үлкен айып боп есеп­теледі» деп, бар пәлені төндіре дәлелдегенде өркөкіректеген айлақтағылардың да кәдімгідей екпіндері басылып-ақ қалатын. Тыңдайды, тұрғын халықтың да азды-көпті мұқтажын жерге таптамайық деп ойлайды. Ақылдасады, Мәскеумен байланысады. Иіледі. Бірден пейіш орнатуға уәде бермесе де, жүздерін жылытып бері бұрылады. Оу, Әбдімәлікке сөз жүзіндегі пейіш-жұмағыңның қажеті шамалы. Турасына көшкенде, олардан алақан жайып, сонша қиылып көп нәрсе де сұрамайды. Өзекті жанның басы ауырмай, балтыры сыздамай тұра ала ма. Міне, сондайда қайда­ ғы бір керексіз құжаттарды талап етпестен кеңшар тұрғындарын әскери зонаның емханалары дәрігерлік тексеруден өткізсе... кезексіз қабылдаса. О-ой, әскери зонаның дәрігерлері өңшең бесаспап қой. Ғарышкерлер қалашығында анау-мынаулар жұмыс істей ала ма. Осы өтініштері мінсіз орындалса кеңшарлық­тар сыртта жүріп жүйкелерін жұқартып, несіне қандарына қарая­ ды? Коммерциялық ұшыруларын жиілетпек түгілі, сағат сайын іргені дүңкілдетсе де бұлармен санасып жатқан біреулер бар ма? Ұшырсын, ұшыра берсін. Айдалада жүріп, өтірік жанашыр болғаннан еш нәрсе өнбейді, еш нәтиже шықпайды. Әбдімәліктің құдіреті – ол сөйтіп айлақтағылардың да тілін тапты ғой. Шыбын жорғаламайтын айлақтың өзін кеңшардың игілігіне айналдыра білді. Пайдаланғанда да айтпаңыз! Адам сенбейтін оқиғаның на­ ғыз жүрек жұтқан кейіпкеріне айналып шыға келгенді сонда Әб­

ТАҢДАМАЛЫ дімәлік. Ал сол Әбдімәліктің алдында қалайша өтірік айтар­сың? Үлкен кісіні алдауға бола ма? Аздап... жәй шер тарқату үшін бір-екі жартылықты бөлісіп ішкендігіңді де, түн жарымына де­ йін сары­лып ұйқы көрместен карта ойнағандығыңды да іштей мойындайсың. Айқай-шусыз мойындатады Әбдімәлік. Әбдімә­ ліктің көзінде сирек ұшырасатын ерекше от бар. Тесіліп бір қарағанда-ақ тұла бойың дір ете қалады. Бойың балқып жүре береді. Бұлтақтауың мүмкін емес. Бейне бір тақта алдында тұрған шәкірттей ұстазыңнан кешірім сұрауға көшесің. Әбдімәлік кешірім сұратады еріксіз! Сондай әлсіздікке қалай ұрынып қалғандығыңды өзің де аңғармайсың. Әбдімәліктің пысы басып тұрғанда бұл сұмырайдың көзіне көк шыбын үймелетейін дейді әйелі де. Жалпы, Әбдімәлік әйел затын қатты құрметтейтін азамат. Дұрыс болмаса да солардікі жөн. Тыңдайтын құлақ табылған соң әйел жарықтықтың екіленіп, екпіндеп, бұған дейін тырнақ батырып келген күйеуінен өш алғанша тоқтамайтын әдеттері ғой қашаннан. Қызды-қыздымен талай жерге барып қалар. Әйелдерді Әбдімәлік те шыдамдылықпен тыңдайды. Тек қана тыңдайды. Ал соның өзі көп адамға сабақ. Соған орай ауыл әйелдері де Әбдімәліктің алдын кесіп өтпейді. Кесіп өтсе оларын күнә деп есептейді. Қарсы кезіккенде жүздері тайсақтап, иіліп сәлем беріп қана жанынан ыздиып өте шығады. Әбдімәліктің алдында көстеңдеп жүру ұят, ұят болғанда да үлкен ұят! Ал сол ұяттан болар-болмас жұқана қалса бүгін көрсетіңіз Әбдімәлікке немесе Әбдімәлік сорлыға!.. Әбдімәлік ескі мәшиненің ішінде бүрісіп, тірі жанның көзіне түскісі келмей, отыз төртіншіні тағатсыздана тосып әлі отыр. Ше­ кесі солқылдап әкетіп бара жатқан соң, сусіңді орамалды әлсінәлі маңдайына басады. Күрсіне дем алады. Жүрегі айнып ішкенжегенінің бәрін далаға тастағысы келеді. Бәлкім сонда барып өз-өзіне келер ме. Сірә, мұның бәрі манағы қанжылым судың кесірі болар. Жұтайын деп жұта ма, таңдайы құрғап бара жатқан соң жұтты ғой амалсыз. Жейдесін де белуарына дейін түріп тас­ тады. Мәшиненің терезелері қара пердемен бүркемеленген. Күн өтпесін дегені құр әншейін далбаса, дұрысы – қыбырлаған тірі пенденің көзіне түскісі жоқ. Әсіресе бүгін. Әбдімәлік баяғы кеңшардың директоры емес дүрілдеп тұрған, дарияның арғы жа­ ғалауындағы шағын ғана түйе фермасының меңгерушісі. Қамыс

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қостың қараңғылау бір түкпіріне түйе сүтін құрғататын, сапасын тексеретін арнаулы аппарат орнатылғандығынан да көп жұрт бейхабар. Дайын өнімнің айлаққа қалай жөнелтілетіндігі де әзірге құпия. Санитарлық талаптар мінсіз орындалып, сүттің май­лылығы, жұғымдылығы, ұзақ уақытқа сақталар төзімділігін растайтын құжаттары толық әзірленген шақта ғана таң бозынан тұрып, ертеңгі салқынмен Әбдімәлік темір қақпаның алдына жет­ кізіп береді. Ары қарай айлақтағылардың шаруасы. Оны да түйе фермасының екі-үш адамы ғана біледі. Әбдімәліктің әрбір минуты қатаң есепте. Тақымға су жаңа «Мерседесін» басады. Мынадай лақсамен шаруа біте ме? Мұны қара жұмысқа ғана пайдаланатын. Сол баяғы кеңшар директорлығынан қалған көздің өзі осы ғана. Әбдімәлік ғарыш айлағы тарапынан сайланған тұрғындар ара­сындағы өкілдігін кешегі күнге дейін қоғамдық негізде ғана атқарып келген-ді. Аса көп төтенше тапсырмаларды олар да тықпаламайтын. «Сен тимесең, мен тимен бадырақ көзбен» Әбді­ мәліктің өмірі де ың-шыңсыз өтіп жатқан. Өкілдігіне емешесі құрып, айлақтан шен-шекпен дәметсе не дейсің? Құрып кетсін өйткен өкілдігі! Оның аяғы қайбір сый-құрметке ұласушы еді, елдің өкпесіне қалып, көзге шыққан сүйелдей боларсың күндердің күні туғанда. Оу, «өзекті жанға – бір өлім». Оны да естен шығарып, өкіл болдым мінекей деп, әлдекімдердің иек қаққан бағытына қарай жел қуған қаңбақтай далақтап жүгіре беруге және болмай­ ды. Ақыл тоқтататын жасқа келді ғой Әбдімәлік. Турист ретінде заңғар көкке көтеріліп, атмосферадан ары не бері өтіп бара жатқан тұста ғарыш кораблі кенет апатқа ұшыраса амал бар ма? Онда Әбдімәлік те халықаралық маңызы бар қазанамалардың біріне ілігіп, аты-жөні әлемдік ақпарат құралдарына түгел жазылып кете барар. Яғни, Әбдімәліктің мүрдесі орбитада жанып кетеді. Бір уыс күлін де таба алмайды Патшагүл. Бірақ мұндай «зор бақытты» Әбдімәлікке кім сыйлай қойсын! Демек, енді аспандаған көңілдің сабасына түсіп, біртіндеп жерге жақындауы керек шығар. «Басы ашық мәселе – айлақтағылар Әбдімәліктің жерлеуіне қатыспай­ ды. Мұсылмандық дәстүр де олардың қатысуын қажетсінбейді. Оу, осымен бәрінің түйіні шешілген жоқ па?! Ұзынтұра, селдір шаш полковник қана мынадай ыстықта быршып терлеп, басшылардың алдына жағдайын айтып талай барғыштар. Әбдімәліктің космод­ ромға сіңірген азды-көпті еңбегін жіпке тізер, тақа болмаған соң

ТАҢДАМАЛЫ космодромның әлем алдындағы беделін жергілікті тұрғындарға насихаттап, олардың Мәскеуге, не ООН-ға жазған арыз-шағым­ дарын әлінің келгенінше орта жолдан ұстап қалатын да Әбдімәлік еді деп, әңгіменің қиюын сөйтіп бір келістірер. Оу, олар да құдайдан үмітті пенде ғой, оның бер жағында ұзынтұра, селдір шаш екі иығы селкілдеп жылап отырып алса қайтпек? «Қойшы құрысын, қайда қалмаған қаражат» деп бұйрық шығарып, екі-үш мыңды сол бойда қолына ұстатып кеп жіберер. Сосын алау-далау быршып терлеген полковник Патшагүлді бөлек шақырып алып, қайғысына ортақтасқан кісіше қайта-қайта арқасынан қағып, әкел­генін қолына ұстатып, сүйек шығамын дегенше қарасын баты­рып үлгерер. Солай... енді Әбдімәлік өлсе кімдердің құран бағыштап, арулап көметіндігі өз-өзінен белгілі боп қалған жоқ па? Өкіл, ұрып қойыпты бүйткен өкілдігін!..» Аласат ыстықтың әсерінен қалғып кеткендігін, не миы сол­ қылдап ойлау қабілетінен айырылып қалғандығын толық ажы­ рата алмады. Рас-ау, жан-жағына қара перде тұтылған жаман мә­ шиненің іші шынымен түрме. Қайта түрменің терезесінен азынап жел соғар-ды. Не, не дейді-ей, әлгісі не сандырақ?! Жо-жоқ, әзір өлуге болмайды. Ойбай, Әбдімәлік атқаруға тиісті шаруаны санай бастасаң, сірә, есебіңнен жаңыларсың. Маңдайындағы дөң­ гелек айнаға үңілді. Самай шашына ақ түсе бастаған ба, түбің түскір! Бұрын-соңды онысын байқамаған-ды. Желке шашын ылғи Патшагүлге қырғызатын. Оның да үні шықпады. Әлде Әб­ дімәліктің көңіліне қарағаны ма екен. Сүйінші сұрайтындай қуанышты жағдай емес қой мұнысы. Иә, қайдағы қуанышты жағ­дай?! Көзінің айналасына үймелеген мап-майда әжім іздерін быртиған бармағымен біразға дейін басып тұрды да, сүлесоқ жібере салды. Жіберіп қалғанда әжімі бар болғырдың көл бетіндегі қалтқыдай қалқып шыға келгендігін байқады. Одан әрі оған не істесін, осы тұрғанда қолынан не келе қоюшы еді. Миығынан бір күлді де үнін өшірді. Оу, жұмыр басты пендені мазақ қылғанда өстіп мазақ қыла ма екен, а?! Әбдімәліктің түрмедей қапастағы ескі мәшиненің есі­ гін ашулы кейіпте лақтырып жіберіп, талтаңдап барып, қол со­ зым жердегі әнебір кішігірім фонтанның мұздай суынан сіміріпсіміріп алуына да мүмкіндігі шамалы. Фонтан суы аспанға атылып тұрмағанымен жоқтан тәуір. Осында тоқтаған жолаушы 3-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ поезындағылардың жандарын алып қалатын да осы фонтан. Поездан түсе салысымен жолаушылар бірін-бірі кимелеп, осылай қарай тұра жүгіреді. Жетіқат жер астынан шапшып шығып жатқан мөлдір су дәл қазір саф алтынмен пара-пар. Фонтан басында да бейсеубет жүрген адам қарасы көзге ша­ лынбайды. Тыныштық. Тек темір өзекшеге өздігінен құйылған суық судың сылқ-сылқ күлкісі ғана құлаққа шалынады. Тамағы жыбырлап үсті-үстіне жұтынды. Фонтан жиегіне жағалай қо­ нақтаған шымшық торғайлардың қалқарази тіршіліктеріне на­ зар жығудың өзі сондай аянышты еді. Кішкене тұмсықтарымен су жұтып, құйрықтары тынымсыз шошаңдап, армансыз шы­ қылықтайды. Қанаттарын қағып сілкінеді. Көздері жылтыңдап үйреншікті тіршіліктеріне қайта кіріседі. Қаға беріс жерге түскен нан қиқымдары болса таласа-тармаса тар тамақтан өткізіп жі­ бергенше жандары қалмайды. Еркінсіп шықылықтағандары қа­ радай-қарап жүйкеге тиеді. Ғарыш айлағы аспанындағы бүгінгі еркіндік тек торғайлардың ғана еншісінде. Жиде түбінде ақ тер, көк терге түсіп, осы төңіректің бір атпал азаматы бүкшиіп отыр-ау деген күпірлік ой бірінің қаперіне кірсеші! Ал жынданбай көріңіз! «Бүйткен тірліктің атасына нәлет!» деп іштей ызасын келтірген мына бүржік торғайлардың зәре-құтын алып, пласмасса құтысын қолына қыстырған күйі фонтан маңына жетіп барса, біреу ғайып­ тан Әбдімәлікті танып қоя ма?! Ал таныды, танысын, халық жауы ма еді Әбдімәлік?! Айтқандай, жейдесінің өңірі алқам-салқам, шашы ұйпа-тұйпа, көздері кіртиіп осы бекет маңында сенделіп жүретін кезбелердің кейпіне енген Әбдімәлікті бүгін кім тани қоюшы еді. Шыны, инедей өтірігі жоқ, дәл қазір сондай кезбелерге ұқсап кеткендігіне Әбдімәлік те шынымен қуанышты еді. Кезбе, Әбдімәлік бүгін нағыз қаңғыбас кезбенің өзі! А-ха-ха!.. Ал ғарыш айлағының ұшу алаңынан мұндай өлі тыныштық­ ты кезіктірсеңіз, кәнекей! Әскерилердің аптап ыстық болмақ түгілі, аспаннан жауып жерден бораған қара дауылға кезіксе де, кезекшілікті тастап кетуге ешқайсысының қақысы жоқ. Тастап кетті дегенше дереу жауапқа тартылады, артының айқай-шуы да жуық арада басылмайды. Локаторлар шыр көбелек айналады, төменгі-жоғарғы толқындағы морзе әліппелері тық-тық... кенет о құданың құдіреті ескі мәшиненің жанар багіне ұшқын түсіп, дүрс етіп кәдімгі жер сілкінгендей қатты дүмпудің әсерімен ұшу

ТАҢДАМАЛЫ алаңының дәл ортасына топ ете түскен бір нәрсе айлақтағыларды да аяқ астынан әбігерге салар. Қосымша жұмыс тауып береді. Көлеңкедегі ыстықтың өзі қырық градустан асып түскен шақта, сыртқа шыққанда не опа таппақсың. Бірақ мынадай оқиғадан соң қол қусырып қарап отыра ала ма? Жапа-тармағай жүгіре жөнелер. Әйтеуір, бомба болмағандығына анық көздері жеткен. Тірі, тірі ғой, қимылдайды, аяқ-қолдары қозғалады. Апыр-ай, қалай аман қалған деп аса таңданыспен ішектерін тартады. Аман қалды бітті, өзгесінің бәрі бос сөз! Береке тапқыр-ау, мына пәтшағарды бұлар бір жерден кездестіргеннен сау ма? Қайдан? Бірақ бұл тұрғанда таныдым десең де басың пәлеге қалады. Дұрысы, артыңды қысып, дыбыс шығармастан аман құтылған. Өлі мен тірінің арасында жатқан адамға қайтадан үңілер. О, сұмдық-ай, көріп тұрған­ дары адам ба, шайтан ба?! «Оу, Әбекең, Әбдімәлік, Әбдімәлік Сар­ жановичтің дәл өзі ғой мына кісі!» Ал керек болса?! «Сенсация іздегілерің келсе, мінекей! Мұнан артық сенсацияны қайдан таппақсыңдар?! Сөйлеуге шамасы келе ме? Уақыт созбайық, өлтіріп алып жүрерміз, дереу үлкен бастықтың алдына апарыңдар. Мұндай күйге не үшін түскендігін сонда барған соң айтар». Сол дедектеткеннен дедектетіп отырып, талай-талай темір есіктерден өткізіп, үлкен бастықтың үстеліне сүйрелеп жеткізер. «Не бол­ ды? Бастан-аяқ асықпай баянда. Еш нәрсені ар жағыңа бүгіп қалма, сенің космодромға деген көзқарасыңның шет-жағасын біз де білеміз, сеземіз. Жерлестеріңе көбірек бүйрегің бұрылады. Мақұл, солай-ақ болсын. Кешегі дүрбелеңге байланысты «іштен шыққан шпионсың» деп сені біреулер таяққа жыққан шығар. Кімдер олар, жасырма... Байқауымша істің насырға шабатын түрі бар, ірге ажырады. Жергілікті тұрғындар, жергілікті тұрғындар деп, тек солардың-ақ дегендері болсыншы дегенге семірген екен қаралай жүріп. Көздеріне көк шыбын үймелету біздің қолдан да келеді. Асықпай, рет-ретімен баянда!» Әбдімәлік талықсып жат­қан кісіше әрең-әрең тілге келеді: «Оу, өздеріңіз емес пе, ереуілшілердің басшысынан жазбаша түсінік ал деп жанымды қуырған. Ереуілшілердің басшысы Түркістанға базарлап кеткен екен, соны сарсыла күтіп бекет басында отырғанда ескі мәшиненің жанармай багіне ұшқын түсіп...» Жоқ, мұнан әрі кешігуге болмайды. Тұншығып тіл тартпай кетермін деп қайта ширықты. Сөйтіп ескі мәшиненің есігін еп­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ пен ашып, дәп бір банкке ұрлыққа түсетіндей жан-жағына алақ­ тап, алдымен бір, сосын екінші аяғын жерге тигізді. Ебедейсіз қимылдап, құтысы құрығырды қолтығына қысқан күйі ілгері қарай бір аттағаны сол еді, ту сыртынан «ағай» деген дауыс ес­ тілгенде тұла бойынан жан кеткендей қалт тұрып қалды. «Кім танып қойды мені?!» – Не?.. Не керек?! – деді ентігіп. Төретам зонасында әскери борышын өтеп жүрген өндірдей екі солдат мына кісінің адам көр­ мегендей ежірейе қалған бет-жүзінен қаймығып, былайырақ ысырылды. – Кешіріңіз? – Кешіретіндей ұрлығымның үстінен түсіп пе едіңдер?! – «Өй, енеңді ұрайындар!» дегенді ұртының ішінде тұншықтырып өл­ тірді. – Сұраңдар... отыз төртіншінің қашан келетіндігін өзім де білмеймін. Сол поез керек еді маған да. Оны анықтама бюросынан сұраңдар. – Теріс айналды. Мәшиненің ақауын жөндеген боп төмен еңкейді. Тұмсығы шаңға батқан төрт бірдей керзі етікті көргенде «Е, бұлардан келетін қауіп жоқ екен-ау» деп қайтадан сабасына түсті. – Иә... – Темекі беріңізші? – Қап! Темекі шекпейтін әпендіге жолықтыңдар. Маған не қыл дейсіңдер енді. Темекі тартпағаным үшін де кінәлаймысыңдар?! – Жоқ, жо-ға. – Екеуінің де салы суға кетіп кейін бұрылды. Жә­не мынадай жұмбақ адамды кезіктіргендеріне қайран. Әлде да­рияның арғы жағалауынан келген бейсеубет біреу ме? Көзінде адам түсініп болмайтын үрей бар. Қырық қадамдай алыс ұзаған солдаттарды қайтадан дауыстап шақырып алды: – Сендер мені көрген жоқсыңдар, келістік пе? Екеуі бұл қалай дегендей бір-біріне қарасты. – Темекі алып шегіңдер, сусын алып ішіңдер. Қолдарың бос қой сендердің! – Бес жүз теңгелікті тәмпіш мұрынның кіршеңдеу гимнастеркасының төс қалтасына сүңгітіп жіберді. – Қай бала­ сыңдар, қай жерден келдіңдер? – Батыстанбыз. – Батысың қай батыс? – Маңғыстаудан.

ТАҢДАМАЛЫ – Е, солай деп анықтап айтпаймысыңдар, Маңғыстаудың да Тө­ ре­тамнан қай жері артық дейсің? Соның артынша кезекші отыз төртіншінің екінші жолға келіп тоқ­тай­тындығын асығыс хабарлап жатты. – Жә, бопты, қайдан болсаңдар одан болыңдар. Жақсы, келістік, кездескенше, сендер мені көрген жоқсыңдар!.. Әбдімәлік апыл-ғұпыл есік-терезесі қара матамен бүркеме­ лен­ген ескі мәшиненің от жалаған кабинасына лып етіп қайта кірді. – 6 – Қызық өзі, бұрынғысы бұрынғы ма, Әбдімәліктің қожана­ сырлығын Патшагүл бүгін тіпті жақыннан байқады. Бір жа­ ғынан қожанасырлық дейтін де әрекет емес еді мұнысы. Әдемі әуіттің ішіне күмп етіп құлап түскенде ғой былайғы тіршіліктің бәрін ұмытып, әсіресе құдайдың құтырынған ыстығынан жан сақтағандығына және жан сақтайтындай мүмкіндікті орын­ ды пайдалана білген­дігіне тәу етіп, өзімен-өзі мәз болып, ыңыл­дап ән салғысы келетіні. Ошақ маңында күйбеңдеп жүр­ ген Патшагүлге де өзінің бір адамға тән алымдылығы мен шалымдылығы барлығын ескертіп қойғысы келеді. Оу, оны не­сіне қайталай береді, ол оқиғаны Патшагүл де талай мәрте естіген. Ашық айтпағанымен, сонысынан ептеп жалыққаны да рас. Бұл дүниеде одан басқа айтылатын әңгіме құрып қалды ма? Жұрттың күйеулері естіген-білгенін әйелдерінен жасырмайды екен деседі... Дұрыс қой солардікі. Ертеңді-кеш дағарадай үйдің атшаптырым ауласына топырлап кіріп-шығып жатқан адам қарасы көрінбесе де, есіктің алдын сыпырып, әлме-әлі су сеуіп, содан кеш түсе көлеңкеге құйрық қойып, «Осы мен бүгін не бі­ тірдім?» деп сәл шаршағандығын да сездіргісі келмейтін әйел бай­ ғұсқа не сын бар? Әбдімәлік секілді су жаңа «Мерседесті» сұлу жорғадай көсілтіп мініп, ойға-қырға шапқылап жүрсе арман бар ма?! Жоқ, жо-ға, Әбекеңнің, Әбдімәліктің со бір аздаған алда­ нышына, көрер қызығына сұқ көзін қадаған болса түйнеме келсін, түйнеме келгір Патшагүлге! Осы пенделігімді біреу-міреу сезіп қалмады ма дегендей, жалтақтап жан-жағына қарайды. Күн түспесін деп мойнына дейін қымтап орап алған ақшыт орамалы­ ның ұшын тістелеп, көзін жерден әупірімдеп әзер көтереді. Жалт

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бұрылуға жүрексінеді біртүрлі. Әу бастан бойға сіңген әдетті орта жолдан бұтарлап сындырып, екі білегін түрініп алып, көрінгеннің шаужайынан ала кететін ауылдың әлдебір айбықа әйелдеріне ұқсағысы келмейді. Әбдімәлікпен тағдыр қосып, бірге түтін тү­ тетуді маңдайға жазған екен, ендеше ақырғы демі таусылғанша сол алғаш танысқандағыдай ибалығынан, инабатты қылығы­нан қылдай ауытқымағаны абзал. Өзіне де сөйтіп серт берген. Әйел ада­ мына қасқыр көргендей көзін ақшитып, ер адамға тіксіне қа­рау қайдан жарассын. Оу, сондайын аңғарып қалса Әбекең не дейді? Жалпы, Әбекеңнің ұстамды мінезі мен салмақтылығына әлі талай куә болар тірі тұрса. Мүмкін қаққан қазықтай сіресіп, аузына су толтырып алғандай үн-түнсіз, ішімдегіні өзің тап деп, оқтау жұ­тып жүргенше, өстіп ептеп жел шығарып қойғандығының өзі дұрыс шығар. Жан жүрегі соны қалап тұрса оған кім қарсы тұра алады? Патшагүлдің «Қожанасырым-ай» деп мейірленетіндігі де содан болар. О-хо-оу, аспанға қарап не іздейді, шұрық-тесік Төретам аспанында назарға ілігетіндей бір нәрсе қалды ма? Атмосфераның әуселесін шешу Патшагүлге қарап қалып па еді. Оған өзгелер ауыртсын бастарын. Әбдімәліктің қорбаң-қорбаң әуіт түбінде айдаһар секілденіп асыр салғандығы да бір қараған кісіні аса көп жалықтырмайды. Теңіз айдынында жүзгендей құлаш ұрғысы келе ме, қалай? Жер-көкке сыйғызбай қанша мақтаса да әуіттің аты – әуіт. Құлаш ұрғанымен қосылып жан-жағына ағыл-тегіл су шашырайды. Күнмен шағылысқан су тамшылары асфальттің бетіне моншақтай төгіледі. «Рақат-ай, рақат!» Әбдімәліктің күл­лі дүниеге деген ризашылығы осымен бірге үндестік тауып жатқандай. Иә, айтса да мұның өзі рабайда бір кездесетін шуақты сәттер-тін. Патшагүл де жан-тәнімен мұндай тамашадан қол үзіп қалмауға тырысады. Әбдімәліктің әрбір қимылына мерейлене қарайды. Әлгі бар ниетімен ақтарылған көңілден өзіне арналған сезім ұшқындарын да ұстап қалуға тырысады. Аяғы-аяғына жұқ­ пай, ақ қанат көбелектей ұшып-қонады. Суға түскен кісі қаншама салқындадым дегенмен, жаңа ашытқан шұбатты сұрап қалса, асып-сасып оны қайда қойғандығымды есімнен шығарып ал­ майын деп, ауызүйге жүгіре кіріп, тоңазытқыштан жан-жағына жіңішкелетіп зер жалатқан фарфор тостағанды алып шығады. Қызып кетпесін деп, үстіне сулы шүберек жауып, көлеңкеге әкеліп қояды. Сүлгісі де, аяқ киімі де, жеңіл халаты да сол үйреншікті

ТАҢДАМАЛЫ орнында қаздай тізіліп дайын тұр. «Мұндай әйелді жер шарын үш айналсаң да таба алмайсың!» деп өзі де Әбдімәліктің атынан сөй­ леп, мерейлене күліп қояды. Соның арасынша қалт тұра қа­лып, төңірегіне құлағын тігіп, үздіге тың тыңдайды. «Үш емес, үш жүз рет айналсам да таба алмаймын! Сені табыстырған тағдырыма мың мәрте ризамын, ризамын, Патшагүл!» Оу, мұндай мың градустық ыстығы көтерілген тамаша теңеулерді Әбдімәліктен басқа кім айтушы еді. Әбекең ғой айтып жатқан, Әбекең! Әне, құлағың тас керең болмаса естіп тұрған шығарсың. «Рақмет те рақмет!» Судан кеудесін шығарған Әбдімәлік ентіге дем алғандығын еле­местен әлгі әсерін тәптіштеп жіпке тізеді. Бұрынғы қайта­ лағандары енді есінде жоқ. Патшагүлдің алдында тұлғасын одан әрі биіктете түскендей, осы әңгімені тұңғыш рет айтып тұрғандай тағы желпінеді. Көздері де күлімдеп шуақ шашады. Ара-тұра «Ой, маладес!» дейтін Патшагүлдің де қолпашын теріс көрмес әсілі. ...Өтпелі дәуірдің асты-үстіне шығып сапырылысып жатқан уағы. Қаракөл кеңшарының тұрғындарына айлақ басшылығы да сырттай сүйсінетін. Ел арасы тыныш, өздерінің күнделікті тір­ шіліктерімен ғана алданып, мамыражай тіршілік кешіп жатқан қарапайым ағайын. Түнде телевизордан бір жағымсыздау хабар естісе, ертеңгілік айлаққа тура шабатын, не шабарманын жөнелтіп «Космодром мұнан он, не жиырма жыл бұрынғы өте­мақымызды төлесін, еңбекке жарамсыздығымыз үшін қо­ сымша жәрдемақы тағайындасын» деп ақиланып шыға келетін темір жол бойындағы қазақ ауылдарындағыдай емес, бұлар аса тәртіпті. Кеңшар маңында бейбіт өмір, бергі теміржолшылардың есіл-дерттері ғарыш айлағындағылармен жағаласу. Реті келсе... түсі бөтен адам кезіксе, жата кеп айлақтың іші-сыртын кептіріп жамандау. Оу, содан жеке бастарына көк тиын пайда түссе бір жөн ғой. Айлақ басшылығы да өздерінше қулыққа көшкен, темір жол бойындағыларды сірә, өстіп қатырайық деп шешкен-ау. «Темір жолдағылар арыздарын ООН-ға жөнелте берсін. Сіздерге қандай тереңдіктен болса да, қиналмастан және бар қаражатын өз мойнымызбен көтеріп, артезиан құдығын қазып берейік» дегенді бірде Әбдімәлікке... Мұздай, сіміргенде мейіріңді қандыратын тұщы су кеңшар тұрғындарының түсіне кірер. Бұл ала-бөле қам­ қорлықтың бар құпиясы тек Әбдімәлікке ғана белгілі еді. «Құдай берді» деді ішінен. Тұщы су шығады-ау деген тапқырлықты өзі

Қуаныш ЖИЕНБАЙ таңдап берген. Содан сарылдаған-гүрілдеген агрегаттар түндізтүні тынымсыз жұмыс істеп берсін-ай! О-о-о, құданың құдіреті, дәл сол уақытта Кеңес Одағының зәулім шаңырағының бір күнде күл-талқаны шығып, әркімнің өз бастарымен қайғы боп кетпесі бар ма?! Көп ұзамай кеңшар да тараған. Қолға ілігетін дүниені пышақ үстінен бөлісті. Қыстай отынға тамызық қылсақ та неміз кетеді деп, алыстағы мал қораларының ағаш-тастарын да үйле­ріне тасып алған. Жүз метрдей тереңдіктен қазылған артезиан құды­ғы ешкімнің қаперіне кіре қоймаған-ды. Айлақтағылар әліптің артын тосты, алдымен өздері өзара келісіп бір жағына шықсын деді. Су тұрба тығынын суырсаң, атқылап кетуге әзір тұр. Су болғанда қандай! Зәмзәм, бал татиды. Әбдімәлік те маған бұйырғаны, сірә, осы болар деп, бірден үстіне түсіп өліп-тірілген жоқ. Ортақ игілікті бірге бөлісеміз дейтіндер табылса, олармен де мәмілеге келуге дайын еді. Төңірегіне аса сақтықпен зер салып қарады. Темір жолға жақын қоныстанбаса аштан өліп, көштен қалатындай біраз тұрғын солай қарай үдіре көшті. Олар барлық тірлік темір жолға тіреліп тұр деп түсінді. Балаларымыз үйден қатынап оқыса да аз олжа емес-ау деп, бірінің ойын бірі құптады. Оу, артезиан құдығын жоқтаған бір мұсылман табылсайшы! Ол кезде кеңшардың мөрі де Әбдімәліктің қолында-тын. Жерлестерінің алдында бәлендей кінәсі жоғын өзі де шамалайтын, ендеше кімге барып жағдай айт­ пақ?! Содан не керек, құжаттарын көз ілеспес жылдамдықпен тү­ гендеді де артезиан құдығын басы бүтін жекеменшігіне айналды­ рып алды. Ізінше сол маңнан үш қабатты коттедждің құрылысын да бастап кеп жіберген. Темір жол бойына қоныстанып үлгерген­ дер Әбдімәліктің мұнысы несі-ау деп іштерінен күңкілдеген де қойған. Арғы жағына тереңдеп бара алмады. Тіпті Әбдімәліктің кеңшардан босаған соң, облыс орталығынан табыла кеткен үл­ кен қызметтердің біріне барғысы келмегендігіне де бастарын ауыртпады. «Әбдімәлік өлер деймісіңмен» тынған. Оу, Әбдімәлік неге өлсін-ау!? Өлмейді Әбдімәлік! Әбдімәлікті өлтіріп, оның орнына жуа егемісіңдер?! Әбдімәлікті әзірге өлтіру қайда-а? Міне, Әбдімәліктің де Патшагүлдің алдында көсіліп мақтанатындайақ реті бар ғой. Қанша жерден ақ жүрек коммунист болса да өмір қапелімде өз осінен шыр айналған жоқ па? Ендігі жерде Әб­ ді­мәліктің де өмірге икемделуі керек шығар. Жеке мүддені де

ТАҢДАМАЛЫ ойдан шығармайтын заман туған. Ақкөздіктің де реті, жөні, ыңғайы бар. «Қойшы құрысын, біреулерден ұят болар» деп кейін шегіншектесе, ауызға өздігінен түсіп тұрған несібені шайнап, жұта салуға салақтық танытса, өстіп шаңқай түсте шалқасынан жатар ма еді салқын сулы әуіттің ішінде. Рақатқа батып... Зерлі кесемен Патшагүл ұсынған ащы шұбатты сіміріп... Ой, өмір-ай, адамның арманы түгесіле ме бұл жалғанда?! Осы әуітті жер асты құбыр жолы арқылы Қамбаш көлімен жал­ ғастырсам дейді. Қамбаш көлі мен әуіттің арасы ары кеткенде қырық-елу шақырымдай ғана жол болар. Осы заманғы техника жетістіктерімен өлшегенде оның қиындығы әдіре қалады. Ал ғарыштан қарағанда тіпті тиіп тұр. Осы күндері кез келген дүниені ғарыштық өлшеммен безбендейтін ауру пайда болды ғой. Қамбаш көлі – Әбдімәліктің әу бастағы атамекені. Әке-шешесінің, туматуыстарының зираты да сол көл ортасындағы аралда. Әбдімәлік бәрін де өз қолымен сонда жерлеген. Соңғы рет әйелі Қалампырды алып барған-ды сол қасиетті аралға. Оу, Әбдімәлік Әбдімәлік басымен Мейрамкүлден «Айналайын, маған істеген үлкен бір жақсылығың сол болсын» деп ауа толтырылған скафандрды не үшін өтініп сұрап жүр дейсің. Сондайда керек болар дейді ғой бір ойы. Алдымен оған осы әуіттің ішінде жаттықпақшы. Тұм­ сығында ауа толтырылған аппараты тұрса, жатпай ма әуіттің түбінде шалқасынан түсіп, одан сайын рақатқа көміліп... Тыс­ тағы тіршілікке әбден кеңірдектеген. Әуіт пен Қамбаш көлін жалғастырып алса, осыншама алтын уақытын рәсуә етудің қаже­ті не? Бірден әуіттің түбіне шым батады да, үлкен тұрбаның өзегін қуалай отырып, айдың көлдің терең тұсынан бір-ақ шығады. Бұл жалғанда Қамбаш көлінен артық кереметті таппайсыз! Ғарышқа турист ретінде ұшудан сәл кейінірек қалған секілді. Қарызданса да, қауғаланса да, қаражаттың бір жөнін келтірер ғой. Бірақ баланың ойыны тәрізді ұшып барып келгеннен не опа таппақ? Атағын шығарғысы келе ме? Атағын шығарғысы келсе Қамбаш көлінде де кереметтер жетерлік! Оны әзірге тірі жанға сездірмейді. Патшагүлге де. «Тұмсығыма аппаратты киіп алып, әуіт түбінде жатар едім, – дейді, – тым-тырыс». Патшагүл ондайда сыртына шығармаса да сәл көңіліне кіп алып қалар. Көз­ дерін төмен салып, «Нағыз қожанасыр ғой мына кісі» деп өзіменөзі сөйлесер. Қамбаш көліне өліп-өшіп аңсары ауса... Қамбаш

Қуаныш ЖИЕНБАЙ көлі Антарктиданың бір пұшпағында жатқан жоқ. Кейде өстіп ит жыныңды тырыстырады ғой үп-үлкен кісі. Анталияға барып, суға түсіп, мауқымызды басып қайтайық десе бір жөн. Анталияға барғандар облыс орталығынан ұшаққа отырады да, бір-ақ күнде теңіз жағалауының төбесінен топ ете түседі. Естуінше өмірдің қызығы сірә, сол жақта. Оның бер жағында, он екіде бір гүлі ашылмаған ғой Патшагүлдің... Балғын денесі сәмбі талдай иіледі. Сол сұлу мүсінін ала шүберектің тасасына тықпаламай сыртқа шығарса біреулер «мұныңыз жарамайды» деп көзіне шұқи ма. Өмір бүгінімен ғана қызық, бүгінімен ғана тамаша! Ертең бай болып, барша мұратыма жетемін дегеннің – бәлду-бәлду бәрі өтірік. Уәдені әркім-ақ сарнауға шебер, сырнайлатуға құмар. Ана жылдары Патшагүл де Әбдімәліктен көп нәрсе күткен, көп нәрседен дәмеленген. Тәлпіш қатындай несіне қыңқылдайды. Соған басы жетпей ме Әбдімәліктің. Өйтіп-бүйтіп жап-жас қызды қолына қондыруын қондырды... Патшагүлдің кірпігі кілегейленіп, түртіп қалсаң жылап жі­ беруге шақ қалды. Әбдімәлік әуіттің ішіне түсіп, өзі ғана рақатқа батады. Өзгелер өмірем қапса да бәрібір. Және онысымен қоймай, бет алды сандырақтайды. «Қамбаш көліне дейін жер астымен тұрба жүргізсем дей ме-ау, ауа толтырылған аппаратты тұмсыққа киіп алып, су түбіне шым батсам дей ме-ау!» Патшагүл оны әзірге тісінен шығармас, бірақ кейде ше, өстіп қожанасыршылап, ды­ мыңды құртатындығы жаман да. Ал бүгінгі жүріс-тұрысы оның біріне де ұқсамады. Тиіп-қашты үй шаруасымен айналысып жүр­ ген болып, Әбдімәліктен көз айырмай қарады да тұрды. Қамыс қораның арғы бұрышындағы ескі сарайға алқын-жұлқын неге бас сұққаны тіпті түсініксіз еді. Тартып қалсаң өздігінен ашыла салатын қара құлыпты біраз әуреледі. Ит-құс кіріп кетіп, басы артық аяқ-табақты арамдап жүрмесін деп, оны әншейін әуестікпен қыстыра салған Патшагүл болатын. Ары-бері жұлқылап аша алмасын білген соң Әбдімәлік көнетоздау туфлиінің тұмсығымен тақтай есікті ышқынтып бір тепті. Ал ендеше, өзіне де сол керек, оп-оңай ашыла салса бір нәрсесі кете ме?! Құлыптың төменгі бөлігі анадай жерге ұшып түсті. Коттедждің екінші қабатындағы қонақ бөлмесінің аула беттегі терезесінен бәрін айнадағыдай көріп тұрған Патшагүлдің жүрегі де суылдап, тас төбесінен шықты. Шаңсорғыштың аяқ

ТАҢДАМАЛЫ астында тұрғандығын аңдамай сүрініп кетіп, омақаса құлай жаз­ дады. Басынан сусып түскен ақ орамалын қайта жөндеді. Оу, асылы осынысы ақыл, шым-шытырық кино көріп тұрғандай сон­ ша тесілгені. Онсыз да айдың-күннің аманында шыбын жанын қайда қоярға жер таппай, жанығып жүрген Әбдімәлік көк желкесі­ нен қараған Патшагүлді көргенде атарға оғы болмай тұлданар: «Мені табаламаған сен ғана қалып едің?!» дегендей, гүрзідей жұдырығымен ауа қармап, қамыс сарайдың сылақ қабырғасын бір дүңк еткізер. Әбдімәліктің көзіне түсіп, не опа табады. Үсті-басы су-су боп әуіттің ішінен шығып тұрса бір жөн, сүлгімді әкеп беретін Патшагүл шырағым қайда жүр деп, төңірегінен әйелін іздесе бір сәрі. Қазіргі түрін көрмесе де еш нәрседен ұтылмас. Сарайдан көп айналмастан атып шықты. Сағатына қарады. Шикі сүтке кеңірдектеп тойған дәу ала мысық қораның іргесі­нен манаурай көтеріліп, керіліп-созылып Әбдімәліктің мойын сипар жылы алақанын сағынғандай, аяғын еріншектене бір басып, екі басып иесіне әу бастағы еркелігін көрсетпекші еді. Дүниені то­ пан су алғандай тарс-тұрс, асығыс үстінде жүрген ашулы кісі оны елесе не дейсің? Кесе-көлденеңдей бергенде қиыс бұрылды. Ала мысықты қаперіне де ілген жоқ. Одан әріге ол да жан қинамады. Жайсыздықты сезді де бөксесін жалап, көлеңкелеу тұсқа шоңқиып отырып кетті. «Әбекең сен екеуміздің қолымызға бүгін түсе қой­ мас. Ай, өзімнің де абыройым бар екен-ау!» – деп ішінен желпінді Патшагүл. Кәдімгідей көңілі марқайды. Әбдімәлікпен жағаласып, әрнені сұрап, өмірі мазасын алмағандығын бүткіл болмысымен сезіп-біліп тұрса да, бұл жолы әйтеуір, әйелдігіне басып, бір «күңк» етіп дыбыс шығармаған шыдамдылығына шынымен риза болды. Кеше кешкілік отағасы айлақтан көңілсіз оралған-ды. Дегендері болып, көңілдері толып, тым астамшыл сөйлеуге дағдыланған айлақтағыларға адам жаға ма? Шамамның келгенінше кетікқұтықты жамап-жасқадым ғой десең де, бір кемшілікті тіміскілеп жүріп, бір тұстан тауып ала қояды. Ал оларға қарсы шауып, арыстандай айбат көрсететін күш-қуат Әбдімәлікте әзірге қайдан болсын. Құдайлары беріп-ақ тұр ғой айлақтағылардың! Ой-й, шіркін-ай, Патшагүлдің де дәмесінің зорын! Ғарыш айлағында болған оқиғаның шет-пұшпағын Әбдімәліктің өз аузы­ нан естісем дейді. Оған салса аса құпия деректерінің түкке де қажеті жоқ. Айлақтың темір шартағының ішіндегісі де кеңір­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ дектен келеді. Дүкендеріне, әйтеуір, бір жолы түспей-ақ қойды ғой. Әбдімәлікті итермелеуге ыңғайсызданады. Әйел затының әу бастан жылтыраққа әуестеу келетіндігін ол түсінбеген соң өзгесіне не жорық. Шынымен түсінбей ме, әлде түсінгісі келмей ме, ол жағы және жұмбақ. Дүкендерінде тіреліп тұрғаны Түркістанның базарынан арзан бағаға сатып алынғандар емес, оларды тікелей Мәскеуден тасымалдайды. Мәскеуі Төретамға тұзы татымсызын итере салмас. Егер рұқсат қағазы болмаса кім Әбдімәлікке өкпе артады? Бар ғой Әбдімәлікте ондай рұқсат қағаздың көкесі! Тө­ ретам бекетінен айлаққа еркін кіретін жалғыз адамның жан деген жары әлі күнге дейін солай қарай аяғын аттап баспапты дегенге тірі адам сенер ме, оу! Ой, айтқыштар-ай, ендеше шаңын қағыңдар Патшагүлдің! «Айлақтың дүкендерін армансыз аралап шықты ғой Патшагүл! Әбдімәлік Патшагүлдің саусақтарын алтынкүміске баяғыда-ақ малындырып қойған шығар... Айына үш рет космодромға бармаса іші кебе ме Әбдімәліктің!? Бір жол­ғысын қысқартып, Патшагүлді де өзімен бірге ерте кетсін!» «Дұ­рыс, дұрыс қой сендердікі... Патшагүлді сырттай хор қызына айнал­ дырып, үсті-басын үлде мен бүлдеге орап, өстіп таңдай қағып тамсана беріңдер. Сөйтіңдер...» Әбдімәліктің бірде үйге қарай ұшып келе жатқандығын байқап қалып шошып кетті. Асығыс жүрісінен қара дауыл көтерілетіндейді. «Оу, батыр-ау, мұнысы... мұнысы несі?!» Үстіндегінің бәрін сы­ пырып тастап, иығына өңшең ескі-құсқыны іле салыпты. Сосын көз ілеспейтін жылдамдықпен ескі «Уазик» тұрған гаражға қарай жүгірді-ай. Апыр-ай, ескі мәшиненің де бірден гүр ете түскені. Сыртқы қақпаны ашып-жабу о бастан Патшагүлге тапсырылған шаруа-тын. Үстіңгі қабаттан төмен түсемін дегенше «Уазигі» түскір қара жолдың май шаңын бұрқыратып алыс ұзай берді, алыс ұзай берді. Әуіт толы тұнық судың беті біреу шымшып алғандай оқыс дір ете түсті. – 6 – Сол соның өзі! Үздіге күткен адамын танымай қалатындай жын ұрып кетті ғой деймісің Әбдімәлікті?! Жалғыз түп ағашты паналап, 34-ден түскен жолаушының бәрін қалт жібермей қада­ ғалап отырды. «Құрыдым» деді сәлден соң. Тап жаңа ғана ұмы­

ТАҢДАМАЛЫ тып қалмайын, ұмытып қалмайын деп ішінен мың сан мәрте қай­ талаған оның есімін жеме-жемге келгенде ал, есіне түсіре алсашы. Ажаркүл ме, Базаркүл ме? Апалы-сіңілі екеуі қаракөл елтірісін өңдеу цехында тізіліп бірге жұмыс істеген-ді баяғыда. Ой, баяғыда не болмады? Олар теңіз жағалауындағы балықшылар ауылынан көшіп келген-ді бұл өңірге. Сөйтіп тұз-дәм бұйырып екеуі осында­ ғы екі жігітке тұрмысқа шыққан. Бұл күндері үйлі-баранды... Енді Әбдімәлікке солардың балаларының санын санап шығу ғана қалып еді. Қарадай қарап жүйкесі жұқарды. Рөлге құлаған денесін тік көтеріп, жейдесінің жағасын жөндеді. Жау тылына аттанатын жауынгердей қоңыр көзәйнегін тұмсығына ілді, қақырыныптүкірініп маңдайдағы айнаға тағы қарады. Ажаркүл бола ма, Базаркүл бола ма, ұрып қойыпты, соған несіне бас ауыртады! Атын білсе ә дегеннен әңгімеміз түзеліп кете ме деген үмітті-дағы. Оның да құр далбасалығын осы тұрғанда аңғарды. Әбдімәлікке ойда жоқта кезіге қалған ол қайдағы батпанқұйрық? Біртүрлі жүрек тұсы шым етті. Самайындағы шып-шып тер тамшыларын қолының сыртымен бір сылып тастады. Рас, «а-ха-хау, баяғыда...» деп әндететіндей баяғыда не болмады! Ойпыр-ой, ой шіркіннің мұншалық шапшаңдығына не берерсің. Әлде әлсіздердің күйреуік келетін әдеті ме? Өткен өмірлерін өлердей сағынады-мыс. Оу, ол күнді қайта оралтар болса Әбдімәлік бүйтіп тасбұлауға түскен дімкәс кісіше тер сасып отырмай, күткен адамын ат шаптырым сап-салқын кабинетіне шақыртып алмас па еді. Эх!.. Апшыны қуырған мынадай аптапта жолаушы байғұстарды қайтіп кінәларсың? Вагон есігі ашылар-ашылмастан жапа-тар­ мағай жерге секіріп түсіп, құжынап жалғыз фонтан маңайына үй­ мелеген. Әлдекімдер өңешін созып айқайлайды, шүмекке бұ­рын жеткендері өз шаруасын тындырумен қоймай, енді сыртта қалған серіктесіне жәрдемдесуге жанталасады. Қолдарын ербеңдетіп құтысын жеткізіп беруін өтінеді. Оу, онсызда уақытынан кешігіп келген поез солардың шөл басуларына шыдас беріп, қаңтарылып қарап тұра ма? Соны сезген қаба сақалды дәу қарын еркек «ке­ шіріңіз, маған да өмір сүру керек» дегендей өңшең өңкиген бөксе­ лердің арасынан сызат тауып, жез табақшаға алақан тигізді-ау ақыры. Көсіп алған суды тақыр басына себезгілейді, кеуде тұсына да су бүркіп үлгерді. Кезектен ысырылып қалған бала-шаға «бізге осы да жетіп-артылады» деп, үлкендердің көстеңдеген сирақ­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ тарының арасынан жып етіп фонтанның астына өтіп кетеді. Мұз­ дай тамшыларға жалаңаш арқаларын тосады, ар жағына ел қонған соң бір-біріне су шашып ойнайды. Азан-қазан айқай-шу кезекші­ нің хабарламасын да естіртпес. Мұндайда әккі мәшинистер поезды орнынан сәл жылжытып қайта тоқтайды. Вагонға лап қойған жұрт суға таласып жүріп, «Атақты ғарыш айлағы тұсынан өтіп бара жатқандығымызды да байқамаппыз-ау» деп ашық терезеден жанжақтарына алақ-жұлақ қарай бастайды. Әбдімәліктің күткен адамы да ақырғы вагонның өтуін тосып тұрған-ды. Әне, бұлардан не сұрайсың, шекелеріне тиіп әлдекім­ дер поез астына түсіп, мүгедек болып жатса да, бүйірдегі қазақ ауылының тұрғындары үйреніскен әдеттерінен бір танбайды! Шпалдардың арасымен аттап-бұтап, келесі поез келгенше арғы бетке өтіп алғандарын кәдімгідей ерлікке балайды. Содан ләззәт ала ма екен бұл шіркіндер?! Бекет бастығы Қаражан байғұс кә­ сіподақ жиналысында осы мәселені тәртіпке саламын деп қаншама шырылдады десеңізші! Күзетші де қойды, темір жолда жұмыс істейтіндердің отбасына айыппұл да салып көрді. «Өтуге болмай­ ды, өте қауіпті!» Екі-үш жерге жалаулатып жарнама да ілгізген. Бәрібір. Одан нәтиже шығара алмаған соң «Өздерің біліңдер, өй, өңшең шешеңді!..» деп бір боқтаған да тынған. Қаражанның тұлданатынындай-ақ бар екен. Ал перроннан қырық метрдей жер­де доға тәріздес иілген адам жүретін көпір дегеніңіз тиіп тұр. Жоқ, қазекең онысын көзге ілместен шпалдардың арасымен қайқайып тарта бергенді жөн көреді. Келіншектің қалта-дорбалары баршылық еді. Бірін иығына, бірін қолына, бірін арқасына іліп алған. Томашадай болып өзінің шақарын қарай гөр! Өз салмағынан әлдеқайда қомақтылау дүниені бұйым құрлы көрмей, шағыл құмның бүйірімен өрге қарай өлер­ мендене домалатып бара жататын қара қоңызды еске алды. Одан әріге тереңдемей, осы тұстан тоқтағанды жөн көрді. Фонтанның суын қалай пайдаланамын десе де бұл жолғы ер­ кіндік Әбдімәліктің өзінде-тін. Торғайларға жіберіп алған есесін енді қайтарсын-ай! Мұздай су түк-түк денесіне майдай жақты. Шүмектің астына ебін тауып басын да бір сүңгітіп алды. Әрине, айналы әуіттей қайдан болсын. Дегенмен жан шақыруға мұның өзі әжептәуір көмек. Тұла бойы да бір қыдыру жеңілденіп қалды. Әбдімәлікті қазір қиян шекке қуаласаң да тас түйін дайын.

ТАҢДАМАЛЫ Келіншектің митың қимылына көңіл аударып қайтеді. Май сіңді шпалдардың арасын бір-ақ аттады. – Қалқам, сізді күтіп жүргендігіме біраз болып еді, – деді әң­ гімені қалай бастарын білмей кібіртіктеп. Соның арасынша анаумынау салынған ала дорбаны оның ықтиярынсыз иығынан алып жерге қойды. – Түркістанның базарында біз алатындай бір нәрсе қалды ма? – Әзілдескен түрі. – Түркістанның базарына күні түскендер барады да... Әбдімәлік төмен қарады. Тілге келместен танып қойды деді ішінен. Апыр-ай, енді не істеуі керек? Жаман-жәутік лыпаны иығына іле салса да Әбдімәлікті бірден танып қойды. Бетіне маска киіп алмаса, енді басқадай амалы бар ма? Әбдімәліктің «Айлақтың жергілікті тұрғындар арасындағы өкілі» деген абырой-беделін де қыстырған жоқ. – Космодромды тіреп тұрғандар Түркістанның арзанқол база­ рын қайтеді, біз секілді пақырлар болмаса... – Жә-жә, бұл жолғы жеңіс сіздікі! – Мәшинемен жеткізіп салайын. Сол үшін күні бойы күт­ тім. 34-шінің де бүгін табандап үш сағат кешікпесі бар ма. – Әб­ дімәлік дәу дорбаны лып еткізіп өз иығына қондырды. Тағы бірдеңелерге қалбалақтап қол соза берген-ді. Тоқта, тоқтай тұр! Айлақтың жергілікті тұрғындар арасындағы өкілі болмақ түгілі, екі аяғы салбырап көктен түскен Құдай болса да келіншек тарапынан Әбдімәліктің ит терісін басына қаптайтын сын сағат та мысықтабандап, жақындап келе жатқан-ды. Соны сезгендей тұла бойы одан бетер быршып терледі. Жон арқасынан әлдекім таспа тіліп өткендей, желке тұсы жыбыр ете түсті. Ескі туфлиінің тұмсығымен май сіңген жұдырықтай тасты нұқып жіберді. Қос жанары сүлеленіп жерге құлаған. Оу, ағайынгершілік, туматуыстығын былай қойғанда, Әбдімәлік те осы өңірдің төл перзенті емес пе еді? Көктемде айлақтың 17-ші алаңында зәу биіктегі құ­ рылыс басынан құлап жан тапсырған төрт бірдей азаматтың бірі­ нің жарымен бетпе-бет жүздесіп тұр, мінекей! О дүниелік болған пендені оң жаққа салып кім күзетіп отырмақ... яғни өлгендер туған жер топырағына жерленеді. Одан әрі... одан әрі... Біреулер өлген адамның шыбын жаны жерге түспестен әлдебір мақұлыққа айналып кетеді екен деп те гулетеді. Мақұлыққа айнала ма, айналмай ма, соған бола Әбдімәлік те басын ауыртқысы келмейді.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Өзіне салса мақұлыққа айналғандығын құп көрмейді. Адамның адам боп қалуынан асқан бақыт бар ма, тәйірі! Міне, осы араға мына келіншектің асыл жары торғайға айналып келе қалды дейікау. Сөздің қиюын келістіргіштер «Асыл азаматтың шыбын жаны торғайға айналды да «Енді тірі жүрген келіншегіме күн бермейтін болдыңдар ма?» деп Әбдімәліктің құлақ шекесінің түбінен да­ мылсыз шырылдап тұрып алды» дегенді сырнайлатады ғой күйдіргенде. Шымшық, торғайға айналған адамды көз алдыңызға қайтіп елестете алмақсың? Көңілге қонбайды. А...а, не, не дедіей?! Мүмкін Әбдімәлікті де өстіп сайратып қойған төңірегіндегі ұшып-қонып жүрген шымшық, торғайлар болмасын. Жо-жоқ, ай­ та көрмеңіз, өз жолы, өз ауанымен келе жатқан Әбдімәлікті өс­тіп шатастырмақпысыздар? Өздерімен кетсін шымшық, торғайлары! Әйелдің жүзіне абайлап көз тікті. Шаршаған. Мұқалған. Әл­ декім жүрек тебірентерлік жылы сөзін арнаса, соның иығына ба­сын сүйеп жылап жіберуге сәл-ақ тұр. Түркістанның қымқуыт базарында да бұл байғұсқа «Еріңнен ерте айырылып, етегің жасқа толды-ау» деп кім қол қусырып, қошемет көрсете қойды дейсің. Бірін-бірі итерісіп, бірінен-бірі кірпідей жиырылып, ай­ қай-сүрен, ызы-шудан әзер құтылып шыққан шығар дәуде болса. Сосын буыншақ-түйіншегін бір ретке келтіріп алған бойы аяғыаяғына жұқпай, вокзал басына жүгірген. Жолай су сататын дүң­ гіршектен алған бір күрешкі сусынды қақалып-шашалып әзер жұтқан. Онысын Әбдімәлік осы сәтте-ақ сезіп тұр. Төретамға өлдім-талдым деп әзер жеткенде ойламаған жерден мына біреу жабысты. Ой, заман-ай, кешегі арыстандай күркіреп, айтқаны жүріп, иек қаққаны мінсіз орындалып тұрған Әбдімәліктің бүгін мұ­ның алдынан сумаң етіп шыға келетіндігін кім білген. Иіледі, кішірейеді, кінәлі кісідей көздерін оңға-солға алып қашады. Мойнын ішіне тығып, мұрын астынан міңгірлейді. Өмірі тіл қатысып, тонның ішкі бауындай бұрын-соңды аралас-құраласы жоқ дап-дардай кісі қолапайсыздау қимылдап әзілдескісі келеді. Әзілінің аяқ-басы құмға сіңген су секілді бейне бір. Қолдан тықпалаған іс-әрекеттің бәрі осындай. Жат, ішке түспейді, жүрек қабылдамайды. Суық әрі үрейлі. О-ой, жосылт-ау, әдейілеп мәши­ немен күтіп алмақшы, ың-шыңсыз үйіне жеткізіп салмақшы. Баяғы кеңшар директорының көше кезбелерінің түріне қапелімде қайтіп ұқсап кеткендігіне қайран. Бұрынғы директордың үсті-

ТАҢДАМАЛЫ басы бүгін сондай қораш-ты. Бар бітіргені реті келсін-келмесін, өзін-өзі қинап, әнтек қана жымиған болады. Оу, адамның күні адаммен, бір кездері өздеріне жасаған Әбдімәліктің де кісілігі мен азаматтығын неге ұмытсын. Ана жылдары теңіз қайтып, ба­ лық кәсіпшілігі қожырай бастаған соң Базаркүлдер арғы бет­ тен көшіп келіп, осы темір жол бекеті маңындағы кеңшарды са­ ғалаған. Алдында тіреп тұрған әкесі не ағасы болмаған соң апалысіңілі екі қыздың жұмыс таңдап жататындай мүмкіндігі жоқ-ты. «Әлден темір жолдың қара майына былғанбайық», – деді бір кезде. Онда дария беттегі кеңшардың да атағы дүрілдеп тұрған, қаракөл елтірісін өңдеу цехы жаңа ашылып жатқан. Екеуі де соны қолайлы көрді. Еңбекақысы да әжептәуір. Оның үстіне інілерінің мектепке баратын уақыттары да шамалас-ты. Бүгінгінің баласы да пәле, бірінікін бірі киіп, қолға іліккеніне тәу етіп, тымпиып жүре бермейді. Бәріне ине-жіптен жаңа шыққандай таза киім керек. Содан қойшы әйтеуір, қара жұмысты қомсынбай Әбдімәліктің алдына келген екеуі тізіліп. Адам-ау, сол Әбдімәлік пе мына көріп тұрған?.. Жағасы сынбаған ақ көйлек, пышақтай қыры бар қара шалбар киген ат жақты, ұзын бойлы жігіт ағасы үлкен креслодан ұшып түрегеліп, бұларды да жылы шыраймен қарсы алған. Сөзі де майда, нұрлы жанары кісінің іші-бауырын баурап әкететіндей сондай әдемі. Екеуі де керемет әсермен шыққан кеңшар кең­ сесінен. Қаракөл елтірісін өңдеу цехында өңшең өндірдей жастар жұмыс істейтін. Оқуға түсе алмағандардың дені осында. «Екі жыл үздіксіз жұмыс істегендерге кеңшар мөрін басып, анықтама береді екен, директор өз қолымен мінездеме толтырады екен, ал онымен барғандар облыстың кез келген оқуына қиналыссыз түседі екен» дегендер дүңк-дүңк естілетін. Апалы-сіңілілерге әзірге жоғарғы оқу арман-ды. Інілеріне жәрдемдерін тигізсе, бұларда одан асқан мұрат-мақсат болушы ма еді. Директорды тым сирек көретін. Көргенде де жақын баруға жүрексінетін. Тек көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында ғана Әбдімәлік ыстау цехына әдейі бұрылып, қыз-келіншектердің бір-бірлеп қолдарын қысып шығатын. Өңшең әйелдер жұмыс істейтін ұжымның жағдайы белгілі. Ой, содан әңгіме жарықтық жасындай жарқылдап береді-ай! Әбдімәліктің кімнің қолын қаттырақ қысқаны немесе кімнің жанына кеп ұзағырақ аялдағаны... сірә, жуық маңда таусылмас. Ақыр соңында Әбдімәлік біреудің құлағына сыбырлаған болады. «Ал сыбырласа 4-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ сыбырлаған шығар, сонда не айтты?.. Сені жақсы көремін деді ме, әлде оңашалау бір жерге шақырды ма?» Ақыры бір нәрсеге көз жеткізетіндері анық. Сонда ол түбің түскірлердің бәрі Әбдімәлік біздің құлағымызға сыбырласа екен деп, тұла бойлары үгітіліп, ындындары құрып, тек соны ғана іштей тілеп жүреді екен ғой. Ой, дүние-ай, бұл сөйткен Әбдімәлік еді ғой, Әбдімәлік емес, Әбдімәлік Саржанович еді ғой... – Мәшинені қайтесіз, – деді келіншек, – мені біреу күн сайын мәшинемен күтіп алып жүр ме еді?! – Жүгіңіз де баршылық. – Шыдаймыз-дағы, неге шыдамаған бұл қу бас! – Артық кет­ кендігін өзі де сезе қойды. – Сіз... – Иә, мен... мен ғой. – Танып тұрмын, сізді танымай... – Рақмет оныңызға, танымайтын шығар десем... – Неге танымайық. – Көп уақыт... қанша жыл... Совхоз тарағалы да... – Адам өзгермейді ғой. – Кімді айтасыз, мен өзгермеппін бе? Сол күйі қарап тұрған шы­ғармын. Ай, қатырасыз-ау?!. – Әбдімәлік осы жолы ғана бар ниетімен күлді. Және негізгі шаруасының да оңай шешілетіндігіне шексіз сенді. – Тұра береміз бе өстіп?.. – Ресторанға шақырмақпысыз? – Несі бар, шақырсақ шақырамыз. Бекеттің рестораны өзіміз­ дікі. Бір нәрсе сұрасам айыпқа бұйырмассыз... – Сұраңыз, сұрай беріңіз. – Сұрасам, сіздің... сіздің атыңызды ұмытып тұрғаным... Әне, түк өзгермегенсің дейсіз, қайдағы өзгермеген. Шалдықтың да... – Қоя тұрсаңызшы. – Не қоятыны бар. Білем, бәрі көз алдымда. Біріңіздің арты­ ңызға біріңіз тығылып екі қыз келгенсіз. – Мен – Базаркүлмін, Ажаркүл Аралқұмда. Оның да екі-үш баласы бар. Күйеуі – орта мектептің мұғалімі. – Ие, бопты, жөн-жөн... – Тағы нені білгіңіз келеді, сұраңыз. Бізді сіздерге жауап беру үшін жаратқан ғой. Космодромның осындағы өкілісіз. Ақ дегені­ ңіз – алғыс, қара дегеніңіз – қарғыс.

ТАҢДАМАЛЫ – Қарғысы құрысын, тағдыр аз қарғады ма біздерді. – Кімдерді бәсе?! – Кешір, айналайын, көңілді көрген жерде деген. Жарылқаған қандай жігіт еді. Нар еді ғой, нар! Оу, оның жайын сенен несіне сұрап тұрмын. Өзім емес пе, космодромға қолдарынан жетелеп апарған. – Бірақ қолынан жетектеп алып шыға алмадыңыз ғой. – Ол рас, ол рас. Енді өкінгеннен не пайда? Жарылқаған кел­ мейді бәрібір. – Білеміз. – Білсеңіз...ойымды аяқтайын. Ол бір туралап келген ажал бол­ ды ғой. Сонан бері менің де бетім аймандай. Өзім өлімге сүйреп апарғандаймын. Әлде апармауым керек пе еді. Оу, өздері ғой кө­ шеде жүргізбей қойған. Айлаққа тырнақ іліктірсе алдарынан ай жа­рылқап, күн туатындай. – Туды ғой... – Солай... Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Керекті құжаттарын даярлаймын деп бір ай бойы облыс пен Төретамның арасын жол қылдым. Оны мөрлеп Мәскеуге жөнелттім. Сол жүгіріс текке кетпеген секілді. Қолға ілігіпті ғой бір нәрсе. Бала-шағаға азынаулақ мәпақа болса да... Аз шығар, өздігінен аспаннан топ етіп түсе қалатын майшелпек кәні, бүгінде?! Сөйтіп жүргенде арадан бірталай уақыт өтіп кетті. Арнайы үйлеріңе бас сұғып, қайырлы болсын да айта алмадым. Өкпелеуіңіз де орынды. Менің сендерге болмасын деген жерім бар ма?! Ал енді... – Айта беріңіз? – Кешегілеріңіз не сұмдық?! Темір жолды бөгегеннен бір нәрсе өндіріп алатын болсаңдар, әңгіме басқаша ғой... – Түсінікті. – Не түсінікті, әлі де еш нәрсеге түсінген жоқсыз. Космодромды мұнан былай мың жерден балталасаңдар да түк шықпайды. Ұтылдық, есеміз кетті... – Боздақтарды да құрбандыққа шалдық. – Ол құдайдың ісі ғой, Базаркүл-ау, құдайдың ісіне амалың қайсы? Мұнан былай қалғанымыздың амандығын тілейік Жа­ ратқан иемнен. – Көңілімді сәл де болса бір жұбатайын деген екенсіз ғой осы жолы. Алдыраз болсын, соған бола 34-ті сарсылып күтіп...

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Сұрағандарыңыз жүз пайыз орындалады. Балаларыңыздың кенжесі он сегізге жеткенше жеткілікті дәрежеде жәрдемақы төленеді. Космодромның сақтандыру компаниясы әр азаматтың жеке басы үшін екі миллионнан астам теңге төлеуге шешім шы­ ғарды. – Бәрекелді, осыларды ереуілдемесек бір жөнге келтіруге болмай ма? – Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. – Осымен бар шаруаны тындырдық деп ойлаймысыздар?! – Тағы не керек? – Не керек дейсіз, ақшамен адам тіріліп келуші ме еді? – Келмейді, әрине! – Не сіз, не басқаларыңыз сол қыршынынан қиылған азамат­ тардың арты не болып жатыр екен немесе бала-шағасы қалай күн көріп жатыр екен дедіңіздер ме? Шыбын өлгендей... – Базаркүл теріс қарап орамалының ұшымен жасаураған көзін сүртті. Мана­ ғы монтаны көзқарастан түк қалмаған. Кірпіктері де найзадай тікірейіп-тікірейіп шыға келді. «Өзімді де өлтіретін адам жоқ» деп ішінен ернін тістеледі Әбдімәлік. Сонша уақыт кәкір-шүкірді созғалақтап тұрып алғаныма жөн болсын?! Әскери тәртіпке үй­ реніскен космодромның өкілі бетің бар, жүзің бар деместен, мәселені бірден қабырғасынан қоймас па?! Берсе қолынан, бермесе жолынан. Мә, безгелдек! Күні бойы тар кабинаның ішінде азапқа түскені аз еді, шақырайған күн астында тұрып малтасын езген мы­на тірлігіне түкіргені! Оу, шынымен айлақтың сенімді өкілі екендігі рас болса, «Ереуілдеген талаптарың түгелімен орын­ далды, ендігі жерде арттарыңды қысып, тыныш жүріңдер!» деп жүрегі жарылып кетсе де, бірден төбеден тоқ еткізбес пе! Бейшара, шынымен бейшара екен ғой Әбдімәлік?! Осыларға иненің жасуын­ дай жа­маншылық ойласа осы тұрған жерінде тырапай асып, қата қал­сын! Боркеміктей үгітілгені несі, аузынан сөзі түсіп, қайда­ғы біреудің алдында именшектегендігі несі?! Жарылқағанның ке­ ліншегі Әбдімәлікке қыр көрсететіндей несін өткізіп қойып еді соншалық?! Ереуілдемек түгілі темір жолды төңкеріп тастасын! Ал Әбдімәліктің сол үшін айдалада жүріп, қарадай қарап күйіппіскеніне жол болсын! Артық кеткені космодромның өкілі дейтін сайда саны, құмда ізі жоқ ауада қалқып жүрген қызметсымағы ма. Атамнан әрмен, басы бүтін ала қойсын!

ТАҢДАМАЛЫ – Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйыммен де хабар­ ласқанбыз. Әбдімәлік селк ете қалды. – Оны қайдан тауып алып жүрсіздер?! – Таптық, іздеген адам бәрін табады екен, әсілі. – Ал содан?.. – Заң-зәкөннің бәрі біздің жағымызда болып шықты. – Жетісерсіздер! Космодромды көшіріп жіберсеңіздерші қолда­ рыңыздан келсе. Кенет Әбдімәлік те түсін суытты. Жарым көңіл ауылдастарына сыр ашпақ болған ниетінен тез айныды. Базаркүлге де талай нәрсенің ұштығын шығармақшы еді осы жолы: «Құлдығым-ау, космодромдай аждаһамен арпалысып ұшпаққа шыға алмайсың. Қулыққа көшуіміз керек мұнан былайғы жерде, түсінемісіз қулыққа!.. Қанымыз бен жанымызды ақы-пұлсыз сүліктей сорып келген космодромның өзімізге тиімді жағын қарастырайық. Жа­ ман болайын, жақсы болайын, темір шартақтың ішіне кіріп-шы­ғып жүрген мен секілді өз адамдарыңның барлығына қуансаңыздар­ шы ең алдымен! Қала, қалама, ендігі тірліктің бәрі космодроммен байланысты. Барлық дүние космодром арқылы басқарылады. «Ға­рыштан тексерілген» дейтін ұғым бүткіл болмысымызды жау­ лап алады. Көрерсіз әлі, ғарыштан тексерілмеген құбылыстың күні қараң. Осыған көздеріңіз жеткенде Әбдімәлік әулие екен, Әбдімәліктің космодромға қызмет жасайық дегені бекер болма­ ды деп, менің атыма да алғыс жаудырарсыздар жан алқымға тірелгенде. Осыны ұмытпаңыздар. Сіз де маған бөтен емессіз, Базаркүлжан, кішкентай күндеріңнен азды-көпті менің тәрбиемді көрдіңіздер. Қолымнан келгенше жәрдемдескім келеді, әлі де тұғырдан тайып отырғаным жоқ. Бір қажеттеріңізге жарармын тірі тұрсам. Айттым ғой, космодроммен текетіресіп қайтесіздер, оның көмейі кең, сіздер түгілі айдаһарды да бұйым құрлы көр­ мейді. Қылқ еткізіп жұта салады дым болмағандай.. Әлдеріңізге қарамай ереуілдеген не теңдерің?! Көкетайлар-ау, ереуілдейтін, арты жыртылғанша айқайлайтын уақыт өтті-кетті. Енді ептілер­ дің, ақылдылардың заманы туды. Әр тұстан космодромға қарай әкіреңдеп таяқ лақ­тырғанша, жұдырықтай жұмылып, біздің қолдан да бір нәрсе келетіндігін дәлелдейік. Және жергілікті тұрғындар дейтін статусымызды дұрыс пайдаланайық. Осыны

Қуаныш ЖИЕНБАЙ іске жаратайық еш болмаса. Оу, етек-жеңі желпілдеп, борбай еті борша, арқа еті арша болып, осы Әбдімәлік не үшін сүрнігіп жүр деп ойламайтындарыңыз қалай? Космодромға тіреліп тұрған бес бересі, алты аласым жоқ. Мен де өздерің секілді осы өңірдің байырғы тұрғынымын. Және жатпай-тұрмай Төретамның топырағы бұйырса деп жүрген қара­пайым пендемін. Немене, сіздер оза туған данышпан ба еді­ңіздер шеттеріңнен?! Ереуілдеу менің басыма келмеді ме? Содан бірдеме өнетін болса алдымен сіздерді өзім-ақ айтақтамас па едім. Білемін, көріп жүрмін, біз түбінде космодромнан өйтіп есе қай­тара алмаймыз. Сіз де білесіз, күллі Төретам жұрты біледі ондай олқылығымыздың барлығын. Мына іргедегі Қамбаш көлі менің әу бастағы атамекенім ғой. Міне, Құдайдың біздің көз жасымызды көре қалған кереметін қарамайсыз ба?! А-ха-ха, бұл өлшеулі ғұмырдағы тепе-теңдік ешқашан бұзылмайды. Бәлкім, ол біреулердің пешенесіне жа­ зылмай, оның қызығын соңында қалған ұрпағы көрер. Бізді мү­сіркемеген, бізге аяушылық білдірмеген бір пендені тауып беріңізші мықты болсаңыз?! Ғарыш айлағының улы тозаңынан өмір бойы көз ашпаған сорлы халық біз емес пе едік! Ауру-сырқау да, өлім-жітім де біздің ішімізден көбірек шығатын, өз-өзіне қол жұмсау індеті де бізден тарап отыр. Қайсыбірін айтып тауысар­ сың, асылып қалуды естігенде жердің тесігіне кіріп кете жазда­ дым. Бізге ендігі жетпегені осы еді. Оны әлдекімдер сан-саққа жүгіртеді. Бұлтақтамайтын дәлелің болмаған соң, тағы да дымың құриды. Олардың айтуынша, Төретам төбесіндегі атмосфера­ ның сау-тамдығы қалмаған; сол шұрық-тесік озон қабаты улы сәулелерді ұстап қалуға мүлдем дәрменсіз; сүзгіден өтпеген сәу­ лелер адам миына тікелей түскен соң оңдыра ма, шоқтай ойып жібереді. Оу, айтқыштардың аузын жабатындай күш қайда біздің қолда? Кейде қарадай-қарап өзіңді де үрей қамайды. Саусақтарың дірілдеп, тұла бойың түршігеді. Бұрын-соңды кезікпеген көңіл күйдің темір торына қамаласың. Құрысын, құрып кетсін, асылып қалғандар қайбір мұратқа жетер дейсің? Жә-жә, сыртқы долбарды осымен доғарайық та енді негізгі мәсе­лемізге көшейік. Мына сорыңды ұрайын әскерилер жаз айла­рында сонау Мәскеуден бала-шағасын алдыртып, мұнан өзге бас сауғалайтын жер құрып қалғандай неліктен Қамбаш көлін сағалайтын болып алды? Ал білсеңіз айтыңыз? Эх, жергілікті

ТАҢДАМАЛЫ қазақтар-ай, сіздер не білуші едіңіздер?! Бар бітіргендеріңіз ереуіл­ деп, онда да өңшең әйелдер болып темір жолды басып алу. Басып алдыңыздар қарағайдай мүйіз шығатын болса... Оны азсынсаңыз­ дар, ертең барып қайтадан басып алыңыздар, шеберсіздер ғой темір жолды басып алуға! Әне, сіздердің кесірлеріңізден Төретам мен ғарыш айлағының арасына қатынап тұрған шолақ платформаның қарт мәшинисі еріксіз пенсияға шығып кетті. Сол ғой сіздердің тигізген пайдаларыңыз. Жыл сайын жер жүзіндегі аса қымбат ку­ рорттарды адақтап шығатын әскерилердің ала жаздай Қамбаш көлінен шықпауы қалай деп біреулеріңіз ойландыңыздар ма?! Ары-беріден соң әйел емессіздер ме, әскерилердің Мәскеудің көлеңкелі көшелерінен шыққысы жоқ қосақтары қалайша Тө­ ретамға топ ете қалды деп те қаперлеріңізге алмадыңыздар-ау! Оу, Базаркүл құлдығым-ау, ереуілші әйелдердің көсемі болғанша, осыған көңіл бөлмедіңіздер ме бір уақ?! Айлақтықтардың үлкені мен кішісі көл жағасына айлап, апталап қос тігіп, қаннен-қапер­ сіз жатып алады. Озон қабатындағы күлгін сәулелер туралы олар сіздерден кем біле ме, сауатсыз ба еді шеттерінен?! Не бір аппарат түрлері де солардың қолдарында тұрған жоқ па?! Қайдағы бір са­ сық көлдің суына сүйрелегенің не сорақылық деп күйеулерінің екі аяғын бір етікке тықпас па ондайда. Жоқ, тым-тырыс. Арты­ нып-тартынып жылда келеді. Ата-бабасының мұрасындай көл жа­ғасын мекен­деп, емін-еркін билеп-төстейді. Суға түседі, күнге қыздырынады, қайықпен серуендейді. Неге, неге, неге-ау?! Қамбаш көлінің су құрамы ғарыштан зерттелген, мұқият тексерілген. Олар әзірге оны тірі жанға сездірмейді. Көл суының құрамындағы йод – адам ағзасына ең қажетті емдік шипа. Денедегі сан түрлі аурулар йод жетіспеушілігінен пайда болады-мыс... Йод жетіспеушілігін бір ізге қайтіп түсіреміз деп, ауыздарымен құс тістеген әлемдік масштабтағы беделді ғалым-дәрігерлер түн ұйқыларын төрт бө­ ліп, сабылып жүргенде сол йод Қамбаш көлінің сасық суынан шыға келіпті! Міне, керемет! Міне, ғажап!.. Су құрамы ғарыштан зерттеліп, құжаттары аса құпия жағдайда қағазға түсірілген. Айналайын Базаркүл-ау, мені космодромда сандалып текке жүр ғой деймісіңдер?! Ғарыштан зерттелген сол құжатты қолға бір түсірсем, айлақты желкемнің шұқыры көрсін! Соның ыңғайы да біртіндеп дөңгеленіп келе жатқан. Қап, мына ереуіл дегенді қайдан шығарып жүрсіздер табан астынан?!.»

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Бұл ойлардың ешқайсысы да айтылмады. Айтылмағанды­ ғына Әбдімәлік те ренжіген жоқ. Сөз жүйесін түсінетін адамды ма­ңайынан және таба алмады. Ары тарт та, бері тартпен қорақопсысын белуарына дейін құм басқан жатаған үйге қалай таяп қалғандарын да кейін аңғарды. Келіншектің алдынан жас шама­ лары мықтаса үш-төртке енді келген қара домалақ екі бала жү­гіріп шықты. Әсіресе, сәл ересектеуі Әбдімәліктің тұла бойына жақ­ тырмаған сыңаймен немкеттілеу көз жүгіртті. – Қой, мен қайтайын,–деді Әбдімәлік, – бүгінше осы тойғаны­ мызға да қанағат жасайық. – Неге қайтасыз, сіз секілді қонақтар біздің қолға түсе бере ме. Үйге кіріңіз, қонағым боласыз. – Рақмет, тағы, тағы бірде...– Әбдімәлік ала дорбаның кішілеуін өзін ұнатпаған баланың қолына ұстатты. Базаркүл де оны-мұнысын жерге қойып, Әбдімәліктің не бұйымтайы барын осы сәтте ғана асықпай тыңдағысы келді: – Айта беріңіз, шамамыз келетін шаруа болса көмектесейік. – Келгенде қандай, өзі де түкке тұрмайтын бір нәрсе әншейін. – Ай, қайдам-ау, мына сабылып жүрген жүрісіңізге қарағанда... – Қалай десем екен, міне былай... Оны өзіңіз де жақсы білесіз. – Әбдімәлік аяқ астынан асып-састы. Кіршеңдеу орамалымен әлсінәлі самайын сүрткіледі. – Айлақтағылардың бәрі әскери тәртіппен жүріп-тұрады. Біз де солардың айтқандарын мінсіз орындауға тиістіміз. Ешқайда бұра тартып кете алмаймыз және олар анаумынау қылтың-сылтыңды көтермейді. – Иә, сонымен... несіне қайталай бересіз, турасына көшсеңізші. – Турасына көшсем, міне былай: сіз маған бір бет қағазға тү­ сініктеме жазып бересіз. – Құдай салмасын, ол қандай түсініктеме?! Не үшін? – Базар­ күлдің дауысы өктемірек естілді. – Не бүлдіріп қойыппыз? – Сол ғой, сол! Ереуілдегендеріңіз бәріміздің басымызға пәле боп жабысқан жоқ па?! Күллі жоспарымыздың күлі көкке ұшты. Айлақ­тағылар енді жуық маңда бізді жандарына жуытпас. – Ойпыр-ай, бәрі соған тіреліп тұр екен ғой. – Тірелмегенде... соның артын жуып-шаймақ болып сүрнігіп жүрген түріміз мынау. Бір бет, бар-жоғы бір бет. – Жазайын, дүниенің бәрі соған тіреліп тұрса. – Міне, ақыл! «Мұнан былай ереуіл жасамауға және ереуіл­ шілердің тобына қосылмауға жазбаша түрде уәде беремін. Талап-

ТАҢДАМАЛЫ тілектеріміз түгелімен орындалды, айлақ басшылығына алғыс ай­ тамыз...» Бітті, соңына қолыңызды қойып... – Алғыс! – Базаркүл теріс бұрылды. Жайдақ қораның көлеңке бетінен әлдекімнің шіңкілдеген дауы­сы естіледі. Әбдімәлік оны да жаңа байқады, басына қа­ қырадай жаулық тартқан кейуана ангор ешкісінің ақ түбітін иіріп отыр. Қолы-қолына жұқпайды. Ара-тұра ұршықтың тоқ басын тарамыс саусақтарымен сығымдап көреді. Түбіт арасындағы қи­ қымдарды аса ыждаһатпен алып тастайды. Олай-бұлай мойын бұрмай, қарсы алдына тік қарайды. Төңірегіндегі дауысқа да ба­ йыппен назар аударады. «Дәу де болса Жарылқағанның шешесі осы кісі шығар» деді Әбдімәлік. Жүгіріп барып қолын алайын деп оқталды да сәл іркілді. Қарт аяқ-қолын көре алмайтын суқараңғы болып қалғанға ұқсайды. – Базаркүлмісің? – деді сол міз бақпаған күйі. – Аман-есен жет­ тің бе? – Жеттік қой. – Ал кіммен сөйлесіп тұрсың манадан бері? Мынадай сүмелек­ ті үйге сүйрелемей, шаруасын сонда тындырсаң болмас па. Бұл кім өзі, аузынан сөзі түскен?! – Космодромның осындағы өкілі ғой. – Не сұрайды? – Енді ереуілдемеймін деп қолхат беріңіз дейді. – Бәли... Ал өзің не деп шештің? – Қайдам, сізбен ақылдасайын алдымен. – Жә, бұлардан не сұрайсың, бұларда... – Бұл кісі бір жағынан баяғы директорымыз ғой, – деп араға килікті Базаркүл. – Соған бола несіне басыңды ауыртасың, сұрап тұрғаны сол болса, бер де жібер! Жолынан қалмасын, білеміз ғой бұларды... Күні үшін жүрген бейшаралармен есептесіп қайтесің!.. Әбдімәліктің тұла бойын суық қарыды. Базаркүл үйге бетте­ ген. Әлгі жүгірмек айбақ-сайбақ жазылған бір бет қағазды Әбдімә­ ліктің қолына әкеліп қыстырды. – 7 – Денесі дел-сал. Ұзақ жол жүріп әбден діңкелеп келген кісіше қалғып-мүлгиді, ара-тұра отырған орнымда ұйықтап кетпейін

Қуаныш ЖИЕНБАЙ деп те қауіптенеді. Кеудесіне құлаған басын көтеріп, төңірегіне еріншектене көз тігеді. Дала қосындағы «жұмыс кабинеті» де мұнтаздай. Үстелінің үсті шаңнан тазартылған, жұтынып тұр. Әбдімәліктің тап бүгін осында келетіндігін мұндағылар бал ашып білген бе, әлде құлақтарына жел сыбырлап жеткізген бе. «Мер­ седестің» паромнан бері өткендігін, дария бойының май топырағын аспанға көтеріп, түйе фермасына қарай туралап тартқандығын біреулер хабарлап тұра ма? Ал хабарлады, хабарласа несі айып? Паромшы, оң аяғын сылтып басатын бәкене бойлы шегір көз қа­рия да мана Әбдімәлікті көргенде жүз жыл жүздеспеген ту­ ған нағашысын кезіктіргендей алға түсіп томпаңдап жүгірген. Арғы беттен көпір аузына кимелеп келген екі-үш жеңіл мә­ ши­ненің ішінен әдейілеп, Әбдімәлікті бірінші ғып өткізіп жі­ берді. Жолаушылардың бірі бұған кәдімгідей реніш білдірді, паромшының көзбе-көз жасаған әділетсіздігіне күйінді. «Біздің кезегіміз еді ғой» дегенді Әбдімәлік те естісін дегендей дауысын көтеріп, өктемірек сөйледі. «Шыбын жанын қайда қоярын білмей дызақтаған сболыш-ай!» деп Әбдімәлік те ішінен күңкілдеді. Жарты сағат, паромның арғы бет пен бергі бетке қатынайтын уақытының бар-жоғы жарты сағат. Сол жарты сағатта дүниені төңкеріп тастайтындай сонша жанығуын! Ал бір есептен кимелеп, со пәленің алдына түсетіндей Әбдімәлікті де құдай қуып бара ма десеңші-ау! Оу, түйе фермасының төбесі осы тұстан-ақ ап-анық көрініп тұр. Күн жарық, кеш түскенше қай заман. Қайда асығады? Өртеніп алқымға тіреліп тұрған шаруа жоқтың қасы. Кезектің соңынан іліксе де, таяқ тастам жерге көзді ашып-жұмғанша жетіп бармас па. Түйе фермасындағы жағдай онсыз да белгілі. Ондағы тіршіліктің бәрі әскери тәртіпке негізделініп, толықтай бір жүйеге түсірілген. Заман ағымының өзі соны талап етсе, Әбдімәлік қай­ да қашады. Өзі, түйе фермасындағы жұмыс процесін ғарыш айла­ғындағыдай күрделі ахуалға икемдеген де өзі ғой!.. А-хаха-ау, жалғыз өзі ғой, өзі! Әбдімәліктің үлкен мақсатын түсініп, көмектесуге сыңай байқатып, орта жолдан қосарлана кететін біреу бар ма? Әзірге көре алмай-ақ қойды ондай ақжүректі?! Тым асы­ лық айтты демесін, былайғы тіршілігінің бәрі қолмен қойғандай әскери тәртіптің ырғағымен дөңгеленіп-ақ келе жатқан. Өкі­ нетіні, бармақ тістейтіні шамалы. Сондықтан Әбдімәлік өзінөзі сыйламаса, өзін-өзі құрметтемесе, қит еткенге жүйкесін жұ­

ТАҢДАМАЛЫ қартып, тісін қайрап, жұдырығын түйіп, ақиланып шыға келсе шоқтанып көрінетін тұлға бітімі шатқаяқтап, бір-ақ күнде жермен-жексен болмас па-ау! Әсілі, тік жүріп, тік тұрғанға не жетсін. Өзі, өзі демекші, бұған дейін айлақтың темір қақпасының алдына мәшинесін доғарып, ішке рұқсатсыз кіріп бара жататын, шаруасын тындырған соң талтаңдап шығып келе жататын қай қазақты көріпті бұл ағайын?! Оу, ғарыш айлағын облакиматтың қабыл­дау бөлімі деп кім айтар. Ал жазатайым соның өзіне жолың түс­кенде де қарадай-қарап ит жыныңды тырыстырмас па?! «Қайдан келдің, кімге барасың, қандай шаруа?» деп қарша­ дай қыздың ежіктеп емтихан алғандығына әзер шыдайтын еді ғой қайран Әбдімәлік. Сосын әдейі қитығады: «Қалтамды неге тек­ сермейсіздер?» «Не үшін? Сіздің қалтаңызды тексеруіміз ғана қа­ лып еді!..» «Кейіннен өкініп жүрмесеңдер болғаны...» Әлденеден секем алғандай бойжеткеннің жебе кірпіктері оқыс дір ете түседі. «Мейлі, ендеше маған да бәрібір. Жарылғыш затты біріншінің кабинетінің алдына тастаймын да кері кетемін. Айт­ тым, мен міндетімнен құтылдым». «Сіз де қатырасыз-ау!..» Міне, осы ғой, біздікінің бәрі осыған ұқсас. Ұсақ-түйекпен ғана күніміз өтеді. Оқиғаның арғы жағына тереңдеп бара бермейміз. Тым жалқау, жайбасарлығымыз өз алдына, тістесіп, жаттандылықтың жалынан және ажырағымыз келмейді. Үйреншікті құбылыстан қиыс бұрылғандардың тамырын басуға да мойнымыз жар бермейді. «Қойныма бомба қысып әкетіп барамын» деп Әбдімәлік те әлдене­ ше мәрте ескерткен. Тіпті бұған есік алдындағы милиционері­ңіз­ дің өзі селт етсе, кәнекей! «Әзілі ғойдан» әрі ұзамайды. Ғарыш айлағын облакиматтың қабылдау бөлімімен салысты­ рудың өзі күлкілі. Ой, оның несін айтасыз, екеуінің арасы жер мен көктей! Қиялмен қуалап та көз алдыңызға елестете алмай­ сыз. Заңғар, қанша созғыласаң да қолың жетпейді… Ой-хой, қолың жетпейді дегеннен шығады-ау, міне, былайша қарасаңыз, облыс әкімі мен Әбдімәлікті қатар қойып таразылауға бола ма? «Пәледен машайық қашыпты» деген, әсілі миды шатыстырмай мұндай теңгермешіліктен аулақ жүрген абзал. Не деп тұрсыз, облыс әкімі?! Облыс әкімі қара түгілі ханға сәлем бере ме бұл күнде. Керек десеңіз, аузынан от ұшқындар. Бетіне тірі пенде жел болып тимейді. Ол жүрген жердің бәрінде мәуелеген коммунизм, құмдағы гүл көшеттерінің өзі жайқалып, жеміс ағаштары бал­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бырап пісіп тұрады. Эх, облыс әкімінің қолын алу да кәдімгідей арман. Шайқалақтап жүргенде құдай салмасын, салмағынан жер ойылар. Алдынан жапа-тармағай жүгіре шығатындардың сүдіні де беп-белгілі: қол қусырып күтіп алып, иіліп-бүгіліп шығарып салатын өңшең мүскіндер. Сол әкімі құрғырдың бұтының ара­ сынан бал тамып тұратындай әлгі сақалы омырауына түскен ақсақалдардың өзі күйбең қағып, не немересін, не шөбересін өліптіріліп соның аяғының астынан өткізіп алады. Ал сіз... айдыңкүннің аманында, ұялмай-қызармай облыс әкімі мен қайдағы бір Әбдімәлікті теңестіресіз. Жоқ, мұныңызды тірі пенде естімесін. Тісіңізден шығармаңыз. Сіздің де бұл өмірден әлі үмітіңіз бар шығар, көрер жарығым түгесілмегей деп те тілейтін шығарсыз. Сол тілегіңізге жетіңіз! Ол үшін дереу әлгі райдан қайтып, ақылға келіңіз. Әлгіңізді әкім тұрмақ, әкімнің маңайындағылардың бірі қағыс естісе де мұрттай ұшасыз. Облыс әкімі мен түйе фермасының меңгерушісін теңестіру деген не масқара! Бұдан өткен кемсіту болмас. Ал сөйткен Әбдімәлігіңіз қызық болғанда ғарыш айлағы­ ның темір қақпасынан іркіліссіз арғы бетке өтеді де кетеді. Көз ілеспейді. Және кез келген уақытта. Шындығы сол, жер-көкке сыйғызбаған әкіміңіз Әбдімәлік секілді кез келген уақытта айлақ­ қа кіре алмайды. Ол үшін мың сан құжат толтырылады. Құ­ жатыңыз алдымен Мәскеуде тексеріледі. Оның үстіне әкім жал­ғыз жүре ме, нөкерлерін бергі жаққа тастап кетуге және көзі қимай­ды. Сонымен қойшы, айлақтағылардың да қабақтарын кірбің шалады. Артық жұмысқа кімнің қолы қышысын. Кіруін кірсін, ұшу ала­ ңының биік мінбесінен атмосфераға көтерілген зымыранды ор­ би­таға аман-есен шығарып салсын. Сонымен іс бітсе жақсы ғой. Әкімнің өзі қызығушылық білдіре ме, әлде көмекшілері ақыл қоса ма, кенет облыстан келген арнайы делегация тұңғыш ға­ рышкердің мұрағатын аралап шығайықшы деп ұсыныс түсіреді. Оу, көкешім-ау, бұл космодром, әлем құлақ түрген стратегиялық аса зор маңызға ие болған ғарыш айлағы көрме залы ма екен кез келгені кіріп-шыға беретін. Сірә, айлақ басшылығы да олардың космодромға аялдағандарын құп көрмейді. Осы күндері терро­ ризмі түскірдің қайдан бұрқ ете түсерін кім білсін? «Сақтық шараларын күшейтіңдер» деп Мәскеу күн сайын екі-үш дүркін пәрмен береді. Әлі мықты ғой Мәскеуіңіз. Әлі күнге дейін

ТАҢДАМАЛЫ айдаһардай ақырып тұр. Ал топталып келетіндер үшін Мәскеумен ақылдасқандары орынды. Әрине, салғаннан Мәскеудің де «әп, бәрекелді!» дей қоймасы белгілі. Сандаған сылтау айтады, бұл­ таққа салады. Әкімдегілер де тістесіп беріле қойсашы! Бұлардың арқа тірейтін көзірі – «Біз жергілікті халықтың өкіліміз» дейтін ешбір заңда жазылмаған қағида. Апыр-ай, осы қағиданың бір құдірет күші бар-ей қалай дегенде де. Дүниенің тұтқасын ұстап тұрғандай ісіп-кебетін айлақтағылар осыған келгенде сәл иіледі. Болар-болмас майысады. Ақыры келісімдерін береді, жергілікті тұрғындар атынан деген соң амалдары құриды. Ал сол ғарыш айлағының дәл іргесіндегі төретамдықтар болса, осындай мүм­ кіндікті орнымен пайдалана алмай зар қағып жүр әлі де. Басқасы басқа, олар алдымен Әбдімәлікті жау көрген соң, не үміт, не қайыр. Былай алып қарағанда, Әбдімәліктің қолында да мол мүмкіндік үйіліп тұрмаған болар. Дегенмен айлақтың ішінде жүр ғой. Басшылардың анау-мынау әңгімелерін естиді, әрі-беріден соң оларда да жүрек бар. Жергілікті тұрғындардың қайтіп өмір сүріп жатқандығын бес саусақтарындай біледі. Аздап аяушылық білдіреді. Әрбір зымыран көкке көтерілген сайын ептеп болса да, олардың да ұяттары оянады. Апталап соғатын қара дауылдың неден пайда болатындығын іштері сезеді-ақ. Бірақ тілдері қысқа, қолдары байлаулы. Әскери тәртіп аясынан алыс шыға алмайды. Оу, ондай-ондайды естімейтіндей Әбдімәліктің құлағы саңы­рау ма еді? Ұзынтұра полковникті айтпағанда, әскери шені одан сәл төменгілерімен де ара-тұра сырласады. Сырластыратын, әрине, Әбдімәліктің адам жатырқамайтын ашық мінезі мен сұлу көркі емес, жусан исі бұрқыраған шұбаттың арқасы. Жарықтық, шұбат шіркіннің адамның буын-буынын босататын бір керемет күші бар ғой. Бір сіміргенде-ақ көзің шайдай ашылады. Сол шұбаттың емдік қасиетін мұндағылар да біршама түсініп қалған. «Жиғантергеннің бәрін кептіріп, құрғатып ғарыш кеңістігіне жөнелте бергенше, біз­ді де өлтіремісіз, бізге де қарассаңызшы» дегенді ептеп сездіреді. Мәскеуге, үйлеріне демалыс алып баратындары Әбдімәлікті көбі­­рек айналсоқтайды. Оу, ымды түсінбейтіндей ақымақ па еді Әбдімәлік?! Екі-үш бөтелке шұбат кез келген тесік­ тен қиналыссыз өтеді де кетеді. Соның арқасында Әбдімәліктің де қолы ашықтығымен атағы шыққан. Бәрін айт та, бірін айт, Қа­ра­ қалпақстаннан әке­лінген қырық аруананың саулығын айт. Сүт­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ті де бұлақтай бұр­қыратып беріп тұр. Түйелердің тілін тапқан сауыншыларына да алғысы шексіз. Бала-шағаларының қызығын молынан көрсін дегеннен басқа не айтады. Шұбат әлі де талай қатқан қабақтардың сіреу мұзын жібітер. Әбдімәлік те ыңғайы келген тұсқа сына боп қағылуға дайын. Сіресіп жүрмейді. Әу бастан Алла тағала етін тірі ғып жаратқан. Оу, өз құлағымен естіді ғой, естімесе бір жөн. Алды қыс, бұл өңірдің алты ай аптабы қандай ыстық болса, қысы да арқадан қаға қоймайды. Үйітіп жібереді. Бетбақтың шөліндегі сирек сексеуіл онсыз да оталып біткен. «Төретамдықтардың биыл­ғы қысқы көмірлерін мойнымызбен біз көтерейік» деп айлақ­тағылар алдын ала ақылдасып қойғанды. Аудандық отын-су базасы тапсырыс берсе бір жөн ғой, атағы дардай космодромның тілін алмайтын қандай үкіметіңіз бар. Қа­ йырымдылық істеген екенсің, ұмытылмайтындай, айтып жү­ре­ тіндей сауабын да бірге қарастыр. Ендеше төретамдықтарға Қа­ рағандының оңай жанатын тас көмірін түсіріп беру қажет-ті. Қарық болсын бір жолға. Бекет іргесіндегілердің бар тізімі Әб­ дімәліктің қолында. Сұраған күні-ақ сарт еткізеді. Күзге қарай дария суы өздігінен көтеріледі. Биыл бұйырса дарияға баржа түспекші. Өзен флотының бар шаруасы да бекет бастығы Қаражанға жүктелген. Қаражан ана жолы дарияға түсетін баржа әкелмекші болып Финляндияға барып келді. Баржаны сонда соғады екен де. Облысқа түсірілген көмірді Төретамға дейін баржамен тасымалдау өнімді әрі тиімді. Оу, жергілікті тұрғындардың статусы да орнымен қолдана білгенге әжептәуір көмек қой. Оны да айқайламай, кәдімгі майдан қыл суырғандай етіп, дұрыс пайдаланайық деп талай қақсады ғой Әбдімәлік. Әбдімәлік айтса ақылын айтады. Әрине, Әбдімәлікте де ішін жарып бара жатқан артық ақыл қайдан болсын. Дегенмен, жақсылы-жаманды екі ортада жүрген өкіл. «Төретам –құдайдың оң көзі түскен киелі мекен. Оу, құдайдың оң көзі түспесе өстіп, бұл маңға айлақ қоныстана ма. Ұрыспайық, таласпайық. Иә, ғарышты игердіңіздер, әлі де игере түсіңіздер деп арқаларынан қағайық қайта олардың. Қағайық та өз мүддемізді іске асырайық. Кос­модром бізден алатынын алып болған, ендігі кезек біздікі. Біз ұтылмайық, біздің кеткен есеміз ұшан-теңіз. Соның орнын толтырайық» деп, айтуын айтты ғой соры қайнаған Әбдімәлік. Шамасы жетсе әлі де айтар. Бірақ кейде оның айтқанына қарсы

ТАҢДАМАЛЫ әрекет жасап, ақыр соңында аймандай боп жер сипап отырғандары. Ал енді не болды? Ойбай-ау, бұлардың ереуілдеген не теңдері-ай, а?! Міне, тамаша! «Сол ереуілдегендерінің арқасында үйлеріне тегін көмір түсіріп алдыңыздар. Қарағандының отқа жанғыш тас көмірін! Мықтысыңдар ғой сендер, тағы ереуілдеңдер естерің танғанша!..» Жә, облыс әкімі де құрып кетсін! Бәрінен бұрын басы бүтін бері бұрылған тас көмірді айтсаңшы! Тас көмір шартақтарына кіріп келе жатты да, кенет іркіліп қалды. Өздері кінәлі бәріне. Ендігілері қашпаған сиырдың уызы. Ызбай жараның орны бітелгенше қыс та өтер, жаз да шығар. Келер жылы айлақтағылар ондай кісілік танытса сол-ақ. Ереуілшілердің дүбірі әзірге басылмас. Басылуы басылды ғой бір жолға. Өзі, өзі! Соның бәріне томпаңдап, қол баладай Әбдімәлік жүгірмесе өздігінен бітер ме еді?! Жо-жоқ, одан Әбдімәліктің белі шойырылып, іске алғысыз болып қалмас. Әрине, ыңғайсыздау тұстарына да шыдамдылықпен арқасын тосар. Жеңіп шықты ғой ақыры. Мұнан бір жұма бұрынғы ескі мәшиненің ішін­де тер сасып, пысынап отырған тірлігін қас жауына тілемес. Ой, көрді ғой талай сойқанды! Сонан бері өзі де біртүрлі. Көңілі де көтерілмей-ақ қойды. Шаршайды, күрсінеді. Тұла бойын әлдебір әлсіздік буып алған. Тістерін қышырла­ тып, әлденеге іштей ренжиді. Көз алдынан үнемі елес жүгіреді. Өзін-өзі қинап ән салайын десе де, ар жағынан қоңылтақсып еш нәрсе көріне қоймайды. Әуіттің түбіне шым батып, шынымен... шынымен-ақ тірі пендеге көрінбей, жер астындағы тұрба бойын қуалап, Қамбаш көліне жетіп, қарамды батырайыншы деп те ар­ мандаған. Бірақ құдай ол тілегі орындалып тұр ма. Әуіт пен Қамбаш көлін жалғастыратын тұрба құрылысын да шоттың тасына салып есептеген. Тым қол жетпеске ұқсамайды. Алдымен трактормен із салып алса, кейінгісіне жұмысшы жалдар. Маусымда жанжақтан кәсіп іздеп, ағылып келетіндерге жер қаздырасың ба, отын шаптырасың ба, шөп үйгізесің бе – бәрібір, ақысын молдау төлесең боқысын шығарады. Ойпыр-ай, тұрбасы дайын болса сол жолы-ақ әуітке түсіп, Қамбаш көлінен бір-ақ шығар еді-ау. Оу, қора-қопсысын белуарына дейін құм басқан қараша үйден қара бет боп шыққаны кеше ғана емес пе?! Ондай сұмдықты енді қайтып көрмей-ақ қойсын. Әбдімәліктің абырой-атағы да түкке жарамады. Ангор ешкісінің ақ түбітін иіріп, қаққан қазықтай

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қадалып отырған соқыр кемпір еш жаққа мойын бұрмаған күйі Әбдімәлікті түбіт арасындағы шоғайна, түйін секілдендіріп түкі­ ріп тастады. Тіфу! Қабағынан болар-болмас оғаш қимыл білінсей­ ші! Арғы-бергі жол-жоралғыға салғанда азамат басымен Әбдімә­ лік келіп тұрған жоқ па?! Орайын келтіріп, тізесін бүгіп, қазалы оқиғаны еске түсіріп, көңілін білдірмекші де болған. Жұбату сөз айтуға Әбдімәліктің де бір кісідей шеберлігі жетеді. Екі кештің арасында сондай оқиғаға тап боламын деп кім ойлапты. Артына да қарамады. Кейуанаға сәлем бергені де, бермегені де есінде жоқ. Аңқау басы ардың-гүрдің жетіп барып, қолын алып, тізе бүгіп иілмекші де болған. Лезде кеудесін оқ тесіп өтті. Есеңгіреп, құлап бара жатып, бойын әзер тежеді. Басын шайқады. Соқыр кемпірдің кемиек аузынан шыққан сөзінің тым зілбатпан ауырын! Айт жоқ, той жоқ, айдың-күннің аманында ит қосып айтақтағаны. Үстіүстіне жүрегі сұққылады. Оу, бұрын-соңды мұндайды естіп, көріп жүрсе тістеніп, үнін шығармастан шыдамдылықпен қабылдар еді ғой бір жолға. Әбдімәлік өзін күресінде жалғыз қалғандай сезінді. Шынымен жалғыз екен сөйтсе... Қолынан жәрдемдесіп демеп жіберетін де тірі жан табылмады. Балаларын ойлады жанжақтағы. Балаларының осындай сәтте еске түсе қалғандығына өзі де қайран. Бәрін жақсы көргендігі соншалық, әкелік мейірімі үстіүстіне молайып, бірін қалдырмастан құшағына алып, қаттырақ қысқысы келді. Мейірленіп беттерінен сүйгісі келді. Оу, бала дейтіндей Әбдімәліктің есебінен жаңылатындай балалары көп пе еді соншалық? Әнуарбегінің әзірге өлі-тірісі белгісіз. О бастан бір құдайға тапсырған. Тірі жүрсе бір кездесер. Кездеспесе де өкінбейді. Дұрысы, кездеспеген. Сірә, әкемді бір көруге зар болып қалғаным-ай деп үлкен ұлының да емешесі үзіліп жүрмеген болар. Ортаншысы Әділбек, облыс орталығында тұрады. Үйлі-баран­ ды, екі-үш баласы бар. Түбі мені Әділбек қамқорлығына алатын шығар деп үміттенетін-ді. Өзі де пысық болып өсті ғой. Алматыдан оқу бітірді. Сөйтіп ауылға жоламастан облыс орталығында қа­ лып қойды. Қызметі де кез келгеннің қолына су құятындай емес. Келіншегі де тәрбие көрген жердің қызы. Мұнан үш-төрт жыл­ дықтың шамасында аталап, апта құрғатпай Төретамға келіп-кетіп тұратын. Оу, Төретам мен облыс орталығының арасы жүрдек поез үшін немене? Ертеңгісін отырса кешкілік Төретамнан табы­ лады. Сол баласы бар болғыр, қазір Әбдімәлікпен қатысуын

ТАҢДАМАЛЫ пышақ кесті доғарған. Өгей шешесі болған соң Патшагүл шет­ теткен шығар дейін десе, ондай қиянатқа да аузы бармайды. Обалы нешік, Әбдімәліктің балалары дегенде Патшагүлдің де шығарға жаны жоқ. Немерелері келсе алдымен солардың бабын жасайды шапқылап жүріп. Қой, бүйтіп жүре бермес, бала да, келін де ойланар. Адам-ау, әйдіңгірдей коттеджді Әбдімәлік кім үшін салғызды? Қаланың қуықтай пәтерінен жалыққан кезде немерелерім келіп, ауланы шаңдатып, асыр салып ойнасын, үйлеріне бір жасап қайтсын деген оймен тұрғызды ғой бар күшін сарп етіп. Әйтпесе, Патшагүл екеуінің сыймай жатқан нелері бар. Келінінің қайдағыны көкігені несі құлдығым-ау! Төретамға барса балалары ауырып қалады-мыс, үсті-бастарын жара қаптап кетедіміс, радиациялық сәулеге ұрынып қалады-мыс... Оу, осында өмір сүріп жатқан ағайыннан солардың жандары артық па сонда?! Ма­ құл, келін білместікпен айтса айтқан шығар, жанындағы Әділ­бек­ ке не көрінді? Радиациялық сәуле түскеннен тіл тартпай кететін бол­са, кезек алдымен Әбдімәлікке келмес пе. Ай сайын шапқы­ лап космодромға барады. Сәуледен сақтанатын киіміңмен де шаруасы жоқ. Ажал туралап келсе радиациялық сәулеңе қарай ма?! Бірден қағып түсірер. Міне, ұлына сөйтіп ренжіген Әбдімәлік. Қолына бір түсірер болса нашар туған сүмелек деп, жонынан таспа тілмекші еді. Біздің тұқымда әйелінің бетіне қарай алмайтын жасық тумаған дегенді де айтып салмақшы еді. Ал қызық болғанда, Әбдімәлік сол соқыр кемпірдің тірілей сойып салған айқайынан соң бүтіндей өзгерді ғой. Бір шұқым болып, лезде шөгіп кетті. Көздері боталап, төңірегінен жылы иірім іздейді. Сөйтіп, есіне алдымен балалары оралған-ды. Бәріне де асқан кешіріммен қарағысы келді бұл жолы. Мұнан былай бірін пәлен десе тілі кесілсін! Әділбекті де құшағына қысып, арқасынан қағып еркелетер еді. Келініне де «Өлмей-ақ Төретамның топырағында алшаң басып аман жүрміз ғой» дегеннен арыға бара алмас еді. Ауа толтырылған аппараты өзімен кетсін. Мейрамкүлін де жанына отырғызып алып, біршама сырласпақшы болды. Мей­ рамкүлдің ойынан шықсаң, тоққа қосылған ойыншық мәшинедей зырлап бір берер-ай! Әбдімәлік дәл осыған келгенде өзін де арашалап ала алмайды. Қызы ғылым жолына түсемін, кандидат боламын дегенде аузына су толтырып алғандай тұщымды уәж де айта алмады. Ескерту жасағаны да есте қалмапты. Радиациялық 5-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ сәуледен зәре-құты қалмай, немерелерін Төретамға аттатпай­тын келіні құрлы болсайшы ең құрыса! Мейрамкүл – экологиялық аймақтағы дала жәндіктерінің жетілу процесін зерттейтін биологғалым. Жетуін жетті ғой бала күнгі арманына. Оқу өтіп кеткендікі ме, әлде басқадай себебі бар ма, әйтеуір ара-тұра «шалықтап» кететін жаман ауру жамап алды. Ғылым жолына түсемін деп тұрмысқа да шыға қоймады. Оу, ала жаздай Бетбақтың шөлін аралап, шыбын-шіркей теріп, көбелек қуып жүрген адамға оңды күйеу жолыға ма? Жә, онысын қойшы, еркетотайлау өскен Мей­ рамкүл қанша бір есалаң болса да әкесінің бүйтіп жүдеген жүзін көргенде аяқ астынан бәйек болар да қалар? Балаларының ке­ регінің өзі осындайда ғой. Иә, айтқандай сонан бері Әбдімәліктің де сүлеленіп, қатарға қо­ сыла алмай жүргендігі рас. Ал әлгісі өзін-өзі алдарқатқысы келген титімдей жұбанышы ғана. Әйтпесе дені сау кісі өзін облыс әкімі­ мен теңестірер ме. Паром басындағы кикілжіңді де ұната қоймады. Мәнісі болыңқырамай тұрып кіммен жағалассын. Басы салбырап паромшының айтқанымен ғана жүріп-тұрды. Шақар шал әлгі көстеңдеген тікбақай неменің де жер-жебіріне жетті. Әбдімәлік оның бәрін ап-анық естіді. – Сен немене, қайдан шыққан әулиесің, а?! Қырық жылдан бері паром айдап келемін. Менің де өзім деген бір кісіні кезексіз өткізіп жіберуге правом бар шығар. – Кезек біздікі еді ғой. – Тәйт әрі, кезекпен жүргішін! Ал жыныма тисең тіпті паром­ ның маңына жолатпай қоямын. Шабасың ба, қызметімнен қуып жібересің бе? Әкімге барып арызданасың ба? Бар, баратын әулиеңе! Әлде менің орныма дайындап жүрген біреуің бар шығар? – Қайдағы? – Жүні жығылып оның үні де бәсең шықты. – Ендеше кө...іңді қысып, тыныш жүріңдер. Он мың теңгеге кім келуші еді. Арғы бетке жете бере Әбдімәліктің құлағына былай деп сы­ бырлады: – Қалай? – Мықты екенсіз. – Оу, паром айдағаныма биыл қырық жыл. Бәли, космодром­ ның өкілі мәшинесімен келіп, қаңтарылып күтіп тұрса... жоқ кө­кешім, сізді күттіріп қойсам... Әлгілер оттайды әншейін. Оу,

ТАҢДАМАЛЫ Әбдімәлікжан-ау, олар кім, сіздің тырнағыңыздан садаға. Тыңдай берсең төске өрлейді. Ал жолың болсын, кешкілік осы маңнан күтіп алармын. Әлде... түйе фермасында қона жастанып, ертең қайтамын десең де ерік өзіңізде ғой. – Жоқ-а, қайдағы қона жатқан. Екі-үш сағаттан соң... Қамыс қостағы үстелінің үстіне есеп-қисап толтырылған әлдебір қағаздарды сүлесоқтау ысыра салды. Белдігіндегі рация қорабын шешіп жанына қойды. Жейдесінің тамақ түймесін ағытты. Аяғын созып, жанындағы құс жастыққа жантайды. – 8 – Оқыс оянып кеткендігіне өкінді-ай! Өстіп алаңсыз ұйықтай бергенде, кәнекей! Оу, Әбдімәлікті осы тұрғанда «бол да болдың» астына алып, төсегінен түрткілеп оятып жатқан біреу бар ма? Әлде айлақтағы әлемдік мәселелер шешілетін кәделі жиналыстан қалып қоймайын деп алаңдай ма? Жә, оған бола бекер шаршамаңыз, оларға Әбдімәліктің болар-болмас көмегі қажет екен, жеті қат жер астына түссе де тап бастырмай тауып алады. Және жау қуып келе жатқандай дедектеткенде сұрамаңыз. Ай, бірақ Әбдімәлік те пенде ғой, бәрібір... солар екі-үш күн әдейі қитығып іздемесінші, көңілі кәдімгідей қоңылтақсиды. Ісі өнбейді, себепсізден-себепсіз үйге де бір кіріп, бір шығады. Патшагүлдің барын салып пісір­ ген тамағынан бір үзіп, ауыз тиюмен шектеледі. Жиек-жиегіне зер жалатқан кәрлен кесе толы шұбатты да кері ысырады. Атама­ ңыз, атай көрмеңіз, адам-ау, қапелімде айлақтағылар Әбдімәлікті ке­рексіз деп танып, кеудесінен кері итерсе көзі алақтап қайда барады? Мұның ақ-қарасын кімнен сұрайды? Онсыз да маңайына шыбын жолатпайтын айлақ Төретамның байырғы тұрғыны Әб­ дімәлік үшін біреуге жауап бере ме? Өзін-өзі сырттай қомпитып жүргендігі болмаса, Әбдімәлік те осындағы қаймана қазақтың бірі. Түнемелікке қарай төбеңе қарасаң аспан әлеміндегі шүпірлеген жұлдыздар көз алдыңда ағып-түсіп жатпаушы ма еді. Міне, сол жұлдыздардың біріне айналады да шығады Әбдімәлік. Бүгін бар, ертең жоқ. Осы тұсқа келгенде жүрегі шынымен шаншып ауырады. Кірпіктері дымқылданып, әлсін-әлі көзімен жер шұ­ қиды. «Ғарыш айлағының көлеңкесін көрмегендердің де көш­ тен қалып, өліп жатқандары шамалы ғой. Солардың қатарын көбей­тер мықтаса». Бұл – Әбдімәліктің сыртқы бітім-болмысы.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Ал ішкі әлемі алай-дүлей, дарияның көктем мезгіліндегі дүние­ні жайпап кететін арынды ағысындай, бір ойын бір ойы баса көктеп кимелейді. Бірінің үстіне бірі шығып, сеңдей соғылысып әлсіз, қалжыраған дімкәс денесін аяусыз мыжғылайды. Бір ересен күш кеудесін қақыратып, бұзып-жарып кететіндей, үсті-үстіне ты­ нысы тарылады. Қан тамыры білеуленіп басына тебеді. Ыстығы көтеріледі. Әбдімәлік те өзінің осалдығын сонда барып аңғара­ ды. «Көрген-баққаным космодром ба еді, ата-бабам космодромсыз да күн көрген. Облысқа барсам кез келген мекемеңіз қағып әке­ теді. Асылы, Әбдімәліктей маманды тауып алыңыз!» деп қоқаң­ дайтындығы да бергі жағы екен. Осыған келгенде кілт сынады. Кіндіктерін амалсыз байла­ ныстырып қойды ғой дегенді біреу-міреу естіп қоятындай іші­ нен күбірлейді. Одан әрі қазбалауды өзі де ұнатпайды. Сөйтіп жанынан бір елі ажырамайтын қоңыр қабы бар қолақпандай ра­ цияны алақанымен әлсін-әлі сипалайды. Айлақпен жеке басын байланыстырып тұрған кереметіңіз осы. Бүгін соның бәрінен баз кешкендей. Тілеуіңді бергір, рация­ ның қоңыр дауысынан да жалыққан. Үндемесе тіпті алақай! Иә, өзі айтқандай керек екен, олар жер астына кіріп кетсең де тауып алады. Тұла-бойы жеп-жеңіл. Кешелі-бергі ауыр ойдан да құлантаза айыққан. Қауқарсыздығына да кәдімгідей іші ашыды. Адамау, сол кейуананың сандырағын қыстырғаным бар ма деп, қолын бір сілтеп, түк болмағандай қайқайып тарта бермес пе?! Соқыр кемпірді мүлдем ұмыт, қора-жайын белуарына дейін құм басқан бәкене тамды қайта-қайта көз алдыңызға елестетіп неңіз бар?! Екі туып бір қалғаның ба еді, өнесі-ей?! Жарылқағанның келін­ше­гіне де мойын бұрма! Кісімсініп, әлдеқандай бола қалуын аяқ асты­ нан?! Түк көрмегендей танауын көтереді. Оу, айлақ басшылары тарапынан айтылған тапсырманы сүлесоқтау орындайтындай Әб­ дімәліктің төрт құбыласы тіреліп тұр ма еді?! Айтылды, өл-тіріл орында. Орындады ғой және жүз пайызға! «Бұл елдің арасында менің де азды-көпті беделім бар, үлкен шаруашылықты аяғынан тік тұрғыздым, ағайын да азды-көпті сыйлайды, сондықтан кез келгенге қол баладай жүгірте бермеңдер» десе де бір жөн ғой. Құдай көрсетпесін, мұныкі тек ләппай! Түсіндірме қағазын да қоса тапсырған. Қазір екі жақтың да ұпайы түгенделген. Ереуіл­ дейтіндердің ендігі еркеліктерін ешкім көтере алмайды. Ондай

ТАҢДАМАЛЫ демократияңды ұрып қойыпты! Жұрт космостық альянстың бағдарламалары бойыншы жоспардағы зымырандарды аман-есен орбитаға қалай шығарамыз деп жанығады. Ал төретамдықтарға ойын керек. Осы ойынның артында әлемдік бәсекелестік бұғып жатқандығын, біреулердің алақандарын ысқылап, Байқоңыр айлағындағылар қашан бір жерден кемшілік жіберер екен деп локатрдан көз алмай қадалып отырғандығын түсінбейді. Немесе түсінгісі келмейді. «Жергілікті халықтың құқықтары аяусыз тап­талуда» дейтін интернеттегі жалғыз жол жазудың өзі-ақ жержебірлеріне жетеді бұлардың. Оу, мұхиттың арғы жағында да Байқоңыр секілді алып ғарыш айлағы бар. Қаражаты төленген соң заңғар көкке қандай зымыранмен көтерілсе де бәрібір емес пе. «Байқоңырдағылар жақын маңдағы қазақ ауыл азаматтарының өз заңдылықтарын талап еткендері үшін ауыз аштырмастан тоғытып түрмеге қамап жатса, еріккен туристердің екпіндері басылып-ақ қалар. Ұлы даланың бір пұшпағындағы атақ-даңқы жер жарған ғарыш айлағы өздеріне тиесілі титімдей шаруаның тігісін жатқыза алмаса, солай қарай несіне жүгіреді далақтап. Тартылыс күшінің аздығын, бұл аймақтан атмосфераға кідіріссіз көтеріле алатындықтарын және тағы толып жатқан сондай мүмкіндіктерін жіпке тізіп қайтеді. Ал бұлар сол өңірмен бүкіл тіршіліктері біте қайнасқан жүз қаралы түтіннің тілін таба ал­ майды. Ой, масқара-ай! Міне, Байқоңырдың басынан бағын тайдырайын десе, осының өзі-ақ талай мәрте жалаулатуларына жетпей ме? Оу, айлақтағылардың да кеуделерінде жаны бар, төтенше жағдай қалыптаспай тұрғанда нақты іске көшсін ендеше. Біріншілерін кешірген, «демократиялық үрдістен үйренгендеріне қысым жасамай, алыстан аңдысын аңлаған. Жә, бопты бір рет темір жолға «шабуыл» жасағандарың да тақияларыңа тар келмес, осымен тоғарайық қалжыңды!» Екінші рет аяушылық болмайтындығын Әбдімәлік түсінуін түсінер ғой, ал бәрінен әлгі көк соққандардың бұған қалай қарайтындықтарын айтсаңшы?! Айлақтағылар Әбдімәлікті әдейі қақпайлап, бір бет қағазды да сол үшін жаздыртып алған жоқ па?! Ендігісін өздерінен көрсін... Бір жағынан рацияның үнсіз қалуының да түп-төркіні осын­ да-тын. Әбдімәлік те ойға-қырға шапқылап жүріп, біраз шаруа­ ның бетін қайтарған. Қамыс қостың іргелігі құлақа ұрған танадай. Сауыншылар аяқтарын ұштарынан басады. Ыдыстардың да

Қуаныш ЖИЕНБАЙ дыбысын шығармайды. Түйе сүті құйылатын ағаш бөшкелер төң­ керіліп, түйелердің өрістен құлауын күтіп тұр. Күзетші иттерді де қораның арғы жағына апарып байлаған. Көрінген қараға шабалаңдап, тұра ұмтылатын бөрібасарлар Әбдімәлік көкеміз армансыз демалсыншы дегенді қаперге ала ма. Түйешілердің су тартатын моторды іске қоса алмай діңкелері құрып жүр. Цемент суаттың маңайынан үш-төрт қара қарға ғана қалбалақтайды. Қуып жіберсе бір нәрседен құр қалғандай қайтадан ұшып келеді. Көлеңкеде отырғандардың бірі он екінші калибрлі бір атардың құлағын қайырып, табанда тарс еткізбекші болған. Екіншісі ыммен жасқап, сұқ саусағын әлсін-әлі аузына апарып, «Ой, ессіз неме, мылтық атып қарға үркітетін уақытты тапқан екенсің» деп ішінен бұрқылдады. Түйе фермасындағылар Әбдімәліктің манағы түксиген қаба­ ғынан тіксініп қалған. Бұл құбылысты әркім әр саққа жү­ гіртті. Айлаққа апарған сүттің ішінен бір тал қыл шықса да бас­ шыларының көзіне көк шыбын үймелетер. Айлақтың шіреніп қалған шенеуніктері ондайға жүрдім-бардым қарамайды. Әскери тәртіп бәріне ортақ. Зертханадағылар құдды жылан көргендей үрпиісіп, жалғыз тал қылды арнаулы аппараттың күлгін сәулесі­ мен тексерер, микроб түспеді ме екен деп микроскоппен үңілер. Олай тексерер, былай тексерер. Ақырында қолға ұстайтындай кем­шілік таба алмаса да, әлгінің өзін кездейсоқтыққа балап, жылы жауып қоя салмас. Әне, сол... ондайда Әбдімәлік демалып жатыр ма, әлде жақын-жуық ағайынының жаназасында отыр ма, оларға бәрібір. Қоңыр рацияның төменгі толқынындағы бір тетігін быртиған саусағымен басып қалады. «Дереу шақыртыңдар Әбдімәлікті?..» Тұс-тұстан жабылып талап жеуге шақ қалар. Бірақ Әбдімәлік әу бастан Төретамның тұзды шаңдағы мен қапырық ыстығына қақталып өскен шыдамды азамат қой. Анау-мынауды сөз етіп, түйе фермасындағылардың жүйкелерін жұқартып не істесін?! Ай­лақ басшыларына айтар өкпе-реніші болса сол жерде қалдырады, жамандықты бергі бетке сүйрелемейді. Шынтуай­ тына бақ­қан­да, түйе фермасындағылар Әбдімәліктің ет жақын ағайындары емес, көбісін жөндеп танымайды. Қарақалпақстан­нан атажұртқа көшіп келгендермен азырақ әңгіме-дүкен құрған-ды ана жолы. Түйе күтімін әрине, төретамдықтар да бір адамдай түсі­нер. Жарықтық Ойсылқара тұқымы аса көп күтімді де қажетсінбес. Суы

ТАҢДАМАЛЫ мен шөбінен қолтарлық жасамасаңыз, басқасына бас ауыртпайды. Осы тұста Әбдімәліктің де бір қулығы пайдаға асқан. Арғы жағы Түркістан, бергі жағы Сұлутамға дейінгі аралықты поезбен емінеркін аралаған төретамдықтар шеттерінен сұңғыла ғой. Айлақтың жағдайын шеуілдекше шағады. Коммерциялық мақсатпен ұшырылған зымырандарды да саусақтарын бүгіп санап жүреді. Өз бастарына көк тиын пайдасы болмаса да зымырандардың есе­ бінен жаңылмайды. Оның бер жағында олардың жасының да, кәрісінің де Әбдімәлікке еттері үйренген. Ақыр соңында қыл­ тың-сылтыңдары түгесілмес. Ал сырттан келгендер ұялса да сы­ пайыгершілік сақтайды. Оу, Әбдімәліктің тағы бір дымының құритыны, түйелер болғанда шуда жүндері бұрқыраған, шөлге шыдамды жай түйелер болса бір сәрі ғой. Сол Қарақалпақстаннан әкелінген аруаналардың жағдайын бір білсе, тек осылар біледі деп шешкен. Ол жағынан қателеспепті. «Сіздер өз шаруаларыңды біліңдер, қалғаны менің мойныма жүктелсін» деген-ді Әбдімәлік. Сол уәдесінен айнымады. Түйе фермасындағылардың жағдайлары бұл күнде ханға сәлем бергендей. Абырой болғанда Әбдімәлік жан-жаққа шапқылап жүріп, керекті техникаларды да молынан қамтыған-ды. Су тартатын моторларына дейін сартылдап жұмыс істеп тұр. Қақырынып, түкірініп сыртқа шықты. Аспан төсіне ақ жолақ із тастап ұшқан реактивті ұшақтың жылдамдығын бақы­ лап біраз тұрды. Танауын қидың көңірсіген әдемі иісі қытықта­ ды. Дәу төбет құйрығын бұлғаңдатып келіп, аяғына оратылды. Бір түйешінің әйелі етегіне шалынысып, жез самаурынды апыл-ғұпыл далаға ала жүгірген. Қазанға тамақ салайын деген-ді. Әбдімәлік еш нәрсенің керегі жоқ, осы пейілдеріңізге де рақмет деп қолын кеуде тұсына апарды. Басшыларының сұлбасы көрінген соң-ақ түйе фермасының тіршілігі орнынан оқыс қозғалып жүре берді. Бірінен соң бірі келіп, түйешілер де жапа-тармағай амандасып жатты. Әбдімәліктің манағыдай емес жайдары жүзін көріп, бәрі де іштерінен қуанысып қалды. Шынымен қидың иісі ме, дария бойындағы ауаның тазалығы ма, әлде тірі адамға болмасын демейтін мына момын түйешілер­ дің қарапайым ниеттерінің белгісі ме, әйтеуір екі-үш сағат болса да алаңсыз ұйықтағандығына көңілі кәдімгідей марқайған. Орайы келсе әлдекіммен әзілдеспек те ойында бар-ды. Бірақ фермадағылардың бәрі өз жұмыстарына құмбыл кіріскен. Әбді­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ мәлік миығынан күлді. Әлдене есіне түсті... Мұнан үш-төрт ай шамасында осы қоста түйешілермен шұғыл жиналыс өт­ кізген-ді. Жұрттың бәрі мұнысы қалай деп аңтарылып қал­ды. Әдейі істегендей, Әбдімәліктің түйе фермасына ешбір қаты­сы жоқ қайдағы бір әңгімелерді айтып, табандап отырып алғаны. Қос­тағылар Әбдімәлікке не айта қойсын. Бір-біріне көзде­ рінің астымен қарасып, мүлгіп тыңдағандай рай танытты. Бас­ шыларының айтуынша жақында өзіміздің ғарыштық стансамыз көкке көтеріліпті. Аспан әлемін шексіз кеңістікке теңестіріп жүргенімізбен, онда өзімізге тиесілі нүктелер болмаса, әркімге жалтақтаумен күн өткізетін көрінеміз. Жер үстіндегі тіршіліктің бәрі орбитадағы сол нүктелермен тығыз байланысты-мыс. Сигнал алдымен соларға беріледі де жерге сосын барып қайта оралады. Тіпті жер шарының қайдағы бір қалаларымен байланысқыңыз келсе де, алдымен сол нүктелерге сигнал түсіресіз... Қап, абдырапдабдырамай қалғанын қарапайым тілмен мыналарға қалай тү­ сіндірсе екен, а?! Осы тұсқа келгенде Әбдімәлік те әңгіменің бір жағын әзілге жеңдірді. Бірақ күлген жоқ, баяғы ұстамды қалпын өзгертпеді: «Сол иненің жасуындай нүктеңіздің өзі біздің күллі тіршілігімізді өгіздей алға сүйрелейді. Біреулер оны миллиондап ақша төлеп сатып ала алмай жүр. Бұл әсілі, мен үшін де жаман болған жоқ. Түйе фермасындағылардың не істеп, не қойып жат­ қандарын бақылайыншы деп, осылай қарай күндіз-түні шап­ қылай берсем нем қалады? Кімнің қандай шаруамен айналысып жатқандығын үйде, Патшагүлдің қою шәйін сораптап жатыпақ айна-қатесіз көре аламын. Ал маған мұнан басқаның қажеті не?.. Мен туралы кімнің не ойлайтындығы да қолмен қойған­дай сартылдап, сол нүктеден сигнал арқылы жерге беріліп тұрады!..» Түйе фермасындағылардың Әбдімәлік сөйтіп әлдеқашан зәреқұттарын алып қойған. Олар әлі күнге дейін Әбдімәліктің аспан әлеміндегі сол нүктелерінен өлердей қаймығады. Дала қазағының аңқау мінезіне мұнан артық не дерсіз?! Әбдімәлік бар шаруасын тап-тұйнақтай етіп тындырған кісіше қоңыр көз әйнегін тұмсығына іліп, қайтуға ыңғайланды. Түйе фер­ масындағылар аң-таң. – 9 – – Көрдім деңіз, Әбдімәлікті шынымен көрдіңіз ғой, – деп Қара­ жан сенбестік танытқандай тағы да қайталап сұрады.

ТАҢДАМАЛЫ – Оу, шырағым-ау, басқа шаруаға шамамыз келмесе де, әзірге көзіміз сау ғой. – Паромшы да іштей қитықты. – Байқамай қалған жоқсыз ба? Көп жүргіншінің арасымен сып ете қалса... ол сорыңды ұрайын қатынының жанына барып жан­ тайып жатса... Ал мен күнге күйіп, соның жолын тосып жүрсем. – Адам-ау, Қаражанжан-ау, Әбдімәлік пе айтып тұрғаның? Сол Әбдімәлікті, күнде көріп жүрген Әбдімәлікті мен неге танымай қалуым керек, а?! Және мұнан үш-төрт сағат бұрын өзім қолынан жетектеп, кезектен тыс арғы бетке өткізіп жіберсем. – Мықтысыз ғой. – Қайтар уақытын айтқан жоқ па? – Оу, шырағым-ау, Әбдімәлік маған есеп бере ме?.. Жоқ, тоқ-та, тоқташы, иә...иә, – Паромшы тершіген маңдайын сүртті, денесін тіктеді, – айтқан жоқ, өзім сұраған екенмін ғой, есімде. Түйелі ауылдан қона-жастана аттанатын шығарсыз деп әншейін сұрай салғам. – Ол не деді? – Қайдағы қона жатқан, кештете қайта оралармын деген. Құ­ лағым естиді ғой әзірге. – Көрерміз. – Сарыла күтіп жүргеніңізге қарағанда төтенше шаруаңыз бол­ ды-ау. Түсінемін, түсінемін, – деп міңгірледі артынша. – Нені түсінесіз? – Оу, Қаражанжан-ау, Төретамның еңсесін көтеріп тұрған еке­ уіңіз емес пе. Әлгі жаман немерелерімнің бірі жерді үш кит көтеріп тұр деп менің басымды айналдырушы еді. Артық-кемі жоқ, сіздер де кит секілдісіздер ғой, Төретамды көтеріп тұрсыздар. – Өй, суқит-ау! – Несіне суқитам, сіздер секілді азаматтар болмағанда Төретам бүйтіп қалқиып тұрар ма еді, тұрмас па еді, кім білсін. – Төретамды жер жұтып кетеді деймісіз? – Жер жұтпаса да жұтқысы келетіндер табылар. Жаман ойым айтады-ау, бірақ мені кім тыңдап жатыр... – Тыңдап тұрмыз ғой. – Тыңдасаңыз былай, көп болса жаман шалдың бір сандырағы дерсіздер. – Қайдағы сандырақ? Сіздің де бір бармағыңыз ішке бүгулі ғой. – Мейлі, солай-ақ болсын.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Оу, нені әңгімелеп тұр едік өзі?.. Иә, айтқандай сіздерді мақ­ тап шапан дәметіп жүрген жайым жоқ. – Бір шапанға татитын уәж болса неге жаппасқа. – Жоқ, жо-ға, шапаны бар болсын. Міне, күн батып барады, шыным... Жалған сөйлеп не қылайын. Сіздер... Әбдімәлік екеу­ ле­ріңіз болмағанда Төретамдағы ағайындарыңыз қоңыз теріп ке­ тер еді баяғыда-ақ. Біздің де өстіп тікейіп жүргендігіміз сіздердің арқаларыңыз. – Көпшікті тым қалыңдатып жібересіз-ау. – Қалыңдатсам, қалыңдатайын... – Тоқетері? – Тоқетерін айтсам, сіздер болмағанда космодромдағылар Тө­ре­ тамды әлдеқашан-ақ жермен-жексен етер еді. Оларға керегінің өзі сол ғой. – Әңгімені саясатқа араластырмаңыз. – Қайдағы саясат, саясат мені, мен саясатты қайтпекпін? – Қой, мен жүрейін, Әбдімәлікті екі сағат тапжылмай күттім, риза шығар. Көрсеңіз, «өте қауырт шаруасы бар білем» деп және үстемелеңіз. – Оу, айтамын, айтам ғой, оны айтпағанда... аман жүріңдер, әй­ теуір. Қайдан тосады дейін. – Бірінші баржада, асханада. – Түсінікті. – Несі түсінікті? – Жәй... Паромнан түсіп бара жатып, Қаражан қайта-қайта басын шайқады. * Әбдімәліктің жанынан әлдене гүрс құлағандай әсер етті. Оу, береке тапқыр-ау, жұлдызы жыпырлаған зеңгір аспанның бір бүйірлеп құлап бара жатқаны қалай: ғарыш айлағының зыр қағып тұратын қуатты прожекторлары да сөніп қалған. Төңірегі тастай түнек. Қайда жатқандығын біразға дейін есіне түсіре алмады. Түсіруі де мүмкін емес еді. Миы солқылдап аузына түскендей, көк желкесі тұтасымен бүріп ауырғанда жанын қоярға жер таппай қиналды. «Мына азаптың темір торына қайтіп тап болдым» деп ыңырсыды. Қос шекесін әлдекім аяусыз бұрғылап жатқандай.

ТАҢДАМАЛЫ Жүрегі айныды. Лоқсығанда ет-бауыры езіліп, ішіндегісінің бә­ рін сыртқа шығарып тастайтындай екіленді. Енді бірде аяқ-қолы бүрісіп, дірдек қақты. Ащы запыранның улы зәрін ары жұтуы мүмкін емес-ті. Жатқан жері де қолайсыз, үшкір нәрсе бүйіріне қаттырақ батады. Аударылуға да дәрмен жоқ, еркін көсіле ал­ майды. Енді бірде тамағы кебірсіп, тұманың мұздай суын ішкісі келді. Сонда барып тұла бойына біртіндеп жан енетіндігін сезінді. Тұ­ маның мұздай суын Әбдімәліктің аузына кім тоса қойсын. Міне, сәл тыңдашы, естідіңіз бе, адам-ау, дарияның соқпа тол­қындары құ­лақ түбінен қоңыраулайды. Сылп-сылп. Көбігі кір­леген, дария­ ның лай суын да Әбдімәлікке қимағаны қалай бұл ағайынның?! Әлдебіреулер үнемі айналы әуіттің таза суына шомылатын мық­ тының әуселесін көрейік бір жолға деп сыртынан сылқылдап күле ме, мазақтай ма. Саусақтарын шошайтып атағы аспан тірейтін әтібірлі азаматтың бейшара халін көріп, орнынан демеп тұрғы­зып жіберудің орнына «Тәубеңе келіңіз, жан-жағыңа қараңыз, бізден ірге ажыратқанда қандай ұшпаққа шықпақсыз» деп мысқылдай ма. «Оу, Әбдімәліктің өйтіп адами қалыпты бұзып-жарып шектен шыққан сәтін қайдан көрдіңіздер? Жөн-жөн, айтқандарыңыздың бәрі тұп-тура. Сіздерден бөлектенсем және ондай ойымның барын сездірсем, ертең де күн бар ғой, ертең-ақ орталарыңа алыңыздар. Жіберген кемшілігімнің бірін қалдыр­май дәлелдеңіздер. Кө­ ңілде­ріңізге келсе де айтайын, сырттай долбар, айдалада жүріп әлдекімдердің айтқанымен тон пішулеріңізді қой-ың-ыз-даршы! Өтірік көлгірсуді жаным сүймейді. Ал әзірге бір жұтым су беріңіздер! Тілім таңдайыма жабысып, сөйлеуден де, дем алудан да қалып барамын. Және бұлақтың мұздай суын іздестіріп, текке әуре болып қайтесіздер. Дарияның лай суы да жетіп артылады. Дарияның лай суы демекші, жағалауды ұрғылаған соқпа тол­ қындардың дыбысын естіп-ақ жатырмын. Бірақ оның қайдан пай­ да болғандығына миым жетпейді. Ми бүтіндей істен шыққан...» Өлуге болмайды. Шөл қысса шыдасын. А-а, айтқандай дария жағалауынан алыс ұзамаған секілді ғой. О-хо, міне есі кірді! Санасынан болар-болмас саңылау пайда болды. Ойпыр-ай, осымен біткен шығармын деп, бұ дүниеден бүтіндей күдер үзген-ді. Қалай, ә! Айтары жоқ, Әбдімәліктің пайдасына шешілген көп-көрім олжа ғой мұнысы. Ана жаққа аттанып кетіп, қайта тірілді. Тірі,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Әбдімәлік тірі! А-ха-ха-ау, аяқ-қолын арлы-берлі қозғауға да шамасы келді. Яғни, миының азды-көпті жұмыс істегені ғой. Бір бүйірлеген денесін шынтағымен демеп, шалқасынан аударылып түсті. Уһ! Бәсе, жұлдызды аспанды қапелімде жоғалтып алмауға тиіс еді ғой. Төңірегіне құлағын тігіп тың тыңдады. Түнгі ты­ ныштықтың пердесін жұлмалап, жолаушылардың жүрдек поезы ағып бара жатты. Төретамға тоқтамайтын поез жоқ-ты. Бірақ бірден жылдамдықты үдететіндей бұл бар болғырға не көрінді? Тастай қараңғыда қарманып жүріп, әлденеге қол іліктірді. О, жасаған, көрер қызығы таусылмаған пендені өлтірсін бе. Өстіп көмектеседі ғой ыңғайын келтіргенде. Дірілдеген саусақтарымен әлгіні әрлі-берлі сипалап көрді. Сол, соның өзі. Мынау дәу де болса біздің елде сирек кездесетін шетелдік сыраның қалбыры. Көз алдынан еміс-еміс бір нәрселер бұлаңдайды. Онысы бірде үзіліп, бірде жоғалып барып қайта жалғанады. Мана үлкен баржаның асханасы алдында Қаражан екеуі мұндай қалбырдың бірнешеуін төңкерген. Онда күн кәдімгідей жарық-тын. Қазір түн әрі аздап үрейлі. Кішкене қуаттың өзін құртып алмайын дегендей аса сақтықпен қимылдап, қалбырдың қақпағын тісімен жұлып алды. Алдымен ұртын толтырып бір жұтты, екі жұтты. Үшіншісінде өңе­ ші үзіліп кететіндей қайта лоқсыды. Жо-жоқ, жұтса ғана ұпайы түгенделеді. Самайынан ащы тер бұрқ етті. Көзінің қарашығы кішірейіп барып қайта ашылды. Тұла бойына болар-болмас жан еніп келе жатты. Мұндай сойқанның талайын бастан өткерді ғой Әбдімәлік. Ішті немесе біреулердің өлердей өтірік қолпаштауына құлай сеніп ішті. Ой, несін айтасыз, жалғыз бұл емес, бәрі ішті, құлап ішті, сұрап ішті. Әйтеуір аш өзекке түскен жегіқұрт башпайдан басқа қарай мысықтабандап өрлеп келе жатыр. Міне, соның бір айғағы – түн жамылып, арақ ішкендігіне өлердей өкініп, басын қос жұдырығымен тоқпақтап жатқан мына Әбдімәлік. Әйтсе де әлгі қалбырдағы сыра бір қажетіне жарады. Жалпақ тіл­мен айтқанда, мұның аты – кәдімгі «бас жазу». Мойнын да ар­ лы-берлі қозғауға болады екен. Қолын екі жағына кезек сілтейді. Басын сәл көтеріп төңірегіне қарайды. Дәу үстел маңындағы ағаш орындықтың бірі қисайып құлап жатыр. Ауыр баржаның артқы құйымшағына қоныстанған асхана есігі үңірейіп, бір түрлі үрей шақырғандай елестейді. Самаладай жанған жарықтың бірі жоқ. Біреу әдейі өшірді ме, әлде өзі сөніп қалды ма, ол жағын ажырата

ТАҢДАМАЛЫ алмады. Орнынан тұрғысы келген. Жә, ішті, тойлады, дүрілдедігүрілдеді, енді осы тойғанымен үйіне қайтқаны жөн шығар. Е, тура жанымнан әлдене құлап түсті дегені өзі екен ғой. Тапты, ура! Мың жылдық жұмбақтың шешімі табылды! Одан арғысы ақымаққа да түсінікті. Әбден араққа кеңірдектеген Әбдімәлік асхана аузындағы дәу үстелдің үстінде қисайып, сәл мызғып алғысы келген-ді. Осыған дейінгінің бәрін бес саусағындай анық біледі. Сәл мызғып алса, миға шапшыған удың орны ептеп тарқайды ғой. Бойы да жеңілденер. Тәлтіректеп аяғына тұрып көріп еді: буын-буыны үгітіліп, жас құрақтай былқылдай бастаған соң, ары қарай дымын шығармады. Мына түрімен мәшиненің рөліне қайтіп отырмақ? Көз алды тұманданып, түк көрмей жолдағы телеграф бағаналарының біріне періп кетсе саудасы бітер. Патшагүлдің көңіл күйін ойлағанда өкініштен тұла бойы үгітіліп, басын ағаш орындықтың арқалығына соғып алды. Ол бүгін, сөз жоқ, Төретамдағы танысбілістеріне телефон соғады, рация арқылы түйе фермасымен бай­ ланысады. Ондағылар бастықтың әйеліне өтірік айта ала ма? Қанша жерден қысылып-қымтырылса да болған жайды түгел баян­дайды. Күн барында Әбдімәлік «Мерседесіне» отырып, ауылға тартқан... Оу, дария жағалауынан санағанда Әбдімәліктің ауыл шетіндегі коттеджі мықтағанда он шақырымдай қашықта. Ол он шақырымды бөксесімен жылжыса да, бұл кезге дейін үйге жетіп жығылмас па. Жол бойы бір пәлеге ұшырап қалды ма, мәшинесінің майы түгесіліп, не доңғалағы жарылып қалды ма? Оу, Әбдімәлік дап-дардай азамат, оның үстіне Патшагүлдің жанын шүберекке түйіп, зыр қағып жүретіндігін жақсы біледі ғой. Ал қоңыр қорабы бар рация қашан болмасын жанында. Бір тетікті басып қалуға несіне қиналады. Манағы «концерттің» тұсында алдына мың қой айдаған Әбдімәлік рацияның қоңыраулағанын құлағына қыстырды ма. Арақ жарықтық буынға бір түспесін, түсіп алды ма ілгері қарай жүдемелете жөнеледі. Тоқтайын, осы тұстан тормоз берейін дейді бір ойы. Соның бәрін сезіп-біліп отырады да, кенет әзәзіл иектегендей бағыт-бағдарынан айырылып қалады. Бір ста­ каннан келіп-кетер не бар, әзірге ақылымнан алжасқан жоқпын ғой деп, көзін жұмады да тартып кеп жібереді. Ішке түскен удың зардабы көп айналмай сыртқа тебеді. Тұйық болсаң – шешенсің, ауыр болсаң – жеңілсің. Уәдені де үсті-үстіне үйіп төгесің. Баяғы соқыр кемпірден көрген қорлығың басы бүтін ұмытылады. Жұмақ

Қуаныш ЖИЕНБАЙ есігінің алдындасың, төрге озуыңа бір қадам ғана жетімсіз. Әдре­ сіңе бұрын-соңды естілмеген мақтау айтылады. Көзің бұлдырай­ ды, басың айналады. Соның артынша тағы бір рөмке төңкеріліп тү­седі. Маңдайың өстіп тасқа тигенде барып, саныңды бір-ақ соғасың. Үсті-үстіне тісіңді қышырлатып өзіңе ме, өзгеге ме, әйтеуір кімге өкпелеріңді білмей аһ ұрасың. Баяғыдан келе жатқан белгілі картина. Әбдімәлік көптен бері мұндай берекесіздіктен бойын аулақ ұстайтын. Осы жолы кімнің алдап соққанын түсіне алмай мәңгіріп, ауыр баржаның асханасы алдында адам аяғандай азапты күйге түседі... * – Ал, келдік, дайындаған неңіз бар? – деген-ді Әбдімәлік мана күн жарықта баржаның тепшігімен жоғары өрлеп келе жатып. – Неге болмасын, сен сұрағанда менің жерге қараған кезім бар ма еді. – Қаражан Әбдімәлікті қолдап көтеріп алды. – Күттім. Жөн білетін жігіт қой өзі білетін шығар деп, тағы да бір ай күттім. Оу, Төретамдағы елдің есебі бойынша іс білетін, шаруа танитын екеуміз-ақ екенбіз. – Ал содан? – Сөзімді бөлме, келіспейтін жеріңе кейін түзету енгізерсің. Айналайын-ау, мен сонау жер түбінен екі баржаны сүйреп әкеліп, есік алдына байлап қойған жоқпын ба?! Ендігі жерде темір жолды жау алмайды. Ол атамзаманнан бір жүйеге түскен сала. Енді өзен транспортымен айналысасың деп, мойныма тағы сондайлық қиын шаруаны іліп қойды. Арлы-берлі басымды алып-қаштым, жоғарғы жақтағылар «Сен, тек қана сенің қолыңнан келеді» деп табандап отырып алды. Жарайды, ағайынға мәпақа болсын дедім бір жа­ ғы. Ұлы дарияның өзегінен қан жүгірді, кіші теңіз толып келе жатыр. Шалқар теңізге ертеңгі күні ғарыш айлағындағылар әрбір зымыран ұшқан сайын вахталық стансасын қоныстандырады. Зымыран Төретамнан ұшады, Төретамға қайта қонады. Теңіздегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды айлақтағылар қазірден қолға алған. Жазатайым ғарышкерлердің бірі теңізге құлап түссе... атай көрмеңіз, Байқоңырда бұрын-соңды ондай жағымсыз оқиға болмаған және болмайды да. Баяғы шаңдағы шыққан жердің бәрін бүгінде су басқан. Жағалаулық жерлестеріміздің көз жасын

ТАҢДАМАЛЫ көретін де құдай бар екен. Екінші жағынан айлақтағылар да енді аспандамайды. Біздің өзен флотын тез арада ұйымдастыра білген шапшаңдығымызды олар да көріп-біліп отыр. Дария бойы, Кіші теңіз әзірге бейбіт елдің меншігінде. Вахталық стансасын біздің баржаға орнатпағанда теңізге әскери сүңгуір қайық түсіре ме? Ол қанша шығын? Біз бұл жолы олардың алдын орадық. – Пәлесіз, пәлесіз! – деді Әбдімәлік. Қаражанның іскерлігіне шынымен қайран қалды. – Өмір ғой... – Баржаны қайдан әкелдік дейсіз? – Финляндиядан. – Ол қай жақта, құлдығым-ау? – Ресейдің арғы шекарасындағы сыңсыған орман ішіндегі дәу­ леті шалқыған шағын ел. Қайық соғады, ағаш өңдейді, қағаз шы­ ғарады. Сонымен-ақ гүлденіп, жапырағын жайып, халқын үл­де мен бүлдеге орап қойған. Баржаны су жолдарымен қуалап осы жер­ге өздері алып келді. – Үлкен шаруа, айтатыны жоқ үлкен шаруа! – Шығыны да жетерлік. – Шығынының орны толар сіз секілді азамат аман тұрғанда. – Есептегенбіз... – Нені? – Ғарыш айлағының вахталық стансасын тиеп, дария арқылы теңізге түсетін жолды. – Апырай, ә? – Енді айлақтағылар бізге жалынсын. – Жердің астындағын ойлайсыз-ау, Қареке. – Енді қалай, жүрсең жүре бересің қалғып-мүлгіп... Көрімдігін алып, ұшып жетер дегенмін мен білетін Әбдімәлік болса... – Қарыздармыз, көрімдік біздің мойнымызда. – Міне, мұның жөн! Қаражан үлкен баржаның ана басы мен мына басын жаяу ара­ лап, Әбдімәлікке талай нәрсенің мән-жайын түсіндірді. Сол үшін мақтанатындығын да жасыра алмады. Кей тұстарда күліп, кей тұстарда текке өмір сүрмегендігін араға тықпалап, өзін көрсеткісі келгендей кеудесін кереді. Дарияның тағдыры мұнан былайғы жерде біздің қолда дегенді де шым-шымдап аңғартады. Судың өзі сатылуы мүмкін. Қаражан қара аспанды төндіріп келе жатады

Қуаныш ЖИЕНБАЙ да, бұлт арасынан жылт етіп көрінген күн сәулесіндей лезде жадырайды. Кейде қабағын түйеді. Қабақ түюінің артында атан түйе тарта алмайтындай зіл жатады... Төретам топырағынан қа­ рыс сүйем аттамай, өмірін осы өңірдің гүлденуіне арнапты. Темір жолдың да бар тауқыметін мойнымен көтерген. Жол бойының қара жұмысы кез келген пенде үшін қатардан қалмаудың қамқарекетіне жарайды. Ал Қаражан бөгде аудан түгілі мына тұрған Аралқұм бекетінен бір жұмысшы шақырды ма десеңізші! Оу, тамыр-таныстық қуаласа ағайын Аралқұмнан да молынан табы­ лар. Әйелінің төркіндері де сол жақта, үлкен қызы да сол ауылдың мәшинист жігітіне тұрмысқа шыққан. Бірақ Қаражан қасарысып, сөзге қалмаудың амалын қарастырды. Құлағының тыныштығын ойлады. – Алайық, алып отырайық, сізді үйге шақырып та қонақ етуге болар еді. Ал мына жер ыңғайлы, тыныш. Көзге де түсе бермей­ сіз. Аңдушылардан да ақкез құтыласыз. – Қаражан жүдемелетіп қыр­лы стақанға құйылғанды шімірікпестен тартып жіберді. Әбдімә­лік тыжырынды, төбе құйқасы шымырлады. Баржаның асхана­сы алдына жайылған көлдей дастархан үстінде не жоқ, құстың сүтінен басқаның бәрі бар. Қасқалдақтың бұқтырыл­ ған етінен бір рет ауыз тиді. Салқындатылған минералды судан екі-үш мәрте ұрттады. Осы маңға өзі де шөліркеп әзер жеткенді. Табақ-табақ жүзімді қайдан алдырғаны белгісіз және осынша аста-төк шашылудың қажеті не? Алма, анар дейсіз бе, толып тұр. Төретамның апталап соғатын қара дауылынан көз ашпайтындар мына дастарханның үстіне дөп түссе ішектерін тартып, қалқарази тірлік кешкен екі бастықтың жағаларынан ала түсер ме, кім білсін. Әлде екеуін екі жаққа итеріп жіберіп, түстеріне кіретін жемісжидекті қойны-қоныштарына тыққыштап, арттарына қарамай тайып тұрар ма еді. Қайда әлгі адамдарға еркіндік сыйлайтын дала демократиясы?! Әбдімәлік пен Қаражан қара халықтан оңашаланып, дария бойына жасырынып барып, әңгіме-дүкен құрады-ей! Ішкендері алдында, ішпегендері артында. Ойбай-ау, мына дастарханға Төретамның жарты халқын шақырып келіп, тамақтандыруға болады ғой. Екеуден-екеу, не айтады, не тауып айтады бұл шіркіндер?! Мұнан соң бұлардың әйел-балалары қалай тұрады деуге бола ма, өздеріне күллі жағдай жасап қойған ғой бұл жарағырлар!

ТАҢДАМАЛЫ – Осының бәрін сіз үшін дайындадым, – деді Қаражан. – Текке шашылғансыз, – деді Әбдімәлік. Және іштей қысылды. «Қаражанға қандай қызметім өтіп кетіп еді. Асты да адалымен ішкенге не жетсін!» – Жан-жағына жітілене көз тікті. Дария бойының кешкі салқыны жалаңаш денеңе майдай тиеді. Біртүр­ лі жеңілденіп, тыңайып қалғандайсың. Баяғыдай емес, жаға­лау­ дың біраз жері су астында қалған. Құм беткейге бауырын төсеп, қара майы күн ыстығымен еріп, теңкиіп жататын табанды ағаш қайықтар суға түскен. Жағалаудағы кешегі көз үйренген өлі тір­ шілікке болар-болмас өзгеріс ене бастаған. Ілгері өрлеп барып, адам аяғы тимеген қуыс-қолтықтың жасыл құрағын баудай түсіретін естияр балалар қайықтарын ағысқа қарсы еседі. Мотор орнатуға әлі ерте. Бақшалығына су ала келген біреу есек арбаның үстіндегі ағаш бөшкенің қақпағын ашты да шелектеп су құя бастады. Көп­ тен жегілмеген арбаның майланбаған доңғалақтары қозғалған сайын ойбайын салады. Есектің де қауқиған басы болмаса қауқа­ ры шамалы. Белі қайқайып, сирақтары тәлтіректеп манағыдай емес, су толы арбаны әзер сүйрейді. Алдыңғы жағы өрлеуіт. Соған жеткенде барып әуреге түсер. Әбдімәліктің тура айтқаны келді, қызыл алманың сөлін түтікпен сорғыштап отырып, Қаражанның назарын аудармастан, мойнын созып солай қарады. Төрт тағандап әзер жылжыған есек байғұсты әлгі есірік неменің неге сонша қам­ шылағанын түсінбеді. – Ішпесеңіз, көңіліңіз қаламаса өзіңіз біліңіз, ешкімді қи­ намаймын, – деп Қаражан әдейі қитыққандай екінші стақанды да біріншісінің ізінен аттандырды. Тұзды қиярды күтірлетіп ұзақ шайнады. Баржа үстіндегі бүйткен салтанаты құрып кетсін. Әбдімәлік­ тің де мазасы кетті. Мұндай боларын кім білген. Және Қаражан­ ның бұлайша құрмет көрсетуінің де жай-жапсарын түсіне алмады. Ал қалбалақтап отқа түскен көбелектей келерін келіп алып, енді аузын шағып алатын кісіше әр нәрседен бір үзіп, тым тартыншақ­ тап отыруы да ыңғайсыз екен. Тіпті азап. Тұрып кетудің де орайы жоқ. Дастархан аттағандай болмайын дейді бір ойы. Қайран қалатыны – Қаражан Әбдімәліктің алдында осыншалық «қарызы» барын бұрын неге байқатпаған. Уақыты болмады ма, қолға сирек түсетін дастархан жабдығының орайы келмеді ме? Қап, мұнысы қиын болды-ау. Желкесін қасып, маңдайын сипады. Қос баржаны 6-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ сонау жер түбінен әкелген Қаражанның ғажайып ерлігін қашан­ ғы айта берерсің: темір жол бойындағы күллі қозғалысты ыңшың­сыз нарық заңына бағындыра білген Қаражанның сұңғыла іскерлігін майын тамызып, айта бергеннен бір нәрсе өне ме? Ал ежелден белгілі қағида бойынша бірге ішсең ғана әңгіменің әрі кіреді, бір-біріңді жетектеп, біріңнің кемшілігіңді бірің толтырып, оның өзін де кемшілікке баламай, сөз қумай, өңшең үндестік шуақ шашқан отырыс сонда ғана шарықтай ала жөнелмес пе-ау?! Ал қазіргісі әншейін «алманың сөлін» сору. Әбдімәлік бұл «қарағыммен» Қалампырды Қамбаш көлінің дәл ортасындағы ата-бабасының зираты жатқан мәңгілік меке­ні­не өз қолымен жайғастырған күні-ақ ақи-тақи қоштасқан. Сонан бе­ рі аузына алған емес. Ғарыш айлағындағы ғарышкерлер мереке­ сін атап өтуге де бастан-аяқ қатысатыны болмаса, бұған келгенде өзін-өзі ұстай біледі. Тақуа. Пайғамбар жасына жетпесе де, осы жолды қолайлы көрді. Бұған қалайша нүкте қойғандығын өзі де тап ба­сып айта алмайды. Ата-бабасы аян берді ме?.. Берсе не деді? Әйтеуір бұл жынды судан содан бері бойын аулақ салғысы келген. Өмір үнемі алдыңнан жарқырап жататын айдау жол емес қой, күндердің күнінде ол да тұйықталады. Сірә, ендігі қалғаны көп болмас. Жі­берген ағаттығын жіпке тізе бастаса, онысын әлгі көк есек те тарта алмас. Ендеше, ендігісін миын уламай, иманын арамдамай дұрыс өткізсін. Қамбаш көлінің қақ ортасындағы алақандай арал бұл бүйтіп көрінгенге шашылып, мәңгіріп жүре берсе құшақ ұрып қабылдай ма. Қабылдауын қабылдар ғой, одан арғысы не болмақ? Адам өледі, одан соңғысы немен аяқталмақ? Таза жүргеннің өзі аз жауапкершілік емес-ау?! Ал оны мына Қаражанға қайтіп түсіндіреді. – 10 – – Ішпеңіз, неге ішесіз?! – деді Қаражан бұл жолы дәп бір өкпе­ леген кісіше дауысын салмақтап. – Ал мен бүгін бар шаруаны ыңғайлап, ішуге дайындалдым. Ішке жиналып қалған ескіқұс­қыдан өстіп арылғым келді. Ал сіз маған ермеңіз, ой, сіз қайда?! – Өзін-өзі қинап күлді. Орнынан тұрып, бойының қыртыстыртысын жазып, қайта отырды. Үлкен баржаның қанша тонна жүк көтеретіндігін, қандай тереңдікте еркін жүзе алатындығын Әбдімәлікке қайтадан тәптіштеп түсіндірді. Ұлы теңіз ұлтанына

ТАҢДАМАЛЫ жиналған су мөлшерін бір бет қағазға жазып, есептеп шығарды. Алабажақ суреті бар жылтырақ қаңылтырлы сыраның қақпағын тісімен ашып, бірден басына көтерді. Дем алмастан жұтты. Езуінен аққан көбікті алақанымен сүртіп алып, сүлесоқтау күйде аспанға қарады. Қаражанның көзінде түсініксіз үрей бар. Ақша бұлттармен тілдескендей, әлде тек солардан ғана рақым күткендей ішінен күбірледі. – Қыздар шақыртайын ба? Табылған ақыл. – Қаражан дереу қалта телефонына жармасты. Әбдімәліктің қажеті жоқ дегеніне қарамай, арғы жақтан әлдекімдермен асығыс сөйлесті. Сірә, керек адамы Төретамнан басқа жаққа жолаушылап кеткен бе, салы суға кетіп екпіні сәл басылып қалды. Енді бірде үлкен баржаның ана басы мен мына басына жалаңаяқ далақтап жүгірді. – Қан тарайды, оның үстіне мас болып қалудан құтқарады. Баржаның темір палубасы дүңк-дүңк. Бір жақсысы, екеуінен басқа тірі жан жоқ-ты. Мына дастарханды да кімдердің жасағаны белгісіз. Бірақ Әбдімәлікке қарағанда Қаражанның қолы ұзын. Бекет буфетіндегі қыз-келіншектерді бір шыбықпен айдайды. Қаражанға қарсы келіп өле алмай жүр ме. Олар Қаражан үшін жеті қат жер астына түсіп шығасыңдар десе де дән риза. Төретамның көбелек қанаты күйер ыстығында көлеңкеде тұрып жұмыс істеу – қолға түсе бермейтін арман. Аз жалақыны да қанағат тұтады. Қа­ ра­жанның қыздар шақыртайын ба деп нығарлап сөйлеуі солардың арқасы. Дария шымырлап ағады, кей тұстардан кішігірім иірім пайда болған. Жарқабаққа ұя салған қарлығаштар сызды топырақ­қа бауырларын төсеп біраз жатады да, шыбын-шіркей шыққан сәтте қанаттарымен ауаны осқылап, қимылдарына көз ілестірмейді. Жағалаудың болмашы салқын-сабатына үймелеген жәндіктер қы­ быр-жыбыр. Ой, дүние-ай, теңіз шағаласын көрмегелі қай за­ман. Тайыз судан балық қағып жеуге дағдыланған әккі құс төменнен торта-тобырды көргенде дарияның лай суына зәу биіктен шүйлігіп келіп қойып кетеді. Тұмсығына ілінгенді құтқармайды. Қызыл қанат майда шабақ құйрығын бір бұлт еткізеді де, шағаланың жемсауына түсіп жоқ болады. Шағаланың шарқ ұрғандығын жақсы ырымға балады Әбдімәлік. Бұл – дариядан балық жүре бастағандығының белгісі. Кіші теңіз табанында өсіп-өнген сазан балық темір торыңнан секіріп өтіп, өлермендене тұщы судың

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ағысына қарай шапқылайды. Табиғаттың жаратылысы солай. Көктемгі уылдырық шашар мезгілдегі қызықты сөзбен айтып жеткізуің және қиын. Бұрындары дарияның Төретам жақ тұсы келімсек балықшылардан бір босамайтын. Өрдегілер де ұялмайды, ағысқа салған қайықтарын осы маңға келгенде кілт тежейді. «Ұлы теңіздің табаны құрғап қалды, төрт көзіміз түгел отырып бір теңізді өлтіріп алмайық», – деп төмендегілер өрдегілерге өмір бойы алақан жаюмен келе жатыр. Керексіз суды бөгемей, шлюз қақпағын ашып жіберсе мұндағылар да бір жасап қалмас па! Төмендегілер балашағамызға мәпақа болсын деп, дария бойының тың топырағын қопсытып, жыл сайын бау-бақша егеді. Жерден қылтиып шыққан көк түйнекті көзің қайтіп қияды. Ал нағыз өркен жаяр уақытта дария су тартылады да қалады. Су тартатын моторлардың тұрбасы қорсылдаған лай-батпаққа толады. «Оу, ұлы дария бәрімізге ортақ, кез келген жерден бөгеп, тоған тұрғызуға кім сіздерге право берді? Бір-екі күнге суды босатыңдар, ең болмаса бақшалығымызды суарып алайық», – деп төмендегілер қолды-аяққа тұрмай шы­ рылдайды. Өрдегілердің уәждері өктем: «Күріштігімізді түгел суға бастырайық, сосынғы артық суды қайда жасырамыз. Сіздер де шыдаңдар, айтқандай, өлі теңізді араға тықпалауды қашан қоя­ сыздар осы?!.» Міне, ақыры өрдегілер су ішіп, төмендегілер у ішсе де бір әділ­­ діктің ұштығы көріне бастаған. Ұлы теңізге құлаған суды ұл­ танға жібермей Кіші теңіздің кенересін толтырайық деп бас­тама көтерген жағалаулықтардың дегендері болып тұр. Мына шаға­ ланың шарқ ұруы да, мына Қаражанның жер түбінен баржа сүйреп әкелуі де сол Кіші теңіздің арқасы. Теңіздегі балық ағысқа өрлейді. Ал өрдегілер балық аулауға келгенде өткендегінің бәрін ұмытады да, түк болмағандай тымпиып, Төретам маңына жетіп келеді. Қаражанның ұйғарымы бойынша биыл сырттан келіп балық аулаушылардың жолдары бола қоймас. Қос баржаны құй­ рық тістестіріп дарияға кесе-көлденеңдетіп қойсаң, төменге қарай тышқан жорғаламайды. Қаражанның басы екі иығына алма-кезек бұлғақтайды. Көз­ дері кіртиіп, жақ жүндері үрпиіп, адам аяғандай күй кешеді. Кей­ де ықылық атып, сыраның босаған қалбырын әлденеге ренжіген­ дей баржаның қабырғасына атып кеп жібереді. Қаңылтырда не қауқар бар, даңғыр етіп темір палубаға құлап түседі. Әбдімәлік

ТАҢДАМАЛЫ осы тойғаныммен тұрып кетсем қайтеді деп те ойланған. Бірақ Қаражанның көңілін қайтіп қиямын деді тағы бірде. Қыл мойын­ нан бір сілтеп, артын сырамен қуалайды. Бір денені екеулеп кергілеген соң оңдыра ма, қылжиып қалар ақыр соңында. «Тө­ ретамды тіреп тұрған екеуміз, тек екеуміз ғана!» деп өрекпіген азаматты айдалаға қалай жалғыз тастап кетеді. Арақтың буымен суға түсіп, тұншығып өлсе ше... Қап, жоқ жерден басымның пәлеге ілігуін қарашы деп Әбдімәлік іштей үгітіледі. Бар уақыты зая кетті. Қаражан тәлтіректеп тұрып белуарына дейін шешінді. Сосын Әбдімәлік бар-ау, жоқ-ау деместен, баржаның кенересінен лай суға күмп берді. Міне, қызық! Әбдімәлікті өстіп састырайын де­ гені ме, жуық маңда тірімін деген дыбыс біліне қоймады. Қара­ жанның жақсы жүзе алатындығы онсыз да белгілі. Дария жаға­ лауындағылардың малту білмей батып өлгендері некен-саяқ. Алда-жалда оның бетін ары қылсын. Қаражан Әбдімәліктің көзінше ішті ғой. Ішкен адамнан ақыл сұрауға бола ма. Немесе аяқ тамырлары тартылып, тырысып қалса ше... Дарияның баяу ағысы үй жықпаса да, ажалы жеткен адамды астына бүгерлеп, тұншықтырып өлтіруге жарайды. Әбдімәлік орнынан амалсыз көтерілді. Баржаның оң қапта­ лына бір, сол қапталына екі шықты. Суға батып кеткендей Қара­ жан ұшты-күйлі жоқ. Ептеп үрейленгендігін де жасыра алмай­ды. Ойламаған жерден тап келетін оқыс оқиғалар аз ба? Жаман айт­ пай жақсы жоқ, өлсе өз ажалынан өлсін. «Әбдімәлік Қаражанның қасында тікейіп жүргендігін көре алмай, суға итеріп жіберген білем» деп жосылтады ғой мына жұрт. Одан Әбдімәлік те ақи-тақи ақтала алмайды. Қалай дегенде де баржаның үстінде болған екеуі. Әбдімәліктің тынысы тарылды. Баржаның оң бүйіріне бір, сол бүйіріне екі жүгірді. Басын тұқыртып төмен қарайды. Маңайдан түк көрінбейді. Су астымен аулаққа жүзіп кетті ме дейін десе, оған да күмәні бар. Ауа толтырылған аппаратты баржа үстінен де көре алмаған. Көлдің суын бір ұрттап тауысатын қиял-ғажайып ертегінің кейіпкеріне айналып кетпесе, Қаражанның демі таусы­ лар шақ әлдеқашан туған-ды. Ал оның бер жағында арақтың да буы бар. Су астындағы әлденеге ілінісіп қалмаса сол-ақ. Әбдімәлік өлген адамның лезде су бетіне қалғып шығатындығын білетін. «Арақ ішпеген сазайыңды тарттырайын» деп Қаражан баржаның

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бір қалтарысында жасырынып қалмасын. Оу, одан ұпайы тү­ген­ делсе мейлі, таң атқанша жата берсін дірдек қағып. Әбдімәліктің одан әріге шыдамы жетпеді: – Қаражан, Қареке, оу, Қареке, қайдасыз?! – Дауысы жарық­ шақтана дірілдеп шықты. – Мұнда, мұндамын, – деп Қаражан ақсия күліп Әбдімәліктің бір үрейін ұшырғанына мәз болғандай темір сәкімен өрлеп келе жатты. – Мен өлгенде қайғыратын бір адамның табылғандығына шүкір, әйтеуір. – Қойыңызшы... – Қоятын түгі жоқ, мен сенбеймін мына халқыңа. Көзіңе өтірік күлгені болмаса, бәрі есеп. – Қайтайық. – Оу, неге, кеш батсын ең болмаса... Екі келіншекті шақыр­ тайын десем, азар да безер боласыз. Олар түн жамылып, тірі жан­ ның кө­зіне көрінбей оңтайлы тұстан зып ете қалады. – Рақмет! – Иә, кешіріңіз, сіздің жас қатыныңыз бар екен ғой. Әбдімәлік үндеген жоқ. Қаражан судан шығып, тыңайып ал­ ған кісіше құстың бұқтырылған етін екі-үш мәрте ашқарақтана асады. Қырлы стақанды да ұмытқан жоқ. Сосын кеудесіне басы құлап, біразға дейін үн-түнсіз мүлгіп отырды. Әбдімәлік әбден ма­ засызданды. – Мен жалғызбын! – деді Қаражан ілкіде басын жерден жұлып алғандай. Гүрзідей жұдырығымен үстелді бір қойып қалды. Ыдыс­ тар сылдырады. Сыраның екі қалбыры еденге құлап түсті. Көздері жасаурап теріс бұрылды. – Жалғызбын! – Қой, олай демеңіз, бала-шағаңыз, немерелеріңіз бар ғой. Арал­құмдағы құдаларыңызды қайда қоясыз? – Былшыл! – Тағы да жүздетті. Арақ анық буынға түсті деп ойлады Әбдімәлік. Енді масаға таланбай тайып тұрғаны абзал. – Мен жалғыздықтан шаршадым. Бәрі бар, Қаражанның төрт құ­ быласы тіреліп тұрған тәрізді біреулерге. Бірақ жаныңды түсінетін бірі жоқ. Бәрі сені алдағысы келеді, үнемі сенен бір нәрсе дәметеді де жүреді. Ең аяғы әйеліңе дейін, түнде арқаңды сипалап жатып та бір өтінішін айтып үлгереді. Ал бейшара болғанда сен тірі жанға бір бұйымтайыңды айта алмайсың. Айтасың... міне, айттық...

ТАҢДАМАЛЫ міне, жетістік. Сірә, мені түсінетін Әбдімәлік бар ғой деп, сізге ар­ қа сүйегендегі жеткен жетістігім осы. Қазір-ақ тұра қашқың келіп отыр. Білем, әйелің жас, үлбіреп тұр. Соның жанынан табылғың келетін шығар. Ай, қайдам... міне, көзге айтқанның айыбы жоқ, сіз де жалғызсыз. Сіздің де жаныңыз жалғызсырайды. Біреуден бір қатты сөз естігенде де, кісі сырласатын, ішіндегісін бөлісетін адам іздейді. Іздедік. Өлдім-талдым, ақыры таптым-ау дегендегі сіздің түріңіз мынау. Жалғыздығымды түсінгіңіз келмейді. Сіз де жалғызсыз, естіп тұрсыз ба? – Естідік, естідік. – Енді арғы жағын өзіңіз біліңіз. Ауылға қайтқыңыз келсе, сізді қайтіп ұстап тұра аламын. Барыңыз. «Жалғызбын» деп жаһанға жар салады Қаракең. Осы бір жалғыз ауыз сөз Әбдімәліктің де осал жерін орып түскендей. Жон арқасы шымырлайды. Құйрығы қопаңдап, бір отырып, бір тұ­рады. Әлденеден әсерленгендей тынысы кеңейеді. Қаражан әулие! Біртүрлі жақсы көріп кетті. Яғни, Төретамның ілуде көзге бір түсетін азаматымен армансыз шер тарқатқысы келген екен. Иә, Әбдімәліктің де оңып тұрғаны шамалы. Қаражан айтқандай, Әбдімәлік те жалғыз. Қаражанның ғажабы сол, жалғыздығын мо­ йындап, жауырды жаба тоқымай ашық-шашық жариялап отыр. Мықтылығының өзі сонда, ол өстіп-ақ шым-шымдап шерін тар­ қатып, дегеніне жетеді. Ал оның қасында Әбдімәлік – қара құлып. Ашылмайды. Қашан қирап қалғанша қақпанға түскен қасқырдай сүйретіліп жүре береді. Жаны сірі, терісі қалың. Анау-мынауды сездірмейді. Қаражандыкі дұрыс, Әбдімәлік барымен ақтарылып, ешкіммен сыр бөлісе алмайды. Әйтеуір, бір шүкіршілік ететіні – аула ішіндегі екі кісілік әдемі әуіті. Жаны күйзелгенде тілін тістеп алады да тұнық суға қойып кетеді. Тірі жанды көргісі келмейді. Ал әуіттің түбі өзінше бір әлем. Рас па, өтірік пе, оның ақиқатын кімнен сұрарсың? Адам өлген сәтте оның жаны әлдебір мақұлыққа айналып кетеді-мыс деп, осы түсінікті қолдан тықпалап сендір­ гісі келетіндердің де қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Бұдан қандай ләззат таппақшы? Өлдің бітті, топыраққа айналасың деп тоқетеріне тоқталса жер басып жүргендердің жүрегі жарылып кете ме?! Онсызда ит әуреге түскен пендені тағы да алдаусыратып діңкелетеді. Екінші өмір күтіп тұрады-мыс деп қайдағы жоқты қиюластырып әндетеді. Оу, ондай мүмкіндігі болса Әбдімәлік

Қуаныш ЖИЕНБАЙ әй-шайға қарамастан, әуіттің түбімен жалғасқан тұрба арқылы Қамбаш көлінің қақ ортасынан табылмас па. Көл табанындағы кереметті әзірге төретамдықтардың бірде-біреуі түсінбейді. Тіпті, дүниені төңкеріп тастағандай сонау жер түбінен екі баржаны сүйрелеп әкелдім деп дігерлеп отырған мына Қаражан да одан бейхабар. Көл табанындағы балдырлар арасында қандай қазына бұғып жатқандығын айтса, Әбдімәлікке жата кеп жабысар еді. Бірақ оны оңайлықпен Әбдімәлік айта қоя ма. Ал шындығына бақ­ қанда Әбдімәліктің де ендігі көрер қызығының барлығы сол көл табанындағы ғажайып құбылысқа байланысты. Қалай, қалай, ә?! Құдай жоқ дейді, Әбдімәлік құдай бар деп табанын тасқа тірегендей үнемі нығарлап сөйлейді. Оу, құдай дегені – Қамбаш көлінің құпия жұмбағы. Құдайдың барлығына мұнан кейін сенбестік танытудың өзі күпірлік. Мұнан артық құдай не істей алады?! Міне, сөйтіп құдай бәрін де теңестірді ғой. «Сонша жыл азапты өмір сүрдіңдер, қиындық көрдіңдер, бұл соның өтеуі» деді де Қамбаш көлінің кереметін бұлардың алдарына ысыра салды. Көлдің су құрамындағы йодтың мөлшерін айтпаңыз! Тұнып тұр­ ған ем. Ал адам ағзасындағы йод жетімсіздігін жою үшін әлем ға­лымдары бірлесіп тәжірибелер жасайды. Ас тұзына йод там­ шысын қосады. Балалар тағамын да йодтайды. Соның өзінде жер шарының үштен бір адамы йод тапшылығының азабын тартады. Ғарыштан зерттелген ғылыми ізденістің нәтижесін Әбдімәлік те еміс-еміс естіген. Тек соны қолға түсірсе – өзге тіршілігі жарау жорғадай жосылып сала бермекші. Қамбаш көлі тұтасымен атабабасының ежелгі мекені... Тысс, шалықтап отырып, сыр ашып алмасын! Құпия. Құпияның кілтін ашу тек Әбдімәліктің қолында. Қаражанға оның ұштығын да сездірмейді. Жалғыз болмақ түгілі... Оу, Әбдімәлік Мейрамгүлге «Айналайын, ауа толтырылған аппарат жеткізіп бер, жеткізіп бер!» деп неге зар қағып жүр дей­ сің. Әуітпен жалғасқан сол тұрба бойын қуалап, Қамбаш көлінің табанынан бір-ақ табылмақшы ғой. Көл табанындағы қау боп өс­ кен балдырлар арасына барып, мәңгілік ұйқыға кеткеннен артық қандай бақыт бар! Йоды да сол балдырлардан бөлініп шығады-ау шамалауынша. Жатсын атамекеннің ыстық құшағында тербеті­ ліп. Су түбіндегі балдырлар биін тек қолы жеткендер ғана тамаша­ лай алады.

ТАҢДАМАЛЫ * Қандай шайтан түрткіледі. Ішінен күбірлеп әлдекімдерден кешірім сұрады. Және аяқ-қолы балғадай, дені-қарны сап-сау азамат екі-үш рөмкені бұйым құрлы көре ме. Оның үстіне бұл пә­ лекеттің анау-мынауды ұмыттырып жіберетін де бір сиқыры бар. – Жә, құйыңызшы, қоймадыңыз ғой... – Әп, бәрекелді! – Қаражан екі алақанын ысқылап жіберіп, қырлы стақанға меймілдетіп арақ құйды. – Екеуміз, естисіз бе, екеуміз! Сіз маған, мен сізге арқа сүйегеннен басқа не қызық қалды мына жалған дүниеде?! Мұнан кейінгі жалғыздықтың аты өшсін! Басқасының бәрі былжырақ. Жұрт бізге де болсын, бола түссін демейді. Сырттай сүрінгендігімізді тілеп жүреді. Ал давай, бірбірімізге сүйеніш боп жүруіміз үшін! Әбдімәліктің ішек-қарнына от түскендей әсер етті. Тұла-бойы балбырап сала берді. Айналасының бәрі тірі суретке айналып кет­ кендей: ой, жалған-ай, белуарына дейін көкжиекке жасырынған күннің осынша сұлу боларын кім білген! Түйе фермасының тұсына барды да жер бетіндегі тіршілікті қия алмағандай, сәл аялдайды. Дария бетіне түскен сәулесінің өзі көз арбайды, майда толқындар мың құбылады. «Мәшинем қайда тұр екен», – деді оң бүйіріне бұ­ рылып. «Мерседесі» сол орныннан міз бақпапты. Тымық кеш. – Екеуміздің де алтын асықтай балаларымыз бар. Сыртта жүр­ генімен тілектері біздің үстімізде ғой. Кәне, сол жамандардың амандығы үшін! – Баяғы қалғып-мүлгіп отырған Қаражаныңыз қазір тым шешен, той басқарған асабаңыздан бетер. Және тауып сөйлейді. Әбдімәліктің де мақтауын келістірді. «Елең-алаң шақта, ел әлі ес жия алмай жүргенде Төретамның айбатындай етіп, коттедж тұрғыздыңыз», – деп бір қайырды. «Мұныңыз ақыл­ дылық әм көрегендік!», – деп екі қайырды. Қаражанның пайым­ дауынша Әбдімәліктің үш қабатты коттеджі – «Төретамның осы заманға лайықталған бет-бейнесін дәлелдейтін тірі образ...» Не, не деді-ей, тірі образы несі деп Әбдімәлік Қаражанның жүзіне сол жолы ғана тіктеліп қараған-ды. Тірі образ дегенді аңғара алмай қалып, артынан ұғынды. Сорыңды ұрайын, білмей жүрсе бұл Қаражан әңгіменің майын тамызады екен ғой. Және айтқаныайтқандай Әбдімәліктің ойынан шығады. Көңілге бірден қонады. Оу, Әбдімәлік те ет пен сүйектен жаралған пенде. Өз әдірісіне ай­ тылған жылы пікірді әрине, бұл да жылы қабылдайды. «Айда­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ладағы ақ отау секілдендіріп осы коттеджі құрғырды сірә, бекерге тұрғыздым-ау» деп қобалжыған да кездері болған. Оның үстіне жау алатындай айналдыра дуал тұрғызды. «Әбдімәлік жас қа­ тынын көрінгеннен қызғанады дейтін болды-ау ауылдастарым» деп ішінен мырс еткен де қойған. Ал бүгін Қаражан оған басқаша ұғым сыйғызып тұр. «Сіздің коттеджіңіз –төретамдықтардың тұрмыстық символы. Ал бұл тапқырлықты неге атап өтпеске!» Қараңғы түскенше екі-үш рөмкенің қалай өтіп кеткендігін аңғармай қалды. Бірақ өзіне толық сенімді. Көңіл күйінің ша­рық­ тай түскені болмаса, әзірге мас емес. Қазір, енді көп қалған жоқ, үйге қайтады. Үйінде екі көзі төрт болып Патшагүл күтіп отыр. – Рақмет, Қареке, мынау бір есте жүретін тірлік болды-ау! – Ендігі кезек сіздікі. – Болсын, баржамыз болмаса да, түйе фермамыз тиіп тұр. – Соның өзі жетіп-артылады біздерге. Өстіп көңіл көтерсек... – Келістік, ал мен жүрейін. – Тоқ-та. – Тағы не болып қалды? – Негізгі мәселені ұмыттық. Патшагүл үшін неге тост көтер­ меске! – Ту...у, онда сіздің үйдегі періште жеңгеміз үшін де! – Жә, оны қойшы. – Қойғаны қалай? – Оның болары болып, бояуы сіңген. – Онда тоқал алыңыз. – Оны бізге кім әпере қойсын. – Ойыңыз бар ма еді? – Оу, үмітсіз шайтан. – Қаражан қалжыңдағансып Әбдімәлік­ тің иығына қолын артты. – Сіздей жігіттер сирек. – Айттыңыз ғой, қайталай бергеннен май түсе ме? – Әйелдері бар болсын, давай екеуміздің достығымыз үшін! – Мақұл, міне, мынауыңыз жөн. Әбдімәліктің кәдімгідей көңілі босады. Ән салғысы келді. Бұл күндері Әбдімәлік басқа қырынан танылған. Ел-жұртты таң­ ғалдырмаса да, өз әуені өзіне жарасады. Тым дарылдап та кетпейді, мұрын астынан да міңгірлемейді. Әуені үнемі жүректен төгіліп жатқандай. Мына рөмкеден соң, сонысы сап етіп есіне түсті. Не­

ТАҢДАМАЛЫ мене, Әбдімәліктің дауысы тек әуіттің ішінде ғана көкке әуелеуі керек пе?! Ал мынадай туған жердің тымық кеші қолға түсе бермес. – Ән салсам қайтесіз? – Ойбай-ау, не істеймін десеңіз де еркіңіз. Оның несін сұрайсыз. – Бір құйыңызшы! – Ләппай, тақсыр! – Сіз үшін Қареке, Қаражан үшін! – Сіз үшін, Әбдімәлік Саржаныш, бүгін өліп кетсем де ішемін тартынбай. Әбдімәліктің көз алды дөңгеленді, баржаның тұмсығы бұл­ дырап көрінді. Сыраның қалбырлары да бірімен-бірі билеп ала жөнелді. Жарыққа үймелеген шыбын-шіркейлер қызыл-жасылды көбелектерге ұқсады. Басы айналғаннан сау ма. Мә, мына түрімен мәшине жүргізіп, үйіне жете алса жақсы ғой. Атай көрмеңіз... онда Патшагүл ішқұсалықтан жарылып өлер. Апыр-ай, мана «Мен осында отырмын» деп неге хабарлай салмаған. Енді кеш. Рацияның нөмірлерін тере алмас. Жә, қойшы, қатынды әлден жаман үйретіп қайтеді. Еркек дегеніңіз – емін-еркін суда жүзген ақ балық. Тірі, мас емес, қазір дарияның лай суына бір сүңгіп шық­қан соң бәрі орнына келеді. Қаражан сыраның қақпағы ашылған құтысын қолына ұстатады. Бұл қылқ-қылқ жұтады. Анау-мынау қосылғаннан таза, шыныдай мөлтілдейді. Ауызға апара берсеңіз-ақ ары қарай өзінен-өзі жол табады. – Мен, сірә, қызыңқырап қалдым білем, Қареке. – Жо-ға, қайдағы қызған. – Кішкене мызғып алайын. – Мейліңіз, сізге айтатын бір әңгіме бар. – Кейін, кейін. Әбдімәлік үстелдің жиегіне басын қойды. «Бәлем, өзіңе де сол керек!» – деді Қаражан. Үлкен мақсаты орындалғандай миығынан күлді. Дастарханнан кейін шегіншектеп арлы-берлі адымдап жүрді. Жаттығулар жасады. Түнге қарай суға түскісі келмеді. Жыпырлаған жұлдызды аспан одан бетер жұты­ нып көрінді. Рациямен әлдекімдерге телефон соқты. Бір сағаттан кейін жеңіл мәшинемен алып кетуін мұқияттап табыстады. Бекет­ тегі жүрдек поез кестесінің бұзылмауын, билеттердің сатылғанса­тылмағандығын, жоғарғы жақтан кімдердің хабарласқан-ха­ бар­ласпағандығын сұрауды да ұмытпады. Түк татпағандай. Басы

Қуаныш ЖИЕНБАЙ да ауырмайды, шекесі де тырыспайды. Тіпті, ауылға қарай ай жарығымен жаяулап аяңдауды да теріс көрмейді. Жә, оған да кезек келер. Әбдімәлік қызып қалды. Мәшинесін от алдырып, үйіне аман-есен жете ала ма. Немене, Әбдімәліктің аузына жығып салып, арақ құйған біреу бар ма?! Ішпеймін деп бұртаңдағанда пәледей еді. Арғы жағы тілеп тұр екен ғой сүйтсе. Аяғында сұрап ішкен жоқ па. Арақтың бірден буынына түскендігіне Қаражан да қайран қалды. Әлгіде ән салмақшы болған батырдың жатысы мынау аузынан су ағып. «Ән салғышын! Ән салатын уақытың әлі алда ғой, жарқыным, алда! Ән салғандығыңның әуселесін сонда көрермін тірі тұрсам. Әніңнің қайырмасынан жаңылып жүрме. Қара, бұл шіркіннің аяқ астынан әнші бола қалуын! Ойында түк жоқ, тастан-тасқа секіреді. Өстіп, дүниені жалпағынан басып жүре беремін дей ме екен?! А-а, т-оқ-та, тоқтаңыз!» Қаражанның қысық көздерінен ызаға толы жағымсыздау от ұшқындады. Үсті-үстіне жағы жыбырлады. Тықырлатып алған шашын сипалап отырып, Әбдімәліктің былқ-сылқ еткен еңгезердей тұлғасына жиіркенішті түрде көз тікті. Өзімен салыстырғанда түкке тұрмайтын әлсіз, көшке ере алмайтын ебедейсіз осы бір жігітпен өткізген қайран уақытына да кәдімгідей іші ашыды. Ең болмаса теңдей бөлісіп, арақ та іше алмайды. Аузы жайындай ашылып, екі бүктетіліп, тәлтіректеп барды да дымы құрыды. Қазір Әбдімәлікті иыққа салып алып, Төретам бекетінің сырт жағындағы құмдауыт жолмен айдалаға апарып лақтырып тастасаң да түк сезбейді. Қапқа салынған түйенің жарты етіндей былқылдап жата береді. Қара, бұл жаманның ән салғышын! Оу, жүректі тербейтін алабөле сезім болмаса тектен-тек ән шыға ма?!. Сезімсіз айтылған әнде мән-мағына бола ма. Ескі тепловоздың барылдақ дауысындай жаңғырғып, құлаққа да түрпідей тиер. Өзіне салсаң, содан сұмдық ләззат алатындығын жасырмайды және онысын өзгелермен де бөліскісі келеді. Яғни, Әбдімәлік жан-дүниесінің таңғы шық­ тай мөлдір, гүл қауызындай таза болғаны ғой. Көп нәрсеге басын ауыртпайды. Жүйке талшықтарын да барынша күтіпбаптап ұстайды. Әй, бірақ бұ жаманның ішінде де қорытылмаған жантақтай не бықсып жатқандығын кім білсін? Бәлкім, сүйтсем ғана Қаражаннан да керемет өмір сүремін деп аузын айға білейтін шығар. Ал жүйке талшықтарының шуда жүніндей түтеленуінің арқасында ғана адам миының текке шаршайтындығын Қаражан

ТАҢДАМАЛЫ білмей ме. Қаражан тек буфетші келіншектердің көңілдерін тапқанына мәз болып жүре берсін дейді ғой. Ән... адам-ау, бұл Әбдімәлікке қайдан тап болған батпанқұйрық? Мына қым-қиғаш заманда жұмыр басты пенденің ән салуға ниет етуінің өзі ерлік емес пе?! Ерлік болғанда сұрамыңыз! Қайта түлеу ғой мұның аты! Тіпті, төрт құбыласын түгелге санайтындардың өзі ән салудан ат-тондарын ала қашады. Иә, ән салуға да жүрек керек, ішкі сарайдың тазалығы керек. Соған қарағанда, Әбдімәліктің қамсызмұңсыз өмір сүруге бүтіндей бет бұрғаны ғой. Әрине, Әбдімәлікті ойсыз адам деп кім айтар, ойының тереңдігі ұшан-теңіз. Иіріміне бір түссең, батып өлерсің. Еңсесін тік ұстайды. Бұл сұмырайдың мықтылығының өзі сонда ғой, керексіз ойларын есебін тауып басынан шығарып тастай алады. Ал мына Қаражан үшін қысыр ойдан құтылу дегеніңіз бір ақырзаман. Мінекей, түн жамылып отыр ғой, басы қоқыс салған темір жәшік секілді бейне бір. Керектісін де, керексізін де талғамсыз жинай береді, жинай береді. Әбдімәліктей тең жарымын сылып тастау қолынан келмейді. Сосын күйгелек, күйгелек адамның тез қартаятындығы онсыз да белгілі. Ал мына әділетсіздікке күйгелектенбей көріңіз. Ғарыш ай­ лағындағылар космодромға кімнің қаншалықты үлес қосып жат­қандығын шынымен білмей ме? Білсе де әдейі Қаражанды мұқатқысы келе ме? Мұқататындай Қаражан оларға не жазып қалыпты? Өліп-тіріліп, күндіз-түні қалтқысыз қызмет етті. Ғарыш айлағына келе жатқан жүк вагондарының маңызын түсінбейтіндей Қаражан темір жолдың қарапайым жұмысшысы емес. Қарапа­ йым жұмысшыға бәрібір, сегіз сағаттың ішінде төтенше жағдай туындамаса постыны келесі әріптесіне табыстайды да, талтаңдап үйіне тартады. Ұйқысы тыныш. Ал сорлатқанда Қаражан өйте алмайды. Космодромдық айрықша белгісі бар вагондарды үлкен жол бойындағы ауыр составтан айырып алып, оны қашан межелі жеріне жеткізгенше тыным таппайды. Күзетті де күшейтеді. Вагонды қарулы топ қарауылдайды. Төретам бекетінде дәл сон­ дайлық ереже болмаса-дағы Қаражан қарулы күзетті өзі ойлап тапты. Ғарыш айлағына жеткізілетін товарный вагонның бір шегесі босамайды деп өз-өзіне серт берген. Міне, сол уәдесінен бұра тартқан кезі жоқ. Қатаң кесте ырғағынан бір жаңылмайды. Оу, ғарыш айлағына тасымалданатын жүк тек бір бағыттан ке­ліп

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қойса жақсы ғой. Екі жақтан үйіліп қалғанда шынымен есің шыға­ ды. Космодромдық белгісі бар жүк вагондарының түр-сипатының өзі алыстан шоқтанып көрінеді, ой-хой! Ағаш-тас тиелгендерін тұмсықтан сүйреп, кез келген қуысқа тығып тастайсың. Ал мы­ налар самсаған прожекторлар жарығы түсетін арнайы алаңға аял­ дауы тиіс. Айлаққа аман-есен бір жеткізіп берсе одан арғысына Қа­ ражанның басы ауырмайды. Адамның өзін-өзі мақтауы жараспайтын қылық, дегенмен әді­ летсіздік алқымнан алған сәтте оны қайтіп ұмытарсың. Қаражан­ ның тексерістен өткен тепловоздары алаң ішіндегі айналма жолдарда да кідіріссіз ағылады. Зымырандарды уақытында ұшу алаңына жеткізеді, ақауы шыққандарын көз ілеспес жылдамдық­ пен кері сүйреп әкетеді. Осының бәрі өздігінен атқарыла қоятын оп-оңай шаруа ма? Бұған келгенде мына Қаражаныңыз сұңғыла математик. Поез қатынасынан иненің жасуындай ақау жібер­ мей­ді. Ғарыш айлағындағылар да бірде-бір ескерту жасамаған. Жүректің қан тамырындай темір жолдың тіршілігі дүрсілдеп со­ ғып тұрса, оу Қаражанды бекерге несіне жазғырады? Міне, сөйтіп өз ауанымен дөңгеленіп келе жатқан тіршілік­ тің бірде Қаражанға теріс бұрылып доқ көрсеткені. Әрине, ғарыш айлағындағылар айтады, айтады да қояды деп, оны бір жолға еле­меуге де болар еді. Қайтіп елемейсіз?! Елемейтіндей Қаражан екі­нің бірі болса сөз бар ма. Қаражан – қашанда Қаражан! Ал сол Қаражанға ана жолы не істеді? Күйінетіні, тістерінің қышырлайтыны, жүйкесінің тозаты­ ны әлгі бір баланың ойыны секілді әрекетке бола Қаражанға қатаң сөгіс бергізді. Қатаң сөгіс! Аты қандай жиіркенішті! Сөгіс алу, яғни, Қаражанның бұған дейінгі бар қызметіне күйе жағу. Және қатаң сөгісті анау-мынау емес, күллі жер шарына аты мәшһүр айлақ басшыларынан алып отыр. Ереуілшілерге аяқ ас­ тынан аяушылық сезімі оянып, тепловозды кілт тоқтатқан қарт мәшинестің аңқаулығы үшін неге айдаладағы Қаражан қатаң жазаға тартылуы тиіс? Ол сөгіс сол күйі архивке кетеді. Тірі жан түзетіп, не жұмсарта алмайды. Ал мына әділетсіздікке қараңыз: космодромның отымен кіріп, күлімен шыққан Қаражан әлгіндей «сыйлыққа» ие бо­ лады. Мұның қасында үш рөмкені көтере алмай қылжиып қал­ ған мына Әбдімә­лік кім? Кім деуге болады бұл Әбдімәлікті?

ТАҢДАМАЛЫ Бы­лай... бір жағынан алып қарағанда, бұл да Төретамның төл тумасы. Өзіне бұйырған несібені өз күшімен теріп-жеп жүрген азамат. Ел арасындағы абырой-беделі де біршама. Айлақтағыларға әйтеуір бір мінезімен ұнап қалған. Олардың қашаннан тосын жаңалыққа құлай түсетін әдеттері ғой. Сірә, талай жыл кеңшар басқарған Әбдімәлік те ғарыш айлағындағылардың осал тұсын дөп басқан сыңайлы. Оу, бұл күнде айлақтағыларды бір нәрсемен таңғалдыруың мүмкін бе. Керісінше күллі әлем Байқоңырға ауыз ашып отырған жоқ па. Жер мен көкті байланыстырып тұрған алып күш осында. Ал Төретамның Әбдімәлігі бұған келгенде аса ақылдылықпен айласын асыра білген. Желдің бағытын өзгертетін аппарат ой­лап таптым десінші, олар оған елеңдей қоймайды. Бұлттарды ыдыратып жіберетін тәжірибеңізге де пысқырмайды. Жерге жақындағанда зымыраннан бөлінетін құлдилағышты құмдауыт өңірге қондыра алатын сиқырым бар десеңізші, олар ішектері түйілгенше күлер еді. Ғарышқа байланысты сынақтың бәрін көз алдарынан өткізген. Айтты-айтпады олар сол жолы Әбдімәліктің ұсынысына қо­ сымша сұрақ берместен бірден құлап түскен. Айлақтағылар оны ғұмыр бойы ойланса таба алмас. Міне, жергілікті тұрғындардың ғарышға тигізген пайдасы! Шұбаттың адам ағзасына әсері жайлы айтылып, жазылып жатқанымен іске асқаны тек Әбдімәліктікі болатын. Ғарыш кеңістігінде жусан иісі бұрқырайды-мыс. Бұр­ қыраса бұрқырасын. Мейлі, мың жерден бұрқырасын. Ал соны Қаражанның жыл бойғы еңбегімен салыстыруға бола ма? Әріберіден соң сол ереуілдің бұрқ ете қалуына да Әбдімәлік кінәлі. Айлақтың жергілікті тұрғындар арасындағы өкілі екенсіз, ендеше космодромның халықаралық қауымдастық алдындағы беделін елге жатпай-тұрмай түсіндір, ұғындыр. Ауыл қазағына ғарыштың ұлылығын дәлелде. Ал бұл батырың не істеген?! Не істегені осы тұрғанда белгілі болып тұр. Әбдімәлік әдемі әуіттің ішінде жатып ән салуды ғана үйреніпті. Ой, айтқышым, әуелет асқан әніңді! Ғарыш айла­ ғындағылар түгел естісін. Бұған не дейсіз?! Қаражан қатаң сөгістен қашан құтыламын деп қан құсады. Ғарышты жусан иісімен бұрқыратқан Әбдімәлік жеңіл-желпі ескертумен құтылады. Жәй ғана ескерту. Міне, мұнан кейін Әбдімәлік ән салмай Қаражан ән салсын ба?!.. Тоқ-та, тоқтаңыз, ән салайық деуінің арғы астарында

Қуаныш ЖИЕНБАЙ да Қаражанды мұқату мен кекету ниеттері бұғып жатпасын. Екі көзіңнің бірі жау ғой бүгінде. Әбдімәлік әуелетіп ән салады, Қа­ ра­жан ішқұсалықтан қажып бітеді. Жо-жоқ, Төретамның екі азаматы тартар азап та теңестірілуі тиіс түптің түбінде! Әбді­мә­лік­ тің бүйтіп талтаңдап жүрісі Қаражанға ұнамайды. Ұпай теңестіруі керек түптің түбінде! – Әбдімәлік, ай, Әбдімәлік, мені естисіз бе? – деп екі иығынан қаттырақ жұлқыды Қаражан. – Мен сенің ұлыңды көрдім, Әнуар­ бегіңді көрдім Финляндияға барған сондағы сапарымда! Үйінде болдым. Туған ағасындай қарсы алды. Асты-үстіме түсті. Жігіт болғанда қандай! Еуропаңыздың бір қаласын аузына қаратып отыр. Байлығы екеуміздікін он орап алады. Сабырлы, салмақты... Біз­ді түк білмейдіге санайсың ғой, а-ха-ха, біздің мұрнымыз да бір нәрсенің иісін сезеді. Сенің туған ұлыңа жасаған опасыздығыңды біреу кешірер деп ойлайсың ба?! Кешірмейді, Әнуарбек те кешір­ мейді. Бірақ ол бәрімізден ақылды. Сен секілділермен ашық кү­ реске шығып, өзін кішірейтіп қайтсін. Үндемейді, ал оңтайлы сәті туғанда оңбай сүріндіреді. Әсіресе, сені!.. Шіркін сонда көрсем, сенің әуелетіп ән салғандығыңды! – Ұл!.. Қайдағы ұл, дені дұрыс ұл бар ма менде! – Әбдімәлік арыбері қозғалаптап басын тіктеп көтере алмады. Таң ата кібіртіктеп от алған «Мерседес» құмдауыт жолдың екі қапталына алма-кезек соқтығысып, ауылға қарай әзер жылжып бара жатты. – 11 – Осындай да сәттілік болады екен-ау! Таңданбай көріңіз. Ойхой, Әбдімәлік қолға алған шаруа қашан ақырғы нәтижесін көр­сеткенше осылай жымдаса беруге тиіс еді ғой. Солай және солай болуға да міндетті. Самайдан құлаған ащы терді қолының қырымен сылып тастайды. Әуіттің тұрыңқырап қалған өлі суын шелектеп сыртқа тасымалдайды. Биік дуалдың жайдақ қо­ раға шығатын темір есігін Патшагүлге сенбегендей өзі барып мықтап іштей бекітіп келеді. Балағын тізесіне дейін түрініп алған. Кеудесі жалаңаш. Әлдекім бұқпантайлап, шартақтың бір тесігінен сығалап қарап тұрған жоқ па екен деп те қауіптенеді. Қайран қазекемнің кез келген тіршілігінің өзі күлкілі ғой, күлкілі болғанда сұрамаңыз! Күлкіден ішегіңіз түйіліп өліп

ТАҢДАМАЛЫ қала жаздайсыз. Ал керісінше, іс біткен соң кімге күлеріңді және түсінбейсіз. Әбдімәлік те аздап солардан қуыстанады. «Өзгелердің мен туралы не ойлайтындарына түкіргенім» деп, алға қойған мақсатын тап-тұйнақтай орындағанша басын төмен тұқыртып, тас керең адамша үн-түнсіз сүйретіліп жүре бермейді. Өкпесі аузы­ на тығылғандай ара-тұра дем алып, көзін жерден әрең көтеріп, айналасына сақтықпен назар салады. Біреулер шынымен қарап тұрған секілді, ей!.. Жоқ-а, қайдан қарасын, Әбдімәліктің биік дуалының басына секіру үшін де бір арба жан керек болар. Әуіттің ішіне сәкі қойып төмен түседі. Су толы шелекті екі қолына іліп алып, сарайдың арғы айналмасына қарай томпаңдап жүгіреді. Суды да арық бойына лақ еткізеді. Оқыс кері бұрылады. Ескілеу бас киімінің күнқағары қолпылдап көзіне түседі. Аяғына ілгені де ескі сүйретпе. Өкшесі қисайып, кейде тобығы тайып құлап қала жаздайды. Қара жұмысқа бүйтіп қайрат-күшін жы­ рымшыламайтын Әбдімәлік сірә, мұнан кейін ес жия алмай қа­ латын шығар. Тырмысып-ақ жатыр, әзірге түбі көрінетін емес. Бір жағынан Патшагүл де жәрдемдеседі. Әйеліне, оның үстіне Патшагүлге екі шелекпен тасысаң бір жерің қисайып қала ма деп қайтіп әкіреңдейді. Шамасының келгенінше ол пақыр да аянып жатқан жоқ. Тыртың-тыртың. Басына тартқан ақ шыт орамалының бір ұшын бос жіберіп, бір ұшын аузына тістелейді. Үнсіз. Жанарымен жер шұқиды. Айдың-күннің аманында астынан су шықандай орнынан тұра салып, тып-тыныш тұрған әуітті жан ұшырып тазарта бастаған мына Әбдімәлікке не дерсің. Не айтуға болады бұл Әбдімәлікке? Әйтеуір, ақырын берсін. Есі ауысқан кісіше екі көзі алақтап алас ұрады. Әуіттің астын құрғатпақ түгілі, аула ортасына жел қуып әкелген сынық-сүйем шөпті көтермейтін Әбдімәлік дәл қазір дәп бір токқа қосылған ойыншық мәшинедей зыр қағады. Біреумен уәделесіп қойғандай, етегі далақтап құстай ұшады. ...Кеше кешкілік әуіттен шығып, үсті-басын сүртіп тұрған шақ­ та қоңыр қабы бар рацияның безілдеп ала жөнелгені. Әбдімәлік­ тің қабағы кіржиді, трубкасын көтермесем мені айдатып жібере ме деп те айбат шекті. Солар! Кезекті зымыранның шеттен келетін бір турисі сырқаттанып қалған екен... соның орнына... сіз, ой сіз о бастан ұшуға дайын адамсыз ғой. Ұшу алаңына тез жетіңіз дегенді хабарлағалы жатыр ғой деймісіз. Тек әншейін. Күзет бөліміндегі 7-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ шикіөкпе жауынгерлерге дейін мәтіби ғой бұларға. Ғұмыр бойы ақы-пұлын төлеп, күндіз-түні жүгіртіп қоятындай Әбдімәлікті сатып алған секілді бейне бір. Әкесіндей адаммен қайтіп сәлем­ десудің де жөн-жосығын түсінбейді ол түгелер. Тапсырма берген түрлері­не де ішің ашиды. «Бекеттің пошта бөліміне соғып, он тоғызыншы алаңға келген хат-хабарды ала салыңызшы». Соны­мен рацияның үні өшеді. Әйтсе де трубканы сүлесоқ көтерген. Ұзын­ тұраның гүрілдеген жуан дауысын естігенде бір түрлі беймағұлым күйге түсті. Не қуанғаны, не ренжігені белгісіз. – Әбдімәлікпісіз? – Дәп соның өзі. – Уақытыңыз қалай, қолыңыз тие ме дегенім ғой. – Сізге тимегенде... – Ендеше тыңда, кешкі поезбен ұлым келе жатыр Мәскеуден. Төретамның төңірегі экзотикаға толып тұр деп ойлайды. Бізді ра­ қатқа батып, пейіште жүр екен дейді ғой шешесі екеуі. Келсін, қызыл құмның қайтіп әндететіндігін өз көзімен көрсін. – Дұрыс-ақ, біздің тараптан қандай көмек керек? – Әбдімәлік трубканы жұтып қоятындай, аузына тақап тұтыға сөйледі. «Ал қалай, ұзынтұраның өзі іздейді Әбдімәлікті. А-ха-ау, Әбдімәлік әлі талайдың қызметіне жарайды!» – Манағыдай емес, жүрегі со­­ сын барып орнына түсті. Көзінен де мейірімге толы сәулелер ұш­ қындады. Ұзынтұраның бұйымтайын жартылай ғана естісімен, арғы жағын айтқызбастан екіленіп қоса шапты. Алдына түсіп жортақтай жөнелді. Иығынан сусып түскен сүлгіні де елемеді. – Әрине, әрине ғой, он сезінші вагон болса он сезінші вагон бол­ сын. Мені соның алдынан күтіңіз. Ал түсініп көріңіз, ұзынтұраның ұлын күтіп алуға әдейліп Әб­ дімәлікті шақырғаны қалай? Әскерилердің арасынан Әбдімәлік­ ті алмастыратындай жібі түзу біреудің табылмағаны ма. А-хаау, Әбдімәлікке өлердей сенім артады әскери полковник. Ұшу алаңындағы ата қаздай қоқиланып, оқшау жүрісінің өзі тек сырт көз үшін ғана екен. Сырт бейнесі суықтау көрінгенімен ол сорлының да ішкі әлемі алай-дүлей. Қаражан айтпақшы, жалғыз. Аласұрып сырын бөлісетін адам іздейді. Мәскеуден келетін жүрдек поез тура жарты сағатқа кешіккен. Екеуі ұзын тротуардың бойымен иық түйістіре жүріп, біраз әң­ гімелесті. Шілденің от бүркетін ыстығы райынан қайтқан. Әскери

ТАҢДАМАЛЫ шенділер сірә, төретамдықтармен бүйтіп шүйіркелеспейді. Оның ар жағында қандай құпия жатқандығын Әбдімәлік те тү­сін­бейді. Ұзынтұраның осы жолғысы шынымен ерлік. Ал шен-шекпені жоғарғылар мұнысын білсе ұзынтұраның зеңгір көкті шекілдеуікше шағатын аса сұңғыла данышпандығын бы­ лай ысырып қойып, зіркілдеп екі аяғын бір етікке тығар еді. Әскерилердің ережеден қиыс бұрылып, кешірім жасауға бүйрек бұра­тындары сирек. Робот қой шеттерінен. Илікпейді. Ұлымен кездесудің әсері күшті болды ма, полковнигіңіз оның бірін де елеместен Әбдімәлікті бірден бауырға тартты. Жақындасу былай тұрсын, өмірбаянын да қысылып-қымтырылмай жайып салды. Ал керек болса!.. Полковниктің пайымдауынша Әбдімәлік те ғарыш айлағы үшін бөтен адам емес. Әттең, әттең-ай, осы «сый­ ластықты» Қаражан батыр өз көзімен көрмейді-ау. Біреу айтса бәлкім сенбес. Қызыл үйдің екінші қабатындағы диспетчер пуль­ тіне әлсін-әлі көз тігеді. Өкшесін де көтеріп-көтеріп қояды. Се­ ріктесінің тебіреніске толы жан сырын ұйып тыңдағандай ке­йіп танытады. «Дұрыс, мұныңыз ақыл... Өмір көрген адамсыз, ұсақтүйекті елеп қайтесіз... Сізге кеңпейілділік жарасады» дейтін қыс­қа сөйлемдерді тұздық ретінде ауық-ауық араға тықпалайды. Тым жалпақшешейлікке де ұрынғысы келмейді. Етегіне намаз оқып жүрген кім бар дейсіз... Полковниктің жасының егде тарт­ қандығына қарамай, жігітшілік жасауын «Бұл керемет оқиға, маладес!» деп арқасынан қаға жаздап барып құдай сақтап қалды. «Шұбат ішкеніңізде тағы бір-екі келіншекті ұршықтай үйірер едіңіз» деп үстемелетіп жібермегендігіне де шүкіршілік жасады. Ғарышкерлер қалашығындағы зерттеу орталығының меңгеру­ шісі – зор тұлғалы полковнигіңіз Мәскеуде жүріп қарауында­ ғы жастау келіншекпен сірә, мықтап байланысқан. Бәйбішесі полковниктің үйге түнемей қалатын әдетін байқамағансып бір кешіреді, екі кешіреді, оу, үшіншісіне дейін қалай шыдап жүре алады. Содан айқайға басады ғой қарлы боранды одан әрі үдетіп. Жас келіншегіңіз де иненің көзінен өтетін пәле екен, ыстық құшағын айқара ашып тұра ұмтылады. Аяқ-қолын уқалап, күндізтүні полковниктің жағдайын жасайды. Қолының нәзіктігін айт­ паңыз, ұстаған жерінің қаны ойнап, температурасы көтеріліп, бұрқ-сарқ қайнап, дызылдап шыға келеді-міс. Міне, көп айт, аз айт, келіншек асты-үстіне түсіп жүргенде полковниктен бала көтеріп

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қояды. Ал ендеше... Жиырмадан асқан жас әйелге бала таптырту екінің қолынан келе беретін оңай шаруа ма. Полковнигіңіз өмірге қайта келгендей түлейді, сан түрлі жаттығулар жасайды, спортпен шұғылданады, тибет медицинасының түрлі шөптерден жасалған дәрі-дәрмегін пайдаланады. Жүрдек поезбен салып ұрып Мәскеуден келе жатқан сары бала – полковниктің сондай жолмен пайда болған сүт кенжесі. Әбдімәлікті осы шаруаға араластырған себебі, әлгі жүгірмек экзотика дегенде ішкен асын жерге қоятын өлермен. Оқымаған кітабы жоқ. Он үшке толмай орталық кітапхананы адақтап та­ уысқан. Ал Төретамның тарихын полковник қайдан біледі? Ға­ рыш айлағын аралатамын деп ұлын екі-үш күн алдарқатар. Сосын не істейді... ал салғаннан жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен танысқым келеді деп табандап тұрып алса, анық масқара сонда болмас па-ау?! Бұл мәселеге келгенде Әбдімәліктен басқа көмек қолын созатын кімі бар. – Сіз әлі қай-да?! Күніге салқындатылған екі-үш кесе шұбат ішіп тұрсаңыз кіші жеңгеміздің де керегін түгендер едіңіз. Жа­ сы­ңыз келіп, кемелденіп, ұлыңызды да асқан ақылды етіп туғыз­ ғансыз ғой. – Солай ма, қайдам, – деп кеудесін кере демалады полковник. Әбдімәлік мазасызданады. Жаны тырнақ ұшына тіреліп, қол­ ды-аяққа тұрмай тыпырлайды. Сездірмейді, абдырап-дабдыра­май, пол­ковниктің қасында ілбіп келе жатқандығы болмаса, бүтіндей болмыс-бітімі басқа жақта. Оу, мынадай сәттілікті құдайдың өзі Әбдімәліктің қолына ақы-пұлсыз ұстатып тұрған жоқ па. Арғы жағын орнымен пайдалана біл дейді; мынадай мүмкіндікті құр жіберіп алма дейді. Бір бет. Сол бір бет қағазды Әбдімәлікке ұста­ та салу аса бір адам сотталып кететіндей қиын шаруа ма? Бастанаяқ ежіктеп түсіндіруді де қажет етпейді. Ол құпияның шет-жа­ ғасын өзі де жақсы біледі. Қамбаш көлінің су құрамындағы йод­тың мөлшері, химиялық көрсеткіші, Менделеев кестесіндегі атом­дық нөмірі, мұхит суымен арақатынасы... Біреулердің көзіне тү­сіп қаламын десе, морзе әліппесі секілдендіріп цифрлармен бел­гі­ле­ сін. Эх, осылардың Әбдімәлік үшін ауадай қажеттілігін түсінбей­­ сіз­дер-ау, түсінбейсіздер!

ТАҢДАМАЛЫ Кезекші Мәскеу – Алматы бағытындағы жүрдек поездың екін­ ші жолға келіп тоқтайтындығын хабарлады. Өлім-талдым дегенде әуіттің суын да тазартып болған. Жанжағындағы көгістенген қақтарды жөке ағашымен ысқылап жуды. Артизиан құдығы жанындағы кішкене ғана шетелдік су тартқыш моторды іске қосты. Былайғы күндері байқамайды екен, дауысы зор ғой мына пәтшағардың?! Аулақтағы ел-жұртты дүрліктіріп жүрмей ме, қайдам. Шыңыраудың суы күн сәулесімен шағылысып, әуіттің ішіне лақылдап құйылады. Судың бұрқыраған көбігіне қарап біраз ойланып отырды. – Таптым! – деді ол орнынан ұшып тұрып. Жанына жақын­ дай берген әйелінің нәзік белінен қапсыра құшақтап, бетінен де шөп еткізіп сүйіп алды. Тапқаны – сарай іргесіндегі желіге бай­ ланған ақ бота. Апыр-ай, полковниктің ұлын үйге шақырып қонақ етуін қонақ етермін-ау, ал кетерде не сыйласам екен деп басы қатып жүргенде иір мойнын алға созып, енесінің бауырынан бір елі ажырамайтын осы бір моп-момақан ақ ботаның көз алдынан елестеп өткені. Кәдімгі ақша бұлттардың арасымен бірге ұшатын ақ бота. Қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері іспетті ақ бота. Жақсы ырым. Ақ ботаны товарный поезға салып әкете ме, тікұшақпен әкете ме немесе әкетпей ме, бұлар Әбдімәлік бас ауыртатын мәселелерге жатпайды. Сыйлады, бітті. Экзотикаға өліп-өшетін бозбала үшін мұнан артық сыйлық бола ма? Бұлғын ішік, оқалы шапан жапсаң осқырынып олардан ат-тонын ала қашады. Айтқандай, баяғыда Әбдімәліктің бір ағасы да елдің жағасын ұстатып, Арал теңізінің үстінен поезбен өтіп бара жатқан көсемге ақ бота сыйлаған. Жалтыр басын сипалап, үш ұйықтаса түсіне кірмеген керемет тартуға әбден риза болған көсем де күрек тістерін ақсита ыржия күліп, ақ ботаның ақ мақта секілді үлбіреген мойын шудасына әлсін-әлі танауын тақай беріпті деседі; тіп-тік өркешін құшақтап мәз-мейрам күйде суретке түсе берген екен деседі. Сол дәстүрді Әбдімәлік, міне, екінші мәрте жалғастырғалы тұр. Ақ бота оңайлықпен әуіт толы суға түсе қойсын ба. Екі тақтайды қабат шегелеп, сол үшін аспалы көпір жасағандығын қайтейін, о неме ноқталы басын алып қашып аспанға секіреді. Үсті-басына жабысқан кір-қоқыстан армансыз тазартайын деген Әбдімәліктің күні бойғы ақ-адал еңбегін елеусіз қалдырмақ па? Жо-жоқ, оның бола қоймас, жарқыным. Полковниктің мәскеулік ұлына шоғайна

Қуаныш ЖИЕНБАЙ мен жантақ жабысқан ақ ботаны қайтіп сыйлайды. Әуітке бір тоғытып алса, шаң араласқан ақ түбіт көз жауын алатын гүл қауызындай құлпырып шыға келмес пе! Ұзынтұраның да жүрегі тас емес шығар, жібиді. Кенже ұлына осынша құрмет көрсеткен Әбдімәліктің сонау жылы күздің басында айтқан бір өтінішін орындамай күні бүгінге дейін сағыздай созып жүріп алғаны қалай? Әбдімәлік сонау алты мұхиттың арғы жағындағы бұлармен іштей бәсекелес, қырғиқабақ, реті келсе бірінен-бірі бедел асырғы­сы келетін атышулы елден келген шпион емес қой. Оу, Әбдімәлік те іргедегі ғарыш айлағының қызметін пайдаланып, Қамбаш кө­ліндегі игілікті ел ырыздығына айналдырғысы келеді екен. Оның несі айып? Көл суындағы йодтың мөлшері ауыз толтырып айтарлықтай. Құдай сөйтіп қарасады ғой, шынттап қарасайын десе... Әр литріне екі грамм йодтан айналады. Бұны біреулерден жасырғанда қандай ұшпаққа шықпақ. Қазір ғарыш ғаламаттары да интернет тіліне көшіріле бастаған. Полковник білетін деректер ертеңгі күні кез келгеннің қолында жүрсе, Әбдімәліктің нағыз на­ ласына сонда қалмас па-ау! – Патша, Патшагүл, қайдасың, өлетін болдым, көмектес! – Ақ ботаны әуітке түсіремін деп борша-борша терлеген Әбдімәлік ноқ­ таны Патшагүлдің қолына ұстатып, өзі бар күшін салып артқы жамбастан ілгері қарай итермелейді. Өлімге бара жатқандай, ақ ботаның құлындаған дауысы төбе құйқаңды шымырлатады. Тұмсығы тесілмеген пәлекетің төрт тағандап алға жылжығысы жоқ. Мраморланған жиекке жетсе көн табанымен сырғанаса да бір қараға қол іліктірер еді. Ендігі жерде Әбдімәліктің де ақ ботаның жағдайымен санасатындай уақыты жоқ-ты. Қадірлі қонақты күтіп алу – Патшагүлдің дастархан жасаған шеберлігіне сын. Оның да шыбын жаны шүберекке түюлі. Бір қолын екі ете алмай жатқанда Әбдімәлік артын жыртып көмектес деп айқайлайды. Ал өзіне кім көмектеседі, көлеңкесі ме? Әбдімәлік кейін шегіншектеді. Екі алақанын ысқылады. Құ­ дайына сыйынды. Ақ ботаны әуітке түсірудің одан асқан тиімді жолын көре алмай тұр. Әйтеуір, сирағын сындырып алмаса бас­ қасына тәуекел. Бар күшін жинап, құстай ұшып жүгіріп келді де ботаны бір бүйірлеп әуітке қарай итеріп кеп жіберді. Ақ ботаның көздері алақтап, әуіттің мұздай суына күмп берді.

ТАҢДАМАЛЫ Екі сағаттан соң полковник сымдай тартылып, ұлын ертіп Әбдімәліктікіне қонаққа келеді. Шартақтың есігін әдеттегідей Патшагүл барып ашады. Ал ұзынтұра полковник болса жымия күліп, тың мәліметтер жазылған бір бет қағазды Әбдімәліктің төсқалтасына сүңгітіп жібереді. – 12 – Биылғы күздің ерте түсетін сыңайы бар: ауыл-үйдің бау-бақ­ шасындағы көк түйнектердің пәлегі лезде сарғайып, алақандай жапырақтары лүп еткен желдің әсеріне шыдамай үйіліп қал­ ды. Күнбағыстың дән толы басы доғаша иіліп, сабағынан үзі­ ліп түсуге шақ тұр. Аула ішіндегі асыранды қаз-үйректің ғана өрісі кеңейген, баяғыдай ауада шыбық осқылатып тірі жан қуаламайды. Балапандары да қыт-қыттап қауындықтың қал­ тарысында қалған әлдебір шірінділерді тұмсықтарымен армансыз тартқылайды. Сызды топыраққа бүйірін тосқан күбідей ала мысық құйымшағына қонған шымшық торғайды елемегенсіп керенау керіледі, құйрығын көтеруге де ерінеді. Кемпіршуақ дәу төбеттің көзіне ұйқы тыққыштайды. Сырттан естілген сәл тықырға бола шылбырын сүйретіп, үйшігінен арсалаңдап атып шығатын ма­ құлық қазір қалайы табақшаға құйылғанды жалма-жан қағып салады да, жылы орнына келіп қайтадан қисаяды. Шаруа баққан адамға мұндай шуақты күннің шырыны ұзаққа созылмасы белгілі. Әйтсе де осы бір өліара мезгілдің өз қызығы өзімен: ауыл әйелдері ала жаздай қара көлеңкелі бөлменің бір бұрышына нафталлин сеуіп жинап тастаған көрпе-жастықтарын қопсытып күн көзіне кептіреді, кілем-текеметтеріме күйе түс­ педі ме екен деп аударып-төңкерістіреді. Есік алдындағы үюлі жыңғылдың үстіне жайылған терме алашаның да шаң-тозаңын қағып-сілкеді. Қақыра тамның ыза тепкен іргесін әктейді, терезенің әйнегіне жапсырған сап-сары газеттерді сыпырып алып, ошақ көмейіне жытырады. Ал түсініп көріңіз, себепсізден себепсіз кенет Патшагүлді кө­ ңілсіздік билегені. Ертеңгіліктегі қимыл-әрекеті қауырт-ты. Төретам үстінен түс мезгілінде өтетін өзбек ағайындардың жүр­ дек поезынан анау-мынау сатып алыңдаршы деп, буфетші келін­ шектерге де тапсырма беріп қойған.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Әбдімәліктің облыс орталығына кеткендігіне бүгін екін­ші тәулік. Әбекеңе, Әбдімәлікке сенім бар ма, алдын ала ес­керт­ пестен қонақтарды сылаң еткізіп, ертіп әкеле салады. Қонақ күтуге Патшагүл дайын ба, дайын емес пе, ол жағы ойына да кіріп шықпайды. Ал іштей дайын жүргені өзіне жақсы. Соңғы тіршілігінің бәрі құйын секілді ғой Әбекеңнің. Бір жерде байыз тауып отыра алмайды. Ана жолы полковниктің ұлын әспеттеп қонақ қылғалы бері, тіпті қызық болды. Полковник ұсынған бір бет қағазды құрандай қастерлейді. Ерінбей-жалықпай шкаф түкпіріндегі су жаңа костюмінің төсқалтасына сүңгіткен сол қағаздың бүктетілген қыртыс-тыртысын жазып, алдына жай­ ғыштайды. Үкілеп бір оқиды, шыдамай орнынан ұшып түрегеліп қайта келіп, қайта үңіледі. Дүниенің бар кереметі соның бетінде тұнып тұрғандай. Аузын алақанымен көлегейлеп, тұншыға күледі. Ізінше салмақты қалыпқа қайта көшеді. Өңшең бір түсініксіз цифрлар. Ұмытып қалатындай мың мәрте ішінен жаттайды. Оу, дап-дардай адамның жылтырақ үстелдің бетіне бірінші сыныпқа барған баладай шегемен жырғылап, баттитып түсініксіз цифрлар жазғанын қайдан көрдіңіз. Сірә, ғарыштан зерттелген тәжірибенің түпкі нәтижесі осы бо­­ лар. Сосын Патшагүлдің қолы бос па, бос емес пе, онысымен есеп­ теспей, жолдан қалатын кісіше аптығып әйелін шақыртады. – Оу, Патша, Патшагүл қайдасың? – Қайда болушы едік, осында, осындамыз. – Айым менің, күнім менің! – Аса сирек айтылатын немеурін ішке түспейді қырсыққанда, орта жолда қалып қояды. «Отағасы үнемі неге осылай болмайды екенді» тісінен шығармаған күйі табалдырықтан аттаған Патшагүл қалт тұрып қалады. Бөлме­нің қақ ортасында күйбеңдеп жүрген баяғы Әбдімәлік. Көздері күлім қағады. Мойынға құйылған тер тамшыларын да елемейді. Дәп сол бір бет қағазды жаңа ғана ғарыш айлағына барып алып келгендей, ауық-ауық кеудесіне басады. Ойпыр-ай, мұндай да қызық болады екен-ау, ә?! Со жолы да ұзынтұра полковник екеуі біраз қызған. Обалы нешік, Әбдімәлік барынша тартқыншақтап ішті. Бір рөм­ кеден соң ізінше бір тостаған ашқылтым шұбатты айдап отырды. Жанын алып қалған сол шұбат болатын, әрине. Көлеңкедегі сә­ кіге жайылған кең дастархан екеуінің армансыз шалықтауына молынан жеткен-ді. Еңгезердей полковник аты жоқ, жөні жоқ,

ТАҢДАМАЛЫ қорбаңдап келіп адамның екі бетінен түк қоймай, шөпілдетіп сүйе береді екен де. Патшагүл де аздап қысылды. Олай-былай өтіп жүріп Әбдімәлік бұған не дер екен дегендей, «Мынаның дені сау ма?» деп иегін қағады. Әбдімәліктің де екі езуі екі құлағында. Беліне дейін жартылай шешініп, «Дұрыс, сенікі дұрыс, осыныңнан танба» деп белгі береді. «Кейіннен пәле шығарып жүрмеймісіз?!»– Патшагүл артын ойлайды. Ішкен адамға екі дүние бір қадам. Ақша бұлттармен араласып, жерден өкшесі көтеріліп, өзгеше өмір сүреді осы тұрғанда. Ертең ғой оның ақыреті. Басы жазылады, есі кіреді. Ұзынтұра полковник ет-бауыры езілетіндей бірге туған бауыры ма еді. Ел айтып жүргендей «Қаңғып келген шүрегей». Оу, Патшагүлдің ыржаңдап, гүжбан құшаққа қайта-қайта тұншығып, екі бетінен алма-кезек сүйгізе бергені несі? Және Әбдімәліктің көзінше. Әбдімәлік мас болып әуіттің түбіне батып кетсе бір жөн. Тірі ғой әзірге. Тірі тұрып, екі көзін бақырайтып қойып, көлденең көк аттының құшағына ұмтылады. Көзі жоқта не істемек? Обалы нешік, Әбдімәлік ондай ұсақ-түйекке жоламады сол жолы. Полковниктің ұлы жастығына қарамай ақылды азаматтың кейпін танытты. Ақ ботаны айналсоқтап, күні бойы тек соны­ мен бірге болды. Әкесіне де жуымады. Көбіне-көп ас әзірлеп жүр­­ ген Патшагүлмен сырласты. Ақ ботаны өзімен бірге әкете ал­май­ тындығына ғана сәл ренжіді, ізінше оның өзін де ақылды­лықпен жуып-шайды. Ақ ботаны Мәскеудің көшелерімен жетектеп жүре алмайтындығы еске түскенде, қанша айтқанмен бала ғой, көздері жасаурап жерге қарады. «Төретамнан ақ бота алып келдім, сон­ дағы қазақтар маған анау-мынау емес ақ бота сыйлады» деп айта алмайтындығына іштей қапа болды. Бұл өзі анау айтқандай, аса сирек кездесетін сыйлық қой. Ботаның көзіне түскен өзінің үл­кен суретін көргенде тіпті тыпырлап, қолды-аяққа тұра ал­ мады. Мынадай кереметті қалай тілмен айтып жеткізе алады. Күйіс қайырғанын біраз қызықтады. Ақ мамық тәрізденген шуда жүндеріне танауын тақайды. Ақ ботаны әлгіде Патшагүл әуітке салып, сабындап шомылдырды ғой. Былайғы кезде шайыр иісіне сірә, адам шыдамас-ты. Әбдімәлік ағасының дастарқаны көкөніске толып тұр. Сонау ықылым заманнан үзіліссіз келе жатқан қазақ халқының қонақ­ жайлылығына көк көз бала да шынымен тәнті болды. Әсіресе, Әбдімәлік ағасының әйелі қатты ұнады. Жай сөйлейді, бір нәрсені

Қуаныш ЖИЕНБАЙ түсіндіргісі келсе де алыстан орағытады. Кез келген адамды өзі­ не тартып алатын магниті бар. Сұлу. Бетіңе безірейіп, тіктеліп қарамайды. Ибалы. Бір сөзге талай мағына сыйғызып, нәзік үнімен ынтықтыра түседі. Ұстаздық қызмет атқарыпты осындағы орта мектепте. Қазір үйінде. Мұндай кісіні мынадай абажадай үйге қамап қою тордағы тоты құстың тірлігін қайталайтындай. Мұнысы әділдік емес деп ішінен күбірледі. «Дұрыс, менікі дұрыс» деді сәлден соң. Табылған ақыл деп одан әрі мерейленді. Ақ ботаны үйірінен ажыратпағаны абзал. Ақ бота болмаса онсыз да сұрықсыз мына дала одан әрі жүдеп бітпей ме. – Ал келдік, сіздің шақыруыңыз бойынша. – Айым менің! – Бұл жолғысы да соншалық ішке түсе қой­ мады. – Рұхсат етсең, бетіңнен бір сүйейін. Айтқандай, жайын ауыз полковниктен біз сүйетіндей бір нәрсе қалды ма? Жә-жә, әзілдеймін әншейін. – Талтаңдап келіп Патшагүлді құшағына қысады, құ­лағының түбіне тұмсығын тақайды. Иіскейді. Патша­ гүлдің де алпыс екі қан тамыры атойлап шыға келеді. «Басы айна­ ла ма, нәлет жауғыр! «Шалдың» тегеуріні қатты, тұншығып өліп қалма!» Ана жылы тұрмысқа шығарда құрбылары өстіп әзілдейді. «Өлсем сендер бар емессіңдер ме, арулап көмерсіңдер азар болса». Патшагүл мұнан арғыға бара алмайды. Әзілдегені ме, ренжігені ме, ол аражікті өзі де ажыратпайды. Ертеңінде әлгілер тағы сықылықтайды. «Қалай?». «Тамаша!» «Шал арамтеріңді шы­ғар­ ған екен ғой армансыз». «Ой, несін айтасыз». «Сұмдық десеңші, біздің можантопайлар секілді тым дөрекілеу де емес шығар». «Башпайыңнан басыңа дейін сипалағанда бар ма, майдай еріп жүре бересің. Алдымен бабыңды келтіріп қыздырады... үстіне иіссуды аңқытып құяды. Асықпай жуынып-шайынады. Денеңнің кез келген жеріне тиген түртік ерні шоқтай қарып түседі». «Өзі шешіндіре ме?» «Сұрайсың-ау, өзі шешіндіре ме деген не пәле?!» – Патшагүл де ұпай түгендеу үшін әлгілердің алдында артықтау кет­кендігін кейіннен түсінеді. Бір жағынан, әдейі қитығады. Олардың дегбірлерін қашырып, көздерін қызықтырғысы келеді. «Шалға» тұрмысқа шыққан Патшагүлдің шабытты шақтарын өз құлақтарымен естісін. Іштері күйсе тұз жаласын. Көпшілігінің көкейіндегісі бір күдік. Жасы жер ортасына келген жігіт ағасы әлі отызға толмаған Патшагүлдің түнгі ләззатын толықтай қана­ ғаттандыра ала ма? Әлде шала-шарпы бір шаруаны тындырғансып,

ТАҢДАМАЛЫ аһылап-үһілеп іргелікке қарай аунай түсіп, ұйқыға баса ма? Содан таң атқан соң бір-ақ оянса жас келіншек құсадан өліп кетпес пе! Ойхой, қазір Патшагүлдің от құшағы қара тасты үгітер. Кеш батуын зарыға тосар. Оның үстіне ертеңді-кеш үйде жалғыз өзі. Әб­ дімәлік те Патшагүлдің ауыз жарымас айлыққа бола тыртаңдап, сабақ беріп жүруін аса құп көрмеді. Бірден «тоқтат» деп те кесіп айтқан жоқ. Арғысын өзің білерсің дегендей арқанның бір ұшын Патшагүлге сырғыта салған. Ымды түсінбейтіндей көрсоқыр ма еді Патшагүл?! Содан ұстаздық кәсіппен де ақи-тақи қоштасқан. Әрине, Патшагүлдің құрбылары бүгінде шетінен үйлі-баран­ды. Кемінің екі-үш баласы бар. Күйеулері темір жол саласында қара жұмыс істейді. Қара су ішсе де көңілдері көктем. Ашық-жарқын. Рабайда кездесе қалса-ақ болды, Патшагүлді түтіп жейтіндей, бәрі жабыла бас салады. Бүгінде «Жағдайың қалай, тойып тамақ ішіп жүрсің бе?» дейтін сауал күн тәртібінен әлдеқашан түсіп қалды ғой. Ал әлгіндей қыстырма әңгімелерге келгенде бірі қалмастан өліп-өшеді. Тыңдаған үстіне тыңдай бергілері келеді. Көз алдары­ нан керемет көріністер елестейді. Жә, бірге өмір сүрді, жастық дәуреннің қызық-шыжығын да бірге бөлісті, біріне тартса біріне жетпейтін қиыншылықтарға да бірге көндікті. Оу, естелік айтуға, өткенді еске түсіруге осының өзі-ақ жетпей ме. Олардың қалқарази тірлік кешкендеріне Патшагүл қылдай қызғаныш білдірсе не дейсің. А...а, өтірік айтып құдайға күпір болмаса нетті?! Жүрегі аттай тулап, бәрін көріп-біліп отырып, қызғанбадым деуге қайтіп аузы барады. Сәбилердің былдыр-былдыр тәтті тілдерін естігенде ернін тістелеп, көздері мөлтілдеп, өзімен-өзі адам төзгісіз азапқа түсетіндігін сірә, тірі пенде ұға алар ма. Қаншалықты ойламайын десе де, осыған келгенде буын-буыны босап, тұла бойынан әл кетіп, сүйек-сүйегі салдырап сала береді... Естелік, ол не қылған естелік. Ол соншалық ұшы-құйрығына жеткізбейтін ұзақ шежіре ме еді? Өзіне салса, онысы тоқал ешкінің құйрығындай шолтаң ете қалады. Қып-қысқа... Бұлар ырғалып-жырғалып, мәңгілік махаббат жырын қосыла шырқап, ай сәулесімен ауыл сыртына шығып, қол ұстасып, бір-біріне өлердей ғашық болып та көрген жоқ-ты. Тіпті ішкі сырларын да айтып үлгермеген шығар... Әб­ дімәліктің әйелі ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болған. Дап-дардай жігіт ағасы бір жылдай жападан жалғыз өмір сүрді. Әйелінің басын қарайтты, Қамбаш көлінің қақ ортасындағы ата-

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бабасының мүрдесі жатқан аруақты орынға арулап жерлеген. Асын берді, қаза жөнелтудің жол-жоралғысынан бүтіндей құтыл­ ған. Ауыл-аймақ өсектің көрігін қайта-қайта үстемелейді-ай. Ол кезде атағы жер жарған қаракөл елтірісін өңдейтін үлкен шаруашылықтың аяғы да шатқаяқтап тұрған-ды. Әбдімәліктің Төретамда қарайлайтындай енді несі бар десті... Балалары ер­ жетті. Бала дейтіндей Әбдімәліктің де толып жатқан бала-шағасы жоқ-ты. Үлкен ұлы Әнуарбек жастайынан ауру-сырқаулы болды ғой. Мойны оң иығына қарай қисайып біткен. Іштен туды ма, ол кесел кейін пайда болды ма, ол жағын Патшагүл де анық білмейді. Патшагүл де Төретамға алтыншы-жетінші сыныпта кө­ шіп келген. Теңіз тартылған соң ең құрыса мектебі бар елді мекенді паналағанымыз дұрыс болар деп, осылай қарай ығысқан. Төретамға көшіп келгендері бөтен болған жоқ, ағасы Төребай Ақтөбенің ұшқыштар даярлайтын әскери училищесіне барып оқуға түсті. Өзі пединститутты алтын медальмен тәмамдады. Мойны оң иығына қарай сәл қисайған Әнуарбектің совхоз директорының ұлы екен­ дігін де Патшагүл кейін барып білген-ді. Одан кейінгі Әділбегі қазір облыс орталығында. Үйлі-баранды. Алғашында жиі араласатын. Апта құрғатпай келіп-кетіп тұра­ тын. Ауланың ортасында бірін-бірі қуалап, шапқылап жүрген немерелерін көргенде Әбдімәліктің жүзіне де шуақ жүгіретін. Бұған Патшагүлдің инедей кінәсі жоқ-ты. Оларға өгей еместігін өліп-тіріліп сездірмеуге тырысты. Барын солардың ауыздарына тосты. Кішкентайларын арқасынан түсірмеді. Арадан қандай қара мысық өтіп кеткендігін кім білсін, ортаншы ұл бұлармен қазір қатынаспайды. Мерекелерде телефон шалып, құттықтауды да артық жұмысқа балайды. Мұның артында қандай былық жатқандығын сірә, Әбдімәлік қана білетін болар. Бұл турасында Патшагүл таза, таңғы шықтай мөлдір. Кішілері Мейрамкүл. Еркелеу ме, әлде табиғаты солай ма, әйтеуір сол қыздың алақұйын мінезіне түсіне алмай-ақ қойды. Бірде көл, бірде шөл. Оның алдында да иіліп-бүгілді, бірақ туған анасындай болмақ қайда. Дегенмен тырысып бақты. Әбдімәліктің балаларының бетіне жел болып тиген кезі жоқ. Кез келгеніне төбесінен жай беруге дайын. Ішінара өкпелері болса онысын Әбдімәлікке айтсын. Гу... гу... Әбдімәлік облыс орталығына көшкелі жүр екен де­ ген де сыбыс шықты тағы бірде. Ой, төбеңді көрмегір, бұл не пә­

ТАҢДАМАЛЫ лесі тағы?!. Патшагүлдің мектептен күн сайын кештеу шығатын әдеті ғой қашаннан. Үйге ертелеу оралайыншы десе де, қат-қа­ бат шаруа оған мүмкіндік бермейді. Орта мектептің тәрбие жұ­ мысы бүтіндей Патшагүлдің мойнында. Аудандық, облыстық олимпиадаларға барып, бақтарын сынағысы келетін балалардың сынақтарын тексереді. Әрбірімен жеке әңгімелеседі. Сабаққа жөнді қатыспайтындары қаншама. Көбі жырылып Төретам беке­ тін торуылдайды. Бұзық балалардың тобына бір қосылса, оларды одан айыру тым қиынға түсер. Төретамдық ата-аналардың та­ ным-түсінігі де кісіні қарадай-қарап шаршатады. «Балаңызды тәртіпке шақырсаңызшы» десең, бас салып өзіңе дүрсе қоя бе­ реді: «Өздерің бір амалын қарастырыңдар. Ал шамаларың кел­ месе текке шаршап қайтесіңдер, азар болса теміржолшы-ақ бо­ лар». Теміржолшы қалпақпен ұрып алатын оңай кәсіп секілді олар үшін. Оқымағандарды Қаражан да маңайынан жүргізбес... Алғыр, білімді, оның үстіне аяғына оралып жатқан бала-шағасы жоқ, сыбай-салтаң Патшагүл секілді маманды көктен іздесең таба алармысың. Білім департаментіндегілер кешікпей Патшагүлдің кандидатурасын мектеп директорлығына ұсынатындықтарын да аңғартып үлгерген. Мә, безгелдек, көп ата-ананың бірі ме дейін десе, мынау совхоз директоры Әбекең, Әбдімәлік Саржановичтің жеңіл мәшинесі ғой. Ал қызық!.. Директор дәуде болса тағы бір мәдени шараны ұйымдастыруға көмектес деп қолқа салатын шығар. Одан артық қандай шаруасы болушы еді. Әбдімәлік ілгерілеп барды да, мәши­ неден секіріп түсті. Рулде өзі. – Патшагүл шырақ, үйіңізге жеткізіп салайын. Тас қараңғыда қайтіп жүресіз қорықпай?! – деді салғаннан қамқорсыған пейіл танытып. – Үйрендік қой. – Бәли, сол да сөз бе екен, Төретамның бұзақыларын білесіз. – Қорқатын не бар, көпшілігі – шәкіртім. – Ой, бәрекелді-ай, олар түнделетіп ұстазына қызмет көрсеткелі жүреді десеңші. – Жүрмесе де жамандыққа итермес. – Ай, қайдам? – Әбдімәлік үйге жеткенше үнсіз отырды. Күзгі лайсаң жолдың балшығы белуардан. Ойлы-қырлы жерлермен тоңқаңдаған жеңіл мәшиненің жарығы бейберекет секектейді.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Үй маңына келген соң Әбдімәлік Патшагүлді қолынан сүйеп, мә­шинеден өзі түсірді. Мұндайға бұрын-соңды үйренбеген Пат­ шагүлдің де дегбірі қашты. Жүрегі дүрсілдеді. Аракідік сөзінен жаңылып, не айтарын білмей абыржыды. Әбдімәліктің күректей алақанына көміліп кеткен нәзік саусақтарын әзер ажыратып алды. Ал оның жібергісі жоқ. «Завучтық жұмысқа қиналып жүр­ген жоқпысыз?» деген секілді бір нәрселерді асығыс-үсігіс үс­темелейді. Мынау бір тосыннан тап келген оқиға болды-ау. Әйтеуір біреу-міреудің көзіне түсіп қалмаса, бәрінен бұрын сол олжа. Директор әр нәрсені бір сұрап, алыстан орағытады. Өстіп уақыт өткізгенді қалайтындай. Ал ондай немеурінді түсіне қоятын Патшагүл қайда? Мына жағдай тіс қаққан құрбыларының бірі­ нің басынан кезіксе, мұндай оңтайлы сәтті текке жіберіп алмауға жанталасар. Қолға түсе бермейтін қадірлі қонақты бір шыны шай ішіп шығыңыз деп, ең болмаса кинодан көргенін қайталап, үйіне сүйрелер. Ай, аңқау Патшагүл-ай, сен түк таппағанда осыны да ойламайсың-ау?! Ойламақ түгілі шыбын жаны тырнақ ұшына тіреледі. Жан-жағына ұрлана қарайды. Жазатайым Әбдімәліктің мәшинесі біреу-міреудің көзіне түсе қалса, олардың одан соң не деп түтіндетері белгілі ғой. Содан қысылады өлердей, директордың үй жанынан тезірек кетуін көңілі қалайды. – Патшагүл! – деді Әбдімәлік бірде сөзін салмақтап, – Иә, иә? – Менің жағдайымды түсінесің ғой? – Түсінбегенде... – Патшагүлдің жүрегі алқынып аузына ты­ ғылды. – Бір өтініш айтсам, айыпқа бұйырмассыз. – Айтыңыз, айта беріңіз, сізді тыңдаймыз ғой, сізді тыңда­ма­ ғанда... – Айтсам былай, – Әбдімәлік бір жөткерінді, – ал мені, мына Әбдімәлікті кім деп ойлайсыз? – Кім дегені қалай? – Жақсы адаммын ба, жаман адаммын ба? – Ол жағын қайдан білейін енді. – Патшагүлдің тынысы та­ рылды, тездетіп үйіне жеткенше асықты. – Бұл адалдығыңыз ұнайды, салғаннан жақсы адамсыз деп өті­ рік сөйлегеніңізде... – Шыным.

ТАҢДАМАЛЫ – Патшагүл, ащы ішектей шұбалтатын несі бар. Бір-бірімізді көптен білеміз. Ойлануыңызға бір апта, одан әріге ұзатпа. Әкесі өлгенді де естіртеді. Қарсылығыңды жасырма. Мені оған ренжіп қалады екен деп және қауіптенбе. Бұл не көрмеген Әбдімәлік. Маған тұрмысқа шығуға қалайсыз? – А...а... Тұрмысқа шығуға?.. – Мұндай бұйымтайды тірі пенде бұған дейін айтпап па еді? – Айтқан, бірақ олардыкінің бәрі баланың ойыны секілді кө­ рінетін. Сіздікі бір түрлі... бомба жарылғандай... – Сізге ойымды қалай жеткізерімді де білмедім. Талай түн азап­ тандым. Сөйтіп осылай шешінген түрім ғой. Балаларым ержетті, екеумізге оралғы болатын бірі жоқ. Жә, бір аптадан соң өстіп тағы да мектеп жанынан күтіп алып, өстіп шығарып саламын. Жеңіл мәшине орнынан жылдам қозғалған. Бір аптадан соң Патшагүл Әбдімәліктің табалдырығын оң аяғымен аттап, сол үйге келін болып түсті. – Айым менің, күнім менің! – Әбдімәліктің үні жасандылау естіледі. Жасандылау естілетіні – қолында полковник қалдырып кеткен баяғы бір бет қағаз. – Екеуміздің ендігі тағдырымыз осында жазулы. Күз. Бұл неткен көңілсіздік? Ертеңінде терезенің тұсынан порт­фелдерін сүйрелеп, мектепке бара жатқан кішкентай бүл­ діршіндерді көреді. Бірақ оқытушы Патшагүлді көре алмайды. – 13 – Әбдімәлік қанша қасарысса да қарап отыра алмайды. Қызық өзі! Түк істеме, тұяғыңды қимылдатпа деп жатып кеп жалынады. Болысқан түріне болайын-ай! Аяқ-қолы балғадай жап-жас адам жынданған кісіше екі көзін бір нүктеден айырмай қашанға дейін тапжылмай отыра алады. Таңның атысы мен күннің батысын аңдып, құр селтеңмен жүріп алғаны кімге пайда? Оу, одан бір нәрсе өнсе, өнетіндігіне анық көзі жетсе коттедждің әуіт жақ бетіне қосқостап көрпе төсеп, тұяқ серіппестен жатып алмас па! Ал содан не шықты, қандай мұратқа жетті? Бүйтіп те кісіні аяй ма екен, аяушылық па мұның аты?! Ертеңді-кеш аяғы-аяғына жұқпастан жарты әлемді шарлап шығатын Әбдімәлік Патшагүлді өзімен неге салыстырмайды бір уақ, а?! Ой, данышпаным-ай, ел естімеген қамқорлықты алдымен әйелінің басына өстіп үйіп-төккісі келеді-

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ай! Сөйтіп, Патшагүлдің алдында ибалы күйеу атанғысы келедіай! «Жә, ондай жанашырлығыңызды басқа біреуге көрсетерсіз» – Ойпыр-ай, осы Әбдімәліктің не пәлесі бар шырағым-ау, Патшагүл былайғы уақытта қанша бір қатты болайын десе де, жеме-жемге келгенде сылқ ете қалады. Ілгергі уақытта ауланың сарай жақ бұрышына көң аралас то­пырақ төктіріп, гүл өсірумен айналысқан. Адам өлетіндей ауыр жұмыс емес-ті. Әрі бұл Патшагүлдің хоббиі секілді елес­ тейтін. Мектепте жүргенде де балаларды көбіне-көп осы іске жұ­ мылдыратын. Онсыз да уақыт шіркін зымырап өтіп жатқан жоқ па. Ал гүл өсірген қызық, алданасың кәдімгідей. Көшеттерді күтіп баптау жауапкершілігі селтеңбай жүріске де мұрша бермейді. Қолың қалт еткенде мектепке қарай құстай ұшқың келіп тұра­ ды. Терезе алдына қаз-қатар қойылған қыш құмырадағы гүлдер сенің ішке асығыс кіріп келе жатқандығыңды көріп, қуаныштан бастарын көтеріп-көтеріп алып, күліп қарсы алатындай елестейді. Шөлдегендерін де жасыра алмайды. Су себезгілегенде жандары кіріп, шаң-тозаңнан сілкініп, бір жасап қалады-ай... Патшагүлдің жан-дүниесі солай қабылдаған екен, басқасын ұрып қойыпты! Оқушылар да көбіне-көп Патшагүлді төңіректейтін. Сыныпара­ лық гүл өсірушілер конкурсының негізгі ұйымдастырушысы да Патшагүл. Ой-хой, мектепте жүргенде не істемеді бұл Патшагүл?! Осы үйдің табалдырығынан аттаған соң ғой омалып отырып қалғаны. Оған басты күнәһар – Әбдімәлік. Кейде Әбдімәліктің іс-әрекеті де құйын соққандай астаң-кестең: мүмкін еместің өзін еріксіз мойындатады, қақпаның қалтарысына қаптатып көзге көрінбейтіндей кнопкалар орнатып қойған адамнан не сұрайсың, жарағыр-ау?! Мүмкін осы бөлмеде де оның бес-алтауы тығылып тұрған шығар. Патшагүлдің жүрген-тұрған әрекетін аңдиды, аузынан шыққан сөздерді жазып алады... Ұзын сапты сыпыртқыны жылтырақ еденге тастай салды. Аяғын қорқасоқтап ілгері қарай бір басты, екі басты, үшіншісінде қайдан бастасам екен деп сәл іркілді. Ұрлық жасайтындай немесе Әбдімәліктің қазынасына рұқсатсыз қол салатындай, тізесі дірілдейді. Самайына ретсіз түсе берген балапан шашын кейін серпиді. Кнопкасы түскірдің қайда жасырынғанын кім білсін. Перденің бір шетін көтеріп еді, көңіл демдейтін еш нәрсе таба алмады. Терезе кәсегіне арлыберлі саусақ жүгіртті. Темір пештің қуысына дейін түртпектейді.

ТАҢДАМАЛЫ Кісі бойы ағаш шкафтың төбесіне қолы жетпеді. Құдая тоба, әлгі кнопкасының сонда тығылып тұрғандай әсер еткені. Дағарадай үйдегі екі адамның бірін-бірі аңдуы ақылға сыя ма. Сыртты бір шолып шықты. Тым-тырыс. Әбдімәлік келсе алдымен дарбазаның қоңырауы қағылады. Ендеше алаңдайтын несі бар. Онысы қолға түссе жеңішке сымдарын бытырлатып үзеді де, қалғанын қоқыс салған жәшікке атып ұрады. Орындықтың үстіне оң аяғын сала бергені сол еді, жер сілкінгендей бір дүмпудің әсерімен ұшып түсті. Бірақ еш жері ауырмады. Үсті-басын қаққыштап қайта түрегел­ ді. О-хо, әлгі жұрт айтып жүретін биоток Патшагүлді омақаса құ­лат­қаннан сау ма. Дұрыс, дұрыс-ақ, Патшагүл де бір нәрсеге иланғандай ізінше кейін шегіншектеді. Көзің көріп, қолыңмен ұстайтындай дәлелің болмаған соң, құр долбармен неге сырттай тон пішесің. Әбдімәлікті бекерден-бекер неге жазғырасың?! Асылы тегін адам емес-ау Әбдімәлік?! Енді көзің жетті ме, биотогы күшті ғой Әбдімәліктің! Тілге келместен қағып жіберді! А-ха-ха! Мұнан былай абайлап сөйлес Әбдімәлікпен! Гүлдері көздің жауын алатындай жайқалып өскен. Олай-былай өткенде танауын жұпар иіс қытықтайтын. Ауланың да сәні кірді. Қайдан келгенін кім білсін, сан түрлі көбелектер де ұшып-қонып жүрді. Ара-тұра айлақ қызметкерлері да құлынды бие сұраған­ дай қиылып келіп сауын айтатын. Ақшасына сатыңыз дегендер де табылатын. Оларға Патшагүлдің ит жыны тырысар-ды. Алдажалда Төретам топырағында гүл сатқан адамды қайдан көрдіңіз?! Ой, дүние-ай десеңші, бірде Әбдімәліктің айдың-күннің аманында төбеден қара аспанды тастап кеп жібергені. Патшагүл аң-таң. Се­нерін де, сенбесін де біле алмады. Аң-таң боп Әбдімәліктің күреңіткен жүзіне үңіледі. Оғаштау болса да ара-тұра Әбдімәліктің Патшагүлге қалжыңдайтыны бар-ды. Бірақ оның аяғы ұзаққа бармайтын. Ал мынаусы оның біріне ұқсамайды. Мен қайтейін енді дегендей, ара-тұра иығын қозғайды: «Гүл көшеттерін отап тастағаның мақұл, Патшагүл!..» Бұл Патшагүлге төбеден жай түскендей әсер етті. Әуіт жие­ гіндегі жайдақ үстелдің үстіне жалп етіп отыра кетті. Жанары жасаурады. Жалтақтап бірде аспанға, бірде жерге қарады. Әбді­ мәліктен қайран шамалы еді. Әбдімәлік «Мен айтатынымды айт­ тым, ендігісін өзің шеш» дегендей көзінің алды көгіс тартып, міз бақпастан тұра берді. 8-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Патшагүлдің ойы сан-саққа жүгірді. «Адам-ау, Әбдімәліктің ауласындағы гүл көшеттері кімнің егініне түсті екен». «Неге, неге отап тастауым керек өз қолыммен күтіп-баптаған көшеттерді?!» Дауысы жарықшақтана шықты. Әлі де бекер болар деп сенбес­тік білдірді. «Солай... отап тастау керек!» «Неге?» «Мені де дұрыс түсін, Патшагүл, біз космодромның іргесінде тұрамыз ғой». «Адам-ау, гүл көшеттеріне космодромның қатысы не?!» Ұшыра берсін спутниктерді мыңдап, миллиондап...» «Маған не дейсің?» «Жұмбақтамай түсіндіріңізші басынан бастап». «Түсіндіретін не бар, бәрі түсінікті». «Ал мен түкке түсінбеймін». Патшагүл булығып жылап жібере жаздады. Астыңғы ернін қан шығара тістеп алды. Теріс бұрылды. Қайда барып, қайда жан сақтарын да біле алмады. Әуіт суына күмп беріп, шым батқысы да келді. Қай пиғылынан тапқандығын қайдам, құдай бұған бір шұқым қызылшақа шарананы да көп көрді ғой. Әбдімәліктің ертеңді-кеш бауырына тығылып, тек соның дегені болсын, тек соның айтқаны орындалсын дегенде де, барлығы бір мақсат үшін еді. Оу, әлі де уақыт бар ғой, бұйырса бәріне үлгеремін ғой деп, ел­ тең-селтең жүре беретін жастық дәурен де біртіндеп жылыстап ба­ра жатқандай. Өзге жұртқа байқатпаса да жасырынып жыл санайды, ай санайды. Қолынан келсе бір күнді де босқа өткізгісі жоқ. Бір тәулік, құдай берейін десе бір тәуліктің ішінде-ақ үйіптөгіп бе­ре салады. Қашаннан келе жатқан пәлсапа ғой. Бойға бала бітуі айтып ауыз жапқанша. Бірақ осы жағдай діңкелетіп тұр Патшагүлді! Жатырға түсер ұрықты жатырқап жүрмесем болғаны деп талай түн ойланған. Дәрігерлерге көрінді, бірақ денсаулығынан кінәрат таба алмады. Әбдімәлікті де қатардан қал­ды деуге аузы бармайды. Көңіліндегі болар-болмас бір күдік – ғарыштың күлгін сәулесі белге түсіп, еркектік құлшынысына қылау түсірмеді ме деп уайым жейді. Оу, бес саусағындай белгілі жағдайды несіне жасырады, кім­ нен жасырады? Әбдімәліктің зіңгіттей-зіңгіттей жігіт болған ба­ лалары Патшагүлге енді бала болып жарыта ма? Қызылшақа нә­ рестенің іңгалаған даусын естігісі келіп, басын қайда соқпады дейсің бұл қасқа?! Әбдімәліктен жасырынып бақсы-балгерлерді де жағалаған. Құмалақ аштырып, дұға оқытқан. Олардың айтаты­ ны: «Сандалма, сыртқа сырыңды ашпа, таяуда, осы таяуда бала көтересің. Әбдімәлігіңе құдай қуат берсін! Әбдімәлік әлі де бір-

ТАҢДАМАЛЫ екі әйелді қартайтады». Онын, тіпті жиырмасын қартайтсын. Пат­шагүлге керегі бір бала. Одан соңғысын берсе көпсінбейді, бермесе азсынбайды. Соған қанағат. Ал гүл көшеттерін аздап ал­ даныш тұтатын. Мінекей, соның өзін көпсінеді. Түгін қалдыр­ май оны да Патшагүлдің көз алдында отап тастағылары келеді. Айлақ іргесіндегі Төретам мен Сұлутам тұрғындары экологияның ауырлық нүктесіндегі тіршіліктерін алға тартып, бұған дейін де ғарыш айлағынан қосымша өтемақы талап етіп келген ғой. Шілденің ми қайнатар ыстығына төңіректің радиациясы қо­ сылған соң, бұл өңір көкөніс өсіруге құлшыныс таныта ма. Бірекі жылдықтың бедерінде аздап әрекет жасап та көрген. Көк түйнектің пәлегі тамыздың ортасына жете бергенде сабағынан үзіліп түседі. Сонымен ала жаздайғы еңбегің еш. Ойын баласы кос­модромның әсерінен біздің топыраққа түк шықпайды дегеніңе сене ме. Әке-шешелері айлақтың дөкейлері келіп жергілікті ха­ лық­тың жағдайларымен таныспақ болғанда осы жағдайды айтып жан-жақтан жамырайды: «Ең болмаса балаларымызға тие­сілі көкөністің пұлын төлеңіздер, өзбек айғайындардан өзіміз-ақ сатып аламыз». Айлақтағылар амалсыз көнеді. Айлақ жарғысында «Жергілік­ ті халықтың жағдайымен санасу керек» дейтін арнайы бап бар. Ертең әлемдік космостық қауымдастықтан келетіндер түк таппағандай осы баптың орындалу, орындалмауын тексермей ме. Ілік тапқандары оларға да жақсы. Ал қазақтарға керегі – үстеме төлем. Коммерциялық ұшырулардан түсетін қыруар қаржыдан өстіп жырымшылап тартқыламаса олар құдайдың қара суын та­ тырмас. Ай, Әбдімәлік пен Патшагүлді де сойып салатын адам жоқ. Сүйінші сұрағандай жұрттың алдына түсіп, желпілдеген өздері ғой. Әскери қалашықтағыларға ауласынан гүл жұлып беріп не­лері бар еді-ай, ә! Ал соның азабын енді өз мойындарымен көтер­ сін! Ғарыш айлағындағылар бір мәселенің келер жағында Әбдімә­ ліктің ауласындағы жайқалып тұрған гүл көшеттерін мысалға келтіріпті-міс. «Оу, ағайындар-ау, бізден ананы сұрайсыздар, мы­ наны сұрайсыздар, бақшалығымыз радиацияның әсерінен күйіп кетті деп зар жылайсыздар. Ал бізге сенбесеңіздер Әбдімәліктің ауласын барып көріңіздер. Әбдімәліктің әйелі Патшагүл елден ерекше жаратылған жан емес шығар. Басқан топырақтарыңыз бір, ішкен суларыңыз бір. Сонан келеді де Патшагүл ауланың ішін гүл

Қуаныш ЖИЕНБАЙ көшеттерімен жайнатып қояды. Сіздердің етектеріңіздің жасқа толып отырған түрі мынау. Тірі тұрсақ біз мұны әлі де тереңірек зерттейміз...» Әбдімәлік үйге қалай және қашан кіріп келген. – Ал қалайсыз? – дегенде Әбдімәлік жаққа бірден бұрыла алма­ ды. Болар-болмас қабағынан жылы жымиыстың нышанын аң­ ғартты. – Сіз бар-ау, сіз... мына түріңізбен кісіні тірілей өлтірерсіз. Ішім­де бала болса қайтер едіңіз? Әбдімәлік оны естімегендей, тіпті оған мән бермегендей лезде басқа тақырыпқа ойысты. Облыс орталығынан оралғалы бері көңілді. Жүріс-тұрысынан да салмақтылық аңғарылады. Қолты­ ғына қысқан бір бума қағазды есік аузына тастай салып, құшағын ашып Патшагүлге ұмтылды. – Асылым менің! – Шын ба? – Патшагүл бергі жағымен қылымсыды. – Сіз неге өстіп үнемі күліп жүрмейсіз? – Мұнан былайғы жерде бар айтқаның орындалады. – Қайтіп? «Балалы боламыз ба?» дегенді де асығыстықпен айтып қала жаздады. Әбдімәліктің қолына бірден түсіп қалғысы келмей, өзінөзі қинап әзілдегенсиді, бұлт етіп олай қашады, былай қаша­ды. Құрысын, құрып кетсін, өз көңілін өстіп өзі көтермесе жәрдем­ десетін біреу бар ма мына дүниеде?! Қорбаңдаған Әбдімәліктің қимыл-әрекетін шаң қаптырып, тағы да кейін шегіншектейді. Жете бергенде жалтарып үлгереді. Аңдысқан жау алмай тына ма, енді бірде Әбдімәлік аптыққан демін баса алмай танауын Пат­ шагүлдің ақ тамағына тақайды. Құлақ шекесінің түбінен әнтек иіскейді, бөксе тұсын сипалайды. – Айым менің! – Ой-хой! – Мына цифрларды өмір бойы есіңнен шығарма! Судағы йодтың мөлшері... – Мұнда тұрған не бар? – Бұл – космостан берілген сигнал. Біздің мұнан былайғы тағ­ дырымыз осыларға байланысты. – Немене, турист ретінде космосқа ұшқалы жүргеннен саумы­ сыз? Бір амалын тауып мені де ала кетіңіз ондай болса, менің де ішім жарылуға қарады.

ТАҢДАМАЛЫ – Мұнан былай ішің жарылмақ түгілі атыңды ұмытып қалып жүрме. – Бәли, қайдағы жұмыс, ол қандай жұмыс? – Бәрі ретімен шешілсін деп жүргем. Патшагүл де өз-өзіне енді келгендей: – Маған жұрттың соңынан айтатын әдетіңіз ғой қашаннан. – Сенен жасырып нем бар, сүйіктім-ау, сен бұл жолы да бірін­ ші естіп тұрсың! Космостан берілген әлгі сигналды тағы бір қайта­ лашы? – Ал, иә...1–2. Онда тұрған не бар? – Жарайды, оның шешуін сәл кейінірек айтармын. Коттеджді банкке өткіземіз. – Астапыралла, не дейді?! – Сөзімді бөлме, аяғына дейін тыңда. Құдай бізге оң көзімен қа­рады ғой, Патшагүл. Қамбаш көлінің жағалауынан осы заман­ ға лайықталған санаторий салдырамын. Қаражаты алдын ала есептелген. Мені облыс орталығына не үшін шапқылап жүр дей­ сің?! – Қайдан білейік. – Енді білесің. Білгенде күллі жұмыстың тең жарымын өзің атқарасың. Іш пысқанды сонда көрейін. Бизнестен хабарың бар ма? Болмаса осы қыс оқисың, үйренесің. Маман жалдаймыз. Сана­то­рийдің халыққа қызмет ету жағы саған жүктеледі. Қар­ жыға мұқият боласың бәрінен. Несиені келер жылдан бастап қай­ тарамыз. Ал қалай, үш қабатты коттеджді бекер тұрғызды деймісің Әбдімәлік? Банкирлер кепілдікке алатын болып бірден келісті. – Адам-ау, ол қайдағы санаторий? – Сөзді бөлме, а-ха-ха, менің космодром жағалаған бейнетім ақ­ талды. Қамбаш көлінің су қарамындағы йод мөлшері космостан зерт­телген. Өзім де бір нәрсені сезгем, дәу де болса сол шамадан табы­ ларсың-ау деп жүргем. Бір литр судағы йодтың мөлшері екі грамм. Мұндай байлықты қайдан табарсың?! Бұл сом-сом алтыныңыз­дан да қымбат. Ырғалып-жырғалмай құрылыс жұмыстарын көктем шыға бастап жібереміз. Қаражатты банкирлер қажет еткен күні-ақ аударып береді. Құжаттары дайын. Өзім де талай мәрте есептегем. Сірә, бір-екі жылдың о жақ, бұ жағында қарыздан толықтай құ­ ты­ламыз. – Әбдімәліктің нұрға толы жанары күлім қағады. Төргі бөлменің қақ төрінде тұрып, сахнаға шығатын әншідей ыңылдап

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ән салады. – Тура, өзім ойлағандай! Қамбаш көлі жағалауындағы ақшаңқан санаторий алыстан менмұндалайды. Жарнама беріп шаршамаймын. Жер шарындағы йод жетіспеушілігінен зардап шеккендердің төрттен бірін қамтысам да табыс кеңірдектен ке­ леді. Ал білсең айт, сен оқымағаны жоқ сұңғыла мұғалімсің ғой. Әлемдегі йод жетіспеушілігінен зардап шекендердің ұзын саны қай шамада? – Қайдан білейік. – Білмесеңіз, біліп алыңыз, бір жарым миллиард! Бір-бірінен естіген клиенттердің өздері-ақ жүгіреді Қамбаш көліне қарай. Білем, білем ғой, Қамбаш көліндегі ата-баба рухы жебеген ғой біз­ дерді! Түсімде мені солай қарай бір құдірет күш тартатын да тұ­ ратын. Әуітті Қамбаш көлімен жер асты жолдары арқылы жал­ғас­ тырғым келгені бекер ме?! Көл табанындағы балдырлар бидайық­ тай қол бұлғап шақырады. Санаторий құрылысының бірінші кезе­ гі келер жылдың соңына таман аяқталады. Көл жағалауында­ғы алып құрылыстың макетін көрсетейін алдымен. – Әбдімәлік есік ал­дында жатқан бір құшақ қағаздың орауын шешіп, Патшагүлдің алдына жайғыштайды. Шынында да айқыш-ұйқыш сызылған жобалар көзге жылы ұшырайды. – Мынау – бас корпус, әкімшілік ғимараты басы бүтін сіздің меншігіңізде! Патшагүл үндемейді. – Кеше космостық байланыс жүйесі арқылы Норман Фостермен хабарластым. – Оныңыз кім еді тағы? – Әлемді аузына қаратқан ғажайып сәулетші. Интернет арқылы мені өзі іздеп тапты. Адамзаттың игілігі жолындағы бағалы бастамаңызға қолдау көрсетемін деді. – Тура солай деді ме? – Демегенде мені кім деп ойлайсың, жарқыным-ау! Йод жетіс­ пеушілігінен зардап шеккендердің шамадан тыс көбейіп бара жатқандығы ұлы сәулетшіні де алаңдатады. Және Қамбаш көлін­ дегі судың құрамы космостан зерттелген, оған зәредей күмәнің болсын ба?! Кешенді құрылыс жұмысын жобалауға өзім қол ұшын беремін дейді Фостер мырза! – Қиял-ғажайып ертегі секілді екен кәдімгі... Телефон шырылдады. Жүгіріп барып Патшагүл трубканы кө­ терді.

ТАҢДАМАЛЫ – Иә, Әбдімәліктің үйі, тыңдап тұрған Әбдімәліктің әйелі Пат­ шагүл... Алыстан Мейрамгүлдің дауысы талып естілді. – 14 – Іздегені сол еді. Мынадай көл-көсір қуанышты сірә, бір пенде­ мен бөліскені жөн болар. Оған уақыт өлтіріп жатпады. Құдай айтқан Қаражан бар ғой. Есе қайтаруы керек шығар мұның да. Өткен жолы екі баржаны сонау Финляндиядан сүйреп әкелдім деп Әбдімәліктің төбесін тесе жаздаған жоқ па. Мейлі, Америкадан неге әкелмейді? Сондағы босбелбеулігіне өзі әлі күнге дейін өкіне­ ді. Түк көрмегендей құйылғанын құйылғандай жұта бергеніне жөн болсын-ау. Жаны темірден жаралып па еді. Ақыры ұшып түсті. Оңбай омақаса құлады. Қайта періштесі бар екен, екі қолтығынан демеп тұрғызып жіберді. Басы бұлғақтап, мәшиненің рөліне қайтіп отырғандығына қайран. Дарияның құлама жарынан аунап түссе лай суға шым батып, Әбдімәліктің көрер қызығы сонымен тәмамдалар еді. Сағатына қарады. Мәскеу – Алматы аралығына қатынайтын жүрдек поездың келуіне әлі де бір сағаттай уақыт бар-ды. Ежел­ ден үйреніскен дағды ғой, жүрдек поезды күтіп алып, аман-есен Төретам территориясынан шығарып салмайынша Қаражанға ас батпайды. Екі қабатты қыш кірпіштен тұрғызылған басқару пуль­ тінде отырған шығар тас кенеше қадалып... Оу, араға тәулік салып, басы жазылған соң Әбдімәлік үлкен баржа үстінде Қаражан есте қалатындай қандай әңгіме айтты деп, өткенді ойға түсірмей ме. «Мас күйінде үйге қалай жеттіңіз, жарығым-ау?!» – деп Патшагүл шын көңілімен көзін сығып алды. Әбдімәлік іштей қуыстанды. Бір жағынан болар-болмас буыны босады. Енді аузыма арақ алсам аңға, түлкіге не қасқырға айналып кетейін деп ант берді. Іштей қасарысса да, со жолы мөлиіп Патшагүлдің алдында жеңілгендігін мойындады. Әйел затына тән осалдық танытып, көзіне еріксіз жас алғанымен Патшагүлдің тұлғасы өзінен әлдеқайда соқталанып көрінді. Қылдай қиянаты болсайшы, ғарыш айлағының жергі­ лікті тұрғындар арасындағы азуын айға білеген өкілі Әбдімәлік өмірде болуға тиісті бір шындыққа анық көзі жеткендей, желке­ сін күжірейтіп жанарымен жер шұқыды. Рас, рас-ау, ажал шіркін айтып келе ме. Көзі тұманданып, түн ішінде аяқ жолын ажырата

Қуаныш ЖИЕНБАЙ алмайтындай халге жеткен Әбдімәлік дария бойымен құйындатып келе жатады да жүгі ауған түйедей оқыс бұрылып, құлама жардан құлап түседі. Одан арғысы белгілі. Қастарында тірі жан жоқ, арақ ішкізген мен едім деп Қаражан мойындай қоя ма. Аулақ, пәлежаладан аулақ жүргенім жақсы деп ат-тонын ала қашар. Айттың не, айтпадың не, Әбдімәлікті мына жалған дүниеде мойнына бұршағын салып жоқтайтын бір-ақ адам бар екен-ау. Патшагүлдің алдында кішіреюінің бір себебі осы еді. Бала деген аман болсын ғой, әйтеуір. Тойса ашыққанын, жылынса тоңғанын ұмытып кететін бұл пендеңізден не сұрайсың!.. Кейін Әбдімәлік те кеңккеңк күледі ғой баяғы. Өлесі мас болып арақ ішкендігін де өзіндік пәлсапасымен арашалап алғысы келеді. Оу, арақ ішпей қаққан қазықтай болып сіресіп жүре берсе Патшагүлдің бүйтіп көзіне жас алғандығын қайдан көреді. Енді қорқыныш жоқ, олай-былай бола кетсе артында аңырап жоқтау айтатын адамы бар. Апырай, сонда Қаражан Әбдімәліктің көзін бақырайтып қойып, қос баржаны қосақтап жегіп отырсам, ғарыш айлағының әкіреңдеген басшыларын өзіме қаратып аламын дегенді ишарамен сездірді-ау. Қос баржаның үстіне сан түрлі техника орнатып, вахталық әдіспен жұмыс тәртібін жолға қоямын деді-ау. Темір жолға да тұмсығын көтеретін сыңайлы. Май сіңген шпал бойымен секектегенім жетер дегенді ашық аңғартқан. Ғарыш айлағымен шартқа отырады да, кесімді қаражатты шетінен кеміреді. Коммерциялық ұшыру бәсекеге айналған бүгінде. Ал Байқоңырдың вахталық әдіссіз күні жоқ. Кіші теңіздің өн бойына кеме түсіріп, жер-жерден қарауыл пунктерін орналастыруға шаштарының түгі жете ме. Әрине, айлақ қаражаттан тапшылық көріпті дегенге кім сенеді? Коммерциялық ұшырудың бір тамшысы-ақ Қаражанның қойны-қонышын бір-ақ сәтте толтырады. Жолың оңғарылайын десе өстеді ғой, Қаражан баржа әкелуге қайбір дайындалды дейсің. Бәрі ұлы теңіздің қайтадан қалпына келуінің арқасы. Соры шығып шаңдатып жатқан теңіз ұлтаны бір мезгілде су астына тұншықты. Ғарыш айлағындағылардың сөйтіп амалсыздан қолдары байланған. Шалқар теңіздің екі шетін екі баржа күзетсе қалғанына бастары ауырмайды. Қаражанды іштен түртіп сөйлеткен де осының құдіреті еді. Көздерін ойнақшытып, «Менің қасымда сен кімнің шекара­ сысың?!» дегенді немеурінмен аңғартқан. Ұртын толтырып ыңы­

ТАҢДАМАЛЫ ра­нып отырып, біраз «желін» армансыз шығарған. Ойдан-қырдан қиюластырып әңгіме соқты. «Осы төңіректегі заманның ығын білетін екеуміз болсақ, ендігі жерде әліңді біл, менің алдымда көстеңдеп көзге түсе берме, байқа, бауырым» дегенді қоса үс­те­ меледі. Оу, ымды түсінбейтіндей Әбдімәлік те суқараңғы со­қыр емес-ті. Әйтсе де ұстамды мінез танытты, ұшқалақтанып Қа­ ражанмен бәсекеге түсіп, білегін түріп, ақиланып ала жүгірген жоқ. Әліптің артын күткен. Сенің-ақ айтқаның болсын деп сәл кішірейді. Арақты да сілтеңкіреп жібергені соның әсері еді. Миға жүк қылмай со жолы естігендерінің бәрін ұмытуға тырысты. Баржа үстінде текетіресе кететіндей қауқар жоқ-ты. Ал Қаражан екі баржаны тізгіндеп бәйгеге қосатын арғымақтай баптап отыр. «Қамбаш, қайран ата-бабамның қасиетті қаны тамған Қамбаш көлі-ай!» деп әндеткенмен ондай құрғақ әуеніңе Қаражан илана қоя ма. Қаражанды шөре-шөремен таңғалдыра алмайсың бәрібір. «Дүние – дөңгелек, кезегі келер» деген Әбдімәлік те ішін алдыр­ май. Келді, келді ғой, мінекей! «Ғарыштан зерттелген бастамаға басқа-басқа тап сіздің күмәніңіз болмайтын шығар. Оның несін жасырамын. Анықтаманың шешуі мынадай: 1–2. Бұл – Қамбаш көліндегі су мөлшерінің йодтық көрсеткіші. Бүге-шүгесін қалдыр­ май, ғарыштық мәлімет түгелдей қағазға түскен. Баяғы баржа үстіндегі оңаша кездесуімізді ұмытпаған шығарсыз. Қызғаныш­тан жүйке тамырлары зақымданып ұйқысы қашсын, өзін-өзі қайда сыйғызарын білмей мазасызданып, ақыры ауруға шалдықсын дейсіз ғой мені. Төретам төңірегін жайлаған «екі арыстанның» бірі өмір сүруін тоқтатуы керек қой сіздің ойыңызша. Сөйтіп Патша­ гүлді әйел үстіне тоқалдыққа алмақ па едіңіз. Ой, көкірегіңіз аспан тірейді-ау, сабазым! Сізді білем ғой, сырыңыз белгілі Қаражансыз кәдімгі. Ғарыш айлағымен әу бастан байланыспаған болсаңыз, сіз де Төретамдағы көп ағайынның бірі боп барға да, жоққа да риза, өз тіршілігіңізді дөңгелетіп жүре берер едіңіз. Мұндай қырғиқабақ «бәсекелестікті» де ауызға алмас едіңіз. Керісінше, ағайынның аты озды ғой деп, менің азды-көпті тіршілігіме ниеттестік танытып, қуанған да болар ма едіңіз. Түйе сүтін кептіріп, оны айлақтағылар тілге келместен сатып ала бастағанда сіз «бәрекелді-ай!» демес бұрын, бұтыңызға жіберіп қойғандай тоң-теріс үнсіз қалғансыз. Ар жағында қандайлық арам ой жатқандығын менен несін сұрайсыз. Қос баржаны сонау жер түбінен сүйретіп әкелгенде де мені қонақ етіп арнайы «шақырдыңыз».

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Ойпырм-ай, сіздің қулығыңызға қанжар түгілі таяқ бойла­мас. Әлде адамның әлсіз тұсын тап басуды да ғарыштан үйрендіңіз бе? Сізден басқа біреу болғанда «міне, мен қандаймын» дегенді бұлталаққа салмай, жүрегің жарылып кетсе де бірден солқ еткізер еді. Ал сіз... осал тұсты байқаусызда аңдап қалып, улы жыландай ысылдап сол жерге айыр тіліңізді сұғындыра түсесіз. Мені көрдің бе, мен осындаймын дегеннен гөрі бір нәрсенің ұштығын шығарып, елемегенсіп ит әуреге түсірген әлдеқайда маңыздырақ. Қалғанын өзің толтырасың. Нені меңзегені, не айтпақ болғаны деп түн ұйқың төртке бөлінеді. Сол немкетті көзқарас сені тірілей азаптап тұрғандай әсер етеді. Әбдімәлікті де сөйтіп бір батпаққа батырайын дегенсіз. Бірақ мен де өлетін жерімді білетін қумын ғой, анау-мынауға жүйке жұқартып қайтемін. Оның үстіне менің алға қойған мақсатым, сіздің кәкір-шүкір тіршілігіңізді он орайды. Әрине, сізбен бәсекеге түсейін деген ойым жоқ. Бірақ сіз сыртымнан сөз жүгіртетін көрінесіз. Тіпті қызды-қыздымен «Төретамның жансызы», «Сұлутамның сатқыны» дегенді де кө­ ңілге қарамай айтып салыпсыз бір көңілді отырыстың үстінде. Сатқын болып не істеппін? Ғарыш айлағындағы құрылысқа жер­ гілікті жігіттерді көбірек тартқаным ғой жазығым. Он жетінші алаңдағы апатты жағдайдың түбі бір болмай қоймайтындығын білсем, ол пақырларды өлсем апарармын ба?! Сол ғой менің көзімді шұқитын дәлеліңіз. Оның да сыбағасын алғам... Қамбаш көліне сіздің үш қайнаса сорпаңыз қосылмайды. Ол – менің атажұртым. Өзіңіз білетіндей әке-шешемнің, әйелім Қа­лампырдың зираттары да көл ортасындағы аралда жатыр. Ғарыштық зерттеу көл суындағы йодтың мөлшерін қолмен қой­­ ғандай анықтап берді. Келер көктемнен көл жағасынан са­на­ торий тұрғызамын. Құрылыстың сметалық жоспары алдын ала есептелген. Барлық шығыннан екі жылдан соң толықтай құ­ты­ ламын. Ар жағынан пайданың төбесі көрінеді. Ол сіздікі секілді Бай­қоңырдан қашан зымыран ұшады екен деп аңтарылып, телміріп айлаққа қарап отыратын вахталық әдіс емес. Біздікі қолма-қол. Йод жетіспеушілігінен жер бетінде қанша адамның зардап шегіп жүргендігін сіз де жақсы білесіз. Табыс құйылады да тұрады өздіөзінен. Сіз Фостерді танушы ма едіңіз? Ай, сізге Патшагүлдікіндей білім қайдан жұқсын. Май сіңді шпалдардың есебінен жаңылмай жанбағыс жасап тыныш жүргендігіңіз жақсы еді. Тыныш жатқан

ТАҢДАМАЛЫ жыланның құйрығын өзіңіз бастыңыз. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, сол Фостермен ғарыш арқылы байланысқа шықтым. Дұрысында, мені іздеп тапқан атақты сәулетшінің өзі еді. Көл жағалауынан пайда болатын ақшаңқан санаторийдың бас корпусын өзім жобалаймын дейді. Және бір тиын алмастан...» Кеш батқан. Сұлутам жақтан маневр жасаған ауыр тепло­ воз­дардың айқайы естіледі. Ит үреді. Қызы бар үйдің терезесін торуылдаған екі-үш жүгірмек сірә, Әбдімәлікті қыз әкесі келіп қалды-ау деп ойласа керек, мұның қараңдаған бейнесін көрісімен тұс-тұсқа бытырай қашты. Жұлдызды аспан жап-жарық. Бір жағынан мына тұрған жерге мәшине мінбегені де оңды болды. Қан тарасын кішкене. Ауада болар-болмас сыз бар. Жаудай қаптайтын қара маса сирексіген. Жейдесінің өңірін ағытты. Жолдан қашық­ тау қоныстанған жалғыз дүңгіршектің маңайы ызы-шу, қымқуыт. Теміржолшылар жалақы алған секілді ме, қалай. Адымын жылдамырақ басты. Әлдебір ағаш түбіртегіне сүрі­ ніп, шалынысып құлай жаздады. Маңайын бажайлап танып келе жатыр. Мынау өткендегі теміржолшылар қоймасы түбіндегі жал­ ғыз қара ағаш. Перрон қол созым жерде. Түркістаннан келетін шолақ поезды осы арадан күтіп алған. Сондағы қан сорпасының шыққандығын айтсаңшы! Мына тұрған фонтанға да жете алмады ғой. Есік-терезесі қымталған жайдақ мәшиненің кабинасына тығы­ лып, жүрегі қысылып, борша-борша терлегендігін өлсе ұмытар. Сәл кідірді. «Сүйінші сұрағандай Қаражанға несіне барамын» деді бір ойы. Құр даңғаза, мақтаншақтықтан бір нәрсе өне ме?! Азамат емеспіз бе, бір-бірімізді іштей қажағаннан қандай мұратқа жетеміз? Қой, кері қайтайын. Жол жиегіндегі қой тасқа құйрығын қойды. Қамбаш көлінен сауықтыру кешенін ашатындығын айтып барғысы келмеді. Реті келер, реті келер деді тағы бірде... –15– ...Жолы болғыр-ау, соған бола өз-өзін несіне кінәлайды. Найқа­ лып жүруіне мүмкіндігі болды ма. Оның үстіне қылыштай қат­ қан қара кемпір де Мейрамкүлді Барсакелмеске жөнелткелі жатқандай «Қашан ораласың, қандай шаруамен барасың, сәл кешеуілдетуге болмай ма?» деп құдайдың зарын қылып, ыңыра­ нып жүріп алды емес пе. Алпысқа жетіп, өлдім-талдым дегенде лаборатория меңгерушілігіне әзер қолы ілігіп еді. Ойпырм-ай,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ адам қалай өзгереді, ә?! Басқасы басқа Мейрамкүл дәл осы кісіден ондай пенделікті күтпеген-ді. Тұп-тура жүз сексен градусқа бұрыл­ды да шықты. Дауысы да жуандады, үсті-басын да ретке келтірді. Суалған жағына, қыртыс-қыртыс мойнына жұқалап опа-далап жағатын да әдет тауып алды. Өткен қыста бір кісі о дүниелік болып, соның орнына меңгерушілікке тағайындалған. Обалы нешік, анау-мынауға араласпай саяқ жүретін сыпайы кісі боп көрінгенімен ди­ректорыңыз да адам екен: «Айналайын, меңгерушілік орын сіз­дікі, – деді салғаннан,– өз қолтаңбасы айқын­дал­ған, тақырыбы бекіген биология саласындағы белгілі ға­ лымсыз. Келесі жиналыста ұжым келісімімен жаңа қызметіңізге кірісесіз».– Мейрамкүл директор күткендей бұл ұсынысқа аса бір қуана қойған жоқ, ренішін де байқатпады. Сабырлы қалпын жоғалтпай: «Кезек апайдікі ғой, алдымен ғылыми жұмысымды бір ыңғайлап алайын. Меңгерушілік қайда қашар дейсің!» – деді бар болғаны. Міне, сол апайыңыз қазір Мейрамкүлдің басына әңгіртаяқ ойна­туға шебер. Осы жолы да шалқасынан түсті. Қолдары дірілдеп ор­нынан ұшып түрегелді. Ауылда не бар деп, үсті-үс­ тіне нығарлады. Тар кабинетті талтаңдап олай кезгіледі, былай кезгіледі. Ара-тұра Мейрамкүлдің түр-тұлғасына үңіледі. Жақын­ нан бір қа­райды, алыстан екі қарайды. Бір бет қағазға айбақ-сайбақ сүй­кей салған арызының шекесіне «қарсы емеспінді» жазайын деп оқталады да, ойына әлдене түскендей қаламсабын үстел үсті­ не тастай салады. Содан зілбатпан көзәйнегін сүрткілейді, «Тәм­ піш мұрынға мүлдем жараспайтын әдірежегірді жаңасымен ауыстыруға болмай ма?» – деп, Мейрамкүл де ішінен ширығы кү­ бірлейді. Қатқан қараға қарап қалған күні жоқ-ты. Бұлталаққа салып міңгірлей бастаса, Мейрамкүлдің тоқетер жауабы да дапдайын. Арызын қақ бөліп, ортасынан бір айырады да сықырлауық есікті солқ еткізіп, тайып тұрады. Кісімсігендігін қыстырғаны! Үндемей жүргенімен бұлтсыз күнгі найзағайдай шарт ете қала­ тын Мейрамкүлде де бір адамға жетерлік мінез бар. Бірақ онысын кез келген жерге тықпаламайды. Сол тұрғанда да бір тылсым күштің құдіретімен анасының дауысы тура құлақ шекесінің түбінен күмбірлеп естілгенгендей-ді: «Мейрамкүл, сабыр... сабыр, жасы үлкен кісі ғой, кешіре сал бір жолға. Одан кем болмайсың. Ұзақ жолға шығып бара жатып, ешкіммен ұрыспа». Ұрысайын

ТАҢДАМАЛЫ деген кім бар. «Апай, өтінемін, жіберіңізші бір жолға!..» –деп Мей­рамкүл бергі жағымен жорта мүләйімсиді. Соның арасынша «Бармауға болмайды, түсінесіз бе?» дегенді де күлкі араластыра үстемелейді. «Неге болмайтындығын түсіндірсеңші» деп анау аш кенеше қадалса не айтатындығын да алдын ала дайындап қой­ ған. Мейрамкүлдің ар жағында не жатқандығын қайдан білсін, жұрттың дені осы бір тумысынан жұмбақтау жаратылған қызды «бір шәригі» жетіспейді деп ойлайды. Және оған ешкім де бас ауыртып жатпайды. «Жастайынан оқу көтеріп кеткен ғой» деп қоя салады. Өзгелер не десе о десін, осы теңеу өзіне керемет ұнай­ ды. Біреуді-біреу іштей арбап, реті келсе бірін-бірі түтіп жеуге дайын тұратын мына заманда соның өзі кәдімгідей демеу. Біраз былықтан сол «теңеу» арашалап қалып жүр. Мейрамкүл оған пәлендей мән бермейді, онда тұрған не бар дейді де өз соқпағымен туралап тарта береді. «Есі ауысқан дегеннен тәуір ғой, әйтеуір!» Күнде көріп, өзі соның ішінде мидай араласып жүрген соң несіне жасырады, бұл қоғамның міні Мейрамкүл айтты екен деп одан жазылып кете ме. Ғылым академиясының шағын ғана биология институтындағы жағдайдың түрі мынау, ойпыр-ай, өмір дегеніңіз неге соншалық құнсызданып кеткен, ә?! Былайша қарасаңыз, байбалам салатындай көзге көрініп тұрған да оғаш қылық жоқтың қасы. Қырық жылғы топсасын тот басқан байырғы ғылыми-зерттеу институтының есігінен ертеңгілік асығыс аттайтындар арасынан дәл осы Мейрамкүл секілді «оқу көтерген» бір пендені кезіктірсеңіз екен-ау! Бәрі әп-әдемі, сызылып тұрған өңшең бір періштелер. Ұзын дәліз бойымен кетіп бара жатқан тұста бір-бірімен бас изе­ сіп, бір-бірімен иіліп-бүгіліп амандасады. Ол аз десеңіз, біреулер біреулерді тұрғызып қойып, бала-шағасының есен-саулығын да тә­птіштеп сұрап жатқаны. Ой-хой, бес-алты бөлмеден тұратын институттың көше жақ бетіне қараған үлкен терезелерінен ізгілік нұры ішке қарай науалап құйылып жатқандай. Сұмдық сүйсіне­сің. Ал түстіктің алдында не жұмыстан қайтар тұста әлгі ізгілік нұры ұялаған бес-алты бөлмені жын-перілер иектей бастайды. Олардың қай тұстан сап ете қалатындығын және аңғармайсың. Қабырғаны тесіп өте ме, әлде тас еденнен өніп шыға ма, қайран қаласың. Қыпқызыл «спектакль». Ондайда кабинеттегілер орындарынан тап­ жылмайды, біреу-міреудің көздеріне түсіп қалудан жасқанады. Тек бөлмеаралық телефондар ғана үздіксіз безілдейді. Үзік-үзік,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қысқа қайырымды шолақ сөйлемдер сым бойымен ерсілі-қарсылы жүгіреді, сеңдей соғылысады: «Ал-ло, сенбісің, не ғып даусың өз­ геріп кеткен?..» «Ой, сорлы-ау, менің дауысымда нең бар?!.. «Бір нәрсе естідің бе?.» «Нені естуші едік омалып отырған біз байғұс..» «Саңырау бол ендеше! Ананы білесің ғой, сол... ертең замдиректор болып қонжияды да алдымен сенің көзіңді құртады. Сені баяғыдан қырына алып жүрген...» «Ақыл берсеңші!..» «Тегін айтылатын ақыл болса өзің-ақ көшеден теріп алмаймысың...» «Енді не істе дейсің? Төлейін, ер мойнындағы қыл арқан шірімес...» «Ші­ ритіні де кездеседі...» «Турасы?!..» «Турасы дейсің, ә? Екі-үш адамның қолын жина. Бірақ олар сенімді өз адамдарың болсын. Академияның президиумына арыз жөнелтеміз. Ескертемін, қам­ дан». «Біздің сөзімізді сөйлейтін кімдер бар?..» «Бар ғой, көзіңді ашып қарасайшы жан-жағыңа. Он бесінші бөлмеден біреу, жиырма алтыдағы ана кісі, елу төрттегі ше?..» «Кейіннен тайқып кетпей ме?..» «Қайдам?» «...Не отырыс?..» «Қайда барамын және бізді кім шақыра қойсын...» «Отыр, отыра бер ендеше. Он төртіншідегі жылтыр қара шет елге іссапарға жүргелі жатыр...» «Астапыралла, не дейді?..» «Солай?..» «Оу, оның қай еңбегі сіңіпті соншалық?..» «Оны мен қайдан білемін, білсем айтпаймын ба». «Тоқ-та, тоқтаңыз, бізге қо­сылатындарды, ертең берген уәдесінен тайқып кетпейтіндерді бір пысықтап алайықшы алдымен»... Бұның аяғы жуық маңда саябырсымайды. Сүйретіліп институттың қала сыртындағы ескі жатақханасына жетеді, бала-шағалылардың да мазасын кетіреді. Бір жақсысы, Мейрамкүл ана топқа да, мына топқа да қосылмайды. Дұрысы, әлгілер Мейрамкүлді қосып алғылары келмейді. «Миы шайқалған неме кімнің сөзін қорғап оңдырсын!». Бұл аспаннан түсе қалған сирек «олжа» еді. Ұйқысы тыныш. Қыбыр-жыбырдан бойын аулақ ұстайды. Ертеңді-кеш ұлттық кітапхананың ғылыми оқулықтар бөлімінен табылады. Жазып, сызуына да уақыты жетеді. Қалғанын кинотеатрларға шығындайды. Біреуден қуыс­ танып, біреуден именшектемейді. Институтқа еркін кіреді, еркін шығады. Директормен де тең дәрежеде пікірлеседі. Әлгіндей «микробтардан» бойы таза. Топқа қосылғандардың тіршіліктеріне сырттай мысқылдап күледі. Үндемей, тып-тыныш жүріп-ақ олар­ ды бұрыш-бұрышқа тықсыра қуалайды.

ТАҢДАМАЛЫ Сосын Мейрамкүл неден аянады. Сыпсың өсекті онсыз да жаны сүймейді. Заман осылай екен деп, қоғам осылай екен деп, ас ішіп аяқ босатқандығына мәз болып, өзі де сол шіріндінің ішінде бықсып жүре берсе көп оқыған білімдарлығы қайсы?! Өзгелерден оқ бойы озық туғандығы қайсы?! Сөз қуалағандар тағы бір «жаңалықтың» құлағын қылтитады: «Оу, ағайындар-ау, жан-жағымызға дұрыстап қарайық. Олай дейміз, былай дейміз, осы Мейрамкүл өтірік әпенді боп, өтірік «оқу көтерген» боп, біздің арамызда жүрген жоғарғы жақтың жансызы болмағай!» Бірақ бұл «факт» анықталмайды, олар ойлағандай нәтижеге қол жеткізе алмайды. «Оқу көтерген» дейтін «диагноз» өзгеріссіз қалады. Оған себеп те жоқ емес-ті, дәлел де жетерлік. Әріптестерінің па­ йым­дауынша, Мейрамкүл уақытынан әлдеқашан ерте, не әл­ деқашан кеш туған адам. Институттағылар жалақыларының тиынына дейін есептейді. Өмір ғой, сол өмір болған жерде өлімжітім де, той-томалақ та мидай араласып жатады. Шақырыспаға құр қол бару – өлім. Бір белсенді жұлқынып шығып, жылу жи­ науға көшеді. Көпшілігінің қабағына кірбің ұялайды. Міне, сондайда үнсіз жүрген Мейрамкүл жұртты қайран қалдырып, жалақысының тең жарымын ортақ қазанға қоса салады. Әріп­ тестері ұрланып-жырланып Мейрамкүлдің бет-жүзіне назар ауда­ рады. Оу, бұл неткен адам! Сол күлкісі, сол жүріс-тұрысы. Ол аз десеңіз, сұрағандарға қарыз үлестіреді, соңғы теңгесіне дейін бө­ ліп береді. Қарыздың қайтарымын тықпалап сұрап жатқан және Мейрамкүл жоқ. Біреулер береді, біреулер ұмыттырып жібереді. Бірақ Мейрамкүлдің баяғы жүріс-тұрысы, баяғы күлкісі. Өмір ғой, баласына қапыда суық тигізіп алғандар: «Мейрамкүл Әбді­ мәліковна, бір жолғы кезекшілікті менің орныма атқара салы­ ңызшы!» Сөз болғаныңа! «Мақұл, асықпа, күйіп бара жатқан не бар, кішкентайың әбден жазылсын». Содан Мейрамкүлдің ин­ ституттағы кезекшілікті бір ай бойы сүйретіліп жалғыз атқарып жүргені. Сол күлкісі, сол жүріс-тұрысы. Қатпа қараның да нәті әйел ғой, ақыры аздап жібіген. Әй, бүйтіп жібігені бар болсын! Зілдей көзәйнегін тәмпіш мұрын үс­ тінен жұлып алып, дәп бір қарсы алдында Мейрамкүл емес, ал­ басты тұрғандай сонша тесірейіп үңілгені. Мейрамкүлдің бо­ йынан әлдебір өзгеріс барын сезе ме? Жайдақ үстелден бір нәрсе алатындай ілгері озып бара жатып та, Мейрамкүлдің бөксе тұсы­на

Қуаныш ЖИЕНБАЙ сұқ көзін қадам өтеді. А...а, Мейрамкүлдің шектен тыс толы­суын ешбір қисынға жатқыза алмады. «Біреуден бала көтеріп қойған». Әрине, Мейрамкүл қаймана қазақтың бірі болса қолды бір сілтеп қоя салуға болар еді. Бірақ ол осы ұжымның белді бір мүшесі ғой, ғылыми атағы және бар. Осындағы басы бос «кәрі қыз» атанған ғылым кандидаттарының бәрі жолдан бала тауып ала берсе, ұжым­ ның ғылыми кеңес алдындағы беделі бір-ақ күнде жермен-жексен болмай ма. – Барыңыз, бірақ байқаңыз... Сіздің бір жеріңіз ауырып тұр­ ғаннан сау ма осы? – деді артынша жанашырлық танытқандай суық күліп. Сол бойда вокзалға жүгірді. Жайдақ вагонға билет тапқанды­ ғына да қуанышты еді. – 16 – Бір тәулік бойы нәр сызбады. Ішкісі-ақ келеді. Поез әр станса­ ға аялдаған сайын тұра жүгіріп, оны-мұны сатып алатындарға қы­ зыға қарайды. Ара-тұра өзін-өзі қинап соларға еліктеп, ең болмаса жүрек жалғауым керек шығар деп те оқталады. Екі-үш кесе шай ішсе де жаман болмас еді, газданған қара сумен жан сақтағанды қайдан көрдіңіз. Бір жерде қисайып қалса, басын сүйейтін пенде табылса жақсы. Әй, қайдам?!..Тіпті оңтүстік өңірге табан тірегелі бері вагон ішінің ауасы да тарыла түсті, қолаңса иіс қолқаны қабады. Кіршеңдеу терезеге де дамыл жоқ, біреулер жейдесінің өңірін ағытып, сырттан соғатын аңызақ желге кеуделерін тосады, біреулер аяқ астынан сырқаттанып қалатындай жолсерік әйелді айқайлап шақыртып, әлгі терезені қайтадан бекіттіріп тастайды. Поез тағы бір стансаны артқа тастады. Мейрамкүл екі қолын алдына сыйғыза алмай дағдарды. Сұрқай далаға қарау да жа­ лықтырды. Көзіне ұйқы тығылды ма, әлде әлсіздік биледі ме, көздері бұлдырап, шынтағы тайып кетіп темір үстелдің бетіне тұмсығын соғып ала жаздады. Онсыз да ілгері қарай шабандау қимылдайтын жайдақ поез бір тұстан тормоз беріп жолаушылар­ ды әбігерге түсірді ме, ол жағын да анық аңғара алмады. Аяғын еркін созып, оң жағына қарай сәл қисайды. Сеспей ұйықтап кет­ се, Тө­ретамға жақындағанда жолсерік әйел жұлқылап оятып алса қандай керемет! Құдай оңдап төменгі орынның біріне шөбі түс­кенді. Көзін жұмды. Бойын босатып еш нәрсені ойға алмайыншы деп

ТАҢДАМАЛЫ ұйықтап кетуге қам жасады. Не деген кереғар тіршілік?! Қала­да ана шаруаның тігісін жатқызайын, ана жұмысты бір ыңғайлап тастайын деп сүрнігіп жүргенде ғой, уақыты құрғырды бәрібір жеткізе алмайсың. Көзді ашып-жұмғанша шолтаң ете қалады. Будильниктің шырылдаған дауысын естігенде тұла бойың ток соққандай дір ете түседі. Содан сүйретіліп орныңнан әрең көте­рі­ лесің. Іш пыстыратын, бітпейтін де қоймайтын сылпыл жүріс­тің тығыны ағытылады да кетеді. Дүрмекке қосыла шабасың. Көз­ге көрінген нәтижесіне де көңіл толмайды, бір жыртықтың орнын түгелдеймін деп алаөкпеленіп тағы жүгіресің. Бұл сылпыл жү­ рістен өлмей құтылмайтындығың және ақиқат. Кәдімгі «Бірді бірге қосқанда екі болады» дейтін қарапайым арифметика. Иә, дұрыс, дұрыс айтасыз, адамның басы – алланың домаланған до­ бы. Домалайсың, домалатып-домалатып кезі келгенде қылша мо­ йыннан қияды да жібереді. Арғы жағы түсініксіз тұңғиық. Адам өледі, өлгеннен соң не болады? Мұның анық-қанығына әлі бір пен­ де көз жеткізе алмай-ақ келеді, жеткізе де алмас, асылы! Осындай сыл­пыл жүгірістің ақыры туған жердің бір шымшым топырағымен тұйықталады. Егер туған жердің топырағы бұйырса... Тап-тар төсекте олай аунақшыды, былай аунақшыды. Вагон­ ның аяқ жағынан біреулер гитараға қосылып, түсініксіздеу әуен­нің қайырмасын қайталады. Оған сызылған қыздардың дауыс­тары қосылды. Көңілді топ әзірге ешкімнен ескерту есті­ меген-ді. Ұйқының кестесі келіспеді. Қай тұсқа келдік деп те­ резеге үңілді. Сұрқай даланың реңі одан әрі сұйыла түскен. Ала жаздайғы аптап дала төсіндегі тіршілік атаулының бәрін от­ ты тілімен жалап тынғандай. Жыңғылдың әр тұстан түбіртігі қарауытады. Сексеуілдің қолдан отырғызылған көшеттері әлі жетіліп үлгермеген, иттің тісіндей сирек бұтақшалары әр жерден әрең ұшырасады. Поезбен жарысып сағым ойнайды. Кенет поез доңғалақтары салдыр-гүлдір етіп, дария бойына салынған үл­ кен көпірден тоқтаусыз өтіп кетті. Көпір аузындағы темір жол формасымен киінген күзетші «Бәрі дұрыс, қорқынышсыз тарта беріңдер» дегендей қызыл жалаушаны еріншектене көтерді. Енді Төретамға да көп қалған жоқ-ты. Анау-мынауын жинас­ тырамын дегенше-ақ жетіп барады. Ақжайманы кері ысырып, аяғын салбыратып тіктеліп отырды. Жоқ, бүгін аштан өлуге болмайды деп тістене сөйледі. Астанадан ала шыққан жылтырақ 9-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қалтаның түйіншегі шешілмеген. Бір шыны ыстық шай әкеп беріңізші деп кімге жалынады. Былайғы жұрт үшін Мейрамкүл де қол-аяғы балғадай осындағы қаптаған жолаушының бірі. Жүрек талмасы ұстаған адамға ұқсамайды. Жібек халатының өңірін қаусырмалап, әрең дегенде орнынан тұрды. Басы айнала ма, ит жегір! Аз-кем көзінің қарауытқаны әлсіздігінен болар. Фар­фор күрешкесін саусағына ілді де шайқалақтаған жүрістен құлап қалмайыншы дегендей, жолдағы әр тетіктен бір ұстап, есік аузындағы титанға жақындады. Қобыраған шашын ретке келтіру керектігі де сонда барып есіне түсті. Су суып қалыпты. Сонда да ыдысын толтырып алды. Жолсерік купесі жанындағы айнаға көзі түскенде, одан бетер қысылды. Бет-аузы домбығып ісініп кеткендей көрінді. Түні бойы кірпік ілмегендіктің әсері шығар деді зәудесін. Айтқандай кімнен қысылады. Ғылыми институттың қуықтай дәлізінде жүрсе бір жөн. Мына жолаушылардың бірін де танымайды ғой, қазір Төретамға жеткен жерде түсіп қалады. Сұлутамға жеткенше Мейрамкүлдің бұл поезда болған-болмағаны мүлдем ұмытылады. Бос орынға тағы біреу жайғасады. Тоқ-та, тоқтаңызшы, апыр-ау, жолаушы дегеніңіздің бол­ мыс-бітімі әу бастан осындай ма?! Әлде қол бостықтың әсері ме, адам көрмегендей бірі қалмастан Мейрамкүлге тесіле қарағаны несі?! Мейрамкүлдің тұла бойында бірден көз арбайтындай сиқыр бар ма, жауырын тұсынан бір нәрсе жылтырай ма? Орнына әзер жетті. Айтам-ау, өзі кінәлі екен ғой бәріне. Кешелі-бері мешел кісіше төсегінен бас көтермеген соң, әрине жұрт қызықтайды. Оу, Мейрамкүлдің жасындағы дені сау кісі бүйтіп тар төсекке таңы­ лып жата ма. Анау гитара сазына қосылған жастардың тобына сүңгіп кетіп, ән салып армансыз шалықтамас па?! Өзі кінәлі екен ғой бәріне!.. Талқы шайдан бір жұтты, өзін қинап екі жұтты. Сылдыр су өңешті қуалай отырып, баратын жеріне қиналыссыз жетті... Осы-ақ па, ішекке жұғатындай бір нәрсені ауызға сал­ саңшы дегендей қарны шұрқырады. Тәңір алғыр-ау, жұтпайын деп жатқан кім бар, еш нәрсеге тәбеті шаппаса қайтеді?! Аузына апара берген бір тілік нанды да батырмады, кілкілдеген ащы запыран жанын қоярға жер таптырмайды. Бұл жайсыздықтың неден пайда болғандығын да ұғына алмады. Ақылдасатындай кімі бар? Қарсыдағы жуан орыс кемпірінің есебі түгел. Аузы құрғамай­ ды жарықтықтың. Жауға шабатындай азықты да мықтап

ТАҢДАМАЛЫ қамтыған екен. Бір жақсысы, қоңыр сөмкіден шығарғанын қай­та салмайды. Тамақты ұзақ шайнап, асықпай сіңіреді. Екі ұрты толған сәтте құлағы да қатар қимылдайды. Аса көп өзін де әуреге салмайды, аяғын сәл көтереді де биіктетілген жастыққа жантая кетеді. Біраз дүниесін домбаздап басына жастаған. Жай­ лы, рақат. Араға екі-үш минут салмастан, қаймыжық еріндері жыбырлап, бірден ұйқыға кетеді. Құлақ шекесінің түбінен зеңбі­ рек атсаң да қимылдамайды. Ара-тұра май басқан қолдары ғана дәу қарын үстінен байқаусызда тайғанақтап түсіп кетеді. Сол сәтте ғана тіршілік нышаны сезіледі, бірер мәрте Мейрамкүл де қолын кеудесіне қайта апарып қойған-ды. Бірақ қысық көзінің ашық, не жұмулы жатқандығын аңғара алмады. – Жөн-жөн, баяғыдан өстуің керек еді, – деді Мейрамкүлдің шай ұрттағандығына риза болып. Қазақшаңызға мүдірмейді. – Ас ішпесеңіз қайтіп адам боласың. Бұл бәріміздің басымыздан өткен жағдай. – Әзер көтеріліп арқасын қабырғаға тіреді. – Бүгінгі жастарға түсінбейсің, бар тағдырын дәрігерлерге тапсырып қоя­ ды да өзгесіне бас ауыртпайды. Одан қалды босану үшін шет ел асып кетеді... Оу, бес-алты баланы перзентханаға бармай-ақ үйде босанғанбыз. Арқанға керіліп... Өзім орыс болсам да, тұз-дәм бұ­ йырып қазақ жігітіне тұрмысқа шыққам. Атырауда тұратын қы­ зымдікіне қыдырып барамын. Менің де ішім пысты. Жаныңда әңгімелесетін жөні түзу адам жоқ. Сені оятуға батпадым. Шаршап жүргенге ұқсайсың. Демалсын дедім азырақ. Бірақ қанша шар­ шасаң да қарынды бос сақтауға болмайды. Өзіңді емес, ендігі жерде ішіңдегі сәбиіңді ойла... Қанша ай болып еді? Мейрамкүлдің тамағынан қара судың өзі ары өтпеді. – 17 – Мейрамкүлді екі көзі төрт болып, кім зарыға күтіп отыр дейсің. Әй, өзіне де сол керек! Ана жолғы асығыстығын енді өкініш­пен еске алады. Жоқ жерден шошаңдап, «Бір аптаның о жақ, бұ жа­ ғында барып қалармын» деп Патшагүлге телефон шалғандығын айтсаңызшы. Әйтеуір, «күтіп алыңдар» демегеніне шүкір. Неге сөйтті, ішін жарып бара жатқаны атамекенге деген сағыныштың әсері ме, әлде бірде болмаса бірде біреуден естиді ғой, одан өзім айтып құтылайын дейтін көңіл жықпастықтың салдары ма?! Бекер. Төретам стансасын басына көтерген мына жұрттың

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Мейрамкүлмен титімдей ісі болса, кәне-ау?! Келдің бе, кеттің бе дейтін бірі жоқ. Әркім өз алданышымен әуре. Әлденелер салынған сөмкесін иығына асып, перронның оң жағына қарай ойысты. Жолаушылар поезы орнынан әрең қозғалып, вагон есіктері бірбірлеп жабылып жатты. Рас-ау, Мейрамкүлді күткен тірі пенде болсайшы. Кәдімгідей жалғызсырады. Әскери қалашыққа бара­ тындар арнаулы автобусқа отырып үлгеріпті. Ежелден қалыптасқан дәстүр солай, космодромға арнаулы тапсырмамен келетіндерді жергілікті таксистерге телміртіп қоймайды. Қазақ ауылын бет­ ке алғандардың да қаралары сирексіген. Ары өткен мен бері өткенді іле кетіп, бес-он тиынды да әжептәуір пайдаға санайтын екі-үш таксист перронның ана басы мен мына басын тездетіп бір аралап шықты да, ыңғайлы «клиент» кезіктіре алмаған соң ескі «Москвичтерінің» жанына келіп, қауқылдасып шылым шекті. Қайда асығады. Жарты сағаттан соң оңтүстікті бетке алған тағы бір поез жүйткіп өтеді. Бұлардың несібесі темір жолдан бұйырған. Мейрамкүлдің де тамағы кебірсіді. Екі-үш мәрте ауыр жұтын­ ды. Қол созым жердегі кішкене фонтанның жылымшы суына жақындауға да көңілі соқпады. Жақындар еді, осы тұрғанда оның жолы осы бекетпен тұйықталған. Асыққанда қайда барады? Қап, адамның алжасуы аяқ астынан-ау, іздегенге – сұраған. Мына жалаңдаған таксистердің бірімен келіскенде қазір-ақ мұның ал­ дына түсіп құрдай жорғалар еді, Мейрамкүлдің қолындағысын жалма-жан көтере қойып, артқы есікті өзі барып ашып, әбігерге түскендей қалып танытар еді. Адам-ау, Қамбаш көлі дегеніңіз мына тұрған жер ғой. Мейрамкүлдің де ойға алған шаруасы ыңғайланар еді. Қазір бәрінің беті ашылады. Патшагүл Мейрамкүлді көр­ ген­де есінен танар. Басынан сырылып түскен орамалын тү­ зеп, құшағын ашып қайта жүгірер. Мәселе осыған тірелгенде Мейрамкүлдің де оқтау жұтқандай безірейіп тұрғысы келмейді. Бір құдірет мұның да иінін жібітеді, бүкіл тұла бойы босаңсиды. Алғашында көзі қарауытып, Патшагүл дегені Қалампыр анасына айналып кеткендей әсерге бөленуі де ғажап емес-ті. Баяғыдай өзінөзі ұстауға да мұршасын келтірмейді, мейлі кім болса о болсын, әйтеуір бір мейірімді құшақты өлердей сағынып жүргені қаш-шан бұл сормаңдайдың. Бұл да есік ашылар-ашылмастан екі қолын құс қанатындай керіп тұра ұмтылар. Құдай салды, бұл көнді... Қамбаш көлінің қақ ортасындағы алақандай аралға жерленген

ТАҢДАМАЛЫ анасын қайта тірілтіп алатындай құдірет Мейрамкүлдің қолынан енді қайдан келсін. Тірілтіп алар болса баяғыдан бері қайда қалды. Қалай ма, қаламай ма – ендігісінің бәрі құр әуей. Жұтқыншағын жыбырлатқан ащы өксікті жаны көзіне көрінсе де ары қарай амалсыздан жұтып жіберді. Бері шығара алмады. Бүкіл тұла бойы қорғасындай зіл тартты. «Серпіл, өз-өзіңді ұста, сен үшін мұнан басқа жол тұйықталған» дейтіндей бір ойдың қапелімде санасына сап ете қалғаны. Анасының орнына ана болып, қара шаңырақтың отын тұтатып отырған адамның қалайша кеудесінен кері итереді? Қайта Мейрамкүлдің де бағы бар екен, өгейлігін аңғартып, Патшагүл Әбдімәліктің бір баласын табалдырығынан аттатпай қойса қайтер еді. Аз ба ондай «әртістер»?! Әбдімәліктің көзінше әдейі жайраңдап, жайылып төсек болғанымен былай шыға оқ жыландай ысылдап, заһар шашып шыға келсе қайтерсің. Таныс дарбазаның жанына келіп, терең күрсінді. Әртіс дейді, әртіс болғандықтың көкесін қазір Мейрамкүлдің өзі көр­ сетсін. Көр де тұрыңдар, бастан-аяқ шылғи өтірік сөйлейді. Қиыннан қиыстырып, Патшагүлдің қармағына ілікпеудің қамқа­рекетін қарастырды.. Тек іштей жалбарынып әкесінің үйде болмағандығын тілеп тұр. Ауыр есіктің сықырлай ашылғаны сол еді, Патшагүл алғашында секем алғандай оқыс бұрылды. Та­ нымайтын адам бүйтіп бейсеубет жүрмесе керек-ті. Оу, бұл кім, алдымен маңдайдағы қоңырау тетігін көрмейтіндей суқараңғы соқыр ма? Қолындағы дәу табақты жайлап жерге қойды. Ақ жібек халатының өңірін қаусырмалады. Қой, қой деймін... Түсі ме, өңі ме... мынау, мынау шынымен Мейрамкүл ме?! Әлде көз арбаған сиқыр ма? Ал Мейрамгүл болса бұл келіс, қай келіс?.. Ата-анасының дуылдатып күтіп алатындай жағдайы келмесе бір жөн. Оу, әрі-берідесін Мейрамкүлдің сонау стансадан салпақ­ тап жаяу келуінің өзі ұят емес пе?! Танитындар не дейді. Олар бір жолға Мейрамкүлдің бүйткен шалалығын түсінсе мақұл ғой. Қай-да-ғы, бірден төске шабады... Не Патшагүлді, не Әбдімәлікті жазғырады. Сонау жер түбінен келе жатқан қызын адам құсап күтіп ала алмаған соң бұлардан не үміт, не қайыр. Мейрамкүл қанша бір оқу өтіп кеткен оқымысты болса да үлкен шаңырақтың киесінен қорыққандықтан, іші-бауыры үгітіліп сағынғандықтан, анасының ізін жоқтағандықтан маңдай тіреп тұрған жоқ па бұл үйге?! Әйтпесе, кіретін тесік құрып қалыпты ма? Оу, көкірегімен

Қуаныш ЖИЕНБАЙ көк тіреген әлгі бар болғыр Әбдімәлік қайда жүр? Әлі күнге дейін Байқоңырдың қызық-шыжығына тойып бола алмай, өзіне тиесі­ лі үлесті алып бола алмай жүр ме? Бұл неткен тойымсыздық?! Тұңғыш рет айлақтағылардың тілін тапқан қазақ сол еді, мол ақшаны көргенде есі шығып кеткен ғой пәтшағардың! Ертеңдікеш космодром басшылары бір нәрсе айтып қоймас па екен деп, бүкең-бүкең желе жортып сол маңды армансыз шиырлап жүргені. Оу, жалған дүниенің ұштығына шыққан кім бар, кімдерден қалмаған мұндай боқ?! Түк білмегендей мүләйімсіп, әу баста космодромның темір есігінен ары қарай жасқаншақтап аттап еді... Бүгінде күжірейіп жал біткен. Анау-мынауыңды пысқырмайды. Жер бетіндегі қызыққа кеңірдектен тойған, оның ендігі мақсаты – ғарыштағы белгісіз кодтардың құпиясын ашу. Солардан бір нәрсе түсе ме деп үміттенеді. Төретам төңірегінің ғарыштан сызылып, дайындалған құпия картасын қолына түсіргісі келеді. Сығарға биті жоқ қу кедей болса бір жөн. Гаражында екі бірдей мәшине. Бетін ары қылсын, ырымға жаман ғой Әбдімәліктің мына тірлігі. Оқымысты қызын күтіп алуға уақытын жырымшылағысы келмеді ме... Жә, еркек адамның түздегі шаруасы түгесілмей-ақ қойсын, оу, әлгі гүл көшеттерін өсіргіш сұлу бикеші қайда жүр? Мейрамкүл күнде келіп мазаларын алып жатса сөз бар ма?! Айында-жылында бір төбе көрсеткенде... көзін жәудіретіп, жетімсіретіп, жаяу сал­ пақ­татқандары адамшылыққа жатпас?! Қапелімде Патшагүл қалбалақтады да қалды... А...а, кімді көріп тұр, бәтір-ау?! Оған таңғалатын түгі жоқ, мынау Мей­ рамкүлдің нақ өзі ғой. Әкесінің аузынан түсіп қалып, ғылым жо­лын шиырлап, әкесінің атын шығарып жүрген Мейрамкүл!.. Тұра жүгірді. Келе құшағына қысты, маңдайынан сүйді. Бір жа­ ғынан сәл жасандылау шықса да, туған шешесінің рөлін ынташынтасымен ойнап шығуға тырысып бақты. Кірпігіне кі­ле­гейле­ ніп жас іркілді. Ал шынтуайтына көшкенде, осы жол­ғысының инедей жалғандығы жоқ-ты. Оны бәлкім өзі де аңғармаған бо­ лар. Ойпыр-ай, айтса да... Патшагүлдің бойынан бір тосындау құбылыстың қылаң бергені: аналық сезім бе әлде бауырмалдық ишара ма. Мейрамкүлді өстіп құшағына қысып тұра бергісі бар еді, екеуі де үнсіз түсінісіп, бірінің мұңын біріне айтып, а-ха-аау армансыз бір сырласқысы бар еді. Иә, Патшагүлдің кө­зінен ытқып шыққан бір тамшы ыстық жастың астарында айна-қатесіз

ТАҢДАМАЛЫ мың жылдық арман бұғып жатқан-ды. Кімге барып, кімнен жәрдем сұрарын да білмейді: «Шақшадай басым шарадай болды, Мейрамкүл, құлдығым-ау, менің жағдайымды сен де түсінуге тиіс­ тісің. Затымыз әйел. Ал ақжаулықтының бала сүюден артық бақыты бар ма?! Әкең Әбдімәлік екеуміздің отасқанымызға да біраз жылдың жүзі болды. Әбекеңнің адамгершілік қасиеттері туралы не айта қояйын. Ол жағын сендер де жақсы білесіңдер, әке­леріңді сендерге қайта таныстырып жатайын ба?! Кімге өк­ пелеп жүргендеріңді қайдам, тым сирек хабарласасыңдар. Аратұра сенің ғана шаң беріп тұратындығыңа шүкіршілік. Облыс орталығындағы Әділбектің тірлігіне тіпті қарның ашады. Адамау, мына тұрған жерден кішкентайларын ертіп, салып ұрып келіп тұрса нелері кетеді. Әйдіңгірдей коттедждің қаңырап тұрысы мынау. Оу, Әділбектің балалары осы жердің шаңын аспанға шы­ ғарып, шапқылап жүрсе бізге одан артық қуаныш бола ма? Е, ұмытып бара жатқандығымды қарай гөр, оны сенен жасырып қай­ бір ұшпаққа шықпақпын. Қалғанын әкеңнен мұқияттап сұрап аларсың. Әнекең соңғы уақытта адам таңғаларлықтай болып өзгер­ ді ғой. Ер адамның тірлігіне араласып нем бар. Әйтеуір, ақырын берсін деп қана тілеуін тілеймін. Қамбаш көлінің жағалауынан санаторий тұрғызамын дейді. Қамбаш көлінің су құрамындағы йодтың мөлшері тым мол екен. Онысы космостан зерттелген дейді. Ой, сендердің әкелерің алдына бір мақсат қоймасын, қойды ма, енді оның қашан бір нәтижесін көргенше тыным таба ма. Су құрамындағы йодтың мөлшерін цифрлармен дәлелдеп, ара-тұра менің де құлағымды сарсытады. Үнсіз бас изеп қана құтыламын. Елге пайдасы тиетін шаруа болса араға қыстырылғанда мен не қиратпақпын? Осы күндері алаяқ пенделер құмырсқадай қаптап кетті ғой. Солардан сақ болыңыз деймін анда-санда. Банктен қа­ рыз аламын, соның есебінен санаторий құрылысын келер көк­тем­ нен бастаймын, мына коттеджді кепілдікке қоямын дейді. Сен­ дер әкелеріңнің сондайда тым шабыттанып кететіндігін көрген жоқсыңдар ғой. Жерден өкшесінің сәл көтеріліп кеткендігін өзі де байқамайды. Түсінде дүние жүзіне аты мәлім атақты сәу­ лет­ші Норман дегенмен тілдеседі, содан ақыл сұрайды-мыс. О жа­­рағыр да әйтеуір, Әбекеңнің айтқанын екі етпейді-міс. Оу, сендер жұрттың ұл-қыздары секілді ұбап-шұбап өздерің дүниеге келген қара шаңыраққа жиі келіп тұрсаңдар, мен бетімді алып-

Қуаныш ЖИЕНБАЙ салсам да бұл үйді кепілдікке бере қоям ба?! Мені бір тың­дау­ ға Әбекең тыңдайды ғой. Әне, сендер жоқсыңдар... ал Әнуар­ бектен тіпті хабар жоқ, оның өлі не тірі екендігі белгісіз. Біз баяғыда Әнуарбекпен бір сыныпта қатар оқығанбыз, өзі бір ой­ лы бала секілді болатын. Бәлкім өгей шеше болған соң мені бы­ лайырақ ысырып, сендермен байланысатын шығар. Күнім-ау, сендерді бауырларыңнан айырам ба, тіпті бізге соқпасаңдар да бірбірлеріңнен қол үзіп қалмаңдар... Құдай менің дегенім орындалып тұр ма, басыма бұршағымды салып күндіз-түні бір қызылшақаның пайда болуын тілеймін. Біреулер астамшылықпен бойға біткен перзентінен құтыла алмай жүрсе, мені соған зар қылып қойды ғой. Әкелерің тұғырдан тайып отырған жоқ әлі де. Оның жасындағылардың тоқал алып талтаңдап жүргендері қаншама. Бір... бір ғана қызылшақа бүкіл өмірімді нұрландырып жіберер еді әп-сәтте. Оу, оны айтасың, ол әрі-беріден соң осы шаңырақтың иесі атанған бауырларың болып шықпас па сендердің. Біздің арамыздағы дәнекер сол. Сол арқылы сендер де мені тереңірек түсінер едіңдер. Ортамыздағы сол шикіөкпе алтын көпірге айналып, бар олқылықтың орнын толтырар да жіберер еді. Кімге барамын, кімге жалбарынамын?! Ойбай-ау, сені жұрттың бәрі оқымысты деп, біздің Төретам топырағынан шыққан ғұлама деп ішкен астарын жерге қояды емес пе. Мен саған соншалық бөтен адаммын ба, білгеніңді айтсаңшы, Мейрамкүл құлдығым-ау!..» Болар-болмас қарсылық білінгендей-ді. Мейрамкүл әбден сілесі қатып, шаршап тұрғандығын сездірмеуге тырысып бақты. Әуіттің арғы бұрышындағы жайдақ кереуеттің үстіне шығып, тас бүркеніп ұйықтағаннан артық рақат болмасын да іші сезіп тұр. – Аманшылық па, бұл қай жүріс? Адам деген алдын ала ха­ барламас па?.. – Осыған ұқсас сұрақтарды аса таңданыспен үстіүстіне төпеледі Патшагүл. Алғашында Мейрамкүл бәрінен сәл жымиып қана құтылмақшы еді, Патшагүл әл шақырып алып үйреншікті әуенін қайта жалғады. – Ойбай-ау, сен алдымен кім­нің қызы екендігіңді білмеймісің? Әкеңді бүкіл ел біледі, космодром­ мен осы өңірді байланыстырып тұрған да сенің әкең ғой. Ал атақты адамның оқымысты қызы стансадан ауыл шетіндегі үлкен үйге қарай жаяу салпақтайды. Біреулердің танып қоймасына кім кепіл? – Ешкім де көрген жоқ, – деп қысқа қайырды Мейрамкүл. «Туһ, осы қамқорлықтарын араға тықпалап қоймады-ау». Шөлдеді

ТАҢДАМАЛЫ ме, әлде басы айналды ма, кейінірек жылжып кішкене үстелге құйрығын қойды. – Су бар ма? – деді ізінше. – Су, су бар ғой... суды қайтесің, қазір, қазір. – Сарайдан жүйт­ кіп келе жатқан Патшагүл әлденеге сүрініп кетіп, етпетінен құлай жаздады. Кеседегінің жартысы төгілді. Істі неден бастарын біл­ меген кісіше асып-састы. – Сен аздап тамақ жібіте тұр, – деп Патшагүл келген жағына қайта жүгірді. – Үйге кір, шешін, қала­ ған бөлмеге орналас, жуынып ал. «Ой, айтасыз-ау, жуынып-шайынып демалатын уақыт қай­ да?» Жарты кесені басына бір-ақ көтерді. Маңдайы жіпсіді, бо­ лар-болмас тыңайған сыңайлы. Ауланың бұрыш-бұрышына нем­ кеттілеу ғана көз жүгіртті. Әсіресе, әуіттегі тап-таза суға сұқтана қарады. Су бетінде тырнақтай қылтанақ болсайшы. Күз түскенше қалай сақталған. Мінекей, Патшагүлдің ұсынақты әйел екендігін осыдан-ақ біле беріңіз. Сірә, ертеңді-кеш жел қуып әкелген шөпшаламды да әлме-әлі сүзіп алатын болар. Су бетіне түскен сәуле Мейрамкүлдің жанарымен шағылысты. Әуіттегі су болар-болмас қана дірілдейді. Төретам топырағын тепкілеп, тағы бір ком­ мерциялық зымыранның көкке көтерілмесіне кім кепіл. Су әсте текке дірілдемейді және төңіректегі залалды оқиғаларды да тез арада ұмыта алмайды. – Оу, бұл менің қай алжасқаным, – деп жанына жетіп келген Патшагүлді аңғармай қалды, – рациясы түскірді қайда тастадым екен, а?! Жаңа ғана бір жерден көрген секілді едім. – Алақтап жан-жағына қарады. – Әкеңнен сүйінші сұрамаймын ба алдымен. Жүрегі жарылып кетпесе сол-ақ. Ол бар жұмысты өзі тілеп алатын адам ғой. Бір нәрсеге ұрынбаса тыныш жүре алмайды. Сондай адам ғой сендердің әкелерің!.. – Керегі жоқ, менің келгенімді әзірге тірі жанға тісіңізден шы­ғар­маңызшы! Өтінемін!.. Оның үстіне қауырт жұмысы болса, әурелеп қайтесіз, – деп Патшагүлге жалынғандай болды Мейрамкүл. – Су іштім, туған үйдің дәмінен ауыз тидім, енді ойға алған шаруаны жүзеге асыру керек. – Бәли, сондай да сөз бола ма, әкеңнің жұмысы түгесіле ме бұл жалғанда. Бүгін бітпесе, ертең бітер. Өзінің сүйікті оқымысты қызы сонау ит өлген жерден келіп тұрғанда оның бұл жаңалық­ тан бейхабар отырғаны қалай. Ақылға сыя ма? Біз шайымызды алдымызға ала бергенде ыржалақтап жетіп келмесе көре қал.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Жоқ, Патшагүл апай, сізді... сіздің маған деген көңіліңізді білем ғой. Шайды келесі жолы, бәлкім қайтып келе жатқанда... шай қайда қашар дейсің?! – Не, не дейді?! От ала келгендей мұның қалай, Мейрамкүл?! Бізді де түсінсең етті бір жолға! Бүгін кештете бір марқаны до­ малатып тастап, көрші-қолаңды шақыратын болдық-ау десем. Ол не, ол неғылған күйіп тұрған шаруа?! – Солай, ертең азанмен іске кірісемін. Бүгін қалайда Бетпақта­ ғы мекеніме жетіп алуым керек. – Әкең жеткізіп тастасын да... – Әбіржімеңіздер, өзім... өзім-ақ, туған жердің ауасын армансыз жұтып, күн кештете жетіп жығылармын аман болсам. – Түкке түсінсем бұйырмасын! – Қапаланған кейіпте қос қолын көкке көтерді Патшагүл. Мейрамкүл жол жүруге ыңғайланды: – Көбелектер ғой баяғы. Апат аймағындағы жан-жануарлар­ дың қам-қарекеті. Балапанды күзде санамай ма. Көбелектер тіршілігін зерттеуді одан әрі жалғастырмақпын. Көктемде келіп ен салып кеткен көбелектерімді ертең ұстамасам... ұшып кетеді... Байқо­ңырдың көбелектері де сондай мазасыз. А...а, олардың тұқымдары Америка құрлығына барып, ұрпақ жалғастырады десем сіз де сенбес едіңіз. Солай апасы, ғылым жолы инемен құдық қазғандай ғой. Радиацияңызды пішту құрлы көрмейтін көбелектер де баршылық. Өте нәзік жаратылыстың мықтылығын көріңіз, әнекей! Бірақ бізге көбелек болу қайда?! Сіз білесіз бе, Байқоңырдан ұшқан көбелектер он жыл ішінде бүкіл жер шарын бір аралап шығады. Қалай дейсіз ғой... – Мейрамкүл денесін жиырып, барынша ішін тартып өтірігін одан әрі гулетті. – Әрине, сенбейсіз, ал сіздер секілді сенбейтіндерге Мейрамкүлдің ғана ғылыми тәжірибесі керек. Сол үшін жүргенім жоқ па айдалада сабылып. Қолға алған шаруаны орта жолда қалдыруға болмайды. Көбелектің аналығы жеткен жерінде жан тәсілім етеді де ұрығын қалдырады, сол ұрықтан келесі көктемде пайда болған көбелектер бағытын өзгертпестен ілгері қарай сапарларын жалғастыра береді. Сөйтіп-сөйтіп он жылдай уақытты артқа тастайды, бірақ діттеген мақсаттары орындалады. Олардың да ғарыштан басқарылатын кодтары бар. Қандай сәтсіздікке кезіксе де бағыттарын өзгертпей­

ТАҢДАМАЛЫ ді. – Осы тұста өтірік күлуге тура келді. – Жаман қыздарыңыз осыны ғылыми тұрғыдан дәлелдегісі келеді... Ал енді көріскенше! Ауланың ортасында Патшагүл қимыл-әрекетсіз селтиіп қатты да қалды. «Қайтар жолыңда соғасың ғой» дегенді де айта алмады. – 18 – Қырым етсіз көзі шүңірейген шыңжау таксист сірә, Мейрам­ күлдің төретамдық еместігін біледі-ау, былай шыға бере басы бұлғақтап, әрнені әңгімелей бастады. Қалжыңы да түйеден түс­ кендей. Көзінің алды ісіңкі, саусақтары шидей. Ал жұтқыншағы арлы-берлі дамылсыз жыбырлайды. «Өкпе ауруына шалдыққан біреу болса да менен көрмеңіз». Бірақ оның онысымен бұ тұрғанда шаруасы жоқ. Ұртын томпайтып сөйлегенде, Төретам аспанын жалғыз өзі тіреп тұрғаннан бетер. Заманға да риза, қоғамға да риза: ескі мәшиненің жылдамдығын бәсеңсітпестен, екі қолын алағай да бұлағай сермегенде кіреукі жанарынан болар-болмас от ұшқындайды. Ол ұшқалақтығын өзі сезе ме, сезбей ме, қайдам, ал ондайда Мейрамкүлдің жаны тырнақ ұшына тіреледі. «Осы сүмелекке қайдан ұшырасқандығымды қайдам». Үйден шығып, бір көше сырт айнала бергенде кирелеңдеген ескі мәшинені көзі шалып қалды да алақ-жұлақ қол көтерген-ді. Мейрамкүл әкесінің көзіне түспей аман-есен құтылып кетудің жалғыз жолы осы ғана деп түсінді. Бұл маңайдан тездетіп көзін құртса, қалғанын тағы көріп алар. «Мына бар болғыр ол түйткілді қайдан түсінсін. Оу, ажал айтып келе ме, доңғалақ айдау жолдың кенересінен ары асып түссе, саудалары бітпей ме. Әдіре жегір ескі қаңылтырдың ішінен бұларды кім суырып алады? Айдала. «Жедел жәрдем» көрсетіңіз деп айлақтағыларға да қыр көрсете алмайды. Айлақтың жергілікті тұрғындар арасындағы тұрақты өкілі Әбдімәліктің қы­ зы екендігінен басқасы басқа, жанындағы мына қыл мойын да хабарсыз. Әбдімәліктің қызы екендігін сезсе құйрығын қысып, екі көзін күрежолдан айырмай, қашан Мейрамкүлді межелі же­ ріне жеткізіп салғанша бұтына жіберіп қойған ойын баласындай тымпиып отырар еді-ау. Амалы қайсы, енді көкмылжың әңгімелерге еріксіз құлақ қоя­ды-дағы, үздіге тыңдағандай кейіп танытады-дағы. Дәу мәши­нелер доңғалағы қазып кеткен үлкен жолдың кедір-бұдыр шоқалағы да жүйкеге тиеді. Терезе әйнегін сәл төмен түсірсең

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бітті, жусанды даланың хош иісі бірден танау қытықтайды. Ға­ жап! Күзге салым қыр жусанының қайта гүлдейтіндігін Мей­ рамкүл де білмейтін. Жарықтық, баяғыдай таптап тастайтын мал тұяғынан ада болған соң, жусан екеш жусан да еркіндікке емірене ұмтылады. Бәрінен бұрын иісін айтсаңшы! Жан дүниеңе Жаратқан ием шипа дарытып жібергендей. Қоңыр салқын әлжуаз жүзін әнтек аймалайды. Қалғып-мүлгіп қайдағы бір жұмбақ әлемнің құшағына гүмп етіп түсе қалғандайсың. Мұндайда жаныңдағының тұзы татымсыз сылдырсу күңкілін қыстырғаның бар ма. Ауыз өзінікі ғой, шаршамаса шалықтай берсін айдалаға лағып! Өмір бойы темір жолдың қара жұмысынан қол үзбепті. Қыста да, жазда да көретіні қос рельс. Алла тағаланың «Шыдамды құлыма қарайласамын» дегені рас екен-ау! Бірде... бұлардың үш ұйықтаса түстеріне кірмейтін батпанқұйрықты төбелерінен тастап кеп жібергені. Дүниенің рақаты капитализм болып шықты ғой ақыры! Аласапыран басталсын келіп... ой, әне космодромның шаңтозаңының астында қалдық деп еңірегенде етектері жасқа толып еді. Көз жастары бекер төгілмепті. Бұларды да мүсіркейтіндер бар екен. Аспан кеңістігінде жердегілердің жүріс-тұрыстарын бақы­ лап жүретін бір-бір құпия кодтары болады дегендері де рас екен. Әбден титықтаған төретамдықтарды ең дұрысы өстіп қолтықтан демейік деген ғой, өстіп таразы басын теңестірейік деген ғой. Бәли, Бетпақтың шөліндегі бейберекет шашылып жатқан зымыран қалдықтарының аяқ астынан алтынға айналып шыға келгені. Сирек металл сынықтарын қабылдаушылар Төретамға тұс-тұстан ағылсын-ай келіп. Тілге келмейді, сұрағаныңды санап алақаныңа салады. Содан жұрттың бәрі Бетпақтың шөліне жорықтарын бастаған. Бір жақсысы, онда төбеңнен дікеңдеп тұрған бастық жоқ. Үш доңғалақты мотоциклмен екі-үш мәрте жасаған сапарың екі-үш айға азық. Темір жолдың қара жұмысшылары мұндай мүмкіндіктен өлсе айырылар ма?! Міне, соның арқасында үстібастарын бүтіндеді, азды-көпті жиһаз сатып алды, ескілеу «Москвич» болса да өзінікі ғой, несі кетеді, бұзылып қалса жөндеп алады. Арлы-берлі поездан түскен Мейрамкүл секілділер бұларды да өлтірмейді. – А-ха-ау! – Рөлді жіберіп қалды. Қылдырықтай мойнын созып Мейрамкүлдің жүзіне жақыннан үңілді. «Өй, көксоққан, жетіскен екенсің!» Қою виноның қышқылтым иісінен зәредей жиіркенді.

ТАҢДАМАЛЫ Терезе әйнегін еріксіз төмен түсірді. Қырдың белуардан келетін қалың жусаны дөңгелене жарысады. Күз хабары әлдеқашан бі­ лін­генімен, дала жарықтықтың пейілі тарылмаған. Аспан шай­ дай ашық, реактивті ұшақтардың айқыш-ұйқыш тартылған ақжолақ іздері болмаса, өзгесі шыныдай мөп-мөлдір. – Алыстан келдіңіз бе? – деді үздік-создық әңгімесін қайта жал­ ғап. – Бұрын-соңды сіз секілді сұлу назарымызға ілікпеген бұл маңнан. – Иә, алыстан, алыстан, – деді Мейрамкүл одан әрі сөйлескісі жоқ­тығын аңғартып. – Алдыңыз кеш, Бетпақтың тоғызыншы учаскесіне барамын дейсіз, онда кіміңіз ба? – ? – Кіміңіз бар?! Ол өңірді ала жаздай армансыз шиырлағанбыз. Жылқышы Жасағанбергеннің жалғыз қыстауынан басқа көзге ілігетін елді мекен некен-саяқ. Сіз осы... астапыралла, шайтан емессіз бе, менің көзімді арбаған...– Сөз тапқандығына риза болып шықылықтап күлді. – Болсақ болармыз... – Сұлусыз, айтары жоқ, өте сұлусыз...– Рөлге бір қолымен қайта жармасты. «Оу, бұл не?!» Екінші қолымен Мейрамкүлдің жауырынын сипады. «Дұрыс-ақ, адам көрмейтін айдала, кім біліп жатыр... нем кетеді...» – Дұрыс отырыңыз, көзіңізге қараңыз! – Несіне қорқасыз, Тоғызыншыны көзімді байлап қойсаңыз да тауып бара аламын. Бір нәрсеге қайранмын. Сіз секілді ай мен күннің жападан жалғыз жүруі қалай? Бетбақтың шөлінде не жоғалттыңыз? Әлде біз құсап алюминий жинамақ ойыңыз бар ма? Айтқаным айтқан, айдалада арам өлесіз! Алюминийді жал­ғыз адам жинамайды. Ал Жасағанберген дөйіс өлдім десеңіз аузыңызға су тамызбайды. – Неге олай дейсіз? – Білемін Жасағанбергенді, білген соң айтамыз-дағы... – Енді не дейсіз? – Ақылға келіңіз, сізді... сізді ше аяймын... – Рақмет, аяушылық білдіргеніңізге... ілгері кеттік. – Мей­ рамкүл болар-болмас қабағын шытты. Бір жағынан, өзінің көзсіз батырлығына да таңданыс білдірді. Иә, айдалада, ескі мәшиненің

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ішінде... мұның жан дауысын еститін кім бар? Мәшинені жол бойына қаңтарып тастап, мына шырағым ойға алған шаруа­сын апас-қапаста тындырмақ болып тарпа бас салса қайда қашады? Кімнен көмек күтеді? Самайынан суық тер бұрқ ете түсті. Жусан­ ды далаға өлгенше телміріп, бостан-бос тамсанғаннан не өнеді? Қабағын тарс түйіп алды да айдау жолдан көз алмады. Жүргізуші тағы бір оғаш қылық танытатын болса, қоянның көжегіндей бүйтіп бүрісіп отыруы жараспас. Әрекетке көшкені жөн болар, асылы. Ащы мысқыл көкірегіне кептелді. Ауыр жұтынды. Ай­ даладан кезіккен біреуге ашылып-шашыла берсе несі қалады? Кейіннен мына батырдың былғаныш аузы не деп сандырақтайды. Мұндайлар соның өзін үлкен ерлікке баламасына кім кепіл? Мейрамкүлдің де өліспей беріспейтіндігін, қолы жетпеген жерге тісін ала жүгіретіндігін бір құдірет мына сүмелекке жеткізсе кәні дейді ішінен. Ғарыш кеңістігіндегі белгісіз нүктелерге орнатылған аппараттар мұндай көріністерге назар сала ма?.. Олар анығы, көзге түсер қара ноқатты да қалт жібермейді. Оның шет-жағасын бет алды көкіп, қызыл тілімен орақ орған мына жаман жүргізуші байқаусызда айтып қалды. Тоғызыншы учаскедегі қыбырлаған тірлік иесінің бәрі есепте. Тоғызыншыда өмір сүріп көріңіз мықты болсаңыз! Өзге өңірлермен салыстырғанда мұның тартылыс күшіне жан шақ келмейді. Мейрамкүл де Тоғызыншының аласат тартылыс күші туралы әлемдік ғылыми журналдардан талай мәрте қызықты материалдар оқыған. Құлдилау аппараты белгілі ендікке жақындаған бойда істен шығады да, қалғанын табиғи түрде Тоғызыншының өзі-ақ атқарады. Құдайдың барлығына сенесіз бе, сенбейсіз бе? Мейрамкүл де сенбейтіндер қатарында еді. Шыны, шынымен-ей, тағдыры Тоғызыншымен байланысқалы бері оның бәрінен құлан-таза айықты. Айылын жимастан, ғылыми атағы барлығына қарамастан құдайды жиі аузына алады. Бәлкім соның июін келістіріп, еріксіз айтқызып тұрған да құпия күштер бар шығар. Құпия күштер деп күлтелектейтін түгі жоқ, соның бәрінің қақпайлап ретін келтіріп тұрған да Құдайдың нақ өзі ғой. – Тоғызыншы қауіпті. – Білемін. – Білсеңіз қандай қазынаңызды жоғалттыңыз ол жақтан? Қай­ тамын десеңіз қазір-ақ кері бұрыламын. Бұл еңбегіме қара бақыр дәметпеймін. Тек бір рет...

ТАҢДАМАЛЫ – Не?! – Тек бір рет бетіңізден сүйгізсеңіз. Деміңізді жұтсақ та үлкен демеу ғой біздерге. Темекі түтініне ысталған күрек тістер қаймыжық ерін арасынан қайта жылт етті. Мәшиненің екпіні бәсеңдеді. Күрежолдың екі қапталындағы қаңылтырды сабалап келе жатқан жусан сыбдыры да саябырсыды. – Қай тұсқа келдік? – деді Мейрамкүл. Құдды бір осы өңірдің тау-тасын жатқа білетін кісіше алға ұмсынып. – Қамбаш көліне жақындадық. Ендігісі отыз шақырымдай жер. Күн кештете Тоғызыншыға жетіп жығыламыз. Күрек тістердің құлақ шеке тұсына қалай жетіп келгендігін аңғармай қалды: – Осы жерге сәл аялдайық, егер сіз қарсы болмасаңыз? – Жоқ, ілгері жылжиық, – деді Мейрамкүл таксистің не айтпа­ ғын іштей аңғарып. – Қайда асығасыз... Жолға алып шыққан анау-мынауым бар еді. Төретамның дәмінен ауыз тиіңіз ең болмаса... – Қызметіңіз алладан қайтсын! Мәшине жолдан шығып кілт тоқтады. Қамбаш көлінің айдыны батар күнмен шағылысып алыстан менмұндалайды. Төңірек өлі тыныштық құшағында, лүп еткен жел жоқ. Таксист бүкшеңдеп жүріп, мәшиненің капотына қағаз дастархан жайғыштады. Жан­ қалтасынан жартылай ашылған коньяктің бөтелкесін шығарды алдымен. Ораулы түйіншектегісі де адам қызығарлықтай еместі: екі-үш бөлек нан, қойдың құмалағындай кепкен құрт, сырты кіршеңдеу тартқан жұдырықтай сарымсақ. – Ой, сізді кезіктірген құдай бізді өлтірсін бе?! – Қырлы стақанды Мейрамкүлге ұсынды. – Төретамның топырағына енді табаныңыз тие ме, тимей ме. – Тықырлап алған шашын әлсін-әлі сипалайды. – Сіз білесіз бе, киелі жерде тұрсыз, космонавтарды осы өңірден қабылдап алады. Сіз де мен үшін көктен түскен періштесіз. Ал кәне, сол үшін алып жіберіңіз... – Ішпеймін, – деді Мейрамкүл. – Ішпейсіз бе, оныңыз қызық екен... Біздің жақтың қыздары қолыңды кері қайтармайды. Енді қайтеміз?!. Жә, мейлі. – Шіре­ ніп тұрып тартып жіберді. Күрек тіс кіршеңдеу сарымсақты орып түсті. Әдепкідей емес, жүзіне қан ойнап шықты. – Біздің

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жер тамаша ғой, – деді сәлден соң. Мейрамкүл екінші жолы да қалыс қалды. Ол умаждалған темекісін қаймыжық ерінге қыстырып, сіріңке тұтатты. Қою түтінді сақиналата сыздықтатты. «Космонавтар дала жусанын мұхиттың арғы жағындағы елдеріне өздерімен бірге әкетеді» дегенді мұрын астынан міңгірледі. «Сіз ішпесеңіз далаға төгеміз бе мұны?!» Масаң тартып қалғандай. Жүрісі әлпек-тәлпек. Ауының түймесін ағытып жатып, Мейрам­ күлден ұялғансып мәшиненің артын айнала беріп, кері бұрылды. Ой, бәрекелді! Бірде Мейрамкүлді қапсыра құшақтап, жайын ауызды еркінсіп ерінге апара бергені... Дәл осындай оқиғаның болмай қоймайтындығын күні бұрын білгендей Мейрамкүл қос қолымен шіреніп, кеудесінен итеріп кеп жіберді. Анау шынымен әлсіреп қалған-ды, бірақ арманы аспанда. Қайта әрекетке көшті. Бұл жолы да соққыға ұшырады. «Келдік. Аман-есен жеткізгеніңе шүкір!» Сөмкесін иығына асынған Мейрамкүл жұлқынып жусанды жонға жаяу көтерілді. – 19 – Екі тізесін аяусыз тырналаған көк жусан бара-бара діңкеле­ туге айналды. Жұпар иістен де жалыққандай. Әлдебір жылан ізденген алаңқайға табаны тигенде барып, жүрісін өндіреді. Қол­ дарын сермеп, қашық жолды қысқартуға тырысады. Амал не, жон арқасы енді дымдана бастағанда әлгі алаңқай қалың нуға сұғына кіреді де, зымғайым жоғалады. Тышқан іздеріне аяғы шалынысып, омақаса құлай жаздайды. Одан майып боп қалмасын іші сезеді. Құлаған жерінен әлдебір күш қолтықтан демеп, тұр­ ғызып жіберетіндей. Әлгі жаман жүргізушінің дәмесін қарай гөр, оның дегеніне көнгенше Қамбаш көлінің терең тұсына барып, шым батқаны мың артық. Ит-құсқа жем болғаннан, балдырлар арасындағы мәңгілік мекеніне жайғасқаны мың артық. Бірақ онысы әзірге мың жылдық арман. Қазір жағадағы көп қайықтың біріне мінеді де, көл ортасындағы Мақпал аралына жетіп алады. Анасы сонда жерленген. Әне, құдай қақпақылдап Мейрамкүлді ылғи да түзу жолға салып отырады ғой. Жүргізушінің бұлғақтағаны сылтау әншейін, әке-көкелеп, өліп бара жатса бетінен де әлденеше сүйгізіп, Бетпақтағы қақыра тамына жетіп алмас па. Жо-жоқ, анасының басына келіп тұрып, қалайша аттап өтуге дәті барады. Туған жердегі сапарын содан бастамас па ақылды қыз. Тіпті дү­

ТАҢДАМАЛЫ ние өртеніп кетсе де... Тоғызыншыдағы қыбырлаған тіршілік иесін атмосфераның арғы жағынан бақылайтындар қаусаған қаңылтырдың неге суыт кері бұрылғандығына қайран қалатын шығар. Ал екіншісінің қанына қарайып, көлге қарай жолсызбен тікелей тартқандығына береке берсін! Алюминий сынықтарын жинаушылар болса құм ішіне індете кіре түсуі керек еді. Әлде жолдары болып нағыз көмбенің үстінен түсті ме. Жә, қаңыл­ тыр мәшине қалбалақтап кері бұрылған екен, оның барар жер, басар тауы белгілі. Төретам стансасына жетеді де, үйреншікті тіршілігімен мидай араласып, ұмытылып кете барады. Екіншісінің оқыс көлге бұрылғандығы қызық-ақ. Локатор­ ды сол ізге салып, біразға дейін аңдысын аңдыр. Нәті әйел адамының қолынан не келер дейсің. Тоғызыншының картасын қағазға көшіріп алуға келген жансызға ұқсамайды. Тым шектен шықса, көз жанарын қарып түсетін күлгін сәулелер жалынсын. Сабыр, сабыр... Дұрыс, дұрыс істедім деп өз-өзін қайрай түсті Мейрамкүл. Мақпал аралының өкпе тұсынан қайтып жағалауға бұрылса, Тоғызыншының тас төбесінен түседі. Мұның әскери құпияда не шаруасы бар. Ойпыр-ай, қарға адым жердің жеткізбеуін. Ұзақ жүріске шынықпаған қара саны қақсап ауырды. Жейдесі жау­ рынына жабысып қалған. Ара-тұра ащы тер көзіне құйылады. Әлгіде сөмкесі қаңбақтай жеңіл секілді еді, қазір қара тас арқалап келе жатқандай. Жаман жүргізушінің кеудесінен итергеніне мәз болғанша, құтыдағы тұщы суды қолына іле кетсеші. Біраз жан сақтауға жарар еді. Мынадай қалың нудың арасынан құдық кезігер ме. Бұрындары бұл маңайда тақырға шашылған тарыдай болып балықшылар ауылдары отыратын-ды. Теңіз тартылған соң олар да амалдап, үй сайын бір-бір құдық қазып алған. Бірақ олары Мейрамкүлдің қолына түсіп тұр ма. Маңдайға жазғанды көрер-дағы. Одан әрі өршеленеді, қалың жусанды қақ жарып жүзіп келе жатқан сүңгуір қайықтай әсерге бөленеді. Жағалауға жақындаған сайын тышқан індері жиілей түсті. Кейбірінен аяғын әзер суырып үлгереді. «Демалуға болмайды, ілгері жылжығанды біл, Мейрамкүл!» Көлге жетсе еш нәрсеге алаңдамастан тұнық суға бір сүңгиді. Қамбаш көлінің мөлдірлігі айна секілді ғой кәдімгі. Қырық метр тереңдіктегі лағыл тас жақұттай жарқырайды. Жә, лағыл тасына бас ауыртқаны не Мейрамкүлдің? Қан сорпасы 10-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ шығып, терең суға бір сүңгісе түсік тастауы да ғажап емес-ау! Тілегі қабыл болып, сол ойы айна-қатесіз орындалса, кәнекей! Бір жағынан сол үшін де азапқа түсетін секілді ме, қалай? Аяқ бассаң алдыңнан сопаң етіп шыға келетін бұл не деген әді­летсіздік?! Ал біреулер Мейрамкүлге мүлде қарама-қарсы әрекетке көшеді. Бойға бала біткеннен бір нәрсені қырып таста­ ғандай міндетсіп, дәрігерден дәрігер қоймайды. Жүріс-тұры­ сын салмақтыққа жеңдіреді. Ерекше күтім талап етеді. Ал Мей­ рам­күлдің ойлайтыны – жантүршігерлік қылмыс. Соңғы демі таусылғанша жансебіл күй кешеді. Егер алқынып келе жатып, жол бойы бір аунап тұру қажет болса, оны да мінсіз атқарар еді. Қырқаның басына шығып, ішін қос қолымен сығымдап қысқан күйі төмен қарай домалауға да дайын. Одан бір нәрсесі кете ме, ащы жусанның удай сөлін аузына толтырып алып, жұтып жіберсе қайтер еді. Ащы жусанның удай сөлі іші-бауырын үйітіп жіберсе де көңілі баяғыдай. Әйтеуір, ішіндегінің сыртқа шығуына мүмкіндік жасалса, айдалада қансырап жатса да өкінбейді. Өкініштісі, шарана Мейрамкүлге қыр көрсеткендей іште бұғып қалып қойса сол жаман. «Апыр-ай, тырмысып қарынның бір бұрышын паналап, тыныш жатысын қарашы-ей!.. Оу, сенікі не жатыс көкешім, туған жер топырағына табан тигізіп тұрғаныңды сеземісің. Әлде саған бәрібір ме? Ал маған бәрібір емес!» Одан әрі тынысы тарылды. Оның үстіне су жаңа қызғылт туфлиі қою шаңмен баттасып, өкшесін қажай бастаған. Мойынға құлаған қолаң шашын әлсін-әлі желпиді. Іші сәл төмен түскендей ме, қалай?! Оу, бұрынғылардың құрсақ көтерген ананың еш нәрсеге ыссылай ұрынбауы тиіс дейтіні қайда. Ал Мейрамкүл ол жағын тіпті жүз пайызға асыра орындап келе жатқан жоқ па. Міне, қазір... қазір жағалауға жетеді де, көлдің мұздай суына күмп береді. Тұла бойы қыз-қыз қайнаған әйел мұздай суға түскен соң, не болғанын байқамай есі ауып, көздері алақтап мәңгіріп қалар. Соқпа толқындар талықсып жатқан денені тереңге сүйрелемейді, керісінше жағалауға итеріп тастайды. Есі кіргенде дереу көзін ашады. Қанға бөккен жерінен кім көтеріп алар дейсің? Оның керегі де жоқ-ты. Тірі жанның көзіне түспей, өз-өзіне келген соң дереу қарасын батырар. Ах-хаау, қандай тамаша! Табиғи түрде түсік тастаудың да мұндай әдісамалы барын оқыста от басып алған қаланың шүйкебастары қайдан білсін. Жә, олар алдымен Мейрамкүл көрген азаптың біріне төзе

ТАҢДАМАЛЫ ала ма десеңші! Бірден ақшасын төлеп, дәрігерге жүгінеді. Обалсауапқа қарамай бірден пышаққа түседі. Пышақ тиген жер оңдыра ма. Көбісінің бедеу боп қалатындығы содан. Ал Мейрамкүлдікі табиғи түсік... «О, Жаратқан ием, өзің мырзалық жасап ойда жоқта бере салған едің... Мен оны қабылдағым келмейді... сәл ертерек. Сондықтан өзің қайтып ал. Асылық жасасам, кешір, кешіре гөр! Бірақ бедеулік деген пәледен аман болайын. Әлі де басым жас қой, менің де өзгелер секілді өмір сүруге қақым бар шығар..!» Азап... бүгінгі көрген азабы оның тырнағына тұрмайды. Сен керек қылмасаң қайтейін деп, ол қарынның бір бұрышында тымтырыс жата бере ме. Күн сайын жетіледі, сағат сайын жетіледі. Іші-бауырыңды қабыстырып, қашанғы тартып жүрмекшісің?! Бұл ұрлықты жасыру еш пенденің қолынан келмейді. Білінеді, айтпайақ білінеді. Бүгін әкесімен кездеспегендігіне қандай қуанды десеңші! Жа­ йылып кеткен бөксесін айылын жимастан әкесіне қайтіп көрсе­ теді. Жұмысымен алдансын да, аман-есен жүре берсін. Санаторий сала ма, бизнеспен айналыса ма, түйенің ашытылған шұбатын құрғатып космодромға өткізе ме, өзі білсін. Мейрамкүлді көрген жоқ, қайтар жолда да көзіне түспеуге тырысады. Одан дүние өзге­ ріп кетпес. Қолы тимеді, бітті. Ал Патшагүлге не дейді... Бір нәр­ сені сезе ме, қалай? Құшақтағанда да бауырына қысып тұра бергісі бар-ды. Мейрамкүлдің бойынан бір өзгерісті байқап қалмаса нетсінау! Сұрауға батылы жетпегендей... «Қайтар жолда, қайтар жолда» деп түкірігіне шашалып қала берді. Қайтар жолда Мейрамкүл шешіліп әңгіме айтатындай. Қырқаның басына көтеріліп кішкене аялдады. Екі қолын аш бүйіріне таянып, жан-жағына жітілене көз тікті. Мал қара­ ғандардың да көздеріне түскісі келмеді. Қандай керемет! Теке­ меттей жазылған жусанды даладан басқа түкті де көре алмады. Тамағын кенеп, құрғақ жұтынды. Отырғаннан гөрі өстіп, түрегеп тұрғаны ыңғайлы еді. Алдымен демін үзіп-үзіп шығарып, ыңыл­­ дап көрді. Қайдағы күлкі?! Күлкі шақыратындай жағдай ма мұнысы? Сосын демін ішіне тартып, не әнге, не әуенге ұқсамай­ тын гөй-гөйге басты. Жайлап тұншығып шыққан дауыс барабара үдей түсті. Төңірек осы дауыстан селк етіп оянғандай-ды. Шұңқырдағы өлексеге үймелеген қарғалар да көкке қарай дүр ете көтерілді. Қалбаң-қалбаң қанат суылы жақын маңнан естіл­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ді. «Сізді қайдан көрдік?» дегендей көздерін жылтыңдатып, Мей­ рамкүлдің төбесін тесетіндей тым жақындап келді де, жалт беріп сол қанатқа қарай ойысады. Саршұнақтар да өздерін жайсыз сезінді. Індерінен қыл­титып бастарын шығарды да, жып етіп қайта жасырынды. Мақсатқа жету үшін бұл қимыл-әрекеттің де артықтығы жоқты. Тура іші-бауыры солқылдады. Сосын аш бүйірін таянған күйі бір оңға, бір солға теңселіп, бар күшімен айқайға басты-ай келіп! Қасқыр қаншығының ұлығанына ұқсай ма береке тапқыр! Бір жағынан өзі де үрейлене түсті. Беткейден біреулер андыздап шыға келетіндей жүрексінді. Тыныш жатқан өңірдің берекесін алған әйелдің кім маңдайынан сипай қойсын? Мың жерден оқымысты ғұлама болса да... Неге екендігін өзі де түсінбеді. Жүзін Тоғызын­шы учаскеге қарай бұрды. Ендігі сақтығының да ешкімге қажеті жоқ-ты. Айқайымды жылқышы Жасағанберген ести ме деген есекдәме ғой баяғы? Ал естіді, естіген бойда атын борбайлап, алақ-жұлақ жетіп келер ме еді?! Жасағанбергенге айқайлайтындар аздай-ақ... Өзі де ит жанды біреу. Тоғызыншыға көгендеп қойғандай, қысы-жазы осы өңірде ғана өмір сүреді. Мына тұрған Төретамға да арнайы ат ізін салған емес. Әскерден келгелі бері поезға да отырған жоқ. Поезды өмірінде екі мәрте көрді ғой. Бірінде Алтай өңіріндегі әскери горнизонға барғанда, екіншісінде ауылға қайтарда. Тоғызыншы учаскеге айлақ басшылығы да көбірек алаңдай­ ды. Жасағанбергеннің екі-үш үйір жылқыларынан басқа мал атаулыны жан-жаққа бытыратып қуып тынған. Осы күндері әс­ керилердің ғана түкірігі жерге түспей тұр! Солардың айтқандары заң. Жергілікті жердегі шолтаңдаған шенеуніктер олар жат десе жатады, тұр десе тұрады. Жасағанберген де бұйрықты ғана орын­дайтын со секілді көп құлдың бірі. Жылқы баққандығы, әйтеуір, тілге тиек үшін ғана керек. Ертеңді-кеш қарауылдайтын нысандары бар. Оны не үшін қарауылдайтындығын өзі де тү­ сінбейді. Ғарышкерлер қонатын алаңқай әр кез әзір болуға тиіс қой дейді де, атын борбайлап шаба береді. Ара-тұра айлақтағылар вездеходпен құм кешіп келіп, Жасағанбергенің хал-ахуалымен танысқан болады. Оу, Жасағанбергеннің халін несіне сұрайды. Жасағанбергеннің екі баласы әскери қалашықтың интернатында.

ТАҢДАМАЛЫ Әйелі де бұл жаққа сиректеу мойын бұрады. Жасағанбергеннің кір-қоңын жуып беру үшін ғана төбе көрсетеді. Құрғақ айқайдан әбден тамағы қарлықты. Жетіп келетін Жа­ сағанбергеннің қарасын көре алмады. Әңгіменің ашығы сол – Мейрамкүл Жасағанбергенді әдейі іздеп келе жатыр сонау ит өлген жерден. Көбелектер баяғыда-ақ ұшып кеткен. Қамбаш көлінің айнадай жалтыраған беті жер астынан албасты шыға келгендей сезініп, Мейрамкүл көлбеңдегенде өзінен-өзі дір ете қалды. Соқпа толқындар үздік-создық жағалауға соғылды. Шаң-шаң бетімен жағалауға жеткен Мейрамкүл тұнық суға күмп берді. Аяқ-басын созып тереңірек сүңгіді. Көл табанындағы балдырлар әлдебір жайсыздықты сезінгендей бастарын бұлғақтатып ойға-қырға алып қашты. Мейрамкүл ойлағандай еш нәрсе де болған жоқ. Табиғи түсіктен аман. Көкжиекке жасырынған күн сәулесі ақырғы рет айдын бетіне шашырай төгілді. – 20 – ...Биология ғылыми зерттеу институтындағылар аяқ асты­ нан көл-көсір қуанышқа кенелсін де қалсын. Бірінен-бірі сүйінші сұрасып, арқа-жарқа күй кешті. Іштегі күдік аралас уәйім то­ лықтай сейілді. Кім болса да, әйтеуір бір ғылыми қызметкер­ дің Байқоңырға жол тартатындығы анық-ты. Ғылымға қаржы бөл­мейсіздер деп жоғарғы жақтың зығырданын қайнатушы еді, мінбелерге көтерілгенде көсіле сөйлеуші еді. «Ал сіздерге керегі қаражат па, мә, ендеше! Қаражатқа кеңірдектеріңнен келтірейік!..» Мөлшері де қомақты, абырой-беделі және бар. Бірақ тегіннен-тегін шүлен үлестіретін заман қайда? Бәли, қиян түкпірге қуаласа да тәуекел жасауға болар еді ғой. Айлақ деген тажал діңкелетеді көбісін. Қап, енді не қыласың, белді бекем буып тартып кететін-ақ оңды сапар. Және тиын-тебеннен де таршы­ лық көрмейсің. Апталап соғатын құм суырған дауылы басыларау, дарияның лай суына да іш үйренер-ау. Әлгі аты өшкір, соқыр жаңбырмен бірге төпелеп жердегілердің түгін қоймай қуырып түсетін радиациялық күлгін сәулесіне қалай шыдарсың?! Ол үшін Төретам топырағында туып, сол жердің табиғи ерекшелігімен ерте бастан ет үйретуің керек шығар. Жасыңа жетпей шашың

Қуаныш ЖИЕНБАЙ түсіп, жағың суалып, бір-екі жылдың о жақ, бұ жағында он жылға қартайып кететін болсаң, үлде мен бүлдеге оранғаныңнан не пайда. Бұл тыныштық ұзаққа созылмайды бәрібір. Толғағы жет­ кенде бұрқ ете түседі және тепкісі де осал болмайтын секілді. Ғы­ лыми жұмыстың тақырыбы да тың – «Экологияның ауырлық нүктесіндегі көбелектердің тыныс-тіршілігі». Ол Аполлон көбелегі бола ма, өзімізге таныс қыр көбелегі бола ма, әзірге оны түгендейтін шама қайда. Бетбақдалаға белді бекем буып кім барады, кімнің жүрегі дауалайды, алдымен осыны анықтаңыз. «Не істеу керек, өстіп бүкшеңдеп жүре бермекпісіңдер, ақыл берсеңдерші өң­шең данышпандар-ау?!» Айтпаса да бастықтың қатулы қабағынан осындай реніштің ізін жазбай танисың. Ақыры мәселе түпкілікті шешілген. «Ой, екі дүниенің рақатын көргір, Мейрамкүл!.. Сол, сол Мейрамкүл! Сені туған анаңнан айналайын, Мейрамкүл!..» Осындай мадақ сөздерден құлақ тұнатын-ды. Мұның біразын Мейрамкүл де өз құлағымен естіді. Анау айт­ қандай ерекше әсерге де бөлене алмады. Төретамға, туған жеріне төркіндеп баратындай ғана сезім құшағында жүрді. Әріптестері бұған да ерекше таңданыс білдірген. «Осынша мақтау-марапатқа илікпегендігі қалай, керең болған кісіше иығын қиқаң еткізді де қойды». Қалай дегенде де Мейрамкүлдің бір «шәригінің» кемістігі осы жолы да байқалып қалды. Көпшілігінің көкірегі қайта күбірледі: «Оқу көтергендігіне енді көзіміз жетті-ау!» Мейрамкүл болса әлгі мадақ сөздердің Төретам қайдасың деп, жайдақ поезға отырған сәттен сабасына түсетіндігін ішкі түйсікпен сезінген. Міне, дәл солай болды да шықты. Қазір институттағылар түк көрмегендей былайша сайрайды: «Мейрамкүлдің орнында болсақ, біз де сөйтер едік. Етегіне оралып жатқан баласы жоқ, салт басты, сабау қамшылы адамға қайда жүрсе де бәрібір емес пе?! Оу, оның үстіне Мейрамкүл де сол Төретамның түлегі ғой. Есі дұрыс кісі туған жерінен қаша ма? Көбелек те туған жерінің көбелегі. Ендеше перзенттік борыштан сөйтіп құтылсын...» Бетпақтың қиян шетіндегі қақыра там Мейрамкүл үшін әдейі тұрғызылғандай-ды. Іші де ұядай. Ағаш сәкісі де дайын. Есік алдындағы шеген құдығы гүмпілдеп суға толып тұр. Терезесі бе­ кітілген. Есіл-дерті көбелек қуып, көбелектерді әр жерден тер­ гіштеп, кешкілік сілесі қатып құлайтын Мейрамкүлге бұдан артық күтім бола ма. Оның әр күні қатаң есепте. Күнделік жүргізеді.

ТАҢДАМАЛЫ Экологиялық апатты аймақтың ауырлық нүктесі – Тоғызыншы учаскені түгел аралайды. Бұл өңірдің тартылыс күшінен бұрын топыраққа сіңетін радиациялық сәулесінің дозасы да өткірлеу. Сирек металл сынықтарын жинаушылар болса Мейрамкүлді әдейі сөйлеткісі келе ме, әлде айдалада өзімен-өзі «жынданып» жүретін қыздың қытығына тигілері келе ме: «Ауыз жарымайтын мына алаөкпелігіңді доғар, бізге көмектес, ең болмаса шай-суымызды дайындап бер, бір сыбаға сенікі! Сол-ақ сені өлтірмейді, көбелек қуғаннан құмалақ түспейді!» – деп әзілдейді. Ал жылқышы Жасағанберген олардай емес. Бөгде сөзі жоқ. Ыржия күледі де Мейрамкүлдің айтқанын екі етпейді. Өмір сү­руге қажетті керек-жарақты да айтқызбай үйіп тастайды. Ертеңді-кеш осы маңды. Ағаш сәкінің үстіне шығып алып, Мей­ рамкүлден көз алмай мелшие қарап отырғаны. Тапжылмайды. Ақ қағазға түскен Мейрамкүлдің маржандай жазуларына қызыға қарайды. Өзі жүдемелетіп оқуға келгенде аздап мүдіреді. Сан түрлі көбелектер үймелеген үйшікті де Жасағанберген жасап берген-ді. Екі-үш бөренені жарып, жонып, төрт бұрышты үй­ шікті темір тормен қаптап кеп жіберіп еді, Мейрамкүлдің ас­ қақ арманы аяқ астынан орындалды да шықты. Босаған бөтел­ келерге, шыны құтыларға салып, кейбірін өлтіріп алып, әуреге түскен. Жасағанберген оны бар ынтасымен жасады, оған өзі де қуанып қалды. Осы бір еңгезердей жігітпен қалайша тіл табысып кеткендігіне Мейрамкүл де айран-асыр. Жаңа сауылған биенің сүтін торсыққа құйып әкеліп алдыңа тосып тұрса, қайтіп теріс бұрыларсың. Айдалада ішқұса боп жүрген зіңгіттей азамат Мейрамкүлді қара тұтып айналсоқтаған екен, несін қызғанады? Өзіне ыңғайсыз болмаса жүре берсін салпақтап. Аз айт, көп айт, Жасағанберген кәдімгідей сүйеніш. Кейде түннің бір уағында төсегінен түлен түрткендей оянып кететін жаман әдеті бар. Ал сонан кейін көзі ілінсейші. Жақын маңнан қасқыр ұли ма, қарсақ қыңсылай ма, әлде құм кезген жабайы мысықтар қақыра тамның төңірегін торуылдай ма, әйтеуір әлем-тапырық айқай-шудан құ­ лағы тұнады. Елегізиді. Сондайда ғой Жасағанбергеннің көз ал­ дына зорайып келе қалатыны. «Несіне қорқамын, жақын маңда Жасағанберген жүрген жоқ па?» Жасағанберген – түздің ақылды тағысы. Соны білген соң ғой айлақ басшыларының алдап-сулап Жасағанбергенді мықтап

Қуаныш ЖИЕНБАЙ торларына түсіріп алғаны. Бетпақтың шөлін үңгіп, қордаланып жүретін металл сынықтарын іздеушілер ғарыштан құлдилау аппаратының күшімен аса бағалы ғылыми зерттеулердің нәти­ желері салынған сандықшаның жерге жақындап қалғанын қай­ дан біледі. Ал ғарышқа зымыран ұшырған мемлекеттер сол сандықшаға өліп-тіріліп көз тігеді. Сан түрлі локаторлар шыр айналып, құлдилау аппаратының қай маңға түсетіндігін де күні бұрын хабарлап қояды. Аспаннан бақылаушылар қаншама. Со­ ларға күлкілі болмақ па мұндағы жайсаңдар. «Тоғызыншы учаскеге дереу қожайын табыңдар!». Жарлықтың пәрмені жаң­ ғырықтай естілген-ді. Оу, айналайын Жасағанберген жүрген жоқ па сол маңда жылқы бағып. Бұл тапсырысты өзге ұлттың өкіл­дері оңдыртпайды. Оның үстіне бірден көзге түседі. Суда жүзген қайықтай мұның ізі, мақсаты, жоспар-жобасы тірі жанға білінбегені мақұл-ақ. Ары ойланып, бері ойланғанда ақыры Жасағанбергеннен артық кандидатура табылмайды. Осы­ ған сұранып тұрған пенде ғой Жасағанберген. Дене бітімі де шойындай. Айлақтағылар адам «дайындауға» шебер ғой әсілі. Содан Жасағанбергенді сынақ мерзімінен өткізеді. Алдымен жай­ лаудағы үйін ел ішіне көшіреді, балаларын әскери қалашықтағы интернатқа орналастырады. Екі айлық сынақ мерзімінен мүдір­ мей өткен. Жасағанбергенмен соңғы мәрте жолығысқандар оның қалай өзгергендігін айта алмай, ауыздарының сулары құрыған. Бетпақтың шөлінен жазатайым бір жерлесін кезіктірсе қолқалап үйіне сүйрелейтін, барын қонағының алдына қоятын, дабырлап ел-жұрттың амандығын сұрасатын жылқышы жігітті қазір мүл­дем танымайсың. Сол Жасағанберген бүгінде Бетпақтың шөлінен жазатайым бір жерлесін кезіктірсе кірпідей жиырылады, екі көзінен ызғар шашады. Сәлемдеспейді, сәлеміңді де қабылдамайды. Өңім бе, түсім бе дерсің ақыры. Қателескен жоқсыз, көріп тұр­ға­ныңыз – сол жылқышы Жасағанберген. Бірақ бұл баяғы Жаса­ғанберген емес, айлақтың арнайы дайындығынан өткен Жасаған­берген болатын. «Құрысын, құдығынан да су ішпей-ақ қойды. Есуас неме қосауыздың шүріппесін басып кеп жіберсе, елге сүйе­гіңді жеткізе алмас». Еріксіз кейін шегінесің. Ал Мейрамкүл металл сынықтарын жинамайды. Ғылым адамы, қақсоғыңмен шаруасы жоқ. Көбелектерін қуалайды, Тоғызыншыны нысана­лап ғарыштан құлдилап келе жатқан сандықшаңызды

ТАҢДАМАЛЫ да көрмейді. Көргісі де келмейді. Құдай өзіне көрікті де берген! Осынша сұлу келбетімен көбелек қуып жүргендігіне де ішің ашиды. Бала туып, бір шаңырақты өрге сүйрейтін бикештің Бетпақтың шөлінде алау-далауы шығып, бейшара боп жанығып жүргені мынау. Аяйсыз! Қанша дайындықтан өткенімен Жаса­ ғанбергенде де жүрек бар ғой. Сол жүрегі түскір Мейрамкүлді көргенде кеудесін жарып жіберетіндей қаттырақ соғады. Оу, неге бұлай? Бар бітіргені ыржалақтап күле береді. Мейрамкүлдің қимыл-әрекетінің бәрі күлкілі. «Айналайын, ақы берейін, маған жұмыс істетіңізші, барыңызшы үйіңізге, әйелің тосып отырған шығар» десе де екі иығы селкілдеп күледі. Далаға жүгіреді, қара бұтаның шырпысын сындырып, қазандық астына от тамызады. Тоғызыншыға шыбын жорғалатпайтын батырыңыз енді бірде қырғауылдың жүнін жұлып, кешкі ас қамына кірісіп жатады. Не дейсіз?! Дастархан жасауға да шебер-ақ, қолы да епті. Қанша дегенмен құпия дайындықтан өткен адамыңыз Бетпақдала­ дағы өзіне жүктелген міндетті де естен шығармайды... Ана жолы екеуден-екеу алдарына ас ала бергенде жылан шағып алғандай Жасағанбергеннің тұра жүгіргені. Мейрамкүл оның желідегі атына қалай секіріп мінгендігін де аңғармай қалды. Содан құйындатып ала жөнелсін. Жер жұтып кетті ме, аспанға ұшып кетті ме, екі күнге дейін Жасағанбергенді көре алсашы. Көрейін десе де көре алмады. Қақыра там иесіз қалғандай-ды. Тоғызыншының белгісіздеу бір нүктесіне айлақ басшыларының тікұшақпен суыт ұшып келгендігі, Жасағанбергенге сәл тәртіпті босаңсытып алдың деп ұрысқаны, артынша жұбатып арқасы­нан қаққандығы... ал Жасағанбергеннің «Мұнан былай металл сы­ нықтарын жинаушыларды осылай қарай аттатсам атым өшсін!» деп ант-суын ішкендігі Мейрамкүлге белгісіз еді. Екі күннен кейін барып төбе көрсетті ғой жолың болғыр Жа­ сағанберген. Мейрамкүл қанша жалынса да не болғандығын айтпай қойды. Жалынып та сұрады, әзілдеп екі бүйірін қытықтап, мойнына суық қолын жүгіртіп те сұрады. Жасағанберген міз бақпады. «Айтуға болмайды» деп сұқ саусағын ернінің үстіне көлдеңең тастады. Айтпасаң айтпа, жасырынбақ ойнағанның көкесін мен де көрсетейін деп, Мейрамкүл де жорта бұртиды. Бірнеше сағат бойы үндемеді. Үй ішін көңілсіздік басты. Осы көңілсіздік алдымен Мейрамкүлге ұнамады. Бір түрлі жүрегі

Қуаныш ЖИЕНБАЙ алабұртты. Қолы да іске бармады. От та жағылмады, қазан да көтерілмеді. Оу, кәлләсінде кішкене сәуленің жұқанасы қалса алдымен өзін ойламай ма, Жасағанбергеннің бір жері қисая ма, Жасағанберген сонша жыл Бетпақтың шөлінде Мейрамкүлсіз де өмір сүрген. Мұнан кейін де өмірін жалғастыра береді. Шынымен басы айналып қалған ба Мейрамкүлдің, не көрінген?! Көзінің астымен Жасағанбергеннің алабұртқан жүзіне ұрлана қа­ рап қояды. Мұным, әсілі, ұят болды-ау десе де, еріксізден-ерік­сіз мойнын тағы да солай қарай бұрады. Жасағанбергенге не тапсыр­ ма берсем екен деп ойланады. Осындайда бар жұмысты істетіп алмаса, бұл шырағымның әдеттегідей екі-үш күнге жоғалып кетпесіне кім кепіл. «Кетсе барсын, біреудің байын байлапматап қайтіп ұстап тұра аламын». Әлгісін Жасағанберген сезіп қойғандай, өзі де ыңғайсыз қал кешеді. Екі күн жоғалып кеткенде қандай күйге түсті десеңші. Таң күзетіп шықпады ма, ұйқыны ұмытып, жын-шайтандармен алысып шықпады ма. Ертеңінде де салы суға кетіп, еш нәрсеге зауқы соқпады. Жасағанберген одан әрі кешіккенде аурып қалатындай сұры бар-ды. Бұл не? Махаббат па мұның аты?! Өзгелердің өлдім-талдым деп жүрген махаббатының сиқы осы ма?.. Осындай ма еді махаббат?! – Мейрамкүл?! Селк ете қалды: – Не, не дейсің, бір нәрсе дедің бе? – Кәдімгідей сасқалақтады. Себебі, барлық өтініш өз тарапынан ғана айтылатын еді ғой. Жаса­ ғанберген тек орындаушы-тын. – Қырға шығайық... көктем ғой... Қамбаш көлінің жағалауына апарайын. Қыр көктемін көріп кетіңіз... – А...а, немене, мені қуайын дедің бе, әлде құтыла алмай жүрсің бе? Жұмыстарым бітсе өзім-ақ... – Туһ, неге ашуланасың, мен сені ашуландыратындай бөгде сөз айттым ба? Менікі ниет... Бармаймын десең, қинап нем бар?! Көңілсіз күйде Жасағанберген дастархан жиегінен ары ысы­ рылды. «Оу, өкпелейді ғой кәдімгідей, немене маған өткізіп қой­ ғаның бар ма еді? Сірә, кессе қан шықпастың нағыз өзі боларсыңау?!» Айтуын айтса да көпке дейін көңілі байыз таппады. Қам­ баш көлін көргісі келетіндігін жасыра алмады. Аруақтармен алыстан тілдессе де несі кетеді? Тіпті қызды-қыздымен аралға да барып қайтар. Осы тұрғанда Жасағанберген қай тапсырмаңа да

ТАҢДАМАЛЫ қайлы. Несіне қашқақтайды, қолқа салғандардың талайының меселін қайтарған. Содан мүйіз шықты ма, содан мұратына жетті ме? Мақұл деп иек қаққаны сол еді, Жасағанбергеннің орнынан ұшып түрегелгені. Кер жорғаны кесекөлденең ұстады. Мейрамкүлді алдына мінгізді. Алғашында ыңғайсызданғанымен келе-келе еті үйренді. Қыр қызғалдақтары қалы кілемдей құл­ пырады. Мүлгіген тыныштық. Төңірегі толған көбелектер. Тор­ ғайлардың шықылықтаған дауыстары құлағына майдай жағады. Жасағанберген «Біздің бие байлайтын жайлауымыз осы» деген­ дей әр нәрсенің басын шалып міңгірлейді. Бірақ Мейрамкүл оны­сын естімеді. Адам-ау, осындай да сұлулық болады екен-ау. Көздері боталап, төңірегіне қарайды. Жағаға да келіп жетті. Суға шомылуға әлі ертерек-тін. Жерге секіріп түскен Жасағанберген Мейрамкүлді ер үстінен демеп түсіріп алды. Қолының қарулысын!.. Ой, сұмырай, тып-тығыз тө­ сін мытып кеп жібергені. Әдейі істеген жоқ па деп көзінің астымен байқатпай қарағыштап еді, ондай тәртіпсіздіктің ыңғайын аңғара алмады. Ыстық демін де жақыннан сезді, бет әлпетін қарып түсті. Тердің иісі ме?.. Бұл неткен жағымды иіс, шырағым-ау?! Еркек иісінің кереметі осы ма?! Жаттығы жоқ. Жақыннан иіскеуден де кетәрі емес-ті. Жасағанберген іш киімімен мұздай суға қойды да кетті. Мейрамкүл кейін шегінді. Денесі тітіркенді біртүрлі. Мә, без­ гелдек! Түз қожайыны деп қомпитқанда өсте ме екен, а?! Көлдің терең тұсына дейін жүзіп барып, бір кезде аяғын жылан шағып алғандай, ал кеп ышқына безілдесін! Даусының зорын. Көлдің бетін жаңғыртып үш мәрте айқайлады. «Оу, неге тоқтап қалдың, артың жыртылғанша айқайласаңшы тағы да...» Кенет танауын қытықтаған әлгі иісті іздегені. Оның жейдесі мен кеудешесін умаждай сығымдады да, танауына тақады. Шөліркеп келіп бұлақ суына бас қойғандай сезімге бөленді. Жә, қайдағы бұлақ суы?.. Теңеуін келістіре алмады. Жасағанбергеннің құсеттенген денесін жылытатындай құм да қызып үлгермеген. Аяды. Сонда қалай, «Кел құшағыма алайын» демек пе?! Еркек қой, ол жағын өзі-ақ келістірер. Сірә, жаман жылқышының ойында да біраз ұрлық бұғып жатыр білем! Көлден шығып, шашының суын Мейрамкүл­ дің бетіне бүркіді. «Қой деймін, қойсаңшы...» Дауысы да үзіліпүзіліп естіледі, бір нәрсеге ынтазар болған нәзік үн. Иығына

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қолын артады, ептеп құшағына тартады. Жасағанберген­нің жү­ регі атша тулайды, оны Мейрамкүл де анық естиді. «Шүкір, – деді ішінен, – яғни жүрегі бар. Жүрексіздерден сақтасын алдажалды». Жасағанбергеннің қимыл-әрекеті мап-майда, жібектей есіледі. Күректей алақанымен Мейрамкүлдің арқасын сипалайды да сәл аялдайды, аңдысын аңдиды. Қан ойнаған жүзіне үңіледі. Құлағының түбінен иіскейді. Мұндай жұпар иіске жолықпағалы қай заман. Өмірдің мәні де осы аралықта. «Космодромның қол­ баласына айналған сорлы-ау, көзіңді ашып қарасаңшы жанжағыңа!» Мейрамкүлдің жүрегі дүрсілдеп соны айтып жат­ қандай. Жоқ, басын да тартып әкетпейді, қытығы келгендей ғана қылық көрсетеді. Сұқ саусағымен иегін көтеріп, түртік ерінді алдымен алқымға тақайды, аққу мойынды аймалайды. Ыстық дем Мейрамкүлдің де тұла бойын өртеп әкетіп барады. Бірде... күректей алақанның тып-тығыз анарды уыстап алып, түртік еріннің ерінге сүлікше қадалғаны. Тағы, тағы... Сәл қаттырақ... Еркек иісін де еркін жұтты осы жолы. Жолың болғыр-ау, бұл не?! Түсінсе бұйырмасын, сүйріктей саусағы Жасағанберген­нің бұйра шашының арасына сіңіп бара жатты біртіндеп. Бір демге екіншісі қосылды. Құсеттенген дене отқа түскендей. Лапылдаған қызуы күйдіріп жіберетіндей. Жасағанбергеннің алақандары енді ширақ қимылдайтындай. Жауырыннан бөксеге жылжиды. Жуан балтырды сипалауды да естен шығармайды. Мейрамкүл есінен танып қалғандай. Сұлу жорға «Сендер не істеп жатырсыңдар?» деп осқырынғанда барып сәл ес жияды. Ат осқырынды ма, әлде іш көйлектің жоғарғы түймесі бырт етіп үзіліп түсті ме... «Ұят болады ғой» дегенге ғана демі жетті. «Кімнен?» «Жорғадан». Жа­ сағанберген Мейрамкүлді үнсіз аймалайды. Адам-ау, қолын кері ысырған бір қарсылықтың нышаны сезіл­ сейші! Қызыл құмның да қызуы көтерілген. Тып-тығыз анар аударылып-төңкеріледі. Түртік ерін оның үрпін тіміскілейді. Мей­рамкүлдің жаны тырнақ ұшына тіреледі. Денесі дірілдейді, дауысы құмығып естіледі. Түймелерінің бірінен соң бірі үзіледі. Құм қиыршықтары арқасына майдай жағатындай. Шалқалайды. Үстіне тау құлап кеткендей. Жо-жоқ, салмақты да сезбейді. Рақат, рақат-ай! Алпыс екі ғаламның еркек пен әйелге ғана бұйыртқан жалғыз жан рақаты осындай-ақ болар! Мейрамкүлдің күллі денесі адам айтып болмайтын әсерге бөленген. Маңдайынан тер

ТАҢДАМАЛЫ моншақтары шоршып шықты. Екі қолын екі жаққа жайып кеп жіберіп, еркін көсілді. Шыңғырып айқайлағысы келді, жылағысы келді, күлкісі келді. Жамбас тұсы бүлк ете түсті. Жерге метеорит құлағандай еді. Жорға басын кегжитіп алып үсті-үстіне осқырынды. Көл беті жыбыр етті. Жын соққандай Жасағанберген ұшып түрегеліп, жалма-жан киіне бастайды. Ауын жолай түймелеп, ер үстіне секіріп мінді. Ат тұяғынан ұшқан қою шаңға көміліп, есі кіресілішығасылы күйде құм үстінде талықсып Мейрамкүл жатты. Аз айт, көп айт, іштегі баланың әкесі – Тоғызыншыдағы жылқышы Жасағанберген. «Жасағанбергенге перзент керек пе, керек емес пе?» Соның ақ-қарасын анықтауға әдейі келе жатыр бүгін Мей­ рамкүл. Алдынан әдейі өткісі келеді. «Ал бала өзіне керек пе?!» Бұл сұраққа әзірге дайын жауабы жоқ. Көл ортасындағы шағын аралға тұмсық тіреген құс қайық көп айналмай Тоғызыншыға қарай бір бүйірлеп қиыстай тартты. Ауыр ескек екі қарын талдырды. – 21 – Әзірге қоңыраулатып дабыра қылмай, ойымдағы жоба-жоспа­ рымды сызғылап, шығын мен кірісті есептеп, білгенімді түртіп қойып, тымырайып жүре тұрайын дегені де бекер екен. Бекер болғанда да ақымақшылық. Түйе фермасының шаруасын бір ізге түсірген. Біреу әдейі қастандық жасап, төбеден бомба тастап жібермесе, Әбдімәлік жасаған жүйе әзірге бұзылмайды. Бұза алмайды. Аздап қыр көрсетпек болғандар енді артына қарасын. Әне, Әбекеңнің қолы тиген жердің бәрі осылай ғой, ойып түседі. Ылғи тыңнан салады. Ой-шұқырдағы ауыз жарымас несібеге көзін сатып, сонша уақыт шығындамайды. Жұртты өстіп таңғалдырып, «Апыр-ай, ананың пәлесін-ай!» деп таңдайларын тақылдатпаса Әбекең Әбекең бола ма?! Әбдімә­ лік, ойхой Әбдімәлік! Біраз жыл осы есіммен де талай жердің топыра­ғын басқан. Бәлкім, мұнан былай Әбекең болса ше... Барабара құлақ үйренер. Ал бұған не дейсіз, Қамбаш көліндегі санаторий құрылысын да асығып-аптықпай алдағы көктемде бастап кеп жібермекші. Жобасы да көз жауын алғандай. Иә, солай ғой, солай ғой, әрине. Әбекең Әбекең басымен кәкір-шүкірге бара ма-ау?!. Төретам

Қуаныш ЖИЕНБАЙ төңірегіндегі ағайын айлақтың азабын аз тартты ма, әлі де қан­ ша азаптанатындарын кім білсін? Космодромның әзірге бұл тұстан қоныс аударатын түрі байқалмайды, керісінше жергілікті халықтың темір жол бөгейтін ереуілсымақтарын ұрып қойып, коммерциялық ұшыруды үсті-үстіне балалатқан жоқ па?! Есебі­ нен жаңыласың бүгінде. Оу, сонда төретамдықтарға кімнің жаны ашуы керек. Өлсеңдер өмірем қабыңдар деп, еңселерін одан әрі тұқырта түскеннен кімнің ұпайы түгенделеді. Әрине, Әбекең Әбекең ғой... тағы да өсектеймісіңдер Әбекеңді?! Мейілдеріңіз, одан Әбекең­нің қылы қисаймайды. Өй, өңшең сорыңды ұрайын­ дар-ай, көл суындағы йод мөлшерінің көптігін жерлестері де баяғыдан байқады ғой. Ауыздары былжырап, сонау жер түбінен келетіндермен қосыла арақ ішкеннен басқа бір нәрсе бітірді ме? Келімсектердің нелері кетсін, «Ой, жергілікті халықтың пейілінай!» деп бая­ғы­дан келе жатқан жаттанды «жырдың» астына қайтадан от тамызды. Тегін, бәрі тегін, тіпті көлдің маңайын өртеп жіберсең де қой-ау дейтін бірі жоқ. Оларға да осы керек-ті, йод құрамды су­ға емін-еркін шомылып, ойындағыларын іске асырады да ертең тайып тұрады. Жасаған ие-ау, әділдігіңді неге көрсетпейсің сол сорлы халыққа! Әлде келімсектердің ғана жолдары бола бер­ мек пе? Бетпақтың шөлін ту-талақайын шығарғандары аз еді, енді жыландай жылжып, Қамбаш көліне де ауыз салмақшы. Әзірге жабайы түрде, жата-жастана келіп-кетіп жүр. Ертең жау тигендей көл жағалауына қостарын тігіп, қоныстанып алса не істейсіңдер?! Қуып шығу қолдарынан келе қойса жақсы. Қамбаш көлі – Әбекеңнің ежелгі атажұрты. Оған тірі жан таласа алмайды. Мұрағатта «Құрымбай әулетінің иелігінде» дейтін де құжат бар. Ал Әбекеңнің ірі турайтын әдеті ғой қашаннан. Су құрамындағы йодтың мөлшері ғарыштан зерттелген тәжірибенің негізінде қолға түскен. Ал санаторий көлге ерекше көрік береді. Іргеліктен көтеріл­ ген күн сәулесі алдымен айдын бетіне түседі де, сөйтіп санато­рий күмбезімен шағылысады. Норман түсіне бекер кірді деймісің. Көл жағасындағы қаз жұмыртқасын көз алдыңызға елестетіңізші! Қалғанын іс барысында көре жатар. Күмбезбен мұратына жетпейтін сыңайлы. Белді бекем буған екенсің, енді еш нәрседен тайынба. Әбекеңнің де осы тұсқа мықтап күш салғысы бар. Жер шарындағы атышулы курорттардан Қам­

ТАҢДАМАЛЫ баш көлі неге сорлы болуға тиіс?! Оу, бәрінен бұрын су құра­ мындағы йодтың мөлшерін айтсаңшы! Уақыт – ұшқан құс. Әбдімәлік бар шаруасын түгендеп алсын деп тосып тұра ма. Ертеңақ көктемнің құлағы көрінеді. Бұл өңірде мұндай санаторий атымен болмаған. Әбекең бірінші, біріншіге жауапкершілік те аз жүктелмейді. Төретам – тоғыз жолдың торабы. Коммерциялық әдіспен ұшатындар шетелден де шұбырар. Еріккен қалталылар еріге берсін, Әбдімәліктің қаражат жағынан біраз ауыртпалығын көтеретін де сірә, солар болар-ау. Әне, жарнама дегеніңіз сол... Қазақбайшылыққа салынып, тиын есептеп, кері шегінсең өзі келген байлықтан көз жазып қалуың да ғажап емес. Өз қолыңнан ұшырып жібересің. Қаздың жұмыртқасы секілді санаторийің жергілікті қазақтарды болмаса, оларды қызықтыра алмайды көп. Әбдімәліктің де біреулермен ақылдасуына тура келді, облыс көлеміндегі жөн біледі-ау деген жігіттерді жанына жинады. Су шаңғысы... Су шаңғысын қайдан көрсін Әбдімәлік. Туристер серуендейтін екі-үш катерді былай-ақ сатып алмаймын ба деп жүр­ ген. Ой, түбің түскір, шығармайтыны жоқ-ау әлгі найсаптардың! Тікұшақтан парашютпен секіретіндер шығып жатса не істейміз дейді. Не істеуші еді?.. Бәрін тындырып, енді парашютпен секіру ғана қалып па еді?! Алғашында ашуланған. Осылар мені белшеден шығынға батырғалы отыр-ау деп әрқайсысына күдікпен қараған. Тікұшақтың аспанға бір көтерілгені-ақ жиған-тергеніңді көкке ұшырар. Оу, ойдан-қырдан келетіндерге йодты судың өзі-ақ жетпей ме. Дегенмен бірте-бірте сабасына түсті. Санаторийдың «әлемдік масштабтағы имиджі» дегенге амалсыз көнді... Жағалаудың да қазаны бұрқ-сарқ қайнайды тірі тұрса... Шұбатты несіне қыстыра береді. Шұбат өзінікі ғой. Сұраныс көбірек түсіп жатса, майлы шұбатты құрғатып, кептіріп айлаққа жөнелтіп не жындары бар?.. Жә, о жағы түсінікті. Көлден тірі балық ұстайды. Демалушылар­ дың қалауы білсін, аспазшылар оны табанда қуырып береді. Бір­ неше ұстахана ашпақшы. Көрігін қыздырып, балғасын төске ұрғылаған шеберлер әркімнің керегіне қарай ұлттық бұйымдарды шай пісірімге жеткізбей қолдарына ұстатып жібереді. Ойхой, ақылдасудың соңы созылыңқырап кетті ме, қалай? Бір жағынан оған өзі кінәлі еді. Кеңқолтық, ауылбайлығын сездіріп алды. Осымен бітті, екінші рет қайталанбайды. Алмас қылыштың жүзіндей қиып түсуі керек қой Әбекеңнің. Сөзді көпіртпейді,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ нақты іске көшеді. Берсе қолынан, бермесе жолынан. Ал бүгін не істеді?.. Көңіліңізге келсе де айтайық, кейде әпенді қалыптан шыға алмай қаласыз, Әбеке! «Жігіттер, күнде келіп жатқан жоқсыздар... шайланып, түстеніп дегендей, Патшагүл жеңгелеріңнің қолынан дәм татып дегендей...» Тіфу, неткен жиіркенішті! Осыны да космостық кеңістікпен тілдесіп, айлақтағылармен қоян-қолтық араласатын әтібірлі азамат дейді-ау! Тіфу! Ананы әкеліңіз, мынаны әкеліңіз деп Патшагүлдің де әбден зықысын шығарды. Жә-жә, бо-болды! Әбден жерлеп біттіңдер ғой түгелер! Аулаға шығып, олай-былай жүріп бой жазды. Әуіттегі су бетінің дір ете қалғандығын Әбекең де байқады. Тазартып тастауға қолының тимей жүргені, енді суға түсіп қарқ қылмайды... Ән салғысы келді. Оу, Әбдімәліктің кішкене көңілденіп, ән салғандығын да көре алмайды бұл ағайын?! Ән деген аты ғана. Көңілдің шалықтауы ғой болар-болмас... Алдымен іштей ыңылдайды. Бара-бара дауыс ырғағын үдете түседі. Сол әуеннен тұла бойы ләззәт алатындай. Төңірегі де сұп-сұлу... Осындай сәттерді қалайша елеусіз өткізіп жібереді. Шаруасы шүкіршілік. Салыстырмалы түрде айтқанда, өмірге риза. Жүрек пен дене бір сәт...бәлкім, жалқы сәт болар... үндестік тауып, бірін-бірі түсінді ғой. Жүрек, жүрек дегеніңіз де бейшара бозторғай ғой қолды-аяққа тұрмай шырылдаған. Міне, осындай тұста ғой Әбекеңнің ән салғысы келетіндігі... Тамағын кенеді. Ән шым-шымдап әуеге шарықтады. Тың, бойы жеп-жеңіл... – 22– Мейрамкүлдің Төретамға табан тірегіндігін Әбдімәлікке айт­ сам ба, айтпасам ба деп ұзақ ойланады Патшагүл. Жолың болғыр Мейрамкүл туған әкесінің көзіне түспесем екен деп безектейді. Ұрлық жасағандай «айтпаңыз, айтпаңызшы!» деп өлгенше жа­ лынады. Мұнысы қалай? Ал Әбдімәлік солар дегенде шыбын жанын қоярға жер таппайды. Әсіресе, Мейрамкүлді ойлағанда түн ұйқысы төрт бөлінеді. Бір жағынан өзін де кінәлайды. Облыс орталығындағы жоғарғы оқу орны тақиясына тар келетіндей, бірден астана асырып жібергендігіне өлердей өкінеді. Облыстан бітіргендер де көштен қалып жатқан жоқ бүгінде. Бәрінен бұрын балалардың бір-бірінен алшақ кетпегендері абзал-ды. Оу, облыс орталығында Мейрамкүлдің туған ағасы Әділбек тұрып жатқан

ТАҢДАМАЛЫ жоқ па. Өйтіп-бүтіп келінді де көндірер еді-дағы. Ортаншы ұл­ дың да ақылы кірген шығар. Оның үстіне өздері де ай аралатып барып тұрар еді... Тәйт әрі, Мейрамкүлді опық жеді деген біреу бар ма?! Жоқ-а, қатарынан кейін қалғаны батады Әбдімәліктің қабырғасына. Сол қызының тұрмыс құрғандығын көрсе... Сөйткен әкесінен қызын жасырса адамшылыққа жата ма Пат­ шагүлдің бұл қылығы?! Түсі... түсі болғандығы қандай абырой! Көзін жұмса-ақ болды, сол түсі дөңгеленіп көз алдына келе қа­ лады... «Бетбақтың шөлін көктей өтіп далақтап жүгірген Мейрам­ күл. Қайда бағыт алғаны және белгісіз. Аяғы-аяғына жұқпай­ ды. Төңірегі толған қызылды-жасылды көбелектер. Оу, мына бар болғырдың жүгірісі тегін бе? Құмның ішкі жағындағы қауіпті аймақтан не табады. Тоғызыншыдан несін жоғалтты екен сорлы бала?! Патшагүлдің де көл жағасына не үшін барғандығы белгілі. Бұл сормаңдайдың бір перзенттен басқа қандай арман-тілегі бо­ лушы еді. Біреулер көл жағасындағы әулие-әмбиелердің басына түнесең, үмітің орындалады деген. Бұл жерге сол үшін жеткенді жаяу-жалпылап. Ал бұл маңнан Мейрамкүлді кезіктіремін деп кім ойлапты. Мейрамкүл көбелектердің күз айындағы өмір сүру дағдысын бақылаймын, ғылыми жұмысымды одан әрі жалғастырамын деп кеткен жоқ па еді. Мына тірлігі ғылыми жұ­ мысын жалғастыратын адамның қам-қарекетіне ұқсай ма? Құ­ йындай зулайды. Адамның қауқары қашанға шыдар. Бір жығылса одан қайтіп тұра алмайды Мейрамкүл. Әбдімәлік бұл істің аққарасын ашқанша тыным таба ма, жанын шүберекке түйіп олай шапқылайды, былай шапқылайды. Сүйтсе...ал бұған не айтасыз, бұл істің басы-қасында Патшагүл жүріпті-міс... Соны естіп тұрған Әбдімәлік Патшагүлдің арқасынан қаға қоя ма?! Міне, сөйтіп іс насырға шабар. Жоқ-а, дауға қалатындай Патшагүлдің не басының іскені. Одан гөрі Мейрамкүлді шап беріп ұстап алсын да жуындырып-шайындырып, өзімен бірге үйге әкетсін. Шынымен көбелектер қанатына қондырып алған ба, жеткізер емес. Әулие­ лердің басына түнеп шыққан Патшагүл тың ғой, ұйқысы да қанық. Уһ, өлдім-талдым деп, бір топ жыңғылдың түбіне жете бергенде ұстады-ау. Қайраттысын. «Жібер, жіберіңіз, сіз қайдан шыққан адамсыз?! Кімсіз, мен сізді танымаймын. Менде не шатағыңыз бар?!» деп бұлқынғанда бар ма, торға түскен шабақтай 11-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ алас ұрады. Оның бұлқынғанын бұйым құрлы көрсін бе Патша­ гүл. Әлі құрып біткенде өзі-ақ сабасына түседі. «Мені, Патшагүлді танымайтындай сені не алжастырды, Мейрамкүл?!» Мейрамкүл екі иінінен дем алып, алақтап аспанға қарайды. «Пат­шагүл, Патшагүл деген кім?» «Жә, танымасаң таныма, есіңді жи, не жүгіріс сенікі? Қайда барасың? Біз сенің қайтар жолыңды тағатсыздана тосып отырсақ». Мейрамкүлдің ісініп, сұрланған бет-әлпетіне ептеп қан жү­гіре бастайды. Күрсіне дем алады. Патшагүлдің темірдей құшағы­нан босанып, төңірегіне үрейлене көз жүгіртеді. Патшагүлді де енді шырамытқандай. «Сіз мені бекерге қинайсыз» деді сәлден соң. «Бекерге қинайсыз дегенің қалай?!» «Қиналмастан өлетін-ақ жерім еді. Мен үшін өмір тұйықталған. Ендігісінің бәрі ит әуре». «Қой, олай деме, бесіктен белің шықпай жатып, сонша түңіліп...» «Мен екіқабатпын, апа!..» «Білемін...» «Қайдан?» «Поездан түс­ кен күні-ақ». «Құдай-ай, тірі жан сезбейді ғой деп жүрсем. Бекер алданған екенмін». «Неге алданасың, сендер алдаңсаңдар, өзгеміз не істемекпіз?!» «Апа, апа-ау, менің жанымды түсінетін кім бар бұл өмірде?!» Патшагүлдің иығына басын сүйеп солқылдап жылайды. «Жалғыз емессің, сен жалғыз емессің, Мейрамкүл!» «Ай, қайдам, қайдам-ау! Ішімдегіні алдыртып тастау қолымнан келмеді деймісіз. Өз-өзімді ұстадым. Бәлкім, ақымақтығымның өзі сол шығар. Мұның әкесі де осы өңірдің түлегі ғой. Көрінген көкатты емес. Алдымен соны көңіліме демеу тұтқам. Сіздерді бір алдап, өзгелерді екі алдап, сонша жерден сабылып келгендігімнің басты себебі де осы еді. «Балаң болады, сенің балаң болады!» деп алдынан бір өтейінші деп келгем. Әкесі емес пе, көл-көсір қуанышына да куәгер болғым келген. О-хо, сенген қойым сен бол­саң... Енді ойласам, ол сорлыны да кінәлағым келмейді. Кос­ модромның дайындығынан өткен адамнан не сұрайсыз. Тірі өлік. Баяғысы баяғы ма, тірі өлік екендігіне осы жолы анық көзім жетті. Менің аяғымның ауырлығы оның ойына да кіріп шықпады. Жылап түсіндірдім, күліп түсіндірдім. Селт етпеді. Екі-үш айдан соң балаң дүниеге келеді деп те, құдайдың зарын қылдым. Тірі тұрсам оған иненің жасуындай салмағымды салмаймын ғой. «Иә, мен сол баланың әкесі едім» десе болды ғой. Кейін әкесінің кім екендігін айтып жүрермін, тек сол үшін ғана. Ол мүлдем басын алып қашты. Алғашқыда «Осы әдейі мылқау болып жүрген жоқ

ТАҢДАМАЛЫ па екен» деп күдікпен де қарағам. Жоқ, бәріне кейін көзім жетті. Ол ойлау қабілетінен жұрдай айырылған мүскін болып шықты. Сенесіз бе, не істеп, не қойғандығынан мүлдем бейхабар. «Балаң болады, мынау сенің балаң»деп шертиген қарнымды көрсетсем, ол менің басымды шатып, космодром басшыларынан мақтау қағаз алғандығын айтып, айдалаға лағады. Шынымен өлгім келді... Әлгі мүскінді балама «Мынау сенің әкең» деп қалай айта аламын? Басым қатты. Сізден несін жа­ сырайын, ішімдегі шарананың титтей кінәсі болмаса да, одан ертерек құтылғым келген. Саналы түрде. Ал не дейсіз?» «Не дегені қалай, күнім-ау?! Мына Патшагүл саған бөтен адам ба? Өгей деп өзекке тепсең, өзің біл. Әкеңнің шай-суын қай­ натып бергенім өз алдына, түсінсең сол үйдің отымен кіріп, кү­ лімен шықтым. Шаңырақтың шайқалмай тұрғаны да менің арқам. Қайдан білсін, біреулер Патшагүл аяқ астынан үлде мен бүлдеге көміліп қалды деп күндейтін шығар. Менің басыма бұр­ шағымды салып, Жасаған иеден жалбарына сұрап жүргенім – бір шұқым қызылшақа шарана. Міне, маған сені айдалада құдай жолықтырды ғой, аман-есен босан. Қанша ай қалып еді? Ел көзіне түспейтін қауіпсіз жерге апарып, босанғанша бағып-қағамын. Бұл құпияны екеумізден басқа тірі жан білмейді. Босан, сенің балаң – менің балам! Бауырыма басамын. Кейінгі тағдыры бір алланың қолында. Бұл өмірге бәріміз де қонақпыз. Біреуге ерте, біреуге кеш, ажал алдымен мені айналдыра бастаса екеуіңді бірбірлеріңе табыстырып кетемін. Ал әзірге еш нәрсені ойлама... Өлемін дейсің, масқара-ай! Не, не үшін, күнім-ау?! Құдайға күпір болғаның қалай, құдай мұнан артық сені немен жарылқайды?! Мейрамкүлдің де беті бері қарағандай: «Әкеме не айтасыз?» «Ол жағын өзіме қалдыр». «Жоқ, оны да осы тұрғанда шешіп алайық, ертең бәрі кеш. Әкемнің мінезін жақсы білемін. Шындық айтылады түптің түбінде. Сізге қалай да айтқызады қоярда-қоймай жүріп. Сонда не дейсіз, Мейрамкүлдің жолдан тапқан баласы еді дейсіз бе?!» «Несі бар!» «Несі бардың көкесі сонда, әкем онда сізге де, балаға да аяушылық жасамайды. Одан да...» «Не, не дейсің?..» «Баланың обалына қалмайық, әкем оған көнбейді. Мені екібастан көрмейді. Ал сізді де жамандыққа итермелеп қайтемін. Рақмет ниетіңізге. Қайталап айтайын, әкем оған көнбейді. Үндемей

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жүргенімен қатал ғой әкемнің мінезі». «Ал енді не істемексің ішіңдегіні?..» «Балалар үйіне...» «О, құдая тоба!..» Өзінің шыңғырған дауысынан өзі шошып оянды Патшагүл. Сұмдық-ай, әлгінің түс болғандығы қандай абырой!.. Түс дейді-ау... басын көтерді, аулаға қарады. Әбдімәліктің қонақтарды шығарып салған соң қаннен-қаперсіз ыңылдап ән салып жүргендігіне қай­ ран қалды. – 23 – Одан әріге шыдай алмады. Дағарадай күтушілер залының қал­ тарыстау бір бұрышында отырған орнынан ұшып түрегелді. Әлсінәлі сағатына қарайды. Ресейден келетін халықаралық жүрдек поездың бұл стансаға келуіне әлі де табандаған жарты сағаттай уақыт бар-ды. Выбергтегі кеденшілердің рахымы түсіп, жол құ­ жаттарына шұқшия қарамай «ежелгі көршіміз ғой» деп жібере салса тіпті жақсы, ал жолаушылардың анау-мынауларын ауда­ рып-төңкеріп, ендігі шаруаны иісшіл иттердің тұмсықтарынан ті­ реп, жайбарақат жүріп алса біразға дейін кешігуі де әбден мүмкінау. Көзге баттиып көрінбесе де саясаттың салқыны осындай ұсақ-түйектен сезіліп қалады. Оның үстіне Еуропаңыз біз қарт құрлықпыз дейтін кеудемсоқтықпен Азияға әлі күнге дейін төбе­ ден қарағысы келеді. Ал Азияңыз да аспандаған көкірегін көрін­ генге таптатқысы келмейді. Іштей текетірес, бақай есеп. Ақпарат кеңістігіндегі, интернет жүйесіндегі мәліметтерге сүйенсең, екі ұлы құрлық арасындағы достық ахуалына қылдай кінә таға ал­ майсың. Адам түсініп болмайтын келісім-шарттар мен алыс-беріс қарым-қатынастардың мән-мағынасына үңілсең, ішің жылып сала береді. Құрлық түгілі қарапайым адамдар да бір-бірімен бауырласып кеткендей, бауырластық тамырлары барған сайын тереңдей түскендей. Сызат таба алмайсың, сына қаға алмайсың. Кей тұста осынша шарықтап әуелеген әдемі түсіністік түкке тұр­ майтын бірдемелер үшін жермен-жексен болатындығына кә­ дімгідей қарның ашады. Несін жасырады, мұндай сезім Әнуарбекті де талай мәрте иектеген. Бүйткен іскер адам атанғандығының, бизнесінің ішін ұрайын деп, сырт жердегі аз-кем дәулетіне де мойын бұрмастан, туған жерге туралап тартып кетуге де оқталған. Зәудесін барып сабасына түсер-ді. Бұлқан-талқан ашуланбайды. Осының өзі

ТАҢДАМАЛЫ дәтке қуат. Туған жерге деген сағыныш қой мұның аты. Міне, ақыл. Бұған дейінгілері пендешілік. Ал атамекенді аңсауы – адам­ гершілік қасиеттің биік шыңы. Осыдан соң бойы жеңілденіп, керемет әсерге бөленеді. Төңірегі нұрланып сала береді. Азия жақ­ тан соғатын жылы ағыс денесін жерден тік көтеріп әкететіндей. Үлкен көшенің бойымен жүгіре жөнелгісі келе ме, қалай? Балалық шақтан жатталып қалған әуен бір-бірлеп еске түседі. Адам-ау, мынаусы кәдімгідей «айналасы жұп-жұмыр» асқақ әуен ғой. Ойой, Әнуарбектің жүрек кернеген бұл әнінің қайырмасын кеме жөндейтін бұл қалада кім түсіне қойсын. Қазақшаны ұғынатын кім бар бұл жерде? Есі ауысқан кісіше екі иығын жұлып жеп, көше бойымен жүгіргені сәл ерсілеу әм күлкілі. Оу, айтқандай шетелдік су жаңа мәшинесінің ішінде шырқаса біреу жолай тоқтатып, ұстап ала ма. Оу, неге соншалық тесіле қалдыңыздар?! Немене, сәндеріңді бұзып жіберді ме Әнуарбек?! Е...е, бұларың жөн. Мынадай асқақ әуенді қайдан естіп тұрмыз деп таңғалған болсаңыздар, иншалла оған да рақмет! Әрине, ондай әуенді қайдан естиін деп едіңіздер. Ол үшін Әнуарбек секілді сіздердің де кіндік қандарыңыз қазақ топырағына сіңуі керек қой. Және анау-мынау емес Төретамның төңірегіне. Төретамның құм суырған иен даласы кісіні әнші қылмай тұра ма. Еріксізден еріксіз әнші боласыз. Ұлы даланың қадір-қасиеті кіндік қаныңмен бойға сіңіседі де, өмір бойы... қаш-шан мына дүниемен қоштасқанша сол құттақандай сезім тұла бойыңды – табаныңнан көк желкеңе дейін қыз-қыз қайнатып қыздырады да тұрады. Қайда жүрсең де бәрібір. Бәлкім, аруақ жебеді деп жүргеніміздің өзі осы шығар. Аруақты қазақ­тан басқа халық сыйлай алмайды. Оны қайдағы бір санаға сіңбейтін аңыздармен шатастырады. Әлгі қызу денеге топырақтан дариды. Дария бойының тізеден келер май топырағын Әнуарбек те аз кешпеген-ді. Құлап-сүрініп, құлдыраңдап жүгіргені де әлі есінде, күс табанын дызылдатқан от қызуға шыдамай дарияның тайыз тұсындағы лай суға күмп бергені де әлі есінде. Отыздың о жақ, бұ жағындағы жігіт балалық шағын ұмытатындай не құдай ұрып­ты?! Және қарттық дәуренін сырт жерде өткізіп не абырой табады. Ке­ теді бұл жерден бойдағы қуат әлсіреген күні-ақ. Ой, осындайда ғой көңіл деген көк дөненнің бас берместен ойға-қырға шалықтайты­ ны. Әнуарбек сол көзге көрінбейтін әлгі табаннан өтетін жылу­ дың өзін өзінше қорытады. Әлде сырт жерде жүргендіктің әсері

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ме екен, а?! Бәлкім, сағыныштың көкесі де осы шығар. Жылу, ол жылу жалғыз ғана топырақтың жылуы емес-ті. Жалған дүние­мен ерте қоштасқан ата-баба рухы жер астындағы әлдебір құдіреттің күшімен сенің басқан ізіңді аңдып жүреді де, оңтайы келгенде барлық қызуды табаныңнан өткізеді де жібереді. Сен оны әзірге байқамайсың, сезбейсің. Есейген соң ғана еске түседі барлығы. Ал бұған не дейсіз? Әнуарбектің әлгі толғаныстарына түзету енгізбек ниетіңіз бар ма? Мейлі, қалауыңыз білсін. Әнуарбек қашанда қызу пікірталасқа дайын. Жә, арғы жағына сонша тереңдеп, сіздің де басыңызды ауыртқысы келмейді. Туған жерден жырақта, сыртта жүрсеңіз көрер едіңіз!.. Сірә, сағынышты осы төңіректен іздегеніңіз мақұл, асылы. Қала, қала ма, егер орайы келсе, пенде бір жағынан өзінің азаматтық болмысын сынау үшін де сыртта өмір сүруі керек шығар. Оу, Финляндияның кеме жөндейтін осы бір шағын қаласында жүрмесе, Әнуарбек әлгі ойларды жерден қазып ала ма?! Выберг көшелерімен асқақтата шырқаған әсем ән! Міне, Әнуарбек өстіп қалың шаңнан бір сілкінеді. Артық-кемі жоқ, бес-алты жылға жасарып кеткендей жеңілдейді. Қарсы кезіккен­ дерді құшақтай алғысы бар. Аялдаманың бір бұрышында бүрісіп отырған қайыршыны көзі шалса дереу мәшинесін тоқтатады да, қалтасындағы барын әлгінің дірілдеген әлжуаз алақанына қыс­ тырып кетеді. Таң атып үлгермеген. Вокзал басында жүргінші аз. Бұл қала­ ның ыбылжыған көктемі де жылауық баланың саталақ-саталақ бет-әлпетіндей жуық маңда тазара қоймайды. Шайдай ашылған күн көзін көруің де сирек. Қар аралас кібіртік жаңбырдың аяғы наурызға дейін бір толастамайды. Сыртқа шығып шылым шекті. Еріккеннің тірлігіне көшіп, сигарет тұқылын саусақ ұшымен аулаққа шертіп кеп жіберіп еді, онысы жылымшы ылғалға түсіп быж ете қалды. Әсерлі естілді құдаққа. Жеңіл пальтосының жағасын көтеріп алып, екіншісін сорғыштады. Оу, бұл қай ба­ сынғандық, көкесі?! Күбідей тарғыл мысық құйрығын көкке шаншып келді де алым жоқ, берім жоқ мұның аяғына оратылды. Бұзаубас туфлиіне тұмсығын тақады. Тілін сүйреңдетіп бетаузын жалады. Қаңғыбасқа ұқсамайды. Вокзал үйінің жылыжұмса­ғына ертерек ет үйреткен сыңайы бар. Әлде осындағы үй сыпырушы әйелдердің «сүйіктісіне» айналып, емін-еркін жүріптұрса да бізден көрмеңіз. Тек беймезгіл уақытта тысқа шыққаны

ТАҢДАМАЛЫ ғана түсініксіздеу. Әрине, мұнысын әйелі көрсе безілдеп, қайдағыжоқты айтып, байбалам салар еді. Келетін қонағыңды бірге қарсы алайық деп жата кеп жалынса да, ол пақырды кеудеден итергендей ғып үйде қалдырған. Екі қолын қайда сыйғызарын білмей өстіп сенделіп жүретіндігін сезсе, әйелін өзімен бірге ерте шықпас па. Таң алдындағы тәтті ұйқысын қимады ма, өзінше жігіттік мінез көрсеткісі келді ме. Түк те емес, артынып-тартынып артынан із­ деуші келіп-кетіп жатпаған соң вокзал заңдылығын да ұмыта бас­ таған ғой бұл жазған! Күбідей мысықты көтеріп, кеудесіне қысты. О-хо, көкірегі сы­рылдап қолайлы қуыс табылса ұйықтап кететіндей-ақ сыңай танытты. Құйрығынан сипады: «Осы құрметке де риза боласың, – деді сәлден соң, – сізді еркелетіндей уақыт қайда, қазір Төре­там­ нан келетін ағамды күтіп алмақпын. Ал әзірге сау тұр... Байқа, бұзақылардың қолына бір түссең, ол қақпаннан құтылуың қиын­ ға соғар. Жұрттың бәрін Әнуарбек деймісің?!» – Мысық алдыңғы екі аяғын кезек көтеріп, ызалы жерге қайдан тап болдым дегендей ауырлау қозғалып, емен есіктің сыртқа қарай ашылуын күтіп тұрды да, Әнуарбек шойын тұтқаға қол соза бергенде сып беріп ішке кіріп кетті. Біреулермен сөйлесіп тұрмын ба деген-ді. Жоқ, жалғыз екен баяғыша. Сигареттің тұқылын тағы да саусақ ұшымен аулаққа атып кеп жіберді. Оның суға түскен быжылына мойын бұрмады бұл жолы. Өзге ұлттың өкілі болса да, әйелі ақылдылық танытқан. Оның да өз қуанышы өзімен. Міне, ақыры қайыр болды. Әнуарбекті туған жерінен бір жамағайыны іздеп келе жатыр. Қалай туысатындықтарын ежіктеп сұрап қайтеді. Мәселенің үлкені – арнайы ат басын бұрып, Әнуарбекті іздеп келе жатқандығы. Ой, дүние-ай, бұдан несін аяйды, қолынан келгенше қазақы дәстүрді де ұстанып бағар. Бірақ сызылып қазақ топырағына келін боп түсетіндей бұған біреу мүмкіндік жасады ма. Әнуарбекке тұрмысқа шыққалы кеме жөндеушілер қалашығынан сырт жерге бір рет жолы түссе екен-ау!.. Ылғи бір өңді тіршілік. Ал кәделі мерекелерде аздап жұтып алғанда Әнуарбектің аузының суы құрып айтатын Төретамын мұның көргісі келмей жүр деймісің! О-хо, ондайда Әнуарбектің екі көзі боталап, болар-болмас уәйімге беріліп, артынша жасықтығымды тірі жанға сездірмейінші дегендей дүр сілкініп, аса бір ықылас­ пен шабыттанып кетер-ді. Екі қолын екі жағына сермеп жіберіп,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жүдемелетіп сөйлегенде бар ма, тұйықтау жігітті бір нәрсе иектеді ме деп өзің де күмәнданады екенсің. Аздап «ақаңның» да буы бар шығар, бірақ қалай дегенде де Әнуарбек үшін Төретамнан асқан жұмақ өлке жоқ-ты! Сырдарияның сылаң қаққан ағысын айтқан­ да есіңнен жаңылдырады. Еріксіз тыңдайсың, тыңдамағанда... Жұмаққа балаған Төретамы күллі жұртқа белгілі. Оның несіне мақтайды, әлемді дүр сілкіндірген экологияның ауырлық нүктесі де сол тұста. Қысы қатты, жазы адам тұрғысыз ыстық иен даланы Әнуарбек болса барымен беріліп жырлай жөнеледі-ай! Турасына көшкенде, ғарыш айлағы кімді жарылқаған. Ал Әнуарбек ол кезде басқа адамның кейпіне көшеді. Буса­ нып алғанда әуелетіп ән салып жібергендігін де байқамайды. Айтсын, айтсын, армансыз шешілсін. Бір жағынан Әнуарбектің айтқандарына құлай сенгің де келмейді. Кім не демейді, кім не жазбайды. Ал талассызы – Әнуарбектің жастық шағының Төретам төңірегінде өткендігі... Әнуарбек тірі, міне, жаныңа жайғасып алып, Төретамнан көрген-білгендерін сұңқылдап соғып отыр. Жалған сөйлесе өзіне... кейде сенің де табан тіреген пікірлерің тайғанақтай бастайды. Шынттаса Төретам туралы түсініктің өзін бүтіндей өзгертіп жіберетін еді ғой бұл Әнуарбек. Шешендігіне де шәк келтіре алмайсың. Бір қызынып алған Әнуарбекті орта жолдан тоқтатуың және қиын. Дес бермейді. Сондайлық бірінен-бірі асып-түсіп жат­ қан жүйелі сөздердің қайдан тап болатындығына да қайрансың. Ал мықты болсаңыз, Төретам топырағын бір басуды іштей ар­ мандамай көріңіз, сол өңірдің ауасын жұтуға асықпай көріңіз. Әнуарбектің әзірге күш-қайраты бойында, ойға алған шаруасын ақырына дейін аяқтамайынша тыным көрмейтін шаһар... Білімді әм бірбеткей. Өзінікі дұрыс, өзгелердің қамқорсыған көңілдеріне бірден лып етіп, сына қоймайды. Дүние жүзіндегі бизнес әлемінен толықтай хабардар. Қарап отыратын күні жоқ. Бірнеше тілде еркін сөйлейді. Интернеттің де құлағында ойнайды. Бүгін осында, ертең тағы бір қалада. Жер шарын еркін аралаған «әлем адамы». Ана жолы қауырт шаруам бар еді деп, бір түннің ішінде буыныптүйініп Ауғанстанға тартып кеткен. Шешенстанға да жолы түсті. Бастама өзінен бе, өзгеден бе, әйел байғұс ол жағын ежіктеп қай­ тіп сұрасын. Сұрағына жауап ала алса жақсы. Төретамнан басқа тақырыпқа қара құлып салып тастаған, оны өзінен басқа тірі

ТАҢДАМАЛЫ жан аша алмайды. Шығыстық дәстүрдің шет-шетін бұл жерге де сыналап сіңіріп жіберген. Әйелді де шектен тыс еркелетуге сараң, әрбір қимылы қатаң есепте. Бір күн ақтарыла қалса, оның есесіне жарты айға дейін ішімдегіні өзің тап деп тымырайып жүргені. Шашылып-төгілмейді, әлдекімдерге есепсіз уәде бермейді. Ол жағын да әу бастан бір ізге түсірген. «Сен әйелсің, бала тауып ошақтың отын өшірмегенді біл, түздегі шаруаға басыңды қатырма. Түннің қай уағында келемін, жұмысың болмасын. Және өзің білмейтін нәрсені тықақтап сұрап, мазамды алма. Күйеуімнің табысы мол екен деп талтаңдама. Алтын жағалаулы жағажай, курорт дегендерді осы бастан ұмыт. Одан гөрі бала тәрбиесіне уақыт бөл. Мен айтатынымды айттым, ендігісін өзің толықтыр...» Ойхой, өзінің қайда жүргендігіне қарамастан өстіп «ультиматум» қояды бұл Әнуарбек. Қатал. Әу баста әйелі де миығынан күлген: «Аспандама, сабаңа түсерсің, түсірермін тірі тұрсам!» Еуропалық тәрбиеге икемделген бикеш қайдағы бір қаңғыған қазақтың әкі­ реңдегендігіне көндіге қойсын ба?! «Менің де өз есебім бар, оны ке­ йін көрерсіз» деп бекінген. Еркін өмірден бұл да қол үзгісі келмеді. Түнгі клубта талай мәрте сайран салған. Шылым шекті, түтік­ пен қышқылтым шарапты да сораптады. Әнуарбекке осылайша қыр көрсетуге тырысқан: «Ұнамайды екем, ұстамаймын, жолың әне?..» Деуін деген...оу, бұл ненің сиқыр күші?! Буын-буынын күйретіп бір әлсіздік әкетіп бара жатқандай. Өзі жоқта шаптығып, Әнуарбектің сыртынан көз алартқаны болмаса, жеме-жемге келгенде құмдай үгітіледі, мұздай ериді. Бара-бара тілі күрмеліп, қарсы шыға алмайтын да дәрежеге жетті. Мұның не құдіреті бар?! Түсініп көріңіз. Көкірегіңізбен көк тірейтін еуропалық бикеш-ау, сізге не болған? Бүгінгі тіршілігіңіз сол құм суырған айдаладағы қаңбаққа тым ұқсас. Әнуарбек иек қақса жынынан айырылған бақсыдай, жан-жағыңа қарауға да шамаң келместен желіп кеп жү­ ре бересіз. Солай, солай болып тұр... Осы сұрақты өз-өзіне қанша мәрте қойып көрді, соның біріне де толымды жауап ала алмады. Тілі күрмеледі де екі көзі алақтап, қапелімде бейшара кейіпке енеді де кетеді. Рас, несіне қасарысады? Шындықты мойындаудың өзі ерлік, өрлік емес. Құр далбаса кеудемсоқтықпен үй көрмей, лағып кеткеннен Әнуарбектің бір жері қисая ма. Жүзіктің көзінен өтетін епті, алғыр жігітті кез келген ұрғашы лып еткізіп қолына қондыруға дайын. Сондайды өмір бойы армандайтындар қаншама.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Өзі де көп нәрсенің байыбын байқады ғой. Аузына жүз грамм тисе төбе тесетіндей дікілдеп, не құрдымға айналған құлқынының бетін немен қайтарарын білмей, үйіндегінің бәрін бір жартылыққа айырбастап жіберіп, ал ертеңінде ұйпа-тұйпа басын қай тесікке сыйғызарын білмей көздері кіртиіп, өтірік мүләйімсіп, кешегі істегендеріне кешірім сұрамақ болып, есіктің қыр көзінде бейшара боп сүмірейіп тұратындарды да талай кезіктірген. Сол ма саған керегі? Ондайларды іздесең аса қиналмайсың. Көше-көшенің қуыс-қалтарысында толып жүр. Ымға зар, тілге келместен ізіңнен сүмеңдеп ере кетеді. Әнуарбектің тырнағына татыр ма жүзі жабылып. Сосын құй­ рығын қысқан. Еуропаның қақ ортасында тұрса да шығыстық дәстүрді, азиялық айбатты қақ-соқсыз сол тәкәппар нуға сіңіре білген Әнуарбектің ақылдылығы мен алғырлығына тәнті болған. Екі қолын көтеріп, іштей мойындаған. Жә, әкесімен арадағы кикілжіңді өздері-ақ шешіп алар. Оу, Әнуарбектің үйелмелі-сүйелмелі іні-қарындастарына не жорық? Қазір қайда қарасаң да еркін өмір. Сол Төретамға соларды біреулер көгендеп байлап қойыпты ма? Ел көрейік, бой жазай­ық, жаманды-жақсыны өзімізше ой сарабынан өткізейік деп, сол Тө­ ретамнан поезға отырып Еуропа қайдасың деп тартып кетсе біреу шалғайларынан жабысып, жібермей қоя ма. Оу, оның бер жа­ ғында туған ағасы кеме жөндеу қалашығын тіреп тұрған жоқ па! Әнуарбекті мұндағылардың бәрі таниды. Қала бюджетіне қомақ­ ты үлес қосқан жаңашыл инженеріміз деп үнемі қошемет көрсете­ ді, сыйлайды. Бұл құрметті жалғыз Әнуарбектің көргендігінен не пайда. Сол іні-қарындасы жыл аралатпай Еуропаға тайраңдап келіп тұрса, бұлар үшін де ғажап болмас па. Құдайым-ай, осының ақыры немен тынар екен деп күні-түн күпті боп жүргенде... Еһе, Әнуарбекті іздеп келе жатыр бір жамағайыны. Әнуарбек анықтама бюросының оймақтай тесігіне тағы да тұм­ сығын тақады. – Кешігіп жатыр ма? – Кешігіп жатыр, қазір кеден бекетінде. – Тексереді десеңші. – Ол жағын өздері біледі-дағы. – Түк те білмейді, тексеретіндері менің Қаражан ағам ғой. Сіз, сіз білесіз бе, ол кісінің қайдан келе жатқандығын?!

ТАҢДАМАЛЫ Көзі-басын опа-далаппен баттастыра бояған ақсары келіншек тырнағын шұқылып отырған күйі иығын қиқаң еткізді. – Білмейсіз, өзіңіз онжылдықты қашан тауысып едіңіз? – Сізге оның қажеті қанша?! – Келіншектің қабағы кіржиді. – Қаражан ағам Байқоңырдан, космодромнан келе жатқан жоқ па, ал сіздер! Эх!.. Әнуарбектің салы суға кетіп кері ысырылды. Ай, өзінен де бар, бүйтіп сандалып жүретіндігін білсе әйелін ерте шықсашы. Екеуі шүйіркелесіп уақыттың қалай өткендігін аңғармай қалар еді. Мұның жарты сағаты жуық маңда өтіп бола ма. Шылым шеккісі келіп тұрды да теріс айналды, жүрегі айныды. Ішінен мырс етті. Келіншегі құрметті қонақты кеденнен бірге күтіп алайық деп сонша қиылып өтінген. Әнуарбек жүре тыңдады, естімегендей ыңғай танытты. Сол «ұрлығымды» білмегені жақсы деп бекінген. Әнуарбектікі де құйысқанға қыстырылу. Сонау Төретамнан күтіп алыңыз деп жеделхат жолдаған кім бар? «Өзен-көлдердің тайыз суында еркін жүзе алатын екі баржаға тапсырыс беріп, соны әкетуге өкіл келе жатыр» дегенді естігелі аса мазасыз күй кешті. Төретамнан дегенде тіпті дегбірі қашты. Келетін кісінің аты-жө­ нін сауда департаментіндегілерге пәрмен беріп, дереу таптыртып алды. Әнуарбек Төретамның кез келген адамын жаңылмай таниды. Ал Қаражан ағасы.... Олай өткен-былай өткен жүрдек поездардан балмұздақ сатып алу үшін бекет перронын талай таптаған Әнуар­ бекті ол кісі де ұмытпаған шығар. Оның үстіне Әбдімәліктің ұлы болса... Таниды, неге танымасын. Қалың орман тасасынан шыға келген жүрдек поез екі дүркін сирена берді де жылдамдығын тежеді. – 24 – Анасы Қалампырдың шығарға жаны жоқ-ты. Әнуарбекпен бірге өзі де жүдеп бітті. Аһ ұрып күрсіне дем алғанда, көкірегі быт-шыт жарылып кететіндей шытынайды, іштей үгітілген күй­ зелісін де тірі жанға сездірмейді. Әркімнің аяғына жығылып ақыл сұрайтындай Әнуарбекке жабысқан кеселдің неден пайда болғандығын білмей отырса бір жөн. Жазулы хаттай көз алдында сайрап тұр. Ал қас қылғанда жалғыз мұның ғана емес, осы өңір тұрғындары тартқан азапты бар даусыңмен айқайлап айтуға да болмайды. Тұншыға жылағыңыз келе ме – еркіңіз, бірақ ине­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ дей ренішіңді сыртқа шығарма. Ол кәдімгідей қылмыспен парапар. Төретамның қасиетті топырағында дүниеге келген ұлы бас­ тамаға қарсылық көрсету сенің азаматтық мұратыңмен үйлес­ пейді. Қалай дегенде де ауыл-үйдің қыңқыл-сыңқылынан биік тұруға міндеттісің. Ойбай-ау, Байқоңыр ғарыш айлағындағы күндіз-түні әлемнің әр түкпіріне кеңінен тарап жататын ұлы оқиғаларға куәгер болу – кім көрінгеннің маңдайына жазылмаған «бақыт». Бұдан асқан мақтаныш бола ма, бұдан асқан қуаныш бола ма?! Оу, Қалампыр дария жағалауына қоныстанған атақты кеңшардағы қарапайым жұмысшы әйелдердің бірі болса, бүйтіп сөз шығындаудың қажеті не? Сол ғой, сол... бұл қайдан шыққан жазылмаған заң. Кеңшар директорының әйеліне барынша сы­ пайылылық пен сабырлылық тән. Айлақ туралы елдің түсінігі қалай екен деп, соған да құлағын тосып жүретін адамдар кездеседі деседі. Олар әсте көзге көрінбейді, тіпті құдайы көршіңнің өзі айлақтың тыңшысы болуы әбден мүмкін. Еһе, «сенген қойым сен болсаң...» Аш бүйірін таянып алып, солармен бірге Қалампыр да айлақты қосыла жамандаса, мұның арты немен тынбақ? Әбдімәлік те талай мәрте ескертті ғой. Жұрт не десе о десін, ал бұларға Байқоңыр туралы бір ауыз сөзді сыртқа шығаруға болмайды. Жамап-жасқайтыны жоқ, Әнуарбектің сыр­ қатына да тікелей осы айлақ кінәлі. Туғанда шекесі торсықтай, көзі тостағандай топ-толық ұл болатын. Былдырлап тілі де ерте шықты. Тіл тиіп кетпесін деп Қалампыр Әнуарбекті үйге келген қонақтардан оқшаулау ұстайтын. Аса көп дастархан маңына да жолатпайтын. Осы қысастығын көп көрмеді ме құдай шебер! Екінші сыныпқа барар күзде тамақ безі ісінді де, оң жақ мойынға шодырайып, жұдырықтай ісік бітті. Ойын баласына әр нәрсе үйір ғой, кезі келгенде өзі-ақ жойылып кетеді деп үміттенген... бірақ ол үміт ақталмады. Сөйтіп Қалампыр тағы бір бейнетке тап болған. Әнуарбекті дедектетіп алдымен ауданның дәрігерлеріне, қала берді облысқа көрсетті. Алматыңызға да алып барды. Кейінгі балаларына көп бас ауыртпайтын, кімге айтсын, кімнен сүйінші сұрасын, әйтеуір барлық аналық пейілі Әнуарбекке төгілді де тұр­ ды ғой. Үлкен ұлдың дүниеге келуінің өзі ерекше болды, толғағы да шыбын жанын көзіне көрсеткен. Бәрінен бұрын есінде қалғаны, нәресте дүниеге келгенде дауысы шар ете қалды. Үлкен бөлменің төрт қабырғасы дір ете қалғандай әсер етті. Талықсып жатқан

ТАҢДАМАЛЫ Қалампыр әлгі дауыстың әсерімен селк етіп оянды. Іңгалаған емес, «Дүниеге мен келдім» деген зор дауыс. Қалампырды ерекше күтімге алған медбике: «Ұлыңыз, сірә, Ермек Серкебаевтай әнші болатын шығар» деп жеңіл-желпі күлген де қойған. Тілін кәлимаға келтірді, білгенін айтты... Сәті түскен күні екі баланы көршілеріне табыстайтын да Әнуарбек екеуі кез келген поезға отырып Кеңес Одағының кез келген қаласына тартып кететін. Кеңшар директорының әйелі қаражаттан кемтарлық көре ме. Бар ғой азын-аулақ дүние, сол дүниесі тек Әнуарбектің жолына ғана шашылып-төгілсін-ау. Сыр­ қатына шипа табылса одан өзгесін де аямайды. Ойпыр-ау, дәрігері түскірлер бірінің ауызына бірі түкіріп қойғаннан сау ма, бәрінің айтатыны – айна-қатесіз бір жауап. Алдымен күліп қабылдайды, Әнуарбекті түгел шешіндіріп тексереді: «Қайдан келдіңіздер?» «Оу, қайдан келгені қалай? – Қалампыр амалсыз басын шайқай­ ды. – Космодромнан, Төретамнан!» Тіпті осы тұсқа екпін түсіргісі де келеді. Иә, Төретам іргесінде тұрғандығын мақтаныш етсе несі айып? Алдымен сол Төретамда тұрып көрсін өзге ағайындар, шынымен мықты болса... Дәрігерлер «түсінікті» дегендей бастарын шайқайды, «қолдан келмейді» дегендей иығын қозғап ишара білдіреді. Қалампырдың одан әрі дегбірі қашады. Сонша жерден өліп-талып келгенде... кейбірімен тілге келіп қалатындығын да жасырмайды. Олардың дәлелдемелеріне көнбейді, көңілі толмайды. Әбден құлақ сар­ сытқан жаттанды жауап. Айналайын-ау, Төретам төңірегінен күн сайын аспанға топталып адам ұшып жатқанда, сол маңайдан пай­ да болған кеселге дауа таба алмадық дегендері сірә, ақылға сыя ма?! Операция жасасын түк таппаса. Қандауырдың лыпылдаған жүзі кез келген кеселді сылып тастамай ма. Салы суға кетіп, кері қайтады. Бірақ онысын Әнуарбекке сездірмеуге тырысады. Арқасынан қағып, әрнені айтып, алдарқатқан болады. Бейтаныс қаланың базарын аралайды, дүкендеріне соғады. Әнуарбек ұнатқан киімдерінің бәрін сатып әпереді. «Бала алқым безінің йод жетіспеушілік сырқатына ұшыраған...» Ылғи осы. Ол не қылған йод жетіспеушілігі? Йод жетіспесе, ине арқылы емдемей ме? Ал йоды түскірді ақшаға сатып алуға болмай ма? Оның тұрағы, мекені қай жерде? Марста болса да тәуекел жасауға мүмкіндігі бар ғой бұлардың! Ой, жасаған-ай, жұмбағың сонша көп болар ма?! Йод

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жетіспеушілігі дегенді бұрын-соңды естісе не дейсің! Сөйтсе оның астары сонау тереңнен бұлдырап елестейді. Йод жетіспеушілігі теңіз жағалауынан алыс тұрған халықтың арасында болады-мыс. Оу, көк теңіздің көз алдарынан кері кеткені кеше ғана секілді емес пе еді. Ұлы теңіздің соқпа толқындары Қалампырдың да мәңгілік есінде. Теңіздің тартылғаны кеше ғана ғой. Ендеше, ол қайдағы йод жетіспеушілігі?! Алқым безге ол не себепті әлі күнге дейін жете алмай жүр? Және ол құрып кеткір, йод жетіспеушілігі неге Әнуарбекті ғана көре қалған? Тарсылдаған поез доңғалақтарына құлақ тосатын Қалампыр таусылмайтын осы сұрақтарға өзінше жауап іздеуші еді-ау! Теңіз­ден соғатын йод аралас ылғалды ауаны Төретамның отжалын бүрік­кен ыстығы тып-типыл жұтып қойса, енді кімге шағымданбақшысың? Дария жағалауында бұрын-соңды болма­ ған құрғақшылық салтанат құрып, теңіз табанындағы сор аңызақ желмен бірге көшіп, мұзарт шыңдарға ауыз салыпты деседі. Иә, Қалампырға ендігі қалып тұрғаны мұзарт шыңдардың уәйімқайғысы еді?! Алқым бездегі йод жетіспеушілігіне әркім әр түрлі долбар айтып, көңіл аулағансиды. Теңіз капустасымен қорек­те­ нетіндер мұндай пәлеге жоламайды-мыс... Оу, алқым бездегі йод жетіспеушілігін Қалампыр бұрын сезсе бүйтіп зар қағып, дүниені шарлап, аяғынан сарсылар ма. Байқатпағанымен Әнуарбектің мінезі де өзгерген. Томағатұйық. Кісімен ашылып-шашылып сырласпайды. Жалғыз жүр­ ген­ді ұнатады. Төргі бөлменің есігін бекітіп алып, ертеңді-кеш кітап оқиды. Тамаққа да зауқы жоқ. Оу, мұның аяғы қайда барып соғады. Өткінші жауын секілді бір құйып өтіп, арты шайдай ашылса арман бар ма? Қалампырдың жан-жаққа шапқылағаны соның жолында садақа!.. Бірде Әбдімәліктің ойламаған тұстан үйге арсалаңдай кіргені: – Қалампыр, а, Қалампыр, қайдасың? – деп айқайға бассын. – Сен мені отбасын ойламайтын еркектердің санатына қосасың, ә?! – ? – Әне, үндемейсің. Сендердің мен жайлы пікірлеріңнің тасталқанын шығарайын. – Саған не болған? – деп таңданыс білдірді Қалампыр. – Түк те болған жоқ, – деп ақсия күлді Әбдімәлік, – дайын­да­ лыңдар, келесі жетіде Әнуарбекті алып, Астрахань облысына жол

ТАҢДАМАЛЫ тартамыз. Жолдаманың да сәті түсе қалды. Асылы, Әнуарбектің жолы болар, сырқатынан айығар. Йод жетіспеушілігінен пайда болатын зоб сырқатын емдейтін жалғыз пансионат Астрахань облысында ғана көрінеді, Атырауға тиіп тұрған Ресейдің шекаралас облысы... Қалампыр-ау, сенсең өзім де бір рет санаторийға барма­ ған екем. Біз де адамбыз ғой. Қоғамға азды-көпті пайдамыз тиді... – Шын ба?! – Шыным! – Сенейін бе, сенбейін бе?! – Есіктің қыр көзінде тізіліп тұрған кішкентайларынан да қыңбастан Әбдімәліктің бетінен шөп еткізіп сүйіп алды. – 25 – Жүрдек поез Аралқұмнан өткен соң сұлу жорғадай көсілген. Кеш батысымен Әнуарбек жатып қалды. Ал Қалампыр уақыт өт­ кізе алсашы. Дүрсілдеген темір доңғалақтар бүйірін сұққылай­ды. Басын оқыс көтеріп, терезеге үңіледі. Жұлдыз жамыраған айлы түн. Бағана басындағы өлеусіреген шамдар біртіндеп алыстай тү­ седі. Әбдімәлік біраз дөңбекшіп газет оқып жатты да, оң жағына аунап түсті. – Әбдімәлік, – дейді Қалампыр сыбырлай сөйлеп. Күйеу та­ рапынан дыбыс білінбеді. Бәлкім сонысының өзі дұрыс шығар, ал жазатайым Әбдімәлік бері бұрылғанда жанынан шығарып не та­ уып айта қояды. Әйтеуір, көңілі қоңылтақсыған соң ойлап тапқан әрекеті-дағы. Әбдімәлік үшін де тұяқ серіппей ұйықтайтын оңтайлы сәт осы еді. Шаруашылықтың күллі тіршілігінен уа­ қыт­ша болса да құтылған. Басы бос, еркін. Бостандыққа шыққан тұт­қын секілді ғой бұлар да. Ес-түсінен айырылып поезда ұйық­ тамағанда, қайда ұйықтайды. Жүрдек поездың жұмсақ ва­гоны бесікше тербетеді. «Қап, мына Қалампырдың жоқ жерден килігуін! Алда та­ бандаған бір ай бар, айтары болса сонда-ақ айтып үлгермей ме». – Әбдімәлік, – дейді Әнуарбек оянып кетпесін дегендей боларболмас үн шығарып. Әбдімәлік те ояу-тын: – Не, не болып қалды?! – Не болушы еді, шәй әкеліп берейін. – Жеті қараңғы түнде ол не қылған шәй? – А...а, мейлің, ендеше ұйықтай бер!

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Қайдағы ұйқы, осыдан соң ұйқы келе ме. – Оятып жібердім бе? – Сұрайды ғой... Сәл үнсіздік. – Егер ұйқың келмесе шәй ішейік, алда әлі бір ай бар. Ұйқының жоспарын сонда орындармыз. Жол қысқарар бір жағынан. Сұрайын дегенім... – Сұра! – Сұрасам, сен көңілсізсің біртүрлі... – Не?!.. – Көңілсізсің деймін, шаруашылық жағы дұрыс па? – Таптың-ау, сұрайтын жерді! – Аяғын еркін көсіліп, ың­ ғайланып жатты. Йод жетіспеушілігінен алқым безі ісініп, Әнуарбектің мойны бір жағына қарай қисайып бітті. Ал оған Әбдімәлік не істей алады. Бір нәтижеге қол жеткізсе, шешесі екеуі жарты әлемді шарлаған жоқ па?! Қайда қолға ұстайтын ем-домы? Оу, жеме-жемге келгенде мойның неге бір жағына қисайып біткен деп, Әнуарбектің көзін шұ­ қып жатқан біреу бар ма. Тосыннан жабысқан кеселге кім қай­ран жасай алады. Әбдімәлік те жұмыр басты пенде, пенде болған соң мұның да ешкімге сездірмейтін бір құпиясы болуы керек шығар. Әлде онысы адамшылыққа жатпай ма. Сол үшін Әбдімәлікті жүндей түтетіндер табыла ма. Аяқ-қолын майлап-матап ар сотына сүйрелей ме? Сүйрелесін, жан алғыштары жабылып, кеңірдегіне кездік қадасын. Бірақ ол үкімді кім шығарады? Әбдімәліктің бұған келгенде қылдай кінәсі болса, бұлтартпайтын дәлелдермен мойынға қиып салсын! Құпия деп дабырайтуға келмейтін үміт қой әншейін. Орындалмауы да мүмкін... Өткенде облыс орталығына барған бір сапарында дос-жарандары қолқалап, ал келіп Әбдімә­ лікті ортаға алсын. Барынша ұстамды болуға тырысты. Және жоғары жақта мықты тіреуі жоқ. Тіреуі болмаған соң табаны мұзға тигендей тайғанақтайды. Ал сүйеуі барлар түн түнегін тілгілеген мына арда поез секілді жолындағысының бәрін таптап, зу етіп өте шығады. Әбдімәліктің аздап жүрегі шаншиды... Көрші ауданның әкімі сол жылдың күзінде, яғни егін орағы аяқталысымен құрметті демалысқа шығатын болған-ды. Әкімді конкурстық әдіспен сайлау бұл жағалауға да жылыстап жеткен. Жабыла шабатындардың да қарасы аз болмас. Әбдімәлікті қолдайтындар мұның аяғын

ТАҢДАМАЛЫ жерге тигізбейді. Дәлелдемелері мықты. Өздерінің қолқалауымен Әбдімәлікті әй-шайға қаратпастан, біріншінің жұмсақ креслосына топ еткізіп отырғыза салады. Қаракөл елтірісін өңдейтін үлкен шаруашылықты ұршықтай үйірген, көрсеткіштеріне дұшпан күйінетіндей. Өнімдері өзіміздікін қойып, Мәскеудегі көрмеге қойылды. Тұрғындардың татулығы кез келгенге үлгі. Тұрмыстары тамаша! Оның үстіне бұлар ғарыш айлағын жамандап, Мәскеуі­ ңізге бірде-бір мәрте арыз жөнелткен емес. Осының бәрін саралай келгенде Әбдімәліктің бірінші болмаған жері қайсы?! Міне, осындай сын-сағаттарда Әнуарбегі неғып көзге түрткі бола береді десеңші! Өзінің ойынша, Әбдімәліктің күллі тіршілігі қыздың жиған жүгіндей жұтынып тұруға тиіс-тін. Ауласы да айнадай, қора-қопсысы да қолмен қойғандай, басы артық дүние кезікпейтін. Балаларының үсті-бастары да жіптіктей, шетінен оқу озаты. Аздап діңкесін құртып жүргені осы Әнуарбек. Оу, бі­ ріншінің үйіне келетін қадірлі қонақтардың есебін кім шығара алар. Мәскеуден Байқоңырға келетін әскери шенді дөкейіңіздің әкімнің дастарханынан дәм татамын десе, Әбдімәлік қайда қашады? Оған астанадан, облыстан келетіндерді қосыңыз. Әрине, дастарханның шырайын келтіретін Қалампыр ғой. Құстың сүтінен басқасының бәрін үйіп-төгер. Әбдімәліктің де жамбасынан ет кесіп алғандай қиналатыны осы тұс. Қадірлі қонақ деп қанша жерден әспеттегенімен олар Әнуарбектің оң жағына қисайып біткен мо­ йнын көргенде, бетіңе бадырайтып айтпағанымен, іштерінен аяушы­лық білдіретіндері өтірік пе?! Ал тумысынан мұндай жәдігөйлікті жаны сүймейтін Әбдімәлік бұл мүләйімсулерге қайтіп шыдайды. Құлақ түбінде ыңырсыған жағымсыз үн: «Өзі әкімдікке таласады, ал ұлының денсаушылығы мынау!» Жан­ ға бата ма, батқанда қандай! Дәл осы үшін жазғыратындар жаз­ ғырсын, мұнан басқа амалын таба алмады. Әкімдіктің әуресарсаңы басылғанша Әнуарбектің сыртта болғаны жөн-ақ. Тақа болмаса Қалампыр шауып барып, ұлының жағдайын біліп тұрар... Азды-көпті тартайын деген бейнеті шығар сорлы баланың! Енді нақты іске көшпесе болмайды. Қа-ш-ан аурудың бір нәтижесі көрінбейінше Әнуарбекті де жылы орнынан қозғамайды. Бір жылдық жамбаспұлын да осы жолы төлеп кетпекші. Қалампыр­ ға білдірмей мектептегі құжаттарын да өзімен бірге әкеле жатыр. Жүре ме сол үшін екі ортаны жол қылып... Бір жағына он­ 12-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жылдықты үлкен қаладан бітірсін. Мұнда өңшең балық, теңіз капустасымен ғана тамақтандырады. Оу, Әбдімәліктердің құдайға жазықты болған жерлері бар ма?! Жазылады, айығады кеселінен Әнуарбек!.. Түн түнегін тілгілеген арда поез жұлқына жүйткиді. Бағана басындағы көмескі жарықтар бір-бірлеп артта қалады. Тек толық ай ғана бір орнынан жылжымайды. – 26 – Теңіз жағалауына жер тең келе ме?! Ауасы да ерекше. Құм суырған Сұлутамның маңайына ұқсамайды. Ылғалды. Күн астын­ да біраз жүрсең бет-аузың шытынап, жарылып шыға келетін еді ғой ол жақта. Айнаға да анда-санда қарайды. Оңалып келе жатқан денсаулықтың пәтін қайтарып алмайын дейді бір ойы. Бүтіндей болмағанымен мойын да біртіндеп қалыпты жағдайға түскен. Енді бірер жылдың о жақ, бұ жағында алқым бездің йод жетіспеушілігінен толықтай құтылады. Мойын да тіктеледі. Тек біраз уақыттың текке зырлап өте шыққандығына іші ашиды. Мұнда келгелі де төрт-бес айды жеп қойды. Стадионға барып коньки тебуді де тез үйреніп кетті. Бірер мәрте жығылды да ар­ тынша аяғына мініп үлгерді. Қанында бар өжеттілік бұл жолы да Әнуарбектің пайдасына шешілді. Оу, арғы тегінен де құр алақан емес-ті. Әкесі де теңіздің шалқып жатқан уағында коньки тепкен шығар зулатып. Кешір, кешіріңіз, мейлі мың жерден құм суырса да Сұлутам­ ды Каспий жағалауына айырбастамайды. Әлгісі бала көңілдің әсері болатын. Анасы да шыдамай желтоқсанның басында тағы бір төбе көрсетіп кетті. Екі тәулік бойы поез үстінде салпақтау әйел адамына қайдан жеңіл болсын. Оның бер жағында Қалампырдың денсаулығы да сыр бере бастаған. Әнуарбек те біраз жайдан хабардар. Анасының жүдеу жүзін көргенде көз алды тұманданып, теріс бұрылады. Сол. Сол ма, ол сырқаттың барар жері белгілі. Төретамдық әйелдер ежелден екі сырқаттың құрбаны. Қан аздық, не қылтамақ... Анасын бұдан әрі қинамайды. Қысқы каникулде салып ұрып өзі барады Сұлутамға. Екі-үш аптадан соң пансионат оқушылары қысқы үзіліске шығып, үйді-үйлеріне тарайды. Пансионат директоры Әнуарбекті де жылы қабақпен қарсы алды.

ТАҢДАМАЛЫ – Жоғарыла, жоғарыла, Әнуарбек... Әнуарбек Әбдімәлікұлы! Ол ұзын үстелдің етек жағына келіп жайғасты. – Келгенің дұрыс болды. Өзім де сенімен сөйлескім келіп жүр­ ген. Сырттан келген балалармен достасып кеткен де боларсың. Ал саған таңғалатыным, орысшаны қайдан үйреніп жүрсің? – Темір жолдың бойында тұрамыз ғой. – Қайдан дейсің, темір жол бармайтын ел бар ма? – Біздің өңір өзгеше. – Қалай-қалай? – Байқоңырды білетін шығарсыз? – Білмегенде... – Сол Байқоңыр ғой біздің тұрағымыз. Әнуарбек тұңғыш рет Байқоңырдың атын аузын толтырып ата­ ды. – Түсіндім, құлағым сенде. – Қысқы каникулда елге қайтқым келеді. Рұқсат етсеңіз алдын ала билет алып қояйын дегем. Сұлутам қашықта... – Рас, туған жерің қашықта, бірақ қыстың күні қырауда... – Еш нәрсе етпес, жігіт емеспіз бе. Шыдаймыз-дағы қалыңдау киінсек. – Так... – Директор әлдебір суырмалардан керекті қағаздарын іздестіре бастады. – Міне, таптым. – Көзәйнегін алып Әнуарбекке қарады. – Сені бәрібір жібере алмайды екенбіз. – Неге?! – Поез үстінде кім білсін... – Поезға жаңа мініп жүргеніміз жоқ. – Ол жағын түсінемін... бірақ біздің де басымыз екеу емес... Заңға бағынамыз бір кісідей. – Менің Сұлутамға барып-келуіме тіреліп тұрған ол қандай заң? – Үстінен түстің, оңды-солыңды танып қалған азаматсың ғой, енді турасына көшейік. Әкең үш-төрт жылғы қаражатын төлеп, сені басы бүтін пансионат қарауына өткізіп кеткен. Сенбесең міне, келісімшартымыз. – Қа-л-ай, басы бүтін дейсіз бе?! – Әнуарбек әзер жұтынды. – Біз де заң аясында жұмыс істейміз. Сүйретіліп тысқа шықты. Ернін қан шығара тістелейді. Бірақ көзінен жас тамбады.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – 27 – Бірден бас салып құшақтай алуды жөн көрмеді. Топтың таса­ сында тұрып, Қаражан ағасының тамбурдан түсуін тосты. Та­ нымай қалуы да мүмкін-ау! Арадан зулап өте шыққан он шақты жыл кім-кімді де есейтеді. Оның үстіне Әнуарбектің қисық мойны түзелген, сылыңғырдай баяғы бозбаланың жаурыны жалпайып, денесі толысқан. Бір түрлі... Қаражан көкесі Сұлутамның бар болмысын өзімен бірге осында көшіріп әкеле жатқандай. Жиде­ нің иісі, қара жолдың май топырағы, дария жағалауындағы көк құрақтың сыбдыры, маневр жасаған товарныйлардың доң­ ғалақ дүрсілі, Байқоңырдағы зымыран ұшар алдындағы өлі ты­ ныштық, аспан мен жердің арасына тартылған от көпір, тоқал тамның төбесіне шығып алып айқайға басатын қара домалақтар... Ескермейтін, өлмейтін, неткен керемет көріністер! Елден жырақта жүріп, өзі де талай жердің топырағын басты ғой... Бірақ бірдебірі әлгілердің орнын ауыстыра алған емес. Не десе екен... оларды алтын-жауһарға да теңестіре алмайды. Суреттеп түсіндіріп беруге де тілі жетпейді. Құдірет, тек осымен тоқтағаны жөн шығар. Одан соңғы көріп-білгендері де әлгілердің ширегіне татымайды. Мейлі, Әнуарбек Әбдімәлікұлын аса талантты кеме жобалаушымыз еді деп мұндағылар атағын аспандата берсін; Әнуарбектің жобасы бойынша жасалған кемелердің табанын жерге тигізбей, тапсырыс берушілер талап әкете берсін. Мейлі... Алғашқы еңбек жолын Астрахань кеме жөндеу зауытында жәй құрастырушы болып бастаған. Сырт жерде жүрген жалғыз басты жігіт кімге сенсін? Бәріне өзі ғана жауапты-тын. Ақырында зауыт басшыларының да назарына ілікті. Көкірегімен көк тіреген талайлар әлденеше мәрте біліп, білмегенсіп мұның жобаларын кері ысырған. Әйтеуір, бір жерінен ақау табыла кететін. Ал бұл батырың оған инедей ренжісе не дейсің! Сараптау комиссиясының алдына баратын да жымия күліп, қағаздарын қолтықтап шығып кететін. Немкеттілеу әрі қиқарлау көрінетін осы жымиыстың үстел жағалағандардың жүректеріне жебедей қадалатындығын да көп жұрт аңғара бер­ мейтін. Оу, мына бар болғырдың өзгелер секілді жазған-сыз­ ғандарын тама­ғы қарлыққанша дәлелдеп бағудың орнына, төрт құбыласы тү­гелденгендей күлгені несі?! Әдемі жымиыс, бірақ сондай суық. Бойыңды дір еткізеді, иманыңды тас төбеңнен шы­ ғарады. Есеңкіреп қаласың кәдімгідей. Ал керісінше оның сау­

ТАҢДАМАЛЫ сақтары да дірілдемейді, нығыз, сол тіп-тік қалпын жоғалтпай, маңғаз ба­сып кетіп бара жатады. Артына түбі бір жарылмай қоймайтын бомба тастап кеткендей. Оу, олар не үшін Әнуарбектің жобасын қабылдауға құлықсыз? Әрбірінің көкірегіндегі мысық тілеу бірден басқа өрлейді. Тұқымдары тұздай құрып, әділдікті арашалауға келгенде әлсіздік танытады. Айдаладағы келімсек жолдағының бәрін апырып-жапырып өрге қарай жұлдыздай ақ­ са, көз ілеспес жылдамдықпен абырой шыңына шығып алса, одан төмен түсіру әсте қиынға соғар. Одан гөрі осы бастан өстіп қақ­ пайлағандары дұрыс, түбі осындайлардан қалар бастары пәлеге! Әнуарбек қылтың-сылтың жүрісті бүтіндей ұмытқан. Жұмыс­ тан келеді де жарты сағат мызғиды. Сол жарты сағаттың пайдасы ұшан-теңіз. Сірә, адамның негізге тартпай қоймайтындығы рас білем. Әнуарбектің де кіндігін теңіздің ащы суы жуған. Біреу аян бергендей, бірден кеме шаруашылығына бүйрек бұрғандығын қарасайшы! Сол жарты сағаттың ішінде айқыш-ұйқыш түс кө­ реді... Қамбаш көлінің қақ ортасындағы аралдан шыққан біреу дайын кеменің макетін жайлап Әнуарбектің жанына әкеп қояды да, өзі ізінше ғайып болады. Кеме, ақ тұмсық кеме айналасына нұр себезгілейді. Күнде солай. Қамбаш көліндегі алақандай аралды айтып, әлгілердің бастарын қатырып қайтеді?.. Айтқаныңды ол мықтылар ұғына қоя ма? Айтуға болмайтын ғажайып құпия ғой оның барлығы. Бәли, ашық ауыз Әнуарбекті тапқан екенсіңдер! Сірә, аралдан шығатын ақ киімді адам анасы болар. Басқа кім? Қылтамақтан қайтыс болған... «Бір уыс топырақ салып, ақырғы перзенттік парызымды да өтей алмадым-ау» деп аһ ұратын Әнуар­ бек. Ал анасы бәрін кешірген... Кеме жөндеушілер бұл күнде Әнуарбектің табанын жерге ти­ гізбейді. Астраханда жүріп, интернет арқылы әлемдік кон­кур­с­­ тарға қатысқан... Сөйтіп финляндиялықтар мұны ат ба­сын­дай алтын беріп қалап алды. Сонан бері осында. Әр кеменің макетіне төленетін қаламақысы қыруар. Оу, осындай жағдайы бар жігіттің маңдайына шаң тие ме. Мұнда, ең бастысы, еңбегің бағалана­ ды. «Дұрыстап қараңызшы» деп әлдекімнің алдына барып жалтақтамайсың, шетел банктеріндегі қаражатына да бір пенде көз алартпайды. Адал еңбегің екен, рақатын өзін көр! Мұның барлығы тіршілік үшін жақсы-ақ, бірақ... өлердей сағынады Сұлутамды.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Иығына әлдекім қолын артқанда қалбалақтаған Қаражан са­ сып қалды. Бергі жағымен ғана күлген болды, бұл мені біреумен шатыстырды деді ізінше. Финляндияда жолдан тосып алатын кім бар? Тілдерін де түсінбейді. Кеме жөндеу зауытындағы шаруасы сәтімен бітсе, Финляндиясын желкесінің шұқыры көрсін. Жасыл орман көмкерген өлкесі өздеріне! Айналмай кері қайтады. Шама­ данын жерге қойды. Наурыздың жуан ортасындағы ауа райының түрі мынау, қаңтардың қақаған аязында қалай күн көреді мына жұрт?! Оу...у, манағы уәдесі қайда?.. Қанша шыдамды болса да, Әнуарбек осы араға келгенде өз-өзін ұстай алмады. Ар жағынан лықсып келген ащы өксіктің бетін қайтаруға дәрменсіз еді... Қаражан ағасын әй-шайға қаратпай құшақтай алды. Сұлутамдағы дәу жиденің иісі бұрқ ете қалғандай-ды, дария жағалауындағы бал құрақ сыбдырлағандай-ды, Қамбаш көлінен ұшқан ақ шағала талай-талай таулардан асып, бейтаныс өңірге де аман-есен жеткендей-ді... – Ай...ай, сен осы Әнуарбек емеспісің? – Сол, соның өзі! – Қайдан жүрсің құлдығым-ау, барсың ба, тірісің бе?.. Біз сені... біз сенен күдер үзгелі қаш-шан?! Мәс-са-ған, міне, кездесу! Ал менің осында келетіндігімді қайдан білдің?! Түс көрдің бе, құма­ лақ аштың ба? – Қаражан тіліне оралған тіркестерден тартынар емес, абдырағанда кісінің аузына жөнді сөз түсе ме. Әнуарбек тез сілкінді. Тірі адамға көз жасымды көрсетпеймін деп ант-су ішкен-ді баяғыда. – Апыр-ау, өмірде мұндай да кездесу болады екен-ау?! – Өмірде бәрі болады, Қаражан аға! – Осында тұрамысың? – Осында... сіз келе жатқан кеме зауытында қызмет істеймін. – Не дейді!.. Ал мұнда қайдан тап болып жүрсің?! Келін бар ма, кішкентайларың ше?..» «Әбдімәліктің немерелерінің санын қаншаға жеткіздіңдер?» деген тұсқа сәл іркілді. Әбдімәліктің атын атап жібермегендігіне қуанды бір жағынан. Аядай Сұлутам мен Төретамда әңгіме жата ма, әкелі-балалы екеуінің арасы он­ ша емес екен дегенді де құлағы шалған. Ол жағын өздері шешіп алар. Ал мына кездесу аңыз секілді кәдімгі. Тілімді бұрап, кімге барып жағдайымды айтамын деп күпті болып келе жатқанда алдынан ай жарылқап, күн туғаны! Ойбай-ау, мынау шынымен сол

ТАҢДАМАЛЫ Әнуарбек пе?! Екі-үш қадам алға жылжып артына бұрылады, екіүш қадам артқа жылжып алдына бұрылады. Әлі де сенімі шамалы. Танымайтын жерде тұқымы тұздай құрып жүрмесе сол-ақ. Бұл заманда еш нәрсеге таңғалуға болмайды. Және «неге олай» деген сұрақты да қабырғасынан қоя алмайсың. Төретамнан қалтасын тырситып шыққан Қаражанды Әнуарбектің кейпіне енген біреу ағалап поездан күтіп алып, былай шыға шаруасын бітіреді. Адам өлтіру ойыншық, дыбыссыз тапаншамен сеспей қатырады да, орманның шетіне жете бергенде лақтырып кетеді. «Жат, солай итқұсқа жем болып... қара топырақты одан бетер тыңайтып!..» Әнуарбектің үйінде екі күн қонақ болды, үшінші күні ың­ ғайсызданды. Бұл Төретам емес кез келген үйде емін-еркін көсіліп жата беретін. Еуропаңыздың салт-дәстүрі бөлектеу. Қонақүйге шығайын деп сыпайыгершілік жасаған. Әйелі де, есейіп қалған балалары да жата кеп жалынды. Көндігуге тура келді. Оның үстіне, бар жұмысын мың болғыр Әнуарбек зыр жүгіріп тындырып жатқан жоқ па. Мұндай қамқорлықты туған бауырың жасай ма. Жасар ғой, бірақ Әнуарбек секілді тиянақтамайды. Қаражанның да қипақтайтын бір осал тұсы бар. Оу, ертең өлмесе елге бармай ма; екі бірдей баржаны су жолдарымен Төретамның іргесіне дейін жеткізіп бермек болған кеме жөндеу зауытының уәдесін алып қайтқан Қаражанды төретамдықтар күншілік жерден күтіп алмай ма; әспеттеп алақанға салмай ма; бекеттің кәрі-жасын түгел шақырып Қаражанның аман-есен келуіне арнап, қонақасы бермей ме... Содан орбитадан жаңа ғана оралған ғарышкердей төрде тау­ дай болып Қаражан отырмай ма... Дүңкілдеген тостар көтерілер, небір асыл сөздер нөсер секілді төпелер... Міне, Қаражан да сонда барып ағынан жарылар. Әнуарбектің сондағы қол қусырып күтіп алғандығын қайтіп ішіне сыйғыза алады, жарылып кетпей қай­ тіп шыдайды. «Маған арнаған ниеттеріңді Әнуарбекке, Әнуар­ бек Әбдімәлікұлына бағыштаңдар» десе аузы қисайып қала ма? «Қаражан қарағым-ау, әбден мақтауын келістірген Әнуар­бегің кім? Өзімізге таптырмайтын керек адам ол жақта не бітіріп жүр?» деп сұрақтың астында қалуы да мүмкін-ау. Бұлбұлдай сайрайтын кезде Әнуарбекжанның «Мен туралы дымыңызды шығармаңыз, өтінемін» деп азар да безер жалынған түрі анау. «Мен Сұлутамнан баяғыда үлкен жолға шығып кеткенмін. Содан әлі оралған жоқпын. Сіз қиналмаңыз, бәрі ретке келеді. Түбі, туған жеріме құр қол

Қуаныш ЖИЕНБАЙ бара алмаспын... Мені де түсініңіз!» «Құлдығым-ау, Сұлутам мен Төретам сенен не талап етуші еді. Елге аман оралғаныңның өзі баға жетпес байлық! Екі баржа сенің беделіңнің арқасында ғана елге бет бұрған жоқ па?! Соның өзі аз көмек пе?» Қаражан ағасын шығарып саларда да көңілі нілдей бұзылды. Енді бірер күннен соң Сұлутам мен Төретамның топырағын ал­ шаңдай басатын мына кісі неткен бақытты деп ойлады. Өзінен әлдеқайда жоғары қойды. Ішінен күбірледі: «Құдай айдап сіздің осында келгендігіңіз қандай жақсы болды. Сіз арқылы өзімді Сұлутамда жүргендей сезіндім. Жан дүнием қызуы мол жаймашуаққа бөленгендей. Дегенмен сіз де есептің адамы екенсіз. Әкем, іні-қарындастарым жайлы бір ауыз сыр ашпадыңыз-ау. Әлде ерекше кездесудің сән-салтанатын бұзып алармын дедіңіз бе? Оныңызға да құлдық. Мені қиян шеттегі елді мекенге ұмыт қал­дырды. Саналылықпен әдейі істеді деп, әкемнің де жағасына жармаспаймын. Ол – жүрекке шор болып біткен балқымайтын қорғасын. Ана дүниеге өзіммен бірге кетер, асылы! Бұл тағдыр дегенді қойсаңызшы. Йод жетіспеушілігі салдарынан мойным бір жағына қисық бітпесе, «Кеміс ұлдың кесірінен аулақ болайын» деп әкем мені Астрахандағы пансионатқа әкеп тастамаса және «өмірі іздемеймін» деп қолхат жазып кетпесе... Мен кім болар едім. Мойын да сол қисайған күйінде қалар еді, тырмысып білім алармын, бір мекемеде шама-шарқыма қарай қызмет атқа­ рармын, балалы-шағалы болармын... Әкемнің де жүрек жұтқан қайсарлығына қайран қаламын. «Енді іздемеймін» дегенді қол­ дары дірілдеместен қалай жазды екен?! Дұрыс, бір жағынан дұрыс істеген. Ал ертең беті бүлк етпестен «Сенің мықтылығыңды сынайын деген ем, түбі бір жерден жарып шығатыныңды біл­гем» десе, қандай уәж айтпақсың?! Жә-жә, өтті-кетті. Біреуден кек қайтаруға тырысушылық – менің табиғатыма жат қылық. Біліп, сезіп тұрсам да ондай бассыздыққа бара алмаймын. Бәрінің реті келеді... Әкем екеуміз кездесетін де сәт туады. Қашан, қайда? Тап басып айта алмаймын. Әйтеуір алыс емес. Өмір бойы өз-өзімді сынаумен келе жатқан пендемін. Жығылған, сүрінген сәттерім де көп шығар, бірақ қара тастай тістене қалатын өжеттігім қанмен бірге дарыған қасиет. Ол сірә, теңіз бен дария түйісер тұстағы ту­ ған өлкенің маған сыйлаған сый-құрметі... Ол аз десеңіз, біз кос­ модромның улы газымен де ертерек ауыздандық қой... Өзіңіз де куә болдыңыз, жағдайым жарты әлемді сатып алуға жарайды дейтін бөспеліккке салынбайын. Еті тірілігімнің арқа­

ТАҢДАМАЛЫ сында ешкімнен кем емеспін. Шетелдегі қаражатым да өлгенше асырайды. Кеудемсоқтықтан сақтасын, сізге өзімсініп айтып жатқаным ғой ағымнан жарылып. Ол байлықты да о дүниеге әкете алмаймын. Интернет сайтынан бұрын-соңды адам естімеген ұлы жаңалықты көзім шалды. Сонан бері өмір сүруге деген құлшыны­ сым күрт күшейді. Бұрын да жалқаулығым шамалы-тын. Айттым ғой, теңіз бен дария түйіскен өлке бізді өмір бойы ширақтыққа баулыған екен-ау! Оның қарызын қалай қайтарарымды қайдан білейін! Қомақты қаржыны одан әрі үстемелеу үшін шетелдік компаниялармен тағы да шартқа отырдым. Елде жоқ кеменің макетін жасау қолдан келеді. Негізі бар бұлақ көзі бітелмейді екен. Қамбаш көлінің су құрамындағы йод мөлшері ғарыштан зерттелген. Табиғат-ананың мұндай жомарттығына атақты ға­ лымдар әлі күнге дейін ауыздарын ашып, көздерін жұмады. Біздің халықтың азап арқаламаған кезі бар ма! Бұл – соның өтеуі! Ал йод жетіспеушілігінен сырқаттанған балалардың саны... айтуға дәтің шыдамайды. Соның зардабын тартқан ең соңғы адам менақ болайыншы дегем баяғыда. Жоқ, сырқат созылып барады. Сондықтан Қамбаш көлін түгелдей сатып алуға бекіндім. Әкем Қамбаш көлін біздің әулеттің игілігіне жатқызатын. Бірақ бұл – негізсіз бос әңгіме. Әуелі құжаттарын халықаралық-құқықтық негізде дайындаймын. Арғы жағындағы игілікті істердің де құлағы көрініп тұр. Аукционға қатысамын. «Шешінген судан тайынбайды». Соңғы тиыным қалғанша күресемін. Біздің елден ондай байлар әлі шыға қоймаған болар. Қайырымдылық жасаған екенсің, міне, өстіп ірі тура!..» Қаражан да уәденің адамы секілді көрінген-ді. Ел іші әзірге тыныш, Әнуарбекке де керегі осы еді. – 28 – Мынадай алай-дүлей дауылды кім көріпті және қашан көріпті жазған-ау?! Аспан мен жердің арасы қапелімде тұтасып кеткендей: құм суырған ала шаңдақ аяқ жолыңды анық көр­ сетпейді, үсті-үстіне ұрғылаған қиыршық тас терезе әйнегін күлталқан етерден әрі, үйіріліп соққанда ол тұрмақ кере қарыс кірпіш қабырғаның өзі солқ ете түседі. Шатырдың үй аумағындай қызыл қаңылтыры шегесінен ажырап, жан сауғалаған қара қарғаның қанатындай тақтай белдікшені өлгенше сабалайды. Қора-қоп­ сының есіктері аңғал-саңғал. Ойдан-қырдан тынымсыз жауған шөп-шалам жанды жеріне аяусыз тырнақ батырғандай, әуіттегі

Қуаныш ЖИЕНБАЙ лай судың беті жыбыр ете қалды. Атшаптырым аула ішінен әпсәтте құйын пайда бола кетеді де, шығарға тесік таппаған соң, өзеуреген екпінін баса алмаған күйі табалдырық көзіндегі ескі алашаның астын үңгиді. Қам кірпіштен өрілген ұзынша мұржа да іргелігі ылғал тартқаннан кейін дауыл екпініне шыдамай үгітіле құлап түсті. Үңірейген орны суық әрі қорқынышты. Онысымен қоймай сумаңдаған жел ошақ көмейіндегі ескі қоламтаның күлін түрткілейді. Ертеңді-кеш темір жолды тынымсыз түйгіштейтін ауыр доңғалақтар дүрсілі сап тыйылған. Сұлутам мен Төретам арасындағы айырық жолда айқыш-ұйқыш маневр жасайтын жүк поездары да кілт тоқтап қалғандай. Әдетте бұл өңір ғарыш айлағынан орбитаға ауыр жүк тасығыш зымыран ұшырылғанда ғана өстіп әбігерге түсетін. Не пәлесі барын қайдам, әлде бұлар түсінбейтін тартылыс заңының ерек­ ше құпиясы бар ма, әйтеуір айлақтағы апас-қапас тіршіліктің бәрі таң алдындағы мүлгіген тыныштық кезінде ғана жүзеге асырылатын-ды. Тәтті ұйқы құшағындағы төретамдықтар қара жердің қан тамыры бір бүлк еткенде ғана «Тағы ұшырдыңдар ма, аямаңдар, әкелеріңнің құны қалғанша ұшыра беріңдер!» дейтін де одан арыға шама жетпегеннен кейін құс жастықты бауырға қысқан күйі манаурай керіліп, көз іліндіретін. Артынша бір ере­ сен күш жамбас тұсты серіппедей дір еткізеді. Жалма-жан ұшып түрегелесің. Ежелден түсінікті жағдай дәл осыған келгенде өзгеріп кетер деймісің, дәл солай, сөз жоқ, сол алапат көрініс, міне, тағы да айна-қатесіз қайталанады. Таңмен таласа өрнегін салған отты жолақ аспан мен жердің арасына тартылған жуан арқандай азкем тербетіліп тұрады да барған сайын көлемін ұлғайтып, мұхит төсіндегі түйе толқындардай барған сайын аударылып-төңкері­ ліп, маңайдағы топырақты аумақтың бір қабат терісін сылып алғандай, ілезде айтыртық пайда бола кетеді. Қас пен көздің арасында дүние астаң-кестең төңкеріліп түседі. Манағы мүлгіген тыныштықтан тырнақтай белгі қалса кәнекей! Оу, пәленбай жылға жалға алғанбыз дейтін жексұрын саясат енді анау-мынауыңа қарай ма, төретамдықтардың шаң-шұң айқайсымағын қыстырып қойыпты. Коммерциялық ұшырулардан түсетін қыруар пайдадан да бұларға көк тиын татырмайды. Кенет әлденеден ақи-тақи күдер үзгендей аспанға секірмейін, бәрінен азын-аулақ тіршілігіме береке берсін дейсің ақыр соңында. Ұйқылы-ояу сыртқа атып шығасың. Жер-жаһанның апшысын қуырып от бүркеген аласат дауыл қолдағы азын-аулақ мал-сауқанның жай-күйімен санаса

ТАҢДАМАЛЫ ма. Көздері алақтап, мына сұмдықтан қалай құтыларын білмей бұйдасын шорт үзіп, жан алқымға тірелгенде қамыс қораның басынан бір-ақ секіріп, боталағалы тұрған тұмса түйең айдалаға лағып жөнелсе қайдан табасың? Жерден іздейсің бе, көктен іздей­ сің бе? Қорқыныш-үрейден іш тастайтын уақ малдың екібастан есебі жоқ. Және оны «қираған шаруашылықты қайтадан қалпына келтірмек оймен» дауыл басылған соң жергілікті тұрғындардың ауыз-ләмін білмек болып, теміржолшылар клубына келіп, шұғыл жиналыс ашатын айлақ қызметкерлеріне қалай дәлелдерсің. Олар ондай «жарапазаныңа» миығынан күледі де, «Есік-терезелерің аман ғой, әйтеуір» деп дереу екінші мәселеге көшеді... Екінші мәсе­ лесі де қашпаған сиырдың уызы – «Жыл соңында компенсация береміз» деп әлдебір түсініксіз қағаздардың шетіне қол қойғызып алады. Олардың «компенсациясын» күткенше ішек үзілер... Әйт­ кенмен, түс ауа әлгі қара түнектің аяғы сап басылатын. Қою шаң арасынан айлақ іргесіндегі жатаған ауылдардың сұлбасы әреңәрең қарауытады. Топсасы сынған есіктер сықырлай ашылады, әркім жоқ-жітігін түгендейді. Көрші әйелдердің «Аманбысыңдар, әйтеуір...» дейтін дауыстары самбырлай естіледі. Екі-үш қара домалақ қарындарын тыр-тыр қасып, төбеден төнген күннің өткір сәулесіне қиыс қарайды. Сірә, «Бәрі бәз-баяғыша ғой, үлкендер не ғып қара аспанды төндіреді де жүреді осы?!» дейтін болар. Сөйтіп келесі зымыран ұшырылғанша бұлар өздеріне белгілі бейбіт өмірді бастарынан кешіреді. Ал бүгінгілері оларға мүлдем ұқсаса, кәні?! Намаздыгерге дейін іш тартпаған бұл не қылған тығыны ашылып кеткен қара дауыл. «Әлгі сұмырайлар екі-үшеуін қосақтап бірге ұшырғаннан сау ма?» Екі кісілік кереует үстіне көлденең құлаған Әбдімәліктің осылай ойлауына ғана әрең-әрең шамасы келді. Кешелі бері су тимеген кірпіктерін бір-бірінен әупіріммен ажыратып алды да, тас төбеге тесіле қарап біраз жатты. Иығы мен мойнының әрліберлі қозғалғандығына да кәдімгідей марқайып қалды. Аба­ жадай сұп-суық бөлмеде ол қуанышын кімге сездірсін, әй­теуір ана дүниеге жөнеліп кетпегендігіне тәу етті ішінен. Со секілді сырттағы айқай жел де әлі татар талқанының таусылмағандығын жанталаса еске салып жатқандай-ды. Айтқандай, өзі де солай-ау, терезе ұрғылаған қиыршық тас әлдебір түсініксіз тілде Әбдімәлік­ тің мынадай аласапыранда бүйтіп керіле көсілуін құп көрмегендей немесе «Бой тіктеп айналаға қараңыз, ию-қиюы шыққан шаруаны әліңіздің келгенінше икемге келтіріңіз, тұр, тұрыңыз?.. Анау-мы­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ науға қарамай кәні, тұрып кетіңіз!» деп күбірлегеннен сау ма! Оу, бұл дүниеде жұмыр басты пенденің қыбыр-жыбыры таусылушы ма еді, қанша қиналса да қазір көре қалыңыз, Әбдімәлік те сүйретіліп орнынан көтеріледі. Кеуіп қалған таңдайын жібітеді. Бұрқ ете қалған суық терді асығыс сүртеді де жайлап басып, кіршеңдеу те­ резе алдына жақындайды. Еңсесін тіктеп сыртқа үңіледі. Әлгі ойды ізінше тағы қайталайды: «Екі-үшеуін қосақтап, бірге ұшырғаннан сау ма түгелер?! Аямаңдар, дегендерің болып тұр ғой сендердің!.. Е-е, енді аянатындай да не қалды?!» Осы тұсқа келгенде жүрегі бар болғыры кеудесін қақыратып тұра қашатындай үсті-үстіне сұққылап, бүріп ауырар-ды. Кешелі бері нәр сызбағандықтың әсері ме, әлі құрып, екі бүктетіліп еріксіз тізе бүгер-ді. Шатырдың үй аумағындай қаңылтыры жалп-жалп сабалағанда төбе-құйқаң­ ды шымырлатады. Оу, оның тігісін жатқызатындай Әбдімәлік­ тің мүмкіндігі болып тұр ма?! Амалдап ағаш сәкімен жоғары көтерілуіне шамасы жетсе, құлап кетпейін деп беліне қайыс орап алса да қолды-аяққа тұрмай дызақтаған қаңылтырдың шет-шетін шегелеп те үлгірер-ді. Қара дауыл Әбдімәліктің денсаулығымен санаса ма, қазір-ақ жұлып түсіреді. Қаңылтыры да қаңылтырақ болатын және оны Әбдімәлік басымен сонау ит өлген жерден тасымалдаған. Бұған қол ұшын беретін балаларының түрі анау. Коттеджді кепілдікке өткіземін деп банкирлермен келісіп қойғаны және бар. Ал қаржысы барлар құдаймен теңеседі бүгінде. Ауыр протон тасығыш ұшырылғаннан соңғы лаңды өз көздерімен көріп тұрып, ит тартқан қара терідей кісінің жүйкесін жұқартқанда айтпаңыз, адам өлтіреді бұлар! Онысымен қоймай бағасын сәл төмендетеміз деп дігерлер, тұмсығын көтеріп тағы нелерді араға тықпалар. «Қаражат, қаңғып жүрген қайдағы қаражат?! – Көзінің алды тұманданып, басы айналды. – Тұруым керек!» Осы үміт іле-шала бойға қуат дарытқандай әлденеге сүйеніп, тәлтіректеп орнынан көтерілер-ді. Ауланың іші құм суырған ала шаңдақ. Екі мәшине еркін сыятын ескі сарай аузындағы жұдырықтай құлыпты көзі шалғанда барып, уһ деп күрсіне бір дем алар. «Әлгі Патшагүл тірі ме, неге дыбыс бермейді? Әлде жел қуған қаңбақтай бір жаққа қарасын батырғаннан сау ма?!» Әбдімәлік екі қолымен демеп, ап-ауыр денесін сәл алға жылжытып, құс жастыққа арқасын тіреді. Маңайына жітілене назар жықты. Азынаған желдің айқайынан басқа тірі жан иесінің аяқ тықырын ести алмады. Төбеңді көрмегір, Патшагүл сірә, Әбдімәлік сыртқа шығуға зар болып жатыр-ау деп ойлады ма, мұның әжік-

ТАҢДАМАЛЫ гүжік қарсылығына қарамастан, мана жеңіл пальтоны жалаң денесіне жаба салып, дедектетіп дәретханаға сүйрелеген. Есік ашылғанда-ақ өңменінен өтер суық жел дене тітіркентті. Шығарын шығып алып, ізінше кері бұрылуға намысы құрғыры араға килікті. Ойпыр-ай, өле алмай жүріп намысшылын. Сәл болмағанда есірік жел әлжуаз денені ұшырып түсірердей-ді. Же­ лең пальтоның екі шалғайы өші қалғандай екі балтырын әбден шапаттады. Аласа табалдырықпен түсіп бара жатып, аяғына сұға салған табансыз тәпішкесі тайып кетті де омақаса құлай жаздады. Абырой болғанда Патшагүл­дің қолынан шап беріп ұстай алды, біразға дейін тәлтіректеп барып денесін әзер игерді. Жетпегені осы еді, Патшагүлді оқты көзімен атып жіберетіндей алая қарады. Ауланың арғы бұрышына барғанымен дым бітірместен қайта оралды. Дәлізге кірген бетте неге екендігін кім білсін, Пат­ шагүлдің иығын ап-ауыр қолымен қаттырақ сілкіп қалды. Ал онысын түсінген әйел жоқ-ты. Бүгін біртүрлі ғой өзі? Көздері жыпылықтап, ұшып-қонып былдырлап әр нәрсенің басын ша­ лады. «Тоңып қалдың ба?» Тап Әбдімәлікті жаңа көріп тұрған­дай өңірін қаусырмалайды, салалы саусақтарымен қушиған жауы­ ры­нын сипалайды. Астаң-кестеңі шыққан мына аласат дүние қаперіне кірсе не дейсің! Көңілді. Батыстан келетін қайдағы бір жүрдек поездың кестесін айтып, миды одан әрмен шірітпесі бар ма. Әбдімәліктің адам аяғандай осы бір кескін-келбетіне түкіріп қойыпты керек болса... Оу, қалт еткен қас-қабағын бағып, аялап, асты-үстіне түсіп өбектейтін баяғы Патшагүлдің жұқанасын да көре алмады. «Ыстық сорпа әзірлейін» деп сағыныштай естілетін сол сөздің өзін сағыздай созып әзер айтты. Әзірлесе... әзірлесін. Сол үшін де бір нәрсе дәмете ме Әбдімәліктен. Бәлкім, ыстық сорпа ішсе беті бері қарап, аз-кем әл жинар ма еді... Тамағын қырнап қанша мәрте жұтынса да үні шықпады. «Патшагүл-ау, Патшагүл, қайдасың?! Жер жұтып кетті ме сені?!» дегенді ішінен қайталады да самсоз күйде жата берді. Онысымен тұрмай... «Мейрамкүл... Мейрамкүлге барып, жағдайын біліп... шарананы баурыма басып...» деген секілді бірдемелерді үздік-создық түтіндетіп кісінің зықын шығарды емес пе антұрған?! Сіркесі су көтермеген Әбдімәлік не айтуы керек мұндайда? Көкірегіне қордаланып қал­ ған айтатын шаруа көп-ті, бірақ айтуға мұрша берді ме мына жал­ ған дүние?! Қыл аяғы дауысы екеш дауысына дейін жұтып қой­ ды. Сонша күшенгенде құрғақ тамақтан шығатыны қырылдаған көмескі үн. Оны өзге түгілі өзі де түсінбейді. Шыбын жаны тырнақ

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ұшына тірелген адамды сон­ша қинағаны несі Патшагүлдің?! Ой, зығырданы бүйтіп қайнамас! Дене бітімі суықтан бұрын іштегі күйіктің әсерінен қолды-аяқ­қа тұрмай қалшылдағаны. Ақыры алқымға тығылған ашудан қайтіп құтыларын білмей: «Құрыңдар, Мейрамкүліңмен қосылып сен де құры!» дегенді шарасынан шы­ ға алақтаған көзімен аңғар­тып, қолын бір сілтеген. Сірә, сонысы қамшы болды ма, міне, манадан бері Патшагүлдің де қарасын көре алмады. Жә, бәрінің орны біртіндеп түгенделер ғой. Мына қырылдаған тамағын не істейді? Ненің зауалына ұрынды табан астынан? Аздап... ара-тұра... онда да көңілі бір жайлы болғанда ғана ыңылдап ән салатын. Сонысын көп көрді ме шұнақ құдай?! Ол қай бір әуелеген әуен? Өзінің іздеп тапқан алданышы еді. Айқышұйқыш мүлде түсініксіз заманға тап келген тұста ән салып қайбір мұратқа жетпекшісің?! Иә, айтқандай, Әбдімәліктің толық адам дәрежесінде ән салуға құқы бар ма десеңші?! «Ән өзімдікі ғой, не істесем де өзім білемін деп өре түрегелмекшімісің?! Мейлі, содан бір нәрсе өндірер болсаң кез келгенмен жауласып, кез келген­ мен жағалас! Қаражан ауылдасыңның түсінігіне жүгінгенде, се­ нің көкірегіңді тесіп бара жатқан ол қандай әуен?! Неңе жетісіп әндетесің?! Жүрек­ті дірілдетпестен бергі жағымен, яғни кеуденің кеу-кеулеуімен сырт­қа шығатын әуен әуен боп жарыта ма?! Ол өзіңе жау тауып алудың оңтайлы жолы. Оу, Әбеке-ау, дүниенің тірегіне айналған алып тұлғалық дәрежеге жетсең, жан-жағыңдағылар сенің ән салғандығыңды онсызда іштерінен тынып, үздіге күтіп жүрмес пе?! Бәли, тұлға екеш тұлғаның ішінде де қорытылмай қалған бір уыс жантақ жүреді. Төрт құбыласы түгел кім бар. Ойпыр-ай, ең болмаса өз кіндігіңнен тараған екі-үш ұрпағыңа әке­ лік жылуыңды бере алмай жүріп, сіздің ән салғандығыңыз қызық екен?!.» Әбдімәліктің желке тұсынан біреу өстіп сарнап тұрғандай. Оқыс оң жамбасына қарай аунап түсті, артынша сол жамбасына ойысты. Ақ жібек көрпені сығымдап, кеудесіне басты да, іші-ба­ уыры солқылдап біразға дейін аласұрып жатты да, ақыры тымтырыс қимылсыз қалды. Азынаған желдің айқайын да естімеді. Көзін тастай жұмып алды да кешегі оқиғаны бір-бірлеп ой елегі­ нен өткізді... Қамбаш көлі саудаға түсетін облыс орталығындағы аукционға бара жатқан Әбдімәліктің аспан тіреген көңіл күйін көрсеңіз! Ой-хой, су жаңа «Мерседестің» рулінен қолын ара-тұра ажыратып алып та еркін көсіле әндеткен-ді. Таспадай тартылған айдау жол Әбдімәлікті алға қарай еріксіз сүйрелейді. Айлақтың

ТАҢДАМАЛЫ әкіреңдеген антенналарына өзінше айбат шегеді. Енді мың жерден биотогын үстемелесе де тірі жан Әбдімәлікті орта жолдан тоқтата алмайды. Мұнан былай Әбдімәлік те еркін өмірге құлаш ұрады. Айлақтың темір қақпасынан ары өтер жерде әлдебір ережелерден жаңылмайын, жаңылыс баспайын деп дірілдеп, кім көрінгеннен үркектеп, кім көрінгеннен жасқаншақтап, пұшайман қал кешетін Әбдімәлігіңіз Қамбаш көлін басы бүтін өз игілігіне өткізіп алса, ғарыш әлеміне пысқырып та қарамайды. Коммерциялық ұшырулардан түсетін тиын-тебеніңді де ұрып қойыпты. Аукцион түс ауа басталған. Менен басқа тайталасқа түсетін кім­ дер бар екен деп, бір жағынан өзін де көпшілікке көрсеткісі ке­ліп, Әбдімәлік көстеңдеп ілгері озған. Алдыңғы қатардан орын алды. Жиналғандардың арасында Әбдімәлікті құттықтап үлгерген­дері де болды, алыстан тілектестікпен қол бұлғағандары да жеткіліктітін. Әбдімәлік ишара сақтап ізетпен иілді. Жағына пышақ жаны­ ғандай сылыңғыр қара жігіт жез табақшаны ағаш балғасымен бір ұрып, жарыстың басталғандығын жариялады. Бес-алты мәр­те қоңырау соғылды. Шаппай бере салатындардың сыңайы байқал­ майды. Әбдімәлік нығыз, мәреге жеткенше жан-жақтан шәуілдеп үретіндерге іштей ренжіді: «Жандарын неге қинайды екен сор­ лылар!» Қаржы көлемі тасқа басылып жазылған тақтайшалар әр тұстан шошаңдайды. Кенет артқы жақтан бейтаныс дауыстың жаң­ғырықтай естілгені: – Қамбаш көлін қандай бағаға болмасын біз сатып аламыз. – Сөйтті де жүргізушінің алдын орағытып, «Мұнан әріге арамтер болмаңыздар» дегендей отырғандарға ошарлана бұрылды. Жүр­ гізуші жігіттің де сағы сынған: – Бізге көлдің сенімді қолға өткені керек қалайда... – Сосын әлгі мықтыны асығыс-үсігіс таныстырды. Ол шетелде тұратын белгілі қаржыгердің сенімді өкілі болып шықты. Ал нағыздың өзі бір айдан кейін келіп, баспа-бас есеп айырысады. Оның есімі әзірге құпия. Сірә, оның да бұл өңірге пәлендей жаттығы жоқ... Әбдімәліктің тұла бойын сұп-суық тер шылады. Одан әрі отыра алмай тысқа атып шықты. «Шетелдік, ол не қылған шетелдік? Оу, бұл өңірдің шекарасынан шығып шетел асып кеткен кім бар? Не... не дейді... қой, қой әрі?! Сандырақтайды әншейін. «Оның да бұл өлкеге жаттығы жоқ!» Әне... қалай-қалай жортақтатады?! Жаттығы болмаса неге жасырынбақ ойнайды? Сумаң етіп шыға келмей ме бір бұрыштан. Жүректері жарылып кете ме бұлардың?!

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Шетелдік... Ғарыштан зерттелген мәлімет оларға да белгілі болғаны ма? Айттым, айтқаным айдай келген жоқ па, су құрамындағы йод мөлшері мол Қамбаш көлі үшін талайлар өмірін қияды тірі тұрса... Шетелдік...Кім? Сіз сонда кім болдыңыз мәртебелі шетелдік мырза?! Ән, қаңғырып жүрген қайдағы ән?! Ән... ән... Ән-уарбек!.. Қой, қой әрі, сандырақ қой мұныкі әншейін!..» Көз алды бұлдырап, «Мерседесті» от алдырған бойда газды үстемеледі де суыт жүріп кетті. Үлкен жолға табаны тиген бойда құстай ұшты. Көрінген қараны басып озды. Дөңгелене жарысқан сұрқай даланың қыр-қыраттары артта қалды. Ғарыш айлағына кіре тартқан шолақ платформаның да адымын аштырмай, лезде қуып жетті. Рельс бойындағы бағдаршамды елеместен шойын жолдың арғы бетіне екпінімен бір-ақ секірді. Теміржолшының аласа үйшігінен шыққан қартаң кісі кезекті товарныйды тұйық жолға жөнелту үшін рельс тетігін ауыстырып жатып, Әбдімәліктің жын соққандай құйындатқан мәшинесін таныды да аңтарылып тұрып қалды: «Мынаған не көрінген? – деді бас шайқап таңырқаған күйі. – Әлде айлақ басшылары шұғыл шақыртты ма?! Әйтеуір, түбінің қайырын бергей!» Ерінбей-жалықпай қою шаң қашан көзден таса болғанша қарап тұрды. Ғарыш айлағының жергілікті тұрғындар арасындағы тұрақты өкілінің амандығы керек қалайда. Екі аралықты жалғап тұрған алтын тін домбыраның ішегіндей шорт үзіліп түссе, оның орнына жаңа адам тағайындалғанша қай заман. Екі жаққа да азды-көпті еңбегі сіңген азамат «Биылғы көмірлерің менің мойнымда» дегенді де нық сеніммен айтып қалған. Оу, отыз мәрте коммерциялық зымыран ұшқаннан жергілікті ағайынға қыстай жағатын үш тонна тас көмірі қымбатырақ. Және ол шаруалар Әбдімәліксіз жүзеге аспайды... Қайда, неге асыққандығын да түсіне алмады. Тірі жанды көр­ гісі жоқ, тірі жанның көзіне түскісі жоқ. Оқтай зулаған мәшине­нің доңғалағы жарылып, табанда мұрттай ұшса да көңілі баяғыдай. Еш нәрсеге зауқы соқпады. Жан-жақтан азынаған желден қор­ ғанып, терезе әйнегін де жоғары көтермеді. Өңірі алқам-салқам, шашы дода-дода. Ән.... қаңғырып жүрген қайдағы ән? Ішкі шерін сыртқа шығаруға ыңғайланып, бар дауысымен жалаң айқайға басты. А...а...а! Демі жеткенше айқайлады. Сәл үзіліс жасап, әлгісін қайта жалғастырды. Тамақ тамырлары білеуленіп, көзінен жас аққанша айқайлады. А...а...а!.. Үш, төрт, бес... Жетіншіде үні шықпады. Жынды кісіше айдалаға лаға бермей, шын кінәлі болсам әлдекімдердің атын атап, солардан кешірім сұрап неге

ТАҢДАМАЛЫ айқайламаймын... сөйтіп неге ақталмаймын деген-ді ақыр соңында. Тіл ұшына тізбектеліп келе қалған талай есімдердің біреуін қайталауға да дәрмені жетпеді. Дәл баяғыша екі алақанын рульден босатып алып, мәшиненің жылдамдығын баяулатпастан кіршіксіз ақшыт аспанға қарай қол созып, бір нәрселерді асығыс айтқысы келді... Бірақ үні бітіп қалған, тамақ бекер қырылдады. Үйге келген соң дәрі де ішті, май салып ыстық сүт те ішті. Иненің жасуындай нәтиже болмады. «Бар болғыр, әлгі қатын қайда жүр?! Сорпа ішсе маңдайы жіп­ сіп, кішкене әл шақырар ма еді!» Кереуеттен екі аяғын сал­быратып тіктеліп отырды. Тау қопарып келгендей зіл тартқан денесін әзер қозғады. – 29 – Екі тәуліктен соң Төретамның үстінен өтетін жүрдек поезға билет алған Патшагүл ешқайда бұрылмастан келген ізімен кері қайтты. Бекеттің өндірістік заттар сататын дүкеніне бас сұғып шықпақшы болған-ды бір ойы. Кірпіш үйді сырт айнала бергенде кілт тоқтады. Уақытын бекерге өткізіп алмай ма, саудасаттыққа құныққандар қара дауылыңды бұйым құрлы көре ме? Ары өткен мен бері өткенді есепке алып, іштері толып, тиісерге қара таппай ерігіп жүретін келіншектердің ортасына бір түссе, одан сытылып шығуы қиынға соғар. «Үйлерінде шаруалары жоқ па осы немелердің?! Қашан көрсең де ырық-жырық, езулері бір жиылмайды». Е, аспан мен жердің арасына лаңды салып-салып қашанғы зіркілдейді, дауыл екпіні сәл бәсеңсіген. Шойын жолдың май сіңді шпалдарын үрме құм басып салыпты. Теміржолшылар қоймасы жағынан қолдарына бір-бір қуыс күрек ұстай шыққан төрт-бес адам қауқылдасып бері жақындады. Әңгімелерінің ауыз ләмі белгілі. Бекетке келесі поез келіп тоқтағанша жолды үрме құмнан тазартуға міндеттісің қалайда. Елге белгілі әскери тәртіптен бұлар да шетқақпай қала алмайды. Өл-тіріл, көзге түсерлік ортақ шаруаны мінсіз атқар. Ал ғарыш айлағына тап қазір баруға тиісті шолақ платформаны мерзімінен кешіктіру – күллі Төретам беке­ тіне жағылған қара күйе. Бекет бастығы Қаражан да екі шықшы­ тын шодырайтып, түкірігіне шашалып, айтар сөздің жүйесін таба алмай қылғынып өліп қала жаздайды мұндайда. Патшагүл жүзін ары бұрды. Алдынан әлгілерді өткізіп жі­ берді. «Акт жасап, атқарылған жұмыстың көлемін көрсетіп, 13-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ біз де айлақтағылардан өтемақы талап етейік. Олар қосақтап зымырандарын ұшырады, біз итіміз шығып құм тазалаймыз. Әділдік бола ма бұл өмірде?!» – деді жастау теміржолшы жаңалық ашқандай өзеуреп. «Әділдік болады, болады айналайын, тек ана дүниеде! Ал мың жерден акт жасасаң да түк шықпайды, иегің қышымасын. Сондықтан жоқтан өзгеге арамтер болма!» – деді екіншісі немкеттілеу жерге шырт түкіріп... Одан соңғыларын анық ести алмады. Маневр жасаған товарныйлардың темір түй­ гіштеген доңғалақ дүрсілі бекет басын үйреншікті дүбірге бөледі. Дүкеннің өндірістік заттар сататын бөлімінде жас сәбиге керекті жөргектік маталар салынған дайын пакет кезіксе, қолына іле шыққандығының артықтығы болмас-ты. Мейрамкүл асып-сасып, қайбір мүлкін әзірледі дейсің. Әйтеуір, аман-есен босанғандығы олжа... Өзінің де солай қарай ұшуға қанаты жоқ, әйтпесе осы тұрғанда-ақ жанынан табылуға қайлы. «Кешіріңіз, есеп жүріп жатыр». Есік алдына жете бергенде осы жарнама қарсы алды. Бәрекелді, қайдағы есеп, дүкенші шырағым сырттағы қара дауыл­ мен жағаласып, дүкенге кім келер дейсінмен бір жерде «тойтойлап» жатпаса сол-ақ. Және сызылып кешірім сұрайды. Бара-бара күн кешкіріп, айнала қою қараңғылық құшағы­на сіңді. Оу, айтайық-ау, турасы өзінің де құдай сүйер қылығы жоқ. Әбдімәліктің келісімін алдым-ау деген бойда жылап жіберуге шақ қалған. Қапелімде не болғанын түсіне алмады, саусақтары дірілдеп икемге келмеді. Қолына ұстағаны ұстағандай лезде ұшып түседі. «Нәрестені иіскеп бауырыма басайын, өзімізден пайда болып жатса тым алақай! Көптік ете ме?..» Бар бітіргені осы тіркестерді қайталай берді, қайталай берді. Келісім бергені шын ба, өтірік пе деген күдікпен екі кісілік кереуетте көлденең түсіп үнсіз жатқан Әбдімәлік жаққа да жалтақ-жалтақ қарап қояды. «Оу, әтібірлі азамат Әбдімәліктің мүләйімсігендігін қайдан көрдіңіз. Бір-ақ кеседі, қашанда ірі турайды ғой біздің Әбекең!». Аяғы-аяғына жұқпады. Билеті түскірді ертең-ақ алуына бо­ латын еді ғой. Екі кештің арасында бір қырындап, бетін ыққа беріп, құм суырған қара дауылмен жағаласып, үйден шыға қарасын батырған. Арыстай азаматының сұлап жатысы анау. Тұла бойының қызуы отша қариды. Оны түзге шығарғанда байқаған. Етегіне шалынысып, есі шығып кеткен заматта оның бәрін ақылға салып саралауға мұршасы болды ма. Жүрегі алқынып ауызға тығылды да тұрды, бір жақтарға асықты да тұрды. Міне, енді көңілі бір ыңғайланған соң, әрі дігерлеп есті шығарған ала шаңдақ

ТАҢДАМАЛЫ та басылған соң «Әнекеңнің бұл кісілігін қалай түсінуге болады өзі?» дейді ғой баяғы. Тіпті таңғалатын-ақ жағдай, адам сенбей­тінақ оқиға. Біреудің көлеңкесіне тығылып, біреуден жәрдем тілемек түгілі, мүсіркеген көзқарасқа да дір етіп кірпідей жиырылатын Әбдімәлік не істеді дейсіз ғой мана әзірде. Суық жел өңменінен өтіп бара жатқан соң Патшагүлдің ығын паналады. Жел ұшырып кететіндей білегінен шап беріп ұстай алды да, содан үйге кіргенше қолын ажыратпады. Бұл қалай? Және бір ауыз тіл қатпайды. Тек ашқарақтанған көзімен ғана кісінің тұла бойын тінткілейді. Ке­ сел жабысты ма табан астынан?.. Қап, денесі дірдектеп ұшып бара жатқаннан кейін «Шыда, сәл шыда, ыстық сорпа ішкіземін, ыстық сорпа ішсең терлеп, бойың жеңілдейді» деп кәдімгідей дәмелендіріп қойған. Ыстық сорпа әзірлейтін Патшагүлдің кеселеген үрінді құмдарға сүрініп кетіп, борша-борша терлеп алқына жүгіріп келе жатқан түрі мынау. Оу, енді қандай кінә тағасың Әбдімәлікке? Мың жылдық арманыңды бір-ақ сәтте шешіп берген жоқ па! «Бар, қайда барсаң да бар, жолың анау!» деді. Оны ашық айтпағанымен қолымен жасқап түсіндірді. Ал Патшагүлдің соған қайырған жауабы көңіл бірлей ме, адамшылыққа жата ма? Бекеттің қызыл кірпіштен тұрғызылған ежелгі қонысы ертең басқа жаққа көшіп кететін бе еді. Дімкәс пендеге жасаған қайырымы қайда? Дәрілеп, қызыл бұрыш салып, сорпалап, қалың көрпеге қымтап орап тастаса, қазір-ақ құлыншақтай ойнап алдынан жүгіріп шықпас па?! Эх! Ентігіп жеткендігін қайтейін, екі жаққа аңқайып ашылып қалған ауыр дарбазаны көргенде әлденеден секем алғандай қалт тұрып қалды. Аса жамандыққа жоруға көңілі дауаламады. Көзі­ нің астымен ұрланып, төңірегіне қарады. Бүйірден төнер қауіпқатерден қорғалақтаған кісіше ілгері қарай аяғын бір басты, екі басты. Үшіншісінде әлі құрыды. Маңдайына түскен орамалын жөн­дей сала, «Мен осы басқа үйдің ауласына тап болғаннан сау­мын ба?» дегендей, мына көріністердің ешбіріне сенгісі келмеді. Екі мәшине еркін сыятын ескі сарайдың есігі топсасынан қайырылып, бір жамбастап қисайып жатыр. Сірә, орнынан жылдам қозғалған «Мерседес» бөксесімен жанай өткенге ұқсайды. Ал таңғалмай көріңіз, ыстығы көтеріліп орнынан қозғалуы мұң болып жатқан Әбдімәлік мынадай жетіқараңғы түнде қайда жоғалған? Жел басылған. Алыстан... ту алыстан маневр жасаған ауыр товар­ ныйлардың ышқынған сигналдары анық естіледі. Әуіттегі лай суға түскен ай сәулесі көз арбайды.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ «Қайда жол тартуы мүмкін Әбдімәліктің?! Беймезгіл уақыт­ та алқымнан алған ол қандай шаруа?» Үйге жүгіріп кірді де, де­ реу телефон тұтқасына жабысты. Алдымен Қаражанға қоңырау шалды. Ол кешелі-бері Әбдімәлікті еш жерден көрмегендігін, өзіне облыстан комиссия келіп жатқандығын асығыс баяндап, әңгімені қысқа қайырды. Түйе фермасындағылармен сирек хабарласатын. Ұятты былай жиып қойды да: «Әбдімәлікті көрдіңіздер ме, қай­ да жүргенін білмеймісіздер ме?» – деді жұлып алғандай. Олар тілдерін жұтып қойғандай үнсіз қалды. Паромшы қария: «Сері ғой біздің Әбдімәлік, қыз-қырқындардың ортасында жүрген бо­ лар», – деп әзілдеді. Әзілі де тұрпайылау естілді. Енді қайдан іздейді Әбдімәлікті? Ғарыш айлағындағылардың мезгілсіз құлақтарын көтергісі келмеді. Белгілі ғой, әскерилер барлық техника тетіктерін іске қосып, тұс-тұсқа прожектор салып дүрліктіріп, болар-болмас шаруаның өзін жалаулатып әкетеді. Кеудесінде жаны болса бір жерден қылаң берер деп, әлі құ­ рып, түн ауа екі тізесін құшақтап, есіктің қыр көзіне бүрісіп отыра кетті. Қараңғы үйдің іші одан әрі тынысын тарылтты. Сөйтіп Әбдімәлікпен бірге түтін түтеткен күллі өмірін біртіндеп көз алдынан өткізді. Қуанышы да мол, реніші де жетерлік екен. Соның алдыңғыларын ғана екшеп, тірі жүргеніне шүкірлік жасап, көрген-білгенін жақсылыққа жорыды. Талай-талай белбелес­терді есіне алды. Ара-тұра кірпігінен үзіліп түскен жас тамшыларын да елемеді, ай жарығымен жымия күлген сәттері де жиі ұшырасты... Сосын биік басқышпен жоғары көтерілді. Айдың жүзіне тіктеліп тура қарады. «Әбдімәлік қайда?» – деді төңірегін жарықшақ дауысымен дүр сілкіндіріп. Оған қайтарылған жауап болмады. Шегіртке шырылдады. Жарқанат па, әлде құс жолымен жылы жаққа жол тартқан қасқалдақтар ма, әйтеуір суылдаған қанат сыбдыры тура төбесін жанай өтті. Ақыры Әбдімәлік табылмады. Түптің түбінде ұлы Әнуарбек­ пен жүздесетін болған соң қарамды батырайын деп бекінді ме, әлде әуіт пен Қамбаш көлін жалғастыраған құбыр арқылы балдыр­ лар арасынан бір-ақ шықты ма, дарияның иіріміне батып кетті ме?.. Жан-жаққа іздеу салғандар екі тәулік бойы босқа сандалып, Төретамға түк бітірмей қайтып келді. «Әбдімәлік енді қайтып оралмайды», – деді оның бірбеткей мінезін білетіндер. Артынша «Өзі сондай оқыс өлімді ғана тілеп жүретін еді», – деп тағы үс­ темеледі. Патшагүл жолға шықсам ба, шықпасам ба деген екіұдай күйде.

Қойшы әрі, жаңалық ашқандай біреуден сүйінші сұрауы ке­ рек пе екен. Түкке тұрмайтын-ақ дүние. Оһо, жұрттың бәрі Қыр­ мызының ғажайып әңгімесін ұйып тыңдап, ұмытып қалған жерлерін қайталап сұрап, өзі секілді өмір сүрсе жақсы ғой. Ескі кітаптан оқыды ма, әлде мұнан екі жыл бұрын қайтыс болған әжесі айтып кетті ме, әйтеуір осы бір тәтті түс секілді көріністі мүлде ұмыта алсашы! Оған өкінбейді, керісінше ертең есейген соң қалай болар екен деп те ойлап қояды. Қырмызының кірпіктері қандай ұзын! Көрші келіншектер­ дің ауыздарының суы құриды. Қызғаныштан іштері күйіпжанып, мұның сыртынан телміре қарап тұрғандары сол... Түу... у, шынымен бұл құпияны ешкімнің түсінбейтін болғаны ма. Оу, қайдағы құпия? Е, соны айтам-ау, адам баласы күнмен бірге кү­ ліп оянуға тиіс қой. Енді түсінікті ме, ай, қайдам, сірә, әлі тү­ сінген жоқсыңдар-ау. Кейбіреулерің басымды қатырмашы деп, қолдарыңды бір-ақ сілтерсіңдер... Жә-жә, еріктеріңіз білсін. Бұл әйтеуір, адамдардың барлығы күнмен бірге күліп оянса екен дер еді. Таудың таза ауасын жұтып, кішкене бой сергітіп қайтайық деп, жексенбі сайын апыл-ғұпыл жолға жиналып, таң азаннан тар­тып кететін ағайындардың жансебіл тіршіліктерін де көріп жүрміз ғой. Оның қасында бұл не, тәйірі! Алдымен төсегіңді сүйрелеп тура терезенің алдына алып келесің. Пердені ашық қал­ дыруды ұмытпа. Жын-перілер... қайдағы жын-перілер? Ию-қию асфальт жолдары қайшыласқан күндіз түгілі жеті қараңғы түнде де бір тыныс таппайтын миллион тұрғыны бар мына қаладан бар болса алдымен олардың өздері-ақ қашып кетер. Бітті, енді ыңшыңсыз ұйықтағанды ғана біл. Қырмызының шын жүрегімен ақтарылатын тұсы әлі алда ғой. Небір сөз маржандарымен өрнек­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ теп тастаса да болар еді мұны, бірақ оған шама қайда. Армандай болған арайлы ақ таң!.. Тау басынан науалап құйылған күн сәуле­сі де тура құдай жаратқан жаратылыстың өзіндей таза, мөлдір. Эх, несін айтасың, «жібекті ұқсата алмаған жүн етедінің» кері ғой, өзгеріс енгізген түрімізге қарашы, «құдайдың кұдіретті күшінен» «табиғаттың тамаша көрінісі» дегенге оп-оңай көше салдық. Жәжә, сол науалап құйылған, әлі шаң-тозаңға араласып үлгерме­ген күн сәулесі алғаш рет бетіңнен сүйіп, сені аймалап оятпаушы ма еді. Қырмызының кірпіктері күн сәулесіне суарылған, ұзын, әдемі. Бала күнінде қойныңа алып жататын ала мысықтың құйрығы ма екен, әлде құндыз терісінен тігілген жылы пальтоның жағасы ма екен, әйтеуір бір үлбіреген ақ мамық бетімді қытықтап жатыр-ау деп ойлайсың. Тұрғың келмейді. Одан арғысы есіңе де түсе қой­ майды... Ақ орамалың желбіреп, толқын шайған құм жағалауда жалаң аяғыңның ізі қалып, ал өзің сонау алыстан қол бұлғаған қимас адамыңа асыққандай жүгіріп келесің, жүгіріп келесің. Ұят-ай, қимас адамына асыққаны несі?! Алтыншы сыныптың оқушысы да өсте ме екен, а? Сынып жетекшісі әрі ботаникадан са­ бақ беретін Жасарал ағайы естімесін мұны. Өкпелейді. Ботаника бауына барып, Аполлон көбелегін ұстайтын күні Қырмызыны әлгі «бассыздығы» үшін іздеріне ертпей кетсе, соның өзі-ақ жетіп жатқан жоқ па! Тыс-с... тыс-с-с, ұйқысырап жатып байқамаған ғой, анық солай болды ма, ендеше толқын шайған құм жағалауына да жоламайды. Терезенің пердесі ашық. Ақ бетіңнен аймалап жатқан ала мы­ сықтың құйрығы еместігіне енді анық көзің жетеді. Шаң-тозаңға әлі араласып үлгермеген күн сәулесі бетіңнен, кірпігіңнен, маң­ дайыңнан шөп-шөп сүйеді-ай келіп, сүйеді-ай дейсің! Ал көрші­ лер болса осыны да түсінбейді. Күн көзіне суарылған кірпіктің ұзын әрі әдемі болмасына шарасы қайсы. Мейлі, сенбесеңдер өз­ дерің біліңдер, немене, Қырмызыға өткізіп қойғандарың бар ма еді. Сендер өз жолдарыңмен, ол өз жолымен жүре берсін. Бәлкім, күн­дердің күнінде, ертең есейіп бойжеткен соң «Қияли Қырмызы атанбағаныма шүкіршілік» деп ішегі түйілгенше рақаттанып кү­ лер. Бірақ жыламайды. Себебі ол жастайынан күнмен бірге күліп оянуға үйренген ғой! Көшеде болсын, тіпті алтыншы сабақтан соң сәл шаршаңқырап тротуардың шетімен үйіне қайтып келе жатып

ТАҢДАМАЛЫ та адамдардың бетіне жалтақ-жалтақ қараудан жалықпайды. Мектеп пен үй арасы соншалық қашық емес. Таныс, бейтаныстар, біреулер сүт дүкенінен ескі кебісін әзер сүйретіп, ілбіп келе жатқан көрші кемпірді қағып кете жаздап, алқын-жұлқын аялдамаға қарай жүгіріп бара жатады. Кенет артқы жағыңнан аяқ тықыры естіледі, ол бірте-бірте жақындай түседі. Бұл не? Ауа райын ба, әлде уақыттың қанша болғандығын ба, олар әйтеуір, әне-міне Қырмызыдан бір нәрселерді сұрайтындай елестейді. Жоқ! Мұның ептеп қабағы кіртиеді. Қап, манадан бері жандарынан оқша зу­лап өте шықсашы. Түу, пәтшағар-ай, семіздердің пыс-пыс ауыр дем алғандарына жаны төзбейді. Амалы қайсы, адымын алшақ алып, ілгері қарай озып кетеді. Кірпіш үйдің арғы бұрышынан әдеттегіше баяғы қамытаяқ бастық ағайы шыға келеді. Оу, бастық болмаса кісі сөйте ме, оқтыноқтын біреулерге кейістік білдіргендей, жақ еттері жыбырлап, тағатсыздана мәшинесін күтіп тұр. Жанына жетіп барып, «Ашу­ ланбаңыз, отағасы!» десе қайтер еді. Қайтсін, шалқасынан түсуге шақ қалар. «Бәли, мына сығырдың үп-үлкен кісілерше отағасы деп, оймақтай аузын толтырып сөйлеуін қарашы-ай!» Азу тістері қышырлайды. Керісінше Қырмызының бота көздері жасаурайды. Ұзын кірпіктері төмен құлайды да, ләм-мим деместен су жаңа бәтеңкесінің тұмсығымен жолай кезіккен домалақ тастарды теп­ кілеп өте шығады. Неткен аянышты, ой дүние-ай деп, кәдімгі үлкен кісілерше іштей күрсінеді. Бәлкім, жастығынан ба екен, а! Біреулер бетіне бажырая қараса үркек қояндай ұясына лып береді. Оу, марқұм әжесі айтпақшы, «Адамның басы да алланың домалаған добы ғой». Оның үстіне мына заманның төбеден төніп тұрған қиямет-қайым қиыншылығы қандай!.. Ия-ия, сүйексіз тілді ерттеп мінуге дағдыланған ағайындарға салсаң дүние түгел, қайғы-мұңсыз табылғанды ішіп-жеп, шалқып-тасып жүре бер дейді. Қиямет-қайым қиыншылық болмағаны қайсы: көшедегі басқан қадамың есептеулі, математикалық теңдеулер ережесін жат­тағандығың аз еді, жол жүру ережесі дейтіні тағы шықты, әне! Ереже көп, әйтеуір. Артына бұрылып, әлгі бастық ағасын мәшинесіне мінгізіп, көз­ бен шығарып салады. Әп, бәлем! Ашуланшақ адамдармен ша­руасы енді болсын! Әлжуаз саусақтарын ысқылап жіберіп, «Күнмен күліп ояну» дейтін ғажайып қағиданы қайтадан есіне алады.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Адамдар... адамдар дегені мұның ұзын кірпіктеріне ылғи таңдай қағып, тамсанып жүретін көрші келіншектер. Ойпыр-ой, ұзын кірпіктердің қайдан пайда болатындығы біреуінің басына кіріп шықсашы! Сығандардың қара бояуымен кірпік өспейді. Олардікі баяғы бір мың жылдық арман – алыстағыны арбап қалсақ дейді. Ал күнмен бірге күліп ояну дегенді тіпті қаперлеріне де алмайды. Адамдар алдымен күнмен бірге күліп оянуға бой үйретіп алсыншы, ашулану, бір-біріне ренжу дегендер атымен жоғалар еді. Тіпті қаптаған ережелердің де қажеті болмас еді. Біреу темір кереует астындағы серіппені екпінімен жіберіп қал­ғандай, төсегінен атып тұрды. Күн көзіне суарылған ұзын кір­ піктерін уқалап-уқалап әзер дегенде ажыратып алды. Мәссаған, қабырғадағы дөңгелек сағаттың қызыл тілі тоғызға таяп қалыпты. Енді қайтті, барлық бөлмелерді түгел аралап шықты. Паркет еденге тайып жығылып, тізесін ауыртып алғаны және бар. Әкешешесі, сірә, үйден таяуда шыққанға ұқсайды, үстел үсті абырсабыр. Шай суып та үлгермепті. Қырмызының шекесі тырысты, көше жақ беттегі терезенің алдына келді. Құдай-ау, не болған өзіне! Қолдары дірілдеп, бойлары біртүрлі ауырлай бастаған ба, қалай!? Алтыншы қабаттағы қарама-қарсы пәтерде тұратын Азат апайы не деп еді. Оу, қолынан келмейді екен, қара басып ұйықтап қалатыны бар екен біреуге уәде беріп несі бар. Өлім-ай! Сұп-суық қабырғаға бетін басып біраз тұрды. Тіпті жылауық жауыннан бой тасалап, терезе жақтауына тығылған бес-алты торғайдың шықылықтағандығын да елемеді. Ұзын баулы қара телефонға көзі түсті. Шешесіне өкпелегендегісі, сірә! О пақырың да қайбір жетісіп жүр дейсің. Дүкендегі сүргін түске дейін басылмайды. Жоқ-ау, жазатайым ұйықтап қалсам телефон соғарсың дегені қайда. Тым-тырыс. Азат апайы да бір құдайдан тілеген адам. Дос­ болын «Балабақшаға Қырмызы тәтең алып барады» деп тастап жүре береді. Қаннен-қаперсіз. Және дүние-мүлкіме әлдекімдер қол сұғып жүрмей ме деп те ойламайды. Сенгені ғой. Ал сөйткен Қырмызы бүгін не істеді? Жетістірді. Жап-жас болып ұйқы басып қалған, ұйқы басқырды! Неге, неге екендігін кім білсін, бөлмесіне өтіп бара жатып, есік аузындағы әкесінің ұзын қонышты керзі етігін теуіп жіберді. Жұ­ мыс киімдерін таба алмады. Терезеден сыртқа лақтырмаса да, әлжуаз қолдарымен мыжғылап-мыжғылап тастар еді. Өзімдікі

ТАҢДАМАЛЫ дұрыс, өзгелеріңмен саудаласып тұрар жайым жоқ дейтін нағыз тоңмойынның өзі. Жұрттың көзі суқараңғы да, тек Қырмызының әкесі ғана көреген. Оу, дені дұрыс кісі «Қожамсейіт, тіфә-тіфә, қызың бойжетіп қалыпты ғой» дегенге қайта қуанбай ма. Анау ескі кебісін әзер сүйретіп жүретін көрші кемпірді, таңертеңгілік кірпіш үйдің бұрышында талтайып мәшинесін күтіп тұратын бастық ағайды, тоғызыншы қабаттағы милиционерді шақырып, шап-шағын той жасап жібермей ме? Той ма саған, тоқтай тұр! «Бойжетіп...» Ал әкесі құдды бомба жарылысын естігеннен әрі. Бәрінен бұрын кешегісін айтсаңшы, Қырмызы Азат апайының бір тығыз шаруасымен қала сыртына баратындығын естіген соң «Досболды қасыма алып жатайыншы» деп өлгенше жалынды ғой. Сүп-сүйкімді көршінің монтиған баласын құшағына қысып жатса несі кетеді. Түгі де кетпейді. Ертелеу тұрып балабақшаға да, екі-үш кесе шай ішіп алуға да үлгерер еді. Шешесі алдымен әкеңмен ақылдас деп, оп-оңай құтыла салды. Ақылдасып жетісті. Мойнын ішіне тартып, ә дегеннен қыңырайған. «Ұйқың бұзылады, қайтесің...» Ерінбей-жалықпай қайта айналып келіп, екінші етікті де теуіп кетті. Қабырғадағы дөңгелек сағаттың қызыл тілі тоқтамай­ды. Апыл-ғұпыл киінді де, саусақтары дірілдеп, көрші пәтердің есі­ гін екі-үш бұрап әзер дегенде ашты. Жолың болайын десе осы-ау, Досболды жетектеп алған Қырмызы балабақшаның темір кақ­ пасынан қорқасоқтап аттаған. Ауладан есік алдын сыпырып жүр­ген күзетші шалдан басқа тірі жанды көре алмады. Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп, кішкентайлары қуыршақ ойнауға, одан сәл естиярлары музыка тыңдауға кірісіпті. Қазір түртік ернін шымқай қызылмен бояп алған жас тәрбиеші шығады аш бүйірін таянып. Қызметіме қалтқысыз берілгендігімді осы қылығыммен дәлелдей түсейін дей ме, әлде жұртқа көз болсын дей ме, құдды кішкентай Досболдың туған апасымен жүздесіп тұрғандай сәл кешіксең бітті, шап ете қалады. Түк таппаса «Бәтеңкесінің бауын неге дұрыс байламайсыңдар?» деп ұрсады. Жә, мейлі, әйтеуір бір кезде шаршап-шалдығып өзі-ақ қояр дейді Қырмызы. Ағаш басқышпен жоғары өрледі. Бақандай бір сағат кешіктің­ дер деп қабылдамай қойса да көңілі баяғыдай. Шын ерегесті ме, мектебіне-ақ алып кетеді. Сыныптасы Базарайым да бөпесін талай мәрте алып келген. Содан ұлы бар, қызы бар бір сыныптың бүткіл

Қуаныш ЖИЕНБАЙ баласы өбектеп, соның асты-үстіне түскені қайда. Осы аралыққа келгенде сәл мүдіріп қалды. Күнмен күліп оянатын ұзын кірпік­ті қыздың шынымен біреуге өкпелеуге, ренжуге құқы бар ма?! И... и, ішін ит жегір-ай, безеубет тәрбиеші өзінен көрсін. Оу, дүние күйіп кетсе де адам деген, сірә, сабырлы болмас па. Жұрттың бәріне сендер неге күнмен бірге күліп оянбайсыңдар деп, күйіп-пісіп жүретін Қырмызының ақ ниетті ару қыз екендігінде инедей шаруасы жоқ. Тек дүрсе қоя береді. Және «Өгіздей боп...» деп қайдағы-жоқты тауып ала қоятындығын қайтерсің. Қырмызы аң-таң. Егделеу әйел күліп келіп есік ашты. – Досбол, түнімен мультфильм көріп ұйықтап қалдың-ау, сірә? – Доқ. – Жарайды, доқ болса, доқ болсын. Киімдеріңді іл де, музыка сабағына кіре ғой. Бала шекесін қасып әлдене сұрауға оқталғандай еді. – Тамақ ішесің бе? – Доқ. – Жарайды, доқ болса, доқ болсын. – Қимызы тәте, бүгін ейтиек алып кетші, а? – Тәрбиеші сенімен тәжікелесіп тұруға уақыт тапшы дегендей, Досболдың құйрығынан қағып, арғы бөлмеге өткізіп жіберді. – Жанкүміс апайлары сессиясына кетіп еді, мен уақытша ғана жұмыс істеп жүрмін. Е, Қырмызы безеубет тәрбиешіні сағынып отыр деген. Егделеу әйел балалардың шашылып қалған киімдерін жинастырып жа­ тып Қырмызыға тесіле қарады. – Сауабы тиеді, құлдығым! – Сәл үнсіздіктен соң әңгімесін әрі жалғады. – Тірі адам тіршілігін жасайды. Әйелі, балалары да кемістік көріп көштен қалмайды. Қыршынынан қиылған Қо­ нысбай болмаса, кімнің несі кетер дейсің. Қырмызы мұншалық ащылау әңгімелерді тыңдауға да, айту­ ға да дайын емес еді. Жүрегі жиілеп соқты. Досболдың әкесі Қо­ нысбайдың аты аталғанда тіпті бір жерде байыздап тұра ал­мады. Салмағын бір аяғынан екіншісіне ауыстырды. «Марқұм жақсы адам еді ғой» деуге де шамасы жетпеді. Ұзын кірпіктерінің ауыр­ лай бастағандығын да енді аңғарды. Мына бір бейтаныс әйел­ дің таскенеше жабысуын! Жүдә, жібергісі жоқ. Ту-у, адам­дарға ренжімейін, ренжімейін-ақ дейсің, міне, аяғыңды аттап бассаң

ТАҢДАМАЛЫ осы. Әйтеуір, ойламаған жерден бір нәрсеге кезіге кетеді. Әлде тұ­ зы жеңілдеу ме, түсіне алсашы. Міне, енді тапты, күллі адамзат күнмен бірге күліп оянуды үйренбейінше мына қисық, қыңыр дүние бәрібір оңалмайды. Кәрібоздың, Күнқияштың, Досболдың әкесі – Қонысбай шы­ нымен тамаша адам еді ғой. Марқұм болғандарға ғайбат сөз ай­ тылмайды. Бірақ бұл ғибрат-дәстүрді Қырмызы қайдан білсін. Құ­ дай аузына салды, айтты. ...Онда да дәл осындай күзге салым уақыт болатын. Қонысбай көршісі де Қырмызының әкесі секілді жүргізуші. Жай жүргізуші болса бір сәрі ғой, екеуі де тіркемелі ауыр мәшинелерді ғана жүргізеді. Ауыр мәшинелер ауыл-үй арасында секектеп не бі­ тірсін? Көн табанымен сахараның қызыл құмын кесіп өтетін қос өркешті қара нарлар бар емес пе және оларың апта бойы ап­ тап ыстықта шөліркемей жүре береді. Әне, шөлге жаратылған жануарлар деп соларды айт. Ой, Кәрібоз да тәмпіш танауын тартып қойып, әкесінің мәшинесін мақтай жөнелгенде бір тоқтамайтын еді ғой. Рас, ара-арасында қызуқандылықпен тым асырыңқырап та жіберетін. Мәселе майын тамызып айтуда ғой. Оның әңгімесін жалғыз Қырмызы түгіл бүкіл сынып болып қызыға тыңдайтын. Әрине, кейбіреулері әкелерінің жүргізуші болмағанына ренжір еді. Сіріңкенің қорабындай ма, әлде онан сәл кішірек пе, әйтеуір атом деген бір керемет шыққан екен дейді. Әкелерінің мықтылығының өзі сонда ғой, сол сіріңкенің қорабындай құдіретті қорықпай қалталарына салып жүреді екен де, алдарынан жықпыл-жықпыл жота кезіксе сәл аялдап, әлгіні іске қосып, ілгері қарай тарта береді екен жарықтықтар. Кәрібоздың қазір қайда тұрып, қайда оқып жатқандығынан Қырмызы мүлдем бейхабар. Әкесінің туыс­та­ры Арал теңізінің жағалауынан еді. Теңіз тартылса, онда қайбір оңды тіршілік болушы еді. Балықшылар әулеті темір жол бойында­ғы бекеттерге келіп қоныстанып жатыр дегенді де ұзын­ құлақтан естіген. Үмітсіз емес. Іші жылып қалады. Темір жол бойына бір табаны іліксе пысық бала туған шешесін – Азат апайды бәрібір іздеп табады ғой. Қырмызының да есебі түгел, эх, екеуін кездесуге жазса Кәрібоздың сондағы тым ұшқарылау айтқан әңгімесін бе­тіне басып, өзін бір оңбай ұялтар еді-ау. Кімді ақымақ қылғандығын қайдам, сөйтсе әлгі аяқ-қолын жерге тигізбеген мәшинелер бензиннің қалдығымен-ақ зырлай береді екен ғой.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Ажал айтып келе ме деген сол, әне. Тіпті ойламаған жерден. Таудағы малшылар үйін көшірісіп келе жатып ауыр мәшиненің доңғалағы тайып кетеді де, сол екпінімен лықсып барып терең сайдың ұлтанынан бір-ақ шығады. Бір жақсысы, құдая тоба, Кәрібоздың әкесі бір жамандықтың болатындығын алдын ала сез­гендей, жолға да жалғыз шығыпты ғой. О, береке тапқыр, он­дайда біздің тексерушілер қандай, арыстай азаматтың ар­ тын­да жылап-сықтап жетім қалған балаларының жағдайы не болар деместен, әдейі тікұшақ жалдап, сол сай табанына қарай тартпай ма. Үйреншікті шаруа. Содан әр жерде шашылып қалған денені экспертизге салады. «Таза екен барлығы, арақ ішпепті» деген анықтама жазылады. Оу, Кәрібоздың әкесінің арақ ішіп, қылжақтап жүргендігін кім көріпті? Көршілердің бірі қалмай зар илейді, ал Қырмызының шешесінің күйінгені соншалық, нан дүкенін екі күнге жауып тастап, осындағы ең үлкен дәрігеріне салып ұрып жетіп барады. «Онсыз да құдай сорлатқан адамды одан әрі әурелеудің керегі не?!» депті ашуға булығып. Қырмызының бесіншіні тауысқан жылы. Құлыншақтай құлды­ раңдап ойнап жүрген бала. Және адамдардың аулаға соншалық көп жиналғандығын да көріп тұрғаны сол еді. Әуелі әткеншек тепті, содан ауланың дәл ортасындағы қара ағаштың бұтағына жар­масты. Қанша әуреленсе де қолының бұтаққа ілікпей-ақ қой­ ғаны. Секіруін секіреді-ақ, бірақ бойы жетпейді. Құйрығымен тастақ жерге топ ете түседі. Алтыншы қабаттан ашық терезеге де әлсін-әлсін қарап қояды. Кәрібоз көрінбейді. «Көршілердің тентек балаларымен енді ойнағаныңды көрмейін» деп сыртынан бекітіп кететін көк долы әйелдерге Азат апайы мүлде ұқсамайтын. Барынша Кәрібоздың Қырмызының қасында жүргендігін тәуір көретін. Қырмызы жалғыз. Қасына қара болсын дей ме, әлде біреу-міреу тиіспесін дей ме, әйтеуір Кәрібоз Қырмызының «теле­ охранителі». Ой, қайдағы тиіскен, тіркемелі ауыр мәшине­лерді жүйткітіп, апталап, тіпті айлап үй көрмей кететін Қожамсейіт пен Қонысбайдың балаларына соқтығысып өле алмай жүр ме?! Сіріңкенің қорабындай атом деген құдіретті қорықпастан қал­ таларына салып жүретін ержүрек батырлар нені тыңдасын? Бір күні сенің тырли арық денеңді күректей қолдарымен шеңгелдеп ұстайды да, мәшиненің қорабына атып ұрады. Азынаған көшеде айқайыңды кім естиді? Шу, қарақұйрық! Мүмкін, тау-тастың

ТАҢДАМАЛЫ арасындағы бүркіт ұясына апарып тастар, не шөлейт даладағы бір бұтаның түбіне қалдырып кетер. Қалай болғанда да жақсы емес. Тау бүркітінің міне көктен іздегені жерден табылды, темір тырнақтары шөп тиегіш трактордың тырмаларынан аумайды... Ищі-ай, денең тітіркенеді-ей! Құм кесірткелері де сені арқаларына салып, тегіннен-тегін жер-жиһанды аралата қоймас. Қалтасын­ да сіріңкенің қорабындай атом жүргендігін ұмытып кете ме, кім білсін, кейде Кәрібоздың әкесі ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатса да ауладағы шапқылап жүрген балаларды көрсе бітті, анадайдан тоқтап, «Бері келсеңдерші, жолбарыстарым-ау» деп жанына шақырып алады. Алғашында жүрексінесің. Кәрібоздың айтуынша, атом деген пәленің кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін ғой! И...и, жарағыр-ай, Кәрібоздың әңгімесіне ылғи бас шұлғып, жаман үйреніп кеткендерін айтам да. «Аға, атом деген мұз жарғыш кемелерде болмайтын ба еді?» десе, соның өзі-ақ жетіп жатқан жоқ па! «Оу, сайыпқырандарымау, сендердің айтып тұрғандарың қайдағы атом!?» Міне, мәселенің түйіні осы жерден шешілер еді. Ұзын бойлы, мұрт­ты қара кісі күнұзақты рөлде қадалып отырғандығын ұмы­тып, рақаттанып бір күлер еді. «Атом дегенді қайдан шы­ ғардыңдар»... Е, бәрі түсінікті, енді тіркемелі ауыр мәшине­нің кабинасына қорықпастан міне беруге болады. Кәрібозды да күтекүте шаршады-ай! Қытығы келсе де терек басына бір шығып алғанға не жетсін. Өзгелерге жалынғысы келмейді. Оларға салса не тәйірі, аямайды әрі қолтығының астынан без секілді булығып өсіп келе жатқан бір нәрсені мытып кеп жіберсін дейсің бе. Қыз-ық! ...Алғашында бұл неткен музыка деп таңғалған. Әлгі жинал­ ған көпшілік толқындай тербеліп, біреулер биік басқышпен жайлап жылжып, қызыл пүлішпен тысталған ап-ауыр затты қолтықтасып түсіріп келе жатты. Бәли, тоғызыншы қабаттағы милиционер ағайды қара! Қарапайым киінген, бірақ қабағы қа­ тулы. Әлдекімдерге ыммен нұсқау беріп, жосып жүр. Бет әлпеті гүп боп ісініп кеткен Азат апайы ой, бір кезде аңырасын-ай! Қызыл пүлішпен тысталған ауыр затты жайлап қана жерге қойды. Азат апайы, Кәрібоз және Күнқияш үшеуін бір жігіт суретке түсірді. Бұл жолы Қырмызыны елеген тірі жан болмады. Топ арасынан сығалап әкесін іздеген. Тапты. Ілгері өтіңкіреп жанына барды. Біреулердің қысқа-қысқа сөйлегендерін естіді.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Кенет қайдан шыққаны белгісіз, әп-әдемі Аполлон көбелегінің қалықтап барып, әлгі қызыл пүлішті ауыр заттың ернеуіне қона кеткені. Қол созымдай ғана жер. Алақаны қышыды. Япыр-ау, мынау нағыз Аполлонның өзі ғой. Сонша жерден сандалып не жейін деп келді екен? Жасарал ағайларының айтуынша, Апол­ лон көбелегі тек гүлзар бақтардың арасында ғана жүруге тиіс еді. Кө­зі қызығып-ақ тұр. Туһ, мына кісілердің арасынан өте алмайдыау, ә! Әйтпесе мысықтабандап алға жылжып, қанатынан шап беріп ұстай алар еді. «Оу, Кәрібоздың бүгінгісіне жол болсын, кісі бола қалыпты ғой, жүдә. Шынымен Аполлон көбелегін көрмей тұрғаны ма? И... и, кепкісімен баса салсашы». Кішкентай алақанымен аузын көлегейлеп және біреулер естіп қойып, бұлардың «олжасын» көрер көзге қақшып кететіндей: – Аполлон, біздің аулаға Аполлон келді, – деп тұншыға дауыс­ тады. Сол – сол-ақ екен, оң бүйірі солқ ете түсті. Баланың басын­дай әкесінің жұдырығы тиген соң оңсын ба. Ұзын кірпіктеріне ыпыстық жас үйірілді. Ығысып шетке шықты. «Аулаға Аполлон көбелегінің ұшып келгендігін де айтуға болмай ма!?» Шешесі Азат апайының жанында тұр екен назарын төмен салып. Жете алмады. Соның артынша қалың топ сеңдей соғылысып, ауланың арғы бұрышына қарай ойысты... – Басына мрамордан ескерткіш орнатты ма? – Бейтаныс әйел­ дің бұған әлі де жұмбақтау естілетін кәди-сәди әңгімелерді не себепті тықпалай беретіндігін түсіне алмады. – Мен кетейін, апа, – деді Қырмызы ізетпен ғана. Әке-шешесі ең құрыса ішкен шайларын жинап кетуге де үлгермейді. Еден жуу, сыртқа қоқыс шығару, гүлдерге су құю Қырмызының мойнын­да. Жасарал ағайының тапсырмасы және бар. Қайың жапырағынан жұлдызша жасайсыңдар деді. – Айттым, айтқаным айтқан, мен білсем, Қонысбайдың қаты­ ны байының асына әзер шыдап жүрген шығар. Несі кетсін, ертең біреумен ыртың-жыртың көңіл қосып шыға келеді. Әлі қырыққа келмеген әйел дағарадай үйде жалғыздан-жалғыз қайтіп жатсын? Безеубет тәрбиешіге өкпелегені бекер болды. Қырмызы оның шаң-шұң айқайын арқасымен тыңдайтын да, Досболдың киімде­

ТАҢДАМАЛЫ рін жәшігіне іліп, ізінше тайып тұратын. Ал мына кісінің тірлігі­ не қайтіп таңғалмассың?! Қырмызы желкесін қасыды: «Қайдан көрдім?» Есіне түсіре алсашы. Айдалада жүрген Азат апайының жер-жебіріне жетіп, сырттай сойып салуға қарағанда араларында бір кілтипан бар-ау, сірә! – Сау тұрыңыз, сабаққа дайындалуым керек еді, – деп Қырмызы есікке беттеді. Бейтаныс әйел мұны күтпесе керек, жүзі сұрланып сала берді. – Қайда оқисың? – Жетпіс үште. – Жетпіс үшің осы заманның мектебі ғой, әйтеуір. – Иә. – Сендерді осы күнгінің мектебі өстіп оқыта ма, үлкеннің әң­ гімесін аяғына дейін тыңдамаңдар дей ме?.. Қырмызының жүні жығылып қалды. Терезенің арғы бетінде аула сыпырып жүрген күзетші шалдан да көмек шамалы еді. Түк таппағандай оның әрбір қимылын қадағалады да отырды. Қамыс сыпыртқысын қабырғаға сүйей салып, темекі орауға кірісті. Саусақтары дір-дір. Қап, сол ит жегірді жанындағы қоқыс салған қорапшаға атып ұрса жөн болар еді-ау. Шылым шегетіндей әлқуаты жетіп артылса сөз бар ма. Тамақ тамырлары білеуленіп, екі иығы одан әрмен қушиып, жөтел қысқанда ана дүниеге жүріп кете жаздайды. – Мына кісіні дәрігерге қарату керек қой, – деді Қырмызы. – «Ал, қасарысқанның жөні қалай болар екен?». – Е, жетпегені сол еді маған. Алдымен шиеттей балаларымды асырап алайын. Оның үстіне бір шәригі кеміс күйеу тап келсе, енді қайт дейсің. Таза ақымақ біз болыппыз. Үндемей жүріп сенің шешең озды бәрімізден. Бір бала тапты да, тормоз берді. Біз не... – Мамамды қайдан білесіз? – Манадан бері мені қабырғаға сөйлеп жатыр деп ойладың ба?! Қожамсейіттің жалғыз қызы болған соң іш тартып, былай... «Кетемін де кетемін». Ой, шірік, қара бұлардың кісі бола қалуын! Қала баласының қай оңғаны бар, шетінен кісікиік. «Шешемді қайдан танисың» дейді және де. Шәрипан мен Қожамсейітті өз қолыммен үйлендірсем, жалғыз қызының шілдеханасын бастанаяқ өзім атқарыссам. Әкеңнің дәу мәшинесімен перзентханадан алып келгенде сен былқ-сылқ етіп, боққа былғанып жатқан бір 14-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ шикіөкпе едің. Енді кісі болды, кіндік шешенің керегі не бұларға! – Бейтаныс әйел орнынан ұшып түрегелді. – Қойыңдар-әй, өй, өң­ шең жүгірмек! Қырмызы есік саңылауынан жылтың-жылтың қараған Дос­ болға көрінгісі келмеді. – Бар әрі, осы ойыны осылғырлардың жүріс-тұрыстары да тұр­ пайы. Терезені сындырып қойса да құнын мен төлеймін, жалғыз айлыққа қараған күнің құрысын. Қожамсейіт секілді әйелін талтаңдатып қоятын күйеу қайда бізге. Есік тарс жабылды да, Қырмызы сыртқа атылды. Күзетші шал­ дан «кіндік шешесінің» атын сұрап білді. Ырысжан, Ырысжан апай деуге біртүрлі аузы бармады. * Қала сыртындағы аумағы атшаптырым ескі гараж ертеңгілік құжынаған бал арасының ұясына ұқсайды. Бұл жерде бір көр­ ген біліс, ет жақын таныс деген болмайды. Жұрттың бәрі бір­ дей. Сәлем-сауқатыңның өзі сатулы. Жайма базардың сауда­ герлеріндей бір жағынан уақыт өтсін деп, бір шәугім шайдан соң көк насыбайды тілдің астына тастап жіберіп, өткен-кеткен, тұқым-жұрағаттан сыпыртып әңгіме соғатын уақыт жоқ. «Мына сұмырайға не көрінген» демес үшін әріптестеріңмен барын­ша күліп амандасуға тырысасың. Не кабинаның ішінен қол бұлғай­ сың да ылдым-жылдым өте шығасың. Олар да соған үйренген, «Баламның мектепке барғаны, болмаса өзімнің туған күніммен неге құттықтамады-ау» деп өкпелемейді. Жо-жоқ, жүргізушілер де құдайдың кұлы ғой. Үнемі қыл­ көпірдің үстінде жүреді екен деп, тым тұқыртып жібергендігіміз жараспас. Біреулер аман-есен алыс рейстен оралады, біреулер уһ деп мәшинесінің шашылып қалған тетіктерін жинап үлгереді. Көңілге демеу. Міне, сондайда сылағы түскен көк түтін асханадағы көзкөрген аспазшы келіншектермен әзілдесіп, тамақтан кейін тіс шұқысып дегендей, бір-екеуінің аз-маз шүйіркелесе қалатын сәттері де болып тұрады. Сөйткенше болмай, шаңға көміп тұстарынан бір жүк мәшинесі құйғытып өте шығады. – Иттің баласы! – Көкірегімен көк тіреген мұның кім-ей!? – Нөмерін қарасаңдаршы.

ТАҢДАМАЛЫ – Тоқсан төртінші. – Е, Жұмағали екен ғой. – Қайсысы, Жорасы ма, Жұмағалиы ма? – Қисық жауырын Жұмағалиды айтамын. Өле алмай жүріп жердің астындағысын білетін бәле екен. Әйтеуір, бас инженердің о жағына бір, бұ жағына бір шығып, жылпылдап жүріп-ақ бар шаруасын түгелдеп алды. Бұрынғысымен де жер-жаһанды жалмап бітіп еді. Жұрттың-ақ жолы болғыш. Су жаңа ЗИЛ-ді көзді ашыпжұмғанша қақты да кетті. – Қисық жауырыннан қалады біздің басымыз түбінде. – Оу, неғып? – Бәсе, неғып... Әйелі директордың түп нағашылары көрінеді ғой. – Бәсе, адам басып кетердей ақилануы жаман еді. Үнемі жол үстінде жүреді дегенмен, аздаған бақталастық, көре алмаушылық, біреудің қала сыртынан келістіріп саяжай салып алғанына деген қызғаныш, көзді ала бере бірінің мәшинесін­дегі қолға түспейтін тетікті бірінің жымқырып кетуі деген секілді шағын «драмалар» бетон дуалдары шұрық-шұрық тесілген бұл ескі гаражда да жиі-жиі болып тұрады. Ой, бұған да, мұнан күр­ делілеріне де ет үйренді ғой. Жалақы алған күндері тісқаққан қулар бір жас жігіттің қалтасына аз-маз теңге жинап беріп, жолдың арғы бетіндегі дүкенге жұмсайды. О, сорыңды ұрайын, әлгі дүкенге жұмсаған шикіөкпенің өзін­ ше ойлап тапқан «бастамасының» түрін қарашы-ей!.. Бес-алты бөтелкені тақымына басып алған соң, тьш-тыныш жүре бермей ме. Жоқ, иегін уқалап отырып, өзіме тиесілісінен қырлы стақанмен тартып алсам қайтеді дейді. Батылдық үшін! Әлгінің уы басына тепкенше мына тұрған гаражға салып ұрып жетіп бармай ма, «шалдардың» алдында қашанғы бүгежектейді. Мұның да тілі шыққандығын сезінсін. Міне, кеселінен сақтай көр деп, бұрылыс жолға түсесің де гаражға туралап тартасың. Әне жетемін, міне жетемін. Кенет қақпа алдынан сарғыш реңді мәшине күтіп алады. Қайда қашасың. Өңіріне алақандай значок таққан МАИ-дағы танысың күле жүріп, өзінше әзілдескен болып, бар құжатыңды ақтай сыпырып алады. Сырттан қараған біреудің бүгін немене Қожамсейітті жын қағып кетті ме деуі де мүмкін-ау, ә?! Аяғы-аяғына тисейші, жо­

Қуаныш ЖИЕНБАЙ сып жүр. Үй іргесіндегі аялдамаға шығып, автобазаның бір мә­­ шинесіне кезігіп қалармын деп дәмеленіп еді. Өңкиген Қо­жам­ сейітті танымай сайтан ұрыпты ма оларды? Қол көтерсе біт­ті ғой, ауыр доңғалақтар асфальт жолдың бір қабат терісін сыдыр­ ғандай ыңыранып барады да, анадай жерге дік етіп тоқ­тай қалады. Гараж алыс емес, мықтағанда алты аялдама. Автобус­қа итініп-сұғынып ілігуін ілігер ғой. Одан арғысына жаны төзбейді. Қалалық байғұстардың жұмысқа барар-қайтар тірліктерін құдай адам баласының басына бермесін. Тозақ әншейін, әдейілеп істей­ тіндей ұзында өші, қысқада кегі бар ма. Инабат, ізет сақтап-ақ өте шыққың келеді. Сөйткенше, әлдекімдердің бөкселерінің арасын­ да қысылып қалмас үшін жан екпінмен алға ұмтыласың. Әне, алдыңғы қатарда әзер тұрған бикештің баж ете қалғандығын бірақ аңғарасың. Аяғын мыжып кеттің. Жаның ашиды. Е, сенің тұзы татымсыз кешірімің керек-ақ еді оларға. О-о, автобус аңдап, күн сайын қатын-баласының жанынан та­ был­ғанына мәз болып, өстіп әркімнің ұрыс-керісін естіп мың­ қиып жүретіндерді Қожамсейіт соншалық жақсы көрмейді. Оу, жүргізушінің жүргізушісі жол үстінде танылады. Не көп, қазір дүбәра жүргізушілер көп. Жә-жә, таспадай тартылған тас жолдың үстінде ыңылдап өлең айтып ағызып келе жатқанға не жетсін! Тым асыра сілтеңкіреп жібергеннен сау ма, таспадай тартылған тас жолдың үстінде әрине, үнемі ән салып жүре бермейтін де күн туады. Сүрінесің, жығыласың, бұзыласың. Ілініп-салынып қайта тұрасың. Бірде шөлейт даланың қақ ортасында тұрып қалып, шөлден қаталап өлмес үшін ащы жусанның тамырын соруға да тура келер. Тау-тастың арасынан бұлақ көзін таба алмай діңкелерсің. Өмір ғой. Ол қала ішіндегі картаға сызылған белгілі маршруттар емес. Қиын, бірақ қызық... Аялдамадағы топ жүргіншінің арасынан мойнын созып, кес­ теңдеп олай-былай жүріп өтті. Қас қылғандай бір мәшине ке­ зікпеді. Сосын сағатына бір қарап алып, келесі автобустың арт­қы есігінен сүңгіді де кетті. * Сабаққа түстен кейін баратыны жаман. Түкке үлгермей­ сің. Әке-шешеңнің әдеттегіше жиналмай қалған кесе-шәйнегін жуып, еденді құрғақ шүберекпен сүртемін дегенше-ақ күн көзі

ТАҢДАМАЛЫ тас төбеге тырмысады. Қабырғадағы үлкен сағаты түскір де жүйкеңді жеп бітеді-ай! Сарт-сұрт, сарт-сұрт. Оның несі кетсін, ара-арасында бір қоңырау соғып, талай шаруаны тындырып тас­ тағандай жасанды «әтешті» бір шыңғыртып алады да, ілгері қа­ рай тарта береді. Қырмызының ойына әлдебір қызық оқиға оралғандай күліп жіберді. Терезе жақтауындағы гүл көшеттеріне су құйып жүрген. Тыс-тыс-с, міне, тамаша! Паркет еденді тырп-тырп басып, есіктің екінші құлпын да іштен бекітіп келді. «Көрмей тұрмысың, сон­ шалық қадалуын қарашы-ей! – Маңдайына төгілген сарғыш ша­ шын артқа қарай сілкіп тастады. – Бойым сырықтай. Айтпағың сол ғой. Танымай қалдым демекпісің. Е, мейлі... а-а, таптым, таптым, сен секілді мені ешкім де қабырғаға тас қып байлап қоя алмайды. Адаммын, күлемін, жүремін. Дене мүшелерім тынымсыз қимылдауға жаратылған. Енді түсінікті ме?» Арғы бөлмеге қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан. Туһ, мұнша­ лық сужүрек болар ма. Төбе құйқасы шымырлады. Ұзын кірпік­ тері әлсін-әлі жыпылықтап, есік жапқыштың тасасынан жанжағына бұқпантайлап қараған. Аяғын салбыратып әлдекімнің терезеден түсіп келе жатқандай елестегені. Ішін ит жегір, сөйтсе әлгі сағат екен бәрін бүлдіріп жүрген. Бүгін неғып со пәлеге көңіл бөле қалғандығын қайдам. Әншейінде, өңеші үңірейіп қанша қақылдаса да мән берместен өз шаруасын тастай тындырып жүре беруші еді. Гүл көшеттерін суарып болысымен, қоқыс толы қаңылтыр жәшікті қарына іле салып, сыртқа жүгіретін. Лифті шақырмайды, кішкентай нүктесі сөніп тұрса да әдейі шақыр­ майды. Тоғыз қабатты зәулім үйдің кәрі-құртаңын жоғары-тө­ мен тынымсыз тасымалдап тұрған техника оған бола белінен шойырылып қалмас. Әпенді, барып тұрған әпенді! Қырмызы­ның мұнысын көрші подъездегі жалақ Жанғали естісінші, оған ке­ ре­гінің өзі сол. Жерден жеті қоян тапқандай ішін басып, ойхой, көзінен жас аққанша шиқылдар-ау. Өй, ішегі түйіліп қалғыр! Тірі жанға қарғыс айтпайыншы, біреуді сыртынан тілдемейінші дейсің ғой. Жүрген жеріне шөп шықпайтын қудың өзі ол да бір. Қырмызы­ дан ала алмай жүрген өші бар ма, әлде әдейі тиісіп бағайын, сосын тілі шығады, бір сөз айтса тас кенеше жабысып, қыр соңынан қалмай қоятыным тағы бар дей ме, кім білсін. Кеше ауланың арғы бұрышындағы темір сарайдың жанынан өте бергені сол еді,

Қуаныш ЖИЕНБАЙ көзіне әлдебір жазудың оттай басылғаны. «Кәрібоз + Қырмызы». Түсінікті ғой, жалақ ерін Жанғалидан басқа мұндай жаман сөз­ ді кім жазсын? Көйлегінің жеңімен жазуы түскірді асығысүсігіс сүртті де тастады. Қайтерсің, ол ақымақ Қырмызының бұл жақсылығын да түсінбейді. Әкесінің байқап қалмағандығына шүкір әйтеуір, кімнің баласы болсаң оның баласы бол, жерге қазық қылып қағып жібереді, білдің бе?! Солай, лифтісі құрысын дейді Қырмызы. Төменде білек тамыр­лары білем-білем болып, көздері жасаурап, ауыр сөмкесін жерге бір қойып, бір көтеріп тыпыршып көрші кемпір тұр екен-ақ дейікші. Лифтінің ішінен лақтай секіріп Қырмызы шығып келе жатады. Не бетіңді айтасың. Алда-жалда мұндай берекесіздікке жолықтыра көрмесін-ай! Жолықтыра көрмесін! Сосын қаңылтыр жәшігінің де даңғырын сездірмей, цемент басқышпен жүгіріп төмен түседі, жүгіріп жоғары шығады... Не деп кетті-ей?! Дені дұрыс па? Айдың-күннің аманында емен есікті екі жерден кілттеп несі бар?! Басын ұстады, орнында. Жүрегінің атша тулауын! Тағы күлді. Тамаша! Міне, кешелі-бері толқын тепкісімен ақ қайраңға шығып қалған өлі балықтай тірі жанға керегі болмай және біреуге тиісейін десе сылтау таппай, іштей булығып-ақ жүр еді. Дұрыс болды, ойпыр-ой, сонша сақтығына не берерсің. Біреу ұрлығының үстінен түсетіндей, терезенің пердесін де тұмшалап тастапты. Қабырғадағы үлкен сағаттың өңеші оқыс үңірейіп, жасанды «әтеш» жылтың етіп, қайта шыға келіп еді, Қырмызы тіпті көңіл аудармағандай бір орын­да қасқиып тұра берді. «Өкпелемейінші» деп шыдап бақтым. Бәрін бүлдіріп жүрген өзің. Бір кездегі екеуміздің достығымыз қандай еді, а!? Дос тү­ гілі дұшпан қызыққандай емес пе еді. Әне, сөз саптауымнан-ақ бір нәрсенің ұштығын аңғарған боларсың. Тіршілік деген сол, тіршіліктің аты – тіршілік. Бүгін бір үлкен кісілерше ші­ре­ніп тұрып, ит теріңді басыңа қаптайыншы деп ем. Оу, біздің дос­ тығымыздың жеткен жері осы ма? Бәрекелді, онда жетіскен екен­ біз. Қырмызы бойжетті, енді менімен сырласып не қылсын дей­ сің-ау, ә?! Мұндайың болса осы бастан айтып қал! Бірақ менің кә­ кір-шүкірге ашуланбайтындығымды білесің. Күнмен күліп ояна­ тын­дардың бәрі де ашуланбайды. Оһо, неменеге бұртия қал­дың?! Сенбей тұрмысың, қызыл тіліңді қанша сумаңдатсаң да сенің құ­

ТАҢДАМАЛЫ ның көк тиын. Басыңды шайқамақ түгілі шашылып қалсаң да, шегінерге жерің жоқ. Өнесі-ей, осының бәрі менің дегеніммен болып жатқандай-ақ бұртияды ғой, жүдә. Адаммын, сен секілді бір шеңбердің бойымен ертеңді-кеш шиырлап жүруді менің маң­дайы­ ма жазбаған. Алтыншы сыныпты жаңадан бастадық. Жетінші, сегі­зінші... оныншы. Марқұм, инеліктей ілмиіп жүретін Жаңыл әжемді білуші ме едің?! Әне, сол кісіні де ұмытып қалдың, ә! Дәл осы жерде арқасын қабырғаға беріп, тапжылмай отыратындығы қайда? Суқараңғы соқыр болатын. Түзге барар кезде тыпырлап, мені іздейтін еді ғой. Енді есіңе түскен болар. Өмірдің көзді ашыпжұмғанша өте шығатындығын сол кісінің аузынан естігенмін. Алтыншыны бітірмей жатып, Қырмызының қара қарғаша қа­ қылдауын-ай деп, мені иттің етінен жек көретіндер де табылар. Табылар деймін-ау, қазір-ақ жетіп артылады. Сегізінші қабаттан Сәнімкүлді білетін шығарсың? Өткенде ше, ойымда түк жоқ, сөмкемді иығыма асынып, жайбарақат мектеп­ке кетіп бара жатқам. Оның да Жанаргүлі менімен құрдас. Ал бетіне қарасаң құсқың келеді. Көзі тұздай-ау, тұздай! Оған менің қандай қосылысым бар. Әлгі апайым айт жоқ, той жоқ жеңімнен жұлқи тартып тоқтатып алсын да өй-дөй, қызын дәп бір шойын қазанға салып шыжғырғандай ал кеп ұрыссын, ал кеп ұрыссын. «Жұрт баласын қайтіп тәрбиелейді» деді ме-ау, «Жерден шыққандай мына жаман шопыр Қожамсейіттің қызының кісі бола қалуын» деді ме-ау, әйтеуір, қарадай-қарап ішімді кептірген. Не дейін, басымды төмен салдым да үн-түнсіз жүре бердім. Ал балабақшадағы безеу бет тәрбиешінің де мен дегенде атарға оғы жоқ. Ой, оны айтасың, төртінші қабаттағы әлгі ескі кебісін әзер сүйретіп жүретін кәрі кемпірдің ішкіш баласының айдалаға ла­ ғып, көкігенін айтсаңшы. «Шіркін, менің әйелімнің кірпігі де сенікіндей болса!» «Со заматында өле қалар ма едің». Тілімді түртіп тұрған сөз­ дерді айтуға да батылым жетпеді. Әлі кішкентаймын». ...Қала сыртындағы ескі үйлердің бір бөлмесінен осында көшіп келген жылы әжесі дүние салды. О кезде «дүние салдының» мәнмағынасын түсінетіндей жағдай қайда. Енді кеп ішің ашиды. «Жә-жә, бәрің сондайсыңдар, ал батырым, сен неғып басыңды шайқай қалдың. Сол соқыр кемпір мүрдесінің қайда жатқандығын білетін болсаң, менің бетіме тура қарашы, кәне!» Сырттан құлақ

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жаңғыртарлық ащы айқай естіп тұрғаннан саумын ба деп еді. Сартсұрт, сарт-сұрт. Сөйтсе сағат, сағат «сөйлеп» тұр! Және тұла бойыңа ине сұғып жатқандай, шыбын жаныңды тура көзіңе көрсетуін. Бұл «құдіретін» ол, бәлкім, Қырмызы түсінетін болған соң ғана «көрсетіп» жатқан шығар. Әйтпесе қабырғадағы дөңгелек сағат сөйлеп кетті деген не сұмдық?! Әрлі-берлі басын шайқап та көрген. Бәрі орнында. Ал жүрек деген шіркінге бір дамыл болсайшы. Атша тулайды-ау, атша тулайды. Таңданатын түгі жоқ, ескі сырласы – дөңгелек сағаттан басқа бұған ағынан жарылып ақтарылатын кім бар?! Рас, біршама уақыт екеуінің арасы алшақтаңқырап кетіп еді. Әйтеуір бір-біріне деген ықылас көңілдері суымаған екен. Ақы­ ры қайыр болып, міне, қайта табысты. Жә, мына тас қабырғаның арғы жағындағы адамдарға дөңгелек сағаттың кәдімгідей «сөй­ лейтіндігін» түсіндіріп, текке арамтер болудың қажеті не?! Оу, сағаттың сөйлегендігін Қырмызы естіп тұр ма, естіп тұр. Бітті. «Айтып тұрғаныңның бәрі шындық, алтын сағатым! – Қырмызы әдетінше маңдайына төгілген сарғыш шашын артына қарай бір сілкіп тастап, жоғары қарады. – Қарғадай болып үлкен кісілер­ ше сұңқылдауын-ай!» деп айыпқа бұйырма. «Соқыр кемпірдің алдында мәңгілік қарыздармын» деп әкем Қожамсейіт те талай мәрте құрғақ жұтынған. Біздің де құдай сүйер қылығымыз жоқ. Бұл жолғы жеңіс сенікі! Әжемнің қайда жерленгендігінен мүлде хабарсызбын. Жеңілдім, шабам десең, бас міне!..» Төртінші сыныптың алғашқы тоқсанын өңшең «бестікпен» аяқтаған Қырмызының цемент басқышпен құстай ұшып үйіне кіргені де осы еді. Әке-шешесінің мұнымен шаруасы болмады. Тағы да төргі бөлмеге кіріп, күйбеңдеп жүрген бес-алты адамның барын аңғарған. Біреу келіп арқасынан қақты да, қалтасына бір уыс кәмпитті сұға салды. Кәмпит болғанда қандай! Өңшең өр­негі бар жылтырақ қағаздарының өзі неге тұрады! Өкшесін әлденеше көтеріп-көтеріп қойып, ішінен масаттанды. Мұнан бы­ лай да өңшең «беспен» оқиды. Мысалы, нашар оқыған балаға мұндай кәмпит қайда? Қазір қарағайдың бұтағына тырмысып шығып алсын да, кәмпит қағаздарын шиыршықтап-шиыршықтап Аполлон көбелегінше ұшырсын да отырсын. Жалақ Жанғалидың қызғаныштан көзі қызармаса көр де тұр. Әп, бәлем!.. Ой, сол күнгі армансыз ойнағанын айтсаңшы! Бір кездері тіпті балконға қарауды да есінен шығарып алды. Кәдімгі бостандық.

ТАҢДАМАЛЫ «Қырмызы, үстіңді бүлдірме», «Шалшық суға жолама», «Жабайы итті ұстама» – өңшең бұйрық. Өйтіп аулаға шығып ойнағаның бар болсын. Сол күннен бастап Қырмызының өміріне де кәдімгі­ дей өзгеріс енген-ді. Кейіннен жүдә қиын болды. Қырмызы мүлдем қорғансыз қалды. Қаншама тырмысып-ақ бағасың, бірақ ойынның аты – ойын, лайсаң жолдың бір шымшым балшығы ебін тауып, етігіңнің қонышына жабыса кетеді... Эх, өзін де желкеден нұқып жіберетін адам жоқ, кейде шаң-шаң орындыққа да байқаусыз қойып кетеді. Шешесінің мұншалық саққұлақтығына не берерсің, ішіңнен тәубеңе келіп, есікті жайлап ашып, өз бөлмеңе өтіп кеткің-ақ келеді. Жоға, жолдағы «шлагбаумнан» өте алмайсың. Баяғы балконнан естілуге тиісті бұйрықтар. Мұндайда шыр-пыр боп араға түсетін әжесі еді. «Аяқтарың салбырап, осы күйлеріңше аспаннан түсе-түсе қалып па едіңдер! Өй, өңшең найсап, тәйт әрі! Шәрипа, ие бола алмайтындай қырық қызың өріп жүр ме немене?! Өнесі-ай, жалғыз баланың жанын қуырып?!» «Әжең дүние салды» дегені әке-шешесіне де оңай болған жоқ. Екеуі ертеңгілік алақұйын шабыспен жұмыстарына жөнеледі. Титімдей аяқтарымен сұп-суық еденді жиіркене басқан Қырмызы абажадай үйде жалғыздан-жалғыз қала береді. Әйтеуір, емен есіктің екі жерден кілттенетіндігі ғана көңілге демеу. Оның үстіне әкесінің құлағына қорғасындай құйып тастаған қатаң ережелері тағы бар. «Тірі жанға есікті ашпа, тіпті Азат апайың келсе де!» ...Ұрлық. Кәдімгі пәтер тонау. Бұлардікі емес, бөгде біреудікі. Және ұры осы маңнан табылған. Оу, алыстан келген ұры кімнің үйінде қандай дүние барын бал ашып біле ме?! Жетінші қабаттағы кооператив меңгерушісі санын соқты да қалды. Соттан сот қой­ мады, аудандық, облыстық, республикалық. Әйтсе де ұры жы­мын білдірмеді. Кейіннен әлгі кооператив меңгерушісінің неден сас­ қанын қайдам, көршілеріне сезіктене қарайтынды шығарыптымыс. Оу, көкешім, ойының ба, шының ба?! Тоғызыншы қабаттағы милиционер, баяғы қамытаяқ бас­ тық, ескі кебісін әзер сүйретіп жүретін көрші кемпір және Қыр­ мызының көкесі жиналып барып кооператившінің ит терісін басына қап­тайды ғой кәдімгі. «Құдайы көрші деген атымыз бар емес пе?!» – дейді. «Біреуімізден сезіктенсең ойыңды ашық айт, шырағым», – дейді... Еденнің шаңын жалпақ алақанымен сүрткілеп отырып ол пақырың да зар илейді. Құндыз бөркінің

Қуаныш ЖИЕНБАЙ ұрланып, әйелінің ондатр пальтосының қолды болғанын және алтынның екі есе қымбаттағандығын айтып көзін сығып-сығып алады. Жиналып барғандар олай дейді, былай дейді. Бәрібір кооператившің көз жасын тыя алмайды. Шыдап-шыдап отырып, қамытаяқ бастығың қатты кетіпті бір кезде. Оу, жүйелі сөздің ығын түсінетін бастықтың аты бастық емес пе. «Үйіңде балала­ рың болып, көзі қарайған ұры балаларыңды жарақаттап кетсе қайтер едің, а?!» Сол – сол-ақ екен кооператившің мәймөңкелеп, құйрығымен қозғала бастапты дейді. Жүзі бері бұрылып, «А, солай екен-ау» деп тәубесіне келе бастаған екен дейді. Ертеңіне Қырмызы төртінші қабаттағы ескі кебісін әзер сүйретіп жүретін Тамара Леонтьевнаның үйінен бір-ақ шықты. Тамақты сол үйден ішеді. Сол үйде сабаққа дайындалады. Тамара апай да бір кезде оқытушы болған. Үйдегі жалғызілікті тіршілік жалықтыра бастаған ба, әлде қаршадай қыздың тосындау тіліне қызыға ма, Қырмызының барлық сұрақтарына ерінбей-жалықпай жауап қайтаратын. Төртінші сыныпты сол үйде аяқтады. «Кырмызка?» «Ау». «Сен біздің Женяның қандай зіңгіттей жігіт болғандығын білесің ғой. – Қол мәшинесін қаттырақ ай­ налдырады да көнетоз жастықтың тысын ине ұшымен тартқылап жұлып алады. – Білмесең білерсің әлі. Ах-ха, Женя деймін-ау, қайдағы Женя саған, Евгений Михайлович. Сол алтын асықтай баланы татаркадағы Соловьевтар құртты ғой. Жүкті боп қалған қыздарын біздің Женяның жауырынына таңып жібермек баяғы. Е, бәрекелді, алдарына иіле салып, ә дегеннен көне кететін можантопайды тапқан екен. Женя «Бала менен емес» деп, әзер де безер жер тепкілейді. «Шұбарбет Соняға үйленгенше итжеккен­ нен бір-ақ шыққаным жақсы шығар» депті. Әкесіне тартқан бірбеткей. Кішкене мәдениеттілеу сөйлегенде статьясы төмендер ме еді, кім білсін. Бүгінде дені дұрыс сот бар ма? Берсең жағасың, тамағы­нан бір нәрсені өткізіп кеп жіберші, қалай жылмаңдар екен. Менде ондай қаражат қайда? Жұмыртқадан жүн қырқатын сенің әкеңе бедел салғым келмеді. Сонымен кете барды...» Екі жағын таянып алған Қырмызы, сірә, менің әңгімемді ұйып тыңдап отыр-ау деп сезінетін болса керек. Тағы да ұштығы жоқ өңкей быды-быды... «Өй, сұмпайы, сол Сонясын өткенде көшеден көріп қалғаным, жүр екен бөксесін бұлғаңдатып. Жүдә, одан бетер толысып кетіпті. «Ене-ау, жағдайың қалай, Женядан хат

ТАҢДАМАЛЫ келіп тұра ма?» – дейді маған беті былш етпей. Оның келін, менің ене болуым ғана қальш па еді?! Ондай бетсізді балшықтан соғып алады біздің Женя. Тура сенің кірпігіңнен аумайтын бір сұлуды таңдап алып бермесем, көре қал!» – Дегенмен, Женясы өгіздей қара күштің адамы еді. Қылмыстық мерзімін өтеу үшін күн демей, түн демей дамылсыз жұмыс істепті. Бір күні екі күннің есебіне жазылған. Мұнысы Қырмызыға қолайлы тиген жоқ. Ертеңгілік оразасын қызыл шараппен ашуға дағдыланған Женямен бірге тұра алмайтын болған соң, екі жерден құлыпталатын емен есікті үйге қайтып келді. Бір ай өтер-өтпестен қасыңа қара болсын деп, кішкентай мысық сатып әперген. Обалы нешік, мысығы мысықақ болатын. Тұла бойы толған ақыл еді. Мамық құйрығымен бетіңнен бір сипап өткеннің өзі не тұрады. Ал кішкене елеусіздеу қалдырсаң, басыңның анық бәлеге қалғаны. Қырмызының сабаққа дайындалып жатқаны оған не керек, алдымен мұртын жыбырлатып, үстел үстіне бір-ақ секіріп шығады. Қырмызы әдейілеп мән бермейді. Шыдамның да шегі бар, бір қарасаң, қолтығыңның астына кіріп келе жатады. «Түсіндім, түсіндім. Білместігімді кешіре көріңіз, қарныңыз ашты ма, ләппай!» Ай­ тары жоқ, кәдімгідей үйренісіп-ақ қалған. Эх, соның... әкесінің алыс рейстен көңілсіздеу оралған сәтіне тап келтіргендігін айтам да. Киіздің үстіне кәк етіп қойыпты. Мектептен оралғанда ала мысығының орнын сипады да қалды. Ал дөңгелек сағат та онан кем түсіп жатқан жоқ. Әне, өңеші үңірейіп, жасанды «әтеш» жылтың ете қалды. «Түстігіңді ішіп, тезірек мектебіңе барсаңшы» дегені еді. «Құп болады, алтын сағатым!» Қырмызы асығыс жиналып, тө­ мен түсіп келе жатты. * Қожамсейіттің қабағы кіртиді. «Төбеңді көрмегір!» Тершіген терезені майсіңді бешпетінің жеңімен айқыш-ұйқыш сүрте са­ лып, қалбалақтап келе жатқан әлдекімнің сұлбасына тесіле қарады. «Соның өзі». Оң қабырғасының асты сыздайды ит жегір, бүріп ауырады зәнталақ. Енді не істейсің, үйездеген жылқыдай айналсоқтап жүріп алып еді. Әке-көкелеп, ең құрыса қосымша доңғалақтың резинасын тауып беріңізші деп гараж меңгерушісінің соңынан біраз салпақтады. «Кісідегінің кілті аспанда», оның

Қуаныш ЖИЕНБАЙ үстіне бір нәрсесін бұлдамай қолыңа ұстата салатын ақкөзің, кәнекей?! Құлағын шұқыды, мұрнын сіңбірді. Осы гаражға итшілеп отыз жыл еңбегін сіңірген озат жүргізуші Қожамсейіт келіп тұр-ау десе, не дейсің! Маңғаз, бар, иә, жоқ демей және діңкелеткен. Қожамсейіттің мың жерден желкесі күжірейсін, күжіреймесін о шіркіннің асып-сасатын және ыңғайы жоқ еді. Орден алса өзіне, медаль алса өзіне. Қожамсейіт селк ете қалды. Бәли, манадан бері қойманың кіре беріс есігіне сүйеніп, құдды мына дүниеден бейхабар немесе түк ойламайтын төрт құбыласы түгел адамдай селтиіп тұрғандығына жөн болсын. Өз еркінен тыс әлсін-әлі жұмыла беретін жұдырығын жайлап ашып, алақанымен маңдайын сипады. «Аялдашы, сәл аялдашы, апыр-ау маған не көрінген?» деп осы жолғы қылығына бір жағынан ренжісе де, бір жағынан қуан­ ған. «Адам – жұмбақ» деп, осы сөзді дұғадай қайталаумен болды. Жарағыр-ау, мұнысы не тағы?! Алыс сапарға сәті түссе, жалғыз­ дан-жалғыз аттанғалы тұрған Қожамсейітті жолдан бөгеген не нәрсе? Алжитын жастың қарасы қайда? Сол баз баяғыша қой­ маның әбден ақжемі шыққан есік жақтауына сүйеніп әлі тұр. «Айналайын, арман-ай!» деп іштей үгітілді. «Құрысын бәрі» деп, жағын сипалады. Мына секілді ақикөздер аман тұрғанда бұл дүниенің жыртық-тесігін бүтіндеу кім-кімге де оңайға соқпас. Тамырға түскен жебір құрт. Қожамсейіттің алдарқатып арқасынан қағып, сондайлық мақсаттарға жұмсау үшін бөлінген қоғам дүниесін бере салса тағынан түсер ме еді, сау көзін шел қаптап кетер ме еді. Өйтер ме еді, сөйтер ме еді дейтін қара тұлыпқа меңіреген гөй-гөйі ғой бая­ ғы! Бермейді, бермейтін себебін сұрап қайтесің. Көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, бірақ жұрттың бәріне жақсы таныс жатық әуен бар! Оның аты... оның аты... әй, қойшы соны! Ақикөздің қолындағы кішкене биліктің бұйдасы жоғарыдағыларда. Көп созбалайтын несі бар? Жебір құрттардың қордаланып, жымын білдірмей жердің астымен жылжып отыратындығын білмеймісің, тәңір-ау! Қожамсейіттің жұдырығы қайта түйіле бастап еді... Шұрықтесік бетон дуалдың басынан кішкентай қызы Қырмызының азар да безер бозторғайша шырылдап тұрғандай елестегені.

ТАҢДАМАЛЫ «Көке, көке деймін, сіз кұдайға сенесіз бе? Сенесіз! Бірақ оны сездіргіңіз келмейді. Көке деймін, мені тыңдап тұрсыз ба, біз өзіңіз айтпақшы, текті тұқымнанбыз ғой. Күн ғой біздің тұ­ қым­ның кұдайы! Күн!.. Күн сәулесін бойына молырақ сіңірген жердің өніміне қараңызшы. Со құрлы жоқсыз ба? Ең арғысы – жер бетіндегі барлық адам күнмен бірге күліп оянуға тиіс. Мінекей, құдай қолдаған деген осы емес пе! Сіздің сәл нәрсеге ренжіп тұр­ ғандығыңызды естідім де, ақшарбы бұлттарды қолыммен жас­ қап-жасқап жіберіп, күн сәулесін ертіп әкелдім. Көке деймін, ма­ ған тура қараңызшы, е, бәрекелді... ал енді күліңіз. О.. о, тамаша, тағы күліңізші!» Ақикөз қоймашының әзірге есебі түгел. Талтаңдап олай өтеді, талтаңдап былай өтеді. Қожамсейіттің үнемі күнмен бірге күліп оянуға дағдыланған кішкентай қызымен ойша сырласып тұрғандығын қайтсін. «Кәкір-шүкірге жүйкемді тоздырып текке шаршамайыншы, – дейді зәудесін барып. – Жұртқа қарайын, жанжағындағы елмен есептесейін. Түптің түбінде солардың істегенін істейтін шығармын. Шындығында солай-ау, салбөксе қоғамның жыртық-тесігін бүтіндеу тап менің маңдайыма жазылмаған шы­ ғар. Жазылды дегенде де ненің қабырғасын қиратпақпын. Жа­ ман жүргізушінің қолында не бар? Қыл аяғы бір резинаға беделім жетпейді. Атаңа нәлет, мына ақикөздің алдында бейшара болған түрім мынау!» Жол алыс және мынадай «ЗИЛ»-дің доңғалағы емге табыл­ майды. Айдалада көрінгенге қол көтеріп, жалбақтап тұрғаннан артық қиянат болар ма! Оның бер жағында Тұлпарсаздағы бір ота­ғасыға берген уәдесі және бар. Қаладан апарған жүгін белгілі нүктеге түсірген соң еркі өзінде. Темір қорапты даңғырлатып бос келгеннен мүйіз шығар болса әлдеқашан шығар еді. Жол – жүр­ се өнеді. Әй, дегенмен аузының салымы бар жігіт-ау! Жолды алыс­сынып түн жүремін, күн жүремін деп бір басшының алдына жағдайын айтып барды ма? Үнін шығармастан, шу, қарақұйрық деп тарта береді. «Қожамсейіттің табысқа масаттанып, көкірек ұрған кезін кім көріпті? Әйтсе де ажал деген айтып келе ме. Татар дәмің тау­ сылса бітті, артыңда қалған боқ дүниемен қош-қош айтысып, тіл тартпастан кете бересің. Ай, ақымақ қызым-ай... жә, сеніңақ дегенің болсыншы бір жолға! Біздің тұқымның құдайы – Күн!

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Келістім. Бірақ күнмен бірге күліп оянамын деп, бұйырған несібеден құр қалып жүрме! Сенен де күмәнданатын кездерім көп. Қияли, аңқау бала секілдісің – Күн, Аполлон көбелегі, міне, ойлап-ойлап құдайды да қолдан жасап ала қойдың. Көздеріңе көк шыбын үймелегір, әсілі, біздің көршілер бар-ау, оңбайды! «Қызың бойжетіп қалыпты ғой, Қожамсейіт, жасау-жабдығына кірісіп те кеткен боларсың!»«Жылу жинамаймын, саспаңдар!» Қоймашының да жетісіп жүргені шамалы еді. Ағаш текшелер­ дің арасынан өзінше бір нәрселерді іздеген боп, Қожамсейіт жақ­қа да жалтақ-жалтақ қарап қояды. Ой, оның беті аулақ. Мынау қа­ сарысса күллі дүниеңді жайпап кететін нағыз кәзәптің өзі! – Мен жеңілдім, –деді Қожамсейіт сәлден соң. – А... а, не дедің? – Ақикөзің де бойын әзер тежеп үлгерді. – Жеңілдім, жұрттан жырылып қайда барамын. Сендей жебір құрт оңайлықпен беріле ме. Мә, осы бес жүз теңгемен ұшпаққа шығар болсаң көрермін! – Ақшаны еңкейіп, еңбек сіңіріп алсын дегендей, әдейілеп аяқ астына тастай салды. Қоймашының екі езуі екі құлағында. Ыржың-ыржың. Қожам­ сейіттен бірдеме жырып қаламын деген кімнің ойында бар. Дүние, міне, осындайдан жиналады. – Маладес, манадан бері сүйтпеймісің! – Қойманың қараңғылау түкпіріне тыққан су жаңа резинаны суырып алып, алдына тастай салды. «Біздің сүмелектің дәл өзі! Өй, ұқсамасаң тумағыр!» Терші­ ген терезені майсіңді бешпетінің жеңімен тағы да айқыш-ұйқыш сүртіп тастады. Көмекшісі – Күнтуған. «Тірлік оңбады-ау» деп қабағы кіртиді. Есебі бойынша жаңа доңғалақты ауыстыра салы­ сымен, алқам-салқам гараж қақпасын «ЗИЛ-дің» бөксесімен бір қағып өтіп, көмекшісіз-ақ жолға шығып кетуге тиіс еді. Аяғын санап басып, танысын-танымасын көрінген адаммен бас изесіп амандасып, қалбалақтап келе жатқан қалқан кұлақ – Күнтуған көмекшісінің дегенімен жүрсе арам қатар. Ойпыр-ай, Күнтуған оқыған осы заманның мектебінен шала-шарпы болса да Қожамсейіт те дәріс алған секілді еді, жігіт болғанның жөні осы шығар деп, көрінген қызға хатты өлеңмен боратып, соның артынан бір сұлудың шапалағын жеп барып, ес жиған секілді еді, әжетхананың есігін тарс бекітіп, арзанқол қызыл шараптың дәмін алып, сол үшін соқыр шешесін педсоветке шақыртқан секілді еді...

ТАҢДАМАЛЫ Ал бүгінгінің жастарын түсініп көр. Күн, Аполлон көбелегі, тағы не, тәңір-ау!.. Күнтуғанмен сапарлас болғанына да, міне, бес-алты айдың жүзі болған. Нәті жаман жігіт емес, айтқаныңды екі етпейді. Алмастың жүзіндей лыпып тұр. «Аға, аға!» Үйіне осы гараждан бір сабақ жіп іле шықса не дейсің! Кәдімгі робот-адам. Түзу жолмен келеді, түзу жолмен қайтады. Қақпа алдындағы күзетшінің «Танимын ғой, күнде көріп жүрген бала емессіңбесіне» қарамай, куәлігін көрсеткен соң барып бері аттайды. Міне, осы күнгінің пірәдәрі. Көрмесең, әне, көріп ал! «Мына келе жатқан қалқан құлақтан озат жүргізуші шықса, басымды кесіп берейін» дейді Қожамсейіт. Миығынан күледі. Мұндай миғұланың мекені бұл емес, мешітмедресе. Жылы суға қолын малып, баяғыда-ақ адам қатарына қосылып кететін байғұс баланың көрінгенге күлкі болып, жүнжіп жүргенін қарасайшы! Айдың-күннің аманында тура жолдан адасу дегенің сол. Қап, көрінген үйдің қақ төрінде қаршығадай жұтынып отырар қайран заман! Ой, несін сұрайсың, ел арасындағы баяғы басынан сәлдесін тастамайтын шалдардың қазір қатары сирексі­ ген. Бүгінгі дүмшелердің тірлігі белгілі. Құдайдан ұялғансып және жаназаға жиналған жұрттың өсегіне қалмайын дегендей бұтып-шатып түкірігіне шашалып, білгенін айтқансиды, ал қора сыртын айналысымен насыбай атады. Әлдекімдер орайын тауып, кеу-кеулесе жүз грамыңды да тартып жіберуден тайынбайды. Обал-сауабыңды ұрғаны бар... Жолдары болғыш жегі құрттар-ай! Сайрандап қалыңдар, сайрандап! Қожамсейіттің қазір құлағын кессең де айтары сол, Күнтуған­ нан жұтынып тұрған жүргізуші шыға қоймайды. Тыс...с! Не деді-ей! Ойбай, дымыңды шығарма. «Ел іші – алтын бесік». Бір молданың кемдігінен өмір ойылып ортасына түспес. Мұндай ті­ леуіңді бергір көмекшіні Қожамсейіт жер шарын жеті айналса табар ма. Оңынан келтірді. Бір «шәригі» жетіспесе өзінен. Оған оның өстіп салпақтап жүргені керек. Оу, ә десе, мә деп, жұдырығын ала жү­гіретін әпербақандарды да көрген. Тар кабинаның ішінде бір-бі­ріне теріс қарап, тым-тырыс отырғаннан жаман не бар? Қалқан құлақ Күнтуғаның – ағып тұрған «радио». Біреудің аузын аяй ма, сөйлесін, сөйлей берсін. Жол үстінде зерігіп қалғымайсың. Ара-тұра ырым үшін Күнтуғанға рөлді аз-маз ұстатып қойсаң, соған риза.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Бүгін сол сыйластық морт сынғалы тұр. Ищі-ай деспей-ақ жүре берейінші деп еді. Өмір ғой, өмір. Қожамсейіттің де титім­ дей кінәсі жоқ. Оңтайынан ұшырасқан олжадан бас тарта алмайды бәрібір. Түн ұйқысын төрт бөліп, бәрін бастан-аяқ таразыға салып салмақтаған. Аха-ха-ха, Қожамсейіттің мұнысы да нағыз кісілігі еді. «Көрген құқайым сен болсаң, көріп алайын» деп, салғаннан тартып кетсе қайтер еді. Өмір ғой, қалқан құлақтың да бұл жерде кінәсі шамалы. Таразы басы Тұлпарсаздағы мұртты қожайынның ауласына қарай тартты да тұрды. Амал не, қалқан құлақ та соған көндігеді. Ал алда-жалда бас білмеген бұқадай ер-тоқымын бауырына алып өңкісе өзі білсін. Уәде – құдайдың сөзі. Мұртты қожайынмен қол алысып ке­ ліскен. Қожамсейіт совхоз орталығына жүгін түсірген бойда кілт кері бұрылады. Жолай көрші бөлімшеге соғады да, әлгінің жарамды биесін қаладағы ет комбинатына жеткізіп береді. Тегін істейтін тірлік кәне, сол үшін қораға байланар қозылы қой мұның қалтасын тесіп кетпес. – Ассалаумағалейкүм, Қожамсейіт аға! Күнтуғанның ілмиген саусақтарын немкеттілеу қыса салды. – Үй-іші аман ба? – Аман, аман. «Мына сүмелекке істің жайын қалай түсіндіргенім дұрыс, ә!» Маңдайға түскен күн сәулесінен көзін көлегейледі. Жорта тиісетіндей кішкене іліктің ұштығын таба алсашы. Жіптіктей Күнтуғанның жолға барын салып, мұқият дайындалғаны көрініпақ тұр. – Жейдеңнің тамақ түймесін қадап алуға үлгермедің бе? – Күнтуған асып-састы: – Ендігі жолы ондай болмайды, аға, – деп аузын томпитты да, Қожамсейіттің кіртиген қабағына аса бір аянышты сезіммен қарады. – Ауырып тұрсыз-ау шамасы? – Солай, қайдан білдің? – Білем ғой. – Білсең бопты. Су жаңа «ЗИЛ-дің» кілтін бұрап жібергені сол еді, дар ете түскені жарықтықтың. Бүгін бір пәлеге жолықпаса қайтсін. Күн – құдайдың құдіретімен қош айтысқан. Құлақ тұсынан қозылы-қой маңырайды.

ТАҢДАМАЛЫ Тежегіштен оқыс аяғын тартып алды, ауыр мәшине бар ек­ пінімен жұлқынып алға жылжыды. Бейқам отырған Күнтуған әлдебір темірге шекесін соғып алды. Жә, «бас жарылса, бөрік ішінде», өлмес. Қожамсейіт жылдамдықты үдете түскен күйі атшаптырым га­ ражды бір айналып шықты да, солқ еткізіп тоқтай қалды. – Машина бабында екен, – деп міңгірледі Күнтуған. «...Жапырақ жайып жас қайың, жанымды айырбастайын. Сен...» – Жарықтық Мұқаң! Сіз Мұқағалиды білесіз ғой. Білесіз, білесіз деймін. Бәлкім «гормошкада» талай рет кездескен де шығарсыздар. Мына құрылыс материалдарын сол адуын ақынның ауылына алып барамыз. Құдай жоқ дейді. Ал мен «бар, бар» деп бар дауысыммен айқайласам ше! Құдайдың болмағаны қайсы. Мұқағалидың жырын үнемі мүлгіп тыңдайтын мен де бір мұңлық едім. Ақынға деген адалдығымды құдай көрді. Тіршілікте қолымнан дәм таттыра алмадым. Өлді, сонымен бәрі тәмам болуға тиіс пе еді? Жоқ! Міне, кішкене болса да септігімді тигізуге айналдым. Хантәңірінің жанынан байқамай өтіп кетіп жүрмейік, аға! Кішкене дұға оқиын. Құдай жоқ... құдай жоқ болушы ма еді? – Түс, түс машинадан! – Қожамсейіт жалпақ жауырынымен Күнтуғанға бұрылып, кәдімгідей зекіп айтты. – Сендей құдай­ шылды ұрғаным! – А-ға, аға деймін, сәл аялдаңызшы... Мұқаңды сіз де білесіз. Хантәңірін бір көру бала күнгі арманым еді. Бұл не қылғаныңыз?.. Ауыр мәшине алқын-жұлқын дарбазаны бөксесімен қағып өтіп, көзді ашып-жұмғанша қою шаңдаққа араласып үлгерді. * Қала. Қыс. Таң алдында басып салған ақша қар ең болмаса түс ауғанша сол кіршіксіз қалпын жоғалтпай, мамықтай боп үлбіреп жатса, шіркін-ай деп ойлайсың. Түннің бір уағында төсегіңнен тұрып, дымқыл терезеге қонақтаған ақ ұлпаларды әлжуаз саусағыңмен ұстағың келіп, әлденеше оқталғаның, ше­ шеңнің «Суық тиіп қалмасын» деген сақтықпен ашық қалған терезені қымтап жауып, ал өзіңді қалың көрпенің ішіне қайта сүңгітіп, бөлмеден сыбдырсыз шығып бара жатқаны еске түседі. Олай дөңбекшисің, былай дөңбекшисің. Ұйқы жоқ. Оның үстіне 15-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ дөңгелек сағаты түскірдің де өңеші әлсін-әлі үңірейіп «Ақша қардың қызығынан құр қалма, құр қалма!» деп тұрғаны мынау. Қайдағы қызық? Ағаш кереуетті аяусыз сықырлатып, екінші жағыңа қарай аунап түсесің. Айтарыңды айтсаң да әлдебір жақсылықтан үміт үзгің келмейді. Тау басынан шанамен құлди­ лаған бір топ баланың қалың ортасына топ ете түскеннен әрісің. Бәли, солардың шыңылтыр ауада жаңғырықтай естілетін кәусар күлкілерін мұның құлағына айна-қатесіз жеткізіп тұрған ненің кұдіреті болды екен-ай, ә? Қырқаның төбесіне шығу дегенің де бір ақырзаман. Бәлкім, мына балалар да ондай ертегіні ойлапойлап, ақыры түк шықпайтындығына көздері жеткен соң шаршап қойған шығар. Оу, «Болашағымыз үшін бүгін өліп кетсек те қайлымыз» деп төске сабағыш ересектер-ау, қайдасыңдар?! Сон­ шалық бас ауыртатын шимай-шатпақ шаруа болса бір сәрі ғой. Әншейін-ақ дүние. Ондай аспалы жолдың әкесіндейі Көктөбенің баурайында қаңтарулы тұр, әне! Ешкімге керегі жоқ. Өйткені «Ауыл» мейрамханасын әлдекімдер түп орнымен көтеріп әкеткен. Дәмесінің зорын. Сырғанақ теуіп, төбе басындағы балалар үшін салынған қысқы кафеден тіл үйіретін балмұздақ жеп, бір оқпен екі қоянды атып алмақ екен ғой, ә! Тоқтай тұр... Етігінің өкшесін қисайтып алады да, текше-текшемен ілде­ байлап өрлей береді... Сарғыш шашы терге шыланып қатып қалған. Ойхой, кафе дейді ғой жүдә, оларға ондай кафелерді көз ілеспес жылдамдықпен сыраханаларға айналдырып жіберу жүз есе тиімді. Кетсінші әрі, балмұздағы да, балмұздақ сататын кафесі де кұрып кетсін! Қырмызыға керегі айналып тұратын шығыршықты трос арқан. Қазығын мықтап бекітсе, жетіп жатыр... Бүйтіп шар­ шамайсың. Кез келген жерден тас қып ұстайсың да, төбе басына қарай тырмысып тарта бересің! Рахат! Міне, соның бірі есінде жоқ. Трос арқанды да, трос арқан тарт­ қанша қарындарын тыр-тыр қасып, түс ауғанша төсектерінен тұрмайтын жалқау ересектерді де мүлдем ұмытқансың. Қарсы беттен соққан жел екпіні бөкебайыңды жұлып әкете жаздайды... Біреулердің жолай шаналары аударылып, не біреулерге соғысып дегендей табан астынан «аварияға» ұшырап жатады. Ал Қырмы­ зының айнадай жалтыраған сырғанақтан да, құмырсқаның илеуін­ дей құжынаған балалардан да қаймығатын түрі жоқ. Арғымағына сенімді шабандоздар ғана сөйтеді. Ай, көкесі де тура жердің ас­

ТАҢДАМАЛЫ тындағыны білетін қу ғой. Өзге балалар Қырмызының жұлдыздай аққанын көріп, таңдайларын қақсын деді ме, әлде әкелерінің айлық тапқанға мәз болып жүре беретін тірліктеріне түкірсін деді ме, әйтеуір есебін тауып, шананың да рөлі барын сатып әперген. Сырғанақ іргесіндегі қара қошқылданып жататын топыраққа да соқтықпайсың. Жылдамдықты тежеуге де мүмкіндігің бар. Кесекөлденеңдеп біреу алдыңнан шыға келген екен, жүйке жұқартудың жөні жоқ. Айтып отырмын ғой, Қырмызының шанасы тура шортан балықтың өзі. Қанатын бұлт еткізеді де, қапысын тауып, қосалқы жолға түседі де кетеді... Өй-дөй, қосалқы жолға түсіп жетісті. Көрпені бүркеніп алып осы «тойғаныммен» ұйықтап кеткенім пайдалы-ау деп дәме­лен­ ген. Сол жамбасына қарай аунақшыды. Болмаған соң қос қолын төбесіне қойып, қара көлеңкелі бөлменің төрт қабырғасына көзбен «саяхат» жасап, тым-тырыс жатты да қойды. Рөлі бар келіскен қызыл шананы қиялдаудың енді қажеті шамалы. Оны көкесі балконның төбесіне төрт жерден буып асып тастаған. Мейлі, біреу­ лерге сатып жіберсе де өздері білсін. Басын шайқады, әй, сірә, Қырмызының енді қайтіп сырғанаққа баруы тым қымбатқа тү­­ сер-ау. Шолақтаудың күн сүйген шатқалдарымен баяғыда-ақ үн­ сіз қоштасқан. Көкесінікі сүргін жүріс. Біреу кеңірдегінен кездік қадап тұр­ ғандай алашапқын. Ұзын жолдан шаршап келдім-ау, кішкене ес жияйын демейді, дайын тамақты асығыс-үсігіс ішеді де, биік басқышпен төмен қарай құлдилайды. Қайда барарын кім білсін. Қырмызының алдында ақталғандай шешесінікі баяғы дайын жауап: «Машинасы жүріп тұр, мүмкіндікті пайдаланып қалайын дейді ғой пақырың!» Сөйтеді де «артықтау» кеткендігін өзі де сезе қояды. Қырмызыны еркелеткенсіп, мойнынан әнтек мытып, әңгімені басқа жаққа аударып жібереді... Нан дүкенінде әлдекім шу шығарыпты-мыс. Сондағысы үш-ақ тиын. Шешесі байқамай қалыппын деп қанша рет кешірім сұраса да илікпей қойған ба, қалай?! Сөзге түсінбейтін дәукес екен өзі бір. Үстіңнен арыз жазамын деп қорқытатын көрінеді. Иә, тапқан екенсің алдыңа жығыла салатын адамды. Бәлкім, шешесі де шаптыққан шығар. «Үш тиынға бола шаңырағың ортасына түссе, мен саған бір дор­ ба қара шақа әкеп берейін» деп өй-дөй біраз жерге барысқан-ау шамасы. Ол жағын Қырмызы қайдан білсін. «Көкем кішкене

Қуаныш ЖИЕНБАЙ демалыс алса Шолақтауға шығып қаламыз ба?!» деп жүргенде, қайдағы бір үш тиынның дауына кезіге қалғанына жөн болсын. Балконның төбесіне асылып қалған рөлі бар қызыл шанаға қарау қандай аянышты! Бар-жоғы екі-үш мәрте ғана сырғанаған. Жалғыздан-жалғыз енді шешесі өлгенде жіберер. О, ондайда мына үш тиынның төңірегіндегі әңгіменің табан астынан қандай­ лық қиял-ғажайып ертегіге айналып кететіндігін тіпті өзің де аңдамайсың. Шешесі бейне бір сахнадағы жағымсыз рөлді өліптіріліп ойнап жүрген әртістен аумайды. Темір пешке арқасын сүйеп, терезе жақтауына қонақтаған суық торғайлардың жемге таласқан сәттерін қызықтаған Қырмызының жанына жетіп келеді. Одан ас үйге қайта жүгіреді. Оу, сонда қой аузынан шөп алмайтын көнбіс, момын Қырмызы найза кірпіктерінен зәр шашып, әлдебір тәрбиесіз жандарға ұқсап, «Тамағымды әзірлеп қой, ертең тауға шығып, шана тебемін» десе екен-ау! Мұныкі әншейін-ақ немеурін. Әлде қайтер дейтін, аңдысын аңдыған бір тіршілік. Ал соған бола шешесінің қара аспанды төндіріп, дүниені топан су қаптағандай беталды жөнеп беретіні несі?! «...Тау басында өзге планетадан келген адамдар жүрген көріне­ ді. Қазан шұңқырға қоныстанған көк түтін қала қайбір аурулары­ ның емі. Керек екен, емешелері құрып бара жатыр екен, көк түтін қаланың төбесіне дүрбілерін салып қанша қарағылары келсе де қарай бермей ме? Тысс..с! Өзге планеталықтардың көксегені, әрине, басқа нәрсе ғой... Әйтеуір тау баурайына шашау шыққан адамдарды қармақтарына іліп әкету. Қармақпен ұстай ма, темір торға салып әкете ме, ұстағандары олжа...» Оу, бұған шешесінің қаладағы қарапайым нан дүкенінде істегені неге қажет? Жалпақ жұртқа белгілі болған жайды айтып тұр-дағы мына ақымақ қызына! Сонша жерден сандалып келеді екен де, кім көрінгенді іліп әкетпек, ә?! Тоқтай тұр, көкешім! Жожоқ, бұған келісуге болмас. Міне, іздегенге сұраған. Тұлымдары желбіреген өңшең ботақан қыздар көз алдарында жосып жүр. Несіне асықтың, жау қуып бара ма. Өзге планеталық дегендерің де нағыз тажалдың өздері ғой. Әп-сәтте киім ауыстырып кию сөз бе екен. Шанасын жөндеген болады да, бір бұтаның түбінде бұқпантайлап отыра береді. Иә, сәт! Қап, қармағым, қап! Олардың да үстерінен қарайтын, яғни қызметтері жоғары бастықтары бар. Тапсырмаларының адам шошырлық сұмдығын қараңызшы!

ТАҢДАМАЛЫ Ақылды және өте сұлу адамдар керек! Мың қатпарлы әрі құпия сиқырын тірі жан түсініп болмайтын өте нәзік лабораториясы түскір де өңшең ақылды адамдарды ғана қабылдайтын көрінеді ғой. Миларын шағып, микроскоппен қарайды. «Дүниенің тұтқасын ұстап тұрған біз!» – деп тым асылық айтып, кеуде соқ­ қан жердегілердің көздеріне көк шыбын үймелету ғой мақ­ саттары! Өздерінің миын жерден әкелінген мықтының миымен салыстырады... Қайнаған қазанның қақпағын ашып тастаған бойда шешесі паркет еденді тырпылдатып, қайтадан жетіп келеді. Шот қағуға шеберленіп алған қолдары дір-дір. «Ай, мына сығырға не дерсіңау, не дерсің! Өзге планетаға барып жетіскеніңді көрейін. Адам жегіштер шыққан және де. Соны біле тұрып, Шолақтауға бар­сам қайтеді деп міңгірлеуін. Шолақтау ма саған, тоқтай тұр! Адам жейтін сұмырайың да өзге планеталықтан бір мысқал кем түс­ пейтін көрінеді. Естіген құлақта жазық жоқ. Және жас қыздардың етіне құмартып алған деседі-ай! Бұлардың етінің тәттісі, тәтті ғой! Әкеңнің басында да бір шайнам ми жоқ, рөлі бар шана сатып әпереді және де. Паһ, өзі үнемі рейсте жүреді. Түк білмейді, түк көрмейді...» Қырмызының жебе кірпіктері жер шұқиды. Эх, несін айта­сың, ең қолайлы сәтті қолдан жіберіп алды. Әне, өзінің көнбіс, момын екендігін мойындамасқа да шарасы жоқ еді. Әйтеуір біреудің бетіне жел боп тигісі келмейді, кім не айтса соған бас шұлғиды. «Солардікі дұрыс-ау» дейді де, маңдайына төгіле қалған сарғыш шашын артына қарай бір сілкіп, тым-тырыс жүре береді. Е, жүріпжүріп әбден жетісті. Тіпті, шамалауынша, момындықты да шектен асырып жіберген. Ақыл сұрайтын кімің бар? Күнмен бірге күліп оянуға дағдыланбағандардың не дейтіні бесенеден белгілі. Тау басынан домалаған жұдырық тас тұнық көлдің бетіне қойып кетсе не болар еді. Не болсын, шеңбер-шеңбер майда толқындар пайда бола кетеді де, су жағалай қонып отырған аққу-қаздарды үркітіп жібереді. Міне, дәл соның өзі. Асылы, күнмен бірге күліп оянуға дағдыланбағандардан алыс жүр. Терезе жақтауына қонақтаған суық торғайлардан да жөнді жауап ала алмайсың. Ойпыр-ой, титімдей болып, бұлардың қо­ мағайлығына не бересің. Суға жібітілген нанның қиқымын әпсәтте сап қылады. Сосын тарыдай көздері жылтылдап, қолына

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қайта қарайды. Шыдамайды екенсің, жүдә. Ток соғып өткендей, Қырмызы да лезде бойын жиып ала қояды. Ғажап, мына суық торғайлар мұның үнемі күнмен бірге күліп оянатындығын қайдан біле қойған-ай, а?! Яғни, Қырмызы анау көше бойымен ары-бері сандалған жұмыр бастыларға мүлдем ұқсамайтын бөтен адам! Күн сәулесі тұла бойына күллі қайырымдылық атаулының бәрін сіңіріп тастаған. Е, енді түсінікті болды, Қырмызы терезе алдына жақындаса бітті, бірі қалмай және бір нәрседен кұр қалатындай-ақ қанаттарын сабалап жетіп келуші еді. Ал әкесі мен шешесі қанша жерден жем шашса да жоламайды. Мәселе қайда жатыр? Қырмызы саусақтарының ұшымен ғана терезе әйнегін әл­ денеше шертіп қояды. Құйрықтары еріксіз шошаңдап, жібіген нанның қиқымына қомағайлана кіріскен суық торғайлар Қыр­ мызының не айтпағын қайдан түсінсін. Оу, есті кісі туған анасына өкпелегеннен не опа табушы еді? Әйтсе де өзінің момындығына ептеп ренжиді. Момын, жоқ, мүлде олай да емес шығар. Оһо, арам шөптің өсімтал келетіндігін кім түсінбейді. Жоқ-а, кетсінші әрі, арамшөп дегені не пәле?! Күнмен бірге күліп оянуға дағдыланбағандардың жанында жарты күн жүрсең жетіп жатыр. Қырмызы бөтен Қырмызыға айналып шыға келді. «Ит мінезді» дегенің сол, әне! Шешесінің әлгіндей адам жегіш адам туралы «әлқиссасын» тыңдап отырады да, орнынан жын соқ­ қандай ұшып түрегеледі «бөтен» Қырмызы. – Тағы не айтасың, абызым?! – Оның да оңай берілгісі жоқ, әрине. – Шолақтауға өлі денемді аттап өтіп барарсың, – дейді. Емен есікті де екі жерден кілттейді. Өзге планеталық және адам же­гіш адамды тура қолмен ұстағандай, ойхой, не бір құйтырқы «ерте­ гілердің» де тиегін ағытар-ай! Бөтен Қырмызының аты – бөтен Қырмызы емес пе. Ауызғы бөлмедегі шаң-шұң айқайды шыбын шаққан құрлы көрсе не дейсің. Шаршап-шалдығып бір кезде өзіңақ қоярсың дейді. Жол дорбасына керек-жарағын сала бастайды. Шешесінің қы­ тығына тию үшін ара-тұра әндетіп те қояды. – Болдыңыз ба? – Не дейсің, болғаны несі?! – Мейлі, өзіңізге жақсы болса есік күзетіп отыра беріңіз.

ТАҢДАМАЛЫ – Осыдан әкең келсін, жоныңнан таспа тілгізіп алмасам, көре қал! – Қайтіп? – Қайтіп болушы еді, тура қайыс белдіктің өзімен. – О-о!.. – «О»-ның қызығын сосын көрерсің! Бөтен Қырмызы енді бірде шықылықтап күледі: – Дүкенші, ау, дүкенші шешей, үш тиынын жеп қоятын клиен­ тің мен емес. Есіңіздің барында есігіңізді ашып, мені үлкен жол­ ға қарай құрметпен шығарып салыңыз. Енді сәл кешіксем, Шолақтауға қатынайтын автобустан қалып қоямын. – Сәл шыда, Шолақтауға да барарсың , шананы да теберсің!.. – Үшке дейін санаймын! – «Бөтен Қырмызы» есікті теуіп кеп жібереді. – Естіп тұрмысыз, үшке дейін. Сосын алтыншы қабаттың терезесінен секіремін де кетемін. Шешесі түкірігіне шашалып, ауа жетпегендей тұншығады да қалады. – Бір! Екі! – Тоқтат деймін, тоқтат! – Шашы дода-дода шешесі жетіп келеді де, «бөтен Қырмызыны» желкеден түйіп кеп жібереді. – Өй, жетпей желкесі қиылғыр! Құдай тілегім қабыл болып, тура адам жегіштің темір торына түсіп қалмайсың-ау. Қыз өсірдім бе десем, қасқыр өсірген екенмін. Шолақтаудың басынан құлап, шашылып қалсаң жөн болар еді. Сүйегіңді бір-бірлеп теріп алсақ жөн болар еді...» Ұйықтап кеткен екен, Қырмызы шыңғырып оянды. Арғы бөл­ меден желең киімді шешесі жетіп келді. – Не болды, құлыным-ау?! – Жәй, әншейін. Қызының жіпсіген маңдайына қол апара берген шешесі шор­ шып түсті: – Жанып тұр. Қараңғылық арасынан қызыл шананы көзі шалып қалды. – Біреу ренжіткен жоқ па? – Жоқ, сіз демала беріңіз. Түс көрдім бе, немене? – Шешесінің ыстық алақанын мандайына басып, біраз жатты. Жанып тұр дейді, жанып тұрған өзінің алақаны ғой. – Қандай түс көрдің, құлдығым-ау? – деп, шешесі қанша қинаса да айтпай қойды.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Мама, терезеге қараңызшы, қар жауып тұр. Және қар болғанда қандай! Көкемнің шаруасы да бір түгесілмей-ақ қойды-ау, әйтеуір! Шешесі жапалақтап жауған қарды терезеден көрді де, қызының қасына келіп отырды. – Қардың биыл қалың түсетін сыңайы бар. – Қыс суық бола ма? – Қыс қыстығын істейді ғой, – деді шешесі. – Шіркін, Кәрібоздарға тамаша болады екен-ау. – Қырмызы кереуеттің басына көпшігін сүйеп, тіктеліп отырды. Ашық қалған перденің саңылауынан жарықпен шағылысып төпей жауған қар қиыршықтары көзге шалынады. Екеуі де үнсіз. Әлдеқайдан жабайы мысықтың мияулағаны естіледі. Қабырғаны солқылда­ тып, алғашқы трамвай жүріп өтті. – Ол жақта қыс қатты болатын шығар, ә?! Шешесі не айтып кетті деп, алғашқыда қызының бетіне сезік­ тене үңілген. – Тау арасы ғой, Тұлпарсазда қыс онша суық болмайды. Оның үстіне әкеңнің машинасы жаңа. Шопандар қыстауына шөп жеткізіп береді де, кідірмей кері қайтады. Ертең-бүгін келіп қалса, Шолақтауға да шығып қаларсыңдар. – Күрсінді, жеңіл халаты­ ның өңірін қаусырмалады, Қырмызының желкесінен әнтек қана мытып қойды. – Жігіт болғаныңмен шаруаң жоқ, шана тепкің келеді, ә?! – «Бойжетіп» дегенді өзі де жақсы көрмейтін еді. – Құдай кесірінен сақтасын, көкеңнің әйтеуір жолға шығып, табыс тапқысы келеді де тұрады. Артық ақша қалта теспес қой, әйтсе де тым құнығып керегі не сол! Талай қақсадым, тыңдамады. – Кәрібоздар теңіз жағалауыңда тұрады-ау, шамасы? – Иә, теңіз жағалауында! – Шешесі одан арғы әңгімеге құлқы жоқ кісіше бұртиып шығып кетті. Алтын көмбесін біреу-міреу ашып алатындай төсегінен тұра сала терезеге қарай атылғандығын айтсаңшы! Неден құр қалып еді? Түсінсе бұйырмасын. Суық қабырғаны арқасымен үйкелеп, паркет еденге шекелеп отыра кетті. Адам бойында өз ырқына бағынбайтын бұла күштер толып жүреді деуші еді. Әйтеуір бір жерлерден оқыған. Оу, оның бәрін бақайшағына дейін шағып беруге шамасы жетсе, яғни бұла күштің қай тұстан соғатындығын тап басар болса, бүйтіп мыж-тыж боп, олай өткен, былай өткен әдіре жегір ауыр мәшинелердің ызы-шуын тыңдап қайтеді. Сол

ТАҢДАМАЛЫ армандай болған Шолақтаудың басына туралай тартып кетпес пе еді. Сүрініп-жығылып, әбден сілесі қатқанша сырғанақ теуіп, рақатқа батпас па еді. Бұла күш дегені не болғаны?! И...и, ит жегір-ай, шөлден қаталаған мұңлық секілді тамағымды құрғақ жұтынбайыншы дейсің-ау, бірақ не керек, гүл қауызынан нәр тартқан бал арасындай сол таныс жағалауға қайтып «жақындап» қалғандығыңды да аңғармайды екенсің. Жұп-жұқа пердемен бетін баса қойды. Оһо, жүрегінің соғысын қара! Атша тулауын зәнталақтың! Қойыңыздаршы... түу... у, жан-жақтан анталап, кісіні тірілей жерге кіргізе жаздадыңыздар ғой. Ал онда тұрған не бар, а?! Мүмкін Кәрібоз да балалықпен байқамай қалған шығар. Әлгі бала біткеннің аузынан суын ағызатын атом туралы әңгіме есіңде ме. Неткен шеберлік! Бір күлмейтін еді ғой сабазың. Және кірпігін де қимылдатпайды, кітап оқып тұрғандай қиюластырып соға беретін, соға беретін... Әкесінің мәшинесі болса, сол бармақтай ғана атом дегеннің күдіретімен құм белдерден көктей етіп жүре береді. Міне, Қырмызының да Кәрібозды кенеттен еске түсірген себебі сол еді. Бала неме атом мен адам бойындағы бұл күшті шатастырып алды! Кешірімді, әрине. Оу, бала болмаса қызыл пүлішпен тысталған сұп-суық табыттың ернеуіне қонақтаған Аполлон көбелегін кепкіңмен неге баса сал­ майсың деп Кәрібозға ұрысар ма еді. Одан бері де бірнеше жыл өте шыққан. Кәрібоз да есейіп қалды. Түу... у, қайда лағып бара­ды-ей, есейіп қалдысы несі тағы?! Араларының алыстап кеткендігі ғана аянышты. Алтыншы қабаттағы қарсы есікті жұдырығымен түйіптүйіп жіберсе, есіктің ілмегін Кәрібоздың өзі келіп ашушы еді ғой. Түртік еріндерінің әнтек жымиғандығының өзі сүйкімді еді-ау! Алақанға салып аялайтындай Қырмызы секілді біреудің жалғызы ғой деп пе едің оны! Жұмыс көп. Досболды балабақшаға апарып салысымен, сүт дүкеніне жүгіреді. Шешесіне көмектеседі. Түс ауғанша ұйқыдан бас көтермейтін Қырмызының сол тірлігіне мырс етіп бір күледі де, баяғының ақсүйек ұлдарына еліктеп, бикешке иіліп сәлем береді. «Сірә, қазақ тілінен қандай жаттығу бергендігін ұмытып қалдың-ау, ә?!» дегенді де тілінің астына бүгіп қалады. Ал Қырмызының мүлдем басқа шаруамен келіп тұрғандығын қайдан сезсін. Қоңыр халатының ұзын жеңін білегіне дейін түріп алған Қырмызы әдеттегіше сарғыш шашын артқа қарай бір сілкіп

Қуаныш ЖИЕНБАЙ тастайды. Маңғаз. Аш бүйірін таянып, олай жүреді, қолын артына ұстап былай жүреді. Кәрібоздың «сылқым» қызды күтіп тұратындай жағдайы қай­да? – Қырық сегізінші бет, жиырма жетінші жатты... – Тоқтат! – Қырмызының жебе кірпіктері от бүркіп тұрғандай ызғарлы. Ара-арасында күліп жібермесем болар еді-ау деп те қипалақтайды. – Өтірікшінің жазасы? – Өлім! – Дұрыс айтасың, құдайдың күнәһар құлы! – Қырмызы әлде­ қашан хан қызына «айналып» кеткен болатын. Жайдақ үстелге күмп беріп отыра кетеді. Кәрібоздың жанары жыпылықтап, уәзір­ леріңді шақырып келейін бе деп ым қағады. – Қызметіңе рахмет, үш минөт уақыт беремін, өлер алдындағы арманыңды айтып қал. – Өлімнен қашып қайда барамын ханзада, шабамын десең, бас міне! – Кәрібоз екі бүктетіліп Қырмызының алдына құлайды. – Құлға да бір сауал! – Айт, айт, іркілме, ақ өліммен өлгің келсе, арманыңды айтып қал. – Айтсам былай... артымда қалған ұрпағыма иненің жасуындай кесірім тимесін. Ертеңгі күні әкеміз солай болып еді деп құсадан у ішіп жүрмесін. Күнәм не, айыбым не?! Бәрін бүкпесіз халқымның алдында жайып сал. Сосынғы шешім өзіңізде. – Уа, халайық!.. – Қырмызы кербездене орнынан көтеріле­ді. – Ендеше, зейін қойып тыңдаңдар. Өтірік айтқанның қашан бол­ масын кесімді жазасы – өлім! Құдайдың құлы Қонысбаев Кәрібоз елден шыққан суайт өтірікші еді. Ұйыған елдің арасына іріткі салды. Төртінші мөлтек аудан деп аталатын бүтін бір патшалықтың бүлдіршіндерін жинап алып, беті былш етпей өтірік айтты. – Дат, тақсыр! – Жоқ, ханзада екі сөйлемейді. Уәзірлерім, мына суайттың аяққолын кісендеп, дар ағашына сүйрелеп апарыңдар. – Қырмызы аяғымен еден тепкілейді. «Кәрібоздардың астыңғы қабатында кімдер тұрушы еді». – Бүкіл бір патшалықтың бүлдіршіндеріне атом туралы әңгіме айтып, үш ұйықтаса шындыққа жанаспайтын өтірікті көкіген­ сің, ашық ауыз балапандар сенің сөзіңе кұдайдай иланған.

ТАҢДАМАЛЫ – Ол өткен ғасырда болған еді ғой, ханзадам! Онан бері қаншама өмір өзгерді, қаншама су ақты дегендей... – Сен жасаған жауыздықты өгіз арба тарта алмас. Атом дегенің шылғи өтірік екен. Міне, жүз жылдан бері менің оқымыстыларым тынбастан кітап бетін ашып келеді. Сөйтсе, атом деген адам бойындағы қанмен араласқан бұла күш екен. Естідіңдер ме, халайық, біз қандай мүсәпір халге душар болғанбыз. Өзіміздің адам­дық асыл қасиетімізді атом деген «әләулайға» ойланбастан айырбастап жібергенбіз. Міне, алдарыңыздағы мынадай сұм­ пайы­лардың әрекетінен ойлау қабілетімізден айырылып қала жаздағанбыз. Бойымыздағы бұла күшті бұл басқа мақсаттарға пайдаланбақшы болған. Қандай шара қолданамыз? – Өлім! – Өлім! – Өлім! Кәрібоз дүрс етіп, аяқ-қолын жан-жаққа жайып жіберіп, еденге құлай кетеді. «Ал қасарысқанның жөні қалай екен, иманыңды тас төбеңнен шығарайын». Тырп етпестен әрі жатады, бері жатады. Гүрлеп тұрған «хандық дәуірін» ұмытып, Қырмызы да аяқ астынан жалпақтағысы келмейді. Құрып кеткір, бұла күш деген пәлені қайдан тауып ала қойып еді. Ең басты пәлесінің өзі сонда ғой, тып-тыныш теңіз бетін әп-сәтте үйіріп әкететін қара дауылдан аумайды дейді білгіштер. Және ол күшті басқаруға дәрменің де жете бермейді. Ал дене мүшелері болса сарт та сұрт жұмыс істеп тұр. Үйге қайтайыншы дейсің, жүріп келе жатқан секілдісің. Оһо, жынданғаннан саумын ба деп жан-жағыңа қарайсың. Бәрін бес саусақтай біліп тұрсың. Бірақ аяғың бастың басқаруына ба­ ғынбайды. Өз дегенімен лағып тарта береді. Мұндайды бастан кешкен кім бар, бетін аулақ қылсын. Бір жерлерден оқыған. Аяқтың бір амалын қарастырар-ау, ой сұмдық-ай, өз қолыңның өзіңе жаулық жасайтындығын естігендерің бар ма?! Қырмызы тақтай «тағынан» жайлап көтеріліп, «өліп жатқан» Кәрібозға қарай жақындайды. Шынымен өліп жатыр. Жейдесінің өңірін ағытып жіберіп, жүрегінің соғысын тыңдау есіне қайдан келсін. Маңдайдағы суық терді сылып тастауға да үлгермейді. Әлдекімнен көмек күткендей зыр жүгіріп, бөлмелерді аралап шығады. Тым-тырыс! Апыр-ай, а?! Енді не істейді. Е, жанартаудай атқылайтын бұла күшпен ойнағың келген екен. Мінекей, алтын

Қуаныш ЖИЕНБАЙ асықтай баланы сұлатты да салды. Айдың-күннің аманында жебе кірпіктерінен шық тамып кетуге шақ жүретін нәзік жанды Кәрібоздан не сұрайсың? Айқайлауға да дәрмені жетпейді-ай! Ой, бүйткен «хандық дәурені» құрып кетсін! Шынымен бүл күші түскір Кәрібозды буындырып тастаған екен-ау деп еді. Қа­ бырғадағы дөңгелек айнаны ала жүгіріп аузына тақамақшы еді. Дымқылданбаса дәрігер шақырмақшы еді. Жүрегінің атқақтап аузына тығылғаны. Сол – сол-ақ екен, «өліп жатқан» Кәрібоздың ояна салып, мұны қапсыра құшақтай алғаны. Бұлқынуға дәрмені жоқ, тіпті, өстіп тұрсам тұра берейінші деп те ойлаған. Құлақ түбі күбір-күбір, не дегенін кім білсін? Ой, тәңір жарылқағыр-ай, денесі тітіркенді дегені не тәйірі, ғайыптан ыстық отқа оранған секілді ме қалай, қазбауыр бұлттармен бірге ұшып бара жатыр ма, немене? Бәлкім, ұшқыш кілемнің үстінде кетіп бара жатқан шығар. Тұла бойы жеп-жеңіл... Кәрібоз қағынғырдың мұндайды кімнен үйреніп жүргендігін кім білсін. Көзін жұма қойғаны сол, бетінен шөп еткізіп сүйіп алды... Қырмызының шынымен жылағысы келген. Сарғыш шашы­ ның арасына саусақтарын сұғып жіберіп, суық қабырғаны арқасымен үйкелеген күйі тағы да біршама уақыт тұрып қалды. Тұңғыш рет, міне, өтірік айтса өмірем қапсын, Кәрібозды тұңғыш рет жақыннан көргісі келгені рас еді. Түу...у, ішін ит жегір-ай, күн сайын түс көріп, түсінде Кәрібоз екеуі жиі кездесіп жүрсе сөз бар ма. Апыр-ай, соның қордаланып келіп аспаннан ақ ұлпа жауған күнге тап келгенін көрмеймісің. Ақша қар дегені құдды бір үлбіреген ақ мақта екен дейді. Мінекей, ақша қар деп осыны айт... Тоғыз қабатты үйлердің басына дейін басып салған. Айналаң теп-тегіс, мүлгіген тыныштық. Омбы қардың бір шетінен әзер шығып, танауы делдиіп Кәрібоздың жа­ нына әзер жеткені есінде жоқ, «Торғайларымды көрмедің бе?» деп жағасынан сілкілеп әкетіп барады. «Айтқаның болсын, Қырмызы, барлық тапсырмаңды табанда орындаймын, алдымен кішкене демалайын» деп міңгірлейді Кәрібоз. Қойшы әйтеуір, бір кезде торғайларымен де аман-есен табысты-ау! Енді не істейміз деп, жы­ мыңдап бір-біріне қарайды. Тоғыз қабатты үйдің төбесіне дейін басып салған сұмдық қарды екеуінің де тұңғыш көруі еді. Және күллі қала жұртынан бөлектеніп екеуінің ғана мына кіршіксіз

ТАҢДАМАЛЫ аппақ дүниенің бетіне қалқып шыға келгендігі қалай? Талай-талай түбір астындағы теңдеудің шешімін табанда тақ-тұқ айтып беруден жаңылмайтын Кәрібозың да амалсыз бармақ тістеген. Ал керісінше Қырмызы көңілді еді. Кәрібоздың алдында бе­ делі жүдә биіктеп кеткен-ді. «Бұл саған түбір астындағы тең­ деу емес, ойлан, ойлан, тәмпіш танауым!» «Тәмпіш мұрыным» десеңші» деп түзетті Кәрібоз. «Танауда тұрған не бар. Айналаң үлбіреген ақша қар, сен болсаң сол ақ ұлпаның үстінде қалқып жүрсің. Өзгелер қайда? Ойлануға он минөт. Жауап бере алмасаң, күлтелектеме, мойында. Бір, екі, үш... алпыс, алпыс жеті...» Малақайын милықтата киген Кәрібоз кенет қолын көтерді. «Же­ңілдім, мұның сырын түсінуге шамам жетер емес». «А... а, түсінбедім деймісің, шала туған шарана?» «Шала туғаны қа­ лай?!» – Мұнысы Кәрібоздың өзінше намыстанғаны еді. «Мың жерден тоңқылдасаң да бетіңе айтайын, бәрің де шала туған шаранасыңдар!» «Ал, сен ше?» «Асықпа, түсінесің әлі. Мен үнемі күнмен бірге күліп оянуға дағдыланған адаммын». «Не дейді, жұмбақтамай, турасына көшсеңші?» «Тағы да қайтадан айтамын. Мен күнмен бірге күліп оянуға дағдыланған адаммын». Кәрібоздың қысық көздері қуақылана жымыңдайды. «Иә, иә, айтып қал, жиырмасыншы ғасырдың ең соңғы қияли періштесі! Күнмен бірге күліп оянуға шеберін! Жұрт ертеңгі күніміз не бо­ лар екен деп, аяқтарынан сарсылып дүкеннен дүкен аралайды. Ал Қожамсейіттің қызы күнмен бірге күліп ояну деген қайдағы жоқты көкиді. Шындыққа негіздеп, жұрт түсінетіндей ғып асықпай айт­ саңшы?!» «Асықпа дегенім қайда, шала туған шаранам! – Қырмызы ақ ұлпаға оранып олай-былай кезгілеп жүре бастайды. – Күнмен бірге күліп оянудың мән-мағынасын сендер ендігі жерде толық түсіне алмайсыңдар-ау деп қорқамын. Дегенмен сұрадың, айта­ й­ын, шала туған шарана дегеніме тоңқылдағаның бекер бол­ды. Бәрің де шала туғансыңдар. О бастан күнмен бірге күліп оянуға дағдыланбағансыңдар. Менің сендерден оқ бойы озық жара­ тылғандығымның түп-төркіні де осы еді. Неғып аузыңды ашып қалдың. Шала туғандар дегеніме неге тоңқылдайсың, тоңқылдама! О заман да бұ заман, сірә, күн жарықтықтың қырқадан қабағын түйіп шығып келе жатқандығын көрдің бе? Көрген жоқсың. Лайым мұнан былайғы жерде де көре алмағайсың. Сен секілді

Қуаныш ЖИЕНБАЙ шала туғандардың бәрі де бұл кұдіретті елемейді. «Күн сәулесі жердің тоңын жібітуге, өсімдік, жеміс-жидектерге қуат беру үшін жаралған» деп баяғыда тасқа басылған қағиданы қайталай береді, қайталай береді. Оу, қарағым-ау, атандай XXI ғасырға аяқ басқалы тұрған сені мен мына мен үшін бүйтіп ойлау Күнанамызға жасаған қиянат емес пе? Ұят-ай, ой шала туған өңшең сүмелек! Дәл осы жолы ашулансам да айып болмас. Міне, сендер­ дің шыққан төбелеріңнің сиқы осы. Күн-анамыздың не себепті күліп оянатындығын адамдық тұрғыдан мән беріп ойламайсыңдар. Күн-анамыз еріккеннен күліп шығады ғой деймісің?! Алдымен жер бетіндегі қыбырлаған жұмыр басты пенделерінің бойларын бір желпінтіп алайыншы дейді... Олар да маған қарап күліп бір оянсыншы дейді. Жылап жатқан сәбиді анасы ылғи да күлдіріп жұбатпаушы ма еді?! Дәл осының өзі! Оған инедей таласың болмасын. Күнмен күліп оянуға дағдыланбаған соң сен пақыр ненің парқын түсінейін деп едің. Алдымен күнмен бірге күліп оянуға дағдылан. Біреуге ренжіген, біреуге ашуланғандығыңды әлгі күлкі әп-сәтте жуып әкетеді. Бойың да жеңілдейді, анадан жаңа туғандай әлденіп қаласың. Өзің көріп жүрген жоқсың ба, мен ешкімге ашуланбаймын. Ашулана қалсам да, ол ашуды көп бойға сіңірмеймін. Күнмен бірге күліп оянамын да, бәрін-бәрін ұмытып жүре беремін. Қазіргі заманда жылай білу де, күле білу де өнер. Шала туған шаранам, кеш те болса осыны ұғып ал. Менің бойымда біреуге деген арам ой жоқ. Күнмен күліп оянуға дағдылансаң, сен де сөйтер едің-ау! Дегенмен кеш қалдың. Мінекей, құдайдың құдіретті күшімен біздің қаламызды да ақ ұлпа басып салды. Құдайдың да көзі соқыр емес білем, кімнің кім екендігін байқайын, адал жандар ақ ұлпаның бетіне онсыз да қалғып шығады дегені шығар. Сені өзіммен бірге алып шыққан да мен болатынмын. Міне, Күн-анамыз да төбемізден күліп тұр. Ал білгіш болсаң айта қойшы, кірпіктерімнің елден ерекше ұзын болған себебін бі­ле­місің а?! Күн көзіне әбден суарылған. Одан артық қалай дә­ лелдейін. Тілім жетпейді. Қажет екен ұзын кірпіктерімді дәл қазір де алып күректің орнына пайдалана білемін. Қалың қарыңды кірпігіммен-ақ аршып тастаймын. Шала туған шарана, мені не десең о де, әйтеуір жер бетінде үнемі күнмен бірге күліп оянуға дағ­дыланған, ешбір адамға жаманшылық ойламайтын Қырмы­ зы атты бір қияли қыз жүріп жатыр деп ойлашы. Соған сенші!

ТАҢДАМАЛЫ Шамаң жетсе, мынау қар астында қалған адамдарға да соны айтып баршы. Білем, білем, сендер (шала туған шараналар) бір-бірлеріңе тым мейірімсіз болып барасыңдар, бір-бірлеріңді аямайсыңдар. Ең басты сорымыздың өзі сол – кішкентайларыңнан күнмен бірге күліп оянуға дағдыланбағансыңдар. Кірпіктерің де қып-қысқа, күлуге емес, құдды бір ашулану үшін ғана жаратылған секілді. Күн-анамыз мені жерден әлдеқашан-ақ көтеріп әкетер еді. Көріп жүрсің, салмағым да жеп-жеңіл. Неге екендігін кім білсін, әзірге сеңдердің араларыңда жүре тұрғанымды құп көреді. Қапелімде бір-бірлеріңмен жағаласа қалғандарында арашалауға адам таппай қалмайын дейтін шығар. Әйтпесе әлдеқашан күн маңында жүрер ем ғой...» Орнынан сүлесоқтана көтеріліп, кереуеттен түсіп қалған көр­ песін жинастырды. Ыстық шай ішсем, басымның сырқырағаны қояр еді-ау деп, есігі ашық қалған ас үй жаққа назар салды. Ыбырсып жатқан бір дүние. Әке-шешесінің Қырмызыға сеніп кет­ кендері соншалық, кейде ішкі киімдерін де үтіктемейді. Есікті сыртынан бекітеді де, жұмыстарына жылжып жүре береді. Күн бұлыңғыр. Көгілдір аспан ақ ұлпамды армансыз төге алма­ дым-ау дегендей көкбеттеніп тұр. Биік үйлердің темір шатырлары ақ бөкебай жамылған. Ара-тұра терезе жақтауларына суық там­ шылар тамып қояды. Төменгі қабаттағы бір үйдің балконынан желмен әнтек қана желбіреген қызыл-жасылды сәби жөргегін байқап қалды. Танауын әлдебір тәтті иістің қытықтағаны. Пер­ дені былайырақ ысырып, тағы да анықтап қарады. Сәби жөргегі. Қап, әлгі танауын қытықтаған тәтті иісті жынды жел жан-жаққа жұлмалап жатыр-ау дегендей қызғанышты сезімге берілді. Ойпырой, шешесі бір салақ кісі болмаса не қылсын. Мынадай жауынды күні де сыртқа жаялық жаяды екен-ау. Қырмызының жүрегі айнығандай. Түсінде бір, өңінде екі көр­ ген ақша қардың қазіргі көрінісіне көз салудың өзі қорқынышты еді. Қайдағы қар, қара батпақ десеңші, қара батпақ! Шолақтау­ дың басынан сырғанамақ болғандығын айтам-ау. Көкесінің де үлгеріп келмегені жақсы болды. Батпақ кешіп қайда барады? Көше сыпырушының ағаш күрегінен қалған қарды көршілердің жекеменшік мәшинелері таптап тастаған. Доңғалақтың ізімен соқыр жылғалар да пайда болып үлгеріпті. Қар жауған соң артынан мұрын шымшылайтын аязы болмаған соң несі сән? Жіпсілең.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ Бүйткен қала қысына береке берсін. Мұның аты қыс емес, барып тұрған өліара. * Кенет, о, тоба, адамның басқаруына бағынбайтын бұла күш деп, міне, соны айт! Төменгі жақтан шыңғырған әйел дауысын естуі мұң екен, Қырмызының есік қайырылысындағы әкесінің керзі етігін аяғына сұға салып, жеңіл көйлегінің етегін де түймелеместен құстай ұша жөнелгені. Мұндайда алтыншы қабатыңның кәдімгі шақырымға татитыны белгілі ғой. Ұшып-ақ келе жатыр, бірақ жеткізер емес, есік алдына қаннен-қаперсіз қоқыс төгуге шыққан біреуді шынтағымен қағып кетті. Үшінші не төртінші қабаттанау шамасы, кішкентай жүндес күшік шабалаңдап өре түрегеліп еді, е, өзінен көрсін сормаңдай, көкесінің керзі етігі тиген соң оң­ дырсын ба, анадай жерге ұшып түсті. Адам өліп жатқанда иті құрысын! Жан дауысы шықты-ау байғұстың! Біреулердің «жедел жәрдем» шақыртуға шамалары келсе жөн болар еді. Кім болса да пенде ғой әйтеуір. Қалбалақтап Тамара Леонтьевна келе жатушы еді дүкеннен. Жер тайғақ. Жо-жоқ, бұл айғақ емес, көкешім! Жүр­ гізушісін ұстау керек жүргізушісін. Әкесінің жүргізуші екендігі де қаперінен шығып кеткен-ді. Бірінші қабатқа жеткенде өз-өзін әзер тежеді. «Қан жоса боп жатқан» кісінің жанына жетіп бару үшін бала немеге бөтен жүрек пайда болуы керек шығар. Денесі тітіркенді. Әлгі дауысты естімесе, көршілерінің шетінен таскерең боп қалғаны. Бірақ көпшілігі қазір жұмыста. Ал өзге жердің бірінші қабатқа қайтіп түскендігін кім білсін. Е, соны айтам-ау, бала неменің бірден қойып кетпей қаннан қашқақтап жүргендігі де жөн ғой. Ол, негізінен, үлкендердің шаруасы. Куәгер ретінде заң орындарына түсініктеме берер, құдайын ұмытқан ақикөз жүргізушіні милицияға ұстап берер. Дегенмен қазаның аты – қаза. Ауыр соққыға жығылған жарымжан кеуденің басын көтеруге де адам көмегі қажет болар. Міне, Қырмызының көмегі сондайда керек. Қан беруден де қашпайды. Дардай азамат. Қызыл пүлішпен тысталған табыттың ернеуіне қонақтаған Аполлон көбелегін кепкіңмен неге баса салмадың деп, Кәрібозға ұрыса жөнелетін ол Қырмызы мен бұл Қырмызының арасы жер мен көктей қазір. Аяғын мысықтабандап басып, есік алдына жақындады. Қан болып жатқан кісіге бірден жетіп барғысы келмеді. Алқымынан

ТАҢДАМАЛЫ алған суық желдің екпініне қарамастан бұқпантайлап басын шығарды. Астапыралла, қар аралас батпақ жолдың жиегінде сел­тиіп бір әйел тұр. Мертіккен жанға ұқсамайды. Қоңыр паль­ тосының етек жағы жағал-жағал. Қатты жүрген мәшиненің доң­ ғалағынан ұшқан батпақты сүйріктей саусақтарымен шертіп бай­ қап еді, оңайлықпен түсе қоймады. Ашуға булыққан жүзі адам ая­ ғандай: – Доңыз! – деді түкірігіне шашала үн қатьш. – Машина қағып кетті ме дегенімші? – Қырмызы келесі көшеден кілт етіп оңға бұрылған жеңіл мәшиненің нөмерін аңғармай қалды. – Танымайсыз ба? – ? «Соншама шыңғыратындай...» Бейтаныс әйелдің қол сөмкесін жерден көтеріп алды да батпағын жеңімен сүртіп-сүртіп жіберіп, өзіне қайтып берді. – Сен кімсің?! – Мен, мен... – Әкеңнің аты кім? – Қожамсейіт. – Осы жерде тұрамысың? – Иә, алтыншы қабат, сексен төртінші пәтер. Асығыс болмаса­ ңыз, біздің үйге барайық, киіміңізді жөндеп алыңыз. Қырмызы тіксініп қалды. «Кірпіктерінің тұқылын». – Сонша айқайлағаныңыз не? – Зәрең зәр түбіне кетті ме? Бейтаныс әйел кішкене алға жылжып, қайта бұрылды. – Мені танимысың? – Танымаймын. – Танымасаң не түлен түртті?! – Жәй, әншейін, – дей салды Қырмызы. – Білем, бала емес, бәлесіңдер шеттеріңнен. Үйге жүріңіз деп мүләйімсуін. Бармаймын үйіңе! Әлгі машинаның жүргізушісі сенің әкең-ау дәу де болса. Сүйтіп мені алдарқатып, кешірім сұ­ рамақшысың, ә?! Қырмызы ілби басып, сыртқы есікті әзер ашты. Басқышпен жоғары өрлей алсашы. Бір, екі, үш... «Неткен ауыр күн». Аспан бұлыңғыр. 16-0179

Қуаныш ЖИЕНБАЙ * Қожамсейіт мәшиненің ауыр есігін жұлқи жапты да, аяз қыс­ қан темір тұтқадан алақанын әзер ажыратып алды. Бір қабат те­ рісін сыдырып түскендей дызылдауын. Шолақ тонның жағасын көтеріп, бүрсеңдеген көтерем сиырдай сүлесоқтана жылжып, дәу мәшиненің ық жағын айналды. «Тап жеті әкеңнің!» Көкірегінен келетін жуан доңғалақты шіреніп тұрып бір тепті-ай! Онан кейін не болса о болсын! Әйтеуір, ауыр соққының әсерінен дәу мәшине солқ ете түсетіндей сезінді. Ептеп беті бері қараған. Не­ сін айтасың, өзінен де бар-ау, өзінен де бар. Оу, ата-бабасынан мұралыққа қалған қимас дүние ме еді. Өнесі-ей, тіпті оған бола бас қатырудың да қажеті жоқ, жол жүру ережесінен қия бастың екен, о мұндағылардан имандылық күтпе, керісінше сенің кішкене кемшілігіңді таба алмай діңкелері құрып жүрген жоқ па! Тұмсығынан сүйреп мәшинеңді әлдекімдерге беріп жібереді. Сосын озат жүргізуші Қожамсейітке сәлем де! «Тап, жеті әкеңнің ал!..» Бұж-бұж доңғалақты шіреніп тұрып тағы тепті. Кабинаның ішіне шыбын қондырмаймын деп бұл әлек, сүйтсе бәрі бекер екен. Ендігі жерде ме, итше тепкілеп, әбден әкесін танытып мінбесе көре қал! Тау-тасыңа қарамастан төтелеп тарта береді. Терісі күлдіреген алақанын ыстық демімен үргілеп қойнына тықты. Басын шайқады, оқымыстылар мұның атын не деуші еді. Тілінің ұшына тіреліп тұрған әп-әдемі сөздің тігісін жатқыза алсашы. Сан мәрте ішінен қайталаған, жүдә, маңына жуымады. Қасқырдай ұлыған ақ шұнақ аяздың түрі мынау. Түкірігің жерге түспейді. Ал сонан келеді де, мәттәқан жүргізуші қанына сіңген кәдуілгі мінезінен аттап өте алмай, ауыр есікті жайлап қана жапқысы келеді. «Ойбай-ау, маған десе неге ойран-ботқасы шықпайды бұл итаяқтың?!» Темір тұтқада несі бар? Бөксесімен нұқып қалса болмас па еді. Сол қанға сіңген мәттәқан мінездің қырсығы барлығы. Оқымыстылар деп аспанға қарағаны несі? Кө­ мекшісі Күнтуған да тура қыздың жиған жүгіндей қып келістіріп айтатын әлгі сөзді. Көзі көкшиіп оқымайтын пәлесі жоқ өзінің. Осынымды біреу-міреу бақылап тұрғаннан сау ма деп, көзіне түскен түлкі құлақшынын сұқ саусағымен тік көтеріп, жалақ­тап жан-жағына қарады. Тым-тырыс. Бәсе, мынадай боранды күні өздерінен басқа кім бас көтеруші еді? Құдай тілегімізді берді ме, бермеді ме деп, жылы пешке бөкселерін тығып жатқан шығар

ТАҢДАМАЛЫ сарбаздар. Басқа жұртқа қалай көрінерін ит білсін, әйтеуір қаздай тізілген мына мәшинелер Қожамсейітке құбыжықтай елестеді. Еһе, ондай сорақының талайын көрген. Шолақ тонының жағасына мойнын тығып, қонжиып кері бұрылды. Ендігі жетпегені осы еді. Апырмай, мұнан он жыл ма екен, әлде он бес жыл ма екен, санадан сылынып түскендей мүлде ұмытылуға айналған сол бір көріністің қайта тірілгеніне не себеп болды екен-ай, ә?! ...Арал теңізінің жағалауына қаңқиып-қаңқиып шығып қал­ ған кемелерді тіпті кинодан да көргісі жоқ еді. Шәрипа құлағына қоңыраулап айтпаса да, сыртымнан күңкілдеп жүрмесін деп әрі театр үйдің іргесінде болған соң, баяғы бір балаң күндерді еске түсіріп, екеулеп киноға барған. Шетелдік екен деп әйелі қол­ тығынан қысып-қысып қояды. Е, бопты, бұған бәрібір. Өйтіпбүйтіп Шәрипаның көңілінен шықса жарады ғой. Қас қылғанда және жылына бірер мәрте, онда да әйелінің қыңқылдауымен ға­ на театрға барып төбе көрсететін Қожамсейіттің әдейі жүйкесін жұқартайын дегендей, киножурналында еріні тілім-тілім кезер­ ген теңіз жағалауын көрсетпесі бар ма! Әрі-бері шыдаған. Төбе кұйқасын мың құмырсқа жеп жатыр, жеп жатыр. Орнынан ұшып тұрды: «Қайтамын!». Әйелінің көзі атыздай. Қалың жұрттың көзін­ше не десін, «Біздей сорлыға бұйырмаған дүние екен» деді де, үн-түнсіз ізінен еріп жүре берді. Есіне енді түсті ғой, бетон қабырғалары шұрқ тесілген әрі ай­ наласы атшаптырым мына итаяқтай гаражы түскірге жөнді теңеу таппай тілін тістеп еді. Кәдімгі өгіз қамайтын қамыс қора. Бала күнінде етке өткізбек болған өгіздерді осындай жайдақ қораға қамайтын. Көздері қанталаған тағы немелерге биттің қабығындай қамыс қорасы бұйым болып па. Басына ноқта түсерін сезген замат­ та әлгі қораның кез келген бүйірінен көктей өтіп жүре беруші еді. Нақ соның өзі. Бірақ бұл жерде өгіздің міндетін өзінің әріптестері атқаратын-ды. Өй, төбесін көрмегірлер-ай, қаңылтыр дарбаза барау деп біреуі елеген емес. Тұс-тұстан, әлгі тесіктерден сумаң ете қалады. База басшыларының да әбден көздері үйренген. Үндемейді. Жүргізушілерге еш нәрсенің жаттығы жоқтай елестейді. Қалбалақтап келіп кірпігіне қонақтаған қар қиыршығын лез­ де сүртіп тастады. Денесі тоңазыды. Ақ шарбы бұлттардың ар жағынан жылт ете қалған күн көзінен дәмеленіп еді, ізінше аспан қабағы қайта кіртиді. Қар жамылған қарағайлы шыңдарды аждаһа

Қуаныш ЖИЕНБАЙ жұтып қойғаңдай. Көк дегенің қол созым жерде. Аспан аласарған соң, онсыз да қарайған қарадан ілік таппай, терісіне әзер сыйып тұрған адам пақырдан не сұрайсың! Тіпті төбесіндегі телеграф бағаналарының ызыңы да ызасын келтірді. Асфальтталған алаң­ қайда қар аралас алақұйын ойнақ салады. Шеткеріректегі ескі кабинаның есігі ойбайын салып, телеграф бағаналарымен қосыла гөй-гөйлейді. «Неткен көңілсіз тіршілік еді» деді ішінен. Бұж-бұж доңға­ лақтан қанша тепкілесе де өш ала алмасын енді түсінгендей. Жүгерінің дәніндей боп жерге түскен түкірігі анау. Ақ шұнақ аяздың түс ауа жүдә қатая түсетін сыңайы бар. Түбің түскір, та­биғаттың тым қатуланса адам пақырдың аяқ-қолын матап тастайтындығын кім білген? «Адам құдірет!» Паһ, шіркінай, әбден тойынды. Әй, сәл кішірейіп, иба сақтасақ қайтеді, ағайын! ...Ғарыш кеңістігінде тағы біреулер ұшу сапарын бастапты. Оу, бұл не қылған таусылмайтын сынақ! Аппараттарды жерде тұрып-ақ басқара береміз дейтіндерін қайтерсің және де. Нәтижелерге қол жеткізе алмаған екен, кезекті сынақ еді деп газет біткен түсініктемесімен мақала жариялады. Сол сынағыңды Қожамсейіттің ұрып қойғаны бар, білдің бе, ұрып қойғаны! Кос­ мос кемелерінің жер шарын мың, миллион рет айналғаны неге ке­ рек, а! Неге керек?! Қожамсейіт болса мына тұрған Тұлпарсазға жете алмайды. Айналайын сынағыштар-ау, ақылды адам алдымен көрініп тұрған кемшілігін жөндемес пе еді. Сылтау бәрінікі! Әй­ теуір, есебін тауып тұяқ қимылдатпаудың қамы ғой. Оу, оған дейін де бұл халық өз тіршіліктерін дөңгелетіп-ақ келмеп пе еді. «Ит жоқ­ та, шошқа үредінің» кері. Оһо, отандық техника бар қуатымен күрт алға жылжып кетеді де, ең аяғы күнделікті ауа райын әлмеәл хабарлап тұрған метеорологиялық стансаның тетігін де космос кемелеріне жалғастырып қояды. Эх, несін айтасың, ғарыш ке­ мелерінің онан басқа жұмыстары жоқ деген, ә?! Қожамсейіттің Тұлпарсазға барған-бармағанының оларға қажеті қанша. Тіфу!.. Есік ашылғанға елеңдеп қалған. Шүңірек көз ілмиген күзетші шалың да қазір құдаймен қолма-қол хабарласып тұрғаннан әрі. Жүрісінен жер ойылады. Кішкентай шлагбаумның бүгінгі қожа­ сы – сол. Кішкентай шлагбаумды бұзып-жарып сыртқа да шыға алмайсың. Сырты күйелеш-күйелеш жаман үйшіктің іші толған қоңырау. Қия бассаң, бәрі бажылдап қоя береді.

ТАҢДАМАЛЫ – Не хабар, Жәке? Шалың қос қолын айқастырып жоғары көтерді. – Құрысын, құрып кетсін! – Дәу доңғалақты тағы бір тепті. Бәсе, мынадай суықта сыртқа шығып, әлгі шал өле алмай жүр ме деп еді. Тісі ақсиған жүндес төбетке жуынды құяйын деген екен ғой. Сырт айналып, ойда жүрген тағы бір шаруасын тындырып тастады. Сырма шалбарының ауын сала алмай да біраз әуреленді. Шіңкілдеген дауысынан шыны сынады-ей! – Қайтсаңшы, бала. – Құр қол қайтсам әйелім үйге кіргізбейді. – Оған кімді кінәлайсың. «Диірменнің асты күшті ме, үсті күшті ме» деуші еді баяғыда. Бар тапқаныңды аузына тыға берсең, әйеліңнің емшегі іспей қайтсін. – Болдың ба? – Болдым. – Ендеше ақылды тыңда. – Сенің ақылыңды көжеге қатып ішем бе? – Мейлің. Біздің кемпір де сенің әйеліңнің сортынан. Пенсияны жұғым құрлы көрмейді. Сосын жүргенім салпақтап. – Е, маған күлетіндей жағдайың жоқ екен онда. – Күліп нем бар. Арамтер болмасыншы деп саған болысу ғана менікі. Әй, қайдам, тұман ашылған күнде де жол қағазыңды да­ йындап бере қоймас. Біздің қыздардың бөксесі, байқайсың ғой, тым ауыр. – О жағын көрер едік те. – Бәли, мына жаманның аспандауын. Ұршықтай үйіріп әке­ тетінің қайсысы сонда? Шал добалдай саусағымен көзін сүртті. – Деспешірлерді айтам әлгі. Терезеге тақау отыратынына иегің қышымай-ақ қойсын. Оның мөрі қалтасында. Анау-мынауды жа­ нына жуытпайды. – Түсінбедік, Жәкесі? – Түсінбесең қайтемін, бәрін біліп тұрып тілімді қышы­тасың, зәнталақ! Адамы бар деймін. Және анау-мынау емес, қалтасында мөрі бар дәудің өзі. Аулақ жүр, үйіңді таба алмай қаларсың. Екіншісі – әлгі шибұт қара. Оған өзіңнің де зауқың шаппас. Ау­ зынан шылымы түспейді иттің көрі! – Ойбай, қойдық, оның шаруасын өзім-ақ тындырамын демек­ сің ғой, ә!

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Әй, шорту, сенімен сөйлесіп тұрған мен ақымақ! – Үйшігіне кірген бойда буын бұрқыратып, есіктен тағы басын қылтитты. – Машинаны от алдырып қайтесің, бері кел, онан да қара шайды бөліп ішейік. – Қара шайдан басқа тіске басатын нең бар? – Кемпірім кірдің тасына салып, екі елі қазы беріп еді. Оны өз орнына жөнелттім. Әй, бала, үсіп өлесің, қайт деген соң қайт! Апыр-ай, Тұлпарсазға бүгін де жол түспеуге қарады ма шы­ нымен. Аласарған аспанның еңсесі көтерілер емес. Қарлы шың­ дарды қарны жерге сүйретілген буаз бұлттарың жеп қойған. Әдет­ тегіше асфальтталған алаңқайда қар аралас жаяу борасын ойнақ салады. Сабалақ жүнді кәрі төбет қалайы табақшадағы жуындыны жұтып тынды да, тырнағы мұқалған аяғымен сыртқа қарай теуіп тастады. Бүрсеңдеп кабинаға кірді. Моторы суымаған, стартерді басқаннан дар ете қалды. Қайта сөндірді, қайта оталдырды. Тұл­ парсазда әке-шешесінің мүрдесі жатыр ғой деймісің. Тұлпарсазда жеке шаруам бар еді десінші, басшылар байбалам салсын кеп. Ит өлген жерге өлдім дегенде жіберер. Алыстағы малшылар қыстауына шөп тиеп апарады, ал қайтардағы шаруа өзіне бел­ гілі... Тұлпарсаздың бергі құламасында Сүгірәлі дейтін шопан отыр. Ет жүрегі езілетіндей бірге туған ағайыны да емес. Тілкөзден сақтасын, екеуі ебін тауып бір-бірін түсінісіп үлгерген, Қожамсейіттің өйтіп-бүйтіп қолға түсірген он шақты жандығы соның қорасында. Оу, жүк мәшинесі жүріп тұрса, бір үйлі жанды қиналмай-ақ асырайды ғой. Бөрі азығы жолда. Қаладан шыға береақ біреулер жол бойы қол көтереді. Өзің үшін кетіп барасың, бір малшының үй-мүлкін іле кетсең, одан жүк мәшинесінің көтеншегі түсе ме. Оларға қалтасынан санап пұл бергеннен гөрі кабинаға жетім тоқтыны лып еткізген ыңғайлы. Қожамсейіт күн болсын, түн болсын, тапқан табысын Сүгірәлінікіне әкеліп тастайды. «Алмақтың да салмағы бар», Сүгірәлінің шиеттей бала-шағасының жеңіл-желпі киімдері, ұны, үнді шайы Қожамсейіттің мойнында. Салпы етек қатыны кішкене қабақ шытқаннан іші құрғыры сезе қояды да, Шәрипаның жанын қуырады... «Тап, қайдан тапсаң да үнді шайын тап!». Өткенде Сүгірәлі досының екі езуі екі құлағына жетіп тұр:

ТАҢДАМАЛЫ – Қозылы қойларыңның саны он бестен асты. – Ішіне қозылы қойың түгілі, табын-табын жылқың, келідегі боталы інгенің үнтүнсіз сыя беретін Қожамсейіт бұған бәлендей лып ете қалған жоқ. Өзін-өзі қинап бір мырс етті де, әңгіме арнасын басқа жаққа аударып әкетті. Со бір «қуанышты хабардың» күн айналмай керісінше мұның жанын жегідей жеп біткені. Сүгірәлінің сондағы ыржақай күлкісін де көпке дейін ұмыта алмады. «Алтын көрсе пе­ ріште жолдан таяды», бәлкім, ақкөңіл досының ар жағында арам ой да болмаған шығар. Неге екендігін қайдам, әйтеуір өзі іштей кіп алып, тіксініп қалды. Қалай болғанда да Сүгірәлінің ойын қызғаныштан арыға сіңіре алмады. Жамандығына баққанда он шақ­ ты қой қай жыртығын бүтіндер дейсің, тәйірі! Оу, қырсықтың, сірә, алдын ала атойлап, қоңырау соғатын кезі бар ма еді. Қапысын тауып ойламаған жерден атып ұрады. Мына борасынның сұры жаман. Әгәрәкім іс насырға шауып, Сүгірәлі пақыр күллі малдан айырылып сомпиып шығар болса, қозылы-қойларының құнын Қожамсейіт кімнен барып даулайды? Бармағын тістейді де, ма­на­ ғыдай доңғалақты тепкілейді, болмаған соң бұйырмаған мал екен дейді де қоя салады. Ондай атты күннің бетін ары қылсын. Дегенмен шаруаның алдын алғанға не жетсін. Қозылы қойың бұқпа базарда қазір он бес мың теңге. Оны кім береді? Тұлпарсазға жете алмадым-ау деп Қожамсейіттің шырылдау себебі де осы еді. Мәшине от алып тұр. Көзі кішкене ілінісіп кеткен екен, рөлге құлаған кеудесін суыт көтеріп алды. Терезе әйнегіне қонақтаған қар қиыршықтары қатып қалыпты. Басымды шауып алса да, шлагбаумды кесіп өтіп, тайып тұрсам қайтеді деп те біраз ойланды. Тұлпарсазға төтелеп апаратын тура жолды да бітпеді. Қайтарда бұқпа базарға соғып, дым білмегендей күзетші шалдың қаңылтыр дарбазасын қағып тұрасың. Жиналысқа сала ма, салсын, сөгіс бере ме, берсін. Бірақ ақи-тақи жұмыстан қуып шыға алмайды. Оһо, Қожамсейіттей мәттәқан жүргізуші жерде жатса, кәнекей! Әй, қиял дегенің де кейде түбі тесік шелек секілді-ау! Қанша су құй­саң да лезде ағып өтеді, түк те қалмайды. Міне, Қожамсейіттің мына былжырағы да тура соның өзі. Мұны түсінетіндей жан туған жоқ әлі. Оу, барын салып, жанын салып айтудан кенде ме? Қаланың қақ ортасындағы темір-бетон құрсау үйді тау етегіндегі қоражайы келіскен қазақы тамға айырбастайық деп құдайдың зарын

Қуаныш ЖИЕНБАЙ қылған жоқ па? Әйелі іштей күмілжіп, Қырмызының үйреніскен мектебінен қашықтап кетеміз ғой деген секілді түкке татымайтын сылтауды алға тартып, тоқетерін сол айтсын дегендей, жалғыз қызына қарай ысыра салады. Көрерміз әлі, жалғыз қыздың қалай ұшпаққа жеткізгенін. Тоқетерін Қырмызы айтпақ және де. Тоқетерін айтпақ түгілі мұрнын сүртіп алсын ол алдымен. «Миы шайқалған ба» деп қорқамын қияли неменің. Ал өткендегісі дені дұрыс кісінің тірлігі ме?! Бейтаныс әйелдің үстіне бейтаныс жүргізуші батпақ шашып кетті екен деп, алқын-жұлқын алтыншы қабаттан төмен түседі. Жалаң қабат жейдесімен. Дені дұрыс емес, әрине! Дайын тротуармен жүрмегені үшін ол әйелді, әкесін танытып, таптап кету керек еді. Өнесі-ей, айдаладағы біреуге шырпыр болып... Оу, қора-жайы келіскен қазақы тамға қоныстанып алса, осындай боранда Қожамсейіттің Тұлпарсазға жете алмадымау деп не басының іскені? Бар мақсатын сол үйдің маңында-ақ жүзеге асырмас па еді. Бір жаздың ішінде-ақ гаражын, қорасын тап-тұйнақтай етіп салып алмас па еді. Эх!.. Бұл жолы темір тұтқаға қол жүгіртпестен, серіппелі есікті өз ауанымен жіберіп қалды. Күзетшінің екі кісі еркін сыйып жүре алмайтын тар үйшігі ыс сасиды. Әдеттегідей газет құшақтап, темір кереует үстінде шал­ қасынан жатқан Күнтуған Қожамсейіттің қан-сөлсіз жүзін көр­ генде қалай ыршып түскендігін аңғармады. – Аға, жоғары шығып жылынып алыңызшы! – Жалма-жан есікке жүгірді. – Кілттерді беріңізші? – Керегі жоқ! – Міне, жөн сөз! – Күзетші шал кетік тісінің арасына қыстырған шылым тұқылын сұқ саусағымен ошақ көмейіне атып жіберді. – Өлуге келіпсің-ау, байғұс бала! – Қожамсейіттің қарасұр өңіне қан жүгіргендей. – Келінге қолхат берейін бе? – Не үшін? – Ешқайда бұрылған жоқсың... – Жә-жә, қатыннан қорқатын сужүректі тапқан екенсің! Күзетші селдір сақалын тарақтап отырып, кеңкілдеп күлді: – Батырсыма, бала. Сендейлердің талайын көргенбіз. Бетпе-бет келгенде мысық көрген тышқандай жөнеп берме!

ТАҢДАМАЛЫ – Қожекең ондай жігіт емес, – деді Күнтуған. – Бәли, сен қайдан шыққан мықтысың? – Шал Күнтуғанға бұ­ рылды. – Әйелінің ішкі киімін жуып беретін нағыз мықты сен болар­ сың түбі. Талқы шайың да екі-үш кеседен соң таусылып қалды. – Бүгін қадірлі қонақ келетіндігін қайдан білейін, – деп ақталды күзетші. Қожамсейіттің бойы жылынды, жеңілденді. Е, Күнтуған оқы­ мыстыдан сұрайын дегені не еді әлгі? – Инстинк. – Дәл соның өзі. Алақанын күлдіретіп алғандығын айтқысы келіп тұрды да, іркіліп қалды. Күзетшіден қорыққан. Өле алмай жүрсе де сөздері мірдің оғындай бар болғырдың! – Инстинк дегені малда ғана болмаушы ма еді? – Әне, тағы бір пәлені түтіндетті. Күнтуғанның көкшіл көздері атыздай. «Қап, мына шалдың бүйректен сирақ шығаруын». – Адамда да бола береді, – деп бәйектеді де қалды. Қожамсейіт «Мені малға теңеп жетістірдің» десе, жердің қай жыртығына жасырынбақ. Өткендегісі әлгі, ақын ауылына кұрылыс мате­риал­ дарын тасып апаратын қасиетті жолдан қалып қойды. Өзінен ғой бар кінә. – Алжыған шалдан не сұрайсың, – деді еңсе көтерген Қо­ жамсейіт. – Інстинктің дәрежесіне жетсеңдер бәрекелді. Әйелдің қойны­на бару да інстинк қой сендер үшін, ә! – Сөзің құрысын! Онан да метерологиялық стансамен тағы бір байланыс жасап көрсеңші. Болмаса үйімізге қайтайық. – Қайтыңдар, сендерді байлап отырған біреу бар ма? Итше сүмеңдеп жүрген өздерің. – Күзетші рацияның әлдебір тетігін іске қосып еді, күңгірлеген дауыстар ми кеміруге айналды. – Сәл күтейік, – деді Қожамсейіт, – бәлкім, боран басылар. Шалдан бір атым насыбайды әзер дегенде сұрап алды. Күнтуған әлі қылғынып болар емес. – Инстинг, инстинг дегеніміз... – Жә, жетер, шалың бір, сен бір, жан-жақтан жамырап... Күнтуғанның алдындағы түсініксіздеу алабажақ газетке көзі түсті. – Парсы шығанағындағы жағдай да баяғы.

Қуаныш ЖИЕНБАЙ – Сәл өзгешелеу. – Сондағысы не? – Алматыдағы сейсмологиялық зонаның картасын беріпті. – Астапыралла! – Сіздер қай маңда тұрушы едіңіздер? – Абай даңғылынан төмен. – ? – Неге үндемейсің? – Қауіпті аймақ деген зонаға кіресіздер. Егер жер сілкінсе... – Өй, жағың қарыссын! – Әй-шайға қаратпай Күнтуғанның қолындағы газетті жұлып алды. * Қардан тазартылған тілдей тротуардың бойымен жеделдете жүріп отырды. Мектеп пен үй арасы мықтағанда үш-төрт аялда­ма. Автобусқа да, трамвайға да отырған жоқ. Тілеуіңді бергір, таласатармаса ілігуін ілігерсің-ау, түсуіңді айтсаңшы. Консервінің бос қалбырын теуіп жіберіп еді, даңғыр ете қалғаны әлгі ит жегірдің! Енді артына қарамауға тырысты. Ұзын кірпіктерін ұялшақтана төмен салған күйі одан бетер жылдамырақ жүрді. Мына аспанмен тілдескен биік үйлердің бірінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан балбөбек әлгі қаңылтыр қалбыр дауысынан оянып кетпесіне кім кепіл. Әйтеуір, өзіне солай көрінді. Балбөбектің жанында шешесі болса сөз бар ма, әгәрәкім есікті қапсыра жауып, ол жолың болғыр бір шаруасымен дүкен­ ге жүгіріп кетсе ше? И... И, әттеген-ай, тыныш жатқан қалбырда несі бар десеңші. Оны бұзақы балалардың еншілеріне-ақ қалдыра тұруы керек еді. Екі аялдамадан өткенде барып өз-өзіне келе бастады. Айқай­ лап, соңынан қуып келе жатқан естияр кісілерді де көре алмады. Қаңылтыр тепкендігінің алды-арты осы болсын. Өздігінен келіп аяғына оратыла кетіп пе еді. Бәли, өзін арашалаған түрін қара, жә-жә, енді қайтып қаңылтыр теппейді. Ойпыр-ой, сіздерге не болған?! Тұлымшағы желбіреген Қырмызының да титімдей бала екендігін ұмыттыңдар ма? Өнесі-ей, бәрің өре түрегеліп!.. Тілдей тротуардың жиек-жиегінен соқыр жылғалар пайда бола бастапты. Күн жылынған. Енді қар жаумайды. Қызыл шанасын сүйретіп, Шолақтаудың шыңына да шыға алмас, сырғанақ та

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙