Бабалар сөзі. 51-том
Бабалар сөзі
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» – көптомдық құнды дүние. Бұл серия аясында ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күнге жеткен өлең-жырлар, шежіре-дастандар, эпостар мен хикаялық дастандар топтастырылған. Қытай мен Моңғолиядағы қазақ фольклорымен де осы сериядан танысуға болады. «Алпамыс батыр» жырының әртүрлі нұсқасы, жа...
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
НӘРІК
Нәрік деген Қазан шәрінің ханы еді. Жасы сексенге толды, өзі егде болды. Сонда қасында қырық биі бар еді. Бір күндері Нәрік қырық биін шақырып: Мен бір әйел алайын деп едім, – деп кеңес құрады. Нәріктің сол кезде бес қатыны бар еді. Алды жиырма бесте, арты он бесте еді. Қырық бидің ішінде ең үлкені Әліби деген еді. Бір заманда сол Әліби келгенде, жолдастары айтты:
– Нәрік ханымыз, “Әйел аламын”, – деп, соны бізден сұрайды. – Біз: білмейміз, Әлекем білмесе деп қойдық, – деді қырық биі.
Сонда Әліби сөйлей бастады:
– Халық ұстаған ханымыз, бес әйеліңіз бар еді. Кәрі емес, бесеуі де жас еді. Алды жиырма бесте, арты он бесте. Сіздің жасыңыз да жетіп еді. Құдай берсе, қиын емес қой, – деді.
Сонда Нәрік айтты:
– Ертең сәске болғанда бәрің де жиналып келіңдер, көрші-қоландарыңызды ала келіңдер, егер келмей қалғаның болса басың өлімге, малың қазынаға салынады. Ертең сәске болғанда қырқы да келеді. Сонда Әлібидің ақылы: “Сен қартайдың, қатындарың бәрі жас. Енді қатын алып, не қыласың? Қайратың жоқ” деген сөзі болды. Қырық биі келгесін, Нәрік бәрі бірге Ноғайға аттанып жүреді. Ел ішіне келгесін, Нәрік үй тіккізіп отырады. Әліби жиырма қызды жинап келеді. Әліби келіп Нәрікке айтады:
– Тақсыр жиырма қыз жиналып келіп тұр. Осыдан тандап алыңыз, – деді. Нәрік үйден шықса, жиырма қызға көзі түспей, ең шетте тұрған бір қызды көрді. Оның үстіндегі киімі жыртық еді. Сонда Нәрік хан сұрады:
– Анау шетте тұрған не қылған бала? – деп.
Сонда Әліби:
– Бұл бір жарлының қызы, “Қал” десе қалмай, артымыздан еріп келгені. Ол қыз ешкімге керегі жок, – деді.
Нәрік сонда Әлібиді шақырады. Келген кезде: “Білегіңді сыбанып, алақаныңды жай”, – деп, жанына қолын салып, бір шеңгел алтын алып Әлібиге берді.
– Осы білегіңді түсірмей, мына алтынды анау тұрған балаға апарып бер, – деді.
Сонда Әліби сол алтынды қызға апарып береді. Қыз Әлібиге қарамастан, қырын қараумен алтынды алып қалады. Және Нәрік хан
– Қыздың жасын біле кел, – дейді.
Сонда Әліби: – Жасы он үште екен, – деді.
Сонда Нәрік:
– Жиналған балаларға рақмет, кете берсін. Елге барғасын “өзім алам” деген балаға қағаз жібереміз, – деді.
Қыздар қайтып жүре берді. Сонда шетте тұрған қыз да қайта береді. Нәрік үйге кіріп бара жатып:
– Бұл қыз он үште, мен сексенде, – деп жүре береді. Сонда Нәріктің қасындағы қырық биі ойлайды: “Қолынан қазына беріп, жасына шейін біліп жатыр, сірә, осы қызды Нәрік хан алады ғой” деп. Сонда бұлар жүріп, көп тоғайдың ішіне келіп түсті. Ол жерге тағы да үй тігілді. Нәрік: – Тағы да қыздар жинап әкел, – деп Әлібиге бұйрық етіп, Әліби Ноғайдың қызын тағы жинап әкелді.
Ноғайлы қызын бермеге,
Нәрік ханды көрмеге.
Сонда Әліби сөйледі:
– Бір бөлек қыз келіп тұр.
Сонда Нәрік үйден шығып, қыздарды жағалап жүріп біреуін де ұнатпағасын, қайтадан үйге кіріп бара жатып, Әлібиге айтты:
– Қыздарың ұмытпай, аттарын жазсын. Әлдекім ұнаса барғасын, өзім хабар жазып жіберемін, – деді.
Сол тоғайға келіп түскесін, билерінің бәрі аттарынан түсіп, демалып ұйықтап жатып қалады. Нәрік хан сары қызыл тұлпарын жетелеп оттатып жүрді жатпай. Сонда Нәрік тұлпарын оттатып жүргенде, қой бағып жүрген бір қойшы келіп Нәрікке сөйлей береді:
– Хан қалпағың басыңда,
Қырық нөкерің қасыңда,
Қара сақал ақ болып,
Өлетұғын шақ болып,
Әлі дүниеден тоймаған,
10. Қартайсаң да дүниені ойлаған
Жолдасың жатыр дем алып.
Жетелеп атың оттатып,
Қара сақал ақ болып,
Өлетұғын шақ болып,
Ат жетелеп жүргенде,
Әзірейіл келсе тап болып,
Онда не қыласыз сіз? – деді. –
Қойды бағып жүрсек те,
Дем алып жүрміз ғой біз, – деді. 20. Сонда Нәрік сөйледі.
Сөйлегенде, не деді:
– Хан қалпағым басымда,
Нөкерім бар қасымда,
Қазан деген қала еді,
Ол Қазанның шәрінде
Нәрік деген хан едім.
“Бір жақсы әйел алам” деп,
Шығып едім далаға.
Тоқсан баулы ноғайдан
30. Бір қыз іздеп таппадым
Сол ноғайдан қолайлы
Оны да қылған Құдай-ды,
Бұл жерден шығып кетемін.
Тірі болсам екі күнде
Елге барып жетемін.
Сонда қойшы сөйледі:
– Халық ұстаған ханымыз,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Анау көрінген екі көлдің арасы.
40. Арасында көрінбес
Еш нәрсенің қарасы.
Соған көзіңіз салыңыз,
Ол Асылнұр деген ноғай еді,
Өзі сексендегі шал еді,
Кемпірі жетпісте бар еді
Адал өзінде қара жоқ,
Менді деген қызы бар,
Он сегізде жасы бар.
Меңдіні көрген адам қасынан кете алмайды, 50. Ешбір адам баласы оған жете алмайды.
Ол қыз болғанда, қызық, – деді.
Жаратқан адамнан бұзық, – деді.
Ол жерге шығып жалғыз отырғаны:
“Ер жеткесін, балама
Ноғайлы көзін салар деп.
Ықтиярсыз тартып алар” деп.
Өзі артық туған ер еді,
Бұрын-соңды төре еді.
Бір күндері болғанда, 60. Жасы сексенге жеткесін,
Буыны босап жүр еді.
Меңдіні көрген адам кетпейді,
Онан адам баласы өтпейді.
Айтып болдық біз, – деді,
Жақсы әйел алатын болсаңыз,
Қасынан көріп кет, – деді.
Сонда Нәрік қасындағы билеріне: – Тұр, – деді. Өзі де сары қызыл тұлпарға мініп алып, билерін ертіп алып сол шалдың үйіне қарай жүре берді.
Асылнұр алты ағашты қаққан екен,
Сол жерді мекен етіп жатқан екен.
Жетіп келіп Нәрік:
70. – Болармын қонақ мен, – деді,
Рұқсат берсеңіз сіз, – деді.
Сонда Асылнұр шал: – Түсе беріңіз, – деп, бүкшеңдеп үйге қарай жүре берді. Меңді үйінен көрініп шықпады. Үйге кіріп бұлар бара алмады. Олар қонақасын кем қылмай беріп тұра берді. Сонда Нәрік хан қырық биіне айтты: – Біз келгелі үш күн болды. Үйде жата береміз бе? Қызды көріңдер, – деді. Сонда Әліби жүгіріп келіп үйдің тесігінен қарап, қызды көріп, кейін кетті. Сонда қыздың әкесі Әлібидің қарағанын көріп қалып, үйден бір жаққа шығып кетті, шешесі екінші жаққа шығып кетті. “Бұларды қонақ екен” десем, жау екен, жабығымнан қол салды” деп, ашуланды. Сонда үйдегі Меңді ару да үйден шығып, әкесіне қарай жүре берді. Келіп әкесінің қолынан ұстап сөйлей бастады:
– Айналайын бабамыз,
Ақылға қамал данамыз
Алла нашар жаратқан
Біз бір жалғыз балаңыз.
Жібермен, әке, мен, – деді,
Өлтіресің сен, – деді.
Өлгеніңді, әке, көрермін,
Қолымнан қазып көмермін.
80. Бір шыбындай жаныңыз
Алладан келген аманат.
Аманатын Алланың
Көз алдымда берермін.
Егер біреу сізге қас болса,
Кескілесіп өлермін
Кетпе, әке, далаға.
Қайтпай ма екен әкесі
Біздей жылаған балаға?
Кемпір де кетіп барады, 90. Түсі оның бұзылып,
Көзінің жасы төгіліп,
Мезгіл-мезгіл жығылып,
Әкесін қолынан жетелеп,
Шешесіне келеді.
Шешесінің қолынан
Тағы ұстап алады.
Бұрын қорлық көрмеген
Кемпір менен шал еді.
Атасы әйел болса да, 100. Меңді ару жалғыз бала еді.
Соқиа шешесінің қолынан ұстап Меңді ару сөйлей бастады:
– Айналайын анамыз,
Мен едім жалғыз балаңыз.
Алла нашар жаратты,
Енді бар ма шарамыз?
Тоғыз ай он күн көтердің,
“Алла маған берді деп.
Бір перзентті берсе деп.
Өмірі ұзақ болсын деп.
Көзімнің жасын көрді” деп,
110. Тар құрсағың кеңейттің,
Емшегің тастай жібіттің.
Бесікте жылап жатқанда
“Қарағымның қарны ашқан болар” деп,
Емшегінді иіттің.
Іші-баурың елжіреп,
Омырауынды ашқансың.
“Ашылсын, – деп, – жүрегің”,
Баурыңа басқансың.
Жібермен, шеше, мен, – деді, 120. Далаға кетпе сен, – деді,
Кеткенің емес жөн, – деді.
Нәрік дейтін қартыңа
Берермін жауап мен, – деді.
Қайғы етпеңіз, ата-ана,
Бұл кісіден сіз, – деді.
Сонда Меңді екеуінің қолынан ұстап үйге жақын келгенде, Нәрік те келіп қалды. Сонда Нәріктің айтқаны:
– Аздың болмайды екен көптігі,
Аштың болмайды екен тоқтығы.
Тоғайды тоқсан күн кездірген
Бір перзенттің жоқтығы.
130. Бесеу еді қатыным,
Жиырма бесте алды бар,
Он бес жаста арты бар,
Бесеуі де әйелден асқан
Нарқы бар.
Мекенімді сұрасаң,
Қазан деген қала еді.
Сексенге жасым келулі,
Мен Қазан шәрінің
Нәрік деген шалы едім. 140. Сүйемісің Ақменді,
Сүймеймісің, айт, – деді.
Үш күн жаттым қамалып,
Тезден жауап бер, – деді.
Сонда Меңді сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Мынау тұрған – бабамыз,
Қасымда тұрған – анамыз.
Қарап, өзің көр, – деді.
Екі қыз малың тең берсең,
150. Тиермін саған мен, – деді.
Төсегің таза салармын,
Көрпеңді таза жабармын.
Шөлдесең, сусын берермін,
Тоңсаң, отын жағармын.
Өлгенінше, сұлтаным,
Сүйегің таза бағармын.
Өлгеніңді көрермін,
Қолымнан қазып көмермін.
“Жолдасым алған өтті, – деп, 160. Бұйрық айтып кетті”, – деп,
Аманатын Алланың
Көз алдымда берермін.
Сонда Нәрік сөйледі:
– Асыл туған, Ақмеңді,
Үшеуіңе үш жорға ат,
Біздің елге баралық.
Елге барып алғасын,
Қасыңа жолдас берейін.
Ноғайлыны аралап 170. Өз көзіңмен көр, – деді.
Өзіңмен жасты бір қызды
Әкеңе алып бер, – деді.
Сол қызға берген малындай
Әкеңе тағы мал бер, – деді.
Әкең өз алдына үй болып бұл қонсын,
Тігулі тұрған үй болсын,
Мерекелі той болсын, – деді.
Сонда үшеуі үш жорғаға мінеді де, Нәрік, қырық биі – бәрі де Қазан шәріне аттанады. Қазанға барғасын, Меңдінің қасына көп қыздарды қосып қояды да: – Өзің жақсы көрген қызды әкеңе алып бер, – деді. Сонда Меңді тоқсан баулы ноғайды бір ай аралап жүріп:
“Әкемді жақсы бағар, деп.
Өзімдей жақсы қарар” деп,
180. Алып берді бір қызды.
Қызға берген малындай
Әкесіне тағы береді.
Әкесі жас қыз алғасын,
Көңілденіп, алданды.
Меңдіге неке қиюға
Нәрік сонда сайланды.
Меңдіні некелеп алғасын,
Жолдас болып қалғасын,
Бір-екі жыл болғасын, 190. Билері кеңес құрады.
Бұлардың діні бұзылып,
Оларды Құдай ұрады.
“Мынау Нәрік шал, деді.
Меңді арудай жан деді.
Қартайса да бұл Нәрік,
Қайраты әлі мол, – деді.
Бұл Нәрікті айламен
Жіберейік далаға,
Қалмақ салған қалаға. 200. Ол қалаға барғасын,
Нәрік екенін білгесін,
Өлтіреді Нәрікті,
Қайта айналып келмейді.
Ол Нәрікте жақын жоқ,
Ағайын тума тағы жоқ,
Бір жүрген жалғыз неме еді.
Сонда Нәрік қырық биінің жазған қағазымен қалмаққа кетуге жиналады. Қара тұлпарды ерттеп, қоржынды алып үйінен шыққан кезде Меңді ару артынан келіп Нәрікке сөйлей бастайды:
– Халық ұстаған ханымыз,
Кеудедегі жанымыз,
Енді кетсең далаға,
210. Келмейсің қайтып қалаға.
“Енді кетсем, өлдім” де.
Қиямет күн болғанда,
Қауышалық, кел, – деді,
Өз көзіңмен көр, – деді.
Арамдамай сен мені,
Неке қыл да, Ноғайдың
Біреуіне бер, – деді. –
Ноғайдан басқа жауың жоқ,
Сұлтаным, байқа, сен, – деді. 220. Төр жағымда жатып, білмейсің оң жағымнан.
– Бері қарап жат, – деп шытшып,
Ақ етімнің сауы жоқ.
Суға барсам, тартқылайды “Тұра тұр” деп,
Үзілмеген шелегімнің бауы жоқ
Маған көзін салғандай.
Қолына тисе, қойшылар,
Малшылар да алғандай.
Енді кетсең, өлесің,
Қайтып үйге келмейсің.
Сонда Нәрікті Меңді ару қолынан жетелеп, үйге барайын деп алып жүрді. Сонда Меңдінің ақ қағаздай болған етінен тек бармақ басқандай ғана жер қалған екен. Сонан басқа жерінің бәрі қып-қызыл болып, шымшып үзе берген екен. Шелекті қараса, үзілмеген бауы жоқ. Соны Нәрік тысқары шығып, қара тұлпарын байлап, ешқайда бармай отыра береді. 230. Күннің көзі батқанда,
Кісінің алды жатқанда, Нәрік: – Әлібиді шақырып кел, – деп Телшора құлды жіберді. Сонда Әліби келгесін: – Не жақсылық, не жамандық – бәрі сенен табылды, – деп, Әлібидің сол жерде басын кесіп тастады. Сосын Телшораны: – Тез тоғыз нарды алып кел, – деп бұйырады.
Байлаулы жатқан нар еді,
Маңайында бар еді.
“Тоғыз нарды әкел” деп,
Телшораны бұйырды.
Сонда Телшора бір сағат ішінде сегіз қанат үйді тоғыз нарға артып, жөнелтті дейді.
Бес қатынды тастады,
Бір жүрісті Нәрік бастады.
“Ноғайлы көзін салар деп.
Меңдіні тартып алар деп.
240. Бұл Қазаннан кетемін,
Енді шығып далаға,
Тұрмаймын, – деп, – қалаға”,
Көшіп алып жөнелді
“Бұл Ноғайдан кетем деп.
Мұнда тұрып, не етем?” деп.
Қара тұлпар астында,
Сарықызыл тұлпарға
Меңді аруды міндірді,
Көшіп алып жөнелді. 250. Ноғайдан алған тек жалғыз
Телшора болды жолдасы.
Сонда қалмақтың Өгіз хан деген ханы бар еді. Ол Нәрікпен әуелден өш еді. Нәрік жетіп барып, көп әскермен сол Өгіздің қаласын ала алмай келіп еді. Нәрік қашып елінен кеткенде, тап сол Өгіздің елінің шетіне барады. Барғасын, ол жер Өгіздің жері, мекені екенін танып қалады. Сонда Нәрік хан Меңдіден ақыл сұрайды.
– Ақ Меңді, әйел болсаң да, хан едің,
Ақылың бар жан едің,
Жаңылса, ақыл тапқандай
Артық туған сен, – деді,
Қаштым ғой мен, – деді.
Көрінген мынау қарасы
Қалмақтың Өгіз ханы еді,
Бұл қашаннан жау еді.
260. Көз нұрымның танғаны,
Кәріліктің жетіп қалғаны.
Бұған қалай қылам мен? – деді. –
Таба көр ақыл сен, – деді.
Көзіне түсіп мен кетсем,
“Бұл не қылған қара?” деп,
Артымнан қуып жетеді.
Келген жаумен ұрыспай,
Адам енді не етеді?!
Жас тоқсанға таянды-ау, 270. Жәрдем бергей, Аллам-ау!
Ақыл сала мен келдім.
Өгізхандай зұлымға
Барсам өліп кетемін.
Көрініп қалдым мен келіп.
Енді қалай етемін?
Нәрік Меңдіге келіп, ақыл салды. Сонда Меңді ару Нәрікке сөйлей бастады:
– Құдіреті артық болғасын,
Он бес жасқа толғанда,
Дұшпанға кегі бермеген,
Беліңе буған алмасты
280. Суырып жауға сермедің.
Көк жебемен атқанда,
Алдында тұрған тау мен тас
Шағыл құмдай көрмедің.
Жақсы мен жаман көп көрген
Артық асыл ер, – деді.
Атым әйел болғасын,
Не білем, тақсыр, мен? – деді.
Әйелдің анық білгені
Қазан менен шайнегі. 290. Атқа мініп жүрмеді,
Аралап нәрсе көрмеді.
Шашы ұзын болса да,
Әйел деген шіркіннің
Ақылы жүдә кем, – деді.
Қандай ақыл айтайын,
Таксыр, енді мен? – деді.
Менің тапқан ақылым:
Дидарласып әуелі,
Ол қалмақты көрелік. 300. Жадыңызға саламын,
Дидарласып көрмесең.
Ол қалмаққа жақын барыңыз,
“Ноғайдан қашқан қашқынмын,
Қорғалай келдім мен” деші.
Бір кеңірек оңаша
Тоғайыңды бер деші.
Сұрағаным – кең тоғай,
Арттан келеді көп Ноғай.
Қашып едік елден көп Ноғай”. 310. Бір-екі күн демалып,
Мұнан да қашып кетерміз, – деп Меңді ару Нәрікке ақыл айтты. Нәрік хан сонда ойлады. “Мені ғой бұл Өгіз хан көрген жоқ, тек қана атымды есітетін еді. Өзімді танымайды” деп Өгіз ханға барады. Сонда Өгізханға барып алдындағы адамына айтқаны:
– Мен – бір Ноғай елінен
Қашып келген шал, – деді.
Қорғалаймын мен, – деді, –
Бір кеңірек тоғай бер, – деді.
Артымнан Ноғай келеді,
О бір бөлек ел, – деді.
Сонда Өгіз хан сөйледі:
– Кең тоғайға қонсын, – деп,
320. Сол жерде Ноғай болсын, – деп.
Сонда Нәрік хан кең тоғайға барып, қона кетті, Сегіз қанат Орданы тігіп, шұғадан үйді жаптырды.
Алтын зерден бауды тақтырды,
Тоғыз нарға жібектен желі тарттырды,
Алтыннан қазық қақтырды,
Күмістен тоқпақ алдырды,
Қалмақтың қой баққан қойшысы,
Сиыр баққан сиыршысы,
Жылқы баққан жылқышысы,
Түйе баққан түйешісі,
Бірі қалмай жиналып 330. Нәрік ханның үйін көреді.
Малшылар келіп қараса,
Көкірегі күрілдеп,
Екі көзі іріңдеп,
Буыны кетіп дірілдеп,
Бір шал отыр сырылдап.
Төңірегіне қараса,
Енді үйінде құл отыр,
Адам көргісіз сұм отыр.
Ол құлдың сақалының ағы бар, 340. Үлкендігі тағы бар.
Үйінде отыр бір әйел,
Ай десе, аузы бар,
Күн десе, көзі бар,
Балдай тәтті сөзі бар.
Тек атасы әйел демесең,
Онан адам өтпеген,
Сұлулығына жан жетпеген.
Қалмақтың малшылары
Бір көргесін, сол үйден 350. Қайтып кетпеген.
Сонда малшылар Өгіз ханға барып хабар берген. “Кешегі келген Ноғай қызық екен, оның әйелі сізге лайық екен, өздері бұзық екен, – деді.
Ол әйелдің жолдасы
Көкірегі күрілдеп,
Екі көзі іріңдеп
Отырған бір шал екен.
Және оның құлы бар,
Адам көргісіз сұмы бар.
Жүк артып келген тоғыз нары бар,
Үйінде дүниенің бәрі бар.
Тоғыз нарды байлайтын 360. Жібектен тартқан желі бар.
Алтын екен қазығы,
Күміс екен тоқпағы,
Сол секілді жаман шалдың
Қайдан сондай малды тапқаны.
Сол секілді арудың
Лайықты емес қасына
Жаман шалдың жатқаны, –
деп малшылар Өгіз ханға хабар береді. Сонда Өгіз хан: – Ол қарт мұнда келсін, бар, шақырыңыз, – деді. Нәрік хан қара тұлпарымен келеді. Сонда Өгіз хан: – Менің айтатын сөзім бар, – деді.
– Тоғыз айда жететін
Менің бір қас жауым бар, 370. Ажалың жетсе, өлесің,
Жетпесе, қайтып келесің.
Тоғыз айлық жол, – деді.
Алты мың әскер берейін
Сол шәрге жетесің,
Барып қайрат етесің.
Он сегіз айда оралып
Қайтып елге келесің, – деді.
Сонда Нәрік хан:
– Барайын енді мен, – деді.
Әскерінді бер, – деді. 380. Алты мың кісі әскермен
Өгізге жегіп арбасын,
Мәстекке шегіп шанасын,
Шұбыртты қалмақ баласын.
Сонда Нәрік: “Менің алыс жерге кеткенімді Меңді ару білмей қалар. Барып, айтып кетейін” деп үйіне келгенде, ару алдынан шығып келді. Сонда Нәрік Меңді аруға сөйлей бастайды:
– Өгіз хандай қалмаққа
Барып едім мен, – деді.
“Алты мың кісі әскерге
Бас бол енді сен, – деді.
Баратын жолдың шамасы
Тоғыз айлық жол, – деді. 390. Тоғыз айда барасың,
Тоғыз айда келесің.
Ажалың жетсе, өлесің.
Ажалың егер жетпесе,
Үйге қайтып келесің”.
Өгізге жектім арбасын,
Мәстекке жектім шанасын,
Шұбырттым қалмақ баласын.
Сол сапарға кеттім деп.
“Бармасам, қорықты” деп ойлар, 400. “Барамын” деп мен айттым.
Кетемін енді мен, – деді.
Он сегіз айға дейін
Кідіріп тұр сен, – деді.
Сонда тұрып Ақ Меңді
Қасына келді Нәріктің.
Тізесіне басын сүйеп,
Жылап тұрып сөйледі:
– Артық туған сұлтанын,
Хандар мінбес қара атқа 410. Арба жегіп болар ма?!
Ақ сұңқардың баласын
Қарға өлтіріп болар ма?!
Біз секілді бейбақты
Бұл орданың ішінде
Өгіз хан зұлым қоя ма?!
Енді менің өлгенім,
Өлім болсын көргенім.
Енді болар осы арты,
Сұлтаным, сені көргенім. 420. Сорлы болдым мен, – деді.
Бұл дүниеде көру жоқ,
Мақшар күні көрелік.
“Алланың мөрі” деуші еді,
Оң қолынды берші, – деп,
Менді ару тұрып егілді.
Сонда тұрып Нәрік хан
Атының басын бұрады.
– Қош-аман бол енді! – деп,
Аттанып жүріп кетеді.
Сонда Нәріктің қарасы үзілгесін-ақ екі құл келіп, Меңдіні шақырады. “Сізді Өгіз хан келсін – деп айтты”, – дейді. Сонда Меңді: – Бармаймын, – деді. Сонда екі құл аттан түсіп, Меңдіні айдап алып кетеді. Сонда Телшора құл Мендінің артқы етегіне жабысып айрылмайды. Сонда екеуін бірдей қалмақ сүйреп алып кете береді. Сонда Телшораның айтқаны: 430. – Айналайын, жеңеше,
Енді кетсең, келмейсің,
Біз секілді тумаңды
Қайрылып енді көрмейсің.
Атаңа нәлет қалмақ-ай,
Ұстамашы қолын-ай.
Сен секілді залымды
“Көрем” деген жоқ еді-ай
Жеңешемнің ойында-ай.
Айналайын, жеңеше. 440. Сенің үшін бұл жаным
Болсын енді садаға.
Қайта айналып көретін
Күн болар ма, жеңеше?
Енді қашан келесің
Елде қалған қараға,
Тігулі тұрған ордаға.
Жеңеше, енді өлгенің.
Тым болмаса үстіңе
Топырақ салып көмбедім, 450. Өлген жеріңді көрмедім.
Атам Нәрік сұлтанды
Ноғайға қойдың хан қылып.
Жеңешемді көруге
Халықты қойдың зар қылып.
Атаңа нәлет ит қалмақ,
Жеңешемді қор қылып,
Хан ордасын қалдырдың
Бұл күндерде тұл қылып.
Бір күндері болғанда, 460. Қалмаққа қойдың
Мен сорлыны құл қылып.
Оңғарылып жел шығып,
Естілер ме екен дауысым
Нәріктейін ханыма,
Кеудедегі жаныма.
Хан ордасы тұл қалды,
Ішінде көп құл қалды.
Жамандатқыр тоғыз нар
Иесіз болып бұл қалды.
Сонда Меңді аруды құлдар алып барып, Өгіз ханның бір жақсы сарайына кіргізді. Кіл жібек пен не түрлі тамақтың бәрін әкеліп қойды. Жақсы төсектің неше түрлісін төсеп тастады. 470. Күннің көзі батпады,
Қисайып Ақ Меңді жатпады.
Неше түрлі тамақтың
Біреуін де татпады.
Жұрт жатқан мезгілде, түннің іші болғанда, Өгіз хан он кісімен жетіп келді Ақ меңдінің қасына. Сонда қасындағы келген он кісінің біреуі Меңдіге сөйледі:
– Мынау тұрған – Өгіз хан,
Өгіз ханға көзің сал,
Өгіз хан сізді сыйлайды,
Жаман шалға қимайды.
Өгіз ханға бас қоссаң,
Бір сарайда жатарсың, 480. Бал, миуа, тәтті тағам татарсың.
Ойын менен күлкіге,
Бар қызыққа батарсың.
Осы тұрған Төрехан
Қызметінді етеді,
Құлың болып кетеді.
Сіз секілді аруға
Қызмет етпей, не етеді?!
Өгіз ханға бас қоссаң,
Ойын менен күлкіден 490. Білмессің таңның атқанын.
Ойын-күлкі, қызықты
Көруменен жатқаның.
Өзіңнің түскен сарайың
Ішіне кіріп жатарсың.
Жаман шал кетті далаға,
Қайтып келмейді қалаға,
Енді ол сізден садаға.
Өгізхандай хандарда
Неше түрлі қызық бар. 500. Қызығын мұның көріңіз,
Кешікпей, жауап беріңіз,
Дін аштым енді мен, – деді,
Жауап айтың сен, – деді.
Сонда Меңді ару тұрып сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Арғы атамды сұрасаң,
Қарадөң сынды қарт еді,
Дұшпанға кегін бермеген,
Ақ сүңгісін қолға алып,
510. Жарағын жауға сермеген.
Онан туған Жұбаныш
Жасы үлкен болғанда,
Жұбанып көрген бала еді.
Онан туған Сүйініш
Сүйініп көрген бала еді,
“Тілегім қабыл келген” деп,
Онан туған Бегіс деп,
“Құдайым берді тегіс деп.
Бергені болды келіс” деп. 520. Бегістен туған Тама еді,
Келе жатқан қашаннан
Ақ сүйек өңкей хан еді
Таманың ұлы Тана еді.
Оның ұлы – қарт Нәрік
Келе жатқан хан еді.
Қашаннан келе жатқан тұқымды,
Шынжырлы туған хан еді.
Оңғарылып жел шықса,
Естілер ме екен дауысым 530. Нәріктейін ханыма?
Атаңа нәлет, қалмағым,
Саған көңіл бермеймін,
Онан жақсы өлгенім,
Өлім болсын көргенім.
Сендей құлға барғанша,
Көнбеймін саған мен, – деді.
Білгеніңді етші деп,
Осылай деп Ақмеңді
Өгіз ханға сөйледі.
Нәрік әскерді қоя беріп, өзі кейін қайтып, “Өгіз хан Меңдіге не айтар екен?” – деп үйдің сыртынан келіп тұр екен. Сонда Нәрік ханның қара тұлпарының шылбыры қырық құлаш еді. Атынан түсіп алып, атын қаңтарып, өзі шылбырының шетінен ұстай келіп Меңдінің айтқанын тындап тұрған екен. Сонда алмасын суырып алып, үйге кіріп келеді. Алмаспен он қалмақтың басын шауып тастады. Сонда Меңді ару үйден жүгіріп шығып, екеуі бір атқа мінгесіп елге қарай жөнелді. Сонда қазықтың басында Телшора құл жылап отыр екен. Сонда жылап отырып айтқаны: 540. “Айналайын, жеңешем
Қолына қалмақ алғасын,
Дін мұсылман халықтың
Болмады-ау ешбіреуі.
Дүниеде бітіп қалмағай
Жатырсың қызың басында-ай,
Жеңешемнің срогы.
Жамандатқыр тоғыз нар,
Жеңешем бар ма қасыңды-ай?
– Құдіреті күшті Құдайым,
550. Көрмедің көздің жасын-ай.
Оңғарылып жел шығып,
Естір ме екен құлағы
Нәріктейін ханымыз,
Тоқсан баулы Ноғайдан
Артық туған жанымыз?
Есітер ме екен даусымды
Жеңешемнің құлағы?
Тым болмаса Нәріктің
Қалмады-ау артында тұяғы. 560. Жеңешем қайда мұңайды?
Мұңлы қылған – Құдай-ды.
Көрмедім-ау дүниеде,
Тым болмаса Құдай-ай,
Жеңешемнің моласын.
“Шешем қайда?” дейтұғын,
Тым болмаса, қалмады-ау
Бір сәби де баласы.
Алланың ісі осындай
Өзі болғай панасы. 570. Жанымды еттім садаға
Жеңешемнің жолына.
Естілсе даусым бұл барып
Нәріктейін ханыма.
Нәрік сұлтан бір келсе,
Кірер еді-ау сәніміз.
Айрылғасын Нәріктен,
Болар ма біздің мәніміз?” –
деп жылап отырғанда, Нәрік пен Ақмеңді атқа мінгесіп келіп қалады. Сонда көп кідірмейді, Телшора сегіз қанат үйді тез жығып, нарға артып, бәрі бірге елге қайтамыз деп кетеді. Сол кезде Меңді ару буаз екен, ішінде баласы бар екен. Жолда жүріп бара жатып Ақмеңді толғатады. Толғатқанда сары қызыл тұлпардан түсіп, жаяу жүреді. Жүріп келе жатқанда, сонда сары қызыл тұлпардың иығына таянғанда, тұлпардың тізесі бүгіліп, жығылады. Сонда сол жердегі тауға “Айғырбүгілді” деген ат қойып кеткен екен дейді. Сонан жүріп-жүріп, бір суы жоқ шөлге келеді. Меңвді ару енді жүре алмайды. Сонда Нәрік айтады Телшораға: – Сен осы жерде жеңешеңді тудырып кел. Мен ілгері кете берейін, тағы да адасып бір жаудың үстіне түсіп қалармын. Сендер, қара тұлпардың басқан тұяғының орны, ошақтың орнындай болып ойылып қалады, сол ізбен тауып келерсіндер, – дейді. Сол жерде Меңді толғатып, Шора деген ұл туады. Сонда беті-қолын жуайын десе, су болмайды. Төңірегіне қарап тұрса, Шора жер тебініп жылап жатыр екен шалқасынан түсіп. Сонда Шораның екі өкшесінің тебінген жерінен екі бұлақ ағып жатыр екен. Сол судан Менді ару беті-қолын жуып, тазаланып алады. Сол жер бұрын Шөлтау деп аталатын еді, соңынан Егізбұлақ атанып қалды.
Меңді ару Егізбүлақ тауынан көшті, сосын қара тұлпардың ізімен жүре береді.
Жекенді көлдің жағасына,
Қоғалы көлдің сағасына,
580. Екі көлдің келіп түсті арасына.
Сонда Нәрік қара тұлпарды арқандап тастап ұйықтап жатты.
Сонда Ноғайлының елі еді,
Күншығыс жақтың жері еді.
Сонда Меңді ару Егізбұлақ тауын жағалап келе жатқанда байлаулы, оттап жүрген тұлпарды көреді. Сонда: – Бар, атаңнан сүйінші сұра, сұрағанда, мал сұрама, азат сұра”, – деді Телшораға. Сонда Телшора ұйықтап жатқан Нәріктің қасына келіп сөйлей бастады:
– Халық ұстаған ханымыз,
Кеудедегі шыбын жанымыз
Көтеріңіз басыңды,
Тумаң келді қасыңа.
Ақ жарылып, күн туды!
Жеңешем менің ұл туды!
Інімнің аты – ер Шора,
590. Менің атым – Телшора.
Көрінді көштің қарасы,
Келе жатыр қолында
Жеңешемнің баласы.
Көтерің басты сіз, – деді,
Хабарға келдік біз, – деді.
Сонда Нәрік басын көтеріп, сөйлей бастады. Атты Телшора ерледі. Нәрік атына мініп, көшке қарай жөнелді.
Нәрік мініп қара атқа
Көшке қарап жөнелді.
Қасындағы Телшора
Бұ да артынан ереді.
600. Көшке жақын келгенде,
Құндақтан шешіп баланы
Менді ару қолға алады.
Жақындап көшке келгесін,
Нәрік хан сонда сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Асыл туған Ақмеңді,
Көлікті болсын көшіңіз,
Қайырлы болсын, алғаным,
Қасында тұрған есіңіз.
610. Бұрын біреу еді,
Болған ба екеу басыңыз?
Сонда Меңді ару сөйледі:
– Халық ұстаған ханымыз,
Артық туған жанымыз,
Алла берді тілегің.
Тірі болса Шоражан,
Дұшпаның кегін ала алмас,
Ешкім қорлық бере алмас.
Мынау – Шора балаңыз,
620. Назар салын қараңыз.
Құндақтан шешіп, қолға алдым,
Назарын оның көрсін деп.
Қара тұлпар атымен
Нәрік сонда тебінді,
Аттан үркіп қоңыр нар
Кейінірек шегінді.
Телшора құл жетелеп
Нарды жақын келтірді.
Берейін деп баланы 630. Нәрікке Меңді ұсынды.
Нәрік аттан түседі,
Ерін алып тастады.
Ол қара аттың үстіне
Баланы сонда мінгізді.
Омырауын ашады,
Жүрегіне Нәрік хан
Ер Шораны басады.
Қайтадан атты ерледі.
640. Алдына алып баланы,
Атқа мініп алғасын,
Нәрік хан елге жөнеді.
Баяғы тұрған жеріне,
Іркілмейді, келеді.
Екі көлдің арасы
Бұл жерге қонып қалады.
Сол жерде мекен етіп
Бірнеше жыл болады.
Шора үш жасқа келгенде, 650. Сарық қойы бар еді,
Ол қойлардың қорасы
Болатын еді далада.
Бір күндері қой жайылмай кетіп қалғасын, Нәрік: – Мына тұлпарға мініп, қойды қайырып кел, – деп Шораны жұмсайды.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Бала жүдә жалаңаш.
Ноқталап мініп, қара тұлпармен қойға қарай жүре берді. Қойға барғанда, қойдың ар жағында бір көп қара көрді. Қараны көргесін, “Үйге барып, әкеме айтайын, бұл жерде бұрын қара жоқ. Бұл не екен?” – деп атының басын бұрады да және ойлап тұрып: “Қара көрдім”, – деп, үйге барып, хабар еткенше, не болады, өзім барып білейін”, – деп, жалаң аяқ, жалаң бас, ноқталап мініп, кетеді. Көрінген қараға жақындап барғанда, көрінген қарадан бір қара шығып, Шораға таман келе береді. Сонда екеуі бір-біріне жақындап келгесін, ол қара Шораға сөйлей бастайды:
– Жарқыным, жас баласың,
Ноқталап мініп қараны,
Өзің қайда барасың?
Артыңда екі бөлек қараң бар.
Неге келер шамаң бар?
660. Жалаң аяқ, жалаң бас,
Өзің тырдай жалаңаш.
– Мен – Ноғай деген ел, – деді.
Үш жыл болып барады
Елден шығып кеткелі.
Өзім атым – Құлыншақ,
Ноғайлының ері едім
Қалмақтың шаптым қаласын.
Келе жатырмын шұбыртып
Ит қалмақтың баласын.
670. Келе жатқан көп жесір –
Сол қалмақтың қарасы.
Аты-жөнің білейін,
Жөніңді айтшы, сен, бала,
Мен білейін шамасын.
Сонда Шора сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Отырған жерім сұрасаң,
Жекенді көлдің жағасы,
Қоғалы көлдің сағасы,
680. Мен Нәріктің баласы.
Артымдағы көрінген
Екі қара дегенің –
Жайылып жатқан көп сарық,
Сол сарық қойдың қорасы.
Ар жағында көрінген –
Меңдіге тіккен ақ орда,
Ол орданың қарасы.
Сонда Құлыншақ сөйледі.
Сөйлегенде не деді: 690. – Асыл туған баласың,
Бала да болсаң, төресің.
Берейін сауға мен, –деді.
Артыңдағы көп қара,
Әкеңе барып мақтаншы:
“Сауға алдым!” деп сен, – деді.
Сонда Шора сөйледі:
– Дүниеге көзім салман, – деп,
Керек емес сауғаға
Сенің құл-құтаныңды алман, – деп.
700. Қасыма менің ер, – деді.
Сауға алатын мен болсам,
Беретін болсаң сен сауға,
Сұрайтыным ол емес,
Астыңдағы кер тұлпар –
Сұрағаным сол, – деді.
Құлыншақ сонда сөйлейді.
Сөйлегенде не деді
– Сұрама, Шора, сен, – деді.
Бермеймін тұлпар мен, – деді. 710. Осыменен бір туған,
Ата-енесі бір еді,
Тірі болса қатыным,
Жақсы қылып баққан-ды,
Берермін соны мен, – деді.
Сонда Шора үйіне келеді. Барған жерінде қара көргеңі айтпады. Құлыншақ еліне барады. Еліне барса, қатыны тірі екен, торы құлынды баққан екен, дөненге жасы толған екен. Сонда Құлыншақ бір құлына айтты: – Мына дөненді жетелеп, Шораға апарып тапсыр, – деді. Күн батарда Нәрік төбенің басына шығып отыр еді, бір құл келіп: – Нәрік ханның ордасы қайсы? – деп сұрады. – Нәрік “хан ордасы – анау, сонда барып түс”, – деді. Намазшам болғанда, Нәрік үйге келіп: Шораны шақырың, – Сен Құлыншақтан ат сұрап па едің? – деді. Сонда Шора сөйлей бастады:
– Бес сарықты қайыр, – деп,
Бұйрық еткен шағыңда
Кетіп едім мен, – деді.
Қайыруға сарықты.
Ар жағыныда мен көрдім
720. Келе жатқан көп қара.
Жақындап барсам қараға,
Тағы шықты бір қара.
Ол қараны қарасам,
Құлыншақ деген ер екен,
– Менен сауға ал, – деді. –
Оны әкеңе апарып,
Мақтанып алып бар, – деді.
– Алмаймын сауға мен, – дедім.
Астыңа мінген керіңді 730. Берсең, алам мен, – дедім.
– Кер атымды бермеймін
Дөнен жасар бар еді,
Дөненге жас толғанда,
Тірі болса, бұл бағып,
Қатыным дөнен қылған-ды.
Биліксіз сізден “сауға” деп,
Ат сұрадым мен, – деді.
Сонда Нәрік хан Шораға: – Мынау атқа мін, – деді. Сонда Шор керге мініп алып: “Шүу”, – деді. Сегіз қанат ордадан тоқтамайасып жүре берді. Нәрік атты байлап қойып, үйге кіріп, құлды үйге апарып сыйлады. Ертеңіне сандықтан алдырып бір алтын тонды берді: “Осыны Құлыншаққа бер” – деп. – Тірі болса, Құлыншақ қияметтік досы болсын,– ді. Шора өсіп, жасы алтыға келді. Нәріктен Шораның туғандығы тоқсан баулы Ноғайға білінді. Сонда Қара Ноғайдың елінен Шораға қалың берді. Шора жасы алтыға толғанда да ешкі бағып жүретін еді. Сонда Шораға ағасы Телшора сөйлей бастады:
– Туғаныңнан тумай кет,
Мұнан да жақсы өлгенің, 740. Өлім болсын көргенің.
Мен бағамын ешкіні
Асылым құл болғасын,
Ешкі бақпақ – кесіп-ті.
Нәріктен туған сен, – деді,
Лақ бағып жүргенше,
Енді құрғыр, өл, – деді.
Атаң Нәрік кеткенде,
Қазанда еді қаласы,
Қазаннан мұны қаңғыртқан 750. Ноғайлының баласы.
Атаға тартып, кәнеки,
Шора құрғыр, туғаның
“Аға” деп біз секілді құлдардың
Қасына келіп тұрғаның.
Сонда ер Шора құлға қарамады, үйге қайтып жүре берді. Шешесі Меңдінің қазанға тамақ салатын пышағы бар еді. Соны ұрлап алады. Сонда қырық лақты айдап бір сайдың тұйығына барады да, қырық лақты солайымен бауыздап тастап, ер Шора үйіне қайтып барды. Манағы тұрған Телшора қырылған лақты гасып арқалап, үсті қанға былғанып, қырық лақты тасып, кешке бір-ақ жетеді. Кеш болғанда сауып еді, ешкі біткеннің бәрі шулайды: “Лағым менің қайда?” деп. Ертеңгі кеште тағы сауып еді, сонда:
Ешкі тұрды қайқайып,
Мүйіздері шалқайып,
Кешегідей болмады, қозғалмай тұра берді, біреуі маңырамады. Келесі күн тағы сауғанда, сауылғаны отты шыр айналып, бұл үйден далаға кетпей, тоқтады.
Төртінші күн болғанда,
Күннің көзі батқанда,
Әкесі Нәрік ханыңыз –
760. Бұл да ұйықтап жатқанда, Міне, әуелгі күн ғана жылайды екен: “Жалғыз балам қайда кетті?” – деп. Екінші күн болғанда, жыламайды екен, тек. “Құдай өзіңе тапсырдым, – деп, отыра береді екен. Үшінші күн тек тамағын ішіп-жеп отыра береді екен: “Не қылса да, өзің білесің”, – деп, Аллаға тапсырып, төртінші күн болғанда Ер Шораның ойлаған ақылы осы екен. Сосын Шора Нәрік ханның ақ сауытын алып, үстіне киеді, алмасын алып, беліне буады, сұр жебені алып ердің қасына іледі, ақ сүңгіні суырып алып, мұны тағы іледі, сосын тұлпарға мініп алып Ер Шора Қазанға жөнеледі.
Жануар қара тұлпардың
Күйі түскен бабынан.
Ақ сүңгіні қолға алып,
Жөнелді ол сабынан.
Шора осал бола ма?
Мендінің шыққан қабынан.
Артық туған ер еді
Шаршасын ба жануар?
Күні-түні желеді. 770. Қызыл шекпен үстінде,
Дөңгеленіп келеді.
Өгіз ханның баласы Меңді хан деген болған. Оның қасында қырық кісі жолдасы болған, “Нәріктен Шора туды, сол Қазанға барады”, – деген сөз болды. “Шораны өлтіріп, кегімді алам”, – деп, Меңді хан қырық кісімен Шораның жолында тосып жатқан.
Қасында қарғылы тазы бар,
Қолында қара бүркіт бар,
Астында қара тұлпары бар,
Қырық кісі жолдасы бар.
Таң белгісі болғанда,
Қара тазы ұлыған,
Бүркіті шаңқылдаған,
Қара тұлпары кісінеген.
Сонда Меңді хан тұрып: – Шораның басына көрін, – деді. Күннің көзі шығып келе жатқанда, шаң шығарып Шора келе жатыр екен. Оны Менді хан көріп: “Осы шаң шығарып келе жатқан кім екен? Білейін”, – деп, қара тұлпарға мініп, қасындағы тазысы мен бүркітін жолдастарына тастай беріп, жүре берді Шораның алдынан. Шораға жақын келгесін: – Сен кімсің? – деп сұрады. Сонда Шораның Меңдіге айтқаны: 780. – Асылымды сұрасаң,
Асылым артық Арғынмын.
Көгімді менің сұрасаң,
Көк нарлы Танамын.
Өз атымды сұрасаң,
Нәрік ұлы Шорамын.
Барарымды сұрасаң,
Мен Қазанға барамын.
Мен Қазанға барғанша,
Қан жаумасын, қар жаусын. 790. Мен Қазанға барғасын,
Қар жаумаса, қан жаусын.
Сонда Меңді хан сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Атамның аты – Өгіз хан,
Он кісі мен өлтірген
Ол әкемді Нәрік хан.
Алуға сенен кегімді,
Тыңда, Шора, кебімді,
Беремін саған өлімді. 800. Алуға тұрмын басыңды,
Қырық нөкерім қасымда.
“Өлмеймін” деп ойлама,
Енді өлесің сен, – деді,
Аламын кегім мен, – деді. –
Жолыңда тосып жатқаным,
Атамын, Ноғай, мен, – деді.
Атқан оғым өтеді,
Сен түгіл тау-тастарды
Қақ айырып кетеді. 810. Сонда Ер Шора сөйлейді.
Сөйлегенде не дейді:
– Ата бер, қалмақ, сен, – деді,
Елден шыққан ер жігіт
Өлімнен қорқып тая ма?
Қолыңнан келсе, ат, қалмақ,
Ата бер енді, аяма.
Меңді хан қолын салады.
Атайын деп қорамса
Ер қасынан алады.
820. Меңді хан тартып қалады.
Сыртында тұрған шекпенге
Пышақ сырты батпады,
Атқан оғы өтпеді.
Қара басып, қалмақтың
Еш қайраты жетпеді.
Бір емес, қалмақ үш атты,
Үш оқты қабат босатты,
Үш оғы бірдей өтпеді,
Қолының күші жетпеді. 830. Сонда Шора сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Заңғар қалмақ сен, – деді.
Жолдасыңа барып айт,
Енді өлтірем мен, – деді.
Мынау тұрған шәріңе.
Қатының мен балаңа
Арызың болса, айт, – деді.
Солай қарап қайт, – деді.
Тұрды қалмақ долданып,
840. Ол да өзінше кісімсіп, бұлданып.
Сонда Шора қозғалды,
Қу жебені қолға алды,
Тартып қалды жебені.
Қалмақтан өтіп оқ кетіп,
Бір төбеге жетеді.
Ол төбенің босады
Оқ тиген көбесі.
Алдында ханын алғасың,
Артындағы қырығы 850. Тырағайлап қашады,
Дүниеге көзін салмады,
Еш нәрсені алмады.
Қумады оның бірін де,
Көрген соң түрін де.
Үш мың кісі бұл қалмақ
Жатқан екен Қазанды қамап.
Ханжан қызды бұл алмақ.
– Ханжан қызынды бер, – деді. –
Егер қызың бермесең, 860. Шабам елің мен, – деді.
Әділшедей хандарға
Қалмақ сөйтіп сөйледі.
Сонда Әділше ханыңыз
Ноғайға хабар салады.
Ноғайдың қырық ерлерін
Бәрін жинап алады.
“Осы жауды кім қашырса,
Қызымды соған беремін”.
Ол қалмаққа ешбірі 870. Соғыс сала алмады.
Қырық батыры болса да,
Ол жауға қарсы бармады.
Сонда Ханжан биік бір төбенің басына шығып, мұңайып, таң белгісі болғанша сонда отырады екен.
Күншығыс жағы Қазанның
Биік жатқан тау еді.
Күннің көзі шыққанда,
Таудан біреу құлады,
Қызыл-жасыл ту байлап.
Ақырғанда, аузынан
Бейне жалын шарпиды.
880. Астында мінген қара ат бар,
Ұшқан құстан кем емес,
Ол жылқыға тең емес.
Аузынан шыққан отты көргесін,
Айғай даусын естіп,
Қалмақ жаман сасады.
Ұрысуға шара жоқ,
Жалбаңдап қалмақ қашады.
Қашқан жауды көргесін,
Қазанның қырық батыры – 890. Бұл да шыға шабады.
Үш мың кісі қалмақтан
Бір мыңдай қырылды.
Ерлі жүрген мәстек ат
Қалаға келіп толады.
Ноғайлының аш-арық
Ерлі жүрген әзір ат
Ие болып тұрады.
Қалмақ қашып кеткесін,
Қырық батыр келді қалаға. 900. Әрқайсысы айтады:
– Жау қашырдым мен, – деді.
Қызыңды мағап бер, – деді.
Қырық кісінің қырқына
Қызын тұрды бере алмай,
Көзіменен куғанын
Әділше хан көре алмай.
Бір кісі жіберді білуге,
“Ханжаннан барып сұра деп,
Жауды қашырған кім екен?” –
910. Сонда Ханжан сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Атама барсаң, сәлем де:
Күншығыстан келді бір адам,
Қызыл шекпен үстінде,
Ақ найзасы қолында,
Жаудың жүрген жолында.
Сол кісі келіп қашырды,
Ақырғанда, аузынан
Қызыл-жасыл от жайнап.
920. Күншығыстың бетінде,
Көп кісінің шетінде,
Жапанда жалғыз әлі тұр
Ақ найзаға сүйеніп.
Барып атам көрсін, – деп.
Жолығып, жауап берсін, – деп.
Сонда Әділше хан жиналды,
Астына жегіп арбасын,
Арбаға жегіп жорғасын,
Келіп сонда Әділше, 930. Ер Шорадан сұрады:
– Кімсің жүрген сен? – деді. –
Жылқының мұндай қарасын
Бұрын-сонды көрмедім.
Бұл Ноғайдың ішінде
Бұндай бала шамасы.
Атыңды айт, сен бала,
Танымай тұрмын, бері қара.
Шетте тұрып сен, – деді,
Қайрылып, жауап бер, – деді.
940. Танымағасын, сұраймын
Сенен бала мен, – деді.
Жиналып тұрған көп Ноғай.
Шетте тұрған Ер Шора
Жалғыз өзі мұңайып,
Бір ауыз сөз сөйледі:
– Жаратқан Алла өзімді.
Әділше сұлтан, тындаңыз,
Менің айтқан сөзімді.
Ноғайлы байтақ ел, – еді.
950. Танымадың біреуің,
Екенмін жалғыз мен, – деді.
Ағайын, халық бар болса,
Бармас па едім үйіне-ай,
Көрмес пе едім күйін-ай,
Жалғыздыққа не шара?
Алла болсын бұл пана.
Сұрасаңыз атымды,
Нәріктің ұлы мен Шора.
“Қазанды кәпір алар деп. 960. Айдап, жолға салар деп.
Әкем тұрған алтын тақ
Жау қолында қалар” деп,
Шықтым жолға мен, – деді.
Сонда Әділше
Қара жорға атымен
Берендіктеп, белдіктеп,
Шұғаменен терліктеп,
Мақпалдан терлік салады.
Маржан, жақұт тағынды-ай, 970. Өлшеусіз зер мен мақпалдан
Үстіне сонда жамылды.
Жетіп келіп Шораға,
Сонда Ханжан сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Асыл туған төресің,
Атаңның тұрған жеріне
Өзің іздеп келесің.
Атамның тұрған алтын тақ
Мекен қылып тұрыңыз,
980. Осы шәрде болыңыз.
Байтақ Ноғай болса да,
Біреуі жоқ қолайлы,
Алуға құмар Ноғайлы.
Алтын таққа қонсаңыз,
Өлгенше сізге мені, – деді,
Жұпты қылып алсаңыз.
Сүйегім қатар тең, – деді,
Мынау тұрған атам-ды.
Атам тұрсын қасыңда, 990. Ноғайдың тұр басында.
Сонда Шора сойледі;
– Ақылсыз болма сен, – деді;
Ықтиярсыз ол атамнан
Алмаймын жолдас мен, – деді. –
Әр шәр алған жерімнен
Ала берсем бір қызды,
Жер жүзіне сыя ма?
Бола ма оның мақұл-ды,
Ол болмайды ақыл-ды.
1000. Қашырып жауды қайтқаным
Болар деді мақұл-ды.
Сол жауапты айтқанда,
Қасында қырық батыры кеңесті.
“Құдай бізге берген екен,
Әлібиді өлтірген
Мына қашқын келген екен.
Бұл Шораны өлтіріп,
Ханжанды өзіміз алайық,
Қатынды болып қалайық”, – деп. 1010. Сонда Шора сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Байтақ жатқан ел, – деді,
Бөлек жатқан Ноғайдан
Ұрысуға кел, – деді.
Мені өлтірсең, Ноғайлы,
Кегің қайтар, ер, – деді.
Ақырып сонда сөйледі,
Аузынан Ер Шораның
Қызыл-жасыл от жанды.
1020. Сонда қырқы сасады,
Тырағайлап қашады.
Қырқы қашып кеткесін,
Ханжанға Шора жауап қатады:
– Хан боламын Қазанға,
Атам кеткен жер еді.
Атамнан болса рұқсат,
Алармын, Ханжан, сені, – деді.
Кешікпей енді кетемін
Меңді ханның еліне, 1030. Оған бір қайрат етемін.
Меңді ханның елін алармын,
Айдап, жауға салармын,
Еліме сөйтіп барармын,
Атамнан болса бір жауап,
Кешікпей келіп алармын.
Қайта берің сен, – деді,
Орнында тұрсын Әділше.
Ешкім қолын сала алмас,
Аударып тағын ала алмас. 1040. Атама жәбір бұл берген
Өгіз хан қалмақ ол еді.
Қазаннан Шора қайтқанда,
Баяғы көрген Құлыншақ,
“Шора Қазанға кетті” дегесін,
“Мен де артынан барайын,
Қалмаққа барып соғыс салайын”, – дейді.
Сонда Шора мен Құлыншақтың кездесіп, қосылған жері еді. Сонда Құлыншақ Шораға сөз бастайды:
– Асыл туған Шорамыз,
Артық туған төреміз,
Қазанға таман баралық,
1050. Барып қайрат етелік.
Онда жатқан қалмақтың
Көрелік қандай салмағын.
Ол Қазанда Әділше,
Кеткесін Нәрік, хан еді,
Көп Ноғайды билеген
Ақылы асқан жан еді.
Қырық батыры: “Жау келсе,
Алармыз” деген жан еді.
Әрқайсысы үйде отырғанда 1060. Бәрі төреге тең еді.
Қырық сондай батыры
Не қылды екен қалмаққа
Барып жатқан? – деп еді.
Сонда Шора сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Асыл туған ағамыз,
Ақылға қамал данамыз,
Асыл туған ағасың.
Қалмақтың көрдім баласын,
1070. Қазанның көрдім қаласын,
Ол Қазанда мен көрдім
Қырық батырдың шамасын.
Жауды көрсе, сасқандай,
Қалмақты көрсе, қашқандай.
Қалмаққа салдым ойынды-ай,
Қалмақтың еттім тойында-ай.
Жатқан екен ол қалмақ
Үш айдан бері қамалап,
Оның бәрі қалды қырылып.
Әділшенің ерлері
1080. Жасаған екен амалды.
Қалмақ қашып кеткесін,
“Аламыз, – деп, – Ханжанды”,
Қырық батыры ойлады.
“Әлібиді өлтірген
Қашқын мұнда келді, – деп.
Бізге олжа берді” деп,
Ерлер сасып қалған соң,
Мұнда қайтып келе ме?
Меңді ханның еліне, 1090. Бекітіп салған көліне,
Белгілі Ноғай жеріне,
Қай сапарға жүрсең де,
Батыр, енді өзің біл.
Менің жүріп келгенім
Мынау Меңді хан елі еді.
Жүрдім “Тура” жетем”, – деп,
Барып, қайрат етем, – деп.
Жолға тастап қалмақты,
Қалай алмай кетем?” – деп. 1100. Екі батыр ер еді
Мендіхандай қалмақтың
Еліне жақын келеді.
Қалмаққа жақын келгесін,
Емес қой болат құрама,
Шабыспай батыр тұра ма?!
Жақындап қалмақ келіпті,
“Ноғай келеді” дегесін,
Бекіткен екен қаласын,
Жинаған екен ерлерін, 1120. Неше мықты баласын.
Қалмақтан қалды үлкен қол,
Енді болды бұған жол,
Мың кісі әскер жиналды.
Екі батыр: “Алла!” деп сыйынды,
Жеңсіз берен киінді.
Мың кісімен соғысты,
Бірнеше күн тоғысты.
Неше күндей ұрысып,
Қалмақтың алып қаласын, 1130. Екі батыр ер болып,
Танытты-ау оның баласын.
Бір жеті күн болғанда,
Көндірді қатын-баласын,
Мықтысын жинап, қарасын.
Құлыншақтай ерді алып,
Шұбыртып алып жинады
Бүтін қалмақ баласын.
Ол қалмақты алғасын,
Шора елге қайтады, 1140. Елге келіп көреді
Ата менен анасын.
Нәрік сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
– Асыл туған Шорасың,
Көрдің бе Қазан қаласын?
Көрдіңіз бе қалмақтың
Қамалап жатқан шамасын?
Қарсы барып, шаптың ба
Өгіз хандай қалмақтың 1150. Меңді хандай баласын?
Жолығып оған кеттің бе?
Заңғарға қайрат еттің бе?
Қазанда жатқан қалмақты
Аударып па едің жерінен?
Сонда Шора сөйледі:
– Айналайын атамыз,
Ақылға қамал данамыз,
Астана жұртты меңгерген
Асылы артық панамыз.
1160. Кеткен екен қалмаққа,
Енді болмас қаламыз,
Жылаған екен баламыз.
Қалмақты жерден асырдым,
Бәрін қуып қашырдым.
“Қалмасын, – деп, – біреуі”,
Кетірдім жаудың реңін.
Бітірдім ол заңғардың срогын.
Ол Қазанның маңына
Қоймадым ешбіреуін. 1170. Онан қайттым мен, – деді. –
Меңді хан деген қалмақтан
Алдым шауып ел, – деді. –
Құлыншақтай батырға
Барып кеттім мен, – деді.
Қара Ноғай елінен
Қалың бердім мен, – деді.
Осылай деп Ер Шора
Нәрік ханға сөйледі.
Құлыншақтан алған Таспакер 1180. Жер астында байланған,
Арқанда тұрып ойнаған.
Ер Шора қалың бергесін, Қара Ноғайға барып қалыңдық ойнап жүрген екен.
ШОРА
Қалың ойнап жатқанда Ақташы хан алпыс биіне: “Нәрік баласы Шораның Таспакерін алып кел”, – деп жіберген. Алпыс би Таспакерді барып сұрағанмен, бермеді. Сонда, алпыс би үйді шыр айналып шапқанда, аттың дүбірімен, мылтықтың дуымен Таспакер сарайды бұзып, есігінен шығып кетеді. Сонда, алпыс би Таспакерді ұстап алып кете береді. Сонда Нәрік Таспакерді алып кеткесін, артынан қуып барайын деп ойлайды. “Егер қуып жетіп, Таспакерді айыра алсам, жақсы. Айыра алмай, өліп кетсем, оны Шора білмей қалады өлгенімді. Сондықтан Шораға хабар берейін. Шора қорқып, бара алмаса, өзім кетейін”, – деді. Сонда Шора ең шеттегі бір отауда ұйықтап жатыр екен. Сонда Нәрік барып, Шораға сөз, айтайын дегенде, сонда келіні тұрып, түндік ашайын деп сыртқа шығып келе жатыр екен. Үйдің артындағы Нәрікті көріп, сәлем беріп, түндікті ашпай, үйге кіріп кетеді. Сонда ұйықтап жатқан Шораның басын шайқап айтnқаны:
– Артық туған сұлтаным,
Астыңдағы тұлпарың.
Келіп тұр сыртта бабаңыз.
Көрмеп едім бұл түсін,
Егже етемін атаңа,
Барып, өзің қараңыз.
Сақалының ағы бар,
Ашуы күшті тағы бар.
Неше түрлі қасында
Сол кісінің болат бар, 10. Астында жақсы қара ат бар.
Ұйықтамаған секілді
Ұзақ түннің бойында.
Не бар екен ойында?
Оятқаным сіздерді
Барып хабар етерге,
Алдынан сәлем берерге.
Сонда Шора жүгіріп
Үйден шықты далаға,
Үстіне кимей, көйлекшең. 20. Баласы қалай шыдайды?
Ұстай алды шылбырдан.
Сәлем беріп алғасын:
– Түсіңіз аттан сіз, – деді.
Түспей тұрып атынан
Сонда Нәрік сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ақташтың алпыс биі
Шыр айнала бұл шапты.
Ат шығарып алдынан,
30. Айланы зұлым бұл тапты.
Есігін бұзып сарайдың,
Таспакер шығып бұл қашты.
Жетелеп алып алпыс би
Таспакерді алып ол кетті.
Бара алмадым торығып,
Алпыс иттен қорқып.
Сіз бармасаң, Шоражан,
Кетейін деп мен тұрмын.
Ақташтың алпыс биі 40. Жатқан шығар
Балбұлақтың басында.
Көк шалғынға жіберіп
Өңкей атты қасында.
Таспакерді қаңтарып,
Ортасына алған-ды.
Түніменен жүрген ит
Таң атқанда ұйықтап
Бұл сәскеде жатқан-ды.
Балбұлақтың басында 50. Жатқан жеріне жетейін.
Қусам, жетпей не етейін?
Бармайтын болсаң сен, – деді,
Түспеймін аттан мен, – деді.
Сонда Шора сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
Түсе бер, ата, сіз, – деді. –
Барармын оған мен, – деді.
Қалай да болса, жетермін.
Таспакерді жіберіп, 60. Үйде қалып не етермін.
Отырып демалыңыз,
Осы отауда жатыңыз, – деп,
Нәрікті атынан түсіріп, Шора үйге апарады. Неше түрлі жақсы тағам береді. Сосын өзі қара тұлпарды мініп, қолына қару алып, кетейін деп жатқанда, атасы Нәрік бір ауыз айтып қалады:
– Айналайын, Шоражан,
Туған балам сен болсаң,
Алпыс биді өлтіріп,
Кесіп басын, алып кел.
Таспакерді жетелеп,
Алып келші сен, – деді.
Ол айтқаным етпесең,
70. Ұйықтап жатқан жерінде
Таспакерді алып қашсаң,
Тумағаның сен, – деді.
Шора сонда жөнелді,
Қара тұлпар астында
Дөңгеленіп барады.
Ақташтың алпыс биі
Балбұлақтын қасында,
Жатқан екен басында,
Таспакер тұр қасында. 80. Шора түртіп оятты
Алпыс биді найзамен.
– Тұрыңыз билер, сіз, – деді,
Таспакердің артынан
Қуып келдім мен, – деді.
Сонда Шора тұрады,
Таспакерге бармады,
Шылбырынан ұстай алмады.
Билер жатпай жүгіріп,
Атын бұрды тұра алмай,
90. Мінейін деп кідіріп.
Атқа мініп алғасын,
Шораға билер шабады,
“Көппіз ғой” деп қамады.
Суырып Шора қылышын
Тарылтты алпыс бидің тынысын
Тырп еткізбей, билердің
Шығармады дыбысын.
Алпыс биді түсіріп,
Алпысының да атын алады. 100. Әр аттың шылбырын
Әр бидің мойнына салады.
Алпыс биді қосақтап
Алпысын да қуады,
Билерге мүшкіл туады.
Таспакерді жетелеп,
Салады жолға төтелеп.
Билердің қолын буғасын,
Қосақтап атпен қуғасын,
Басына күнтуғасын, 110. Билерді сөйтіп айдады,
Сорлары сөйтіп қайнады.
Табандары қып-қызыл,
Терісі түсіп жайнады.
Бір замандар болғанда,
Бір төбенің басында
Отыр екен хан Нәрік.
Ер Шора келді еліне
Алпыс биді қуалап.
Маңдайының тері ақты 120. Бұл сорлының жұмалап.
Үйде отырған қатынын:
“Мұнда кел” деп, шақырды,
Қатыны келді жүгіріп.
Сонда Шора бұйырды:
– Мынау тұрған билердің
Мойнына шылбыр сал, – деді.
Желіге байлап тастай бер
Айуандай қылып бұл, – деді.
130. Есікте жүріп, болсын құл, – деді.
Сонда тұрып Нәрік хан
Баласын Шора шақырды.
– Шора батыр, сен, – деді,
Сұраймын сауға мен, – деді,
Сауға берсең ер, – деді.
Сонда Шора:
– Сауға бердім мен, – деді.
Ала бер, ата, сен, – деді.
Мынау тұрған алпыс би,
140. Алпыс биді бердім, – деп,
Шора батыр айтқасын,
– Бір-бірден жетелеп
Қасыма алып кел, – деді.
Сонда келіні жетелеп
Алып келіп еді.
Нәрік айтты: – Алпысының да мойнын да, қолын да босат, – деді. Сонда қолдарын босатқасын: – Аттарыңа мініп, үйлеріңе қайт деп, босатып жібереді. Нәрік хан: – Ақташы ханға сәлем айтындар. Сегіз күнде Ер Шора барады, қалмақтың елін шабады, – деді.
Алпыс би атқа мінеді,
Ол төбеден асқанша
Жалтақ-жалтақ қарайды.
Сол шабуылмен алпыс би
150. Ақташы ханға барады,
Ханға хабар береді.
Алпыс биі сонда сөйледі:
“Біз Нәрік деген шал көрдік,
Шора деген жан көрдік.
Мұрсатқа қоймай алғандай,
Шора ойын салғандай.
Шора деген бек екен,
Келсе, қоймай алғандай.
Қырар келсе қаламыз, 160. Жылап қалар баламыз.
Біз қорықтық Шорадан,
“Келмей ме, – деп ойлаймын –
Сол Ноғайға шамамыз”.
Дүние менен мал құрысын.
Өзіміз босып кетейік,
Жан айласын етейік.
Нәріктің сөзімен құтылдық.
Балбұлақтан айдады,
Сорымыз судай қайнады. 170. Етікті шешіп қолға алып,
Жалаң аяқ айдады.
Аяқтан аққан қанымыз,
Қиналды жаман жанымыз,
Сорымыз сөйтіп қайнады.
Кідірейін бір десе,
Қамшымен сабап айдады.
Өзі мықты зор екен,
Ер Шораға жолыққан
Мандайының соры екен. 180. “Ұрысамын” десеңіз,
Әскеріңді жи, – деді.
“Сегіз күнде келеміз,
Әзірленіп тұр”, – деді.
Сірә, алады қалаңды,
Адамды қояр жан емес.
Балбұлақтың басында
Қамап алдық біз, – деді.
Ат үстінен ұмтылып,
Жағамыздан алады, 190. Лақтырып салады.
Шыға жаздап жанымыз,
Тек шыбынымыз ғана қалады.
Жаман екен ойыны,
Жағамыздан алғанда,
Адамның үзіле жаздайды мойыны.
Сұрады Нәрік: “ Сауға!” деп.
Өзінен туған балаға
Тұрды Нәрік бата алмай.
Үлкендіктің бұл тиді 200. Нәріктің бізге пайдасы.
Жібергесін хан Нәрік:
“Көрсін, – деді, – қаласын”.
Ойлаған ғой ақсақал:
“Көрсін, – деп, – қатын, баласын”.
Сенсеңіз егер біздерге,
Өлімнен басқа нәрсе жоқ,
Ақташыдайын ханымыз,
Шора келсе біздерге”.
Ақташы хан сасады, 210. Ақылы кетіп танады,
Түсі кетіп қашады.
Сонда Ақташыдай ханыңыз
Билердің тілін алуға,
Оңтайланды қашуға.
«Жерің адыра қалсын! деп,
Ақташы хан сонда бұйырды.
Қой мен сиыр қалсын! деп.
Жылқы менен түйені
Ол үш күннен қалдырмай, 220. Бәрін жиып алсын! деп.
Үйде тұрған қазынаның
Жақсыларын алсын! деп.
Жамандары қалсын!” деп.
Ақташы қолы асады,
Үш күннен соң білінді,
Дүниесін тастап шұбырды.
“Жарамайды, – деп, – айдауға”,
Сиыр менен қой қалды,
Толып жатқан қор қалды. 230. Ақташының елі кідірмей,
Бес күнде асып, жоғалды.
Нәрік ханның жасаған
Бұл қалмаққа айласы,
Бұл істеп отырған
Көп Ноғайдың пайдасы.
Сонда баласы Шора әкесі Нәрікке: – Алпыс биді неге тірі жібердіңіз? Бәрін өлтіру керек еді, – деді. Сонда Нәрік хая айтты: – Ол алпыс биді жібергенде, пайдасы саған болар, – деді.
– Сегіз күнде барғанда,
Жалғыз адам көрмессің.
Сиыр менен қой қалар,
Тігулі үй мен қора қалар.
240. Иесіз малды аларсың,
Олжаға батып қаларсың.
Қалмақ кетсе, жоғалсын,
Ноғайлыға хабар сал.
Аш-арық барып олжа алсын.
Алпыс биі айтқасын,
Тұра алмайды, кетеді.
Алпыс жаман торыққан,
Сізден қатты қорыққан.
Сүй деп айтты Нәрік хан. 250. Күн сегізге толады,
Баратын шағы болады.
Шақырып алып Ноғайды,
Нәрік хан хабар салады.
Жарлысы мен жақыбай
Ер Шораға ереді.
Ақташының жеріне
Шұбырып жетіп қалады.
Тігулі тұрған үйлер бар,
Жайылып жатқан қойлар бар. 260. Ешкімнің малмен ісі жоқ,
Ішінде жалғыз кісі жоқ.
Шұбырғасын бұл қалмақ,
Дүниесі қалған соң,
Олжаға батып аш-арық,
Иесіз дүние қалғасын,
Қара Ноғай адамы
Шұбырып келді еліне,
Көп дүние айдап, жеріне.
Шора қайтты еліне, 270. “Қанша жер бар екен деп,
Ақташының еліне”.
Басқа қара Ноғай
Қуанып қайтыпты
Өзінің тұрған жеріне,
Алып келген малына.
Мал жинаған ел келді
Бұрынғыдай болсын ба,
Ол Шораның сәніне.
Ноғайлыққа сиыр менен қой қалды, 280. Толып жатқан қор қалды.
Шора қуып кетеді:
“Аламын, – деп, – хабарға,
Шамалы жерде бар болса”.
Сонда Үшбөкенбай деген жерден Ақташының халқы шұбырып өтеді.
Сонша жерге жеткізіп,
Бармай Шора қайтады,
Атының басын тартады.
– Қайдан қайттың? деген Нәрікке:
– Үшбөкенбай деген жерден асты, – деп. –
Қорқып қалмақ, қашты, – деп. – 290. Отырып, демалармыз.
Құлыншақ келсе артынан
Тағы қуып барармыз.
Сонда Шора сөйледі:
– Ұрыспай тұрып қашқан ел,
Жерін тастап асқан ел.
Ащыбас шаттың басынан
Ақташыдай қалмақтың
Қашқан жері сол еді.
Сонда Құлыншақ ер Шораны іздеп келеді. Келіп, Шораға айтқаны:
– Артық туған Шорамыз,
300. Асылы артық төреміз,
Қайда барды Ақташы хан?
Артынан барып көреміз.
Айлап, жылдап жүрерміз.
Қызылбас пен Үндісті,
Қалмақты да көргенбіз.
Үйде отырып бола ма?
Алыс та болса, барайық.
Бала мен қатынының
Барған жерінен алайық. 310. Ізделік, батыр, кел, – деді.
Барамысың сен? – деді.
Шора, сені барар деп,
Іздеп келдім мен, – деді.
Құлыншақ сөй деп сөйледі.
Сонда Нәрік ханымыз
Құлыншақ пен Шораға
Бір сөз айтып қалады:
– Екі бірдей ер, – деді,
Тастамаңыз киімді, 320. Жеңіл жүрмек қиын-ды.
Барған шығар ол жерге
Ақташының қатын-баласы.
Түйе мен жылқы бар шығар,
Оның жүрген қарасы.
Алыс емес жеріңіз,
Жақын болса, барармыз.
Оңғарса Құдай сапарды,
Ол қалмақты аларсыз.
Сауыт пен шарайна, 330. Тастамай оны, киіңіз.
Ат шабады күйімен.
Ерлік те керек жігітке,
Әрбір айла түрімен.
“Айласыз ер тез өледі”,
Деген сөзді қарашы.
“Айласыздан Аршылан
Қолға түсті” деген сөз бар.
Осыны байқап қарашы.
Артық туған Құлыншақ, 340. Талайдың көрдің шамасын.
Екі жыл, үш жыл жол шегіп,
Қалмақтың алдық қаласын.
Үндіс пенен қалмақтан
Қызылбас оңай, қарашы.
Қызылбастың жерлері
Белгілі жазық жер екен.
Қалмақ пен Үндістің
Тұрған жерін қарасаң,
Бір жағы – су, бір жағы – тау, 350. Сондай мықты жаман жау,
Естеріңе салғаным,
Енді үйден шығарға
Бізде ешбір дәрмен жоқ.
“Үйде отырмай, қартайған
Қарт адамның сөзінде, –
Деп жүрмеңіз, – мақұл жоқ”.
Үлкеннің тілін алмаған
Жастарда тіпті ақыл жоқ.
Жақсылық қылма қалмаққа. 360. Тек Үндіс пен Қалмақты
Шетінен бәрін кескіле.
Қызылбас жылдам көнеді.
Қаңқылдаған бұл сорлы
Тек бишара ел еді.
Сонда Құлыншақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Әуелі шықсақ, барамыз
Ақташының еліне,
Соның барған жеріне.
370. Есіттік сізден хабарға
Кезеніп қалдық ал, тақсыр,
Ақташыдай қалмақтың
Елін іздеп барарға,
Ақташыдай қалмаққа
Екі батыр кетерге,
Іздеп соған жетерге.
Сонда Шораға Менді арудың айтқаны:
– Артық туған Шорасың,
Ақ сүйек туған төресің. 380. Оңғарсын Құдай жолыңды,
Тоқсанға келген қарт әкең,
Байқап кет енді сөзімді.
Тірі болсаң дүниеде,
Өлгенін көзбен көріңіз.
Аманатын Алланың
Көз алдында беріңіз.
Мынау тұрған ханыңыз
Сөзіме құлақ салыңыз.
Алыс-жақын жүрсең де, 390. Бабаңды еске алыңыз.
Оңғарып Құдай жолынды,
Жасың үлкен бабасың,
Жайып қал, балалар, қолыңды!
Сонда Нәрік сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Тапсырдым Аққа мен, – деді.
Аман болсаң, балаларым,
Мен тоқсанға таяндым,
Жылдамырақ кел, – деді.
400. Ақташыға барам деп
Екі батыр жөнелді.
Екі айдай болғанда,
Ел шетіне жетеді.
Ел шетіне барғасын,
Сонда тұрып Құлыншақ
Ер Шораға сөйледі:
– Қару-жарақ ал, – деді.
Шора батыр, сен, – деді,
Далдалап кейін қал, – деді.
410. Мен қалмаққа барайын
Қанша халқы бар екен?
Төңірегін қарайын,
Қарап, көзім салайын,
Шамасын біліп келейін.
– Барыңыз, – деп Ер Шора,
Тау басында қалады.
Қаңтарып қойып Таспакерді,
Отырады оның қасына.
Құлыншақ кетті аралап,
420. Мінгені кер ат астына.
Елеусіз жерде жүреді,
Белінде алмас болат бар,
Аяққа киіп етікті,
Аралауға қалмақты,
Ақташыдайын хандардың
Аралап елін көруге,
Шамаларын білуге.
“Аттанып Ноғай келді” деп,
Шетте жатқан қалмақтың 430. Аулына хабар береді.
Ақташы әскер шақырды,
“Жиналсын” деп билерін,
Артық туған ерлерін.
Ақташы хан әскер шақырды,
“Жиналсын” деп билерін,
Артық туған ерлерін
Айтушы екен ерлері:
“Ноғайлыны көріп, білсек” деп,
Үйінде отырып, кеңес құрады. 440. Ақташы хан шақырып,
Жинап алды қалмақты.
Отырғанда үйінде,
Бәрі де оның салмақты.
Қайдан білсін бишара?
Онан мықты жау шықты,
Тістеп қалар бармақты
Сонда Құлыншақ Шораның қасына қайтып келеді. Келіп, Шораға сөз сөйледі:
– Шора батыр, сен, – деді,
Көріп келдім қалмақтың
Шамалы жерін мен, – деді.
450. Қалмаққа хабар мен бердім:
“Жиналсын қалмақ енді деп.
Ноғайлы саған келді деп.
Айтпайынша сөз ашып,
Пәленше саған келді” деп.
Аттанып бәрі шыққасын,
Жиналғанын көргесін,
Бір тәуекел етуге,
Шығарып алып бұл елден,
Үлкен бір соғыс етуге 460. Шора тұрып қарады.
Таспакерге ер салып,
Жал-құйрығын өреді.
– Алла берсе, көреміз
Бұл қалмақтың шамасын.
Қарсы келген қалмақтың
Алармыз, – деп, – қаласын.
Екі мың кісі әскермен
Ақташы шықты алдынан:
“Келді ғой, – деп, – қолайға,
470. Өлтіруге оңайға.
Ерлік деген солай ма?!
Байтақ жатқан ел, – деді,
Мақтандың бәрің: “Ермін!” деп.
Осы сапар хабарла
Бұл Ноғайға сен”, – деді.
Шора менен Құлыншақ
Жауға таман келеді.
Алдарынан Ақташы хан
Жүз кісімен шығады. 480. Екі кісі артында,
Хан келеді тартынбай.
Сонда Ақташы сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Екі бірдей батырсың,
Қайда бара жатырсың?
Сендер ме еді кешегі
Ноғайдан келген ер? – деді.
Екеуің де Ноғай ма,
Екі мың кісі әскерді 490. Екі кісі жеңе ме?!
Мен – қалмақтың елінде
Ақташы деген ханымын.
Қасымдағы ерлерім,
Өңкей мықты билерім.
Сонда Шора сөйледі:
– Менің елім сұрасаң,
Ноғайлы деген ел, – деді.
Әкем атын сұрасаң,
Нәрік деген хан, – деді.
500. Өз атымды сұрасаң,
Шора батыр – мен, – деді.
Қасымдағы Құлыншақ,
Оның берген билігі
Он екі кісімен тең, – деді.
Өлесің ғой, қалмағым,
Сорлы болып, сен, – деді.
Мықты болсаң, Ақташы,
Отырғаның, білемісің
Жас күнде мекен қылған жеріңді? 510. Со жеріңнен қашырған
Шора деген – мен, – деді.
Мақтанба, қалмақ, сен, – деді.
Ноғай менен қалмағың,
Сірә, – деді, – тең емес.
Құдайға дінің дұрыс емес,
Тұрамыз ба сөйлесіп?
Соғысалық, кел, – деді.
Астындағы Шораның
Мінгені Таспакер еді. 520. Үстіндегі кигені –
Оқ өтпейтін шарайна.
Қасындағы Құлыншақ,
Емес қой, сірә, еріншек
Қашаннан-ақ соғысқа
Құлыншақ пен ер Шора.
Іркілмейді, шабады,
Шабуылды салады.
Ақ сүңгіні қолға алып,
Келген ерлер қозғалып, 530. Үстінде бар-ды ерлердің
Ішінен киген сауыты,
Қалмақтан артық зауыты.
Жүз кісі шауып жау болды,
Көрмегенге таң болды.
Артындағы қалмақтың
Екі мыңын жапырды.
“Келіңіз” деп билерге
Ақташы хан да ақырды.
Сонда соғыс салады. 540. Жұлқысып ерлер қалады.
Күннің көзі көрінбей,
Жердің жүзі шаң болды,
Секілді тұман қаптаған.
Бір күн бір түн соғыста
Қалмақтың бір мыңы өледі.
Ағарып таң атқанда,
Қалмақты сонда қырады.
Төгіліп жатқан қан еді,
Үш мың кісі қалмақта 550. Ол да бір бөлек жан еді.
Мың жарымы өледі,
Қалмақтар сонда бөлінді,
Жақсылары табанда өліп,
Жаманы қашатұғын көрінді.
Ақташыдай хандардың
Құлыншақ алды басын-ай,
Іркіліп, қарап тұрсын ба,
Батыр келіп қасына-ай.
Келіп батыр алады 560. Астындағы атын-ай.
Ақташыдай хандардың
Шапқаннан соң мойынға,
Қан төгілді қойынға.
Кім шыдайды сол жерде
Құлыншақ пен Шораның
Қия салған ойнына?!
Қарамады ер Шора
Қалмақтың қатын-баласын
Елден шыға қашқанға, 570. Ұшқан құстай аспанға
Жапырады Таспакер
Жер басып шіркін қашқанға.
Үш мың кісі қалмақтан
Мың кісі қалды тірісі.
Таусылғасын ірісі,
Қалған екен сірісі.
Құлыншақ пен Ер Шора
Қалмақтың қатын-баласын
Алдына салып айдады, 580. Қалмақтың соры қайнады.
Бұл секілді қалмаққа
Бұрынғы дәурен қайда-ды?
Қалмақты алып, Шора қайта еліне тартады.
Өзінің көрген жеріне,
Қайта жүрді еліне.
Ащыбас шаттың бойымен
Қалмақты айдап келеді.
Жылайды қатын-баласы,
Жалаң аяқ, жалаң бас
Жолға жүрді шамасы.
590. Еркектері жүреді
Екі қолы байлаумен,
Сорлылар жүрді айдаумен.
Бұрынғы баққан қалмақтың
Жылқысы менен түйесі
Ноғайлы болды-ау иесі.
Айдаған соң Құлыншақ,
Жолға жүрді, шамасы.
Еркектері жүреді,
Екі қолы байлаумен, 600. Сорлылар жүрді айдаумен.
“Жетейін, – деп, – еліне
Елге жақын келгесін,
Ер Шора озды: “Көрем деп.
Ата мен анаға барам” деп.
Құлыншақты тастады:
“Бұл қалмақты баста деп.
Кідірмей, қуып айда” деп.
Өзінің кеткен жерімен
Шора келді керімен. 610. Келсе Шора еліне,
Кірейін деп үйіне,
Кеткенде қалған төріне,
Тоқсаннан асқан бабасы
Атқа мініп жүруге
Келе ме қарттың шамасы.
Сәлем берді Нәрікке
Шорадай жалғыз баласы.
– Саусыз ба, қайран баба? – деп.
Біз – кешегі кеткен 620. Шорадай бала, – деп.
Ақташы ханның елдерін,
Суалтып айдын көлдерін,
Құлыншақ ерге тастадым,
“Айдап кел, – деп – қалмақтың,
Тірі қалған ерлерін”.
Озып келдім мен, – деді. –
Қуатты-күйлі бармысыз,
Ата мен ана, сіз? – деді.
Осылай деп Ер Шора 630. Үйіне келгесін сөйледі.
Сонда Нәрік сөйледі:
– Алыс жерге бардың ба?
Барған ісің бітіріп,
Ақташыдай қалмақтың
Жеңіп елін алдың ба?
Сау-саламат, перзентім,
Арымай-ашпай келдің бе?
Үлкендік жетіп, меңдедім,
“Бір көрсем”, – деп – перзентім,
Жатып саған шөлдедім.
640. Ризамын бергесін,
Сау-саламат келгесін,
Дидарласып көргесін.
Перзентім, бер қолыңды.
Әр сапарға жүргенде,
Оңғарсын Құдай жолыңды!
Жас тоқсанға келгесін,
Қарттықта енді арман жоқ.
Бұл жасымда еш нәрсе
Қапы болып қалған жоқ. 650. Өлмеске қылар айла жоқ,
Үлкендік болған шіркінге
Қарсылық қылар жай да жоқ.
Құлыншақтай досыңыз
Сау-саламат келді ме,
Қасыңдағы қосыңыз?
“Досың” деген қиын сөз.
Пайда болмас жиғаннан,
Айрылсаңыз досыңнан,
Айрыласың иманнан. 660. Жүре алмаймын баруға
Құлыншақтың аулына.
Естігенмін аман деп,
Дегенде, сонда шешесі
Меңді ару Шораға сөйледі:
– Асыл туған Шорасың,
Ер жігітке екі сөз
Жарамайды, Шоражан,
Өзің байқап қарашы.
Әділшедей хандардың
670. Қызы Ханжан бала екен.
Алам деген сөзіңіз
Сіздің айтқан бар екен.
“Ханжан” деген ат келді,
“Аламын деген, бар-ды, – деп, –
Ердің сөзі екі емес”,
Деген сүйінші хат келді.
Ер танбайды сөзінен,
Айтып еді өзіме:
“Ол батырға сәлем емес де. – 680. Өзі қолай көрмесе,
Хабар берсін өзіме.
Кеткенім жоқ жол тауып
Ердің айтқан сөзіне,
Мен тұрмын бұл бағып.
Келем деген ер еді,
Ақ сүйек туған төре еді.
Жапанда тұрған боз терек
Жапырағы жайнаған.
Екіталай жер болса, 690. Дұшпанға кегін бермеген.
Ақ сүңгіні қолға алып,
Балдағы алтын беренді
Алмасын жауға сермеген.
Хан баласы болғасын,
Басқаны көзім көрмеген,
“Қатар болса тең-ді деп,
Тірі болса, көрініп,
Бір кетер-ау енді” деп,
Ер тана ма сөзінен? 700. Артық туған ер, – деді,
Жауабынды бер, – деді.
Сонда Шора шешесіне жауап қайтарады:
– Артық туған анамыз,
Сіз рұқсат етсеңіз,
Ол Қазанға барамыз.
Алыс емес арасы,
Ноғайлының ішінде
Ол Қазанның қаласы.
Кемітейін несіне
Ол да – ханның баласы.
710. Батырларға егесіп,
Айтып едім бір сөзді.
Жауаптан танып бола ма?
Рұқсат болса барармыз.
Құлыншақ келсін бұл елге,
Қатарыма алармыз.
Құлыншақ деген ер еді,
Атамның қосқан досы еді.
Қазан жақын жер, – деді.
Барамыз ғой, қарт ана, 720. Сабыр қылың сен, – деді.
Келгенінше Құлыншақ
Шора елде қалады
Бір жұмаға толады.
Құлыншақ ертіп қалмақты,
Жиналып шыққан көп жесір
Құлыншақты көреді.
Жиналып Ноғай келеді
Қызықсын ба олжаға?
Құлыншақ пен ер Шора 730. Ноғайға бөліп береді
Ата-атаның ұлына.
Ноғайлының елдері
Отырып олжа алған соң,
Қуанды қатын-баласы.
Адам менен малдарын,
Бөліп береді қарасын.
Шора сонда айтады
Құлыншақтай ерлерге:
– Еліңе таман бар, – деді.
740. Он күн жатып, Құлыншақ,
Сонда демің ал, – деді.
Сосын біз де барармыз,
Қазанға барып қарармыз,
Әділше қызы Ханжанды,
Бұл еді жауап айтқаным,
Алла қосса алармыз.
Тастай беріп шамалап,
Еліне кетті Құлыншақ
Өзеннің бойын жағалап. 750. Еліне барып Құлыншақ,
Қисайып он күн жатады.
Құлыншақ алған алмасын,
Астына мінген кер атты,
Керегеге ілген болатты.
Үйінен шықпай демалып,
Құлыншақ батыр ол жатты.
Он күнге күн толғасын,
Нағыз он бір күн болғасын,
Шора ерледі Таспакер, 760. Құлыншаққа жол жүрді,
Өзінің бұрын көрген жер.
Он екі күн кідіріп,
Он үшінші күн болғанда,
Құлыншақ та атты ерледі.
“Баралық, – деп, – Қазанға”,
Екі батыр ойлады.
Құлыншақ мінді керлерге,
Жемін берді өлшеулі,
“Құлыншақ, Шора келді” деп, 770. Хабар тиді ерлерге
Қазандағы ерлерге.
Екі бірдей ер еді,
Басқа жерге кідірмей,
Хан бағына келеді.
Хан бағына келгесін,
Батырлар түсе береді.
“Құлыншақ, Шора келді деп.
Жолығып кел енді деп,
Әділше хан жіберді. 780. Біреуіңіз хабар ал деді.
Екі кісі бар”, – деді.
Екі кісі келгесін,
Құлыншақ, Шораны көргесін,
Қайта барды екеуі
Әділшедей хандарға,
Артық туған жандарға.
Жалғыз қызы Ханжанға
Әділше хан той қылды,
“Берейін” деп ой қылды. 790. Үш күн қатар мереке,
Ат шаптырып жасады,
Күрестіріп, қызықты.
Алтын қабақ аттырды,
Тамашаға батырды.
Он күндейін күлкі-ойын,
Қызықпенен жатқызды.
Хабар салып бәрін-ай,
Жинады малдың бәріне-ай,
Жинады малдың бәрін-ай. 800. Ноғайлының баласы
Жиналып тұр қасында.
Қырық нарға үп артты,
“Көрсін, – деді, – осыны-ай.
Көп қатарын білсін” деп,
Сегіз қанат ақ орда,
Ақ жібектен орданың
Киізін оның жаптырды.
“Лайықты оған болсын” деп,
Зерден бауды тақтырды. 810. Қырық нарға жібектен
Арқан тарттырды.
“Оның сәні болсын” деп,
Жібектен нокта салдырды.
“Оның сәні болсын” деп,
Жібектен сағақ тақтырды.
Ұзындығы үш құлаш
Қырық нардың үстіне
Қалдырмай кілем жаптырды.
Және де берді қырық құл, 820. “Қызметін оның етсін деп.
Шора кетсе далаға,
Сырттағы малын бақсын” деп.
Ноғайлы көрді тамаша,
Жасырған жоқ оңаша.
Сонша дүние көп беріп
Ұзатқан бұрын жоқ еді
Ноғайлының баласы.
Жалғыз қызы Ханжаннан
Аясын ба дүниені? 830. Бергенін сонша қарашы.
Жөнелер шағы болғанда,
Құлыншақ пен Шораны
Шақырып алып Әділше,
Айтқан сөзін қарашы:
– Артық туған Ер Шора,
Атадан туған бала едің,
Атаң Нәрік хан едің.
Мынау тұрған Қазан да
Атаң тұрған қала еді.
840. Қазанда атаң хан еді,
Ақылы кәмал дана еді,
Сен сонан туған бала едің.
Атаңның тұрған болмай ма
Алсаң мынау тұрған қаласын?
Берейін мінген атымды,
Басыма киген тәжімді
Баламды алған балаға.
Ханжанды алып кетпесең,
Қайтеді, балам, далаға? 850. Ие болсаң, не қылады
Осы атаң тұрған қалаға?
Асыл туған баласың,
Ақсүйек туған төресің,
Атаңның ұстап тұрсайшы
Мынау қазына, мұрасын.
Тірі тұрған күнімде
Берейін мұра мен, – деді,
Ие бол, балам, сен, – деді.
Осылай деп Әділше, 860. Шораға сөз сейледі.
Атқа мінбей ер Шора
Жерде жаяу тұр еді,
Қайрылып мойнын бұрады.
Сонда Шора сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:
– Ақылы кәмал данамыз,
Қайырлы болсын бұл, ата,
Өзіңіз тұрған қалаңыз.
Ноғайдың едік панасы,
870. Қазан деген – Ноғайдың
Ертеден салған қаласы.
Қайырлы болсын бұл орын,
Отыра берің сіз, – деді.
Аударып сізден алуға
Лайық емес біздерге.
Болғасын баба сіз, – деді,
Болдық бала біз, – деді.
Көз салармын Қазанға
Сіздің тұрған қалаға. 880. Ешкім көзін сала алмас
Сіз секілді бабаға.
Ішіңізден шыққан бұл Ханжан,
Сыртыңнан тудым мен, – деді.
Сонда Шораның Ноғайлыға айтқаны:
– Қаптап тұрған көп Ноғай,
Егер естісем сөздерін,
Тұқымыңды құртармын,
Бәріңді қырып сіздерді.
Әділше сұлтан ханымыз,
Кеудедегі жанымыз. 890. Әділше мен хан Нәрік –
Ноғайдағы барымыз,
Жылатпаған балаңыз,
Жақын болған қалаңыз.
Қалаңызды қорғап,
Тұрған бұл панаңыз.
Ойласаңыз, білмейсіз бе
Пана болған шамасын.
Тапсырдым Аққа, сұлтаным,
Тірі ме екен елдегі 900. Ата менен анамыз?
Алла берсе сапарды,
Он-он бес күнде барамыз.
Рұқсат етсең, жан ата,
Енді кеткіміз келіп барады.
Құлыншақ пен Шораның
Қасына ешкім ермеді.
“Ілгері озып кетем деп.
Құлыншақты ауылына
Бұрын барып жетем” деп, 910. Құлыншақ адам жіберді:
“Ханжандайын адамды
Үш күн қонақ етем” деп.
Әділше алтыннан жасатқан
Арба менен күймені,
Жібектен тағы жасаған
Үстіндегі шатырын.
Үш жорға мен пар жеккен
Қасына көп құл береді.
Сонда келіп Құлыншақ 920. Ханжанға сөз сөйледі:
– Асыл туған ақ Ханжан,
Ақылға кәмал данасың
Ақ сүйек ханның баласы.
Қатарында тастама,
Мынау тұрған дүниені.
Атаңа алып барсайшы,
Бірін алман мен, – деді.
Алмай кетсең дүниені,
Сізге болмас жөн, – деді.
930. Өкпелеймін, Шора, мен
Енді сізге мен, – деді.
“Менің ордамды көрсін деп.
Дәмдес болып, кетсін” деп,
Қайырып едім мен сізді.
“Алман, – десең, – дүниені”,
Қалмақта олжа кем, – деді.
Бұл дүниеңді алып кет,
Тастама бір жібіңді.
Сонда Ханжан сөйледі, 940. Сөйлегенде бүй деді:
– Он бес жасқа келгесін,
Қатарға түспей, көз салдың.
Алысқа қолың сермедің,
Дұшпанға кегің бермедің.
Лашын құс секілді
Қанат қақпай қу алдың.
Сен қаһарланып ұмтылсаң,
Дарияда тасқан су алдың.
Сіз бір қайтсаңыз дұшпаннан
950. “Әкеліп мал берер” деп,
Ноғайлы халқың қуанды.
Бұл сөзіңе кідірдім.
Өкпелеймін дегесін
Қасыңдағы жолдасың
Ол төреге хабар сал.
Не деп жауап береді
Қасыңдағы төреңіз?
Рұқсат сізден болғасын,
Айтып едік біз, – деді. 960. Ол төреге жолығып,
Жауабын ал сен, – деді.
Сонда барып Шораға,
Ер Құлыншақ сөйледі:
– Сөйлейін деп мен келдім,
Ақ сүйек ханның баласы.
Қазан деген үлкен шәр,
Барып көрдік шамасын.
Қайырлы қылсын бір Алла!
Жолдас қылып келгесін, 970. Ханның алып баласын,
Алғаның қатар, тең, – деді,
Екеуің де – хан баласы,
Айтайын деген сөзім бар,
Батыр Шора, мен, – деді.
Құлыншақты сыйласаң сен, – деді.
Шорадайын сұлтаным,
Қасындағы жолдасың,
Қырық түйе, сексен құл
Кетемін тастап мен, – деді, 980. Алсаңыз оны сіз, – деді.
Жолда жүріп тастаған
Олжа емес жөн, – деді.
Риза емен бергенге,
Мені риза болсын десеңіз,
Жолшыбай Ноғай көргенге
Ақ Меңдідей арудың
Қатарына қонғанға.
Ақ ордасы тізіліп,
Қасында қоңсы болғанда, 990. Ақ Меңдідей аруға
Басқа әйел тең емес.
Қасыңа қоңсы қондырмай,
Отырғаның жөн емес.
Ол жүргенде қызығып,
Алып қалар мен емес.
Олжа деген қалмақтан
Келген жесір, мал, – деді.
Ол қызықсаңыз олжаға,
Алмас па едік біз? – деді. 1000. Ноғайлының баласы
Ол үйінде жатса да,
Айдап келген олжаға
Олардың бәрі баюлы.
Меңді арудың қасына
Барып қоңсы қонсын да.
Жиналып қара толсын да.
“Келін келді!” деген сөз
Ноғайға хабар болсын да.
Нәріктейін ханымыз, 1010. Халық ұстаған ханымыз,
Талайды көрген шалыңыз,
Қуанып қалсын Ер Шора.
Осы олжаны тастамай,
Аман алып барсаңыз
Мен де сізге ерейін.
Меңді менен Нәріктің
Қуанғанын көрейін.
Шорадайын досым-ай,
Айтқан сөзім осылай. 1020. Риза болсын десеңіз,
Алып кетің сіз, – деді.
Егер алмай кетсеңіз,
Екі дүние жүзінде
Риза емен мен, – деді.
Сонда Шора сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Бұрын туған Құлыншақ,
Жасың үлкен ағасың.
Жақсы менен жаманды
1030. Көп көрген артық данасың.
“Өкпелеймін” деген соң,
Сөзің қатты секілді,
Бізбен бірге ер, – деді.
Нәріктейін хандарға,
Меңдідейін анаға
Барып жауап бер, – деді.
Бар дүниені сыпырып
Алсаң да ризамын,
Құлыншақ батыр, мен, – деді, 1040. Өзімрнен қалма сен, – деді.
Екі батыр жүреді,
Нәрік ханға жөнелді.
“Жекенді көлдің қасына,
Қоғалы көлдің басына
Ертең көшіп келер” деп,
Құлыншақ батыр бірге еріп
Ер Шораның қасына,
Ілгері озып алдынан
Менді аруға барарға. 1050. Сонда Құлыншақ келіп,
Нәрікке сөз сөйледі:
– Сәлем бердік, Нәрік хан,
Халық ұстаған ханымыз,
Ақылға кәмал данамыз.
Шора, жалғыз бала едің,
Қазанның көрдік қаласын.
Әділшедей хандардың
Алып Шора келеді
Ханжандай жалғыз баласын.
1060. Ілгері келдік хабарға.
Ертең түстің шағында
Қасыңа қоңсы қонады,
Ханжан жолдас болады.
Келеді еріп қасына
Ханжанның туған анасы.
Қырық шамалы секілді
Алып жүрген қарасы,
Қасына ерген жолдасы.
Екі қырықтан бір сексен 1070. Қызылбастың баласы.
Мінгені жорға Ханжанның,
Байқасаңыз парымен.
Келе жатыр сексен құл
Әділшенің қырық нарымен.
Ілгері келдім мен еріп,
“Сізге хабар етем деп.
Хабар етпей, не етем?” деп.
Меңдідейін жеңеше,
Келін келді сіздерге. 1080. Құдай тілек бергесін,
Қасына қоңсы келгесін,
Шоражандай досым-ай,
Қонысыңыз қонды қасыңа-ай.
Алла өзі бергесін,
Сексендегі Нәрікке
Жолдас болдың осылай,
Он сегізде жасың-ай.
Хабарға еріп мен келдім
Шоражанның қасына ай. 1090. Жатқан екен қарт Нәрік,
Көтерді сонда басын-ай.
Сүйеген екен Ақ Меңді
Қарт Нәріктің басын ай.
Сонда Нәрік сөйледі
Бір ауыз жауап айтып
Құлыншаққа осылай:
– Құлыншақ бала, ер, – деді,
Қара Ноғай қалың ел,
Бұған хабар бер, – деді.
1100. Қызмет етің біздерге.
Айтайын, Құлыншақ, сіздерге:
Ноғайлының баласын,
Мерекелеп, той қылып,
Шығарыңыз атағын.
Бұл Ханжанның, қарашы.
Жинаған болсаң құлдарды,
Бәйгіге тіге бер,
Ат шаптырып күңдерді,
Қарасүйек құлдарды. 1110. “Артық отау қонар деп,
Хабар салды Ноғайға.
Енді қызық болар” деп.
Қызықпен жатып қалмады
Келді, – дегесін, – келіншек”,
Жүгірді-ау Ноғайлының
Қызы менен келіншек,
Тіпті жүрмейтін еріншек.
“Келеді, – деп, – қыз Ханжан,
Көреміз деп жүгірді 1120. Қыз-келіншек осындай.
Барайын, – деп, – қасына-ай”.
“Отау тікпей тұрып жетем, деп,
Кейін қалып, не етем?” – деп.
Қыз-келіншек толықты,
Бірімен бірі жолықты.
“Жетемін” деп, жүгіріп,
Бірі қалмай кідіріп,
Қара Ноғай елінен
Қыз-келіншек келеді, 1130. Көш қарасын көреді.
“Барамыз, – деп, – келінге”,
Таянып адам келгенде,
Атынан түсіп бұл Ханжан,
Үстіне киген алтын тон,
Алтын менен інжуден
Жасатқан екен сәукеле,
Шаңқанды Ханжан киеді.
Бетінде оның бар еді
Жібектен жапқан пердесі. 1140. Алтыннан шашақ төгілген
Пердесінде келеді.
Қыз-келіншек бетін ашып,
Көре алмай, қатарына ереді.
Сегіз қанат орданың
Қатарына үйі қонады.
Ол үйлердің жіптері
Шұға менен зер болды.
Нәрік ханның үйімен
Ханжанның үйі тең болды. 1150. Отау тігіп қонады,
Үш күндей той қылады.
Қара Ноғай жиналып,
Бірі кетпей тұрады.
Ат шаптырып, той қылып,
Шаптырып оның бәйгісін,
Алды оннан құл болды,
Арты бесеу бұл болды.
Оның арты үш болды,
Құлдарға сондай күш болды. 1160. Олжаға Ноғай баласы
Құлды қоса айдады.
Артында палуан тұрғызып,
“Балуан бәйгесі болсын” деп,
Бұл күйінде соған байлады.
Құл мен күңнен бәйге еткен.
“Енді қайда кетем” деп,
Құл мен күң жаман қайғы еткен.
Бұрын соңды болса да,
Ноғайлыда жоқ екен, 1170. Адам тігіп бәйге еткен,
Нәрік хан осылай іс еткен.
Құлыншақ асыл ер еді,
Қош айтысып Құлыншақ,
Аулына қайтып жөнелді.
Шорадайын еріңіз
Құлыншақты шығарып,
Бір көрінім жерге дейін
Артынан бірге еріп жүреді.
– Мынау тұрған көп малды
1180. Керек болса, Құлыншақ,
Ешбіреуін тастамай,
Бәрін сыпырып ал, – деді.
Қияметтік досым-ай,
Жалған емес осым-ай.
Қарғадайдан ант беріп,
Көңілді қойдық қосып-ай.
Жеңгеме барсаң, сәлем айт,
Аман барсаң сен, – деді.
Бір айдан, батыр, кеш қалма, 1190. Отыз күнге толғанда,
Ордаға біздің кел, – деді.
Құлыншақ мінген кер еді,
Артық туған ер еді.
– Қош аман бол, досым-ай!
Қайтып үйге келгенде,
Нәрік сонда сөйледі.
Сөйлегенде не деді:
– Перзентім, туған Шорасың,
Жас та болсаң, Ер Шора, 1200. Талайдың көрдің шамасын.
Келмей кетсе Құлыншақ,
Емес пе сіздің ағаңыз?
Жетпеді ме беруге,
Шора, жинаған қазынаңыз?
Қияметтік досыңа
Нәрсе бермей жіберіп,
Дос болғаның осы ма?!
Лайық емес, Ер Шора,
Дос жібергенің осылай. 1210. Шора сонда сөйледі:
– Асыл туған данамыз,
Мен – туған балаңыз.
Берсе, малды алмады,
Алдыруға келе ме
Құлыншаққа шамаңыз?
Құлыншақ сондай кең, – деді,
Бір жаннан емес кем, – деді.
Айтқаныңыз және де:
“Бер” дегенің жөн, – деді.
1220. Көрінім жерге шығарып,
Қош айтысып келдім ғой,
Ата, оған мен, – деді.
– Қай заманда кел дедің
Құлыншаққа, балам, сен? – деді.
– Бір айда кел”, – деп айттым ғой,
Ата, оған мен, – деді.
– Балам Шора, болмайды
Ол айтқаның жөн, – деді.
Бұл айда бар сен, – деді.
1230. Білмей ме сыйламаған деген ағасын.
Айға күні толғасын,
Аттанып кетті Шора ер.
Қазанға жақын жеткенін
Құлыншақтың Бозай жер.
Кетейін деп ат мініп,
Шора атын ерледі.
Сонда келіп Меңді ару,
Баласына сөз сөйледі:
– Шорадай туған баламыз,
1240. Сен едің, Шора, бұл күнде
Біздің сыртта тұрған қаламыз.
Атаңыз – қарт Нәрік хан
Отыр-ау үйде, қараңыз.
Жасы жетіп меңдеген,
Атаң отыр өлмеген.
Үлкендік деген – қатты дерт.
Бұрын-соңды атаңыз
Осындай жапа көрген жоқ.
“Қайда екен балам-ай? 1250. Кешікпей балам келсін деп.
Айт деп бабаң бұйырды.
Атаңыз сіздің, балам-ай –
Келіп қалды-ау біразға,
Байқасаң, менің жасым-ау.
Ауыр жүктен кем емес
Көрер ме еді басым деп.
Тірі болса Ер Шора,
Енді келсін, – деді, – тез”.
Үйден шығъш тұрғанда, 1260. Алыс-жақынды болжамай,
Көрмейді-ау шіркін екі көз.
Бұрын-соңды айтпады.
«Тез келсін» деп балаға.
“Сау болса, келер еді деп,
Жүруші еді далада,
Шоражанды қалаға.
Үлкендік деген – жаман жау,
Қойды мені пәлеге.
Тапсырдым Аққа мен, – деді. 1270. Хабарлап кел сен” деді,
Саған келдім мен, – деді. –
Артық туған Шоражан,
Сау болғайсың сен, – деді.
Сонда Шора шешесіне жауап қайырды:
– Асыл туған анамыз,
Жаңа көріп шыққанмын,
Қолын алып бабамның.
Барамын алыс жолдарға,
Жолымды Құдай оңдасын!
Тірі болсам келермін, 1280. Кешігіп қалман далаға.
Келмей қалман қалаға,
Аман қойса қалмақтан.
“Келеді тез” деп айта көр,
Қош болсын көңлі балаға.
Тапсырдым Аққа, қарт ана,
Қаласың енді сен, – деді.
Ажал жетіп, мен өлсем,
Ақ сүтіңді кеше көр.
Қайран анам, кел енді 1290. Қолыңнан ұстайын мен, – деді.
Сол жауапты айтып Ер Шора,
Таспакермен жөнелді.
Аяндап тұра алмай,
Жылдамдатып аяқ басады.
Құлыншақтың аулына
Кеп, айналып жатады.
Алдынан шығып Құлыншақ,
Келіп бұған қолдасты.
Аттан түсе қалғанда, 1300. Бәйбіше ашты есікті.
Үйге кіріп ол қалды,
Сегіз күн жатып сол үйде,
Шора батыр демалды.
Екі батыр ер еді,
Демін алып болғасын,
Қалмаққа қарай жөнелді.
“Көкөзеннен өтем деп,
Қалмаққа қарай кетем деп,
Қалмақтың елі алыс деп. 1310. Аттанып бұл жау келсе,
Болар бізге найза деп.
Көкөзен бойы терең-ді,
Тәуекел етіп өтем” деп,
Екі батыр жөнелді.
Көкөзеннің кең сала,
Арғы беті – жазық кең дала.
Қалмақ деген – байтақ ел
Бар екен сонда көп қара.
Екі мың кісі көп әскер 1320. Аттанады Ноғайға:
“Ноғайға қайрат етем деп.
Ноғайдың жерін алам” деп.
Көкөзеннің бойында
Томарөткел жағасы.
Ар жағында қалмақтың
Айлық жер еді-ау қаласы.
Түбі терең бұл өзен.
Атын жалдап өтеді.
Құлыншақ пенен Ер Шора 1330. Қалмақтан бұрын жетеді.
Жеткесін ерлер қараса,
Алыс болып арасы,
Сәскелік жерден көрінді
Көп қалмақтың қарасы.
Шаңы шығып қалмақтың
Келе жатыр екен шамасы.
Қапталында бар еді
Көлденең жатқан қара тау.
Қара таудың басында 1340. Ол Маңғыр деген тау еді,
Таудың аты сол еді.
Тауға шығып батырлар:
“Бұл не қара?” деп, қарады.
Ол қараға көз салса,
Аттанып жүрген қол екен,
Шыққан әскер сол екен.
“Баралық жауға, кел”, – деді.
Маңғырлардың тауынан
Екі батыр құлап жөнелді: 1350. “Ол қалмаққа жетем деп.
Бармай жауға, не етем?” деп.
Жаудың көріп қарасын,
Сонда білді шамасын.
Жауға жақын келгесін,
Екі батыр кеңесті:
– Екеуміз екі жаққа кетелік,
Қай қалмақ екенін біліп өтейік.
Екеуі де ақылды,
Ойлағаны мақұл-ды.
1360. Алыс емес қалмақ та,
Келіп қалған жақын-ды.
Шораң айтты хабарды
Құлыншаққа абайлап:
– Кідіре тұр сен, – деді.
Алайын барып қалмақтан,
Болса хабар мен, – деді.
Кідіріп егер мен қалсам,
Ту көтер де, шыға шап,
Кідіріп қалмай сен, – деді. – 1370. Аллалап ұран шақырып,
Келгейсің, батыр, сен, – деді.
Шсра батыр жөнелді,
Жиналып тұрған әскердің
Алдынан Шора келеді.
Жапанда жалғыз әскерге
Кез келеді Шора ер
Серендейін қалмаққа.
Шора жетіп келгенде,
Қалмақ сөйлей береді: 1380. – Жапанда жалғыз баласың.
Жарқыным, қайда барасың?
Біз қалмақ деген ел едік,
Серен деген қалмақтың
Артық туған бегі едік.
Екі мың кісі әскермен
Ноғайды көрсек, – деп едік.
Томарлыөткел жерлерден
Өтерміз, – деп, – Ноғайға,
Келер деп едік, – қолайға, 1390. Ноғай халқын оңайға.
Мінгенің – қатқан кер, – деді,
Жөніңді айт, ер, – деді.
Қалмақ алды қамалап,
Тұрған шығар: “Жалғыз” деп.
Сонда қалмақ шамданып,
Адымыңды ашырмас,
Аяғыңды бастырмас.
Белдеріне буғаны
Бұл қалмақтың берені. 1400. Екі мың кісі – бұл қалмақ
Қорықпайтын ер еді.
Бұл жаныңды қинамай,
Ат-тоныңды бер енді.
Бұл қалмақ сені қоя ма,
Жарағы қанға тоя ма?!
Екі мың кісі – бұл әскер
Бір жаңғызды қоя ма?!
Қалмақ соны айтып жатқанда,
Ер Шора тұр сүйеніп найзаға 1410. Жасқанбайды батыр-ай,
Қауіптенбейді ер Шора:
“Жау екен” деп япыр-ай.
Енді Шора сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Жиналдың, қалмақ, сен, – деді.
Мен бір – Ноғай деген ел, – деді.
Мекенімді сұрасаң,
Үшқиян деген жер, – деді.
Шәрімді сұрасаң,
1420. Қазан деген қала еді,
Сонда да хан бар еді.
Ноғай деген көп халық.
Сонда жатқан бар еді.
Салулы халқым кең, – деді.
Ноғай халқың – мен, – деді.
Қаумалап тұрсаң сен заңғар,
Жасқанбаймын мен, – деді,
Қанша айтсаң да сен, – деді.
Сонда Мұса хан қалмақтың ханы: 1430. – Балдырғандай жас жігіт,
Қай Ноғайсың сен? – деді,
Сұрайын сенен мен, – деді.
Сонда Шора сөйледі:
– Ноғайлының ішінде
Асылым артық Арғынмын.
Бергі атамды сұраеаң,
Көк нарлы танамын.
Атам аты – Қарт Нәрік,
Мен – содан туған Шорамын. 1440. Сансыз кәпір болсаң да,
Баршаңызға мен болам,
Мен сол Ноғайдың ері едім,
Шора деген мен едім.
Іздегенім сұрасаң,
Қалмақтың байтақ елі еді.
Жерін алып қалмақтың,
Ноғайға қоныс етем, – деп.
Дүниеге етіп табиғи,
Қалмақты жеңіп кетем, – деп, 1450. Сол жауапты айтты да,
Оңтайланып найза алды.
Найзаны оңғарып алғасын,
Астындағы Таспакер
Шабайын деп қозғалды.
Қалмақтар оқты сыбады.
Үстінде қызыл шекпені,
Шекпеннен оғы өтеді.
Ар жағында шарайна
Сауыты мен екеуі 1460. Қабатынан өте алмай,
Етінен өтіп жете алмай,
Алдындағы қалмақты
Бұтадайын көрмеді.
Жасқанатын ер ме еді?!
Бір адамның баласы
Ер Шораға тең бе еді?!
Шора батыр ақырды,
Ақырып ұран шақырды.
Артынан келді Құлыншақ 1470. Екі мың кісі қалмаққа
Салады сол күн соғысты.
Атаңа нәлет ит қалмақ
Артына хабар салады.
“Келе көрсін әскер” деп,
Жинап әскер алады.
Екі кісі Ноғайға
Төрт мың қалмақ жиналып,
Ұрысуға қалады.
Таспакер мен Қатукер 1480. Ол шабыстан тана ма?!
Аяғы төртеу бұл жылқы
Құтылып онан қала ма?!
Құлыншақ пен ер Шора
Салады қиын соғысты.
Қалмақтан шыққан көп әскер
Ен майданда тоғысты.
Атаңа нәлет бұл қалмақ,
Бірқатары қалмақтың
Еліне қашып кетеді. 1490. Қашуға қалмақ түседі,
Кетейін деп жүре алмай,
Кемпір менен шал қалды,
Айдауға жүрмес мал қалды.
Байтақ жатқан көп елде
Көше алмай жан қалды.
“Қалмақтың елін қоймас” деп,
Қалған қалмақ сасады,
Өлгесін, жаманы қашады.
Қысылғасын қалмағың, 1500. Ханы кетіп қашады.
Хан қашқасын асырып,
Артынан қуып Ер Шора,
Таспакермен шабады.
Қаптаған қара түтіндей
Таспакердің шабысы.
Суырады топырақты
Салқын желі боранды.
“Артынан қуған болмас” деп,
Алдынан тосып оралды. 1510. Таспакердің аяғы,
Аяғының арасы,
Қарап тұрсаң алыс-ты.
Аяқтың шыққан дүбірі
Атқан мылтық даусындай.
Жетіпті қуып соңынан.
Келгеннен соң оңынан,
Жібере ме Ер Шора,
Түскеннен соң соңынан?
Жақындасып келгенде, 1520. Жебені қолға алады.
Атайын деп ер Шора
Шамалы жерден қозғалды.
Тартып қалды ол оқты,
Атқан оғы жетеді,
Өңменінен ол өтеді.
Басы үзіліп қалмақтың,
Жерге түсіп жатады.
Күні-түні соғысты,
Жиырма күндей тоғысты, 1530. Батырлар атты қинады.
Көзі жеткен жердегі
Қалмақты қоймай жинады.
Қашпай қалған секілді
Кемпір менен шалдардың,
Қыбырлап, тек жаны бар.
Шұбыртып қалған балаларын,
Шора артық ер еді,
Құлыншақ пен Ер Шора
Айдап қайтты баласын, 1540. Жинаған дәулет, қарасын,
Шора артық ер еді.
Құлыншақ пен екеуі
Еліне қарай келеді.
Кеткені қашып құтылды,
Қалғанын жинап айдады.
Пысықсыған адамның
Қайыра қолын байлады.
Жеткенше айдап жеріне,
Келтірді қуып еліне. 1550. Ноғайға хабар салады,
Құл мен құтан алады.
Ноғайлының балалары
Мал мен олжаға батады.
Елге келіп алғасын,
Құлыншақ пен Ер Шора
Елде бірнеше жыл тұрғасын,
Тағы аттанды қалмақ еліне.
Ол жолында бар еді
Жыландының биік тау, 1560. Ар жағы көп қалмақ жау.
Қалмақ байтақ ел еді.
Тау басына келгенде
Құлыншақ тұрып айтады:
– Демалайық біз, – деді.
Аттан түс, батыр, сіз, – деді.
Басына шығып бұл таудың
Қалмақ жауды қарайық,
Мықты – осалын білейік.
Бір-екі күн демалып, 1570. Сосын жауға жүрейік.
Шора айтты:
– Мұның қалай? Артық болдың ба сен? – деді.
Менің аруағым бар, – деді. –
Сонда Құлыншақ:
– Қандай еді аруағың? Мен көрер едім, – деді.
Шора:
– Менің аруағымды көрсең, менен бұрын өліп қаласың ғой, – деді.
Сонда Құлыншақ:
– Жаны бар нәрседен қорқам ба? – деді.
– Қияметтік дос едік, қош айтып айрылайық, енді сен өлесің, – деді Шора, – Күншығыстан саған бір айдаһар жылан келіп, сені жұтам дер. Сонда қолыңды сермеме, қолыңа қару алма. Ал, егер қару жұмсап, қолынды сермесең, онда мені көрмейсің.
Құлыншақ:
– Мен жанды нәрседен қорқам ба, – деп отыра береді.
Шора Құлыншақтың артында жатып қалады.
Құлыншақ құбылаға қарап отыра береді. Сол уақытта күншығыстан бір айдаһар жылан ысқырып қоя береді. Құлыншақ тек отыра берді. Жылан Құлыншақтың қасына келіп, аузын ашып, жұтуға айналады. Сонда Құлыншақ беліндегі алмасты суырып, жыланды шабайын дегенде, жылан жоқ болып кетеді. Енді артына айналып қараса, Шора да жоқ. Сонда жер ойылып, Шораны жер жұтып кеткен екен. Сонда айдаһар жылан болып келген Шораның аруағы болған екен. Ол Құлыншақты жұтам деп, аузын ашып келсе де, бәрібір жұта алмайды екен. Сонда Құлыншақ алмасын сермемеген болса, Шораны жер жұтпаған болар еді. Сонда Құлыншақ қасындағы Шорадан айрылып қалғасын, жылап айтқаны:
– Қияметтік досым-ай,
Тұрып қалдым қасыңда- ай,
Төгемін көзден жасым-ай.
Егер көрсем өзіңді,
Тыңдар едім, Ер Шора,
1580. Сенің айтқан сөзіңді.
Жасым үлкен мен, – деді,
Мені алмады бір Алла,
Не шарам бар көрерге?
Сенен жалғыз қалғасын,
Жолықтым ғой бекерге.
Дүниеде қиын бұл болды
Ханжанға хабар етерге.
Келтірді Шора жыланды-ай,
Өлгенім жақсы мұнан да-ай. 1590. Баратұғын күн қайда
Саламат қайтып жеріме-ай?
Не деп жауап айтармын
Ноғайлы деген еліме-ай?
“Аттанып жауға кетем деп.
Шорамен бірге жетем деп.
Тірі болса Ер Шора,
Жау алмай, енді не етем?” – деп.
Жыландының залым тау,
Ер Шораны жалмадың. 1600. Жамандатқыр Кершабақ,
Үстіңе мінер адам жоқ,
Істейтін Ақтың амалы жоқ.
Елге қайтып Құлыншақ,
Таспакерді жетелеп,
Елге қарай асады.
Қалмаққа бармай қашады.
“Құрысын Қалмақ ел, – деді.
Бармаймын енді мен”, – деді.
Айрылғасын досынан, 1610. Құлыншақ сөйтіп шөлдеді.
Тамақ таппай қиналды,
Еліне қарай жөнелді.
Елінен шығып кеткенде,
Ол Жыландының биік тау
Он бес күндік жер еді.
Он бес күнде еліне
Құлыншақ жетіп келеді.
Бәйбішесі өзінің
Таспакерді көргесін, 1620. Алдынан шығып келеді.
Келіп тұрып сөйлейді:
– Қатарыңнан артықсың,
Ноғайдан аскан сұлтаным.
Қалай жүріп бос келді
Жетегіңде тұлпарың?
Досың бір қайда? Көрмедім.
Уақыт біткен адамның
Күні бар ма екен өлмеген?
Жетелеп келдің тұлпарды,
1630. Жолдассыз келдің, дарасың.
Қайда тастап келдіңіз
Хан Нәріктің баласын?
Алтын жүзің солыпты
Досыңызға бір қайғы,
Сұлтаным, сіздің түсіпті.
Ол тұлпарға көз салсам,
Төңірекке қарайды,
Бұрынғыдай күйі жоқ,
Ішін тартып, жүрмейді. 1640. Сонда Құлыншақ сөйледі:
– Дүниені білдім бек жалған,
Бізде болды көп арман.
Жыландының тауында
Сұлтаным түсіп тар жерге,
Бір көрінбей бұл қалған.
Көре алмадым реңін,
Ала алмадым срогын.
Досым есіме түскенде,
Оттай қайнап жанамын.
1650. Емес едім мен артық,
Бітпеді қатар срогым.
Мен қысылып отырмын
Таспакерді берерге,
Ханжандайын арудың
Дидарын барып көрерге.
Болмаса бұйрық, шара жоқ
Ажалсыз жан өлуге.
Жатқан жері ойылып,
Біз секілді жандарға 1660. Бір көрсетпей шөлдетті.
Бір шұқырдың аузында
Төгіліп жасым сөйлетті.
Ноғайлының бір қартын
Шақырып алды Құлыншақ,
Ханжанға хабар берсін деп.
“Келіп алсын кер атты,
Бере алмай тұрмын мен, – деді.
Барып, хабар берерге,
Ақ сақалды жан еді, 1670. Ақылы көп дана еді,
Ноғайлының би еді,
Білгір жанның түрі еді.
Ол Ханжанға барғанда,
Қасында тұрып сөйледі:
– Айтпайын сөзді санасыз.
Қаһары күшті Пәрменнің,
Ешкім болар шарасыз.
Адам артық туар ма?
Дәуіт ұлы Сүлеймен
1680. Олар да өтті баласыз.
Мұхаммед пен Мұстафа
Төрт перзенттен айрылып,
Олар да өтті баласыз.
Жолдасың кетіп дүниеден,
Бұл Таспакер келіп тұр
Құлыншақтың үйінен.
Өзіңіз, ханым, барыңыз,
Шығушы емес Құлыншақ,
Ұялып тұр келуге, 1690. Дидарынды көруге.
Байлаулы тұр Таспакер,
Әкеліп сізге беруге.
Белді буған көк берен
Ер қасында ілулі.
Қорамса салған көк жебе
Қанжығаға байланып.
Жыланды таудың басында
Шора батыр қалыпты.
Жылағанмен пайда жоқ, 1700. Құдайға қылар айла жоқ.
Жолдасынан айрылып
Қалған жалғыз қайда жоқ?!
Ақ сүңгілі найза тұр
Ақ орданың қағулы.
Бұрынғыдай күйі жоқ
Кершабақ атың бағулы.
Маңайында көп Ноғай,
Барғаныңыз көп қолай.
Құлыншақтай ерлердің 1710. Ішіне қайғы нақ толды-ай.
Құлыншақ сондай ер, – деді.
Шораны айтсақ бір сөзбен,
Адам тоқтап тұрғысыз
Көзінің аққан жасына.
Бара қалсаң Құлыншақ
Секілді ердің қасына.
Енді өзің біл, – деді.
Бердім хабар мен, – деді.
Осылай деп болады 1720. Ол Ханжанға сөзін-ай.
Ханжан сонда қарады,
Керегеде тұрған ен жібек
Беліне буа салады.
Құйылып тұрған бұл Ханжан
Қарамады асына,
Тартпады жаулық басына.
Ертпеді бір жанды
Жолдас қылып қасына.
Құлыншақтың аулы 1730. Ақты-бозды жер еді
Екеуінің арасы.
Қамшы басты күреңге.
Қамшы өткесін жанына,
Тұрсын ба күрең жорға ат?
Байлаулы тұрған Кершабақ
Ханжанды көріп кісінеп,
Тұра қалды жануар.
Мойнын бұрып қарады,
Ханжанға көзін салады. 1740. Бір-екі рет кісінеп,
Аузын жиып алады.
Таспакердің қасына
Ханжан жетіп барады.
Ұстай алып шылбырдан,
Аттан түсіп қалады.
Қасына келіп Таспакердің,
Бір ауыз сөз айтады:
– Жануар мінген Таспакер,
Үстіндегі бұл қайда 1750. Шорадай артық туған ер?
Жібермей ұстап қалды ма
Ер Шораны қара жер?
Көрген болсаң көзіңмен,
Көмген болсаң қолыңмен,
Құлыншаққа хабар салайын,
Қасыма жолдас алайын.
Тірліктің күнінде
Ең болмаса моласын
Ердің көріп қалайын. 1760. Алланың өзі бек күшті,
Не қылса да келеді
Жаратқан жанға шамасы.
Алып кел мұнда Шораның
Қару менен жарағын.
Құлыншақ, үйде бар болсаң,
Шықшы, мұнда, қарағым.
Қорамса мен қылышы
Бар ма екен үйде Шораның.
Шыға алмаған секілді, 1770. Бар ма екен Құлыншақтың дыбысы.
Ханжан келіп қалғасын,
Тарылған екен тынысы.
Құлыншақ үйден шыққасын,
Аяғын тура баса алмай,
Көзін тура сала алмай,
Буыны кетіп, ер босап,
Жылдам жүріп бара алмай,
Құлыншақ сасып қалады.
Жақын келіп Ханжанға, 1780. Құлыншақ жауап айтады:
– Асыл Ханжан, сен, – деді.
Әйел де болсаң, ер едің.
Налыма, Ханжан, сен, – деді.
Алғанына тоймайды
Залым қара жер, – деді.
Алып кеткен қара жер
Бір ұстағасын бермейді.
Мен тапсырдым Аллаға,
Алладан басқа пана жоқ,
1790. Жерге түсіп кеткесін,
Шығарып алар шара жоқ.
Құлыншақ сөйтіп мұңайды,
Сонда отырып бұл Ханжан
Екі-үш ауыз сөз сөйледі:
– Артық туған Құлыншақ,
Асыл едің сен, – деді.
Қасыңдағы Шораның
Мықты екенін білеміз.
Айыптамаймыз ешкімді,
1800. Пәрмені күшті бір Алла
Ешкіммен емес тең, – деді.
Сонда Ханжан аулына қайтайын деп, Құлыншаққа айтып кетеді:
– Бір жұмада біздің ауылға келіңіз, – деп,
Таспакерді жетелеп
Еліне Ханжан жөнелді.
Бір жұмада Құлыншақ
Аулына Ханжан барады.
Қорамса менен қылышты
Сандыққа алып салады.
“Сені ұстайтын ер қайда?” деп,
Бәрін жиып алады,
Отқа әкеп салады. 1812. Сонан кейін Таспакерді сойып, Шораға ас береді.
ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ ҚОБЫЛАНДЫ
Тоқсан баулы ноғайда он екі жарым хан өткен, он екі жарым ханның тұсында Ақшахан деген хан өткен. Ақшаханның тұсында Қыдырбай деген бай болған екен, жасы сексенге жеткен жан болған. Қыдырбай бұрын мерекелі той жасап, екі атанға саба артып, екі ту бие жетелетіп, екі биені сояды екен, төрт саба қымызды құяды екен, жыршы мен жақсы билері сол шеттегі үйде тұрады екен. Бір күні Ақшахан діні бұзылып, Құдай ұрады. Сонда кеңескенде: – Қыдырбайды өлтіріп, дүниесін қазынаға салайын, малын жинап өзіміз алайық, Ақару қатынын қазынаға мал беріп бағайық, – деп билер мен бектерінен сұрайды. Сонда жиналған билер мен бектер: – Мақұл, ал оны қалай өлтіреміз? – дейді. Сонда Ақшахан: – Алудың есебі табылғанда, өлтірудің есебін өзіңіз табыңыз, – дейді. – Жалғаннан той жасайық, Қыдырбайға хабар етіңіз, ертең келсін, – деді. Сонда билер мен бектер “жақсы” деп қош алады. Бұл кеңестің ішінде Қыдырбайдың жеті ата жақыны бар еді, өзі аш-арық еді. Қыдырбайдан “бір сауын лақты ешкі бер” деп сұрағанда, бір сауын сүт те бермеуші еді өзіне. Ертеңіне жұрт Қыдырбайды тойға шақырып келеді деген соң, аяғында қу шоқай, басына кигені малақай, қырлы мылтық мойнында, Қыдырбай екі атанға саба артып, Қыдырбайдың қасына екі ту биені жетелеп, тойға түсейін деп жүрді. Сонда әлгі жақыны Қыдырбайдың алдынан шығып сөйлей бастады:
– Ай, Қыдырбай, Қыдырбай,
Ұлың болса орын бар,
Қызың болса бұрын бар,
Ұлың да жоқ, қызың да жоқ,
Маңдайыңның соры бар,
Дәулетіңнің қоры бар.
Ақшахандай залымның
Жалғаннан қылған тойы бар,
Өлтірейін деген ойы бар.
10. Сонда Қыдырбай тұрып егілді,
Көзінің жасы төгілді.
Екі биені босатып,
Қыдырбай қоя береді.
Екі бие үйінің тұсынан өткен кезде, Ақару бәйбіше үйінен шығып тұра берді. Қыдырбай жақындап келгесін, алдынан Ақару бәйбіше көзінен аққан қара жас, ішінде қаны аралас сақалын жуып келе жатқан Қыдырбайды көріп айтқаны:
– Айналайын, алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Ұлы, қызың жоқ-ты, – деп,
Бетіңе таңба салды ма?
Алайын деп малыңды,
Кесейін деп басыңды, 20. Қысқартуға жасыңды.
Шырын-шекер, бал татқан,
Тар төсекте бір жатқан,
Ендігі кетсең далаға,
Кім болар ие жинаған қараға?
Мен де бірге кетейін,
Сенен қалып не етейін?!
Иесіз дүние бұл қалсын,
Құрысын дүниең, тұл қалсын.
Кім оймайды менің көзімді, 30. Тыңдамас ешкім сөзімді.
Сонда тұрып Қыдырбай,
Қатынына сөз сөйледі:
– Асыл да туған алғаным,
Енді болды арманым.
Атаңа нәлет Ақшахан
Басыма қайғы салғаның.
Мен қаңғырып кетейін,
Мұнда тұрып не етейін.
Қалмай ма орда иесіз болып бұл, – деді,
40. Біз екеуміз кеткесін,
Толып кетер құл, – деді,
Өлгенше ішіп-же, – деді.
Алла тілек бір берсе,
Қайта айналып келермін.
Алла тілек бермесе,
Каңғырумен кетермін.
Кетерін анық білген соң,
Темірден кебіс жасатты,
Темірден қолына таяқ берді. 50. Жүз құрт берді қолына
Қос жұдырықтай біреуі.
Ішіне оның салғаны
Шекер менен бал еді,
Тәттілігі сондай бар еді.
Киді бөркін басына,
Ерітпеді сорлы Қыдырбай
Ешкімді де қасына.
Неше күндей қаңғырып,
Жол үстінде жүрерге 60. Ақарудай бәйбіше
Сонда тұрып қалады:
– Оң қолыңды берші, – деп,
Қолынан ұстай алады.
Алғыншы алған жолдасы
– Таңда мақшар тар жолда
Қосқай дағы Құдайым,
Тапсырдым Аққа мен, – деді,
Қош-аман бол сен, – деді.
Жібергесін қолынан,
70. Жүре берді Қыдырбай
Қаңғырып кетер жолына.
Ақарудай бәйбіше
Қайтып үйге кірмеді.
Қойдан айтты қошқарды,
Сиырдан айтты бұқаны,
Түйеден айтты бураны,
Жылқыдан айтты айғырды.
Қыдырбай кетіп қалғасын,
Сорлы байғұс қайғырды. 80. Қайтып үйге кіреді,
Кіргеннен соң отырды,
Қисайып жерге жатпады.
Жаулығын салып мойнына,
Жасы төгіліп қойнына,
Түн ортасы болғанда,
Қисайып байғұс жатады,
Ұйқыдан қатты қатады.
Қыдырбай байғұс жол жүрді,
Қаңғырумен көп жүрді. 90. Басын сүйер жерлері
Далада жатқан тас болды.
Ақшахан сондай қаңғыртып,
Қыдырбаймен қас болды.
Қаңғырудың бойында
Жетпіс күндей жол жүрді.
Толып жатқан көп мола,
Моланы көріп Қыдырбай,
Жетіп келді касына.
“Демалайын мен-ші деп, 100. Құдай, тілек берші” деп,
Бір моланың қасына
Жата кетті Қыдырбай.
Көзі ілініп кеткенде,
Бір адам келді қасына.
– Арышландыр мен, – деді,
Басың көтер, сен, – деді.
Сіз үшін тілеуге
Аллаға бардым мен, – деді.
Алла берді тілегің,
110. Ұл менен қыз туады,
Үйге барсаң қатының.
Ноғайлы атын қояды,
Енді елге хан болдың,
Тілегің қабыл жан болдың.
Жатпа мұнда, сен, – деді,
Хабар бердім мен, – деді.
Сонда Қыдырбай басын көтеріп, жан-жағына қараса, қасында ешкім жоқ, сонда “Құдай тілегімді берген екен” деп елге қайтады.
“Көрінді елдің қарасы,
Жақындадым-ау” деп,
Қыдырбай да ойлады шамасын.
Сонда Ақару бәйбіше биік баспа жасатып, соның басына шығып күнде қарайды екен. Қыдырбайды көріп Ақару бәйбіше биіктен төмен құлады. Қыдырбайдың алдынан “артықпын ба мен де” деп жаяулап жүре береді. Сонда Қыдырбайдың қасына келіп жеткесін, қолынан ұстап сөйлей бастады: 120. – Сау-саламат келдің бе,
Қайран менің алғаным.
Бүгін өліп кетсем де,
Енді жоқ менің арманым.
Кірген екен, сұлтаным,
Мен байқасам реңің,
Болды ма, сұлтан, тілегің?
Жылай да жылай мен деген,
Тек жаным тұр өлмеген.
Сіз секілді асылды 130. Бір көрсем деп шөлдедім.
Қайғылы болған өзімнің
Тыяйын жасын көзімнің,
Не көрдің Құдайдан, сұлтаным?
Айтшы маған сөзіңнің
Қабыл болды деп тұрмын тілегің.
– Арышланың мен, – деді,
Сіз үшін барып Аллаға,
Қайттым кейін мен, – деді, –
Солай деп сөйледі Қыдырбай:
140. – Елге қайтып барғасын,
“Бір ұл менен қыз берер,
Ноғайлы атын қояды” деп.
Сосын қайттым қуанып,
Мен бұл сөзге жұбанып.
Бір күндері болғанда,
Қатыны жерік болады,
Жерігі не тұрады.
Малды мықты сойса да,
Жерігі оған қанбады. 150. Жерден жылан таптырып,
Жыланның басын алдырып,
Аузына қатын салдырды,
Жерігін сонда қандырды.
Тоғыз ай, он күн көтерді,
Тоғыз ай он күн болғанда,
Бір күні кемпір толғатты.
Қатын біткен жүгірді,
Барамыз деп қатынға
Бір бөлек қатын болады. 160. Он бес күндей толғатып,
Тумай қатын тұрады.
Қыдырбай сонда жылаумен
Көзінің жасын тыя алмай,
Атының басын тарта алмай,
Басқа жауап айта алмай,
Қаңғырумен жүреді.
Сонда бір қойшының қатыны: – Манағы қатындар не етті? – деп, шешейдің баласы қайда кетті? – деп, сол мезгілде жиналған қатындар он бес күн толғатып, тумағасын, күтіп отырып, бәрі де ұйқыдан қатқан екен. Сонда қойшының катыны жүгіріп барып, етегін ашып қараса, бір ұл мен бір қыз туған екен, оны ұйықтап қалған қатындар білмейді. Әлгі қойшының қатыны екі баланың кіндігін кесіп, көтеріп алып үйіне апарып, баланы жабатын ешнәрсе болмағасын, жап-жалаңаш екеуін де тонға орап салған екен. Тысқары шығып қараса, боз жорға аттың үстінде Қыдырбай кетіп бара жатыр екен. Оны көріп қойшының қатыны артынан жүгіріп келіп, аттың шылбырынан ұстай алады:
– Айналайын, жан ата,
Ақ жарылып, күн туды.
Біздің шешейден
170. Ұл менен бір қыз туды.
Кіндігін кесіп мен алдым,
Үйге апарып тонға орап,
Жолым үйге мен салдым.
Тоннан басқа бұйым жоқ,
Бұйым алар тиын жоқ,
Жарлылықтан басқа күйім жоқ.
Атеке, маған ер, – деді,
Перзентіңді көр, – деді,
Ашайын бетін мен, – деді. 180. Қыдырбай көп кідірмей,
Қатынмен еріп келеді.
Үйге жетіп кіргесін,
Екі бірдей баласын
Көтеріп қолына алады.
Қаныменен баланы
Қойнына сонда салады.
Қыдырбайдың атымен ісі жоқ,
Атын ұстайтын қасында кісі жоқ.
Үйге жақын барғанда, 190. Қатындар сонда тұрады.
– Мынаның баласы қайда? – деп,
Бірінен-бірі сұрайды.
Қатындар сонда ұрысты,
Терілері тырысты.
Бұл әйелдердің қаруы –
Адарғымен, қылышпен
Бір-бірімен ұрысты.
Сонда Қыдырбай үйіне келіп, үйіндегі қатындарға “ізі-жолдарың құтты болды” деп, бір-бір жаулық пен бір-бір көйлектен берді. Қатындар: – Баланың өмірі ұзақ болсын, қайыры болсын, – деп шығып жөнеледі. Сонсын Қыдырбай он күн ойын, қырық күн тойын қылады. Тоқсан баулы ноғайлыға хабар салған еді, “атағын жұрт білсін деп, Арышланның айтқаны бойынша, атын ноғайдың өзі қоятын ед, мұның атын кім қояр екен” деді. Сонда ешкімге “ат қой” деп айтпады. Адамның бәрі жиналып болғансын, қой баққан қойшы, сиыр баққан сиыршы, түйе баққан түйеші, жылқы баққан жылқышы – бәрі де “Қыдырбайдың тойына барамыз” деп шұбырды. “Қыдырбай неге той қылады?” деп сұрағандарға:
–Қобыландыдай ұл туған,
Хансұлудай қыз туған.
Соның тойына ет жеуге барамыз, – деген екен. Қобыланды деген ат осыдан қойылған. Ал содан соң, Қобыланды есейіп, толып, төрт жасар жігіт болады. Сонда
Бек деген бір құл бар еді, 200. Ақ сақалды жан еді.
Елуге келген шал еді,
Ақылы көп дана еді.
Сонда Қыдырбай Қобыландыны Бекке ертіп жылқының арасына қоя береді. – Ағаңмен бірге бар. Жылқыға көзің сал, таңдап біреуін ал, – дейді. Қобыланды жылқыны аралап келгесін:
– Ата, мал да көп екен,
Ар жағы биік жал екен.
Жолда бір шулаған айқай бар екен,
Ол не дауыс? – деді.
Сонда Қыдырбай: – Шырағым, өзің қарғадай туған баласың, дауыс құрысын, неғыласың. Ол дауыс ешқайда кетпес, тірі болсаң, барарсың, – деді. Бір күндері Қыдырбай ұйықтап жатқанда, Қобыланды керегенің басында тұрған сұр жебені алып, сырттағы байлаулы тұрған өзі мініп, үйретіп жүрген көк ала тайды мініп шауып кетеді. Қыдырбай оянса, қасындағы баласы жоқ, кереге басында тұрған сұр жебе жоқ, тысқары шығып қараса, байлаулы тұрған көк ала тай жоқ, баланың басқа жерге барарға жайы жоқ. Сонда Бекті шақырып алып:
– Қобыланды әлгі дауысқа кеткен екен, артынан қуып бара бер, жібермей алып келе көр, – дейді. Сонда Бек қуып жеткенше, Қобыланды Тәуіп ханның төбесіне келіп қалады.
Сонда Тәуіп хан Қобыландыға қарады да:
– Қаратастың жауы келді,
Қарағымның теңі келді, 210. Мұны алатын кісінің жөні келді, – деп, Қобыландыға тағы қарап: – Ай, боқсақалға баланың қадірі өтпеген екен, белді тұғыр тауып бермеген екен, – дейді. Сонда: – Сен, бала, анау қара тасты ат, – деген. Сонда Қобыланды атайын деп шіренгенде, астындағы ала тай шыдамай, жығылып қалады. Сонда Тәуіп хан бір қолымен кекілінен, бір қолымен құйрығынан көтеріп тұрып: – Енді ат, – дейді. Қобыланды тартып қалып еді, қара тас екі жарылып қала берді. Сонда Тәуіп хан: – Балам, анау тұрған отау сенікі, бар да түсе бер, – деді. Қобыланды келіп атынан түсе бергенде, қыз-келіншек толып келе берді. Сонда Қобыландыны көріп, Бек шауып келіп, Тәуіп ханнан рұқсат сұрайды: – Қобыландының қасына барайын ба? – деп. Сонда Бектің айтқаны:
– Халық ұстаған ханымыз,
Ел билеген бегіміз,
Қобыландыға бар, – деді,
Шақырып алып кел, – деді.
Үйде отырған Қыдырбай
Өзіміздің тума болғасын,
Шабуылды саламыз,
Тілін алмай неге қаламыз?
Рұқсат болса барайын,
220. Оған хабар салайын, –
дегенде Тәуіп хан: – Рұқсат, бара бер, – деді.
– Ай, Қобыландыжан, Қобыландыжан,
“Шақыр” деді атаңыз,
“Алып кел” деді анаңыз.
Артыңнан іздеп келмеске
Болмады біздің шарамыз.
Қайтпайсың ба еліңе,
Қобыландыжандай баламыз?
Қобыланды сонда сөйледі:
– Ата-анама сәлем айт,
230. Жиырма екі күнде барамыз.
Он сегізде бір қызды
Рұқсат берді, ал, – деді,
Осы отауға бар, – деді.
– Жиырма екі күнде барады деп айта беріңіз атам менен анама, сіз, – деді.
Сол уақытта бір он төрт жасар қыз жүгіріп барып, Құртқа қызға сөйлей бастады:
– Он төрт жасар мен, – деді,
Он сегізде сен, – деді.
Сізді кәрі, – деді,
Соны сізге білдіре келдім мен, – деді.
Сонда Құртқа үйде ілулі тұрған асылдың не керегін түйіп алады, үстіне алтын тонын киеді. Жақұт, маржан, лағла – үш бұйымды тағынады. Патшаның қызы болғасын, не асылдар табылады.
Сонда шығып көруге,
Айтып жауап беруге,
240. Қобыланды ердің тігулі
Ақ отауына жүгіреді.
Пердесі бар бетінде,
Отаудың келіп алдына,
Көлденең тұрып сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Жібекті көр де, шашым көр,
Түймені көр де, басым көр,
Қаламдай қиғаш қасым көр.
Дөңгеленген көзім бар,
250. Балдан тәтті сөзім бар.
Дидарласып көруге,
Айтып жауап беруге,
Оймақты көр де, аузым көр,
Мақпалды көр де, бетім көр,
Қасықты көр де, қолым көр,
Қоянды көр де, жоным көр.
Жапанға біткен терегім,
Сағынып көрген керегім, –
деп, пердесін көтеріп еді, Қобыланды көзінің назарын салып, миығын тартып күледі. Сосын Құртқа пердесін жауып, қайтып жүре береді. Манағы қыз Құртқаға еріп жүре береді. Былайырақ шыққасын: – Апа, жездем үндемеді, – деді. Сонда Құртқа:
– Үндеме, жарқыным, сен, – деді,
260. Тыңдамаймын мен, – деді.
Кете бер енді, сен, – деді
Ер тәбісім1 еткені –
Көңілінің біткені, – деді.
Тәуіп хан тоғыз күн тойын, он екі күн ойын қылды. Жиырма күн болғанда, ақ Құртқаны ұзатады. Тоқсан нар, тоқсан құл, тоқсан күң береді, тоқсан ат береді. Қобыландының астында көк ала тай бар, ауылдан шығып алғансын, құлдармен жарысады. Тап бергенде тай озады, дүбір шыққасын Құртқа артына қараса, көп дүбір естіледі. Ол дүбірді қараса, көп жылқы көрді, оның ішіндегі біреуі Қыдырбайдың жылқысы еді. Сонда сегіз жылқы қысырақ бар еді. Оның ішінде жалғыз жылқы жирен айғыр бар еді, кекілі ұзын кер бие бар еді. Мұны көрген соң, Құртқа шұбыртып барып алып келді. Сосын Қыдырбайдың еліне келіп, отау тігіп отыра қалды. Отау тігейін деп түскен кезде, Қыдырбай кейи бастады. Отау тігіліп болғасын, Қыдырбай “кер биені әкел” деп ақырды. Сонда бәйбішесі Ақару Қыдырбайға сөйлей бастайды:
– Айналайын, алғаным,
Білмеймісің кешегі
Ақшахандай залымның
Қандай қызық салғанын.
Каңғырып едік бала үшін,
Иесіз қалар мал үшін, 270. Бір перзент бала үшін.
“Өлтірем, – деп, – өзіңді,
Оярмын, – деп, – көзіңді”,
Тыңдамаушы еді Ақшахан
Сенің айтқан сөзіңді.
Ақ жарылқап, ұл тауып,
Хансұлудай қыз тауып,
Неге аясын дүниені.
Құдай тілегің бергесін,
Қасыңа қоңсы келгесін, 280. Кер биең құрсын, бер, – деді,
Құртқа жанды көр, – деді.
Сонда Қыдырбай сөйледі:
– Естімеймін сөзіңді,
Өлтіремін өзіңді.
Кер биені бермеймін,
Керек емес Құртқаны
Мен келін қылып көрмеймін.
Келмей жатып мал бөліп,
Ондай зорлыққа көнбеймін.
290. Өлтіремін мен, – деді,
Енді келіп сөйлеме, енді, сен, – деді.
Сонда Ақару бәйбіше отауға қарай жүре береді. “Бір тайын маған берер” деп Құртқа үйден киініп шығып, Қыдырбайға барады. Сонда Құртқа сұлудың айтқаны:
– Сәлем бердік, бабамыз,
Алдыңа келді балаңыз.
Шөлдесең сусын берермін,
Тоңсаң киім жабармын,
Не құлқың ойлап табармын.
Дүниеден кеткенше
Жақсы етіп, ата, бағармын.
Балаңның алған баламын,
300. Құдай нашар қылғасын,
Қызметіңді етерге
Келіп тұрмын қасыңа.
Керек емес басқа мал,
Көрімдікке бір тай сұраймын,
Ата, маған бер, – деді.
Сонда Қыдырбай сөйледі:
– Ол қасабаң қайқайып,
Маған билік айтпа шалқайып!
Кер биені бермеймін,
310. Келмей жатып мал билеп,
Маған көзің салғаның.
Шетте жатқан жылқыны
Қалай ұстап алғаның.
Бір қыз түгіл он қызды
Бір күнде алып берермін,
Оған малым жетеді.
Тоқсан баулы ноғайдан
Аралап өзім көрермін.
Бермеймін бие мен, – деді, 320. Мазамды алма сен, – деді.
Сонда Құртқа сұлу жылап үйіне кетеді. Құртқа сұлу үйіне барған кезде, Хансұлу үйден киініп шыға берді. Хансұлу Қыдырбайға келіп сөйлей береді:
– Айналайын, жан ата,
Мен едім туған бала да,
Егізім еді ер Қобылан.
Қобыланжанның алғаны
Ақ Құртқадай болған соң,
Менің бар ма арманым?!
Қасыма қонған жеңешем
Бір адамның баласы,
Жеңешеме жетер ме?!
330. Жылап келді егіліп,
Көзінің жасы төгіліп.
Сұрай келдім, атеке,
Үй сыртында тайыңыз,
Келер ме тайға жайыңыз?
Егер тайды бермесең,
Өлтір, әке, өзімді,
Ой менің екі көзімді.
Сонда Қыдырбай сөйлейді:
– Сенің даусың шыққасын,
340. Іш-бауырым елжіреп,
Шыдамадым мен, – деді.
Құртқадайын балама
Кер биеден құлынды
Жетелеп апарып бер, – деді.
Кер биеден туғаны
Тобылғы меңді ат болар.
Жалғыз ағаң ер Қобыланды,
Ол торы атқа мінгесін жат болар,
Жыл он екі ай келмей жоқ болар. 350. “Сонда менің көкем қайда?” деп,
Аларсың менің мазамды.
Сол себептен бермей тұр едім,
Жыламасаң сен, – деді.
Кер биені апар да
Құртқажанға бер, – деді.
Ол Құртқадан аяман
Малым түгіл жанымды.
Сол себептен бере алмай тұр едім, сен жылайды деп кер биені, – деді. Кер биені бергесін, Құртқа Апар мен Жапар деген екі құлға күні-түні бақтырып қояды. Қолдарына жібектен көрпе берді. – Құлыны жерге түскенде аяғын топыраққа тигізбей, осы жібек көрпенің үстіне ұстаңдар, – деді. Бие толғатып жатқанда екі құлдың көзі ілініп, ұйқыға кеткен екен, сонда құлынның бір аяғы жердегі тасқа тиіп, таңба түсіп қалады. Сосын жібек көрпеге салып, Құртқаға апарып бергенде, Құртқа құлынның аяғындағы таңбаны көріп, аяғындағы топырағын сүртіп: – Құлынның аяғын жерге тигізгені үшін екі құлды өлтірем, – деді. Сонда құлдар Құртқа кеткесін, екеуі кеңес құрады. – Бұл Құртқа бізді “өлтірем” деді, одан да Құртқаны біз өлтірейік. Қобыланды далада қарауылда жүр. Біз соған барайық. Кұртқамен екеуін шағыстырайық. Қобыланды біздің тілімізді алады, сосын Құртқаны өлтіреді, – десті. Сонда екеуі Қобыландыға барып, көптің ішінде айтқаны: – Қобыланды батыр, сізге келдік біз, – деді. – айтар сөзіміз бар, тындасаңыз сіз, – деді. Сонда, “ал айтыңыз” дегенде:
– Сіз кеткесін далаға,
Біз қалдық бір пәлеге. 360. Төсегіңнің үстінде
Маралдай бір адам керілді,
Сыбыр-сыбыр сөйлесіп,
Сыңқылдасып күлісті,
Сосын келдік біз, – деді,
Ендігісін білесіз дағы сіз, – деді.
– Көріп тұрған көз жаман,
Көп ішінде айтқан сөз жаман, –
деп, Сұр қызыл атқа мініп алып, Қобыланды жалғыз елге жөнелді.
Қобыланды батыр ақырды:
– Қайдасың, қаншық! – деп,
370. Сонда Құртқаға бақырды.
Сонда Құртқа сұлу ұйықтап жатыр екен, жаулығын салуға шамасы келмей, көйлекшең жүгіріп далаға шықты. Алдында жай бұлты бар еді, бұны Құртқа көріп, Қобыландыға жақындап келгенде,
Құртқаны қамшыменен ұрады,
Ет-бауырынан өтеді,
Құртқа былай кетеді.
Талқан болып үстіндегі көйлегі,
Қып-қызыл қан еттерін
Жоса қылып кетеді.
Ет-бауырынан өткесін,
Құртқа жылай жүріп сөйлейді:
– Асыл туған алғаным,
380. Сенен өлсем болмайды –
Дүниеде менің арманым.
Ұлсыз, қызсыз демесең,
Күнәмді қой да мойныма,
Ұрып өлтір өзімді,
Неге ойдың менің көзімді?
Атаңа нәлет екі құл
Барып шағым салды ма?
Көп ішінде сөз айтып,
Бетіңнен тырнап алды ма? 390. Сыбыр-сыбыр сөйлесіп,
Сыңқылдасып күлісіп,
“Төсегінен өрді деп,
Менің көзім көрді” деп,
Зұлымдар хабар берді ме?
Кер биені бақтырдым
Екі зұлым құлдарға,
Атаңа нәлет мұндарға.
Төрт аяғын тигізбей,
Топыраққа ал, – дедім. 400. Жібектен көрпе мен бердім,
Тигізбей жерге ал, – дедім.
Аяғының біреуі топыраққа тиіпті,
Тиген жері тас болып,
Шеміршекке батыпты.
Асыл туған ер, – деді.
Жалған десең бұл сөзім,
Қасына барып құлынның
Аяғын өзің көр, – деді.
“Алып кел, – деп, – құлынды”, 410. Сонда Қобыланды ақырды.
Сарайда тұрған құлынды
Алып келіп көрсетті.
Аяғы тасқа тиіпті,
Шеміршекке таңба батыпты.
Сонда Қобыланды таңбаны көргесін, бір адамды қоя берді “екі құлды қуып кел” деп. Құлдарды қуып келгесін, ұрып-соғып, екі құлды бір ағашқа байлап қойды.
Сонда келтірді келісін,
Тірілей сойып терісін.
Құртқа құлынды сайлады,
Сарайға салып байлады.
Сол құлынды өсіріп, ешкімге көрсетпей жасырып бақты. Сонда Қобыландының жолдастары: – Япыр-ай, бұл құлынды неге көрсетпейді, жасырып мінгізетін адамы бар шығар, – деп Қобыландының қасында тұрып айтады. Сонда Қобыланды ұшып тұра келіп, “ол құлынды қай жерде мінермін” деп, үйіне жетіп келіп: – Құлын қайда? Алып кел, мінейін! – деп ақырды. Сонда Құртқа сұлу үйден құлынды алып шығып, жүгенін салып: – Мініңіз, – деп, Қобыландыға береді. Қобыланды мініп алғанда, құлын Қобыландыға қарамастан ұшып шауып алып жөнеледі, алдынан бір дарияға кездеседі, ол дариядан бір қарғығанда ортада тұрған төрт көлге барып түседі. Төңірегі мол еді, айқын судың ортасында тұрған бір бөлек су сол еді, одан әрі құлын ешқайда жүрмеді, құлынның басында жүген жоқ, ұрайын десе, қаруы жоқ. Сонда Қобыланды бір ой ойлады: “Е, жолдастарым мені алдап, далаға асырып жіберейін деген екен, ай, сені ме, Құртқа, барғасын сенің де басыңды кесермін” деді. Сосын құлын қайта бір қарғып еді, сыртқа келіп түсе қалды. Сонда баяғы өзін байлаған жерге, шауып аулына келді. Жақындап келгесін дарбазаның аузы ашылды, құлын шауып кіріп кеткенде, Құртқа сұлу “бір жері ағашқа ұрылар” деп, Қобыландыны көтеріп алып қояды. Сонда Қобыландының түсі бұзылып қалған екен, енді Құртқа сұлу Қобыландыға сөйлей бастады:
– Асыл туған сұлтаным,
420. Қалай екен мінген тарланың?
Құлын бастан еткені
Көтеріп сізді кеткені.
Дариядан қарғып асты ма?
Ортадағы төрт көлді
Аяғымен басты ма?
Төрт көлдің тұрып басында
Келді ме ашу қасыңда,
Тарланның қайраты
Біле білсең осындай. 430. Бұл тарланды баққаным,
Беске жасы толсын, – деп,
Сізге көлік болсын, – деп.
Сонда Қобыландыға ой түсті: “Япыр-ай, бұл Құртқа үйде отырып, менің төрт көлде тұрып, кейігенімді қайдан білді? – деп, – енді мен бұл Құртқаға тимеймін, Тарланды жақсылап бағып өсіре берсін” деп ашуды қояды. Құртқа сұлу бір сарайға салып Тарланды баға береді, не құлқын тор құнанын таба берді. Етіне қатаң тиер деп сыртына мақпалды жаба берді, жібектен шылбырды таға берді. Сонда тор құлын екі жасар құнан болды. Қобыландының қасындағы қырық жолдасының біреуі Ақшаханға хабар берді: “Қобыландының бір құнаны бар, жер басқанға болатын емес, қалай етіп аласыз, сіз, оны? – деді.
– Естіп келдім хабарын мен, – деді. Сонда Ақшахан: – Япыр-ай, қалай қылып алармын ол құнанды, не өлтіруге, не алуға, – деді. Сонда хабар айтқан кісі: – Мен бір айла табармын, – деді. – Сіз жалғаннан той жасаңыз, соған қара атыңызды жаратып бәйгіге салыңыз, алты айлық жолға, әбден күйге келтіріңіз, сонда бұл алты айлық жолға ол торы шыдамай өліп қалады және ол торыға мінуге бала бермеңіз, Қобыландының өзі мінсін, – деді. Оны Ақшахан “бәрекелді” деп, қош көрді, жалғаннан той жасады. Құртқаға той болатынын білдірмейтін болды. Ақшаханның Қобыландыға қастығын бұрын Құртқа білуші еді, сосын бір адамға мал беріп, Ақшаханның қастық ойлайтынын біл деуші еді. Ол адамы Бибіжан деген әйел еді. Әлгі “ат шаптырып, жалғаннан той жасаймыз” деген әңгіменің ішінде сол Бибіжан да бар еді, ол бәрін естіп отырды. Өзі тілеуші пақыр болып жүруші еді. Ол хабарды Құртқа сұлуға айтып келді: – Бүгіннен бастап Ақшахан қара атын бір айға жарататын болды, соған сіз де атыңызды баптай беріңіз, соған тор құнанды қалайда болса қосамыз, – деді. Және бір сыр айтайын, ноғайлыдан асылы бала мінгізбейтін болды. Сонда Құртқа сұлу «жақсы деп қала берді. Тор құнанды жақсылап баға берді. Ақшахан той қылатын болады, үш күн қалған кезде Қобыландының қасындағы жолдастары кеңес құрады:
– Япыр-ай, осы Ақшаханның қара аты жүйрік болғанымен тор құнаннан оза ма, – деп. – Жоқ, біз осы тор құнанды Ақшаханның қара атымен қосып сынайық, – деді. Сонда қырық кісінің аузы бірдей, оны Қобыланды көріп күндейтін еді. Сонда тұрып айтты: – Қосамыз дегенімен, оны Құртка сұлу бермейді, әйел деген сұм болады, оны бес жасқа толғанша бағады. Оны басқа біреуге берейін деп жүрген болар, – деді біреулері. Сонда Қобыланды ұшып тұра келіп: – Бір қатыннан бір атты ала алмайды деген не, мен оны алып бәйгеге қосам, – деді. Сосын атқа мініп үйіне келіп: – Қайда құнан? Әкел, бәйгеге қосам, – деді. Сонда Құртқа құнанды жетелеп әкелді. Үстіне мақпал жапқан, жібекпен белін таңған, жібектен шылбыр таққан құнанды ноқтасынан ұстап жетелеп әкелді. Сонда Құртқа сұлу Қобыландыға жауап айтады:
– Артық туған сұлтаным,
Мінеки, тақсыр, тұлпарың.
Ноғайлы бала бермейді,
Атқа шауып желпілдеп,
Екі аяғың салпылдап,
Бәйгеге шаппа, сіз, – деді.
Қалаға жақын барғасын,
440. Алдыңнан толып жатқан қыз келер,
Қайырылмаңыз, сіз, – деді.
Сосын келер алдыңнан
Көп жиналған келіншек,
Бәрі бірдей шақырар,
Шақырса да бармаңыз,
Олардың тілін алмаңыз.
Өңкей келер жас жігіт
Бәрі бірдей алысып,
Жағаласып жарысып, 450. “Батыр Қобылан, кел дейді.
Ойналық енді біз, дейді,
Барасыз қайда сіз?” дейді.
Аттың басын бұрмашы,
Жігіттерге қарай тұрмашы.
Онан соң келер ақсақал,
Сақалының ағы бар,
Сөйлесетін ішінде
Олардан да жақсы тағы бар.
Солармен сөйлесіп жүре бер, 460. Батырым-ау, сіз, – деді.
Мынау тұрған тор құнан,
Жылқы озбайды тақымнан.
Ол қалаға барғасын,
Жылқы тұрған амбарға
Кіргізеді сіздерді.
Көрейін деп Ақшахан
Келіп тұрар қасыңа,
“Отырған жайың кең бе?” деп.
Жылқы сыйған амбарға 470. Сыйдық, енді, біз, – деші,
Мазамды алма, сен, – деші,
Сосын шығып кетер Ақшахан.
Сонда сізді шақырып алып, ноғайдың жүн сиятын амбарына апарып отырғызар, сонда да шешінбе, сонда келіп тағы сұрар «отырған жерің кең бе?” деп. Сонда: – Рахат, жақсы, жайлы деп айтыңыз, “ноғайлының жүні сыйғанға сыймайтын біз бе?” деп отыра бер. Сосын сізді жақсы бір сарайға кіргізер, онда да отырарсыз көсіліп, екі аяғың шешініп, сонда қыз жіберер, келіншек жіберер, жігіт жіберер “балалығы, жастығы бар ма екен” деп сынау үшін істер және өзі сенің дидарыңды көру үшін істер, – деді. Той болып тарқады, ертеңіне ат шабатын мезгіл болды. Сонда Ақшахан қара атын шығартып, “алты айлық жерден шабам” деп хабар берді. Сонда Қобыланды бала сұрап еді, ноғайлыдан бір бала да бермеді, “мінетін бала жоқ” деп қарап тұрды. Сонда Қобыланды батыр жолдың шетіне шығып жалғыздығы есіне түсіп, бір ауыз сөз сөйледі:
– Ағайын-туған менде жоқ,
Есіркейтін пенде жоқ.
Алдымда туған аға жоқ,
Ағайын-туған және жоқ,
Өзімнен туған бала жоқ.
Енді нешік етерге,
Жолықтым-ау бекерге.
480. Атаңа нәлет жалғыздық,
Менен де шығып кетер ме?!
Ноғайлының баласы,
Емессің бе ағайын?
Жасың үлкен ақсақал,
“Бала бер” деп айтайын
Қара Қыпшақ ноғайға.
Сонда ноғайлының баласы
Біреуі жақын келмеді,
Жаннан қорқып шамасы. 490. Сонда Қобылан қасына
Қошабай деген бір бала
Жетіп келді қасына:
– Рұқсат берсең, жан аға,
Мінейін атқа мен, – деді.
– Мінем десең, шырағым,
Берегірек кел, – деді.
Сонда тұрып Қошабай:
– Мен айтайын әкем жоқ,
Туған шешем және жоқ. 500. Өзімнен басқа үйімде
Қыбырлайтын адам жоқ.
Сен үшін өліп кетейін,
Атқа мінбей не етейін?!
Сонда Қобыланды қуанып,
Қошабайды атқа мінгізді,
Үстіне жібек кигізді.
“Ешкім келмес, – деді, – қасына,
Егер кісі келсе қасына”,
Көрерсің жерде басын-ай.
Алты күндік жерден барып ат шапты, үш күн дегенде Қошабайдың алдынан Ақшахан келіп: – Біздің қара атты көрдің бе? – деді. Сонда Қошабай Ақшаханға жауап берді: 510. – Шабыстан атың танды деп,
Үш күндік жерде қалды деп,
Тор құнан ұшқан құстай боп,
Өте шықты қасынан.
Сонда Қошабай мен Қобылан бәйгені алып болғасын, елге қарап жүріп келе жатқанда, күймелі арбамен қыз-келіншекті ертіп, алдынан қатыны шықты пар жеккен жорғамен. Сонда Қобыланға Құртқа сұлудың айтқаны:
– Қайырлы болсын, сұлтаным,
Байрақтан келген тұлпарым!
Ақсұңқарым, келдің бе,
Ақшахандай зұлым хан
Қуарып өзі қалды ма?
Арышландай ер еді 520. Қасыңдағы Қошабай.
Асыл туған дана екен,
Өзі жетім бала екен.
Бұны өзіңіз көріңіз,
Егер келсе шамаңыз,
Іні қылып алыңыз.
Сонда Қобылан Құртқа сұлуға айтты:
– Тоқсан баулы ноғайлы
Аралап өзің көр, – деді.
Лайықты бір әйел
Осыған алып бер, – деді.
530. Сосын тұрып ақ Құртқа
Бір әйелді алып береді.
Лайықты бала еді,
Іні болып бұл тұрды.
Сонда тұрып Қобыланды
“Аттанайын, – деп, – қалмаққа”,
Жол жүріп келе жатады.
Жайықтың арғы бетінде
Жиренқопа деген жер еді,
Бесоба деген дөң еді, 540. Ол жерде мекен қылған
Қара қалмақ қатты сыбанның елі еді.
Алшағыр деген хан еді,
Жаз болса бағушы еді,
Күз болса шабушы еді.
Адамның дегенін қылмайтын
Өзі бір қайсар ер еді.
Сол көлді көргесін, Қобыланды елін көшіріп сол көлге келеді. Алшағыр хан бұрын сол жерде отырушы еді, көлді сыртынан бағып тұрушы еді. Қобыланды көшіп келгесін, сол жердің оттығына қызығып қона кетті. Алшағыр Қобыландының қонғанын көре кетеді.
“Құдай бізге берді деп,
Бір көп дәулет келді деп,
Шауып алар ел болды” деп,
Үш жүз кісі қалмақ аттанып, жайылып жатқан малды қуады.
Тобылғы меңді торы атпен, белдігі алтын болатпен, алпыс аршынмен Қобылан шыға шапқан кезде, қалмақтар шошып тұра қашады. Бір қатары кетті баладай бақырып. Сонда Алшағыр қалмақ атының басын бұрады, ойлап кеңес құрады, бір айла жасайын деп Қобыландыға қарап тұрады. Қобыланды жетіп келгенде, Алшағыр қалмақ сөйледі: 550. – Екеуміз бір жерде тұрып қос болайық,
Өлгенімізше дос болайық.
Менің жете алмай тұрған жерім бар,
Айтайын деп тұрған кебім бар.
Қырық күндік жерде
Ала алмай тұрған жауым бар.
Оны ала алмай тұрған себебім:
Жиырма күндік шөл еді,
Сол шөлден өтіп бара алмай,
Кідіріп тұрған жайым бар.
Сонда Қобыланды Алшағырдың “дос боламыз” деген сөзіне иланып, аңқау ер көдек қырық жолдасын ертіп, Қобыланды батыр жолға шығып жүре берді. Алшағыр қалмақ айтты Қобыландыға: – Оның бес қасқа деген ерлері бар. Айқасқа мен Байқасқа, Көкемби қасқа мен Көкқасқа, аяғында толып жатқан көп қасқа. 560. Елден бір бөлек жатқан ел, – деді.
Өзі бір мықты жер, – деді.
Қырық күндік көлдің шетіне жиырма күндік жер барғанда, батырлар ере алмай кейін қалады.
Жалғыз өзі Қобыланды
Ілгері кетіп барады.
Бір жерлерге келгенде,
Ұйқысы келіп қалады.
Анық ұйқысы келгенде,
Алты күн жатып ұйықтап,
Ұйқысы сонда қанады.
Өзі ұйықтап жатқанда Тобылғы меңді торы аты жерді тепкілеп оятты. Қобыланды оянып, басын көтеріп қараса, кетіп бара жатқан бір құланды көрді. Сонда Қобыланның оғының көзі бар еді, жеті қырдың аржағынан барып тиюші еді. Қобыланды атып болғасын, өліп жатқан болар деп келіп қараса, оғы жатыр, құлан жоқ. Сонда Қобыландының айтқан сөзі:
– Көзім, сенен қате болды ма,
570. Шамасын білмей аттым ба?
Қолым, сенен қате болды ма?
Бұл ұйқының зардабынан
Буыным босап қалды ма?
Тобылғы меңді торы атым,
Жануар, адым аша көр,
Аяғыңды баса көр!
Манағы жүрген сұр құлан
Жансыз болып қалмасын.
Атаңа нәлет ит қалмақ 580. Бекініп сүйтіп аламысың.
Құлаштап аттап баса көр,
Адымыңды аша көр.
Тобылғы меңді тор атқа
Қамшыны енді басады,
Құмнан зырылдап өтеді.
Құмның арғы шеті шың еді,
Шыңға таман жетеді.
Шыңның шықты басына,
Манағы жүрген сұр құлан 590. Барған екен жолдасының қасына.
Қобыланды тауға шыға бергенде, бес қасқаның біреуі Байқасқа қасына жетіп келіп сөйлей берді:
– Жапанда жүрген баласың,
Жарқыным, қайда барасың?
Балдырғандай жас бала,
Білмеймісің шамаңды,
Танымайсың ба мендей бабаңды?
Менің атым – Байқасқа,
Сені қойман алмасқа,
Баласың не еткен, сен, – деді.
Өлмеймін десең де өлесің,
600. Ат-жарағың бер, – деді.
Жаным ашып мен тұрмын,
Кете бер елге, сен, – деді.
Сонда Қобылан сөйледі:
– Асылымды сұрасаң,
Мен бір ноғай деген ел едім.
Ол ноғайдың ішінде
Қара Қыпшақ деген мен едім.
Әкемнің аты – Қыдырбай,
Қобыланды деген мен, – деді. 610. Іздегенім сұрасаң,
Қозғалмас ханның елі еді.
Ақылы жоқ қалмақтар
Қаза айдаған келеді.
Жаның ашып сен тұрсың,
Ат-жарағың бер, – деді,
Кетейін алып мен, – деді.
Ішіңде бар да ақ сауыт,
Сыртыңда бар да шарайна,
Басында бар да дулыға. 620. Кезек бердім мен, – деді,
Ата бер, қалмақ, сен, – деді.
Қарсы тұрды қақшиып,
Тайсалмастан бақшиып.
Сонда қалмақ байқаса,
Толайына қол салды,
Атайын деп оңдалды.
Бір атқанда үш атты,
Үш оғын бірдей бос атты.
Киімінен өтсе де, 630. Етіне дарып кетпеді.
Сауыт пенен шарайна
Оған да оғы батпады.
Сонда Қобыланды сөз сөйлей бастады:
– Байқасқа қалмақ, сен, – деді,
Атамын енді мен, – деді.
Атқан оғым өтеді,
Басың жерге кетеді.
Неше қасқа болсаң да,
Жолдасыңа бар, – деді.
Қатының мен балаңа
640. Өлемін деп хабар айтып кел, – деді.
Қайта келмесең сен, – деді,
Өлтіремін мен, – деді.
Қорықпасаң қалмақ-ау,
Енді кезек бер, – деді.
Атының басын тартпады,
Еліне қалмақ қайтпады.
Қалмақ тұрды қақшиып,
Екі көзі бақшиып.
Сонда Қобыланды оқ атты, 650. Атқан оғы өтеді,
Қалмақтан өтіп кетеді.
Аржағында бір төбе,
Тостағандай төңкеріп,
Ол төбеден де өтеді.
Ар жағында бір тауға
Тағы да еніп кетеді.
Сонда қалмаққа Қобыланды батыр ақырды:
– Тағы қапа қалмаңдар, – деп,
Қалғандарын шақырды.
Сонда Байқасқа өлгесін,
660. Артынан келді баршасы.
Сонда Қобыланды ақырды,
Елуін бірдей жапырды.
Қыра берді ер Қобылан
Тоқтамай-ақ кәпірді.
Сонда бір бала ортаға келмей, шетте жылап тұрады:
Қырық тоғызын сояды,
Жоқ қылып Қобыланды қояды.
Сонда бала Қобыланның қасына келіп, сөйлей бастады:
– Бала едім мен, – деді,
Артымдағы еліміз
Жеті күндік жер, – деді.
– Елу кісі баршасы
670. Қалмақтан шыққан ел – деді.
Бұл ерлерге еріп
Шығып едім мен, – деді.
Мен ақылдан торықтым,
Өлгенін ерлердің көргесін,
Енді сізден қорықтым.
Сонда Қобыланды:
– Олай болса, сен, – деді,
Еліңді баста, жүр, – деді,
Өлтіремін мен – деді,
680. Елің қандай ел? – деді,
Сонда бала айтады:
– Қалмақтың мұнда қоры бар,
Істеп жатқан тойы бар.
Тілімді алсаң бармағын,
Асыл Қобылан сен, – деді.
Жеті күндік жер, – деді,
Бастаймын тура мен, – деді.
Ата менен анам бар,
Аға менен іні бар.
690. Бұл тілегім берсеңіз,
Туысқан, туған-ағайын
Соны өлтірмей берсеңіз.
– Баста тура, сен, – деді,
Аудармай елге апарсаң,
Өлтірмеспін оларды мен, – деді,
Біреуіне тимен мен, – деді.
Алдына түсіп желеді,
Қозғалмас деген хан еді,
Жеті күнде жетеді.
700. Қаланың көрді шамасын,
Жиып ал деп Қобыланды
Тастай берді қасында
Манағы жүрген баласын.
Қозғалмас ханның елімен
Қаласын алды талқандап.
Шұбыртып қатын-баласын,
Қозғалмастай хандардың
Жеті күнде алып болды-ау шамасын.
Жетім-жесір шұбыртып, 710. Айдады сүйтіп қарасын.
Үш қонып сыртқа шыққанда,
Бұрынғы қалған қырық кісі
Сонда келді шамасы.
Сол күні Қобыланды батыр ұйықтап жатып бір түс көрді, түсінде жаман іс көрді, ол түсін жолдастарына сөйледі:
– Әкем еді Қыдырбай,
Қуарып жүзі солыпты,
Нағыз мұңды болыпты.
Әкем жүр ошақтың қасында,
Жерде жатыр басында
Түс көрдім жаман осындай. 720. Ақарудай анамыз
Аяғында шарық-ты,
Құрым қалпақ басында,
Тия алмай жүр көздің жасын да,
Қайғысы болды-ау осындай.
Ақ Құртқадай алғаным,
Болыпты қатты арманым.
Аты әйел болғасын,
Неге келсін дәрмені.
Егізім еді Хансұлу, 730. Ат артына мініпті.
Шұғадан жабылған
Туырлығын қарасам,
Тоқымдыққа тіліпті.
Үйде тұрған қазынаны
Жабыла қалмақ киіпті.
Артымдағы дүние
Сондай мүшкіл болыпты.
Аспанға шаңын шығарып,
Тоғайда жатқан көп малды 740. Қалмақ айдап қуыпты.
Мен ілгері кетейін,
Атама сәлем берейін,
Анамның жүзін көрейін.
Егізім еді Хансұлу,
Жолығып жауап берейін.
Алған жарым ақ Құртқа,
Оның да жүзін көрейін.
Жетім менен жесірді
Сіздер айдап келерсіз, 750. Енді мен елге кетейін.
Сонда Қобыландының бір жолдасы сөз сөйледі Қобыландыға:
– Барарсың, Қобылан, сен, – деді.
Кеткенің тастап болмайды
Енді бізге жөн, – деді.
Жер ошақта атаң бір тұрса,
Шулап тағзым етерге.
Басы жерде бір тұрса,
Ұйықтап төсегінде бұл жерге.
Ақарудай бәйбіше
Шарық кисе аяққа,
760. Болған шығар кебіс-ті,
Дүниесі болған тегіс-ті.
Хансұлудай егізің
Ырғытып жорға мінген-ді,
Құбылтып торқа киген-ді.
Салтанатын бұл көріп,
Тәрбие көріп жүрген-ді.
Алған жарың ақ Құртқа
Құбылып жүзі бұл солса,
“Алғаным қашан келер, – деп, – 770. Тілекті Құдай берер” деп,
Мұңайып ол жүрген-ді.
Олардың айтқан жауабы
Қобыландыға жарамай,
Кететін болды қарамай.
Тобылғы меңді торы аттың
Елге басын қаратты.
Құлан да емес,
Кұс та емес,
Құйын да емес, 780. Аң да емес,
Адам көрген жан емес.
Ашылып кетті арасы,
Көрінбей кетті қарасы,
Жылқының ондай болмас баласы.
Сексен күндік жол еді,
Сегіз күнде келеді.
Ай қараңғы, күні бұлт,
Сонда торы ат тұрады.
“Не болды, – деп, – торы атқа” 790. Сонда Қобылан ұрады.
Сонда торы ат сөйлейді:
– Елден шығып кеткелі
Ауыздығымды алмадың,
Басымды жерге салмадың.
Арқа терім іріп тұр,
Артқы оқпаны еріңнің
Қыр арқама кіріп тұр.
Арқадан аққан қанды ірің
Бақайыма жетіп тұр.
800. Борбайымның қоңы жоқ,
Бұл мойнымның жалы жоқ,
Жүруге менің әлім жоқ.
Жирен деген көліңді,
Қалмақ алған еліңді.
Ақ Құртқадай арудың
Қаққан алтын қазығы,
Қазықтан тұрмын кете алмай.
Шамданған соң жеріңе
Қалғаным жоқ жете алмай.
Ат жүрмеген соң, Қобыланды қылышын суырып алып, сонда айтқан сөзі екен: “Алшағыр қалмақ жерді шауып, алған жерін тастап қашқан екен, жетпіс күндік жерге асқан екен”. Аттан түсе қалып жерді сипап қарады, қазықты тартып қолға алды, отыра алмай долданды. “Ат қазықтан кетпейді” деген сөз осыдан қалған екен ғой. Аттың ерін алып тастай беріп, Қобыланды батыр 810. Отыра алмады кідіріп,
Маңдайдан тері шұбырып.
Ағарып таң атқанда,
Биік дөңге көз салса,
Бесоба деген дөң екен.
Ешкі қырған деген
Биік тау екен.
Тұрған жерге көз салса,
Жирен деген көл екен.
Сонда Құртқа кетерінде қазыққа қағаз жазып байлаған екен. Ару болса нағылсын, ықтиярсыз қалмақ айдаған екен.
– Тірі болса алғаным,
820. Шырын-шекер, бал татқан,
Тар төсекте бір жатқан,
Ибалықпен сөз сөйлеп,
Наздықпенен көсілген,
Қынай буған тар белім
Суық қолға шешілген.
Тірі келсе алғаным,
Қырымға хабар бұл салсын,
Қырымнан байтақ ер алсын,
Сүйтіп келіп кек алсын, 830. Бір екі күн жатып дем алсын.
Қарындасы Хансұлу
Ат артына мінілді,
Үстіне киген қамқа тон
Сауырына аттың жабылды.
Бір көруге зар болып,
Егізі сондай сағынды.
Жібектен тартқан желісі
Қылышпенен кесілді.
Туырлығын қараса, 840. Тоқымдыққа тілінді.
Үйде тұрған қазына
Бұған да қалмақ киінді.
Атасы еді Қыдырбай,
Жер ошақта бұл қалды.
Анасы еді Ақару,
Қолында қалды таяғы.
Сарықтың кетіп соңында,
Ерік кетіп меңдеген,
Жаным тек тұр өлмеген. 850. Сол жауапты есіткесін,
Қобыланды атын ерлеген.
Анасынан туғалы
Мұндай жапа көрмеген.
Тобылғы меңді тор атпен
Қалмаққа басын қаратты.
Құлан да емес, құс та емес
Ойға келсе орғыған,
Қырға келсе қарғыған,
Атқан оқтай зырлаған, 860. Жерді басып тұрмаған.
Түлкі жүрмес түлейден
Түнде желіп өтеді.
Қарсақ жүрмес қалыңнан
Қақап өтіп кетеді.
Жетпіс күндік жол еді,
Жеті күнде Алшағыр
Шәһарына барып жетеді.
Шәһар шетіне келгенде,
Бес сарықтың соңында 870. Қаңғырып жүрген анасы.
Анасына сөйлейді
Қобыландыдай баласы:
– Жасы жеткен анамыз,
Жоқ па еді туған балаңыз?
Бұл жастарда қой бағып,
Келе ме, шеше, шамаңыз?
Мойның болып ырғайдай,
Битің болып торғайдай,
Құрым қалпақ басыңда-ай,
880. Тыя алмай көзден жасыңды-ай,
Аяғыңда кең шарық,
Болыпсың нағыз шын ғаріп?
Қолыңдағы таяғың
Көсеуменен тең екен,
Сұмырай кемпір, аяғың.
Алладан тілек иманың,
Пайдасы болмас жиғанның.
Кетіп есің сен деген,
Нең қалды енді өлмеген?! 890. Сонда кемпір егілді,
Көзінің жасы төгілді:
– Алғаным еді Қыдырбай,
Қыдырбайдың тұсында
Мақпал менен паршадан
Пішуші едім түндікті.
Сары аяқпен сапырған,
Сары балды ішірген,
Тұсыма мейман түсірген,
Менің немді сұрайсың?
900. Құлыным кетіп далаға,
Қысырақтай жамыраған,
Қозылы қойдай маңыраған,
Құлынымнан айырылып,
Мен сорлымын аңыраған.
Айналайын, жан бала,
Мазақтама өзімді,
Кез келген қалмақ ояды
Мынау менің көзімді.
– Құлының, шеше, мен, – деді.
910. – Әркім мазақ еткесін,
Мендей сорлы сенбейді.
Мен тарығып жүргенде,
Құлыным менің келмейді,
Тілекті Құдай бермейді.
Қай бағының гүлісің,
Қай патшаның ұлысың?
Қай базардың бұлысың,
Айналайын, қарағым?
Ат үстінде баласың, 920. Тірі көрсең Қобыланды,
Осындай болды анаң деп,
Өзің хабар айтарсың.
Сонда Қобылан сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Айналайын, қарт ана,
Маған берші, сен, мама.
Тістеулі тұр бармағың,
Қанша ауыр болсаң да,
Жеңіл екен салмағың.
930. Шеше, берші мамаңды,
Танымайсың ба біздей жалғыз балаңды.
Егізім қайда Хансұлу,
Мен дидарын көрейін.
Алған жарым ақ Құртқа,
Мұнан да хабар алайын,
Қайдан іздеп табайын?
Сонда кемпір егілді,
Көзінің жасы төгілді:
– Айналайын, қарағым,
940. Құлыным менің сен емес,
Сен қылма мені келемеж.
Меңзетемін сөзіңді,
Танымаймын өзіңді.
Алшағырдың қасында
Келінім Құртқа тұрғасын,
Жылай-жылай ағарды
Екі бірдей көзім де.
Айналайын, қарағым,
Танымаймын мен, – деді. 950. Бес саусақтың қалы бар,
Көрмей сенбен мен, – деді,
Мазақтама, сен, – деді.
Сол уақытта Қобыланды
Атынан түсе қалады.
Бар киімін шешініп,
Сыпырып жерге салады.
Сонда кемпір келеді,
“Ойға түссе тізем деп,
Өрге шықса белім деп, 960. Баяғы әттең күнім” деп,
Құлынын көзі көргесін,
Құшақтай алып мойнынан,
“Құдай маған берді деп,
Қарағым қайдан келді” деп,
Ақ жүзінен бір сүйіп,
Сонда кемпір жығылды.
Түсі кетіп бозарып
Бір азырақ жатқасын,
Есін жиып алады. 970. Есін жиып алғасын,
Сонда кемпір сөйлейді:
– Қабыл екен тілегім,
Кірді, – деді, – реңім.
Бітсе де бүгін сүрегім,
Құдай алса ризамын.
Шығып мүйіз басыма,
Жетіп көкке тіреуім.
Алшағырдай қалмақтың
Жеті қатар қазған оры бар,
980. Ор ішінде жиған торы бар.
Жеті қатар жебе бар,
Болаттан каққан шеге бар.
Отыз аршын қаласы бар,
Бер жағында балшық сор.
Ат шаппайтын жері бар,
Қалмақтың мұнда торы бар.
Осыдан барып сен өлсең,
Маңдайымның соры бар.
Қарың қайда болса, қатының сонда. 990. Қырымға бар да хабар сал,
Ноғайдың байтақ ерін ал,
Қайтып кел де, кегің ал,
Қарағым, менің тілімді ал.
Сонда Қобылан ер еді,
Жүгіріп атты ерледі,
Ашуменен терледі.
Анасынан туғалы
Мұндай жапа көрмеді.
Құбылтып енді желеді, 1000. Дөңгелентіп келеді
Ақ бұлттың үстімен,
Көк бұлттың астымен.
Алшағырдың қатыны
Сол күні түнде түс көрді,
Түсінде жаман іс көрді.
Сонда түсін айтуға
Байына қатын жүгірді:
– Бүгін мен бір түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім. 1010. Күнбатыстан келді көк бөрі,
Ойда жатқан отыз қой
Отызын бірдей ол жеді.
Қырда жатқан қырық қой
Қырқын бірдей ол жеді.
Алты бағлан ақ қозы
Алтауын бірдей ол жеді.
Жабағылы көк саулық
Көтеріп тұрып ол жеді.
Ай мүйізді көк қошқар 1020. Тамағынан оны алды,
Мойнын бұрап ол салды.
Күн шығыстан қара бура ол келді,
Даусы шықты күркіреп,
Қалмақ қашты дүркіреп.
Жалғыз қызың Ибажан
Даусы шықты шырқырап.
Бір құба үлек бұл келді
Ол қалаға аунады,
Кесегі қалмай қурады. 1030. Қалмақ халқы шулады,
Жамыраған қойдай маңырады.
Бір айдаһар бұл келді,
Қалаға келіп ысқырды,
Ен қалмақты тықсырды.
Отырған жері ой-шұқыр,
Басқан жері май шұқыр.
Бес өгіздің терісінен
Қолына қамшы етіпті.
Құнан пілдің сырт қайысын
1040. Атына тізгін етіпті.
Малды иесіз деп пе едің,
Малдың да иесі жетіпті.
Осы түсім жаман түс,
Күнбатыстан көк бөрі
Қобыланды батыр болмасын.
Ойда жатқан отыз қой
Отыз төрең болмасын.
Қырда жатқан қырық қой
Қазы, мүфти болмасын. 1050. Алты бағлан ақ қозы
Алты балаң болмасын.
Жабағылы көк саулық
Біздей сорлың болмасын.
Ай мүйізді көк қошқар
Сұлтаным өзі болмасын.
Өз ордаңда өкіртіп,
Ор қояндай шалмасын.
Шулатпасын балаңды,
Қиратпасын қалаңды. 1060. Айдаһардай ысқырып,
Ен қалмақты тықсырып,
Отырған жері ой-шұқыр,
Көпшікті ері болмасын.
Басқан жері май шұқыр,
Үзеңгісі болмасын.
Үзеңгі майдай еріліп,
Ер келмесін тебініп,
Жалмауыздай емініп.
Бес өгіздің терісі 1070. Белдігі берен болмасын.
Құнан пілдің терісі
Белдегі садақ болмасын.
Басыңа күн тумасын,
Біз секілді бейбақты
Сабап қойға қумасын.
Байлаулы атың баптай көр,
Қылышың болса таптай көр,
Найзаң болса саптай көр.
Осы түсім жаман түс, 1080. Осы айтқаным келмесін.
Хансұлудың көргенін
Жаратқан жан көрмесін.
Сонда Құртқа сұлуың
Үйден шықты жүгіріп,
Отыра алмай кідіріп.
“Құдай маған берді ме екен,
Сұлтаным бүгін келді ме екен”.
Қалаға шықты өрмелеп,
Екі қолын сермелеп. 1090. Көзінің төгіп жасын-ай,
Қаланың шықты басына-ай.
Жасын тыйып алады,
Төңірекке көзін салады.
Көк бұлттың астында,
Ақ бұлттың үстінде
Құбылып ойнап келеді.
Тобылғы меңді тор атты
Сонда Құртқа көреді.
Қобыландының алдында 1100. Жай бұлты бар еді,
Қызыл мұнар жел болып,
Алдынан оның келеді.
Сонда Құртқа сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
– Айналайын, алғаным,
Келген екен қалаға,
Көрді ме екен анасын,
Емді ме екен мамасын.
Көрді ме екен енекем
1110. Туған жалғыз баласын.
Шығарып алып мен қойдан,
Мақпал мен парша піштірсем,
Тұсынан мейман түсірсем,
Сары аяқтан сапыртып,
Сары балды іштірсем.
“Ұлсыз, қызсыз өттім” деп,
Мен бейарман болмаймын
Жалғанша сенің жүзіңнен.
Келген екен ізімнен 1120. Қыдыр ата жар болып.
Қырық шілтен, қолдай көр,
Алдында туған аға жоқ,
Артында туған іні жоқ,
Есіркейтін пенде жоқ,
Өзінен туған бала жоқ,
Алладан басқа пана жоқ.
Жалғызымның жолына
Жанымды айттым құрбан-ды.
Құдай нашар қылғасын, 1130. Нешік айла етерге
Жолығып тұрмын бекерге.
Сонда Қобыланды жетеді,
Жеті қатар қазған ор
Ат қарғытып өтеді.
Жеті қатар жебесін
Атып талқан етеді.
Ойда жатқан төресін,
Төренің ұрды енесін.
Алты бірдей баласын 1140. Алты жерде шалады.
Жабағыдай көк саулық
Қырға қарай құлады.
Алшағырдай қалмақты
Ор қояндай өкіртіп,
Ордасында шалады,
Өлтіріп кегін алады.
“Қарындасым қайда?” деп,
Көп қалмақты аралап,
Бірнеше күн қарады. 1150. Кең тоғайдың ішіне
Көп жылқыға таман барады.
Тігулі тұрған жолым үй,
Жолым үйге қарай барады.
Тесігінен сығалап
Жолым үйдің ішін қарады.
Үйдің ішіндегі отырған құлдар: – Біздің қолымыз аяқты көтере алмайды, ауыр, – деп, Хансұлуға көтертіп қымыз ішіп отыр екен, сонда Хансұлу:
– Осылай ма еді бергенің,
Қорлық болды-ау көргенім,
Мұнан жақсы болар еді өлгенім, –
деп ойлап отырса, тесіктен сығалап тұрған Қобыландыға көзі түсіп кетіп, қымыз ішкізіп отырған құлдың басына зереңмен салып қалады, қымыз төгіліп қалады, құл жазғанның өзі аппақ қымыз болады.
Ұрғаннан соң Хансұлу, 1160. Үйден шығып жөнелді.
Сонда құлдар ақырды,
Хансұлуды шақырды:
– Қашпа, сорлы, сен, – деді,
Шығармаймын үйден мен, – деді.
Құтылармын дейсің бе,
Қашқанменен, сен, – деді,
Осылай деп құлдар сөйледі.
Үйден шығып алғасын,
Хансұлу қайтып келмеді.
1170. Жалғыз шыққан құлды қырады,
Құлдарды Құдай ұрады.
Отыз құлды қырғасын,
Үні шықпай үйде тұрады.
Сонда Қобыланға жақындап Хансұлу сөз сөйледі:
– Айналайын жан аға,
Келдің бе Алшағыр салған қалаға?
Жолықтың ба, ағеке,
Бес сарықтың соңында
Қаңғырып жүрген анаға?
Алшағырдың қасында 1180. Жеңешемді көрдің бе?
“Егізім менің қайда” деп,
Мені іздеп келдің бе?
Қабыл екен тілегім,
Жаңа кірді-ау реңім.
Шығып мүйіз басыма,
Жетіп көкке тіреуім.
Біздің көрген жәбірді
Мұсылманға бермесін,
Жаратқан ынсан көрмесін. 1190. Егер кетсең далаға,
Мені қоя көрме қалаға.
Бір шыбындай жаным болсын
Жолыңа, көке, садаға.
Алтын басым күң болды,
Менің теңім құл болды.
Кетіп өзің далаға,
Иесіз дүниең тұл болды.
Үйде тұрған он құлдың
Қатты қолын бу, – деді, 1200. Сабап, тіпті қу, – деді.
Қобыланды артық ер еді,
Атынан түсе қалады,
Үйге таман барады.
Құлдардың қолын буады,
Құлға бір мүшкіл туады.
Манағы тұрған Хансұлу
Құлдарды сабап қуады.
Кезекті дүние деген бұл
Қалаға жақын келгесін, 1210. Қалған құлды қырады.
Құлды қырып болғасын,
Манағы тұрған Хансұлу
Кідіріп сонда тұрады.
Сонда тұрып Қобыланды
Алдырады арбаны,
Жорға менен күймені,
Үстіне шатыр құрдырды.
Хансұлудай аруға
Кілең жібек кидірді. 1220. Алшағырдың қатынын
Қойға салды күңдікке,
Қызын салды долыққа,
Сүйтіп кегін алады.
Алғаннан соң қаласын,
Шулатқасын баласын,
Қалмақтың көрді шамасын.
Шешесіндей Ақару
Бұған да арба жектіріп,
“Жүрісі жайлы болсын” деп, 1230. Оған да жорға жектірді.
Ақ Құртқадай аруға
Бұған да жегіп арбаны,
Қатар жегіп жорғаны,
“Үшеуі қатар болсын” деп,
Үшеуіне де торқа кигізіп,
Түсі бірдей жорғаны
Үшеуіне жегіп парымен,
Бірнеше күн жол жүріп,
Баяғы Жирен көл еді, 1240. Сол көліне қайрылып
Қобыланды батыр келеді.
Сол көлге келіп жағалап,
Қонып қалды-ау шамалап.
Қалмақтың би мен бегі еді,
Қонып жатқан ел еді.
Бәрі бірдей артынан
Маңыраған қойдай өреді.
Қаңғырып қалмақ келеді,
Қобыландының шапқан жері осы еді. 1250. Жирен көлді мекендеп
Қашаннан жатқан ер еді.
Алшағырдың тұқымы
Ол мұсылманға бағынып,
Қара Қыпшақ болғасын,
Ноғайлы деген сол еді,
Ол ноғайлының елі еді.
Соныменен ара қыпшақ көбейіп,
Әбден біраз ел болды.
Сонда Қобылан бірнеше күн тұрғасын, 1260. Жирен көлге қонғасын,
Демін алып болғасын, Қобыланды қасындағы қырық жолдасын ертіп алып, жауға жүрмек болады. Сонда шешесі Ақару Алшағырдан көрген қорлығын Қобыландыға айтып сөйлей бастайды:
– Асыл туған сұлтаным,
Неше жыл болды мінгелі,
Шаршамай ма шапқан тұлпарың?
Беліңе буған көк берен
Сермесе кеспей қалмағын.
Білмеймісің, перзентім,
Алшағырдай қалмақтың
Қойын бағып зарлаған
1270. Біз секілді бейбақты?
Сүйтіп қалмақ қорлаған,
Кетіп есім мен деген,
Тек жаным тұр өлмеген.
Басқа біткен шашымыз
Бір күндерде қуарды.
Жасымыз жетіп меңдеген,
Тек жаным тұр өлмеген.
Кетпе, балам, сен, – деді,
Өз көзіңмен көр – деді. 1280. Қолыңнан қаз да, көм, – деді.
Ерік кетіп мен, – деді,
Дидарыңды бір көрмей,
Жау ішінде шөлдедім.
Жылай да енді жұбайым,
Жар болсын енді Құдайым.
Ана десең, перзентім,
Кетпе деп сенен сұраймын.
Жасым жетіп торықтым,
Ажал жақын секілді, 1290. Мен өлімнен қорықтым.
Енді кетсең далаға,
Үстімізге жау қонар.
Күн тумай біздей анаға,
Біз секілді ғаріпты,
Зарлатып, балам, бола ма?!
Бұрынғыдай, қарағым,
Жүретұғын дәрмен жоқ,
Сіз кеткесін далаға.
Енді бізде арман көп, – 1300. Деп кемпір жылай берді.
Сонда қарындасы Хансұлу
Жақын келді қасына-ай,
Көзінің төгіп жасын-ай:
– Айналайын, егізім,
Алтын еді лебізің.
Қыдырбай еді бабаңыз,
Сіз кеткесін далаға,
Қалған иесіз қойыңыз.
Атымыз әйел болғасын, 1310. Келсін неге шамамыз?!
Қалмақтың бақтық құлдарын,
Қиындықтың біз көрдік
Неше түрлі сұмдарын.
Өлтіріп кет, сіз, – деді,
Қалайық өліп біз, – деді.
Білесің бе, ағеке,
Жасы үлкен бабаңыз
Жеті жатта бұл қалды,
Келмеді-ау біздің шамамыз, 1320. Баруға барма шамаңыз?
Құдай бізге қылғасын,
Жылаудан басқа болмады
Ешбір біздің панамыз.
Сорлы болған бауырдың
Оңбайтын ісін біліңіз.
Қолына түссем кәпірдің
Қайғы түсер басыма.
Сіз бір қайтып келгенше,
Дидарласып көргенше, 1330. Өзің ойлап қарашы,
Не келер оның қолынан
Мынау тұрған анаңыз.
Сіз кеткесін далаға,
Көреміз ғой біздер де
Өктем-өктем сөздерді,
Сіз келгенше жолыңнан.
Сіз кеткесін далаға,
Жолығамыз ғой, ағеке,
Қара бауыр құлдарға. 1340. Сөз айтуға болмайды
Атаңа нәлет мұндарға.
Сол жауапты айтқанда,
Үйден шығып Ақ Құртқа,
Жақынырақ келеді,
Келе тұрып сөйлейді:
– Айналайын, алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Не түрлі көрдім азапты,
Сіз кеткесін далаға.
1350. Артыңызда күн туды
Қатын менен балаға.
Қалмақ қорлық бердірер
Ақ сүт берген анаңа.
Жақын жерде кәпір жоқ,
Тілімді алсаң, сұлтаным,
Бізді тастап кетпеші,
Қаншама жәбір біз көрдік.
Көрдіңіз ғой өзіңіз
Айырып алдың өзіңіз. 1360. Сіз болмағасын бұл жерде
Таянып қалып едік өлуге.
Ақ сүт берген анаңыз
Жәбір көрген бұл байғұс.
Жадыңызға алсаңыз,
Атаңыз жатып бұл қалды.
Өзіңіз кетіп қалғасын,
Бұл ордада кім қалды?!
Қалмақтың ісі осылай,
Бізге мұндай күн салды. 1370. Өлтіріп кет анаңды,
Тастап кетпе, сұлтаным,
Мұндай жиған қараңды.
Асылың артық ер, – деді,
Айттым сізге мен, – деді.
Жадыңызға саламын,
Тындасаңыз сіз, – деді.
Ақарудай бәйбіше
Келіп тұрды қасына-ай,
Көзінің төгіп жасын-ай: 1380. – Сағынып көрген тұяғым,
Кезенесің алысқа
Кетейін деп, шырағым.
Ақ Құртқа мен Хансұлу
Естисіз бе сіз сөзін.
Біздің көрген жәбірді
Көрмеп пе еді көзіңіз.
Енді сапар бұл шексең,
Тірі қоймас дүниеде,
Көміп кет енді өзіңіз. 1390. Енді кетсең далаға,
Өлтіріп кет, шырағым,
Біздей сорлы анаңды.
Өлмесем де өлгенім,
Өлім болды көргенім,
Енді айтып жауап болғаным.
Сонда тұрып Қобыланды
Қайрылып бір ауыз сөз сөйледі:
– Алыс емес, жақын жер
Менің жауға барғаным. 1400. Тек бұл емес қой менің
Талай жауды алғаным.
Атқа мініп алғасын,
Жарамайды, шешеке,
Менің түсіп қалғаным.
Қорлық бермейді біздерге,
Енді ешкім көзін сала алмас,
Енді, шеше, сізге де.
Тапсырамын Аққа мен, – деді,
Алпыс күнде келермін, 1410. Қайғы етпе, ана, сен, – деді.
Тірі болсам келермін
Екі ай жүріп мен, – деді.
Баратын жерім сұрасаң,
Қостөре деген ел, – деді.
Қобыланды батыр жөнеді,
Жолдасы жоқ дара еді,
Жалғыз кетіп барады.
Қасында сонда Қошабай
Жолдас болып ереді. 1420. Екеуі шығып жөнелді,
Қошабай мінген кер еді,
Қобыландыдан азырақ төмен ер еді,
Қорықпайтұғын неме еді.
Екеуі шығып алғасын,
Күні-түні жол жүрді,
Қисапсыз жолда мол жүрді.
Аяңдамай желеді,
Батырлар желіп жөнелді.
Қостөре деген қашаннан 1430. Қалмақтың мықты ханы еді,
Бекіп жатқан жан еді.
Көлденең жатқан тау еді,
Айналасын сұрасаң,
Өзі мықты жау еді.
Жан келмейтін жер еді,
Өзі де мықты ер еді.
Бір жаһаннан қорықпайтын
Асылы мықты неме еді.
Ноғайлы келе жатыр дегесін, Қостөре екі мың әскермен шығып жатқан екен қарауылға.
Көрінді жаудың қарасы, 1440. Ашылды жердің шамасы.
Қостөреге көрінді
Қобыланды мен Қошабай
Екеуінің қарасы.
Жүз кісі алып қасына,
Қостөре жүрді аралап,
Көрінген жауды болжалап.
Сонда жүз кісі ертіп қасына Қобыланды да келіп жетті. Сонда Қостөре Қобыландыға сөйлей бастады:
– Екі бірдей баласың,
Екеуің де қайда барасың?
Білмей ме екен адамзат
1450. Өзінің қайрат шамасын?!
Біз қалмақ деген ел едік,
Бөлек жатқан ер едік,
Жау көрмеген біз едік.
Айтыңыз ата-анаңыз,
Білейік енді шамаңыз.
Сонда Қобыланды сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Біз ноғайлы деген ел едік,
Тоқсан баулы ноғайлы 1460. Ежелден жатқан көп едік.
Ұзыннан жатқан өрен су
Жағалай қонған мол еді,
Көптігіміз сол еді.
Ноғайлының ішінде
Бөлек-бөлек санасы
Қара Қыпшақ деген ноғаймыз.
Қыдырбай еді атамыз,
Қобыланды мен Қошабай
Сонан туған баламыз. 1470. Іздегенім сұрасаң,
Қостөре қалмақ ер еді,
Бір мықты жер еді.
Мұсылманға кірсін деп,
Іздеп шықтым дініңіз.
Қайсысы жақсы бұл діннің,
Өзіңіз ойлап біліңіз.
Екі талай жер болса,
Жеңісуге қалайсыз?
Аз бен көпке қараман, 1480. Тәуекел етіп қаламыз.
Қостөре сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді;
– Ноғайлы деген, сен, – деді,
Жасқанатын емен мен, – деді.
Ондай көңілің бар болса,
Сынасалық, кел, – деді.
Сонда тұрып Қостөре
Атының басын бұрады,
Оңтайланып алады:
1490. – Енді кезек бер, – деп сұрады.
Қобыландыдай баланың
Білейін күш шамасын.
Сыйламай ма екен ер Қобылан
Жасы үлкен ағасын?!
Кезегімді, батыр, бер, – деді,
Қайратымды көр, – деді.
Сонда Қобылан сөйледі:
– Ата бер, қалмақ, сен, – деді,
Жасқанбаймын мен, – деді. 1500. Қайратың болса ете бер,
Аянбай, қалмақ, сен, – деді.
Сонда қалмақ долданды,
Қорамсаға қол салады,
Атайын деп оңдалды.
Қорамсадан оқ алды,
Төртеуін бірдей атады.
Қобыландыдай еріңнің
Үстінде бар да ақ сауыт,
Сыртында бар да шарайна, 1510. Басында бар да дулыға
Сыртында бар да қалқаны.
Қарсы тұрды қақшайып,
Жасқанатын ер ме еді.
Сонда қалмақ оқ атты,
Үшке дейін жалғастырып болатты.
Ол қалмақтың үстінде
Ақ сауыты жоқ екен,
Тек шарайна бар екен.
Сонда Қобыланды ойланды, 1520. Қорамсаға қол салды,
Көк жебені қолға алды.
Атайын деп Қобыланды,
Қостөреге көз салды.
Өзіне кезек бергесін,
Атуға кезек келгесін,
Қобыланды сонда
Қостөреге сөз айтты:
– Қостөредей хан, – деді,
Сөзіме құлақ сал, – деді. 1530. Анау тұрған жолдасың
Кейін қайтсын, бар, – деді.
Бар болса сенің қатының,
Балаң менен оларға
Сәлеміңді айт, – деді.
Өлмеймін деп ойлама,
Менімен тіпті ойнама.
Мынау тұрған сұр жебе
Атсам оқты қоймайды,
Өзі өтпей қоймайды. 1540. Сен секілді қалмақты
Өлтірмей, сірә, қоймайды.
Қалмақ кете қоймайды,
Айтқан тілін алмайды,
Кейін қайтып бармайды.
Сұр жебесін ер Қобылан
Сонда тұрып басады.
Шарайнаға қарамай,
Атқан оғы өтеді,
Қалмақтан өтіп кетеді. 1550. Қалмақтың басы бөлінді,
Өлгендігі қасындағы
Жүз кісіге көрінді.
Жүз кісіден он кісі
Кейін қарай қашады.
Сонда Қобылан ер тұрып,
“Қостөре хан өлді деп,
Келіп көрсін құл” – деді,
Енді болды жер, – деді.
Сонда жүз кісі қалмақты жасырды, 1560. Қошабай батыр ақырды:
– Келе бер, – деп, – қорықпасаң,
Айқайлап бәрін шақырды.
Қошабай мен ер Қобылан
Қалмаққа сонда шабады.
Ішіне таман барғасын,
Батырлар жұлқыс салады.
Қошабай мен Қобыланды
Қалмаққа салды ойынды.
Бұрынғы қашқан он кісі
1570. Қалмаққа берді хабарды.
Хабар алып көп қалмақ,
“Ерлердің басын кесіп алам” деп,
Жақындап жетіп қалады.
Қошабай мен Қобыланды
Бұларға жақын барады.
Өлгендердің көп аты
Жайылумен қалады.
Қалмаққа жақын барғанда,
Қошабай салды айқайды. 1580. “Алла” деп бір жапырды
Іркілмейді екі ер,
Көпке кіріп барады.
Батырлар жақсы ұрынды,
Қалмақтың бәрі қырылды.
Қырылған қалмақ үстінен
Жылқы шауып өтеді.
Қырылғансын барлығы,
Қалмақтың азы қашады.
Қашқандарын санаса, 1590. Қырық-елу шамасы.
Қалғанына қарамай,
Кеткеннің артынан
Қобыланды мен Қошабай
Тағы қуып барады.
Қазулы жатқан орлардан
Ат қарғытып өтеді.
Құрулы тұрған жебені
Басына шаншып кетеді.
Тоқтамайтын жер еді, 1600. Ондайды талай көрген ер еді.
Қалмақтың ішіне барғасын,
Қобылан мен Қошабай
Қаласын талқан етеді.
Қатын менен баланы
Қалаға жинап алады.
Сонда Қобыланды: – Қалмақтың қатын, баласына айтайын деген сөзім бар еді, – дейді:
– Айтайын деген сөзім бар,
Тыңдасаңыз сіз, – деді.
Мұсылман болсаң егерде,
Түк тимейміз біз, – деді.
1610. Сонда қатын, бала шулады,
Жамыраған қойдай маңырады:
– Дінге кірдік біз, – деді,
Тие көрме, сіз, – деді.
Есін білген баланы
Оқытармыз біз, – деді.
Сол қалмақтың ішінде
Әр тілді білетін бір шал бар еді.
Жасы жеткен жан еді,
Тоқсандағы шал еді.
1620. Қобыланды оны шақырып алып:
– Білесіңбе бұл дінді? – деп,
Ол қалмақтан сұрады.
Есігін ашып қалмақтың,
Қатыны мен баласы
Үйден шығып қашады,
Құтылам деп асады.
“Құтылып қашып кетер” деп,
Қошабайдай еріңіз
Есікті жауып қалады.
1630. Ішінде отырған қалмақты
Қобыланды шауып алады.
Тимейді қатын, баланы,
Қоймайды үлкен адамды.
Қобыланды мен Қошабай
Қаланың ішін шабады.
Қатын мен бала жазасыз,
Еркекке бүлік салады.
Екі күндей талқандап,
Қаланы қырып болады. 1640. Төңірегін қараса,
Қалың тоғай ну еді.
Қошабайдай еріңіз
Сыртқа шығып қарады.
“Бұл тоғайда қалмақ қалар” деп,
Шабуылдар салады.
Екі күндей шапқылап,
Тоғайды аралап қарады.
Онда адам жоқ дегесін,
Қобыланды оған бармаған.
Сонда тұрып шал айтты: – Тек менің көзім жазуды көрмейді. Онан басқа әр түрлі тілді де білемін, – деді. Сонда Қобыланды дінді айтып көрсетті де, енді діннен танба, – деді. – Егер бұл діннен тансаңдар, қайтып келіп біріңді қоймай қырамын, – деді. Қобыландының қалмақты қырып, қатын, баласын дінге кіргізіп, тимей кеткен жері осы еді. Қостөредегі байтақ ел осы еді. Қобыланды меп Қошабай елге келеді. Елге жақындағанда, Қошабай “шешемді қуантамын” деп ауылға шауып кетеді. 1650. Ат дүбірі шыққасын,
Үйден шықты жүгіріп,
Отыра алмай кідіріп.
Шыққасын көзі көреді
Қошабайдың келгенін,
Бәрі танып біледі.
Ақарудай бәйбіше
Ол да шықты үйінен,
Отыра алмай кідіріп.
Қошабай жалғыз келгесін, 1660. Ақылынан торықты,
Бәрі де шошып қорықты.
Сонда кемпірге Қошабайдың айтқаны:
– Асыл туған анамыз,
Ақылға кәміл данамыз.
Қостөреге барғамыз,
Қалмаққа ойын салғамыз.
Қалмақтың алдық қаласын,
Байқап көрдік шамасын.
Сау-саламат тұрсыз ба,
1670. Айналайын, анамыз?!
Келе жатыр Қобыланды,
Көзің салып қараңыз.
Ақарудай шешеміз,
Келе жатыр балаңыз.
Хансұлу, сіздің келеді
Бірге туған ағаңыз.
Келе жатыр, жеңеше,
Сіздің алған жарыңыз,
Түгелсіз бе, жеңеше, 1680. Аман түгел бәріңіз?!
Қошабай түсіп атын байлады,
Қобыланды келді торы атпен,
Балдағы алтын болатпен
Ол да жетіп келеді.
Қошабай мен Қобыланның
Соңғы алған жаудан жері еді,
Артық туған ер еді.
АСАНҚАЙҒЫ, ТОҒАН, АБАТ
Асан бұрын Асан мырза еді, өзі бай еді. Бір уақытта ноғайлы жиналып отырғанда, ноғайлының ішінен біреуі: – Бір дарияда адам көрмеген бір балық бар екен, – деді. Асан мырзаның бір досы бар екен, осы досын шақырып алып, соған жүрмек болды. Сол балықты көру үшін Асанқайғы жүріп кетеді. Сол балыққа барса, біреулер дарияға екі ау салып жатыр екен. Бір аудың балығын Асанға береміз деп айтқан еді. Ол аудан балық көп шықты. Бір перінің қызы бар екен, оның жеті ағасы бар еді. Сонда қыз тұрып жеті ағасына айтушы еді: – Аға, мені адам баласына қос, – деуші еді. Сонда ағалары сандық жасатып, оның сыртын күміспен қаптап дарияға салып жібереді. Ауды екінші рет салғанда, ауға сандық ілініп шығып еді. Сонда Асан көпке айтты: – Ал, жамағат, сендер не ішін, не сыртын алыңыз, – деді. Сонда жамағат тұрып: – Біз жарлымыз, көрініп тұрған күмісті аламыз, – деді. Асан мырза ішін алатын болды. Сандықты ашып жіберіп еді, ішіндегі шынайы сұлу қызды көрді. Асан балықты алмай, қызды алып кете берді. Келе жатқанда, қыз Асан мырзадан үш нәрсе сұрады: – Бірінші, жатқанда етімді сипама, – деді. Екінші, кетіп бара жатып, қайтып келіп үйді сығалама, үшіншіден айтты үш жылға дейін сөйлемеймін, соған дейін маған сөйлеме, бұл жағдайымды жанға айтпа, – деді. Сол уақытта халық көп келіп жиналды. Келсе аузы жоқ, тілі жоқ, сақау екен, мұны көріп Асанды келемештеді. “Асан мырза жұрттан қалған сақауды алып келіпті” деді. Сонан кейін Асан кейін ойлады, ойын бір кісіге айтты: – Осыны базарға апар, жақсыны-жаманды көріп сөйлер, – деп ойлады. Базарға апарып еді, онда да сөйлемеді. Сонан кейін тұз артқан түйеге мінгізіп жүргіз, түйеге екі саба қымыз арт, сорға барған соң, қымызды шешіп жібер, қымыз төгілгенде, “төгілді” деп айтар ма екен, – деді. Түйені сордың үстімен жүргізді, сосын қымызды шешіп жібергенде, төгілген қымызды көріп, қыз жерге түсіп, қымыздың аузын байлап, өзі сорды баспай жүріп кетті. Содан кейін Асан мырза да бір құрдасының аулына кетті. Сонда түскен соң, үйге келген соң, Асанның құрбысы тұрып, Асанға былай деді: – Әй, Асан, сен менің құрбымсың, сен құлағы жоқ саңырау, тілі жоқ сақауды алғаның не, сенің малың жетпей ме, тоқсан баулы ноғайдан тілі бар әйел ал, егер малың жетпесе, менің малымды қоса бер, – деді. Осы ноғай айтады: – Сенің құрдасың Асан ғой, сен де сақау, саңырау ал, – дейді. Сенің үшін мені қорлайды, – деді. Сонда Асан тұрып: – Үш жылда сөйлермін деп еді, сосын алып едім, – деді. Сонан кейін ауылға қайтып келсе, қатыны тыр жалаңаш ұшайын деп жатырған үстіне келеді.
– Әй, Асан мырза, мен сені ер деп етегіңнен, нар деп білегіңнен ұстап едім. Үш нәрсе тілеп едім, “бердім” деп едің, кәне, бергенің? – деді. – Қолтығымды сипама деп едім, оны істемедің, екіншіден, шығып кетіп жабықтан қарама дедім, оны да істемедің, қарап қойдың, үшіншіден, үш жылдан кейін сөйлеймін жанға айтпа деп едім, оны да айтып қойдың, мені мал дедің бе, базарға шығардың, қып-қызыл қаннан аппақ сүт шығатын еді, оны төктірдің, әйел баспайтын тұзды бастырдың. Тұз адамның тамағының дәмін келтіруші еді, оны лас еркек баспайтын еді. Енді мен саған жоқпын, сен маған жоқсың, – деп шаңырақтан шығып кетті. – Менде бес айлық балаң бар еді, оны Мысырға туып кетермін, содан аларсың, – деді. Содан кейін Асан қатынының күйігімен жеті жыл желмаямен жер қарап кетті. Содан Асан қайғылы болып жүріп, “Асанқайғы” атаныпты.
Сол жер қараумен жүріп Асан Нұрдың қарабайырын тапты. Асанның жалғыз баласы болды. Оның аты Абат болады. Бір күндерде Әділ Жәнібек хан Аштарханды салдырып, қалың ноғайды шақырып той қылып, Асан қайғылы болды деген соң, Асанды шақырды. Асан оған бармады, сонан соң бала піштіріп той қылды, соған шақырып еді, Асанқайғы оған барды. Сонда Әділ Жәнібек хан Асанқайғыдан сұрады: – Мен Аштарханды салдырып той қылдым, онда келмедің, бір кішкене баланың терісін кестіріп той қылдым, онда келдің, соның себебі не деді? – Сонда Асан айтады:
– Аштарханды салдырдың, бармадым, оның себебі – оның мехнатын кім көрсе, рахатын сол көреді деп еді, қалаңды құлға салдырдың, күндердің күнінде қалаңды кәпір алады, – деді.
– Әй, Асаным, Асаным,
Құстың ханы қу еді.
Құстың құлы Құладын,
Оған қуды алдырдым.
Қайратымның көбінен
Мұсылман дінге көндіріп,
Құлға қала салдырдым, –
деді Жәнібек.
Сонда Асанқайғы сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді: 10. – Құлға қала салдырсаң,
Күндердің күні болғанда,
Қалаңды салған құл алар.
Құс төресі қу еді,
Құладын оның құлы еді.
Күндердің күні болғанда,
Басыңды сенің құл алар, – деді.
Сонда Жәнібек: – Осы ноғай ішінде кім би? – деді. Сонда Асан өзінің жалғыз баласын: – Біздің Абат би, – деді.
– Кім ер? – деді Жәнібек. – Біздің Абатжан ер, – деді Асан. – Кім мерген, атқыш? – деді. – Біздің Абатжан мерген, – деді. Жәнібек ойлады: “Әй, боқ сақал-ай, осының жалғыз баласынан басқа ноғай тумаған екен ғой” деп.
Әділ Жәнібектің бір қаршығасы бар еді, оны бір жабайы қаршыға аң алдырмай қуып келіп тығады екен. Әділ Жәнібек: – Әй, Абат, сен мерген болсаң, сол жабайы құсты атып бер, – деді. Абат пен Әділ Жәнібек аңға шықты. Құсын аңға салып еді, жабайы құс тағы да қуып келді. Абат мұны атып қалып еді, жабайы құстың құйрығын айырып кетіп өзіне тимеді. Сонда Жәнібек: – Абатым, мерген емес екенсің ғой, – деді. Абат: – Жоқ, мен мергенмін, аршыл құс болса, дақ салдым, енді келмес, – деді. Арсыз құс болса, келер онда ат деген жеріңнен атамын, – деді. Бұл сөзден Жәнібек жеңілді. Сонан соң Абат елге кеткен соң, Әділ Жәнібек хан сол ноғайдағы ермін деп жүрген кісінің бәрін шақырып алды, соның ішінде Абат та келді. Ерлер тегіс жиналған кезде Жәнібек айтты: – Менің ала алмай тұрған жерім бар, соны алып келсеңіз, – деді. Сонда еш жан “бас болып барамын” деп айтпады. Сонан соң Абат тұра келіп сөйледі.
Сөйлегенде бүй, – деді:
Әй, ханымыз, ханымыз,
Халық билеген жанымыз.
20. Рұқсат болса сіздерден,
Алармыз қалмақ қаласын,
Көрерміз құлдың шамасын.
Қасыма менің беріңіз
Қырымның байтақ ерлерін.
Сонда Әділ Жәнібек: – Айт, кімді аласың? – деді.
– Бізге берсең жарайды
Артық туған Тоғанды.
Айсаның ұлы Ахмет,
Батыр Алау, ер Әмет,
Қарғабойлы, Қазтуған
30. Әруақты ер еді.
Бұлттай желге өрлеген,
Адырнасын қолға алып,
Жарағын жауға сермеген.
Атағаны Абаттың –
Өңкей асыл ер еді.
Шынтасұлы Төрехан,
Ақжонасұлы Ер Кеңес,
Және берсең Тарғынды,
Бірінен-бірі кем емес. 40. Екпінді ерлер қарқынды
Ердің осы басы еді.
Тұтасымен қырықтың
Болады берсең, – деп еді.
Абат мерген бас болып,
Қасында бар қырық жігіт
Шығып елден жөнеді.
Алыс емес арасы,
Тек екі айлық жол еді.
Есен қазақ түлейі 50. Түбі тайыз су еді.
“Қалмақтың жері – бұл ел” деп,
Елден шыға қырық батыр
Сонда кетіп барады.
Түлкі жүрмес түлейден
Түнде жүріп өтеді.
Қарсақ жүрмес қалыңнан
Қақа жарып өтеді.
Сайланған өңкей батырлар
Жеңіз берен ол киді. 60. Қолына ұстап найзасын,
Ат құйрығын шарт түйді,
Беренді беліне нық байлап.
Бір мезгілде күн батты,
Күн артынан таң атты.
Жортып сонда желеді,
Қақпай кірпік біреуі.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Әлі жортып келеді.
Қаратүлей қамыстың 70. Ішіне сонда енеді.
Қақа жарып қамысты,
Ат тұяғы жанышты.
Қасындағы көлшікке
Суарып атын алады.
Азғана жел қақтырып,
Тағы да мініп алады.
Жортуылмен қырық батыр
Әлі кетіп барады.
Есен қазақ түлейге 80. Тағы да еніп қалады.
Бір мезгілде ерлер тұрады
Бірімен-бірі кеңесіп.
Қай жағынан жаудың тиюді
Ерлер сонда қарады.
Аттанған қолды көргенде,
Қашты қалмақ қалаға.
Сонда ерлеріне Абат сөйледі:
– Әй, ерлерім, ерлерім,
Артық туған беглерім, 90. Қалмақ алды хабарды,
Мықтап белді буалық.
Діні жаман кәпірге
Қылыш шауып, қан төгіп,
Соғысты үлкен қылалық.
Ұсташы қолға найзаңды,
Діні бұзық кәпірге
Тастамашы айлаңды.
Сонда ерлер үш бөлініп жүреді,
Бірінші қолды бастаған – 100. Асанның ұлы Ер Абат.
Екінші қолды бастаған –
Айсаның ұлы Ахмет.
Үшінші қолды бастаған –
Қайтпас батыр ер Тоған.
Қойшы менен түйеші,
Жылқышы мен бадашы
Ханыңа барды шұбырып,
Қалмақ иттің баласы.
– Әй, ханымыз, ханымыз,
110. Кеудедегі жанымыз
Еліңе келді көп әскер
Өңкей сауыт киінген,
Астына мінген бедеуі,
Батырлар өңкей жиылған.
Қашып саған келдік біз,
Еліңе халқың жинашы.
Сол бір келген ерлерден
Артық туған сен болсаң,
Халықты алып сен қалшы. 120. Елге келіп тиген соң,
Жау екенін бұл білді.
Сонда ханың қаттанып,
Жеңіз берен бұл киді.
Кілең темір киініп,
Қасына алып ол жүрді
Туған екі баласын.
Қасына алып жүз батыр
Қаланың шықты шетіне.
Сол уақыт болғанда, 130. Ноғай да келді қарысып,
Бұлар да алып көк берен,
Келді қарсы екі қол.
Үсті-үстіне жиылды,
Батырларға да болды жол.
Сонда шығып келеді,
“Жекпе-жек” деп келеді.
“Келді менің тұсым” деп,
Қасындағы ерге қарамай,
Шыға Абат жөнеді. 140. Сонда қарсы келеді,
Қарсы келіп тұрғанда,
Қалмақтың ханы сөйледі,
Сөйлегенде бүй, – деді:
– Әй, ноғайсың, ноғайсың,
Ақ найзаңды шүйіріп,
Кімге, залым, қарайсың?
Көк беренің қолыңда,
Жалғызыңнан жабысқыр,
Соғысуға қалайсың? 150. Шытырайып қарайсың,
Шытырайып қарасаң,
Көзіңді сенің оярмын,
Қаныңды ұрттап тоярмын,
Кесіп басыңды жоярмын.
Менің тегім сұрасаң,
Қалмақ деген ел едім,
Ішіндегі қайтпас ер едім.
Сен қасымда қой болсаң,
Мен бір арлан бөрі едім. 160. Қасымдағы тоқты-торымды
Ауызға салып жер едім.
Бұл сөзді естіп Ер Абат
Қаһарланып сөйледі,
Сөйлегенде бүй, – деді:
– Мен ноғайдың ері едім,
Ноғайлы бай ел еді.
Қасымда бар қырық батыр
Әрқайсысы мың кісі,
Қырық мың кісі қол жатыр.
170. Әй, ақылсыз, сен, қалмақ,
Кішкене ғана шыдасаң,
Шекеңе тиер қол тоқпақ.
Қалмақ қылды қаһарды,
Сонда тұрып ұмтылды.
Бір-біріне қарсы шабысты,
Найзаласып қағысты,
Қылышпенен шабады.
Абат батыр ол тұрып
Сонда шапты қылышпен, 180. Онда да қылыш өтпеді.
Аттан түсе қалысты,
Жағаласты салысты.
Ақырында не керек,
Жан шығуға дейін барысты.
Қарт бурадай қамданып,
Сонда найза салады.
Һауазымдай хандардың
Құрыды сонда сілесі.
Шаршағаннан ханыңның 190. Бүгіледі сонда тізесі.
Қалмақты жығып алады
Асанның ұлы Ер Абат.
Һауазымдай қалмақтың
Сонда бітті мүдәсі.
Һауазым хан өлген соң,
Шықты сонда баласы.
Қайратына қарашы,
Абаттайын батырға
Қарсы шапты қасқарып. 200. “Атамның кегін алам” деп,
Келіп қалып сонда алысты.
Сүйдегенше болмай-ақ
Ханға тиген ақ найза
Баласына ханның шанышты.
Ақ сауыттан өтпеді,
Сонда қалмақ жапырды.
Ноғайлының батырлар
Қасарысқан ер сабаз
Олар да сонда айқайлап, 210. Қалмақ, ноғай арасы
Қызыл ала қан болып,
Біріне-бірі шабысты.
Қалмақ пенен ерлердің
Арасы қызыл қан болды,
Көрмегенге таң болды,
Тақа қалың шаң болды.
Бір шетінен тиді Ер Абат,
Бір шетінен Ер Тоған.
Бір шетінен ол тиді 220. Айсаның ұлы Ахмет.
Ерлер келді қалмақты
Қорлаған қойдай қып
Қамап алды қат-қабат.
Ақ берені жарқылдап,
Суырды алмас қолына,
Кәпірдің түсті соңына.
Абат пенен Тоғанның
Жұлдызы шыққан оңына.
Жиналған ердің екпіні 230. Қалмақтайын залым кәпірге
Берді ерлер тепкіні,
Шапты ерлер ту байлап.
Найзалары қолында,
Ерліктің жүрген соңында.
Батырлар ерік бермеді,
Жиналды қалмақ баласы,
Тұс-тұсынан қылыш сермеді.
Кетерін білмей ол қайда,
Біріне-бірі тығылып, 240. Қалмақты сонда кернеді.
Қысылып сонда сасады,
Ортада қалған кәуірдің
Сұсы жаман қашады.
Сыртына кеткен қалмақтың
Айсаның ұлы Ахмет
Жібермей сырттан тосады.
Оны қоймай қырады,
Қаланың ішін қандатып,
Шарбақтарын шаңдатып, 250. Жамыратқан қойдай маңыратып,
Би мен төре, бектерің
Өңменінен кірген найзаға
Жанын оның қорлатып.
Талай қалмақ сандалды,
Ен далада қаңғырып,
Кетті ханның баласы.
Екі бірдей баланың
Атының жүйрік болғаны,
Жете алмай қалды қарашы! 260. Сол екеудің артынан
Ерлер мініп Телкүрең,
Асанның ұлы Ер Абат,
Айсаның ұлы Ахмет,
Батыр туған Ер Тоған,
Шынтасұлы Төрехан –
Төрт ер кетті қат-қабат.
Белес-белес бел өтті,
Арада неше тау өтті.
Абаттың мінген Күреңше 270. Аспанға қарғып ойнады.
Қолында бар ақ найза,
Қолға ұстаған ақ найза,
Болады жанға ол пайда.
Сонда бір таудан өтіпті,
Екі бірдей жас бала
Үш күндік жерге жетіпті.
Ат құйрығын сабылтып,
Қара терге малынтып,
Аюдайын ақырған, 280. Қалмақтар оған бас ұрған.
Кеткен асып баланың
Артынан келді төрт батыр.
Шықты алдынан Ер Абат
Найза ұшына ту байлап.
Онан соң жүріп келеді
Айсаның ұлы Ахмет.
Онан жүріп Ер Тоған,
Ең артында келеді.
Ақ найзасын өңгерген, 290. Айыбы жас демесең,
Азын көпке теңгерген
Шынтасұлы Төрехан.
Алдындағы баланың
Сонда тұрып үлкені
Артына бір қарады.
Сонда үлкені інісіне сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Әй, қанатым, қанатым,
Қолыма ұстар болатым, 300. Артымыздан жау жетті ғой,
Дәрмен бізден кетті ғой.
Арыстандай ақырған
Қалмақ деген халқыма
Иесі еді аңқыған.
Ноғайлының ерлері
Әкеңізді өлтірді.
Және қуып келгені
Біздердің де артымнан.
Ұшы болат ақ найза 310. Оны бір қолға алалық.
Қорамсаны қолға алып,
Соғысамын деген ноғайға
Жақын біз де баралық.
Аш арыстанша алысып,
Ноғайменен қаралық.
Ерлер келді қасына,
Келді екен деп оларды
Алмады баллар есіне.
Әуелінде қашса да, 320. Аз екенін көрген соң,
Шошынып тізгін жимады.
Екі бір жас баланың
Қорықпасын көрген соң,
Абат сонда долданды,
Беренге батыр сыймады.
Ақ сүңгісін қолға алып,
Сол балаға баруға,
Барып кегін алуға
Кетті сонда Ер Абат. 330. Қарт арыстандай қасқарып,
Келіп Абат сөйледі,
Сонда да тізгін жимады.
– Әй, сен қалмақ, сен қалмақ,
Кегім бар сенде аламсақ.
Әкеңді сенің өлтіріп,
Қалмақ, алдым қалаңды.
Кетіп қайда барасың,
Тарттырармын сазаңды.
Қорықпаймын деп ойлайсың,
340. Білмейсің, бала, шамаңды!
Сонда бала сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Келдің жетіп сен, – деді,
Ызғарыңды бетке шашсаң да,
Ауызыңды ашсаң да,
Қорықпаймын мен, – деді.
Жекпе-жекке келсең сен,
Алысам десең, кел, – деді.
Батырлар жауға жасанды,
350. Ақ найзаны қолға алып,
Ат үстінде найза салысты.
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,
Ерлердің жүрек қабынды-ай.
Қызған сайын ерлердің
Маңдайдан тері ол ағып,
Иленді ерлер сабындай.
Бір уақыт болғанда
Асанның ұлы Ер Абат 360. Ақ беренмен шабады.
Қоса тұрып тағы да
Жағаға қолды салады,
Оны жұлып алады.
Шапқан оның қылышы
Тарылтты қалмақ тынысын.
Ағасы оның өлген соң,
Кішісі сонда шабады.
Қарт қояндай қасқарып,
Қарсы келіп қалады. 370. Ханға тиген ақ сүңгі
Оған да Абат салады.
Тілге келмей ол дағы
Тезірек өліп қалады.
Ағасы мен інісін
Абаттың өзі алады.
Салдырлаған көк темір,
Артындағы тұлпары
Адыра ессіз қалады.
Асқар таудай жүрегі 380. Ағалы-інілі екеудің
Бітті тезден ажалы.
Қарға менен сауысқан
Еттерін жеп тауысқан.
Абат пенен ер Тоған
Жетекке алып аттарды
Қалмақтың еліне жөнеді.
Жортып қатты жолдарда
Ерлеріне келеді.
Қалмақтың елін алыпты, 390. Қалған анау батырлар
Айдап жолға салыпты.
Жесір менен жетімін
Алып кетіп барады.
Баяғы өткен жерлермен
Өтіп кетіп барады.
Баяғы өткен көлшіктен
Ат суарып алады.
Үш айлар өткенде
Жесір-жебір шулатып, 400. Еліне қайтып келеді.
Елге жуық келгенде,
Ілгері озды хабарға.
Елге жақын баруға
Абат пенен ер Тоған,
Айсаның ұлы Ахмет –
Үшеуі кетті ілгері.
Жәнібек Әділ хандарға
Келіп хабар береді.
“Жесір-жебір келді деп, 410. Есесін тап енді” деп,
Тобын жазбай үшеуі,
Оған хабар берген соң,
Еліне қайтып келеді.
Асанқайғы қартына
Иіліп сәлем береді.
Сонда Асан сөйледі:
– Аман-есен келдің бе,
Құлыным, жалғыз сен, – деді.
Және де аман келді ме
420. Қасыңдағы құрбы-құрдасың?
Есен-аман сен барып,
Қалмақтарды алдың ба,
Құлаттың ба ордасын?
Қалмақтың жерін босатып,
Айдап алып келдің бе
Жетім-жесір баласын?
Талқандадың ба қаласын,
Көрдің бе һауазымның,
Балам, оның шамасын.
Сол өзі ел-жұртымен амандасып, арада екі ай өткенде, хан тағында отырып, бір нәрсе ойлады: “Бұл Абат шыдамды деп еді, осыны тағы да бір сынайын” деді. Бір күні Абат түннен тұрып, жылқыға кетті. Әйелі үйінде жылы төсекте жатыр еді. Хан елең-алаңнан бір тісінен басқа ақ жері жоқ құлды жіберді: – Сен соның әйелі төсектен тұрмай барып, қойнына құшақтап кіріп жатып ал. Егер қызғаншақ болса, іші тар болса, сені келіп ұрар, ұрса да тұрма, – деді. Сонда құл келіп Абаттың әйелін құшақтап жатады. Күн түс болады соған дейін екеуі тұрмайды. Бір мезгілде Абат үйіне келсе, әйел мен құл екеуі құшақтасып жатыр екен. Абат жайменен келіп, әйелінің қолын еркектің мойнынан алып, еркектің қолын әйелдің белінен алып тастап, өзі жылқысына кете береді. Сонан кейін құл тұрып үйіне кетеді. Онан кейін Абат әйеліне еш нәрсе айтпайды. Сонан кейін Абатты Жәнібек шақырады. Шақырғанын біліп Асанқайғы баласына сөйледі: 430. – Әй, Ер Абат, Ер Абат,
Сөзімді тыңда, сен Абат.
Тілегіңді айт десе,
Шаттың бойын сұрашы
Бақашығы білектей,
Баттауығы жүректей,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Баттауықты шалғынға
Шөккен түйе таптырмас, 440. Балығы жылқы жаптырмас
Балдырғанды көл еді.
Көлгірсіген құба дөң
Талайдан қалған жер еді.
Бір жағын оның сұрасаң,
Түйе мен қойға жай.
Бір жағы оның тағы да
Жылқы, сиыр малға жай еді.
Аяғын оның сұрасаң,
Ноғайлының жиналған 450. Ашы менен арығы,
Пақыры мен мүскіні.
Аштарына балық бар еді,
Ол да соған жай еді.
Жәнібекке барсаң сен,
Сұрашы, балам, сол жерді.
Берсе егер ол жерді,
Шыңғырлаудан кетерміз,
Шатқа таман жетерміз.
Қасыңдағы ноғайдың 460. Егер болса ...............
Ноғайды ертіп барып біз,
Атын бөлек етерміз. –
деп баласы Абатқа айтты. Сонан соң Абат жалғыз өзі ханға барды.
Сонда ханың сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Әй, Ер Абат, Ер Абат,
Әкең мерген деген соң,
Оны да мен сынадым.
Екінші рет келгенде,
Ерлігіңді сынадым.
470. Қалмақтың алдың қаласын,
Билігіңді сынадым.
Жиылып тұрған ерлерге
Ашып жауап бастадың.
Кеңдігіңді де сынасам,
Құлды алған қойнына
Қатыныңның қолдарын
Құлдан алып тастадың,
Батыр, саған бастадым.
Сонда Абат сөйледі, 480. Сөйлегенде бүй деді:
– Әй, Ханымыз, ханымыз,
Артық туған ханымыз.
Ноғайлы халықтың ішінде
Болдық ханым барымыз.
Тілегімді тілесем,
Шаттың бойын беріңіз.
Сонда хан сөйледі:
– Әй, Ер Абат, Ер Абат,
Үйіңдегі боқсақал 490. Айтты саған ол қалай?
Тіле дедім, мен бердім.
Бердім енді ала бер,
Мекенденіп бар да көр.
Сонда Абат тілегін алған соң, еліне келіп түсті. Сонда елінің жақсы ақсақалдары жиналып келді. Сонда ауылдың бір кісісі тұрып айтты:
– Әй, Абатым, Абатым,
Ұстаған қолға болатым,
Ханға барып не алдың?
Абат сонда оларға
Тұра келіп бүй деді:
– Жасы үлкен ағалар,
500. Туған бұрын бабалар,
Болып қабыл тілегім,
Шаттың бойын мен алдым.
Аяғында көп балық бар,
Бара берсең сол жерге
Бізге таби11 халық бар.
Сонда Асанқайғы сөйледі:
– Жиналған көп халықтар,
Ноғайлының аш-арық,
Сол бір жақсы қонысқа
510. Адам менен айуанға
Жем болады тегіс-ті,
Жері жақсы келіс-ті.
Аты оның болсын Жем,
Аяғын оның сұрасаң,
Толып жатқан балық-ты.
Сол балықты алған соң,
Жарлысы байға теңеліп,
Байдан болмас ол да кем.
Ақсақалдар тұрады, 520. Үйлеріне барады.
Әйеліне олар келіп,
“Үй жық” деп айғай салады.
Олар сөйтіп айғайлап жатқанда, Асанқайғы айтады: – Бүгін еру болып, ертең таң ата көшерміз, – дейді.
Бір мезгілде күн батты,
Шолпан туа олар да
Үйдің бәрін босатты,
Ағарып сонда таң атты.
Үйді сонда жығады,
Өгізге жегіп арбасын,
Мәстекке жегіп шанасын,
530. Малдарына жүкті салған соң,
Ноғайлының аш-арық
Шатқа кетіп барады.
Асанқайғы, Ер Абат
Сол ноғайды бастап жөнеді.
Ондаған малы, барлығы,
Қозыларын маңыратып,
Айдап сонда келеді.
Сол көшумен арада
Екі-үш күн жол жүреді. 540. Аман-есен ол барып,
Жемге сонда қоныпты.
Асан менен Абаттың
Айласымен аш-арық
Қалпына келіп тоғайып,
Сонда бай ел болыпты.
Сорлысы байға теңеліп,
Тұрақтап Жемде қоныпты.
Алдында Шат болса да,
Асанқайғы қонған соң, 550. Оның аты Жем болыпты.
Пайдасы оның көп болып,
Талай ноғай қоныпты.
Тоған мен Абаттың Тулақ ханға баруы.
Арада бір-екі жыл өткеннен кейін, Тоған батыр ойланып отырып ой ойлайды: “Осы қалмақ елімді шауып еді, жол болса соған Абатты ертіп барып кеткен кегімді алайын”. Сонан соң Абатқа барып отырып, Асанқайғы қартқа сөйледі:
– Әй, ағамыз, ағамыз,
Болдың бізге панамыз.
Ноғайдың жетім-жесірін
Қойдай айдап сен бақтың.
Аш-арық болған ноғайға
Пана болып оларға,
Тамақ беріп, жем таптың.
560. Мен бір қиял ойладым
Сол қиялға жетуге.
Мен бір жауға кеткенде,
Қаланың келіп шетіне
Қалмақ шіркін тиіпті,
Олжаны оңай бөліпті.
Жетім-жесір ол алып,
Еліне қарай кетіпті.
Сол тұрған қалмаққа
Барсам мен деп ойлаймын. 570. Сол қалмаққа мен барсам,
Қалмақтан барып кек алсам,
Жалғыз жауға баруға
Келмеді оның ыңғайы.
Абаттайын балаңды
Қасыма қоссаң деп едім.
Сонда Асан қайғы баласы Абатқа сөйледі:
– Әй, Абатжан, Абатжан,
Ноғайлының ері еді,
Келіп тұр саған ағаңыз,
Жаулы жерде қалаңыз,
580. Ағаң алсын кектерін.
Жібермесін дұшпанға
Айла істеп бөрілер,
Ағаңа болып жолдас-ты.
Сол бір жауға барасың,
Атаңның тілін аласың,
Сөзіме құлақ саласың.
Сөзіме құлақ салмасаң,
Құрттың атаң шарасын.
Жібермей кекті дұшпанға, 590. Ағаңмен барып аласың.
Егер жауды алмасаң,
Не болғаның, Абатым,
Ол Аллаңнан көресің.
Сонда Абат сөйледі:
– Айналайын, жан баба,
Қаһарланған дұшпанға
Қаһарын оның сен бастың.
Айла менен білгірлік
Бәрін жұмсап халқыңа,
600. Өз халқыңнан сен астың.
Бар десең мен барайын,
Ағамменен қосылып
Ерегескен дұшпанға
Соғыс салып қарайын.
Алыс сапар шегіп жол,
Әуелі халқым, екінші
Ата менен ана үшін
Дұшпанға бермей кегімді,
Төгілмес беттен ар үшін, 610. Қатын мен бала үшін,
Жерге тамар қан үшін,
Желге кетер мал үшін,
Әуелі Алла, екінші
Пірлеріме сиынып,
Бекініп белді буайын.
Қалмақтың жерін басайын
Ағамменен қосылып.
Кім үшін тудым әуелден,
Ерегескен дұшпанға 620. Халқымды мен бермейін.
Ортасына халқымның
Шыбын жанды салайын.
Сол сөзді айтып Ер Абат,
Бадана көзді берік сауыт
Дәуіт соққан смауыт
Баса үстіне киеді.
Беренін белге байлады,
Басына киіп дулыға,
Алыс жолға жүруге 630. Берендіктеп, белдіктеп,
Шұғаменен терліктеп,
Жемге байлап үш-төрт күн
Көк тұлпарды қояды.
Үш-төрт күні өткенде,
Барамын, аға, мен, – деді.
Атың болса бапташы,
Найзаң болса сапташы,
Қылышыңды бапташы,
Барармын, аға, мен, – деді.
Сонан соң Тоған батыр еліне қайтып келіп, үш-төрт біткен күні Абат әкесіне келіп сөйледі: 640. – Әй, жан атам, жан атам,
Мен де сізден туған балапан.
Балапан ұшар қияға,
Атасы бар деп бұйырса,
Баласы бармай бола ма?!
Ата, келдім өзіңе,
Алыс жолға кетуге,
Қалмақ елге жетуге
Сұрай келдім ақ батаңыз,
Алыс жолға кетеміз. 650. Қош көргенше дүниеде,
Жақсы болғай күніміз.
Алла нәсіп айдаса,
Қайтып бір күн қалармыз.
Көлгірсіген жерлерді,
Ұзыннан жатқан көлдерді
Бір күн келіп көрерміз.
Атасы бастасын береді:
– Қолыңды жай, Абатжан,
Берейін бата мен, – деді. 660. Ұлсыздарға ұл берген,
Қызсыздарға қыз берген,
Жалынып тілек еткенде,
Болдыртқан қабыл тілегің
Алланың шері арышлан
Баба Түкті Шашты Әзіз
Қолтығыңнан демесін!
Қызыр ата, қырық шілтен,
Қыдыр менен Ілияс –
Олар да болсын жолдасың! 670. Қысылған тайғақ тар жерде
Қолтығыңнан жебесін,
Қолыңнан ұстап демесін!
Сонда Абат желеді,
Тоғанға қарай жөнеді.
Тоғанның аулына келіп, Тоғанмен екеуі үш айлық жолға шығып кетеді.
Ерлер сонда желеді,
Астына мінген тұлпары
Елден шығып кеткен соң,
Арада неше күн жүріп,
Бірнеше асты төбеден,
680. Бір неше асты өзеннен,
Бірнеше асты дөңдерден.
Және кетіп барады
Белес-белес белдерден.
Және өтіп барады
Бетегелі боз бұйрат
Шөбі қалың жерлерден.
Және өтіп жөнеді
Мұнарланған биік таулардан.
Екі батыр жапанда 690. Қорықпай кетіп барады
Аю, қабылан аңдардан.
Далада жан көрмеді,
Сергелдең жортқан ерлерге
Ешбір жан оған келмеді.
Бір мезгілде күн батты,
Ай қараңғы, күн бұлт,
Кімнен олар қорқады?!
Түн қараңғы болса да,
Түн ұйқысын төрт бөліп, 700. Ерлер жортып барады.
Қараңғы түннің ішінде
Батырлар жортып отырып,
Белес-белес бел де өтті.
Бір мезгілде таң атты,
Биік шыңға кеп жетті.
Сол мезгілдің өзінен
Ауылдан ерлер шыққалы
Екі ай жарым боп өтті.
Биік шыңға кеп батырлар 710. Төменгі жаққа көз салды,
Сонда жерді көреді.
Жайылған шыңның астында
Қораланған қой менен
Үйір-үйір көрді жылқыны.
Ел екенін біледі,
Қамашауда отырған
Көп екенін біледі.
Жолын қарап батырлар
Шың жағалап жүреді. 720. Бір жерлерге келгенде,
Жалғыз аяқ шаппа жол
Батырларға болды кез.
Қиыншылық туады,
Тәуекелге бел байлап,
Құйысқанын аттың қысқартып,
Тартпасын да бек тартып,
Ерегеспен сол жолдан
Батырлар енді құлады.
Етегіне түскенше, 730. Күн де түске толады.
Ат тұяғы қағылып,
Ерлерге қиын болады.
Ат тұяғын көрген соң,
Ерлерге қиын іс туды.
Абат, Тоған сүйтіп тұрғанда, қасындағы сайдан бір кісі шыға келіп еді, көкпеңбек темір кигенді көргенде, шошып жығылып қалып, тағы түрегеліп Абат пен Тоғанға қарай жүре бастады. Келіп сөйледі:
– Қайдан жүрген жансыңдар,
Ала темір киінген?
Ақ найзаны қолға алып,
Басыңда бар көк темір
Лашын құстай шүйілген.
740. Құламаушы еді жан бұл таудан,
Сендерді көрдім құлаған,
Қай халық болдың, сен? – деді.
Аты-жөніңді білдірші,
Білейін оны мен, –деді.
Біз бір қалмақ ел, – деді,
Бұрын мұндай көрмеген
Қорқып тұрмын мен, – деді.
Ханыма хабар салайын,
Сол ханыма барайын, – 750. Деп бір кісі сөйледі.
Сонда тұрып Ер Абат
Оған қарап бүй деді:
– Біз ноғайдың ері едік,
Ноғай деген ел едік.
Іздеп біздің келген жер –
Хан Тулақтың қаласы.
Хан Тулаққа хабар бер,
Қалмақ болсаң сен кіші.
Кісісін тездеп жинасын,
760. Соғысамын мен, – деді.
Ноғайдан олжа алғандай,
Еліне бүлік салғандай
Не жазығы бар еді?!
Біз де келдік оны іздеп
Шабарға оның қаласын,
Шулатуға баласын.
Үш күн мезгіл беремін,
Қапыда Тулақ қалмасын.
Жинасын елде ол барын, 770. Ол үшеуден ол қалса,
Өлтіремін ұлдарын.
Қатын етіп алармын
Өзінің туған қыздарын.
Шамасын білмей ұрынып,
Алып және кетіпті
Балдырған елдің ұлдарын.
Кездесіп еді ол Тулақ
Білсін неме қылармын.
Қалмақтың Тулақ ханның ордасына келіп айтқаны:
– Әй, ханымыз, ханымыз,
Кеудеде бар жанымыз. 780. Келдім көріп бір жанды
Үстіне темір киінген.
Қолына ұстап ақ найза,
Найзасына сүйенген.
Қасында тағы біреу бар,
О да темір киінген.
Оны да байқап қарасам,
Ер қаруы бес қару,
Киген сондай бұйымнан.
Екеуінің де қасында 790. Көк тұлпар тұр ойнаған,
Көзі оттай жайнаған.
Айналайын, ханымыз,
Найзаң болса саптай бер,
Қылышың болса топтай көр.
Ұшқыр қара тұлпарың
Келтіріп күйге баптай көр.
Халқың қалсаң айырып
Осы жаудан сен, – деді,
Ендігісін өзің біл, 800. Болдым айтып мен, – деді.
Сол секілді ханыңыз
Ешбір айла таппады,
Сен бір айла тап, – деді.
Тағы да сонда ойлады:
“Шаршап келген жан шығар,
Қайраты қанша болса да,
Қайраты оның болар аз”.
Сонда Тоған Абатқа сөйледі:
– Әй, Абатым, Абатым,
Жау да келіп таянды, 810. Таянбаса не қалды?
Қайрат болса, Абатым,
Көрсетелік ол жауға.
Қаршыға едік қу алған,
Келіп шаршап алыстан
Қайратың сенің қайтты ма?
Денеде қайрат бар болса,
Қыбырлашы, қанатым.
Қолымызға ұсталық
Ақ сап болат найзаңды, 820. Тастама тауға айлаңды.
Екі батыр тұрады,
Қолына алып найзасын,
Атына енді мінеді.
Әуелі Алла, екінші
Бабадан жәрдем тіледі.
Шаршаған екен көк тұлпар,
Тұқайы оның кетіпті.
Сыныпты үлкен тұқайы,
Жүрмей қалды жануар. 830. Сонда тұрып қалмағың
Халқынан алды жүз кісі.
Сонда тұрып хандары
Үстіне киіп алады
Сауыты жоқ болған соң,
Қой жүні қызыл шекпенін.
Белге ілді садағын,
Беліне алды қылышын,
Қолға алды найзасын,
Құртуға жаудың айласын. 840. Тарылтуға және де
Аттанған ердің тынысын.
Көзімен ерлер көреді,
Көп екенін біледі.
Сонда тұрып ер Тоған
Жау қарасын көрген соң,
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды,
Жау да сонда таянды.
Атына жалынып айтқаны: 850. – Әй, жануар, жануар,
Адым аяқ баса көр,
Адымыңды аша көр,
Үстіңдегі иең де
Жабығып кеп тұрғанда,
Оған да сен жәрдем бер! –
Деп тұрғанда жанындағы
Жақын қасқа келеді.
Көк темірді киінген
Өңкей ерді көреді. 860. Тулақтайын ханыңыз
Жақын қосқа келіп,
Келіп сөйлей береді:
– Ай, адамзат, адамзат,
Қайсы болдың сен халық?
Үстіңе кидің көк сауыт,
Қолыңа алған ақ найза,
Қарыңа ілдің садағың.
Халқыңнан асқан ермісің,
Ілгері басқан қадамың?
870. Үстіңе киген ақ сауыт
Ер болсаң да алармын.
Қалбыр темір болса да,
Қой жүні киген шекпеннен
Ол бір сауыт кем, – деді.
Сонда Тоған сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Менің тегім сұрасаң,
Ноғай деген ел едік,
Ел ішінде ер едік.
880. Менің атым – Ер Тоған,
Қасымда менің Абатым,
Өзімнің құйрық-қанатым.
Шапса кеспей қалмаған
Ұстаған қолға болатым.
Қияда жүріп шарлаған
Ақсұңқар құс секілді
Қанатын жайып қомдаған.
Қосылып жүрсек екеуміз,
Талай қалмақ сорлаған. 890. Қаһарланып ұмтылсақ,
Қар аралас жаңбыр бораған.
Темір де болса Тоғанның
Үстіне киген ақ сауыт
Одан найза өтпеді.
Ат үстінде ерлердің
Ақберені жарқылдап,
Сонда ерлер шабысты,
Айла жасап қағысты.
Оған да қалмақ көнбеді, 900. Аттан түсті батырлар,
Белдерінен алысты,
Жағаласты салысты.
Тоғанда алмас бар еді,
Сол алмасты алады.
Жағаласып жүргенде,
Алмаспен жарып қалады.
Жауын сонда мұқатып,
Көңлі ердің тынады.
Қалмақ шіркін өлген соң, 910. Сонда қалмақ жапырды.
Сонда қалмақ сөйледі:
– Әй, ноғайсың, ноғайсың,
Жалғызыңнан жабысқыр,
Ажырайып қарайсың,
Жекпе-жекке соғысып,
Алысуға қалайсың?
Сонда тұрып Ер Тоған,
“Кезегім менің келді” деп,
Тулаққа қарай жөнелді.
920. Қолына алып найзасын,
Тулақ та қарсы келеді.
Сонда салды соғысты,
Жекпе-жекке тоғысты.
Ақ найзасы жарқылдап
Тулақ пенен Ер Тоған
Біріне-бірі салады.
Тулақтайын залымның
Шекпенінен найза өтпеді,
Денесіне жетпеді, 930. Одан әрі кетпеді.
Оларға Абат ақырды,
Тоған мінді ол атқа,
Жетті сонда мұратқа.
Сонда қылыш бермеді.
Ат тұяғы тақылдап,
Қарсыласып кернеді.
Алты күн салды соғысты,
Абат пенен Ер Тоған
Сонда кезек бермеді. 940. Жүз кісідей қалмақтың
Сексені бірден өледі.
Қалғаны да қашады,
Жалғыз қуып барады
Артық туған ер Тоған.
Абаттайын батырға
Үш жерден найза салыпты.
Барлығы да аяқтан,
Қоршауыл тұр басқа жер
Шарайна мен сауытпен, 950. Найзаны салсын қай жақтан?!
Қаны ағып тыйылды,
Түрегеліп атына
Болды бару қиын-ды.
Сол өжеттікпен, ерлікпен
Барып атқа мінеді.
Найзасын ұстап қолына,
Ер Тоғанның соңынан
Бұл да қалмай ереді.
Қашып кеткен қалмақтың 960. Со соғыста ер Тоған
Талайын сүйреп жіберді.
Артқа қашқан қалмақты
Абат ер де түйрепті,
Омыртқасын күйретті,
Қабырғасын қақыратты.
Қолына алып садағын,
Қарсы келген қалмақтың
Кеудесінен неше атты.
Иесінен айырып, 970. Талай атты ойнатты.
Абат пенен Ер Тоған
Қалаға келді сиынып,
Жалмауыздай тебініп,
Қаладан шығып жөнеді.
Шығатұғын жолы жоқ,
Манағы шыңға келеді,
Шыға алмасын біледі.
Арада бірнеше күн жол жүріп, сонан шыққан соң, еліне келеді.
ҚАРҒАБОЙЛЫ, ҚАЗТУҒАН
Тоқсан баулы ноғайлар
Мәслихат төбе басында
Жиылып кеңес құрады,
Темірдің төмен қасында.
Жем өзенінің жағасы
Мекен еткен қаласы.
Он сегіз күн кеңесті
Ноғайдың сонда баласы.
Асанқайғы, Ер Тоған
Сыр дариясын жағалап,
10. Нұрдың Қарабайыры
Солай асып жөнелді.
Қарғабойлы, Қазтуған
“Шам шәһаріне кетем, деп,
Мұнда тұрып нетем” деп,
Қарт Әділ Жәнібек
Қалған жері осы еді.
Асанқайғы көшкен жер
Шыңғырлау, Торыат басы еді.
Қыземшекті Саршоқы 20. Осы судың қасы еді.
Асанқайғы, Тоғанның
Бөлінген жері осы еді.
Қарғабойлы, Қазтуған
Мәслихаттан бөлінді.
Қойға қошқар салмады,
Сиырға бұқа салмады,
Түйеге бура салмады,
Жылқыға айғыр салмады,
Еркекке әйел қоспады, 30. Адамды байтақ ұстады.
Тұзсыз тамақ бергеннен
Еркегі де, әйелі де
Қайратынан айырылып,
Бойдақ болды бәрі де.
Қарғабойлы, Қазтуған
Шұбырып асып жөнелді,
“Шам шәһаріне жетем, – деп, –
Ұшқияннай кетем” деп,
Оқ, Балқанға жетем” деп. 40. Оқ, Балқанға барғансын,
Ағып жатқан дария су
Қазтуған малын суарды.
Алдыңғысы қана-ды,
Кейінгі суы лай болып,
Түйесі қанбай қалады.
Шөлдегенсін жануар,
Боздап, аңырап қашады.
Ботасын тастап Бозмая,
Баяғы кеткен жеріне 50. Жемге қарап жөнелді.
Мал суарып тұрған ер
Сонда көзі көреді.
Артынан қуып Қазтуған
“Қайырам” деп жөнелді.
Әрі-бері қуса да,
Қуғанына қарамай,
Мая да үркіп жөнелді.
Шабуыл салды “жетем деп,
Қайырып келмей не етем” деп. 60. Ботасы қалды ауылда
Бозмаяның боздаған.
Тұра қашып анасы
Қайырмақ болды Қазтуған.
“Алдынан орай шығам” деп,
Қазтуған да келеді.
Көре сала жануар
Құлаштап мая желеді.
Ақбөкендей орғытып,
Маяға жақын төнеді. 70. Қазтуған қуып жете алмай,
Маяны қиып кете алмай,
Дағдарысқан жер еді.
Сарсаңның шеті сабылған
Бір жұмаға толады.
Адамның қарасы көрінсе,
Бозмая қаша береді.
Тайғанамай тау-тастан,
Кідірмей аса береді.
Маяға жетпей Қазтуған, 80. Ашуланып, ақырып,
Тұлпарын басқа тебеді.
Қазтуғанның ұлы жоқ,
Жалғыз қызы бар еді.
Жасы он бесте болса да,
Ақылы зерек дана еді.
Далаға кеткен әкесі
Келмегесін торығып,
Шешесіне сөйледі:
– Айналайын, анамыз,
90. Мен едім жалғыз балаңыз.
Алла нашар қылғасын,
Келеді неге шамамыз?!
Бір тайлақтың артынан
Қуып, іздеп кетті бабамыз.
Жамандатқыр Бозмая
Кеткен шығар еліне,
Шалқып жатқан көліне,
Өзінің туған жеріне,
Оған нешік етеміз?! 100. Мұнда қалды баласы,
Жеріне кетті-ау шамасы.
Қырдан ішер суы жоқ,
Қурап жатқан дөң еді,
Өзі бір алыс жер еді.
Не шара бар Құдайға,
Атам өліп қалған-ды.
Ноғайға хабар салайын,
Қарғабойлы батырға
Мұнымды айтып қарайын. 110. Сонда тұрып шешесі
Қызына жауап айтады:
– Айналайын, қарағым,
Еркек тусаң не етерге!
Құдай нашар қылғасын,
Жолықтым ғой бетерге 4.
Жөн таппайсың, перзентім,
Артынан іздеп кетерге.
Қасыңа ерсе бір ноғай,
Болар еді-ау сол қалай?!
120. Ақ сақалды жан ертсең,
Талайды көрген шал ертсең,
Қиынды қиып шығатын
Ақ сақалды, сары тісті
Ақылгөй туған кәрі ертсең,
Барар едің сен, – деді,
Не дейін саған мен? – деді.
Он беске келген қарағым,
Кім ерер сенің қасыңа?
Ағайын-туған аз еді-ау, 130. Сөзіме менің жасыма,
Ұзақ жолдың бейнеті
Береді қорлық басыңа.
Көп ішіне барғанда,
Көздің жасын көп төгіп,
Ал, перзентім, жасыма!
Қарғабойлы ағаңа
Барып жауап айт, – деді.
Тыңдар болса сөзіңді,
Елер болса өзіңді, 140. Жолдас қосар қасыңа.
Егер тіліңді алмаса,
Сөзіңе құлақ салмаса,
Қайтарсың, балам, асыға.
Сонда қызы ойлады
Қарғабойлыға баруға.
Қарғабойдың алдына
Өзінің ойын салуға,
Барып ойын айтуға.
Қарғабойдың алдына 150. Арызын айтты атаға,
Қасына жолдас алуға.
Жолдас алса жолданып,
Әкесін іздеп баруға.
Қарғабойдан қаймықпай,
Қыз да кіріп келеді,
Кіре сөйлей береді:
– Асыл, артық ер, – деді,
Бір тілегім бер, – деді.
Рұқсат етсең айтайын,
160. Сөзімді тыңдап көр, – деді.
Ақылға кәміл данамыз,
Сізге ақыл саламыз.
Сегіз күн болды кеткелі
Бір тайлақтың соңынан
Қазтуған сынды бабамыз.
Жолдас берсеңіз жөн білер,
Соңынан іздеп барамыз.
Жалғыз өзім баруға
Бұрын шығып көргем жоқ. 170. Қасыма ертіп алуға
Аға-іні менде жоқ.
Төрт жағы бірдей құбыла
Бұл дүниеде пенде жоқ.
Құдай нашар қылғасын,
Болдым енді мен ғаріп.
Іздеп жөнін таба алмай,
Алдыңа келдім зарланып.
Берсеңіз басшы, сіз, – деді,
Әкеміздің жолында 180. Өлуге тұрмыз біз, – деді.
Қарғабойлы сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ноғайлының бастысы
Жиналып бері кел, – деді.
Айтатұғын сөзім бар,
Жалпы, тыңдап көр, – деді.
Шақырғасын келеді
Ел жиналып ордаға.
– Естіңдерші, ел-жұртым,
190. Менің айтқан сөзімді.
Жүректі шалды бір түтін,
Тұман қаптап көзімді.
Қанатым сынып түскендей
Қайғы басты өзімді.
Қатарласым Қазтуған,
Қатардан асып наз туған,
Уландырды сезімді.
Он алты күн болыпты
Қазтуған ер кеткелі. 200. Жеріне қашқан тайлақтың
Соңынан қуып жетпеді.
“Әкем менің қайда? деп,
Болар ма оған айла?” деп,
Мынау тұрған жас бала,
Баршаңыз, бұған тез қара!
Басшы болып жүретін
Көп ноғайда бар ма екен
Бұған жолдас еретін?
Өзімен туған баланың 210. Онға жасы келіп тұр.
Асық атып далада
Балалармен ойнап жүр.
Киетұғын киім бар,
Мінетұғын ат та бар,
Алсаңыз қару зат та бар.
Тілімді алсаң, ноғайлы,
Жерің келді аттанар.
Пәленше бар деп айтуға
Еркін тілім келмейді. 220. Өзім іздеп кетер ем,
Иесіз қалар ел, – деді.
Жеріне кетті-ау ол тайлақ
Мұнда қалды баласы.
Күндердің күні болғанда,
Дұшпанның қанар табасы.
Айтып болдым сіздерге,
Енді жауап беріңіз.
Мынау тұрған балаға
Жолдас боп бірің еріңіз. 230. “Бармаймыз” деп ноғайлы
Бәрі кейін шалқайды.
Ермейтінін еркімен
Қарғабой да байқады.
Қарс жауып қабағын,
Қызға қарап сөйледі:
– Бектен туған баласың,
Жапа-жалғыз қаңғырып,
Жарқыным, қайда барасың?
Алыс жолға жүрмедің,
240. Жақсы-жаман көрмедің.
Бірлігі кеткен ноғайлы,
Қасына бірің ермедің.
Енді кімді жұмсайын,
Айтшы өзің, шырағым.
Өзім-ақ іздеп кетер ем,
Асынып жаудың құралын.
Қалған елде қамқор жоқ,
Оған не амал қыламын?!
Елді иесіз тастасам, 250. Қаптап келіп қалмақтар
Білемін елді қырарын.
Ел үшін туған ер еді
Қазтуған да қайтпайтын.
Тірі болса келеді,
Ар-намысын сатпайтын.
Ашуы қатты долы еді
Егескен жауын таптайтын.
Бойында қайрат көп еді
Ерлігін елдің сақтайтын. 260. Тілімді алсаң, жарқыным,
Әуре болма бекерге,
Көштен қалмай жүре бер,
Қазтуған қайтпай кетер ме?!
Қазақтың ұлы Қазтуған
Бір оралмай еліне,
Тайлақты қуып кетер ме?!
Әлі де болса күтейік,
Тіріден үміт етейік.
Тілімді алсаң, қой, балам, 270. Қонатын жерге жетейік.
Қызара түсіп қыз сонда,
Сөз сөйледі безеніп:
– Іздемей енді нетейін,
Белімді будым кезеніп,
Жолында өліп кетейін.
Бір шыбындай жанымды
Атама құрбан етейін.
Кез келгенде кекетіп,
Ноғайлы көзімді оймай ма?
280. “Қаңғырып кеткен әкең” деп,
Бетіме таңба қоймай ма?
Туламай жаным төзер ме,
Шыдамаймын ондайға.
Түзеп ұшқан ақсұңқар
Оралып қайта қонбай ма?
Тірі келсе Қазтуған,
“Шыныменен елім” деп,
Ноғайлыны қорғай ма?
Өлсе өлігін табайын, 290. Өлмесе хабар алайын.
Талабымнан көрейін
Жазылғанын маңдайға.
Өзім қайтып келгенше
Отырады анамыз.
Көрмесең ауыр, ағажан,
Сырттан қорып қараңыз.
Тапсырдым Аққа мен, – деді,
Сау-саламат болыңыз,
Байтақ жатқан ел, – деді. 300. Сонда тұрып Қарғабойлы
Ноғайға жауап қайырды:
– Ноғайлының баласы,
Ар емес пе елдікке,
Өздерің ойлап қарашы,
Қалған алыс жер, – деді.
Бір ай болды көшкелі,
Шамасы қандай байқаңыз,
Енді ноғай сен, – деді.
Балдырғандай жас бала
310. Көзіне тұр жас ала.
Тілімді алсаң, жігіттер,
Бір-екеуің ер, – деді.
Жалынып қанша айтса да,
Ерем деуші болмады.
Қарғабойдың сөзі еді
Сөйлеп бір өткен сондағы:
– Ерейін, балам, қасыңа,
Жалғызбын деп жасыма.
Қазтуғанды ел жоқтар,
320. Күн туғанда басына.
Жалпақ елден жан шықпайды,
Азғын ел деген осы ма?
Қазтуған қайда дегенде,
Не дер екен ноғайлы
Дұшпан менен досына.
Атымды әкеп байлаңдар,
Жау-жарағым сайлаңдар.
Қазтуғанға қанат пен құйрық
Кеттім іздеп ерімді, 330. Қамыңды өлмес ойлаңдар!
Сонда қыз тұрып сөйледі:
– Айналайын, жан аға!
Сөзіме құлақ сал, аға!
Елді есіз қалдырма,
Тілімді менің ал, аға!
Екеуің бірдей жоқ болсаң,
Жау созар қолын жағаға.
Иесіз елді жау шапса,
Қаларсыңдар табаға.
340. Мен үшін, сіз, қайғырма,
Тәуекел деп барайын,
Өлсем жаным садаға, –
Деп асылзат тіледі.
Қарғабойлы тұра келді,
Қолын жайып “Құдай” деп,
Ақ батасын береді.
Батасын алып жас бала,
Үйіне қарай жөнеді.
Алдынан шығып анасы 350. Істің жөнін сұрады,
Баласы баян қылады.
“Жалғыз қайтып барасың” –
Деп анасы жылады.
– Жылама, анам, сен, – деді,
Сапарға шығам мен, – деді.
Ақ сүтіңе разы бол,
Болмайды сөзің ем, – деді.
Үш күннен кейін, анашым,
Мінемін атқа мен, – деді. 360. Жол-жарағын сайлағын,
Беліңді бекем байлағын.
Бола бермес өлгенше
Өне бойы ойдағың.
Әкемді тауып әкелсем,
Соңынан ертіп тайлағын.
Сүтіңді ақтап, анашым,
Болармын сонда майлығың.
Күреңдейін тұлпарды
Жетегіме алайын. 370. Жүрісі тыныш жануар
Жал-құйрығын тарайын.
Шұбырған елдің ізімен
Қамшыны баса шабайын.
Төңірекке жер жазық
Көз жанарын қадайын.
Көп мағына аз сөзден
Кешікпей енді барайын.
Сонда шешесі мұңайды,
Мұңайып тұрып жылайды: 380. – Кім көреді жасымды-ай,
Ермек едің, қарағым,
Сен тұрғанда қасымда-ай.
Алғаным кетіп қалғасын,
Болып едім арманды-ай.
Екеуіңнен айырылып,
Қалдым тағы сор маңдай.
Шыдасын ба бейшара
Ішінен шыққан балаға.
Кетемін деп тұрғасын, 390. Еш қайрылмай анаға.
Қалмақ пенен бұл ындыс –
Екеуі де жаман ел.
Сапарыңда кез болса,
Неғыласың, балам, сен?
Алысып әлің жете ме,
“Жүзден жүйрік,
Мыңнан тұлпар” деген бар.
Күрең тұлпар болса да,
Онан құтылып кете ме? 400. Ортаға түссе, басыңды
Тостағандай қылады.
Қоя ма қалмақ өлтіріп,
Тәніңді жерге тығады.
Дүниеге көзің салғайсың,
Алыстан қара көрінсе,
Тасаланып қалғайсың.
Абайсызда қалмақтың
Түсіп қалма қолына.
Кез қыла көрме бір Құдай 410. Залымдардың торына.
Осынша байтақ елдерден
Ермеді бір жан соңыңа.
Арам қатқыр Бозмая
Бітті менің сорыма.
Құдайға айттым бозқасқа,
Қарағым, сенің жолыңа.
Бұл ордада зарланып
Қалып барам мен, – деді.
Қозғалмаймын, құлыным, 420. Келгеніңше сен, – деді.
Тірі қайтар күн болса,
Осы орынға кел, – деді.
Сонда қызы сөйледі:
– Алла оңғарса сапарды,
Әкемді алып келемін.
Ақ жүзіңді, анашым,
Осы арадан көремін.
Қарсы алдыңнан жау келсе,
Қара бұлттай төнемін. 430. Қолдаса әруақ қолтықтап,
Алдырмаймын, жеңемін.
Қос қанатты тұлпардың
Шабысына сенемін.
Сонда кемпір үйінен
Маймаңдай басып шығады,
Желбегей салып желеңін,
Қызына қарап тұрады.
Жайдақ мініп тұлпарға,
Қолына найза алады. 440. “Найзаға ерлік етем деп
Ерлік етпей не етем” деп,
Шапшаңдығым білінсін,
Сынасын көріп шешем” деп,
Шешесіне бұрылып,
“Қолыңа, – ал деп, – құмалақ.
Найзамен түйреп көрейін”,
Түскенше жерге домалап.
Шешесі құмалақ алады,
Лақтырып жерге қалады. 450. Кетіп жатыр құмалақ
Алды-алдына домалап.
Ыңғайланып қыз дағы
Тұлпарға қамшы салады,
Жерді басып тұрмады,
Орындай мылтық зырлады.
Еңкейіп найза салады.
Түскенше жерге құмалақ
Біреулеп шаншып алады.
Ат зырылдап өткенше, 460. Он-он бесін еңкейіп
Құмалақтың алады.
Шапшаңдығы кемпірге
Баланың сонда ұнады.
Азық-түлік бұл алып,
Арқан менен қауға алып,
Қолына ұшты найза алып,
Әкесінің киген шарайна
Үстіне киіп алады.
Үйде қалған қорамсақ 470. Ерге іліп алады.
Еркектің киіп киімін,
Өн бойына қарады.
Төбеге түйіп тұлымын,
Қынына қанжар салады.
Ат қасына барды да,
Шешесіне қарады.
Шешесі сонда мұңайып,
Өксіп-өксіп жылайды,
Жыламай көңілі тынбайды. 480. Ордасы иесіз қалғасын,
Қамықпай кемпір неғылсын?!
– Қарадан туған жан едің,
Айырдан туған нар едің.
Қарағым, жалғыз бала едің,
Кетемін дедің далаға,
Келгеніңше кімдер бар,
Күндер өтер арада.
Бұршақ салып мойныма,
Үш айналып болайын,
490. Қарғам, сенен садаға.
Қыз да болсаң тұяғым,
Қош-аман бол, шырағым,
Жар болсын Жаппар Құдайым!
Төбенің түспен басынан,
Келгеніңше қасыма.
Мал қанар деп ойлаймын
Көзден аққан жасыма.
Ризамын мен, – деді,
Тапсырдым Аққа сені, – деді. 500. Көргенше күн жақсы, – деп,
Қызының қолын ұстады,
Тезірек бар, сен, – деді, –
Кешегі шұбырған елдің соңынан.
Сонда қызы сөйледі:
– Қош-аман бол, – деді,
Тапсырдым Хаққа мен, – деді.
Әкемді барып көргенше,
Қайта айналып келгенше,
Не көрсең де көн, – деді.
510. Қылатын Аққа айла жоқ,
Мендей болып қаңғырған
Адам баласы қайда жоқ.
Көлденең шыңды жағалап,
Жүре берді баяғы
Кеткен ізді шамалап.
Түсіп ізге жүреді
Сонда қызың жағалап.
Күні-түні жүргесін,
Құба дөңге бұл жетті, 520. Сай саладан көп өтті.
Шұбырған елдің ізімен
Дөң үстіне келгесін,
Жан-жаққа көзін салады.
Бұлдыраған қараны
Алыстан көзі шалады.
Екеуден басқа қара жоқ,
Ашылды екеуінің арасы,
Біреуі бұған қарай жүрді шамасы.
Қасқайып келеді біреуі, 530. Сонда қызың кідіріп,
Атынан түспей қалады,
Күреңге мініп алады.
Жеке келді біреуі,
Көзін салып қараса,
Секілді бөтен реңі.
Қыздың келіп қасын-ай,
Сөйлей берді осылай:
– Жапанда жүрген ер, – деді,
Кім боласың сен? – деді. 540. Кім де болсаң, жарқыным,
Жауапты тез бер, – деді.
Мен қалмақ деген ел, – деді,
Қарғабойлы, Қазтуған
Екеуі басты дегесін,
Шабайын деп аттанған
Біз бір әскер қол, – деді.
Қарауыл едім мен – деді,
Айтшы, кім боласың, сен? – деді.
Сонда тұрып қызыңыз 550. Қалмаққа қарсы сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Мен ноғайлы деген ел, – деді,
Асылымды сұрама,
Емеспін болат құрама,
Қазтуған батыр мен, – деді.
Шамаң келсе, хабарла,
Аяма, қалмақ, сен, – деді.
Қарауылда жүр едім,
Артымда әскер мол еді.
560. Үш мың кісі әскермен
Қарғабойлы батырың
Ол да осында келеді.
Құмар болсаң, сен қалмақ,
Жақынырақ кел, – деді.
Беремін хабар десеңіз,
Жинап кел әскер, сен – деді.
Сонда тұрып қалмағың
Бір ауыз сөз сөйледі:
– Қапы болып қалмайық,
570. Алды-артымызды андайық.
Ноғайға хабар сен салып,
Қалмаққа хабар мен салып,
Екі жақтың әскерін
Бәрін бірге жинайық,
Қаруды мықты сайлайық.
Сонда қалмақ торығып,
Ұрысуға қорқып,
Дем ала алмай зорығып,
Қайтайын кейін мен, – деді. 580. Сонда қызың қарады,
“Кідіре тұр, қалмақ” деп.
Тастай беріп Торы атты,
Қалмаққа жақын барады.
Көлденең найза қолға алып,
Түсіруге қозғалып,
“Әскерге хабар салсын” деп,
Құр кетпесін бұл заңғар
Жаралы болып барсын” деп,
Ұмтылып еді мынау қыз, 590. Шауып қалмақ қашады,
Түсі кетіп сасады.
Қалмақтың істеп пайдасын,
Өлмейтұғын жерлерге
Қыз да сұқты найзасын.
– Бері кел, қалмақ, сен, – деді,
Қазтуған батыр мен, – деді.
Шақырмаймын әскерді,
Тап осы жерге кел, – деді.
Қайта барды қалмақтар,
600. Әр жерінен қан ағып.
Басылып тіске бармақтар,
Жалтақтайды қаранып.
Бір төбенің басында
Тұрып қалып қызыңыз,
Екі атты бердей байлады.
Айыл-тұрманын бекітіп,
Ұрысуға сайлады.
Мың кісімен ол қалмақ
Төбенің шықты басына. 610. Келейін деген ойы бар
Бұл баланың қасына.
Қалмақ хабар береді:
– Екі мың кісі әскермен
Қазтуған ерге жолықтым.
Ұрысып едім мен, – деді,
Оған шамам келмеді.
Жаралы болып жау жақтан,
Келгенім мынау жалбақтап.
Жіберді мені олжа ғып,
620. Әр жерімнен қан ақты,
Найзаменен шабақтап.
Астында бар-ды Күреңі,
Тайсалатын ер емес,
Таймайды ешбір жарағы.
Осы отырған қалмақты
Жеңе ме деп мен қорқам,
Талайының жетіп ажалы.
Қалмақ байтақ ел еді,
Онан бері жақындап 630. Жуықтау жерге келеді.
Мұны көрген батыр қыз
Астына менген Күреңнің
Жал-құйрығын өреді,
Жау қарасын көреді.
Көлденеңнен Күреңмен
Қиғаштай басып желеді,
Жауға қарап жүреді.
Алдынан шығып бұ қыздың
Бір қалмақ жақын келеді. 640. Қалмақ жақын келгенде,
Күреңнің басын тартады.
Тұра қалып қалмақтан
“Не сөзің бар?” деп сұрады.
Қалмақ сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Мен қалмақтың бегі едім,
Асыл туған ер едім.
Ноғайлыдан ер көрсем,
Алармын басын деп едім.
650. Қарғабойлы, Қазтуған
Бөлінген екен ноғайдан
Кетемін, – деп, – Шамдарға.
Шығып едім мен іздеп,
Жолықсам, – деп, – заңғарға.
Соның үшін келемін,
Қараны көрсем желемін.
Анық хабар аларға
Қарымыңды сұраймын,
Қай халықсың сен? – деді. 660. Қыз тұрып сонда сөйледі:
– Қарымымды сұрасаң,
Ноғайлы деген ел, – деді.
Сол ноғайдың ішінде
Өз атымды сұрасаң,
Қазтуған батыр мен, – деді.
Тұрамыз ба бөгеліп,
Соғысалық кел, – деді.
Шыққан болсаң жекпе-жек,
Кезегімді бер, – деді.
670. Қазтуған соны айтқанда,
Қалмағың кейін шегінді.
Жасқанғанын білгесін,
Қызың сонда тебінді,
Оңдады жауға найзасын.
Енді қызың ойлады
Өз жанының пайдасын.
Сонда артына қалмақ қарады,
Кейіндеп жылжып барады.
Артындағылар шақырды, 680. “Кел жылдам!” деп ақырды.
Сонда тұрып қызыңыз
Салады қамшы Күреңге,
Арышлан, жәрдем бер, – деді,
Жалғыз едім мен, – деді.
Қасиетті ер болсаң,
Әскер болып көрінші
Бұл қалмаққа сен, – деді.
Қалмаққа қол салысты,
Үш күндей ер соғысты, 690. Қалмақпен қатты тоғысты.
Қалмақ кетті қыруға,
Мұрсат бар ма тұруға?
Мүмкіндігі болмады
Аттың басын бұруға.
Астындағы Күреңі
Тер шыққан сайын өрледі.
Омырауынан аққан тер
Жаңбырдай болды тамшылап.
Арандай аузын ашады, 700. Құлаштап аяғын басады.
Аяқтан шыққан топырақ
Құйындай болып шашады.
Атты кісі қалмақтың
Талайын жерге басады,
Үстінен қарғып асады.
Қолында бар-ды найзасы,
Найзасы қылған айласы.
Неше күндей қалмақпен
Салады сонда соғысты, 710. Ен майданда тоғысты.
Кірді ердің реңі,
Қалмақтың бітті сүреңі.
Жалғыз-жалғыз ыдырап,
Алды-алдына бытырап,
Сүмеңдеп кетіп барады.
Күні-түні алты күн
Үлкен соғыс салады.
Қалмақ жаман қашқасын,
Қолы қосылып сасқасын, 720. Ердің пысы басқан соң,
Бір мың кісі қалмақтың
Жарма-жары өледі.
Құтылды-ау тек үш жүзі,
Жеті жүзі жоқ болып,
Сол сапарда қалғаны.
Тастай беріп қалмақты,
Қайта шапты атына.
Байлап қойған жануар
Кете алсын ба далаға, 730. Кісінейді қараға.
Түсе қалып Күреңнен,
Торыға ерді салады.
Атпен шауып жүрсе де,
Қыз да шаршап қалады.
Атқа мініп алғасын,
Торы ат қатты ырғытты,
Қамшы басып сырғытты.
Қамшы етіне тигенсін,
Торы жорға жаман зырлады 740. Сарыжанның оғындай.
Күні-түні сабалап,
Торы ат жүрді жобалап.
Елдің жолы соқпақтай,
Табаны жерге тиеді
Торы жорға атының
Құлаштап ұрған тоқпақтай.
Сабалап таудан құлады,
Жер жазыққа түскесін,
Қызымыздың көрінбей 750. Келе жатыр қарасы.
Майданда жазыққа түскен қыз
Мұңайып бір жылайды,
Жылай тұрып жырлайды:
– Көрінбейді-ау бабамыз,
Отыр екен нағылып
Үйде қалған анамыз?!
Жамандатқыр Бозмая
Айырдың ғой бабамнан,
Тағы айырдың анамнан. 760. Жапанда жүріп меңдедім,
Бабамды көрмей шөлдедім.
Сүйегін көріп бабамның
Қатарында өлмедім.
Екеуі қатар тұрғанда,
Ажалды неге бермедің?
Көрдім жердің жазық даласын,
Ен майданда зарлаттың
Қазтуғандай батырдың
Жалғыз туған баласын. 770. Жетекке алдым Күреңін,
Егер көрсем қарасын,
Жарылар еді-ау жүрегім,
Кірер еді-ау реңім.
Сөйтіп қызың мұңайды,
Өксіп-өксіп жылайды,
Жыламай көңілі тынбайды.
Қамшы салды төкпелеп,
“Асыл туған торы жорға ат,
Жүрісің сенің аз ба” деп, 780. Мінген атқа өкпелеп.
Көрінді Жемнің қарасы,
Қазбек, Қандыаралы
Көшкендегі жер тап осы.
Қандыарал деген дөң еді,
Асты-үсті жатқан жем еді.
Сол Мая сол қашқаннан
Сол жерге дейін жазбаған.
Суды ішіп Бозмая
Шөлі қанып бір тұрады. 790. Есіне түсіп ботасы,
Төңірекке қарай ыңыранды.
Жем беруге атына
Қазтуған да келді қасына.
Сауатын бұйым таппады,
Етігін шешпей қайтеді,
Етік демей сауғаны.
Иіді мая талтайып,
Сүтін ішіп қанады.
Тұсап қойып үш күндей 800. Батыр демін алады.
Төртінші күн болғанда,
Күн сәскеге толғанда,
Жетелеген торы атпен
Көрінді қыздың қарасы,
Білінді жердің шамасы.
Қатты жүрген қоя ма
Жақындап қалды-ау арасы.
Сонда өзінің қызы екенін
Танығасын Қазтуған, 810. Алдынан жаяу шығады.
Естігенде дыбысын,
Қыз да аттан түсе қалады.
Жақындасып келгесін,
Құшақтап алып әкесін,
Мойнына білек салады.
Қазтуғандай еріңіз
Құшақтай алды “балам” деп.
Сонда қызы жылайды,
Жылап тұрып толғайды: 820. – Айналайын, бабажан,
Ризамын Алла бергенге,
Сені көзім көргенге,
Тең болып едім өлгенге.
Көре алмай сені шөлдедім,
Жоқ болып ажал өлмедім.
Ағайын-туған болмады,
Тоқсан баулы ноғайда
Бір жаман еріп жүрмеді.
Қарғабойлы шақырып 830. Ноғайлыға көп айтты.
Айтқан тілін алмады,
Бірі еріп бармады.
Анамнан басқа қара жоқ,
Жинаған дүние бұл қалды.
Жаңа кірді реңім,
Жасың үлкен бабамыз,
Сау-саламат жүрсің бе?
Қуандым қатты, жан баба,
Сіздің көріп қараңыз. 840. Тілегім қабыл болды, – деп,
Жеткізді Құдай енді, – деп,
Сонда Қазтуған сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Омырауым ашып тұр,
Айналайын, жалғызым,
Аспандағы жұлдызым,
Су түбінде қол жетпес
Асыл едің құндызым.
Жалғыздық түсіп есіме, 850. Неше түрлі жас шықты.
Дөңгеленген көзіңнен
Айналайын, құлыным,
Қыз да болсаң ұлымдай
Сенен мұндай шығар деп,
Жоқ еді менің ойымда-ай.
Ризамын мен, – деді,
Сау-саламат келдің бе,
Қарағым, енді, сен? – деді.
Артыңдағы аман ба 860. Қамқор болған анаңыз?
Өзіңіз шығып кеткенше
Аман-түгел қалды ма
Жинаған дәулет қараңыз?
Неше күн болды шыққалы,
Қарағым, жалғыз баламыз?
Сонда қызы сөйледі:
– Айналайын, жан баба,
Мен шыққалы санасам,
Бір жиырма бес күн болды.
870. Жолда байтақ ел көрдім,
Хас қызықты мен көрдім,
Қалмақтан шыққан қол көрдім.
Бір мың кісі қол екен,
Аттанған қалмақ сол екен.
“Қарғабойлы, Қазтуған
Ол жерлерден асты” деп,
Естіген екен хабарды,
Іздеп соны барады.
Мың кісі ертіп шығыпты 880. Шабайын деп елдерді,
Аламын деп қараны,
Олжа қылып алуға
Қатын менен баланы.
Қарсы қалмақ тап келді,
Құба дөңнің үстінде
Қарсыласып кез болды,
Кімсің деген сөз болды.
Ойлап ақыл тапқаным,
“Қазтуған деген ермін” деп, 890. Атыңды, әке, сатқамын.
Жал-құйрығын бір өрдім,
Қамшы басып күреңге,
Қызығын жаудың мен көрдім.
Қарсыласып алғасын,
Қалмаққа салдым ойынды.
Талай жерден бунадым
Кеңірдек пен мойынды.
Қалмақтардың қан қылдым
Омырауын ашқан қойынды. 900. Жеті жүзін қырғасын,
Үш жүзі қашып құтылды.
Күні-түні алты күн
Ұйықтамай салдым соғысты,
Қалмақ сөйтіп тоғысты.
Қоймайтын едім оны да,
Бір-бірден қашып тарады,
Арты қашып барады.
Оны да қоймай жояр едім,
Сізге асығып шыдамай, 910. Шөлден бабам танар деп,
Бір жерде жатып қалар деп,
Асығып кеттім мен, – деді.
Шөлдемей, ашпай, шаршамай,
Келдің бе, бабам, сен, – деді.
Қоржынды ашып алады,
Азыққа қолды салады.
Не керек тамақ табылып,
Ол қоржыннан қалады.
920. Екеуі жатып сол жерде
Тағы үш күн дем алады.
Демін алып болғасын,
Бозмаяны жетелеп
Елге қайтып барады.
“Жүрісі тыныш осы” деп,
Торы жорғаны әкеліп
Әкесіне береді.
– Талай да жүріп көргенмін,
Мін атқа, балам, сен, – деді. 930. Елге жуық келгенде,
Оқ, Балқан тауының
Қарасы енді көрінді.
– Келе берші сен, – деді,
Ілгері барып анамды
Қуантайын мен, – деді.
Аттың басын бұрып алып,
Елге қарай жөнелді.
Торы жорға атының
Басын сонда жіберді.
940. Ала құйын шаң болды,
Аттың шаңы бұрқырап,
Атқан оқтай зырқырап,
Табаны жерге тимеді.
Жүрген екен анасы
Атқа мініп қыдырып,
Отыра алмай кідіріп.
Әр төбенің басына
Шығады екен бейшара
Қарауыл қарап жүгіріп. 950. Көрді қызы анасын,
Көріп былай шамасын.
Атынан түсіп жаяулап,
Қыз алдына жөнелді.
Жақындасып келгесін,
Бәйбіше сонда жылады.
Омырауын ашады,
Құшақтасып тұрады.
Сонда тұрып бәйбіше
Қызына бір сөз сөйледі: 960. – Қарағым, енді қондың ба,
Сұңқарым едің сен ұшқан?
Іздеген аңды алдың ба,
Әкеңе тауып бардың ба?
Тірі ме екен жан көкең,
Анық хабар алдың ба?
Кеткен болса дүниеден,
Сүйегін тауып алдың ба?
Астыңда мінген күрең жоқ,
Біз пақырда ерік жоқ. 970. Қалған дәулет бәрі аман,
Жылап жүрмін егіліп,
Көзімнің жасы төгіліп,
Тек жаным тұр өлмеген.
Қанды бүгін сусыным,
Қарағым, менің шөлдеген.
Сау-саламат келдің бе,
Перзентім, аман сен? – деген.
Сонда қызы сөйледі:
– Айналайын, шешеке,
980. Мен едім туған балаңыз.
Келе жатыр көкекем,
Жетегінде Бозмая.
Шамға барған кезімде
Көкемнің көрдім реңін,
Жарылды-ау менің жүрегім.
Кел, ауылға кетейік,
Ордамызға жетейік.
Көкем келер кідірмей,
Соған қызмет етейік. 990. Ертіп жүріп шешесін,
Үйге келді тебініп.
Аттан түсе қалады,
Қой алдырып сояды,
Қазанын отқа қояды.
Сар қымызды сапырып,
Самаурын қатар қояды.
Құяды жақсы шайларын
Етін қойды пісіріп,
Қазанды қойды түсіріп. 1000. Құлынды қойды байлатып,
Қызымызды қойды сайлатып.
Қызы менен батыр келгесін,
Кемпір байғұс қуанып,
Алдынан барды жүгіріп.
Кемпір сонда батырдың
Қасына барып сөйлейді:
– Аманбысың-саумысың,
Сау-саламат бармысың?
Мұнда қалған ноғайдың
1010. Қараңыз бір үйі жоқ.
Жеткізді Құдай сіздерге,
Көргеннен соң көзіміз,
Ризамыз Аққа өзіміз.
Үйге жетіп келгесін,
Аттан түсе қалады.
Піскен май мен қымызға
Батыр да жақсы тояды.
Бұл жерде бір ай дем алып
Батыр сонда жатады. 1020. Молдау суға барғасын,
Отыр екен бөгеліп.
Он бес күндей демалып,
Бұл да көшті жиналып.
Жарты ай тұрып кідірді,
Қазтуғандай батыр-ай
Шаршаған екен апыр-ай.
Жарты айдан соң көшеді
“Ноғайлыға жетем деп,
Онан қалып не етем” деп. 1030. Екі күні өткесін,
Үшінші күні жеткесін,
Жері жазық дала еді,
Алдыңғы кеткен ноғайда
Қазаншық деген жер бар еді.
Суы бұлақ мол еді,
Отырған жері сол еді.
Қазаншық деген су еді,
Суы артық сол еді.
Қарғабойлы батырдың 1040. Отырған жері осы еді.
Серен деген бір қалмақ
Аттанып еді “жетем деп,
Басып елге кетем” деп.
Ол қалмақтың көңілі бар
“Ноғайға қуып жетем деп,
Барсам олжа етем” деп,
Бір мың кісі қол алып,
Қуған екен қол алып.
Жетеді қалмақ бір күні 1050. Қарғабойлы хандарға,
Ноғайлы деген жандарға.
Қарғабойлы тұр екен
Жансыз алып далада
“Біреу зарар қылар, – деп, –
Қатын менен балаға,
Болар деп ие қараға”.
Жансызы келді бір күні
“Бізге дұшпан келді, деп,
Хабарла, батыр, енді” деп. 1060. Қарғабойлы шаптырды
“Қазтуғанға жетің деп,
Барып хабар етің” деп.
– Келген болса Қазтуған,
Келе көрсін ер – деді,
Қарғабойлы батырың
Ноғайды жинап алдырды,
Ноғайға хабар салдырды.
Қазтуған ерге жіберген
Кісі де келіп жетеді,
1070. Хабарды баян етеді.
Астындағы көк тұлпар
Тұрған екен белдеуде,
Шығып атты ерледі.
– Барайын оған мен, – деді.
Сандықтағы әр нәрсе
Бер алып маған киімді.
Жаудан қашу қиын-ды.
Шарайнаны ол алды,
Үстіне киер бұйым бұл алды. 1080. Дулыға киіп басына,
Балдағы алтын беренді
Сандықтан тартып оны алды.
Он екі тұтам сұр жебе
Ер қасына іледі.
Атқа мінер шағында
Бәйбішесі бұл барды
Қазтуған ердің қасына.
Бәйбіше сонда сөйледі:
– Артық туған сұлтаным,
1090. Шаршамады деп едің
Жүрсе де қанша тұлпарың?
Ақ сүңгіні қолға алып,
“Жау келді, – деп, – ноғайға,
Қаның қашып долдандың.
Сіз кеткесін далаға,
Тұра алмады балапан
Баулы құстай талпынып.
Мынау сіздің ордаңыз,
Артыңда тұрған бұл бала – 1100. Өзі нашар бір қара.
Ойламаңыз, ноғайлы,
Бірге туған бауыр деп.
Қызың жылап тұрғанда,
Біреуі еріп бармады.
Қарғабойлы батырдың
Еш ноғай тілін алмады.
Әлдеқандай күн болар
Байқасаңыз, батыр-ай,
Біз болдық қой пақыр-ай. 1110. Алай-бұлай іс болса,
Кім қорғар біздей пақырды-ай.
Иесіз қалып меңдеген
Ол бір айдың ішінде
Мен ғаріп едім шөлдеген.
Қанша күнде тап болар
Шұбырып кеткен ноғайың.
Қазтуған батыр сөйледі:
– Артық туған алғаным,
Көше берің, сіз,– деді, 1120. Алыс емес ол шіркін,
Тек бір он күндей жер еді.
Келіп тұр ғой хабарға,
Бара тұр озып, сен, – деді.
Қазтуған батыр жөнелді,
– Барамыз жауға біз – деді.
Жиналып тұрған ноғайдың
Әскерімен ол жетті,
Күн-түн жүріп бұл жетті.
Серен дейін қалмағың
1130. Қалған екен жиналып.
Алдынан шығып Қарғабойлы
Қазтуғанға сөйледі:
– Қатар жүрген сыбайым,
Аман-есен келдің бе,
Сақтады ма Құдайым?
Ноғай деген ел, – деді,
Балаға бірі ермеді.
“Барамын, – деп, – әкеге”,
Жылап келді-ау шырағым
1140. “Жіберіп едім хабар” деп.
Мынау қалмақ біздерді
Қорқамын басып алар деп.
Тірі болса ол батыр
Шақырғанға келер деп,
Дұшпанға қарсы көмек берер деп.
Мынау ноғай мол, – деді,
Бірлігі жоқ ел, – деді.
Ілгері таман барайық,
Қалмақтан хабар алайық, 1150. Сенбейік біз бұларға.
Қарғабойлы, Қазтуған
Екі батыр жөнелді,
Ел қарасы үзілді.
Сол уақыт болғанда,
Көрінді қалмақ қарасы.
Жүз кісі алып қасына,
Серен деген қалмағың
Ноғайға қарап барады.
“Аз болса алмай нетем деп, 1160. Хабар алмай неге кетем” деп,
Шыққан екен елінен.
“Басып жатқан ноғайды
Алып олжа етем” деп.
Жақындасып келгесін,
Серен шықты ілгері,
Қасына жолдас бұл алып.
Жолдасы да бір кісі,
Жақындасып келгесін,
Бірі-бірін көргесін, 1170. Қарғабойлы, Қазтуған
Парыменен келеді.
Екі бірдей ер еді,
Бір-біріне тең еді.
Сонда тұрып Сереннен
“Сен кімсің?” деп сұрады.
– Мен қалмақ деген ел, – деді,
Етек-жеңім кең, – деді.
Мың кісі бар әскерім,
Іздегенім сен, – деді.
1180. Сонда тұрып Қазтуған
Бір-екі ауыз сөз сөйледі:
– Асылымды сұрама,
Мекеннен көшіп шұбырған
Қарғабойлы, Қазтуған
Деген батыр – біз, – деді.
Серен қалмақ сен болсаң,
Тұрамыз ба сөз сөйлеп.
Өзің қатар тең болсаң,
Іздеген жауың біз болсақ,
1190. Беліңді бу да, кел, – деді.
Серен қалмақ сөйледі:
– Жекпе-жеке кел, – деді,
Маған кезек бер, – деді.
Сонда тұрып Қазтуған
Қимылда, қалмақ, сен, – деді,
Аямаймын мен, – деді.
Ноғай менен бұл қалмақ
Ежелден емес тең, – деді.
Сен секілді қалмаққа
1200. Боламын ба мен, – деді.
Оңғарса Құдай жолымды,
Боларсың маған жем, – деді.
Іздеп келген ерсің ғой
Алайын деп ел, – деді.
Атуға, қалмақ, іркілсең,
Кел, атайын мен, – деді.
Сонда қалмақ сұрланып,
Қаруды қолға алады.
Оңтайланып атуға 1210. Қарғабойлы батырға
Қалмақ жақын барады,
Жақындап қалмақ қалады.
Іркілсін бе бұл қалмақ,
Өзіне ерік тигесін,
Атып оқты қалады.
Атқан оғы қалмақтың
Шарайнадан өтеді,
Ақ сауыт сетінеп кетеді.
Үшке дейін оқ атты, 1220. Оғын қардай боратты.
Үшеуі де өтеді,
Етіне барып жетпеді.
Артық туған төре еді,
Қарғабойлы ер еді.
“Сен секілді қалмақпен
Кезектесіп тұрам ба?”
Атайын деп жебені
Қарғабойлы жөнеді.
“Қарсы тұрсаң қабақ деп, 1230. Оқ өтетін өзегің
Жұтқыншақ мынау тамақ” деп,
Оғын қардай боратты.
Атқан оғы өтеді,
Басын жерге қалмақтың
Домалатып кетеді.
Қарғабойлы батырдың
Атқан оғын қарасаң,
Сауыт бұзар оқ еді,
Не де болса шоқ еді. 1240. Он екі тұтам бұл оқтың
Өтпейтін жері жоқ еді.
Серен қалмақ қарады,
Жолдасы өліп қалғасын,
Артына айғай салады.
Артында жүр жүз кісі,
Жақын еді арасы.
Қалмақ пенен ноғайдың
Араласты баласы.
Жеңісуге қалды ғой 1250. Өңкей ерлер шамасы.
Артында қалған мына бір
Алдыңғы шаңды көргесін,
Артқысы да шабады.
Серен дейін ханыңыз
Кейін қашты шегініп.
Қарғабойлы, Қазтуған
Екеуі бірдей ұмтылды,
Жетемін деп тебініп.
Артынан қуды қалмақтың 1260. “Ханымыз кейін кетсін деп,
Кейінгі көпке жетсін” деп.
Салды жаман ұрысты,
Жапырам деп тырысты.
Көп қалмаққа жеткесін,
Үлкен соғыс еткесін,
Жинаған қалмақ баласын
Қарғабойлы, Қазтуған
Жауға намыс бермеген.
Ақ сүңгі қолға алып, 1270. Тұс-тұсынан сермеген.
“Серен қалмақ қайда?” деп,
Қарғабойлы, Қазтуған
Бір-бірінен сұрады.
– Серен басын алайын,
Алып жерге салайын.
Сол қалмақты өлтіріп,
Кегімізді алайық.
Қазтуған батыр жөнелді
“Артынан қуып жетем деп, 1280. Серенге бармай не етем” деп.
Қазтуғандай батырың
Қуып жетті ақыр-ай.
Құтылмады қашса да,
Тұра қалды бұл Серен
Таянғасын, япыр-ай.
Кете алмады қашқанмен,
Ақыл ойлап көңілінен
Аттың басын бұрады.
Серен қарсы келгенде, 1290. Қазтуған батыр сөйледі:
– Серендейін қалмағым,
Ауыр ма менің салмағым?
Көп қалмақты қырдырдың,
Тістелді ғой бармағың.
Әуелден-ақ сен едің
Басыңды кесіп алмағым.
Құмарың болса сермей бер,
Қаруыңды, қалмақ, сен, – деді.
Суырды Серен қылышын,
1300. Аламын деп тынысын.
Жоқ екен қалмақ найзасы,
Аз екен оның айласы.
Шапқанменен болмады
Қылыштың ешбір пайдасы.
Қазтуғандай батырдың
Алмастан екен найзасы.
Салып қалды найзамен
“Жұтқыншағың қайда?” деп.
Сонда Серен қақалды, 1310. Кеңірдек пен өңештен
Қабат өтіп көк найза
Омыртқаға тақалды.
Сонда Серен қалмағың
Атынан түсіп бұл қалды.
Серендейін қалмақтың
Кідірмей басын сонда алды.
Қалмақты тонап сол жерде,
Ат-жарағын алады.
Арам дене секірді, 1320. Айдалада долданды.
Самсаған қолын айдады,
Қалмақтың соры қайнады.
Ер қазақтың баласы
Гүлшешектей жайнады.
Тындырғасын көңілін,
Ел аңыз ғып айтады
Қазтуған ердің өмірін.
Естіген елден ертектей
Жыр қылып ұзын ырғасын 1330. Өрдім жырдың өмірін.
Естігенді елге жаймасам,
Алдына беріп қоймасам,
Басылмайды көңілім.
Тағы да талай жырлармын,
Жыр кестесін сырлармын,
Жетсе егер өмірім.
КӨКШЕ БАТЫР
Көкше батыр Шыңғырлау, Торыат деген тауда отырады. Осыған жақын жерде қалмақ Сұлтанғали деген ханның елі болады. Сол хан Көкшеге хабар жібереді. “Ноғайлының батыры Көкше батыр болса, Сүйретпенің тауында боламыз, ноғайларын жинап соғысам десе, келсін, одан қорқып қашса, біздің қалмақтар барып елін шауып алады” депті. Осы хабарын естіп ноғайға хабар салады. Бұл хабарына ноғайлар келмей қалады. Осыған жақын жерде Сыпыра жырау сып берме, осыны Көкше батыр шақырып алып: – Ал жырау, маған ақыл қос, мені мына Сұлтанғали соғысам деп шақырып отыр, мен ноғайға хабар салсам, біреуі келмей отыр. Осыған не ақыл қосасың? – дейді. Сонда Сыпыра Көкшеге сөйлей бастайды:
– Ай, Ер Көкше, Ер Көкше,
Айтайын ақыл мен Көкше,
Бұл жерден әскер жинама.
Қобданың қалың жағасы
Сол жерде бар-ды сұрасаң,
Орақ, Мамай, Телағыс, –
Сұрасаң көмек беретін
Ноғайдың сонда баласы.
Хан Мамайға хабар ет,
10. Адам мен атты жіберед.
Көкше, саған еретін
Қалмақпен олар жауласты,
Сегіз жасар күнінен
Сені жалғыз дегесін,
Олар шыдай алмас-ты.
Арына шыдап тұра алмас,
Бәрің ноғай елісің.
Жақын жерде ит қалмақ
Етектен алып жармасты. 20. Содан көмек сен алып,
Қалмақтан сүйтіп кек алып,
Жалғыз барып ұрынба,
Сүйтпесең жауға болмас-ты.
Сыпыраның бұл ақылын жөн көріп, бір кісіні жаңағы жағдайын айтып қоя берді. Осы хабарды Мамайға жетістіріп еді, Мамай хан Орақты, Жаңбыршы ұлы Телағыс батырды шақырып алып, сонда Мамай сөйлей бастады:
– Орақ пенен Телағыс,
Келдің батыр жиналып,
Ағаларың ер Көкше
Айтыпты сәлем қиналып.
Отырған жақын қалмақты
Батыр жалғыз болған соң, 30. Елді шауып алуға
Кеңесіпті дейді жиналып.
Осыдан бармай қалсақ біз,
Қалмақтар көзін салмай ма?
Мал мен дүние, халықты
Көкше жалғыз болған соң,
Ерікті қолдан алмай ма?
Сағы сынып батырдың
Көп ішінде қалмай ма?
Қатын, бала, жесірдің 40. Көзінің жасы болмай ма?
Асылы туған ерлерім,
Осы жауға барыңдар,
Жауға ойран салыңдар.
Дұшпанның сағын сындырып,
Жері менен мал-мүлкін
Бөлісіп, ноғай, алыңдар.
Егер әскер аз болса,
Ноғайда адам тағы бар.
Жолың болсын ерлерім! 50. Ерегескен дұшпанның
Үстінен отты жағыңдар.
Орақ пен Жаңбыршыұлы Телағыс қасына қырық әскер ертіп Көкшенің еліне келеді, Ер Көкшенің отырған жеріне келіп, Көкшенің үйіне қонақ болып түстеніп, Ер Көкше бастап алып жөнеді.
Жөнеді ерлер, жөнеді,
Мінгені өңкей сал бедеу.
Ауыздықпен алысып,
Табан жолмен тартысып,
Дөңгеленіп желеді.
Күні-түні жол жүрді,
Азғана емес мол жүрді.
Жиырма бес күн болғанда,
60. Сүйретпенің ұзын тау
Қарасын сонда көреді.
Басына таудың көз салса,
Жүрген қаптап қалың жау
Құмырсқадай қаптайды.
Қырық үш кісі әскер де
Даярлана береді.
Әуелгі айтқан хабармен
Айсаның ұлы Ахмет,
Батыр Алау, Ер Әмет, 70. Шынтасұлы Төрехан
Сегіз кісі жолдаспен
Бұлар да жетіп келеді.
Қаптаған жауды көреді,
Көріп көңіл бөледі.
Сонда тұрып Айсаның ұлы Ахмет Көкшеге сөйлей бастайды:
– Ай, Ер Көкше, Ер Көкше,
Қара құрттай қайнаған
Қалың жауды көр, Көкше.
Айтқан сізге хабармен
Еліңе келдім мен, Көкше.
80. Кетті Көкше дегенмен
Кейіс қылар деп сені,
Артыңнан келіп отырмын.
Бұл ниетіме сен, Көкше
Сегіз кісі жолдас қасымда –
Бәрі де өңкей асылдар.
Алау батыр,Ер Әмет,
Шынтасұлы Төрехан,
Асанның ұлы Ер Абат,
Ақжонасұлы Ер Кеңес 90. Бірінен бірі кем емес,
Кем дегенім жөн емес.
Қысылар кезең келгенде,
Бір кісі – мың кісі
Болар деймін бір теңдес.
Жиналған өңкей батырлар
Қолдарында болат асыл бар,
Үстерінде кілең көк темір,
Ақ сүңгі, найза өңгерген,
Азын көпке теңгерген. 100. Тұлпар мініп астына,
Жауды көрсе ашына,
Екі батыр тең келген.
Қайырлы болсын сапарың,
Жауға бұлар тигенде,
Қалмақтар жаман сенделген.
Тоқтап иіріліп тұрған бұларды көре сала бір кісі Сүйретпенің тауынан төмен түсіп, бұларға қарай жүре берді. Көп ұзамай келіп те қалды. Бұған қарсы ерлердің ішінен Ер Көкше де шығып, оған қарсы жүре бастады. Көкшеге жақындап келіп сөйлей бастады:
– Біз қалмақтың елі едік,
Елдегі байтақ ері едік.
Бұйырып патшам жіберді
Хабар алып қайтуды.
110. Келеді деп ноғай жүр едік,
Ұрысуға келдің бе?
Отыз екі күн жатып біз,
Келмеген соң ноғайдың
Еліне қарай жүруге
Дайындалып тұр едік.
Және сізді көрген соң,
Хабар ал деп жіберді
“Ұрыса ма, болмаса,
Ұрыспай-ақ берілсін”. 120. Қалмақ енді оңдырмас,
Оңтайланып келген соң.
Өзінің және келіп тұр
Сегіз бірдей баласы.
Ноғайлыдан бұрын да
Жері мен алып елдерін
Білген сондай шамасын.
Сонда Көкше сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Біздің текті сұрасаң,
130. Біз ноғайдың елі едік,
Елдегі байтақ ері едік.
Мекенімді сұрасаң,
Шыңғырлау, Торыат басы еді,
Осы судың қасы еді.
Әуелінде қалмақты-ай
Қобданың бойын жайлаған
Едіге сынды батырдың
Қалмақтайын кәпірді
Қуған жері осы еді. 140. Алла жолды оңғарса,
Мекеніңді алармыз,
Еліңе бүлік салармыз.
Менменсінген еріңді
Қаратып оңға шалармыз.
Атадан әруақ қолдаса,
Атаның бұрын жүрген жол
Тарылтармыз жеріңді,
Көрсетерміз көрімді.
Сұлтанғали Хайдардың 150. Орақ, Мамай, Телағыс,
Талай елін шапқанбыз.
Қандарын судай ағызып,
Оңайлап олжа тапқанбыз.
Қырсық шалған ит қалмақты
Айдап ажал келген ғой,
Әзірейіл соңынан
Бәрінің де ерген ғой.
Елу екі кісі жолдасым,
Бәрін де Құдай оңдасын. 160. Көптігінен қорықпан
Елу екі кісі — бәрі ер,
Әрқайсысы мың кісі.
Елу екі кісі әскермен
Қалмақтың білдім оңбасын.
Ер болса келсін жекеге,
Суырайын қолқасын.
Осыны естіп қалмақтың хабаршысы тұрған жеріне қайтып кетті. Барып патшаға айтып еді. Патша “үлкені – мен, жол менікі” деп атқа міне бергенде, үлкен баласы Қайнас: – Ә, әке, мен барайын, сіз бармаңыз, – деді. Ер Көкше әуелгі тұрған жерінде тұра берді. Сонда Ер Көкше атының айыл-тұрманын бекіте берді де, өзінен өзі сөйлей бастады:
– Жасаған Алла жан ие,
Жау да жақын келді енді,
Қимылдайтын жер келді.
170. Алла салар оңдаса,
Әулиелер қолдаса,
Ақ сүңгіні алайын,
Көкірегі өскен ер екен,
Алтын сапты алмаспен
Көкірегін жарайын,
Көңілін бүйтіп табайын.
Көкшенің мінген Тарлан ат
Аспанға қарғып ойнады.
Көкшенің киген шарайна, 180. Бастыра киген дулыға
Күмістей болып жайнады.
Келе жатқан жауды көрген соң,
Ер қаруы бес қару
Бәрін тегіс сайлады.
Келе жатқан кәпір де
Қайтпайтұғын ер екен,
Өзі үлкен неме екен.
Көкірегі өсіп шалқайып,
Ер дегенге еріп жүр екен. 190. Келе қалмақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Келдің бе жақын, ноғайым,
Алуыма оңайым.
Ерегіссең менімен,
Жоныңнан таспа жонайын.
Шақшитайын көзіңді,
Өлтірейін өзіңді.
Астыңа мінген Тарлан ат,
Үстіңдегі қару киімін
200. Ақысыз-бұлсыз алайын.
Артыңа ерген әскерге
Қозғамай-ақ басқаны,
Жалғыз өзім ойын салайын.
Қайтпайтұғын Көкше болсаң,
Жолым үлкен ағамын,
Кезегімді енді бер,
Ойынымды сосын көр, –
деп еді, Көкше қалмақтың кезегін беріп, Тарлан аттың басын тартпай қақшайып тұрды.
Атайын деп қалмақ оқталды,
Қорамсаққа қол салды,
210. Бір салғанда мол салды,
Сауыт бұзар оқ алды.
“Қақ жүректің тұсы деп,
Өлер жерің осы” деп,
Кезеп қалмақ оқ атты.
Көкшенің мінген Тарлан ат
Бұға жата қалады.
Оғы тимей қалмақтың
Көкірегі жанады.
Тағы кезеп оқ атты, 220. Оғынан қарғып ат асты.
Тағы кезеп тағы атты,
Бұлтарып ат кетіпті,
Қапталдан оғы өтіпті.
Сонда қалмақ қашады,
Көкшедейін батырдың
Әруағы асады.
Келген жауы қашқан соң,
Қайраты судай тасады.
Қайнастайын кәпірді 230. Шашақты болат найзамен
Ақ сауыттың сыртынан
“Ажал оқтың тұсы деп,
Өлер жері осы” деп,
Батыр Көкше шаншады.
Арқаға найза кірген соң,
Аттан қалмақ құлады.
Өгіздейін өкіріп
Көкше түсіп атынан,
Өңешке қанжар тығады. 240. Жығылғанын бұның көргенде,
Тағы шапты біреуі.
Тағы тұрды Ер Көкше
Бұзылмастан реңі.
Дулығасы шалқайып,
Айылын бір жимастан,
Тұрды батыр талтайып.
Ақ сүңгі найза қолында,
Тарлан аты ойнаған,
Бір шабысқа тоймаған. 250. Келді тағы біреуі
Інісі екен Қайнастың,
Келіп тағы сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Менің атым Жайнас-ты,
Ағам еді Қайнас-ты.
Абайсызда алдырды,
Аяғынан шалдырды.
Жеңдім деп, ноғай, тұрмысың,
Тайдырайын бастан бағыңды, 260. Сындырармын сағыңды.
Өлім іздеп жүрсең сен,
Өлім саған табылды, –
Деп бір қалмақ ұмтылды.
Қылыштары жарқылдап,
Әрі-бері шабысты.
Үлек пен нардай қағысты,
Қылыштары сартылдап,
Қылышы қалды майысып,
Найзаласып шанысты. 270. Шанышқанға шыдамай,
Аттан түсе қалысты.
Жаяуласып асып алысты,
Бірін-бірі ала алмай,
Алуға айла таба алмай,
Жағаласты салысты.
Бірін-бірі бағысты,
Күні-түні сегіз күн
Терін жұтып, қан ішті.
Бір мезгілдер болғанда, 280. Күн бір түске толғанда,
Қалмақтың ері Жайнастың
Тізесі сонда бүгілді,
Аяғы жерге ілінді.
Жайнастайын кәпірдің
Желкесіне тұра мінеді.
Алтын сапты қанжармен
Тамағынан тіледі.
Қол-аяғын байлады,
Кірерге көрін сайлады. 290. Ағасының қасына
Апарып мұны жайлады.
Өлтірген соң ердің екеуін,
Қайраты ердің қайнады.
Бұл жерде батырдың қылышсыз қалғанын қалмақтар көріп, бірақ бата алмай, енді әкесі екі баласы өлген соң, өлгенін көзі көрген соң, балаға шыдай алмай, сар тұлпарға үш сүрініп барып зорға мінеді. Олар ол жақтан шыққанда, бұл жақтан Орақ батыр жүре қоя берді, Көкшеге келіп: – Ер Көкше, шаршадың ғой, ендігі кезегіңді маған бер, – деді. Көкше қайтып барып топқа қосылды. Сүйтіп тұрғанда Сұлтанғали қалмақ та Орақтың қасына келіп сөйлей бастады.
Қалмақ келе сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ай, ит ноғай, ит ноғай,
Алды ма даяр сені оңай?
Бұдан бұрын, ноғай, еліңнен
Алдық жесір біз талай.
300. Екі бала өлген соң,
Бір ноғайдың қолынан
Шықтым өзім шыдамай.
Екі бірдей баланың
Жиырма төрт жілік санына
Жиырма төрт ноғай шалармын.
Қырайын деп келдім ұзамай,
Болсаң батыр, ноғайым,
Кезегімді бересің,
Қайратты сосын көресің. 310. Қан тартып келіп тұрсың ғой,
Көп ұзамай өлерсің.
Сонда Орақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Біздің текті сұрасаң,
Біз ноғайдың елі едік.
Елдегі байтақ ері едік.
Ерегіскен дұшпан тап болса,
Жерміз етін деп едік.
Пәнсіген батыр ерлерің 320. Қалды өліп, әнекей,
Сен де бірге жатуға
Іздеп соны келгенің.
Жасың үлкен ағасың,
Кезегіңді аласың.
Жолымды Алла оңдаса,
Әулиелер қолдаса,
Ноғайдан қаза табарсың.
Қалмақ сонда долданды,
Иіннен садақ қолға алды. 330. Қорамсаққа қол салды,
Қозы жауырын оқ алды.
Орақтайын батырды
Атайын деп қозғалды.
Орақтайын батырды
“Қақ жүректің басы деп,
Алтын ердің қасы деп,
Өлер жерің осы” деп,
Толғап атып қалады,
Ораққа оғы барады. 340. Оғы тура барса да,
Өте алмай оғы таяды.
Тағы атып қарады,
Тағы өте алмай қалады.
Тағы бірін тағы атты,
Өте алмай оғы жер соқты.
Сонымен қалмақ үш атты,
Үш оқты бірден босатты.
Орақ та сонда қозғалды,
Атайын деп оңдалды. 350. Садағын о да қолға алды,
Қорамсаққа қол салды,
Қозы жауырын оқ алды.
Қалмақ ердің қасы деп,
“Өлер жерің осы” деп,
Толғап тартып қалады,
Қалмаққа оғы өтеді.
Ар жағында бір төбе,
Тостағандай төңкеріп,
Ол төбені де кетеді. 360. Қалмақ сонда құлады,
Баладай болып жылады.
Өлгенін ханның көрген соң,
Айнала тауды қаптаған
Қалың қалмақ етекке
Соғысуға шұбады.
Орақтайын еріңіз
Қалмақтың атын, қаруын
Көкшеге тарту қылады.
Алып Көкше қылышты, 370. Беліне мықтап буады.
Сонда Көкше сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Әй, ерлерім, ерлерім,
Бәрің де тұлпар ерледің.
Қаптаған қалың қалмаққа
Күш көрсетер жер келді.
Сегіз мың қалмақ бар екен,
Қалмақ, ноғай арасы
Сынасар қайрат кез келді,
380. Аянып енді қалмаңдар.
Қалмақтың өлді басшысы,
Жеңерміз деп ойлаймын
Қалмақтардың қосшысын.
“Жаудан бетті бұрмалық”
Деп бір ерлер кеңесті,
Көкшенің айтқан бұл сөзін
Бірігіп ерлер жөн десті.
Қалмақтар жүрді шұбалып,
Айбарларын шығарып. 390. Қалмақ та жақын келгенше,
“Алла” деп ерлер ұмтылды.
Көкшедейін батырың
Қылышын алып қолына,
Оңды-солды сермеді.
Келген жақын қалмақты
Бұта құрлы көрмеді.
Орақ пенен Телағыс,
Айсаның ұлы Ахмет,
Алау батыр, Ер Әмет – 400. Ерлер де бар-ды керемет.
Қалмақтар жаман қырылды,
Қан сасыған қырғын ішінен
Жөнін тауып жүре алмай,
Біріне-бірі сүрінді.
Қырғынды бұндай көрген соң,
Ханның күйеу баласы
Шығып жалғыз қашады,
Ерлердің пысы басады.
Шынтасұлы Төрехан 410. Ақтанаудай тұлпармен
Әудем жерге апармай,
Ақ сүңгіні қолға алып,
Ашу кернеп долданып,
Желкеліктен шаншады,
Қорылдап қалмақ құлады.
Елу екі батырың
Қалмақтың елін қан қылды.
Бытыратып ерлерін,
Өлігін үйіп жал қылды. 420. Отыз екі күн соғысты.
Сегіз мыңдай әскерден
Екі мыңдай қалыпты.
О да қашып шәріне
Ерлер қуып барыпты.
Еліне барып тағы соғысып, елін көндіріп алып, мал, дүние-мүлкін алып, еліне қайтады. Елу екі кісіден тоғыз кісі өледі.
КӨКШЕНІҢ ҰЛЫ ЕР ҚОСАЙ
Қосай әкесі өліп, жетім қалды. Сол уақытта Сарыбай деген бай болды. Алты ұлының ортасында оның Қарабек деген жалғыз қызы болды. Көкшеден Қосай үш жаста жетім қалды, жасы бес-алтыға толғанда шешесімен еріп Сарыбайдың үйіне барды, барған кезде Сарыбайдың қызы Қарабек Қосайдың шешесінің қолтығына бір нәрсе салып жіберді. Ол затты шешесі үйіне келіп қарайды. Қараса, Қосайға өңкей жібектен тіккен киім екен. Сол киімді киіп алып Қосай төңірегіне қарады. Қосайдың Селме-селім деген құлы бар еді, соны Қосай шақырып алып:
– Бар, Қарабекті маған айттырып кел, – деді. Сонда құлға Сарыбай: – Неге келдің, тума? – деді. Сонда тұрып Селме-селім айтады:
– Ай, Сарыбай, Сарыбай,
Елітпеге келіппіз,
Ер мен байдың баласын
Телітуге келіппіз, –
деді құл.
Сонда Селме-селім құлды жылатып сабады. Таяқ жеген құл Қосайға қайтып келді. Сонда Селме-селім құлға Қосай: – Аға, не қылып келдің? – деді.
– Ай, не қылғаның құрысын, барам деп таяқ жеп, өліп келдім, – деді. Сені жарлы деп, қыз бермеймін, – деді.
– Мал жоқ десе, жез бұйдалы нартайлағымды алсын, жезтұяқты жиреншемді алсын, күміс тұяқ күреңшемді алсын, – деді. Мал десе бұған берсін, ер десе маған берсін, бар соны барып айт, – деді Қосай.
Құл тағы кетті. Келіп манағы сөзді айтады:
– Ай, Сарыбай, Сарыбай,
Елітпеге келіппіз,
Бай мен ердің баласын
Телітпеге келіппіз, –
деп тағы айтты. Манағы сабау-сабау ма, тағы сабады. Сонсын:
– Не бересің? – деп сұрады. Сонда құл айтты: – Қосай жезтұяқты жиреншемді алсын, күміс тұяқ күреңшемді алсын, жез бұйдалы нартайлағымды алсын, мал десе соған берсін, ер десе маған берсін, – деп құл Сарыбайға айтты. Сарыбай оған да қызын бермеді. Селме-селім қайта Қосайға келді.
Сонда Қосай:
Шамырқанып шамданды,
10. Буырқанып бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Жарлы-бай деп бөлген соң,
Өз-өзінен долданды.
Сонда тұрып Ер Қосай Селме-селімге: – Күміс тұяқ Күреңшені алып кел, – деп бұйырды.
Күміс тұяқ Күреңді
Сонда Қосай ерледі.
Үйде тұрған ақ сауыт
Оған жақын барады,
Үстіне киіп алады.
Ақ найзасын Ер Қосай
20. Тағы да қолға алады.
Балдағы алтын, күміс, болат,
Оны белге шалады.
Дулыға киіп басына,
Атқа таман барады.
Атқа мініп алған соң,
Қасына келіп анасы,
Анасының балаға
Айтқан сөзі мына-ды:
– Айналайын, перзентім,
30. Ерегіссе ел алған
Көкше батыр атаңыз.
Жас кезінде ер болып,
Дұшпаннан басып кек алған,
Кек алғанда жер алған.
Тірі кезде Ер Көкше
Айтарлықтай ер болған.
Тоқсан баулы ноғайдың
Қатыны мен баласы
Сонсоң тұрып демалған. 40. Атаң Көкше ер еді,
Сол секілді шер еді.
Төбесі шоқты қалмақты
Талай сүйреп жеп еді.
Жалғыз туған перзентім,
Қасыңдағы анаңды
Тастаймысың сен, – деді.
Атқа міндің, кетерсің,
Тірі болсаң, перзентім,
Дұшпанға қайрат етерсің. 50. Артыңдағы анаңыз,
Анаңызға қараңыз.
Атқа мініп сен алдың,
Алла болсын панаңыз.
Сізден басқа аз еді
Біздің туған баламыз.
Күміс тұяқ Күреңше
Малдан шапса қалмаған.
Біраз айттым сөзімді,
Өзің, бала, аңдағын. 60. Қайырлы болсын сапарың,
Қай заманда келесің,
Енді бізге сен? – деді.
– Барарымды сұрасаң,
Үш айлық ол жол еді.
Жерінің атын сұрасаң,
Үш Бөкембай деп еді.
Көп кешігіп қаламын,
Алты айларда келермін.
Қалмақ деген ел, – деді,
60. Өзі де байтақ жер, – деді.
Тәңірі оңғарса сапарды,
Барармын соған мен, – деді.
Қош айтысып анамен,
Қосай сонда жөнеді.
Күні-түні жол жүрді,
Қисапсыз жолда мол жүрді.
Құйындайын бұрқырап,
Атқан оқтай зырқырап,
Күміс тұяқ Күреңше 70. Аяқ басып сол жүрді.
Жазылып келіп бүгілсе,
Жер бауыры сөгілді.
Омыраудан аққан тер
Жаңбырдай жауып төгілді.
Ұшқан құстан кем емес,
Жер басқанға тең емес.
Бірнеше айлар жүреді,
Жапан түзде Ер Қосай
Жалғыз жүріп келеді. 80. Бір-екі ай болғанда,
Көрді елдің қарасын.
Көрген соң елдің қарасын,
Астындағы Күреңше
Қос құлағын қадады.
Ылди демей, сай демей,
Ырғып кетіп барады.
Сүйдегенше болмай-ақ,
Шетіне елдің Ер Қосай
Барып сонда қалады. 90. Айналасы тау екен,
Тауға шығып Ер Қосай,
Жиылған сондай ерлердің
Айналасын қарады.
Мол екен елдің қарасы,
Байтақ жатқан ел екен.
Шамасын соның қарашы,
Абайсыз жатқан ел екен.
Барып қалды қалаға,
Есен, Серек қалмақтың 100. Аралады елдерін.
Білейін деп шамасын,
Қаланың ішін аралап,
Елеусіз болып жүреді.
Артық туған ер еді,
Ханның тұрған ордаға
Сол жүріспен келеді.
Жақын келіп ордаға,
Батыр ойға қалады.
Сол ойлағанда “ханға барайын, ер, билерін жинасып, ханына хабар салайын” деп ханға келіп:
– Жатырмысың, сен, – деді,
110. Келдім саған мен, – деді.
Ол Қырымнан іздеген
Мен ноғайдың ері, – деді.
Атам атын сұрасаң,
Көкше батыр атанған
Ноғайлыдан асқан ер, – деді.
Менің атым – Ер Қосай,
Келгенім сізге тап осы,
Келдім саған мен, – деді.
Еліңді жишы, ханымыз, 120. Ұрысамын десең сен, – деді.
Батыр мен жиы бектерің,
Үш күн бердім мұрсатты.
Үш күннен егер сен қалсаң,
Салайын саған ойынды.
Көп әскерімен Серек батыр қызылбасқа кеткен екен. Орнында Есен ханы қалады. Ол халқын жинайды. Есен хан үш жүз кісімен Қосайға келіп сөйледі:
– Келгеннен соң сен, – деді,
Үш жүз кісі әскермен
Білейін деп шамаңды,
Аттанып келдім мен, – деді.
Асылыңды айтшы сен, – деді,
130. Тезінен жауап бер, – деді.
Сонда Қосай сөйледі:
– Асылымды сұрасаң,
Дін-мұсылман ел, – деді.
Асылды бергі сұрасаң,
Қырық сан Қырым елінде
Ноғай деген ел, – деді.
Әкем аты – Ер Көкше,
Ер Көкшенің барында
Қыл жалаулы сен қалмақ,
Болғансың сондай жем, – деді.
140. Менің атым – Ер Қосай,
Емеспін саған тең, – деді.
Дәмең болса, сен қалмақ,
Жекпе-жекке кел, – деді.
Сонда қалмақ жапырды,
Аққан судай сапырды.
Жекпе-жекке келмей-ақ,
Сонда Қосай ақырды.
Қалмаққа салды ойынды,
Үш жүз кісі кәпірдің 150. Шығаруға тойыңды.
Үш күн салып жағалас,
Қалмақтың көбін қашырды,
Қуып қырдан асырды.
Жесір-жетім көп алды,
Ірі ерлер өлген соң,
Қуып жолға мал салды.
Оның кеткен шағында,
Артынан оның бір кемпір
Қолында бар орағы 160. Қалды келіп жақынға,
Келе салып ол кемпір:
– Қосай батыр ер, – деді,
Малды иесіз деймісің?
Иесі келер оның да,
Сауындығымды бер, – деді.
Қосай артық ер еді,
Отыз құлынды бие босатып,
Ол кемпірге береді.
Сөйтіп Қосай жөнеді,
170. Неше күндей жол жүріп,
Еліне қайтып келеді.
Қосай ілгері озып жөнеді, құлдарға “сендер кейін келерсіңдер” деп мынаны айтты:
– Алдыңызда алты ақ үй тұрар, соның биесінің желісін ағытып, өздерің жылқыны қуып келің. Егер алты адам шықса ұрып жығыңдар, – деді.
Қосай шабумен отырып келсе, төбенің басында Сарыбай отыр екен, соған келді. Сонда Сарыбай:
– Қайдан келе жатқан адамсың? – деп сұрады. Сонда тұрып ол адам:
– Мен кешегі Ер Қосайдың жорығына кетіп едім, шіркін ер екен, ер де болса өлді-ау, – деді. Сарыбай:
– Өлсе жатсын, менің қызымды аламын деп әбден мазамды алып еді, – деді. Сонда Қосай қымыз ішейін деп Сарыбайдың үйіне келді. Сонда Қарабек сұлу тұрып, аяққа қымыз құйды, әуелі әкесіне құйып берді, онан соң шешесіне құйып берді, ол екеуіне де толы аяқ берді. Сонан соң Қосайға орта аяқ құйып берді. Сонда Қосай Қарабекке сөйлей бастады:
– Әкеңе бердің толы аяқ,
Шешеңе бердің толы аяқ,
Маған бердің орта аяқ.
Күндердің күні болғанда,
Шекеңе тиер тал-таяқ.
Сонда қыз сөйледі:
– Әкеме берсем толы аяқ,
Әкем малдың иесі, 180. Шешем қара сабаның иесі.
Саған берсем толы аяқ,
Ұрар астың киесі.
Сонан соң Қосай үйіне барып жата берді. Бір заманда артынан шаң көрінді. Сонда Сарыбай тұрып: – Алла, қан жауғыр-ай, манағы Қосай болып артынан келе жатқан әскер болмаса игі еді, – деп Сарыбай ішінен қауіп қылды. Соны айтып ауыз жиғанша болмай-ақ әскер келіп қалды. Олар келген бойда жылқының бауын ағытты, ағытып болып жылқыны қуып алып жөнеле берді. Сонда үйде отырған алты баласы алты қолағаш алып, жүгіріп шығып еді, алтауын алты жерде ұрып, жығып кетті. Олар жылқыдан дәмесін үзді. Сонда жылқы Қосайдың жылқысымен бірге тұра берді. Сарыбай Қосайға келейін десе қорықты, келмейін десе жылқы кетті. Сонда Сарыбай қызына келіп, “балам, мына жылқыны қалай аламыз?” деп Қарабекке ақылдасты.
Сонда Қарабек сөйледі:
– Жеті қанат ақ отау
Ол түрулі тұрады,
Қасынан барып өт, – деді,
Қосайға барып сөйлеспе.
Қара сабам қаусады,
Сары аяғым саусады,
Алған жарың Қарабек,
190. Ол да болса сусады.
Соны айтып, атажан,
Қасынан өт те кет, – деді.
Сонда Қосай: – Менің қалың малыма малыңды қоса берер, – деді, Сонда Сарыбай мұның айтқанын мақұл көріп, соған кетеді, барып тұсынан сөйледі:
– Қара сабам қаусады,
Сары аяғым саусады,
Алған жарың Қарабек,
Ол да болса сусады, –
деп, Сарыбай Қосайдың тұсынан өтіп жүре берді.
Сонда Қосай тұра келіп:
– Мына Сарыбайдың жылқысын түгел жиып және қырық құлынды бие жиып беріңіз, – деді. Сол қырық құлынды биені қосып, Сарыбайдың жылқысын айдап апарып берді. Бір кезде Қосай үйінің киізін түріп, ұйықтап жатыр еді, Жезтұяқты Күреңше үйінің сыртынан келіп тебеді. Сонда Қосай: – Неге келдің, жануарым, сөйлей бер, – деді.
Сонда Жезтұяқты күреңше тұрып сөйледі, сөйлегенде бүй деді:
– Ай, Ер Қосай, Ер Қосай,
Алтын тұрман, күміс жүген
Өзіңде сенің бар, – деді,
200. Үстіме менің сал, – деді.
Ойлап едім мен сорлы
Қарабектей сұлуға
Қалындық ойнап барар деп.
Енді уақыт тар болды,
Елің шапқан қалмақтың
Батырлары сор болды.
Астыңа мені мін, – деді,
Жауға қайрат көрсетші,
Соған таман жүр, – деді. 210. Ендігісін өзің біл,
Естіртуге хабарды
Саған келдім мен, – деді.
Сонда Қосай атқа мінейін деп барып Жезтұяқты Күреңшені ерлеп, ерін тегіс үстіне салып болған соң, үйден қаруын асынып, үстіне сауытын киді. Қосай атқа мінді деген соң, тұстасып жатқан тоғыз кісі де олжа алайын деп жүрді.
Баяғы шапқан елдерден,
Сондай алыс жерлерден
Шыққан екен мың кісі,
Елінің өңкей ірісі.
Тоғыз кісі әскермен
Келді Қосай алдынан.
Сонда мың кісі әскер он кісіні қамай тұра қалып: – Сен кімсің? Бізге Қосайдың елі керек, – дейді. Сонда Қосай сөйледі:
– Ноғай деген ел, – деді,
220. Қосай артық ер, – деді.
Қосайға барсаң өлесің,
Қосайдың барма еліне,
Жатқан оның жеріне,
Жиналған оның қолы бар.
Егер қалмақ көп келсе,
Шабамын деген Қосайда
Бар еді онда ой, – деді.
Сонда қалмақтың біреуі
Қосайға қарап сөйледі: 230. – Қосай болма сен, – деді,
Аты-жөніңді дұрыс айт,
Боласың кім сіз, – деді.
Сонда Қосай сөйледі:
– Мен ноғайлы деген ел едім
Тоғыз кісі қасымда.
Егер қалмақ мен көрсем,
Алайын деген ер едім.
Атамның аты – Ер Көкше,
Менің атым – Ер Қосай. 240. Іздеп шықсаң, сен қалмақ,
Сол Қосайың тап осы-ай.
Сол тұрған мың кісі
Тұрып сонда жапырды,
Ала құйын шаң болды.
Жапырған жерде баршасы,
Тоғыз кісі жолдасы
Қалды өліп, қарашы,
Қосайдың өлді жолдасы.
Қалды сонда олжасыз, 250. Батыр Қосай, қарашы.
Үстіне киген шарайна,
Басында бар дулыға.
Қолына ұстап ақ найза,
Бір қолында қылышы.
Тарылмады қарасаң,
Қосайдың батыр тынысы.
Жауар бұлттай түнерді,
Айдаһардай ысқырды,
Ен қалмақты тықсырды. 260. Астындағы Күреңше
Тарылмады, оның да
Білінді соның жүрісі.
Үстіне киген шарайна
Шапса қылыш өтпеді,
Салса найза батпады,
Таусылды сонда бар айла.
Өтпесін қылыш білген соң,
Сонда қалмақ қашады,
Ердің пысы басады. 270. Жарағы қанға тоя ма,
Қашқан жауды құтқарып,
Жезтұяқты Күреңше
Жетпей оған қоя ма?!
Талайын оның өлтірді.
Бір үш-төрт күн болғасын,
Қалмақты қырып болады.
Шет жағында бір қалмақ
Тұрып жалғыз қалады.
Мүйізі бар басында, 280. Найзасына сүйенген
Жалғыз сондай қалмаққа
Қосай батыр барады.
Қосай жетіп барғанда,
Жиренше аттың үстінен
Найзаменен көтеріп
Ер Қосайды алады.
Сонда Қосайға сөйледі:
– Ей, Ер Қосай, Ер Қосай,
Қайратыңның болғаны, 290. Танып шіркін қалғаны
Осы ма еді, Ер Қосай?
Сонда Қосай найзаның ұшында тұрып сөйледі:
– Ай, ит қалмақ, ит қалмақ,
Ақылыңнан танғаның,
Үстіңде едім бұрында.
Әлі мынау Қосайдың
Басыңнан сенің ол асып,
Төбеңе ойын салғаным.
Қосайды жерге түсіріп жіберді де, сонда тұрып қалмақ сөйледі:
– Әй, Ер Қосай, Ер Қосай,
Болайын деймін сенімен 300. Қияметтік мен дос-ай.
Қалмаққа сен келгенде,
Өлтірер едім мен, – деді,
Біздің елді шапқанда,
Шешем менің келіпті.
Менің мынау шешеме
Астына ат беріпсің,
“Шөлдесе сусын ішсін” деп,
Құлынымен қосақтап,
Биенің сондай отызын 310. Шешеме менің беріпсің,
Адам құрлы көріпсің.
Анам маған кетерде
Мынау сөзді ол айтты:
“Ой, балапан шырағым,
Ер Қосайға сен барсаң,
Тигізбе қолың сен, – деді.
Егер қолың тигізсең,
Болмаймын шешең мен”, – деді.
Сөйтіп маған сөйледі, 320. Тимей тұрмын мен, – деді.
Тоғыз кісі өлді деп,
Еліңе бар сен енді.
– Мың кісі менен өлді деп,
Қосай артық ер-ді деп,
Барайын елге мен, – деді.
Мидай жазық далада
Екі батыр болды дос.
Көңілдері ерлердің
Біріне-бірі болды қош.
330. Айырылып екеуі,
Енді еліне қайтуға
Аттың басын бұрады.
Сол уақытта Қосайға еліңді қалмақ шапты деген хабар келді.
Сондай туған Ер Қосай
Еліне өзінің бара алмай,
Елінен әскер ала алмай,
Сүйген жары Қарабек
Жолығып жауап бере алмай,
Арманда болып ол кетті.
Шырай-жүзін көре алмай,
340. Алла салды бақытыма.
Жапанда кетіп қаламын,
Жолдасым жоқ қасымда.
Тәуекелге бел байлап.
Кеткен жауға анасы
Барша халқы келеді.
Батыр Қосай оны ойлап,
Астындағы атына
Сонда батыр сөйледі:
– Астыма менің мінгенім
350. Жезтұяқты Жиренше,
Анам менен малымды
Айырып соны келгенше,
Жануар адым аша көр.
Алдыңда қара көрінсе,
Жылдам ұстап баса көр.
Ол қалмақтың елі еді,
Сүмбетемір алаңдай
Қалмақтың жатқан жеріне,
Барсаның еді жағасы, 360. Сол жаққа да кетіпті
Зұлым қалмақ баласы,
Залымдығын қарашы!
Ұстады найза қолына,
Қосайдайын батырың
Жұлдызы туды оңынан.
Жезтұяқты Күреңше
Құлаштап адым ашады,
Аяғын жылдам басады.
Ұшқан құстан кем емес, 370. Жер басқанға жануар,
Сірә, ол бір тең емес.
Алыстан қара көрінсе,
Жетейін деп үңілген.
Жазылып келіп бүгілсе,
Қайыстайын созылып,
Жер бауыры сөгілген,
Омыраудан тері төгілген.
Неше күндей жол жүрді,
“Жетемін” деп ол жүрді. 380. Бір айға күні толады,
Жететін мезгіл болады.
Жердің жазық даласы
Айға күні толғанда,
Тауға шығып өрлеген.
Көрінді елдің қарасы,
Ол көрінген қарасы
Елу кісі қол екен,
Қарауылда жатқан сол екен.
Іркілсін бе Ер Қосай, 390. Келді сонда жақындап.
Алдынан шықты он кісі
Көрейін деп қараға.
Елсізде адам көрген соң,
Келмей оған тұра ма?!
Іркілмеді жағалап,
Келген жалғыз қараны
Тұра қалды қамалап.
Ортасында қалмақтың
Жалғыз Қосай тұрады. 400. “Сен кімсің?” деп Қосайдан
Келіп сонда сұрады:
– Астыңдағы Күреңің
Бала қалай реңің?
Жау боп бізге келсең сен,
Жер астында шіриді
Әлпештеген сом жүрегің.
Келген кісі он, – деді,
Ұрысам десең, жас бала,
Саған болды жол, – деді.
410. Маңдайыңда болды ма
Арылмайтын сор,– деді.
Қалмақтың келдің қолына,
Құтыламын деген түсе ме,
Бала, сенің ойыңа?
Сонда Қосай сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Руымды сұрасаң,
Ноғай деген ел, – деді.
Сол ноғайдың елінде
420. Көкше деген ер, – деді.
Көкшенің ұлы Ер Қосай
Деген батыр мен, – деді.
Іздеп жүрмін қалмаққа
Қалмақты барып алмаққа,
Қапы қалма, сен, – деді.
Елімді шауып кетіпсің,
Келдім іздеп мен, – деді.
Сонда тұрып көп қалмақ
Жау екенін білген соң, 430. Өшпендісі келген соң,
Қалмақ сонда жапырды,
Батыр Қосай ақырды.
Араласып алған соң,
Артындағы қырық кісі
О да шапты айқайлап.
Араласып келеді,
Қосай да артық ер еді.
Қылышын алып қолына,
Дұспанына сермеді. 440. Көптігінен қалмақтың
Аттар тұрып кернеді.
Ақ берені жарқылдап,
Талайының басын жояды.
Қалмаққа салды ойынды,
Шығарды иттің тойын да.
Қызыл жоса қан қылды,
Кесіп сонда мойынды.
Ер Қосайдың қолынан
Отызы тұрып өлген соң, 450. Жиырмасыншы тұрып қашады,
Ердің пысы басады,
Қорқып қалмақ сасады.
Ақ семсері жарқылдап,
Қашқанды сонда қуады,
Қашқанға да мүшкіл туады.
Қуа-қуа қалмақты
Еліне оның тағы да
Жау жетті сонда деген соң,
Хан, мырзасы бас болып, 460. Бір мың кісі әскермен
Алдынан оның шығады.
Алдынан сонда Қосайдың
Толып жатқан жан шықты.
Барлығының алдынан
Келіп сонда хан шықты.
Қосайға келіп ханыңыз,
Сонда бастап сөйледі:
– Жапанда жүрген дарасың,
Қаңғырып қайда барасың? 470. Әй, жас бала, жас бала!
Айт атаң менен анаңыз,
Білінсін бізге шамаңыз?
Сонда Қосай сөйледі:
– Өз дінімді сұрасаң,
Мұсылман тобы ел едім.
Қарымымды сұрасаң,
Ноғайлының ішінде
Қырық сан Қырым ел едім.
Атам атын сұрасаң, 480. Көкше деген ер еді.
Ол Көкшенің баласы
Қосай батыр мен, – деді.
Мен қалмаққа кеткенде,
Алыныпты қаламыз,
Жау қолында кетіпті
Ақ сүт берген анамыз.
Залым қалмақ, сен, – деді,
Іздеп келдім еліңді
Істеуге саған көрімді. 490. Қалаңды шауып мен алып,
Көрсетермін өлімді.
Алуға келдім кегімді,
Тыңда, қалмақ, кебімді.
Талқандаймын қалаңды,
Шулатармын қатын, балаңды,
Тарттырармын сазаңды.
Сонда қалмақ сөйледі:
– Саған болды жол, – деді,
Мынау тұрған көп әскер 500. Жиған біздің қол, – деді.
Мықтымсынып сөз айтсаң,
Қылады саған той, – деді,
Мен ноғайды көргенмін.
Және көрдім сұрасаң,
Көкшенің тұрған қаласын.
Жесір қылып мен алдым
Еліндегі қатын, баласын.
Барлық ерін қиратып,
Алдыма салып айдадым 510. Баққан сиыр, танасын,
Жылқы менен түйесін.
Кек алам деген болсаң ер,
Отқа жанып күйесің.
Сонда Қосай сөйледі:
– Ол күнде жоқпын мен, – деді,
Қатын менен балаға
Мен жоқта келдің қалаға.
Ұрысуға келдім кез, – деді.
Жекпе-жекке сен шықсаң,
520. Мықтымсынып тұрсаң да,
Өлесің сорлы тез, – деді.
Іздеп келдім мен, – деді,
Алатын ерім сен, – деді.
Жазық дөңнің бойында
Жиярмын қатын, балаңды,
Қойман қалмақ мен, – деді.
Көп кідіріп тұрмаймын,
Кезегімді бер, – деді.
Егер берсең кезекті, 530. Өлесің сорлы сен, – деді.
Сонда қалмақ сұрады:
– Жасың кіші баласың,
Бабаңдай кісі тұрғанда,
Кезекті қалай аласың?
Сонда Қосай кезек бердім деп тұрды.
Тұрды Қосай қасқайып,
Үстіне оның кигені:
Ішіне киген ақ сауыт,
Сыртына киді шарайна,
Басына киген дулыға.
540. Қалмақ сонда оқ атты,
Бірінші рет оқ атты,
Жезтұяқты Күреңше
Үстіндегі батырмен
Сонда бұғып қалады.
Қалмақтың оғын байқасаң,
Жоғары кетіп барады.
Екінші рет оқ атты,
Жезтұяқты Күреңше
Жоғары қарғып асады, 550. Оғы тағы танады,
Ерге тимей қалады.
Үшінші рет оқ атты,
Аты сонда бұлтарып,
Оғы таппай қалады.
Сонда қалмақ оқ атты,
Үш оқты бірден босатты.
Сонда Қосай сөйледі:
– Ақылсыз қалмақ, сен, – деді,
Қолға кезек келген соң, 560. Өлтіремін мен, – деді.
Сонда қалмақ қақшайып,
Екі көзі бақшайып,
Екі бұты талтайып,
Ермін деп тұрды қалшайып.
Сауыты бар қалмаққа
Сауыт бұзар оқ алды.
Садақты қолға ол алып,
Керіп сонда қозғалды,
Он екі тұтам оқ алды. 570. Масағына келтіріп,
Сонда атып қалады.
Тартып қалды қол оқты,
“Қалмақ ердің қасы деп,
Қақ жүректің басы деп, Жан денесі осы” деп,
Қалмақтан өтіп кетеді.
Ар жағында бір төбе
Тостағандай төңкеріп,
Онан да өтіп кетеді.
580. Ар жағында тауларға
Іркілмей оғы жетеді.
Сонда қалмақ құлады,
Қалмақ та сонда жапырды,
Аттан түсіп сұлады.
“Қосай кел” деп ақырды,
Қосайдайын еріңіз
“Аллалап” ұран шақырды.
Жапырғанда көп қалмақ,
Көк балдақтан еріңіз 590. Қылышты сонда суырды,
Апшысын жаудың қуырды,
Қалмақ жаман қысылды.
Қысылған уағында
Қан төгіліп қойнына,
Алмас тиіп мойнына,
Талайы аттан жығылды.
Мұрттай ұшты талайы,
Қысылған соң қалмақтар,
Аттан түсе қалады. 600. Кетті сайды паналап,
Сөйтіп жүріп қалмақтар
Қалаға барды жағалап.
Шығарды бәрін қаладан,
Еңбектеп олар жүргенде,
Бірнешеуін өлтірді
Қосай батыр қуалап.
Артынан кетіп барады
Еліндегі халқы да
Әрбір жерге тарады. 610. Қосай батыр қалмаққа
Тажалдай ойын салады.
Аллалаған даусынан
Отыра алмай шешесі,
Үйден шықты жүгіріп.
Баласын өзі танып ап,
Тұра алмады кідіріп.
Шешесін көзі көрген соң,
Тұрды батыр кідіріп.
Шешесі сонда сөйледі, 620. Сөйлегенде бүй деді:
– Жапанда тұрған терегім,
Сағынған күні керегім,
Сен кеткен соң далаға,
Құйылды қалмақ қалаға.
Келген соң қалмақ қалаға,
Күн туды біздей анаға.
Есім кетіп мен деген,
Тек жаным бар өлмеген.
Отын алып от жақтым,
630. Жау қалмақты мен шақтым.
Жатып ұйқы көрмедім,
Тек жаным бар өлмедім.
Бір көре алмай жүзіңді,
Құлыным, саған шөлдедім.
Ішімнен шыққан шырағым,
Жүгіріп үйден мен шықтым,
Аллалаған дауысты
Есіктен соң құлағым.
Аман-есен жүрмісің, 640. Туған, қайран шырағым?!
Көрдің бе, қарағым, қалаңды,
Іздедің бе дүниеде
Біздей сорлы анаңды?
Қатыны құрғыр ұрады
Таяқпенен басыма.
Қарамайды ол кәпір
Төгіле аққан жасыма.
Қабыл екен тілегім,
Жарылды менің жүрегім. 650. Құлынымның алдында
Ол Аллаға ризамын,
Бітсе бүгін сүрегім.
Айналайын, балам-ай,
Қашан келдің қалаға?
Өзіңменен, қарағым,
Келген қатар ер бар ма,
Жаны ашыған ел бар ма?
Көрдің бе қалмақ қаласын,
Білдің бе құлдың шамасын? 660. Қамап қойды қалаға
Күміс тұяқ Күреңше,
Жез бұйдалы нартайлақ,
Бәрінен қалдым айырылып.
Сонда Қосай сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Әй, анамыз, анамыз,
Жауынды күні панамыз,
Алуға келген кегімді
Атадан қалған, анажан,
670. Мен едім тұяқ балаңыз.
Анасы сондай сөйледі:
– Қалмақты жина сен, – деді,
Елден хабар алдың ба,
Перзентім едің сен? – деді.
Сонда Қосай сөйледі:
– Ел шетіне барғанда,
Қалмақтың елді шапқанын
Сонда білдім мен, – деді.
Елден әскер алуға
680. Шыдамады, ана, бетіміз.
Сонан соң келдім қалмаққа,
Қалмаққа таман бармаққа,
Еліне ойын салмаққа,
Айырып жесір алмаққа.
Сүмбетемір алаңдай
Шаптым, шеше, қаласын.
Елімді шапқан қалмақтың
Шулаттым қатын, баласын.
Әй, шешеміз, шешеміз, 690. Сені ұрған қатынның
Төбесін ойып, шақ, – деді.
Сол қатынның барлығын
Сабап қойдай айдашы,
Қасыңда өзім болайын,
Қолын екі байлашы.
Қалмақтың елін жинады,
Бекзаттарын өлтіріп,
Сорлатып жанын қинады.
Ноғайдан кеткен жесірдің 700. Тауып бәрін алады.
Бірнеше мың жан болып,
Еліне қарай барады.
Үш айлықтай жолдарға
Атаңа нәлет кәпірді
Сабап соның барлығын
Алдына қуып салады.
Қарабұлақ, Ақшағыл,
Соған таман келеді,
Таудан төмен құлады, 710. Аяғына тас кіріп,
Талай қалмақ жылады.
Онан соң жетті Үшханға,
Қалмақтарды қысқанда,
Бір күндері болғанда,
Еліне таман таянды.
Өзінің келді еліне,
Мекендеген жеріне.
Сонан кейін ілгері озып Сарыбайға келді.
Отыр екен Сарыбай
Төбенің шығып бетіне.
720. Қасына оның келген соң,
Түсті аттан Ер Қосай.
Сәлем берді оған бұл,
Сонда тұрып Сарыбай
Қосайды қалды танымай.
– Қай баласың сен? – деді,
Айтшы, балам, жөніңді,
Танымадым мен, – деді.
Сонда Қосай сөйледі:
– Жөнімді ата сұрасаң,
730. Қосайдың елін шапқан жау
Артынан соның барғанбыз,
Айырып жесір алғанбыз.
Сол соғыстың ішінде
Ер де болса сол Қосай
Қазасының жеткені.
Ата-анасын көре алмай,
Алам деп жүрген Қарабек
Оны да кетті көре алмай,
Арманда болды Ер Қосай. 740. Аты-жөнім сұрасаң,
Сареке, біздің осылай.
Сарыбай сонда жылады,
Көзінің жасы төгіліп.
Енді маған өлерде-й
“Дүниеде жоқ, күйеу” деп.
Қабырғасы сөгілді,
Көзінің аққан жастары
Тамшыдай жерге төгілді.
Сарыбайға танытпай, Ер Қосай атына мініп алып, елін қондыруға кетті. Сонан соң сол жылауымен Сарыбай үйіне келді, келіп Сарыбай қызына сөйлей бастады:
– Ортасында алты ұлдың,
750. Қызым, жалғыз сен едің.
Қосайдайын ерлерге
Айттырған мен едім.
Елін шапқан қалмақтың
Артынан кеткен ер еді.
Жаңа хабар мен алдым,
Өліпті Қосай ер, – деді.
Не қылам енді мен, – деді,
Ақылын тапшы сен, – деді.
Сонда Қарабек сөйледі, 760. Сөйлегенде бүй деді:
– Әй, атамыз, атамыз
Қайғырмашы сен, – деді,
Жаңағы кеткен кісіңіз,
Қосайдайын ер, – деді.
Білдірмей кетті атамыз,
Ақыл қойып барлаңыз,
Сол кеткен Қосай балаңыз.
Сонан Қосайдың елі келіп, бұрынғы орнына қонады. Елін қондырып болған соң, бұрынғы еліне жеткен соң, Қосай Қарабекке қалыңдық ойнауға Күміс тұяқ Күреңшені ерлеп жүріп кетті.
Тігулі тұрған отауға
Қосай келіп кіреді.
770. Түсті күйеу деген соң,
Алып тамақ жеңгелер
Күйеуіне барады.
Отырған кезде мазақтап,
Жеңгелер жауап айтады.
Күйеу бала сіз, – дейді,
Әкеліп қызды бермейміз,
Жалынбасаң, біз, – дейді.
Сонда Қосай қарады,
Керегеге барады. 780. Қамшыны қолға алады,
Әрқайсысын дойырмен
Қатындарын сабады.
Қатын шығып жөнеді,
“Енді күйеу құрсын” деп,
Отауда жалғыз тұрсын” деп,
Қарабектей сұлуға
Қатындар сонда барады,
Қарабекке сөйледі:
– Әй, еркежан, еркежан,
790. Күйеу жаман ол, – деді
Егер барсаң сен оған,
Таяқтан өлесің сен, – деді.
Сонда тұрып Қарабек: – Соқты ма, жоқ, сөкті ме? – деді. Онда қатындар:
– Сөккен жоқ, соқты, – деді. – Сөкпесе болар, сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді, – деп Қарабек қатындарға солай жауап берді.
Сонан кейін Қарабекті Қосайға берейін деп Сарыбай үлкен той жасады. Сол тойдан кейін Қарабек шатырынан шығып, Қосайдың қасына келді.
Қарабектей сұлуың
Лағыл, маржан тағынды-ай.
Ер Қосайдың көзіне
Көрінеді сағымдай.
Жүрісін оның байқасаң,
Белгілі қарғын ағындай.
Сарыбайдай байыңыз
800. Көктен шатыр көш ертіп,
Көк жорға атты пар жегіп,
Салтанатпен жүрдірді.
Сонда келіп Ер Қосай
Атқа мініп алады.
Сұлу қыздың қасына
Батыр Қосай барады,
Қызға дарып қарады.
Қарабектей сұлуың
Қосайға да жарады.
АҚЖОНАСҰЛЫ ЕР КЕҢЕС
Қырық таңбалы Қырымда, он екі жарым Үрімде он екі жарым хан өткен. Сол хандардың біреуі Ақжонас болған. Өзінің жасы жетпісте, әйелінің жасы елуде еді. Өзінің баласы жоқ еді, бірақ Ақжонас оны ойға алмаған. Бір күндері қатыны кеңес құрып былай деді:
– Жас болса жетті,
Үлкендік те меңдетті.
Бір перзент бермей бұл күнде,
Құдайдың өзі шөлдетті.
Алпыс деген алыс па,
Ер өледі намысқа,
Құдайдан бала тілелік.
Сонда Ақжонасқа ой түсті, ой түсіп мұңайды. Сонан соң бәйбішесі: – Мұның қалай? – деп Жонастан сұрайды. “Мен ертең қазы, ғұлама, билерімді жинайын, сосын мұның қалай екенін сұрайын” деп ойлады. Ақжонас ертеңгісін әкімдерді шақыртып алып сұрады:
– Қазы, мүфти, сіз, – деді,
Перзентсіз болдық біз, – деді. 10. Жас жетпіске толғаны
Үлкендіктің мысалы –
Жүз алпыс екі тамырдың
Бәрі бірдей солғаны.
Елуде еді алғаным,
Бір перзенттің зарпынан
Күшті болды арманым.
Сонда қазы, мүфти қамалды,
Патшасы бұлай айтқан соң,
Таба алмады амалды.
Аралхан дейтін бір зор қазы бар еді, сол қолындағы кітабын суырып алып, Ақжонасқа былай деді: 20. – Түйе тілесең, сұлтаным,
Ойсыл қара пірі бар,
Одан барып тілеңіз.
Қой тілесең шопан бар,
Мұнан барып тілеңіз,
Басына барып түнеңіз.
Тілесең сиыр, сұлтаным,
Зеңгі баба пірлер бар,
Соған барып тілеңіз,
Басына барып түнеңіз. 30. Бас тілесең, сұлтаным,
Шаһимардан оған бар,
Алланың шері Арыстан,
Арыстан деп ат қойған
Соған барып түнеңіз,
Содан перзент тілеңіз.
Мырзалықты тілесең,
Садуақас оған бар.
Оған барып түнеңіз,
Одан мырзалық тілеңіз, –
деді.
Сонда тұрып: – Арышланның қабірін табатын кім бар? – деді. Сонда Арал тұрып: – Мен кітаптан қарайын, кітапта болмаса, иншалла, біз табамыз, – деді. Ертең қарармыз, табылса келіп жауап береміз, – деді. – Ертең келді. Кітаптан ашып көрдім, – деді. Бұхардың арғы шетінде, Амударияның жағасында Мұхамбетәлі деген кісінің баласы мен өзінің моласы бар, – деді. – Сонда табатын болса, кім жүреді? – деді. Сонда Арал сөйледі: – Біз үш кісі жүреміз, – деп. Үшеудің біреуі – Сұлтанымның өзі, – деді. Біреу Құраннан тәпсір ашып, қарайтын біз боламыз, – деді. Тағы біреу атқосшы болады, – деді. Қандай ер жігіт бар дегенде, бір Сұлтанәлі деген ер шықты. Сегіз күн сүрек қылды. – Ноғайда жақсы ат болса, тауып ал, – деді. Сегізінші күн толғанда, екі кісі келгенде Ақжонастың әйелі: – Мен де жүремін, – деді. 40. Сонда Арубибі сөйледі:
– Айналайын, алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Сен кеткен соң далаға,
Мендей сорлы бейшара
Іші жанып өртеніп,
Тұра ала ма қалаға?!
Шырын-шекер, бал татқан,
Тар төсекте бір жатқан,
Егер кетсең далаға,
50. Кім бас болар қалаға?
Айналайын, алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Осы жерде отырып,
Жақсы емес пе мұнан да
Бір аруды алғаның?
Сонда Ақжонас сөйлейді:
– Әуре болма, жарқыным,
Сексен күнде келермін
Қайта айналып мен, – деді,
60. Отыра бер ордаңда,
Қайғы етпе, сен! – деді.
Сол сөзді айтып Ақжонас,
Батыр туған еріңіз
Кетуге атты жөндеді.
Сол кезде үшеуі дүйсенбі күні жол шегіп шықты.
Өтті Шаттан аяңдап,
Отыра алмады баяулап.
Екеуінің мінгені
Белгілі қату көк еді.
Жануардың шабысы
70. Таусылмастай көп еді.
Жонас мінген Ақтанау
Ауыздықпен алысып,
Аспанға қарғып келеді.
Бүкең-бүкең желеді,
Шаңқай түсте жөнеді.
Ар жағында тар қолтық,
Одан өтіп келеді.
Бірнеше күн болғанда,
Күн намазшамға толғанда, 80. Оның арты Құбатау,
Соған барып енеді.
Астындағы Ақтанау
Қайраты оның таусылмай,
Әлі дөңгеленіп келеді.
Арғы жағын сұрасаң,
Амудария су еді,
Жағасы қалың ну еді.
Сол нуды келді жағалап,
Қырық күндей жол жүрді, 90. Азғана емес мол жүрді.
Аты арып, тон тозып,
Сонда жеткен секілді
Әзірет Әлі жатқан жерлерге,
Мекендеген елдерге.
Жақын қалды моласы,
Моланың көрді қарасын.
Ақжонас та ер еді,
Астындағы тұлпардан
Түсе қалып ханыңыз, 100. Жолдасқа атты береді.
Етігін салып иыққа,
Жаяулатып жөнеді.
Желген атқа ол батыр
Бір перзенттің зарпынан
Жүгірумен ереді.
Моласының басына
Келді батыр қасына.
Табытын оның құшақтап,
Хан да болса жылады, 110. Көзінен жасы бұршақтап.
Ақжонас сонда сөйледі:
– Асыл туған Арыстан,
Бір перзентке зар болып,
Басыңа келіп түнедім,
Жатып перзент тіледім.
Тілегімді бере көр,
Көздің жасын көре көр.
Тілекті егер бермесең,
Жіберме мені, алып қал,
120. Тар шұңқырға мені сал.
Бір кезде Ақжонастың көзі ілініп кеткен екен. Арыстан келіп: – Ақжонас, енді тілегіңді бердім, аулыңа қайт, кеңеспен шығып едің, әйеліңнен ұл туар, атын Кеңес қой! – деп өзі ғайып болды. Ақжонас басын көтеріп алып, серіктеріне “тұрыңыз” деді. Қырық қадам шыққанша атқа мінбеді, қырық қадам жерге шыққан соң атқа мінеді.
Шылбырдан ұстап алады,
Үзеңгіге аяқ салады.
Үшеуі де сол жерден
Атқа мініп қалады.
Атқа мініп жол жүрді,
Қисабы жоқ мол жүрді.
Баяғы кеткен ізімен
Отыз күнде барады.
Бір мезгілдер болғанда, 130. Ауылдың көрді қарасын,
Көрініп қалды шамасы.
Сонда Арубибі алдынан шығып, Жонасқа келіп сөйлей бастады.
Көзінің жасы төгіліп,
Арубибі бәйбіше
Келді жылап еріне,
Жылай тұрып жырлады:
– Сау-саламат қайттың ба,
Арызыңды сіз барып
Арыстанға айттың ба?
Алла тілек берді ме,
140. Көзің жасын көрді ме?
– Қабыл болып тілегім,
Кірді жаңа реңім.
Жарылып тұр, алғаным,
Бұ дүниеде жүрегім.
Берермін деді бір перзент,
Кеңесіп көрген перзенттің
Атын Кеңес қой, – деді.
Осынан үйге барған соң,
Қыларсың жақсы той, – деді.
150. Жетпіс күнге толады,
Қатын жерік болады.
Қойдан қошқар сойдырды,
Жерігі оған қанбады.
Сиырдан бұқа сойдырды,
Жерігі бұған қанбады.
Жылқыдан сойды айғырды,
Тағы жерігі қанбады.
Түйеден бура сойдырды,
Жерігі оған қанбады.
Сонда Аралхан қазыны шақыртып алады. Ақжонас айтты: – Мынау әйелдің жерігі қанбады, бұған не амал етемін? – деді. – Бұрынғы уақытта осындай жерігі қанбаған кісі айдаһардың, не сарыүйектің басын жесе қанатын еді, – деді. Сонда хан бұйырды: – Қайдан да болса осыған жеті сарыүйек алып келіңдер! – деді. Баяғыдан тілектес болып жүрген Сұлтанәлі батыр сол сарыүйекке кетті. 160. Таудан барып батырың
Сарыүйекті жеті алады.
Суырып тілін алған соң,
Дорбаға оны салады.
Үйге келген соң, үйдегі жандарды шығарып жіберіп, сарыүйекті дорбадан алып, көптің алдына шашады.
Маңайдағы қатындар
Жыланды көріп қашады.
Былайғы қатын қашса да,
Арубибі қашпады,
Екі көзін қадады.
Жыланды алып келгені
170. Ол Аруға жарады.
Жыланның алды басын-ай,
Арубибі аруың
Барды сонда қасына-ай.
Шикі тұрған жыланның
Аузына салды басын-ай.
Шайнамай тұрып жұтады,
Жерігі сонда қанады.
Жеті жыланның бар басын
Шайнамай жұтып алады. 180. Тоғыз ай, он күн толғанда,
Таң атар шақ болғанда,
Қатын сонда толғатты.
Адалбақан құрдырды,
Ноғайлының кемпірін
Қатарына жидырды.
Отыз кемпір болады,
Кемпірге үйі толады.
Ақжонас үйге тұрмады, қатын он күн толғатты. Үйден ұзап та кетпеді. “Есітір ме екем, – деп жүрді, – дауысын шырылдаған баланың”. Он күнге дейін Аралхан қазының қатыны сол Арубибінің қасында отырды. Бала шырылдап жерге түскенде, Ақтанау тұлпардан Ақжонас та жерге түсіп қалды. Аз ғана жатып, басын көтеріп алды. Аралдың әйелі Ақбибі Ақжонас басын көтергенде, баланы бауырына басып, Ақжонастың қасына барып, Арубибі сұлу сөйледі:
– Халық ұстаған ханымыз,
Артық туған жанымыз, 190. Көтер, сұлтан, басыңды,
Перзентің келді қасыңа.
Сонда баланы көрсетпей тұр екен.
– Рас па деді сөзіңіз,
Әкелдің бе, – деді, – өзіңіз?
Бауырда басулы жатқан баланы: – Мінеки, – деді, – балаңыз. Өз көзіңізбен қараңыз, – деді. Сонда хан баланы ұстайын деп жүріп еді, қатын баланы бермей, кейін шегінді.
– Бермейсің неге сен, – деді,
Еремін бе мен, – деді.
Сонда қатын сөйледі:
– Бермегенім мен, – деді,
Бекісін деп ойлаймын,
Ханымыз, сенің буының.
200. Сонда берді баланы,
Ақжонастай ханыңыз
Баланы алды құшақтап.
Омырауын ашады,
Бауырына басады.
Ақжонастың еті тиді етіне,
“Осының бала екені рас па” деп,
Бетін сонда ашады.
Үйге алып келеді,
Келген отыз кемпірге 210. “Ізі-жолың құтты” деп,
Бір жаулық, бір қойдан береді.
“Жасың ұзақ болсын” деп,
Кемпірлер берді батасын.
Той қылам деп Ақжонас
Ноғайға салды хабарды,
Ноғайды жинап алады.
Атағын оның білдіріп,
Ортаға оны саларға
Кеңес жерге түскен соң, 220. Билер, мырза, беглері
Бәрі тойға жиналды,
Артық туған ерлері.
Үш күн ұдай той қылып,
Тоғыз күн ұдай ойын қылып,
Балуан тұрды күресіп.
Ат шаптырып, той қылып,
Алтын қабақ аттырды,
Қызыққа сүйтіп баттырды.
Баланың жасы төртке толады, 230. Недәуір жігіт болады.
Сақа топай қолға алып,
Балаға таман барады.
“Қарағым жігіт болды” деп,
Анасы сырттан қарады.
Баланың жасы бес толды,
Шешесіне недәуір
Бала жақсы ес болды.
Алтыға жасы жетеді,
Үйге келмей баламен 240. “Ойнаймын” деп кетеді.
Ойнады бала асықты,
Асық ойнап машықты.
Тартып алды балалар
Сақа топай, асықты.
Бестен жасы өткен соң,
Алтыға жасы жеткен соң,
Артық туған Ер Кеңес
Баламен салды төбелес.
“Атадан жалғыз қу бас” деп, 250. Балалар оны сабайды.
Үйіне келіп Кеңес анасына сөйледі:
– Айналайын, анамыз,
Желді күні панамыз,
Жоқ па еді іні-ағамыз,
Атадан жалғыз болдық па?
Есіркейтін пенде жоқ,
Жаны ашитын ел де жоқ.
Сонда кемпір сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Айналайын, шырағым,
260. Ұстаған қолға пырағым,
Атаң еді Ақжонас,
Ежелден о да жалғыз бас.
Аға менен іні жоқ,
Ерліктен басқа міні жоқ.
Айтушы еді билікті,
Ақылы көп мол еді.
Ақылмен жанды билеген,
Ақылы асқан сол еді.
Астана халықты меңгерді, 270. Азын көпке теңгерді,
Атаң сондай ер, – деді.
Жас басыңнан жабықпа,
Ел билерсің сен, – деді.
Енді барма балаға,
Қаңғырма құр далаға,
Асыл туған ер, – деді.
Атаңның бар да қасына,
Жүре берші сен, – деді.
Кемпір сөйтіп сөйледі.
Кеңес еш нәрсе айтпады, тек былай деп ой ойлады.
280. “Үйде тұрып не етем деп,
Енді ерлік етем” деп,
Кеңес бала ойлады
“Ер белгісін етем деп,
Басқа жаққа кетем” деп.
Шығып Кеңес қарады,
Ақтанауға барады.
Алтынды тұрман, ер жүген
Атқа тегіс салады.
Айыл-тұрман бек тартып, 290. Құйысқанын қысқартып,
Жақсылап бекітіп алады.
Шығарып атты алған соң,
Үйге таман барады.
Ақжонас киген ақ сауыт
Үстіне киіп алады.
Басына киді дулыға,
Үйде тұрған сұр жебе
Оны қолға алады.
Керегеде ақ берен 300. Мұны да белге салады.
Жайыменен қозғалып
Ақтанауға барады,
Бара мініп алады.
Әкесі мен шешесі
Жүдә білмей қалады.
Үй сыртында ақ сүңгі,
Қайта оған барады,
Суырып қолға алады.
Есікке жақын барады, 310. Шешесі біліп қалады.
Шыға келді шешесі,
Еш патшадан кем емес
Ер Кеңестің мүшесі.
Анасы кіріп сөйледі,
Көзінің жасы төгіліп,
Жылай келді егіліп:
– Сұңқарым енді қонар ма?
Құба аралап жортар сонарға.
Жалғызым, кетсең сен, – деді,
320. Кәріп болдым мен, – деді.
Артыңда қалды атаңыз,
Жылап қалды анаңыз,
Анаңызға қараңыз.
Сәби туған баласың,
Жас басыңнан жау іздеп,
Жапанда жалғыз қаласың,
Шырағым, қайда барасың?
Жолдассыз туған дарасың,
Адам тастап кете ме 330. Өзінің ата-анасын?
Кімдер алып кетпейді
Атаңның тұрған қаласын?
Жасы сексенге толғасын,
Білемісің атаңның
Қандай қайрат шамасын?
Сексенге жетіп меңдеген,
Тек жаны бар әкеңнің
Бұл жалғанда өлмеген.
Жетпіске жасы келгенше 340. Бір перзентті көре алмай,
Әкең еді шөлдеген.
Сағынып көрген баласың,
Ата менен анаңды
Тастап қайда барасың?
Алтыға жасың толғанда,
Жауға барсаң болмай ма?
Өзің жігіт болғанда,
Алтыға келген жасыңда,
Жолдасың жоқ қасыңда, 350. Қандай жерге барасың,
Қандай жауды аласың?
Сонда Кеңес сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Берсе Тәңірі тілекті,
Барарымды сұрасаң,
Қалмақтың ханы Қара-ды.
Қайғы етпеңіз, анажан,
Балаң соған барады.
Құр қайғыдан пайда жоқ, 360. Тілімді алсаң, жылама.
Астымдағы Ақтанау
Ол шабыстан тана ма?
Атқа мініп алған соң,
Бармай жауға, анажан,
Балаң енді қала ма?
Сонда кемпір қарады,
Шығарып емшек алады.
– Шырағым, емші мамаңыз,
Сағынып көрген баламыз. 370. Не шара бар Құдайға?!
Жылауменен қаламыз.
Сонда Ақжонас үйден шыға келіп, баласына бір сөз сөйледі:
– Айналайын, жан балам,
Ақжонас жаяу қалды, – деп,
Қалмақтар қалар қуанып,
Мен қалдым ғой қуарып.
Қалмақ келер қалаға,
Мен қалдым ғой пәлеге.
Тілімді алсаң, перзентім,
Кетпегейсің далаға.
380. Мекендеп тұрсаң болмай ма
Осы тұрған қалаға?
Енді, балам, мен өлдім,
Астыма мінер атым жоқ,
Қолыма алар қару жоқ,
Мен өлгенге теңелдім.
Енді мені өлді де,
Арыстан болсын панаңыз.
Не қылса да әкеңде
Енді қылар шама жоқ! 390. “Қош-аман бол” деді де,
Қала берді Ақжонас
Кеңестейін балаға:
– Қош, аман бол, – деді,
Кетті бала далаға.
Ақтанаудай тұлпармен
Кеңес бала келеді,
Табандатып желеді.
Сексен күндік жол еді,
Он бес күндік шөл еді.
400. Сол сексен күндік жерлерге
Зыр желумен отырып,
Жетермін қырық күнде деп еді.
Сонда қалмақтың қызы Қарлығаш жатып түс көреді, келіп әкесі Қараға сөйлей берді. Қара деген қалмақтың қарғысы қатты жан еді, қарғағаны өлмей қалмайтын еді. Егер әскермен шабуға қол келсе, теріс қарап жатып қарғаушы еді. Оның қарғысынан жан қалмаушы еді. Оның қарғысы атқан оқтан бетер еді. Қарғысынан қырылған кісінің сүйегі бір тау болып тұрушы еді. Сонда Қарлығаштың айтқан сөзі:
– Әке, келдім мен, – деді,
Жатырмысың саламат?
Басыңды көтер, әкежан,
Мен сізден туған балапан,
Көрейін жүзің мен, – деді!
Сонда қара қалмақ есін біліп, етегін жинағанша, баласы әкесін, әкесі баласын көрмеген екен.
– Перзентім, бері кел, – деді,
Бұрын-соңды көрмедім, 410. Көрейінші енді мен сені!
Сонда Қарлығаш келіп әкесіне сөз сөйлей бастайды:
– Асылы артық данамыз,
Ақылы асқан бабамыз,
Ата, көрдім түс, – деді.
Аспаннан қарақұс келді
Келген құсың қонарға.
Халқың болып шулады,
Сол қарақұс қонарда.
Сол қарақұс қонарда
Қатын бала шулады,
420. Шулаған халқың оңар ма?
Бәрін басып ол кетті,
Қалаңда сенің тұрмады.
Қара келді қонарға,
Астана халқы шулады,
Шулаған халық оңар ма?
Осы түсім жаман түс,
Келетін жау болар ма?
Келмей отыр реңім,
Тітірей отыр жүрегім. 430. Егер қонса қалаға,
Дұшпан осы болар ма?
Осы түстен қорықтым,
Көруге келдім өзіңді.
Жорышы осы түсімді,
Көтергін, әке, басыңды.
Отырдым, әке, қасыңда,
Келген дұшпан бұл болып,
Ала ма, әке, қалаңды?
Жылатпасын балаңды. 440. Жинашы, әке, еліңді,
Бекіте берші беліңді.
Тастамай, әке, жинашы
Қайратты туған еріңді.
Жина қылыш, найзаны,
Тастама жауға айлаңды.
Жасашы айла сен, – деді,
Болдым айтып мен, – деді.
Сонда Қара сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді: 450. – Қайғы етпе, балам, сен, – деді,
Теріс қарап жатармын,
Қарғыспенен атармын,
Ұрттап қанын татармын.
Егер келсе қалаға,
Олжаға атын алармын.
Қанша қатты болса да,
Сүйегін отқа жағармын.
Үйіліп жатқан сүйекке
Оны да, балам, салармын, 460. Сүйтіп құлқын табармын.
Өлтіремін мен, – деді,
Қайғы етпе, қызым, сен, – деді.
Жиналып келсе көп әскер,
Болады маған жем, – деді.
Қарғасам өзі өледі,
Елді оған жимаймын,
Көз алдыңда өлімді
Өзі жақын көреді.
Жүре бер, балам, сен, – деді, 470. Қорықпаймын мен, – деді.
Әскері көп болса да,
Болмайды маған тең, – деді.
Қарадай қалмақ ханыңыз,
Қызына солай сөйледі.
Қызы тұрып кетті. Таң мезгілі болғанда қыз тағы әкесіне келеді, келе сөйлей береді:
– Көтер басың, әке, сен, – деді,
Келдім, әке, мен, – деді.
Күн шығуға таянды,
Келуі жаудың аян-ды.
Күн астына қарасам,
480. Құйындай жалғыз шаң көрдім.
Шаң астына қарасам,
Қыбырлаған жан көрдім.
Астында мінген қара ат бар,
Белінде буған болат бар.
Табандатып желеді,
Төрт аяқтан шыққан шаң
Төрт тарапқа кетеді.
Желгеніне сол аттың
Жер солқылдап келеді. 490. Жақындады қарасы,
Секілді дұшпан шамасы.
Көтер, әке, басыңды,
Жылап тұрмын қасыңда,
Көрсеңші, міне, әкежан,
Көзімнен аққан жасымды.
Тұрсаңшы, әке, сен, – деді,
Келе жатқан дұшпанды
Әке, тұр да, көр, – деді.
Сонда Қара сөйледі: 500. – Теріс қарап жатайын,
Қарғыспенен атайын.
Теріс қарап ол жатты,
Сонда Кеңес батырың
Жетіп келді тебініп,
Жалмауыздай емініп.
Қарлығаш тұрды есікке,
“Кіргізбен, – деп, – Ер Кеңес.
Қорамсаны қолға алды,
Атайын деп оңдалды. 510. Сонда Қарлығаш сөйледі:
– Асылың артық ер, – деді,
Тілегім бар, сұлтаным,
Тілегімді бер, – деді.
Көзімнің жасын көр, – деді,
Жалынса, жақсы кешеді,
Жаныса, болат кеседі.
Сонда Кеңес сөйледі:
– Тарт қолыңды сен, – деді,
Қырылып жатқан адамның 520. Сүйегін байқап көр, – деді.
Егер қолың тартпасаң,
Атамын сені мен, – деді.
Сонда қолын қыз тартты,
Тартып қалды қол оқты.
Жұмсап қалды болатты
Қарадайын қалмаққа.
Атқан оғы өтпеді,
Етіне тіпті жетпеді.
Ол оқ атқанда Қара тұрып: – Қарлығаш, мені маса ма, сона ма бірдеңе шақты, қақ, – деді.
“Айтқан сөзін қара” деп, 530. Алмасты батыр алады.
Жүгіріп барып алмаспен
Мойнына салады,
Бөлініп басы қалады.
Ақтанауға мініп ап,
Қалаға ойран салады.
Қарадай ханды өлтіріп,
Қалмақты жүрді аралап.
Ішіндегі мықтысын
Өлтіре берді шамалап.
Қалмақтың елі көніп қалды, Қарлығаштай аруды ат көтіне міңгестіріп өзі алды. Ендігі хабарды Ақжонастан алыңыз. Кеңес кетіп қалған соң, қалмақтардан қорыққан ноғай қашып, тарады. Жалғыз үй Ақжонас көше алмай, жұртта қалып қояды. Бағлан таз деген бір қалмақ ежелден келе жатқан жау еді. Ақжонасты аңдып жүрген жан еді. Сонда Бағлан таз мың кісімен Ақжонасты шабуға аттанады. 540. Күні-түні жол жүрді,
Есепсіз тазың мол жүрді.
Ноғай тарап кеткен соң,
Ақжонастай еріңіз
Отырды өзі қалуға.
Жау да таяу келеді
Ақжонастың елін алуға.
Жақындап елге келген соң,
Бөлініп шығып кетеді
Он кісі қалмақ баласы. 550. Бағлан таздай залымның
Айласын оның қарашы!
Сонда Бағлан таз жансыз есебінде сақал, шашына ақ кірген бір шалды жібереді: – Ақжонас үйінде бар ма екен, қалай екен, шамасын біліп кел, – деп. Шал Ақжонастың үйіне кіріп келеді, өзінің неге келген себебін білдірмей: – Қатыным өліп, жетім бала-шағамен қалған едім, – деп мұңаяды. Сонда Ақжонас басын көтеріп, қатынына қарап: – Мынаған ас бер, – деді. Нанды алып қалтасына салып, келген жұмысын әбден байқап біліп алып, шал кейін қайтты. Сонда шал Бағлан тазға келіп айтты: – Ақжонас қарусыз отыр, аты да жоқ, баласы да жоқ, – деді. Шал шығып кеткен соң, Ақжонастың әйелі тұрып: – Жаңағы кісі қалай кісі, бұл жерде ауыл жоқ еді, – деді. Сонда Ақжонас: – Ой, қаңғырып жүрген шал дағы, не бір қатыны өлген ноғай шығар, – деді де, отыра берді. Сонда әйелі үйден жүгіріп шықты. Ақжонасты шақырды: – Анау шаң не зат? – деп бір сөз айтты:
– Айналайын, алғаным,
Ұл мен елден айырылып,
Ен майданда қалғаның.
Қаруың жоқ, затың жоқ,
Астыңа мінер атың жоқ.
Осы келген жау болып,
Бізді шауып кетпесін.
Шошынып тұр жүрегім,
560. Кетіп тұр-ау реңім,
Сен, шамаң келсе аса көр,
Осы шаңнан тез кетіп,
Елге қарай қаша көр.
Тыңдамас менің сөзімді,
Егер келсе жау болып,
Өлтірер сенің өзіңді.
Сонда Ақжонас сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Ажалға болмас еш айла,
570. Ажалсыз жан қайда? – деп,
Жаяу қашсам жүгіріп,
Болмайды жанға пайда, – деп.
Сол уақытта жау қарасы көрініп қалды. Сонда тұрып қатыны жылай берді.
Тұра берді Ақжонас:
– Бізге өлім жетті, – деп,
Мен өлсем егер, бұл жерден
Сізге бейнет көп-ті, – деп.
Сол замандар болғанда,
Жау да жақын жетті кеп.
Сонда Бағлан таз алдымен келді. Ақжонасқа: – Сен кім едің?!.. – деп ақырды.
– Менің атым – Ақжонас,
580. Қасымда тұр алғаным.
Ат, жарақтан айырылып,
Осы күн кешті арманым,
Жаяу тұрмын мен, – деді.
Тірі болса Ер Кеңес,
Төбеңді сенің ояды,
Болдырады тойыңды!
Қалмақ шіркін қамады,
Қатынымен екеуін
Қосақтап алып сабады. 590. Қайыра қолын буады,
Ақжонастай батырға
Шынымен күн туады.
Екі қолын байлады,
Еліне қарап айдады.
Талқандады ордасын
Жинап алды малдарын,
Жинады сүйтіп жандарын.
Қалмақ кетті еліне,
Өзінің айдап жеріне. 600. Күні-түні жол жүрді,
Елу күндік жер жүрді.
Аяққа салды кісенді,
Мойнына салып күндіні,
Томарға мықтап байлады.
Ақжонастай батырдың
Сүйтіп соры қайнады.
Қатынын салды сиырға,
Қатынымен екеуін
Қуды сүйтіп қиырға. 610. Сиырды бақты далада,
Ерте кетіп, кеш келді
Өзі жүрген қалаға.
Сонда Бағлан таз Ақжонастың жұртына келіп: – Мен жұртыңда жатайын, Кеңес келсе сояйын, қанын ұрттап тояйын, – деп жата береді.
Ендігі хабарды Кеңестен алыңыз.
Кеңес батыр келеді
Ақтанаудай тұлпармен.
Мінгестіріп сұлуды,
Табандатып желеді.
Жетіп келсе жұртына,
Қалмақ шауып алыпты.
Иесіз қалған елдерге
620. Талапайды салыпты.
Тыс-тақыр болып жұрттары
Ақжонастың қалыпты.
Түсіріп тастап Қарлығаш,
Сонда жұртын қарады.
Ой-шұқырды қоймады,
Бәріне тегіс барады.
Жер ошаққа барады,
Ошақта жатқан киізді
Көтеріп Кеңес алады. 630. Астында жатыр таз бала,
Сол тоқымды жамылып
Жатқан екен бейшара.
Сонда Кеңес сөйледі:
– Сен не қылған бала? – деп,
Бері, бала, қара, – деп.
Сонда Кеңес: – Бұл жердің елі қайда, білесің бе? – деді. Бала: – Еліңді Бағлан таз деген қалмақ шауып кетті, – деді.
– Әке менен шешенің
Екі қолын байлады,
Кірерге көрін сайлады.
Қосақтады екеуін,
640. Елу күндік жерлерге
Қамшыменен сабап айдады.
Асыл туған әкеңнің
Аяғына салды кісенді,
Мойнына салды шынжырды.
Бір томарға байлаған,
Бекітіп оны сайлаған.
Бибі сынды анаңның
Тезекпенен күні өтіп,
Сүйтіп соры қайнаған. 650. Сиырды жүріп бақ, – деді,
Жоғалғанын тап, – деді.
Әйелінің алдында
Еңбектеп отын жақ, – деді.
Тіліңді егер алмаса,
Маңдайын оның кес, – деді.
Басынан қанын ағызып,
Төбесін оның тес, – деді.
Кеңес: – Елді қайдан табамын? – деді. Сонда таз: – Мінгестіріп жүрсең, мен тауып беремін, – деді. Қарлығашты сол жерде қалдыра тұратын болды. Сонда Қарлығаш сөйледі:
– Сіз кеткен соң келгенше,
Кімдер бар да, кімдер жоқ. 660. Екінші сізді көргенше,
Тапсырдым Аққа мен, – деді.
Оң қолыңды бер, – деді,
Қолдасалық кел, – деді.
Кеңес қолын ұсынды,
Қарлығаш ұстап қолынан,
Бауырына қысады.
Қолдасты да Қарлығаш
Кеңес ерден қалады.
Ақтанаудай аттарға 670. Мінгестіріп тазшаны
Кеңес батыр алады.
Ақтанаудай тұлпармен
Табандатып желеді.
Неше күндей желумен
Әлі жүріп келеді.
Сонда Ақтанау тұлпар сөйлейді:
– Асыл Кеңес ер, – деді,
Тазшадайын жаманың
Бөксемді алып барады,
680. Түсіріп таста сен, – деді.
“Түс” деп еді тазшаға,
Түспеймін аттан мен, – деді.
Сүйдегенге болмады,
Екі аяғы атының
Қарсы жерге енеді.
“Тағы да аттан түс” деді,
“Түспеймін” деп тазша тырысты,
“Түсесің” деп Ер Кеңес
Тазшаға қатты ұрысты. 690. Жағасынан алады,
Тазшаны жұлқып қалады.
Түсіріп тастап тазшаны
Кеңес батыр жөнеді.
Астындағы Ақтанау
Жаман тазша түскен соң,
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Ер Кеңес пен тазшаның
Арасын лезде-ақ ашады.
Сонда артынан түсіп қалған тазша айқайлайды: – Сен бара бер, мен де барармын, – деді. Атының құйрығының қылын тұтатып еді, сонда Бағлан тазға қос торы ат келді, біреуін мініп, біреуін жетелеп алып, Кеңестің қасынан: – Бағлан тазың мен, дәмең болса, кел, – деп өте шықты. Оған Кеңес қысылмады, табандатып желіп жүре берді. Ер Кеңес таздың елінің сыртына келді. Қалмақтың елінің сыртына келгенде бір дорбасы мойнында, бір дорбасы қолында, сиырдың жүрген соңында анасын көрді. Анасы жылай жүріп жырлап жүр екен, сондағы айтқаны: 700. – Сағындым жалғыз перзентім,
Естілер ме екен дауысым
Жапанда жүріп зарлаған?
Жалғызым менің Ер Кеңес,
“Дұшпанға кегім кетер” деп,
Алты жаста арланған.
Қаумалаған көп қалмақ
Сиырға салып қорлады,
Баяғы заман болар ма?
Сиыр бағып жүргенде, 710. Біздей сорлы оңар ма?
Ұшып кеткен ақсұңқар
Шақырсам қолға қонар ма?
Біз секілді бейшара
Мұнан қалып оңар ма?
Патша болған атаңыз
Теректе тұр байланып,
Қалды сонда айналып.
“Жалғызым” деп көре алмай,
Пәнде болдым, енді, көр, 720. Маңдайымда болар ма
Арылмайтын мықты сор?
Сол сөзді айтқан соң Кеңес шешесінің алдына келіп сөйлей бастады:
– Балаң мендей болар ма?
Жоғары жүрген ақсұңқар
Қолыңа келіп қонар ма?
Ақсұңқар қонса қолыңа,
Баяғыдай боларсың,
Жақсылық келтір ойыңа.
Біздей болса балаңыз,
Қайғың болса, анажан,
730. Тағы да айтып қараңыз.
Сонда шешесі айтты:
– Бағлан таздың қатыны
Белгілі жаман залым-ай.
Кесе берме алдымды,
Тұрмын, бала, танымай.
Сонда Кеңес сөйледі:
– Танымай ма екен баласын,
Баласы келіп тұрады
Қарсы көріп анасын.
740. Атаңа нәлет қалмақтың
Мен салармын ол қойға
Қатыны мен баласын,
Көрермін сөйтіп шамасын.
Менің анам сен, – деді,
Сенің балаң мен, – деді.
Көзіңді ашып, анажан,
Шыныменен көр, – деді,
Мамамды менің емейін,
Мамамды, ана, бер – деді. 750. Сонда кемпір сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Танымаймын өзіңді,
Мегзетемін сөзіңді.
Сонда Кеңес сөйледі:
– Асыл туған анамыз,
Жастықта емген мамамыз,
Ақжонасың қай жақта,
Шешеке, біздің бабамыз?
Сонда кемпір қарады,
760. Аттан түсіп Ер Кеңес,
Кемпірге таман барады.
Сонда кемпір сөйледі:
– Жауды жерде жарағым,
Аман-есен келдің бе,
Перзентім менің, қарағым?
Тастай беріп дорбасын,
Жетіп келді қасына-ай,
Құшақтады басын-ай.
Лақтырып жіберді
770. Тезекті терген қабымен,
Екеуі кетті шағымен.
Кемпірдің барды қасына-ай,
Көзінің төкті жасын-ай.
Кемпір берді мамасын,
Таныды сонда баласын.
Кеңес батыр жөнеді
Іздеп туған бабасын.
Кеңестейін ер еді,
“Жүре бер” деп анасын, 780. Атасына жөнеді.
Сонда Ер Кеңес келеді,
Ақтанаудай атынан
Келе түсе қалады.
Атасының Ер Кеңес
Келіп қолын алады.
Қолын алып жатқанда,
Мың кісідей әскермен
Бағлан таз келіп қалады.
Босатуға шама жоқ, 790. Жалғыз туған Ер Кеңес
Айқай жауға салады.
Қамап тұрған әскермен
Соғысып батыр барады.
Жартысы жаудың өлген соң,
Қырылғанын көрген соң,
Қалғаны жаудың қашады.
Тұруына шама жоқ,
Айқай салып Ер Кеңес
Албастыдай басады, 800. Тұра алмай қалмақ сасады.
Бағлан таз шапты қасқарып,
Қалатын ба еді Ер Кеңес,
Жауға келді егескен.
Екі батыр майданда
Қайраттарын теңескен.
Қарсы келіп қалысты,
Белдерінде алмас бар,
Жекпе-жекке шабысты.
Өтпеген соң қылышы 810. Бола ма ердің тұрысы?
Жағаласып қалысты,
Жағасынан алысты,
Бір-екі күн жағалас
Ат үстінен салысты.
Одан шықпай еш нәрсе
Аттан түсе қалысты.
Екі күндей жағалас
Жаяу жүріп салысты.
Ақжонастың қатыны 820. Тұра алмады кідіріп.
Жонасқа сонда келеді,
Сиырды тастап та жүгіріп.
Келіп сөйлей береді:
– Айналайын, сұлтаным,
Астыңда жоқ тұлпарың,
Қолыңда жоқ беренің.
Жәбір шеккен ер едің,
Қарағымды көрдің бе,
Көріп сәлем бердің бе? 830. Көрдіңіз бе баланы?
Атаңа нәлет ит қалмақ
Бізді келіп қамады.
Сонда байлауда тұрып Ақжонас сөйледі:
– Бері келші, сен, – деді,
Мынау менің етігім
Қолыңмен ал, – деді.
Етікке қолың сал, – деді,
Ұлтанының астында
Екі елі кездік бар еді,
Шығарып соны ал, – деді.
840. Кемпір қолды салады,
Етікті тартып алады,
Алып ішін қарады.
Екі елі кездікті
Қатын қолға алады.
Кездікті мынау салады,
Аяқтағы темірге
Кісенді кесіп алады.
Ақжонастың қолындағы бұғауды, аяғындағы кісенді қатын кесіп тастады. – Пышақпен қолыңдағы жөке арқанды да кес, – деді.
Ақжонас та ер еді,
Артындағы жөке арқан,
850. Қолындағы кездігі
Жалғыз тал қылдай көрмеді.
Босанған соң қол-аяқ,
– Кездікті маған бер, – деді.
Кездікті алып қолына,
Мойнында тұрған шынжырды
Оны да кесіп алады.
Босанып тегіс алған соң,
– Манағы бала қайда? – деп,
Ер Кеңеске жүгірді. 860. Шыға келсе төбеге
Жағаласты салулы.
Жағаласып жатқанда,
Ақжонас келіп қалулы.
– Тазшаның сырты алтын, іші боқ-ты. Қару өтпейтін жері жоқ-ты, – деп Ақжонас Тазшаны алмаспен жарып жібереді. Ақжонас төңірекке қарады. Тазшаның мінген қос торы ат барып мініп алады.
Тазшадай қалмақтың
Бар қаруын алады.
“Аллалап” ұран шақырып,
Қалмаққа ойын салады.
Бір жағынан Ер Кеңес
Үш күнде қоймай қалмақты
870. Бір жерге қуып жинады.
Ақжонасқа Ер Кеңес
Жәбір бергіш қалмақтың
Басын кесіп сыйлады.
Анасын ұрған қатынды
Жақсы қылып қинады.
Қайырып қолын артына
Біразының байлады.
Баяғы кеткен жұртына
Қойдай сабап айдады. 880. – Кегім қойсын бұ, – деді.
Мен ілгері кетейін,
Жеріме таман жетейін, –
Деп Ақжонас ханыңыз
Бағлан таз мінген торы атпен
Шабуылды салады,
Он күнде жетіп барады.
Ақжонас келгенде,
Қарлығаштай аруың
Иіліп сәлем береді. 890. Сонда Ақжонас сөйледі:
– Ай, жарқыным, сен, – деді,
Перімісің, жанбысың,
Адамбысың, шынбысың?
Танымадым мен, – деді.
Жапанда тұрған жанбысың?
Иіліп сәлем бергенің,
Сен енді мені кім дедің?
Сонда Қарлығаш сөйлейді:
– Жасың үлкен данасың,
900. Ақылың артық бабасың.
Көргеннен соң жүзіңіз
Кеңестейін ерлердің
Деп тұрмын сізді бабасы.
Кеңес ерді деп тұрмын
Сіздей ердің баласы.
Балаң алған балаңмын,
Атам Қарахан еді,
Мен де жалғыз бала едім.
Саламат-күйлі барсыз ба, 910. Қуатты-күйлі бар ма екен,
Аман ба еді анамыз?
Сау-саламат барды ма
Іздеп сізді балаңыз?
Атасы тұрып сөйледі:
– Келді біздің баламыз,
Қиналған сүйтіп бабаңыз.
Аман түгел алған соң,
Талқандап қаласын,
Жеңгеннен соң елдерін,
920. Сындырған соң белдерін,
Бағлан мінген қос торы ат
Оны да алып мінгізді.
Шауып алып елдерін,
Артқызды нарға теңдерін.
Қасіреті-қайғы көп көрген
Атасы мен анасын
Сағынған сүйтіп баласын
Құшақтатып сүйгізді.
Сүйтіп Кеңес қарағым 930. Астыма торқа төсетіп,
Жылқыдан жорға мінгізді,
Езу тартып күлгізді.
Осы сөзді айтқанша,
Кеңес келіп қалады.
Жұртта қалған Қарлығаш
Неше уақыт тарыққан,
Келе ме деп зарыққан.
Кеңес ерді көргенде,
Қуанғаннан талады. 940. Неше айлар сақтаған,
Келгенше дәм татпаған.
Жарын мұндай көрген соң,
Оттай күйіп жанады,
Құшақтап келіп алады.
– Жан серігім, жолдасым,
Тар жерде болған мұңдасым,
Басыңды көтер, келші, – деп,
Көзінің жасы тамады.
Қарлығаш көзін ашады,
950. Мауқын сүйтіп басады.
Ерлігін елге көрсетіп,
Мәртебесі асады.
МАНАШЫҰЛЫ ТҰЯҚБАЙ
Ноғайлы елінде он бір би болады. Сол елге көп әскерімен Ындыс қалмақ деген кәпір Ащағар сайының бойындағы ноғайлыға келеді. Ноғайлының он бір биінің үлкені Орманбет биді шақыртып алды, сонда Орманбетке Ындыстар былайша жауап айтты.
– Дініме менің кір, – деді,
Айтқанымды қыл, – деді.
Айтқанымды қылмасаң,
Біздің жолмен жүрмесең,
Еліңді шауып аламын.
Еліңді салып бүлікке,
Талапайды саламын!
Сонда Орманбет: – Мен сенің дініңе көнбеймін, елімде он бір биім бар, содан хабар аламын, солар көн десе көнемін, көнбе десе көнбеймін, –деді. Қалмақтар “сен көнбеймін деп айтасың” деп, Орманбет биді өлтіреді. Он бір биді шақыртуға адам жібереді. Сонда он бір би жолға шығуға атқа мінеді. Манашы мырзаның үйіне түседі. Билер отырғаннан кейін сөз бастап, Манашыға былай дейді:
– Мына жауға баралық,
Осындай қиын кездерде 10. Өшіруге жаудың оттарын
Ерлік айла біз істеп,
Соған барып қаралық, – дейді.
Сонда Манашы жүруге айналды. Шешесі тұрып ой ойлады: “Бұлар өздері елдің басшысын бір пәлеге ұшыратар” деп, Манашының анасы ере жүрді.
Баратынын сұрасаң,
Ащағар сайдың басы еді,
Жабағы сайдың қасы еді,
Баратын жері осы еді.
Он бір би соған барып түсті. Сонда кәпір қамады, ойлап ақыл табады. Сонда Манашының жолдастары он бір би шеткері шығып кеңес құрды. Сол кеңесте олар Манашыны міндетке беріп кетуге ұйғарды.
– Міндетке бергенде үш күнде келеміз делік, үш күнде келмей көшіп кетелік, – деді. Енді Манашыны Ындысқа береді. Манашыны бұлар міндетке бергеннен соң, Манашының қайғы түсті басына, анасы келді қасына, сонда Манашының айтқаны:
– Атаңа нәлет ит кәпір,
Ұстама мені сен, – деді,
Мынау тұрған он бір би
20. Келмейді саған бұл, – деді.
Атаңа нәлет он бір би
Келмей енді қашады,
Осы айтқаным шын, – деді.
Ол кәпір “анау он бір би келемін” деп адам берген соң, Манашыны алып қала берді.
Сонда Манашы шешесіне сөйледі:
– Айналайын, анамыз,
Мен едім жалғыз балаңыз.
Жал-құйрықты кесіп ап,
Құдай жалғыз қылған соң,
Неге келсін шамаңыз?!
Иесіз қалды-ау, шешеке, 30. Жинаған дәулет қарамыз.
Тым болмаса болмады-ау
Иесі болып қалатын
Бір сәби де балаңыз.
Үш жасар қалды қыз бала,
Алған жарым бұл қалды,
Еңсесі биік ақ орда
Адыра болып тұл қалды.
Бастан бақыт құсы ұшып,
Ол құс қайта қонар ма? 40. Қонғанменен, шешеке,
Бұл жалғанда оңар ма?
Асыл туған, анажан,
Бұл дүниеден мен кеттім,
Ант ұрып кеткір он бір би
Сүйегімді жасытып,
Осы жолы меңдетті.
Ақ сүтіңді кеш, – деді.
Сол жауапты айтқанда,
Кемпір тұрып егілді, 50. Көзінің жасы төгілді.
Жалғызы өлімге кеткен соң,
Көкірегін басып шер,
Қабырғасы сөгілді.
Сонда кемпір сөйлейді:
– Айналайын, жалғызым,
Жапанда тұрған бәйтерек
Бір күні қурап солғаны.
Жалғызым, сенің далада
Отың жанған құл болып,
60. Атаңа нәлет он бір би
Ұшырды ма далаға.
Мен айналып болайын,
Жалғызым, сенен садаға.
Қолыңнан қазып көмбедің,
Өлгенімді көрмедің.
Сорлы болған мен бе едім?
Аманатын Алланың
Көз алдыңда бермедім.
Баласының қасына барайын деп еді, қалмақтар итермелеп барғызбады. Сонда Манашы мен анасы қалмақтың қолында қала берді. Сонда он бір би кетіп барады, бұрын түсетін еді, бұл жолы түспей Манашының аулының тұсынан өтер болды. Сонда қыз жүгіріп қапталдай сөйледі.
Қапталдап айқай салады: 70. – Ай, он бір би, он бір би,
Ағам менен шешемнен
Хабар берші сен, – деді.
Айтайыншы жеңгеме
Хабар етіп мен, – деді.
Он бір биге бұл қарап,
Қызың сүйтіп сөйледі.
Сонда он бір би қарамай: – Ағаң менен шешең келеді, – деп, өтіп жүре берді. Сонан соң бала қайғырып үйіне келеді. Сонда бала жеңгесіне келіп сөйледі:
– Айналайын, жеңеше,
Ол кісінің ішінде
Аға менен шешем жоқ.
80. Бұрын үйге келгенде,
Таласушы еді он бір би
Мені алдыма алам деп.
Он бір бидей залымның
Болғанды ісі өзгеше,
Тұр, киімді ки, – деді,
Көкемнің мінген көк тұлпар
Шығарып алып сарайдан
Астыңа оны мін, – деді.
Көкем менен шешемді 90. Он бір би тастап кеткен-ді,
Соны барып біл, – деді.
Ноғайлы шіркін сасқан-ды,
Төбеге шықсаң көресің
Босқан елдің қарасын.
Манашыдан қалған көк тұлпарды ерттеп алып, Манашының бар қару-жарағын асынып, босқан ноғайдың артынан төбеге шығып қараса, ноғайдың барлығы жапырыла көшіп жатыр екен, содан кейін қатын не істерін білмей үйге келді. Сонда кішкене қыз сөз сөйледі:
– Жеңеше, біз ноғаймен қатар көшпелік, ноғайдан қалып, артын ала көшелік, егер бірге көшсек бізге ноғай су бермес, – деді.
Сол уақыт болғанда,
Малды қуып жинады,
Көш қарасын көреді.
Көшке жүдә санаспай,
Көштің бөліп қарасын, 100. Бөліне көшіп келеді.
Көшіп қашқан көп ноғай
Отыз күндей босады,
Малды сүйтіп қинады.
Сарыойық деген көлдерге,
Сондай шүйгін жерлерге
Көшіп келіп көп ноғай,
Сол жерлерге қонады.
Манашының ауылы
Кейін шетте қалады. 110. Ноғайға кіріп қона алмай,
Бұрынғыдай бола алмай,
Манашының қатыны
Буаз еді сол күнде,
Айы-күні толады.
Адалбақан құрдырды,
Сол ноғайдың елінен
Бес-он кемпір жидырды.
Толғатумен сол қатын
Үш күн ұдай ол тұрды, 120. Сонан соң барып ұл туды.
“Батырдан қалған тұяқ” деп,
Тұяқбай атын қойдырды.
Ендігі сөзді Манашының шешесі Күйкеннен естіңіз. Үш күні біткен соң, Манашыға барған адам болмайды, сосын барып, Ындыстар Манашыны өлтіреді. Сонда Манашының басында отырып, кемпір жылап сөз айтады:
– Айналайын, жалғызым,
Су түбіне шым батты.
Көрсеткенің, Құдай-ай,
Осы ма еді жалғанда?
Жалғызымнан айырылып,
Сынды менің қанатым.
Қос қанатым қайырылып,
130. Отырып менің қалғаным.
Айналайын, Құдай-ай,
Жалғызымнан айырып,
Басыма мұңды салғаның.
Бүйтіп қорлық бергенше,
Емес пе жақсы алғаның?!
Кемпір мұңайып отырып ен далаға қаңғырып кетті.
Бір жерлерге келгенде,
Аратөбе шың көрді.
Сол шыңдарға шығады,
Шың екенін көреді,
140. Солай қарап жол жүрді.
Сол жүргеннен қаңғырып,
Аз ғана емес, мол жүрді.
Бір жерлерге келіп отырып, сонда кемпір тағы да мұңайып сөйледі:
– Айналайын, жан Алла,
Кереметің бар, Алла,
Манашыдай жалғызым
Келмеске енді ол кетті,
Қараңғы көрге ол жетті.
Бір бұтаның түбінде
Мені Құдай сөйлетті!..
150. Бір мезгілде күн батты,
Ай қараңғы, күн бұлт,
Кемпір тағы жүреді.
Кемпіріңнің көзінен
Қанды жасы бұл ақты.
Жүргені шыңның басы еді,
Сөйтіп келе жатқанда,
Ылдилау жерді бұл басты.
Көзінің нұры тамғаны –
Кәрілік жетіп қалғаны. 160. Сонда кемпір ұшады,
Сол ұшумен ол барып,
Бір жартасты құшады.
Сонда жаны кетеді,
Баласының артынан
Бұ да көрге жетеді.
Сол кемпірдің ұшқан жері бұрын Аратөбе шың еді. Содан кейін “Күйкен” деп аталды.
Он сан байтақ бөлген жер,
Орманбет бидің өлген жер,
Күйкен сырты Манашы,
Манашы соның баласы.
170. Баласымен екеуі
Он бір бидей залымның
Айласынан бұлардың
Анасы мен баласы
Қаза тапты, қарашы!
Ендігі сөзді Тұяқбайдан естіңіз:
Тұяқбайдай баланың
Беске жасы толады.
Шешесіне ес болып,
Недәуір жігіт болады. 180. Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды.
Тұяқбай үйге келіп, апасына сөйлей бастады:
– Ақ сүт берген анамыз,
Балалармен ойнауға
Біз де, шеше, барамыз.
Екеуден жұрт жүреді,
Екеуден жұрт жүргенде,
Біз де жалғыз барамыз,
Іні мен жоқ па ағамыз?
190. Шеше, бізде жоқ па еді
Әлдилеп сүйген бабамыз?
Шешесі қатты мұңайды,
Алғанынан айрылған
Есіне түсіп бейшара,
Төгіліп көзден жастары.
Шешесі жылап тұрған соң,
Апасы сонда сөйледі:
– Айналайын, сұңқарым,
Атаң еді Манашы. 200. Артынан сені көрген соң,
“Асылдан қалған тұяқ” деп,
Тұяқбай атың қойдырған.
Манашыдай мырзаның
Сен едің жалғыз баласы.
Асыраған әлпештеп
Күйкен еді анасы.
Атаңа нәлет он бір би
Ертіп кетті қасына.
Ындыс деген көп кәпір 210. Ноғайдың келді қасына.
Ащағар сайдың түсіпті
Ындыс келіп басына.
Он бір бидің басы еді,
Орманбетті шақыртып,
Алды кәпір қасына.
Қалмақ сонда сөйлеген,
“Біздің дінге көн деген.
Біздің дінге көнбесең,
Өлтіремін мен” деген 220. Орманбеттей биіңіз.
Елімде бар он бір би,
“Сол көн десе көнемін,
Көнбе десе көнбеймін” деп,
Сүйтіп ханың сөйлеген.
Сонда “сен көнбейсің” деп Орманбетті өлтіріп, еліндегі он бір биін шақыртқан, сонда он бір би не істерін білмей, біздің үйге келді.
– Келген соң он бір би,
Көкемді менің азғырды,
Баралық жауға біз, – деді,
Қатын менен баланы
Кәпір етіп алмалық
230. Біздерге басшы сен, – деді.
Атаңа нәлет он бір би
Көкеме сүйтіп сөйледі.
Көкем атты ерледі,
Ерлеп жүріп терледі.
Жалғызы кетер болған соң,
Шешем де сонда жүруге,
Баласына еруге,
“Барайыншы мен” деді.
Манашыдай көкемді 240. Залым туған он бір би
Міндетке беріп сол жерде,
Көкемді менің тастаған.
Келіп қайта елдерге,
Мекендеген жерлерге,
Сонда елді көшірді.
Шешем менен ағаңның
Атаңа нәлет он бір би
Сүйтіп үнін өшірді.
Шешем еді ол Күйкен, 250. Итке-құсқа жем болып,
Далада қалды сүйегі.
Әкең еді Манашы,
Үш күні оның біткен соң,
Кескілеп ындыс өлтірген.
Осы сөзді есітіп,
Сегіз жасар Тұяқбай
Жүрегі сүйтіп күйеді.
Тұяқбай үндемей тұрып кетеді, апасы мен шешесі ұйқыға кеткен соң, шешесінің пышағын ұрлап алады.
Етіне шекпен киеді,
Қолына алып пышағын,
260. Сарыойықты жағалап,
Он бір биді іздеуге
Тұяқбай сонда жөнеді.
Қыдырып жүрді шамалап,
Ноғайларды аралап.
Бес күн жүрді жағалап,
Билерді көрді шамалап.
Танып әбден алуға
Билерді жүрді сағалап.
Биді танып алды. 270. Бір мезгілдер болғанда,
Қонақ сонда болуға
Бір ауылға барады.
Билер барды ауылға
Артынан жүрді Тұяқбай
Сол билерді аңдуға.
Түс мезгілі болғанда,
Ақсақалдар тарады.
Шетке тіккен отауда
Он бір би жатып қалады. 280. Билер ұйықтап танады,
Оңаша ұйықтап қалады.
Билер ұйықтап қалғанда,
Тұяқбай да үйге жақын барады.
Тұяқбай үйге келген соң,
Бидің бәрін жарады,
Биді қырып салады.
Тұяқбай кейін қайтады,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Елеусіз жүрген жас бала 290. Үйіне қарай тартады.
Ауылдың келді адамы
Ол билерді көрмеге,
Қонағасын сыйлап бермеге.
Келген соң көрді қызықты,
Бұл секілді бұзықты.
Ағып жатқан қан көрді,
Қырылып жатқан жан көрді.
Үйі қаннан толады,
Аса қызық болады. 300. Мұны көзі көрген соң,
Ауылдағы көп адам
Есі кетіп талады.
Ауыл адамы тарады,
“Қырылып билер қалды” деп,
Шабуылды әр жерге
Адамдар сонда салады.
Билердің келді баласы,
Өліп билер қалған соң,
Жиналды халық, қарашы! 310. “Бұл қайдан болды?” деп
Бірінен-бірі сұрады.
Айласын оның таба алмай,
Қамалып ноғай тұрады.
Сол Орманбеттің баласы Әли деген бар еді: – Сол он бір бидің тұсында ауылға келген адам бар ма, біреуің білмейсің бе? – деді. – Кім екенін білмедік, бір пақыр бала келіп отырды, – дейді. – Манашыдан бір бала туды деп еді, сол бала болмасын, соны ойлап қараңыз, – деді. Ауылдың бір әйелі тұрып: – Мен от жағып жүргенде, жүгіріп бір бала кеткен,– деді. Олар жаңағыдай болып жатқанда, Тұяқбай үйге барып пышақты тастай берді. Сонда Жұбай деген апасы сөйлей бастады:
– Айналайын, шешеке,
Көтерші бермен басыңды.
Тұяқбайдай жас бала
Алла жолын оңдағай,
Болмағай енді масқара.
Қару-жарақ сайлай көр, 320. Сарайда тұрған Көк тұлпар
Шығарып сыртқа байлай көр.
Сұр жебе мен қылышты
Сандықтан оны ала көр!
Сонда алды қорамса,
Беренді белге байлады
Тұяқбайдай жас бала.
Ер қаруы бес қару,
Оны да алды асынып,
Ұрысуға жаулармен 330. Тұрды сонда сайланып.
Бара атты ерледі,
Ерлеп жүріп терледі.
Алтын тұрман, ер жүген
Атқа тегіс салады.
Атадан қалған ақ сауыт
Үстіне киіп алады.
Айыл-тұрман бек тартып,
Құйысқанын қысқартып,
Көк ала шұбар ту байлап, 340. Жолдың шықты басына,
Барды малдың қасына.
Ендігі сөзді он бір бидің отыз баласынан естіңіз. Сол уақытта отыз баласы Тұяқбайдан көріп: – Кел, Тұяқбайға баралық, – деп, ойлап кеңес құрып, бұлар да қаруын асынып, Тұяқбайды іздеп жүрді. Сол отыздың басы Орманбет бидің баласы Әли болады. Сонда атқа мініп келіп: – Тұяқбай қайда? деп ақыра бастады. Сонда үйден апасы шыға келді. Сонда апасының берген жауабы:
– Анау жатқан мал, – деді,
Малдың қасы жал, – деді,
Жал басына бар, – деді.
Үстінде тұрған қарасаң,
Көк ала туды байлаған
Ер қаруы бес қару
Асынып оны сайлаған.
Дәмең болса бара бер,
350. Төбеде тұрған Тұяқбай,
Тұяқбайды бар да көр!
Сонда:
Отызы бірдей ақырып:
– Тұяқбай үйде қалмасын,
Жасырып тұрма сен, – деді.
Сонда қызың сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ақылсыз ноғай, сен, – деді,
Жасырамын ба мен? – деді.
Анау тұрған Тұяқбай
360. Өзіңмен қатар тең, – деді.
Еркек болсаң еркекке
Бара берші сен, – деді.
Олар жөнеліп баратқанда, қыз өзінің шешесіне сөйлей бастады:
– Айналайын, анамыз,
Тұяқбайдай балаға
Осы қиын іс болса,
Тұтамай отқа жанамыз,
Алла болғай панамыз.
Құдай нашар қылған соң,
Неге келер шамамыз?
370. Арышлан, жәрдем бергейсің,
Көздің жасын көргейсің?!
Ендігі сөзді Тұяқбайға кеткен отыздан естіңіз.
Шабуылды салады,
Шабуылды салумен
Тұяқбайға барады,
Жақындасып қалады.
Шапқан атты көрген соң,
Тұяқбай мінген Көк тұлпар,
Аспанға қарғып тұрмады.
Сонда отыз кісі келіп: – Тұяқбай сен бе? – деді. Сонда Тұяқбай “мен” деп сөйлей бастады:
– Әкем еді Манашы,
380. Ащағардың бойында
Атаңа нәлет залым он бір би
Міндетке беріп кетіпті,
Қасында қалды анасы.
Ындыс деген кәпірге
Ұстап беріп кеткені,
Сөйтіп қорлық еткені.
Ұстап беріп кеткен соң,
Иесіз қалған қарасы,
Баласыз екен Манашы. 390. Сол күнде іште қалған
Мен едім соның баласы.
Сол себепті он бір би
Өлтірсем деп ойладым,
Өлтіріп кекті мен алдым, –
Деп бір сонда Тұяқбай
Тұлпарға қамшы салады.
Еті қызып жануар,
Аспанға қарғып ойнады.
Үстіндегі Тұяқбай 400. Көзі құрдай қызарды,
Құм сағыздай сазарды.
Сонда Әли тұрып сөз бастады:
– Ноғайлының баласы,
Аңғарыңыз сөзді деп,
Айтып тұр ғой өзі деп,
Тұяқбайдың бұл сөзі
Болып шығар жөн, – деді.
Ноғайлар кеңес құрды, бірінен-бірі “бұл қалай?” деп сұрады. Сонда “бұл қалай?” деп Орманбет бидің баласынан кеңес сұрады.
Әли сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ай, жолдастар, жолдастар,
410. Бір жылы туған мұңдастар,
Бір сапарды қолдастар,
Біздің туған атамыз
Істегені қателік.
Бұл айтқаның сөз емес,
Тұяқбайдай қайсар ер,
Бізге болар ер емес!
Сонда Әлиге: – Өзің бар, не болса да Тұяқбайға айтып көр, – деді. Сонда Әли келіп, Тұяқбайға сөйлей бастады:
– Тұяқбай бала, ер, – деді,
Сабыр етші сен, – деді.
Мәжіліс құрып көруге
420. Сөйлесуге келдім мен, – деді.
Мынау тұрған он бір би
Оның болсын жазасы,
Манашыны өлтірген
Тартсын өзінің сазасын.
Кел сіздің үйге кетелік,
Аз ғана ноғай еліміз,
Ұрыс ашып арада,
Құр жау болып нетелік!
Тұяқбай Орманбет бидің баласымен екеуі дос болады. Сонда бұлар барлығы Манашының аулына келіп түседі. Түсейін деп жатқанда апай аттан түсірмей қояды. Сонда қызың сөйледі: – Аттан түспе Тұяқбай, асылы туған сен, – деді, аттан түспей тұра тұр, не бұйырсаң да істейін, – деді, – тұра берші, сен, – деді. “Қызметің етем” деп жүгіре берді, апасы тарта берді табағын, табағын тартып болған соң, жиналып ноғай атымен, сонда келіп барлық жан “енді жаман болмас” деп, жеңгесімен қолдасты “рұқсат” деп жолды ашты. Сонда Тұяқбаймен дос болып, барлығы еліне қайтып кетеді. Тұяқбай “бір айдан қалмай келіңдер” деп жолдастарына солай айтып жіберді.
Бір айға күні толғанда, 430. Айтқан шағы болғанда,
Отыз кісі бұл келді.
Басшысын оның сұрасаң,
Орманбеттің баласы
Бастығы сол, қарашы!
Бір күн жатты бөгеліп,
Кететін болды екінші күн
Жауға сонда жөнеліп.
Атқа мініп алғанда,
Апасы келіп қасына 440. Сонда бастап сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Қуанып едім күлгенде,
Жарылып еді жүрегім,
Сен бір атқа мінгенде,
Қатарға шығып жүргенде.
Барасың қай бір елдерге,
Қандай-қандай жерлерге?
Сен кеткен соң далаға,
Не күн туар, қарағым,
450. Атамменен анаға
Кім ие боп тұрады
Қалған мынау қараға?
Көз салмайды кімдер кеп,
Сен кеткен соң біздерге.
Артыңда қалған інің жоқ,
Сен кеткен соң ол жаққа.
Сонда анасы келді жүгіріп,
Отыра алмады кідіріп:
– Асылы туған, қарағым,
460. Егер кетсең далаға,
Кімді қойып кетесін
Мұндай иесіз қалған қараға?
Кетемісің сен тастап
Анаң менен апаңды?
Кетіп есім меңдеген,
“Дүниенің жүзінде
Бір перзентім көрсем” деп,
Мен де байғұс сорлы едім,
Бір көре алмай шөлдеген. 470. Тоғыз ай, он күн көтеріп,
Көрген балам сен деген.
Тастап кетсең бұл жерге,
Нем қалады өлмеген?!
Тілімді алсаң, бармай қал,
Алмасаң тілді, нетейін?!
Жоқ жақында ағайын,
Аллам жалғыз жаратты,
Ағайынды қайдан табайын?
Айрылсам сенен, жалғызым, 480. Көрер көзім құм болар,
Сөнген соң отым күл болар.
Кетем десең кетесің,
Қош аман бол, перзентім,
Тапсырдым Аққа мен, – деген.
Сонда Тұяқбай сөйледі:
– Қайғы етпе, анамыз,
Атам менен шешемнің
Кегін жаудан алуға
Ындысқа кетіп барамыз.
490. Қияметтік достарым –
Қасымдағы жолдасым.
Жолымызды бастайтын,
Орманбет бидің баласы!
Жолымды Құдай оңдасын.
Сол сөзді айтып Тұяқбай,
Жауға қосын салады.
Отыз кісі жол жүріп,
Жапанда кетіп барады.
Ол үш айлық жол еді, 500. Алыстағы сол еді.
Ақ берені жарқылдап,
Ай жарымдық жол жүрді,
Аз ғана емес мол жүрді.
Ноғай келер деген соң,
Ындыстың ханы Мейрамхан
Елі-жұрты, халқынан
Аттанған екен мың кісі.
Қарауылға шығыпты,
Алдында қара көрген соң, 510. Мың кісінің ішінен
Жүз кісі шықты барарға,
Содан хабар аларға.
Бұлардан екеу шығады
Әли менен Тұяқбай.
Сол уақыт болғанда,
Екі қолын таянды.
Қайсысының жеңері
Көкірегіне аян-ды.
Жақындап жетіп келгенде, 520. Сонда Мейрамхан сөйлей бастады:
Танымай тұрмын мен, – деді,
Қай халықсың сен? – деді.
Асылыңды айтып, ер болсаң,
Осы жолы бер, – деді.
Мекен еткен қашаннан
Мен Ындыста хан, – деді.
Іздегенім сұрасаң,
Ноғай деген ел, – деді.
Көрейін деп келемін 530. Мен ноғайдың баласын.
Шабайын деп келемін,
Талқандап оның қаласын!
Сонда Тұяқбай сөйлейді:
Іздегенім сұрасаң,
Бұл Ындыстың қаласы.
Мейрамхандай қалмақтың
Алуға келдім қаласын,
Шулатуға баласын.
Тыңда, қалмақ, кебімді 540. Жібермеуге іздедім
Сенен кеткен кегімді.
Қапияда шауыпсың
Байтақ жатқан елімді.
Орманбет биді өлтірген
Ащағар сайдың басында,
Манашы мырза қасында.
Сол кегімді аларға,
Басыңды жерге саларға
Іздеп келдім мен сені. 550. Өзіңді сенің өлтіріп,
Желкеден басың аларға.
Сол екеуін өлтірген
Мейрамхан залым сенбісің?
Сол залым хан сен болсаң,
Оярға сенің көзіңді,
Өлтіруге келдім өзіңді,
Тыңда менің сөзімді.
Тұяқбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді: 560. – Саройықты жайлаған
Сұрасаң менің елім бар,
Кеткен сенде кегім бар.
Мен бір туған ер, – деді,
Манашыны өзің өлтірдің,
Баласы соның мен, – деді.
Дәмең болса ит қалмақ,
Алысалық, кел, – деді.
Сонда Мейрамхан сөйлейді:
– Ащағар сайдың бойында
570. Ноғайдың елін үркітіп,
Жақсыларын өлтіріп,
Ноғайға салдым мойынды-ай,
Қан қылғам шауып ойыңды-ай,
Қылғанмын сүйтіп тойыңды-ай.
Қолыңнан келсе, кегіңді ал,
Шаптырым сондай жеріңді ал.
Қолыңнан олар келмесе,
Үре-үре өзің қал! – деп,
Мейрамхан тұра берді 580. Сол бір сөзді есітіп.
Тұяқбайдай батырың
Қылышты алды қолына,
Жұлдызы туды оңына.
Қылышын қолға алған соң,
Алып сонда сермеді.
Мейрамхан да ер еді,
– Соғысам десең, кел! – деді.
Сол бір мезгіл болғанда,
Қарсы найза салысты,
590. Қарт бурадай алысты.
Ат үстінде екі күн
Жағаласты салысты.
Үстіндегі ерлердің
Айбатына шыдамай,
Астындағы айуан да,
Шөге жата қалысты.
“Жіберем бе” деп ойлайды,
Біріне-бірі намысты.
Сол мезгілі болғанда, 600. Шөккен аттан түсіп ап,
Жаяу жүріп жағалас
Ерлер тағы салысты.
Күн төртеуге толғанда,
Мейрамхандай кәпірдің
Буыны кетті әлсіреп,
Тізесі оның бүгілді.
Бүгілмес еді тізесі
Әлсіреп өзі жүргенде,
Аяғы тасқа ілінді. 610. Қайраты оның таусылып,
Құрыған сонда сілесі.
Тұяқбайдай ол бала
Қанша мықты болса да,
Астына бұрап бір салды,
Қанжарын сонда қолға алды.
Бүркіт алған қозыдай
Тамаққа қанжар ол салды.
Мейрамхандай кәпірдің
Артындағы көп қолын 620. Жапыра бәрін шабады.
Тұяқбайдың қолынан
Бұрын келіп қалады.
Олар келіп қалғанша,
Әли менен Тұяқбай
Атқа мініп алады.
Мініп атқа алған соң,
Әлденеше болмай-ақ
Екі жақтан шабысқан,
Бірнеше күн айқасқан. 630. Тұяқбайдай жас берен
Астында мінген көк тұлпар,
Қолына алып семсерін,
Оң келгенін оң шапты,
Сол келгенін сол шапты.
Атаңа нәлет кәпірдің
Талайын сүйтіп сұлатты.
Қайратты туған ерлердің
Айбатына шыдамай,
Өлді сонда ұзамай. 640. Қырылды сегіз жүз қалмағы,
Өлді сонда ұзамай.
Өліп көбі қалған соң,
Қашты көбі шыдамай.
Отыз ердің ішінде
Төртеуі өліп қалыпты.
Қалаға келді көп қалмақ,
Қаланың ішін шаң қылды,
Қызыл жоса қан қылды.
Қалаға ойын салады, 650. Жесір-жебір шұбыртып,
Қалмақтан соны көп алды.
Шұбыртып оны айдады,
Солардың соры қайнады.
Мейрамханның баласын
Ағашқа таңып байлады,
Өлімді оған сайлады.
Сонда келді еліне,
Өзінің мекендеген жеріне.
Сонда шешесі сөйледі: 660. – Айналайын, қыраным,
Аман-есен келдің бе?
Қыраным деп сүйген, шырағым,
Қалмаққа сен бардың ба,
Кегіңді одан алдың ба,
Айдап жолға салдың ба?
Бұздың ба оның қаласын,
Көрдің бе оның шамасын?
Қорлыққа салып айдашы
Қатыны мен баласын. 670. Жаңа кірді іреңім,
Жарылып тұр жүрегім.
Толып тұр менің бұл ордам
Бүгінгі күні келді ғой
Манашы мен анамыз.
Сау-саламат келді ме
Қасыңдағы ерлерің?
Сенің күтіп жолыңды
Арманым жоқ, өлмедім!
Тұяқбай батыр өтіпті, 680. Мұрадына жетіпті,
Алып беріп ел кегін.
ЖАҢБЫРШЫҰЛЫ ТЕЛАҒЫС
Жетпіске Жаңбыршының жасы толды, он бес жаста Телағыс болды. Телағыс әкесіне: – Әке, жасым жетті, мен жауға аттансам, – деді. Сонда Жаңбыршы Телағысты шақырып алып, былай деді:
– Телағыс, балам сен, – деді,
Сенің әкең мен, – деді.
Өзіңнен өзге бала жоқ,
Аға-іні және жоқ.
Сен кетсең егер алысқа,
Бұл дүниеге ие болып
Тұратын бізде шама жоқ,
Жетпіске жасым толған соң,
Үлкендік жетіп болған соң.
10. Тоқсан баулы ноғайлы
Қыз тауып ала алмадың,
Балам, өзің қолайлы.
Кетемін дейсің, сен балам,
Бегеңдейін қалмаққа,
Қасыңда жоқ жолдасың.
Сонда Телағыс сөйлейді:
– Ертемін, ата, мен, – деді,
Мұсадан туған отыз ұл.
Орақ пенен Мамай жоқ,
20. Қарасай, Қази жас бала,
Жүруге онда шама жоқ.
Бір бөлек әскер қол, – деді,
Болмай ма жолдас сол, – деді.
Сонда Жаңбыршы сөйлейді,
Баласына бата береді:
– Алланың шері арышлан
Жәрдем бергей сіздерге.
Жалғызым қайта бұл келіп,
Көрсеткей Алла біздерге.
30. Берік еді қаласы,
Аз кісінің бұл келмей
Жүрмесін қалып шамасы.
Қалмақтың салған оры бар,
Болман деген ноғайға
Қашаннан оның ойы бар.
Астында мінген Телкүрең,
Шабыстан ол тана ма?!
Аяғы төртеу жылқыдан
Озбай күрең қала ма?! 40. Телағыстай жас берен
Жаңбыршының ақ сауыт
Үстіне киіп алады.
Үйде тұрған сұр жебе
Қасына ердің іледі.
Беліне буып көк балдақ,
Беліне шала байлады.
Көк сүңгіні қолға алып,
Атқа батыр барады,
Үзеңгіге аяқ салады. 50. Атқа мінер болғанда,
Алпыстағы анасы
Ат қасына барады.
Сонда кемпір сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Перзентім едің сен, – деді,
Қасыңа келдім мен, – деді.
Барасың қайда, перзентім,
Жалғызым едің сен? – деді.
Тастай ма екен туған баласын,
60. Тастай ма екен анасын?
Іздегенің мал болса,
Төңірекке көзің сал.
Сонда Телағыс тұрып сөйлейді:
– Айналайын, анамыз,
Желді күні панамыз,
Көруге жердің шамасын,
Барайын деп мен тұрмын
Бегендей қалмақ қаласын.
Мұңаймаңыз, анажан, 70. Алыс жолға барғанда,
Қайтара ма екен анасы
Өзінің жалғыз баласын?!
Шегуге сапар мен тұрмын
Қалмақтың сондай елдерге.
Қуайын деп ойлаймын
Алыс сондай жерлерге.
Мұсаның отыз баласы
Расын оның сұрасаң,
Қалу менен Сары еді. 80. Тобаяқ бар ішінде
Жиналыпты Мұсаның
Орақ пенен Мамайдан,
Қарасай мен Қазидан
Басқасының бәрі еді.
Сол сөзді айтып Телағыс,
Жүрудің қамын ойлады.
Жөнелер болды Телағыс,
Мұсаның отыз баласы
Бірікті бәрі, қарашы! 90. Баратынын сұрасаң,
Беген қалмақтың елі еді.
Алыстығын сұрасаң,
Екі айлық жер еді.
Есепсіз жолда жүреді,
Бірнеше өтті белестен,
Бірнеше өтті таулардан.
Бір күндері болғанда,
Қаланың көрді қарасын.
Келеді ноғай деген соң, 100. Мың кісімен аттанып
Жатқан екен көп қалмақ.
Бастығы оның Беген-ді,
Қылдырған екен дегенді.
Көрінген соң қарасы,
Беген бастап мың кісі,
Өңкей шора бектері,
Артық шықты ерлері,
Бөлініп шығып жөнелді.
– Азғана өзі кісі еді,
110. Өлтірелік біз, – деді.
Баршасын оның қыралық,
Аты менен тондарын
Ортаға олжа қылалық,
Жүріңіз енді сіз, – деді.
Бөлініп алып мың кісі
Шабуылды салады.
Жазбаған тобын кісіге
Беген бастап алдымен
Шауып жетіп барады. 120. Бегендей залым қалмағың
Телағысқа келіп сонда сөйлей береді:
– Айтшы өзің кім едің,
Танымаймын сіздерді?
Менің атым сұрасаң,
Бегендей батыр ер едім.
Өз дегенім болмаса,
Кісі дегенін қылмайтын
Артық туған шері едім.
Ноғай деген елдерді
130. Табанға салып жер едім.
Жүз кісі бар қасында
Алыстан дұшпан бұл келсе,
Жүн қылып оны жер едім.
Сонда Телағыс сөйлейді:
– Біздің текті сұрасаң,
Ноғай деген ел едік.
Сол ноғайдың елінен
Бөлініп шыққан ер едік.
Қалмақтың іздеп қаласын,
140. Елін оның шабуға
Шығып едік елдерден,
Мекендеген жерлерден.
Қасымдағы ерлерім –
Артық туған беглерім.
Қош көрген соң олар да,
Оңай олжа табуға,
Егер қалмақ болсаң жау,
Олжа қылып аламыз,
Талапайды саламыз, 150. Ат-тонымыз жоғымыз,
Ат-тонды боп қаламыз.
Сонда Беген екі кісі еліне жібереді хабарға, елден әскер жинап аларға. Сонда екі кісісі еліне барып, екі мың кісі әскерді жинап алды. Жолға шықты. Бұлар әлі төбелеспей тұр екен. Әскері келген соң, Беген аз кісіге сөйлей бастайды:
– Қалмақ деген елдерім,
Артық туған ерлерім,
Мынау тұрған аз кісі –
Келген өзі ноғай ғой.
Аз кісі мынау ноғайды
Шауып алу оңай ғой.
Жапыралық біз, – деді,
Қамады сонда ерлерді.
160. Ортада ерлер қалған соң,
Қысылып сонда терледі.
Сонда Телағыс отыз кісі жолдастарына сөйлей бастады:
– Ай, жолдастар, жолдастар,
Заманы қатар мұңдастар,
Бір сапарда қолдастар,
Қалдық қамау жерлерде,
“Өлмейміз” деп ойламаң,
Кегіміз болып кетпесін,
Іс болды-ау қиын ерлерге.
Телағыстай жас батыр,
170. Қалмақпенен қас батыр
Сонда тұрып ақырды
Қасындағы ерлерге.
Өлеміз деген ойменен
Тұтасымен жапырды.
Қалмақ, ноғай арасы
Қан төгіліс болып арада,
Судай құйған сапырды.
Телағыстай жас батыр
Қылышын алып қолына, 180. Онды-солды сермеді.
Қалмақ сонда көбейіп,
Аттың талайы босады.
Қырғын күшті болған соң,
Ат тұяғы астында
Қаны ағып жосады.
Қалмақтың басы төгілді,
Қара жерге домалап.
Ерлер қайрат қылады,
Үсті-үстіне сабалап. 190. Қалмаққа мүшкіл туады,
Шеткері қолдан ол шығып,
Бегендей қалмақ қашады,
Елдердің пысы басады.
Артынан қуды Телағыс,
Сол Телағыс батырдың
Әруағы судай тасады.
Қалмақ мінген қара-ды,
Қараменен ол қашып,
Ұрып сонда қара атты, 200. Басы, көзге сабады.
Астына мінген байқасаң,
Телағыстың Күреңі.
Ешбір малдан кем емес,
Сол Күреңнің реңі.
Арандай аузын ашады,
Аяғын топтап басады.
Мұрсат та қоймай қалмақтың
Сонда алдын тосады.
Алдын оның басқанда, 210. Бегендей ол қалмағың
Бұлтара келіп қашады.
Не істерін білмей сол жерде,
Бұтына тышып сасады.
Телағыстай батырдың
Әруағы басады,
Ұстап сонда алады.
Мұндай жазық далада
Екі батыр алысты.
Найза ұстап қолдарына, 220. Біріне-бірі қарысты,
Қарсы тұрып шабысты.
Найзасынан шыдамай,
Аттан түсіп екеуі,
Жағалас жаяу салысты.
Қара қанға батысты,
Сол уақыт болғанда,
Күн екеуге толғанда
Ханды қара басады.
Жығыларға таянды, 230. Жығылып сонда ол қалды.
Телағыстай еріңіз
Суырып қанжар қолға алды.
Астында жатып Бегенің
Сонда сөйлей бастайды:
– Ай, Телағыс, Телағыс,
Ер екенсің сен, – деді,
Қалмақтан айла асырған
Ер едім сондай мен, – деді,
Сондай болған ер, – деді.
240. Қатын менен баласын
Көрмей оны шөлдеді.
Енді менің өлгенім,
Өлім болды-ау көргенім.
Бақытымның бұл қайтып,
Шырағым жанған сөнгені.
Сол сөзді айтқан кездерде,
Қанжарын қолға берік ұстап,
Сонда оған салады.
Өлтіріп тастап Бегенді, 250. Телағыстай батырың
Кәпір залым қалмаққа
Істеткен екен дегенді.
Қайта атқа барады,
Қара атты жетекке ап,
Күреңге мініп алады,
Шабуылды салады.
Жауды қуған жеріне
Қайта батыр барады.
Жатқан екен соғысып 260. Отыз кісі ноғайлар.
Кетпеген екен ыдырап,
Жүрген екен отызы
Біреуін бірі ол қорғап.
Іш қазандай қайнады,
Талайының ол қолын
Телағыс батыр байлады,
Өлімге оны сайлады.
Шәһарына қарай кәпірдің
Қуып, сабап айдады, 270. Жеткенінше бәрін қырады.
Еліне барып кәпірдің:
– Мұсылман дінге көн, – деді.
Артық сондай діндерді
Бар да, соны көр, – деді.
Қатын, бала, жандарын
Мұсылман дінге көндірді,
Шырағын жанған сөндірді.
Айтқанын етеді,
Кәпірдің алып қаласын,
280. Көрді соның шамасын.
Дүниесін бөліп алады,
Мұсадан туған отыз ұл
Дүниеге қолды салады,
Бөліп бәрі алады.
Телағыстай батырың
Аты шығып қалады.
Аман-есен отызы
Еліне қайтып барады.
Телағыстай батырың 290. Отыз шапан, отыз ат
Ағалыққа алады.
Еліне аман ол барып,
Ананың жүзін көреді,
Атаға сәлем береді.
Арада бірнеше жыл өтті, батыр Жаңбыршы өлерге жетті. Сонда Мамайды шақырып алды. Сонда Жаңбыршы Мамайға айтты:
– Ай, Ер Мамай, Ер Мамай,
Айтшы, білші, сен Мамай,
Егер өлсем мен, – деді,
Мынау жалғыз Телағыс
“Қияметтік өкіл бала” деп,
300. Тарыққан жерде жебей көр,
Қысылған оның жерінде
Қолтығынан сүйей көр.
Мамайға тапсырып, сосын бір-екі күн тұрып қайтыс болды. Осыдан біраз уақыт өткеннен кейін Телағыс “Мамайдың қарындасын аламын” деп, бұл жұмысқа Мұсаның отыз баласы қарсы болып, “бергізбейміз” деп және Телағысты өлтірмек болады. Соны естіп Телағыстың Аққозы деген жылқышысы келіп сөз бастады:
– Ай, Телағыс, Телағыс,
Мен бір жаман іс білдім.
Мұсаның отыз баласы
Айласын оның қарашы,
Сонда кеңес құрыпты.
Мұсаның отыз баласын
Белгілі Құдай ұрыпты.
310. Ең кенжесін сұрасаң,
Қалу менен Сары еді,
Қызғаншақ іші тар еді.
Ақбілектей бір сұлу
Ортасында бар еді.
Сонда олар құрыпты
Шақырып ертең аларға.
Біреуі тартып ер күйін,
Біреуі тартып би күйін,
Біреуі өлең айтады, 320. Біреу жырды жырлайды,
Сүйтіп кеңес құрыпты.
Ортаға сені саларға,
Есіңді сенің аларға.
Сүйтіп еліріп кеткенде,
Қиындық сізге саларға.
Өлтіріп сені алған соң,
Ен малды бөліп аларға.
Қази менен Қарасай
Орақтың батыр сұрасаң, 330. Екі сондай баласы-ай.
Сондай кеңес құрыпты,
Айттым саған мен, – деді,
Есіңе ал сен, – деді.
Үй сыртынан ол келіп,
Телағысқа сөйледі.
Сонда Телағыс күрсініп дем алды. Сонда қатыны домалап кетіпті. Таңертеңмен Күреңше атқа ер салып, атты ерттеп, қолына жылан бауыр қамшыны алып, жол кетуге шықты. Сонда қатыны барып шылбырдан ұстап алды:
– Аптықпа, батыр, аптықпа,
Аптықтың тимес пайдасы.
Жасанысқан жау болса,
Кетпеңіз оған жарақсыз.
340. Осыдан барып сен өлсең,
Мен қалармын қарақсыз.
Сонда барып сен өлсең,
Тігулі үйіңде кім қалар,
Адыра қалып тұл болар.
Басқа жерге бұрылма,
Көкем менен Мамайдан
Сосын хабар ал, – деді.
Оның сөзін тыңдамай,
Қамшыменен бір ұрып, 350. Өте берді Телағыс.
Мамай сарала таңда шапанының бір жеңін киіп, бір жеңін кимей, аяғына кебісін жалаң аяқ киіп жүгіріп кетеді. Бір шаршы ақ шүберекті басына тартыпты. Соған Телағыс қарсы келмеді. Келіп Мамай сөйлей бастады:
– Ай, Телағыс, Телағыс,
Өкіл бала сен едің.
Орағымның барында
Алушы еді тілімді.
Қарасай, Қази жас бала
“Үндеме” дейді сен қу бас,
Баласыздық білінді.
Тілімді алсаң Телағыс,
Боғданы талақ ет, – деді,
360. Мұнан көшіп кет, – деді.
Еділдің бойы ен қамыс,
Боғданың бойы боз қамыс.
Енді барсаң Телағыс,
Еділ бойын жайлаған,
Қырымды ноғай жайлаған,
Қырымды ноғай сол, – деді,
Баршы соған сен, – деді.
Ақбілектей аруды
Алып жұбай ет, – деді. 370. Ол Мұсаның отыз ұл
Ер болса ол қайда-ды.
Ағалыққа отыз ат, отыз шапан
Сен алғанда қайда еді?
Сонда Телағыс сөйлейді:
– Айналайын, ағамыз,
Дүниеге қолды салыңыз.
Керегің болса дүниеден
Болғанша толы алыңыз,
Елге біздің барыңыз.
380. Сонда Мамай сөйлейді:
– Алмаймын сенен мал, – деді,
Ағам деп мені сыйласаң,
Тілімді менің ал, – деді.
Еділдегі ноғай Қырым-ды,
Соған көшіп бар, – деді.
Сонда тұрып Телағыс,
Отыз ұлға бармады.
Келіп атты ерледі,
Айыл-тұрман берік тартып,
390. Құйысқанын қысқартып,
Енді атына мінеді.
Атқа мініп алған соң,
Қарауға шықты малдарын,
Тұр екен соны алуға.
Боғданы талақ бұл етіп,
Ағайыны Қырым-ды,
Соған таман баруға
Бес күнде малды жинады.
Құйысқаны шартылдап, 400. Атты Күрең қинады.
Малдың сондай көптігі,
Сегіз күндей шұбыртып,
Қара өткелден өткізді.
Сол өткелден өткенде,
Хан Мамай бар қасында.
Мұсаның отыз баласы
Хантөрткілдің басында
Шығып тұрды, қарашы.
Телағыстай батырың 410. Отыз ұлдан хабар алуға,
Жаулығын оның білуге
Аттың басын бұрады
Соған таман баруға.
Сонда әйелі сөйледі:
– Артық туған сұңқарым,
Астыңда бар-ды тұлпарың.
Жасанысқан жауыңа
Барма жақын сен, – деді.
Мамай көкем бар болса,
420. Жақындап жетіп барғанда,
Тура қарап тұр, – деді.
– Егер ноғай жау болса, Мамай көкем басындағы бөркін алып, былғап теріс қарап тұрар, онда барма, егер оны істемесе, жақын бара бер, – деді. Сонда Телағыс келіп жақындады, сонда Мамай бөркін сілкіп теріс киіп, теріс қарап тұрады. Сонда Телағыс батыр кейін барып сөйлей бастады:
– Боғданың бойы боз қамыс,
Еділдің бойы ен қамыс.
Еділде жатқан көп ноғай
Баршасы оның Қырым-ды,
Алдырмаспын сырымды.
Мен барғаннан барармын,
Қырымға хабар салармын.
Қырымдағы қырық батыр,
430. Қырықты қасқа алармын.
Жолымды Алла оңдаса,
Қайтып келіп еліне,
Қайратыңды көрермін.
Сонан кейін көшіп барып қонады. Сол ноғайдың шетіне барған соң, танысқан соң, Асанқайғының үйіне барады. Сонда Асанқайғыға келген жай-жапсарын айта бастайды:
– Ай, ағамыз, ағамыз,
Желді күні панамыз.
Егер бізді соқса жел,
Панаңызға барамыз.
Дидарласып көрмедік,
Қол алысалық, кел, – деді. 440. Ұстап тұрып қолдарын,
Сонда Асанқайғы сөйледі:
– Ай, жас бала, жас бала,
Танымай тұрмын мен, – деді,
Қай баласың сен? – деді.
Сонда Телағыс сөйледі:
– Жөнімді менің сұрасаң,
Мен Қырымды ноғайлы.
Әкемнің аты – Жаңбыршы,
Өзімнің атым – Телағыс.
450. Мекендеп жатқан жеріміз
Боғданың еді жағасы.
Жаңбыршыдай батырдың
Мен едім жалғыз баласы.
Мұсадан туған отыз ұл
Көзін маған салғаны.
Басымды менің алуға
Қиындық басқа салуға,
Бөліп алып бар малды,
Ақжелектей аруды 460. Алады-ау деп ойлайды.
Сылтау қылып сіздерге
Сосын көшіп мен келдім.
Боғданы талақ еткенім,
Осы жерге жеткенім.
Асанқайғы қартымыз,
Қырымның қырық батырын
Жинап маған бер, – деді.
Егер жинап бермесең,
Жалғыз да болса барамын 470. Сол ноғайға мен, – деді.
Үш күн мұрсат алып, Қырымның қырық батырын жинап берді. Ішіне Сыпыра қартты Асан қайғы қосып жіберді. – Осы барған қырық батырмен ол отызын соғыстырма, қырылыстырма, – деді.
Сол кісінің ішінде
Айсаның ұлы Ахмет,
Асанның ұлы ер Абат
Аламанның басы екен.
Жүрген екен ішінде
Тоғай батыр ол қабат.
Сонда Телағыс: – Сендер артымнан келе беріңдер, мен өзім алдымен барайын, – деді. Қара өткелдің арғы бетінде бір адам қара жамылғыш жамылып кетіп бара жатыр екен, сонда Телағыс “тұр” деп ақырды, айнала тұра қалды. Сонда Ақбілек сөйледі:
– Артық туған ханымыз,
Асыл туған жанымыз,
Бір тілегім тілеймін,
480. Қарасай мен Қазидың
Бір қасық қанын бер, – деді.
Артыңа өзім мінейін,
Күңің болып жүрейін, – деді.
Күннің алды батқанда, кісінің алды жатқанда, Ақбілек сұлу қара жамылып, қара өткелдің аузында жүр екен. Сонда жаңағы сөзді Ақбілек Телағысқа айтады. Сонан соң “енді кегім қайтты” деп, Телағыс қырық батырға келіп, еліне қайтады.
Сонда Мұсаның отыз баласы, Қарасай, Қази, Мамай барлығы жүре бастады.
Сонда Қазидайын батырың
Ашуланып тұлданды.
Беренге батыр сыймады,
Жалаң найза қолына ап,
Алдыменен жөнеді.
Сонда қырық батыр жауды көрген соң, ұрысуға тұра қалды, жирен қасқа тұлпармен жасы жеткен Сыпыра: – Мен барайын, – деп, Мұсаның отыз баласына қарай жүрді. Сонда Мамайдың алдына келіп тұрып, сөйлей бастады:
– Асылы туған хан Мамай,
490. Ноғайлының ханы едің,
Ақылың кемел жан едің.
Қарасай мен Ер Қази,
Орақтан қалған бала едің.
Мен талайды көрген бабаңмын,
Айтарға келдім сөзімді.
Анау тұрған қырық батыр –
Ол қырымның баласы.
Әрқайсысын сұрасаң,
Мың кісілік, қарашы! 500. Бұл кісінің ішінде
Асанның ұлы Абат бар,
Маңдайы жаудан қайтпаған
Асылы батыр Тоған бар,
Көкшенің ұлы Қосай бар,
Және ерді айтайын
Қарғабойлы, Қазтуған,
Жеті атадан ерлігі
Алау батыр және бар.
Шынтасұлы Төрехан, 510. Ақжонасұлы Ер Кеңес,
Бір-бірінен кем емес.
Үйінде келмей қалулы
Нәріктің ұлы Шора бар.
Меніңменен ере бар,
Өз көзіңмен көре бар.
Маңдайының арасы
Екі қарыс сере бар.
Ту сыртынан қарасаң,
Бекіре балық сазандай. 520. Қарсы алдынан қарасаң,
Басы бақыр қазандай.
Қайтадан қырық батырға келеді, келіп Сыпыра тағы сөйлей бастады:
– Асанның ұлы Ер Абат,
Қасындағы ер Тоған,
Тұрыңыз ерлер сен қабат.
Көріп келдім мен, – деді,
Қарасай, Қази ер, – деді.
Қази ердің қарасаң,
Бұзылып тұр реңі,
Қайтар емес жүрегі.
530. Қайнарлы қара бұлттай
Қайтпас қайсар неме екен.
Өз дегені болмаса,
Кісі дегенін қылмайтын
Шынжырлы артық ер екен.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Ақ найзасы қолында,
Жайдақ аттың үстінде
Қази артық ер екен.
Қорқар емес өлімнен, 540. Қалың беріп, қыз алған
Ноғайда үлгі қашаннан.
Малды сендер беріңіз,
Ұрыспаңыз, ерлерім,
Сөзіме менің еріңіз.
Сонда Сыпыра қарт Мамайға келді, Мамайға сөйлей бастады:
– Асыл туған ерлерім,
Шынжыры мықты беглерім,
Келдім сізге мен, – деді.
Қатар еді Телағыс,
Қарындасың Ақбілек
550. Сол батырға бер, – деді.
Қайсысынан батырдың
Ол Телағыс кем еді?
Ұрыспаңыз, ерлерім,
Ашуыңды басыңыз,
Еліне барып батырдың,
Қалыңмал алып қайтыңыз.
Қыз алып, қыз беру –
Қашаннан-ақ дәрбіміз.
Тілімді алсаң, балалар, 560. Менімен еріп барыңыз.
Асанның ұлы Абат сонда Сыпыраға сөйледі:
– Жасы үлкен қартымыз,
Азды-көпті демеңіз,
Алам десе сол малдың
Жайын оған айтыңыз.
Сонда Қази сөйлей бастады:
– Бұрын туған данасың,
Білесің халықтың шамасын.
Ықтиярсыз тартып алар ма
Мұсаханның баласын?
Орақтан тудым мен, – деді,
570. Тоқалдыққа қыз беріп,
Емес пе қорлық көрмеген,
Неміз қалсын, баба, өлмеген,
Ойлашы, баба, сен деген.
Сонда сөйлейді Сыпыра:
– Жақсы туған баламыз,
Орақтан қалған тұяғым,
Екеуің де асылсың.
Асылы артық шырағым,
Артық туған ер, – деді.
580. Егер тілек сен берсең,
Меніменен еріп жүр, – деді.
Телағыстай батырды
Бар да өзің көр, – деді,
Болалы құда кел, – деді.
Сонда Қази сөйледі:
– Жасың үлкен бабасың,
Жақсы менен жаманның
Білесің өзің шамасын,
Ақылың көп данасың.
590. Тоқсан баулы ноғайда
Ықтиярсыз қыз алған
Бар ма еді ноғай баласы?
Бұрын-соңды онда болмаса,
Орынсыз сөзді айтқаның,
Өзің байқа, қара да.
Сонда Сыпыра сөйледі:
– Орақ пенен Мамай бар,
Жан білмейтін бір талай
Толып жатқан ноғай бар.
600. Ноғайлы деген ел, – деді,
Толып жатқан ноғайды
Аралаппын ба мен, – деді.
Ақылы көп жас бала,
Жасы үлкен аға бар,
Ақылы көп дана бар,
Сексенге келген Мамай бар.
Ақылға қамал ұғып ал,
Сен оларға жеткенше,
Қази бала талай бар. 610. Бұл жиынның ішінде
Смайыл – Тобаяқ,
Қалу менен Сары бар.
Мұсадан туған отыз ұл
Орақтан басқаның бәрі бар.
Тақылдама, жас бала,
Ағаларыңа ақыл сал,
Соларға таман өзің бар.
Сонда Мамай сөйлейді:
– Ноғай деген ел, – деді,
620. Қыз алып, қыз беру –
Атаның жолы сол, – деді,
Бұрыннан келген жол, – деді.
Жасың үлкен данасың,
Біздер бердік билікті.
Екі жанның байқасаң,
Өзің шешші арасын.
Сыпыра сонда сөйледі:
– Берсең билік біздерге,
Барайын мен ерлерге, 630. Ерлердің тұрған жерлерге.
Сыпыра қырық батырға келіп сөз сөйлей бастады:
– Абат, бері кел, – деді,
Тоған да батыр, ер, – деді.
Қарғабойлы, Қазтуған
Сендер де бері кел, – деді.
Жаңбыршыұлы Телағыс,
Ерлерімнің басы едің,
Өшіккен жауға қас едің,
Сен де бері кел деген.
Шақырып алып ерлерді,
640. Ортада тұрып Сыпыра,
Сонда тұрып сөйледі:
– Асылы туған ерлерім,
Артық туған беглерім,
Өшіккен жауды қорлаған,
Әруақ қонып торлаған,
Табыңнан ерлерім,
Байқап келіп отырсам,
Әрқайсыңыз батырсыз
Мың кісіге болмаған.
650. Шерқұртының елінде
Мамай деген хан еді,
Ақылға кәмал дана еді.
Ортасында байқасам,
Қарасай, Қази бар еді,
Смайыл мен Тобаяқ,
Қалу менен Сары еді.
Мамайдайын ханыңыз
Билікті маған ол берді.
Татуластыр ноғайды, 660. Арасында бол, – деді.
Соған келдім, ерлерім,
Неғыл дейсің сен, – деді.
Ірмеліп ноғай тұрғанда,
Қазтуған батыр сөйлейді:
– Ноғайлының ерлері,
Жақындап келің сен, – деді.
Жасы үлкен қартыңа
Билікті бәрің бер, – деді,
Айтқанына көн, – деді.
670. Телағыс сонда сөйледі:
– Бұл кісінің ішінде
Асанның ұлы Ер Абат,
Біріңе-бірің қат-қабат.
Көп ноғайдың баласы,
Жасы үлкен данасы,
Жел жағында панасы,
Жиналып келген жамағат,
Ендігісін өзің біл.
Сыпыраға Абат еріп, Мамайдың тобына келіп сөйлейді:
Сонда Абат сөйледі, 680. Сөйлегенде не деді:
– Көп ноғайдың елі еді,
Шерқұртты мен Қырымды,
Бір қыз үшін тартысып,
Көрсетпе бүйтіп түріңді.
Асан атам үйде еді,
Елің қандай күйде еді.
Сыпыраны бас қып жіберіп,
Біздерге атам бүй деді:
– Көп ноғайдың баласы,
690. Тату болып айырылма.
Араға дұспан түсіріп,
Бірлігіңді ұшырып,
Бір қыз үшін жауласып,
Елдігіңнен айырылма.
Мамайға сәлем айтарсың,
Іреңін елдің кетірмей,
Мамай мұны байқасын, –
Деген қарттың сөзі еді,
Осылай деген сөзі еді. 700. Жиылып түгел бас қосып,
Телағыстың аулына
Жүрейік енді тез, – деді.
Мынау сөзге қиналды,
Бұл айтқанға иланды.
Сонда Мамай сөз бастап,
Ноғайлының қорғаны
Асан ата деген соң,
Ер Абат бастап келген соң,
Қырымнан келген қырық батыр 710. Бұл Абатқа ерген соң,
“Бірлікке тартпай оңбас деп,
Енді бармай болмас” деп,
Көп әлеумет жиналды.
Сонда бәрі жол тартты,
Мамай бастап отызын,
Алып келді ерлерге.
Қырымның қырық батырымен
Татуласып ерлердің,
Қолдасқан осы жер еді. 720. Телағыстың еліне
Біраз шеру қол болып,
Сонда ерлер жөнеді.
Еліне оның барады,
Барып тойын қылады.
Қалыңмалға сұрасаң,
Жүз елу қой береді,
Елу жылқы қосады.
Мамайдайын батырға
Берендікпен белдіктеп, 730. Шұғаменен терліктеп,
“Ағалығы оның” деп,
Астына тұлпар ат берді,
Беліне қару зат берді.
Қарасай, Қази ерлерге
Басына киер дулыға,
Үстіне киер шарайна,
Қолына берді ақ сүңгі,
Сүйтіп қайтты еліне.
Арасын ашпай ерлердің, 740. Батырлардың сұрасаң,
Біріккен жері осы еді.
АЙСАНЫҢ ҰЛЫ АХМЕТ
Айсаның жасы қырық жасқа келеді. Сонда баласы Ахмет те он бес жасқа келеді. Бір күні ақсақалдар жиналып отырып айтады, солардың біреуі кәрі батыр Алау болады, кеңесінде: – Айсаны бас қылып, өздері осы ноғайдан бөлінелік, басқа бір жерге қоныс тауып алып, көшелік, – деді. Айналасы алты айшылық Еділдің бір шетіне барып қонып отыра береді. Сонда Асанқайғы қарттың да бар кезі еді. Асанқайғы сонда баласын шақырып: – Кешегі ноғайдың артынан бар, қалай, жері жақсы ма екен? – дейді.
– Ай, Абатжан, Абатжан,
Қасыңа өзің ертші
Жол білер ағаң Ер Тоған,
Баршы, балам, соған да.
Қарғабойлы, Қазтуған,
Соларды қасыңа ал дағы,
Кешегі көшкен ноғайдың
Артынан қуып бар, – деді,
Қонған жерін көр, – деді.
10. Айсадайын басшыға
Жолығып жауап бер, – деді.
Абат пенен Ер Тоған,
Қарғабойлы, Қазтуған,
Салған жолы сүрлеудей,
Ерлерсің ғой жолың азбаған.
Сонан соң төрт батыр киініп, ат ерттеп жүруге айналды, “төртеуміз де азбаған ерміз, жау көрінсе соғысармыз” деп жүрді.
Астарында ерлердің
Жан азбаған тұлпар бар.
Қолында бар ақ найзасы,
Басына киіп дулыға,
20. Жайлаған шықты елдерден.
Шыққан соң елінен,
Және де өтіп барады
Жазық ойпат жерлерден.
Ол Еділді жағалап
Келеді өтіп көлдерден,
Және де өтіп барады
Қалың тоғай жерлерден.
Күні онға толғанда,
Жетер шағы болғанда, 30. Сонда жеткен секілді
Айса тұрған елдерге.
Ауылдың артына келсе, бір бала өтіп барады екен, сол балаға Абаттың айтқаны:
– Әй, бала, бері келші, бері келші,
Айсадайын басшыңа хабар берші.
Қасында үш те бірдей батыры бар
Баласы ол Асанның Абат деші.
Сонда бала Айсаға келіп айтады: – Кешегі біз көшіп кеткен Еділден Асанның ұлы Абат келіп тұр, – деді. Сонда Айса шығып барады. Сонда Абат сөйледі:
– Ассалаумағалейкүм, ай, Асеке,
Мен келдім сахаралы Еділден.
Содан қуып келгенім,
Сізге сәлем бергенім.
40. Асан атам жұмсады,
Кешегі кеткен Айсаның
Артынан соның бар, – деді,
Амандығын біл, – деді,
Сонсоң қуып келгенім.
Елі-жұрты аман ба
Ахмет пен Ер Алау?
Олар да аман ол бар ма?
Ие болмаса олар да,
Кетіп жауға қалды ма? 50. Қасымдағы ерлерім –
Арыстандай Ер Тоған.
Және ертіп алғаным –
Салған жолы азбаған
Қарғабойлы, Қазтуған.
Дәулетіне қарасаң,
Жүре-жүре сазданған.
Ерлігі мен байлығы
Маңыраған қойдай қоздаған.
Сонсоң Абатты қасындағы ерлерімен алып барып түсіреді. Сонсоң Алау мен Ахмет келеді. Келгеннен соң, сонда оларға қарап амандасып тұрып, Абаттың айтқаны:
– Аманбысың, құрбы-достарым,
60. Келдім сіздің соңыңнан.
Кекшіл арлан тәрізді
Алау менен Ахмет.
Сендерді көзім көрген соң,
Қуанып жүрек қоштадым.
Қасымда бар сұрасаң,
Айбаты асқан Ер Тоған,
Асқан ерің бұдан болмаған.
Ертіп және келгенім
Қарғабойлы, Қазтуған. 70. Қары аралас жаңбырдай
Әруағы ердің бораған.
Асан атам жіберді
“Қайтсын, – деп, – кейін Еділге.
Біраз ноғай болалық,
Жиналып кеп отырсақ,
Болмай ма, – деді, – Еділде”.
Сонан соң ерлер жиналып отырып, сол сөзді мақұлдады. Сонан соң ерлер отырып қымыз ішіп, мас бола бастады. Сүйтіп отырып, Абат қызып сөз сөйлеп, ерлік салыстырды:
– Атамның атын сұрасаң,
Ноғайдан асқан ақылы
Асан қайғы дер еді.
80. Баласының атын сұрасаң,
Асып туған Ер Абат.
Қасымда бар Ер Тоған,
Ахмет пен Ер Алау,
Бұлар да кем бе екен
Абат пенен Тоғаннан?
Тоғаннан соң сұрасаң,
Қарғабойлы, Қазтуған
Ахмет пен Ер Алау
Бұлардан да кем бе екен? 90. Қазтуғанның әруағы
Жауды көрсе түйіліп,
Жауатын бұлттай сыздаған.
Ерлігі де Тоғанның
Жауды көрсе қоздаған.
Бұрынғы бізден уақытта
Жасы толмай өтіпті
Нәріктің ұлы Ер Шора.
Маңдайының арасы
Екі қарыс сері екен. 100. Басы бақыр қазандай,
Ту сыртынан қарасаң,
Жайын менен сазандай.
Артып туған ноғайдан
Өз тұсында ер екен.
Абат пенен Ер Тоған
Бұлардан аз-ақ кем екен, –
деп отырып, жатып қалады. Ахмет бұл сөзге өзінен-өзі арланып жауға кетуге маңдай түзейді.
Ерлер ұйықтап жатқанда
Атын сонда ерледі,
Батыр Алау кернеді.
110. Бадана көзді бөрік сауыт
Баса үстіне киеді.
Басына киіп дулыға,
Және де киіп шарайна,
Атына мініп алады.
Үйде жатқан ерлердің
Біреуі де көрмеді.
Айса сонда біледі,
Баласына келеді.
Сонда Ахмет сөйлейді, 120. Сөйлегенде бүй дейді:
– Айналайын атамыз,
Сенен тудым мен, – деді.
Асанның ұлы Ер Абат,
Солардан мен кем бе едім?!
Кемітіп сөз айтқаны –
Мылтықпенен атқаны.
Жүрегіме найзадай
Әр сөзінің батқаны.
Самсаған сары қалмаққа,
130. Ата, мен де барайын,
Барып кегім алайын.
Көше берің сендер де,
Аман барып, сау қайтсам,
Еділге өзім барармын.
Жақсысына ой салып,
Жаманына той салып,
Ақыл айтып қарармын.
Халқымды өзім ұстауға
Тірі болсам жарармын –
дегенде, атасы сөйлей бастады:
140. – Айналайын, жан балам,
Қарадан туған хан балам,
Алла жолың оңдасын,
Ол дұшпанға бар, балам.
Және де сөз айтайын,
Сөзіме құлақ сал, балам.
Сом темірге балға бар,
Сомсынған ерге Тәңірім бар.
Мұңайып сөз айтпашы,
Тарқатар мұңды Құдай бар. 150. Жалғызым, бата берейін,
Жайшы қолың, сен, – деді.
Әуелі Алла, екінші
Әулие шайқы қолдасын.
Қысылған қиын тар жолда
Қолтығынан демесін,
Қасыңда жүріп жебесін.
Сол сөзді айтып болған соң, Ахмет жалғыз өзі елінен шығып жөнеп кетті.
Ақ найзасы қолында,
Жұлдызы туып оңына,
Астындағы Құлаша
160. Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Ойға келсе орғиды,
Қырға келсе қарамай,
Ор қояндай сырғиды.
Жерді басып тұрмайды,
Құлаша аттан тер шықты.
Табаны қызған ол тұлпар
Одан сайын күшейді.
Қолы сусып батырдың 170. Жалғыз бару ол жауға
Оған да қиын іс енді.
Қолындағы ақ найза,
Жарқылдайды жебесі.
Садақтың бауы сыртылдап,
Сарт-сарт етіп соғады
Жанындағы ақ берен.
Ендігі сөзді елдегі қалған батырлардан естіңіз.
Түре келді батырлар
Шошынғандай боп денесі.
Тұрса және Ахмет жоқ,
180. Белдеудегі ойнаған
Ахмет мінер ат та жоқ,
Қару-жарақ зат та жоқ.
Ерлер сонда кеңесті,
Кеңескенде не десті:
– Ай, Ер Абат, Ер Абат,
Ерлік айтып сөз сөйледің,
Ахмет пен Алауды
Біздерден де кем дедің.
Алау қалып, Ахмет
190. Кетті қалмақ еліне,
Қалмақтың мекен жеріне,
Қайтеміз енді біз десті.
Сонда Абат Алауға
Келіп бір сөз сөйледі:
– Ай, Ер Алау, Ер Алау,
Түсіп бізге бір талау,
Айсаның ұлы Ахмет
Кеткенге ұсайды қалмаққа.
Ашуланып, арланып,
200. Қалмақтан кекті алмаққа.
Кешегі бір айтқан сөз үшін
Ашуланған, арланған,
Ерлікті соған қолданған. –
деп ерлер Алауға айтты. Сонан кейін Алау оларға: – Біз де соның артынан қуып барайық. Айсекемді бас қылып, елді Еділге көшірелік те кетелік, – деді.
Айсаға келіп ер Алау
Сонда тұрып сөйледі:
– Ахмет кеткен көрінеді,
Біз де артынан кетелік,
Барып қайрат етелік.
Көшіріп елді Еділге,
210. Ағайынның қасында
Отыралық Еділде.
Сол сөзді айтып болған соң,
Ерлер қару асынып,
Аттарына мініп ап,
Артынан қуып жалғыздың
Сонда ерлер жөнеді.
Алау менен Ер Абат,
Және де асқан Ер Тоған,
Қарғабойлы, Қазтуған 220. Қаһарланып олар ұмтылса,
Қары аралас жаңбыр бораған.
Сонан кейін ел көшіп Еділге барады. Еділге барып Асанқайғының қастарына қонады, сонда Асанқайғы: – Балалар қайда? – деп сұрайды. Сонда Айса ерлердің ерегісіп жауға кеткенін айтады.
Ендігі хабар ерлерден болады:
Бірнеше айлар өткенде,
Сонда жеткен секілді
Ахметтің артынан
Аттары болып қара тер,
Құйысқаны шартылдап,
Ақ найзасы жарқылдап,
Ауыздығымен қаршылдап.
Соғыспаған Ахмет, 230. Тұр екен әлі кідіріп.
Қасына жетіп келеді,
Абат мерген Ахметке
Сонда сөйлей бастады:
– Ай, Ахмет, Ахмет,
Аманбысың-саумысың,
Сау-саламат бармысың?
Ашуланып бір сөзге,
Кеткен қызыл жармысың,
Көңілі тар шермісің? 240. Досқа досы сөз айтпай,
Ойын-сауық бола ма?
Ойын-сауық құртылып,
Отырғанмен оңа ма?
Ашуланба, қаттанба,
Буырқанба, бұрсанба,
Мұздай темір құрсанба,
Еділге қарай көшті ел.
Аман болсақ барармыз,
Медет берсе бір Алла. 250. Қалмақты шауып алармыз,
Еліне бүлік салармыз.
Сол сөзді айтып болды да,
Арыстандай бесеуі
“Қалмақтың елі қайда?” деп,
Сонда жортып жөнелді.
Жоғары ұстай найзасын,
Найза ұшында туы бар.
Өтті талай белдерден,
Қарағайлы батпақ жерлерден, 260. Айдынды шалқар көлдерден,
Көлгірсіген құба дөңдерден,
Биік өтті таулардан.
Сар желумен келеді
Жақын биік таулардан.
Ор қояндай орғытып,
Одан да өтіп жөнеді.
Қолдарында ақ найза,
Ен далада бес бөрі
Бөкең-бөкең желеді, 270. Әлі де жетпей келеді.
Таудан асқан мезгілде,
Алдарынан олардың
Кемпір болып аяулы
Ерлерге жақын келеді.
Сонда ол кемпірге
Абат тұрып сөйледі:
– Ай, шешеке, шешеке,
Мұнша неге қаңғыдың,
Бала-шағаң жоқ болып,
280. Көңілің жыртық болды ма?
Айналаңда ел бар ма,
Мекендеген елді жер бар ма?
Түзден арып келеміз,
Ат суарар көл бар ма?
Шыныңды айтшы, шешеке? –
Деп бір Абат сұрады.
Сонда кемпір сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ақылыңа қарасам,
290. Патшадай толғаған
Ақылды туған данасың.
“Шешеке” деп сөз сөйлеп,
Көңілдің кірін аласың,
Сөзіме құлақ саласың.
Тұқымыңды сұрайын,
Қай халықтан боласың?
Жүрген жолың сұрайын,
Өзің қайда барасың?
Айбатыңа қарасам, 300. Жолбарыстай қалыпты,
Қатқан қабақ кірпікті,
Түн ұйқысын көріпті,
Қатты жолға жүрдің бе?
Сонда Алау сөйледі:
– Әй, шешеке, шешеке,
Тұқымымыз ноғайлы.
Қалмақтан кекті алуға,
Сол қалмаққа баруға,
Еліне ойын салуға,
310. Олжалап елін алуға,
Ұлын отын етуге,
Қызын қатын етуге
Біз барамыз, шешеке.
Жолымыз жүрген солай-ды.
Сонсоң кемпір жөнелді
Өзінің кеткен жөніне.
Бір төбеден ол асып,
Көрінбеді ерлердің
Байқап тұрса көзіне. 320. Сонда Ахмет сөйледі:
– Ай, ерлерсің, ерлерсің,
Жаңағы тұрған кемпірдің
Байқап сырын көрдің бе?
Сол бір жансыз болған-ды.
Батыр аңқау, ер көдек,
Дүние болмас дөңгелек.
Алдағанға нандық қой,
Өлтірмей соны қалдық қой.
Сырымызды біздің алған-ды,
330. Өлтірелік біз, – деді,
Кім шабады, жел?! – деді.
Жарап жүрген аттарды
Қамшыменен бір салып,
Артынан қуып жөнеді.
Ахметтің мінген Құлаша
Барлығының алдына
Үдеп шығып кетеді.
Артында оның келеді
Алаудайын еріңіз 340. Ақтанау мінген атымен.
Онан соң шығып келеді
Шапқан қатты Ер Абат.
Артынан оның келеді
Қарғабойлы, Қазтуған,
Батыр туған Ер Тоған.
Үшеуі қалған артында
Келеді сонда қат-қабат.
Сонда кемпір көрінді,
Артына сонда қарады. 350. Астындағы Құламен
Кемпірге жақын барады.
Кемпір де мұны көреді,
Екі аяққа жалынып,
Кемпір сорлы жүгірді,
Жаман қатты сыдырды.
Ахмет мінген Құлаша
Жете алмай оған желеді,
Қалаға да жақын келеді.
Ахметтей еріңіз 360. Құлаға қамшы басады.
Бабасына және сиынып,
Мыстан жансыз қасына
Сонда бір жетіп барады.
Ақ найзасы қолында
Сонда түйіп өтеді,
Желкеден найза кіреді.
Мысықтай боп мырысып,
Сонда кемпір қарады,
Қарады да құлады. 370. Артында оның Ер Алау,
Асанның ұлы Ер Абат,
Қарғабойлы, Қазтуған,
Батыр туған Ер Тоған
Ерлігіне Ахметтің
Сүйініп олар келеді.
Кемпір әлі өлмеген,
Қаны ытқып аузынан,
Отыр жылап бақырып.
Батыр туған Ер Тоған 380. Найзамен тағы түйеді,
Кемпірдің бітті сүрегі.
Кеудеден жаны кеткен соң,
Қара жер болды тіреуі.
Ахмет кетіп барады,
Атқа қамшы салады,
Суырып қамшы алады.
Ақ семсері жарқылдап,
Қалмақ тұрған қалаға
Сонда жақын барады. 390. Қалмақтың тиді шетінен,
Албырттанып қызарған
Қайратын оның көреді.
Ахметтің бетінен
Қалмақ сонда қашады,
Қатты жаман сасады.
Ханына жылап көп қалмақ
Сонда жетіп барады.
Жетіп барып шулады,
Кейбіреуі шулап тұрғанда, 400. Біреуі ханға сөйледі:
– Ай, ханымыз, ханымыз,
Кеудедегі жанымыз,
Ол қалаңның шетінен
Тиді келіп бір жаһи.
Келбетіне қарасаң,
Қызарады, бөртеді.
Қатын мен бала шулатып,
Қаланың шетін өртеді.
Ар жағынан қарасаң,
410. Және шықты төртеуі.
Аюдайын ақырып
Біздерге айқай салады.
Бірдеңені шақырып,
Олар да келіп тиген –
Болды бесеу барлығы.
Қалаңа ойын салулы,
Қатын-бала, ел шулап,
Шыға алмай о да қалулы.
Ескерттім мен саған, 420. Ендігісін өзің біл.
Әйтеуір, бір бесеу келулі,
Келгеннен соң ол бесеу,
Қалың дуыл көбейді.
Өлтіреді бас салып,
Қырылды халық демейді.
Сонда тұрып ханыңыз
Халқына сөз сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ұлы, кіші, жамағат,
430. Қорықпаңдар азамат,
Өзім оған барайын,
Кім де болса ол итті
Айдап жолға салайын.
Өлген-жіткен кектерін
Өзім барып алайын.
Қолға найза алайын,
Сол кәуірге барайын.
Қызығын оның көріңдер,
Итке етін салайын.
Сонда тағы да тұрып: – Менің қасыма екі жүз кісі еріңдер, – деді. Бір адамды өзінің күйеуіне жіберді: – Сен барып хабар бер, – деді. Сонан соң өзі ерлердің тұрған жеріне қарай келеді. 440. Ақ найзасы жарқылдап,
Қалмақ мінген кер еді.
Ол қалмақтың артына
Екі жүз кісі ереді.
Ойнай басып кер атпен,
Ақ семсері жарқылдап,
Ерлерге жетіп келеді.
Қарсы келіп ерлер қалады,
“Жекпе-жек” деп сол қалмақ
Ерлерге айқай салады. 450. Айқай сонда шыққан соң,
Ахмет сонда жөнелді.
Екпіндеп шауып келеді,
Қарсы келіп тұрады,
Аты-жөнін сұрайды.
Сонда қалмақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Қайдан келген жан едің?
Сөзіме құлақ сал, – деді.
Мен қалмақтың елімін,
460. Ішіндегі ханы, ерімін.
Сұрасаң, атым – Қайыспас,
Адам жейтін бөрімін.
Қаңғыртып келіп сен өзің,
Шығасың қайдан төріме.
Есігімде болады
Басқа жанның ері де.
Өзің қайбір халықсың?
Аты-жөнің айтшы,
Өлместен бұрын сен? – деді. 470. Сонда Ахмет сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Ай, ит қалмақ, ит қалмақ,
Болмассың маған ағайын.
Алысқан соң өлерің,
Болады сенің тағайын.
Батыр туған ер болсаң,
Жекпе-жекке кел, – деді,
Қайратымды көр, – деді.
Бабаң келген қасыңа,
480. Оны анықтап біл, – деді.
Ауыр мықты қолыңды
Арыстандай ақырған
Қасымдағы ерлерім
Қылады оны ұн, – деді.
Көткеншектеп екеуі
Қарсы қарап шабысты.
Ақ найзасы айқасып,
Аюдайын ақырып,
Жолбарыстай алысты. 490. Қалмақтың жүр ерлері
Өздерінше олар да
Бабасына сиынып.
Сол уақыт болғанда
Ұшы болат найзасын
Екпінмен Ахмет түйреді,
“Ажал оқтың тұсы деп,
Өлерің сенің осы” деп,
Сонда найза енеді.
Екпінімен түйген соң, 500. Қайыспастай хандарың
Ат сауырына жөнеді.
Қолынан түсіп найзасы,
Жерге құлап өледі.
Қашты қалмақ сол кезде,
Асығып тұрған ерлерің
Қалмаққа сонда тиеді.
Талайы аттан құлады,
Жаны шығып сұлады.
Талайы аттың босады. 510. Сол мезгіл болғанда,
Бес жүз кісі ертіп,
Серке батыр бас болып,
Ноғайменен қас болып,
Елінің келді шетіне.
Бес жүз ері қасында,
Кідірсін қалмақ несіне?
Жолбарыстай бес батыр
Бұларды сонда көреді.
Бес жағынан бесеуі 520. Оларға сонда тиеді.
Араласып жүргенде,
Қазтуғандай ерлерге
Серке батыр болды кез.
Қазтуған сонда қарады,
Найзасын қолға алады.
– Ата жауым сен едің,
Келсең, жеке кел, – деді.
Қазтуған батыр сол кезде
Найзасымен Серкені
530. Сонда тұрып түйреді.
Серке де аттан құлады,
Ұзынынан түсіп сұлады.
Ол Серкені көргенде,
Қалмақ талай жылады.
Серкенің мінген қарасы
Қалмақтарды қақ жарып,
Сонда өтіп кетеді.
Үстіндегі иесі өлген соң,
Кетпей ол ат нетеді?! 540. Айқай салып батырлар
Сонда жауға тиеді,
Найзаменен түйеді.
Бес ерлердің ішінде
Алау менен Ер Абат,
Айсаның ұлы Ахмет
Жау ішінде жайнайды.
Қарсы келген қалмақты
Найзамен жайлайды.
Ерлігіне қарасаң, 550. Қайыспай шабар аюдай.
Қайратына қарасаң,
Жолбарыс пен піліңдей
Ерліктері білінді.
Онан соң ерлік істеген
Артып туған Ер Тоған.
Қалмақтың алған аюын
Қарғабойлы, Қазтуған.
Сол бес батыр қосылып,
Қалмақтың жойды қаласын. 560. Шулатып қатын-баласын,
Көндірді елін дініне.
Қорыққаннан ол қалмақ
Бірнеше мың мал мен бас
Алдына түсіп жүгірді.
Табандарын тас тіліп,
Жалаң аяқ сыдырды.
Арада неше күн жүріп,
Ақ Еділдің бойына
Сонда жеткен секілді. 570. Елден кеткен бес батыр
Ата-анамен қосылып,
Отырыпты Еділде.
Әуелі алған малдарын
Ноғайлының аш-арығы,
Жетім менен жесірге
Сонда бөліп беріпті.
Жарлысы байға теңеліп,
Ақ Еділдің бойында
Асанқайғы, Айсаның 580. Елдері дәурен сүріпті.
АЛАУ БАТЫР
Айсаның інісінің баласы – Алау. Сол Есен, Сүйін деген қалмаққа аттанады. Олар Уағаш, Даяс қасында отырған ел екен. Сонда Айсаның Алауға айтқаны:
– Жетіде қалдың әкеңнен,
Ересек болып сен жеттің.
Асыраған ағаңнан
Енді кетіп барасың.
Біздей туған ағаңнан
Ерлігіңді бұрын етпедің,
Ағаңмен бірге кетпедің.
Шырағым деп атағың
Қалдың бөлек сен, – деді.
10. Ахметің де жоқ еді
Қатардан, сірә, кемдігі.
Бірге жүрсең ағаңмен,
Көрер едің жақсы мен жаманды.
Кетемін деп ойладың
Бір үлкен жауға жалғыз бас.
Жалғыз кетсең дарасың,
Атқа бір мінсең келмейсің.
Қалмақ деген жаман ел,
Жалғыз қалмаң қапыда. 20. Дұшпанның білмек керек шамасын.
Мінген атың сұр еді,
Неше жылдай байлауда
Бағыңда шарбақ тұр еді.
Сауытсыз кидің шарайна,
Жебені қолға алмадың.
Будың алмас беліңнен,
Жалғыз кеттің еліңнен.
Найза менен жебең жоқ,
Өзің де жас баласың. 30. Он жасыңа келгенде,
Жалғыз қайда барасың?
Тірі келсе Ахмет,
Қатарына ер, – деді.
Дұшпанға еткен айласын
Ахметжанның көр, – деді.
Тілімді алсаң, сен, – деді,
Айтып болдым мен, – деді.
Барамын деген бұл жауың
Жүдә бір мықты ел, – деді. 40. Бұрын ноғай көп барып,
Ала алмай жүрген елі еді,
Бекіп қалған жер еді.
Тілімді алсаң, Алаужан,
Қызылбасқа бар сен, – деді.
Қызылбас емес қалмақтай,
Босаңырақ ел, – деді,
Және жақын жер, – деді.
Қызылбасқа сен барсаң,
Екі айда балам жетесің. 50. Есен, Сүйін қалмаққа
Төрт айда талып жетесің.
Есен, Сүйін қалмақты
Іздейтін болсаң, сен балам,
Шаттың бойын жағала.
Темір деген бір жер бар
Ол Шаттың жатқан бойында,
Жемнің түстік бетінде,
Ол бір биік Төрткілде.
Төрткілден өтсең құм болар, 60. Құмның арғы жағасы
Асу дария бұл болар,
Ол ағып жатқан Сыр болар.
Арғы жағын араласаң,
Ұзыннан жатқан ну болар,
Елсіз жері бу болар.
Жаздың күні көлеңке,
Қысты күні ық болар,
Байтақ жатқан жер, – деді.
Құр көргендей жалпаңдап 70. Шаба берме сен, – деді.
Ерлік деген бір болар,
Айла деген оң болар,
Айласыз ер сор болар.
Сонда Алау сөйледі:
– Ақылы қәміл дана едің,
Халық билеген хан едің,
Талайды көрген жан едің.
Он жасымда ат мініп,
Жетейін деп әр жолға
80. Сапар шығып түзелдім,
Барайын деп тар жолға.
Жері қиғаш құм дедің,
Жүдә алыс бұл дедің.
Барайын деп кезендім
Есен, Сүйін қалмақтың
Мекен қылған жеріне.
Мен тәуекел етермін,
Атқа мінсем кетермін,
Тапсырып Аққа қалысты. 90. Мінгесін атқа кезеніп,
Енді бармай не етемін?!
Алау дейін ер еді,
Атқа мініп алғасын,
Іркілсін бе батырың
Қорамса жоқ белінде,
Ақ сүңгі жоқ қолында,
Алты құлаш алмасты
Беліне тартып буады.
Алмасты бекітіп алады, 100. Сонан басқа қару жоқ,
Батыр да кетіп барады.
“Жауды көзім көрер деп,
Қолына алған қаруды
Жаудың өзі-ақ берер” деп,
Сауыты жоқ шарайна,
Басында бар да қалқаны,
Дулыға жоқ басында,
Жолдасы жоқ қасында,
Күні-түні жол жүрді. 110. Шаттың бойын жағалап,
Шаршамай батыр сол жүрді.
Төрткілдің келіп ол шықты
Алау батыр басына.
“Көрінер, – деп, – барғасын”,
Білуге жердің шамасын.
Көрінетін қара жоқ,
Хабарлар жан және жоқ.
Алда жатқан құм болды,
Түстік жағы шаң болды. 120. Құмнан арман бұл өтсе,
Шалқыған айдын көл болды.
Көлден әрі өткесін,
Ағып жатқан қара су болды.
Ол қара суды байқаса,
Амудария деген бұл болды.
Дарияны кетті жағалап,
Алла болды паналап,
Қисапсыз көп бұл жүрді.
Алау артық ер еді, 130. Ну ағашты аралап,
Солай қарап ер кетті,
Арасында жиырма, отыз күн өтті.
Күні бір жүзге толады,
Сонда үш ай он күн болады.
Сонда көрді бір елдің
Жайылып жатқан қарасын.
Кім екенін білмеді,
Мал шетіне жақындап,
Келді батыр, япыр-ай. 140. Айтқан сөзге түсінбеді
Малшыларға былдырлаған кәпір-ай.
Сөйтіп көрді қалмақтың
Мал бағып жүрген баласын.
Жайылып жатқан қойы көп,
Сиыр мен бар-ды түйесі.
Жылқысы жоқ ел екен,
Дәулетінің ең азы
Жылқы әбден кем екен.
Сонда бір шал жүр екен 150. Мал баққанның ішінде.
Талайды көрген шал екен,
Көпті көрген жан екен.
Жетіп келіп қасына:
– Кімсің? – деп Алау сұрады.
Сонда шалың сөйледі:
– Біз бір байтақ ел, – деді,
Қалмақ деген біз емес,
Жақсылап көрші сен, – деді.
Есен, Сүйін ханымыз,
160. Сондай мықты жанымыз.
Жас күнімде көп қаңғып,
Қаріп болдым мен, – деді.
Көздің нұры танулы,
Кәрілік те жетіп қалулы.
Көзім жетіп танысам,
Ноғай ма деп тұрмын мен сізді.
Сонда Алау сөйледі:
– Мекенімді сұрасаң,
Ащыбас – Шаттың бойы еді. 170. Өз елімді сұрасаң,
Ноғайлы деген ел, – деді.
Іздегенім сұрасаң,
Есен, Сүйін қалмақтың
Мекен еткен жері еді.
Уағаш деген дарияда
Сол қалмақтар бар еді.
Енді маған айтыңыз,
Бұл не деген жер еді?
Сонда қартың сөйледі: 180. – Ай, жас бала, жас бала,
Жылқыдан міндің сұр, – деді.
Енді айтайын қалмақтың
Асылын саған мен, – деді.
Қатыным мен балам жоқ,
Аға менен іні жоқ,
Ешбір дәулет қарам жоқ.
Тоқсанға жасым мен жеттім,
Хабарларға шарам жоқ.
Аяйын ба қалмақтың 190. Айтайын бәрін мен, – деді,
Сабыр қыл, бала, сен, – деді.
Есен, Сүйін қалмақта
Қалап қойған кесек бар.
Ол сыртында қорған жоқ,
Жинаған қала ел, – деді.
Сенімен емес тең, – деді,
Қалмақ ноғаймен емес ел, – деді.
Қапы қалып, жас бала,
Орылма көктей сен, – деді. 200. Ол қисапсыз жатқан ел, – деді,
Мұнда жоқ әскер қол, – деді,
Биһүдә жатқан ел деді.
Мынау жақсы-жаман айтты деп,
Оны тәуір көріп сыйлама, Қара бауыр қалмағың.
Сыйлайын десең, тістелер
Сонда сенің бармағың.
Далаға шауып атыңды
Жөнсіз жерге қинама,
210. Тапсырдым Аққа мен, – деді,
Жүре бер, балам, сен, – деді.
Алау дейін жас бала
Кідіріп сонда тұрады,
Атының басын бұрады.
Қайта айналып жол келіп,
“Не керегің бар, пақыр?” деп,
Шалдан келіп сұрады.
Сонда шалың жылайды,
Жылып сонда жырлайды: 220. – Асыл туған қарағым,
Ашылмайды-ау аяғым.
Қысқарып менің адымым,
Жүруге жоқ дәрменім.
Жайылған қойға ере алмай,
Қой артында қалғаным.
Астымда мінер ат болса,
Бармас па едім қалаға,
Жүрмес пе едім далаға,
Жүре бер, балам, сен, – деді. 230. Баратын жердің арасы
Осы жерден тап бір күндік жер, – деді.
Есен, Сүйін ханымыз
Тұрған жері сол еді.
Қорғаны жоқ бос дала,
Шеткерілеу тұрғанда
Сырты қылаң ақ қала.
Үстіне барып сен қалсаң,
Хан да болса таң қалар.
Айтып болдым мен, – деді, 240. Көп кешікпе, сен, – деді.
Сонда Алау батыр сөйледі:
– Анау тұрған көлденең
Биік құмның басында
Үш күнге дейін тұр, – деді.
Алау батыр жөнелді,
Тебініп атқа желеді.
Ызғытып Есен, Сүйін хандардың
Ордасына келеді.
Қаланың көрді қарасын,
250. Мың кісіге бас болып
Есен дейін ханыңыз
Қызылбасқа кетіпті.
Алау мініп сұр атқа,
“Жеткізгей, – деп, – Алла мұратқа”,
Ор қояндай ұйытқып,
Ақ бөкендей жортады.
Алдынан шығып он кісі
Алауға қарсы келеді.
Мінген аты қара еді, 260. Қару-жарақ түп-түгел
Онында да бар еді,
Алауды қамап қалады.
– Бір-бір байтақ ел, – деді,
Қайдан жүрген адамсың?
Қамап тұрған он кісі
“Кімсің?” деп сонда сұрады ,
Ұрыспай батыр тұрады.
Сонда қалмақ сөйледі:
– Уағаштың елі дария
270. Мекен қылған жер еді,
Қалмақ деген байтақ ел еді .
Есен, Сүйін ханымыз,
Ешкіммен жоқ-ты бәсіміз.
Мың кісі әскер бұл кетті
Қызылбастың еліне.
Тағы да әскер қол алып,
Ноғайлының еліне,
Жүреміз деген ойымыз бар
Үшқиянның байтақ жеріне. 280. Жарқыным, өзің баласың,
Жолдасың жоқ дарасың,
Сор маңдай, қайда барасың?
Сонда Алау сөйледі:
– Атаңа нәлет сұм қалмақ,
Сен қалмақ деген ел ме едің?
Мен ноғай деген ел едім,
Ноғайдан шыққан ер едім.
Ындыс пенен қалмақты
Көрсем алам деп едім. 290. Шулатуға қатын-баласын,
Көрейін деп шамасын.
Әскерің қайда, ел? – деді,
Ер болсаң, енді, кел, – деді.
Сонда тұрып Ер Алау
Жанға қолды салады.
Балдағы алтын беренді
Суырып қолға алады.
Тұс-тұсынан қалмақтар
Қылыштарын сыбады. 300. Ол өтсін бе қалқаннан,
Алау да қарап тұрмады,
Қылышын сонда сермеді,
Тарылтты жаудың тынысын.
Он кісі тұрған қалмақтың
Тоғызы қалды жығылып,
Тізесі жаман бүгіліп.
Тұра алмады далада,
Бәрі қашты қалаға.
Алау сонда қуады, 310. Қалмақ қалды бәлеге.
Келді қуып батыр-ай,
Айқай дүбір шыққасын,
Үйден шықты хандары,
Жылап қашты баллары.
Атын мініп ханыңыз,
Сауыт саба кие алмай,
Әскер қолын жия алмай,
“Енді қалай етем деп,
Жалпылдап қайда кетем” деп, 320. Шығып алып хан шапты,
Ақылды сонда бұл тапты.
Алауға қарсы хан келді,
Келе сонда сөйледі:
– Жылқыдан міндің сұр, – деді,
Бала, сабыр ете тұр,
Білмеймісің шамаңды,
Танырсың енді бабаңды.
Азғана сабыр етіңіз,
Керек болса жаныңыз. 330. Кетер енді сыныңыз,
Қалады жерде басыңыз,
Қысқарады жасыңыз.
Басыңды алмай қоймайды,
Жарағым қанға тоймайды.
Шыдамады батыр да,
Бұл да сөйлей бастады:
– Білемін, қалмақ, өзіңді,
Тыңда менің сөзімді.
Жіберген он кісің іздесең,
340. Әрқайсы әр жерде,
Өлімтігін қараңыз.
Жалғыз келдің жалпылдап,
Екі аяғың салпылдап.
Атқа жайдақ мінгенің,
Енді біл, сорлы, өлгенің.
Алау дейін ер еді,
Іркілмейтін ол еді.
Алмасты қолға алады,
Сүйінді сонда салады. 350. Басы үзіліп түседі,
Домалап жерде қалады.
Қалмаққа салды ойынды,
Ете берді тойыңды.
Жері жазық ен дала,
Жарағы қанға тоймады,
Қашқандарды қоймады,
Өлтіріп жерге салады.
Қызылбасқа кеткен мың кісі
Ол да хабарланып қалады. 360. Сол хабарды тапқасын,
Жесір алып қайтқасын,
Көңілі өскен бұл қалмақ
Бес жүз кісі әскермен
Еліне қарай шабады.
Қатын-бала бұл шошып,
“Ноғай ит келіп қалар деп,
– Елге әлек салар” деп,
Бара берің, сіз, – деді,
Кейін барамыз біз, – деді.
370. Елді жинап алады,
Есен шабуылды салады.
Бес жүз кісі әскермен
Қалың шаңды көргесін,
Алдынан шығып Ер Алау
Соған қарсы барады.
Сонда Есен сөйледі:
– Ноғай деген сен бе едің?
Сүйіндей басыңды алармын,
Кесіп жерге салармын.
380. Бір мың кісі қолым бар,
Сен секілді ноғайды
Алатұғын ойым бар,
Саған етер тойым бар.
Сүйіндей басыңды алмасам,
Кесіп жерге салмасам,
Бірге туып не етейін,
Ер белгісін етейін. –
Қызылбастың қолдарын,
Талқандап неше ерлерін, 390. Сындырып неше белдерін,
Енді іздеп баруға
Келе жатыр едім ноғайды
Мекен еткен жеріне.
Ер болсаң артық тұр, – деді,
Атыңның басын бұр, – деді.
Жалтақтама, сен, – деді,
Басыңды алам мен, – деді.
Осылай деп Есенің
Алау ерге сөйледі. 400. Сонда Алау сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
– Қолыңнан келсе аяма,
Шамаң келсе, сен, – деді.
Менің атым – Ер Алау,
Салармын саған мен талау.
Сонда Алау ер еді,
Астына мінген сұр еді.
Бес жүз кісі әскермен
Сонда Есен жапырды,
410. “Қаптаңыз!” деп шақырды.
Сонда екеуі ұрысты,
Ұрысып қатты соғысты.
Батырың сонда ақырды,
“Алла” деп ұран шақырды.
“Соғыспай қалай қалам” деп,
Тәуекел етіп іс қылып,
Қалмаққа салды ойынды,
Көрсетті сонда тойыңды.
Қызыл қанға толады 420. Қалмақтың талай қойыны.
Ішінде мықты жан қалды.
“Менің кегім кетер” деп,
Есен дейін хан қалды.
Қарсы шауып хандары,
Қарсыласып бұл қалды.
Екі бірдей жандары,
Есен дейін ханыңыз
Ол да алмасты сермеді.
Батыр да қарап тұрмады, 430. Жағаласып қалады.
Басында бар-ды дулыға,
Онан алмас өтпеді,
Етіне ешбір жетпеді.
Суырды алмас белінен,
Дулығаны қайырып,
Маңдайын сонда ашады.
Астындағы сұр атқа
Алау да қамшы басады.
Өтпегесін қылышы, 440. Жан тәтті екен сорлының
Қалмақ та тұра қашады.
Артынан батыр қуады,
Құтылсын ба қашқанмен,
Артынан жетіп алады.
Айнала тұрып алысты,
Екеуі қатты соғысты.
Аясын ба батырың,
Басын жұлып алады.
Басын жұлып алғасын, 450. Есен хан өліп қалады.
Айдады жесір шұбыртып,
Тұрғызбады кідіртіп.
Күндіз-түні демеді,
Шұбыртып айдап келеді.
Тұрғызсын ба далаға,
Неше күндей жол жүріп,
Еліне жақын қалғанда,
Жесірді кейін қалдырып,
Алдынан озып келеді 460. Айсадайын атаға
Барып сәлем етерге.
Балаң келді дегесін,
Алдынан шықты ат мініп.
Ат үстінде қолдасып,
Сәлем берді баласы.
Сөйледі сонда бабасы:
– Сау-саламат келдің бе,
Берді ме қуат бір Алла,
Алау деген баламыз?
470. Әлі елге келген жоқ
Ахмет дейін ағаңыз.
Барған ісің бітті ме,
Қайратың жауға жетті ме?
Есен, Сүйін хандарың
Алдың ба шауып қаласын,
Қатын менен баласын?
Сонда Алау сөйледі:
– Ақылы жетік данамыз,
Қайраты асқан бабамыз, 480. Сау-саламат келеміз.
Жеті ай болды кеткелі,
Осы елден шыққалы.
Есен, Сүйін хандарды,
Өлтірдім сондай жандарды.
Он екі күн ұрысып,
Босаттым тұрған қаласын,
Сөйтіп көрдім қалмақ шамасын.
Айдап келдім қарасын,
Жетім-жесір баласын. 490. Айса барды қарарға,
Ноғайлының аш-арық
Ол да келді шетінен
Олжа сұрап аларға,
Сауға сұрап барарға.
Айсадайын бабамыз
Қызықты сөйтіп көреді.
Сауға сұрап келгенге
Аямай бөліп береді.
Алау артық туған ер, 500. Қалмақпенен соғысып,
Мекенін тартып алған жер.
Ер Алаудың бұл түрі
Қырымның қырық батырындай бар еді.
Айсадан туған Ахмет
Сонымен бірге жүр еді.
ӘМЕТ БАТЫР
Әмет батыр ағасы Алаудың орнын қуып батыр болады. Қарақобда бойының Елекке құйған жерінде ағалы-інілі оншақты үй болып, қоныстанып отырады. Мұнымен бірге басқа да қара ноғайдың да елі отырады. Бір күні Әметке ой түседі. Ол ойында Әмет батыр ерлік атақ шығарғысы келеді. Бір күні ағасына келіп: – О, аға, өзің болсаң қартайдың, мен де жетісіп қалдым ғой, қонысымыз тар ғой, қоныс кеңітпесек болмас. Басыма ерік берсең, қару-жарақ берсең, мен кетер едім, – депті. Алау: “Ә, менің қарағым жігіт болған екен. Ағаның орнын ұстайды екен” деп қуанып, өзінің сарайда бағылып тұратын Ақтанау тұлпарын беріп, өзінің қаруларын береді. Осыны қолына беріп тұрып, Алау ағасы: – Ә, Әметжан, қай жаққа барасың, жөніңді айтып кет, хабарсыз кетсең іздерміз, Қара ноғайдың батыры көп қой, – дейді. Сонда Әмет батыр сөйлей бастады:
– Барысымды сұрасаң,
Маңғырдың қырын жайлаған
Көп қалмақтың елі еді.
Етегінде аққан су
Малға жайлы дер еді.
Ойладым соған барарға,
Сондағы қалың қалмақтың
Қонысын тартып аларға,
Қалмаққа ойын саларға.
10. Ноғайлар маған айтады:
“Тумай кеткір сен дейді,
Ағаңдай болып тумадың,
Ағаңның жолын қумадың”.
Осы сөзді есітіп
Отырғаным жарар ма?!
Барар жолы бір айлық,
Келер жолы бір айлық.
Аман болып, сау тұрсам,
Екі айда келемін. 20. Тап қылғанын Алланың
Сол арада көремін.
Кетейін деп жатқанын шешесі біліп қалып, келіп баласының тізгінінен ұстап тұра қалып, сөйлей бастады:
– Перзентім, кетпе далаға,
Қартайған анаң сорлыны
Кеткенің тастап бола ма?!
Ағаң да қалды қартайып,
Бағып жүрген қалмақ ел
Кетсе шауып жарай ма?!
Қолымда кенже баламсың,
Қартайған мынау ағаңның
30. Бұрынғыдай әл кетті
Соғысты жалғыз саларға.
Тілімді алсаң, бармашы,
Боғданың бойы боз қамыс,
Електің бойы ен қамыс,
Осыдан артық қоныстың
Керегі бізге болар ма?!
Анаңның тілін аласың,
Осыдан алмай кетсең сен,
Көңіліме қаласың. 40. Аязды күні айналдым,
Бұлтты күні толғандым,
“Қарағым шошып кетер” деп,
Бесіктен шешіп қолға алдым.
Сүйтіп баққан анаңды
Қайда жүріп бағарсың? – деп еді. Батыр: – Ағам ұлықсат етті, сен қанша айтсаң да сапарымнан қалмаймын, – дейді. Сонда шешсі баласының кетерін білген соң, қол жайып бата береді:
– Жолыңды Алла оңдасын,
Қызыр Ілияс жар болып,
Қыдыр ата қолдасын!
Қолтығыңнан көтеріп,
50. Қолыңнан ұстап демесін!
“Көп тілегі – көл” деген,
Аман-есен келерсің.
Бір Алланың салғанын
Не де болса көрерсің.
От басы мен ер басы
Көрмесі болмас дүниеде,
Не де болса көнерсің, –
деп анасы қала берді. Әмет батыр жалғыз өзі кете берді.
Ақтанаудай тұлпардың
Қалмаққа басын қаратты,
60. Қамшымен бұтын таратты,
Бауырынан жаратты.
Дөңгеленіп желеді,
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Еті қызып тұлпардың
Ә дегенше болмай-ақ,
Біраз жерге асады.
Тұлпарға батыр мінген соң,
Бұрынғы ердің бойынан 70. Кез жарымдай асады,
Әруағы ердің тасады.
Он екі күн дегенде
Қырдың шықты басына.
Жайылып жатқан мал көрді,
Қалың жатқан ел көрді.
“Екі-үш мыңдай ел ғой” деп,
Алыстан тұрып шем берді.
Айыл-тұрман бекітті,
Құйысқанын қысқартып, 80. Сол қалмаққа шабуға
Енді батыр жөнелді.
Көк сүңгісін өңгерді,
Азын көпке теңгерді.
Көп те болса шабуға
Көкірегі ойлап жөн көрді.
Бұл елдің адамы жоқ екен. Қатын, бала, жесірді қашырып, орнын босатып, сол орнына өзінің елін әкелейін деп батыр кейін қайтты. Бұл елдің бас көтерері Ындысқа аттанып кеткен екен. Еліне келсе, орнында елі жоқ. Батыр елін іздеп сөйлей бастайды:
– Елім кетіп, жұрт қалған,
Айналайын, Құдай-ай,
Елді шауып кім алған,
Елге бүлік кім салған?
90. Қартайған кетті анамыз,
Інімен кетті аға да.
Жолын білмей қалдым-ау,
Артынан іздеп барарға.
Ойланамын, қараймын
Ақыл ойлап табарға,
Жау болған біз дұшпанның
Еліне ойран саларға –
деп батыр найзасына сүйеніп қамығып тұр еді. Бір ошақтың астынан бір бала шықты. Үлкені қалуға айла таба алмай, жер ошаққа сол баланы көміп кеткен екен. Бала тұра келеді. Сонда Әмет батыр балаға сөйлей бастады:
– Ел қайда, бала, ел қайда,
Өскен-туып жер қайда? 100. Ата мен қайда анамыз,
Іні мен қайда ағамыз?
Неғылып жатқан баласың,
Келбетіңе қарасам,
Бозарасың ғой, соласың,
Өзің жалғыз баласың.
Мидай жазық далада
Жалғыз қалай қаласың?
Қалмақ елді шапты ма,
Содан елім қашты ма, 110. Қонысты тастап асты ма?
Айтшы, кәне, сен бала,
Қапияда дұшпан басты ма?
Сонда бала жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Жылап тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Әмет батыр ағамыз,
Желді күні панамыз,
Сен кеткен соң артынан
120. Қалмақ шапты еліңді.
Мал менен кетті дүние,
Ана мен кетті ағаңыз,
Сындырды дұшпан беліңді.
Алау батыр ағамыз
Қапияда ғой жатқанда,
Оны ұстап қолға алды.
Аяғы менен қолына
Салды қос-қос кісенді.
Жалғыз қалған ағаңа 130. Қиын болды, ағеке,
Байқасаңыз қиын іс енді.
Сәлем айтты байқасам,
Ақ сүт берген анаңыз,
Сәлем айтты ағамыз,
Өзіңіз ойлап қараңыз.
Бар болса өзің білерсің
Көкіректе ақыл-санаңыз.
Ол сәлемі мынау еді:
“Қобдаға таман барсын” деді, 140. Орақ пенен Мамайдың
Қасынан әскер алсын деді.
Келсін деді сосын дұспанға,
Онан басқа келмесін,
Келіп босқа өлмесін.
Қаптап жатқан қалың жау
Ойыншық деді көрмесін”.
Орақ, Мамайға батыр барайын деп ойлады. – Орақ, Мамайдың елін таба аламысың?” – деді батыр Бала: – Табамын, – деді. Қобданың жоғарғы жағында отырады дегенді есітіп едім, осы судың жоғарғы жағынан табылар. Өрлеп жүре бер, – деді. Баланың айтуымен үш түн, үш күнде Жаңбыршыұлы Телағыстың аулына келді. Үйден Жаңбыршы шыға келіп: – Ә, балам, қайдан жүрген баласың? Қай ноғайсың, кімнің баласысың, қайдан келесің, қайда барасың? – деп сұрады. Сонда Әмет батыр сөйлей бастады:
– Мекенімді сұрасаң,
Қобданың төмен сағасы.
Барысымды сұрасаң,
150. Қобданың жоғарғы жағасы.
Іздегенім сұрасаң,
Орақ, Мамай, Телағыс –
Басындағы ноғайлы баласы.
Менің тегім сұрасаң,
Мен ноғайдың елімін.
Ер Алаудың інісі,
Атымды Әмет дер екен.
Біз де ноғай баласы,
Іздеп келдім әдейі 160. Солардан көмек болар деп,
Көкіректің болмас, – деп, – аласы.
Келген менің себебім:
Өзім жауға кеткенде,
Елімді қалмақ шауыпты.
Ұйықтап жатқан Алауды
Ұстап қалмақ алыпты.
Келсін неге шамасы,
Аяққа кісен салыпты.
Шауып елді бүлдіріп, 170. Олжа оңай тауыпты.
Келсем жұртқа, елім жоқ, Мына тұрған бір бала
Жер ошақтың астында
Жасырынып қалыпты.
Хабарды маған беруге
Жатып мені бағыпты.
Ағамыз еді ер Алау,
Сәлем бізге айтыпты.
Жауға депті жалғыз келмесін,
180. Қаңғып депті өлмесін.
Қобданың жоғарғы жағасы
Бар депті ноғай баласы,
Әскер сонан ал депті.
Сосын келіп дұшпанға
Ойын-соғыс сал депті.
Соның айтқан жолымен
Елден шығып келемін.
Берсеңдер әскер аламын,
Қалмаққа таман барамын, 190. Ойын-соғыс саламын.
Бермесең де кетермін,
Жесір беріп тұра алман,
Жалғыз да болсам жетермін.
Бермеген әскер ноғайға
Айла нешік етермін.
Жалғызбын деп тұра алман,
Сиынармын Құдайға, –
деп Ер Әмет сөзін тоқтатып еді. – Қаңғырып шетке шығып жүрген ноғайға, әскер бере алмаймын, жөніңнен қалма, кете бер, – депті. Батыр ашуланып қайырылып тұра қалып сөйлей бастады:
– Ай, Жаңбыршы, Жаңбыршы,
Құдайымнан көрермін, 200. Жетсе ажал өлермін.
Егер ажал жетпесе,
Қалмақ елін талқандап,
Айналып қайта келермін.
Көп ішінде сыйыңды
Жас та болсам берермін.
Әулиелер қолдаса,
Ұстап қолдап демесе,
Ақтанаудай тұлпармен
Дұспанға қарай желермін. 210. Осыны бала айтты да,
Тұлпардың басын бұрып,
Маңдайын жауға қаратты.
Алпыс күндік жер екен,
Жиырма бір күнде келіпті.
Әбжыландай қалмақтың
Қалың елін көріпті.
Айыл-тұрман бекітіп,
Баданасын баса киеді.
Көк найзасын өңгеріп, 220. Көкірегі желденіп,
Мыңдаған әскер қалмақты
Бір өзіне теңгеріп,
Қайта атына мініпті.
Қарауылшы тұр екен,
Әметтейін батырдың
Келгенін енді біліпті,
Қарауыл хабар беріпті.
Осы хабар алған соң,
Мыңнан аса қалмақтар 230. Соғысуға жүріпті.
Қалың қалмақтардың ішінен біреу шығып жүре қоя беріпті, бұған қарсы Әмет батыр да жүреді. Келе тұра қалың қалмақ сөйлей бастайды.
Келе қалмақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Жанжал ғана болмасын,
Жарқыным, қайда барасың?
Мыңдап жатқан ауыр қол
Ноғайдан келдің бір өзің,
Қалай шауып аласың?
Ат, қаруыңды бер дағы,
Біздің дінге көн дағы,
240. Босқа өліп қаласың.
Шапқанмын сенің еліңді,
Талқан қылдым мекен жеріңді.
Ұстап қолға алғанмын
Алау батыр еріңді,
Тар зынданға салғанмын.
Қайтаруға келдің бе
Қалмақтағы кегіңді?
Ерегессең, қалмақ ерлері
Жояды сенің көзіңді, 250. Көрсетеді көрімді.
Тарқатар сүйтіп ноғайым
Көкіректегі шеріңді.
Сонда Әмет сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Балам, балам дей берме,
Сенің балаң мен емес,
Менің әкем сен емес,
Дегенің балам жөн емес.
Көптігіңді көріп мен,
260. Қылмаса Аллам келемеш.
Ат-тонымды беріп қашқандай
Қойшы ноғай мен емес.
Әулиелер қолдаса,
Сапарымды оңдаса,
Басыңды, қалмақ, шабармын.
Артыңа ерген қалмаққа
Оған да ойын салармын.
Жалғызбын деп тұра алман,
Тәуекел етіп барармын. 270. Тәуекел десе қайғы жоқ,
Көп ұзатпай алармын.
Сонда қалмақ сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Мына тұрған ағаңа
Кезегімді бересің.
Жасым үлкен болса да,
Қайратымды көресің.
– Ал қалмақ, ағасың ғой, кезегіңді ала бер, – деді.
Сонда қалмақ оңдалды, 280. Қорамсаққа қол салды.
Атып қалмақ қалады,
Әметке оғы барады.
Оғы бірақ өтпеді,
Екінші атып қалады,
Өтпеді де, жетпеді.
Үшінші атып қалады,
Тоғыз қабат сауыттың
Алтауын оқ жарады.
Жаңылтпай жазды тобаны, – 290. Кезек келді батырға,
Садақты қолға алады,
Сауыт бұзар оқ салды.
“Қалмақ ердің қасы деп,
Қақ өлер жерің осы” деп,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғап тартып қалыпты,
Қалмаққа оғы барыпты.
Өтпесе де қалмаққа,
Қабатын алты жарыпты. 300. Алып оқты тағы атты,
Ит қалмақты жайратты.
Жығылып ері қалған соң,
Сонда қалмақ жапырды.
Семсерін батыр қолға ұстап,
“Қырамын” деп ақырды.
Қылышын жауға сермеді,
Батырды ашу кернеді.
Батырдың үстін қан жапты,
Арыстандай ақырып, 310. Сонда да кезек бермеді.
Қайраты тасып өрледі,
Қаптаған қалың қалмақты
Бұта құрлы көрмеді.
Он екі күн соғысты,
Мыңдай келген қалмақтан
Тек жүз кісі ғана көрінеді.
Мұны көріп алған соң,
Әруағы асады,
Ердің нысы басады. 320. Қалғандары қалмақтың
Еліне қарай қашады.
Қалмақтар қашып келіп қалаға тығылады. Қалаға тығылған соң батыр: – Менің дініме көнесің, көнбесең бәріңді де қырамын, – деді. Сонда қалмақтар көнеді. – Ал менің ағам, шешем, қарындасым қайда, соны тауып бер, және басқа елім қайда, соны тауып бер? – дейді. Қалмақтар бәрін бір зынданға салған екен, тауып береді. Қалмақты бұл жерден кетіріп мұсылман дінге көндіріп алып, мал, дүние-мүлкімен қайтады, өзінің отырған жеріне шұбыртып алып кетеді.
ШЫНТАСҰЛЫ ТӨРЕХАН
Төрехан алты жасында асық ойнап жүреді, балалардың асығын ұтып алды. Төреханның қолындағы асығын балалар тартып алады. Төреханға ешкім болыспаған соң, жылап үйіне келді. Шешесіне келіп жылады.
– Шырағым, неге жылайсың? – деді шешесі. Сонда Төрехан сөйледі:
– Айналайын, шешеке,
Балалар ойды көзімді,
Сабады-ау менің өзімді.
Бізде жақын жоқ білем,
Мені сабап жатқанда,
Болыспады бір кісі,
Сүйегім сүйтіп езілді.
Аламын деп басымды,
Жұламын деп шашымды.
10. Ағайын-туған жоқ па еді,
Болыспады бір бала.
Айналайын, шешеке,
Бұл сөзіме, сен, қара.
Сонда кемпір жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Жалғызы жылап жатқан соң,
Анасы қалай шыдайды?!
– Айналайын, қарағым,
Атаң Шынтасхан еді 20. Білігін жұрттан асырған.
Туған артық жан еді,
Атадан жалғыз сол еді.
Сол айтқаным жол еді,
Атаң артық ер еді.
Ерегіссе ел алған,
Дұшпанын басып кек алған.
Атаң таққа мінген соң,
Ноғаймен халқың дем алған.
Аға да жоқ, іні жоқ, 30. Ерліктен басқа міні жоқ.
Астана жұртты меңгерген,
Азын көпке теңгерген
Артық туған хан еді,
Асылы артық жан еді.
Сонан туған, қарағым
Төрежан, жалғыз бала едің,
Атадан тақ жан едің.
Қарағым, барма балаға,
Өзің баршы қалаға. 40. Сен түскен соң бұл жерге,
Жүруші едім қуанып.
Терегім өссе дүниеде,
Саясы пана болар, – деп.
Жасы онға келген соң,
Қатарға балам толар, – деп.
Сол кезде Шынтасханның ақтабан қара аты бар еді. Сол қара атқа Төрехан батыр қарады.
Ақтабан атқа барады,
Барады да сол бала
Атқа ерді салады.
Ақтабанды ерледі
50. Ерлеп жүріп терледі.
Ерлегенін баланың
Шешесі мен әкесі
Байқап оны көрмеді.
Ерлеп атты болған соң,
Жүгіріп үйге келеді.
Басына киіп дулыға,
Үстіне киді шарайна.
Әкесі мен шешесі оны көрмеді. Және балдағы күміс ақберенді бала байлап, үйден найзаны алып шықты.
Ақтабан атқа мінеді,
Атқа мініп алғанын
60. Шешесі сонда біледі.
Келе кемпір сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді.
Көзінің жасы төгіліп.
Жылай берді егіліп:
– Айналайын, жалғызым,
Барасың қайда сен деген.
Сен кеткен соң далаға,
Нем қалады өлмеген?!
Балам болсаң, көріп кет,
70. Қолыңнан қазып көміп кет.
Кетпеші сен далаға,
Егер кетсең далаға,
Әкең болса қарт болды,
Кім ие болар қалаға?
Алсаң, балам, тілімді,
Ағаң мен жоқ ініңіз,
Жалғыздығың білінді,
Атаң Шынтасхан еді,
Алпысқа келген шал еді. 80. Есіз қалаң қалмай ма,
Атаң Шынтасхандарға
Дұшпаны көзін салмай ма,
Қорлыққа басы қалмай ма?
Сол жауапты естіп, үйден қарындасы Ханбибі жүгіріп шығып, ағасының жауға кеткелі тұрғанын көрген соң, сонда қарындасы сөйледі.
Қызың сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Айналайын, жан аға,
Болсын жаным садаға.
Сен кеткен соң далаға
Алтын басым күң болар,
90. Сіз кетсең далаға.
Атаң тұрған алтын тақ
Есіз қалып тұл болар.
Орнында оның тұратын
Сұрасақ сізден кім болар?
Сіз кеткен соң далаға,
Жасы жеткен қарт әкең
Ие бола алмас қалаға,
Басы қалар бәлеге.
Айналайын, ағеке, 100. Көзіңмен мені көрсеңші.
Мынау тұрған атаңа
Жолығып жауап берсеңші.
Төрехан сонда сөйледі:
– Ата менен анамыз,
Жалғыз туған баламыз.
Қодарқұлдай қалмақтың
Еліне кетіп барамыз.
Алла оңғарса жолымды,
Сол бір жауды аламыз. 110. Ата, жауап беріңіз
Төбесі шоқты қалмаққа
Ата, келер әліміз деп.
Төрехан батыр жүрудің қамын ойлайды. Шынтасхан сонда сөйледі:
– Қолыңды жай, сен, – деді,
Беремін бата мен, – деді.
Жолыңды Құдай оңдасын,
Қыдыр ата жар болып,
Қыдыр менен Ілияс
Болсын сенің жолдасың.
Тапсырдым Аққа мен, – деді,
120. Жылап көрген жалғызым,
Саламат бол сен, – деді.
Қодарқұлдай қалмағың
Жеті төре ел еді,
Ақтабандай тұлпарға
Тек екі айлық жер еді.
Ақтабан атпен желеді,
Алты жасар күнінде
Батыр туған Төрехан
Іркілмей-ақ жөнеді. 130. Мекенді деген ел еді,
Он сегіз күн болғанда,
Жетітөре еліне
Іркілмей батыр келеді.
Қодарқұл бұл жердің ханы еді, өзі бір мықты жан еді. Етірек-күргендегі қызылбасқа аттанып кетіпті.
Есіз жатқан бұл елге
Төрехан ойын салады.
Жеті күндей талқандап,
Елін шауып алады.
Жетітөре қызын алып,
“Қодарқұл қалмақ келсін” деп,
140. Сол жерде жатып қалады.
Өзі сол жерде бір ай жатты. Қодарқұл кідіріп келмеді. Қызылбастан жесір алып Қодарқұл қалмақ келе жатқанда, алдымен қалмақтан хабар келді: – Еліңді ноғай шапты, – деді. Сонда Қодарқұл оза салды. Сол жерде екеуі кездесіп, сонда Қодарқұлдың сөйлегені:
Сонда Қодарқұл сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
– Менің атым – Қодарқұл,
Мен қалмақтың ерімін.
Енді ноғай өлгенің,
Өлім болды көргенің.
Қаза айдаған сор маңдай,
Қалай мұнда келгенің?
Сонда Төрехан сөйледі:
150. – Мен ноғайдың елі едім,
Ноғайдан шыққан ер едім.
Шынтасханның баласы
Төрехан батыр мен едім.
Алдым жеңіп қалаңды,
Шулатып қатын-балаңды.
Сендей болған қалмақтың
Көрейін дедім шамаңды,
Танытайын дедім бабаңды.
Сол бір сөзді айтқан соң, ерлер біріне-бірі шамданып екеуі жекпе-жекке соғысады.
Қалмақ, ноғай алысты, 160. Жағаласып қалысты.
Бес күн салды жағалас,
Екеуі де артық ер екен,
Қайраты болды шамалас.
Күн беске толғанда,
Сондай заман болғанда,
Қодарқұлдай қалмақты
Көтеріп алып Төрехан,
Түбі терең, суы жоқ
Бір құдыққа салады. 170. Жағаласқан жерлері
Ала құйын шаң болды,
Көрмегенге таң болды.
Қодарқұл аузын таспен толтырды.
Сонда Төрехан “тағы да қалмақ болар деп, бары келер” деп, қасына ит ертіп, аң аулап, сонда жата береді.
Ендігі сөзді Төреханның қарындасы Ханбибіден естіңіз.
Сонда Ханбибі әкесі Шынтасқа келіп айтады: – Әке, менің жалғыз ағам Төрехан келмеді, кешікті. Маған бір желмая бер, – деді. Сол жалғыз ағамды іздейін, құр басым үйде отырып не етемін, – деді. Сонда Шынтасхан қуанды: “Бұл қарағым қатарға әйел де болса қатарға енген екен, ағасын іздеймін дегені қандай жақсы” деп Шынтас қуанды.
Желмаяны алдырды да, азық-түлік тамақ берді. Қызды жөнелтіп жіберді. Қыз бірнеше күндер жүріп, қалмақтың елінің шетіне жетті. Келсе қырылып жатқан адамды көрді. – Алда, жалғызынан жабысқыр-ай, жан қоймаған екен, – деп, Ханбибі ағасын қарғай берді және Қодарқұл, Төреханның жағаласқан жеріне келеді “бұл не қылған шаң?” деп. Маядан түсіп қарап және сол жерде қазандай қара тас көреді. Тасты аударып, астында бір құдық көрді. Құдыққа еңкейіп тұрып: – Бұл құдықта кім бар? – деп сұрады. Сонда Қодарқұл қызға сөйлей бастайды:
– Болайын шешең мен, – деді,
Шығара көрші сен, – деді.
– Мен шешесіз қалайын, – деп, Қодарқұлды кесекпен ұрды.
– Болайын әкең мен, – деді,
Шығара көрші сен, – деді.
Құдықта жатып Қодарқұл
Қақсап сөйтіп сөйледі.
– Мен әкесіз қалайын, – деп, тағы да ұрды кесекпен.
180. – Болайын ағаң мен,– деді,
Шығара көрші сен, – деді.
Осылай деп Қодарқұл
Тағы да айтып сөйледі.
– Мен ағасыз қалайын, – деп, тағы ұрды.
– Болайын інің мен, – деді,
Шығара көрші сен, – деді.
Құдықта жатып Қодарқұл
Қоймай қақсап сөйледі.
– Мен інісіз қалайын, – деп, тағы да ұрды.
– Болайын байың мен, – деді,
Шығара көр сен, – деді. 190. Сонда қыз:
– Қалай шығарайын мен, – деді,
– Арқанды сал сен, – деді.
Арқанды салып қалады,
Қодарқұлдай қалмақты
Қауғадай тартып алады.
– Мен жүре алмаймын, буыным бітіп қалыпты, – деді.
Сонда қыз арқалап,
Көтере алмай қайқалап:
“Жорға жүріс жоқ-ты деп,
Аяң жүріс көп-ті деп,
200. Осы жүрісім епті деп,
Қызарады, бөртеді,
Аяңдайды, жортады.
Алып келіп үйіне,
Кең сандыққа салады,
Қодарқұл жатып қалады.
Төрехан сыртқа кеткенде,
Ойнап қызық алады.
Төрехан үйге келген соң,
Оның бірін білдірмей, 210. Отырып қызың қалады.
Төрехан үйге келгенде,
Сандықты мықтап жабады,
Қодарқұлды бағады.
Дым көрмеген кісідей
Қарындасы сөйтіп жағады.
Қарындасы мен Қодарқұл
Бір күні кеңес құрады.
“Төреханды қалай өлед” деп
Бір-бірінен сұрады.
Қодар айтты: – Елік суы деген су бар, ол судың басында Қазанбас қара дәу бар, барса, ол Төреханды өлтіреді, – дейді. Төрехан үйге келгенде, сен ойдан қырға домала. 220. – Іші-бауырым жанды де,
Мені Құдай алды де.
Торсықты алып іліп қой,
Осы айтқанды біліп қой.
Қарасын оның көргенде,
Ойдан қырға домалап,
Келе жатқанда Төрехан
Қызың онда қарады,
Өртеніп іші барады,
Төрехан жетіп келеді. 230. – Айналайын, жан аға,
Өлдім енді мен, – дейді.
Елік суын мен ішсем,
Қанар едім шөлімнен,
Құтылар едім өлімнен де.
Сонда Төрехан
Шыдамады бауырға,
Кететін болды кәуірге.
Тастан салған табан жол,
Тәңірі оңдаса аман жол, 240. Оңдамаса, жаман жол.
Сол жолмен кетіп бара жатқанда Шыман ханның қызы Шыңбике сұлу бар еді. Төрехан атқа мініп шыққаннан сол қыз жансыз салдырып қойып еді. Сол Төреханның не істегенін, қарындасының не істегенін сол Шыңбике білуші еді. Шыңбике сұлу сол Төреханның жолына, таспен салған табан жолға алты қатар үйді тіктіріп, сол алты қанат ақ үйдің есігінен құдық қаздырып қойдырды және үстіне мата төседі. Мақпалмен бетін жауып қойды. Төрехан келіп тұсынан:
– Кім бар? – деп мұнда шақырды.
– Шықпаймын үйден мен, – деді,
Мазамды алма сен, – деді.
Сонда Төрехан:
– Келтірмейтін мені, – деп,
Өлтірейін сені, – деп,
Суырып алып қылышын,
Шығарды қатты дыбысын.
Үйге кіріп келеді,
250. Есікті сонда ашады.
Табалдырықтан бұлай сап,
Аяғын сонда басады.
Басып қалды мақпалды,
Ішіне түсіп кетеді.
Сонда Шыңбике сұлу келеді,
Отыра қалып құдыққа,
Келе сөйлей береді:
– Асыл туған сұңқарым,
Шаршамас мінген тұлпарың. 260. Алдың алыс жер, – деді,
Барма соған, ер, – деді.
Тілімді алсаң бармағын,
Қарындасың кәуірді
Сіздей болған ерлерден
Қодарқұлды көрді тәуір-ді.
Қодарқұлды алулы,
Кең сандыққа салулы,
Жақсы қылып бағулы,
Не құлқын іздеп табулы. 270. Ол залым қылды қалаға,
“Бармасын, – деді, – ата менен анаға”.
Сіздей асыл жандарды
Қодардан қылды садаға.
Бармағын, батыр, сен, – деді.
Осы айтқанның бәрі рас,
Аштырып кең сандықты,
Қодарқұлды көр, – деді.
Сонда Төрехан тұрып сөйледі:
– Қарындасым бауыр-ды,
280. Жақын қылып алмайды
Менен артық кәуірді.
Қодарқұлды алған жоқ,
Оның түскен шыңырауға
Қарындасым барған жоқ.
Қалайда болса кетемін,
Қазанбас дәуді өлтіріп,
Елік суға жетемін.
Үш күн жатты Шыңбикенің қасында. Төртінші күні бір құлды Төреханға қарақұс қылып дуалап берді. Осы құсты дуалап берген соң, Шыңбике айтты:
– Осы барғаннан барып ақтабан тұлпарды бір күн жарымдық жерге тастап, мына құсқа мініп бар да, суды ал да қаш. Ол жұма күні түске шейін ұйықтайды. Сол судың сылдырынан оянып қуар, қуса жетпей қоймас, қол оқпен оң қанатын атып сындырсаң қалады, – деді. Егер сындыра алмасаң, сенің өлгенің – деді.
Қыздың айтқанындай күн жарымдық жерге барып атын тастап, өзі жаяу емес қара құсты мініп келеді. Келсе, айтқанындай ұйқыға кіріскен екен. Торсықты батырып ала қашты. Судың сылдырынан дәу оянып түре келді.
Тұра дәуің қуады,
Қумай қалай тұрады?!
290. Күн бесінге толғанда,
Біраз заман болғанда,
Артынан қуып жетеді.
Артынан қуып жеткен соң,
Ататұғын талабын
Төрехан батыр етеді.
Артынан қуып келгенде,
Батыр туған Төрехан
Дәлдеп дәуді атады.
Оң қанаты сынған соң, 300. Сұлап дәуің жатады.
Шыңбикенің үйінде Төрехан тағы үш күн жатып, сол мезгілде Төрехан қарындасын ойлап, елге баруға талаптанды. Бірнеше күн жүріп еліне келді.
Елге жақын келген соң,
Көрінген соң қарасы,
Ойбай салып жылайды,
Қарындасын қарашы.
Түсе қалып Төрехан
Суды алып береді,
Су екенін көреді.
Ішіп алып Ханбибі
Сонда демін алады, 310. Өлімінен қалады.
Аң қағуға Төрехан
Енді шықты далаға.
Қарғылы тазы ерітіп,
Ақсұңқарын қондырып,
Ақ найзансын қолына ап,
Қарап жүрді қыдырып.
Қодарқұл мен Ханбибі тағы кеңесті. Біріне-бірі ақыл берді, сонда Қодарқұл айтты қызға:
– Сен ағаңнан сұра, “аға, сенің үзбейтін затың бар ма? деп сұра, – деді қызға.
Төрехан келген соң қыз отырып: – Аға, саған өтетін қару бар ма, темірді болса үзесің. Үзбейтін затың бар ма? – деп сұрады. Сонда Төрехан:
– Адам болсын, жан-жануар болсын өз түгін үзе алмайды деген, айдарымды үзе алмаспын, – деді. Сонда қыз: – Оны немен кеседі? – деді. – Оны табанымда алтын кездігім бар, сол кеседі, – деді.
Төрехан жатып ұйықтағанда, айдарын кесіп алып, кескен соң, жіп қылып есіп алады.
Қол-аяғын байлаған,
Қозғалмастай сайлаған
Қарындасы Ханбибі
320. Ағасын сөйтіп жайлаған.
Қасындағы терекке
Төреханды байлаған.
Байлап оны болған соң:
– Аға, енді, тұр, – деді,
Тұрса қолы байлаулы.
Кең сандықты ашады,
Қодарқұлға тұр, – деді.
– Мынау залым ноғайды
Байладым, мұны ұр, – деді. 330. Түрегеліп Қодарқұл
Қылышын сонда сермеген,
Салды және найзасын.
Біреуінің де тимеді
Өлтіруге пайдасы.
Сол уақыт болғанда,
Тепкіледі Қодарқұл
Төреханның басына.
Төреханды теуіп жатқанда,
Барып тұрды қарындас 340. Төреханның қасына.
Төрехан сонда мұңайды,
Өксіп-өксіп жылайды,
Жылап жатып жырлады:
– Айналайын, егізім,
Алтын еді лебізің.
Ноғай деген ауылым
Аралап өзім көрейін.
Өзіңнен қатар бір жанға
Қарағым, сені берейін. 350. Босатсаңшы қолымды,
Туғандығың қай жерде?
Мынау құлға тептіріп,
Қайнаттың ғой сорымды.
Ата мен қайда анамыз?
Біз солардың баламыз.
Ата тілін алмадым,
Ана тілін алмадым,
Ақырында қор болып,
Бір ағаштың түбінде 360. Саулы інгендей зарладым.
Сонда қызың сөйледі:
– Мұнан жақсы өлгенің,
Өлім болсын көргенің.
Байлансын сенің тіліңіз,
Өшсін сенің үніңіз.
Естімеймін сөзіңді,
Алсын Құдай өзіңді.
Қодарқұлдай бекзада
Ойсын сенің көзіңді.
370. Сол уақыт болғанда,
Аулы көшіп кетеді.
Төрехандай ерлерді
Ағашқа байлап оны да,
Тойын соның етеді.
Теректе жатып Төрехан
Соның айтқан сөзі екен:
– Бір ағаштың түбінде
Байланып енді қалғаным.
Ата-ананы көре алмай,
380. Болды күшті арманым.
Бұл ағаштың түбінде
Тұруға жоқ-ты дәрменім.
Оңғарылып жел шығып,
Естілер ме екен дауысым
Ақ сүт берген анаға,
Өсірген жастан атаға.
Көруге бізге күн қайда
Мекен салған қаланы?!
Ойлай ма екен ата-анам 390. Біздей жалғыз баланы?!
Сол күні түнде Шынтасхан түс көрді, түсінде жаман іс көрді. Ертең таң ата желмаяны алдырып, Төреханды іздеді. Бірнеше күн жүріп, терекке байланып жатқан Төреханның үстіне келді. Сонда “не қылып жатқан баласың?” деп Шынтастың айтқаны:
– Не қылып жатқан баласың?
Қу ағашқа байлаулы,
Бекітіп жақсы сайлаулы.
Жапанда жатқан жас бала,
Жаудан көріп қорлықты,
Болыпсың шын масқара.
Бала, сенің не еткенің,
Балалықты етіпсің.
Оның қайда кеткені.
400. Сонда Төрехан мұңайды,
Жатып сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді.
Төрехан танымады бабасын,
Шынтасхан танып тұр туған баласын.
– Жасың үлкен жан баба,
Босатсаңшы менің қолымды.
Дүниеде бейбақ мен болдым,
Оңдамаған Құдай жолымды.
Сонда Шынтасхан түйеден түсе қалып, баланың қолын босата бастады. Босатып болған соң, баланы бал, миуамен тамақтандырды, сол жерде бір күн жатты, қабағын ашты аяғынан тұра бастады.
Айнала тұра қалады, 410. Терекке қолды салады,
Теректі түбімен суырып алды.
Теректі иығына салып алды,
Еліне Қодарқұлдың қайта барады.
Қодарқұл Төреханның қарындасын алмай, отын-суға салған екен, өзі Жетітөренің қызын алған екен. Сөйтіп, соры қайнап, көзі жайнап қалған екен. Қодарқұлдың үйінің алдына келіп: – Шық бері! – деп ақырды.
Үйден шыға келгенде,
Қодарқұлдың басына
Терекпенен салады.
Құл жығылып қалады,
Үстіне мініп алады.
Қарындасын шақырды:
420. – Етегіңді жайыңыз,
Мінеки, бауыздалды ғой
Сорлы ағаңды сатып, алған бай, – деді.
Қодарқұлды өлтіріп,
Ақтабан атқа мінеді,
Қару-жарақ іледі.
Қалмақтың бірін тастамай,
Үш күндерде жинады,
Шауып атты қинады.
Үш қонып шыққаннан кейін Шынтасхан Төреханға былай деп жауап айтты:
– Біз Шынтас деген бабаңыз,
430. Сен едің біздің баламыз.
Бозтеректе жатқанда
Келіп тұрдым қасыңа.
Шештім сенің қолыңды,
Оңғарды Құдай жолыңды,
Берегірек кел, – деді,
Атаңның жүзін көр, – деді.
Ақ жүзіңнен сүйейін,
Сағынып келдім мен, – деді.
Сонда Төрехан әкесі екенін сонда біліп, әкесіне сөйлей бастады:
– Айналайын, жан баба,
440. Саламат күйлі бармысың?
Аман ба үйде анамыз?
Алла оңғарса сапарды,
Біз де елге барамыз.
Анаға сәлем береміз,
Ананың жүзін көреміз.
Сонда қалмаққа хабар салды. Жинап парымен бес жорға алды, күймелі арба алды, үстіне шатыр құрды. Шынтасқа алтыннан тон кидірді. Отыратын жеріне мақпал төсеп, бір арбаға Шынтас мінді, екі кісіге қызметін істетті. Сонда қарындасы қалмақтардың артында жаяу жүгіріп келеді. Үш күндік жерге келгенде, Төрехан ілгері озып кетеді. Ордасының сыртына келіп дауыстап шақырады. Сонда шешесі: – шығатын адам жоқ, – деді.
Төрехан сөйледі:
– Төрехан келді балаңыз,
Үйде бар ма анамыз?
Сол жауапты айтқанда,
450. Жүгіре шыға келді анасы.
Аттан түсе қалады
Төрехандай баласы.
Анасы сонда сөйлейді:
– Айналайын, қарағым,
Жаулы жерде жарағым,
Сағынып көрген беренім,
Сағынған күні керегім,
Сағынған мұнда-ай келдің бе,
Төрехан сынды шырағым? 460. Бауырыма басайын,
Жабыққан көңіл басылсын.
Келдің бе, қарағым, бабаңды,
Көрдің бе іздеп, қарағым,
Ақ сүт берген анаңды?
Мекендеген көрдің бе
Өзің туған қалаңды?
Разымын бергенге,
Дидарыңды көргенге,
Қабыл болып тілегім. 470. Мен Құдайға ырзамын
Бітсе де бүгін сүрегім.
Шыман ханның қызы Шыңбике сол уақытта Төреханның тойына келіп қалды. Тоқсан баулы ноғайға хабар салды, баршасын ноғайлының жиып алды. Тоғыз күн той, он екі күн ойын болды. Былайғы жұрт тарап кеткенде, қарындасы тұрып қалды. Қарындасына айтты: – Саған не керек, қырық қысырақ аламысың, қырық қыңырақ аламысың? – деді. Сонда: – Қыңырақ құрысын, қысырақ аламын, – деді. Құлдарға қырық қысырақ алдырды, қырық қысырақтың құйрығына байлады. Қырық қысырақты қырық бөліп алып кетті.
Сонан бай болып, барша мұратына жетті.
СҰЛТАН КЕРІМ
(Үзінді)
Бір өзі атқа мінді кетейін деп,
Қалмаққа жалғыз өзі жетейін деп.
Аттанды жалғыз өзі болып дара,
Болар деп бір өзіме Алла пана.
Қарадөң деген жер еді,
Сондағы қалмақтың осы жері еді.
Ен қалмаққа аттанды,
Арасы он күндік жол еді.
Отыз бес күн болғанда,
10. Көрді сонда қарасын.
Дөңге шығып алған соң,
Қалмақтың көрді қарасын.
Он кісі қалмақ жүр екен
Қарауыл шығып далаға,
“Келтірмен, – деп, – жан қалаға”.
Қалмақтың ханы Мұрат та
Шығады екен көруге
Қаншама рет қыратқа.
Он кісі қарсы келді батырға, 20. Он кісінің ішінде бар еді
Мұраттың жалғыз баласы.
Ерғали сонда сөйледі:
– Жолдасың жоқ дарасың,
Уылжыған жап-жас қана баласың.
Қолақ қылыш асынып,
Жарқыным, қайда барасың?
Аты-жөніңді сен айтшы,
Қайдан шықтың сен? – деді.
Енді Сұлтан сөйледі:
30. – Менің немді сұрайсың?
Мекенімді сұрасаң,
Қызғышты деген жер, – деді.
Руымды сұрасаң,
Ноғай деген ел, – деді.
Іздегенім сұрасаң,
Қалмақ деген ел, – деді.
Мекенін оның сұрасаң,
Қарадөң деген жер, – деді.
Шабайын деп іздедім,
Сондай кәпір ел, – деді.
Сонда Ерғали сөйледі:
40. – Атам сұлтан хан еді,
Туған артық жан еді.
Арғы атамды өлтірген
Ноғайлы деген ел еді.
Атам менің айтушы
“Кетті кегім” деп еді.
Сол үшін сені өлтірсем,
Арманым жоқ, – деп еді.
Сонда екеуі ат үстінен
Жағаласты салысты, 50. Алысып бір қалысты.
Екі күндей жағалас,
Ат үстінде соғысты.
Түсіріп аттан қалмақты
Сонда ноғай алады.
Түсіріп аттан алған соң,
Ор қояндай өкіртіп,
Ол қалмақты шалады.
Оны өлтіріп шалған соң,
Артындағыларына 60. Жапырып айғай салады,
Келе соғыс салады.
Қалмақтың өлді тоғызы,
Біреуін кейін қайтарды:
– Еліңе таман жет, – деді.
Ол еліне келеді,
Ханына келіп сөйлейді:
– Ноғайдың көрдік баласын,
Көрдік оның шамасын.
Ноғайлы деген зор екен,
70. Мықты халық сол екен.
Тоғызымызды өлтіріп,
Жалғыз мені өлтірмей,
Еліңе хабар бер, – деді.
Әскер жиып қамдалды,
Аттануға қозғалды.
Балаң өлді деген соң,
Ханың сонда долданды.
Еліне хабар ол салды,
Екі сағат бойында 80. Екі жүз кісі қамдалды.
Қалмақтың көрді қарасын,
Көп екен көрді шамасын.
Сонда ноғай торықпай,
Көп те болса барады
Жалғыз өзі қорықпай.
Көптігіне сенеді,
Қоршап қалмақ келеді.
Үстіне киген белдемше,
Ақ сүңгіні қолға алып, 90. Қозғалды батыр долданып.
Неше күндей соғысты,
Қалмақтың алды қаласын,
Қалмақтың көріп шамасын.
Манашы
(Үзінді)
Он сан ноғай болған жер,
Орманбет бидің өлген жер,
Күйкен сырты Манашы.
Он бір би қалмаққа (Манашыны) және оның шешесін алып барады. Қалмақ Манашыны сатып алың дейді. Он бір би “үш күннен қалдырмай ақшасын тауып, алып келеміз” деп, Манашыны тастап кетеді. Манашының үш жасар қызы бар еді, қапталынан жүгірді. Әкесін сұрайын деп еді, билер қарамай кетеді.
Сонда Ақмоншақ сөйледі:
– Ай, он бір би, он бір би,
Көкем қайда Манашы,
Қасындағы қайда апасы?
Қарамайсың біздерге,
Жүгіріп едім сіздерге.
– Құрғыр әкең келеді, – деп, өтіп жүре береді.
Бала үйіне келіп шешесіне айтады:
– Әкем менің өлген-ді,
10. Өлгенін шешем көрген-ді,
Сосын келмей қалған-ды.
Ноғайлы босып көшер деп,
Ноғайлы салды-ау көзіңді,
Төбеге шықшы өзің де.
Қараса ноғайлы босып көшіп жатқан екен дейді.
Бұ да бір күннен соң көшеді.
Үш күнге толған соң,
Келетін уақыт болған соң,
Қалмақтар қарап тұрады: 20. – Ақшаңды бер, – деп сұрады,
Келмейді ноғай саған деп,
Берді қорлық маған деп.
Манашы артық ер еді,
Орманбеттің Ақсұр ат
Мінейін десе бермеді.
Өлерін нағыз білген соң,
Қыдырайын мен, – деді.
Ақсұр атқа мінген соң,
Атқа қамшы басады. 30. Сол уақыт болғанда,
Алмасты суырып алады,
Қиғаштан соғыс салады.
Манашы жалғыз өзі үш күн соғыс салады. Үш күнге толғанда, кешке таман болғанда, күннің көзі батарда қалмақтар сасады және қашады.
Қалмақтар қашты жағалап,
Сай-саланы паналап,
Манашы талайын өлтірді.
Манашының соғысып,
Қалмақты қашырған жері осы екен.
ЖАҢБЫРШЫ
(Үзінді) Құба таудың басында қалмаққа аттанады. Қостөре екі жүз кісі ертіп, тауда қарауыл қарап жүреді. Жаңбыршы батыр келер деп күтіп жүреді. Қостөре мен Жаңбыршы кездеседі.
Қостөре қалмақ сөйледі:
– Өзің қайда барасың?
Мен қалмақтың ерлері,
Екі жүз кісі қолым бар.
Жапанда жалғыз бір өзің,
Айтшы маған жөніңді,
Не қылайын деген ойың бар?
Білдірші маған жөніңді?
Жаңбыршы сонда сөйледі,
10. Сөйлегенде бүй деді:
– Мекенімді сұрасаң,
Өзен судың бойында.
Төбесі шоқты қалмақты
Алуға бар ойымда.
Қостөре қалмақ сен бе едің,
Іздеген жоғым сен едің?
Мен ноғайлы деген
Елдің ері едім.
Құба таудан ел көрем,
20. Шабармын елді, – деп едім.
Өзімнің атым – Жаңбыршы,
Егер қалмақ кездессе,
Жекеге жалғыз барармын,
Жапанда жалғыз дарамын.
Мен азбын деп тұра алман,
Қалаңа ойын салармын.
Қостөредей бастының
Басын кесіп алармын.
Тобына бүлік салармын, 30. Жолдассыз туған дарамын.
Қалаңды шауып аламын,
Құмарың болса, кел, – деді.
Ұрысуға Жаңбыршы
Қалмаққа атты жөндеді,
– Берегірек кел, – деді.
Қостөре қалмақ сол кезде
– Маған кезек бер, – деді.
Сол уақыт болғанда
Жаңбыршы сөйледі,
40. Сөйлегенде бүй деді:
– Бірің қалмай, бәрің кел,
Кезектесіп тұрмалық,
Бір соғысты салалық.
Қостөре қалмақ жапырды,
Екі жүзі мол еді,
Қостөремен алысты.
Сол соғыстан мол соғыс,
Жеті күн соғыс салады,
Елге хабар барады.
50. Елге хабар барған соң,
Қалмақтар енді қамады.
Жаңбыршы батыр қалмақтың
Үстінен өтті самалдай.
Жеті күндей соғысып,
Қалмақтың алды қаласын.
Қостөредей қалмақты
Алдына салып айдады,
Қайыра қолын байлады.
Жаңбыршы батыр шығып, ең әуелі жау алған жері осы екен.
Шынтас
(Үзінді) Шынтас барлық ноғайларды жинады. Қалмаққа аттанайын деп кеңес құрды. Шынтас сонда сөйледі: – Темір деген жерге аттанамыз. Жүз кісі, бастығы – Шынтас, Қалмақтың Беріксұлтан деген ханы еді. Неше жерде ұрысып жеңісе алмай жүр еді. Алыс емес арасы, тек екі айлық жер еді. Қалмақ елу кісімен жіберіп еді. “Шынтас елінен адам ұстап алып келің” деп еді. Міне, енді екі қол қарсы келеді. Шат бойында адам келеді қалмақтан бұларға қарсы. Төре қалмақтың басы еді. Сол келеді.
– Сен, қай халықтың түрісің,
Қай базардың пұлысың,
Кімсің атың айт? – деді.
Бұйырды сіздің елге біздің ханым,
Іздедім ер Шынтастың елін, – деді.
Айтшы маған жөніңді,
Түсіндірші кебіңді?
Сонда Шынтас сөйледі:
– Іздегенім сұрасаң,
10. Темір деген жер еді,
Қалмақ деген ел еді.
Мен ноғайлы деген ел едім,
Шынтас деген ер едім.
Сонда қалмақ сөйлейді:
– Барарсың қайда, сен? – деді,
Іздеген жауың мен, – деді.
Шынтас:
– Іздегенім, қалмақ, сен, – деді,
Қорықпасаң сен, – деді, 20. Мықты болсаң, кел, – деді.
Сонда қалмақ шабысты,
Қарсыласып қарасаң,
Шынтас ермен алысты.
Үш дүркін қалмақ оқ атты,
Үш оқты бірден босатты.
Киімінен өтсе де,
Етіне оның жетпеді.
Шынтас та кезек алады,
Қорамсаққа қол салды, 30. Талайынан оқ алды,
Атайын деп оқталды.
Атқан оғы өтеді,
Аржағында бір тауға
Егіленбей оғы жетеді.
ҚАРТ ҚОЖАҚ
(Үзінді)
Ноғайды Қарт Қожақ жинады,
Аттанды бес кісі ноғай халқы,
Қарт Қожақ басы еді ноғай қарты.
Аққұмның еді жағасы,
Құба таудың сағасы.
Тұңғиық суы бар,
Жағалай қаққан нуы бар.
Қалмақ деген ел еді,
Меңді сұлтан хан еді.
10. Алармын соны деп еді,
Арасы айлық жол жүріп,
Екі әскер қарсы келеді.
Қарт Қожақ шықты ноғайдан
“Алайын” деп хабарға,
Қалмаққа таман барарға.
Сонда Меңді сұлтан сөйледі:
– Мен қалмақтың елі, – деді,
Арғы атам ер, – дейді.
Менің атам – Меңсұлтан,
20. Сенен емес кем, – деді.
Қарт Қожақ сонда сөйледі:
– Ноғай деген ел, – деді,
Бөлініп шыққан ер, – деді,
Іздегенім сұрасаң,
Қалмақ деген ел, – деді.
Тең бе едің, қалмақ, сен, – деді.
Бердім кезек мен, – деді,
Ата бер, қалмақ, сен, – деді.
Қарт Қожақ сонда тұрады,
30. Қалмаққа қарсы тұрады.
Бір атқанда көк азбан
Шөге жата қалады.
Қарғып атып кетеді,
Бұлтарып атың кетеді.
Қарт Қожақ кезек алады,
Талайына қол салып,
Есепсіз қолды мол салды,
Атайын деп оқталды.
– Ой, қалмағым, қалмағым,
40. Тістелмесін бармағың.
Меніменен ойнама,
“Өлмеймін” деп ойлама,
Жеті атамнан кегім бар,
Егескен жауды алуға,
Айдап жолға салуға.
Қалмақ мінген қатқан кер,
О да туған артық дер.
Жағадан кеп алады,
Екі бірдей арыстан 50. Жағаласты салады.
ҚҰЛЫНШАҚ
(Үзінді)
Ноғайлыдан бөлініп,
Жалғыз өзі аттанып жүр еді,
Астына мінген кері еді.
Артық туған ноғайдан
О да бөлек ер еді.
Бір жыл анық жүрген соң,
Дәукескен елін көреді.
Барды жетіп қалаға,
Биік таудан өте алмай,
Тағы бір жыл жатып қалады.
Дәукескеннің ханы басқа бір жаққа кетіп қалады. Оның елі Құлыншақты білмейді. Құлыншақ көріп жүреді. Құлыншақ жол күзетшіні өлтіріп, өзі қалмақпен соғысуға күтіп жатады. Бір күні әскер келеді. Қызылбас елін шауып алып келе жатыр екен. Еліне хабар жібереді. Барса, елі жоқ. 10. Көрді сонда ханыңыз
Әдіра қалған қаласын.
Көрмеді-ау сонда ханыңыз
Бір тәуір тышқан лақ пен
Көрмеді қатын, баласын.
Қайтадан салды хабарға,
Әскерлерге барды да,
Барып сөйлей береді:
– Келдік қайта хабарға
Кім алғанын білмедік 20. Артынан іздеп барарға.
Хан ақылдан сасады,
Ханның сұсы қашады,
“Енді қалай етем деп,
Елімді, менің жұртымды
Қайдан іздеп кетем” деп.
Сонда ақсақал құрады,
Кетті деп қайда сұрады.
Деседі ізін қарайық,
Асты кебір жер еді. 30. Тудырған ізін қалмақтың
Сонда патша көреді,
Ізіне түсіп жөнеді.
Құлыншақтай батырың
Таудың астынан шыға келеді.
Астына мінген кер еді,
Келе сөйлей береді.
Қорықпайтын ер еді,
Қамшы басып керіне
Топқа келіп кіреді. 40. Сонда соғыс салады,
Үш айдай соғысып,
Қалмақты да жеңген соң,
Қызылбасқа жөнеді.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
“Нәрік”, “Шора” жырлары қыпшақ тілдес түркі халықтары арасында кең тараған қаһармандық эпостардың қатарына Нәрік пен оның ұлы Шора батыр жайындағы ерлік жырлары жатады. Эпостың ноғай, татар, қарақалпақ, қазақ, қырғыз ұлттық нұсқалары ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бүгінге жетті.
Өткен ғасырда Кеңес үкіметінің ұлттық фольклор мұраларына қатысты партиялық, тұрпайы социологиялық көзқарасының кесірінен көптеген қазақ эпостары жарияланбай, зерттелмей қала бергені мәлім. Осы тектес халықтық жәдігердің бірі – “Шора батыр” болатын. Тіпті, XX ғасырдың 50.-жылдарда бірқатар қазақ эпостарда саяси тұрғыдан ақталып, зерттеле бастаған уақытта да ноғайлы – қазақ хандығы дәуірінің тарихи оқиғаларын арқау еткен “Едіге”, “Орақ – Мамай”, “Қарасай, Қази”, “Шора батыр” жырларын оқытуға, жарыққа шығаруға тиым салынған. Аталған фольклор туындыларының басты айыбы мұнда қаһармандық негізгі қарсыластарының бірі – Ресей, әсіресе Мәскеу кінәздігі болғандығынан еді. “Шора батыр” эпосын зерттеу, жариялау бағытындағы іргелі ізденістер тек Тәуелсіздік тұсында ғана мүмкін болды. “Шора батырдың” халықтық нұсқаларының бірі 1884 жылы Қазан қаласында “Қисса-и Нәріктін ұғлы Шора батыр” деген атпен жарыққа шықты. 1922 жылы белгілі фольклоршы Ә.Диваев Ташкентте эпостың жағы екі варианты бастырды. Ал С.Сейфуллин мен С.Мұқанов сынды халық мұрасының жанашырлары 1932, 1939 жылдары аталған жыр мәтіндерін қайта жарыққа шығарғаны белгілі. Ұзақ үзілістен соң ”Шора батыр” жырының бір нұсқасын 1995 жылы әдебиетші Ә.Оспанұлы жариялады. Ол – жырдың молда Мұса варианты. Эпостың кең көлемде зерттелуі мен жариялануы кейінгі кезде жүзеге асты. 1998 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ізденушісі Б.Қорғанбеков “Шора батыр” эпосы және оның ұлттық варианттары (генезис, тұтастану, тарихилық мәселелері)” атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2002 жылы аталған фольклоршының құрастыруымен “Шора батыр” эпосы төрт бірдей көркем де көлемді нұсқасы жеке том ретінде жарық көрді11. Ал “Бабабар сөзі” сериясының кезекті 51-томына атақты Мұрын жырлаған “Қырымның қырық батыры” цикліне енген “Қарадөң батыр және оның ұрпақтары” атты топтама жырлардың құрамында айтылатын “Нәрік”, “Шора бөлімдері ұсынылып отыр. Бұл екі жырдың сюжеті атынан аңғарылып тұрғандай әкелі-балалы қос батырдың өмірі мен сырт жауға қарсы жорықтарына байланысты туған халық аңыздарынан сыр шертеді. Мұндағы Нәріктің баласыздығы; қартайғанда жас сұлуға үйленуі; Ноғайлы елінен басқа қоныс іздеп көшуі; Шора батырдың дүниеге келуі; оның қазақтың эпикалық образда жиі көрініс беретін басты жауы – қалмақ ханына қарсы соғыс секілді сарындар қазақ батырлар жырындағы көне әрі тұрақты мотивтерге жатады. Аталған жыр мәтіндері 1942 жылы Алматыға арнайы шақыртып алдырылған Мұрын жырау Сеңгірбайұлының өз аузынан жазып алынған. Ілгерідегі зерттеушілер жазғандай, эпос мәтіндерін қағазға түсіргендер – ақын Мәриям Хәкімжанова, жинаушы Бозтай Жақыпбаев, жыраудың баласы Дәуітбай Мұрынұлы және стенографшы Мәриям Исаева болды. Бұл ретте кезінде Мұрын жырау мұрасын алғаш жазып алушы (1941ж) Асайын Хангелдин мен Маңғыстау мәдениетін зерттеуге өлшеусіз тер төккен әдебиеттанушы Қабиболла Сыдиықовтың есімдерін ерекше атаймыз. Қабекең “Қырымның қырық батыры” эпосының екі томдығын құрастырып, баспаға дайындауға да атсалысты. Бұл ауқымды да игі жұмыстың барысында белгілі фольклортанушы ғалым О.Нұрмағамбетованың үлкен үлесі бар. Ілкі көптомдыққа кірген “Қырымның қырық батыры” циклі 2005 жылы Қ.Сыдиықұлының алғысөзімен (зерттеу мақала) көлемді кітап түрінде қайта басылды. Аталған басылымдарда жарық көрген “Нәрік”, “Шора” жырларға түпнұсқамен салыстырылып, кейбір қалып қойған сөз тіркестері мен әріп қателері қалпына келтірілді. “Бабалар сөзі” сериясының кезекті томына ұсынылып отырған жыр мәтіндері ҚР БҒМ ОҒК Сирек қорында сақтаулы түпнұсқа (830-бума, 2-дәптер) бойынша еш өзгеріссіз әзірленді.
Сакенов С.
Қыдырбайұлы Қобыланды
“Қобыланды батыр” – бұрынғы қазақ сахарасында кең тараған, көпшілік құмарта тыңдаған көркем халық эпостарының бірі.
Аталған эпостың кейбір үзінділері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап баспа бетінде жариялана бастады. Жырдың бір нұсқасын 1860 жылдары атақты Марабай ақыннан жазып алған және оның үзіндісін алғаш рет баспа бетіне шығарған – көрнекті қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин. Ол жырдағы Қобыланды батырдың даңқты тұлпары Тайбурыл аттың шабысын суреттейтін үзіндісін “Киргизская хрестоматия” (1879) атты кітабының бірінші бөліміне енгізген. Бұған дейін түркітанушы В.В.Радлов Тобыл бойындағы татарлардан жазып алған Қобыланды жайындағы бір қысқа өлеңді өзінің “Түркі тайпалары халық әдебиетінің нұсқалары” деп аталатын еңбегінің 4-томында (1872) жариялағаны мәлім. Жырдың әр түрлі нұсқаларынан алынған үзінділер “Дала уәлаяты” (1899), “Туркестанские ведомости” (1899), “Тургайская газета” (1901) газеттерінде және Орынбор мұрағат комиссиясының еңбектерінде (1910) басылды. Бұдан соң Біржан Толымбайұлы орындаған бір вариантын Махмұдсұлтан Тұяқбаев 1914 жылы Қазан қаласында бастырып шығарды11. Сондай-ақ Кеңес дәуірі кезінде “Қобыланды батыр” жыры өзге де қазақ эпостарымен қатар сан рет қайта басылды22. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың отызға жуық варианты сақтаулы. Олардың арасында Марабай, Дәулетше, Көшелек, Мұсабай, Мергенбай, Айса, Мұрын, Нұрпейіс, Ержан, Әбілқайыр, Құлзақ, Дүтжан, Нұрсейіт, Біржан т.б. ақын-жыраулардың репертуарындағы нұсқалар сақталған. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама берілген9. Осы жыр нұсқаларының ішінде ең көркем үлгілерінің бірі және баспа арқылы ел арасына кең тарағаны Марабай – Мергенбай нұсқасы болып саналады. Жырдың сюжеттік нұсқалары қазақтан басқа Қырым татарлары, башқұрт, қарақалпақ халықтарының ауыз әдебиетінде сақталған. Қазан төңкерісіне дейін В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Бөкейханов;10 П.А.Фалевтер11 “Қобыланды батыр” жыры жөнінде түрлі пікір білдіріп жырдың халық әдебиетінде ерекше орын алатынын көрсеткен. Аталған жыр туралы зерттеу жұмыстары Кеңес тұсында кеңінен жүргізілді. Бұл орайда М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, А.С.Орлов, В.М.Жирмунский, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Ә.Қоңыратбаев, И.Сағитов, Р.Бердібаев, О.Нұрмағанбетова, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбаев сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады12. Сондай-ақ “Қобыланды батыр” жырының мәтіні орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған “Қазақ әдебиеті” оқулықтарына енгізілді. “Қобыланды батыр” жыры Кеңестік дәуірде алғаш фольклоршы Әбубәкір Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырып шығарған “Батырлар” деп аталатын топтамасында жарияланды. Бұл нұсқаны фольклоршыға сол кездегі Ақмешіт уезінің қазағы Мұрат Өскенбаев жіберген. Мәтін соңында “1894 жыл, 12 желтоқсан” деген ескертпе бар. Өкінішке орай, бұл жырдың түпнұсқасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Кейін осы мәтін С.Сейфуллин құрастырған “Батырлар жырының жинағында”13, С.Мұқановтың алғысөзімен жарыққа шыққан “Батырлар” кітабында14 және оқу құралдары мен хрестоматияларда15 қайта басылғаны мәлім.
Ал осы томға ұсынылып отырған Мұрын жыраудың айтуынан жазылған “Қыдырбайұлы Қобыланды” деп аталатын жыр алғаш рет “Батырлар жырының” 5-томында110 жарияланған. Аталған жыр мәтіні 2005 жылы шыққан “Қырымның қырық батыры” деген жинақта1111 ешбір өзгеріссіз тағы да басылып шықты. Бұл жыр үлгісі “Қырық батыр” циклындағы “Қыдырбай ұрпағы” деп аталатын батырлардың үшінші тобына жатады.
Жырдың түпнұсқасы ОҒК-ның Қолжазбалар қорында сақтаулы1212. Мәтін басынан аяғына дейін жай қарындашпен араб әрпінде жазылған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан. Көлемі – 1680 жол. Мұрын жырау нұсқасында өлең мен қара сөз аралас келіп отырады. “Қыдырбайұлы Қобыланды” жырының сюжеті едәуір күрделі. Жырда батырлық ертегінің белгілері айқын байқалады. Ол белгілер төмендегідей: Жырда қарт ата-аналар Жаратқаннан бала тілеп әулиелерге түнеп, жалбарынады. Түсінде бір қарт кісі Қыдырбайға келіп былай деп аян береді:
– Басың көтер, сен, – деді,
Сіздің үшін тілеуге
Аллаға бардым мен, – деді.
Алла берді тілегің,
Ұл менен қыз туады
Үйге барсаң қатының.
Ноғайлы атын қояды,
Енді елге хан болдың,
Жатпа мұнда сен, – деді,
Хабар бердім мен, – деді...
Қыдырбайдың тілегі қабыл болып, түсінде көрген оқиғасы шындыққа айналады. Оның Қобыланды атты ұлы, Хансұлу деген қызы болады. Болашақ қаһарманның “ғажайып туу” мотиві “Алпамыс батыр”, “Шора батыр”, “Едіге батыр” жырларында, алтайлықтардың “Маадай – Қара”, қырғыздың “Манас” “Монғолдың құпия шежіресі” “Оғызнама” сияқты эпостық шығармаларда кездесді. Мұрынның айтуындағы “Қыдырбайұлы Қобыланды” жырында одан әрі мынандай әңгімелер суреттеледі: Қобыландының ержетуі; Қыдырбайдың Бек деген жылқышысының Қобыландыға жылқы бағуды үйретуі; таудың арғы жағынан айқай-шу, дауыс естілуі; Жұрттың Тәуіп ханның Құртқа дейтін қызын алуға таласуы; жігіттерден өнері асқан Қобыландының Құртқаға үйленуі; Қыдырбайдың Кербиені Құртқаға көрімдікке беруі; онан туған құлынды Құртқаның бағып, өсіруі; Қобыланның елін Алшағырдың шауып кетуі; Қобыландының Алшағырмен соғысып, ел-жұртын азат етуі т.б. “Қобыланды батыр” жырларының біраз нұсқаларын салыстырып қарағанымызда, Мұрын, Нұрпейіс, Айса жырлаған нұсқалардың мазмұн жағынан ұқсас келетіні анықталды. Аталған нұсқалар ұқсас болғанымен өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтары да бар. Бұл айырмашылықтарды дәлелдеу үшін бірнеше мысал келтірейік: Қыдырбайды өлтіріп, оның мал-мүлкін тартып алуды көздейітін хан Айса жырында Алшағыр деп аталады. Ал, Нұрпейіс нұсқасында Тоқтарбайдың (Қыдырбайдың) Жаратқаннан бала тілеуі көрші бір байдың “қубас” деп тілдеуінен туады. Мұрында Ақшаханның қастық ойын Қыдырбай жеті ата жақынынан естіп, тойға бармай кейін қайтса, Нұрпейісте олай емес. Айсаның айтуында Қыдырбай тойға барады, сол кезде оның алдынан Алшағырдың Әлібек деген жігіті шығып: “Бұл тойда ұлсыздарға орын жоқ, қызсыздарға қызық жоқ” дегенді айтады, бұған Қыдырбай ызаланып кейін қайтады. Нұрпейістің жырында Тоқтарбай сексен саба артып, сексен нарға алтын-күміс артып тойға барады. Сонда ханның бір уәзірі шығып: “Бұл қубастың сауығы емес, баласы бардың сауығы”, – дейді. Тоқтарбай ашуланып үйіне қайтады. Ал Мұрында Құдайдан бала тілеп жаһан кезеуші Қыдырбайдың өзі болса, Айсада Ақмаңдай болады. Нұрпейісте дүние кезуші – Тоқтарбай мен Аналық. Ал Қобыландының жорықтары жайындағы Мұрын, Нүрпейіс, Айса жырлаған әңгімелерді салыстырсақ, жырлардың бәріне ортақ әңгімені төмендегідей жіктеуге болады: 1.Алшағырдың (Ақшаханның) Қобыландымен өтірік дос болуы, батырды алдап өлімге жұмсауы. 2.Қобыландының жауларын жеңуі. 3.Қобыландының Ақшаханнан кек алып, ел-жұртын азат етуі. 4.Қобыландымен соғысатын жау қалмақтар болып келуі (қызылбастар айтылмайды). Бұл секілді ортақ, ұқсас эпизодтарды әр ақын әртүрлі жырлайды. Мұрын мен Айса қысқа түрде айтса, Нұрпейіс әр детальді өзінше ұлғайтып жырлайды. Бұл әрине, аталған ақындардың әрқайсының стиліне, образ жасау әдістеріне, жырдың сюжетін құру, оны мәнерлеп айту шеберлігіне байланысты. Қорыта айтқанда, жыршы “Қобыланды батыр” жырының сюжетін жадында сақтай отырып, өзіндік дарын қиял-қарымына сай көркемдей, жаңғырта жырлағаны аңғарылады. Мұрын нұсқасы тіл көркемдігі жағынан да шебер жырланған. Мәтінде аздаған араб, парсы, және жергілікті сөздер кездескенімен тілі таза, ұғымды. Жырдың өн бойында кездескен жат жерлік сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. “Қыдырбайұлы Қобыланды” жырының 1990, 2005 жылдары басылған мәтіндерін түпнұсқамен (Ш. 830, 6-дәп.) салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізгенде басылымдарда, өкінішке орай, төмендегідей кемшіліктер кеткен: 1. 2005 жылғы басылым 1990 жылы шыққан мәтінді өзгеріссіз қайталайтыны анықталды. 2. Аталған басылымдарда мәтін біраз қысқартумен, ал қара сөзбен баяндалған тұстарының редакцияланып жарияланғаны анықталды. Дәлірек айтқанда 1990, 2005 жылы жарияланған “Қыдырбайұлы Қобыланды” жырының 130-ға жуық өлең жолы кітапқа енбей қалған. Соған мына бір үзіндіден мысал келтірсек, Қобыландының Алшағырдан ел-жұртын азат етіп, Хансұлумен кездесетін тұсын суреттейтін көрініс
Түпнұсқадағы асты сызылған өлең жолдары аталған басылымдарда түсіп қалған. Сол себепті, біріншіден өлең ұйқасы бұзылған, екіншіден, ішкі мазмұн көркемдігі біртұтастығынан айрылған. Жырдың басынан аяғына дейін созылған осы сынды кемшіліктер жинаушының қолтаңбасын дұрыс түсінбегендіктен кеткен қателер деп ойлаймыз. Мәтінді жинаққа даярлау барысында мұндай кемшіліктер жөнделіп, түпнұсқа қалпына келтірілді. Томға ұсынылып отырған “Қыдырбайұлы Қобыланды” жырының мәтіні ҚР БҒМ ОҒК-ның Қолжазбалар қорында сақтаулы Мұрын жырау нұсқасы (Ш. 830, 6-дәп.) бойынша әзірленді.
Қ.Алпысбаева
Асанқайғы, Тоған, Абат
“Қырымның қырық” батыры топтамасына енетін эпостық жыр дестесі.Эпостық негізгі варианты 1942 жылы Алматы қаласында Мұрын жыраудан жазылып алынған. Мәтінді қағазға түсірген – ақынның баласы Дәуіт Сеңгірбаев. Жырдың қолжазбасы ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы11. Шығарма сарғыш түсті қағазға қызыл сиямен және қарындашпен кирилл әрпінде жазылған. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан. Көлемі – 970 жол.“Асанқайғы” туралы аңыз-әңгіме бүкіл қазақ даласына жайылған. Жерге, суға, қонысқа байланысты “Асан айтты” дейтін нақыл, өсиет сөздер көп. Оның біразы газет-журналдарда, жинақтарда осы күнге дейін басылып келеді.
Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Мағауин т.б. зертеушілер Асанды XV – XVІ ғасырларда өмір сүрген ноғайлы жұртының ойшылы, хандық-феодалдық құрылыстың сыншысы, жайлы қоныс іздеген утопиялық ойдың ақыны ретінде бағалаған. Ал “Абат” деп аталатын бір аңыз 1962 жылы “Қазақ ертегілерінің” 2-томында жарияланды.22
Мұрын Сеңгірбаев жырлаған “Асанқайғы, Тоған, Абат” атты жыр алғаш 1990 жылы “Батырлар жырының” 6-томында33 баспа бетін көрді. Аталған жыр мәтіні одан кейін 2005 жылы шыққан “Қырымның қырық батыры” жинағына енді44.
Жырда өлең мен қара сөз аралас келіп отырады. Шығарма мифологиялық сарынмен басталады. Эпостың мифтік сарыны Асанның судан шыққан перінің сұлу қызына үйленуінен байқалады. Бұдан былайғы жерде оқиға Әділ Жәнібекпен Асанқайғының ара-қатынасына ұласып, інісі Тоған және баласы Абаттың қалмақтан кек алу әңгімелерімен жалғасып кетеді. Осылардың бәрі негізгі кейіпкерлер есімімен байланысты дамып отырады. Аталған жырдың 1990 және 2005 жылдары басылған мәтіндерін түпнұсқамен (Ш. 667,3-дәп.) жолма-жол салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізу нәтижесінде, басылымдарда жырдың біраз қысқартумен жарияланғаны анықталды. 1. Дәлірек айтқанда екі басылымда да 80 астам өлең жолы жинақтарға енбей қалған. 2. Басылымдарда жырдың қарасөзбен баяндалатын тұстарына аздаған редакция жасалған.
3. 1990, 2005 жылдардағы басылымдарда кейбір өлең жолдары өзгертілген. Мысалы: Түпнұсқадағы (860-жол) “Қайраты оның аз болар” деген өлең жолы басылымдарда “Қайраты қазір аз шығар” (807-жол), ал “Сыныпты үлкен тұқайы” деген өлең жолы “Сыныпты үлкен мұқалып” (828-жол) деп өзгертілген. Мұндай кемшіліктер жиі ұшырасады.
4. Емлелік қателер көп кеткен.
Мәтінді жинаққа даярлау барысында мұндай кемшіліктер жөнделіп, әдепкі қалпына келтірілді. Томға ұсынылып отырған “Асанқайғы, Тоған Абат” жырының мәтіні ОҒК сирек қорында сақталған түпнұсқа (Ш. 667, 3-дәп.) бойынша әзірленді.
Қ.Алпысбаева
Қарғабойлы, Қазтуған
“Қарғабойлы, Қазтуған” жырының көлемі – 1336 жол. Жырды жазып алып, ОҒК-ның Қолжазба қорына тапсырған – әдебиет зерттеушісі, ақын М.Хакімжанова.
Шығарма түгелдей өлеңмен жазылған. Оқиғасы қызық. Мұнда Қарғабойлы, Қазтуғанның Ноғайлыдан бөлініп Шам шәһарына көшуі; жолда Қазтуғанның ағып жатқан дарияға малын суаруы; судың лай болып, түйесі суға қанбай қалып, ботасын тастап қашуы; батырдың түйенің соңынан іздеп кетуі; Қазтуғанның жалғыз қызы әкесін іздеп шығарда ноғайлыдан серік сұрауы; соңына ешкім ермеген соң, қыздың еркекше киініп, жолға жалғыз аттануы; жолда қалмақтың әскерін кездестіріп, жекпе-жекке шығуы; әкесін тауып алуы; Қазтуған мен Қарғабойлының қалмақтың қалың әскерін жеңіп, еліне оралуы сияқты эпизодтар баяндалады. Жырда Қазтуғанның қызын асқан күш иесі ретінде суреттейді. Бір өзі қалмақтың мыңдаған жауымен алысады. Дегенмен оның да әлсірейтін, түрлі қиыншылықтарға ұшырап тарығатын кездері болады. Жебеуші пірлер көп жағдайда батырды қатерлі сәттерден құтқарып отырады.
Мысалы, қыз жекпе-жекке шығар кезінде пірлеріне былай деп жалбарынады:
– Арышлан, жәрдем бер, – деді,
Жалғыз едім мен, – деді.
Қасиетті ер болсаң,
Әскер болып көрінші
Бұл қалмаққа сен, – деді...
Сол кезде жәрдем беретін пірлер қалың әскер бейнесінде көрінді. Қалың әскерден қорыққан жау қорқып қашып кетеді. Аталған жырда бұдан басқа да түркі халықтарының фольклорлық туындыларында жиі ұшырасатын жалбарыну, бал ашу сияқты дәстүрлі сарындар көрініс тапқан. Мұрын жырлаған “Қарғабойлы, Қазтуған” жыры көркем тілмен өрілген көне эпостық жәдігердің бірі деуге болады. Мәтінде басқа тілден енген сөздер өте сирек кездеседі. Томға ұсынылып отырған “Қарғабойлы, Қазтуған” жырының мәтіні ОҒК-ның Қолжазба қорында сақталған түпнұсқа (Ш.667. 4-дәп.) бойынша еш өзгеріссіз дайындалды.
Қ.Алпысбаева
Көкше батыр
“Көкше батыр” – “Қырымның қырық батыры” цикліне енген жеке батырлардың жауынгерлік жорықтарын баяндайтын халықтық жыр. ҚР Білім және ғылым министірлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақталған. Олардың қатарында В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.Хангелдин, Б.Сариманов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.Сембайұлы жинаған үлгілері кездеседі. “Ер Көкше” жырын алғаш қағаз бетіне түсіріп, баспа жүзінде жариялаған – академик В.В. Радлов11. “Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай” деп аталатын әңгімені Г.Н.Потанин “Очерки Северо – Западной Монголии. вып.1-ІІ. (СП.б.1881, стр. 158-159) деп аталатын жинағына енгізді. Бұдан кейін “Ер Көкше” жыры көптеген жинақтарда жиі жарияланып тұрды22. Ер Қосайдың аты Шоқан Уәлиханов еңбектерінде де кездеседі. “Қазақтың халық поэзиясының түрлері” деген мақаласында Шоқан Көкшетау округінің Қойлы – Атығай болысының қазағы Арсланбайдың орындауында “Ер Көкше – Ер Қосай” жырын естігені жайында жазады және эпосты жазып алмағанына өкініш білдіреді. Ғалым жырды жоғары бағалайды33. “Ер Көкше” жайында Кеңестік дәуірде көптеген ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектері жазылды. Бұл орайда, С.Сейфулин, М.Әуезов, М.Ғұмарова, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев сынды зерттеушілердің “Ер Көкше” жыры жөнінде құнды ғылыми пікірлер жазғаны мәлім44. Томға еніп отырған “Көкше батыр” эпосы алғаш 1990 жылы “Батырлар жырының” 6-томында55 одан кейін 2005 жылы “Қырымның қырық батыры” атты кітапта басылды66. Жырдың қолжазбасы ОҒК-ның Сирек қорында (Ш.330, 4-дәп.) сақтаулы. Мәтін 1940 жылы Маңғыстауда жазылып алынған. Көлемі – 420 жол. Мұрын жырау жырлаған “Көкше батыр” жырының кейіпкерлерінің есімі “Ер Көкше” жырына ұқсас болғанымен, баяндалатын оқиға мүлдем басқа. Шығарманың композициясы төмендегідей эпизодтардан құрылған: Көкшенің елін шауып, тыныштығын кетірген қалмақтың Сұлтанғали деген ханымен соғысы; Сұлтанғалидың соғыс майданында мыңдаған әскерінен айрылып, шәһарына қашуы; Көкше бастаған батырлардың екінші рет соғысып, жауды жеңуі; Сұлтанғалидың елін көндіріп, көп олжамен еліне оралуы т.б. Жырдың сюжеттік желісі барынша қарапайым. Мұнда шытырман оқиға, шиеленісті эпизодтар аз. Оқиға Көкше батыр мен жолдастарының ерлік істерін баяндауға құрылған. Эпостың бір ерекшелігі мұнда кейіпкер әрекеттерін тым әсірелеу, дәріптеу жоқ. Осы жырда қысылғанда жөн табатын, адасқанда жол табатын Сыпыра жырау бейнесі бар. Бұл кейіпкер басқа да көптеген жырларда (“Ер Тарғын”, “Телағыс”, “Қарасай – Қази”, “Едіге” т.б. кездеседі. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында Сыпыра ел бірлігін көздеген дана қарт болып сипатталады. Сыпыра жырау – ноғай, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарлары т.б. халықтардың фольклорына ортақ тұлға. “Көкше батыр” жырының 1990, 2005 жылдары басылған мәтіндерін түпнұсқамен (Ш. 330. 4-дәп) салыстырып, мәтіндік жұмыс жүргізу барысында мынандай мәселелер анықталды: 1. 2005 жылғы басылым 1990 жылы шыққан мәтінді өзгеріссіз қайталаған. 2. 140-145 және 148-152 өлең жолдарының түсіп қалғаны мәлім болды. 3. Сұлтанғали атты қалмақ ханының аты басылымдарда “Орманғали” деп өзгертілгені анықталды. Осындай кемшіліктерге қарамастан жоғарыда аталған басылымдардың құрастырушылары фольклорлық шығарманың мәтінін баспаға әзірлеу үшін көп тер төккені, іздегені көрініп тұр. Эпостың ғылыми басылымын баспаға дайындау барысында жоғарыда айтылған кемшіліктер түзетіліп, түпнұсқа қалпына келтірілді. Томға ұсынылып отырған “Көкше батыр” жырының мәтіні ОҒК қорында сақтаулы қолжазба материалдары (Ш.330, 4-дәп) бойынша ешбір өзгеріссіз дайындалды.
Қ.Алпысбаева
Көкшенің ұлы Ер Қосай
Көкше батырдың баласы Ер Қосай туралы жырдың бірнеше нұсқасы бар. В.Радлов қазақ тілінде бастырып шығарған “Ер Көкше” жыры (“Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири”... СПб, 1870) негізінен Көкше батырдың баласы Ер Қосайдың ерліктерін баяндайды. Сондайақ “Ер Қосай деп аталатын бір нұсқаны Г.Н. Потанин орыс тілінде жариялады (“Казах-киргизские и алтайские предания, легенды, сказки. “Живая старина” №1, 1918) Бұл екі нұсқаның мазмұнының аздаған ғана айырмашылығы бар. Потанин нұсқасы көлемі жағынан шағындау. Бұдан басқа Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Асайын Хангелдин жинаған нұсқалары сақталған. Аталған нұсқалардың мазмұны ұқсас. Негізгі тақырыбы – Отан қорғау, елдің бірлігін сақтау. Қырғыздың “Манас” эпосында Көкше есімі кездеседі. Бұл “Ер Көкше” жырының халыққа ертеден белгілі екенін және көрші елдердің бір мәдени байланыста болғанын білдіреді. ОҒК сирек қорында жырдың Мұрын жырлаған нұсқасы да сақтаулы11. Бұл нұсқа толық және жыр үлгісіне құрылған. Жырды жазып алған – ақын М.Хакімжанова, мәтінді қайта қарап шыққан Дәуіт Сеңгірбаев. Қолжазба 1942 жылы Алматы қаласында жазылған. Көлемі – 939 жол. Аталған жырдың сюжеті негізінен А.Хангелдин вариантына ұқсайды. Дегенмен, кейбір айырмашылықтары да бар. Мысалы: Қалмақ тек қазақ еліне ғана емес, өз елінің адамына да озбырлық көрсететіні суреттеледі. Солардың бірі – өз елінен қорлық көрген қалмақ кемпірдің халін суреттейтін көрініс. Ер Қосай оған көмектеседі. Екінші бір соғыста өлгелі жатқан Қосайға сол кемпірдің баласы жәрдем етеді. Сонымен қатар, Мұрын айтқан жырда басқа діннің адамы қазақ батырынан қорқып, мұсылман дініне кірді дейтін сюжеттер де кездеседі. Мұндай мотивтер “Алпамыс” жырында кездесетіні мәлім. Мұрын нұсқасы тіл көркемдігі жағынан шебер жырланғаны аңғарылады. Мәтінде басқа тілден кірген сөздер жоқтың қасы. 1990 және 2005 жылғы басылымдардың мәтінін қолжазбамен (Ш. 667, 1-дәп.) салыстырғанымызда, елеулі айырмашылықтар кездеспеді. Құрастырушылар мәтінді түпнұсқа күйінде беруге тырысқан. Томға ұсынылып отырған “Көкшенің ұлы Ер Қосай” жырының мәтіні ОҒК Сирек қолжазбалар қорында сақтаулы (Ш. 667, 1-дәп.) түпнұсқа бойынша дайындалды.
Қ.Алпысбаева
Жаңбыршыұлы Телағыс
Мұрын Сеңгірбекұлы жырлаған эпоста Телағыс туралы арнайы жыр берілген. Жырау оны жеке батырлардың санатында сомдаған. Алайда бізге белгілі дереккөздер бойынша Телағыс – Жаңбыршы бидің ұлы, ол болса өз кезегінде Оқас биден, Оқас – Нұрадыннан, Нұрадын – Едіге биден туған. Яғни Ноғай ордасының көрнекті биі әрі батыры болып табылатын Телағыс “Қырымның қырық батыры” циклінен лайықты орын алатын әдепкі, әулеттік батырлардың бірі екендігі даусыз. Мұрын жырлаған бұл эпикалық сюжеттің көлемі – 20 бетті құрайды. Телағыс он бес жасында қалмақ батыры Бегенге қарсы аттанады. Оны жеңген соң Телағыс әкесі Жаңбыршы бидің кеңесімен Мамай ағасына “өкіл бала” болады. Сөйтіп жүргенде Телағыс өзінің немере ағасы Мамайдың қарындасы Ақбілекті әйелдікке алмақшы болады. Бұған Мұса бидің барша балалары қарсы шығады. Эпостық сюжеттің шиеленісетін тұсы осы. Ақырында бұл іске Сыпыра жырау, әкелі-балалы Асан қайғы мен Абат батыр арағайын болып, туыстарға басалқы сөз айтады, татулыққа шақырады. Сондай-ақ бұл топтың арасында Айсаның ұлы Ахмет, Шынтасұлы Төрехан т.б. белгілі батырлардың есімдері ұшырайды. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні көп томдық батырлар жыры жинағы (1990ж) бойынша әзірленіп, түпнұсқамен (ОҒК, ҚҚ: Ш. 81д., 41-67 б.б) салыстырылды.
Айсаның ұлы Ахмет
Мұрын жырлаған “Қырымның қырық батыры” цикліне енген жеке батырлар қатарында Айсаның ұлы Ахмет те бар. Ахметтің есімі “Қобыланды”, “Орақ-Мамай”, “Едіге”, “Қарасай-Қази” т.б. ноғай-қазақ эпостарында негізгі кейіпкерлермен қатар аталып отырады. Бір атап өтерлігі, барлық жыр үлгілерінде де Айсаның ұлы Ахмет – елін сүйген, Отанына шын жүрегімен беріліп, жауларына қайыспай қарсы тұра алатын, өз ұлты үшін басын бәйгеге тіккен арлы, адал, айбынды азамат. Деректерге қарағанда, Ахметтің әкесі Айса (Иса) бектің есімі атақты Ибн Батутаның саяхатнамасында ұшыраса, баласы Салшының аты «Никон жылнамасында» кездеседі. Жоғарыдағы мәлімет бойынша, Айса, яғни Исабек – Алтын Орда әміршісі Өзбек ханның әрі күйеу баласы, әрі қайын атасы болып табылады. Мұрын жырау жырлаған эпоста Ахмет Алшынның ұлы Алау батырмен бірге қалмақтармен соғысады. Сол соғыста жаудың Қайыспас атты батырын жекпе-жекте өлтіріп, зор ерлік көрсетеді. Асан Қайғының ақылымен екіге бөлінген ноғайлы елінің басын қосып, Еділ бойына қайта қоныс тебеді. “Қырымның қырық батыры” эпопеясы Кеңес дәуірінде аз-кем зерттелсе де, жырдың көптеген нұсқалары жарияланған жоқ. Тек 1990 жылы қазақтың халық әдебиетіне арналған көптомдық басылымның 5,6-томына енгізіліп, қалың оқырман мен фольклоршы ғалымдардың назарына алғаш толық көлемде ұсынылды. Дегенмен, бұл кітапта және 2005 жылы “Арыс” баспасынан жарыққа шыққан жаңа басылымында да аздаған мәтіндік ауытқуларға жол берілгені байқалады.
Мәселен, көптомдықта: «Жол білер ағаң ер Тоған» (196-бет) деген жолдан соң: “Баршы балам, соған да” деген тармақ түсіп қалған. Немесе, кітаптағы мәтінде: «Біз барамыз, шешеке» (204-бет) деген жолдан кейін: «Жолымыз жүрген солай-ды. Сонсоң кемпір жөнелді» деп келетін екі тармақ ұмыт қалған.
Томға ұсынылып отырған “Айсаның ұлы Ахмет” жырындағы осы тектес олқылықтар қалпына келтіріліп, эпостың түпнұсқасымен салыстырылып берілді.
Алау батыр
Мұрын жырлаған “Қырымның қырық батыры” эпопеясына кіретін жеке батырлар жырының қатарынан “Алау батыр” ерекше орын алады. Жырдың заты кейіпкері Алау – Айсаның ұлы Ахмет секілді бірқатар ноғай-қазақ эпостарында кездесетін тұрақты кейіпкердің бірі. Кейде оның есімін көне ресми деректерден де ұшыратуға болады. Әдетте тарихта батырды Алау Алшынұлы (Алшынский) деген атпен ныспылайды. Алау батыр қазақ шежіресі бойынша да осы Алшын атадан туатыны белгілі. Алайда фольклор, эпос дегенімізді шынайы тарихи тұлғамен шатастыруға болмайды. Сондықтан Ноғайлы кезеңінің эпостық шығармаларынан үлкен орын алатын Алау батырдың нақты протипін анықтау тарих пәнінің үлесі. Ал эпостағы батыр Алау – Айсаның ұлы Ахметтің немере інісі ретінде көрінген. Жырда бас кейіпкердің бейнесі:
Ер Алаудың бұл түрі –
Қырымның қырық батырындай бар еді,
Айсадан туған Ахмет
Сонымен бірге жүр еді, – деп,
Эпикалық парфоста сипатталған. Жырдың мәтінін 1990 жылғы басылыммен салыстырғанда бірлі-жарым қалып қойған, редакцияланған жолдар ұшырасты. Ұсынылып отырған томда аталған олқылықтар түзетіліп, түпнұсқа (ОҒК, К,Қ: Ш. 830, 4-дәп.) бойынша еш өзгертусіз әзірленді.
Манашыұлы Тұяқбай
“Қырымның қырық батыры” цикліне енетін әулеттік батырлардың қатарынан маңызды орын алатын халықтық жыр. Аталған эпостың үзіндісін 1941 жылғы фольклорлық экспедиция барысында әдебиет зерттеушісі. А.Хангелдин маңғыстаулық Мұрын жыраудың өз аузынан жазып алған. Алғаш 1961 жылы “Батырлар жырының” ІІ-томында, кейін “Ақсауыт” жинағының ІІ-томында (1977), сондай-ақ, 1990 жылы халық әдебиеті көп томдығының VІ-томында (160-177 б.б.) жарияланды. Баспаға әзірлеуші белгілі әдебиет тарихшысы Қ.Сыдиықов. Аталған басылымдарды түпнұсқамен салыстырғанда аздаған өзгерістердің барлығы байқалады. Ондай сөздер негізінен дінге байланысты: “кәпір”, “дін”, “Алла” сияқты кеңестік дәуірде тыйым салынған ұғым, түсініктер екендігі анықталды. Томды баспаға әзірлеу барысында аталған кемшіліктер түзетіліп, түпнұсқамен салыстырылып, бұрынғы қалпына келтірілді. Ұсынылып отырған жыр мәтіні ОҒК-да сақталған қолжазбасы (Ш. 830, 7-дәп) бойынша ұсынылып отыр.
Ақжонас ұлы Ер Кеңес
Жырдың негізгі нұсқасын 1942 жылы белгілі әдебиет зерттеушісі, ақын М.Хакімжанова Алматыға арнайы шақыртылған Мұрын жырау Сеңгірбайұлынан өз өз аузынан жазып алған. Аталған жыр үлгісі жеке батырлар құрамында “Батырлар жырының ІІ-томында (1961), “Ақ сауыт” жинағының ІІ-томында (1977) жарық көрген. Кейінірек халық әдебиеті көп томдық жинағының 6-томына енді (1990). “Ақжонасұлы ер Кеңес” – “Қырымның қырық батыры” цикліне енетін таңдаулы жыр нұсқаларының бірі. Сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларына арналғанмен, жырдың өн бойына ертегілік, балаға зар болу, батырлық т.б. мотивтер кездеседі. Томға ұсынылып отырған эпос мәтіні ОҒК Сирек қорында сақтаған түпнұсқа (Ш.30, 8-дәп.) бойынша әзірленді.
С.Қосан
Әмет батыр
“Әмет батыр” жырын 1948 жылы Мұрын жырау айтуынан жазып алып қолжазба қорына тапсырған – И.Ұйықбаев. Мұрын жырау өзі жырлаған “”Қырымның қырық батыры” атты жырын төрт топтамаға бөледі. Ал “Әмет батырды” сол төртінші топтамаға, яғни жеке батырларға жатқызады. “Әмет батыр” жыры “Батырлар жырының” 6-томында (1990) құрастырушы Қ.Сыдиықов пен О.Нұрмағамбетова сынды ғалымдардың еңбегінің арқасында баспа бетін көрді. Онда эпостың аталған нұсқасына ғылыми түсініктемелер жазылды. 2005 жылы “Қырымның қырық батыры” атты көлемді жинақта Мұрын жырау нұсқасы жеке кітап болып екінші рет шықты. 1990 жылғы “Батырлар жырының” 6-томындағы жыр мәтіндері еш өзгертусіз қайта басылған. Аталған басылымдарды ОҒК-ның Сирек қорында сақтаулы (Ш. 423, 3-дәптер) түпнұсқамен текстологиялық салыстырулар жүргізгенде бірқатар кемшіліктердің орын алғаны айқындалды. Кейбір құрмалас сөйлем тізбектерінде жеке сөз тіркестерінің түсіп қалғаны кездесті. Мысалы:
1990 ж, 2005 ж басылымдарда:
“Кетейін деп жатқанын шешесі біліп қалып, сөйлей бастады”.
Тұпнұсқада:
“Кетейін деп жатқанын шешесі біліп қалып, келіп баласының тізгінінен ұстап тұра қалып, сөйлей бастады”. Жырдың сюжеті қызық, өлең жолдарының ұйқастары өте шебер қолданылған. Көлемі өте қысқа, қазақ әрпімен жазылған. Жырда кездескен қателіктер жинаушының қолтаңбасын дұрыс оқымағандықтан не көңіл қоймағандығынан кеткен қателер деп ойлаймыз. Текстологиялық жұмыс барысындағы табылған кемшіліктері жөнделіп, тұпнұсқа қалпына келтірілді. Томға ұсынылып отырған “Әмет батыр” жырының мәтіні ОҒК Сирек қолжазбалар қорында сақтаулы түпнұсқа (Ш 423. 3 дәптер) бойынша әзірленді.
Қ.Тастанов
Шынтасұлы Төрехан
Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңіндегі (XV-XVІІғ.ғ.) қазақ халқының қоғамдық, тарихи-әлеуметтік жағдайларынан сыр шертеді. Жоңғар қалмақтарының бейбіт елге көрсеткен зорлық-зомбылықтары, қазақ елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жүргізген ерлік күрестері шынайы суреттелген. Құрылысы жағынан қырғыз халқының атақты жыры “Манаспен” ұқсас келеді. Бұл жырды 1942 жылы Мұрын Сеңгірбаевтың айтуынан жазып алған – жыраудың баласы Дәуітбай. Зерттеушілер жырдың кейіпкерлерін үш топқа бөледі, ал Мұрын жырау оларды төрт топқа жіктеген. Олар: 1. Аңшыбай батырдың ұрпақтары; 2. Қарадөң батырдың ұрпақтары; 3. Қыдырбайдың ұрпақтары; 4. Жеке батырлар: Абат, Тоған, Ақжонасұлы Ер Кеңес т.б. Жырды алғаш баспаға әзірлеп құрастырған22 – филология ғылымының кандидаты Қабиболла Сыдиықов. 2005 жылы “Қырымның қырық батыры (Ноғайлы жырлары)”33 атты кітапта қайта басылып шықты. Бұл екі басылымды тексере отырып, текстологиялық зерттеу жасағанымызда ешқандай өзгеріссіз 1990 жылғы мәтін қайта басылған. Ішкі басылымдарды түпнұсқамен салыстыру барысында бірталай кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Кейбір жыр шумақтары мен өлең жолдарының түсіп қалғандығы көрініп тұр.
Осындай кемшіліктерін түпнұсқамен салыстыра отырып, толықтырдық. Қолжазба қазақ әрпімен бастан аяқ жай қарындашпен жазылып, үстінен сиямен түзетілген. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан, кейде екі қатардан жазылған. Көлемі – 575 жол. Жырда өлең жолдары мен қара сөздер араласып келіп отырады. Шығарма мәтіні, толық 7-8 буынды, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жырда қиял-ғажайып батырлық ертегілердің белгілері айқын байқалып отырады (дәу, алып құс, мақпал төселген жол, оқ өтпейтін батырдың қасиеті, шапса қылыш өтпейді т.б.). Мұндағы: арам ниетті Ханбибінің өтінішімен су әкелуге баруы; Шыңбикенің құлды дуалап, құсқа айналдыруы; құсқа мініп суды алып қашуы; дәудің қуып кетуі – барлығы ертегілік эпизодтар. Эпостық тілі көркем, кейіпкерлер образы айшықты сомдалған. Мәтінде аздаған араб, парсы, орыс және жергілікті сөздер кездеседі. Ондай сөздерге томның соңында арнайы сөздік берілген. 1990, 2005 жылдары басылған мәтін түпнұсқамен (ш 830, 9-дәптер) салыстыра отырып, текстологиялық жұмыстар барысында бұрынғы олқылықтар түзетіліп, толықтырылды. Томға ұсынылып отырған “Шынтасұлы Төрехан” жырының мәтіні ОҒК-ның сирек қорында сақтаулы түпнұсқа (Ш 830, 9-дәптер) бойынша әзірленді.
Қ.Тастанов
Сұлтан Керім
“Сұлтан Керім” жырының көлемі ықшам 1941 жылы Мұрын жыраудан әдебиет зерттеушісі – Асайын Хангелдин жазып алған: Жырау Алматыға келгенде уақыттың тарлығынан толықтай жазып ала алмағандықтан “Манашы”, “Шынтас”, “Жаңбыршы” сияқты бірнеше жырлар үзінді күйінде қалып отыр. “Сұлтан Керім” жыры 93 тармақтан тұрады. Алғаш 1990 жылы баспа бетін көрді. Жырдың кейіпкерлері туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Томды баспаға дайындау барысында жырдың бұрынғы басылымдары (1990, 2005) ОҒК-ның сирек қорындағы түпнұсқамен (Ш 830, 1-дәптер) тікелей салыстырылды. Нәтижесінде біршама сөз тіркестері өлең жолдарының қалып кеткендігі анықталды. Мысал келтірелік.
Эпостық шығарманы баспаға даярлау барысында мұндай кемшіліктер ескеріліп, қолжазба толық қалпына келтірілді. Томға ұсынылып отырған “Сұлтан Керім” жырының мәтіні ОҒК-ның сирек қорында сақтаулы тұрған түпнұсқа (Ш 830. 1-дәптер) бойынша әзірленді.
Қ.Тастанов
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР
Алла (Аллаһ Ақ, Хақ) – ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: “Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес”. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры – жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.] – Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.
Әзірейіл – діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелердің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдында Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Абат батыр – “Қырымның қырық батыры” топтамасына енетін эпостық жырдағы елін сыртқы жаулардан қорғаушы батыр. Асан Қайғының баласы Абат батырдың ел бостандығы мен тәуелсіздігі үшін соғысы ел жадында сақталып, осы дәуірге дейін жырланып келуде.
Айсаұлы Ахмет – Қазақ – қалмақ алма-кезек шабысқан аласапыран заманда Абат, Алау, Тоған, Қазтуған батырлармен елінің азаттығы үшін соғысқан батыр. Батырдың алдына қойған мақсаты – елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі.
Алау батыр – (шамамен 15 ғасырда өмір сүген) – аты аңызға айналған батыр, қолбасы. Алау батырдың тегі туралы шежірелерде әр түрлі айтылады. Оны Мөңке биден, Алшыннан тарататындар бар. Жартысынан көбі Алауды Алшынның әкесі деп көрсетеді.
Ақжонасұлы Ер Кеңес – “Қырымның қырық батырларының” бірі. Қалмақтан өз елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін соғыста қан төккен батыр. Ерлігі халық жадында мәңгі сақталып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, ең маңызды мәселелерді шешуде басты рөл атқаратынына сеніміміз мол.
Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың аяғы – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы “Жеті әулие” қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғының өмір сүрген дәуірі Алтын Орданың ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтарының пайда болып, Ноғай ордасы ыдырап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапаран кезеңге душар болды.
Әмет батыр – Қырымның қырық батырының бірі. Алау батырдың жолын қуып батыр болған Әметтің ерлігі ел жадында мәңгі сақталған. Батырдың басты мақсаты – елдің ыңтымағын, ауызбірлігін сақтап қалу. Әмет туралы ел арасында ертегілер пайда болған.
Баба Түкті Шашты Әзіз – қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін бейне. Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Туклас деп көрсетіледі. Әкесі – Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Муртаза Сейіттің, содан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба Түкті Шашты Әзіз – Қожа Ахмет Йасауидің арғы бабалары, ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген болжамдар бар.
Дәуіт – пайғамбар, Сүлеймен пайғамбардың әкесі.
Едіге – ХІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тарихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса батыр әрі қолбасшы болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында тәуелсіз билік құрумен бірге ел басқару істеріне белсене араласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеушісі мен Ақсақ Темір арсындағы текетіресті өз пайдасына шешуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес Ресей жеріне бірнеше рет баса көктеп кірді. Ұлы Ноғай Ордасын құрып, оның басты бегі болды (1396-1419жж.). Қара халық арасынан шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын қорғағандықтан қазақ халқының тарихи жадында “Ел қамын жеген Едіге” деген атпен өшпестей жазылған оның бейнесі мен есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бойынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ жерінде – Ұлытауда жатыр.
Ер Көкше – қазақтың батыры. Шежіреде Уақ руының Ер Көкшеден тарағаны айтылады. Қадырғали Жалайырдың шежіресіндегі, “Никон жылнамасындағы” деректерге қарағанда, ол 1419 жылғы Едіге мен Қадырберді әскерлерінің арасындағы ұрыс кезінде қайтыс болған. Қазақ халқында “Ер Көкше” атты бірнеше жыр бар. Ер Көкше сонымен қатар Мұрын жыраудан жазылып алынған өзге жырлардың бірқатарында да, қырғыздың “Манас” жырында да кейіпкер ретінде көрінеді.
Ер Қосай – Ер Көкшенің ұлы, қазақтың батыры. Қазақ халқында “Ер Қосай” атты бірнеше жыр бар. Ер Қосай – сонымен қатар “Манас” жырының да бас кейіпкерлерінің бірі.
Жаңбыршыұлы Телағыс – “Қырымның қырық батыры” эпосында кездесетін батырлардың бірі. Телағыс өз елінің ауызбірлігін, тәуелсіздігін қорғап қалу үшін қалмақтарға қарсы соғыс жүргізеді. Телағыс жырының негізгі идеясы – жауға қарсы күресте ел ішінің жұмыла қайрат көрсетуі, ағайын-туғанның бірлігі.
Жәнібек хан (15 ғасырдың басы – 1470) – Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі, Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы. 1457-58 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған. Керей ханнан соң 1456-57 жылдан 1470 жылдардың басына дейін Қазақ хандығының екінші ханы болды.
Қыдыр баба (Хызыр) – көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар – тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қыдыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Қыдыр баба [Хызыр] – ел аралап жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Қырық шілтен – Мифологиялық түсінік бойынша, адамды қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух, Қыдыр.
Қарасай, Қази –Орақ батырдың ұлдары. ХVІ ғасырдың соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол заманда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһармандар. Қос тарихи тұлғаның ерлік жорықтары жайында қазақ жырау, жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан қазақтары арасында “Қарасай-Қази” эпосының 30-ға жуық нұсқалары сақталған.
Қарғабойлы, Қазтуған – “Қырымның қырық батыры” эпосындағы ноғай батырлары. Ноғай еліне басып келген қалмақтармен соғысы барысында Қазтуғанның ерлігі елдің көзіне іліге бастайды. Ноғай елінің ардақты қас батырларының біріне айналады.
Мөпатыұлы Тұяқбай – Ноғай елінің қас батырларының бірі болған. Батырдың негізгі мақсаты – елінің азаттығы мен тәуелсіздігі, ел ауызбірлігін сақтап қалу болатын. Осы ұлы мақсаттар жолында жанын аямай соғыстар жүргізеді. Ындыс – қалмақтармен соғыс кезінде Тұяқбайдың батырлығы көзге көрінеді.
Мұса – Едіге биден кейін эпикалық жырларда ең жиі аталатын қаһарманның бірі. Ол Уаққас бектің ұлы, Едігенің немересі. 1493-1507жылдарда Ноғай Ордасының бегі ретінде елді інісі Жаңбыршымен бірлесе басқарған. Оның есімі қазақтың “Қырымның қырық батыры”, “Орақ-Мамай”, “Қарасай-Қази”, “Қобыланды” т.б. ірі эпостарда құрметпен еске алынып, халықтың ыстық ықыласына бөленген.
Нәрікұлы Шора (Шора батыр, т.ж.б. – 1546 ж. Қазан қаласы) – батыр, тарихи тұлға. Кіші жүздің жетіру тайпасының тама руынан шыққан. Оның шығу тегі жөнінде шежіре аңыздар көп, сондай-ақ “Шора батыр” және “Нәріктің ұлы Шора” атты жыр-дастандар ел жадында сақталып хатталған.
Орақ-Мамай (ХVІ ғасыр) – көбінесе есімдері қатар аталып отыратын эпикалық кейіпкерлер. Халық аузындағы шежірелік мәліметтер бойынша Мұсадан Алшағыр, одан – Орақ пен Мамай туған делінеді. Екеуі де көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарының туын көтеріп, ел намысын жыртқан, ержүрек батырлар кейпінде ел есінде қалған. Олардың ерлік істері мен ұрпақтары туралы Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887-1927жж.) көлемді жыр тудырғаны мәлім.
Сыпыра жырау (14-15 ғғ) – тарихи тұлға. Сыпыра жырау – ноғай, қарақалпақ, башқұрт, қырым татарларына ортақ. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында оны ел бірлігін, тәуелсіздігін көздеген дана ретінде суреттейді. Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған.
Тоған батыр – Ноғай-қалмақ елінің алма-кезек шабысқан аласапыран кезеңде өмірге келген. Тоған халқының ауыр тұрмысын көріп өседі. Елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қалмақтарға қарсы аттанады. Тоған серіктері Қазтуған, Абат, Алау батырлармен бірге елін азат ету жолында үлкен белестерден көрінеді.
Тобаяқ – Ысмайылдың есіміне тіркесетін қосарлы анықтауыштардың бірі. “Тобаяқ” сөзі аяқтың кемтарлығын білдіреді. Бұл сөз Ысмайылдың ақсастығын білдіретін көрінеді. “Қарасай – Қази” жырының кейбір нұсқаларында “Тобаяқ” сөзі де жеке кісінің атауы, яғни, Мұса бидің отыз ұлының бірінің есімі ретінде қолданылған.
Шынтасұлы Төрехан – “Қырымның қырық батыры” эпосында кездесетін батыр. Қалмақтан елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қан төккен батыр. Қалмақ елін қайта бас көтере алмайтындай етіп жеңіп, бай болып барша мұратына жетеді.
Ілияс (Илияс, Илья) – көне иудей, христиан аңыздарында Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей құдайларының бірінен шықан дейтін пікір де бар. Исламда Ілияс пайғамбардан гөрі әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен байланыстырылып, “Қыдыр-Ілияс” деп те атала береді. Кейде оны “Қызыр” деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қыдыр әулие (ақсақал) түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде Ілиястың жанында “шілтендері”, яғни қырық көмекшісі еріп жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың басты кейіпкеріне (әсіресе, батырлық жырлар мен ертегілерде) қол ұшын береді. Қазақтар “Қыдыр дарып, бақ қонсын” деп баталасады. “Қырықтың бірі – Қыдыр” деген мақал да бар.
СӨЗДІК
Адарғы /т/ – өрмек жіптерін бөліп тұратын және оларды аударыстырып отыратын екі жақ шеті қырландыра жонылған ағаш құрал.
Ақырет, ахырет /а/ – діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние, ақырзаман, дүниенің соңы деген мәндерге ие.
Алла шері арышлан – Алланың деп көбінесе әзіреті әлиді айтады. Бұл жерде Қазтуған батырдың эпитеті ретінде келтірген. арыстаны,
Арзу – өтініг, сазыныш
Баларқалы – шөбі мол, шүйгін
Биһүдә /п/– қамсыз, бейғам, еркін
Биарман /п/ – армансыз, мұңсыз
Дәб – әдет, дағды
Егіленбей – аптықпай
Егже /т/ – егде, қарт, көне
Жазбаған – жазығы жоқ.
Жолым үй /ж.с./ – керегесіз уыққа киіз жауып, уақытша тігілген жаппа.
Зерең /к.с./ – қымыз құятын сәнді, зерен аяқ, сырлы тостаған.
Кәміл /а/ – толық, кемел
Көк балдақ – қылыштың ұстар бөлігі, балдағы.
Көдек /п/ – аңғал, аңқау, бала.
Күнді (п) – бұғау, шынжыр
Қарым – күш-қуат
Қазы /а/ – билік айтушы, төреші, сот.
Қолақ /к.с./ – қазақта “қолақпандай” деген сөз бар. Қолжазбада “Қолақ” деп қате жазылған.
Қамашауда /ж.с./ – ықтасын жер, қойнау
Қорағаш /ж.с./ – бақан, сойыл
Қаурады/к.с./ – үгітілді, қирады
Қатеб /к.с./ – нар түйенің үстіне жүк артуға лайықтап істелген жабдық
Қақа/к.с./ – тіке, тура, жеке
Қасаба /к.с./ – ертеде бәйбішелер киетін киім түрі
Махшар /а/ – ислам шарағаты бойынша өлген адамның күнәсі таразыланып, тексерілетін кезең, ақырет
Михнат/а/ – қиындық, азап, ауырлық
Мұрсат /а/ – рұқсат, мерзім.
Мүфти /а/ – исламда шариғат жолын, дін қағидаларын сақтауды қадағалайтын дін ғұламасы, қауымның дін басшысы.
Мұндар/к.с./ – көбіне кемсіту мәнінде қолданысқа ие. Мысалы: мұндар құл.
Пір /п/ – қария, ақсақал. Сопылық ұғымдағы ақиқат жолды нұсқаушы, шарапатты рухани ұстаз, батагөй ақсақал қарт.
Сарыүйек – жыланның ірі түрі
Сере – ұзындық өлшемі, ертедегі қазақтар тұрмыста қарыс, сүйем, елі табан, сере өлшемдерін жиі қолданған.
Смауыт /к.с./ – сауыт
Сүрек /к.с./ – өмір, уақыт, мерзім
Тағайын /а/ – анық, ақиқат
Таби /а/ – табиғи, тән, жақын, туыс аталас
Тәбісімен ету /а.қ./ – күлімсіреу
Түлей /к.с./ – жапан түз, жалпақ дала, ұшы-қиырсыз қашықтық
Үп /т/ – үй, үйіші, қазына, жсау, мүлік.
Шарайна – сауытың түрі
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Амудария (Ежелгі атаулары – Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) – Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. Амудария жағалауында Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Қазақстан орналасқан. Осы мемлекеттер өзенді ауыл шаруашылығына, егін шаруашылығына пайдаланады.
Балқан тау – Балқан түбегінде орналасқан. (Оңтүстік Еуропадағы түбек). Кіші Азиядан Мәрмәр теңізі, Босфор, Дарданелл бұғаздары арқылы бөлінеді. Жер бедері негізінен таулы-қыратты болып келеді. Мұнда сынап, мыс, боксит, хром таукен орындары бар. Табиғаты – қоңыржай құрлықтық климатты.
Бұхара – Өзбекстан Республикасындағы қала, Бұхара облысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде, Заравшан өзені аңғарының батысында орналасқан. 709 жылы арабтар жаулап алған кезде, Орта Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталығы болған. 1220 жылы Шыңғысхан әскерлері жаулап алды. Бұхарада әлемдік ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли Ибн Сина, Бұхари, Рудаки секілді оқымыстылар өмір сүрген.
Еділ (Волга) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 3530км. Еділ бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды. Еділге 200-ден астам сала құяды. Еділ өзенінің әдеби – тарихи деректердегі орны ерекше. Оны барша түркі халықтарының ақын – жыраулары құрметпен атап, өз шығармаларына арқау еткен.
Жем – Батыс Қазақстандағы ірі өзен. А.Ю.Якубовский келтірген Ибн Фадлан (930 ж) жазбаларында бұл атау Джам түрінде кезігеді екен.
Жиренқопа – Ақтөбе облысындағы елді мекен аты. Кейде Исатай деп те айтылатыны байқалады.
Жирен көл – көлдің аты. Үнді иран тілдері негізіндегі жайран сөзіне қазақша көл сөзін қосу арқылы жасалған.
Қарақобда – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 138 км. Өзен бұлақтардан бастау алып, Бұлақ ауданының шығысында Сарықобдаға қосылғасын, Үлкен Қобда деп аталады.
Қазыбек – Сарысу алабындағы өзен. Қарағанды облысының Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км. Көктемде 10-15 күндей ағады да, жазда құрғап қалады. Суы шаруашылыққа пайдаланылады.
Қырым – Еуропаның оңтүстігіндегі түбек, Қара теңіздің курортты, әсем жағалауларының бірі.
Мысыр – Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы.
Сырдария – Орта Азиядағы ірі өзен. Арабтар өзенді – Сейхун деп атаған. Арал теңізіне құяды. Ферғана аймағы егістіктері осы Сырдария суын пайдаланады. Фархад тауын жарып өткен жерінде 1948 жылы Фархад СЭС-ы салынған.
Төрткүл – елді мекен аттары, топырақ үйінділерінен тұрғызылған көне және ерте орта ғасырлардағы VІІІ – XІV ғ.ғ. бекініс орындары.
Шат (Бала Шідерті) – Ертіс алабындағы өзен. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 100 км. Көктемде еріген қар және жер асты суымен толығады. Жағалауы құламалы саз балшықты, кей жерлері құмды. Сәуірде мұзы ериді.
ТОМҒА ЕНГЕН ЖЫРЛАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Нұрмағамбетова Оразгүл (1922-2003). – Қызылорда облысында туған. Белгілі фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Көп жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында басшылық қызметкер атқарған. Көптеген фольклорлық экспедицияларды басқарып, ел ішіндегі халық әдебиеті үлгілерін, көне қолжазбаларды жинастырып, институт қорына жинақталуына ұйытқы болған. Ғалым”Қобыланды”, “Едіге” сияқты бірқатар таңдаулы қазақ эпостарын зерттеп, жариялауға көп еңбек сіңірді.
Сеңгірбайұлы Мұрын, шын аты – Тілеген. Мұрын жырау. Мұрын жырау (1860-1952) – қазақтың көрнекті ақыны, жыршысы, қазақ халқының көне әдеби мұраларын, әсіресе, батырлар жырын біздің дәуірімізге дейін жырлап келген атақты жырау. Бұрынғы Атырау облысы, Маңғыстау ауданы, Қаратөбе ауылсоветі, Қоңырорпа деген жерде туып-өскен. Кіші жүз, Байұлы ішіндегі Адай руынан.
Мұрын жырау 1942 жылы КСРО ҒА-ның қазақстандық филиалының шақыруымен Алматыға келеді. Сол жолы жыршы “Қырымның қырық батыры” атты көлемді эпостан жырдан 36 батыр туралы жырды домбыраға қосылып орындайды. Мұрын жыраудың айтуы бойынша жырды жазып алған – қазақтың көрнекті ақыны, әдебиетші Мәриям Хакімжанова.
Хакімжанова Мәриям (16.11.1906, қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы – 1995, Алматы) – ақын, ҚР-ның халық жазушысы (1986). Абай атындағы. ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар ф-тін бітірген (1934). “Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Орынбор облысы, Адамовка ауданыңа. “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 – 1937), Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі, Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер (1945 – 1947), Респ. кітап палатасында, “Жаңа өмір” журналында Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор қызметтерін атқарды. Тұңғыш өлеңі “Женотделге” 1929 жылы “Әйелдер теңдігі” журналында жарияланды. Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 жылы жарық көрді. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945) орыс тілінде (1947), “Ана махаббаты” (1953, таңдамалы), “Ана көктемі” (1963), “Гүл туралы аңыз” (1970) т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары, балаларға арналған “Бөбегім менің – өлеңім менің” (1959), “Ана мейірімі” (1964) жыр жиннақтары басылды. М.Хакімжанова өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. М.Хакімжанованың өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, екі рет “Құрмет белгісі” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1934 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Хангелдин Асайын – 1940 жылдары Қазақстан зерттеу қоғамында әдебиетші қызметін атқарған. Ол халық ауыз әдебиетінің білгірі әрі тәжірейбелі жинаушы болған.
1941 жылы КСРО ҒА-ның қазақ филиалы А.Хангелдинді сол кезде атағы шығып, “Қырымның қырық батыры” эпосын бірнеше күн жырлайтындығы ғалым-әдебиетшілерге мәлім болған Мұрын жыраумен жүздесу үшін Маңғышлақ өңіріне іссапарға жібереді. Осы сапарында Асекең 81 жастағы атақты жыраумен кездесіп қана қоймай, одан бірнеше жыр нұсқаларын (“Жаңбыршы”, “Манашы”, “Қарт Қожақ”, “Шынтас”, “Сұлтанкерім” т.б.) жазып алады. Асайын Хангелдиннің Мұрын жырау хақындағы толық ахбарынан кейін Қазақстан үкіметі мен КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының басшылары – академик Қ.И.Сәтбаев, Н.Т.Сауранбаев сынды ғалымдар маңғыстаулық жыр дүлдүлін Алматыға шақыртады. А.Хангелдин туралы өзге мәлімет әзірше ұшырасқан жоқ. Әйтсе де ғалымның қазақ эпостану ғалымына сіңбірген еңбегі елеулі екендігі шүбәсіз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру