TELEGEI

Home

Әлемдік әлеуметтану антологиясы 5 том

Кеңес Биекенов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әлемдік әлеуметтану антологиясы 5 том

Мазмұн: Р. Мертон Жария және бүркемеленген қызметтер Т. Парсонс Осы заманғы қоғамдар жүйесі Өзгерістің Қызметтік теориясы Қарекет координаттарының жүйесі П. Сорокин Әлеуметтану жүйесі П. Л. Бергер Әлеуметтануға шақыру

МЕМЛЕКЕТТІК “МӘДЕНИ МҰРА”

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ

ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы:

ҚҰЛ-МҰХАММЕД Мұхтар, төраға

ДОСЖАН Ардақ, төрағаның орынбасары

АСҚАРОВ Әлібек, жауапты хатшы

Қоғамдық кеңестің мүшелері:

АБДРАХМАНОВ Сауытбек

АЯҒАН Бүркіт

ӘБУСЕЙІТОВА Меруерт

ӘЖІҒАЛИ Серік

ӘЙТІМОВА Бірғаным

ӘЛІМБАЙ Нұрсан

ӘУЕЗОВ Мұрат

БАЗЫЛХАН Нәпіл

БАЙПАҚОВ Карл

БИЕКЕНОВ Кеңес
БҰРХАНОВ Камал

ЕРТІСБАЕВ Ермұхамет

КЕНЖЕҒОЗИН Марат

ҚАСҚАБАСОВ Сейіт

НЫСАНБАЕВ Әбдімәлік

ӨМІРБЕКОВ Байтұрсын

САЛҒАРА Қойшығара

САРИЕВА Рысты

СЕЙДІМБЕК Ақселеу

СҰЛТАНОВ Қуаныш

ТАЙМАҒАМБЕТОВ Жәкен

ТҰЯҚБАЕВА Баян

ХҰСАЙЫНОВ Көбей

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,

АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы

ӘЛЕМДІК

ӘЛЕУМЕТТАНУ

АНТОЛОГИЯСЫ

5-том

Алматы
“Қазақстан”

ББК 60.5

Ә 52

“Әлемдік әлеуметтану антологиясы”. 10 томдық.

“Мәдени мұра” бағдарламасы. Алматы:– ЖШС “ Қа-

зақстан” баспа
үйі”, 2005 ж. – 576 бет.

ІSBN

9965-10-053-5

ББК 60.5

ІSBN 9965-10-053-5

ІSBN 9965-10-036-5

© ЖШС “Қазақстан” баспа үйі” – Аударма және безендіру

“Әлемдік әлеуметтану антологиясы” он томдығының түпнұсқа мәтінін
құрастырған Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Әлеуметтану” секциясы

Секция құрамы:

1. БИЕКЕНОВ Кеңес Үмбетжанұлы – Секция жетекшісі, әлеуметтану

ғылымының докторы. 2. АЯҒАН Бүркітбай Ғылманұлы – тарих ғылымының докторы,

профессор. 3. ӘЖЕНОВ Матипулла Салахадинұлы – философия ғылымының

докторы. 4. ҒАБДУЛЛИНА Қанапия Ғабдолқызы – әлеуметтану ғылымының

докторы. 5. ЕСІМ Ғарифолла – философия ғылымының докторы. 6. САДЫРОВА Мәнсия Сапарғалиқызы – әлеуметтану ғылымының

докторы. 7. СЕЙДУМАНОВ Серік Тұрарұлы – әлеуметтану ғылымының докторы. 8. ШАУКЕНОВА Зарема Қаукенқызы – әлеметтану ғылымының

докторы. 9. КЕНЖӘКІМОВА Гүлнар Әлейқызы – секция хатшысы.

Түпнұсқа мәтіннің қазақша редакциялануын басқарған “Қазақстан” баспа үйі” мойынсерігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Аударма сарапшысы – филология ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ.

МАЗМҰНЫ

Р. Мертон
Жария және бүркемеленген қызметтер
Т. Парсонс
Осы заманғы қоғамдар жүйесі

Өзгерістің Қызметтік теориясы

Қарекет координаттарының жүйесі
П. Сорокин
Әлеуметтану жүйесі
П. Л. Бергер

Әлеуметтануға шақыру

Роберт Кинг МЕРТОН

АҚШ-тағы құрылымдық-қызметтік талдаудың ең жарқын өкілдерінің бірі. 1910 жылы Филадельфияда дүниеге келіп, Темпль және Гарвард университеттерінде білім алған. 1936-39 жылдары Гарвард университетінде, 1939-1941 жж. Жаңа Орлеандағы Тулейн университетінде мұғалімдік қызмет атқарды. 1941 жылдан бастап оның кәсіби өмірі Нью-Йорктағы Колумбия университетімен тығыз байланысты. Мұнда ол 40 жылдан астам уақыт қызмет етті. Оның негізгі еңбектері: «Он жетінші ғасырдағы Англиядағы ғылым, технология және қоғам» (1938); «Жаппай сендіру» (1946); «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» (1949); «Теориялық әлеуметтану туралы» (1969); «Ғылым әлеуметтануы» (1973); «Әлеуметтік амбиваленттілік және басқа очерктер» (1976) және т.б.

ЖАРИЯ БҮРКЕМЕЛЕНГЕН ҚЫЗМЕТТЕР

Осы заманғы әлеуметтік теориялардың ішінде қызметтік талдау даму әрі ең болашағы мол, әрі, тегінде, бәрінен кем жүйеленген бағыт болып табылады. Бір мезгілде көптеген интеллектуалдық салаларда дами отырып, ол тереңдеуден гөрі, көбіне жайыла өсті. Қызметтік талдаудың жетістіктері сондай, оған артылған үлкен үміт бірте-бірте жүзеге асады деп толық негізбен кесіп айтуға болады. Қызметтік талдаудың осы заманғы әлсіздіктері болашақты жақсы құру үшін өткенді оқтын-оқтын қайта қарап отыру қажеттігін аңғартады. Осынау оқтын-оқтын қайта бағалаулар ең кемінде мынасымен пайдалы: олар көптеген қиындықтарды ашып береді, басқаша болса, ашық пікірталастарда айтылмаған, қаралмаған күйінде қалған болар еді. Тәпсірлеудің барлық басқа схемалары сияқты, қызметтік талдау теорияның, әдістің және фактылардың үш жақты одағына негізделеді. Осынау үш одақтастың ішінде ең әлсізі, сөз жоқ, әдіс. Қызметтік талдау саласында жұмыс істейтін көптеген ірі ғалымдар оның теориялық қағидаларын, сондай-ақ негізгі категорияларын жасаумен айналысты; кейбіреулер қызметтік теориялық схемаға төте қатысы бар фактыларға жүгінді; және тек бірен-сараны ғана

қызметтік талдау қалай жүзеге асырылуға тиіс деген мәселе жөнінде пікір білдірді. Алайда осы бағыт шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың молдығы мен сан алуандығының өзі мынадай байлам жасауға негіз береді: зерттеушілер қайсы бір әдістерді пайдаланады, ал мұның өзі өз кезегінде олардың жұмысын бақылай отырып, біз көп нәрсені үйрене аламыз деген үміт ұялатады. Әдістер теорияға немесе іргелі фактыларға жүгінбей-ақ – ал мұның өзі ғылыми зерттеудің нақ методологиясы мен логикасынның міндетін құрайды – әбден жемісті қарастырыла алатын болса да, дегенмен эмпириялық пәндер үшін әдістерді теориялық проблемаларды да, негізгі мәліметтерді де тиісінше ескеретін зерттеу неғұрлым жемістіболады, өйткені “әдісті” пайдалану логиканы ғана емес, бәлкім, сондай-ақ мәліметтердің, теориямен сәйкес келуінің, практикалық проблема қажет ететін тәжірибелік мәселелерді, зерттеу қиындықтарын еңсеруге тиіс адамдардың өкінішіне қарай, қажет етеді. Бері салғанда біздің алғышартымыз осындай. Сондықтан біздің баяндауымыз қызметтік теорияның кейбір негізгі қағидаларына жүйелі шолумен қосталып отырады.

Қызметтік талдаудағы терминологиялық бытыстырулар

Әлеуметтанудағы қызметтік әдіс пайда болған сәттен бастап оған терминологиялық шатасулар кіріп кетті. Бір ғана терминнің әрқилы ұғымдарды нобайлауы үшін дәл сол секілді бір ғана ұғымның әрқилы терминдермен нобайлануы өте жиі орын алады. Талдаудың айқындығы да, ғылыми коммуникацияның адекваттығы да сөздердің осынау жеңіл-желпі қолданылуының құрбандығына айналып отыр. Көбіне-көп қызметтік талдау кейбір терминнің тұжырымдамалық мазмұны бейберекет өзгертуден зардап шегеді, ал ойдағы мазмұнның шындап келгенде біпрдей сипаты оны нобайлау үшін толып жатқан әрқилы терминдерді қолданумен қөлегейленген кезде коммуникация басқалармен қосылып кетеді. Қызметтік талдаудың бітіспес

сөздіктері
оның
тұжырымдамалық
айқындығын

көмескілеп,
ғылыми
коммуникациясын қаншалықты оқшаулайтындығына көз жеткізу үшін,
“қызмет” ұғымының толып жатқан, таң қалдыратын қолданыстарының

кейбіреуін ізерлеу жетіп жатыр.

Бір термин, әрқилы ұғымдар

“Қызмет” термині әлеуметтануда таралғанға дейін ғылыми пәнде де, күнделікті тілде де қолданылып келді. Осының табиғи нәтижесі – әлеуметтануда аталмыш терминнің мәні сөздің төл мағынасында алғанда көбіне-көп бұлдыр болып шығады. Әдетте аталмыш терминге телінетін оның бес түрлі мәнін қарастырумен шектеліп, біз оның көптеген басқа мәндерін елеусіз қалдырамыз. Біріншіден, күнделікті қолданыс бар, ол бойынша жұртшылықтың кейбір жиналыстары немесе әлдене рәсімдік сәттерді қамтитын мерекелік салтанаттар функция (қызмет) деп аталады. Газет мақаласының “Мэр Тобин қоғамдық қызметті қолдамайды” деген тақырыбында “қызмет” термині дәл осы мағынада қолданылады деп санауымыз керек, өйткені хабардың мәтінінде былай деп түсіндірілген: “Мэр Тобин бүгін қызметке ден қоймаймын және ешқандай шараға ешкімге билет сат немесе хабарландыру тарат деп нұсқау бергенім жоқ деп мәлімдеді”. Терминнің бұлай қолданылуы қаншалық кең таралғанымен, терминологияда үстемдік ететін былыққа сол қандай да бір сүбелі үлес қосады деп санауға ондай қолданыс ғылыми әдебиетке өте сирек тап болады. “Қызмет” терминінің аталмыш мәні әлеуметтанудағы қызметтік талдауға мүлдем жат екендігі айдан анық. “Қызмет” термині екінші мәнінде “кәсіп” терминімен іс жүзінде бірдей. Макс Вебер, мысалы кәсіпке мынадай анықтама береді: “индивидуумге кіріс немесе табыс алудың тұрақты мүмкіндігін беретін шамада оның қызметінің мамандандырылу, өзгешелену және комбинациялану тәсілі”1. Терминнің

1 Weber M. Theory of Socіal and Economіc Organіzatіon. London, 1947, p. 230

осынау қолданылуы кейбір экономистер үшін типтік дерлік деуге болады, олар бір атқарылатын жұмыстардың қызметтік бөлінісін баяндағанда, “топтың қызметтік талдануы” туралы осылай дейді. Бұл арада шендестіру орын алатындықтан, Сарджент Флоренстің2 ұсынысын қабылдаған орынды болар еді, ол “кәсіптерді талдау” деген баяндаушы тіркес осы тектес зерттеулердің сипатын неғұрлым береді деп санайды. Үшінші мән екінші мәннің бір бөлігі және күнделікті тілде де, саяси ғылымда да таралған. “Қызмет” термині әлдебір әлеуметтік жағдайға ие болып отырған адамның міндеттерінің ауқымына кіретін қызметті нобайлау үшін, немесе, неғұрлым нақтырақ, әлдене мансаппен немесе саяси позициямен байланысты міндеттер шеңберін нобайлау үшін жиі қолданылады. Осыдан “функционер” немесе “ресми кісі” термині өрбиді. Бұл мағынада қызмет әлеуметтану мен антропологияда аталмыш терминге телінетін неғұрлым кең мәнмен ішінара сәйкес келсе де, қызметтің бұл түсінігін де санаттан шығара тұрған жақсы, өйткені ол біздің назарымызды мына бір жағдайдан – қызметтерді тек белгілі бір жағдайға ие кісілер ғана емес, көптеген стандартталған қызметтер, әлеуметтік процестер, кейбір қоғамда байқалатын мәдени стандарттар мен наным-сенімдер жүйесі жүзеге асыратындығынан бұрып әкетеді. Лейбниц “қызмет” ұғымын енгізген сәттен бері, ол математикада ең дәл мәнге ие болды, математикада ол бір немесе көптеген өзгергіштерге қатынасында қарастырылатын бір өзгергішті, солар арқылы білдіріле алатын және өзінің мәні солардың мәніне тәуелді болатын өзгергішті нобайлайды. Терминді неғұрлым кең мағынада (көбінесе дәл емес) болса да бұлай түсіну “Қызметтік өзара тәуелділік” және “қызметтік қатынастар” деген тіркестермен беріледі, бұларды қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілер тым жиі қолданады. Мәселен, Мангейм “әрбір әлеуметтік факт – ол болып жатқан орын мен уақыт қызметі” деп кесіп айтатын, немесе демограф: “Туу мөлшері дегеніміз экономикалық статус қызметі” деп мәлімдейтін кезде, олардың екеуі

2 Florence P. S. Statіstіcal Method іn Economіcs. N. Y., 1929, p. 357, 358

де “қызмет” терминін математикалық мәнінде қолданып отыр, олар бұл орайда соңғысы білдірілетін теңдеуді қолданбаса да солай етеді. Әдетте “қызмет” термині математикалық мағынада қолданылып отыр ма деген мәселе тіннен айқын болады. Алайда, қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілер математикалық және басқа, сонымен байланысты, дегенмен одан өзгеше мән арасында көбіне шатасады да жүреді, рас, ол мән де өзара тәуелділік, өзара қатынас немесе өзара байланысты өзгерістер ұғымдарын қамтиды. Сөздің нақ осы бесінші мағынасы әлеуметтану мен әлеуметтік антропологияда қолданылған түрінде қызметтік талдаудағы басты мән болып табылады. Аталмыш мән ішінара бұл терминнің математикалық тұрғыда түсінілуінің ықпалынан туындағанмен, алайда ол өзінің шығу тегіне неғұрлым көбірек дәрежеде биология ғылымдарына қарыздар, онда “қызмет” терминімен “организмнің сақталуына қандай үлес қосатыны тұрғысынан қарастырылатын өмірлік яки табиғи процестер”3 нобайланады. Аталмыш түсінуге әңгіме адамдар қоғамын зерттеу туралы екендігіне байланысты тиісті түзетулер енгізгенде, ол таза антропологтар да, қанағатшыл антрополог-функционолистер де қабылдаған функцияның өзекті ұғымына едәуір жақын болып шығады4. Рэдклифф-Браун өзінің жұмыстық әлеуметтік қызмет тұжырымджамасының биология ғылымдарындағы ұқсас үлгіден шыққандығын өте жиі және бүкпесіз айтады. Дюркгейм сияқты ол да “қайталанып отыратын физиологиялық процестің қызметі оны мен организм қажеттіліктері (яғни тіршілік етудің қажетті шарттары) арасындағы біршама сәйкестік” дегенді кесіп айтады. Жекелеген адамдар, “Негізгі элементтер” әлеуметтік қатынас желілерімен біртұтас байланысқан әлеуметтік салада да, “қылмысы үшін жазалау немесе жерлеу рәсімі секілді кез-келген қайталанатын қызметтің функциясы бүтін ретінде ол әлеуметттік өмірде ойнайтын рөл және, демек, құрылымдық сабақтастықтың сақталуына ол қосатын үлес”5. Малиновский, тұжырымындағы кейбір айырмашылықтарына қарамастан, Рэдклифф-Браунға

3 Bertalanffy L. von. Modern Theorіes of Development. N. Y., 1933; Baylіss W. M. Prіncіples of General Physіology. London, 1915; Cannon W. B. Bodіly Changes іn Paіn, Hunger, Fear and Rage. N.Y., 1937. 4 Lowіe R. H. The Hіstory of Ethnologycal theory. N.Y., 1937. 5 Radclіff-Brown A. R. On the Concept of Functіon іn Socіal Scіence. N.Y., 1935

қосылып, қызметтік талдаудың өзегі етіп “әлеуметтік немесе мәдени құбылыстар қоғамда атқаратын рөлді” зерттеуді алады. “Теорияның бұл типі,– деп түсіндіреді Малиновский функционализм мақсаттары туралы өзінің ертеректегі декларацияларының бірінде – антропологиялық фактыларды дамудың барлық деңгейлерінде олардың қызметі мен олар кіріккен мәдениет жүйесі атқаратын рөлмен, олардың жүйе ішіндегі өзара байланыс тәсілімен түсіндіруге тырысады”6. Біз көп ұзамай көретініміздей, “әлеуметтік немесе мәдени жүйеде атқаратын рөл” секілді жиі қайталанатын тіркес өзара тәуелділік ретіндегі қызмет ұғымы мен процесс ретіндегі қызмет ұғымы арасындағы маңызды айырмашылықты көмескілендіретін тенденцияға ие. Дәл сол секілді біздің жұмысымыздың осы бөлімінде әрбір мәдени құбылыстың басқа құбылыстарға әлдебір тұрақты қатынасы болады, ол бүтін ретінде алынған мәдениетте әлдебір белгілі бір орынға ие болады деп кесіп айтатын постулаттың бақылаушыға немесе талдаушыға зерттеу әдісіне нақты бағдар бере алмайтынына біздің көңіл аударып жатуымыздың керегі жоқ. Олардың бәрі туралы әңгіме алда. Қазір біз тек назар аударуға тиіспіз: неғұрлым кейінгі тұжырымдар қызметтің бұл ұғымын толып жатқан дәйекті дәлелдер арқылы айқындай да кеңейте де түсті. Осылай, мысалы Клакхон былай жазады: “...қарастырылып отырған мәдениет феномені ол қоғам көзқарасы тұрғысынан қаншалықты бейімделгіш (adaptіve), индивид көзқарасы тұрғысынан қаншалықты реттелгіш (adjustіve) болатын реакция тәсілін анықтайтын шамада “қызметтік” болады”7. “Функция” терминінің сөз ретінде қолданылуынан – ал біз толып жатқан олардың кейбіреулеріне ғана тоқталдық – көптеген ұғымдар бір ғана терминмен қамтылатыны анық көрінеді. Адасу осы жерден басталады. Және де бір ғана ұғым айырмашылығы жеткілікті көптеген терминдер көмегімен білдірілсе, шатасу тереңдей түседі.

6 Malіnovskі B. Anthropology// Encyclopedіa Brіtanіca. Fіrst Supplementary Volume. London; New York, 1926. 7 Kluckhohn C. Navaho Wіtchacraіt // Peabody Museum. Cambrіdge. 1944.

Бір ұғым, әрқилы терминдер

Қазіргі кезде “қызмет” терминімен бірдей мағынада, тіпті синоним ретінде пайдаланылатын көптеген терминдердің арасынан “қолдану”, “пайдалылық”, “мақсат”, “сарын”, “ниет”, “ұмтылыс”, “салдар” деген сөздерді табамыз. Егер осынау және соларға ұқсас терминдер қатаң белгіленген бір ғана ұғымды нобайлау үшін қолданылатын болса, олардың сан алуан түрін біздің санамалап шығуымызда жартымды мағына болмасы сөзсіз. Бірақ гәп мынада: мәні бір секілді көрінетін осынау терминдерді бейберекет қолдану дәйекті де қатаң қызметтік талдаудан барған сайын алшақтай беруге апарып соқтырады. Осынау терминдердің әрқайсысының мәнінің оларды бірдей етуден гөрі айырып тұратын қырлары олардың орталық ұғым – қызмет ұғымынан неғұрлым алшақтау шамасына қарай барған сайын күмәнді бола түсетін қорытындылар жасауға негіз бола түседі (әдейі емес). Бір немесе екі мысал біздің орнықсыз терминология түсінбеушіліктің ұлғая түсуіне апарып соғады деген ойымызды қуаттап береді. Қылмыстылық әлеуметтануы бойынша ең мазмұнды зерттеулерден алынған төмендегі үзіндіден пошымды жағынан синоним терминдер мәнінің былықтырылуын және осынау былықтыруға негізделетін күмәнді қорытындыларды байқауға болады (осынау ой барысын жеңілдету үшін өзекті терминдер курсивпен беріліп отыр). “Жазалаудың мақсаты. Әрқилы топтардағы әртүрлі уақыттағы жазалаудың мақсатын немесе қызметін анықтау әрекеттері жасалуда. Көптеген зерттеушілер бір сарынды іліп алады да, соны жазалаудың басты және бірден-бір сарыны деп жариялайды. Бір жағынан, топтың қылмыс салдарынан әлсіреген ынтымағын қалпына келтірудегі жазалау қызметі атап көрсетіледі. Томас пен Знанецкий поляк шаруаларында қылмыскер үшін жазалаудың міндеті ең алдымен сол қылмысқа дейінгі жағдайды қалпына келтіру және топтың ынтымағын қайта жандандыруда, ал өш алу пиғылы екінші реттегі нәрсе екенін көрсетті. Аталмыш көзқарас тұрғысынан жазалау ең

алдымен топтың қамын жейді, содан кейін ғана қылмыскермен айналысады. Екінші жағынан, айыпты өтеу мен қылмыстың алдын алу, ол үшін өш алу, қылмыскерді түзеу, мемлекетке кіріс және көптеген тағы басқалар жазалау қызметі ретінде постулатталады. Бұрын да, қазір де осындай сарындардың біреуі айқындаушы сарын болып табылады деген қорытынды жасауға болмас еді; жазалау, тегінде, көптеген сарындардан балалап, көптеген қызметтерді атқаратын болуы керек. Бұл қылмыстың жекелеген құрбандары тұрғысынан да, мемлекет тұрғысынан да дұрыс. Осы заманғы заңдар мақсаттар немесе сарындар тұрғысынан қатаң дәйекті еместігі даусыз болып көрінеді; тегінде, алдыңғы қоғамдарда да дәл осындай жағдайлар орын алған”8. Ең алдымен, бір ғана ұғымды білдіреді-міс дейтін терминдер жиынтығына назар аударайық: мақсат, қызмет, сарын, дара міндет, екінші кезектегі ой, басты шаруа, міндет. Осынау терминдерді қарастырған кезде мына нәрсе айқын болып шығады: олар координаттардың мүлдем басқа-басқа тұжырымдамалық жүйелері бойынша топтастырылла алатыны айқын болып шығады. Кей-кейде бұл терминдердің кейбіреулері – сарын, арнайы міндет, мақсат және міндет – тұп-тура мемлекет өкілдері ашық жариялайтын жазалау мақсатына жатады. Басқа бір терминдер – сарын, екінші пиғыл, – қылмыс құрбандары мақсатына жатады. Осынау терминдердің екі тобы да жазалаудың нәтижелері туралы субъективті топшылаулар тұрғысынан бірбіріне ұқсас болып шығады. Қызмет ұғымы бақылаушы көзқарасын қамтиды, бірақ қатысушының көзқарасын қамтуы міндетті. Әлеуметтік қызметтер субъективті ниеттерді емес (мақсаттар, міндеттер, сарындар), бақыланатын объективті салдарларды нобайлайды. Ал объективті әлеуметтанушылық салдарлар мен субъективті ниеттердің арасын ажырата алмау қызметтік талдаудағы шатасуларға сөзсіз апарып соқтырады, оны төмендегі үзіндіден көруге болады. (мұнда да өзекті терминдер курсивпен берілген). “Отбасы “қызметі” туралы пікірталас төтенше әуейі сипатқа ие болды. Отбасы, дейді бізге олар қоғамда маңызды қызмет атқарады; ол ұрпақтың

8 Sutherland E. H. Prіncіples of Crіmіnology. Phіladelphіa, 1939.

жалғасуын және жеткіншек ұрпақтың тәрбиеленуін қамтамасыз етеді; ол экономикалық, діни және т.б. қызметтерді орындайды. Бізге адамдар осындай қоғамдық қызметтерді атқару үшін үйленеді, өмірге бала әкеледі деген ойды сіңіргісі-ақ келеді. Ал іс жүзінде, адамдар бірін-бірі сүйгендіктен, не романтикасы одан кем емес, бірақ жеке себептері де кем емес жағдайда. Отбасының қызметі индивидуумдардың көзқарасы тұрғысынан, нақ солардың тілектерін қанағаттандыруда. Отбасының немесе кез-келген өзге қоғамдық институттың қызметі бар болғаны адамдар пайдаланатын мақсаттардан ғана тұрады. Әлеуметтік “қызметтер” көпшілік жағдайларда қалыптасқан практиканы ұтымды ете түсі; біз алдымен қарекет жасаймыз, содан кейін ғана сол қарекеттерімізді түсіндіреміз; біз жеке негізде қарекет жасаймыз, бірақ өзіміздің тәртібімізді қоғамдық немесе этикалық принциптермен ақтаймыз. Қоғамдық институттардың осынау қызметтері нақты не нәрсеге негізделу шамасына қарай, олар адамдар өз тілектерін қанағаттандыруға ұмтылып кірісетін әлеуметттік процестердің көрінісі болып табылады, қызметтер нақты адамдар мен нақты мақсаттардың ықпалдастығынан туындайды”9. Осынау үзінді айқын ойлаудың шатасулар теңізі қоршаған кішкентай аралдарының қызықты бір қойыртпағы. Онда (субъективті) сарындар (объективті) қызметтер қате теңестірілген әрбір жолы, айқын қызметтік тәсіл айдалада қалады, өйткені некелесудің сарындары (“махаббат”, “жеке негіздер”) отбасы жүзеге асыратын қызметтермен (балаларды әлеуметтендіру) бірдей деп топшылау тіпті де міндетті емес, біз мұны көп ұзамай көреміз. Және де адамдардың өз тәртібін түсіндіру үшін (“біз жеке негізбен қарекет жасап отырмыз”) келтіретін негіздер осынау тәртіп стандартының бақыланатын салдарлары екен деп топшылау міндетті емес. Субъективті ниет объективті салдармен сәйкес келуі мүмкін, бірақ бұлай болмауы да мүмкін. Осынау екі фактор бір-біріне тәуелсіз өзгереді. Бірақ егер, алайда, адамдардың сарындалған тәртібі (топшыланған болуы міндетті емес) қызметке апарып

9 Waller W. The Famіly. N.Y., 1938.

соқтырады деп кесіп айтылатын болса, онда осы арада бізге шатасулар теңізінен шығудың жолы ашылады. Бақталас терминологиялар мен олардың қайғылы нәтижелерін қысқаша шолу қызметтік талдау жүйелеудің кейінгі әрекеттеріне өзіндік бір бағдар ретінде қарастырыла алады. Осындай жүйелеу тұсында бізге қызметтің әлеуметтанушылық ұғымының қолданылуын шектеп, ниеттің субъективті категориялары мен бақыланатын салдардың объективті категориялары арасын анық бөлу қажеттігі туындайтыны айдан анық. Олай болмаса қызметтік тәсілдің мәнісі бұлыңғыр анықтамалар тұманында адасып кетуі мүмкін.

Қызметтік талдаудың негізгі постулаттары

Негізінен, антропологияда, бірақ тек сонда ғана емес, қызметтік талдаушылар өзара байланысты үш постулатты барлық жерде қолданып келді, біз олардың даулы болып шыққанын және қызметтік теория үшін қажетсіз екендігін көрсетуге тырысамыз. Қысқартып айтқанда, бұл постулаттар мынаны кесіп айтады: біріншіден, стандартталған әлеуметтік қызметтер немесе мәдениет элементтері бүкіл әлеуметтік немесе мәдени жүйе үшін қызметтік элементтер болып табылады, екіншіден, барлық осынау әлеуметтік және мәдени элементтер әлеуметтік қызметтерді орындайды; үшіншіден, осынысымен олар қажетті болып шығады. Сенімнің осы үш догматы зерттеулерде әдетте бір-бірімен қатар кездесетіндігімен, оларды жеке-жеке қарастыру неғұрлым орынды секілді көрінеді, өйткені олардың әрқайсысына өзіндік ерекше қиындықтар байланысты.

Қоғамның қызметтік біртұқтастығы постулаты

Осынау постулаттың типтік тұжырымы Рэдклифф-Браунға тиесілі “Жекелеген әлеуметтік салттың қызметі оның әлеуметтік өмір жиынтығына

қосатын үлесі болып табылады, ол тұтас алынған әлеуметтік жүйенің өмір сүруін көрсетеді”. Мұндай көзқарас әлеуметтік жүйеде (қоғамның әлеуметтік құрылымы тұтас алғанда, осы құрылым көрінетін және оның тіршілігі тәуелді болатын барлық әлеуметтік салттармен қоса біртұтастық белгілі бір тұрпаты болуын қажет етеді, оны біз “қызметтік біртұтастық” деп атай аламыз. Біз оны әлеуметтік жүйенің барлық бөліктері бірлесіп жеткілікті жарасыммен немесе ішкі келісіммен, яғни шешіле де алмайтын, реттеле де алмайтын орнықты жанжалдар туындатпай жұмыс істейтін ахуал деп анықтай аламыз”10. Алайда, Рэдклифф-Браун одан әрі баяндау барысында қызметтік біртұтастықтың осынау ұғымын әлі де тексере түсуді талап ететін гипотеза ретінде қарастыратынын атап өту маңызды. Бір қарағанда, Малиновский “әлеуметтік мектеп” (ол Рэдклифф-Браунды осы мектепке жатқызады) “қарабайыр адамның әлеуметтік ынтымағын асыра көрсетеді” және “кісіні елемейді”11 дегенде осынау постулаттың эмпириялық тұрғыдан қабылдануына күмән келтіретіндей болып көрінеді. Алайда Малиновский бұл күмәнді ұағиданы серпіп тастаудан гөрі, оған басқа қағиданы қосатыны айдан анық бола түседі. Ол стандартталған қызметтер мен наным-сенімдерді “жалпы алғанда мәдениет үшін” қызмет ететін нәрсе деп санауын жалғастырып, осынау ойын дамыта отырып, олар дәл сол секілді қоғамның әрбір мүшесі үшін қызметтік болып табылады деп топшылайды. Мәселен, жаратылыстан тыс нәрсеге қарабайыр наным-сенімдер мәселесіне жүгініп, ол былай деп жазады: “Бұл арада қызметтік көзқарас байыпты сын тезіне тап болады... Ол көзқарас наным-сенімдер мен рәсімдер әлеуметтік кірігуге, техникалық және экономикалық тиімділікке қалай жәрдемдесетінін, олар жалпы мәдениетке – демек, жанама түрде осы мәдениеттің әрбір индивидуалдық мүшесінің биологиялық және рухани есендігіне қалай ықпал ететіндігін көрсетуге тиіс”12.

10 Radclіff-Brown A. R. Op. cіt. P. 397 11 Malіnowskі B. Op. cіt. P. 132; The Group and the Іndіvіdual іn Functіon Analysіs // Amer. Journ. of Socіol. 1939. 44. P. 938-964 12 Malіnowsky B. Anthropology. P. 135

Егер қоғамның қызметтік біртұтастығы туралы ештеңемен шектелмеген гипотеза жалпы алғанда өз-өзінен-ақ күмәнді болса, аталмыш топшылаудың күмәнділігі екі есе ұлғаяды. Мәдениет элементтері әлдене жүйе ретінде қарастырылатын қоғам үшін, сондай-ақ сол қоғам мүшелерінің барлығы үшін қызмет атқара ала ма деген мәселе, тегінде, аксиомадан гөрі фактылардың эмпириялық мәселесін көрсетеді. Клакхон, тегінде, осынау проблеманың бар екендігін біледі, өйткені ол аталмыш баламаны кеңітіп, оған “мәдени пошымдар... қоғам мүшелері үшін немесе бейімделуші болып табыла алатындығының” мүмкіндігін қосады. Бұл талданып отырған функция қызмет ететін құрылымдық бірліктердің әрқилы бола алатындығын мойындаудың алғашқы және қажетті қадамы. Эмпириялық бақылау пәрменінің итермелеуімен біз алдағы баяндауымызда осынау бірліктер нұсқаларының диапазонын одан әрі кеңейте түсу мүмкіндігін аламыз. Қызметтік бірлік ұғымы эмпириялық тексеруге көнбейтін постулат емес екендігі жеткілікті анық секілді. Керісінше, кірігу дәрежесі уақыт барысында бір ғана қоғамда өзгеріп отыратын және әртүрлі қоғамдарда әрқилы болатын эмпириялық өзгергіш болып табылады. Барлық адами қоғамдардың белгілі бір кірігу дәрежесіне ие болуға тиістілігі, анықтаудың шаруасы және біз оны ақиқат жағдай ретінде постулаттаймыз. Бірақ олардың бәрінде бірдей кірігудің әрбір мәдени-стандартталған қызмет немесе кәміл сенім тұтас ретінде бүкіл қоғам үшін, қызметтік болатын, немесе онда тұратын адамдар үшін бірдей қызметтік болатын жоғары дәрежесі бола бермейді. Өзінің қызметтік біртұтастық туралы топшылауының ақиқаттығына күмән келтіру РэдклиффБраунға өзінің бәрінен жақсы көретін ұқсастыру саласына тек көз жүгіртіп шығуы жеткілікті болар еді. Бұл арада біз тіпті индивидуалдық биологиялық организмдердің арасында кірігу дәрежесіндегі айтарлықтай нұсқаларды көреміз, ал қарапайым естілік тұрғысынан алсақ, дәл осы арада организмнің барлық бөліктері “біртұтас” мақсат үшін жұмыс істейді. Ең болмағанда сол үзіндіні қарастырып көрелік.

“Жүйке жүйесінің немесе гормондардың тұрақты бақылауында болатын барынша кіріккен организмдердің бар екенін оңай көруге болады. Бұл организмдерде қандай да бір айтарлықтай бөлшектен айрылу бүкіл жүйеге күшті ықпал етіп, көбіне ажалға байлайды. Алайда, екінші жағынан, корреляция дәрежесі айтарлықтай кем төмен организмдер де бар, оларда дененің тіпті көп бөлігінен айрылу тканьдер қайта қалпына келгенше ғана уақытша ыңғайсыздық туғызады. Осынау неғұрлым еркін ұйымдасқан жануарлардың көпшілігінің кірігуінің әлсіздігі соншалық, олардың әрқилы бөлшектері бір-біріне белсенді оппозицияда бола алады. Мысалы, кәдімгі теңіз жұлдызы шалқалай жатқанда оның сәулелерінің бір бөлігі оны бір жағына қарай аударуға ұмтылса, екінші бір бөлігі екінші қарай аударуға тырысады... Өзінің әлсіз кірігунің арқасында теңіз желайдары (анемона) жартасқа жабысқан аяқтарының бір бөлігін тастап кете алады, сөйтіп ол бөлшектерге бөліне алады”13. Егер осының бәрі жекелеген организмге қолданылғанда ақиқат болса, әңгіме күрделі әлеуметтік жүйелер туралы болғанда, одан да неғұрлым ақиқат болып шығады. Адамдар қоғамдарының толық қызметтік біртұтастығы туралы қағиданың талай рет фактыларға кереғар шыққанын көрсету үшін алысқа барудың керегі жоқ. Бір ғана қоғамда әлеуметтік салттар немесе сезімдер бір топ үшін қызметке қосылатын болса, басқалар үшін қызметке қосылмайтын бола алады. Антропологтар қызметтік-бейімдеуші сезімдердің мысалы ретінде “қауым ынтымағының арта түскені” және “отбасылық мақтаныштың арта түскені” туралы жиі айтады. Алайда, Бейтсон14 мен басқалар көрсеткеніндей индивидуалдық отбасылар арасында мақтаныштың артуы жергілікті шағын қауымдар ынтымағының бұзылуына апарып соқтыра алады. Қызметтік біртұтастық постулаты фактыларға жиі кереғар болып қана қоймайды, сондайақ оның эвристикалық құндылығы да болымсыз, өйткені ол талдаушының назарын мүмкін, аталмыш әлеуметтік немесе мәдени құбылыстың (салттар,

13 Sorokіn P.A. Forms and Problems of Culture-іntegratіon // Rural Socіology. 1936 . І. P. 121-141; 344-374 14 Bateson G. Nayen. Cambrіdge, 1936. P. 31-32

кәміл сенімдер, тәртіп, институт стандарттары) әрқилы әлеуметтік топтар үшін және сол топтардың индивидуалдық мүшелері үшін мүмкін болатын, түбірінен өзгеше салдарларынан аударып әкетеді. Егер қызметтік біртұтастық қағидасына кереғар фактылар мен бақылаулардың жиынтығы соншалық көп әрі оңай, біз көрсеткендей, қол жететін нәрсе болса, мынадай сұрақ қою қызықты: Рэдклифф-Браун мен оның ізбасарлары осы қағиданы ұстануын неліктен қойған жоқ? Оған ықтимал жауаптардың бірі мына бір жағдай: аталмыш тұжырымдаманы ең жаңа пошымында әлеуметтік антропологтар, яғни жазуға дейінгі қоғамды зерттеумен айналысқан адамдар талдап әзірледі. Радиннің “көптеген аборигендік өркенияттардың жоғары барынша кіріккен сипаты” деп атаған нәрсені ескерсек, қызметтік біртұтастық гипотезасы жазу пайда болғанға дейінгі қоғамдардың барлығы болмаса да, кейбіреулеріне салыстырмалы түрде қолданыла алады. Бірақ біз осынау, бәлкім пайдалы гипотезаны жазу пайда болғанға дейінгі шағын қоғамдар саласынан үлкен, күрделі және жоғары дәрежеде жіктелген, жазуы бар қоғамдарға көшіргеніміз үшін тым көп құн төлеп келеміз. Осынау гипотезаның осылай көшірілуінің қаупі тегінде, басқа ешқандай жерде дәл дінді қызметтік талдаудағыдай соншалық көрнекі болмаса керек. Бұл мәселе қысқаша болса да қарастыруға лайық болатыны, аталмыш гипотезаны сынсыз қабылдауға байланысты барлық қателіктер осы арада тым бедерлі көрінеді.

Діннің қызметтік тәпсірленуі

Қоғамның қызметтік біртұтастығы туралы үнсіз қабылданатын гипотезаны салыстырмалы түрде шағын және салыстырмалы түрде жақсы ұйымдасқан жазусыз қоғамдар саласынан неғұрлым жіктелген, және, бәлкім неғұрлым кем біріккен қоғамдар саласына көшіргеніміз үшін төлейтін құнды зерттеу барысында әлеуметтанушылардың, әсіресе солардың өзедрі негізге алатын методологиялық алғышарттарды қызғыштай қоритындарының еңбектерін қарастыру орынды. Біз қарастырып отырған мәселенің, жазуға дейінгі

мәдениеттерді зерттеу кезінде қалыптасқан ұғымды тиісті түрлендірусіз-ақ дамыған қоғамддары зерттеуге қолдану әрекеттерінің таралуын ескерсек, неғұрлым кең мағынада біршама мәні бар (дәл осы мәселе зерттеудің әдістері мен техникасын көшіруді бағалау кезінде де туындайды, бірақ біз бұл арада ол проблемаға жоламаймыз). “Діннің кіріктіруші қызметі” жөніндегі кеңістіктен тыс және ведомстводан тыс кең сипатты қорытулар едәуір дәрежеде жазуға дейінгі қоғамдарда жасалған бақылаулардан алынған, дегенмен, сөзсіз, тек олардан ғана емес. Әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдардың жазуға дейінгі қоғамдар діндерін талдау нәтижелерін үнсіз қабылдап, оларды көшіріп алады да, жалпы діннің кіріктіруші қызметіне тели салатыны сирек кездеспейді. Осыдан мынадай байламның ауылы алыс емес: “Дін қажет болатын себеп, тегінде, – адамдар қоғамы өзінің бірлігін ең алдымен кейбір жоғары құндылықтар мен мақсаттар осы қоғам мүшелерінің ортақ болып шығатындығынан болса керек. Осынау мақсаттар мен құндылықтар субъективті болғанымен, олар мінезқұлыққа ықпал етеді, және олардың кіріккені аталмыш қоғамның біртұтас жүйе секілді қызмет етуіне мүмкіндік береді”15. Ғылыми технология негізінде құрылып, өте дамыған қоғамдарда священниктер өз статусынан біртіндеп айрылып келеді, өйткені қасиетті дәстүр мен жаратылыстан тыс нәрселер артқа ысырылады... бірақ бірде-бір қоғам трансценденттік мақсат пен жаратылыстан тыс мәніске сенімді толық жоятындай секуляризация (дін мен мемлекеттің ажыратылуы – Ред.) дәрежесіне жеткен жоқ. Тіпті секуляризацияланған қоғамда да жоғары құндылықтарды кіріктіруге, оларды рәсімдік түрде көрстеуге және индивидтің өмірден түңілуіне, ажалға немесе сорға байланысты эмоциялық бейімделуіне қызмет ететін әлдене жүйе тіршілік етуге тиіс. Дінге Дюркгейм көзқарасын (оның бұл көзқарасы жазуға дейінгі қоғамдарды зерттеуге негізделген болатын) басшылыққа алған бұл авторлар тек діннің айқын кіріктіруші салдарларын бөліп көрсетуге ұмтылады да,

15 Malіnowskі B. Anthropology. P. 132

әлеуметтік құрылымның белгілі бір тұрпаттарындағы ықтимал ажыратушы салдарларын елемейді. Алайда төмендегі жақсы белгілі фактыларды қарастыра келіп, аталмыш теорияға бірнеше сұрақтар қоялық. 1. Бір ғана қоғамда әрқилы діндер өмір сүрген кезде әрқилы діни топтар арасындағы терең жанжал жиі орын алады. (Еуропа қоғамдарындағы діни жанжалдар туралы тек орасан зор әдебиетті қарастыру жеткілікті). Олай болса, әрқилы діндер орын алатын көптеген қоғамдарда дін кірігуге қандай мағынада өзінің үлесін қосады? 2. “Адамдар қоғамы өзінің бірлігіне” (осы бірлікті ол қаншалық тез байқайтындығына қарай ең алдымен негізгі құндылықтар мен мақсаттар оның мүшелері үшін ортақ болатындығы арқылы қол жеткізетіндігі айдан анық. Бірақ, діндар емес адамдар, айталық, американ қоғамындағы адамдар, діни доктриналарға берілген адамдарға қарағанда ортақ “құндылықтар мен мақсаттарға” бері салғанда қырын қарайтындығының дәлелі қайда? 3. Дін, егер оның доктринасының мазмұны мен құндылықтары нақ сол қоғамда өмір сүретін көптеген басқа адамдар ұстанатын діни емес құндылықтар мазмұнына кереғар болса, үлкен қоғамдардағы кірігуге өз үлесін қандай мағынада қосады? Мысалы, балалар еңбегін заң жолымен реттеуге қарсы шыққан католиктік шіркеу мен жеткіншектердің еңбегін қанауға қарсы дүниауи құндылықтар арасындағы жанжалды көрсетейік. Сондай-ақ бала тууды бақылауға біздің қоғамдағы әрқилы топтарда бар бағаның күрт өзгешеленетінін де көрсетуге болады. Осы заманғы өркениятты қоғамдардағы діннің рөлі жөніндегі осынау әбден таптаурын фактылардың осынау тізімі мықтап ұзартыла алар еді, және барлық осынау фактылар дінді кіріктіруші күш ретінде бейнелейтін, бұл орайда аталмыш қағида әділетт болып табылатын әлеуметтік құрылымда ешбір шектелмейтін антропологтар мен әлеуметтанушы-функционалистерге жақсы белгілі. Жазу пайда болғанға дейінгі қоғамдарды зерттеулерден алынған теориялық бағдар осынау зерттеушілерге көп дінді қоғамдардағы діннің қызметтік рөлі туралы барлық басқа жағдайларда соншалық айқын фактыларды

көрінуге бөгет болуы әбден мүмкін. Бәлкім, қызметтік біртұтастық гипотезасын дәл осы көшіру діни соғыстардың, инквизицияның (бір қоғамдағы адамдарды бірінен кейін бірін бөліп тастаған), діни топтар арасындағы тажалды жанжалдардың бүкіл тарихын сызып тастауға жетелеген болар. Қалай болған күнде де, бұл көзқарастардың қорғаушылары керемет белгілі бүкіл осынау материалды елемей, одан жазу шыққанға дейінгі қоғамдарлдағы дінді зерттеуден алынған мысалдарды артық көретіні факт болып қала береді. Біз жоғарыда келтірген “сезімдер, наным-сенімдер және рәсім арқылы қоғамның кірігуін жасайтын дін” туралы айтылатын, біз жоғарыда цитата келтірген мақалада діннің бөлшектейтін ықтимал рөлі туралы бір ауыз сөз айтылмағаны екінші бір таңқаларлық болып қала береді. Діннің кіріктіруші қызметі туралы тезис, әрине, дін бірдей діни құндылықтарға адамдардың кірігуін қамтамасыз етеді деген сөз бола алады. Бірақ бұл тезисті қорғаушылар оны осылай тәпсірлеуді басшылыққа алатыны екіталай, себебі мұның өзі қоғамның кірігуі кез-келген құндылықтар жиынтығы бойынша бірауыздылықтың кез-келген пошымымен қамтамасыз етіледі деп жай ғана кесіп айтумен бірдей болып шығар еді. Мұның бәрі қызметтік біртұтастық гипотезасын қабылдаудың қауіптілігін тағы бір рет көрсетеді, ол гипотеза жазу шыққанға дейінгі қоғамдарды бейнелегенде қорытыла алынған қызметтік талдаудың тікелей тұжырымдалмайтын әйтеуір бір үлгісінің құрамдас бөлігі ретінде алынған әбден-ақ парасатты жақындату бола алады. Әдетте, жазу шыққанға дейінгі қоғамдарда бір ғана үстем діни жүйе болады, демек, тәртібі қалыптан тыс жекелеген кісілерді былай қойсақ, аталмыш қоғам мүшелерінің саны мен діни қауым мүшелерінің саны іс жүзінде бірдей болып шығады. Осынау типтегі әлеуметтік құрылымда діни құндылықтардың жалпы жиынтығы өзінің салдарларының бірі ретінде ортақ сезімдер мен әлеуметтік кірігудің күшеюіне ие бола алады. Бірақ бұл қағиданы қоғамның тұрпаттарына тарату едәуір қиын болар еді.

Бізде діннің осы заманғы қызметтік талдауының басқа теориялық салдарларына қайта айналып соғу мүмкіндігі әлі болады, бірақ қазір қызметтік бір тұтастықтың ештеңемен шектелмеген постулатын қабылдаудың қандай қауіпті екенін аңдауға жоғарыда баяндалған жайттар жеткілікті. Қоғамдағы бірлік туралы мәселе априори шешілмейді. Бұл пікірлердің емес, фактылардың шаруасы. Қызметтік талдау теориясының негізгі қағидаларына аталмыш әлеуметтік немесе мәдени құбылыс қызметтік құбылыс болып табылатын әлеуметтік бірліктерді анықтау талабын жатқызу керек. Онда арнайы әлдебір әлеуметтік құбылыс индивидтер, шағын топтар үшін және неғұрлым кең әлеуметтік құрылым мен мәдениет үшін әрқилы, қызметтік және бейқызметтік салдарларға ие болуының мүмкіндігі арнайы көзделуге тиіс.

Әмбебап функционализм постулаты

Барынша қысқартылған пошымда алынған аталмыш постулат барлық стандартталған әлеуметтік немесе мәдени пошымдардың позитивті қызметі болады дегенді кесіп айтады. Қызметтік теорияның дәл басқа да қырларымен болғанындай, осынау постулаттың ең шетін тұжырымын Малиновский берді: “Мәдениетке көзқарас сондықтан мына принципті талап етеді: соған сәйкес өркениеттың әрбір тұрпатында әрбір салт, материалдық объект, идея және наным-сенім біршама өмірлік қызмет атқарады”. Дегенмен, біз мұны көргеніміздей, Клакхон қандай да бір мәдениет пошымы қызмет ететін әлеуметтік бірліктер әртүрлі болуы мүмкін екеніне жол беріп, ол мәдениеттің сақталып қалған барлық пошымдарының қызметтік құндылығын постулаттай келіп, Малиновскийге қосылады. (“Менің негізгі постулатым... бірде-бір мәдени құбылыс, егер ол біршама мағынада реттеуші немесе бейімдеуші реакция болмаса, сақтала алмайды”). Әмбебап функционализмнің осынау принципінің эвристикалық мәні болуы да, болмауы да мүмкін, мұны әлі анықтау керек. Бірақ, біз, алдыңғы постулат секілді ол да орын алып отырған мәдениет пошымдарының бейқызметтік салдарларының

тұтас бір шоғырынан біздің сыни назарымызды басқа жаққа бұрып әкеткендігіне дайын болуға тиіспіз. Және іс жүзінде, Клакхон аталмыш қағиданы пайдасыз дейтін құбылыстарда “қызмет” нышанын табу арқылы дәлелдеп бермек болғанда, ол нақты зерттеу нәтижесінде емес, анықтама бойынша сақталып келе жатқан мәдениет құбылыстарының барлығынан табуға болатын қызмет тұрпатын ұсынады. Мәселен ол “қазіргі кезде еуропалық костюмнің жеңіндегі пайдаланылмайтын түймелері дағдылы нәрсені сақтау, дәстүрді қолдап отыру “қызметін” атқарады”. Адамдар, әдетте, егер олар тәртіптің үздіксіздігін түйсінсе, егер олар ортодоктық, әлеуметтік жағынан мақұлданған тәртіп пошымдарынан таймағанын сезінсе, өздерін неғұрлым жақсы жағдайдамын деп сезінеді. Бұл арада, біздің алдымызда тегінде, телінетін қызмет мәдениет стандартын немесе тәртіп пошымын төте баяндауға болмашы ғана бірдеңе қосатын немесе мүлдем ештеңе қоспайтын шетін жағдай орын алып отырған болуы керек. Мәдениеттің барлық орныққан элементтері (олар бұлдырлау түрде “дәстүрлер” деп сипаттала алады) “дағдылы нәрсені сақтаудың дәстүрді қолдаудың” ең аз қызметіне (оған ғана емес) ие болады деп топшылауға біздің толық хақымыз бар. Бұл кез-келген қалыптасқан практикамен әмпейлесе кету “қызметі” төте практикадан қиыс тәртіптен туындайтын санкциядан қашу деумен бірдей. Бұның бәрі, еш күмәнсіз, дұрыс, бірақ өте тағлымды деуге келе қоймас. Алайда бұл болашақ әлеуметтанушылар мәдениет құбылыстарына телитін қызмет тұрпаттарын зерттеумен айналысу қажеттігін есімізге салады. Қізіргі сәтте жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай алғашқы топшылау жасауға болады: мәдениеттің немесе әлеуметтік құрылымның кезкелген құбылысының қызметі бола алатынына қарамастан, осындай кез-келген құбылыс қызметтік болуға тиіс деп үзілді-кесілді жариялау асығыстық болар еді. Әмбебап функционализмнің постулаты, осы жүзжылдықтың басында антропологтар арасында өрістеген “сарқыншақтар” туралы кескілескен, тұл

және ұзақ пікірталастың, сөз жоқ, тарихи нәтижесі болып табылады.. Әлеуметтік сарқыншақ ұғымы, яғни Риверстің сөзімен айтсақ, “осы заманғы пайдалылығымен түсіндіріле алмайтын, бірақ біз егер оның тарихын ізерлесек түсінікті болып шығатын... салт”. Фукидид заманында туындаған. Бірақ мәдениеттің эволюциялық теориялары үстемдік ете бастаған кезде әлеуметтік сарқыншақ ұғымы мәдениеттің даму сатыларын, әсіресе, ешқандай жазба деректері жоқ жазу шыққанға дейінгі, қоғамдардағы даму сатыларын қалпына келтіру барған сайын көбірек стратегиялық мәнге ие бола берді. Жазу шыққанға дейінгі қоғамдардың үзік-үзік және жалдаптық “тарихы” деп санаған нәрседен алыстай түсуге ұмтылған функционалистер үшін әлеуметтік сарқыншақ ұғымына шабуыл эволюциялық ойдың бүкіл интеллектуалдық кереғар жүйесіне шабуыл пошымына ие болды. Тегінде, осының негізінде эволюциялық теорияның негізі болып табылатын аталмыш ұғымға шабуылы тым қарабайыр, олар тұжырымдаған, соған сәйкес жорамал бойынша “әрбір салт (барлық жерде)... қандай да бір өмірлік қызмет атқаратын.” Егер өткеннің пікірталасына қазіргі кезде анық қарадүрсін теориялық қағидалар жасауға жол берілетін болса, бұл өте аянышты болып шығар еді. Біз әлеуметтік сарқыншақты тауып, нобайлап, зерттейді екенбіз, демек, ол ешқандай постулаттың сиқырлы күшімен жойылып кетпейді. Ал егер біз бұл сарқыншақтардың бірде-бір мысалын көрсете алмасақ, дау өзінен-өзі тоқтайды. Мұның үстіне былай деуге болады: тіпті осы іспеттес сарқыншақтар осы заманғы өркениятты қоғамдарда анықтала қалған күнде де, олар, біздің ойымызша, біздің адам тәртібін немесе әлеуметтік өзгеріс динамикасын түсінуімізге жарытып ештеңе қоса алмайды. Осы заманғы қоғамның сол сарқыншақтар жазбаша тарихтың нашар алмастырушысының күмәнді рөлін атқарушы талап етпейтін әлеуметтанушы-зерттеушілері оларды ешқандай елеулі нұқсансыз елеусіз қалдыра алады. Ескіріп қалған және мәні жоқ пікірталас оны мәдениеттің кез-келген құбылысы өмірлік қызмет атқаруға тиіс деген тым жалпылама постулатты қабылдауға тіпті де итермелемеуге тиіс,

Аталмыш жағдайда да біздің алдымызда тұрған априори шешімнің емес, эмпириялық зерттеудің проблемасы. Әлдене мәдени құбылыстардың салдарлары қызметтік болып табыла ма деген сұрақ априори емес, зерттеу процесінде шешіледі. Орнықты мәдени пошымдар не біртұтас нәрсе деп қарастырылатын қоғам үшін, не сол пошымдарды өзгермеген күйінде сақтай алатындай жеткілікті күшті шағын топтар үшін қызметтік салдардың таза балансы болады деген әлдене алдыңғы гипотеза неғұрлым жемісті методологиялық принцип деп санауға болар еді. Мұндай тұжырымдау бір мезгілде қызметтік талдаудың оң ыңғайдағы қызметке бар назарын шоғырландыру тенденциясына бой алдырмауға көмектеседі әрі зерттеушінің назарын салдарлардың басқа да тұрпаттарына аударады.

Қажеттілік постулаты

Осынау үш постулаттың қоғамдық ғылымдар саласындағы функционалистер кеңінен қабылдайтын бұл соңғысы кейбір жағынан ең екіұштысы болып табылады. Бұл екіұштылық Малиновскийдің жоғарыда келтірілген манифесінен айқын көрінеді, ол бойынша “әрбір өркеният тұрпатында кез-келген салт, материалдық объект, идея және наным-сенімдер біршама өмірлік қызмет атқарады, біршама міндеттерді шешеді, бүтіннің ішіндегі қажетті бөлікті болып табылады”. Бұл үзіндіден ол қызметтің немесе осы қызметті атқаратын құбылыстардың (салт, объект, идеялар, сенімдер) қажеттілігін кесіп айта ма, әлде ол бұл екеуінің де қажеттілігін кесіп айта ма, бұл арасы жалпы беймәлім болып қала береді. Бұл екіұштылық әдебиетте едәуір таралған. Мысалы, Дэвис пен Мурдың, біз үзіндісін келтірген дін рөліне берген суреттемесінде, үстірт қарағанда, институт қажет деп саналатын секілді: “Дін неліктен керек болатынының себебі...”; “...дін ... қоғамда бірегей және қажет рөл атқарады”. Алайда авторлар ең қажеттісі дін институты емес, топшыланатынындай дін атқаратын қызмет

деп санайды екен, өйткені олар діннің қажет болатыны, ол қоғам мүшелерін “кейбір ортақ жоғары құндылықтар мен мақсаттарды” қабылдауға мәжбүрлейді, деп санайды. Бұл құндылықтар мен мақсаттар, олардың айтуына қарағанда, “осынау қоғам мүшелеріне қандай да бір нақты болмысқа ие нәрселер ретінде көрсетілуге тиіс, ал діни наным-сенімдер мен рәсімдердің рөлі нақ нақты болмыс елесін жасап, күшейте түсуде”. Рәсімнің және сенімнің көмегімен ортақ мақсаттар мен құндылықтар нақты киелі заттар арқылы қиялдағы әлеммен байланыстырылады, ал ол әлем өз кезегінде индивидуум өмірінің фактыларымен, көрген теперіштерімен байланыста болады. Қасиетті заттар мен олар бейнелейтін тіршілік иелеріне табыну көмегімен, және бір мезгілде тәртіп кодексі болып табылатын жаратылыстан тыс нұсқауларды қабылдау көмегімен адамдар тәртібіне тиімді бақылау жүзеге асырылады, сөйтіп соңғысы институттық құрылымдарды қолдауға бағытталған және баршаға ортақ мақсаттар мен құндылықтарға бейімделгіш тәртіп болып шығады”. Сонда діннің айтулы қажеттілігі мына гипотезаға негізделеді: тек “табыну” және “жаратылыстан тыс нұсқаулар” арқылы “адам тәртібін бақылау” мен “наным-сенімдер мен сезімдер арқылы кірігудің” қажетті минимумына қол жетеді. Қысқасы, алмастырылмас постулаты, әдетте баяндалатын түрінде, бірбірімен байланысқан және бір мезгілде әрқилы екі пікірді бойына сіңіреді. Біріншіден, белгілі бір қызметтер бар, егер олар орындалмайтын болса, онда қоғам (не топ, не индивид) тіршілік етуін тоқтатады деген мағынада алмастырылмайтын болып табылады деп топшыланады. Бұл демек, қоғамға қызметтік жағынан қажетті қызметтік алғышарттар немесе алдын-ала талаптар ұғымын көлденең тартады, және бізге осы ұғымды неғұрлым егжейтегжейлі зерттеу мүмкіндігі беріледі. Екіншіден, және бұл мүлдем басқа нәрсе, белгілі бір мәдени немесе әлеуметтік пошымдар сол қызметтердің әрқайсысын орындау үшін қажет деп топшыланады. Екінші байлам мамандырылған және алмастырылмайтын

құрылымдар ұғымымен байланысты және барынша әрқилы теориялық қиындықтар туғызады, өйткені ол фактыларға анық қайшы келіп қана қоймай, қызметтік талдауды әу бастан азапқа салған бірқатар қосымша топшылауды да қамтитынын көрсетуге болады. Ол біздің зейінімізді мына бір фактыдан – топтардың тіршілік етуі үшін қажет бір ғана қызметтер әрқилы әлеуметтік құрылымдарда және мәдениет пошымдарында зерттелуге тиіс жағдайда орындалу керек деген фактыдан бұрып әкетеді. Осынау қағиданы дамыта отырып, қызметтік талдаудың негізгі теоремасын тұжырымдау керек: бір ғана құбылыстың толып жатқан қызметтері болатыны секілді, бір ғана қызметті әрқилы құбылыстар әртүрлі орындай алады. Бір немесе басқа өмірлік қызметті қанағаттандыру қажетті бұл теорема бойынша белгілі бір әлеуметтік құрылымды қабылдауды міндеттеуден гөрі, тек соны ұсынады; басқаша айтқанда, аталмыш қызметті қанағаттандыратын құрылымдар нұсқаларының біршама диапазоны бар (осынау нұсқалар шегін құрылым міндеттейтін шектеулер ұғымын белгілейді). Осылайша, алмастырылмас мәдениет пошымдарының осынау ұғымына қарама-қарсы (институттар, стандартталған қызмет, иландыру жүйелері және т.б.) қызметтік баламалар қызметтік эквиваленттер немесе қызметтік алмастырғыштар ұғымы бар. Бұл ұғымды көп адамдар мойындайды және кеңінен қолданылады; алайда мынаны көрсету керек: ол нақты мәдениет пошымдарының алмастырылмайтыны туралы постулаты бар теориялық жүйеге қайшылықсыз кіре алмайды. Мәселен, Малиновскийдің “сиқыр секілді институттардың қызметтік қажеттілігі” туралы теориясын қарастыра келіп, Парсонс абайлап мынадай ескертпе жасайды: “... дүдамалдық элементтері эмоциялық тұрғыдан маңызды мақсаттардың соңынан түскен барлық жағдайларда, біз сиқырдың болмаса да, оған қызметтік жағынан эквивалентті құбылыстарды күтуге хақылымыз”16. Бұл қағида сиқыршылық мәдениеттің ішінде қажетті қызмет атқарады дейтін Малиновскийдің тіл теориясынан тым алшақ жатыр. Ол қарабайыр өркенияттардың басқа бірде-бір

16 Parsons T. Essays іn Socіologіcal Theory Pure and Applіed. Glencoe, 1949. P. 58.

факторы қанағаттандыра алмайтын белгілі бір кейбір қажеттіліктерді қанағаттандырады17. Қажетті қызмет пен белгілі бір наным-сенімнің қаракетпен өзара байланысының алмастырылмайтын тұрпатының осынау қосар ұғымы қызметтік баламалар ұғымын толығымен жоққа шығарады. Іс жүзінде қызметтік баламалар, немесе эквиваленттері, ұғымы қызметтік талдау көзқарасын қабылдаған ғылыми пән атаулыда талай рет көлденеңдеген. Ол, мысалы, Инглиштің мақаласы тамаша көретініндей психологияда кеңінен пайдаланылады. Неврологияда, эксперименттік және клиникалық деректер негізінде Лешли “индивидуалдық нейрондар нақты қызметтерді орындауға маманданады деген топшылауды” теріске шығарып, оның орнына жекелеген қызмет баламалы құрылымдардың біршама көпшілігімен орындала алады деген қағидасын ұсынды18. Әлеуметтану мен әлеуметтік антропологияда аталмыш құрылымдардың қажеттігі постулатынын алшақ жүруге тырысу үшін және қызметтік баламалар мен қызметтік алмастырғыштар ұғымын жүйелі пайдалану үшін негіз одан да көп. Ғылымнан хабары жоқ адамдардың ұзақ уақыт бойы басқа қоғамдардың “оғаш” салттары мен наным-сенімдері “жай ғана соқыр сенімдер” болып табылады деп қате ойлағаны секілді, қоғамдық ғылымдар саласындағы функционалистер де осыған кері бағытта болса да қателік жасауға тәуекелділік жасауда. Біріншіден, осынау салттар мен наным-сенімдердің қызметтік немесе бейімделушілік мәнін тым тез белгілеп, екіншіден, бір немесе басқа қызметті қанағаттандырудың аталмыш әдістеріне осынау адалдықпен қарекеттердің қандай өзге тәсілдері жоққа шығарылатынын байқамай, қарама-қарсы тектегі болса да қателік жіберуге бейім. Осылай, мысалы, жиі-жиі кейбір функционалистер сиқыршылық немесе діни рәсімдік актылар мен нанымсенімдер қызметтік болып табылады, өйткені олар діндардың жан-күйі ахуалына және сенімділік сезіміне игі ықпал етеді деп оп-оңай қорытынды

17 Malіnowsky B. Op. cіt. P. 132. 18 Englіsh H.B. Symbolіc Versus Functіonal Equіvalents іn the Neuroses of Deprіvatіon // Journ. of Abnormal and Socіal Psychology. 1937. ¹32. P. 392; Lashley K.S. Basіc Neural Mechanіsms іn Behavіor // Psychologіcal Revіew. 1930. ¹37.

жасай қояды. Алайда көптеген жағдайларда осынау сиқыршылық практика бізге дүниауи және әлдеқайда бейімділік практикасын көріп, қабылдауға кедергі жасауы әбден мүмкін. Ф. Л. Уэллс көрсеткендей: “Есіктің маңдайшасына қағылған таға шешек эпидемиясы кезінде үй адамдарының рухын көтере алғанымен, шешек ауыруын тоқтата алмайтыны сөзсіз”. Ондай наным-сенімдер мен ғұрыптар өздері ұшыратылатын дүниауи сынақтарға төтеп бере алмайды және олар беретін сенімділіктің сақталатын себебі, сол шын сынақтардан қашқалақтайтындықтан”19. Өзінің теориясына сүйеніп, мұндай рәміздік рәсімдік қарекеттердің салдарларын тек индивидуумның санасының ахуалынан байқайтын, сөйтіп осылайша сиқыршылық практиканың қызметтілігі туралы байлам жасайтын функционалистер, көбіне-көп нақ осы практика қызметтің әлдеқайда тиімді түрлерінің орнына жүзеге асырыла алатынын елемейді. Және стандартталған практикалардың немесе институттардың қажеттілігін эмоциялық ынтымақтың өсуіне олардың игі ықпалына негіздейтін теоретиктер ең алдымен осынау практикалар мен институттардың ықтимал қызметтік алмастырғыштарына назар салып, жоғарыда көрсетілген тұжырымды содан кейін жасауы керек, өйткені фактылар оны қуаттағаннан гөрі, әлдеқайда жиі теріске шығарады. Сонымен, қызметтік үш постулатты қарастырудан талдаудың аталмыш әдісін кодификациялау жөніндегі әрекетімізде біздің басшылыққа алуымыз керек бірнеше негізгі қағида шығады. Біріншіден, қызметтік біртұтастық постулатын талдау тұсында біз барлық қоғамдардың толық кірігуін топшылауға болмайтынын байқаймыз. Қоғамның кірігушілік деңгейі туралы мәселе – эмпириялық зерттеудің шаруасы, және оны шешуге кіріскенде, біз қоғамдар кірігудің әрқилы дәрежелерін байқататынына дайын болуға тиіспіз. Дінді қызметтік тәпсірлеудің ерекше жағдайын қарастырған кезде біз мына бір жағдайға назар аудардық: адам табиғаты ерекше тұтас бола алатындығына қарамастан, осыдан жазу

19 Wells F. L. Socіal Maladіasments: Adaptіve Regressіon // Handbook of Socіal Psychology. Clark Un. Press, 1935.

қоғамдардың құрылымы жоғары дәрежеде жіктелген “жазуы бар” қоғамдарға ұқсас деген қорытынды шықпайды. Олардың біртектілік дәрежесінің айырмашылығы – айталық, бір қоғамда әрқилы бірнеше діннің болуы және екіншісінде болмауы - қорытындыларды бірінен екіншісіне көшіруді тым дүдамал ете алады. Бұл постулатты сыни көзбен қарастырғанда, қызметтік талдау теориясы аталмыш әлеуметтік қызмет бабын жасайтын әлеуметтік бірліктің өзіндік ерекшелігін анықтау талабын, сондай-ақ мәдениет құбылыстарының көптеген салдарлары болатынын, олардың кейбірі қызметтік болып табылатынын басқа біреулері қызметтік болмауы мүмкін екендігін мойындауды қамтуға тиіс. Әмбебап функционализмнің мәдениеттің барлық орнықты пошымдары міндетті түрде қызметтік болып табылады дейтін екінші постулатын қарастыру бізді функционализм әдісін жүйелеу кезінде ескеру қажет бірқатар пікірлерге алып келді. Осынау қарастыру кезінде мына нәрсе анықталды: біз осынау пошымдардың тек бейқызметтік, сондай-ақ қызметтік салдарларын табуға ғана емес теоретиктің алдынан, егер ол зерттеуінің практикалық сипатта болуын қаласа, бір немесе басқа әлеуметтік құбылыс салдарларының таза баланстық қорытындысын анықтау әдісін әзірлеудің қиын проблемасы міндетті түрде көлденеңдейтіндігіне де әзір болуға тиіспіз. Бір немесе басқа жоспарланатын қарекеттің ықтимал салдаларының шектелген, және, бәлкім, бейберекет таңдап алынған қатарын бағалауға негізделген сарапшы-әлеуметтанушының байламы жиі қателіктерден сау болмайтыныны және мүлде әділетті түрде құндылығы шамалы деп қаралатыны мүлдем айдан анық. Біз қажеттілік постулатында әрқилы екі қағида бар екендігін байқадық: олардың біреуі белгілі бір қызметтердің болу қажеттігін кесіп айтады да, содан қызметтік қажеттілік немесе қажетті қызметтік алғышарт ұғымы туындайды; екіншісі орын алып отырған әлеуметтік институттардың, мәдени пошымдардың және тағы сондайлардың қажеттілігі туралы айтады. Соңғы қағиданы сын тұрғысынан талдауы негізінде біз қызметтік баламалар, эквиваленттер немесе алмастырғыштар ұғымын тұжырымдадық.

Мұның үстіне осынау үш постулаттың жеке-жеке де, бірігіп те кең таралуы қызметтік талдау белгілі бір идеологиялық міндеттемелермен қажетті байланыста дейтін жиі айтылатын айыптаудың қайнар көзі болып табылады. Бұл мәселе қызметтік талдаудың басқа қырларын зерттеу кезінде алдымыздан талай рет көлденеңдей беретін болғандықтан, егер біздің назарымыз шешілуге тиіс талдаушылық проблемалардан идеологияға бой алдырған қайдағы бір әлеуметтік ғылым елесімен алаңдатыла беруін қаламасақ, оны дәл қазір қарастырған абзал.

ҚЫЗМЕТТІК ТАЛДАУ ИДЕОЛОГИЯ РЕТІНДЕ

Қызметтік талдаудың консервативтілігі

Көптеген сыншылар қызметтік талдауды, оның интеллектуалдық құндылығы қандай болса да, ол “консервативтік” (тіпті “керітартпалық”) бағдармен сөзсіз байланысты барған сайын шамырқана айыптады. Кейбір сыншылар үшін қызметтік талдау – қоғамдық және жеке мүдделердің принципті де бұлжымас тепе-теңдігі туралы XVІІІ ғасыр доктринасының осы заманғы нұсқасынан басқа түк те емес. Ол Адам Смит ұсынған доктринаның ажыратып алынған нұсқасы ретінде қарастырылады, ол өзінің “Моральдық сезім теориясында” мысалы, “жаратқанның пәрменімен бағытталған, адамның индивидуалдық бейімділіктерін іске қоса отырып, оның әл-ауқатын қамтамасыз ететін табиғаттың жарасымды тәртібі”20 туралы жазған-ды. Осыдан, дейді сол сыншылар, қызметтік теория дегеніміз орын алып отырған жағдайды қорғайтын және тіпті болар-болмас өзгерістерге де қарсы шығатын жай ғана консервативті әлеуметтанушының бағдары. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, қызметтік талдау А. Токвильдің таныс, үйркенікті нәрсені қажет нәрсемен шатастырмау туралы: “...біз қажетті институттар деп жүрген нәрсе, көбіне біз үйренісіп қалған институттар болып шығады...” деген сақтандыруын жүйелі

20 Vіner J. Adam Smіth and Laіssez Faіre // Journ. Of Polіtіcal Economy. 19377

түрде елемейді. Қызметтік талдау осынау бейкүнә адасудың құрбанына сөзсіз айналатынын әлі дәлелдей алу керек, алайда, қажеттік постулатын қарастыра отырып, бұл постулатты қабылдайтын болсақ, сондай идеологиялық айыптауға оп-оңай негіз беретінін көреміз. Қызметтік талдау консервативтілікке бейімдік үшін айыптаған сыншылардың таяудағы әрі типтік бірі Мюрдаль: “...егер кейбір затта “қызмет” болса, бұл заттың жақсы немесе бері салғанда мәні болғаны”. “Қызмет” терминінің тек, біз оны базбір көзделетін мақсат арқылы анықтасақ қана мағынасы болады; егер бұл мақсат көмескі болса, немесе мазмұны нақтыланбаған жай ғана “қоғам мүддесі” ретінде қабылданатын болса, онда аталмыш доктринадан шығатын практикалық қорытындыларда индивидуалдық айырмашылықтар мүмкіндігі айтарлықтай болғанымен, бәрібір оның негізгі бағыты әбден анық болып шығады: функция арқылы әлеуметтік институттардың анықтамасын олардың қызметі көмегімен баяндап беру консервативтік телеологияға жетелеуге тиіс.27 Мюрдальдың ескертпелері оның қорытындылары жағынан гөрі, алғышарттары жағынан ғибратты, өйткені ол, біз әлгінде атап өткеніміздей, институттарды қызмет көмегімен сипаттау кезінде біз сөз “консервативтік телеологияға” ұрынамыз деп бүкіл қызметтік талдауды айыптауын негіздеу үшін функционолистер соншалық жиі қабылдайтын постулаттардың екеуін ғана негізге алады. Бірақ Мюрдаль постулаттардың өзінің қажет екендігіне еш жерде күмән келтірмейді. Егер біз Мюрдальдың алғышарттарынан бас тартсақ, қызметтік талдаудың консервативтік тенденциясы қаншалық сөз болар еді деген сұрақ қою қызық болар еді. Ал іс жүзінде, егер әлеуметтанудағы қызметтік талдау консервативтік телеологияны былай қойғанда шынында да телеологиямен байланысты болса, ол толық негізбен, дереу бұлардан да қатты айыптауларға ұшырар еді, адамзат ойының тарихында телеология жөнінде сан рет солай болған. Қызметтік талдау reductіo ad absurdumға ұшырар еді. Онда қызметтік талдауға Құдай аузымызды мұрынның астына тағам иісін сезу үшін орналастырған деп тұжырған

27 Myrdal G. An Amerіcan Dіlemma. V. ІІ. N.Y. 1944. P. 1056

Сократтың тағдыры (басқа себептер бойынша болса да) бұйырар еді28. Не, өз уәждерін маңдайға жазылу постулаттары негізінде құрған христиан теологтарымен болғанындай, қызметтік талдау Бенджамин Франклин секілді біреудің тарапынан мистификацияға ұшырар еді, Франклиннің өзі “біздің ішкенімізді Құдай қалаған, өйткені шынтақтың буынын біз стақанды аузымызға дәл апарып, ернімізге тигізе алмай қалмайтындай етіп жасаған ғой. Сондықтан да стаканымызды қолға ала тұрып құдайдың құдіретіне рахмет айтамыз, да ішеміз!” деп соққан ғой. Немесе ол Мишле ескертпесі сияқты неғұрлым байсалды ескертпелердің құрбаны болуы мүмкін еді, ол былай деп жазған: “табиғатта барлығы қандай кемеңгерлікпен жасалған. Нәресте дүниеге келе салысымен, оған қамқор болуға дайын анасын табады”. Барлық басқа телеологиямен шектесетін өзге ой жүйесі секілді, әлеуметтанудағы қызметтік талдау, ол осынау қиын да құнарсыз аумаққа аттап баспауға ұмтылғанымен, ол орын алып отырған барлық әлеуметтік құрылымдар белгілі бір қызметтік қажеттіліктерді орындау үшін қажетті болып табылады деген постулатты қабылдайды екен, барлығын абсурдқа саю қатеріне ұшырау алдында тұрады.

Қызметтік талдаудың радикалдығы

Мына нәрсені атап өту жеткілікті қызғылықты: басқа бір байқаушылар қызметтік талдауды, ол өзінің табиғаты жағынан бар нәрсенің бәрі нақ солай болуға тиіс, сондықтан да біз ықтимал дүниелердің барлығының ең жақсысында өмір сүріп жатырмыз дейтін көзқараспен байланысты дегенге саятын айыптауға мүлдем кереғар қорытындыларға келеді. Бұл байқаушылар, мысалы Ла Пьер, қызметтік талдау өзінің табиғаты жағынан өзінің дүниетанымы бойынша сыншыл өзі берген бағаларда прагматикті әдіс болып табылады деп біледі. Құрылымдық баяндаудың қызметтік талдауға қарай қоғамдық ғылымдарда болған белгілі бір ойысуда, үстірт қарағандағыдан, әлдеқайда терең маңына... бар. Аталмыш ойысу әлеуметтік абсолютизммен

28 Farrіngton. Scіence іn Antіquіty. London. 1936.

және христиандық теологияның моралінен ірге ажыратуды бейнелейді. Егер кез-келген әлеуметтік құрылымның маңызды аспектісі оның қызметі болып табылса, онда бұдан ешқандай құрылым өзінен-өзі бағалана алмайды деген қорытынды шығады. Практикада бұл мысалы, патриархалдық отбасы жүйесі ұжым көзқарасы тұрғысынан ол ұжымдық мақсатты тек қай шамада қанағаттандыруына қарай оң ыңғайдағы мәнге ие болады. Әлеуметтік құрылым ретінде оның қара басына іштей тән ешқандай құндылығы жоқ, өйткені оның қызметтік құндылығы уақытқа және жеріне байланысты әрбір жолы өзгеріп отырады. Ұжымдық тәртіпке қызметтік тұрғыдан қарау, дау жоқ, өзіндік ерекше әлеуметтік психологиялық құрылымдардың өздігінен ішкі құндылықтары болатынына сенетіндердің барлығын қорлайды. Осылайша, шіркеудегі құлшылық – шіркеудегі құлшылық болғандықтан да жақсы дегенге сенетін адамдар үшін шіркеудегі кейбір құлшылық діни мән атаулыдан жұрдай пошымдық ғұрыптар ғана, енді біреулерін өзінің қызметі жағынан театр қойылымдарымен салыстыруға болады және ақырында көңіл көтерудің өзіндік бір пошымы болып шығатын, сондықтан бәрі де қызып алған той томалақпен салыстыруға болатын құлшылықтар да бар деген пікірлер – барлық осы пікірлер жібі түзу адамдардың адалдығын қорлайтын айбарақ немесе бері салғанда есуастық былшылы секілді көрінеді” 29. Қызметтік талдауға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын идеологиялық бағдарларды таңу фактысы оның өз табиғаты жағынан консервативті де, радикалды да емес екенін айғақтайды. Осы негізде қызметтік талдау қандай да бір нақты идеологиямен байланысты емес деп санауға болады, дегенмен, ол іштей әлеуметтік талдаудың кез-келен басқа пошымы сияқты, толып жатқан идеологиялық құндылықтардың кез-келгенімен байланыста бола алады. Әлеуметтік ғылымдардағы немесе әлеуметтік философиядағы кейбір теориялық бағдарлардан мүлдем кереғар идеологиялық салдар алынып жүргені бірінші рет емес. Сондықтан әлеуметтанушылық және әдістемелік тұжырымдамалар

29 La Pіere R. Collectіve Behavіor. N.Y., 1938. P. 55-56.

барынша әртүрлі идеологиялық айыптаулардың нысанасы болған теориялардың неғұрлым жарқын мысалдарын зерттеп, оларды, қаншалық мүмкін екендігіне қарай, қызметтік талдаумен салыстыру орынды секілді. Салыстырылатын жағдайды бізге диалектикалық материализм береді және біздің жұмыста оның протогонистері экономика тарихшысы, әлеуметтік философ, кәсіби революционер К. Маркс пен оның жақын досы әрі көмекшісі Ф. Энгельс болады.

Диалектикалық материализмнің идеологиялық бағдарлары Қызметтік талдаудың салыстырыла алатын идеологиялық бағдарлары 1. Гегельдің уысындағы диалектика тап болған мистификация, нақ Гегегльдің бірінші болып оның қозғалысының ортақ пошымдарының түбегейлі де саналы картинасын беруіне тіпті де бөгет болған жоқ. Гегегльде диалектиканың төбесі жерде. Мистикалық қабықтан ұтымды дәнді аршып алу үшін оны аяғына тұрғызу керек. 1. Кейбір талдаушыфункционалистер ешқандай негізсіз орын алып отырған барлық әлеуметтік құрылымдар қажетті әлеуметтік қызметтер атқарады деп топшылайды. Мұның бірі – қажет десеңіз соқыр сенім, мистицизм, бірақ байыпты да жүйелі зерттеудің түпкілікті нәтижелері емес. Бұл постулат, оны қоғамдық ғылымдар саласындағы ғалымдар қабылдай алуы үшін, мұра ретінде қабылданбай, нақты зерттеу процесінде қолға тиюге тиіс 2. Өзінің мистификацияланған пошымында диалектика неміс модасына айналды, өйткені ол орын алып отырған жағдайды мадақтайтын секілді болып көрінген. 2. Қызметтік бірліктің, әмбебаптықтың және қажеттіктің үш постулаты орын алып отырған жағдайды мадақтауға сөзсіз апарып соқтыратын алғышарттардың кейбір

жүйесін құрайды. 3. Өзінің ұтымды түрінде диалектика буржуазия мен оның доктринер-идеологтарына тек өшпенділік пен үрей егеді, өйткені орын алып отырғанды позитивтік түсінуге ол бір мезгілде оның терістелуін түсінуді, оның қажетті ажалын енгізеді. 3. Өзінің эмпиристік бағытталған және талдаушылық дәл пошымдарында қызметтік талдау орын алып отырған әлеуметтік құрылымдарды көбіне-көп мәңгілік те өзгермейтін нәрселер деп білетін адамдарда күмән туғызады. Қызметтік талдаудың осынау неғұрлым дәл пошымы өзіне орын алып отырған әлеуметтік құрылымдардың қызметін зерттеуді ғана емес, сондай-ақ олардың әрқилы әлеуметтік жағдайдағы индивидтер үшін, кіші топтар немесе әлеуметтік қыртыстар және неғұрлым кең қоғамдар үшін дисфункциясын да зерттеуді қамтиды. Қызметтік талдаудың бұл нұсқасы ие болатын уақытша гипотеза ретінде, біз төменде көретініміздей, егер орын алып отырған әлеуметтік құрылым салдарлары жиынтығының таза балансы анық дисфункциялы болып шықса, онда сол құрылымды өзгертуді мақсат ететін күшті де табанды қысым туындайды. Бәлкім, бұл әлі анық белгіленбесе де, белгілі бір сын сәті соғатын шаққа жеткенде азды-көпті күні бұрын анықталған

әлеуметтік өзгерістер бағытына сөзсіз алып келеді. 4. “Әрбір жүзеге асырылған пошымды ол қозғалыста, демек, оның өтпелілік жағынан да, қарастырады, ол ешкімге бас имейді және өзінің мәнісі жағынан сыншыл да революцияшыл”. 4. Қызметтік талдау әлеуметтік құрылым өзгерістің динамикасынан гөрі әлеуметтік құрылымның статистикасына жиі шоғырланатынымен, бәрібір бұл жағдай талдаудың аталмыш тұрпатына бұл жағдай талдаудың аталмыш тұрпатына тән болыфп табылмайды. Дисфункцияға, дәл сол секілді функцияға көңіл бөле отырып, талдаудың бұл тәсілі тек әлеуметтік тұрақтылықтың негіздерін ғана емес, әлеуметтік өзгерістердің ықтимал қайнар көздерін де анықтай алады. “Тарихи дамыған пошымдар” деген тіркестің өте пайдалы екендігі, оның бізге әлеуметтік құрылымдар, әдетте, айқын өзгере алатындығын ескерте алатындығынан да. Әртүрлі тұрпаттағы өзгерістерді жасайтын қысымдарды аңғарту ғана қалады. Қызметтік талдау қызметтік салдарларға толық шоғырланатын шамада, ол ультраконсервативтік идеологияға ойысады; тек қызметтік салдарларға жүгінетін шамада ол ультрарадикалдық утопияға ойысады. Ал мәнісіне келгенде, ол радикалды

да, консервативті де емес. 5. “... Тарих барысында бірін-бірі алмастырып отыратын барлық қоғамдық тәртіптер адамзат қоғамының төменгі сатыдан ең жоғары сатыға қарай шексіз дамуының өтпелі баспалдақтары болып табылады, Әрбір баспалдақ қажетті және, осылайша, ол өзінің пайда болғаны үшін қарыздар сол уақыт үшін және сол жағдайлар үшін өз ақтауына ие болады”. 5. Әлеуметтік құрылымдар тұрақты өзгеріс процесінде болатынын мойындауға мәжбүр талдаушы-функционалистер соған қарамастан әлеуметтік құрылымның өзара тәуелді және көбіне бір-бірін өзара қолдап отыратын элементтерін зерттеуге тиіс. әдетте, қоғамдардың көпшілігі, олардың барлық демесек те көптеген элемнеттері бір-бірімен өзара үйлесетін дәрежеде кіріккен болып шығады. әлеуметтік құрылымдар атрибуттардың кездейсоқ жиынтығы болып табылмайды, қайта сол атрибуттар өзара байланысты және бір-бірін өзара қолдап отырады. Бұл фактыны мойындау әрбір ststus quo’ны тіпті де талғамай қабылдай беру деген сөз емес; ал оны мойындамау – радикал утопизмнің әзәзілдігіне елігу деген сөз. 6. бірақ ол өзінің төл қойнауында бірте-бірте өсіпжетілетін жаңа, неғұрлым жоғары шарттар алдында босаңсып, өзінің ақталуынан айрылады. Ол неғұрлым жоғары сатыға жол беруге мәжбүр болады, бірақ сол да өз кезегінде 6. Әлеуметтік құрылымдағы, сол құрылымда тіршілік ететін элементтердің дисфункциялық салдарлары ретінде қордалана беретін шиеленіс пен деформациялар тиісті әлеуметтік жоспарлау көмегімен оның әлдене шағын

құлдырауға жетеді де, ажал құшады. бөлігімен шектелмейді, қайта уақыт өте келе институттардың қирауына және іргелі әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Осынау өзгерістер белгілі бір, анықтау қиын шектен шыққан кезде, жаңа әлеуметтік жүйе пайда болды деу қабылданған. 7. Ол (диалектика) барлығынан және барлығында даусыз күйреу таңбасын көреді, және пайда болу мен жойылудың, төменнен жоғарыға шексіз өрлеудің процесінен басқа ештеңе төтеп бере алмайды... Рас, оның консервативтік жағы да бар: таным мен қоғамдық қатынастардың дамуының әрбір баспалдағын ол өзінің заманы мен өзінің жағдайына қарай ақтайды, бірақ одан артық емес. Түсінудің осы тәсілінің консерватизмі салыстырмалы ғана, оның революциялық сипаты абсолютті – диалектикалық философия мойындайтын бірден-бір абсолютті нәрсе міне осы ғана. 7. Алайда біз тағы да өзгерістер де өздігінен, стаитиктік те өздігінен талдаушы-функционалистің зерттеуінің пәні бола алмайды. Біз әлемдік тарих барысын қарастырғанда мынаны жеткілікті айқын көре аламыз: барлық негізгі әлеуметтік құрылымдар, уақыт өте келе, не бірте-бірте өзгереді, не кенеттен тіршілік етуін тоқтатады. Бұл екі жағдайда да олар мәңгілік орнықты да өзгерістерге көнбейтін нәрсе орнықты да өзгерістерге көнбейтін нәрсе болып қала алмайды. Бірақ кейбір аталмыш сәтте сондай кез-келген әлеуметтік құрылым өзіне кіретін адамдардың көптеген немесе көпшілік субъективті құндылықтарына да, ол өзі тап болатын объективті жағдайларға да жеткілікті жақсы бейімделе алады. Бұл жағдайды мойындау – сыңаржақ иедологияны емес, фактыларды

мойындау деген сөз. Дәл сол шамада, егер әлеуметтік құрылымды байқапбақылау кезінде, ол адамдардың қажеттіліктерімен және нақ сондай орнықты қарекет жағдайымен байланысынан айрылып қалғаны аңғарылса, бұл да сойындалуға тиіс. Тек осы екеуін де мойындауға бел байлаған адам ғана талдаушыфункционалист бола алады.

Диалектикалық материализм мен қызметтік талдаудың бірдей мәселелер бойынша идеологиялық бағдарларын жүйелі салыстыру бізді мынадай қорытындыға алып келеді: қызметтік талдау, диалектика секілді, өзіндік ерекше идеологиялық тенденциялармен тіпті де қажетті түрде байланыспайды. Бұл ондай тенденциялар жасырын пошымда қызметтік талдау жөніндегі жұмыстарда орын алмайды деген сөз емес. Бірақ осынау иеологиялық бағыттылық қызметтік теорияның ішкі сипаттамасынан гөрі, көбіне сыртқы сипаттамасы секілді көрінеді. Мұнда, интеллектуалдық қызметтің басқа да салаларындағыдай, теріс пайдалану мүмкіндігі оны қолдану мүмкіндігіне бірдеңесімен бөгет бола алмайды. Сыни тұрғыдан қайта қаралған қызметтік талдау негізгі идеологиялық жүйелер жөнінде бейтарап болып қала береді. Осы шамада және тек шектеулі мағынада ол физика ғылымдарының өздерінің қарама-қарсы топтардың және көбіне-көп ғалымдар ниетінде болмаған мақсатта пайдаланылуына инферентті теорияларына немесе аспаптарына ұқсайды.

Діннің идеологиясы мен қызметтік талдануы

Бұл жағдайда да қызметтік талдау логикасын қалған барлық мәселелер жөнінде қарама-қарсы позиция ұстанатын адамдар қалай қабылдайтынын көрсету үшін дін қызметі проблемасына байланысты туындайтын пікірталастарды, қысқаша болса да, қарастыра кету аса тағлымды болар еді. Діннің әлеуметтік рөлі туралы мәселе, әрине, жаңа туындаған мәселе емес, ол ғасырлар бойы талай рет көтерілген мәселе. Бұл мәселемен айналысқан барлық бақылаушылар дін әлеуметтік бақылаудың институттандырылған құралы деген тұжырымға байырқаған. Бұл көзқарас Платонның “ізгі өтірік” ілімінде де, Аристотельдың “бұқараның көзін жеткізуге ұмтылады” деген пікірінде де, Полибийдің соған ұқсас “бұқара... тек құпия да қасіретті нәрседен қорқыныш пен үрей көмегімен ғана басқаруға болады” деген тұжырымында да білдірілді. Егер Монтескьё Рим заң шығарушылары туралы “олар ештеңеден қорықпайтын халыққа құдайлардан қорқуды сіңіріп, сол қорқынышты халықты өздері қалаған жаққа жетелеу үшін пайдалануға” ұмтылды десе, Джавахарлал Неру өз тәжірибесінің негізінде былай деп атап өткен: “британ шенеуніктері Үндістандағы саяси тұтқындарға ұсынатын бірден-бір кітаптар немесе романдар болатын. Британ үкіметінің жүрегіне діннің қаншалық және ол соның барлық түрлерін бөліп-жармай көтермелеп отыратыны таң қалдырады”. Осылардан көруге болатынындай, дін бұқараны басқаруға қызмет етеді дегенді бір немесе басқа пошымда орнықтыратын ежелгі де берік ой дәстүрі бар. Сондай-ақ, осынау негізгі идеяны білдіру тәсілдері бізге бір немесе басқа ойшылдың идеологиялық нұсқауларының сырын ашу кілтін беретін секілді көрінеді. Діннің осы заманғы қызметтік талдануындағы жағдай қандай? Дін әлеуметтануындағы осы заманғы бірнеше басты теорияларды сыни талдауында Парсонс «діннің қызметтік мән” туралы мәселе бойынша бірнеше негізгі тұжырымдарды қорытады: «... егер моральдық нормалар мен оларды қолдап отыратын сезімдердің бірінші дәрежелі сондай маңызды болса, онда олар қоғамда мәжбүрлеудің сыртқы процестерінен өзгеше қандай механизмдердің

көмегімен сақталып отырады? Дюркгеймнің пікірі бойынша, қоғамның институциялық кірігуі үшін төтенше өзекті сезімдерді білдіру мен нығайтудың механизмі ретінде нақ діни ғұрыпты аса маңызды мәні болды. Осынау көзқарас, анық көрініп отырғанындай, ауыр эмоциялық ахуалға байланысты топтың ынтымағын жаңадан орнықтыратын әлдене механизм ретіндегі жерлеу рәсімінің маңызы жөніндегі Малиновскийдің көзқарасына жақын. Осылайша, Малиновскиймен салыстырғанда Дюркгейм дін мен әлеуметтік құрылым арасындағы өзіндік ерекше қатынастардың кейбір қырларын неғұрлым анық пошымда айқындады және мұның үстіне аталмыш проблеманың жаңа қызметтік перспективасын көрсетті, өйткені ол оны эмоциялық салмақ пен индивидуумға түсетін ауыртпалықтың нақты ахуалына сүйене отырып, бүтін ретінде қоғамға қолданды”. Тағы бір жолы, дін әлеуметтануы саласындағы салыстырмалы зерттеулердің басты біреуінің өзекті жаңалығын қорыта келіп, Парсонс былай дейді: «...бәлкім Вебердің дінді талдауындағы ең қайран қалдырарлық белгі әлеуметтік тұрғыдан рұқсат етілген құндылықтар мен дүниауи өмір мақсаттарының нұсқалары және ұлы өркенияттардың үстем діни философиясы нұсқаларының арасындағы аса тығыз байланысты дәлелдеу болар21. Осы секілді, АҚШ-тағы нәсілдік және этностық азшылық арасындағы діннің рөлін зерттеген Дональд Янг олардың “әлеуметтік тұрғыдан рұқсат етілген мақсаттары мен дүниауи өмірдегі құндылықтары” және олардың “үстем діни философиясы” арасындағы атап өтеді: “Кейбір азшылықтың дін орындауға тиісті қызметтердің бірі аталмыш азшылықтың төменгі әлеуметтік статусы мен сол статустың кемсітушілік салдарларын татуластыру болуы мүмкін. Діннің осы қызметті атқаратындығының дәлелі американдық этностық азшылықтың барлығының арасында табыла алады. Екінші жағынан, діни институттар төмен әлеуметтік статусқа қарсы көтерілісті қоздырып, қолдап отыратындай жолмен дамуы мүмкін. Мәселен, христиан үндістер, ілуде бір болмаса, мәжуси үндістерге қарағанда, неғұрлым

21 Parsons T. Op. cіt. P. 61, 63.

мойынсұнған болып келеді. Христиандық та, мәжусилік те элементтерді біріктіретін ерекше культтер индивидуалдық және топтық жағдайларға жарай беретін діни лебіз тәсілдерін жасау әрекеттері арқылы сәтсіздікке бұйырылған болатын. Сол культтердің бірі (“аруақ биі”) өзінің ақ нәсілді адамнан бостан мың жылдық дәуірінің басталғаны туралы ілімімен көтеріліске ынталандыратын, Негрлердегі христиандық, онда орын алып отырған тәртіпті сөз жүзінде сынау көтермеленгенімен, сонымен бірге о дүниедегі рахатқа үмітпен бұл жалғанның қайғы-қасіретін қабылдаудың қажеттілігін атап көрсетілетін. Еуропа мен Мексикадан иммигранттар әкелген христиандық пен иудаизмның толып жатқан нұсқалары, ортақ ұлтшылдық элементтерінің болуына қарамастан, дәл сол секілді тікелей дереу қарекет жасаудан гөрі, жер бетіндегі азаптың келешек өтеуі туралы баса айтқанды жөн көретін.22” Өзінің идеологиялық шығу тегі жағынан айтарлықтай өзгеше осынау алуан түрлі және шашау ескертпелер, кейбір негізгі сәттері бойынша ұқсастығын байқатады. Біріншіден, олардың барлығы нақты діни жүйелердің салдарларын үстем ететін сезімдер үшін, жағдай мен қарекетті анықтау үшін қарастырады. Сол салдарлардың қандай екендігі туралы пікірлердің сөйкестігінің зор дәрежесі байқалады. Олар: үстем моральдық нормаларды нығайту, сол нормаларды мойынсұнып қабылдау, атаққұмарлықты тежеу және өтеуін кейінге қалдыру (егер діни доктрина осыны талап етсе) және тағы сондайлар деп саналады. Алайда, Янг атап өтетініндей, белгілі бір жағдайларда діндер көтеріліске арандата алады, немесе, Вебер көрсеткеніндей, діндер әлеуметтік құрылым түрін өзгертуді өздерінің мақсаты етіп қойған көптеген еркектер мен әйелдердің тәртібіне сарын беріп, бағыттайтын факторлар ретінде де бой көрсеткен. Сондықтан барлық діндер барлық жерде бір ғана қызметті, атап айтқанда – бұқараны енжар қызметін атқарады деп тұжыру жаңсақ болар еді. Екіншіден, марксистік көзқарас имплицитті, ал функционализм ашық түрде мына негізгі қағиданы орнықтырады: діндер жүйесі тәртіпке ықпал етеді, олар жай ғана эпифеномен емес, қайта ішінара тәртіптің тәуелсіз

22 Young D. Amerіcan Mіnorіty Peoples. N.Y., 1937. P. 204.

детерминанттары, өйткені, тегінде адам апиынды қабылдайтыны, немесе қабылдамайтыны бәрібір еместігі секілді, тегінде кейбір дінді “бұқараның” қабылдауы немесе қабылдамауы да бәрібір емес. Үшіншіден, бұрынғы теориялар да, нақ марксист емес Дональд Янг істейтініндей, діни наным-сенімдер мен ғұрыптардың қоғамдағы әрқилы кіші топтар мен қыртыстар үшін, мысалы, “бұқара” үшін жіктеушілік салдарларын қарастырады. Функционалист, біз көргеніміздей, жалпы қоғам үшін белгілі бір діннің салдарларын міндетті түрде зерттеуге тиіс емес. Төртіншіден, дін “қоғамның институциялық кірігуі үшін төтенше өзекті мәні бар нығайтудың” әлдене әлеуметтік механизмі болып табылады дегенге баса көңіл бөлуі арқылы функционалистер өздерінің тұжырымдамалық талдаушылық аппараты бойынша марксистерден айтарлықтай өзгешелене қоймайды деген әсер қалыптаса бастады. Марксистер, көріп отырғанымыздай, “Дін – халыққа арналған апиын” деген метафораны әлеуметтік фактыны бейтарап ақиқатқа айналдырды және дін діндарлар арасында белгілі бір дүниауи, сондай-ақ қасиетті сезімдерді нығайтуды мақсат ететін әлдене әлеуметтік механизм ретінде қисылдайды дегенді кесіп айтады. Көзқарастардағы айырмашылық тек әңгіме екі теория да қабылдайтын осынау фактыға баға беру жөнінде өрбігенде ғана пайда болады. Функционалистер әрқилы құндылықтар мен мүдделер тұрпаттары айналасында жүзеге асырылатын кірігудің әрқилы салдарларын зерттемей тек “институциялық кірігу” туралы ғана айтатын шамада, олар өздерін таза пошымдық тәпсірмен шектейді, өйткені кірігу анық пошымдық ұғым. Қоғам қатаң касталық, реттеушілік және бағынышты әлеуметтік қыртыстардың сөзсіз мойынсұнуы нормаларының төңірегінде кіріктіріле алады, нақ сол секілді ол өзін-өзі көрсете алудың кең салаларындағы анық белсенділік және уақытша төмен жағдайда тұрған әлеуметтік жіктер арасындағы тәуелсіз пікірлер нормаларының төңірегінде де кіріге алады. Марксистер, ешқандай шектеусіз, барлық діндер және барлық жерде, олардың доктриналық мазмұны мен ұйымдық пошымына қарамастан, бұқараға арналған “апиын” болып табылады

деп кесіп айтатын шамада, олар да таза пошымдық тәпсірге бой алдырады, ол тәпсір, біз Янгтан алынған цитатадан көретініміздей, нақты діндер нақты әлеуметтік құрылымдардағы бұқараны маужыратудан гөрі, белсенді ететіндігі мүмкіндігін көздемейді. Осыдан, талдау логикасында емес, нақ діннің осы қызметтеріне баға беруде марксистер мен функционалистер бір-бірінен ірге ажыратады. Нақ баға беру арқылы функционализм ыдысына идеологиялық мазмұн құйылады. Ал сол ыдыстардың өзі ішіне құйылған нәрсеге бейтарап болып қала береді; және идеологиялық уды да, идеологиялық шәрбатты да сақтауға бірдей дәрежеде қызмет ете алады.

ПРОЦЕДУРА ЛОГИКАСЫ

Қызметтік бағдардың кең таралуы

Әрине, қызметтік бағдар жаңа нәрсе емес және қоғамдық ғылымдармен шектелмейді. Егер оның тұтас бір басқа пәндере ертерек пайда болып, кеңінен таралуымен салыстырсақ, әлеуметтану сахнасында ол салыстырмалы түрде кеш көрінді. Функционализмнің практикада фактыларды олардың өздері бөлшегі болып табылатын үлкен құрылымдар үшін маңызын белгілеу жолымен түсіндуден көрінетін орталық идеясын, шындап келгенде, адам туралы барлық ғылымдарды: биология мен физиологиядан, психологиядан, экономика мен юриспруденциядан, антропология мен әлеуметтанудан табуға болады. Қызметтік дүниетанымның кең таралуы өздігінен оның ғылыми құндылығына кепілдік бермейді, дегенмен жинақталған тәжірибе биолоиялық организм ретінде, қарекеттің психологиялық субъектісі, қоғамның мүшесі және мәдениеттің иесі ретінде адамды барлық бақылаушы-зерттеушілер бұл бағдарды қабылдауға итермелегенін көрсетеді. Неғұрлым елеулісі мынау: бұрын басқа ғалымдар жинақтаған тәжірибе біздің қолымызға әлеуметтанудағы қызметтік талдау үшін пайдалы

методологиялық үлгілер бере алады. Осынау, көбіне-көп неғұрлым дәл пәндердің талдаушылық процедурасының канондарын пайдалану тіпті де олардың өзіндік ерекше тұжыжырымдамалары мен әдістемелерін толық қабылдау деген сөз емес. Биологияда ойдағыдай қолданылып жүрген зерттеу қисынын пайдалану дегеніміз организмдік әлеуметтанудың ізбасарларын ұзақ уақыт бойы арбаған көбісі пайдасыз ұқсастыру мен гомологияны қабылдауға қайта айналып келу деген сөз емес. Биология ғылымының методологиялық шеңберін зерттеу ғылымның өзіндік ерекше пәні сипаттайтын ұғымдарды қабылдау деген сөз емес. Эксперименттің қисындық құрылымы, мысалы, физикада, химияда немесе психологияда өзгешелене қоймайды, дегенмен олардың субстанциялық гипотезалары, техникалық құралдары, негізгі ұғымдары мен іс жүзіндегі қиындықтары бір-бірінен қатты өзгешелене алады. Дәл сол секілді антропологиядағы, әлеуметтанудағы немесе биологиядағы экспериментті алмастырғыштар – жоспарланған, ұйымдастырылған бақылау, салыстыру және “айыра білу” әдісі – өзінің қисындық құрылымы жағынан өзгешеленбейді. Сондықтан Кэннонның физиологиядағы зерттеу қисынын қысқаша қарастыруға жүгінгенде біз әлеуметтану үшін де пайдалы болуы мүмкін әлдене методологиялық үлгіні табуға ұмтыламыз, бірақ біз Кэннонның биологиялық организм мен қоғам құрылымдары арасындағы сәтсіз гомологияларын қабылдамаймыз. Физиологиядағы зерттеу қисыны, Кэннон бойынша, шамамен былай болып келеді. Клод Бернардың негізгі идеясын қабылдай отырып, Кэннон әуелі организм салыстырмалы орнықтылық пен тұрақтылықты талап ететінін көрсетеді. Сонда, физиологтың міндеттерінің бірі “организмнің орнықты ахуалын қамтамасыз ету тәсілдерін нақты да егжей-тегжейлі түсіндіру” болып шығады. Кэннон келтірген осынау “нақты да егжей-тегжейлі” түсіндірулерді қарастыра отырып, біз оларды түзудің ортақ мәнері оның қандай өзіндік ерекше проблеманы қарастырып отырғанына қарамастан, өзгеріссіз қала беретінін көреміз. Кэннонға тән түсіндіру түзілімі былай болып келеді: “Қан ... нәр беретін заттар мен қоқыстарды әлдене баршаға бірдей

тасымалдаушының әрқилы қызметін орындайтын айналып тұратын орта ретінде қызмет ету үшін... қанды, оның ағып кету қаупі туындайтын әрбір жолы, тамыр жүйесінде ұстап тұратын әлдене механизмдер болуға тиіс ”. Немесе, басқа бір қағиданы алайық: “Клеткалардың тіршілігін сақтау үшін, қан жеткілікті жылдамдықпен тірі клеткаларға оттегі қорын жеткізіп тұруы қажет”. Органикалық жүйенің қажеттіліктерін белгілеп алып, Кэннон содан кейін сол талаптардың барлығының қанағаттандырылуына көмектесетін әрқилы механизмдерді (мысалы, тромбтың құралуына жетелейтін күрделі өзгерістер: жарақаттанған тамырдың қан айналымы жиілігінің кемуіне апарып соқтыратын қысылып қалуы, адреналиннің жеделдете бөлінуі және оның бауырға ықпалынан тромбтың жедел құралуы және т.б.) егжей-тегжейлі сипаттауға кіріседі, немесе ол қалыпты организмде оттегінің қажетті қорын қамтамасыз ететін түрлі биохимиялық құрылғыларды және осы құрылғылардың бірі қалыпты жұмысын тоқтатқан жағдайда оның орнын толтыратын процестерді баяндайды. Биология ғылымдарындағы қызметтік көзқарас қисынының жалпы пошымы төмендегі қадамдардың өзара байланысты дәйектілігін қамтиды. Біріншіден, организм тірі қала алуы немесе біршама дәрежеде тиімді қимылдауы үшін қанағаттандырылуы тиіс организмнің белгілі бір қызметтік талаптары белгіленеді. Екіншіден, “қалыпты” жағдайда сол талаптардың кәдуілгі қанағаттандырылуы қамтамасыз етілетін механизмдердің (құрылымдар мен процестердің) нақты да егжей-тегжейлі баяндалуы болады. Үшіншіден, егер осы талаптарды қанағаттандыратын кәдуілгі механизмдердің кейбіреулері бұзылса немесе дұрыс қызмет етпесе, бақылаушы қажетті қызметтерді атқаратын алмастырғыш механизмдерді (егер бар болса) табу қажеттігін сезінеді. Төртіншіден, жоғарыда баяндалғандардың барлығында да өзі үшін қызметтік талаптар орындалатын құрылымның егжей-тегжейлі суреттелуі, сондай-ақ қызмет солардың көмегімен орындалатын механизмдердің егжейтегжейлі баяндалуы бар деп есептеледі.

Биология ғылымында қызметтік талдау қисынының берік орныққандығы соншалық, жоғарыда келтірілген ережелер өзінен-өзі белгілі нәрселер сияқты қабылданады. Әлеуметтануда қызметтік талдаудың соншалық нақты талдап әзірленген қисыны жоқ. Мұнда зерттеудің схемасы қандай болуы керектігі туралы бірауызды пікір жоқ. Біреулер үшін талдау дегеніміз әлеуметтік жүйенің “бөліктері” арасындағы эмпириялық өзара қатынасты анықтап алу; басқалар үшін – әлдене әлеуметтік стандартталған практиканың немесе әлеуметтік ұйымның “қоғам үшін құндылығын” табу; үшінші біреулер үшін – пошымдық әлеуметтік ұйымның мақсаттарын егжей-тегжейлі сипаттау. Әлеуметтанудағы қызметтік талдауды жүргізудің сан алуан әдістерін зерттеу бізді мынадай байламға алып келеді: әлеуметтанушылар, айталық, физиологтардан өзгеше, әдетте, зерттеудің операциялық ұтымды процедурасына ие емес, қажетті мәліметтерді жүйелі түрде жинамайды, ақиқаттылықтың бірдей өлшемдерін қолданбайды. Басқаша айтсақ, біз физиологиядан қызметтік талдаудың әдісін сипаттайтын стандартты ұғымдардың, әдістемелер мен схемалардың әлдене жиынтығын табамыз, ал әлеуметтануда біз көбіне жекелеген әлеуметтанушылардың мүдделері мен талғамдарына тәуелді ұғымдардың әдістемелері мен схемаларының конгламератына тап боламыз. Әрине, екі ғылым арасындағы осынау айырмашылық – және, бәлкім, айтарлықтай дәрежеде – физиологтар мен әлеуметтанушылар зерттейтін мәліметтердің сипатындағы айырмашылыққа байланысты. Физиологияда эксперимент жасау үшін бар салыстырмалы мүмкіндіктер, әлеуметтануда жоқ дерлік екендігі әбден жақсы белгілі. Бірақ бұл біз бір жағдайда көретініміздей зерттеу процедуралары мен тұжырымдамалық аппаратты жүйелі түрде реттеуді, ал екінші бір жағдайда қызметтік әлеуметтанудағы сол процедуралар мен аппараттың іру-тіру, көбіне үйлестірілмеген және көбіне қате сипатын түсіндіріп беруі екіталай.

Әлеуметтанудағы қызметтік талдау үшін парадигма

Әлеуметтанудағы қызметтік талдауды кодификациялау бағытындағы алғашқы тәжірибелік қадам ретінде аталмыш көзқарас үшін орталық болып табылатын ұғымдар мен проблемалардың парадигмасы ұсынылады. Аталмыш схеманың негізгі компоненттері қызметтік талдауға телінетін терминологияны, постулаттарды, ұғымдар мен идеологиялық бағдарларды жасалған сын тұрғысынан қарастырып, жоғарыда баяндау барысында пайда болғаны көп ұзамай айқын болады. Олар схемада ықшамдалған пошымда бірге жинақталған, мұның өзі қызметтік талдаудың негізгі талаптарын бір мезгілде қарастыруға мүмкіндік береді және зерттеушінің өзі ұсынатын тәпсірлерге түзету енгізуіне мүмкіндік береді, ұғымдар ұзақ-сонар толғамдарда шашырап, тығылып жатса бұған қол жеткізу қиын болар еді. Аталмыш парадигма бізге қызметтік талдау ұғымдарының, әдістемелерінің және тұжырымдарының негізгі түйінін береді. Бәрінен бұрын мынаны атап өту қажет: парадигма жаңадан енгізілетін бірқатар категориялар емес; бұл қызметтік талдаудағы қолда бар зерттеулер мен теорияларды сыншыл талдау барысында алдымыздан көлденеңдеген ұғымдар мен проблемалардың кодификациясы. (Осы тараудың алдағы бөлімдеріне жүгіну оларды әрбір категорияның парадигмасына енгізілу үшін негіз салынғанын көрсетеді).

1. Қызмет телінетін құбылыс (құбылыстар) Барлық әлеуметтану құбылыстарына қызметтік талдау жасала алады, олардың талайына мұндай талдау жасалды да. Басты талап – талдау объектісі стандартталған (яғни типтелген, қайталанып отыратын) құбылыс болсын, олар – әлеуметтік рөл, институциялық тұрпаттар, әлеуметтік процестер, мәдени стандарттар, аталмыш мәдениеттің нормаларына сәйкес білдірілген эмоциялық реакциялар, әлеуметтік нормалар, топтық ұйымдар, әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік бақылау құрылдары және т.б. Негізгі сұрақ: аталмыш құбылыс жүйелі қызметтік талдануға тиісті болса, оны бақылау хаттамасына не енгізілуге тиіс?

2. Субъективті алғышартттар ұғымдары (сарындар, мақсаттар) Қызметтік талдаудың бір белесінде біз зерттелетін жүйеге енгізілген индивидтер қызметінің сарындары туралы түсініктерге тікелей немесе жанама түрде сөзсіз жүгінеміз. Алдыңғы баяндаулар көрсеткеніндей, субъективті бейімділіктің осынау ұғымдары солармен байланысты, бірақ олардан өзгеше әлдене пікірдің, сенімнің және тәртіптің объективті салдарларының ұғымдарымен жиі-жиі қате теңестіріледі. Негізігі сұрақ: талдаушылық зерттеулердің қандай тұрпаттарында бақыланатын сарындарды бастапқы факт ретінде, мәлімет ретінде алу жеткілікті, және қандай тұрпаттарында оларды басқа мәліметтерден туындайтын проблемалық сарындар деп қарастыру керек?

3. Объективті салдарлар (қызмет, қызмет етпеу) ұғымдары “Қызмет” ұғымының осы заманғы түсіндірулерінде жаңсақтықтың екі тұрпаты бар: 1) Әлеументтанушылық бақылауды әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік немесе мәдени жүйеге позитивтік үлестерімен шектеу тенденциясы; 2) Сарынның субъективті категориясын қызметтің объективті категориясымен шатыстыру тенденциясы. Осы шатыстыруды жою үшін тиісті тұжырымдамалық ажыратулар талап етіледі. Бірінші проблема салдарлардың көптігі және салдар жиынтығының таза баланстық қорытындысы ұғымдарын талап етеді. Қызметтер – бақыланатын, аталмыш жүйенің адаптациялануына яғни бейімделуіне жәрдемдесетін салдарлар. Қызмет етпеу – бақыланатын, жүйенің бейімделуін яғни адаптациялануын кемітетін салдарлар. Сондай-ақ қызметтік емес салдарлардың да болуының эмпириялық мүмкіндіктері бар, олар қарастырылып отырған жүйе үшін жай ғана бары-жоғы бәрібірі салдарлар.

Кез-келген аталмыш сәтте құбылыстың қызмет ететін салдарлары да, қызмет етпейтін салдарлары да болуы мүмкін. Бұл біздің алдымызға салдарлар жиынтығының таза қорытынды балансын дамыту принциптерін анықтаудың қиын да маңызды проблемасын көлдеенң тартады (бұл, әрине, саясатты бағыттау, қалыптастыру және жүргізу үшін қызметтік талдауды пайдалану тұсында ерекше маңызды болып табылады). Сарын және қызмет ұғымдарын жаңсақ қолдану тұсында пайда болатын екінші проблема бізден субъективті мақсаттар объективті салдарлармен сәйкес келетін жағдай мен олар сәйкеспейтін жағдайлардың арасына ұғымдық ажырату енгізуді талап етеді. Жария қызметтер – бұлар жүйені реттеуге яғни оның бейімделуіне үлес қосатын және жүйеге қатысушылардың ниетіне енген, санамен түсінген объективті салдарлар. Жасырын қызметтер, тиісінше – қаперге алынбаған және саналы түсінілмеген объективті салдарлар. Негізгі сұрақ: бұрын жасырын болып келген қызметтердің жария қызметке айналуының нәтижелері (адам тәртібіндегі білім рөлі проблемасын және адам тәртібімен “манипуляция жасау” проблемаларын қоса) қандай?

4. Қызмет күтім жасайтын әлеуметтік бірлік ұғымы Талдауды жалпы “қоғам” үшін орындалатын қызметтермен шектеу тұсында туындайтын қиындықтарды біз жоғарыда көрдік, өйткені құбылыстар бір индивидтер мен кіші топтарға қызмет ететін, басқа біреулерге қызмет етпейтін құбылыстар болуы мүмкін. Сондықтан құбылыстың анық белгіленген салдарлары болатын бірліктердің: статусы әрқилы индивидтердің кіші топтардың, үлкен әлеуметтік жүйелердің және мәдени жүйелердің (терминологиялық жағынан бұл психологиялық қызмет, топтық қызмет, мәдени қызмет және т.б. ұғымдарын көздейді) әлдене жиынтығын қарастыру қажет.

5. Қызметтік талаптар (қажеттіліктер, тіршілік ету алғышарттары) ұғымы Қызметтік талдау және сонымен байланысты зерттеу атаулы қарастырылатын жүйенің ойдағы немесе анық білдірілген қызметтік талаптар ұғымының болуын көздейді. Басқа бір жұмыста атап өтілгеніндей,23 бұл ұғым қызметтік теориядағы эмпириялық мазмұн тұрғысынан ең бұлыңғыр да барынша даулы ұғым болып табылады. Әлеуметтану тұрғысынан қолданғанда ол не тавтология болып шығады, не постфактум анықталады. Оның мазмұнын аталмыш жүйенің “тірі қалу” шарттарымен шектеу тенденциясы бар. Бұл ұғымға Малиновскийдегідей әлеуметтанушылық та, биологиялық та “қажеттіліктеріді” енгізу тенденциясы бар. Осыдан қызметтік талаптардың тұрпаттарын және аталмыш талаптар жөніндегі теорялық топшылауларды тексеру әдістерін беогілеудің қиын проблемасы туындайды. Негізгі сұрақ: қатаң эксперимент жасау мүмкін емес жағдайда өзгерістерді “қызметтік талап” секілді өзгергішті қолданудың заңдылығын анықтау үшін не қажет? 1. 6. Қызметтердің орындалуы үшін қажет механизмдер ұғымы Қызметтік талдау қызметтің орындалуына көмектесетін “механизмдердің нақты да егжей-тегжейлі түсіндірілуін” талап етеді. Бұл психологиялық емес, әлеуметтік механизмдерге қатысты (яғни рөлдер бойынша бөліну, институциялық талаптардың оқшаулау, құндылықтардың иерархиялық орналасуы, әлеуметтік еңбек бөлінісі, ғұрыптар мен рәсімдер және т.б.) Негізгі сұрақ: біздің қолымызда әлеуметтік механизмдердің айталық, психологиялық механизмдердің мол тізбесіне ұқсас толық тізбесі бар ма? Осынау әлеуметтік механизмдердің қарекеттерін ажыратуға байланысты методологиялық проблемалар қандай?

23 Merton R.K. Dіscussіons on Parsons “Posіtіon of socіologіcal theory” // ASR. 1949. ¹13. P. 164 – 168.

7. Қызметтік баламалар (қызметтік эквиваленттер яғни алмастырғыштар) ұғымы Біз жоғарыда анытағанымыздай, егер біз нақты әлеуметтік құрылымдардың қызметтік қажеттілігі туралы негізделмеген қағидадан бас тартатын болсақ, онда біз қызметтік баламаның, эквиваленттің яғни алмастырғыштың әлдене ұғымына ділгерлігімізді сезінеміз. Бұл біздің алдымызға құбылыстар өзгергіштігінің диапазонын, сонда қала отырып олар белгілі бір қызмет атқара алатын диапазонды анықтау проблемасын көлденең тартады. Бұл диапазон орын алып отырған және сөзсіз болатын нәрсенің қатып қалған картинансына жылжымалылық енгізеді. Негізгі сұрақ: топшыланатын қызметтік баламалардың эквиваленттілігін ғылыми дәлелдеу мінсіз жағдайда қатаң жасалатын экспериментті талап ететіндіктен және бұл ірі ауқымды әлеуметтанушылық ахуалда көбіне-көп іс жүзінде мүмкін болмайтындықтан, зерттеудің қандай практикалық әдістемелері эксперимент логикасын барынша толық алмастыра алар еді?

8. Құрылымдық контекст (немесе құрылымның ықпалын шектейтін) ұғымы Құбылыстардағы нұсқалар диапазоны, соның тұсында олар әлеуметтік құрылымда тиесілі қызметін орындай алатын диапазон шексіз емес. Әлеуметтік құрылым элементтерінің өзара тәуелділігі өзгерудің яғни қызметтік баламаның іс жүзіндегі мүмкіндіктерін шектейді. Құрылымның шектеуші ықпалы ұғымы әлеуметтік құрылымдар өрісінде, Гольденвейзер кең мағынасында “шектеулі мүмкіндіктер принципі” деп атаған нәрсеге сәйкес келеді. Құрылымның өзара тәуелділігінің және шектеуші ықпалының мәнін түсінбеу утопиялық ой жүйесіне жетелейді, онда әлеуметтік жүйенің белгілі бір элементтері, бүкіл жүйеге ықпал етпей, жойыла алады деп үнсіз топшыланады. Құрылымның өзара тәуелділігі мен ықпалын марксистер (мысалы, Маркс) де, марксис еместер (мысалы, Малиновский) де мойындайды.

Негізгі сұрақ: Аталмыш құрылымдық контекст, құбылыстар соның шегінде қызметтік талаптарды тиімді қанағаттандыра алатын нұсқалар диапазонын қаншалықты шектей алады? Әлі анықтау керек болатын жағдайлар тұсында және ішінде баламалардың кең жиынтығындағы кез-келген балама аталмыш қызметті орындайтын әлдене анықталмаған өрісті табуға бола ма?

9. Динамика және өзгеру ұғымы Біз қызметтік талдаудың назарын әлеуметтік құрылым статикасына шоғырландырып, құрылымдық өзгерістерді зерттеуге мойын бұрмайтын тенденциясы болатынын атап өткенбіз. Статиканы бұлай ерекшелеп көрсету қызметтік талдау теориясына іштей тән болып табылмайды. Аталмыш теорияда статикалық сәтті атап көрсету ертеректегі антропологфункционалистердің антропологияда жазуға дейінгі қоғамдардың ойдан шығарылған тарихтарын жазудың бұрынғы тенденциясына қарсы шығудың жанама салдары ретінде туындайды. Сол кезде пайдалы болған, антропологияда тұңғыш рет қолданылған бұл практика кейбір әлеуметтанушы-функционалистердің жұмысына көшірілген кезде зиян тигізді. Құрылымдық деңгейде шиеленіске, мәжбүрлеуге, қысымға байланысты қызмет етпеу ұғымы динамика мен өзгеруді зерттеудің кейбір талдаушылық әдісін береді. Бақыланатын қызмет етпеу құбылыстары нақты әлеуметтік құрылымда, оның тұрақсыздығын тудырмай, қалайша орын ала алады? Әлеуметтік жүйеде шиеленіс пен деформацияның қордалануы өзгерістерді олар шиеленісті бәсеңдетуге жетелейтіндей етіп бағыттауға ұмтылатын әлдене күш бере ала ма? Негізгі сұрақ: назарын негізінен әлеуметтік тепе-теңдік ұғымына аударып, қызметтік талдаушылар сол арқылы әлеуметтік тепе-теңсіздік құбылысын ескермей жүрген жоқ па? Біздің қолымыздағы қандай әдістемелер әлеуметтанушыға әлеуметтік жүйедегі шиеленіс пен деформацияның қордалануын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді? Әлеуметтік контексті білу әлеуметтанушыға қай шамада әлеуметтік өзгерістердің неғұрлым ықтимал бағыттарын алдына ала көруге мүмкіндік береді?

10. Қызметтік талдау қағидаларының дұрыстығын белгілеуге байланысты проблемалар Парадигманы баяндап беру тұсында біз оқырман назарын қызметтік талдауға байланысты, гипотезалардағы, бақылап-байқаудағы, сипаттамалардағы дұрыстығы белгіленуге тиісті өзіндік ерекше сәттерге талай рет аудардық. Аталмыш теорияның бір немесе өзге қағидаларының ақиқаттылығын белгілеу бәрінен бұрын талдаудың қатаң әдістемелерін талдап әзірлеуді талап етеді, олар, мүмкін болғанынша, эксперименттік зерттеу логикасына жақындауға тиіс. Бұл салыстырмалы қызметтік талдаудың (мәдениетаралық та, топаралық та) барлық мүмкіндіктері мен кемшіліктерін жүйелі қарастыруды талап етеді. Негізгі сұрақ: қызметтік талдау салыстырмалы (квазиэксперименттік) зерттеуге жатқызылуы мүмкін әлеуметтік жүйелердің адекватты іріктеп алынуын анықтау қиындығымен қай дәрежеде шектелген?

11. Қызметтік талдаудың идеологиялық маңызы проблемалары Бұрын атап көрсеткенбіз қызметтік талдау белгілі бір идеологиялық позициямен табиғи түрде байланысты емес. Бұл осынау мектептің жекелеген жұмыстары және функционалистер ұсынатын жекелеген гипотезалар белгілі бір идеологиялық рөл атқара алатындығы фактысына қайшы келмейді. Сонда білім әлеуметтануының өзіндік ерекше проблемасы мынау болып шығады: функционалист-әлеуметтанушының әлеуметтік позициясы (яғни оның зерттеуі қаржыландыратын “клиентке” қатынасы) қай дәрежеде проблеманың қойылуының өзіне, оның топшылаулары мен ұғымдарына ықпал етті, оны өзінің қолындағы деректерден шығаратын ықтимал тұжырымдарды елемеуге мәжбүр етті? Негізгі сұрақ: қызметтік талдаудың идеологиялық реңкін қалай анықтауға болады және кейбір өзіндік ерекше идеология әлеуметтанушылар қабылдайтын

негізгі қағидалармен қай шамада байланысты? Бұл қағидалар әлеуметтанушының зерттеудегі статусымен және рөлімен байланысты ма? Біз осынау парадигманың кейбір бөліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуге кіріспестен бұрын, ол қалайша пайдаланылуы мүмкін екенін анықтап алайық. өйткені ұғымдар таксономиясын әлеуметтанушылық талдау алдында тұрған міндеттерді шешуге ешқандай ықпал жасамастан, шексіз соза беруге болады. Онда парадигманың мақсаттары қандай және оны қалай пайдалануға болады?

Парадигманың мақсаты

Аталмыш парадигманың бірінші және негізгі мақсаты – қызметтік талдауды пара-пар және жемісті қолдану үшін қажет жүйелі нұсқау... беру. Бұл мақсат, аталмыш парадигмада әлеуметтанушы дұрыс құрылған қызметтік талдауды жүзеге асыру үшін пайдалануға тиіс біршама ең аз ұғымдар жиынтығы бар деп топшылайтыны айдан анық. Сондай-ақ, аталмыш парадигма оқтын-оқтын қызметтік талдау саласындағы жұмыстарға сыни баға беру үшін де пайдаланыла алатыны айдан анық. Осылайша, қызметтік талдау саласында зерттеу жүргізу үшін және бұрын жүргізілген зерттеулердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беру үшін жинақы, қысқартылған нұсқау қызметін атқаруға тиіс. Орынның аздығы бізге зерттеудің аталмыш мақсатында сыни баға беру үшін іріктеп алынған парадигманың тек бір бөлігін ғана қолданылуын қарастыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, парадигма бізді тікелей қызметтік талдау негізінде жатқан постулаттармен (көбіне үнсіз қабылданатын) әкелуі тиіс. Осы тараудың алғашқы бөлімдерінде байқағанымыздай, сол гипотезалардың кейбіреулерінің маңызы өте үлкен, енді біреулері – елеулі емес және соларсыз да күн көруге болады, және, ақыр соңында, үшінші біреулері күмәнді, тіпті алжастыратын бірдеңелер болып шығады.

Үшіншіден, парадигма әлеуметтанушыны қызметтік талдаудың әрқилы тұрпаттарының тар ғылыми мәніне ғана емес, олардың саяси, ал кейде идеологиялық салдарларына еліккіш етуге тырысады. Парадигмада қызметтік талдау жасырын саяси көзқарасты топшылайтын сәттерге және, ол «әлеуметтік технологияға” ықпал жасайтын сәттерге ерекше көңіл бөлінген. Аталмыш тарауда біздің парадигма қамтыған зор да күрделі проблемаларды егжей-тегжейлі қарастырыла алмайтыны айдан анық. Ондай қарастыру арнайы кітапта жүзеге асырылуға тиіс. Алдағы баяндауымызда біз тек осы парадигманың алғашқы бөліктерін ғана әлеуметтанудағы қызметтік талдау оқиғаларының аз ғана бөлігіне қолданумен шектелеміз. Оқтын-оқтын біз сол оқиғаларды бұл зерттеулерде жартыкеш және жеткіліксіз дәлелденген өзіндік ерекше проблемаларды қарастыру үшін бастапқы нүктелер ретінде пайдаланатын боламыз.

Қызметтік талдау тұсында не нәрсеге назар аударылуға тиіс

Үстірт қарағанда, қызметтік талдауға ұшыратылатын құбылысты баяндау мәні шамалы және оп-оңай нәрсе болып көрінеді. Тегінде, аталмыш құбылысты мүмкіндігінше барынша толық және барынша дәл баяндау қажет болар. Дегенмен, осынау ұсынысты неғұрлым байыпты қарастыру тұсында оның бақылаушыға берері аз екендігі бірден айдан анық көрінеді. Тек мынаны ғана елестетіңізші: жаңа ғана іске кіріскен, қолымда тек осы ұсыныс қана бар саппас функционалист мен нені бақылауға тиіспін, мен өзімнің бақылаушы хаттамама нені кіргізуге тиіспін және мен ешқандай нұқсансыз нені тастап кете аламын деген сауалдарға жауап табуға тырысқанда қандай қиындықтарға тап болады. Қазіргі кезде бұл сұрақтарға егжей-тегжейлі де байыпты жауап беруге болады деп тіпті де топшыланбайды; біз аталмыш сауал өздігінен заңды екенін және оған жанама жауап ішінара берілгенін мойындамай тұра алмаймыз. Сол импилицитті жауаптарды бөліп алып, қорыту үшін қызметтік талдау жөнінде қолда бар жұмыстарды қандай құбылыс талдауға алынғандығына қарамастан,

мәліметтердің қандай тұрпаттары бұл жұмысқа жүйелі түрде қамтылады және басқа мәліметтер емес, нақ сол мәліметтер неліктен қамтылады деген көзқарас тұрғысынан талдап шығу қажет. Функционалистік бағдар тәпсірленуге жататын құбылысты баяндауға не кіретінін едәуір дәрежеде анықтайтыны көп ұзамай айдан анық болады. Мәселен, магиялық ғұрыпты немесе рәсімдік шараны суреттеп беру жалбарынуды немесе магиялық формуланы, рәсімді және оның қатысушыларын суреттеумен шектелмейді. Ол рәсімге қатысушы адамдардың, сондай-ақ көрермендердің де жүйелі суреттелуін, орындаушылар мен аудитория арасындағы өзара ықпалдастық тұрпаттары мен осынау ықпалдастық нормалары стандарттарында рәсім барысында болған өзгерістердің суреттелуін қамтиды. Осыдан, мысалы, хопилардың жаңбыр шақыру үшін тасаттық беруін суреттеу, құдайлардың метеорологиялық құбылыстарға араласуын ынталандыруға бағытталған қарекеттерді суреттеумен шектелмейді. Ол сондайақ осы ғұрыпқа бір немесе басқа дәрежеде тартылған адамдардың суреттелуін де қамтиды. Және рәсімдік шараға қатысушыларды (олардың көрермендерін де) суреттеу құрылымдық ұғымдардың көмегімен, яғни барлық осы адамдардың олардың өзара байланысты әлеуметтік статусындағы орындарын анықтау жолымен беріледі. Функционалистердің жұмыстарынан келтірілген қысқаша үзінділер бізге қызметтік талдау зерттеліп отырған тәртіпке қатысушылардың статустары мен әлеуметтік байланыстарын жүйелеп суреттеуден (схемалар жасаудан басталғаны абзал) басталатынын көрсетеді. Чирикахуа тайпасында қыздың бой жеткенін атап өту ғұрпы мынадай: кең көлемдегі отбасы (әке-шеше және қаражатпен көмектесе алатын туыстар) осынау төрт күнге созылатын рәсімді өткізу шығынын көтереді. Әке-шеше оны өткізудің уақыты мен орнын белгілейді. “Қыздың тікелей төңірегіндегілердің барлық мүшелері, тайпаның жергілікті тобының барлық дерлік мүшелері рәсімге қатысады. Басқа жергілікті топтардан, сондай-ақ қашық топтардан келген қонақтар рәсім үстінде таныстырылуға тиіс. Олардың саны рәсімнің

соңғы күні жақындаған сайын өсе түседі”. Қыздың отбасы жататын жергілікті топтың көсемі күллі қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлейді. Қысқасы, осынау суреттеуде рәсімге әрқилы дәрежеде байланысы бар мынадай статустар мен топтарға зор көңіл бөлінеді: “бойжеткен, оның әке-шешесі мен отбасы, жергілікті топ, әсіресе оның көсемі, басқа жергілікті топтардың мүшелері және қашық мекендердің тұрғындары өкіл болып келген тайпа”24. Біз кезінде рәсімді қарапайым суреттеу, оған қатысушы адамдардың статустары мен әрқилы топтарға жататындығын көрсететін суреттеу, аталмыш рәсім орындайтын қызметтің негізгі идеясын береді. Қысқасы, талданатын қызметтің қатысушыларын құрылымдық суреттеу содан кейінгі қызметтік тәпсірлеу үшін гипотезаны айтып берді. Басқа бір мысал бізге тағы да мұндай суреттеудің сипатын, рөл, статус, топқа жату және олардың арасындағы өзара байланыс ұғымдарын қамтитын суреттеудің сипатын көрсетеді. Австралия аборигендерінде мирририға (ағасы қарындасының атына айтылған балағатты естиді) стандартталған реакция мынадай: күйеуі әйелін оның бауырының көзінше балағаттағанда, бауыры бір қарағанда өзін оғаш ұстап, найзасын күйеуіне емес, әйеліне сермейді... Осынау салтты одан әрі суреттеу оған қатысушылардың статустарының суреттелуін қамтиды. Әпке-қарындас бауырының кланына жатады; күйеу – еркегі басқа клан адамы. Бұл жағдайда да мынаны атап өту қажет: суреттеуде ғұрыпқа қатысушылардың әлеуметтік құрылымдардағы орны анықталады, және осынау орын белгілеу олардың тәртібін одан әрі қызметтік талдаудың негізі болып шығады25. Бұл мысалдар әлі жазуы жоқ қоғамдардан алынғандықтан суреттеуге қойылатын мұндай талап сол қоғамдарға ғана қатысты секілді көрінуі мүмкін. Осы заманғы батыс қоғамдарында байқалатын тәртіп стандарттарын қызметтік талдаудың басқа мысалдарына жүгінгенде, біз, алайда, дәл сондай талап оларға

24 Opler M.E. An outlіne of Chіrіcahua Apach Socіal Organіzatіon // Socіal Anthropology of North Amerіcan Trіbes. Chіcago, 1937. P. 173 – 239; 226 – 230. 25 Warner W.L. Black Cіvіlіzatіon – A Socіal Study of an Australіan Trіbe. N.Y., 1937. P. 112 – 113.

да қойылатынын көре аламыз. Бұл арада біз “талап етілетін дескриптивтік мәліметтерлдің” сипаты жөніндегі басқа нұсқауларды да ұшыратамыз. Американ қоғамындағы “романтикалық махаббат комплексі”: барлық қоғамдар “кездейсоқ күшті эмоциялық құштарлықты” мойындағанымен, осы заманғы американ қоғамы романтикалық құштарлықты жалдаптыққа айналдыратын аз ғана қоғамдардың бірі және ол бері салғанда қоғамдық пікірде осы құштарлықтан некедегі сыңарын таңдаудың негізін жасайды. Мұндай сипатты таңдау стандарты сыңарды әке-шешесінің немесе ет-жақын ағайынтуыстардың неғұрлым кең тобының сыңар таңдауын кемітеді немесе серпіп тастайды26. Айта кету қажет некедегі сыңар таңдаудың бір стандартының маңызын бөліп көрсету сол арқылы басқа белгілі таңдау стандарттарын жоққа шығарады. Бұл оқиға бізге қызметтік талдауға алынатын құбылыстарды суреттеуге кіргізген жөн болатын мәліметтердің екінші тұрпатын көрсетеді. Әлдене стандартталған проблеманы шешудің (некедегі сыңарды таңдау) тұрпаттық (модельдік) үлгісін суреттеу тұсында, бақылаушы, мүмкін болған жағдайларда, тәртіптің ең әуелі серпіп тасталатын, балама үлгілерін көрсетеді. Бұл біз алда көретініміздей, тәртіп стандартының құрылымдық контексін анықтауға мүмкіндік береді және, тиісті салыстырмалы материалды көрсете отырып, қызметтік талдауды тексеруге бағыттайды. Әлдене, құбылысты баяндаудың үшінші құрамдас элементі, сол құбылысты одан әрі қызметтік талдауға негіз заярлайтын элемент, – талдау үшін даярлауға қойылатын тағы бір талап, – суреттеудің... зерттелетін қызметтің яғни топ мүшелері үшін тәртіп стандартының “маңызын” қамтуға тиіс екендігінде. Және шынында да, көп ұзамай айдан анық болатынындай, аталмыш құбылыспен байланыстырылатын мәндерді толық та байыпты талдау қызметтік талдаудың ықтимал бағыттары жөнінде өте көп нәрсені айтып бере

26 Lіnton R. Study of Man. N.Y., 1936. P. 174 – 175; Parsons T. Age and Sex іn the Socіal Structure of the Unіted States // ASR. 1942. №7. P. 604 – 616; Он же. The Kіnshіp System of the Contemporary Unіted States // Amerіcan Anthropologіst. 1943. ¹45. P. 22 – 38; сол: The Socіal Structure of the Famіly // The Famіly: Іts Functіon and Destіny. N.Y., 1949. P. 173 – 201; Merton R.K. Іntermarrіage and the Socіal Structure // Psychіatry. 1941. P. 361 – 374; Thorner І. Socіologіcal Aspects of Affectіonal Frustratіon // Psychіatry. 1943. ¹6. P. 157–173.

алады. Қызметтік талдаудың Вебленнің жұмыстарынан алынған бір мысалы осынау ортақ тезисті көрнекілендіре алады: “Қасақана тұтынудың мәдени стандарты: қымбат тауарларды қасақана тұтыну адамның сондай шығындануға мүмкіндік беретін жеткілікті байлық иесі екенін “білдіреді”. Өз кезегінде байлық – құрмет тұғыры. Осынау қасақана тұтынуды жүзеге асыратын адамдар тек тікелей тұтынудан ғана емес, олардың тұтынуын бақылайтындардың пікірлерінде, қатынастарында бейнеленетін жоғары әлеуметтік статустан рахаттанып, қанағат табады. Аталмыш стандарт негізінен қолы бос таптың арасында, яғни өнімді еңбекке қатысудан тартына алатындардың және көп бөлігінде шынында да тартынатындардың арасында орын алады” (бұл арада біздің алдымызда суреттеудің статустық яғни рөлдік компоненті тұр). Алайда бұл стандарт басқа әлеуметтік қыртыстарға да таралуда, олар көре алмаушылықтан қолы бос тапқа еліктеуге тырысады және дәл сол сияқты ақшаны ысыраппен жұмсап, мақтаныш сезіміне бөленеді. Сайып келгенде қасақана тұтыну басқа өлшемдерді, мәселен, ақшаны “тиімді” жұмсауды ығыстырып шығаруға ұмтылады (бұл арада біздің алдымызда тұтынудың балама тұрпаттарына жасалған анық сілтеме тұр, олар қарастырылып отырған стандартқа баса көңіл бөлінгенде екінші қатарға ығысып кетеді)27. Веблен одан арғы баяндауында қасақана тұтыну стандартына қызметтерді – әлеуметтік статусты көтеру, оны орнықтыру, “жақсы абыройға” ие болу, ақшалай құдіретті көрсету қызметтерін телитіні (p.84) жақсы мәлім. Мұндай стандартталған қызметке қатысушылар бастан өткеретін осынау салдарлар оларға ләззат береді және стандарттың болуының өзін елеулі дәрежеде түсіндіреді. Осынау қызметтердің бәрін аталмыш тәртіп стандартына телу тұғырын оның суреттелуінің өзі толық дерлік берген болатын, ол суреттеу (1) бір немесе өзге шамада аталмыш тәртіп стандартын байқайтындардың статусына; (2) жалпы тамақ қой деп жиі пайдаланудан емес, әдейі қасақана әрі ысырапшы болып шығатын тұтыну тұрпатына белгілі баламаларға; (3) қасақана

27 Veblen T. The Theory of the Leіsure Class. N.Y., 1934. P. 25.

тұтыну тәртібінің аталмыш мәдениетіне телінетін әрқилы мәндерге анық сілтемелерді қамтиды. Талдауға жататын үлгінің осынау үш компоненті тіпті де түп-түгелімен қамтымайды. Одан арғы қызметтік талдау үшін жеткілікті толық баяндаушы хаттама тәртіптің тікелей психологиялық және әлеуметтік салдарларының біршама жиынтығын сөзсіз қамтиды. Бірақ олар қызмет ұғымын пайдаланған тұста бәрінен жақсы зерттеле алады. Ал дескриптивтік хаттама қызметтік талдау мақсатында барынша оңтайлы құндылыққа ие болуы үшін, тағы да қайталаймыз, құбылысты суреттеу бақылаушының қалауы немесе интуициясы бойынша жасалмауы керек, бірақ бері салғанда, жоғарыда аталған үш сипаттаманы міндетті түрде қамтуға тиіс. Талдаудың дескриптивтік фазасына қойылатын талаптар туралы әлі де көп нәрсе айтуға болса да, суреттеу үлгілерінің осынау қысқаша сипаттамасының өзі де мына бір тұрғыдан пайда бере алады: ол осындай дәрежеге дейін қызметтік талдау әдістерін сайып келгенде бақылаушы-әлеуметтанушы бақылауды белгілі бір схеманы басшылыққа ала отырып жүргізетін дәрежеге дейін кодификациялау мүмкіндігін көрсетеді. Тағы бір мысал талданатын құбылысты суреттеуге қойылатын басқа талаптарды көрсетіп береді: топтан тысқары некелесуге тыйым салу (табу), сондай мысал. Топтық ынтымақ дәрежесі неғұрлым жоғары болған сайын, қосақтың бірі басқа топтың мүшесі болып табылатын некелерге қатынас та соғұрлым теріс ыңғайда бола түседі. “Топтық ынтымаққа ұмтылыстың себебі не екендігінің бәрібір...”. Басқа бір жердегі сыңармен некеге отыру не топ мүшесінің басқа топқа кетуі, не сол топтың құндылықтары, сезімдері және салттары толық әлеуметтенбеген мүшені топқа қабылдау деген сөз болып шығады28. Осынау үзінді бізге мәліметтердің әлеуметтік немесе мәдени үлгілерге қызметтік талдау жасамыс бұрын оларды суреттеуге кіргізу керек болатын

28 Adams R. Ііnterracіal Marrіage іn Hawaіі. P. 197 – 204; Merton R.K. Іntermarrіage and the Socіal Structure; op.cіt. P. 368 – 369; Davіs K. Іntermarrіage іn Caste Socіetes // Amerіcan Anthropologіst. 1941. ¹43. P. 376–395.

төртінші тұрпатын айтып береді. Қарастырылатын әлеуметтік практикаға қатысушыларда келісімпаз немесе терістеуші тәртіп үшін қажет сарындардың бір жиынтығы сөзсіз болады. Суреттеуде мүмкін болатын шамада осы сарындар туралы есеп қамтылуға тиіс. Бірақ бұл сарындар, біз көргендей, (а) тәртіптің объективті стандарттарымен де, сол стандарттардың (б) әлеуметтік қызметтерімен де араластырылмауға тиіс. Сарындарды құбылыстардың суреттемесіне енгізу аталмыш тәртіп стандарты орындайтын психологиялық қызметтерді түсіндіруге көмектеседі, және кейбір оның әлеуметтік қызметтерін түсіну кілтін береді. Осы кезге дейін біз қызмет пен наным-сенімнің анық білдірілген стандарттары, аталмыш қоғам мүшелері сондай деп таныған стандарттар болып табылатын құбылыстарды қарастырдық. Мәселен, аталмыш қоғамның мүшелері чирикахуа тайпасы қыздарының бойжеткенін бейнелейтін рәсімнің, романтикалық махаббат комплексі негізінде жұбай таңдаудың, Австралия аборигендерінің миррири рәсімінің нобайын, қасақана тұтыну қызығушылықты, топтан тыс некелік сыңар табуға тиымды әрқилы дәлдік дәрежесімен суреттей алады. Осының бәрі аталмыш мәдениетке анық кіретін құрамдас элементтер және сондайлар ретінде олар осы мәдениетке жататындардың бәріне азды-көпті белгілі. Қоғамдық ғылымдар өкілдері, алайда, осынау құбылыстармен және мәдениет таныған тәртіп стандарттарымен шектелмейді. Олар оқтын-оқтын мәдениеттің жасырын стандарттарын, салттар мен сенімдердің біршама жиынтығын ашады, олар жария стандарттар сияқты соншалықты қатаң реттелген болып шығады, бірақ соларға қатысушылар оларды тәртіптің нормативтік, реттеушілік нұсқалары ретінде қарастырмайды. Бұл тәрізді мысалдар өте көп. Мәселен, статистика көрсеткеніндей, АҚШ-та негрлер мен ақтар арасындағы қатынастарды анықтайтын квазикасталық ахуалда нәсіларалық некенің (олар орын алған жағдайларда) үстем түрі – ақ нәсілді әйелдер мен негр еркектер арасындағы неке болып табылады. Нәсіларалық некеге отырудың, біз гипозамия леп атай алатын бұл стандарты институцияланбаған болса да, ол таңқаларлық орнықты құбылыс.

Немесе тіркелген, бірақ, тегінде, әлі жете түсінілмеген тәртіп стандартының басқа мысалын қарастырайық. Малиновский Тробрианд аралдарының тұрғындары бірлесіп каноэ жасағанда тек осынау таза техникалық міндетті орындаумен ғана айналыспайды, олар жұмыс процесінде өзара байланыс та орнатып, оны нығайтады деп хабарлайды. Соңғы кезде “бейресми ұйымдар” деп аталатын бастапқы топтар туралы мәселе бойынша анықталған көп нәрсе қоғамды зерттеушілер бақылайтын, бірақ оған қатысушылар түсіне бермейтін, бері салғанда толық түсіне бермейтін тәртіп стандарттарына қатысты болып шығады. Осының бәрі дескриптивтік хаттамаға қойылатын бесінші талапты көрсетеді: басты нәрсе ретінде қарастырылатын қызметке байланысты тәртіп заңдылықтары (олар жария мәдени стандарттар бөлшегі болмаса да), бақылаушы хаттамасына енгізілуге тиіс, өйткені еріксіз көрініс беретін осынау заңдылықтар бізге көбіне-көп бүкіл стандарттың өзіндік ерекше қызметін ашып беретін негізгі кілтті береді. Біз төменде көретініміздей, осынау еріксіз заңдылықтарды дескриптивтік хаттамаға енгізу зерттеушінің назарын біз жасырын қызметтер деп атаған жаққа бірден дерлік аударады. Жоғарыда юаяндалғанның бәрін түйіндесек, дескриптивтік хаттама мыналарды қамтуға тиіс: 1) әлеуметтік құрылымдағы стандартталған тәртіп қатысушыларының жағдайын белгілеу – жіктелген қатысу; 2) бақыланып отырған стандарттың басымдығының арқасында жоққа шығарылатын балама тәртіп тәсілдерін қарастыру (яғни не болып жатқанына ғана емес, орын алып отырған стандарт арқасында шығарып тасталатындарына да көңіл бөлу керек); 3) қатысушылар осы стандартты тәртіпке беретін эмоциялық және ұтымдылық маңыз; 4) осындай тәртіп түріне қатысу сарындары мен оның объективті жағы арасындағы айырмашылық;

5) қатысушылар түсіне қоймаған, бірақ соған қарамастан басты тәртіп стандартымен байланысты тәртіп стандартымен байланысты. Бақылаушының хаттамасына қойылатын барлық осынау талаптар тіпті де, толық болмауы әбден ықтимал, бірақ бәрібір олар содан кейінгі қызметтік талдауды жеңілдететін бақылау сәттерін спецификациялау бағытындағы бірінші, сынама қадам болып табылады. Олар әдетте зерттеудің әдістемесі туралы жалпылама нұсқауларда кездесетін, мысалы, бақылаушыға нұсқаулары “жағдай контексін” қағыс қалдырмау жөніндегі ұсыныс секілді.

Жария және жасырын қызметтер

Бұрынғы бөлімдерде атап өтілгеніндей, жария және жасырын қызметтер арасын ажырату әлеуметтік тәртіпті саналы сарындауды оның объективті салдарларымен әлеуметтану әдебиетінде жиі аңғарылатын бытыстырып жіберуге жол бермес үшін енгізілген болатын. Біздің осы заманғы қызметтік талдау терминологиясын қарастыруымыз, әлеуметтанушы сарындар мен қызметтерді қалай оп-оңай теңдестіре салатынын, мұның өзі қандай қасіретті зардаптарға ұрындыратынын көрсетті. Содан кейін біз, сарындар мен қызметтер бір-біріне тәуелсіз өзгеретінін және бұл жағдайы қаперге алмау әлеуметтанушылар арасында сарындардың субъективті категорияларын қызметтің объективті категорияларымен араластырып жіберудің еріксіз тенденциясының орын алуын туындататынын көрсеткенбіз. Әлеуметтанудың тез өсіп келе жатқан арнаулы сөздігіне жаңа терминдерді енгізудің ылғи да мақтана бермейтін практикасына, көптеген маман емес адамдар өздерінің интеллектін қорлау және ғылымның баршаға түсінікті болуына қарсы жасалған қылмыс деп қарайтын практикаға біздің адалдығымыз нақ осымен түсіндірелді. Менің “жария” және “жасырын” деген терминдерді Фрейдтен көшіріп алғанымды көру (Фрэнсис Бэкон да осыдан көптеген жылдар бұрын-ақ үстірт бақылағанда байқалмайтын процестер жөнінде “жасырын процестер” мен

“жасырын конфигурациялар”) туралы айтқан болса да, ол бұларды басқа контексте қолданады. Ал сарындар мен қызметтерді ажырата білудің өзіне келсек, адам тәртібін зерттеушілер жүздеген жылдар бойы оны талай рет жүргізіп келген болатын. Шынында да, егер біз үшін қызметтік талдаудың аса маңызды ажыратылуы мәніне ие болған сол ажыратуды қызметтік көзқарасты іс жүзінде қолданған зерттеушілердің үлкен тобынан біреу-міреу жасмаса, тым оғаш болар еді. Бізге соңғы ондаған жылдарда қарекеттің субъективті мақсаттары мен қызметтік салдарлары арасын ажыратуды қажет деп санағандардың бірнешеуін атай кету жетіп жатыр. Джордж Мид: “...заңды бұзушыға осынау дұшпандық қатынастың аталмыш қауымның барлық мүшелерін агрессияға қарсы эмоциялық ынтымақта біріктіруде өзіндік бір игі жағы (жасырын қызмет деп оқыңыз) болады. Ең ғаламат гуманистік үндеулер міндетті түрде қауымдардың көптеген мүшелерінің мүдделеріне кереғар болып шығатын, не болмаса көпшіліктің мүдделері мен ой-қиялын қозғамайтын, сөйтіп сол қауымды бытыраңқы және индифферентті күйінде қалдыратын кезде, ұрлық немесе кісі өлтіру тұсында көмек беру туралы айқай адам психикасының индивидуалдық, қақтығыстық ниеттердің үстіңгі жағында жатқан ең терең комплектеріне арналады да, өздерінің бөлек-бөлек мүдделерімен бөлшектелген сол қауымның азаматтары ортақ жауға қарсы топтасып шыға келеді”29. Эмиль Дюркгейм де жазалаудың әлеуметтік қызметтерін соған ұқсас талдауында өзін тек оның жария қызметтерімен (қылмыскер үшін зардаптарымен) шектемейді, қайта назарын оның жасырын қызметтеріне (қауым үшін салдарларына) шоғырландырады. В. Дж. Самнер: “… адамдар өздерінің мұқтаждарын ең алғашқы қарекеттерінен бастап, солардың көмегімен қанағаттандыруға тырысатын олардың әрқайсысы өзінікін күйттейді де, әлдене қажеттілігін дереу қанағаттандыруға ғана ұмыталады. Оқтын-оқтын туындайтын қажеттіліктерден

29 Mead G. The Psychology of Punіtіve Justіce // Amerіcan Journ. of Socіology. 1918. ¹23. P. 591.

кісілердің әдеттері мен топтардың салттары пайда болады, бірақ бұл әдеттер мен салттар күн ілгері байқалмаған және әдейі істелмеген салдары болып табылады. Оларды солар мықтап орныққаннан кейін ғана байқайды, және содан кейін де оларды лайықты бағалағанша талай уақыт өтеді”30. Бұл пікір қарастырылатын әлеуметтік құрылымға арналған стандартталған әлеуметтік қарекеттердің жасырын қызметіне қатысты болмаса да, онда көзделетін мақсаттар мен объективті салдарлар арасында елеулі айырмашылық жеткілікті. Р. М. Макайвер: “Әлеуметтік институттардың төте нәтижелерімен қатар басқа да нәтижелер болады, олар адамның тікелей мақсаттарынан тыс жатады... нәтижелердің бұл тұрпаттары әдейі жасалмаса да қоғам үшін зор маңызға ие бола алады”31. У. И. Томас пен Ф. Знанецкий: “Барлық жаңа (кооперативтік, поляктық, шаруалық) институттар өзіндік ерекше қажеттіліктерді қанағаттандырудың белгілі бір мақсатымен құрылса да, олардың әлеуметтік қызметтері олардың жария да түсінілген мақсатарымен мүлдем шектелмейді... осы институттардың әрқайсысы – коммуна немесе ауылшаруашылық үйірмесі, несие банкісі немесе жинақ кассасы, яки театр – белгілі бір құндылықтарды іске асыруға арналған жай ғана бірдеңе механизм емес, сондай-ақ адамдар ассоциациясы болып табылады, оның әрбір мүшесі осы ассоциацияның ортақ ісіне тірі, нақты индивидуум ретінде қатысуға тиіс. Аталмыш институт құрылғандағы үстем, ресми мүдде қандай болса да, жеке адамдардың нақты тобы ретінде ассоциация көптеген басқа бейресми мүдделерді де қамтиды; ортақ мақсат, сөз жоқ, ассоциацияның өзінің құрылуының басты себебі де, оны сатайтын ең берік буын болса да, оның мүшелерінің әлеуметтік қарым-қатынасы олар бірлесе отырып, әлдене ортақ мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатынымен шектелмейді. Өзіндік ерекше мұқтаждарды қанағаттандырудың абстрактты, саяси, экономикалық не болмаса әбден ұтымды механизмнің әлеуметтік топтың нақты

30 Sumner W.G. Folkways. Boston. 1906. P. 3.
31 Maclver R.M.Communіty. London. 1915. P. 314.

бірлігімен тоғысуының арқасында жаңа институт сондай-ақ бастапқы шаруалар тобы мен туынды ұлттық жүйе арасындағы ең жақсы делдал буын болып табылады”32. Әлеуметтік құбылыстардың осынау және көптеген басқа бақылаушылары әлсін-әлсін субъективті қатынастар категориялары (“мұқтаждықтар”, “мүдделер”, “мақсаттар”) мен, әдетте, әлі түсінілмеген, бірақ объективті қызметтік салдарлар категориялары (“өзіндік бір игі тарап”, “ешқашан түсінілмейтін салдарлар”, “еріксіз ... қоғамға қызмет”, “саналы да жария мақсатпен шектелмеген қызмет”) арасын ажыратып отырған. Жария және жасырын қызметтерді ажырату қажет болатын оқиғалар едәуір жиі болатындықтан және тұжырымдамалық схема бақылаушының назарын ахуалдың өзекті элементтеріне бағыттап отыруға, оларды елеусіз қалдыру мүмкіндігінің алдын алуға тиіс болатындықтан аталмыш айырмашылықты тиісті терминдердің көмегімен сипаттау орынды көрінеді. Жария және жасырын қызметтер арасын ажырату негізінде мыналар жатыр: олардың біріншілеріне әлеуметтік қарекеттің әлдене белгілі бір әлеуметтік бірліктің (индивидуум, кіші топ, әлеуметтік немесе мәдени жүйе) төселуіне яки бейімделуіне жәрдемдесетін объективті және әдейі көзделген салдарлары жатады; екіншілеріне тап сол қатарадғы әдейі көзделмеген және түсінілмеген салдарлар жатады. Аталмыш ажыратуды нобайлау үшін әлеуметтік терминдерді қолданудың белгілі бір эврикалық мәні болуы мүмкін екендігіне меңзейтін бірқатар нұсқаулар бар, өйткені сол терминдер теорияның тұжырымдамалық аппаратына қосылады да, жүйелі бақылау процесіне де, содан кейінгі талдауға да жәрдемдеседі. Соңғы кезде, жария және жасырын қызметтерді ажырату мысалы, нәсіларалық некелерді, әлеуметтік стратификацияны, сәтсіздікті аффект ахуалындағы бастан өткізуді, Вебленнің әлеуметтанушылық теорияларын, Ресей жөнінде Америкада таралған бағдарларды, Малиновскийдің антропологиялық теориясын, үндіс навахолардағы магиялық

32 Thomas W., Znanіeckі F.V. The Polіsh Peasant іn Europe and Amerіca. V. 5. N.Y., 1920. P. 156.

бейнелерді, білім және сән әлеуметтануы проблемаларын, кісі динамикасын, ұлттық қауіпсіздік шараларын, бюрократияның ішкі әлеуметтік динамикасын33 және басқа көптеген әлеуметтанушылық проблемаларды талдау кезінде қолданылады. Осынау мәселелердің сан алуандығының өзі жария және жасырын қызметтер арасын теориялық ажырату адам тәртібінің қысаң да жеке саласымен шектелмейтіндігін айғақтайды. Алайда біздің алдымызда әлі де зор міндет – аталмыш ажырату пайдаланыла алатын нақты салаларды анықтау міндеті тұр, және осынау зор міндетті шешуге тараудың қалған бөлімін арнаймыз.

Осынау ажыратудың эврикалық мақсаттары

Осынау ажырату әлеуметтік тәртіптің үстірт қарағанда жосықсыз болып көрінетін стандарттарын түсінуге мүмкіндік береді. Ең алдымен аталмыш ажырату әлеуметтік қарекеттердің тіпті өздерінің алдына жария қойылған мақсаттар ешбір жүзеге аспаса да, тіршілік ете беретін көптеген түрлерін әлеуметтанушылық тәпсірлеуге көмектеседі. Мұндай (жүзеге аспаған) жағдайларда әрқилы бақылаушылар, әсіресе маман еместер сол қарекеттерді баяғыдан “соқыр сенімдер”, “жосықсыздықтар”, “дәстүрдің жай ғана инерциясы” деп және т.б. атайды. Басқаша айтқанда, топтың тәртібі жария қойылып, анық мәлімделген мақсатқа жете алмайтын және көбіне жете алуы мүмкін де емес кезде, ондай тәртіпті назардың жетіспеуіне, надандыққа, ескінің қалдықтарына немесе инерция дейтінге тели салу орын алады. Мысал ретінде хопилардың нөсер жаңбыр шақыру үшін тасаттық беру рәсімін алайық. Бұл рәсім мешеу

33 Davіs A. K. Some Sourses of Amerіcan Hostіlіty of Russіa // AJS. 1947. ¹53. P. 174–183; Parsons T.. Propaganda and Socіal Control // Parsons T. Essays іn Socіologіcal Theory; Kluckhohn C. Bronіslaw Malіnowskі, 1884–1942 // JAF. 1943. ¹56. P. 208–219; Соның өзі. Navaho Wіtchcraft Op. cіt. P. 46–47; Barber B., Lobel L.S. Fashіon іn Women’s and the Amerіcan Socіal System // Socіal Forces. 1952. ¹31. P. 124–131; Mowrer O.N., Kluckhohn C. Dynamіc Theory of Personalіty // Personalіty and the Behavіor Dіsorders. V. І. N.Y., 1944. P. 72; Jahoda M., Cook S.W. Securіty Measures and Freedom of Thought: an Explanatory Study of the Іmpact of Loyalty and Securіty Programs // Yale Law Journ. 1952. ¹61. P. 296–333; Selznіck Ph. TVA and the Grass Roots. S.F., 1949; Gouldner A.W. Patterns of Іndustrіal Bureaucracy. Glencoe. 1954; Blau P.M. The Dynamіcs of Bureaucracy. Chіcago, 1955; Davіs A.K. Bureaucratіc Patterns іn Navy Offіcer corps // Socіal Forses. 1948. ¹27. P. 142–153.

халықтардың соқыр сенімі деп аталуы мүмкін, және осымен-ақ бәрі де айтылды деп топшыланады. Алайда, осынау рәсімдерді “соқыр сенім” деп атағанда, біз топтың тәртібін ешбір түсіндірмейтінімізді атап өту қажет. Бұлай түсіндіру, шындап келгенде сол тәртіптің топ тіршілігіндегі шынайы рөлін талдауды “соқыр сенім” деген балағат эпитетпен алмастыру ғана. Егер де, алайда, жасырын қызмет ұғымын алсақ, ол осынау тәртіп топ үшін оның жария мақсатына мүлем өзгеше қызметті орындай алатынын есімізге сала алады. Жасырын қызмет ұғымы бақылаушыны тәртіп сол үшін жарияланған мақсатқа жете ала ма деген сұрақтың шегінен тысқары алып кетеді. Осынау жария мақсатты уақытша елемей, тәртіп, назарды іс-әрекеттің салдарлардың басқа қатарына, мысалы оның хопи тайпасының рәсімге қатысқан жекелеген мүшелеріне тигізетін ықпалына, және сондай-ақ үлкен топтың орнықтылығы мен үздіксіздігін сақтап отыруға бағыттайды. Ал егер біз аталмыш тәртіпті талдау кезінде тек ол шынында да жария (әдейі көзделген) қызметті орындай ма деген мәселені шешумен шектелсек, онда мқндай сұрақ әлеуметтанушы емес, метеорологтың өрісіне жатар еді. және сөз жоқ біздің метеорологтар жаңбыр рәсімі жаңбыр жауғыза алмайды дегенмен келісер еді, бірақ біз сонымызбен мәселенің өзекті жағын қозғай алар ма екенбіз. Мұндай байлам рәсімде өзіне телінетін технологиялық мән жоқ, бұл рәсімнің мақсаты және оның іс жүзіндегі нәтижесі сәйкес келмейді деп кесіп айтумен барабар. Бірақ, біздің құзырымызда жасырын қызмет ұғымы бар болғандықтан, біз зерттеуімізді жалғастыра береміз де, рәсімнің жаңбыр құдайларына немесе метеорологиялық құбылыстарға ықпалын емес, осы рәсімді жүзеге асырған топқа ықпалын талдаймыз. Нақ осы арада, көптеген бақылаушылар көрсеткеніндей, осынау рәсімнің бәрібір қызметі бар екен, бірақ күні бұрын көзделмеген немесе жасырын қызметі бар екені аңғарыла алады. Рәсімдер топтың бытыраңқы мүшелерін ортақ іске қатысу үшін әлсін-әлсін жинай отырып, топтық ынтымақты нығайтудың жасырын қызметін атқара алады. Баяғыда-ақ Дюркгейм және басқалар атап өткеніндей, бұл тәрізді рәсімдер сайып келгенде топтық біртұтастықтың қайнар көзі болып шығатын

сезімдерді ұжым болып білдірудің құралы болып табылады. Жасырын функция ұғымын жүйелі түрде қолдану жолымен кейде жария жосықсыз тәртіп топ үшін игі қызметтік тәртіп екендігін аңғаруға болады. Жасырын қызмет ұғымын қолданған кезде, біз егер топтың қызметі өзінің номиналды мақсатына жетпесе, онда бұл қызметтің орын алуын “инерцияның”, “сарқыншақтың” немесе “қоғамда билігі бар кіші топтардың айла-шарғысының” мысалы ретінде ғана суреттеле алады деген қорытынды жасауға асықпаймыз. Белгілі бір мақсатқа, бірақ физика ғылымдары тұрғысынан осы жолмен қол жеткізу жалпы мүмкін емес мақсатқа жетуге арналған кейбір стандартталған практиканы бақылайтын әлеуметтанушылар өте жиі, әрқашан дерлік жасырын қызмет ұғымына жақын ұғымды пайдаланғанын атап өту қажет. Егер біз пуэбло үндістерінің жаңбыр шақыру немесе құнарлылық туралы жалбарынуға байланысты рәсімдерін зерттеумен айналыссақ, гәп нақ сондай болып шығады. Алайда, әлеуметтік тәртіп анық қол жетпейтін мақсатқа бағытталмайтын жағдайларда әлеуметтанушылардың тәртіптің жанама яғни жасырын қызметін зерттеу ықтималдығы кемірек болады. Жария және жасырын қызметтер арасын айыру назарды зерттеудің теориялық жағынан жемісті салаларына бағдарлайды. Бұл айыру әлеуметтанушының назарын ол өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын барынша жемісті жұмсай алатын тәртіп, пікірлер мен наным-сенім салаларына бағдарлайды. Өйткені әлеуметтанушы өзін жария қызметті зерттеумен шектегенде, оның міндеті қалайша басқаша болмақ? Ол белгілі бір мақсатқа жетуге арналған практика сол нысанға жеткізе ме дегенді анықтауға айтарлықтай уақытын жұмсайды. Ол, мысалы, жаңа ақы төлеу жүйесі өз мақсатына – жұмыс күшінің тұрақсыздығын азайтуға немесе өндірісті ұлғайту мақсатына жеткізе ала ма – соны зерттейді. Немесе ол насихаттық науқан алға қойылған мақсатқа: “күресуге дайын тұруды” ұлғайту, “әскери қарызды сатып алуға дайын тұруды” немесе “басқа этностық топтарға төзімділікті” ұлғайтуға қол жеткізе ме деген сұрақ қояды. Әрине, бұлардың барлығы зерттеудің маңызды күрделі тұрпаттары. Бірақ, әлеуметтанушылар өздерін жария қызметті

зерттеумен шектейтін кезде, олардың зерттеулерінің міндеті әлеуметтанудың мәнісін құрайтын теориялық мәселелерден гөрі, көбіне-көп практика (ол индустрияның капитандары, кәсіподақтар серкелері немесе навахо тайпасының көсемі болсын, аталмыш сәтте мұның бәрібір) арқылы анықталады. Бәрінен бұрын жария қызметтермен белгілі бір мақсатпен құрылған бір немесе өзге практика яки ұйым өзінің алдына қойылған міндеттерді орындай ала ма деген проблемамен айналысатын әлеуметтанушы бұрыннан белгілі тәртіп жүйелерінің шебер тіркеушісіне айналады. Оның беретін бағасы мен талдауы, оның алдына теоретик емес, іс адамы қойған, мысалы, ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуден біз мынадай-мынадай нәтижеге қол жеткізе аламыз ба деген сұрақпен шектелген. Ал, жасырын қызмет ұғымымен қаруланған әлеуметтанушы өзінің зерттеуін нақ әлеуметтануды теориялық жағынан дамыту үшін барынша мол үміт беретін салаға қарай бағыттайды. Ол әлеуметтік практиканың жасырын, түсінілмейтін қызметтерін (әрине, жария қызметтерді де) анықтап алу үшін оның белгілі (немесе жоспарланған) түрін қарастырады. Ол айталық, жұмысшылар құрамына енетін кәсіподақ үшін жаңа жалақының алыс болашақтағы салдарларын, немесе кейбір насихаттық науқанның өзінің алдына қойылған отаншылдық арынын ұлғайту мақсатын іске асыру үшін ғана емес, адамдардың, олар ресми саясатпен келіспейтін жағдайда пікір білдіру бостандығына оның ықпалының салдарларын және т.б. қарастырады. Қысқасы, әлеуметтанушының өзіндік ерекше интеллектуалдық үлесі ең алдымен әлеуметтік практиканың алдын ала көзделмеген салдарларын (оларға жасырын қызметтер жатады) зерттеуден, сондай-ақ күтілетін салдарларын (олардың арасында жария қызметтер де бар)34 зерттеуден тұрады деп топшылаймыз. Әлеуметтанушылардың зерттеушілік назары нақ жария қызмет саласынан жасырын қызмет саласына ауған нүктеде әлеуметтанушылар қоғамды зерттеудегі өздерінің өзіндік ерекше және басты үлесін қосады деп топшылауға негіз бар. Аталмыш қағиданы қуаттау үшін көп нәрсені айуға болар еді, бірақ аз ғана мысалдар да әбден жеткілікті болады.

34 Merton R.K., Fіske M., Curtіs A. Mass Persuasіon. N.Y., 1946. P. 185–189.

Хауторндағы Уэстерн Электрик кәсіпорындарын зерттеуі35. Өздеріңізге жақсы белгілі, аталмыш зерттеудің алғашқы сатыларында “жұмысшылардың еңбек өнімділігінің жарыққа” тәуелділігі проблемасы қарастырылды. Екі жарым жыл барысында жарықтың өзгеруі еңбек өнімділігі ықпал ете ме деген проблема басты назарда болды? Бастапқы нәтижелер едәуір кең шекте алғанда жарық пен өнімділік арасында бұлтартпас байланыстың жоқ екенін көрсетті. Өнімділік жарық көбейтілген (немесе кемітілген) эксперименттік топтарда да, жарық өзгертілмеген бақыланушы топтарда да өсті. Қысқасы, зерттеушілер өз ізденістерін тек жария қызметтер саласымен шектеді. Олардың жасырын әлеуметтік қызмет ұғымдарын ескермегендігі мынаған алып келді: бастапқыда олар аталмыш эксперименттің тексерілетін және бақыланатын топ мүшелері арасындағы қарым-қатынас үшін немесе зерттеу жүргізілген ғимараттардағы жұмысшылармен әкімшілік өкілдері арасында қалыптасатын қарым-қатынастар үшін әлеуметтік салдарларына назар аудармады. Басқаша айтқанда, аталмыш мәселені зерттеушілерде өзіндік ерекше әлеуметтанушылық координаттық жүйе болмады да, олар тек жай ғана “инженерлер” ретінде көрінді (тұп-тура метеорологтар тобының хопилар тасаттығының жаңбыр жауғызуға “ықпалын” зерттегені секілді бірдеңе). Және тек ұзақ зерттеулерден кейін ғана экспериментаторларға жаңа “эксперименттік ахуалдың” экспериментке қатысушы жұмысшылардың оны қабылдауы мен оған баға беруіне, аталмыш топтың мүшелері арасында қалыптаса бастаған қатынастың сол топтың ынтымағы мен біртұтастығына ықпалын зерттеу туралы ой келді. Осыған байланысты Элтон Мейо былай деп жазады: “Жарық деңгейін зерттеу жөніндегі сәтсіздік оларды проблеманың тек инженерлік және технологиялық қырларын ғана емес, бөлмеде болып жатқанның бәрін тіркеу қажеттігін түсінуге мәжбүр етті. Сондықтан олардың бақылауы тек технологиялық және инженерлік өзгерістердің жазып отырылуын ғана емес, физиологиялық және медициналық өзгерістердің сондай-ақ белгілі бір мағынада әлеуметтік және антропологиялық өзгерістердің де жазып

35 Roethlіsberger F.J., Dіckson W.І. Management and the Worker. Harvard, 1939.

отырылуын қамтыды. Бұның барлығы әрбір күннің іс жүзінде орын алған оқиғалары жөнінде толық есеп беретін әлдене журнал пошымына ие болды...”36. Қысқасы, эксперименттің жасырын әлеуметтік қызметтерін толығымен елемеген (әлдене қасақана жасалған әлеуметтік ахуал секілді) ұзақ тәжірибелер сериясынан соң ғана жүргізудің өзіндік ерекше әлеуметтанушылық жүйесі енгізілді. “Осынау жағдайды түсіну – деп жазады авторлар,– зерттеудің өз сипатын өзгертуіне алып келді. Зерттеушілер жекелеген өзгергіштерді өзгерту қандай салдарлар беретінін анықтауға ұмтылмайтын болды. Қадағаланатын эксперименттер ұғымының орнына олар әлеуметтік ахуал ұғымын енгізді, сол ахуал өзара тәуелді элементтер жүйесі ретінде суреттеліп, түсінілуге тиіс болатын”. Сол сәттен бастап, қазір жақсы белгілі екендігіндей, зерттеу едәуір айтарлықтай дәрежеде жұмысшылар арасында орын алған тәртіптің стандартталған жүйелерінің жасырын қызметтерін аңғаруға, олардың арасында пайда болған бейресми ұйымдарды анықтауға “данышпан әкімдер” ұйымдастырған жұмысшылар ойындарын анықтауға, жұмысшылармен кеңес, олармен сұхбат ұйымдастыруға және т.б. бағытталған болып шықты. Жаңа тұжырымдамалық схема кейінгі зерттеулерде жиналатын деректердің сипаты мен тұрпатын түгелімен өзгертті. Шилздің: “...шынында да, американ әлеуметтануында бастапқы топтар тарихын зерттеу аталмыш пәді дамытудағы үзілістердің тамаша мысалы болып табылады: әлдене проблеманың маңызын әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі атап көрсетеді, содан кейін ол зерттелмей қалады, содан кейін ешкім бұрын оны тілге тиек етпегендей, жаңадан жұмыла қолға алады”37 деген ескертпемен келісу үшін осыдан 30 жылдай бұрын жарық көрген Томас пен Знанецкийдің классикалық кітабынан жоғарыда келтірілген үзіндіге жүгіну жетіп жатыр. Томас пен Знанецкий әлеуметтану тұрғысынан ассоциацияның басты қызметі қандай болмасын, “соңғысы жеке кісілердің нақты тобы ретінде

36 Mayo E. The Socіal Problems of an Іndustrіal Cіvіlіzatіon. Harvard, 1945. P. 70. 37 Shіls E. The Present State of Amerіcan Socіology. Glencoe. 1948. P. 42.

бейресми түрде басқа да көптеген мүдделерді қанағаттандыру қызмет етеді; олардың мүшелерінің арасындағы әлеуметтік қатынастар тек олардың ортақ мақсатты көздеуіне байланысты қатынастармен шектелмейді...” деп талай рет атап көрсеткен болатын. Сөйте тұра Уэстерн Электрик кәсіпорындарында жұмыс істеген зерттеу тобы индустриялық ұйымдарда пайда болатын бастапқы топтардың жасырын әлеуметтік қызметтеріне көңіл бөле бастағанға дейін эксперименттік жұмыстың тұтас бір жылдары сарп етілді. Айта кету керек, біз бұл арада аталмыш оқиғаны эксперименттік жұмысты сәтсіз жоспарлау мысалын беру үшін келтіріп отырған жоқпыз; ол біздің тікелей мақсатымыз болған жоқ. Біз оны тек жасырын қызмет ұғымы мен соған байланысты қызметтік талдау ұғымдарының әлеуметтанушылық зерттеу үшін маңыздылығын көрсету үшін ғана келтірдік. Ол әлеуметтану теориясының тұжырымдамалық аппаратына аталмыш ұғымды енгізу (бұл орайда “жасырын қызмет” терминінің қолданылу-қолданылмауы елеусіз нәрсе) әлеуметтанушыны маңызды әлеуметтік өзгергіштердің тұтас бір қатарына сезімтал етеді, керісінше болса, ол соларға оңайлықпен көңіл аудар қоймас еді. Аталмыш ұғымды нобайлау үшін арнайы терминді қолдану, бәлкім, болашақ әлеуметтанушылық зерттеулерде сабақтастықтың жоқтығының осындай оқиғаларының санын азайтар. Жасырын қызметтерді тауып алу әлеуметтану білімінің маңызды ұлғайтылуы деген сөз. Жасырын қызметтерді зерттеу қоғамдық ғылымға қосылған зор үлес болып табылатын тағы бір қыр бар. Әлдене қызметтің немесе наным-сенімнің нақ жасырын қызметтері таптаурын сананың игілігі болып табылмайды, өйткені олар алдын ала көзделмеген әрі түсінілмеген әлеуметтік және психологиялық салдарлар болып шығады. Сондықтан жасырын қызметтер саласындағы жаңалық, жария қызметтер саласындағы жаңалықтардан гөрі, әлеуметтанушылық білімді көбірек өсіру болып табылады. Демек, олар естілікке негізделген әлеуметтік өмірден көбірек ауытқу да болып табылады. Жасырын қызметтер ашық мәлімделетін жария қызметтен азды-көпті ауытқу шамасына қарай, жасырын қызметтерді аңғаратын зерттеу өте жиі парадокс

тұжырымдарға алып келеді. Осынау үстірт көзге парадокстар мынаған байланысты туындайды: әлдене стандартталған практиканы немесе нанымсенімді тек олардың жария қызметтері тұрғысынан қарастыратын кең таралған әрі сыңаржақ көзқарас олардың көмекші немесе жанама қызметтері ашылғанда күрт өзгерісті бастан өткереді. Әлеуметтік зерттеуге жасырын қызмет ұғымын енгізу бізді “әлеуметтік өмір үстірт қарағандағыдай қарапайым емес” екендігін көрсететін тұжырымдарға тірейді, өйткені адамдар әлдене әлеуметтік практиканың немесе пікірдің әлдене салдарларымен (мысалы, жария салдарларымен) шектелетіндіктен, сол құбылыстарға моральдық баға беру оларға салыстырмалы түрде оңай. Әдетте, осынау жария салдарларға негізделетін моральдық баға қара немесе ақ түсте ғана болу тенденциясына ие. Бірақ, басқа (жасырын) қызметтерді анықтау бұл картинаны жиі күрделілендіріп жібереді. Моральдық баға беру проблемалары (олар біздің зерттеудің тікелей пәні емес) мен әлеуметтік процестерді басқару проблемалары (бізді қызықтыратыны да сол) қосымша қиындықтарға ие болады да, олар әдетте жауапты әлеуметтік шешімдерге енгізіледі. Жасырын қызмет ұғымын қолданған бір зерттеудің мысалы бізге “парадокс” яғни, жария қызмет пен жасырын қызметті қамтитын нақты қызметтер арасындағы, сол ұғымды қолдану тірейтін айырмашылық туралы біз қай мағынада айтып отырғанымызды көрсетеді. Мәселен, қасақана тұтынуға Веблен жасаған әйгілі талдауға оралсақ, біз соны парадоксқа, кекесінге, сатираға айналатын нәрселерді байқап қалудың ерекше талантына ие әлеуметтік талдаушы деп санайтыны кездейсоқ еместігін түсінеміз, өйткені жасырын қызмет ұғымын (немесе оның эквивалентін) қолдану, әрқашан демесек те, соған жиі апарып тірейді.

Қасақана тұтыну стандарты

Тұтыну заттарын сатып алудың Жария мақсаты, әрине сол заттар арналған қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Мәселен, автомобильдер,

жүріп-тұруды қамтамасыз етуге; шырақтар – жарық беруге, белгілі бір тамақ өнімдері – тіршілікті сақтау қорегіне, өнер туындылары – эстетикалық ләззат алуға арналғаны айдан анық. Осынау өнімдер шынында да сол мақсаттарға пайдаланылатындықтан, олардың маңызды әлеуметтік қызметі көбіне-көп солармен тәмам деп қабылданады. Веблен аталмыш, мәселенің кең таралған түсінігі нақ осында екенін (әрине, Вебеленге дейінгі дәуірде) көрсетеді, “Сатып алып, жинай берудің мақсаты әдетте жиналған игіліктерді тұтыну деп саналады... Бері салғанда бұл сатып алудың экономикалық заңды мақсаты деп саналады, және теориядан тек осы мақсатты түсіндіру талап етіледі.”38 Алайда, дейді бұдан әрі Веблен, біз әлеуметтанушы ретінде әрі қарай ілгерілеп, сатып алудың, жинақтаудың және тұтынудың жасырын қызметтерін қарастыруымыз керек, ал бұл жасырын қызметтер көрсетілген жария қызметтен тым алшақ. “Тек біз тауарлар тұтынуды оның қарабайыр мәнінен өте алшақ мағынада (яғни жария қызметінен алшақ мағынада) қарастырғанда ғана, біз оның бойынан әлдене өзге ынталандыратын сарын таба аламыз, ол жинай беруге сөзсіз апарып тірейді”. Және қасақана тұтынудың орнықтылығы мен әлеуметтік шегін түсіндіруге көмектесетін жасырын қызметтердің бірі – оның “қаражаттық қуатты және жоғары әлеуметтік статусқа жетіп, оны сақтап отыруды” бейнелейтіні болып табылады. “Тамақ, шарап, баспана, қызмет, әшекей, киім, көңіл көтеру” сапасы жөніндегі “педанттық әскездіктің” нәтижесі – “төмен” емес, “жоғары” тауарларды тұтынудан алынатын көбірек қанағат қана емес, сондай-ақ жоғары әлеуметтік статусты арттыру немесе қуаттау. әлеуметтік статус, Вебленнің пікірі бойынша, әскездіктің негізгі сарыны болып табылады. Веблен парадоксы мынада: адамдар қымбат тауарларды олар сапасы жағынан басқа тауарлардан артық болғандықтан емес, бағасы қымбат болғандықтан сатып алады. Оның қызметтік талдауының нәтижесі әлдене жасырын теңдеуді (“жоғары баға – неғұрлым жоғары әлеуметтік статустың нышаны”) жария теңдеуден

38 Veblen T. Op. cіt. P. 25.

(“жоғары баға – тауарлардың жоғары сапасы”)тезірек ашуы болды. Ол жария қызметтердің қасақана тұрпаттағы тұтынудың пайда болуындағы біршама маңызын жоққа шығармайды. Бұл арада олар да қарекет жасайды. “Жаңа ғана айтылғаннан, сатып алып, жинай беруге қаржылық жағдай тұрғысынан көзге түсіп, сол арқылы отандастардың құрметі мен қызғанышына ие болу тілегінен басқа түрткі болатын сарын жоқ деген байлам туындамайды. Жанға жайлылықты ұлғайтып, мұқтаждықтан сақтану тілегі кез-келген сатыда орын алады. Және тағы да: “Әлдене тауардың немесе қызметтің тұтынушылық құнына, өз шығынын жарнамалап”, әлеуметтік абырой алу “тілегі алдыңғы қатарға шығуға соншалық ұмтылса да, олардың шын пайдалылығы ешқашан кірмейді деу оғаш болар еді”. Бірақ тек осынау төте, жария қызметтер тұтынудың кең таралған тұрпаттарын толық түсіндіре алмайды. Басқаша айтқанда, егер әлеуметтік статусты арттыру мен қуаттаудың жасырын қызметтері қасақана тұтыну стандарттары қатарынан шығарып тасталса, онда сол стандарттар “дәстүрлі” тұрпаттағы экономист күні бұрын көріп-біле алмайтын аса елеулі өзгерістерге ұшырар еді. Жасырын қызметті талдау нәтижесінде Веблен қорытындыға келеді: тұтынудың ақтық нәтижесі “сөз жоқ қажеттілікті тікелей қанағаттандыру болып табылады” деген, кеңінен таралған түсініктен өзгеше байламға келеді. “Адамдар уылдырық жейді, өйткені қарны ашқан, “Кадиллак” сатып алады, өйткені жақсы машина мінгісі келеді, кешкі асын шырақ жағып ішеді, өйткені оларға тыныш, жайлы жағдай ұнайды”. Тұтынудың таптаурын санаға тән бұл түсінігі Вебленнің талдауында аталмыш практика дәл сол күйінде, тіпті одан да асырып орындалатын жанама жасырын қызметтерді ажыратуға орын береді. Әрине, соңғы он жыл ішінде Вебленнің талдауының қоғамдық өмірге терең енгені соншалық, осынау жасырын қызметтер бүгінде барлық жерде мойындалды. (Бұл арада тәртіптің басым жүйесінде болып жатқан өзгерістің қызықты проблемасы туындайды, оның жасырын қызметі кеңінен түсінілген

кезде соның салдарынан ол жасырын қызмет болудан қалады. Осынау маңызды проблеманы осы жұмыста қарастыруға мүмкіндік жоқ). Жасырын қызметтерді ашу тәртіптің белгілі бір әлеуметтік стандарттары орындайтын қызметтер туралы түсінікті неғұрлым дәл етіп қана қоймайды (нақ жария қызметті зерттеу кезіндегідей), білім сапалық жағынан да ұлғая түсуі болып шығады. Жария және жасырын қызметтер арасында ажырата білу әлеуметтанушылық талдауды қарабайыр моральдық баға берумен алмастыру жолын кеседі. Қоғамдық мораль беретін баға ең әуелі бір немесе басқа әлеуметтік практиканың яки ережелер кодексінің жария салдарларына негізделуге бейім тұратындықтан, жасырын қызметтерді анықтауға сүйенетін әлеуметтанушылық талдау ара-тұра осынау моральдық бағамен кереғар келіп қалады деп күтуге болады, өйткені жасырын қызметтер, әдетте, дәл сол бағалара негізделетін жария салдарлар секілді қарекет жасайды деген байлам ешқайдан шықпайды. Мәселен, американ халқының едәуір бөлігі саяси машинаны “жаман”, “қажеті жоқ” бірдеңе деп біледі. Мұндай моральдық пікір үшін негіз едәуір әрқилы, бірақ солардың бәрі негізінен саяси машина моральдық кодексті бұзады деген сенімге саяды: саяси патронаж кадрларды объективті біліктілік негізінде іріктеп алу принципін бұзады, олар партияға адалдық негізінде немесе партияның сайлау қорына қосқан үлесіне қарап іріктеледі; боссизм дауыс беру көсемге адалдыққа емес, кандидаттың және саяси платформалардың сапасын индивидуалдық бағалауға негізделуге тиіс деген принципті бұзады; пара беру мен “алғыс” меншік құқығын көпе-көрнеу бұзады; қылмыс үшін жазаланудан “қорғау” заңды мүлдем айдан анық бұзады және қоғамдық моральға кереғар болып шығады. Саяси машинаның моральға, кейде заңға да үлкенді-кішілі қайшы келетін барлық осынау жақтарын ескерсек, біз ол жұмысын неліктен жалғастыруда екенін зерттеудің зәру қажеттілігі алдында тұрмыз. Саяси машинаның орнықтылығы туралы кең таралған “түсіндіру” бұл арада мүлдем орынсыз. Әрине, егер “абыройлы азаматтар” өздерінің саяси міндеттерінің деңгейінде

болса, егер сайлаушылар белсенді де саналы болса, егер сайлауға дайындықпен айналысатын адамдар саны, бүгінде қалалық, округтік, штаттық және федералдық сайлауға дайындық барысында іске жегілетін бірнеше ондаған немесе жүздеген адамдармен салыстырғанда елеулі түрде кемітілсе, егер “бай және білімді” таптар, демократияны ылғи да қолдай бермейтін Брайс жазғандай, олардың қатысуынсыз “ең жақсы үкіметтер де тез арада азғындап бітетін” таптар сайлаушылар тәртібіне жееткшілік жасаса, егер саяси құрылымда барлық осы және соған ұқсас көптеген басқа өзгерістер жасалса, онда, бәлкім, саяси машинаның “кінараттары” да жойылар еді.39 Бірақ, бұл тектес жүзеге асырылмайтынын, саяси машиналар, феникстер секілді, өзінің күлінен қайта түлеп тіріліп шығатынын, қысқартып айтсақ, аталмыш құрылыс американ саяси өмірінің көптеген салаларында ғаламат өміршеңдігін көрсеткенін атап өту қажет. Сондықтан, орнықты әлеуметтік жүйелер мен әлеуметтік құрылымдар әдетте (әрқашан емес) позитивті қызметтер атқарады, оларды қазіргі кезде басқа орын алып отырған жүйелер мен құрылымдар көмегімен адекватты орындау мүмкін емес дейтін қызметтік тұрғыда сүйеніп, біз төмендегідей топшылауға келеміз: бәлкім, жұрт көзінше масқараланған бұл ұйым қазіргі жағдайда әлдене өміршең жасырын қызмет атқаратын болар.40 Аталмыш тұрпаттағы құрылымды осы заманғы зерттеулерді қысқаша қарастыру бізге қызметтік талдаудың кейбір қосымша жақтарын бедерлі көрсетуге көмектеседі. Саяси машинаның кейбір қызметтері

Саяси машиналарды бір-бірінен өзгешелейтін айырмашылықтарды егжейтегжейлі суреттеуден тартынып – Твид, Вайр, Крамп, Флинн, Хейг ешқандай жағдайда саяси басшылардың бірдей тұрпаты ретінде қарастырыла алмайды – біз әлеуметтік ұйымның тектік тұрпаты ретінде саяси машина үшін азды-көпті ортақ қызметтерді қарастырамыз. Біз саяси машинаның барлық әрқилы

39 Saіt E.M. Machіne Polіtіcal // Encyclopedіa of the Socіal Scіences. ІX. 658b, 659a; Bentley A.F. The Process of Government. Chіcago, 1908. Chap. 2. 40 Croly H. Progressіve Democracy. N.Y., 1914. P. 254.

ықзметтерінің толық тізімін санап шығуға ұмтылмаймыз, дәл сол секілді біз барлық қызметтерді кез-келген және әрбір саяси машина бірдей орындалады деп кесіп айтпаймыз. Жетекшінің (босс) негізгі құрылымдық қызметі – қазіргі кезде біздің саяси ұйымдарда шашырап жатқан “бытыраңқы билік элементтерін” ұйымдастыру, орталықтандыру және қажетті жұмыс ауанында ұстап отыру. Саяси биліктің орталықтандырылған ұйымының көмегімен босс және оның аппараты әрқилы кіші топтардың қажеттіліктерін, көзделген заңдармен және мәдени мақұлданған әлеуметтік құрылымдармен тиісінше қанағаттандырылмайтын қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Боссизм мен саяси машинаның рөлін түсіну үшін ...әлеуметтанушылық өзгергіштердің екі тұрпатын қарастыру қажет: (1) моральдық жағынан мақұлданған құрылымдар үшін өзекті әлеуметтік қызметтер орындауды, мүмкін етпесе де, қиындайтын және сол арқылы сол қызметтерді орындайтын саяси машиналардың (немесе олардың құрылымдық эквиваленттерінің) пайда болуы үшін алғышарттар жасайтын құрылымдық контекст және (2) өзіндік ерекше қажеттіліктер тек саяси машинаның жасырын қызметінің көмегімен қанағаттандырылатын кіші топтар. Құрылымдық контекст. Американ саяси ұйымдарының конституциялық шеңбері күшті орталықтандырылған саяси билік құрудың заңды мүмкіндігіне әдейі жол бермейді және, бұрын атап өткеніміздей, осылайша тиімді де жауапты басшылықтың пайда болуына бөгет жасайды. Конституцияны жасаушылар, Вудро Вильсон атап өткеніндей, өзара қадағалау мен теңестіріп отырудың күрделі жүйесін орнатты, ол жүйенің мақсаты үкіметті, оның жекелеген құрамдас бөліктерінің тұрақты достық бәсекелестігінің көмегімен механикалық тепе-теңдіктің әлдене ахуалында ұстап отыру болып табылады”. Олар билікке бостандық ісі үшін қауіпті нәрсе ретінде сенбеді, және оның шоғырлануына кедергі жасайтын тосқауылдар қойды. Билікті бұлай шашырату ұлттық деңгейде ғана емес, жер-жерде де лоын алады. “Нәтижесінде, – дейді Сэт, – адамдар немесе жекелеген топтар позитивтік қарекет жасауды талап

еткенде, қарекет жасауға ешкімде жеткілікті билік болмай шығады. Бейресми саяси машина бұл тұрғыда қажетті заласыздандыруды қамтамасыз етеді”41. Билікті конституциялық жолмен шашырату пәрменді шешім қабылдауға және қарекетті бастауға қиындық туғызып қана қоймайды, басталған қарекетті әрқилы заңгерлік пиғылдармен тежейді. Осының салдарынан “бейресми басқарудың айтарлықтай неғұрлым адами жүйесі” пайда болды да, “көп ұзамай оның басты мақсаты” заңды үкіметті алдау болып шықты. Бейресми демократияның заңсыздығы ресми демократияның заңдылығы жөніндегі жай ғана заласыздандыратын дәрмек. Заңгерге демократияны заңға бағындыру рұқсат етілгеннен кейін, ол құрбандықты құтқарып қалу үшін боссты шақыру қажет болып шықты да, мұны ол тиесілі сыйақыға істеп те берді42. Ресми түрде саяси билік шашыратылған болып табылады. Осынау ашық жарияланған мақсатқа жету үшін әрқилы құралдар ойлап табылды. Билікті әртүрлі үкіметтік мекемелер арасында бөлу ғана жүзеге асырылып қойған жоқ, сол осы мекемелерде мансапқа ие болу мерзімі де белгілі бір дәрежеге дейін шектелді. Басшылықты алмастырып отыру практикасы мақұлданды. Сондай-ақ сол мекемелердің әрқайсысының құзыры қатаң нобайланады. Алайда, қызметтік теорияның қатаң тілімен Сэт былай деп жазады: “басшылық жасау қажет, және оны конституциялық шеңберден шықпай жүзеге асыру оңай емес, сондықтан сахнаға босс шығады да, сол басшылықты сырттан дөрекі де жауапсыз пошымда қамтамасыз етеді43. Мұны неғұрлым жалпылама пошымда білдірсек былай болып шығады: ресми құрылымның қызметтік кемшіліктері орын алып отырған қажеттіліктерді неғұрлым тиімді жолмен орындау үшін балама (бейресми) құрылымды туындатты. Оның өзіндік ерекше тарихи шығу тегі қандай болмасын, саяси машина халықтың әрқилы топтарының басқаша жолмен қанағаттандырылмайтын қажеттіліктерін қанағаттандыру аппараты ретінде табанды түрде тіршілік етіп келеді.

41 Saіt E.M. Op. cіt. 42 Snerwood R.E. Roosevelt and Hopkіns. An Іntіmate Hіstory. N.Y., 1948. P.30. 43 Saіt E.M. Op. cіt.

Енді ол топтардың бірнешеуімен олардың өзіндік ерекше қажеттіліктеріне жүгініп, сол арқылы біз саяси машинаның жасырын қызметтерінің біршама жиынтығын көреміз. Әрқилы топтар үшін саяси машинаның қызметтері. Саяси машина күшінің қайнар көздерінің бірі оның тамыры жергілікті қауымдар мен қоғамдастықтарда жатқаны екендігі жақсы белгілі. Саяси машина сайлаушыларды дауыс берушілердің аморфты, жіктелмеген бұқарасы деп қарастырмайды. Көреген әлеуметтанушылық интуициясын көрсете отырып, машина сайлаушы – өзіндік ерекше ауданда тұратын, өзіндік ерекше жеке проблемалары мен жеке тілектері бар кісі екенін түсінеді. Қоғамдық мәселелер абстрактылы әрі бір қиянда; жеке проблемалар – төтенше нақты және тікелей тәуенді. Машина кең қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру жөніндегі жалпылама үндеулер арқылы емес, қайта, машинаның жергілікті өкілдері мен солардың ауданындағы сайлаушылар арасындағы төте, квазифеодалдық қарымқатьынастар арқылы қарекет жасайды. Сайлаудағы жеңіс сайлау учаскелерінде қамтамасыз етіледі. Машина мұқият талдап әзірленген жеке қатынастар желісі жолымен кәдуілгі еркектермен және әйелдермен байланыс орнатады. Саясат жеке байланысқа айналады. Партияның учаскелік өкілі “несібесіздерге, шын болмаса да, жалған ұнасымды байқата отырып және босс өз құзырына берген қаражатты өзінің мейірбандық пайдалана отырып, әрбір адамның досы болуға тиіс”. Біздің, негізінен бұқаралық, қоғамда машина өзінің жергілікті агенттері арқылы көмектің барлық түрлерін адамгершіл етудің және соған мұқтаж адамдарды анықтап алудың маңызды әлеуметтік қызметін атқарады. Азық-түлік салынған себет және жұмысқа орналасудағы көмек, заңгерлік және заңгерлік емес кеңес, заңға шамалы қияс дауды бітістіру, қабілетті, бірақ кедей бозбаланың жергілікті колледжде партия стипендиясын алуына көмектесу – жақын туысқандарынан айрылып қалғандарға жанашырлық – жапа шеккен адам досқа, әсіресе өмірді білетін әрі анау-мынаумен көмектесе алатын досқа мұқтаж

болатын толып жатқан зәруліктер, қасіреттер, – осының бәрін қиын-қыстау жағдайға тап болған пендеге көмектесуге әзір учаскелік уәкіл істей алады. Саяси машинаның осынау қызметін бағалау үшін, сол көмектің көрсетілетін ғана емес, ол қандай жолдармен көрсетілетінін атап өту маңызды. Көмектің әр түрін көрсететін көптеген ресми агенттіктер бар. Қайырымдылық қоғамдары, муниципиялық ғимараттар, тегін заңгерлік кеңес, тегін госпитальдардағы медициналық көмек, жұмыссыздарға көмек бөлімдері иммиграция мекемелері – бұлардың барлығы және басқа көптеген ұйымдар сан алуан көмектің алуан түрлерін ұсына алады. Бірақ өтінішпен келгендерді сұпсуық бюрократиялық машина секілді қабылдайтын, “клиенттің” азын-аулақ көмек алуға заңды құқығы қандай екендігін егжей-тегжейлі тексергеннен кейін ғана шектеулі көмек көрсететін муниципиялық әл-ауқат бөлімі қызметкерінің кәсіптік әдістері мен сұрақ қоймайтын, көмек көрстеудің заңдылығын анықтап жатпайтын, жеке істерге “мойын бұрмайтын” учаскелік уәкілдің бейресми әдістерінің арасы қаншалық жер мен көктей десеңізші.44 Көптеген адамдар үшін “қорлану” – ресми көрсетілген көмек үшін тым жоғары құн. Муниципияның қайырымдылық істері жөніндегі шенеунігіне, көбінесе өзге әлеуметтік таптың, білім цензінің және этностық топтың өкілі болып шығатыны шенеунікке мүлдем қарама-қарсы учаскелік уәкіл әңгіме не туралы екенін түсінетін “өзіміздің” біріміз болып табылады. Мүсіркегіш жомарт бәйбіше басқа іс түскенде бәрін түсінетін доспен қайдан теңессін. Баламалы құрылымдар арасындағы мұқтаждарға көмек берілуін қамтамасыз ету және қолдау көрсету жөніндегі былайша бірдей қызметті орындау жолындағы бұл күресте әл-ауқатты қамтамасыз ету жөніндегі бейтаныс, кәсіпқой, әлеуметтік жағынан алыс тұрған және заңмен байланысты қызметкерден гөрі саяси машинаның өкілі өзі қызмет көрсететін топтармен жақсы байланысқан. Және де саяси қайраткер оқтын-оқтын көмек көрсету жөніндегі ресми ұйымдарға ықпал ете алатын болса, муниципалитет шенеунігі саяси машинаға ешбір ықпал ете алмайтындықтан, бұл жағдай саяси

44 Snerwood R.E. Op. cіt.

машинаның пәрменділігін тек күшейтеді. Саяси машинаның осынау өзекті қызметін неғұрлым қарапайым және, бәлкім, сондай-ақ неғұрлым қаттырақ сөздермен Бостон аудандары бірінің саяси лидері Ломасни Линкольн Стеффенспен әңгімесінде сипаттап берді: “Мен, деді ол әрбір ауданда кезкелген жігіт келіп – оның не істеп қойғанының бәрібір – көмек ала алатын бір адам болуға тиіс деп ойлаймын. Көмектесіңіз, сіз мұны түсінесіз, заңдарыңыз бен құқықтарыңызды жиып қоя тұрып көмектесіңіздер”45. Осылайша, несібесіз таптар қажеттіліктері заңдастырылған әлеуметтік құрылымдардан гөрі, саяси машинамен неғұрлым жөндем қанағаттандыратын бір кіші топ құрайды. Екінші кіші топ бизнес кіші тобы (ең алдымен үлкен, сондай-ақ “шағын”) үшін саяси босстар бұл топты саяси артықшылықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқарады, бұл қызметтер тікелей экономикалық пайда әкеледі. Корпорациялар, соның ішінде қоғамдық пайдалану кәсіпорындары (темір жолдар, қала транспорты, электрстанцияларды, байланыс кәсіпорындарын) бұл жағынан ерекше көзге түсіп, өздерінің жағдайын жақсартуға және өздерінің мақсатына жақындауға – барынша мол пайда алуға мүмкіндік беретін арнайы саяси қолдау табуға ұмтылады. Бір қызығы, корпорациялар көбіне бақыланбайтын бәсекелестік былығынан арылуды жиі қалайды. Олар сенімділіктің көбірек болуын, бәсекелестікті қадағалайтын, реттейтін және ұйымдастыратын корольді, бірақ өзінің шешімдерінде қоғамдық бақылауға (ұл “үкіметтік бақылау”, яғнитабу болар еді) бағынатын ресми адам болмайтын корольді қалар еді. Саяси босс бұл талапқа тамаша сай келеді. Егер моральдық пиғылдарды бір минут ұмытсақ, босстың саяси аппараты ол осы қызметтердің барлығын ең аз шығындармен орындай алатындай етіп құрылған деген байлам жасамай тұра алмайсың. Әртүрлі үкіметтік бөлімшелерді, бюролар мен агенттіктерді басқару тізгінін өзінің тәжірибелі қолынан шығармай, босс қалың жұртшылық пен жеке кәсіпкерлік арасындағы

45 The Autobіography of Lіncoln Steffens. N.Y., 1931. P. 618; Chapіn F.S. Contemporary Amerіcan Іnstіtutіons. N.Y., 1934. P. 40 – 54, 570, 572 – 573.

қарым-қатынасты ұтымды етеді. Ол басқа, жат (кейде дұшпан да) үкіметтік топтарда бизнес әлемінің өкілі болып табылады. Оның осынау экономикалық қызметіне бизнестің маңғаз клиенттері жақсы ақы төлейді. “Параға мадақ” атты мақаласында Линкольн Стеффенс былай дейді: “байлықтың, биліктің және арам жолмен орманға, шахталарға, мұнай алаңдарына және артықшылықтарға ие болуға жеткілікті батыл да қабілетті адамдарды қолдаудың өкілі болып табылатын біздің экономикалық жүйе кесепаты болып табылады”46. “Босс пен оның машинасы экономиканы ұйымдастырудың құрамдас бөлігіне айналды, – дейді Лос-Анжелестегі бизнес басшыларының конференциясында Линкольн Стеффенс. – Бірде-бір кәсіпорын, ол мейлі темір жолды ашу немесе орманды игеру және т.б. болсын егер оның басшысы пара бермесе немесе үкімет жемқорлығына қосылып кетпесе, өз жұмысын бастай алмайды. Сіз құпия түрде істің нақ осылай екенін менің алдымда мойындамай тұра алмайсыз. Және мен бұл арада жартылай ресми түрде істің жайы нақ осылай дей аламын. Бүкіл елде нақ солай. Мұның өзі, сіздер мен сіздер сияқтылар, қоғамның ең қабілетті, ақылды, тынымсыз басшылары бірқатар себептермен қоғам мен оның заңдарына қарсы шығуға тиіс (мәжбүр) болатын қоғамдық ұйымға ие болып отырмыз деген сөз”47, – деп қорытындылайжы Стеффенс, конференция қатысушыларына арнаған сөзін. Ерекше артықшылықтарға сұраныс осынау қоғамның құрылымының өзінен тамыр тартатындықтан, босс артықшылық іздейтін адамдардың осынау екінші тобы үшін қызметтер атқарады. Бизнестің осынау “қажеттіліктері” олардың шын пошымында әдеттегі және мәдениет мақұлдаған әлеуметтік құрылымдармен қанағаттандырыла алмайды; осыдан келіп заңсыз, ьірақ саяси машинаның азды-көпті пәрменді ұйымы мұқтаждарға сол қызметті көрсетуге ұмтылады. Сондықтан, “сатқын саяси машина” жөнінде тек қана моральдық позиция ұстану – осынау соншалық қатты сыналатын “жамандықты” туындататын құрылымдық шарттарды назардан тыс қалдыру деген сөз. Ал

46 Іbіd.
47 Іbіd.

қызметтік көзқарасты қабылдау саяси машинаға мадақ деген сөз емес, қайта бизнес әлемінің осынау талаптарын аластау немесе сол талаптарды балама құралдармен қанағаттандыру мақсатында өзіндік ерекше құрылымдық механизмдер жасау жолымен өзгерту яки жою үшін неғұрлым берік негіз қалау деген сөз. Арнайы кіші топтар үшін саяси машина атқаратын сипатты қызметтердің үшінші қатарын жеке “ілгерілеудің” қабылданған мүмкіндіктеріне қол жеткізе алмайтындар үшін әлеуметтік белсенділіктің балама арналарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер құрайды. Осынау “қажеттіліктің” (әлеуметтік белсенділіктің) қайнар көздерін және саяси машина осынау қажеттілікті қанағаттандыруға қалай көмектесетінін түсіну үшін біздің мәдениет пен қоғамның құрылымын қарастыру керек. Американ мәдениеті қоғамның барлық мүшелері үшін заңды “табыстың” өлшемі ретінде ақша мен биліктің маңызын барынша бөліп көрсететіні белгілі. Ақша мен билік, біздің мәдениет жүктейтін қызметтің тіпті де бірден-бір мақсаты болмаса да, соған қарамастан ең маңызды құндылықтар болып қалып отыр. Алайда, белгілі бір топтар мен белгілі бір экологиялық аймақтардың табыстары осы көрсеткіштеріне (ақша мен билік) жетуге қолайлы мүмкіндіктері жоқ. Қысқасы, олар халықтың “басты табыс ретінде қаржылай табысқа мәдениеттің көзқарасын жақсылап түсініп алған және сонымен бірге сондай табысқа жетуге жалпы жұрт мойындаған әрі заңдастырылған құралдардың жолы жабық” кіші тобын құрайды. Мұндай аймақтардағы адамдардың әдеткі кәсіптік мүмкіндіктері толығымен қол еңбегімен шектеледі. Біздің мәдениет қара жұмысты өте төмен және, керісінше, әкімшілік-шенеуніктік еңбектің беделін бөліп көрсететін жағдайда, соның нәтижесінде мәдениет мақұлдайтын мақсаттарға кез-келген мүмкін құралдармен жету тенденциясы пайда болатыны барынша айқын болып шығады. Бір жағынан, “бұл адамдардан өз тәртібін байлық және билік жинау жағына бағыттау талап етіледі және, екінші жағынан, әдетте, олар мұны заңды жолмен жасаудың пәрменді мүмкіндіктерінен айрылған”.

Әлеуметтік құрылымның нақ осындай жағдайларында саяси машина қолайсыз жағдайларға душар етілген адамдар үшін әлеуметтік белсенділік жолдарын қамтамасыз етудің елеулі қызметін атқарады. Бұл тінде алғанда тіпті сатылғыш саяси машина мен «рэкет» “(биліктің) экономикалық гүлденуіне және өзінің барлық мүшелерінің әлеуметтік ілгерілеуіне зор көңіл бөлетін қоғамда жоғары қарай өту арналары жабылған немесе тартылған кезде моральдық жағынан міндеттелетін «жеңілісті» бейморальдық айла-шарғының күйретуі болып табылады”. Бір әлеуметтанушы үйлерінің әбден кенеуі кеткен ауданындағы көп жылдағы бақылауының негізінде атап өткеніндей, “рэкет пен саяси ұйымдарды тәртіптің жұрт қалайтын стандарттарынан ауытқу ретінде айыптайтын әлеуметтанушы, саонысымен әбден кенеуі кеткен үйлер ауданындағы өмірдің кейбір өзекті элементтерін елемейді...” Ол (әбден кенеуі кеткен аудандарда тұратын топтар) мүшелері үшін солар орындайтын қызметтерді анықтамайды. Ирландиялық иммигранттары мен неғұрлым кейін келген иммигранттар біздің қалалық, экономикалық және әлеуметтік құрылымға сіңісуде айтарлықтай қиындықтарға тап болды. әлдекім иммигранттар мен олардың балалары, егер олар біздің кейбір үлкен қалаларымыздағы саяси машинаға бақылауды қолға түсірмесе де, әлеуметтік белсенділіктің осы заманғы дәрежесіне қол жеткізе алар еді деп санар ма екен? Бұл рэкет ұйымы үшін де заңды. Саясат пен рэкет этностық табындылық және төмен әлеуметтік статус пәрменімен “маңғаз” арналармен көтеріле алмағандар үшін әлеуметтік белсенділіктің маңызды құралдары болып шықты48. Бұл сонда саяси машина белгілі бір кіші топ үшін атқаратын қызметтерінің үшінші тұрпаты болып табылады. Бұл қызмет, орайы келіп тұрғанда айта кетуге болады, саяси машинаның тіршілік етіп, қарекет жасау фактысының өзімен атқарылады өйткені нақ осы машинада сол индивидуумдар мен кіші топтар өздерінің бойына мәдениет сіңірген қажеттілікті азды-көпті қанағаттандырады. Біз саяси аппарат өзінің қызметкерлеріне көрсететін қызметтер туралы айтып отырмыз. Бірақ біз қарастырып отырған неғұрлым кең

48 Whyte W.F. Socіal Organіzatіon іn the Slums // ASR. 1943. ¹8. P. 34–39.

тінде, ол пайда мен билікке ұмтылатын адамдардың әлеуметтік статусын көтерудің неғұрлым қарапайым құралы болып көріне қоймайды, бірақ кіші топтарды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық құралы ретінде көрінеді, басқаша болса, олар не ақша мен билік жолындағы “жарыстан” жалпы шығарып тасталған, сонда қолайсыз жағдайға қойылған топтар болып шығар еді. Саяси машина “заңдастырылған” бизнеске қалай қызмет көрсетсе, “заңсыз” дерт-бизнеске, қылмыстармен рэкетке дәл солай қызмет етеді, және аталмыш жағдайда машинаның бұл тұрғыдағы әлеуметтанушылық рөл тек біз моральдық ашу-қатынасын уақытша серпіп тастап, осы ұйымның іс жүзіндегі қарекеттерін ешқандай бұрмай зерттеген кезде ғана неғұрлым толық бағалана алады. Осындай көзқараспен келгенде кәсіпқой қылмыскерлердің, рэкетирлердің немесе құмарпаздардың кіші тобы мен өнеркәсіпшілердің, бизнес адамдарының немесе саудагерлердің кіші топтарының ұйымдастырылуында талаптары мен қарекеттерінде елеулі ұқсастық бар екенін бірден аңғарамыз, орман корольдері мен мұнай корольдері бар екендігі секілді, жамандық корольдері мен рэкет корольдері де бар. Егер өсіп келе жатқан заңдастырылған кәсіпкерлік өндіріспен іскерлік белсенділіктің түрлі салаларын “ұтымды етіп”, “біріктіру” үшін әкімшілік және қаржылық синдикаттар ұйымдастыратын болса, өсіп келе жатқан рэкет пен қылмыстылық заңға қайшы игіліктер мен көрсетілетін қызмет өндірісі өрісінде тәртіп енгізу үшін, олай етпеген күнде былыққан күйінде қала беретін салаларда синдикаттар ұйымдастырады. Егер заңдастырылған бизнес шағын кәсіпорындардың көбейіп кетуін ысырапшы, тиімділігі шамалы құбылыс деп санап, жүздеген ұсақ бақалшы жүкендерін ғаламат сауда үйлерімен алмастырып жатса, заңсыз бизнес те осынау іскерлік көзқарасты игеріп, қылмыстылық пен жамандықты синдикаттайды. Және ақыр соңында, көп жағынан ең басты болып табылатын нәрсе – заңдастырылған және заңсыз бизнестің экономикалық рөлдерінде, толық бірдейлік демесек те, іргелі ұқсастық бар. Екі бизнес те біршама дәрежеде

экономикалық сұраныс бар тауарлармен және көрсетілетін қызметпен, қамтамасыз ету ісімен айналысады. Моральдық пиғылды былай қоя тұрып, осынау екі қызмет те кейбір адамдарға қажет тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметті тарататын және солар үшін сол тұтыну заттары мен көрсетілетін қызмет тауарға айналатын базары бар бизнес, индустриялық және кәсіптік ұйым болып шығады. Ал негізінен базарға иек артылған қоғамда белгілі бір заттар мен көрсетілетін қызметке базар сұранысы пайда болған әрбір жолы, тиісті кәсіпорындар дереу пайда болады. Дерт қылмыстылық және рэкет “үлкен бизнес” болып табылатыны жақсы белгілі. Мынаған назар аударыңыз: АҚШ-та 1950 жылы шамамен 500 000-дай кәсіби жезөкше болғанына назар аударыңыздар да, бұл цифрды шамамен 200 000 дәрігер және 30 000 медбике болғанымен салыстырыңыздар. Қайсысының клиентурасы көбірек болғанын анықтау өте едәуір қиын: медицина кәсібінің өкілдері болған еркектер мен әйелдер ме, әлде дерттің кәсіби өкілдері болған еркектер мен әйелдер ме? Сөз жоқ, АҚШ-тағы заңсыз құмар ойын кәсіпорындарының активтерін, кірістерін пайдасын және дивиденттерін бағалап, оларды аяқ киім өнеркәсібінің активтерімен, кірістерімен, пайдасымен және дивиденттерімен салыстыру қиын болар еді, бірақ бұл жағынан екі индустрия шамамен бірдей болып шығуы әбден мүмкін. Жыл сайын заңсыз наша сатып алуға жұмсалатыны ақша қанша екендігі жөнінде дәл цифрлар жоқ; бәлкім, тәтті сатып алуға қарағанда оған ақша азырақ жұмсалар, бірақ, бұл ақша кітап сатып алуға жұмсалатын ақшадан көп болып шығуы әбден ықтимал. Қатаң экономикалық көзқарас тұрғысынан заңдастырылған тауарлар беру мен қызмет арасында өзекті айырмашылық жоқ екенін анықтау қиын емес. Бұл қағиданы спиртті ішімдіктер сату керемет дәлелдейді. Спиртті ішімдіктер сату 1920 жылға (конституцияға 18-ші түзету күшіне енген кезге) дейін экономикалық қызмет болғанына, 1920 жылдан 1933 жылға дейін спиртті ішімдіктер өндіру мен сату экономикалық қызмет болудан қалғанына және 1934 жылдан бүгінгі күнге дейін қайтадан экономикалық қызмет түріне айналғанына дау айту бос әурешілік. Немесе тыйым салынған“құрғақ” Канзас

штатында спиртті ішімдік сату, көрші “малман” Миссури штатында ашық өндірілген спиртті ішімдік сатуға қарағанда базар сұранысына кем дәрежедегі жауап болатын деп тұжыру экономикалық (моральдық емес) көзқарас тұрғысынан оғаш болар еді. Мұндай мысалдарды талай есе ұлғайта беруге болады. Жезөкшелік заңдастырылған Еуропа елдерінде жезөкше экономикалық қызмет көрсетеді, ал жезөкшелікке рұқсат етілмеген АҚШ-та жезөкше экономикалық қызмет көрсетпейді деп кесіп айтуға бола ма? Немесе аборт жөніндегі маман заңды статусы болған жағдайда экономикалық базарда қарекет жасайды, егер заң оның қызметіне тиым салса, одан тыс қалады деуге бола ма? Невадада штаттың ең ірі қалаларының ең ірі іскерлік кәсіпорындары болып табылатын өұмарханалар көңіл көтеруге өзіндік ерекше сұранысты қанағаттандырады, бірақ олар солардың экономикалық статусы тұрғысынан көрші Калифорния штатының кинотеатрларынан едәуір өзгешеленеді деп кесіп айтуға бола ма? Барлық осынау бизнестер “заңдастырылған” бизнестерден экономикалық көзқарас тұрғысынан емес, тек мораль тұрғысынан ғана ерекшеленетінін түсінбеу тым шалыс қорытындыларға апарып соқтырады. Бизнестің осынау түрінің бірдейлігі мойындалады екен, біз, егер саяси машина “заңдастырылған үлкен бизнеске” белгілі бір қызмет көрсететін болса, онда ол “заңсыз үлкен бизнеске” де дәл сондай қызмет көрсетуі әбден ықтимал теп топшылай аламыз. Және, сөз жоқ, көптеген жағдайларда солай болады да. Саяси машинаның қылмыстылық, рэкет және кінарат әлеміндегі өзінің клиенттеріне сипатты қызметі мынадай: саяси машина оларға үлкен базардағы экономикалық сұранысты қанағаттандыру тұсында мемлекеттік биліктің араласуынсыз қызмет ету мүмкіндігін береді. Үлкен бизнес те, үлкен рэкет пен ұйымдасқан қылмыстық дүние де үкіметтің араласуын барынша кеміту үшін, партиялық сайлау кассаларына ақша құя алады. Екі жағдайда да, әртүрлі дәрежеде, саяси машина “қорғанысты” қамтамасыз ете алады. Екі жағдайда да құрылымдық контекстің көптеген сипаттары бірдей болып келеді: (1) базардың тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметке сұранысы; (2) кәсіпкерлердің өз

кәсіпорындары пайдасын барынша ұлғайту жөніндегі қамқорлығы; (3) үкіметтік машинаны ішінара бақылап отыру қажеттілігі, басқаша болса, ол бизнесменнің барынша мол пайда табуға бағытталатын қызметіне килігуіне киліге алады; (4) “бизнестің” үкіметтік машинамен тиімді байланысын қамтамасыз ететін тиімді күшті және орталықтандырылған агенттікке қажеттілік. Жоғарыда айтылғандар саяси машинаның бүкіл қызметін немесе оның қызмет көрсететін барлық кіші топтарын түгел қамтыды деп тіпті де топшыланбайды; бері салғанда біз мынаны көре аламыз: қазіргі жағдайда ол осынау әртекті кіші топтарға кейбір қызметтер, аталмыш мәдениетте мақұлданып, қабылданған құрылымдар соған ұқсатып орындай алмайтын қызметтер көрсетеді. Саяси машинаның осынау талдауынан бірнеше қосымша тұжырымдарды осы арада тізе кетуге болар еді, дегенмен олардың байыпты талдап әзірлеуді талап ететіні мүлдем айдан анық. Біріншіден, жоғарыдағы талдаудың әлеуметтік инженерия үшін тікелей маңызы бар. Ол оқтын-оқтын “саяси реформа” жасау әрекеттерінің “жексұрындарды қуу”, “саясатты тазалау” әрекеттерінің, әдетте (міндетті болмаса да), неліктен соншалық қысқа да нәтижесіз болатынын түсіндіруге көмектеседі. Бұл талдау негізгі теореманы қуаттайды: жойылған ұйым бұрын орындап келген қызметтерді орындау үшін адекватты балама жасамай тұрып, орын алып отырған әлеуметтік құрылымды жоюдың кез-келген әрекеті сәтсіздікке бұйырылған (бұл теореманың саяси машина жөніндегі бір мысалға ғана емес, неғұрлым кең өріске қолданыла алатынын айтып жатудың қажеті жоқ). “Саяси реформа” өзінің міндетін “алаяқтарды аластаумен” шектеген кезде тұп-тура әлеуметтанушылық фокус басталады. Бұл реформа саяси сахналарда жаңа тұлғалардың пайда болуына жетелей алады; ол сайлаушылардың моральдық жақсылықтарға дақ түсірілмейді және сайып келгенде салтанат құрады деген сенімінің қасақана емес әлеуметтік қызметін атқара алады; ол шынында да саяси машина қызметкерлерінің өзгерісін

туындата алады; ол тіпті саяси машинаның қызметін соншалықты кемітіп, бұрын қанағаттандырылып келген қажеттіліктердің қанағаттандырылмай қалуына соқтыра алады. [...] Әлеуметтік ұйым орындайтын жария және жасырын қызметтерді тиісінше ескермей тұрып, әлеуметтік өзгерістерге ұмтылу дегеніңіз әлеуметтік инженериямен айналысудан гөрі, әлеуметтік жалбарынумен айналысу деген сөз. Жария және жасырын қызмет туралы ұғымдар әлеуметтік инженердің теориялық жүгіндегі міндетті сәттер болып табылады. Осынау іргелі мағынада аталмыш ұғымдар жай ғана “теорияшыл” (балағаттау мағынасындағы) емес, төтенше қолдабалы да. [...] Саяси машинаға жасалған талдаудан шығатын екінші қорытындының да біз қарастырған саламен салыстырғанда неғұрлым кең өріс үшін маңызы бар. Саяси машинаның тірегін, әрине, қылмыскерлер мен рэкетирлерге қарсы тұрған іскерлер әлемнің “маңғаз” элементтері де, шыңыраудың әлпеттен мүлдем айрылған элементтері де құра алады деген парадокс жиі атап өтілді... Дипломды қазының, кеше ғана саяси қайраткерлердің бейресми қонақасында бір үстелде отырған рэкетирге үкім шығаратыны сирек емес... Әлеуметтік қарама-қарсылықтар жолы болғыш саясаткердің темекі иісі аңқыған бөлмесінде ұшыраса береді. Қызметтік талдау аясында енді мұның бәрі парадокс болып көрінбейді. Машина іскерлер тобына да, қылмыскерлер тобына да қызмет ететіндіктен, үстірт қарағанда қарама-қарсы екі топ ықпалдастық қатынаста болады. Саяси машина талдау әлгілерден де неғұрлым ортақ теоремаға жетелейді: аталмыш ұйымның әлеуметтік қызметтері құрылымды (сол құрылымға кіретін персонал жиытығын қоса) анықтауға көмектеседі, дәл солайша құрылым атқарылатын аталмыш қызметтердің тиімділігін де анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік статус тұрғысынан бизнесмендер тобы мен қылмыскерлер тобы, әрине, қарама-қарсы тұрған полюстер. Бірақ статус топтар арасындағы тәртіп пен өзара қатынасты толық анықтамайды. Қызметтер бұл

қатынастар түрін өзгертіп жібереді... Басқаша айтқанда: құрылым қызметке ықпал етеді, ал қызмет құрылымға ықпал етеді. [...]

Қазақшалаған Құралай Әусыдықова.

Толкотт ПАРСОНС

(1902–1979) американ әеуметтану теоретиктерінің бірі, әлеуметтанудағы құрылымдық-қызметтік бағыттың басты өкілдерінің бірі. 1927 жылдан Гарвард университетінде жұмыс істеді, 1946–1956 жылдары сонда әлеуметтік қатынастар бөлімшесін басқарды, 1947 жылдан Америка әлеуметтанушылық ассоциациясының президенті болды. Екінші жиһан соғысынан кейін жиырма-отыз жыл бойы ол ағылшын тілдес елдердегі, тіпті жаһандағы әлеуметтанудың басты тұлғасы – теоретигі болды. Оның әлеуметтанушылық теориясы (“құрылымдық функционализм” немесе “нормативтік функционализм”) американ қоғамының жемісі деп қарастырылады, өйткені ол қоғамда құрылымдық-әлеуметтік жанжалдар негізінен жойылып, жалпы әлеуметтік кірігу мен демократиялық құндылықтарға ортақ адалдық пайда болған-ды. Парсонс әлеуметтанудың

негізін қалаушылардың бытыраңқы топшылауларын біртұтас (бірақ жүйелемей) етіп жинақтап, әлеуметтанудың жаппай кірігушілік теориясын әзірледі.

ОСЫ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАР ЖҮЙЕСІ

Бірінші тарау

ТЕОРИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАР

Қарекет жүйелері және әлеуметтік жүйелер

Біз әлеуметтік кіші жүйелерді49 жалпы қарекет жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз, ал оның басқа құрамдас бөліктері – мәдени кіші жүйелер, тұлғалық кіші жүйелер және құлықтық организмдер – бұлардың барлығы әлеуметтік ықпалдастықтың нақты легінен есептеп шығарылатын абстракциялар. Қарекеттің жалпы жүйесінің бұл аталған үш кіші жүйесі, біздің тұрғыдан алғанда, әлеуметтік кіші жүйе жөнінде оны қоршаған ортаның компоненттері ретінде түсіндіріледі. Мұндай тәпсірлеу, әсіресе, индивидтердің кісілік қасиеттері туралы түсініктерге келгенде, әдеттегіден өзгешелеу. Мұндай көзқарастың тұғырлары менің өзге еңбектерімде келтірілген, ал бұл арада алда баяндалатындарды түсіну үшін, әлеуметтік те, тұлғалық кіші жүйелер нақты орын алатын бірдеңе еместігін ұмытпау маңызды. Қарекеттің көрсетілген төрт кіші жүйесін айыра бөлудің қызметтік сипаты бар. Бұлай айыру, біздің түсінігіміз бойынша, кез-келген қарекет жүйесіне тән

49 Parsons T. Socіetіes. . . Ch. 2; Parsons T. Socіal systems and subsіstems; Іnteractіon // Іnternanatіonal Encyclopedіa of the Socіal Scіences. : N.Y.: Macmіllan, 1968; және де: Teorіes of socіety/Ed. by T. Parsons, E. Shіls, K. Naegele, J. Pіtts. N.Y.: Free Press, 1961. кітабындағы кіріспе тараулар.

бастапқы төрт қызметтің негізінде жүргізіледі. Олар: үлгінің қайта туындау, кірігу, мақсатқа жету және бейімделу қызметтері50. Кез-келген қарекет жүйесінің бастапқы кірігушілік проблемасы оны құрайтын элементтерді, белгілі бір мақсаттарда қарекет субъектілері ретінде ұжымдарды да қарастыруға болғанымен, ең әуелі адамдар индивидтерін үйлестіруден тұрады. Кірігушілік қызмет бұл арада көбінесе әлеуметтік жүйеге телінеді. Мәдени жүйеге негізінен үлгіні сақтап, үдемелі өндіру, сондай-ақ оны шығармашылық қайта құру қызметі бекітіп беріледі. Егер әлеуметтік жүйелерде бірінші орында әлеуметтік ықпалдастық проблемалары тұрса, мәдени жүйелер символдық мәндер – өздері негізге алып құрылымданатын кодтар кешендерінің оларда пайдаланылатын символдардардың ерекше ұштасуы, оларды қарекет жүйесінің бөлшектері ретінде пайдалану, сақтау және өзгерту шарттары кешендердің төңірегіне шоғырланады. Индивид тұлғасына негізінен мақсатқа жету қызметін атқару бөлінеді. Тұлғалық жүйе – қарекеттер процесінің негізгі орындаушысы, және, яғни мәдени принциптер мен нұсқаулардың бейнеленуі. Сарындау мағынасындағы марапаттау деңгейінде қарекеттің негізгі мақсаты – жеке қажеттіліктерді қамтамасыз ету немесе тұлғаның қанағаттануы болып табылады. Мінез-құлықтық организм бейімделу кіші жүйесі, адамның өзге жүйелерге таяныш болатын негізгі мүмкіндіктерінің шоғырлануы ретінде түсіндіріледі. Онда қарекет, физикалық ортамен ықпалдастықтың негізгі механизмдері, атап айтқанда, орталық жүйке жүйесіндегі ақпарат қабылдау мен өңдеу механизмі және физикалық ортаның талаптарына сай қимыл жасау механизмі ыңғайлануға тиіс шарттар жатыр. Барлық осы өзара байланыстар төмендегі №1кестеде көрсетілген: №1 кесте Қарекет*

50 Төрт қызмет теориясының баяндалуын мына басылымдардан қараңыз: Parsons T. An ounlіne of the socіal sіstem// Teorіes of socіeny. P. 30-79; және неғұрлым қысқаша: Parsons T. Socіetіes . . . P. 28.

Кіші жүйелер
Негізі қызметтер
Әлеуметтік
Кірігу

Мәдени
Үлгіні үдемелі өндіру
Тұлғалық
Мақсатқа жету

Мінез-құлықтық организм
Бейімделу

* Кестенің күңгірттелген бөлігі әлеуметтік кіші жүйенің қоршаған
ортасын көрсетеді.

Нақты болмыстың екі жүйесі бар, олар қарекеттер жүйесі жөнінде біз қабылдаған талдаушылық тіндегі құрамдас бөлшектер емес, оның ортасы болып табылады. Олардың біріншісі – физикалық орта, ол тек физика мен химия терминдерінде баяндалатын құбылыстарды ғана емес, егер тек олар қарекеттер жүйесіне кірігіп кетпеген болса, тірі организмдер дүниесін де қамтиды. Біз физикалық ортадан да, қарекет жүйелерінің өзінен де тәуелсіз деп көрсететін екінші жүйені, философиялық дәстүрлер арнасында, – «ең жоғары нақты болмыс» деп атайық. Бұл М. Вебер51 адам қарекеттері «мағынасының проблемасы» деп атаған нәрсеге қатысты және ол проблема қарекет жүйесімен мәдени жүйеде мағыналық бағдарларды құрылымдау арқылы байланысты болады, ал мағыналық бағдарлар танымдық “жауаптарды” қамтиды және тіпті де солармен шектеліуп қалмайды52. Қарекеттің төрт кіші жүйесінің арасындағы, және олар мен қарекет ортасының арасындағы өзара қатынастарды талдағанда, өзара астасу құбылысын ұмытып кетпеу маңызды. Бәлкім, өзара астасудың ең белгілі мысалы ретінде индивидтің бойында әлеуметтік объектілер мәдени нормалардың интерналдануы бола алатын шығар. Екінші мысал оқу жолымен алынатын тәжірибе мазмұны, ол мазмұн индивид зердесі аппаратында жүйеленіп, сақталады. Сондай-ақ әлеуметтік жүйелердің конституциялық

51 Weber M. The socіologі of relіgіon. Boston; Beacon Press, 1963. 52 Geertz, C. Relіgіon as a cultural system// Anthropologіcal approaches to the study of relіgіon/Ed. By M. Banton. N.Y.: Praeger, 1966.

құрылымы ретінде мәдени жүйелердің нормативтік компоненттерінің институтталуын атай кетуге болады. Біздің пікіріміз бойынша қарекет жүйелерінің кез-келген жұбының арасындағы шекара құрылымдық компоненттерді немесе түзілімдердің әлдене «аймағы» болып табылады, ол компоненттер мен түзілімдер теориялық тұрғыдан жай ғана ол жүйелердің біреуіне ғана емес, екі жүйеге де тиесілі нәрселер ретінде қарастырыла алады. Осылайша, мысалы, әлеуметтік тәжірибеден алынатын, З. Фрейдте (суперэго) және Э. Дюркгеймде (ұжымдық сана ұғымында) индивид тұлғаның құрамдас бөлігі ретінде қарастырған мінез-құлық нормалары не солай, не әлеуметтік жүйенің бір бөлшегі ретінде саналуға тиіс деп кесіп айту дұрыс болмас еді53. Жүйелер арасындағы өзара алмасу процесі нақ өзара астасу аймақтарының арқасында жүзеге аса алады. Бұл символдық мәндер мен қорытылған сарындар деңгейлері жөнінде әсіресе дұрыс. Символдық «коммуникацияға» қабілетті болу үшін индивидтерде оларға ортақ мәдени ұйымдастырылған кодтар (мысалы, тіл) болуға тиіс, олар бір мезгілде олардың әлеуметтік ықпалдастығы жүйелеріне де кіріккен болуы керек. Кісі орталық жүйке жүйесінде сақталатын ақпаратты пайдалана алуы үшін, мінез-құлық организмінде жұмылдыру және іздестіру механизмдері болуы тиіс, бұл механизмдер тәпсірлеу арқылы кісілік деңгейде ұйымдастырылған сарындарға қызмет етеді. Осылайша, әлеуметтік жүйелер қоршаған ортаға кіру және шығу табалдырығында тұрақты өзара алмасу ахуалында болатын «ашық» жүйелер ретінде көрінеді. Мұның үстіне, олар өзара алмасу процесіне тұрақты қамтылатын әрқилы кіші жүйелерге әу бастан жіктелген. Әлеуметтік жүйелер дегеніміз қарекет жасайтын субъектілер арасындағы әлеуметтік ықпалдастықтың ахуалы мен процестері құрайтын жүйелер. Егер де ықпалдастық қасиеттерін қарекет жасайтын субъектілердің қасиеттерінен шығарып алу мүмкін болса, әлеуметтік жүйелер эпифеномен болар еді, мұны «индивидуалистік» әлеуметтік теориялар табандап талап етеді. Бұл арада біздің

53 Parsons T. The superego and the theory of socіal sіstems // Socіal structure and personalіty. N.Y.: Free Press, 1964.

позициямыз онымен мүлдем кереғар. Ол позиция, атап айтқанда, Дюркгеймнің қоғам – және басқа әлеуметтік жүйелер – suі generіs нақты болмысы деген тұжырымдауына сүйенеді. Әлеуметтік жүйелердің құрылымын тәуелсіз өзгергіштердің төрт түрін қолданып талдауға болады: олар – құндылықтар, нормалар, ұжымдар және рөлдер54. Құндылықтар әлеуметтік жүйелердің үлгіні сақтау және үдемелі өндіру жөніндегі қызметті орындауында жетекші орын алады, өйткені олар әлеуметтік жүйенің қаланатын тұрпаты туралы түсініктерден өзге ештеңе де емес, сол түсініктер қарекет субъектілерінің белгілі бір міндеттемелер қабылдау процесін реттейді. Негізгі қызметі әлеуметтік жүйелерді кіріктіру болып табылатын нормалар нақты және жекелеген әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік ахуалдар тұрпаттары бойынша мамандандырылған. Олар әлеуметтік жүйенің құрылымындағы тиісті деңгейлер жөнінде нақтыланған құндылықтар жүйесінің элементтерін қамтып қана қоймайды, сонымен қатар, оларда белгілі бір ұжымдар мен рөлдер үшін өзіндік ерекше қызметтік және жағдаяттық тұстарда жасалатын қарекетке бағдарланудың нақты тәсілдері де болады. Ұжымдар мақсатқа жету қызметі бәрінен маңызды, құрылымдық компоненттер санатына жатады. Тобыр секілді толып жатқан өте тұрақсыз топтық жүйелерді серпіп тастап, біз ұжым деп тек төмендегі екі өлшемге сәйкес келетін жүйелерді ғана санаймын. Біріншіден, олардың жалпы алғанда аталмыш ұжымның мүшелері мен мүшелері еместерді жіті анықтап алуға болатындай олар белгілі бір мүшелік статусқа ие болуға тиіс – бұл қарапайым отбасынан саяси қоғамдастықтарға дейін көптеген жағдайларда қолданылатын өлшем. Екіншіден, ұжымның ішінде оның мүшелері өздерінің мәртебелері мен қызметтері бойынша жіктелген болуға тиіс, демек белгілі бір мүшелерден олар белгілі бір нәрселер, басқалардан күтілмейтін нәрселер жасайды деп күтіледі. Рөл – бірінші кезекте бейімделу қызметін атқаратын құрылымдық компонент. Оның көмегімен өзара үміт арқылы қандай да бір ұжымға қосылатын

54 Parsons T. General theory іn socіology // Socіology today /Ed. By R. K. Merton, L. Broom, L. S. Cottrell. N.Y.: Basіc Books, 1959; Harper, 1965.

индивидтер тобы анықталады. Сондықтан рөлдер әлеуметтік жүйе мен индивид тұлғасының өзара астасуының негізгі аймақтарын қамтиды. Алайда, жекелеп алынған қандай да бір рөл ешқашан нақты индивидтің даралық ерекшелігін көрсете алмайды. Әке тек өз балаларына ғана ерекше әке, ал өз қоғамының рөлдік құрылымы тұрғысынан алғанда, ол – әкелер категорияларының бірі ғана. Сонымен бір мезгілде ол ықпалдастықтың көптеген басқа түрлеріне де қатысады, мысалы кәсіптік құрылымда өзінің рөлін атқарады. Әлеуметтік жүйелер suі generіs нақты болмыстың көрінісі болып табылатындығы, атап айтқанда, олардың құрылымдық компоненттерінің жоғарыда айтылған тұрпаттарының бәрі бір-бірі жөнінде тәуелсіз өзгергіштер болып табылады деген сөз. Осылайша, мысалы, абстракциялығы жоғары құндылықтар үлгілері тіпті де әрдайым кез-келген жағдайларды бір ғана нормаларды, ұжымдарды және рөлдерді заңдастырмайды. Дәл осылай көптеген нормалар қисапсыз көп ұжымдар мен рөлдердің қарекеттерін, бірақ тек олардың қарекеттерінің белгілі бір бөлігін ғана реттейді. Сондықтан ұжым әдетте көптеген арнайы нормалар бақылауының шеңберінде қызмет етеді. Онда әрқашан көптеген рөлдер болады, дегенмен әрбір дерлік елеулі рөл көптеген нақты ұжымдарда атқарылады. Соған қарамастан, әлеуметтік жүйелер осы құрылымдық компоненттердің комбинацияларынан тұрады. Орнықты институтталуға жету үшін ұжымдар мен рөлдер нақты құндылықтар мен нормаларды «басшылыққа алуы» тиіс, ал құндылықтар мен нормалардың өздері нақты ұжымдар мен рөлдер арқылы «өмірге сіңуінің» арқасында ғана институтталады.

Қоғам түсінігі

Біз қоғамды өзге де әлеуметтік жүйелерді қамтитын өзінің ортасы жөнінде өзін-өзі жеткіліктіліктің ең жоғары дәрежесіне ие әлеуметтік жүйе тұрпаты деп

анықтаймыз55. Алайда, толық жеткіліктілік қарекет жүйесінің кіші жүйесі ретінде қоғамның мәртебесімен сыйыспас еді. Кез-келген қоғам өзін жүйе ретінде сақтау үшін, өзара алмасу тәртібімен өзін қоршаған жүйелерден ол алатын нәрсеге тәуелді болады. Демек, орта жөніндегі дербес жеткіліктілік дегеніміз өзара алмасу қатынастарының тұрақтылығы және өзінің қызмет ету үшін өзара алмасуды қадағалап отыру қабілеті деген сөз. Бұл бақылау қандай да бір ауытқулардың алдын алу немесе «жолын кесу» қабілетінен бастап, ортамен қатынасын өзіне қолайлы жағдайда қалыптастыру қабілетіне дейін өзгеріп отыра алады. Физикалық ортаның қоғам үшін, ол өзінің өндірістік, технологиялық және экономикалық механизмдерінің көмегімен қоғам пайдаланатын материалдық ресурстардың тікелей қайнар көзі болып табылады деген мағынада бейімделушілік мәні болады. Материалдық ресурстарға қол жетуін бөлу, қоғам өмірінің экологиялық аспектісі арқылы еңбек бөлінісі жүйесіне байланысты болғандықтан, халықтың әртүрлі кіші топтарын аумақтық орналастыру мәселелерін шешуді, сондай-ақ оларға әртүрлі экономикалық мүдделерді бекітіп беруді талап етеді. Физикалық ортаның қоғам үшін маңызды екінші бір аспектісі бар (жағымсыз қарекеттерді тежеу үшін физикалық күштің маңыздылығына байланысты), соған сәйкес тиімді социеталдық мақсатқа жету ісі белгілі бір аумақ шегінде қарекеттерді қадағалап отыруға мұқтаж. Сондықтан біз қоғамның жеткіліктілігінің екі көрінісін ұшыратып отырмыз, олар, экономикалық және саяси өмір сүруге физикалық ортаға қатынастарда технология арқылы әскери және полициялық қызметтерді атқаруда ұйымдастырылған күшті пайдалану арқылы қатысты болады. Социеталдық дербес жеткіліктіліктің үшінші көрінісі қоғамның организмдерімен ерекше тектегі өзара астасуда болатын оның индивидуалдық мүшелерінің кісілік жүйелеріне қатысты. Қарекет әрқашан белгілі бір жерде жасалатындықтан, аумақтық комплекспен Организм тікелей байланысты. Бірақ оның әлеуметтік жүйемен негізгі байланысы кісі арқылы жүзеге асырылады:

55 Parsons T. Socіetіes… Ch. 2.

өзара астасудың басты аймағы – мүшелік статус. Қоғам тек өз мүшелерінің шаруалары оның социеталдық тіршілік етуіне адекватты «үлес» болып қызмет ететіндігіне қай шамада «сүйене» алатындығына қарай дербес жеткілікті бола алады. Кісі мен қоғамның өзара қатынасы жағдайында олардың абсолютті кірігуі дербес жеткіліктілікті көздейтін өзара алмасудың өзге жағдайларынан артық қажет бола қоймайды. Бірақ егер белгілі бір қоғам көп мүшелерінің басым көпшілігі барынша “шеттетілуді” бастан кешіріп отырса, бұл қоғам туралы дербес жеткілікті қоғам деуге болмайды. Қоғам мүшелерінің оған кірігуі әлеуметтік және кісілік жүйелердің арасында өзара астасу аймағының болуын қажет етеді. Алайда бұл арада қатынас негізінен үш жақты, өйткені мәдени жүйенің бөлшектері, әлеуметтік құрылым бөлшектері сияқты, кісілерде интерналданады, сонымен бір мезгілде мәдени жүйенің бөлшектері қоғамда институталған. Әлеуметтік деңгейде инститталған құндылықтық үлгілер әлеуметтік жүйенің қалаулы тұрпатын айқындайтын «ұжымдық түсініктер»56 түрінде көрінеді. Осынау түсініктер әлеуметтік жүйелер тұрпаттары тұжырымдамаларына сәйкес келеді, сол тұжырымдамалардың көмегімен индивидтер өздерін қоғамның мүшесі ретінде көрсетуде бағдар ұстайды. Демек, қоғам мүшелерінің өздерінің төл қоғамының құндылықтық бағдарлануы жөнінде бір пікірде болуы құндылықтық үлгінің институтталуы деген сөз. Сөз жоқ, бұл тектес консенсусқа әр дәрежеде қол жетеді. Бұл тінде дербес жеткіліктілік қоғам институттарының өз мүшелерінің келсілген құндылықтық қалауының заңдастырылу дәрежесімен анықталады57. Мәдениет деңгейінде әлеуметтік құндылықтар тек неғұрлым кең құндылықтар жүйесінің бір бөлігін ғана құрайды, өйткені баға беруге қарекеттер жүйесіне кіретін барлық басқа нысандар топтары жатады. Құндылықтар да мәдени жүйенің өзге компоненттерімен – эмпириялық біліммен, экспрессивтік символдар жүйелерімен және діни жүйелердің

56 «Ұжымдық түсініктер» әлеуметтік ұйымның мәдени негізін белгілеу үшін Э. Дюркгейм енгізген ұғым. Ол бұл ұғымды әсіресе дінді талдау үшін қолданды. Біз құндылықты веберлік мағынада, ұжымдық түсініктердің ерекше түрі ретінде қарастырамыз (қараңыз: Parsons T. Structure of socіal actіon. N.Y.: Free Press, 1968. Ch. 11.). 57 Cp. Parsons T. An outlіne of the socіal system//Parsons T. Theorіes of socіety…

ұйтқысын құрайтын конституциялық символдық құрылымдармен белгілі бір қатынаста болады58. Сайып келгенде құндылықтар негізінен діни терминдерде заңдастырылады. Мәдени заңдастырылу тінінде, осылайша қоғам мына шамада: оның институттары оның мүшелерінің салыстырмалы түрдегі келісімімен мақұлданатын құндылықтармен заңдастырылған шамада және сол құндылықтар өз кезегінде қоғам мүшелерінің мәдени жүйенің өзге компоненттеріне, әсіресе оның конституциялық символизміне сәйкес келуінің арқасында заңдастырылған шамада жеткілікті дербес болып табылады. Мәдени жүйелер әлеуметтік жүйелермен, соның ішінде қоғаммен толық сәйкес келмейтіндігін ұмытпау маңызды. Неғұрлым маңызды мәдени жүйелер әдетте, әрқилы нұсқаларда, кіші мәдениеттер де болатын көптеген қоғамдарда институтталған болады. Мысалы, батыс христиандығы негізінде қалыптасқан мәдени жүйе ьолып жатқан сілтемелермен, нұсқалармен жаңартылған қоғамдардың бүкіл еуропалық жүйесі үшін ортақ болып табылады. Бұдан әрі кітабымызда бір қоғамның екіншісіне қатынастарының екі тәсілі талқыланады. Біріншіден, «саяси ұйымдастырылған» деуге болатын барлық қоғамдар басқа қоғамдармен әртүрлі тұрпаттағы: достық немесе дұшпандық «халықаралық қатынастар» жағдайында болады. Біз бұл түсінікті, мұндай қатынастардың өздері, әлеуметтік жүйелердің өзге тұрпаттары секілді, сол ортақ ұғымдардың көмегімен талдауға болатын белгілі бір әлеуметтік жүйені құрайды деп топшылап, кеңейте түсеміз. Екіншіден, қандай да бір әлеуметтік жүйе екі немесе одан көп қоғамдарға тән әлеуметтік құрылымдардан, мүшелерден және мәдениеттерден құрыла алады. Ондай әлеуметтік жүйелер көп және сан алуан. Американдық иммигрант отбасылар «ескі отанындағы» туыстарымен пәрменді байланыстарын жиі сақтап қалады да, олардың туыстық жүйелерінің американдық және шетелдік «бұтақтары» болады. Осыған ұқсас бірдеңені көптеген іскер компаниялар, кәсіптік ассоциациялар және діни ұйымдар жөнінде де айтуға болады. Дегенмен, мысалы, римдік-католиктік шіркеу әлеуметтік жүйені құраса да, оның қоғам емес екені мүлдем айдан анық,

58 Parsons T. “Іntroductіon” to the sectіon “Culture and the socіal system”// Іbіd.

өйткені біздің өлшемдеріміз бойынша оның дербес жеткіліктілігі өте төмен. Оның өндірісті ұйымдастыру арқылы экономикалық ресурстарды қадағалауы болар-болмас; онда ауқымдылығы автономдық саяси бақылауы жоқ; көптеген қоғамдарда оның мүшелері азшылықты құрайды. Осылайша, біз құрамында көптеген қоғамдар бар «ұлттық деңгейден жоғары» сипаттағы және мүшелері көптеген қоғамдарға жататын «ұлтаралық» сипаттағы әлеуметтік жүйелерді қаперге аламыз.

Қоғамның кіші жүйелері

Қарекеттер жүйесін талдауға арналған төрт қызметтік схемамызға сәйкес, біз қоғамды талдаушылық тұрғыдан төрт негізгі кіші жүйелерге бөлеміз (№2 кестеде көрсетілгендей). Мәселен, үлгіні сақтау және үдемелі өндіру кіші жүйесі негізінен: қоғамның мәдени жүйемен және сол арқылы жоғары болмыспен; мақсатқа жету, немесе саяси кіші жүйе индивидтердің кісілік жүйелерімен; бейімделу, немесе экономикалық кіші жүйе – мінез-құлықтық организммен және сол арқылы материалдық дүниемен қатынастарына қатысты. Бұл айырып алулар жаңғырту шкаласында неғұрлым ілгерілеген қоғамдарға қолданылғанда неғұрлым көрнекі және неғұрлым маңызды сипат алады. Алайда, қарекет жүйесінің кіші жүйелерінің арасындағы да және қоғамның кіші жүйелерінің арасындағы да қатынастардың күрделілігінің өзі осынау айырып алуды жіті жүргізуге кедергі жасайды. Мысалы, туыстық құрылымдарын жоғарыда айтылған үш кіші жүйенің әрқайсысына орналастырыла алады. Олар өздерінің тамақтануға, секске, биологиялық шығу тегіне және тұратын орнына қатынастары арқылы организмге және физикалық ортаға тоғысады. Құндылықтарға, нормаларға және коммуникация құралдарына алғашқы жұғысудың бастапқы көзі ретінде олар үлгіні үдемелі өндіру жүйесімен өте тығыз байланысты. Әлеуметтендірілудің бастапқы қайнар көзі ретінде олар саяси кіші жүйеге шығады. №2 кесте

Қоғам
(немесе неғұрлым қорытып алғанда – әлеуметтік жүйе)*

Кіші жүйелер
Құрылымд
ық компонеттер
Даму

процесінің
қырлары
Негізгі
қызметі

Социеталдық
қоғамдастық

Үлгіні
үдемелі
өндіру немесе
фидуциарлы

кіші
жүйе

Саясат

Экономика
Нормалар

Құндылық тар

Ұжымдар

Рөлдер
Қосылу

Құндылықтар
ды ұлықтау

Жіктеу

Бейімделу
әлуетін көтеру
Кірігу

Үлгіні
үдемелі өндіру

Мақсатқа
жету

Бейімделу

Бұл кестеде төрт қызметтік парадигманы қоғамға немесе қарекеттің жалпы жүйесінде кіріктіруші кіші жүйе рөлін атқаратын әлеуметтік жүйенің кез-келген басқа түріне сәйкестеп неғұрлым кеңірек көрсету әрекеті жасалған. Бұл талдауда басты кіші жүйе орнын алатын социеталдық қоғамдастық сол жақтағы бағанаға орналастырылған; қалған үшеуі содан кейінгі орындарда. Екінші бағанада осы жиынтыққа сол қызметтік өлшемдер бойынша бөліп алынған әлеуметтік жүйелердің төрт негізгі құрылымдық компоненті сәйкес келеді. Үшінші бағанада әлеуметтік жүйелерде болатын динамикалық процестер қырларына сәйкес келетін топтастырып жіктеу бар; бұл категориялар алдағы талдауда кеңінен пайдаланылады. Ақыр соңында, төртінші бағанада негізгі қызметтердің нобайлары қайталанған. Дамуға қатысты парадигманы қоспағанда бұл схема ертеректегі “Теоrіes of socіety” атты жұмыстың “General іntroductіon, Part ІІ: An outlіne of the socіal system” бөлімінде толығымен берілген-ді. Осы кітаптағы №1 және №2 кестені жақсырақ түсіну үшін “Socіetes...” (p. 28, 29) атты кітаптағы №1 және № кестелерді және оларға берілген түсіндірмелерді қараңыз.

Осылай қарастырудың шеңберінде әлеуметтік жүйенің бір түрі ретіндегі қоғамның ұйтқысы төртінші компонент – оның кірігушілік кіші жүйесі болып

табылады. Біз әлеуметтік жүйені тұтас алғанда қарекеттер жүйелері үшін кірігушілік сипаттағы құбылыс деп тәпсірлейтіндіктен, оның ішкі кірігудің әрқилы тәртіптері мен деңгейлерін қалай қамтамасыз ететіндігіне немесе, керісінше, етпейтіндігіне ерекше назар аудару керекк. Қоғамның осы кірігушілік кіші жүйесі социеталдық қоғамдастық деп аталатын болады. Бәлкім, социеталдық қоғамдастықтың барынша жалпы қызметі нормалар жүйесін бірлікке және ішкі логикаға ие ұжымдық ұйыммен ұштастыру болар. М. Веберге еріп, біз жүйенің нормативтік қырын заңдастырылған тәртіп деп атаймыз,59 ал ұжымдық қырын біртұтас, белгілі бір шекарасы бар ұжым қасиеттеріне ие социеталдық қоғамдастық деп атауды ұсынамыз. Социеталдық тәртіп, бір жағынан, нормативтік құрылыстың дәйектілігі мағынасында айқын да анық кірігуді, және, екінші жағынан, социеталдық «жарасым» мен «үйлестірілуді» талап етеді. Ол-ол ма, норматив тұрғысынан белгіленген міндеттемелердің жақсылап түсінілуі қажет, сонымен бірге ұжымдардың қолында өздерінің қызметтерін атқару барысында және өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін, нормативтік санкция болуға тиіс. Осылайша, социеталдық деңгейдегі нормативтік тәртіпте Т. Гоббс көлденең тартқан проблеманың – адами қатынастарды «башаның баршаға қарсы соғысына» айналып кетуден қалай сақтап қалу керек деген проблеманың “шешімі” болады. Социеталдық нормалардың құрылымын монолиттік біртұтастық ретінде түсіндіруге жол бермеу маңызды. Сондықтан біз талдаушылық тұрғыдан оның төрт құрамдас бөлігін ажыратамыз, дегенмен нақты болмыста олар ең жоғары деңгейде өзара тығыз араласып кеткен. Біздің бұлай айыруымыз міндеттердің және құқықтардың тұғырларына, сондай-ақ нормаларды бұзғаны үшін санкциялардың және оларды сақтағаны үшін немесе олардың орындалуының жоғары деңгейі үшін марапаттаудың сипатына қатысты.

Ұйтқы: социеталдық қоғамдастық

59 Weber M. The theory of socіal and economіc organіzatіon. N.Y.: Oxford Unіv. Press, 1947.

Біздің басты ұғымымыз – социеталдық қоғамдастық құлаққа біршама тосын естіледі, мұның себебі, тегінде, ол қамтитын проблеманың әдетте әлеуметтік тұрғыда емес, саясат немесе дін терминдерінде талқыланатындығында болар. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, бұл кіріктіруші кіші жүйенің негізгі қызметі – социеталдық ұжымға, тұтас алғанда оның мүшелеріне де, қоғам ішіндегі жіктелген статустар мен рөлдердің әрқилы санаттарына да лоялдылықтан туындайтын міндеттемелерді анықтау. Мәселен, осы заманғы қоғамдардың көпшілігінде әскери қызметке даяр тұру, әйелдер үшін емес, еркектер үшін лоялдықты тексеру болып табылады. Лоялдылық – ұжым атынан немесе «қоғамдық» мүдде немесе қажеттілік үшін тиісінше «негізделген» шақыруға үн қосуға дайын тұрудан құралады. Нормативтік проблема мұндай үн қосу міндеттілікті белгілейтін жағдайларды анықтаудан құралады. Принципінде, лоялдылыққа кез-келген ұжым мұқтаж, бірақ социеталдық қоғамдастық үшін ол ерекше маңызды. Әдетте социеталдық лоялдылық атынан және оның мүддесі тұрғысынан мемлекеттік органдар сөйлейді, тиісті нормалардың орындалуын қадағалайды. Алайда, мемлекеттегідей секілді құқықты пайдаланатын, бірақ жай ғана оның құрылымдарының бір түрі болып табылмайтын басқа да қоғамдық инстанциялар бар. Кіші топтар мен индивидтердің социеталдық ұжым, яғни бүкіл қоғам жөніндегі, және өздері мүшесі болып табылатын өзге ұжымдар жөніндегі лоялдылықтардың арасындағы қатынастардың ерекше маңызы бар. Барлық адамзат қоғамдарының іргелі белгісі – рөлдік плюрализм, бір ғана адамдардың бірқатар ұжымға қатысуы. Рөлдік плюрализмді кеңейту – осы заманғы тұрпаттағы қоғамның қалыптасуына жетелейтін жіктелу процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан кірігудің социеталдық қоғамдастық алдында тұрған елеулі проблемаларының бірі сол қоғамдастық мүшелерінің соның өзі және өзге әрқилы ұжымдар жөніндегі лоялдылығын реттеу болып табылады. Индивидуалистік әлеуметтік теория индивидуалдық «жеке мүдденің», оның психологиялық мағынасында, әлеуметтік жүйелердің кірігуіне көлденең

тұрған тосқауыл ретіндегі маңыздылығын табандап ұлғайта көрсетіп келді. Ал далпы алғанда индивидтердің жеке сарындары әлеуметтік жүйеге лоялдылық және оған қатынасында әрқилы ұжымдарға мүшелік арқылы тиімді кіріге алады. Индивидтердің көпшілігі үшін тікелей проблема өзара бәсеке лоялдылықтардың қақтығыстары жағдайында өз міндеттемелерін тандау және теңестіру проблемасы болып табылады. Мысалы, осы заманғы тұрпатты қоғамдағы кәдімгі ересек еркек бір мезгілде жұмыскер және отбасы мүшесі болып табылады. Осынау екі рөл қоятын талаптар жиі қақтығысатынымен, еркектердің көпшілігі екі рөлге де лоялдылықты сақтауға өмірлік мүдделі. Социеталдық қоғамдастық өзара астасатын ұжымдар мен ұжымдық лоялдылықтардың күрделі желісін, жіктелу мен сегменттелу тән жүйені құрайды. Мәселен, отбасылық ұялар, іскерлік фирмалар, шіркеулер, үкіметтік мекемелер, оқу орындары және т.т. бірінен бірі ажыратылған (жіктелген). Мұның үстіне, ұжымның әрбір осындай тұрпаты көптеген нақты ұжымдардан, мысалы, әрқайсысы бірнеше адамнан ғана тұратын көптеген отбасылардан және көптеген аймақтық қоғамдастықтардан тұрады. Социеталдық қоғамдастық жөніндегі лоялдылық лоялдылықтардың кезкелген орнықты иерархиясында жоғары орын алуға тиіс, және сондықтан ол бүкіл қоғамның ерекше қамқорлығының нысаны болуға тиіс. Десек те бұл иерархияда ең жоғары орын оған тиесілі емес. Қоғамның нормативтік тәртібінің мәдени заңдастырылуының маңыздылығын атап көрсету керек, өйткені ең жоғарғы позиция нақ соған тиесілі. Бірінші кезекте ол социеталдық та, мәдени де жүйелердің құрамдас бөлігі болып табылатын құндылықтар жүйесінің институтталуы арқылы қимылдайды. Сонан соң ортақ құндылықтар үлгілерінің нақтылануы болып табылатын іріктелген құндылықтар заңдастырылған тәртіпте кіріккен әрбір нақты норманың бөлшегіне айналады. Демек, лоялдылықтарды басқаратын нормалар жүйесінде әрқилы ұжымдардың

құқықтары мен міндеттері тек өздерінің арасында ғана емес, жалпы алғанда тәртіптің заңдылық тұғырларымен де келісілуге тиіс.60 Иерархиялық көзқарас тұрғысынан алғанда социеталдық қоғамдастықты мүшелік терминдерде нормативтік реттеу стратификациялық шкаланың – осынау қоғамдастыққа оның мүшелері ретінде кіретін, ұжымдардың жекелеген адамдардың, сондай-ақ осы қоғамдастықта таралған статустар мен рөлдердің мойындалатын және заңдастырылған (нормалар мен құндылықтар қаншалық сіңірілгені шамасында) беделдің шкаласының болуын көздейді. Ол мүшелік статусын анықтайтын әмбебап нормалармен де, ұжымдардың, статустардың және рөлдердің қызметтерін иерархияның болуын міндетті түрде талап етпейтін белгілі бір бөлінімен де үйлестірілуге тиіс. Осылайша, нақты стратификациялық жүйе барлық осы құрамдас бөліктердің күрделі қызметін құрайды. Рөлдік плюрализмнің орын алуына байланысты стратификациялық жүйеде индивидтердің статусы жөніндегі аса күрделі проблема туындайды. Стратификациялық механизмдерде, индивидтерді ең алдымен үлкен ұжымдық жүйелерге жататындығы (соларға мүшелік статусын да айқындайтын) тұрғысынан қарастыру тарихи әдет болып кеткен-ді. Мұндай рөлді рулық ұжымдар, этностық топтар, сословиелер, әлеуметтік топтар атқарды. Алайда осы заманғы қоғам индивидуалдық статустарды мұндай ұжымдық шырмаудан босатуды талап етеді, қазіргі стратификацияның осы заманғы жүйелерінің ерекше сипаты да осыған байланысты.61 Ұжымның немесе индивидтің жағдайы стратификациялық жүйеде оның беделінің деңгейімен немесе ықпал ету қабілетімен өлшенеді. Соңғысын біз, ақшамен және билікпен қатар жүретін социеталдық өзара алмасудың қорытылған символдық құралдарының бірі ретінде қарастырамыз. Ол, қызықтыру ретінде әлдене бағалы quіd pro quo ұсынбай-ақ және де оларға тажалды салдарлармен қоқан-лоққы жасамай-ақ, басқа әлеуметтік агенттер

60 Бұл мәселе бойынша қараңыз: Bellah R. N/ Epіlogue // Relіgіon and progress іn modern Asіa. N.Y.: Free Press, 1965. 61 Parsons T. Equalіty and іnequalіty іn modern socіety, or socіal stratіfіcatіon revіsіted // Socіologіcal Іnquіry. 1970. Vol. 40. № 2.

тарапынан өзі қалайтын шешімге қол жеткізу қабілетінен тұрады. Осынау ықпал субъекті сіңіретін шешім олардың екеуі де ынтымақтас ұжымдық жүйе мүддесіне орай қадам жасауды білдіретіндігіне ықпал ету объектісінің көзін жеткізу арқылы қимылдауға тиіс. Ол бәрінен бұрын ұжымдық мүддені баса айтады, бірақ әдетте екі жағы да ұжымдық мүддені және өзара ынтымақты қамтамасыз ете отырып, өздерінің жеке мүдделерін де қанағаттандыратынын басшылыққа алады. Ықпалды пайдаланудың таптаурын оқиғасы «шын айтамынның» негізінде келісімшарттық қатынасқа түсуге, немесе белгілі бір саяси кандидатқа дауыс беруге үгіттеу болып табылады. Ықпал жағдайға сәйкес орынды игілікке немесе ақша ресурстары тауар сатып алуға, пайдаланыла алатыны, жинай беріле немесе басқа валютаға айырбастала алатыны мағынасында ықпалдың басқа пошымдарына алмастырыла алады. Ықпал алмасудың ақша немесе билік сияқты басқа да қорытылған құралдарына алмастырыла алады.62

Социеталдық қоғамдастық, базар жүйелері және бюрократиялық
ұйым

Әлеуметтік ынтымақ неғұрлым архаикалық діни, этностық және аумақтық тіндерден арылған жерде, ол ішкі жіктелудің және плюралданудың басқа тұрпаттарының пайда болуына жәрдемдеседі. Олардың ең маңыздылары экономикалық, саяси және кірігушілік қызметтерге негізделеді, бұлардың соңғысы ассоциация тұрпатындағы ерікті бірігуге, өз бетінше ұйымдасуға ұмтылыстан көрінеді. Экономикалық категория барлық басқасын былай қойғанда сол қызметтерді жүзеге асыру үшін елеулітүрде қажет ьазарлар мен монетарлық механизмдердің дамытылуын көздейді, мұның өзі, бұрын атап өтілгеніндей меншік қатынастары мен келісімшарттарды институттандырудың жаңа пошымдарын қажет етеді. Яғни олар азаматтық кешеннің «құқықтарды»

62 Parsons T. On the concept of іnfluence // Polіtіcs and socіal structure. N.Y.: Free Press, 1969.

құрайтын бөлігінде орналасады, өйткені орталық үкімет органдары толық «әкімшілік» жүргізетін экономика жеке топтардың тәуелсіз базар қатынастарын жасау бостандығын бұзар еді. Бірақ экономиканың базарлы жүйесі жоғары даму деңгейіне жеткен бойда, ол үкімет үшін ресурстарды жұмылдырудың маңызды арнасына айналады. Жаңғыртудың ерте сатыларында базарлар негізінен коммерциялық сипатта болып, материалдық құндылықтар саудасын жүзеге асырады да,қарыз алу бойынша қаржылық операцияларды тек екінші кезекте жүргізеді. Базарлар жүйесінде өндірістің бастапқы факторларының кеңінен таралуы экономикалық дамудың «индустриялық» фазасын көрсетеді. Бұл арада технологиялық прогрестен басқа өндірістік процестің әлеуметтік ұйымдастырылуы көзделеді, ол еңбек ресурстарын бюрократиялық тіндерде пайдаланудың жаңа пошымдарын құрудан тұрады63. Жоғарыда қоғамның саяси қырларын қарастырғанда, біз біршама іріктеп алуға жол бердік. Бұл орайда үкімет пен бүкіл социеталдық қоғамдастық арасындағы қатынас, алдыңғы қатарға шығарылып, олардың «қолдау» жүйесіндегі тікелей байланыстарына баса назар аудардық. Бұл жүйе бәрінен бұрын, біріншіден, жетекшілер мен жетекшілік позицияға ие болуға ұмтылыстардың арасындағы ықппалдастықты, және екіншіден, әлеуметтік құрылымның басқару жүйесіне тікелей қатыспайтын элементтері арасындағы ықпалдастықты қамтиды. Ықпалдастықтың бұл процесі саяси қолдау мен жетекшілік инициативаның өзара алмасуын да, үкіметтік шешімдер мен әрқилы лоббистік топтардың «қажеттіліктерінің» өзара алмасуын да қамтиды. Бұл өзара алмасулар, егер саяси кіші жүйе социеталдық қоғамдастықпен орнықты кірігуге ұмтылатын болса, белгілі бір тепе-теңдікке мұқтаж жүйені құрайды. Үкіметтердің қарекет жасайтын екінші негізгі құрылымы әкімшілік ұйым (күш құрылымдарын қоса) болып табылады, ол арқылы саяси шешімдер іске асырылады. Әдетте, бюрократиялық құрылымдар бірінші кезекте үкіметтерде (тек сонда болмаса да) дамытылып отырды. Бюрократияландырудың неғұрлым

63 Smelser N. Op. Cіt.

маңызды белгілерінің арасында рөлдерді мансаптар түрінде институттандыру бар, ол бойынша мансап иесінің жеке өмірінен бөліп көрсетілген мансаптық қызметтер, өкілеттіктер және “өкімет” жақсы нобайланған. Мансаптар екі негіз бойынша: ұйым үшін орындалатын қызмет бойынша және иерархиядағы яки бағыныштылық бағанасындағы орны бойынша жіктеледі.64 Бюрократиялық ұйымды дамыту әдетте мансап иесі әлдене мансап иесі әлдене «жалдану шартын» жасасу арқылы «тағайындалатын» кезде әрбір кәсіптік рөлге мансаптың белгілі бір түрі сәйкес келуін талап етеді. Сондықтан оның отбасының кұнкөрісі әдетте оның жалақысына немесе мансаптық еңбекақысына тәуелді болады. Өз кезегінде бұл жалдану шарттары және қызмет сатысымен өсу мүмкіндіктері хақындағы келіссөздер арқылы адами қызмет көрсетуді бөлу үшін белгілі бір «еңбек базарының» болуын талап етеді. Индустриялық экономиканың басты белгілерінің бірі өндірістің бюрократиялық ұйымдастырылуы және, соған сәйкес, еңбек базары арқылы жұмылдыру болып табылады. Бірнеше белестері болған күрделі эволюцияның нәтижесінде бұл экономика үкіметтік өрістен тыс ұйымдастырудың бюрократиялық бұрын-соңды болып көрмеген пошымдарының таралуын туындатты. Негізгі белестердің бірі ерте индустриялық капитализмдегі «отбасылық кәсіпорындармен» байланысты болды, ол басқарушылық деңгейде емес, «еңбек» деңгейінде бюрократияландырылды. Біз бюрократиялық ұйымдастыруды саяси феномен ретінде қарастырамыз, өйткені, ол бірінші кезекте ұжымдық мақсаттарға жетуге бағдарланған. Жеке кәсіпорын жағдайында оның ұжымы социеталдық қоғамдастықтың ішінде жеке топ; ал үкімет жағдайында – бұл ұжымдық мақсатқа жету үшін ұйымдастырылған бүкіл қоғамдастық болып табылады. Соған қарамастан, біз еңбек келісімін ұжымға мүшелік пошымы деп қарастырып, экономикалық кәсіпорынға қатысудың өзге тәсілдері арқылы да мүше болу мүмкін екендігін былай қоя тұрамыз. Және әлбетте, жеке бюрократия экономикалық өндіріс саласымен ғана шектелмейді, ол шіркеу ұйымдарында, университеттерде және

64 Parsons T. Structures and process //Modern socіetіes. : Free Hress, 1960. Ch. 1-5.

ұжымдардың көптеген басқа да түрлерінде кездеседі. Біз талқылап отырған базар жүйелері, бір жағынан, экономика мен үлгіні үдемелі өндірудің кіші жүйелері арасындағы және, екінші жағынан экономика мен саясат кіші жүйелерінің арасындағы өзара алмасуға тартылған. Бұл өзара алмасу социеталдық қоғамдастықты тікелей қозғалмайды, себебі оның осынау кіші жүйелер жөніндегі қызметі оларды тікелей конституциялауда емес, нормативтік тәртіп арқылы жалпы реттеуде. Біз сондай-ақ біз тұтыну тауарларының «коммерциялық» базарлары мен адамдық ресурстармен, соның ішінде біліктілік пен жауапкершіліктің ең жоғары сатысындағы ресурстармен істес болатын «еңбек» базарының арасындағы айырмашылықты атап көрсетуге тиіспіз. Әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан экономистер арасында таралған «тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді» бір графаға біріктіру және оларды осындай түрінде экономиканың ең маңызды жемісі деп түсіндіру практикасы ұғымдарды мүлдем жосықсыз шатастыру болып көрінеді. [...]

Эволюциялық Өзгерістер процестері

Осының алдындағы баяндауымызда жіктелу мәселесі басты назарда болғанымен, талдамашылық тұрғыда ол құрылымдық өзгеріс тек басты төрт процесінің бірі ретінде қарастырылады, ол процестер бір-бірімен ықпалдаса отырып, неғұрлым жоғары жүйелік деңгейлерге қарай «прогрестік» эволюцияны құрайды. Жіктелуден басқа олардың санатына бейімделушілік қабілеттің артуы, кірісу және құндылықтарды басты орынға қою (әлеуметтік жүйелерге қолданылғанда) жатады65. Жіктелу дегеніміз қандай да бір әлеуметтік жүйедегі бірлікті немесе құрылымды өзінің сипаттамалары мен жүйе үшін қызметтік маңыздылығы

65 Бұл парадигма алғаш рет мына басылымда ұсынылған: Parsons T. Some consіderatіons on the theory of socіal change//Rural Socіology. 1961. Vol. 26. September. P. 219-239.

бойынша өзгешеленетін екі немесе одан да көп бірлікке немесе құрылымға бөлу. Біз жіктелудің күрделі оқиғасын: неғұрлым тұйық қызмет атқаратын шаруа үй шаруашылығынан осы заманғы үй шаруашылығының да, осы заманғы жалдауға негізделген ұйымдастырудың пайда болуын мұның көптеген рөлдердің, ұжымдардың және нормалардың өзгеруін ала келгенін жоғарыда талқылаған болатынбыз. Алайда жіктелу процесінің нәтижесі, егер әрбір жаңадан жіктелген компонент оның қызметін атқарған бұрынғы компонентке қарағанда көбірек бейімделу қабілетіне ие болса ғана, неғұрлым дамыған әлеуметтік жүйе болады. Бейімделу қабілетінің артуы нәтижесінде әлеуметтік бірліктер өзінің қызметінде өздерінің ізашарларына тән болған кейбір шектеулерден арылып, ресурстардың көбірек алуандығына ие болатын процесс. Осы заманғы фабрикалар өндірісте жұмыс істейтін адамдардың еңбегі жөнінде шаруалардың үй шаруашылығында талап етілгендегіден міндеттемелердің қорытылуының әлдеқайда жоғары деңгейін қажет етеді, есесіне оларда көбірек сан алуан тауарлар әлдеқайда көбірек үнеммен шығарыла алады. Ішкі жіктелуді тереңдететін және өзінің бейімделу қабілетін ұлғайтатын жүйе, сонысымен күрделілене түседі және міндетті түрде кірігу проблемаларына тап болады. Әдетте бұл проблемаларды тек социеталдық қоғамдастықтың нормативтік шеңберіне жаңа бірліктерді, құрылымдарды және механизмдерді кірістіру жолымен шешуге болады. Мысалы, жалдауға негізделген ұйымдар отбасылық үй шаруашылығынан жіктелген кезде ұжымның екі тұрпатындағы да билік жүйесі аталмыш қоғам нормаларының құрылымына сіңісе алуға тиіс. Ақыр соңында, егер қоғамның осынау әртүрлі құрамдас бөліктерінің тиісінше заңдастырылуының және өзінің қарекеттерінің жаңа үлгілерінде бағдарлануының белгілі бір тәсілдеріне ие болудың сәті түссе, онда алдыңғы үш процесс құндылықтар басты орынға қоюмен толықтырылуға тиіс. Жоғарыда атап өткенбіз, қоғамның ортақ құндылықтары қарекеттердің әлеуметтік жағынан құрылымдалған қисапсыз ахуалдар жөнінде нақтылануға

тиіс. Нақ осы арада кері сәт атап көрсетіледі, атап айтқанда: әлеуметтік құрылымдалған ахуалдардың тоқайласуы неғұрлым күрделі бола түскенде, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, құндылықтардың неғұрлым қорытылған көрініс алуы керек. Эволюциялық дамудың сондай-ақ бір қырына көңіл аудару қажет. Әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктерінің, яғни ақшаның, ықпалдың, саяси биліктің және құндылықтарға жақындықтың арасындағы өзара алмасудың қорытылған құралдарын талқылау кезінде, әңгіме негізінен олардың неғұрлым айдан анық қызметі туралы, әлеуметтік жүйенің жіктелген бөлшектері арасындағы қарапайым өзара алмасуды қамтамасыз етуі туралы өрбіді. Бірақ олар сондай-ақ әлеуметтік жүйеде жасалатын тірліктіңғ творчестволық деңгейін көтеруге және ауқымын кеңейтуге жәрдемдесе алады. Осы заманғы экономистер несие беру және қаржы жұмсау процесі арқылы ақша өндіріс деңгейін көтерудің де, еңбек бөлінісі жүйесіндегі алмасуды жетілдірудің де бірінші дәрежелі құралдарының бірі бола алатынын көрсетті. Менің басқа жұмыстарымда мынадай ой айтылған болатын: ақшаның іргелі қасиеті, яғни оның несие механизмі арқылы экономиканың өнімділігін арттыру қабілеті, басқа қорытылған құралдардың қарекеттерінен, ең алдымен, биліктің және ықпалдың қарекетінен ұқсастық таба алады 66. Мәселен, биліктің механизмі саяси кіші жүйенің ұзақ мерзімді тұрғыдағы тиімділігін ұлғайтатындай етіп қимылдай алады, ал ықпал социеталдық қоғамдастықтың ынтымаққа қол жеткізу қабілетін арттыру үшін пайдаланыла алады. Егер қысқаша тұжырымдасақ, өзара алмасудың қорытылған құралдарының ынталандыру қабілетінің негізгі шарты олардың неғұрлым жоғары деңгейдегі қарекеттер кіші жүйесіне сүйенуі болып табылады. Осылайша, барынша кең мағынада алғанда мәдениеттің дамуы әлеуметтік жүйелерді эволюциялық ілгерілету үшін елеулі дәрежеде қажет. Мысалы, діннің дамуы құндылықтарды басты орынға шығарудың барлық ірі процестерінің негізінде, ал эмпириялық

66 Салыстырыңыз: Parsons T. On the concept of polіtіcal power. On the conctpt of іnfluence// ldem. Polіtіcs and socіal structure.

білімнің прогресі жаңа технологиялардың институттануының негізінде жатыр. Негізінен құқықтық жүйе арқылы іске асырылатын құндылықтардың басты орынға шығарылуның жеткілікті жоғары деңгейі социеталдық қоғамдастықтың құрылымына кірігудің алғышарты болып табылады. Ықпал механизмін адекватты пайдаланылуын қамтамасыз ететін консенсустық негіз саяси билік жүйесіндегі эволюциялық өзгерістер үшін қажет. Саяси кірігудің белгілі бір жоғары дәрежесі ақша экономикаларының салыстырмалы қарадүрсін деңгейден шығу мүмкіндігін туындатады67.

Үшінші тарау

ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖҮЙЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ПАЙДА

БОЛУЫ

Біз осы заманғы қоғамдар жүйесінің туындауын “демократияландыру” мен индустрияландыру жағына эволюциясы басталған ХVІІІ ғасырдан емес, социеталдық қоғам құрылысындағы өзгерістер мен әсіресе қоғамның заңдастырылуына діннің қатынасындағы өзгерістер болған XVІІ ғасырдан бастағанды жөн көрдік. Реформация батыс христиандық әлемнің діни бірлігін шайқалтқаннан кейін, шамамен солтүстік-оңтүстік белдеуі бойынша салыстырмалы тұрақты бөлініс пайда болды. Альпінің күнгейіне қарай бүкіл Еуропа римдік-католиктік болып қалды; және римдік-католиктік «түбек» өзінің ең маңызды бөлігі Франциямен Солтүстік Еуропаға басып кірді. Швейцариядағы протестантизм оның тәуелсіздігінің ерекше сипатымен қорғалып, кепілдік берілген болып шықты. ХVІІ ғасырдың басында Вена негізінен протестанттық болғанымен, Габсбургтар Австрияны «қайтадан католиктендіре» алды, бұған протестантизм позициясы мықты болған Венгрияны түріктердің оккупациялауы жәрдемдесті.

67 Салыстырыңыз: Max Weber on charіsma / Ed. by S.N. Eіsenstadt/ Chіcago: Unіv. Of Chіcago Press, 1968, әсіресе: «Іntroductіon».

Діни күрестің күшейе түсуіне қарай, саяси құрылыстардың «оңтүстік белдеуінің» топтасуы жүріп жатты. XVІ ғасырда ең маңызды екі мемлекеттің – Австрия мен Испанияның одағы өмір сүріп, оны Габсбург әулетінен шыққан император Карл V жеке-дара басқарды. Осынау империяның «ортасы» Папалық облыспен тікелей жапсарлас екі Сицилия Корольдігінің қарауында болды. Италияда папалықтың болуы және бұл аймаққа Габсбургтар билігінің енуі ондағы қала-мемлекеттерді ұзақ уақыт және шын мәнінде тәуелсіз қандай да бір өмір сүруін мүмкін емес етті. Контрреформация шіркеу мен мемлекеттің ерекше тығыз бірігуін таңып, ол инквизициядан барынша айқын көрінді. Кейінгі ортағасырлық және ренессанстық католицизмдегі «либералдық» тенденцияларға қарама-қарсы, контрреформаторлық шіркеу қатал ортодоксияға және авторитарлық ұйымға иек артты. Азаматтық биліктің шіркеумен діни конформизмді күшпен қолдауға бағытталған одағы, орталық үкімет билігінің кеңейіп, топтаса түсуіне жәрдемдесті. Бұл зорлық діни тұрғыдан ерекше заңдастырылған және құдай берген императоры бар Қасиетті Рим империясы үшін жасалып отырды.68 Сол уақытқа қарай империяның саяси құрылымы, Орта ғасырлардағыдан әлдеқайда кіріккен құрылымға айналды. Дегенмен империяның, оның нақ өзегінде нашар ұйымдастырылған «герман ұлты» жатқандықтан, осалдау тұсы болды: Австрияның халқы ол кезде жартылай ғана германдық болатын, ал Венгрия мен Богемия тәжін Габсбургтар жеке жасалған одақ арқасында алған болатын. Отызжылдық қырғын соғысты түйіндеген Вестфаль шарты Голландия мен Швейцарияны империядан тәуелсіз етіп қана қойған жоқ, империяның құрамында қалған облыстардың ішінде олардың арасын бөліп тұратын діни шекаралар жүргізді; көптеген герман князьдары өздерінің қоластындағы жерлер үшін, сuіus regіo, eіus relіgіo формуласы бойынша, протестантизмді таңдап алды. Осынау таңдау христиан әлемінің бұрынғы секулярлық құрылымының заңдылығын Генрих VІІІ тұсындағы Англияның Римнен бөлініп кетуінен әлдеқайда жоғары дәрежеде

68 Bryce J. The Holy Roman Empіre. L. : Macmіllan, 1904.

қирата түсті, өйткені империя бұрын билігі жүріп тұрған римдік-католиктік жүйенің «дүниауи қолы» деп саналатын. Шарт амалсыз жасалған мәміле еді, оған балама тек қырғын соғыс шексіз жалғастыра беру болатын. Қалай десек те, ол римдік-католиктік еуропалық жүйені қалпына келтіруге бағытталған кезкелген реалистік үміттердің тамырына балта шапты. Содан кейінгі үш ғасыр бойы контрреформациямен барынша тығыз байланысты облыстар жаңғыртудың көптеген процестеріне ең табанды қарсылықтың ошағы, монархизмнің, аристократияның және ескі тұрпаттағы жартылай бюрократиялық мемлекеттердің орталығы болып қала береді. Протестанттар бүкіл батыс христиан дүниесін уысында ұстауды армандағанымен, олар көп ұзамай әртүрлі бұтақтарға бөлшектеніп кетті де, ешқашан орта ғасырлық римдік католицизмде болған бірлік тұжырымдамасын жасай алмады69. Осындай шашыраңқылық тәуелсіз аумақтық монархиялардың дамуына жәрдемдесті, олардың негізінде абсолюттік саяси режимдер мен «ұлттық шіркеулердің» шатқаяқ кірігуі жатты.70 Алайда осынау жағдайда ішкі діни плюрализмнің ұрықтары да болып, ол Англия мен Голландияны шапшаң қамтып алды. Реформация мен контрреформация арасындағы күрестің түйіні плюрализм және жіктелу бағытындағы қосар қадам еді. Ағылшын-голланд қапталы алда болып шықты да, болашақтың нышанына айналды. Империяның ішіндегі дамуы алдыңғы орынға кірігу проблемасын шығарды, ол протестанттар мен римдік католиктерге қатаң бөлінуді ішінара жұмсарта алатын еді. Осы заманғы Еуропаның көптеген тарихшылары бұл арадан тек тығырыққа тірелген жанжалды ғана көреді. Алайда протестанттық мемлекеттерде римдік католиктерге діни төзімділік тарала бастады, католиктік мемлекеттерде, бұл орайда іргелі принциптері құрбандыққа шалынбаса, протестанттар жөнінде тура сондай жағдай орнады.

69 Troeltsch E. The socіal teachіngs of the Chrіstіan Churches. Vol. 2. N.Y.:Harper, 1960. 70 Elton G. R. Reformatіon Europe, 1517-1559. Cleveland:Merіduan, 1963.

Діни көп пікірлікке жол беру мәдени және социеталдық жүйелердің бірбірінен жіктелу процесінің бір бөлігі болды, соның нәтижесінде олардың өзара араласуындағы қатаңдық пен қазбалау бәсеңдеді. Секулярлық қоғамның діни заңдастырылуы сақтала берді, бірақ ол енді мемлекеттік биліктің діни мақсаттарды тікелей жүзеге асыруынсыз немесе күшпен таңуынсыз жүзеге асырылатын болды. Осы заманғы тұрпаттағы секулярдық мәдениеттің дамуының, оның тұтас алғанда қоғамнан жіктелуінің жоғары деңгейімен қоса, дін мен қоғамның жалғаса түскен өзара араласуы үшін зор маңызы болды. Бұл дамудың орталығы ХVІІ ғасырда солтүстікке қарай – Англия мен Голландияға, сондай-ақ Францияға және Германияның кейбір аймақтарына жылжыды. Контрреформацияның жүрегіндегі салыстырмалы мәдени құлдырау Г. Галилейден кейін айқын көрінді. Францияның маңызды мәдени орны ондағы католицизмнің екідай сипатын көрсетті. Бірақ бәрібір саяси «реакцияшыл» ірі мемлекеттер, Ұлы Фридрих кезінде Пруссияда болғанындай, секулярдық мәдениетке ашық бола алар еді. Тұтас алғанда, осы кезеңнің барысында протестантизм, римдік католицизмге қарағанда, секулярлық мәдениетке неғұрлым үйлесімді болды. Аумақтық «егеменді» мемлекеттердің пайда болуы Қасиетті Рим империясын бөлшектеді. Осындай мемлекеттер ретінде бірінші болып барлық өткен замандарда империяның тек номиналды бөліктері болып қана келген Англия мен Франция ойдағыдай орнықты, олардан кейін географиялық жағынан империяның шеткі аймағы болған Испания құрылды. Содан кейін «герман» аймағы шекарасында Пруссия мен Австрия пайда болды, мұның нәтижесінде империяның салмақ орталығы шығысқа жылжыды. Ескі империяның орталығын құраған облыстарда, елеулі дәрежеде князьдардың Реформацияға қосылуының арқасында, аумақтық князьдықтар көбейді.71 Оқиғалардың осылайша өрбуі қалай десек те, еуропалық жүйеде өзара байланыстың белгілі бір деңгейі болғанын көрсетеді, өйткені, жетекші саяси-

71 Barraclough G. The orіgіns of modern Germany. N.Y.: Caprіcorn, 1963.

аумақтық мемлекеттердің төртеуі де жүйенің шекаралық элементтері болды. Оның солтүстік-батыс үшбұрышы да, Пиреней түбегі де мұхит табалдырығында жатты да Еуропаны ұлы теңіз экспансиясына қатысты. Мұның үстіне, түбекті ішінара маврлар жаулап алған болатын, XV ғасырдың аяғына дерлік созылған бұл оккупация испан католицизміне тән ымырасыз авторитаризмге нәр берген орта болды.72 Империяның шығысқа қарай «гравитациясы» ондағы шекара бойындағы аса күрделі жағдайлармен байланысты еді. Герман және славян халықтарының арасындағы шептер жүздеген жылдар бойы алмағайып болып келген-ді, және жағдай Реформацияға дейін-ақ христиан дінінің римдік-католиктік және православиелік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтардың салдарынан нашарлай түскен болатын. Венгрия, Богемия және Польша этностары құрамы жағынан германдық аумақ болған жоқ, бірақ католицизмді қабылдады. Батыс жүйесінің бір қиырында қалған Ресей, әсіресе Византия құлағаннан кейін, ұлы православиелік мемлекетке айналды. Германдардың Батыс славяндарды ұйымдастыру, қамқор болу, реті келсе өзіне бағындыру ниеті Габсбургтардың Венгриямен және Богемиямен бірігіп құрған шатқалақ көп ұлттық (немесе ұлттық емес) мемлекетті құруы арқылы іске асты. Шекара маңындағы германдық емес халықтарды одан әрі қосып алу ниетін түрік экспансиясы қиындатты; бұл арада XVІІ ғасырдың аяғына дейін Осман империясы басты қатер болып қала берген. Осылайша, Аустрия бүкіл христиандық Еуропаның қорғанысын жүзеге асырды.73 Еуропалық жүйенің шептеріндегі осынау оқиғалар оның орталығын, әсіресе бөлшектелген, «ұсақ мемлекеттік» (Kleіnstaatereі) Германияда «шайып кетті». Онда ірі аумақтық бірліктер дами алмады, бұл статусқа Саксония мен Бавария сияқты бірқатар облыстар жақындағанымен, көптеген өзге «мемлекеттер» шынында да титімдей күйінде қала берді. Алайда бұл князьдықтар, әдетте, империяның еркін қалаларын жұтып қойып отырды.

72 Castro A. The structure of Spanіsh hіstory. Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 1954. 73 Haleckі O. The lіmіts and dіvіsіons of European hіstory. Notre Dame (Іnd. ): Unіv. Of Notre Dame Press, 1962.

Қалалық буржуазияның тәуелсіздігін монархия, аристократия және шенеуніктер шайқалтты, бұған соғыстар туындатқан берекесіздік пен құлазу жәрдемдесті. Осылайша, Еуропаның бұл бөлігі өзінің экономикалық дамуында солтүстік-батыстан артта қалды; онда неғұрлым күшті державалардың билік жүргізу пиғылын қоздырған билік вакуумы пайда болды.74 Біз барлық жерде саналы түрде «ұлттық» емес, «аумақтық» мемлекет терминін қолдандық. Этностық қоғамдастық пен мемлекеттік ұйымның шамалас сәйкестігі тек Англия мен Францияда, және, бәлкім, Скандинавияда ғана байқалды. Испанияда әр алуан жергілікті халық бірте-бірте бері салғанда, жоғарғы таптарда, ортақ тіл қалыптастырды. Пруссия ірі славян этностарын ішінара германдандыру арқылы азды-көпті таза германдық мемлекет болып шықты. Аустрия көпе-көрнеу көп этностық мемлекет болды, ол көптеген герман, славян және венгр топтарын қамтыды. Швейцарияда көп этностық саяси кірігудің және діни плюрализмнің ерекше, шектеулі пошымы қалыптасты. Ұсақ герман мемлекеттері этностың «герман ұлтын» көптеген саяси бірліктерге бөліп алды, соның нәтижесінде Германия Италиядан да көп бөлшектелген болып шықты. Солтүстік-батысты қоспағанда, барлық жерде этностық құрам мен аумақтық ұйым арасындағы сәйкессіздік тәуелсіз және топтасқан социеталдық қоғамдастықтарға арқа сүйейтін либералдана бастайтын қоғамдардың қалыптасуына кедергі жасады. Негізгі аумақтық бірліктер ондай қоғамдастықтардың дүниеге келуіне қажетті этностық бірліктен мақұрым болады, не неғұрлым ірі этностардың азшылығын қамтыды, ондай аумақтық құрылымдардың үкіметтері олардың атынан сөйлей алмайтын еді. Осындай аумалы-төкпелі жағдайда билік үшін іргелі діни заңдастырылудың қандай да бір пошымы ерекше маңызды болатын. Олардың солқылдақтығы авторитаризмге немесе «абсолютизмге», және басқаруға халықтың қатысу мүмкіндігінен қорқынышқа апарып соқтырды. Бұл мемлекеттердің халқы «азаматтардан» емес, «бодандардан» құралды.

74 Bryce J. Op. cіt. ; Barraclough G. Op. cіt.

Еуропалық қоғамның діни ыдырауы және егемен мемлекеттердің пайда болуы сұмдық дағдарыс туғызып, ХVІІ ғасырда шарықтау шегіне жетті. Ескі империяның орнына ешқандай қызметтік эквивалент пайда болған жоқ, халықаралық жүйе державалар арасындағы қатынастарды адекватты нормативтік реттеу механизмінен айрылды, сондықтан да діни заңдастырылу проблемалары қатты қиындап кетті.75 Бұл жағдай созылмалы дерлік соғыс ахуалына душар етіп, неғұрлым топтасқан ұжымдық жүйе жағдайында мүмкін болатын саяси билікті сындарлы пайдалану ісіне кедергі жасады.

Солтүстік-Батыс

Англия, Франция және Голландия, әрқайсысы өзінің жолымен, ХVІІ ғасыр державалары жүйесінде алдыңғы қатарға шықты. Голландықтардың тәуелсіздігі Испанияның ірі жеңілісі деген сөз еді. Аустриялықтар түріктермен тікелей шайқасында малтығып, мойын бұра алмай жатқанда, континенттегі гегемония француздарға көшті. Англия континенттік сахнада басты рөл ойнамағанымен, сол жүз жылдық ішінде теңіздегі жетекші державаға айналды. Осы үш ел жаңғыру процесінің ерте сатысында көш бастаушылар болды. Олардың социеталдық қоғамдастықтарын ұйымдастыру пошымындағы айырмашылық орасан зор еді, бірақ олардың бәрінде ұлттық мемлекеттерге бірігуге жетелейтін елеулі жаңалықтар болды. Әсіресе бұл ұлттық сәйкестіліктің ағылшындық тұжырымдамасына қатысты, ол социеталдық қоғамдастықтың неғұрлым жіті жіктелуіне негіз болды.76 Бұл жіктелу үш: – діни, саяси және экономикалық – бағыт бойынша жүріп жатты да, барлық жағдайда нормативтік тұғырларды қажет етті. Осылайша, құқықтық жаңалықтар, әсіресе ұлттық қоғамның құрылымындағы бюрократиялық емес, бірігушілік әлуетті ашып көрсетуге жәрдемдесетін жаңалықтар шешуші рөл

75 Bryce J. Op. cіt. ; Troeltsch E. Op. cіt. 76 Қараңыз: Kohn H. The іdea of natіonalіsm. N.Y.: Macmіllan, 1961.

атқарды.
Олар
парламентаризмнің
және

неғұрлым
дамыған
базар
экономикаларының туындауымен тығыз байланысты болды.

Дін және социеталдық қоғамдастық

Атап өтілгеніндей, Реформация «жария» шіркеуді оның қасиетті сипатынан айырды. Cuіus regіo, еіus relіgіo формуласы бойынша әсте-әсте шіркеуге неғұрлым қатаң секулярлық бақылау орнату тенденциясы басым түсті, өйткені жергілікті шіркеулердің тәуелсіздігін нығайта алатын халықаралық протестанттық шіркеу болған жоқ. Протестанттық шіркеулер әдетте мемлекеттік немесе «ұлттық» шіркеуге айналатын да, саяси билік оларға конформистік құлықты таңатын. Екінші, Реформацияның Англия мен Голландиядағы кальвинизммен байланысты «пуритандық» фазасы, протестанттық ішінде діни плюрализмнің пайда болуына және осы кальвинистік бағыттағы елдердің діни өмірінің Пруссиямен, басқа бірқатар неміс протестанттық княздіктерімен және Скандинавиямен күрт қырбайлығына апарып соқтырды. XVІІ ғасырда Англияда болған діни жүйенің социеталдық қоғамдастықтан жіктеліп шығуы осы процеске саяси күштердің мықтап қатысуынсыз мүмкін болмас еді. Ұзақ парламент, азамат соғысы, республиканың жариялануы, Реставрация және 1688 жылғы революция – барлық осы оқиғалар тек саяси сипатта болып қана қойған жоқ, Англияның діни болашағын және басқа көптеген мәселелерді анықтап берді. Англиядағы діни даму монархтың протестантизмді қабылдауын ғана емес, сонау Елизавета заманында орныққан діни төзімділік шекарасын да кеңітті.77 Діни диссидентердің саяси заңдастырылуы берік орнады, және бұл билік орнататын және діни заңдастыруға монополиясы бар шіркеуге қайта оралудың жолын кесті. Оған қоса, диссиденттік арқылы ағылшын шіркеуі, діни «солшылдардың» ықпалына

77 Jordan W. K. The development of relіgіous toleratіon іn England. 3 vols. Cambrіdge {Mass. }: Harvard Unіv. Press, 1932-1940.

ашық болып шықты, бұл “солшылдар” таза «мемлекеттік шіркеу» жүйесі жағдайында жай ғана жанышталып тасталар еді. Ал қазір ағылшын шіркеуінің «інжілдік» қанаты Англияның бұдан былайғы дамуында басты рөл атқару мүмкіндігін алды. Бір қызығы, оқиғаның бұлай аяқталуына Англияда католицизмнің ұзақ уақыт және қатал қуғындалуы жәрдемдесті.78 Католицизмге төзімділіктің XVІІІ ғасырда пайда болуы Стюарттар әулетінің екінші рет қалпына келтірілуіне және Англияда католицизмді қалпына келтірудің елеулі әрекетіне жетелеуі әбден мүмкін еді. Өзінің негізінде протестанттық социеталдық қоғамдастықтың ынтымағы және діни қақтығыстардан салыстырмалы бостандық елде сайлау құқығының нақты кеңеюіне көмектесті. Егер де ағылшын «оңшылдары» тек монархия мен аристократияны ғана емес, «шынайы шіркеуді» қорғау қажеттігіне душар болса, күрес, әсіресе Американ және Француз революцияларының ықпалымен, неғұрлым кескілескен сипат алар еді.79 XVІІ ғасырдағы Голландия діни төзімділік жағынан Англиядан әлдеқайда ілгерілеп кетті. Алайда ұзақ перспективамен өлшегенде оның діни құрылысы шатқаяқ болып шықты. XІX ғасырда католиктік қайта өрлеу нәтижесінде, саны жағынан шамамен бірдей діни топтар «бағана тектес» құрылымға ие болды да, социеталдық қоғамдастық діни нышаны бойынша терең қақ айрылған болып шықты.80 Ал Англияда, қазір онда едәуір католиктік азшылықтың бар екендігіне қарамастан, бұл проблемаға негізінен тап болған жоқ. Франция діни проблеманы Голландиядан да бетер «шеше» алмады. Реформация кезеңінің қатал күресінің нәтижесі онда католицизмнің жеңісі және протестанттық қозғалыстың басып-жанышталуы болды. Сол кезден бері протестантизм Францияда тек, маңызды болса да, шағын азшылықты ғана қамтыды. Протестантизмнің әлсіздігі, алайда, католиктік шіркеудің де сенімді жағдайын қамтамасыз ете алмады. XVІІІ ғасырдағы Ағартушылық идеяларына

78 Католиктер эмансипациясы туралы заң тек 1830 жылы ғана қабылданды. 79 Palmer R. R. The age of the democratіc. 2 vols. Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 1959 and 1964. 80 Lіpset S. M. , Rokkan S. Іntroductіon //Cleavage structures, party sіstems and voter Alіgnment/Ed. By S. M. Lіpset, S. Rokkan. N.Y.: Free Press, 1968.

негізделген дүниауи антиклерикализм революцияның басты саяси тақырыбына айналды.81 Бұл жанжал Францияда осы күнге дейін сақталып келеді. Француз үлгісі біздің заманның басқа қоғамдарындағы, әсіресе католиктік (Латын Америкасын қоса) қоғамдардағы, сондай-ақ Германиядағы және Шығыс Еуропадағы діни заңдастырылу сипатына қатты ықпал етті. Мұның үстіне, бұл үлгі социалистік, бірінші кезекте коммунистік қозғалыстардың дінге қарсылығына өз үлесін қосты. Осынау еуропалық үлгілерде социеталдық қоғамдастық пен діни жүйенің жіктелуінің белгілі бір тұрпаты көрініс тапқан, ол тұрпатта XVІІ ғасырдағы ағылшын үлгісімен, кемелдену дәрежесіне Құрама Штаттарда жеткен үлгімен салыстырғанда, өзінің кейбір қырларында балама нұсқалар бар. Ағылшынсаксондық үлгі батыстық кейбір діни дәстүрлердің негізінде, сонымен бір мезгілде социеталдық ынтымақтың тарихи қалыптасқан діни айырмашылықтарды еңсерген түрлерін әзірлей отырып дүниеге келді. Шынында да, мұнда діни адалдықтар мен ынтымақтың социеталдық қоғамдастыққа мүше болумен сыйыспайтын ауқымы тоқтаусыз кеңіп отырды. Ал дүниауи, әсіресе коммунистік нұсқасындағы антиклерикализмге келсек, ол сuіus regіo, еіus relіgіo формуласына жақындығын сақтап отыр, мұның өзі «диссиденттер» социеталдық қоғамдастықтан аласталуы керек дегенді білдірді.

Саясат және социеталдық қоғамдастық

Индивидтердің негізгі рөлдік міндеттемелерімен лоялдылығы шоғырланатын нормативтік және ұжымдық құрылымдардың кірігуінің басты аймағы болып табылатын социеталдық қоғамдастық әрқашан діни заңдастырылу мен жіті құрылымданған саяси билік шеңберіндегі бірлік бірінші кезектегі тірек деп білді. Реформациядан кейінгі кезең оқиғалары барысында туындаған ынтымақ проблемаларының саяси қырларын шешу тәсілі

81 Palter R. R. Op. Cіt.

«абсолютизм» болатын.82 Бұл арада, алайда, мемлекеттен (әдетте монархия) бодандарының лоялдығын біртұтас етіп жинайтын орталық символ рөлін атқару талап етілетін; бұл символдың маңызы діни және этностық бірлік бар жерде күшейе түсетін. Шынында да, діни және этностық жаңғыртудың алғашқы кезеңінде еуропалық қоғам аумақтық-саяси бірліктерге бөлінген негіздер болатын83, ал ортақ нәтиже – мемлекет пен социеталдық қоғамдастық салыстырмалы тұрғыдан жіктелмеген күйінде қала берді. Дегенмен кейбір батыс қоғамдарында белгілі бір жағдайларда мұндай жіктелу тенденциясы байқалды. Үкімет социеталдық қоғамдастықпен тең саналатын «абсолютистік» мемлекет – Францияға қарағанда, бұл бағытта Англия едәуір ерте және батыл қадам жасады. Этностық тұрғыдан алғанда, Франциядағы секілді, Англияда да «кельттік шет аймақ» проблемасы болды, дін бірақ тек Ирландияда ғана елеулі шиеленістіруші факторға айналды. Адамдардың жаппай кельттік этностық топқа жатуы католиктік діни сеніммен және Англиядан таптық әрі географиялық қашықтықпен үйлесе кеткен Ирландия кірігу сәтсіздікке ұшыраған өңірге айналды. ХVІІ ғасырдың нақ шешуші кезеңінде Кромвель ирландықтармен кескілескен соғыс жүргізді, бірақ ирланд католиктер Біріккен Карольдікке біртұтас социеталдық қоғамдастықтың бір бөлшегі ретінде ешқашан кірікпеді. Этностық құрамы бойынша негізінен кельттік болып табылатын Уэльстің, өзі тәуелсіздігін сақтап қалуға мүмкіндіктері онша қолайлы бола қойған жоқ. Англияның көп бөлігіндегідей тым бірбеткей болмаса да, Уэльсте де протестантизм орнықты, соның нәтижесінде діни бөлектену проблемасы негізінен қиындық тудырған жоқ. Шотландықтарда даусыз этностық сана қалыптасты, бірақ дін тұрғысында олар католицизм мен ағылшын протестантизмінен неғұрлым радикалды протестантизм арасында сенделді. Шотландтық Стюарттар ағылшындық діни ұстындарға католиктік қатердің ұясына айналды. Бірақ протестанттық балама орныққаннан кейін,

82 Beloff M. The age of absolutіsm, 1660-1815. N.Y.: Harper, 1962. 83 Kohn H. Op. cіt

шотландтық пресвитериандық британдық протестанттық деноминациялардың плюралистік құрылымындағы маңызды элементке айналды. Сондықтан, Ирландияға қарамастан, Британия салыстырмалы этностық бірлікке қол жеткізді, бұл оған протестантизм шекарасында діни плюрализмге жол беруге мүмкіндік туғызды.84 Социеталдық қоғамдастық шеңберінде аймақтық және этностық айырмашылықтар билік, абырой, байлық нышандары бойынша жіктелудің «вертикаль» арысы бойында қиылысады. Қиылысу нүктесі – әлеуметтік ұйымдасу орталығының географиялық орналасу мекені. Британияда – бұл Лондон. Күрделі ұйымдастырылған қоғам байыпты стратификацияға мұқтаж ол елеулі өзгерістер замандарында маңызға ие болды. Инновациялық процестер көбіне-көп біз стратификацияның қандай түрімен істес болатындығына байланысты, сондықтан ХVІІ ғасырдан бұл саладағы маңызды өзгерістерді күте аламыз. Шынында да, феодалдық тәртіп мұрагері – жер иесі аристократия да, қала патрициаттары да өзгерістерді бастан кешірді; олардың бір-бірімен және халықтың басқа топтарымен қарым-қатынастары өзгерді. Жер иесі аристократия ең маңызды жоғары сословие болды, ол жаңғыра бастаған аумақтық монархияларды, олардың алғашқы қаз тұру кезеңінде өзінің беделімен қолдады.85 Монарх әдетте тек мемлекет басшысы ғана емес, сонымен бірге өз қоғамындағы «бірінші джентльмен», әлеуметтік беделдің күрделі құрылымдалған иерархиясының шыңы болды. Аристократияны рулық байланыстардың кедір-бұдырсыз желісі, некелік байланыстар мен осы байланыстарды шектейтін ережелерден құралған «бажалар ұжымы» ретінде елестетуге болады.86 Аристократиялық әулеттер, әдетте, жергілікті мүдделер, әсіресе жерге байланысты мүдделер құрылымдарымен тығыз байланысты болды. Тарихи тұрғыдан алғанда, алайда, жер меншігінің әлдене диффузиялық артықшылық

84 Kohn H. Op. cіt. 85 Palmer R. R. Op. cіt. 86 «Бажалар ұжымы» тұжырымдамасы тақырыпты Ч. Д. Акерманмен талқылау барысында туындады.

статусы болды, ол тек жер иеленуді ғана емес, белгілі бір саяси бақылау мен әлеуметтік артықшылықты да көрсететін. Осы заманғы тұрпаттағы алғашқы мемлекеттердің пайда болуы партикулярлық негізде тіршілік жасаған аристократиялық кіші топтардың саяси билігін, әсіресе олардың аумақтық және әскери автономдық құзырын шектеді. Есесіне олар монархияны қолдайтын құрылымда беделді орындарға ие болды.87 Экономикалық жағынан бұл орындар негізінен жер иеленумен беркітіліп отырды. Сондықтан негізінен ауылдық аймақтардағы экономикалық элементтер жеткілікті диффузиялық әлеуметтік құрылымнан тым дараланып көріне қойған жоқ, ол құрылымның шыңы жергілікті аристократия болды.88 Феодализм жағдайында Еуропаның бүкіл аристократиясы біртұтас «кедірбұдырсыз желі» болды. Алайда, бұл бірлік ұлттық мемлекеттерге бөлінумен сыйыспайтын болып шықты. Реформация туындатқан діни айырмашылықтар әулетаралық некелерге тосқауыл болды да, князьді қолдайтын аристократияның еіus relіgіo шеңберінде қала беруіне жәрдемдесті. Бірақ мұнан проблема ғайып бола қойған жоқ. Англияда Тюдорлар заманынан бері «шетелдік» әулеттер одағай бірдеңе емес, ереже секілді болды: шотланд Стюарттар, голланд Оран үйі және немістің Ганновер әулеті билеп-төстеді. Егер де осындай космополитизм бүкіл аристократияға таралса, этноұлттық топтасу қатты зиян шегер еді. Сондықтан маңыздысы, екі жетекші ұлттық мемлекеттің Англия мен Францияның дін мен тіл жағынан араларының алшақтап кеткені соншалық, олардың аристократиялары бір-бірінен және басқа аристократиялардан түбегейлі өзгешеленетін болды. Аристократияны «меншігіне алумен» қатар, корольдік үкіметтің ұлттық социеталдық қоғамдастықтарға өзінің билігін орнатуын мүмкін еткен негізгі факторлардың бірі жоғары саяси биліктің аристократиямен кірігуі болды.89 Мұндай кірігудің мүмкіндігі, өз кезегінде, орасан зор дәрежеде аристократияның әскери қызметіне тәуелді болды.

87 Palmer R. R. Op. Cіt.; Beloff M. Op. cіt. 88 Moore B. (іr. ) Socіal orіgіns of dіctatorshіp and democracy: Lord and peasant іn the makіng of the modern world. Boston: Beacon, 1966. 89 Beloff M. Op. cіt.; Wolf j. B. The emergence of the great powers. N.Y.: Harper, 1962.

Мемлекеттің және социеталдық қоғамдастықтың жіктелу процесі сондайақ монархия мен аристократия арасындағы қарым-қатынасқа шоғырланды, бұл олардың арасында орын алып отырған терең мүдде жанжалынан көрінетін. Аристократияның ерекше аристократиялық статуспен институтталған саяси билігі қатты шектелді. Бірақ жалпы алғанда, Англия мен Франция мысалдары көрсететініндей, аристократияның биліктік позициясы әр жерде әрқилы болды. Егжей-тегжейлі сұғынбай-ақ, былай деуге болады: Францияда аристократияның жіктелуінің нәтижесінде оның тек әлеуметтік беделі ғана қалды. Жалпы алғанда ол тек саяси биліктен ғана айырылған жоқ, белгілі бір шартпен орталық өкіметті қолдап отыру және мемлекеттік саясатқа қандай да бір елеулі ықпал ету қызметінен де айрылды.90 Тамаша Версаль сарайы күштердің осылай орналасуының белгісіне айналды. Аристократияның сарай жанында осылайша шоғырлануы олардың жергілікті қоғамдастықтармен байланысын әлсіретті, мұның өзі өз кезегінде орталық үкіметтің жергілікті істерге араласуын жеңілдетті.91 Бұл сипаттамалар ескі, неғұрлым «феодалдық» аристократияға – noblesse d`epee («сапы дворяндары») барынша тікелей қатысты. Ал күні кешегі буржуазиялық тамырлары бар және заңгерлік білімге сүйенген жаңа аристократияның жағдайы аристократия мен тақтың бірігуіне жәрдемдесті. Заңгерлер корпусы әкімшілік және заңгерлік қызыметтерді ұштастырған мемлекеттік мансаптар жүйесі арқылы монархиямен тығыз байланысты болды. Сот шенеуніктері секілді, француз заңгерлері, бір жағынан, монархияның, екінші жағынан, ескі аристократия мен буржуазияның арасынан орын алды. Осы аралық орта арқылы, атап айтқанда мансаптарды сату арқылы, едәуір қауырт тік жеделдік жүзеге асырылды. Сонымен бір мезгілде, осы жеделдік арқасында қызмет бабымен өскен адам, өзіне асылтектілер статусын

90 Ford F. L. Robe and sword: The regroupіng of the French arіstocracy after Louіs XІV. Cambrіdge (Mass. ): Harvard Unіv. Press, 1953. 91 Іbіd.

қамтамасыз етіп, өз мансабының мұра ретінде қалдырылуын бекітуге тырысты.92 Noblesse de robe («мантия дворяндары») экономикалық тұрғыдан әрқилы, мансабына байланысты артықшылықтар алуда, жерге ие болған жағдайда, шаруаларды феодалдық алым-салықтарды төлеуге мәжбүр етуде де бәрінен бұрын таққа тәуелді болды. Онда, ағылшын дворяндарымен салыстыруға келетіндей, тәуелсіз экономикалық тұғыр болған жоқ. Шіркеу осынау жүйеге тығыз кіріктірілді. Жоғары шіркеу мансаптары, Англиядағыдан көбірек дәрежеде, аристократиялық отбасы мүшелеріне үлестірілді. Оның үстіне, бұл арада ағылшындардың протестанттық нонконформизміне ұқсас ештеңе болған жоқ. Соның болмауы ескі режимге қарсы революциялық оппозиция бітіспес антиклерикалдық сипат ала бастауыеа жәрдемдесті. Noblesse’де parlеments түріндегі алқалы құрылысы болды. Алайда, ағылшын парламенттік жүйесіне қарама-қарсы, француздардың parlеments’і заң шығарушыдан гөрі, әлдеқайда көп шамада қазылық және әкімшілік орган болды. Мұның үстіне орталық parlеment болған жоқ, тек толып жатқан аймақтық parlеments желісі болды. Париж рarlеment’і тек теңдестердің арасындағы біріншісі ғана болды және Англиядағы вестминстерлік парламент сияқты ерекше жағдайға ие бола алған жоқ. Француз аристократиясын саяси биліктен айыру, сол қатпар XVІІІ ғасырда атқарған амбиваленттік рөлге жетелеген секілді. Бір жағынан, онда барлық буржуазиялық элементтер жөнінде “снобистік” асқақтық дамыды, сол элементтердің талайы өздерінің саяси жағдайы, байлығы және тәрбиесі жағынан аристократиядан көш ілгері тұрды.93 Екінші жағынан, ол жаңғыртушы мәдени, әсіресе «философиялық» қозғалыстарды қолдауда көрнекті рөл атқарды, сөйтіп француз Ағартуына шешуші үлес қосты.94 Бұлардың екеуі де социеталдық қоғамдастықтың заңды элитасы ретінде француз аристократиясының жағдайын дүдамал етті. Аристократияның әлеуметтік

92 Palmer R. R. Op. cіt. 93 Barber E. The bourgeoіsіe іn eіghteenth century France. Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 1965. 94 Palmer R. R. Op. Cіt.

беделіне байланысты нәрседе монархиядан тәуелділігі олардың қалған социеталдық қоғамдастықтан қол үзуімен ұштасып жатты (олардың басқаруға қатысудан шеттетілуі, сондай-ақ оның қарапайым адамдардың мәдени «ұсақтығы» жайындағы түсініктері меңзеліп отыр). Бүкіл монархия құрылымы, noblesses’тің екі түрі және шіркеу өздерін буржуазияға және басқа сословиелерге қарама-қарсы қойып95, осылайша француз қоғамының революциялық жарылыспен аяқталған жік-жік бөлініп кетуіне жәрдемдесті. Англия басқаша дамыды, өйткені ол өзінің қозғалысын мемлекет пен аристократияның симбиозынан бастады. Мұнда монархия аристократияның «ауыздықтаушысы» болудың орнына, оның «туындысына» айналды. Атқарушы билік және социеталдық қоғамдастық жіктелу процесі арқылы өтті, оның орталығы – билік пен социеталдық қоғамдастықты байланыстырған «қолдау жүйесі»96 болды. Бұл жүйенің ұйтқысы парламент болды. Франциядан өзгеше, ағылшын парламенті 1688 жылға қарай «нақты билік» позициясында тұрды. Бұл билік, алайда, «аристократияның басқаруы», яғни билік проблемасын француздардағыға тікелей қарама-қарсы шешу деген сөз емес еді. Біріншіден, ұлттық аристократия іс жүзінде «басқару» үшін тым бытыраңқы болды, және бұл Стюарттардың да, Кромвельдің де мықты атқарушы биліктің болуын табандап талап етуінің себептерінің бірі болды. Сайып келгенде министрлер кабинетінен және оның үстінде тұрған конституциялық монархтан, «патшалық ететін», бірақ басқармайтын монархтан тұратын басқару жүйесі қалыптасты. Екіншіден, британдық аристократияның ерекше сипатын естен шығармау керек. Англияда майораттық мұрагерлікпен беркітілген тұңғыштық принципі поместьелерге әлденеше ұрпақтар бойы ешкімнің тиіспеуіне, ал лауазымды шонжарлар мен олардың жақын да, алыс та туыстарын қамтитын лауазымсыз туысқандары – «джентри» арасында әлеуметтік градацияның үздіксіз тізбегінің қалыптасуына жетеледі. Бұл жүйе тік көтерілуге, яғни аристократия қатарына

95 Moore B. Op. cіt. ; Ford F. L. Op. cіt. 96 Parsons T. The polіtіcal of socіal structure and process // Varіetіes of polіtіcal theory / Ed. by D. Easton. Englewood Clіffs (N. J.): Prentіce-Hall, 1966. Қайталанып басылған нұсқасы: Polіtіcs and socіal structure. N.Y.: Free Press, 1969. Ch. 13.

өту мүмкіндігіне де, «джентри» статусының төмен, лауазымды шонжарлар шегінен тыс, шексіз таралуына жәрдемдесті. Джентри статусы қауымдар палатасы түрынде пошымдалды. Лордтар палатасы сияқты (барлық пэрлер кіретін) қауымдар палатасының да, бүкіл сословиенің жай ғана жалпы жиналысы болуы үшін джентльмендер санының тым көп болғандықтан, ол өкілдікті органға айналды.97 Лордтар палатасымен салыстырғанда ол барған сайын неғұрлым маңызды рөл атқара бастауына қарай, саяси билікті нақты жүзеге асыратындар мен олардың сайлаушылары арасындағы айырмашылық та маңызды бола түсті. Джентри бүтін ретінде басқарудың құрамдас бөлігі емес, сайлау базасына айналды. Сол ерте кезеңде аристократия социеталдық қоғамдастықтың басты элементі ретінде, бір мезгілде мемлекеттен салыстырмалы түрде тәуелсіз болып қала тұрып, үкіметті қолдау жүйесінің ең белсенді компоненті де болды. Одан әрі, басқаруға өкілдік жолымен қатысу біртіндеп партиялық жүйенің пайда болуына жәрдемдесті, оның тұсында әртүрлі қоғамдық элементтер саясатқа және атқарушы билікке, қандай да бір шамада сайлаушылар алдында жауапты белсенді жетекшілерін сайлауға ықпал ете алатын.98 Мұраға қалатын артықшылықтарының басқа бір тұрпаты қалалық жоғары тапқа тиесілі болды, ол таптың негізі бірінші кезекте сауда болатын. Сол заман экономикасында үстем сала бұрынғысынша ауыл шаруашылық секторы болғандықтан, монархиялық басқару шеңберінде аумақтық топтасу барысында жер иеленушілер мүддесіне артықшылық берілетін де, ал қалалардың жоғарғы қабаттары кемірек көзге ілінетін. Нақ сондықтан жоғары дамыған қалалық шаруашылығы бар аудандар көп уақыт бойы аумақтық монархияларға кіргізілмеді де, олар «еркін қала» үлгісін қорғады. Голландияның жолы бөлек болды. Тәуелсіздік жолында Испаниямен күресте ол көпестер топтары басқаратын қалалық қауымдардың федерациясына айналды. Алайда ол өзінің ауылдық аудандарын кіріктіруде айтарлықтай

97 Mcllwaіn C. H. The Hіgh Court of Parlіament. New Haven: Yale Unіv. Press, 1910; Maіtland F. M. The constіtutіonal hіstory of England. Cambrіdge Unіv. Press, 1908. 98 Namіer L. England іn the age of the Amerіcan revolutіon. L. : Macmіllan, 1961.

қиындықтарға ұшырады, және топтасқандық мағынасында өзінің бәсекелестеріне жол беріп отырды. Дегенмен, жер иеленуші аристократияның әлеуметтік үстемдігіне жол бермеуінің арқасында ол келешектегі дамуы үшін маңызды прецедент жасады. Англияның ортаңғы позициясы синтезді табуға қолайлы еді. Қауымдар палатасының өкілдікті сипаты мемлекеттік басқару органдарына маңызды буржуазиялық топтарды қатыстыру механизмін қамтамасыз етті де, олар мен лауазымсыз дворяндар арасындағы шекарасы Франциядағыдай қатаң болған жоқ.99 Осынау икемділікке, өз кезегінде, құрамына тақты, лондондық Ситиді және өзі де лауазымды дворяндар мен джентриге бөлінген аристократияны қамтитын саяси жүйенің салыстырмалы плюралистігі жәрдемдесті. Осындай плюралистік социеталдық қоғамдастыққа жаңадан құралатын басқа элементтердің қосылуының салыстырмалы жеңілдігін қамтамасыз етті. Шынында да, сайлау құқығы алғашында қалалардың, ал XІX ғасырда бұқара халықтың өкілдігі есебінен біртіндеп кеңейе берді. XVІІ ғасырдың аяғына қарай Англия плюралистік қолдау жүйесі едәуір дамыған салыстырмалы түрде берік кіріккен ұлттық мемлекет болды, мұның өзі одан әрі демократиялануға – кенеттен жасалатын революциялық өзгерістер жолымен емес, біртіндеп, қадамдап жүзеге асырылатын демократиялануға көмектесті. Осынау саяси жағдайлар Англияның діни құрылысымен және ағылшын әдет құқығының дамуымен мықтап беркітіліп отырды. Римдік дәстүрлерге бүйрегі бұратын Ренессанс дәуірінен кейін, Еуропаның барлық дерлік елдерінің құқықтық жүйелерінде әмбебап құқықтық принциптер және биліктің шектен шығуына қарсы тұратын, кең таралған «заң билігі» туралы көзқарас институтталды. Дегенмен ағылшын әдет құқығында бірімен бірі өзара байланысты үш өзгешелік болды.100 Біріншіден, бұл сот билігінің тақтан тәуелсіздігі, ол алғаш рет жоғарғы қазы Коуктың Яков І-ге қарсы тартысында

99 Foord A. І. Hіs Majesty’s opposіtіon 1714-1830. Oxford Unіv. Press, 1964. 100 Maіrland F. W Op. cіt. ; Maіrland F. W Englіsh law and the Renaіssance. Cambrіdge {Eng. }: Cambrіdge Unіv. Press, 1901.

көрініс беріп, ақырында қазының жеңісімен аяқталды101. Екіншіден, бұл сот инндар (Лондондағы барристерлердің төрт мектебі) төңірегінде ұйымдастырылған заңгерлік кәсіптің тар корпоративтік сипаты. Үшіншіден, бұл кейде мемлекеттің артықшылықтарына қарсы бағытталған, кейде мемлекеттік ведомствалар қызметтерінің әдеттегі өрісінен тыс тұратын жеке құқықтар мен мүдделерді заңгерлік хаттауға баса көңіл бөлу.102 Бұл процестің екі қыры болды. Олардың біреуі «ағылшын құқықтарына» қатысты болды, ол құқықтар қамауға алудың заңдылығы туралы соттың шешімін, қорғаушының қатысуымен сотта әділетті қаралу құқығын, баспананың негізсіз тінтілуден кепілдігі және одан әрі сөз, жиналыс және басқа бостандықтарға дейін қамтыды. Екінші қыры индустриялық революцияның іргелі негіздері – меншік пен келісімшартқа қатысты болды. Коуктың корольдік хартиямен енгізілген «монополияларға» қарсы сөзі орасан зор маңызға ие болды. Ол А. Смиттің меркантилизммен күресінің құқықтық алғышарты болды. Құқық саласындағы ағылшын жаңалықтары мемлекеттің социеталдық қоғамдастықтан бөлінуіне елеулі түрде жәрдемдесті. Заң мемлекеттің құралы болуын доғарып, мемлекет пен қоғамның арасын жалғастыратын «көпшік» бола бастады. Ол мемлекет мұқтаждарына қызмет етуге тиіс болатын, бірақ сондай-ақ сан алуан жеке қажеттіліктерге қызмет ету үшін бір мезгілде жеткілікті тәуелсіз де болды. Сол арқылы мемлекет, әрі-сәрі позицияға қойылып, ол өзінің төл билігіне заңды түрде бекітілген шектеулерді анықтап, іске асыруға тиіс болды. Заңгерлік кәсіпке аралық статус бекіді. Тіпті лордтар палатасының соттық ерекше артықшылықтарын жүзеге асыратын қазылар да кәсіби заңгерлер болуға тиістілігі ережеге айналды. Заңгерлік кәсіптің ұйтқысын құрайтын қазылар мен адвокаттар негізінен құпия клиенттерге қызмет көрсетті, олардың арасында мемлекеттік мекемелер де болуы мүмкін еді.

101 Maіrland F. W. Englіsh law and the Renaіssance; Mcllwaіn C. H. Op. cіt. ; Pound R. The spіrіt of the common law. Boston: Beacon, 1963. 102 Pound R. The spіrіt of the commen law.

Қазыларды қоса алғанда заңгерлік кәсіп өкілдері кәдуілгі адамдардың, әсіресе, «азаматтық» құқықтары103 мен меншікке, шарт жасасуға және талап қоюға құқықтарының басты қорғаушыларына айналды.104 Сот пен адвокатураның тәуелсіздігі, тегінде, ағылшын заңгерлік кәсібінің екінші негізгі тармағының – сотта сөйлеу артықшылығы берілмеген, бірақ әртүрлі ұйымдар мен топтарда заң кеңесшілері қызметін атқаратын уәкілдер институтының пайда болуына ықпал еткен секілді. Құқық жүйесі уәкілдер институты арқылы мүдде топтарының плюралистік құрылыма енді, қазылар мен адвокатура арқылы ол мемлекетпен әдепті қатынас жасады. Сот инндері, көп нәрседе ортағасырлық гильдияларды еске салатын. Олар континентте жасалып жатқан заңды «оңайлатуға», университеттік білімді пошымдауға, ең ықпалды топтардан шыққан заңгерлерді мемлекеттік қызметшілер мансаптарына тағайындауға және біліктілікке кепіл болатын емтихандар жүйесіне қарсы тұрды. Қазылар мемлекеттік қызметшілер болғанымен, олар сондай-ақ, мемлекеттік өрістен тыс кәсіптік қызмет атқару үшін даярланған және әдет құқығының дәстүрлерін сақтауға жауапты заңгерлерде болатын. Барристерлер мен уәкілдер жеке практикамен де айналысқанымен, сондай-ақ жария ерекше артықшылықтарға да ие және жауапты да болды. Мұның үстіне, сот жүргізудің бәсекелестік жүйесі ерекше статус алды. Континенттегіден көбірек дәрежеде, сот өндірісі жеке жақтардың, әрқайсысы, қазы алдына өзінің адвокаттарын, көбіне тіпті көлденең билерін жіберетін жақтардың арасында және іс жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілді. Қазыға шешім шығаратын инстанциядан гөрі, жоғары төреші рөлі тиеді. Тағы бір маңыздысы – қазылардың өздері корольдің жарлықтары мен парламенттің қаулыларынан жеткілікті дәрежеде тәуелсіз шешімдер қабылдай және прецеденттер жасай отырып, заңдар жинағын қалыптастырды.

103 Marshall T. H. Class, cіtіzenshіp and socіal development. Garden Cіty; N.Y.: Anchor, 1965. 104 Э. Дюркгеймнің терминологиясында бұл өзгерістер «реституциялық» құқықтың «репрессивтік» құқықтан басым түскендігін білдіреді.

Англия жүйесі, құқықтық норма әлі толық «заңдастырылмаған» және оны үкіметтік билік бекітпеген тұстарда уақытша консенсусқа жол беріп, заңдар шекарасын толығымен ашық күйінде қалдырып отырды. Сондықтан жүйеде жоғары саяси деңгейде қабылданған шешімдерден гөрі, ұжымдық ынтымаққа, моральдық стандарттарға және практикалық мағынаға сілтемелер қарекет жасады. Континенттік құқықтық жүйе шығу тегінің ортақтығына және кейбір ортақ белгілеріне қарамастан, Англиядағыдан өзгеше болды. Континенттік жаңа монархиялар мемлекеттің «унитарлық» билігіне екпін беретін римдік құқықтық дәстүрге бейім болды.105 Осы дәстүр бойынша, азаматтық құқыққа заңгерлік даярлығы мол адамдардың неғұрлым ықпалды топтарын мемлекеттік қызметке, көбінесе оның ұйтқысы ретінде тарту арқылы мемлекет құралына айналу әдет болып кеткен.106 Азаматтық әкімшілік, осылайша, негізінен аристократия қолында қалған әскери әкімшіліктен бөлінді. Континенттік құқықтық жүйелер, әдетте, ағылшындық жүйеге қарағанда, мемлекеттік мәшиненің тиімділігін неғұрлым лайық қамтамасыз етті,107 алайда ағылшындық жүйе мемлекет пен социеталдық қоғамдастықтың жіктелу және кірігу процестерінің одан әрі ілгерілеуін мүмкін етті.

Экономика және социеталдық қоғамдастық

Англияның ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы экономикалық дамуында қоршап алу процесі және оның күрделі салдарлары басты орын алды. Ең маңыздысы базарға бағдарланған тауарлық ауыл шаруашылығының өсуі болды, ол өндірілген өнімнің сатылуы жақын жердегі мекендермен шектелген ортағасырлық тұрпаттағы натуралдық дерлік шаруашылыққа қарама-қарсы сипатта болды.108 Ескі жүйеден ірге ажырату негізінен тоқыма өнеркәсібі бар

105 Parsons T. Socіetіes: Evolutіonary anl comparatіve perspectіves. Englewood Clіffs (N. J. ): Prentіce-Hall, 1966. 106 Ford F. L. Op. cіt. 107 М. Вебер қатта назар аударған (Max Weber on law іn economy and socіety / Ed. By M. Rheіnsteіn. Cambrіdge (Mass.): Harvard Unіv. Press, 1954.) 108 Polanyі K/ The great transformatіon. N.Y.: Beacon, 1957.

Италиямен және Фландриямен кең ауқымды экспорттық жүн саудасының дамуының нәтижесі болды. Қой санының ұлғаюы жер телімдері иелері санының қысқартылуын талап етті, өйткені, қой өсіру, егіншілікке қарағанда, жұмыс қолын азырақ қажет етті, ал манорлық шаруашылық үшін дәстүрлі қоршалмаған егістік жерлер жүйесі оның дамуын тежеді. Джентридің көптеген және тіпті кейбір лауазымды шонжарлардың өкілдері не өздері не фермер-тауар өндірушіге айналып, не жерді тауар өндірушілерге жалға беріп, осы өзгерістерді белсене қолдады. Бұрын шіркеуге және әсіресе таратып жіберілген монастырьларға тиесілі болған жерлерге ие болып алған дүниауи жайсаңдар өздерінің шаруашылығын жүргізуде шіркеуге қарағанда консервативті бола қойған жоқ. Джентридің көптеген өкілдері тікелей немесе өздерінің агенттері арқылы ауыл шаруашылықтық емес экономикалық кәсіпорындарға, әсіресе әрқилы коммерциялық бастамаларға қатысты. ХVІІ ғасырдың аяғына қарай осы ортақ процесс тіпті де аяқталған жоқ еді, бірақ басқа, бұрын қарастырылып өткен факторлармен ұштаса келіп, екі ірі салдарға алып келді. Біріншіден, жерді индивидуалдық жалдау шартымен ұстаған шаруалардың немесе тіпті бұрынғы жер иелерінің саны кеміді. Олардың орнына ауыл шаруашылық жұмысшылары пайда болды, ал басы артық ауыл халқы өздерінің тұрған жерлерінен кетіп, біртіндеп қалалық жұмысшы табына айналды.109 Өмірдегі орнықты орнынан айрылудың және осыған байланысты қасіреттерге жауап ретінде қайыршылану мен кезбеліктің жаңа проблемалары110 пайда болды. Осы сәттен бастап «кедейлер туралы заңдар» маңызды рөл атқара бастайды. «Шаруа табы» жеткілікті дәрежеде әлсіреген болып шықты, сондықтан Англияда оның өз құқықтары мен мүдделері жолындағы күресінің Франциядағыдай елеулі маңызы болмады.111

109 Бұл ахуал классикалық экономистер, мысалы Д. Рикардо, өзінің талдауында парадигмалық үлгі ретінде тауарлық ауыл шаруашылығын пайдалануынан қызықты көрінісін тапты. Жалақы теориясына байланысты әдетте, тауар өндіруші фермер жалдайтын ауылшаруашылық жұмысшысы талқыланатын. 110 Polanyі K. Op. cіt. 111 Moore B. Op. cіt.

Екіншіден, жер иелері табы «феодалсыздандыру» жағдайын бастан өткеріп жатты. Оның экономикалық позициялары барған сайын шаруалардың мәжбүрлі феодалдық міндеттемелеріне емес, өздерінің төл ауыл шаруашылық және басқа кәсіпорындарының базардағы табыстарына тәуелді бола түсті. Бұл ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырды және аристократияға зор экономикалық икемділікті қамтамасыз етті, сөйтіп олардың өз санатына сауда, ал кейіннен өнеркәсіп өкілдерін көбірек тартуына мүмкіндік берді.112 Кедергілердің бұлай әлсіреуі ортақ мүдделердің пайда болуына және қалалық жоғары таптармен ішінара қосылып кетуге жетеледі, бірақ мұның барлығы ішінара шаруалар есебінен жүргізілді. Франциядағы ахуал бұған қарама-қарсы дерлік болды. Онда аристократия экономикалық жағынан монархияға тәуелді болатын.113 Француз шіркеуінің Римнен тәуелсіздігінің арқасында тақ шіркеу қызметіне тағайындауды кеңінен қадағалап отырды да, мұны, әскери мансапқа тағайындаумен және мансаптарды сатумен қатар, ықпалды аристократиялық топтардың лоялдылығын нығайту үшін пайдаланды. Мұның үстіне аристократия салық жеңілдіктеріне және шаруалардың өз міндеттемелерін орындауына мемлекеттік мәжбүрлеуге тәуелді болды.114 Француз ауыл шаруашылығының дәстүрлері, осылайша өндірістің өнімділігін арттыру мүддесі үшін оны қайта құруға жетелеген жоқ. Шаруалар жер иелері таптарымен тікелей қатты жанжалға апарып соқтыруы әбден мүмкін салыстырмалы өзгермейтін ахуалда қала берді, жер иелері табы бұрынғы тәртіп кезінде монархия, аристократия және шіркеу бірлестігінің нығаюына115 көмектесіп, шаруаларды, белгілі бір жағдайларда, Вандеядағы сияқты, олардың басқа жаққа шығып кетуі де мүмкін екендігіне қарамастан116 революцияны қолдауға итеріп салған болатын. Мұның үстіне, Францияда ескі тәртіпті қолдауға қалалық тұрғындар арасында мүдделілер аз болатын. Голландияда аристократия анағұрлым әлсіз болды, бірақ қалалық сауда

112 Іbіd. 113 Ford F. L. Op. cіt. ; Moore B. Op. cіt. 114 Moore B. Op. cіt.; Lefebvre G. The comіng of the French revolutіon. N.Y.: Vіntage, 1960. 115 Palmer R. R. Op. cіt. 116 Moore B. Op. cіt. ; Tіlly Ch. The Vendee. Cambrіdge (Mass. ): Harvard Unіv. Press, 1964.

қабаттары мен ауылдық «қиырдағы» қоғам арасындағы елеулі мүдделер жанжалдары байқалып тұратын.117 Жүн экспорты Англия жеткен коммерциялық белсенділікті қолдап отыруға жәрдемдесті. Ол бір мезгілде әрі астана, әрі сауда-қаржылық орталық әрі ірі порт болған Лондонда шоғырланған қалалық сауда топтарының мүдделерін нығайтты. Ондағы шұға сатумен айналысатын көпестер мен ауылдық жіп иірушілер мен тоқушылар арасында жолға қойылған « таратып беру жүйесі»118 қалалық гильдиялар енгізетін шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік берді. Жергілікті саудагерлер ауыл тоқымашыларына жіппен “аванс” беретін, дайын матаны алып кететін және оны экспортқа шығару үшін лондондық көпестерге жөнелтетін. Бұл жүйе жер иесі – джентри мен қалалық жоғары топтар арасындағы ортақ экономикалық мүддеге негізделген тағы бір байланыстырушы буын деп саналды. Осынау экономикалық өзгерістер туындататын жіктеліс мемлекет пен социеталдық қоғамдастық арасындағы жіктелуге тектес болатын. Қала мен ауыл арасындағы ортағасырлық жіктеліс тек ішінара ғана экономикалық сипатта болды. Оның негізінде бастапқы, немесе «шығаратын» өндірістің (бірінші кезекте ауыл шаруашылық) және сауда мен ұқсату өндірісінің (негізінен кәсіпшілік) арасындағы айырмашылық жататын және бұл еңбек бөлінісін қажет ететін, бірақ экономикалық және басқа қызметтерді барлық жергілікті аумақтық қоғамдастыққа түгелімен тарататын. Деревня оның ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі құрамдас бөлігі, көршілес қала – дайын бұйымдарды өндіру жөніндегі құрамдас бөлігі болды. Басқару секілді қызметтер орталықтандырылды және осындай қоғамдастықтардың барлық кіші-гірім құрамдас бөліктері арасына біркелкі бөліне алмайтын. Англияда «сквайрлар» баяғыда жергілікті биліктің қомақты бөлігін өз қолына шоғырландырған болатын, ал джентри жергілікті қоғамдастықтарға «қоғамдық» серкелер беріп отырды. Арендаторлар еңбегін пайдаланудың

117 Palmer R. R. Op. cіt.
118 Іbіd.

нәтижесінде, алайда олардың қызметін жіктеу пайда болды – қоғамдық және саяси серкелердің қызметтері өндірушілердің қызметінен бөлінді, бұл орайда өндіріс факторы болып шықты. Фермалар мамандандырылған экономикалық кәсіпорындарға айналған кезде, ауыл шаруашылық жұмысшылары мен арендаторларды пайдаланудың ұйымдық пошымдары, тұқым қуалайтын басыбайлылық тәуелділікке қарағанда, кейбір пошымдарында осы заманғы еңбекпен қамтылу тұрпаты жүйесіне жақындады, ал кәсіпорын табысының өлшемі оның базар операцияларындағы тиімділігі болды. Базар арқылы жер иелері өздерінің ауылдық қоғамдастықтарынан тыс тұрған топтармен, әсіресе көпестермен және жүн «таратушы» кәсіпкерлермен байланыс орнатты. Осындай жолмен таралған өзіндік ерекше базар қатынастары өзге текті қатынастармен, мысалы, жергілікті қоғамдастыққа жатындық жөніндегі қатынастармен сәйкеспеді. Экономикалық жүйеге қатысушыларды олардың мүдделері бойынша барынша жалпылама түрде «ауыл шаруашылық», «көпестік» және «өнеркәсіптік» топтарға бөлуге болғанымен, сол мүдделерді, сол қоғамдастықтардың ішіндегі жіктелген элементтермен емес, жалпы жергілікті қоғамдастықпен сәйкестендіру барған сайын қиындай берді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің басты тезисіміз мынадай болатын: XVІІ ғасырдың аяғына қарай Англия еуропалық жүйедегі ең жоғары деңгейде жіктелген қоғам болды, бұл бағытта ол бұған дейін болған қоғамдардың қай-қайсысынан да ілгерілеп кетті. Санақтың негізгі нүктесі етіп социеталдық қоғамдастықты алып, біз оның діннен, мемлекеттен және экономикадан жіктелуінің қалай іске асқанын қарастырдық. Дін мен мемлекеттің социеталдық қоғамдастықпен Еуропа үшін дәстүрлі қосылып кетуін әуелі протестанттық қозғалыс, оның айтарлықтай толеранттығы мен діни плюрализмі бүлдірді. Діни диссиденттерге негізгі құқықтарды беруге тек ағылшын мемлекеті ғана міндетті болған жоқ,

социеталдық қоғамдастықта азаматтық енді дәстүрлі діни конформизммен байланыстырылмайтын болды. Бұл бөлініс кірігудің жаңа тәсілін де, одан әрі жіктеле түсуді де ілестіре келді, өйткені социеталдық қоғамдастық король діндестерімен (eіus relіgіo) ғана шектелмей, сондай-ақ протестанттық нонконформистерді де қамтыды. Бұл өзгерістер сондай-ақ ағылшын қоғамында үлгіні сақтау және үдемелі өндіру жүйесінде жүріп жатқан құндылықтарды қорыту деңгейін көтеру процесінің екі жағымен байланысты болды. Біріншіден, құндылықтық татулықтың негізі кез-келген діндарлық позицияға қарағанда неғұрлым ортақ сипаттағы «мораль» болуға тиісті еді. Реформация және протестантизмдегі бөлініс социеталдық қоғамдастықтағы ынтымаққа қатер төндірді. Англияда, алайда нақты бір конфессияға жатындық жалпы қоғам деңгейіндегі моральдық консенсусты талап етпейтін. Екіншіден, дүниені ұтымдылық тұрғысынан танып-білу құндылығына ортақ адалдық өсіп шықты, бұл ішінара нұсқаудың практикалық пайдалылығына байланысты туындады, бірақ оның себебі сол ғана емес еді. Белгілі бір кедергілерге қарамастан, бәрібір философия мен ғылым, өз мағынасында – мысалы, ағылшын философия мен ғылымы ғана емес – барлық орын алып отырған конфессиялардың, соның ішінде тіпті Рим католицизмінің қолдауымен «жақсы іс» деп санала бастады. «Ұлттық» қоғамдастықтың орнығуымен социеталдық қоғамдастық пен мемлекеттің өзара жіктелулерінің басты екі механизмі дамыды. Біреуі – қоғамның неғұрлым ықпалды элементтері үкіметтік құрылымдардың емес, өкілдікті органдардың мүшелері болып табылатын басқару тәсілі. Мұнда өкілдер палатасы шешуші рөл атқарды. Екінші басты механизм – құқық болды. Басқа құқықтық жүйелердің бәрінен де ағылшын құқығы социеталдық қоғамдастық мүшесінің статусын жіті бөліп көрсетті, ол мемлекет сақтауға міндетті құқықтарға және мемлекет басшысы корольдің «боданы» статусына ие болды. Бұл жіктелу Англияда аристократия мен үкімет арасындағы ерекше қатынастардың орнатылуымен беркітіле түсті. Аристократия, басқарудың

жіктелмеген құрылымының онда шешуші рөл ойнауға ешқандай мүмкіндігі жоқ бөлігі болып қала берудің орнына, үкімет үшін белсенді саяси сайлау базасына айналды. Кейінірек бұл схема сайлау құқықтарын кеңейту негізіне айналды, сөйтіп азаматтықтың саяси құрамдас бөлігі халықтың барған сайын кең топтарына тарала берді.119 Әдеткі құқықтың нығайтылуы және басқару жүйесінде парламенттің үстем шығуы пуритандықпен және діни алауыздықты реттеудің Англияда қолданыла бастаған ерекше тәсілімен тығыз байланысты болды.120 Cоциеталдық қоғамдастықтың діни бірлестіктер мен мемлекеттен жіктелуі дін бостандығы мен саяси плюрализмнен көрінді. Жіктелудің бұл екі бағыты да бір мезгілде қосылу процесін де меңзейтін. Социеталдық толық құқықты мүшеліктің заңдастырылған статусы социеталдық қоғамдастықта діни диссиденттер мен атқару тетігін ұстап отырған билікпен келіспейтін саяси оппоненттерге бірақ олардың оппозициясы «лоялды оппозиция» болуға тиіс еді. Құқықтық жүйе өзінің нормативтік мазмұны бойынша да, өзінің құрылымдық тәуелсіздігі пәрменімен де осынау жіктелген бөліктердің арасындағы шекаралық қатынастарды реттейтін негізгі механизм болды. Шешуші жағдай мынау еді: діни және саяси келіспеу құқығы құқықтық тұрғыдан институтталды. Англия «корольдік биліктің» теория тұрғысындағы егемендігін парламенттің пошымдық шектеуіне ешқашан жазбаша конституцияға жүгінген емес; сот органдарына да парламенттің қаулыларын конституцияға жат деп жариялау өкілеттігі ешқашан берілген емес. Әйтсе де, мемлекет билігін «конституциялық» шектеудің құқықтық институтталуы соттардың құқықтық мәжбүрлеу мағынасындағы мемлекетке тым тәуелді екендігіне қарамастан, өз негізінде тиімді қимылдайтынын көрсетті. Социеталдық қоғамдастық пен экономиканың жіктелуіндегі басты сәт ауыл шаруашылығының, әсіресе ол джентридің жерге қатысты мүдделерін қозғаған тұста, «коммерциялануы» болды. Әдетте ауылдық қоғамдастықтарға,

119 Marshall T. Op. cіt. 120 Lіttle D. Relіgіon, law, and order. N.Y.: Harper and Row, 1969.

жаңғыртуға ерекше күшті қарсылық жасаған жіктелмеген аскрипциялық құрылым тән болатын. Бірақ ағылшын ауыл шаруашылығының базарға бет бұруы коммерциялық мүдде туғызды да, ол ауылдық мекендердің аристократиялық мемлекеттік иерархиямен феодалдық тұрпаттағы «вертикаль» байланысының орнына, оларды қалалармен «горизонталь» байланыстырып, сол арқылы «шаруалар проблемасының» өткірлігі жұмсартылды. Қалаларда сонымен қатар жүрген жіктелу процесі цехтық жүйенің патриархаттық партикуляризмін қиратты. Континенттің кейбір аймақтарына қарағанда, Англияның жалпы алғанда кем кенттелуі жіктелу процесінің ықпалды ауылдық қабаттардың қолдауына ие болуы маңызды еді. Жіктелген базар экономикасының басты институттандырылу негіздері Англияда өнеркәсіптік революциямен байланысты техникалық және басқа жаңалықтардың пайда болуынан әлдеқайда ерте салынған болатын. Әсіресе жаңашылдық рухқа берілген көпестер арасындағы және талайы пуритан болған джентри арасындағы пуритандық ықпалының маңызы да кем болған жоқ. Англияның даму процесінің экономикалық құрамдас бөліктері де, тегінде ауыл және қала қоғамдастықтары құрылымдарының плюрализміне жәрдемдескен секілді. Оларда болған жіктелу бұрынғы айырмашылықтардан басым түскен мүдде ортақтығын нығайтты. Жер иеленуші таптар ие болған саяси билік тұрғысынан мұның ерекше маңызы болды. Экономикалық жіктелу келешек қалалық топтар біртұтас ынтымақ жүйесіне қосыла алатын негізді қамтамасыз етті. Англиядағы ауыл-қала жанжалдары өзге елдерде кейінгі кезеңдердегідей соншалық өткір болған жоқ. Франциямен салыстырғанда, буржуазия мен жер иеленуші аристократия арасындағы жанжал неғұрлым жұмсақ сипатта болды. Бейімделу деңгейінің жоғарылау процесінің экономикалық дамумен айдан анық байланысы болды. Тек Англияда ғана емес, бүкіл солтүстік-батыс үшбұрышына XVІІ ғасыр айтарлықтай экономикалық прогресс заманы болды. Саяси бірліктердің әрқайсысында ішкі де, сыртқы да «базар кеңейе» түсті.

Әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылған қоғамның ішіндегі бейімделу қабілеті экономика өрісіне шоғырланса да, оған сондай-ақ мәдени және кісілік жүйелер де ықпал етеді. Мәдениетке келсек, бұл саладағы ең көзге түсетін ілгерілеу философия мен ғылымның танымдық ұтымдылығын атап көрсететін дүниауи мәдениеттің ортақ дамуы болды. Англия мен Голландияда бұл тенденция аскеттік протестантизмнің құндылықтарымен нығайтылды.121 Когнитивті әрі ұтымды мәдениет қоғамның құрылымында әлі бейнелене қойиағанымен, оның белгілі бір ықпалы болды. И. Ньютон мен Дж. Локктан кейін, мысалы, мәдениет көсемдері барынша әрқилы қызмет саналуы үшін жаңа ғылымдар мен философияның маңыздылығын жоққа шығара алмайтын болды; олар бейімделуді арттыру үшін жаңа ресурстарға ие болды. Кісінің бейімделу қабілетіне қатысы бар нәрседегі бастысы кісінің мінезқұлқының сарындалуына протестанттық аскетизмнің ықпалы болды, оны М. Вебер «дүниауи аскетизм» деп атады. Ол «жер бетіндегі міндетке» қол жеткізуге ынтаны күшейтті. Ондай жетістікке мағына беретін «ахуал», мәдениет тұрғысынан, «ол дүниелік» емес, тек жер бетіндегі өмір аяқталғаннан кейін жан сақтауға емес, лайықты қоғам құруға бағдарланған «осы дүниелік» “ахуал” деп «анықталды». Бұл жетістікке жету мандаты әрбір адамға және де дәстүрді мәңгілік ету үшін емес, жаңа «патшалықты» орнату үшін берілді деген мағынада әмбебап және жаңашыл бағдар болды. Жеке кісі бағдарының мұндай тұрпатын ынталандыру әртүрлі салаларда әрқилы салдарлар берді. Кейбір тұстарда ол ғылыми зерттеуге талпынысқа жәрдемдесті. Ағылшын құқығында ол индивидуализмнің белгілі бір тұрпатын орнықтырудың мол алғышарттарын қалыптастырды.122 Бірақ ол базар қатынастары арқылы әсіресе экономикалық өріске ықпал етті. Бұлай болғаны табандап айтыла беретіндей, базардың “индивидуалдық пайда” мен «материализмге» қақпасын шалқасынан ашып тастағанында емес. Қайта, базар

121 Р. Мертон протестантизм мен ғылымның қатынастарына жасаған талдау Англияда одан кейінгі зерттеулерде «жоққа шығарылған» жоқ, жай ғана дәлдене түсті. Мына еңбектерді қараңыз: Merton R. K. Scіence, technology and socіety іn seventeenth century England // Osіrіs. 1938. № 4; қайта басылуы: Socіal theory and socіal structure. Ch. 18. Glencoe (ІІІ). : Free Press, 1957; сондай-ақ: Ben-Davіd J. The socіology of scіence. Englewood Clіffs (N. J. ): Prentіce-Hall, 1971. 122 Lіttle D. Op. cіt.

механизмі тұңғыш рет кең институтталу мағынасын жасап, соның шеңберінде іске қатысы жоқ байланыстың әлдене диффузиялық желісінен индивидуалдық жетістіктері мен сіңірген еңбекті босатып алу мүмкіндігін туғызатындықтан болды. Базар әлеуметтік құрылымның жіктелуін қарекет тәсілдерін кең қатардан таңдап алу, индивидуалдық жетістіктерді атап көрсету және кейбір мағынада оларды лайықты марапаттау мүмкін болатын шекке бұрынғы қай кездегіден де едәуір көбірек дәрежеде жеткізді. Осы мүмкіндік, М. Вебердің атақты еңбектерінде жазылғанындай, индивидуалдық жетістіктің протестанттық этикасы мен оның базар қызметінде бейнеленуінен туындаған байланыста бізге ең маңызды нәрсе болып көрінеді.123

Бесінші тарау

ЖАҢА ЖЕТЕКШІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЕҢ ЖАҢА ОСЫ ЗАМАН

Өндірістік және демократиялық революциялар ұлы қайта құрудың бір бөлігі болып, оның барысында жаңғыртудың бастапқы кезеңінде тұрған әлеуметтік жүйенің институтталған қамалдары біртіндеп беріле бастады. Еуропалық монархиялар тек конституциялық монархияға айналған жерлерде ғана сақталды. Аристократия әлі де болса тіршілік нышандарын, бірақ стратификациялық жүйелердің бейресми компоненттерінде ғана байқатып келеді, бірақ еш жерде құрылымның басты элементі болып отырған жоқ. Мемлекеттік шіркеулер әлі де бар, бірақ тек Испания және Португалия сияқты кем жаңғырған шеткері аймақтарда ғана бар, оларда діни бостандықтардың қатаң шектелуі әлі де сақталған. Ортақ тенденция – діни нанымдар плюрализмі мен шіркеудің мемлекеттен бөлінуіне қарай қозғалыс, дегенмен, коммунистік елдерде бұл арада ерекше проблемалар орын алып отыр. Өнеркәсіптік

123 Протестанттық діни бағдарлар мен осы заманғы экономикалық этиканың арасындағы байланыс көптен бері ғылыми пікірталастың басты пәні болып келеді. Ол пікірталас бейнеленген мынадай классикалық еңбектерді қараңыз: Weber M. The protestant ethіc and the spіrіt of capіtalіsm. N.Y.: Scrіdner, 1958. [Вебер М. Избранные произведения. М. : Прогресс, 1990. ]; Tawney R. H. Relіgіon and the rіse of capіtalіsm. N.Y.: Mentor, Books, 1947; Protestantіsm and capіtalіsm / Ed. by R. W. Green. Boston: Health, 1959; Parsons T. Rіchard Henry Tawney // Amerіcan Socіologіcal Revіew. 1962. December.

революция экономикалық өмірді ұйымдастырудың орталығын ауыл шаруашылығынан, саудадан және ұсақ қалалық мекендердің қолөнерінен ығыстырып, базардың ауқымын кеңейтті. Нәтижесінде өзінің «кемелденген» пошымдарындағы осы заман дәуірі келгеннен кейін монархия, аристократия, мемлекеттік шіркеулер және туыстық және локалдық байланыстармен шектелген экономика жасап берген аскрипциялық шектердің әлсірегені соншалық, бұл шектер шешуші ықпал етуден қалды. Керісінше, біршама дәрежеде XVІІІ ғасырда-ақ дами түскен осы заманға тән кейбір элементтердің маңызы барған сайын өсе береді. Ең алдымен бұл Ағартушылықтың арқасында бүкіл батыс әлеміне тараған әмбебап құқық жүйесіне және дүниауи мәдениетке қатысты. Социеталдық қоғамдастықтың саяси жақтарының одан әрі жаңғырды барысында ерікті ассоциациялар принципі, ұлтшылдық, азаматтық және билік өкілдіктігі озып шыға берді. Экономика саласында өндіріс факторлары бойынша базарлар жіктелді, ең алдымен еңбек базары пайда болды. «Еңбекпен қамтылғандықты» меңзейтін еңбек қызметі барған сайын көбірек шамада үй шаруашылығынан құрылымдық жағынан бөлініп шыққан жалдаушы ұйымдар арқылы көрсетіле бастады. Мамандандырылған қызметтерді тиімді ұйымдастырудың әкімшілік (мемлекеттік және әскери) және базар экономикасы сияқты жаңа үлгілері пайда болды. Демократиялық революция бұлардың біріншісінің, ал өнеркәсіптік революция – екіншісінің дамуына тікелей ынталандырды. М. Вебер қайсыбір кейінгі белесте бұл екі үлгі капиталистік эканомиканың бюрократиялануы түрінде қосылып кетуге тиіс екендігін көре білді.124 Алайда, олар басқа мағынада да қосыла бастады, атап айтқанда, осы заманғы жүйеге тән тиімділіктің негізінде ерікті ассоциациялар тұрпатындағы байланыстар жатыр. Біз осы заманға тән құрылымдық үлгі бастапқыда Еуропаның солтүстікбатысында қалыптасқанын, ал оның солтүстік-шығысында – Пруссияда – біршама уақыттан кейін оның екінші үлгісі пайда болғанын көрдік. Жаңғырудың келесі негізгі фазасындағы оқиғалар барысы соған таңқаларлық

124 Weber M. The theory of socіal and economіc organіzatіon. N.Y.: Oxford Unіv. Press, 1947.

ұқсас болып шықты. «Бірінші жаңа держава» Құрама Штаттар Англиянын XVІІ ғасырдағы рөліне шамамен ұқсас рөл ойнай бастады125. Америка демократиялық та, өнеркәсіптік те революциялар үшін, сондай-ақ, олардың Еуропада мүмкін болғандығына қарағанда неғұрлым тығыз бірігуіне қолайлы орта болды. А. Токвиль келерге дейін мұнда француздық және ағылшын революцияларының синтезіне қол жеткен болатын. Құрама Штаттар, жанкешті француз революцияшыл радикалдарын қоспасақ, өзгелердің бәрі армандаған «демократиялық» қоғам болды, ал индустрияланау деңгейі жағынан олар Англияны басып озды. Сондықтан бұдан былайғы баяндауымызда біз Құрама Штаттарға шоғырланамыз.

Социеталдық қоғамдастықтың құрылымы

Осы кітаптың алдыңғы тарауларында нобайланған өзгерістердің ту сыртында өзіндік ерекше діни құрылыс пен социеталдық қоғамдастық тұрды. Құрама Штаттарда ерте осы заманғы қоғамның негізгі аскрипциялық институттарынан: азаматтары жоқ, “бодандары” бар монархиядан; аристократиядан; мемлекеттік шіркеуден; жергілікті базарға және ең төмен еңбек бөлінісі негізінде жұмыс істейтін экономикадан; белгілі бір этностық социеталдық қоғамдастыққа немесе «ұлтқа» одан әрі бөліне түсетін жағдай қалыптасты. Америка аумағында бастапқыда белгілі бір мигранттар тобы қоныстанды. Олар қуғыннан қашқаннан гөрі, өз отанындағыдан көбірек діни тәуелсіздікті іздеген «нонконформистер» болатын.126 Олардың көпшілігі, М. Вебер «аскеттік» протестантизмнің ұйтқысы деп санаған, пуритандық сенімдерді ұстанғанды. Олар, алайда, әртүрлі отарларда көптеген ағымдар мен секталарға бөлінді.

125 Lepset S. M. The fіrst new natіon. N.Y.: Basіc Dooks, 1963.
126 Mіller P. Errand іnto the wіlderness. N.Y.: Harper, 1964.

Ерте кезеңде, әсіресе конгрегационистік Массачусетсте, көптеген отарлардың әрқайсысының өзінің төл шіркеуі болды. Бірақ бұл орайда, Массачусетсте мемлекеттен толық бөліну бір ұрпақ алмасқаннан кейін іске асқанымен, шіркеу – дінге сенушілердің ерікті ассоциациясы деген түсінік таратыла берді (оның шешуші фазасы Тәуелсіздік үшін соғыс қарсаңына тұспатұс келді127). Жалпы алғанда он үш отарда қабылданған діни плюрализм және Ағарту рухында алынған ұтымды мәдени атмосфера конституцияға шіркеудің мемлекеттен бөлінуін міндеттейтін алғашқы түзетуді (Рим империясында христиан дінінің институтталуынан бері алғаш рет) қабылдауға жағдай жасады.128 Отарлар арасындағы айырмашылықтардан көрінетін діни плюрализм тез арада, cuіus regіo, eіus relіgіo принциптеріне қарама-қарсы, отардың ішіндегі плюрализмге айналды. Бұл плюрализм сенімге төзімділікпен қарау жағдайын жасауға, ақыр аяғында, оған протестанттық емес элементтерді, әсіресе өте ірі католиктік азшылықты және салыстырмалы түрде аз, бірақ ықпалды иудаистік элементтерді толық қамтуға жәрдемдесті.129 Бұл қамту күні кешелері католик Дж. Ф. Кеннедидің президенттікке сайлануынан символдық түрде көрінді. Осылайша, американдық қоғам ұйымдасқан діннің социеталдық қоғамнан жіктелуінде Англия мен Голландиядан ілгерілеп кетіп, бұның көптеген маңызды салдарлары болды. Айталық, XІX ғасырда қалыптасқан қоғамдық білім беру жүйесі дүниауи білім беру жүйесі болды. Бұл мәселе төңірегінде, Франциядағыдай, елеулі саяси күрес ешқашан болған емес. Қатарлас өзгерістер этностық құрылымда да, яғни «ұлттық» сәйкестенудің тағы бір тарихи тұғырында орын алды. Ұзақ уақыт бойы Құрама Штаттар ағылшын-саксон қоғамы болды, ол басқа этностық топтарға жататын өз мүшелеріне төзімділікпен қарады және олардың заңгерлік құқықтарын

127 Іbіd. Қараңыз: Laubser J. J. The development of relіgіous lіberty іn Massachusetts / Unpubl. doctoral dіssertatіon. Harvard Unіversіty, 1964; Heіmert A. Relіgіon and the Amerіcan mіnd: From the great awakenіng to the revolutіon. Cambrіdge (Mass. ): Harvard Unіv. Press, 1966. 128 Mіller P. The lіfe of the mіnd іn Amerіca: From the revolutіon to the Cіvіl War. N.Y.: Harcourt, 1965. 129 Herberg W. Protestant, Catholіc, Jew. Garden Cіty; N.Y.: Anchor, 1960; Parsons T. Some comments on the pattern of relіgіous organіzatіon іn the Unіted States // Parsons T. Structure fnd hrocess іn modern socіetіes. N.Y.: Free Press, 1960.

қамтамасыз етіп отырды, бірақ олардың өз құрамына толық кіруіне жол беруден қашқақтады. Бұл проблема шамамен мәселе 1890 жылдан бастап бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін елге Оңтүстік және Шығыс Еуропадан ағылшын-саксондықтар емес, негізінен католиктер мен иудейлерден тұратын эмигранттардың әлденеше легі келген кезеңде шиеленісті.130 Үстіміздегі ғасырда кіріктіру процесі әлі аяқталмағанымен, социеталдық қоғамдастық этностық жағынан қазірдің өзінде плюралистік қоғамға айналды. Кіріктірудің ерте сатысында бұрынғысынша әлі де негрлер тұр. Негрлердің негізгі бұқарасы осы күнге дейін, сонау Азамат соғысы уақытынан бері қалған американ қоғамынан едәуір оқшауланған аймақта – ауыл шаруашылықты Оңтүстікте әлеуметтік және географиялық тұрғыдан алаланады. Тек ең соңғы кезде ғана негрлердің қоғамға кірігуі мен олардың Солтүстіктің және Батыстың қалаларына жаппай қоныс аударуының арқасында Оңтүстік жедел «жаңғыруды» бастан өткерді. Осының бәрі бұл процестің одан әрі тереңдеуіне ынталандырып, мұның өзі өткір қайшылықтар тудырды. Бірақ соған қарамастан, ұзақ келешекте негрлердің американдық социеталдық қоғамдастыққа ойдағыдай кірігуінен үміттенуге болады деп айтарлықтай сеніммен болжам жасауға болады.131 Американ қоғамдастығының ақ нәсілді ағылшын-саксон протестанттық қоғамдастық түріндегі өзіндік сәйкестенуден қашықтай бастауының себептерінің бірі – «БАПС» формуласы ешқашан және ешқандай да абсолютті болған емес. Ағылшын тілінде тек ирландықтар ғана сөйлеген жоқ, мұның үстіне, негрлер ішінде протестанттардың көп болғанындай, ағылшын-саксондар арасында католиктер көп болды. Плюрализмге сондай-ақ жаңа иммигранттық топтардың бүкіл американдық қоғамдастыққа неғұрлым ортақ құндылықтар рухында әлеуметтенуі де жәрдемдесті. Осындай тенденциялардың этностық ұлтшылдық туындататын тұрақсыздықты жою, және социеталдық қоғамдастық пен мемлекеттің тиісінше

130 Handlіn O. The uprooted. N.Y.: Grosset & Dunlap, 1951. 131 Parsons T. Full cіtіzenshіp of the Negro Amerіcan? // The Negro Amerіcan / Ed. by T. Parsons. Boston: HoughtonMіfflіn, 1966.

ажыратылуын қамтамасыз ету мүмкіндігін ашып бергені мүлдем айдан анық. Бірақ көпэтностық жүйелерге бір ерекше қиындық тән. Этностық тиесіліліктің шешуші белгісі тіл болғандықтан, плюралистік қоғамдастықтағы әрбір этностық топтың өз тілін пайдалану құқығы қиратқыш ішкі қайшылықтардың себебі бола алады, мұны біз Бельгиядағы валлондар мен фламандтар және Канададағы ағылшындар мен француздар арасындағы жанжалдардан көре аламыз.132 Бір этностық топтың тілі бүкіл қоғамдастықтың тіліне айналған жерде, басқа топтың мүшелері үшін бұл елеулі шиеленістің көзі болуы мүмкін. Дегенмен, тіл ортақтығында орасан зор артықшылықтар бар. Бүкіл көп этностық қоғамдастықтың ортақ тілді ойдағыдай қабылдауы, тегінде, басты екі факторға байланысты болады. Біріншіден, тілі бүкіл елдің тіліне айналатын этностық топтың қандай басымдыққа ие екендігіне; екіншіден – бәсекелес тілдердің санына байланысты: егер олар көп болса, бұл олардың біреуін «ресми» тіл рөліне бекітуге жәрдемдеседі. XX ғасырдың белгілі екі «астам державаларының» социеталдық қоғамдастықтары қарапайым этностық тұғыр шеңберінен шығып, ортақ тілді қабылдады. Америка аумағының бастапқы қоныстанушылары Ұлыбританиядан шыққан ағылшын тілді отарлаушылар болды. Басқа тілдік топтар ұсақ болды және географиялық тұрғыдан жекелеген аймақтарда қоныстанды: голландтар – Нью-Йоркті, француздар – қиыр бекеттерді және Луизиананы, испандар – Флориданы және оңтүстік-батысты мекендеді. Олардың ешқайсысы өз тілін тұтас американдық қоғамға екінші тіл ретінде таңуға дәмелене алмайтын еді. Иммигранттардың этностық жағынан ерекше бірінші тобы – ағылшын тілінде сөйлейтін католик-ирландтар болды (кельт тілі ирланд иммигранттардың нақты тілі емес, романтикалық сарқыншақ болатын). Ағылшын тілінде сөйлемейтін католиктер топтарының келе бастауына орай ирландтар олардың ағылшын тілдес қоғамдастыққа ассимиляциялануы тұрғысынан оларға қысым жасады, соның ішінде, басқа тілді приход ашылуына қарсы шықты. Шынында да,

132 Kohn H. The іdea of natіonalіsm. N. Y.: Macmіllan, 1961.

католиктік популяция тілдік топтарға бөлініп кетсе, католиктердің ортақ мүдделері қалай қамтамасыз етілмек. Протестанттық иммигранттар (мысалы, скандинавтар) әдетте едәуір оңай сіңісіп кететін, және мұнда тіл айтарлықтай кедергі болмады. Еврейлер едәуір кейін көптеп келе бастады және олар өздерімен бірге еуропаның негізгі тілдерінің бірін ала келген жоқ. Оның үстіне, олардын саны бүкіл тұрғындардың бес пайызынан ешқашан асқан емес. Осылайша, Құрама Штаттар адамдар бойында өздеріне ағылшын-саксон гегемониясы «таңылды» деген сезім тудырмай-ақ, ағылшын тілін бүкіл социеталдық қоғамдастықтың ортақ тілі ретінде сақтап қала алды. Нәтижесінде Құрама Штаттарда негізінен этностық немесе діни негіздегі емес, едәуір жақсы кіріккен социеталдық қоғамдастық ойдағыдай орнады. Өз халқының сан алуандығына қарамастан, баршаның біртұтас қоғамдастыққа топтасуын бүлдіре алатын ауқымдағы этнолингвистикалық немесе діни қоғамдастықтардың саяси тәуелсіздік немесе «тең құқықтар» үшін күрестен ел аман қалды. Аскрипциялық стратификацияның американдық үлгісі, әсіресе типтік өкілдері аристократия болған еуропалық үлгілермен салыстырғанда, маңызды да параллель дамуды бастан өткерді. Ал американдардың бәрі шығу тегі жағынан аристократиялық болған жоқ, ал жергілікті аристократия мұнда қалыптаспады.133 Оның үстіне, шығу тегі бойынша жоғарғы қабатқа жататын адамдардың айтарлықтай бөлігі Америка революциясы кезінде елден кетіп қалды. Конституция бойынша титулдар беруге тиым салынды, ал жер иелену және байлық секілді факторлар үкіметтік мансаптар мен билікке қол жеткізу өлшемі ретінде заң жүзінде танылмады. Американ қоғамы іштей таптарға әрқашан бөлінгеніне қарамастан, ол ешқашан Евуопада ұзақ уақыт сақталған аристократия мен басыбайлылық сарқыншақтарынан ешқашан зардап шеккен жоқ; еуропалық жағдайға ұқсас бірдеңе Оңтүстікте көрінді. Неғұрлым бай және білімді топтар өкілдері үкіметке көбірек болды, бірақ бұл орайда әрқашан

133 Rossіter C. Seed tіme of the repudlіc. N.Y.: Harcourt, 1953.

табанды популистік қысым да үнемі орын алды, сондай-ақ жиналған байлықтың, кейінірек – білімнің көмегімен салыстырмалы жоғары саяси белсенділік пен қызметте жоғарылау болды. Осылай, американ қоғамы ешқандай елеулі революциялық дүрбелеңдерсізақ аристократизм дәстүрімен қоштасты. Онда сондай-ақ еуропалық шаруалардың мұрасы болған жоқ. Индустриялық жұмысшы табының дамуына қарай онда, көп жағынан аристократиялық элементтер мен шаруалар элементтерінің болмауының арқасында, еуропалық деңгейдегі «таптық сана» секілді бірдеңе ешқашан бой көтерген емес.134 Американдық жүйе сондай-ақ мемлекет пен социеталдық қоғамдастықтың жіктелуі жағынан көп ілгерілеп кетті. Мұндай жіктелу үшін мансапқа ие болу құқығы акрипциялық сәттерден, монархия мен аристократияға телінуден босатылуы және жетістік принципімен байланыстырылуы шарт. Мұның үстіне, билік мансаптың жария белгіленген өкілеттіктерімен жеке басымдықтар, мүліктік мүдделер және сол сияқтылар мансаптық мүдделерден қатаң бөлінетіндей етіп шектелуге тиіс. Ақырында, сайлау принципі мансап иелері сайлаушылардың қолдауына тәуелді болуын талап етеді; сайлауда жеңілу нәтижесінде мансаптан айырылып қалу бұл арада сөзсіз қатер болады. Мұндай жіктелуді тудырудың және қолдап отырудың бірінші дәрежелі механизмдерінің бірі – құқықтық жүйенің биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарынан тәуелсіздігі. Мемлекет пен қоғамдастық стратификациясының арасындағы байланыс тағы бір механизмнен көрініс тапты. Тәуелсіздікке қолы жеткен ұлт басқарудың республикалық пошымын таңдап алды, (абсолютизмге қарсы сақтықтар тиянақты қарастырылған), ол сайлау құқығы арқылы социеталдық қоғамдастықпен байланысады.135 Әу баста бұл құқық негізінен мүліктік цензбен шектелгенімен, ол тез арада кеңейіп, салыстырмалы түрде ерте, XІX ғасырдың басында, негрлерден басқа барлық еркектер үшін баршаға ортақ құқыққа

134 Hartz L. The lіberal tradіtіon іn Amerіca. N.Y.: Harcourt, 1955. 135 Rossіter C. Op. Cіt.; Jensen M. The artіcles of confederatіon. Madіson: Unіv. Of Wіsconsіn Press, 1940.

айналды. Жоғары мемлекеттік билік барлық жерде сайланған мансап иелеріне – президент пен Конгресс мүшелеріне, штаттардың губернаторларына және жергілікті заң органдарының мүшелеріне берілді. Бұл қағида қолданылмайтын бір ғана мансап – федералдық қазыларды (содан кейін жиі-жиі штат қазыларын да) тағайындау болды, және де олар кәсіпқой заңгерлер болуы қажет деп күтілді немесе ресми түрде солай деп көрсетілді. Көп ұзамай социеталдық қоғамдастықтың кең сегменттерінің саясатқа қатысуына негізделген айқын бәсекелестік партиялық жүйе қалыптасты.136 Ол Еуропаға тән аймақтық, діни, этностық және таптық тұрпаттағы тұрақты ынтымаққа емес, «мүдделер топтарының» плюралистік құрылымына бағдарланған салыстырмалы тұрақсыз жүйе болды. Социеталдық қоғамдастық тек діни және саяси жүйелермен ғана емес, экономикамен де сәйкес болуға тиіс. Құрама Штаттарда жер мен еңбекті қоса өндіріс факторлары, аскрипциялық тәуелділіктен салыстырмалы түрде бостан болды және федералдық конституция еңбек ресурстарының штаттан штатқа кедергісіз көшуі мен жер иелену құқығының берілуіне кепілдік жасады. Мұндай бостандық еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесіне жетуге және базар жүйесінің кеңейе дамуына жәрдемдесті. Бұл арқылы экономикалық қызметтің локалдық әрі дәстүрлі бағдардағы түрлерінің және олар өзінің шеңберінде жүріп жатқан аскрипциялық қауымдық құрылымдардың іргесі шайқалтылып, мұның стратификациялық жүйе үшін маңызды салдарлары болды; бұл жүйенің еңбекпен қамту құрылымында тамыр жаюы шамасына қарай, ол тіпті де радикалдық эгалитаризмге қарай емес, әмбебаптылыққа және ашық таптық құрылымға қарай ілгерілей берді. Бірақ осынау процестердің нәтижесінде пайда болған американдық социеталдық қоғамдастық ең алдымен еркін ассоциация принципінде құрылды. Бұл сипатты белгі құндылықтар жүйесінің белгілі бір ерекшеліктерінен туындайды. Осы заманғы ерте кезеңінде тақуалық протестантизм этикасында

136 Chamders W. N. Polіtіcal partіes іn a new natіon, 1776-1809. N.Y.: Oxford Unіv. Press, 1963; McCormіck R. P. The second Amerіcan party sіstem. Chapel Hіll: Unіv. Of North Calіfornіa Press, 1966.

неғұрлым «таза» көрінген әмбебаптылық қоғамдастықты өз бойына өзге сенімді кіріктіруде бет бұрғызу үшін күшті де ұзақ «құндылықтық қысым» жасады, сол өзге сенім қазіргі бүкіл иудеялық-христиандық дүниені қамтып, оның шегінен тыс жерлерге де тарала бастады. Әрине, егер кірігу сәті жалғыз рет қана болса, ол жай ғана әлдене статикалық әмбебап діни төзімділікке жетелей алар еді. Алайда оны Құдайдың ырқына сәйкес жақсы қоғам құру мүмкіндігіне деген белсенді сенімділік толықтырды, нақ осы берілгендік аумақты кеңіту, экономиканы өсіру, білім жинақтау және тағы басқалар арқылы бүкіл әлеуметтік ортаға ие болу ұмтылысының негізінде жатыр. Осы екі компоненттің бірігуінің осы заманғы әлеуметтік құрылымда оның саяси және «әлеуметтік» демократия секілді ең көзге ұрып тұратын белгілерімен ерікті ассоциация принципі ие болып отырған басыңқы маңыздылыққа барынша тікелей қатысы бар. Құрама Штаттарда ассоциация принципінің маңызы этностық топ және әлеуметтік тап секілді құрылымдар туғызатын аскрипциялық түзілімдерден біртіндеп арылу есебінен күшейді. Осы заманның ерте сатысында Еуропада қоғамдастықтың неғұрлым маңызды негізі этноұлттық тиесілілік болды. Алайда бүкіл Еуропада этностық тиесілілік пен оның ұйымдасуының аумақтық принципінің бірдей қабысуы толық болған жоқ. Сондықтан этноорталықтық «ұлтшылдық» социеталдық ынтымақтың негізі ретіндегі діннің адекватты алмастыруы бола алмады, дегенмен «секуляризация» мен діни көптүрліліктің біртұтас саяси құзыр шеңберіне кірігуі шамасына қарай оның маңыздылығы өсе түсті. Социеталдық қоғамдастыққа кірігудің аса маңызды жаңа негізі – демократиялық революциямен тығыз байланыста дамыған азаматтық болып шықты.137 Азаматтық – ұлтшылдыққа және тіпті тиесіліліктің қатаң аскрипциялық өлшемі болып табылатын «нәсілшілдікке» мықтап тартып тұратын этностық ортақтықтан алыстай беру көрінісі. Оның орнына, тиесіліліктің әмбебап терминдерде анықтау келді, онда “азаматтықты” ерікті

137 Marshall T. H. Class, cіtіzenshіp and socіal development. Garden Cіty; N.Y.: Anchor, 1965.

түрде “қабылдауға” сілтеме міндетті түрде болуға тиіс, дегенмен, тегінде ешқандай социеталдық қоғамдастық таза ерікті ассоциация бола алмаса керек.138 Азаматтыққа жетуді сіңісу арқылы, индивидтердің этностық шығу тегіне қарамастан, институттау этностық нышан бойынша мүшелік әмірінен үзілді-кесілді іргені аулақ салу болды. Азаматтықтың америкалық үлгісінің қалыптасуы жалпы нобайда Т. Маршаллдың Ұлыбритания жөнінде жазған жолымен жүрді, онда, барлығы оның терминологиясы бойынша, «азаматтық» компонентінен басталды да, содан кейін барып «саяси» және «әлеуметтік» компоненттері дамыды. Америкада «әлеуметтік» компонент, негізгі еуропалық қоғамдармен салыстырғанда кешігіңкіреп қалғанымен, біздің жүз жылдықта қоғамдық білім беру жүйесінің, әлеуметтік қамсыздандырудың, жаппай әл-ауқаттылық саясатының, қауіпсіздендірудің, кәсіподақтық жеңілдіктердің және сол сияқты басқа шаралардың арқасында, жаңа деңгейге көтерілді. Кедейшілік проблемасына қазіргі алаңдау оны жетілдірудің жаңа белесі деген сөз. Жалпы айтқанда, жаңа социеталдық қоғамдастықта «азаматтықтың» құрылымдық қалыптасуы аяқталды, бірақ әлі толық институтталған жоқ. Шиеленісудің бірін бірі күшейтетін, екі нүктесі бар: олар – нәсіл және кедейшілік, олардың болцының өзі жаңа құрылымдарды қажет етеді. Бұл бағытта бәрінен бұрын бейімделу қабілетін кіріктіру және оның деңгейін көтеру процесін белсендірек жүргізу керек. Американ қоғамында болғанындай діни және этностық біртектілікті соншалық түбегейлі жойған тұрақты социеталдық қоғамдастықта басты орынға жоғары дамыған құқықтық жүйе шығады. Пуритандық дәстүр мен Ағарту жазбаша конституция үшін іргелі алғышарттар жасады, онда Өсиет пен қоғамдық шарт идеяларының күшті жаңғырығы анық естіліп тұр.139 Авторитаризмнен индивидуалистік қорқыныш билікті бөлу принципінде

138 Deutsch K. W. Natіonalіsm and socіal communіcatіon. Cambrіdge (Mass. ): M. L. T. Press, 1953. 139 Corwіn E. S. The «Hіgher Law»: Background of Amerіcan constіtutіon law. Іthaca; N.Y.: Cornell Unіv. Press, 1955.

тікелей көрініс тапты.140 Отарлардың құқықтық бөлінуі жағдайында федералдық құрылым іс жүзінде сөзсіз қабылданатын пошым еді. Барлық осы үш жағдай құқықтық пошымдаро мен құқықтық қызметтер атқаратын мекемелердің дамуына жәрдемдесті. Конституцияны жасаушылардың көбісінде заңгерлік білім болатын. Және олар тек Жоғарғы сотты жасап, қазы қызметіне тағайындау үшін қажет сипаттарды да, сот өкілеттігінің шеңберін де жіті анықтап көрсетпесе де, бәрібірі құқықтық тәртіптің ерекше маңызды орны үшін негіздерді солар салды. Бірақ негіз қалаған бабалар өз ісінің маңызды үш салдарын анық болжай алмады. Біріншісі – федералдық билік тармақтарының арасындағы, штаттардың арасындағы, сондай-ақ штаттар мен федералдық үкімет арасындағы жанжалдарды реттеудегі құқықтық делдалдықтың маңыздылығы. Екіншісі – ағылшын әдет құқығын қабылдап, дамыту, соның нәтижесінде «қазылар дайындаған» заңдардың көбеюі басталды. Ақырында, заңгерлік практиканың кеңінен экспанциясы және мамандандырылуы орын алды. Континенттік Еуропаның құқықтық жүйесінен өзгеше, Англиядағы заңгерлік кәсіпті ұйымдастыру, мемлекеттік қызметті орындауға арналған жоқ, дегенмен оның өкілдері саясатқа еркін қатыса алады.141 Америка мемлекеті билікті бөлінуінен және штаттардың федералдық өзінөзі басқаруынан мейлінше

орталықсыздандырылғанымен, заңгерлік институттар барлық ерте осы заманғы қоғамдарда соншалық шешуші күш болған жергілікті автономияны бәсеңдетуде ерекше маңызды рөл атқарды. Бұл арада американ Оңтүстігінің жалпы ұлттық арнаға жақындағы қайта кірігуі барынша жарқын мысал бола алады. Конституциялық принциптерде азаматтықтың әмбебаптық өлшемдеріне бұлжымас екпін жасалды. Бұл өлшемдер оларды нақтылау тұрғысынан да, қорыту тұрғысынан да едәуір дәйекті эволюцияны бастан кешірді, мұның бәрі, құқықтық жүйенің эволюциясымен, әсіресе заңдарды тәпсірлеу түріндегі

140 Baіlyn B. General Іntroductіon // Pamphlets of the Amerіcan Revolutіon. Camdrіdge (Mass): Harvard Unіv. Press, 1965. 141 Pound R. The spіrіt of the common law. Boston: Beacon, 1963; Hurst J. W. Law and the condіtіons of freedon. Madіson: Unіv. of Wіnsconsіn Press, 1956.

федералдық сот билігіне қатысты тұстардағы эволюциямен тығыз бірлікте жүріп жатты. Бұның салдарларының бірі қоғамдастыққа халықтың әртүрлі санаттарын барған сайын кең кіріктіру бағытындағы қысым болды, мұның ең шиеленісті мысалы негрлер бола алады. Неғұрлым жалпы деңгейде азаматтықтың Маршалл «азаматтықтың өзі» деп атаған компонентінде маңызды мәні бар екідайлық жүреді, ол Құрама Штаттардың жазылған конституцияға үміт артуға ерекше бейімделгенінен сол елде ерекше бақырайып көрінеді. Мәселенің бір жағы – құқықтың даму барысында тұжырымдалған түрінде баршаға таныс азаматтың құқықтары мен міңдеттері. Бұл аспект, әрине, кең саланы қамтиды, және «заң алдындағы теңдіктің» белгілі бір принциптері барлық жерде дерлік көлденеңдейді. Олардың ту сыртында, алайда Құқықтар туралы билльге енген, кейін конституцияға түзетулерде және сот тәпсірлерінде кеңейтілген, неғұрлым ортақ принциптер тұр; мұндай кеңейтудің ерекше маңызды белесі осыдан біраз ғана бұрын болды. Бұл комплексте уақыт өткен сайын күшейе түсетін эгалитарлық нұсқау бар, ол азаматтардың қорғануға, белгілі бір бостандықтарға, белгілі бір күнкөріс деңгейіне, тең мүмкіндіктерге, әсіресе білім алуға және кәсіптік жетілуге қатысты нәрселерде іргелі құқықтық теңдігін атап көрсетеді. Шындығына келгенде, жаңа социеталдық қоғамдастықты, бері салғанда ең жалпылама түрінде, тең адамдар қоғамы деп атау қате болмайтын секілді. Эгалитарлық принциптен ауытқу не сәбилер жөнінде болатынындай, толық құнды қатыса алмаумен, не ең жоғары біліктілікпен, демек бүкіл қоғамның әлауқатына ерекше үлес қосумен ақталуға тиіс.

Білім берудегі революция және жаңғыртудың ең жаңа сатысы

Білім беруде жақында болған революцияның дәл өнеркәсіп және демократиялық революциялар секілді маңызы болды. Ағартудың «перзенті» –

білім берудің басты мақсаты – секулярлық философиядан және жаратылыстанушылық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар түрінде топтастырылған ғылымдардан бастау алатын интеллектуалдық пәндерді игеру. Бұл дүниауи пәндер «академиялық» жүйеде, яғни университеттерге негізделген жоғары білім жүйесінде институтталды. Университеттер оқытудың ғана емес, зерттеу жұмыстары арқылы жүйелі түрде жаңа білім алудың да орталықтары болып табылады. Өзінің орта ғасырлық және ерте осы заманғы ізашарларымен салыстырғанда, бүгінгі университет қызметтің барлық түрлерін бұрын-соңды болмаған көлемде атқарады.142 Осынау жаңа революцияның белгілерінің бірі бастауыш білімнің таралуы болып табылады. XІX ғасырдың басына дейін кез-келген жеткілікті көп санды қоғамда тіпті қарапайым сауаттылық шағын ғана жайсаңдар тобының шеңберінен шыға алған жоқ. Бүкіл халыққа білім беру әрекеті түбегейлі ілгерілеуге айналды. Оқу орындарында пошымдық білім берудің ұзақ тарихы бар, бірақ білім берудегі революцияға дейін ол әрбір ұрпақтың тек шағын бөлшегін қамтыды және оның ұзақтығы бүгінгімен салыстырғанда әлдеқайда қысқа болды. Сондықтан революция мүмкіндіктер теңдігіне қарай жасалған орасан зор ілгерілеу көрінісі еді. Әрбір келесі ұрпақта еңбекпен қамтылу өрісінде де, өмір стилінде де әртүрлі статустарға жетуге қажетті білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдардың саны ұдайы азайып келеді. Бұл бағытта ерекше байқалған ілгерілеу – екі жыныс өкілдерін біріктіріп оқытудың таралуы. Сонымен бір мезгілде білім беру жүйесі қажеттілікке қарай таңдайтын жүйе болып табылады. Ой жұмысына туа біткен қабілеттердегі, отбасылық бағдарлардағы және индвидуалдық сарындардағы айырмашылықтар алынатын білім деңгейі де, оқушылардың салыстырмалы жетістіктерінде әртүрлі болады деген сөз. Бұл фактор бүгінде «меритократия» деп атау қабылданған нәрседен бадырайып көрінетін болды, ол тең мүмкіндіктер мұратымен қаншама сәйкес

142 Ben-Davіd J. The socіology of scіence. Englewood Clіffs (N. J. ): Prentіce-Hall, 1971; Parsons T. , Platt G. M. Some consіderatіons on the Amerіcan academіc professіon // Mіnerva. 1968. Vol. 6. № 4. P. 497-593.

болғанымен, осы заманғы әлеуметтік жүйеге теңсіздіктің жаңа едәуір елеулі пошымдарын енгізіп отырады. Білім берудегі революцияның басты белгілерінің бірі, халықтың білімділік деңгейін қарапайым сауаттылықтан дәйекті түрде жоғары көтеру болатын. Сын сәті орта мектепті бітірмегендердің «санаттан шығып қалуы» проблема ретінде – статустық сипаттамалары оларға социеталдық қоғамдастыққа толық құқықты мүше болуды қамтамасыз етпейтін адамдар ұрпағы ретінде қарала бастағанда туды. Мұның үстіне, жоғары білім алуға барған сайын көбірек адамдар қамтыла бастады. XІX ғасырдың аяғындағы Еуропаның салыстырмалы тұрақты жағдайында жоғары білімге, өздерінің жастарындағылардың бес пайызынан ешқашан жоғары көтерілмеген, шағын жайсаңдар тобының ғана қолы жететін. Құрама Штаттар бұл шектер үзілді-кесілді бұзды; жастардың арасында қандай да бір жоғары білім алатындардың үлесі қырық пайызға жуық, және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді. Білім беру жүйесінің шығармашылық-жаңашылдық қызметі өскелең күш алып келеді. Өнеркәсіптік революцияның ерте белестерінде «өнертапқыштық», басым көпшілік жағдайда, «практиктердің» ісі болатын. Қолданбалы ғылым XІX ғасырдың аяғына дейін техникаға елеулі ықпал ете алған жоқ. Ал қазір техника, жаратылыстану ғылымдарының аса кең спектрін – ядролық физикадан генетикаға дейін, сондай-ақ әлеуметтік немесе «құлықтық» ғылымдарды, және бірінші кезекте, әлбетте, экономиканы және психологияның бірқатар салаларын қамтитын ғылыми зерттеулердің «қайырымына» барынша тәуелді болып отыр. Әлеуметтік ғылымдар жаратылыстану ғылымдарымен зерттеу әдістеріндегі кейбір таңқаларлық жаңалықтарды талдап әзірлеудегі жетістіктерді бөліседі. Мысалы, математикалық статистика және компьютерлік технология ірі популяцияларды объективті түрде зерттеуді жеңілдетеді және эмпиристік амалдар мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейтеді.143 Құрама Штаттардың әлеуметтік дамуында ерікті ассоциация принципінің басым түскені білім берудегі революцияның ерте басталғанын және оның кез-

143 Brooks H. Scіentіfіc concepts and cultural change // Scіence and Culture / Ed. by G. Holton. Boston: Beacon, 1966.

келген өзге қоғамдармен салыстырғанда бұрын-соңды болмаған кең құлашын алдын-ала белгілеп берді. Ал революция өз кезегінде ассоциация принципін, негізінен, өзінің стратификация және еңбекпен қамту жүйесіне ықпалы арқылы нығайтты. Стратификация жүйесіндегі кейбір аскрипциялық элементтер мықтап күйретілді. Әрине, мұрагерлік принципі өз позициясын баяу және біртіндеп қана бере бастады. Әзірше туыстық және отбасылық байланыстар өз мәнін сақтап келеді және бұл, тегінде, толық жойылып кете де қоймас. Отбасылық ынтымақ олардың жағдайының барлық пайдасы мен қиындықтарына балалардың титтейінен ата-анасымен ортақтасуын меңзейді, ал неғұрлым кең дүниеде, біліктілік үшін қайтарымның жоғарылығы соншалық, қол жеткен статусты келесі ұрпақтарда мәңгілік етуге ұмтылыс сөзсіз туындайды.144 Бірақ бұның барлығы сөздің тікелей мағынасындағы мұрагерлік артықшылықтардан қатты өзгешеленеді. XX ғасыр мұрагерлік аскрипциялық стратификациядан толық бейаскрипциялық стратификацияға өтудің жаңа сатысын ашты. Алғашқы екі революцияның әрқайсысы белгілі бір топтардың бейаскрипциялық статусқа жетуге ұмтылысына негізделген идеологияны тудырды. Өнеркәсіптік революцияның идеологиясы өздерінің материалдық жағдайын жақсарту үшін «индивидтердің өз мүдделерін көздеуін» (сонымен бірге отбасының мүддесін де) асқақтатты. Осынау бәсеке жүйесінің мінсіз қатысушысы өзінің туа біткен қабілетін бәсекелесі базар жүйесі ашатын мүмкіндіктермен ұштастыра білген «өз бетінше алға шыққан адам» болды. Барынша мол табыс ең қабілетті адамдарға тиесілі деп жарияланды. Демократиялық революциямен артықшылықтар, аристократия және мемлекеттік абсолютизм жүйесінің аскрипциялық теңсіздігіне барлық азаматтардың саяси теңдігі қарсы қойылды. «Капитализм немесе социализм» дейтін идеологиялық дилемманың тамыры осы екі ұғымның да тереңінде жатыр, олардың әрқайсысы

144 Parsons T. A revіsed analytіcal approach to the theory of socіal stratіfіcatіon // Parsons T. Essays іn socіologіcal theory. N.Y.: Free Press, 1954.

аристократиялық жүйеге төзуге болмайтындығын басшылыққа алған-ды. Капиталистік балама, біріншіден, аскрипциялық өткендегіден бостандықты, содан кейін мемлекеттің «килігуінен» қорғанышты атап көрсетті. Социалистік балама экономиканың тиімді қызмет жасау шартын (Кеңестер Одағында экономикалық өсуге және қорғаныстық қуатты дамытуға зор көңіл бөлінетіндігіне қарамастан145*) және басқа мемлекеттің өзге тұрғыдағы тиімділігін толық дерлік елемей-ақ, мемлекеттің қуатын баршаға бірдей теңдік орнатуға жұмылдыруды ұсынды. Екі жүйеге де социеталдық қоғамдастықтың егіз қозыдай ұқсас тұжырымдамаларына және олардың ішкі ынтымағын қолдап отыру үшін қажет жағдайларға сүйенудің сәті түспеді.146 Білім беру революциясының жаңа фазасындағы, өнеркәсіптік және демократиялық революцияларының сарындарын белгілі бір мағынада синтездейтін ең басты нәрсе – мүмкіндіктер теңдігі мен азаматтық теңдік. Ендігі жерде тікелей базар бәсекесі арқылы әділетті жағдайға жетуде индивидтің «туа біткен қабілеті» бар деп меңзелмейді. Оның орнына, қабілеті бойынша стратификациялау индивид өзінің әлеуметтену процесінде өтетін сатылардың тұтас кешенімен жасалуға тиіс екені мойындалады. Ең нашар бастапқы позициядағылар, бұған дейін болмаған ауқымдағы әмбебап нормалар арқылы реттелетін іріктеу көмегімен табысқа жете алуы үшін жағдайлар барған сайын көп шамада жасалуда. Толық саяси теңдік «утопизмі» «абсолютті» индивид пен ең жоғарғы ұжымның – ұлттық қоғамдастықтың арасындағы құрылымдар арқылы жұмсартылады. Бұл құрылымдар теңсіздік атаулының бәрін бірдей жоққа шығармайды, олар тіпті оның кейбір пошымдарын заңдастырады, бірақ бұл орайда мұндай теңсіздіктің аскрипциялық міндеттілігін немесе олардың жасалуындағы жүгенсіздікті барынша кемітуге бейім. Адамдар жауапты рөлдерді орындауға әлеуметтенген қабілеттеріне “үйретіліп”, сәйкес іріктеледі, ал жауапты рөлдер біліктіліктің жоғары деңгейін талап етеді және кірісті, саяси

145* Осы жерде және бұдан әрі Т. Парсонс 1970 жылға дейінгі Кеңестер Одағын сөз етеді. – Редакцияның ескертуі. 146 Marshall T. H. Op. Cіt.

ықпалды, әрі, біршама азырақ мөлшерде, билікті қамтитын жоғарғы деңгейдегі марапатты ілестіре жүреді. Білім осы заманғы жүйенің социалистік те, еркін кәсіпкерлік түрлерінде де жалпы стратификацияның ерекше маңызды факторларының бірі болып табылады.147 Келешектегі өзгерістер мұны аттап өтпейді, сол үлгіден басталады. Олар іріктеудің салыстырмалы «таза» экономикалық өлшемдеріне, саяси биліктің «бір сарынды» теңдікті таңуына немесе мұндай теңдік, тек белгілі бір кедергілерді жойса, «аяқ астынан» пайда болады (мұның өзі шын мәнісінде «жаратылыстық адамның» қайырымдылығы туралы XVІІІ ғасырдағы романтикалық идеяларды қайталау болып шығар еді) деген алғышартқа негізделе алмайды. Білім беру революциясы еңбекпен қамтудың қоғамдық құрылымына, әсіресе қоғамның бейімділік қабілетінің жалпы жоғарылауы бағытында, терең де өскелең ықпал жасап отыр. Бұл арада «еркін кәсіптердің» өсе түскен маңыздылығы төтенше мәнді. Әлеуметтанушылық әдебиетте жұмыскерлердің кәсіптәк рөлдерін «бюрократия» мағынасында қарастыру қабылданған, онда иерархиялық ұйымдастыру мен «түзу сызық» бойынша бағыныштылық атап көрсетіледі. Кәсіптік компонент алайда, өзге текті ықпалдастыққа – ассоциацияның «алқалық» пошымында неғұрлым тиімді институтталады, оған мүше болу жай ғана ерікті қатысу ғана емес, сонымен қатар оның кәсіптік рөлдерімен «жұмыс» та болып табылады.148 Кәсіптік кешеннің тамыры, әсіресе әңгіме дін қызметкерлерінің, заңгерлердің және дәрігерлердің жұмысы антик дүниеде және Орта ғасырларда жатыр. Жаңа белес XІX ғасырдың аяғында, әуелі заңгерлік саласы мен «ғылыми медицинаның», содан кейін инженерлік іс пен қолданбалы ғылымның, сондай-ақ әлеуметтік құлықтық цикл салаларындағы ғылымдардың біліктілігі басты орынға қойылған кезден басталды.

147 Bendіx R. , Lіpset S. M. Class, status, and power. N.Y.: Free Press, 1965. 148 Parsons T. Professіons // Іnternatіonal Encyclopedіa of the Socіal Scіences. N.Y.: Macmіllan, 1968.

Кәсіптік қызмет үшін талап етілетін біліктілікке, әдетте, бүгінде академиялық жағдайда шоғырландырылған ілгері пошымдық білім алудың көмегімен қол жетеді. Сондықтан осы заманғы университет кәсіптік күмбездің берік іргетасына айналды. Өзінің ең таза түріндегі кәсіп – академиялық кәсіп, білімді іздестіру мен әрі қарай беру кәсібі. Ол білімді қоғамдық тәртіп (құқық), денсаулық (медицина), мемлекеттік және жеке ұйымдардың тиімділігі (әкімшілік), ресурстарды әлеуметтік ортадан тыс пайдалану (технология) және т.б. міндеттеріне қолдануға арналған кәсіптер шеңберімен қоршалған.149 Осылайша, академиялық кешенді және ғылыми зерттеулерді практикада қолдану арналарын дамыту арқылы жасалған білім берудегі революция осы заманғы қоғамның бүкіл құрылымын қайта құруды бастап берді. Оның үстіне ол идеологиялық назардағы басты екі объектінің – базар мен бюрократиялық ұйымның маңыздылығын кемітеді. Алдыңғы орынға, ассоциация принципінде, әсіресе, оның алқалық түрінде, ұйымдастыру шығып отыр.

Үлгінің үдемелі өндірісі және социеталдық қоғамдастық

Жоғарыда түсіндіргеніміздей, үлгінің үдемелі өндірісі кез-келген қоғамның (немесе өзге қарекет жүйесінің) төрт негізгі қызметтік қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Біз оны, біріншіден, қоғамда институтталған құндылықтардың негізгі үлгісін қолдап отыру деп, және, екіншіден, индивидтердің қоғам алдындағы тиісті сарындық міндеттемелерін хаттап, қолдап отыру деп анықтаймыз. Біз дін және білім беру өрістерінде ізерлеп шыққан өзгерістер үлгіні сақтаудың американдық жүйесіндегі ірі ілгерілеу болып табылады. Егер американдық діни кешеннің бейпротестанттық үлкен топтардың кірігуімен аяқталған плюрализациясын ескі мемлекеттік шіркеудің қалай қимылдағанымен салыстырсақ, онда белгілі бір мағынада оны одан әрі «секуляризациялану» процесі деп қарастыруға болады. Қоғамның

149 Іbіd.

құндылықтарының тамыры дінде жататын болғандықтан, діннің плюрализациясының ықтимал салдарының бірі моральдық немесе құндылықтық консенсустың күйретілуі болып табылады. Алайда, Құрама Штаттарда жалпы алғанда мұндай күйрету болған жоқ. Құндылықтарды қорыту деңгейін көтеру процесі әлдеқайда маңыздырақ болып шықты. Моральдық бірлік өз негізінде сақталып қалды, бірақ моральдық құндылықтар ендігі жерде, діни біркелкілік институтталған еуропалық қоғамдарға қарағанда, неғұрлым абстрактты деңгейде анықталатын болды. Осынау жоғары дәрежеде қорытылған құндылықтар нақтылау арқылы осы заманғы қоғамға қажетті көптеген құрылымдық мағыналарда қолданылады. Осылайша, біз американдық қоғам және біршама өзге жолмен болса да, басқа да осы заманғы қоғамдар діни плюрализм мен секуляризацияны басынан өткерген және тіпті солардың арқасында нығая түскен берік моральдық ұстындарын сақтап қалды дегенді кесіп айтамыз. Қазіргі әлеуметтік құрылым мәдени жүйемен ерекше текте кірігуімен сипатталады. Біршама мағынада осы заман қоғамның дінмен Орта ғасырларға тән, біртұтастығынан бөлінуден басталды, сол бөліну нәтижесінде Ренесанс пен Реформация мүмкін болды. Сол кезден бері социеталдық жүйе «тәуелсіздік декларацияларының» тұтас бір қатарын бастан өткеріп, олар оны мәдени және, әсіресе, діни мұқият «қадағалаудан» азат етті. Бұл тәуелсіздік басты үш бағытта – тұңғыш рет Англияда XVІІ ғасырда институтталған құқықтық тәртіп орнату бағытында; бірінші кезекте революция қарсаңындағы Францияда енгізілген ұлттық-саяси тәртіп бағытында; өнеркәсіптік революциядан кейін орныққан базар-экономика тәртіп бағытында ойдағыдай жүзеге асты. Ең жаңа даму сатысында мәдени элементтердің бастапқы мәні өзекті бола түсті. Алайда, басты назарда енді дін емес, дүниауи «интеллектуалдық пәндер» және, бәлкім, «көркем» деп аталу-аталмауына қарамастан, ерекше мағынадағы «өнерлер» тұрды. Егер жаңғырудың ерте сатысында философия өрлеген болса, XX ғасырда бұл орынға, бәрінен бұрын әлеуметтік және құлықтық ғылымдар, саласына тіпті гуманитарлық салаға сұғынуына орай «дәл ғылым» ие болды.

Білім беру революциясы жасаған механизмдер арқылы жаңа мәдени стандарттар негізінен интелектуалдық пәндерде жүзеге асқан стандарттар дәстүрлі дінді ішінара алмастыратындай болып институтталуда. Бұл жаңа конфигурацияда шиеленістер де бар. Діни істерге дарвинизмнің килігуі арандатқан өткір қақтығыстар туындаған өткен ғасырдан өзгеше, соңғы кезде ғылымға байланысты діни толқулар салыстырмалы түрде аз болды. Алайда, «мәдениет» байланысты, негізінен өнер және философияның кейбір қырлары жөнінде көп алаңдаушылық орын алды; осынау алаңдаушылықтың бір тақырыбы «бұқаралық мәдениетке» қоғамда таралған «аристократиялық» менсінбей қарау болды, мұны Т. С. Элиот, Д. Макдональд және Х. Ортега-иГассет сияқты қайраткерлер суреттеп берді. Діннің өзі ішіндегі шаруа да мүлдем басқа, ғылыммен XІX ғасырға тән күреске ұқсамайтын болды. Сондай шаруаның бірі – «либералдар» соншалық кеңінен жариялайтын экуменизм және, әсіресе католиктік папа Иоанн XXІІІ және екінші Ватикан соборы бастап берген өзгерістер болды. Екіншісі – дәстүрлі және ұйымдастырылған дін атаулы жөніндегі жаңа скептицизм, ол экзистенциализмнің атеистік бұтағынан (Ж. П. Сартр)150 және протестантизм ішіндегі «Құдай өлді» тұжырымдамасынан көрінді. Интеллектуалдарды шеттету бірінші кезекте «құндылықтардың қорытылуы» деңгейінің жоғарылауынан туындайтын шиеленіс көрінісі секілді. Кейбір ескі символдық жүйелердің құндылықтық нақтылығы моральдық консенсусты орнатуға кедергі болды, ол ең жоғары социеталдық құндылықтар деңгейінде бөлшектеуші ықпалдан гөрі, кіріктіруші ықпалды көбірек жасай алатын еді. Біз құндылықтардың қорытылуына қарсылықты «фундаментализм» деп атаймыз. Ол көбіне-көп өрескел әлеуметтік консерватизммен, Оңтүстік Африкадағы голланд кальвинистеріндегі секілді консерватизммен тығыз байланысты діни мағынада бадырайып көрінді. XX ғасырдағы фашистік қозғалыстар іс жүзінде тұтас алғанда осы мағынада фундаменталистік

150 Crozіer M. The cultural revolutіon: Notes on the changes іn the іntellectual clіmate іn France // A new Europe? / Ed. by S. R. Graubard. Boston: Beacon, 1966.

қозғалыстар болып табылады. Өрескел солшылдардың – белгілі бір белестердегі коммунистік партиялардан бастап бүгінгі жаңа солшылдарға дейін – фундаментализмі хақында айтуға болады. Сондай-ақ қоғам мүшелерінің бойында тиесілі сарындық нұсқаулар жасап, қолдап отыру (бұл үлгінің үдемелі өндіру қызметінің екінші басты міндеті болып табылады) механизмдерінде де ірі өзгерістер болып жатты, бұл өзгерістердің кейбіреулері отбасына қатысты болды.151 Жұмыс жүргізіп жататын ұйымдар мен үй шаруашылықтары арасындағы жіктелу экономикалық өнімді қызметті үй шегінен сыртқа шығарды. Көптеген себептер бойынша бұл өзгеріс ерлі-зайыптылар жұбы мен кәмелетке толмаған балалардан тұратын нуклеар отбасын оқшаулау бағытында жүзеге асты. Отбасының асыраушысы, әдетте ересек еркек кәсіптік еңбекпен қамтамасыз ету дүниесіне тартылады, онда ол бәрінен бұрын жұмысына қарап бағаланады. Мұндай бағалау индивидтер мен әулеттерге аскрипциялық түрде бекітіп берілген позицициясы болатын қандық-туыстық немесе этностық қасиеттердің статустық жүйелерімен сыйыспайды. Оқшаулау туыстардың неғұрлым кең шеңберімен, әсіресе, әдетте өте маңызды жұбайлардың отбасымен байланысты толық үзуді көздемейді. Алайда нуклеар отбасы меншікке, қоғамдық статусқа және тіпті діни міндеттемелер мен этностық салтқа қатысты барлық нәрседе барған сайын мол тәуелсіздікке ие болады. Мұндай тәуелсіздіктің неғұрлым мәнді көрсеткіші ата-аналар ұйымдастыратын некелер санының қысқаруы, мұның өзі шаруалар қабатында да, аристократия қабаттарында да сақталып келген рулық ыңтымақ артықшылығы практикасымен мүлодем кереғар. Отбасының кіріс жағынан да, статус жағынан да жұмыс орнындағы еңбекақысына тәуелділігі мекен-жайды таңдауда қарайлай бермеуді ынталандырады. Жалға алынған немесе меншікке сатып алынған бір отбасылық баспана баспананың қалаулы тұрпатына айналды. Географиялық тұрғыдан

151 Parsons T. The kіnshіp system of the contemporary Unіted States // Essays іn socіologіcal theory. N.Y.: Free Press, 1954.

байланып қалмау тек туыстық байланыстардың ғана емес, сондай ақ Gemeіnschaft тұрпатындағы белгілі бір байланыстардың да әлсіреуіне апарып соқтырады. Ықылас тұйық жеке өмір және көршілермен атүсті байланыс жағына қарай ауады. Бұл өзгерістер отбасының қоғамда басқа рөлдер атқаратын мүшелері үшін эмоциялық тұрақтылықтың көзі ретіндегі мәнін көтерді. Осы заманғы жағдайда басқа диффузиялық эмоциялық қатынастар тиылды, ал кейбір аспектілерде отбасын мүшелері үйден тыс жерлерде, жұмыста және оқу орнында жүктелетін міндеттер салмағынан күшейе түскен титықтауды сезіне бастады. Сондықтан процестің жалпы бағыты жіктелу жағына, ойысқан оның тұсында отбасы, өз мүшелеріне қатысы бар нәрседе үлгіні сақтау қызметіне шоғырланады да, басқа қызметтер тиылады. Нәтижесінде үй шаруашылығындағы әйелдерге зор салмақ түседі, ол күйеуі мен балалары алдындағы өз міндеттемелерін орындауда барған сайын дербес бола түсуге. Оның үстіне әйелдің рөлі сайлау құқығын алудан және білім беру мен еңбек қызметіне қатысудан көрінетін, үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл мағынада да білім берудегі революцияның маңызды салдарлары болды. Отбасынан тыс рөлдердегі табыстармен байланысты аспектілердегі барған сайын өсіп келе жатқан дәрежедегі әлеуметтену отбасынан бөлінген білім беру институттарында жүзеге асырылады. Экономиканы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететін барған сайын отбасы емес, білім беру жүйесі болып келеді. Дәл осылай индивидтердің стратификация жүйесіндегі орнын анықтайтын туыстық жүйе емес, білім беру жүйесі болып отыр. Осы рада біз білім беру революциясын осы тұсқа дейнгіден әлдеқайда жалпы тәпсірлеуге тәуекел ете аламыз. Екі революция ерте осы заман деп аталатын дәуірді қалыптастырды: олар – өнеркәсіптік революция оның барысында экономикалық және саяси жүйелер жіктеліп, олардың арасында жаңа байланыстар орнады; және демократиялық революция, ол саяси жүйе мен социеталдық қоғамдастықтың арасында соған ұқсас өзгерістер алып келді.

Білім берудегі революция социеталдық қоғамдастық пен үлгіні сақтау және оның үдемелі өндірісі арасындағы, сондай-ақ сол қоғамдастық мәдени жүйе арасындағы қатынастардағы соған ұқсас өзгерістердің жоғарғы нүктесіне айналды деп топшылауға болады. Біз әлеуметтік қоғамдастықтың үлгісі сақталу жүйесінің жіктелуінің, көптеген белестерін әсіресе нормативтік тәртіптің дамуы мен дінмен тікелей байланыстырылмаған социеталдық қоғамдастықтың анықтамасын ізерлеп шықтық. Білім беру революциясы – секуляризация бағытындағы одан арғы қадам. Онда, алайда, маңызды кірігушілік механизмдер, соның ішінде дүниауи мәдениетті институттау құралдары да болады. Мұның үстіне, онда социеталдық қоғамдастықтың толық мүшесі болудың және стратификациялық жүйеде жаңа мүшелерді бөлудің негізі ретінде әлеуметтелген қабілеттерге берілетін өскелең екпін бейнеленеді.152

Саясат және социеталдық қоғамдастық

Социеталдық қоғамдастық пен саяси жүйенің жіктелуі бәрінен де мемлекеттік басқаруға қатысты, бірақ бастапқы нүкте ретінде қандай ұжым алынатындығына қарамастан, ұжымдық мақсатқа жетудегі әлдеқайда кең талдаушылық мағынада да «саяси фактор» ретінде қарастырыла алады.153 Бұл арада қарастырылып отырған өзара қатынастардың дамуындағы ең маңыздысы сол, саяси қызмет сайланатын немесе тағайындалатын мансап деп аталатын рөлдің ерекше тұрпатында шоғырланады, жалпы алғанда ұжымның екі тұрпатына – ассоциациялық немесе бюрократиялықтұрпатына сондай-ақ азаматтық институтына ара қатынаста болады. Сайланбалы мансап азаматтыққа қосымша болған, ал мемлекет социеталдық қоғамдастықтан жіктелген кезде, бұл қоғамдастықтың (көбінесе оның аумақтық бөліктерінің) мүшелері электоратқа айналады. Сайлау құқығы арқылы олар конституцияда көзделген шеңберде ресми биліктің ең жоғары қайнар көзі және қоғамдастықтың өмір

152 Parsons T. , Platt G. M. Hіgher educatіon, changіng socіalіzatіon and contemporary student dіssent // Agіng and socіety / Ed. by M. Rіley et al. N.Y.: Russell Sage, 1971. 153 Parsons T. The polіtіcal aspect of socіal structure and process // Varіetіes of polіtіcal theory / Ed. by D. Easton. Englewood Clіffs (N. J.): Prentіce-Hall, 1966; қайта басылуы: Parsons T. Polіtіcs and socіal structure. N.Y.: 1969.

сүруіндегі мемлекеттің үлесінен туындайтын игіліктерді (жеке, топта немесе жалпы қоғамдастық ретінде) ақтық алушылар болып табылады.154 Ұжым үшін міндетті шешімдерді қабылдау және іске асыру билігі берілген сайланбалы мансап, осылайша, көшбасшы қызметінің өзегі болып табылады. Ірі қоғамдардың деңгейінде сайлану үшін де шешім қабылдау үшін де қолдауды жұмылдыру саяси партиялар арқылы жүзеге асырылады, олар мемлекет басшылығы мен электораттағы көптеген «мүдделі топтардың» арасында делдал рөлін атқарады.155 Сайланатын мансапта қызмет атқару әдетте тұрақты жұмыс болып табылмайды және «еңбекпен қамту» жүйесіндегі мансаптарға тән рөлге сирек сәйкес келеді. Тұрақты демократияларда, алайда, салыстырмалы түрде “кәсіпқой” саясаткерлер қабаты болады, олар сайланбалы мақсатқа ие болуға немесе, мысалы, партия белсенділері сияқты, солардан дәмелі үміткерлерге көмектесуге ұмыталды. Құрама Штаттарда бұл қабат федерализмнің және жергілікті басқаруды орталықсыздандырудың арқасында ұлғайған.156 Мұның үстіне, өздерін саяси қызметке арнаған адамдар үшін тағайындалатын мансап түріндегі немесе жеке сектордағы (мысалы, заңгерлік практикада) қамтамасыз етілген берік тылдың болғаны маңызды, бұл жұмысқа және молшылыққа кепілдік болады. Жалпы, демократияларға өзінің басшы қабатына сенімді база жасау үшін, аристократияға қандай да бір қызметтік эквивалент қажет. Қоғамның көлемі мен күрделілігіне байланысты онда мемлекеттік мекемелердің тарамдалған жүйесі дамиды, бұл орайда басқарудың «саяси» (сайланатын) және бюрократиялық компоненттерінің арасындағы белгілі бір тепе-теңдік бұзылмайды. Ассоциация тұрпатындағы ұжым ретінде демократиялық саяси жүйеге қатысты нәрсенің бәрі, әрбір жеке жағдайға сәйкес түзетулерімен осы заманғы қоғамда таралған осы тұрпаттағы өзге ұйымдар үшін де дұрыс болып қала береді. Ассоциациялар проблемалары олардың мөлшеріне, күрделілігіне,

154 Іbіd. 155 Parsons T. Votіng and the equіlіbrіum of the Amerіcan polіtіcal system; On the concert of polіtіcal power // Parsons T. Polіtіcs and socіal structure. N.Y.: 1969. Және де өзге көптеген әдебиеттерде қарастырылған. 156 Key V. O. Polіtіcs, partіes, and pressure groups. N.Y.: Rowell, 1964.

мүдделеріне және ішкі жанжалдарына сәйкес әрқилы болады. Бірақ олар үшін, барлық осынау ішкі қайшылықтарға қарамастан, басшылыққа жеткілікті тәуелсіз жағдайды қамтамасыз ету проблемасы сын сәті болып табылады. Ұжымның тиімділігін арттыратын орталықтандыру мен «өкілдікті», топтардың өз мүдделерін еркін білдіруін және қорғауын қамтамасыз ететін орталықсыздандырудың арасындағы таңдау – барлық демократиялық ассоциацияларға ортақ дилемма.157 Бұл дилеммамен мына жағдай байланысты: ұжымдық бастамаға қосылу «жалғыз» қарекетпен салыстырғанда артықшылық береді. Қорыта айтсақ, ассоциация принципінің институтталынуы қоғамдастықтың плюрализациялануымен өзара қатынаста болады. Ұжым ассоциация қызыметін атқарып, ал ондағы билік диктаторлық болса, онда оның толық институтталуы жолында күшті кедергілер көлденеңдейді деп топшылауға болады. Жартыкеш институтталудың тағы бір көрсеткіш, индивидтер мен топтар әртүрлі – ұйымдасқан қарсылықтан обструкцияға дейінгі – тәсілдерді пайдаланып өздерінің ерекше «құқықтарын» алға тартатын ахуал болып табылады. Іс жүзінде, әңгіме елеулі мүдделер жайында өрбігінде күрделі демократиялық ассоциацияның оңтайлы қызмет етуі көптеген факторлардың ши шықпастай етіп жымдастырылуын қажет етеді. Өкілдіктегі демократия белгілі бір жағдайларда мемлекеттік деңгейде, сондай-ақ кейбір жекеше ассоциацияларда салыстырмалы түрде, жарамды механизм ретінде көрсеткенімен, бірақ бәрібір оны ұйымдардың барлық түріне таратуға болмайтындығы айқын. Өкілдікті демократияда сайланатын компоненті бюрократиялық ұйымға «бюрократиялық емес жоғарғы жақ» түрінде теліне алады, мұның маңыздылығын М. Вебер атап көрсеткен.158 Бұл рөлді орындаудың басқа нұсқасы фидуциарлық тұрпаттағы қадағалаушы кеңес болып табылады. Бұл – тек бейкоммерциялық ұйымдарға ғана тән емес, соңғы кезде үлкен жеке меншік іскерлік корпорацияларда басты басқарушы орган болып қалыптасып келе жатқан институт.

157 Party systems and voter alіgnments / Ed. by S. M. Lіpset, S. Rokkan. N.Y.: Free Press, 1967. 158 Weber M. Theory of socіal and economіc organіzatіon. Glencoe (ІІІ. ): Free Press, 1947. P. 324.

Бюрократиялық ұйым тағайындалатын мансаптардың басым болуымен, ұжымдық мақсаттарға жетуде тиімділікке баса көңіл бөлумен, жоғарыда қабылданған жоспарлардың жүзеге асырылуын үйлестіріп отыру үшін билікті пайдаланумен және қатаң иерархиялық құрылыммен сипатталады. Алайда мұндай ұйымның ішінде сайланатын мансаптармен байланысты өлшемдерді әмбебап нормаларға бағындыру, жеке және ресми өрістерді бөліп көрсету сияқты өлшемдерді қолдануға болады.159 Бюрократияның қоғамдық та, жекеше де өрістерде таралуы жаңғырудың соңғы кезеңдерінің нышаны. XІX ғасырда Еуропада мемлекеттік қызметті кеңейту жүріп жатты, бірақ ол Англияда және Францияда, сол сияқты, рас, біршама кем дәрежеде, Пруссияда аристократиялық байланыстардан арылуы ауыр болды. Құрама Штаттарда бұл тенденция «олжаны бөлісу ұшырады».160 Бюрократия элементтерінің пайда болуы мемлекеттік басқарудың дәл жүрегінде жүріп жатпаса да, одан алыс кетпеген секілді. Өнеркәсіп олар өндірістік циклдың жұмыскерлерді жалдауға байланысты бастапқы сатыларында пайда болды, ал, біз қазіргі «менеджерлік» және «техникалық» қызметтер деп атап жүрген нәрселер мүлікпен бірге аскрипциялық принцип негізінде меншік иесінің қолында болды. Бұл ахуал үстіміздегі жүзжылдықтың екінші жартысында ірі корпорацияларда болған, негізінен меншіктің «бақылаудан», немесе белсенді менеджменттен бөлінуінің арқасында өзгерістерге ұшырады.161 Қадағалау мағынасындағы біршама билік, мысалы менеджерлерді таңдау және жалпы стратегия мәселелерінде әлі де меншік иелерінің қолында болғанымен, басқару негізінен жеке меншік құқықтарына немесе меншік иелерінің құқықтары институтталған мұрагерлік құрылымдарға шамалы ғана тәуелді немесе мүлдем тәуелсіз жалдамалы қызметкерлердің көмегімен ұйымдастырылады. Соңғы кезде, арнайы біліктілік пен пошымдалған білім барған сайын маңыздыққа ие болуына қарай, жоғары басқару да барған сайын көбірек мамандандырыла түсуде. Біліктілік енді

159 Іbіd. 160 Бұл мәселенің классикалық баяндалуын мына еңбектен қараңыз: Ostrogorskі M. Democracy and the party system іn the Unіted States. N.Y.: Macmіllan, 1912. 161 Berle A. A. , Means G. С. The modern corporatіon and prіvate property. N.Y.: Commerce Clearіng House, 1952.

«қарапайым естіліктің» немесе «таяқ жеу академиясын» бітіргендіктің дипломы болудан қалды. Демократиялық революцияның кеңейтілуі мен осы заманғы қоғамдардың жіктелуінің ұштасуы басқа да мағыналардағыдай, жаңа бостандықтар мен бейімделушілік қабілеттерді қалыптастыру үшін, сонымен бір мезгілде кірігуге байланысты жаңа шиеленісулердің пайда болуы үшін негізгі қайнар көзіне айналды. Осы тарауда қарастыру пәні болып отырған жаңа белес, Құрама Штаттарда және басқа неғұрлым жаңғыртылған қоғамдарда әрбір сайлау округі бойынша сайлау құқығының әмбебаптануының аяқталуымен атап өтілді. Сондай-ақ жекеше ассоциациялардың кең диапазонында тең мүшелік мен билік үлгісі кеңінен таралды, дегенмен осы процестің ауқымы, мысалы, университет сияқты ұйымдарда, қандай болатынын уақыт көрсетеді. Сонымен бір мезгілде, ассоциация тұрпатындағы жүйелер мойнына артылған ұжымдық жауапкершіліктің ауқымы және салмағының ұлғаюы тиімді де жауапты жетекшілікке қажеттілікті күшейтті, ал оны билікті елеулі түрде шоғырландырмай қамтамасыз ету мүмкін емес секілді көрінеді. Әрине, бұл қажеттілікті қанағаттандандырудың іргелі құралдарының бірі әкімшілік бюрократия болып табылады, бірақ бюрократиялық тұрпаттағы ұйымдарда есеп беру проблемасы өткір бой көтереді, және бұл проблеманы шешудің осы заманғы тәсілі – бюрократияны сайып келгенде электорат алдында, ал неғұрлым тікелей түрде – саяси жүйеде сайланбалы мансап иелері алдында жауапты ету. Атап айтқанда американдық мемлекеттік жүйеде биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының қатынасы осылайша құрылған. Проблеманың осылайша шешілуі, сөз жоқ, сайланбалы мансап иелеріне – президентке және штаттардың губернаторларына, сондай-ақ Конгресс мүшелері мен штаттардың заң шығарушы жиналыстарына орасан зор билік берілуіне байланысты. Олар өз кезегінде сайлау жүйесі арқылы сайлаушылар алдында есеп береді, ол жүйе – осында қалыптасқан көзқарас тұрғысынан – бір жағынан, азаматтардың құқықтарының эгалитарлық негіздері мен олардың қоғам істеріне қатысуының арасында сөзсіз болатын шиеленістерді реттейтін

құрал ретінде, екінші жағынан, ұжымдық қарекеттің тиімділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын таза қызметтік сәттер ретінде қарастырыла алады. Кәсіпқойлар сондай-ақ бизнестегі, «жеке сектордың» басқа да салаларындағы және мемлекеттік ұйымдардағы жұмысқа барған сайын көбірек тартыла бастады. Кәсіби біліктілік әдетте «тізбектік бағыну» принципі немесе тіпті «ұтымды-заңды» схема бойынша ұйымдастырылмайды. Бұл ерекшелік жұртшылықтың да, жекенің де «бюрократиялық» ұйымдарының түрін өзгертіп, оларда тізбектік бағыну элементтерін бәсеңдетті және оларға неғұрлым ассоциациялық сипат берді, өйткені билікті жай ғана қолдануға жүгінбей-ақ мамандардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету әлдеқайда маңызды.162 Сондықтан, қазіргі «бюрократияның» көп бөлігі «алқалы» тұрпаттағы құрылыспен шектеседі.163 Бюрократияны ассоциациялық құрылыс бағытында өзгертетін осынау «алқалы үлгі», мынадан құралады: ондағы мүшелердің рөлдері бір мезгілде қызметкердің рөлі; қатысу «штаттағы жұмыс» болып табылады. Алқалық міндеттер негізінен бюрократиялық ұйымдардағы тізбек бойынша ұйымдастырылған билік жасайтындай түрде міндеттеле алмайды. Бірақ олар, азаматтықтың саяси бөлігін қоса, ерікті ассоциациялардың көпшілігінде орын алатынындай, оқта-текте ғана орындалатын қосымша міндеттер де болып табылмайды; «штаттағы сайлаушы» плюралистік саяси жүйеде мүлдем оғаш болып көрінер еді; дегенмен осы секілді бірдеңе, бәлкім, коммунистік партияға мүшелікті суреттеу үшін жарап та қалар. Мүмкін, бүгінде алқалық үлгі, академиялық дүниеде неғұрлым толық институтталған болар, ол, жоғарғы білім беру саласының соңғы уақыттарда болған теңдесі жоқ кеңеюіне қарамастан, көптеген пікірлерге кереғар бюрократиялауға көнбей келеді.164 Факультеттегі немесе бөлімшедегі әріптестердің шынайы теңдігі бюрократиялық иерархияға ұдайы және қатты қарама-қарсы құбылыс. Алқалық құрылымның тағы бір өзгеше ерекшелігі – жоғарыдан тағайындалғаннан өзгеше, оның сайланбалылығы.

162 Parsons T. Structure and process іn modem socіetіes. Ch. 1, 2. 163 Бір қызығы, «алқалық» туралы мәселе, папалық монархизмнен өзгеше, екінші Ватикан соборының инициативасы бойынша римдік-католиктік шіркеуде маңызды орын алды. 164 Parsons T. , Platt G. M. Op. Cіt.

«Тағайындаудың» осы заманғы академиялық жүйесінің көпшілігі күрделі балансқа негізделген: қадағалаушы инстанциялар (мысалы, қамқоршылық кеңестері) әдетте «ақтық» шешімдер қабылдайды, алайда әріптестер бақылауды кандидатураларды таңдаудың маңызды белестерінде жүзеге асырады. Келешектегі әріптестеріне екібасты жақпайтын тағайындалатын адамды таңу жоғары деңгейдегі академиялық институттарда іс жүзінде жоқ. Профессорлар өздерінің әріптестерін тікелей болмаса да, жанама сайлайды.165 Бюрократияның синониміне айналған көптеген ұйымдар жан-жақты «алқаландырылды». Осы заманғы мемлекеттің негізінен бюрократиялық еместігі мансаптардың сайланбалылығының және жұртшылық алдындағы жауапкершілігінің арқасында оның «демократияланғандығынан» ғана емес, оның ішкі құрылымы, – әсіресе оның «атқарушы тармағы» едәуір дәрежеде алқалық сипат алғандығынан да. Бұған мынаны қосайық: меншік иелерінің экономикалық ұйымдарға бақылауының өсіп бара жатқан әлсіреуінің нәтижесі тек бюрократиялану, ол ірі ұйымдарда кеңінен таралғанымен, болған жоқ. Ғылыми технологиялардың өсе түсіп отырған маңызы тұсында өнеркәсіп академиялық дайындығы бар кәсіпқойларға, олардың өндірістік процеске қосатын тікелей үлесі себебінен ғана емес, олардың ұйымдастыру құрылымына жасайтын ықпалы үшін де барған сайын мұқтаж бола түсті. Ең соңғы кезде өнеркәсіпке инженерлермен қатар ғалым-зерттеушілерді кең көлемде тарту байқалды, және дәл сондай процесс денсаулық сақтау және білім беру салаларында да жүзеге асты.

Экономика және социеталдық қоғамдастық

Ең жаңа тарих кезеңінде экономика XІX ғасырдың «капиталистік» идеологиясында нобайланған классикалық үлгіден айтарлықтай алшақтады. Ол тек институттық бақылауға, әсіресе келісімшарт пен меншік туралы заңға

165 Кейбір мақсаттар үшін «штаттық» мүшеліктің үшінші процесін, атап айтқанда, «жалдауды» қарастыру керек. Бұл арада таза экономикалық мағына, шақырылған адамның көрсететін қызметіне «тауар» ретінде қарау көзделеді...

негізделген құқықтық реттеуге ған емес, егер кейбіреулерін ғана санап шықсақ, мемлекеттік баға саясаты, бизнестің олигополистік практикасы және кәсіподақтармен ұжымдық шарт тарапынан жасалатын шектеулердің тұтас бір комплексіне қарайлауға мәжүбр. Сондай-ақ жекелеген ұжымдар мен белгілі бір қызмет түрлеріне ақшалай көмек көрстеу үшін негізінен салықтан түскен қаражатты пайдалану арқылы ресурстарды елеулі түрде қайта бөлу жүріп жатыр, бұл мемлекеттің негізгі қызметі шегінен шығып кетеді; бұл процестің диапазоны тұлдыры жоқ адамдарды қолдаудан ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыруға дейінгі араға таралады. Соған қарамастан базар жүйесі американ қоғамының автономды жіктелген кіші жүйесі болып қалып отыр.166 «Еркін кәсіпкерлік» (ең аз мөлшердегі әлеуметтік және мемлекеттік бақылаудағы) жүйесін және «социализмді» (мемлекеттік меншік және өндірістің барлық негізгі құралдарының бақылауда болуы) қатаң қарама-қарсы реалистік көзқарас болмай шыты. Туындап келе жатқан үлгі құрылымдық жіктелу мен плюрализацияның осы заманғы ортақ тенденциясына сәйкес келеді. Бұл пікірге «еркін кәсіпкерлік» экономикасы бар қоғамдарға кең мағынада жатқызылатын қоғамдарда оңшыл саяси қанаттың тек арьергарды ғана жүз жыл бұрынғы негізгі принциптің – laіsser faіre принципінің кез-келген өзгертілуіне байыпты қарсылық көрсетер еді. Шынында да, “таза” капиталистік жүйеге тіпті долбармен ғана жақын нұсқаларына да тән тұрақсыздық, оны жақтаушылар да, социалистік қарсыластар да елестететін күйінде, XІX ғасырда бастан өткен жаңғырту белесін өтпелі белес деп санаудың бұлтартпас себебі болып табылады. Ғасырлар тоғысында Құрама Штаттар экономикалық өсудің сандық көрсеткіштері бойынша Англияны, артынша Германияны да басып озды. Мұндай жедел дамудың бірқатар себептері болды. Тәуелсіздік алу сәтінде елдің халқы төрт миллион адамға жетпейтін, олардың көпшілігі Атлантика жағалауында тұратын, бірақ олардың батысқа қарай кедергісіз жылжу мүмкіндіктері болды. Ішінара Британияның теңіздегі үстемдігінің арқасында

166 Parsons T. , Smelser N. J. Economy and socіety. N.Y.: Free Press, 1956.

екі Америкада да француз және испан «империалистік» қызметі тез өлеусіреді. Бұл Құрама Штаттардың Флорида мен Луизиананы бейбіт жолмен өзіне қосып алуына мүмкіндік берді; біршама кейінірек одан арғы аумақтық экспансияға тек Мексиканың ғана болмашы қарсылығына ұшырады, және осының бәрі халық санының өсуіне жағдай жасады және елді орасан зор экономикалық ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз етті. Игерілген жерлердің кеңейе түсуі, соның ішінде либералдық иммиграциялық саясатқа да жәрдемдесетін, ол индустрияландыру үшін юі, қажетті жұмыс күшінің ағылып келуіне кепілдік берді. «Коммерциялық банкілерге» сүйенетін ақша, банк және кредит институттарының дамуы, XІX ғасырда бұл аспаптар өте үлкен тұрақсыздықпен ерекшеленгенімен, жедел де қарқынды болды. Банк жүйесінің арқасында айналым құралы негізінен қолма-қол ақшасыз аударым болды (қолма-қол ақша оның тек аз ғана бөлігін құрады), несиелермен, корпоративтік құнды қағаздармен және тіпті мемлекеттік қарызбен де операциялар нақ осындай қолма-қол ақшасыз жүргізілді.167 Несие жүйесі, осы заманғы академиялық жүйе «когнитивтік жаңашылдыққа» жәрдемдесетіні секілді, экономикадағы тұрақты жаңалықтарға жәрдемдеседі. Экономикалық өмірді «монерлауда», әсіресе банк және несие құралдарды пайдалануда ешқандай басқа қоғам Құрама Штаттарымен бәсекелесе алмайды. Капитализмнің американдық үлгісі екі ерекшелік өзгешелейді. Біріншісі – жаппай өндіріс, оны «Форд мотор» компаниясы бастап берді. Жаппай өндіріс қажетіне қарай ірі, негізінен ішкі, тұтыну базарына бағдарланғандықтан, көп ұзамай пайда тек фирманың «базардағы бөлшегін» иемденгеніне ғана емес, халықтың сатып алу қабілетіне, оның жалпы кірісіне байланысты екендігі түсінілді. Г. Форд жүргізген, ол тіпті де кәсіподақтың қысымымен кіргізбеген, мол жалақы саясаты еңбекті көп талап ететін өндірістен капиталды көп талап ететін өндіріске бетбұрыс болды. Ал мұның нәтижесі, өндіріс көлемі өлшеусіз молайғанына қарамай, тікелей өндірісте істейтін жұмыс күшін үздіксіз

167 Keynes J. M. The general theory of employment, іnterest, and money. L. : Macmіllan, 1936.

қысқарту болды. Тиісінше, «ақ жағалылар» арасындағы және «қызмет көрсету» саласындағы жұмыспен қамтылу өсе түсті.168 Екінші ерекшелік Германияда туды, бірақ барынша дамуға Құрама Штаттарда ие болды. Ол ғылыми білім мен өндіріс арасындағы байланыстан тұрады. Химиялық және электротехникалық салалардан бұл көптеген басқа салаларға көшті. Тегінде, бүгінде кибернетикамен және ақпарат өңдеумен тығыз байланысты электроника бұл бағытта әлдеқайда озып кетті. Экономикалық өсуге сондай-ақ американдық құқық жүйесі жәрдемдесті. Еуропа ішкі және мемлекет аралық тарифтермен терең бөлініп тұрған кезде, кеден бажына және адамдардың штаттар арасындағы орын ауыстыруына Конституциямен тиым салынды. Меншік қатынастары мен шарт қатынастарын реттейтін құқықтық принциптер Англиядан алынған болатын, бірақ кейін, негізінен сот шешімдері жолымен елеулі түрде жетілдірілді.169 Кейінірек американ заңгерлері, меншік пен кәсіби басқарудың жіктелуі үшін құқықтық негіз қалап, жекеменшік корпорациялардың дамуына жол ашты. Американдық қоғамда, меншіктен гөрі жалдауға көбірек негізделген жұмыспен қамту жүйесі анағұрлым ерте институтталды да, ол индустрияландырумен және кенттендірумен бірге кеңінен таралды. Үйдегі шаруашылық пен жұмыскерлерді жалдайтын ұйымдар, негізінен іскерлік фирмалар арасындағы жіктелу жүзеге асты, бұл мемлекеттік мекемелердегі және бейкоммерциялық жеке сектордағы жұмысқа да қатысты болды. Жаңғырудың ерте белгілерінде жұмысқа «жалдау» әдетте жұмыспен қамту иерархиясының ең төменгі қабаттарындағы «жұмыс күшімен» шектелетін. Уақыт өте келе жұмысқа жалдау, және, соған сәйкес еңбек базары неғұрлым жоғарғы қабаттарға көтерілді; бүгінде жалдау процедурасы арқылы атқарушылар (менеджерлер және әкімдер) және профессионалдар ретінде бұрын меншік иелері болғандардың көпшілігі өтеді. Осынау аса маңызды

168 Smelser N. J. The socіology of economіc lіge. Englewood Clіffs (N. J. ): Prentіce-Hall, 1964. 169 Hurst J. W. Law and the cjndіtіons of freedom.

құрылымдық өзгеріс капитализм мен социализмді салыстырғанда әдетте толығымен назардан тыс қалады.170 Кемелденген осы заман белесінде, ауыл шаруашылық еңбегінің үлесі шұғыл қысқарған кезде, ересек ер адамдардың бүкіл қоғамның қызмет етуіне басты үлесі, ілуде бір болмаса, олардың «жұмыс орындарында» жүзеге асырылады. Еңбек қызметіне әйелдердің, әсіресе тұрмыс құрған әйелдердің қатысуы күрт көтерілді. Адами қызметтің кейбір түрлері «жалдамалы жұмысқа» айналдыруға көнбейді. Оларда бұлдыр, диффузиялық мүдделер бейнеленетін секілді, оларға еңбекпен қамту жүйесіне тән мамандану қатер төндіреді. Мұндай диффузиялық бірнеше көздерден таралады. Отбасы мен үй шаруашылығы индивидтің жеке басы үшін де, оның физиологиялық организмі үшін де маңызды рөл атқарады. Тарих барысында мәдениет діни қызметтерді атқарумен байланыстырылатын, бірақ осы заманғы дүниеде оның негізгі сипаттарын, мәдениет қайраткерлері береді, олар қолөнершілік «кәсіптендіруге» табанды түрде қарсылық көрсетуде. Әлеуметтік жүйе деңгейінде, біз талқылап үлгерген саясаткер рөлін былай қоя тұрсақ, мемлекеттік те, таза «коммерциялық» емес ұйымдардағы «қамқоршылар» сияқты жеке «фидуциарлық» көптеген рөлдер болады. Жекелеген азамат үшін, алайда, оның «қоғамдық мүдделер» жөніндегі фидуциарлық қызметі некен-саяқ ара-тұра рөлдерге, сайлаушы рөліне, немесе байланыстар процестеріне, не оның көзқарасына сай келетін ассоциацияға ерікті қатысушы рөліне саяды. Адамдардың көптеген категориялары психологиялық және өзге факторлардың қысымымен сондай қызметке соншалық “тартылып”, «идея үшін күрес» олар,п жұмыстан және отбасынан маңыздырақ болып шығады. Осы заманғы қоғамда бұл тектес қысым онда үздіксіз болып жататын ғаламат өзгерістер мен оларға ілесе жүретін жанжалдар арқылы асқына түседі. Ол-ол ма, материалдық молшылық және тұрмыс деңгейінің едәуір жоғары деңгейі сияқты нақты мақсаттарға жету оларды одан әрі жоғарылатуға кең мүмкіндіктер ашады да, күшті эмоциялар соған

170 Parsons T. Structure and process іn modern socіetіes.

байланысты қозады. Әлеуметтік-психологиялық терминдерде біздің заман «салыстырмалы түрде қайыршыланумен» байланысты бұрын-соңды болмаған күйзелістер заманы. Кез-келген осы заманғы қоғамда кәсіподақтар қозғалысы көрнекті орын алады. Құрылымдық жағынан оның тамыры үй шаруашылығы мен жалдау жүйесінің кеңеюінің нәтижесінде пайда болған жұмыс орнының арасындағы «сөреден» табылады. Қозғалыстың басшылары болғандар тұлдырсыз жұмысшылар арасынан емес, жеткілікті жоғары әлеуметтік статусы мен біліктілігі бар жұмысшылар арасынан шықты, сөйтіп бұл қозғалыс кейбір мәселелер жөнінде кәсіпшілік цехтарының мұрагеріне айналды. Бұл қозғалыс өзінің күшін қол еңбегі жұмысшылары қатарынан алып, оларды қорғауға, олардың материалдық жағдайы мен статусын жақсартуға бағдарланған болатын. Кәсіподақтардың ықпалы ең біліксіз жұмысшылар немесе «ақ жағалылар» арасында біркелкі таралған жоқ. Құрама Штаттарда, әсіресе «жаңа бағыт» заманынан бастап, кәсіподақ қозғалысы өнеркәсіпте айтарлықтай қуатқа ие болды, алайда, XІX ғасырдың аяғында Еуропаның көп бөлігінде орын алғанындай, саяси социалистік қозғалысқа база жасаған жоқ. Құрама Штаттардың бұл ерекшелігі американ қоғамы, сол уақытқа қарай экономикалық және әлеуметтік белсенділік мүмкіндіктерін қоса, жеткен «демократияландырудың» жоғарғы деңгейін бейнелейді. Жұмыспен қамту дүнесінде жалпы және үздіксіз даму жүріп жатты. Осы заманғы жұмыс күшінің құрамында біліксіз еңбек орны барған сайын азая түсуде. Өнеркәсіптің революция тарихшылары ұзақ уақыт бойы өндірістің, ақшалай капитал жұмсаудың және өнеркәсіптегі жұмысшылар санының физикалық көлемінің өсуін, өндірістің өсуінің бірін-бірі алмастыра алуының көрсеткіші ретінде қарастырылып, осы көрсеткіштердің арасында тығыз байланыс бар екендігін басшылыққа алды. Алайда ахуал өзгерді. XX ғасырдың 20-шы жылдарымен салыстырғанда, Құрама Штаттарының ұқсатушы өнеркәсібінің жалпы өнімі бірнеше есе өсті, ондағы жұмысшылар саны сол

деңгей шамасында қалды, ал онда пайдаланылатын жұмыс күшінің үлесі едәуір төмендеді. Бұл құлдырау, негізінен, бүгіндері «автоматтандырумен» қосылып бара жатқан «механикаландырудың» және ұйымдастыруды жетілдірудің нәтижесі, мұның өзі XІX ғасырдың басында тоқымашылармен болған қайғылы жағдай секілді, «технологиялық жұмыссыздықты» тудырды. Белгілі бір мамандық бойынша біліктілігі жеткіліксіз адамның жұмыс табу мүмкіндігі барған сайын шектеле түсті. Алайда, бұл жағдай жұмыссыздық деңгейінің перманентті өсуіне емес, қайта үйрету нәтижесінде жұмыс күшінің сапасының жалпы өсуіне жетеледі. Үстіміздегі ғасырдың екінші үштен бірінде, жаппай және конвейерлік өндірістің ерте белесінде, «жартылай білікті» еңбек үлкен басымдыққа ие болып, бұл көбіне бұрынғы білікті шеберлерге нұқсан келтірді. Қазір тар дағдыларға ие болуды емес, орта мектеп көлеміндегі білімді көбірек талап ететін жалпы даярлықтың неғұрлым жоғары деңгейіне деген қажеттілік өсіп келеді. «Жалдау» жүйесінің дамуы және соған сәйкес атқару сапасына мән беру іріктеудің аскрипциялық өлшемдерінің маңыздылығын кемітіп жібереді. Туыстық жатындыққа, этностық текке, дінге, нәсілге және т.т. байланысты «кемсіту» өте өміршең болғанымен, бірақ қазіргі кезде жұмысқа қабылдау тұсында, демек қандай да бір ұйым мүшелігіне қабылдау немесе өзін-өзі іске асыру мүмкіндіктерін пайдалану тұсында, қызметкерлерді көбіне-көп әмбебаптық өлшемдер негізінде бағалау жағына қарай ұзақ мерзімді орнықты да тиімді қайта бағдарлау оорын алып отырған секілді көрінеді.171 Үй шаруашылықтарының арасында кірісті бөлудің күрделі сипаты бар. Бұл арадағы ең маңызды фактор – қызмет көрсетудің әрқилы түрлеріне әрқилы сұранымды бейнелейтін еңбек базары. Тәуелсіз меншік, әсіресе ауыл шаруашылығында, өзінің мәнін үздіксіз жоғалта берді. Айлық пен жалақы, делдалдвқ сыйақы секілді кіріс пошымдарымен қатар, кең мағынада алғанда

171 Parsons T. A. reduced analytіcal approach to the theory of socіal stratіfіcatіon; Parsons T. Equalіty and unequalіty іn modern socіety // Socіologіcal Іnquіry. 1970. Vol. 40. № 2.

жалдамалы еңбек жүйесіндегі белгілі бір рөлдерге сәйкес келетін біліктілік пен жауапкершілікке тәуелді, ол рөлдер, өз кезегінде, барған сайын алынған білім деңгейіне тәуелді. Және бұл арада мынаны ұмытпау керек: жоғары білімге берілетін қаржылай көмектің үздіксіз өсуінің арқасында оған тек дәулетті атааналар балаларының ғана қолы жетіп қоймайды. Жұмыстың әйтеуір бір түрлеріне сұраныммен анықталатын кіріс шкаласындағы өзгерістер (бұл сұранымның бір бөлігіне, ғылыми мамандар даярлау кезіндегідей, ақшалай көмек беріледі) оның екі жағында да болады. Барлық осы заманғы қоғамдарда «трансферттердің» (бұл төлемдерді экономистер осылай атайды) көмегімен, соның ішінде толып жатқан “жәрдемдер”, қарттық бойынша сақтандыру, жұмыссыздығы бойынша жәрдем, ақысыз дәрігерлік қызмет, төмен пәтерақы және басқа сондай шаралар арқылы халықтың жалақысы төмен топтарының тұрмыс деңгейіне қолдау жасалады. Адамдардың ешбір елеулі категориясы төмендемеуге тиіс деп саналатын «төменгі шек» осы заманғы азаматтық ұғымына кіретін, «әлеуметтік» компоненттің ең аз мөлшерін aнықтайды.172 Бұл арада бәрінің бірдей мәз еместігін бүгіндері Құрама Штаттарда кедейшілік проблемасына алаңдаушылық көрсетеді. Алайда, сондай төменгі шекті белгілеу XX ғасырдағы барлық индустриялық қоғамдарға тән. Мұның үстіне трансферттік төлемдер, ең айқын көрінісі жаппай тегін білім беру жүйесі болып табылатын, еңбекке қабілеті шектеулі адамдарға «өзін табуға» көмектесуге бағышталған шаралармен ұштастырылады. Ақыр соңында, көбіне-көп кәсіподақтардың қысымымен жалақының өсуі және «қосымша жеңілдіктердің» ұлғаюы арқасында жұмысшы табы дейтіннің материалдық жағдайы анағұрлым жақсарды. Тарихи тұрғыдан базар, бәсекелес индивидуализмнің классикалық шоғырлануы ретінде қалыптасып, бәсекеге қатысу біреулердің табысқа жетіп, енді біреулердің жолы болмайтынын жүз пайыз күтуде институтталды. Сондықтан капитализм теорияларының көпшілігінде тек бәсекенің әділетті

172 Marshall T. Op. Cіt.

шарттары, мүмкіндіктер теңдігі принципінің кепілдіктері ғана қарастырылды. XVІІІ ғасырдан бастап талдап-зерттеле бастаған бастапқы теңдік пен жіктелген табыс арасындағы тепе-теңдік проблемасының қырлары көп. Бұл арадағы маңызы елеулі құбылыстардың бірі фирманың табыс шкаласындағы жағдайы мен сол фирмада істейтін индивидтің мансаптық немесе кәсіптік статусы арасындағы өсе түскен жіктелу болды. Социализм, біз атап өткендей, өндірістің барлық негізгі факторларын бақылап отыруды үкіметтің қолына шоғырландыруды жақтап, базарлы экономиканың «еркін кәсіпкерлігіне» қатаң балама жасауға тырысады. Бұл баламаның жалғыз еместігіне әлгінде ғана қарастырылған, барлық «индустриялық» елдерде, экономикалық процеске қатысушылардың барлығына қатысы бар, кіріс пен әл-ауқаттың әлдене төменгі шегінің белгіленуі айғақ бола алады. Төменде біз теңсіздіктің ең өрескел көріністеріне өзгеше қарсы тұратын кейбір механизмдерге тоқталамыз. Демек, біз, бұл арада әңгіме тағы да негізі кірігушілік “проблема” – осы заманғы құндылықтардың эгалитарлық компоненті мен «қол жеткізуге болатын кешеннің» социеталдық қоғамдастықта статустар иерархиясын туындататын компоненттерін тепе-тең жағдайда ұстау туралы деп шамалаймыз. Бұл проблеманың неғұрлым жалпы қырларына біз тараудың соңында қысқаша түсінік береміз. Шкаланың екінші ұшында меншіктен түсетін мардымды кіріс тұр. Бұл кіріс жеке меншікті нақты басқарудан көп дәрежеде алшақтап кеткен. Жаңғырудың ерте кезеңінде аристократияның басты политэкономиялық негізі – ауылдық жер меншігі өзінің мәнен айрылды. Ең соңғы сатыда, соншалық түбегейлі болмаса да, бизнестегі меншіктік бастаудың да мәні төмендеп кетті. Меншіктің ең маңызды пошымы қазір жылжымалы, базарда оңай іске қосылатын ақшалай активтер, оның типтік мысалы корпоративтік және мемлекеттік құнды қағаздар болып табылады. Есептерге қарағанда, Құрама Штаттарда меншіктен түсетін кіріс «жеке» кірістер құрылымында жиырма пайыздан шаиалы ғана асатын бөлікті құрайды, және бұл бөлік бір немесе бірнеше ұрпақтар бойында қандай да бір байқала қоярлық өзгеріске

ұшырамаған секілді.173 Мұндай меншіктің едәуір бөлігі ағымдық тұтынудан шығарылған қаражат түрінде, мысалы жеке сақтандыру салымы түрінде сақталады. Сондай-ақ меншіктен түсетін кірісті индивидуалдық меншік иелеріне емес, институттық меншік иелеріне – қорларға, колледждер мен университеттерге, ауруханаларға, алуан түрлі қайырымдылық және демеушілік ұйымдарға аудару ауқымы өзгерді. Меншіктен түсетін кіріс дәулетті қабаттарда тығыз шоғырланғанымен, еркін-кәсіпкерлік қоғамдардың ерте сатыларына қарағанда, оның жылжымалы пошымдарына қатысу, әсіресе орта таптың жоғарғы бөлігінде, неғұрлым кең таралды. Байлықтың байлар қолында шоғырлануы кірістер мен мүлікке өсе түсетін салық салу есебінен тежеліп отырады. Жалпы алғанда осы заманғы қоғамдардың дамуының соңғы белесінде кірістерді бөлу, ерте белестерде осы заманғы немесе қазіргі «дамып келе жатқан» қоғамдардың көпшілігіндегіге қарағанда, әлдеқайда біркелкі жүреді. Кірістер жайлы айтылғандар, тегінде, мүмкіндіктер жөнінде де, әсіресе әрбір жас мөлшері тобында жоғарғы білім алатындар бөлігі өсіп отыратын болғаннан бері, әбден дұрыс. Қазіргі қалыптасқан үлгінің ұзақ мерзімді тұрақтылығына кепілдік беріле қоймаса да, оның дамуының ең ықтимал бағыты бәрібір үдемелі теңдік болады. Осы заманғы қоғамның билеуші таптарының атына кеңінен айтылатын сын әрқилы тұрғыдан тоқайласып жататыны қызық. Бір жағынан, оларды «өте босаңсып» кеткен, екінші жағынан – олардың өз жұмысының «тар» мүдделерінен басқа ештеңе білмейді деп айыпталады. Мұндай айыптаулардың бәрі күмән туғызатынымен, соңғысы шындыққа неғұрлым жақын сияқты. Менеджерлік жұмыстың кәсіптеле түсіп, оның жалдамалы еңбек жүйесіне қосылуы, білім, біліктілік және атқарылатын жұмыс сапасы деңгейіне қойылатын талаптың ғаламат күшеюіне апарып соқтырды, мұның өзі қызметкерлерден мақсатқа жетуге бағытталған жоғары сарынды талап етеді. Біздің әлеуметтік дамуымыздың ерте сатыларында мұндай сарындау онша тарала қоймаған болатын. Бүгінде, ресми жұмыс уақытының белгілі бір

173 Labor іn a changіng Amerіca / Ed. by W. Haber. N.Y.: Basіc Books, 1966.

қысқартылуына және, бәлкім, еңбектің жеке түрлерінде күш-жігердің біршама бәсеңдеуіне қарамастан, өзінің еңбек міндеттерін орындаудағы борышын түсіну жоғары деңгейде. Ол үнемі өсіп отырғанға, әсіресе, еңбекпен қамту жүйесінің жоғарғы қабаттарында өсіп отырған секілді. Осы заманғы қоғамның сол қабаттардағы жоғары білікті қызметкерлері «сауыққой тапты» құрауы былай тұрсын, олар жалпы алғанда адамзат тарихында неғұрлым интенсивті «еңбек ететін» топ болып табылады. Оқыс жәйт, бірақ қаналатын жұмысшы табы делінетіндер осы заманғы қоғамның сауыққой табы болуға әлдеқайда жақындай түсті. Жоғарғы топтардың ауыр еңбегі білек күшінде және тәртіпті қатаң сақтауда емес, қайта қиын, көбіне бас қатыратын проблемаларды шешуде және оларды еңсеруге таңдап алынған әдістері үшін жауапкершілікте. Тамақ өнімдерін, киім тұтынуда ортақ өрлеуге қол жетті, баспана жағдайын және тұрмыс деңгейін құрайтын басқа құрамдас бөліктерді жақсартуға қол жеткізілді. Бүгінде дамыған елдерде тек ең төменгі, саны жағынан болмашы кедейлер жігінде ашаршылық, ғұмыр қысқалығы, киім орнына кебенек кию сияқты, бүгінгі «нашар дамыған» елдердің көпшілігіне тән, шектен тыс жоқшылық байқалады. Бұл проблема нашақорлықтың таралу проблемасынан және соған ұқсас басқа да «әлеуметтік патологиялардан» мүлдем басқа санатқа жататындығы айдан анық. Сондай-ақ экспрессивтік стандарттардың жалпы өсуі орын алды, бұл «мәдени жемістерді» тұтынудың өсе түскендігінен және сонымен байланысты үй жағдайындағы, тамақтанудағы және сол сияқтылардағы (көпшілік орындарда көңіл көтеруді қоса) эстетикалық талғам деңгейінен көрінеді. Әу бастан жоқшылыққа ұшыраған немесе оқшауланған топтар эстетикалық оғаштықтарды жиі жасап, оларды басқа, неғұрлым есті де төрт құбыласы сай топтар сөзсіз келеке еткеніне қарамастан, осы заманғы қоғамдарда «нәзік» талғамдар бұрынғы қай кездегіден де халықтың неғұрлым кең қабаттарының еншісіне айналып келе жатқан секілді көрінеді. Алайда, бұл нәрселерге дәл баға беру оңай емес. Бір жағынан, өсе түскен тұтыну, қазіргі ұрпақтың «болбырлығының» белгісін содан көретін «пуритандардың» айыптауына

ұшырайды. Екінші жағынан, Gemeіnschaft’ты мінсіз деп білетін романтиктер жаңғыру барлық жерде қарапайым адамдардың талғамын бұзды деп есептейді. «Молшылық қоғамдарындағы» тұрмыс деңгейін талқылау кезіндегі және бір өзгермейтін тақырып – «дабырлап тұтыну» арқылы статус үшін күрес болып табылады, оның түрлері керемет сауықтар кештерін өткізу мен ескі аристократияның сарайларын ғана емес, қазіргі «Джонстардан қалып қоймау» деген қарапайым ұмтылыстарды да қамтиды. Қоғамда әмбебап нормалар мен мақсатқа қол жеткізу нормалары институтталған кезде, мұндай бәсекелестіктің белгілі бір дәрежесі, тегінде, сөзсіз нәрсе болар. Сонда да, аристократияның құлдырауымен бірге индивидуалдық тұтынудағы айырмашылықтың мәні кеми түскен секілді. Мысалы, Ақ үй лашық болмаса да, тіпті де Версаль емес. «Алтындалған ғасыр» заманының Нью-Йорктің Бесінші авенюіндегі және Ньюпорттағы жеке мекен-жайлар жойылып барады не «қоғамдық» пайдалануға берілуде; осындай тенденциялар Еуропада да байқалуда. Қалай десек те, осы заманғы елдердің көпшілігінде «буржуазиялық» дабыра «сән-салтанаттың» кейбір түрлері әлдеқайда кең қабаттардың игілігіне айналса да, XVІІІ-XІX ғасырлардағыдай өрескел де дөрекі емес секілді. «Дабыра тұтыну» тосын болмағандықтан және өрескел көріністерінде барған сайын сирек кездесетіндіктен, бүгінгі тұтынудағы сән-салтанат заттарынан осы заманғы қоғамның құлдырауының басты нышандарының бірі деп білу қиын. Ілесе жүретін процесс пайдаланылатын заттардың капиталдандырылуы» болып табылады, олар баспана және орталықтан жылыту, «үй техникасы» және жиһаз сияқты нәрселерді қамтиды. Осы заман дәуірінің тұрмыс салтының маңызды бөлігі сондай-ақ «оңашалық» болып табылады: бүгінде ерлізайыптылар және, отбасының сәбилерден басқа әрбір мүшесі үшін «бәсіре бөлмесі» болуы өз-өзінен белгілі нәрсеге айналды. Мұндай процестер таптық құрылымдағы маңызды өзгерістің – “малайлар табының” қысқара түсуінің ішінара салдары, ішінара себебі болып табылады. Осы ғасырдың басында «орта таптың» әдеттегі үйінде міндетті түрде «сол үйде тұратын» малай, ал «жоғары орта таптың» үйлерінде бірталай малай болды.

Бүгінде мұндай штат тек өте бай адамдарда, және де олардың мансаптық жағдайының пәрменімен ғана болады. Жоғары орта таптың үй шаруашылығында әдетте аптасына бір-екі рет келетін «үй сыпырушы» және балаларға қараушы жетіп жатады. Бұл екі сәтке байланысты. Біріншіден, осы заманғы өнеркәсіп барған сайын капиталды көп талап ететін, еңбек қолына зәру, сондықтан барған сайын қымбат факторға айналып барады, тұрмыс деңгейінің жалпы жоғарылауы да осыдан. Екіншіден, өсе түсіп келе жатқан эгалитаризм жалшы статусын ұят нәрсе етіп көрсетті,174 сондықтан фабрикалардағы және дүкендердегі жұмыс үйде қызмет көрсетуден барған сайын артық саналуда. Орта тапқа жататын, күйеудегі әйел үшін оқиғаның бұлай өрбуі шығынсыз болған жоқ. Үй шаруашылығын жүргізуде көмекшіден айрылған, отбасылық қатынастарды эмоциялық реттеуде, сондай-ақ азаматтықтың және жұмыспен қамтудың неғұрлым кең өрістерінде барған сайын өсіп бара жатқан салмақты сезінетін ол, жай ғана еркелік пен тәлпіштік болудан қалған ең жаңа үй техникасының тұтас арсеналына сенеді.

Қорытынды

Құрама Штаттарда құрылған социеталдық қоғамдастықтың жаңа тұрпаты басқа кез-келген, жекелеп алынған фактордан гөрі, біздің: бұл ел жаңғырудың ең соңғы кезеңінде көш бастаушы орнын алды деген пікірімізді ақтайды. Біз социализм баса көңіл бөлетін мүмкіндіктер теңдігіне нақ осы жерде жеткілікті жоғары деңгейде қол жеткізілді деп топшыладық. Бұл нәтиже базар жүйесінің, мемлекеттен біршама тәуелсіз берік құқықтық тәртіптің, және қандай да бір этностық топтың және қандай да бір нақты діннің тарапынан жасалатын бақылаудан бостан «мемлекет-ұлттың» болуына байланысты. Біздің ойымызша, білім беру революциясы, әсіресе ұйымдасудың ерекше тұрпатын – ерікті

174 Aubert V. The housemaіd: An occupatіonal role іn crіsіs // Socіology: The progress of a decade / Ed. by S. M. Lіpsed, N. J. Smelser. Englewood Clіffs (N. J.): Prentіce-Hall, 1961.

ассоциацияны таратуға және мүмкіндіктерді ашуға қатысты тұсында шешуші жаңалық болды. Ең маңыздысы, ежелгі аскрипциялық теңсіздіктерден арылуда және өз негізінде эгалитарлық болып табылатын үлгінің институтталуында салыстырылатын ауқымдағы кез-келген басқа қоғамға қарағанда, американ қоғамы ілгерілеп кетті. Көптеген интеллектуалдардың пікіріне кереғар, американдық және диктаторлық режимдер жоқ көптеген басқа осы заманғы қоғамдар бұрынғы қоғамдардың қай-қайсысынан болсын бостандықтың барынша кең спектрін институттандырды. Мүмкін, ол XVІІІ ғасырдағы Еуропадағы аристократтардың шағын артықшылықты топтары кейде пайдаланылған бостандықтардан кең болмаған шығар, бірақ адамдардың үлкен бұқарасы үшін ол бұрынғы қай кездегіден де сөзсіз кең болды. Мұндай бостандықтарға жету көптеген қиындықтармен жүреді. Тегінде, былай деуге болатын шығар: бостандыққа дағдылану физикалық өмірдің кейбір қиын жағдайларын – денсаулықтың нашарлығын, ғұмыр қысқалығын, қолайсыз климаттық жағдайларды және т.с.с. еңсеруден басталады. Бұған, сөзсіз, халықтың көпшілігі үшін зорлық-зомбылықтан белгілі бір қауіпсіздікті жасау да жатады. Неғұрлым жоғары кірістер және базарлардың дамуы тұтынуда таңдау бостандығын ұлғайтады. Білім беру, мәдениет мекемелері, сондай-ақ ортақ пайдалану құралдары және т.с.с. секілді көпшіліктің қолы жететін қызмет көрсетудің кең жиынтығы болады. Құдай қосқан қосақты, жұмысты, дінді, саяси тиесілілікті таңдауда барлық жерде бостандық, ой, сөз, өзін-өзі көрсету бостандығы болады. Егер ахуалды кең салыстырмалы және эволюциялық перспективада қарастырсақ, XX ғасырдың соңындағы неғұрлым “артықшылықты” қоғамдар, жүз жыл бұрын болжау қиын болған, сол заманның ең «либералды» және «прогресті» құндылықтарын аса әсерлі түрде ойдағыдай институттай алды. Әрине, елеулі проблемалар да бар. Оның бірі, сөз жоқ, соғыс және соғыс қаупі. Бірақ бұл тарауда біздің назарымызда социеталдық қоғамдастық

болғандықтан, социеталаралық қатынастар туралы мәселені біз осы кітаптың қорытынды тарауына қалдырамыз. Біз мынадай пайымдарымызды ілгеріде көлденең тартқан болатынбыз. Социеталдық қоғамдастық жаңа тұрпатының басты кемшіліктері авторитарлық режимдердің, әсіресе, олардың монархиялық түрінің тираниясына немесе аристократияның тамыр жайған артықшылықтарына баяғыдан бергі реніштерде емес. Сондай-ақ олар қатаң марксистік мағынадағы таптық антагонизмдер мен қанау да емес. Әлеуметтік әділет және теңсіздік проблемалары әлі де байқалады, бірақ бұл проблемаларды буржуазия мен пролетариаттың бетпе-бет келуінің қарадүрсін терминдерде тұжырымдалуы, осы тарауда баяндалған пікірлер бойынша өзектілігін жоғалтқан секілді көрінеді. Теңдік пен әділет проблемасы кедейшіліктің ту сыртында және құлдықтан алатын кемсітудің ұзақ тарихы тұрған көп санды негрлер азшылығының орын алуы мағынасына Құрама Штаттар үшін басты проблема күйінде қалып отыр. Проблеманың осынау екі қыры бір-бірімен толық сәйкес келмейтіндігін анық түсіну маңызды. Көптеген өлшемдер бойынша, американ кедейлерінің айтарлықтай көпшілігі – ақ нәсілділер, ал ақ нәсілді емес халықтың едәуір бөлігі кедейлер қатарына жатпайды. Бірақ бұлардың екеуінің де ірі қалалардың «геттосында» тұратын қара нәсілдердің арасында көзге бірден түсетін тоқайласуы кездеседі. Бұрын бұл проблемалар «абсолютті» қайыршылану, қарны тойып тамақ ішпеу, аурулар және т.с.с. ретінде тәпсірленетін. Бүгінде әлеуметтік ғалымдардың арасында салыстырмалы қайыршылану мен социеталдық қоғамдастыққа толық құқықты қатысудан аластау әлдеқайда маңызды және «ауырлау» қабылданатынын түсіну өсіп келеді.175 Біздің әлеуметтік өзгерістердегі жалпы парадигмамызда кіріктіру және кірістердің өсуі арқылы бейімделу деңгейін арттыру процестерінің арасындағы байланысты атап көрсеткен болатынбыз; десек те бұл процестер бірдей емес.

175 Raіnwater L. , Yancey W. The Moynіhan report and the polіtіcs of controversy. Cambrіdge (Mass.): M.L.T. Press, 1967; The Negro Amerіcan / Ed. by T. Parsons, K. Clark. Boston: Houghton-Mіfflіn, 1966.

Осынау байланыс сонымен бірге, соңғы кезде заңгерлік және саяси кемсіту қатты кемігеніне қарамастан, нәсілдік проблема төңірегіндегі шиеленіс әлсіремек түгіл, тіпті неліктен өсіп кеткендігін түсіндіруге көмектеседі. Кірісктіру механизмі арқылы қол жететін салыстырмалы қайыршылану түйсігін жұмсарту қандай да бір мағынада «рәміздік» сипатта болатыны оның өзектілігі мен маңыздылығын титімдей де кемітпейді. Теңдік және әлеуметтік әділет проблемасы баға беруге көне қоймайды. Жаңа ғана атап өткеніміздей, тиранияға, аскрипциялық артықшылықтарға және марксистік рухтағы таптық теңсіздікке ескі наразылық бұрынғыдай рөл атқара алмайды. Бірақ ерекше артықшылығы бар әлдене топтар өз жағдайын өздерінің мүдделері үшін, ортақ мүддеге нұқсан келтіре отырып, заңсыз пайдаланады деген кең таралған түйсік сақталып отыр. Аға буында бұл наразылық, «байлығы ұлан-ғайыр қаскүнемдер» туралы айтқан Ф. Д. Рузвельт сияқты, көбінесе экономика терминдерінде тұжырымдалды. Бүгінде осыған байланысты «билік» символы қалқып шыққаны көп нәрсені аңғартады; Ч. Р. Миллстің сөз тіркестерінде, біздің көптеген әлеуметтік кесепаттарымыз үшін жауапкершілік «билік жүргізуші жайсаңдарда» жатыр. Билік жүргізуші жайсаңдардың өкілдері мансап иелері ретінде емес, перде бүркенген, ештеңені мойындамайтын қуыршақ жүргізушілер ретінде бейнеленеді. Параноидтық мазмұндағы идеологиялық дерттер тіпті де жаңалық емес, бірақ бәрібір осынау нақты түсінік астарында не жатыр деген сұрақ туындайды. Осы заманғы қоғамда моральдық қанағаттанбаудың басты қайнар көзі байлардың материалдық артықшылықтарына тұлдану болып табылмайтын секілді; ал іс жүзінде ғасырдың басында бұл проблема әлдеқайда өткір болған. Шындап келгенде «кедейшілік шегінен» төмен тұрғандарды одан жоғары көтеру керек деген бірауызды пікір бар. Осынау келісім шегінен тысқары жерде экономикалық теңсіздік мәселесі өте күрделі мәселеге айналады. Тегінде, ұзақ мерзімді тенденция – жоғары қабаттардың өздерінің «дабыра тұтынуын» қысқартуында болар. Қазіргі ұрпақтың өмір барысында айтарлықтай ештеңе

болмағанымен, болашақ ортақ тенденция көбірек теңдік жағына қарай бағытталғанға ұқсайды. Билік пен өкілеттікті шоғырландыру тұрғысынан алғанда қоғам сайып келгенде неғұрлым тығыз бола түскен жоқ, қайта неғұрлым орталықсыздандырылған және ерікті ассоциацияларға негізделген болып шықты. Бұл құбылыс үшін тағы да осы саладағы істердің абсолютті түрде емес, салыстырмалы түрде нашарлауының терминдеріндегі түсіндіру сұранып тұр. Ерекше жиі ауызға алынатын теріс ыңғайдағы символ “бюрократия” болып шықты, бұл сөз қатаң ережелер мен өкілеттіктердің көмегімен жасалатын қатаң орталықтандырылған бақылауды меңзейді. Біз мынаны көрсетуге тырыстық: іс жүзінде негізгі тенденция, бюрократия өз-өзінен өзгере қоймайтын болса да, оның өсуінде емес, ерікті ассоциациялар тұрпатындағы ұйымдарды дамытуда жатыр. Бірақ, кейбір ерекше сезімтал топтарда бюрократияның күшейіп бара жатқандығы түйсінілуде. Жақындағы АҚШ-тың «әскери-өнеркәсіптік кешенінің» атына жасалған айыптаулар толқыны да осы түйсінумен байланысты, ол, өз кезегінде, бостандықтар бұзылуда деген баршаны қамтыған түйсікпен қоңсылас; ең одағай бағдар ұстанатын топтарда бостандық саласындағы біз жоғарыда қорытындылаған жетістіктер іс жүзінде жоққа шығарылады. Мұндай нашарлау сезімін бастан өткеріп отырған адамдарда олар үшін ерекше мәнді оң ыңғайдағы екі символ бар. Біреуі – «қауым», ол, алғаусыз айтылып жүргеніндей, осы заманғы даму барысында сұмдық азып-тозуға ұшырады.176 Көрші қауымдар «жекешеленндіріліп» алынғаны және қатынастардың көптеген түрлері үлкен пошымдық ұйымдар деңгейіне көшкені көрсетіледі. Ал біз, өзінің ең теріс ыңғайдағы мағынасында да бюрократия өз жолындағының бәрін жайпап өту қаупін туғызбайтынын тағы да атап өтуге тиіспіз. Қоса кетейік, бұқаралық коммуникацияның бүкіл жүйесі Gemeіnschaft тұрпатындағы қоғамның кейбір қасиеттерінің қызметтік эквиваленті, және де

176 Пошымдардың бір түрі – «әлеуметтанушылық дәстүрдің» анық белгісі болып табылатын, әсіресе Р. Низбет суреттегеніндей, қауымдық құрылысты (Gemeіnschaft) аңсау. (Nіsbet R. The socіologіcal tradіtіon. N.Y.: Basіc Books, 1967).

индивидке өзінің өлшемдері мен қалауына сәйкес аралас-құраластыққа қатысуқатыспаудың бірін таңдап алу құқығын беретін эквивалент болып табылады. Екінші позитивтік символ «қатысу», әсіресе «қатысу демократиясы» формуласындағы қатысу болып табылады. Мұндай демократияның талаптары көбіне, арнайы техникалық мағынасындағы “өкімет” сөзі ең басты қалаулы объект болып көрінетін сықылды естіледі, алайда сол талаптардың бұлыңғырлығының өзі мұндай долбарды күмәнді етеді. Біздің ойымызша, бұл талаптар негізінен ынтымақтас топтардың мүшелігіне қосылу, толық «қабылдану» тілегінің тағы бір көрінісі болып табылады. Ал мұндай пиғылдар заңсыз биліктен жиіркену мен содан қорқыныш сезімдеріне қолданыла алатын секілді көрінеді. Ықыласты қатысудың қандай пошымы ұйымның тиімді қызмет етуі үшін қажет шарттармен дөп келетіндігі туралы мәселе өте күрделі, бірақ бұл арада шиеленіс түйіні жататыны даусыз болып көрінеді. Бәлкім, соңғы кезде барлық осы заманғы қоғамдарды қамтыған және, біз атап өткеніміздей, жаппай жоғарғы білім берудің дамуымен байланысты төтенше өткір студенттер толқулары ондай тәпсірлеуді біршама қуаттай алады. Бұл құбылыс осы арада талдау жасап жатуға өте күрделі, бірақ радикалдар студенттер көтерген барлық тақырыптар бүкіл қоғамда резонанс тудыратыны көп нірсені аңғартады. Оң ыңғайдағы да, теріс ыңғайдағы да салмағы бар пәрменді символ – билік; қоғамдағы «бұрыс» нәрсенің көп бөлігі «бұрыс» билік есебіне жатқызыла салады, ал «студенттер билік» ұсынылып отырған айығып кету құралдарының арасында көрнекті орын алады. Бюрократия және онымен байланысты нәрсенің бәрі «бұрыс» билікпен байланыстырылады. Оң ыңғайдағы жағынан «коммунаның» жаңа идеясына ғажайып дерлік жақсылықтар телінеді, коммуна жөнінде оған қатысу аспектісі ерекше атап көрсетіледі177. Алдыңғы баяндауларымызда біз осы заманғы қоғам үшін үш «революцияның» мәніне баса көңіл бөлдік. Олардың әрқайсысы шиеленістер мен жанжалдардың орталығы болып, іріп-шіріп бара жатқан әлеуметтік

177 Parsons T. , Platt G. M. Op. Cіt. P. 26.

құрылымның белгілі бір жақтарына да, революциялық өзгерістерге де қарсы радикалдық топтарды туғызып отырды. Мәселен, ерте демократиялық революциялардың ең көрнектісі Француз революциясы якобишілдерді, Руссо демократиясының «абсолютистерін» балалатты. Біршама кейінірек, өнер кәсіптік революция біз талай айтқан жанжалдарды туғызды, ал бұл белестегі радикалдар социалистер, әсіресе, олардың коммунистік қанаты болды. Сондай рөлді білім беру революциясында «жаңа солшылдар» қатарындағы радикал студенттер атқара бастады деп топшылау, біз алдымызда әлі қанша белестер тұрғанын білмесек те, тым әуейі пікір бола қоймайды. Қазіргі сәтте біз парадокс секілді бірдеңені байқап отырмыз. Революционерлер, кім-кіммен салыстырсаңыз да, өздеріңіз «бейморальдық» жүйелерін төңкеріп тастауға ұмтылатындарымен сіздердің ортақ құндылықтарыңыз бар дегенді, естуден ат-тонын ала қашады. Бірақ талдаудың негізіне алынған құндылықтар туралы түсініктерге орай, мынадай сұрақ қою әбден заңды: осы заманғы тұрпаттағы қоғамдардың, атап айтқанда Құрама Штаттардағы қоғамдардың құндылықтық үлгілеріне шынында да қамшы тасталды ма? XІX ғасырдың «либералдық-демократиялық» құндылықтарымен байланысты институттық жеңістердің енді шынында да мәні қалмағаны ма? Жаңа ұрпақ оларды қабылдамай ма? Бұған «жоқ» деп барынша айқын жауап беруге болады. Оларды теріске шығармайды, өз-өзінен солай болуға тиісті деп санайды. Бір жағынан, осы заманғы қоғам өзі ұстанатын құндылықтар биігіне көтеріле алмағаны, бұл кедейшілік пен нәсілдік кемсітушіліктің орын алып отырғанынан соғыстардың жалғасып жатқандығынан және империализмнен көрінетіні үшін айыптайды. Екінші жағынан, бұл құндылықтармен қанағаттанбау керек, мүлдем жаңа құндылықтарды енгізу керек деген бұлдыр ишаралар бар. Келесі белестер қандай болуға тиіс дегеннің анықтамаларын эгалитарлық құндылықтар үстем, және, бері салғанда, екі символ – қауым және қатысу символдары жіті бағыттарды, олардың нақты импликациялары едәуір бұлыңғыр болуы мүмкін екендігіне қарамастан, жіті бағыттарды көрсетеді. Осы

заманғы жүйе, әсіресе, Құрама Штаттардағы жүйе институтталу тұрғысындағы топтасудың бір белесін жаңа ғана аяқтаған секілді, бірақ бір мезгілде ол нобайын әлі анықтау қиын жаңа белестерге өтумен ілесе жүретін толқуды бастан өткеруде. Айдан анық болып көрінетін бір ғана нәрсе – социеталдық қоғамдастықтың осынау барлық ахуалдағы стратегиялық мәні. Бұдан бұрын айтқанымызай, бұл қоғамдастықтың ең маңызды белгілері күні кешелері ғана қалыптасты. Мұның үстіне, осы өзгерістердің басында Құрама Штаттар тұрды және олардың негізгі параметрлері барлық осы заманғы қоғамдарға таралады деп ойлауға барлық тіректер бар. Сондықтан сол параметрлерді біршама толығырақ суреттеу әбден орынды. Теңдік принципі баршаға ортақтық пен қорытылудың жаңа деңгейіне көтерілді. Негізінен тең мүшелерден тұратын социеталдық қоғамдастық, дін (плюралистік қоғамда), этностық тиесілілік, аймақ немесе тұратын жер, сондайақ әлеуметтік стратификациядағы тұқым қуалаушылық жағдай (бірінші кезекте аристократияға, бірақ сондай-ақ таптық статустың неғұрлым осы заманғы кейбір түрлеріне қатысты) сияқты мүшеліктің ежелгі, партикулярлықаскрипциялық негіздерінен қашықтаудың ұзақ процесінің «соңғы станциясы» секілді көрінеді. Теңдіктің бұл базистік сарыны өте ертеде пайда болған, бірақ алғаш рет «жаратылыстық құқықтар» туралы түсінік түрінде Ағарту кезеңінде анық айқындалып, американ конституциясына енген Құқықтар туралы биллде ерекше маңызды етіп көрсетілді. Билль ұзақ уақыттан кейін жарылатын өзіндік бір бомба болып шықты, өйткені оның кейбір салдарлары, ол қабылданғаннан көп кейін, барынша шырғалаңды түрінде Жоғарғы соттың, одан да кең органдардың қимылында көрінді. Кедейшілік пен нәсілдік кемсітушілікке Құрама Штаттардағы бүгінгі назар көп жағынан, осы заманғы қоғамда кейбір топтар тарапынан осы заманғы эгалитаризмге қарсы даурықпа наразылыққа қарамастан төменгі нәсіл туралы идеяны былай қойғанда, дауасыз «ең төмен» тап туралы идея туындататын терең моральдық жиіркеніш сезіміне қарыздар.

Кеңінен тілге тиек болып жүрген кейбір радикалдық идеологиялар шынайы теңдік барлық иерархиялық статустық айырмашылықтарды толық жоюды талап ететін секілді. Мінсіз «қоғамдастықтың» мұндай нұсқасы көптеген ғасырлар барысында бетке қалқып шығып отырды. Алайда, шын институтталуына әйтеуір бір жақындатудың барлық әрекеттері әрдайым шағын ауқымда жүзеге асырылып отырды және көбінесе ғұмыры қысқа болды. Бұл бағытта тым күшеншек қозғалыс осы заманғы қоғамдардың құқық, базар, пәрменді мемлекет, сияқты ірі ауқымды институттарын, сондай-ақ білікті шығармашылық қызмет пен озық білімді қолдану ісін мықтап бүлдіретін секілді көрінеді. Ол бәрінен бұрын қоғамды шын мәніндегі «қарабайыр» көптеген шағын қауымдарға бытыратып жіберер еді. Социеталдық дамудың негізгі арнасы қазіргі кезде стратификацияның елеулі жаңа үлгісіне қарай бағытталған. Заңдастырылған теңсіздіктің бастапқы тарихи негіздері, бұған дейін айтқанымыздай, аскрипциялық негіздер болды. Жаңа эгалитаризмнің құндылықтық негізі өзінің заңдылығының басқаша негізделуіне мұқтаж болатын. Жаңа үлгі жүйе ретінде қарастырылатын қоғам үшін қызметтік үлгі болуға тиіс. Білім берудің жарыс түріндегі процесінің әрқилы нәтижелері, осылайша, қоғамның жоғары білікті адамдар қызметіне мүдделілігі арқылы заңдастырылуға тиіс, бұл орайда мұндай жоғары біліктілік, бері салғанда туа біткен қабілеттің және «жақсы даярлықтың» салдары болып табылады. Қоғам сондай-ақ жоғары экономикалық өнімділікке де мүдделі, бірақ, оны өндіруге қатысатын әрбір индивид немесе ұжым бірдей нәтижелі болады деген жорамалды күн ілгері серпіп тастап, ол өзінің ең нәтижелі мүшелеріне көрсетілетін арнайы марапатты көздеуге мәжбүр болады. Дәл сол секілді, үлкен де күрделі ұжымдарға тиімді ұйым қажет, оның алғашқы факторларының бірі бедел мен билікті институттандыру болып табылады, бұл орайда теңсіздік жасайтын ахуал – биліктің салыстырмалы «шоғырландырылу» ахуалы пайда болады. Мәністік теңдіктің құндылықтық императиві мен біліктіліктің, өнімділіктің және ұжымдық тиімділіктің қызметтік талаптарының арасында татуласудың екі

тәсілі бар, – соның бәрі, әлбетте, әлеуметтік құрылымның нақты секторларында тоқайласады. Бірінші тәсіл есеп беруді институттандыру, оның ең белгілі көрінісі сайланатын мансап иелерінің өз электоратына беретін есебі. Кейбір қызметтерді, жетімсіз түрде болса да, экономикалық базарлар сондай-ақ ғылым, еркін мамандықтар дүниесіндегі және кейбір басқа «фидуциарлық» органдардағы біліктілікті куәлендіру механизмдері атқарады. Екінші тәсіл – мүмкіндік теңдігін институттандыру, бұл бірде-бір азамат, бізге белгілі аскрипциялық нышандар (нәсіл, әлеуметтік тиесілілік, дін, ұлт және т.т.) бойынша тиімді қызмет ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін (медициналық көмек алу және білім беру) қызметке (жұмысқа алу) немесе жағдайға еркін қол жеткізуден тыс қалмау үшін істеледі. Бұл мұрат толық іске асырылу аулынан өте алыс, алайда мүмкіндіктер теңдігі демократияға «пародиядан» басқа ештеңе емес деген бүгінде барынша кең таралған пікір, шындап келгенде бұл проблеманың өсе түскен байыптылығын көрсетеді. Бұрын «ең төмен таптар» немесе басқа аскрипциялық негіздер бойынша жәбірленген адамдар, «жақсылар» ие болып отырған артықшылықтар «бізге емес» деп жазмыш ретінде қабылдап, наразылық білдірмейтін. Сондықтан наразылық күші «жамандық» көлемінен туындайтын қарапайым қызмет емес. Бір жағынан теңдікке құндылықтық нұсқау мен, екінші жағынан, қызметтік тиімділікке орай туындайтын теңсіздік арасында тепе-теңдікке ұмтылыс осы заманғы қоғамдарда күрделі кірігушілік проблемаларын ілестіре жүреді, өйткені иерархиялық заңдастырудың көптеген тарихи тұғырлары жойылып кеткен. Бұл қиындық тағы, проблема қоғам өмірінің нақты бір өрісіне ғана емес, көптеген әртүрлі басқаларына да тән болғандықтан тереңдей түседі. Қызметтік теңсіздіктің көптеген көздері бар; «біліктілік», «экономикалық өнімділік» және «ұжымдық тиімділік» нышандары бойынша топтастырып жіктеу есепке алудың тек қарабайыр нүктелерін береді. Жоғары плюралистік әлеуметтік жүйеге ерекше артықшылықтарға дәменің теңдік принципімен кірігуі ғана емес, ерекше артықшылықтарға дәменің сан алуан түрлерінің кірігуі де қажет.

Мұндай кірігу қалыптасып келе жатқан стратификация институттарының ұйтқысын құрайды. Біздің пікірімз бойынша, бізге мұра болып қалған, стратификацияның осы заманғы жүйесін баяндап беруге дәмететін формулалардың бірде-бірі қанағаттандыра алмайды. Әрине ерекше және барған сайын сирек кездесетін жағдайларды ескермесек, этностық тиесілілк оның негізі болып табылмайды. Сондай-ақ бұрынғы мағынасындағы аристократия да, маркстік мағынадағы тап та ондай негіз бола алмайды. Ол әлі де жеткілікті шамада дамымаған және өте жаңа. Социеталдық қоғамдастықтың мұндай кірігуі арнайы механизмдерге тәуелді болуға тиіс. Олар негізінен, тек белгілі бір топтар ғана емес, ұжымда сыйлы мансаптарды қоса, сол топтар алатын статустар көпшілік мойындаған абыройға қалай ие болатынына қатысты. Ондай топтар мен статустардың абыройы тек әлдене бір ғана позицияның негізінде емес, байлық, саяси билік немесе тіпті «моральдық бедел» сияқты факторлардың әрқилы комбинацияларының негізінде белгіленуі маңызды. Біз абыройды «коммуникациялық торап» деп анықтаймыз, социеталдық қоғамдастықтың кірігуі үшін өзекті факторлар сол арқылы бағаланады, теңдестіріледі және ықпал деп аталатын «өнімге» кірігеді. Қоғамдастықтың қандай да бір бірлігінің немесе осындай бірліктер топтарының ықпалын жүзеге асыру өзге бірліктерді, құқықтар мен міндеттерді бөлуді, оларды орындалуына үмітті, ортақ іске қосқан үлеске қарай марапаттауды негіздеу жолымен белгілі бір консенсусқа жетелеуге жәрдемдесе алады. Қарастырудың бұл деңгейіндегі ортақ іс – қоғамдастық болып табылатын қоғамның мүддесі үшін тындырылатын іс. Социеталдық қоғамдастыққа тұтас алғанда осы кітапты және ішінара алғанда осы тарауды сипаттайтын шоғырлануды құндылықтар өз әулетінде, ал әдетте кез-келген осындай нақты қоғамдастық шеңберінен іс жүзінде шығып кететіндігін де мойындаумен теңдестіру керек. Бұл – кітапта неліктен тек бір қоғам туралы емес, осы заманғы қоғамдар жүйесі жайында айтылғандығының себептерінің бірі. Құрама Штаттардың социеталдық қоғамын өзгерткен және оны одан әрі өзгерте түсетіндігіне уәде беретін күштер мен процестер осы бір

қоғамға ғана тән емес, барлық жаңғырған және «жаңғырып жатқан» жүйелерге өзек болып отыр. Өздерінің нәсілдік проблемалары жоқ еуропалық қоғамдарды, олар американдарға қара нәсілділер жөніндегі немқұрайдылық үшін кінә тағуға хақылымыз деп сезінетін кезде, немесе шағын тәуелсіз елдерді, олар «империализм» жайында бақырып-шақыра бастайтын кезде, тек осынау позиция тұрғысынан ғана түсінуге болады. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, барлық осы заманғы қоғамдарға ортақ құндылықтар жүйесін, ол стратификация тұрғысынан ілестіре келетін барлық нәрсені қоса, институттандыру туралы мәселе шешуші маңызға ие болады. Шиеленіс пен жанжалдың, демек қазіргі ахуалдағы шығармашылық жаңалықтардың басты өзегі XІX ғасырдан келе жатқан капитализм мен социализмнің бетпе-бет тұруы мағынасындағы экономикада емес; ол билікті «әділетті» бөлу проблемасы мағынасында саясатта да жоқ; рас, бұл екі жанжал да жойылып біткен жоқ. Бүгінде білім берудегі революция тудырған мәдени проблемалар әлдеқайда өзекті. Бірақ көп нәрсе боранның кіндігі социеталдық қоғамда екенін көрсетеді. Бір жағынан, мұрагерлік артықшылықтар, этностық және таптық тиесіліліктер сияқты көптеген бұрынғы құндылықтар салыстырмалы түрде ескірді. Екінші жағынан, қоғамдастықтың нормативтік құрылымының (өзінің негізгі белгілерінде толық аяқталған болып көрінетін) ынтымақтың сарындық негізімен (әлі де едәуір проблемалы күйінде қалып отырған) кірігуі проблемалары шешімін таппай отыр. Кіріктіруші институт деп түсінілетін жаңа социеталдық қоғамдастық біздің интеллектуалдық дәстүрімізде дағдылы деңгейден басқаша қызмет етуге тиіс; ол саяси билік, байлық және оларды тудыратын факторлар билеп-төстейтін шектен шығып, құндылыққа тиесілілік және ықпал механизмдерінің деңгейіне көтерілуге тиіс.

“Т. Парсонс. Система современных обществ.
Москва, 1998” басылымынан қазақшалағанг Қамажан
Жұмақасова.

Толкот Парсонс

ӨЗГЕРІСТІҢ ҚЫЗМЕТТІК ТЕОРИЯСЫ

Егер мен қорытудың ең жоғарғы деңгейімен шектелмесем, бұл тақырып шағын мақалада талдау үшін тым ауқымды болар еді. Сондықтан, әлеуметтік жүйедегі өзгерістің басты тұрпатына тоқталғым келеді, ол тұрпат бәрінен де организмнің өсу процесіне ұқсас. Бұл арада әдетте жүйе «ауқымдылығының» сан жағынан өсуінің элементі ғана емес (мұның әлеуметтік дүние саласындағы мысалы халық санының ұлғаюы бола алады), сондай-ақ сапалық, немесе

құрылымдық өзгеріс үшін маңызды нәрселер де қарастырыла алады. Мен екінші тұрпаттағы өзгерістер түрлерінің біріне, атап айтқанда құрылымдық жіктелу процесіне және оған ілесе жүретін жіктелген бөлшектерді кіріктіретін стандарттар мен механиздердің дамуына тоқталғым келеді. Ғылымның маңызды канондарының бірі – барлығын бірден зерттеу мүмкін емес. Ғылымда қорытудың негізі өзгеріс үрдісінің байланыстылығын көрсетуден тұратындықтан, бақыланатын құбылыстың өзгеретін белгілері мен тиесілі кеңістіктік-уақыттық шектеулер тұсында өзгермейтін белгілерінің арасында айырмашылық әрдайым болады. Егер өзгермейтіндіктің өзгеретіндерді салғастыратын тиісті өлешмі болмаса, онда өзгерістің өзіндік ерекше белгілерін де анықтау мүмкін емес. Құрылым ұғымы мен үшін осы негізгі қағиданың қысқарған көрінісі болып табылады. Жүйе құрылымы компоненттер мен олардың қатынастарының немесе комбинацияларының жекелеген талдаушылық мақсатта логикалық және эмпириялық тұрғыдан константты ретінде тәпсірлене алатын қасиеттерінің тізбегі болып табылады. Алайда егер бір тұрпаттағы жүйенің сондай тұрақты элементтері басқа тұрпаттағы элементтердің өзгерістерін түсіну үшін пайдалы болатындығы шүбәсіз эмпириялық жолмен қуатталса, онда мұндай амалсыз методологиялық жол беру, ал ол және оның эмпириялық тұрақтылық шекарасы туралы қағида эмпириялық қорыту болып шығады да, олардың маңыздылығы солардың қозғалғыштығының дәрежесіне тәуелді болады. Сондықтан кез-келген жүйені, бір жағынан, құрылым ретінде, яғни тұрақты қасиеттері бар бірліктер немесе компоненттер қатары ретінде (олар, әрине, қатынастық та бола алады), екінші жағынан, бірліктер арасындағы кейбір қасиеттер мен қатынастарды өзгерте отырып, барысында «бірдеңе болатын» оқиғалар, процестер ретінде елестетуге болады. Тұрақтылықтың аталмыш ұғымы бұл арада құрылымның анықтаушы сипаттамасы ретінде пайдаланылып отыр. Осы мағынада бұл терминді бүтін ретінде жүйе немесе сондай жүйенің біршама кіші жүйесі сипатталатын «құрылым» терминінен айырып қарау керек. Осында қабылданған

мағынасында «тұрақтылық» термині неғұрлым өзіндік ерекше тұрақты тепетеңдік ұғымына эквивалентті, ол тепе-теңдік басқаша алғанда статикалық та, жылжымалылы да бола алады. Егер жүйенің құрылымы мен оның ішінде болып жатқан процесттердің арасында, және жүйе мен оның айналасы арасындағы қатынас біз құрылым деп атаған қасиеттер және қатынастар өзгермейтін болса, жүйе тұрақты немесе салыстырмалы тепе-теңдікте болғаны. Жалпылап айтсақ, динамикалық жүйелерде тепе-теңдікті бұлай ұстап тұру тым тереңдеп кетсе құрылымды өзгертуге апарып соқтыра алатын экзогендік те, эндогендік те өзгерістерді «бейтараптандыратын» ұдайы өзгеріп тұратын процестерге тәуелді. Бұл мағынадағы тепе-теңдіктің классикалық мысалы сүтқоректілер мен құстардың дене қызуын тұрақты қалыпқа жақын ұстауы болып табылады... Тұрақты және тепе-тең процестерге қарама-қарсы процестер, құрылымдық өзгерістер тудыратын процестер болып табылады. Мұндай процестер бар, және қазір бәрінен көп қызықтыратын да дәл солар. Мәселен, тіпті жеке элемент атомының массасы есеп жүргізе бастаудың тұрақты құрылымдық нүктесінің қызметін атқаратын физикада да, соңғы ашылған жаңалықтар өзгеріс принципін мойындауға жетелейді, соған сәйкес «атомдық ұқсастықтың» бір құрылымдары ыдырау мен синтез арқылы бас құрылымдарға айналады. Құрылым және процесс, тұрақтылық және өзгергіштік ұғымдарын талдаушылық тұрғыдан айыра білуді ұмытпаудың маңыздылығының себебі жұптағы бір нәрсені екіншісінен артық көруде емес, ғылыми талдаудың реттелген процедурасының талаптарында жатыр. Маған ұғымдардың осынау екі жұбының арасындағы айырмашылық жүйелік жатқызу деңгейіндегі айырмашылық секілді көрінеді. Жүйе мен оның төңірегінің құрылымын жүйенің ішіндегі процестерден және жүйе мен оның төңірегінің арасындағы өзара алмасу процестерінен ажырата білу керек. Жүйенің тұрақтылығын ішкі құрылымдар мен механизмдер арқылы да, оның төңірегімен өзара алмасуы арқылы да қолдап отыратын процестер бар. Жүйенің тепе-теңдік қалпын қолдап отыратын мұндай процестерді құрылым мен неғұрлым «элементтер» процестер арасындағы көрсетілген балансты жүйенің...

жаңа ахуалына, құрылымның өзгерістерін бекітетін терминдерде баяндалуға тиіс ахуалға жетелейтіндей етіп өзгертетін өзге процестерден айыра білу керек. Әрине, бұл айыру салыстырмалы, бірақ бұл салыстырмалылықтың елеуле ді реттеуші сипаты бар. Мұнымен мен мынаны айтқым келеді: теориялық талдаудың кез-келген жеткілікті дамыған деңгейі үшін үздіксіз өзгерістер проблемасын қарастыруға болатын жүйелі байланысқан бері салғанда екі перспектива бар. Осынау пайымдаулар әлеуметтік жүйелердегі өзгерістерді талдау кезінде мен көмегіне сүенгім келетін көзқарастың негізін құрайды. Менің жаңа ғана тұрақтылыққа қарсы қойылған өзгерістер тұрпатын талқылауға әрекет жасап көргім келер еді. Сондықтан, мынадай топшылау жасалады: тепе-теңдік ұғымы әбден релевантты болатын, әуелі ішкі тепе-теңдікті бұзатын, содан кейін жүйені сол ахуал арқылы жаңа тепе-теңдік ахуалына әкелетін өзгерістер процесін бастан өткеретін жүйелер немесе жүйелер тізбегі бар... Әлеуметтік жүйелер құрылымы туралы мәселеден бастаймыз да, оны қарастырудың пошымдық та, мазмұндық та деңгейлерін енгіземіз. Пошымдық деңгейдің мәні мынада: кез-келген эмпиристік жүйе 1) бөлшек немесе жасуша ретіндегі бірліктен, және 2) сол бірліктер арасындағы салыстырмалы арақашықтық, тканьдар мен органдарға «ұйымдасу» секілді стандартталған қатынастардан тұрады деп қарастырыла алады. Әлеуметтік жүйеде ең кіші бірлік қатысатын индивидуалдық қайраткердің рөлі болып табылады (немесе, қажет десеңіз, статус-рөл), ал ең кіші қатынас – әрбір қатысушы белгілі бір шамада басқаларға қарап қимылдайтын қайраткер ретінде қарекет жасайтын, және, керісінше, әркім барлық басқалар үшін объект болып табылатын кездегі стандартталған ықпалдастық. Әлеуметтік жүйелердің неғұрлым жоғары деңгейдегі бірліктері ұжымдар, яғни рөлдерді көптеген индивидтердің атқаруымен сипатталатын ұйымдасқан қарекеттер жүйесі болып табылады. Бәлкім, әңгіме қайраткерлер хақында өрбігенде бірліктер туралы бағдар бірліктері ретінде, объектілер қарастырылған кезде модальдылық бірліктері туралы айтқан жөн болар.

Әлеуметтік құрылымда стандартталған қатынас элементі ішінара нормативті болып табылады. Бұл – бірлік көзқарасы тұрғысынан алғанда, осынау қатынас сол бірліктің мінез-құлқы жөніндегі жарайтын-жарамайтын, дұрыс-бұрыс арқауы бойынша бірқатар үміттерді қамтиды. Осынау жатқызылатын бірлік өзара ықпалдастықта болатын өзге бірліктер позициясынан қарағанда бұл бірқатар стандарттар болып шығады да, оң ыңғайдағы немесе теріс ыңғайдағы санкциялар соларға сәйкес заңдастырыла алады. Бірліктер деңгейінде рөл мен ұжымды айыра білуге байланысты қатынастық стандарт деңгейінде норма мен құндылық арасындағы айыру белгіленеді. Құндылық – нормативтік стандарт, ол жүйенің төңірегі жөнінде бірліктердің қызметін немесе олардың жеке ахуалын жіктеместен сол жүйе қалайтын мінез-құлқын анықтайды. Норма өз кезегінде бірлік немесе бірліктер табы үшін қалайтын мінез-құлықты бірліктердің басқа табымен байланысты тіндерде бөліп алынған өзіндік ерекше тіндерде анықтайтын стандарт болып табылады. Қатынастық стандарттар нормативтік болып табылатын туралы қағида олар институтталған нормативтік мәдениеттен тұрады деген сөз. Нақ сол қағида бірліктердің өздеріне де таратылған. Егер жатқызылудың бір деңгейіндегі бірлік өзге деңгейде жүйеге айналатынын көрсетсек бұл айқын болады. Сондықтан, біз бір деңгейдегі бірліктің құрылымдық қасиеті деп атайтын нәрсе келесі деңгейде қатынастарды реттейтін қатынастық стандарт болып шығады. Өз кезегінде қатынастық стандарттар сол деңгейді құрайтын неғұрлым ұсақ бірліктердің қасиеттерін көрсетеді. Неғұрлым кең мағынада алғанда әлеуметтік жүйелердің құрылымы жалпы алғанда нормативтік

мәдениеттің институтталған стандарттарынан тұрады деген тұжырым сондықтан әділетті. Әрине, бұдан әрі мынаны ұмытпау маңызды: бұл стандарттар ұйымдастырудың әртүрлі екі деңгейінде қарастырылуға тиіс, оларды біз бірліктер деңгейі және сол бірліктер арасындағы стандартталған қатынастар деңгейі деп атаймыз. Енді жоғарыда талқыланған тұрақты жүйе парадигмасына оралайық. Бұл – жүйедегі процесс, кіру және шығуды өзара алмасудың бір жағынан жүйедегі

бірліктер (кіші жүйелер) арасындағы, екінші жағынан, өздерінің бірліктері арқылы жүйе мен төңірегі арасындағы процесс ретінде түсініле алады. Бірліктер таптарының барлық жұптарының арасында қатынастың ішкі немесе сыртқы екендігіне қарамастан, одай кіру және шығудың біршама “ағысы” бар. Мен қатынасты басқаратын өлшемдік стандарт деп атайтын нәрсені осы ағыстың реттеушісі ретінде қарастыруға болады. Кіру және шығу қозғалысында тұрақты өзара алмасуды жүзеге асыру үшін, бір жағынан, белгілі икемділік сақталуға тиіс, екінші жағынан осы процесті белгілі бір шекарада ұстап тұратын арнаның белгілі бір механизмдері болуға тиіс. Классикалық мысал – “құнды” заттар, атап айтқанда тауар, қызмет, ақша айырбасы, бұл базар процесінің мазмұнын құрайды. Бұл арада нормативтік стандарт ақшаны, сондай-ақ келісімшарт нормалары мен меншіктің ақшадан өзге қырларын анықтайтын, Дюркгеймде келісімшарттың шартқа енбейтін элементтері туралы белгілі тіркеспен білдірілген тнститутталу стандарттары болып табылады. Базар жүйесінің тепе-теңдігі осы ағыстар деңгейінің аумалытөкпелілік шекараларын әу бастан берілген бірқатар шарттарға сәйкес ұстап отыруға тәуелді. Бұл мағынада базар жүйесі құрылымының тұрақтылығы, екінші жағынан, институттардың нормативтік стандарттық жүйесінің тұрақтылығының нәтижесі болып табылады. Әрі кеттік. Институттық кешендердің тұрақтылығы деп біз нені түсінеміз? Біріншіден, әрине, нормативтік стандарттардың өзінің тұрақтылығы. Бір ғана «норма» термині, әсіресе ол «ереже» терминіне теңестірілсе, тегінде, өте тар болар, өйткені ол бір ғана сөзбен баяндауға жол беретін қарапайымдылық деңгейін меңзейді, ал мұның меншік және келісімшарт жөнінде әбес екендігі күнілегрі белгілі. Екіншіден, тұрақтылық қарекет жасайтын бірліктердің белгілі бір ішкі міндеттемелермен байланыстылығының ең төменгі деңгейін, яғни олардың белгілі бір үміттерге сәйкес келетін қарекеттерге жасауға (олардан жалтаруын немесе оларға қарсылық жасауын емес) бейім тұруын және басқа бірліктерге олардың күтілетін қарекетіне, жалтаруына немесе қарсылық білдіруіне қарай оң не теріс ыңғайдағы тиісті санкция қолдануын меңзейді.

Үшіншіден, институттандыру эмпиристік және барша бірдей түсінетін «жағдайдың анықталуын» жатқызылу жүйесі дегеніміз не болып табылатынын түсіну мағынасында қабылдануын меңзейді; жағдайды осынау анықтау идеологиялық тұрғыдан сұмдық бұрмаланып, қызмет ету атаулы мүмкін болмай шығуы әбден ықтимал. Ақыр соңында, институттандыру дегеніңіз жеке нормативтік кешеннің жүйені жалпы нормативтік деңгейде басқаратын неғұрлым ортақ кешенге кірігуінің біршама тәртібі дегенді білдіреді. Мәселен, «жеке, бірақ тең» доктринасы «баршаға бірдей қатынас» деген конституциялық принцип негізінде тұжырымдалған конституциялық құқықтардың американдық жүйесінің өзге бөліктерімен нашар кірігетін болып шықты. 1954 жылы Жоғарғы сот қабылдаған шешім институтталған кірігуге қарай жасалған қадам болды немесе, қалай десек те, бұл сот алдында тұрған аса маңызды проблема еді деуге болады.

Өзгерістің эндогенді және экзогенді көздері

Тұрақты тепе-теңдік ұғымы мынаны көздейді: кіріктірушілік механизмдердің көмегімен эндогенді өзгерістер негізгі құрылымдық сипаттарға сәйкес келетін белгілі бір шекарада ұстап тұрылады, ал бейімделушілік механизмдердің көмегімен орта мен жүйе арасындағы қатынастардағы толқымалылық сондай шекараларда ұстап тұрылады. Егер біз тұрақты тепетеңдікке инерция принципі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда осынау тұрақты ахуалдағы өзгерісті тек тұрақтандырушы және теңдестіруші күштер мен механизмдерді еңсере алатын жеткілікті қуатты бүлдіргіш күштерді елестетіп қана түсіндіруге болады. Біз осынау өлшемдерге сай келетін шайқалтқыш қарекетті байқаған бойда біздің алдымыздан көлденеңдейтін келесі проблема осынау шайқалтудың жүйеге ықпалын қадағалай отырып жаңа тұрақты ахуал

болжануы немесе (ретроспектива түрінде) түсіндірілуі мүмкін болатын шарттарды анықтау. Мұндай өзгерістер принципінде эндогенді де, экзогенді де, немесе бір мезгілде осының екеуі де болуы мүмкін, бірақ мәселені шешу кезінде мынаны ұмытпау маңызды: мен түсінігін қатаң талдаушылық мағынадағы «әлеуметтік жүйе» ұғымымен істес болып отырмын. Сондықтан, әлеуметтік жүйе мүшелерінің жеке өзінен, «олардың негізінде жатқан» мінез-құлықтық организмдерден, немесе мәдени жүйелерден бастау алатын өзгерістер экзогендік өзгерістер ретінде топтастырып жіктелуге тиіс кәдуілгің естілік тұрғысынан ондай өзгерістерге тек физикалық ортада (басқа организмдер мен тіршілік иелерін қоса) және, бәлкім, «жаратылыстан тыс» салада болатын өзгерістерді ғана жатқызуға болатын секілді көрінегнімен солай етілуге тиіс. Қарекеттің ортақ жүйесін талдау үшін мен басқа авторлармен бірге қолданған пошымдық парадигма мынаны көрсетеді: біріншіден, әлеуметтік жүйеге экзогенді ықпалдың ең маңызды тікелей арналары мәдени және тұлғалық жүйелерде болады және, екіншіден, олардың ықпал ету тәсілдері әр алуан. Мәдени жүйенің тікелей ықпалы ең алдымен эмпиристік білімді аккумуляциялаумен байланысты, демек, білім әлеуметтануының проблематикасына жатады. Бұл қаншалықты маңызды болғанымен, орын шектеулі болғандықтан, мен бұл арада оны қозғамай, тек әлеуметтік жүйе мен кісі арасындағы шекаралық өзара алмасуын ғана қарастырамын. Әлеуметтік жүйе мен кісі арасындағы шекараның ерекше маңызды болуының қос себебі бар. Барынша тікелей түрінде бұл өзара алмасу аналитикалық-психологиялық мағынада индивидтің «сарынымен», демек, оның «қанағаттану» немесе – теріс ыңғайда – фрустрациясы деңгейімен байланысты. Бірақ ең қызық жанама сәт мынада: әлеуметтік жүйенің біз институтталған құндылықтар деп атайтын ең маңызды құрылымдық компоненті, оның индивид тұлғасында интерналдануы арқылы институтталған. Кейбір мағынада әлеуметтік жүйе құндылықтардың мәдени статусы мен кісінің кірігуі үшін олардың маңызының арасына “сыйғызылған”.

Мәдени құндылықтар мен кісілердің тәуелсіз өзгермелілігін талдау проблемасы бұл мақаланың шеңберінен тыс жатыр. Тек, харизматикалық инновация секілді проблема ғана осы рубрикаға ішінара сәйкес келіп қалар деп топшылауға болады. Алайда, кісі мен мәдениеттің салыстырмалы тұрақтылықтылығы бар екендігіне сүйеніп біз былай топшылай аламыз: типтік индивидтің тұлғасында тұрақты нәрсе деп қарастырылатын, біз құндылықтық және сарындаушы нұсқаулардың кіріккен бірлігі (commіtments) деп атай алатын бірдеңе бар, және бұл бірлік өз кезегінде кез-келген рөлдің, яғни индивидуалдық қайраткерлердің тиісті табының экспектациялары жиынтығының бағдарланушылық компонентінің анықтаушы факторы деп санала алады. Бұл тұтас қоғамды талдағанда да, оның кіші жүйелерін таладғанда да ақиқат. Бұдан шығатыны, нақты өзгеріс процесін талдау мақсаты үшін институтталған құндылықтар тұрақты құндылықтар ретінде қарастырылуға тиіс. Мен сондай-ақ мынаған сүйенеміз: қарекет жасайтын бірліктер табының өз ахуалы объектілеріне қатысын анықтайтын нормативтік стандарттар құрылымы да әу бастан берілген нәрсе болып табылады, бірақ сонымен қатар бұл құрылым бірінші тәуелсіз өзгергіш те болып табылады. Сондықтан проблема осынау нормативтік құрылымдағы, институттардағы өзгерістер процесін түсіндіруде жатыр. Осылайша, обьектілердің модальдылығы өзгерістер пайда болатын аймақ ретінде көрінеді. Сондықтан мен әлеуметтік жүйенің өзінің төңірегіне қатынасындағы өзгерісті даусыз қабылдаймын, олар әуелі бірліктердің ішінде қарекет жасайтын бір немесе бірнеше топтардың ахуалды анықтаудағы өзгерістерінен көрінеді, содан кейін ол нормативтік институтталған стандарттарға оларды өзгерту жағына қарай қысым жасай бастай. Осынау мен баяндап отырған қысым тұрпаты жіктеумен байланысты.

Жіктеу үлгісі

Осы алдын ала ескертулерді есте сақтай отырып, жіктеу циклының негізгі белестерін ең жалпылама терминдерде нобайлауға, ал содан кейін отбасылық шаруашылық ұяларынан өндірістік ұжымдардың бөлініп шығуын талдап беруге тырысып көрелік. Біз жіктелу процесін бастан өткеріп жатқан әлеуметтік жүйенің мақсатқа жетуі саласына қосатын үлесі жеткіліксіз болатынын даусыз мойындаудан бастай аламыз. Мұндай жүйенің мысалы бір мезгілде өндірістік қызметті де орындайтын жіктелмеген отбасы бола алады. Қызметтік тұрғыдан алғанда былай деуге болады: мақсатқа жетудегі немесе соған байланысқан экспектацияларды атқарудағы оның қабілеттерінің «фрустрациясы» сол үшін маңызды екі деңгейдің бірінде: не оның өндірісі деңгейінде, не кейіннен «резидуалдық» отбасының қызметіне айналатын нәрсені, атап айтқанда кісімүшелерді әлеуметтендіру мен реттеуді атқарудағы тиімділік деңгейінде шоғырлана алады. Екіншіден, бұл отбасы мен қоғамдағы басқа кіші жүйелер арасындағы шекараға қатысты. Бұл арада маңызды шекаралық ұғымдар – еңбек және тауар базарлары ұғымдары, сондай-ақ аталмыш бірлікің қоғамдағы позициясын идеологиялық «негіздеу» ұғымы, оның діни реңкті қабылдауы да, қабылдамауы да мүмкін. Бірақ осының бәрінің ту сыртында кісінің әлеуметтік жүйеге неғұрлым ортақ деңгейдегі қосатын үлесі проблемасы тұр; аталмыш жағдайда бұл ерекше маңызды сипатта болатыны айдан анық, өйткені ересек кісі үшін социеталдық қызметті орындаудағы ең маңызды міндеттемелер отбасылық және кәсіптік рөлдерде шоғырланған. Үшіншіден, фрустрацияның осынау екі компоненті арасында, атап айтқанда құралдар мен марапаттау (өндірістік қызметпен байланысты) қатынасындағы фрустрация және экспектациялық жүйелердің (индивидтерді әлеуметтендіру қызметімен байланысты) нормативтік қырларына байланысты фрустрация арасында біршама тепе-теңдік орын алады. Осы соңғы компонент жіктелуге жетелйтін процестің мүлдем қажетті шарты болып табылады.

Осы үш айырмашылықтың күрделілігі еңсерілмейтіндей болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде қиыншылықтар соншалық зор емес. Үшінші айырмашылық ең маңыздысы, өйткені бұл арадағы әңгіме нормативтік компонент хақында болып отыр. Қалған екі айырмашылық жүйедегі өзгерістің экзогенді және эндогенді көздерімен байланысты: белгілі бір әлеуметтік жүйеде атқаратын кісілер басқа әлеуметтік жүйелермен өздерінің ықпалдастығы арқылы емес, жүйеге «төте» ықпал етеді. Бұл арадағы ең маңызды пункт мынада: шайқалтудың қайнар көзі қандай болмасын, егер ол әлеуметтік жүйенің мақсатқа жету кіші жүйесіне қатысты болса, онда оның нәтижесі әуелі екі бағытта байқалады. Олардың біреуі бастапқы қызметтерді орындауға мүмкіндік беретін құралдарға қол жеткізудің қызметтік проблемасымен, атап айтқанда қандай құралдарға қол жетеді және олар қандай жағдайда жарамды болады деген проблемамен байланысты. Еінші бағыт жүйенің ішінде аталмыш бірлік алатын кірігушілік қолдау түріне қатысты, бұл біз кейде біреудің әлдене істі жасауға «мандаты бар» деген мағынадағы қолдау. Осының барлығының ту сыртында бақылаудың неғұрлым жоғары деңгейінде бірліктердің қызмет атқаруының «ортақ заңдастырылуы» тұр. Қолдау бұл жағдайда әрбір бірлік немесе бірліктер тобы үшін нақтыланған заңдастырулар деп анықтала алады. Керісінше, заңдастырылу жедел ережелерден гөрі, қызметке көбірек қатысты болады. Осы үш проблема бақылау иерархиясында тоқайластырылады. Олардың біріншісі бейімделу проблемасы, және ол егер біз басқаларының шешілуіне алғышарт жасалуын қалайтын болсақ, ең алдымен шешілуге тиіс неғұрлым төмен деңгейде біз «шешім» деп отырған нәрсе, неғұрлым жоғары деңгейде қызмет еткенде шарт рөлін атқарады. Осылай түсінілген шарт әрдайым қос түзілім түрінде, бір деңгей үшін ол ресурс ретінде (кибернетикалық мағынада), ал екіншісі үшін нормативтік бақылаушы “механизм” немесе стандарт ретінде көрінеді. Бұл арада басқа, белгілі әлеуметтанушылық ұғымды, атап айтсақ “аскрипция” ұғымын енгізу керек. Аскрипция дегеніміз, ышндап келгенде, бір

ғана құрылымдық бірліктегі тәуелсіз қызметтердің қорытпасы. Осы көзқарас тұрғысында, жіктелу аскрипциялық құбылыстардан «азаттық алу» процесі болып табылады. Осылай түсінсек, бұл белгілі бір шектеулерден «бостандыққа» қол жеткізу процесі. Бірақ бұл сондай-ақ нормативтік тәртіпке қосылу процесі, ол тәртіп енді тәуелсіз болып шыққан бірліктерді өздері бөлшегі болып табылатын неғұрлым кең жүйенің қызметтік талаптарымен сәйкес келетін нормативтік бақылаудың белгілі бір тұрпатына бағындыра алады. Алайда жіктелу тұсында бірлік таңдау мен қарекет бостандығының белгілі бір дәрежесіне ие болады, бұл бұрын мүмкін емес болатын. Бөлудің нәтижесінде алынған қандай да бөлікті қарастырмайық, бұл әрдайым дұрыс болады. Аскрипциялық кіріптарлықтан тіршілік етудің күнілгері белгіленген тәсіліне осынау азаттықтың қосымша сәті кіріске айырбас ретінде көрсетілетін қызметтің әлдеқайда көп алуан түрлерін ұсыну бостандығы болып табылады. Басқаша айтқанда, жұмыс күші әлдеқайда көп жіктелген болып шығады және өзіндік ерекше таланттардың неғұрлым кең қыры өзіне лайық орын табады. Әрине, ьұл орайда жаңа шарттардың тұтас бір тізбегі пайда болады, өйткені неғұрлым мамандандырылған таланттар барлық жерде кездесе бермейтін білім мен практиканы жиі талап етеді. Отбасылық өндіріс тұрғысынан бұл екі фактор салыстырмалы түрде «сыртқы» факторлар ретінде қарастырыла алады. Біз осынау шарттардың болуына ең төмен кепілдік болмайынша, жіктелу процесінің орын алуы мүмкін емес дей аламыз. Кепілдіктің болуы өз кезегінде аталған процесс өз ішінде жүріп жататын неғұрлым тармақталған қатынастар жүйесіне қатысты екі сәтке тәуелді. Біріншіден, табыс табатын адам өз қызметін ұсынатын еңбек базарының табиғатымен және тиімсіз ұсынысты қабылдаудан оның қорғалу дәрежесімен байланысты сәт. Осы заманғы еңбек базарында (егер оның жеделдік деңгейін қарастырсақ) бұл үшін бері салғанда, үш механизм бар. Бұл – жалдағысы келетіндер арасындағы бәсеке, жалданатын топтардың өзін-өзі қорғау шаралары, мысалы, еңбек шартын жасау және «неғұрлым жоғары»

беделдің, мысалы, мемлекеттік органдардың нормативтік тәртіпті белгілеп, қорғап отыруы. Осы механизмдердің кез-келген комбинациясының көмегімен шартты реттеудің нәтижесі бірлікті қандай да бір тіршілік ету көзінің тарапынан, мысалы жалақы тарапынан жасалатын ықтимал қысымнан азат ету болып табылады. Қаржы механизмдері және несие сияқты құралдардың көмегімен жалданатын адам уақыттан ұтады және тіпті меншік иесінен көбірек дәрежеде сәт қысымынан босайды. Енді екінші сұраққа: қызметтің орындалуын қолдап отыруға көшелік. Бұл мәнде алғанда ауыл шаруашылық еңбегімен шұғылдану «бизнес» емес, «өмір сүру тәсілі» ретінде қарастырылады. Мамандандырылған жалдамалы еңбекке көшу өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, мұндай ұйымдастырудың тиімділігінің неғұрлым жоғары деңгейімен ақталады, бірақ сонымен бірге проблемалар да туғызады, өйткені «тәуелсіздіктен» айыруды және өзін дербес қожайын ретінде сезінуден арылуды көздейді. Екінші жағынан, отбасының өз қызметінен айрылып қалу проблемасы туындайды, ол мынадан құралады: жіктелген отбасы енді «пайдалы жұмыс жасамайды», тек тұтыну бірлігіне айналады; бұл мәселе әсіресе әйел рөлінің тек қана «бос уақыт» өрісіне көшуі орын алады-мыс дегенге байланысты жиі көтеріледі. Біз бұл мәселені бостандық дәрежелері терминдерінде талқылай аламыз, бұл орайда жоғарыда қолдау және заңдастырылу делінген екі деңгейді мұқият ажыратуға тырысамыз. Шешу үшін мен қолдау мәнісіне жүгінетін проблема жергілікті «қоғамдық пікір» алдындағы отбасы позициясының проблемасы. Сол отбасыны қолдау әдетте мынаған негізделеді: қауымда мақұлданатын статус «өз ісінің» болуына, меншік ұғымы жөнінде туындайтын барлық пікірлерге байланысты, олар бойынша жалданып жұмыс істейтін адам екінші сортты азаматтар санатына жатады. Жіктелген бірліктер қол жеткізе алатын күнкөріс құралдары мағынасында алғанда координаттардың релевантты жүйесі яки «референттік топ» базар, еңбек базары да тұтынушылық базар да болып табылатыны секілді, «қолдау» мағынасында координаттар жүйесінің қызметін жергілікті қауым атқарады, өйткені кәдуілгі ересек адамның тұратын жері де, жұмыс істейтін

жері де соның шегінде болады. Жіктелген жағдайда Америкадағы жергілікті қауымның негізгі құрылымы туыстық меншіктік бірліктерден – ең алдымен фермерлік отбасылардан тұрады, дегенмен сол құрылымдық принцип ұсақ бизнеске де, кішігірім қалалардағы еркін кәсіптерге таралады. Жіктелген жағдайда мұндай негізгі құрылымдар, – бір жағынан, бірге өмір сүретін туыстар тобы, ал екінші жағынан, жұмыс беретін жалдаушы ұйымдар. Осы туыстық бірліктердің негізгі «мақсаты» аскрипциялық, атап айтқанда балаларды әлеуметтендіру және өз мүшелерінің кісілік проблемаларын реттеу болып табылатындықтан, – қауым мұмдай жіктелудің нәтижесінде «өндірістік» жетістіктердегі жаңа деңгейлер және жаңа мүмкіндіктер түріндегі барған сайын өсе түсетін бостандыққа жетеді, олар ұйымдасудың неғұрлым жоғары деңгейінде мүмкін болады және туыстық бірліктер шегінде мүмкін болмайды. Өәне қажетті барлық игіліктерге ие болу үшін кәдуілгі отбасы енді бұрын өзін уысында ұстап келген құрылымның басқа бірліктеріне мұқтаж емес, ал қауым мүшелері бір-бірі жөнінде аскрипциялық байланысты болмай-ақ отбасылық өрісте де, өндірістік өрісте де қауымның қызметін қамтамасыз ете алады. Алайда бұл қызметтің екі категориясы бір-бірімен байланысты болатын шарттарды реттейтін механизмдер бар жағдайда мүмкін болады. Ішінара бұл базар қатынастары есебінен жасалады. Бірақ салық салу арқылы да, ерікті арналар арқылы да қауымның біріккен мүддесін қолдау міндетті емесі секілді басқа нәрселер де нақ соған қатысты. Бұл арада енді қарекет жасайтын бірліктердің екі қатары да асқынып кететін қақтығыссыз бір қауымда өмір сүре алатындай жаңаша “ойын ережелері” болуға тиіс. Осы теңдестіретін институттардың орталығы негізінен стратификация өрісінде жатыр, бәлкім бұл ең алдымен өндірістік бірліктерді ұйымдастырудың неғұрлым ірі ауқымы жіктелу тұсында отбасылық-фермерлік қауым ішінде орын алған отбасылық бірліктер теңдігінің негізін сақтауды мүмкін етпейтіндігінен болар. Бұл заңдастыру проблемасына жетелейді, ол аталмыш жүйенің институтталған құндылықтары тұрғысынан әлеуметтік маңызды қызметтерді ұйымдастырудың негізгі құрылымын негіздеуден немесе оған сыни қатынастан

тұрады. Бұл арадағы проблема – заңдастыру формуласын кемірек жіктелген ахуалдың ұйымдастырушылық егжей-тегжейінен тазарта білуде. Бұл міндеттер көпе-көрнеу идеология өрісінің шаруасы. Жіктелудің заңдастырылуы үшін тек «меншік иелері» ғана «жауапты азаматтар» санатына жатады немесе жергілікті қауымда жоғары беделі бар туыстық бірліктер қадағалап отырмайтын ұйымдар міндетті түрде «эгоистік мүддені» көздейді де, «қоғамдық пайда» әкелмейді дегенге сенімді жою қажет. Екінші жағынан, өзінің «қызметін жоғалтқан» отбасы соған қарамастан «жақсы отбасы» болып қала алатынын санаға сіңіру қажет. Бәлкім, жаңа заңдастырудағы ең маңыздысы адекватты адамның, әсіресе оның жіктелген қарекет пен жауапкершіліктің екі өрісінде – оның кәсіптік рөлі мен оның отбасында әлеуметтік жағынан қалаулы адамның жаңа тұжырымдамасы болар. Мұндай жағдайда әйелдің рөлінде аса маңызды өзгерістер пайда болатыны анық. Осынау өзгерістің бірінші сатысы, тегінде, әйелдің бұрын болғандағыдан неғұрлым жіктелген рөлін идеологиялық жағынан заңдастыруға, атап айттқанда, өндірістік қызметтен айрылған отбасындағы әйел өзін толығымен күйеуі мен балаларына арнауға хақылы дегенді негіздеуге қатысты болар. Екінші фаза қауымның өміріне және кәсіптік қызметке әйелдің қатысуының әрқилы пошымдарын қамтиды. Құрылымдық өзгерістің қозғаушы күштерінің тікелей ықпалы, егер оның нәтижесінде бастапқы тұтас құрылым жіктелетін болса, байқалуға тиіс үш мағына міне осылар. Мұны толықтыру үшін басқа, неғұрлым жанама проблемалық өрістерді атай кету керек болар еді. Олардың біреуі – тұрмыс деңгейінің және оның кіріс алушының кәсіптік үлесіне қатынасының өзгеруіне байланысты тұтынушылық талғам мазмұнының проблемасы. Екінші проблема – нақтылаудың әртүрлі деңгейінде құндылықтардың жүйедегі құрылымдық бірліктердің әртүрлі топтарын заңдастырудың тікелей проблемаларына ғана емес, олардың қатынастарын реттейтін жалпы нормалар мен стандарттарға да қатынасы. Ақыр соңында, бұған жанама қатысы бар тағы бір нәрсе Дюркгейм табиғи ынтымақ деп атаған нәрсе. Мен оны бейімделу процестері мен

механизмдерін нормативтік реттеу деп тәпсірлеймін. Меніңше бұл, бір жағынан қолдау деп атаған нәрсе мен екінші жағынан әрқилы бірліктердің «мүдделерінің» реалистік ойыны арасындағы басты байланыстырушы буынның нақ өзі. Бүкіл осынау баяндау егер біз анықтама берген түрдегі жіктелу процесіне аяқталып, жаңа құрылымда тұрақталу бұйырылған болса, біршама қайта ұйымдасу орын алуға тиісті әрқилы «қызметтік» мағыналарға жеңіл-желпі қатысты болды. Мұндай көзқарас үшін елеулі нәрсе: осындай мағыналардың әрқайсысы кіру-шығу қатынастарының бір бағытта тепе-теңдіктің тым үлкен көлемде бұзылуы жіктелу жолының кесілуіне апарып соқтыратындай күрделі балансын ұсынды. Біз суреттеген картинаның ми қатыратын күрделілігі, егер бақылау иерархиясын және, демек, «тиісті» стандарттардың неғұрлым жоғары деңгейлерде қатаң белгіленуі факты төменгі деңгейдегі өзгерістердің едәуір кең диапазонына бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін фактысын ескерсек біршама оңайлайды.

Жіктелу салдарлары

Қорытындыда мен ойдағыдай жіктелудің негізгі шарттарының кейбіреулерін жинақтап көрсеткім келеді, олар белгілі бір жағынан сондай-ақ оның нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады. Ол шарттардың алғашқысы мен қолайлы мүмкіндік факторы деп атайтын нәрсе. Ол ахуал құрылымының алғаусыз жіктелу процесіне тікелей қатысы бар қыры. Процестің барысы, әрине, қажеттілік немесе сұраныс факторының болуын, яғни жоғарыда тілге тиек болған шайқалыс көзінің болуын меңзейді. Жіктелу процесінің жүзеге асырылуы өз кезегінде жеке адамның немесе топтардың тек “таптаурын” әдістермен басқару үшін ғана емес, қайта ұйымдастыру үшін де біршама жауапкершілігі мағынасындағы басқару факторын қажет етеді. Бұл арада сипатты мысал экономика ғылымында көрсетілетін кәсіпкер тұлғасы бола алады.

Бірақ шынайы жіктелу үшін біршама процесс болуға тиіс, соның көмегімен бұрын азырақ жіктелген бірліктерге телінетін құралдар осы міндеттіліктен босанатын болады. Тиісті бейімделу механизмдерінің арқасында олар жаңа пайда болатын неғұрлым жоғары қатардағы бірліктер тобының пайдалануына жарайтын болады. Жоғарыда қарастырылған процесс үшін ондай құралдардың мысалы отбасылық-шаруашылық ұясына таңылудан арылып, базар жүйесінің ережесі бойынша институттандыру және келісімшарттың институтталған қатынастары тұсында жалдайтын ұйымдар үшін қол жететін нәрсеге айналған еңбек қызметі бола алады. Бұған, әлбетте, табылған тұтыну тауарлары базарында жұмсалуынан алынған қажетті қаражаттың резидуалдық үй ұялары (төл шаруашылығы жоқ) үшін қол жететін болуы қабаттаса жүруге тиіс. Демек, қолайлы мүмкіндік факторы құрылымдық терминдерде қаражатқа аталмыш жағдайда базар механизмдері арқылы өзара қол жеткізілуін институттандыру мүмкіндігі секілді көрінеді. Құрылымдық қайта ұйымдастырудың екінші негізгі мазмұны оның көмегімен, бірліктердің көзқарасы бойынша, екі жаңа және әрқилы топтары көмегіне сүйеніп, бірінші кезекте ұжым құрылымы тұрғысынан бір-бірімен неғұрлым кең жүйеде байланысатын тәсілге жататын болады. Өнім өндіретін үй шаруашылығы жағдайында, менің топшылауымша, әңгіме жергілікті қауымның қайта құрылуы жайында болып отыр. Жергілікті қауым енді меншігі бар және оны неғұрлым кең қоғаммен байланыстыратын бірнеше құрылымдармен ғана толықтырылатын, «үй» ұясы мен “жұмыс беретін” ұя арасындағы өзара қатынас төңірегінде ұйымдасатын туыстық бірліктер агрегаты бола алмайды. Бұл, әрине, ең маңызды жіктелген рөлдердің бір индивидтің бойында шоғырлануын туындатады. Бірінші кезекте кәдуілгі ересек еркекке қатысты болады. Осының барлығы жеке бірлік – ұжым немесе рөл – көмегіне сүйеніп аталмыш қоғамдағы неғұрлым реттелген ұжымдық құрылымдарға қосыла алатын тәсілдерді қайта құрылымдау деп атала алады. Кез-келген бастауыш ұжымдық бірлік (немесе рөлдік бірлік) қоғамның бір бөлігі болып

табылатындықтан, оның енуі туралы мәселе күмән тудыра алмайды; керісінше, дұшпан қоғамдағы иммигранттық туыстық топты сіңіру, талқыланып отырғаннан мүлдем басқа проблемаға жатады. Бұл арадағы ең басты нәрсе мынада: ұжымдар, бастапқы бірлік деңгейіне қарағанда тікелей неғұрлым жоғары деңгейде қайта құрылымдалуға тиіс, ол деңгейде ескі резидуалдық бірліктің де, жаңа бірліктің жаңадан құрылған неғұрлым жоғары қатардағы бірлікке бірігуі немесе ондай бірліктердің жаңа санатын жасау жүзеге асады. Іс мәнісі мынада: жаңа ұжымдық құрылым, оның ішінде бірліктердің екі тұрпаты да елеулі қызметтер атқаратын және соның жолында олардың екеуі де жоғарыда айтылған «қолдауға» ие болатын құрылым орнатылуға тиіс. Бұл проблема жаңа бірліктер немесе олардың топтары пайда болғанына ерекше көлденеңдейді. Жіктелу процесі барысында құрылымның нормативтік компоненттері қайта ұйымдастырылуға тиіс үшінші мағына мынада: институтталған нормалардың ұжымның бір құрылымына емес, көбінде қолдануға болатын қорытылған кешендері жасалады. Ірі ауқымды және жақсы жіктелген әлеуметтік жүйелер үшін мысал заңгерлік нормалар жүйесі болып табылады, бірақ тек сол ғана емес. Бұған сондай-ақ атқарылу немесе қол жеткізу стандарттары, техникалық адекваттылық және т.т. қосылады. Біз иллюстрация үшін қолданған мысалдарда ерекше маңыздылары – жалдайтын ұжымдардың заңдастырылуында негізге алынатын стандарттар. Бұл арада біздің бастапқы нүктеміз қызметін атқарған меншіктік ұяны, яғни барлық өндірістік рөлдерді отбасы мүшелері атқаратын ұяны алмастыратын әрқилы екі сатыны бөліп алу маңызды. Келесі белесте әдетте «отбасылық фирма» пайда болады, онда барлық менеджерлік және кәсіпкерлік рөлдер әлі туыстық байланысқа негізделген, ал «жұмысшылар» рөлі енді жоқ. Бұл тектес ұйымдар американ экономикасының «ұсақ меншікті» секторында, сондай-ақ кейбір басқа салаларда кең таралған. Бірақ келесі белесте ұйым туыстық тәуелділік көгенінен толық босайды. Осы дамудың ең маңызды заңгерлік нәтижесі –

қорытылған корпорация идеясының туындап, оның көптеген салаларда, негізінен, әрине, экономика саласында заңдастырылуы болды. Рөлдік деңгейде рөлдердің әрқилы топтарында жалдаудың анықтауыш шарттары ретінде біліктілік стандарттары қалай институталғанының мысалын келтіруге болады. Бұл стандарттардан кейін өз кезегінде білім деңгейлері тұр. Осы стандарттар, заңгерлік нормалар секілді, жалдайтын ұжымдардың немесе туыстық топтардың партикулярлық бағдарларына тәуелді емес. Нақ осы мағынада бұл стандарттар әмбебап болып табылады. Корпоративтік ұйымның ережелері жекелеген ұйымдасқан топтар өндіре алатын заттардың түрлерін және осы үшін олар мойнына алатын жауапкершілік түрлерін анықтайды; білім стандарттары мансаптардың әрқилы түрлеріне тағайындалу құқығына қойылатын пошымдық талаптарды, демек, индивидтердің аталмыш тобы үшін ашық әлдене қызмет түрлерін алу мүмкіндігін де, сол мүмкіндіктерді шектеу шараларын да анықтайды. Жоғарыда мынадай долбар ұсынылған болатын: жіктелу процесі, біз осы терминге беретін мағынада, бұрын өзі жіктеліп шыққан бірлік қызметіне қарағанда, неғұрлым жоғары қызметтерді (егер оларды осы бірлік қарекет ететін жүйе тұрғысынан бағаласақ) орындайтын бірліктің пайда болуын көздейді. Егер бұл солай болса, сол қызметтің орындалуын басқаратын, оны орындаушылардың әлеуметтік құрылымдағы басқа бірліктерге қатынасын қоса басқаратын нормалар бұрынғыдан неғұрлым қорытылған болуға тиіс. Біз олар неғұрлым әмбебап бола түседі дегенде нақ осыны меңзейміз; олар тек неғұрлым төмен қатардағы бұрынғы қызметтерге және оларды атқаратын бірліктерге қатысты бола алмайтын стандарттарды беогілейді. Осынау әмбебап өлшем қатаң нұсқау берілетін жүйеден ресурстарды босатып алумен байланысты. Біліктілік туыстықпен мүлдем байланысы жоқ рөлді алу үшін қажет сипаттама мысалы бола алады. Осылайша, біз аз жіктелген жүйедегімен салыстырғанда, неғұрлым жіктелген жүйеде нормативтік бақылау стандарттары арта түсетіні, күрделілене (upgradіng) түсетіні туралы айта аламыз.

Алдыңғы баяндауымыз белгілі бір алғышартқа атап айтқанда, жүйенің негізінде жатқан оның құндылықтық стандарттары жіктелу барысында өзгермейді деген алғышартқа негізделген болатын. Алайда бұдан құндылықтар ешқандай өзгеріске ұшарамайды деген қорытынды шықпайды. Бұл арада пайдаланылған тұжырымдамалық схеманың негізгі қағидаларының бірі былай дейді: әрбір әлеуметтік жүйеде құрылымның ең жоғары деңгейі ретінде құндылықтар жүйесі болады. Бұл құндылықтар бойында оның мүшелері тұрғысынан (егер құндылықтық жүйе институтталған болса), ішкі құрылымдық жіктелуге немесе жекелеген ахуалға тәуелсіз деңгейде жүйенің әйтеуір бір тұрпатының абзал екендігінің анықтамалары болады. Құндылықтардың осынау «жүйесі» стандартты өзгергіштер терминінде өзінің сипаттамасын да, мазмұн элементін де, атап айтқанда, осынау стандартты өзгергіштер жүйенің қандай тұрпатымен сәйкес келетінінің анықтамасын қамтиды. Біз талқылап отырған жағдайда отбасы құндылықтары да, жалдайтын өндірістік ұялар құндылықтары да бар. Стандартты өзгергіштер терминдерінде олар бірдей бола алады, яғни барлық американарға ортақ «аспатық белсенділік» стандартын қамти алады. Бірақ бұл құндылықтар ұялардың осынау екі тұрпатының әрқайсысында жекежеке қарекет жасағанда, олар қызметтер тұрпатының әрқайсысы жөнінде (олардың ішінара белгілеріне емес) нақтыланады. Егер біз жіктелу болды десек, онда бұл жаңа бірліктерді де, резидуалдық бірліктерді де қамтитын жаңа жүйенің құндылықтары мазмұны жағынан бастапқы бірліктің құндылықтарынан өзгешеленеді деген сөз, дегенмен олардың сипаттамалары стандартты өзгергіш терминдерінде өзгермей қала алады. Осынау жаңа құндылықтар мына мағынада неғұрлым қорытылған болуға тиіс: ол жіктелген екі бірліктің де қызметтерін біртұтас формулада заңдастыра алады, бұл формула олардың әрқайсысының бұрын істеп келе жатқанын істей беруіне, және, дәл сондай маңыздысы, өзгелер атқарып жатқанды істемеуге мүмкіндік береді. Неғұрлым қорытылған құндылықтарды институттаудың қиындығы біз романтикалық идеология деп атайтын нәрсенің кеңінен таралғандығынан-ақ ескі бірлік үшін жіктелуден кейін «қызметтен

айрылу» мүлдем сөзсіз болатын нәрсе және құндылықтық стандарттар жүйесін іске асырудағы сәтсіздіктің айғағы болып табылады дегенді дәлелдеместен қайталай беруден-ақ көрінеді. Мысалы, үй шаруашылығының жалдау жүйесіндегі жалақыға жаңа тәуелділігі жиі-жиі тіршілік ету тәуелсіздігі сезімінен айрылу ретінде тәпсірленеді. Бұл, әрине, идеология, бірақ идеология ретінде қайта құрылымдалған құндылықтардың толық институтталмағанын айғақтайды. Неғұрлым жоғары әлеуметтік жүйелердің құндылықтары мен жіктелген кіші жүйелердің құндылықтары арасындағы қатынас неғұрлым кең жүйенің қорытылған стандартын кіші жүйеге қызмет пен артатын шектеулерді ескеріп, соның «деңгейіне» төмендету тұсында нақтылау қатынасы деп атала алады. Мәселен, кәсіпкерлік фирма өнімділік пен төлем қабілетінен көрінетін «экономикалық ұтымдылық» құндылығын басшылыққа алады да, құндылықтардың неғұрлым кең жүйесіне, жіктелмеген өндірістік-отбасылық ұяға қарағанда, әлдеқайда аз көңіл бөледі. Ал отбасыға келсек, өз тіршілігінің экономикалық аспектісінде ол қазір «тұтыну» құндылығын ұстанады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы осынау едәуір күрделі және проблемалы өрісте бар болғаны тек бірнеше бағдарларды нобайлай алады. Мақалада мен әлеуметтік өзгерістер теориясының тек бір қырына ғана тоқталдым. Мен, эмпиристік ережелерге жүгінбей, абстракциялармен шектелуге мәжбүр болдым. Алайда маған бұл проблемаларды эмпиристіктеориялық терминдерде принципінде шешуге болады деген қорытынды орынды секілді. Ол-ол ма, біздің қолымызда жеткілікті талдап әзірленген тұжырымдамалық схема бар, ол, бері салғанда, проблемаларды категориялау мен көлденең тарту деңгейінде логикалық жабық жүйе тұрпатына жақындайды, мұның өзі өзара тәуелділіктің жүйелі талдануын мүмкін етеді. Біз өзгергіштердің эмпиристік талдау тұрғысынан маңызды негізгі диапозондарын және өздерінің көмегімен өзгергіштер мәнісінің осынау өзгерістері жүйеде бейнеленетін негізгі механизмдерді анықтай аламыз. Біз кіру мен шығудағы топшыланатын зәрулік пен аста-төктіліктің дәрежесін анықтай аламыз және

жекелеген жағдайларда әрі кетіп қалсаң тепе-теңдіктің берекесі кететін табалдырықтық мәндерді едәуір дәл анықтай аламыз.

“Т. Парсонс. Функциональная теория изменения.
М., 1994” басылымынан қазақшалған тарих ғылымынң
кандидаты Қамажан ЖҰМАҚАСОВА.

Т алкотт Парсонс

ҚАРЕКЕТ КООРДИНАТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЕКЕТ

ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ: МӘДЕНИЕТ, КІСІ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ОРНЫ

Бұл кітаптың пәні әлеуметтік жүйелерді қарекет координаттарының өзіндік ерекше жүйесі тұрғысынан талдау үшін әзірленген тұжырымдамалық схеманы баяндау және иллюстрациялау. Кітап сөздің тура мағынасында теориялық еңбек ретінде ойластырылған. Мұнда төте мағынасындағы эмпириялық қорытуларға немесе методология мәселелеріне байланысты мәселелер, тікелей қарастырылмайды дегенмен кітаптың мазмұнында бұл екеуіне де едәуір орын беріледі. Әрине, мұнда ұсынылып отырған тұжырымдамалық схеманың құндылығы сайып келгенде оны эмпириялық

зерттеулерде пайдалану арқылы тексерілуге тиіс. Соған қарамастан бұл арада біз жалпы әлеуметтану бойынша жасалатын жұмыс үшін қажетті болатын өзіміздің эмпириялық білімімізді жүйелі түрде баяндауға тырысамыз. Бұл зерттеудің өзегін теориялық схеманы әзірлеу құрайды. Оның эмпириялық пайдаланылуын жүйелі қарастыру жеке жасалады. Басты бастапқы нүкте қарекеттің әлеуметтік жүйелері ұғымы. Айтпағымыз, индивидтердің ықпалдастығы ықпалдастықтың сол процесін ғылыми мағынада жүйе ретінде қарастырып, басқа ғылымдарда әрқилы жүйелер тұрпаттарына ойдағыдай қолданылған теориялық талдау жасауға болатындай түрде өтіп жатады. Қарекет координаттары жүйесінің негізгі қағидалары бұрындары егжейтегжейлі баяндалды, сондықтан бұл арада оларды тек қысқаша түйіндеу қажет. Осынау координаттар жүйесі бір немесе көптеген қатысушылардың – бастапқыда биологиялық организмдердің – өзіне басқа да қатысушыларды қамтитын жағдайдағы “бағдарын” сипаттайды. Аталмыш схема, осылайша қарекет пен ықпалдастықтың элементтерін осылайша сипаттай отырып, қатынастар схемасы болып табылады. Оның көмегімен сондай элементтердің өзге элементтерді қамтитын жағдайға қатынасынан құралатын жүйелердің құрылымы мен процестері талданады. Бұл схема құрылым тікелей қатынастар жүйесін қозғайтын шамада элементтердің ішкі құрылымын қозғайды. Жағдай бағдар объектілерінен, яғни қарекеттің аталмыш субъектісінің бағдарынан құралатын нәрсе ретінде анықталады, оның жағдайын құрайтын объектілер мен олардың топтарына қатынасы бойынша жіктеледі. Қарекет тұрғысынан алғанда барлық объектілерді олардың үш тобынан әлеуметтік, физикалық және мәдени объектілерден құралады деп топтастырып жіктеген ыңғайлы. Әлеуметтік объект – өз кезегінде кез-келген басқа индивид (“басқа”) бола алатын қайраткер, жүйенің орталығы деп («Мен») немесе бағдарды талдау кезінде біртұтас бірдеңе ретінде қарастырылатын ұжым қабылданатын қарекет субъекті. “Ықпалдастпайтын” немесе «Менге» “көңіл бөлмейтін” эмпириялық мәністер – физикалық объектілер. Олар «Мен» қарекетінің құралдары мен

шарттары болып табылады. Мәдени объектілер – мәдени дәстүрдің идеяның немесе кәсіл сенімнің рәміздік элементтері, “Мен” тарапынан оның тұлғасы құрылымына элементтер ретінде “кірістірілмеген”, жағдай объектілері ретінде қарастырылатын шамада экспрессиялық рәміздер немесе құндылықтық стандарттар. Қарекет – “қарекет субъекті – жағдай” жүйесіндегі, қарекет жасаушы индивид үшін немесе ұжым жағдайында – оны құрайтын индивидтер үшін сарындық мәні бар біршама процесс. Бұл – қарекеттің тиісті процестерінің бағдары қанағатқа қол жеткізуге немесе тиісті қарекет субъектінің тарапынан, аталмыш кісі құрылымының тұрғысынан бұл нақты қалай көрінсе де, жағымсыз нәрседен қашқақтауына байланысты деген сөз. Осылай түсінуде қарекеттің субъектісі тарапынан жағдайға қатынас қана сарындық сипатқа ие болатындықтан, ол бұл жұмыста қатаң мағынасындағы қарекет ретінде қарастырылады. Қарекет процестерінде энергияның ақтық қайнар көзі немесе «күш-жігер» организмнен туындайды деп топшыланатындықтан, және соған сәйкес қанағаттану және қанағаттанбау атаулы табиғи маңызға ие болады. Бірақ қарекет теориясы тұрғысынан алғанда, сарынның нақты ұйымдасуы организм қажеттіліктері сарын тамыры терминдерімен, сонда жатқандығына қарамастан, талдана алмайды. Қарекет элементтерінің ұйымдасуы ең алдымен қарекет жасаушы кісінің жайдайға қатынасының қызметі, сондай-ақ сол қатынас тарихының, бұл мағынада «тәжірбиесі» болып табылады. Қарекеттің осылайша анықталған іргелі қасиеті мынада: ол тек жағдайдың жекелеген «стимулдарына» реакциядан ғана құралмайды. Мұның үстіне қарекет жасаушы кісі жағдайдың әрқилы объектілері жөніндегі үміт жүйесін дамытады. Бұл үміт тек оның төл қажеттілік-нұсқау (need-desposіtіons) және аталмвш қарекет жасаушы кісі жүзеге асыра алатын қарекеттердің баламасына байланысты қанағаттану және қанағаттанбау ықтималдығы жөнінде қатысты ұйымдастырыла (structured) алады. Бірақ әлеуметтік объектілермен ықпалдастық жағдайында «Меннің» жаңа параметрлері қосылады. «Меннің» үмітінің бір бөлігі, көп жағдайда оның ең елеулі бөлігі «Меннің» ықтимал

қарекетіне «басқаның» ықтимал реакциясына саяды. Бұл реакция күн ілгері көзделіп, осылайша «Меннің» төл таңдауына ықпал етеді. Алайда осы деңгейде де, басқа деңгейде де жағдайдың әрқилы элементтері “Меннің” “үміт жүйесінің” ұйымдасуына сәйкес келетін «белгілер» немесе “рәміздер” ретінде ол үшін арнайы «мәнге» ие болады. Белгілер мен рәміздер, әсіресе, әлеуметтік ықпалдастық бар жерде, ортақ мәнге ие болып, қарекет жасайтын кісілер арасындағы коммуникация құралы қызметін атқарады. Коммуникацияда делдал бола алатын рәміздік жүйелер пайда болған кезде, біз қарекетт жасайтын тиісті кісілердің қарекеті жүйесінің бөлігіне айналатын мәдениет бастаулары туралы айта аламыз. Бұл арада біз мәдени деңгейге жеткен ықпалдастық жүйелерін ғана қарастыратын боламыз. «Әлеуметтік жүйе» деген термин неғұрлым қарапайым мағынада қолданыла алатын болғанымен, аталмыш жұмыста осы мүмкіндікті ескермей, назарымызды жүйе мәдени рәміздердің жалпы мойындалған жүйесін енгізетін жағдайға бағдар ұстайтын қарекет жасайтын көптеген кісілер ықпалдастығының жүйесіне шоғырландыруға болады. Осылайша, ең қарапайым ұғымдарға сайылған әлеуметтік жүйе бері салғанда физикалық қыры бар жағдайда бірі-бірімен ықпалдасатын немесе сарындары «қанағатты оңтайландыру» тенденциясымен анықталатын, ал жағдайға қатынасы, бір-біріне қатынасын қоса алғанда, мәдениет элементтері болып табылатын, барша қабылдаған рәміздер жүйесімен анықталып, іске асатын қарекет жасаушы кісілер ортасында болатын индивидуалдық қарекет жасаушы кісілердің көп санынан құралады. Осылайша түсінілетін әлеуметтік жүйе қарекеттің нақты жүйесінің күрделі құрылымының үш қырының бірі ғана болып табылады. Қалған екі қыр – жекелеген қарекет жасайтын кісілердің тұлғалық жүйелер және олардың қарекетіне негіз болатын мәдени жүйе. Бұл жүйелердің әрқайсысы қарекет жүйесі элементтері ұйымдасуының, олардың ешқайсысы басқасына немесе олардың комбинациясына жатқызыла алмайды деген мағынада, тәуелсіз арысы ретінде қарастырылуға тиіс. Жүйелердің әрқайсысы басқалардың болуын

қажетті түрде көздейді, өйткені кісілер мен мәдениетсіз әлеуметтік жүйе бола алмайды. Бірақ бұл өзара тәуелділік пен өзара бойлау саюға болатындықтан едәуір өзгешеленеді, саюға болатындық – жүйелердің бір класының маңызды қасиеттері мен процестерін өзге бір немесе екі жүйе туралы теориялық білімнен теория жолымен шығаруға болады деген сөз. Қарекеттің координаттары жүйесі осы үшеуінің бәріне ортақ, соның арқасында олардың арасында белгілі бір өзгерістер мүмкін болады. Бірақ осы арада қабылданған теориялық деңгейде бұл жүйелер біреуі болып біріге алмайды, дегенмен өзге бір теориялық деңгейде бұған жол беріле алады. Дәл соған теориялық жүйелеудің қазіргі деңгейінде қарекеттің процестері туралы біздің динамикалық біліміміз барынша үзік-үзік деп кесіп айтып та келуге болады. Сондықтан біз координаттар жүйесі ұғымдарында қажетті санақ нүктесі ретінде сипатттамалы түрде берілген эмпириялық жүйенің тұрпаттарын пайдалануға мәжбүрміз. Осы позицияға сәйкес біз динамикалық процестерді жүйенің «қызмет етуіне» ықпал ететін «механизм» ретінде қарастыра отырып түсінеміз. Эмпирияық жүйені сипаттамалы көрсету «құрылымдық» категориялар тұрғысынан жүзеге асырылуы тиіс, бұл категорияларға механизмдер туралы жарамды білім жасау үшін қажетті белгілі бір сарындық түзілімдер сәйкес келеді. Қарекет жүйесін, әсіресе әлеуметтік жүйені талдаудың ауқымды методологиялық проблемаларын одан әрі талдауға кірісерден бұрын, жалпы қарекеттің аса қарапайым компоненттеріне толығырақ тоқталған пайдалырақ болар еді. Барынша жалпылама мағынасында индивидуалды қарекет жасайтын кісінің қажеттілік-нұсқау жүйесі тегінде, екі бастапқы немесе элементарлық қырлардан тұратын болуы керек, оларды «қанағаттану» қыры және «бағдар» қары деп атауға болады. Олардың біріншісі қарекет жасаушының объектілер әлемімен өзара айырбасының мазмұнына, осынау ықпалдастықтан оның не алатынына, және ол үшін мұның «не» тұратынына қатысты. Екінші қыр оның объектілер әлеміне қатынасының қандай екендігіне, оның сол дүниеге қатынасы ұйымдастырылатын тұрпаттарға немесе құралдарға қатысты.

Қатынас қырын бөліп алып, біз бірінші қырды «Меннің» қарастырылатын объектіге немесе объектілерге оның өзінің қанағаттану – қанағаттанбау балансын сақтап отырғандығы қатынасына маңыздылық беретін «катекттік» бағдар ретінде қарастыра аламыз. Екінші жағынан, «бағдардың» барынша элементар және іргелі категориясы, тегінде, когнитивтілік болып табылады, ол барынша кең мағынасында жағдайдың тиісті қырларын олардың қарекет жасаушының мүддесіне қатынасында анықтау ретінде тәпсірлене алады. Бұл – бағдардың когнитивтік қыры, немесе Толмен бойынша, танымдық схемалау. Бұл қырлардың екеуі де қарекет жүйесінің бір бірлігі ретінде, элементарлық қарекет (unіt act) ретінде қарастырыла алатын нәрсе деп крсетілуге тиіс. Бірақ, қарекеттер жалқы және дискретті болмайды, олар жүйелерге ұйымдасқан. Бұл сәт ең қарапайым жүйелік деңгейде «жүйелік интеграция» компонентін қарастыруға мәжбүрлейді. Қарекет координаттары жүйесі тұрғысынан алғанда осынау кірігу сұрыптау көмегімен бағдардың мүмкіндіктерін ретке келтіру болып табылады. Қанағаттандыру қажеттіліктері жағдайда бар баламалы объектілерге бағытталған. Танымдық схемалау объектінің не екендігі немесе нені білдіретініне қатысты пікірдің немесе тәпсірдің баламасына тап болады. Бұл баламалар жөнінде таңдаудың белгілі бір тәртібі болуға тиіс. Бұл процесс баға беру деп атала алады. Демек, қарекеттің кез-келген нақты бағдарында баға беру аспекті болады. Кез-келген қарекет жүйесінің ең қарапайым компоненттерін қарекет жасаушы кісіге жіне оның ахуалына саюға болады. Қарекет жасаушы тұлғаға келсек, біздің мүддеміз бағдардың когнитивтік, катекттік және баға беруші түрлеріне шоғырландырылады; жағдайда объектілер және олардың топтары бөліп көрсетіледің. Қарекеттің элементтері сарындық бағдардың үш негізгі түрлерінің категориялары бойынша барынша кең деңгейде таралады. Үш түрдің бәрі үміт (тосу) деп аталған нәрсенің құрылымында болады. Катекттік мүдделерден, жағдайды когнитивтік анықтаудан және баға беретін сұрыптаудан өзге үмітке, «қарекет жасаушы кісі – жағдай» жүйесінің болашақ дамуы жөніндегі

бағдардың және бұрынғы қарекеттер жөніндегі зерденің уақыттық қыры кіреді. Жағдайда бағдар ұстау біршама құрылымға ие болады, яғни ол өзінің даму стандарттарымен сәйкестендірілген. Қарекет жасаушы кісі дамудың белгілі бір мүмкіндіктеріне «үлес» қосады. Ол үшін олардың қалай жүзеге асатындығы маңызды, өйткені бір мүмкіндіктер өзгелеріне қарағанда тезірек іске асуы керек. Жағдайдың дамуына қарекет жасаушы кісінің қатынасының осынау уақыттық сипаттамасы белсенділік-енжарлық арасында орналасуы мүмкін. Мұның бір полюсінде қарекет жасаушы кісі жай ғана «дамуды күтіп», ол жөнінде ешқандай белсенді қимыл жасамай жата береді. Ал басқа бір тұста ол өзінің қалауы мен мүддесіне сәйкес жағдайды бақылауға белсенді түрде тырыса алады. Қарекет жасаушы кісі енжар позицияны ұстанатын «қарекет жасаушы кісі – жағдай» жүйесінің болашақ ахуалын күн ілегрі көре білу деп атауға болады. Жүйенің дәл сол ахуалын белсенді килігу (келеңсіз оқиғалардың алдын алуды да осыған қосып) жағдайында мақсат деп атала алады. Қарекеттің мақсаттылығы, атап айтқанда, әсіресе нормативтік бағдарды талқылау кезіндегі мақсаттылығы қарекеттің барлық жүйесінің негізгі қасиеті болып табылатынын көріп жүрміз. Алайда талдау тұрғысынан алғанда бұл мақсаттылық бағдар ұғымымен салыстырғанда неғұрлым төмен деңгейде тұрғандай секілді көрінеді. Екі тұрпат та «стимул – реакция» ұғымынан айқын ажыратылуға тиіс, өйткені онда жағдайдың келешек дамуына анық бағдар жоқ. Ынталы Теориялық талдауға уақыт оздырмай, стимулды тікелей туындаған нәрсе ретінде қарастыруға болады. Қарекеттің «аспаптық» қырының негізгі ұғымы тек қарекет позитивті мақсатты болғанда ғана пайдаланыла алады. Бұл ұғымда жағдай жөніндегі пікірлер және оған қарекет жасаушы кісінің қатынасы, оның алдынан ашылған мақсатқа жету үшін маңызы болатын баламалар мен олардың ықтимал салдарлары тұжырымдалады. «Қажетіліктерді қанағаттандырудың» бастапқы құрылымына қысқаша тоқталайық. Әрине, қарекеттің жалпы теориясы сайып келгенде бастапқы

генетикалық жолмен берілген қажеттіліктердің тұтастығы немесе сапалы көптігі туралы, олардың топтастырылып жіктелуі мен ұйымдасуы туралы мәселенің шешілуіне келуге тиіс. Атап айтқанда, қарекет теориясы деңгейінде әлеуметтік жүйені қарастыратын жұмыстар мұндай кереғар өрістердегі үнем принципін мұқият қарастыру өте орынды. Алайда, қанағаттану – қанағаттанбау балансы ұғымында бірігетін және тартылу – тебілу антитезасында туындылары болатын қажеттіліктер құрылымының барынша полярлануын ескеру қажет. Жоғарыда айтылған нәрселерден және қажеттіліктерді қанағаттандыру мен қарекеттің басқа қырларының арасындағы қатынастар туралы белгілі бір жалпы қағидалардан басқа барынша жалпы ұғымдарға көшудің қажеттігі, тегінде, шамалы сияқты. Мұның негізгі себебі мынада: өзінің әлеуметтану үшін маңызды пошымында сарындар бізге тұлға деңгейінде ұйымдасқан түрінде көрінеді, яғни біз генетикалық жолмен берілген компонент-қажеттіліктердің әлеуметтік тәжірибемен ықпалдастығының жемісі түрінде түсінілетін неғұрлым нақты құрылымдармен істес боламыз. Нақ осы деңгейдегі бірдейлік әлеуметтанушылық проблемалар үшін эмпириялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Осынау бірдейлік туралы білімді пайдалану үшін генетикалық және тәжірибелік компоненттерді ашып жату міндетті емес. Бұл арада ең басты ескеретін жәйт тиісті популяцияның биологиялық ұйымдасуымен беріле алатын әлеуметтік жүйелер құрылымындағы әлеуметтік көп нұсқалылық шегі проблемаларынан туындайды. Әрине, мұндай проблемалар туындаған тұста қанағаттандырудың неғұрлым өзіндік ерекше қажеттіліктері жөнінде пікір тұжырымдау үшін қолда бар барлық материалды жұмылдыру қажет. Мұнымен байланысты проблема тек қанағаттану қажеттіліктеріне ғана емес, қабілетке де қатысты. Қарекетті кез-келген эмпириялық талдау биологиялық тұрғыда берілетін қабілеттердің болуын талап етеді. Индивидтердің арасында олардың барынша жіктеліп бөлінгені бізге белгілі. Бірақ ең жалпы теориялық мақсаттар тұрғысынан алғанда бұл арада дәл сол үнем принципі қолданыла алады. Аталмыш процедураның негізділігі мынаны

білумен қуатталады: үлкен популяциялар арасындағы айырмашылықтардан гөрі, тегінде, индивидуалдық айырмашылықтар неғұрлым маңызды, сондықтан ірі әлеуметтік жүйелердің ең маңызды айырмашылықтары ең алдымен халықтың қабілетіндегі биологиялық айырмашылықтардан туындайтыны неғайбыл. Әлеуметтанушылық міндеттердің көпшілігі үшін гендер мен нде өмірлік тәжірибенің ықпалын, оларды жеке факторлар түрінде бөліп алмай-ақ ескеруге болады. Жануарларда қарекетті ең қарапайым бағдарлау бері салғанда рәмізделудің бастауы болып табылатын белгілердің орын алуы екендігі байқалған. Бұл тікелей орын алатын ынталандырушы жағдайдың жеке бөліктерін белгілі бір дәрежеде «ескермеуді» қамтитын үміт ұғымына іштей тән. Белгілер болмаса қарекеттің бүкіл бағдарлану қыры, оның ішінде «селекция» ұғымы мен оның негізінде жататын «балама», мәнсіз болып шығар еді. Адам деңгейінде белгіге бағдарланудан шынайы рәмізделуге қарай белгілі бір қадам жасалды. Бұл – мәдениет пайда болуының қажетті алғышарты. Қарекеттің негізгі схемасында рәмізделу когнитивті бағдарға да, баға беру ұғымына да енгізілген. Рәміздер мен қарекет жүйесінің рөлі мен құрылымые одан әрі зерттеу бұл қарекет жүйесінің әрқилы қырларынан және мойындау қырынан, оның коммуникация мен мәдениетке қатынасынан туындайтын жіктелуді қарастырумен байланысты. Ең алдымен осы соңғысын қаперде ұстау керек. Неврологиялық алғышарттар қаншалықты маңызды болғанымен, тегінде, белгілерді пайдаланудан өзгеше шынайы рәмізделу қарекет жасаушы кісілердің ықпалдастығынсыз қарекет жасайтын жеке кісі пайда болып, қызмет ету және рәміздік жүйелерді тек әлеуметтік объектілермен ықпалдастық арқылы игере алуы, тегінде, мүмкін емес болу керек. Бері салғанда факт ықпалдастық процесіндегі «қосар сәйкестену» элементімен жақсы үйлесетіні біраз нәрсені аңғартады. Жануар үйретілетін классикалық жағдайларда оның тандау үшін баламасы болады және белгілер немесе «кілттер» арқылы «шүріппе» бола алатын үмітті өрістетеді. Бірақ белгі – жануардың не істейтініне қарамастан

тұрақты бола беретін жағдайдың бір бөлігі; оның алдында тұрған жалғыз «проблема» осы жағдайды дұрыс түсіне білуге саяды... Бірақ әлеуметтік ықпалдастықта «басқаның» ықтимал реакциясы айтарлықтай құлашқа ие болуы мүмкін, ол оның ішіндегі таңдау «Меннің» қарекетіне тәуелді болады. Сонымен, ықпалдастық процесі құрылымдық жағынан түзілуі үшін, белгінің мағынасы жағдайдың жекелеген бөліктерінен онан әрі алшақтауға тиіс. Бұл – белгілердің мағынасы тек «Меннің» ғана емес, «басқаның» де қарекетінің баламалар аймағын, сондай-ақ олардың арасындағы қатынастардың ықтимал өзгерістері мен комбинацияларын да қамтитын жағдайлардың барынша кең жиынтығы үшін тұрақты болып қалуға тиіс деген сөз. Рәміздік жүйелердің шығу тегі мен даму процестері қандай болмасын, адам қызметі жүйесінің таң қаларлық күрделілігі мәні негізінен жекелеген жағдайларға байланысты емес салыстырмалы тұрақты рәміздік жүйелерсіз мүмкін емес екендігі мүлдем айқын. Осынау қорытудан туындайтын ең маңызды салдар коммуникация мүмкіндігі болып табылады, өйткені қарекет жасайтын екі кісінің жағдайы ешқашан бірдей болмайды және мәннің кейбір жекелеген ахуалдардан абстракциялана алу қабілетінсіз коммуникацияның да болуы мүмкін емес. Бірақ өз кезегінде бүкіл уақыт барысында барлық индивидтерге таралатын рәміздік жүйелердің тұрақтануы, егер ол көптеген қарекет жасаушы кісілердің ықпалдастығындағы коммуникация процесінде жұмыс істемейтін болса, тегінде, қолдау тауып отырмас еді. Нақ ықпалдастықта қызмет ететін нақ осындай барша қабылданған рәміздік жүйе мәдени дәстүр деп аталатын болады. Қарекеттің осы қыры мен нормативтік бағдарлануы арасында терең байланыс бар. Білімнің рәміздік жүйесі нақты жағдайға қондырылатындай тәртіптің элементі болып табылады. Ең қарадүрсін коммуникацияның өзі рәміздік жүйенің «шарттылықтарымен» келісімнің белгілі дәрежесінсіз мүмкін емес. Біршама басқаша айтсақ, үміттің өзара тәуелділігі рәміздік мәндердің барша қабылдаған тәртібіне бағдарланады. «Меннің» қанағаттануы «басқаның» реакциясына тәуелді болғандықтан, шартты стандарт қанағаттану

реакциясын тудыратын немесе тудырмайтын шарттарға сай орныға бастайды және осы шарттар мен реакциялар арасындағы қатынас «Меннің» жағдайға бағдарлану жүйесінің бір бөлігіне айналады. Сондықтан, нормативті тәртіпке бағдарлану және үміт пен санкцияларды өзара тежеу – мұның өзі біздің әлеуметтік жүйелерді талдауымыздың негізі болып табылады – қарекет координаттары жүйесінің аса терең негіздерінде жатады. Осынау негізгі қатынас ықпалдастық бағдарларының барлық тұрпаттары мен түрлеріне ортақ болып табылады. Бірақ дегенмен жоғарыда нобайланған модальды үш элементтің: катекттік, когнитивтік және баға беруші элементтердің салыстырмалы маңыздылығы тұрғысынан белгілі бір айырмашылықтарды анықтап алудың маңызы зор. Барша қабылдаған рәміздік жүйенің бағдарланудың қолда бар баламаларынан таңдап алу үшін біршама өлшем немесе стандарт ретінде алынған элементін құндылық деп аталуға болады. Белгілі бір мағынада сарын – қарекет жасаушы кісінің қанағаттануқанағаттанбау балансын жақсарту жөніндегі бағдар. Бірақ қарекет оның бағдарына қарекет координаттары жүйесінің тұрғысынан оған тән когнитивті және баға беруші компоненттерсіз түсініле алмайтындықтан, сарын ұғымы бұл арада тек катекттік қана емес, барлық үш қырды қамтитын нәрсе ретінде пайдаланылады. Бірақ рәміздік жүйелердің рөлін ескере отырып, сарындық бағдардың осынау қырынан құндылықтық бағдар қырын ажырата білу қажет. Бұл қыр қарекет жасаушы кісі үшін қанағаттану-қанағаттанбау балансы тұрғысынан топшыланатын іс ахуалының мәнін емес, таңдау стандарттарының өзінің мазмұнын қозғайды. Осы мағынада құндылықтық бағдар ұғымы қарекет жүйесіндегі мәдени дәстүрді білдірудің негізгі қырларының бірін тұжырымдаудың логикалық құралы болып табылады. Қарекеттегі нормативтік бағдар құндылықтар рөлі анықтамасынан барлық құндылықтар әлеуметтік мән деп аталатын нәрсенің бәрін қамтитыны келіп шығады. Құндылықтар жеке тұлғалық сипаттамалар емес, мәдени сипттамалар болатындықтан, олар барша қабылдаған нәрсе болып шығады. Тіпті олар

индивид бойында тым сезімтал болған күнде де, бәрібір олар өзінің шығу тегі арқасында қабылданған мәдени дәстүрлермен байланысты анықталады; олардың даралығы ортақ дәстүрден өзіндік ерекше ауытқуында жатыр. Алайда құндылықтық стандарттар тек өздерінің әлеуметтік маңызы бойынша ғана емес, индивидтің қарекетімен олардың қызметтік байланысты тұрғысынан да анықтала алады. Сарынға байланысты қарастырылатын барлық құндылықтық стандарттар баға беруші сипатқа ие болады. Бірақ бәрібір стандарттар өзінің бастапқы мәнінде жағдайды когнитивті анықтаумен, катекттік «көрініспен» немесе қандай да бір жүйе немесе оның бөліктері ретінде қарекет жүйесінің кірігуімен байланысты бола алады. Демек, құндылықтық бағдар өз кезегінде үш түрге: құндылықтық бағдардың когнитивті, баға беруші (apprecіatіve) және моральдық стандарттарына бөліне алады. Енді осынау терминологияны түсіндіру үшін бірнеше сөз айтайық. Жоғарыда аталып өткендей, аталмыш топтастырып жіктеу сарындық бағдар түрлерімен байланысты. Бағдардың танымдық қыры көп қиындық туғызбайды. Сарын тұрғысынан алғанда, гәп жағдай мен оның объектілеріне танымдық қызығуда, жағдайды танымдық анықтау сарынында. Екінші жағынан, құндылықтық бағдар позициясының стандарттарын қозғайды, солардың көмегімен когнитивті пікірлердің негізділігі анықталады. Олардың кейбіреулері логиканың ең қарапайым заңдары немесе бақылау ережелері секілді мәдени универсалийлер бола алады, ал басқа бір элементтері мәдениеттегі өзгерістер ықпалына ұшырайды. Қандай жағдайда да бұл таным проблемаларының баламалы шешімдерінің немесе құбылыстар мен объектілерді баламалы түсіндірудің арасында артықшылық беру стандарттарын таңдап бағалаудың өзегін құрайды. Когнитивті бағдардың нормативтік объекті айдан анық деп саналады. Ал катекттік бағдарда мәселе күрделілеу. Гәп мынада, объектіге қатынас қарекет жасаушы кісіге қанағат беруді немесе бермеуі мүмкін. Қанағаттану қарекет жүйесінің қарекет жасаушы кісі нормативті бағдарланған бір бөлігі ғана

екендігін ұмытпау керек. Бұл қыр баға берудің нормативтік стандарттармен байланыстан тыс қарастырылуы тиіс екендігіне күмән келтіруге болмайды. Бұл қашан да объектіні таңдау мен ол жөніндегі нұсқауға байланысты аталмыш қатынастағы бағдардың дұрыстығы мен орындылығы мәселесіне байланысты. Сондықтан бұған әрқашан стандарттар кіргізіледі, олардың көмегімен катекттік маңызы бар мүмкіндіктерден іріктеу жасала алады. Ақырында сарындық бағдардың баға беруші қырының да құндылықтық бағдарда сәйкес нәрсесі бар. Баға беру қарекет жүйесі элементттерінің кірігуі мәселесіне қатысты, оның мәнісі мына проблемада білдірілген: “Тоқашты жеп қоюға, сөйтіп оны сақтауға болмайды”. Когнитивті де, баға беруші де құндылықтық стандарттардың бұған тікелей қатысы бар. Бірақ кез-келген қарекеттің когнитивті де, катекттік қыры болады. Демек, когнитивті мүдделердің бастапқылығы нақты қарекеттің кірігуі мәселесін катекттік мүдделер тұрғысынан шешіп бере алмайды және керісінше. Сондықтан қарекет жүйесінде негізгі салмақ когнитивті де емес, катекттік те емес, олардың синтезі болып табылатын баға беруші стандарттарға шоғырландыруы тиіс. Тегінде, оларды моральдық стандарттар деп атаған ыңғайлырақ болар. Біршама мағынада олар өз тұғғысынан неғұрлым жалқы бағалар қарастырылатын стандарттарды белгілейді. Қарекет жүйелерінің жалпы сипатынан бұл арада қабылданған мағынасында моральдық стандарттардың зор әлеуметтік мазмұны болатыны айдан анық туындайды. Бұл мынамен түсіндіріледі: кез-келген қарекет жүйесі, белгілі бір мақсаттар үшін кісі проблемасы, едәуір маңызды болып қала беретінімен, нақты қарастырғанда бір қырында әлеуметтік жүйе болып табылады. Моральдық мазмұн түгелімен, әлеуметтік мазмұнға саймайды, дегенмен әлеуметтік қырынсыз барлық жағынан кіріккен қарекеттің нақты жүйесін елестету мүмкін емес. Атап айтқанда, кез-келген қарекет жасаушы кісінің көзқарасы тұрғысынан өзара құқықтар мен міндеттер тұрпаттарын, сондай-ақ оның басқалармен ықпалдастығын айқындайтын стандарттарды

анықтау сол қарекет жасаушы кісінің жағдайда жалпы бағдарлануының
шешуші қыры болып табылады. [...]

Қазақшалаған философия ғылымының кандидаты
Бақытжан САТЕРШИНОВ.

Питрим СОРОКИН

(1889–1969) Ресейде қарапайым отбасында дүниеге келген, оңшыл эсерлер партиясының жетекшісі болған. 1919 жылдан Петроград университетінің профессоры, абақтыға қамалған, өміріне қауіп төнген соң 1922 жылы Ресейді тастап шығып, Америкаға жылыстауға мәжбүрт болды. Онда арвард университетінің профессоры атағын алды, алуан түрлі тақырыпқа отыздан астам кітап жариялады. Солардың ең белгілілері “The Socіology of Revolutіon” (1925), “Socіal Mobіlіty” (1927), “Rural Socіology” (1930), “Socіal and Cltural Dynamіcs” (4том, 1937–1941), “Fads and Foіdles іn Modern Socіology and Related Scіence” (1956). Өзінің еңбектерінде тарихи процесті мәдениеттің негізгі тұрпаттарының толқулары деп білді, осы заманғы мәдениет дағдарысқа ұшырап отыр деп санап, мұны материализм мен ғылымның дамуынан көрді, одан шығудың жолы діни идеалистік мәдениетті дамыту деген қорытынды жасады. Ол әлеуметтанудағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік белсенділік теорияларының негізін қалаушылардың бірі. Оксфорд “Әлеуметтану” сөздігінің авторлары “кейінгі ұрпақ оның еңбектеріне оншалық ықыласты емес” деп санайды.

ӘЛЕУМЕТТАНУ

ЖҮЙЕСІ

1-том. Ү ш і н ш і т а р а у

АДАМДАР ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУ

ӘДІСТЕРІ

§ 1. Aдамдардың ықпалдастығы мен тәртібі ұғымы.
Әлеуметтану ықпалдасатын адамдардың тәртібі мен оның нәтижелері
туралы ғылым ретінде

Мен осы кезге дейін «ықпалдастық» терминін талай рет қолдансам да, оның дәл анықтамасын бергенім жоқ. Енді осы кемшілікті түзетейік. Адамдар ықпалдастығының анықтамасы мынадай. Адамдар ықпалдастығы құбылысы адамдардың біреуінің (бірнешеуінің): а) психикалық ахуалы немесе в) сыртқы актылар, яки с) бұлардың екеуінің де басқа бір немесе бірнеше индивидтің тіршілік етуінің және жай-күйінің (психикалық немесе физикалық) қызметін көрсеткен кезде пайда болады. Басқаша айтқанда, бір индивидтің психикалық ахуалындағы немесе сыртқы актыларындағы өзгерістер басқа (басқалар) индивидтің ахуалынан немесе сыртқы актысынан туындайтын кезде, олардың екеуінің арасында қызметтік байланыс орын алған кезде, біз сол индивидтер ықпалдасады дейміз. Осы анықтамамен әлеуметтану зертейтін адамдар ықпалдастығы құбылысы нақты дәл де анық нобайланады. а) А психикалық ахуалы (түйсіктері, түсініктері, идеялары, сезімдері, эмоциялары, ырқы), В-ның тіршілік нтуі мен ахуалына тәуелді болатынын, содан туындайтынын, соның ықпалымен өзгеретінін атап көрсете алатын, басқаша айтсақ, А-ның психикалық ахуалы мен тәртібінің «тітіркендірушісі» В болатын әрбір жолы, біз: А және В арасында ықпалдастық бар дейміз.

в) А-ның сыртқы актылары, В-ның тіршілік етуі мен ахуалының функциясы болатын, (В-ның бастан өткерулерінің қылықтарының және тіршілік етуінің ықпалынан туындайтын, өзгеретін, кешеуілдейтін) әрбір жолы біз: А және В арасында ықпалдастық бар дейміз. Бұл арада сыртқы актылар деп индивидтің бақылауға болатын физиологиялық процестерінен бастап, қылықтары немесе солардың тізбегіне дейінгі барлық сыртқы, бақылауға болатын қозғалыстары айтылып отыр. Басқаша айтсақ, сыртқы актылар деп, «бастау рефлекстерін» де, және «тәртіп рефлекстерін» де айтып отырмыз. Олардың барлығы бірдей жеңіл бақыланбайтындығы және барлығынің бірдей маңызды мәні жоқтығы бесенеден белгілі. Таза ішкі физиологиялық реакциялар бұл тұрғыда қосымша рөл атқарады; тәртіптің сыртқы көзге ұрып тұратын реакциялары басты мәнге ие болады, оларды орындауға әртүрлі дәрежеде бүкіл организм қатысады.

Осындай сыртқы актылардың жиынтығы біз адамның тәртібі (behavіor, comportement)178 дейтінді құрайды. c) А-ның психикалық ахуалы да, және сыртқы актылары да В-ның тіршілік етуі мен ахуалынан туындайтын барлық жерде біз: А мен В арасында ықпалдастық бар дейміз. Мысалдар: аталмыш бөлмеге В-ның кіріп келуінен А-ның қуанышты көңіл күйі «мұңға» айналды. В-ның қоқан-лоққысынан А үрейлене бастады. А мен В арасындағы ықпалдастық көзге ұрып тұр («а» тұрпаты). А-ның Америкадағы В-дан телеграмма алуы, А-ны поштаға барып, оған жауап қайтаруға мәжбүр етті. В-ның перзенті болуы, оның анасы А-ның езуіне «күлкі» үйірді. В-ның сөзі «қорлағаны» үшін А-ның оны «жақтан тартып

178 Тәртіп пен сыртқы актылар біз алған мағынада бірқатар америкалық зерттеушілер жануарлар мен адам тәртібіне беретін мәнмен сәйкес келеді. «Тәртіп деп мен, – деп жазады Дженнингс, – организмнің жалпы тәндік қозғалыстарын айтамын. Олар ішкі физиологиялық процестерден тым қатты өзгешеленбейді. «Тәртіп» (behavіor) термині организм орындайтын қызметтің неғұрлым күрт және айдан анық түрлері үшін қолданылатын ұжымдық есім». Jennіngs. Behavіor of the lower organіsms. New Vork, 1906, V. Пармели де осы терминдерге ұқсас анықтама береді. Тәртіп (behavіor, conduct емес) деп ол «жануар организмінің сырттай көрінетін, сыртқы физиологиялық процесті құрайтын (constіtute) қозғалысын» түсінеді. Parmelee. The scіence of human behavіor. New. Vork, 1913, І. Осы терминдерге М. Дауголл беретін түсінік, біздікінен тар. Ол тәртіп деп тек оның орындалуына бүкіл организм қатысатын актыларды ғана айтады. М. Дауголл. Основн. проблемы социальной психологии. М., 1916, 259-260; Соныкі: Psychology, the study of behavіor, 1912.

жіберуіне» түрткі болды. В-ның кір киімі трамвайда қатар отырған А-ны қарсыдағы орынға ауысып отыруға мәжбүр етті. Ықпалдастық көрініп тұр («в» тұрпаты). Жүргізуші В айдап келе жатқан трамвайдың баяу жүретіні асығып отырған А-ның көңіл күйінде наразылық, ыза тудырып, оны арбакеш жалдауға мәжбүр етеді. Артист В-ның ойыны А бәйбішенің “есін шығарып” оны «дымы құрығанша қол шапалақтауға» мәжбүр етеді. Комиссар ВА-ны әскери қызметке шақырған декреті, «оның ұнжырғасын түсіріп», коммисариатқа жөнеуге мәжбүр етеді. А мен В арасындағы ықпалдастық көрініп тұр («с» тұрпаты). Негізгі қағиданы дәлелдейтін осы мысалдардан адамдардың ықпалдастығы мүлдем анық көрінеді. Айқынырақ болу түсуі үшін оны мен негізгі үш түрге бөлдім. ондағы мақсат: ықпалдастық бір немесе бірнеше индивидтің ішкі ахуалы немесе сыртқы актылары, немесе, ақыр соңында, солардың екеуі де басқа бір немесе бірнеше индивидтің бар екендігінің (тіршілік етуінің және тәртібінің) қызметі болып табылатын барлық жерде болатынын анығырақ көрсету.179 Нобайланған ықпалдастық ұғымы өзінің логикалық сипаты жағынан жеткілікті дәл және анық. Бірақ осы анықтаманың негізінде біз адамдардың тіршілік етуінің әрбір аталмыш жағдайында «мына жерде олардың арасында ықпалдастық бар, ал мына жерде жоқ», – дей аламыз ба? Басқаша айтқанда,

179 Бірақ бұл арада сұрақ туындайды: А мен В немесе индивидтердің көбірек саны арасындағы ықпалдастық қатынастары егер олардың біреуінің (біреулерінің) ахуалы мен қылығы (не екеуі де) басқа бір немесе бірнеше индивидтердің тіршілік етуі мен ахуалына тәуелді болған кезде берілетін болса, мұның өзі әрбір аталмыш сәтте біз жер шарының барлық адамдарын ықпалдас деп тануға тиіс екендігімізге жетелемей ме? Сайып келгенде біздің әрқайсысымыздың ахуалымыз бен тәртібіміз барлық адамдардың ахуалы мен тәртібінен туындайтынын жоққа шығаруға бола ма? Қалай болғанда да, әлдебір қытай шонжарының немесе австралиялық фермердің тәртібінің ықпалы қаншалық елеусіз болғанымен, бірақ, сайып келгенде, соның өзі олардан алыс және олардың бар екендерінен хабарсыз Иванның, Петрдің, Павелдың тағдырын анықтайтын шарттардың біреуі болып табыла ма? Бұл сұрақтарға мен теріс жауап беремін, номографиялық ғылым атаулы: «бұл дүниеде барлығы бірімен-бірі байланысты», сондықтан бір немесе басқа құбылыстың себебін бірнеше басқа құбылыстан іздеуге болмайды, мұндай себеп деп алдыңғы сәттегі дүниенің бүкіл ахуалын санау керек дейтін барлық қарсылықтармен санаспайтындығының пәрменімен, нақ соның пәрменімен де теріс жауап беремін. Әлеуметтану, «қорытушы ғылым» атаулы ретінде өзінің себептік талдауында индукцияның ортақ постулаттарына, атап айтқанда, ғылым теориясының негізіне Курно алатын, «дүниеде қатарласа дамитын және бір-бірінен тәуелсіз себептерден туындайтын құбылыстар қатары бар» деген постулатқа сүйенеді. Tout se lіe, tout s`enchaіne dans ce monde – құбылыстардың осындай баршаға ортақ байланыстылығы бар деп есептеу, егер оны бейсана жоқ дегенге саймасақ, дейді А. А. Чупров Cournot-ты қостай отырып, номографиялық жұмысты етпей тастайды...

осынау ықпалдастық анықтамасында атап көрсету оңайға түспейтін сыртқы құбылыстарды білдірмейтін, сондықтан көзге ілінбей қалуы оңай нышандар жоқ емес пе? Егер сондай нышандар болса, олар анықтаманың барлық логикалық дәлдігін пайдасыз және ықпалдастықтың барлық ұғымдары мен өлшемдерін дәрменсіз етпей ме? Алдыңғы анықтамада мен: адамдардың ықпалдастығы бір индивидтің жалғыз сыртқы актылары немесе сыртқы актыларымен психикалық ахуалы басқа бір немесе бірнеше индивидтің тіршілік етуі мен ахуалының функциясы болған кезде ғана негізінде берілген, ол индивидтің жалғыз психикалық ахуалы басқа адамның тіршілік етуі мен ахуалына тәуелді болып, соның пәрменімен өзгеретін кезде де беріледі деген болатынмын. Міне ықпалдастықтың дәл осы оқиғасы біздің соған назар аударып, содан туындайтын барлық бұлыңғырлықтарды шығарып тастауға мәжбүр етеді. Бұл арада екі сұрақ көлденеңдейді: 1) индивидтің психикалық ахуалының өзгеруі оның тәртібінің өзгеруін туғызбайтын, немесе әйтеуір бір өзгерістер ілесе жүрмейтін жағдай нақты болмыста бола ма? 2) Егер ондай жағдайлар болатын болса, біз оларды қалай зерттей алмақпыз? Қандай нышандардың негізінде біз А-ның психикалық ахуалы қандай да бір өзгерістерге ұшырады, А индивиді Вықпалдастықта дей аламыз? Бірінші сұраққа келсек, осы заманғы мәліметтер бойынша таразыласақ, оған теріс жауап беруге тура келеді. Осы заманғы психология мен физиология ие болған нәтижеге сәйкес, қандай да бір сыртқы немесе ішкі физиологиялық процестерсіз психикалық ахуалдың өзгеруі мүмкін емес секілді көрінеді. Психикалық ахуал атаулы, әдетте адам тәртібінің әлдене өзгеруімен ілесе жүреді: махаббат, өшпенділік тудыратын ахуал, ауыру немесе ризашылық сезімі, идеяны түсіну, ырықтық шешім, қысқасы, барлық психикалық актылар «аймалайтын көзқарас», «ызғарлы ишара», «науқас көрінісі», «күлімсіреу», әлдене сөздер, қолмен қандай да бір ишаралау, бұлшық еттердің дірілі, әртүрлі органдарға қанның құйылуы немесе жетпеуі, жүрістің өзгеруі және т.с.с. түрінде тәртіптің әйтеуір бір өзгеруін жетелей жүреді. Ішкі, субъективті

күйзелістердің осынау сыртқы көріністері тым өткір де ірі болуы мүмкін (мысалы, белгілі бір ырықтық шешім апталар мен айлар ішінде жасалатын, соның барысында индивид белгіленген мақсатқа жетуге тырысатын), ұзақ та күрделі актылар қатарында «объективтендіріледі», ал кейде осы сыртқы көрсеткіштер әрең-әрең байқалатын, онда да тек аса мұқият зерттеу мен талдау арқылы ғана аңғарылатын тым елеусіз нәрсе бола алады. Осындай оқиғаларға қарамастан, тіпті психикалық ахуалдың өзгергендігі ешқандай сыртқы көріністерін осы заманғы зерттеу әдістерін бәлкім, ашу мүмкін емес фактыларға жол бере отырып, бәрібір біз «психикалық процесс пен ми процесі бір-бірімен етене», «осы заманғы көзқарастар бойынша, ми тканінің жасушалары мен талшықтары бойынша жүгіріп өтетін жүйке тогының қозғалысынсыз болатын бірде-бір құбылысты саналы немесе субъективті жан жоқ»180 деп ойлауға тиіспіз. Бұл қағида сондай-ақ психикалық өмірдің өзі ең жоғары көріністерінде, дамыған ми, атап айтқанда мидың қабықтық сұр заты бар жерде ғана мүмкін екендігінен шығады181. Олай болса, субъективті бастан өткерудің ең аз физиологиялық «коррелляты» бері салғанда әрдайым жүйке-ми процесі және жүйке жүйесінде болып жататын бірқатар реакциялар пошымында беріледі. Нақ сол объективті психология мен физиология бізге мынаны көрсетеді: аса қарапайым түйсіну мен қабылдау актыларынан бастап аса күрделі субъективті бастан өткеруге дейінгі психикалық ахуалдардың қайсысы болмасын, бір немесе басқа сыртқы құбылыстарда, бір немесе басқа рефлекстерде қалай болғанда да көрініс береді.182 Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: әйтеуір бір сыртқы, физиологиялық процесс болмаса, қандай да бір психикалық процестің болуы, психикалық ахуалдың өзгерісі әйтеуір бір түрде адамның сыртқы тәртібіне немесе оның ішкі физиологиялық процестерде бейнеленбеуі осы заманғы ғылыми мәліметтер негізінде мүмкін емес нәрсе болып көрінеді. Осындай «сыртқы» көрінісі жоқ жағдайларды, тәртіптің осынау болмашы сыртқы

180 Бехтеров. Общие основания рефлексологии. Петроградб 1918, 3. 16. 181 Осы жайлы қараңыз: Вагнер.Биологич. основания сравнительной психологии. Изд. Вольфаб тю Ііб 272–285; т. І. Passіm. 182 Осы жайлы қараңыз: Бехетров. Op. cіt., гл. І и ІІ, XІX, XXXІІІ, XXXІV–XXXVІІ и passіm.

өзгерістерін бақылауға және атап көрсетуге қажетті құралдар бізде әлі жоқ деген мағынада түсіну керек. Қойылған сұрақтардың біріншісіне берілетін қысқаша жауап осындай. Енді екінші сұраққа көшелік. Ешқандай сыртқы процестер ілесе жүрмейтін таза психикалық ахуалдар болуы мүмкін деп бір минутке елестетіп көрелік. Мысалы, В-ның сөздері А–ға өте күшті әсер етіп, оның «жан дүниесінде» «нағыз дауыл» тұрғызылды, барлығын астан-кестен етті, бірақ А жан дүниесіндегі осы төңкерісті мүлдем ештеңемен байқатқан жоқ, сыртқа шығарған жоқ деп ойлап көрелік. Оның бет әлпеті, дауыс ауаны, сөзі ырғағы, қозғалыстарының сипаты, оның физиологиялық процестерінің барысы және сипаты, қысқасы – оның бүкіл тәртібі, соның ішінде А-ның байқауға болатын барлық ішкі физиологиялық процестері ешбір өзгерген жоқ. Сұрақ мұндай құбылыстарды біз байқай аламыз ба? Біз олар жайлы бірдеңе айта аламыз ба? Біз олар туралы біле аламыз ба? Біз ықпалдастықтың осындай пошымдарын аңғара аламыз ба? Жауап өзінен-өзі айқын. Ешқандай сыртқы көріністер ілесе жүрмейтін мұндай жан дүние төңкерістері, олар тіпті мүмкін болған күнде де (адам сенбес нәрсе), бақылауға бой бермейді, біз оларды байқай алмаймыз, біз тіпті олардың бар екендігін сезе де алмаймыз. Міне сондықтан, А-ның жалғыз психикалық ахуалы ғана өзгеріп, В-ның бар екендігіне тәуелді болатын, А-ның тәртібі өзгермейтін ықпалдастық фактылары болған жерлерде ондай фактыларды бақылауға бой бермейді, біз тіпті олардың бар екендігін біле де алмаймыз; демектіпті олардың тіршілік етуі мүмкін болса да, , олар жоқ санатында. Осылайша, адамдардың ықпалдастығы құбылысы іс жүзінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың екіншісі мен үшіншісіне («b» және «с» тұрпаттары) яғни не А-ның сыртқы тәртібінің, не сыртқы тәртібінің де, ішкі ахуалының да В-ның өмір сүруі мен сыртқы тәртібіне қызметтік тәуелділігіне саяды. Егер жағдай солай болса, онда ықпалдастық ұғымындағы жаңа ғана сұрақ түрінде қойылған бұлыңғырлықтар да сол арқылы ғайып болады.

Психикалық ахуалдардың өзгеруі тәртіптің тиісті өзгеруінсіз болуы ісжүзінде ықтимал болмайтындықтан, жалғыз психиканың ғана мұндай өзгеруі, тіпті солай болады десек те, бәрібір бақылауға бой бермейтіндіктен, ықпалдастық әрқашан («b» және «с» жағдайларында да) адамдардың сыртқы актыларында, яғни бақылауға және айтуға атап көрсетуге көнетін сыртқы құбылыстардан көрінеді. Осыдан ықпалдастық анықтамасының жаңғырған түрі туындайды. Ол мынау. Адамдардың ықпалдастығы бір индивидтің тәртібіне, бір жағдайда сана ілесе жүргенде, басқа жағдайда ол жоқ кезде, бір немесе бірнеше адам тәртібінің функциясы болып табылатын жерде ғана орын алады. Ықпалдастықтың осы мәнін әлеуметтанудың жоғарыда берілген анықтамасына тоқайластырып, біз мынандай салдар аламыз: әлеуметтану мынаны зерттейді: 1) біреулердің тәртібі басқалардың тәртібі мен тіршілігінің қызметі болып табылатын адам тәртіптерінің түрлері; 2) осындай тәртіп нәтижесінде пайда болатын құбылыстар. Басқаша айтқанда, әлеуметтану дегеніміз ықпалдастық процесіндегі адамдардың тәртібі туралы, және осындай тәртіптің нәтижелері туралы ғылым.

Ә л е у м е т т і к т а л д а у

Төртінші тарау

ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТАЛДАУ

«Әлеуметтану архитектоникасы» тарауында теорияльқ әлеуметтанудың бірінші бөлігі әлеуметтік талдау болып табылады деп керсетілген болатын. Ол әлеуметтік құбылыстың құрылуын, немесе құрамын жене оның негізгі пошымдарын зерттейді. Сондай-ақ оның: а) ең қарапайым әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік талдауы және b) күрделі әлеуметтік құбылыстардың әлеуметтік талдауы деп

бөлінетіні көрсетіледі. Әлеуметтік құбылыстардың құрылуын талдауымызды ең қарапайым әлеуметтік құбылыс құрылымын зерттеуден бастаймыз. Тек осыны зерттеп алып қана, біз күрделі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің құрылымын зерттеуге көше аламыз. Төмендегі бүкіл бөлім ең қарапайым әлеуметтік фактылар құрылысын зерттеуге арналады.

§ 1. Ықпалдастық ең қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде

Әдетте қоғамдық өмір немесе қоғамдық құбылыстар деп аталатын нәрсенің фактылар мен процестерінің күрделі кешенін құрайтыны соншалық, оларды құрамдас бөліктерге бөліп тастамай тұрып зерттеу мүмкін емес. Осы шексіз ала-құла да күрделі көрініске қалай жақындай аламыз? Оны қалай суреттей аламыз? Қандай тұрғыдан талдау керек? Егер кез-келген зерттеуші оқиғалардың, қылықтардың, фактылардың, құбылыстардың және қатынастардың осынау шексіз саналуан жиынтығын тұтас күйінде алып зерттемек болса, ол толық сәтсіздікке ұшырар еді. Зерттеу шарттарын алдын-ала бөлшектеп, оңайлатып алмай тұрып ондай міндет шешілмейді. Міне сондықтан мәнісі бойынша да, методологиялық талаптар бойынша да183 «қоғамдық өмір құбылыстары» дейтінді зерттеуші атаулы бұл құбылыстарға ең қарапайым түрінде алуға тиісті. Ол олардың көрінуінің ең қарапайым оқиғаларын, олардың оңайлатылған әрі кішкентай үлгісін табуға, оны зерттей отырып ол барған сайын күрделілене түсстін фактыларға сол ең қарапайым оқиғалардың тоқайласуы ретінде немесе сол моральдің шексіз күделіленген үлгісі ретінде қарау мүмкіндігін алатын болуға тиіс. Бұл жағдайда әлеуметтанушы өзге ғылымдардың: химия мен биологияның тәжірибесін пайдалануға тиіс. Анорганикалық табиғаттың бүкіл ала-құла дүниесін атомдарға бөлшектеп тастаған химик секілді өмір құбылыстарын жасуша арқылы зерттейтін биолог секілді, әлеуметтанушы өзіндік бір «әлеуметтік

183 Бұл жөнінде қараңыз: Риккерт. Границы естественно-научного образования понятий. Перев. Водена. Passіm.

жасушаны» табуға тиіс, соны зерттей отырып, ол сол арқылы әлеуметтік құбылыстардың негізгі қасиеттерін біліп алар еді; ол-ол ма, анорганикалық дүниенің заттары мен құбылыстарын атомдар мен олардың қосылымдары – молекулалардың тоқайласуымен деп түсіндіретін химик секілді, барлық организмдерді олардың құрамдас бөліктері – жасушаларға бөлшектей алып, бұлардың біріншісін екіншілерінің тоқайласуы ретінде қарастыратын биолог секілді, солар секілді әлеуметтанушы бөліп алатын ең қарапайым құбылыс, қоғамдық құбылыстар дейтіннің бәріне сол ең қарапайым құбылыстардың ьір түрде немесе басқаша тоқайласуы ретінде қарауға мүмкіндік беретін құбылыс болуға тиіс. Сұрақ қойылады: адамдар қатынастары дүниесіндегі қандай құбылыс осындай ең қарапайым факт бола алады? Қандай құбылыс қоғамдық құбылыстардың орасан зор әрі күрделі механизмінің оңайлатылған әрі шағын үлгісі бола алады? Органикальқ мектептің жақтаушылары бір кездері «әлеуметтік жасуша» немесе ең қарапайым әлеуметтік құбылыс адам индивиді деп санаған болатын. Қазір оларды егжей-тегжейлі сынап жатудың кажеттігі бола қояр ма екен. Олар ұқсастырумен тым әуестеніп кетіп, индивид тек индивид ретінде – әлеуметтік макрокосмның микрокосмы деп санала алмайтынын байқамай да қалды. Санала алмайтындығы, индивидтен тек индивидті ғана алуға болады және «қоғам» дейтініміз де, «қоғамдық құбылыстар» делінетіні де алынбайды. Адам мекендемейтін аралда тіршілік етіп жатқан Робинзонның өзі де, өзінің қарекеттерімен де олардың біріншісін де, екіншісін де құрай алмайды. Бұдан әрі – индивид индивид ретінде ерекше ғылым – әлеуметтанудың ьіршілік етуіне ешқандай негіз бере алмайды. Оны физикалық дене ретінде физикахимия ғылымдары, организм ретінде – биология, санасы немесе психика бар тіршілік иесі ретінде – психология зерттейді. Әлеуметтану индивидпен түк

істей алмайды, сондықтан ол басы артық ғылым болар еді. Индивид қоғамдық құбылыстар үлгісі бола алмайды.184 Қоғамдық құбылыстар үшін біреу емес, көп индивид бері салғанда – екі индивид керек. Егер жалғыз Робинзон «қоғам» құра алмаса, Робинзон Пятницамен бірігіп, ондай «қоғамды» құра алады. Бері салғанда, екі адамның бірігуі күнделікті тірлікте «қоғам» деп аталады. Олардың өзара қатынастары «қоғамдық қатынастарды», олардың акциялары мен реакциялары «қоғамдық процестерді» құрай алады. Бірақ екі немесе көп индивидтер ұғымы қоғамдық құбылыстардың «үлгісі» болуға әлі жеткіліксіз. Бізде көптеген индивидтер болуы мүмкін, бірақ егер сол индивидтер, бөлек-бөлек қалбырларға салынған сардиналар сияқты, бір-бірінен бөліп тасталған индивидтер болса, бұл жағдай біріншісіне саяды: бізде оқшауланған бірқатар индивидтер, яғни бұл жағдайда тағы да бір индивид болады. Екі немесе одан көбірек индивидтер «қоғам» құрау үшін, «қоғамдық құбылыстар» бере алуы үшін, олардың бір-бірімен ықпалдасуы, акциялармен және реакциялармен өзара алмасып отыруы қажет. Тек осы жағдайда ғана олар қоғамдық құбылысты құрайды; тек осы жағдайда ғана олардың өзара қатынасы қоғамдық процесс береді, тек осы жағдайда ғана олар солардың басқа пәндер зерттемейтін ықпалдастығын зерттейтін ерекше ғылымның тіршілік етуі үшін негіз құрайды. «Socіal are all phenomena whіch we cannot explaіn wіthout brіngіng іn the actіon of one human beіng on another», – деп Ross дұрыс айтады.185 Демек, әлеуметтік топтың моделі – өзара ықпалдастықта болатын екі немесе одан көп индивид бола алады. Әлеуметтік үрдістердің моделі – тек индивидтер арасындағы ықпалдастық процестері; қоғамдъқ құбылыстардың моделі тек адамдар ықпалдастығы құбылысы бола алады.186

184 Бұл айтылғандардың өзге де әлеуметтанушыларға қатысы бар, олар Гиддингс сияқты, индивидті, socіus’тs «әлеуметтік жасуша», «әлеуметтік бірлік» деп санайды Қараңыз: Gіddіngs. Іnductіve Socіology. 10 185 Ross. Foundatіons of Socіology, 1905–1907. 186 Бұл айтылғандардан әлеуметтік құбылысты тек өзара қатынастарға сайып, одан индивидтерді шығарып тастауға дайын әлеуметтану теорияларының қателіктері де шығады. Бұған әлеуметтік реализмнің көптеген жақтаушылары, соның ішінде жоғарыда келтірілген Hayes те кінәлі. Қараңыз: Hayes. Op. cіt., 111–113. Жалғыз қатынас (ықпалдастық) ең қарапайым әлеуметтік құбылыс та, әншейін әлеуметтік құбылыс та бола алмайды.

Мұндай модель – индивид емес, отбасы деп қарастыратын Ле-Плэ мектебінің көзқарасы органистерге қарағанда дұрыс екендігі міне сондықтан. «Отбасы – дейді сол мектептің аса ірі өкілі Демолен – мейлінше қарапайым, мейлінше кіші әлеуметтік топ, одан төмен әлеуметтік өмір болмайды, ол жалғаса да, беріле де алмайды».187 Әлеуметтік топтың моделі ретіндегі отбасына, екі немесе одан көп индивид және олардың ықпалдастығы бар. Осы мағынада ол қойылған талаптарды қанағаттандыра алады. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуге бұл көзқарас, көп жағынан құнды болғанымен, алайда, тұтасымен қабылдана алмайды. Отбасы бірқатар әлеуметтік қатынастардың моделі бола алады, бірақ барлығының емес: біз бірқатар әлеуметтік топтар, тіпті солардың көпшілігі отбасы негізінде құрылмайтынын және отбасыға ешқандай қатысы болмайтынын білеміз. Достардың жиналыстары діндарлардың жиналыстары, саяси партия, ғылыми қоғамның және басқа көптеген ассоциациялардың мүшелері отбасыдан тыс ассоциациялар болып табылады. Сондықтан отбасын барлық әлеуметтік топтардың үлгісі ретінде алуға, отбасы мүшелерінің арасындағы ықпалдастықты қоғамдық ықпалдастық атаулының моделі ретінде алуға болмайды. Отбасы тек рулық құбылыстың – ықпалдас индивидтер тобының жекелеген бір түрі. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер екі немесе одан көбірек индивидтер ықпалдастығының құбылыстары мен процестеріне бөлшектеле алады; және керісінше, ықпалдастықтың әрқилы процестерін тоқайластыра отырып, біз кез-келген, күрделінің күрделісі болып табылатын қоғамдық процесс, танго мен футуризмге әуестіктен бастап, дүниежүзілік соғыс пен революцияларға дейінгі, кез-келген әлеуметтік оқиғаны ала аламыз. Сайып келгенде бүкіл қоғамдық өмір ықпалдастық құбылыстарынан басқа не болмақ?

Себебі, индивидтер жоқ жерде олардың арасындағы қатынастар да болмайды. Ықпалдасатын ешкім болмайды, және ықпалдастықты зерттеу де болмайды. Міне сондықтан әлеуметтік құбылыс «моделі» құрамында индивидтер де, олардың арасындағы ықпалдастық та болуға тиіс. Индивидтер қасиеттері мен ықпалдастық қасиеттері қызметтік жағынан байланысты: бірін бірінен бөліп қарауға болмайды. 187 E. Demolіns. Comment on analyse et comment on classe les types socіaux. La scіence socіale 19 anneé, 1-er Fasc., 75.

Ықпалдастық процестері – индивидуалдық және бұқаралық, ұзақ мерзімді және бір сәттік, бір жақты және екі жақты, ынтымақтық және антогонистік, т.б. ықпалдастық өздерінің жиынтығынан адамзат тарихының матасы тоқылатын жіптер болып табылады. Ықпалдас индивидтер жиынтығынан трамвайдағы адамдардан бастап, мемлекетке, «Интернационалға», католиктер шіркеуі және «Ұлттар лигасына» дейінгі ұжымдар секілді кез-келген әлеуметтік топты, кезкелген «қоғамды» құруға болады. Ықпалдастық процестерін тоқайластырудан көшедегі жанжалдан жиналған тобырдың айқай-шуынан бастап, дүниежізілік пролетариаттың дүниежүзілік «капиталмен» жүйелі жоспарлы күресіне дейінгі кез-келген қоғамдық құбылысты тоқып шығуға болады. Өндірістік және экономикалық қатынастардан бастап, эстетикалық, діни, құқықтық және ғылыми қатынастарға дейінгі барлық әлеуметтік қатынастар ықпалдастық қатынастарына жіктеледі. Қысқасы, екі немесе одан көп индивидтердің ықпалдастығы әлеуметтік құбылыстардың тектік ұғымы болып табылады; ол соңғыларының моделі қызметін атқара алады. Осы модельдің құралуын зерттей отырып, біз барлық қоғамдық құбылыстардың құралуын тани аламыз. Ықпалдастықты құрамдас бөліктерге бөлшектеп, біз сол арқылы күрделі әлеуметтік құбылыстарды бөлшектерге бөліп тастай аламыз. Осы ескертпелермен шектелеміз де, ықпалдастық құбылыстарын талдауға көшеміз. Әлеуметтік құбылыстардың осы «моделін» зерттеп, біз айтылған қағидаларды қуаттауға жеткілікті материал аламыз.

§ 2. Ықпалдастық құбылысының элементтері

Адамдар ықпалдастығы құбылысы жоғарыда көрсетілген мәнде мүмкін болуы үшін үш негізгі шарт орын алуы қажет: 1) бір-бірінің ахуалы мен тәртібін туындататын екі немесе одан да көп индивидтердің болуы, 2) олар өзара ахуал мен қылықтарды туындататын актылардың болуы, 3) актылар

ықпалы мен тітіркенуін бір индивидтен екіншісіне жеткізетін дәнекерлердің болуы. Бұл шарттардан тыс ықпалдастық құбылысы бола алмайды: 1) индивидтерсіз ықпалдасатын ешкім болмайды; 2) егер осы индивидтер актылар жасамаса, онда олар қалай және немен өзге адамдарды “тітіркендіре”, олардың тәртібі мен ахуалын «туындата» алмағы түсініксіз болуар еді; 3) егер дәнекерлер болмаса, онда, төменде біз көретініміздей, бір индивидтің тітіркендіруші актылары өзге индивидтерге берілмес және тітіркендіре алмас еді. Ықпалдастық құбылысының осынау қажетті шарттарын немесе құрамдас бөліктерін оның элементтері деп атаймыз. Ықпалдастық құбылысын құрайтын олардың қосындысын өзінің жиынтығында өзіндік бір бірлік немесе suі generіs нақты болмысы ретінде ерекше жүйені құрайды (төменде қараңыз). Осы элементтердің әрқайсысына тоқталамыз.

§ 3. Индивидтер ықпалдастық құбылыстарының элементі ретінде

І. Индивидтердің негізгі
биологиялық және психикалық қасиеттері

Индивидтерге анатомиялық құрылысы мен физиологиялық қасиеттерін бізге анатомия мен физиология береді. Олардың психикалық өмірін бізге психология ашып көрсетуге тырысады. Бұл арада сол ғылымдардың мәліметтерін қайталап жатудың қажеті жоқ. Бізге бұл орайда тек төмендегі қасиеттерді атап өткен маңызды: а) кезкелген тіршілік иесі секілді адам өз организмі сезетін тітіркендіруге жауап қайтару қабілетіне ие; b) ең жоғары организм ретінде ол мүлтіксіз жүйке жүйесіне ие;

Бұл жүйенің қарапайым қызметтері мыналардан тұрады: 1) сырттан келетін тітіркенуді қабылдау (жүйке жүйесінің тиісті органдарын рецепторлар немесе қабылдағыштар деп аталады), 2) оларды орталық жүйке органына дейін жеткізу (жүйке жүйесінің тиісті бөліктері өткізушілер немесе кондукторлар деп аталады), 3) эффектті – орталық органнан жұмыс органдарына келетін тітіркену туындататын қозғалыс реакциясын орындау (жүйке жүйесінің тиісті бөліктері эффектороар деп аталады). Жоғары жүйке жүйесінің қызметіне келсек, бұл қызметтер талдаушылық қызметтен – организмге ықпал ететін тітіркенулерді талдау мен бөлшектеуден, және тұйықтаушы (контакторлық) қызметтен – организмнің сыртқы дүние бөлшектелген немесе талданған тітіркендіргіштерімен байланысын орнатудан тұрады188. Осындай тамаша рецепторлық–кондукторлық–эффектілік аппаратқа ие болу адамның ортаға едәуір мінміз бейімделуіне мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің рецепторлық және талдаушылық органдары: 1) организмге ықпал ететін тітіркену атаулыны көрсетуге, 2) тітіркену кешендерін элементтерге бөлшектеуге және солардың айырмашылықтарын анықтауға, басқаша айтсақ – бізге қандай тітіркендіргіштердің әсер ететіндігін дәл анықтауға қызмет ететін барынша мінсіз организмдер болып табылады. Эффекторлар мен контакторлық органдар кондукторлық органдар арқылы талданған тітіркендіргіштерді алып, организмге осы тітіркенулерге белгілі бір түрде жауап қайтаруға және солар мен организм арасында бір немесе басқа пошымда байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бірде бүкіл организмді зиянды тітіркенулерден алыстатып, бірде пайдалыларына жақындатып, бірде организмнің жекелеген мүшелерінің қозғалысын тудырып, олар соңғысына өмір үшін қажетті тепе-теңдікті сақтауға және «ішкі қатынастардың сыртқы қатынастарына бейімделуін үздіксіз қолдап отыруға» мүмкіндік береді,

188 Қараңыз: Павлов. «Настоящая физиология» головного мозга. Природа, Январь 1917, 29–31; Parker. The orіgіn of the Nervіus System and іts Approprіatіon of Effectors. Popular Scіence monthly, t. LXXV (1909), 56-57; Parmelee The scіence of human behavіor, 1913, 140–145.

Спенсердің пікірі бойынша, өмірдің мәнісі де осында189. Бұл тұрғыда жүйке жүйесі организмнің ортаға бейімделуінің тамаша аппараты болып табылады. Жүйке жүйесінің осынау рөлі, егер онда тітіркенуді қашықтан қабылдауға арналған, Dіstance-Receptors деп аталатын, одан да қашықта жатқан объектілердің тітіркенуіне үн қататын ерекше органдардың бар екендігін ескерсек, айқын бола түседі. Осындай Dіstance-Receptors санатына көру, есту және иіс сезу органдары жатады. Олар қашық жатқан, рецепторларға тікелей емес, тек ерекше күштерді (эфирдің көру органдарына әсер ететін толқуы, әуеннің есту органдарына ықпал ететін толқуы, және т.б.) эманациялау жолымен жанасатын объектілерден тітіркенулерді түйсінетін органдар болып табылады. DіstanceReceptors осылайша организмге алыс объектілерге тиісті реакция жолымен бейімделуге мүмкіндік береді190. Жүйке жүйесінің басқа қасиеттерінty төмендегілерін атап өтейік: 1) «тітіркену, жүйке жүйесіне сырттан ықпал жасай отырып, содан кейін тікелей саналы түйсік беріп, содан кейін ғана қандай да бір қозғалысқа түпкілікті жетелейтін» оқиғалар; 2) түйсінудің тітіркендіргіш табиғатына тәуелділігі. Бір жағдайда бір «түйсіктер оларды туындатқан тітіркендіргішке тәуелді болмайды, басқа біреулері, керісінше, тітіркенудің белгілі пошымында ғана болады». Мысалы: зәр мен нәжісті кез-келген тітіркендіргішпен: электр тоғымен, механикалық зорлықпен және т.б. шығаруға болады. Керісінше, ләззаттық түйсіктер жыныс мүшелерін жеңіл механикалық тітіркендіру арқылы туындатылады. Соңғы тұрпатқа сезім мүшелерінің – көру, түйсіну, дәм сезу, есту, иіс сезу аппараттарының қызметі жақын. Бұл жағдайларда тітіркендіргіштер дененің сезімтал қабатының белгілі бір жерлеріне ғана ықпал етеді. «Сезім органдары жалпы жүйкелік тітіркендіргіштер деп аталатын нәрселерден емес, ортақ жүйке ұңғысын

189 Қараңыз: Спенсер. Основы биологии, т.1, §1 және содан кейінгілері, §30. 190 Қараңыз: Dіstance-receptons рөлі жайында: Parmelee. The scіence, 164–166; Sherrіngton. The Іntegratіve Actіon of the Nervous System. New York, 1906, 324

қоздыруға мүлдем қабілетсіз мүлдем ерекше ықпалдардан қалыпты қозады; көру аппаратын жарық, есту аппаратын дыбыс, түйсіну аппаратын жеңіл механикалық дүрбелең қоздырады»191. Адамның бүкіл организмі, оның терісінің әрбір тілімі, жүйке жүйесінің арқасында, осылайша, сезімтал аппарат, кез-келген фотосурет пластинкасынан шексіз сезімтал аппарат болып табылады. Организм өзін қоршаған ортадан шығатын кез-келген, ең ұсақ тітіркендіруді байқайды, және тиісті реакциялар, қозғалыстар жолымен сол тітіркендірулерге жауап қайтару, өмірді сақтау талаптарына сәйкес сол ортаға өзін бейімдеп отыру қасиетіне ие. Академик И. П. Павловтың әбден дұрыс атап өкеніндей, «қызметтері (орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінің) жануарлар организмінің сыртқы ортамен неғұрлым егжей-тегжейлі және неғұрлым нәзік арақатынасын, басқаша айтқанда, жануар организмін құрайтын заттар мен күштер жүйесінің айналадағы ортаның құрайтын заттарымен және күштерімен неғұрлым мінсіз теңдестірілуін орнатады»192. Бұл айтылғандардан шығатыны: адам тітіркендіргіштерді қабылдайтын, оларды талдайтын және оларға жеке мүшелердің де, бүкіл организмнің де белгілі бір қозғалыстары пошымында (шартсыз және шартты рефлекстер, инстинктті қарекеттер, “парасатты да саналы” актылар, жіне т.б.) жауап беретін тамаша аппараттарға ие. Соңғы жағдайда адам организмін тамаша қозғалыс аппаратына ие машинамен салыстыруға болады; бұл тұрғыдан адам организмін авто-мотор деп атауға болады. Адамның сипатты физиологиялық қасиеттері осындай, оларды оқырманның есіне сала кету маңызды. Оның психикалық қасиеттеріне келсек, бұл арада адам психикасының ең ортақ белгілерін еске салумен шектелеміз: 1) Адам психикалық ахуалдарды бастан өткереді; 2) Осы заманғы психология олардың негізгі үш элементке

191 Сеченов М. Физиология органов чувств, 1867, 5–7.
192 Павлов. Op cіt., 29.

бөледі: а) танымдық элементтер: түйсінулер, қабылдаулар, түсініктер және ұғымдар; b) сезімдік-эмоциялық элементтер, бұлар жанға бату мен ләззатты сезуде беріледі; c) ырықтық элементтер. Біртақар психологтар мұндай үшке бөлуден бас тартып, өзге топтастырып жіктеуді ұсынады, бірақ біз үшін сайып келгенде бұл мәселенің үлкен маңызы жоқ. Дәл сол секілді аталмыш жағдайда бізге осы элементтердің: идеяның, сезімнің немесе ырықтық элементтердің қайсысының бңрңншң дәрежелі немесе басты маңызы бар деген даудың да мәні шамалы. 3) Мына бір факт айта кетуге лайық: жүйке жүйесінің рецепторлық органдары қабылдайтын бірқатар тітіркенулерге, психикалық бастан өткеру ере жүреді, олар «сана аймағына» кіреді және «саналы реакцияны» ерте жүреді193.

ІІ. Индивидтердің полиморфизмі

Адам индивидтері бірқатар ортақ қасиеттерге ие бола отырып, сонымен бірге түрлік сапа жағынан бір-бірімен ұқсас емес. Олар бір-бірінен физикалық жағынан да, психикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да өзгешеленеді. Мұндай айырмашылықтарға индивидтің бойы, терісі мен шашының түсі, сыртқы пішіні, жүрісі, мимикасы және т.б. жатады. Олардың одан арғы айырмашылықтары индивидтердің жынысына, жасына, басқа да бірқатар биологиялық қасиеттерінен туындайды. Индивидтер бір-бірінен психикалық қасиеттері – сезіну, ойлау, сену мәнері бойынша да, наным-сенімдерінің, білімінің, талғамының, ұнатуларының сипаты бойынша да, яғни «мінез-құлық», «темперамент» және «психикалық бітім» деген сөздермен нобайланатын нышандар жиынтығы бойынша да өзгешеленеді. Олар өздерінің әлеуметтік жағдайы бойынша да, мысалы әйтеуір бір топқа, кастаға, сословиеге, мемлекетке және т.б. жатуы бойынша ұқсас емес. Мұндай айырмашылықтар салыстырмалы ғана. Кейбір жағдайларда бірқатар индивидтер бір-бірінен азырақ, басқа бір

193 Адам психологиясымен танысу үшін Гефдингтің, Цигеннің, Вундттың, Джемстің және басқаларының психология курстарын қараңыз.

жағдайларда көбірек өзгешеленеді. Және де, бір-бірінен физикалық жағынан (мысалы, бойы немесе жынысы) өзгешелене отырып, әлеуметтік-психикалық жағынан: ойлау, сезіну мәнері, әлеуметтік жағдайы, дүниетанымы және т.б. жағынан бір-бірімен ұқсас болуы мүмкін. Басқа бір жағдайларда керісінше болуы мүмкін. «Психикалық бітіміне» қарай (мысалы, холерик және флегматик) өзгешелене тұрып, олар талғамы, наным-сенімдері, көзқарасы және т.б. бойынша ұқсас болуы мүмкін. Және керісінше. Үшінші бір жағдайларда – айырмашылық неғұрлым толық болуы мүмкін (мысалы, готтентот және еуропалық мәдениетті әйел). Бұдан шығатыны, ұқсастық дәрежесіне және сол ұқсастық сипатына қарай индивидтерді әртүрлі топтарға: біртектес және әртектес; мысалы жынысына, жасына, дініне, тіліне, киіміне, әлеуметтік жағдайына және т.б. қарай біртектес, немесе толып жатқан физикалық, психикалық және әлеуметтік нышандарына қарай әртектес топтарға біріктіруге болады. Барынша әртектес индивидтер әйтеуір бір жағынан ұқсас болуы мүмкін: «Италияның оңтүстігінің төмен таптарына жататын индивидтер соқыр сенімдеріне, моральдық тәртібі жағынан негрлер мен қызыл түстілерге ұқсас болуы мүмкін194. Және керісінше, бір-біріне өте ұқсас индивидтер бірқатар нышандар бойынша ерекшеленуі мүмкін. Осыдан индивидтердің мүмкін топтастырылуының бүкіл күрделілігінен оңай көруге болады: ол саяси да, географиялық та, таптық та топтастырумен тәмамдалмайды. Индивидтердің осынау полиморфизмін немесе физикалық, психикалық және әлеуметтік өзгешеліктерін атап өту маңызды: ол ықпалдастықтың бірқатар қасиеттерін туындатады және әлеуметтік топ құбылыстарында орасан зор рөл атқарады.

ІІІ. Адамның мұқтаждықтары

Индивидтердің басқа қасиеттерінен оған организммен бірге берілетін

194 Waxweіler. Esquіsse, 157.

қажеттіліктердің болатынын атап өтейік. Бұл қажеттіліктер жекелеген адамдарда бірдей емес және тарихи жағынан өзгергіш, бірақ сонымен бірге, әйтеуір бір шамада барлық адами индивидке тән бірқатар қажеттіліктер болады. Адамның қажеттіліктерін топтастырып жіктеумен көптеген әлеуметтанушылар мен жекелеген әлеуметтік ғылымдардың өкілдері айналысты. Бұл арада біз осы мәселенің тарихын келтіріп жатпаймыз. Екі-үш мысалмен шектелеміз. Мәселен, проф. Faіrbanks адамдардың барлық қажеттіліктерін әлеуметтік қызметтің басты жеті түріне негіз болатын негізгі 7 топқа бөледі. Олар: 1) тамақтың, және суық пен суға қарсы қорғаудың қажеттігі бұлар экономикалық қызметке негіз болады; 2) бірқатар эмоцияны – эгоистік және альтруистік (көре алмау, қызғаныш, бәсеке, ұнату және т. б. ) эмоцияларды қанағаттандырудан туындайтын қажеттіліктер, бұлар әлеуметтік қызметке негіз болады; 3) өз басым жолдас-жора адамдардан қорғау қажеттіліктері саяси қызметке негіз болады; қажеттіліктердің негізгі түрлері осындай. Бұлардан кейін “туындама тілектер”: 4) эстетикалық қажеттілік; 5) интеллектуалдық қажеттілік; 6) моральдық қажеттілік; 7) діни қажеттілік келеді195. Қажеттіліктердің осыған жақын топтастырып жіктелуін Де-Грееф ұсынады, ол қажеттіліктерді, тиісінше әлеуметтік құбылыстарды негізгі жеті түрге бөледі, олар: 1) экономикалық; 2) отбасылық-көбейтушілік; 3) әртістік; 4) діни; 5) моральдық; 6) заңгерлік; 7) саяси қажеттіліктер196. Л. Уорд қажеттіліктер тілектерді әлеуметтік күш деп тани отырып, олардың негізгілері аштық пен махаббат деп санайды197. Басқа бір жерде ол қажеттіліктерге негізделген әлеуметтік күштердің біршама өзгеше топтастырып жіктелуін береді. Басты «қажеттілік-күштер» деп ол мыналарды санайды: 1) ләззат алуға ұмтылыс; 2) азап шегуден қашу; 3) жыныстық және махаббаттық тілектер; 4) ата-аналық және туыстық жақындық. Әрі қарай «елеусіз» «қажеттілік-күштер» кетеді, олар: 5) эстетикалық, 6) эмоциялық-моральдық

195 Faіrbanks. Іntroductіon to socіologіe, 3-e изд., 108–141. 196 Қараңыз: De Greef. Іntroductіon à la socіologіe, 1896, t. І, 214, Passіm. 197 Ward. Reіne Sozіologіe, t. І., 136.

және 7) интеллектуалдық қажеттіліктер198. П. Л. Лавров тамақ ішу, жыныстық қатынас, балаларды бағып-қағу, қауіпсіздік, аралас-құраластық қажеттілігін және жүйкенің қозуы арқылы ләззат алу қажеттілігін көрсетеді199. Инстинктер пошымындағы бірталай қажеттіліктермен психологтар және биологтар айналысты. Олардың кейбіреулері, Дарвинге еріп, адамның бойында аз ғана инстинкттер болатындығын, соған сәйкес аз ғана негізгі биологиялық қажеттіліктерді мойындап, оған әлеуметтік-психикалық реттегі қажеттіліктерді қосады. Мәселен, В. Вагнер барлық негізгі инстинкттердә (демек адамның биологиялық қажеттіліктерін де) басты үш инстинктіге саяды: олар: 1) тамақтану; 2) көбею; 3) өзін-өзі сақтау инстинкттері.200 Енді біреулері Джемc сияқты, инстинкттердің төтенше бөлшектелген сипаттамасын, соған сәйкес негізгі биологиялық қажеттіліктердің бөлшектелген сипаттамасын береді. Дәл осы бағытқа Эллвуд пен М. Дауголл секілді әлеуметтанушылар да жатады. Біріншісі мынадай инстинкттерді (және қажеттіліктерді) бөліп көрсетеді; олар: тамақтану, үдемелі көбею, өзін-өзі қорғау, табындық немесе әлеуметтелу, еліктеу, ие болу, үстемдік пен бағыну, құрылыс (баспана салу) және ойындар (эстетика) қажеттіліктері201. Инстинкттер мен тиісті қажеттіліктердің белгілі бір дәрежеге дейін соған ұқсас (бірақ неғұрлым бөлшектелген) топтастырып жіктелуін М. Дауголл береді. Ол қашу, итеріп тастау, қызығу, тентектік, бағыныштылық және өзін көрсету, ата-ана болу, көбею, табындық, ие болу, құрылыс инстинкттерін (және қажеттіліктерін) бөліп көрсетіп, оған туа біткен бейімділіктерді: ұнату, сіңіру және еліктеу, ойын мен бәсекелестік қажеттіліктерін қосыады; осы негізде, оның пікірі бойынша, жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер (эстетикалық, инсанияттық, діни және интеллектуалдық және т.б.) дамиды202. Бұдан әрі бірқатар әлеуметтанушыларды атап өтейік, олардың біреулері

198 Уорд Op. Cіt., 326 Психич. факт цивилизации. М., 1897, 134. 199 Лавров. Опыт истории мысли. Загран. изд., т. І, 581. 200 Қараңыз: Вагнер. Биолог. основы сравнит. психологии, т. ІІ, 204. Осыған жақын топтастырып жіктелуді Marshall Іnstіnct and Reason, 1898, еңбегінде берген. 201 Ellwood. Rôle de l’іnstіnct duns la vіe socіale, Revue іntern. de socіologіe, 1914, 313–343. 202 Даугалл М. Основные проблемы сравнит. психологии, гл. ІІІ и рassіm.

қажеттіліктерді төтенше қысқа әрі қарапайым топтастырып жіктесе, басқалары – аса күрделі топтастырып жіктейді. Орыс әлеуметтану әдебиетінде мысалы К. М. Тахтаревтің топтастырып жіктеуі бола алады. Адамның қажеттіліктері, дейді ол, «бірнеше негізгі түрлерге: экономикалық, некелік және психикалық (инсанияттық, ақылдық және эстетикалық») қажеттіліктерге жеңіл топтастырыла алады.203 Resіduі (sentіmentі – сезімдер, bіsogno – қажеттілік деген терминдермен, кейде іstіntі деген терминмен алмастырылатын) деген техникалық атымен берілген Pareto’ның топтастырып жіктеуі қажеттіліктерді, тым күрделі топтастырып жіктеудің (онда да бәрін емес) мысалы бола алады. Resіduі’ді 1) инстинкт немесе комбинацияның қажеттілігі (Іstіnto delle combіnazіonі), 2) комбинацияланған агрегаттарды сақтап қалу қажеттілігі (Persіstenza deglі aggregatі), 3) сезімдерді сыртқы актылармен көрсету қажеттілігі (Bіsogno dі manіfestare con attі esternі і aentіmentі), 4) қоғамда өмір сүрумен байланысты қажеттіліктер (Resіduі іn relazіone colla socіalіtà), 5) индивидтің тұтастығы мен оның қарым-қатынасын сақтау қажеттілігі (Іntegrіtà dell’ іndіvіduo e delle sue dіpendenze), 6) жыныстық қажеттілік (Resіduo sessuale) секілді 6 топқа бөле отырып, Парето әрбір топты бірқатар ішкі бөлімшелерге бөледі, олардың жалпы саны 52 топты құрайды, олар өз кезегінде тағы бірқатар кіші топтарға бөлінеді204. Сол әлеуметтанушылар арасында ортаңғы позицияны Штукенберг пен Росс ұстанады. Росс тілектерді былай бөледі: 1) аштық пен шөл, 2) ләззат алу, 3) эгоистік («мен» талаптары), 4) тиімді (махаббат, ұнату), 5) ұрпақ қалдыру, 6) діни, 7) этикалық, 8) эстетикалық, 9) интеллектуалдық205 тілектер. Осынау үстірт шолудан басқа мысалдарды келтірсек те, адам қажеттіліктерін топтастырып жіктеуде қаншалық ала-құлалық бар екені көрініп тұр. Бірақ нақ одан басқа нәрсе де көрініп тұр: ала-құлалық істің өзінің

203 Тахтарев. Социология. Петроград. 1918, 25–26, 47–48. 204 Қараңыз: Pareto. Trattato, т. І. 446–449. Бөлшектелген сипаттаманы Hayes те береді. Қараңыз: Classіf. of soc. Phenom., 394–399. 205 Ross. Foundatіons, V, 69. Small. The arer. journ. of socіologіe, t. VІ, 177-199; Ratzenhofer. Socіol. Erkenntnіss, 1898, 54-66; Stuckenberg. Socіology, 1903, t. І, 207.

мәнісінде (олардың барлығы дерлік сайып келгенде әртүрлі атаулармен бір ғана қажеттіліктерді бірде неғұрлым көп, бірде неғұрлым аз егжей-тегжейімен береді) емес, негізгі қажеттіліктерді топтастырып жіктеу тәсілі мен орналастырылуында. Баяндалған топтастырып жіктеулерді сынап жатпай-ақ, өзімнің топтастырып жіктеуім ерекше оқшау тұр деп дәметпей-ақ, сол секілді қажеттіліктердің әрқайсысының табиғатын егжей-тегжейлі талдау міндетін қазір алдыма қоймай-ақ, мен адамның негізгі қажеттіліктерінің төмендегі тізімін бермекпін. Тіршілік иесі атаулы, демек, адам да, өзі өмір сүріп тұрғанда, өзінің әулеті бар кезде, өмірді жалғастыру үшін керек қажеттіліктерді қанағаттандырып отыруға тиісті. Осыдан шығатын қорытынды: организм ретінде адамға ең алдымен барлық негізгі биологиялық қажеттіліктер тән, оларды қанағаттандырмай организм өмір сүре алмайды. Сондай қажеттіліктерге мыналар жатады: 1) аштық пен шөлді басу қажеттілігі, 2) тұқымды сақтауға керекті жыныстық қажеттілік (көбею үшін); 3) өмірге қатер төндіретін күштер мен ықпалдардан өзін қорғау қажеттілігі (ғарыштық ықпалдардан – температурадан, тажалды ауадан, желден, жауын-шашыннан, буланудан, механикалық қауіптерден, сақтану, мысалы, құзға құлаудан, суға кетуден, күйіп қалудан және т.б. өзін қорғау; биологиялық қауіптен – аңдардың шабуылынан, аурулардан, шіріп кеткен тамақтан және т.б. өзін қорғау әлеуметтік қауіптерден – басқа адамдардан, өмір мен денсаулыққа зиянды әлеуметтік жағдайлардан өзін қорғау); 4) топтық қорғаныс қажеттілігі («өз адамдарын», «жақындарын» – отбасы мүшелерін, балаларды, достарын, тайпаның, рудың мүшелерін, тотемді және т.б. қорғап, қамқор болу; әртүрлі индивидтерде осынау «жақындардың» көлемі мен сипаты өзгеріп тұрады); 5) қозғалыс қажеттілігі. Бұл қажеттіліктің адамға тән екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Ол «тітіркендіргіштерге жауап қату қабілеті ретінде тірі протоплазма атаулының негізгі қасиетін құрайды»206. Қозғалыс – жануарлар организмнің сипатты белгісі. Демек бұл қажеттілік адам үшін неғұрлым

206 Шимкевич. Биологические основы зоологии, 1901, 49.

маңызды да негізгі қажеттілік207. Оны қанағаттандыруда әдетте кедергілерге кездеспейтіндіктен, біз оның маңыздылығы аңғармаймыз. Ал осы қажеттілікті уақытша болса да қанағаттандырмау бірқатар аса азапты ахуалдарды жетелей келеді де, организміне зиянды тажалды дерлік ықпал етеді. Аяқ-қолы байланған адамның ахуалы азаптаудың бір амалы болды және сол атауға әбден лайық. Біз өзімізді қозғалу қабілетінен айыруға ғана емес, жүріс-тұрыс бостандығын болар-болмас шектеудің өзіне төзе қоймаймыз; адамды тар камераға қамау, бекеттерге, шлагбаумдарға қарсы, кіру және шығуға тиым салуға, паспорт жүйесіне және т.с.с. наразылықпен күрес жоғарыда айтылғанның дұрыстығын бәрінен жақсы дәлелдейді. 6. Басқа физиологиялық қажеттіліктер: тыныстау, зат алмастыру, ұйқы, демалу, артық энергияны кеміту (ойын-сауық) және т.б.208 Алайда, адам организм ғана емес, әрі санаға, психикаға ие организм. Бұл аз десеңіз ол өзі сияқты тіршілік иелерінің арасында өмір сүретін тіршілік иесі. Осынау жағдайлар негізгі биологиялық қажеттіліктер негізінде әлеуметтікпсихикалық тұрпаттағы бірқатар қосымша қажеттіліктер тудырады. Нақты пошымда бұлар қисапсыз. Олардың негізгілері деп біз мыналарды санай аламыз. 7. Өзі секілділермен аралас-құраластық қажеттілігі. Бір немесе басқаша пошымда бұл қажеттілік адамдардың барлығында бар. Рас, ол әрқилы индивидтерде бірдей емес. Біреулерді біз «кісілік» дейміз, енді біреулері «жалғыз қалсам, жынданып кете жаздаймын» деп турасын айтады. «Адамдардан мезі болып біттім» дейтіндер де бар. Алайда жалтақтамай былай деуге болады; ілуде біреу, бәлікм, өте сирек біреу болмаса (ондайлар бола да қояр ма екен), басқа адамдармен не тікелей, не жанама (хат жазу, кітап, газет оқу және т. б. ) араласу қажеттілігі барлық адамдарға тән. Біреулер баршамен жұғыса, мылжыңдаса кетеді, басқа біреулер – жоғары топтар салтымен өмір сүреді, үшіншілері – таңдаулы достарымен, отбасындағы сұхбатпен шектеледі, төртіншілері – сүйікті (өлі-

207 Адамда да, жануарларда да қарекет жасау бірдеңе істеу қажеттілігі дейтін Парето дұрыс айтады. Op. cіt ., t. І. 556. 208 Мен көбісі, соның ішінде Паттэн мен Уорд сияқты ләззатқа ұмтылыс пен азаптан қашуды ерекше қажеттілік деп білмеймін...

тірісі бар) авторларымен кітап арқылы қауышады, бесіншілері – шөлмектестерін қанағат тұтады және т.б.; қажеттілік біреулерді көшеге, дәмханаға, енді біреулерді – театрға, киноға, үшіншілерін – лекцияға, төртіншілерін – «достармен әңгімелесуге», бесіншілерін – тобырға, алтыншыларын – сауық кешіне, жетіншілерін – шіркеуге қуады; қысқасы – қажеттілікті қанағаттандыру әрқилы болуы мүмкін, бірақ бір немесе басқаша түрде ол барлық адамдарға тән. Мұның осылай екенін көптеген фактылар дәлелдейді. Біріншіден, адамдар өзі секілділер қоғамында өмір сүретінімен және оқшауланған адамға көп нәрсе жетпейтінімен, өміріне толығымен қанағаттанбайды, сондықтан өзгелермен араласпай тіршілік ете алмайтынымен дәлелдейді. Өзі секілділермен араласпай өмір сүретін адамдарды ілуде бір болмаса, біз білмейміз209. Осынау ілуде бір жағдай болғанның өзінде, бұл арадағы оқшаулық ерікті емес, мәжбүрлі оқшаулық. Екіншіден, адам өмірінің ең алғашқы басқыштарында адамдар әдеттегі қоғамнан тыс, оқтын-оқтын неғұрлым кең құрамалар болып жиналып, мерекелер (австралиялықтардың «короборриі») ұйымдастырғанымен дәлелдейді210. Үшіншіден, оқшаулау (тіпті салыстырмалы түрде) азапты және адамға тажалды ықпал етеді. Бұның дәлелі – қамақта жалғыз отырудың барша мойындаған азаптылығы. Бұл арада оқшаулау салыстырмалы болғанымен (өйткені әдетте, адам кездесу, хат алысу, серуендету, тықылдату, кітап оқу және т.б. арқылы басқалармен араласып тұрады), бірақ, бұған қарамастан, жалғыз қамақ ең ауыр жазалардың бірі болып табылады, психикалық өмірдің тоқырауын, азғындауын туғызады, денсаулықты жеміреді, уақытынан ерте кәрілік пен өлімге жетелейді211. Төртіншіден, араласу қажеттілігі өз-өзіне қол жұмсау себептерін

209 Ілуде бір кездестен мұндай жағдай ретінде мен Францияда XVІІІ ғ. аяғында болған уақиғаны – орман ішінен басқа адамдармен араласпай өскен 12 жасар жабайы бала табылғанын айтып отырмын. Қараңыз: Waxweіler’a: Esquіsse, 78; Погодин: Язык как творчество, 178-179. Вопросы теории и психол. творчества , т 4. 210 Қараңыз: B. Spenser and Gіllen. The Northern trіbes of centr. Australіa. London . 1904. 211 Бұл туралы мына кітапты қараңыз: Современная тюрьма и ее влияние. СПб., 1913.

зерттеулермен де қуатталады. Э. Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі себебі әлеуметтік байланыстардың әлсіреуі, яғни жалғыздықтың өсуі мен адамның басқа адамдардан оқшаулануы екенін көрсетіп берді212. Осы фактылардан тыс осынау қажеттіліктің бар екендігін баршаға өз тәжірибесінен белгілі «адамдарға жанасу» ниетімен, өзінің бастан өткергенін басқалармен бөлісу тілегімен айғақталады213. Аталмыш қажеттіліктің бар екендігін мойындау үшін осы айтылғандар жеткілікті. Басқа тізіп көрсетілгендер секілді, бұл түп-түгел шындық. Басқа адамдармен араласу қажеттілігінің ортақ пошымының астарында төтенше алақұла нақты мазмұн жатуы мүмкін: олар – идеялар да, сезім-эмоциялар да, әртүрлі толқулар да алмасу ұқсас та, ұқсас емес те, мейірімді де, жаугершілік те алмасу бола алады. Осынау қажеттілікпен қатар адамда жоғары дамыған сананың болатындығынан туындайтын басқа да әлеуметтік-психологиялық қатардағы қажеттіліктерді атай кету керек. Егер психика элементтерін әдеттегі: 1) танымдық, 2) сезімдік-эмоциялық, 3) ырықтық деп бөлуге байырласақ, онда әлеуметтік-психикалық қажеттіліктерді 1) интеллектуалдық, 2)сезімдіэмоциялық және 3) ырықтық қажеттіліктер дегенге саюға болады. 8. Интеллектуалдық қызмет қажеттіліктері. Осынау қажеттілік бір немесе басқа пошымда тән болмайтын бірде-бір адам жоқ. Адамның организмімен қатар түйсіну, қабылдау, түсінік және олардың комбинациясы яғни интеллектуалдық қызметтің әрқилы пошымдары берілген. Бұл құбылыстар адамға имманентті түрде тән. Тірі адам ішпей, жемей, қозғалмай өмір сүре алмайтыны секілді ол түйсінбей, қабылдамай, елестетпей тұра алмайды. Ең қарапайым пошымдағы танымдық қызмет – ажырата білу және қарабайыр синтез – жануарлар әлемінде-ақ кездесе бастайды. Ол адамға бесенеден тән қасиет. Ол адамға етене. Әрине, интеллектуалдық қажеттіліктердің дәрежесі мен пошымдары әрқилы индивидтерде әртүрлі. Бірақ олар, бір немесе басқаша

212 Қараңыз: Дюркгейм. Самоубийство. 1912, Passіm. 213 Көптеген зерттеушілердің мұны туа біткен табындық дәрежесіне көтергені тегін емес. Мен кезінде табындықты инстинктке неліктен жатқызуға болмайтынын айтамын.

пошымда, homo sapіens өкілдерінің барлығына имманентті тән. Онда дамыған жүйке жүйесі бар екен – сол арқылы оған интеллектуалдық-танымдық қызмет те берілген; өйткені біз жүйке жүйесінің негізгі қызметі – талдаушылық қызмет екенін, яғни ортаның тітіркендіруін ажырату және жіктеу екенін көрдік. Ал психология ажырата алу (dіscernement) танымдық қызметтің ең қарапайым пошымы деп көрсетеді. Дәл сол секілді, дамыған жүйке жүйесімен бірге синтездейтін немесе тоқайластыратын қызмет те берілген. «Ғалым өз зертханасында қабылданатын құбылыстарды белгілі бір нормаларға, ережелерге, гипотезаларға сәйкес синтездейді және тоқайластырылады. Надан да, фантастикалық, балалық, абсурдтық түрде болса да, синтездеп, тоқайластырады. Адамдарды осындай тоқайластыру-синтетикалық қызметке итермелейтін инстинкт (жаңсақ қолданылған – П.С.) – деп Парето дұрыс айтады. Адамдар ұқсас, заттарды жиі, кейде қарама-қарсы заттарды біріктіреді (және фантастикалық болса да, байланыстар орнатады – П.С.), оқта-текте ерекше құбылыстарды сирек заттармен тоқайластырылады және т.б.»214. «Адамдар өздерінің істеріне қисындық негіздеме беруге тым даяр тұрады... Оларда практикалық қажеттіліктер үшін ештеңемен ауыстыруға болмайтын синтетездеу тенденциясы бар. Ең алдымен адамдар ойланғысы келеді, олар жаман ойлай ма, жақсы ойлай ма – бұл басқа мәселе» – деп тағы да сол автор әділін айтады215. Осынау қажеттілікті қанағаттандыру негізінде тек ғылым ғана емес, барлық өрескел қорытулар, абстракциялар, бейнелеулер, тұлғаландырулар және жақсылық, әділет, ынтымақ секілді ұғымдар және т.б. өсіп шығады. «Ойлау мен тоқайластыру қажеттіліктерінен туындаған осындай немесе ұқсас комплекстер кейіннен тәуелсіз тіршілік етіп, белгілі жағдайларда бейнелене алады»216. Ғылымның тіршілік ету фактысы ғана емес, одан да көп дәрежеде оғаш қате теориялардың, түсініктердің, ұғымдардың, соқыр сенімге толы әрі жалдағай түсіндірулердің, одағай ақыли тоқайластырулардлың, фантастикалық интеллектуалдық түзілімдердің тіршілік ету фактысы, қысқасы – ең бастапқы

214 Pareto. Op. cіt., t. І, 449.
215 Pareto. Іbіd., t. І, 66, 505–507.
216 Іbіd., 507.

қауым адамдарынан бастап, «осы заманғы мәдениеттің жабайыларына» дейін адамзат жасаған және жасап жүрген барлық анимистік, фетиштік, тотемдік әрі адам сенбес теориялар, адамдар өздерін қоршаған құбылыстарды түсіндіріп келген және түсіндіріп жүрген теориялар, адамзат тарихында толып жатқан және біз адам бар жердің барлығынан табатын осынау барлық «ескі ақиқаттардың соқыр-сенімдік сарқыншақтары», осының бәрі адамда интеллектуалдық қажеттілік болатындығының даусыз да ділмар дәлелдері болып табылады. Егер ол болмаса, ойдың осындай құбыжық перзенттері де пайда болмас еді. Басқаша айтқанда, адамға физиологиялық аштық қаншалықты тән болса, оған интеллектуалдық аштық та соншалықты тән. Бірақ, оны фантастикалық анимизм теорияларымен, енді біреулері – Ньютон мен Дарвин теорияларымен қанағаттандырады, біреу оны қанағаттандыру үшін «жаратудың 7 күні» теориясын, екінші біреу Кант-Лаплас теориясына немесе Спенсердің «Негізгі бастаулар» доктринасы секілді теорияны жасайды. Егер біз тіршілік ету жолындағы күресте ең жақсы қару ретіндегі білімнің рөлін ескерсек, бұл қажеттілік онан сайын бола түседі. Осынау қажеттілік пәрменімен адам үшін ортаға бейімдеу мақсатында денені өзгерту қажеттігінің керегі болмай қалды: оның орнын миды және адами білім арқасында жасалған аспаптарды өзгерту басты дегенде Уоллес пен Бергсон дұрыс айтқан217. Осы қажеттілік анорганикалық та, органикалық та, әлеуметтік-психикалық та дүниенің құбылыстарына қатысты көптеген ақиқат және жалған түсініктер мен теорияларды өмірге әкелді. Ғылыми пәндер де, діни түсініктер мен тұжырымдамалар да, жан туралы, құқық туралы, әділет, өмір мен өлім, сұлулық пен жақсылық туралы теориялар да, қысқасы, жиынтығынан жүйелер, дүниетанымдар, пәндер құралатын «А деген В» және «А дегеніміз В емес» дейтін барлық пікірлер; «өрмекшінің төрт аяғы бар» немесе «әзәзіл адам жанын сатып алады» дегеннен бастап, физика, химия, биология, психология, әлеуметтану, гносеология және т.б. ғылымдарды құрайтын олардың кешеніне дейінгі пікірлер немесе олардың Ведалар, буддизм, анимизм және т.б. секілді

217 Бергсон. Творч. эволюция. СПб, 121 және содан кейінгі беттер.

ұштасуы – осының бәрі атлмыш қажеттілікті топырағында өскен жемістер, осмының бәрі соның перзенттері... Қысқасы, интеллектуалдық немесе ақыли қызметтің қажеттілігі тамақтану ішу қажеттілігі сияқты нақты нәрсе. Ол соңғысы секілді соншалық маңызды ма – бұл бөлек гәп. Бірақ бұл мәселемен біз қазір айналыспаймыз. 9. Сезімдік-эмоциялық ахуал қажеттілігі. Мен мұны адамның тағы да оның организміне имманентті тән, сонымен бірге берілген қажеттілігі, бірқатар таза аффективті ахуалдарды – қуаныш, қорқыныш, нәзіктік, махаббат, ұнату, аялау, жек көру, таң қалу және т.бдеп аталатын, не ләззат, не қиналыс (оң және теріс ыңғайдағы сезімдік ауандар) ілесе жүретін сезімдерді, эмоцияларды бастан өткеру қажеттілігі, интеллектуалдық қажеттіліктен басқа және осы соңғысымен сәйкеспейтін қажеттілік деп білемін.218 Адам ойланбай тұра алмайтындығы сияқты, ол сезінбей де тұра алмайды. Ол-ол ма, адам ойланғысы және сезінгісі келеді, ол сезімдік ахуалдарды жиі іздеп тұрады... Осы қажеттілік нақты нәрсе ме? Жауап орнына Лангенің сөзін келтірейін: «Эмоциялар, – дейді ол, – жеке кісінің өміріндегі аса маңызды факторлар рөлін атқарып қана қоймайды, олар жалпы бізге белгілі, туа біткен күштердің ең құдіреттісі тарихтағы – тұтас халықтардың да, жеке адамдардың да тарихындағы – әрбір бет олардың еңсерілмес билігін дәлелдейді. Нәпсі дауылы табиғат дауылынан әлдеқайда көп адамдар өмірін жалмады, көп елдерді құлазытты, олардың ағыны су тасқынынан көп қалаларды қиратты”.219 Бұл қажеттілік бір немесе басқаша пошымда барлық адамдарға берілген. Адамдарды ойын-сауыққа: бастапқы қауым билеріне, ойындарға («короборри»), гладиаторлар циркіне, мистерияға, бұқалар сүзісуіне, осы заманғы циркке, театрға, операға, концертке, кинематографқа, поэзия кештеріне, ұрыс-керіске, өлім жазасы орнына және т.б. жетелеген, әлі де

218 Аталған қажеттіліктің интеллектуалдық қажеттіліктен осынау айырмашылығы «интеллектуалистер» теориясына да кереғар емес, өйткені олар да сезімдік-эмоциялық ахуалдардың танымдық-интеллектуалдық қажеттіліктерден өзгеше енкендігін жоққа шығармайды, тек біріншілерінің екіншілерімен байланысын және солардан туындайтынын қадап айтады. Алайда, мен одан да ілгерілеп, Рибо мен Ланге секілді, дербес әрі интеллектуалдық өмірге тәуелсіз таза аффективті өмір бар; оның себебі төменіректе синестезия өзгерістерінде жатыр, ал ол, өз кезегінде, өмірлік процестердің тоғысуының нәтижесі” деп ойлауға бейіммін. Рибо. Психология чувств, СПб, 1898, 15. 219 Ланге. Душевные движения, 1896, 14.

жетелейтін идеялар аштық немесе басқа да санамаланған қажеттіліктер емес. Адамдарды билеуге (би, балет, ойын-сауық, діни билер, бал және т.б.), гашиш, апиын, шарап, арақ, темекі және адамзаттың өзі сияқты баяғыдан бар масайтатын және естен айыратын басқа да заттарды қолдану арқылы өзін қоздыруға итермелеген, әлі де итермелейтін “мықты” түйсінуге қажеттілік емей, немене?220 «Нан мен сауық» – адамға бұл қажеттіліктің берілгендігінің мәңгілік ділмар айғағы осындай. «Нан» деген ұран тамақтанудың биологиялық қажеттіліген қатысты болса, «сауық» ұраны аффективті ахуалға қажеттілікті білдіреді221. Осы қажеттілікті адамдардан тартып алыңызшы, сонда сіз ойыннан бастап, поэзия, кескіндеме, музыка, балет және т.б. бүкіл өнер секілді көптеген құбылыстардың тіршілік етуін түсініксіз етесіз. Уайльдтың «Дориан Грейі» – сезімдік-эмоциялық ахуалға қызмет етуі, соны қанағаттандыруды “өмірінің мақсатына” айналдырған адамның шоғырландырылған көркем бейнесі ғана. Барлық адамдар шындап келгенде әртүрлі дәрежеде Дориандар тек «өмірде шалқып өтудің» пошымдары мен деңгейлері әрқилы. Бұл қажеттілік барлық жерден байқалады: парадта, шабуылда, жерлеу мен үйлену тойында музыканы пайдалану салты, дастарқан жаю (гүл қою, ыдыстар қою көркемдігі) секілді құбылыстар, жайлылық, сән-салтанат («мол пішілген» көйлек, бөлменің «әдемі жиналуы», «көз қызықтыратынның» бәрі және т.б.) құбылыстарды осының бәрі сол қажеттілікті қанағаттандыру негізінде пайда болды. Ол ауа секілді барлық жерде болады. Бірақ ауа секілді, біз оны байқамаймыз... Егер ол болмаса, біздің өміріміз қаншалықты жеңілдер еді. Жалғыз аштықты қанағаттандыру ғана қана гүлдерді, ақ шаңқан орамалдарды, әдемілеп жайылған дастарқандарды қажет етпейді; осынау барлық “аксессуарларды” өмірге «эстетика» яғни сезімдікэмоциялық қажеттіліктер әкелген. Қарабайыр суреттерден, қиял-ғажайып ертегілерден, бағзы замандардағы әндерден бастап, Шекспир, Диккенс, Бетховен және Рембрандты қоса өмірге барлық өнер құбылыстарын әкелген де

220 Рибо гашиш пайдаланған “адам өзін бақытты сезінеді” деген Моро де-Турдың сөзін келтіреді. Іbіd., 13. 221 Біз аштықтың сауық ұранын тұқыртпайтынын қазір де көріп жүрміз.

нақ солар. Ол біреулерді шарапханаға, басқаларды – митингіге, үшіншілерін – балға, төртіншілерін – циркке, бесіншілерін – театрға, алтыншыларын – тобырға, жетіншілерін – шіркеуге қуады, сегізіншілерін адамдар арасына шоқ тастап, төбелеске шақыруға, тоғызыншыларын – қауіпті оқиғаларға, оныншыларын – көрмеге және т.б. итермелейді. Адамдардың бірдеңені «тамашалайтын» барлық жерде, олар “ғажап әсерлерді” тілге тиек ететін барлық жерде, “нәпсі мен аффекттер” қарекет жасайтын барлық жерде, сіз сол қажеттілікті таба аласыз. Ол адамдар үшін сөзсіз болатын және табиғатына тән нәрсе. «Өмірлік игіліктер» үшін күрес едәуір сезімдік-эмоциялық күй кешу мүмкіндігі жолындағы соларды қанағаттандыру мүмкіндігі жолындағы күрес. Бұл қажеттіліктің жүрдім-бардым сипаттамасы осындай. 10) Ырықтық қызмет қажеттілігі. Адамның жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерімен қатар ырықтық қызмет қажеттілігі болады; ол саналы түрде, әдейі мақсат қойып, соған қол жеткізуден тұрады222. Біздің «менімізге» барынша жақын байланысқан мақсат қойып, оны жүзеге асыруға ұмтылу – адамға имманентті түрде тән қасиет. Егер «cogіto, ergo sum» («мен ойланамын, демек, бармын») деген Декарттың сөзі дұрыс болса, онда «volo, ergo sum» (қалаймын, демек, бармын) деген сөздің дұрыстығы одан кем болмағаны. Саналы түрдегі «қалаймын» адаммен бірге берілген және онымен етене! Дегенмен тағы да мақсат пен ырықтық ұмтылыс сипаты әрқилы адамдарда әртүрлі. Бірақ бір немесе өзге пошымда ол адам атаулыға тән (нақұрыстар психикасында кілтипаны бар адамдардан басқа демесек). Егер адамзат тарихы едәуір дәрежеде эмоциялар мен сезімдердің нәтижесі десек, онда тарихи оқиғалардың белгілі бір бөлігі ырық пен ырықтық қарекеттердің нәтижесі деп түсіндіріле алады және түсіндірілуге тиіс. Егер өткенде соңғыларының рөлі салыстырмалы түрде мардымсыз болса да, тарихтың қарышты барысында ырықтық қызметтің мәні мен рөлі артып келеді. Адамда осындай қажеттіліктің бар екендігінің дәлелі қызметін атқаратын не деген сұрақ туады? Жауап

222 Мен бұл арада ырықтың психологиялық табиғатын талдағалы отырған жоқпын. Мен оны бел шешіп кірісу күйінің (бірдеңе істеу немесе бірдеңеден тартыну) ерекше сапасы мағынасында «белсенділік» сипаты бар өзіндік бір күй кешудің жиынтығы деп білемін...

мынадай: бір жағынан, адамдардың саналы мақсат қойып, оны олардың «менінің» аса интимдік тұстарымен тығыз байланысты, сондықтан сол мақсатты көздеген адам үшін маңызды да құнды мақсат ретінде қабылдануы. Екінші жағынан – адамдардың сондай мақсаттарға жетуіне кедергі жасайтындармен күресі, немесе, мақсатқа қол жеткенде, оны әрі қарай орындауға кедергі жасайтындармен, тиісті ырықтық актыларды жүзеге асыруға қатер төндіретіндермен немесе кедергі жасайтындармен күрес. Басқа қажеттіліктер туындататын тілекке саюға болмайтын мұндай саналы ырықтар бір немесе өзге пошымда адамға тән болған және солай болып қала береді. Төл «меннің», «намыстың», “жақсы атының” абыройын түсірмеу мақсатымен байланыстырақ, сондай, басқаларға «билік» жүргізу ырқы, “даңқ ырқы”, «басқалардан артықшылық», «танымалды, бедел», «құптау, сыйлау» ырқы сондай.223 Фактылердың осынау санатына, бұдан әрі, «әділет», «жақсылық», «инсаният», «ерлік», «құрбандық», «парыз» және т.б. ырықтар жатады. Барлық осынау ырықтар ең алдымен таза биологиялық қажеттіліктер туындататын ұмтылыстардан өзгеше: «даңқ» немесе «жақсы атыңа кір келтірмеу» ырқы қарын тойдыру қажеттіліг де, көбею инстинкті де, өзін қорғау инстинкті де (биологиялық мағынада) қозғалыс, басқа да биологиялық импульстар қажеттілігі емес. Ол интеллектуалдық сұраныстар мен сезімдікэмоциялық күйді қанағаттандыру қажеттіліктерінен де өзгеше... Биологиялық қажеттіліктер топырағында өсіп-өнген бұл ырықтар барлық басқа қажеттіліктерден өзгешеленетін өзіндік бір қажеттілік түріне көтерілді. Сондықтан оларды дербес топқа бөліп алуға тура келеді.224 Осынау қажеттіліктер бір немесе өзге пошымда адамдардың көпшілігіне тән... Мысалы, «намысты», “жақсы атыңды” қорғау немесе басқалардың «құптауы» ырықтық қажеттілігі бүкіл тарихтың бойында көрінеді… Алғашқы қауымдық топтардағы намысты қорлағаны үшін кек алу, орта ғасырлар рыцарьларының жекпе-жегі мен сайыстары, біздің тарихымыздағы “жершілдік”

223 Намыс ұғымының талдауын қараңыз: Н. Н. Розин, Оскорбление чести, 1910, 113-128 және Passіm. 224 Ross пен Stuckenberg осы қажеттілікке жақын “эго” тілегін бөліп көрсетеді. Ross. Faundatіons of Socіology, 1905, 169.

жолындағы күрес, осы заманғы дуэльдер және ар-намыс соты – осылардың бәрі сол қажетттілік өмірге әкелген бірқатар фактылар… белдескенде жауыңа жер иіскету, турнирде бәсекелесіңді жеңу, күшпен, айлакерлікпен, қулықпен, көркемдік дарынмен, ғылыми трактатыңмен, әртістік ойыныңмен, қозғалысының немесе бер әлпетінің сұлулығымен, сәнді киіміңмен, “өз атыңды шығару” басқалардың алдында өзіңнің сән-салтанатты жиһазыңмен, асыл тұқымды аттарыңмен әлдене одағай қылығыңмен (өзінің атын мәңгіге қалдыру үшін храмдар өртейтін Герострат) және т.б. амалдармен жұрттан ерекше көріну тілегі – осының барлығы «даңқ» ырқы топырағында өсіп-өнген қызметтің сан алуан түрлері.225 Инсаният пен құқық нормалары түрінде өз жаныңның “сырын” қорғау; парызды өтеу жолында өзіңді құрбан ету, құқық және инсаният ережелерін бұзатындармен күрес (қылмыскерлерді қудалап, жазаға трату) – сол қажеттілік тудырған фактылар қатарына жататын фактылар санаты. «Парыз» бен «моральдық борышқа» байланысты барлық дерлік актылар толығымен содан туындайды. Тарихтың өн бойында барынша әрқилы қарадүрсін «менің құлқына бөгет болма», қарапайым «маған қарсы шығуды ұмыт», “дауыңды қысқарт” дегендерден бастап, саяси және діни билік үшін күреспен, жүздеген мың адамдарға бір «меннің» әмір жүргізуімен аяқталуға дейін әрқилы пошымға ие болған және ие болатын билік жолындағы, өз «менін» орнықтыру жолындағы күрес те – осынау қажеттілікті қанағаттандыру топырағында өсіп-өнген құбылыстар.226 Дәл осынау фактылар санатына бір адам екінші адамға кесімді бұйрықтар беріп тыйым салатын оқиғалардың да көпшілігі жатады... «Мынаны істеуге бұйрамын», «олай істеуге тыйым саламын» – қадам басқан сайын мыңдаған пошымдарда кездестіруге болатын осындай фактыларды көбіне-көп ырықтық қызмет қажеттіліктерінен туындаған актыларды көрсетеді...

225 Осындай ырықтың неғұрлым әлсіз пошымына басқалардың «құптауы» тілегі жатады. 226 Бұл көзқарас тұрғысынан “даралық үшін күрестің” маңыздылығын атап көрсеткен Н. К. Михайловскийдікі дұрыс, билікке ырықты бейімділіктен өзгешеленетін ырық ретінде көрсеткен Ницшенікі де дұрыс. Қараңыз: Михайловский. “Борьба за индивидуальность” и “Патологическая магия”; Ницше “По ту сторону добра и зла”. №252 және “Генеалогия морали”, §12.

Адамның негізгі қажеттіліктерін осынау қысқаша баяндаумен шектелемін. Әрбір аталмыш жағдайда мазмұны жағынан ерекшеленгенімен, қажеттіліктердің барлық он түрі бір немесе өзге пошымда адамдардың барлығына тән. Түйіндеймін. Адамның қажеттіліктері: 1) тойыну және шөл басу, 2) жыныстық (көбею), 3) индивидуалдық қорғаныс, 4) топтық қорғаныс, 5) қозғалыс, 6) тыныстау, зат алмасу, ұйқы, артық энергиядан арылу және басқа физиологиялық қажеттіліктер, 7) өзі секілділермен аралас-құраластық, 8) интеллектуалдық қызмет, 9) сезімдік-эмоциялық ахуал, 10) ырықтық қызмет. [...] Ықпалдастық жүйесінің элементі ретінде индивидті сипаттауда осынау ортақ қасиеттерді еске салумен шектелеміз.

Бесінші тарау

ЫҚПАЛДАСТЫҚ ПОШЫМДАРЫН ТОПТАСТЫРЫП ЖІКТЕУ

Алдыңғы тарауда біз ықпалдастық жүйесінің негізгі элементтерін: 1) индивидтерді, 2) олардың актыларын, 3) ықпалдастық дәнекерлерін негізгі белгілерінде сипаттадық. Енді біз соңғысының негізгі түрлері мен пошымдарын зерттеуге көше аламыз. Жасушаның анатомиясын берген анатом немесе гистолог жасушаның түрлері мен пошымдарын сипаттауға көшетіні секілді, біз де енді өзімізге мынадай сұрақ қоя аламыз: ықпалдастықтың негізгі түрлері қандай? Ықпалдастықтың нақты пошымдары бірқыдыру: ересек адам мен баланың, құрбандық пен қылмыскердің, бастық пен бағыныштының, ерлізайыптылардың, кәсіпкер мен жұмысшының, және т.б. ықпалдастығы – осының бәрі ықпалдастықтың әрқилы түрлері. Әлеуметтік нақты болмыста мұндай әрқилы пошымдар – қисапсыз көп. Олардың барлығын сипаттап жатудың

ешқандай мүмкіндігі жоқ. Осыдан мынадай табиғи сұрақ туындайды: осынау шексіз нақты саналуандықты бірқатар аз мөлшердегі, шолып шығуға болатын санаттарға келтіруге болмай ма? Ықпалдастықтың барлығы болмаса да, негізгі түрлерін бөліп алуға болмай ма? Мұндай ниет заңды. Ол-ол ма, ол бір немесе өзге дәрежеде қанағаттандырылуға тиіс. Құбылыс атаулы секілді, топтастырып жіктеу өлшеміне қарай ықпалдастық фактыларын түрліше топтастырып жіктеуге болады. Төменде, құбылысты жан-жақты қарастыру мақсатында, мен ықпалдастықтың әрқилы топтастырып жіктелуін беруге тырысып көремін. Ықппалдастық элементтеріне сәйкес ықпалдастық түрлерін: 1) ықпалдасатын индивидтердің саны мен сапасына; 2) актылар сипатына; 3) дәнекерлердің сипатына қарай топтастырып жіктеуге болады.

§ 1. Индивидтерге қарай ықпалдастық түрлері

І. Индивидтер санына қарай

Индивидтердің санына қарай ықпалдастық оқиғаларын ажыратуға болады: 1) екі индивид арасындағы, 2) бір және көп индивидтер арасындағы (лектор мен аудитория, актер мен көрермендер, көсем мен солдаттар etc.), 3) бір және басқа тараптан көп индивидтер арасындағы немесе индивидтердің екі тобының арасындағы (полк пен полктың шайқасы, кәсіби топтардың, мемлекеттердің, ұлттардың және т.б. ықпалдастығы). Сандық жағынан ықпалдастықтың барлық процестері осы топтардың біреуіне кіреді. Ықпалдастықтың екінші және үшінші тұрпаттарын бірінші тұрпаттағы бірқатар ықпалдастыққа бөлуге болатындығын, яғни ол біреудің біреумен көптеген ықпалдастығына бөлуге болатындығын көру оп-оңай. Сондай ықпалдастықтың әрбір жұбын тоқайластыра және олардың барлық

қасиеттерімен қоса отырып, біз ықпалдастықтың екінші және үшінші тұрпаты ықпалдастығының кез-келген пошымын ала аламыз. Бұл бөлу тек пошымдық мәнге ғана ие емес. Ықпалдасушы индивидтердің саны, олардың сапасынан тәуелсіз, өздігінен-ақ әбден маңызды шарт болып табылады, ол ықпалдастық процесіне бірқатар қасиеттер береді және, сәті соққанда көретініміздей227, қоғамдық өмір мен адамдар тәртібі құбылыстарында ғаламат рөл атқарады.228 Екеудің ықпалдастығы үшеудің ықпалдастығынан, біреудің және көптің, бір топтың екінші топпен ықпалдастығынан күрт өзгешленеді. Осы процестердің әрқайсысында, тіпті алғышрат индивидтердің сапалық біртектілігі болған күнде де, ықпалдастықтың басқа процестерінде кездеспейтін өзінің өзіндік ерекше белгілері болады.

ІІ. Индивидтер сапасына қарай

Индивидтердің сапасына қарай ықпалдастық процестері барынша әрқилы түрлерге бөлінеді. Ықпалдастықтың сипаты мен қасиеттері үшін олардың сапасының орасан зор мәні бар. Ең жаңаша әлеуметтану, ескі әлеуметтануды өзгеше, «белгілі бір әлеуметтік топтарды, оппозицияларды және әлеуметтік өзара қатынастарды индивидтердің туа біткен айырмашылықтарымен түсіндіре» бастады, – деп Ross дұрыс атап өтеді. «Алғашқы әлеуметтанушылар, – дейді ол, – халықтың сапалық айырмашылықтарын мүлдем елеген жоқ. Конт оларды мүлдем ескермеді. Енді әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруге тырысатын әлеуметтанушылар, топқа берілген ұқсас түрткілерге реакциялардың, ұқсамайтын жауаптардың сан түрлігіне таң қалады. Бұл арада діндар мен дінсіздің, артқа қарайлай беретін адам (дәстүршіл) мен алға қарайтын адам, тәуекелшіл мен жасқаншақ, және т.б. арасында кереғарлық бар. Халық алыстан

227 Халықтың орналасуының тығыздығы мен жиілігіне байланысты индивидтер санының әлеуметтік өмірге және адамдардың тәртібіне ықпалы «Әлеуметтік механикада» түсіндіріледі. 228 Мысал үшін істің мәнін тіпті де толық ашып бере алмайтын мына жұмыстарды қараңыз: Sіmmel. Sozіologіe, 47–133, Coste. Les prіncіpes d’une socіologіe objectіve және Соның L’experіence des peuples және т.б.

қарағанда ғана сүреңсіз болып көрінеді, жақыннан қарасақ, көп бояулы болып шығады; ұқсастарды топтастыру арқылы біз кереғарлықтар мен эффекттердің барынша әрқилы түрлерін аламыз»229. Қазіргі кезде бізде бірқатар теориялар бар, олар индивидтердің сапалық айырмашылықтарын ескереді, және бірқатар әлеуметтік құбылыстарды солардың бір немесе өзге айырмашылықтарымен түсіндіруге тырысады. Мәселен, проф. Thomas әйелдер мен еркектердің көптеген қасиеттерін, тиісінше – көптеген әлеуметтік құбылыстарды жыныстық ерекшеліктермен түсіндіреді. Аммон, Лапуж, Closson және Rіpley ықпалдастық пен әлеуметтік процестердің бірқатар қасиеттерін нәсілдер айырмашылықтарынан шығарады. Brooks Adams, Patten, Gіddіngs, Ratzenhofer және басқалары біздің психологиялық тұрпаттар теориясын, соңғыларының әлеуметтік күресінің тарихын және Англия, Америка және басқа елдер тарихындағы сол тұрпаттардың басым болуынан туындайтын қоғамдық құбылыстарды береді230. Сол теорияларды мәнісі жағынан қарастыруға бармай-ақ (олар «Әлеуметтік механиканың» пәнін құрайды), біз тек бұл арада адамдар арасындағы ықпалдастық пошымдарының аса маңызды мәні бар екенін атап өтеміз, олар: a) бір отбасына

a') әр түрлі отбасындағылар
b) бір мемлекетке
b') әртүрлі мемлекеттердегі
c) бір нәсілге

c') әртүрлі нәсілдердегі
d) бір тілдік топтқа
d') әр түрлі тілдік топтардағы
e) бір жынысқа

e') әр түрлі жыныстардағы
f) бір жасқа
f') әртүрлі жастардағы
m) кәсібі, байлық дәрежесі, діні,

құқықтары мен міндеттерінің көлемі
жағынан , саяси партия бойынша,
ғылыми,
көркем,

әдеби
талғамы
m') кәсібі бойынша, мүлікті
жағдайы, дінге, құқықтар көлемі

бойынша, партиясы және т.б.
бойынша әрқилы адамдарға.

229 Ross. Foundatіons of socіlogy, 293.
230 Ross: Op. Cіt., 290.

бойынша және т.б. ұқсас адамдарға жатады. Осы қатынастардың біреуіндегі ықпалдас индивидтердің ұқсастықтарының немесе айырмашылықтарының ықпалдастық сипаты үшін орасан зор мәні бар.231 Біртекті бірліктер арасындағы ықпалдастық өзінің қасиеттері бойынша да, нәтижелері бойынша да әртекті бірліктер арасындағы ықпалдастықтан мүлдем өзіге сипатта болады.232 Біртектілік пен әртектілік дәрежесі әрине, салыстырмалы нәрсе. Ол көбірек немесе азырақ бола алады. Ол физикалық немесе биологиялық шарттардан (бойы, терісінің түсі, жынысы, жасы, денсаулық дәрежесі және т.б.) туындауы, психо-әлеуметтік айырмашылықтардан (мәдениеті және бастапқы қауымдық дәрежедегі дамымаған адам, жоғары және төмен каста, сословие мен тап адамдары, бір немесе әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар, бір және әрқилы әлеуметтік топтар адамдары, бір сенім: діни, саяси, ғылыми, құқықтық, эстетикалық және т.с.с. және әртүрлі сенім-наным адамдары; қысқасы – көбірек немесе азырақ дәрежеде әлеуметтік жағынан ұқсас және ұқсас емес адамдар) тұруы да мүмкін. Барлық осынау ұқсастықтар мен айырмашылықтар индивидтердің өзара қатынасында, индивидтер құрайтын топтардың ықпалдастығы процесіне және сипатына төтенше күшті ықпал етеді. Кей-кейде, былай қарағанда мүлдем болмашы айырмашылық дәрежесі әлеуметтік ынтымақты бірлік орнатуға еңсерілмес кедергі болып табылады. Осылайша, мысалы, қандастық тегі, тілі, діні бойынша айырмашылық, өзіміз білетініміздей, тарихта, әсіресе оның бастапқы сатыларында, әртүрлі индивидтер арасында өліспей беріспейтін күрес туындататын маңызды себептердің бірі болған.

231 Бұл туралы «Системa социологии» ІІ т. қараңыз. 232 Gіddіngs дұрыс айтады: “Индивидтер өздерінің ұқсастығына қуанады. Ақ нәсілділер ақ нәсілділерге қуанады және олар қара нәсілділермен араласқанда көбіне жиіркеніштік сезімде болады. Сенімдер мен нанымдардағы ұқсастықтар ұнату, келіспеушілік пен ұқсамау – жанжалды тудырады” және т.б. Қараңыз: Gіddіngs. Elements of socіology. 1912, 4.

Бірқатар айырмашылықтар мынаған жиі жетелейді: адамдар өздеріне ұқсамайтын индивидтерді өздері секілді тіршілік иелері деп санауды қояды, сондықтан олардың сондай «бөтендер» жөніндегі тәртібі де, өзіміз секілді деп табылатын «өз адамдары» жөніндегі тәртібінен мүлде өзге сипатқа ие болады. Осынау факт көптеген әлеуметтанушылардың (Болдуин, Звоницкая) тек өзара ұқсас индивидтердің: «рулық санаға» ие бірліктердің (Гиддингс), бір бірімен эктивацияланатын адамдардың арасындағы өзара қатынастарды ғана мойындауына ілік болды және т.с.с.233 Төменде мен әлеуметтік құбылысты осылай түсінудің ту сыртында шектеулілік тұрғанын, Гиддингстың ұқсастық (lіke-mіndedness) рөлін асыра бағалайтынын, оны қабылдауға болмайтынын, бірақ сонымен бірге, мұндай теориялар индивидтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының рөлін жеткілікті анық атап беретінін көрсетемін234тіндерін қарастырамын. 235 Одан әрі ұқсастық пен айырмашылық дәрежесі әлеуметтік ынтымақ мәселелерінде де, әлеуметтік жіктелу мәселелерінде де, біреулерді біреулердің билеп-төстп, қанауы пошымдарында да, басқа көптеген әлеуметтік құбылыстарда да өзін аңғартады. Мысалы, әртүрлі нәсіл өкілдерінен құралған күрделі әлеуметтік агрегат, басқа жағдайлар бірдей болғанымен, бір нәсіл индивидтерінен құралған агрегаттан күрт өзгешеленіп тұратын болады. Бір жыныс өкілдерінен тұратын әлеуметтік топ (әйелдер мен ерлер монастрьлары, Запорожье сечі және т.б.), басқа бірдей жағдайларда, әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын топ бере алмайтын құбылыстарды береді, керісінше – екінші топтың бірқатар қасиеттеріне ие бола алмайды. Кез-келген әлеуметтік топты зерттеу ең алдымен оны құрайтын индивидтердің саны мен сапасын тани білуді талап етеді. Бұны білмей аталмыш топтың тарихын да, тағдырын да түсіну мүмкін емес. Түсінуге болмайтынын

233 Қараңыз: Gіddіngs. Основы социологии және Elements of gocіology, 1912, І тарау; Болдуин. Духовное развитие және Іnterpretatіon; Звоницкая. Социальная связь. Опыт теоретической социологии. Киев, 1914. 234 Мысал үшін терісінің түс секілді айырмашылықты алайық. Америкада ол “қарғыс атқан”, нәсілдік мәселенің себебі екендігі мәлім. Барлық гуманизм, теңдік теорияларына және т.б. қарамастан, Америка мен Африкада, тері түсіндегі айырмашылық пәрменімен, ақтар мен қаралар арасында толық жатсыну және жасырын антагонизм орын алып отыр.

ықпалдастық сипаты мен сипаты қасиеттері ықпалдасушы орталықтардың сипатымен және қасиеттерімен қызметтік байланыста болады. Бұл қағида аксиомаға жақын: ол айдан анық ақиқатты көрсетеді. Шынында да, тастар арасындағы ықпалдастықтың қасиеттері мен сипаттары организмдер арасындағы, мысалы құстар немесе екі омыртқалылар арасындағы ықпалдастық қасиеттері мен сипаттарынан мүлдем басқаша болады. Егер бірінші жағдайда бүкіл ықпалдастық тек тартылыс қаынастарымен шектелесе, екінші жағдайда тек инерция мен тартылыс принциптері пәрменімен емес, толып жатқан шарттар пәрменімен бірқатар қозғалыстар; мысалы күрес немесе жыныстық қатынас, перзентті тамақтандыру және т.б. түріндегі өзара акциялар мен реакциялар құбылыстары көз алдымызда тұрады. Бұл теореманың ақиқаттығы неғғұрлым жеке жағдайларда да өзінің мәнін сақтайды: екі еркектің ықпалдастығы еркек пен әйел ықпалдастығынан көп жағынан сөзсіз басқаша сипатта болады, балалар қоғамы (ықпалдастық жүйесі ретінде) ересектер қоғамынан күрт өзгешеленеді, “мырза” мен жұлым-жұлым киім киген баланың ықпалдастығы екі “мырзаның” өзара қатынасаынан басқа картина береді, екі еуропалықтың қатынасы еуропалық пен готтентат арасындағы қатынастан өзгеше болады. Бұл теореманы біз Спенсерден «агрегат сипаты оны құрайтын бірліктер сипатына тәуелді» деген қағида түрінде табамыз.236 Осынау ортақ теоремадан жеке жағдай ретінде мынадай қағида туындайды: адамдардың бір-бірімен ықпалдастығының сипаты мен қасиеттері ықпалдасатын адамдардың сипаттары мен қасиеттерімен қызметтік байланыста болады.

§ 2. Актылар сипатына тәуелді ықпалдастық түрлері

ықпалдасатын индивидтердің бір-бірін тітіркендіретін және сол тітіркендірулерге жауап қайтаратын актылердың сипатына қарай, ықпалдастық процестері жүздеген және мыңдаған тәсілдермен топтастырыла алады. Төменде

236 Қараңыз: Спенсер. Введение в изучение социологии, гл. ІІІ...

мен одан арғы талдау міндеттерін талап ететін олардың тек бірнеше
бөлімшелеріне ғана қысқаша тоқталып өтемін.

І. Істеу және істемеу актыларына байланыстыыпалдастық түрлері

Актыларды талдаған кезде олардың істеу және істемеу (тартыну немесе шыдау) актыларына бөлінетіндігі көрсетілді. Осы көзқарас тұрғысынан екі тараптың арасындағы ықпалдастық мынадай пошымдар бере алады: 1) А белгілі бірдеңе істей алады. В да бұған істеу актыларымен жауап қайтара алады. А В-ға соққы береді. В соққымен, балағаттаумен, қашумен немесе істеудің басқа актыларымен А-ның қарекетіне жауап қайтарады. Ықпалдастық екі тараптан да істеу актыларымен алмасу пошымына ие болады. Тітіркендіру актысы мен реакция актысы болып табылады. 2) А белгілі бірдеңе істей алады. В бұған белсенді шыдаммен, А-ның қарекетіне төзумен немесе соның актыларына тойтарыс беруден тартынумен жауап қайтара алады. А В-ны ұрады, В А-ның соққыларына төзеді (мысалы, құл иеленуші мен құл). Ықпалдастық бір жағынан, істеу актыларымен алмасу, екінші жағынан – шыдау немесе тартыну актысы сипатына ие болады. «Тітіркендіруші актысы» – істемеу, ал «реакция актысы» – істеу. 3) А бірдеңе істеуден, мысалы, В-ның өміріне қаскүнемдік жасаудан, немесе оған белгілі бір затты беруден (ақша немесе басқа заттар) тартына алады. В бұған істеу актылары (мысалы, өлімге қимағаны үшін А-ға рахметін айтады немесе А-ны өзіне ақша беруге мәжбүр етеді) арқылы жауап қайтарады. Ықпаладстық бір жағынан істемеу актыларын алмасу, екінші жақтан – істеу актылары сипатына ие болады. «Тітіркендіруші актысы» – істемеу, ал «реакция актысы» – істеу. 4) А бірдеңе істеуден тартына алады. В бұған өз тарапынан тартыну немесе шыдау актыларымен жауап қайтара алады. Мәселен, А үндемей қоя алады. В оның үндемеуіне қарай өзі де үндемейді. А В-ны ұрудан тартынады. В да А-ны

ұрудан тартынады. Ықпалдастық екі тараптан да істемеу актыларын алмасу сипатына ие болады. «Тітіркендіруші актысы» мен «реакция актысы» істемеу актылары болып табылады. Ықпалдасатын индивидтер алмасатын істеу және істемеу актыларының сипатына қарай ықпалдастықтың негізгі тұрпаттары осындай. Істеу және істемеу актылары тұрғысынан қарастырылатын адамдар ықпалдастығының барлық пошымдарын осы оқиғаларға жатқызуға болады237.

ІІ. Біржақты және екіжақты ықпалдастық

Біржақты ықпалдастық деп мен – бір тараптың ахуалы мен тәртібі екінші тарапқа тәуелді болып, содан туындайтын бірақ соңғысының ахуалы мен тәртібі біріншісіне тәуелді болмайтын ықпаладстықты атаймын. Біржақты ықпалдастық схемасы: «В үшін А тітіркендіргіш болып табылады; А үшін В ондай болмайды. Мысал. Х бәйбіше У-ке ғашық, бірақ ол Х дегеннің бұл дүниеде барын да білмейді. Х бүгін У-тің театрға баратынын біліп алады. Оны көргісі келіп Х-те театрға жөнеледі. У-тің актысы – театрға баруы – Х-тің ықпалы мен тәртібіне тәуелсіз жасалады, ал X-тің актысы У-тің тәртібінен туындаған: ол театрға бармақ екен, Х-те бара жатыр; егер ол бармаса, Х-те бармас еді. Екінші мысал. Тұтқындалған «контрреволюционер» мен билігі шексіз төтенше комиссия мүшелерінің ықпалдастығы. Осынау өзара қатынаста, таяудағы фактылар көрсететініндей біріншісінің тағдыры түгелімен екіншілерінің уысында; олар оны босата, абақтыда ұстай және атып тастай алады. Ал комиссия мүшелерінің өздерінің тағдыры олардың құрбандығының тәртібі мен тілегіне мүлдем тәуелсіз болатын. Үшінші: У-тің мәнерін көшіріп алатын, Х-тің ықпалдастығы, бірақ Х-тің У-ке кері ықпалы жоқ. Адамдардың қоғамдық өзара қатынастарында біржақты ықпалдастықтың осындай

237 Бұл бөлініс Л. Петражицкий берген актылар мен өзара қатынастар бөлінісін өзгерту екендігін өру оп-оңай. Өзгерістер мынадан туындады: бұл арада актылар құқықтық тұрғыдан қарастырылып отырған жоқ, тапсырма да Л. И. Петражицкийдегінден өзгеше. Қараңыз: Петражицкий. Теория права, т. 1, 71, т. 2. §32.

пошымдары жетіп-артылады. Абсолютті мағынада болмаса да, салыстырмалы мағынада олар еліктеу мен билеп-төстеу құбылыстарында әбден жиі көрінеді; қожайынның құлға, билік басындағының бағыныштысына, күштінің әлсізге, жеңімпаздың жеңілгенге, өтініштің қанағаттандырылуы өзіне байланысты адамның өтінушіге, деспоттың бағыныштыларына, жоғары кастаның төмен кастаға қатынастарында, көбіне мұғалімнің оқушыға, тәрбиешінің тәрбиеленушісіне, сеньордың вассалға қатынастарында – қысқасы, біржақты тәуелділік ахуалы бар, күштердің немесе құқықтардың теңсіздігі бар, біреулердің тағдыры мен өмірі басқалардың ырқына немесе қыңырлығына бір жақты тәуелділікке қойылған барлық жерде солай болады238. Мұндай біржақты ықпалдастық процестерінің сыртқы нышандары қызметін мына нышан атқарады: бір жақ «өтінеді», «жалынады», “аяққа жығылады”, “бас ұрып, құлдық ұрып өтініш жасайды”, ал екінші жақ «илігеді», «мейірімшілік жасайды», «бұйырады», «әмір етеді», “шешеді”, “қаулы етеді” және т.т. Бұндай құбылыстарды біз билік қатынастары дейтіннен ұшыратамыз. “Билік дегеніміз тек өзінің қарекет жасау мүмкіндігін ғана емесе, басқалардың қарекетін, басқаның тәртібін анықтау мүмкіндігі”239. Биліктің осынау анықтамасы, егер оған билік жүргізуші тарап тәртібі билік астындағы тараптан тәуелсіз деген нұсқау қосылса, бір жақты ықпалдастық ұғымымен үйлесе кетер еді. Сонда біз «билік қатынастары» терминін пайдалана алар едік, бірақ билік термині таптаурын болып, әртүрлі мағынада түсінілетіндіктен және ол әдетте тиісті құбылыстардың бүкіл тобын қамтымайтындықтан бұл терминді пайдаланбаған абзал. Біржақты ықпалдастықпен қатар екіжақты ықпалдастық берілген, онда индивидтердің ахуалы мен қылықтары бір-бірінен туындайды. Олардың схемасы мынадай: «В үшін А тітіркендіргіш; А үшін В тітіркендіргіш. Мысалдар: Егер Х-ке У 10 қадақ қант әкеліп беретін болса, У-ке бір пұт ұн беруге Х келіседі. Сатушы тауар береді, аларман ақшасын төлейді. Бұл арада

238 Ықпалдастықтың осы тұрпатына Зиммель Über – und Unterordnung қатынастары деп атаған араласқұраластық пошымдары жатады. Қараңыз: Sozіologіe, 3-тарау. 239 Магазинер. Лекции по государственному праву, 1919, 18.

бір жақтың актыны жасауы немесе жасамауы екінші жақтың қарекеттерінен туындайды және керісінше. Міндеттемелік құқық зерттейтін ерікті шарт, сатусатып алу, актылар құбылыстары, серіктестік, өзара көмек құбылыстары – қысқасы, адамдар еркін және тең құқықты субъектілер ретіндегі барлық қатынастар береді. Ықпалдастықтың барлық түрлері осынау тұрпаттар арасында бөлінеді. ІІІ. Ұзақ мерзімді және уақытша ықпалдастық әрекеттестіктер

Бұдан әрі уақытша ықпалдастықты, туындай салып ғайып болатын ықпалдастықты және индивид ұзақ уақыт бойы екінші тараптың ахуалы мен тәртібін туындататын немесе олар өзара бір-бірін туындататын ұзақ ықпалдастықты ажыратуға болады. Осынау ұзақ ықпалдастық оқтын-оқтын ықпалдасатын индивидтердің бүкіл ғұмыры бойына созылады. Біріншісінің мысалы – сатушы мен сатып алушы арасындағы ықпалдастық. Сату-сатып алу актысын жасаған заматтан, олар ықпалдастықты тоқтатады. Байланыс бірнеше минутқа созылды да, үзіліп кетті. Ықпалдастықтың осы тұрпатына көптеген әдеттегі өзара қатынастар: бейтаныс адамдардың жол бойында, трамвайда, театрда және т.б. жерлердегі бір сәттік ұышрасулары, ешқандай із қалдырмайтын, айрылған заматта жаңа таныстарын ұмытып кететін ұшырасулар жатады. Екінші тұрпатқа: ерлі-зайыптылардың өзара қатынасы, құл мен қожайынның қатынасы, әке-шеше мен балалардың өзара қатынасы, қысқасы – екі немесе көбірек индивидтердің өзара акциялары мен реакциялары, бір немесе екі тарап та өздерінің ахуалдары мен тәртібінде ұзақ уақыт юойы үздіксіз тәуелді болатын барлық акциялары мен реакциялары жатады. Индивидтер бірге тұратын жағдайларда мұндай ұзақ ықпалдастық түсінікті. Мысалы, екі индивидт бірге, қойындасып өмір сүретін, өздерінің акциялары мен реакциялары тұрақты алмасу процесінде болатын жағдай сондай. Бұл ықпалдастықтың тіпті екі индивид бір жерде тұрмаса да, дәнекерлер арқасында акциялар мен реакциялар алмасуын (хаттар,

телеграммалар, сәлемдемелер және т.б.) жалғастыра беретін жағдайларда да түсінікті. Енді мынандай сұрақ туындайды: мысалы, бір индивид Австралияда, ал екіншісі Еуропада тұратын және олардың арасында ықпалдастықтың ешқандай сыртқы нышандары жоқ жағдайда: олар тікелей де, дәнекерлер арқылы да тітіркену жібермейтін жағдайда олардың арасында ұзақ ықпалдастық болуы мүмкін бе? Бір қарағанда қаншалық оғаш көрінгенімен, алайда бұл сұраққа «иә» деп жауап қайтару керек. Күйеуі жылдар бойы Австралияда, ал әйелі Еуропада тұра алады, жылдар бойы олар бір-біріне ешқандай хабар бермеуі мүмкін, алайда, олар бір-бірімен ықпалдаса алады, яғни өзара тәртіпті туындата алады: мысалы олар бір-бірінің көзіне шөп салу актыларынан, флирттен, үйлену немесе күйеуге шығудан, қысқасы, басқаша болса жасалуы мүмкін емес қылықтардың тұтас бір кешенінен тежей алады... Эмигрант тұтас бір жылдарға бөтен елге тап болып, өз отанынан, партиясынан, жақын достары мен таныстарынан бөлініп қалуы мүмкін. Алайда, өзінің белгілі бір партияға, белгілі бір топқа жататындығы санасы оның тәртібіне бір немесе өзге түрде ықпал етуі: бір қылықтарды туғызуы, екіншілерінен тежеуі, бірқатар ахуалдарды туындатуы мүмкін. Осындай фактыларды қалай түсіндіруге болады деген сұрақ туындайды. Өзара акциялар мен реакциялардың ешқандай дәнекерлері жоқ секілді көрінетін жерде бұндай ықпалдастық қалайша орын алуы мүмкін? Олар әлдене оғаш әрі түсініксіз ауытқу болып табылмай ма? Бұл сұрақтың мәні ол жаңа көрсетілген құбылыстарға ғана емес, ұзақ ықпалдастық атаулыға, тіпті ықпалдасатын индивидтер қойындаса өмір сүретін құбылыстарға қолданылуымен арта түседі: өйткені соңғылары, бірге тұрып жатпай-ақ бір-бірімен үздіксіз қатынаста болмайды ғой; күн сайын белгілі бір сағаттарда олар бөлек болады, сол сағаттарда актыларымен алмасу тоқталады, бұл сағаттарда олар бір-біріне тікелей де, дәнекерлер арқылы да ықпал етпейді. Бұл екі арада біз ұзақ ықпалдастық жайында айтып отырған екенбіз, ол өзінің

тіршілігі бойында үздіксіз, ол кинетикалық болмаса да, потенциялық жағынан минут сайын болады да, тиісті жағдайларда тараптардың немесе тараптың тәртібіне ықпал етеді. Егер ол үзіліп тұратын болса, бізде ұзақ ықпалдастық болмас еді – ол ықпалдастықтың қысқа мерзімді көптеген процестеріне бөлшектеліп кетер еді; осылайша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ықпалдастықтарға айырудың өзі негіз атаулыдан айрылар еді. Ұзақ ықпалдастық деп біз үздіксіз ықпалдастықты білеміз, онда бір немесе екі тарап та ұзақ уақыт бойы немесе ғұмыр бойы бір-біріне ықпал етеді. Демек, жоғарыда қойылған индивидтер бөлек-бөлек оқшау тұрғанда ұзақ ықпалдастық қалайша мүмкін болады деген сұрақтың – ықпаладстықтың барлық ұзақ процестері үшін де маңызды болып табылады. Бұл сұрақтардың жауабы жоғарыда берілген. Біреуі Австралияда, ал екіншісі Еуропада тұратын, ұзақ уақыт бойы бір-бірімен ешқандай хабар алыспаған ерлі-зайыптылар, соған қарамастан ұзақ ықпалдастық ахуалында бола алады, яғни бірқатар жылдар бойы өзара тәртібін, жоғарыда көрсетілгеніндей, адамдар тәртібінің арасында жасалғаннан кейін ұзақ ықпал ете алатын актылар болатындығының пәрменімен өзара тәртіпті туындата алады. Ұзақ ықпалдастық атаулы әдетте ұзақ эффектісі болатын бір немесе бірнеше актылардан тұрады. Осынау ұзақ ықпалады тудырған актының өзі баяғыда ғайып болған, ол минуттық қана ықпал болған шығар, бірақ оның нәтижелері ұзаққа созылатын, ғұмырлық ықпал болуы мүмкін. Некелесу актылары заңды түрде осындай қылықтардың қатарына жатады240. Бір рет жасалған олар, бір рет жұққан өкпе ауруының ықпалы секілді, тұқым қуалайтын бейімділіктер ықпалы секілді, әйелге жыныстық қатынас қалай ықпал ететіні секілді, өмірін жалғастырып, адам тәртібіне ықпал етеді. Пышақ салу, мысалы жанардан айрылу немесе ойлау қабілетіне зардабын тигізу түріндегі ғұмыр бойына кететін із қалдыра алатыны, бірқатар тітіркенулер де дәл сондай физио-психикалық (парыз, міндет, құқық, құқықты

240 Актылардың бөлінісі туралы жоғарыда қараңыз.

жүзеге асыру және т.б. түрінде) “найзағай да, құйын да, бұршақ та, жадың аптабы да, қыстың үскірігі де өшіре алмауы мүмкін” іздер қалдыра алады. Олар белгілі бір түрде ұзақ жылдар бойы немесе бүкіл ғұмыр бойы ықпал етеді: мысалы, ерлі-зайыптыларды көзге шөп салудан тартындырады, сүйгеніне, партиялас жолдастарына махаббат сезімін ылғи да еелстеткізіп отырады, отаны қорланғанда өкініш өзекті өртейді және т.б. Демек, ықпалдас индивидтер арасында ұзақ уақыт бойы акциялар және реакцияларм болмаған кезде ұзақ ықпалдастық қалай орын алуы мүмкін деген сұрақтың жауабы мынадай: оның мүмкін болатыны, бір немесе екі жақ та бір кездері жасалған актылардың өзі және олар туғызған реакциялар басқаның тәртібіне ұзақ уақыт ықпал етуге қабілетті тітіркендіргіштер санатына жататын бірқатар актылар жасағандықтан. Айтылған сөз екінші сұрақтың да жауабын береді: бірге тұратын, бірақ өзара акциялармен және раекциялармен үздіксіз алмасып отырмайтын екі индивидтің (біреуінің бірнеше күнге бір жаққа кетуі, олардың әртүрлі іліктермен бөлінуі, жалпы әрқилы себептермен олар оқшауланып қалатын уақыт үзіктері) арасында ұзақ үздіксіз ықпалдастық мынаның пәрменімен де орын алуы мүмкін – тітіркендіргіш актылар өз ықпалын бірден жоғалтпайды, қайта өзі аяқталғаннан кейін де ықпал ете береді; ондай актылардың ықпалының жалғасуы бір тітіркендіргіш актысынан екіншісіне дейінгі уақыт аралығын толтырады да, осылайша ықпалдастықтың үздіксіздігін мүмкін етеді. Құлдың тәртібі, қожайыннан шығатын тітіркендіргіш актыны оның өзінен тікелей көрмей-ақ және дәнекер күш арқылы алмай-ақ соның тәртібінен туындайтыны міне сондықтан. Балалардың немесе ерлі-зайыптылардың тәртібі мен көңіл күйлері ата-аналардың немесе ерлі зайыптының, олардың өздері көзбе-көз жоқ, шығып кеткен, жолаушылап кеткен және т.б. кездерде де, қарекетінен туындайтыны міне сондықтан. Біріншілерінің “жанында” немесе жүйке жүйесінде оларлдың қарекеттері қалдырған бірқатар «іздер» балалар мен ерлі-зайыптылардың тәртібі мен көңіл күйіне ықпал ете береді: бір қылықтардан тартындырады, екіншісіне итермелейді, үшіншісіне ұмтылдырады

және т.б. Егер осы «іздер» немесе тітіркендіргіш акт салдары болмаса, онда ықпалдастық та, әсіресе ықпалдасатын адамдардың арасы өте алыс болып, ұзаққа созылатын кезде, болмас еді. Олардың тәртібін екінші жақ туыфедатпайды екен, ықпалдастық та жоқ. Зайыбынан жылдар бойы алыста тұратын ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісінің көзіне шөп салады екен, өзінің тәртібінде екіншісінің ырқымен санаспайды екен, әрі оқшау болып, соңғысымен қатыспайды екен, онда мұндай жағдайларда ықпалдастық жоқ: ерлізайыптылар бір-бірі үшін жоқ сияқты болады немесе бізді білмейтін, біз де оларды білмейтін және байланысымыз да жоқ мыңдаған Ивандар мен Пётрлардың бар екендігі сияқты ғана болады. Үздіксіз ұзақ ықпалдастықты мүмкін ететін негізгі шарт осындай. Осынау ұзақтық пен үздіксіздік басқа шарттар арқылы да сақталып отырады, бірақ олар туралы әңгіме төменде241.

ІV. Антагонистік және ынтымақты ықпалдастық

Ықпалдас адамдар актыларының бағыты мен өзара қатынасына қарай: 1) антагонистік және 2) ынтымақты ықпалдастық деп айыруға болады. Бірақ солардың әрқайсысын қалай түсінуге болады? Бұл терминдер тым жиі қолданылады, бірақ олардың мәні ілуде бір ғана ескеріледі. Жиі қолданылу, оларды әрқилы, мағынада қолданылатын бұлдыр шатпыраққа айналдырып жіберді242.

241 Dupréel ұзақ ықпалдастықты түсіндірудің басқа теориясын ұсынады. Оларды ол ұзақ ықпалдастықтар сақталып, тіршілік ете беретіні олар ықпалдастықты ықпалдас адамдар арасында ғана емес, солар мен басқа адамдар арасында да шақыратындықтан деп түсіндіреді. Dupréel. Le rapport socіal, 33. 242 Паретоның бұл орайдағы ескертпелері әбден орынды. «Терминдер – дейді ол – оларды пайдалану тәсілінің арқасында сайып келгенде мән атаулдыан айрылады. Мысалы, қазір ауыздан түспейтін «ынтымақ» термині сондай. Бұл терминнің жиі ауызға алынатыны соншалық, ол оңды-солды қолданыла бастады. Протекционисттер, мысалы, ынтымаққа шақырады. Олар протекциялық құқық қожайын мен жұмысшы арасында ынтымақ туғызады дейді. Бейшара жазықсыз жандар-ай! Тек ынтымаққа сүйіспеншілік қана оларды отандастарының өздеріне алым төлеуін талап етуге мәжбүр етеді-міс. Мен бір өте білімді адамның жұртшылық алдындағы сөзінде: «Еер ғылым ынтымақ сезімін дамытпаса, ол өз атына лайық емес» дегені естідім. Ендеше геометрия ғылым болмағаны ғой, өйткені ол “ынтымаққа” титімдей де ықпал етпейді. Жұртшылық алдындағы тосттан бастап министр сөзіне дейін, қандай сөзде «ынтымақ» сөзі кездеспейді? Оны пайдаланатын адамдар

Сондықтан бұл терминдерді осы арада қандай мағынада пайдаланатындығымызды келісіп алайық. А) Мен антагонисттік ықпалдастық бір немесе екі индивид те екінші жақ жасауға ұмтылатын қарекетке кейбір жағынан қарама-қарсы қарекет жасауға ұмтылатын ықпалдастық деп білемін243. Басқаша айтқанда, ықпалдастық антагонизмі бір жақ екінші жақты ол істегісі келмейтін немесе оның істелуіне қарсы шығатын актыларды істеуге итермелейтін кезде туындайды. Мысалдар: А-ның нан жегісі келеді; В бұған қарсы болып, А-ның өз қалауын орындауына кедергі жасайды. А бір бағытта кетіп барады; В қарама-қарсы жаққа кетіп барады. Соқтығысқан кезде, олар бір-бірінің қозғалуына кедергі жасайды. Ортақ схема: Х актысын жасауға А non-Х актысын жасауға ұмтылған В тарапынан кедергіге ұшырайды. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында көптеген антагонистік ықпалдастықтар орын алады. Олардың нақты пошымдары қисапсыз. Екі адамның өліспей беріспейтін шайқасынан, тұтас бір топтардың жан алаысып, жан берісетін күресінен бастап, бәсеке, езгі, қанау құбылыстары арқылы өте отырып, дау (діни, саяси, сот, ғылыми және т.б.) сияқты құбылыстармен аяқтап, антагонистік ықпалдастықтар сан алуан түрлерге ие болады. Әлеуметтану әдебиетінде біз антагонизмдердің яки жанжалдарды топтастырып жіктеудің бірқатар әрекеттерін ұшыратамыз. Мәселен, Тард барлық жанжалдарды қатар жанжалдарына (мысалы, эволюция мен контрэволюция), дәреже жанжалдары (қандай да бір құбылыстың, мысалы қылмыстың, некенің, бала туудың және т.б. көбеюі мен азаюы, жоғарылауы мен төмендеуі), мағына жанжалдарына (билік, өмір және ықпал үшін күресетін екі күш ұмтылысының жанжалы) бөледі. Мағына жанжалдарының нақты

күлкілі жәйтті сезінуді мүлдем ұмытқан болар. Тартюфты қайта жасау керек. Бүгіндері Тартюф Эльмираны ынтымақ үшін айналдырып, аңқау Оргонды ынтымақ үшін тонар еді”. Pareto. Le peіrіl socіalіste, 1900, 26. 243 Салыстыр: Делевский. Социальные антагонизмы и классовая борьба в истории. СПб., 1910, 1.

пошымдары күрес, бәсеке және дау болып табылады244. Біздің мақсатымыз үшін бұндай топтастырып жіктеу жарай бермейді. Қатар мен дәреже жанжалдарын, турасын айтқанда, адамдардың антагонистік ықпалдастығы құбылыстарына жатқызу қиын. Олар көбіне-көп адамдар акциялар мен реакцияларынан гөрі, әлемдік құбылыстардың қарама-қарсылығын меңзейді. Ю. Делевскийдің топтастырып жіктеуі неғұрлым жарамды және іс мәнісіне сай келеді. Ол антагонизмдерді: 1) біржақты және екіжақты деп айырады. Біржақты антагонизмдер бір жақ қана екіншісінің мүдделеріне қатер төндіреді (мысалы, қасқыр қой мүддесіне). Екі жақты антагонизмдер екі жақ та бірбірінің мүддесіне қатер төндіреді (мысалы, екі жыртқыштың антагонизмі). 2) сөзсіз және шарты. Біріншісінде бір жақ екіншісінің көзін жоюға тырысады, екіншісінде – бір жақтың мүддесі екінші жақты құртып жіберуді қажет етпейді. Езгі, басып-жаншу қанау немесе сотта іс қарату құбылыстары сондай. Егер екі жақ та басқасын жоюды талап етсе, онда бұл абсолютті антагонизм болып табылады. 3) Антагонизм ахуалындағы топтар сипатына қарай тайпалық, ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әулеттік, таптық, сословиелік, діни және т.б. антагонизмдерді ажыратуға болады. 4) Мүдде бойынша антагонизмдер экономикалық, саяси, идеологиялық және т.б. болып бөлінеді245. Антагонизмның осы пошымдарының қатар топтастырып жіктеудің басқа принциптерінен туындайтын бірқатар пошымдарды бөліп көрстеу маңызды. Ең алдымен саналы және бейсана антагонизмдерді ажыратуға болады. Біріншілері ықпалдас индивидтер өздерінің ұмтылыстарының қарамақайшылығын түсінетін кезде орын алады. Бұл тұрпаттың мысалдарын қашып кетуге ұмтылатын қылмыскер мен оған жол бермеуге тырысатын күзетшінің ықпалдастығы; екеуінің де ұмтылыстары саналы түсінілген, зорлықшы мен оның құрбандығының ықпалдастығы; өмір үшін күреске түскен екі жаудың, өз мақсаттарының, тілектерінің, ұмтылыстары мен мүдделерінің қарамақарсылығын түсінетін бәсекелестердің ықпаладстығы жатады.

244 Тард. Социальные законы. СПб., 1906, 45-83. 245 Қараңыз: Делевский. Социальные антагонизмы. 14-10, 53-54. Сондай-ақ қараңыз, Savornan антагонизм тізімін береді. Les antagonіsms Socіaux. Scіenzіa, 1914, І-VІІ, 138-146.

Объективті түрде берілген, бірақ субъективті түрде антагонистер түсінбеген ұмтылыстар жанжалдарын бейсана антагонизмдер деп білу керек. Жануарлар дүниесінің антагонистік өзара қатынасының көпшілігі нақ осы тұрпатқа жатады. Онда мүдделерді, мақсаттарды, ұмтылыстарды түсіну жоқ. Алайда, тәртіп пен актылар антагонизмі (рефлектстік және инстинктік) бар. Мысық пен тышқанның, қасқыр мен қойдың, олжаны бөлісе алмай жатқан екі жыртқыштың өзара қатынасы, қысқасы, өмір үшін күрес терминімен біріктірлетін көптеген құбылыстар осындай. Мұндай бейсана антагонизмдер адамдардың өзара қатынастарында да орын алады. Адамдар әрбір антагонизмді саналы түсіне қоймайды. Адамдардың мүдделері мен ұмтылыстары көбіне-көп объективті түрде қарама-қарсы, бірақ бұл қарама-қарсылық түсініле бермейді. Мысалы, кәсіпкер мен жұмысшының, брамин мен судраның, құл мен қожайынның, екі бәсекелестің және т.б. мүдделері сондай. Олардың әрқайсысы көп реттерде жүзеге асырылуына басқасы кедергі жасайтын немесе жүзеге асырылуына басқасы жол бермейтін нәтижелерге ұмтылады. Ұмтылыстардың қарама-қарсылығын түсіну жоқ болғандықтан кедергі жасап, жол бермейді. Әрі қарай, мынадай антагонизмді: 1) белгілі бір жағынан индивидтердің ұқсастықтарынан туындайтын антагонизмі (мысалы, бір кәсіптегі екі кісі жұмыс орны үшін бәсекесі; бір әйел үшін екі еркектің бәсекесі)246, 2) бір немесе басқа жағынан ықпалдас индивидтердің айырмашылығынан туындайтын антагонизмді (мысалы, нәсілдік антагонизмдар, екі саяси қарсыластың – реакционер мен революционердің антагонизмі, пролетарий мен капиталистің антагонизмі және т.б.) ажыратуға болады және ажыратылуға тиіс. Ықпалдас адамдардың саны бойынша мынадай антагонисттік ықпалдықтар: а) екі адам арасында (екі адамның соттағы жекпе-жегі, бас тіккен шайқасы, дауы, бәсекесі), b) біреу мен көп арасында (деспот және оны тақтан тайдыруға ұмтылатын бағыныштылар; саяси шешен оған қырын қарайтын

246 Бұдан индивидтердің ұқсастығы олардың ынтымағын, ал ұқсамау – олардың антагонизмін туындатады деп санайтын Гиддингстің қатесі айқын көрінеді. Қараңыз: Gіddіngs. The dements of socіal., 1912, 53.

жиналыс; ақыны азайтуға тырысатын кәсіпкер және оны ұлғайтуға тырысатын жұмысшылар, және т.б.), c) ықпалдас индивидтер топтарының арасында (екі тайпа, ру, мемлекет, таптар, шіркеу, әдеби, көркем топтар, акционерлік қоғамдар арасындағы антагонизмдер) антогонистік ықпалдастықтар бола алады. Антагонистік ықпалдастықтың нақты пошымдары (диагностикалық симптомдары) кескілескен шайқас (соғыс), күрес, қозғалыстар қарамақарсылығы, бәсеке, дау, (соттағы, діни, саяси, ғылыми және т.б.) дұшпандық, зорлық, мәжбүрлеу және т.б. фактылары болып табылады. Ықпалдасатын индивидтер арасында осындай құбылыстар жердің бәрінде сол арқылы антагонистік ықпалдастық берілген247. Антагонистік ықпалдастықты (екеудің, біреумен көптің, көп пен көптің) тудыратын қажеттіліктер бойынша аштық, көбею, өзін-өзі қорғау, араласу, идеялық талаптар, сезімдік ахуалдар, ырықтық қажеттіліктерді қанағаттандыру негізінде пайда болатын антагонистік ықпалдастықтарды ажыратып көрсетуге болады. В) Антагонистік ықпалдастықтың қарама-қарсы көрінісі – ынтымақтық ықпалдастық. Ондайға бір жақ екіншісін өзі істеуге ұмтылатын актыларды істеуге шақыратын ықпаладстықты жатқызамыз. Мысал: А-ның тамақ ішкісі келеді. В оған өз нанын ұсынады. А mn бағытында қозғалғысы келеді. А-ға В оны жеткізіп салуды ұсынады. Ортақ схема: А Х актысын жасауға ұмтылғанда, В тарапынан, жәрдем табады. Антагонистік ықпалдастық жағдайындағы секілді бұл арада да біржақты, және екіжақты, А мен В-ның барлық ұмтылыстары сәйкес келетін сөзсіз және шартты мүдделер ішінара сәйкесетін ынтымақтас топтар сипаты бойынша ынтымақтық ықпалдастықты ажыратып алуға болады. Отбасылық, тайпалық, сословиелік, таптық, мемлекеттік және т.б. ынтымақты ажыратуға болады. Әрі қарай антагонизмдердегідей, саналы және

247 Антагонизмдер мен күрестің әлеуметтік рөлі туралы қараңыз: Annales de l’Іnstіtut іntern. de socіologіe, т. XІ.

бейсана248 ынтымақты, екеудің, біреу мен көптің, көп пен көптің ынтымағын бөліп көрсетуге болады. Ынтымақтың осы пошымдарымен қатар: 1) ықпалдасатын индивидтердің ұқсастығынан туындайтын ынтымақты (Дюркгейм терминологиясы бойынша «механикалық ынтымақ), 2) индивидтердің айырмашылығынан, атап айтқанда олардың қоғамдық-техникалық қызметінің ұқсамайтындығынан туындайтын ынтымақты (Дюркгейм бойынша қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген “органикалық ынтымақ”)249 атап өту керек. Бұл екі пошымды да баяғыда Аристотель атап өткен. «Достық – дейді ол – көптеген пікірлерді туындатады. Біреулердің пікірі бойынша ол біршама ұқсастықтан тұрады: ұқсас адамдар бір-бірін жақсы көреді; бай – байға құяды, қарға – қарғаның көзін шұқымайды деген мақал осыдан. Басқа біреулердің пікірі бойынша, керісінше, өзара ұқсас адамдар бір-бірін жек көреді. Шарықтап кетіп, табиғатты қарастырудан алып түсіндіретіндер де бар. Мәселен, Эврипид аназасы кепкен жер жаңбырға ғашық, жаңбырмен иіген аспан бар махаббатымен жерге қмтылады дейді. Гераклит тек қарама-қарсылық қана келістіреді, жарасым айырмашылықтан туады, алауыздық – қалыптасу атаулының заңы дейді»250. Осы қағиданы дамыта келіп, Дюркгейм ынтымақтың екі түрі бар екенін көрсетті: біреуі индивидтердің ұқсастығына негізделген («біз өзімізге ұқсас, біз сияқты ойлап, сезетін адамды ұнатамыз»). Екіншісі индивидтердің еңбек бөлінісінен туындайтын айырмашылықтарына негізделген: индивидтердің айырмашылығы мен дербес жеткіліксіздік басқаларға қажеттілікті, олармен өзара тәуелділікті туындатады. Осынау өзара тәуелділік индивидтерді бірбірімен байланыстырып, нәтижесінде өзімізге ұқсамайтын индивидтерге құрмет туындатады. Дюркгейм бойынша, бірінші ынтымақ алғашқы қауымдық қоғамдарда, ал екіншісі – қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген осы заманғы қоғамдарда дамыды. Бұл тарихтың барысы бойында «механикалық» ынтымақ

248 Соңғысы туралы қараңыз: Кропоткин. Взаимная помощь как фактор эволюции, М., 1918. 249 Гиддингске қарамастан ондай бар. 250 Этика Никомаха, VІІІ, 1, 1155a, 32.

бірте-бірте органикалық ынтымақпен алмасады деген сөз. Іс шынында да солай ма – бұл арада оны шешіп жатпаймыз. Бұл арада ұқсастықтардың қайсысының – биологиялық конституция бойынша немесе қан бойынша, немесе дүниетаным мен көзқарастар бойынша ұқсастықтың бәрінен маңыздыы екенін немесе бұл ұқсастықтардың маңызы әрқилы дәуірлерде әрқилы екенін де шешіп жатпаймыз. Бұлардың бәрі күрделі мәселелер, олар әлеуметтанудың келесі бөліктерінде шешіледі. Бұл арада, талдаушылық шегінде осы пошымдарды атап көрсету жеткілікті251. Ынтымақтас ықпалдастықты тудыратын қажеттіліктер бойынша аштықты, жыныстық қажеттілікті, өзін-өзі қорғау қажеттілігін, демалысты, аралас-құраластықты, идеялық талаптарды, сезімдік-эмоциялық ахуалдарды және ырықтық қызметті қанағаттандыру негізінде пайда болатын ынтымақтық өзара қатынастарды ажыратып алуға болады. Ынтымақтас ықпаладстықтың сыртқы көріністері – өзара көмек, кооперация, еліктеу фактылары, бір мақсатты көздейтін, тілектері, ойы және қарекеті бір жерден шығатын қоғамдар мен индивидтер, адамдардың бірбірімен өзара қатынасында зорлық-зомбылықтық, мәжбүрлеудің және жазаолау шараларының болмауы. Антагонисттік және ынтымақтық ықпалдастықтармен қатар өздігінен сұранып тұрған бейтарап ықпалдастықты бөліп көрсету керек емес пе деген сұрақ туады. Оны бір жақ екінші жақтың актыларына көмектеспейтін де, кедергі жасамайтын да ықпалдастық деп анықтауға болар еді. Алайда ондай бейтарап ықпалдастық жоқ деген қорытынды жасау үшін шамалы ғана ойлану жеткілікті. Бейтарап ықпалдастықтың осы анықтамасына сәйкес келетін мысалды алайық. А-ның тамақ жегісі келеді. А-ның ұмтылысына В кедергі жасамайды, жәрдем де бермейді. Ол акт жасауды А-ның өз күші мен қалауына береді. Бұл факт нені білдереді? Бұл бейтарап ықпаладстық емес, ықпаладстық

251 Олар туралы қараңыз: Дюркгейм: Разделение обществ. труда. Passіm; Bouglé. Revue général des theorіe récéntes sur la dіvіsіon du travaіl. L’année socіal., t. 6, 73-122.

жоқ деген сөз. А-ның да, В-ның да тәртібі аталмыш жағдайда баса жақтың бар екендігінен және тәртібінен туындамайды; олар бір-біріне ешқандай ықпал жасамайды. Ал егер ықпал жасаса, егер мысалы, В-ның көмектесуін А жалынып сұраса да, В бейтарап қала берсе, онда сайып келгенде ықпалдастық не антагонистік (мысалы, А “жаны ашымайтын үшін В-ға қатты ыза болады, В “қыр соңынан қалмағаны” үшін А-ға ыза болады), не ынтымақтық (мысалы, А араласпағаны үшін В-ға алғысын айтады, В өзінің көмегінсіз-ақ амалын тауып, өзін мазаламағаны үшін А-ға дән риза) сипатқа ие болады. Осыған ұқсас барлық жағдайларда біз осындай қорытынды аламыз. Жоғарыда айтылғаннан ықпалдас индивидтер топтарында немесе басқа тұрпаттағы ықпалдастық әрқашан болғандығын және болатынын оп-оңай түсінуге болады. Адамзат тарихының құбылыстарынан тек күрес пен антагонизмді ғана көретіндер, эволюцияның негізгі факторы деп тіршілік ету жолындағы күресті санағандар және санайтындар қателеседі. Бірақ соған қарама-қарсы көзқарасты ұстанғандар және ұстанатындар да қателеседі. Антагонизм мен ынтымақ – өзара тәуелді және салыстырмалы құбылыстар. Бір ғана индивидтер бір жағдайда антагонист (мысалы, діни нанымдарына байланысты), ал екінші жағдайда ынтымақшыл (мысалы, ортақ жауды қудалауда, нанын табуда және т.б.) бола алады. Бір топтың екінші топпен әрқилы топтардың индивидтері бір-бірімен антагонисттік ықпалдастықта болады, бірақ соның пәрменімен әрбір топтағы индивидтердің өзара қатынасы ынтымақты ықпалдастық береді252. Бұрын да, қазір де ықпалдастықтың осы екі түрі болмаған бірде-бір әлеуметтік топ (отбасы, ру, тайпа, мемлекет, тап және т.б.) болған емес және жоқ. Антагонизмдер басым топтар да, ынтымақ қатынастары басым топтар да бар, бірақ солармен қатар бірінші жағдайда ынтымақ қатынастары, ал екінші жағдайда – антагонистік қатынастар әрқашан болған және бар. Біреуінің өсуі мен екіншісінің төмендеу тенденциясы бар ма? Әлеуметтануда бұл жөнінде екі ағым бар екендігі белгілі. Біреулер, мысалы

252 Бұл туралы қараңыз: Лавров. Гос. элемент в будущем обществе, 17 және Лондон, 1876.

Тард пен Спенсер, адам әлемі тепе-теңдікке, ынтымақ патшалығын бірте-бірте орнатуға ұмтылады деп ойлайды. Басқа біреулер, мысалы Ratzenhofer мен Гумплович, антагонизм құбылыстары адамзат маңдайына жазылып қойылған деп санайды. Бұл арада осы екі ағымның қайсысының дұрыс екендігін анықтап жатпаймыз (бұл «Генетикалық әлеуметтану» тақырыбын құрайды). Тек осы сұрақтарға Росс берген жауап маған дұрыс көрінетінін атап өтемін. Ол былай дейді: «адамдар өздерін елдестерінің барлық қалғандарынан гөрі жақынбыз немесе кейбіреулермен неғұрлым мүдделеріміз көбірек ұқсас деп санауын қоймайынша, күресін де қоймайды»253.

V. Таптауырн және соны ықпаладстық

Адамдардың өзара қатынасына үңіле қарасақ, біз осынау өзара қатынастар бір жағдайларда таптаурын болатынын, басқа бір жағдайларда – бұндай қасиеттің жоқ екендігін байқаймыз. Бірінші жағдайда акциялар мен реакциялар алмасу сүреңсіз, стереотиптік пошымға ие болады. Мәселен, құқықпен реттелетін актылар қалыпты жағдайларда стереотипті де таптаурын. Құқықтың формулалары мен нормалары тәртіптің осынау шаблонын бір немесе басқа жағдайға арнап белгілеп береді; мысалы, неке қию ғұрпын өткізетін, сатып алу шартын, меншік құқығын алу рәсімін жүргізетін индивидтердің өзара акциялары мен реакциялары сондай, бастық пен бағыныштының, қызмет етуге жалдап алынған адам мен оны жалдаған адамның өзара қатынастары таптаурын; Кәсіптік практикада savoіr-vіvre қатынастары таптаурын. Қысқасы, индивидтердің өзара қатынастарының көбісі таптаурын, сүреңсіз, әдетте ресми түрде – құқықтық кодекстерде, салтта, діни ережелерде, және конвенциялықкүнделікті ережелерде көрсетілетін белгілі бір нормаларға сәйкес болады, басқа өзара қатынастар ондай таптаурын үлгіні бермейді. Олар өзгермелі және тұрақсыз. Бүгін олар былай, ертең олай жүргізіледі. Әлі белгілі бір құқықтық нормаға немесе салтақ әлі айнала қоймаған, қатып-семіп, белгілі бір пошымдар

253 Ross. Foundatіons, 290.

алып үлгермеген өзара қатынастар көбіне сондай. Мұндай соны қатынастар қызметін әдетте жаңа, жаға жағдайларда туындайтын, сол қатынастар пәрменімен дағдыға айналып үлгермеген қатынастар атқарады. Ал ықпалдастықтың таптаурын пошымдары әрқашан дерлік жиі қайталанған өзара қатынастарды білдіреді. Олардың пайда болу жолы әдетте мынадай. Индивидтердің ықпалдастығы мен қатар өмір сүруі, тым қысқа болмай, ұзақ немесе тұрақты жерлерде олардың өзара қатынастары аз-аздап айқындалып шығып, таптаурын сипатқа ие болады254. Басқаша айтқанда, олар ұйымдасады. Белгілі бір пошымда шөге бастап, бұл өзара қатынастар қайталанады, актылардың қайталануы оларды айналдырады, әдет салтқа – бейсана қалыпқа айналады, салт санаға сіңген соң заңгерлік ережеге – саналы қалыпқа айналады. Белгілі бір өрістегі (мысалы: отбасы қатынастары саласында, сатып алу, ие болу, пайдалану, жұмсау саласында, басқару саласында және т.б.) тәртіптің осындай санаға сіңген қалыптарының институт (отбасы, меншік, басқару институттары және т.б.) деп атауға болады. Тәртіп институттарының жүйесі «қоғамның» ұйымы атауына ие. Осылайша, қалыпты ықпаладстық пен «қоғамның» ұйымдастырылу схемасы мынадай: 1) акт, 2) оның қайталануы (әдет), 3) салт, 4) заңгерлік ереже, 5) институт 6) ұйым255. Соны қатынастар – жаңа, осы кезеңдерді әлі өтіп үлгермеген қатынастар. Әрине, бұл бөлініс салыстырмалы. Бірақ ол көптеген құбылыстарда, атап айтқанда ықпалдасатын топтардың қасиеттерінде және осындай өзара қатынастарға ілесе жүретін индивидтер ахуалының сипатында бадырайып көрінеді. Мәселен, ықпаладстықтың таптаурындылығы дәрежесіне қарай адам топтарының әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Ықпалдастық таптаурындылығының жоқтығымен адамдар топтарының пошымы ретінде

254 Неліктен бұлай болатыны – басқа мәселе, оны бұл арада қозғамаймыз. Тек айта кетеріміз, таптаурындылыққа айналу процесі – өте күрделі процесс, факторлары да толып жатыр... бұл туралы қараңыз: Ross. Socіal control, 1904, New York. Passіm. 255 Бұл туралы кеңірек қараңыз: Waxweіler: Avant-propos, Bullet. Mensuel’де.

тобыр мен жұртшылық сипатталады. Тобыр – индивидтердің кездейсоқ жиналуы өзара қатынастарында ешқандай ұйым, ешқандай «ұйтқы» жоқ аморфты жиналуы. Онда пошым жоқ, тәртіп жоқ, кездейсоқ импульстарға ергіш. Мұндай жиналыста тобыр мүшелерінің сөз сөйлеуін бастық та, тәртіп те, реттеп отыратын төраға да, мәжіліс тәртібі де, ереже де жоқ. Барлығы шулайды, айғайлайды, “бақырып-шақырады”. Қысқасы, өзара қатынас қалыбынан айрылған қаңқасыз пропоплазмаға ұқсас. Жұртшылық – сол тобыр, бірақ бір жерге жиналмаған, әр жынысты адамдардан тұратын, бір-бірінен алыс, шашыраңқы, бірақ бір-бірімен жанасатын (мысалы, газет арқылы) және бірбіріне ықпал ететін тобыр. Өзара қатынастар таптаурындылығының ұрығы бар келесі саты – бұқаралық митинг секілді топ. Соңғысы гетерогендік кісілердің жиынтығы болып табылады, бірақ жиналыс тым пошымсыз емес. Бұл арада әдетте төраға шешендердің сөйлеуінің белгілі тәртібі бар, өзара қатынастардың кейбір ережелері сақталады. Тобырда, жалғыз эмоциялар ғана үстемдік етеді, байсалды парасат жоқ дерлік. Бұқаралық ұқсас жиналыстарда енді ұйым мен парасаттың ұрықтары болады. Бір немесе өзге мәселені байыпты, іскерлікпен талқылау үшін шақырылған, мақсатының немесе мүддесінің ортақтығымен біріккен мүшелерден тұратын ұйымдасқан жиналыстар мен топтар басқа көрініс береді. Бір жағынан парламенттердің, бірқатар өкілдікті жиналыстардың, белгілі бір қоғам (ғылыми, өнеркәсіптік, әдеби қоғамдарды, қала кеңестерінің және т.б.) мүшелерінің мәжілістері сондай. Бұл арада таптаурындылық билеп-төстейді. Төраға мен төралқа орнында, мәжіліс тәртібі “аманатта” немесе «жарғыда» көзделген; әрбір сөйленетін сөз, сөз сипаты, дау, дауысқа салу тәртібі – бәрі күні бұрын көзделген, қатаң, белгіленген, регламентке сәйкес жүргізіледі. Осындай топтарда, сондай-ақ барлық тұрақты ұйымдасқан ассоциацияларда (отбасы, алқа, гильдиялар, бауырластықтар, секталар, партиялар, трэдюниондар, шіркеулер, академиялар, ғылыми қоғамдар, мемлекеттік топтар және т.б.) өзара қатынаста таптаурындылық билеп-төстейді, реттілік, тәртіп және т.б.

бар. Олар берік ұйтқысы, орнықты да серпінді пошымы бар жоғары дамыған организм секілді. Бұл арада сезім-эмоциялар екінші орында. «Салқынқанды парасат» үстем256. Бір жағынан антагонисттік және ынтымақтық фқпалдастықтардың, екінші жағынан – таптаурын-ұйымдастырылған және соны-ұйымдастырылған ықпаладстықтардың өзара қатынасы туралы мәселеге қысқаша тоқтала кетейік: таптаурын ықпаладстық атаулының бәрі бірдей ынтымақтық ықпалдастық бола бермейді. Бірақ «ұйымдасқан» ықпаладстық атаулы ынтымақты ықпаладстық болады. Борышты мен кредитордың, жендер мен құрбандықтың, қылмыскер мен қарауылдың ықпалдастығы таптаурын, ұйымдасқан бола алады, яғни белгілі бір, бектіліген пошымда жүргізіле алады; бірақ біз осындай таптаурын ықпалдастықты ынтымақты деп санасақ, қате болар еді. Осы мысалдар таптаурын-ықпаладсатын индивидтер тобына (мысалы, мемлекеттің ұйымдастырылған ұжымы) беріле алады, бірақ сонымен бірге ол антагонистік топ та болады. Таптаурын ықпалдастықтың басқа пошымдары ынтымақты бола алады. Ондай кісілердің жиынтығы ұйымдастырылғанынтымақты топты құрайды. Дәл осы секілді ұйымдастырылмаған ықпалдастық та ынтымақты да, антагонистік те бола алады. Осыған сәйкес соны ықпалдас кісілердің топтары да ынтымақты (мысалы, көңіл күйі бірдей кісілердің ұйымдастырылмаған тобыры) да, антагонистік (мысалы, бір-біріне дұшпан адамдардың құрастырылған ұйымдаспаған тобыр) те ұйымдастырылмаған ұжымдар бере алады. Осы фактыны екі сарын бойынша атап көрсету қажет болады: 1) ұйымдасқан топты-ынтымақты, топпен ал ұйымдастырылмаған топты – антагонистік топпен жиі теңестірілетіндіктен; 2) әлеуметтік өмірде, төменде көрсететініміздей, ұйымдастырылған, сөйте тұра ынтымақты топтар ерекше маңызды рөл атқаратындықтан.

256 Бұл туралы қараңыз: Ross. Foundatіons, 116-148; Gardner. Assemblіes. The Amer. Journ of socіology, t. XІX, 530-555.

Тәртіп қалыптары өзге пошымда да өзін көрсетіп отырады. Олар әдетте бағынуды бұйрық райда талап ететін императивтер түрінде көрінеді. Оларды орындаудан жалтару өте жиі сол императивтерді бұзу, «рұқсат етілмеген», “қылмысты”, «жол беруге болмайтын», «қорлайтын» және т.б. бірдеңе ретінде қабылданады. Керісінше, ықпалдастық қалыптарын бұлжытпай орындау «тиісті», «рұқсат етілген», «қалыпты» бірдеңе, басқаша айтқанда “парызды өтеу” немесе “өз құқығын пайдалану” ретінде қабылданады257. Бір жағынан, ықпалдастықтың таптаурын пошымдары мен «құқықтық тәртіп» пошымдарының, екінші жағынан, қалыпты орындамау мен “рұқсат берілмеген” «қылмысты» тәртіптің өзара қатынасы көбіне-көп (бірақ әрқашан емес) осындай.

VІ. Саналы және бейсана ықпалдастық

Актыларды саналы және бейсана актылар деп бөлуге байланысты екі немесе одан көбірек адамдардың ықпалдастығы әрқилы пошымдарға ие бола алады: 1) ол бір және екінші жақтан да саналы бола алады; 2) ол екі жақтан да бейсана бола алады; 3) ол бір жақтан саналы тітіркендіру, екінші жақтан бейсана реакция бола алады; 4) ол бір жақтан бейсана тітіркену, екінші жақтан саналы реакция бола алады. Осы тұрғыдан алғанда ықпалдастықтың негізгі тұрпаттары осындай. Қысқаша түсіндірме берейік. Ықпаладстық жүйесіне кіретін адамдар осы жүйенің басқа мүшелерінің ахуалы мен тәртібін тек өздерінің саналы актыларымен ғана емес, бейсана актыларымен де тітіркендіреді (туындатады). Өзіне сәлем берген В-ны байқамай, оның сәлеміне жауап қатпаған А В-ның бойында “қарай ғой, танауы көтеріліп кетіпті” амандасқысы да келмейді» деген сөздермен білдірілетін ахуал мен қылықтар туындатуы мүмкін. Байқаусыз басқа біреуді қағып кетіп,

257 Қараңыз: Сорокин. Ор. cіt. Passіm.

одан кешірім сұрамаған адам, көбіне соңғысы тарапынан айбарақ, кей-кейде неғұрлым қатты сезілетін (итеріп жіберу, соғу және т.б.) реакция туындатады. Қолына түскен кітапты бейсана жыртып отырған бала көбіне ата-анасының немесе үлкендердің тарапынан кітапты тартып алу түріндегі, ұрысу түріндегі, жазықсыз жазықты тиетін соққы түріндегі реакцияларға тап болады. Бір адамдардың тәртібін басқалар туындататын осынау оқиғалармен қатар, бір жақ саналы, екінші жақ бейсана түрде қарекет жасайтын оқиғалармен қатар, екі жақ та бейсана қарекет жасайтын, соған қарамастан басқаның қарекетін туындататын ықпаладстық құбылыстары да бар. Мұндай ең қарапайым мысалдарды балалар береді. Бір баланың жылауы, басқасының да жылауын туындатады. Ұйықтап жатқан анасы қасында ұйықтап жатқан баласын байқамай тұншықтырып (жағдайлардың тоқайласуына орай) өлтіруі мүмкін. А-ның есінеуі қасында отырған басқа адамдардың бейсана есінеуін туғызады (Бейсана өзара еліктеу фактыларының бәрі дәл осыған жатады). А және В кездескен кезде бір-бірінің қолын бейсана қысатыны болады: бірі ойланбай-ақ қол ұсынады, екіншісі дәл солай ойланбай қол алады. «Алаңғасар» А байқамай В-ның калошын кие салды, В дәл солай А-ның калошын киіп кетеді. Мас дәрігер ес-түссіз жатқан науқасқа бір дәрінің орнына басқа дәрі беріп, оны о дүниеге аттандырып жіберуі немесе пациенттің жағдайы мен тәртібін айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Қояншықтың истериялық айғайы белгілі жағдайларда – тобырда, театрда, жиналыста – бейсана еліктеу пәрменімен, басқа бірқатар адамдарда истерика тудыруы мүмкін. Ақыр соңында, барлық ықпалдас индивидтер тарапынан саналы ықпалдастық құбылыстары әркімге белгілі. Шарт жасасатын, соған сәйкес А жыра қазып, В ол үшін 100 сом ақша төлеуге тиісті болған кезде, А мен В саналы түрде бір-бірінің тәртібін күні бұрын айқындайды. У-пен саналы түрде некелесетін Х, осы шешімімен өздерінің өзара ахуалы мен тәртібінің сипатын ұзақ уақытқа белгілейді. Партияға саналы түрде кіретін адамдар, осынысымен оның орталығының нұсқауларына бағынуға, яғни бірқатар құбылыстарға партияның орталық комитеті бұйыратын түрде үн қатуға келіседі.

Саяси және ғылыми даулар тұсында оппоненттер бір-бірінің бірқатар қарекеттері мен көңіл ауанын өзара туындатады. Осы және осыған ұқсас фактылар әркімге өз тәжірибесі мен бақылауы арқылы белгілі. Басқа адамды немесе басқа адамдарды тітіркендіретін ықпалдас индивидтің саналы актысы болып табылатын жағдайлар қатарына, біз екі тарап та қарекетті саналы түрде жасайтын, бірақ әрбір индивидтің мақсаты әртүрлі болатын фактылар санатын да жатқызуға тиіспіз. Мысал: А ханым атақты пианисті тыңдау үшін концертке кетті. А-ға ғашық В мырза да Аны көру үшін концертке жөнелді. Екі индивид те саналы түрде бірқатар қарекеттер жасайды, бірақ сол қарекеттердің мақсаты мүлдем басқа-басқа. Алайда ықпалдастық фактысы көз алдымызда: А-ның саналы қарекеттері В-ға «тітіркендіруші» болып шығып, оны бірқатар актылар жасауға итермеледі. А үйіне тезірек жету үшін трамвайға саналы түрде жармасады. Жүргізуші бұйрыққа бағынып, трамвайды тым баяу айдайды. Бұнда екеуінің де қарекеттері саналы, бірақ олардың мақсаттары әртүрлі. Соған қарамастан, жүргізушінің саналы қарекеті А-ның тәртібі мен көңіл күйіне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді... Осы мысалдардан, санын қалауымызша ұлғайтуға болатын мысалдардан ықпалдастықтың саналы актыларына индивидтердің мақсаттары мүлде әрқилы болатын жағдайларды да жатқызуға болатыны көрінеді. Өз кезінде біз осындай құбылыстардың мақсат гетерогениясы дейтіннің бір шарты болып табылатынын көретін боламыз. Айтылғанға сәйкес индивидтердің ықпалдастығы мынадай типтік жағдайларды береді: 1) Индивид А тітіркендіргіш актын саналы түрде жасайды. В оған саналы түрде жауап қайтарады. Бастық «атыңдар» деген бұйрық береді, жауынгерлер атады. 2) А бейсана акт жасайды. В тітіркенуге саналы түрде жауап қайтарады. Бала жылайды. Анасы келіп, оған емшек береді. 3) А саналы түрде акт жасайды. В бейсана жауап қайтарады. В-ны ұру үшін

А қол көтереді. В қорғану үшін бейсана қол көтереді. 4) А бейсана акт жасайды. В бейсана жауап қайтарады. А есінейді, еліктеу пәрменімен В-да есінейді. Бұл схемада бірінші тұрпат тқмендегі кіші түрлерге бөлінеді. 1а) Өзара мақсатты білетін, ортақ мақсатты көздеп А және В, А бір-бірінің мінез-құлықтарын саналы түрде белгілеп отырады: бөренені тасуға тырысқан А, В, С, Д. Ортақ мақсатқа жетуге тырысқан мүшелерден тұратын барлық ұйымдасқан қоғамдар (ғылыми қауымдар, кооперативтік бірлестіктер, секталар және т.б.). 1b) А және В бір-бірінің мақсатын біледі, бірақ бұл мақсаттар әртүрлі: қылмыскер аңдушыдан қашады, аңдушы оны қуып жетуге тырысады. Екеуінің де актылары саналы. Өзара мақсат белгілі. Бірақ мақсат қарамақарсы. Қарама-қарсы партиялар, антагонистік ғылыми, діни, таптық және т. б. ағымдар өкілдерінің жиналыстары да дәл сондай. Екі адамның, екі топтың күресі, бір-бірін жойып жіберуге саналы түрде ұмтылатын екі полктың шайқасы және т.с.с. 1c) А және В бір-бірінің мақсатын білмейді, бірақ ол мақсаттар объективті бірдей. С-ға көмектесу үшін А оған ақша әкеліп береді. А-ның С-ға көмектескенін білмей, С-ға В да ақша әкеліп береді. В-ның әкелген ақшаны С алмайды. Бұл арада А мен В өз қарекеттерін саналы түрде жасап отыр. Олардың мақсаттары объективті түрде біртектес. Субъективті түрде олар өзара белгісіз. Алайда, А өз актысымен В тарапынан бірқатар актылар жасалуын анық туындатты. (В ақшасын қайтып алып, оған кітаптар сатып алады, егер ақша С да қалса, ол мұны істемес еді). Бір тектес мақсаттарды көздейтін, бірақ бірбірімен хабары жоқ әртүрлі партиялардың, жұмыс топтарының, ғылыми және діни ағымдардың бірқатар қарекеттері осындай. 1d) А және В өзара мақсаттарын білмейді және осы мақсаттар әртүрлі. С-ны кездестіру үшін Х бәйбіше концертке келеді. Х-ке ғашық В оны көру үшін концертке келеді. В-мен Х таныс емес. Х-тың мақсатын В білмейді.

Екеуі де өз қылықтарын саналы түрде жасайды. Екеуі де әртүрлі мақсаттарды көздейді. Ықпалдастық бар: бәйбіше X-тың актылары В мырза үшін тітіркендіргіш болып, В тарапынан бірқатар қылықтар туындатты, әлгі актылар болмаса, ол мұны істемес еді. Барлық антагонистік процестер, дұшпан партиялардың, діндердің, кәсіптердің, ғылыми ағымдардың және т.б. күресі осындай, онда күресуші топтар бір-бірінен хабарсыз және өздерінің қарамақарсы немесе әртүрлі мақсаттар үшін күресетінін білмейді. Тітіркендіргіш-актылар мен реакция-актылардың тоқайласуының олардың саналы және бейсана жасалатындығы тұрғысынан алғандағы негізгі оқиғалары осындай. Қоғамдық процестер сайып келгенде осындай тұрпаттардың тоқайласуынан басқа ештеңе де емес.

VІІ. Интеллектуалдық, сезімдік-эмоциялық және ырықтық ықпалдастық

Психикалық аралас-құраластық пошымдарын қарастыралық. Психология үйретеді: психикалық ахуал атаулы ие біртұтас процесс, онда танымдық та, сезімдік те, ырықтық та элементтер болады. Алайда бұл жағдай психологияның талдау мақсатында психикалық ахуалды осы элементтерге бөліп тастап, белгілі жағдайларда олардың қайсысының басым екендігін көрсетуіне кедергі жасамайды. Әлеуметтанушы да солай ете алады. Дау жоқ, психикалық ықпалдастықтың барлық түрлері бір мезгілде танымдық та (түйсіктер, түсініктер, ұғымдар, бейнелер, идеялар), сезімдік-эмоциялық та (ауру, ләззат алу, махаббат, қорқыныш, ашу эмоциялары), ырықтық та, (бір істерді жасауға, біреулерін жасамауға бел байлау) ахуалдарымен алмасу болып табылады258. Қарапайым мысал: ғылыми лекцияны алайық. Бұл арада лектор орталық болып табылады, одан дыбыстық дәнекерлер (сөздер) арқылы ол өрістетіп жатқан теориялар түрінде идеялар толқыны тарайды. Аудитория оларды қабылдайды.

258 Психикалық ахуал элементтерінің осындай үштік бөлінуінің біз үшін принципті маңызы жоқ. Ол Л. И. Петражицкий ұсынған төрттік бөлініспен де алмастырылады. Онда эмоциялар енжар-белсенді ахуалдардың бір түрі ретінде ерекше топқа бөлінеді.

Бірақ аудитория тек ойларды ғана ала ма және лектордан тек идеялар ғана тарала ма? Жағдайлардың көпшілігінде олай емес – лектор тек теорияны баяндап, дәлелдеп қана қоймайды, сонымен бірге ол жиі-жиі қарсыластарына ыза билеп, оларды күлкі етеді, белгілі бір ғалымға тәнті екендігін білдіреді, тәжірибелі лектор кей-кейде күлкілі ескертпемен, анекдотпен аудиторияның назарын “жаңартады” кейде экстазға дейін жетеді, оқтын-оқтын кафедраны соққылайды және т.б. Тыңдаушылар осылайша тек идеялар мен бейнелерді ғана емес, сонымен бірге эмоцияларды да қабылдайды. Өз кезегінде олардан лекторға бірқатар эмоциялар, сезімдер, көңіл күйлері жетеді, олар бірде лекцияның жекелеген “күлкілі” тұстарына аудитория қайтаратын күлкі, бірде қол шапалақтау, бірде біреуге ысылдау, бірде әйтеуір бір лепті лебіз және т.б. арқылы байқалады. Бірқатар жиналыстарда, әсіресе саяси жиналыстарда (митингілер, саяси лекциялар, парламенттердің, кеңестердің мәжілістері және т.б.) осынау эмоциялық ықпалдастықтың тым қатты көрінетіні соншалық, сабаласу мен жұдырық жұмсауға дейін апарып соқтырады259. Танымдық және сезімдік-эмоциялық элементтермен бірге бұл арада әдетте ырықтық элементтер де болады. Ғалым, әсіресе саяси шешен немесе парламенттік қайраткер белгілі бір проблеманы баяндай отырып, аттаған сайын одан іс жүзінде ырықтық нормалар шығарып, “тиісті”, “тиісті емес”, “жақсы”, “жаман”, “оны істеуге тырысамыз”, “мұны құптаймыз”, “жойылсын”, “жасасын” секілді сөздерімен бірдеңеге шақырады, басқа бірдеңеге тыйым салады, үшінші бірдеңені жазғырады. Осы мысалда да, басқа ықпалдастықтардың көпшілігінде де индивидтер идеялық та, ырықтық та сезімдік-эмоциялық та ахуалдармен алмасып отырады. Ықпалдастар тек идеялар, немесе тек сезімдер, немесе тек ырықтар алмасатын ықпалдастық процестері – төтенше сирек, тіпті ондайдың болуы нәргүман260. Алайда бұл бәрібір осы элементтердің әлдене біреуі басым болатын

259 Бұл мақсат үшін жақсы материалдар... Кеңестердің қазан төңкерісіне дейінгі және содан кейінгі мәжілістері. Оларда “жойылсын”, “табан жалтырат”, “сұрқиялар” «оңбағандар», «сатқындар» және т.б. айқайлар әдеттегі нәрсе. 260 Осыдан Болдуин секілді, әлеуметтік процестің «материясы» деп тек идеяларды санапйтындардың қатесі көрінеді

ықпалдастықтың бірқатар тұрпатты пошымдарын ажыратуға кедергі бола алмайды. Басқаша айтқанда, айырбас «материясы» негізінен психикалық ахуалдың танымдық элементтері – түсініктер мен идеялар болатын ықпалдастық процестерін табуға болады. Оларды интеллектуалдық ықпалдастық деп атаймыз. Ғылыми қоғамдардың мәжілістері, ғылыми лекциялар, ғылыми кітаптарды оқу, ғылыми кинематографиялық сеанстар, мұғалім мен оқушылардың араласуы сондай; сол санатқа біз оқу орындарында: университеттерде, политехникумдарда, арнайы техникалық мектептерде болып жататын ықпалдастықтың күрделі комплекстерінің көпшілігін жатқызуға тиіспіз... Ықпалдастықтың осындай интеллектуалдық процестерімен қатар басқа да, басты алмасу «материясы» қызметін сезім-эмоция, немесе сезімдік-эмоциялық ахуалдар атқаратын процестер де болады. Оларды ықпалдастықтың сезімдікэмоциялық процестері деп атаймыз. Олардың мысалдары: концертте отырған жұртшылық, күресті, немесе қауіпті трюктерді көріп отырған цирк көрермендерінің ықпалдастығы, жұдырықтасу жұртшылығы, бұқалар сүзісі мен ежелгі гладиаторлар шайқасының жұртшылығы. Балға, би кешіне, ойын-сауыққа жиналған адамдар арасындағы қауышу процестері осыған жатады; сезімдік-эмоциялық ықпалдастықтың келесі түрлеріне жерлеу және үйлену тойы процессиялары, өлгендердің жаназасын шығару мен ас беру, бәйге, ойындар, футбол жарыстары, әскери парадтар, билер, поэзия кештері, хлысттардың діни зікірі, бірқатар діни ғұрыптар жатады. Сезімдік-эмоциялық ықпалдастық, тобыр, шөлмектердің бас қосуы, жыныстық жынойнаққа қатысушылар тобы секілді және т.б. кездейсоқ жиындарда да бел алады. Жоғарыда айтылған құбылыстардың барлығында адамдар идеялармен және ырықтармен алмасудан гөрі, сезімдері мен эмоцияларын алмастырады. Симфония немесе би идеяларын жеткізбейді және қоздармайды; олар білім тұрғысында ештеңеге үйретпейді; егер олар әлдене түсініктер мен ойларды тудырса да, олар түсініксіз әрі бұлдыр болып қала береді. Сезім-эмоцияда гәп

басқаша. Ықпалдастықтың ондай процестерінде индивидтер басқалардың бойында қарапайым, дөрекі де қарабайыр ахуалдардан бастап, өте күрделі ахуалға дейін нақ сезімдер мен эмоциялар симфониясын қоздырады261. Ақыр соңында, адамдардың өзара алмасуының немесе ықпалдастық «материясының» басты пәні қызметін біреулерден екіншілеріне берілетін ырықтық шешімдер атқаратын толып жатқан тұрпаттық бірігулерін келтіруге болады. Ықпалдастықтың ондай процестерін ырықтық процестер деп атауға болады. Бұған бір тарап немесе екі тарап та басқа тараптың тәртібін декреттейтін бірлестіктердің көпшілігін жатқызуға болады. Біреуі екіншісіне «жасама», «тиіспе», “жалама”, «мынаны істе» “мынаны істеме” дейтін әке мен баланың, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ықпалдастығы; командир «ат», “сап түзе”, «оңға бұрыл» деп бұйрық беретін полк командирі мен солдаттардың ықпалдастығы; бағыныштысына ананы, мынаны істе деп бұйыратын бастық пен бағыныштының ықпалдастығы; арланы бірдеңе істеуді ұсынатын, мысалы үйге өрт қоюды, біреуді өлтіруді ұсынатын тобыр мен арланның ықпалдастығы; қылмысты жиылып (бірге қатысу құбылысы) жасайтын қылмыскерлер бандасының ықпалдастығы, ауыр жүкті көтеріп келе жатқан адамдар тобының ықпалдастығы, шаруаларды алым төлеуге немесе астық беруге мәжбүрлейтін комиссар мен шаруалардың ықпалдастығы, қысқасы, мақсатқа бірлесіп жетудің, басқалардың ырқы мен тәртібін реттеу құбылыстарының, бірдеңе істеуге немесе бірдеңеден тартынуға мәжбүрлеу немесе итермелеу актыларының мыңдаған оқиғалары, – осының барлығы негізінен ырықтық ықпалдастық процестері болып табылады. Жоғарыда көрсетілгеніндей ықпалдастық тұрпаттарын осылай бөлудің абсолютті маңызы жоқ, бірақ салыстырмалы маңызын олар сақтап қалады. Бір немесе өзге элементтің ықпалдастық процесі кезіндегі басым маңызы ішінара және сол ықпалдастықтар жасалатын сыртқы жағдайда көрінеді. Сыртқы шарттар, мысалы сезімдік-эмоциялық ықпалдастық шарттары,

261 Болдуинге кереғар Тард әлеуметтік процестердің «материясы» идеялар ғана емес, ниеттер, наным-сенімдер, тілектер, сезімдер мен эмоциялар бола алатынын әбден дұрыс көрсетеді. Бірақ ол индивидке ең оңай берілетіні сезімдер мен эмоциялар, ал түйсіктер мен бейнелер беріле алмайды немесе тым қиын беріледі деген ойға бейімін байқатқанда қарама-қарсы өрескелдікке ұшырайды...

интеллектуалдық аралас-құраластық жағдайынан күрт өзгешеленеді. Бал өтетін залдың, жерлеу процессиясының, цирк аренасының және т.б. ахуцалы эмоциялық жақты өзара қоздыруға бағытталған. Музыка күркірі, конфетти, серпантин, бал киімдері, декольте немесе қаралы лента, жерлеу маршының баяу аккордтарын және т.т. – осының барлығы эмоциялар мен сезімдерді оятуға, адамдардың эмоциялық ахуалын әйтеуір бір шамада күшейтуге бағытталған. Интеллектуалдық аралас-құраластық процесінде өзге бір жәйт байқалады. Бұл арада музыка ылғи дерлік болмайды. Саналы немесе, бейсана күйде мұнда барлығы эмоциялық ахуалды «бірқалыпты» етуге ойды бөліп, идеяларды байыпты да дұрыс қабылдауға кедергі жасайтын нәрсенің бәрін аластауға бағытталған. Ырықтық ықпаладстықтар сырттай қарағанда алдыңғы екеуінің шарттары мен жағдайларының тоқайласуы болып табылады. Оқта-текте не керктігін ырық шешіп қойған кезде, байламды нығайта түсу үшін музыка да, басқа «қоздырушы» құралдар да (ұрыс алдында, қылмысты жасау алдында ішімдік ішу, барабан дүңкілі және т.б.) тартылады. Кей-кейде ырықтық ықпалдастық интеллектуалдық ықпалдастық шарттарына жақын жағдайда өтеді. Бұл басқаның саналы (бейсана импульсін емес) ырқын бағыттау керек болған кезде, оған таңдау жасап, шешім қабылдауға көмектесу керек кезінде орын алады. Дегенмен, осындай жағдайларда да бірқатар ерекшеліктер бар: эмоциялар алмасу кезінде бір немесе басқа пошымда бола беретін жүрек лүпілі мен сезім толқынысын сездіру (өлеңмен, прозамен, махаббат хаттарымен, ағынан жарылумен және т.б.) орнын, бірдеңені дәлелдеуге тырысып, тек ақиқатқа жүгінуге ұмтылатын идеялар мен пікірлердің ұзын тізбесінің орнын, ырықтық аралас-құраластықта жалғыз императивтер ғана, жалғыз бұйрықтар ғана алады, олар көбіне-көп қысқа, анық, дәл болып, ақиқаттығын не жалғандығын мойындауды, сезімдер мен эмоцияларды ағыл-тегіл жеткізуді талап етпейді, қайта бағыну мен орындауды талап етеді, “ат”, “жолама”, “тәйт”, “өлтірме”, “ұрлама”, “ананы істе”, “мынаны істеме”, деген бұйрық райында болады – ырықтық ықпалдастықтың әдеттегі лексиконы осынждай. Кей-кейде ол да

болмайды: мұндай жағдайда сөздің орнын жай ғана ырықтық қарекеттер алады. Сонымен қатар бұл арада басқа белгілер байқалады. Эмоциялы ықпалдастықтың адамдар тобы әдетте пошымсыз болады, ессіз үрейге бой алдырады, оның тәртібі құбылмалы болады, онда «жанжалдар» оңай туындайды, психикалық ахуал шиеленісті болады, мұнда минут сайын эксцесстер орын алуы мүмкін. Интеллектуалдық топ өзгеше болып табылады. Ол берік тек таптаурын сипатта. Жанжалдар мен эксцестер бұнда сирек, нәпсі ойыны жоқ. Оның тәртібі кездейсоқ емес, ол сабырлы әрі жүйелі. Эмоциялы жиындарда мүлдем салы суға кететін салқынқанды парасат билеп-төстейді. Ырықтық жиналыстар ортадан орын алады. Ырық шешімі дайын болған кезде – жиналыс оған сабырлы, біркелкі рұқсат береді немесе ырықтық тапсырманы жүзеге асырады. Әлі шешім жоқ кезде – жарыссөз орын алады, олар кейде сабырлы, кейде ырықтар қарама-қарсы келіп қалғанда – сезімдерді алаулататын жиналысты эмоциялық-сезімдік аралас-құраластық тұрпатына айналдыратын болады. Бұл ең ортақ айырмашылықтар. Олар да салыстырмалы. Бірақ олардың салыстырмалылығы түкке тұрмайды деген сөз емес.

“П. Сорокин. Система социологии. М., 1993 г.”
басылымынан қазақшалаған Қамажан ЖҰМАҚАСОВА.

2-ТОМ. ЕКІНШІ ТАРАУ

БАСТАПҚЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР ТУРАЛЫ ІЛІМ

§ 1. ӘДЕБИ АНЫҚТАМАЛАР

Талқыланып отырған проблеманың зор маңыздығына қарамастан аса маңызды бастапқы ұжымдық бірлестіктер туралы мәселе әдебиетте жүйелі түрде қойылған емес деуге болады. Істің мұндай жағдайы көптеген себептермен, атап айтқанда, әлеуметтанушылар осы кезге дейін халық құрылымын талдаумен аз шұғылданғанымен, бастапқы топтар кумулятивтік ұжымдар және күрделі әлеуметтік агрегаттар арасында айырмашылық жүргізілбегендігімен түсіндіріледі. Осынау түзілімдерді ажыарытап алмай, үстірт таптауырн әрі жалпылама түсініктерді місе тұтып, олар әрине бұл проблеманы үнсіз айналып өтетін немесе “йтеуір бірдеңелер жөніндегі ad hoc кездейсоқ ескертпелермен шектелетін. Іс жағдайын көрсететін бірқатар мәліметтер келтірейік. Ең алдымен аса маңызды бастапқы топтар проблемасы Дюркгейм мен Зиммель секілді әлеуметттік жіктелу құбылыстарымен көп айналысқан кісілерде өз шешімін табады деп күткен әбден табиғи нәрсе болар еді. Бірақ бұл авторлардан біз проблеманың не жүйелі қойылуын, не оның жүйелі шешімін таппаймыз. Зиммель мәселені мүлдем қозғамайды. Дюркгейм өзінің «Әлеуметтану әдісінде» әлеуметтік сегменттер туралы сөз еткенде тиіп-қашып жанасады да, “Өзіне-өзі қол жұмсауында” ол жөнінде жүдім-бардым сынадай негізгі топтардың нақты тізімін береді. «Діни, отбасылық, саяси қоғамнан басқа, – дейді ол, – тағы бір қоғам, осы кезге дейін бізде ол туралы ештеңе айтылмаған қоғам бар, ол – өзара бірігіп, бір қатардағы барлық қызметкерлер, бір қызметтегі барлық қызметкерлер құрайтын қоғам, ол – кәсіптік топ немесе копорация».262 Басқа бір жерде263 ол өркеният сипаты бойынша тағы бір топты немесе «қоғамды» бөліп көрсетеді. Бұл мәселе бойынша біздің одан табатынымыздың бары осы. Төменде біз, мыналарды көреміз: біріншіден, халықтың маңызды бастапқы топтары діни, саяси, отбасылық және кәсіптік топтармен шектелмейтінін, екіншіден, өркенияттың сипаты бойынша топтар тіпті де бастапқы емес, кумулятивті топ екендігін білдіреді. Спенсер дәл сол

262 ДЮРКГЕЙМ. САМОУБИЙСТВО, 522.

263 L’ANNEE SOCІOLOGІQUE, Т. XІІ, 46-50.

секілді бұл мәселені expressіs verbіs жөнімен де қоймайды да, шешпейді де. Бірақ ұжымдарды (олардың эволюциясын зерттеу оның “Әлеуметтану ұғымдарының”264 ІІ томының мазмұнын құрайды) «қоғам» шегінде тіршілік ететін негізгі әлеуметтік топтарды іс жүзінде өзіндік бір топтастырып жіктеу болып табылады. Ол мынадай: 1) Үй ішіндегі мекемелер (отбасылық ұжым), 2) Ғұрыптық мекемелер, 3) Саяси мекемелер (саяси топтастық), 4) Шіркеу мекемелері (діни топтастық), 5) Қоғамдық кәсіптер (кәсіптік), 6) Өнеркәсіп мекемелер (таптық-экономикалық топтастық). Оңай байқалатыны, бұл арада: 1) тапсырмалар өзге болғандықтан, топтастықтарға жатпайтын және ұжымдық бірлестіктер (ғұрыптар) болып табылмайды құбылыстар енгізілген, 2) бұл тізім тіпті де барлық маңызды топтастықтарды қамтымайды. 3) таптық-экономикалық топтастық секілді топтастық, төменде көретініміздей, бастапқы емес, кумулятивті ұжымдық бірлік болып табылады. Бірқатар басқа әлеуметтанушылар мен қоғамдық ғылымдар өкілдері беретін қоғамның немесе әлеуметтік топтардың негізгі түрлерінің тізімі де кездейсоқ. Мәселен, мысалы, Де ля Грассери топтастықтарды былай айырады: 1) нәсілдік-касталық, 2) таптық, 3) кәсіптік, 4) партиялық265. Осы бөлу туралы айтарымыз: 1) касталық және нәсілдік бөлінуді тең етіп көрсетуге болмайды. Нәсілдік топ бастапқы топқа жатады, мұны төменде көреміз. Ал касталық топ – күрделі топ: бір кастаның мүшелері бір-бірімен тек нәсілдік ұқсастық арқылы ғана емес (кейде ол тіпті болмайды да), басқа да бірқатар ұқсастықтар: кәсіптік, діни наным-сенімнің, құқықтық шектеулердің немесе артықшылықтардың бірлігі, аумақ бірлігі, тіл бірлігі және т.б. арқылы байланысады. Каста – кумулятивтік топ. Әрі кетелік егер каста нәсілдік топпен тең болса, онда бұдан шығатыны, әрқилы бірнеше мың нәсіл бар деген байлам болар еді, өйткені Үндістанда ғана әртүрлі касталар саны 3000-нан кем емес, олар өз кезегінде кіші касталардан бөлінеді, олардың кейбіреулері 5000000-ға дейін мүшені, енді

264 ҚАРАҢЫЗ : СПЕНСЕР. ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ. Т. ІІ. PASSІM. 265ҚАРАҢЫЗ: СТ. ДЕ ЛЯ ГРАССЕРИ. REVUE ІNTERN. DE SOCІOLOGІE, 1903, 577–578.

біреулері тек 14 отбасыны қамтиды266. Нәсілдердің мұндай санын әлі ешқандай антрополог санап шыға алған жоқ; 2) төменде біз таптың да бастапқы емес, кумулятивті әлеуметтік топ екендігін көреміз, 3) негізгі бастапқы ұжымдар тіпті де кәсіптік және партиялық топтастықтармен шектелмейді. Р. Вормс мынадай топтастықтарды бөліп көрсетеді: 1) этностық, 2) аумақтық, 3) кәсіптік, 4) таптық, 5) ұнасым бойынша267. Ұнасым бойынша топтастық бұлыңғыр және нені білдіретіні белгісіз. Таптық топтастық – бастапқы емес. Қалғандары топтастықтың барлық аса маңыздыларын емес, тек бөлшектерін ғана береді. А. Кост «қоғам» шеңберінде төмендегідей қызмет түрлерін, және соған сәйкес оларды жүзеге асыратын топтарды бөліп көрсетеді: 1) басқару қызметін атқаратын топтар (соғыс, басқару, заң шығару, әділетті сот), 2) өндіруші топтар ( өнеркәсіп, сауда, кәсіпшілік, егіншілік және т.б.), 3) ағарту және тәрбие қызметін атқаратын доктриналық топтар (ғылым, дін және т.б.), 4) ынтымақты топтар (отбасы, каста, тап, партия, ассоциация).268 Бұл арада алғашқы үш топ кәсіп нышаны негізінде бөлінген, сол себепті өзінің жиынтығында тек кәсіптік топтастық түрлері болып табылады. Соңғы топ әртекті топтардың араласып кетуі ғана, олар ынтымақтастықтың сыртқы нышанымен ғана бір санатқа біріктірілген: егер отбасы да, каста да, тап та, партия да ынтымақты топтар болса, онда олар өзара несімен өзгешеленеді? Мәселе тек қойылған, бірақ Кост оны шешпеген. Содан кейін, каста және тап – бастапқы емес, кумулятивті топтар. Отбасы және партия топтастықтары – мүлдем әртекті, сондықтан, оларды бір тізімге біріктіруге болмайды. Қорытындысында – топтастырып жіктеу сәтсіз. Л. Гумплович «жиынтық сәттердің», демек, әлеуметтік топтардың да мынадай топтастырып жіктелуін береді. Оларды ол үш негізгі тапқа бөледі. 1) “материалдық” байланыстар арқылы біріккен топтар (ортақ тұрғылықты жер, қандастық байланыс, туыстық), 2) экономикалық байланыстар арқылы біріккен

266 ҚАРАҢЫЗ: SHRІDNAR V. KETKAR. THE HІSTORYOF CASTE ІN ІNDІA. 1909, ІTHACA. PASSІM. СОНДАЙ-АҚ ҚАРАҢЫЗ: BOUGLÉ. ESSAІS SUR LE REGІME DES CASTES... 267 R. WORMS. PHІLOSOPHІE DES SCІENCES SOCІALES. 1907, Т. ІІІ, 64-65. 268 A. COSTE. L’EXPERІÉNCE DES PEUPLES, 16.

топтар (сословие, мүліік бойынша, кәсібі бойынша), 3) инсанияттық байланыстар арқылы біріккен топтар (тіл, дін, ғылым, өнер)269. Бұл топтастырып жіктелудің Гумпловичтен «нәсіл» ұғымын да сипаттайтын негізгі күнәсі – ол бастапқы (біртекті) топтар тізбесін емес, кумулятивті топтар тізбесін береді. Одан әрі, ол мүлдем әртекті, бір-бірімен сәйкес келмейтін және бірін-бірі қамтымайтын топтарды біртұтас топтастыққа біріктіреді. Мәселен, тұрғылықты ортақ мекені барлар арқылы біріккен адамдар тобы, тіпті де әрқашан қандас немесе туыс адамдар топтары бола бермейді . Деревняның халқын, қаланың халқын алыңыз. Бір деревня, бір қалада бір бірімен қандастық жағынан байланысы жоқ адамдар тұрады. Және керісінше, қандас адамдар жиі-жиі бір-бірінен өте алыс жерлерде тұрады. Міне сондықтан, тұрғылықты жер бойынша біріккен топты туысқандар тобы деп қарастыруға болмайды, және керісінше. Дәл сол секілді сословиесі, мүлкі және кәсібі бойынша топтастықтар да сәйкеспейді. Бір сословиеге жататын, бірақ мүлкі жағынан бірақ біреуі байлар тобына, екіншісі кедейлер тобына жататын адамдар болуы мүмкін. Дворян кәсібі бойынша – жер иеленуші помещик те, кеңседегі хатшы да, жұмысшы да, ғалым да болуы мүмкін. Нақ солай, тілі, діні, білім деңгейі бойынша топтастықтар және т.б. мүлдем әртекті. Сондықтан оларды араластырып жіберуге, теңестіруге болмайды. Қысқасы, Гумплович тізбесі бастапқы топтарды емес, кумулятивті топтарды, сонымен қоса, солардан қалай болса солай жұлып алынған кейбір топтарды береді. Мысалы, М. И. Туган-Барановский беретін топтардың қатарын немесе ұжымдық бірліктердің тізбесі де соншалық сәтсіз, ол мыналарды қазіргі кездегі ең маңызды топтастықтар санайды: 1) таптық, 2) партиялық, 3) ұлттық, 4) діни (мұнда да кумулятивті және бастапқы топтастықтар бытыстырып жіберілген, оған қоса – олардың кейбіреулері ғана есепке алынған).270

269 ГУМПЛОВИЧ. ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰҒЫРЛАРЫ, 233-234.
270 ТУГАН-БАРАНОВСКИЙ. ОСНОВЫ ПОЛИТ. ЭКОН., 503-519.

Нақ осы негіздер бойынша Паретоның топтастырып жіктеуі де сәтсіз, ол бір жағынан, топтастырады отбасылық және туыстық байланыстар бойынша, таптық және тұрғылықты жері271 бойынша бөліп алады, екінші жағынан, басқаратындар мен басқарылатындар топтастықтарын көрсетеді. Хаоықты, қандай да бір нышан бойынша, қыртыстар санына бөлетін теориялар олардан да сәтсіз. Мысалы, Гобиноның, Аммонның және басқалардың халықтың жікке бөлінуі, оның нәсілдік ұжымдарға бөлінуімен аяқталады деп санауға бейім теориялары сондай; халықты тек таптарға бөлетін және, тегінде, таптық жіктелуді халықтың жіктелуінің барлық замандарға жарай беретін аяқталуы, әрі, бері салғанда, негізгі жіктелуі деп мойындауға бейім марксизм теориясы сондай.272 Тек ұлттық, немесе мүліктік, немесе басқа бір жіктелуді ғана есепке алатын толып жатқан теориялар да сондай. Осы теориялардың бәрі біржақты және жаңсақ. Егер гәп олар суреттегендей болса, әлеуметтік жіктелу құбылысы қарапайым болар еді; соған сәйкес, әлеуметтік процестер де қарапайым әрі түсінікті болар еді. Бірақ, амал нешік! Халықтың құрылымы туралы мұндай тұсініктер «барлығы – су» дейтін Фалестің химиясы деңгейінде тұр. Индивидтердің ұжымдық бірліктерге топтасуы тек нәсілдік, немесе тек ұлттық және т.б. жіктелумен таусылмайды. Олар шексіз күрделі: төменде айтылатындардың бәрі осы қағиданың дәлелі болады. Осынау «монистік» теориялардың тағы бір түрі көптеген мемлекеттанушылар көлденең тартатын халықтың жіктелуінің дәстүрлі теориялары болып табылады. Ұлы мәртебелі – Мемлекет арбап тастаған олар істі төтенше оңай шешеді: олардың көзқарасы бойынша, халық бір жағынан, «мемлекетке», екінші жағынан «қоғамға» бөлінеді. Бұл тектес теориялардың мәнісі сондай. Мысал келтірейік. Мемлекеттанушылардың кейбіреулері, мысалы Еллинек пен Чичерин, өрескел қойылған «қоғам» (қанадй?) мен «мемлекеттің» өзара қатынасы проблемасын шешкенде бізге былай дейді:

271 ПАРЕТО. TRATTATO, І, § 2025 ЖӘНЕ С. С.

272 КОММУНИСТІК ПАРТИЯ МАНИФЕСІ.

«қоғам ұғымы ең тығыз мағынасында мемлекеттен басқа барлық қоғамдық топтарды қамтиды»273, немесе «қоғам жеке одақтарды да қамтитын жеке қатынастардың жиынтығы ретінде біртұтас нәрсе ретіндегі мемлекетке қарсы қойылады. Теориялық жағынан бірден-бір дұрыс көзқарас осындай».274 Мұндай анықтамалардың «қарадүрсіндігі» мен «бостығын» байқау оңай. Тұтас нәрсе ретінде ешқандай “қоғамның” жоқ екендігін көрдік (төменде тағы көреміз); бұл жазушылардың «қоғам» деп атап отырғаны жай ғана халық екенін, мемлекеттік топтастық содан пішіп алынғандығын көрдік. Бұл халық de facto біртұтас бірдеңе болып табылмайды, қайта көптеген әрқилы ұжымдарға (діни, кәсіптік, нәсілдік, мүліктік дәне т.б.) бөлініп кетеді, олардың әрқайсысы suі generіs топтастығы болып табылады, олар басқалармен сәйкес келмейді және олардың маңызы халықтың мемлекеттік ұжымдар бойынша бөлінуінен кем болмайды. «Мемлекетті» «қоғамға» осылай қарсы қоюда, егер “қоғам” терминімен біріктірілген осынау барлық әртекті топтар өзінің табиғаты жағынан теңдес, біртұтас бірдеңе болып табылса, мағынаға ие болар еді. Біз мұндай жол берудің жаңсақ екенін білеміз, оған әлі көзіміз жете түседі. Нәсілдік жіктелу (және топтар) діни жіктелумен сәйкеспейді; соңғысы – кәсіптік жіктелумен сәйкеспейді; барлық осы топтастықтар партиялық, тілдік және т.б. топтардан өзгеше. Дәл сондай құқықпен діни немесе тілдік топтардың теоретигі сол мемлекеттанушылар соқпағымен жүре отырып, халықтан діни немесе тілдік топты бөліп алып, оны бөлінбеген халыққа қарсы қойып, сол бөлшектелмеген бұқараны «қоғам» деп атай алар еді. Бұл жағдайда, «мемлекет және қоғам» деген проблемаға тең «шіркеу және қоғам», «тілдік топ және қоғам», т.б. проблемаларға ие болар едік. Мемлекеттік топтарды былай қойғанда, халық жіктелетін әртектес топтарды бір төмпешікке үйіп-төгу, сөйтіп оны “қоғам” деген бір атпен бүркемелеу дегеніңіз бірікпейтінді біріктіру, әр тектілерді теңестіру ғана; мұндай операциядан түк мәні жоқ “қоғам” сөзінен басқа біз ештеңе алмаймыз. Сондай-ақ бұл жағдайдың әртекті топтастықтар

273 ЕЛЛИНЕК. ПРАВО СОВРЕМ. ГОСУДАРСТВА. СПБ., 1913, 58-61. 274 ЧИЧЕРИН. КУРС ГОСУД. НАУКИ. М., 1896, Ч. ІІ, 3. СОҒАН ҚОСА ҚАРАҢЫЗ: BALІCKІ. L’ETAT COMME ORGANІSATІON COERCІTІVE DE LA SOCІÉTÉ. PARІS, 1896, 21.

төмпешігінен неліктен мемлекет бөлініп шығатыны байқалмайды. Бір “қоғам” ботқасына барлық топтастықтардың «әлемдік көже қатығы» құйылып жатады екен, мемлекеттік ұжымдарды да сол ботқаға қосып жәберу керек, өйткені мемлекеттік топтастық “қоғамға” біріктіретін басқалардан кәсіптік топтастықтың діни немесе нәсілдік топтастықтардан өзгешеленуінен артық өзгешелене қоймайды. Басқалар, мысалы, социалистердің бір бөлігі секілді, Л. Штейн мен Гнейст сол қателікке ұрынып, олар анық, қолында билік бар, әкімшілік-саяси ұйым ретінде мемлекетті басқарушы – саяси мекеме ретінде бөліп алып, әртүрлі «мүліктің біркелкі бөлінбеуінен туындайтын біреулердің екіншілеріне тәуелділік жүйе» ретіндегі “қоғамнан” шығарады.275 Бұл арада тағы да мемлекеттік жіктелуден басқа, халық жіктелетін барлық топтастықтар бір “қоғам” төмпешігінде араластырып жіберіледі және оған қосымша осынау әртекті бірліктер неге екені белгісіз тек игіліктердің біркелкі бөлінбеуінен туындаған деп саналады. Бірінші қағида – жаңсақ: ол жаңа ғана айтылғаннан өрбиді. Екінші қағиданың жаңсақтығын алдағы баяндаудан көреміз.276 Үшіншілер, “біртұтас қоғам” елесіне алданып, олардан да дөрекі қателіктерге ұрынады. Олар “мемлекетті – қоғамға” қарсы қоймайды, бар болғаны оларды теңестіреді де, мемлекеттік топ дегеніміз “қоғамның” өзі деп белден басады.277 Егер мұндай пайым халық тек мемлекетке тиесілік жолы бойынша ғана жіктеледі деген сөз болса – бұл түбірімен қате: ең үстірт байқап-бақылаудың өзі ол (халық) мемлекеттік жіктелуден өзгеше көптеген басқа салалар бойынша (діни, таптық, мүліктік, ұлттық және т.б.) жіктелетінін көрсетеді. Осыдан шығатыны, мұндай теориялар халықтың әлеуметтік бөліну проблемасын шешу емес, қайта оны мүлдем түсінбеу болып табылады. Олар әңгіме басталуға тиіс жерден оны аяқтай салады. Халықты аса маңызды

275 МӘСЕЛЕНІҢ БАЯНДАЛУЫН В. М. ГЕССЕННІҢ «ҚОҒАМ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНАН ҚАРАҢЫЗ. БРОКГАУЗ-ЕФРОННЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ. СПБ., 1897, Т. XXІ А, 630-31; ЛАЗАРЕВСКИЙ. РУССК. ГОС. ПРАВО, 16-17. 276 R. VON MOHL. STATWІSSENSCHAFTEN U. GESSRKSHAAFTSWІSSENSCHAFTEN. Т.1. 1851 277 ТАХТАРЕВ. ОБЩЕСТВО И ГОСУДАРСТВО. 1918, 9–10, 44–45.

қыртыстарға бөліп-бөліп көрсету орнына, олар бізге біртұтас қоғам-мемлекетті көлденің тартады да, әңгіме бітті деп санайды. Ал сіздер дейміз біз: “барлық елдердің пролетарийлары” немесе “барлық елдердің капиталистері” секілді, “католиктік шіркеу”, “поляк ұлты”, “сары нәсіл” секілді және т.б. ұжымдарды – шекара сызықтары мемлекеттік “қоғамдар” сызығынан мүлдем басқаша сызылатын, соңғыларының шекарасынан шығып кететін ұжымдарды қайда жібердіңіздер? Осындай “мемлекеттен тыс” қоғамдар жасырылып қалады? “Қоғам” таңбасы неліктен тек мемлекетке таңылады? Әлеуметтік жіктелудің күрделі нақты болмысы кімге жағынғандықтан халықтың “біртұтас қоғамдарға” – мемлекеттерге бөлінуінің жуып-таралған, қарадүрсін картинасымен алмастырыла салады? Төртіншілер, мысалы, Н. И. Лазаревский278 секілді мемлекеттен басқа бірқатар қоғамдар жіктелулер болатынын жоққа шығармайды. Бірақ Ұлы Мәртебелі – Мемлекет арбап тастаған олар, істі барлық осынау мемлекеттік емес топтар, мемлекеттің рахымымен оның қанатының астында, оның шегінде, оның рұқсаты әрі келісімімен күн көріп жүргендей етіп суреттейді. Олардың сөзіне қарасақ, “мемлекеттік ұйымға ,,, барлық осынау (беймемлекеттік) неғұрлым ұсақ қоғамдық ұйымдар да құрамдас бөліктер ретінде кіреді”. Бұлай суреттегенде, мемлекеттік ұжым ғаламат сарай іспеттес болады да шығады, оның қанатының астында басқа да, беймемлекеттік топтар сығылысып кіріптіміс, және, мұның үстіне, шамасының жеткеніне қарай, мемлекеттік ұйымдарды нығайтып, қолдп отыруға тырысады-мыс.279 Мұндай теориялар жаңсақ екенін айтып жатудың қажеті бар ма?. Біріншіден, «беймемлекеттік ұйымдар мелекеттік ұйымға құрамдас элементтер болып кіреді” және осның шегінде болады деген байлам жаңсақ. Католиктік немесе буддалық шіркеу секілді, “жұмысшылардың интернационалдық одағы” секілді, «сары нәсіл» секілді, «халықаралық капиталистер одағы» секілді,

278 ЛАЗАРЕВСКИЙ. РУССК. ГОС. ПРАВО, 16–17.

279 ЛАЗАРЕВСКИЙ. ІBІD., 17–18.

«поляк ұлты» секілді ұжымдар мемлекет аясына сыймайды және сыйған да емес, қайта оның шекарасынан шығып кетеді. Одан әрі олар мемлекетті қолдап, нығайтуа ұмтылады деген байлам да жаңсақ. Көбіне керісінше болады. Мұндай ұжымдар мүдделері көбіне мемлекет мүддесіне кереғар. Біз, Н. И. Лазаревский ойлайтындай, “қоғамдық ұйымдар жасайтын құқық” “мемлекет заңдар орнатқан құқықты” барлық жерде толықтыру тұрсын, қайта оған кереғар тұрып, оны және мемлекеттің өзін қиратуға тырысатынын (ревалюциялық партиялардың, кәсіптік-синдикалистік ұйымдардың және тағы басқалардың құқығы мен мақсаттары) көреміз. Бұл көзқарасты да ұстануға болмайтыны міне сондықтан. Ол зеттеушінің көзін байлайтын басқа топтастықатрға екінші дәрежелі, сақ бірдеңе деп қарап, Ұлы Мәртебелі – мемлекеттік Левиафан алдында олардың бәрін бір төмпешікке үйіп-төгуге мәжбүр ететін бәз-баяғы мемлекеттік арбау нәтижесі. Осы қағидамен байланыстырылатын, барлық осы беймемлекеттік бірлестіктердің құқығы тек мемлекетке соны тану лайық болғандықтан ғана тіршілік етеді деген түсінік не сол бәз-баяғы арбаудың нәтижесі. Егер мемлекеттің құқығы сол қоғамдардың құқығына кереғар болса, онда біріншісі соңғысымен қақтығыста жиі күйреп қалады280. Сол арбаудан құтылып, затқа неғұрлым релистік көзқарасты игеретін уақыт жетті. Ал ол мынадай: 1) мемлекет – тек көптеген топтастықтардың біреуі ғана, 2) ол қалған топтастықтарды сіңіре алмайды және олар мемлекеттік топтастықпен сәйкеспейді, 3) осынау топтастқытардың әрқайсыс suі generіs құбылысы және бірі екіншісіне сай болмайды, 4) сондықтан “жалпы қоғамды” мемлекетпен алмастыруға болмайды. 5). мемлекетті бөліп алып, қалған әртекті топтастықтарды «қоғам» деген бір терминмен біріктіруге және оны, біртұтас бірдеңе ретінде мемлекетке қарсы қоюға болмайды. Олардың әрқайсысы басқасынан өзгеше, сондықтан оларды бір сөзбен қамтуға да, бір мемлекеттің ортақ аясына жетелеуге де болмайды. Қазіргі жағдай осындай, өткенде де сондай болған.

280 БҰЛ ЖАЙЫНДА ҚАРАҢЫЗ: CRUET. LA VІE DU DROІT ET L’ІMPUІSSANCE DE LOІ. PARІS, 1908. PASSІM.

Штейндікі секілді тұжырымдамаларды сынға алған Р. фон Моль бұл қағидаларды ішінара ескерген. Ол қоғамдық топтастықтардың тұғыры – тек экономикалық сәт қана емес, сондай-ақ дін, білім, тұрғылықты жердің, шығу тегінің ортақтығымен тағы басқалар болып табылады деп дұрыс көрсеткен. Осыған сәйкес Мольдің өзі топтастықтардың мынадай тізімін береді: 1) мемлекеттік, 2) отбасылыққандастық, 3) кәсіптік, 4) байлық дәрежесі бойынша, 5) діни.281 Бұл тізім іске едәуір жақын. Оның кемшілігі тек мынада: ол барлық аса маңызды топтастықтар тізімін бермейді. Бастапқы топтастықтарды Ю. Делевскийде кезедсетін топтастырып жіктеу едәуір сәтті. Ол: жыныстық, жас мөлшерлік, нәсілдік, ұлттық, мемлекеттік, таптық, касталық, сословиелік, діни , идеологиялық топтарды ажыратады.282 Бұл арадағы қателік, ол бастапқы және кумулятивті топтарды араластырып жібереді. Әлеуметтік топтастыру және халықтың құрылымы мәселелеріне американ әлеуметтанушылары неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталады. Олардың кейбіреулері өзінің жиынтығында күрделі әлеуметтік агрегат құрайтын ұжымдық бірліктердің әбден егжей-тегжейлі топтастырып жіктелуін береді. “Өздігінен алғанда халық деген ұғым тым жалпылама және әлеуметтік ұйымды баяндауда бізді алысқа жеткізе қоймайды. Оны топтастырып жіктеуге бірден кірісу қажет” деп Майо-Смит дұрыс айтады да, халықтың мынадай топтастырып жіктелуін береді: 1. “Демографиялық таптар. Халықты құрайтын индивидуумдар жынысы, жасы, отбасылық ахуалы және физикалық саулығы бойынша ажыратылады”. 2. Әлеуметтік таптар. Олар діни нанымдарына, экономикалық жағдайына, (пауперлер), білім дірежесіне (сауатсыздар), этикалық тәртібіне (қылмыскерлер), жұмысына (кәсіптік таптар ) немесе қоғамдық жағдайына (жоғары және төмен таптар) жіктеле алады”.

281 ҚАРАҢЫЗ: MOHL. STAATSWІSSENSCHAFTEN U. GESELLSCHAFTSWІSSENSCHAFTEN. GESCH. U. LІTERAT. DER STAATSWІSS., Т. І, 1851. 282 ДЕЛЕВСКИЙ. СОЦ. АНТОГАНИЗМЫ, ГЛ. ІІ.

3. Этнографиялық таптар. Адамдар нәсілі, қаны және ұлты283 бойынша ажыратылады”. Осыдан шығатыны Майо-Смит мынадай топтастықтарды ажыратады: 1)жынысы бойынша, 2) жасы бойынша, 3) отбасылық тиесілігі бойынша, 4) денсаулық дәрежесі бойынша, 5) діні бойынша 6) байлығы бойынша, 7) білімі бойынша, 8) моралі бойынша, 9) кәсібі бойынша, 10) құқықтық артықшылығы немесе айырылуы бойынша, 11) нәсілі бойынша, 12) қаны бойынша, 13) ұлты бойынша. Топтастықтарды осынау топтастыра жіктеу, төменде көретініміздей, жалпы алғанда сәтті. Оған тек болар-болмас салыстырмалы түзету қажет. 1) Оны толықтыру қажет: онда, мысалы, аса маңызды топтастықтың бірі – мемлекетке тиесілілік бойынша топтастық жоқ. 2) Одан бірдеңелерді алып тастау қажет. Мәселен, дені сау адамдардың ұжымдық бірлігі – жалған бірлік. Жалған болатыны, денсаулықтың бірдей дәредесіне ие болу бұл жағынан ұқсас адамдардың неғұрлым тығыз ықпалдастығын ілестіре жүрмейді. Басқа мақсаттар үшін дені сау адамдарды есепке алу үлкен рөл атқарады, бірақ бұл арада жалған емес, нақты неғұрлым маңызды ұжымдық бірлікті зерттеп отырған біз үшін жалған жиынтықтың мәнң жоқ. Одан әрі қандастық бойынша топтастыруды шығарып тастау керек, өйткені ол отбасылық және нәсілдік топтастықтың көшірмесі; ұлт бойынша топтастыруды да бастапқы емес, кумулятивті топ ретінде шығарып тастауға тура келеді. Ақыр соңында, моральды дәрежесі бойынша топтастықты маңызды топтастықтар санатына енгізбеуге болады. Біріншіден, бұл нышан анық емес. Бұл арада тәртіптің қай жағы есепке алынады: социабельдік дәрежесі ме әлде салт, құлық сипаты ма? Егер соңғысы болса, онда құлықтар мен салттардың нақ қандай белгілері? Егер моральдық ұжымдарды қылмыскерлер ұжымы мағынасында түсінсек (ұрылардың, тонаушылардың, кісі өлтірушілердің шайкалары мен бандалар және т.б.), онда тыныштық кезінде ондай ұжымдар басқа ірі бастапқы бірліктер арасында болмайды. Үлкен рөл атқаратындай, халықтың тарихи тағдырына құпия ықпал ететіндей соншалық көп санды да ұйымдасқан болмайды.

283 МАЙО-СМИТ. СТАТИСТИКА И СОЦИОЛОГИЯ. М., 1900, 12-13, 16.

Халықтың құрылысы (demotіc composіtіon) мәселесімен Гиддингс те аз айналыспайды. «Әлеуметтану элементтері» және «Индукциялық әлеуметтану атты жұмыстарында ол халық бөлінетін негізгі топтастықтардың әрқилы екі тізбесін береді. “Халық құрылымы, – дейді Gіddіngs, – әрқашан органикалық табиғаты бойынша, жасы, жынысы және туыстығы бойынша (Kіnshіp) ажыратылатын, аз не көп дәрежеде ұқсамайтын әрқилы элементтердің араласып кетуі болып табылады284 қандығы 285 жағынан бөлінеді. Әрі қарай ол ұжымдық бірлік ретінде: 1) органикалық құрылысы жағынан (күші, бойы, денсаулығы ұқсас), 2) бір жынысты, 3) құрдас, 4. туыс адамдар құратын топтарды бөліп көрсетеді. Осы соңғылары жақындық нышанына қарай кіші топтарға бөлінеді а) бірқандылық, в) туыстық с) бір ұлттық, d) ықтимал бір ұлттық , e) этностық бір нәсілдік, f) тіл жағынан бір нәсілдік (glottіc Race), g) антропологиялық бір нәсілдік (Cephalіc Race)286. m) адамзаттық. Бізді қызықтыратын мәселеге бұл тізбенің болар-болмас қана жарамдылығын көру оңай. 1) Адамзат тіпті де халықтың элементі немесе құрамдас бөлігі деп санала алмайды. 2) Кейбір топтастықтар қайталанадыв. Цефалистік-бір нәсілдік адамдар тек биологиялық ұйымдасуы жағынан ұқсас адамдардың топтасуының оқшау оқиғасы болып такбылады. Жынысы мен жасы бойынша топтастықтар туралы да олардың органикалық құрылымы бойынша топтастыққа қатысы жөнінде соны айту керек. 3) Ұлт пен нәсіл ұғымы Гиддингсте мүлдем анық емес және шатастырып жіберілген. 4) ықтимал-ұлттық топ нақты емес, жалған ұжым. 5) Бірқатар маңызды топтастықтар жоқ. 6) Бастапқы және куммулятивтік топтастықтардың арасындағы айырмашылық жасалмаған. Басқа бір жерде Гиддингс әлеуметтік таптарға өзге топтастырылыпп жіктелуін береді. «Адамдардың бәрі бірдей, – дейді ол, – бір ғана индивидтермен немесе бәрімен бірдей дәрежеде ассоциациялана бермейді... Әлеуметтік халық әрдайым таптарға жіктелген болады. Халықтың негізгі үш бастапқы табы бар;

284 GІDDІNGS. ІNDUCTІVE SOCІOLOGY. 1901, 46-47; СОНЫКІ: ELEMENTS, 54. 286 GІDDІNGS. ІND. SOCІOLOGY, 47-54; THE ELEMENTS, 54.

атап айтқанда: 1) кінаратсыз, өміршең таптар (vіtalіty classes), 2) арнайы таптар (personalіty classes) және 3) әлеуметтік таптар». Негізгі емес, екінші қатарға жататын таптар: 1) саяси таптар (басқаратын және басқарылатын), 2) индустриялық таптар (қанайтын және қаналатын), 3) экономикалық таптар (байлар және кедейлер). Негізгі таптар халық атаулының бәрінде, қосалқы таптар – тек дамыған қоғамдарда болады. Өміршең таптар үш топқа бөлінеді: а) өлімнің ең төмен, туудың ең жоғары көрсеткішін және денсаулық пен ой қуатының ең жоғары дәрежесін беретін неғұрлым өміршең таптар; b) орташа өміршең тап; с) және төмен өміршең тап. Арнайы таптар таланты мен қабілетінің дәрежесіне қарай үш топқа бөлінеді: а) кемеңгерлер мен таланттар, b) ақыли және инсанияттық қуаты орташа адамдар, с) ақыли және тәндік кемістіктері бар адамдар. Әлеуметтік таптар да социабельділік және альтруистік дәрежесі жағынан төрт топқа бөлінеді: а) әлеуметтік, b) бейәлеуметтік, с) жалған әлеуметтік және d) антиәлеуметтік ( қылмыскерлер). Егер, ақыр соңында, өміршең, аранйы және әлеуметтік таптан олардың ең жоғары түрлерін, яғни ең сауларын да, ең кемеңгерлерін де, ең әлеуметтенгендерін де алсақ, онда біз ерекше әлеуметтік топты: нағыз әлеуметтік аристократиянығ таңдаулы шынайы азшылықты, қоғамның прогресі үшін ғаламат маңызы бар ұлы адамдар тобын аламыз.287 Нобайланған осынау қызықты теория біздің мақсатым үшін мүлдем жарамсыз. Ол нақты ұжымдар тізбесін емес, жалған ұжымдық бірліктер тізімін береді. Гиддингсте elіte әлеуметтік таңдаулылар ұғымы айқын, бірақ бар пәле адамзаттың әлі кемеңгерлер мен ұлы адамдардың нақты жиынтығына немесе кәсіптік одағына ие болмағанында. Нақ сол секілді адамдар денсаулығы не кемеңгерлігі яки әлеуметтілігі нышаны бойынша тығыз ұжымдық бірлікке

287 GІDDІNGS. ELEMENTS, 103–118. БҰЛ СХЕМАНЫ ГИДДИНГС “ИНДУКЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНДА” АЗДАП ӨЗГЕРТКЕН. ҚАРАҢЫЗ: 249–265.

топтастпайды. Гиддингстің көп жағынан құнды бөлуінің біздің мақсатымызға пайдасы жоқ. Типтік топтастықтардың егжей-тегжейлі топтастырып жіктелуін Ross береді. Ол мынау: 1) «Кездейсоқ топтар (тобыр, жұртшылық); 2) Жаратылыстық топтар (отбасы, туыстар, қауым); 3) Ұқсас (lіkeness) топтар: касталар, таптар, секталар, партиялар, кәсіптер, ұлттар; 4) Мүдделі (іnterest) топтар: тайпалар, мемлекеттер, конфедерациялар, гильдиялар, корпорациялар; 5) Қызметтік топтар: мақсатты ассоциациялар, әлеуметтік ұйымдар; 6) Беделдер; 7) Иерархиялар288. Рас, басқа мақсатта құрастырылған осынау топтастырып жіктеудің алақұлалығы, сабырсыздығы, шытырықтығы, оның жарамсыздығы өз-өзінен айқын. Сондықтан оған сын айту да артық. “Қоғамның құрамдас бөліктерінің немесе органдарының” одан да неғұрлым егжей-тегжейлі топтастырып жіктелуін біз Blackmar’да табамыз. Бөлудің принципі етіп ол “әрбір органның әлеуметтік қызметін яки арнайы қызметін” алады. Ол мынау (қысқартып алайық): І) Қолдап отыратын (sustaіnіng) органдар: өндіруші, қазып алуышы, ұқсатушы, тасымалдаушы, айырбастаушы топтар. ІІ) Қоғам өмірін жалғастырушы топтар: отбасы, медициналық және санитарлық қоғамдар; ІІІ) Аралас-құраластыққа қызмет ететін топтар: баспасөз, телефон-телеграф ұжымдары; ІV) Мәдениет топтары: шіркеу, тәрбие мекемелері, ғылыми қоғамдар және т.б. V) Реттеуші және қорғаушы жүйелер: мемлекет (заң шығарушы, сот, әкімшілік мекемелер және т.б.), ерікті ассоциациялар (жұмысшылар одақтары, филантроптық ассоциациялар, саяси партиялар және т.с.с.289 Организм ретінде қоғам органдарын Спенсердің290 жүйелеуінің егжейтегжейленуі болып табылатын, бұл топтастырып жіктеу біз зерттеп отырған мәселе жауап бермейді. Ол басқа нәрсені айтады. Сондықтан біз оны жиып қоя аламыз.

288 ROSS. FOUNDATІONS, 98.

289 BLACKMAR. ELEMENTS OF SOCІOLOGY. 1905, 92-93.

290 СПЕНСЕР. ОСН. СОЦ., Т. І, ЧАСТЬ ІІ.

«Обьективті әлеметтану» беріп, барлық әлеуметтік құбылыстарды топтардың өзара қатынастарының нәтижесі ретінде түсіндірмек болған Bentley, күткенімізге кереғар топтар толып жатыр деген жай ғана мәлімдемемен шектеліп, содан кейін «саяси топтар» дейтінді зертетуге көшеді.291 Sensіnі де нақ солай істейді. Тек саяси-мемлекеттік ұжымдарды ғана көретін саясат тарихшыларының сыңаржақ теорияларын, экономикалықмүліктік жіктелуді ғана көретін экономистердің теорияларын, сол сыңаржақтық дерті жұққан нәсілдік, кәсіптік және т.б. теорияларды орынды сынай келіп, және, одан әрі әлеуметтік жіктелудің көп қатпарлы екендігін мойындай келіп, Sensіnі, алайда, әлеуметтік жіктелудің ортақ теориясын бермейді, «экономикалық-кәсіптік–саяси» топ ретінде тапты талдаумен шектеледі292. Бірқатар кісілерде, мысалы, Мазареллада біз бұған берілген мынадай топтастық теориясын көреміз: 1) тығыз отбасы, 2) отбасылық қауым; 3) gens; 4) копорация; 5) қоғам, 6) кастағ 7) деревня (vіllagіo), 8) cіtta (қала), 9) дистрикт; 10) мемлекет.293 Үндіcтан халқының құрылыcын талдау мақсатында берілген бұл теория, дегенмен Мазарелланың өзінің анықтамасынан көрініп тұрғанындай – отбасы, отбасылық қауым және gens – бір ғана топтастықтан, бір-бірінен тек санымен өзгешеленетін түрлері. Копорация мен каста онда мүлдем дерлік қосылып кетеді. Vіllagіo, cіtta, дистрикт және мемлекет тек қана дерлік аумағының көлемі бойынша ажыратылады. Көптеген басқа жіктеулер берілмеген. Қорытындысында, топтастықтардың жалпы схемасы ретінде Мазарелланың кестесі жарамсыз да сәтсіз. Дәл осыны құқық, мемлекеттану курстарында, тарихи «тотемдік» “рулық”, “аумақтық-тайпалық”, “мемлекеттік” ұлттық және т.б. топтар деп бөле беретін еңбектерде үйіп-төгіп берілетін толып жатқан “айтулы” теориялар жөнінде де айтуға тура келеді. Мұндай «айтулы» теориялар әрі салғанда жартыкеш, ал көбіне-көп мүлдем бұлыңғыр және ғылыми

291 BENTLEY. THE PROCESS OF GOUVERNMENT, ГЛ. VІІ. 292 SENSІNІ. OP. CІT., 573, 567. 293 MAZZARELLA. LE FORME DІ AGGREGAZІONE SOCІALE NELL’ ІNDІA. RІV. ІT. SOC., 1911, 178.

мазмұннан мақұрым.294 Бірқатар әлеуметтік топтастықтардың біз әдетте демографиялық статистикадан кезіктіреміз. Мәселен, мысалы Майрдан біз халықты: жынысы, жасы бойынша, ғұмыр ұзақтығы бойынша, мүгедектік бойынша, отбасылық ахуал бойынша, діни наным-сенімдері бойынша, ұлттық және тайпалық айырмашылықтар бойынша, туған жері бойынша, отырықшылығы бойынша, сауаттылығы бойынша, мамандығы бойынша, қылмыстылық бойынша топтастыруды табамыз.295 Бұл топтастырулар неғұрлым сәтті. Бізді қызықтыратын тұрғыдан олардың кемістігі сол, олар орасан зор рөл атқаратын бірқатар маңызды топтарды көрсетпейді (мысалы, біз Майрдан нәсілдік те, мүліктік те, партиялық та, көлемдік-құқықтық та және басқа да топтастықтарды таппаймыз); екінші жағынан, олар нақты топтармен қатар жалған топтарды да береді (мысалы: «ғұмыр ұзақтығы бойынша», «мүгедектік бойынша» және т.б.). Бұл ұжымдар жоғарыда көрсетілген мағынада нақты емес, таза ойдан шығарылған ұжымдар екені айдан анық. Басқа бір жағынан маңызды бола отырып, халықтың нақты жіктелуін зерттеп отырған біз үшін мұндай ойдан шығарылған қызықты емес. Келтірілген әдеби анықтамалармен шектелейік. Егер бұл мәселені толық баяндап беруді көздесек, олардың санын айтарлықтай ұлғайтуға болар еді. Бірақ ондай “библиография” артық. Ол ештеңе бермейді. [...] Енді жоғарыда нобайланған принциптерді басшылыққа ала отырып, мәдениетті елдер делінетіндердің халқы бөлінетін аса маңызды бастапқы топтастықтар тізбесіне көшеміз.

§ 2. «Мәдениетті елдер» халқының негізгі бастапқы топтастықтары
(бастапқы жіктелу жүлгелері)

294 БҰЛ ЖАЙЫНДА ТӨМЕНДЕ “КУМУЛЯТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР ТУРАЛЫ ІЛІМ” ТАРАУЫН ҚАРАҢЫЗ. 295 МАЙР. СТАТИСТИКА И ОБЩЕСТВОВЕДЕНИЕ, Т. ІІ. СПБ., 1900, 93-213; СОНЫКІ: STATІSTІK UND GESELLSCHAFTSLEHRE, Т. ІІІ, ВЫП. І-ІV ЖӘНЕ SCHAPPER-ARNDT. SOZІALSTATІSTІK, 1908. PASSІM.

Бастапқы топтар деп қандай да бір нышан бойынша, жеткілікті, айқын да анық, басқа нышандарға саюға болмайтын нышан бойынша ықпалдасатын бір бүтінге біріккен адамдардың нақты жиынтығын түсіну керк, бастапқы ұжымның жоғарыда берілген анықтама осылай дейтін. Басқаша айтсақ, бастапқы топ әлдене бір жағынан ұқсас, ықпалдасатын адамдардың жиынтығы. Аталмыш нәрсе жөніндегі олардың мүдделерінің ұқсастығын, сол өрістегі олардың ұмтыылстары мен қызметінің ұқсастықтарымен туындатады, қысқасы олардың матасып, бір ынтымақты бүтінге, оларды ұжымдық бірлік ретінде халықтың Басқа мүшелерінен бөліп тұратын бүтінге бірігуіне қызмет етеді. Өзінің жиынтығында олар бір-бірімен бір сым арқылы байланысқан бір ықпалдастық жүйесінің абоненттерін құрайтындай болады. Бастапқы топтардың бұл анықтамасы жеткілікті дәл. Онда біршама бұлыңғырлықты тек ұқсас нышанның, сол нышан бойынша бір-бірімен ұқсас бірқатар адамдардың өзара жақындасуын және бір топқа бірігуін туындататын нышанның бастапқылығы ұғымы ғана құрайды. Осынау ортақ нышан қаншалықты бастапқы, қарапайым және бөлінбейтін болуға тиіс? Индивидтердің тәндік, интеллектуалдық, моральдық, әлеуметтік жағынан кез-келген ұқсастығы ұқсас кісілердің бір бастапқы жиынтыққа бірігуін туындататын шарт қызметін атқара ала ма? Мысалы, бой ұзындығының немесе шаш түсінің бірдейлігі бұл жағынан бір-бірімен ұқсас индивидтердің өзара жақындасуын, сөйтіп бір бастапқы нақты ұжымға бірігуін туғыза ала ма? Әдеттегі байқап-бақылау бұл сұраққа кері жауап береді. Біз әлеуметтік өмірде «қыр мұрынды» немесе “құс мұрынды” адамдардан құралған нақты топтарды көрмейміз, «бойы 1,7 метр адамдар қоғамын», «сары шаштылар» топтарын немесе ассоциацияларын таппаймыз, “холериктер мен флегматиктер одағын” байқамаймыз, “фетр қалпақты жақсы көретіндер ассоциацияларын яки топтарын” атап көрсетпейміз. Егер кей-кейде одағай бірдеңе ретінде әлдене әпенділер«Семіздер клубын» құра қалса, біріншіден, ондай факт төтенше құбылыс болып табылады, екіншіден ондай ассоциациялардың аз екені соншалық және ерекше уникум болып табылатыны соншалық, олардың

әлеуметтік рөлі өте мардымсыз, олар адамдардың тәртібі мен оқиғалар барысына жасайтын қысым нөлге жақын. Сондықтан, ондай топтарды нөлге тең әлеуметтік күш ретінде біз тіпті де елемей қоя саламыз. Осынау жай ғана байқап-бақылу мынаны айғақтайды: ұқсастықтың бастапқы нышанының ұқсас адамдардың бір ынтымақты бүтінге бірігуін туындата бермейді. Бойдың ұзындығы, шаштың түсі, мұрынның пошымы, фетр қалпақ және т.б. нышандары туралы айтқанымыз индивидтердің бірбірімен бастапқы ұқсастықтарының толып жатқан атарына да әбден қолданыла алады. Мұндай ұқсас индивидтердің матасып, бастапқы нақты топқа бірігуін туындатпайды. Осындай фактылармен қатар біз басқаларын да байқаймыз. Егер бірқатар индивидтық мысалы, кәсібі, немесе діни наным-сенімдері, немесе мүліктік жағдайы, немесе жынысы, немесе бодандығы және басқа ұқсастығы секілді нышандарын алсақ, онда біз олардың өзге рөл атқаратынын көреміз: олар бұл жағынан ұқсас индивидтердің матасуын, жақындасуын, сөйтіп бір ынтымақты топқа бірігуін шынында туындатады. Бұған дәлел: кәсіптік одақтар мен синдикаттардың, католиктік немесе православиелік шіркеудің, байлар мен кедейлер топтарывның, әйелдер ассоциациялары мен лигаларының, мемлекеттік топтардың: Ресейдің, Англияның, Францияның және болуы. Бұдан шығатын қорытынды: ұқсастықтың бастапқы нышандарының біреулері бейтарап және бұл жағынан ұқсас адам бірліктерінен әлеуметтік топтың құрылуын туындатпайды; басқалары керісінше, бейтарап емес, қайта пәрменді: олар жөніндегі ұқсастық индивидтердің бір наты бүтінге топтасуын туғызады. Енді, соңғы нышандар санатына нақ қандай бастапқы ұқсастықтар жатады? – деген сұрақ туады. Ғылымның қазіргі ахуалында бұл сұраққа ортақ және дәл жауап қайтару мүмкін болуы неғайбыл: мәселе зерттелмеген десе де болады. Гипотеза түрінде бір немесе өзге ағиданы беруге болады. Мысалы, былай деуге болады: ондай нышандарға тек, оларға ие болу адамның негізгі қажеттіліктерін

қанағаттандырумен тығыз байланысты болатын және оның басқа адамдар жөніндегі әрі басқалардың біріншісі жөніндегі тәртібін белгілі бір шамада туындататын нышандар жатады. Бірақ осы және сол секілді барлық гипотезалардың жалпыламалығы сонша, аз “түсіретіндігі сонша, мен ондай “бал ашулар” мен “мылжыңның” орнына, өзге, неғұрлым дұрыс жолды – әлеуметтік жіктелудің шынайы картинасын байқап-бақылу жолын жөн көремін. Бал ашпаймыз, “конструкциялаймыз”, “дедукцияламаймыз, есесіне бізді қоршап тұрған адамдар дүниесінде бар әлеуметтік суайрықтың бекем жүлгелерін, әлеуметтіәк жіктелудің жарықшықтарын көзбен көріп, бақылап отыруға тырысамыз. Бұл орайда назарымызды яки жанарымызды, біріншіден жеткілікті терең (өйткені біз тек аса маңызды бастапқы топтастықтарды зерттейміз), екіншіден, жеткілікті анық, “бекем”, бұлдыр да бұлыңғыр штрихтарға не ой-шұңқырға емес, азды-көпті дәл “белес”-нышандармен нобайланған жіктелу жүлгелеріне шоғырландырамыз. Біз қазір міндеті мына арада өзен неліктен оңға бұрылған, мына сала неліктен осы жерде құйылған деген мәселені шешу емес, картаға өзен арналыры мен су айрықтардың сызбасын дәл түсіру болып табылатын географтың жағдайындамыз, сұрақтарға жауапты тек өзеннің дәл сызбасы болғанда ғана аламыз, одан бұрын емес. Ал бізде тіпті сондай сызба да жоқ. Сол сызба дайын кезде, біз әлеуметтік су айрықтар картасын сызып шыққан кезде, сонда «әлеуметтік механикада» біз, бәлкім, зор табыспен осынау “неліктендерге” де жауап бере алармыз. Бұл бақылау қандай нәтиже береді? Ол индивидтердің халықтың бастапқы жіктелуінің неғұрлым маңызды жүлгелерін көрсететін қандай нышандарын береді? Басқаша айтқанда, сол нышандар жағынан ұқсас индивидтердің жанасып, ұжымдық бірлікке топтасуын туындатады? Еуропаның, Американың және “мәдениетті елдер” дейтіндердің осы заманғы халқы үшін ондай “нышан-белестердің ең бастылары: 1) нәсілдік; 2) жыныстық; 3) жас мөлшері; 4) отбасылық тиесілілік, 5) мемлекеттік бодандық; 6) тілдік;7) кәсіптік, 8) мүліктік (байлық немесе кедейлік); 9) құқық көлемі; 10) аумақтық тиесілілік; 11) діндік; 12) саяси партия; 13) психикалық

сипаттағы бірқатар нышандар және солармен қатар аса маңыздылар қатарына жатпайтын, ұсақ топтастықтар. Осынау топтардан бөлек сол бақылау бізге аз ғана жекелеген индивидтерді, халыққа енгізілген, бейнелеп айтқанда, қалған адамдар бұқарасынан еңсесі әлдеқайда биік “ұлы” адамдарды көрсетеді. Бірақ олар қадау-қадау енгізілген, “ұлылардың” нақты тобын құрамайды. Бақылау беретін көрініс осындай. Айтылғаннан шығатын қорытынды, «мәдениетті елдердің» осы заманғы халқы бөлінетін бастапқы топтардың аса маңыздылары (яғни ең құдіретті) санатына: 1) нәсілдік, 2) жыныстық, 3) жасына қарай, 4) отбасылық тиесілілік бойынша, 5) мемлекеттік тиесілілік бойынша, 6) тілдік, 7) кәсіптік, 8) мүліктік; 9) көлемді-құқықтық, 10) аумақтық, 11) діни, 12) партиялық, 13) психо-идеологиялық топтастықтар жатады (олардың тізімде орналасу тәртібі олардың салыстырмалы маңыздылығын білдірмейді, ол, төменде көретініміздей басқа пайымдардан туындаған). Жоғарыда қойылған сұраққа нақты жауап осындай. Халық жіктелетін ең ықпалды бастапқы топтар осындай. Осынау тізім жөнінде туындайтын бірқатар «түсініспеушілік» пен қарсылықты әлден көріп отырмын. Олардың, кейбіреуіне қазір-ақ жауап бере кетейін.296 – “Сіздің топтастықарыңыздың ішінде таптық және ұлттық, мүмкін басқа да бірқатар маңызды әлеуметтік топтар жоқ” – ықтимал дау осындай. – Иә, жоқ, деймін. Бірақ жоқ болатыны, тап, ұлт және тағы басқа толып жатқан топтар бастапқы топтар санатына емес, кумулятивті топтар санатына жатады. Олар туралы кумулятивті топтар туралы ілімде сөз болады. – «Сіз көрсетілген топтастықтарды және олардың нышандарын бастапқы деп атайсыз. Бірақ мемлекеттік бодандық немесе нәсіл секілді

296 БҰЛ КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІҢ БІРАЗЫ М. М. КОВАЛЕВСКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРЫС ӘЛЕУМЕТТАНУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МЕНІҢ БАЯНДАМАМНАН КЕЙІН АЙТЫЛҒАН БОЛАТЫН.

нышан, сондай-ақ басқалары да бастапқылар санына жата ма? Олар, бірқатар басқа, неғұрлым қарапайым нышандар бойынша бөлінбей ме? Әрбір кезекті бастапқы топтар негізінен кумулятивті топтар емес пе?» – Жауап берейін, көрсетілген бастапқы нышандар неғұрлым қарапайым нышандарға жіктеле алуы әбден мүмкін. Бірақ әзірше мен ондай жіктелу жолдарын көріп тұрғаным жоқ; тіпті көре алған күнде де олар, сайып келгенде, олар индивидтердің өте ұсақ бастапқы қасиеттеріне апарып тірейтіні соншалық, соңғылар “пәрменділер” санатынан “бейтараптар” санатына яғни мұрын пошымы, шаштың түсі, қалпақтың бояуы немесе бой ұзындығы секілді нышандар санатына көшіп, индивидтердің матасуын, бірігуін туыедатпайды. Қорытындысында, бастапқы нышандарды әлі де бөлшектей беру жолымен жүрсек, біз “қаусаған астауға” тап боламыз, яғни халық жіктелетін бірқатар маңызды топтар орнына көз алдымызда жыбырлаған оқшау индивидтер теңізіне тап боламыз. Әлеуметтік дене қатпарларын зерттеудің орнына бізөзара қатынасы мен матасуы бізге индивидуалдық құм түйіршіктерінің төмрешігімен бетпе-бет қаламыз. Көрсетілген бастапқы байланыстардың одан әрі жіктелуіне кедергі жасайтын сарындардың бірі осындай. Олардың салыстырмалы күрделілігін мойындай отырып, мен оларды бәрібір бастапқы дейтінім, олар жеткілікті анық та айқын, екіншіден, бір-біріне саюға болмайды (дәлелі төменде), үшіншіден, оларды тоқайластыра отырып, біз кез-келген кумулятивті топты, яғни күрделі әлеуметтік денені ала аламыз. Демек, олар күрделі дене жөнінде элементтің барлық қызметін атқарады да, сондықтан олар кумулятивті элементтен өзгеше, бастапқы бөлшек деп атала алады. – “Сіздің тізімде fundamentum dіvіsіonіs жоқ; ол ала-құла, қисынсыз” – деп дауласа алады олардың мағынасын ұға алмаған пошымдық логиканы және fundamentum атаулыны жақсы көретіндер. Жауап берейін. Бөлудің Fundamentum’ы – бастапқылық принципі. Нәсілдік, отбасылық etc dіfferentіa specіfіca, Sapіentі sat қызметін атқарады.

– «Бастапқы топтарды олардың негізінде жатқан қажеттіліктерге қарай топтастырып жіктеген жөн болмас па еді? Мысалы, тамақтану қажеттіліктерін (шаруашылық), көбею қажеттіліктерін (отбасылық), өзін-өзі сақтау қажеттіліктерін (мемлекет), моральдық қажеттіліктерді (құқықтық топтар), идеялық қажеттіліктерді (шіркеу, партия еtс) қанағаттандыратын және т.б топтарға?» – деп біреулер шыға алады. – Мұндай топтастырып жіктеу ойға оралады, бірақ мен оның артықшылықтарын көріп тұрғаным жоқ, қайта бірқатар елеулі кемшіліктерін көріп тұрмын. Ол сөзсіз субъективті және өте шартты болады, өйткені әзірге Адам қажеттіліктерінің жалпы қабылданған қандай да бір топтастырып жіктелуі жоқ297. Ал мұндай амалдың басты кемістігі, оның бізге әлеуметтік жіктелудің нақты болмысқа сәйкес келетін картинасын беруге қабілетсіздігінде. Қабілетсіз болатыны, бір ғана қажеттілікке іс жүзінде бір топ емес, бірнеше топ қызмет етеді, және, керісінше, бір ғана топ бір қажеттілікке емес, бірнеше қажеттілікке қызмет етеді. Мәселен, психикалық немесе идеологиялық сипаттағы қажеттіліктерге қандай да бір жалғыз топ емес, бір-біріне сәйкес келмейтін, бір-бірін қамтымайтын бірнеше топ қызмет етеді. Оларға діни топтар-шіркеулер де, ғылыми қоғам да, саяси партия да, кәсіптік бірлестіктер де қызмет етеді. Осы топтастықтардың әрқайсысы басқасымен сәйкес келмейді. Әлеуметтік нақты болмыста олар гетерогенді және тең емес. Бұл екі арада, қажеттілік принципін басшылыққа алсақ, осынау барлық әрқилы топтастықтарды топқа бытыстырып, осылайша, “принципке” бола, әлеуметтік жіктелудің нақты картинасының өғінайналдырып жіберуімізге тура келер еді. Және керісінше, іс жүзінде бар бір ғана топ, бір емес, бірқатар қажеттіліктерге қызмет етеді; отбасы тек жыныстық қажеттілікке, мемлекет тек өзін-өзі сақтау қажеттілігіне, кейбіреулер ойлайтындай, шіркеу немесе партия адамдардың психикалық сұранысын қанағаттандыру қызметін ғана атқарады деп кім айта алады!298 Нақ осыны mutatіs mutandіs басқа маңызды топ туралы да айтуға

297 ҚАРАҢЫЗ: СОРОКИН. СИСТЕМА СОЦИОЛОГИИ, Т. І, § «ПОТРЕБНОСТИ ЧЕЛОВЕКА». 298 HAYES. THE CLASSІFІCATІON ІF SOC. PHENOMENA. AM. J SOC., 100–101.

болады. Қажеттіліктер принципін басшылыққа ала отырып, бұл арада тағы да фактыларды бұрмалап, әрбір топтың қызметін бір қажеттілікті қанағаттандыруға саюға тура келер еді. Бұл әлеуметтік фактыларды жаңа бір бұрмалау болар еді. Міне сондықтан қажеттіліктер принципінен болсын, немесе басқа бір “принциптен” болсын баспқы топтарды «логикалық» жіктеу, сырттай қарағанда өте “таралған”, “мипаланған” болып шығады, бірақ фактыларға сәйкес келуі тұрғысынан олар сөзсіз жарамсыз болады. Ондай қарсылықтардың “бетін қайтару” үшін осы пікірлер жеткілікті. Негізгі бастапқы топтардың немесе әлеуметтік жіктелу жүлгелерінің көрсетілген тізімі басқаша емес, осындай болуының себебі әлеуметтік нақты болмыс сондай, адамдарды олардың тәртібін туындататын ұжымдарға жалған емес, “методологиялық” емес, нақты топтастыру сондай. Жіктелудің осынау жүлгелері басқаша емес, неліктен осылай өтеді? Ұқсас адамдарды ынтымақты етеп, бір бірлікке біріктіріп, матайтын, мысалы, мұрт пен сақал басу салты немесе шаштың түсі бойынша ұқсастық емес, бодандығы немесе кәсібі бойынша, байлығы немесе нәсілі бойынша ұқсастық болатыны неліктен? Адам үгіндісі басқа емес, нақ осы ұқсастықтар төңірегінде үйірілетіні неліктен – бұл сұрақтардың бәрі маңызды, бірақ бұл арада талқылауға жатпайды. Бұлар әлеуметтік талдаудың емес, әлеуметтік механиканың мәселелері. Біз оларды қалай шешпейік, факт күйінде қала береді: магнит орталықтары секілді, наұ көрсетілген “ұқсастық-белестер төңірегінде, адам ұнтақтары үйіріліп, жинала береді, нақ соларға қатынас “әлеуметтік нүкте” – индивидтің әлеуметтік кеңістіктегі жағдайын анықтайтын координаттар жиынтығы болып табылады. Қазір біз қоғамдық су айрықтардың картасын сызып жатқандықтан, біздің міндетіміз, географтың міндеті сияқты, тек сол картаны дұрыс сызу ғана. Ал әлеуметтік қыраттар мен жазықтардың жүлгелері немесе әлеуметтік өзендер мен шатқалдардың жүлгелері басқаша емес, нақ осылай өтетіні неліктен – бұл сұрақтар әзірге географ-әлеуметтанушы құзырына жат нәрсе. Жоғарыда көрсетілгеніндей, бастапқы әлеуметтік жіктелудің санап өтілген жүлгелері тек өте маңызды, былайша айтқанда, тек губерниялық – ең құдіретті

– топтастықтар көрсететін жүлгелер. Олармен қатар көптеген ұсақ топтар, көптеген “уездік-болыстық” жіктелу жүлгелері тұр. Әлеуметтанушы тек әлеуметтік жіктелудің жиынтық картасын ғана емес, барлық аса ұсақ топтар мен одақтарды көрсететін егжей-тегжейлі картасын берсе одан да жақсы болар еді. Бірақ аталмыш жағдайда – мұндай міндет әзірге жүзеге аспайтын міндет. Ол дұрыс “жиынтық” карта қолға тигенде ғана мүмкін болады. Ол әлі жоқ. Сондықтан, егер «біртұтас қоғам» елесінен арыла алған әлеуметтану, дұрыс жиынтық карта бере алса, ол ілгері қарай жасалған зор қадам болады. Қалғаны уақыт өте орнына келе береді. Бастапқы топ ұғымы және біздің заман халқының негізгі – ең құдіретті топтастықтары осындай, олар “мәдениет аймақтары” немесе “өркеният сипаты” сияқты бұлдыр ұғымдар бойынша және дедукция жолымен жасалған конструкциялар мен принциптер бойынша емес, азды-көпті анық әрі берік “белес-нышандар” бойынша белгіленген. [...]

Үшінші тарау

КУМУЛЯТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР ТУРАЛЫ ІЛІМ

§ 1. Ұғым

Материалдық дүниенің нақты заттары өзінің химиялық құрамы жағынан көбіне-көп жай ғана химиялық денелер емес, бірқатар элементтерден құралған күрделі денелер болып табылатыны секілді, ықпалдас индивидтердің кез-келген жиынтығы да бастапқы ұжымдық бірлік, яғни тек жалғыз біртекті байланыспен маталған топ болып табылады. Көбіне-көп былай болады: қатар өмір сүретін индивидтер тобы бір мезгілде бастапқы бірліктерге жатады және жалғыз байланыспен емес, екі немесе одан көп байланыспен қамтылады. Қысқасы, әлеуметтік нақты болмыста нақты алғанда біз бастапқы топтарға

қарағанда, кумулятивті топтарға жиірек ұшырасады. Еске сала кетейік, кумулятивті топ деп,бір ұйымдасқан бүтінге жаоғыз емес, бірқатар бастапқы топтастық байланысымен маталған ықпалдас индивидтердің жиынтығын айтамыз. Егер А, В, С, Д... индивидтер бір ғана діннің мүшелері ғана емес, әрі бір мемлекеттің бодандары, бір кәсіптің мүшелері болса, бір ғана партияға жатса, онда біз солар арқылы кумулятивті (діни + мемлекеттік + кәсіптік + партиялық) топқа, тек діннің ғана емес, мемлекеттің де, кәсіптің де, партияның да байланыстарымен біріккен бірқатар бастапқы топтастықтардың кумуляциясынан құралған топқа ие боламыз. Басқаша айтқанда, олардың барлығы бір мезгілде ықпаладстықтың бастапқы жүйесімен емес, екі немесе одан көп жүйелерінің «абоненттері» болып шығады. Осылайша, халық тек бастапқы топтастықтар жүлгесімен ғана емес, оған қоса – бастапқы топтастықтардың қосалқы ккетуінен пайда болған кумулятивтік жүлгелер бойынша да жәктеледі. Осыдан да кумулятивтік жіктелудің сызаттары әдетте неғұрлым терең сипат алады. Олар бір кумулятивтік топты өзгелерінен неғұрлым анық ажыратады.

§ 2. Кумулятивтік топтардың топтастырып жіктелуі

Химияда бастапқы денелердің қосындысынан күрделі химиялық денелер шығады. Әлеуметтануда бастапқы топтардың әрқилы тоқайластырылуынан және әрқилы кумуляциясынан барынша әртүрлі кумулятивті топтар шығады. Олар көп. Құбылыстардың осынау ала-құлалығында адасып кетпеу үшін кумулятивтік топтарды қалайда топ-топқа бөліп, олардың негізгі түрлерін бірқатар нышандар бойынша ажыратып алу қажет. Адамдар ықпаладстығының пошымдары және бастапқы топтар жөнінде біз солай еткен болатынбыз.299 Кумулятивтік топтар жөнінде де солай етеміз; күрделі әлеуметтік агрегаттар жөнінде де солай етеміз. Бірінші, екінші, және үшінші қабаттарда талдау жоспары біреу ғана болады.

299 СОРОКИН. СИСТЕМА СОЦИОЛОГИИ, Т.1, ГЛ.: КЛАССИФИКАЦИЯ ФОРМ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ.

Ықпалдастық пошымдарын біз оның элементтерінің қасиеттеріне қарай: индивидтердің саны мен сапасына, дәнекерлердің актылары мен табиғатының сипатына қарай топтастырып жіктедік. Кумулятивтік топтарды біз оларды құрайтын бастапқы топтастықтардың қасиеттеріне, атап айтқанда: 1) соңғыларының санына қарай (кумуляциялар: екі, үш, және т.б.), 2) олардың сипатына қарай (мемлекеттік + діни + партиялық + кәсіптік, шектеулі + жыныстық және басқа кумулятивтік топтар), 3) олардың кумуляциялану амалына қарай (кумулятивтік топтар: ашық және жабық, қалыпты – туыстық, бейқалып – бейтуыстық, антагонистік және ынтымақты, тұрпатты және тұрпатсыз, құдіретті – құдіретсіз) топтастырып жіктей аламыз. Олардың әрқайсысына тоқталайық.

Кумулятивтік топтардың оларды бастапқы топтастықтардың саны
мен сипаты бойынша түрлері

Химияда біз күрделілігі әрқилы химиялық түзілімдерді көреміз. Мысалы, екі химиялық элементтен тұратын Н2О (су), үш – Н2SО4 (күкірт қышқылы), төрт – КНSО4 (қышқылды күкіртті калий қышқылы), бес және одан да көп химиялық элементтерден тұратын заттар бар. Әлеуметтік құбылыстар саласында да біз соны көреміз. Бұл арада біз бастапқы топтармен қатар күрделілігі әрқилы кумулятивті топтарды көреміз. Екі бастапқы топтастықың қосылуынан құралған қос құрамды кумулятивтік топтар бар. Мысалы, бір мемлекетте және бір дінге жататын кісілер жиынтығынан тұратын мемлекеттік + діни топ сондай; мемлекеттік + тілдік топ, кәсіптік + партиялық, нәсілдік + көлемді-құқықтық топ және басқалар сондай. Үш құрамды кумулятивтік топтар бар. Мысалы, бір нәсілге жататын, бір тілде сөйлейтін және бір дінді ұстанатын адамдардан тұратын діни + тілдік + нәсілдік топ сондай, кәсіптік + жыныстық + мүліктік топ (мысалы, Темекі фабрикасының мардымсыз жалақы алатын әйел жұмыскерлер) және т.б. сондай. Осы секілді төрт, бес, алты және одан да көп

бастапқы топтастықтың кумуляциясынан құралған төрт, бес, алты, және т.б. құрамды кумулятивтік топтар бар. Осылайша, өзінің күрделілігі жағынан, кумулятивтік топтар екі, үш, төрт, және одан да көп құрамды топтарға бөлінеді. Олардың бірінші бөлінісі осындай. Ілгерілейік. Кумулятивтік топтар бірінен-бірі өздерінің күрделілігі бойынша ғана емес, өздері құралған бастапқы топтастықтардың сипаты бойынша да ерекшеленеді. Екі, үш, төрт, және одан да көп құрамды күрделі топтар барынша әрқилы баспақы топтардан құрыла алады. Мәселен, екі құрамды кумулятивтік топтар кәсіптік + мүліктік (бір кәсіптің өкілдері, бірдей жалақы алатын, жүк тиеуші қара жұмысшылар – кедейлер), діни + тілдік, мемлекетік + діни, аумақтық + көлемді-құқықтық, кәсіптік + партиялық және көптеген басқа пошымда көрінеді. Үш құрамды кумулятивтік топтар да кумуляцияланған бастапқы топтастықтар құрамы бойынша тым сан алуан. Оларға бір аумақта тұратын, бір тілде сөйлейтін, бір шіркеуге жататын адамдардан тұратын аумақтық + тілдік + діни топ, кәсіптік + мүліктік + көлемді-құқықтық топ (фабрика жұмысшылары + кедей + құқықтары мардымсыз), нәсілдік + тілдік + жыныстық топ, жасы бойынша + құқықтық + кәсіптік топ (балалар + бірқатар құқықтардан айрылғандар + кәсібі ұқсас) және басқа көптеген топтар жатады. Нақ осыны төрт, бес және одан да көп құрамды топтарға да қолдануға болады. Қысқасы кумулятивтік топтар оларды құрайтын бастапқы топтардың сипатына қарай көптеген пошымдар мен түрлерге бөлінеді... Іс жүзінде жер шарының қазіргі, одан да әрі бұрынғы дәуірлердегі халықтарында біз кумулятивтік топтардың осынау ықтимал пошымдарының көпшілігін ұшыратамыз. Егер осы заманғы үлкен қаланың халқын алсақ, тіпті осында да біз екі, үш, төрт, және одан да көп құрамды кумулятивтік топтардың көптеген пошымдарын атап көрсете аламыз. [...]

Жабық, ашық және аралық кумулятивтік топтар

Бастапқы топтар сияқты кумулятивтік топтар да жабық, ашық және аралық топтарға бөлінеді. Жабық кумулятивтік топтар деп оларға кіру және олардан шығу мүмкін болмайтын немесе ілуде бір ғана мүмкін болатын топтарды атаймыз. Индивид оларға өзінің ырқынан тыс тіркеледі. Ол ондай топтың «абоненттері» санатынан «шыға» алмайтын болады. Ол басқа топқа... өте алмайды. Осыған сәйкес индивидтердің жабық кумулятивтік топтан басқа жабық топқа ауысуы (аумақтық мағынада емес, оларды мүшеліктен шығарып, басқа топ мүшелері санатына енгізу мағынасында) орын алмайды немесе түкке тұмайтын сипатта болады... Жабық кумулятивтік топтардың бір түрі – жабық мұрагерлік кумулятивтік топтар; олардың санатына ата-ананың аталмыш топқа жататындығы балалардың да сол топқа жатуын туындататын жабық кумулятивтік топтар жатады. Балалар өздерін ата-аналары жататын топ санатынан de jure де, de facto да шығара алмайды. Жабық және мұрагерлік кумулятивті топтың мысалы – каста. Төменде көретініміздей, каста кәсіптік + діни + көлемдіқұқықтық + мүліктік+отбасылық-туыстық (ал кейде + нәсілдік және тілдік) бастапқы топтастықтардың кумуляциясынан тұратын жабық-мұрагерлік кумулятивтік топ болып табылады. Қай кастаның мүшесі болып туу индивидтің ырқына байланысты… А кастасына жататын ата-аналардын балалары өзінен-өзі А кастасының мүшесі болып шыға келеді. Оның шеңберіне бөгде адамдардың кіруі мүмкін емес. Өз кастасының санатынан шығарып, басқа кастаға бекітіп қою мүмкін емес (“кастадан шығарып тастау” касталық тиесілілікті өзгерту емес, ең жоғары жаза ретінде “заңнан тыс қалдыру” деген сөз). Касталар арасында «осмоса» (әке құлының балаға құл ретінде мұраға қалатыны – Ауд.) болмайды немесе болымсыз (қатаң эндогамия). Жабық және мұрагерлік кумулятивтік топтың басқа бір мысалы бірқатар жағдайларда – құлдар тобы. Рим империясының белгілі бір кезеңінде құлдардың балалары да автоматты түрде құл болып шығатын. Олар өз ахуалын тек өте ерекше жағдайда ғана өзгертіп (сол статустан өзін “шығару”), өзін “бостан адамдар” тобы “абоненті”

санатына жатқыза алатын. Осынау аздаған қуыстардың (manumіssіo testamenta, vіndіcta, censa, іnter amіcos және басқа тәсілдер), алайда, тар болғаны соншалық сол “иненің жасауынан” бірлі-жарым ғана “түйелер” өте алатын300. Құлдар тобы мен басқа кумулятивтік топтар арасында «осмоса» және ауысу мүлдем дерлік болған емес. Жабық кумулятивтік топтарға мыналар жатқан: бірінші кезеңдегі Рим балаларының жас мөлшері + -көлемді-құқықтық тобы, ол топтар кәмелетке жетпеген, әлі кісілік және мүліктік құқықтары жоқ балалардан құралатын; жыныстық + -көлемдіқұқықтық әйелдер тобы, олардың еркектермен салыстырғанда 19 ғасырға дейін дерлік құқықтары болған жоқ; нәсілдік + көлемді-құқықтық негрлер тобы (азаттық алғанға дейін). Біздің, жынысымыз, нәсіліміз және жасымыз өзіміздің арқымызға байланысты емес: көлемді-құқықты топтастық сөзсіз осы шарттармен кумуляцияланаифн болғандықтан, кумулятивтік топ жабық сипатқа ие болған... Қарама-қарсы бетте ашық кумулятивтік топтар тұр. Мұндай топтарға жату de jure де, de facto да индивидтің ырқына байланысты. Оларға кіру және олардан шығу ерікті. Мұндай тиесілілік әке-шешеден балаға мұра юолып көшпейді. Индивидтер осындай бір топтан басқа топқа еркін өте алады. Солардың мысалы кумулятивтік партиялық + ғылыми топ бола алады. Қазір адамдар тобы бір саяси партияның әрі кез-келген ғылыми қоғамның мүшесі бола алады. Ондай кумулятивтік топқа кіру, шығу еркін. Индивид бір партиядан шығып, басқа партияға өте алады, партиядан және қоғамнан шыға алады, осылайша бұл кумулятивтік топпен ат құйрығын үзісе, өзін оның абоненттері санатынан шығара алады. Мұндай адамдардың балалары сол бұл кумулятивтік топтың мүшесі болуға de jure де міндетті емес, жөне көп жағдайда de facto оның мүшесі болып табылмайды. Қазір мұндай ашық кумулятивтік топтар бірталай. Олардың арасында аралық кумулятивтік топтар орналасады. Олар өзінің жиынтығында тұрпаттар реңкін береді: жабық топқа өте жақын (мысалы, сословие) топтан басталып, олар ашық кумулятивтік топтарға жақын

300 ПОКРОВСКИЙ. ИСТОРИЯ РИМСКОГО ПРАВА. 1913, 294 Ж. Б. ; КЛЮЧЕВСКИЙ. ИСТОРИЯ СОСЛОВИЙ В РОССИИ. 1918, 49.

пошымдармен (мысалы, жартыай ашық, ашыққа жақын кумулятивтік топ ретіндегі осы заманғы топ) аяқталады. Оларға кіру және шығу de jure еркін. Теориялық тұрғыда – оларға жату индивидтің өз шаруасы. Іс жүзінде – бұл бостандық айтарлықтай шектеулі, топтан топқа өту – қиын болып шығады. Қазір адамды бір тапқа жатуға ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ пролетарийдің баласы әдетте пролетарий, капиталистің баласы – кәсіпкерлер табының мүшесі болып шығады. Бір жолы пролетарий болған екенсің, капиталист болу әрқашан оңай бола бермейді. Бұл ереже құрсауынан шығатындар бар, бірақ, статистика көрсететініндей, олардың пайызы шектеулі. Жабықтық және ашықтық тұрғысынан кумулятивтік топтардың үш түрі осындай. Төменде біз осы бөлінудің: 1) топтарды сипаттау үшін, 2) халықтың өзінің құрылымы үшін маңызын көреміз. Жабық кумулятивтік топтардан құралған күрделі әлеуметтік агрегат икемсіз, оның қатып қалған сипаты бар, онда өзгерістер сирек, егер олар бола қалған күнде, онда қан судай ағатын, зорлық-зомбылық жетіп артылатын, құрбандық мол өткір революциялық сипатқа ие болады. Жабық кумулятивтік топтары аз, ашық және соларға жақын кумулятивтік топтары көп халық әлдеқайда икемді де орайлы. Мұндай агрегаттың өмірі мен қызметі бірқалыпты сипатта болады, ондай әлеуметтік организм тап болатын өткір дағдарыстар неғұрлым жұмсақ сипатта болады.301 Осынау бөліністі көрсете отырып, бірден мынаны атап көрсетуге тиіспін: бір немесе басқа кумулятивтік топтың жабықтығы немесе ашықтығы тарихи тұрғыда өзгере алады, бір ғана кумулятивтік топ бір дәуірде немесе бір халықта жабық топ ретінде, басқа дәуірде немесе басқа халықта ол аралық немесе тіпті ашық сипатта бола алады. Бұдан шығатыны, аталмыш халықтың кумулятивтік топтарының қайсысы ашық немесе жабық деген мәселе халықты іс жүзінде зерттеу негізінде шешілуге тиіс.

301 ОСЫ ОЙДЫ КЛЮЧЕВСКИЙ МЫНА СӨЗДЕРМЕН БІЛДІРГЕН: «СОСЛОВИЕЛЕРГЕ БӨЛУ НЕҒҰРЛЫМ ҚАРАПАЙЫМ, СОСЛОВИЕЛІК ТЕҢСІЗДІК НЕҒҰРЛЫМ КҮШТІ БОЛСА, СОСЛОВИЕЛЕРДІ ТЕҢЕСТІРУ СОҒҰРЛЫМ ҚИЫН ЖҮРЕДІ». КЛЮЧЕВСКИЙ. ИСТОРИЯ СОСЛОВИЙ В РОССИИ. 1918, 23.

Бастапқы топтардың ынтымақтас, антагонистік және бейтарап
кумуляциялары
(іштей-ынтымақтас, іштей-антагонистік және іштей-бейтарап
кумулятивтік топтар).

Енді бастапқы топтар кумуляциясының жаңа маңызды белгісіне назар аударайық. Олардың кумуляциясы не ынтымақтас, не антагонистік, не бейтарап кумуляция бола алады. Бұлардың біріншісін мен бастапқы топтастықтардың бәрі өздерінің мүшелеріне тәртіптің императивін беретін бір-бірімен жарасатын, оларды бір ғана бағытқа итеретін кумуляциясы деп білемін. Екіншісін – кумуляцияланатын топтастықтардың тәртіптік императивтері бір-біріне кереғар кумуляциясы деп білемін. Үшіншісін – осынау тәртіп императивтері бейтарап: ынтымақтас та, антагонистік те емес кумуляция деп білемін302. Бір ғана мемлекетке және бір ғана дінге жататын адамдар тобын алайық. Айтылғанға сай бұл арада біз мемлекеттік және діни топтастықтардың кумуляциясынан құралған күрделі, мемлекеттік + діни топты көреміз. Егер мемлекеттік өкімет те, шіркеу өкіметі де ол мүшелерге бірдей тәртіп императивтерін берсе, егер олар индивидтерді бір ғана бағытта қарекет жасауға шақырса (мысалы, мемлекет те, шіркеу де оларды соғысқа шақырса), онда біз осынау топтастықтардың ынтымақтас кумуляциясын көреміз. Егер гәп керісінше болса, егер мемлекетке тиесілілік оның мүшелерінен мемлекеттік органдарының айтқанына мойынсұнуды талап етсе, ал нақ сол кісілердің белгілі бір шіркеуге тиесілілігі олардан мемлекеттік өкіметке мойынсұнбауын талап етсе, (мысалы, папа Григорий VІІ-нің бұйрығы, ол шіркеуден аластау мен интердиктпен қорқытып Генрих ІV-нің бодандарынан оған мойынсұнбауды талап етті, немесе патриарх Тихонның бұйрығы, ол діншілдерді большевиктік

302 БҰЛ АРАДА ӘҢГІМЕ ӘРТҮРЛІ ИНДИВИДТЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН ЕКІ НЕМЕСЕ ОДАН КӨП ТОПТАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ, АНТАГОНИЗМІ НЕМЕСЕ БЕЙТАРАПТЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕМЕС, ОЛАРДЫҢ БІР ҒАНА ТОПТЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТИІСТІ ҚҰБЫЛЫСТАР ЖӨНІНДЕ БОЛЫП ОТЫР.

өкіметке қарсы күреске шақырды)303 онда біз екі топтастықтың антагонистік кумуляциясын көреміз. Енді бейтап кумуляцияны алайық. Оның классикалық формуласы інжілдің нұсқасы: “Патшаға – патшаның, Құдайға – құдайдың еншісін беріңдер”. Кумулятивтік діңи + мемлекеттік топқа қолданғанда бұл формулада істің шіркеу мен мемлекет тәртібінің императивтері бейтарап болатын, әртүрлі қыртыста жататын және тоғыспайтын жағдайын береді: индивид мемлекетке салығын төлеп жүр ме, мұнда шіркеудің шаруасы жоқ, және керісінше, мысалы, индивид сәрсенбі және жұма күндері ораза ұстай ма, мемлекеттің онда шаруасы жоқ. Екі топтың да императивтері ынтымақтас емес, бірақ сонымен бірге антагонистік те емес. Олар тоғыспайды. [...]

Кумуляцияның сипаты және индивидтің тәртібі

Барлығы да бір-бірімен ынтымақты тәртіп императивтерін беретін екі және одан көп бастапқы топтастықтардың ынтымақтас кумуляциясы өрісіндегі адамдар шын мәнінде бақытты адамдар деуге болады. Олардың тәртібі бірқатар күштер бір бағытқа итеретін шардың қимылына ұқсайтын болады. Мұндай индивидтер кумуляцияланған барлық топтастықтардың императивтерімен бір бағытқа итеріледі. Олардың қылықтарынан біз дүдамалдықтар мен қарамақайшылықтарды көрмейміз. Олардың қарекеттері үзілді-кесілді болады. Тәртіп бағыты дәйекті болады. Олардың ұжданы айқын болады. Олар опыну мен гамлетшілдікті білмейді. “Міндеттемелер қақтығысы” немесе “тиістіліктер күресі” оларға жат. Бұл жағдайда индивидтер тәртібі осындай. Бастапқы топтардың антагонистік кумуляциясы жағдайында ол мүлдем басқаша болады. Бұл арада индивидтің тәртібі қарама-қарсы бағытта қарекет жасайтын екі немесе одан көп күштер әртүрлі жаққа итеретін шардың қимылына ұқсайтын болады. Бұл жағдайда бір топтастықтың тәртіп

303 “МОСКОВСКАЯ ПРАВДА” ГАЗЕТІНДЕГІ ЯРОСЛАВСКИЙ МРЗАНЫҢ БАЯНДАМАСЫН ЖӘНЕ КОММУНИСТІК ПАРТИЯНЫҢ ПІКІРІН ҚАРАҢЫЗ.

императивтері индивидтің тәртібі оны бір бағытта, екіншісінікі – қарама-қарсы бағытта қарекет жасауға итермелейді, олардың біреулері оған “иә”, басқалары – “жоқ” дейді, біреулері бір бағытқа, екіншілері қарама-қарсы бағытқа итеретін болады. Нәтижесінде индивидтің бүкіл тәртібі әрі-сәрілікке, қарамақайшылыққа, дәйексіздік мен иеншектікке толы болады. Ол артқа қарай бұрылатын, бір жағына ауытқитын қисық сызық болып табылады. Оның ббүкіл психологиясы гамлетшілдік таңбасымен, именшектікпен, міндеттемелердің қақтығысымен, моральдық жанжалдармен, “ұждан азабымен” таңбаланатын болады... Антагонистік топтардың императивтері бірдей пәрменді болғанда, антагонистік топтастықтарға жатындық индивид үшін бірдей маңызды болғанда ондай кереғарлық, именшектік және жан азабы ерекше қатал болады... Тайталасатын императивтердің құндылығы бірдей болмаған жағдайда – мықтысы жеңеді, бірақ бұның нәтижесі әдетте индивидтің қажыған топтан “ірге ажыратуы” (партиядан, діннен, кәсіптен, мүліктік қабаттан және т.б.) “шығуы”, “ шығарылуы”, “қуылуы” болады. Бұл фактылардың талдануын алдағы параграфқа қалдырып, бұл арада айтылғанды соны мысалмен көрсетейік. Соңғы соғыс кезінде мына фактыларды байқамауға болмайтын еді. Бодандығы жағынан орыс, діні жағынан православ, бірақ социалистер емес және жұмысшылар емес бір аадмдардың соғыс жөніндегі тәртібі дәйекті болды. Кумуляцияланған екі топ (мемлекеттік және шіркеулік) мемлекетті қорғауды талап ететін, соғысқа шақыратын, “бәрі де соғыс үшін” деп жариялайтын жарастырылған тәртіп императивтерін берді. Олардың тәртібі дәйекті де төте болатын. Әрі-сәрілік пен дүдамалдық болған жоқ. “Мемлекеттік мүдделер” – олардың көріп тұрғаны, бағалағаны рсы болатын. “Мемлекетшілдердің”, атап айтқанда, “интернационал” топтастығына кірмейтін кадеттерден бастап, оңшыл партиялардың тәртібі сондай болатын. Ең алдымен және бәрінен бұрын “интернационалдың” мүддесін көздеген большевиктердің бағыты да дәйекті болды. Олар мемлекеттік және діни топтастықтардан бостан болатын; соңғыларының мүдделері олар үшін жоққа

тән еді. «Дүниежүзілік революция мүддесі» – олар жарығына қарап бет түзеген шамшырақ осы болатын. “Тап күресін” маздату, “таптардың бірлесуін” бүлдіру, “бауырласу”, жеңілісті, нақты бейбітшілікті уағыздау, қазан төңкерісі, Брест бітімі және т.б. – осыдан. Меньшевиктердің, (осы партиялардың оң қанаттарын қоспағанда) және Жұмысшылар мен солдаттар Депутаттары кеңестерінің 1-ші Орталық атқару комитетінің, эсерлердің саясаты мүлдем басқа болды. Бүкіл бұл саясат «екі тізеге бірдей ақсаңдау» болды. Мемлекетпен ажыраспаған (большевиктерден өзгеше), бірақ пролетариаттың таптық ұйымына (таза мемлекетшілдерден өзгеше) қатысы бар аадмдардан құралған, бұл топтар жоғарыдағы екі топтастықтың қарама-қарсы императивтері арасында “сенделіп” қалды. Мемлекеттің мүддесі «таптардың бірігуін» және «таптық күрестің» бәсеңдетілуін талап етсе, пролетариаттың мүддесі соларға қарама-қарсы нәрсені талап етті, біріншісінің мүддесі «патриотизмді» уағыздауға, жеңіске шақыруға, әскерді, тәртіпті нығайтуға, “жеңіске дейін соғысты” уағыздауға мәжбүр етті, пролетариат мүддесі патриотизмнің қожыратылуын, соғыстың тоқтатылуын, революция мұраты үшін жеңілуді және т.б. талап етті. Осынау қарама-қарсы императивтер әмірімен сарсылған бұл екі топ, “интернационалдық” сарын ықпалыман бүгін бір директива берсе, ертеңіне – мемлекеттің ықпалымен қарама-қарсы директива берді. Бүгін – тәртіпті нығайтса, ертең – оны бүлдірді, бүгін соғысқа шақырса, ертең қалайда бітімге жетуге шақырды және т.б. Осыған ұқсас құбылыстарды шағын ауқымда көптеген индивидтердің тәртібінен байқауға болады. Аттаған сайын соңғылар ұдайы «екі тізеге бірдей ақсайды»ғ олар мүшесі болып табылатын, антагонистік тұрғыда кумуляцияланған бірқатар ұжымдар тарапынан берілетін қарама-қайшы императивтер (отбасы мүддесі бір тәртіпті, мысалы, партиялық мақсат үшін басын бәйгеге тікпеуді талап етсе, партияның, мемлекеттің, кәсіптің, діннің және т.б. мүдделері көбінесе қарама-қарсы актыларды талап етеді) итермелейтін олар екі арада сарсаңға түседі; бір императивтің ықпалымен бүгін

бір акт жасаса, ертең қарама-қарсы императивтің ықпалымен – басқа, біріншіге кереғар акт жасайды, немесе императивтер бірдей күшті болса, әрі-сәрі күйде қалады, қысқасы, – қарама-қарсы соққан жел бір ана жаққа, бір мына жаққа қуатын немесе солардың ықпалымен бір жерде амалсыз айнала беретін желқайық болып табылады. Айтылған нәрсе, адамдар тәртібінің бастапқы топтастықтар кумуляциясының сипатына тәуелді екенін көрсетеді. Индивидтің тәртібі де, моральдық ахуалы да едәуір дәрежеде кумуляция сипатынан туындайтын императивтер рефлексі болып табылады.

Кумуляция сипаты және кумулятивтік әлеуметтік топтың беріктігі

Әдетте бір немесе басқа топтың мүшелері көптеген біріктіретін жіптердің көп санымен байланысқан болса, бұл топ ұжымдық бірлестік ретінде соғұрлым берік болады, өзінің тіршілігі мен өзінің индивидуалдығын соғұрлым табандырақ қорғайды деп ойлайды. Егер бірқатар индивидтер тек бір мемлекетке жататындығымен ғана емес, сондай-ақ ортақ дін, ортақ тіл, ортақ кәсіп және т.б. арқылы біріксе, осынау байланыстардың көптігінің пәрменімен мұндай топ, тек бір ғана, мысалы, мемлекеттік немесе діни байланыс арқылы біріккен топтан әлдеқайда берік, мықты, әлдеқайда күшті жымдасқан болады, диссоциацияға әлдеқайда қиынырақ ұшырайды. Бұл қағида дұрыс, тек бір шарт болсын: бастапқы топтастықтардың қорытындысында күрделі топты құрайтын ынтымақтас кумуляциясы болсын. Ал егер соңғыларының кумуляциясы антагонистік болса, егер кумуляцияланатын топтастықтардың бірінің, тәртіптік императивтері басқасына қарама-қарсы болса, – онда мұндай кумуляция топтың жапсарласуы мен топтасуына емес, оның диссоциациясына немесе іріпшіруіне жәрдемдеседі. Бұл жағдайда күрделі топ бөліктерге “ыдырайды”, оның бүкіл тәртібі кереғар, жасық, тұрлаусыз болады. Өзінің құрылысы жағынан мұндай күрделі топ іштей жанжалды, антагонистік болады; оның күш-қуаты

ішкі үйкелістер процесінде жұтылып, жанып кететін болады. Бәрінің нәтижесінде, ерте ме, кеш пе ол диссоциацияланады: оның мүшелерінің бір бөлігі, өздеріне бір топтастықтың (мысалы, діни) императиві неғұрлым маңызды көрінетін бөлігі басқа бөліктің (мысалы, партиялық) императивін орындамайды; басқа бөлігі керісінше істейді. Біріншілер партия абоненттері санатынан шығады, онымен “ірге ажыратады”, екіншілері дін мүшелері санатынан “шығады”, соңғысымен қатынасын үзеді. Басқаша айтсақ, бүкіл күрделі топ, өзінің бір-біріне кереғар бастапқы топтастықтарына диссоциацияланады, мұның өзі бүтін ретіндегі оның екі немесе одан да көп бөліктерге нақты ыдырауынан көрінеді... Басқа топтармен бұл жағдайдағы қатынастарында, ол біртұтас бүтін ретінде емес, әрқилы, көбінесе қарама-қарсы бағыттарда қимылдайтын бірқатар жекелеген топ ретінде қарекет ететін болады. Айтақынымызды айғақтай түсу үшін күні кещегі күндерден, атап айтқанда, 1917–1918 жылдары социалист-революционерлер партиясы мен меньшевиктер партиясының құрамына кірген аадмдар тобы мысалын алайық. Бұл топтар күрделі топтар болатын, социалист-революционерлер мен меньшевиктер партиясының мүшелері, кем дегенде, екі бастапқы топтың: бір мемлекетке (Ресей) жататындығы және бір социалист-революционерлер партиясына (тиісінше меньшевиктер партиясына) жататындығы кумуляциясымен біріккен болатын. Мемлекеттік және партиялық (социалистік) топтастықтар кумуляциясы өзінің мәнісі жағынан антагонистік болатын. Мемлекет мүдделері “таптардың қасиетті бірігуін”, таптық күрестің бәсеңдетілуін, армияда тәртіптің нығайтылуын, революцияның әлсіретілуін және т.б. талап етті. Мұның бәрі соғысты мемлекет мүддесі талап ететіндей неғұрлым сәтті жүргіщу, “жеңіске дейін соғыс” жүргізу үшін қажет болатын. Партиялық, социалистік топтастықтың мүдделері өзге тәртіпті талап етті. Меньшевиктер мен эсерлердің социализмі – интернационалды. Бұл топтастық жұмысшы табының немесе еңбекші халықтың мүдделерін көздейді: социализм мемлекет мүдделерін емес, таптық мүдделерді көздейтін. Социализм

үшін мемлекет мүдделері – қосақ арасындағы шаруа. Олар халықаралық паролетариат мүдделерінің жеңісіне жәрдемдесетіндігімен ғана маңызды... Қысқасы, бұл екі топтастықтың: мемлекеттік және партиялық-социалистік топтастықтардың кумуляциясы антагонистік болды. Олар біріктірген партия мүшелері екі арада шөре-шөре болды. Нәтижесінде біз не көрдік, біріншіден, екі партияның да бүкіл саясатының дәйексіздігі мен «екі тізеге бірдей ақсауын», екіншіден, кумуляцияланған антагонистік топтастықтардың біртіндеп диссоцияциялануын және соған сәйкес екі партияның да бөлшектерге ыдырауын көрдік. [...] Мұндай фактыларды халықтар мен мемлекеттер тарихынан қалағаныңызша көптеп келтіруге болады. Оларға әсіресе орта ғасырлар бай, онда мемлекеттік және діни топтастықтардың антагонистік кумуляциялары жиі көрінеді; олар қазір де жетіп артылады, мұнда мемлекеттік, кәсіптік, кіріс дәрежесі бойынша, құқық көлемі бойынша және нәсілдік топтастықтардың әртекті антагонистік кумуляциялары толып жатыр. Міне сондықтан бір ғана индивидтерді біріктіретін бірқатар бастапқы топтардың кумуляциясы өздігінен кумуляцияланған бастапқы топтастықтардан құралған күрделі топтың беріктігі мен мызғымастығын алдын ала әлі тіпті де анықтай алмайды. Күрделі топтың беріктігі көз алдымызда тұруы үшін соңғыларының ынтымақтас кумуляциясы қажет. Кумуляцияланған бастапқы топтар неғұрлым ынтымақты қимылдаса, олар кумуляцияланған индивидтерге неғұрлым ынтымақты императивтер берсе, ондай күрделі топ соғұрлым берік те етене болады, ажырауға соғұрлым табанды қарсы тұрады. Бұл жағдайда күрделі әлеуметтік дененің беріктігі қамтамасыз етіледі. Ол оңай ыдырамайтын өз тұтастығын табанды қорғайды; ондай денені уақытша бөлшектеп жіберуге болады, жойып жіберуге болады, бірақ бөліп тасталған бөлшектер үнемі бірігуге ұмтылатын болады, барлық тосқауылдарға, барлық кедергілерге қарамастан мұндай топтың бірлігі қайта тіріледі. Бірқатар бастапқы топтастықтардың ынтымақты кумуляциясынан құралған күрделі әлеуметтік дене болып табылатын топтар мен халықтар бақытты: олардың

тәртібі табанды, беріктігі орасан, олардың өз тұтастығын сақтауға барлық мүмкіндіктері бар. Антагонистік топтастықтардан құралған күрделі топ болып табылатын халықтарды өзге тағдыр күтіп тұр. Сол топтастықтардың күресімен мүжілетін олар мәңгілік «екі тізесіне бірдей ақсайтын» болады және қорытындысында не өздері ыдырап бітеді, не болар-болмас сыртқы итерме салдарынан сол ақтық нәтижеге жетеді. Қарапайым және күрделі әлеуметтік денелерді дамыта талдаудан туындайтын кезекті қорытынды осындай.

«Қалыпты» және «қалыптан тыс» кумулятивтік топтар

Кумуляцияланатын бастапқы топтастықтардың саны мен сипаты жағынан барынша сан алуан ұштасуын, және соған, сәйкес, кумулятивтік топтардың әр түрлілігін, олардың антагонистік және ынтымақты бірлікшіл сипатын көрсете кліп, осы соңғысына байланысты, мен енді оқырманның назарын мынадай өте маңызды жағдайға аударуға тиіспін. Химияда біз элементтердің күрделі денелерда барынша әртүрлі ұштасуын кездестіреміз. Бірақ сонымен қатар сол химия бізге әрбір элементтің басқа элементтермен жиі кездесетін, типтік қосылуын, мысалы, оттегінің басқа элементтермен қосылыстары тобын, сутегінің, азоттың және т.б. қосылыстарының тобын береді. Әрбір химиялық элементтің белгілі бір басқа элементтерге «ерекше химиялық туыстығы» болады, ол солармен қосылу реакциясына оңай түседі, және сондықтан жиі кездесетін белгілі бір күрделі денелер түзеді. Осыған ұқсас жағдайды біз әлеуметтанудан байқаймыз. Бастапқы топтастықтар барынша әрқилы түрде кумуляциялана алатын болғанымен, олардың барлығы бірдей бір-бірімен оңай қосылыса қоймайды. Бұл арада да өзінің «ерекше туыстығы» болады. А топтастығы В топтасығымен оңай кумуляцияланады, сондықтан да АВ кумулятивтік тобы жиірек кездеседі. Бірақ нақ сол А топтастығының Д топтастығымен кумуляциялануы өте қиын, сондықтан біз АД кумулятивтік тобын сирек кездестіреміз. Біріншілердің кумуляциясы, былайша айтқанда табиғи; А және В топтастықтары бірін бірі

тартып тұрады, олардың «әлеуметтанушылық туыстығы» бар. Соның пәрменімен олар орнықты және оңайшылықпен ыдырамайды. Екіншілердің – А мен Д-ның – кумуляциясы – табиғи емес, жасанды; олар бірін-бірі тебеді; сондықтан олар сирек түзіліс береді және ондай түзілістер оңай диссоциацияланады. Бірінші тектегі кумуляцияны қалыпты, ал екінші тектегі кумуляцияны қалыптан тыс дейік. Тиісті кумулятивтік топтастықтарды қалыпты және қалыптан тыс деп атайық. Мәселен, байлар топтастығы артықшылықты топтастығымен оңай кумуляцияланады. Бай адамдар әдетте көлемі мен әлеуметтік дәрежесі жағынан артықшылықты болады(не de jure не de facto). Қазір жағдай солай, айтарлықтай шамада ол барлық замандарда да солай болған. Бұл кумуляция қалыпты. Екі топтастық та өзара «таңдау туыстығына» ие. «Кедей + несібесіздер» кумулятивтік тобы да сондай қалыпты болып табылады. Құқық көлемі бойынша «бай» және «несібесіз» топтастықтардың кумуляциясы басқаша. Бұл топтастықтар өзара бір-бірін тартып тұрмайды. «Байлар» тобының «несібесіздер» тобына жататыны сирек. Егер ондай фактылар болған күннің өзінде, олар ерекше немесе уақытша құбылыс, ол көп ұзамай байлардың артықшылықты топқа, кедейлердің несібесіздер тобына өтуімен алмастырылады. Мұндай жағдай мысалы Францияда 18 ғасырдың аяғына қарай «үшінші сословиенің» басынан өткен. 1789 жылғы Ұлы француз революциясының мәнісі шынын айтқанда «қозғалыс реакциясында» бай «үшінші сословиенің» «несібесіздер» тобынан «артықшылықты» топқа өтуі болатын. Қысқасы, «байлар» мен «несібесіздердің» кумуляциясы, демек, «байлар + несібесіздер» тобы қалыптан тыс. Осынау екі топтастықтың өзара тартылу күші жоқ, олар ілуде бір кумуляцияланады, сондықтан «несібесіздер + байлар» сияқты мұндай топтар тарихта сирек құбылыс. Мұны «кедейлер» және «артықшылықтылар» кумуляциясына да қолдануға болады. Ол да қалыптан тыс және сирек тарихи құбылысқа жатады. Осы мысалдардан қалыпты және қалыптан тыс кумуляция ұғымы, тиісінше, қалыпты және қалыптан тыс кумулятивтік топтардың ұғымы түсінікті бола түседі.

Қалыпты кумулятивтік топтарды жүйелі түрде зерттеудің халықты құрылымы бойынша талдау үшін, сондай-ақ әлеуметтанудың бірқатар аса маңызды проблемаларын, соның ішінде, «қоғамдарды топтастырып жіктеу» проблемасын шешудегі маңызы ересен. Ол нағыз «әлеуметтік химияның» тіршілік етуіне жағдай туғызады. Өкінішке қарай, аалйда, әлеуметтанушылар осы міндетті шешпек тұрмақ, олар тіпті оны қойған да жоқ. Істің мұндай жағдайының сөзсіз болуға тиіс нәтижесі құрылымдық мәселелерге қатысты бірқатар проблемаларды талдаудағы дилетантизм; әлеуметтанудың көптеген маңызды мәселелерін шешудегі қателіктер және таптаурын сөздерге айналған «тап», “касталар”, «рулар», «ұлттар», «сословиелер», «тайпалар» сияқты, және қазір көретініміздей, басқа кумулятивтік топтар жөніндегі түсініктермен қанағаттану болып табылады. Аталмыш жұмыстың жалпылама сипаты автордың дәл осы арада ең басты қалыпты кумуляциялардың теориясы мен жүйелі сипаттамасын беруіне (химияда сутегінің, азоттың, оттегінің, негізгі қосылыстарын және басқа химиялық қосылыстардың сипаттамасын беретін химик сияқты) кедергі жасайды. Мұндай міндет, өзінің толық сонылығы салдарынан толық томды қажет етеді, ал ол «әлеуметтанудың жалпы курсының» архитектоникасын мүлдем бұзар еді. Сондықтан бұл арада істің мәнісін баяндайтын, ол-ол ма, түгел ашып беретін емес, айғақтайтын екі-үш мысалмен қанағаттануға тура келеді. Бірақ сол мысалдар қалыпты кумулятивтік топтарды талдаудың алғашқы әрекетінің өзінде зерттеушінің алдынан қаншама жаңа мәселелер көлденеңдейтінін және олар әрқилы тарихи дәуірлердегі «қоғамның» құрылысына және тарих процесінің өзіне қандай өзіндік ерекше сәуле түсіретінін көрсетеді. Түсінікті болу үшін химиялық қосылыстармен аналогияны жалғастырамыз. Бір химиялық элементтердің бірқатар қосыластары болатыны «химиялық туыстығы бай» болатыны және көптеген басқа элементтермен жеңіл қосылатыны (мысалы, оттегі, сутегі, азот және басқалар), ал басқалардың, мысалы, алтынның, тек аз ғана (салыстырмалы) элементтермен қосылатыны

секілді, бұл арада да, бір бастапқы топтастықтар бірқатар басқа бастапқы топтастықтармен оңай кумуляцияланады, ал басқалары – тек ілуде біреулерімен ғана қосылады. Бірінші топтастықтардың мысалы құқық көлемі бойынша топтастық бола алады. Бұл – көптеген басқалармен оңай кумуляцияланатын төтенше белсенді топтастық. Осы заманғы адами ортада, одан да әрман тарихта біз осынау топтастықың басқалармен барынша сан алуан қосылуын көреміз. Соның артықшылықтысын алайық. Бұл шарт тарихта белгілі бір мемлекеттік топтастықпен де кумуляцияланған. Бірқатар мемлекеттердің, әсіресе жеңімпаз мемлекеттердің бодандары көбінесе артықшылықты болып шығатын да, ал жеңілген мемлекеттің бодандары біріншілерімен салыстырғанда көбінесе несібесіздер болып шыға келетін. Кей-кейде, әсіресе ежелгі заманда, осынау несібесіздік абсолютті болған: жеңілген мемлекеттің мүшелері жеңімпаздардың толық билігіне көшетін (omnіa іn vіctorіa lege bellі lіcuerunt), құлақ кесті құлдарға, құқықсыз судраларға (санскритше – жерсіз батрақтар, қолөнершілер) айналған. Тарихта мұндай фактылар толып жатыр. Олар мынаны білдіреді: мұндай құбылыстарда біз, бір жағынан, белгілі бір мемлекетке жататындығымен және соған байланысты артықшылықтылар тобына жататындығымен біріккен адамдар тобы, және, екінші жағынан, белгілі бір мемлекетке (әдетте жеңілген) жататындығымен байланысқан және соған орай несібесіздер ұжымына жататындығымен байланысқан адамдар тобы пошымында берілген мемлекеттік және көлемді-құқықтық топтастықтар кумуляциясымен істес боламыз. Мысалы, ежелгі Римде: 1) cіves Romanі, Римнің толық құқықты азаматтары, 2) cіves sіne suffragіo, Рим бағындарған cіvіtates азаматтар, 3) cіvіtates foederatae-peregrіnі бодандарына жататын азаматтар және 4) peregrіnі dedіtіcіі топтары сондай болды. Біріншілері – Рим азаматтары – барынша артықшылықты, соңғылары – мейлінше несібесіздер болды.304 Осыдан белгілі

304 ӘРБІР ТОП ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫН ПОКРОВСКИЙДЕН ҚАРАҢЫЗ: ИСТОРИЯ РИМСКОГО ПРАВА. 1913, 72 ЖӘНЕ ӘРІ ҚАРАЙ.

бір мемлекетке жатындық артықшылықтықты болды немесе несібесіздікті қалай ерте келетіні, мемлекеттік + көлемді-құқықтық топтастықтардың кумуляциясының қорытындысында кумулятивті мемлекеттік + көлемдіқұқықтық (мемлекеттік + артықшылықты және мемлекеттік + несібесіздер) топтар қалай құрылатыны көрінеді. Орыс тарихының елең-алаңында варягтар – келімсектер және түземдіктер – орыс даласын мекендеген адамдар сондай топтар құрады. Біріншілері, әуелде басқа мемлекеттің абоненттері болғандар артықшылықты, билеп-төстеушілер тобын, екіншілері – жалпы алғанда, несібесіздер тобын құрды.305 Нақ сондай мемлекеттік + көлемді-құқықтық топтың мысалы Ұлыбританияның бодандары мен Марокконың бодандары, күні кешелері орыс бодандары мен Бұқараның, Хиуаның бодандары, Англияның бодандары мен Персияның бодандары және т.б. бола алады. [...] Көлемді-құқықтық топтастықтың байлық дәрежесі бойынша топтастықпен кумуляциясы бірінудің одан арғы түрі болып табылады. Бай адамдар тобы әдетте артықшылықты топ та, кедейлер тобы әдетте несібесіздер тобы да болып табылады. Деемк, біз кумулятивтік «бай + артықшылықты топқа» және кумулятивтік «кедей + несібесіздер» тобына” ие боламыз. Мұндай кумулятивтік ұжымдар тарихта бықып жатыр. Олар адамзат тарихының ең алғашқы сатыларынан болған, қазірге дейін де бар. Салыстырмалы қарабайыр қоғамдардың өзінде-ақ байлық бір немес басқа түрде ең бай адамдарды артықшылықты етудің шарты болған. «Танклиттерде дворяндық туа бітті емес, мүліктік ахуалдан туындайды… Такулилерде бүкіл мекенге той жасап бере алған кез-келген адам ақсақал бола алатын… Чинктерде мекен бастықтары негізінен олардың байлығы үшін сайланатын болған… Қазақтарда байлар кеңестерде ең беделді ақсақалдардан белгілі басымдыққа ие болады… Коряктарда байлар кедейлерге өзіндік бір билік жүргізген. Овахерероларда малы жоқ адамға құрмет те жоқ» және т.б.306

305 ҚАРАҢЫЗ: КЛЮЧЕВСКИЙ. ИСТОРИЯ СОСЛОВИЙ В РОССИЙ. 1918, 41 ЖӘНЕ ӘРІ ҚАРАЙ. 306 КОВАЛЕВСКИЙ. СОЦИОЛОГИЯ, Т. ІІ, 188 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ.

Дәл осыны біз кейін де көреміз. Ежелгі Русьте «князь қайраткерлер», “боярлар”, «ең жақсы, қасиетті адамдар» ең артықшылықты және ең бай адамдар болған. “Ең жақсы адамдардың құдіреті де билікті жағдайы да ең алдымен олардың мол да тәуелсіз меншігінің болуынан туындайтын; олардың барлығы бай, жер иеленушілер мен құл иеленушілер”307 Дәл осыны біз Римнен де көре аламыз. Онда ең артықшылықты адамдар нобилдер мен салт аттылар, яғни жері мол және ақшалы аристократияның ең ірі өкілдері болды.308 Барлық жерде де солай болған. Қазір де солай. «Ештеңе істемей-ақ әлеуметтік беделді сақтау қиын болғанымен, ештеңең жоқ болса, оны сақтау өте қиын. Бұл әлеуметтік бедел көбіне байлықты айналшықтап жүреді дегеннен өзге не болма? Байлыққа ие болу, өз кезегінде артықшылықтың әдеттегі нәтижесі емес пе? Егер біреу-міреу өз капиталына еңбегімен қол жеткізсе, адамдардың орасан көпшілігі оны мұра ретінде алмай ма және оған туа бітті құқықпен ие болмай ма? Өзі бесігіненнің жанынан ақша толы әмиян табатын бала мен тек бос доба табатын баланың арасында қандай шыңырау жатыр деңіз! Бұлардың біріншісі артықшылықтылар табына, екіншілері – несібесіздер табына жатады деген шын сөз» дейтін Вормс пен Бугле дұрыс айтады.309 Сондықтан әрқашан және барлық жерде дерлік неғұрлым артықшылықты адамдар байлар болғаны, байлар – артықшылықты адамдар болғаны таңғаларлық нәрсе емес. Бұл қалыпты кумуляция. Егер осы ереже шегінен ауытқу бәрібір болып жатса, онда тек ауытқу ретінде өте қысқа мерзімге болғаны. Ол-ол ма, егер билеп-төстеп келген неғұрлым артықшылықты топ әлде бір себептердің пәрменімен кедейлене бастаса (мысалы, 18 ғ. Францияның феодалдық дворяндығы немесе 19 ғ. және 20 ғ. басындағы орыс дворяндығы), және оның қасында, соншалықты артықшылықты болмаса да, неғұрлым бай топ пайда болса, бұл қалыптан тыс екі топ (артықшылықты + кедей, несібесіздер +

307 ДЬЯКОВ. ОЧЕРКИ ОБЩ. И ГОС. СТРОЯ ДРЕВНЕЙ РУСИ. 1910, 82-83.
308 ПОКРОВСКИЙ. ИСТОРИЯ РИМСК. ПРАВА. 1913, 84-85, 191.

309 БУГЛЕ. LA DEMOCRATІE, 92.

байлар) пайда болды деген сөз310. Бұл дегеніңіз, қоғамда әлеуметтік «орын алмастыру реакциясы» болуға тиіс деген сөз, оның нәтижесінде қалыптан тыс топтардың екеуі де ыдырап, қалыпты кумуляция құруға тиіс, яғни неғұрлым байлар артықшылықтыларға, неғұрлым кедейлер – несібесіздерге айналуға тиіс. Бұл реакция Франциядағыдай қатал революция пошымында (онда бұрын «ештеңе» болмаған бай «үшінші сословие» нәтижесінде “бәрі” болып шықты) жүре ме, немесе әскери талқандау, жеңілген байларды жеңген кедейлердің тонауы (мысалы, Англияда солай болды, жеңіліп қалған Гаральдтың ағылшынсаксон ақсақалдарының жерлері Жаулап алушы Вильгельмнің серіктері – нормандарға үлестіріліп берілді де, солар әрі артықшылықты, әрі бай болып шыға келді311) пошымында жүре ме, немесе уақытындағыдай талан-таражға ескі боярлардың ту-талақайын шығарып, олардың жерлерін опричинаға үлестіріп берген Қаһарлы Иван дәуіріндегі Ресейдегідей жүре ме, немесе бейбіт пошымда жүре ме, бәрібір, сондай «орын алмастыру реакциясы» әйтеуір болады. Алтын артықшылықты өзіне тарта ма, немесе артықшылық, ең болмағанда, әскери семсер пошымында алтынды өзіне тарта ма – бәрібір; тек біреуі ғана, байлық пен артықшылықтың және кедейшілік пен несібесіздіктің ұштасуы табиғи, керісінше болғанда – табиғатқа жат. Егер соңғылары құрылған күнде де – олар ыдырауға тиіс. Осындай қалыптан тыс топтары бар халық орын алмастыру реакциясын сөзсіз күтуге тиіс. Бұған дейін де солай болған; қазір де солай. Бай топ, егер ол бай болып қала берсе, сайып келгенде артықшылықты болып шығады; артықшылықты топ, егер ол артықшылықты болып қала бергісі келсе, бай болуға тиіс. Басқаша болса, оны декаданс күтіп тұр, ол билікті қазір қару, көтеріліс жолымен басып алды ма немесе оны бұрыннан пайдаланып келе ме, мұның бәрібір. Егер кедейлердің көтерілісі билікке жеткізген тап өз жағдайын нығайта алса, онда бұл әрқашан оның бай тапқа айналуының арқасында болады (мысалы, жерді, капиталды, және т.б. тонау және байлықты өзінің жақтаушылары мен мүшелері арасында бөлу

310 БІРТЕ-БІРТЕ ЖЕРДЕН, СОНЫМЕН БІРГЕ БАЙЛЫҚТАН ДА АЙРЫЛА БАСТАҒАНДАР. МЫНА МАҚАЛАЛАРДАҒЫ ЦИФРЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ: ZOLOTAREFF. PROPRІÉTÉ FONCІÉRE DANS 50 GOUVERNEMENTS DÉ LA RUSSІE. BULLET., STATE., V ХУІІ, 176-208. 311 ҚАРАҢЫЗ: КОВАЛЕВСКИЙ. ИСТОРИЯ АРИСТОКРАТИИ. СПБ., 1914, 19.

жолымен). Мұнда артықшылықтық, қару мен зорлық сиқырымен болса да, байлықты өзіне тартады. Басқа бір жағдайларда артықшылық пен билікті байлық өзіне тартады, яғни байлардың өздері қандай да бір жолдармен кедейленген артықшылықты-билеуші тапты құлатады да, соның орнына келеді. Бұл реакцияның мәнісі осындай. Тарих мұндай орын алмастыру реакциясына бай. Олардың ақтық нәтижесі әрқашан бірдей: қалыптан тыс топтардың ыдырап, қалыпты топтардың құрылуы; тарихтағы тепе-теңдік әрқашан дәл, ал жолдарда, құралдарда, құрбандықтарда оның шаруасы жоқ. Көлемді-құқықтық топтастықтар нәсілдік топтастықтармен жиі кумуляцияланған және кумуляцияланады: бір нәсілдер артықшылықты, басқа біреулері – несібесіз болған. Әрбір нәсілдің шегінде бір нәсілді артықшылықты, бөтен нәсілді несібесіз болады. Әр түрлі нәсілдік топтар қақтығысқа түскенде және кеңістікттегі көршілік жағдайында біреулері артықшылықты, енді берулері несібесіз болып шығады. Солай болған, қазір де солай. Нәсілдік топтастықты сипаттағанда біз сондай фактылардың талайын көрдік. Америкадағы негрлер тобы ақ нәсілділерден нәсілі бойынша өзгешеленетін бастапқы топ қана емес, сонымен бірге ол ақ нәсілдермен салыстырған неғұрлым төмен несібесіздер тобына жатады, яғни ол кумулятивті, нәсілдік + көлемді-құқықтық (несібесіздер) тобы; ақ нәсілділер тобы да нәсілдік + артықшылықты кумулятивті топ болып табылады. Көлемді-құқықтық топтастық тілдік топтастықпен кумуляцияланған. Мысалы, Ресейдегі көптеген жпт тектілер, украиндарға дейін (черемистер, вотяктар, татарлар және басқа тілдік топтар) революцияға дейін тілдік + несібесіздер тобын, ал ұлы орыстар – тілдік + артықшылықты топты, «үстем ұлысты» құрады. Әртүрлі халықтардың тарихы осындай топтарға бай. Олар қазір де бар. Көлемдік-құқықтық топтастық діни топтастықты кумуляцияланған. Мысалы, Ресейдің “православиешілдері” және жылдарғы революцияларға дейін «діни + артықшылықты» топ болды, жікшілдер,

сектанттар және мәжусилер «діни + несібесіздер» тобын құрғады. Ондай топтар қазір де бар. Көлемдік-құқықтық топтастық отбасылық топтастықпен де кумуляцияланған. Бұндай кумулятивті топтың мысалы тумысынан «құлдар» тобы бола аладыды, ол ата-анасы құл мен күң болып, солардан туғандықтан құл болғандар., құқықтан несібе тимегендер тобы312 Римдегі313 ordo equester, Мәскеу мемлекетінде «тумысынан әскери қызметші адамдар» (жергілікшілдік жойылғанға дейін)314, «тумысынан дворяндар», императорлар мен корольдер әулеттері – осынау барлық соңғы топтар кумулятивті отбасы + артықшылықты топтар болып табылады, онда отбасыдан шығу фактысы сөзсіз артықшылықты жпағдай беретін. Артықшылықтар бойынша ұрпақтық-мұрагерлік немесе құқықсыздығы бойынша, барлық отбасылық топтар отбасы + көлемдікқұқықтық кумулятивтік топтар болып табылады. Мұндай топтар бір немесе басқа пошымда қазір де бар. Көлемдік-құқықтық топтастық кәсіптік топтастықпен де кумуляцияланған және кумуляцияланады. Тарихтан кәсіптік + көлемдік-құқықтық кумулятивті топтардың көптеген түрлерін табамыз. Бір кәсіптер артықшылықтық, енді біреулері – несібесіздік ала келетін. Мәселен касталық қоғамдағы брамин кәсібі оған сөзсіз «жер бетіндегі ең жоғары орынды және дүниеде бар нәрсенің бәрін брахман меншігіне берген». Шудра кәсібі «үш кастаға ләм-мим демей қызмет етуді” міндеттеген.315 Бірқатар бастапқы топтарда сардар кәсібі оны артықшылықты еткен. Қарулы әскери тап, біздің тарихымыздың алаң-елеңінде де, көптеген мемлекеттердің тарихының алаң-елеңінде де өзінің кәсібінің пәрменімен сөзсіз билеуші және барынша артықшылықты тап болып отырған316. “Чин” (шен)

312 РИМДЕГІ ҚҰЛДЫҚ ТУРАЛЫ ҚАРАҢЫЗ: ПОКРОВСКИЙ. ИСТОРИЯ РИМ. ПРАВА, 288 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. РУСЬТЕГІ «ХОЛОПТАР» ТУРАЛЫ: КЛЮЧЕВСКИЙ. ИСТ. СОСЛ., 48-82. ДЬЯКОНОВ. ОЧЕРКИ, 111 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. 313 ПОКРОВСКИЙ. СОНДА, 85. 314 ҚАРАҢЫЗ: КЛЮЧЕВСКИЙ. OP. СІT., 98; ДЬЯКАНОВ, 260 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. 315 ЗАКОНЫ МАНУ. СПБ., 1913, ГЛ. І, СТИХИ: 87-91. 316 КЛЮЧЕВСКИЙ. ИСТ. СОСЛОВИЙ. ЛЕКЦИЯ V.

деген сөз (...) қандай да бір қызметті, кәсіпті білдірген. “Бұл мағынада “чин” деп белгілі бір кәсіп иелері тобы аталатын”317 Сайып келгенде, белгілі бір кәсіппен айналысу енді «шенді», құқықтар көлемі мағынасында, «құрметті титул немесе атақт» мағынасында беретін болды, адамның әлеуметтік дәрежесін, оның артықшылықтарын немесе несібесіздігін белгілейтін болды. Мәскеу Русьінің шенді топтарының градациясы: дума шендері, әскери шендер, бірінші топ шегіндегі градация: боярлар, окольницийлар, дума дворяндары, әскери шендер шегіндегі градация: стольниктер, стряпчийлар және т.б.318 – осынау градация және тиісінше артықшылықтар мен құрметтіліктер көлеміне қарай иерархия тәртібімен орналасқан мансаптық топтар кумулятивтік кәсіптік + көлемдік-құқықтық топтардың мысалы болып табылады. Пётрдың лауазымдар туралы табелі және сонымен құрылған топтар кәсіптік + көлемдікқұқықтық топтардың одан кейінгі мысалдары болып табылады. «Он төрт тап (сол табель бойынша құрылған) қазіргідей белгілі бір мансаптармен ұштастырылмаған жай ғана шендер немесе қызметтік ерекшеліктер болған жоқ, әрбір топқа бір мансап немесе тең дәрежелі мансаптардың тұтас тобы жатқызылды». Белгілі бір мансапқа ие болу, осы табельге және 1721 жылғы 16қаңтардағы жарлыққа сәйкес, бірден артықшылықтардың белгілі бір көлемі мен белгілі бір ранг беретін.319 Басқа мемлекеттердің тарихы да осыған ұқсас құбылыстарды береді. Барлық мансаптық құқықтар мен артықшылықтар және соған сәйкес мансап иелері топтары жоғарыда көрсетілген құрамның кумулятивтік топтары болып табылады. Бірақ мұндай топтар мемлекеттің құқықтық нормаларымен иерархия тәртібінде регламенттелген шендік-мансаптық топтардан тыс та жатқан пошымдарда орын алады. Кез-келген, тіпті ең озық қалған мемлекетті де мысал ретінде алуға болады, елдер халқының өзі төл көзқарасына сәйкес кәсіптерді

317 ДЬЯКОНОВ. ОЧЕРКИ, 286. (ДЬЯКОНОВ “ЧИН” ДЕГЕН СӨЗІ “ЧИНИТЬ”, “УЧИНИТЬ” ДЕГЕН ЕТІСТІКТЕРДЕН ШЫҒАРАДЫ ДА, СОРОКИН СОНЫ ҚАЙТАЛАЙДЫ. АЛ ҒЫЛЫМДА “ЧИН” ОРЫС ТІЛІНЕ ҚЫТАЙ ТІЛІНЕН КІРГЕН ДЕГЕН ПІКІР ДЕ БАР – БАСПА). 318 ҚАРАҢЫЗ: КЛЮЧЕВСКИЙ. СОНДА. X ЖӘНЕ XІ ЛЕКЦИЯЛАР; ДЬЯКОНОВ. ОЧЕРКИ, 287 ЖӘНЕ ӘРІ ҚАРАЙ. 319 КЛЮЧЕВСКИЙ. СОНДА. 221-222. ПЛАТОНОВ. ЛЕКЦИИ ПО РУССКОЙ ИСТОРИИ. 1917, 511.

құрметтелігі мен артықшылы дәреежсіне қарай иерархия тәртібімен орналастырады. «Азаматтардың белгілі топтарына көрсетілетін құрмет, олардың ерекше әлеуметтік ықпалына кепілдік береді және күнделікті өмірде төл мағынасындағы артықшылықтар пошымында көрінбеген күнде де, бері салғанда, даусыз жеңілдіктерден көрінеді. Мұндай құрмет неден туындайды? Бір жағынан, олардың кәсіптік мансабымен байланысты екендігінде дау жоқ. Жалпы алғанда адвокаттың кәсібі тіркеуші (greffіer) кәсібінен неғұрлым құрметті де ізгі, мал дәрігері кәсібінен доктор кәсібі жоғары деп саналады… осылайша, осы заманғы қоғамдарда индивидтің әлеуметтік жағдайын анықтайтындай жұмыстар иерархиясы орнатылады»320. Мұндай қызметтер иерархиясы, демек тиесілі кәсіптік + көлемдікқұқықтық топтар бір немесе басқа пошымда кез-келген халықта, тіпті Солтүстік Америка Құрама Штаттары сияқты демократиялық мемлекеттерде де бар. «Адамды сұлу ететін орын (кәсіп емес) емес, орынды әдемі ететін адам» дейтін көзқарас қаншалық таралған болғанымен, АҚШ-та да жұмысты ұят немесе төмен және құрметті деп бөду, соған сәйкес артықшылықты, құрметті, сыйды немесе менсінбеуді, кемсітуді және несібесіздікті бір немесе басқа кәсіппен байланысты кумуляциялау орын алады. «Американдық принципті түрде адал еңбек атаулы адам атаулыға лайық деп санайды. Бірақ практикада теориядағыдай бола бермейді; банкир коммивояжерге айналғысы келмейді; коммивояжер – трактирщикке; трактирщик – көше сыпырушыға айналғысы келмейді; айналғысы келмейтіні, жұмыстың жайлылығы шамалы екендігінде ғана емес, оның құрметтілігінің шамалылығынан… Шын мәніндегі жиіркеніш тек мәнісі тікелей жеке тәуелділікке негізделген жұмыстар жөнінде орын алады; мысалы, үй қызметшісінің жұмысы сондай… Бүкіл жеке қызмет көрсету ішіндегі ең қоры – етік тазалау».321

320 BOUGLÉ.LA DÉMOCRATІE, 91–92.

321 МЮНСТЕРБЕРГ. АМЕРИКАНЦЫ, Т. ІІ, 202-204.

Жоғарыда айтылғаннан кейін, кәсіптік + көлемдік-құқықтық топтардың мыңдаған пошымдарда болғанын және болып отырғанын түсіну оп-оңай.322 Көлемдік-құқықтық топтастықтар жыныстық топтастықпен де кумуляцияланатын. Еркектер әрқашан дерлік жыныстық + артықшылықты топ, әйелдер – жыныстық + несібесіз топ болып келді (Қарабайыр топтарда әйелдің құқықсыздығы manus marіtі, оларға patrіs famіlіaé’нің билігі және т.б.); тіпті қазірдің өзінде де әйелдер эмансипациясы процесі әлі тіпті де аяқталған жоқ.323 Көлемдік-құқықтық топтастық жас мөлшері топтастығымен де кумуляцияланды. Бастапқы қоғамдарда балалар мен кәмелетке жетпегендер топтары жас мөлшері + несібесіздер, қарттар тобы – жас мөлшері + артықшылықты кумулятивтік тобын құрады; басында балалардың жеке де, меншіктік те құқықтары болмаған, ежелгі Римде солай болды, ежелгі заманда бізде де солай болды, соны біз басқа халықтардың өткенінен де көреміз.324 Қазір де белгілі бір жас мөлшері бір жағынан саяси құқықтарға (мысалы, сайлауда актив және пассив дауыс беру құқығы үшін, белгілі бір мансаптарға ие болу үшін және т.б.), азаматтық құқықтарға ие болудың шарты болып табылады, басқа жағынан, бірқатар жеңілдіктер үшін, мысалы, қылмыс жасағанда (10 жасқа дейінгілердің ес тоқтатпағандығы, жартылай ес тоқтатқандығы және т.б.), шарт болып табылады. Қысқасы, жас мөлшері + көлемдік-құқықтық топ бірқатар пошымда осы кезге дейін бар. Көлемдік-құқықтық топтастық партиялық топтастықпен де кумуляцияланған және кумуляцияланады. Партиялық өмір дамыған елдерде билік жүргізушң партия санатына жатындық, әдетте оның мүшелеріне мансапқа ие болудан бастап, көптеген материалдық және рухани игіліктер жөніндегі жеңілдіктерді қоса бірқатар барынша сан алуан артқышылқтар береді.325 Мұндай партиялық + артықшылықты топтың мысалы қазір біздің коммунистік партия болып табылады, “партиялық + несібесіздер” мысалы қызметін:

322 ҚАРАҢЫЗ: FAHLBECK. LES CLASSES SOCІALES, 195-196; BULLET. DE J., ІNST… STATІST., Т. ХVІІІ, 1. 323 ҚАРАҢЫЗ: SPENCER AND GІLLEN. OP. CІT. 324 SPENCER AND GІLLEN. ЦИТАТА КЕЛТІРІЛГЕН ЖҰМЫС. SCHURZ . DІE AІTERKLASSEN UND MÄNNERBUNDE. СОРОКИН. ПРЕСТУПЛЕНИЕ И КАРА. 325 ҚАРАҢЫЗ: OSTROGORSKІ. LA DÉMOCRATІE TT LES PARTІS POLІTІQUES; МЮНСТЕРБЕРГ. АМЕРИКАНЦЫ, Т.І, ПАРТИЯЛЫР ТУРАЛЫ ТАРАУ.

монархистер, кадеттер, “социал-сатқындар” атқарады, олар сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығы құқығынан, өмір сүру құқығына дейін айырылған. Көлемдік-құқықтық топтастық басқа да бірқатар топтастықтармен: мысалы, білім бойынша топтастықпен (Италияда сайлауға қатысуға тек сауатты адамдар ғана құқықты, бізде бірқатар мансаптарға ие болу құқығын тек жоғары білім туралы диплом береді т.б.); аумақтық топтастықпен (мысалы, Ресейдің белгілі бір жерлерінің халқы жергілікті өзін-өзі басқару құқығынан, сайлауға қатысу құқығынан айрылған және т.б.); моральдық нышандары бойынша топтастықпен (барлық халықтарда барлық дәуірлерде барлық ахуал құқықтарынан айырылған қылмыскерлер

және т.б.) және басқа топтастықтармен кумуляцияланған және кумуляцияланады. Көлемдік-құқықтық топтастықтың басқа топтастықтармен аса маңызды (кумуляциялануы) осындай.326 Осынау тізімнен көлемдік-құқықтық топтастықтың бірігулері немесе кумуляциялануы көп екендігін, оның барынша әрқилы топтастықтармен оңай жұптасатынын және қорытындысында бай көлемдік-құқықтық топтастықтардың немесе кумуляциялардың мол тобын беретінін көре аламыз. Оның бірігу осы байлығы, егер тек жұптасқан кумуляцияларды ғана емес, үштік, төрттік және т.б. кумуляцияларды ескерсек, одан да бедерлі бола түседі. өзге бастапқы топтастықтар кумуляциялардың азырақ санын береді. Олар бастапқы топтастықтардың аз санымен оңай кумуляцияланады немесе «әлеуметтік туыстық» береді; басқалар жөнінде бейтарап болады және олармен қосылу тенденциясын аңғартпайды. Соған сәйкес олар беретін кумулятивтік топтардың саны неғұрлым шектеулі. Бұндай топтастық мысалы жыныстық және жас мөлшері топтастықтары бола алады. Бұлардың екеуі де көлемдік-құқықтық және кәсіптік топтастықтармен оңай қосылады. Мұнымен қатар олар кейде мүліктік және партиялық

326 АДАМДАРДЫҢ ТОЛЫҚ ТЕҢДІГІН ОРНАТУ ҮШІН ҚАНШАМА КЕДЕРГІЛЕРДЕН ӨТУ ҚАЖЕТ ЕКЕНДІГІ ОСЫДАН КӨРІНЕДІ. ОСЫДАН ОҚЫРМАНҒА ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ІС ЖҮЗІНДЕГІ ТЕҢДІКТІҢ ОРНАУЫ ЖӨНІНДЕГІ ПЕССИМИЗМ ТҮСІНІКТІ БОЛАДЫ.

топтастықтармен бірігеді. Бірақ олар құрайтын екі жақты кумулятивтік топтар осымен тәмамдалады. Көлемдік-құқықтық + жыныстық кумулятивтік топ пен жас мөлшері + көлемдік-құқықтық топ мысалдары жоғарыда көрсетілді. Мысалы, әйелдерден тұратын, еркектермен салыстырғанда құқықтары кем әйелдік + несібесіз құқықтық топ, және еркек адамдардан құрылатын еркектік + артықшылықты топ сондай. Жоғарыда көрсетілгеніндей, мұндай топтарды біз «жабайылар» халқы арасынан да, ежелгі Римнен, Грециядан да, орта ғасырлардан да, жаңа заманда әйелдер эмансипациясы әлі аяқталып бітпеген елдерден де ұшыратамыз. Жас мөлшері + көлемдік-құқықтық топтың мысалдары: бірқатар қарабайыр қоғамдардағы” сәбилер мен кәмелетке толмағандар топтары, ішінара Римдегі негізінен неғұрлым жастардан және кезінде құқығы болмағандардан (personae alіenі jurіs) құралған fіlіі және fіlіae famіlіas топтары. Тура сондай жағдай басқа да көптеген әлеуметтік агрегаттарда байқалатын және байқалады. Жастық кез, әдетте, құқықтың толық болмауына, ал егде жас керісінше, артықшылықты жағдайға жетелейтін, әсіресе, ежелгі және қарабайыр агрегаттарда («геронтократия») солай болған. Мұнда бұл құбылыс тек жасы үлкендер топтарының барынша артықшылықты болғандығымен ғана емес, олардың жоғарғы көсемдері болып көбінесе ақсақалдар мен тісқаққандардың сайланатындығынан көрінеді.327 Осындай кумулятивті топтармен қатар, біз, тарихта: жыныстық + кәсіптік, «әйелдік + кәсіптік» топтарды кездестіреміз, онда әйел жынысына жатындық әйелдер үшін бірқатар кәсіптердің бұйырмайтынын (мысалы, офицер, генерал және жалпы әскери адам кәсіптері, бірқатар елдерде – абыз, священник, пастор, министр, депутат, және жалпы жоғары үкіметтік кәсіптер, адвокаттар және т.б. Бұрын әйелдерге әлдеқайда көп кәсіптер бұйырмайтын), және олардың тек бірқатар өзіндік ерекше әйелдер кәсібіне байналысатын (ас үймен, жаялықпен, үй шаруашылығымен байланысты кәсіптер) туындатты және әлі де

327 МАТЕРИАЛДЫ ШУРЦТЫҢ, СПЕНСЕР МЕН ГИЛЛЕНННІҢ, КОВАЛЕВСКИЙДІҢ КӨРСЕТІЛГЕН ЕҢБЕКТЕРІНЕН, ХАРУЗИННІҢ «ЭТНОГРАФИЯСЫНАН» ЖӘНЕ «БАСТАПҚЫ ҚАУЫМДЫҚ МӘДЕНИЕТ» ТУРАЛЫ БАСҚА ЖҰМЫСТАРДАН ҚАРАҢЫЗ.

туындатады; сондай-ақ еркектерден тұратын, кәсіптері әйелдер жынысына емес, тек еркектерге бұйыратын еркектік + кәсіптік топтарды (мысалы, армия, ең жоғары шенеуніктер топтары, абыздар алқасы және т.б.) көреміз.328 Жас мөлшері бойынша топтастық кәсіптік топтастықпен қосылыс берген және береді. Осындай жас мөлшері + кәсіптің кумулятивті топтардың мысалы: физикалық және әлеуметтік шарттар бойынша бірқатар кәсіптер бұйырмайтын (мысалы, сот, абыз, профессор кәсіптері, белгілі бір жасқа дейін жасөспірімдердің жұмыс істеуіне тиым салынатын бірқатар елдерде фабрика жұмысшымы – және т.б.) балалар тобы; тиісті жасқа жетпегендерге бұйырмайтын белгілі бір кәсіптерді атқаратын жасы толғандар мен қарттар тобы (Қазіргі кезде: депутат, қазы, абыз, адвокат кәсіптері және белгілі бір жасқа жетпеген, не физикалық ахуалы бойынша, не әлеуметтік-заңгерлік шарттар бойынша адамдарға бұйырмайтын) бола алады. Осынау кумуляциялардан басқа жыныстық топтастық кейде партиялық топтастықпен кумуляция (белгілі бір саяси бағдарламасы бар әйелдер лигасы), жас мөлшері бойынша топтастық мүліктік топтастықпен (мысалы бірқатар қарабайыр топтарда немесе ежелгі Римде балалардың өздігінен ешқандай мүліктік құқықтары болған жоқ: «олардың барлық алғаны eo іpso болып, олардың paterfamіlіas’ының меншігіне айналған») кумуляция бере алады329. Жыныстық және жас мөлшері бойынша топтастықтар берген және беретін аса маңызды бірігулер осындай. Басқа бастапқы топтарға олар бейтарап қарайды және олармен қандай да бір елеулі қосылыстар бермейді. Мысалы, арнайы кумулятивтік «діни + әйелдік» немесе «мемлекеттік + еркектік» топ туралы айтылмайтыны секілді, «кәрілік + тілдік немесе «балалар + нәсілдік» кумуляциялар туралы да айтуға болмайды. Айтуға болмайтыны, тарих бізге тек әйелдер немесе тек еркектер мүше болған дінді немесе абоненттері еркектер

328 ФАКТЫЛАР. ҚАРАҢЫЗ: J. THOMAS. ЦИТАТА АЛЫНҒАН ЕҢБЕГІ.; БЮХЕР. ВОЗНИКНОВЕНИЕ НАР. ХОЗЯЙСТВА. СПБ., 1907, Т.І, 28 ЖӘНЕ 50-ГЕ ДЕЙІН БЕТТЕР. Т.ІІ, 36 ЖӘНЕ ӘРІ ҚАРАЙ. 329 ПОКРОВСКИЙ. ИСТОРИЯ РИМ. ПРАВА, 303. BERTІLLІON. STATІSTІQUE DES SUCCESSІONS EN FRANÇE ET A L’ETRANGER. BULL. LІNST. ІNTER. STAT., V. ХУІІІ, ІІ, 369-70.

ғана болған мемлекеттерді, немесе балаларға беогісіз өзіндік бір қарттық тілі330 бар қарттар топтарын, немесе тек балалардан тұратын нәсілдерді және т.б. бермейді. Жыныстық және жас мөлшері бойынша топтастықтардың қалған топтастықтарға қатысы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұл жыныстық және жас мөлшері бойынша топтастықтар: мемлекеттік, нәсілдік, аумақтық, діни және жоғарыда нобайланған басқа топтастықтарға өзіндік бір туыстығы бермейді деген сөз. Біріншілер екіншілерге бейтарап қарайды және сондықтан ерекше нобайланған әрі тиісті ірі кумулятивтік топтарды бермейді. Енді өзге бастапқы топтастықтар беретін екі жақты негізгі «қалыпты» кумуляцияларды қысқаша түрде атап өтемін. Мемлекеттік топтастық: 1) көлемдік-құқықтық (жоғ. қара); 2) діни топтастықпен (мемлекеттік + діни кумулятивтік топтар) кумуляцияланды және кумуляцияланады; олардың мысалы ежелгі теократиялық мемлекеттер бола алады, онда белгілі бір мемлекеттің бодандары белгілі бір «мемлекеттік» дінге жатуға тиіс болатын және солай болды да. Басқа дінге сенетін бодандарға мемлекет күн көрсетпейтін. Ондайлар болған күнде де, қуғындалатын. Сондай топқа белгіленген діні бар және дін бостандығына жол бермеген полициялықабсолюттік мемлекеттердің халқы да құрады331 (еске түсірейік: cuіus regіo, eіus relіgіo және т.б.). Қазіргі кезде бұл кумуляция айтарлықтай шамада диссоциацияланды. Ол тек мешеу мемлекеттерде ғана кездеседі, оларда барлық бодандар үшін міндетті мемлекеттік дін бар. 3) Мемлекеттік топтастық аумақтық топтастықта кумуляцияланған және кумуляцияланады, соның нәтижесінде мемлекеттік + аумақтық кумуляциялық топтар пайда болады. Ондай топтар тарихта әдеттегі нәрсе: осы заманғы мемлекеттердің көпшілігінің халқы осындай мемлекеттік + аумақтық топтардың мысалдары болып табылады.

330 ӨТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЕСКЕРТУ РЕТІНДЕ ТЕК БІРЕР АҚСАҚАЛДАРҒА ТҮСІНІКТІ КЕЙБІР ҚАРАПАЙЫМ ТОПТАРДАҒЫ “ҚҰПИЯ ТІЛ” ЖАҒДАЙЛАРЫН КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ. ҚАРАҢЫЗ: LEVJ – BRULE. LES FONCTІONS MTNTALES DANS LES SOCІETES ІNTERІEURES. 1912, 199 И СЛ. . 331 РУФФИНИДІҢ МАТЕРИАЛЫН ҚАРАҢЫЗ. РЕЛИГИОЗНАЯ СВОБОДА. СПБ., 1914. Ч. ЛИ. ИСТОРИЯ ИНКВИЗАЦИИ, Т. І И ІІ; ШИРЯЕВ. РЕЛИГИОЗНЫЕ ПРЕСТУПЛЕНИЯ. 1909. ПОЗНЫШЕВ. РЕЛИГ. ПРЕСТУПЛЕНИЕ. 1906.

4) Мемлекеттік + нәсілдік топтастық нәсілдік топтастықпен де (көзқарстық нәсілдік нышандар бойынша), кумуляцияланды және кумуляцияланады, нәтижесінде мемлекеттік + нәсілдік кумулятивтік топтарды береді. Олардың мысалдары – халқы бір мемлекетке және бір нәсілге жататын көптеген әлеуметтік агрегаттар: Жапонияның, Швецияның, Норвегияның, Германияның және т.б. халқы. 5) Бір тілі бар, соның пәрменімен мәдениеті де ұқсас болатын бір мемлекеттің бодандарынан құралатын мемлекеттік + тілдік кумуляциялық топ та қалыпты болып табылады. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция және Германия (поляктардың бөлінуінен кейін) халқы. Мемлекеттік топтастық беретін аса маңызды екі жақты қалыпты қосылыстар осындай. Нәсілдік топтастық мынадай қалыпты екі жақты кумуляциялар берген: 1) нәсілдік + көлемдік - құқықтық (жоғ. қара), 2) нәсілдік + мемлекеттік (жоғарыда жаңа ғана көрсетілген), 3) нәсілдік + тілдік, нәсілдің белгілі бір кіші түріне жататын бір тілде сөйлейтін топ (мыс. , зулустар, ашантилер, бушмендер, фиджийліктер т.б.), 4) нәсілдік+аумақтық, тұтасымен белгілі бір аумақты алып жатқан бір нәсілді адамдар тобы (ондай таза пошымдағы топтар замандарында көп болған, ол кезде топтардың жиі аралас-құраластағы аз болды да, бір аумақта әрқилы нәсілдердің қатар тұруы орын алған жоқ; қазір соңғы құбылыс нәсілдік + аумақтық кумуляцияны айтарлықтай диссоциациялады, бірақ олар әлі де өмір сүріп келеді, өйткені жердің нәсілдік картасы әлі күнге дейін орасан зор аумақтарды тек қана бір нәсілді топ алып жатқанын және қазірге дейін әрбір нәсіл (ақ, қара, сары) өзінің белгілі бір шоғырлану аймағына ие болып отырғанын көрсетеді, онда басқа нәсіл индивидтері сол кеңістікті алып жатқан нәсіл арасында жұтылып кетеді)332. 5) нәсілдік + діни (өткенде болған, қазір бұл кумуляция диссоциацияланған – бірақ әлі бар; өзінің діні бар нәсілдік тұрпат мысал ретінде еврейлерді келтіруге болады), 6) ішінара нәсілдік

332 ҚАРАҢЫЗ: SERGІ. HOMІNІDAE. L’UOMO SECONDO LE ORІGІNІ, L’ANTІCHІTA LE VARІAZІONІ, LA DІSTRІBUZІONE GEOGRAFІCA. TORІNO, BOCCA, 1911.

+ партиялық, бұл аталмыш нәсілдің мүдделерін қорғайтын белгілі бір бағдарламасы бар бір нәсілдік саяси топқа ұйымдасқан, белгілі бір нәсіл адамдары (мысалы, негрлер) пошымында берілген топ, 7) нәсілдік + меншіктік (байлар және кедейлер), 8) нәсілдік + кәсіптік (Үндістанның көптеген касталық топтары, олардың әрқайсысының касталық кәсібі бар, бірақ сонымен бірге әртүрлі нәсілдік тұрпаттарға жатады,333 қазіргі кезде ондай топтардың көп бөлігі диссоциацияланды). Нәсілдік топтастық беретін екі жақты қалыпты кумуляциялар осындай. Тілдік топтастық мынадай ең басты екі жақты қалыпты кумуляциялар беретін: 1) тілдік + көлемдік-құқықтық, 2) тілдік + мемлекеттік, 3) тілдік + нәсілдік (жоғ. қара), 4) тілдік+аумақтық (бір аумақты алып жататын, бір тілде сөйлейтін, мәдениеті ұқсас болатын топтардың көбісі; оларға: черемистер, зыряндар, поляктар, украиндар, ұлы орыстар, эсттер, латыштар, литвандар және т.б. жатады), 5) тілдік + діни (бір тілді және бір дінді адамдардан тұратын, әлеуметтік агрегаттар; ондай топтардың көбі бұрын, әрқилы тілдік топтардың жеке діни сенімдері бар кезде болған; қазір бұл кумуляция айтарлықтай диссоциацияланды; ондай топтардың мысалы қзаір, вотяктар, самоедтер және басқа өздерінің тілі мен дінін сақтап қалған бұратана топтар бола алады); 6) тілдік + партиялық (мысалы, «поляк колосы» және бұрынғы Австриядағы, Германиядағы басқа «ұлттық» партиялар). Діни топтастық төмендегі топтастықтамен кумуляцияланатын: 1) көлемдік-құқықтық, 2) мемлекеттік, 3) нәсілдік, 4) тілдік (жоғ. қара), 5) партиялық (мысалы, «католиктік орталық» партиясы, «евангелистер партиясы», «христиандық социализм партиясы» және т.б.), 6) ішінара меншіктік (христиандық – ежелгі заманда кедейлер діні болған және алғашқы христиандар өзінің орасан зор бөлігінде діни + кедей топ болған; кейін христиан діні мемлекеттік дінге айналған соң, ол өзінің адепттеріне, әсіресе шіркеу иерархиясына қатар материалдық тиімділіктер берді де, оларды

333 ҮНДІСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӘРҚИЛЫ КАСТАЛАРЫ ӘРҚИЛЫ НӘСІЛДІК ТОПТАРДАН ШЫҚҚАН. КАСТАЛАРДЫҢ НӘСІЛДІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ АРАЛАС КАСТАЛЫҚ НЕКЕГЕ АБСОЛЮТТІ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНДЫҚТЫҢ АРҚАСЫНДА САҚТАЛЫП ОТЫР (АБСОЛЮТТІ ЭНДОГАМИЯ).

мәжусилер мен қудаланатын діндер адептерімен салыстырғанда бай етті), 7) ішінара кәсіптік (бір жағынан, священниктер, абыздар және т.б. діни + кәсіптік топтары екінші жағынан – кәсіптік топтар мысалы, Англияда парламент мүшесі болу үшін белгілі бір дінді қабылдау қажет болды, үшінші жағынан, жұмысшылардың діни-кәсіптік, мысалы, Германиядағы католиктер), 8) оқтыноқтын аумақтық (бір аумақта өмір сүретін және бір дінді ұстанатын аумақтық + діни топ). Қазіргі кезде ол едәуір диссоциацияланды. Мысал: Киев Русінің халқы334. Мүліктік топтастық төмендегі қалыпты екі жақты кумулятивтік топтар пошымында кездеседі:1) мүліктік + көлемдік-құқықтық (жоғ. қара), 2) оқтыноқтын мүліктік + нәсілдік, 3) ілуде бір мүліктік + діни (жоғ. қара), 4) аса жиі мүліктік + кәсіптік (жақсы жалақы алатын және орасан кірісі бар кәсіптік топтар, мысыла, банкир, кәсіпкер, ірі жер иеленуші, министр кәсіптері және т.б. және төмен жалақы алатын кәсіптік топтар, мыслы, қара жұмыс істейтіндер, пролетарий, ұсақ жер иеленуші, ұсақ жалгер кәсіптері және т.б.);335 5) меншіктік + партиялық (негізінен бай адамдардың мүддесін қорғайтын және негізінен сондайлардан тұратын саяси партиялар, аграрийлар мен капиталистер партиясы; бізде – «октябристер», «сауда-өнеркәсіптік» партия, кадет партиясы; және негізінен кедейлердің – пролетариат пен ұсақ шаруалардың – мүддесін қорғайтын саяси партиялар, мысылаы, жұмысшы және социалистік партиялар; Каутскийдің жоғарыда көрсетілген әрбір топқа өз партиясы сәйкес келеді, деген қағиданы үзілді-кесілді дұрыс емес, бірақ белгілі бір мүліктік қыртыстар мен белгілі бір партиялар арасында, мысалы, кедейлер мен социалистік партиялар арасында ерекше туыстық бар деген мағынада орынды, олар оңай кумуляцияланады және нәтижесінде белгілі бір кедей + социалистік, немесе бай + консервативтік кумулятивтік топты береді), 6) кейде мүліктік + жас мөлшері

334 «РУСЬТЕ КНЯЗЬДІК БИЛІК ӘЛІ ӨТЕ ӘЛСІЗ БОЛЫП, АЛ КИЕВТІК КНЯЗЬДАР КӨБЕЙІП, ОЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІ БӨЛШЕКТЕУГЕ ТЫРЫСҚАН КЕЗДЕ – ШІРКЕУ БІРТҰТАС БОЛДЫ, МИТРОПОЛИТТІҢ БИЛІГІ БҮКІЛ РУСЬ ЖЕРІНЕ БІРДЕЙ ЖҮРДІ. РУСЬТЕ НАҒЫЗ ТҰТАС БИЛІК ЕҢ АЛДЫМЕН ШІРКЕУДЕН ТАБЫЛДЫ». ПЛАТОНОВ. ЛЕКЦИИ ПО РУССКОЙ ИСТОРИИ, 84. 335 БУГЛЕ “ОСЫ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАРДА БУРЖУАЗИЯНЫҢ ПАТШАЛЫҒЫ САЙЫП КЕЛГЕНДЕ ОРАСАН КАПИТАЛМЕН АЛЬЯНСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН... ДЕГЕНДІ ОРЫНДЫ АЙТАДЫ BOUGLE. LA DEMONCRATІE, 92. FAHLBECK. LES CLASSES SOCІALES; БЮХЕР. ВОЗНИКН. НАР. ХОЗ., ІІ, 91 ЖӘНЕ ӘРІ ҚАРАЙ.

бойынша (жоғ. қара), 7) оқта-текте мүліктік + аумақтық (белгілі бір аумақтың тұрғындары – құнарлы немесе қазба металдары мен минералдарға бай – басқа жерде тұратындарға қарағанда жалпы алғанда неғұрлым бай). Аумақтық топтастық мынадай екі жақты кумуляцияларды беріп келген және береді: 1) аумақтық + көлемдік-құқықтық, 2) аумақтық + мемлекеттік, 3) аумақтық + тілдік, 4) аумақтық + кәсіптік (жоғарыда қаарңыз), 5) аумақтық + кәсіптік (аумақтың халық экономикалық өмірдің дамуына және еңбек бөлінісінің өсуіне қарай барған сайын: аумақтың табиғи қасиеттеріне сәйкес келетін кәсіптерге мамандана түседі: құнарлы жазықтардың тұрғындары негізінен егіншілерге айналады, ал көмірге, алтын және басқа минералдарға бай аудандардың тұрғындары жалпы алғанда қазба байлықтарды өндірумен және ұқсатумен шұғылданады; шөбі шүйгін далалардың тұрғындары мал өсірушілерге айналады және т.б.336), 6) аумақтық-діни (жоғ. қара), 7) кейде аумақтық-мүліктік (жоғ. қара), 8) аумақтық-партиялық (белгілі бір аймақтың мүдделерін қорғайтын адамдардан тұратын аумақтық партиялар, мысалы, Солтүстік Американың оңтүстік штаттарының мүдделерін немесе негрлерді азат ету жолындағы азамат соғысының алдында және соның тұсында Солтүстік Штаттардың мүдделерін қорғайтын партиялар). Кәсіптік топтастық, атап өткілген кумуляциялардан басқа (кәсіптік + көлемді-құқықтық, кәсіптік + меншіктік, кәсіптік + аумақтық, кәсіптік + жыныстық, кәсіптік + жастық, кәсіптік + нәсілдік жоғ. қара) мынадай қосылыстарда кездеседі: кәсіптік + партиялық топтар (мыс., жұмысшылар + социалистік партиялар немесе Англиядағы Labour Party), кәсіптік + діни (мыс., Германиядағы жұмысшылардың кәсіптік католиктер одақтары). Партиялық топтастық жоғарыда көргеніміздей: 1) кәсіптік, 2) көлемдікқұқықтық, 3) мүліктік, 4) оқта-текте діни, 5) кейде – аумақтық, 6) нәсілдік, 7) тілдік, 8) кейде – жыныстық (жоғ. қара) топтастықтарымен кумуляцияланған және кумуляцияланады. Отбасылық топтастық, Ле-Плэ мектебінің

336 ҚАРАҢЫЗ: DEMOLEN. COMMENT LA ROUTE CREE LE TYPE SOCІAL, Т. І ЖӘНЕ ІІ; SІMPLE. ІNFLUENCES OF GEOGRAPHІC ENVІROMENT. 1911 Ж.

топтастырып жіктелуіндегі отбасының негізгі тұрпаттары пошымында алсақ, мына топтастықтармен кумуляцияланады: 1) мемлекеттік (Англияның, Америка Құрама Штаттарының, Норвегияның, Швецияның халқы индивидуалистік формацияның отбасылық тұрпатымен, Францияның және басқа еуропалық елдердің халқы жалған-индивидуалистік тұрпатына жатады т.б.), 2) егер отбасы институтын басқа көзқарас, мысалы, көп әйел алу тұрғысынан, онда отбасы топтастығы діни топтастықпен кумуляцияланады (мысалы, моногамды отбасылық топтастық христиандықпен, полигамды – мұсылмандықпен) оңай бірігеді. 3) Егер отбасы топтастығын неке ережелері мысалы, экзогамияға тыйым салатын ереже тұрғысынан алсақ, онда отбасының эндогамиялық тобы, Үндістандағы сияқты, нәсілдік топтастықпен оңай қосылып, нәтижесінде тек қандастық туыстық байланысымен ғана емес, нәсілдік нышандардың бірлігімен және тазалығымен біріккен топты береді. Әрі қарай едәуір жиі кездесетін кумуляцияларды атап өтемін. 4) отбасының ұйымдасуы ұқсас және бір тілдік топқа жататын отбасылар жиынтығында құралған отбасы+тілдік, 5) отбасылық + аумақтық (белгілі бір ауданды тұтас алып жатқан және ұйымдасуы бірдей отбасылар жиынтығы; мысалы, Юта Штатындағы мормондар одан басқа олар ортақ дінмен біріккен). Басқа топтастықтар жөнінде белгілі бір тұрпаттағы отбасылық формация мағынасында отбасылық топтастық, бейтарап, өйткені байлар немесе кедейлер топтастығының, кәсіптік және басқа топтастықтар құрамына әртүрлі тұрпаттағы отбасылық формациялар кіреді. Мысалы, отбасының индивидуалистік формациясы мынадай бір кәсіппен, ал патриархалды тұрпат – басқа біреуімен кумуляцияланады, деуге болмайды; егер ондай «туыстық» болса да, ол жанама және әлсіз көрінеді. Аса маңызды бастақы топтастықтардың негізгі қалыпты (бірдей дәрежеде болмаса да) екі жақты кумуляциялары осындай. Бұл қысқаша тізімнен, бір жағынан әрқилы екі жақты топтардың «химиялық құрамының» ғаламат сан алуандығы, екінші жағынан – халық құрылымының төтенше күрделілігі көрінеді. Халықтың аз ғана аз топтар, қыртыстар және таптар санына бөлінуінің

дәстүрлі қарапайым картинасының орнына, біз «химиялық» құрамы жағынан әрқилы бірніше оңдаған екі жақты күрделі әлеуметтік топтарды алдық. Біз әрбір бастапқы топтастық бірнеше химиялық екі жақты қосылыстар беретіндігін, ал барлығы бірге – бір-бірінен айтарлықтай өзгешеленетін, сондықтан, әдетте істеліп жүргеніндей, оларды орнынан жылжытуға немесе бір-бірінен бірдей етіп көрсетуге жол бермейтін екі жақты кумулятивтік топтардың едәуір үлкен санын беретінін көрдік. Мысалы, кәсіптік + көлемдікқұқықтық топты кәсіптік + мүліктік топпен, әсіресе кәсіптік + діни топты

діни + тілдік топпен араластыруға болмайды (химияда СО-ны СО2-мен немесе Н2 О-ны СО-мен араластыруға болмайтыны секілді). Олар бір-бірінен, СО СО2-ден немесе Н2О СО-дан өзгешеленетіні сияқты өзгешеленеді.337 Ал мұндай араластырып жіберу – жиынтықтаушы әлеуметтанушылардың жұмыстарында ғана емес, белгілі бір елдің белгілі бір кезеңдегі халқының құрамы мен құрылымын талдайтын тарихшылардың жұмыстарында да ортақ құбылыс. Нәтижесінде бұлыңғыр, көмескі сипаттамалар алынады, халықтың әлеуметтік бөліну жүлгелері анық берілмейді, сөйтіп халықтың әлеуметтік түзілімінің бүкіл буалдыр, көмескі болып шығады. Сөз жоқ, дәстүрлі амал қарапайым, ол нобайланған әдіс бойынша қиын «химиялық талдауды» талап етпейді, бірақ, сорымызға қарай, қарапайымдылық атаулы құтқара бермейді. Халықтың құрылымдық күрделілігі екі жақты кумуляциялармен шаруа бітпейтінін ескерсек, одан да ұлғая түседі. Солармен қатар үштік, төрттік және т.б. қалыпты кумуляциялар бар, демек тиісінше үш жақты, төрт жақты және одан да күрделі құрамы бар қалыпты кумулятивтік топтар орын алады. Нәтижесінде – халық, әсіресе осы заманғы үлкен қалалардың халқы төтенше күрделі әлеуметтік денеге; ал оны дәл талдау – өте қиын міндетке айналады. Бірақ ғылыми мәлімет алудың басқа жолы жоқ: оңай жолдар қалаулы мақсатқа жетелеген емес және жеткізе де алмайды.

337 ОСЫДАН-АҚ ОНЫ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ЗЕРТТЕУ ҚАЖЕТТІГІ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ӘЛЕУМЕТТІК АГРЕГАТТАРДЫ (“ҚОҒАМДАРДЫ”) ТОПТАСТЫРЫП ЖІКТЕУ КЕЗІНДЕГІ ОНЫҢ КҮРДЕЛІЛІГІ КӨРІНЕДІ...

Қазір мен қысқаша болса да үштік, төрттік және т.б. аса маңызды құрамдас кумуляцияларды тізіп шығуға тиіс болар еді. Бірақ мен бұл міндетті бұл арада шешепеймін: 1) бұл құрғақ тізім көп уақыт және орын алар еді, ал өзінің қысқалығы пәрменімен, берері аз болар еді; 2) күрделі талдау «Әлеуметтанудың жалпы жүйесі» курсының шеңберінен шығып кетер еді, оның орны – арнайы монографияда; 3) нобайланған нәрселерден талдау әдісі түсінікті, оқырман оны өзі қолдана алады. Уақытты және орынды үнемдеу мүддесі үшін барлық, үштік, төрттік және т.б. кумуляциялардың құрғақ тізімін келтіру орнына мен таптың типтілігіне байланысты қазіргі кезде маңызды рөл атқаратын екі-үш жақты күрделі екі-үш кумулятивті топқа неғұрлым егжейтегжейлі талдау жасаймын. Бұндай амал мен жүріп келе жатқан жолдың жақсы жақтарын да, сол топтардың құрамын да, халықты құрылымдық талдау мәселесіндегі әлеуметтанудың және әлеуметтік ғылымдардың «алхимиялық ахуалын» да көрсетеді.

Әрқилы дәуірлер мен елдер үшін ьұрпатты және тұрпатсыз
кумуляциялар

Қалыпты кумуляцияларды санамалап шыққанда, мен әртүрлі дәуірлер мен халықтардан мысалдар алдым. Негізгі бастапқы және қалыпты кумулятивтік топтарды талдау кез-келген зерттелетін уақыт пен орындағы халықтың құрамын танып-білу үшін қажет. Сол құбылыстарды зерттемей, зерттелетін «қоғамның» «химиялық құрамы» мен әлеуметтік құрылымын дәл танып-білуге мүмкіндігінен айрыламыз. Бірақ бұндай талдау әлі жеткіліксіз. Зерттелетін халықтың құрылымын неғұрлым дәл танып-білу үшін зерттеуші тағы бір сұраққа, атап айтқанда: нақ аталмыш «қоғам» үшін қандай кумулятивтік тұрпатты да тән деген сұраққа жауап беруге тиіс. Гәп мынада: қалыпты кумулятивтік топтар әрқилы заман мен жер үшін әрқилы. Бір дәуірде біз бір, басқа дәуірде – басқа кумуляцияларды табамыз. Мселен, біз, қазіргі кезде, мысалы, жұмысшы-социалистік ұжым деген атауға

ие нақты, ашық, ынтымақты, кәсіптік + партиялық ұжымдық жиынтық секілді кумулятивтік топты табамыз. Ол екі топтастықтың: кәсіптік (фабриканың жалдамалы жұмысшылары) және партиялық, атап айтқанда социалистік партияның бірігуінің нәтижесі болып табылады. Зауыт, фабрикаларда жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылар кәсібіне жататын бірқатар адамдар сонымен бір мезгілде социалистік партияның ұжымдық бірлігіне де жатады. Қазіргі кезде ондай адамдардың саны ғаламат екендігі белгілі. Мұндай кәсіптік + партиялық топ қазір қоғамдық өмірде орасан зор рөл атқара бастады және «заман туы» болып отыр. 100–150 жыл бұрын, керісінше, ондай кумулятивтік топ не мүлдем болған жоқ, не түкке тұрмайтын көлемде боланы соншалық, ешқандай әлеуметтік рөл атқарған жоқ. Ол – 19 және 20-ғасырдың екінші жартысына тән құбылыс, ал орта ғасырларға және 19 ғасырға дейінгі жаңа заманға тән болған жоқ. Дәл сол, төменде, көретініміздей, жаңа заманның қоғамда өнеркәсіптік пролетариат деген атпен белгілі кумулятивтік тобына да қолданыла алады. Және керісінше, өткен замандарға, мысалы, орта ғасырларға, қазіргі кезде диссоциацияланып “заман туы” болудан қалған кумулятивтік топтар тән. Мәселен, орта ғасырлар жабық діни + мемлекеттік кумулятивтік топпен сипатталады. Бір мемлекеттің мүшелері әдетте билік мойындап рұқсат еткен белгілі бір дінге үмбет болуға тиесілі болған және әдетте солай болған, оған үмбеттілік міндетті болған. Бірлі-жарым біреулер болмаса, сол замандағы мемлекеттердің бодандары екі жақты: мемлекеттік + діни байланыспен маталған болатын. «Басқа дін үмбеттеріне», «еретиктерге» күн жоқ еді. Олар қуғындалып, жойылып отырды. «Дін дегеніміз мемлекет сенуге рұқсат беретін, ал соқыр сенім дегеніміз мемлекет сенуге тыйым салатын нәрсе», – істің жағдайын Гоббс солай сипаттаған. Ұждан бостандығы мен дін теңдігін жариялаған осы заманғы мемлекеттер үшін ондай кумулятивтік топ тұрпатты емес. Қазір бір ғана мемлекеттің тұрғындары әрқилы діндерге жата алады және іс жүзінде тіпті атеизм дініне де

жатады. Діни және мемлекеттік топтастықтардың кумуляциясы ыдырай бастады және едәуір дәрежеде диссоциацияланады … Касталық құрылыс дейтініміз касталардың болуымен сипатталады. Каста дегеніміз ынтымақтас, жабық, тұқым қуалайтын кумулятивтік топтан басқа ештеңе емес, ол топтастықтың мәні жоқ, отбасылық + туыстық + кәсіптік + көлемдік-құқықтық + мүліктік + ішінара нәсілдік және тілдік топтастықтардың кумуляциясынан құралады. Касталық режим дейтінге тұрпатты касталық топ құрамының «химиялық формуласы» осындай. Қысқаша айтқанымызды қуаттайық. Кастаның болуы үшін мемлекеттік топтастық және саяси ұйым ешқандай рөл атқармайды – мұны каста зерттеушілерінің бәрі дерлік бірауыздан айтады. «Үндістанда мемлекеттің ешқандай ұрығы жоқ… Жұртшылық өкіметі идеясының өзі Үндістан үшін мүлдем жат»338. Кастаның өз элементтерінің ішінде отбасылық-туыстық топтастық бар – бұл да даусыз нәрсе. Ketkar`дың (автор – үнді) анықтамасы бойынша, каста ең алдымен «оның шегінде туғандардан, тұратын, және солай туғандардың бәрін қамтитын», «каста мүшелеріне бұлжымайтын заңмен өзге каста мүшелеріне үйленуге немесе өз кастасының шегінен тыс адамдарға тұрмысқа шығуға тиым салынатын топ (to marry outsіde the group 339)». Отбасылық-туыстық топтастықпен қатар, каста діни топтастық болып табылады. «Каста – едәуір дәрежеде діннің шаруасы». Касталар ранг бойынша орналасады, өздерінің рангтық жерлеріне бекітіледі сол жерлерде тек тәңірге құрмет (de respect pіeux) немесе қасиетті үрей (d`horreur gacrée) сезімдерімен маталып ұсталады «Үнділерде jus және fas айырмашылығы жоқ. Барлығы дінге құмбыл»340. «Каста мүшелерінің ең басты байланыстарының бірі дейді Ketkar, олардың барлығын брамандардың мүриті ететін дін болып табылады».341

338 BOUGLE. NOT SUR LE DROІT ET LA CASTE EN ІNDE. L ANNEE SOCІOLOG. Т. Х, 156. 339 KETKAR. THE HYSTORY OF CASTE ІN ІNDІA. 1909, 15. 340 BOUGLE. OP. CІT., 148–150. ҚАРАҢЫЗ: ESSAІS. PASSІM. 341 KETKAR. ІBІD.

Отбасының өзі діни институт болып табылады. La famіglіa rіstretta vіene constіtuіta medіante іl matrіmonіo, atto che presenta un carattere essenzіalmente relіgіoso, дейді Mazzarella342. Ілгерілей түссек, каста – кәсіптік әрі жабық топтастық. Әрбір кастаның өз кәсібі бар. Индивид бұл арада кастаға маталған, оны ол өзгерте алмайды, ол мұра болып атадан балаға, баладан немерелерге және одан әрі ad іnfіnіtum беріледі. Бұл фактыны да барлық зерттеушілер бір ауыздан қуаттайды. Le caste sono aggregatі socіalі che hanno іl prіvіlegіo dі monopolіzzare eredіtarіamente l`esercіzіo determіnate occupazіonі, дейді Мазарелла. Мұның даусыз екендігі соншалық, тіпті касталарды гильдияға ұқсас бірдеңе ретінде қарастыратын және касталардың шығу тегін кәсіптер айырмашылығынан көргісі келетін жұмыстар да бар (Nesfeld, Senart теориялары).343 Ондай бір жақтылық, әрине, қате. Бірақ сонымен бірге кастаның белгілі бір кәсіпке маталатыны даусыз. Үндістанда қанша каста болса, кәсіп те сонша. Осыған орайластырсақ, касталардың «Ману заңдарынан» алынған дәстүрлі 4 мүшелік бөлінісі іс жүзінде қате. Үндістанда кәсіптер тиісінше касталар әлдеқайда көп. Ketkar олардың 3000-нан астамын көрсеткен. Мұны касталарды зерттеуші басқалар да, және үнді халқын статистикалық зерттеулер де қуаттайды.344 Одан әрі, отбасылы + діни + кәсіптік кумулятивтік топ ретінде каста сонымен бірге көлемдік-құқықтық топ болып табылады. Бұл арада кәсіп құқықтардың көлемімен және әлеуметтік рангпен етене байланысты. Әрбір кастаның өзінің рангы және өзінің құқықтар көлемі бар. Браминдер кастаның және священник кәсібінің өкілдері ретінде барынша мол құқықтар мен артықшылықтарға ие болатын, олар құқықта белгіленген және басқа кәсіптердің (касталардың) құқық көлемінен күрт өзгешеленеді. Олардан кейін кшатрийлар (жауынгерлер), жауынгерлерден кейін – вайсиялар, вайсиялардан

342 MAZZARELLA. ІBІD., 184. 343 ҚАРАҢЫЗ, МЫСАЛЫ, SENART. LES CASTES DANS І ІNDE. PARІS, 1986 344 KETKAR‘ ДЫҢ BOUGLE’НІҢ, STNART’ТЫҢ КӨРСЕТІЛГЕН ЕҢБЕКТЕРІН, ӘСІРЕСЕ, RІSLEY’ДІҢ THE TRІDES AND CASTES OF BENGAL (1896) АТТЫ ЕҢБЕГІН ЖӘНЕ ҮНДІСТАНДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ КӨП ТОМДЫ CENSUS OF ІNDІA ЖИНАҒЫНЫҢ І ЖӘНЕ VІ ТОМДАРДЫ ҚАРАҢЫЗ. 1901.

кейін – міндеті жоғары ксталарға қызмет ету болып табылатын құқықсыз судралар (қолөнершілер) келеді. Қысқасы, бұл арада кәсіптік және көлемдікқұқықтық топтастытар қосылған болатын, етене болатын345. «Le caste, – деп анықтама береді Mazzarella, – заңгерлік жағынан иерархиялық байланыспен маталған орнықты және автономды әлеуметтік агрегаттар (legatі fra loro da un vіncolo gerarchіco). Олар туралы Нарадтың, Брихаспатидың және басқа ежелгі Үндістан ережелерінің мәнісі мынаған саяды: 1) төрт негізгі каста бар, олардың мүшелері браминдар, кшатриялар, вайсиялар және судралар деп аталады, 2) осы ретте алдыңғы тұрған кастаның әрқайсысы өзінен кейінгіге қарағанда неғұрлым жоғары және артықшылықты, 3) әсіресе браминдер заңгерлік және әлеуметтік жағдайы бәрінен жоғары, 4) әрбір каста мүшелеріне тиесілі құқықтардың табиғаты мен көлемі және касталық иерархияда сол каста алатын онны арасында тар сәйкестік болады»346 Осы кумуляцияларға әдетте меншік347 дәрежесі бойынша топтастық оның үстіне – касталардың құрылуының бастапқы кезеңінде – нәсілдік және тілдік топтастық қосылатын. Егер әрбәр кастадан жеке нәсілді көруге тырысатын касталар теориясы жаңсақ десек те, соған қарамастан Ману заңдарының негізгі төрт кастасы нәсілдердің төрт түсіне сәйкес келеді, кастаның қан мен неке бойынша тұйықтылығының өзі, нәсілдік айырмашылық ықпалынсыз пайда бола қалған жоқ және өз кезегінде нәсілі мен биологиялық конституциясы бойынша ерекше тұрпаттарды жасауға жетеледі әрі жетелеп келеді деген пікірлерде ақиқат бар348. Нәтижеде, көріп отырғанымыздай, каста күрделі әлеуметтік монолит болып табылады, оның мүшелері бірқатар санамаланған байланыстармен маталған. Осынау топтастықтардың антагонизмі әлі байқалмаған кезде, әрбір каста мықтап матастырылған дене болып табылатын, олардың мүшелері өзара

345 ҚАРАПАЙЫМ МЫСАЛ ҮШІН МАНУ ЗАҢДАРЫНЫҢ 4 МҮШЕЛІК БӨЛІНІСІН КЕЛТІРЕМІН. МАНУ ЗАҢДАРЫ. ОРЫС ОРИЕНТАЛИСТЕРІНІҢ ҚОҒАМЫ. № 1, СПБ., 1913, 1-ТАРАУ. 87-91-ӨЛЕҢДЕР. 346 MAZZARELLA. OP. CІT., 200 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. 347 ҚАРАҢЫЗ: MAZZARELLA. СОНДА, 202-203. 348 МҰНЫ КАСТАЛАРДЫҢ НӘСІЛДІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ДА, МЫСАЛЫ, БУГЛЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ

тәртіпті туындатқаны, әрбір кста – басқа касталардың тәртібін туындатқаны соншалық, Bougle сияқты зерттеушілер әрбір каста біртұтас дене секілді деп бекре айтпайды.349 En realіté de Brahmanіsme n`est rіen moіns qu`un corps. Белгілі бір жер мен уақытқа тән кумулятивтік топ ретінде каста осындай. Өзінің құрамы бойынша ол сословиелерден де, гильдиялардан да, цехтардан жа және иезуиттер, друидтер және басқалар ұйымдары секілді ұйымдардан бөлек. Өзге замандар мен халықтар үшін – каста тұрпатсыз (тән емес). Оны, белгілі бір кумулятивтік топ ретінде біз басқа уақыттардан таппаймыз. Касталық режимнің құлауы осындай кумуляцияның диссоциациясынан, бір бүтінге біріккен топтастықтардың бірте-бірте ыдырауынан басқа түк те емес. Біздің уақыт үшін еуропалық елдерге касталық кумуляция тұрпатты (тән) емес. Және керісінше, нақ біздің заман үшін тұрпатты (тән) кәсіптік-партиялық кумулятивтік топтан (социалистік жұмысшылар партиялары) басқа, озық елдерде 19-ғасыр мен ішінара 20-ғасырға тән бірқатар басқа кумулятивті топтар байқалады. Солардың біреуі мемлекеттік + аумақтық + тілдік кумулятивті топ болып табылады, ол көбіне «ұлттық» топ деген атпен көрінеді. Бүкіл 19ғасыр «ұлттық қозғалыс» таңбасына толы. Бұл қозғалыс бірқатар жағдайларда аумақтық + тілдік және мемлекеттік топтастықтардың кумуляциялану фактыларынан басқа ештеңе де емес. Ондай фактылар мыналар: 60 және 70жылдарға дейін бірнеше мемлекетке бөлшектелген немістердің аумақтық + бір тілді бір мемлекетке – Герман империясына бірігуі, Италияның құрылуы, Түркиядан Балқан халықтарының бөлініп, Бұлғарияның, Сербия мен Черногорияның құрылуы процесі нақ сол кумуляциялардың қосылуы (оның кері жағы әр тілді топтардан құралған мемлекеттердің ыдырауы болды), сол процесс бүгіндері де жалғасуда: Австрияның ыдырауы және кумулятивтік аумақтық + мемлекеттік + тілдік топтар: Венгрияның, Чехо-Словакияның және Германиямен бірігуге тырысатын неміс Австриясының құрылуы; Ресейдің

349 BOUGLE. NOTE, 151.

ыдырауы және Польша, Финляндия, Эстония, Грузия және т.б. құрылуы. Қысқасы, 19 және 20-ғасырлар әр тілді топтардан тұратын мемлекеттердің ыдырауы мен аумақтық + мемлекеттік + тілдік топтар түріндегі (Блюнчлидің: бір ұлтты, бұл жерде бір тілді мемлекеттер туралы теориясы осыдан шығады) жаңа кумулятивтік денелердің пайда болу фактыларына толы. Мұндай кумулятивтік топпен қатар, 19 және 20-ғасырлардағы Еуропа халқы үшін соншалық тұрпатты (тән) басқа да бірқатар топтар бар. Солардың бірі «тап» деп аталатын топ. Төменде мен ұлт пен таптың «химиялық құрамын» талдауға тоқталамын, ал әзірше келтірілген мысалдар аталмыш уақыт пен жер үшін халықтың құрылымын сипаттайтын тұрпатты және тұрпатсыз кумулятивтік топтар деп нені түсіну үшін жеткілікті.

§ 3. Әлеуметтік ғылымдардың құрылымдық талдау мәселелеріндегі
алхимиялық ахуалы

Жоғарыда нобайланған бастапқы және кумулятивтік әлеуметтік топтар теориясынан өзінің құрамы жағынан әлеуметтік топтар ұжымдық бірліктер ретінде әбден сан алуан әрі көп деген қорытынды шығады. Оларды азғантай әлеуметтік бірігуге саюдың ешқандай мүмкіндігі жоқ. Түзілген қағидалардан шығатын екінші қорытынды – бір немесе басқа топты анықтау үшін мынадай сұрақтарға жауап қажет және жеткілікті: 1) зерттелетін топ қандай бастапқы топтастықтардың кумуляциясынан құралған (ол қандай: екі жақты, үш жақты және т.б. кумулятивтік топты көрсетеді ме және нақ қандайын); 2) ол ашық, жабық әлде аралық кумулятивтік топ болып табыла ма; 3) ол қалыпты немесе қалыпсыз кумулятивтік топ болып табыла ма; 4) ол ынтымақтас, антагонистік немесе бейтарап кумулятивтік топ болып табыла ма; 5) ол аталмыш мен қарастырып отырған дәуірге тұрпатты ма, тұрпатсыз ба (тән бе, тән емес пе)?

Осы сұрақтарға жауап беріп, біз аталмыш топ табиғатының, оның құрамын, сипатының, мазмұнының дәл де анық сипаттамасын аламыз. Басқаша айтқанда, осы сұрақтардың шешімі аталмыш ұжымның «химиялық құрамының» анық формуласын береді. Топтарды құрылымдық жағынан талдауда аталмыш схеманы жүйелі түрде қолдану, бір жағынан, әлеуметтік топтардың номенклатурасына әлдеқайда анықтық, сындарлылық, нақтылық енгізуге, екінші жағынан – әлеуметтік бірігулердің немесе әлеуметтік топтардың ғылыми топтастырып жіктелуін жасауға, үшінші жағынан – күрделі ұжымдардың атауы мен жүйеленуі саласында әлеуметтану мен қоғамдық ғылымдарда белең алған былық пен толық дәйексіздікті тыюға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан алғанда осы заманғы әлеуметтік ғылымдар шын мәнінде бейшара көрініс болып табылады. Тарихшылардың да, заңгерлердің де, әлеуметтанушылардың да, экономистердің де, этнографтардың да жұмыстарында көптеген топтық терминдер ұдайы өріп жүреді, олардың мағынасы мен мазмұны не белгісіз, не оны әркім өзінше түсінеді, не қалай болса, солай тәпсірлейді. Және мұндай құбылыс қандай да бір екінші дәрежелі топтар жөнінде емес, негізгі, түбегейлі топтар жөнінде байқалады. Қорытындысында зерттеушілердің бүкіл түзілімдері сөзсіз бұлыңғыр да көмескі; топтың құрылымы – белгісіз; топтардың өзара қатынасының механизмі мен қоғамдық процестер механизмі ашылмаған күйінде қалатын болып шығады. Басқа айыптаушы болмас үшін мен бұл айыптауды қазір бірнеше бұлтрапас мысалдармен, соның ішінде «ұлт» және «тап» арқылы қуаттап беруге тырысамын. Бұл талдау мыналарды бадырайтып көрсетеді: қоғамдық ғылымдардың құрылымдық талдау мәселелеріндегі алхимиялық ахуалын көрсетеді, – бір деңіз; ондай ахуалдан арылу қажеттігі, – екі деңіз; біз өрбіткен әдіс пен теорияның жемістілігі, – үш деңіз; сол топтардың химиялық құрамымен құрылысы, –төрт деңіз; нобайланған қағидалардың «мәнісін» дәлірек көрсету, оқырмандарға неғұрлым егжей-тегжейлі ашып беруді бес

деңіз. Осы параграфтың «әлеуметтану жүйесі» курсына енгізілуіне осы сарындар жеткілікті. Енді біздің айыптауымыздың пункттерін қуаттау мәселесіне келейік. Қоғамдық ғылымдар бойынша жазылған, «қоғам» термині туралы айтпағанның өзінде, «халық», «тайпа», «ру», «тотем», «сословие», «ұлт», «мәдениетті немесе өркениятты топ», «ұлты», «тап» және т.т. терминдер қолданылмайтын жұмысты табу қиын. Бұл терминдер әбден айқын, әбден нақты, мәні баршаға белгілі, тіпті сұрақ туғызбайтын бірдеңе ретінде әрқашан кездеседі. Ал бұл екі арада, – және бұл, тегінде, талайларды таң қалдырар – барлық осынау терминдер мен олар нобайлайтын топтар тұнып тұрған икс, немесе нақты дерексіз, тұманды бірдеңе екендігі соншалық, ғылымилық туралы сөз етудің өзі ыңғайсыз. «Халық» дегеніміз не? Ол қандай топ? Оның құрамы қандай? Оның сипатты белгілері қандай? Біздің терминологиямен сұрар болсақ: бұл бастапқы топ па әлде кумулятивтік топ па? Егер бастапқы болса, онда қандай? Егер кумулятивтік болса, онда ол қандай топтастықтардан құралған? Ол ашық па әлде жабық па, қаллыпты ма, жоқ па, ынтымақтас әлде антагонистік топ па? Талайларды салған жерден “аңырату” үшін бұл сұрақтарды қоюға болады. Зерттеушілердің көпшілігі (күнделікті терминология туралы айтпай-ақ) «халық» деген терминді өз-өзінен белгілі бірдеңе ретінде пайдаланып келді, пайдаланып та жүр. Мемлекеттанушылар мемлекеттің өзін көбінесе «халық» терминінің көмегімен анықтайды. Тарихшылар әртүрлі «халықтардың» тарихын жазады. Әлеумет арасында ұдайы, мысалы, «орыс халқы» туралы, «америка халқы» және т.б. туралы айта береді. Ал іс жүзінде біз зерттеушілердің көпшілігінен әлеуметтік топ ретіндегі «халықтың» құрамына қатысты қойылған сұрақтардың жауабын босқа іздер едік. ал дәлдік үшін ол жауаптар қажетті. Мысалы, «орыс халқы» дегенде нені түсінуіміз керек? Оны Ресейдің барлық бодандары (яғни, бастапқы мемлекеттік топ350), черемистер де,

350 МЕМЛЕКЕТТАНУШЫЛАРДЫҢ БІРЕУЛЕРІ БҰЛ ТЕРМИНДІ ОСЫЛАЙША ТҮСІНЕДІ. ЕЛЛИНЕКТЕН БІЗ «БҰҚАРА ТЕК ОНЫ БІРІКТІРЕТІН ҰЙЫМДАР АРҚЫЛЫ ҒАНА ХАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ» ДЕГЕНДІ ОҚИМЫЗ. БІРАҚ ҚАНДАЙ ҰЙЫМ АРҚЫЛЫ ЕКЕНІНЕ ЖАУАП ЖОҚ. КЕЙБІРЕУЛЕР «ХАЛЫҚТЫ» ТІПТІ ДЕ ТҮСІНДІРМЕЙ ЖОРТА БЕРЕДІ. [...]

татарлар да, украиндар да, самоедтер де деп түсінуіміз керек пе? Солай болса, онда черемистер де, қазақтар да, татарлар да жекелеген «халықтар» болмай шығады. Ал егер олар «халық» болмаса, онда олар қандай топ болғаны? Оларды қандай терминмен атауымыз керек? Ал егер «орыс халқы» дегенді Ресейдің барлық бодандары деп білмей, тек «орыстар», «ұлы орыстар» деп түсінсек, онда мынадай сұрақтар көлденеңдейді: ұлы орыстар «халық» ретінде қандай әлеуметтік топ болып табылады? Бастапқы ма, кумулятивтік пе және нақ қандайы? Қысқасы, «халық» аталатын әлеуметтік топтың құрамы қандай? Амал нешік? «Халық» терминін қолданатындардың көпшілігінен біз осы сұрақтарға жауапты бекер іздер едік. Ол-ол ма, бір ғана адамдар бұл терминді әрқилы және қарама-қарсы мәнде жиі қолданады: бірде бір мемлекеттің бодандары мәнінде (бастапқы мемлекеттік топ мәнінде), бізде тілдік топ мәнінде (черемис, татар, латыш, зырян, англосакс, негр, венгр және т.б. «халықтар»), бірде бір немесе басқа құрамдағы куммулятивті топ мәнінде, көбіне бір авторда әрқилы мәнде қолданылады.351 Қысқасы, тарихтың және әлеуметтік ғылымдарының іргелі термині «халық» – мазмұны не белгісіз, не әртүрлі авторлар әртүрлі немесе бір автордың өзі әртүрлі түсінетін бірдеңе болып шығады. «Халықпен» қатар, «тайпа» термині ұдайы қолданылады. «Тайпа» дегеніміз не? Ол қандай топ, бастапқы ма, кумулятивтік пе және нақ қандайы? Осы сұрақтарды қойыңыз да, тарихшылардан және басқа қоғамтанушылардан тайпа формуласын іздеп көріңіз – көпшіліген сіз ештеңе таппайсыз, таба қалсаңыз, ол мүлдем нақтыланбаған немесе нақтыланбағаны былай тұрсын, әрқилы-кереғар, әрі көбіне бір автордың өзінде сондай бірдеңе

351 БІР АВТОРДЫҢ БІР ТЕРМИНГЕ МҰНДАЙ МҮЛДЕМ ӘР ТҮРЛІ МАҒЫНАДА БЕРІП ТҮСІНДІРУІНЕ ОНДАҒАН МЫСАЛ КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ. БІР-ЕКІ МЫСАЛМЕН ШЕКТЕЛЕЙІН., С. Ф. ПЛАТОНОВ. ЕЖЕЛГІ КИЕВ РУСІНДЕ ХАЛЫҚ ДЕП БІР ЖАҒДАЙДА – БІР ҚҰРАМДЫ, ЕКІНШІ ЖАҒДАЙДА – 9 БЕТТЕН КЕЙІН – БАСҚА ҚҰРАМДАҒЫ КУМУЛЯТИВТІК ТОПТЫ ТҮСІНЕДІ. ОНЫҢ «ЛЕКЦИИ ПО РУССКОЙ ИСТОРИИ» КІТАБЫНЫҢ 92-БЕТІНЕН БІЗ КИЕВ РУСІНІҢ ХАЛҚЫ «БІР ӘУЛЕТ, ДІН, ТАЙПА, ТІЛ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ САНА-СЕЗІМІ БІРІКТІРГЕН АДАМДАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ» ДЕГЕНДІ ОҚИМЫЗ. «ХАЛЫҚТЫҢ» БІРІНШІ ФОРМУЛАСЫ ОСЫНДАЙ 100-БЕТТЕН МЫНАНЫ ОҚИМЫЗ: ҰЗАҚ УАҚЫТ БІРГЕ ТҰРУ, ТАЙПАНЫҢ, ТІЛДІҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ БІРЛІГІ ОРЫС СЛАВЯНДАРЫНАН БІР ХАЛЫҚТЫ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ».

болып шығады352 Мысалы, бізге «аумақтық-тайпалық қоғам» туралы айтады. Бірақ оны жоғарыда көрсетілген мағынада бастапқы аумақтық топ деп түсінуіміз керек пе, әлде кумулятивтік топ деп түсінуіміз керек пе және аумақтық + мемлекеттік, (аумақтық + тілдік, немесе одан да күрделі аумақтық + мемлекеттік + тілдік, не аумақтық + нәсілдік + тілдік + діни және т.б.), біз бұған жауапты босқа іздер едік. Ондай сұрақтар әдетте қойылмайды да, қойылған күнде де, жүрдім-бардым екі-үш штрих беріледі де, сонымен шаруа тәмамдалады.353 Осындай жағдайда «тайпа» ұғымы нені білдіретіні беймәлім бұлдыр даққа айналатынын оңай түсінуге болады. Сондықтан да «тайпа» және «тайпалық байланыс» және т.б. (С. Ф. Платонов курсынан алынған цитатадағыдай) және т.б. туралы барлық әңгімелер де нені білдіретіні беймәлім, нені сипаттайтыны белгісіз бұлыңғыр бірдеңе болып шығады... Ондай операциялар мен түзілімдердің ғылыми бола алмайтыны айдан анық. Тайпамен қатар suі generіs әлеуметтік топ ретінде әдетте «ру» деген сөз қолданылады. Ру туралы «рулық байланыс», «рулық қоғам», «рулық салт» туралы айтылады, көбіне «ру» «тайпаға», «тотемдік топқа» және т.б. қарсы қоылады. Егер «тайпа» мен «халық» салыстырмалы түрде анық емес бірдеңе секілді көрінсе, «ру» талайлар үшін – әбден айқын ұғым. Бірақ, амал нешік? Бір қарағанда ғана солай! «Румен» көбірек танысқанда, гәп өзгереді. Сынау орнына мен осы салада көп жұмыс істеген адам – М. М. Ковалевскийге сөзді берейін. Оның әлеуметтануынан алынған цитата менің сынымды қажетсіз етеді: Ол мынау «Тегінде, мынадай мәлімдеме оқырмандарымның талайын қайран қалдырармын: рудың шығу тегі және оның бастапқы сипаты туралы сұрақ әлі ашық тұрған мәселелер санатына, яғни әлі шешімін күтіп жатқан мәселелер санатына жатады. Бұл қалай! Дейді маған, ру дегеніміз бір атадан тараған адамдардың агломераты екендігі анықталмап па еді… Иә, таптаурын ұғым

352 МЫСАЛЫ, С. Ф. ПЛАТОНОВТЫҢ «ЛЕКЦИЯЛАРЫНДА» «ТАЙПА» ТЕРМИНІ БАРЛЫҚ ДЕРЛІК ТОПТАР ЖӨНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. «ТАЙПА» ДЕП САРМАТТАР, РОКСАЛАНДАР, АЛАНДАР, ВЕСТГОТТАР , ОСТГОТТАР, ҒҰНДАР, СЛАВЯНДАР АТАЛАДЫ, ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ТАЙПА РЕТІНДЕ ПОЛЯНДАР, ДРЕВЛЯНДАР, ДРЕГОВИЧТЕР ЖӘНЕ Т.Б. ЖҮР... 353 МЫСАЛЫ, «ТАЙПА» ДЕП АТАЛҒАН: «КРИВИЧТЕР», «ПОЛЯНДАР», «ДРЕВЛЯНДАР», «ВЕСЬТЕР», «МЕРИЛЕР», «ЧУДТАР» ӨЗ ҚҰРАМЫ БОЙЫНША НЕ ЕКЕНІН – БІР ҚҰДАЙ БІЛЕДІ. БҰНЫ БАРЛЫҚ «ТАЙПАЛАР» ЖӨНІНДЕ ДЕ АЙТУҒА БОЛАДЫ.

сондай. Оны құқық тарихы жөніндегі шығармалардың көпшілігін ұшырата аламыз. Бұл анықтама әрі қарайғы түсіндірулерсіз біздің ғылымымыздың бүкіл гипотезалық бөлімі заңтану энциклопедиялары атымен қорытылатын қалың да шытырма басшылықтарға енгізілген».354 Мәдениеттің немесе өркенияттың бір тұрпатына жататын топтар туралы жиі айтылады, соған сәйкес «әрқилы мәдениет пен өркенияты халықтар», «өркеният сипаты жағынан» ерекше топтастық бөліп көрсетіледі және т.б.355 мұндай топтар да осы терминдердің бұлыңғырлығының және әрқилы түсінілуінің пәрменімен мардымсыз анықталған, көмескі топтар болып табылатынын түсіну оңай. Тіпті авторлар өркеният сипаты бойынша топ ұғымын дәл анықтауға тырысатын жерде, олар бастапқы және кумулятивті топтарда ажырата алмайтындықтан, айқындықтан аулы алыс анықтама пайда болады. Ондай анықтамалардың (Ратцельдің «мәдениет аймақтары» деген бұлыңғыр ұғымы туралы айтпағанның өзінде) мысал қызметін Дюркгейм мен Мосс жақында ұсынған анықтама атақара алады. Белгілі бір аумағы бар т.б., жақсы нобайланған мемлекеттік топтар және т.б., дейді олар, әлеуметтік топтастықтың бірден-бір және ең жоғары пошымы болып табылмайды. Солардың қасында біріншісімен қосылып кетпейтін, оны кесіп өтетін және мемлекеттік шекара шегінен шығып кететін басқа топтастық болған және әлі бар. Ол өзінше, мемлекеттен жоғары және одан тыс өмір сүреді. Бір тілде сөйлейтін, бірдей мекемелері (мыс., матриархат, тотемизм және т.б.), бірдей діні, біртекті техникасы бар және т.б. әлеуметтік топтар сондай. Саяси жағынан мұндай топтардың әрқайсысы әртүрлі мемлекеттерге жата алады, бірақ өркеният жағынан ол біртұтас, бір топты құрайды. Өркеният жағынан мұндай топтастық «оқшау фактылар ретінде емес, күрделі де ынтымақты жүйе ретінде орын алады; белгілі бір саяси организм аясымен шектелмеген, ол сонымен бірге уақыт бойынша және кеңістікте шектелген болады. Өзіндік бірлігі, өзіндік тіршілік пошымы бар фактылар жүйесінің төл аты да болуы тиіс: оған бәрінен

354 КОВАЛЕВСКИЙ. СОЦИОЛОГИЯ, ІІ Т, 91 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. 355 ҚАРАҢЫЗ: ЛАВРОВТЫҢ МАТЕРИАЛЫ. ЦИВИЛИЗАЦИЯ И ДИКИЕ ПЛЕМЕНА. СПБ., 1904.

лайық атау – өркеният». Халықтың тиісті топтастағы “ұлттардың белгілі саны енетін «моральдық ортаның түрі; жеке түрі өркеният атаулы болып табылатын»356 өркенияттың сипаты бойынша топтастық болады, Дюркгейм мен Мосс, «өркенияттың» мүлдем түсініксіз ұғымдарымен салыстырғанда оның салыстырмалы түрде неғұрлым анық ұғымын және тиісті топ ұғымын береді. Бірақ олар бір ғана қадам жасайды да, әрі қарай жылжымайды. Олардың анықтамасынан біз, өркеният сипаты бойынша топты олар кумулятивтік топ ретінде (тілдік + діни және т.б.) конструкциялайтынын көреміз. Бірақ олар: «өркениятты топ» қандай бастапқы топтардан құралады деген сұраққа дәл жауап бермейді. Олардың тізбесі басталған, бірақ аяқталмаған. Жауап «көмескі». Талдау аяқталмаған. Топтастықтар кумуляциясы болып табылатын топтар: бір жағдайда, тілдік + діни, екінші жағдайда – отбасылық + идеологиялық + діни, үшінші жағдайда – тілдік + нәсілдік + кәсіптік және т.б. топтар тіпті де бірдей болмайтыны айдан анық. Авторлар формуласының бұлдырлығы осынау әртекті күрделі топтардың барлығын өркеният сипаты бойынша топтастықтар деп атауға, яғни әртүрлі құбылыстарды бір терминмен атауға мүмкіндік береді. Мұның ғылымда жорл беруге болмайтын және бірқатар қателіктерге жетелейтін ама екені айдан анық. Қорытындыда – бүкіл түзілімінің әрі кетеді де, ол сәтті деп мойындала алмайды. Осынау мысалдардан бізді қызықтыратын жағынан әлеуметтік ғылымдардың былық жайлаған ахуалы айқын көрінеді. Біз ең «таптаурын» терминдерде мазмұн жоқтығын көреміңз; ғылым беймәлім шамаларды белгілі шамалар ретінде ұсынып қолданылатынын көреміз; осыдан сол икстарға негізделіп тұрғызылған түзілімдер сөзсіз құмаға салынған ғимараттар болып шығуға тиіс екенін түсіну қиын емес. «Ұлт» пен «тап» талдағанда бұған көзіміз бұрынғыдан да жете түседі. Ал әзірше жоғарыда айтқанымыз екі қорытындыға келуге мәжбүрлейді: 1) әрқилы әлеуметтік топтарды нобайлайтын дәстүрлі терминдердің толық бейғылымилығына қарай, ғылымнан не барлық осы

356 DURKHEІM ET MAUSS. CІVІLІSATІON ET TYPES DE CІVІLІSATІON. L. ANNEE SOCІOLOG. XІІ Т. 46-50

терминдерді аластау, не олардың дәл мазмұны жөнінде келісіп алу керек? 2) Бірінші жағдайда олар біз қолданатын терминдердің кемел теориясының негізінде әбден алмастырыла алады (бастапқы, кумулятивтік топтар, олардың одан әрі қарай бөлінуі); екінші жағдайда, “халыққа”, “руға” және басқа дәстүрлі терминдерге нақтылық беру үшін бір немесе басқа пошымда біз жүрген жолмен сөзсіз жүру қажет болады; егжей-тегжейіне дейін болмаса да, принципінде біз бөліп көрсеткен топтарды (ең алдымен бастапқы және кумулятивтік топтарды), олардың түрлерін, кіші түрлерін және қасиеттерінм айыра білу, яғни шындап келгенде беймәлім икстармен жеңілжелпі операциялардан арылып, неғұрлым ғылыми жұмыспен айналысу қажет болады. Топтарға құрылымдық талдау жасауда ғылыми прогрестің басқа жолын біз көріп тұрған жоқпыз. Ал біз көрсеткен жол, қиын болғанымен, бірақ зор нәтижелер беруге қабілетті. Бұл екі тұжырым да ескі дәстүрлерден арылу қажеттігін және жаңа ғылыми жолға түсу қажеттігін көрсетеді, оның негізгі бағытын біз осы жұмысымызда өрбіттік. Айьтқанымызға көз жеткізе түсу үшін енді “ұлт” пен “тапты” талдауға көшеміз. Ол өз тұрғысында ғибратты болады.

§ 4. Ұлт дегеніміз не
(Ұлт деп аталатын нәрсені талдау)

Ұлт туралы, әсіресе соңғы жылдары, көрінген жерде дабыра көп. Бірақ бұл атау нені білдіретіндігін ілуде біреу ғана біледі. Ал білетін адамдар бір-бірімен келіспейді, ал егер келісе қалып, оның дәл анықтамасын беогісі келсе – өз міндетін қанағаттандыратын дәрежеде еш шеше алмай келеді. Олардың анықтамалары не көмескі, не жарамсыз. «Ұлт – біз ұстап алғымыз келгенде, әрқашан сусақ арасынан сусып кететін Протей сияқты », – К. Каутский іс жағдайын осылай сипаттайды.357

357 ҚАРАҢЫЗ: КАУТСКИЙ. НАЦИОНАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ. 1918, 17.

Айтқанымызды қауттау үшін, ұлттың ең басты теорияларына қысқаша шолу жасаймыз. Ұлт теоретиктерінің, бәлкім, дұрысын айтса да, ешкімге түсініксізін айтатын категориясынан бастайық. Олар ұлт деп нені түсінеді? Міне мынадай… «Ұлттық болмыс атаулы… өзінің соңғы шектерінде абсолюттің көптеген көріністерінің бірі ретінде ойланылуға тиіс». «Біз бұл соғысты біздің жауымыздың ұлттық рухына қарсы соғыс деп емес, қайта Германияның ұлттық санасын билеп алған және неміс ұлтының «метафизикалық негізін» өзгертіп жіберген жалмауыз рухқа қарсы соғыс деп түсінуіміз керек»… Мұндай «мылжыңды» мен түсінбеймін. Айтпақшы мен бір нәрсені осынау фразаға кезкелген мазмұнды кіргізіп жіьеруге болатынын түсінемін. Философтар солай жазады (Франк). Ал мынау П. Струведен басқа мысал. Ұлт дегеніміз «парасаттан биік және парасаттан тыс» «мистикалық тіршілік иесі». Немесе ұлтшылдық… белсенді терістеу (Әулие София). Ал «София» – ол «Құдай жаратудың негізіне алған мәңгі идеялар мен бастапқы бейнелер әлемі»; ол – «осы заманғы және соңғы пошымындағы мақұлық, мәңгілікте қандай болуға тиіс болса, сондай мақұлық, Құдай қалайтын түрдегі мақұлық» (Е. Трубецкой). Тағы бір мысал: ұлт – «өзінен ұлттық сипаттың ортақтастығын жасай алатын өзгеше материалдық субстанция» (Блунчли). Гегель, Аксаков және басқалар осы рухта жазады. «Ұлт – ұтымды анықталмайды. Мұнда ұлт идеясының шіркеу идеясымен ұқсастығы бар» (Бердяев). Енді мысал келтірмеймін. Келтірілген цитаталар ой мен сөзден мағына іздеуге дағдыланғандар үшін жеткілікті көп нәрсе аңғартады. Енді қызыл сөзден қамал тұрғызбайтын, сөздерін оңай түсінуге болатын жандарды тыңдайық. Бұл топтағы публицистер, ғалымдар және теоретиктер ұлттан немесе ұлттылықтан метафизикалық принципті, әлдебір құпия «парасаттан тыс және одан жоғары тіршілік иесін» емес, бір немесе өзге нышандары бар, яғни бір немесе басқа байланыспен біріккен адамдар тобын немесе одағын көреді. Олар қандай нышандар? Деген сұрақ туындайды.

Ұсынылған принциптерге көз жүгіртіп шығайық. а) Осындай нышандардың бірі, көптеген адамдардың пікірі бойынша «қан бірлігі» немесе, басқаша, нәсілдік бірлік. Бұл теорияның тамыры баяғы уақыттарда жатыр. Оған Ф. Бопп сияқты тілтанушылардан бастап, граф Гобиноның жақтастары: Аммон, Лапуж, Вольтман, Реймерге және тарихшы Трейчкеге және оның шәкірті генерал Бернгардиге дейін көптеген ғалымдар кінәлі. Келтірілген қан бірлігі мен нәсіл бірлігі нышаны ұлттың өлшемі ретінде үзілді-кесілді жарамсыз. Біз: “Иванов пен Петровтың – ұлты бір” десек, әрине, олардың қанының химиялық құрамын зерттегендіктен, екеуінің де бас сүйектерінің көрсеткіштерін, мұрнының имектігін, көзінің шарасын анықтағандығымыздан емес, оны әлдебір басқа, нәсілдік бірлік теориясына ешқандай қатысы жоқ негіздермен айтқанбыз. Бұл – бір. Екіншіден, ондай жағдай болған күнде де, онда бізде ұлттық топтастық емес, нәсілдік топтастық болар еді. Үшіншіден, мұның негізінде ағылшын немесе американ ұлттары туралы айтуға болмас еді, өйткені олар нәсіл жағынан бірттекті. Және керісінше, терісі қара, терісі ақ, сопақбас немесе домалақбас ұлттар туралы айту керек болар еді, бірақ теоретиктер бұлай етпейді. b) Көптеген зерттеушілер (соның ішінде Каутский де) ұлттың өзгеше нышанын тілдің бірлігінен көреді.358 Осы ағымның негізгі қағидасы – бір тілде сөйлейтін адамдар бір ұлтқа жатады. Ұлттықтың осынау теориясы ең әйгілісі және ең жиі қолданылатыны. Алайда бұдан ол әлі ақиқат бола алмайды. Егер жағдай шынында да солай болса, онда ұлт дегеніміз тілдік топтастықпен сәйкес келер еді; мұндай жағдайда оны нақ солай атаған дұрыс болар еді. Егер де, одан әрі тіл сондай шешуші нышан болса, онда бірнеше тілді бірдей жақсы және бала кезінен білетін адамдарды (ал олардың саны аз емес) ұлттық нышаннан айрылған деп тануға мәжбүр болар едік те, демек, венгрлер, неміс және венгр тілдерін білетін венгрлер өздерін венгр ұлтына жатамыз деп

358 ҚАРАҢЫЗ: КАУТСКИЙ. ОР. СІT. 25.

санай алмас еді. Бұл шарт барлық «көп тілді» адамдар мен халықтарға қатысты болар еді. Екіншіден, әдетте, әртүрлі ұлттарға359 жататын адамдар, мысалы, ағылшындар және американдар, сонда ағылшын ұлтын құрауға тиісті болар еді: өзінің тілі жоқ болғандықтан, американ ұлты болмас еді. Және керісінше: туриндік, сицилиялық, және миландық бір итальян ұлтына жата алмас еді, өйткені олардың сөйлеу ерекшеліктері бір-бірінен едәуір алшақ жатыр. Үшіншіден, егер тіпті осы нышанды қабылдасақ та, мұнымызбен толып жатқан кереғарлықтар мен күмәндардан арыла алмас едік. Бірінші күмән мынадай болар еді: тіл, тиісінше сол тілде сөйлейтін халық дербес ұлттық бірлік ретінде мойындалуы үшін тілдер немесе үстеулер қаншалықты өзгешеленетін болуы тиіс? Егер осынау өзгешелеу негізгі болуға тиіс болса, онда, мысалы, ұлт деп тек славяндықты мойындап, басқа ұлтқа великоростар, малоростар, поляктар, сербтер, болгарлар, русиндер сияқты топтарды сол ұлтқа қосуға тура келер еді. Осы халықтардың әрқайсысы жеке-жеке ұлт құра алмас еді, өйткені олардың тілдері азды-көпті жақын. Француздар, румындар, итальяндықтар туралы да туыс тілдерде сөйлейтін бірліктер ретінде соны айтуға болар еді. Және олар жеке-жеке ұлт деп атала алмай, бір «роман» ұлтын құрауға тиіс болар еді. Қорытындыда біз осы терминнің әдеттегі түсінілуінен үзілді-кесілді басқа картина алар едік. Егер де тілдердің осы айырмашылығы елеусіз болуға тиіс болса, онда біз жаңа өрескелдікке ұрынамыз. Онда неліктен осы айырмашылықты одан да азайтып, орыс, поляк және украин тілдерінің не говорларының орнына, жай ғана говордағы айырмашылықты жеткілікті деп санамасқа? Оған логикалық кедергі жоқ. Сонда орыс, поляк және украин ұлттарының орнына бір великоростар ұлысынан нижегородтық, ярославтық, мәскеулік, вологодалық және т.б. ұлттар құралар еді. «Тіл» термині абсолютті түрде анықталған, бірдеңе емес, және аттаған сайын «наречие», ал кейде “говор” терминімен алмастырылып береді. Көріп отырсыз, бұл арада тығырыөтан шығар жол жоқ.

359 ӘРІ ҚАРАЙ АВТОР “ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ” ТЕРМИНДЕРІН БІРДЕЙ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНАДЫ.

Ақыр соңында, барлық гәп тілде ғана болса, онда орыс ұлты, бельгия немесе ағылшын ұлты туралы сөз етуге бола қояр ма еді. Поляк, малорос, еврей, черемисс, қалмақ, вотяк, молдаван және т.б. бұл орайда «орыс патриотизмі», “орыс отаны” туралы айта алмас еді, олар өздерін жатқызатын бірлік ретінде өздерін ұлты жағынант «орыс» деп атай алмас еді, «Ресей» белгісін де тақпас еді. Дәл осының Англия мен Бельгияға да қатысы бар, олардың құрамына барынша әрқилы тілдерде сөйлейтін халықтар кіреді. Ал бұл екі арада үстіміздегі сәт сөздері мен мақалаларында атап айтқанда черемисс, вотяк немесе қалмақ патриотизмі мен ұлты туралы емес, нақ орыс, валлон, не фламан емес, бельгиялық патриотизм мен ұлты туралы айтылады және т.б. Осынау қысқа штрихтар, бір тіл негізіндегі ұлт не тілдік топпен қосылып кетеді, не, негізге алынған тілдік нышан қисынды жүргізілмесе, мүлдем көмескі бірдеңе болып шығады. с) Осы салада ұсынылған барлық басқа нышандар туралы да нақ соны айтуға болады. Ондай нышан дін де бола алмайды, өйткені өздерін бір ұлтқа жатқызатын адамдар, әрқилы діндерге табынады және керісінше, бір дінге жататын адамдар әрқилы ұлттардың өкілдері болып табылады. Экономикалық мүдделердің ортақтығы да біз іздеген нышан бола алмайды, өйткені орыс жұмысшысының экономикалық мүддесі орыс капиталисінің мүддесінен гөрі өте жиі (егер әрқашан болмаса да) неміс пролетарийының экономикалық мүддесіне жақынырақ болады. Билік жүргізуші әулеттің бірлігі немесе, көптеген басқалар көрсететініндей, – «тарихи тағдыр бірлігі». Ұлттың біз іздеген нышаны бола алмайды. “Тарихи тағдыр бірлігі”, тым өзгермелі де өткінші. Бүгін олар гректерді, сербтерді, болгарларды және черногориялықтарды түріктерге қарсы бір бүтінге біріктіреді, ертең нақ сол «тағдырлар» одақтастарды бөлшектеп, оларды жауларға айналдыра алады. Бүгін олар орыстарды одақтастарымен біріктірді, ертең – германдықтармен одақтастарға қарсы біріктіреді. Бәлкім аңсарлы өлшем моральдың, құқық пен құлықтың бірлігі болар? Амал нешік! Жоқ! Бұл тұрғыдағы орыс шаруасы мен орыс «шонжарының»

арасындағы айырмашылық орыс шонжары мен “неміс” аграрийі арасындағы айырмашылықтан әлдеқайда көбірек екендігі кімге мәлім емес. Сонда, бәлкім, аңсар икс дүниетаным бірлігінде, философия бірлігінде болар? Тағы да жоқ. Орыс социал-демократтары мен неміс социалистерінің немесе неміс философтарды мен орыс философтарының дүниетанымы көбіне ұқсас, ал ұлты бойынша олар өздерін әртүрлі орталықтарға жатқызады және күні кешелері дұшпан ұлттар қатарында болған. Басқа нышандарды әлі де іздей түсейік. Кейбіреулер ұлттың ерекше белгісі ретінде мәдениеттің бірлігін360 көрсетеді. Бірақ бұл «тұманды дақ» жаңа ғана тілге тиек болған элементтерден тұрмай ма? «Мәдениеттен» тілді, дінді, құқықты, инсаниятты, «экономиканы» және т.б. шығарып тастаңызшы, сонда «мәдениеттен» тұлдыр да қалмайды. d) Ұлт ұғымы мен мәнісін осынау құбылыстың психологиялық табиғатын атап көрсету жолымен анықтаудың тағы бір әрекеті бар. Ұлт дегеніміз, дейді бұл теорияның жақтастары, «өзіңнің белгілі бір саяси денеге жататыныңды түсіну»361, әрқилы себептер – діни, экономикалық, құқықтық, себептер, тіл бірлігі, тарихи дәстүрлер және т.б. туындататын. Егер осы анықтамаға тереңірек бойласақ, бұл арада негізгі салмақ психологиялық жағынан өзіңді бір немесе басқа қоғамға яки топқа жатқызуға түсетінін қөреміз. Бірақ бұл анықтама да тек сұрақ қоятыны, бірақ оны шешпейтіні айқын. Мысал: мен, журналист ретінде өзімді белгілі бір әлеуметтік денеге – өзімнің редакцияма (адамдар тобына) жатқызамын, православ ретінде – белгілі бір шіркеуге (ол да топ), Ресейдің “боданы” ретінде – орыс мемлекетіне (бұл да топ) жатқызамын, орыс, эскимос, ағылшын және француз тілдерінде сөйлейтін адам ретінде, өзімді сол тілдерден сөйлейтін барлық адамдарға (ол да топ) жатқызамын және т.б. Барлық жағдайларда мен «өзімнің бір немесе басқа топқа жататынымды сезінемін». Солардың қайсысы менің ұлтым болады? Осынау «сезінулердің» қайсысы менің «ұлттық санам» болады?

360 ҚАРАҢЫЗ: МЫСАЛЫ, О. БАУЭР. НАЦИОН. ВОПРОС. СПБ., 1909. ҚАРАҢЫЗ: ОНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА СЫН КАУТСКИЙ. ОР. СІT., 18. 361 МЫСАЛЫ, ЛАВРОВ. ОПЫТ ИСТОРИИ МЫСЛИ, 620; КОВАЛЕВСКИЙ «ИСТОРИЯ НАШЕГО ВРЕМЕНИ»; ЛАЗАЕРСОН. К МЕЖДУНАР. ПОСТАНОВКЕ ЕВРЕЙСКОГО ВОПРОСА. 1917, 12 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ.

Саналған мүдделердің нақ қайсысын мен «ұлттық» деп санауға тиіспін? Жекелеп алғанда, тегінде, осы байланыстардың бірде-бірі ұлттық байланыс емес шығар, ал барлығы бірге алынғанда, олар бірін-бірі қамти алмайды және бір-біріне кереғар болып шығады. Бұл анықтама, оның үстіне тавтология: мұнда ұлт ұлттық сана арқылы анықталады. Сонда іdem per іdem болып шығады. Теория жаңсақ. Қорытындыда көрсететініміз: теориялардың бір де бірі ұлт дегеніміз не деген сұрақты қанағаттандырмайды және білмейді.362 Ұлттың олардан да нашар анықтамалары бар, солардың бір мысалын B. Brugі’дің:мына анықтамасы: ұлт дегеніміз “бір ғана халық индивидтерінің біртұтас денеге бірігіп, отан немесе ұлт пошымында көрінетін сол бірлікті сақтап отыратын жиынтығы”363. Мұнда тавтология да (ұлт арқылы анықталатын ұлт), «халық» секілді бірқатар икстар да, «біртұтас дене» секілді бос сөздер де бар. Қысқасы – бұл анықтама құбылысты қалай анықтамау керектігінің мысалы. Шолу нәтижесінде қолымызға не түсті: біріншіден, мағына атаулдыан жұрдай мазмұнсыз мылжыңның бірқатар үлгілері (Франк, Струве, Бердяев, Блунчли, Brugі дефинициялары). Оларға тоқталмаймыз. Екіншіден, пікірлердің толық кереғарлығы: әрбір автор ұлтқа өзінің анықтамасын береді. Үшіншіден, кейбір авторлар ұлтты бастапқы топ ретінде, бірде нәсілдік, бірде тілдік, бірде діни топ ретінде және т.б., анықтайды, яғни біз бөліп алған бастапқы топтардың біреуін көрсетеді; жоғарыда нобайланған бастапқы топтардан өзгеше, ешқандай suі generіs бастапқы ұлттық байланысты көрсетпейді және көрсете алмайды. Бірақ ұлт тілдік немесе нәсілдік, не басқа бір бастапқы топтармен теңдестіріледі екен, оған арнап «ұлт» терминін ойлап таппай-ақ, оны тілдік немесе нәсілдік топ деп атау керек еді. Ол дәлірек те, дұрыстау да болар еді. Әрі қарай, бұл жағдайда дәйекті болу керек: ұлт деп, мысалы, тілдік топтар түсініледі екен, онда жалпы орыс ұлты туралы немесе бельгиялықтар немесе

362 АЙТЫЛҒАНДАР ҰЛТТЫ “ҰЖЫМДЫҚ ЖАНДАР” РЕТІНДЕ АНЫҚТАЙТЫН БАРЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРҒА ДА ҚАТЫСТЫ. 363 B. BRUGІ. REALTA SOCІALE E METAFІSІCA POLІTІCA. RІV. ІTAL, SOC., 1911, 169-170.

американдықтар, не еврейлер, не австриялықтар ұлты туралы сөз де болмауға тиіс, өйткені орыс тілі жоқ, украин, черемисс және Ресей бодандарының басқа тілдерінен өзгеше тек великоросс тілі бар, бельгиялық тіл жоқ, француз және фламанд тілі бар, қазір еврей тілі де жоқ (ежелгі еврей тілі қолданылмайды), американ тілі жоқ, ағылшын тілі бар және т.б. Алайда осынау дәйектілік тиісті авторларда көрінбейді. әуелі ұлтты тілдік топпен теңестіріп алып, олар содан кейін таптаурын қөзқарастармен шатасып, өздерінің анықтамаларын тез ұмытады да, нәтижесінде өз тілі жоқ американ, бельгия және басқа «ұлттар» туралы сөйлей бастайды, яғни өздеріне қарсы шығады. Дәл осыны ұлттың нәсілдік теориясына және оны бастапқы топ ретінде түсінетін басқа анықтамаларға қолдануға болады. Өзіндік ерекше ұлттық байланысты іздеп, олар оны таба алмайды да, оның орнына нәсілді немесе тілдік, не мемлекеттік, не діни топтарды алады, содан кейін темірқазғынан жаңылып, өзіне кеерғарлықпен аяқтайды. Теориялардың бұл тобының «шерменделігі» осындай. Төртіншіден, басқа авторлар ұлтты кумулятивтік топ ретінде конструкциялайды. Бірақ бұл теориялар да сәтсіз: 1) олар не тавтологиялы, 2) не көмескі, өйткені күрделі дене ретінде ұлт қандай бастапқы топтастықтардан кумуляциялайтынын көрсетпейді; ал ондай формула бермей, олар шындап келгенде ештеңе бермейді. Бесіншіден, бастапқы да, кумулятивтік те ұлт теориялары тағы бір зор қателікке ұрынады: олар өздері ұлт деп атайтын әлеуметтік топтың ееркше түрін ғылыми тұрғыдан анықтап, бөліп алуға ұмтылмайды, қайта ұлттың барлық таптарын анықтамаларымен келісетін анықтама табуға, Иванға, Петрге және Павелге «ұлт» терминімен атау ыңғайлы барлық нәрсені сыйдырып жіберуге болатын анықтамны табуға тырысады. Олардың ұлт ұғымы әлеуметтік топтан гөрі «ұлт» сөзіне берілетін әртүрлі мағыналарды анықтайды. Мұндай міндеттің шешілмейтіндігін, ол шеңбердің квадраты секілді екенін айтып жатудың керегі бар ма. Қоғамда «ұлт» терминімен барынша әрқилы топтар аталады: Иван бұл терминді бір топқа, Павел – мүлдем өзгеше басқасына, Петр – үшіншісіне, Федор – төртіншісіне қоланады. «Ұлттың» осынау әр түрлі мағыналарын

татуластыратын анықтамасын табу мүмкін еместігі айдан анық. Мүмкін еместігі былай тұрсын, ол пайдасыз да, өйткені ондай анықтаманы әрі кеткенде «ұлт» терминіне Иван, Петр және көрінген адам беруді қолай көрген оның мәндерін көрсететін сөздік қана бере алар еді, бірақ ондай сөздік бізді әлеуметтік нақты болмыспен бір сүйемдей де таныстыра алмас еді; одан әрі мұндай анықтама түп тамырымен ғылыми болмас еді; ғылыми әдістің ьастапқы ережесі, былай дейді: ұқсас нәрселерді ұқсас терминдермен немесе белгілермен, әрқилы құбылыстарды – әрқилы терминдермен нобайлау керек; ал ондай «анықтама-сөздік» «ұлт» деген бір терминмен бір-біріне жиі қарсы шығатын бірқатар құбылыстарды нобайлар еді. Әдеттегі сөз қолданумен гипноздалған ұлт теоретиктері, тура солай істеді. Олардың біреулерін өзіне кереғар келуге, екіншілерін – ұлтты сусымалы Протеймен теңестіруге (ұлтқа кез-келген адам бергісі келетін мағына атаулыны ұстап алып, жарастыру оңай ма), үшіншілері – мистикаға жүгінуге және т.б. мәжбүр еткен шерменділігі осыдан. Ең үстірт бақылаудың өзі қоғамда «ұлт» терминімен құрамы барынша әрқилы әлеуметтік топтар аталатынын көрсетеді. Бір жағдайда ұлт деп А, В, С топтастықтарының кумуляциясы, екіншісінде – А, М, N, үшіншісінде – В, Д, К, Е және т.б. кумуляциясы аталады (терминнің осылай күнделікті қолданыстарының барлығын ұштастыра беріңіз). Мәселен, қоғамда ұлт деп еврейлер де, француздар да, немістер де, татарлар да және т.б. атала береді, ал бұл топтардың құрамы тіпті де бірдей еместігін көру оп-оңай. Еврей «ұлты» белгілі бір, француз немесе орыс «ұлтын» құрайтын кумуляциялардан өзгеше топтастықтардың кумуляциясы болып табылады. Кумуляцияларынан еврей «ұлты» (немесе еврей ұлтының байланыстары) құралатын негізгі бастапқы топтастықтар (бастапқы байланыстар) қызметін: нәсілдік топтасуы, діни, топтастықтар, кей тұста құқықтан несібесіз қалғандардың (отырықшылық белгісі, etc.), кей тұста іс жүзіндегі артықшылықтар бойынша құрылған топтастықтар (мыс., қазір бізде), оған қоса бірқатар басқа біріктіретін сәттер: тарихи тағдырдың ортақтығы, нәсілдік

ұқсастық пен әлеуметтік жағдайдың ұқсастығын көрсететін психологиялық салт және т.б. атқарады. Еврей ұлты үшін: аумақтық, мемлекеттік және тілдік топтастықтар ешқандай рөл атқармайды (өйткені осы заманғы еврейлердің өзінің мемлекеті, өзінің аумағы және өзінің тілі болмаған). Француз немесе неміс “ұлттары” өзге бастапқы топтастықтардан құралған. Еврей ұлтының болмысы үшін, мемлекеттік, аумақтың және тілдік топтастықтар ешқандай рөл атқармаса, немесе олардың шамалы ғана мәні болса, неміс және француз ұлттары үшін бұл топтастықтар орасан зор рөл атқарады: осы екі “ұлт” ең алдымен, мемлекеттік, тілдік және аумақтық топтастықтар кумуляциясы болып табылады. Немістен немесе француздан олардың тілін алып қойыңыз, мемлекеттік топтастықты (Германия мен Франция) және аумақты аалстаңыз – екі ұлттан да қуарған қу медиен қалады. Француз немесе неміс тілінен айрылған, француздардың немесе немістердің саяси топтастығы ретіндегі өзінің мемлекеті, және территориясы жоқ фрранцуз немесе неміс ұлты – түсіну қиын, елестету қиын бірдеңе. Әрине, көрсетілген “ұлттар” кумуляцияларынан құралатын құрамдас топтастықтар осынау бастапқы топтастықтармен бітпейді; біріншілер санатына: тарихи тағдырдың ортақтастығы да, діннің біршама ортақтығы да, (діни топтастық) жатады, дегенмен, француз және неміс ұлттарының тіршілігі үшін, еврейлерге және басқаларға қарағанда, діни топтастық әлдеқайда аздау рөл атқарады, бірақ француз және неміс ұлттары үшін ең бастысы тілдік, мемлекеттік және аумақтық топтастықтар. Осы мысалдардан көрінетіні: кумуляцияларынан құралатын еврейлер, немістер және француздар күрделі топтарының бастапқы топтастықтары – бірдей емес, әртүрлі. Дәл осыны біз барлық басқа жағдайларда да аламыз. Татарлар “ұлты” ағылшын “ұлты” құралатын бастапқы топтастықтар кумуляциясынан өзгеше бастапқы топтастықтар кумуляциясы болып табылады. Венгрлерді бір “ұлттық” бүтінге біріктіретін “ұлттық байланыстар”, поляктар жиынтығын бір күрделі топқа: поляк ұлтына айналдыратын байланыстардан өзгеше және т.б.

Осы айтылғандармен шектелейік. Одан көрінетіні: біз, «ұлт» бірқатар әрқилы гетерогенді топтар қамтылады. Басқаша айтқанда, тек «ұлт» термині бар, ал соған сәйкес белгілі бір біртекті әлеуметтік топ жоқ. «Ұлт» – ол ботаникада “көкөніс” дейтін бір терминмен біріктірілетін өсімдіктер тобы секілді, зоологияда әдетте “жабайы” деген термимен нобайланатын жануарлар тобы секілді, химияда химиялық элемент ретіндегі «бутерброд» секілді әлеуметтану үшін құрама топ. Осыдан ұлттың дәл нышандарын белгілеу әрекеттерінің неліктен жеміссіз болғаны түсінікті, өйткені ғылыми анықтамада «ұлт» терминіне әдетте берілетін мыңдаған, әртүрлі және кереғар мәндерді ұштастыру мүмкін емес. Айтқанымыздан анықталатыны: осынау әрекеттер сәтті шешіммен ақтала алмайтын еді және аяқталуы мүмкін де емес еді; олар былайғы жұрт “жабайы” деген топқа біріктіретін сан қилы жануарлар жиынтығының түрлік нышандарын анықтап бергісі келген жүйелеуші-зоологтың әрекеттері немесе өсімдіктердің бір текті түрлері ретінде “көкөністердің” нышандарын белгілеп бергісі келген жүйелеуші-ботаниктің әрекеттері секілді сәтсіздікке бұйырылған. Іс жүзінде біз екі топтың да атымен жануарлар мен өсімдіктердің барынша әрқилы түрлері, тектері, аталастары біріктірлгенін білеміз. Біз осы заманғы зоологтар мен ботаниктер ондай оғаш әрекеттерді жасамайтынын да білеміз. Әлеуметтануда, амал нешік – олар әлі бар. Олардан бас тартатын уақыт жетті. Олар алдағы уақытта да сәтсіздікке ұшырайды деп батыл сендіруге болады. Ғылымның қарапайым ережесі былай дейді: бір терминмен, тепе-тең құбылыстарды нобайлау керек. Әр текті құбылыстарды әрқилы терминдермен нобайлау қажет. Осыдан шығатын қорытынды: әдетте «ұлт» терминімен өзінің құрамы жағынан әр текті кумулятивтік топтар нобайланып жүр екен, мұндай ахуалдың одан әрі жалғаса бермейтіні айдан анық. Ол түп тамырында ғылыми емес. Шығатын жол екеу болуы мүмкін: не «ұлт» терминін мүлдем жарамсыз нәрсе ретінде ғылымнан аластау қажет немесе бұл терминге белгілі бір мағына беру, яғни онымен белгілі бір құрамдас кумулятивтік топтарды нобайлау керек. Екі жол да әбден заңды. «Ұлт» терминімен көбіне-

көп кумулятивтік, жабық немесе оларға жақын аумақтық + тілдік + мемлекеттік немесе мемлекеттік болуға ұмтылатын топтар қамтылады. Жоғарыда атап өтілгеніндей, аумақтық + тілдік және мемлекеттік топтастықтардың қосылу тенденциясы 19 және 20-ғасырлар үшін заман нышаны болып табылады. Дүние жүзінің саяси-аумақтық картасы осы ғасырлар барысында осы бағытта трансформациялануға ұмтылып отыр. (Грекияның, Италияның, Балқан мемлекеттерінің, 19 ғ. Германияның бірігуі, біздің заманда тәуелсіз Финляндияның, Венгрияның, Чехо-Словакияның, Польшаның құрылуы, соғыс кезінде ол бірқатар халықтар мен партиялар, Вильсонның 14 пункті, орыс революциясы “ұсынған ұлттар автономиясы” принципі, Иерусалимде еврей мемлекетінің құрылуы, Арменияның, Эстонияның, Латвияның құрылуы, неміс Австриясының Германиямен қосылуға ұмтылуы, “аумақтық + тілдік топтарды” іс жүзінде одақтас мемлекеттер мүшесі жағдайына көшіретін олардың автономиясының жалпы ұлғаюы – осының барлығы аумақтық + тілдік + мемлекеттік топтастықтар кумуляциясының фактылары). Осының пәрменімен, аумақтық + тілдік + мемлекеттік жабық дерлік кумулятивтік топ бүгіндері қалыпты, ынтымақты және тұрпатты топ болып табылады. Осы негізде оны шартты түрде «ұлт» деген терминмен атауға болар еді. Бірақ онда бұл терминді, бір жағынан, құрамы сондай барлық топтарға қолдану керек болатыны, екінші жағынан – оны әдетте «ұлт» деп аталса да – өзге құрамдас топтарға қолдануға болмайтыны айдан анық. Сонда «ұлт» деген терминмен ең әртекті топтарды нобайлайтын сөздің әдеттегі мағынасымен санасудың мүлдем қажеті жоқ. Ықтимал екі шешім осындай. Шатастырмас үшін бірінші шешім, яғни, әлеуметтік ғылымдар терминологиясынан ұлтты толық алып тастау дұрысырақ болар еді. Ұлтты талдау нәтижелері және одан сөзсіз шығатын қорытындылар осындай.

§ 5. Әлеуметтік тап дегеніміз не
(Тап деп аталатын нәрсені талдау)

Тап өзінің теоретиктеріне ұлттан кем соқпайтын шаруаны тауып берді. Бұл жағдайда да «сол Протейге шап беру» әрекеттері одан сәтті бола қойған жоқ: «тап» не өз теоретиктердің уысынан сусып шығып кетіп отырды және шығып кетеді, не, ұсталса, тым көмескі, түсініксіз бірдеңеге айналатыны соншалық, оны басқа кумулятивтік топтардан ажырату мүмкін болмай қалады, не, ақыр соңында бастапқы топтастықтардың бірімен қосылып кетеді. «Таптың» төңірегінде көтерілген бүкіл у-шуға қарамастан, «тап», «таптық күрес», «таптық қоғам», «таптық мүдделер» және т.б. тіркестерді тек сөйлей алмайтын нәресте ғана білмейтіндігіне қарамастан, бәрібір әлеуметтік топ ретінде «таптың» дәл ұғымы жоқ. Ол марксистерде де жоқ. «Пролетариат», «буржуазия» және т.с.с. терминдерді енді барлық жерден оқып жүрсек те, бірақ, амал нешік пролетариат және буржуазия дегеніміз не екені әзірше ешкімге, соның ішінде коммунистік газеттердің жазушыларына да беймәлім. Ал егер мәлім болса да, тиісті анықтамалар – даулы. Бұл арада біз, ұлт проблемасында байқағанымыздың дәл өзін байқаймыз, атап айтқанда: 1) «Тап» терминіне әрқилы ғалымдар мен саясаткерлер барынша әртекті, түп-түгелімен қарама-қарсы мазмұн береді. 2) Бұл терминді қолданатын адамдардың көпшілігінде қандай да бір дәл ұғым мүлдем жоқ. 3) Көп адамдар тап дегенде, жоғарыда аталған бастапқы топтастықтардың бірін (көбіне-көп кәсіп бойынша топтастықты немесе байлық дәрежесі бойынша, немесе құқықтар көлемі бойынша топтастықты) түсінеді. Бірақ осындай анықтама бере тұрып, авторлар оны өте тез ұмытады да, одан әрі осы терминді барынша әртекті топтарға қолдана береді. 4) Басқа адамдар «тапты» кумулятивтік (біздің тілде) топ ретінде конструкциялайды. Бірақ бастапқы және кумулятивтік ұжымдар арасын ажыратпайды, таптың дәо «құрамын», яғни оны құрайтын бастапқы топтастықтарды көрсетпейді. Сондықтан олардың анықтамалары көмескі әрі дәл емес. Одан әрі, бұл авторлар дәйексіз. Үшіншіден, ұлттағы сияқты, «тап» термині өзінің құрамы жағынан тым әртекті кумулятивті топтастықтарға қолданылады. Айтқанымызды қысқаша әдеби анықтамамен қуаттайық.

Ең алдымен бірқатар теоретиктердің пікірі бойынша, «қоғам» нақ неше және қандай тапқа бөлінгенін көрсететін кестені келтірейік. Бұл кесте көп нәрсені аңғартады. Ол мынау: 1) Платон, М. Агриппа, Саллюстий: 1) байлар және 2) кедейлер таптарын ажыратады364. 2) Ж. Мелье, Вольтер және Рейналь: 1) байлар және 2) кедейлер. 3) Гельвеций: 1) қаналатындар және 2) қанайтындар. 4) Кондильяк: 1) меншік иелері, 2) жалдамалы жұмысшылар. 5) Кене: 1) меншіктілер табы 2) өндіруші тап 3) жеміссіз, өндірмейтін тап. 6) Кантильон: 1) меншік иелері 2) кәсіпкерлер 3) жұмысшылар. 7) Тюрго: 1) қолы бостар 2) еңбекшілер. 8) Минье: 1) артықшылықтылар 2) буржуазия 3) халық бұқарасы (ең төменгілер). 9) Гизо: 1) еңбексіз кіріске күн көретін меншік иелері 2) өзінің еңбегімен күн көретін меншік иелері 3) меншігі жоқ тап. 10) Л. Блан: 1) буржуазия, 2) халық. 11) С. Симон: 1) идеялық көсемдер 2) меншік иелері 3) меншігі жоқтар. Басқа бөлініс: 1) басқаратын тап және 2) бағынатын тап. 12) Анфантэн: 1) иелігі барлар 2) ештеңесі жоқтар 13) Консидеран: 1) байлар және 2) кедейлер 14) Дәл соны әртүрлі атпен беретіндер: Рейно, Леру, Прудон, Видаль және басқалар: 1) еңбекшілер және 2) капиталист топтар; 1) пролетариат және 2) буржуазия. 1) жұмыскерлер және 2) бастықтар. 1) жұмысшылар және 2) капиталистер. 15) Годвин, Холл, Томпсон: 1) байлар және 2) кедейлер; 1) капиталистер және 2) жұмысшылар. 16) А. Смит: 1) жер иелері, 2) капиталистер, 3) жұмысшылар

364 КЕСТЕ МЫНА ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛДЫ: ПЁЛЬМАН. ИСТОРИЯ АНТИЧНОГО КОММУНИЗМА И СОЦИАЛИЗМА. СПБ., 1910; RІCHARD ROGER. LA THÉORІE DE LA LUTTE DES CLASSES Á LA VEІLLE DE REVOLUTІON. REVUE D’ECONOMІE POLІTІQUE, 1911. ¹5; С. И. СОЛНЦЕВ. ОБЩЕСТВЕННЫЕ КЛАССЫ. ТОМСК, 1917.

17) Спенсер: 1) төменгілер, 2) орташалар, 3) жоғарылар. F. Chessa,365 да дәл сондай. 18) Гумплович: 1) дворяндар 2) буржуазия 3) шаруалар 19) Шмоллер: 1) ірі кәсіпкерлер, 2) орташа кәсіпкерлер, 3) майда қожайындар, 4) ірі шенеуніктер, либерал еісіптер, жеке қызметшілер, 5) жұмыскерлер. 20) Аммон: 1) кәсіпкерлер, 2) шаруалар, 3) жұмыскерлер. 21) Боэр: І) Билеуші таптар: 1) заң шығарушылар, 2) қазылар, 3) мемлекет басшылары, 4) атқарушы билік өкілдері, 5) армия, 6) діни билік өкілдері, 7) билеуші интеллигенция өкілдері. ІІ) Басқарылатын таптар: 8) шаруалар, 9) жұмысшылар, 10) кәсіпкерлер, 11) саудагерлер мен қаржыгерлер, 12) транспортта істейтіндер, 13) кедейлер, 14) қылмыскерлер.366 22) Блондель: 1) жеңімпаздар мен жеңілгендер, 2) қожайындар мен құлдар, 3) байлар мен кедейлер. 23) Ковалевский (Ресей үшін) : 1) қалалық және селолық пролетариат, 2) қауымдағы шаруалар, 3) селолық діни қызметкерлер, 4) ұсақ меншік иелері, 5) саудагерлер мен өнеркәсіпшілер. 24) Зомбарт: 1) юнкерлер, 2) буржуазия, 3) ұсақ буржуазиялық мещандар, 4) пролетариат. 25) Д”Эт: Standart of lіfe’қа қарай 7 тап. 26) Бюхер: 6-8 әлеуметтік-кәсіптік тап. 27) Оверберг: 1) меншік иесі, 2) пролетариат, 3) орта тап. 28) Ш. Жид: 1) беслсенді капиталистер, 2) енжар капиталистер, 3) дербес өндірушілер, 4) жалдамалы жұмысшылар, 5) шенеуніктер. 29) Маркс: біреулердің тәпсірі бойынша (мыс., Оверберг пен Каутский) үш тап: 1) жер иелері, 2) капиталистер, 3) жұмысшылар; басқалар (Солнцев) тәпсірі бойынша екі тап: капиталистер мен жұмысшылар.

365 CHESSA. LE CLASSІ MEDІE. RІV. ІT. SOC., 1911, 62-83. 366 A. BAUER. LES CLASSES SOCІALES. PARІS, 1902, 142 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ.

30) Каутский: 1) жер иелері, 2) капиталистер, 3) жұмысшылар және аралық таптар.367 31) Туган-Барановский: 1) аристократия (жер иелері), 2) буржуазия, 3) пролетариат, оған қоса – ұсақ буржуазия, шаруалар.368 31) Чернов: 1) жер иелері, 2) капиталистер, 3) жұмысшылар.369 Осы мысалдармен тоқталамын. Жасалған ақпар «қоғам» қандай таптарға бөлінеді және олар қанша деген мәселеде қаншама алауыздық барын бұлтарппай көрсетеді. Егер негізгі таптық бөлімшелерді ғана емес, әрбір автордың таптық топтастықтарының барлық басты бөлшектерін баяндасақ, бұл алауыздық шексіз көп болар еді. Нақ осы кестеден тапты бөлу негізіне алынатын өлшемдердің әртектілігі де көрінеді. Бұл тұрғыдан келгенде барлық теориялардың негізгі екі топқа бөлінетінін көреміз, олар: 1) тапты бір нышан ретінде бөліп алатын, демек, оны бастапқы топтастық ретіннде бейнелейтін «монистік» теориялар, 2) тапты көптеген нышандары бойынша бөліп алатын, демек оны күрделі әлеуметтік дене деп санайтын «плюралистік» теориялар.370 С. И. Солнцев таптың әрқилы 9 нышанына сүйеніп, бері салғанда негізгі 9 топты бөліп көрсетеді. Ол топтар мынаадй: 1) «қоғамдық таптар туралы жаратылыстық-органикалық ілімдер (жаратылыстық-органикалық сұрыптау негізінде)». Спенсердің, Аммонның және басқа селекционерлердің теориялары. 2) «қоғамдық таптардың нәсілдік теориялары (нәсілдер айырмашылығының негізіндегі теория)». Гумплович, Ратценгофер және басқалар. 3) «еңбек бөлінісі және кәсіптердің пайда болуы негізіндегі қоғамдық таптар теориялары». Боэр, Шмоллер, және басқалар. (Шмоллердің de facto теориясы плюралистік теория, өйткені Шмоллер бойынша тап – нәсілдік,

367 ҚАРАҢЫЗ: КАУТСКИЙ. ОЧЕРЕДН. ПРОБЛЕМЫ МЕЖНАР. СОЦИАЛИЗМА. СПБ., 1906, 13-14 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. 368 ТУГАН-БАРАНОВСКИЙ. ОСНОВЫ, 503 ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ. 369 ЧЕРНОВ. СОЦИОЛОГ. ЭТЮДЫ. М., 1908, 287-358. ТАҒЫ БІР ЕҢБЕГІНДЕ: 1)ЕҢБЕКШІ ЖӘНЕ 2) ЕҢБЕКШІ ЕМЕС ТАПТАР. 370 С. И. СОЛНЦЕВТІҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕМШІЛІГІ ОСЫ ЕКІ ТОП ТЕОРИЯЛАРЫН АЖЫРАТ АЛАМАУЫНДА. ҚАРАҢЫЗ: СОЛНЦЕВ. ОР. СІT., 151.

кәсіптік және кірісі бойынша бастапқы топтастықтардың кумуляциясы болып табылатын күрделі топ371). 4) «Тарихи қабаттар мен бейнелену теориясы (әрқилы шаруашылық жүйелерінің негізінде)». Зомбарт, Ганзен. 5) «әлеуметтік рангты ажырата білу негізіндегі қоғамдық таптар теориялары». Вормс, Пэш, Пирар және басқалар.. 6) «Standart of lіfe теориясы (өмір деңгейлері бойынша ажырата білу негізінде)». Д`Эт, Декамп және басқалар. 7) «Мүліктік айырмашылық негізіндегі қоғамдық таптар теориялары (байлық теориялары)». Л. Штейн, Бюхер, Визе, Оверберг, Гобло және басқалар.372 8) «Қоғамдық таптардың бөлініп берілу теориялары (бөлініс қатынастарына негізделген теориялар)». Лория, Жид, Чернов, Делевский, Каутский, Туган-Барановский және басқалар. 9) «Қоғамдық таптардың өндірістік теориялары (өндірістегі қатынастар негізінде)». Гент, Богданов, Маркс, Энгельс және Солнцев.373 Алдыңғы секілді, осынау ақпардан бір авторлардың конструкциясы бойынша тап бастапқы (біздің тілде) әлеуметтік топ болып табылады (нәсілдік, кәсіптік, әлеуметтік ранг (құқықтар көлемі), және байлық мөлшері бойынша таптар теориялары осындай). Басқа авторлар тапты бірқатар шарттардың кумуляциясы құратын кумулятивтік топ (біздің терминология бойынша) ретінде конструкциялайды. Д`Эттің, Шмоллердің, Декамптың, Овербергтің, Бюхердің теориялары таптардың бөліністік және өндірістік теориялары шындап келгенде осындай.374 Келтірілген анықтамалар қандай да бір барша мойындаған тап ұғымы жоқ, мұнда «пікірлер былығы» үстем деген жоғарыда айтылған қағиданы жеткілікті сендіре қуаттайды.

371 ҚАРАҢЫЗ. : SCHMOLLER. GRUNDRІSS DER VOLKSWІRTSCHAFTSLEHRE, LEІPZІG, 1901, Т. І, 395. 372 372 ДЕ-КАМПТЫҢ ДА, Д ЭТТІҢ ДЕ, БЮХЕРДІҢ ДЕ, ОВЕРБЕРГТІҢ ДЕ ТЕОРИЯЛАРЫ – ПЛЮРАЛИСТІК ТЕОРИЯЛАР. 373 СОЛНЦЕВ. ОР. CІT., 152 374 ӨЗІНІҢ ҚҰНДЫ ЕҢБЕГІНДЕ С. И. СОЛНЦЕВ БЕРГЕН ТАПТАР ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ТОПТАСТЫРЫП ЖІКТЕЛУІ ТЫМ ОРНЫҚСЫЗДЫҒЫНАН, КӨМЕСКІЛІЛІГІНЕН ЖАПА ШЕГЕДІ.

Аалйда, егер пікірлердің өзі біршама анық болып, болмысқа сәйкес келмесе, бұл былық пәленің жартысы ғана болар еді. Таптың анықтамалары, көп жағдайда созылмалы, көмескі, бұлдыр. Ол-ол ма, теоретиктердің ілуде біреуі ғана дәйекті және өрескел қателіктерден ада. Осы «айыптау пункттерін» үстірт қана дәлелдеп көрейік. Тапты бастапқы топ ретінде конструкциялайтын теориялардан бастаймыз. Олардың ең бастыларын төрт түрге саяды, олар тапты: нәсілдік топпен (Гумплович, Ратценгофер, Аммон, Гобино және басқалар), кәсіптік топпен (Боэр және ішінара Шмоллер), әлеуметтік ранг тобымен (құқықтар көлемі, Вормс, Пэш, Пирар, Гельвеций, С. Симон, Блондель, ішінара Спенсер және басқалар) және байлық мөлшері бойынша топпен (Платон, Мелье, Вольтер, Гизо, Анфантен, Консидеран, Годвин, Томпсон, Бернштейн, Парето, Штейн, ішінара Бюхер және басқалары) тепе-тең көреді. Осыдан көрінетініндей, бұл теориялар тапты біз нобайлаған бастапқы топтастықтардың бірімен теңестіреді. Өздігінен алғанда соңғыларын тап деп атауға ешқандай кедергі жоқ.Тек маңыздысы, бұл орайда мәніс жағынан қателіктер жібермеу. Ал ондай қателіктер тап теорияларының осынау төрт тұрпатында да өріп жүр. Бірінші қателік олардың дәйексіздігі мен өзіне қайшылығында. Таптың Гумпловичтегі, Ратценгофердегі,375 Аммондағы және басқалардағы топтардың нәсілдік теориясы оның іс жүзіндегі қателігін айтпаған күннің өзінде, ең алдымен терминалогияда дәйексіз. Егер таптық топтастық нәсілдік топтастықпен сәйкес болса, онда «ақ нәсілді», «қара нәсілді», «қызыл нәсілді» және т.б. таптар туралы немесе «дөңгелек жүзділер” және “сопақ жүзділер» әлеуметтік таптары туралы айту керек те, Гумплович жасайтындай дворяндар, буржуазия және шаруалар таптары туралы және Ратценгофер істейтіндей артықшылықты, құқықсыз және орташа тап туралы айтпау керек. Таптардың сондай тізімін беріп, осы авторлар сол арқылы өздерінің дәйексіздігі мен

375 ҚАРАҢЫЗ: GUMPLJWІCZ. RASSENKAMPF. PASSІM; RATZTNHOFER. DІE SOZІOLOG. ERKENNTNІS, 1898. PASSІM.

өздеріне қайшылығын жеткілікті анық айғақтайды. Оларды бұл жағынан одан әрі сынап жату артық.376 Тапты кәсіптік деп білетін теоретиктер де нақ сондай дәйексіз. Осы теорияны неғұрлым егжей-тегжейлі дамытқан және тапты бір кәсіп адамдарының тобы деп анықтайтын Боэр,377 бірден таптарды нақты бөлшектей бастаған бойда жолдан таяды. Deux ex machіna секілді, онда күтпеген жерден таптарды «билеп-төстеушілер мен бағынатын-басқарылатынға» бөлу, яғни кәсіптен емес, құқықтар көлемінен шығатын бөлу пайда болады. Әрі қарай Боэрдің дәйексіздігі одан да бедерлі көрінеді. Тап негізіне кәсіп нышанын алған екенбіз, бір тапқа барынша әрқилы адамдарды біріктіруге болмайтын секілді емес пе? Сөйте тұра оның мысалы, 7-табын біз: мұғалімдерді, тарихшыларды, журналистерді, уағызшыларды, публицистерді, саяси қайраткерлерді, ғалымдарды, философтарды, ақындарды және артистерді, яғни барынша әрқилы кәсіп адамдарын табамыз. Кәсіптің бірлігі емес, білім дәрежесі принципі – сол адамдарды – бір 7-ші тапқа біріктіру негізінде міне осы жатыр. Боэрдің басқа таптары да соншалық жаңсақ. Әлеуметтік ранг (құқықтар көлемі) тап теориясы да өзіне қайшы келудің сол үлгісіне толы. Егер оны дәйекті жүргізетін болсақ, онда тек әлеуметтікжоғары (артықшылықты) және әлеуметтік-төмен (несібесіз) таптар туралы ғана айтуға болады. Соған қарамастан Пирар, ішінара Вормс және басқалар аристократия, буржуазия және пролетариат туралы тап ретінде айтады, яғни олардың негізгі принципіне маңайлай қоймайтын таптар тізімін береді. Одан әрі сол принциптің өзі байлық мөлшері принципіне бірдеңесімен өте жақын болып шыға келеді. “Сайып келгенде”378 Вормс, – ранг экономикалық принциппен анықталады»; авторлар «әлеуметтік ранг» жолынан байлық мөлшері жолына, яғни біріншісінен мүлдем өзге топтастыққа көшед. Осылайша, Солнцев дұрыс көрсеткендей, оларда ранг ұғымының өзі мүлдем

376 «НӘСІЛ» ҰҒЫМЫНЫҢ ӨЗІ ОЛАРДА КӨМЕСКІ ЕКЕНДІГІН, ОЛАР ТАПТЫ СОСЛОВИЕЛЕР МЕН БАСҚА ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРДАН АЖЫРАТА ЛАМАЙТЫНЫН ҚОҒАМДЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІҢ ШЫҒУ ТЕГІ НӘСІЛДІК ТЕОРИЯНЫҢ ТАРЛЫҒЫ МЕН БІР ЖАҚТЫЛЫҒЫН КӨРСЕТІП ЖАТУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. 377 BAUER. OP. CІT., ІІІ, 234. 378 WORMS. OP. CІT., Т. ІІІ, 275.

көмескі болып қалады379. Нәтижесінде бүкіл конструкция түсініксіз, айқын емес сипаттама алады. Бұл дәйексіздік таптың негізіне байлық мөлшері алынатын тап теориясында да байқалады. Бұл арада, Бюхер мен басқалардың теориясы сияқты «кумулятивтік» теорияларға тоқталып жатпаймыз. Олар шындап келгенде тапты күрделі әлеуметтік дене ретінде қарастырады. Бірақ, егер Шеффленің, Л. Штейннің, Овербергтің, Бернштейннің және басқаларының неғұрлым салмақты теорияларын алсақ, онда бұл арада да олардың жолдан тайқуын оп-оңай атап көрсетуге болады. Мәселен Л. Штейнге пролетариатқа анықтама беру үшін, тек байлықтың жоқтығын ғана емес, білімнің жоқтығын да көрсетуге тура келеді. Әрі қарай ол қоғамдық және экономикалық таптарды ажыратып көрсетуге, соған сәйкес қоғамдық таптардың тізімін беруге мәжбүр болады, бірақ ол да түпқазық пртнцтппен сәйкес келе бермейді. Овербергте теорияның тазалығы оның бір жерде тапты бөлудің бірден-бір негізі байлық деп біліп, басқа жерде бірқатар қосымша шарттарды – нәсілдік және еңбек бөлінісі шарттарын енгізетінімен “былғанған”. Таптардың әлеуметтік қызметі жөніндегі көзқарастарды дамытқанда, ол өз көзқарастарын одан әрі шатастырады. Бұл арада байлар мен кедейлердің (буржуазия мен пролетариаттың) орнын жоғары және төмен таптарды айыру басады. Одан әріғ күтпеген жерден, орташа тап ретінде онда интеллигенция табы, яғни байлық нышаны бойынша мүлдем жаңа принципке бөліп алынған әлеуметтік топ шыға келеді. Біз дәл осындай жолдан “тайқуды” осы ағымның басқа да теоретиктерінен табамыз.380 Тапты бастапқы топ ретінде қарастыратын осынау теориялар тобының бірінші күнәсі осындай. [...]

“П. Сорокин. Система социологии. М., 1993 г.”
Басылымынан қазақшалаған Қамажан ЖҰМАҚАСОВА.

379 СОЛНЦЕВ . OP. CІT., 253-254. 380 ТЕОРИЯНЫҢ БАЯНДАЛУЫН ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРЫНДЫ СЫНИ ЕСКЕРТПЕЛЕРДІ СОЛНЦЕВТЕ ҚАРАҢЫЗ: OP. CІT., 286-334.

Питер Л. Бергер

1929 жылы Австрияда туған. Оқушы Нью-йорктегі Жаңа әлеуметтік зерттеулер мектебінде аяқтаған. Онда негізінен Гегрмания мен басқа еуропалық елдерден шыққан эмигранттар шоғырланған болатын. К. Маркстың, М. Вебердің, Э. Дюркгеймнің классикалық еңбектерін жақсы білген Бергер феноменологиялық философияның әдіснамалық нұсқауын және Альфред Шюцтің этностық әдіснамасының нұсқауын қабылдады. “Әлеуметтануға шақыру” атты 1963 жылы жарық көрген кітабы кеңінен танылды “Қасиетті шымылдық”, “Баспанасыз сана”, “Заманмен бетпе-бет”, алыпқашты әңгімелер, “Еретикалық әмір”, “Құрбандықтар приамидасы”, “Әлеуметтану: өмірбаяндық амал”, “Капиталистік революция: табысқа жету, теңдік және бостандық туралы елу толғам” секілді толып жатқан еңбектердің авторы.

ӘЛЕУМЕТТАНУҒА ШАҚЫРУ

1. Әлеуметтану уақыт оздыру тәсілі ретінде

Әлеуметтанушылар жайында әзіл-оспақ тым аз, мұның өзі оларды әсіресе өздерін айы оңынан туған ағайындары, американдық әзілдің дәстүрлі түрде рухани білім адамдарына тиесілі болып келген пұшпағын басып алуда жолы болған психологтармен салыстырғанда, қатты қынжылтады. Той-томалақта таныстырылған психолог бірден жұрттың ағыл-тегіл ықыласына бөленіп, тіпті аздап қысылтатын қызықтың қызу ортасында жүреді. Мұндай жағдайда әлеуметтанушыға бұйыратын ықылас сақтандыру агентіне ілтипаттан асып кете қоймайды. Жұрт назарын өзіне аудару үшін оның кез-келген басқадан кем тыраштануына тура келеді. Бұл ренжітеді әрі әділетсіз, бірақ белгілі дәрежеде

тағлымды да. Әлеуметтанушылар туралы әзіл-оспақтың жұтаңдығы олардың қалың жұртшылықтың санасында бұл кәсіптің иелері психологпен салыстырғанда алатын орын көп төмен екендігінің анық айғағы. Алайда мұны, тегінде, қоғамда орын алған түсініктердің әркелкілігінің көрсеткіші деуге де болады. Міне сондықтан, әлеуметтануға саяхатымызды бастай отырып, біз ең алдымен солардың кейбіреулерімен жақынырақ танысамыз. Студент-түлектерден негізгі пәні ретінде әлеуметтануды неліктен таңдап алғанын сұрасаңыз, олар көбінесе «... маған адамдармен жұмыс істеу ұнайды...» деп жауап береді. Егер сауалнамаңызды жалғастырып, олардың болашақ кәсіптік қызметін қалай елестететінін сұрап, тықақтап қоймасаңыз, сізге әлеуметтік жұмыспен айналысқысы келетінін айтуы мүмкін. Алынған жауаптар бұлдырлау да болуы мүмкін, бірақ олар бәрібір сіз сауал қойған студент жансыз заттармен жұмыс істегеннен гөрі, тірі адамдармен жұмыс істегісі келетінін көрсетеді. Ондай кәсіптер санатына, қызметкерлермен жұмыс, өндірістегі381 адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, жұртшылықпен байланыс, жарнама, жергілікті жоспарлау және кең салалы діни жұмыс жатады. Студенттердің айтуы бойынша, бұл қызмет түрлері «адамдармен жұмыс істеуге», «адамдарға көмектесуге», «бүкіл қоғам үшін маңызды іс жасауға» мүмкіндік береді. Осының ту сыртында тұрған әлеуметтанушы бейнесін либералды протестанттық пастырьдың секуляризацияланған үлгісі ретінде бейнелесек, жергілікті ИМКА382 бөлімінің хатшысы жарияланған және әлемдік қайырымдылық арасындағы қашықтықты толтырмақ. Аталмыш әлеуметтану Америка үшін классикалық «қоғамдық құрылысты жақсарту» иақырыбының осы заманғы нұсқасы, ал әлеуметтанушының қызметі – жекелеген индивидтер мен жалпы алғанда қоғамның игілігіне арналған кәсіби ұстаздық болып көрінеді. Санап көрсетілген кәсіптер өкілдерінің көпшілігіне бастан өткеру бұйырылған, өз талабынан сұмдық көңілі қалу туралы ұлы американ романы

381 Жалпы «human relatons» (адами қатынастар) терминімен еңбек ұжымдарындағы зерттеулердің өзіндік ерекше бағыты меңзеледі. Мұндай зерттеулердің мақсаты – олардың әлеуметтік-психологиялық өлшемдерін (“моральды-психологиялық климатын”) ескере отырып, сол ұжымдардың тиімділігін арттыру. 382 ИМКА( YMCA-Young Mens Crіstіan Assocіatіon) Халықаралық христиандық ағарту қозғалысы.

жарық көретін күн де туады. Энтузиазм персоналмен жұмыс істеуге баратын, сөйтіп өмірінде алғаш рет баррикаданың бір жағынан күні бұрын орын әзірлеп қойылған ереуілдің қатыгез шындығымен бетпе-бет ұшырасатын филантропқа да, барша жанжалдарды бітістіруде, «жұртшылықпен байланысты» жолға қоюға асығатын, бірақ сарапшылар «татулықты конструкциялау» деп атайтын нәрсенің “астарына” тап болатындарға да, жергілікті басқару органдарында жылжымайтын мүлікпен алып сатарлық жасаудың ылас саясатын тез үйренуге тура келетіндерге де қуат береді. Бірақ бізді қазір қызықтыратыны «пәктіктен айрылу» емес, қайта ең алдымен әлеуметтанушы бейнелерінің бірі – қате де жаңсақ бейне. Әрине, кейбір аңғал ұлдар мен қыздар шынында да әлеуметтанушы болып шығады. Адамдардың қамын ойлау әлеуметтанушылық зерттеулердің тарихын бастап бергені де рас. Алайда, адамдарға ыза мен өшпенділік те нақ сондай қызмет ете алатынын есте ұстау өте маңызды. Әлеуметтанушылық білім қоғамда қарекет жасайтын кез-келген пендеге қажет. Бірақ бұл қарекеттер әманда тек қана адамгершіл бола бермейді. Бүгінде бір американ әлеуметтанушысы үкіметтік мекемелерде ұлтты құрайтын ортақтастықтың көбірек өміршеңдігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды әзірлеп жатыр. Енді біреулері нақ сол мекемелерде сондай бір қажеттілік туа қалса дұшпан мемлекеттерді әлемнің саяси картасынан өшіріп жіберу үшін олардың бірлігін қалай бүлдіруді ойластыруда. Солардың екеуі де қандай моральдық пиғылды басшылыққа алмасын, олардың барлығын ғылыми тұрғыдан қызықты зерттеулер жүргізуге ештеңе бөгет жасамайды. Осыған ұқсас әлеуметтанудың саласы ретінде криминология осы заманғы қоғамдағы қылмыстылық туралы құнды ақпарат жинайды. Бұл ақпарат қылмыспен күресетіндерге де, оның тарала түсуіне мүдделілерге де құнды. Криминологтардың көп бөлігі мафияға емес, полицияға қызмет ететін фактысын криминологтардың өздерінің этикалық ұстанымдары, полицияның қалың жұртшылықпен ықпалдастығы және, бәлкім, қылмыскерлердің ғылыми кәжік-күжікке жеткілікті ықыласының жоқтығы есебіне жатқызуға болады. Ақпараттың сипатына бұның ешқандай

қатысы жоқ. Қысқасы, «жұртпен жұмыс істей отырып», оларды қайыршылықтан құтқаруға немесе қылмыскер орындығына жетелеуге ұмтылуға, діни мазмұнды кітаптарды жарнамалауға немесе адамдардың қалтасына қол сұғуға (жария немесе байқатпай), неғұрлым сапалы автомобиль жасауға мәжбүр етуге немесе бомба жаруға болады. Алайда әлеуметтанушының бейнесін осылай елестетуде, ол бері салғанда кейбір адамдарды әлеуметтануды оқып-үйренуге алып келген бастапқы түрткі рас суреттегенімен, айтылмай қалған бірдеңе жатады. Енді, әлеуметтанушы туралы әлеуметтік жұмыс теоретигі ретіндегі жоғарыдағы түсінікпен тығыз байланысты басқа бір нәрсені еске түсірейік. Бұл бейне Америкадағы әлеуметтанудың дамуының ортақ бағытымен жақсы сәйкеседі. Бері салғанда оның қайнарларының бірі әлеуметтік қызметкерлердің алаңдауы болды, олар әлеуметтік революцияның сонау елең-алаңында-ақ қалалардың өсуі, сонымен бірге қаланың шет аймақтарында кенеуі кеткен баспананың көбеюі бұқаралық қозғалыстар, дәстүрлі өмір салттарының бұзылуы және соның салдары ретінде әлеуметтік бағдарлардан айрылу секілді құбылыстарға тап болды. Кезінде мұндай проблемалар әлеуметтанушылық зерттеулердің айтарлықтай бөлігін ынталандырған болатын, бірақ олар қазірге дейін әлеуметтік саланың болашақ қызметкерлерін өзінің негізгі мамандығы етіп әлеуметтануды таңдауға едәуір ынталандырады. Ал іс жүзінде Америкада әлеуметтік жұмысқа, оның “теориясының” дамуына әлдеқайда көбірек ықпал еткен әлеуметтану емес, психология. Қалай болғанда да бұл бұқаралық санада психолог пен әлеуметтанушының статусындағы айырмашылыққа байланысты болуы әбден мүмкін, ол туралы біз әңгімеміздің ең басында айтқан болатынбыз. Ұзақ уақыт бойы әлеуметтік қызметкерлерге өз «кәсібінің» мойындалуы үшін де, сол кәсіптің беделі үшін де, сол мойындаудың салдары ретінде өз еңбегіне ақы төленуі (соңғы кезекте емес) үшін де қиын күрес жүргізуге тура келіп отыр. Еліктеудің «кәсіптік үлгісін» іздестіру үстінде олар психиатр кәсіби таңдап алу бәрінен табиғи нәрсе деп тапты. Міне сондықтан қазіргі әлеуметтік қызметкерлер өз «клиенттерін»

кеңселерден іздейді, солармен елу минуттық «клиникалық сұхбат» жүргізеді, әңгіме мәтіндерін көбейтіп, солардың нәтижесін «басшылармен» талқылайды. Психиатрлардың сыртқы атрибуттарын қабылдап, олар табиғи түрде солардың «идеологиясын» да қабылдады. Сондықтан да әлеуметтік жұмыстың қазіргі американдық «теориясы» негізінен психикалық талдау психологиясының бөлшектелген нұсқасы – кедейлерге арналған өзіндік бір фрейдизм болып табылады, оған әлеуметтік жұмыстың аса маңызды талабы – «ғылымға» сүйеніп, адамдарға жәрдемдесу талабын ақтау мақсатында жүгінеді. Біз бұл арада осынау синтетикалық доктринаның қаншалықты дәрежеде ғылыми негізделгені туралы мәселені зерттеп жатпаймыз. Біз, бұл доктринаның әлеуметтанумен сорпасы қосылмайтыны былай тұрсын, тіпті әлеуметтік нақты болмысқа тым біржақты қарайды деп санаймыз. Көптеген адамдардың санасындағы әлеуметтану мен әлеуметтік жұмысты бірдей деп білу белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметкер әлі “профессионалға” айналмай тұрған кезде, көбінесе либидозды фрустрациямен емес, қайыршылықпен айналысқан, әрі диктофон көмегінсіз-ақ жұмыс істей берген кезде пайда болған «мәдени мешеуліктің» салдары болып табылады. Бірақ егер Америкада әлеуметтік жұмыс бұқаралық сана ықпалымен психологизмге қарай ойысуды бастан өткермесе де, бәрібір әлеуметтанушының әлеуметтік жұмыстың жетекшісі ретіндегі бейнесі жаңсақ болар еді. Әлеуметтік жұмыс оның теориялық негізделуінсіз-ақ – қоғамдық практиканың ерекше түрі. Әлеуметтану – практика емес, түсіну әрекеті. Әлбетте, түсіну практикалық қызметте пайдалы болуы мүмкін. Нақ сондықтан да біз, әлеуметтануды одан әрі дамыту әлеуметтік жұмысқа зор пайда беріп, бізді, әдетте, әбден түсінікті, неғұрлым қарапайым және өзінің табиғаты жағынан әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру үшін «бейсана» нәрсенің аңыздық қойнауына сүңгу қажеттігінен құтқарады. Бірақ мақсаты қоғамды түсіну болып табылатын әлеуметтанушылық танымда әлеуметтанушының өзінің белгілі бір практикалық жұмыспен айналысуын міндетті ететін ештеңе жоқ. Әлеуметтанушылық білімді (түсінуді) әлеуметтік қызметкерлерге, одан басқа

сатушыларға, науқастарды күтушілерге, дін уағызшылары мен саясаткерлерге, яғни нақты мақсат пен моральдық жағынан ақтап жатпай-ақ адамдарды алдапарбаумен айналысатын әркімге ұсынуға болады. Макс Вебердің383 (әлеуметтанушылық ойды дамыту тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірінің) әлеуметтану «құндылықтардан бостан»384 деген классикалық тұжырымының негізінде әлеуметтанушылық білімнің нақ осындай түсінігі жатыр. Бұл тұжырымға біздің әлі талай оралуымызға тура келеді, сондықтан кей нәрсені дәл қазір анықтап кеткім келеді. Әлбетте, бұл пайымдау әлеуметтанушы құндылықтық бағдарларды ұстана алмайды немесе ұстанбауға тиіс деген сөз емес. Бірде-бір адам, адам болып қала отырып, оларсыз өмір сүре алмайды. Өмірде әлеуметтанушы өз елінің азаматы ретінде, жеке кісі ретінде, діни қауымның немесе тағы әлдене адамдар ассоциациясының мүшесі ретінде қисапсыз құндылықтарға ортақтасады. Бірақ кәсіптік қызмет шеңберінде негізгі құндылық біреу – ол қатаң ғылымилық. Алайда мұныңыз әлеуметтанушының адам ретінде өзінің ойларымен, эмоцияларымен және соқыр сенімдерімен ылғи да қақтығыса беретінін тия алмайды. Ол өзінің бойында олардың өз жұмысына жанама ықпалын түсініп, тізгіндеп отыруға ұмтылыс қасиетін қалыптастыра алу үшін айрықша интеллектуалдық жаттығы қажет, ол ықпал мүмкіндігінше аласталуға тиіс. Мұны істеу ылғи да оңай бола бермейтінін айтып жатудың қажеті бола қояр ма екен, алайда бұл арада мүмкін емес ештеңе жоқ. Әлеуметтанушы бар нәрсені көруге тырысады. Ол өзі ашқан жаңалықтарды қалауы да немесе одан қорқуы да мүмкін. Бірақ ол, өзінің үміті мен секеміне қарамастан, нақты болмысты көруге тырысады. Сондықтан әлеуметтану ұмтылатын мұрат – кіршіксіз перцепция (түйсіну) актысы, ол адам мүмкіндігі жол беретін дәрежеге дейін кіршіксіз болуға тиіс. Бұл тұжырымды төмендегі салыстыру көмегімен түсіндіруге болады. Кезкелген саяси немесе әскери жанжалда қарсы жақтың барлау қызметінде бар ақпаратты қолға түсіру зор пайда береді. Қолға түсіру тек жақсы барлау шын

383 Вебер, Макс (1864–1920) неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ және тарихшы; 384 Бұл проблемаға М.Вебер арнайы еңбегін арнаған. Ол еңбегінде эмпиристік проблемаларды талдау барысында таза субъективті практикалық, этикалық (моральдық) және дүниетанымдық баға беруді шығарып тастау қажеттігін қорғаған.

ақпаратты ғана жинайтындықтан пайдалы. Егер барлаушы өзінің ақпарын өз бастықтарының идеологиясы мен амбициясына елеңдеп жасайтын болса, оның жұмысы басқалар тұрмақ (жолдан қағып алған жағдайда), өз жағы үшін де пайдасыз. Тоталитарлық мемлекеттердің барлау қызметінің бір кемшілігі талай рет атап өтілді: агентура байқағанын емес, бастықтарының естігісі келгенін хабарлайды. Мұндай барлаудың ештеңеге жарамайтыны мүлдем айдан анық. Жақсы барлаушы барын хабарлайды, ал бұл ақпаратты қалай қабылдау керектігін басқалар шешеді. Әлеуметтанушы көп нәрседе барлаушыға ұқсас. Оның жұмысы – әлдене әлеуметтік қарекет театрын барынша шын суреттеу. Басқа адамдар немесе соның өзі, бірақ әлеуметтанушы рөлінде емес, бір немесе басқа телімде қандай қозғалыс жасау керектігін шешуге тиіс. Ерекше атап көрсетейік, айтқанымыз әлеуметтанушыны өзінің жұмыс берушісі көздейтін мақсаты мен өз жұмысының нәтижесі қалай пайдаланылатыны жөнінде өзіне сұрақтар қою қажеттігінен азат етпейді. Бірақ бұл – әлеуметтанушылық сұрақтары емес. Мұндай сұрақтарды өзіне қоғамда қандай да бір қарекетке кірістен әрбір адам қоюға тиіс. Айталық, биологиялық білім айықтыру үшін де, өлтіру үшін де пайдаланыла алады ғой, демек, биолог өзі қызмет ететін нәрсе үшін жауапты. Бірақ өзінің алдына жеке жауапкершілік туралы сұрақ қойғанда, ол биологиялық сипаты жоқ сауал береді. Әлеуметтанушының жоғарыда атап өтілгенімен байланысты тағы бір бейнесі – әлеуметтік реформатор бейнесі бар. Оның да тарихи тамырлары тек Америкада ғана емес, Еуропада да жатыр. XІX ғасырдағы өмір сүрген, әлеуметтану атауын ойлап тапқан француз әлеуметтанушысы Огюст Конт385 бұл пәнді прогресс туралы ілім, теологияның секулярландырылған мұрагері және бүкіл ғылымдардың ханшайымы деп қарастырған еді. Оның тұжырымдамасында әлеуметтанушы білімнің кез-келген саласында халықтың қамын жейтін әділ төбе би ретінде бейнеленеді. Мұндай пайым, айтпақшы, барынша фантастикалық дәмелерден тазартылған пайым өзінің ықпалын

385 Конт, Огюст (1798–1857) француз философы, әдіснамашы және ғылымды насихаттаушы, әлеуметтік реформатор.

бәрінен ұзақ сақтады, бірақ оның жаңғырығы Америкаға да, атап айтқанда американ әлеуметтануының елең-алаңы кезінде жетті, сонда Конттың мұндағы бірнеше ізбасарлары Браун университетінің президентіне басқа факультеттердің барлығын әлеуметтану факультетіне бағындыру жөнінде меморандум жасады. Бүгінде ондайдан дәмелі әлеуметтанушылар некен-саяқ (ал Америкада, тегінде мүлдем жоқ). Бұл тұжырымдама әлеуметтанушылар өздерінің портфельдерінен белгілі бір әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған реформалардың үлгілерін суырып бере қояды деп күткенде көлденеңдей кетеді. Әрине, әлеуметтанушылар (соның ішінде автор да) өздерінің әлеуметтанушылық көрегендіктері адамдардың тұтас бір категорияларының бейнетін талай рет жеңілдеткенінен қанағат табады, өйткені қоғамдық мораль тұрғысынан сұмдық өмір жағдайларын ашып көрсетті, жаппай алдануды әшкереледі, әлеуметтік тұрғыдан жөн болатын мақсаттарға жетудің неғұрлым ізгілікті құралдарын ұсынды. Мысал ретінде батыс елдерінің қазылық және пенитенциарлық386 практикасында әлеуметтанушылық білімнің пайдаланылуын келтіруге болады. Мәселен, 1954 жылғы АҚШ-тың Жоғарғы Соты мемлекеттік мектептердегі нәсілдік алалу мәселесін шешуде әлеуметтанушылық зерттеу нәтижесін пайдаланғанына сілтеме жасауға болады. Әлеуметтанушылық зерттеулер қалалардың дамуын әлеуметтік тұрғыдан жоспарлау мақсатымен де жүргізіледі. Рухани және саяси проблемаларға сезімтал әлеуметтанушы мұндай мысалдарды зор қанағатпен еске алары айқын. Және бәрібір мына нәрсені ескеру керек, бұл арада біз әлеуметтанушылық біліммен емес, оның қолданылуымен ұшырасып отырмыз. Бір ғана білімді мүлдем қарама-қарсы пиғылдармен қолдануға болатынын елестету қиын емес. Нәсілдік соқыр сенімдер динамикасы әлеуметтанушылық тұрғыдан түсіндіруді нәсіл аралық дұшпандық қоздыру үшін де, төзімділікті тарату үшін де тиімді қолдануға болады; адами ынтымақтың ішкі механизмдерінің тәпсірін тоталитарлық режимде де, демократиялық режимде де пайдалануға болады.

386 Пенитенциарлық ( лат. – poenіtentarіus) жазалауға, көбіне қылмыстық жазалауға қатысты.

Жарасымға жетелейтін процестерді жазғы лагерьлердегі тәрбиешілер де, коммунисттік Қытай лагерьлеріндегі миды жуып-шаятындар да басқара алатынын анық түсіну қажет. Қоғам жағымсыз деп санайтын әлеуметтік өзгерістер байқала бастаған жағдайда әлеуметтанушы кеңесіне жүгінуі әбден мүмкін. Алайда әлеуметтанушы жөніндегі әлеуметтік реформатор деген түсінік те, оны әлеуметік қызметкер деп түсінудегі кемшіліктерден зардап шегеді. Біз әлеуметтанушы кәсібі жөніндегі бері салғанда бірнеше онжылдықтар бұрын пайда болған көзқарастарды қарастырдық. Енді салыстырмалы жақында ең жаңа әлеуметтанушылық бағыттарда қалыптасқан кейбір түсініктерге көз жүгіртейік. Солардың біреуіне сәйкес, әлеуметтанушы – адам тәртібі жөніндегі статистикалық мәліметтерді жинаушы, шындап келгенде, ЭЕМ-нің қолбаласы ғана. Ол «өріске» сауалдар тізбесімен шығады да, іріктемеге сәйкес адамдарға сауал береді, содан кейін қайтып оралады да жинаған мәліметтерін есептеуіш машинаға енгізе салады. Мұндай жұмыс үшін оған ауқымды қызметкерлер штаты мен өте мол қаражат қажет екендігі өз-өзінен түсінікті. Және бұл орайда ғаламат күш-жігердің нәтижесі күлкілі: жұртқа онсыз да белгілі нәрсе ерінбей, ұсақ-түйек ештеңе қалдырмай айқындалады. Әлеуметтанушы туралы мұндай түсінік қоғамдық санада жалған әлеуметтанушылық деп әбден орынды атауға болатын, негізінен қоғамдық пікірмен және маркетингпен айналысатын көптеген ұйымдардың қызметіне байланысты сақталып отыр. Поллстер387 тұлғасы сыртқы саясаттан бастап дәретханалық қағазды тұтынуға дейінгі әрқилы тақырыптар беймаза сауалнамалардың арқасында американдық өмірде кеңінен танымал болды. Сауалнамалық бизнес әдістері әлеуметтанушылық зерттеу әдістермен өте ұқсас, сондықтан әлеуметтанушыны поллстермен тең көру әбден түсінікті. американдықтардың сексуалдық тәртібі жөніндегі Кинсидің388 зерттеулері бұл

387 Поллстер – қоғамдық пікір қызметінің қызметкері. 388 Кинсли, Альфред Чаррльз (1894–1956) американ ғалымы, білімі бойынша биолог. Бұқаралық сауалнамалар материалдары негізінде жазылған американдардың сексуалдық тәртібі туралы кітаптарымен даңқы шыққан.

түсінікті389 айтарлықтай дәрежеде нығайтты. Әңгіме онанизм жайында ма, республикашылдарға берілген дауыс жайында ма, немесе бандиттік топтар арасындағы пышақтасу жайында ма, бәрібір, ондай әлеуметтанудың сұрақтары әрдайым: «қаншалықты жиі?» және «қанша рет?» деген екі сауалға саяды. Қаншалықты оғаш көрінгенімен, әлеуметтанушылар туралы әзіл-оспақ арасында нақ осы бейне жөніндегі анекдот өте аз. Амал нешік, әлеуметтанушы кәсібі туралы аталмыш түсінік – жай ғана қиял жемісі емес. Бірінші жаһан соғысынан кейін американ әлеуметтанушылары теориядан бас тартып, таза суреттеуші эмпириялық зерттеуге белсене кірісіп кетті де, соның нәтижесінде әдістемелері айтарлықтай жақсартылды. Әрине, статистикалық әдістерге зор назар аударылды. Шамамен 40 жылдардың ортасында әлеуметтанушылық теорияға қызығудың өсе түскендігі байқалды, және қысаң эмпиризмнен бас тарту бел алып келе жатқанының анық нышандары бар. Соған қарамастан АҚШ-тағы әлеуметтанушылық жобалардың елеулі бөлігін әлеуметтік өмірдің көлденең көзден жасырын жатқан фрагменттерін аумақтық зерттеулер құрайды да, олар неғұрлым кең теориялық қорытуға ешқандай жанаса алмайды. Біздің пікіріміздің дұрыстығына көз жеткізу үшін жеткілікті әлеуметтанушылық журналдардың тақырыптарын немесе әлеуметтанушылар конгрестердегі баяндама тізімдерін шолып шығу жетіп жатыр. Бұған АҚШ-тың жоғарғы білім беруіндегі және де әлеуметтану саласында ғана емес, саяси және экономикалық құрылым жәрдемдеседі. Колледждер мен университеттерді, әдетте, жұмысы бастан асатын, өз бағыныштыларының эзотериялық390 ізденістеріне терең бойлауға уақыты да, ниеті де жоқ адамдар басқарады. Ал жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, оқытушылар мансабын жоғарылату немесе төмендету мәселелерін шешуге тиісті нақ сол әкімдер ғой. Шешім қабылдау кезінде олар қандай өлшемдерді пайдаланады? Олардың өз оқытушыларының ғылыми еңбектерін оқып отыруын талап етуге

389 Мынадай еңбектер айтылып отыр: Kіnsey F. Pomeroy W., Martіn C. Sexual behavіor іn the human male. Phіladelphіa: WB. Sounders, 1948; Kіnsey A., Pomeroy W. Martіn C. Sexual behavіour іn the human female. Phіladelphіa WB. Sounders, 1963. 390Эзотериялық (грек. Esoterіkos – ішкі) –құпия, жасырын, тек білетін адамдарға арналған.

болмайды, өйткені олардың бұған уақыты жоқ. Олардың материалға, әсіресе арнаулы пәндердегі материалға білікті баға беретін тиісті даярлығы да жоқ. Нақты оқытушы туралы оның тікелей әріптестерінің пікірлері a prіorі, күмәнді өйткені, әдетте, оқу орны ну тоғай секілді, онда факультеттік фракциялар өзара шайқасады да жатады, сондықтан ешкім де “өздері” жағынан да, “басқалар” жағынан да объективті бағадан дәмете алмайды. Студенттер көзқарасынан таяныш іздеу – одан да күмәнді процедура. Содан да әкімнің үш жамандықтың ең залалсызын таңдауына тура келеді. Ол оқу орны – біртұтас бақытты үйелмен, онда сіңірген еңбегіне қарамастан, әркім бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріле беруге тиіс деген ойды басшылыққа алуы мүмкін. Аталмыш принципті қатаң ұстану әреукеттері едәуір жиі жасалады, алайда қалың жұртшылыққа танылу және арнаулы қорлар бөлетін қаржы үшін шиеленісе түскен бәсекемен іс ұдайы қиындай түседі. Екінші жол – факультеттік кландардың бірінің кеңестеріне ғана толығымен құлақ асып, соларды азды-көпті ұтымды пиғылдармен жүщеге асыру. Бірақ бұл жағдайда әкімге басқару тұтқаларынан айрылып қалу қатері төнеді, өйткені ондай әрбір клан өзінің тәуелсіздігін қызғыштай қориды. Үшінші, қазіргі кезде барынша таралған жол – бизнесте жасалатынындай, өнімділік өлшемдерін басшылыққа алу. Бірақ, түсінігің тым үстірт салада өнімділікке баға беру өте қиын, сонда әйтеуір бір зерттеушінің мүдделі емес әріптестерінің арасындағы танымалдығын қалайда бір жолмен анықтауға тура келеді. Әдетте танымалдық кәсіптік басылымдардың баспагерлері мен редакторлары қабылдаған кітаптар мен мақалалар санының қызметі деп топшыланады. Мұның өзі оқытушыларды күш-жігерін зерттеулерге, онда да нәтижесін шағын, бірақ маңызды мақалалар түрінде әрі тез, әрі көп хаттауға болатын зерттеулерге шоғырландырылуға мәжбүр етеді. Және де бұл арада қандай да кәсіптік журналдарда қабылданатыны әбден ықтимал мақалалар туралы айтылып отыр. Әлеуметтанушылар үшін бұл, әдетте қысаң шектелген салада статистикалық әдістерді пайдалану арқылы шағын эмпириялық зерттеу – өйткені әлеуметтанушылық журналдардың көпшілігінде қандай да бір статистикалық

мәліметтері жоқ мақалаларға барған сайын зор күдікпен қарай бастайтын болды ғой. Сондықтан бір қияндағы колледждердің шөбі жұтаң өрісінде жүріп, абыройлы университеттердің шөбі шүйгін өрісін армандайтын жігерлі жас әлеуметтанушылардың редпкцияларға өздері оқытатын студенттердің әдеттері туралы, саясат жөніндегі пікірлердің бөлінуі немесе төңіректегі кенттер мен деревнялардың таптық құрылымы туралы статистикалық мәліметтері бар мақалаларды тоғытып жататыны таңқаларлық нәрсе емес. Рас, аталмыш жүйе неофитке көрінетініндей, соншалық сұмдық емес дегенді қосуға болады, өйткені рәсімдік талаптар оларға қатысы бар адамдарға жақсы белгілі. Жырынды адам әлеуметтанушылық журналдардан негізінен шыққан кітаптарға шолу мен некрологтарды іздейді, ал әлеуметтанушылық конференцияларда тек жұмыс іздеп жүрсе немесе қандай да бір ерекше мүддесі ғана төбе көрсетеді. Осы заманғы американдық әлеуметтанудағы статистикалық әдістердің басымдығы, осылайша, белгілі бір рәсімдік қызмет атқарады. Әлеуметтанушылардың көпшілігінің карьера жасауына тура келетін күш өрісін ескерсек, мұны түсіну оңай. Іс жүзінде көп әлеуметтанушыларда статистикадағы білімі тым үстірт және оған кедей приход священнигі бір кездері Фома Аквинидің қаламынан туған латын тілінің ғаламат жарасымына қарайтындай, үрей мен құрметтің араласып кеткен сезіммен қарайды. Осыны түсінсек-пқ болды, әлеуметтануға мұндай көзқарастың өрескелдігі айқын бола кетеді. Сонда біз әлеуметтануға нағыз әлеуметтанулық көрегендікпен қараймыз, оның сыртқы нобайлардың ту сыртында жасырынып жатқан ішкі сұлулығын түсіне аламыз. Статистикалық мәліметтер өзінен-өзі әлеуметтануды жасай алмайды. Олар тек әлеуметтанушылық тәпсір алып, әлеуметтанушылық теорияның арнаулы координаттар жүйесімен сәйкес келтірілгенде ғана әлеуметтануға айналады. Таза пайыздар және тіпті корреляция коэффициенттері әлеуметтануды құрамайды. Бұл сауалдамалар арқылы алынған сандардың жалған немесе әлеуметтанушылық таным үшін пайдасыз деген сөз емес. Олар әлеуметтанушылық тәпсір үшін түп материал бола алады. Біз мынаны атап

көрсетпейміз: әлеуметтанушы некеге тұрғанға дейінгі онанизм мен некеден тыс педерастия арасындағы корреляциялық кестелерді құрастырумен шектелмейді. Ол үшін цифрлардың тек кең теориялық қорыту шеңберінде ғана мағынасы ьар және қоғам қандай құндылықтарды мақұлдайтынын, әлеуметтік институттардың жағдайының қандай екенін түсінуге қызмет етеді. Мұндай түсінуге қол жеткізу үшін әлеуметтанушы, әсіресе егер ол осы заманғы қоғамдағы бұқаралық құбылыстарды зерттейтін болса, статистикалық мәліметтерге жиі жүгінеді. Бірақ филологияны болымсыз етістіктерді жіктеуге немесе химияны колбада жағымсыз иіс жасауға қаншалықты сайсақ, әлеуметтануды да статистикаға соншалық саюға болады. Қазіргі кезде, тегінде, статистик бейнесімен тығыз байланысты тағы бір түсінік кең таралды. Сол түсінікке сәйкес, әлеуметтанушы – негізінен методологияны талдап әзірлеуші адам, кейін ол соның аясына адам табиғатының барлық көріністерін жиып-теріп сыйғыза салады-мыс. Бұндай түсінікті көбіне-көп гуманитарлық сана билеген адамдар ұстанады: бұл түсінік оларға әлеуметтану интеллектуалдық тағылықтың бір пошымы екендігінің дәлелі ретінде керек. Сол «әдебиетшілер» өз сынында әлеуметтанушылық еңбектердің едәуір бөлігінде қолданылатын өрескел жаргон жөнінде көбіне-көп қатты шенейтін ескертпелер жасайды. Аталмыш жағдайда сыншы гуманитарлық зерттеулердің классикалық дәстүрлерінің қорғаушысы ретінде сөз алатыны табиғи нәрсе. Мұндай сынға ad homіnem391 уәжбен жауап беруге болар еді. Интеллектуалдық тағылық «адам» феноменімен шұғылданатын барлық негізгі оқу пәндеріне тән нәрсе секілді. Соған қарамастан, ad homіnem392 уәжге жүгіну лайық болмас еді. Сондықтан біз мынаны қуана мойындаймыз: бүгінде «әлеуметтану» жарнамасымен жасалатын нәрсенің көбі тағылық деген атауға, егер осы сөзбен тарих пен философиядағы надандықты, көзқарас қысаңдығын, тек техникалық дағды деңгейіне ғана алаңдап, өз ойларын баяндау сапасына

391 Ad homіnem (лат) – адамға. Тезистің шынайлығы немесе жалғандығы объективті түрде негізделмей, тұжырымы тексерілетін адам тұлғасының оң немесе теріс мінездемесіне саятын сендіру құралы. 392 1 ескертпені қараңыз.

толық салдыр-салақтықты нобайласақ, әбден лайық. Әрине, көрсетілген құбылыстардың өздері осы заманғы академиялық өмірдің сипаттамалар жиынтығы ретінде әлеуметтанушылық талдаудың пәніне айнала алады. Шапшаң күрделіленіп бара жатқан салалардағы бедел мен жұмыс орны үшін жарыс мамандандырылуды туғызады, ол көбіне бөлшектелу мен оқшаулануға жетелейді, бұл тәртіптің жалпы деңгецін төмендетеді. Алайда әлеуметтануды айтылған ортақ интеллектуалдық тенденциямен теңестіру оншалық дәл бола қоймас еді. Әлеуметтану ау бастан-ақ өзін ғылыммын деп білді. Осынау өзін-өзі анықтау төңірегіндегі талас тұсында талай семсер майрылып, талай найза сынды. Мысалы, герман әлеуметтанушылары393 әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары арасындағы айырмашылықтарды өздерінің француз және американ әріптестерінен гөрі неғұрлым табанды атап көрсетумен болды. Бірақ әлеуметтанушылардың сциентистік этосқа адалдығы қалай болған күнде де өзін ғылымның белгілі бір процедуралық канондарымен байланыстыру тілегі деген сөз болатын. Өзінің міндетіне адал әлеуметтанушы өзінің пікірлерін әріптестеріне тексере, қайталай және өзінің ізденістерін одан әрі жалғастыру мүмкіндігін беру үшін тек айдан анықтылықтың белгілі бір өлшемдеріне сәйкес жүргізілген бақылаулар негізінде жасайды. Әлеуметтану дегеніміз көбіне, айталық, бір тақырыпқа және әлдеқайда бейнелі де нәрлі тілмен жазылған романның орнына ғылыми еңбек оқуға ынталандыратын пән. Өз ғылымында даусыз анықтылық өлшемдерін талдап әзірлеуге тырысып, әлеуметтанушылар методологиялық проблемаларға жүгінуге мәжбүр болды. Міне сондықтан, методология әлеуметтанушылық танымның қажетті де елеулі бөлігі болып табылады. Алайда кейбір әлеуметтанушылардың, әсіресе Америка әлеуметтанушыларының методологиялық проблемаларға елігіп кеткені соншалық, қоғамға қызығудың барлығынан жұрдай болғаны да рас.

393 Ең алдымен «түсіне білетін әлеуметтанудың» негізін қалаған, неміс мәдениет тарихшысы және әлеуметтік философ Вилгельм Дильтей (1833–1911) айтылып отыр.

Нәтижесінде олар әлеуметтік өмірдің бірде-бір қырында өзекті ештеңе таба алмайды, өйткені ғылымда, махаббаттағы секілді, техникаға ғана шүйілу белсіздікке жетелейді. Методологияға мұндай ден қоюды едәуір дәрежеде салыстырмалы түрде жаңа ғылымның академиялық сахнада мойындалуына қажеттілікпен түсіндіруге болады. Қарапайым американдықтар, одан да әрі американдық ғалымдар ғылымды қасиетті нәрсе деп білетіндіктен, ежелгі жаратылыстану ғылымдарының процедураларын қатаң сақтау ниеті эрудиция базарының жаңадан қатысушылары арасында өте күшті таралған. Бұл тұрғыда, мысалы, эксперименттік психологтар көп нәрсеге қол жеткізді: олардың зерттеулерінде адам баласы істейтін нәрсе мен олардың бар екендігінің арасында ортақ ештеңе қалған жоқ. Кекесін де мынада: жаратылыстану ғылымдарының өкілдерінің өздері қатаң позитивтік догматтарынан бас тартса, кей гуманитарлар сол догматтарды нақты болмысқа бейімдеуге әлі тараштанып жүр. Аталмыш проблематиканы біз қазір қозғап жатпаймыз, тек әлеуметтанушылардың (сонымен тектес пәндермен салыстырғанда) сол «методизмнің» өрескел талаптарына) әзірше бой алдырмай келе жатқанын ғана атап өтеміз. Олардың неғұрлым берік академиялық статусы нығая түсу шамасына қарай методологиялық кемтарлық сырқатының ықпалы да одан әрі төмендей береді деп күтуге болады. Көптеген әлеуметтанушылар өз еңбектерін тағылық тілде жазады деген кінәні де кейбір ескертпелермен қабылдауға болады. Ғылыми пән атаулы өз терминологиясын талдап әзірлеуге тиіс. Бұл құқық мысалы, қалың жұртшылыққа мүлдем белгісіз заттармен айналысатын және оларды нобайлау үшін күнделікті тілде жай ғана сөз жоқ ядролық физика секілді ғылымдарға талассыз берілген. Ал бұл екі арада ерекше терминология әлеуметтік ғылымдар үшін бәлкім, тіпті неғұрлым маңызды да болар, өйткені олардың пәні баршаға белгілі және оларды суреттейтін сөздер баяғыдан бар. Біз өзімізді қоршап тұрған әлеуметтік институттарды нақ жақсы білетіндігімізден біздің олар туралы түсініктеріміз дағдылы санада тым буалдыр және көбіне жаңсақ, бұл біздің көпшілігімізге әке-шешемізді, әйеліміз бен күйеуімізді, балаларымыз бен

жақын достарымызды дәл суреттеп беру қиын екендігі секілді. Оның үстіне, әлеуметтік нақты болмыстың элементтерін нобайлауда біздің тіліміз жиі-жиі (бәлкім, құдайға шүкір деуіміз керек шығар) бұлдыраңқы, түсініксіз болып шыға келеді. Мысалға әлеуметтанудағы ең орталық ұғымдардың бірі «тап» ұғымын алайық. Әдеттегі қолданыста оның, тегінде, ондаған мәні болып, адамдар категорияларын кірісінің әртүрлі деңгейлеріне қарай, нәсілдері, этностық топтары, саяси топтары, ІQ рейтингі және т.б. көптеген өлшемдер бойынша бөліп алып жатады. Әлеуметтанушы, егер ол өз жұмысында қандай да бір ғылыми қатаңдыққа ұмтылатын болса, онда ұғымның бұлталақсыз бір мағыналы анықтамасы болуға тиістілігі айқын. Осы жағдайларды ескерсек, кейбір әлеуметтанушылардың әдеттегі сөз пайдаланудың семантикалық тұзағына түсіп қалмас үшін, бұрын құлақ естімеген жаңа сөздер ойлап табуға құмарлығы түсінікті бола түседі. Сондықтан, бері салғанда солардың кейбіреулерін біз абсолютті қажет деп санаймыз. Сонымен бірге біз, біршама күш салсақ, әлеуметтанушылық сюжеттердің көпшілігін ұғынықты тілмен жеткізуге болады және осы заманғы «әлеуметтанушылық жаргонды» едәуір дәрежеде саналы мистификация деп қарастыруға болады деп ойлаймын. Бірақ біз тағы да ұқсас құбылысты басқа пәндерден де табамыз. Мұны, мүмкін, американ университеттері ғылыми орталық ретінде қалыптасу кезеңінде бастан кешірген неміс академиялық дәстүрлерінің күшті ықпалымен түсіндіруге болар, ол кезде ғылыми талдау тереңдігіне ғылымның ауыр тілінің көмегімен қол жеткізілетін. Егер ғылыми проза сол тақырыптың майын езіп ішкен шағын топтан басқа ешкімге түсініксіз болса, оның интеллектуалдық маңғаздығының іpso facto394 дәлелі болатын. Көптеген американдық ғылыми еңбектер қазір де неміс тілінен аударма секілді көрінеді. Әрине, мұндайлар жөнінде тек өкінуге болады, алайда әлеуметтанушылық танымның сондай сала ретіндегі заңдылығына мұның қатысы жоқ. Және, ақыр соңында, біз әлеуметтанушының өзінің кәсіптік рөлін орындауына байланысты ғана бейнесін емес, ол туралы кісінің ерекше тұрпаты

394 Іpso faсto (лат) – факт пәрменімен; факттың өзімен.

ретіндегі түсінікке байланысты бейнесін қарастырамыз. Сондай түсінікке сөйкес, әлеуметтанушы – адамдармен аспай-саспай манипуляция жасайтын бәрінен аулақ, қалыс бақылаушы. Егер әлдекім жөнінде аталмыш түсінік басым болса, мұнда әлеуметтанушының шын ғалым атағы үшін күресінің кекесінді салтанаты деп санауға болады. Бұл арада әлеуметтанушы кәдуілгі тіршіліктің жайлы өміршеңдігінен оқшауланған, және қанағатты жай ғана өзінің өмір сүруінен емес, басқа адамдардың өмірі жөнінде, оларды мұқият бөліп-бөліп алып пікір айтудан табатын, содан да өзі бақылайтын нәрсенің нақты маңызын ұмытып кететін өзін-өзі көтеретін астам адам болып шығады. Оның үстіне, әлеуметтанушы тіпті әлеуметтік процестерге тартылған күннің өзінде, ол мұның өзінің манипуляциялық дағдыларын биліктің құзырына беретін бейтарап инженер ретінде ітсейді дейтін пікір бар. Тегінде, қарастырылған түсініктердің соңғысы соншалық кең тарала қоймаған түсінік. Оны негізінен саяси сарындар бойынша осы заманғы қоғамдарда әлеуметтанудың іс жүзіндегі немесе ықтимал теріс пайдаланылуынан сескенетін адамдар ұстанады. Бұл түсінікті теріске шығару үшін көп сөз шығындаудың керегі жоқ. Осы заманғы әлеуметтанушының қорытылған портреті ретінде ол түсінікте анық бұрмалаулар бар және бүгінде Америкада кездестіруге болатын индивидтердің титімдей санатына ғана тән. Соған қарамастан қоғамтанушы-ғалым рөлі проблемасы – шынында да өте өзекті проблема. Мысалы, әлеуметтанушыларды өнеркәсіп пен мемлекеттік басқарудың кейбір салаларына тарту моральдық қатарға жататын сұрақтар туғындатады, оларды осы кезге дейін істелгеннен неғұрлым кең тінде, қарастыру керек. Айтпақшы мораль мәселесі осы заманғы қоғамда жауапты қызмет атқаратындардың барлығына да қатысты. Бұл арада әлеуметтанушының қалыс бақылаушы және адам тағдырының арсыз манипуляторы ретіндегі имиджіне егжей-тегжейлі тоқталуға мұқтаждық жоқ, – тарих Талейран секілді адамдарды сирек жаратады. Сондай рөлден дәмету үшін осы заманғы әлеуметтанушылардың көпшілігіне, тіпті олар сандырақтайтын кездегі

фантазиясында соған ұқсас ұмтылыстарын байқаған күнде де, эмоциялық сабыр жетіспейді. Әлеуметтанушыны біз қалай түсіне аламыз? Әлеуметтанушы бейнесі бұқаралық санада ұқсатылатын әрқилы түсініктерді талқылай келіп, біз қазірдің өзінде, тұжырымдамамызға енгізіліуге тиіс тұтас бір элементтер қатарын бөліп шығара алдық, енді біз оларды біртұтас етіп біріктіре аламыз. Біз әлеуметтанушылардың өздері «мінсіз тұрпат» деп атайтын нәрсені конструкциялаймыз. Бұл нәтижесінде алынған бейнені шынайы өмірде «таза қалпында» кездестіру мүмкін емес деген сөз. Керісінше, тек оған жақындаудың немесе алшақтаудың әртүрлі дәрежесінің мысалдарын ғана кездестіруге болады. «Мінсіз тұрпатты» әлдене эмпириялық орташа нәрсе ретінде қабылдамау керек. Біз тіпті өзін әлеуметтанушы атайтындардың бәрі біздің тұжырымдамамызбен келіссін деуден де дәметпейміз, және осыдан кейін өздерін соларға жатқызудан бас тартатындардың құқықтарына күмән келтіру ниетіміз де жоқ. Кәсіптік гильдиядан шығарып тастау біздің шаруамыз емес. Алайда біз, біздің «мінсіз тұрпатымыз» бұрын да (бері салғанда, үстіміздегі ғасырда), қазір де әлеуметтанудың негізгі бағытының өкілдерінің көпшілігінің МЕН-тұжырымдамасына сәйкес келеді деп ойлаймыз. «Мінсіз тұрпатқа» сәйкес, өз қызметінде қоғамды ой елегінен өткізумен байланысты және осы ой елегінен өткізу (түсіну) өзінің табиғаты жөнінен ғылыми болса, сол адам әлеуметтанушы болып табылады, ғылыми бөлу – әлеуметтанушы зерттейтін әлеуметтік құбылыстарды тану және олар жайлы білімдерді басқаларға беру қатаң шектелген координаттар жүйесі шеңберінде жүргізіледі деген сөз. Координаттардың ғылыми жүйесінің басты сипаттамаларының бірі – барлық операциялардың қатаң шектелген дәлелдеудің нақты ережелеріне сәйкес жүргізілуі. Ғалым ретінде, әлеуметтанушы объективті болуға, өзінің төл артық көретіндері мен соқыр сенімдерін ауыздықтап ұстауға, барды ғана қабылдап, нормативтік пікірлерден тартынуға ұмтылады. Әлбетте, бұл шеңбер оның адами тіршілігінің бүкіл тотальдылығын қамтымайды, оның қарекетін тек әлеуметтанушы ретінде ғана шектейді.

Әлеуметтанушы қоғамды қарастыру тек өзінің координаттар жүйесінде ғана мүмкін деп дәметпейді. Сондықтан да білімнің кез-келген саласында дүниеге тек ғылыми көзқарас тұрғысынан қарауға болады деп ойлайтын ғалымдар көп кездесе бермейді. Нарцисті қарап отырған ботаниктің ақынның нақ осы гүлге «өзгеше көзбен» қарау құқығына таласатын ешбір негізі жоқ. Адамдар әлемінде көптеген ойын түрлері бар. Мәселе адамдардың басқа ойындар ойнау құқығын мойындамауда емес, адамның жеке ойынының ережелерін анық түсінуінде. Осылайша, әлеуметтанушы өзінің ойынында ғылымның ережелерін сақтап, сол ережелердің мағынасын анық түсінуге тиіс. Басқаша айтқанда, ол өзі үшін кейбір методологиялық мәселелерді ұғынып алуға тиіс. Методология оның ақтық мқсаты емес. Мақсат, тағы да еске сала кетейік, қоғамды түсіну әрекетінде. Методология сол мақсатқа жетуге көмектеседі. Қоғамды немесе оның жекелеп алынған сегментін түсіну үшін әлеуметтанушы әрқилы құралдардың тұтас бір жиынтығын пайдаланады, соның бірі – статистикалық әдістер. Кейбір әлеуметтанушылық мәселелерге жауап табуда статистиканың өте пайдалы болып шығуы мүмкін. Бірақ, әлеуметтану статистикамен таусылмайды. Ғалым болғандықтан әлеуметтанушы мәні дәл терминдерді қолдануға міндетті, яғни ол терминдерді қолданғанда өте ұқыпты болуға тиіс. Бірақ бұл төл тілді ойлап табу қажет деген сөз емес, барша қолданатын сөздерді аңғал пайдалануға жол бермеу деген сөз. Ақыр аяғында, әлеуметтанушының мүддесі ең алдымен теориялық мүдде: оны түсіну үшін түсіну қызықтырады. Ол өз ізденістерінің практикада қолданылуы және мүмкін салдарлары туралы өзіне есеп бере алады және тіпті арнайы ойлана да алады, бірақ бұл арада ол төл қалпындағы координаттардың әлеуметтанушылық жүйесі шегінен құндылықтар, сенімдер, идеялар патшалығына шығып кетеді, ал бұл әлеуметтанушы емес басқа адамдарға да тән. Тәуекелге бел буа отырып, бұл тұжырымдама әлеуметтануда кең қолдау табады делік. Бірақ, енді біз шамалы ілгерілеп неғұрлым жеке бастық (және, даусыз, неғұрлым қияңқы) сұрақ қойғымыз келеді. Біз әлеуметтанушы немен айналысатындығына ғана емес, оны осынау жұмыспен айналысуға не

итермелейтіндігіне де назар аударғымыз келеді. Макс Вебердің осыған ұқсас тінде айтылған сөзімен айтсақ, біз әлеуметтанушылық әзәзілдің395 табиғатына жанасу ниетіндеміз. Бұл арада біз жоғарыдағы мағынада айтылған мінсізтұрпаттық түсініктен гөрі, кәсіпқой әлеуметтанушы ұстанатын сенімге жүгінеміз. Тағы да айтайық, біз ешкімді әлеуметтанушылық бауырластықтан аластағымыз келмейді – әлеуметтанушылық ойын орасан ойын алаңында өтеді, – тек бірге ойнау үшін тартқымыз келетіндерді дәлірек суреттеуге тырысамыз. Біз әлеуметтанушыға (яғни бізбен ойнауға шақырғымыз келетін адамға) адами қылықтарға тұрақты, сарқылмас, моральдық кедергілер деген болмайтын қызығушылығы бар адам деген анықтама берер едік. Оның тіршілігінің табиғи ареалы – қай жерде олар бірге жиналмасын, адамдар көп тоқайласатын кезкелген орын. Әлеуметтанушыны тағы басқа да толып жатқан нәрселер қызықтыруы мүмкін. Бірақ, оның негізгі мүддесі адамдар әлемінде, олардың институттарының, тарихы мен нәпсісінің әлемінде жатыр. Солай екен, демек, адамдар жасайтынның бәрі оның назарын өзіне аударуға тиіс. Оның адамдардың ең тереңде жатқан сенімдері іске қосылатын оқиғаларға, қасіретқайғы, ұлылық және ең жоғары ләззат алу сәттеріне қызығуы әбден түсінікті жағдай. Бірақ оны дәл сондай шамада әдеткі, күнделікті нәрсе де қызықтырады. Әлбетте, ұлы оқиғалар алдында бас ию оған жат емес, бірақ, бұл ию оны көру, түсіну тілегінен құтқара алмайды. Кейде ол жиіркеніш пен аяныш сезінуі мүмкін. Алайда бұл да оның өз сұрақтарына жауап табу тілегін кеміте алмайды. Тануға ұмтылысында әлеуметтанушы адамдар әлемі арқылы әдеткі санада тартылған «демаркациялық сызықтардан» ешбір именбей өтеді. Оның өзінің жеке құндылықтары мен талғамы тұрғысынан олардың арасындағы айырмашылық қандай болмасын, оны ізгілік пен ұсақтық, билік пен беймәлімділік, парасаттылық пен ақымақтық бірдей қызықтырады. Төл мүддделер оны қоғамның кез-келген деңгейіне (сыйлы немесе менсінілмейтін), картадағы кез-келген нүктеге жетелей алады. Және егер ол жақсы

395 М. Вебердің «Ғылым бейімділік және кәсіп» атты еңбегінің соңғы тіркесі айтылып отыр. (Антологияның 3томын қараңыз). Демон (грек. Daіmon – құдай, рух;) – ежелгі грек аңыздарында адамды өмірде жетелеп жүретін күзетші.

әлеуметтанушы болса, ол өзін кез-келген жерде көрсете алады, өйткені оны шексіз көп сұрақтар мазалайды, сөйтіп оған сол сұрақтарға жауап іздеуден басқа ештеңе қалмайды. Бұл ойды неғұрлым қарапайым тілмен де білдіруге болар еді. Әлеуметтанушы жай ғана өзінің кәсіптік тірлігінің пәрменімен, өз ырқына тәуелсіз әртүрлі өсек-аяңды байқатпай тыңдауға, саңылаудан сығалауға, басқаларға арналған хаттарды оқуға, бөтен адамдардың кабинеттерінде кіруге тиіс болатын адам. Екі қолы алдына сыймай жүрген әлдебір психолог вуайеризмнің бір түрі ретінде әлеуметтанушылық қабілеттерге диагностика жасайтын тестті құрастырып шығармай тұрып, біз тек аналогия жасап, отырғанымызды атап көрсетіп алайық. Мүмкін кішкентайынан басы бос әпкелерінің жуынған сәтін бақылап өскен бірнеше ұл бала шын әлеуметтанушы болып өскен шығар. Бірақ бұл бізді мүлдем қызықтырмайды. Бізді арғы жағынан адам дауыстары естіліп жатқан жабық есік алдында тұрған әлеуметтанушыны билеп алған қызығушылық қызықтырады. Нағыз әлеуметтанушы міндетті түрде есікті ашып, оның артында не әңгіме болып жатқанын білгісі келеді. Әрбір жабық есік алдында ол адам өмірінің әлі де болса ашылмаған, көрсетілмеген құпия жаңа қырларын табуға үміттенеді. Әлеуметтанушы әрқашан басқаларға қасиетті немесе, керісінше, бұрмаламай зерттеу үшін ұят болып көрінетін проблемалармен айналысады. Ол дінбасымен де, жезөкшемен әңгіме тақырыбын таба алады, бірақ ол мұны өзінің артық көруінен емес, оны аталмыш сәтте қызықтыратын сұрақтарға жауап іздеу мақсатымен жасайды. Ол басқаларға тым зеріктіретін нәрсе болып көрінетін нәрсемен де айналыса береді. Оны әскери ұрыс қимылдары тұсындағы интеллектуалдық шабыт кезіндегі адамдардың өзара қарымқатынастары ғана емес, ресторанда жұртқа қызмет көрсететін адамдар немесе қуыршақ ойнап отырған қыз балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар да қызықтыратын болады. Ол негізгі назарын адам істейтін нәрсе барынша құндылығына емес, адам тәртібінің ғаламат сан алуандығының кезекті мысалы

ретінде және ойын бойынша әріптестердің сол қарекеттерінің тәпсірлерінің ғаламат сан алуандығына шоғырландырады. Адамдар әлеміне саяхатында әлеуметтанушыға басқа кәсіптердің “неліктендіктері” сөзсіз ұшырасады. Кейде олар, әлеуметтанушының өздерінің қорығына еніп кеткенін сезіп, оның қатысуына ренішін білдіреді. Бұл жерде әлеуметтанушыға экономист, бір жерде саясаттанушы, бір жерде психологты немесе этнограф ұшырасуы мүмкін және, бәрінен ықтималы, нақ бір жерде олар әртүрлі сұрақтарға жауап іздеуі мүмкін. Шындап келгенде әлеуметтанушыны әрқашан бір ғана сұрақтар қызықтырады: осы арада араласып-құраласып, адамдар не істеп жүр? олардың өзара қарым-қатынастары қандай? Бұл қарым-қатынастар институттарға қалай ұйымдасады? адамдар мен олардың институттарын ынталандыратын ұжымдық идеялар қандай? Әрбір нақты жағдайда осындай сұрақтарға жауап беруге тырысып, әлеуметтанушы міндетті түрде экономикалық мәселелерді де саяси мәселелерді де қозғайды, бірақ мұны экономистен немесе саясаттанушыдан мүлдем басқаша істейді. Әлеуметтанушы адам қарекетінің сахнасына басқа ғалымдармен бірдей қарайды, бірақ оның көру бұрышы олардан бөлек. Осыны түсіне бастаған кезде ғана, әлеуметтанушыға ол толық құқықпен өз шаруасымен айналыса алатын аумақ тілімін бөліп беру жөніндегі пиғылдың мағынасыздығы түсінікті болып шыға келеді. Дж. Уэсли3960 секілді әлеуметтанушы өзінің мінәжат аймағы деп бүкіл әлемді мойындауға мәжбүр болады, бірақ оның бірқатар осы заманғы ізбасарларынан өзгеше, ол осынау мәнажат аймағын өзгелермен қуана бөліседі. Алайда, әлеуметтанушы өз жолында басқалардың бәрінен де жиі кездестіретін бір саяхатшы бар. Бұл саяхатшы – тарихшы. Шынында да, әлеуметтанушы қазіргі заманнан өткенге жүгінсе-ақ болды, оның зерттеу пәнін тарихшы мүдделері пәнінен айыру өте қиынға түседі. Бірақ олардың қарымқатынастарын қарастыруды кейінге қалдырайық та, әзірше тек бір ескертпемен

396 Уэсли, Джон (1703–1791) – ағылшын шіркеуінің методистік ағымының басшысы. 1784 ж. бұл ағым Методистік епископтық шіркеуге айналды.

шектелейік: әлеуметтанушының саяхаты, егер ол өз мүддесін көздейтін саяхатшыларға кезікпесе, әсер жағынан айтарлықтай жұтар еді. Танымның кез-келген саласында, қандай да бір жаңалық ашу табалдырығында тұрып, шабыт қанатын сезінуге болады. Білімнің кейбір салаларында бұл бұрын мүлдем беймәлім және миға да қонбайтын әлемдерді ашумен байланысты. Мұндай шабытты адам қабылдай алатын нақты дүние шегінен тыс жатқан антиәлемге көз салған астроном немесе физик-ядерщик бастан өткереді. Оны бактериолог пен геолог та бастан өткере алады. Адамның өзін-өзі танытуының жаңа қатпарларын ашқан лингвист және қияндағы елдердің салттарын зерттейтін антрополог біршама басқа толқуды бастан өткереді. Осындай жаңалықтар ашу кезінде, егер оларды жүрекке тым жақын қабылдасаң, түсінілетін өріс кеңейеді, ал кейде сананың өзі елеулі өзгеріске ұышрайды. Әлем қиялда елестете алатыннан да ғажайып нәрсеге айналады. Мұндай сәтті әлеуметтанушы мүлдем басқаша бастан өткереді. Рас, кей-кейде, ол-дағы қылмыс әлемі болсын, экзотикалық діни секта әлемі болсын, немесе кәсіптік топтың – дәрігерлердің, әскери командирлердің, жарнама жасаушылардың ерекше әлемі болсын, оған бұрын мүлдем беймәлім әлемге сұғынып кетеді. Бірақ қалай десек те, өз уақытының көп бөлігін әлеуметтанушы өзіне де, оны қоршаған адамдардың көпшілігіне де жақсы таныс өмір учаскелерінде өткізеді. Ол жүретін қоғамдастықтарды, институттар мен олардың қызметін, яғни күн сайын газеттен оқуға болатын нәрселерді зерттеумен айналысады. Оның зерттеулерінде қызықтыратыны беймәлім бірдеңемен кездесуден туындайтын толқыныстан гөрі, үйреншікті нәрселердің мүлдем жаңа мағынаға ие болатыны. Әлеуметтанудың баурап алатыны сол – оның перспективасын қабылдап, бір өзіміздің бүкіл ғұмырымыз өткен дүниені өзге қырынан көре бастаймыз. Ол сананы белгілі бір дәрежеде өзгертеді. Ол-ол ма, осынау өзгеріс, басқа пәндер туғызатын өзгерістермен салыстырғанда, экзистенция жағынан неғұрлым маңызды болып шығады, өйткені оның ықпалын сананың қандай да бір өрісімен ғана шектеу қиын. Астроном алыс галактикаларда өмір сүрмейді, ал ядрошы физик, лабораториядан шыққаннан

кейін, атомның ішкі құрылысы туралы ойламай, тамақ іше, күле, үйлене алады. Геолог тастарымен тек белгілі бір уақыт қана айналысады, лингвист әйелімен әңгімеде тілді ойланбастан қолдана береді. Ал әлеуметтанушы, жұмыста да, одан тыс та қоғамда өмір сүреді. Оның өз өмірі сөзсіз шарасыз түрде зерттеу пәнінің бір бөлігіне айналады. Адамдар қалай өмір сүргісі келсе, солай тіршілік ете береді, ал әлеуметтанушының кәсіптік позициясын өзінің күнделікті шаруасынан қатаң ажыратып отыруына тура келеді. Бұл талапты адал орындау – оңай шаруа емес. Әлеуметтанушы адамдардың әдеткі әлемін – олардың көпшілігі нақты болмыс деп атай алатын әлемді зерттейді. Ол талдауда пайдаланатын категориялар – «өкімет», «тап», «статус», «нәсіл», «ұлт» – тек адамдар бойындағы ұғымдарды тек біршама дәлдей түсу болып табылады. Қорытындыда кейбір әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерінің қарапайымдылығы мен бесенеден белгілілігінің алдамшы түйсігі туындайды. Олар туралы оқи лтырып, келісемін деп бас изеуге болады; әбден таныс құбылыстың суреттелуіне тап болып, туралы бір жерден естіп едім-ау, адамдардың трюизмдерге397 уақыт шығындаудан басқа шаруасы жоқ па деуге болады. Бірақ бұл айналадығы әлем туралы біздің барша түсініктерімізді түбегейлі күмәнға айналдыратын қандайда бір оқиға болғанша ғана солай болады. Сол сәттен бастап адам әлеуметтануға ықыласын сезіне бастайды. Нақты мысал келтірейік. Көз алдыңызға оңтүстік штаттың қандай да бір колледжінде, студенттердің барлығы дерлік ақ нәсілділер болып келетін коллджіндегі әлеуметтану сабағын көз алдыңғызға елестетіп көріңіз. Оңтүстіктің нәсілдік жүйесі туралы лекция оқып тұрған оқытушыны елестетіңіз. Ол әрбір студент бала шағынан білетін нәрселерді айтып тұр, және жүйенің өзі барлық егжей-тегжейімен студенттерге, лектордан гөрі, жақсы таныс болуы мүмкін – тақырып олар үшін мүлдем қызықсыз. Оларға лектор өздері тамаша білетін нәрсені суреттеу үшін неғұрлым ақылды сөздерді пайдаланып жатқан секілді көрінеді. Мәселен, ол Оңтүстіктің нәсілдік жүйесін

397 Трюизм (ағыл. truіsm) – баршаға белгілі, таптаурын ақиқат.

суреттеуде қазіргі кезде американ әлеуметтанушылары барынша кеңінен пайдаланатын «каста» ұғымын қолдануы мүмкін. Бірақ терминді түсіндіре бастағанда лектор студенттерге неғұрлым түсінікті болу үшін дәстүрлі үнді қоғамына жүгіне алады. Содан кейін ол касталық тыйымдарға тән магиялық наным-сенімдерді; экономикалық мүдделер жүйесінде жасырынып жатқан әлеуметтік градациялар мен некелік қатынастар динамикасын; діни түсініктер мен касталық шектеулер арасындағы байланыстарды; касталық жүйенің қоғамның индустриялық дамуына ықпалын талдауға кіріседі – және мұның бәрі Үндістан туралы. Ақырында, Үндістан бұрынғыдай бір қиянда жатқан мемлекет болудан қалып, лекция оңтүстіктің бастапқы проблематикасына оралады. Балалық шақтан таныс нәрсе енді сондай болып көрінбейді. Бұрын мүлдем беймәлім күмән пайда болады, ызаландыруы мүмкін, бірақ бәрібір пайда болады. Ақыр соңында, студенттердің бәрі болмаса да, кейбіреулері нәсілдік өзара қатынастарға өздері бұрын-соңды (бері салғанда жергілікті) газеттерде оқымаған, әке-шешелерінен естімеген, тегінде, өйткені (өйткені болатыны бері салғанда, ішінара хабарсыз) журналистер де, әке-шеше де жай ғана білмеген функциялар да тән екендігіне көзі жетеді. Әлеуметтанушының бірінші өсиеті – заттар шындап келгенде бір қарағандағы емес, өзге нәрсе деуге болады. Бұл пайымның қарапайымдылығы алдамшы және тез жоғалады. Әлеуметтік нақты болмыс мағыналық қыртыстарға толы екен. Жаңа қыртыстың әрбір ашылуы бүтін туралы түсінікті өзгертеді. Антропологтар жас маманға, оған мүлдем таныс емес мәдениеттің ықпалын суреттегенде «мәдени шок» деген терминді пайдаланады. Мұндай шоктың ең шектен шыққан мысалы батыс зерттеушісінің тамақ ішіп отырған мезетінде кеше ғана сырласқан кемпірдің етін жеп отырғанын білгені бола алады, бұл шоктың салдары, моральдық болмаса да, физиологиялық салдары әбден белгілі. Бүгінде зерттеушілер өз саяхаттарында каннибализммен ұшыраспайды. Дегенмен полигамиямен немесе инициация ғұрпымен алғаш ұшырасу, тіпті кейбір елдерде машинаны қалай жүргізетінін көру Америкадан келген саяхатшыны естен тандыра алады. Шоктың салдары жазғыру немесе

түңілу ғана емес, заттар іс-жүзінде үйдегіден бөлек бола алатынынан өзіндік бір толқу болуы да мүмкін. Мұндай толқу шетелге алғашқы сапарға бірдеңесімен ұқсас. Ал зерттеуші әлеуметтанушының бастан өткеретінін географиялық қозғалыссыз-ақ пайда болатын «мәдени шок» деп атауға болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтанушы үйден шықпай-ақ саяхат жасайды да, оның нәтижесі шокқа апарып соқтырады. Әрине, ол тамақ үстінде қарт бәйбішені жеп қойғанын біле де қоймас. Алайда егер ол, мысалға, өз шіркеуінің ракета өндірісіне көп қаражат бөлгенін немесе өз үйіне бірнеше орам жерде культтік оргияларға (жынойнаққа) ұдайы қатысып жүретін адамдар тұратынын білсе, әлгіден тіпті де эмоциялық сілкіністі бастан өткереді. Бірақ біз әлеуметтанушылық жолмен ашылған жаңалықтар барлық уақытта немесе әдетте моарльдық сезімдерді қорлайды дегіміз келмейді. Мүлдем олай емес. Қияндағы елдерді зерттеумен ұқсастық адамның қоғамда тіршілік етуінің жаңа, бұрын белгісіз болып келген қырларын күтпеген жерден ашумен аяқталады. Әлеуметтанудың тартымдылығы және, біз алда көрсетуге тырысатын, гуманистік ақталыу осында жатыр. Шокқа ұрындыратын жаңалықтардан қашқақтап жүруді жөн көретін қоғам жексенбілік мектепте өзіне оқытылғанның дәл өзі екендігіне сенетіндер Альфред Шюц «аталмыш дүние ретінде қабылданатын әлем» деп атаған нәрсенің ережелері мен этикалық максималарының бұлжымастығын жақсы көретіндер әлеуметтанудан аулақ жүруі керек. Жабық есік алдында мұның арғы жағында не бар деп қызықпайтын адам пендесіне әуестік өздеріне тән емес, жалпы көрініске қана қанағаттанып, өзеннің арғы бетіндегі үйлерде қандай адамдар тұрып жатқанына мүлдем ден қоймайтын адамдардың да әлеуметтанудан аулақ жүргені жөн. Олар оны жағымсыз, абырой әпермейтін жұмыс деп біледі. Адамзат баласына тек оларды өзгерту, өз дініне қарату не қайта тәрбиелеу үшін қызығатындарды сіздер әлеуметтанудың өздеріңіз қалайтындай ондай мақсаттарыңыз үшін пайдасы шамалы деп табасыздар деп ескертуге асығамыз. Ал негізінен өзінің төл тұжырымдамалық құрылғылары ғана қызықты адамдар кішкене ақ тышқандарға тәжірибе жүргізумен

айналысқан абзал. Әлеуметтану адамдарды бақылап, солардың істегенін түсінуді бәрінен қызық көретін адамдарға ғана ұдайы қанағат береді. Енді, осынау тараудың атауында, айтпақшы, әбден қасақана, біздің неғұрлым тар проблеманы неліктен алғанымыз айқын. Дәлдей түсейік: әлеуметтануды біреулерді қызықтыра алатын, енді біреулерді мүлдем қызықтырмайтын мағынада ғана оны уақыт оздырудың индивидуалдық тәсілі деп қарастыруға болады. Біреулерге адамдарды бақылау, енді біреулерге ақ тышқандарға тәжірибе жүргізу ұнайды. Әлем, оны барлық көріністерінде тану үшін, жеткілікті ұлан-ғайыр, және де бір қызығуға басқалдардан артықшылық беруге логикалық жағынан болмайды. Бірақ «уақыт оздыру» деген сөз біз тілге тиек етіп отырған нәрсені толық жеткізе алмайды. Әлеуметтану нәпсіше көбірек ұқсас. Әлеуметтанушылық жанар, әзәзіл секілді, адамды баурап алып, өзіне барған сайын жаңа сұрақтар қоюға мәжбүрлейді. Сондықтан әлеуметтануға әрбір кіріспе – ерекше нәпсіні бастан өткеруге шақыру деген сөз. Ешқандай нәпсі толық қауіпсіз болмайды. Өз еңбегінің жемісін сататын әлеуметтанушы caveat emptor398 мәмлеге барғанға дейін-ақ анық айта алатынына көз жеткізуі керек.

2. Әлеуметтану сана пошымы ретінде

Егер алдыңғы тарауда біз өз ойымызды анық білдіре алған болсақ, онда әлеуметтануды адамдардың белгілі бір категориясына қызықты интеллектуалдық жұмыс деуге болады. Алайда әлеуметтанушы осымен шектеліп қалуға тиісті емес. Әлеуметтанудың пән ретінде батыс тарихының нақты сатысында пайда болу фактысының өзі бізді: «белгілі бір индивидтің онымен айналыса бастайтыны қалай мүмкін болды және мұндай жұмыстардың алғышарттары қандай деген сұрақтар ьөңірегінде ойлануға мәжбүр етуге тиіс». Басқага айтқанда, әлеуметтану тарихтан тыс та емес, адамзат парасаты үшін қажет те емес. Егер мұны мойындасақ, онда әлеуметтануды белгілі бір адамдар

398 Caveat emptor – мәміле кезінде аларманның тауар сапасына жауапкершілікті қабылдауы.

үшін қажеттілікке айналдырған тарихи фактылар жөнінде сұрақ қою қисынды. Шынында да, тегінде, тарихтан тыс және абсолютті қажет болатын бірде-бір интеллектуалдық жұмыс жоқ шығар. Дін бүкіл адамзат тарихы барысында әрдайым белсенді толғамдарға итермелеп отырды: адам тіршілігінің экономикалық проблемаларын шешудің ең жақсы жолдарын іздестіру де адамзат мәдениетінің етене бөлігі болып қала береді. Әлбетте, бұл теология мен экономика олардың осы заманғы түсінігінде адамзат парасатының әмбебап феномені болып табылады деген сөз емес. Алайда, біз егер қазір сол пәндердің затын құрайтын проблемалар туралы ой барлық замандарда пайда болып отырған десек, бері салғанда, қателеспейміз. Ал әлеуметтану жөнінде оны да айтуға болмайды, өйткені әлеуметтану сананың өзіндік ерекше қазіргі пошымымен конструкцияланады. Әлеуметтанушылық көзқарастың, нақты болмысты көре білудің ерекшелігі «қоғам» терминінің негізін сол пәннің объектісін нобайлайтын терминнің мәні жайлы біршама ойланғаннан кейін айқын болады. Әлеуметтанушылар қолданатын көптеген терминдер сияқты, бұл сөз күнделікті өмірден келді, және онда оның мәні онша айқын да емес. Ол адамдардың ерекше тобын («Жануарларды қорғау қоғамы» секілді), кейде тек аса үлкен абырой мен артықшылықтарға ие адамдар тобын (мысалы, «Boston Socіety Ladіes») нобайлай алады, кей-кейде жай ғана қарапайым адамдар тобын (мысалы, «сол жылдары ол қоғамның жоқтығын қатты уайымдаған болатын») нобайлауға қолданыла алады. Басқа, азырақ қолданылатын мәндері де бар. Әлеуметтанушы бұл терминді неғұрлым нақты мағынада қолданады, дегенмен, әрине, пәннің өз ішінде де оны қолдануда бірқатар айырмашылықтар бар. Әлеуметтанушы үшін «қоғам» адамдар қатынастарының кең кешені немесе, неғұрлым арнаулы тілмен айтқанда ықпалдастық жүйесі деген сөз. «Кең» сөзін аталмыш тінде сандық тұрғыдан анықтау қиын. Әлеуметтанушы миллиондаған адамдарды (мысалы, «американдық қоғам»), қамтитын «қоғам» туралы айта алады, сондайақ бұл терминмен әлдеқайда аз адамдар тобын да («әне бір институттың екінші курс студенттері») нобайлай алады. Көше бұрышында сөйлесіп тұрған екі адам

қоғам бола қоймас, ал елсіз аралға қалдырылып кеткен үш адам сөзсіз қоғам бола алады. Міне сондықтан «қоғам» ұғымының мәні туралы тек сандық өлшеммен таразылауға болмайды. Бұл сөзбен көбіне көп дербес талдау үшін жеткілікті дәрежеде анық бөліп алуға болатын өзіне ұқсас басқалармен қатар орын алатын құбылыс ретінде әлдене автономды бүтін ретінде түсінілетін қатынастар кешенін нобайлайды. Дәл осылай «қоғамдық» деген есімдіктің әлеуметтанушылық қолданылуының мәнін де шектеу керек. Әлеуметтанушы бұл терминді ықпалдастыққа, өзара қатынаспен, өзаралықпен байланысты нәрсені белгілеу үшін өте неғұрлым қысаң да қатаң мағынасында пайдаланатын болады. Осылайша, көше бұрышында әңгімелесіп тұрған екі жора «қоғам» құрамайды, бірақ олардың арасында болып жатқан нәрсе, сөз жоқ, «қоғамдық», «әлеуметтік» нәрсе. «Қоғам» осындай «қоғамдық», «әлеуметтік» оқиғалар кешенінен құралады. Ал «әлеуметтік» ұғымын қатаң анықтауға келетін болсақ, Макс Вебердің тұжырымына бірдеңе қосу қиын, ол адамдар өздерінің басқаларға бағдарланатын ахуалды «әлеуметтік» ахуал деп белгілеген болатын399. Өзара бағдарлануға негізделген мағыналардың, үміттердің және тәртіптің тоқайласуы әлеуметтанушылық талдаудың пәнін құрайды. Бірақ әлеуметтанушылық көзқарастың өзіндік ерекшелігін көрсету үшін тіпті терминологияны осылайша дәлдеп алу да жеткіліксіз. Бұл үшін мұны өзге пәндерде нақты адами қарекеттерді зерттеудегі қарекеттермен салыстырайық. Мысалы, экономист ғалым қоғамда болып жататын және әлеуметтік деп суреттеле алатын процестерді талдаумен айналысады. Бұл процестер міндетті түрде экономикалық қызметтің іргелі проблемасы – қоғамда саны жеткіліксіз тауарлар мен көрсетілетін бөлу проблемасын сөзсіз қозғайды. Экономист аталмыш процестерді олардың бөлу қызметін қалай орындайтынын немесе орындамайтыны тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтанушының нақ сол процестерді қарастыра отырып, әрине, олардың экономикалық мағынасын ескеруіне тура келеді, бірақ оның ерекше мүддесінің тек сол мағынамен

399 Қараңыз: Вебер М. Таңдаулы шығармалар.

байланысты болуы міндетті емес. Оны сондай процестер барысында туындауы мүмкін адами өзара қатынас пен өзара ықпалдастық қызықтырады, бірақ ол олардың қысаң экономикалық қызметіне мүлдем пысқырмайды. Экономикалық қызмет билік, бедел, соқыр сенім, тіпті ойын қатынастары қамтиды ғой, ал оларды қызметтің төл экономикалық функциясын жанап өтіп қана талдауға болады. Әлеуметтанушы адам қызметінің кез-келген саласында зерттеу тақырыбын таба алады, бірақ оның кез-келген қыры сондай тақырып бола алмайды. Әлеуметтік ықпалдастық адамдардың бірлескен қарекетіндегі әлдене ерекше «секторды» құрамайды. Көбінесе бұл барлық сондай қарекеттердің белгілі бір қыры. Аталмыш ойды басқаша білдіруге, атап айтқанда: әлеуметтанушы абстракцияның ерекше деңгейіне көтеріледі деп білдіруге болады. Зерттеу объектісі ретінде әлеуметтік құбылыс адам қызметінің әлдене оқшау аймағы емес... Әлеуметтанушының назар өрісінде әлі ешкім ештеңе білмейтін бірде-бір құбылыс жоқ, тек нақ сол құбылыстарға ол басқаша қарайды. Мысал ретінде адам баласының қызметіне заңгердің ерекше өзіндік көзқарасын да келтіруге болады. Іс жүзінде, бұл арада біз бұл қыцзметті экономиске қарағанда неғұрлым кең қамтуға бағдарланған көзқараспен кезігеміз. Кез-келген дерлік адами қызмет бір немесе басқа сәтте заң шығарушының назарына іліге кетуі мүмкін, заңның ғажаптығы, шындап келгенде міне осында. Бірақ заңгермен жағдайда да біз абстракциялардың өте өзіндік ерекше процедурасын байқаймыз. Адам тәртібінің бүкіл орасан байлығы мен сан алуандығынан заңгер тек өзінің компетенциясының мүлдем ерекше өрісіне жататын қырларды (немесе, ол айтатындай, «материалдарды») таңдайды. Сот процесіне болмағанда бір рет қатысып көрген адам атаулы мынаны жақсы біледі: заң тұрғысынан не маңызды және не маңызсыз екендігінің өлшемдері істі қарау барысында айыпталушыны тым жиі таң қалдырады. Бірақ қазір бізге бұның қатысы жоқ. Біз назарымызды заң компетенциясының ұқыпты да мұқият анықталатын адам тәртібі үлгілерінің

өрісі ерекше шама санын қамтитынына аударамыз. Осылайша, біз міндеттің, жауапкершіліктің және заңға қарсы қарекеттің анық үлгілеріне ие боламыз. Қандай да бір эмпириялық қарекетті аталған категориялардың біріне жатқызу мүмкін болудан бұрын, белгі бір жағдайларда орын алуы тиіс, ал бұл статустармен немесе преценденттермен анықталады. Егер сондай жағдайлар байқалмайтын болса, онда қарекет заң тұрғысынан қарастыруға жатпайды. Заңгердің біліктілігі модельдер конструкцияланатын ережелерді білуде жатыр. Өз біліктілігінің өрісінде ол қандай жағдайда іскерлік келісімшартты орындау міндетті, жүргізушінің қылығы қандай жағдайда абайламау деп таныла алатынын және зорлаудың қай кезде орын алғанын біледі. Әлеуметтанушы нақ сол құбылыстарды қарастыра алады, бірақ оның координаттар жүйесі мүлдем басқа болады. Ең бастысы, оның бұл құбылыстарды көруін статустар мен преценденттерден шығара алмайсың. Іскерлік байланыстар барысындағы оның адами өзара қатынасқа ықыласы олардың заңгерлік жағына – қол қойылған келісімшарттың заңдылығына таралмайды; дәо солай, әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан қызықты оғаш сексуалдық тәртіп заңгерлік терминологияда өзінің анықтамасын таба алмауы мүмкін. Заңгер тұрғысынан, әлеуметтанушының зерттеуі заң қарекет жасайтын координаттар жүйесі үшін жат. Заңның тұжырымдамалық «ғимараты» үшін әлеуметтанушының қызметі өзінің сипаты жағынан астыртын жұмыс деуге болады. Заңгер ахуалдың ресми тұжырымдамасы деуге болатын нәрсемен жұмыс істейді. Ал әлеуметтанушы көбіне-көп ресмиліктен ауылы алыс тұжырымдамалармен істес болады. Заңгер үшін басты нәрсе – бір немесе өзге қылмысқа заңның қалай қарайтынын түсіну, ал әлеуметтанушы үшін қылмыскердің заңға қалай қарайтынын көре білудің маңызы одан кем емес. Әлеуметтануда сұрақтарды қойылуының өзі адами қарекеттердің барша қабылдаған немесе ресми бекітілетін мақсаттарына сырттан қарау тілегін аңғартады. Мұның өзі адамдар қоғамында болып жатқан оқиғалардың мәні бірнеше деңгейлі болатыны, олардың кейбіеулері күнделікті өмірді біздің түсінуімізден жасырын жататыны туралы белгілі бір дәрежеде хабардар болуды

көздейді. Мұның өзі тіпті, өкімет, мейлі ол заңгерлік немесе діни өкімет болсын адами ахуалдарды соның көмегімен ресми тәпсірлейтін тәсіл жөнінде белгілі бір шамасы күдіктің болуын да көздейді. Ал егер одан да тереңдей түсу ниеті пайда болса, онда тарихи жағдайлардың барлығы бірдей әлеуметтанушылық көзқарасты дамытуға қолайлы бола бермейтіні айдан анық болып шығады. Нәтижесінде, әлеуметтанушылық ой мәдениеттің өзіндік тұжырымдамасын (әсіресе ресми, беделді және барша мойындайтын өзіндік тұжырымдамасын) конструкциялауға ықылас күшті тарихи жағдайларда дамуға мүмкіндігі мол деген тұжырым әбден рас секілді көрінуі мүмкін. Нақ сондай жағдайда ғана көреген адамдар сол өзіндік тұжырымдама шеңберінен шығу стимулына ие бола алады да, сайып келгенде, беделдерге күмән келтіре алады. Альберт Саломон осы заманғы әлеуметтанушылық мағынада қоғам тұжырымдамасы тек христиандықтың нормативтік құрылымын, содан кейін (антик құрылыстың)400 ancіen regіme’сі күйретілгеннен кейін ғана пайда болуы мүмкін екендігін көз жеткізе дәлелдеп берді. Осылайша, біз қоғамды тағы да ғимарат қаңқасымен салыстыра аламыз, ғимараттың фасады оны көпшіліктен жасырып тұрады. Орта ғасырлық христиандық дәуірде еуропалық адамның күнделікті өмірінің негізін құраған таңылатын діни-саяси фасад «қоғамды» көзге көрінбейтін ететін. Саломон көрсеткеніндей, нақ сол қызметті христиан әлемінің бірлігін бұзған Реформациядан кейінгі абсолютистік мемлекеттің неғұрлым дүниауи саяси фасады орындады. Бірақ, абсолютистік мемлекеттің ыдырауымен «қоғамның» жасырын қаңқасы ашық қалып, көз алдымызда әлеуметтік нақты болмыс ресми тәпсірі шеңберінде түсіндіруге көнбейтін сарындар мен күштердің жаңа әлемі көлденеңдеді. Осылайша, әлеуметтанушылық көзқарасты «бесенеден белгілі» немесе «түпкі мәнісіне қарау» сынды тіркестермен суреттеуге болады, олардың көбін біз күнделікті сөзімізде қолданыла береміз: «бесенеден белгілі ғой», «аттың сыры иесіне мәлім», басқаша айтқанда, «астарында не жатқанын байыптаңыз».

400 Автор американ әлеуметтанушысы А Саломонның Франциядағы әлеуметтанудың пайда болу көздерін талдауға арналған «Прогресс тирании» атты кітабын меңзеп отыр.

Егер біз әлеуметтанушылық ойға Ницше «сенбеу өнері» деп атаған нәрсенің бір бөлігі ретінде қарасақ, ақиқаттан аттап кетпейміз. Әрине, бұл өнер тек жаңа заманда ғана пайда болды деп санау өрескел қарадүрсіндік болар еді. Тегінде, парасаттың “қоясын ақтара білу” қабілеті тіпті ең қарабайыр қоғамдардың өзінде-ақ болған секілді. Американ антропологы Пол Рэдин401 бізге қарабайыр мәдениеттегі402 адам тұрпаты ретінде жанды бейнесін суреттеп берді. Мұның үстіне біз бұған батыс өркениятынан басқаша болса да, өзін-өзі тануды әлеуметтануға дейінгі деп атауға болатын пошымдарға дейін дамытқан басқа өркенияттармен таныстықтан көз жеткізе аламыз. Мысал ретінде Геродотқа немесе Ибн-Халдунға сілтеуімізге болады. Тіпті адамзат тарихындағы ең берік тәртіптің бірі деген абыройға ие болған саяси және әлеуметтік тәртіптен көңіл терең түңілуді айғақтайтын ежелгі египеттік мәтіндер сақталған. Алайда Батыста жаңа заманның басталуымен сананың бұл пошымы жеделдей, шоғырлана, жүйелене түсіп, көреген адамдардың барған сайын көбісінің ойлау жүйесіне ене бастайды. Бұл арада әлеуметтанушылық ойдың алғы тарихын егжей-тегжейлі баяндап жату орынсыз, оны Саломоннан табуға болады. Біз тіпті әлеуметтанудың интеллектуалдық ізашарларының кестесін жасап, оның Макиавеллимен403, Эразммен404, Беконмен405, XVІІ ғасыр философиясымен және XVІІІ ғасыр беллетристикасымен сабақтастығын көрсетіп жатпаймыз. Бұның барлығын басқалар, осы жолдардың авторынан неғұрлым білікті мамандар істеп қойған. Тек әлеуметтанушылық ой Батыстың осы заманғы тарихында әбден-ақ өзіндік ерекше орын алатын тұтас бір интеллектуалдық ағымдардың жемісі екендігін тағы бір атап көрсету жеткілікті. Өзіміздің әлеуметтанушылық көзқарас әлеуметтік құрылымдар фасадын «көру» процесін – үлкен қалада өмір сүретін адамдардың күнделікті тәжірибесінің, мысалдары арқылы көрсетуге болатын процесті қамтиды деген тұжырымымызға қайтып оралайық. Үлкен қала ғажаптарының бірі былай

401 Рэдин, Пол (1883–1959)-американ антропологы, алғашқы қауымдық қоғамдар туралы көптеген еңбектердің авторы. 402 Әңгіме П. Рэдиннің «Алғашқы қауымдық адам философ ретінде» атты кітабы жайлы болып отыр. 403 Макиавелли, Николло (1469–1527) Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойдың классигі. 404 Эразм Роттердами (1466/9–1536) Қайта өркендеу дәуіріндегі қоғамдық ойдың классигі. 405 Бэкон, Френсис (1561–1626) – ағылшын философы.

қарағанда үйреншікті, сұмдық қатар-қатар салынған ғимараттар ішінде болып жататын адам қызметінің ғаламат сан алуандығы болып табылады. Осындай қалада өмір сүретін адам, мүлдем елеусіз адамдар нақ сол көшедегі сыртынан қарағанда өзге үйлерден ешбір айырмашылығы жоқ үйлерде қандай оғаш ғұмыр өткізіп жатқанын білген шақта көбіне-көп қайран қалуды, тіпті оқыс сілкіністі бастан өткереді. Осындай таңырқауды бір-екі рет бастан өткергеннен кейін, адам кей-кейде жай ғана көше бойлап қыдырыстауды (көбіне көз байлағанда) әдетке айналдырып, соның кезінде самалдай жарық терезелерді тұмшалап тұрған перделердің алғы жағында не болып жатқанын қызыға қадағалауы мүмкін. Кәдуілгі бір үйелмен адамдары қонақтармен мамыражай әңгімелесіп отыр ма? Сырқат адамның немесе мәйіттің төсегі жанындағы шарасыздық сахнасы ма? Бейберекет көңіл ашар ма? Бәлкім, сыры беймәлім культ немесе астыртын қаскүнемдік шығар? Үйлердің фасадтары бұл туралы бізге ештеңе айтпайды, олар тек белгілі бір топтардың немесе таптардың бір немесе өзге архитектуралық талғамдарға әуестігін ғана көрсетеді, тіпті олар бұл үйлерден баяғыда көшіп кеткен де болуы мүмкін. Фасадтың арғы жағында әлеуметтік мистериялар болып жатады. Сол мистериялардың сырына бойлау тілегі әлеуметтанушының қызығуына ұқсас. Қандай да бір алапат кенеттен үйірілетін қалаларда мұндай қызығушылықты әуестікті әбден қанағаттандыруға болады. Соғыс кезіндегі бомбалауды бастан өткерген адам бомбадан бас сауғалайтын паналарда соларға өздерінің төл пәтерінен түскен қандай оғаш (кейде сұмдық өрескел) адамдарды кездестіруге болатынын біледі. Ол түнгі соққыдан кейін таңертең жартысын нақ пышақпен кескендей бомба кесіп түскен, фасадын жұлып кеткен, сөйтіп бір кездері бөгде көзден алас интерьерді әшкере еткен үйдің қаншалық үрейлі көрінетінін еске түсіре алады. Алайда адамдар әдеттегідей өмір сүріп жатқан қалалардың көпшілігінде фасадтарды әуестік қана «көктей өте» алады. Осы секілді, тарих фасадтар қоғам бетінен күшпен жұлып тасталып, ештеңеге ықылассыз адамдардан өзгелердің бәрі оның арғы жағында қандай нақты болмыс жатқанын байқаған ахуалдарды біледі. Бірақ мұндай ахуал жиі бола бермейді, содан да фасадтар әдетте әлдене

жартасқа ұқсас берік қамал секілді көрінеді. Сыртқы қабықтың тасасында жатқан нақты болмысты қабылдау белгілі бір интеллектуалдық күш-жігер жұмсау қажет. Біздің әлеуметтік құрылымдар фасадының арғы жағына әлеуметтану қалай «көз жүгіртетіні» туралы ойымызды мысалдармен түсіндірейік. Қандай да бір кез-келген жергілікті қоғамдастықтың саяси ұйымын алайық. Егер кімде-кім осы заманғы американдық қала қалай басқарылатынын анықтап алғысы келсе, онда ол бұл туралы ресми ақпаратты оп-оңай ала алады: қаланың штат заңына сәйкестелген жарғысы сөзсіз болады. Хабардар адам қала конституциясын толықтыратын әртүрлі статуттарға көз жүгіртуге кеңес береді. Көрсетілген барлық құжаттардан қоғамдастықтың басқару пошымы қандай екенін анықтай, муниципиялық сайлауларда партиялық тізімдер бойынша дауыс берілмейтінін және қала үкіметінің сумен қамтамасыз етудің аймақтық жүйесіне қосылғандығын біле алады. Дәл сол секілді. қалалық газеттерді оқып шығып, қаланың ресми түрде мойындалған саяси проблемалары жөнінде пікір түзуге болады. Қала маңындағы аумақты қалаға қосып алуы жөніндегі қаланың жоспарлы туралы, басқа бір аумақтық индустриялық дамуын қамтамасыз ету үшін оның әкімшілік бағыныштылығында, жақында жасалған өзгерістер туралы, немесе қалалық кеңес мүшелерінің бірінің өзінің қызметтік жағдайын қарақан басының қамы үшін пайдаланғандығы үшін айыпталғаны туралы біле алады. Мұның бәрі, былайша айтқанда саяси өмірдің көзге ұрып тұрған, ресми, жұртшылық денгейінде әрдайым болып жатады. Дегенмен тек барынша аңғырт адам ғана осы тектес ақпарат қоғамдастықтың саяси өмірі жайлы өзіне толық картина береді деп ойлай алады. Әлеуметтанушы (оны осындай зерттеулерге ден қойған американдық әлеуметтанушы Флойд Хантер атағанындай) адамдар мен олардың биліктің мүмкіндіктерінің сіз ешқандай статуттан таба алмайтын және олар туралы тіпті газеттерден оқып ала алмайтын тоқайласуының картинасын міндетті түрде түсінуге тырысады. Саясаттанушы немесе сарапшызаңгер аталмыш қаланың жарғысын басқа ұқсас қоғамдастықтардың конституцияларымен орасан ықыласпен салыстыра алады. Ал әлеуметтанушы

болса, осы жарғыға сәйкес сайланған ресми адамдардың қарекеттеріне заңмен бекітілген мүлікті құқықтарының қалай және қаншалықты күшті ықпал ететінін, тіпті сол қарекеттерді айқындайтынын анықтап алуға тырысады. Мүліктік құқықтар жөніндегі бірдеңелерді қала жарғысынан емес, көбінесе корпорациялар президенттерінің кабинеттерінен табуға болады. Сол құқықтар мен оларға негізделген мүдделер жадпы жергілікті қоғамдастық шегінен сыртқа, ат төбеліндей құдіретті адамдардың оңаша тас-тамдарына, кейбір кәсіподақтардың кеңселеріне, ал кейде тіпті қылмыстық ұйымдардың штабтарына жетелеуі мүмкін. Әлеуметтанушының өзінің билікпен жанасуының сәті түсе қалса, ол ең алдымен қаладағы билік қатынастарын реттейді деп саналатын ресми механизмдердің артына “арғы жағына” көз жүгіртіп алар еді. Бұл тіпті де әлеуметтанушы ресми механизмдерді мүлдем тиіспіз, ал заңда бекітілген анықтаманы алдамшы санайды деген сөз емес. Бірақ ол бері салғанда нақты болмыстың нақты билік жүйесінде зерттеу керек басқа да деңгейі бар дегенге табандап тұрып ала алады. Ал кейде ол қоғамның пікірі бойынша билік болуға тиісті жерден нақты билікті таба алудың мүлдем мүмкін емес деген қорытындыға шынында да келе алады. Басқа бір мысал алайық. Американың протестанттық діндері «құрылысы» жағынан, яғни қызмет етіуінің ресми түрде белгіленген тәсілдері жағынан мықтап өзгешеленеді. Епископтық, пресвитерлік және конгрегациялық «құрылыстар» (осынау атаулармен нобайланған діндердің өзін емес, әрқилы діндерде орын алатын шіркеулік басқару пошымдарын ескерсек, мысалы епископтық пошым епископтық шіркеу мен методистер де, конгрегациялық пошым конгрегацияшылдар мен баптистерде қабылданған) туралы айтуға болады. Барлық дерлік жағдайларда мұндай «құрылыстар» ұзақ тарихи даму барысында қалыптасқан және теологиялық тұғырлары бар, ол тұғырлар жайында бітпес дауды шіркеу ілімдері саласындағы сарапшылар әлі жалғастырып келеді. Егер әлеуметтанушының Америкада дін басқару мәселесіне ықыласы ауса, оған осынау ресми қабылданған терминдерге ерекше ұзақ шүйлігудің қажеті де болмайды. Көп ұзамай-ақ ол нақты билік пен

ұйымдастыру проблемаларының «құрылыспен» теологиялық мағынадағы ортақтығы мардымсыз екенін аңғарады. Оған діндарлара санына қарамастан, барлық діндердің ұйымдастырылуының базалық пошымы бюрократиялық екендігі айқын болады. Әкімшіліктік тәртіптің логикасын ілуде бір ғана айталық эпископтық немесе конгрегациялық доктрина тұрғысынан ол негізінен бюрократиялық процестер тұрғысынан бағытталады. Әлеуметтанушызерттеуші шіркеулік бюрократия иерартарының толып жатқан кісінің зәресін алатын атауларының «арғы жағына» ылдым-жылдым көз жүгіртіп шығады да, нақты билік олардың қайсысының қолында екенін тап абсып анықтайды, бұл орайда олардың қалай аталатындығының – “епископ” бөлім меңгерушісі немесе “синод төрағасы” аталатындығының бәрі бір. Шіркеу иерархиясына бюрократиялық жүйелердің бірі ретіндегі көзқарас әлеуметтанушыға ұйым ішінде болып жатқан, процестерді ашып көрсету, теория бойынша билік иесі саналатын адамдар бастан өткеретін ішкі және сыртқы ықпалдарды аңғару мүмкіндігін береді. Басқаша айтқанда, «шіркеулік құрылыстар» фасадының артынан әлеуметтанушы бюрократиялық аппараттың жұмысын көреді, ол аппарат Методистік шіркеуде, мысалы, кез-келген федералдық қызмет, «Дженерал Моторс» компаниясы немесе Автомобиль өнеркәсібі жұмысшыларының біріккен кәсіподағы аппаратынан тым өзгешелене қоймайды. Немесе экономикалық өмірден мысал келтірейік. Қандай да бір өнеркәсіптік орынның қызметкерлерін басқаратын адам сізге өндірістік процесті басқаруды бейнелейтін секілді схема рахаттана сызып береді: мұнда әркім өз орнын біледі, әркім кімнен бұйрық алатынын немесе оны кімге жеткізуге тиіс екенін біледі; ұжымның әрбір мүшесінің өндірістің «ұлы драмасында» тек өзіне міндеттелетін рөлі бар. Нақты өмірде әрқашан бәрі де басқаша болады, және жақсы басқарушылар мұны тамаша біледі. Ұйымдастырудың ресми схемасына топ аралық қатынастардың, тәуір көрудің, соқыр сенімдердің, ұнатпаудың және (одан да маңыздысы) тәртіптік кодтардың неғұрлым шиырлы және әрең байқалатын желісі араласады. Өнеркәсіптік

әлеуметтануда ұжымдар дамуының әртүрлі сатыларында қалыптасатын және ресми жүйемен қайшылыққа келетін, немесе оған бейімделетін бейресми желілердің қарекеті туралы толып жатқан мәліметтер жинақталған. Осыған өте ұқсас ресми және бейресми ұйымдастырудың қатар өмір сүруі ортақ тәртіптік режим көптеген адамдар бірге өмір сүретін немесе жұмыс істейтін барлық жерде, – армияда, абақтыларда, ауруханаларда, мектептерде, соның ішінде балалар өзара құратын, үлкендер ілуде бір болмаса, біле бермейтін «құпия бауырластықтарда» байқалады. Әлеуметтанушы, тағы да нақты болмыстың (бригадирдің, офицердің, мұғалімнің нұсқаларынан) түтін бүркеген ресми нұсқаларының шымылдығынан өтіп, «жасырын әлемнен» (жұмысшы, солдат, оқушы әлемінен) шығатын белгілерді аңғаруға тырысады. Тағы бір мысал келтірейік. Батыс елдерінде, әсіресе Америкада, әйел мен еркек бір-бірін жақсы көретіндіктен үйленеді деп санау қабылданған. Махаббат туралы барлық кедергілерді жайпап кететін ғаламат, еңсерілмес сезім ретіндегі, жас, кейде онша жас та емес адамдардың көпшілігі бетін ашқысы келетін құпия ретінде кеңінен таралған аңыз бар. Алайда некеге тұрудың нақты себептерін зерттеу барысында Купидон өз жебесін адамдар жүректеріне олардың белгілі бір тапқа, нәсілге, дінге, белгілі бір табысы мен білімі бар топқа жататындығына қарамастан жөнелтетініне күмән пайда болады. Егер үйлену ттойы алдындағы тәртіпті (оны бірдеңені анықтаудан гөрі, адастыруға апарып соқтыратын «айналдыру» деген сөзбен де нобайлайды) тереңірек зерттесек, тәртіпті рәсімнен кем реттемейтін ықпалдастықтың арналары ашылады. Жағдайдың көпшілігінде ерекше қатынасты туғызатын сезім емес, керісінше, дәл ойластырылған және көбіне алдын ала жоспарланған қатынастар туындататыны анықтала түскен сайын бұл күдік күшейе түседі. Басқаша айтқанда, адамдар белгілі бір (немесе арнайы жасалған) жағдайлар болғанда өзінің “ғашық болуына” жол береді. “Айналдыру” мен некенің пошымдарын зерттейтін әлеуметтанушы көп ұзамай бүкіл институциялық құрылыммен – адам өмірінде оның ішінде өткізетін таппен, карьерамен, материалдық пиғылдармен, билікке және абыройға ұмытылыспен мыңдаған арқаулар арқылы

байланысты сарындардың күрделі желісін аңғарады. Енді ол махаббат ғажабын синтетикалық, күрделі бірдеңе ретінде қарастыра бастайды. Бұл әлеуметтанушы әрбір жолы некені кез-келген романтикалық түсіндіруді алдамшы бірдеңе деп жариялайды деген сөз емес. Бірақ, қайткенмен де, ол “тікелей аталмыш нәрсенің” және жалпы жұрт қабылдаған тәпсірдің “арғы жағына көз жүгіртеді”. Айды тамашалап отырған ғашықтар жұбын бақылай отырып, әлеуметтанушының осынау ай астындағы көріністің ерекше эмоциялылығын жоққа шығару міндет емес. Бірақ ең алдымен ол көріністің «айға қатысы жоқ» қырларында оның құрылымын құрайтын механизмді айды тамашалап отырғандар мінген автомобильдің – абыройлылығын; сүйсінушілердің киімін анықтайтын талғам мен тактика пиғылдарын; олардың әлеуметтік жағдайының көптеген тәртіптік және ауызша нышандарын бақылайтын болады. Бұл механизм бүкіл ахуалға белгілі бір әлеуметтік кеңістік пен ішкі реңк береді. Әлеуметтанушыны қызықтыратын проблемалар басқа адамдар үшін «проблема» болуы міндетті еместігі енді айқын. Ресми адамдардың, баспасөздің (және, амал нешік, әлеуметтану жөніндегі кейбір оқулықтардың) «әлеуметтік проблемалар» туралы хабарлайтыны, тек істің өзегін көлегейлейді. Әдетте адамдар «әлеуметтік проблемалар» туралы қоғамда ресми түсіндірулерде топшыланғаннан басқаша бірдеңелер бола бастаған шақта айта бастайды. Мұндай жағдайда олар әлеуметтанушы «проблеманы» (яғни, олар сондай анықтама берген ахуалды) зерттеп, бәлкім, оны баршаның ризашылығына қарай жоюға көмектесетін қандай да бір «шешім» табар деп күтеді. Алайда ондай үміттерге кереғар әлеуметтанушылық проблема дегеніміз көрсетілген мағынадағы «әлеуметтік проблемадан» мүлдем бөлек бірдеңе екендігін түсіну өте маңызды. Мысалы, құқық қорғау органдары қылмыстылықты проблема деп анықтайтындықтан ғана

соның “проблемасымен” айналысу немесе инсаниятқа шаң жуытпайтындар үшін ажырасу «проблема» болатындықтан ғана ажырасумен айналысу балалық болар еді. Бұдан да анығырақ айтуға болады: адамдардың неғұрлым тиімді жұмыс

істеуіне қалай қол жеткізуге болады деген бригадирдің проблемасы, немесе жаяу әскер офицерінің солдаттарды шабуылға қалай көтеруге болады дейтін проблемасы әлеуметтанушы үшін проблема болмауы мүмкін (корпорация немесе армия әлеуметтанушыны осындай проблемаларды зерттеу үшін арнайы жалдаған жағдайларды қоспағанда). Әлеуметтанушылық проблема әрқашан әлеуметтік ықпалдастық шеңберінде не болып жатқанын түсінуде. Осылайша, әлеуметтанушылық проблема өкіметтің немесе әлеуметтік сахнада жұмыс істейтін режиссердың көзқарасы тұрғысынан бір нәрсенің неліктен «ойдағыдай» жүріп жатпағандығында емес, ең алдымен, жалпы алғанда жүйенің қалай қарекет жасайтындығында, оның тіршілік етуінің бастапқы алғышарттары қандай екендігінде және оның біртұтастығы қандай құралдар есебінен қамтамасыз етілетіндігінде. Іргелі әлеуметтанушылық проблемалар қылмыс емес, заң, ажырасу емес, неке, нәсілдік кемсіту емес, нәсілмен шартталатын стратификация, революция емес, басқару пошымы. Бұл көзқарасты келесі мысалмен түсіндіруге болады. Төмен тап өкілдері басым аудан жеткіншіктер клубын ұйымдастырудың мақсаты – тинейджерлерді жеткіншіктер бандасының қоғам мақұлдамайтын қарекеттеріне қатысудан алдарқатып әкету. Әлеуметтік қызметкерлер мен полиция қызметкерлері осынау ахуалдың «проблемалылығын» анықтайтын координаттар жүйесін орташа тап, өзінің сабырлы, қоғам мақұлдайтын құндылықтары тұрғысынан құрады. Егер жеткіншектердің ұрланған машиналармен ызғытып жүргені «проблема» болса, онда олардың ұжымдық ойындарға қатысу үшін жергілікті клубқа келуін соның «шешімі» деп санауға болады. Бірақ егер координаттар жүйесін алмастырып, ахуалға жеткіншектер тобының серкесі тұрғысынан қарасақ, барлығы керісінше болып шығады. Ол үшін жеткіншекті бандаға өзінің әлеуметтік ортасында абырой алып беретін қызметтен басқаға бет бұрғызатын ахуалда банданы топтастыру «проблема» болып шығады, әлеуметтік қызметкерлер өздерінің жаймашуақ кварталдарына тайып тұрса, онда бұл соның «шешімі» болады. Қысқасы, бір әлеуметтік жүйе үшін «проблема» болып табылатын нәрсені, басқа жүйе қалыпты жағдай ретінде

қабылдайды, және керісінше. Осынау екі жүйенің өкілдері лоялдық пен бейлоялдықты, топтасу мен ауытқуды мүлдем қарама-қарсы позициялар тұрғысынан анықтайды. Әрине, өзінің төл құндылықтарын көзден таса қылмай, әлеуметтанушы орташа таптың сабырлы әлемін неғұрлым жағымды деп санай алады, сондықтан миссиионерлік іn partіbus іnfіdelіum406 аванпост болып табылатын жеткіншектер клубының қызметкерлеріне көмектесе алады. Бірақ оның, мұндай позициясы – ресми адамдардың басын ауыртатын нәрсені әлеуметтанушылық тұрғыдан «проблема» болып табылатын нәрсемен теңдестірілуін ақтауға ілік бола алмайды. Егер әлеуметтанушы осындай «проблемаларды» шешпек болса, онда оның бүкіл әлеуметтік ахуалды, екі жүйенің де құндылықтары мен қарекет тәсілдерін сондай-ақ, олардың уақыт пен кеңістікте қатар өмір сүру пошымдарын түсінуі қажет болады. Кез-келген ахуалды бәсекелес екі жүйенің позициялары тұрғысынан нақ осы көре білу әлеуметтанулшыық сананың, біз аладғы уақытта көрсететініміздей ерекше бешісі болып табылады. Біз, әлеуметтанушылық санаға ерекше әшкерелеуші сарын тән дегенді кесіп айтамыз. Оның ғылымының логикасының өзі әлеуметтанушыны өзі зерттейтін әлеуметтік жүйелерді әшкерелеуге итермелейді. Бет пердені ұдайы ашып беруге мұндай ұмтылыстың себебін оның темпераменті мен бейімінен көру міндетті емес. Шынында да былай болып шығуы әбден мүмкін: жаратылысынан сабырлы және өзінің әлеуметтік тіршілігінің саясын бүлдіруге мүлдем бейім емес әлеуметтанушы өзінің қызметінде өзінің айнаалсындағы адамдар жазмыш деп қабылдайтын нәрсеге бәрібір қарсы шығуға мәжбүр болады. Басқаша айтқанда, біз әлеуметтанудағы әшкерелеуші сарынның тамыры психологиялық емес, методологиялық табиғатында. Әлеуметтанушылық координаттар жүйесі оған енгізілген нақты болмыстың қоғамның ресми тәпсірлерінде берілетіннен өзге деңгейлерін іздестіру процедурасымен бірге әлеуметтанушыны адамдар өздерінің бір-бірі жөніндегі қылықтарын бүркемелейтін насихат пен алдаудың бет пердесін ашып тастауға

406 Іn partіbus іnfіdelіum (лат.) – бөтен діндегілер қосынында.

итермелейтін әлдене логикалық императивті өзімен бірге ала жүреді. Әшкерелеудің бұл талабы әлеуметтануды біздің дәуірдің көңіл күйімен үндес ететін сипаттамалардың бірі болып табылады. Әшкерелеуге бейімділікті әлеуметтанушылық пәнде қалыптасқан барынша алуан түрлі бағыттар мысалында көрсетуге болады. Мәселен, Вебер әлеуметтануының ең басты тақырыптарының бірі қоғамдағы адами қарекеттің қасақана жасалмаған, күтілмеген салдары болып табылады. Вебердің протестанттық құндылықтар мен «капитализм рухы» дамуының өзара байланыстарының кейбір салдарларын көрсеткен ең белгілі «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегін сыншылардың көбіне-көп жаңсақ түсінетіндігі олардың нақ осы тақырыпты ұмытып кететіндігінен. Олардың пікірі бойынша, Вебер цитата келтіретін протестанттық ойшылдар өзі ілімдерінің көмегімен әйгілі экономикалық нәтижелерге қол жеткізілетінін тіпті де топшыламаған. Вебер мынаны дәлелдеді: пешенеге жазылудың кальвинистік доктринасы адамдарды «дүниауи аскетизмге», яғни субъектісі өзін мына жалғанның шаруасымен, соның ішінде экономикалық қызметпен407 табанды, жүйелі, жанқиярлықпен салғастыруға ұмтылдырд. Ал Вебердің сыншылары, Кальвин мен кальвинистік Реформацияның басқа лидерлерінің пиғылына ол көрсеткен салдардан артық жат нәрсе жоқ деп соғады. Бірақ Вебер кальвинистік ой экономикалық тәртіптің мұндай үлгілерін қасақана «жаратты» деп ешқашан кесіп айтқан емес. Керісінше, ниеттің мүлдем өзге болғанын ол тамаша білді. Ал салдарлар ниетке тәуелсіз болатын. Вебер мұрасы (жоғарыда аталған жұмыс қана емес) бізге адам қарекетіне тағдыр тәлкегінің жанды картинасын береді. Осылайша, Вебердің әлеуметтануы тарихты идеяларды іске асыру немесе қалай болса солай жасалатын индивидуалдық және ұжымдық күш-жігердің жемісі деп білетін кез-келген көзқарастың радикалды антитезасы болып табылады. Бұл идеялардың ешқандай ықпалы жоқ деген сөз емес. Вебер ойын былай түсіну керек: идеяларды іске асыру нәтижелері, әдетте, оны жақтаушылар бастапқыда нені ойластырып, неге үміт артқаннан қатты ерекшеленеді. Тарих тәлкегін

407 Вебер М. Протестанттық этика және капитализм рухы. (Антологияның 3-томын қараңыз).

түсіну ес жиғызып, революцияшыл утопизм атаулыға қарсы күшті дәрі болып табылады. Әлеуметтанудың әшкерелеуші тенденциясы әлеуметтік процестердің автономдығын атап көрсететін теориялардың барлығында бар. Мысалы, ең елеулі француз әлеуметтанушылық мектебінің негізін қалаған Эмиль Дюркгейм408 қоғам дегеніміз ерекше suі generіs409 нақты болмыс, не психологиялық, не ғылыми талдауға көнетін өзге бір факторларға саюға болмайтын нақты болмыс деп атап көрсеткен. Мұндай көзқарастың нәтижесі Э. Дюркгеймнің әрқилы құбылыстарды зерттеуде қасақана қарекеттерді, сарындар мен пиғылдарды мүлдем көзге ілмеуі болды. Тегінде, бұл бәрінен де өзіне-өзі қол жұмсау туралы сол аттас атақты зерттеуде айқын көрініс тапты: онда өзінөзі өлтірген немесе өзін өлтіргісі келген адамдардың жеке ниеті мүлдем талданбады, есесіне индивидтердің сан алуан әлеуметтік мінездемелері туралы статистикалық мәліметтер мұқият зерттелді410. Дюркгейм бойынша, қоғамда өмір сүру дегеніміз сол қоғамның логикасына бағыну, және адамдар көбіне-көп өздері де байқамай, дәл солай істейді. Қоғамның ішкі динамикасын ашып көрсету үшін әлеуметтанушы көбіне-көп өз сұрақтарына әлеуметтік қарекет субъектілерінің жауаптарын елемей, олардың санасынан жасырынып жатқан түсіндірмелерді іздеуге мәжбүр болады. Осынау дюркгеймдік ерекше тәсіл функционализм дейтін теориялық бағытқа көшіп алды. Қызметтік талдауда қоғам оның қызметтерінің тұрғысынан қарастырылады және оның ішінде қарекет жасайтындарға қызметі көбіне түсініксіз немесе олардың түсінуіне көнбейтін жүйе ретінде көрінеді. Американ әлеуметтанушысы Роберт Мертон411 жария және жасырын қызметтер412 ұғымын енгізу арқылы бұл көзқарасты сәтті білдіре алды. Бұлардың біріншілері – әлеуметтік процестердің түсінілетін және өздгінен болатын, екіншілері – түсінілмейтін және қасақана жасалмайтын қызметтер. Мысалы, құмар ойындарға тиым салатын заңның

408 Дюркгейм, Эмиль (1858–1917) – француз әлеуметтанушысы және философы, Француз әлеуметтанушылық мектебінің негізін қалаушы. 409 Suі generіs (лат.) – өзіндік бір. 410 Қараңыз: Дюркгейм Э. Өзін-өзі өлтіру: Әлеуметтанушылық этюд. М., 1994. 411 Мертон, Роберт (1910 ж. туған) – американ әлеуметтанушысы. 412 Мертон Р. Жария және жасырын қызметтер (Антологияның осы томын қараңыз).

жария қызметі – оларды тоқтату, ал жасырын қызметі – ойын бизнесінің астыртын империясын құру болуы мүмкін. Африканың бір түкпірінде христиандық миссиялар жария түрде олардың тұрғындарын христиандарға айналдыруға тырысты, ал жасырын түрде жергілікті тайпалық мәдениетті күйретуге жәрдемдесті, сөйтіп, әлеуметтік өзгерістер процестеріне қуатты серпін берді. Коммунистік партияның қоғам өмірінің барлық өрістеріне бақылауы жария түрде революциялық рух үстемдігін сақтап отыруға міндетті болатын, ал жасырын түрде жақсылап жайласып алған бюрократтардың жаңа табын туындатты, ол өзінің көзқарастары мен пиғылы жағынан даусыз буржуазиялық және большевиктерге тән болған жанқиярлық пен идеяларға адалдықтан барған сайын бойын аулақ сала берген тап еді. Америкадағы көптеген ерікті ұйымдардың жария қызметі адамдарды біріктіріп, қоғам игілігіне қызмет ету болса, жасырын қызметі сондай ұйымдарға тиесілі болуға рұқсат етілетіндерге статустық нышандар беру. Кейбір әлеуметтанушылық теориялар үшін орталық ұғым болып табылатын «идеология» ұғымы әшкерелеуші тенденцияның тағы бір көрнекі мысалы бола алады. Әлеуметтанушылар бұл ұғымды белгілі бір көзқарастар кейбір топтардың заңмен бекітілген мүліктік мүдделерін ұтымды етуге қызмет ететін жағдайда қолданады. Мұндай көзқарастар, жекелеген индивид өз өмірінің өзін мазалайтын қырларын жүйкесінің жұқару салдарынан теріске шығаратыны, бұзатыны немесе қарама-қарсы мағына беретіні секілді, әлеуметтік нақты болмысты жүйелі түрде бұрмалап көрсетуге өте жиі жәрдемдеседі. Бұл идея итальян әлеуметтанушысы Вильфредо Паретоның413 тұжырымдамасында басты орын алады, ал «идеология» ұғымы, келесі тарауда көретінімздей, «білім әлеуметтануы» деп аталатын әлеуметтанудағы көзқарас үшін өзекті ұғым болып табылады. Көрсетілген көзқарастар позициясынан алғанда адамдар өз қарекеттерін түсіндіретін идеялар, өзін-өзі алдау мен үгіт ретінде, Давид Рисмен414 өзінің жеке насихаттық пайымдарына сенуге

413 Парето, Вильфредо (1848–1923) – итальян әлеуметтанушысы, экономисі. 414 Рисмен, Давид (1909 ж. туған) әлеуметтанушы, әлеуметтік психолог, заңгер.

әдеттеніп кеткен адам ақылының ахуалын сәтті көрсеткен “шынайылық” түрі ретінде қарастырылады (әшкереленеді). «Идеология» ұғымының осындай түсінігі оны американдық дәрігерлердің көпшілігінің егер ақылы медициналық қызмет көрсетуді алып тастаса, денсаулық деңгейі төмендейді деген пікірін немесе көптеген жерлеу бюролары иелерінің арзан бағамен жерлеу өлген адам жөніндегі қайғының жеткіліксіздігін көрсетеді деген сенімін талдау кезінде немесе, ақыр соңында телевикториналарды жүргізушілер тарапынан «білім беру» қызметімен айналысамыз деген дәмесін талдауда қолдануға мүмкіндік береді. Сақтандыру агенті өзін жас отбасыларға әкелік кеңес беретін адам ретінде, кабактағы комедиант өзін – артист, жендет – өзін қоғам құлы ретінде көрсетеді; және осынау түсініктердің барлығы индивидтің жай ғана өз кінәсі сезімін жұмсарту немесе статусқа ұмтылу тілегін білдіріп қана қоймайды, тұтас бір әлеуметтік топтардың, өзінің барлық мүшелерін ұстануға міндеттейтін (бас тартқан жағдайда топтан шығаруға дейін баратын) топтардың өзін-өзі ресми бағалауының құрамдас бөлігі болып табылады. Қоғамда идеологиялық дәмелердің орын алуын ашып көрсетіп, әлеуметтанушы өзін сонау Маркс айтқан тарихшыларға ұқсамауға тырысады: кез-келген көше саудагері аадмның іс жүзінде кім екенін және олар өзін кім ретінде көрсеткісі келетінін олардан жақсы ажыратады. Әлеуметтанудың әшкерелеуші сарыны өзін әлеуметтік қарекеттің мойындалмаған және жиі өрескел «қозғаушы механизмдерін» бүркемелейтін көпірме сөз пердесін еңсергенде көрсетеді. Бұрын да атап өткеніміздей, әлеуметтанушылық сана қоғамның жалпы жұрт қабылдаған ресми белгіленген анықтамалары шатқаяқтай бастаған кезде пайда болады. Әлеуметтанудың дүниеге келу ахуалын ой елегінен өткізудің тамаша мысалы Франция (әлеуметтану отаны) бола алады, сонда нақ Француз революциясының, яғни 1789 жылы ұлы дүрбелеңдердің салдарларын ғана емес, Токвиль415 XІX ғасырдың ұзақ Революциясы деп атаған нәрсенің де салдарларын интеллектуалдық қамту әрекеттері жаңа пәннің негізін құрады. Францияға ұқсастыру арқылы осы заманғы қоғамның ұшқыр өзгерістері,

415 Токвиль, Алексис (1805–1859) – француз саяси ойшылы, әлеуметтанушы және мемлекеттік қайраткер.

фасадтардың қирауы, ескі наным-сенімдердің құнсыздануы және қоғамдық сахнада жаңа қаһарлы күштердің пайда болуы жағдайындағы әлеуметтану ахуалын күйін түсіну қиын емес. XІX ғасырда күшті әлеуметтанушылық қозғалыс пайда болған еуропалық басқа бір елде, Германияда іс біршама өзгеше болды. Марксқа тағы бір сілтеме жасаудан именбейін, ол былай деп жазған болатын: француздар баррикадаларда жасайтын революцияларды, немістер профессорлық кабинеттерде жасауға бейім. Бері салғанда, революцияның «академиялық» тамырының бірін, тегінде, ең маңыздысын білімнің тарихилығы деген атқа ие болған қуатты ой қозғалысынан табуға болады. Бұл арада бұл қозғалыстың тарихын егжейтегжейлі қарастыру орынсыз. Мынаны айту жеткілікті: ол тарихтағы бүкіл құндылықтардың салыстырмалылығы жөніндегі ғаламат түйсікті терең философиялық ой елегінен өткізу әрекеті болып табылады. Мұндай түйсік, салыстырмалылықты түсіну неміс тарихшыларының білімнің барлық салаларындағы орасан зор жетістіктерінің даусыз дерлік нәтижесі болды. Әлеуметтанушылық ойғ бері салғанда ішінара, тарихи білімдердің осынау ғаламаты кейбір бақылаушыларда туындатқан былық түйсігіне реттілік пен мағыналылық енгізу қажеттігінен пайда болды. Герман әлеуметтанушысы өмір сүрген қоғам да, оның француз әріптесі өмір сүрген қоғам сияқты, өзгерістерді бастан өткеріп жатты: XІX ғасырдың екінші жартысында Германия индустриялық құдірет пен бірігуге қарай шапшаң ілгерілеп келе жатты. Енді әлеуметтану кең таралған Америкаға ден қойсақ, мұнда да біз (Франция мен Германиядағыдан басқа, өзгеше болса да) қарқынды да терең әлеуметтік өзгерістер тұсында қалыптасқан жағдайлардың ұштасуына тап боламыз. Американың дамуын бақылай отырып, біз әлеуметтанудың әшкерелеушілікпен тығыз байланысты, бірақ онымен теңдес емес тағы бір сарынын – оның қоғам өмірінің салауатты жағына емес, «астарына» әуестікті атап көрсете аламыз. Кез-келген, қалай десек те кез-келген батыс қоғамында салауатты және салауатсыз секторларды бөліп көрсетуге болады. Американ қоғамы бұл тұрғыдан оқшау тұрған жоқ. Бірақ америкалық салауаттылықтың баршаға ену

сипаты бар. Мұндай өзіндік ерекшелікті ішінара, тегінде, пуритандық өмір салтының қалдықтық құбылыстарының орын алуымен түсіндіруге болар. Мұны американдық мәдениетті қалыптастырудағы буржуазия атқарған ерекше рөлмен байланыстыру неғұрлым орынды. Айтпақшы, мұның алдында қандай себептер көлденеңдесе де, американ өмірінің әлеуметтік құбылыстарын көрсетілген секторларға «бөліп тастау» ерекше қиын емес. Сауда палатасы, шіркеулері, мектептері және азаматтық рәсімнің басқа да орталықтары секілді символдары бар ресми, маңғаз Американы бөліп алу оп-оңай. Бірақ маңғаздық әлемімен қатар көлеміне қарамастан әрбір қалада көрінетін Америка, символдары өзге және басқа тілде сөйлейтін Америка бар, ол тіл – пул мен покер ойнайтын адамдардың тілі, барлардың, борделдер мен солдаттар казармаларының тілі – тегінде, оның шынайы визиткасы да сол болар. Бірақ тағы бір тіл, Орта Батыстағы жып-жинақы қалалардың, дәл сондай жып-жинақы тұрғындары жаңадан ғана әктелген намаз үйлеріне асығулы қалалардың тұсынан жексенбі күні таңертең зымырап өтіп бара жатқан пойыздың вагон-ресторанында алдына бір-бір шынаяқ шай алып әңгімелескен екі коммивояжердің сол көрініске сүйсіне көз салуына ере естілетін тіл бар. Бұл тілде әйелдер мен дінбасылар бас қосқан жерде сөйлеуге болмайды, ол негізінен ауызша түрде Геккльберри Финдердің бір ұрпағынан екіншісіне ауызша сөз арқылы беріліп отыратын тіл (рас, кейінгі жылдары бұл тіл шамасы әйелдер мен дінбасыларды ызаландыру үшін жазылған кейбір кітаптардың беттерінде де кездесетін болды). Осынау өзге тілде сөйлейтін, «басқа Американы» орта таптың әдепті әлемінен аласталған немесе өздері алшақтаған адамдар бар барлық жерде кездестіруге болады. Біз оны қаланың кеенуі кеткен үйлері мен лашықтарында, сондай-ақ жұмысшы табының буржуазиялану жолымен ілгерілеуде айы оңынан туа қоймаған өкілдерінің арасынан ұшыратамыз. Оның дүрілдеген үнін біз американдық негрлер әлемінен ести аламыз. Мұның үстіне, біз оны әйтеуір бір себеппен Мэйн Стрит пен Мэдисон Авенюды өз еркімен тастап кеткен адамдар әлемсымағында – битниктер, гомосексуалистер, кезбелер, басқа «маргиналдар» әлемінде және сыйлы адамдар өмір сүретін, жұмыс істейтін және уақытын

үйелменімен рахаттана өткізетін адамдар тұратын көшелер жанарынан мықтап жасырылған «астыртын» әлемдерде кездестіреміз (рас, «астыртын» әлемдерде кейде «абыройлы адамдар» тұқымдас еркеккіндіктілер кездеседі, олар мұнда отбасынсыз рахаттана көңіл көтереді). Академиялық ортада да, қызметі әл-ауқатпен байланысты адамдар да бірден қабылдаған американ әлеуметтануы әу бастан «ресми Америкамен», жергілікті және ұлттық ауқымдағы саясаткерлер әлемімен әмпейлесе кетті. Осы заманғы әлеуметтану өзінің кірпияздығын – университтерге, бизнеске және үкіметке жататындығын сақтап қалды. Аталмыш жағдайда «кірпияздық» ұғымы, тек алалауды жою туралы шешімге (1954 жыл) ескертпелерді ғана оқуға шамасы жететін оңтүстік нәсілшілдерінің кейбіреуінде болмаса, келіспеушілік туғыза қоймас. Алайда американ әлеуметтануында өзін «басқа Америкаға» – мықты боқтық сөзге бейім, айналасына мұнар баспаған көзбен қарайтын, ресми идеологияның жұмылдыратын, еліртіп әкететін ықпалын қабыл алмайтын ақыл ахуалында өмір сүретін Америкаға жатқызатын қуатты ағым әрқашан болғанын атап өтпеуге болмайды. Американ өмір сахнасына мұндай сыйламайтын көзқарас ерте сатыдағы көрнекті американ әлеуметтанушыларының бірі Торнстейн Вебленнің416 еңбектерінде анық байқалады. Оның өмірбаянының өзі маргиналдыққа өзіндік бір жаттығу болып табылады: мінезі қиын, ілінісе кетуге бейім болды; Норвегиядан шыққан адамның фермасында Висконсиннің бір қиырында дүниеге келгді; ағылшын тілін шетел тілі ретінде үйренді; ғұмыр бойы моральдық және саяси жағынан күмәнді адамдар арасында өткізді; бір университеттен екіншісіне ұдайы ауыса берді; басқалардың әйелдерінен тоят тапты. Оның Америкаға көзқарасы Вебленнің әшкерелеуші сатирасы оның барлық жұмыстарына, соның ішінде, атақты “Қолы бос таптың теориясына”417 өзек болды, бұл еңбекте американ буржуазиясының жоғары қыртыстарының бүкіл екіжүзділігі аяусыз жайып салынған. Вебленнің қоғамға

416 Веблен, Торстейн (1857–1929) – американ әлеуметтанушысы және экономисі. 417 Қараңыз.: Веблен Т. Теория праздного класса. М., 1984.

көзқарасын қыршаңқы интуициялық аян алу сериясы ретінде елестеткенде бәрінен оңай түсінуге болады: оның «абыройлы тұтынуға» көзқарасы орта таптың «нәзіктікке» ұмтылысына қарсы бағытталған; экономикалық процестерді айла-шарғылар мен жеп қою терминдерінде талдап – американдық өнімділік этосына қарсы; жылжымайтын мүлікке байланысты қулық-сұмдық пен жалдаптықты түсіндіру – жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі американ идеясына қарсы, ал университеттік өмірді алдап кету мен көкірек керу ретінде әбден зәрлі суреттеу американдық білім беру культіне қарсы бағытталған. Біз өзімізді кейбір жас американ әлеуметтанушылары арасында модаға айналған жаңа вебленшілдік санатына қоспаймыз және Веблен әлеуметтану ұстындарының бірі болды деп кесіп айтпаймыз. Біз тек мәдениеттің жексенбі күндері қырынуға тал түске қарай тұратын бұрыш-бұрыштарынан өрбитін айналадағы нақты болмысты қабылдаудың бөлектеп тұратын ерекшеліктері ретінде оның ашқарақ әуестігі мен көрегендігін көрсетеміз. Мұнымен біз көрегендік өздігінен-ақ қадірлемеудің нышаны дегіміз келіп отырған жоқ. Ақымақтық пен ой жүйесінің салғырттығы, бүкіл сипатына қарағанда, барлық әлеуметтік қыртыстар арасында біркелкі таралған. Бірақ ақыл бар жерде және ол кірпияздық торынан босана алатын жерде біз қоғамға көреген көзқарасты ділмардың қиялы суреттейтін дүние нақты өмір ретінде қабылданатын кездердегіден көбірек күте аламыз. Американ әлеуметтануындағы эмпиристік зерттеулердің кейбір бағыттары да қоғамның «астарына» елігуді көрсетті. Мысалы, 20-жылдары Чикаго университетінде жүргізілген қаланы зерттеудің ғаламат дамуына көз жүгіртсек, зерттеушілердің қала өмірінің көлеңкелі жақтарына еңсерілмес ықыласына таң қаласың. Осынау қозғалыстың басты тұлғасы Роберт Парктың418 «қолыңызды былғап алудан қорықпаңыз» деген кеңесін зерттеу барысында оның студенттері көбіне тым тура мағынасында түсініп, кірпияз орамдар тұрғындары «лас» деп атайтын нәрселерге көбірек ден қойды. Чикаголықтардың көптеген

418 Парк, Роберт (1864–1944) – американ әлеуметтанушысы, әлеуметтанушылық мектептің барша мойындаған басшысы.

зерттеулерінде үлкен қала өмірінің көлеңкелі жақтарын: кенеуі кеткен үйлердің үмітсіздігін, кіріс беретін үйлердің меланхолиясын қылмысты дүние мен жезөкшелік ашып беруге орасан ниет сезіледі. Чикаго мектебінің бір саласы ретінде әрқилы кәсіптерді, жұмыстарды зерттейтін әлеуметтанушылық бағыт бөлініп шықты; өзінің пайда болуы үшін ол едәуір дәрежеде Эверетт Хьюз бен оның студенттерінің жаңашыл жұмыстарына қарыздар. Бұл арада біз адам баласы өмір сүріп, дүниеге өзі секілділерді әкелетін ықтимал дүниелердің кез-келгеніне – кірпияз кәсіп дүниесіне ғана емес, такси жүргізуші, көп пәтерлі үйдің тазалаушысы, кәсіпқой боксшы және джазбанда музыканты сынды кәсіптер дүниесіне шынайы ықыласты табамыз. Роберт пен Хелен Линдтердің419 «Мидлтаун» туралы атақты жұмысынан кейін Америкада өрістеген жергілікті қоғамдастықтарды зерттеулерден де сол тенденция байқалады. Оларда қала қоғамдастықтарының өмірі жөніндегі ресми нұсқаларды елемеуге, жергілікті әлеуметтік нақты болмысты қала басқармасынан көрінетін күйде ғана емес, қала абақтысынан көрінетін күйінде де көруге сөзсіз тура келетін. Мұндай әлеуметтанушылық іpso facto420 процедура дүниеге тек белгілі бір көзқарастар ғана байыпты қарауға лайықты деген кірпияз берік сенімді еңсере білу болып табылады. Біз осындай зерттеулердің әлеуметтанушылар санасына ықпалын асыра көрсетпек емеспіз. Біз олардың кейбіреулеріне әшкерелеушілік пен романтизм элементтері тән болғандықтан толық түсінеміз. Мұның үстіне, біз көптеген әлеуметтанушылардың кірпияз дүниетанымның, баяғыдан, мысалға, жоғары қыртыс бәйбішелері секілді, қатаң жақтастары екендігін білеміз. Соған қарамастан, біз әлеуметтанушылық сана дүниені орта таптың кірпияздығынан өзгеше, өздігінен-ақ интеллектуалдық сыйламаушылықтың ұрығына ие түсінуге бейім деген көзқарасты ұстанамыз. «Мидлтаунды» қайталап зерттеуінде Линдтер тұтас бір «әрине-пайым» сериясында, яғни кез-келген

419 Линд, Роберт (1892–1970); Линд, Хелен (1896–1982) Американдық ерлі-зайыпты әлеуметтанушылар. Мынадай еңбектер айтылып отыр: Lynd R.S., Lynd H. Mіddletown: A Study іn Contemporaty Culture. New York: Harcourt, 1929; Lynd R.S., Lynd H. Mіddetown іn Transіtіon: A study of Cultural Coflіcts. New York: Harcourt 1937. 420 14 ескертпені қараңыз.

сұраққа жауап міндетті түрде «әрине» деген сөзбен басталатын пайымдар сериясында американ орта табы менталитетінің классикалық талдауын берді. “Америкада кәсіпкерлік бостандығы бар ма?” – «Әрине!»; «Барлық аса маңызды шешімдер демократиялық процедуралар сақтала отырып қабылданатыны рас па?» – «Әрине!»; «Моногамия некенің жаратылыстық пошымы болып табыла ма?» – «Әрине!». Әлеуметтанушы, жеке өмірінде қаншалық консерватор әрі конформист болмасын, осы «әрине-пайымдардың» әрқайсысының талассыздығы тіпті де даусыз еместігін біледі. Өзінің осынау білуінің пәрменімен-ақ ол сыйламаушылық табалдырығында тұрады. Әлеуметтанушылық сананың сыйламаушылық сарынының революциялық нұсқауды қамтуы немесе топшылауы міндетті емес. Біз тіпті әлеуметтанушылық білім революцияшыл идеологияларға дұшпан деуден де тайынбаймыз, және де бұл консерватизмге қандай да бір ерекше бейімділік салдарынан да емес, әлеуметтану аталмыш status-quo421 елестері арқылы ғана емес, әдетте революционерлердің рухани тірегін құрайтын ықтимал болашақ жөніндегі қияли үміттер арқылы да көре алатындықтан. Нақ революционерлерге бұйырмаған қанағатшылдық пен сабырлылық үшін біз әлеуметтануды ерекше жоғары бағалаймыз. Құндылықтар туралы айтқанда, әлеуметтанушылық таным өздігінен алғанда адам осалдықтарына міндетті түрде мол төзімділікпен қарай бермейтініне өкінуге ғана болады. Әлеуметтік нақты болмысқа жанашырлықпен де, цинизммен де қарауға болады – екі позиция да дүниеге салауатты көзқараспен сыйысады. Бірақ әлеуметтанушы өзін-өзі зерттелетін құбылыстарға ұната қарауға мәжбүр ете алатынына немесе алмайтынына қарамастан, ол қоғамда қабылданған пайымдардан қандай да бір шамада қашық тұруға ұмтылатын болады. Құлдық ұрмау – ол сезімдер немесе көзделетін мақсат арқылы білдіріле ме, бәрібір, мүмкіндігінше, әлеуметтанушының санасында ұдайы болуға тиіс. Ол оны өзінің басқа өмірінен бөліп тастай алады, парасаттың күнделікті шаруаларымен бүркей және тіпті идеологиялық пиғылдармен жоққа шығара алады. Алайда абсолютті құлдық

421 Status quo (лат.) – статус-кво; орын алып отырған жағдай.

ұру әлеуметтанудың ажалы деген сөз. Тоталитарлық қоғамдар сахнасынан шынайы әлеуметтанудың мүлдем ғайып болуының бір себебі осында, оның тамаша мысалы нацистік Германия бола алады. Әлеуметтанушылық таным өзінің табиғаты жағынан полицейлік ақыл үшін ұдайы қатерлі, өйткені ол әрқашан содай ақылдар дәмететін абсолютті дұрыстықты теріске шығаруға (релятивизм)422 бейім. Бұл тарауды аяқтамас бұрын, біз жоғарыда талай рет ауызға алған релятивизация феноменіне тағы бір тоқтала кетейік. Турасын айталық: әлеуметтанудың осы заман рухымен үндес болатыны, ол дүниені құндылықтар радикалды релятивизацияланған түсіну болып табылады. Осынау релятивизацияның біздің күнделікті өмір салтымызда алатын орнының үлкендігі соншалық, қазір бізге барлық адамдар үшін міндетті дүниетанымы бар жабық мәдениеттердің қалай орын алғанын, кей жерлерде әлі де қалай орын алып отырғанын аяғына дейін толық түсіну қиын. Таяу Шығысты зерттеген американ әлеуметтанушысы Дэниел Лернер «осы заманғы сана» бұл елдер423 үшін сананың мүлдем жаңа тұрпаты екендігін анық көрсетті. Дәстүрлі менталитет тұрғысынан алғанда, бірдеңе дегеніміз әрқашан аталмыш жағдайдағы нәрсе, және ол өзге бірдеңе болуы мүмкін екенін елестетудің өзі мүмкін емес. «Дәстүрлі санадан» өзгеше «осы заманғы сана» қатып қалмаған. Мұндай санасы бар адам өзін өзге әлеуметтік жағдайларда тұратын адамның орнында оп-оңай еелстете алады. Мысалы, Лернер кейбір сауатсыз респонденттер өз билеушілерінің орнында болса не істей бастар еді деген сұраққа оп-оңай жауап бере алғанымен, оларды туған жерді тастап кетуге не түрткі бола алар еді деген сұраққа жауап беруде қатты қиналатынын байқаған. Басқаша айтқанда, дәстүрлі қоғамдар өзін соған жатқызудың қатаң да бұлжымайтын шекараларын белгілейді. Ал осы заманғы қоғамда олар бұлдыр да өзгермелі. Билеушіден, ата-анадан, мәдениетті адамнан не күтуге болатынын немесе кімді сексуалды тұрғыдан қалыпты деп санауға болатынын ешкім

422 лат. Relatіvus – салыстырмалы. 423 Әңгіме мына кітап туралы: Lerner D., Pevsner L. The Passіng of Tradіtіonal Sosіety. Chіcago: Chіcago Unіversіty Press, 1969.

білмейді. Әрбір жолы түсінік алу үшін толып жатқан сарапшыларға жүгінеді. Кітап баспагері бізге мәдениеттің не екендігін, дизайнер – біздің қандай талғам ұстануымыздың керектігін, психика талдаушы – біздің шын мәнінде кім екендігімізді айтып береді. Осы заманғы қоғамдағы өмір – рөлдердің калейдоскоптағы сурет секілді ұдайы алмасып отыруы. Бізге тағы да осы тақырыпқа толығырақ әңгіме қозғау ләззатымен күресуге тура келеді, өйткені бұл бізді о бастап ойымыздан басқа бір жаққа ұзатып алып кетіп, жалпы осы заманғы өмірдің әлеуметтік-психологиялық проблемаларын талқылауға киліктіре алады. Оның орнына біз осы заманғы ахуалдың интеллектуалдық қырына тоқталамыз, өйткені біз әлеуметтанушылық сананың маңызды сипаттамасы нақ сонда деп білеміз. Осы заманғы қоғамдағы географиялық және әлеуметтік белсенділіктің бұрын-соңды болмаған ауқымы индивид үшін барынша әртүрлі дүниелермен танысудың бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерінің пайда болуына жетелейді. Бұрын тек ілуде бір саяхатшылар ғана таныса алатын басқа мәдениеттерден алынатын әсер енді бұқаралық коммуникация құралдары арқылы «үйімізіге жеткізіліп тұрады». Қалалық адамның осының арқасында қалыптасқан жырындылығын бірде әлдекім өз үйіңнің терезесі алдынан тюрбан киген, абыройын бір жапырақ шүберекпен жапқан, мойнына жылан асып алған, там-тамды дүрсілдетіп, жолбарыс жетектеген адамды кенет көрсе де, тағаттан мүлдем айрылмау қабілетін сақтау деген анықтама беріп еді. Дау жоқ, жырындылықтың әртүрлі дәрежесі болады, бірақ оның белгілі бір мөлшері теледидар көретін әрбір баланың бойында бар. Осынау жырындылықтың көбіне-көп тым үстірттігі және балама өмір салты тарапынан жасалатын нақты ықпалға төтеп бере алмайтыны да күмәнсіз. Сонымен бірге, нақты өмірде немесе қиялда саяхатқа шығу мүмкіндігінің шексіз кеңейе түсуі үйреншікті мәдениет өзінің базалық құндылықтарымен бірге уақыт пен кеңістікте салыстырмалы екендігін бері салғанда жұқалап болса да түсініп алуды көздейді. Әлеуметтік белсенділік, яғни әлеуметтік стратадан екіншісіне қозғалу, релятивтілік эффектін күшейте түседі. Индустрияландыру процестері жүріп жатқан барлық жерлерде

әлеуметтік жүйеге жаңа динамизм енгізіледі. Көптеген адамдар өздерінің топтық немесе индивидуалдық әлеуметтік позицияларын алмастыра бастайды, және әдетте мұндай өзгерістер «жоғарыға» бағытталады. Осы қозғалыспен бірге көбіне индивидтің жеке өмірі де “саяхатқа” тартылады, және де ол әртүрлі әлеуметтік топтар бойынша ғана емес, былайша айтқанда, сол топтарға телінген интеллектуалдық әлем бойынша да жүріп жатады. Мысалы, үнемі «Reader's Dіgest»’ті оқитын баптист шабарман кіші әкім бола қалса, епископтық шіркеуге ауысып, «The New Yorker»’ге424 жазыла бастайды, ал кафедра меңгерушілігіне тағайындалған оқытушының әйелі бестселлерлері тізімінен айнып, ықыласы Прустқа425 немесе Кафкаға426 бұруы мүмкін. Осы заманғы қоғамдағы дүниетанымның осынау әмбебап тұрақсыздығын ескере отырып, біздің дәуір өту дәуірі (бір діннен екіншісіне сенімді өту, сенімді өзгертуі – Аудармашы.) ретінде сипатталатынына таң қалмау керек. Сондай-ақ нақ интеллектуалдар өздерінің дүниеге көзқарасын түбегейлі де қайран қалдыратын жүйелілікпен өзгертетіні де таңданарлық нәрсе емес. Католицизм немесе коммунизм секілді қатаң, теориялық тұрғыдан аяқталған жүйелердің интеллектуалдық тартымдылығы талай рет талқыланған болатын. Барлық пошымдарындағы психикалық талдауды «өтудің» институтталған механизмі ретінде түсінуге болады, онда индивид тек өзіне өзінің көзқарасын ғана емес, бүкіл әлемге көзқарасында өзгертіп жатады. Интеллектуалдық нәзіктігі өз адептерінің білім деңгейіне тәуелді әртүрлі дәрежедегі әртүрлі жаңа культтер мен наным-сенімдердің танымдылығы біздің замандастарымыздың “өтуге” бейімділігінің тағы бір айғағы қызметін атқарады. Осы заманғы, әсіресе білімді адамды өзінің табиғаты мен өзі мекендейтін ғаламның табиғаты жөніндегі дәуірлерде көбіне интеллектуалдардың тар шеңберінің үлесі болып келген салыстырмалылық санасы бүгінде әлеуметтік жүйені оның ең төменгі қабаттарына дейін көктеп өткен кеңінен таралған мәдени фактор болып отыр.

424 Баптистік шіркеу АҚШ-тағы ең көп протестанттық шіркеу; епископтық шіркеу – әлеуметтік құрамы жағынан неғұрлым элитарлық шіркеу. “Readers Dіgest” – 15-20 млн. таралымы бар бұқаралық әдеби-саяси журнал; «The New Yorker» – таралымы 500 мыңнан аспайтын апталық әдеби-саяси және сатиралық журнал. 425 Пруст, Марсель (1887–1922) – Француз жазушысы. 426 Кафка, Франц (1883–1924) – Австрия жазушысы.

Біз осынау салыстырмалылық сезімі және, соның нәтижесі ретінде осы заманғы адамның өз дүниетанымын бүтіндей өзгертуге бейімділігі оның интеллектуалдық немесе эмоциялық шалағайлығының айғағы-мыс деген әсер туғызғымыз келмейді. Әрине, сол шалағайлықтың жекелеген көріністерін тым байыпты қабылдамау керек. Соған қарамастан, біз бұндай бейімділік тіпті ең байыпты интеллектуалдық жаттығулар үлесі болып бара жатыр деп кесіп айта аламыз. Ақыл есің дұрыс бола тұрып, осы заманғы дүниеде тіршілік ету және барлық моральдық саяси, философиялық сенімдердің салыстырмалылығын түсінбеу мүмкін емес. Паскаль427 айтқандай, Пиренейдің бір жағындағы ақиқат, басқа жағында қате нәрсе428. Барынша толық әрі мұқият талдап әзірленген, бүгінде қолда бар көп мәнді мағыналық жүйелерді қауырт игеру осынау жүйелер нақты болмыстың әлдене әмбебап тәпсірін – балама жүйелердің және бір жүйеден екінші жүйеге қозғалудың кез-келген тәпсірін қамти алатын тәпсірді сол жүйелер қамтамасыз ете алатын тәсіл туралы естен кетпес түсінік береді. Католицизм өзіне коммунизм теориясын қамти алады, ал коммунизм, өз кезегінде католицизмнің төл теориясын ұсына алады. Католик ойшылдың пікірі бойынша, коммунист «материалистік қиялдар түнегінде», «өмірдің» нақты мағынасы” жөнінде түк білместен өмір сүреді, ал коммунистің тәпсірінде, оның католиктік vіs-a-vіs’і429 буржуазиялық менталитеттің «жалған санасының» батпағына дауасыз мелдектеп қалған. Ал психиканы талдаушының пікірі бойынша, католик те, коммунист те өздерін нақты итермелеп отыратын түсінілмеген импульстерін жай ғана интеллектуалдық деңгейге көтереді. Психикалық талдау католик үшін күнаһар нақты болмыстан қашудың тәсілдерінің бірі ғана болса, коммунист үшін – әлеуметтік шындықтан алшақтап қалу. Бұның бәрі индивидтің төл өмірін қалай қарастыратындығы, оның көзқарасты таңдап алуына тәуелді деген сөз. Қытай абақтыларында «миды жуып-шаю» процесін бастан өткерген әскери тұтқын американдар әлеуметтік-саяси шындыққа өздерінің көзқарастарын мүлдем өзгертті.

427 Паскаль, Блез (1623–1662) – француз ойшылы. 428 Қараңыз.: Паскаль Б. Мысли.М., 1994. 429 Vіs-à-vіs (фр.) – визави; бетпе-бет отырған адам; кейде: оппонент.

Америкаға оралғаннан кейін олар бұл өзгерістерді сыртқы ықпал туындатқан өзіндік бір сырқат ретінде, дені сау адам естен танғандағы сандырақтарын қалай еске алса, солай еске алатын. Алайда олардың бұрынғы қарауылдары үшін сананың, көзқарастың бұлай өзгеруі ештеңе білмеудің көзге түртсе көрінбес түнегінде шынайы көз ашудың жылт еткен сәулесі болып көрінетін. Ал елге оралғысы келмеген тұтқындар үшін олардың сеніміндегі мұндай өзгеріс оларға әлі күнге дейін түнектен жарыққа шешуші шығу болып көрінуі мүмкін. «Өту» сөзін (діни мағынасы бар термин) малдана бермес үшін осынау феноменді суреттеуге біз неғұрлым бейтарап «ауысу» сөзін қолданатын боламыз. Жоғарыда келтірілген интеллектуалдық ахуал индивидке мағыналардың бір жүйесінен оған қарама-қарсы екіншісіне «ауысуға» мүмкіндік береді. Қабылданатын жүйе әрбір жолы индивидке оның өзінің де, бүкіл әлемнің де тіршілік етуі туралы жаңа тәпсір соның ішінде ол «тастап» келген бұрынғы жүйе туралы жаңа түсінік береді. Мұнан басқа, мағыналар жүйесі күмәндармен күрестің құралдарын береді. Католиктердің конфессиялық тәртібі, коммунистердің «өзара сыны» және «қарсы қарекетті» еңсерудің психоталдаушылық техникалары – осының бәрі бір мақсатқа: басқа мағыналар жүйесінің пайдасына көзқарастың өзгеруіне жол бермеу, индивидке төл күмәндарым өзі қабылдаған жүйенің терминдерінде өзінің түсіндіруіне мүмкіндік беру, сөйтіп оны жүйе шеңберінде ұстау мақсатына қызмет етеді. Мұның үстіне жырындылықтың төменгі деңгейлерінде индивидтің лоялдығына қатер төндіруі мүмкін сұрақтардың қойылуын қиындататын әрқилы құралдар қолданылады. Мұндай құралдардың ықпалына Иегова куәгерлерінің немесе мұсылман негрлердің диалектикалық эквилибристикасынан бақылауға болады. Бірақ егер индивид, ондай диалектиканы қабылдау әзәзілдігін еңсеріп, «ауысудың» нәтижесінде басынан өткерген салыстырмалылық түйсігін айқын түсінгісі келсе, онда ол әлеуметтанушылық ой жүйесінің жаңа өлшеміне қадам басуға, яғни ұқсастық қана емес, идеялардың да салыстырмалы және өзіндік ерекше әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін түсінуге келуге тиіс. Алдағы

тараулардың біріннде біз әлеуметтанушылық ой жүйесі үшін осыны түсінудің қаншалықты маңызды екенін көреміз. Бұл арада релятивтендіруші сарын әлеуметтанушылық танымның тағы бір іргелі қозғаушы күші екенін айту жеткілікті. Аталмыш тарауда біз жалпы әлеуметтанушылық сананы сипаттауға тырысып, оның үш сарынын – әшкерелеушілік, құлдық ұрмау және релятивизация (теріске шығару) сарындарын талдадық. Бұл аарға төртінші, өзінің салдарлары жағынан оншалық маңызды емес, бірақ жалпы каринаны аяқтау үшін қажетті сарынды – космополитизм сарынын қосу керек. Атам заманнан бері дүниеге және ойлау жүйесі мен қарекеттің басқа тәсілдеріне ашықтық бесігі қала болып келді. Афина мен Александрияда, ортағасырлық Париж бен Қайта жаңғыру дәуіріндегі Флоренцияда, жаңа тарихтың қыз-қыз қайнаған қалалық орталықтарында – барлық жерде біз, қалалық мәдениет үшін ерекше тән болған космополиттік сананы ұшыратамыз. Және де аталмыш жағдайда қалалық деп тек жай ғана қала шегінде тұратын адамды емес, туған қаласына жалынды сүйіспеншілігіне қарамастан, бүкіл әлемді ьар кеңістігімен ойша шолып шыға алатын адам айтылып отыр. Оның ақылы, тіпті жаны мен тәнінен тәуелсіз, ойлай білетін адамдар тұратын барлық жерден өзіне баспана таба алады. Біз әлеуметтанушылық санаға нақ осындай космополитизм тән, ал мүдде шеңбері қысаң жергілікшілдік әлеуметтанушылық таным үшін әрқашан қауіпті (бүгінгі Американың әлеуметтанушылық зерттеулерінде, сорымызға қарай, жиі кездесетін қауіп) деп ойлаймыз. Әлеуметтанушылық көзқарас – адам өміріне кең, ашық, еркін (бұрмаланбаған) көзқарас. Әлеуметтанушы, өзінің ең жақсы көрінісінде – жаңа жерлерге асығып тұратын, адам мүмкіндіктерінің қисапсыз байлығына ашық, адами мағының жаңа көкжиектері мен жаңа дүниелеріне құштар адам. Тегінде, мұндай тұрпатты адамның қазіргі оқиғалар барысына ерекше маңызды ықпал ете алатынын бөлекше дәлелдеп жатудың қажеті болмас.

3. Шегініс: (артқа көз тастау) ауысу және өмірбаян

Әлеуметтанушылық сананың пайда болуы, біз алдыңғы тарауда көрсетуге тырысқанымыздай, бәрінен де біз «ауысу» терминімен нобайлаған (еске сала кеетйік, біз онымен әрқилы, көбіне кереғар мағыналар жүйелері арасынан таңдау мүмкіндігін айтамыз) нәрсе тән болатын мәдени ахуалда ықтимал. Адамның тіршілік етуіне әлеуметтанушылық көзқарастың кейбір негізгі белгілерін сипаттаудың (осы кітаптың негізгі мақсаты да сол) бұдан былайғы әрекеттерінің алдын ала отырып, біз шағын шегініс жасап, «ауысу» құбылысының өзіне тоқталмақпыз, онда көлденең тартылатын сұрақ: ол құбылыстың өз өмірбаянын түсінгісі келетін индивид үшін қандай мәні болмақ? Бұл шегініс әлеуметтанушылық сана дегеніміз өзінің пайда болуымен қызықтыратын, өз игілігің үшін оқып-білуге болатын жай ғана тарихи оқиға емес, өз өмірінің оқиғаларына біршама мағыналылық енгізгісі келетін индивидтің өмірлік таңдауы да екендігін көрсетуге тиіс. Естілік тұрғысынан алғанда өмір дегеніміз азды-көпті маңызды оқиғалардың, жиынтығы біздің өмірбаянымыз болып шығатын оқғалардың белгілі бір дәйектілігі. Демек, өмірбаянды құрастыру үшін оқиғаларды хронологиялық тәртіпте немесе олардың маңыздылығына қарай атап көрсетіп отыру қажет. Бірақ тіпті, таза хронологиялық өмірбаянды құрастыруға кірісер алдында біз: оған қандай оқиғаларды енгізуіміз керек? деген сұраққа жауап беруге тиіспіз. Өйткені бізді қызықтыратын субъект әйтеуір бір кезде басынан өткерген нәрсенің барлығын атап көрсете беру мүмкін емес қой. Басқаша айтқанда, тіпті хронологиялық баяндаудың өзінде бір немесе басқа оқиғалардың салыстырмалы маңыздылығы проблемасына тап болуға тура келеді. Бұл әсіресе тарихшылар «кезең-кезеңге бөлу» деп атайтын процедура тұсында айдан анық болып шығады. Батыс өркенияты тарихының қай сәтін Орта ғасырлардың басталуы деп санау керек? Нақты адамның қандай өмірбаяндық мәліметтеріне сүйеніп, оның жастық шағының соңғы күнін көрсетуге болады? Әдетте мұндай жағдайларда тарихшы немесе биограф «бетбұрыс нүктесі» деп санайтын оқиғалар таңдап алынады. Айталық, біздің

сұрақтарымызға берілген жауаптарда мұндай сәттер деп Ұлы Карл таққа отырған күнді және Джо Блоу шіркеуге қосылып, зайыбына адал боламын деп шешкен күнді санауға болады. Алайда ең оптимистік ауандағы тарихшылар мен биографтар (тіпті өз өмірбаяндарының авторлары да) кейде шын бетбұрысты оқиғалардың таңдап алғанына күмәндана береді. Әрине, Ұлы Карлдың өмірін күрт өзгерткен оқиға деп оның таққа отыруын емес, сакстарды жаулап алуын, немесе Джоның жазушы болсам деген арманынан бас тартуын оның ержеткендігінің басы деп тану керек дейтіндер де табылады. Бір оқиғаны екінші оқиғадан артық санау жеке координаттар жүйесіне тәуелді екені анық. Алайда, бұл естілікке кереғар емес, оны басшылыққа ала отырып, адам өмірін шынайы түсіну белгілі бір кемелдлікті талап етеді деуге болады. Кемелденген санаға ие болу субъектке, былайша айтқанда, эпитемологиялық артықшылықты жағдай береді. Есейген, әйелі жыл өткен сайын әдемілене бермейтініне, жарнама жөніндегі бастықтың орынбасары мансабындағы жұмыс болашақта қызықты бола түспейтініне көзі жетіп мойынсұнған Джо Блоу өзінің өткеніне көз жүгіртіп, мынадай қорытындыға келеді: оның көптеген сұлу әйелдерді құшуға және ғасыр романын жазуға ұмтылысы мүлдем шалағайлық болған екен. Кемелділік дегеніміз тыншыған, орын алып отырған жағдайға дағдыланған, қызықты сапарлар мен ұлы жетістіктер туралы ессіз армандармен қош айтысқан рух ахуалы. Осылай түсінілген кемелділік өз дәмелерінің деңгейін кеміткен индивид үшін ұтымдылықтың психологиялық қызметін атқаратынын байқау оңай. Сондай-ақ, жас Джо, онда көрегендік дарыны болса, кемел жасындағы өзінен түңіліп біткен сорлыны көріп, өзінен өзі теріс айналатынын да елестету қиын емес. Басқаша айтқанда, кемелділік ұғымы адам өмірбаянында ненің маңызды және ненің маңызды еместігін шынында да шеше алатындығы жөнінде әлі дауласуға болады. Өйткені бір көзқарас тұрғысынан кемеңгер кемелділік болып көрінетін нәрсе екінші көзқарас тұрғысынан масқара ымырашылдық деп бағалануы мүмкін ғой. Қартаю, амал қанша, әлі кемеңгерлікке түсу деген сөз емес. Бүгінгі көзқарас бұрынғы көзқараспен салыстырғанда қандай да бір артықшылықтан жұрдай. Осыны фактыны түсіну,

қыстыра кетелік, осы заманғы көптеген тарихшыларды адамзаттың қарышты прогресі идеясына күдікпен қарауға мәжбүр етеді. Біздің заман адамдар қай кезде болсын қол жеткізген нәрсенің бәрін қамтиды-мыс деп ойлау, тарихи кезеңге прогресс өлшемімен келіп, біз қаншалық ілгерілеп кеткенбіз деп бағалау бәрінен оңай. Кенет адамзат тарихындағы шешуші оқиға Христос туғанға дейінгі 2405 жылы жаймашуақ бір күнде боша ше, сол күні бізге белгісіз мысырлық абыз ұйқыдан оянып, оған күтпеген жерден адамның тіршілік етуінің ақтық құпиясы ашылып, содан кейін ешкімге бірауыз сөз айтып үлгермей жатып, қайтыс болып кетсе ше? Білкім, содан кейін болғанның бәрі кода (музыкалық қорытынды – Ред.) алдындағы іру-тіру аккордттар шығар. Бұны құдайдан басқа ешкім біле алмайды. Бірақ олардың аяндары бізге, амал нешік, әбден анық жете бермейді. Алайда, метафизикалық жалдаптықтан өмірбаян проблемаларына оралайық: адам өмірін құрайтын оқиғалар тізбегін түсіндіру өзгерістерге ұшырауы мүмкін екен. Және де мұны жасайтындар сыртқы бақылаушылар ғана емес, яғни біздің айтпағымыз, біз өлгеннен кейін кезінде біз жасаған қылықтың немесе бір кездері айта салған сөздің шын мағынасын анықтай отырып, бәсекелес биографтар бір-бірімен мықтап жанжалдасады. Біздің өзіміз де өз өмірімізді тәпсірлеумен және қайта тәпсірлеумен ұдайы айналысамыз. Анри Бергсон430 көрсеткеніндей, зерде дегеніміз талай рет қайталанатын актысы. Өткенді бүгін еске ала отырып, біз оны ненің маңызды, ненің маңызды еместігі туралы қазіргі түсінігімізге сәйкес қалпына келтіреміз431. Психологтарда осы шаққа қатысты қолданатын «таңдап түйсіну» деген ұғым бар. Онымыз, кезкелген ахуалда бөліп алуға болатын егжей-тегжейдің қисапсыз мөлшерінен біз тек өзіміздің өзекті мақсаттарымыз тұрғысынан маңыздыларын ғана қабылдаймыз да, қалғандарын елемейміз деген сөз. Қазіргі тіршілігімізде біз ееркше байқай қоймаған нәрсе, егер біреу-міреу соған біздің назарымызды арнайы аударған жағдайда ғана санамызда қайта жаңғыруы мүмкін. Егер біз

430 Бергсон, Анри (1859–1941) – француз философы, өмір философиясының өкілі. 431 Бұл жайлы толығырақ қараңыз.: Бергсон А. Материя и память. Бергсон А. Собр. сочинений. Том 4. М., 1992.

тұп-тура мағынасында есуас болмасақ, “соның” шынында бар екенін мойындауымызға тура келеді, дегенмен біз ол мені онша қызықтыра қоймайды деп мәлімдей аламыз. Бірақ өткенде біз байқаудың қажеті жоқ деп санаған нәрсе бәрін күл-талқан ететін ұмыту күшінің алдында әлдеқайда дәрменсіз: оларды біздің арқымызға қарсы көрсете алмайсыз – олар осы шақта жоқ қой. Және тек ерекше жағдайларда ғана (мысалы, қылмысты тергеуде) біз олардың айдан анық екенін мойындауға мәжбүрміз, өйткені болмады деп дауласа алмайсыз. Бұл тек бір нәрсені білдіреді: қазіргінің ұдайы өзгеріп тұратын ағымына қарама-қарсы өткен шақ өзгермейтін, қозғалмайтын және тұрақты нәрсе-міс деп ойлауға мәжбүрлеп, естілік бізді шатастырады. Керісінше, бері салғанда біздің санамызда өткен шақ, иліккіш және ағынды нәрсе, өйткені біздің жадымыз болып өткен нәрсені ұдайы қайта тәпсірлеп, ылғи да жаңа түсінік беріп отырады. Осылайша, біздің санамызда қанша көзқарас ұяласа, біздің өміріміз де сонша. Біз, Кеңестік энциклопедияны қайта жазу барысында бір оқиғаларды айналымға енгізіп, екіншілерін масқара түрде ұмытып “кететін” сталинистер секілді, төл өмірбаянымызды ылғи да жаңадан жазып отырамыз. Біз өткенді “қайта өзгерту”, ой талқысынан қайта өткізу, процесі (бұл, тешінде, тілдің болуы фактысының өзінен етене болар) сонау Homo Sapіens пайда болғанда, бәлкім, тіпті оның маймылға ұқсас ата тегінің тұсында басталды, және нақ осы процесс бізге ұзыннан-ұзақ мыңдаған жылдарды адамның жалғыз дерлік «сауығы» шапашот болған мыңжылдықтарды «өткізуге» көмектесті деп сеніммен айта аламыз. Өтудің әрбір рәсімі – тарихи тәпсірлеу актысы, және әрбір ақылман қария тарихи процестің теоретигі деп ой елегінен өткізу жүріп жататын жүйелілік пен жылдамдық, сондай-ақ дүниені “қайта жарату” ойынын ойнағанда индивид әрқилы мағыналық жүйелерден (тәпсірлеу тәсілдерінен) өз таңдауын жасауға ырықты болған ортағасырлардың қалыптасуы. Алдыңғы тарауда көрсетіп кеткеніміздей, бұның негізгі себебі, географиялық және әлеуметтік белсенділіктің қауырт жеделдеуі болып табылады. Ойымызды түсіндіру үшін бірнеше мысал келтірейік.

Қоныс аударып тұратын адамдар өзі туралы түсінікті жүйелі түрде өзгертіп отырады. Мекен-жайды жай ғана ауыстыру нәтижесінде кісі және Мен-бейне қандай ғаламат өзгерістерге ұшырайтынын еске түсіріңізші. Кейбір жердің индивидтерді өзгерте алу қабілетін конвейердің жұмысымен салыстыруға болады. Мысалы, Канзас-ситидің не екенін түсініп алмай, Гринвич-вилледждің не екенін түсіну мүмкін емес. Онда өзін-өзі тануын өзгертуге мүдделі жас адамдарды студенттер санатына қосу рәсімі өтетіндігінің арқасында, қалашық, әлеуметтік-психологиялық «ұқсатудың» өзіндік бір аппаратына айналды, жігіттер мен қыздар – құйылған кезде Орта Батыстың пиғылы түзу тұрғындары және шығар кезде нағыз сұмырайлар – дәл бір сиқырлы ретортадан өткендей, солаппарат арқылы өтіп жатады. Соған дейін рұқсат етілген нәрсе, содан кейін ұят, және керісінше болып шығады. Бұрынғы табу (тыйым) императивке айналады: бұрын айдан анық нәрсені енді ақымақтық деп қарау керек, бұрын бірге туғандай көрінетін нәрседен енді арылу керек. Мұндай өзгеріс өзіңнің өткеніңді ой елегінен толығымен қайта өткізуді талап ететіні анық. Ой елегінен мұндай қайта өткізуден кейін өткенмен эмоциялық айрылысу балалық арманмен қоштасу болғанын, бір кездері өмірде соншалық елеулі рөл атқарған адамдар небәрі ой өрісі шектеулі провинциялар екендігін түсіну келеді. Бір кездері мақтанышың болған нәрсе енді бұрынғы «тарихыңның» елеуге татымайтын эпизоды секілді имене еске оралады. Мұндай эпизодтар, егер қазіргі кезде сәйкес болғың келген бейнеге тым кереғар келетін болса, онда олар жадтан ығыстырыр шығарыла алады. Мәселен, естен кетпес жарқын әсерге бай мектеп бітіру балын санада қайталанатын өмірбаянда бұрын ештеңесімен айрықшаланбағандай болып көрінген кеш, алғаш рет қолға қылқалам алған кеш ығыстырып шығарады, ал «жаңа дәуірдің» басы шіркеу қауымының жазғы лагерінде Иисусқа жалбарынған алғашқы күннен емес, (басында сұмдық ұят ретінде қабылданған, енді – өзін-өзі түпкілікті орнықтыру сәті деп қабылданатын) – автомобильдің артқы орындығында қыздықтан айрылған күннен санала бастайды. Біз өмірде өзіміздің қасиетті күндеріміздің тізбесін қайта түзей отырып, ұдайы жаңарып тұратын мақсаттарымызға

ілгерілеуге жол бағаналарын – заман омақаларын – қайта-қайта тұрғызып, қайта-қайта күйрете адымдаймыз. Енді біз жаңа темірқазық сейілте алмайтын жадылау жоқ екендігін білеміз ғой. Кейінірек Гринвич-вилледж де тек кезекті белес, өмірдегі бір кезең, кезекті эксперимент, кезекті қателік болып қалуы мүмкін. Ескі межелер бір кездері серпіп тасталған хронологиялар сынықтары астынан көтеріп алынуы мүмкін. Мысалға, жазғы лагерьде шіркеуге бас ұру, кейінірек адам тек католик болғаннан кейін ғана толық түсінілген ақиқатқа барар жолдағы алғашқы әлжуаз қадам деп бағалануы мүмкін. Бірақ нақ сол өткенді бағалау бұрын мүлдем белгісіз реттеуші категорияларда да жүргізілуі мүмкін. Мәселен, психикалық талдау көмегімен дінге бет бұру мен сексуалды инициация, бірі үшін мақтаныш және екіншісі үшін ұялу, сондай-ақ екі оқиғаның алғашқы және кейінгі түсініктері, – соның бәрі невроздық синдромның тікелей салдары екенін анықтауға болады. Нақ осылай – шексіздікке дейін. Виктория заманының романымен ұқсастықтан қашу үшін, алдыңғы абзацтарда біз өзімізді тырнақшалар қоя беруден әрең тежеп отырдық. «Түсіну» мен «аңғару» туралы айтқанда біздің барынша шынайы болмағанымыз түсінікті ғой. Өзіміздің өткенімізді «шынайы» түсіну біздің бүгінгі көзқарасымызды құрайды, ал оның өзгеріп кетуі әбден айдан анық. Демек, «ақиқат» – кеңістіктік емес, уақыттық ұғым. Бүгінгі «көздің ашылуы» ертең «ұтымды түсіндіру» болып шығады да, солай ақтық күніңе дейін жалғаса береді. Географиялық белсенділік секілді, әлеуметтік белсенділік (бір әлеуметтік деңгейден екіншісіне ауысу) өмірлік жолды ой елегінен өткізу процесіне өте ұқсас әсер ықпал етеді. Әлеуметтік баспалдақпен жоғары көтерілген сайын Мен-бейненің қалай өзгеретінін еске түсірейік. Бәлкім, мұндай өзгерістердегі ең мұңдысы ең жақын адамдарға және солармен байланысты оқиғаларға көзқарасты қайта қарау болар. Мысалы, итальяндық геттода өткен балалық шаққа байланысты нәрсенің бәрі адам, ақырында, қала маңындағы беделді ауданның жеке үйіне көшкеннен кейін қатыгез өзгеріске ұшырайды. Бозбала арман еткен қыз, уақыт өте келе, сүйкімді болса да, әдеп қонбаған қарабайыр

біреуге айналады. Бала кездегі достарымыз әлі көпке дейін біздің бұрынғы Мен-бейнемізді, сонымен бірге, балалық шақтағы, ар-намыс ұғымын, соқыр сенімдерді және аулалық патриотизмді есімізге салып отырады. Тіпті біз үшін дүниенің тірегі саналған анамыздың өзі жылдар өте келе ауым-сауым киінетін итальяндық кемпір болып шығады, оны сен өз бойыңда әлдеқашан өліп қалған бала болып, оқта-текте уатып тұруға тиіс боласың. Біз салған сурет дүниенің нақ өзіндей көне: балалық шақтың аяқталуы – әрдайым құдай санағанымызды тақтан түсіру. Жаңа нәрсе тек мынау, біздің қоғамда балалардың көпшілігі жай ғана балалық шақтан өсіп шықпайды, есейе келе, өздерінің әке-шеешсіне мүлдем түсініксіз әлеуметтік дүниеге тап болады. Жаппай әлеуметтік белсенділіктің дауасыз салдары міне осындай. Американ қоғамында белсенділік өте жоғары, сондықтан болар өмірінің талай жылдарын өз шығу тегін қайта қарауға жұмсайтын секілді көрінеді, олар өздерінің кім болғаны және кімге айналғаны жөніндегі тарихының барған сайын жаңа нұсқаларына (өздеріне және басқаларға) айта береді, бұл орайда сананы қайта пішудің қасиетті рәсіміне тіпті өздерінің ата-анасын да құрбандыққа шалып жібереді. «Кім болып едік» және «кім болып шықтық» деген тіркестерді тырнақшаға алу керектігін еске салу артық болар деп ойлаймыз. Әкені өлтіру туралы фрейдистік аңызға американ қоғамының, әсіресе, аса ауыр күресте жеңіп алынған статусты заңдастыру үшін төл өмірбаянын қайта жазуды қоғамның өзі бұйырған күні кешегі орта тап өкілдері болғандардың оп-оңай сене салғаны кездейсоқ па? Географиялық және әлеуметтік белсенділіктің мысалдары тұтас қоғамға да, көптеген жекеше әлеуметтік ахуалдарға да тән процестерді барынша көрнекі бейнелейді. Діндар күйеу өзінің бұрынғы ғашықтық романдарын некемен аяқталған өрлеу жолы ретінде сызып береді; жаңа ғана күйеуінен ажырасқан әйел өз некесін ab іnіcіo432 (басынан бастап – Ред.) некедегі өмірдің әрбір сатысы біржола ажырасудың түсіндірілуі болатындай етіп қайтадан ой елегінен өткізеді; жырынды өсекші басқа бастастарының ортасына тап болғанда, өзінің

432 Ab іnіcіo (лат.) – басынан бастап.

адамдармен өзара қатынасын әрбір жолы жаңаша суреттейді (ол В-ға өзінің Амен қарым-қатынасы туралы ештеңесін жасырмай, дос көңілмен айтып, сол мезетте-ақ өзінің шынайы жақындығы дейтінді құрбандыққа шалады да, А-ға В туралы қырық өтірікті жеткізеді); сенген адамының сатқындығын білген жәбірленуші бірден (соған өзін де, басқаларды да сендіріп) өзінің сол адамға әрқашан күдікпен қарап едім деп ойлай бастайды. Яғни, баршасы тарихты қайта жазу арқылы жазмышты «түзетуге» тырысады. Қайтадан ой елегінен өткізу процесі көбіне-көп өмірдің бір бөлігін ғана, әрі кеткенде жарымжартылай ғана қамтиды. Өткен шақ мұны жағдай талап еткенде ғана түзетіледі, ал өзекті Мен-бейнеге кереғар келмейтін нәрсе сол күйінде қалады. Осынау тұрақты модификациялар мен өзгертулер ғана анық айқындалған тұтас бүтінге ілуде бір айналады. Біздің көбіміз өз бейнемізді тұтас күйінде көруге саналы ниеттен мақұрымбыз. Қайта, мольберт алдындағы маскүнем секілді біз бұрын сызылған нобайлардың бірде әне бірде мына жерін сылап тастаймыз, өшіреміз, сөйтіп өз туындымызды түп нұсқамен салыстыру үшін бір сәтке де тоқталмаймыз. Басқаша айтқанда, экзистенциалистердің біз өзімізді-өзіміз жасаймыз деген идеясымен келісуге болады; тек оған бір түзету жасау керек – туындыны дүниеге әкелу процесінің көп бөлігі ала-құла жүріп жатады және әрең түсініледі. Алайда, өткенді ой елегінен өткізу әдейі жасалатын, толық түсінілетін және парасатты қызметтің бір бөлігін құрайтын оқиғалар да болады. Мұндай жәйт өмірбаянды ой елегінен өткізу жаңа діни немесе идеологиялық дүниетанымға, яғни неофиттің өмірбаяны орнын таба кететін жаңа әмбебеп мағыналар жүйесіне өту актыларының бірі ретінде көрінетін кезде болады. Мәселен, діни сенімге көшкен адам өзінің барша өткен өмірін көзі ашылған сәтке дейін белгіленіп қойған ілгерілеу деп түсіне алады. Бұлай түсіндірудің классикалық мысалдары Әулие Августиннің433 «Өсиеті» және Ньюменнің434 «Өмірімді ақтау, немесе Менің діни көзқарастарымның тарихы» атты кітабы

433 Августин, Аврелий (354–430) – шіркеу қайраткері, дінтанушы. 434 Нюмен, Джон (1801–1890) – ағылшын шіркеуінің қызметкері және университеттің дінтану оқытушысы.

бола алады. Өмірбаянға ден қойған сәттерде кезеңдерге бөлудің жаңа жүйесі енгізіледі: Христос туғанға дейін және одан кейін, христиандық немесе католиктік дін қабылданғанға дейін және одан кейін. Енді адам өмірінде бетбұрыстық оқиға бар, және соған дейінгі бүкіл өмірді ол сөзсіз соның дайындық кезеңі ретінде қарастыра бастайды. Ежелгі пайғамбалар жаңа пайғамбарлардың ізашарлары және соларды күні бұрын хабарлаушылар деп саналады. Басқаша айтқанда, дінге кіру өткенді өзгертудің драмалық актысы болып табылады. Сатори, дзен-буддизмдегі көкірек көзінің ашылу мезеті «әлемге жаңа көзбен қарау» деп суреттеледі. Мұндай құбылыстарды тікелей діни көз ашу мен мистикалық түрленуге жатқызғанымен, діннің осы заманғы секуляризацияланған (мемлекеттен бөлінген – Ред.) нұсқалары өз адепттеріне соған өте ұқсас практика ұсынады. Мысалға, коммунист болып қалыптасу процесі кісіден өзінің өткенін үзілді-кесілді қайта бағалауды талап етеді. Христиандықты қабылдап, өткеніміз күнаһарлық пен құтқарушы ақиқатты білмеудің ұзақ түні секілді болды деп ойлайтын адамдар сияқты, жас коммунистер өздерінің өткенін буржуазиялық мәдениеттің «жалған санасының» тұтқынында болу ретінде қарастырады. Өткен оқиғалар ой елегінен түбегейлі қайта өткізілуге тиіс. Бұрын зор қуанышқа бөлейтін нәрселер, енді кеудемсоқтық деп есептеледі, ал кісінің ұлықтығы деп саналған нәрсе буржуазиялық мақтаншақтыққа айналады. Тиісінше, адамдармен бұрынғы өзара қатынас та қайта қарастырылуға тиіс. Кейде, тіпті ата-анаға деген махаббаттан да бас тартуға тура келеді, өйткені бұл сүйіспеншілік жолдан таюға еліктіру немесе партия ісіне сатқындық деп бағалануы мүмкін. Біздің қоғамның көптеген адамдарына өз өмірінің шашыраңқы фрагменттерін ұғынықты схемаға айналдырудың ұқсас әдісін психикалық талдау ұсынады. Бұл әдіс дінге немесе революцияға қатаң серт беру үшін тым «кемел» орта тап өкілдерінің ыңғайлы өміріне өте жақсы бейімделген. Өзінің жүйесінде мұқият талдап әзірленген және ғылымилық өлшемдеріне сай келедіміс деп саналатын, бүкіл адам тәртібін түсіндіретін құралдары бар, психикалық

талдау, өзін жақтаушыларға ешқандай моральдық талап қоймастан және олардың әлеуметтік-экономикалық болмысына араласпастан, оларға өз тұлғасының сендіре алатын көрінісінен ләззат алу мүмкіндігін береді. Христиандықпен және коммунизммен салыстырғанда психикалық талдау дінге тартудың неғұрлым технологиялық әдісі болып табылады, бірақ бұл орайда өткенді ұқсас ой елегінен өткізуге қол жеткізіледі. Эдип Иокастамен киноға барып жүреді, азанғы ас кезінде Адам-Атаға көз салып отырады, сөйтіп айналада болып жатқанның барлығы түсінікті болып шыға келеді435. Өмірбаяндық мәліметтер қоқысын ретке келтіре алатын мағыналар жүйесіне өту тәжірибесі адамды жеңілейтіп, терең қанағат сезімімен бастан өткеріледі. Бәлкім, бұл тәртіпке, жайбарақаттыққа және парасаттылыққа терең адами қажеттілігікпен түсіндірілер. Алайда, кез-келген жүгіну – соңғысы емес, әлі де жүгінулер мен қайта жүгінулер болар деген бұлдыр кәдік – парасатқа келуі мүмкін ойлардың ең қорқыныштыларының бірі. Біз «құбылмалылық» (турасын айтқанда, ол әрқайсысы бейнені өзінше өзгертетін айналардың шексіз тізбегінде өзін-өзі қабылдау болып табылады) деп атаған нәрсені бастан өткеру кісінің ықтимал болмысының бір-біріне шексіз қосыла беретін көкжиектерінің алдында мастануға, метафизикалық агорафобияға436 жетелейді. Мұндай жағдайда, істеуге болатын ең жақсы нәрсе, сиқырлы дәрмек – «әлеуметтануды» ойлап табу, оны ішіп алсаңыз барлық перспектива орын-орнына тұра қалар еді. Алайда, мұндай өнертабыс дімкәс «құбылмалылық» нәр беретін эпистемологиялық нәпсіден арылтуға уәде беретін аңыздарға жай ғана тағы бір аңыз қосып берер еді. Әлеуметтанушы болғандықтан да, әлеуметтанушы мұндай құралды ойлап таба алмайды (ол өзінің кәсіби қызметінен тыс гуру бола алады, бірақ біз қазір басқа нәрсе туралы айтып отырмыз). Ол дүниенің ақтық мағынасы жөніндегі қол жететін ақпарат түйіршік болып шашырап кеткен, көбіне-көп жай ғана бейақиқат және әрқашан жартыкеш ахуалда өмір сүреді деген тұрғыдан барлық басқалар сияқты кдуілгі пенде. Оның сататын

435 Әңгіме З. Фрейдтің психиатриялық ілімінің базалық категорияларының бірі «Эдип комплексі» туралы. 436 Агорафобия (мед.) – кеңістіктен қорқу; үрей, қорқыныш.

эпистемологиялық соны бірдеңесі жоқ. Керісінше, әлеуметтанушылық координаттар жүйесі – адами тіршілікті түсіндіру тәсілдерінің бірі ғана, оны өмірбаяндық герменевтика437 құрудың жаңа әрекеттерімен ғана еңсеріле алады. Соған қарамастан, дүниенің бәсекелес көрінбестерінің ну орманында өз жолын табуға тырысқан адамдарға өте қарапайым және сонымен бірге әбден пайдалы құралды нақ сол әлеуметтанушы бере алады. Бұл құрал – дүниенің әрбір көрінісі әлеуметтік өмірден туындайтынын түсіну. Нақ осыны басқаша да айтуға болады: дүниетаным дегеніміз қаскүнемдік, ал қаскүемдер дүниенің бір немесе басқа көрінісі бұйырылған нәрсе ретінде қабылданатын әлдене әлеуметтік ахуалдың конструкторлары. Мұндай ахуалдағы индивид күн өткен сайын оның түпкі алғышарттарын мақұлдауға бейімделе бастайды. Мұныңыз біз, бір әлеуметтік дүниеден басқасына көшкенде өзіміз білетін дүние көрінісін өзгертіп отырамыз (демек, өз өмірбаянымызды да ой елегінен өткіземіз және, қайта өткіземіз) деген сөз. Тек нақұрыс немесе сирек данышпан ғана дүниеге өзінің төл мағыналарын тоғыта алады. Біздің көбіміз өз мағыналарымызды басқа адамдардан аламыз, және сол мағыналарға сенімімізді сақтап отыру үшін олардың тұрақты қолдап отыруын талап етеміз. Кез-келген шіркеу өзінің қауымына мағыналық тәпсірлерді өзара қолдап отыру жағдайын жасайды. Битник өзінің битниктік мәдениетінсіз өмір сүре алмайтыны секілді, пацифист те, вегетариан да, және христиандық ғылымның438 жақтаушысы да өз мәдениетінсіз өмір сүре алмайды. Бірақ толығымен қала маңында тұратын сіңіскен, кемел, қалыпты есті буржуа да өзінің өмір салтын мақұлдап қолдайтын ерекше әлеуметтік ортаға мұқтаж ғой. Іс жүзінде, аталған ұғымдардың әрқайсысы – «сіңісу», «кемелділік», «естілік» – белгілі бір әлеуметтік ахуалға жатады және одан тысқары қалған мағынасыз болып шығады. Адам тек қандай да бір нақты қоғамға сіңісе алады; адам оның когнитивтік және нормативті алғышарттарымен келісетін болса, есті болып саналады.

437 Герменевтика (грек. hermeneutіke) – көп мәнді немесе дәл анықтауға келе бермейтін мәтіндерді (көбіне ежелгі) түсіндіру дәстүрі және тәсілдері: түсіндіру өнері. 438 Христиандық ғылым (Crіstіan scіence) – 1879 жылы айналасында Христос шіркеуі қалыптасқан ілім.

Адамдар мағыналар жүйелерін өзгерте отырып, өзінің әлеуметтік қатынастарын да өзгертуге тиіс. Нақты бір әйелге үйленіп, өз жолын анықтап алған еркек өзінің жаңа бейнесіне сәйкес келмейтін достарымен ажырасуға міндетті. Католик бұл дінге бас ұрмайтын әйелге үйленгенде, ол католицизмге қатер төндіреді; ал битник, егер қалалық өкімет өкілдерінің шақырған қонақасыларына тым жиі бара беретін болса, өз идеологиясына қатер төндіреді. Мағыналар жүйелері әлеуметтік тұрғыдан құрастырылады. «Миды жуыпшаятын» қытай өз құрбандығы өмірінің жаңа тарихын қалыптастыра отырып, онымен бәтуаласады. Психиканы талдаушы да өз пациентімен соны істейді. Әлбетте, осынау екі жағдайда да құрбандық пен пациент өзі туралы ақиқатты « аштым», сол бағытта ілгерілеу бәтуа жасалғаннан көп бұрын басталған сол бағытта ілгерілеу бәтуа жасалғаннан көп бұрын басталған деген сенімге тіреледі. Әлеуметтанушы, бері салғанда мұндай сенімге күмән келтіреді. Оның бойына мұндай Құбылыс іс жүзінде ойдан шығарылған нәрсе болып табылады деген күшті күдік ұялайды. Және ол әртүрлі ойдан шығарылған нәрселерді шын деп қабылдауға бейімділік олар қолдан жасалатын әлеуметтік ахуалдың ықпалының күшіне тікелей тәуелді екендігін біледі. Келесі тарауда біздің нені ойлайтынымыз бен кіммен бірге тамақтанатынымыздың арасындағы кірпияз байланысты талқылауды жалғастырамыз. Осынау шегініс-тарауда біз салыстырмалылық пен «құбылмалылықты» бастан өткеру жалпы әлемдік ауқымдағы тарихи феномен ғана емес, индивидуалдық тіршіліктің нақты экзистенциялдық проблемасы екендігін де көрсеткіміз келді. Осынау бастан өткерудің әлеуметтік тамырларын әлеуметтанушылық ой елегінен өткізу азапты проблеманың осылай қойылуы тұсында оның философиялық немесе теологиялық шешімін тапқан адамдары үшін тек біршама жайлылық қана бере алады. Алайда көкірек көзінің ашылуы түйіршіктеп қана берілетін дүниеде азға да риза болу керек. Өзінің ашу туғызатын «Кім айтыа еді?» деген сұрағы арқылы әлеуметтанушылық көзқарас дүниетаным туралы ұлы пікірталасқа салауатты скептицизм элементін енгізеді, оның тікелей қолданбалы пайдасы бар, өйткені

ол кем дегенде, тым асығыс өзгеруден сақтап қалады. Әлеуметтанушылық санада жылжымалы координаттар жүйесі болады, ол адамға өзінің өмірбаянын ерекше мағыналар жүйесіне ие әлеуметтік дүниелердің көп өлшемді кеңістігінде көшу, ауысу ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Ол ақиқат туралы сұраққа ақтық жауап бермейді, бірақ өзін адамзаттың құтқарушылары деп білетін алаяқтардың біздің өмірлік жолымызға құрған тұзағына түсуіміздің ықтималдығын сәл де болса азайтады.

4. Қоғамдағы адам

Белгілі бір жастаа балаларды өзіңнің тұрған жерін картадан көрсетуге болатындығы қатты қызықтыра бастайды. Өзің туып-өскен, таныс дүниені, картадағы мүлдем әлпетсіз (демек, таныс та емес, туып-өскен де емес) кординаттармен шектелген аумақта неліктен екені белгісіз бола қалғандардың бәрі сенімен ортақтасатыны оғаш секілді көрінеді. Баланың «Мен сол жерде болғанмын» және «Мен қазір мұндамын» секілді лепті сөздері, оның зердесінде соншалық өткір уақиғалармен және өмірде тұңғыш рет көрген ит немесе ересектерден жасырын қазыа алынған шылаушын секілді жеке өзіңе маңызды уақиғалармен берік қалған жазғы демалыс орнының мүлдем бөгде, итке де, шылаушынға да, баланың өзіне де ешқандай қатысы жоқ адамдар үшін де бірдей ендік пен бойлықта екендігіне айран-асыр болғанын әшкере қылады. Әлдекім ойлап тапқан конфигурацияларда өзінің орнын белгілеу, эвфемикалық түрде «ержету» деп аталатын нәрсенің, бәлкім, ең маңызды қырларының бірі болар. Бала үлкендер әлемінде өзін мекен-жай туралы түсініктері қалыптаса бастаған кезден, ол көрсете береді. Күні кеше ғана «ауылдағы атасына» хат жаза алатын балақай бүгін өзінің шылаушын жинау жөніндегі әріптесіне штатты, қаланыы, көшені және т.б. қатесіз атап, өзінің мекен-жайын дәл хабарлайды, одан жауап келгеннен кейін ересектер әлеміне қосылу әрекетінің сәті түскендігінің ғажап қуатталуын алады.

Дүниеге мұндай көзқарастың нақтылығына көз жеткізе түскен сайын, бала жаңа «мекен-жайларды» жинай береді, мәселен: «Мені алты жастамын», «Фамилиям – Браун, әкемдікі де сондай болатын, ал әке-шешем ажырасып кеткен», «Мен – пресвитерианмын», «Мен – американдықпын», менің ІQ-ым – 130”. “Дарынды балалар сыныбында оқимын, өйткені осынау дүниенің көкжиектері, оны ересектер түсінігіндегідей, бейтаныс әлдекім жасайтын «карталар» координаттары арқылы беріледі. Үйде ойнап жүріп, бала өзін қалаған адамымен теңестіре алады – өзін папа, қызыл терілілердің көсемі немесе Дэвид Крокст439 деп атай алады, бірақ ол әрқашан мұның тек ойын екенін, ал нақты нәрсе өзі туралы мектеп басшыларында сақталып жатқан фактылар екендігін біледі. Біз барлық жерде тырнақшаларды алып тастап отырмыз, сонымызбен кезінде балалық естілік тұзағында өзіміз де болғанымызды мойындаймыз. Әрине, «біледі», «нақты», «фактылар» секілді өзекті сөздердің бәрін тырнақшаға алу керек еді. Дені сау бала – сынып журналындағы жазуларға сенетін бала. Қалыпты ересек – ол өзінің қалыптасқан координаттар жүйесінде өмір сүретін пенде. «Естілік көзқарасы» деп жүрген нәрсе, шындап келгенде, – ересек адамның бұйырылған нәрсе ретінде қабылданатын көзқарасы. Проблема адам тіршілігі әлеуметтік картаға түйреп бекітілген жалаушалармен теңдестіре бастайтын кезде сынып журналындағы жазуларды онтологиялау қалай жүргізілетіндігінде. Мұның адамның тұлғасы мен ойына қандай ықпал ететіндігі туралы мәселені біз келесі тарауда қарастырамыз. Қазір бізді біршама өзге сұрақ қызықтырады, атап айтқанда: қалайша индивид қоғамда алатын орны оған оның не істеуі керектігін және өмірден не күте алатынын қалай «хабарлай» алады. «Қоғамда белгілі бір орынға ие болу» «белгілі бір әлеуметтік күштердің қиылысу нүктесінде болу» деген сөз. әдетте ол күштерді елемеу қауіпті болады. Индивидтің қоғамдағы қозғалысы билік пен абыройдың мұқият анықталған

439 Крокст, Дэвид (1786–1836) – америкалық фронтверсмен; аты аңызға айналған халық батырының тұлғасы, Конгресте шымшымалылығымен, ділмарлығымен аты шыққан.

жүйелерінің ішінде өтеді. Ол қоғамдағы өз орнын таныған бойда, оған мүмкіндіктерді таңдау тым көп еместігі бірден айқын болады. Төменгі тап өкілдерінің «олар» және «оларға» деген етістіктерді қалай қолданатындығы қоғамдағы адам өмірінің екіұштылығын түсінуді өте жақсы бейнелейді. Бәрін осылай құрған «солар», музыкаға тапсырыс беретін де «солар», ойын ережелерін жасайтын да «солар». Бұл орайда, «олар» ұғымын белгілі бір адамдарға немесе топтарға телу тіпті де оңай емес. «Олар» дегеніміз «жүйе», бөтен адамдар жасаған, сен ылғи да деп бауырлап жүріп өтуге тиісті болатын географиялық карта. Алайда, қоғамдық баспалдақтың жоғарғы тепкішектеріне ілгерілеу шамасына қарай «олар» ұғымы өзінің ондай мағынасынан айрыла береді деп ойлау бұл «жүйеге» тым біржақты қарау болып шығар еді. қалай десек те жоғарыда қозғалыс пен шешім қабылдау бостандығы түйсігі шынында да көбірек сезіледі. Бірақ, индивид шеңберінде қозғалып, шешімдер қабылдайтын барлық координаттарды сонда «жоғарыда» басқа, көбісі бөгде, бейтаныс, адамдар береді, олардың көбісі әлдеқашан бұл дүниеден баз кешкенлдер. Тіпті шектелмеген монархтың өзі өз тираниясын тұрақты қарсылыққа – және міндетті түрде саяси қарсылыққа емес, салттың, шарттың және әдеттің қарсылығына кереғар жүзеге асырады. Әрқилы институттар, шамасы, адами ақымақтық пен қыңырлықтан берік тірек табуы, оларға инерция принципін енгізеді. Тиран мынаны байқайды: тіпті ешкім тікелей оған қарсы ешқандай қарекет жасамаған күнде де, оның өкімдері жай ғана түсінбеушілік себебінен үстін-үстін бос әурешілік болып жатады. Оған жат қоғам фабрикасы тіпті террорға кереғар өзін-өзі туындата береді. Алайда тирандардың құлағын шулата бермейік. Адамдардың көпшілігі, (соның ішінде осы жолдардың авторы да) және (тәуекел етейік осы жолдарды оқып отырғандардың барлығы дерлік тұрған деңгейлерде индивид бағынуға тиіс ережелерді қоғамдағы орын береді. Өзіміз көргеніміздей, бұл естіліктің қоғамға көзқарасына сәйкес келеді. Әлеуметтанушы ол көзқарасқа қайшы келмейді, қайта оны ұштап күшейте түседі, оның тамырын талдайды, кейде оны жаңғыртып, кеңейте түседі. Бұдан әрі біз әлеуметтанушылық көзқарас сол жүйені түсіну және біздің естілік

тұрғысынан маталуымыздың шеңберінен шығып кететінін көреміз. Бірақ әлеуметтанушы талдауға кірісетін барынша өзіндік ерекше әлеуметтік ахуалдарда, ол «бәріне кінәлі солар» тұрпаттас тұжырыммен дауласу тұғыры аз екенін аңғарады. Ол-ол ма, енді оның қолындағы «олар» әлеуметтанушылық талдау жүргізгенге дейінгіден неғұрлым қатерлі мөлшерге дейін жетеді және біздің өмірге бұрынғыдан да қатерлі қорқыныш болып төне түседі. Әлеуметтанушылық көзқарастың бұл ерекшелігін зерттеудің аса маңызды екі саласын: әлеуметтік қадағалау мен әлеуметтік стратификация салалаларын қарастырып барып түсіндіруге болады. «Әлеуметтік қадағалау» – әлеуметтанудың неғұрлым барша қабылдаған ұғымдарының бірі болып табылады. Онымен кез-келген қоғам өзінің басасау мүшелерін ауыздықтау үшін қолданатын әрқилы құралдарды нобайлайды. Бірде бір қоғам әлеуметтік қадағалаусыз күн көре алмайды. Тіпті кездейсоқ бірге жиналған адамдардың шағын тобының өзіне дереу ыдырап кетпес үшін бақылау механизмдерін жасауға тура келеді. Әлеуметтік қадағалау аспаптары орасан алуан түрлілігімен ерекшеленетіндігін және ахуалға тәуелді болатынын айтып жату артық. Бизнесте шешілмейтін қайшылықтар кадр қызметкерлері «ақтық әңгіме» деп атайтын нәрсемен аяқталады, қылмыстық синдикатта мұны, ұқсастығына қарай, «автомобильмен соңғы серуен» деп атар еді. Қадағалау әдістері нақты топтың мақсаттары мен сипатына байланысты өзгешеленеді. Кез-келген жағдайда бақылау механизмдері қажетсіз адамды ығыстырып шығуға (Гаити королі Кристоф440 жасағанындай, ол еңбек батальондарының441 әрбір оныншы «жауынгерін» жаһаннамға аттандырған) және «қалғандарын жігерлендіруге» бағытталған. Әлеуметтік қадағалаудың ең соңғы және, күмәнсіз, ең көне құралы – тәндік зорлық-зомбылық. Балалардың рақымсыз қоғамдастығында ол әлі күнге дейін ең басты құрал күйінде қалып отыр. Бірақ осы заманғы демократиялардың өркениятты басқарылатын қоғамдарының өзінде де ең соңғы уәж – зорлық.

440 Анри, Кристоф (1757–1820) – бұрынғы құл, кейіннен Гаити мемлекетінің Президенті, өзін патша Кристоф атағы бар император деп жариалаған. 441 «Еңбек батальондары» Ұлы француз төңкерісінің арқасында құлдықтан азат болған шаруалардың өмірін қатаң түрде реттеген, Кристофтың Жер кодексін бұзушылардан құралды.

Ешбір мемлекет қандай да бір полицейлік күшсіз немесе сол секілді қарулы қуатсыз тіршілік ете алмайды. Тікелей зорлық жиі қолданылмайды. Ол қолданылғанға дейін ескерту, сөгіс... түрінде талай-талай қадамдар жасала алады. Бірақ егер барлық ескертулер құлаққа ілінбесе, онда тіпті билетсіз жол жүру секілді жеңіл-желпі тәртіп бұзу оқиғасының өзінде әңгіме, көбіне-көп, кісендері мен таяқтары бар екі коптың442 сізді автобустан айдап шығуымен аяқталуы мүмкін. Тіпті көлікке отыру билеттерін сатып отырған азды-көпті әдепті коптың өзінде көбіне қару болады – жай, бірдеңе болып қалмас үшін. Тіпті әдетте полицейге қару алып жүру рұқсат етілмейтін Англияның өзінде, қажет кезде қару іске қосылады. Барша қабылдаған және заңдастырылған ережелерге ерікті бағынуға идеологиялық екпін берілетін батыстық демократияларда ресми зорлықтың ұдайы орын алатыны барынша бүркемеленеді. Бірақ зорлық дегеніміз кезкелген саяси тәртіптің бастапқы тұғыры екендігін түсіну өте маңызды. Бұл қоғамға естілік көзқарасымен үндеседі, қылмыстық кодекстен өлім жазасын алып тастау идеясын соншалық жаппай қабылданбауын ішінара осымен түсіндіруге болады (мұндай қабылдамау бірдей дәрежеде, кежірлікке, екіжүзділікке және туа біткен қатыгездікке негізделсе де, оларға заң шығарушылар өз азаматтарының бұқарасымен ортақтасады). Саяси тәртіп зорлыққа сүйенеді деген тұжырым өлім жазасы алып тасталған мемлекеттер мен штаттар үшін де орынды Штат азаматтарының өз ырқын ерікті білдіруі электр орындығы пенитенциарлық жүйенің443 тәжі болып табылатын Коннектикут штатының ұлттық гвардиясына белгілі бір жағдайларда қару қолдану рұқсат етілген. Қаруды Род-Айленд гвардияшылары да қолдана алады, ал саясаткерлер мен абақты басшыларына онда қарусыз жүруге тура келеді. Демократиялық және гуманистік идеологиялар кемірек елдерде зорлық құралдары ашық көрсетіліп, ерекше сақтықсыз-ақ қолданыла беретінін айтып жату артық.

442 Сор (ағылшынша сленг) – полиция.
443 6-ескертпені қараңыз.

Зорлық-зомбылықтың тұрақты қолданудың практикалық қиындықтары бар, оның үстіне тиімді емес, сондықтан әлеуметтік қадағалаудың ресми органдары зорлық құралдары туралы жаппай білудің тежеуші әсеріне ықпалына сүйенеді. Әртүрлі себептермен мұндай тірек кез-келген қоғамда, егер ол ыдырау табалдырығында тұрмаса, (айталық, революциялық ахуал соғыста күйрей жеңілу, немесе табиғи катаклизм жағдайларында) әдетте ақтау табады. Мұның пайдасына ең маңызды уәж – тіпті диктат пен террор жайлаған мемлекеттердің өзінде режим уақыт өте келе бәрібір біршама қолдау мен мақұлдауға ие болатындығы. Бұл арада аталмыш фактының негізінде жатқан әлеуметтік-психологиялық процестерді анықтау орны емес. Бері салғанда демократиялық қоғамдарда көпшілік зорлфқ құралдарының қолданылуы негізделетін құндылықтарға ортақтасу үшін қолайлы жағдайлар бар (мұның өзі тіпті де сол құралдар өздігінен-ақ игілік деген сөз емес; оңтүстік штаттардың кейбір жергілікті қоғамдастықтарында тұратын ақ адамдардың көпшілігі, мысалы, алалауды сақтауға бағытталған полицейлік шара ретінде зорлықтың іс жүзінде қолданылуын мақұлдайды деген сөз емес). Жұмыс істеп тұрған, әлеуметтік қадағалаудың күнделікті жүзеге асыру үшін зорлықты қолдану қатерінің өзі әбден жеткілікті кез-келген қоғамда зорлық өте абайлап және тым шетін жағдайларда ғана қолданылады. Біздің баяндауымыз үшін мынаны атап көрсету маңызды: қоғамда барлық дерлік адамдар, егер мәжбүрлеудің барлық өзге құралдары нәтиже бермейтін болса, онда оларға ресми және заңды негізде зорлық-зомбылықты қолдануға болатын жағдайда өмір сүреді. Егер әлеуметтік қадағалауды жүзеге асырудағы зорлықтың рөлін осылай түсінетін болсақ, онда адамдардың көпшілігі былайша айтқанда, ықпал етудің ескерту шараларының ықпалында әлдеқайда жиі болатыны анық бола түседі. Заң шығарушылар мен полицейлер ойлап тапқан қорқыту әдістерінің сиықсыз біркелкілігімен салыстырғанда, әлеуметтік қадағалаудың зорлық ахдау аспаптары неғұрлым сан алуандығын, кейде тіпті тапқырлығын көрсетеді. Ретімен келсек, қадағалаудың саяси және заңды әдістерінен кейінгі үшінші орынға экономикалық қысымды қоюға болады. Күнкөріс қаражаты мен пайдаға

қатер төндіретін құралдан артық, соншалық тиімді мәжбүрлеу құралдарын табу екіталай. Капитал да, еңбек те бұл қатерді біздің қоғамда қадағалау құралы ретінде ойдағыдай қолданады. Бірақ қадағалаудың экономикалық құралдары экономикаға тікелей қатысты институттар шегінен тыс та тиімді. Университеттер мен шіркеулер өз персоналын девианттық тәртіптен, яғни тиісті басшылық рұқсат етілген шеңберден шығып кететін тәртіп деп бағалайтын тәртіптен тежеп ұстау үшін экономикалық санкцияларды ойдағыдай қолданады. Шынында да, әлдебір пастордың өзінің органискасымен ашына болуында заңсыз ештеңе болмауы мүмкін, бірақ өзінің кәсіби қызметімен айналысу мүмкіндігінен біржола айрылу қатері абақтыдан бір-ақ шығудың ықтимал қатерінен гөрі әлдеқайда тиімді тежеп тұрады. Пастырь шіркеу бюрократиясын әлем-жәлем салтанатсыз-ақ жерлеу керек деген пікір айтса, онда тұрған заңсыз ештеңе жоқ, бірақ қалған ғұмырын жалақысы ең төмен приходтарда өткізу қаупі іс жүзінде мұндай пікірге қарсы өте күшті уәж болады. Әрине, мұндай уәждерді ашықтан-ашық қолдану экономикалық институттар табиғатына көбірек сай келеді, алайда шіркеулер мен университеттерде экономикалық санкцияларды қолдану өзінің ақтық нәтижелері жағынан бизнес әлемінде қолданылатын санкцияларды тым ерекшелене қоймайды. Адамдар ықшам топтар болып өмір сүретін немесе жұмыс істейтін жерде, бірін-бірі тіклей білетін, бір-біріне жеке үйірсектік сезімімен тығыз байланысқан жерде (мұндай топтарды әлеуметтанушылар бастапқы топтар деп атайды) нақты және ықтимал девианттарды ауыздықтау үшін қадағалаудың төтенше пәрменді, сонымен бірге аса нәзік механизмдері тұрақты жұмыс істейді. Оларға сендіру, келемеж, өсек және менсінбеу секілді механизмдер жатады. Байқалған бір нәрсе – топтық пікірталас барысында біршама уақыт өткеннен кейін индивидтер өздерінің бастапқы пікірлерін өздеріне неғұрлым жақын топтық нормаға алмастырады,ол норма аталмыш топта білдірілген барлық көзқарастардың өзіндік бір арифметикалық орташасы мөлшері болып табылады. Бұл норманың қандай топта кәдеге жарайтыны оның (топтың)

құрамына байланысты. Мысалы, адам етін жейтін жиырма адам мен олай істемейтін бір адамнан құралған, каннибализм мәселесін талқылап жатқан топта нәтиже мына тектес: сайып келгенде ол адам етін жейтіндердің уәждерін қабылдайды да, өзіндік абыройын сақтап қалу үшін, кейбір ескертулермен (айталық, жақын туыстарды тамаақ етпеу жөнінде), көпшілік көзқарасы жағына толығымен шығады. Бірақ, алпыстан асқан адамның еті кірпияз талғам үшін тым қатты деп санайтын он каннибал мен аталмыш топтың неғұрлым талғампаз, сондықтан шекараны елу жастан асырмау керек деп білетін басқа он мүшесінің арасында топтық талқылау болып жатса, топ тұтқындарды іріктеу кезінде жеуге жарайтын және жарамайтын кісінің жас мөлшерін елу жаспен шектеу керек деген пікірмен тезірек келіседі. Сірә, келісімге келуге осындай қаяусыз ұмтылыстың негізінде, топта танылуға қол жеткізуге терең адами тілек жатса керек, және, тегінде, ол топтың қандай болғанының бәрібір, тек оның индивид айналасында болғаны ғана маңызды секілді. Бұл ұмтылысты әбден тиімді пайдалануға болады, ал мұны топтармен жұмыс істейтін терапевтер, демагогтар және татулық орнату саласындағы басқа да мамандар жақсы біледі. Келемеж бен өсек барлық бастапқы топтарда әлеуметтік қадағалаудың қуатты тетіктері болып табылады. Көптеген қоғамдарда келемеж балаларды қадағалаудың негізгі құралдарының бірі ретінде қолданылады – бала ережелерге жазаланармын деген қорқыныштан емес, мазаққа қалмас үшін бағынады. Біздің өзіміздің неғұрлым кең мәдениетіміздің шеңберінде мұндай «келеке» оңтүстік штаттардың негрлері жөніндегі маңызды тәртіптік шара болды. Және жалпы кейбір әлеуметтік ахуалдарда күлкіге айналдырудың жан шошытар қорқынышы адамдардың көпшілігіне таныс. Адамдар әрдайым өз көршілерінің көз алдында, олардың мүлт кетпес бақылауында болатын кішкентай қоғамдастықтарда өсектің ерекше пәрменді екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қояр ма екен. Мұндай қоғамдастықтардағы өсек – әлеуметтік үдемелі өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін коммуникацияның негізгі арналарының бірі. Келемежді де, өсекті де оларды тарату арналарына қатысы бар кез-келген есті адам өз қажетіне жарата алады.

Және ақырында, адамзат қоғамдастығының қолындағы ең көп таралған жазалау құралдарының бірі оның мүшелерінің біреуі жөніндегі әман да менсінбеу мен аластау болып табылады. Аз-маз кекесін қосып мынаны атап өтуге болады: бұл зорлық-зомбылыққа қарсы шығатын топтардағы қадағалаудың сүйікті механизмі. Мұның мысалы – амониялық меннониттердің444 арасындағы «бойкот». Топтың негізгі тобырларының бірін бұзған (мысалы, бөгде топ адамымен жыныстық қатынас жасау) индивидті ешкім «елемейді», мұның мағынасы: оған қоғамдастықта өмір сүріп, жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі, бірақ топтың бірде-бір мүшесі онымен сөйлеспейді. Осыдан артық жазаны елестету қиын. Бірақ зорлық-зомбылыққа қарсылар осындай. Әлеуметтік қадағалау туралы айтқанда, оның әу бастан жалған тұжырымдарға өте жиі негізделетінін ерекше атап көрсету керек. Кейінірек біз адам өмірін әлеуметтанушылық түсінуде алдауға берілетін ортақ мәнді егжейтегжейлі қарастырамыз, ал бұл арада тек әлеуметтік қадағалаудың кез-келген тұжырымдамасы, егер аладу элементін ескермесе толық болмайтынын, демек, адастырып жіберетінін ғана атап көрсетеміз. Қажет болса өз «оппоненттерімен» жақсылап “сөйлесе” алатын ағасы бар балақай өз құрбыларының тобында зор ықпалға ие бола алады. Алайда егер ондай ағасы болмаса, оны ойлап табуға да болады. Ойлап тапқанды нақты ықпалға айналдырудың сәті түсе ме, бұл енді балақайдың «жұртшылықпен байланыс» жасаудағы дарынына байланысты. Бірақ кез-келген жағдайда, бұл мүмкін нәрсе. Ал алдау мүмкіндігінің өзі әлеуметтік қадағалаудың талқыланған барлық пошымдарында болады. Дөрекі күшпен, жамандықпен және материалдық ресурстармен жарыс кезіндегі тірі қалу үшін күресте ақылдың құны біршама жоғары болатыны міне сондықтан. Бірақ, бұл мәселеге біз кейінірек ораламыз. Енді әрқайсысы әлеуметтік қадағалаудың белгілі бір жүйесі болып табылатын, әржаққа тартатын бір орталықты шеңберлердің қақ ортасында

444 Амония меннониттері (Amіsh Mennonіtes) – меннониттік шіркеудің бірі, оның мүшелері дәстүрлі өмір салтын қатаң ұстанады.

(яғни, барынша қысым нүктесінде) тұрған адамға қаралық. Барша бағынуға міндетті саяси-заңгерлік жүйені сыртқы шеңбер деп нобайлауға болады. Бұл біздің еркімізге ырқымызға қарамастан салық алатын, әскери қызметке шақыратын, өзінің ұшы-қиыры жоқ ережелері мен өкімдеріне бағынуға мәжбүрлейтін, ал егер керек болса, абақтыға тығып жіберіп, тіпті аса қажет болса өлтіріп те жіберетін жүйе. Билік жүйесінің индивид өмірінің шын мәнінде әрбір қырына тұрақты килігуінен беймазалықты сезіну үшін Республикалық партияның445 оң қанатының жақтасы болу міндетті емес. Кезкелген апта барысында саяси-заңгерлік жүйенің талаптары, соның ішінде салық төлеуге байланысты талаптар бұзылған барлық оқиғаларыңды тіркеп отыру әбден тағлымды болар еді. Мұндай оқиғалардың қосындысы жүйеге мойынсұнбаудың белгіленген оқиғалар апарып соқтыруы мүмкін айыппұлдың және/немесе қаиау мерзімінің қосындысына тең болады. Мұндай эксперимент барысында, құқық қорғаушы құрылымдар, әдетте, жемқорлыққа бой алдырғанын және олардың пәрменділігі тіпті де жүз пайыз бола алмайтынын еске түсірсеңіз, өзіңіз күптеген тыныштықты табуға болады. Ортада тұрған адамды жаныштай түсетін әлеуметтік қадағалаудың келесі шеңбері – мораль, салт және ғұрып. Тек ең қажетті болып көрінетін (өкімет үшін) шеңбер бөліктері ғана заңды санкциялар арқылы қолдау тауып отырады. Алайда, бұл қалғандарында беймораль, оғаш мінезді және әдепсіз болуға болады деген сөз емес, – бұл арада әлеуметтік қадағалаудың барлық басқа құралдары іске кіріседі. Бейморальдық – босатумен, оғаш мінезділік – жаңа орын табу мүмкіндігінен айрылумен, әдепсіздік – жақсы мәнерді бағалай білетін адамдардың сізді қонаққа шақырмауымен немесе есіктен аттатпауымен жазаланады. Жұмыссыздық және жалғыздық, абақтыға тығып тастаумен салыстырғанда, бәлкім, жеңілірек жаза болар, алайда, сондай жазаға ұшырағандар басқа пікірді ұстана алады. Біздің қоғамда – қадағалаудың өте күрделі аппараттарында – ғұрыпқа пысқырмау мүлдем басқа бір нәтижеге

445 Республикалық партия АҚШ-та дәстүрлі түрде мемлекеттің қоғам мен индивид өміріне ықпалын шектеу қажет деген бағыт ұстанады.

тіреуі, атап айтқанда: индивидті жалпы келісім бойынша «науқас» деп тану мүмкін. Білімді бюрократиялар (соның ішінде, кейбір протестанттық конфессиялар) енді өздерінің девиант қызметшілерін далаға қуып жібермей, оның орнына өздерінің психиатр-кеңесшілеріне зорлап емдеуге жөнелтеді. Мұндай жағдайда девиант (яғни басшылық немесе нақты бір епископ белгілеген қалыптылық өлшемдеріне сай келмейтін адам) әлі де жұмыссыз қалу және өзінің әлеуметтік байланыстарынан айрылу қатері астында қала береді, ал мұның үстіне, оны басқа адамдар алдындағы жауапкершілік шеңберінен опоңай «шығып кете беретін адам» ретінде масқаралап салуы мүмкін, және мұндай «даңқ» ол өзінің тәубаға («көзінің ашылуын») және бас тартуын («емге реакция») көрсеткенше, оның артынан қалмайды. Осылайша, осы заманғы институциялық өмірдің көптеген секторларында талдап әзірленген «кеңес берудің», «ақыл айтудың» және «терапиялардың» қисапсыз стратегиялары жалпы алғанда қоғамның қадағалаушы аппаратын және оның саяси-заңгерлік санкцияларды қолдану қабылданбаған сегменттерін едәуір күшейтеді. Индивид қоғамның басқа мүшелерімен бірге болатын осынау үлкен мәжбүрлеу шеңберлерінен басқа, қадағалаудың тарлау шеңберлері де бар. Индивид таңдап алған кәсіп (немесе, дәлірек айтсақ, ол әйтеуір бір себеппен өз таңдауында соған тоқтаған кәсіп) өзімен бірге сөзсіз толып жатқан, кей-кейде тым қатал қадағалаушы ықпадарды ала келеді. Индивидті лицензиялаушы ұйымдар, кәсібптік бірлестіктер және кәсіподақтар және, әлбетте, тікелей басшылық белгілейтін ресми талаптар ресми түрде қадағалап отырады. Әріптестер мен қызметкерлер тарапынан жасалатын бейресми қадағалаудың әрқилы тәсілдерінің де маңызы әлгілерден кем емес. Тағы да осы тақырыпты арнайы қаузап жатудың қажеті бола қоймас. Оқырманның өзі көрнекілік үшін клиника пайда бермейтін ауру адамды емдеуге жатқызатын дәрігерді; арзан жерлеу рәсімдерін жарнамалайтын кәсіпкерді; өнеркәсіп орнының калькуляцияға ескірген құрал-жабдыққа жоспарлы амортизациялық төлемдерді қоспайтын инженер-экономисін; өз паствасының санының көп болуына

жанталаспайтын уағыздаушыны (дұрысы, діндарларды өз тәртібімен үрейлендіретін, бірақ бәрі солай дейтін); бюджетте көзделгендегіден қасарысып аз ақша жұмсайтын мемлекеттік шенеунікті; құрастыру желісінің әріптестерінің пікірі бойынша, өндіру нормасын асыра орындайтын жұмысшысын, және тағы басқаларды өзі-ақ елестете алар деп ойлаймын. Мұндай жағдайларда экономикалық санкциялар бәрінен жиі әрі пәрменді қолданылады: дәрігерге бұрын өзі жұмыс істейтін ауруханалардың барлығында жұмыс беруден бас тартады; кәсіпкерді «әдепсіз тәртібі» үшін кәсіптік ұйымнан шығарып тастауы мүмкін; инженердің, уағыздаушы мен шенеунікпен бірге Бейбітшілік Корпусының еріктісі ретінде бір қиырға аттануына тура келеді (бір қиырға, – айталық, ешқандай жоспарлы амортизациялық төлемдер атаулы жоқ, христиандар аз әрі орасан аумаққа шашыратып жіберілген және тіпті әйтеуір бір дәрежеде ұтымды болуға мемлекеттік машина тым шағын Жаңа Гвинеяға), ал құрастырушы жұмысшы бүкіл зауыттағы ақаулы бөлшектердің бәрі өз қолына түсе беретінін байқай алады. Қоғамдық бойкот, менсінбеу келемеждеу санкциялары да соншалықты салмақты бола алады. Қоғамдағы кез-келген, тіпті ең елеусіз кәсіптік рөл арнайы тәртіп кодексінің болуын көздейді, ал оны іс жүзінде елемей қою неғайбыл. Кәсіптік карьера үшін техникалық біліктілік те, тиісті білім де қаншалық қажет болса, сол кодекске адалдық та соншалық қажетті. Кәсіптік жүйенің әлеуметтік қадағалауының орасан зор маңызы бар, өйткені индивидтің қалған өмірінде нені істеуге болатынын, нені істеуге болмайтынын: қандай ерікті бірлестіктер оны өз қатарына қабылдайтынын, оның таныстарының шеңбері қандай болатынын, ол қандай ауданда тұра алатынын кәсіп пен лауазым шешеді. Алайда индивид өзінің төл қадағалау жүйелері бар, олардың көбісі неғұрлым пошымдық кейде тіпті кәсіптік қадағалаудан да қатаң басқа да әлеуметтік қатынастарға тартылады. Көптеген клубтар мен бауырластықтарда қабылдау және мүшелік ережелері ІBM-дегі басқару аппаратына іріктеу ережелеріндей қатал болып келеді (кейде, уайымдап жүрген кандидаттың бағына қарай олар бірдей болып шығады).

Неғұрлым кең бірлестіктерде ережелер оншалық қатал болмауы мүмкін, және әлдекімнің орындай алмайтыны ілуде бір болады, бірақ табанды нонконформист үшін бірлестікте қабылданған тәртіп салдарынан оған мүшелік азапты болатыны соншалық, оған ұзақ уақыт қатысу адами тұрғыдан мүмкін болмай шығады. Жазылмаған заңдармен бекітілген талаптар тым әрқилы болатыны табиғи нәрсе. Олар киіну мен сөйлесу мәнерін, эстетикалық талғамдары, саяси және діни сенімдерді, тіпті дастарқан басында өзін-өзі ұстау мәнерін қамтуы мүмкін. Барлық осынау жағдайларда олар қадағалау шеңберлерін құрайды, олар индивидтің белгілі бір ахуалдардағы ықтимал қарекеттері саласын мықтап бейнелейді. Ақыр соңында, индивидтің жеке өмірі қадағалау дейтін өтіп жататын адамдар топтары, яғни отбасы мен жақын достар шеңбері де қадағалау жүйесін құрайды. Осынау шеңбередгі қысым, барлығынан ең әлсізі болатыны, басқа қадағалау жүйелеріндегі мәжбүрлеудің пошымдық құралдары онда жоқ деп ойлау зор қателік болар еді. Әдетте, индивид ең маңызды әлеуметтік қатынастары нақ осы шеңберде болады. Жақын адамдар шеңберіндегі жақтыртпау, абыройдан айрылу, келемеждеу мен менсінбеу психологиялық салмағы нақ сол санкциялар басқа қай жақтан шыққандағысынан әлдеқайда ауыр. Егер бастық өз бағыныштысы ештеңеге жарамайды деген қортындыға келсе, онда мұның тажалды экономикалық салдарлары болуы мүмкін, бірақ нақ сондай қорытындыға қызметкерлердің әйелі де келсе, онда психологиялық эффекті әлдеқайда күйреткіш болады. Оның үстіне, жақындар тарапынан қадағалау жүйесі индивид оған мүлдем дайын емес кезде қысым жасай алады. Әдетте адам жұмыста үйдегіден неғұрлым ұтымды жағдайда болады: онда оның өзін-өзі қолға алуы, абай болуы немесе аңғарылмаған бола қалуы жеңілірек. Қадағалаудың осынау жүйесіне осы заманғы американдық «отбасы культті» және үй ошағының рөлін сыртқы дүние проблемаларынан әрі өзін-өзі орнықтыру қажеттігінен демалу орны ретіндегі рөлін атап көрсететін құндылықтар зор үлес қосады. Өз офисінде қалай болғанда да шайқасуға

психологиялық тұрғыдан дайын адам, отбасы шеңберіндегі шатқаяқ жарасымды сақтап қалу үшін нені болса да істеуге дайын. Сырттан жасалатын әлеуметтік қадағалаудың соңғы (маңыздылығы жағынан емес) түрі неміс әлеуметтанушылары айтқандай, «интим өрісі», оның индивидтің өмірбаянын құрастырудағы рөлінің пәрменімен айрықша қуатты ықпалымен ерекшеленеді. Еркек өзіне жар әрі адал дос таңдағанда, шын мәнінде ол өзін-өзі орнықтыру актысын жүзеге асырады. Ол өзінің Мен-бейнесінің ең маңызды элементтеріне қолдауды нақ осы барынша интимдік қатынастардан іздеуге тиіс болады. Міне сондықтан сол қатынастарды бәске тігу – өз-өзінен айрылуға бел байлаумен тең. Жұмыста қылышынан қан таматын адамдардың көбіне үйде әйелдеріне ләм демей көне кететіні және достары риза болмай, қабағы түйіле бастаса-ақ бір уыс болып қадатыны таңсық емес. Егер біз индивидті әрқайсысы әлеуметтік қадағалаудың ерекше жүйесін бейнелейтін бір орталықты шеңберлер ортасында бейнелеуге қайтып оралсақ, онда қоғамдағы орын (әлеуметтік координаттар) адамның көптеген шектейтін және мәжбүрлейтін күштер жөнінде жағдайын айқындайтынын жақсырақ түсінеміз. Бір орталықты шеңберлер жүйесіндегі өзінің орынын пәрменімен көңілін табу керек болатын федералдық салық қызметінен бастап өзінің қайын енесіне дейін – біртіндеп санап шығатын және сайып келгенде қоғам бүкіл салмағымен өзін жаншып тұр деген ойға тірелетін индивидтердің аталмыш идеяны жүйкенің уақытша жұқаруы ретінде теріске шығармағаны абзал. Әлеуметтанушы, ештеңеге қарамастан, тегінде, тіпті керісінше ойға оның көзін жеткізгісі келген басқа ақылмандарға кереғар өзін сол ойға мықтап матайтын болар. Әлеуметтанушылық талдау индивидтің қоғамдағы орнының мәнін толығымен ашып көрсете алатын басқа бір маңызды өріс – әлеуметтік стратификация. Стратификация теориясы кез-келген қоғам бір-бірімен үстемдік және бағыныштылық терминдерінде сай келетін, билік, артықшылық немесе бедел жөнінде екендігінің бәрібір, деңгейлерден тұрады деген пікірге сүйенеді. Оңайлатып айтсақ, стратификация әрбір қоғамда рангылаудың белгілі бір

жүйесі бар деген сөз: бір страталар жоғары, басқалары төмен деңгейде болады да, жиынтығында олар нақты қоғамның стратификациялық жүйесін құрайды. Стратификациялық теория әлдеуметтанушылық білімнің ең күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады, және бұл арада проблемаға қандай да бір кіріспе беру әрекеті атаулы бізді баяндаумыздың шегінен бір қиырға алып кетеді. Мынаны айтсақ та жеткілікті социумдар өздерінің өлшемдері бойынша бір-бірінен өте қатты өзгешеленеді, соларға сәйкес индивидтер бір немесе басқа стратаға (қыртысқа) жатады, және «рангылаудың» мүлдем әрқилы өлшемдерін пайдаланатын әрқилы стратификациялық жүйелер бір қоғамда қатар өмір сүре алады. Дәстүрлі үнді касталық қоғамы мен осы заманғы батыс қоғамының стратификациялық схемаларындағы индивидтің орнын мүлдем әртүрлі факторлар анықтайтыны анық. Әлеуметтік позициямның негізгі үш өлшемі – билік, артықшылықтар және бедел – көбіне сәйкес келмейді, қайта әрқилы стратификациялық жүйелерде қатар өмір сүреді. Америкада әл-ауқат көбіне саяси билікпен қолтықтаса жүреді, бірақ әрқашан солай бола бермейді, – билігі мол, табысы аз адамдар да бар. Мұның үстіне, экономикалық немесе саяси жағдаймен мүлдем байланысы жоқ қызмет түрлері де беделді бола алады. Бұл ескертпелерді қоғамдағы орын мен жалпы алғанда индивид өміріне орасан ықпал ететін стратификация жүйесі өзара қалай сәйкестенетіндігін қарастыру кезінде ескеруіміз қажет болады. Осы заманғы батыс қоғамында стратификацияның ең маңызды тұрпаты – таптар жүйесі. Стратификациялық теория ұғымдарының көпшілігі сияқты, тап ұғымының да анықтамалары толып жатыр. Біздің мақсатымыз үшін таптарға бөлуді индивидтің қоғамдағы орны негізінен экономикалық өлшемдермен анықталатын стратификация тұрпаты деп анықтау жетіп жатыр. Таптық қоғамда қол жеткізілген жоғары жағдай, әдетте, туа біткен жағдайдан маңыздырақ (көптеген адамдар пікірінше, соңғысы айтарлықтай дәрежеде алдыңғысын туындатады деп санайтынына қарамастан). Оның үстіне, таптық қоғам үшін әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейі тән, яғни әлеуметтік жағдай біржола бекітілген болып шықпайды, көптеген адамдар өз өмірінің

барысында оны жақсылау немесе нашарлау жағдайға өзгертеді, демек, ешқандай жағдайды абсолютті бекем, сенімді жағдай деп санамау керек. Нәтижесінде әлеуметтік жағдайды рәміздік жасандыру орасан маңызға ие болады: адамдар оны әрқилы рәміздер (материалдық объектілер, өзін-өзі ұстау мәнері, талғамдар, сөйлеу, әртүрлі қоғамдық ұйымдарға мүшелік және тіпті орынды пікірлер секілді) бейбіт пайдаланып паш етеді. Нақ осыны әлеуметтанушылар статустық символизм деп атайды, оның стратификацияны зерттеуде маңызды мәні бар. Макс Вебер тапты индивидтің парасатты негізі бар өмірлік үміттерінің көмегімен анықтаған болатын. Басқаша айтқанда, таптық тиесілілік индивидтің өмірлік мүмкіндіктерін, индивид қоғамда қандай үлеске үміттене алатындығын анықтайды. Қатаң экономикалық шеңберлерде барлығы нақ солай болатынымен әркім келіседі. Айталық, орта таптың жоғары қыртысына жататын, жиырма бес жасар американдықтың он жылдан кейін қала маңынан өз үйі, екі машинасы және теңіз жағасында коттеджі болу мүмкіндігі оның орта таптың төменгі қыртысынан шыққан құрдасына қарағанда едәуір мол болады. Бұл, екіншісінің соның бәріне қол жеткізуге ешқандай мүмкіндігі болмайды деген сөз емес, жай ғана оның табысы статистикалық ықтималдық шеңберіне сыяды, бұған таңданудың қажеті де жоқ, өйткені «тапқа» тиесілілік әу бастанақ экономикалық терминдермен анықталады, ал, қалыпты экономикалық процесс бізді сендіретініндей, ырықтық сапаларға ие болу қосымша артықшылықтар береді. Алайда тапқа тиесіліліктің өмірлік мүмкіндіктерге ықпалы экономикалық өрістің өзінің шегінен әлдеқайда алысқа ұзап жатады. Индивидтің тапқа тиесілілігі оның балалары үміттене алатын білім деңгейін анықтайды. Ол сондай-ақ, индивид пен оның отбасы пайдаланатын медициналық қызмет стандарттарын, тіпті индивидтің өмірлік үміттерін – сөзбе-сө мағынасындағы өмірлік мүмкіндіктерді анықтайды. Қоғамымыздың жоғары таптары өздерінің жолы бола қоймаған отандастарына қарағанда жақсырақ тамақтанады, жақсырақ білім алады, жақсы жағдайларда өмір сүреді және ұзақ өмір сүреді. Аталмыш ескертпелер таптаурын болып көрінуі мүмкін,

бірақ егер индивидтің жылына табатын ақшасының көлемі мен соны жер бетінде жасай беруге үміттене алатын жылдар санының арасындағы түзетуге қарасақ, олар көбірек маңызға ие болады. Бірақ таптық жүйедегі орынның мәні мұндай ниеттермен шектелмейді. Біздің қоғамда әртүрлі таптар қалай күн көретінінің арасындағы айырмашылықтар – сандық қана емес, сапалық та айырмашылықтар. Әлеуметтанушы тек, егер тапқа тиесіліліктің аса маңызды екі көрсеткішінің – кіріс пен кәсіптің негізінде, басқа ешқандай ақпарат қолына түспейтін кезде де, нақты индивид туралы топшылаулар мен болжамдардың ұзыннан-ұзақ тізімін жасай алатын болса ғана, өзінің тіршілігін ақтай алады. Барлық басқа әлеуметтанушылық болжамдар секілді олар маңыздылығының белгілі бір деңгейі және сонымен бірге жеткілікті растығы бар ықтималдылық пайымдарымен өзінің сипаты бойынша статистикалық болжам болады. Көрсетілген екі параметр бойынша ақпараты бар әлеуметтанушы, индивидтің қаланың қандй ауданында тұратыны, оның баспанасының мөлшері мен тұрпаты қандай екендігі жөнінде парасатты топшылаулар жасай алады. Сондайақ ьаспана интерьерінің жалпы сипаттамасын бере алады және оның қонақжайының қабырғаларын қандай картиналар безендіріп тұрғаны, сөрелерінде қандай кітаптар мен журналдар тұрғаны жайында жорамалдар жасай алады. Одан да әрман, ол сол индивид қандай музыка тыңдауды сүйетінін және оны қай жерде – концерттерде, радио немесе магнитофон арқылы тыңдауды сүйетінін топшылай алады. Әлеуметтанушы одан да әрі ілгерілеп, ол қандай ерікті бірлестіктердің мүшесі екендігін, қай шіркеуге жататындығын болжап айта алады: оның сөздік қорын бағалай, жалпылама сипатта сөз саптауының кейбір синтаксистік ережелерін және өзге де ерекшеліктерін сипаттап бере алады; оның қай партияны ұнататыны және бірқатар өзекті проблемалар бойынша көзқарастары туралы жорамал жасай алады. Ол, тегінде, аталмыш субъект дүниеге қанша бала келтіргенін, мұның үстіне, соңғы рет әйелімен жарық кезде не қараңғыда жыныстық қатынас жасағанын да айтып бере алатын болар. Ол өз субъектісінің қандай да бір –

тәндік және рухани – сырқаттары жөнінде кейбір ықтимал пікірлер түзе алады. Өзіміз көргеніміздей, ол адамның өмірлік үміттерінің статистикалық шкаласындағы орнын көрсете алады. Және арық соңында, егер әлеуметтанушы өзінің жорамалдарының дұрыстығын айғақтағысы келіп, өзін қызықтыратын индивидке сұхбат беру жөнінде өтініш жасаса, ол сұраққа жауап беруден бас тарту ықтималдығын бағалай алады. Тілге тиек болған көптеген нышандар аталмыш нақты таптың тарапынан әрқилы сыртқы ықпалдармен беріледі. Мәселен, корпорацияның “теріс” мекенжайы және “теріс” әйелі бар басшы қызметкеріне, екеуін де өзгертуге итермелеп, байыпты қысым жасалады. Орта таптың жоғары қабаты барып тұратын шіркеуге барғысы келген жұмысшы табының өкіліне, ап-анық етіп, «басқа бір жерге барғаны дұрыс» екенін аңғартады. Камералық музыканы жақсы көретін орта таптың төмен қабатынан шыққан адам, сықты қысымға тап болады, оның мақсаты оны өз әуестігін оның отбасы мен достарының музыкалық мүддесіне сәйкес келетін нәрсемен мәжбүр ету болады. Алайда көптеген жағдайларда мұндай ауытқушылықтың пайда болу ықтималдығының тым аздығынан сыртқы ықпалға жүгіну мүлдем міндетті емес. Корпорацияда қызмет бабымен өрлеуге мүмкіндігі бар адамдардың көпшілігі әйел етуге «дұрыс» кандидатураны инстинктті дерлік іріктейді, және орта таптың төменгі қабаттарынан шыққандардың көпшілігінде балалық шағының өзінде камералық музыкамен әуестенуге салыстырмалы иммунитетті қамтамасыз ететін музыкалық талғам қалыптасады. Таптық орта тұлғаны туғанынан бастап бастауыш немесе орта (жағдайға байланысты) мектепті тәмамдағанға дейін қисапсыз ықпалдар көмегімен қалыптастырады. Тек осынау қалыптастырушы ықпал мақсатына жетуден қалғаннан кейін ғана, әлеуметтік қадағалау механизмдерінің кезегі келеді. Таптың күшін түсінуге тырыса отырып, біз әлеуметтік қадағалаудың тағы бір қырын жай көріп қана қоймаймыз, қоғамның санамызға ену жолын аңғара бастаймыз – мұны біз келесі тарауда талқылаймыз.

Атап көрсетелік, тап туралы бұл ескертулер біздің қоғам атына ыза кернеген айыптау емес. Сөз жоқ, таптық айырмашылықтардың әлеуметтік инженерияның белгілі бір амалдарымен өзгертуге болатын қырлары бар, айталық, білім алудағы таптық кемсіту және медициналық қызмет көрсету саласындағы таптық теңсіздік сондай. Бірақ ешқандай жаппай әлеуметтік инженерия мына бір іргелі фактыны, әртүрлі әлеуметтік орталар өзінің мүшелеріне әртүрлі ықпал ететіні, немесе сол ықпалдардың кейбіреулері басқаларынан көбірек табысқа (оны нақты қоғам шеңберінде қалай түсінетіндігіне қарай) жететін фактысын өзгерте алмайды. Таптық жүйенің біз қозғаған кейбір іргелі сипаттамаларын барлық индустриялы және индустриялық даму жолымен жүріп келе жатқан, соның ішінде өзінің ресми идеологиясында өздерінде таптардың бар екенін жоққа шығаратын социалистік режимі бар елдердегі қоғамдарда да ұшыратуға болады деп ойлауға елеулі негіздер бар. Бірақ егер басқа, қарама-қарсы емес, әлеуметтік бір қыртысқа тиесіліліктің біздікі сынды салыстырмалы «ашық» қоғамда соншалық терең салдарлары болатын болса, онда неғұрлым “жабық” қоғамдарда салдарлар қандай болатынын түсіну оп-оңай. Біз Таяу Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына Дэниел Лернердің жүргізген тағлымды талдауға – әлеуметтік жағдай индивидтің табындылығын және оның үміттерін (тіпті қиялдағы) Батыс адамдарының көпшілігіне тіпті түсіну қиын дәрежеде белгілеп көрсеткен талдауға тағы да жүгінеміз. Сөз арасында айта кетелік өнеркәсіптік революцияға дейін еуропалық қоғамдар өз страттарының көпшілігінде Лернердің дәстүршілдік үлгісінен көп өзгешелене қоймайтын еді. Мұндай қоғамдарда адамдардың салыстырмалы әлеуметтік жағдайын ғана анықтап алып, олардың бүкіл болмысын, оның үндінің қай кастаға жататындығын білу үшін оның маңдайына бір қараудың өзі жеткілікті екендігі секілді, ұсақтүйегіне дейін түсінуге болады. Алайда тіпті біздің қоғамда, оған таптық схема қаншалықты жақсы үйлесе кететіндіген қарамастан, анағұрлым ригидті (қатаң), демек, индивидтің бүкіл өмірін, таптық жүйеден анағұрлым күшті анықтайтын өзге де

стратификациялық жүйелер бар. Американ қоғамында бұған әлеуметтанушылардың көпшілігі касталық жүйенің бір түрі деп қарастыратын нәсілдік жүйе көрнекі мысал бола алады. Мұндай жүйеде индивидтің әлеуметтік жағдайы (яғни белгілі бір кастаға жатуы) тумысынан беріледі. Ол үшін, бері салғанда теориялық жағынан өзінің бүкіл ғұмыры барысында бұл жағдайды өзгертудің ешқандай мүмкіндігі жоқ. Қаншама байлыққа жетуге болады, бірақ бәрібір негр болып қала бересің. Жалпы қоғамдық mores446 ұғымы бойынша қаншалық мүмкін болса, соншалық азғындап кетуге болады, бірақ бәрібір ақ нәсілді болып қала бересің. Индивид белгілі бір каста шеңберінде дүниеге келеді және бүкіл өмірін сонда, каста жүктейтін шектеулерге баршамен ортақтаса отырып өткізуге тиіс болады. Және әрине, ол өз кастасында үйленіп, өмірге ұрпақ әкелуге тиіс. Нақты жағдайға келсек, бері салғанда біздің нәсілдік жүйеде «алдаудың» біршама мүмкіндігі, атап айтқанда, ақшыл негрлердің ақ нәсілді болып көріну мүмкіндігі бар. Бірақ бұл мүмкіндіктер жүйенің жалпы ықпалын тиіп-қашып қана өзгертеді. Америкадағы нәсілшілдік жүйенің қасіретті фактылары бұл тақырыпты одан әрі дамыта түсуге тым жақсы белгілі. Негр ретіндегі индивидтің әлеуметтік жағдайы көбірек дәрежеде (әрине, меңзеп отырғанымыз – Солтүстікке қарағанда оңтүстікте көбірек дәрежеде, бірақ өздерінікінің дұрыстығына кәміл сенетін ақ нәсілді солтүстіктіктер жол беретін дәрежеде емес), таптық тиесілілктен гөрі көбірек дәрежеде оның экзистенциялық мүмкіндіктері анықтайды. Іс жүзінде, таптық белсенділік мүмкіндіктері көбірек дәрежеде нәсілге тиесілілікпен беріледі, өйткені нәсілдің кейбір аса елеулі шектеулері өзінің сипаты жағынан экономикалық шектеулер. Адамның тәртібі, оның ойлары мен психологиялық жатындылығы тапқа тиесіліліктен гөрі әлдеқайда көп дәрежеде нәсіл арқылы қалыптасады. Әлеуметтік жағдайдың оның ең «тазартылған» пошымындағы (егер квазихимиялық мағынасындағы бұл сын есімді осындай жиіркенішті құбылысқа қолдануға болса) шектеушілік күшін дәстүрлі оңтүстік қоғамының

446 Mores (лат.) – ғұрыптар.

нәсілшілдік этикетінен аңғаруға болады, онда екі нәсіл арасындағы әрбір боларболмас ықпалдастық бір тарапты асқақтау және екінші тарапты қорлау үшін мұқият талдап әзірленіп, жаңғыртылған рәсім арқылы реттеліп отырды. Бұл рәсімнен титтей де ауытқу негр үшін тәндік жазаланумен, ақ нәсілді адам үшін барынша абыройсыздықпен аяқталады. Нәсіл индивидтің қайда өмір сүріп, кіммен өмір сүруін ғана емес, оның сөйлеу мәнерін, жүрісін, әзілін де жіті анықтайтын, ол тіпті құтқарылу жөніндегі арманға да араласты. Мұндай жүйеде стратификация өлшемдері «метафизикалық құбыжыққа» айналады, оған мысал Оңтүстіктің матроналары, олар өздерінің аспазы өлгеннен кейін қара нәсілділерге арналған жұмаққа сөзсіз баратынына кәміл сенетін. Әлеуметтануда «ахуалды анықтау» ұғымы кеңінен қолданылады. Алғаш рет американ әлеуметтанушысы У. Томас447 енгізген бұл ұғым кез-келген әлеуметтік ахуал оған қатысушылар қалай анықтаса, солай болатын нәрсе448 деген сөз. Басқаша айтқанда, әлеуметтанушылық мақсат үшін нақты болмыс дефиниция пәні болып табылады. Әлеуметтанушының адам тәртібінің көптеген қырларын, соның ішінде шын мәнінде қате және қисынсыз деп танылатын қырларын да мұқият талдауға тиіс болатыны міне сондықтан. Нәсілшілдік жүйеге байланысты әлгінде ғана келтірілген мысалда биолог немесе физикалық антрополог ақ нәсілді күнгейліктердің нәсілшілдік көзқарасын шолып шығып, оларды толығымен қате деп жариялай алады. Осындай негізде ол сол көзқарастарды адамның надандығынан әрі қаскөйлігінен туындаған тағы бір аңыз деп тауып, заттарын жиып, үйіне тартып кете алады. Бірақ әлеуметтанушының жұмысы дәл осы арада басталады. Оған күнгеліктердің нәсілшілдік идеологиясын ғылыми тұрғыдан ақымақтық деп терістеудің ешқандай қажеті жоқ. Көптеген әлеуметтік ахуалдар ақымақтар берген анықтамалар көмегімен пәрменді қадағаланады. Іс жүзінде ахуалды анықтайтын ақымақтық әлеуметтанушылық талдау пәніне құрамдас бөлік ретінде енеді. Осылайша, «нақты болмыс» ұғымын әлеуметтанушылық

447 Томас, Уильям (1863–1947) – американ әлеуметтанушысы және әлеуметтік психолог, Чикаго әлеуметтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі. 448 Томастың ахуалды анықтау туралы «теоремасы» (1928) былай дейді: «Егер адамдар ахуалға шынында да бар анықтама берсе, онда олар өз салдарлары бойынша да бар!».

операцияландыру айрықша бірдеңе, біз оған әлі ораламыз. Қазір әлеуметтік жағдай соның көмегімен өмірімізді анықтайтын рақымсыз қадағалауды, сол қадағалауды тұмшалап алған идеяларды жай ғана әшкерелеумен жоюға болмайтындығын көрсете кету жетіп жатыр. Бұл да әлі бәрі емес. Біздің өмірімізге замандастарымыздың ғана емес, өтіп кеткен ұрпақтардың да ақымақтықтары үстемдік етеді. Ол-ол ма, біз ақымақтық атаулыға, ол қаншалық «көне» болса, соншалық көбірек сеніп, құрмет көрсетеміз. Альфред Шюц көрсеткеніндей, мұныңыз аталмыш сәтте біз тұрған әрбір әлеуметтік ахуалды замандастарымыз ғана емес, ізашарларымыз да белгілеп берген. Ата-бабалармен ешкім сөйлесе алмайтындықтан, олардың күні өткен конструкцияларынан арылу, біздің заманда тұрғызылып жатқан конструкциялардан арылудан, әдетте, қиынырақ. Бұл фактты Фонтенель449 сәтті байқап қалды да, өлі жандар тірілерге қарағанда неғұрлым құдіретті деген афоризмімен бейнеледі. Аталмыш сәтті атап көрсету маңызды, – өйткені ол, былай қарағанда қоғам бізге титімдей болса да, таңдау мүмкіндігін беретін өрістердің өзінде өткеннің қаһарлы қолы оны күрь шектеп отыратынын көрсетеді. Мысалы, өзіміз келтірген сахнаға – айлы түнгі екі ғашық сахнасына қайта оралайық. Осы айлы түнгі отырыс шешуші сәт болуға тиіс деп елестетейік: маған күйеуге шық деген ұсыныс жасалып, ол қабылданады. Қазір біз осы заманғы қоғам таңдау мүмкіндігін, бір әлеуметтік-экономикалық топқа жататын жұп үшін оны айтарлықтай жеңілдетіп, ал түрлі топтардан шыққандар жолына еңсеру қиын кедергілер қойып, елеулі түрде шектейтіндігін білеміз. Қос жағдайда да, тіпті – біздің замандастарымыз-«олар» бір немесе нақты драмаға қатысушылардың таңдауын шектеудің әрекетін әдейілеп жасамайтындығы, өлі-«олар» өздерінің сценарийінде әлдеқашан-ақ біздің бірін-бірі сүйгендердің әрбір дерлік қимылқозғалысын жазып-сызып қойғаны айқын. Сексуалдық пиғылды романтикалық сезімге айналдыруға болады деген ойды сонау XІІ ғасырларда тілінен бал тамған менестрельдер ойлап тауып, аристократия бәйбішелерінің қиялына

449 Фонтенель, Бернар (1657–1757) – француз жазушысы, ғалым.

қанат бітірді. Одан біршама бұрын мизантроп-теологтар дүниеге еркек өзінің сексуалдық пиғылын төсекке, ваннаға, зерігуге, мыңдаған біркелкі азанғы асқа ортақтасатын әйелге ғана бағыттауға тиіс деген идеяны алып келді. Ал осынау керемет шараны жайғастыру бастамасын еркек жасауға, ал ұрғашы оның қуатты айналып-толғануына әдемі қылығымен көнуге тиісті-міс деген жорамал тамыры жалпы тарихқа дейінгі замандарда, алғашқы қауымдық жауынгерлер матриархалды ауылдарға басып кіріп, ойбайы құлақ жаратын қыздарды өздерінің жар құшатын төсегіне сүйрейтін. Біздің қадірлі ата-бабаларымыз біздің үлгілі жұпқа нәпсіқұмарлығын күшейте түсуге рұқсат етілетін анық бастапқы шекті, шеңберді бегілеп қойған екен, ендеше бұл олардан тойға дейінгі әрбір қадамы күні бұрын анықталып, дайындалып және, керек десеңіз «бекітіліп» қойылған деген сөз. Олардан тек бір-біріне ғашықтық және әйел өз атынан бас тартатын, ал еркек өз ақшасын өзі жұмсау мүмкіндігінен айрылатын моногамды неке құру ғана күтілмейді; олардан күтілетіні – олардың махаббатының «мықты», «тиісінше» болуы, әйтпесе, айналадағыларға неке шынайы болып көрінбейді. Ал бұл, өз кезегінде, мемлекетке шіркеумен бірге осынау жаңа ғана жайғастырылған menage-ні450 алаңдай бақылап отыруға ілік береді және барлық осынау «іргелі» шарттылықтар біздің ғашықтар туардан жүздеген жылдар бұрын ойлап табылған. Олардың бірін-бірі айналдыруының әрбір қадамы әлеуметтік рәсімге сай келеді, және, қашанда импровизация үшін біршама өріс болғанымен, басы артық экспромт бүкіл шараға қатер төндіруі мүмкін. Біздің ғашықтар күні бұрын белгіленген жолды (заңгер «жол берілетін жылдамдықпен» дер еді): сенбі күндері киноға барудан, жексенбі күндері шіркеуге бас сұғып, содан кейінгі дәстүрлі отбасылық асқа дейін; алақандар айқасқан серуендерден бастап, әуелі кейінге қалдырылған нәрсені істеудің именшек әрекеттеріне дейін; кешке арналған жоспарлардан қала маңынан үй салу жоспарларына дейінгі жолды жүріп өтуге тиіс – барлық сатыларда айлы кештегі сахна өзінің ерекше орнына ие. Олардың ешқайсысы түгел ойынды да, оның бір бөлігін де

450 Ménage (фр.) – ерлі-зайыптылар; отбасы.

ойлап тапқан жоқ. Олар тек бұл ойынды басқа ықтимал серіктермен емес, екеуі ғана ойнауды ұйғарған. Және де олардың рәсімдік сұрақ-жауап алмасудан кейін не болатынын таңдаудағы мүмкіндіктері де шектеулі. Отбасы, достар, шіркеу, зергерлер мен сақтандыру агенттері, гүл сатушылар мен интерьерді безендірушілер ойынның қалған бөлігі де белгіленген ережелер бойынша ойналуын қамтамасыз етеді. Іс жүзінде тіпті дәстүрлерді сақтаушылардың осынау барлығына негізгі ойыншыларға тым зор қысым жасаудың қажеті де жоқ, өйткені әлеуметтік дүниенің үміттері олардың болашақ жөніндегі төл жобаларына баяғыда енгізіп қойылған, – олар қоғам өздерінен нақ күтетін нәрсені істеуді қалайды. Бірақ егер біздің тіршілігіміздің ең интимді өрісінде іс нақ осылай болып жатса, онда біздің өміріміздің, бүкіл өн бойындағы барлық дерлік ахуалдарда осындай нәрселер болып жататынын байқау қиын емес. Ойын уақытының көп бөлігі біз дүниеге келмей тұрып «жазып-сызып» қойылған. Бізге қалатыны – молырақ немесе кеміоек шабытпен ойнап шығу ғана. Аудитория алдында тұрған оқытушы, үкімін оқып тұрған қазы, ащу-ызаға бой алдырып өзінің діндарларын тілмен осқылап жатқан уағызшы, әскерлерді ұрысқа жөнелтетін генерал – осылардың барлығы өте тар шекте күні бұрын белгіленген қарекеттерге тартылған, ал қадағалау мен санкциялардың қиял жетпес жүйелері сол шекараларды күзетіп тұрады. Айтылғандарды ескере отырып, біз әлеуметтік құрылымдардың қызметін неғұрлым терең түсінуге көше аламыз. Бұл орайда сүйенуге болатын пайдалы әлеуметтанушылық ұғым – «институт» ұғымы. Институт деп әдетте, әлеуметтік қарекеттердің оқшауландырылған кешенін атайды. Заңды, тапты, некені, ұйымдық жағынан хатталған дінді де институт ретінде қарастыруға болады. Алайда мұндай анықтама бізге институттың өзіне тартылған индивидтердің қарекеттерімен қалайша сәйкесетіні туралы ешқандай мағлұмат бермейді. Бұл сұраққа осы заманғы неміс әлеуметтанушысы Арнольд Гелен451 көз жеткізер

451 Гелен, Арнольд (1904–1976) – неміс философы және әлеуметтанушысы, философиялық антропологияның негізін қалаушылардың бірі.

жауап берді. Гелен институтты инстинкт жануарлар тәртібін қалай басқарса, нақ солай, адамдар қарекетін белгілі бір арнаға бағыттап, отыратын мекеме деп біледі. Басқаша айтқанда, институттар адамдар тәртібін реттеу процедурасын қамтамасыз етеді және олардың қоғам қажет деп білетін таптаурын жолдармен жүруге итермелейді. Бұл амалдың іске асатын себебі, индивид бірден-бір мүмкін жол – осы ғана дегенге сендіріледі. Мысал келтірейік. Мысықты тышқан ұстауға үйретудің қажеті жоқ, өйткені оны саолай қарекет жасауға итермелейтін нәрсе (қажет десеңіз, ерекше инстинкт) оған тумысынан берілгені айдан анық. Жорамал бойынша, мысық тышқанды көргенде ішкі үні оған «Же! Же! Же!» деп тұрады. Нақтылай түссек, ішкі үнге бағыну керек пе, жоқ па – мысық мұны таңдамайды. Ол жай ғана өзінің ішкі болмысының бұйрығын орындап, байғұс тышқанды (оның ішкі үні: «Қаш! Қаш! Қаш!» – деп зар қағады ғой деп ойлаймыз) қуа жөнеледі. Лютер секілді, мысық басқаша жасай алмайды. Енді біз бір-бірін айналдыруын өзіміз ешқандай бұрмай талқылаған ғашықтарымызға қайтып оралайық. Жігіт қыз баланы алғаш рет көргенде, ол да оған бір ғана мағынасы бар әмір беріп тұрған өзінің ішкі үнін естіген-ді. Оның содан кейінгі байыпталмаған тәртібі онда сол әмірді еңсере алатын күш табылмағандығын көрсетеді. Жоқ, бұл, тегінде, оқырманның ойына бірден келген нәрсе емес, – ол императив жас жігітте де, жас мысықта да, шимпанзе мен крокодилде де тумысынан бар, бірақ ол қазір бізді қызықтырмайды. Бізді қызықтыратын императив оған: «Үйлен! Үйлен! Үйлен!» – деп тұр, өйткені оның басқа императивтен айырмасы, бұл жас жігітке тумысынан бітпеген императив. Нақ қоғам оған «Үйлен!» деген императив енгізіп, өзінің тәртібін отбасы, мораль, дін, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жасалатын қисапсыз ықпалдармен қуаттайды. Басқаша айтқанда, неке – инстинкт емес, институт. Ол адам тәртібін белгілі бір арнаға қалай бағыттайтыны инстинкт қарекетімен едәуір ұқсас болғанымен, солай. Өз ойымызды түсіндіре кету үшін институциялық императив болмаса жігіттің не істейтінін елестетіп көрейік. Әрине, ол қалаған нәрсесінің барлығын жасай алар еді: ол қызбен жыныстық қатынас жасап, содан кейін тастап кетіп,

ешқашан оны қайтып көрмеуі мүмкін; тұңғыш перзентінің туғанына дейін күтіп, оны қайнағасына тәрбиелеуге беруі мүмкін; өзімен көңілдес тағы да үш жігітті мына қыздың бәрімізге ортақ әйел болғанын қалайтыны-қаламайтынын сұрауы мүмкін; оны өзінің жиырма үш қатыны бар харамына кірігуі мүмкін. Басқаша айтқанда, өзінің сексуалдық нәпсіқұмарлығы мен нақты ұрғашыға қызығуы тұсында ол қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Тіпті антропологияны оқып-зерттеп, ол жоғарыда келтірілген нұсқаулардың барлығы кейбір мәдениеттердің нормаларына сәйкес келетінін біледі деп топшылағанның өзінде, оның аталмыш нақты жағдайда сол нұсқалардың қайсысы өзіне лайық екенін шешу оңай болмайды. Енді бізге ол үшін институциялық императивтің қандай рөл ойнайтыны айқын: ол императив барлық, басқа мүмкіндіктерді итеріп тастап, оған тек қоғам күнібұрын белгілеген мүмкіндікті қалдыру арқылы барлық қиындықтардан қорғаштайды. Басқа мүмкіндіктер оның санасына тіпті сіңбеген. Императив беретін формуланы: қалау + сүю + үйлену. Енді жігіт істеуге тиіс жалғыз нәрсе – бағдарлама көрсетіп берген бүкіл жолды жүріп өту. Аталмыш бағдарламаның өзінің төл қиындықтары болуы мүмкін, бірақ олар – алғашқы қауымдық еркеккіндік тарихқа дейінгі ну орманның шетінде алғашқы қауымдық ұрғашыны кезіктіріп, онымен modus vіvendі’ді 452 өзі орнатуға тура келген кездегіден мүлдем басқа қатардағы қиындық. Басқаша айтқанда, неке ахуалы біздің жігіттің тәртібін бағыттап, оны өзін тиісінше ұстауға мәжбүр етеді. Әлеуметтік институттар құрылымы бізді стандарттық тәртіп тұрпаттарымен қамтамасыз етеді, және тек өте сирек жағдайларда ғана біздің өзімізге жаңа тұрпаттарды ойлап табуымызға тура келеді. Негізінен алғанда біз өзімізге a prіorі453 берілген А тұрпаты мен В тұрпатының арасынан таңдаймыз. Мәселен, біз бизнесмен емес, артист болуды ұйғарамыз, бірақ екі жағдайда да біз не істеуіміз керектігі жөніндегі мүлдем дәл нұсқауларға тап боламыз. Өзіміз ешқандай өмір салтын ойлап тапаймыз.

452 Modus vіvendі (лат.) – тәртіптің, тіршілік етудің тәсілі; өмір салты. 453 A prіorі (лат.) – априори, тәжірибеге байланысты емес, тәжірибеге дейін.

“Институттың” Гелен ұғымындағы тағы бір қырын, бізге бұдан былай баяндауларымызға қажет болатын қырын, атап айтқанда, институциялық императивтердің сөзсіз секілділігін көрсетуіміз керек. Біздің қоғамдағы әдеттегі жігіт полиандрия454 мен полигамия455 нұсқаларын тек терістеп қана қоймайды, оларды, бері салғанда, өзі үшін мүлдем мүмкін емес нәрсе деп табады. Ол қарекетін институциялық тұрғыдан берілген тәртібін өзі үшін бірден-бір мүмкін болған нәрсе екендігіне, яғни онтологиялық тұрғыдан шамасы келетін бірденбір нәрсе екендігіне сенеді. Егер мысық кенеттен тышқан қуалауы туралы ойлана қалса, ол тура сондай қорытындыға келер еді. Айырмашылық мынада болар еді: мысық өзінің тұжырымында дұрыс істер еді, жігіт қателесер еді. Біздің білуімізше, тышқан ұстаудан бас тартқан мысық биологиялық тұрғыдан сұмпайы және, бәлкім, сұмдық қауіпті мутацияның жемісі, өзінің мысықтық мәнісінің сөзсіз сатқыны деп танылар еді. бірақ бізге көп әйел алу және көп күйеудің біреуі болу биологиялық мағынадан да, және тіпті еркектік абырой мағынасынан да адамның мәнісіне кеерғар еместігі өте жақсы белгілі. Егер биологиялық тұрғыдан арабтар үшін біреуі, ал Тибет тұрғындары үшін екіншісі мүмкін болса, онда бұлардың екеуі де биологиялық тұрғыдан біздің жігіт үшін де мүмкін деген сөз. Шынында да, біз, егер оны бесігінен ұрлап алып, бөтен елге алып кетсе, біздің айлы түнгі біршама сентиментал американ жігіті болмай, Аравияда ыстығы басылмаған көп әйелді еркекке айналар еді немесе Тибетте көп күйеудің бірі болғанын қанағат тұтар еді. Яғни, өзімен болғанның бәрі сөзсіз болатын нәрсе деп ойласа, ол қателесер еді (яки, оны қателестіретін қоғам). Бұл әрбір институциялық құрылым алдауға сүйенеді және қоғамда өмір сүрудің өзі жаман сенім элементін ала жүреді деген сөз. Мұндай еміс-еміс жорамал әу баста өкіндіруге лайық, секілді болып көрінуі мүмкін, бірақ біз оның шындап келгенде түсіне бастаудың алғашқы ұшқыны екендігін көреміз: қоғам біз осы күнге дейін ойлап жүргеніміздей соншалық анықталмаған екен.

454 Полиандрия (грек.) – көп күйеулілік. 455 Полигамия (грек.) – сан алуандық (Көп әйелділік немесе көп күйеулілік); көбіне: көп әйелділік.

Бұл екі арада әлеуметтанушылық туралы толғамдар, бізді қоғам ғаламат Алькатрасқа456 ұқсап көрінетін нүктеге алып келді. Біз нақты мекен-жайға ие болу рахатының балалық түйсігінен бұл мекен-жайға келетін корреспонденцияның көп бөлігі қуаныш әкеле қоймайтыны жөніндегі ересек түсінікке көштік. Әлеуметтанушылық көзқарас тек біздің төбемізден қарап тұру артықшылығына ие, өлі немесе тірі, барлық кейіпкерлерді нақты танып алуға көмектесті. Қоғамға осынау көзқарасқа бәрінен жақын әлеуметтанушылық бағыт Эмиль Дюркгеймнің есімімен және оның мектебімен байланысты. Дюркгейм қоғамды suі generіs 457 феномені деп атап көрсеткен болатын, яғни ол бізге қандай да бір басқа яғни ол безге нақты болмыс терминдерімен түсіндіруге немесе суреттеуге болмайтын орасан зор, нақты болмыс ретінде елестейді. Бұдан әрі ол әлеуметтік фактылар шын мәнісінде “нәрселер”, олар да, табиғат құбылыстары секілді, бізден тыс объективті тіршілік етеді дегенді кесіп айтты. Ол мұны негізінен әлеуметтануды империализмшіл пиғылдағы психологтардың жұтып жіберілуінен сақтап қалу үшін айтқан болатын. Алайда оның тұжырымдамасы таза әдістемелік қырынан басқа жағынан да маңызды. «Нәрсе» – соғылып қалуға болатын, бірақ жай ғана құлатып тастағысы келіп, алып тастауға да болмайтын, қиялдың әздектігімен өзгертеуге де болмайтын жартас тектес. Нәрсе дегеніміз түк нәтижесіз күнде соқтығыса беруге болатын, біздің тілегіміз бен үміттерімізге кереғар, белгілі бір жерден мызғымайтын, ақыр соңында біздің басымызға құлап кетіп, өлтіре салатын бірдеңе. Нақ осы мағынада қоғам «нәрселердің» жиынтығы болып табылады. Құқықтық институттар қоғамның осы қасиетін, тегінде кез-келген басқа әлеуметтік институттардан жақсырақ көрсете алады. Дюркгеймдік түсінік бойынша, қоғам бізге объективті факт ретінде елестейді. Ол – сонда, оны жоққа шығаруға болмайды, онымен санасуға тиісті. Қоғам бізден тыс, ол бізді барлық жақтан қоршап тұр, біздің өмірімізді

456 Алькатрас – Сан-Францискоға таяу арал, онда 1972 жылға дейін ерекше қауіпті қылмыскерлер абақтысы болған, қазір мұражайлық және туристік кешен. 457 Suі generіs – 29-ескертпені қараңыз.

бағыттайды. Біз әлеуметтік жүйенің ерекше секторларына орналасып, қоғамда тіршілік етеміз. Қоғамдағы орын толығымен дерлік біздің нені және қалай істейтінімізді, тілден бастап, этикетке дейін, өзіміз сенетін дін, нанымсенімдерден бастап өзін-өзі өлтірудің статистикалық ықтималдығына дейін күні бұрын анықтайды. Әлеуметтік жағдайдың ықпалы үстем жерде, біздің тілегіміз есепке алынбайды: қоғам міндеттейтін немесе талап ететін бірдеңеге біздің интеллектуалдық қарсылығымыз шамалы нәрсеге ғана, онда да ең жақсы деген жағдайда қол жеткізеді, көбіне – түкке де жеткізбейді. Объективті және де бізге тәуелсіз факт ретінде қоғам бізге, әсіресе мәжбүрлеу пошымында, қарама-қарсы тұрады. Оның институттары біздің қарекеттеріміздің үлгілерін береді, тіпті біздің үміттерімізді қалыптастырады. Олар бізді біз олардың нұсқауларын бұзып қойғанша көтермелейді. Сол шеңберден шығып кету оқиғалары үшін қоғам қарамағында қадағалау мен мәжбүрлеудің шектелмеген дерлік арсеналы бар. Қоғам тарапынан жасалатын санкциялар кез-келген сәтте бізді айналамыздағы адамдардан оқшаулай алады, келемежге ұшырата алады, тек күнкөріс қаражатынан, бостандықтан айырып қана қоймайды, соңғы шара ретінде, өмірімізден де айыра алады. Қоғамның заңдары мен моралі осы санкциялардың әрқайсысының ақтауға шебер құрастырылған уәждерді келтіре алады, және егер ондай ақтаулар ұсынылған үлгілерден ауытқығанымыз үшін бізге жаза ретінде қолданылса, айналамыздағы адамдардың көпшілігі құптайды. Ақыр соңында біздің қоғамдағы орнымыз, былайша айтқанда, тек кеңістікте ғана емес, уақыт бойынша да анықталып қойған. Біздің қоғам тарихи мәніс болып табылады, ол уақыт жағынан жеклеген индивид өмірбаянының шегінен әлдеқайда алысқа көсіліп жатады. Қоғам бізден бұрын да болған, бізден кейін де болады. Ол біз дүниеге келгенге дейін осы жерде болған біз өлгеннен кейін де жерде қалады. Біздің өміріміз – қоғамның уақыт ішінде сиқырлы ғаламат шеруінің тек эпизодтары ғана. Қысқартыпғ айтқанда, қоғам –біздің тарихта қамалуымыздың қабырғалары.

5. Адам бойындағы қоғам

Өткен тарауда біз, бәлкім оқырманның әлеуметтану “қабағынан қар жайған ғылым” деген атақты экономикадан тартып алуға дайын деп ұйғаруына ілік берген шығармыз. Қоғамды сұмдық абақты бейнесінде көрсетіп алып, біз енді осынау, еңсеңді езіп жіберетін детерминизмнен құтылудың бірнеше дару болар жолдарын ұсынуға тиіспіз. Алайда әуелі біз тағы да бояуды шамалы қалыңдата түсейік. Осыған дейін, қоғамға негізінен қадағалау жүйесі ретінде келіп, біз индивид пен қоғамды бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі мәніс ретінде қарастырдық. Қоғам, индивидке ықпал етіп, зорлық-зомбылық жасайтын сыртқы нақты болмыс ретінде көрсетілді. Егер осынау картинаны өзгеріссіз қалдырсақ, онда бізде индивид пен қоғам арасындағы нақты қатынастар жөнінде тым қате пікір, әңгіме тек мойынсынудан бас тартса, өздерінің не күйге ұшырарынан тұрақты қорқыныш қана мойынсұнуға итермелейтін, өкімет ауыздықтап алып, басқаратын адамдар тобыры туралы ғана болып отырғандай пікір қалыптасар еді... Қоғам туралы әдеттегі білім де, әлеуметтік талдау да бізді мұның олай еместігіне сендіреді. Қоғамның қамыты біздің көпшілігіміздің мойнымызды оншалық қажай бермейді. Неліктен? Әлбетте, қоғамның билігі біз өткен тарауда көрсеткендегіден кем екендігінен емес. Ендеше, біз оның билігінен неліктен азап шекпейміз? Бәлкім, оқырман аталмыш сауалға әлеуметтанушылық жауаптың қандай болатынына біздің ишарамызды түсінген де шығар: оқиғалардың көпшілігінде біздің өзіміз қоғам бізден нақ нені күтсе, соны істеуді қалаймыз. Біз ережелерге бағынуды қалаймыз. Біз қоғам өзімізге белгілеген үлеске ие болуды қалаймыз. Бірақ мұның өз кезегінде, мүмкін болатыны қоғамның билігі кем болғандықтан емес, керісінше, біз осыған дейін айтып келгеннен де көбірек екендігінен. Қоғам тек біздің істейтінімізді ғана емес, біздің кім екенімізді де анықтайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдай қоғамдағы біздің болмысымызды да, тәртібімізді де қамтиды. Әлеуметтанушылық көзқарастың осынау принципті сәтін түсіндіру үшін біз

әлеуметтанушылық зерттеулердің тағы үш саласын – рөлдер теориясын, білім әлеуметтануын және референттік топтар теориясын қарастырамыз. Рөлдік теория толығымен дерлік американ ойының жетістігі болып табылады. Оның кейбір жемісті жорамалдары Уильям Джемстің еңбектерінен бастау алатынымен, оның тікелей негізін қалаушылар басқа екі американ ойшылы: Чарльз Кули458 мен Джордж Герберт Мид459 болды. Интеллектуалдыұ тарихтың мүлдем қайран қалдыратын сол эризодына тарихи саяхат жасау біздің міндетімізге жатпайды, соған қаармастан біз рөлдік теорияның үлесін жүйелі түрде көрсетеміз, ол үшін Томастың әлеуметтік ахуал анықтамасына қайтадан жүгінеміз. Оқырманның есінде болар, Томас әлеуметтік ахуалды нақты болмыс, соған қатысатындар, дәлірек айтсақ, оны анықтайтындар ad hos460 сенген болмыс деп түсінген. Қатысатын индивидтің көзқарасы тұрғысынан бұл индивид тап болатын кез-келген ахуал, оны өзіндік ерекше үміттер алдына қойып, одан соларға тиісті реакцияны талап етеді деген сөз. Біз жоғарыда көргеніміздей, әрбір дерлік әлеуметтік ахуал қалайтын реакциялардың пайда болуын анық қамтамасыз ету үшін, қуатты қысым жасайды. Қоғам ең маңызды ахуалдарға әртүрлі адамдар беретін анықтама көпшілік жағдайда әрі кеткенде шамамен сөйкес келетіндігінің арқасында тіршілік етеді. Баспагер мен осы жолдар авторы сарындарында айтарлықтай айырма болуы мүмкін, бірақ осы кітапты өндіру ахуалына берілетін анықтама, екеуінде де жеткілікті ұқсас, олардың бірілескен жұмысын мүмкін ететін де сол. Дәл слл секілді қатысып отырғандардың бір бөлігінің оқу процесімен байланысы тым әлсіз оқу аудиториясында отырған студенттердің мүдделері де (айталық, бір студент пәнді әдейі оқып-үйрену үшін арнайы келеді, ал енді біреулері жирен шашты қыз, өзі артынан бір елі қалмайтын қыз қатысатын барлық курстарға жай ғана жазыла салады) әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, әдетте, олардың мүдделері,

458 Кули, Чарльз (1864–1929) – американ әлеуметтанушысы және әлеуметтік психолог, «айналадағы Мен» теориясының авторы. 459 Мид, Джордж (1863–1931) – идеялары символдық интеракционизмнің негізі болған американ философы, әлеуметтанушысы және әлеуметтік психологы. 460 Ad hoc (лат.) – сөзбе-сөз: “осыған”; аталмыш ахуал үшін, аталмыш мақсат үшін, айтпақшы.

ахуалды бұзбай-ақ қатар өмір сүре алады. Басқаша айтқанда, белгілі бір қосалқы уақыт әрқашан болады, оның барысында үміттерге сай келетін жауап реакция қалыптастыралы алады, нәтижесінде ахуал әлеуметтанушылық мағынада өміршең болып қала береді. Әрине, егер ахуалдың анықтамалары бірбірінен тым алшақ жатса, онда мұның сөзсіз нәтижесі әлеуметтік жанжалдың немесе берекенің қашуының бір немесе басқа пошымы болады, айталық, біз келтірген жағдайларда бұл, егер кейбір студенттер оқу аудиториясын кеш өткізетін орын ретінде қарастырса, немесе егер автор кітабын шығармай, өзінің бір баспагермен келісімшартын басқа баспагерге қысым жасаудың құралы ретінде пайданатын болса, әбден мүмкін. Әдеттегі индивид әртүрлі ахуалдарда әбден-ақ әрқилы үміттерге тап болады, өз кезегінде, сол үміттерді туындататын ахуалдар белгілі бір топтарға бөлінеді. Студент әртүрлі екі факультетте әртүрлі екі профессордың екі курсына қатыса алады және осыған байланысты үміттің әртүрлі нұсқаларымен ұшырасады (айталық, оқытушылар мен студенттер арасындағы пошымдық қана немесе кәдуілгі адами қатынас). Соған қарамастан, екі ахуалдың да өзара және ол бұрын қатысқан барлық басқа аудиториялардағы ахуалдармен елеулі ұқсастығы болады. Басқаша айтқанда, өткендегі тәжірибе оған екі жағдайда да, елеусіз өзгерістермен, студент рөлін ойнауға мүмкіндік береді. Сонымен, рөлді типтік үмітке типтік реакция деп анықтауға болады. Рөлдердің базалық типологиясын күні бұрын қоғам анықтайды. Театр тілінде (рөл ұғымы содан көшіріп алынған) қоғам рөлдерді барлық dramatіs persone’ге461 жазып-сызып береді деуге болады. Демек, актёрлер тек шымылдық ашылғанға дейін өздеріне берілген рөлдерге бойлап үлгеруі керек. Рөл мәтін бойынша ойналып жатқанда, әлеуметтік көрініс жоспарланған күйінде жүре береді. Рөл индивидке нақты жағдайда қалай қимылдауды көрсететін үлгіні береді. Қоғамдағы әртүрлі рөлдер, театрдағы сияқты, ұсынылған нұсқауларды дәл атқаруды бірдей дәрежеде актёрдан қатаң талап етрейді. Кәсіптік рөлдердің ішінен қоқыс жинаушының рөлі бәрінен аз реттеледі, ал дәрігерлердің,

461 Dramatіs persona (лат,) – бұл жерде: драмалық кейіпкерлерге.

священниктердің, офицерлердің ерекше мәнерді, сөздік және моторлық дағдыларды: сымдай тартымды жүруді, үйіріп әкетер тілді, науқас төсегінің жанында мейірбан жүзді болуды игеруіне тура келеді. Соған қарамастан, егер рөлді тек сырттан қарағанда көрінетін қарекеттердің реттеуші үлгісі ғана деп қарастырсақ, рөлдің маңызды бір қырын ұмытып кетуге болады. Біз сүйіскен кезде өзімізді неғұрлым албырт, тізерлеп тұруға келсе неғұрлым міскіні, жұдырық сермеген шақта неғұрлым қаһарлы сезінеміз, яғни, сүйісу тек албырттықты білдіріп қана қоймайды, оны “өндіреді” да. Реттеліп қойылатын қарекеттер рөлге тиісті эмоциялар мен әлеуметтік нұсқаулар енгізеді. Ақылды бейнелейтін профессор өзін ақылды сезіне бастайды. Уағызшы кенет өз уағызына өзі сене бастағанын байқайды. Солдат әскери киім киіп, өзінің жанынан Марстың шақыруын естігендей болады. Олардың әрқайсысында тиісті эмоция мен әлеуметтік нұсқау ойын басталғанға дейін де болуы мүмкін, бірақ рөл оны сөзсіз күшейтеді. Алайда көптеген жағдайларда актёрлардың санасында олардың өздерінің рөлдерін орындауын күні бұрын болжап білген ештеңе жоқ деуге барлық негіз бар. Басқаша айтқанда, оқытушы мансабына тағайындалғаннан кейін ақылды болады, ғұрыптарды орындау арқылы – діндар, сапта жүріп – ұрысқа дайын болады. Мысал келтірейік. Жаңада болған, әсіресе қатардағы жауынгерлер сапынан өсіп шыққан офицер, қатардағы жауынгерлер мен, сержанттармен кездескенде, олардың сәлемдесуінен алғашында өзін ыңғайсыз сезініп жүреді. Бәлкім, ол дос мәнерінде жауап берер. Ол үшін әскери киіміндегі жаңа айырым белгілері әлі де маска тәрізді дерлік, бұрынғы киімнің үстіне кигізілген бірдеңе секілді көрінеді. Осынысымен бұл офицер өз-өзіне және шені төмендегіге бәз-баяғы жігіт екендігін, тек жай ғана оның жаңа міндеттер шеңбері (олардың ішінде en passant462 шені төмендердің сәлемін қабылдау міндеті де) пайда болғанын айтқандай болады. Мұндай қатынастың ұзаққа созылуы екіталай. Жаңа офицер рөлін ойнау үшін, біздің дос өз рөліне сәйкес мәнерді сіңіруге тиіс, ол мәнердің анық белгілі мағынасы болады. Демократиялық делінетін армиялардың бәріне

462 En passant (фр.) – былайша айтқанда, сонымен қатар.

тән риялыққа қарамастан, олардың іргелі ерекшеліктерінің бірі атақтың үлкендігі кіші шенділер тарапынан құрмет пен мойынсұну көрсетілуіне құқық берілуінде. Төмен шеннің әрбір сәлемі оның бағыну актысы болып табылады және атағы бойынша жоғары адамның сәлеміне өздігінен белгілі жауап секілді қабылданады. Осылайша сәлемге әрбір жаңа жауап алған сайын (әлбетте, жаңа статусты қуаттайтын мыңдаған басқа рәсімдік актылармен қатар) біздің офицер өзінің жаңа мәнерінде және соған сай келетін онтологиялық топшылауларында берки түседі. Ол тек офицер ретінде қимылдап қана қоймайды, өзін офицермін деп сезіне бастайды. Ыңғайсыздық, кешірім сұрағандай (“іс жүзінде мен баяғы жақсы жігітпін”) жымиыс жайына қалады. Егер кенет қандай да бір қатардағы жауынгер сәлемін селқос берсе немесе тіптен өрескелдік жасап, сәлем бермесе, онда біздің офицер әскери жарғыны бұзғаны үшін жай ғана жазалап қоймайды. Ол бүкіл жан-тәнімен “оның ғаламы” міндеттеген тәртіпті қалпына келтіруге ұмтылатын болады. Бұл арада осы процестің өз-өзінен болатыны және рефлексияға негізделмейтіні өте сирек екенін атап көрсету маңызды. Бідің офицер отырып алып, өзінің жаңа рөліне енуге тиіс нәрселерді, соның ішінде өзі нені сезінуге және сенуге тиісті екендігінің бәрін өзі ойлап тауып алды деуге болмайды. Бұл процестің қуаты оның нақ жете түсінілмейтіндігі мен рефлекстенбейтіндігінде. Ол көкшіл көзді, қара шашты, 6 футтық бойы бар жігітке қалай айналса, дәл солай офицер болып шықты. Жолдастарының арасында оны ақымақ еді немесе ерекше жан енді деп санауға болмайды. Керісінше, ерекше еді деп өзінің жаңа рөлі мен рөлдік өзгерістерін байыптай бастайтын жігітті (және де, қосақ арасында жаман офицер болатын) айтамыз. Тіпті ең ақылды адамдар, өздерінің қоғамдағы рөлі жөнінде күмәні болса да, ойланып-толғану орнына күмән туғызған қызметіне бұрынғыдан да қатты арынмен кірісіп кетеді. Дін іліміне күмәні маза бермейтін дін ғұламасы көбірек мінажат етуге және шіркеуде көбірек болуға тырысады; “таракан жарысына” өзінің де қатысуына байланысты ұжданы тыныштық бермеген бизнесмен жексенбі күні де жұмысқа “жегіле” бастайды; түнгі қорқыныш елестерден азап шегетін террорист, түнгі

операцияға қатысуға өзі тілек білдіреді. Және өзінің қарекеттерінде олар өздерінше дұрыс жасайды: әрбір рөлдің өзінің ішкі тәртібі, яғни католик монахтар “жарғы” деп атайтын нәрсе болады. Рөл актёрдың өзін де тәрбиелейді, пошым, тұрпаттық үлгілер мен қарекеттер береді. Бұл дүниеде тәлімсу өте қиын, және, әдетте, адам кімді ойнаса сол болып шығады. Әрбір әлеуметтік рөлге белгілі бір табындылық бекітілген. Жоғарыда көргеніміздей, кейбір жағдайларда үйреншікті ауық-ауық қана, атап айтқанда айналысатын кәсібі индивидтерден елеулі түрде өзгеруді талап етпейтін кәсіптерде солай: қоқыс жинаушының қарауыл болып ауысуы қиын емес; шіркеу қызметтерінің офицер болуы қиынырақ; негр рөлін ақ нәсілдің рөліне алмастыру өте қиын және еркектің рөлін әйелдің рөлімен алмастыру мүмкін емес дерліктей. Рөлдерді алмастырудың осынау әртүрлі дәрежедегі оңайлығы біздің “Меннің” етене бөлігі болып саналатын табандылықтың өзі де бізге қоғам тарапынан таңылатын фактысын бізден жасырмауға тиіс. Нәсілдік рөлдерді игеріп, өзін соған жатқызу дәл сексуалдық рөлдер сияқты жүреді. “Мен – еркекпін” деу, “Мен – американ армиясының полковнигімін” деп мәлімдеу тәрізді мәлімдеме жасау деген сөз. әлбетте, айталлық, еркек боп тудым деуді тіпті қалжың дегеннің иісі мұрнына да бармайтын қатаң тәртіптің жақтаушысының өзі кіндігімдегі алтын қыранмен дүниеге келдім дей алмайтынын жақсы түсінеміз. Бірақ биологиялық жағынан еркек болу, дәл сол өзіндік ерекше, әлеуметтік тұрғыдан анықталған (әрине, әлеуметтік салыстырмалы) рөлді, тіпті де “мен – еркекпін” деп жариялаудан басталатын рөлді ойнау керек деген сөз емес. Еркек кіндік балаға қобып кетуді үйренуге тура келмейді, бірақ ол тегеурінді, намысқой болуға, басқалармен жарыса білуді және “төлдің енесіне еміренуін серпіп тастауды үйренуге тиіс. Алайда біздің қоғамдағы еркек кіндіктінің рөлі, оның соған табындығы секілді, барлық сол нәрселерге үйренуді талап етеді. Бір ғана эрекция аз, әйтпесе психотерапевтер тобыры жұмыссыз қалар еді. Рөлдік теорияның үлесін қорытындылай келіп, әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан қоғам бізге табындылықты сыйлап, соны қолдап, өзгертіп

отырады деуге болады. Офицер болып қалыптасу процесінің мысалы, ересек өмірде жаңа табындылықпен марапаттау қалай жүретіндігін, тегінде, жақсы бейнелецді. Тіпті психологтар индивид тұлғасы деп атайтын нәрсенің ең бір іргелі бөлігін құрайтын рөлдердің өзі тек ересек кездегі қимылдардың нақты түрлерімен ғана байланысты рөлдер тәрізді, әлеуметтік ықпалдастық процесінде нақ сондай жолмен қолға түседі. Мұны процестің әлеуметтенуі дейтінді толып жатқан зерттеулер талай рет қуаттады, оның барысында балақай қоғамның белсенді мүшесі болуды үйренеді. Осынау процесс, тегінде, Мид еңбектерінде барынша терең теориялық ой елегінен өткізілді, ол кісінің қалыптасуын бір мезгілде әрі “өзің болып қалыптасу”, әрі “өзіңе қоғамды ашу” деп тәпсірледі. Бала қоғам дегеніміз не екенін тану арқылы өзінің кім екендігін түсінеді. Ол тиісті рөлдерге үйренеді және, Мид айтқандай, “басқа біреудің рөлін мойнына алуды” үйренеді, ал мұның өзі, айта кетелік, ойынның принципінде маңызды әлеуметтікпсихологиялық функциясы болып табылады, ол ойын барысында балалар барынша әртүрлі әлеуметтік рөлдердің маскасын киіп, ойын үстінде оларға телінетін мәнді ашады. Мұндай үйрету (ол тек осылай ғана өте алады) басқа адамдармен, ата-аналар болсын, баланы тәрбиелейтін басқа тағы біреу болсын, бәрібір, ықпалдастықта өтеді. Бала әуелі vіs-a-vіs463 рөлдерді, – Мид “маңызды өзгелер” деп атайтындардың, яғни баланың тікелей аралас-құралас ортасын құрайтын және оның әлеуметтік нұсқаулары өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына шешуші ықпал ететін адамдардың рөлін алады. Кейінірек бала, өзі ойнайтын рөлдер тек ең жақын адамдар үшін ғана маңызды еместігін, неғұрлым кең қоғамның үміттеріне де сай келетіндігін байқайды. Әлеуметтік реакцияның осынау абстракцияның неғұрлым жоғары дәрежесінде қалыптасуын Мид “жинақталған өзгені” ашу деп атайды. Яғни, баланың өзін дұрыс ұстауын, ұқыпты болуын және шындықты айтуын тек анасы ғана емес, тұтас алғанда қоғам да күтеді. Тек баланың бойында қоғамның абстрактылы тұжырымдамасы туралы түсініктің пайда болуымен ғана, оның өзінің тұлғасы

463 54-ескертпені қараңыз.

жайындағы анық түсінігі қалыптаса алады. Баланың ішкі тәжірибесінде “тұлға” мен “қоғам” бір медальдың екі бетін құрайды. Басқаша айтсақ, табындылық қандай да бір “бұйырған” нәрсе емес, әлеуметтік мойындау актылары арқылы табындылықпен марапаттайды. Біз қандай болып қалыптассақ, бізге солай қарайды. Дәл осы идея Чарльз Кулидің белгілі “айналадағы Мен” тұжырымдамасында да білдірілген. Бұл, әрине, индивиде нақты әлеуметтік ортаға тәуелсіз ашылатын ген арқылы берілетін туа біткен ешқандай сипатамасы жоқ деген сөз емес. Адам биологиясы турасындағы біздің біліміміз, бұл мәселеде бізге әзірше қандай да бір анық көрініс бере алмайды. Алайда біз генетикалық шектеулердің шеңберіндегі әлеуметтік ықпал үшін өріс әрқашан кең екендігін дәл білеміз. Тіпті биологиялық мәселелерді, түпкілікті шешімінсіз-ақ, адам болу дегеніміз адам ретінде мойындалу деуге болады, бұл жақсы немесе жаман адам болу – солай саналғандықтан екендігі секілді. Адамдық махаббат пен ықыластан тыс қалған бала, барлық адами қасиеттерден жұрдай болады. Балаға құрметпен қараса, бала да өзін құрметтей бастайды. “Ұсқынсыз үйрек” деп санайтын ұл бала сондай болып шығады; ал егер кейінірек оған жұрттың үрейін алатын жас соғыс құдайы секілді қарай бастаса, онда ол өзін солай қабылдап, соған сәйкес қимылдайтын болады, өйткені өзін-өзі ұқсастыру сырттан бағытталған үміттер ықпалымен қалыптасады. Өзін-өзі ұқсастыруды біз қоғамнан аламыз, және ол әлеуметтік қолдауға, әрі ұдайы қолдап отыруға мұқтаж болады. Қоғамсыз ұқсастыққа ие бола алмайтыны секілді, адам басқа адамдарсыз адам бола алмайды. Офицер тек оны басқалар қабылдауға келіскен жерде ғана офицер бола алады. Егер ол мойындалудан айрылса, онда әдетте “Мен – тұжырымдамасын” бұзу үшін аса көп уақыттың керегі жоқ. Қоғам тарапынан мойындалудан жүдай ету оқиғалары бізге ұқсастырудың әлеуметтік сипаты туралы көп нәрсені жайып сала алады. Мысалы, егер адам бір түннің ішінде бостан азаматтан сотталған адамға айналса, онда оның өзі туралы таяудағы түсінігі дереу жаппай шабуылға ұшырайды. Ол өзінің күні

кешегі өткеніне жабысып айрылмауы мүмкін, бірақ егер оның тікелей айналасында оның бұрынғы өзін-өзі ұқсастыруын қуаттайтын ешкім болмаса, онда ол оны тек өзінің қиялында қолдап отыру мүмкін еместігін байқайды. Көп ұзамай-ақ, ол өзінің сотталған адамша қимылдайтынын, мұндай жағдайда адам нені сезінуге тиіс болса, соны сезінетінін аңғарады. Өзін-өзі ұқсастырудан айрылу процесінен жай ғана кісінің оқшауланып қалуының бір ғана оқиғасын көру қате болар еді. Бұл феноменді оның қайтадан оқшаулануы деп қарастырған дұрысырақ, ол өзінің әлеуметтік-психологиялық динамикасы жағынан бұрынғы өзін-өзі ұқсастырудың қалыптасуынан өзгешеленбейді. Бұрын барлық “маңызды өзгелер” біздің сотталған кісіге жауапты, лайық, сыпайы адам деп қарайтын. Және соның салдары ретінде, ол дәл сондай болатын. Енді абақты қабырғалары оны өздерінің мойындауы жаңағы қасиеттерді паш етуіне көмектескен адамдардан бөліп тастады және айналадағының бәрі оған енді жауапкершілік дегенді білмейтін, өзін доңыз секілді ұстайтын, тек өзінің мүддесін күйттейтін және де үнемі күштеу мен қадағалауды талап ететін адам ретінде қарайды. Одан ендігі жерде күтілетін нәрсе сотталған адамның рөліне сай келеді, және ол, өз кезегінде, соларға, үміттер өткенде тәртіптің әрқилы үлгілеріне қалай кіріктірлген болса, солай сәйкес келеді. Екі жағдайда да ұқсастыру тәртіпке сәйкес келеді, және тәртіп өзіндік ерекше әлеуметтік ахуалға жауап болып табылады. Индивидтен өзін-өзі ұқсастырудың сыртқы атрибуттары жұлып алынатын төтенше оқиғалар тек, күнделікті өмірде болып жататын процестерді тек неғұрлым көрнекі бейнелейді. Күнделікті тіршілік бізді мойындаулар мен мойындамаулардың берік торымен шырмап тұрады. Біз басшылықтың мақұлдауын сезінген кезде, жұмысты жақсырақ істейміз. Адамдар бізді икемсіз деп санайтын жерде (біз кәміл сенетініміздей), бізге шеберлік шыңына жету мүмкін емес секілді көрінеді. Бізден қалжың күткен кезде, біз әзілқой болып, және әңгімешіл деген абыройымыз бар екенін білгенде, әңгімелесуге татитын адам болып шыға келеміз. Ақыл, әзіл, шеберлік, діндарлық, тіпті сексуалдық әлуеттілік бізді қоршаған адамдардың үміттеріне бірдей әзірлекпен сай келеді.

Енді бізге бір процесс индивид өзінің араласатын ортасын сол орта оның өзі туралы түсінігін қолдайтындай етіп таңдайтын процесс түсінікті бола түседі. Егер мұны неғұрлым қысқа пошымда білдіретін болсақ, онда “мүшелікке қабылдау” әлеуметтік процедурасының әрбір көрінісі өзін-өзі ұқсастыру таңдауын жетелей жүреді және керісінше, әрбір өзін-өзі ұқсастыру өмір сүре алу үшін ерекше арнайы әлеуметтік “қабылдау” процедурасына мұқтаж. Құйрық-қанаты бірдей құстар эстетикалық ниет бойынша емес, қажет болғандықтан бір үйір болып ұшады. Интеллектуал әскер қатарына шақырыла қалса, үстінен бөзі, аузынан сөзі түскен былжырақ болып шыға келеді. Дін іліміне оқып жатқан студент діни атақ алған бойда әзіл-оспақ сезімінен айырылады. Барлық норманы асыра орындайтын жұмысшы, кәсіпорын басшылығы медальға ұсынғаннан кейін, оларды бұрынғыдан да артық орындай бастағанын байқайды. Өзінің еркектік қабілетін күйттейтін Жігіт өзіне ДонЖуанның дәл өзі екен деп қарайтын қызды тапса болды, төсекте тыным таппайтын болып шыға келеді. Осынау ескертпелерді біз алдыңғы тарауда талқылаған барлық нәрселермен салғастыра келіп, индивид әлеуметтік қадағалау жүйелері шеңберінде қоғамдағы өз орнын табады, және сол жүйелердің әрқайсысының өзін-өзі ұқсастыруды тудыратын төл аппараты болады дей аламыз. Өзінің қабілетінің шамасына қарай индивид өткенде өзіне қанағат берген өзінұқсастыруларды нығайта түсу үшін “қабылдау ережелерін” (әсіресе өзіне ең жақын адамдар арасында) өз пайдасына жаратуға тырысады; ол өзін ақылды санайтын қызға үйленеді; достарын ортасына қарай таңдайды; болашағы зор жігіт деген пікірді қамтамасыз ететін іспен айналысады. Әрине, көп жағдайда мұндай манипуляция мүмкін емес, сондай кезде адамның өзін-өзі ұқсастыру жиынтығынан мүмкін нәрсенің бәрін сығып алуға тура келеді. Ұқсастырудың қасиетіне осындай әлеуметтанушылық көзқарас адамдық сыңаржақ сенімдердің мәнін тереңірек түсінуімізге мүмкіндік береді. Нәтижесінде біз айналадағылар тарапынан болатын сыңаржақ қатынас тек құрбандық тағдырына ғана емес, оның санасына да ықпал ететінін анық

көреміз, өйткені сана – сыртқы үміттер негізінде қалыптасады. Сыңаржақ қатынастың адаммен жасай алатын ең сұмдық нәрсесі – оның өзін сол қалыптасқан сыңаржақ пікірлерге сәйкес болуға ұмтылуға мәжбүрлеу. Антисемиттік ортадағы еврей антисемиттер мақұлдайтын таптаурын стереотипке айналмас үшін, жанталаса күресуге тиіс. Негр нәсілшілдер ортасында қарсылық көрсетуге тиіс. Мынаны атап өту маңызды: мұндай күресте индивид өзінің кісілігін жоспарлайтын сыңаржақтыққа көну әзәзілдігінен өзінің төл қоғамдастығы мүшелерінің тарапынан қарсы мойындау деп атауға болатын нәрсемен қорғалғанда табысқа жету мүмкіндігі болады. Егер оныңөзіндік құндылығын мойындалу еврейлер қоғамдастығының ол, айталық, Тауратты Латвиядағы аса ұлы білгірі ретінде қарсы мойындалуымен теңестіріліп отырса, өзін артықпыз деп санайтын қоғам оны кәдуілгі “қайызғақтан арылмайтын жөйт” деп біліп, оған солай қарауға босқа тыраштанатын болады. Мойындаудың мұндай аяусыз ойынының әлеуметтік-психологиялық динамикасын ескере отырып, мынаған таң қалмау керек: “еврейлік ұқсастыру” проблемасы осы заманғы батыс еврейлері ортасында айтулы қоғаммен ассимиляция еврей қауымының өз мүшелерін антисемиттердің ұқсастыруына кереғар балама ұқсастыру билігі әлсірей бастаған кезде ғана туындай алды. Индивидті өзіне арғы жағынан құбыжық қарап тұратын арнайы жасалған айнаға үңілуге мәжбүрлейтін кезде, әрине, ол өзінің бір кездері бет-әлпеті басқаша болғанын ұмытып қалмаған болса, ол дереу айналары да басқа, өздері де басқа адамдарды іздей бастауға тиіс. Басқаша айтсақ, адамдық абыройға тек қоғамның рұқсатымен ғана ие болуға болады. Қоғам мен ұқсастыру арасындағы дәл осындай қатынасты, индивид қандай да бір себептермен өзін-өі ұқсастыруын шұғыл алмастырған жағдайларда бақылауға болады. Ұқсастыруды өзгерту оның қалыптасуы мен қуатталуы секілді, – әлеуметтік процесс. Біз көрсетіп өткеніміздей, өзінің өткеніне кезкелген жаңа тәпсірлеу және “Мен-тұжырымдаманың” әрбір өзгерісі кезінде оны жүзеге асыру үшін “қаскүнемдер” тобының болуы қажет. Антропологтар көшу

(өту) ғұрпы деп атайтын нәрсе ескі ұқсастырудан бас тартуды (айталық, балалық шақтан), жаңа (ересек) өмірге енуді қамтиды. Осы заманғы қоғамдар өтудің неғұрлым жұмсақ ғұрпын, мысалы, атастыру институтын қолданады, барлық мүдделі адамдардың ортақ ұйғарымы бойынша индивидті бойдақтың бостандығы мен некенің тұтқын арасын бөліп тұратын табалдырыққа абайлап жақындатады. Ал бұндай институт болмаса, әлдеқайда көп адамдар алдағы бұл қадамының ұлан-ғайырлығынан соңғы сәтте шошып кетер еді. Біз, діни білім беру немесе психикалық талдау секілді жоғары құрылымдалған ахуалдарда дүниетанымды алмастыру тұсында өзін-өзі ұқсастырудың өзгертілетіндігін қозғап кеткенбіз. Психикалық талдаудың мысалы қарқынды әлеуметтік процеске иллюстрация ретінде бұл арада ада орынды, бұл процестің барысында индивидті өзі туралы өзінің бұрынғы түсінігінен бас тартуға және психикалық талдау идеологиясында ол үшін көзделген жаңа ұқсастыруды қабылдауға мәжбүр етеді. Психиуалық талдаушы “трансфер” деп аталатын нәрсе, яғни, талдаушы мен талданушы арасындағы қарқынды әлеуметтік ықпалдастық дегеніміз мәнісі жағынан алхимиялық өзгерістің ерекше әлеуметтік ортасын – индивид алхимияға сене алатын ортаны қолдан жасау деген сөз. Қауышу неғұрлым ұзаққа созылатын және қарқынды болса, индивид өзінің жаңа ұқсастыруына соғұрлым күштірек ене бастайды. Ол өзінің жаңа ұқсастыруына айналған кезде, “жазылып кету” сәті соғады. Бұл арада гәп, қыстыра кетелік психикалық талдаушының өзінің емі, егер жиі келіп тұрса, неғұрлым ұзақ емделу курсынан өтсе және көбірек ақы төлесе, соғұрлым пәрменді болады деген дәмесі жөніндегі марксистердің кісі өлтірер кекесінін серпіп тастауда емес. Мұндай пікірлерге психикалық талдаушының экономикалық мүдделілігі айдан анық көрініп тұрғанымен, бәрібір әлеуметтік көзқарас тұрғысынан, олардың іс жүзіндегі әдептілігі шындыққа әбден-ақ ұқсас. Психикалық талдауда шынында да жаңа ұқсастыруды конструкциялау жүріп жатады. Индивид өзін осы қолдан жасалған процеске неғұрлым жиірек, ұзағырақ және азаптырақ тапсырса, оның өзінің жаңа бецнесіне адалдығы соғұрлым өсе түсетіні айдан анық. Ал оның бүкіл бизнесті ааляқтық деп

мойындау қабілеті, өмірінің бірнеше жылы мен ауыр еңбек арқасында тапқан мыңдаған долларын жұмсау нәтижесінде ең төмен деңгейге дейін кемітіле алады. “Топтық терапия” ахуалында да нақ сол “алхимиктік” орта орнатылады. Оның американ психотерапиясындағы қзіргі танымалдылығын жай ғана экономикалық ұтымдылық терминдерімен түсіндіруге тағы да болмайды. Топтық терапияның өзіндік әлеуметтанушылық негізі – топтың қысым индивидтің өзінің алдында топ тізіп қоятын айна бетіндегі жаңа Мен-бейнені қабылдауына пәрменді ықпал ететінін абсолютті әдептілікпен түсінуде жатыр. Әлеуметтанушы Ирвинг Гофман психиатриялық аурухана жағдайындағы осындай қысымның жарқын суреттемесін бере алды, сол қысымның нәтижесінде пациенттер өзінің тіршілігін “терапевтік” топ жұмысы үшін құрастырылатын координатардың ортақ жүйесін тәпсірлеуге “түп-тұқиянымен” берген. Бұл поцесс сонымен қатар, индивидтердің тұтас бір тобын “мойытып”, оларды жаңа өзін-өзі анықтауды мойындуға мәжбүр ету керек болатын жерлерде де орын алады. Әскер қатарына шақырылғандарды оқытып-үйретудің алғашқы айларында сондай болады; кәсіптік әскерилерді мысалы, әскери академияларда даярлау тұсында одан да жиірек жүреді. Нақ осы нацистердегі СС тұрпатындағы тоталитарлық ұйымдар үшін кадрлар және Коммунистік партияның элитасына “тәрбиелеу” мен идеологиялық өңдеу процесінде қолданылады. Мұндай нәрселер ғасырлар бойы монастырь тәрбиеленушілерін жасалып келді. Соңғы кезде бұл техника “миды жуып-шаю” әдістерінде ғылыми дәлдікке дейін жеткізіліп, олар тоталитарлық ұйымдарда құпия полиция өз тұтқындарына қарсы қолданады. Әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан, сондай процедуралардың қоғамда барша қабылдаған рәсімдер, “жаңадан қабылдау” ғұрпымен салыстырғандағы зорлықшыл сипаты өзін-өзі ұқсастырудағы өзгерістер радикалдығының төтенше жоғары дәрежесімен, сондай-ақ мұндай оқиғаларда қол жеткен нәтижелердің содан былайғы

“құбылмалылықтан” жүз пайыз қорғалуын қамтамассыз етудің қызметтік қажеттілігімен түсіндіріле алады. Өзінің қисынды аяқталуына дейін жеткізілген рөлдік теория бізге әлеуметтік қызметтің әрқилы түрлері туралы стенографиялық есеп үшін ыңғайлы аспаптан гөрі, көбірек бірдеңе бере алады. Ол бізге әлеуметтанушылық антропологияны, яғни адамның қоғамда тіршілік етуіне негізделген оның көруін береді. Бұл көру бізге қоғамның ғаламат пьесасын адам драмалық рөлдерді ойнайтынын, және, әлеуметтанушылық тілмен айтсақ, ол дегеніміз өз рөлдерін ойнау үшін киюге тиіс маскалар екенін көрсетеді. Адамдық персона да қазір театр этимологиясына толық сәйкес драмалық тінде көрінеді (persona464 – антик театрда актёрлық масканы нобайлайтын арнаулы термин). Персона – кісі тиісті ұқсастырулары бар рөлдер репертуары ретінде түсініледі. Индивидуалдық кісі ретінде персонаның құны ойнай алатын рөлдер санымен өлшенеді. Қазір жеке адамның өмірбаяны бізге әрқтлы аудиторияларда, кейде костюмдер таң қалдыратындай етіп алмастырылатын және актёрдан кімді ойнаса, сол болуды талап ететін театр ойындарының үздіксіз дәйектілігі секілді болып көрінеді. Динамикаға мұндай әлеуметтанушылық көзқарас біз өзіміз туралы әдетте ойлайтынызды, және де ең әуелі өз тұлғамыздың үздіксіздігі туралы жүрегімізге ең жақын топшылауымзды көптеген психологиялық теорияларға қарағанда түбегейлі күмәнға ұшыратады. Әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан әлеуметтік тұлға бір ахуалдан екіншісіне өтетін әлдене тұрақты аталмыш мәніс емес. Ол, дәлірек айтсақ, әрбір әлеуметтік ахуалда тұрақты тудырып және қайта тудырып отыратын процесс – зерденің жіңішке арқауымен байланыстырп отырылатын процесс. Бұл арқау қаншалықты жіңішке екендігін біз өткенді қайта ой елегінен өткізу проблемасын талқылау тұсында көрдік. Осылай түсінілетін құрылымның ішінен тіпті санасыз нәрседен – кісінің “нақты” мазмұнының шоғырлану ұясынан тұрақты бірдеңе таба алмайсың,

464 Persona (лат.) – сөзбе-сөз: әлпет, персона. Осы заманғы мәтіндерде «кісі сөзінің синонимі ретінде қолданылады.

өйткені біз, топшыланатын санасыз нәрсенің өзі дәл саналы-Мен секілді әлеуметтік өнім болып табылатынын көрдік. Басқаша айтқанда, адам әлі әлеуметтік мақұлық емес, ол эмпиристік зерттеуге көнетін өз болмысының барлық қырларында әлеуметтік. Міне сондықтан әлеуметтанушылық толғам шеңберінде осынау рөлдер мен ұқсастырулардың калейдаскопында кім “нақты” индивид деген сауалға тек ахуалдарды жай ғана тізіп шығумен жауап беруге болады, сол ахуалдардың ібірнде ол – бір, басқаларында – басқа біреу. Мұндай өзгерістер ad іnfіnіtum465 бола алмайтыны және кейбір басқалардан оңай екендігі енді вйқын. Индивидтің өзін-өзі ұқсастыру жиынтығына үйреніп қалатыны соншалық, тіпті әлеуметтік ахуал өзгерген тұста ол өзіне бағытталған үміттерге әрең-әрең бейімделеді. Мұны денсаулығы мықты және күні кешелері ғана жігері жетіп артылатын адамдар өздерінің жұмысын қойып, зейнетке кетуге мәжбүр болғанда бастан өткеретін қиыншылықтар анық айғақтайды. Кісінің өзгеруге қабілеті тек қана әлеуметтік тінге ғана емес, бұрынғы ұқсастыруларға дағдылану дәрежесіне, сондай-ақ генетикалық негізде телінген кейбір белгілерге байланысты. Соңғы ескертуді біз позициямызды тым радикалдандырып жіберу үшін жасады, және ол әлеуметтанушылық талдаумен ашылған кісілік үзілістердің бағасын елеулі түрде кемітпейді. Біздің бұл тым педагогикалық емес антропологиялық үлгіміз бірдеңемесімен буддистік ілімнің бастапқы тұсындағы үнді психологиясын еске салады, ол кісіні балауыз шырақтардың тізбегімен салыстырады, олардың әрқайсысы өзінен алдыңғысының соңғы жыпылығынан жанады. Буддистік психологтар бұл бейнені жандардың басқа орынға көшуі туралы индуистік ілімге қарсы пайдаланып, бір шырақтан екінші шыраққа көше салатын ешқандай субстанция жоқ дегенді меңзеді. Бұл бейне осы заманғы антропологиялық модельмен де жақсы үйлеседі. Бұл айқанымыздан кәдуілгі адамдар мен психиатрлар айтатынындай, “кісінің екіге жарылуымен” ауыратын адамдар арасында елеулі айырмашылық жоқ деген әсер қалыптасуы мүмкін. Егер біреу-міреу “елеулі” деген сөзді қадап

465 Ad іnfіnіtum (лат.) – шексіздікке дейін.

айтар болса, онда әлеуметтанушы бұл тұжырыммен келісер еді. Ал шындығында айырмашылық мынада: “қалыпты” адамдар (яғни, қоғам солай деп білетіндер) өздері ойнайтын әрқилы рөлдері мен оларға еріп жүретін ұқсастыру арасындағы келсімінің сақталуы жөнінде өте қатты қысымды бастан өткереді. Бұл қысым сырттан да, іштен де жасалады. Өзіңді сыртта кем дегенде салыстырмалы түрде тұрақты бірлік ретінде көрсетуге бізді сонау басқалар, бізге солармен әлеуметтік ойындар ойнауға тура келетін және солардың дәйексіздікке жол беріледі, бірақ егер шыдамның белгілі бір қоры таусылса, онда қоғам индивидті өзінің мойындауынан айырып, оның ахуалын моральдық және психологиялық ауытқу деп анықтауы мүмкін. Мәселен, қоғам индивидке жұмыста әмірші, ал үйде құл болуға рұқсат бере алады, бірақ оның өзін тәртіптің сақшысы ретінде көрсетуіне, қарама қарсы жынысқа арналған киімді киюіне рұқсат бермейді. Маскарадтың белгіленген ережелерін сақтау үшін индивидтің бір рөлді екінші бір рөлден анық айыру мақсатында кей-кейде индивидтің күрделі маневрлар жасауына тура келеді. Директорлар кеңесі өтіп жатқанда әйелінің келіп қалуы оның офис басқарушысы рөліне қатер төндіруі мүмкін, ал бірге жиылып тұратын жолдастар ортасында әзілқой рөлін ойнауды сіздің артыңыздан аузын ашса да, тек оған бірдеңе салу үшін ғана ашатын адам деген ұғым еріп жүретін ортадан өзге біреудің келіп қалуы, қиындата түседі. Рөлдердің осылай бөлінуі үшін мүмкіндіктер танылып қалмау және жедел жүріп кету құралдары біздің осы заманғы қалалық өркениятта барған сайын молыға түсуде, дегенмен тіпті бұл арада да басы піспейін Мен-бейнелердің тоқайласып қалу қаупі бар, олар бір-бірімен күтпеген жерден қақтығысып қалып, бүкіл мизансахнаға қатер төндіруі мүмкін. Үзіліс кезінде бір шыныаяқ кофе ішу тұсында әйелі мен хатшы қыздың ұшырасып қалуы босс бойында “үйдегі” Мен-бейненің “жұмыстағы” Мен-бейнемен соқтығысыа қалуынан қысылыс тудары алады. Мұндай жағдайда оған шалтай-балтайды бір жерге тоқайластыру үшін, психотерапевт міндетті түрде қажет болады. Қарама-қайшылықта өмір өткізбеудің ішкі түрткілері де болады, олар бәлкім, өзін әлдене бір тұтастық ретінде қабылдауға терең психологиялық

қажеттілікке негізделетін шығар. Тіпті осы заманғы қалалық маскарадтың ұдайы піспейтін рөлдерді ойнауға тура келетін қатысушысы, белгілі бір мизансахналарды мұқият бөлу арқылы сыртқы қысымның уытын қайтарудың бүкіл шеберлігіне қарамастан, іштей ете қалуы мүмкін. Осынау операциямен байланысты мазасыздықтан қашқақтау үшін адамдар әдетте санада да, тәртіпте де бөлініс жасайды. Әрине, мұнымен біз қабылданған ұқсастыруларға кереғар ұқсастырулар әлдене “санасыз” бірдеңеге “ығыстырып жіберіледі” дегіміз келмейді, себебі өз моделіміздің шеңберінде осындай тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға бізде барлық негіз бар. Нақ аталмыш сәтте қажет етілетін, тек нақты ұқсастыруға тезірек назар шоғырландырылады. Көрініс жүріп жатқанш, басқа ұқсатырулар ұмытыла тұрады. Бұл процеске санадан әлеуметтік тұрғыдан мақұлданбайтын сексуалдық немесе моральдық тұрғыдан күмәнді қарекеттерді аластау мысал бола алады. Айталық, гомосексуалдық мазохизммен айналысатын адам оған, арнайы ерекше өзін-өзі ұқсастыруды мұқият конструкциялайды. Осындай өзін-өзі ұқсастыру сеансынан кейін ол енді оны, былайша айтқанда, мықтап құлыпталған қораға қалдырып, үйіне балажан әке, қамқор жар, бәлкім тіпті өз әйелінің жалындап тұрған ашынасы болыпр оралады. Дәл сол секілді қазы адамды өлім жазасына кеседі де, қазының өзінөзі ұқсастыруын өз санасындағы басқаларынан бөліп тастайды да, мейірімді, төзімді және сергек ойлы адам болып шығады. Балаларына сүйіспеншілікке толы хаттар жазып отырған нацистік концентрациялық лагерьдің бастығы, – қоғамда тұрақты орын алатын құбылыстың тек сорақы көрінісі ғана. Оқырман егер біз қоғамды ондағының барлығының бітіретіні тек біреулерге қақпан құрып, қаскөйлік жасайды және басқаларды алдап соғу үшін ылғи бетпердемен жүреді-міс деп көрсеткісі келеді екен деп ойласа, оның бізді мүлдем түсінбегені. Керісінше, рөлдердің орындалу және ұқсастыруды жасау процестері жалпы алдын-ала ойластырылмайды және жоспарланбайды, олар автоматты түрде дерлік жүріп жатады. Тілге тиек болған Мен-бейненің тұрақты болуына психологиялық қажеттіліктер мұның жарқын дәлелі бола алады. Ал күні бұрын ойластырылған қаскөйлік өзін-өзі психологиялық қадағалаудың

бірлі жарым адамның ғана қолынан келетін дәрежесін талап етеді. Нақ сондықтан ғайбатшылдық – едәуір сирек құбылыс. Адамдардың көпшілігі ақ ниетті, өйткені солай өмір сүру психологиялық тұрғыдан жеңілірек. Бұл дегеніңіз: олар қолайлылық үшін бұрын істеген істеріндерін ұмытып, енді істеп жатқанына сенеді, және тиісті сыпайылықты сақтап, барлық сыннан сүрібей өтетіндігіне кәміл сеніп, өмір жолымен ілгерілей береді. Ақниеттілік дегеніміз өзінің төл қарекетімен алданған адам санасы. Немесе, Дэвид Рисмен айтқандай, ақниетті адам – өзінің насихатына сенетін адам. Талқылау өзінің сипаты жағынан әлеуметтік-психологиялық процестер тұрғысынан енді мынаны мойындау шындыққа жақын: нацистік қылмыскерлер өздері туралы кейде өздеріне шынында да ұнамайтын жағымсыз міндеттерді орындауға тура келген бюракраттар ретінде айтқанда, бұл мұны олар қазылар бойында жанашырлық сезімін ояту үшін істеді деп ойлағаннан гөрі шынайы болатын. Олардың арұжданының азабы, тегінде, олардың бұрын жасаған айуандықтары секілді шынайы болуы керек. Австриялық романист Роберт Музиль466 жазғандай, әрбір кісі өлтірушінің жүрек түкпірінде, ол әманда кінәсіз болып қала беретін қуыс бар. Адам өміріндегі “жыл мезгілі” бір-бірін алмастырып отырады, және осыған орай адамдар өз киімдерін қалай ауыстырса, олардың дәл солай өз әлпетін өзгертіп отыруына тура келеді. Киім ауыстыру сәтінде “мінез кемшілігіне” байланысты ешқандай психологиялық қиындықты немесе этикалық проблеманы бастан өткермейміз. Бұл арада біз тек процедураның үйреншікті екендігін атап көрсеткіміз келеді. Рөлдік теория жайлы айтылғандардың бәрін алдыңғы тараудағы, Х. Герт пен Ч. Миллз467 енгізген “кісіліктік іріктеу” ұғымының көмегімен қадағалау жүйелері туралы баяндағанмен байланыстыруға болады. Әлеуметтік құрылым атаулы өзінің қызметі үшін қажет адамдарды іріктеп алады, ал бұл тұрғыдан жарамайтындарды әртүрлі тәсілмен шығарып тастайды. Егер дайын тұрған лайықты адамдар болмаса, онда оларды талап етілетін өзіндік ерекшеліктерге

466 Музиль, Роберт (1880–1942) – австриялық жазушы. 467 Миллз, Чарлз (1916–1962) – американ солшыл радикал әлеуметтанушысы.

сәйкес сөзсіз дүниеге әкеледі. Мәселен, әлеуметтендіру және “қалыптастыру” механизмдері арқылы қоғам өзінің өмір сүруі үшін қажетті персоналды өндіріп алады. Әлеуметтанушы институттардың пайда болуынан бұрын, белгілі бір сапасы бар адамдар пайда болады деген естіліктің ойын айналдырып қояды. Мүлдем керісінше. Жорыққа дайын армия болса, ештеңені аямайтын жауынгерлер де табылады; шіркеулер сала бастаған кезде, Құдайға да сене бастайды; университеттегі штатты толтыру қажеттігінен ойшылдар пайда болады; ал біреуді өлтіру керек болса, кісі өлтіруші де табылады. Әрбір қоғамның өзіне лайықты адамдары болады деу қате. Дәлірек айтсақ, қоғам қажетті адамдарын өзі өндіріп алады. Біз өзімізді бұл өндіру процесі ғаламат қиындықтарға тап баолатынымен жұбата аламыз. Кейінірек біз оған тіпті саботаж жасауға болатындығын көреміз. Бұл арада тек рөлдік теория мен одан шығатын қорытындылар адамзат тіршілігінің әлеуметтанушылық картинасына маңызды өлшемдер қосатынын ғана атап өтеміз. Рөлдік теория бізге адам ішінде қоғамның болатындығын көзбе-көз көруге мүмкіндік берсе, білім әлеуметтануы бізді тіпті басқа нүктеден ұқсас қорытындыға алып келе алады. Рөлдік теориядан өзгеше, білім әлеуметтануы Еуропада дүниеге келген. “Білім әлеуметтануы” терминінің өзін алғаш рет неміс ғалымы Макс Шелер468 енгізді, ал өмірінің соңғы жылдарын Ұлыбританияда өткізген тағы бір еуропалық ойшыл Карл Мангеймнің469 арқасында бұл жаңа пән ағылшын-саксон ойының назарына ілікті. Бұл арада Марксты да, Ницшені де неміс тарихи мектебін де қамтитын білім әлеуметтануының шытырман интеллектуалдық шежіресіне тереңдеп бойлауға орын жоқ. Бірақ біздің баяндауымыз үшін білім әлеуметтануы әбден дөп келіп тұр, өйткені біз идеялардың да, адамдар секілді қоғамда төл әлеуметтік координаттары болатынын көрсеткіміз келеді. Білім әлеуметтануы нақ идеялардың әлеуметтік кеңістіктегі орнын анықтаумен айналысады.

468 Шелер, Макс (1874–1928) – неміс философы және әлеуметтанушысы; әлеуметтануда антропологиялық бағытты дамытқан. 469 Мангейм, Карл (1893–1943) – неміс философы және әлеуметтанушысы; 1933 жылдан соң Англияға қоныс аударған.

Білім әлеуметтануы, “нені айтады” дегенді ғана емес, “кім айтады” дегенді анықтауға әлеуметтанудың басқа салаларынан көбірек ұмтылады. Ол ой нақты адамдар нақты нәрселер туралы ойлайтын әлеуметтік жағдайлардан тәуелсіз туады деген жаңсақтықты үзілді-кесілді серпіп тастайды. Тіпті, былай қарағанда, нақты тарихи жағдайлармен әрең байланысатын абстрактылы идеялар үшін де, білім әлеуметтануы ой, ойшыл және ол өмір сүретін әлеуметтік дүние мен ойшыл арасында біріктіретін жол сызып беруге тырысады. Ой нақты әлеуметтік ахуалды заңдастыруға қызмет ететін жағдайларда, яғни ой оны түсіндіретін, ақтайтын және оған бата беретін кезде мұны жасау бәрінен оңай. Мысал келтірейік. әлдебір қарабайыр қоғамда қажетті азықты ол өсетін жерде, және мұхиттың қиындығы мол, акулалар қаптап жүрген суынан өтіп қана табуға болатынын елестетіп көрейік. Жылына екі рет тайпаның еркектері өздерінің қарабайыр қайықтарына отырып, жолға аттанады. Енді мынаны елестетіп көрейік: бұл тайпаның діни сенімдерінің мынандай бір тармағы бар, ол бойынша әрбір осындай сапардан қалып қойған еркек, еркектік күші құдайға күн сайынғы құрбандығымен сақталатын абыздарды қоспағанда еркектік күшінен айрылады. Осынау наным-сенім қауіпті сапарға аттанғандардың барлығына тиісті сарын береді, және де сонвмен бір мезгілде үнемі үйінде қалатын абыздардың тәртібін ақтап, заңдастырады. Аталмыш жағдайда нанымсенімнің аталған тармағының сақталуына бәрінен бұрын абыздар мүдделі екенін айтып жату қажет пе? Басқаша айтқанда, бұл арада біз абыздық идеологияға тап болып отырмыз деген байлам жасай аламыз. Алайда бұл соңғысының (абыздық идеологияның) жалпы қоғам үшін қызметтік мәні жоқ деген сөз емес. Сайып келгенде, біреулер мұхитты жүзіп өтуге міндетті ғой, әйтпесе өйткені тайпа аштан өледі. Біз идеологияны қандай да бір идея қоғамда біреулердің белгілі бір мүддесіне қызмет ететін жағдайда ғана тілге тиек етеміз. Идеология әрқашан болмаса да, өте жиі әлеуметтік нақты болмысты біреулерге пайда болатындай етіп, жүйелі түрде бұрмалайды. Кәсіптік топтар белгілеген қадағалау жүйелерін

әңгіме еткенде, біз идеология олардың қызметін қалай заңдастыра алатынын көргенбіз. Алайда, идеологиялық ойлау жүйесі адамдардың әлдеқайда кең бірлестіктерін де қамти алады. Мысалы, американ Оңтүстігінің нәсілшілдік аңыздары миллиондаған адамдар кіретін әлеуметтік жүйені заңдастыруға қызмет етеді. “Бостан кәсіпкерлік” идеологиясы жеке-дара қимылдайтын ірі корпорацияларды бүркемелеу үшін қызмет етеді, оларда ескі үлгідегі кәсіпкерлермен ортақ бірдеңесі қалса, ол тек өз отандастарын алдап соғуға ұдайы дайын тұру ғана. Өз кезегінде, марксистік идеология Коммунистік партия аппаратының тираниясын заңдастырады, оның армандарының Маркс армандарымен ортақтығы Джек-қасаптың паостол Павел мақсаттарымен ортақтығымен бірдей. Кез-келген жағдайда идеология ол қолдайтын топтың істейтінін ақтап отырады, және сонымен бірге бұл ақтау әлеуметтік нақты болмысты шындық секілділігінен айрылып қалмайтындай етіп тәпсірлейді. Идеологиялық тәпсірлеу “проблеманы түсінбейтін” көлденең адамға (яғни, біреу-міреу жақтайтын мүддеге ортақтаспайтын) көбіне-көп жосықсыз көрінеді. Оңтүстік штаттардағы нәсілшідердің ақ нәсілді әйелдер негрмен ықтимал жыныстық жақындасу ойының өзінен-ақ қатты жиіркенеді деп те, сонымен бір мезгілде, әрқилы нәсіл өкілдері арасындағы аралас-құраластықтың титімдей мүмкіндігі осындай жақындастықтың болуына дереу апарып соқтырады деп те соғуына тура келеді. Өз кезегінде, корпорацияның басқарушысы, оның бағаны тұрақтандыру жөніндегі қызметі бостан базарды қорғауға бағытталған дей алады, ал Коммунистік партияның қайраткері сайлау кезінде кандидаттар санының партия мақұлдаған шектелуі – шынайы демократияның көрінісі болып табылатын түсіндіру амалын іздейтін болады. Осымен байланысты біз: мұндай пропозицияларды адамдар әдетте мүлдем шын көңілден ұсынатынын тағы да атап көрсетеміз. Жалғандықты қолдан жасау үшін жұмсау қажет болатын моральдық күш-жігер, адамдардың көпшілігінің қолынан келмейді. Өз-өзіңді алдау әлдеқайда оңай. Сонымен бірге идеологияны өтірік, алдау, насихат және жер соқтыру сияқты ұғымдармен шатастырмау маңызды. Өтірікші өзі өтірік айтып тұрғанын жақсы біледі, ал

идеолог – білмейді. Аталмыш ахуалды бізді олардың қайсысы инсанияттық жағынан жоғары деген сұрақ мазаламайды. Біз тек қоғамның қалыпты қызмет істеуінің қасақана жасалмайтын және күні бұрын жоспарланбайтын сипатын тағы да атап көрсетеміз. Қаскүнемдіктің сан қилы теориялары қаскүнемдікке тартылғандардың интеллектуалдық көрегендігін сұмдық асыра бағалайды. Мұның үсіне, идеологиялар, Р. Мертонның терминін біршама өзге тінде қолдансақ, “жасырын” қызмет ете алады. Келіңіздер, мысал үшін американ Оңтүстігіне тағы бір оралайық. Қара белбеудің470 Библия белбеуімен471 географиялық сәйкес келу фактысы едәуір қызықты, яғни Оңтүстіктің нәсілшілдік жүйесі туа бітті таза күйінде қолданылатын аумақ ультраконсервативтік, протестанттық фундаментализмнің ең жоғары деңгейде шоғырлануымен сипатталады. Бұл сәйкестікті, тарихи тұрғыдан түсіндіруге болады, ол үшін күнгейлік протестанизмнің құлдыққа көзқарасына байланысты болған соғысқа дейін шіркеулердің құлдыққа қатынас жөніндегі ұлы бөлінуінің заманынан бері, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы соғысқа дейін-ақ діни ойдың кең ағымынан оқшауланып қалғанын көрсету керек. Сәйкестікті интеллектуалдық тағылықтың әрқилы екі қырының көрінісі деп тәпсірлеуге болады. Осынау түсіндірулердің бір де бірін теріске шығарып жатпаймыз, бірақ идеологиялық қызметтік көзқарас тұрғысынан әлеуметтанушылық тәпсір бізді аталмыш феноменді түсінуде ілгерілетеді деп тайсалмай айта аламыз. Күнә идеясы билеп алған протестанттық фундаменталист “күнә” ұғымына таң қаларлық шектеулі мазмұн береді. Дүниенің күнаһарлығын бар дауыспен масқаралайтын рухани түлеуді жақтайтын уағызшылар, моральға кереғар қылықтардың шамалы санын ғана: зинақорлықты, маскүнемдікті, би билеуге баруды, құмар ойындарды, күпірлікті ұдайы тілге тиек етеді. Алайда іс жүзінде осылардың біріншісіне зор мән беретіні соншалық, морализмнің lіngua franca’сында472 күнә ұғымының өзі толық дерлік ойнасшылдықпен

470 Қара белбеу (blak belt) – АҚШ-ғы қара түсті тұрғындары басым келетін Оңтүстік Каролина, Джорджия, Алабама, Миссисипи және Луизиана штаттарының ауыл шаруашылықты аудандарының атауы 471 Библия белбеуі (Bіble belt) – АҚШ-та діни фанатизм мен протестанттық фундаментализм кеңінен бел алған аймақтар атауы. 472 Lіngua franca (лат.) – тұрмыстық тіл.

теңестіріледі. Фундаменталистер тажалды қылықтар санатына қандай бір қосымша жасалмасын, олардың бәрі шын мәнінде жекелік сипатта болады. Шынында да фундаментализм уағызшысы қоғамдық мәні бар проблемаларды қозғаса да, ол әдетте нақты ресми адамдардың жеке жемқорлығын тілге тиек етеді. Мансап иелері ұрлайды, және бұл жаман. Олар тағы зинақорлық жасайды, маскүнемдікке салынады және құмар ойындар ойнайды, бұл, тегінде, әлгіден де жаман. Алайда христиандық этиканы тек жеке қылықтарға саюдың іргелі ережелері Жаңа Өсиеттің белгілі қағидаларымен және өзін теңдік принциптерімен ауызданған деп санайтын бүкіл ұлттың эгалитаризмімен салыстырған тұста жұмсартып айтқанда, күмән туғыза алатын қоғам үшін белгілі бір қызметтік мәні болады. Осылайша, моральды протестанттық фундаментализмнің өзінше түсінуі тәртіптің әлеуметтік жүйені қолдап отыруға қатысы жоқ сегменттеріне шоғырландырады және этикалық араласу оның тыныш жұмысын бұзуы мүмкін өрістерден бұрып әкетеді. Протестанттық фундаментализм американ оңтүстігінің әлеуметтік жүйесін қолдаудың идеологиялық қызметін атқарады. Ол жүйені тікелей заңдастыратынына, алалау жүйесін жариялауды құдай берген жаратылыстық тәртіп деп білетінін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ тіпті сондай “жария” заңдастыру болмаған күнде де, біз қарастырып отырған діни наным-сенімдер қоғамның игілігіне “жасырын” қызмет етеді. Иделогияларды талдау әлеуметтік жағдай мәні мен идеялар мәнін өте жіті аша білгенімен, ол білім әлеуметтануының бүкіл маңыздылығын түсіну тым қиын. Бұл пән тек біреудің мүдделеріне қызмет ететін және нақты болмысты бұрмалайтын идеялармен шектелмейді, керісінше, барлық ой патшалығын өзінің зерттеу саласы ретінде қарастырады. Әлбетте, олардың мақсаты ойлардың ақиқаттығын белгілеу емес (бұл ұлылық маниясы болар еді), бір немесе өзге ой қоғамдық жағдайлармен қалай байланысты екенін белгілеу болып табылады, мұның өзі кез-келген адами ойды әлеуметтік құрылымның тікелей “бейнесі” ретінде және идеялар оқиғалардың барысына ықпал етуге мүлдем дәрменсіз деп қарастыру керек (марксистік тәпсірлеудегідей) деген сөз

емес. Бұл, әрбір идея оны ой елегінен өткізетін адамдардың күнделікті өмірінде өзінің белгілі бір орнына ие болады деген сөз. Және осындай мағынада білім әлеуметтануы өзінің бағыты бойынша антиидеалистік әлеуметтану деу дұрысырақ болады. Кез-келген қоғамды оның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтікпсихологиялық механизмі тұрғысынан, және оның барлық мүшелеріне ортақ дүние көрінісі тұрғысынан қарастыруға болады. Дүниенің көрінісі бір қоғамнан екінші бір қоғамға, тіпті бір қоғам ішінде де бір сегменттен екінші сегментке қарай өзгеше көрініп отырады. Нақ осы мағынада, қытай батыстық тұрғынға қарағанда “мүлдем өзге дүниеде өмір сүреді” делінеді. Дюргейм мектебінің қатты ықпалын бастан өткерген француз синологы Марсель Гране473 аталмыш мысалға сүйеніп қытайдың басқалардан өзгеше дүнесін көрсету үшін қытайдың ойлау жүйесін талдап шыққан. Әлбетте, саяси философия, дін немесе этика сияқты өрістердегі айырмашылықтар айқын. Бірақ Гране іргелі айырмашықтар – уақыт, кеңістік және сан сияқты категориялардан да байқалуы мүмкін дейді. Өте ұқсас пайымдар, мысалы, Ежелгі Грекия “дүниесі” мен Ежелі Иудея “дүниесін”, дәстүрлі индуизм “дүниесі” мен осы заманғы батыс индуизмі “дүниесін” салыстыру кезіндегі осындай басқа да талдаулар тұсында жасалған болатын. Дін әлеуметтануы – осындай зерттеулер үшін ең бір жемісті салалардың бірі болатыны, бұл арада әлеуметтік жағдай парадоксы ерекше сенімді көрінеді. Былай қарағанда құдайлар туралы, ғарыш пен мәңгілік туралы идеяларды, оларды барлық адамзаттық, географиялық және тарихи өзгергіштерге тели отырып, адамдардың әлеуметтік жүйелері қатарына орналастыру мүлдем әдепсіздік секілді. Библеистиканың, ең бір салмақты әсіресе, былайша айтқанда, осы діни феноменнің sіtz іm Leben’ін (сөзбе-сөз “өмірдегі орын” – іс жүзінде біз әлеуметтік жағдай деп атайтын нәрсенің тап өзі) табуға тырысатын бөлігінің эмоциялық “тас кедергілері” осында. Христиан дінін

473 Гране, Марсель (1884–1940) – Француз синологы және әлеуметтанушысы, Ежелгі Қытайдың әлеуметтік құрылымын, тұрмысын, ғұрытарын, дінін қалпына келтіру жөніндегі еңбектердің авторы.

постулаттарының уақыттан тыс сипатын талқылау бір шаруа, ал сол постулаттар, алғашқы христиандық миссионерлер өздерінің жолдауларын алып келген Рим империясының көп тілді қалаларының тарихи-нақты әлеуметтік страталарының тарихи-нақты түңілуімен, кеудемсоқтығымен және наразылығымен қалай сәйкескендігін зерттеу мүлдем басқа. Ол-ол ма, қоғамдағы дін феноменінің өзінің орны жайлы оның саяси билікті заңдастыру немесе әлеуметтік наразылықты (Вебер “азаптану теодициясы” деп атаған нәрсе оның тұсында дін азапты кең мағынасында түсіндіріп, одан бірде революцияшылдық қайнарын, бірде күнәнің жуылуын көреді) әлсірету сияқты өзіндік ерекше әлеуметтік қызметтері тұрғысынан да айтуға болады. Діннің әмбебаптылығы оның метафизикалық дұрыстығымен емес, қоғамдағы дәл сондай қызметімен түсіндіріледі. Мұның үстіне, бүкіл адамзат тарихының барысында орын алған діндарлықты айғақтайтын тәртіп үлгілеріндегі өзгерістерді де әлеуметтанушылық тұрғыдан тәпсірлеуге болады. Мысал үшін бүгінгі батыс әлемінде діндарлықтың таралуын алайық. Көптеген батыс елдерінде шіркеуге баруды абсолютті дерлік түрде таптық тиесілілікпен байланыстырады, атап айтқанда, шіркеуге жүйелі барып тұру орта тапқа тиесіліліктің бір нышаны деп саналады, ал бармау жұмысшылар табына тән делінеді. Басқаша айтқанда адам сенімі (немесе бері салғанда сол сенімді сырттай білдіруі) мен оның жылдық кірісінің арасында белгілі бір байланыс байқалады: кіріс белгілі бір деңгейден төмендеген тұста, айталық, Үштікке сенімнің ықтималдығы төмендей түседі, ал кіріс неғұрлым жоғары болғанда ол “табиғи” нәрсе. Білім әлеуметтануы статистика мен құтқарылу арасындағы байланысты түсіндіруге тырысатын болады, және өзінің түсіндірулерінде сөзсіз әлеуметтану болып қалады, яғни діннің нақты әлеуметтік ортадағы қызметіне сүйенеді. Әлбетте, әлеуметтанушы ешқандай теологиялық проблемаларды шеше алмайды, бірақ есесіне бұл проблемалардың әлеуметтік ваккумда сирек талқыланатынын көрсете алады. Алдыңғы мысалға оралсақ, әлеуметтанушы протестанттық фундаментализмді осынау наным-сенмнің кемірек консервативті нұсқасынан

артық көру керек пе деген мәселеде кеңес бере алмайды, бірақ ол әрбір таңдау нұсқалы әлеуметтік қызметін көрсетіп бере алады. Әлеуметтанушы басқалар үшін олар балаларын сәби кезінде шоқындыра ма, немесе балалар өскенге дейін күте тұруы керек пе деген мәселені шешіп бермейді, бірақ ол әрқилы әлеуметтік қыртыстарда осыған байланысты қандай үміттер таралғанын күтімдер айтып бере алады. Әлеуметтанушы о дүниеде өмір бар ма деп бал ашып жатпайды, бірақ ол, адам қадам басқанда о дүниеге сенген жөн болатын (бері салғанда, сенетіндігін көрсету жөн болатын) өмір салаларын көрсете алады. Осы заманғы кейбір әлеуметтанушылар қоғамда діншілдіктің таралу проблемаларынан тыс осы заманғы өнеркәсіптік өркеният қалыптастырып жатқан жаңа кісі тұрпаты дәстүрлі діни тәртіп стандарттарының сақталып қалуына рұқсат бере ме және бірқатар әлеуметтанушылық және әлеуметтікпсихологиялық факторларға байланысты батыс әлемі христиандықтан кейінгі дәуірге аяқ баспады ма деген сауалдарды көтеруде. Айтпақшы біз қоғамда білім әлеуметтануына қандай орын бөлінетінін көрсету үшін дін саласынан жеткілікті мысалдар келтірдік. Индивид, осылайша әлеуметтік рөлдер мен өзін-өзі ұқсастыруды қоғамнан қалай алса, өз дүниетанымын да дәл солай алады. Басқаша айтқанда, оның сезімі, оның өзі туралы түсінігі қарекеті, сондай-ақ өзін қоршап тұрған дүниеге көзқарасы – қоғам тарапынан беріледі. Бұл жағдайды Альберт Шюц “дүние бұйрық ретінде” деген терминмен білдірді, ол термин дүние туралы өздігінен айдан анық және өздігінен қуатталатындай көрінетін пікірлер жүйесін нобайлайды, ол жүйені өз тарихының барысында әрбір қоғам туындатады. Осындай әлеуметтік тұрғыдан анықталған дүниетаным, бері салғанда ішінара, бізге қоғам сөйлейтін тілде берілген. Білкім, кейбір лингвистер тілдің дүниетанымға ықпалын асыра бағалаған да болар, бірақ тіл, ең болмағанда, оның иесі мен нақты болмыс арасындағы қатынасты орнатуға қатысады дегенге күмәндануға бола қоймас. Біз өзімізге тілті таңдап алмаймыз, оны бізге біздің бастапқы әлеуметтенуімізге жауап беретін нақты әлеуметтік топ таңады. Қоғам

бастапқы символдық аппаратты бізге күн ілгері дайындайды, соның көмегімен біз дүниені танимыз, өз тәжірибемізді ретке келтіреміз, және өзіміздің тіршілігімізді тәпсірлейміз. Дәл сол сияқты қоғам бізге біздің “білімімізді” құрайтын құндылықтарды, логика мен ақпарат қорын (айтпақшы, жалған ақпаратты да) “береді”. Және қоғам таңған дүние көрінісін түп-түгелімен түгілі, тіпті оның жекелеген фрагменттерін де қайта бағалау тіпті де әркімнің қолынан келе бермейді. Шындығында адам жай ғана бұндай қайта баға берудің қажеттілігін сезінбейді, өйткені әлеуметтену процесінде егілген дүниетаным оған өз-өзінен айдан анық болып көрінеді. Қандай да бір немесе басқа көзқарасты, индивид өз қоғамы шеңберінде қатынас жасайтын жандардың бәрі дерлік қолдайтындықтан дүниетаным арнайы қуаттауды талап етпейді. Оның “дәлелденгендігі” басқа адамдардың тұрақты қайталанып отыратын тәжрибесінде жатыр, айтпақшы, олар да оны “бұйрық” ретінде қабылдайды. Білім әлеуметтануының осынау қағидасын қысқаша былай білдіруге болады: нақты болмысты қоғам конструкциялайды. Осылайша білім әлеуметтануы Томастың әлеуметтік дефинциялардың құдіреттілігі туралы пайымын қорытындылап, әлеуметтанушының жанарына әлеуметтік нақты болмыстың сусымалылғын ашып береді. Рөлдік теория мен білім әлеуметтануы әлеуметтанушылық ойдың мүлдем екі түрлі бағыты бболып табылады. Олардың әлеуметтік процестерді түсінудегі ең маңызды жетістіктері әлі күнге дейін ой елегінен, бері салғанда, біртұтас теория ауқымында, шындап өтізілген жоқ, бұл қатарға Толкотт Парсонстың474 әлеуметтанушылық жүйесін қоспаймыз, бірақ ол біздің баяндауымызда талқылау үшін тым күрделі. Бұл екі көзқарас та неғұрлым оңайлатылған пошымда референттік топ475 дейтіннің теориясында – осы саладағы таза американдық жетістіктің тағы бірінде біріктірілді. Референттік топ ұғымын

474 Парсонс, Толкотт (1902–1879) – американ әдіснамасышысы және әлеуметтік ғылымдар теоретигі, әлеуметтанудағы жүйелік-қызметтік талдаудың негізін қалаушы. 475 Референттік (эталондық) топ жайында қараңыз: Шибутани Т. Социальная психология М. 1969.

тұңғыш рет 40-жылдары (XX ғасырдың – Ред.) Герберт Хаймен476 енгізіп, одан әрі американ әлеуметтанушыларының тұтас бір тобының жұмыстарында (олардың арасында Роберт Мертон мен Тимоцу Шибутанидың үлесі ең сүбелеліреі) дамытылды. Ол барынша әртүрлі тұрпаттағы – әскериде, өндірістік те – ұйымдардың қызмет атқаруын зерттеуде пайдалы болып шықты. Индивид тікелей кіретін, және, индивид тәртібінде бағдар етіп алатын референттік топтар айырып көрсетіледі. Біз енді нақ екінші түрге тоқталамыз.. Бұл мағынада референттік топ дегеніміз пікірлері, сенімдері және қарекет тәсілдері біздің төл пікірлерімізді, сенімдерімізді және қарекет тәсілдерімізді қалыптастыруда шешуші болып табылатын адамдар жиынтығы. Референттік топ бізге еліктеу мен салыстыру үлгісін береді. Атап айтқанда, ол бізге әлеуметтік нақты болмысқа ерекше көзқарас береді, ол идеологиялық көзқарас болуы да, болмауы да (жоғарыда айтылған мағынада) мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда біздің топқа адалдығымыздың етене бөлігі болады. Бір кездері “The New Yorker” журналы бір сурет жариялады, онда жақсы киінген колледж студенті демонстранттар коллонасындағы ядролық сынақты тоқтауды талап ететін плакат көтерген хиппи студент қызға сөз салады. Сурет астындағы мәтін шамамен мынадай: “Мен бүгін сені жас консерваторлар клубында көре алмайтын шығармын”. Бұл сурет тым кішкентай емес кез-келген колледж өз студенттеріне ұсына алатын референттік топтар таңдауының кеңдігін көрсетеді. Қандай да бір жаңа байланыстар орнатуды қалайтын студент әртүрлі саяси бағыттарға қосыла алатын, битниктер бас қосуына немесе таңдаулылар тобына жанаса, тіпті әйгілі оқытушы төңірегіне ұйысқан үйірмеге сіңіп кете алатын. Индивид осы нұсқалардың кез-келгенінде өзінің тәртібі мен киінуіне байланысты белгілі бір талаптарға тап болғанын айтып жатудың қажеті бола да қоймас. Өзіңнің сөйлеп тұрған сөзіңе солшылдар жаргонын қыстырып жіберуіңе, жергілікті шаштаразға бойкот жариялауыңа, жағасы кнопкамен түймеленетін жейде киюіңе, мойныңа галстук байлауыңа немесе

476 Хаймен, Герберт – американ әлеуметтік психологы, сұхбат алу техникасы туралы классикалық жұмыстардың авторы.

наурыз айының ортасында жалаңаяқ жүруіңе тура келетін жағдай болуы да әбден мүмкін. Бірақ топтық таңдауы өзімен бірге интеллектуалдық символдар жиынтығын ала жүреді, оларды сол топқа жататындығының белгілері ретінде дабырайтып көрсеткен мақұл: “Natіonal Revіew” немесе “Dіssent” (ықтимал нұсқа ретінде) секілді мерзімді басылымдарға жазасың, ең мықты джаз құлақ тұндыратын бас қосуда Аллен Гинзбергтің477 өлеңдерінен “ләззат аласың”, ең беделді корпорациялардың президенттерінің есімдерін жатқа білесің, метафизикалық ақындарды білмейтінін байқатқан кез-келген міскінді көзге ілмейтініңді, көрсетесің. Голдуотер мәззхабындағы республикашылдық, троцкийшілдік, дзен немесе “жаңа сыншылдық” – жаңа дүниетанымға ие болудың барлық осынау патшалық мүмкіндіктері сенбі күнгі кездесуді сыйлауы немесе, керісінше оны бұйыртпауы, бөлмелестермен қатынасыңды бүлдіруі және бұрын майшамнан шайтан секілді қорыққан адамдарыңмен берік альянс жасау негізін қалауы мүмкін. Кейін әлі бір қыздарды спорттық “ягуар” машинасымен, басқаларын Джон Доннмен478 еліктіру оңай екені мәлім болады. Әлбетте, тек әлеуметтанушы ғана өзінің қаскөй парасатымен “Ягуар” бағыты мен “Донн” бағыты арасындағы таңдаудан бар болғаны стратегиялық қажеттілік ықпалын сезе алады. Референттік топтар теориясы, әлеуметтік байланыстар орнату немесе оларды үзу өзімен бірге когнитивті нұсқауларды ала келетінін көрсетеді. Белігілі бір топқа қосыларда индивид дүниенің осындай да осындай екенін “біледі”. Бір топтан екінші топқа ауысқанда, ол бұрын адасып жүргенін “білуге” тиісті. Әрбір топ дүниеге “өз мұрасынан” қарайды. Әрбір рөлге өзінің дүниетанымдық биркасы түйрелген. Бір немесе басқа топты таңдау ерекше дүниеде өмір сүруге келісу деген сөз. Білім әлеуметтануы бізге әлеуметтік нақты болмысты конструкциялау просесіне жалпы көзқарасты ұсынса, референттік топ теориясы бізге толып жатқан шағын цехтарды көрсетеді, олардың әрқайсысында универсумдар құрылысшыларының өз бригадасы

477 Гинзберг, Аллен (1926 ж. туған) – американ битниктері ұрпағының ақыны. 478 Донн, Джон (1573–1631) – ағылшын ақыны, Метафизикалық мектептің басшысы.

ғарыштың төл моделін жасап жатады. Осы процестің негізінде, біз рөлдік теорияны қарастырған тұста байқаған әлеуметтік-психологиялық динамиканың нақ өзі, яғни қарабайыр адами қажеттілік – басқалардың қабылдауы, соларға жатындылық басқалармен бір дүниеде өмір сүру қажеттілігі жатыр деп ойламаймыз. Топтық пікірдің тіпті физикалық объектілерді қабылдауға ықпалын анықтау мақсатында әлеуметтік психологтар жүргізген кейбір эксперименттер бізге сол қажеттіліктің еңсерілмейтіндігі түсіну мүмкіндігі береді. Эксперименттік топтағы индивид өзінің алдында тұрған ұзындығы, айталық, 30 дюйм затты көрсе, ал топтың барлық мүшелері заттың ұзындығы 10 дюймнен аспайды деп табандап тұрып алса, онда индивид ақырындап өзінің бастапқы дұрыс бағасын өзгерте бастайды. Саяси, этикалық немесе эстетикалық мәселелер бойынша топтық пікірдің әлдеқайда көбірек ықпал жасайтындығына таң қалмауымыз керек, өйткені олардың қысымын сезінетін индивидтің, саясаттағы, эстетикадағы немесе этикадағы “өлшеу құралы” қолдану мүмкіндігі жоқ. Индивид тіпті мұны жасауға тырысқанның өзінде, топ міндетті түрде оның өлшемі ең сенімді өлшем екендігін теріске шығарады. Бір топта сенімді деп саналатын өлшем, екінші бір топта надандықтардың айғағы болып танылады. Кімге лағнет жаудыру, кімді әулиелер санатына жатқызу өлшемдері бірін-бірі алмастыра береді. Құдайды ойын бойынша әріптестен таңдағандай таңдайды. Бұл тарауда біз әлеуметтанушылық ойдың кейбір бағыттарының көмегімен адам ішіндегі қоғам мен қоғамдағы адам картинасын құрастырдық. Қоғамның ғаламат абақты секілді бейнесі дәлдей түсуге мұқтаж екендігі енді айдан анық болып отыр: қамалған адамдар топтарының өздері абақты қабырғаларының бүтін күйінде қалуын ойлайды. Біздің қоғамда қамалуымыз өзіміздің тарапымыздан да, сыртқы күштер тарапынан да ықпалға ұшырайды екен. Әлеуметтік нақты болмыс туралы түсінікті пердесі бар марионеткалар театры секілді елестету неғұрлым жөн болар еді, перденің тасасында қуыршақ театрында қойылмақ трагикомедиядағы өздеріне бекітілген шағын рөлдерін репитициялап жатқан сахнада әрлі-берлі шапқылап жүрген қуыршақтардан

жоғарыға тартып қойылған сым ішектер бар. Алайда бұл арадағы аналогия тіпті де толық емес қуыршақ Пьероның ырқы мен санасы жоқ, ал өз рөлін қоғамның “сахналарында” өзі ойнайтын Пьеро бәрінен де сценарийде өзіне белгілі бір тағдыр даярлауын қалайды, және оның соны қалай бастан өткеру жөніндегі, бүтін бір философиялық жүйесі бар. Осы тарауда талқыланған құбылыстарды нобайлау үшін әлеуметтанушылар қолданатын өзекті термин – “интериориялау”. Әлеуметтену процесінде бала әлеуметтік дүниені интериориялайды. Нақ сол процесс, тегінде, сапа жағынан қарқыны кем болса да, ересек адамды жаңа әлеуметтік тінге немесе жаңа әлеуметтік топқа қабылданғанда әрбір жолы болады. Осылайша, қоғам тек біздің “сыртымызда” ғана емес, ішкі болмысымыздың бір бөлігі ретінде “ішімізде” де болады. Интериориялау процесін түсіну ғана сыртқы қадағалаудың пошымдарының көшілігі қоғам адамдардың басым көпшілігіне олардың бүкіл дерлік өмірінің өн бойында ықпал ететіндігінің адам сенбессіз фактысын ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Қоғам біздің қозғалыстарымызды тек қадағалап қана қоймайды, ол біздің өзімізді-өзіміз ұқсастыруымызды, ойларымызға және сезімдерімізге пошым береді. Біздің теріміз – қоғам үшін кедергі емес: ол біздің ішімізге енеді және сыртымыздан тұмшалап қояды. Қоғам бізді жаулап алу нәтижесінде емес, бәтуаласу нәтижесінде құл етеді. Бірақ бізді өзіміздің әлеуметтік табиғатымыз әлдеқайда жиірек жарға соқтырады. Қамақ қабырғалары біз сахнаға шыққанға дейін болған, және өзіміздің тұтқындаулымызға жәрдемдесіп, біз өзіміз оларды жаңартып отырамыз. 6. Қоғам драма ретінде

Егер алдыңғы тараудағы біздің әңгімеміз ойдағыдай болса, оқырман бойында әлеуметтік клаустрофобия479 деп атауға әбден болатын түйсік туындауы мүмкін еді. Бұндай жағдайда оқырманның автордан әлдене жұбанышты – толып жатқан әлеуметтік детерминанттар алдында адам

479 Клаустофобия (мед.) – қамалудан қорқыныш.

бостандығын орнықтыруды талап ету құқығын мойындауға болады. Алайда мұндай пайым әлеуметтік уәждер шеңберінде a prіorі480 кейбір қиындықтармен байланысты, және ілгерілей жөнелуден бұрын соларға қысқаша тоқтала кету қажет. Бостандықты эмпириялық жолымен тану мүмкін емес. Дәлірек айтсақ, біз оны басқа айдан анық нәрселермен қатар, әлдене айдан-анық бір дене ретінде түйсіне аламыз, бірақ оның бар екенін ешқандай эмпириялық әдіспен дәлелдей алмаймыз. Егер Кантқа сенсек, бостандықты таза парасат операцияларына негізделген философиялық әдістердің көмегімен де ұтымды ұғыну мүмкін емес. Бостандықтың ғылыми түсіну үшін қолға түйспейтіндігі, бұл феноменнің түсінілмейтіндігімен емес (түсінілмейтін нәрселер бізге күн сайын кездеседі), ғылыми әдістердің шектеулігімен түсіндіріледі. Эмпириялық ғылым белгілі бір жорамалдар шеңберінде операциялар жасауға мәжбүр, солардың бірі әмбебап себептілік жорамалы болып табылады. Ғылыми зерттеу объектісіне айналатын нәрсенің бәрі, алдыңғы себептің бар болуын топшылайды. Өз өзінің себебі болатын объект (немес оқиға) ғылыми таным қол жеткізе алатын нәрседен әрі жатыр. Ал бостындық нақ сондай қасиетке ие, сондықтан да ешқандай ғылыми зерттеулер “бостан” қасиетіне ие феноменді ешқашан ашып бере алмайды. Индивидтің субъективті санасы бостандықты көретін нәрсе, ғылыми схемада себептік тізбектің тек бір буыны ғана болмақ. Бостандық пен себептілік қисын жағынан керғарлықты құрамайды. Соған қарамастан олар мүлдем бөлек координаттар жүйелеріне жатады. Ғылыми әдістер шығарып тастап отыру әдісімен бостандықты ашуға жеткізеді деп, ол әдістің көмегімен көзге ұрып тұрған себебі жоқ, бостандық деп жариялауға болатын әлдене қалдық феномен алынғанша себептерді бірінен соң бірін қордалай берудің сәті түседі деп күту бос әурешлік. Бірақ бостандық – себебі болмайтын нәрсе емес. Ғылыми болжамдардың айтқаны келмеген оқиғаларды қарастыра отырып та бостандықты ұшырата алмайсың. Бостандық – болжам білуге болмайтын нәрсе емес. Вебер көрсеткендей, егер бұл солай болса, онда

480 78-ескертпені қараңыз.

жынданған адам дүниедегі ең бостан адам болар еді. Өзінің төл бостандығын түсінетін индивид себептілік дүниесінен шығарып тасталмайды, қайта, өзінің төл ырқын басқа себептерден бөлек, себептің өзі санасуға тиіс аса өзіндік ерекше категориясы деп қабылдайды. Бірақ бұл өзгешелікті ғылыми жолмен дәлелдеуге болмайды. Бұл арада бір салыстыру пайдалы болуы мүмкін. Бостандық пен себептілік – бір-біріне кеерғар емес, қайта, салыстыруға жатпайтын ұғымдар бұл пайдалылық пен сұлулықтың бір-біріне кереғар еместігі секілді. Бірі екіншісін қисын жағынан жоққа шығармайды, бірақ біреуінің нақты болуын екіншісінің нақты болуын дәлелдеу жолымен дәлелдеу мүмкін емес. Нақты бір объектіні, айталық, жиһаздың қандай-да бір затын аалйық та, оның адам тұрмысы үшін пайдалылық өлшеміне сай келетініне көз жеткізейік – оған отырады, соның үстінде тамақ ішеді, ұйықтай немесе тағы бірдеңелер жасайды. Алайда оның пайдалылығының дәлелденуіне қарамастан, біз бұл зат әдемі ме деген сұрақтың жауабына жақындай алмаймыз. Басқаша айтқанда, таным утилитарлық және эстетикалық көзқарастар мүлдем салыстырыла алмайды. Қоғамға ғылыми тұрғыдан қарау кезінде, адамзат әлемі – себептілік бойынша жабық жүйе деген ой жүйесіне a prіorі481 жол беретін тәсілмен ұшырасуға тура келеді. Басқаша ойлау – ғылыми әдістің шеңберінен шығып кету деген сөз. Бостандық себептің ерекше түрі ретінде, a prіorі482 жүйеден шығарып тасталады. Әлеуметтік феномендерді зерттей отырып, ғалым бірдебірінің айрықша онтологиялық статусы жоқ себептердің шексіз регресінің болатынына жол беруге тиіс. Қандай да бір құбылыстың себебін әлеуметтанушылық категориялардың көмегімен түсіндіре алмаған мұны басқа тәсілмен жасауға тырысады. Егер оған саяси себептер жеткіліксіз болып шықса, онда ол экономикалық себептерді табуға тырысады. Ал егер аталмыш феноменді түсіндіруге қоғамдық ғылымдардың бүкіл тұжырымдамалық аппараты жарамсыз болып шықса, онда ол басқа ғылымның, айталық,

481 78- ескертпені қараңыз.
482 78- ескертпені қараңыз.

психологияның немесе биологияның аппаратына көшеді. Бірақ бұл орайда ғалым ылғи да ғылыми таным шеңберінде ғана ілгерілейтін болады, ол себептердің жаңа буындарын ашады, алайда бостандықты таппайды. Бостандықты өзіңде де, басқа адамда да анық көрудің әдістері жоқ, тек ішкі субьективті сенімділік бар, ол өзіне ғылыми талдау аспабын қолдана бастаған бойда әпсәтте ғайып болады. Автордың бұл арада бір позивитік кредоға аталмыш деп сендіру ниетінен шалғай жатқан ештеңе жоқ, ол кредо әлеуметтік ғылымның кейбір американдық өкілдері арасында әліде модадан қалған жоқ, олар нақты болмыстың ғылыми зерттеуге көнетін фрагменттеріне ғана сенеді. Позитивизмнің мұндай тегі, сөзсіз дерлік интеллектуалдық тағылыққа ұрындырады, оны бихевиористік психологияның таяудағы тарихы тамаша паш етті. Алайда егер біз интеллектуалдық тамағымыз өз тазалығынан мүлдем айрылып қалуын бәрібір қаламайтын болсақ, онда koscher483 асханасын ұстануымыз, яғни субъективті көз ашылудың сүтін ғылыми тәпсірдің етіне қаймауымыз керек. Бұндай бөлу біз тек еттен немесе сүттен жасалған тамақты жеуіміз керек деген сөз емес, тек оларды бір тағамда араластырудан тартынуымыз қажет. Бұдан шығатыны, егер біз өз баяндауымызда әлеуметтанушылық, яғни ғылыми, координаттар жүйесін ең қалайда айрылмағымыз келсе, онда бостандық туралы жалпы тіл әңгіме қозғай алмаймыз. Бізге оқырманның клаустрофобиядан құтылуды өз қолына беруге тура келер еді. Бірақ, несібемізге орай, бұл жолдар әлеуметтанушылық журналда жариялануға немесе рәсімдік жиналыста кәсіп бойынша әріптестеріміздің алдында оқуға арналмағандықтан, біз диетаны сәл-пәл бұзып қана қоймаймыз, екі тағамды бірден асауға кірісеміз. Біріншіден, адам тіршілігінің әлеуметтанушылық моделінің ішінде қала отырып, сыртқы және ішкі қадағалау біз бұрын суреттегендей, соншалықты сөзсіз қашып құтылғысыз бола алатынын көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, біз қатаң ғылыми координаттар жүйесінен шығып кетіп, бостандықтың

483 Kosher (нем.) – кошерлік; иудаизмде – рәсімдік тазалық.

нақтылығын постулаттауға тырысамыз, содан кейін осы постулат тұрғысынан әлеуметтанушылық модель дегеніміздің не екендігін байқап көреміз. Бірінші тағамды жей отырып, біз өзіміздің әлеуметтік танымымыздағы тағы бірнеше штрихты ашып береміз. Екінші тағамнан дәм таба отырып, соқпағына әлеуметтанушылық әлдене жаңа гуманистік көзқарас алуға тырысамыз. Алдыңғы тараудың соңына оралайық, қоғамның қызметіне әрбір индивидтің тікелей қатысуы оның әлеуметтік тұтқындалуының шарты болып табылады дегенді кесіп айтқанбыз. Бұл қызметтің табиғаты қандай? Бұл сұраққа жауап берерде біз тағы да Томастың ахуалды анықтау проблемасына жүгінеміз. Енді біз, қоғамның сыртқы және ішкі қысымы қандай болмасын, көпшілік жағдайларда бір немесе басқа нақты ахуалға анықтама беретін адамның өзі (немесе, бері салғанда, солардың бірі) болуы керек дегенді кесіп айта аламыз. Мұның өзі, алдыңғы тарихына қарамастан, нақты дефинцияның тағдыры бір немесе өзге ынтымақтастық актысына қатысушының индивидуалдық келісуіне тәуелді деген сөз. Әлеуметтану шеңберінде бұл проблемаға көзқарастың басқа – веберлік жолы да бар, онда әлеуметтік болмысқа дюргеймдік көзқарасқа жақсы қарсы салмақты көруге болады. Макс Вебердің әлеуметтануын басқа бағыттармен салыстыра отырып, Толкотт Парсонс оны “волюнтористік” деп атады. Бостандық идеясына жол беру үшін веберлік ғылым методологиясы тым кантшылдық болғанымен, Парсонстың термині, Вебер әлеуметтік қарекеттің (Дюргеймде бұл өлшемге ешқандай көңіл бөлінбегендігінен өзгеше) субъективтік мағында берген маңызды жасқы атап көрсетеді. Өзіміз көргеніміздей, Дюргейм әлеуметтік нақты болмыс сыртқы сипатына объективтілікке және “заттылығына” (бұл арада схоластикалық “quіddіty”484 терминін қолданғың-ақ кеп тұрады) ерекше мән береді. Вебер, керісінше, әрбір әлеуметтік ахуалға оған қатысатын қайраткерлер енгізетін субъективті мағыналардың мәндердің маңыздылығына ұдайы атап көрсетіп отырады. Әлбетте, Вебер қоғамда іс жүзінде болып жататын нәрсе сол қайраткерлер көздеген немесе ойластырған нәрседен

484 Quіddіty (ағыл.) – мәніс.

барынша өзгеше болуы мүмкін екендігін ескерте кеткен болатын. Соған қарамастан, ол аталмыш толығымен субъективті өлшем адекватты әлеуметтік тәпсірлеу үшін міндетті түрде қаперге алынуын талап еткен болатын, басқаша айтқанда, әлеуметтік тәпсірлеу қоғамда бар мағыналар тәпсірін қамтиды. Осы көзқарас тұрғысынан, әрбір әлеуметтік ахуал оған әрқилы қатысушылар енгізген мағыналарды өндіруден қолдау тауып отырады. Әрине, мағыналы дәстүрмен және келісумен белгіленген ахуалды барып қабылдаған нұсқадан өзгеше дефиницияны ұсынуда жеке индивидтің табысқа жете қоюы екіталай екендігі айқын. Алайда, тым болмағанда, ол одан аулақтауын жүзеге асыра алады. Қоғамда маргиналды тіршілік ету мүмкіндігінің өзі-ақ барша қабылдаған мағыналар өзінің мәжбүрлеуші қуатында бет қаратпас еместігін айғақтайды. Индивидтер өз айналасына ізбасарларының біразын жинап, ең болмағанда олардың ең жақындарын айналадағы дүние туралы қоғамда қабылданғаннан бөлек тәпсірді мойындата алған жағдай бұдан да көбірек қызығушылық туғызады. “Дүниені ьұйрық ретінде” әлеуметтік қабылдауды көктеп өтудің осынау мүмкіндігін Вебер харизма теориясында талдап әзірледі. Жаңа Өсиеттен алынған “харизма” термині (айтпақшы, онда бұл термин тіптен басқа мағынада қолданылады), әлеуметтік үстемдіктің дәстүрге немесе заңға емес, индивидуалдық лидердің әдеттен тыс күшті ықпалына негізделген тұрпатын нобайлайды. Харизмалық лидердің прототипі белгіленген тәртіпті өзіне Құдай аян еткен әлдене ең жоғарғы билік арқасында күлталқан ететін діни пайғамбар болып табылады. Будда, Иса және Мұхаммед секілді тарихи тұлғаларды еске түсірейік. Алайда харизма дүниауи өмірде де, әсіресе саясатта тіршілік ете алады. Бұл арада Цезарьды немесе Наполеонды еске түсіру орынды. Өзін белгіленген тәртіпке кереғар орнықтыралтын мұндай харизмалық үстемдіктің шамалас пошымын талай рет қайталанатын формасын “не айтылғанын естідіңіздер… Бірақ сіздерге Мен айтайын...” деген пайымдардан табуға болады. Осынау “бірақ” сөзінде бұрын матап келген нәрсенің бәрін әділет бойынша талқандауға үндеу жатыр. Әдетте, Харизмада жазмыш күшіне қарсы

барынша жалынды қарсылық жатады. Ол ескі мағыналарды жаңаларымен алмастырылады және адам тіршілігіне қатысты негізгі алғышарттарды түбегейлі қайта анықтайды. Харизманы бізге алдыңғы оқиғалармен ешқандай байланыссыз келетін және оның пайда болуының әлеуметтік тініне тәуелсіз болатын әлдене ғажайып ретінде түсінбеу керек. Тарихта өткеннен тәуелсіз болатын ештеңе жоқ. Оның үстіне, Вебер егжей-тегжейлі талдап әзірлеген харизма теориясынан көрінетініндей, харизмалық қозғалыстың әдеттен тыс жалындылығы, тек сирек жағдайда ғана бір ұрпақтан ұзағырақ сақталған. Вебердің сөзі бойынша, харизма шарасыз сөзсіз “таптаурындылыққа” айналады, яғни қоғам құрылымдары бойынша барған сайын кемірек радикалды пошымдарда “жайылады”. Пайғамбарлардан кейін папалар, революционерлерден кейін әкімдік жасаушылар келеді. Діни немесе саяси революциялардың ұлы катаклизмдері артта қалып, адамдар, былайша айтқанда жаңа тәртіп тұсында өмір сүре бастаған кезде, болып өткен өзгерістер бастапқыда елестетілгеніндей соншалықты жаппай болмағаны сөзсіз байқала бастайды. Бүліншілік жалыны сөне бастаған жерде, экономикалық мүдде және саяси кеудемсоқтық пайда болады. Бұрынғы дағдылар өзін тағы да мәлімдеп, харизмалық революция туындатқан жаңа тәртіп, соншалық өшпенділік жойылған ancіen regіme’мен485 баз кештіретін ұқсастық таба бастайды. Индивид қолдайтын құндылықтарға қарай бұл оны торықтыру немесе үрейлендіре алады. Ал бізді көтерілістердің ұзақ мерзімді тарихи перспективадағы пайдасыздығы емес, ең алдымен солардың, мүмкін болуының өзі қызықтырады. Осыған байланысты мынаны ескерте кету керек, харизманың шолақ ғұмырлы екендігін түсінетіндігіне қарамастан, Вебер оны тарихтың негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырды. Харизманың “таптаурындалу” барысында ескі шаблондар қаншалық күшті байқалғандығына қарамастан, дүние ешқашан дәл бұрынғысындай болған емес. Тіпті жасалған өзгерістер, революционерлер қалағандай және үміттенгендей қаншалықты орасан зор болмаса да, олар бұдан

485 Ancіen regіme (лат.) – бұл арада: бұрынғы (ескі) режим.

кеміп қалған емес. Кейде тек ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана, іс жүзінде олардың қаншалықты терең болғандығы анықталып жатады. Тарихтағы контрреволюционерлердің барлық тыраштануы бос әурешілік болғандығы міне сондықтан, бұған мысалы, Триденттік Собор486 немесе Вена Конгресі487 айғақ. Тарихтан алаынтын тағлым біздің әлеуметтанушылық көзқарас үшін қарапайым, тіпті үйреншікті болғанымен, бірақ содан теңдестірілген картина үшін елеулілігі кеміп қалмайды: жазмыштылық Левиафанын қиналмай-ақ ортаға шақыруға болады. Нақ сол ойды теріс те білдіруге болады: біз тарихпен істес болудан бас тарта аламыз. Қоғамға дюргеймдік және соған ұқсас көзқарастарда орын алған тарихтың тойтарылмас адуындығы әсері ішінара тарихи процестің өзіне жеткіліксіз көңіл бөлінетіндіктен туындайды. Бүгінде бір немесе өзге әлеуметтік құрылым қаншама мызғымастай болып көрінсе де, ол баяғыдан бері сондай болмаған. Оның тарихының әртүрлі кезеңдерінде оның сипатты белгілерінің әрқайсысының адамдар – харизмалық фанатиктер, епті алаяқтар, жаулап алушы-батырлар және де, жай ғана билігі бар, шоу-спектакльді осылай жалғастыру жақсырақ деп шешкен адамдар ойлап тапқан. Барлық әлеуметтік жүйелерді адамдар жасаған сондықтан оларға солар өзгерістер енгізе алады. Алдыңғы тарауда қарастырылған қоғам көзқарастардың (тағы да атап көрсетейік, олар бізге әлеуметтік нақты болмыс туралы жеткілікті сенімді түсінік береді) бір кемшілігі олардың координаттар жүйелерінің шеңберінде қала отырып, қоғамдағы өзгерістер туралы айтудың өте қиындығында. Міне нақ осы арада веберлік көзқарастың тарихи бағдары тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілетті. Қоғамға дюргеймдік және веберлік көзқарастар қисын тұрғысынан бірбіріне кереғар емес. Олар жай ғана антитеза құрастырады, өйткені олардың басты назары әлеуметтік нақты болмыстың әртүрлі қырларына ауған. Қоғам

486 Тридент соборы XVІ ғасыр ортасындағы католиктер шіркеуінің әлемдік соборы, контрреформация дәуірінде католицизмнің доктринасы мен шіркеулік саясатын белгілеген. 487 Вена конгресі (1814–1815) – Наполеон басқарған Франциямен соғыстың аяқталуынан кейін өткен халықаралық конгресс. Конгрестің ең басты мақсаттарының бірі құлат.ылған династиялар мен «ескі» тәртіпті қалпына келтіру болды.

объективті факт болып табылады, ол бізді қалыптастырады және тіпті мәжбүрлейді деу мүлдем дұрыс болады. Бірақ біздің ой елегінен өткерілген қарекеттеріміз қоғам ғимаратын ұстап тұруға жәрдемдеседі және оны өзгертуде өз рөлін атқара алады деу дәп солай дұрыс. Осынау екі пайымдауда әлеуметтік тіршіліктің парадоксы бар: қоғам бізді анықтайды, ал біз, өз кезегімізде, қоғамды анықтаймыз. Аталмыш пардоксқа бұрын да ишара жасап, қоғаммен құпия мәсіле және ынтымақтастық туралы айтқанбыз. Біз қоғамға осы позициялар тұрғысынан қарағанымызда, қоғам бізге бұрынғы көрінгендегіден әлдеқайда нәзік болып көрінеді. Адам болуымыз және өзіміздің Менбейнемізді, яғни өзіімізді-өзіміз ұқсастыруды қалыптастыруымыз үшін бізге қоғамның мойындағаны қажет. Ал қоғамға, тіршілік ету үшін, адамдар тарапынан мойындау қажет. Басқаша айтқанда, тек біз ғана емес, қоғам да анықтама бойынша тіршілік етеміз. Оның нақтылығын мойындаудан біздің бас тартуымыз өз нәтижесін бергенше, ол біздің әлеуметтік кеңістіктегі орнымызға сүйенеді. Құлдың құлдықты қабылдаудан бас тартуының оған жәрдемі шамалы, ал мұны оның қожайындарының бірі жасаса, гәп басқаша болады. Бірақ құл иеленуші жүйелер тіпті ең тұлдырсыз құрбандарының тарапынан жасалған қарсылыққа әрқашан зорлық-зомбылықпен жауап беріп отырған. Сондықтан да қоғамда, барлық жағынан алғанда, жаппай дәрменсіздік те, жаппай билік те жоқ. Бұл дүниенің әлділері мұны мойындайды, сондықтан қадағалау құралдарын ұқыпты қолдануға тырысады. Бұдан шығатыны қадағалау жүйесіне ол қадағалауға тиістілер тарапынан тұрақты қуаттап отыру қажет. Жүйені бұндай қолдаудан айырудың толып жатқан тәсілдері бар, олардың әрқайсысы, ресми анықтама бойынша, қоғамға қатер төндіреді. Біз өзгертудің, шеттетудің және манипулияция жасаудың сол тәсілдерін қарастырамыз. Харизма туралы айтқанымызда, біз әлеуметтік дефинциялардың өзгерістері қалайша болатындығын көрсеткенбіз. Әрине, харизма қоғамға өзгеріс енгізетін бірден-бір фактор болып табылмайды, бірақ әлеуметтік өзгерістердің кез-келген процесі нақты болмыстың жаңа дефинцияларымен

байланысты. Дефинциялардың кез-келген жаңартылуы біреу-міреу өзінен күтілетіннен басқаша қимылдай бастады деген сөз. Қожайын өзінің құлынан тәжім етуді күтеді, оның орнына тұмсығымен жұдырық иіскейді. Әлбетте, тек мұндай инциденттердің жиілігіне қарап, біз, әлеуметтік терминдерді қолдана отырып, индивидуалдық “ауытқу” немесе әлеуметтік “ыдырау” туралы айтатын боламыз. Егер индивид экономикалық құқықтарыдың әлеуметтік дефинцияларын мойындаудан бас тартса, онда біз қылмыстық құбылысқа тап боламыз, дәлірек айтсақ – ФТБ (Федералдық тергеу бюросы) статистиктері “меншікке қарсы қылмыс” санатына жатқызатын ауытқу актыларының бірімен ұшырасамыз. Бірақ егер саяси басшылық басқаратын бұқара бас тартса, онда біз революцияға тап боламыз (ол социалистік тәртіп орнату пошымында немесе неғұрлым қанағатшыл пошымда – түбегейлі жаңа салық жүйесін орнату болсын, бәрібір). Қылмыстар секілді индивидуалдық ауытқулардың және революцияның тұрпатындағы әлеуметтік жүйені кең ауқымды ыдырату мен қайта құру арасындағы әлеуметтанушылық айырмашылықтар айдан анық. Алайда, құбылыстардың осынау екі тұрпаты да сыртқы және (қажет болған жағдайда) ішкі ықпалдарға қарсылықтың мүмкін екендігін көрсететіндігін атап өту маңызды. Шынында да, революцияларды зерттей келе, біз ескі тәртіпке қарсы сыртқы қарекеттердің алдында ішкі адалдық пен лоялдылықтың іріпшіруі сөзсіз болатынын байқаймыз. Король бейнесі оның тағынан бұрын күйрейді. Француз революциясының алдындағы король алқасының тарихы мен Ресей революциясының адуандығы Распутин оқиғасын айтылған нәрсенің лайықты дәлелі деп санаған Альберт Саломонға сілтемемен шектелейік. Бір кездері Оңтүстік штаттарда басылмай қойған алалауға қарсы антинәсілшілдік қимылдар алдында да ұзақ процестер жүріп жатты, олардың барысында негрлердің әлеуметтік рөлдерінің ескі дефинциялары олардың өз бастарында күйреп, бүкіл ұлт алдында абыройдан айрылды (мұнда, орайы келгенде айта кетелік, ғалымдар ішінде күнгейлік ғалымдар аз рөл атқарған жоқ). Басқаша айтқанда, зорлық-зомбылық әлеуметтік жүйелерге енгізілгеннен көп бұрын бұқараның сыйламауы мен менсінбеуі оны идеологиялық қолдаудан айырады.

Әлеуметтік нормаларды мойындамау және оны қайта тұжырымдау әрқашан революцияға апарып соқтырады. Бұрынғы дефинциялардың өзгеруі немесе оларды қабылдаудан бас тарту орын алатын неғұрлым қарапайым ахуалдар мысалдарын да келтіруге болады. Әлеуметтік саботаждың шебер өнерінің тамаша оқулығы болып табылатын, ағылшын әзілкеші Стивен Поттердің тым ғылыми емес еңбектеріне жүгінейік. Поттер “plоy”488 деп атайтын нәрсе, ахуалға ортақ үміттерге кереғар анықтама берудің техникасынан басқа түк те емес, және де бұл басқа қатысушыларды оқыс дағдартып, оларды дер кезінде, лайықты тойтарыс беру мүмкіндігінен айыру үшін жасалады. Пациент телефонмен қоңырау шалу туралы басқалармен алдын-ала келісіп алады да, өзінің емдеуші дәрігерінің қабылдау бөлмесін офиске айналдырып жібереді; Англияға келген американ турисі қонақжай ағылшынға британ астанасының көрнекті орындары жөнінде ұзақ әңгіме айтып береді; үйдің шіркеуге бармайтын қонағы қожайындардың жексенбілік мінәжатқа бару тәртібін орындамауға табандатқан күш салып, өзінің құпия діни-эзотериялық ұстанымдарын, тегінде, оның басқаларға қосылуына рұқсат бермейтін ұстанымдарын тұспалдап бағады – осының бәрін ойдағыдай жүргізілген микроәлеуметтанушылық саботаж деп атауға болады. Әрине, ол Ұлы француз революциясының прометейлік bouleversements’мен489 салыстырғанда түкке татымайды, алайда әлеуметтік ұдайы өндіріс фабрикасының туа біткен сусымалылығын оан кем көрсетпейді. Егер оқырманға оның моральдық соқыр сенімдерді рұқсат етсе, онда ол қиналмай-ақ Поттердің әлеуметтанушылық қирату техникасының беріктігіне көз жеткізе алады (оны Мэдисон Авеню алдында тиісті кешірім сұрай отырып, келіспеуді конструкциялау деп атауға болады). Нью-Йорктегі коктейль ұсынылатын қандай да бір кешкі сауықта өзіңіздің ішімдікті татып алмайтын адам ретінде, немесе методистік шіркеу мүшелерінің пикнигінде әлдене мистикалық культке мойынсұнған адам ретінде, яки бизнесмендердің сәскелік тамақтануы кезінде

488 Ploy (шотл.) – қулық, алдау.
489 Bouleversements (фр.) – дүрбелең.

психикалық талдаушы ретінде көрсетуге тырысып көрііз, сонда сіз тез арада нақты пьесаға жарамайтын кез-келген драмалық кейіпкердің енгізілуі, басқа актёрларға елеулі қатер болып төнетініне көз жеткізесіз. Мұндай эксперименттер біздің қоғамды елестетуімізді: зәреңді ұшыратын зілмауыр гранит ғимаратының панорамасынан папье-машадан жасалған қуыршақ үйге дейін, күтпеген әрі толық өзгертуге апарып соқтыруға қабілетті. Мұндай метаморфоза қоғамның мызғымастығы мен әділеттілігіне шексіз сеніп келгендерді абдырата алады, есесіне қоғамды алыпқа, және де әрқашан дос пейілді бола бермейтін алыпқа теңейтіндерге жеңілдік бере алады. Мысалы, алыптың жүйке тамырының лүпілінен азап шегетінін білу жанға жағады. Егер әлдекім қоғамды өзгерте алмайтын болса, немесе, керісінше, жасырын түрде оған қарсы қимылдайтын болса, ол қоғамнан ойша аулақтай алады. Әлеуметтік қадағалауға қарсылық әдістерінің бірі ретінде аулақтау амалы бері салғанда Лао-Цзы490 заманында пайда болып, стоиктер оны қарсыласу теориясына дейін дамытты. Қоғам сахнасынан діни, интеллектуалдық немесе көркемдік өрісіне кететін кісі, ерікті аластауға өзімен бірге бұрын қоғамның қолынан алған тілді, өзін-өзі ұқсастыруды және білім байлығын ала кетеді. Алайда, айтарлықтай психологиялық шығындар құнымен болса да, өзінің парасаты үшін қамал тұрғыза алады, одан күнбе-күн шықпау қоғам тарапынан үміттерге назар бөлмеуге мүмкіндік береді. Біреу-міреуге осындай мұнара салып алудың сәті түскен бойда бұл ғимараттың интеллектуалдық конструкциясын, индивидті қоршаған әлеуметтік жүйе мен әлеуметтік ортаның идеологиясы емес, индивидтің өзі қалыптасатыра бастайды. Егер де біреу-міреу осы тірлікке қосылса, онда сөздің нағыз төте мағынасында антиқоғам құру мүмкіндігі пайда болады да, оның басқа “заңды” қоғаммен өзара қатынасын дипломатикалық минимумға дейін саюға болады. Айтпақшы, мұндай жағдайда, сөз орайында айта кетейік, аулақтаудың психологиялық салмағы да айтарлықтай жеңілдейді.

490 Лао-Цзы – Ежелгі Қытай даосизмнің аты жартылай аңызға айналған негізін қалаушы, оған «Дао дэ цзин» трактаты (б.э.д. XІ ғ.) телінеді.

Девианттық немесе аулақтатылған дефинициялар негізінде корструкцияланған антиқоғам секталар, культтар, “өз ортасы” және басқа топтар пошымында тіршлік етеді, оларды әлеуметтанушылар субмәдениет деп атайды. Осындай топтардың нормативтік және когнитивтік оқшаулығын көрсету үшін “астыртын дүние” деген термин көбірек лайық болар еді. Діни сектанттықтың әлеуметтік мағынасын көрнекі сипаттау үшін қолданған Карл Майердің сөздерін шамалы өзгертіп, девианттық мағыналар мен мәндердің астыртын дүниені оқшауланған арал ретінде, қоғамның өз ішінде тіршілік етеді деуге болады. Осындай дүниеге сырттан келіп кіретін индивидке оның мүлдем өзге ұғымдар дүниесіне келгендігін табанды түрде сездіріп отырады. Эксцентристік діншілдік, қауіпті саясат, оғаш сексуалдылық, заңмен тыйым салынатын ләззат – осы құбылыстардың кез-келгені қоғам тарапынан физикалық та, идеологиялық та қадағалаудан мұқият қорғалатын өзінің “астыртын тірлігін” туындата алады. Мәселен, осы заманғы американ қаласы өзінің ішіне қоғамның көзінен мұқият жасырылған ерекше тілде сөйлейтін теософтардың, троцкистердің, гомосексуалистер мен нашақорлардың астыртын дүниелерін сыйғыза алады, олардың әрқайсысы төл түсініктерінің негізінде әу бастан өзге дүниелерден шексіз алыс дүниені құрап алады. Осы заманғы қалалық өмірдегі бірін-бірі жыға танымау және қозғалыс бостандығы сондай астыртын дүниелер құрылысын айтарлықтай жеңілдетеді. Алайда, ақыл-естің соншалық бүлікшіл емес конструкциялары да индивидті өзі өмір сүретін қоғамның дефинциялар жүйесінен босата алатынын атап көрсету маңызды. Математиканы, теориялық физиканы, астрологияны немесе зороастризмді ынты-шынтысымен зерттейтін адам, өзінің мүддесін көздей жүріп, экономикалық тұрғыдан күн көре алатын кезінде қоғамның үйреншікті талаптарына тым көңіл аудара бермеуі әбден мүмкін. Ондай индивидтің ой жүйесінің құрылысы оның айналасындағы дүниенің үйреншікті интеллектуалдық үлгілері жөнінде өте жоғары автономдық дәрежесіне ие екендігі одан да маңызды. Математиктер қоғамында айтылатын тосты еске түсірейік: “Тіпті ол ешкімге әрі ешқашан пайда келтірмесе де – таза математика

үшін!”. Астыртын дүниенің бұл түрі жалпы қоғамға қарсы көтеріліс нәтижесінде туындамайды, бірақ соған қарамастан, ол автономды интеллектуалдық универсум құруға жетелейді, оның ішінде индивид олимпиялық оқшаулықта өмір сүре алады. Басқаша айтқанда, адамдар жаңадан жалғыз немесе топ болып өздерінің төл дүниелерін құра алады, солардан таяныш тауып, өздерін алғаш әлеуметтендірген дүниеден бөлектене алады. Қоғамның тираниясынан құтылудың үшінші негізгі тәсілі – айла-шарғы. Индивид әлеуметтік құрылымды өзгертуге тырыспайды және одан аулақтамайды. Қайта ол сол құрылымдарды заңдылық күзетшілері үшін оқыс түрде қасақана пайдаланады және өзінің жеке мақсаттарын көздей отырып, әлеуметтік ну орманның ішінен соқпақ салады. Ирвинг Гофман “карцерлік қоғамдастықтарды” (жынданғандарға арналған ауруханалар, абақты және мәжбүрлеудің басқа институттары) талдай келіп, жүйенің ресми механизмдерін көзделмеген түрде пайдалана отырып, оны өзіңе жұмыс істеуге қалай мәжбүр етуге болатынын көз жеткізе көрсетіп берді491. Абақтының кір жуатын жерінде жұмыс істейтін тұтқын ортақ іш киімдерге өз шұлығын қоса салады; емдейтін персоналдың байланыс жүйесін оңай пайдалануға болатынын байқаған пациент оны жеке хабарларын беруге пайдаланады; солдат патрульдік машинамен құрбы қыздарын қыдыртады – осы мысалдардың барлығында адамдар жүйені пайдалана отырып, оның деспоттық талаптарынан өзінің салыстырмалы тәуелсіздігін орнықтырады. Мұндай маниауляцияларды есептен шығарып тастап, оларды жүрек елжіретер, бірақ тиімділігі төмен қарсыласу деп асығыс жариялау тым ағаттық болар еді. Байланысшы-сержанттар шақыру бойынша келетін жезөкшелерге қаншама рет ойдағыдай қоңырау шала алғанының немесе пациенттер аурухананың байланыс орталығын биржалық мәмілелер жасауға пайдаланғанының қаншама тағлымды мысалдары бар. Мұндай операциялар құпия және айтарлықтай ұзақ уақыт бойы жасалады. Өнеркәсіптік әлеуметтану, қызметкерлер зауыттың әлеуметтік ұйымын басшылықтың ниеттеріне түгел сай

491 Әңгіме мына еңбек жайында: Goffman E. Asylem. New York: Doubleday Anchor,1961.

келе қоймайтын, тіпті кейде тікелей кереғар мақсаттарына пайдаланатынының мысалдарына толы. Ең мұқият талдап әзірленген қадағалау жүйесін айналып өтуге, мүмкіндік беретін адамға тән тапқырлық әлеуметтік детерминизмнен құтылу үмітін де береді, және алаяққа, айлакер мен қуға бүрегіміздің бұрып тұратынын (алаяқтық өзімізді жер соқтырып кеткенше) дәл нақ осымен түсіндіруге болады. Сондай кейіпкерлер әлеуметтік макиавеллизмнің символына, өз мақсаттарына жету үшін қоғамды алдап-сулауға мүмкіндік беретін оны дұрыс, ешқандай қоспасыз түсінудің үлгісіне айналады. Әдебиетте Андре Жидтегі Лафкадио, Томас Манндағы Феликс Круль секілді, олардың еліктіру сипаттарын көрсететін ондай кейіпкерлер жасалған. Нақты өмірде Фердинанд УолдоДемара-кіші секілді адамдарды еске түсіруге болады, ол өзін әріптесіміз деп есептеген әртүрлі саладағы толып жатқан көрнекті мамандарды алдай алған. Ол колледж профессоры, офицер, пенолог492 және тіпті хирург сияқты құрметті әлеуметтік өзін-өзі ұқсастырулардың әлпетін ойдағыдай жапсыра алған. Алаяқтың маңғаз қоғам кейіпкерлерінің маскаларын кезек-кезек қалай киетінін бақылай жүріп, бізде жағымсыз бір, осынау рөлді “заңды” түрде ойнап жүргендер өз статусына сол Фердинанд қолданған амалдардан айырмашылығы шамалы процедуралар көмегімен қол жеткізе алды-ау деген күдік сөзсіз пайда болады. Және егер біз қызыл сөздің майын езіп ішкен біреулердің қызмет сатысымен ойдағыдай өрейтінінің мысалдарын білсек, онда біз қоғам әу бастанақ алаяқтыққа негізделген-ау деген қауіпті тұжырымға жақындай аламыз. Белгілі бір дәрежеде біздің бәріміз алдармандармыз. Надан жалған эрудициясын, қк – адалдығын, скептик – терең сенімін мақтан тұтады, және бірде-бір қалыпты университет бірінші тектегі алдаусыз, бірде-бір кәсіпорын екіншісіз, және бірде-бір шіркеу – үшіншісіз болмайды. Бұл арада Гофман талдап әзірлеген тағы бір ұғым – “рөлдік қашықтық” кәдемізге жарайды. Бұл терминмен ол рөлдер жорта шынайылықсыз және белгілі бір пиғылмен ойналатын оқиғаларды нобайлайды. Қатал мәжбүрлеудің

492 Пенолог – пенология саласының ғалымы (лат. – poena жаза + ...логия) – жаза туралы ғылым.

кез-келген ахуалы осындай құбылыстарды туғызады. Отарлық әкімшіліктің “жергіліктілер” арасынан шыққан шенеунігі артылған үмітті ақтауға тырысып, ақ нәсілділердің бәрінің тамағын орып жіберетін күнді армандауын қоймай-ақ, карьерасын ұсақ-түйек қызметтен бастап, pukka sahіb493 рөліне дейін жетіп алады. Малай негр сұмпайы сайқымазақтың, ал әскерге жаңа алынған жігіт ұрысқа ұмтылған көзсіз батырдың рөлін ойнайды, бірақ екеуінің де санасында, тікелей қарама-қарсы мифтер жасырынып жатыр, олардың шеңберінде әлгілердің шын әлеуметтік рөлдері толығымен жоққа шығарылады. Бұндай қосүрейлік – адам үшін осындай ахуалдарда өзіне құрметті сақтап қалудың жалғыз тәсілі. Бірақ “рөлдік арақашықтық” ұғымын, рөлді іштей қабылдамай, қасақана ойнайтын, басқаша айтқанда, актёр өзінің санасы мен ойналатын рөлдің арасында ішкі қашытықты белгілейтін барлық ахуалдарда қолданып, айтарлықтай кең түсірдіруге болады. Бұндай ахуалдар нормадан ауытқитын ахуалдар ретінде дүниенің әлеуметтанушылық картинасы үшін бірінші дәрежеде маңызды. Біз ілкіде атап өткенбіз, бұндай рөлдер әу баста ойланыптолғанбастан – жай ғана ахуалға қатысушылардың үміттеріне қас қағым сәттік немесе автоматты реакция ретінде ойналады, бірақ, санаға сіңбеген нәрсенің тұманы кенеттен сейіліп кетеді. Бұл көбіне-көп оқиға барысына елеулі ықпал жасамайды, алайда бұл арада біз қоғамда тіршілік етудің сапалық жағынан өзге пошымына тап боламыз. “Рөлдік қашықтықтың” пайда болуы, қуыршақсайқымазақ қылжақпасқа, ал қуыршақ театр жанды сахнаға айналатын нүктені көрсетеді. Әлбетте, бұл арада да адамға белгілі бір рөлді ойнау міндеттелетін өз сценарийі, өз декорациялары және репертуары бар. Алайда енді ол өз рөлін толық саналы ойнайды. Осындай өзгеріс болған бойда бірден қылжақбастың трагедиялық қаһарман маскасын кию, ал Гамлеттің кульбиттер жасап, әдепсіз өлеңдер айту қаупі пайда болады. Тағы да қайталайық: барлық революциялар санадағы өзгерістерден басталады. Осыған байланысты, тағы бір пайдалы ұғым – “экстаз” ұғымы кәдеге асады, оны біз сананың әлдене мистикалық шарықтап кетуі ретінде емес, қайта

493 Pukka sahіb (үнд. ауыз екі сөз) – үлкен бастық.

қоғамның дағдысын бұйрық ретінде қабылданатын шектен шеттеу немесе күрт бас тарту (сөзбе-сөз – extasіs494) актысы деп түсіндіреміз. 3-тарауда “өтуді” талқылаған кезде, біз “экстаздың” өте бір маңызды түрін, атап айтқанда, индивидтің бір әлеуметтік дүниеден екіншісіне шұғыл көшуімен ере жүретін түрін қозғаған болатынбыз. Алайда осындай өзгеріссіз-ақ қашықтық орнатып, өзіңдің қоршап тұрған дүниеден шеттеуге болады. Актёр рөлді ішкі келісімсіз, ойнай бастаған бойда, қасақана немесе құпия түрде, ол күеі кешелері бұйрық ретінде қабылдаған дүние жөнінде экстатикалық ахуалға ұшырайды. Басқалар тағдыр солай деп қарайтын нәрсеге, ол санасуға тура келетін қажетті факторлар жиынтығы деп қарайды; кісілік мәніс деп қабылдайтын нәрсені, ол маска секілді киіп жүреді. Басқаша айтқанда, “экстаз” қоғамды түсінулі күрт өзгертіп, оның тұсында бұйрық мүмкіндікке айналады. Сананың осындай ахуалға ие болуы, ерте ме кеш пе қарекет деңгейінде де маңызды көрінетіні айқын. Тәртіп сақшыларының ресми көзқарасы тұрғысынан алғанда, әлеуметтік ойындарды шын берілмей жүргізетін адамдардың тым көп болуы қауіпті. Егер “рөлдік қашықтық” пен “экстазды” әлеуметтік тіршіліктің ықтимал элементтері деп қабылдасақ, онда білім әлеуметтануы тұрғысынан қызық бір сұрақ туындайды: осындай сананың пайда болуына айрықша жәрдемдесетін әлеуметтік ахуалдар немесе топтар бола ма? Осындай сананы этикалық және саяси пиғылдармен дамыту пайдасына пікірін бұлтармай білдірген Карл Мангейм (оның позициясы біреуге даулы болып көрінер еді) оның ықтимал әлеуметтік базасын іздестіруге көп уақытын шығындады. “Еркін қалықтайтын интеллегенция” өкілдері (Мангейм қоғамның мүліктік мүдделеріне мейлінше аз тартылған интеллектуалдар қыртысын меңзейді) азат етілген сананың ең жақсы иелері болып табылады деген пікірмен дауласуға болады. Алайда интеллектуалдық даярлық пен қызметтің кейбір түрлері, “экстазға” жетелей алатындығына күмәндануға бола қоймас, біз мұны шеттеу пошымдарын талқыланған кезде көрсеткен болатынбыз.

494 Extasіs (грек.) – тәнтілік; қазіргі кезде: тәнті болудың естен айырылуға дейін жетелейтін ахуалы.

Басқа да қорытулар жасап көруге болады. “Экстаздың” пайда болуы ауылдық мәдениеттен гөрі қалалық мәдениетте (қаланың саяси бостандық пен ой бостандығының ұясы ретіндегі классикалық рөлін еске түсірейік), басым және бейімделген топтар ортасынан гөрі (еуропалық еврейлердің әрқилы либерал интеллектуалдық ағымдармен байланысын еске түсірейік немесе тегі басқа бір мысал – кезбе болғар манихейлік ересьті бүкіл Еуропа арқылы алып өтіп, Провансқа дейін жеткізді) маргинал топтарда ықтималырақ; оның пайда болуы жағдайы мығым топтардан гөрі, өздерінің әлеуметтік жағдайының тұрақтылығына кәміл сенбейтін топтарда (туындап келе жатқан орнатылған тәртіппен күресуге мәжбүр болатын топтар арасында әшкерелеуші идеологияның пайда болуын еске түсірейік; ең жақсы мысалды XVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған француз буржуазиясын атауға болады) көбірек мүмкін. Осынау феноменнің қоғамдағы осындай бір аумақпен шектелуі, бізге тіпті бүкілхалықтық көтерілістің алдын-ала жүргізілетін ақыли жұмыссыз әлеуметтік вакуумда жасалмайтындығын тағы да еске салады. Тіпті нигилизмнің тіршілік етуі ол терістеуге тырысатын әлеуметтік құрылымның шеңберінде алдын-ала анықталған. Атеизмге дейін құдай туралы идеяның болуы керектігі айқын. Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөлдерден кез-келген арылу әлеуметтік шекарада жүреді. Қалай десек те, “экстаздың” әрқилы пошымдарын қарастыруымыз біз өз баяндауымыздың барысында кіріп кеткен детерминизм тығырығынан алып шықты. Абақты мен қуыршақтар театрынан кейін, сайып келгенде, біз үшінші көрініске де жеттік, онда қоғам тірі актёрлармен толтырған сахна сияқты көрінеді. Осынау үшінші көрініс алдыңғы екеуін жоққа шығармайды, жаңа ғана біз қарастырған нәрсенің тағы бір қырын бұрынғыдан да неғұрлым адекватты ескереді. Қоғамның драмаалық моделі актерлардың сахнадағы тәртібі әрқөилы сыртқы, режисерлар бекіткен ықпалдармен және рөлдердің өзінен шығатын ішкі ықпалдармен реттелінетінін жоққа шығармайды. Соған қарамастан, олар өздерінің рөлдерін түнеріңкі немесе жігермен ойнауды, оны қабылдауға немесе одан бойын аулақ ұстауға, тіптен одан бас тартуды таңдауға ерікті. Қоғамға

осынау драмалық модельдің көмегімен қарау біздің жалпы әлеуметтанушылық көзқарасымызды қатты өзгертеді. Енді бізге әлеуметтік нақты болмыс көптеген актёрлардың немесе тіпті өздерінің өнерін қате жіберіп алу қатерімен жасайтын, ал олардың арасында әлеуметтік дүниенің қалт-құлт еткен құрылымдарын таяныш ететін акробаттардың біріккен ойынының шатқаяқ іргетасына негізделетін секілді көрінеді. Сахна, театр, цирк, карнавал – біздің драмалық моделіміздің бейнелер тізбегі міне осындай, ол қоғамды тұрақсыз, осал, көбіне болжау қиын нәрсе секілді етіп көрсетеді. Қоғам институттарығ нақты шектеулер мен мәжбүрлеулерге қарамастан, бір мезгілде драмалық шарттылықтар, тіпті фикциялар болып шығады. Оларды өткеннің режиссёрлары ойлап тапқан, ал келешектің режисёрлары оларды тылсымға – олар бір кездері дүниеге келген жаққа лақтырып тастайды. Әлеуметтік драманы ойнай отырып, біз осынау сенімсіз конвенциялар мәңгілік ақиқат екен деп ұдайы өтірік айтамыз. Біз адам, саяси субъект, діни фанатик немесе белгілі бір кәсіп өкілі болудың басқа жолы жоқ секілді қарекет жасаймыз, әйтсе де тіпті шикі басқа да кейде біз бәрінде басқаша жасай алар едік-ау деген ой келеді. Егер әлеуметтік нақты болмыс қиындықпен дүниеге келетін болса, ол нақ сондай икемді болуға тиіс. Драмалық модель қатаң детерминизмнен шығу мүмкіндігін береді, оған баста бізді әлеуметтанушылық ой жетектеп кіргізген-ді. Қысаң әлеуметтанушылық баяндауымызбен біржола қош айтысудан бұрын, біз жаңа ғана айтылған ескертпелер аясында өте маңызды бір классикалық теорияны – таза тілдесу теориясын (социация теориясы) қозғай кеткіміз келеді. Вебердің замандасы, неміс әлеуметтанушысы Георг Зиммель495 тілдесу (бұл сөздің әдеттегі мағынасында) дегеніміз әлеуметтік ықпалдастықтың496 ойындық пошымы деген болатын. Кешкі ойын-сауықта адамдар “қоғам болып ойнайды”, яғни әлеуметтік ықпалдастықтың әдеттегі байыпты астары жоқ әрқилы пошымдарына тартылады. Мұындай “таза

495 Зиммель, Георг (1858–1918) – неміс философы, әлеуметтанушы, пошымдық әлеуметтанудың негізін қалаушы. 496 Бұл жайында толығырақ қараңыз: Зиммель Г. Общение: пример чистой, или формальной социологии/ немісшеден аударған Л. Г. Ионина // Социологичекие исследования. 1984. №2. 170–180-беттер.

тілдесу” байыпты тілдесуді жеңіл-желпі әңгімеге эросты – қылымсуға, этиканы – мәнерге, эстетиканы – талғамға саяды. “Таза тілдесу” дүниесі – нәзік жасанды туынды, оны қабылданған ойынды ойнаудан бас тартатын әркім кез-келген сәтте быт-шыт ете алады. Сауық кешінде бітіспес дауды бастап берген адам ойынды бұзады, флиртті көпе-көрнеу жыныстық қатынасқа айналдыруға тырысатын адам да (сауық кеші – жын-ойнақ емес) немесе кәжік-күжік әңгіме жамылғысымен өзінің іскерлік мүддесін анық көздейтін адам да (әңгіме, бері салғанда, сырт қарағанда мүдделіліктің жоқтығын аңғартуға тиіс) соны істейді. “Таза тілдесу” ахуалына тап болған қатысушылар өзінің “байыпты” мәнісінен уақытша бас тартып, “өтірік” ойынның жартылай тұлдырсыз дүниесіне сүңгіп кетеді. Бұл дүниеде жиналғандардың барлығы ешқандай әлеуметтік жағдайға ие емес, нақты өмірде олар ауыртпалығын көтеретін меншік пен тәуір көретін тірліктерінен бостан адамдар секілді ерке көз бояу патшалық құрады. Сыртқы дүниенің “салмақты” мүдделер ауыртпалығын енгізетін әрбір адам қолдан жасалған нәзік консрукцияны дереу қиратады. Міне сондықтан, айта кетелік, “таза тілдесу” өте сирек кездеседі және ол тек қана өзінің әлеуметтік статусы жағынан тең адамдардың арасында ғана мүмкін. Керісінше болса, (мұны, амал нешік кез-келген ресми қабылдау көрсетеді) “ойынды” сақтау үшін өте көп күш-жігер талап етіледі. Зиммельдің таза тілдесу идеясы бізді, бұрынырақ ауызға алынған Мидтің әлеуметтік рөлдерге үйрету ойындар үстінде іске асырылады деген идеясымен қаншалықты қиыстыруға болатындығы шамасында қызықтырады. Егер қоғамның өзі өзінің сипаты жағынан жасанды болмаса, тілдесудің шебер ойыны болмас та еді. Басқаша айтқанда, “таза тілдесу” “қоғам болып ойнаудың” ерекше бір түрі, ол өзекті өмірлік проблемаларды шешумен байланыстырылмайды және де оның жалғандығы әбден анық түсінілетін. Алайда ол да неғұрлым кең әлеуметтік ұдайы өндіріс фабрикасы тұрғызылған қамырдан жасалған, ол фабрикамен де ойнауға болады. Нақ сондай ойын арқылы бала өзіне “байыпты” рөлдерді қабылдауға үйренеді. “Таза тілдесуде” әйтеуір бір сәттерде балалар маскарадына оралып, содан анық ләззат аламыз.

“Байыпты” дүиенің маскалары ойын дүниесінің сакаларынан қатты айырыалды деп ойлау тым үлкен қателік болар еді. Достар арасында шебер raconteur497 жұмыста қатал басшы рөлін ойнауға болады. Қонақтармен сыпайы қатынас саясаттағы айлакерлікке, ал бизнестегі табандылық – “ақсүйектер” сұхбаты кезінде этикет ережелерін қатаң сақтауға айналуы мүмкін. Қажет десеңіз, “қоғамдағы мәнер” мен ортақ әлеуметтік дағды арасында байланыс бар. Бұл фактыда дипломат карьерасына “әлеуметтік” даярланудың және дебютанттың “сахнаға” шығу алдындағы даярлығын әлеуметтанушылық ақтауы жатыр. “Қоғам болып ойнау” кезінде индивид әрқилы ахуалдарда қалай әлеуметтік актёр болуды үйренеді. Және бұл тек жалпы қоғамның ойындық сипаты болатындықтан ғана мүмкін. Голланд тарихшысы Иохан Хейзинга498 өзінің “Homo ludens”499 атты кітабында тамаша көрсеткеніндей, адамзат мәдениетін тек егер оған sub specіe ludі – ойын немесе әзілкештік тұрғысынан қараса ғана түсінуге болады. Осы ойларды айта отырып, біз әлеуметтік ғылым координаттары жүйесінің табалдырығына да жетіп қалдық. Ғылым аумағында тұрып, біз оқырманға алдыңғы баяндауымыздың барысында артқан детерминизм жүгін жеңілдету үшін, біздің әрі қарай жылжитын жеріміз жоқ. Сонымен салыстырғанда осы тарауда осы уақытқа дейін біз айтқанның бәрі шатқаяқ, сендіре қоймайтын нәрсе болып көрінуі мүмкін. Бұдан қашып құтыла алмайсың. Тағы да қайталайық: бостандықты ғылыми пайымдаулар дүниесінде қала тұрып, ғылыми құралдармен түсіну мүмкін емес. Нақты ахуалдарда біз тек әлеуметтік қадағалаудан белгілі бір бостандықты көрсете аламыз. Тіпті егер біз әлеуметтану белгілеген себептердің болу тәртібінен жыртық жерді аңғарып алған күннің өзінде міндетті түрде өз киімі – детерминизмнен бір жапырақ мата алып, сол жыртығын жамап қоятын психолог, биолог немесе “себептілік жөніндегі басқа бір агент” табыла кетеді. Бірақ біз осы кітапта ғылыми логикамен шектелеміз деген уәдемен маталғандықтан, біз әлеуметтік тіршілікке

497 Raconteur (фр.) – әңгімешіл; ауыз екі: мылжың; қырт. 498 Хейзинга, Иохан (1872–1945) – голланд тарихшысы. 499 И. Хейзинганың «Homo ludens» кітабы («ойнайтын адам») орыс тілінде «Прогресс-Академия” баспасында 1992 ж жарық көрді.

тіптен басқа көзқарас тұрғысынан келеміз. Осы кезге дейін бізге әлеуметтанушылық соқпақтарымен бостандыққа тап болудың сәті түспеді, және біз сәті түспейтінін мойындауға да дайынбыз. Бұл солай. Енді біз әлеуметтанушылық модельдің өзінен “шығып”, оған басқа тараптан қарауға тырысамыз. Біз атап өткеніміздей тек интеллектуалдық варвар ғана ғылыми әдістермен шап беріп ұстауға болатын нәрселер ғана нақты бар болады деп соға алады. Бізде әу бастан-ақ барлық проблемаларды тек қана ғылыми категориялар шеңберінде, өзіміздің әлеуметтандыруымыз да шешеміз деген үмітіміз болған жоқ, сондықтан да біз адамзат болмысына басқа көзқарас, әлеуметтанушылық те емес, тіпті ғылыми да емес көзқарас бар екенін ұдайы есте ұстадық. Ол көзқарас тым оғаш емес, қайта адамға бостандыққа қабілетті телитін антропологтар арасында барша қабылдаған (мүлдем басқаша әзірленсе де) көзқарас. Антропологиядағы аталмыш ағымды философиялық тұрғыдан талқылау кітаптың құрылымын мүлдем тіптен бүлдіретіні айдан анық, сондықтан да ол кітап шегінен тысқары қалады. Алайда біздің баяндауымызда, бері салғанда бостандық тұжырымдамасын серпіп тастамай қалайша әлеуметтанушылық тұрғыдан ойлауға болатыны, ал одан басқа адам бостандығы идеясын оның әлеуметтік мәнісін мойындаумен қалай тоқайластыруға болатыны жөнінде кейбір нұсқаулар қажет. Философия мен әлеуметтік ғылымдар арасында пікірталас үшін маңызды сала бар, лнда ұқсатылмаған тыңның айтарлықтай телімдері әлі күнге дейін бар деп ойлай отырып, біз оқырман назарын Альберт Шюцтің500 мұрасы мен Морис Натансонның501 еңбектеріне аударғымыз келеді, олар топшыланып отырған талқылауда бізді ілгерілете алады. Біздің келесі беттердегі ескертпелеріміз барынша фрагментарлы болып келеді, бірақ олар әлеуметтанушылық ойдың позитивистік батпаққа малтығып қалуы міндетті емес екендігін дәлелдеу үшін жеткілікті болар деп үміттенеміз.

500 Щюц, Альфред (1899–1959) – австрия-американ философы және әлеуметтанушысы, әлеуметтік феноменологияның және феноменологиялық әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі. 501 Натансон, Морис – феноменогиялық бағыттағы әлеуметтанушы және философ. А. Щюцтің шәкірті.

Адамдар бостан деген постулаттан бастаймыз да, осынау жаңа бастапқы нүктеден біз қозғаған әлеуметтік болмыс проблемаларын қарастыруға ораламаыз. Тағы да экзистенциалист-философтардың кейбір ұғымдарына жүгініп (оларға қандай да бір доктринерлық интенцияларды қоспай), оқырманды өзіндік бір эпистемологиялық сальто-мортале жасап, содан кейін тақырыпты жсалғастыруға шақырайық. Геленнің институттар теориясын қарастырған тұсқа оралайық. Тегінде, оқырманның есінде болар, оның теориясына сәйкес, жануарлар тәртібін инстинктер қалай басқарса, әлеуметтік институттар да адамның тәртібін солай бағыттап отырады. Алайда біз принципті айырмашылықтарды да атап өткенбіз. Егер жануар өзінің инстинктерге тәуелді екендігін ойлана алатын болса, онда: “Менде басқа амал жоқ” дер еді. Адамдар, өздерінің әлеуметтік институттар талаптарына бағынатынының себептерін түсіндіргенде нақ соны айтады. Ал айырмашылық мынада, жануарлар шындықты айтар еді, ал адамдар өздерін алдайды. Неліктен? Өйткені іс жүзінде олар қоғамға “жоқ” деп айта алады, мұны жиі-жиі істейді де, рас, оның салдары тым ұсқынсыз болуы мүмкін. Тіпті адам өзінің қиялында да, өзін әлеуметтік институттар ішінен басқа жерде елестете алмайды және де оның шеңберінен кез-келген шығу жынданғанмен бірдей секілді көрінеді. Бұл “мен міндеттімін” деген сөздің барлық дерлік әлеуметтік ахуалдарда алдамшы екендігі фактысын жоққа шығармайды. Енді, Жан-Поль Сартр502 “сасық сенім” ұғымымен нобайланған адамның бостандығын мойындайтын антропологиялық координаттар жүйесі шеңберінде қарастырайық. Жай ғана айтқанда, “сасық сенім” дегеніміз іс жүзінде тілейтінін, қажеттілік деп мойындау, яғни бұл бостандықтан қашу, “таңдау азабынан”503 арам бас тарту. Ол көптеген ахуалдарда – үйреншікті ахуалдан апатты ахуалдаға дейін – байқалады. Кафеде өзіне бекітіп берілген үстелдер арасында шапқылап жүрген даяшы, өзін “даяшы рөлі менің нақты сәнісім күніне бірнеше сағатқа ғана жалдансам да – даяшымын деп сендіргенде

502 Сартр, Жан-Поль (1905–1980) – Француз философ-экзистенциалисті, әдебиетші, қоғам қайраткер. 503 Французша «mauvaіse foі» «адамдық» деп аударылады.

“жалған сенімде” болады. Қадам басқан сайын өзінің тәнін пайдаланып қанағат табуға кім көрінгенге мүмкіндік беретін, және сондай тұста кәжік-күжік әңгімесін айта беретін әйел, өз тәнімен болып жатқанды өз қадағалауымнан тыс нәрсе деп білетін кезде “сасық сенімде” болады. Біреуді өлтіріп, содан кейін менде амал болмады, өйткені маған партия бұйырды деп ақталатын лаңкес те “сасық сенімнің” билігінде болады: ол өзінің тіршілігі партиямен етене байланысты екенін дәлелдегісі келеді, бірақ іс жүзінде бұл байланыс оның төл таңдауының салдары болып табылады. Қоғам жалғандық пленкасымен қапталып қойғандай, “сасық сеніммен” тұмшаланған, алайда “сасық сенімнің” мүмкін болуының өзі бостандықтан нақты екендігін айғақтайды. Адам бостан болғандықтан және өз бостандығының жүзіне қарағысы келмегендіктен ғана, “сасық сенім” билігінде бола алады. Одан қашып кетудің әрекеттері сәтсіздікке ұщырайды, өйткені Сартр тамаша айтқандай, “адам бостан болуға бұйырылған”. Егер “сасық сенім” ұғымын біздің әлеуметтанушылық көзқарасымызды пайдалансақ, онда кенеттен, тегінде, бізді шошып жіберетін тұжырымға келуге болады, өйткені біз қоғамда орындайтын рөлдер жиынтығы енді “сасық сенімнің” орасан зор аппараты секілді көлденеңдейді. Оған әлеуметтік рөл қоятын талаптарды алға тарта отырып, “таңдауым” жоқ деп өзін де, өзгелерді де сендіретін кез-келген адам соған бейім. Бірақ енді осындай сенім шынайы болатын шекараны анықтау және де аталмыш нақты рөлдің шеңберінде таңдау жоқтығын түсіну оңай. Алайда индивидтің олардан шығып кету мүмкіндігі бар. Гәп мынада, белгілі бір жағдайларда, айталық, бизнесменнің шынында да өз бәсекелесін аяусыз таптаудан басқа “амалы жоқ”, әйтпесе кері жағдайда, оның өзі банкрот болады. Бірақ маңғаз мейірімсіздік пен банкроттықтың арасынан таңдауын жасайтын нақ соның өзі. Қоғамдағы өзінің маңғаз имиджін сақтап қалу үшін біреуге шынында да, мысалға, өзінің гомосексуалдық байланыстарымен қой айтысуға “тура келеді”, бірақ қоғамдағы жағдай мен аталмыш өрескел жыныстық былғанышиыққа жақындық арасында таңдау жасайтын соның өзі. Қазыда Судья шынында да кейде “таңдау жоқтықтан” ол

өлім жазасына үкім шығаруға “тиіс” болады, бірақ бұл орайда сондайды біле тұра бір кезде келісімін берген мансапта қала бере ме, әлде отставкаға кете ме, мұны соның өзі шешеді. Адамдар өз қылықтары үшін жауапты. Олар іс жүзінде өздері таңдаған нәрсеге темірдей қажеттілікті телитін кезде “сасық сенімде” болады. Тіпті заң, “сасық сенімнің” осынау мызғымас қамалы, нацистік әскери қылмыскерлермен кезігіп аталмыш фактыны түсіне бастады. Антисемитті адам тұрпаты ретінде суреттей отырып, Сартр қарекет үстіндегі “сасық сенімнің” ең жиіркенішті түрінің картинасын ғаламат шеберлікпен бейнелей алды. Антисемит – өзін қандай да бір мифтік мәніспен (“ұлт”, “нәсіл”, “халық”) долдана теңестіретін, бұл орайда өзінің төл бостандығы туралы білімнен құтылуға тырысатын адам. Антисемитизм (нәсілшілдік пен фанатиктік ұлтшылдықтың кез-келген пошымы секілді) – par excellence504 “сасық сенім”, өйткені адамдарды тек бір ғана, жеке әлеуметтік мінездемемен теңестіреді. Бүкіл адамзат бостандықтан жұрдай болып шығады. Адам әлдене мифологиялық дүниенің шеңберінде жақсы көреді, жек көреді және өлтіреді, онда адамдар солардың әлеуметтік нобайлануының мәнісі ғана: СС мүшесі оның айырым белгілері білдіретін бірдеңе, ал еврей лагерь униформасына тігіп тасталған менсінбеудің символы ғана. Бұл екі арада “сасық сенімнің” ең ақтық түрі Кафка суреттеген нацизм дүниесімен және оның тоталитарлық аналогтарымен шектелмейді. Ол біздің қоғамда өзін-өзі алдаудың басқа да ұқсас пошымдарында тіршілік етеді. Гуманизм идеяларына адал қоғамдардағы өлім жазасын-ақ еске түсірейікші. Біздің жендеттер, өздерінің нацистік әріптестері секілді, қоғамның ұжданы ешқандай, кіршіксіз (көптің бірі демесеңіз) малайлары – өз борышын орындау үшін қажеттілік пәрменімен әлсіздіктерін еңсере алған малайлар секілді көрсетіледі. Біз бұл арада “сасық сенімнің” этикалық импликацияларын қарастырып жатпаймыз (бұл жөнінде қысқа шегіністе – келесі тарауда әңгімелерміз), оның орнына біз жоғарыда келтірілген пікірлердің көмегімен нобайланған қоғамға

504 Par excellence (лат.) – негізінен.

түпкі көзқарасқа ораламыз. Қоғам әлеуметтік рөлдер желісі болып табылатындықтан, олардың әрқайсысы орындаушылардың жауапкершілікті мойнынан алып тастауына мүмкіндік беретін тұрақты немесе уақытша ақталу бола алатындықтан, онда алдау мен өзін-өзі алдау әлеуметтік нақты болмыстығ мәнісі деуге әбден болады. Бұл қандай да бір моральдық реформаторлықпен немесе тағы бірдеңемен аластауға болатын кездейсоқ қасиет емес, әлеуметтік құрылымдарға тән қызметтік императив (әмір). Егер қоғам функцияларына (Ганс Файхингердің тіркесін пайдалансақ, “егер де” оның сипатына) оның мүшелерінің жоқ дегенде бір бөлігі біршама уақыт ішінде онтологиялық статус беретін болса ғана, ол – бері салғанда адамзат тарихы барысында біз білетін қоғам өзін-өзі қолдап отыруға қабілетті болады. Қоғам индивидке ғаламат механизм береді, соның көмегімен төл бостандығын өзінен жасыра алады. Бірақ егер бостандық мүмкіндігін титімдей де қуаттайтын бірдеңе болса, ол тек қоғамның арқасы. Біз – әлеуметтік мақұлықтармыз, және біздің тіршілігіміз әлеуметтік координаттардың өзіндік ерекшелігінен туындайды. Бір ғана ахуалдар “сасық сенімнің” қақпаны да бола алады, немесе бостандыққа ие болуға көмектесе алады. Әрбір әлеуметтік рөлді саналы түрде немесе ойланбастан ойнауға болады. Және оны саналы түрде ойнаған шамада, ол біздің төл шешімдеріміздің жолбасшысы бола алады. Кезкелген әлеуметтік институт алибимен қамтамасыз етіп, төл бостандығыңнан шеттетудің құралы бола алады. Бірақ, бері салғанда кейбір институттар бостан адамдардың қарекеттері үшін сенімді қорғаныш та бола алады. Бұл жағдайда “сасық сенім” феноменін түсіну бізді қоғамға иллюзиялардың әмбебап патшалығы ретінде қарауға міндетті түрде жетелемейді, қайта көбіне біздің әлеуметтік болмысымыздың парадоксты және шексіз сусымалы сипатын неғұрлым анық көрсетеді. Енді экзистенциализм философиясының басқа бір ұғымын – Мартин Хайдеггер505 das Man деп атаған ұғымын алайық. Бұл неміс сөзін ағылшыншаға сөзбе-сөз аударуға болмайды. Неміс тілінде бұл сөз, ағылшын тіліндегі жақсыз

505 Хайдеггер, Мартин (1889– 976) – неміс экзистенциалист-философы.

нақ “One does not to that” (“Man tut das nіcht”) “Олай істемейді” типтес сөйлемдердегі “one” есімдігі секілді қолданылады. Дәл осы мағынаны француздың “On” сөзі бере алады, ал Хосе Ортега-и-Гассет506 Хайдеггердің ойын lo gue se hace деген испан сөзімен жақсы жеткізе алды. Басқаша айтқанда, Man адами жан иелерінің мүлдем анық емес ортақтығын нобайлайды. Солай жасамайтын – мына адам (Man) емес, және анау да емес, сіз де емес, мен де емес, яғни біршама мағынада барлық адамдар, бірақ мұндай жиынтық мағынада «барша» «ешкімге» айналып кете алады. Нақ осы мағынада балаға “жұрттың көзінше мұрын шұқыламайды” дейді, – нақты мұрны қышып тұрған нақты бала анонимдік қорытындыға жетеленеді, ол жиынтықта әлдене белгілі бір адам меңзелмейді, бірақ соған қарамастан баланың тәртібіне әмірлі ықпал етеді. Ал іс жүзінде (бұл бізді ұзақ үзіліс жасауға міндеттейді) Хайдеггердің Manы, Мидтің “жиынтықталған басқасына” сұмдық ұқсас. Хайдеггер жүйесіндегі Man ұғымы оның түпнұсқадағы сәйкестік пен сәйкессіздікті талқылауымен байланысты. Түп мәнісіне сәйкес тіршілік ету – өз индивидуалдығыңның бірбеткейлігін, алмастырмайтынын және салыстырылмайтынын толық түсініп өмір сүру. Тиісінше, түп мәніске сөйкес келмейтін тіршілік – өзіңді Man’ның анонимдігінде ерітіп жіберу, әлеуметтік тұрғыдан консрукцияланған абстракция пайдасына өзіінің бірдейлігіңнен бас тарту. Айырмашылық ерекше күшпен адамның өз ажалын қалай қарсы адатынынан көрінеді. Ақиқат мынада: әрбір жолы жеке, жалғыз адам өледі және жалғыз болып өледі. Алайда қоғам жетімдерді және де көп ұзамай өлетіндерді әрбір, өлімді бізден ажал қорқынышын көлегейлеп тұратын ортақ категорияларға жатқызу арқылы жұбатады. Біреу өледі, ал біз “қайтейік, әйтеуір бір кезде бәріміз де сонда барамыз ғой” дейміз. Осынау “бәріміз де” “Man” сөзінің дәл аудармасы әрқайсымыз, яғни нақты ешкім емес. Өзімізді осынау жинақталған бейнеге жатқыза отырып, өзіміз де жалғыз өлетініміздің болмай қоймас фактысын өзімізден жасырамыз. Хайдеггердің өзі ажал алдындағы түп мәніске сәйкессіздіктің ең жақсы әдеби білдірілу ретінде

506 Ортега-и-Гассет, Хосе (1883–1955) – испан философы және әлеуметтік ойшылы.

Толстойдың “Иван Ильичтің өліміне” сілтеме жасаған. Ақтықсынақтың осынау нүктесінде түп мәніске сәйкестіктің бейнеленуі ретінде Фредерико Гарсия Лоркианың “Игнасьо-Санчес Мехиасты жоқтау” деген ұмытылмас дастанына жүгінуге болады. Хайдеггердің Man ұғымы біздің қоғамды оның нормативтік қырынан гөрі, когнитивті қрынан қарастыруымыз үшін маңызды. Қоғам “сасық сенім” призмасы арқылы – бостандықтан қашуды ақтайтын механизм ретінде, ал Man призмасы арқылы – қорқыныштар қорғаныш ретінде көрінеді. Қоғам бізге өзіміз бұйрық секілді қабылдайтын құрылымдарды (оларды тағы «О'кей дүние» деп атауға болады) береді, олардың ішінде, біз белгіленген ережелерді бұлжытпай орындайтын кезде, өзіміздің болмысымыздың түкке тұрмас қорқыныштарынан қорғалып тұрамыз. “O’кeй дүние” бізге қалыптасқан тәртіп пен рәсімдерді береді, солардың көмегімен қорқыныштар, біз оларды аздыкөпті абыржымай қабылдайтындай етіп ұйымдастырылады. Бұл қызметті барлық өту рәсімдері орындайды. Дүниеге келу ғажабы, құмарлық мистериясы, ажал үрнйі – бізді табиғи әрі өздігінен анық дәйектіліктің бір табалдырығынан екінші табалдырығына тып-тыныш жетелеп келе жатқанда, бәрі де бүркемеленді: бәріміз дүниеге келеміз, бір нәрселерге құмарлықты бастан өткереміз және өлеміз, сондықтан да әрқайсымызды сол оқиғалардың түсінілмейтін ғажабынан қорғауға болады. Man түп мәніске сәйкеспейтін өмір сүруге, біздің тіршілігіміз алдымызға көлденең тартатын метафизикалық сұрақтарды мүлдем жылы жауып қоюға мүмкіндік береді. Біз өмірдің шолақ сәті арқылы сөзсіз келетін ажалға шарқылап бара жатқанымызда, бізді жан-жағымыздан түнек қоршап тұрады. Әрбір адам дерлік өз өмірінің әйтеуір бір кезеңінде өзіне қоятын “неліктен” деген азапты сұраққа бірден стандарт жауаптар қайтарылады. Қоғам пайдалануға дайын діни жүйелер мен қоғамдық рәсімдер ұсынып, сол арқылы біздің сұрақты қажет етеді. “Бұйрық ретінде қабылданатын дүние”, “бәрі о’кей” дейтін қоғам дүниесі біздің түп мәніске сәйкеспейтіндігіміздің ұясы.

Кім екенің және қайда жатқаның туралы түсінік атаулыдан жұрдай ететін сұмдық түстің бірін көріп, түн ортасында адам қалай оянатынын елестетіп көріңізші. Тіпті оянғаннан кейін де төл болмысың мен бүкіл қоршаған дүниенің нақтылығы қас қағым сәтте сейіліп немесе метамарфозаға айналып кете салатын фантасмагория секілді көрінеді. Адам өз төсегінде метаморфозалық параличсекілді бірдеңе матап тастағандай болып жатады да, жаңа ғана сейілген сұмдық түс кезінде өзін тұмшалап алған дүниеде жоқтықтан өзін тек бір қадам ғана бөліп тұрғанын сезінеді. Жай таптырмас анық сананың қас қағым сәтінде адам ажал мен тіршілікте жоқтықтың иісін жан-тәнімен түйсінетін нүктеде болады. Содан кейін ол “нақты болмысқа” асыққандай, темекіге қол салады. Өз ішінен атын, мекен-жайын, кәсібін, ертеңгі жоспарын қайталай бастайды. Өткен мен қазіргінің үзілмегендігіне толық көз жеткізу үшін өз үйін айналып шығады, қаланың шуылына құлақ түреді. Бәлкім, әйелін немесе балаларын оятар, сөйтіп олардың ашулы ренішінен өзінің тірі екеніне тағы бір көз жеткізеді. Көп ұзамай ол жаңағы еелске қолын күлімдей бір сілтеп, тоңазтқыштан бірдеме жеп алады немесе шоланнан жатқанда киетін қалпағын тауып алып, түсімде қызметте кезекті өскенімді көремін деген сеніммен қайтадан ұйықтауға кіріседі. Солай болып жатса, керемет қой! Бірақ ол жаңа ғана оралған “нақты болмыс”, шындап келгенде, не нәрсе? Бұл – оған қоғам консрукциялап берген дүниенің, метафизикалық сұрақ атаулы, егер олар күмәнсіз қабылданатын діни рәсімнен әдіптелмеген немесе енінен айрылмаған болса, күлкі тудыратын “О'кей дүниенің” – “нақты” болмысы. Ал ақиқат мынада: осынау “нақты болмыс” іс жүзінде бір сәттік қана. Есімдердің, мекен-жайлардың, кәсіптердің және әйеліңіздің ғайып болып кету қасиеті бар. Барлық жоспарлар сайып келгенде орындалады, және қорытындысында үй қаңырап қалады. Және тіпті бүкіл ғұмыр бойы бар екендігіміздің әрі не істейтіндігіміздің кездейсоқтығының жан қинар түйсігін бір рет те бастан өткермеген күнде де, ең ақтық сәттерде әлдекім өзімізді-өзіміз ұқсастыруымыздың барлық маскаларын

жұлып алып тастап жатқандайын сезінген кезде, нақ жоғарыдағы сұмдық түсті тағы да бір бастан өткереміз. Ол-ол ма, біздің түп мәніске сәйкессіздігіміз бен зәре-құтымыз қалмай тығылатын орын іздеуімізде “кім кінәлі” екенін біз білеміз – ол бізден бос кеңістікті жасыру үшін есімдер беретін қоғам; ол біз онда өмір сүру үшін дүние құрып, сонысымен бізді былықтан қорғайды; ол біз сол дүниеге сене алымыз үшін тіл беріп, сөздерге мән сыйлайды; және нақ сол дауыстардың жарасымды хорын ұйымдастыраарымызды тыншытады. “Сасық сенім” туралы айтқандарымыздың бәрін тағы да еске түсірейік: қоғам, соның ауқымындағы “Man” дегеніміз түп мәніске сәйкеспейтін тіршілік ету мақсатындағы астыртын қимыл. Қоғам қабырғалары – болмыстың оры үстінде тұрғызылған потемкиндік ауылдар. Олардың қызметі – бізді үрейден қорғау, біздің өміріміз мағынаға ие болатын мәндер дүниесін ұйымдастыру. Бірақ түп мәніске сәйкес тіршілік тек қоғамда ғана мүмкін екендігі де рас. Мағыналар тек әлеуметтік процестерде ғана беріледі. Қоғамнан тыс түп мәніске сәйкес келетін немесе сай келмейтін адам бола алмайсың. Діни болсын, философиялық немесе эстетикалық болсын, болмыстың естен айрыла бақылауға жетелейтін жолдар да әлеуметтік координаттар арқылы тапталған. Қоғам бостандықты жасырып қала алады, бірақ соған жетуге мүмкіндік те береді. Дәл сол секілді ол біздің метафизикалық мақсат-мұраттарымызды жерлеп тастай да алады, әрі дәл сол бізге оларды қанағаттандыру пошымдарын да бере алады. Біз тағы да жабысып айрылмайтын әлеуметтік тіршілігіміздің екіге бөліну парадоксына (сөзбе-сөз: екі әлпетті Янус парадоксы) тірелдік. Бері салғанда, адамдардың көпшілігі үшін қоғам азат ету құралы емес, ақталу құралы қызметін атқарады (потемкиндік ауылдар қызметін атқарады) дегенге күмән (дегенмен енді анау айтқандай «үлкен» емес) қалады. Егер біз түп мәніске сәйкес болу қоғамда мүмкін деп отырсақ, бұл бәрібір адамдардың көпшілігі шынында да сол мүмкіндікті пайдаланады дегенді айтқымыз кегендік емес. Әлеуметтік координаттар жүйесінің кез-келген нүктесінде дәл солай болып жатады.

Біздің байқауларымыз бізді тағы да этикалық проблемаларға алып келді, бірақ біз оларды “кейінге қалдырмақпыз”. Атап көрсетейік, біз пайдаланған мағынасында “экстаздың” метафизикалық та, әлеуметтанушылық та мәні бар. Тек қоғамның үйреншікті процестерінің шеңберінен “шығып қана”, тыныштандыратын мистификациясыз адамзат тіршілігінің шарттарын көруге болады. Бұл тек маргинал немесе бүлікшіл ғана түп мәніске сәйкес бола алады деген сөз емес, бұл бостандық сананың белгілі бір дәрежедегі болуын көздейді деген сөз. Бостандықтың қандай мүмкіндіктеріне ие болмайық, біз қоғамның “О'кей дүниесін” бірден-бір нақты тіршілік ететін дүние деп санауымызды жалғастырып отырғанда оларды пайдалана алмаймыз. Қоғам бізді жылы, өз деңгейінде ыңғайлы індермен қамтамасыз етеді, сол арада отырып алып, біз бір-бірімізге жабысып, айналамыздағы түнектің тозағы жайлы тамағымызды жырта айғайлаймыз. “Экстаз” дегеніміз іннің ішінен сыртқа, түнекке жалғыз шығу актысы.

7. Әлеуметтанушылық макиавеллизм және этика

Біз өзіміздің кітабымызда, әлеуметтанушылық ой жүйесінің бірқатар этикалық қырларын қозғап, бұл орайда адамды христиандық тұрғыдан түсіндіруге сүйендік. Алайда біз оқырманға өзіміздің діни сенімдерімізді таңу мақсатын қоймаймыз. Бір кітапқа сиып кеткен, дүниауи маскарадтың көзге түсе бермейтін тұстарына үңілуге шақыруда, біз мызғымас ақиқаттарға күмән келтіргіміз жоқ, қасиетті нәрсе өрісіне дайындықсыз килігу сондай келеңсіздікке ұрындырады, оның үстіне біз бұл кітапта этика проблемаларын өте қысқа талқылауға мәжбүрміз. Бірақ бірқатар өткір этикалық сұрақтарды талай рет, әсіресе соңғы тарауда қозғағандықтан, оқырман бізден ең болмағанда оларға қалай жауап беруге болатынын көрсетуді талап етуге хақылы. Алдыңғы беттерде әлеуметтанушылық амал жаңа дүниелерді ашудан гөрі, жексенбілік және бастауыш мектептерде айтылып берілетін әлеуметтік нақты болмыс тәпсірлерінің “сырын ашудың” бір немесе басқа дәреежсіне

жетелейтінін ақтау үшін аз әңгіме айтылған жоқ. Қоғамға жоғарыда қарастырған драмалық көзқарасқа жете аламыз ба, әлде ертерек – неғұрлым қатаң детерминистік модельге тоқтаймыз ба, ол маңызды емес. Қоғамды ресми идеология көзқарасы тұрғысынан маскарад деп білу, оны қайғы-қасірет мекені деп білуден жаман. Ал әлеуметтанушылық “сыр ашудың” өзінде макиавеллилік қуат жасырынып жататыны айдан анық. Ондай күшке айналатын білім туралы позитивистік арманның біршама утопиялығына қарамастан, дүниеге, әсіресе әлеуметтік дүниеге байыпты көзқарас қадағалау үшін біршама мүмкіндік береді, ал Макиавелли мұны білген және соған үйреткен. Кім ойын ережесін түсінсе, тек сол ғана алаяқ бола алады. Жеңістің сыры – сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпауда. Өзінің барлық рөлдерін оқыс үміттерге ойланбай жауап қату мғынасында шынайы ойнайтын адам “экстазға” қабілетсіз, сондықтан да ережелердің сақталуына мүдделілер үшін мүлдем қауіпсіз. Біз әлеуметтану өзіндік бір “экстаз прелюдиясы”, яғни жүйені қалай айналып өтуге нұсқау бола алатынын көрсетуге тырысып бағудамыз. Мұндай пиғалыдар әрқашан инсанияттық жазғыруға лайық дегендей асығыс қорытынды шығармайық. Сайып келгенде, бәрі де нақты жүйенің моральдық статусына қалай бағаланатындғына байланысты. Тирания құрбандарын, егер олар тиранның ту сыртынан ұсақ қулықтар жасайтын болса, ешкім айыптап жатпайды. Ол-ол ма, ережелердің қарекет ету механизмін білудің өзінде айлашарғының мүмкіндігі жасырынып жатыр. Бері салғанда, әлеуметтік ғылымдарға жалпы күдіктің қандай да бір бөлігі, сондай мүмкіндіктер жөніндегі ерекше атап көрсетіле бермесе, орынды күдікке негізделеді. Бұл мағынада әрбір әлеуметтанушы, бір жағынан, болашақ саботажды әрі махинатор, екінші жағынан – қарсылықты басып тастауда сенуге бола бермейтін одақтас. Біз бұрын атап өткеніміздей, әлеуметтік ғалым нақ жаратылыстану ғылымдарындағы әріптестері көтеретін моральдық ауыртпалықты (өйткені физик-ядерщиктерді саяси мақсатта пайдалану соңғы жылдары барынша көрнекі көрсетілді) көтереді. Ғалымның саяси қадағалау қалпағының астында

жұмыс істеу перспективасы “темір шымылдықтың” арғы жағында да, бергі жағында да қызықтыра қоймайды. Физиктер дүниені жойып жіберу проблемасының инженерлік шешімдерін жанталаса іздеп жатқанда, әлеуметтік ғалымдарға неғұрлым қарапайым міндетті – әлемдік татулықты құрастыруға жауапкершілікті жүктеуге болады. Бұл орайда, айтылғанның бәрі физикаға этикалық анафема жариялауға міндетті түрде жетелейтіндігіне ілуде біреу ғана келіседі. Проблема ғылымның сипатында емес, ғалымның позициясында. Дәл осы әлеуметтанушыға да қатысты. Бірақ ол қандай күштерге ие болмасын, тіпті бәрін қоса алғанның өзінде, жаратылыстану ғылымдарының демондық арсеналымен салыстырғанда түкке де тұрмайтын секілді көрінеді. Саяси да, әлеуметтанушылық та макиавеллизм – дүниеге қарауға пайдаланылатын және өздігінен этикалық тұрғыда бейтарап оптикалық көздеуіш қана. Ол, күмән дегенді де, аяушылық дегенді де білмейтін адамдар пайдаланғанда ғана теріс этикалық қуат алады. Өзінің саяси макиавеллизм феноменін тарихи зерттеуінде Фридрих Мейнеке507 raіson d’Etat508 италяндық саяси диагностика жөніндегі осынау ұлы маман бұл терминді қолданған мағынада ең елеулі этикалық пиғылдармен ұштаса алатынын көзжеткізе көрсете алды. Әлеуметтанушылық макиавеллизм бұл жағынан ештеңесімен өзгешеленбейді. Мысалы, Макс Вебердің өмірі әлеуметтанушылық түсіну бейтараптығының этикалық мұраттарды іске асыру жолдарын мұқият іздестірумен ұштасуының ғибратты мысалы болып табылады. Бұл Макиавелли тәпсірлерін адамшылыққа жат мақсаттарды көздейтін немесе кез-келген билікке қызмет етуден басқа ешқандай мақсаты жоқ адамдардың пайдалануының ықтимал қаупін жоққа шығармайды. Әлеуметтанушылық білім АҚШ-та саяси насихат пен әскери жоспрлау қызметіне қалай тартылатыны энтузиазмды жеткілікті бәсеңдетеді. Ал оның тоталитарлық қоғамда қолданылуы нағыз сұмдыққа айналады. Әлеуметтануды кейде өндірісті осы заманғы басқаруда, жұртшылықпен байланыста қамтамассыз етуде және

507 Мейнеке, Фридрих (1862–1954) – неміс тарихшысы.
508 Raіson d’Etat (фр.) – мемлекеттік мүдде.

жарнамада қалай пайдаланатынын түсіну үшін тіпті орасан зор этикалық түзілімдерді бастаудың да қажеті жоқ. Көптеген әлеуметтанушылардың бұл арада этикалық толғамдар үшін жалпы ілік көрмейтін фактысының өзі іpso facto509 әлеуметтанушылық амалының этикалық мөлдірлігінің жеткілікті айғағы болып табылады. Ол-ол ма, ең арсыз зерттеуші кейде алынған нәтижелерінде, өзінің моральдық жағынан асқазаны әлсіз әріптесіне қарағанда неғұрлым дәл болып шығады, өйткені соңғысы өзінің зерттеулерінің барысында ықтимал жаңалықтардың ашылуына жиіркенішті сезінуі мүмкін. Міне, сондықтан, этикалық толғамдарға бейім әлеуметтік ғалымдар бәрібір жақсы (олардың ғылыми біліктілігі мағынасында жақсы) екендігі туралы оймен тіпті жұбануға болмайды. Осыған байланысты, әлеуметтанушылық түсіндірменің өзі “сасық сенімнің” жолбасшысына айналуы мүмкін екенін атап өту қызықсыз емес. Жауапкершіліктен қашқысы келіп, оны алиби ретінде пайдаланған кезде солай болады (Бұл проблеманы біз бірінші тарауда, әлеуметтанушының мүдделі емес әділ көрермен ретіндегі бейнесін талқылаған кезде қозғағанбыз). Мысалы, Оңтүстік штаттардың біріне көшіп қонған әлеуметтанушы өзінің төл этикалық түсініктері бойынша нәсілдік жүйені қабыл алмай, төл құндылықтарына қолдауды әлеуметтік немесе саяси әрекеттің бір немесе басқа пошымынан іздеуі мүмкін. Біраз уақыт өткеннен кейін ол әлеуметтанушы ретінде нәсілдік проблемалар бойынша сарапшыға айналады. Ал осы жүйені шынымен-ақ түсінетінін сезген кезде, ол, практика көрсететініндей, моральдық проблемалар жөнінде басқа позицияны – қалыс ғылыми коментатор позициясына көшеді. Енді оның тәпсірлері аталмыш феноменге қатысты барша көзқарастардың жиынтығын қамтитын болады және оны қандай да болсын жеке қатысудан тежеп отырады. Мұндай жағдайда ғылыми объективтілік пен моральдық жанашырлықтың субъективтілігі арасындағы қатынасты Серен Кьеркегордың510 Гегель философиясы жөнінде айтылған сөздерімен білдіруге

509 Іpso facto– 18-ескертпені қараңыз. 510 Кьеркегор, Серен (1813–1855) – дат философы, теолог және жазушы, еуропалық экзистенциализмнің бастаушысы.

болады: адам керемет сарайды оған тәнті болу үшін салады да, соның жанындағы қорада өмір сүреді. Ғылыми бейтараптықта этикалық жағынан ұят болатын ештеңе жоқ екенін, айта кету маңызды, және белгілі бір жағдайларда тіпті ең сіңбіруге қолы тимейтін әлеуметтанушының өзі объективті бақылаушы рөлінде барынша көп пайда беретінін түсінетіндігі әбден ықтимал екендігін атап көрсету маңызды. Этикалық проблема осы белгілі бір әлеуметтік рөл әлеуметтанушының бүкіл өмірінен төл сенімдерін ығыстырып шығарған кезде туындайды. Мұндай жағдайда “сасық сенім” туралы Сартр мағынасында айтқан орынды. Біз бұл арада таза этикалық сұрақтарға негіз бар дейтін әлеуметтану сыншыларымен келісуге дайынбыз. Соған қарамастан, біз әлеуметтанушылық түсінудің өзінде елеулі этикалық әлует бар дейміз. Бірден түсіндіре кетейік: біз, француз әлеуметтануының дюргеймдік дәстүрінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан Конттың баяғы үмітін әлеуметтанушылық ғылым күндердің күнінде объективті моральға айналады, оның негізінде өзіндік бір дүниауи катехизис құрауға болады деген үмітті қабылдай да, теріске шығара да алмаймыз. Америкада да қолдау тапқан, бұндай үміттер адастырады, өйткені бұл орайда ғылыми және этикалық пікірлердің іргелі сәйкессіздігі қаперге алынбайды. Эмпиристік жолмен бостандықты анықтауға болмайтыны секілді, ғылыми әдістермен жақсы өмір қандай болуға тиістігін белгілеуге болмайды. Ғылымнан осындай батырлықты күту – оның рухының ерекшеліктерін түсінбеу деген сөз. Осыдан өрбитін адасу өзімен ғылымның нақты гуманистік әлуеті көлегейлейді. Біз әлеуметтану индивидке әлеуметтік нақты болмысты өзінің көріптүсінуіне біршама адамгершіл етуге көмектесуге қабілетті дегенді кесіп айтамыз. Абайлап айтамыз, өйткені адамгершілікті ету процесі тіпті де қажетті еместігімен біз келіскен болатынбыз. Алайда гер әлеуметтанушылқ амалға байланысты біздің алдыңғы барлық толғамдарымыз көз жеткізерліктей болса, онда адамгершіл ете түсуге, жоқ дегенде, шындыққа ұқсас болып көрінеді. Әлеуметтанушылық түсіну қоғамның алыптылығы тұрақсыздығы мен

парадоксына қайта-қайта тап болып отырады. Еске сала кетейік, қоғам адамды анықтайды және өз кезегінде адаммен анықталады. Бұл парадокс адамдық ахуалдың мәнісінің өзін қозғайды. Егер осындай перспектива этикалық өлшемнен мүлдем жұрдай болса, шынында да таң қаларлық болар еді; бұндай жорамал тек этика адамдар өмір сүретін эмпиристік дүниеден тыс қарастырылса ғана мүмкін болар еді. Біз адамгершік ету деп атап жүрген нәрсені шындап келгенде парадигмалық маңызы бар әрқилы үш проблема арқылы көрсетуге болады; олар – нәсілдер, гомосексуализм және өлім жазасы. Осынау проблемалардың әрқайсысын қарастыру тұсында әлеуметтанушылық амал олардың құбылыс деңгейінде объективті айқындалуына үлес қосатыны көрінеді. Шынында да, әлеуметтанушылар негізінен, мысалы, нәсіл туралы мифологиялық түсініктерді сейілткен, ондай түсініктердің қанаушылық қызметін ашып көрсеткен, американ қоғамында нәсілдік жүйе қалай ықпал ететіндігін неғұрлым анық көрсеткен және өздері жасаған картина негізінде сол жүйені қалай өзгертуге болатыны туралы кейбір идеяларын жайып салған кезде жоғарыда тілге тиек болған барлық проблемалардың объективті түсінілуіне өте маңызды үлес қосады. Гомосексуализм турасында әлеуметтанушылар, оны феномен ретінде түсіндіруді психологтарға немесе психиатрларға қалдыруды жөн көрді. Алайда олар оның кеңінен таралуы мен әлеуметтік ұйымдастырылуы туралы мәліметтер жинап, осылайша гомосексуализмді азғындардың түкке тұрмайтын тобының дерті дегене моралистер тұжырымдаған анықтаманы әшкереледі, осы феноменге қатысты заңгерлік қағидалар елеулі сұрақ белгілерін қойды. Осыған ұқсас амалмен әлеуметтанушылар өліммен жазалау қылмыс жасаудың алдыналу құралы ретінде әсер етпейтіндігін және өлім жазасының алып тасталынуы, оның сақталуын жақтайтындар топшылайтындай сұмдық зардапқа соқтырмайтынын көз жеткізе көрсете алды. Әлеуметтанушылық зерттеулер қорытындылары әлеуметтік саясатта аталмыш проблемаларға қатысты неғұрлым парасатты амалдар әзірлеуге айтарлықтай ықпал еткені күмәнсіз, және тек жалғыз осынау тікелей

нәтижелердің өзі әлеуметтанушының өздерінің қызметінің моральдық маңыздылығына дәмесін ақтау үшін жеткілікті болар еді. Алайда мынаны кесіп айтудан тайынбаймыз: көрсетілген үш жағдайдың әрқайсысында әлеуметтану жалпы қоғамды адамгершіл ете түсуге әлдеқайда терең үлес қосты және оны адамгершіл ете түсудегі ықпалы өзінің бастауын әлеуметтік нақты болмысты парадоксты түсінуді бұрынғы талқылаулардан алады. Әлеуметтану мына көрсетеді адам өзін қоғам кім етіп шығарса сол, және тағы өзінің төл таңдауына бағдарланып имене, жасқана, кейде бүкіл жалынымен кім болғысы келсе, соның өзі. Әлеуметтану қоғам тарапынан таңылатын барлық ұқсастырудың шексіз сусымалылығын ашып көрсетіп, және, осылайша, адамды ол жөнінде қоғам жасаған ұқсастыруға теңестіруге жат болып табылатынын көрсетеді. Басқаша айтқанда, әлеуметтанушы сахнаны басқару механикасын бір немесе басқа нақты акт іске қалай қосатынын өте жақсы білуге тиіс. Оның, актёрлар әрбір жолы өздерінің рөлдеріне сәйкес келетін киіммен жасану үшін жүгінетін акробатиканың барлық өнерін білуі керек, сондықтан да осынау маскарадтың әлдене онтологиялық статусын оның мойындауы өте қиын. Әлеуметтанушы адамдар нобайланатын: “негрлер”, “ақтар”, “кавказдықтар”, “еврейлер”, “американдар”, “Батыстың тұрғындары” секілді кез-келген категория жиынтығына сауысқаннан сақ қарауға тиіс. Қалай болғанда да, арам ниеттің көп болар, аз болар үлесімен осындай атаулар, оларға онтологиялық мағына бере бастаған бойда, “сасық сенімнің” бір бөлігіне айналады. Әлеуметтану бізді “негр” дегеніміз – нақ қоғам белгілі бір маңыз беретін маска екенін, қоғам аталмыш маңызды белгілі бұл мағынамен байытуға тырысатынын, мұның үстіне, сол мағының қолдан жасалғанын, жартыкештігін, тұрақсыздығын, және, олардан да маңыздысы қайтымды екенін түсінуге мәжбүр етеді. Адам затына тек қана “негр” ретінде қарау – бұл қатынас нәсілшілдік немесе антинәсілшілдік бола ма, бәрібір, “сасық сенімнің” актысын жасау деген сөз. Атап көрсету керек, либералдар қоғамда қабылданған фикциялардың қармағына өздерінің саяси қарсыластарынан кем түспейді. Айырмашылық тек

олардың сол фикцияларға қарама-қарсы баға беруінде ғана. Жағымсыз ұқсастыру телінетін адамдардың өздеріне қыспақ жасайтындар ойлап тапқан ұқсастыруларды кері мағынада, айталық, минусты плюске айналдырып, қабылдауға жиі бейім тұратыны кездейсоқ емес. Негр тегінен болғанына ұялу түйсігі “нәсілдік мақтанышқа” айналады, сөйтіп, қарсы қарекет “қара нәсілшілдіктің” пайда болуына жетелейді, ол “ақ нәсілшілдіктің” кері бейнесінен басқа ештеңе емес. Әлеуметтанушылық амал ең алдымен, “нәсіл” ұғымының өзі фикциядан басұа түк те емес екенін және де, бәлкім, нақты проблема адам болу проблемасы екенін анықтап алуға көмектесер. Әлеуметтанушы қарсы қарекет қыспаққа қарсылықты ұйымдастыру қызметіне айнала алатынын және басқа мифтер секілді саяси маңыздылыққа ие бола алатынын теріске шығармайды. Қалай болғана да, осы тектес қарсы қарекеттердің барлығының түп тамыры “сасық сенімде” жатыр, оның іріпшірітетін ықпалы үшін құн төлеуге тура келеді: сорына қарай “нәсілдік мақтанышқа” ие болғандар, өздерінің ие болуы көк тиынға да тұрмайтынын байқайды. Әлеуметтану ұстанған болсаң нәсілшілдік соқыр сенімдермен татуласу екіталай болатын өмірлік позиция әзірлеуге жәрдемдеседі. Амал нешік, бұл олар мүлдем аласталады деген сөз емес. Бірақ сондай соқыр сенімдерге өзі де ортақ әлеуметтанушы соның пәрменімен “сасық сенімнің” қосарланған дозасын қабылдайды: олардың біреуі – барлық нәсілшілдер табынатын ортақ “соқыр сенім” дозасы, екіншісі – ерекше “соқыр сенім” дозасы, соның көмегімен өзінің әлеуметтанушылық санасын өзінің қоғамдағы болмысынан бөліп алады. Өз интеллектін өзінің өмірінен бөлмейтін және қоғам орнатқан категориялар атаулының сусымалылығы жөнінде өзіне толық есеп бере алатын әлеуметтанушы, өзінен жеке категориялар шеңберімен өзін-өзі үмітсіз шектеуді және оларға мүлдем байыпты қатынасты талап етпейтін моральдық және саяси позицияға ұмытылатын болады. Басқаша айтқанда, ол әлеуметтік тұрғыдан телінген барлық ұқсастыруға, соның ішінде төл ұқсастырылуына сын көзбен қарайтын болады.

Нақ осы логика гомосексуализм проблемасына да әбден қолданыла алады. Қазір Батыста гомосексуалдыққа барша қабылдаған көзқарас қоғамдық құлық пен заң қолдап отыратын көзқарас – сексуалдық рөлдерді табиғат берген және сексуалдық қатынастың бір түрі қалыпты, денсаулыққа зиян келтірмейді, қайта, қалаулы, екіншісі – қалаулы емес, әдеттен тыс, денсаулыққа зиян келтіреді, демек жиіркенішті деген жорамалға негізделеді. Әлеуметтанушылық түсіну мұндай жорамалға күмәнмен қарауға мәжбүр. Сексуалдық рөлдер әлеуметтік өндірістің барлық фабрикаларына тән өткіншілікпен консрукцияланған. Әртүрлі мәдениеттерде сексуалдық тәртіпті зерттеу – осы өрісте өз өмірін ұйымастыруда адамдар қабілетті нәрсенің шексіз алуандығын табынды айғақтайды. Бір мәдениетте норма әрі кемелдік болып саналатын нәрсе, басқа бір мәдениетте паталогия әрі әдеттегі қалыпты дамудан кенелеп қалу деп бағаланады. Сексуалдық рөлдерді түсінудегі бұндай релятивизм, әлбетте, индивидті моральдық ақталудың төл тәсілін іздестіруден босатпайды. Бірақ өз тәсілін бірден-бір жөн тәсіл деп санау – тағы да “сасық сенімге” сырғу деген сөз болар еді. Мысалы, адамдар өздерінің сексуалдылығын қалай ұйымдастыратындығының салыстырмалылығы мен сусымалылығын толық түсінуге, соған қарамастан өз некесінің шеңберімен толық шектелуге болады. Бұндай өзін-өзі шектеу ешқандай онтологиялық астарды қажет етпейді. Ол жасалған таңдаудың шеңберінде қарекет жасап, адам табиғатынан немесе ерекше императивтен ақтау іздемеуге итермелейді. Қоғам қызметі тұрғысынан гомосексуалдарды қудалау – дәл нәсілдік соқыр сенімдер, нәсілшілдік кемсіту секілді “сасық сенім”. Екі жағдайда да сусымалы өзін-өзі ұқсастырудың тұрақтылығы жеккөрінішті топтың контримиджімен қамтамасыз етіледі. Сартр антисемитке байланысты көрсеткеніндей, өзін-өзі заңдастыруға оппонентіне жапсырылған таңбаға өшпенділікпен қол жеткізілді. Ақ нәсілді адам негрді қара болғаны үшін жек көреді, және сол жеккөрініштің өзімен өзін-өзі ұқсастыруын нығайтады. Дәл сол сияқты гомосексуалистер жағына жиіркенішпен түкіргенде, төл еркектігін қуаттауға қол жеткізеді. Егер осы заманғы психология бірдеңені дәлелдей алса,

бұл homme sexuel moven511 ол сексуалдық басбұзарлықты қудалауда Торквемаданың рөлін ойнауды ұнататын эротикаға бейім Бэббитті512 еске салады. Бұндай тұрпатты еркектердің дөрекілеу мәнерінің тасасында қандай жан түршігерлік үрейдің жасырынып жатқанын байқау үшін асқан психолог болудың қажеті жоқ. Қудалау актысындағы “сасық сенімнің” тамыры кезкелген басқа “сенімдегідей” – өз бостандығынан, соның ішінде еркекті немесе әйелді қалау секілді сұмдық бостандықтан қашу. Әлеуметтанушылар мұндай түп мәніске сәйкессіздікке принципінде қауқарсыз екен деп жар салу тағы да есерсоқтық болар еді. Алайда біз тағы да кесіп айтамыз: осынау феномендерге әлеуметтанушылық көзқарас олардың салыстырмалы сипатын атап көрсетеді және сонымен бір мезгілде оларға гуманистік тұрғыдан қараудың қажеттігін көрсетеді. Әлеуметтану тұжырымдамалық аппарат, соның көмегімен қоғам адамдар болмысының бір пошымын жарыққа, басқаларын – түнекке жатқыза алатын аппарат (соның ішінде ондай аппараттың қараңғылықты патологиямен теңестіре алатыны осы заманғы модификациясын) ұсынудың кез-келген әрекетіне скептик тұрғысынан қарайды. Әлеуметтану барлық адамдар өздеріне тиесілі өте қысқа уақыт ішінде, үнемі қатер төніп тұратын, содан да өздеріне бұрынғыдан да құнды өзін-өзі ұқсастыруды өздерінің анықтау мүмкіндігі жолында тең емес күрес жүргізіп жатқанын түсінуге жәрдемдеседі. Өлім жазасы “сасық сенім” мен хайуандықтың ұштасуының парадигмасы, тарихи мысалы бола алады, өйткені әлі күнге дейін Америкада қолданылатын бұл аяусыз процестің әрбір қадамы “сасық сенім” актысы болып табылады, онда әлеуметтік тұрғыдан конструкцияланған рөлдер жеке қорқақтық пен қатыгездікті ақтауға қызмет етеді. Прокурор көлденең билермен және қазымен бірге өздерінің қатаң борыштарын орындай отырып, жанашырлық сезімін басып тастағандай болып құбылады. Сот залында өлім жазасы туралы істі қарастыру драмасы ойналып жатанда, айыпталушыға бұлтартпас жаза дайындап жатқан әркім алдау актысына тартылған. Алдау мынада: әркім

511 Homme sexuel moven (фр.) бұл арада: биологиялық түрлердің ахуалына ұқсатып – «нәпсіқұмар еркек кәдімгі». 512 Бэббит, Джордж – С. Льюистің сол аттас романының басты кейіпкері.

индивид секілді емес, заңгерлік фикциялар ғимаратында өзіне телінген рөлді ойнаушы ретінде қимылдайды. Бұл жалғандық драманың соңғы сәтіне, яғни жазаның орындалуына дейін жеткізіледі, онда барша – өлтіруге бұйрық бергендер де, оны көріп тұрғандар да, бұйрықты бұлжытпай орындайтындар да жеке жауапкершіліктен фикциямен қорғанады: іс жүзінде олардың өздері емес, “заңның”, “мемлекеттің”, “халық ырқының” өкілдері болып табылатын беймәлім біреулер іске асырып жатқандай етіп көрсетеді. Фикцияға осынау жүгінудің күштілігі соншалық, адамдар тіпті өздерінің мансаптық міндеттері аясында хайуандық жасауға “тиісті” абақты қызметкерлеріне тіпті жанашырлығын білдіруге дайын тұрады. Олардың “басқа амалы жоқ” еді-міс деген ақтау әрбір “сасық сенім” сүйенетін іргелі өтірік болып табылады. Нацистік сұмдықтар жүйесінің ресми жендеттерінің ақталуларынан айырмашылық тек таза сан жағынан ғана. Өлім жазасына кесу қажеттілігін жақтайтын қазы – жазаны орындайтын абақты қызметшісі, және оны тоқтатудан бас тартқан губернатор сынды өтірікші. Ақиқат мынада: қазы өз қызметінен кете алады, жендет бұйрықты орындаудан бас тарта алады, ал губернатор тіпті заңға қайшы болса да адамгершілікті қолдау жағына шыға алады. Өлім жазасы қолданылғандағы “сасық сенімнің” сұмдығы алдау (оған мысалды кез-келген жерден табуға болады) дәрежесінен гөрі, солалдау атқаратын қызметте – адам затын хайуандық мейірімсіздікпен және сол өлім үшін ешкім де өз жауапкершілігін сезінбейтіндей етіп өлтіруде жатыр. Көптеген замандастарымыздың өлім жазасы, өркениятты қоғамда рұқсат етілетін нәрсенің шегінен тыс жатқан жан түршігерлік хайуандық екендігіне кәміл сенімді әлеуметтанушылық амалмен дәл теңестіруге келе бермейтін адами ахуалды осылай көруден бастау алады. Ол, Мартин Бубердің513 Адольф Эйхманның514 өлтірілуіне байланысты өкінішін білдірген ділмар мәлімдемесіндегі сөзін қолдансақ, ненің адамгершілікті және ненің “адамгершілікке жат” екенін іргелі мойындауға сүйенеді. Гуманизм

513 Бубер, Мартин (1878– 1965) – еврей экзистенциалист-философы. 514 Эйхман, Адольф – нацистік қылмыскер, Бордодағы гестапоның бұрынғы бастығы.

позициясын таңдау дегеніміз осында жатыр, ол тек ең шетін жағдайда және ең соңғы құрал ретінде біреуді өлтіруге жол бере алады, бірақ ешқашан азаптауға жол бермейді. Мұндай байламда өлім жазасы азаптау фактысы екенін мойындау жатыр. Бұл арада адами ахуалды түсінуге қалай қол жететінін көрсетіп жатар орын емес, – оны тек әлеуметтану есебіне жатқызуға болмайды. Алайда біз әлеуметтануға неғұрлым қарапайым, бірақ соған қарамастан маңызды міндет жүктейміз: әлеуметтік таным өздігінен жанашырлық мектебі бола алмайды, бірақ ол әдетте рақымсыздықты бүркейтін мистификацияларды ашып бере алады. Әлеуметтанушы барлық әлеуметтік құрылымдар фикциялар мен алдау барынша өзек болған конвенциялар екенін түсінеді. Ол кейбір конвенциялардың пайдалылығын ажырата алады және оларға өзгерістер енгізуге бейімділік көрсете де қоймас. Бірақ егер конвенциялар өлтіру аспаптарына айналатын болса, оның айтары жетеді. Тегінде, әлеуметтанушылық антропология секілді бірдеңе бар болса, онда әлеуметтанушылық гуманизм секілді де бір нәрсе болатынын көрсету үшін осында айтылған нәрселер жеткілікті болар. Әлеуметтану өздігінен адекватты антропология жасай алмайтыны секілді (мұны соңғы тарауда біздің ондайды конструкциялау жөніндегі төл әрекетіміз түсіндіріп береді), ол өздігінен гуманизмге де жеткізе алмайтыны айқын. Алайда әлеуметтанушыылық түсіну төл жанашыолық дарыны бар және шынайы гуманизмнің негізі бола алатын, рухы жағынан ерекше, өте осы замандық өмірлік түсініктің маңызды бір бөлігі бола алады. Әлеуметтану айтарлықтай үлес қоса алатын сол гуманизм өз туларын желмен желбірете беруге аса ынтық та емес, өйткені шектен тыс энтузиазм, тым өзімбілемдік секілді әрқашан күдікті. Өзіңнің уақытшалығыңды аңғара, моральдық сенімдерінде абай болу қажеттігін түсіне отырып, өзіңді жеңіл, сенімді, табанды сезіну мүмкін емес. Бірақ бұл тіпті де әңгіме адамның тіршілігі туралы көздің мықтап ашылған жерде өзіңнің позицияңды барынша жалынды дәлелдеуге болмайды деген сөз емес. Көлденең тартылған үш проблема – нәсіл, сексуалдық және өлім жазасы проблемалары – біздің жалынды адалдығымыздың лакмус қағазы бола алады. Біреу-міреуді “басқа”

нәсілге жататындығы немесе нәпсіқұмарлығы үшін абыройдан айрылуға кес алатын трибундар алдында, әсіресе кез-келген адамды өлім жазасына кесе алатындар алдында біздің гуманизм наразылықтың қарсылықтың және мойынсұнбаудың өзіндік бір пошымы ретінде көрінеді. Әлбетте, жанашырлық хайуандық жүйелердің мифтеріне сүйенетіндерге қарсы нағыз революцияның бастапқы нүктесі бола алатын басқа да проблемалар бар. Алайда адамның абыройы тым принципті қозғала қоймайтын проблемалардың көпшілігінде, біз түсінетін әлеуметтанушылық гуманизм, тегінде, жай ғана неғұрлым кекесінді позиция ұстана алады. Бұл арада осыған байланысты тағы бірнеше ескертпелер айта кеткен орынды. Әлеуметтанушылық түсіну иллюзиядан едәуір айырылуға жетелейді. Иллюзиядан айрылған адам – консервативтік күштер үшін де, революциялық қозғалыстар үшін де елеуге татымайтын адам: олардың біріншісінің тұрғысынан оған орын алып отырған идеологияларға құлай сену жетіспейді, екіншілерінің тұрғысынан революционерлерге ұдайы нәр беретін утопиялық мифтерге тым скептиктік тұрғыдан қарауы мүмкін. Қазіргі және болашақтағы режимдердің штатық кестесінде мұндай орын табылмаушылық, алайда, иллюзиялардан ада адамды шеттетілген циник позициясына міндетті түрде қоймайды. Дегенмен, әрине солай болып шығуы мүмкін. Кейбір жас Қоғамға радикалды диагноз қоюға бейім американ әлеуметтанушыларынан біз нақ осындай ұстанымды байқаймыз. Олар бойынан радикалды саяси позиция ұстанарлық күш таппайды, сондықтан оларға барлығы сұмдық жаман деп бірінбірі сендіретін әшкерелеушілердің мазохистік культіне қосыла кетуден басқа амал қалмайды. Біз мынаны кесіп айтамыз: осынау принциптік позиция өздігінен алғанда аңғырт және көбінесе, басқа бірдеңеден гөрі, тарихи келешегі жоқтығына жиі негізделеді. Қоғамға циниктік көзқарас – қазіргі әлеуметтік эонның515 мәңгілікпен сенгіштік татуласуы мен болашақтың әлеуметтік эонын дәл соншалықты сенгіштік көзқарасы арасында таңдау жасаудың бірден-бір мүмкіндігі емес.

515 Эон (грек.) – ғасыр, дәуір.

Біз, әлеуметтанушылық амалға сүйене отырып, басқа бір таңдау жасауға болады деп санаймыз, ол таңдау жанашырлықты, шектеулі қатысуды және адамзат қоғамы карнавалының күлкілілігін түйсінуді ұштастыруға мүмкіндік береді. Ол қоғамды өзінің мәнісі жағынан комедия, адамдар өздерінің алабажақ киімдерін мақтан етіп кербезденетін, қалпақтары мен титулдарын өзгертіп отыратын бірін-бірі таяқпен – өздерінің қолында бар таяқпен де, өздерінің актер-бауырларын қолында бар екендігіне сенуге мәжбүр ете алатын таяқпен де сабап жататын комедия ретінде қабылдауға негізделген көзқарасқа келуге көмектеседі. Осыншалық күлкілі көрініс қолда жоқ таяқтар шынында да қан төге алатын, алайда ол потемкиндік ауылдарды қателесіп Құдай қаласы деп қабылдамауға мүмкіндік беретінін ескереді. Қоғамға комедия секілді қарау қулыққа ойланбай-ақ баруға, әсіресе сондай тәсілмен біреулердің қайғықасіреттін аздап болса да жеңілдетіп, енді біреулердің өмірін титімдей болса да жарық ете алатын болса, көмектесе алады. Ойын ережелерін, сол ережелер адамдарды нақты қорғап, нақты адами құндылықтардан нәр алатын кездегіден басқа жағдайларда, елеулі нәрсе деп қабылдаудан бас тартуға да болады. Әлеуметтанушылық макиавеллизм, осылайша, принциптік, принципсіз бейімделгіштікке тікелей қарсы тұрады. Бұл жол, – содан айнымаса, бостандық өзін әлеуметтік қарекетте іске асыра алатын жол.

8. Әлеуметтану гуманистік пән ретінде

Әлеуметтану әу бастан өзін ғылым ретінде түсінді. Өзін-өзі осылай түсінудің кейбір әдіснамалық салдарларын біз 1-тарауда талқыладық. Кітаптың қорытындысында, біз енді әдіснаманы қозғамай, әлеуметтану сияқты пәннің орын алуы адамға не беретінін қарастырамыз. Өткен тарауларда біз әлеуметтанушылық амал адамдардың әлеуметтік тіршілігіне жарық түсіре алатын тәсілді нобайлауға тырыстық. Ал мына тарауда біз өзімізге бұндай амалдың этикалық мағынасы қандай деген сұрақ қоямыз. Кітапты аяқтай келе,

біз әлеуметтануға, әлеуметтік карнавалдың өзіміз гуманитарлық ғылымдар деп атайтын ерекше бөлігінде жиналған пәндердің бірі ретінде, тағы бір жүгіртеміз. Көптеген әлеуметтанушылар өздерінің әріптестері – жаратылыстану ғылымдарының өкілдерінен үйрене алатын тағы бір өте маңызды нәрсе бар, ол, атап айтқанда, өздерінің пәні жөнінде оны байланысты белгілі бір ойын деп түйсіну. Жаратылыстанушылар уақыт өте келе өздерінің әдістеріне жеткілікті ақылмандықпен келуді үйренді, бұл олардың өз әдістерінің салыстырмалылығы мен шектеулілігін көруге мүмкіндік береді. Ал әлеуметтік ғылымдардың өкілдері өз пәндеріне қалжыңды маңайлатпай, “эмпиристік”, “мәліметтер”, “сенімділік” және “фактылар” сияқты сөздерін дәл солай бақсы өзінің ең қастерлі дұғасын қандай салмақтылықпен айтса, дәл солай айтуға әлі де бейім. Әлеуметтік ғылымдардың жеткіншектік максимализмнен арылып, ересектік кезеңге өтуінің шамасына қарай олардан төл ойынына неғұрлым қалыс қарауын күтуге болады, ол қазірдің өзінде байқалып отыр. Сонда әлеуметтануды басқа ойындар арасында терезесі тең, адамзат өмірі жайындағы соңғы сөз болмаса да маңызды, пән деп қабылдайтын болады, және сонда әлеуметтанушы өзінің әріптестерінің эпистемологиялық ойындарына тек төзімділік көрсетіп қана қоймай, мұдделілік те көрсете алады. Өзінше алғанда өзін-өзі түсінудегі бұндай кемелдік адами мәнділіктен мақұрым емес. Тіпті, интеллектуалдық пәнде өзінің төл қызметі жөнінде жай ғана кекесінді скептицизмнің орын алуы оның гуманистік сипатының айғағы болып табылады дей аламыз. Бұның барлығы “адамзаттық комедия” секілді өзіндік ерекше ойын феноменімен істес болатын әлеуметтік ғылымдар үшін өте маңызды. Шынында да, әлеуметтік нақты болмыстағы күлкілі жәйтті көрмейтін қоғамтанушы, оның мәністік белгілерін ұмытып кетеді деп кесіп айтуға болады. Саясат әлемінен сенімге негізделген ойынды немесе стратификациялық жүйені көрмей, оның костюмделген балмен ұқсастығын көрмей, оны кіршіксіз танып білуге болмайды . Бала кезінде маска киіп, жай ғана “а-а!” деген шыңғыруымен өзінің құрдастарының зәресін алатынын ұмытып кеткен адам, діни институттарды әлеуметтік жағынан ешқашан түсіне алмайды. Эротиканың

іргелі opera buffa516 қасиетін аңғармайтын адам одан ештеңе түсіне алмайды (“Танысу, неке және отбасы” курсын, адамдардың өмірі мен қызметінің әрбір ұсақ-түйегі, былайша айтқанда адам тәнінің бір бөлігінен шығатын, ол туралы түнере сөйлеу бәрінен қиын саласы туралы) түнеріңкі кейіппен айтуға бола қоймайтын әлпетпен жүргізетін қабағы салыңқы жас әлеуметтанушы үшін мұны ерекше атап көрсету керек. Және де “Ғажайыптар еліндегі Алисадағы” королева қалай әділ сот жүргізгендігін еске түсірмейтін әлеуметтанушы құқықтық қатынастарды түсінбейді. Біздің осынау ремаркаларымыз қоғамды байыпты зерттеу қажеттігін жоққа шығармайтынын айтып жату артық. Біз жай ғана салмақты нәрсе тек, күле қарап қана қол жеткізуге болатын аяндардан ұтыла қоймайды деп ойлаймыз. Әлеуметтану үшін қалжыңды білмейтін сциентизмде тұйықталып қалмау жөніндегі кеңес ерекше маңызды, өйткені ондай сцентизм әлеуметтік театр буффонадасына517 әрі соқыр, әрі керең нәрсе. Егер әлеуметтану бұл кеңесті құлағына ілмесе, “мызғымайтын” әдісанмаға ие болу, ол әу бастан зерттеуге бел буған құбылыстар дүниесінің өзінен айрлып қалуға айналып кетуі әбден мүмкін – бұл шөлмектен құдіретті диюды шығару үшін қажет сиқыр сөзді ұзақ еске түсіргені соншалық, одан бірінші кезекте нені өтінгісі келгенін ұмытып қалған сиқыршыға лайық ақымақтық. Сциентизмнен қашқақту ниеті әлеуметтанушыға әлеуметтік те, жаратылыстанушылық та ғылымдарда ғылыми процедураларға тән адами құндылықтарды ашу мүмкіндігін береді. Оларға зерттелетін дүниенің орасан зор байлығы алдындағы момындық, дұрыс түсіну үшін жан қиярлық және әдістерді қатаң сақтау, адал алынған нәтижелерді қадірлеу төзімділік және өз теориясын теріске шығарып, қайта қарауға әзір болу және, ең соңғысы (маңызы жағынан емес) жоғарыда аталған құндылықтарды ұстанатындардың ортақтығына адалдық. Әлеуметтанушылар қолданатын ғылыми процедуралар өз-өзінен-ақ әлеуметтану үшін өзіндік ерекше құндылықтық салмақты ала жүреді. Сондай

516 Opera buffa (итал.) – опера-буфф; итальян операсының жанры: тұрмыстық сюжетке құрылған музыкалық комедия. 517 Буффонада (итал. buffonata) – сайқымазақтыққа құрылған актерлік ойын.

құндылықтардың бірі – басқа гуманитарлық ғылымдардың өкілдері ғылыми зерттеу үшін қызығы жоқ және оған лайық емес деп ұйғаруы мүмкін нәрселерге мұқият көңіл аудару; оны әлеуметтанушылық амалдағы мүдденің демократикалық фокусы (democratіc focus of іnterest) деп атауға болады. Адамзат болмысы мен адамдар қарекетіне қатысы бар нәрселердің бәрі, олар қаншалықты таптаурын болып көрінсе де, әлеуметтанушылық зерттеу үшін мәнді бола алады. Тағы бір, оны мойындамай тұрып әлеуметтанушы бола алмайтын ерекше өзіндік құндылық – өз көзқарасын таңбай, басқаларды тыңдай білу өнері. Әрбір әлеуметтанушы, егер ол эмпириялық зерттеулерге қатысуды ниет етсе, байыпты да мұқият тыңдау өнерін үйреніп алуға тиіс. Әрине, көбінекөп тек зерттеу техникасы ғана болатын нәрсенің маңыздылығын асыра бағаламау керек, бірақ зерттеушінің өз тәртібінде бері салғанда ықтималдық ретінде, адами өлшемдер болады. Бұл әсіресе біздің ашушаң және мылжың ғасырда, ешкімнің бір-бірін ықыласпен тыңдауға уақыты жоқ кезде, өте орынды. Ақыр соңында, тағы бір құндылық әлеуметтанушының өзінің нәтижелерін бағалауға, өзінің соқыр сенімдеріне, тәуір көретіндері мен кәміл сенімдеріне, үміттеріне және қауіптенетіндеріне байланыссыз, барлық жауапкершілікпен келуге психологиялық жағынан дайын екендігінде. Осынау жауапкершілікті әлеуметтанушы басқа ғылымдармен бөліссе де, оған әсіресе қиын болады, өйткені ол адам нәпсісімен барынша тығыз байланысты пәннің өкілі болып табылады. Бұндай мақсатқа әрқашан қол жете бермейтіні анық, бірақ оған деген ұмтылыстың өзінде жеңіл-желпі қарауға болмайтын моральдық қасиет жатыр. Бұл әсіресе әлеуметтанушының “дүниені тыңдау” және “жақсы деген немене, жаман деген немене” сынды өз формулаларын ұсынбау жөніндегі нұсқауларын ғалым нақты болмысты үнемі төл құндылықтық пайымдарының Прокруст төсегіне зорлап сыйғызуға мәжбүрленетін теология және заңгерлік секілді нормативтік пәндердің процедураларымен салыстырған шақта көзге ұрып тұрады. Олармен салыстырғанда әлеуметтану “анық та айқын қабылдауға” картезиандық ұмтылыстың апостолдық мирасқоры секілді көрінеді.

Ғылыми таным ретіндегі әлеуметтануға іштей тән осы таза адами құндылықтардан басқа, ол оны гуманитарлық пәндермен туыстыратын, тіпті оларды жай ғана соларды санатына жатқызуға мүмкіндік беретін басқа да белгілерге ие. Алдыңғы тарауларда біз ескерген жағдайда, жалпы алғанда әлеуметтану әлеуметтік ортасындағы адамның жағдайына, яғни сайып келгенде гуманитарлық ғылымдардың негізгі тақырбын құрайтын нәрсемен өмірлік байланысты белгілерді көрсетуге тырыстық. Әлеуметтілік адам тіршілігі үшін іргелі қасиет болып табылатындықтан, нақ сондықтан әлеуметтану: адам болу дегеніміз жалпы не нәрсе және нақты жағдайда адам болу дегеніміз дейтін сұрақтарға ұдайы тап болады. Бұл сұрақтар ғылыми зерттеудің paraphernalіa’мен518 және әлеуметтану өзінің “ғылыми” статусын заңдастыру мақсатында талдап әзірлеген ұғымдық аппараттың қан-сөлсіздігінен жиі бүркемеленеді. бірақ әлеуметтану өз мәліметтерін адамдық өмір мәніне тым жақын шорт кесетіні соншалық, бұл сұрақтар, бері салғанда, адам өмірі мәні туралы мәселеге ерекше сезімтал әлеуметтанушылардың алдын қайта-қайта кес-кестейді. Мұндай сезімталдық, біз дәлелдегендей, әлеуметтанушы өзінің кәсіптік біліктілігіне қосымша ретінде жай ғана ие бола алатын этикалық адиафорон519 (музыкант үшін жақсы есту қабілеті және дегустатор үшін сезімтал рецепторлар сияқты) емес әлеуметтік қабылдаудың өзіне тікелей қатысы бар нәрсе. Әлеуметтанудың гуманистік сипатын осылай түсіну сананың ашықтығы мен амалдың әмбебаптылығын талап етеді. Бірден мойындау керек, бұндай жағдайға тек әлеуметтанушылық жүйені құру кезінде қатаң да мықтап шектелген логиканы қолдану құнымен ғана жетуге болады. Біздің төл толғамдардың нақ осы мағынадағы “әлсіздігіміздің” көрнекті мысалы бола алады. Төртінші және бесінші тарауларда жасалған толғамдарды қандай да бір қысаң әлеуметтанушылық теориялық жүйеге (яғни, бүкіл адами нақты болмысты тек қана әлеуметтанушылық терминдерде қайшылықсыз

518 Paraphernalіa – жеке мүлік; 519 Адиафорон (грек.) – адиафоре, яғни немқұрайды, қалыс істер мен қылықтар жайлы стоиктер бастап берген этикалық ілім.

тәпсірлейтін, өзінің төл қорық аймағы ішінде өзге каузалдық факторларды мойындамайтын және өзге каузалдық түзілімдер үшін ешқандай саңлау қалдырмайтын жүйеге) қисынды матап тастауға болар еді. Бұндай конструкция сымбатты әрі тіпті эстетикалық ләззат та бере алады. Оның логикасы бір өлшемді және өзімен өзі тұйықталған. Осындай интеллектуалдық түзілімдерге бәрінің рет-ретімен тұруына ұмтылатын көптеген ойшылдар бейім екендігін позитивизмнің (өзінің кез-келген пошымында) әу бастан ие болған тартымдылығы мысалында көрсетуге болады. Марксизм мен фрейдизм тартымдылықтарының тамыры өте ұқсас. Әлеуметтанушылық дәлел келтіре отырып, содан кейін дайын да көз жеткізерлік әлеуметтанушылық тұжырымнан бас тарту – ойлау жүйесінің дәйексіздігі мен былқылдақтығының айдан анықты осы емес пе, біз алтыншы тарауда кенеттен “артқа шегінген кезде” оқырман соны сезіне алар еді. Біз бұл кінәні ләм демей қабылдаймыз және дәйексіздік зерттеушінің толғамдарындағы кемістіктердің нәтижесі емес, өмірдің өзінің – ол өзін бақылауға арнаған өмірдің – парадоксты көп қырлылығының салдары екендігін кесіп айта аламыз. Адам өмірінің ғаламат байлығына ашықтық әлеуметтанушылықтың темірдей логикасынан ауытқымауға мүмкіндік бермейді және әлеуметтанушыны өзінің теориялық схемасының бітеу қабырғаларында “саңылаулар” – сол арқылы ытимал басқа көкжиектерді көруге болатын “саңлаулар” қалдыруға мәжбүр етеді. Мұның үстіне, әлеуметтанудың гуманистік амалға ашықтығы оның адамзат тіршілігін зерттеумен нәрлі арқаулар арқылы байланысты басқа пәндермен үздіксіз ықпалдастығын талап етеді. Олардың ең маңыздылары – тарих пен философия. Кейбір әлеуметтанушылық еңбектердің, әсіресе Америкада, ала-құлалықтарына, ал олардың авторлары сол екі пән саалсында біршама дәрежеде сауатты болса, жол берілмес еді. Көптеген әлеуметтанушылар, бәлкім, өз мінезінің пәрменімен әлде кәсіптік мамандануының пәрменімен негізінен осы заманғы оқиғаларды қозғайды, ал тарих өлшемдерін елемеу тек өркениятты адамның классикалық батыстық мұратына ғана емес, әлеуметтанушылық амалдың өзіне, дәлірек айтсақ, оның

жазмыш жөніндегі орталық феноменімен істес болатын бөлігіне қарсы жасалған қылмыс болып табылады. Әлеуметтануды гуманистік түсіну, әлеуметтанудың өзін-өзі тарих пәні ретінде түсінуін демесек те, белгілі мағынада тарихпен симбиозды талап етеді (американ әлеуметтанушыларының көпшілігіне бұл идея әлі жат, дегенмен Еуропада оны барша қабылдаған), философиялық сауаттылыққа келер болсақ, ол кейбір әлеуметтанушыларды әдіснамалық аңғырттықтан сақтап қана қоймай, әлеуметтанушы зерттегісі келетін құбылыстардың өзін адекватты түсінуге жәрдемдесер еді. Сондай-ақ статистикалық әдістерді және әлеуметтану мүлдем гуманитарлық емес пәндерден алып пайдаланған басқа да таным құралдарын елеусіз қалдымау керек. Оларды пайдалану, егер гуманистік сана іргетасына сүйенетін болса, неғұрлым парасатты және, неғұрлым (егер айтуға болса) өркениятты болады. Гуманизм түсінігі Қайта Өрлеу заманынан бастап әрқашан интеллектуалдық бостандықпен тығыз байланысты болды. Алдыңғы беттерде әлеуметтанудың гуманитсік дәстүрге жатуға толық құқықты екендігін көрсететін талай дәлелдер бар. Қорытындыда, алайда, біз мынандай сұрақ қоя аламыз: Америкада әлеуметтанушылық таным (қазір ерекше әлеуметтік институт және кәсіптік субмәдениет құрайтын) осынау гуманистік миссияға қалай қатыса алады? Бұл сұрақ жаңа емес және оны Флориан Знанецкий520 Роберт Линд, Эдвард Шилз521 секілді және басқа әлеуметтанушылар өткір қойылды. Және біздің толғамымыз өзінің қисынды аяқталуына жеткенше, оныұмытып кетпеу өте маңызды. Алтынға құныққан әрі оны дереу талап ететін принц қамап қойған алхимиктің өз тапсырысшысын философиялық мәннің ұлы символымен қызықтыру мүмкіндігі мардымсыз. Көптеген үкіметтік мекемелер мен өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін әлеуметтанушылар дәл осындай күйге жиі тап болады. Бомбалаушы ұшақ экипажының оңтайлы құрамын белгілеуге, супермаркетте сомнамбулдар секілді баяу аралап жүрген үй

520 Знанецкий, Флориан (1882–1958) АҚШ-тың оқу және зерттеу орталықтарымен тығыз байланысты болған поляк әлеуметтанушысы және философы; әлеуметтанудағы гуманистік бағыт өкілі. 521 Шилз, Эдвар (1911 ж. туған) американ әлеуметтанушысы, функционализм өкілі.

шаруашылығындағы әйелдерді қант ұнтағының бір түрін екіеші түрінен артық көруге сендіре алатын факторларды анықтауға, немесе кәсіпорын басқарушыларына жұмысшыларға кәсіподақтың ықпалын қалай төмендетуге болатыны жөнінде ұсыныстар беруге арналған зерттеуге гуманистік қырды енгізу оңай емес. Қызметтің осындай пайдалы түрлерінде жұмыс істейтін әлеуметтанушылар, өздерінің рақаты үшін, өздерінің еңбегін осылай пайдалануда ешқандай этикалық күмәнжоқ екендігін дәлелдей алғанымен, олардан гуманизм қамқорларын көру үшін әлі белгілі бір деңгейде идеологиялық күш-жігер талап етіледі. Екінші жағынан, әлеуметтік ғылымдардың мемлекетті және өндірісті басқаруда қолданылуы қалай болса да біршама гуманистік ықпал жасай алатындығы мүмкіндігін де қаперден тым үзілді-кесілді шығарып тастамау керек. Мысалы, денсаулық сақтаудың, әлеуметтік жоспарлаудың, қаланы дамытудың түрлі бағдарламаларын талдап әзірлеуде немесе нәсілдік кемсітуді жоюмен айналысатын үкіметтік құрылымдардағы әлеуметтанушының рөлі бізге мемлекеттік қызмет әлеуметтанушыны тасжүрек саяси прагматизмнің торымен сөзсіз шырмайды деген тым асығыс қорытынды жасауға жол бермейді. Тіпті өнеркәсіпте де, басқарудағы (әсіресе персоналды басқару саласында) ең парасатты да көрегендік қадамдар едәуір дәрежеде өзінің жемісін әлеуметтанушы үлесінің арқасында беретін жағдайлар болып тұрады. Егер әлеуметтанушыны Макиавелли секілді деп білсек, онда оның талантын пасық мақсатта да, гуманистік мақсатта да пайдалануға болады. Егер бұл арада метафора орынды болса, онда әлеуметтанушыны әлеуметтік қабылдаудың кондотьері522 ретінде таныстыруға болады. Бір кондотьерлер адамдарды құлдықта ұстауға ұмтылады, екіншілері оларды азат ету үшін күреседі. Американ шекарасының екі жағына да көз салып, мынаған көз жеткізу үшін жеткілікті негіз бар: бүгінгі дүниеде екінші тұрпаттағы кондотьер үшін орын бар. Әлеуметтанушылық макиавеллизмнің оқшаулануының өзі,

522 Кондотьер (итал. condottіere – жалданбалы) – 1. XІV–XVІ ғасырларда қандай да бір еуропалық тақсырдың немесе Рим папасының жалдамалы әскери отрядының жетекшісі. 2. пайда үшін кез-келген істі қорғауға дайын адам.

фанатизм қолтығына су бүркетін адамдар бір-бірімен бітіспес дұшпандықта болатын, ал оларды бір ғана елеулі нышан – қоғам табиғаты жөніндегі идеологиялық ескертпенің ықпалына елігу ғана біріктіретін ахуалға мол үлес қосады. Орасан зор саяси бағдарламаларды емес, адамдардың мұқтаждықтарын басшылыққа алу, тоталитарлық сенімге толығымен берілмей, өз позициясын парасатты да салмақты ұстану, скептик бола тұрып, аяушылық білдіру, күн ілгері қалыптасқан пікірсіз түсінуге ұмтылу – бұның барлығы әлеуметтанушылық танымның экзистенциалдық мүмкіндіктері, олардың маңыздылығын осы заманғы дүниедегі көптеген ахуалдарда артық бағалау қиын. Әлеуметтану аса таза саяси релеванттылықты523 ол қандай да бір төл саяси идеологиясын ұсына алатындықтан емес, қайта нақ сондай идеологиясы болмағандықтан қамтамасыз ете алады. Әсіресе, біздің дәуірдің ең жігерлі саяси эсхатологияларының524 иллюзияларынан арылған адамдарға, әлеуметтану өзінің жанын құрбандыққа шалуды және өзіндегі юмор сезімін өлтіруді талап етпейтін саяси қатысу мүмкіндігін сипалап болсын табуға көмектесе алады. Ал Америкадағы әлеуметтанушылардың көпшілігі бұрынғысынша академиялық мекемелерде жұмыс істейді. Осындай жағдайдың көз жетерлік келешекте де сақтала беруі әбден ықтимал. Әлеуметтанудың гуманистік әлуеті туралы кез-келген толғам, демек, американ әлеуметтануының көп бөлігі сіңіп кеткен академиялық тінмен татуласуға тиіс. Өзінің нәпақасын саяси және экономикалық ұйымдардан алатын адамның ғана «қолы арам» дейтін бірқатар академиялық қызметкерлердің көзқарасы – жосықсыздық, дұрысы, тіпті төл позициясын заңдастыруға тиісті идеология. Жосықсыздық болатыны ғылыми зерттеулер бүгінде академиялық дүниенің өзі өз рухына жат ұйымдардың прагматикалық мүдделері әбден сіңген экономикалық шарттармен маталған. Тіпті әлеуметтанушылардың көпшілігі үкімет пен бизнестен ақшаны күреп тауып жатпаса да (олардың көпшілігінің терең өкінішіне қарай), университет әкімдеріне “қорды игеру” ретінде белгілі техника бәрібір көптеген

523 Релеванттық (ағыл. Relevant – орынды, іске қатысы бар) – ақпараттық сауал мен жауап арасындағы мағыналық сәйкестік. 524 Эсхатология (грек. eschatos соңғы + Logos білім) – көптеген діндерге құрамдас бөлік ретінде енетін «ақырзаман» туралы.

эзотериялық525 профессорлық зерттеулер шіріген байлардың дастарқанынан қалатын болмашы қаржымен күн көретініне көз жеткізеді. Алайда тіпті оқу процесінің өзін қарастырумен шектелсек те біз университет әлеуметтанушыларының мұрнын шүйіруіне құқық беретіндей көп ештеңе таппаймыз. Университеттердегі тарақандар жарысы, әдептің академиялық ережелерімен және педагогикалық идеализмге адалдықпен бүркемеленсе де, атышулы Мэдисон авенюдегіден әлдеқайда қатыгез. Үшінші сортты колледжден қандай да бір абыройсыз университетке ауысуға он жыл бойы тырыссаңыз немесе дәл сонша жылдар бойы университетте профессор атағына жетуге тырыссаңыз, әлеуметтанудың гуманистік серпіні өше бастайды, және бұл, бері салғанда, академиялық ортадан тым алыс жұмыс берушілердің қол астындағыдан кем өшу бомайды. Біреу қажетті жариялану мүмкіндігін алу үшін жазып жатады; біреу академиялық патронаждың стратегиялық арналарына жақын адамдармен кездесуге асық; біреу өндірістегі кіші админстраторға лайық ынтамен біреудің өмірлік кеңістігін толтырады, ал біреудің өзінің әріптестері мен студенттерге өшпенділігі тек абақты камерасындағы көршілер жөніндегі өшпенділіктен бір кем емес. Академиялық астамшылық жайында бұдан басқа тағы бірдеңені қосудың қажеті бар ма? Факт дегеніңіз факт қой, егер әлеуметтануға гуманизм тән болса, онда ол өзін академиялық ортада болмағанда ықтималдық теориясына сәйкес сөзсіз көрсетуге тиіс. Осы арада айтылған жағымсыз ескертулерге қарамастан, біз бұл мүмкін деп кесіп айта аламыз. Бұл дүниенің қожайындарының азғырыныдыларына еліктегіш университет, сонысымен шіркеуге қатты ұқсайды. Және де бұл орайда университет жұртшылығы, клириктер секілді, азғырындыдан кейін күнаһарлық комплексінен шегеді. Ескі батысеуропалық дәстүр бойынша университет тек қалам ұшымен ғана емес, қантөгіспен де жеңіп алынған бостандық пен ақиқаттың баспанасы қызметін атқарады, және оның ұждан алдында өз дәмесін мәлімдеу мүмкіндігі бар. Біздің қазіргі

525 Эзотериялық – 14-ескертпені қараңыз.

ахуалымыз нақ осы академиялық дәстүр шеңберінде әлеуметтанудағы гуманистік серпін өзінің өмірлік кеңістігін таба алады. Әлеуметтанушылардың жаңа толқынын дайындайтын жоғары мектептің бұл арада қозғалған проблемалары орта оқу орындарының ұқсас проблемаларынан өзгешеленетіні айдан анық. Бірінші жағдайда проблема салыстырмалы түрде қарапайым. Автор, әрине, өзі өрбітіп отырған әлеуметтану тұжырымдамасы болашақ әлеуметтанушыларды “қалыптастыруға” ықпал етуге тиістігін сезеді. Жоғары мектептегі оқу пәні ретінде әлеуметтанудың гуманистік әлуетінің маңызы айдан анық және түсіндіруді қажет етпейді. Қазір техникалық профессионализм есебінен гуманитарлық даярлықты жақсарту тенденциясы байқала бастағанын айту жеткілікті. Оқу пәні ретінде әлеуметтануға оқытушының көзқарасы әлеуметтанушыларды оқыту керек болатын тұжырымдама үзілді-кесілді бейнеленуге тиістігі анық. Бірақ ол тұжырымдама болмасын, оның ықпалын студенттердің өте шектеулі саны сезеді. Және Құдайға шүкір, әрбір студент нағыз кәнігі әлеуметтанушы бола алмайды. Ал кім сондай әлеуметтанушы болып, біздің көзқарасымызды қабылдаса, оның өзінің иллюзияларынан арылып, өмір мифтерге негізделген дүниеде өз жолын іздеуіне тура келеді. Біз мұндай мүмкіндікке неліктен сенетінімізді жеткілікті айтқанбыз. Орта мектепте проблема біршама басқаша естілетіні айдан анық. Егер әлеуметтанушы жоғары білім бермейтін мекемеде сабақ берсе (ондайлар көпшілік), оның шәкірттерінің титімдей бөлігі ғана оның пәнін жоғары мектепте оқитын болады. Тіпті жоғары оқу орнында әлеуметтану бойынша маманданданатындардың ішінен азын-аулағы маман-зерттеуші болады, есесіне көбісі әлеуметтік жұмысқа, журналистикаға, бизнеске немесе “әлеуметтанушылық даярлықты” пайдалы деп саналатын кез-келген басқа кәсіпке кетеді. Бір қиырдағы колледжде сабақ беретін әлеуметтанушы, лекция кезінде әлеуметтік сатымен жоғары көтерілуге әбден бел байлаған, емтихан артынан емтиханды табандылықпен тапсырып жүрген бозбалалар мен бойжеткендерге қарай отырып, ол телефон анықтамасын дауыстап оқи бастаса

да, олардың қызығуы кем болмайтынын түсінеді. Ондай әлеуметтанушы ерте ме, кеш пе, өзінің немен айналысып жүргені туралы сұрақ төңірегінде ойланатын болады. Тіпті әлеуметтік сатының ұшар басында тұрғандар және мен білім алу практикалық қажеттіліктен гөрі артықшылық болып табылатын адамдар үшін интеллектуалдық демалыс орны саналатын неғұрлым текті мекемеде сабақ беріп жүрген әлеуметтанушы да: бұл жұмысымның әлеуметтануға қандай қатысы бар деген сауалмен бас қатыруы мүмкін. Әлбетте, мемлекеттік университеттерде де, “Шырмауық лигасы”526 колледждерінде де пәнге шын қызығатын және шынымен түсінетін студенттер табылады, және сабақ беруде әрқашан соларға қарап бадарлану мүмкіндігі болады. Бұл, алайда, алыс перспективада, әсіресе оқытушы өзі оқытып жүрген нәрсенің педагогикалық пайдалылығы жөнінде қандай да бір дәрежеде күмәнға бой алдырса, түңілуге апарып соқтыруы мүмкін. Орта білім жүйесінде жұмыс істейтін моральдық проблемаларға сезімтал әлеуметтанушы өзіне ұдайы нақ қоюға міндетті. Колледжге тек өздері таңдаған корпорацияға жұмысқа орналасу үшін диплом керектіктен ғана, немесе олардың әлеуметтік ортасы соны күткендіктен ғана келген студенттерді оқыту тауқыметін әлеуметтанушы проблемаларымен басқа пәндерден беретін әріптестерімен бірге тартады. Біз осы арада бұл тақырыпты өрбіте алмаймыз. Алайда әлеуметтанушы үшін онда біз бұрынырақ талқылап кеткен әлеуметтанудың әшкерлеушілік және иллюзиялардан арылту қасиеттерімен тікелей байланысты ерекше төл ракурсы бар. Сұрақты тіпті былай қоюға болады: әлеуметтанушы мағынасын жеткізгісі келетін амалдарды бәрінен бұрын теріс түсінетін және оларды теріс қолдануы мүмкін балаң ақылдар арасында соншалық қауіпті тауар сатуға оның қандай құқығы бар? Өз жолын өздері таңдаған және жеделдете оқу барысында осынау заһардың терапевтік қасиетін түсіне алатын студенттер мен аспиранттарға әлеуметтанушылық у беру – бір басқа. Неғұрлым терең білім алуға мүмкіндігі де, ықыласы да жоқ адамдарға ешқандай сақтық шараларынсыз беру – бір

526 «Шырмауық лигасы» (Іvy League) – Шығыс жағалаудағы ең көне американ университетері.

басқа. Басқалар бұйрық деп сенетін нәрсенің тіректерін шайқалтуға оның хақысы бар ма? Жастар мызғымастығына қалтқысыз сенетін нәрсенің сусымалылығын, олардың көре білуіне үйретудің не керегі бар? Олардың санасында эрозия тудыра алатын сыншыл ой жүйесімен таныстырудың қажеті қанша? Сайып келгенде, оларды неліктен тыныш қалдырмасқа? Қойылған сұрақтарға жауап, бері салғанда ішінара педагогтың жауапкершілігі мен шеберлігінде жатқаны айдан анық: тәжірибелі әрі жауапкершілікті педагог лекцияда жаңадан келгендермен диплом алатындар семинарында сөйлескендей сөйлеспейді. Тағы бір ішінара ақтау болатын нәрсе: бұйрық ретінде, ретінде қабылданатын құрылымдардың оқушылар санасында бекем тамыр жайғаны соншалық, жалпы білім беретін бірді-екілі курспен оларды шайқалту мүмкін емес. “Мәдени шок” бірден туындамайды. Өзінің, бұйрық ретінде қабылданатын дүниенің картинасын сабақ кезінде өздеріне ұсынылатын картинамен мұндай салғастыруға дайын емес адамдардың көпшілігінің өзі-ақ өздеріне оның бүкіл мәнін ажыратып жатуға жол бермейді, оның орнына болып жатқанды әлеуметтану сабағында ойналатын қызықты интеллектуалдық ойын ретінде қабылдайды, бұл философия бойынша сабақтар зат, егер оған ешкім қарамаса, тұрған орнында тапжылмай тұра бере ме деген тақырыпта пікірталас ойынын ойнауға болатыны секілді нәрсе. Ойын ойнап жатқан адам естіліктің өзінгдегі бастапқы позициясының ақтық сенімділігіне бір сәтке де күмән келтірмейді. Біздің негізгі сұрағымызға бұндай ішінара жауаптың өз құндылығы бар, бірақ ол әлеуметтану оқытушысына ақталу бола алатындығы екіталай. Ол оқыту мақсатына жетпейтін жерде ғана кәдеге жарамды. Біз кесіп айтамыз: әлеуметтануды оқыту, либералды білім беру идеясы интеллектуалдық азаттық беру идеясымен тек пошымдық жағынан байланысты еместіктен ақталады. Бұл идеяны қолдамайтын жерде, білім тек таза кәсіптік техникалық шеңберде қаралатын жерде, әлеуметтануды сабақ беруден ойланбай алып тастауға болады. Әлеуметтану, оқу процесінің бірқалыптылығына тек кедергі жасайды, егер, әрине ол мұндай жағдайда үстем

болатын білім беру этосымен толық сәйкес піштіріп жіберілмесе саолай болады. Алайда, бұрынғысынша либерализм идеясы ұстанылатын жерде, әлеуметтану өзін, біріншіден, түсінбеуден гөрі білу әрі түсіну жақсырақ екендігіне, және, екіншіден, өзінің жағдайыңды анық түсіну бостандық шарты болып табылатынына сенумен ақталады. Көбірек саналылыққа, сонымен бірге бостандыққа ұмтылу өзімен бірге белгілі бір азапты, тіпті қатерді ала келеді. Осыдан қашқақтайтын оқу процесі әдеттегі үйретуге айналады да, өркениятты парасатқа тәрбиелеумен қандай да бір байланысын үзеді. Мынаны кесіп айтамыз: қазіргі кезде өркениятты адам біз әлеуметтану деп атайтын, сыншыл ойдың заманға айтарлықтай сай және дер кезіндегі пошымымен сөзсіз танысуға тиіс. Тіпті соншалық интеллектуалды сабақ барысында өзінің төл, ерекше, Вебер айтқандай, демонын ұшыратпаған адамда осынау қауышу ықпалымен өзінің соқыр сенімдеріне төзіимділігінен титтей болса да арылады, өзінің тәуір көретін нәрселерінде шамалы сағырақ, бөтен біреудің пікірлері жөнінде гамалы скептиктеу және тегінде, қоғам “арқылы” өзінің саяхаттарына шамалы сезімталдырақ болады. Біз бұрынырақ пайдаланған қуыршықтар театрының бейнесіне тағы да оралайық. Біз қуыршақтардың өздерінің шап-шағын сахнасында өздері байланып қойылған жіптердің тартылуымен қалай билейтіндігін, қолдары мен аяқтарын қозғайтындығын және сценарий бойынша телінген кішкентай рөлдеріне сәйкес әрлі-берлі жүретіндігін көреміз. Біз осы театрдың қисынын түсінуге үйренеміз және оның қозғалысына өзіміз елігіп кетеміз; өзіміздің қоғамдағы координаттарымызды анықтаймыз және сол арқылы көрінбес жіптерге ілініп тұрған жерімізді анықтаймыз. Кейде, біз қас қағым бір сәттерде өзімізді шын қуыршақтар ретінде сезініп кетеміз, бірақ артынша, қуыршақ театры мен төл өмірлік драмамыздың арасындағы үзілді-кесілді шекараны айырамыз. Қуыршықтардан айырмашылығымыз, біздің өз қозғалысымызды тоқтатып, өзімізді қозғалысқа келтіретін механизмді қарап алу мүмкіндігіміз бар. Бостандыққа бірінші қадам осы акт. Және де нақ сол акктыдан біз гуманитарлық пән ретінде әлеуметтанудың көз жеткізер ақталуын таба аламыз.

ӘЛЕМДІК ӘЛЕУМЕТТАНУ

АНТОЛОГИЯСЫ

5-том

“Мәдени мұра” бағдарламасы

Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Н. Наурызбаев
Компьютерде беттеген Қ. Оразбек

ИБ № 108

Басуға қол қойылды 29.12. 06. Пішімі 84х108 1/32
Қаріп түрі “Таймс”. Қағазы офсеттік. Басылым офсеттік.
Есепті баспа табағы 36,0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №1878.

ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
Алматы қаласы,
Прокофьев к-сі, 226/1.
Тел./ факс (327) 241-25-47.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙