Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (10)
ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 8 Жанр:
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 8 Жанр:
қызмет атқарады. «Этносоциальные факторы миграции казахов в Астану и Алматы и ее этнополитические последствия» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. бағыты: этноəлеуметтану, қала əлеуметтануы, қолданбалы жəне экон. əлеуметтану. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008). 50-ден астам ғыл. жарияланымның, 4 монографияның, 6 оқу құралы мен оқулықтардың авторы. ЗАБИХ Қадыржан Жасұланұлы (27.7.1965 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Казталов ауд. Березин а.) – заң ғыл. канд. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика (1990), заң (2002) ф-тін бітірген. 1982–83 ж. Алматы күйтабаққа жазу студиясының дыбыс операторы, 1990– 2001 ж. «Жас алаш» газетінің Ақтөбе жəне Батыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Шартарап» баспасының бас редакторы, ҚР Бас Прокуратурасы ұйымдастыру-бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы, 2001– 10 ж. респ. КТК телеарнасының бас редакторы, мемл. тілдегі бағдарламалар директоры, дербес хабар тарату директорының орынбасары, «Ел арна» телеарнасының директоры, «Закон и времяМедиа» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2010 жылдан мемлекетаралық «Известия-Казахстан» газетінің Бас директоры. З. 8 ғыл. еңбектің, 2 кітаптың авторы. Б.Бұлқышев атынд. жəне «Алтын Жұлдыз» (2005) сыйл. лауреаты. ЗАБИХ Шолпан Арапбайқызы (27.2.1970 ж.т., Жамбыл обл. Тараз қ.) – заң ғыл. докт.(2010). ҚазМУ-ды (1995, қазіргі ҚазҰУ) жəне Д.А. Қонаев атынд. ун-тті (2003) бітірген. 1996–98 ж. Ақтөбе қалалық əкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің аға маманы, 1998–99 ж. Ақтөбе обл. ақпарат жəне қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, 1999–2000 ж. «Шартарап» агентігінде редактор, 2000–04 ж. ҚазҰУ-де аға оқытушы, 2001–03 ж. «Закон и время» – «Заң мен заман» журналы бас редакторының орынбасары, 2003–05 ж. ҚР Бас прокуратурасының бөлім бастығы, 2005– 10 ж. «Закон и время–Медиа» ЖШС-нің директоры, «Закон и время» – «Заң жəне заман» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан ҚазҰУ-де проф., «Халықаралық Алматы əуежайы» АҚ-нда атқарушы директор. «Государственноправовые взгляды Жаханши Досмухамедова» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 60 ғыл. еңбектің, 1 монографияның авторы. ЗАВАЛКО Надежда Александровна (19.10.1956 ж.т, Шығыс Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. Қатонқарағай а.) – пед. ғыл. докт. (2002), проф. (2006), Халықар. пед. ғылымдар академиясының (2009), Халықар. Ақпараттандыру академиясының (2011) акад. Өскемен пед. ин-тын (1979, қазіргі Шығыс Қазақстан мемл. ун-ті), аспирантурасын (1987) бітірген. 1979–2002 ж. Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф., кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректордың орынбасары, Жоғары пед., психол. жəне мəдениет колледжінің директор-проректоры, Шығыс Қазақстан мемл. ун-ті жанындағы білім беру мəселелері жөнінде ғыл.-зерт. ин-тының директоры қызметтерін атқарды. Қазір осы ун-тте кафедра проф. З. 2000 ж. «Балабақша-мектепЖОО көп сатылы жүйесіндегі оқыту процесін дараландырудың теориясы мен тəжірибесі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбегі – көп сатылы жүйедегі білім беру процесін индивидуализациялау, дарынды балаларды оқытудағы даралау мəселесі. З. 250-ден астам ғыл. жарияланымның, бірнеше монографияның жəне оқу құралдарының авторы. ҚР Білім беру ісінің үздігі (2000), «ҚР ғылымының дамуыА.Забирова ЗАВАЛКО Қ.Забих Ш.Забих Н.А.Завалко
на сіңірген еңбегі үшін» (2002), Ы.Алтынсарин (2005), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2007) төсбелгілерімен марапатталған. ЗАГОРОДНЯЯ Алина Николаевна (20.9.1939 ж.т., Алматы обл. Қаратал ауд. Үштөбе қ.) – тех. ғыл. докт. (1995), проф. (1997). ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының акад. (2008). «КСРО өнертапқышы» (1975). ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ), Қазақстан ҒА Металлургия жəне кен байыту ин-тының аспирантурасын (1969) бітірген. Қазақ политех. ин-тында (1961–66), Қазақстан ҒА Металлургия жəне кен байыту ин-тында лаборант, аға лаборант, аға инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер (1969–81), ал 1981 жылдан жетекші, бас ғыл. қызметкер болып жұмыс істейді. «Физикохимические основы и разработка сорбционной и экстракционной технологий извлечения рения из сложных по составу растворов от переработки свинцового и уранового сырья» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 300ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 65 КСРО, ҚР авторлық куəліктері мен патенттерінің авторы. Есімі Қазақ КСР-нің Алтын кітабына (1976) енгізілген. Қ.Сəтбаев атынд. сыйл. лауреаты (2011). Медальдармен марапатталған. ЗАҒИДУЛЛИН Рашит Зинатұлы (1950 ж.т., Алматы обл. Жаркент қ.) – филол. ғыл. докт. (1995). Алматы пед. шет тілдер ин-тын (1971, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) бітірген. 1973–76 ж. Қарағанды мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) оқытушы, 1976–78 ж. Мəскеудің мемл. шет тілдері ин-тының жоғары пед. курсының тыңдаушысы, 1978–81 ж. аспиранты, 1982–90 ж. Қарағанды мемл. мед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1990–93 ж. Мəскеу мемл. лингвистика ун-тінің аспиранты, 1994–95 ж. Қазақ мемл. хим.-технол. ун-тінде кафедра меңгерушісі, 1995 жылдан проф. 2002–03 ж. АҚШ-тың Индиана ун-тінде Фулбрайт бағдарламасы бойынша ғыл.-зерт. жүргізді. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. Медальдармен марапатталған. ЗАДОРОЖНЫЙ Георгий Кузьмич (4.5.1925 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Борисово-Романовка а.) – тарих ғыл. докт. (1978), проф. (1979). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы ун-ттің аспирантурасында (1963) оқыған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қостанай қ-ндағы №15 орта мектепте мұғалім, директор (1951–61), Рудный индустр. интында оқытушы, кафедра меңгерушісі (1963–78), 1978 жылдан Қостанай а. ш. ин-тында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2-дəрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ЗАЙБЕРТ Виктор Федорович (30.9.1947 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Николаевка а.) – тарих ғыл. докт. (1992). ҚР Əлеум. ғыл. академиясының акад. Петропавл пед. ин-тын (1969, қазіргі Солт. Қазақстан мемл. ун-ті), Мəскеу Археология ин-тының аспирантурасын (1972) бітірген. 1969– 76 ж. Солт. Қазақстан обл. аймақтық мұражайда археол. бөлімінің ғыл. қызметкері, меңгерушісі, 1976–96 ж. Петропавл пед. интында оқытушы, Солт. Қазақстан мемл. ун-тінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, проректор, 1999–2003 ж. Петропавл Бизнес жəне басқару ин-тының ректоры қызметтерін атқарды. 2007 жылдан Көкшетау ун-тінде проф. Негізгі ғыл. бағыты: Еуразия археологиясын зерттеуге, алғашқы қоғам тарихына арналған. 90-нан астам ғыл. жарияланымның, 4 монографияның авторы. ЗАКАРИН Асқар (15.12.1908, қазіргі Қостанай обл. Жангелдин ауд. – 18.1.1990, Алматы қ.) – физ.- матем. ғыл. канд. (1948), проф. (1970). Орынбордағы жұмысшылар ф-тін (1931), Мəскеу мемл. унтін бітірген (1937). ҚазПИ-де ассистент, оқытушы (1937–41) болды. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан (1941–45). ҚазПИ-дің (1950– 53), ҚазМУ-дың (1953–55 жəне 1961–70) ректоры, кафедра меңгерушісі (1970–84), Қазақ КСР-і Оқу министрі (1955–58), Қазақ КСР-і Мин. Кеңесі төрағасының орынбасары жəне Қазақ КСР-і ЗАГОРОДНЯЯ А.Н.Загородняя Р.Зағидуллин В.Ф.Зайберт
Сыртқы істер министрі (1958– 61), Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің төрағасы (1963–67), ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі (1970–83) қызметтерін атқарды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ЗАКАРИНА Нэлла Асқарқызы (12.5.1938 ж.т., Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1988), Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1960). 1960–69 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Химия ғылымдары ин-тында аға лаборант, кіші ғыл. қызметкер, 1969 жылдан Органик. катализ. жəне электрохимия ин-тында аға, жетекші (1986) ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. еңбектері: катализдік гидрогендеу жəне гидрокрекинг мəселелеріне арналған. ЗАКШЕВСКИЙ Егор Иванович (20.12.1928 ж.т., Украина, Донецк обл. Варваровка с.) – экон. ғыл. докт. (1982), Қазақ КСР-нің еңб. сің. экономисі (1978). Алматы халық ш. ин-тын (қазіргі Қазақ экон. ун-ті) бітірген (1965). 1966– 75 ж. Қазақ КСР А. ш. мин. Бас жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 1975–85 ж. бастығы. 1986–87 ж. Қазақ КСР Мемл. агр.-өнеркəсіптік к-тінің Бас басқармасының бастығы. 1987 жылдан агр.-өнеркəсіптік кешеннің Жоғары мектебінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Негізгі ғыл. бағыты: а.ш. экономикасы мəселелері. Қазан революциясы, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ЗАЛЬЦМАН Григорий Ильич (20.2.1926 ж.т., Украина, Житомир обл. Барановка с.) – мед. ғыл. докт. (1969), проф. (1970) Қазақ мед. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген (1948). 1948 жылдан сонда ординатор, ассистент, 1961 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері психиатрия мəселелеріне арналған. ЗАЛЬЦМАН Михаил Давидович (17.6.1959 ж.т, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (2005), проф. (2007), Халықар. «Экология жəне өміртіршілік қауіпсіздігі» академиясының акад. (2007). Алматы энергетика ин-тын (1981, Алматы энергетика жəне байланыс ин-ты), аспирантурасын (1986) бітірген. 1981–82 ж. Алматы трамвай-троллейбус басқармасында өндірістік-тех. бөлімнің инженер-технологы, 1982 ж. «Казоргтехстром» басқармасында инженер-құрастырушы,1982–89 ж. Алматы энергетика ин-тында инженер, аға инженер, кіші ғыл. қызметкер, ғыл. қызметкер. 1989–2006 ж. Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында ассистент, аға оқытушы, аға ғыл. қызметкер, доцент, проф. қызметін атқарды. 2006 жылдан кафедра меңгерушісі. З. «Тиеу-түсіру операциясы кезіндегі қарқынды шаң бөлу көздерін жайылтпаудың ғылымитехникалық негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. бағыты: шаңды басудың көбікті тəсілін теор. негіздеу жəне оны іске асыру. «КСРО өнертапқышы» (1986). КСРО-ның 5 авторлық куəлігін алған. ЗАМАНБЕКОВ Нұртілеу Ақжолтайұлы (23.5.1957 ж.т, Алматы обл. Панфилов ауд. Көктал а.) – ветеринария ғыл. докт. (2007), проф. (2010). Талдықорған мед. уч-щесін (1977, қазіргі Талдықорған мед. колледжін), Алматы малдəрігерлік ин-тын (1987, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне аспирантурасын (1996) бітірген. 1987–2006 ж. осы унтте доцент, деканның орынбасары, оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2006 жылдан кафедра меңгерушісі. З. «Коррекция иммунного статуса, продуктивности и репродуктивной функции животных с пременением цитотоксических сывороток» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл.бағыты – биогенді қуаттандырғыштардың жəне фитопрепараттардың жануарлардың өсіп-көбею функциясына жəне өнімділік көрсеткіштеріне əсері. З. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, 11 патенттің, 7 оқулықтың, 12 оқу құралының авторы. ЗАРКЕШЕВ Елтай Ғакіпұлы (5. 8.1940 ж.т., Павлодар обл. Баянауыл ауд.) – биол. ғыл. докт. (1982), проф. Ленинград (қазіргі СанктПетербург) мед. ин-тын (1965) жəне аспирантурасын (1970) Қазақстан–Ресей ун-тін (2011) бітірген. 1961–65 ж. Ленинград мед. ин-тында оқытушы, 1970–77 ж. ЗАРКЕШЕВ А.Закарин М.Д.Зальцман Н.Заманбеков
кіші, аға ғыл. қызметкер, 1977– 80ж. КСРО ҒА Ленинград Физиология ин-тында бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1980– 99 ж. ҚР ҒА-да лаб. меңгерушісі, 1999–2007 ж. Солт. Қазақстан ун-тінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2007 жылдан Еуразия ұлттық ун-тінде проф. З. «Нейронные механизмы корковой интеграции» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: еркін мінезқұлық шарттарында бас миының қыртыс нейрондарының импульс белсенділігін тіркеу, екі мінезқұлық əрекеттерінің, шартты жəне кейінге қалдырылған мінезқұлықтың өзара қатынасын зерттеу. Үйретуші ми қыртысы нейрондарын ашқаны үшін Нобель сыйлығына ұсынылған. 300-ден астам ғыл. еңбектің 10 монографияның, 5 патенттің авторы. ЗАРПҰЛЛАЕВ Шатыр Нысанұлы (1949 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шардара ауд. Сырдария а.) – а. ш. ғыл. докт. (1991), проф. (1996). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тының аспиранты (1971–74), кіші, аға, бас ғыл. қызметкері (1974–94), Қазақ қой ш. ғыл.-зерт. ин-тында (1994–96) жəне 1996 жылдан Оңт. Қазақстан обл. а. ш. ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі. З. 90-нан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЗАУЫРБЕКОВ Нұрғали Сабырұлы (30.9.1963 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд. Ақарыс а.) – тех. ғыл. докт. (2010). Халықар. ақпараттандыру ғылымдары академиясының акад. (2009). ҚазҰУ-ды бітірген (1986). 1986– 92 ж. Қазақ ветеринарлық ғыл.- зерт. ин-тында аға инженер-программист, 1992–96 ж. Алматы мемл. сəулет-құрылыс академиясында оқытушы, 1996–2003 ж. Қазақ ұлттық пед. ун-тінде аға оқытушы, доцент, аға ғыл. қызметкер, 2003 жылдан Қазақ экон. ун-тінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 180 ғыл. еңбектің, 3 монография мен 7 оқу құралының авторы. ЗАХАРОВ Владимир Андреевич (8.2.1934 ж.т., Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1974), проф. (1978). ҚазМУ-ды (1957, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУ-да аға лаборант, кіші ғыл. қызметкер (1957–59), ассистент, аға оқытушы, доцент, проф. (1959–81), кафедра меңгерушісі (1981–95), ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры (1986– 89) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан проф. Негізгі ғыл. еңбектері аналит. хим. мəселелеріне арналған. З. 350-ден астам ғыл. мақаланың, оның ішінде 3 монографияның, 6 авторлық куəліктің авторы. Медальдармен марапатталған. ЗАШКВАРА Владимир Васильевич (20.2.1928, Украина, Днепропетровск қ. – 8.9.1996, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1977), проф. (1985). Харьков мемл. унтін бітірген (1952). Харьков политех. ин-тында оқытушы (1952– 63), Қазақстан ҒА-ның Ядр. физ. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1963–92), Қазақстан ҒА-ның Физ.-тех. интында лаб. меңгерушісі (1992– 96) болды. Негізгі ғыл. еңбектері мен өнертабыстары физ. электроника саласына арналған. З. цилиндр жəне сфера тəрізді электрстатик. айнаға негізделген энергия талдағыш жүйелердің электрондық оптикасын, қатты дене бетінің электрондық спектроскопиясын зерттеді, параметрлері əр түрлі спектрометрлерді құрастырды. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1992). Медальдармен марапатталған. ЗƏКƏРИЯНОВ Қайрат Хайроллаұлы (17.12.1954 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауд. Қойтас а.) – пед. ғыл. докт. проф. Халықар. акмеология академиясының, ҚР əлеуметтану ғылымдары академиясының, Халықар. Жоғары мектеп ғылым академиясының акад. ҚР-ның еңб. сің. қайраткері (2007). ҚазҰУ-ды, КСРО ҒА Сібір бөлімшесі (Новосибирск қ.) Матем. ин-тының аспирантурасын, Шығыс Қазақстан мемл. ун-тін бітірген. 1979– 95 ж. Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент кафедра меңгерушісі, проректор, ректор, Шығыс Қазақстан обл. əкімінің орынбасары, 1995–98 ж. ҚР Президенті əкімшнің ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі қызметтерін Е.Заркешев Н.Зауырбеков Қ.Зəкəриянов ЗАРПҰЛЛАЕВ
атқарды. 1998 жылдан Қазақтың спорт жəне туризм академиясының ректоры-президенті. З. ҚР студенттік спорт федерациясын басқарады. 2009 жылдан Халықар. дене тəрбиесі жəне спорт университеттері қауымдастығының президенті. ЗƏКЕНОВ Сембіғали Төрешұлы (1965 ж.т., Атырау обл. Бейнеу ауд. Сарықамыс кенті) – тех. ғыл. докт. (2009), проф. (2010). Қазақ политех. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген (1986). Қазіргі кезде Каспий технология жəне инжиниринг мемл. ун-тінің Теңіз технология ин-тының директоры. «Мұнай кенорындарын соңғы сатыда пайдалануда ұңғы өнімдерін арттыру əдістерін жетілдіру жəне игеру» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты мұнай жəне газ кен орындарын бұрғылау техникасын жетілдіруге арналған. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2001), «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2011) төсбелгілерімен марапатталған. ЗƏУІРБЕК Əуелбек Кəрібайұлы (10.5.1944 ж.т.,Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Шақпақбаба а.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. (2009). Жамбыл гидромелиорация-құрылыс ин-тын (1971, қазіргі Тараз мемл. ун-ті), Мəскеу гидромелиоративтік ин-тының аспирантурасын (1981) бітірген. 1971–78 ж. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс ин-тында ассистент, 1982–2005 ж. аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, проф., декан, 2004–05 ж. Су шаруашылығы ғыл. зерт ин-ты (Тараз қ.) директорының орынбасары, 2005– 09 ж. Қазақ ұлттық агр. ун-тінде доцент қызметтерін атқарды. 2009 жылдан осы ун-тте проф.. З. «Научные основы рационального использования и охраны водных ресурсов бассейна реки» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты – су шаруашылығы мен геоэкология салаларындағы су ресурстарын тиімді пайдалану. 224 ғыл. жарияланымның, 4 патенттің, 7 оқулық пен оқу құралдарының авторы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004). Медальдармен марапатталған. ЗЕБРЕВА Александра Ивановна (7.7.1928 ж.т., Қарағанды обл. Нұра ауд. Горное а.) – хим. ғыл. докт. (1968), проф. (1970). ҚазМУді (1950, қазіргі ҚазҰУ) жəне оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1971 жылдан сонда ассистент, доцент, проф., кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері амальгамалық хим. мəселелеріне арналған. 8 авторлық куəлік алған. ЗЕЙНЕЛҒАБДИН Алтай Болтайханұлы (1948 ж.т., Қарағанды обл., Ақтоғай ауд. Ақтоғай а.) – экон. ғыл. докт. Алматы халық ш. ин-тын (қазіргі Қазақ экон. ун-ті) бітірген (1969). 1969–97 ж. Қазақ КСР Мемл. жоспарлау ктінде, Бүкілодақтық Мемл. технол.-жоспарлау ин-тының Қазақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі, Алматы халық ш. интында ұстаздық қызметте, мемл. Қаржы мин-нің ақпараттық-есептеу орт-нда директор, Респ. Қаржы-банк менеджмент ғыл.-зерт. ин-тының директоры, ҚР Қаржы мин-нің Бюджет департаментінде директор қызметтерін атқарды. 1997 жылдан республика Қаржы мин-нің сырттан қарыз алу комиссиясының төрағасы, Респ. бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп к-тінің төрағасы. 20-дан астам ғыл. еңбек пен монографиялардың авторы. ЗЕЙНУЛЛИН Əбдікəрім Əбдіжəлелұлы (21.1.1957 ж.т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Ұлытау а.) – тех. ғыл. докт. (1996), проф. ҚР Ұлттық инж. академиясының акад. (2004). Қазақ политех. интын (1979, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Жезқазған С.Зəкенов Ə.Зəуірбек А.И.Зебрева А.Зейнелғабдин ЗЕЙНУЛЛИН
кен-металлургия комб-ның Шығыс Жезқазған кенішіндегі 57шахтада тау-кен инженері болып қызмет атқарды (1979–82). Қарағанды политех. ин-тының Жезқазған бөлімшесінде кіші ғыл. қызметкер, ассистент, Мəскеу тау-кен ин-тының аспиранты (1982–89), Жезқазған тау-кен технол. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1989– 96), Жезқазған ун-тінің проректоры (1996–2001), ҚР Білім жəне ғыл. мин-нің департаменті директорының орынбасары, Басқарма бастығы, «Қазақстан тоннель ассоциациясының атқарушы директоры, «Парасат» Холдинг» АҚ департаментінің директоры (2001–10) болды. 2010 жылдан «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ-ның Басқарушы директоры. 60-қа жуық ғыл. мақаланың 5 оқу құралы мен 6 патенттің авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ЗЕКЕЙҰЛЫ Жасан (3.6.1967 ж.т., ҚХР, ШҰАР, Тарбағатай аймағы, Толы ауд.) – мед. ғыл. докт. (2012). ҚХР Халықар. инемен емдеу академиясының (1998), Халық медицинасы жəне ғарыштық қуат академиясының (2007), Ресей Халықар. шығарм. академиясының (2010) акад. Қытайдағы Үрімші мед. ин-тын (1989), ҚазҰУ-дің аспирантурасын (1999) бітірген. 1989–95 ж. Қытайдың Іле Қазақ автон. обл. Күйтін орт. ауруханасында дəрігер-хирург, инемен емдеуші аға дəрігер, бөлім меңгерушісі болды. 1996 ж. Қазақстанға оралып, Қазақ ұлттық мед. ун-тінде орыс тілінен арнайы 1 жылдық дайындықтан өтті. 1999–2004 ж. Алматы қ-ның 12-клиник. ауруханасында аға дəрігер қызметін атқарды. 2004 ж. «Жас-Ай» Шығыс-Тибет мед. орт-ның негізін қалап, қазірге дейін осы мекеменің директоры əрі Бас дəрігері. «Жүйкесі жұқарған емделушіні күйзелістен шығаруда дəрісіз емдеу жəне адамның хал-жағдайын қалпына келтіру үрдісін бақылау» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты – хирург. ауруларды жəне операциядан кейін ауруы асқынған сырқаттарды тибеттік емдік тəсілдермен емдеу. 40-тан астам ғыл. еңбектің, 2 патенттің авторы. З. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының мүшесі (2004), ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2007), Вена (Австрия) Халықар. ун-тінің «Құрметті профессоры» (2009). «Алтын жүрек» сыйл. иегері. Халықар. «Сократ» орденімен, «Өтейбойдақ», «Гиппократ» медальдарымен марапатталған. ЗЕЛИНСКИЙ Корнелий Люцианович (18.1.1896, Ресей, Мəскеу қ. – 25.2.1970, сонда) – филол. ғыл. докт. (1964). Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1918). Кеңес Одағы құрамындағы халықтар əдебиеті жəне шет ел əдебиеті туралы көптеген зерттеу еңбектер жазған. Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев туралы монография жазып, оның шығармашылығын əлем халықтарына танытуға елеулі үлес қосты. Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЗЕЛЬЦЕР Михаил Ефимович (23.9.1930 ж.т., Ресей, Ленинград, (қазіргі Санкт-Петербург қ.) – мед. ғыл. докт. (1979), проф. (1981). Ленинград мед. ин-тын (1954), Қазақ КСР ҒА-ның аспирантурасын (1963) бітірген. Гурьев (1954–57, қазіргі Атырау), Оңт. Қазақстан (1957–58) жəне Алматы (1958–60) облыстарында дəрігер, Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-нде Аймақтық патология ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, кіші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1960–90), 1991 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында Ə.Зейнуллин Ж.Зекейұлы К.Л.Зелинский М.Е.Зельцер ЗЕКЕЙҰЛЫ
кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. еңбектері эндокринология мəселелеріне арналған. З-дің 250-ден аса ғыл. мақаласы жəне 6 монографиясы жарық көрген. 1 авторлық куəлік алған. ЗЕНКОВА Елена Михайловна (1.6.1924 ж.т., Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1983), проф. (1987). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1948, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ егіншілік ғыл.- зерт. ин-тында аға лаборант (1948–49), кіші (1949–62), аға ғыл. қызметкер (1962–64), лаб. меңгерушісі (1964–88), 1988 жылдан жетекші ғыл. қызметкер болды. Негізгі ғыл. еңбектері егіншілік мəселелеріне арналған. З. Қазақстанның Оңт.-шығысына лайықтап тəлімі жерлерде ауыспалы егіс егудің ғыл. негізін жасады. З-ның 130-дан аса ғыл. мақаласы жəне 5 монографиясы жарық көрген. ЗИКЕЕВ Виктор Васильевич (18.3.1895, Ресей, Орёл обл. Карачев қ. – 15.3.1958, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1947), проф. (1948). Қазақ КСР-нің еңб. сің. ғылым қайраткері (1947). Мəскеу ун-тін бітірген (1919). 1934 жылдан Қазақстанда: Қазақ мед. интының (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) директоры (1934–43), кафедра меңгерушісі (1934–58), Қазақ КСР денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1952–55) болды. З. жарылған бас пен миды хирург. жолмен емдеу əдісін тауып, күнделікті дəрігерлік жұмыста пайдаланды. Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ЗИЯДИН Саябек Тəттібекұлы (3.8.1978 ж.т.) – экон. ғыл. докт. (2010), проф. Қазақ мемл. сəулет-құрылыс академиясын бітірген (2000). Қазіргі кезде Семей қ-ндағы Қазақ гумманит. заң инновац. ун-тінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Развитие маркетинговой информационной системы в агропромышленном комплексе» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 100-ден астам ғыл. еңбектің, 1 монография мен 6 оқу құралының авторы. ЗЛАВДИНОВ Латип (1931 ж.т., Алматы обл. Ұйғыр ауд. Диірмен а.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1995), проф. (1996). Қазақ таукен металлургия ин-тын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Тұрлан геофиз. экспеднда отряд инженері (1956–60), Оңт. Қазақстан обл. тематика партиясының бастығы (1960–64), Қазақстан Геол. мин. геофиз. бөлімінің аға геофизигі (1965– 66), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі (1966– 96) болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінде дəріс береді. «Физико-геологические основы полного количественного истолкования гравитационных аномалий земли» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 50-ден аса ғыл. жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы жарияланған. ЗОРИН Виславий Иванович (11. 4.1932 ж.т., Ресей, Киров обл. Даровской ауд. Караул дер.) – филос. ғыл. докт. (1978), проф. (1979). ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1954–56 ж. Солт. Қазақстан обл. ЛКЖО к-тінің лекторлар тобының меңгерушісі, 1956–62 ж. Солт. Қазақстан, Талдықорған (қазіргі Алматы) облыстары орта мектептерінде оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды. 1962 жылдан Ақмола агр. ун-тінде (қазіргі Қазақ агротех. ун-ті) аға оқытушы, доцент (1973), проф. (1979), 1982 жылдан кафедра меңгерушісі. З-ның 120-дан аса ғыл. еңбегі, 5 монографиясы жарық көрген. ЗОРИНА Ангелина Аркадьевна (22.11.1910, Ресей Свердловск обл. Вальва с. – 11.11.1980, Қарағанды қ.) – мед. ғыл. докт. (1965), проф. (1966). Пермь ун-тін бітірген (1931). 1931–36 ж. Комвузда (Ижевск қ.) оқытушы. 1937– 46 ж. Ижевск мед. ин-тында асВ.В.Зикеев С.Зиядин Л.Злавдинов В.И.Зорин ЗОРИНА
систент, 1946–50 ж. Қазан стоматол. мед. ин-тында ассистент, 1950–80 ж. Қарағанды мед. интында кафедра меңгерушісі болды. Негізгі ғыл. еңбектері нейрогистология мəселелеріне арналған. 60-тан аса ғыл. еңбектің авторы. ЗУБАЙЫРОВ Орақбай (10.8. 1941 ж.т., Жамбыл обл. Жамбыл ауд. Бірлесу-Еңбек а.) – а.ш. ғыл. докт. (1991), проф. (1994), Халықар. Экология жəне табиғатты пайдалану академиясының акад. (1996). Балқаш тех. учщесін (1961) жəне Мəскеу гидромелиорация ин-тын (1966) бітірген. 1969–86 ж «Жамбылсуқұрылыс» трестінде прораб, бас инженер, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тында (қазіргі Тараз мемл. ун-ті) ассистент, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1986 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінің проф.. З. «Агромелиоративные основы сельскохозяйственного использования биологически очищенных сточных вод и животноводческих стоков на юге Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты – төгінді суларды а.ш. дақылдарын суғаруға пайдалану, тамшылатып суғару технологиясы, инъекц. суғару əдісі. 220 ғыл. еңбектің, оның ішінде 19 патенттер мен авторлық куəліктердің, 3 оқулық, 7 оқу құралдарының, 3 монографияның авторы. Медальдармен марапатталған. О.Зубайыров ЗУБРИЯНОВ Валентин Федорович (27.2.1937 ж.т., Алматы қ.) – а.ш. ғыл. докт. (1978), проф. (1986). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген (1959). 1959–69 ж. Қазақ мал ш. (1974 жылдан мал ш. технологиясы) ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, кіші, аға ғыл. қызметкер, 1978 жылдан бөлім меңгерушісі. 1969– 71 ж. Семей зоотех.-малдəрігерлік ин-тында (қазіргі Семей мемл. ун-ті) кафедра басқарды. Негізгі ғыл. еңбектері ірі қара селекциясы жəне оны өсіру мəселелеріне арналған. 3 симментал сиырының Қазақстандық типін шығаруға басшылық етті. ЗУЕВ Василий Алексеевич (1.1. 1952 ж.т., Алматы обл. Панфилов ауд.) – тех. ғыл. канд. (2002). Алматы құрылыс техникумын (1973), Қазақ экон. ун-тін (1992) бітірген. «Горводоканал» басқармасында инженер, аға инженер (1975–80), Алматы қ-лық атқару к-тінде бөлім инженері, басқарма бастығы (1980–91), Алматы қ. «Горводоканал» басқармасында директордың орынбасары (1991– 97), бас директоры (1997–2007) қызметтерін атқарған. Ғыл. еңбектері Алматы қ-ның ағын суларын тазарту мəселелеріне арналған. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (2005). ЗУЕВА Ольга Михайловна (1961 ж.т., Ақмола обл. Сандықтау ауд. Михайловка а.) – мед. ғыл. докт. (1997). Целиноград мед. ин-тын (қазіргі Ақмола мемл. мед. унті) бітірген (1984). 1985 жылдан Целиноград мед. ин-тында аға лаборант, аға ғыл. қызметкер, доцент болып жұмыс істейді. 100ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЗЮЗИН Василий Иванович (15. 6.1896, Ресей, Волгоград обл. Даниловка ауд. Орехов слободасы – 7.10.1975, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1944), проф. (1945), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1947), Қазақ КСР-інің еңб. сің. дəрігері (1943). Ресейдің Дондағы Ростов қ-ндағы Дон (қазіргі Ростов) мемл. ун-тін бітірген (1925). 1934 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек еткен. Қазақ туберкулез ғыл.-зерт. ин-тының директоры (1933–41), Алматы мемл. мед. ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) директоры (1943–51), сонымен қатар туберкулез кафедрасының меңгерушісі (1951–64) болды. 1964 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында туберкулез кафедрасын басқарды. Негізгі ғыл. еңбектері өкпе жəне лимфа түйіндері туберкулезі, оның эпидемиологиясы, клиникасы, одан сақтану жəне емдеу мəселелеріне арналған. Қазақстанда туберкулез диспансерлерін ұйымдастырды. 2 рет «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. В.А.Зуев ЗУБАЙЫРОВ В.И.Зюзин
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру