TELEGEI

Home

Ақмола үшін айқас

Мұратбек Тоқтағазин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақмола үшін айқас

Бұл кітапқа автордың әр жылдарда жазған очерктері, елімізге танымал тұлғалармен сұхбаттары, көсемсөздік мақалалары енген. Көзі қарақты оқырмандарды деректік, танымдық сипаты басым бұл дүниелер бей-жай қалдырмайды. Ұлттық мұраттарды, құндылықтарды арқау еткен материалдардың оқырманға берері мол. Кітап ұлт руханияты мәселелеріне бейғам қарамайтын көп-шілік қауымға арналған.

Т 53

УДК 070

ББК 76.01

Т 53

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып

шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Тоқтағазин Мұратбек.
Ақмола үшін айқас: (Мақалалар, очерктер, сұхбат-
тар). – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. – 288 б.

ІSBN 978-9965-22-443-0

Бұл кітапқа автордың әр жылдарда жазған очерктері, елімізге
танымал тұлғалармен сұхбаттары, көсемсөздік мақалалары ен­
ген. Көзі қарақты оқырмандарды деректік, танымдық сипаты ба­
сым бұл дүниелер бей-жай қалдырмайды. Ұлттық мұраттарды,

құндылықтарды арқау еткен материалдардың оқырманға берері
мол.
Кітап ұлт руханияты мәселелеріне бейғам қарамайтын көп-
шілік қауымға арналған.

УДК 070

ББК 76.01

ІSBN 978-9965-22-443-0

© «Қазығұрт» баспасы, 2013

ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖЕРІҢНІҢ АТЫ – ТАРИХТЫҢ ХАТЫ

АҚМОЛА АТАУЫ ҮШІН АЙҚАС

ресми түрде басталды. Ең ауыр сын алда тұр
«Айқас» деген сөзді оқыған кейбір оқырман «артық-
тау айтылмады ма екен» деп ойлауы мүмкін. Ал
шындығында мәселенің мәнісі мынау: жақында халық

депутаттары Целиноград қалалық Кеңесінің кезекті
сессиясы болып, онда күн тәртібіндегі бірқатар шаруа
бабындағы мәселелермен бірге қалаға бұрынғы тари­
хи Ақмола атауын қайтару жайы да қаралды. Оған

себепші болған «Социалистік Қазақстанның» үстіміз-
дегі жылдың 20-шы ақпан күніндегі «Ақмола атауы
қайтарылсын», (12-ші сәуір, 1991 жыл) атты оқырман
хаттарының топтамалары мен қалалық Кеңеске келіп

түскен жұртшылық өтініштері еді.
СЕССИЯҒА жиналған халық қалаулылары ә дегенде күн
тәртібін оп-оңай шешкен сияқты еді. Кезек біз тілге тиек
еткен мәселеге келгенде күрт шиеленісіп кетті. Ауыздыға

сөз, аяқтыға жол бермейтін Г.И.Шестикин деген депутат
әдеттегі пысықтығымен орнынан жіті көтеріліп, «Бұл өте
принципті мәселе болғандықтан алдымен оны талқылаймыз
ба жоқ па, соны дауысқа салайық» деп тұрып алды. Оның

бұлайша мығым сөйлеуінің өзіндік сыры да жоқ емес еді.
Себебі – қалалық Кеңестегі депутаттардың 80 пайызы
орыс тілді азаматтар. Сонымен осы ұсыныстың түсуі мұң
екен, кенеттен әр тұстан оны қостаушылар шығып, зал

іші гуілге толды. Бұл екі ортада сессияға төрағалық етуші
азаматтың сасқалақтай бастағаны байқалды. Ол сол сәт
қалалық Кеңестің Жастар ісі, ғылым, халыққа білім беру,
мәдениет, тіл, ұлттық және интернационалдық дәстүрлер,

тарихи мұраларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы-
ның атынан оның мүшесі депутат В.Н.Лиге сөз беріп, ол
бірнеше минут ішінде әріптестерінің комиссия құруды
қолдайтынын, тек Г.А.Попов деген депутат қана үзілді-

кесілді қарсы екенін мәлімдеді де орнына жайғасты.
Залда тыныштық орнай қалды. Халық қалаулыларының
көбінің әлі де ештеңенің байыбына бара қоймағаны, ештеңе-
ге түсінбегені байқалды. Көпшілігінің көкейінде Г.Шести-

киннің сыздана айтқан «ұсынысы» тұрғаны аңғарылады.
Осы арада сессияға төрағалық етуші үлкен қателік жі-
берді. Әрі-сәрі күйдегі депутаттарды қажетті нысанаға
бейімдемей тұрып, мәселені дауысқа салып жіберді. Қоры-

тындысында бұл мәселені 43-ақ дауыс қолдады. Жүргізуші
сессияны одан әрі жалғастыра беруге икемделе берген-ді.
Ресейдің сонау Нижний Новгород (бұрынғы Горький)
деген қаласына арнайы барып, оның тарихи атауы қалайша

қалпына келтірілгенін алдын ала зерттеген едік. Жүргізуші
істің насырға шапқалы тұрғанын аңғарған соң дауыс беру-
дің алдында сапарда болып қайтқан депутаттың жан-жақ-
ты түсініктеме беруіне мүмкіндік жасауы керек еді. Алай­

да, мұндай тамаша мүмкіндікті уысынан шығарып алды.
Бірақ біз, «бастан құлақ садаға» демекші, мұқым қаладағы
мыңдаған азаматтар күтіп отырған мәселенің құрдымға
кетіп бара жатқанын көріп отырып, үнсіз қала алмадық.

Сөйтіп, журналист-депутат мынадай мәлімдеме жасады:

– «Мен сіздердің алдарыңыздан жоғалғанды қалпына

келтіру, көрешекті әбден көрген халқымыздан ұрланған,
тартып алынған жәйітті тілге тиек еткелі отырмын. Соның
бірі – біздің қаламыздың тарихи атауының өзгеруі. Біздер,
депутаттар, қаламыздың тұрғындарының заңды қалаулы-

лары, өткендегі әкімшіл-бұйрықшыл жүйенің бүлдірген-
дері мен заңсыз әрекеттерін түзету жөнінде маңызы бар
шешім қабылдауымыз керек.
Тек біздің қаламыздың тұрғындары ғана емес, тек біз-

дің республикамыздың жұртшылығы ғана емес, соны­
мен қатар республикамыздан тыс жерлерде тұратындар

біздің әрекеттерімізді демократиялық бетбұрыс, тарихи
әділеттіліктің орнығуы және ат төбеліндей атқамінерлер-
дің шолақ шешімімен жоқ етілген адамдардың заңды құ-
қықтарының қалпына келтірілуі деп бағалайтын болады.

Бұл ретте депутаттарға мәселенің қойылысы ұғынықты
болуы үшін келіп түскен қыруар хаттар мен республикалық
басылымнан бірнеше үзінді келтіруді жөн көріп отырмын.
№56 механикаландырылған колоннаның жүргізушісі Хол­

мецкий жолдас былай деп жазады: «Басқа республика­
ларда сол жердің жергілікті өкілдері әділеттілікті қалпына
келтіруді талап етпек түгілі, одан зорғы әрекеттерге барып,
орыс тілді тұрғындар небір қиыншылық, қысым көруде.

Сондықтан қаламыздағы еш кінәсіз азшылық болып қалған
қазақ ағайындардың және мен секілді кейбір басқа ұлт
өкілдерінің әділеттіліктің салтанат құруын өтінген үніне
басшы орындар, жұртшылық құлақ асады деген ойдамыз.

Сондықтан айтарым бұл мәселе референдумға қойылмауы
тиіс!» («Социалистік Қазақстан», 20 ақпан, 1991 жыл).
Бұл хаттан мынадай түйінді аңғаруға болады: елімізде қа-
зіргідей ұлтаралық дүрдараздық оты өршіп тұрған шақта

республикамызда, облысымыз бен қаламызда қалыптасқан
тұрақтылықтың тамыры республикаға есімі беріліп отыр-
ған халықтың қасиетті ісі мен тарихи құнды мұраларына
тиіспеу қажеттігін қарапайым орыс тілдес жұмысшысының

түсіне білуінде жатыр. Осы орайда жергілікті тұрғын Бо­
рис Титовтың хатына көз жүгіртейік. Онда мынадай жолдар
бар: «Ақмола атауы осы қаланың тұрғыны ретінде менің
жүрегіме де ерекше ыстық. Өзім орыс ұлтынан болсам да

қазақ ұлтының тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін ерек­
ше қастерлеймін. Ал атауға келетін болсақ, менің өзіндік
көзқарасым бар. Қазақстан жері – қазақтардың ата-баба-
лары найзаның ұшымен, шоқпардың күшімен сыртқы жау-

дың шапқыншылығынан ғасырлар бойы қорғаған, ұрпақ-
тан-ұрпаққа мирас етіп қалдырылған кең байтақ өлке. Оның
әрбір тасының, қырқа, жотасының өзіндік тарихы бар.
Әсіресе, елді мекендердің атаулары таңқаларлық тапқыр-

лықпен ойлап табылған. Менің пікірімше, бәзбіреулердің
оны өзгертуі – сыпайылап айтқанда зорлықпен жасалған
жосықсыздық. Ал, Никита Хрущевтің ұсынысы салдарынан
Ақмола атауының архивке жөнелтілуі – кезінде жасалған

үлкен қиянат. Демек, әділет салтанат құрып, қаламыздың та­
рихи атауы қалпына келтірілсе екен дейміз».
Депутаттардың назарын тағы да мынаған аударғым келе-
ді: тарихи атаудың қайтарылу мәселесі кенеттен туында-

ған жоқ. Бұл жәйт республика тарихының күн тәртібінен
ешқашан алынған емес. Бұл жағдай орталықтың алдын­
да да әлсіз, қыруар билігі барлардың алдында дәрменсіз,
мыңдаған қарапайым адамдардың жүрегін жылдар бойы

қыжылдатып келеді. Ақмола есімін қайтарып беру туралы
кейбір депутаттармен пікірлескенімізде байқағанымыз –
олардың көбі бұл үшін қыруар қаражат кетеді дегенді
көлденең тартады. «Одан да азаматтардың әлеуметтік жа-

ғынан қорғалуын ойлайық дегенді айтады. Ондайлардың
қаупі түсінікті де. Өйткені, қала тұрғындары арасында
«бұл шаруаны жүзеге асыруға миллиондаған сом шығады»
деген лақап тарап кеткен. Ой таразысына сала беріңіз: бір

жарым миллионнан астам тұрғыны бар бұрынғы Горькийді
Нижний Новгород деп өзгертуге бар болғаны 359 мың сом
кеткені анықталған. Енді осы қаражатты халқының саны
6 есе аз біздің қалаға қатысты қарастырсақ, оған кететін

ақша мүлдем аз болатындығы айтпасақ та түсінікті. Осы
орайда тәжірибе көрсеткендай, паспорт ауыстырудың да
қажеті жоқ екен. Ал осыған дейін басылған бланкілер, би-
леттер, әртүрлі құжаттар, көптеген қалалар тәжірибесі

көрсетіп отырғандай, таусылып болғанша толық пайда­
ланылады. Түйіндей айтқанда, қаланың атын қайтарудың
ешқандай да экономикалық қиындықтары жоқ».
Сонымен осы мәлімдеме оқылып болғаннан соң залда

қозғалыс пайда болып, депутатар Қ.Тұрсынов, В.Божко,
М.Смағұлов, В.Захаркин сөз сөйлеп, қолдау білдіргеннен
кейін қалалық кеңестің Ақмола атауын қайтаруды зерттей-
тін арнаулы комиссиясын құруға байланысты қайтадан

дауыс беру болды. Сөйтіп 58 депутат жақтап, 12-сі қарсы
болып, 4-і қалыс қалды. Мәселе, оң шешіліп, құрамында
9 адамы бар комиссия бекітілді. Сөз реті келгенде айта кет­
кен жөн, сессияда осы мәселе төңірегінде пікір білдірген

халық депутаттары Целиноград облыстық Кеңесінің тө-
рағасы А.Г.Браун, егер мәселе қаражатқа тіреліп тұрса,
тіпті жарты миллиондай сомды республика Министрлер
Кабинетінен-ақ алып беретінін, депутаттардың бұл мәсе-

леге терең жауапкершілікпен қарауын өтінді.
Иә, сессияда Ақмола атауын қайтаруды осы қаланың
тұрғындары ғана қалап отырмағандығы, бұл мұқым қазақ-
тың тілегі екендігі жөніндегі ой-тұжырым бірнеше мәрте

айтылды.
Өкінішке орай, қалада 80 процент болып табылатын
басқа ұлт өкілдері, бұл мәселенің байыбына бармастан,
қазірдің өзінде қарсылық білдірген хаттарды қалалық

Кеңеске қарша бората бастады. Сондықтан келелі іске
жанашыр азаматтар Ақмола атын қайтаруға байла-
нысты өз пікірлерін, тілектерін «Социалистік Қа-
зақстан» газетіне және мына тұраққа жолдаса құба-құп

болар еді: 473000. Целиноград қаласы, Октябрь көшесі,
119 үй, Целиноград қалалық Кеңесіне.
Бұл ретте республикалық «Қазақ тілі» қоғамы, оның
облыстық, аудандық бөлімшелері, бастауыш ұйымдары

белсенділік танытып, оны басқарып отырған жанашыр
азаматтар жұртшылықтың арасында нақты ұйымдастыру
жұмыстарын жүргізеді деген үміттеміз. Сонымен өміршең
істің шешуші, ең ауыр сыны алда тұр.

М.Тоқтағазин,
«Социалистік Қазақстанның» меншікті тілшісі,
халық депутаттары Целиноград қалалық Кеңесінің
Ақмола атауын қайтару мәселесі бойынша қоғамдық пікірді

зерттеу комиссиясының қосалқы төрағасы.
Целиноград қаласы
P.S. Осы мақалаға байланысты газет оқырмандарынан
екі мыңнан астам хат келіп түсті. Оның едәуір бөлігі га­

зетте топтама түрінде берілді. (М.Т.)

ҚЫМЫЗЫҢ ҚАЙДА, ҚАЗАҒЫМ!

Қымыз туралы сөз болса елеңдемейтін қазақ жоқ.
Ауруға щипа, сауға қуат беретін осынау халқымыздың
таңғажайып сусыны мүлде ұмтылмағанымен, күнделікті
қолданыста жүргенін жоққа шығаруға болмас. Алайда

ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ерекше бағалаған осы­
нау ұлттық асымыз соңғы жылдарда көпшілік назары-
нан тыс қала бастағандай.
Әрине бұл ел тұрғындары қымызды ішкісі келмегендік-

тен емес. Оның себептері де жеткілікті. Соның бірі –
шарықтаған бағасы. Мәселен, Астанада қымыздың бағасы
500-600 теңге аралығында. Оның өзінде жәй күндері қолы-
ңыз жеткенмен, мерекелерде әбден бапталған тамаша

қымызды табу оңай емес. Дәмі тәуір қымызды таныстарың-
нан сұрастырып жүргенің. Ал кейбір супермаркеттердегі
құтыларға құйылған қымыздың дәмін сіз сұрамаңыз – мен
айтпайын. Сонымен қатар «суқосқыш» делдалдар да адам­

дарды зәрезап қылғанын жасырғаннан не ұтамыз. Оның
үстіне олардың құйып алған ыдыстарын көргенде тезірек
бұрылып кеткің келеді... Мейрамханалардағы бағаны
коньякпен салыстырсаңыз қателеспейсіз.

Қысқасы, үйіңе құрметті қонағың кенеттен келіп қалса
тәуір қымызды таба қою – қиынның қиыны. Әрине бұл
айтылғаннан оқырман қауым Астана қаласында қымыз
жоқ екен деп қалмасын. Бар. Бірақ қандай қымыз деген

мүлде бөлек әңгіме. Демек, бұл мәселеге терең үңілудің
артықшылығы жоқ.
Бір қуантарлығы, жақында Парламентте «Халық ден-
саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ко­

декс
(«Денсаулық
кодексі»)
қаралып

оған
көптеген
министрліктердің басшылық деңгейдегі өкілдері шақы-
рылып, ұлт саулығы, тамақтануы хақында үлкен әңгіме

болды. Әсіресе осы жүздесуде ұлттық сусынымыз қымыз
туралы көбірек айтылды. Ұлтжанды азамат, Парламент
Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл әл-Фараби бабамыз-

дың «Егер ұлттық тағам дастарханнан кететін болса, ұлт
ауруға шалдығады» деген аталы сөзін келтіре келіп: «Біз
өзі ұлттық тағамнан айырылдық, – деді жиналғандарға
қайырылып, – ешкім дұрыс қымыз ішпейді, баяғы құрт,

ірімшік, тағы басқалары жоғалды. Бұл істе бізден орыс елі
де озып кетіпті! Ресейдің мысалын келтірейін: Якутияда
қымыз туралы заң шықты. Сол бойынша қымыз өндіруші-
лерге жеңілдік беріледі. Қазір Якутияда бүкіл балабақ-

шалар мен мектептерде балаларға тегін қымыз ішкізеді!
Жасай алмай отырмыз ғой осыны, қолдан келсе де! Осы­
ны істемегеннен кейін, тамақтандыру, балалардың денсау-
лығы туралы әңгіме қозғаудың қанша қажеті бар?

Сол Ресейде «туберкулезді» қымызбен емдейтін 40-тан
астам санаторий бар. Германияда арнайы мамандандырыл-
ған, қымыз өндіретін 50 ферма ашылды. Немістер қы-
мызды дәрі ретінде, таблетка күйінде бүкіл Еуропаның

дәріханаларында сатып жатыр. Ол тағы да бізде жоқ.
Ресейдің өзінде жыл сайын биенің сүтінен 500 тонна бала­
лар тағамдары жасалады! Олардың зерттеулері бойынша,
биенің сүті мен ананың сүтінің айырмашылығы шамалы.

Соны біз жасап отырмыз ба? Жасамақ түгіл, ол туралы ой
да жоқ! Сол Якутияда ауыр хирургиялық операциялар
жасалған адамдарға қымыз береді. Ол тағы да жоқ»
Көкейінде жинақталған ойларын төгіп салған депутат

Алдан Зейноллаұлы «Ұлттық тамақ өндірісін дамыту ту-
ралы бағдарлама» жасау немесе «Қымыз туралы» заң
қабылдау қажеттігін мәселе етіп көтерді.
Басқосуға келген Ауыл шаруашылығы министрінің

орынбасары Гүлмира Исаева қымыз мәселесі «Агробизнес-
2020» атты жаңа салалық бағдарламада, «Ветеринария ту­
ралы» «Тамақ қауіпсіздігі туралы» заңдарында көрініс
тапқанын айта келіп, қымыз өндірісін арттыруға қатысты

мәселелерді жаңа заң тудырмай-ақ шеше аламыз деген
пікірін білдіре келіп, ойларын одан әрі былайша өрбітті:
«сүт өнімдері, соның ішінде қымыз бойынша да бізде жұ-
мыс тобы құрылды, Қазақстанның Сүт одағының маман-

дарымен бірлесіп, біз дәл қазір «Мектеп сүті» («Школьное
молоко») бағдарламасын жетілдірудеміз. Бұл бағдарлама
тамақ қауіпсіздігі талаптары бойынша мемлекеттік меке­
мелерге, соның ішінде мектептерге, ауруханаларға жет-

кізілетін сүт өнімдерінің сапасына қатысты мәселелерді
де қамтиды. Бұл жерде сүт өнімдерінің табиғи құрамына
ерекше көңіл бөліп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, сиыр
сүтінде кейде өсімдік майлары пайдаланылады және оны

фальсификаттаудың кең тараған басқа да түрлері бар. Ал
барлық дәстүрлі ұлттық тамақ түрлері ішінде әсіресе,
қымызды қолдан жасау қиын, бірден сезіледі. Сондықтан
қымызды біз табиғи, экологиялық таза тамақ түрі ретінде

ілгерілететін боламыз».
Жалпы, елімізде бұған дейін Жаңаарқа ауданында, Ал­
маты мен Тараз өңірлерінде қымыз өндіретін арнайы фер-
малар болған. Бірақ оларға дер кезінде қамқорлық

көрсетілмегеннен кейін жабылып қалыпты. Мәжіліс де­
путаты Алдан Смайылдың ұлттық сусынның халық
денсаулығына пайдалы екендігін, ауыл шаруашылығында
осы саланы дамыту керек екендігін көтеруге осы мәселе

себепші болған. Мәжіліс депутатының бұл ұсынысын
әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға
Назарбаева қолдайтындығын жеткізді.

– Мен Алдан Зейноллаұлының пікірін қолдаймын. Себе-

бі мектептерді қымыз ішуге міндеттеу керек. Санаториялық-
профилактикалық, емдеу сауықтыру мекемелерінде емделіп
жатқан сырқаттарға да қымыз беру керек, – деді Дариға
Нұрсұлтанқызы.

Әрине, бастама көңілге қуаныш ұялатады. Алайда осы
көп-көрім идея кәсіби деңгейде шешілсе кәне. Бұл орай­
да осы саламен тікелей айналысып жүрген мамандар­
мен, кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс істеп, мәселені

ақылдасып шешкен жөн. Өйткені қымыз жай сүт сияқты
емес дайындалуында өзіндік технологиясы бар ерекше өнім.
Жасыратын несі бар, кейбір дүкендерде сатылып жатқан
қымыздың дәмі су татиды, ысталмағаны, әбден бапталма-

ғаны көрініп-ақ тұр.

Мұндай «қымызды» бірінші рет ішкен адам «мақтаған
сусыны осы ма» дегендей кері әсерде қалары анық. Демек
үлкен өндірістік дәрежеде жолға қойғанда жеті рет өлшеп,
бір рет пішкен жөн. Сонымен қатар республикалық деңгей-

де қымыз өндірушілердің байқауы өткізілсе тіптен құба-
құп. Осыған Ауыл шаруашылығы министрлігі бас болып,
ынталы мекемелер қостап әкетсе іс ілгері басады. Айту бар
да орындау бар. Осы игілікті істі ұлттық құндылықтары-

мызды қызғыштай қорғап жүрген үлкен жүректі тұлғалар
Алдан Смайыл мен Дариға Назарбаева сынды Парламент
Мәжілісінің депутаттары аяғына дейін жеткізіп, тиісті
мекемелерді «мазалай» берсе нұр үстіне нұр болар еді!

Оның үстіне қымызымызды – неміс, шұбатымызды – ев­
рей, қазымызды – италияндықтар өздеріне «меншіктеп»,
мөрлеп алғандығынан оқырман қауым хабардар болар. Ол
аз десеңіз Ганс Цольман деген кәсіпкер қымыздан әйелдер-

ге арнап иісмайлар, балалар тағамын жасапты.
Тағы бір атап көрсетерлік жайт, қымыз мәселесі кешен-
ді қарастырылғаны абзал. Бұл ретте жылқы табындарын
көбейту, қымыз сату желілерін жүйелі түрде жолға қою

да назардан тыс қалмауы тиіс. Сонымен қатар еліміздің
барлық қалаларында, елді мекендерінде қымызханаларды
көбейткен жөн. Мұндай ұлт тағдырына қажетті істі қолға
алған кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер жасалуы тиіс.

Сондай-ақ, осы саланы дамытқысы келетін бизнесмендерге
әкімшіліктер тарапынан ұдайы қамқорлық жасалып отыруы
қажет.
Мына мәселеге назар аударыңыз, Мәжіліс депутаты

Алдан Смайылға хат жазған бірқатар азаматтар былай
дейтін көрінеді: «Ештеңе де, тіпті субсидиясының да керегі
жоқ. Тек жайылымдық жер керек, содан кейін дамып кет­
кенше, салықтан 4-5 жыл жеңілдік керек. Болды!» Алдан

Зейноллаұлының айтуына қарағанда әлгі азаматтарға басқа
ештеңенің қажеті жоқ көрінеді. Енді жергілікті басшылар
соның бірін де жасап отырған жоқ қой! Әйтпесе, қымыз
шығаратындарға өздері жылқы өсірмесе, бие сүтін сатып

алу қымбат.

Депутаттардың қымыз мәселесін көтерулері өте құп-
тарлық жайт. Енді осы айтылғандар мемлекеттік дәрежеде
бір құжатта заңдастырылмаса іс ілгері басады деу қиын.
Өйткені бірқатар министрліктің басшы қызметкерлері әр-

түрлі заңдарда бұтарлана шашылып жатқан заң талапта-
рын кесе-көлденең тартудан жалығар емес. Егер шынды-
ғына келсек, ешқандай шаруаның Қазақстанның заңдарын
оқып отыратын уақыты жоқ. Ал егер сол айтылғандардың

барлығы бір жерге жинақталып, оның орындалуының
нақты жүйесі, тетіктері жасалса әркімге де түсінікті бо­
лар еді. Егер бұл мәселе Үкімет, Парламент деңгейінде оң
шешілсе жер-жерлерде «Қымызмұрындық», «Бие байлар»,

«Желі майлар» сияқты дәстүрлі мерекелерді жан-жақты
жолға қойып, ұлтымыздың денсаулығын одан әрі нығайту-
ға байланысты жұмыстарды ширатуға мол мүмкіндік
туар еді.

Иә, қымыз – қазақтың ұлттық мәселесі, қажет десеңіз
ұлттық идея. Бұл тұрғыда ел болып ақылдасатын мәселе-
лер шаш-етектен. Осы ретте тәжірибелі мамандар мен
ұлттық сусынымызды өндірумен тікелей айналысып жүр-

ген кәсіпкерлердің мол тәжірибесімен бөлісуі ауадай
қажет. Ендеше алашқа қояр сауалымыз түсінікті болар:

ҚЫМЫЗЫҢ ҚАЙДА, ҚАЗАҒЫМ!...

Кіндік қаланың келбеті
Ел Астанасын көшіру – мемлекет тарихындағы жойда-
сыз ірі жоба. Мұндай үлкен қадамға көптеген елдердің
басшылары бара бермеген. Өйткені ол тарихи ғана емес,

саяси һәм қаржылық ұшан-теңіз тірлік. Ал Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың қамы үшін тәуекелге бел
буып, бұл тарихи миссияны жүзеге асыра алды.
Бастапқыда бұл шаруа ілгері басады дегенде көп адам-

дар күдіктене әрі күле қарағаны да есімізде. Алайда ол
күлкі-мысқылдың күлі көкке ұшты. Сарыарқаның сайын
даласына алаштың бас шаһары қоныс тепті. Одан беріде
қаншама жылдың жүзі болды. Бүгінде Астана әлем елдерін

таң қалдырған сұлулық пен көркемдіктің символына ай-
налды.
Жалпы мемлекеттің өз астанасын сәтімен ауыстыруы-
ның өзіндік тарихи тәжірибелері жоқ емес. Оның қалып-

тасу жолының өз өлшемі бар. Айталық, Исламабадтың
дамуындағы «био-шаг» деп аталатын көрсеткіш немесе
сапалық өзгерістердің бір айналымы 50 жылға созылса,
Берлиндікі – 30 жылға, Бразилиянікі – 25 жылға созылған.

Ал біздің еліміздің бас шаһары үшін бұл жол бар болғаны
13 жылдан асқан жоқ. Яғни басты қаламыздың өсіп-өркен-
деу қарқынының жоспарлы үдені басып озғаны байқалды.
Басқа өлшемдік деңгейге көтерілдік. Бұл кәрі тарихта өте

сирек ұшырасатын жайт.
Көгілдір экранды ашып қалсаңыз немесе мерзімді бас-
пасөз беттеріне көз жүгіртсеңіз Астанаға табан тіреген
алыс-жақыннан келген қонақтардың ерекше таңданысына

куә болып жатасыз. Шынымен-ақ он жылдан сәл асар уа-
қытта бұрынғы шап-шағын облыс орталығы осындай
ұзатылатын қыздай жасанып шыға келгені ме дер еді.
Таңданса таңданғандай-ақ. Өйткені күні-кешегі тың өлке-

сіндегі шағын қала бүгінгі таңда зәулім ғимараттары
аспан тіреген таңғажайып мегаполиске айналды.
Астана көшіп келгенде бәз біреулер ел басшылары ескі
қаланы жамап-жасқаумен шектелетін болар деп ойлағаны

да рас. Олардың мегзеп отырғаны қазіргі тілмен айтқанда

оң жағалаудағы қаланың бұрынғы орны. Олай болмай шық-
ты. Есіл өзенінің сол жағалауынан көптеген жаңа көшелер
пайда болып, архитектуралық сән-салтанаты таңдай қақ-
тыратын таңғажайып әкімшілік ғимараттары еңсе көтерді.

Сыртынан қарағанда ерекше сүйсінерлік тұрғын үй кешен-
дері бірінен кейін бірі сап түзеді. Тіпті сол жағалауға бір-
екі ай бармай қалған жергілікті қала тұрғындары келесіде
жолы түскенде танымай қалып жатқан сәттері де аз кезде­

скен жоқ. Өйткені құрыш қолды құрылысшылар аз уақыт-
тың ішінде бірнеше қонақ үйлер мен ірі компаниялардың
кеңселерін тұрғызып тастай беретін.
Әсіресе Астананың төлқұжаты іспетті Бәйтеректің өзі

неге тұрады. Бүгінде Бәйтерек бас қаланың синонимы іспет-
ті айтылып жүр. Өйткені кез-келген қазақ, жер бетіндегі
біздің елімізді білетін кез-келген жан Бәйтерек десе Аста­
наны есіне алады. Бұл сөзіміздің мәнісіне осыдан-ақ көз

жеткізе беріңіз.
Алыстан ұшып келген қонақ ең алдымен әуежайға на-
зар аударар еді. Бұл заңды да. Кез-келген өркениетті елде
әуе кемелерінің ұшып-қонатын жері мейлінше қауіпсіз әрі

әдемі болуға тиіс. Аллаға шүкір, Астана бұл тұрғыда ешкім-
ге де дес бермейді. Астана халықаралық әуежайы бүгінгі
таңда қандай кірпияз президентті немесе корольді ұялмай
қарсы алуға әзір. Елорданың әуе айлағы азғантай уақыт

аралығында бір дегенде елуден астам әуе кемесін қабыл-
дап алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар оларға биік дәре-
жеде қызмет көрсетуге қабілетті әлемдегі ірі әуежайлар
санатына қосылған. Мемлекет тарапынан оның ұлттық

нақыштармен жасалып, ірі аумақты қамтып жатуына мил-
лиондаған теңгелер кетті. Алайда ол өзін ақтап, Астана
әуежайы бас қаланың таңдай қақтырарлық тамашы ғи-
мараттарының біріне айналды.

Алыстан ат арытып қонақтарың келгенде оларды ұял-
май қарсы алғанға не жетсін. Бұл ретте қаланың мей-
манханалық қоры жеткілікті. Бұрын қаланың ортасындағы
«Интерконтиненталь» (қазір «Ramada») ғана шетелдік-

терге қызмет көрсетіп тұрған болса, бүгінде бес жұлдызды,
үш жұлдызды қонақ үйлер жетіп-артылады. Олардың

барлығы жоғары стандарттарға сай һәм ауқымды ха-
лықаралық іс-шараларға қызмет етуге дайын. Қазір қа-
лаға келетін қалталы қонақтар қонақ үйлерді «шекеден
шертіп» таңдап алатын күйге жеткен. Мәселен Еуропа-

дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Самми-
тін өткізу кезінде қаладағы 150 мейманхананың ең әдемі
деген 68-і таңдалып алынып, келген қонақтарға мінсіз
қызмет көрсетті. Алқалы басқосуға қатысқан меймандар

тарапынан оларға ешқандай өкпе-реніш болмаған. Қала-
ның жай-жапсары сыртқы келбетіне ғана емес, ішкі маз-
мұнына байланысты да бағаланатындығын ескерсек бұл
да бір ауыз толтырып айтарлық жайт екені ақиқат.

Елорданың еңсе көтеруі халқының санынан да айқын
көрініп тұр. Мұнда бұрын 200 мыңнан астам халық тұрған
болса, қазір тұрғындардың саны 700 мыңға жуықтады.
Мамандардың есептеуінше жақын уақытта бұл цифр мил-

лионнан асып жығылатыны белгілі болып қалды. Яғни
алаш астанасының керегесі әлі де болса кеңге созылып,
мұнда мекендейтін тұрғындар саны еселеп өсетін түрі бар.
Жалпақ жұрт Астананы Елбасының төл баласы деп

жүр. Бұл сөздің де жаны бар. Сонау тоқсаныншы жыл-
дары Нұрсұлтан Назарбаев астананы Сарыарқаның төсіне
көшіру жөнінде сөз қылғанда кейбір асфальтта өскен
шенеуніктер өзара күбірлесіп, сырттай айтпаса да өзара

мысқылмен жымиысқан көрінеді. Алайда қазағының қа-
мын күйттеген Елбасы салиқалы саясаткерге тән сұңғыла-
лық танытып, ғасыр жобасы дерлік бұл идеяны аяғына
жеткізді. Ал бүгінде сол мысқылдағыш шенеуніктер «бұл

тамаша проект болды» деп сайрап жүр.
Бір риза боларлық жайт, Нұрсұлтан Әбішұлы Астана-
ның әрбір тасының қалай қойылатындығын ұдайы қадаға-
лап отырады. Елордада «Астана қаласының бас жоспары

ғылыми-зерттеу жобалау институты» дейтін мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорын бар. Президентіміз осы мекемеде
жиі болып бас шаһардың қалай дамып келе жатқандығын,
келешекте қалайша құлпыруы керектігін тайға таңба

басқандай етіп айтып отырады. Мүйізі қарағайдай сәу-
летшілермен, қала құрылысын салудың майын ішкен ма­

мандармен ақылдасып, жеті рет өлшеп, бір рет кескеннен
кейін «жігіттер былай істеңдер» деген ретте нақты тап­
сырмалар береді. Кейіннен ол тапсырмаларының қалай
орындалғандығын жіті қадағалайды. Әлгі мекеменің ма­

мандары Астананың 2030 жылға дейінгі жоспарын жа­
сап, үш күнге созылған таныстырылым шарасын өткізіпті.
Онда көшеде көлік кептелісі болмау мәселесі де арнайы
талқыланыпты. Енді тағы да тоқсанға жуық жаңадан жол­

дар салынып, көлік қоятын жабық паркингтер салынатын
көрінеді. Сонымен қатар қала сыртындағы 60 шақырымдай
жердің инфрақұрылымы жаңаратын көрінеді. Тағы бір
қуантарлық жайт, «Достық» ауданының маңына жаңадан

тағы бір теміржол вокзалы мен әуежай салу жоспарла­
ныпты. Осы екі аралықты қосатын метро құрылысының
басталатыны да жобада көрсетілген. Сондай-ақ қаланың
жоғарғы бөлігімен жүретін жеңіл рельсті көлік қолданысқа

енгізілетін көрінеді. Оның бірінші кезеңі 2014 жылға қарай
іске қосылмақ. Бұл бағытта франциялық мамандармен
келісім жасалыпты. Қаланың бас сәулетшісінің айтуына қа-
рағанда жаңа метро іске қосылғанда күніне 256 мың адамды

қаланың сол жағалауынан оң жақ бетіне тез арада жеткізе
алады екен.
Жаңа елорданың жыл сайын өсіп-өркендеп келе жат-
қандығына мына бір цифрлар мен фактілер де куә. Айталық,

1997 жылмен салыстырғанда Астанадағы мұғалімдер саны
1116-ға көбейіп, олардың еңбекақылары 8000 теңгеден
55000 теңгеге дейін өскен. 1-ші шілдеден бастап ол тағы да
30 пайызға көтерілмек. Бар болғаны 13 жыл ішінде қала-

дағы дәрігерлер саны 640-қа көбейген. Ал олардың ор-
таша жалақысы 1997 жылмен салыстырғанда 5.5 есе өсіп,
қазір 55000-ға жетіп отыр. Бас қаладағы ақ халатты аб­
зал жандар отряды бүгінгі таңда интервенциялық кардио-

логия, магнитті-резонансты томография, литотрипсия, зерт-
ханалық генетика сияқты салалардың сирек мамандарымен
толыққан.
«Баспана болса басқа да болады» деген тіркес бүгінгі

таңда қалалық тұрғындар аузында нақыл есебінде айтыла­
тын болған. Өйткені қалада тұратын адамның баспанасы-

ның болмауы оның жағдайын ерекше нашарлата түсетіні
белгілі. Себебі мұндағы айлық пәтерақы құны аспандап
тұр. Яғни баспана мәселесі елордада өткір тұрғандықтан
оны шешудің жолдары шұғыл қарастырылуы қажет. Жа-

қында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен
Астананы одан әрі дамыту жөніндегі арнайы кеңесте
шаһарбасы Иманғали Тасмағанбетов Президентке қала-
ның қазіргі жай-жапсары хақында айтып берді. Оның

мәлімдеуінше үстіміздегі жылдың аяғына дейін елорда­
да 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Кейінгі жылдарда құрылыс саласындағы ырғақ бәсеңдеген
емес. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде 4 миллион шаршы

метрге жуық тұрғын үй салынған болса, биыл қосымша
1,4 млн. шаршы метр үйдің құрылысы салынатындығы
пәтер кезегінде жылдар бойы тұрған астаналықтарды
бір серпілтіп тастады. Мемлекеттік қаражаттың құйыл-

ғандығының нәтижесінде үлескерлік тұрғын үй құрылысы-
ның мәселелері 95 пайызға шешіліп, 35 мың үлескерді
қамтыған 218 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Жылдың
соңына дейін тағы да 5944 үлескерді қамтитын 25 нысан

тапсырылмақ. Сондай-ақ 2005-2010 жылдарға жоспарлан-
ған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы да жылдың соңы-
на дейін мәреге жетеді деп күтілуде.
Иманғали Тасмағанбетовтың айтуына қарағанда, 2011-

2014 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы
қолға алынып, баспанаға мұқтаж болып жүрген жамағат-
тың едәуір бөлігін жарылқау жоспарлаған. Яғни төрт
жылда 4 млн. шаршы метр пәтер жаңа иелерін таппақ. Бо-

лашақта жаңадан салынбақ тұрғын үй кешендері «Хан ша-
тыр» ойын-сауық орталығының батыс жағында, «Мыңжыл-
дық аллеясының» маңайында, сонымен қатар Қабанбай
батыр даңғылының әуежайға дейінгі саласы мен Сығанақ

көшесінің аралығында бой көтермек. Онда автокөліктерді
қоятын паркингтер, балалардың ойын алаңдары басқа да
күнделікті өмірге қажетті игіліктер мұқият ескерілмек.
Тағы бір атап көрсетерлік жайт, жақын болашақта қала-

ның ескі бөлігіндегі қаусап тұрған көне үйлер құлатылып, ол
жерлерге бүгінгі заманға сай құрылыс кешендері салынбақ.

Ал қала картасынан жоғалатын көнетоз үйлердің тұрғын-
дары далада қалмайды. Әкімнің айтуына қарағанда апат­
ты жағдайдағы баспана иелері жаңа пәтерлерге көшіріледі.
Шаһарбасының есептеуіне қарағанда, бүгінгі таңда Аста­

нада тозып кеткен 231 көппәтерлі үй бар көрінеді. Соның
ішінде әсіресе 86 үйдің жағдайы мүлдем мүшкіл көрінеді.
Ол құжыралар ондағы тұрғындар үшін ғана емес, оның
маңайынан өтіп бара жатқан жолаушылар үшін де қауіпті

көрінеді. Мысалға Сембинов-Брусиловский көшелерінің
аралығындағы орналасқан ғимараттарды осы категорияға
жатқызуға болады. Сондықтан Иманғали Нұрғалиұлы қа-
ланың коммуналдық меншігінің есебінен 490 тұрғын үй

салып, пәтер иелеріне тозып кеткен баспаналарын су­
дай жаңа пәтерге айырбастауды ұсынып отыр. Қарапайым
халыққа осыдан артық қандай шынайы жанашырлық болуы
мүмкін?!

Астанадағы құрылыстың аса зәру саласының бірі үлес-
тік сектор екені белгілі. Мемлекет басшысының арнайы
көңіл бөліп, қолдау көрсетуінің арқасында бұл салада
ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жасалған. Тағдырдың

тәлкегімен қиын жағдайға душар болғандардың көпшілігіне
көмек берілген. 35000-нан астам үлескер 218 тұрғын үй
кешенінен тұрақ тепкен. Қазіргі таңда қалада 5944 үлескер-
дің қатысуымен 25 нысан салынып жатыр. Олардың бар-

лығы осы жылдың шілдесінің аяғына дейін бітіп, бұл
мәселе күн тәртібінен біржолата алынып тасталмақ. Алай­
да осы арада басшылар ерекше мән бермей отырған бір
жайт бар. Үлескерлердің арасында кезінде бір емес екі-үш

пәтерге ақшасын салып, соны Үкіметтің асығыс шығарыл-
ған шешімінің салдарынан әлі күнге дейін ала алмай
жүрген азаматтар жоқ емес. Атап көрсетерлік жайт, олар-
дың саны да көп емес. Сонда жылдар бойы жинақтаған

ақшасына пәтер алған бұл азаматтарды тағдыр тәлкегіне
итере салу кімге керек болды екен? Болашақта қала әкімі
бұл мәселені шешіп, қарапайым халықтың батасын алады
деп сенгіміз келеді. Өйткені Иманғали Нұрғалиұлы осын-

дай шешуші сәтте әрқашан азаматтық танытып, салиқалы
саясаткер ретінде өзін көрсете білген. Бұл жолы да сол
жүрісінен таймайды деп сенгіміз келеді!

Астананың кескін-келбеті хақында аз жазылып жүрген
жоқ. Дей тұрсақ та, мұндағы таңдай қақтыратын бірқатар
ғимараттарды ауызға алмасқа болмас. Мәселен, «Хан Ша­
тыр» сауда-ойын-сауық орталығы, «Шабыт» шығармашы-

лық сарайы, «Назарбаев Университеті», «Тәуелсіздік» са­
райы, Республикалық велотрек, «Алау» коньки тебу стадио-
ны, жиналмалы мұз айдыны бар заманауи «Барыс» спорт
кешені қаланы аралаған кез-келген адамның көз жауын

алатыны айдан анық.
Кез келген шаһардың беделіне бедел үстейтін бір жайт
бар. Ол әлеуметтік сала арнасынан тамыр тартып жатыр.
Соңғы жылдары мектепке дейінгі және жалпы білім бере-

тін мекемелердегі орын тапшылығы проблемасы едәуір
дәрежеде шешімін тапты. Тек 2010 жылдың өзінде ғана
50 бала бақша ашылып, 11000-нан астам бүлдіршін қуа-
нышқа бөленген. Биыл тағы да 33 осы тектес нысандар

бой көтеріп, 10000-ға тарта балдырған мектепке дейінгі
мекеме табалдырығынан аттамақ. Бұл айтуға ғана оңай.
Баласын қайда қалдырарын білмей, не жұмысқа шыға ал-
май отырған ата-аналар қаншама десеңші! Республикамыз-

дың басқа қалалары мен елді мекендеріндегі әкім-қаралар
Астанадан үлгі алса кәне!
Әлбетте бұл қатып қалған мәселе емес. Басқа елді ме-
кендерде қалай екенін қайдам, елордадағы аналар мен

келіндер бөпелер «іңгәсін» жиі естіртетін болды. Кейбір
деректерге қарағанда Астанада күн сайын қырықтан астам
бөбек дүниеге келетін көрінеді. Бұл – өте қуантарлық әрі
мақтанарлық жайт. 2008 жылы 12487 бүлдіршін дүние есі-

гін қақса, 2010 жылы 17000 бөбек дүниеге келген. Егер
елорда тұрғындарының басым көпшілігі жергілікті ұлт
екендігін ескерсек, жақын жылдарда қаладағы қазақтар-
дың саны еселеп өсетіндігіне көз жеткізе түсеміз. Лайымда

солай болғай!
Мұның тағы бір себебі бар. Елордада медициналық
кластердің жүйелі түрде қолға алынуының нәтижесінде
тұрғындардың тұрмыс деңгейі республика бойынша жо-

ғарғы көрсеткішті иеленген. Соның нәтижесінде өзге
облыстарға қарағанда бала өлімі екі есе төмендеп, бүлдір-

шіндердің дүниеге келуі соңғы он жылда екі жарым есе­
ге артқаны байқалған. Адам өлімі бір жарым есеге кеміп,
тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жет-
кені де көп нәрседен хабар берсе керек.

Сөз арасында газетіміздің оқырмандарын елең еткізетін
жаңалыққа назар аудара кетейік. Астанада биылғы жылы
көрсе көз сүйсінерлік төрт нысан пайдалануға берілмек.
Олар ағылшындық үлгідегі Хэйли Берри мектептері,

«Хазірет Сұлтан» мешіті, Республикалық Телерадио кешені
және Оқушылар сарайы. Сонымен қатар классикалық опера
және балет театры мен Жаңа мұражайдың құрылысы да
қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Ірі мегаполистердің бас ауруына айналған проблема-
ның бірі – қоқыстардан арылу. Бұрын қаладан шығарыла-
тын қоқыстар қашықтау жерге апарылып төгіліп тастала
беретін. Бұл, біріншіден, өткен уақыттың еншісіндегі «әдет»

болса, екіншіден, бұның экологияға әсер етіп, адамдардың
денсаулығына зиянын тигізетіні белгілі. Ол қоқыстарға
қонған құстардың қаланы да «қыдыратыны» анықталған.
Демек XX ғасырдың артта қалған «технологиясына» нүкте

қоятын уақыт жетті. Ал әлемнің ірі қалаларында қоқысты
қайта өңдеу әдетке айналған. Осы үрдіс Астанада да қолға
алынатын болыпты. Алдағы қыркүйек айының орта шенін-
де су жаңа қоқыс өңдеу зауыты есігін айқара ашпақ. Қазірдің

өзінде зауыт құрылысының 85 пайызы бітіп, ондағы құ-
рылғыларды құрастыру жұмыстары басталып кетіпті.
Аталмыш мекеме елордадан шығарылатын ең зиянды де­
ген қалдықтардың өзін өңдейтін көрінеді. Осыдан былай

дамыған қалалардағы сияқты қоқыс төгудің арнайы тәртібі
бекітіліп, шынылар бір ыдысқа, пластик келесі ыдысқа, ме­
талл бұйымдар тағы бір ыдысқа салынатын көрінеді.
Теледидардан осыдан 5-6 жыл бұрын көрген бір көрініс

дәл бүгінгідей көз алдымда. Қаланың сыртын айналдыра
«жасыл белдеу» жасау мақсатында көшеттер отырғызы-
лып, сол шағын өскіндердің жанында тұрып Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы сұхбат беріп жатыр. Осы жаңадан

егілген жас талдар күні ертең ну орманға айналатынына
тоқталады. Сол айтылған сөздер бүгінде ақиқатқа айналды.

Қазір қаланың шетіне шықсаңыз жайқалған ағаштарға дән
риза боласыз. Бұл бағытта «Астана-Көгалдандыру құры-
лысы» акционерлік қоғамы едәуір тірлік тындыруда. Аста­
наны абаттандыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары

жүйелі түрде қолға алынған.
Жақын бірер жылдың ішінде елорданың жасыл желек-
пен одан сайын көмкеріле түсетіндігіне риясыз нанасыз.
Өйткені бір биылдың өзінде 14000-ға жуық ағаш егілетін

көрінеді. Одан басқа 141848 шаршы метр гүлзар отыр-
ғызылады екен. Ол өткен жылғымен салыстырғанда 4700
шаршы метрге артқан. Сонымен қатар қала көшелерін
қызылды-жасылды гүлдермен көмкеру бағытында 25 түрлі

7,5 млн. түп гүл егілген. Оның ішінде губастик, горец, пи­
рилла, люпин секілді жаңа 7 гүлдің сорты бар екен. Со­
нымен қатар отанымыздың жүрегіне келген қонақтар
26 гүлден жасалған сәндік мүсінді қызыға тамашалайтын

болады. Бұл жұмыстардың барлығы қала күніне дейін
аяқталатын көрінеді. Тағы бір атап көрсетерлік жайт, жал­
пы аумағы 4348 шаршы метрлік 4 жылыжай салыныпты.
Сөйтіп көп жылдық гүлдердің сұрпын көбейту мақсатында

арнайы жоспар жасалыпты. Жасыл желекті молайтумен
шұғылданатын кәсіпорынның дендробағында елуден астам
көпжылдық гүл отырғызылып, ол тиісті мамандардың
сұрыптауынан өтуде.

Тағы бір атап көрсетерлік нәрсе, қалаға кіреберістегі
тас жолдардың бойын көгалдандыру мен абаттандыру
жұмыстары да қолға алынған. Ол жерлерге қатарластыра
талдар егілген. Сонымен қатар қаладағы субұрқақтар да

арнайы күтімге алынып, оның жиектері абаттандырылған.
Көшелердегі бір деңгейде қырқылып қойылған ағаштар да
эстетикалық тұрғыда жағымды әсер қалдырады. Көшелер-
дің шеттеріндегі көгалдандырылған жерлер де ұдайы кү-

тімге алынған. Осының бәрі жиналып келіп арайлы астана-
ның ажарын айшықтай түсуде. Жақында қала әкімі Иман-
ғали Тасмағанбетов былайша ағынан ақтарылды: «Біз был­
тыр 20 мың түп ағаш ексек, билы 40 мың ағаш отырғы-

зуды межелеп отырмыз. Егер 3 жыл бұрын жаз мезгілінде
2 миллионнан астам гүл егілсе, қазір біз бұл тарапта

9 миллиондық биікті бағындырдық». Бұл айтуға оңай бо­
лып көрінген цифрлардың ар жағында жүздеген адамдар-
дың маңдай тері төгілгендігін ежіктеп айтудың қажеті бола
қоймас. Ал жасыл алаңқайлардың көлемі адам басына есеп­

тесек бір тұрғынға 11,5 шаршы метрден келеді екен. Бұл
айтылған жайлардан нені аңғаруға болады? Арада тағы да
бірнеше жыл өткеннен кейін Астана жап-жасыл қалаға
айналады. Тұрғындардың таза ауамен тыныстауына мол

мүмкіндік туады. Экологиялық жағдай одан әрі жақсара
түседі. Ал бүгінгі таңда сол игіліктердің алғышарттары жа­
салуда.
Қай заманда да ел астанасы халықтың назарында бол-

ған. Оған жұрт сүйсіне қараумен қатар сынай да қараған.
Жақсы жақтарынан үлгі алып, келеңсіз тұстарына сын айт-
қан. Сондықтан астана атанудың жауапкершілігі мейлінше
зор. Оны сол қаланы басқарған әкімдер қалай түсінсе, қала-

ның көркею, өсіп-өркендеу дәрежесі де сол биіктен көрі-
неді. Егер шаһарбасының ұғым-түсінігі, интеллектуалдық
дәрежесі биік болса – ол қаланың бағы. Мұндай жағдай-
да «ел жүрегі» елең еткізерлік биіктен көрінеді.

Астананың қазіргі әкімі Иманғали Тасмағанбетов осы-
ған дейін Алматыны басқарғанын жұрт біледі. Елбасының
сенімді серіктерінің санатындағы бұл басшыны елордалық-
тар да жылы қарсы алды. Өйткені ол бұқара халықпен

тығыз байланыста жұмыс істей алатын ерекше қабілетін
көрсетіп үлгерді. Әкім қаланың қарапайым тұрғындарының
ыстық ықыласына бөленген. Ол интернеттегі өзінің бло­
гына келіп түскен сұрақтарға қолма-қол жауап қайтарады.

Мүмкіндігі болғанынша арыз яки хат жолдаушының мәсе-
лесін шешуге, әңгіме болып отырған жайтқа объективті
түрде баға беруге тырысады. Егер өрескел жөнсіздіктерді
байқаса тиісті мекеме басшыларын «сілкілеп» алады.

Имекеңнің Алматыда әкім болғандағы жол кептелістерін
шешудегі тамаша тәжірибесі Астанада да қолға алына
басталған сыңайлы. Мұны күнделікті мәшине рөлінде жүр-
ген астаналықтар аңғарып та үлгерді. Бұрынғы тікесінен

«сіресіп» жатып алған жолдарға «жан бітіп», көптеген
бағдаршамдардың маңайынан келесі жолға тоқтаусыз

шығып кететін шағын бұрма жолдардың пайда болуы арқа-
сында көліктердің жөнсіз сапырылысы сабасына түскендей.
Сондай-ақ «жалпиып» жатқан жолдардың ортасы сәу-
леттік шешіммен бөлініп, онда қосымша жарықтандыру,

абаттандыру жұмыстары жүргізілуінің нәтижесінде көше-
лердің эстетикалық тұрпаты өзгеріп шыға келді. Оның
үстіне Имекең қала тазалығына ерекше көңіл бөледі. Біл-
гіштердің айтуына қарағанда ол кісі үйінен жұмысқа келіп

қайтатын жолдарды ғана емес, қаланың түкпір-түкпіріндегі
шағын тұйық жолдардың өзін қырағы назарында ұстайды.
Осы жұмысқа жауапты қалалық коммуналдық мекеменің
жұмысын күн сайын назардан тыс қалдырмайтын көрінеді.

Басқа қалалардан Астананың тағы бір ерекшелігі бұл
шаһар әкімнің ғана емес, Елбасының да назарында тұр.
Сондықтан мұндағы жылт еткен жаңалық баспасөз құрал-
дарында жарық көрумен қатар, келеңсіздіктер де көп ұза-

май «су бетіне» шығып қалып жатады. Осыдан-ақ бас
қаланың әкімінің жауапкершілігі ауыр екенін бағамдай
беріңіз. Ал Иманғали Нұрғалиұлы Елбасының сенімінің
үдесінен шығып келеді. Әзірге жаман атын естірткен жоқ.

Естіртпейтін шығар деп сенеміз.
Астананың 13 жылдығына арналып кең ауқымдағы мә-
дени іс-шаралар қолға алынуда. 1-шілдеде қала кинотеатр-
лары желісінде «Бәйтерек» мультипликациялық фильмінің

тұсаукесері болып өтті. Сондай-ақ Бейбітшілік және
Келісім сарайында «ASTANA» ІІ Халықаралық экшн-
фильмдер кинофестивалі ашылып, «Қазақстан» орталық
концерт залында жезтаңдай әнші Нұржамал Үсенбаева-

ның шығармашылық концерті, конгресс-холлда «Інжу Мар-
жан» концерті астаналықтарды бір серпілтіп тастады.
Сонымен қатар елордалық циркте «Азия жаңғырығы»
цирк өнерінің халықаралық фестивалі шымылдығын ашып

«Арай» саябағы, «Атамекен» этно-мемориалды кешені,
«Думан» ойын-сауық орталығында неке қиюды тіркеудің
салтанатты рәсімі көрсетілді. 2-шілдеде К.Байсейітова
атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Терең та-

мырлар» аллегориялық драмасы көрермендер назары­
на ұсынылды. Сонымен қатар конгресс-холл сарайында

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның шығарма-
шылық концерті қала тұрғындары мен осы шараларды
көруге арнайы келген қонақтарды ерекше серпілтіп тас-
тады.

Айта кеткен жөн, Астана күніне байланысты төмендегі-
дей шаралардың жоспарлануы да көп нәрседен хабар бе-
рері анық. Олар: «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда
Қазақстан Республикасы суретшілерінің симпозиумының

салтанатты жағдайда ашылуы, «Хан-Шатыр» сауда-ойын-
сауық орталығы жанындағы алаңда «Мыңжылдықтар то-
ғысындағы Астана» көшпелілер өркениетінің фестивалі,
К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын-

да «Астана-Арқау» түркі әуендері фестивалі, конгресс-холл-
да Сергей Безруковтың қатысуымен «Пушкин» спектаклінің
қойылымы, «Жастар» сарайында «Арайлы, әсем Астана!»
концерті.

4-шілдеде қаладағы 3 ауданның тұрғын үй алаптарын­
да Астана – шаттық көлік керуені өтіп, қалалық алаңда,
«Қазақстан» спорт кешені аумағындағы «Студенттер» сая-
бағында, «Жерұйық» саябағында, «Жастар» сарайы алдын-

дағы алаңда «Айналайын» іс-шарасы өткізіліп онда кон-
церттік бағдарлама, байқаулар, цирктік қойылымдар қала
қонақтары назарына ұсынылды. «Атамекен» этно-мемо-
риалдық кешенінде Мемлекеттік туды көтеру, курсанттарға

офицерлік погондарды табыс ету және Астана күніне
арналған мерекелік шараның басталғанын жариялайтын
салтанатты рәсімі, сол жағалауда, Достық және Тәуелсіздік
көшелерінде Велоспорт бойынша дәстүрлі турнир «Астана

кубогы» аясында өтетін бұқаралық велосипед жарысы өтті.
Қала күніне арналып бұдан басқа да көптеген мәдени
іс-шаралар өткізіліп, мерекені тамашалауға келген қала
тұрғындары мен қонақтары елордалық әкімдіктің ұшан-

теңіз еңбегіне ерекше ризашылықтарын білдірді. Осындайда
атам қазақтың «Той дегенде қу бас домалайды» деген мәтелі
еске түседі екен. Басшысы мықты қаланың той-думаны да
дүркіреп өтетініне тағы да бір рет көз жеткіздік.

Астана, 2011 ж.

ӘН ӨНЕРІНІҢ ӘЛИЯСЫ

Ленин комсомолы атындағы бүкілодақтық және
республикалық сыйлықтардың лауреаты, бүкілодақтық
және халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақ
ССР-інің халық әртісі Роза Рымбаева туралы сыр-

сұхбат
Өзіңнің борышыңды орындауға тырыс, сонда сен
өзіңнің неге тұратыныңды дереу біліп аласың.

Л.Н. Толстой.
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет
еткін.

Б. Момышұлы.
Бүгінгі қазақ эстрадасы десек, көз алдымызға ән сама­
лындай көлбеңдеп «Арай» вокальды-аспапты ансамблінің
әншісі Роза Рымбаева келе қалады. Бұл, әрине, тегін емес.

Неге? Бүгінде жауыннан кейін дүркірей шығатын қозы-
құйрық сияқтанып көбейіп бара жатқан әстрада әншілері
неліктен Розадай әйгілі емес? Эстрада өнерінің сиқыры
неде? Бұл сауалдарарға жауап беру үшін өнерпаздың

өмірбаянындағы уақыт иірімдеріне сүңгіген лазым. Бұл
ретте қазіргі эстрада әншілерінің басым көпшілігінің өмір
жолындағы мынадай «баспалдақтан» айналып өтуге бол-
майды: мектеп – жоғары немесе арнаулы оқу орнын тәмам-

дау – әнші ретінде көріну.
Ал Роза болса бұл жолдан көктей өтті. Мектепті бітір-
геннен кейін Семейдегі музыка училищесіне тапсырғаны-
мен, сонда жүргенде астанадағы «Гүлдер» ансамбліне ша-

қырылып, бірден шынайы талант ретінде көріне бастайды.
Әншінің осынау ерекшелігін тап басқан «Советская куль­
тура» газеті кезінде: «Роза Рымбаеваны эстрадаға келді деп
қана айту әлсіз естіледі. Ол бірден жарқырай көрінді», – деп

жазды.
Бұл пікірге дәлел ретінде мына мысалдарды айтуға бо­
лады. 1975 жылы тұңғыш рет «Өмірді әнмен өрнектеп»

атты конкурсқа қатысқан ол әнсүйер қауымды тәнті етіп,
бірінші орын алады. Содан бері қатысқан байқаулары мен
конкурстарынан жүлдесіз оралған емес. Әсіресе, ең бірін-
ші совет әртісі ретінде Түркияның астанасы Стамбулда

өткен «Алтын микрофон» атты небір аузына құс тістеген
эстрада жұлдыздары бақ сынасқан аламан конкурста екін-
ші орынды жеңіп алуы және Гаванадағы «Гала-концертте»
испан тілінде ән шырқап, бірінші орынды иеленуі. Болга­

рия мен Польшадағы ән конкурстарында жүлдегер атануы
Роза Рымбаеваның есімін әлемге әйгілі етті. Оның сыр-
тында АҚШ, Франция, Германия Демократиялық Респуб-
ликасы, Чехословакия, Венгрия, Болгария, Ауғанстан тағы

басқа шет елдердегі гастрольдық сапарлар өз алдына жеке
бір әңгіме.
Мұндай «секірістің» болуы бір жағынан заңды да. Өйт-
кені, Роза Рымбаева өнерпаздығының тамыры мен табиғи

дарынының бастау көзі халықтық сипатпен біте қайнасқан.
Ол ұлттық әуен табиғатын ерекше сезімталдықпен тұщы-
на игерген. Оның ойынша ғасырлар бойы ұлттық сана-
сезімнің көркем жиынтығы тәрізді халықтың ән-күйлері-

нің кұдіретін, нақыш-әуезін түйсіне алмаған, сезіне білме-
ген, содан барып тыңдаушысына жеткізе алмайтын әншінің
киелі өнер иесі болып калыптасуы, өнер көгінде із қалды-
руы екіталай.

Розамен әңгімелесу барысында бұл жайтқа көз жеткізе
түстік.

– Эстрада әншісі болуды неліктен таңдадыңыз? Кім, не

себепші болды?

– Әнші болуды жастайымнан армандадым. Ал жанр мә-

селесін кейіннен таңдадым. Оған Семейдегі музыка учи-
лищесінде оқып жүргендегі талабым да түрткі болса керек.
Жалпы алғанда әншілікті қалауыма әсер еткен жан өзіме
әліппені танытқан және ән-күйден сабақ берген Камаш

Исалиева болды. Профессионалдық сахнаға шықпағанымен
ол кісінің әншілік өнері таңдай қаққызарлық еді. Егер ол
өнер жолын қуса, Қазақстанның бірінші әншісі болар
еді. Әттең, ол кісі сахнада жоқ. Бірақ өмірдегі қарапайым

мамандығымен де құрметке бөленіп жүр. Бүгінде ол кісі
Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі.

– Эстрададағы ұлттық бояу дегенге көзқарасыңыз? Бұл

тұрғыда өзіңіз не істедім деп есептейсіз?

– Әр ұлттың үнінде, ән айту мәнерінде өзгеге ұқсамай-

тын ерекшеліктері болады ғой, мұны мұқият ескерген ла­
зым. Мен өз ана тілімде ән шырқағанда халқымның ең
тәтті қылығын, ең жақсы киімін, інжу-маржандарын,
асыл қасиеттерін бар бояу-реңкімен толыққанды етіп көр-

сетуге талпынамын. Репертуарымда халық әндерімен қа-
тар қазіргі жас буын қазақ композиторларының шығар-
малары да көп. «Айгөлек», «Бір бала», «Еңлік-Кебек»,
«Назқоңыр», «Әлия», «Қыз Жібек пен Төлеген». Бұл

әндер өнер сүйер қауымға жақсы таныс ой деп ойлаймын.
Жалпы, халық әндерін эстрадаға бейімдеуге үлкен жауап-
кершілікпен қараған жөн. Бұл жерде немқұрайлылық та­
ныту тыңдаушы көрермен қауым тарапынан кері әсер туғы-

зуы мүмкін. Бұл, әрине, дайындық барысында белгілі бола­
тын нәрсе. Мен алдымен қазақ әншісі екенім елге белгілі.
Сондықтан бірінші кезекте қазақ әндерін орындаймын. Тағы
бір айтайын дегенім, көрермен қауымның талабымен де

санасу керек. Сондықтан өз репертуарымда әртүрлі тілдегі,
бағыттағы, стильдегі әндердің болуын ұдайы ескеріп оты-
рамын.

– Вокальды-аспапты ансамбльдерде ұлттық аспаптарды

мәселен, домбыра, қобызды қосу талпыныстары байқалып
жүр. Айталық, өздеріңізден отау бөліп шыққан «Алматы»
рок-тобы бірнеше рет домбыра, шаңқобыз және үрлемелі
аспаптарды қоса пайдаланды. Ал сіздердің болашақта

мұндай қадам жасау ниеттеріңіз бар ма?

– Ол біздің орындайтын әуенімізге байланысты. Келе-

шектегі репертуарымызда егер қажет бола қалса, қолдана-
мыз. Әрине, оны дәл қазір болжау қиын. Ал халық әндерін
өз нақыш-сазымен жеткізу үшін кез-келген тәуекелге бара­
мыз.

– Өнер адамының өз Отаны, елі мен ұлты алдындағы

азаматтық парызы мен қарызы қандай деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, халық сенім артқан әрбір өнер адамы

өз жұртының өнерін, ең жақсы жақтарын басқа халыққа
танытуы керек. Сол үшін жүрміз ғой енді... Ал көрермен
қай әншінің қандай екенін біледі. Ұнатқан әншісіне құш-
тарлана келеді, ұнатпаса келмей қояды.

– Эстрада атаулыдан түңілген кездеріңіз болды ма?

– Бұл өнер адамдарында сирек те болса кездесетін

«әдет». Өзіңе-өзің сын көзбен қарағанда кейде налисың.
Қолыңнан келетін істің ретін таппай жатқан сәттерде өзіңің
бишаралығыңды сезіп, жыларман боласың. Бұл өзі табиғи
нәрсе. Одан өзін жоғары ұстағысы келгендер ешқашан

өспейді, өркен жаймайды.

– Одақта эстрада «ардагерлері» атанып жүрген әншілер

аз емес. Сіздің «өз» көкжиегіңізге көз жүгірткен кездеріңіз
болды ма? Дәлірек айтсам, осынау өзіңіз таңдаған жанрда
қаласыз ба?

– Әрбір эстрада әншісінің өз жолы бар. Мен қазақ эстра-

дасын жанрлық жағынан жетілдіруге талпыныс жасап
жүрмін. Жалпы алғанда өз басым әртүрлі бағыттың әншісі
болғым келеді. Өйткені, тек лирикалық әндер шырқау кө-
рерменді жалықтыруы мүмкін. Ең әдемі, ең мәңгілік әуен –

халық әндері. Мен осынау мол қазынаны игеру үшін
шеберлігімді шыңдай беретін боламын.

– Ақын-жазушылардан кімдерді көп оқисыз?

– Қазақ поэзиясын жақсы көрем. Көбінесе Мұқағали

Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Тұманбай Молдағалиев,
Қадыр Мырзалиев, Ұлықбек Есдәулетов, Ибрагим Исаев-
тардың жырларын үнемі оқып отырамын. Сондай-ақ совет
жазушыларынан Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын

сүйсініп оқимын.
Целиноград қаласындағы Жастар сарайы. Сахнада
Роза Рымбаева. Ұзаққа созылған ду қол шапалақтау үні.
Әншінің құшағына әрең сиған гүл шоқтары... «Қызылқұм-

да ауылым», «Айгөлек», «Атамекен», «Отандастар», «Ми­
раж», «Күткен күн»... Әндер кезек-кезегімен қалықтауда.
Тұп-тұнық үн, ағыл-тегіл сезім, еркелікпен әдіптелген
сүйкімді де жарасымды қимыл-қозғалыс...

Бұл әншінің Қараөткел атырабына төртінші келуі екен.
Осының алдында Қырымда өнер көрсетіпті. Ендігі бағы-
ты – Киев-Ташкент.
...Борыш. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына, құдірет

жатыр десеңізші. Көкірек-көзі ашық әрбір азамат үшін
бұл қастерлі ұғым. Ел алдындағы, жер алдындағы, ата-ана
алдындағы борыш... Иә, ол көп. Бірақ бір нәрсе анық: әр
адамның неге тұратыны өзінің осынау борыштарын қалай

орындап жүргеніне байланысты. Ал, «елі үшін еміреніп,
жұрты үшін жүгініп» еңбек етіп жүрген әнші Роза Рым-
баева қандай да құрмет, сенімге лайық. Ол шығар биіктер
әлі алда.

Целиноград қаласы,
1988 жыл.
P.S. Арада 23 жыл өткенде...

Қазақ эстрадасының №1 жұлдызы
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның
есепті концертінен кейінгі ой
Газетіміздің өткен санында («Әділет БАҚ МЕДИА» га-

зетінде М.Т.) Астананың 13 жылдығына арналған мерекелік
шаралар аясында Конгресс-холл сарайында Қазақстанның
халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылығының
35 жылдығына арналған есеп беру концерті болып өткен-

дігі туралы шағын ақпарат жариялаған едік. Біз бүгін
астаналықтарды ерекше тәнті еткен осынау шығармашы-
лық кештен кейінгі бірқатар әсерлерімізбен бөлісуді жөн
көрдік.

Жалпы халық алдында осылай өнер көрсетуді Роза
Қуанышқызы дәстүрге айналдырған. Бұл күні де аталмыш
сарайдың іші көрермендерге лық толып, онда ине шаншар
жер болмады. Қашанда жанды дауыспен сахнаға шығатын

Розаны халқы сағынып қалған екен.
Атап көрсетерлік жайт, ерекше дизайнмен жасалған
сахнаның сән-салтанаты жиналғандардың көздерін бірден
жаулап алды. Қос қанаты гүлмен көмкерілген «өнер

алаңында» қажетті музыкалық аспаптар рет-ретімен қойы-
лып, Астана қаласының эстрадалық-симфониялық оркес-
трінің өнерпаздары да өте сәтті жайғасыпты.
Эстрада жұлдызының бұл жолғы өнер қойылымының

бір ерекшелігі, ол бұрынғы белгілі әндеріне қоса репертуа­
рына жаңа композицияларды да көптеп қосыпты. Осындай
жаңашылдығының арқасында концерттің биік рухы мен
сазды ырғағы көрермендерді ерекше желпінтіп тастады.

Әсіресе Ғабдул-Ғазиз Есембаевтың сөзіне жазылған ком­
позитор Еркін Ынтықбаевтың «Ақ ордам – Астана» атты
әні шырқалғанда жиналғандар қозғалысқа түсіп, жүрек
түкпірлеріндегі шынайы ризашылықты жасыра алмады.

Жұртшылықты дүр сілкінткен бұл әннен кейін Халық
әртісі «Жұлдызды жыл», «Ертеңіме сенемін», «Қайран
көңіл-ай», «Еңлік-Кебек», «Куә бол», «Жаңа күн» және
басқа әндерін шалықтата шырқады. Әсіресе Е.Ынтықбаев

пен Ғ.Есембаевтың шығармашылық төлі болып есептелетін
«Өмірде» атты композиция жиналған жәмиғатты риза-
шылыққа бөледі.
Сондай-ақ эстрада жұлдызы өнердегі әріптестерімен

жұптаса ән шырқау дәстүрінен де аттап өтпеді. Оның Ба­
тырхан Шүкеновпен бірге айтқан «Жұлдызым», Бақытжан
Қажымұқановпен бірлесіп айтқан «Жарығым», Екатерина
Лиллуйямен бірлесіп қазақша шырқаған «Бақытты күн»,

Владимир Ступинмен бірігіп айтқан көтеріңкі композиция­
сы астаналықтарды ерекше серпілтіп тастады.
Тағы бір ерекше атап өтерлік жайт бұл концертке Роза
Рымбаеваның балалары Әли және Мәди Оқаповтар да ерек-

ше үлес қосып, аналарымен бірлесе «Сені ойласам»,
«Бұлбұл», «Арайлы Астана» атты көтеріңкі көңіл-күйге
толы әндерді шарықтата шырқады. Көрермендер әсіресе
осы тұста ерекше ризашылықтарын білдіріп, өмірлеріне

өнерді серік еткен жұлдызды отбасыға тәнті екендіктерін
жасыра алмады.
Думанды өнер мерекесінің соңында «Азиада», «Қазақ
елі» әндері шырқалғанда жиналған қауым ыстық ықыласын

орындарынан қотарыла көтеріліп ду қол шапалақтаумен
білдіріп тұрды. Жүздерінде қуаныш-шаттық нұры балбұл
жайнаған көрермендер жұртшылықтың сүйіспеншілігіне
бөленген Қазақстанның Халық әртісін ұзаққа дейін сахна-

дан жібергісі де келмеді. Елін риясыз әнімен әлдилеген
эстрада жұлдызына біз де табыс тіледік.
Сөздің реті келгенде айта кеткен жөн, ән кешін тамаша-
лай отырып бірнеше жайттарға риза болғанымызды жа­

сыра алмаймыз. Халық алдына шыққан Роза Рымбаева өз
киімдерінде ұлттық өрнек-нақыштардың болуына ерек­
ше мән беріпті. Осыны байқаған қариялар мен апалар ри-
зашылықтарын жасыра алмады. Олардың: «шіркін қазіргі

жас әншілер Розадан үлгі алса ғой» деген ақжарма пікірлері
әр жерлерден анық естіліп жатты. Сондай-ақ халық әртісі
бұрыннан бері ұдайы ұстанып келе жатқан бір дәстүрінен
бұл жолы да жаңылған жоқ. Ол – кезінде Роза Рымбаева-

ның даңқын аспанға жеткізген «Әлия» әнін шырқау.

Осы ордалы ой мен мәністі мұңға толы ән шырқалғанда
жиналған жамиғаттың көпшілігі көздеріне жас алды. Бір
қуантарлығы, «Әлия» орындалып жатқанда сахна төріндегі
алып экраннан Әлия Молдағұлова туралы түсірілген кино­

фильмнен көріністер үздіксіз көрсетіліп тұрды. Қойылым
режиссерының осынау тапқыр шешімі көрермендердің
көңілінен шықты. Сонымен қатар эстрада жұлдызының әр-
бір әні шырқалғанда «Шалқыма» би ансамблі мен «Тер­

ра», А.Велижанин би театрларының өнерпаздары ерекше
үйлесімділікпен сахна сәніне айналды, әуезді әдемі әрлей
білді.
Түйіп айтқанда, қазақ эстрадасының №1 жұлдызының

35 жылдық есепті концерті Астана күніне арналған мереке-
лік шаралардың ішіндегі ең шоқтығы биігі болды.
Астаналықтар мен қала қонақтарын ерекше риза етіп,
кешенді мәдени шараларды толықтыра түсті.

ОТАНДАСТАР МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛСА

Қиырдағы қандастар мәселесі жүйелі,
кешенді һәм жедел шешілер еді
Ағылды Астанаға ағайындар
«Тойдың

болғанынан
боладысы
қызық»
дегендей

дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ІV құрылтайын дүйім
қауым елеңдей күтті. Зор үмітпен күтті. Мұқым қазақтың
дүрмек тойы іспетті шара сол үкілі үмітті ақтады ма? Қиыр
қонып, шет жайлаған қандастарымыздың күпті көңіліне

үміт отын жаға алды ма? Жалпы осындай құрылтай өткізу
күллі әлемге тарыдай шашылған исі қазаққа не береді? Ұлт
тұтастығын қалыптастыруға қай дәрежеде септігін тигізе
алды? Енді осы және басқа сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Мамырдың 25 жұлдызында Астанадағы Тәуелсіздік са-
райы ерекше салтанатымен менмұндалап тұрды. Жер-
ананың 35 елінен жиналған қандастарымызды ұлттық киім
киген ибалы да инабатты қыз-жігіттер ыстық ықыласпен

қарсы алып жатты. Сонау Монғолиядан келген бір бауы­
рымыз көңілі босап, көзіндегі қуаныш жасын төгіп-төгіп
жіберді. Оны «уатқан» жерлестері «алда, пақыр-ай, туған
жерінің қонақжай құшағын айқара ашқанына елжіреді-ау»

деп қолтығынан мейірлене демеген бойда зәулім сарайдың
салтанаты жарасқан төріне қарай бет түзеді...
Құрылтай дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тө-
ралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндама­

сымен ашылды. Елбасы сөзінің басында-ақ: «Құрылтай –
тойласу үшін емес, ойласу үшін шақырылатын жиын екенін
баршаңыз білесіздер», – деп сұңғыла саясаткерге тән ишара­
ны аңғартты. Одан әрі: «Бабаларымыз ел тағдыры таразыға

түскен тұста, жаңа белеске қадам басар шақта құрылтай
шақырып, кеңес құрған. Біз бүгін сол игі дәстүрдің ізімен жи­
налып отырмыз. Тағдыр талайымен төрткүл дүниеге тарыдай
шашылып кеткен ағайынның атамекенде бас қосуы бәрімізге

зор қуаныш. Десек де, биылғы құрылтайымыздың жөні бө-

лек, жолы ерек, маңызы айрықша. Өйткені біз тәу етер
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тұсында жиналып отырмыз.
Сондықтан, бүгінгі құрылтайдың «Қазақ елі» монументі
жанындағы мынау біз отырған Тәуелсіздік сарайында

өтуінің өзіндік мәні зор! Ендеше, өткеніміз бен жеткені-
мізді байыптап алар сәт туып отыр, ағайын», – деп жинал-
ғандарға қанат бітіре сөйледі.
Еліміздің тұңғыш президентінің мына бір сөздері де көп

көкейіне бірден қонып жатты: «Бізді бүгін осы салтанат­
ты ғимаратқа ортақ ниет, ортақ мақсат жинап отыр. Ол –
елдіктің жайы, ел болудың қамы. «Ер қонысынан айырылса,
ел ырысынан айрылады» дейді дана халқымыз. Ен даланы

еркін жайлаған бабаларымыз қашанда ел деген ұлы ұғымды
Құрандай қастерлеп, ұрандай ұстанып келген. Бостан күн-
дер бастан ауып, бодан күндер басқа түскен кер заманда
да еркіндік пен елдіктен еш уақытта үмітін үзбеген. Бар-

шаңыз білесіздер, бүгінде жер жүзінде мыңдаған ұлттар
ғұмыр кешуде. Алайда, өзінің тәуелсіз мемлекетін құру
олардың бәріне бірдей бұйырмаған. Алып планетадан туын
тігер алақандай төбе таба алмай жүрген халықтар қан-

шама! Олардың арасында саны жағынан қазақты сан орап
кететіндері де бар. «Бақ – бағалағанның басында тұрады»
дейді. Сондықтан біз басымызға қонған бақты бағалай
білейік, ағайын. Аталарымыздың сан ғасырлық аңсары

болған тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, оны
нығайта беруіміз қажет. Біздің арғы-бергі тарихымызда
елдің еңсеріле көшулері аз болмаған. Әуелі, еске түсір-
сек,  «Қайранда менің Еділім» деп ел айырылған зарлы

көші өшпес із қалдырды. Ұлы дала Қаратаудың басынан
құлаған қаралы көштің де куәсі болды. Одан беріде тағдыр
талайымен шетел асқан шерлі көшті де бастан кешірдік. Ал
тәуелсіз мемлекет құрып, жасампаз өмірге бет бұрған бүгін-

гі көштің жөні бөлек. Бұл ауған ел қайта оралған, айырыл-
ған ағайын қайта табысқан Ұлы көш болып саналады».
Бұдан әрі Президентіміз мына бір мәселелерді де назар-
дан тыс қалдырмады: «Менің Жарлығыммен 2008 жылдан

бастап қандастардың жыл сайынғы көшіп келу квота­
сын 20 мың отбасыға көтердік. Елге ағылған ағайынның
көшін жүйелеу мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасын
қабылдадық. Оны ойдағыдай  іске асыруға мемлекет

қазынасынан қомақты қаражат бөлінді. «Нұрлы көш»
бағдарламасы аясында іргелі істер атқарылды. Бірқатар
облыс әкімдері көшіп келген қандастарға арнайы ауыл­
дар салып, игілікті іс тындыруда. Жұмысқа бейімдеу үшін

орталықтар құрдық. Шеттен келгендерге тіл үйрету шарала­
рын қолға алып жатырмыз».
...«Бүгінгі алқалы жиында қандастарымызға қолдау көр-
сетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындап

алуымыз керек. Сондықтан, алдағы мақсат-міндеттерді
бірлесіп белгілеп алғанымыз жөн. Біріншіден, Парламентте
«Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қаралуда. Кеңі-
нен талқыланып, қабылданатын жаңа Заң қандастарымыз-

дың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп есептеймін.
Ол қандастарымыздың құжат тапсыруда, тіркеуге тұруда,
азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс.
Бұл орайда бір нәрсені қаперде ұстаған жөн. Соңғы кездері

белгіленген квота толмауда. Туған елге табан тіреймін, көшіп
келемін деушілерге қашанда есігіміз ашық екенін мен тағы
да қайталап айтамын. Бұл орайда, қандастарымызды Отан-
ға оралту жұмысын жүйелей түсу керек».

Елбасымыздың осындай жүрекжарды толғаныстарынан
кейін сөз алған кейбір шешендер жамағатқа ой саларлық
пікірлерін ортаға жайып салды. Мәселен, Ресейден келген
Нұрғайша Баринова өз елінде қазақ тілінде екі-ақ мектеп

бар екендігін ұят та болса айтты. Бір жарым миллионнан
астам қазақ тұратын ел үшін бұл жоқтың қасы екендігіне
тоқталып, екі елдің оқу министрлері кездесіп, бұл өзекжар-
ды мәселені келісім жолымен шешсе құба-құп болатынды-

ғына тоқталды.
Ашығын айту керек, кейбір қиырдан келген қандастары-
мыз өздерінің мұң-мұқтаждарын айтудың орнына өз елінде
атқарылып жатқан «игі істерді» тізбелеуден аспаса, енді

біреулері жел сөздермен мақал-мәтелдетуден әріге аспады.

«Қазақты қайта қосқан ғасыр» болғай!!!»
Келесі сөз алған жазушы Смағұл Елубаев құрылтайға
қатысушыларды елең еткізді. Ол бүй деді: «Өткен ға-
сырдың 20-30 жылдары қазақ басына төнген қызыл

нәубет болмағанда бүгінде санымыз 40 миллионнан асып,
қаймағымыз бұзылмай төрт көзіміз түгел атажұртта отыра­
ды екенбіз. Қызылдарды қарғайтынымыз содан. Өйткені,
олар қазақты аямады. Ит жыртқан терідей етті. Бауыры

бүтін қазақ сол қиянат салдарынан бүгінде қырық жа­
мау жыртылып қырық шақты елде жүр. Бүкіл қазақты бір
тұлға десек, сол тұлғаның кеудесі – Қазақстанда, аяқ-қолы
сыртта. Яғни, етек-жеңіміз жиналмай жатыр. Біз болсақ бір

болғымыз келеді!!! Бүтін болғымыз келеді!!! Сол бүтіндікті
ойлап бүгін бас қосып отырмыз. Сол бүтіндіктің жоқтығы,
жеріміздің көптігі, алаштың аздығы жанымызға батады.
Шиқандай батады. Тәуелсіздік тағдырына тікелей қатысты

бұл жағдаят, сөзсіз, жер бетіндегі әр қазақты ойлантуға тиіс.
Сол ойдың тобықтай түйіні: Түгел қазақ түгенделіп ата-
жұртқа ту тіккенде ғана тәуелсіздік тұғырлы болмақ!!!
Тәуелсіздік бәйтерегі терең, тамырлы болмақ!!! Демек,

демографиялық жыртығымызға жамау болуға тиіс көші-
қон, тәуелсіздік кепілі. Ендеше жұмғуриетіміздің осы­
нау жанды жеріне келгенде Қазақстан өкіметінің соңғы
кездегі жайбасарлығын қалай түсінуге болады?! Үрімжіде

мыңдаған қазақтың Қазақстанға кіру визасын ала-алмай
жүруін қалай түсінуге болады? Осы арада сол Үрімжідегі
консулдықтың басшысы да, қосшысы да қызметтен
алынғанын хабарлағымыз келеді. Мына бір мәселеге назар

аударғым келеді: енді бір 10-15 жылда Қазақстанға көшкісі
келетіндер саны күрт қысқаратыны ойлантады. Оған се­
беп атажұртты аңсайтын үлкендер кетеді. Олардың ор­
нына келетін ... ұлы халықтармен мидай араласып кеткен

жастардың жүрегін «атамекен», «Қазақстан» деген ұғымдар
бұрынғыдай тебіренте алар ма екен. Күмәніміз бар... Сон­
дай ... күндер жақындап келеді, ағайын!!!... Қатыгез мезгіл
... көші-қон мерзімін аяусыз шұнтитып қысқартып келеді...

Енді бір 15 жылда шетелдегі 5 миллион қазақ ұрпағынан
біз, сөйтіп біржола айрылу алдында тұрмыз...Өткен ғасыр-
да біз іштегі осынша миллион халықтан өлідей айрылған
едік... бұ ғасырда біз сырттағы сонша миллион халықтан

тірідей айырылу алдында тұрмыз...
Жаңа заман алға тартқан осынау жаңа апаттан қазақты
құтқаруды абыз тарих Сіздер мен Біздердің пешенемізге
жазыпты. Ол парызды орындай алсақ ер боламыз. Ел бо-

ламыз. Алаш тарихы алдында жүзіміз жарқын болады!
Бүгінде Қазақстан экономикасы еңсе көтерді. Аллаға
шүкір, Елбасының ел алдындағы абыройы асқақтап тұр.
Әсіресе, қазақтар мол шоғырланған Қытай, Ресей, Өзбек-

стан алдындағы беделі зор. Қазақстан үшін бұндай қолайлы
сәт тарихта бұдан кейін туа ма? Тумай ма... белгісіз... ен-
деше қазақ мол шоғырланған Ресей облыстарында, Қы-
тайдың Шәуешек, Өзбекстанның Нөкіс қаласында қазақ

консулдықтары ашылса дейміз... және оларға көші-қонмен
айналысу құқы берілсе дейміз...
Қазақстан үшін осындай өмірлік, стратегиялық маңызды
іспен айналысатын агенттікті тікелей Қазақстан Прези-

денті құзырына қарататын мезгіл де туды деп білеміз. Өткен
ғасыр «қазақты тарыдай шашқан ғасыр» болып еді... Енді
мына жаңа ғасыр «қазақты қайта қосқан ғасыр» болғай!!!»
Ұлтының шемен боп қатқан мұзын ерітуге талпынған

ұлтжанды азамат Смағұл Елубай осылайша толғанды. Сө-
зінің жаны бар. Құрылтайдың мінбері ұрандататын, «алғыс
жаудыратын» орын емес. Кейбір шешендер еліміз қол жет-
кізген жетістіктерге тамсанумен болса, бірқатар зиялы

қауым өкілдері барды бар, жоқты жоқ деп кесіп айтты.
Мәселен, Моңғолия қазақтары атынан сөйлеген бауырымыз
өз еліндегі біздің қандастарымыздың жағдайы онша мәз
емес екендігін жасырмады. Бұрын газет-журналдар жет-

кізіліп тұрған болса, қазір ол саптай тиылған. Қаржы
тапшылығынан жалғыз қазақ баспаханасы жабылып қал-
ған. Ол жақтағы бауырларымыз мұнда Ресей арқылы өтеді
екен. Ал Шығыс Қазақстан облысы арқылы елге кіру мәсе-

лесі талай мәрте айтылғанымен әлі шешілмеген көрінеді.

Сонда мұны қалай түсінуге болады? Атажұртты аңсаған
бауырларымызды қашанда, қай тұстан болса да бірден
қарсы алудың орнына бәзбіреулер бұл іске кесе-көлденең
тұруға дәті шыдапты. Бұл – бюрократиялық былық қана

емес, барып тұрған қылмыс. Сондықтан мұндай сорақы-
лықты тиісті құқықтық органдар жан-жақты зерттеп тиісті
бағасын беруі керек.
«Нар қартайса ботасына ереді»

Құрылтайда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Пар-
ламенті мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанның ой-
пікірлері де жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Ол
Елбасымыздың шетелдегі қандастарымыз мәселесін еш-

қашан күн тәртібінен түсірмегенін, керісінше Ресей, Қытай,
Өзбекстан, Түркия, Иран, Түркімен, Қырғызстан сапар­
ларында отандастарымызбен үнемі кездесіп отыратынын
атап көрсетті. Қытайдан бір мың бала оқуға келгенде әлде-

бір пысықайлар олардан ақша жинап, ізім-қайым жоғалып
кеткенін, осы тұста Нұрекеңнің құзырлы мекемелерді
жинап, Өкімет резерві есебінен қаржы бөлдіріп, көздері
жәудіреген бір мың қыз-жігіттерді дайындық курсына

қабылдатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Елбасының
көші-қон мәселесін заң тұрғысынан реттеуді күні бүгінге
дейін өзі қадағалап келгенін айтты. Мұндай заң бүгін Пар­
ламентте екінші оқылымда қабылданатынына тоқталды.

Онда көптеген өзекті мәселелер шешімін тапқан. Депу­
тат елге көшіп келген қандастарымыздың көпшілігінің
ғылыми атақтары бар екендігін, олардың тек төрт пайызы
ғана зейнеткер екенін айтып, көпшілікке қарап бүй деді:

«Құдайшылығын айтайықшы, мұндай адамдар Қазақстан-
ға қалайша масыл болмақ!»
«Нар қартайса ботасына ереді» дегендей, Еуропа қа-
зақтары балаларын Отанына жіберіп оқытып жатқанын,

бұл ұлттың жойылуынан сақтайтын үрдіс екендігін, елім
маған не береді деп емес, мен еліме не беремін дейтін сәт
келгендігін тілге тиек етті.

Келесіде сөз алған, Өзбекстаннан келген Бәкір Серікбаев
өз еліндегі қандас бауырларымыздың ата-баба салт-дәс-
түрінен алыстамағанын, онда 541 қазақ мектебі барын,
жоғарғы оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті маман-

дарын дайындау жүзеге асырылып келе жатқандығын
айтты. Өз елінде республикалық «Нұрлы жол» атты газет
шығатынын, орталық теледидардан «Дидар» атты бағдар-
лама берілетінін, соңғы кездері қазақ театры ашылып,

қазақ мәдени ұлттық орталығы белсенді жұмыс жүргізе-
тіндігін айтты.
Президентімізбен мақтанайық, ағайын!
Осыдан кейін сөз алған салиқалы саясаткер, фило­

логия ғылымдарының докторы, республикалық «Егемен
Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президенті
Сауытбек
Абдрахманов

құрылтайға
қатысушылардың
назарын бірден аударып, терең әрі ойлы сөздерімен
көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. «Бірқатар сөз

сөйлегендер дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шежіре-
сі 1992 жылдан басталады дегендей ой тастады, – деді
Сәукең терең ойлы жанарын жиналған жамағатқа аударып,

– біз нақтылықты жақтауымыз керек. Нақтылық мынадай:

бұл идея президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауы-
мен тәуелсіздіктің 2-ші аптасының өзінде шешіліп,
1991 жылы 31 желтоқсан күні президентіміз радио арқылы
(ол кезде Каспионет жоқ, интернеттің мүмкіндігі шектеулі)

бүкіл әлем қазақтарына арнау сөз жариялаған. Сол жерде
егемен ел болдық, тәуелсіз ел құрдық, енді ел тағдырын
өзіміз шешеміз, қалай жүреміз, қалай тұрамыз – өзіміздің
құзырымызда. Біз әлемге тарыдай шашылып кеткен қан-

дастарымызды білеміз. Сондықтан тәуелсіз еліміздің
президенті ретінде баршаңызды туған жерге шақырамыз
дегенді бүкіл әлемге жария етіп айтқан. Сондықтан біз
Нұрсұлтан Назарбаевты бүкіл қазақ бас біріктірсе екен,

қазақтың басы қосылатын күн қашан келер екен деген
ойды кешегі кеңестік кезеңнің өзінде, тәуелсіздік қолға

тимей тұрған кезде айтқан азамат ретінде ардақтаймыз.
Президент 2 апта ішінде, сол кезде вице-премьер болған
Мырзекең (Мырзатай Жолдасбеков М.Т.) осында отыр,
қаулы қабылдаттырып, соны әлемге жариялаған Нұр-

сұлтан Әбішұлы болатын. Сондықтан бұл идея, бұл
ұсыныс шетел қазақтарының айтуымен, талап етуімен емес,
бұл ұсыныс Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің көкірегінен
тәуелсіздіктің алғашқы апталарында шыққан ұсыныс еке-

нін баса айтқым келеді. Өйткені мен сол кезде Үкіметте
жұмыс істегем. Бұл нені білдіреді? Бұл Нұрсұлтан Назар-
баевтың алғашқы сөздерін сіздерге арнағандығын білді-
реді. Алғашқы қаулыларының бірін шетелдегі қандастары-

мызға арнағандығын білдіреді. 1991 жылы 31-желтоқсанда
радиодан сөйлеу арқылы президентіміз алдымен елдегі
емес шетелдегі қазақтардың қамын ойлады.
Дүниежүзі қазақтарының мәселелері бірте-бірте бол­

сын шешіліп келе жатуы ең алдымен Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назар-
баевтың жеке еңбегі екенін атап көрсеткім келеді. Өз ба­
сым қауымдастықтың жұмысымен таныс адаммын. 1992

жылы өткен құрылтайдың басы-қасында жүргенбіз. Одан
кейінгілеріне де қатысқан жайымыз бар. Еуропа қазақтары-
ның кіші құрылтайларына да қатыстым. Құдай қазақтың
көз жасын көрді ғой. Қазақтың жоғын жоқтайтын, мұңын

мұңдайтын азаматты берді. Елбасымыз тіршілікті ғана емес
рух байлығын да қадірлейтін адам екендігін аңғартты.
Бәрі салыстыру арқылы байқалады. Жаңа Уәлихан Қа-
лижан бауырымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың етектегі

басын төрге шығарды деді. Етектегі басы емей немене.
Осыдан ширек ғасыр бұрын Мәскеу елімізді басқарсыншы
деп бір көлденең көк аттыны жіберді. Сол көлденең көк
атты – «қаңғып келген шүрегей» тыныштығымызды бұзып

еді. Демократия дәл қазаққа келгенде тарылып қалып, жігер
жасып, сағымыз сына жаздаған болатын. Ал тәуелсіздіктің
20 жылы ішінде Нұрсұлтан Назарбаев етектегі басымыз­
ды төрге шығарды. 56 елдің басшыларын ең қиын кезеңде

шақыру, 11 жылда шақырылмаған саммитті өткізу, Астана

декларациясын қабылдату айтуға ғана оңай. Бұл Елбасы-
мыздың ерекше беделінің арқасында мүмкін болды. Сіздер
осындай президентіміз бар деп қалай мақтансаңыздар да
жарасады. Жаңа Парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан

Қалижан көші-қон туралы жаңа заң қабылданғалы жатыр
деді. «Нұрлы көшке» тың тыныс беріліп отыр, оның екінші
кезеңі ашылатыны айтылды. Бұл дегеніңіз бюджеттен
қомақты қаржы қарастырылады, әкімдерге жаңадан тап-

сырмалар беріледі деген сөз. Мен сіздерді осы қуаныш-
тарыңызбен де құттықтаймын!»
Қарапайым халық біле қоймайтын осындай нақты де-
ректерді жиналған жұртшылыққа баяндап тұрғанда Сауыт-

бек Абдрахмановтың білікті басшы ретіндегі мазмұнды
сөздеріне құрылтай делегаттары ерекше ризашылық біл-
діріп, жиі қол шапалақтаумен болды. Өйткені бұл сөздер-
дің танымдық ғана емес тарихи мәні де зор еді. Саясат­

кер Сәукең алыстан ат арытып келген ағайындарымыздың
осыған көзін ашты, ақиқатты еш қоспасыз ашып айтты.
Құрылтайдың үзілістегі сәттерінде бірқатар қоғам қай-
раткерлерімен, делегаттармен тілдесудің мүмкіндігі бол­

ды. Әсіресе ұлтжанды ағамыз, философия ғылымдарының
докторы Амангелді Айталының пікірі көңілге қонды.
«Әділетке» берген эксклюзивті сұхбатында ол біздің: «құ-
рылтайдан не күттіңіз, сөз берілсе не айтар едіңіз» деген

сауалымызға бөгелместен жауап берді.

– Құрылтайдың мақсаты – әлем елдеріндегі қазақтар-

дың тұтастығы. Сөз жоқ, барлық қазақты көшіріп ала ал-
маймыз, бірқатары шетелде тұрады. Соларды ассимиляцияға
ұшыратпай тегін сақтау қажет. Ұлттық тек, тіл, мәдениет
құрылтайдың негізгі мәселелері болуы керек. Екіншіден,

Отанға оралу мәселесін қарастыру. Осының ішіндегі
маңыздысы қайсы дегенде, әрине маңыздысы Отанға қан-
дастарымызды оралту. Диаспора – қонақ. Иә, ол отанына
оралады немесе сонда сіңіп кетеді, үшінші жол жоқ. Сон-

дықтан тарихи отанына оралу маңызды шаруа. Осы мә-
селе әңгіме болды. Бір жайт айтылып қалды: жыл сайын
отанға оралатын қазақтардың саны азаюда. Бұл – жақсы

зат емес. Оның, меніңше экономикалық, әлеуметтік тағы
басқа себептері бар. Қазақстандағы қазақтардың жағдайы
жақсы болмай шетелдегі қазақтар оралмайды. Олар біздің
жағдайымызды көріп отыр. Әзірге оларда қызығушылық

жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, осындағы қазақтар мәдениетіне,
тіліне қожа болып отырған жоқ. Шетелдегі қазақтардың
оралуын түсіне бермейді. Психологиялық жатсыну аңғары-
лады. Оларға ат қойып, айдар тағып, біреуін өзбек, қарақал-

пақ, моңғол деп жеккөрушілік бар. Яғни қазақтың өзі
дайын емес.
Тағы бір нәрсе – біздің еліміздегі жемқорлық. Бұл ше-
телден отаным деп келген бауырларды шошытады. Келесі –

бюрократия. Оның мықтылығы сол – тіптен шетелден кел­
ген қандастарымыздан орыс тілін талап етуі... Өйткені
чиновник қазақ тілін білмейді. Маған бір қазақ ашу-ызамен
хат жазды: «Мен Қазақстанға орыс тілін үйренейін деп кел­

меп едім. Мен бақытсыздыққа ұшырадым». Мен оған хат
жаздым: «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа. Олар – бит­
тер, ондайлар бар. Отаныңды сыйла», – дедім. Өкінішке
орай осы мәселелер бұл құрылтайда айтылмады. Бірен-са-

ран пікірлер болмаса, біз осында отыратын қазақтар сіздер-
дің алдарыңызда кінәліміз, біз сіздерді қызықтыра алмай
отырмыз деген сөздер айтылмады. Оны мойындау керек
еді, айту керек еді. Мақтау сөздер көбірек болды, өкінішті

жағы – осы. «Көші-қон» туралы жаңа заң көп мәселе шеше
қоймас деймін. Кезінде билік көші-қоннан ақша үнемдегісі
келді. Кезінде Парламент депутаты болғандықтан мен мұны
жақсы білемін. Ал жетілдірілген көші-қон туралы заң ке-

шігіп барып қолға алынып отыр. Үлкен іске септігін тигіз-
се жақсы болар еді».
Түркіменстанның Ташауыз қаласынан келген Айсұлу
Мұхитова өз елінде квота мәселесі қиын болып тұрғанды-

ғын айтты. Бірқатар жерлестері Маңғыстауға қоныс аудар-
ғанын, құжаттарды туралау кезінде көптеген қиындықтар-
ға ұшырайтындықтарын жасырмады. Ол елдегі біздің ел-
шіліктің қызметкерлері көмектерін аямайтын көрінеді.

Болашақта виза мәселесі бір қалыпқа түсіріліп, тез ше-
шілетіндей жағдай туғызылса дегенді айтты.

Моңғолиядан келген кәсіпкер Сәйділлә Тілеубайұлы
«Нұрлы көштің» 2-кезеңіне зор үміт артатынын айтты.
Өз елінен туған жерге қоныс аударушылар саны азая бас-
тағандығын жасырмады. Өйткені Моңғолия да дамып келе-

ді. Онда өндіріс орындары ашылып жатқан көрінеді. Ал
елге қозғалу жағдайына келсек құжатты туралау кезінде
әбігерге түсетіндіктерін, ықтияр хат сияқты бірдеме беріліп
әуре-сарсаңға салынатындығын жеткізді. Өзі ірі кәсіпкер

көрінеді. Баян-Өлгей аймағында азық-түлік мәселесімен,
кен орындарымен, жол жөндеу жұмыстарымен айналыса-
тын көрінеді.
Байланыс және ақпарат министрлігіндегі өткен «дөңге-

лек үстелде» Моңғолия қазақ әйелдері «Арулар одағының»
төрайымы, «Арулар жұлдызы» журналының бас редакто­
ры Айнагүл Сарайқызы шетелдегі және отандағы қазақ
журналистерінің халықаралық форумын өткізу мәселесін

көтерді. Егер мұндай форум өтсе оның форматын қазірден
ойласақ, оған жер дүниенің түкпір-түкпірінен қазақ тілінде
жазатын әріптестеріміз тартылса, алдағы келер ұрпақтың
көп мәселесін шешіп, кейінге жол сілтер едік», – деді.

Оның сөзіне қарағанда, шетелдегі қазақ журналистердің,
телеарналардағы дикторлардың тәжірибе алмасуы үшін
осындай жиындар өткізген абзал. Бұл тек жазарман
қауымды ғана емес, шеттегі сыңсыған тыңдарман һәм

оқырман қауымды да тұтастандырады. «Сондықтан да
атамекеніміз Қазақстанда тәжірибе алып, біліктілікті арт­
тыру біз үшін жақсы мүмкіндік болар еді», – дейді бас ре­
дактор. Бұдан бөлек, бауырластар тілдік мәселеге көшіп,

ондағы терминологиялық түйткілдерге ортақтық қажеттігін
аңғартты. Сол ортақтықтың негізгі бір қисыны латын қар-
піне көшу туралы сөз болды.
«Қазақстанға не бере аламыз деп келдік»

Шетжұрттағы қандастарымыздың арасындағы кәсіпкер-
лікті ұршықша үйіріп тұрғандары жеткілікті. Олар өздері-
нің осынау бай тәжірибесімен туған елінде де бөлісуге

дайын. Алайда біздің еліміздегі бюрократиялық кедергілер
бұл игі ниетті жүзеге асыруға мүмкіндік бермей тұр.
Экономикалық даму және сауда министрлігіндегі «Қазақ
диаспорасымен бизнес ынтымақтастығы» деген тақырыпта

өткен дөңгелек үстел басындағы жүздесуден алыстан келген
іскер ағайындар іскерлік әңгіме-дүкен күткен еді. Өкінішке
орай экономикалық даму және сауда министрімен кезде­
се алмағандарына реніштерін білдірді. Бұл құрылтайға

бүкіл шаруаларын тастап келгендегі мақсаты ішіп-жеп
қайту емес, нақты шешімдерге қол жеткізіп қайту екенін
айтып реті келсе Қазақстанмен іскерлік әріптестікті жолға
қою да ойларында бар екенін жасырмады. Әрине құрылтай

барысындағы аз уақыт ішінде көп шаруа бітіру қиын. Алай­
да олар мәселені нақты шеше алатын кісімен жүздескісі
келетіндіктерін жасырмады. Мәселен Франциядан келген
Мехмет Зенгин деген кәсіпкер бауырымыз өз елінде, Ита­

лияда, Түркияда ірі-ірі тоқыма өндірісі, дүкендер жүйесі
бар екендігін, тәжірибесі молдығын айта келіп, батыстың
кез келген еліне бизнес ашуға барсаңыз құшақ жая қарсы
алатынын, өкінішке орай Қазақстанның бірде-бір қаласынан

өз бизнесін аша алмай отырғанын қынжыла айтты. Ол ақша
сұрап отырмағанын, жай жол ашып беруді сұрайтынын, со­
сын өзі алып кететінін мәлімдеді. Францияда құжаттар екі
күнде дайындалады. Түркияда да дәл сондай. Құрылтайға

қатысудағы мақсатымыз да Қазақстанға не бере аламыз деп
келдік, – деді іскер қандасымыз.
Мұндай нақты ұсыныстар білдірген шетелдік аға-
йындарымыз аз болған жоқ. Дей тұрсақ та, мәселені бүге-

шігесіне дейін ойластырудың қажеттігі анық байқалып тұ-
рады. Өйткені жер бетінің түкпір-түкпірінде тарыдай ша-
шылған қандастарымыздың мәселесін дәл қазір шешуге қам
жасамасақ, күні ертең кеш болып бармақ тістейтініміз ай­

дан анық. Мұны елім деп еңіреген талай азаматтар алқалы
басқосуда үзіп-жұлып болса да айтты. Алайда осы басқосу-
да бірдеме жетіспей тұрғандай әсерде қалдық. Мақтау сөз-
дер көбірек айтылып, өзекжарды ойлар азырақ талқыланған

тәрізді. Әрине газеттің бір-ақ бетінде жарияланатын шағын
мақалада құрылтайда сөз болған өзекті мәселелердің бәрін
жазу мүмкін емес. Сондықтан қиырдағы қандастарымыз-
дың мәселесін ойластыру, ұлттық біртұтастықты қамтама-

сыз ету тұрғысында төмендегідей бірнеше ұсыныстары-
мызды айтқымыз келеді.
БІРІНШІДЕН, бөтен жұрттағы ағайындарымыз туған
жерге еш кедергісіз келіп қоныстануына барлық мүмкіндік-

тер жасалуы тиіс. Әсіресе виза мәселесі бюрократиялық
кедергілерден аршылуы ауадай қажет. Парламентте қабыл-
данғалы жатқан көші-қон туралы заңда бұл мәселе аққа
қарамен жазғандай нақтылы көрсетілуі қажет-ақ.

ЕКІНШІДЕН, алыстағы бауырларымыздың туған жері-
мізге көшіп келу үдерісін баяулатпаудың барлық жай-
жапсарлары қарастырылуы керек. Себебі арада 10-15 жыл
өткенде олар өздері тұрып жатқан жерлердегі жағдайлары-

ның жақсаруына байланысты Қазақстанға қайтып оралуға
ықылас таныта қоймауы мүмкін. Бұл – қиын жағдай.
Ассимиляциға түскен ұрпақтар туған жерге ұмтылмаулары
да ғажап емес.

ҮШІНШІДЕН, қазақ тілі мәселесі атажұрттан алыс
жатқан қандастарымызды ерекше ойлантатындықтан мұны
кешенді түрде шешкен жөн. Соның бір жолы алыстағы
ағайындарымызға елімізде ана тілімізде шығатын газет-

журналдарды, оқулық түрінде шығарылған басылымдарды
көбірек жеткізіп беру мәселесіне мемлекеттік қамқорлық
жасалуы тиіс. Осы тұрғыда латын графикасына көшу жайы
тезірек қолға алынса құба-құп болар еді. Мұны сол елдер-

дегі елшіліктеріміз нақты зерттеп өздерінің нақты қандай
сұраныс бар екендігі жөніндегі ақпаратты елге жеткізуі
тиіс.
ТӨРТІНШІДЕН, шетелде үлкен бизнесті жолға қойған

қандастарымызды елге тартып, оларға ешқандай делдалсыз
нақты қолдау жасалуы қажет-ақ. Әсіресе олардың жұмыс
бастауларына қажетті құжаттары өркениетті елдердегідей
2 күнде қолдарына тиюі керек. Оларға бұдан да басқа

мәселелерде шынайы қамқорлық жасалуы керек. Сонда ірі
көлемдегі қаражат көздері қазіргідей «семіз» пайыздармен
емес ел игілігіне орай жай келетін болады. Біз осындай та­
маша мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

БЕСІНШІДЕН, елге қоныс аударған қандастарымызға
жан-жақты қамқорлық жасалуы қажет. Әсіресе олардың
оқу бітірген балаларын «Дипломмен – ауылға» бағдарла-
масы бойынша аяққа тұрғызған жөн. Мұның өзі шеттегі

отандастарымыздың қызығушылығын оятары хақ әрі
ауылды жоғары білімді мамандармен қамтамасыз ету мә-
селесі де шешіледі.

АЛТЫНШЫДАН, шетелдегі қандастарымыздың туған
жеріндегі жай-жапсарлармен танысу мақсатында келетін
іссапарларына уақыт жөнінен шектеу алынып тасталып, ол
кемінде 15-20 күн болып белгіленгені жөн. Өйткені олар

дамыған Еуропа елдерінде іскерлік нақтылыққа үйренген.
Мол қаражатын салар алдында ең алдымен экономикалық,
әлеуметтік мәселелерді жан-жақты зерттеуді әдетке айнал-
дырған. Олардың ойланып-толғануына мол мүмкіндік бер­

ген жөн.
ЖЕТІНШІДЕН, Ресей сияқты кейбір жақын және
алыс шетелдерде қазақ мектептерінің санын көбейту мә-
селесін принципті түрде көтеріп, оны сол елдердің бас-

шыларының назарына жазбаша түрде ұсынған ләзім. Бұл
ретте дипломатиялық арналарымызды мұқият пайдалануы-
мыз қажет-ақ. Өйткені қазақ тілі балабақша мен мектеп­
тен бастап оқытылмаса оны кейіннен игеріп кетем деу бос

әурешілік.
СЕГІЗІНШІДЕН, қиырдағы қандастарымыздың мәсе-
лесі дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы арқылы едә-
уір шешіліп жатқандығына қарамастан бұл түйінді мәселе-

ге мемлекеттік саясат тұрғысынан ерекше мән берілгені
дұрыс. Өйткені енді 15-20 жылдан кейін шетжұрттағы
қандастарымыздан айырылып қалудың нақты қаупі төбе
көрсетті. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп кейін-

нен өкінбеуіміз үшін мемлекетіміз бұл мәселеге ерекше

назар аударуы, осы тұрғыда қаражатты аямауы тиіс. Соның
бір нақты көрінісі – Отандастар министрлігі құрылса.
Мұның өзі алыстағы ағайындарымыздың өзекжарды мәсе-
лелерін жүйелі, кешенді һәм жедел шешуге мүмкіндік бе-

рер еді.
Елбасымыз айтпақшы қазақтардың бір ғана отаны бар.
Ол – Қазақстан. Президентіміздің өзі ұдайы назарда ұстап
отырған дүниежүзі қазақтарының мәселесі әрбір өзін

қазақпын деп есептейтін азаматты ойландыруы, толғандыруы
қажет-ақ. Келісіп пішкен тон келте болмас дегендей бұл
тұрғыда ғалымдарымыз, мүйізі қарағайдай мамандарымыз
не ойлайды екен. «Елге ел қосылса – құт» дегендей алыста

туған елін аңсап жүрген, атажұртты армандап жүрген бауыр­
ларымызды туған жеріне оралуына жан-жақты жағдай жа­
сап, ұлы іске мұрындық болсақ мұның өзі мемлекетіміздің
іргетасын одан әрі берік етіп, әлемнің қуатты елдерінің

қатарына қосылуымызға сара жол ашар еді-ау!

АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ БЕЛ БАЛАСЫ

Жыл сайын 6-шілдеде Астананың туған күні аталып өтіп
келеді. Бұл еліміз бойынша дәстүрге айналған мерекеге ай­
налды. Оның өзіндік мәні де бар. Өйткені еліміз өмірінде
ерекше орын алған тарихи оқиға – астананың Алматыдан

Арқа төсіне көшірілуі теңдесі жоқ ірі қадам болып табы-
лады. Бастапқыда бұл мәселе көтерілгенде кейбіреулер
кекесінмен мырс етуден әрі аса алмаған. Тіпті мұндай ша-
раның атқарылуы мүлдем мүмкін емес дейтіндер де табыл-

ғаны белгілі. Алайда Елбасының көрегендік саясатының
арқасында ауқымы жөнінен әлемді елең еткізген алып
мемлекеттік жоба жүзеге асырылды.
Жұрттың есінде болар, Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде

осы саяси мәселе дауысқа салынғанда кейбір депутаттар
езулеріне күлкі үйіріліп, Президенттің туған күні болған-
дықтан «көңіл үшін» дауыс бере салғаны. Алайда олар бұл
келешегі мол ғасыр жобасының іске асырылатындығына

сенбегені бесенеден белгілі. Дегенмен Нұрсұлтан Әбіш-
ұлының түн ұйқысын төрт бөліп осы ұлы идеяны жүзеге
асыруға барлық күш-жігерін, саясаттағы барлық тәжірибе-
сін, ұланғайыр білімін, ұйымдастырушылық қабілетін жұм-

сауының арқасында бұл «мүмкін емес» мемлекеттік жоба
іске асырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің
1997 жылғы 20-қазандағы Жарлығымен және Қазақстан
Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы

10 желтоқсаннан бастап Астана Қазақстан Республикасы-
ның елордасы болып жарияланды.
1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа елордасы
Астананың халықаралық тұсаукесері өткізілді. Мен ол кезде

қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстанның»
жаңа байтақтағы тілшілер қосының меңгерушісі едім.
Қызмет бабына сәйкес осынау тарихи оқиғаның куәсі бо­
лып, соған байланысты өткізілген барлық шаралардың басы-

қасында болдым. Сол кезде есімде қалғаны қыруар саяси
ұйымдастырушылық шаралардың жемісін көзімен көрген
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қуанышында шек
болмады. Әсіресе басқосулардың ресми бөлімі аяқталған-

нан кейінгі бейресми еркін жүздесулерде Нұрағаң осы ша-
раға қатысқан азаматтардың көпшілігімен емен-жарқын
дидарласты. Әрқайсымызды ұлы істің атқарылуымен шын
жүректен құттықтап, ұшан-теңіз қуанышымен бөлісуден

жалыққан жоқ. Өйткені шынымен-ақ ел өмірінде тарихи
бетбұрыс басталған еді.
Астананың Сарыарқа төсіне келуі еліміздің экономика-
лық өркендеуіне ерекше ықпалын тигізгені баршаға мәлім.

Әрине ол кезде нарық қиыншылығы қос өкпеден қысып
тұрған кез болатын. Бәзбіреулер «экономикалық қиыншы-
лықтардан өтейік, содан соң көрерміз» деген тұрғыда
пессимистік ойларын бұқаралық ақпараттар құралдарында

тоқтаусыз білдіріп жатты. Алайда Елбасы мұндай керітартпа
ойлардың ешқайсына назар аудармады, алған бетінен қайт-
пады. Осы таңғажайып қажырлылығының арқасында ел
байтағы Арқа төсінен ойып тұрып орнын алды. Байырғы

Ақмола адам танығысыз өзгеріп, жасаңғырап, гүлденіп
шыға келді, халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа
айналды. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени,
ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй

кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналары-
ның стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым
нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерді. Есілдің
сол жағалауында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР

Парламенті мен Үкіметінің, Министрлер үйінің зәулім
ғимараттары орналасты. Көптеген әлемдік және отандық
корпорациялардың биіктігі аспанмен таласқан кеңселері
қатар түзеді. Сонымен қатар архитектуралық тұрғыдан

алғанда бір-бірін қайталамайтын сауда үйлері, мейрамха­
налар мен мейманханалар, театрлар, спорт ғимараттары,
мұражайлар, ойын-сауық орталықтары сол жағалаудың
көркін одан сайын келтірді.

Елордадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік
ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде
айында астанамыздың ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы»
сыйлығына ие болуы кездейсоқтық емес. Мүйізі қарағай-

дай бұл әлем мойындаған мекеме анау-мынау қалаға мұн-
дай мәртебелі атақты жай бере салмайды. Олардың

эксперттері мен көпті көрген мамандары қаланың барлық
инфрақұрылымдарымен жан-жақты танысқаннан кейін
ғана осы сыйлықты лайық деп тапты.
Бүгінгі таңда Астанамен тығыз қарым-қатынас орнатуға

ұмтылған әлем астаналары, ірі һәм әсем қалалар жетіп ар­
тылады. Олардың бізбен бауырлас қала болуға ышқына
ұмтылуы тегін емес. Өйткені елордамыздың ұлттық коло-
ритті сақтай отырып, әлемдегі, Еуропадағы ең үздік сәулет

өнері туындыларымен иық тірестіретін ғажап ғимаратта-
рын дүние жүзіне көрсете алуы олардың мұндай ғажайып-
тарды еріксіз мойындауына алып келді. Себебі Елбасының
өзі елордада салынатын архитектуралық ғимараттардың

бір-біріне мүлде ұқсамауын және басқа елдердегі осы
тақылеттес сәулеттік дүниелерден басқаша болуын талап
етіп, жіті назарымен ұдайы қадағалап отыр. Сондықтан да
болар сәулетшілер жаңа бір туындыны дүниеге әкелерде

бұл қатал талапты естерінде үнемі ұстауда. Осыдан да болар
қазіргі таңда елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев,
Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин,
Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша),

Ушак (Түркия), Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республи­
касы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді
әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық
қарым-қатынастар тығыз байланыстыруда. Сонымен қатар

2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу,
Минск, Бішкек және тағы да басқа ЕурАзЭҚ-тің ірі қала-
лары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас са­
ласында беделді ұйым болып табылатын Астаналар мен ірі

қалалар халықаралық Ассамблеясына (ХҚА) мүше болды.
Әдетте өзін-өзі сыйлайтын елдің басшылары астанасы-
ның ерекше бренді болуын терең ойластырған. Мұндай
сәулеттік даралыққа әлем астаналарының барлығы қол жет-

кізе алмады. Олар саусақпен санарлық қана. Мәселен, «Биг
Бен» десек көз алдымызға Лондон, «Эйфель мұнарасы»
десек көз алдымызға Париж, «Бостандық мүсіні» – Нью-
Йорк, Берлин қабырғасы – Берлин және басқалар көз алды-

мызға келе қалады. Тіпті қаланың атын айтпай «Эйфель
мұнарасында болып қайттық» десеңіз, сіздің Парижде

болғандығыңызды сұхбаттасушы адамыңыз бірден түсіне
қояды.
Осы тұрғыдан алғанда қаламыздағы «Бәйтерек» әлемде
қайталанбайтын сәулеттік туындыға айналды. Елордаға

келген шетелдік болсын, еліміздің түкпір-түкпірінен келген
қонақтар болсын бұл ғимаратқа соқпай кетпейді.
Халқымыздың аңыздарына назар аударсақ, Бәйтерек
өмір мен өркендеудің символы. 97 метр биіктікте тұрған

«жұмыртқаға» таңданбаған адам қалмаған бұлар. Оған кө-
терілген адамдар қаланы алақанындағыдай көре алады.
Әсіресе еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін ғажап
ғимараттың үстіне көтерілгенде тұңғыш президентіміздің

оң қолы бейнеленген «Аялы алақан» көркем композициясы
бірден назар аударады. Мұнда келген қонақтар қолдарын
сол орынға қойып тұрып естелікке суретке түсіп жатады.
Бір қызығы, мұнда келушілердің саны таң атқаннан кеш

батқанға дейін бір үзілмейді. Ал шетелдік президенттер,
саясаткерлер және басқа қонақтар мұнда міндетті түрде ат
басын бұрады.
Былай алып қарағанда жұрттың бәрі «Астана-Бәйтерек»

монументі туралы білетін сияқты болып тұрады. Шын
мәнінде әрқайсымыз ол туралы көп біле қоймаймыз. 2002
жылы монументтің салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген
сөзінде Елбасы: «Бүгін біз Астананың жаңа орталығының

қызметі басталатын тамаша объектіні аштық. Оның тө-
ңірегіне жаңа елорда шоғырланатын болады. Осы жерге
көтерілген кез келген адам біздің еліміздің шексіз даласы-
ның кеңдігін сезіне алады. Жаңа «Бәйтерек» монументі –

өмірдің, халықтың және бейбітшіліктің нышаны», – деген
еді. Сондықтан байтағымызды әлемге танытқан осы сәулет
ғимараты туралы қысқаша тоқтала кетейін.
Астананың басты мақтанышы төбесінде алып шары бар

биік металл құрылымынан тұрады. «Бәйтеректің» орна­
ласуы, композициялық құрылымы ежелгі көшпенділердің
ғарыштық дүниетанымын білдіреді. Олардың аңыздары
бойынша әлемдердің қиылысында Әлем өзені ағып жа­

тыр, оның жағасында еңсесі биік өмір ағашы – Бәйтерек
тұр. Өз тамырымен ол жерді, ал басындағы тәжімен аспан­

ды ұстап тұр. Сәйкесінше бұл ағаштың тамыры жер асты
патшалығында, ағаштың өзі, өзегі – жерде, ал басындағы
тәжі аспан әлемінде орналасқан. Бұл нысанның биіктігі
97 метр, ал басындағы шарды қосқандағы биіктігі 105 метрді

құрайды. Алтын жалатылған шардың диаметрі – 22 метр.
Бәйтерек биіктігінің 97 метр болуы кездейсоқтық емес,
ол елорданың Алматыдан Астанаға ауысқан уақыты
1997 жылды білдіреді. Металл, әйнек және бетоннан құрал-

ған Бәйтерек сәулеткерлік ой мен орындалуы жағынан
бірегей болып табылады – 1000 тоннадан астам салмағы
бар бұл нысан бес жүз арнайы қондырғымен бекітілген.
Осылайша, диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна бола­

тын, күн сәулесі түскен сайын түрлі түске еніп отыратын
«құбылмалы» әйнектен жасалған шар рекордтық биіктік 100
метрді бағындырды. Монумент үш деңгейге бөлінген: жер
астында төрт жарым метр тереңдікте орналасқан төменгі

бөлікте дәмхана, аквариумдар мен «Бәйтерек» шағын көр-
месі бар. Осы жерден лифтіге мініп, ең үстіңгі қабатқа –
қонақхана және көрініс залы орналасқан шардың ішіне
көтерілуге болады. Бұл жерден ашылатын қала көрінісі

әлемге әйгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава жасаған
қаланың бас жоспарының кереметіне тамсануға мүмкіндік
береді. Композицияның дәл ортасында 17 әлемдік дін өкіл-
дерінің қолы қойылған гүлжапырақшалы ағаш глобус

орналасқан. Ал осы глобустың жанындағы әсем үстелде мыс
жартышардың ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының бедерлемесі тұр.
Егер өз алақаныңды дәл сол тұсқа қояр болсаң, «аспан

әуені» ойнай бастайды деп есептеледі. Осы сәтте асқақ ар­
ман, ақ тілектерді айтып үлгеруің керек.
«Астана-Бәйтерек» монументі маңайындағы үлкен сая-
бақ алаңдарында әсіресе мереке кезінде қызықты іс-шара-

лар өткізіліп отырады. 2008 жылы монументтің қасында
әсем аллея жасалды. Ол 120 мың атақты голланд қыз-
ғалдақтарымен безендірілді. Мұндай қомақты сыйлықты
2007 жылы Астанадағы елшілігінің ресми ашылуы құрме-

тіне Нидерланды Корольдігі жасады. Ал 2010 жылы елор­
да әкімдігінің шақыруы бойынша «Бәйтеректің» жанында

Берлиннен келген Unіted Buddy Bears (Аюлар достастығы)
халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Онда әлемнің 125
елінен келген 125 шебер дайындаған 125 бірегей өнер туын­
дысы халық назарына ұсынылды. 2002 жылы халықаралық

әділ қазылар алқасы «Астана-Бәйтерек» монументіне ТМД
елдері арасында ең үздік жоба және құрылыс ретінде бас
жүлде тағайындады.
Астанада бұдан да басқа ғажайып ғимараттар жеткілікті.

Әсіресе Астананың жаңа әкімшілік орталығы орналасқан сол
жағалауға барған адамдар ауыздарын ашып, көздерін жұма-
ры анық. Санамалап көрейік: Қазақстан Республикасының
Ұлттық академиялық кітапханасы, «Хан Шатыр» сауда

ойын-сауық орталығы, Жастар саябағы, Бейбітшілік және
Келісім сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Тәуелсіздік Са-
райы», «Шабыт» шығармашылық сарайы, Субұрқақтар
алаңы, Сән үлгісіндегі эко-жейде жамылған Астана саябақ-

тары, Көкпен таласқан зәулім ғимараттар: Көлік және комму­
никация министрлігі кешені, ҚТЖ кеңсесі, «Абу Даби Пла­
за», «Хазірет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттері, «Қазақстан»
орталық концерт залы, Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткі-

ші, «Жыл мезгілдері» саябағы, «ЖЕР-АНА» ескерткіші,
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі,
Жәнібек пен Керей хандарға арналған ескерткіші, «Астана
Арена» стадионы, «Астана жұлдызы» монументі, «Шах­

матшылар саябағы», Астаналық цирк, «Думан» ойын-сауық
орталығы, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы және басқа.
Әрине, Астанада бұдан басқа да әсем ғимараттар мен көз
сүйсінтерлік нәрселер жетіп-артылады. Оның бәрін аралап

тамашалауға бір айдың өзі аздық етер еді. Шындығында
басқа елдердің астаналарымен салыстырғанда елорданың
өзіндік ерекшеліктері жеткілікті. Әсіресе ұлттық колориттің
иісі аңқып тұратындығы жүрекке қуаныш ұялатады. «Мынау

қазақтың астанасы» деп алыс-жақыннан келген кез келген
қонаққа ұялмай айта аласың. Әрине осымен Астананың
құрылысы аяқталды деуге болмайды. Сәулетшілер әлі та­
лай тұғырлы туындыларды дүниеге әкеліп, байтағымыздың

ажарын одан әрі ашары анық. Ол – келешектің шаруасы.
Ең бастысы Астана тарихи фактор ретінде тарих
қойнауына енді. Бұл – Елбасымыздың ұлы еңбегі. Оны осы­

лай ұғынып, жоғары бағалайтындардың санының көптігіне
еш шүбәміз жоқ. Кейде, жасыратын несі бар, біреулер
естілер-естілмес түрде күңкілдейтіні бар: «жұмсалып жат-
қан соншама ақшаны халыққа неге бөліп бермейді екен»

деген тұрғыда. Шын мәнінде бұл мүлде қате ұғым. Кезінде
оппозициялық басылымдарда қызмет атқарған атақты жур-
налист Жұматай Сабыржанұлы былай деген еді: «Нұрағаң-
ның біраз тірліктеріне қарным ашады, алайда астананы

еліміздің кіндігіне көшіріп, солтүстік өңірімізді қазақы-
ландыруға зор үлес қосқаны үшін ол кісінің барлық қатесін
кешіруге болады». Тауып айтылған сөз! Ағымыздан жарыла
айтсақ, мемлекеттік дәрежеде мұндай саяси-экономикалық,

күрделі жобаны жүзеге асыру хас таланттардың, біртуар
тұлғалардың ғана қолынан келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы На­
зарбаев алты алаштың арманын, Алаш зиялыларының орын­
далмастай болған мақсат-мұраттарын жүзеге асырған ұлы

тұлға. Ал АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ БЕЛ БАЛАСЫ деп зор
сеніммен, мақтанышпен айта аламыз. Мұны біреулерге жағу
үшін айтып отырған жоқпыз. Бұл – жүрекжарды сыр, көптің
берген әділ бағасы.

БҰҚАРАНЫ БАУРАҒАН

Очерк
Адамдардың арасында да
Тартылыс күші бар шығар, бәлкім?!..
Қай жерден оқығаны, яки естігені есінде сақталмапты,

бірақ ақын жырының осы бір қос тармағы жадында жатта­
лып қалыпты. Қандай дәл айтылған. «Адам күні – адаммен»
деген мәтелге мегзелген ғой. Шынында, мынау дүбірге, қым-
қиғаш өзгерістерге толы дүниенің көзге көріне қоймайтын

шынайы заңдылығы осы. Өмірдің мәнісі туралы сұрай қалса
Аманкелді осы ойларды ортаға салар еді. Тіпті қарапайым
мысал. Айталық, сізді адам тұрмайтын бір аралға апарып тас-
тады делік.Бәрі бар: тамағыңыз тоқ, көйлегіңіз көк. Бірақ,

бәрібір соның бәрінен бір аңсарыңыз басым түсе береді:
СІЗ АДАМДАРМЕН ДИДАРЛАСУҒА АСЫҒАСЫЗ. Неге?
Өйткені, адам адамдық қасиетін жоғалтпаса – Адам...
Бұл Аманкелдінің ата-анасы санасына құйған, өзі өмір

бойы қастерлі тудай желбірете ұстап, қадір тұтып келе
жатқан және өмір бойы айнымайтын қағидасы. Оның
өмірбаяны, оған көптің көрсеткен құрметі осының дәле-
ліндей. Себебі ол мектеп бітіргесін қайсыбір кластаста­

ры сияқты жұмыс істеуге қалаға аттанбады. «Туған жерге
туыңды тік» демекші, бірден ауылда қалып еңбекке аралас-
ты. Темір тұлпар мініп, тың төсін баптауға кірісіп кетті.
Ауыл шаруашылығындағы науқандық жұмыстардың бәріне

де қатысты. Әсіресе, 1972 жылы жүгерінің әр гектарынан
160 центнер өнім алуы ауылдастарын елең еткізді: «Осы
баладан бірдеме шығады» деген сөз ауыл-үй арасына лезде
тараған. Көп кешікпей оның омырауында «Құрмет Белгісі»

ордені жарқырады. Қолына өз атына жазылған сағат тағып,
тегін жолдамамен Венгриядан бірақ шықсын. Сол жолғы
халық құрметі оның мерейін тасыта түскен. Аманкелді бұл
награда – сыйларға маңдай терін аямай төгуімен ғана жау­

ап беруге болатынын түсінген. Солай істеді де. Еңбек десе
ішкен асын жерге қоятын адамгершілігі мол атпал азамат

арада үш жыл өткенде тағы да ел құрметіне бөленді. Жанар-
жағар майды мол үнемдеп, жоғарғы өндірістік көрсеткіш-
терге қол жеткізгені үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наг-
радталды. Тегін жолдамамен Кубаға барып, араға аз уақыт

салып Чехославакиядағы атақты «Карловы вары» санато-
рийінде демалуы, соңғы жылдары үш мәрте аудандық пар­
тия комитетінің бюро мүшесі болып сайлануы, тағы басқа...
Бір адамға көрсетілер құрмет осындай-ақ болсын. Алайда,

Аманкелді осынау сый-құрметтің үлкен сенім артатынын
да ұғына білді. Өзіне жүктелген қоғамдық тапсырмаларды
шын жүрегімен беріле орындауға тырысты. Ол – бөлімше
кәсіподақ комитетінің председателі, үгітші. Ендігі сөзді осы

тұрғыда өрбітсек.
ЖЕРДІҢ ТАРТЫЛЫС КҮШІ. Атақты ғалым Исаак
Ньютон ашқан бұл заңдылық баршаға мәлім, ал үгітші –
Аманкелді бұл ғылыми жаңалықты өзінше бағамдайды.

Оның ойынша, тыңдаушылар мен үгітшінің арасында да
көзге көрінбейтін тартылыс күші бар. Бірақ әр үгітшінің
«тарту күші» әртүрлі.

– Бір нәрсені бөлектей атасақ, – дейді №2 бөлімше бас-

қарушысы Хамит Жүнісов, – ол үгітшінің беделіне байла­
нысты. Бізде кез келген игі істің басы-қасында Аманкелді
Тұраров жүреді. Көпшілікті үйрете білетін ақтаңгер аза-
маттарымыздың бірі.

ОСЫНАУ абыройлы жанның үгітшілік тәжірибесімен
танысу барысында қарапайым әрі ұтымды жұмыс әдістерін
байқадық. Аманкелдінің ойынша үгітші шын мәніндегі
үгітші болу дәрежесіне көтерілуі үшін өзі жүрген ортаны

жанымен сезініп, аудиторияның талап-талғамын сезімтал-
дықпен аңғара білуі тиіс. Мұнсыз ештеңенің мәнісі болуы
мүмкін емес.
ҮШ ТАҒАН. Өзінің үгітшілік жұмысында Аманкелді

үш түрлі әдіс-өлшемді басшылыққа алады екен. Енді соның
әрқайсысына жеке тоқталып көрейік.
МАЗМҰНДЫЛЫҚ. Үгіттің бұл қырын темірқазық етуді
ол басты міндетіне санайды. Алынып отырған тақырыптың

партиялылығы, ғылыми негізділігі, объективтілігі және

оның өмірмен тығыз байланыстылығы жөніндегі лениндік
принциптерді қатаң басшылыққа алады. Сондай-ақ бұл жер­
де ұсынылып отырған мәселенің кезеңдік сипатына сәйкес
рухани, әлеуметтік талап-тілегі мен мүддесіне толығымен

сай келуіне баса назар аударды. Мәселен, мал қыстату
науқаны басталғандағы Аманкелдінің үгіт жұмысы бөлімше
еңбеккерлерінің әлі де есінде. Өйткені бұл жерде бір нәрсе
анық еді.

Тек бөлімше басқарушысының бұйрығымен іс үнемі
өрге баса қоймайтындығы. Сондай кезде ол Аманкелдімен
ақылдасты. («Қояндыда» болғанымызда оны өз көзімізбен
көрдік. Х.Жүнісов сөз арасында «Аужеке, осы мәселе

жөнінде мынадай шешім қабылдап едік қой» деген сыңайда
сөз қозғаған. Себебі мұнда құрылған үлкен бір бригада
үш звеноға бөлінген 10 адам, яғни 40 түрлі мінез бар. Ал
олармен ең жақын тіл табысатын да Аманкелді. Сондай

механизаторлардың басы жиналған бір басқосуда Аман-
келді әңгімені әріден бастады. Ең алдымен КПСС ХХVІІ
съезі алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда жоғар-
ғы тиімділікке жету жолдары, ол үшін мұндағы меха-

низаторлардың осы істі шешудегі міндеттері мазмұнды
түрде әңгімеленді де. Әбдірашит Болсанбеков, Құрманғали
Айтбеков, Әбікен Дүйсекеев сияқты тәжірибелі механи-
заторлардың Рамазан Нұрымов, Иван Гроо, Мұрат Сейт-

ханов сияқты көптеген жастарды соңынан қалай ертуі,
оларды ортақ іске жұмылдыруы үшін не істеу қажет-
тігі мұқият талданды. Сонымен қатар қыстамаға қаты-
сушылардың барлығының бір жағадан бас, бір жеңнен қол

шығарып, ұйымшылдық танытуы үшін қандай жұмыстар
атқарылуы керек екеніне де тоқталып өтті. Сондай-ақ қолда
бар 1400 тонна шөп пен 2300 тонна сабанды, тағы басқа
резервтерді ұқыптылықпен пайдаланудың жолдары тілге

тиек етілді.
Ендігі мәселе осынау сындарлы жүздесудегі үгітшінің
көпшілікке өз ойларын қалай жеткізгендігінде.
ТҮСІНІСТІК. Мақсат айқын. Алға қойылған міндеттің

мазмұны айтылып, теориялық жағынан дәйектелді. Енді

оны түсінікті тілмен жеткізу керек. Бұл жерде әңгіме
қызылсөзділікке салыну туралы болып отырған жоқ. Мәселе
алға қойылған міндеттің мән-мағынасын жан-жақты, терең
ашып көрсетуде, тыңдаушы назарын баурап алу арқылы

оны ортақ іске жұмылдыруда болып отыр. Шеберлік сынға
түсер мұндай сәтте нақтылық, қысқа да тұжырымды сөйлеу
ауадай қажет.
КЕЙДЕ қарапайым мысалмен сөйлеу арқылы да көп нәр-

сені ұғындыруға болады. Жақында Аманкелді Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің VІІІ пленумына байла­
нысты саяси әңгіме өткізді. Шағын жүздесу аяқтала берген­
де мұрты тебіндей бастаған жас жігіт сұрақ қойды.

– Социалистік интернационализм дегеніміз не?

– Бұл өзі кең мағыналы ұғым ғой, бауырым. Интернацио­

нализм, ең бастысы-сыйластық, ұлттар мен халықтардың
шынайы татулығы. Бүкіл ел экономикасының тұтастығы
да интернационализмнің беріктігін арттыра түсетін фактор.
Интернационализм – біздің қоғамымыздың асыл қазынасы.

Біз осы асылымызды қастерлей білуімізбен қуаттымыз,
біздің еліміздің айбынын арттырып тұрған да осынау береке-
бірлік. Мысалы, біздің ауылда құда-жекжат болып кет­
кен қаншама ұлттың өкілдері тұратыны бәрімізге мәлім.

Айталық, Петр Ларков пен Сайлаубек Ақышевті білесің –
интернационалдық отбасылар. Сондай-ақ бір үйдің басы­
на қиыншылық түсе қалса, бәріміз көмекке ұмтыламыз...
Грузиядағы табиғат апаты кезінде одақтас республикалардағы

замандастарымыздың қандай достық көмек көрсеткені
бәрімізге мәлім. Ептеп болса да түсінген боларсың...

– Түсіндім.

НӘТИЖЕЛІЛІК. Саяси үгіт нәтижелілігімен құнды.
Айтылған сөз – атылған оқ. Оның нысанаға дөп тиюі не­
месе мүлт кетуі мүмкін. Үгітші сөзінің қайтарымы бо­
луы үшін оның жүректен шыққан шынайылығымен қоса

парасаттылықтан нәр алған мақсаткерлігі де қалыс қалмауы
тиіс. Аманкелді әр сөзін айтпас бұрын оны жеті өлшеп, бір
пішуді әдетке айналдырған. Бұл әдіс өзінің жемісін беріп те
жүр. Мәселен, еліміздің ғана емес бүкіл дүние жүзін елең

еткізген Чернобыль АЭС-індегі аварияны естіген кезде
үгітші Аманкелді де қатты қиналды. Арада бірнеше күн
өткенде ол бүкіл бригададағы жігіттерді жинап алып, ар­
найы әңгіме өткізді. Атом электр станциясын қалпына

келтіру жөніндегі іске үлес қосуға ұсыныс жасады. Бұл
құнды бастаманы бригада мүшелері бірден қолдады. Сөйтіп
Чернобыльға көмек қорына 250 сом, бейбітшілік қорына
150 сом ақша аударылды. Міне, саяси үгіттің нәтижелілігі

осылай нақты қайтарымынан көрініс тапса керек.
Ақберен азамат жыл он екі ай бойына еш кідіріссіз
жалғасын тауып отыратын науқандық жұмыстарда өз әріп-
тестерін ортақ іске жұмылдыра білуімен қатар, алуан түрлі

мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруға тұтқа болу­
ды да әдетіне айналдырған. Осыдан бір ай шамасы бұрын
кезекті саяси әңгіме өткізу басқосуында ол мынадай ұсы-
ныс айтты.

– Ауыл ақсақалдарын пенсияға құрметтеп шығарып

салу дәстүрі соңғы кездері ұмыт бола бастағандай. Соған
байланысты...

– Николай Архипович алпысты алқымдап қалды ғой, –

деді Аманкелдінің сөзін дереу іліп әкеткен Ерғали Баубеков
елегезектік танытып.

– Ұмытпасам санаулы күндерден кейін тойлаудың реті

келеді, білем – Ерғалидің сөзін Рудольф Генрихович Пен-
нер нақтылай толықтыра түсті.

– Онда ойланатын несі бар. Қанекей, жігіттер, қолға

алайық тездетіп. Түйін сөзді Аманкелді өзі айтты да кімнің
нендей жұмыс атқаратыны жөнінде міндеттер де бөлісілді.
Арада санаулы күндерден кейін «Қояндының» үлкен-кішісі
ауыл ақсақалының пенсияға шығуын салтанатты түрде атап

өтті.
Иә, ҮГІТШІ Аманкелді Тұраровтың ұйытқы болуы­
мен жүзеге асырылған іс-шаралар қаншама десеңізші. Біз
соның кейбіреулеріне ғана тоқталдық. Өнегелі семья басы,

қарапайым механизаторға бүкіл жерлестері дән риза. Өйт-
кені оның жүрегінде көпті өзіне тарта білетін ерекше күш
бар.

ТАМЫРЛАР МЕН ЖАПЫРАҚТАР

(ОЧЕРК-ҮШТАҒАН)

Халқымызда «телқоңыр» деген ұғым бар. Ол әдетте
рухани әлемі екі халыққа бірдей ортақ, қос тілді тел емген,
тамыры тереңге кеткен халықтар достығына жанашыр
әрі парасаты жоғары адамдарға да арналып айтылады.

Ал екі және одан да көп тілді білетін, қазақ тіліне қамқор
болып жүретін азаматтар біздің облысымызда да аз емес.
Олар жергілікті халықтың тілін үйрену арқылы оның
әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қаныға түсуде. Оқырман-

дар назарына ұсынылып отырған бұл очерк-үштағанда
қазақ тілінің тілеуқоры болып жүрген әртүрлі ұлттың
үш өкілі жөнінде сыр шертілмек.

1. БӘЙТЕРЕКТІҢ БҰТАҒЫ

Биіктігі зеңгір көкпен таласқан, жапырақтары жайқалып,
бірнеше ғасыр жасаған алып бәйтеректі көргеніңіз бар
ма? Егер зер сала қарасаңыз сол табиғи жаратылыстың
бітім-пішінінің тарамдала өрілгенін бірден бағамдайсыз.

Әсіресе, оның бейнебір дене мүшелері іспетті бұтақтары
жанарыңызды арбап, көңіліңізді баурайды. Тағы бір еске-
ретін жайт, кейбір бұтақтардың жапырақтары сирек әрі
пішіні шағын болып келсе, қайсыбіреулерінің қурап қалға-

нын байқарыңыз анық. Егер әлдекім бәйтеректі саялап
отыруға келсе, әлгіндей бұтақтардан түскен күннің ыстығы
шекесін қыздырып, жолаушының мазасы кетуі ықтимал.
Мұндайда ол адам бәйтеректің жапырақтары бірегей өскен,

көлеңкесі молдау тұсына қарай ығысыңқырап отырары
сөзсіз...
* * *
Әрине, қай бұтақтың болсын жапырақтарын құрт же-

мей, бүтін әрі толымды болғанына не жетсін...

– Ұят-ай. Сенейін бе, сенбейін бе?! Қазақ бола тұра

«Қазақ әдебиетін», облысымыздың айнасы – «Коммунизм

нұрын», ал жастар жағы «Лениншіл жасты» жаздырып
алмау дегенді қалай түсінсем екен?! Тіпті, әр номері қы-
зықты әрі мазмұнды әдеби туындыларға, жалынды пуб-
лицистикаға толы «Жұлдыз», «Жалын» журналдарын

ауызға алмай-ақ қояйын...
Совхоз директорының кабинетіне шақырылған он шақты
қазақ азаматтары үнсіз отырып қалды. Шаруашылық бас­
шысы Самуил Гергардович Шенстің таусыла сөйлейтіндей

жөні де бар еді. Баспасөзге жазылу науқаны жылдағыдай
өз ретімен жүргізіліп жатса да, кейбір қазақ азаматтарының
ана тілінде шығатын басылымдарға жазылмауы Самуил
Гергардовичті қынжылтқан. Бұл жөнінде кеше совхоз

партия комитетінің секретары Болат Мұхтарұлы Ибраев
айтқан-ды. Өзінің тікелей міндеті болмаса да С.Г.Шенс бұл
идеологиялық-саяси жұмысқа араласып, қазақ тіліне аз да
болса жанашырлық танытуды азаматтық парызы санаған.

Дана халқымыз «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген
ғой. Басқа ұлт өкілдерінің сөзі шымбайларына батып кет­
се керек, директор тағы бір сөзінің ретінде сауал қойғанда
отырғандар қозғалақтай түсіп, әр тұстан: «жазыламыз»,

«міндетті түрде алдырамыз» деген уәделер естілді.
Жұмыс кабинетінде жалғыз қалған Самуил Гергардо-
вич үлкен бір іс тындырғандай бойы жеңілейіп сала берді.
Енді бір сәтте темекісін тұтатқан ол ой пырағына мініп,

қиян көкжиектерді кезіп кеткенін андамай да қалды. Осы-
дан санаулы минуттар ғана бұрын болған жүздесудегі
әңгіменің түп-төркінін ой таразысына салды. Иә, бір
жағынан алып қарағанда мұндай жаңдайға таңдануға бол­

майды. Тарихының ғұмыры талай-талай ғасырлардың
қойнауында жатқан қазақ халқының бүгінгі таңдағы тілінің
тағдыры аянышты халге душар болуында субъективизм
мен волюнтаризм жайлаған кезеңнің, тоқырау жылдарының

«үлесі» мол. Сол тұста қазақ мектептерінің жүздеп жабы­
луын былай қойғанда, қаншама қазақ ауылдары (көпшілігі
бұрынғы бай колхоздар) әлеуметтік жағынан мүлде дерлік
дамымай, қамқорлық жоқтығының салдарынан тоз-тозы

шығып, кейбіреулерінің аты-затымен қоса жойылып кеткені

енді-енді айтыла бастады. Тағдыры осындай тығырыққа
тірелген ауылдар «Октябрь» совхозында да жоқ емес. Олар –
Қызылжар, Нұра, Сарыадыр ауылдары.
1987 жылы совхозға директор болып сайланғанда Саму­

ил Гергардович алғашқы жұмыс күндерін жағдайы жүдеу
осынау ауылдарды аралаудан бастаған. Өйткені, оған бұл
аянышты жайт таңсық емес. Целиноград ауданына қарасты
«40 лет Казахстана» совхозының Сарыгөл бөлімшесі құрып

кетті. Ол бірде осы шаруашылықтың орталығына келген­
де механизатор досы Дәулетбек Ысқақовтан балалық бал
дәурені өткен жерінің тағдыр-талайы турасында жан-жақты
қаныққан. «Ол шаруашылықтағы үлкендер жағы – дейді

С.Шенс – мені «Біздің бала» дейді еркелетіп, Сарыгөлдің
аянышты тағдыры көңілімді босатты. Оның маңайындағы
шалқып жататын 4 көл тартылып, балшыққа айнала бастап­
ты. Бәрін айт та да бірін айт демекші, бұл жақтағы ауыз суға

жарымай отырған халықтың рухы қандай ғажап!»...
Бұлайша жан дүниесімен тебірене білетін басшы
С.Г.Шенс екі жылдың ішінде-ақ шаруашылықтағы шағын
ауылдардың әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту бағытында

қыруар істердің бастаушысы болуда. Бұл тұрғыда уақыты
нақты белгіленген программа жасалды. Мәселен, Қызылжар
ауылында қазақша бастауыш мектеп пен оның базалық
балабақшасы комплексті түрде салынды. Жақында оның

салтанатты ашылуы болмақ. Келер жылы сыйымдылығы
200 адамдық клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, бірнеше
тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал Нұра ауылында қазіргі
архитектура талаптарына сай дүкен құрылысы аяқталды.

Енді клуб, мектеп, балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт
ашу көзделуде. Биылдың өзінде 30-ға жуық семья тұратын
үйдің кілті тапсырылды.
Әлбетте мұның бәрі айтуға ғана оңай. Оның ар жағында

қыруар бюрократ, кадрлармен арада болған қақтығыстар,
сөз естулер... жатқанын екінің бірі ұғынып, пайымдай
бермеуі мүмкін. Ал мұндайда азаматтық парызын жасақтай
білген Самуил Гергардовичтей басшының мөп-мөлдір

адамгершілігіне қалайша сүйсінбеске.

Ол халықтың негізгі ұлттық атрибуты, ұлттық рухани
ғимараттың іргетасы – тіл туралы да ұдайы толғаныс үс-
тінде жүреді. Самуил Гергардовичтің бұл мәселеге қай
тұрғыда мән беретіндігін оның қойын дәптеріндегі мына

бір сөз маржандарын оқыған адам айқын түсінетіні сөзсіз.
Халық аузындағы тіл өлсе – халық та өлгені.
К.Д.Ушинский
Тіл – ұлттың жан-дүниесі. Тіл идеяның, сезімнің,

ойдың жанды көрінісі.
А.Н.Толстой
Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана
жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.

А.Байтұрсынов
Халық өз тілінен айырылған кезде қарекеттерінен де
айырылады.
И.Кант

Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді
түсіну мүмкін емес.
Ж.Аймауытов
Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.

П.В.Вяземский
...Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңының жобасы жария-
ланғанда алғашқылардың қатарында қуанғандардың бірі
де – ол. Тынысы тарылып бара жатқан қазақ тіліне

мемлекеттік статус берілуін қызу жақтаған да – ол, сол тіл-
дің өрісі кеңеюіне септігін тигізіп, шама-шарқынша «бір
кетігі болып қаланып» жүрген де – ол, қазақ тілінде еркін
сөйлейтін де – ол.

– «Меніңше, қазақ тілінің қоғамдық өміріміздің барлық

салаларында
қолданылуын
қамтамасыз
етудің

басты
жолы, – дейді С.Г.Шенс, – оған – тек қазақ тіліне, еш
қосақтаусыз мемлекеттік тіл статусын беру. Мұның өзі
мәжбүрліктен туып отырғандығын қай ұлттың өкілі бол­

масын азаматтық парасаттылығымен, адал да ақ көңілмен
түйсінуі тиіс. Басқаны айтпай-ақ қояйын, мен әкеммен,
ағаларым Вильгельм, Гельмутпен қазақша еркін сөйлессем
де, кейбір қазақ ағайындармен осы тілде ұғыныса алмай­

мын. Мен бері тартсам, кейбіреулер кері тартады»....
* * *
... Кабинетінің есігі баяу ашылып, совхозда жүргізуші
болып істейтін Ауль Эрихтің тұлғасы көрінді.

– Рұқсат па екен?

– Кел, төрлет. Құлағым сенде.

Жігіт ағасының жабырқау жүзі, жанарындағы мұңын
көрген ол тіксініп қалды.

– Не болды? Тыныштық па?

– Мені жұмыстан босатуыңызды сұраймын. ФРГ-ға...

– «Үшінші семья. Айналасы бір аптаның ішінде үш

семья үдере көшпек пе?» Өз ойымен үнсіз қалған Самуил
Гергардович олардың бұл сапарға неліктен бел байлағаны
жөнінде ұзақ әңгімелесті, бәрі де білікті жұмысшы, маман-
дар. Бүйте берсе... Бәрінің айтатыны бір сөз: «тілімізден

айырылып, әдет-ғұрпымызды ұмытып, ұрпағымыз тек-
сіз мәңгүрт болып қалатын түрі бар, ол жаққа барып
тұрмысымызды оңдайық деп отырғанымыз жоқ. Жағдайы-
мыз мұнда да жаман емес. Бірақ байлыққа, сәнді тұрмысқа

айырбасталмайтын асылдар бар екенін ескерсеңіз дейміз,
өзіңіз де түсінесіз ғой»...
Басшы не десін, әлі-ақ бәрі де өз орнына келетіндігін,
әділет орнайтындығын, жобасы баспасөзде жарияланған

Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңының республикамыздағы
барлық тілдерді еркін дамытуға кепілдік беретіндігін
айтып түсіндіріп-ақ бақты. Бірақ, олар көнбеді...
Әр азаматқа өзінің ұлты қымбат, оның әдет-ғұрып,

салт дәстүрлері қастерлі, әрі киелі. Әр адам ең алдымен өз
халқының шынайы патриоты болуға тиіс. Бұл – ана тілінде,
неміс тілінде еркін сөйлейтін С.Г.Шенстің де өмірлік кре­
досы. Басқа да жерлестері сияқты Самуил Гергардович

жақында ғана баспасөзге жарияланған «Партияның қазіргі

жағдайдағы ұлт саясаты» атты КПСС платформасының жобасындағы: «Таудағы Карабах автономиялы облысының, Қырым татарларының, Поволжье немістерінің, гректердің, курдтардың, корейлердің, месхеттік түріктердің және басқаларының проблемаларын шешуі жөнінде барлық шаралар қолданылсын» – деген жолдарды перзенттік жүрек лүпілімен оқып, қуанған-ды. Иә, сталиндік зобалаң-зорлық, қиянаттың қанды шеңгеліне іліккен советтік немістердің тағдыры да ешкімді бейтарап қалдыра алмайды. СССР Халық депутаттарының 1 съезінде заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айт­ матов, тағы басқа парасатты азаматтар өткір көтерген бұл проблема өзінің шұғыл шешімін күтіп тұр. Жаны жайсаң, білікті, дос көңілді, мәдениетті неміс перзенттерінің елімізде 225 жылдан астам тарихы бар, ССР Одағының географиялық картасынан Ұлы Октябрьдің жеңісінен кейін В.И.Лениннің басшылығымен заңды түрде жарияланған неміс автономиясы «халықтар көсемінің» даңқы дүрілдеп тұрған тұста жойылып жіберіліп, тарихта кешірілмес қылмыс жасалды. Отты жылдарда неміс тұрғындарына сенімсіздік көрсетіліп, Лениннің Декретімен құрылған ре­ спублика әп-сәтте ыдыратылды. Шенстер әулеті де, осы кез­ де Қазақстанның Ақмола өңіріне қоныс аударылған. Ал қазір Қазақстан олардың екінші Отаны болып алды. Республикадағы жүзден астам ұлт пен ұлыстың арасында 970 мыңға жуық советтік немістер тұрмыс кешіп жатыр. Олардың жүз мыңға жуығы біздің облысымызда өмір сүруде. Целиноград ауданының «Октябрь» совхозына келсек мұндағы тұрғындардың 67 пайызы немістер. Шаруашылықтағы мәдениет, саяси шаралардың барлығы дерлік үш тілде – қазақ, неміс, орыс тілдерінде өткізіледі. Ұрандарды, транспаранттарды және басқа көрнекі құралдарды үш тілде жазу дәстүрге айналған. Мұнда балалар хоры және үш тілдегі ересектер хоры бар. Оған жүзден астам өнерпаздар ынта-ықыласымен қатысуда. Шаруашылық өткен жылды 1 миллион 300 мың сом кіріспен аяқтаған-ды. Ал, биылғы

мол өнім жағдайында бұл межеден асу ойластырылуда.
21 ұлттың өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып, өзара ынтымақ-бірлікте еңбек етуде.
* * *

С.Г.Шенс ертеңгілік лездемеден кейін совхоз партия
комитеті секретарымен бірге Нұра бөлімшесіне баруға
асығыс жиналған. Жылдар бойы елеу-ескерусіз қалған осы
бір шағын ауылдың мұқтаждықтары шаш етектен. Тіпті

радио, телефон жүйелері тартылмағаны былай тұрсын,
ондағы қарапайым жұрт ауыз суға ділгір болып отыр.

– Қызылжарға бұршы. – Жүргізушіге тіл қатқан

Самуил Гергардович сонау бір тұстан көрінген қарияға
жымиды. «Ақсақал мықты! Жаңа үйге кірген соң жасарып
кетті-ау деймін». Машинаның ішіндегілер әзілге күлісіп
қалды.

– Ассалаумағалейкум!

– Әликүмәссалам, өркендерің өссін, қарақтарым. Қай

балалар десем, өзіміздің балалар екенсіңдер ғой, – көзін
күнге көлегейлеген қарт келгендерді үйге бастады.

– Танымайтын жөніңіз бар, мұндағы ең мықты ақса-

қалымыз өзіңіз болып тұрсыз ғой. – Самуил Гергардович
те қалжыңдап жатыр.

– Ата, үйіңіз қайырлы болсын!

– Рахмет, айналайындар, өздеріңнің арқаң ғой. Үйге

кіріңдер.

– Жо-о, әуре болмаңыз. Асығыс едік, сізге сәлем бере

кетейік деп бұрылғанбыз.

– Тәйт әрі, таңғы астан дәм ауыз тимесеңдер үйдегі келін

балалар тастап кетеді!

– О-о, онда қойдық, қойдық.

Олар үйге кірген.
С.Г.Шенсті қазақ ауылдарының қарттары «көргенді
бала, парасатты, кішіпейіл азамат» деп отыратын көрінеді.
Самуил Гергардовичтің өзі де Рамазан, Мұқат тағы басқа

қариялармен әртүрлі түйінді мәселелер төңірегінде ақыл-
дасып отырады. Үлкенге ізет деген осы да.

* * *
Әдеттегідей ол бүгін де ерте тұрып кетті. Көкжиек
бозамықтана таң құланиектеніп келе жатыр. Сайын дала-
ның саумал лебі есіп, тұп-тұнық керімсал ауаны рахаттана

жұтты. Сүмбіл талдан бірнеше сарғайған жапырақ қатар-
ласа, бір-бірін қуалағандай қалықтап барып жерге түсті.
Самуил Гергардовичтің ойына талантты ақын Мұқағали
Мақатаевтың жыр жолдары оралды.

Сап-сары жапырақтар...
Сап-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,

Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда.
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда,

Сап-сары жапырақтар...
Сап-сары жапырақтар...
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Ой құшағында тұрып қалғандықтан ба, бойы сәл

тоңазығанын сезді. Баяғыда бір данагөй айтқан екен: «Түн
қанша ұзақ болса да, күнді тоқтата алмайды». Қандай ғажап
қағида. «Түн – тоқырау, күн – қайта құру».
Өзінің тосын тіркес ойлап тапқанына қуанған Самуил

Гергардович үйге кірген. Расында халық осындай кезеңді –
түлеуді ұзақ күткен екен-ау, осындай бетбұрыс сағындыр-
ған екен-ау!
Иә, «түн – тоқырау, күн – қайта құру»...

Целиноград қаласы, 1989 жыл.

ТАМЫРЛАР МЕН ЖАПЫРАҚТАР

(ОЧЕРК-ҮШТАҒАН)

2. «ЖҮРЕКТЕГІ ЖАЗУЛАР»

ТАБИҒАТ пен біздің күнделікті қарбалас өміріміздің
арасында ұқсастықтар ұшан-теңіз-ау.
Аға ұрпақ пен қазіргі жастар. Тамырлар мен жа-
пырақтар.

Осы екі ұғымды нәзік бір жіп байланыстырып тұрған
тәрізді. Өйткені, жастардың жалын атқан жігері, білімі мен
парасаты болмаса, алдыңғы ұрпақтың өнегелі ісі қалай
жалғасын таппақ? Сол сияқты алдында өнеге аларлық

ұрпақ болмаса, бүгінгі қыз-жігіттер кімге еліктеп өспек?
Сондай-ақ, табиғатта да тамырлар мен жапырақтарсыз
тіршілік жоқ. Жапырақтар өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті
қоректік заттарды синтездеп шығаратын орган болса, та­

мырлар жер қабаттарынан су мен еріген күйдегі минерал-
дық тұздарды сіңіріп, өсімдікті «сұйықпен» ұдайы қорек-
тендіреді. Яғни, бірінсіз бірінің күні жоқ. Мұндағы бір
ескеретін жайт, жапырақтар да әртүрлі пішін-сапада

болып келеді. Еш жері бүлінбеген, бүтін жапырақ өсімдіктің
өнікті болуына мол септігін тигізіп, ырыс-құты, «жүрегі»
болады. Өмірде де солай...
* * *

Осыған дейін баспасөзде көбінесе омырауында орден,
медальдары молдау адамдар хақында көбірек жазылып
келді. Әрине, бұл дұрыс та. Дегенмен, наградасы, атақ, даңқы
жоқ, бірақ адал, озық ойлы, жігерлі де парасатты азамат-

тар жайында сиректеу жазылғаны жасырын сыр емес.
Ал Андрей Степаненко қарапайым жұмысшы: «Пром­
строй» бірлестігінде оператор болып еңбек етуде. Оның
өмірбаяны да бірер жолға сиып кетеді. Газ аппаратуралары

заводында электрмен дәнекерлеуші ретінде еңбек жолын
бастаған, экономикалық жоғары білімі бар. Өнегелі семья
басы. Коллективінде сыйлы, әріптестері құрметпен ауызға
алатын ақкөңіл азамат.

«Теңіздің дәмі тамшысынан білінеді» деген ғой, хал-
қымыз. Ал әрбір адамның азаматтық келбеті оның ой-
толғаныстарынан білінеді. Андрейдің «Жүректегі жазу-
лар» атты қойын дәптеріндегі әртүрлі тақырыптарды

қамтитын сыр-тебіреністеріне көз жүгірткен жан осы бір
еңбек адамының жан дүниесіне терең бойлайтыны сөзсіз.
Әсіресе, оның ұлттық және ұлтаралық қатынастар жөнін-
дегі пікірлерінде өзіндік ерекшеліктері байқалады.

* * *
«Жүректегі жазулардан»: «Біздің бұрқ-сарқ қайнаған
өмірімізде соңғы жылдары «ұлттық мәселелер», «ұлтаралық
қатынастар мәдениеті», «интернационалдық тәрбие» де­

ген ұғым-тіркестер жиі сөз бола бастады. Өз басым бұл
жайттың шешімі бір ғана проблеманы шешуге байланыс-
ты деп есептеймін: ол – әрбір жекелеген ұлттың табиғи
қажеттіліктерін жоғары адамгершілік тұрғысынан өтеу.

Мәселені осы орайда комплексті түрде ойластырмаса тәр-
биенің қай түрі болсын айтылған жерінде қалады. Мен
қазақстандық орыспын. Азамат ретінде қолданылу аясы от
басы, ошақ қасылық деңгейге дейін тарылып, мүшкіл хал­

ге ұшыраған қазақ халқының тілі мені де бейтарап қалдыра
алмайды. Рас, қазір бұл туралы айтылып жатыр. Қайшылық-
ты пікірлер де жоқ емес. Алайда, оның шешілуінің кілті
мектеп пен оқу орындарында ғана деп шынымен ила-

натындарға көкейімдегі мына бір ойларымды айтқым
келеді.
Тілдің экономикалық, материалдық негізі болмаса ол
жүдеу тарта береді. Оған тіпті заң мен қаулының да күші

келмейді. Бұл үшін экономиканың өзін түбірінен қайта
құрудың мынадай жолын қарастырған жөн. Айталық мал
шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі. Еуропалық ел-
дерде өнеркәсіп кеңінен дамыса, революцияға дейін, одан

кейін де республикамызда дәстүрлі еңбек – мал шаруашы-
лығы, оның ішінде қой, жылқы, түйе шаруашылығы кең
қанат жайды. Ал қазақтардың тіл байлығы шаруашылық-
тың осы түрімен тікелей байланыста басым түрде дамы-

ғаны белгілі. Өз басым бір түйе түлігінің ғана 80 атауы
барын, сиыр сүтінен 30-40 шақты өнім шығарып, теріден
алуан түрлі киімдер ғана тікпей, көптеген құралдар (ыдыс-
тар, ертоқым әбзелдері т.б.) да жасалғанын естіп, оқыға-

нымда таңданғанымды жасыра алмаймын. Мінеки, менің
материалдық негіз деп отырғаным да осыдан бастау ала­
ды. Қазақ тілін «үйрен» деп қанша айтқанмен ол орындал-
майды. Мұндағы ең басты шарт – қажеттілік. Орыс болсын,

басқа болсын бұл тілді өмірінің бір бөлшегіндей сезінетін
болуы керек. Айталық Целиноград қаласында сиыр сүтінен
жасалатын өнімдер – айран, құрт, ірімшік, қатық, қаймақ,
тағы басқаларын (оның ондаған түрі бар екендігін жоғарыда

жаздым) шығаратын завод ашып, онда ұлттық ерекшелік-
тердің мұқият сақталуын неге ескермеске. Мұндайда қазақ-
тың ұлттық тағамдарының атауларын сол күйі өзгертпей
алу керек. Тілдердің бірін-бірі дамытуы ғасырлар бойы

осылайша келе жатыр. Мысалы, француздың «этаж»,
немістің «кронштейн» сөздері тілімізге сіңіп кетті ғой».
* * *
АНДРЕЙДІҢ қойын дәптеріндегі осы жолдарды оқы-

ғаннан кейін одан бұл ойларын сабақтай түсуін сұрадым.

– Бұл күрделі проблеманың шешілуі кәсіпорындағы

кадрлардың, мамандар мен жұмысшылардың алдын-ала
дайындалуына тікелей байланысты. Техникалық оқу орын-
дарының қайсысын алсаңыз да бірде-біреуінде күні бүгінге
дейін қазақша факультет, бөлімше немесе топ жоқ, бұл өте

ұят нәрсе. Тоқырау жылдарының Тоңы әлі жібитін емес. Тағы
бір айтайын дегенім, қазақ халқының ұлттық тағамдарын
өндіру жөнінде арнаулы кәсіпорындар ашылып, оның ма­
мандары да қазақ тілінде даярлануы қажет. Ал олар орыс

тілін үйренбей қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бәзбіреу-
лер бұған іштарлық жасауы мүмкін, ондайлар «мөңки»
берсін, орталыққа жалтақтаудың уақыты өтті. Соңғы кездері
ұлттық жұмысшы табын тәрбиелеу жөнінде мәселе көте-

ріле бастады, өте орынды! Енді оны өмірге берік енгізіп,
тереңдете, әрі батыл жүргізген жөн. Мен басқаны айтпай-

ақ қояйын, қаламыздың заводтарында ондаған жылдар
бойы пәтер ала алмай жүрген қазақ жұмысшылары жүздеп,
мыңдап саналатыны ешкімге жасырын емес. Оларға нақты
қамқорлық жасайтын мезгіл жетті. Қазақ интеллиген-

циясы бұл күрделі әлеуметтік мәселеге қызу араласуы
керек-ақ.

– Ақиқатын айтсақ, жылдар бойы ұлтына жаны ашып,

оның ең қарапайым қажеттіліктерін жоқтаған көптеген
азаматтар қуғынға ұшырады. Сталиндік сүргіннен қалған
үрей-қорқыныш ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатыр...

– Мұны мен де білемін. Бірде С.Сейфулиннің «Тар

жол, тайғақ кешуін» оқып отырып, мынадай жолдарды
ұшырастырдым: «Біздің қазақ коммунистерінің кейбіреуі
қазақ тілі туралы қатты кірісуге: «біреу ұлтшыл деп айта­
ды»... деп бой тартады. Бірақ ол – қулық, бұл – коммунистік

қылық емес, ол жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық,
жалмауыз демагог өзін «жақсы коммунист екен»... деп айт­
сын деп, қазақ тілін кіргіземін деп жүрген белсенді адам-
дарды «анау ұлтшыл, мынау ұлтшыл» дер. Бірақ ондай

сасық демагогтар коммунист партиясының Орталық Ко-
митетін «ұлтшыл» деп айта алмас». Қандай тамаша
айтылған. Бұл сөздер әлі де актуальдылығын жойған жоқ.
Себебі жаңағыдай айдардан қорқақтайтын адамдар қазір

де аз емес. Әсіресе, басшылық қызметтерде отырған қазақ
ағайындардың арасында «сауысқаннан сақтар» жеткілікті.
Ең алдымен, осы азаматтардың халқына деген шынайы
патриоттық сезімі оянбаса, қазақ ұлтының еңсесі көтерілуі

екіталай. Екінші жағынан алып қарасақ, бала-шаға асы­
рап отырған оларды да пенде ретінде түсінуіміз керек. Бұл
ретте халқының қамын ойлаған азаматтарға бірінші кезек­
те орыс ұлтының өкілдері жанашырлық танытып, ұдайы

қамқорлық жасап отырса демекпін.
* * *
...«Восход» кітап дүкенінен шығып, аялдамаға келген
Андрей қолындағы орысша-қазақша «Тілашарын» және

баспадан биыл ғана жарық көрген қазақша-орысша,

орысша-қазақша сөздіктерді кезек парақтап тұрған. Ол ке­
нет аялдамада автобус күтіп тұрған екі жас қазақ жігітінің
орысша сөздерін құлағы шалды. Екі бозбала ауылдан енді
келіп, оқып жатқан студенттер болуы керек. Олар, келсін-

келмесін орысша шүлдірлесіп қояды.
Андрей шыдамады, екі жігіттің жанына екі-ақ аттап
жақындап, оларға күтпеген сұрақ қояды.

– Мазалағаныма кешіріңіздер! Сендер ана тілдеріңді

білесіңдер ме?

– Білеміз! – Екеуі де қосарлана жауап қатты.

– Онда неге «қойыртпақтатып» тұрсыңдар. Одан гөрі

жетік білетін тілдеріңде таза сөйлесіп, ал орысша үйрен-
геннен кейін әңгімелеспейсіңдер ме? Міне, көрдіңдер ме
«Тілашарым» тоза бастады. Қазақшаны үйреніп жүрмін,
едәуір түсінемін. Әбден меңгерген соң, бір жылдан кейін

таза қазақша сөйлесетін боламын.
Мәнді пікір, орынды әрі әділ сынды мойындаған екі
студент бір-біріне жымия қарасып алып, келісетіндіктерін
білдірді...

ҚАЗАҚ тілінің тілеуқоры болып жүрген орыс азаматы-
ның бұл тұрғыдағы ойлары жоғарыда аталған қойын-
дәптерінде нақты әрі ашық жазылған. Соған көз жүгіртейік.
«Жүректегі жазулардан»: «Қазақ ешқашанда орыс бола

алмайды. Өйткені, белгілі бір ұлттың өкілі болу дегеніміз
оның тілін ғана игеру емес. Мұнда рух, мәдениет, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, қан... деген сияқты тағы басқа негізгі
белгілер кімнің кім екенін айқындап тұрады. Сондықтан

әркім ең алдымен өз ұлтының толыққанды өкілі болып ал­
сын. Өйткені, «Бөгде тілді тек қана өз тіліміз арқылы тү-
сінуге болатындығын ұмытуға болмайды» (К.Д.Ушинский).
Ерекше ескерерлік жайт. «Ана тілін үйрену – бұл ұлы іс...

Әркім өз тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген
тілмен сөйлеуге тырысуы керек». Ең жақсы тіл – ана тілі
(М.И.Калинин). Ал «Өз ана тіліне немқұрайлылықпен
қарайтын адам хайуанмен бірдей» (К.Г.Паустовский).

– Людмила, 3 сом бере қой, тез!

– Үйге асыға-үсіге кірген күйеуінің шұғыл қимылына

еріксіз таңданған әйелі «көк құлақтың» біреуін ұсынды да
терезеге көз салды. Андрей таксиспен есеп айырысып, үйге
қарай жедел басып келеді.
Зайыбының осы ойын оқып қойғандай, қолын шайып

дастарханға келген Андрей әңгімесін көңілдене бастаған.

– Бүгінгі «Казахстанская правдада» не жарияланғанын

білсең ғой!

– Иә, ол не жұмбақ! – күйеуіне күлімсірей қараған

Людмила оның дидарынан әлденеге қатты риза болғанда
байқалатын нәзік те жұқалаң нұрды байқады.

– Айтайын. Бағана жұмыста ұлтаралық қатынастар ту­

ралы қызу пікірталас болды. Біздің кейбір жігіттер оқып
үлгеріпті, жазушы Иван Щеголихиннің «Тілге қамқор-
лық – кезекті науқан емес» атты мақаласы, міне, төрт
киоскіні таксимен аралап әрең таптым, жарияланыпты.

Пікірлерінің көбі менің саған айтқандарыммен дөп келеді.
Оқиын, тыңда: «Әлеуметтік-саяси, ғылыми және мәдени
өмірдің әртүрлі салаларында қажетті болмай қалған тіл
құрып кетпей қоймайды, тілдің құрығаны – халықтың

құрығаны. Осының бәрін түсінген парасатты да қайырымды
адам қазақ бауырларының мүддесін қорғап шығудың
мүмкіндігін және қажеттігін айқын көре алады»... деген
пікірін нақты дәлелдей келіп, тіл үйрену үшін: «Алдымен өз

бойындағы кедергіні жою керек. Өзіңнің керенаулығың мен
безеруіңді жеңуің керек. Біз туысқан халықтың қажеттерін
түсінуімізбен мәртебеміз биіктей түседі, одан біздің
көкірек көзіміз ашылады», – деп атап айтады. Мына бір

тұсында: «Біздің парызымыз халықтардың досы болу, –
деп жазған болатын Достоевский. – Оларға қызмет ету ке­
рек, біз сонымызбен мейлінше орыс болмақпыз». Назар
аударыңызшы: оларға қызмет ету керек – деген сөз ұлы

державалық өркөкірек дандайсусыз айтылған».
«...Оларға, басқа халықтарға қызмет ету керек» – біз
сонымызбен мейлінше орыс болмақпыз». Яғни басқаларға

қызмет ету біздің табиғи ерекшелігіміз, халыққа тән
қасиетіміз, біздің ұлттық белгіміз». Ал бұдан асырып
айтуға бола ма? Біздің әрқайсымыз ең алдымен азамат
болуымыз керек-ақ.

БИІК ПАРАСАТ иесі Андрей Степаненконың зайы-
бына: «менің саған айтқандарыммен дөп келеді» деп
отырғаны қойындәптеріндегі ойлары-тын. Ол қандай пі-
кірлер еді?

...Жүректегі жазулардан»: «Аға», «ұлы» деген сөз-
дерді қолданғанда абай болған жөн. Біздің елімізде бұл
ұғымдар орыс халқына телініп айтылуда. Рас, сөз арасын­
да сирек әрі елеусіз айтылып кетсе, бір жөн ғой, кейде

түйдектеп, «қоюлатып» айтатындар бар. Бұл – мансапқор-
лар мен жарамсақтардың бақай есепке құрылған қулық-
тары. Жақында мен сәл ертеректе шыққан бірнеше ғылыми
еңбекті оқып отырып, жекелеген тіркесті бірнеше рет

ұшырастырдым. Сондай-ақ «ұлы орыс тілі» дегенге де
құлағымыз үйреніп алды. Өз басым «ұлы ағылшын» не­
месе «ұлы француз» тілі дегенді естіген де, оқыған да
жоқпын. Тілді «ұлы», «ұлы емес» деп бөліп-жаруға бол-

майды, өйткені, олардың барлығы да тең. Өзін жоғары
қоюды, артық сезінуді ешкім де кешірмейді. Қазіргі жағ-
дайда ең кішкентай деген этносқа, тілге шынайы қамқорлық
жасалуы қажет. Алайда, менің ұлтымның кейбір өкілдері

шовинистік пиғылдан арылар емес. Олардың ерекше көзге
түсетін қасиеті – ұстатқызбайтындығы. Олар ұран көтеріп
алаңға шықпайды, бас сауғалап өмір сүріп, қоршаған орта­
сын арам іс-әрекеттерімен улайды.

Облыстық партия комитетінің Саяси оқу үйінде «Мыс­
литель» философиялық клубының кезекті пікірталас кеші
аяқталып, досы Ибрагиммен бірге қайтып келе жатқанда ол
Андрейге тосын сұрақ қойды.

– Қойындәптеріңдегі халқымыздың мақтанышы С.Сей-

фулиннің сөздерін оқып, риза болып қалдым. Сол үзіндідегі:
«Бірақ ол – қулық, бұл коммунистік қылық емес, ол
жарамсақтық, жағымпаздық», – деген жолдар жөнінде өз
пікіріңді ашық айтсаң.

– Халқының ар-намысы үшін күрескен Сәкен ағаның

бұл ойының мағынасы тереңде жатыр деп есептеймін.
Халқының болашағына, тіліне жаны ашымайтын жоғары
қызметтегі кадрлар қазақ ағайындардың арасында да аз
емес. Мұны біздің қаламыздың, облысымыздың өмірінен

де көптеп ұшырастыруға болады. Неліктен? Әлде шы­
найы патриоттар аз ба? Бұл жеке әңгіме етуге тұратын
«шырмауық» мәселе. Ал шет жағалап айтсам, халқына
жаны ашитын, ана тілін жетік білетін де, іскер де азамат­

тар араларында жеткілікті. Бірақ, оларды көтеру, жоғары
қызметтерге тағайындау, әлдекімдерге тиімсіз. Сондықтан
мықтағанда орынбасарлық, яғни бір баспалдақ төмен
қызметке көбінесе ана тілінен хабары шамалы не мүлде

бейхабар пысықтар тереңнен ойластырған бұл «әдістің»
тамырына балта шабылмайынша халқына жаны ашитын
азаматтардың тасы өрге домаламайды.
* * *

...Еш жері бүлінбеген, бүтін жапырақ өсімдіктің өнікті
болуына мол септігін тигізіп, ырыс-құты, «жүрегі» бо-
лады. Ал жас өскін Андрей сондай жапырақ. Шіркін,
өмірде осындай жапырақтар көп болса ғой...

Целиноград қаласы, 1989 жыл.

ТАМЫРЛАР МЕН ЖАПЫРАҚТАР

(ОЧЕРК-ҮШТАҒАН)

3. КӨҢІЛ КІЛТІ

Теледидардағы «Текетірес». Андрей Дмитриевич Тевсті
(қазақтар «Әнеке» дейді) алғашқыда облыстық телевизия-
ның хабарынан көрген едім. Өзіне кезек келгенде ол ха-
барға қатысып, сөзге қонақ бермей отырған ғылым канди­

датына бұрылып, былай деген еді: – Бір тілден екіншісіне
аударма жасағанда түпнұсқа қыруар бояуын, нәр-сөлін
жоғалтады. Сондықтан қай шығарманы болсын жазылған
тілінде оқып,тұщынғанға не жетсін. Мысалы Абайдың:

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды,қоян жақ,бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы,майда жалды,
Ой желке,үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын,салпы ерін,ұзын тісті,
Қабырғалы,жоталы,болса күшті,
Ойынды еті бөп-бөлек омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті, –

деп келетін жыр жолдарын мен орысшадан да көп оқыдым.
Бірақ, өкінішке орай, қазақшасындағы қуат-қайнар, екпін-
ұйқас тоят сезімін туғызбайды. Мен айтар едім, қазақ тілін
білмейтін қазақстандық бір қанаты жоқ құспен тең. Басқа

одақтас республикалардағы басқа ұлттардың өкілдеріне
қатысты алғанда да осыны қайталаймын. Бұл қарапайым
қажеттілікті
мойындамайтындардың

азаматтық
арына
күмәнім бар...
* * *

Тевстің төрт толғанысы. Әнекең-Андрей Дмитриевич­
пен әңгімелескеннен кейін кейіпкерімнің жан дүниесін
бедерлейтін оның төрт толғанысын жүйелеп беруді жөн
санадым.

Тоқырау торы немесе бірінші толғаныс
Тоқырау-ай,есірттің-ау талайды,
Есіргенге ерік беріп қолайлы,
Кейбіреулер жайнап өтті жалғанда,

Ал кейбіреу таңды көрмей арайлы.
Жалтақ болып өттік неге кеше біз,
Жылпостарға кетті-ау, шіркін есеміз.
Іші-қара,сырты-ақ кейбір пысыққа,

Кішірейіп құлдық ұрдық неше біз.
Жергілікті ақын ағаларымыздың бірі Нәркеш Кәриев
жазған осынау жыр жолдары мені де толғандырады. Ащы
ақиқатты еш бояу-қоспасыз бедерлеген. Рас, тоқырау

қоғамымыздың барлық салаларын өзінің тас қамалдай
торымен шырмап алды.
Әсіресе экономиканың күрт құлдырауы рухани жан
дүниеміз бен ұлттық сана-сезіміміздің қалғуымен, басып-

жанышталуымен қатар жүрді. Ұлттық өнер – қашанда
бүкіладамзаттық, ұлттар мәдениеті бір-бірін байытады.
Ал мұның басты шарты – ұлттық өнерді дамытуға жан-
тәнімен берілген азаматтардың болуы. Сталиндік сүргін

«қанат жайып» тұрған заманда және тоқырау жылдарында
ондай жандарға «ұлтшыл» деген «алқа» тағыла қойылса,
ал қазір бұл «өлшем» өзгерді. Қазір «кімде кім өз ұлтын
құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса ол адам сөзсіз

арамза, сүмелек» (Бауыржан Момышұлы) ретінде баға-
ланатынын жұрт біледі.
О.Сүлейменов,
Г.Бельгер,

М.Шаханов,
А.Аширов,
И.Щеголихин есімдері бүгінде республикамызда кеңінен
мәлім. Мұның бір себебі олар, біріншіден, ұлтжанды (ұлт-

шыл емес) болса, екіншіден басқа ұлттардың мәдениетін,
өнерін қастерлей біледі. Баукеңнің тілімен айтқанда: «Әр
азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең
сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттар-

ды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті».

* * *
...Күні бойғы жұмыс қажытқан ол орнынан түрегеліп, те­
резеге жақындап келді.Табиғат-ана баяу мүлгіп тұр. Қоңыр
күз. Ашық тұрған желкөзден Арқаның керімсал лебі есті.

Ақ қайың жапырақтарының сыбдыры. Ақ қайың демекші...
Әнекең сәл ойланып бір ауыз жыр шумағын есіне тү-
сірді.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып,өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын.
Тіл-тағдыр немесе екінші толғаныс

«Байғұстың кім тыңдайды жылағанын»..., – ол жыр
шумағының соңғы тармағын іштей тағы бір рет қайтала-
ды. – Иә, тамырдың солғанынан сақтасын. Табиғаттағы
сияқты өмірде де тамыр бар. Ол, меніңше, тіл. Тілдің

нәрі жоғалып, суала бастаса халық та құрып-бітуге бағыт
түзейді. Латын тілінің тағдырынан осыны көруге болады.
Қазақ тілі – менің екінші ана тілім. Оның ел аман, жұрт ты-
нышта ата қонысында өгейлік көруі мені де бейтарап қал-

дыра
алмайды.
«Қазақ
әдебиетіндегі»,

«Социалистік
Қазақстан» мен «Коммунизм нұрындағы» қазақ тілінің
бүгінгі мүшкіл халі туралы жарияланған материалдар­
ды оқыған сайын жаным күйзеледі. Қорғалжын ауданы­

на барған сайын Балташ Есенбаев, Ғазиз Жармағанбетов
сияқты ақсақалдармен, жұмысшы дос-тамырларым Қуа-
ныш Әпсейітов, Шахиза Барболов, механик Сапарғали
Садықовтармен әрбір кездескен сайын осы бір өзекті

тақырып төңірегінде сыр шертісеміз. Сонда біздің ойы-
мыздың ортақ түйіні мынаған саяды. Әдетте «ұлтаралық
қатынастарды жетілдірейік» деген сөз бұқаралық инфор-
мация құралдарында жиі жазылып, үнемі айтылады,

біздіңше, оның кілті – ұлттық мәселелерді шешуде. Егер
әрбір ұлттың тілі іс жүзінде қамқорлыққа алынып, ғасыр-
лар бойы келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері еркін

дамытылса, ұлттық проблема шиеленіспес еді. Реніш,
өкпенің бәрі де табиғи қажеттіліктердің түбегейлі шешіл-
меуінен туындайды.
Әркімнің өмірінде ерекше есте қалардай жайт болады

ғой. Бұл өткен жылы болған жайт еді. Командировкамен
Алматыға барып, арада екі күн өткенде сондағы құрылыс
ұйымдарының бірінде істейтін жолдасымды іздедім. Бұрын-
ғы адрес бойынша іздестіріп едім, оның құрылыс-монтаж

поезы орнын ауыстырыпты. Содан Абай проспектісінің
аяқталған тұсындағы аялдамадан түсіп, жүріп келе жаттым
да бір қазақ жігітті тоқтатып жөн сұрадым. Бозбаланың
асығыстығы жүзінен-ақ көрініп тұр. Өзінің ана тілінде

сөйлеп тұрған басқа ұлттың – менің бетіме жымия қараған
ол таңданысын жасыра алмады.

– Қазақша жақсы білесіз бе ?

– Е, неге білмеске. Нанбасаңыз Абайдың өлеңдерін

жатқа оқып немесе мақал-мәтелдер айтып, жарысайық!
Аты-жөні – Бақытжан Омаров, хирург екен. «Әй, жарайды,
таксимен барармын». Осыны айтқан ол мені қалаған же-
ріме дейін шығарып салды. Иә, ең басты мәселе – көңілдің

кілтін табуда. Менің ойымша, ол кілт – тіл. Оның құді-
ретін біз әлі толық түсінбей жүрміз-ау...
...Жақында Әнекең «Қазақ әдебиетін» оқып отырып,
Қазыбек Исаев деген ақынның «Тіл тағдыры» атты өлеңіне

көзі түсіпті.
«Өгейлер бар кететұғын бұрылып» немесе
үшінші толғаныс
«Алғашқы үш шумағын жаттап алдым», – дейді Андрей

Дмитриевич балаша шаттанып, – қанеки, тыңдаңыз оқып
берейін:
Тіл дегенің тілім-тілім болар ма,
Жыр дегенің жырым-жырым болар ма?!

Болар ма деп босқа сөйлеп отырсақ,
Біздің әлі көресіміз көп алда!
Айналайын, ана тілім-айбыным,
Айналайын таза болсын айдының.

Табиғаттың бұзылғаны сияқты,
Ана тілің айныса егер-қайғы – мұң.
Тілім дейсің жан-жүрегің тілініп,
Түйсіксіздер оны қалай жүр ұғып?

Өз тіліңде өз ұлтыңмен тілдессең,
Өгейлер бар кететұғын бұрылып...
Мен соңғы шумақтың төртінші тармағын облысымыз-
дағы ақиқатқа сай «Өгейлер көп кететұғын бұрылып»...

деп, өзгерткім келді. Неге? Бірер мысал келтірейін.
Жақында «Восход» кітап дүкеніне бардым. Қазақ ерте-
гілерінің үш томын алып, Қадыр Мырзалиевтің жаңадан
басылған таңдамалы өлеңдер жинағын іздедім. Жоқ. Бар

болғаны жиырмаға жетер-жетпес түскен. Кейіннен білдім,
мұнда қазақша кітаптарды аз түсірту «дәстүрге» айналып­
ты. Содан дүкенді аралап болып, шығуға бет алған үш
азаматты жолықтырдым. Бір өкініштісі, олардың алған 5-6

кітаптарының ішінде бір қазақшасы жоқ. «Жігіттер, бұл
қалай?» – деп едім, ортасындағы қозы қарынды, бойы
тапалтақ келгені: «Қазақшаны түсінбейміз, сосын алмай-
мыз», – деді беті бүлк етпей. Мына сөзден ол емес мен

ұялып, бетім ду ете түсті. Бұған қосарым, осындай жағ-
дайды жұмыста да жиі ұшырастырамын. Қабылдауыма
келетін қазақ жастарымен ана тілінде сөйлесейін десем,
сыңарезулеп орысшаға қарай бейімделе береді. Басшы

қызметтерде отырғандар арасында да сондай паспорты­
на қазақ деп жазылғандар аз емес. Алдағы уақытта кадр
іріктеуде бұл мәселе өте мұқият әрі қатал ескерілсе деймін.
Әсіресе, республикамыздағы партия комитеттерінде қос

тілді білетіндерден іріктеуді жан-жақты ескеру керек».
* * *
Бірде қызмет бабымен «Целиноградтяжстрой» тресіне
соққанмын. Сәлемдесуден кейін Әнекең ұшуға дайындалған

құстай иығын қомдай түсіп: «Қайырлы болсын!» – деді
көтеріңкі леппен. Алғашқыда ештеңе түсінбегенім рас.

– Пәлі, ұйықтап жүргеннен саумысың! Шәкәрімнен

кейін арыстан үнді азамат, халқымыздың мақтаныштары

Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауы­
тов, көп ұзамай Міржақып Дулатов ақталып жатқан жоқ па!

– Айтсын! – Әнекеңнің сөзіне енді түсінген мен оның

сергектігіне одан бетер қуандым...
«Оян, қазақ» немесе төртінші толғаныс
«Маған, әсіресе, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» де­
ген өлеңіндегі мына жолдар ұнады. – Андрей Дмитриевич

тақпақтата жөнелді:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым енді жату жарамас-ты.
Міне,
туған
халқын

шексіз
сүйетін
патриоттың
жүрекжарды жыр тебіренісі. Арамызда мәңгүрттердің

әлі де кездесетінін ескерсек, бұл өлең жолдарының мән-
маңызы әзірге жойылған жоқ. Өз тілінен безген кейбір қазақ
ағайындар мұны енді оқыған да болар. Алайда ана тілін
жатсынып-жатырқағандарға бұл сөздердің жете қоймағаны

биыл қаламызда, облысымызда қазақ кластарын ашу кезін-
де анық байқалыпты. Бір жас ана «Болашағы жоқ тілдегі
класқа баламды беріп, бағын байлай алмаймын!» – деп
кесіп айтқан көрінеді. Неткен сорақылық, кері кеткендік

деңізші!
Мен демалысымды өмір бойы Қорғалжын ауданын-
дағы туысқандарымда, достарымда өткізумен келемін.
Сондықтан өзімді қазақ ағайындары жөніндегі «маманмын»

деп есептеймін. Ерекше байқағаным, бұл халықтың көңілі
өте дарқан, пейілі кең, аңқау, қонақжай. Осыдан да болар,
өзіне тиімді көп нәрселерді ескермейді, тым момындау
секілді.

Рас, халықтың қанына сіңіп қалған қасиеттерді өзгерту
оңай-оспақ шаруа емес. Бірақ бүгінгідей революциялық
жаңғырулар кезінде сананы оятып, күрт серпілген жөн дер
едім. Халқының 80 пайызы қазақтар болып табылатын

Қорғалжында қазақша балабақша болмай келгені қалыпты
жағдай ма? Жылдар бойы әлеуметтік-тұрмыстық мәселе-

лері қордаланып қалғаны енді-енді там-тұмдап айтыла
бастауын шағын ауылдардағы қарапайым еңбек адамдары-
ның тұрмыс жағдайларының аса мәз емес екенін қалай
бағалауға болады?! Осының бәрі кезінде «халық көсе-

мінің» ойранынан қалған қорқыныш сезімінің қанға сіңіп
кеткенін көрсетеді. Енді бұл «аурудан» арылған жөн.
Табиғи қажеттіліктерді, ұлттың өсіп-өркендеуіне керекті
талаптарды айту – ұлтшылдық емес. Бұл айдар – пысықтар

мен надандардың ұлтжандыларға қарсы ойлап тапқан
айласымақтары. Ал қазіргі қайта құру жағдайында мұндай
«үркітуден» қаймықпау керек-ақ. Сонда ғана қазақ ұлты-
ның тілінің өрісі кеңейіп, мәдениеті одан сайын өркен

жая түседі.
* * *
Тобықтай түйін
немесе кейіпкер хақында аз-кем анықтама

Туған жылы:1936 жылдың қаңтар айы.
Мамандығы: инженер-механик.
Қызметі: «Целиноградтяжстрой» тресі басқарушысының
орынбасары.

Ұлты: неміс.
Партиялылығы: 1962 жылдан КПСС мүшесі.
Мінезі: байсалды, ақкөңіл.
Өмірлік мақсаты: «Әкеңнің баласы емес, адамның

баласы болу» (Әнекеңнің қойын дәптерінен).
...Сағат тілі 20-ны соқты. Бүгін – күн сәрсенбі. Бұл
Андрей Дмитриевич үшін таңданарлық емес, үйреншікті
жайт. Ол әдеттегідей құрысқан белін жазып, күнбатыста-

ғы терезеге жақындады. Көкжиек қып-қызыл жалынға
малынып тұр. «Ертең күн жылы болатын болды». Осыны
ойлағанша оның көзі тағы да ақ қайыңға түсті.

«ТАМЫРЛАРЫҢ МЕЗГІЛСІЗ ШІРІМЕЙ, ЖАПЫРАҚ-

ТАРЫҢ ЖЫЛ САЙЫН МОЛАЙЫП, ЖАЙҚАЛА БЕР,

ТАБИҒАТ-АНА ПЕРЗЕНТІ»... Ол өзіне-өзі баяу күбірледі.
Сол сәт оған самал желмен сыбдырлаған жасыл жапырақтар
сырласып жатқандай елестеді...
Целиноград қаласы, 1989 жыл.

ТІЛЕУҚОР

Очерк
Рақымдылық, мейірбандылық әртүрлі істе адам бала­
сын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі
еді демек, бұлар – жүрек ісі.

Абай
Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол кез келген
жұмысқа поэзия дарытады.

Н.Г.Чернышевский
Аудандық оқу бөлімінен көңілсіз қайтты. Меңгеруші
жоқ екен. Методистермен әңгімелесіп көріп еді, алған
жауабы қысқа болды: «Әзірге нақты ештеңе ұсына алмай­

мыз». Не істеу керек? Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің «Рес-
публикада қазақ тілін оқып үйренуді жақсарту туралы»
қаулысы жарық көргеніне де бірнеше айдың жүзі болды.

Жер-жерлерде қазақ тілін үйренуге тілек білдірушілердің
үйірмелері ұйымдастырылып жатқаны туралы хабарлар
баспасөзде жариялана бастады. «Жоқ, бұдан әрі күтуге
болмайды. Үйірмені өзім ашып, сабақты өзім-ақ жүргі-

земін!»
Александр Александрович осылайша шұғыл шешім
қабылдады. Методикалық құралдарды жинастыра баста­
ды. Целиноградқа бір барғанында С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев,

И.Ұйқыбаев құрастырып жазған «Қазақ тілі» (Казахский
язык) деген кітап, орысша-қазақша сөздік алып келді. Қазақ
тілі мен әдебиеті кабинетін безендіруге тікелей көмек
көрсете бастады. Бұл өткен оқу жылының аяғы еді. Ал

1987-1988 оқу жылының алғашқы күндерінің бірінде ол
мектеп мұғалімдеріне қазақ тілін оқып үйренуге байланыс-
ты үйірме ұйымдастырып жатқанын, тілек білдірушілер-
дің жазылуына болатындығын ескертті. Алғашқыда «Қа-

лай болар екен?» деген сауал көкейінен кетпеген еді. Бір-
неше күннен соң бұл күдігі сейіле бастады. Үйірмеге жа­

зылушылар саны көбейе берген. Әртүрлі ұлттың өкілдері.
Мәселен, Наталья Викторовна Дерфлер, Галина Алексеев­
на Кошелева, Ольга Александровна Махляр – орыс, Фрида
Гербертовна Шмидт, Галина Ивановна Рейс – неміс, Свет­

лана Викторовна Попосемова – белорус. Тіпті осындай
үйірменің ашылғанын естіп, поселкедегі «Солнышко» ба­
лалар бақшасының тәрбиешілері, күтушілері бар тағы да
8 адам келіп тілек білдірді. «Мақұл, жазайын!» Александр

Александрович бұл игі ниетті қуана құптады. Сонымен
тыңдаушылар саны 22-ге жетті.
ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ (оны тыңдаушылар әзілдеп
осылай атайды) ең алғашқы сабағында қазақ тілі туралы

ойларын айта келіп, орыстың атақты шығыстанушы-түр-
кологы, этнограф әрі археолог В.В.Радловтың мына бір
пікірін еске алған: «Қазақтардың тілі – исламның бүлдіру-
шілік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін – түркілік сипа­

тын сақтап қалған тіл. Рас, оған да бірен-саран жат сөз-
дердің енгені байқалады. Бірақ ол сөздер... қазақ тілінің
үндестік заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына
қосылып кеткен. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғи-

лығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды
менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқаларынан құрас-
тырылған жинақтардың толық бір томын арнауыма себеп
болды. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қара-

ғанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті».
Бұдан кейін ол Карл Маркстың «Кез келген ұлт басқа
ұлттардан үйрене алады және үйренуге тиіс» деген ұлағат-
ты сөзін тілге тиек ете отырып, басқа ұлттың әдебиетін,

мәдениетін, өнерін терең ұғыну, үйрену үшін ең алдымен
тілін меңгеру керектігін айтты. Сөзінің соңын қазақтың
ұлы ақыны Абайдың «Адамның көңілі шын мейірленсе,
білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға

түседі» деген аталық өсиетімен түйіндей келіп, жыл аяғын-
дағы соңғы сабақты қазақ тілінде аяқтауға тілектестігін
білдірген. Тыңдаушылар сол күні өз жетекшілерімен қазақ-
ша қоштасқан...

АДАМ ЕҢ АЛДЫМЕН АЗАМАТ БОЛУЫ ТИІС. Бұл –
А.А.Михельдің өмірлік кредосы. Оның өмірбаянының
қай парағын ашып қалсаңыз да адалдық туын биік ұстап,
осы жолдан айнымағанын аңғарар едіңіз. 1953 жылы

Қорғалжын орта мектебін аяқтағаннан кейін еңбек майда-
нына араласады. 1964 жылы Целиноград педагогика ин­
ститутын бітіргеннен кейін педагогтық жұмысқа ауыса­
ды. «Армавирский» совхозында мектеп директоры болып

бірнеше жыл істегеннен кейін 1970 жылы аудандық пар­
тия комитетіне қызметке шақырылып, насихат және үгіт
бөлімінің меңгерушісі, кейіннен партиялық тапсырмамен
аудандық оқу бөлімінде жауапты қызметте болады. Ал

1984 жылдан бері осы Дружба орта мектебінде директор.
Үш тілде – қазақ, орыс, неміс тілдерінде еркін сөйлейді.
Москвадан шетел тілі курсын аяқтаған. Қазақ ССР-і оқу-
ағарту ісінің озық қызметкері. Үлгілі семья басы. Үй іші

де үш тілде сөйлейді. Александр Александрович бүгінде
немересі Володяға қазақ тілін үйретуде.
Баспасөзде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
мен Қазақ ССР Министрлер Советінің қазақ және орыс

тілдерін оқып-үйрену туралы қаулылары жарық көргенде
бірінші болып қуанғандардың ішінде ол да бар еді. Оның
себебін Александр Александрович тереңнен түсіндірер
еді. Бірде ол орыс тілінде оқытатын кластардағы қазақ ба­

лаларымен әңгімелескен. Ұят-ай, жоғары кластың оқу-
шыларының көпшілігі қазіргі көрнекті қазақ жазушылары
мен ақындарын білмейді. «Абай жолын» оқымағандары
барын қайтерсің?! Тіпті араларында «Қазақ әдебиеті» газе-

тін оқып көрмегендер де ұшырасқан. Кейіннен бұл
олқылықтың себебін сұрастырғанда кейбір ата-аналардың
балаларына «Газет-журналдарды орысша оқы, кейін оқу-
ға түсуіңе оңай болады» деген «ақыл-кеңес» айтқанын

анықтады. «Неткен сыңаржақтық», – деп ойлаған ол, –
балалар ана тілінде жан-жақты білім ала алады. Қазақ
мектептерін бітірген өрендердің арасынан жоғары және
арнаулы орта оқу орындарына түскендері өте көп қой. Тек

білімге сусындата білейік».

Александр Александрович оқушыларға көрнекті қазақ
совет жазушысы Ғ.Мүсіреповтың: «Құсқа екі қанат қандай
қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына екі тілді – қазақ
пен орыс тілін білу сондай қажет», – деген өсиетін айтудан

жалыққан емес. Сондай-ақ өз ниетін сөз жүзінде қалдыр-
май, мектепте қазақ және орыс тілдерін оқып-үйрену
жөнінде оқушылар арасында үйірмелер ұйымдастыры-
луына тікелей мұрындық болып, қазір мұнда С.Игенбаева

мен Г.Бұланбаева сияқты мұғалімдер тілашар сабақтарын
жүйелі жүргізуде. Мұның сыртында қолға алынып жатқан
шаралар қаншама! Бүгін де «Көкпар», «Тамаша» ойын-
сауықтарын, класаралық жас ақындар айтысын, әдеби

кештер мен кітап конференцияларын, тіл жөнінде олим­
пиадаларды жиі өткізу дәстүрге айналған. Александр Алек­
сандрович қандай тығыз жұмысы болса да мұндайда оқу-
шылар арасында болуға уақыт таба біледі.

ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП. Жақында аялдамада тұ-
рып бір келеңсіз жайттың куәсі болғаны бар. Екі қарт
қаудырлай әңгімелесіп отыр. Шоқша сақалды ақсақал
өзінің қалаға барғанда білдей бір қазақ басшысының өзін

қалай қабылдағанын әңгімелесін. «Қазақша сөйлесе алмай­
ды екен, тәйірі. Содан «тілмәш» арқылы сөйлесейін»...
Автобусқа мінген Александр Александрович ой құша-
ғында қалды. «Қарт көңіліндегі қаяу, жасыратын несі бар,

бүгінгі өмірдегі шындық. Арамызда өз ана тілін білмейтін-
дер толып жүр-ау! Ал енді сондайлар өзін өз ұлтының бір
өкілімін дей алар ма?! Ия, қазір адамдарда рухани жағынан
толысудан гөрі ой-ниеттерін тұтынушылық сезім меңдеп

бара жатқан жоқ па?! Ашығын айтсақ әдебиет, мәдениет,
өнер, тарих туралы сыр бөлісер, ойын ортаға салысар
адамдар көбейе түссе ғой».
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ретінде

алты айдың ішінде едәуір тәжірибе жинақтапты. Жал­
пы бұл істі қолға алудағы басты мақсат тыңдаушылардың
қазақ тілінде ұғынысып, сөйлесуге үйрету десек, Алек­
сандр Александрович осы тұрғыда едәуір жетістікке қол

жеткізе бастағанын аңғару қиын емес. Өйткені, ол сөйлей

білуге үйрету синтаксистік құрылымдарсыз мүмкін емес
екенін түсінеді. Оны бөліп қарамай басқа материалдар­
мен үнемі қатар жүргізіп отырды. Әуелі бастауыш, баян­
дауыштан тұратын жалаң сөйлемдерден бастап, осы негізде

сөйлемнің айтылу мақсатына байланысты түрлерін үйретуді
ұмыт қалдырмады. Одан кейін сөз тіркестері туралы мол
мағлұматтарды түсіндірді. Осының бәрінде фонетикалық,
морфологиялық, лексикалық материалдарды ұғындыруды

да есте ұстады. Әсіресе, бір сабақтың екінші сабаққа
ұқсамауына, тыңдаушыларды зеріктіріп алмауға күш салды.
Александр Александровичтің үйірме жетекшісі ретінде
атқарған жұмысы көп. Енді оның өзгелерге ұқсамайтын

ӨЗІНДІК ҮШ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ тоқталуды жөн көрдік.
БІРІНШІ. Тыңдаушыларының сөздік қорын молайту-
дағы әдістері. Ол әдетте оқулықтарда, методикалық құ-
ралдарда берілген сөздерге талғаммен қарап, ең оңтайлы-

ларын таңдап алып, ұғымға жеңіл, тез игерілетін сөздерді
іріктейді. Мұның өзі тыңдаушыларға едәуір жеңілдік әкелді.
Алғашқы сабақтардың бірінде тыңдаушыларына жер, су,
ауа, аспан деген ұғымдардың орысшасын түсіндірді. Бай-

қайды «ересек оқушылар» аударманы шатастырып ала
береді. Сосын жетекші былай түсіндірді. «Сіз көшеге шық-
тыңыз делік. Аяғыңызбен басып келе жатқаныңыз не?»
«Жер». «Шөлдедіңіз, не ішкіңіз келеді?» «Су». «Немен

тыныстап келесіз?». «Ауамен». «Ал төбеңізде не бар?»
«Аспан». Бірнеше тыңдаушыны тұрғызып, осылайша ерін-
бей сұрады. Кейбіреулер «Шөлдегенде ауа ішетіндігін» ай­
тып қалып, бүкіл аудитория алдында күлкіге ұшырады.

ЕКІНШІ. Александр Александрович тілдің фонетика-
лық жүйесін үйретуде қазақ тілінің өзіне ғана тән, орыс
тілінде кездеспейтін дыбыстарға ерекше тоқталады. Мәсе-
лен, қазақ тілінің ә, ө, ұ, ү, қ, ғ, һ, ң дыбыстарының орфо­

эпиясын меңгеру қай жетекшіге де оңайға соқпасы мәлім.
Ал, біздің кейіпкерлеріміздің бұл қиындықты жеңудегі
өзіндік тәсілдері бар. Ол тілдік элементтерді өзара байла­
ныста үйретуге ерекше көңіл бөледі. Мәселен, ө дыбысын

өткенде, оның жасалуына қатысатын сөйлеу мүшелері,

орфоэпиясы, сөздегі орны, тіркесетін дыбыстары, оған
ө дыбысының әсері, жіңішке буында, жіңішке сөзде
қолданылуы нақтылы сөздермен бірге үйретілді. Сонымен
бірге ол сөзге қосымшаның қалай қосылатынын үйретуді

есінде ұстады. Сондай-ақ ө дыбысымен байланысты алын-
ған сөздер сөйлемнің икеміне түсіріліп, оның сөйлемде
қолданылуы бірге үйретілді. Оқу процесінде тыңдау,
ауызша дұрыс айтуға, оқуға, жазуға жаттықтыру жұмыс-

тары қатар жүргізілді. Сөйтіп, дыбыс жеке емес, ол сөз, сөз
тіркесі, сөйлем құрамында үйретілді.
ҮШІНШІ, Тілдік материалды игеруде жаттап алушы-
лыққа жол бермеу. Ол мұны ерекше жадында ұстады. Өйт-

кені, жатталған ереже ұмытылады. Сондықтан барлық
сабақ тілдік материалды тыңдаушының іс жүзінде қол-
дануына, күнделікті өмірде пайдаланатындай етіп ойласты­
рылды. «Сіздің аты-жөніңіз кім?», «Аты-жөніңізді сұрауға

бола ма?», «Сіздің есіміңіз кім?» Тыңдаушы қайсысын
жадында тұтып қалса, қай нұсқа жеңіл қабылданса соны-
сын таңдасын.
* * *

«ЫНТАЛЫНЫҢ ІСІ ӨНІМДІ» деген ғой. Біз Алек­
сандр Александрович Михельдің азаматтық келбетін бе-
дерлейтін кейбір сәттеріне, қазақ тілінің тілеуқоры ретінде
атқарып жүрген қыруар жұмыстарының бірқатар қырла-

рына ғана тоқталдық. Ол кісі өз ісін барлық ынта-жігері-
мен атқарады. Мұндайда уақытын да аямайды. Ия,
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей,
қазақ тілінің қамқоры болып жүрген неміс азаматының

қарапайым да тынымсыз өмірі көпке үлгі, өнеге. Арамыз­
да осындай жүрегі ізгі, интернационалист жандар көбейе
бергей!
1988 жыл.

Азамат ары
Очерк
Біздің кейіпкеріміз В.Б.Әреновтың «Көкжиек» атты
күнделігінде мынадай жолдар жазылыпты. Зер сала қа-

рағанымызда бұл цитат Совет одағы коммунистік пар-
тиясының ХХVІІ съезіне КПСС Орталық комитетінің
саяси бюросының баяндамасынан келтірілгеніне көз жет-
кіздік. Ол жолдар төмендегідей: Егер жұмысты жаңаша

істеп үйренбесек, керенаулық пен кертартпалықтың кез
келген көріністерін жоя білмесек, егер жағдайды байып-
тап бағалауға, оны бар күйінде көруге батылымыз жет­
песе, біз бір қадам да ілгерілей алмаймыз. Жауапсыздық

келмеске кету үшін әр нәрсені өз атымен атауды, не нәрсе
жайында да бүкпесіз пікір айтуды ережеге айналдыру
керек.
Кейіпкер хақында аз-кем анықтама

АТЫ-ЖӨНІ: Валерий Байбекұлы Әренов.
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1947 жылдың мамыр айы.
МАМАНДЫҒЫ: Қарағанды политехникалық институ-
тының филиалы Целиноград жалпы техникалық факультеті-

нің оқытушысы.
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСЫ: «Целиноградсельмеш» өнді-
рістік бірлестігі марксизм-ленинизм мектебінің насихатшы­
сы, партия тобының жетекшісі.

ЦЕХТА – көңілсіздік. Реніш сөздер. Жұмысшылардың
қабағы түсіңкі. Осы көрініс қаймағы бұзылмай тұра берер
ме еді, қайтер еді, егер көлденеңнен келген қуатты күш
оны кенеттен шайқап жібермесе...

– Берекемізді алып болды. Жұмыс процесіне кедергі

келтіріп...

– Не дейсіз, жұмбақтамай түсіндіріңкіреп айтыңыз-

шы! – Орта бойлы – әдеміше келген орыс жігіті болған
жағдайды байыпты түрде баяндай бастады.

Сондағы айтқаны: №15 цехтағы терезенің үлкен бір
әйнегі сынған. Қолма-қол орната салуға ондай қалың әйнек
табыла қоймаған. Соның салдарынан бірнеше адамға
суық тиіп ауырып қалған. Станоктар амалсыздан тоқтаған.

Цех жұмысшылары болған жағдайды цехтың әкімшілігіне
құлаққағыс етсе де олар бұл істе дәрменсіздік танытады.
Жауап біреу: «Ондай әйнек қат, іздестіріп жатырмыз». Бірақ
бұл «іздестіру» ұзаққа созылып кетті. Кезекті сменадан

кейін саяси сабаққа келген тыңдаушы осы көлеңкелі көрі-
ністі коллектив мүддесі десе құрақ ұшып тұратын наси-
хатшы Әреновке жеткізіп, ақыл-кеңес сұраған.

– Көмектесейін!

Насихатшының бұл сөзін естігенде бүкіл тыңдаушылар
елең етісе қалды. Әйнекті осы қазір қолдарына ұстата
қоятындай аңтарыла қарасқан.
Валерий Байбекұлы тамағын кенеп алып, мұндай ты-

ғырықтан қалай шығудың жолдарын түсіндіре бастады.
Олқылық орын алғалы бері қанша жұмыс күн босқа жі-
берілгенін қанша станок неше күн тоқтап қалғанын, еңбек
өнімділігінің

неше
пайызға
төмендегенін
анықтауды

тапсырды. Бірлестік партия комитеті мен әкімшілігінің
алдында мәселені принципті түрде қою қажеттігін түсін-
дірді. Мұндай жағдайда кез келген күрделі проблеманың
күрмеуі тез шешілетіндігін тыңдаушылар зердесіне сына-

лай жеткізіп, олардың сенімін баурап алды.
Арада аптаға жетер-жетпес уақытта цех терезесі бү-
тінделді. Бірлестіктегі марксизм-ленинизм мектебінің тың-
даушыларының осы сәттен бастап саяси сабаққа ынты-

ықыласы одан сайын артып, өздерінің саяси жетекшілерімен
кезекті кездесуге асығатын болған...

БҰЛ ВАЛЕРИЙ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ИГІ ІСТЕР-

ДІҢ БІРЕУІ ҒАНА. Ал мұндай түйіні қатты жұмыстар
қаншама көп. Оның әрқайсысының өз шешілу жолы бар.
Әрқилы ақыл-амал қажет. Он жылдан астам насихатшылық
тәжірибесінде ол қағазға жазып алған құрғақ теориялар­

ды тыңдаушы құлағына жай ғана құюшы емес, сөз бен
істің бірлігін ұштастыруды тікелей міндетіне балайтын
жігерлі ұйымдастырушы бола білді. Марксизм-ленинизм
классиктерінің ілімін тыңдаушылар көкейіне құюда оны

бесжылдық талаптарымен шебер қиыстырып, үнемі байла­
ныстырып отыруды бір сәт те есінен шығармады. Сондай-
ақ аудиториямен қарым-қатынасын жолдастық жағдайда
қалыптастыру үшін жұмысшы-тыңдаушылардың жұмыс

орнында жиі болып, оларға практикалық көмек көрсетуге
ұмтылады.
АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК. Бұл сөз – Валерий-
дің күнделікті өмірінің өлшемі. Насихатшы ретінде ауди­

тория алдына шықпас бұрын кітапханада сарыла отыру
оның әдетіне айналған. Мұндай кезде ол материалдарды
көптеп жинаумен қатар оны тыңдаушыларға жеткізудің
әдіс-тәсілдерін де жан-жақты ойластырады. Ұзақ жыл­

дар бойы насихатшылық тәжірибе жинақтау нәтижесінде
шеберлігі де шыңдала түсті. Ол дәріс оқитын мектепте
қазір 25 тыңдаушы бар. Олардың барлығы да коммунист
жұмысшылар, өндіріс озаттары. Өндірістің өрге басуы

цехтағы осынау таңдаулы азаматтардың сапасына, теория-
лық кемелдігіне де байланысты. Бұл үшін осынау тың-
даушылар бойында болашаққа деген сәулелі сезімді, өршіл
оптимизмді тәрбиелеуге қол жеткізуі тиіс.

Осы биік талапты терең түсінген Валерий Байбекұлы
әр сабаққа мұқият дайындалуды дәстүрге айналдырды.
Тыңдаушылар алдына бармас бұрын сабақ сценарийін
жасауды естен шығармай, «Қырық жыл мұғалім болсаң

да 45 минуттық сабағыңа әзірлен» деген белгілі сөзді
басшылыққа алып отырды. Әр жүздесу сайын өткен
сабақтардағы материалдарды қайталай пысықтап отыру­
ды да берік дағдыға айналдырды. Жаңа тақырыпты бас-

тамас бұрын оның актуальдылығын және өмірде алатын
орнын, мәнін ұғындырды. Оның бірлестік, цех, бригада
өміріне қатыстылығын қысқа да түсінікті етіп жеткізді.
Бұл орайда мақал-мәтелдерді, әрқилы нақылдарды үнемі

қолданып, кітаптан, фильмдерден мысалдар келтіруді, оны

еңбек коллективі өмірімен байланыстыра салғастырды.
Осы тұрғыда сан алуан таблицалар мен диаграммалар тап­
тырмас көмекші құралға айналды. Кейде осындай қызықты
өткізілген сабақ соңы насихатшы мен тыңдаушы арасын-

дағы көрінбейтін пердені жоғалтып, өзара қызу әңгімеге,
мазмұнды дискуссияға айналатын дәрежеге көтерілді.
ВАЛЕРИЙМЕН дидарласып отырып тосыннан сұрақ
қойдым. «Алда Жаңа жыл келе жатыр. Бетбұрыс бесжыл-

дығының екінші жылы совет адамдары алдына халық ша-
руашылығының барлық саласы бойынша кезек күттірмей-
тін міндеттер қоймақ. Қайта құру заңды жалғасын таппақ.
Ал сіз насихатшы ретінде...

Сұрағымды айтқызбай түсіне қойған ол күнделігін
парақтап ашты да, алдыма қойды. Мен «КӨКЖИЕККЕ»
КӨЗ ЖҮГІРТТІМ. Алғашқы жолдағы маржандай жазу­
мен әшекейлей өрнектелген тақырып жанарымды жау­

лап алды: «Тың жұмыстар «траекториясы». Дегендей-ақ...
Одан әрмен абзацтарға бөлінген жаңа міндеттер тізбегі
жазылған. Оқиық.
«Саяси сабақ – өзіңе жоғары жауапкершілікпен қарауға

тәрбиелейтін құрал. Насихатшы тәрбиелей де, тәрбиелене
де білуі тиіс».
«Тыңдаушыларды экономиканы басқару ісіне жалықпай
үйрету. Бұл үшін әрбір жұмысшыға кіріс, қайтарым қоры,

рентабельділік, бригадалық мердігерлік тағы басқа осын-
дай ұғымдарды толығымен түсіндіру».
«Тыңдаушылардың білім дәрежесін арттырып, оның өн-
діріспен ұштастығын қамтамасыз ету мақсатында партия

жиналыстарында олардың есептерін тыңдау. Оған түйін сөз
айтып отыру».
«Цитатқа үйір болушылықтан тыңдаушыларды сақтан-
дырып, есесіне сонда айтылған жайды өмірдегі мысалдар­

мен қарапайым түрде ұғындыру».
«Насихатшы – тыңдаушы – өндірістегі еңбек. Өмірден
ауа жайылмау үшін саяси оқудың схемасының тығыз
байланыстылығын орнықтыруға ат салысу».

«Кемшілік ашылды. Мақұл. Ал оны жоюда қайта құру-
ға сәйкес не істей алдық? Әрбір сабақта осы сауалға
жауап іздеу, талқылау, қоғамдық ұйымдардың назарына
ұсыну»...

«Тыңдаушыларға цех, бригадалардағы өндірістік жос-
парлардың орындалу барысын талқылату арқылы олар-
дың теориялық білімін бекіте түсу».
Осылайша жалғасып кете береді. Оқытушы ретінде,

коммунист ретінде не істеу керектігі бөлек жазылған...
...Қара телефон шырылдап қоя берді. Сағатына қарады:
кешкі жеті жарым. «Үйден шығар. Жұмыс уақыты аяқтал-
ғаны қашан. Отырып қалыппын-ау. Бірақ ертеңгіге қалды-

руға болмайтын шаруалар». Ойын жинақтап үлгергенше
трубкадан 9 жасар ұлы Александрдың даусы естілді.

– Па-а-па, енді қашан келесіз? Біз күтіп отырмыз ғой.

– Қазір, ұлым, қазір!

– Жұмыс бәрібір бітпейді...

– Міне, шығып барамын.

ТРУБКАНЫ орнына қойған Валерий орнынан тұрды.
«Әй, қу бала, қарашы айтып тұрғанын. Өзімнің сөзіммен
өзімді ұрып тұр. Қазіргі заманның балалары ма?».
Автобус, троллейбустар ағылып жататын Мир көше-

сіндегі аялдамаға келе жатып Сашаның тағы бір «қулығы»
есіне түсті де еріксіз жымиды. Иә...
БІРДЕ ҚЫЗЫҚ БОЛҒАНЫ БАР. Әдеттегідей жұмыс-
тан келіп жаңадан әкелінген газет-журналдарды ақтарыс-

тыра қарап отырған. Кенет, ұлы еркелей жақындап келіп
ойлы жанарымен әкесіне тоқтала қарап сөз бастасын.

– Папа, айтыңызшы, а, ар деген немене?

– Не-е-мене, – әлдебір қалың ойдың құшағында отырған

бұл әдеттегі бәлдір шүлдір сөздерінің бірі екен деп мән
бермеп еді, ұлы кенедей жабысты.

– Айтыңызшы, енді, өтінемін!

Бұл ойланып қалды. «Сұрағын! Қалай түсіндірсем
екен!?»

– Енді, ар деген үлкен ұғым ғой... Әр ісіңе толық берілу,

адал атқару. Қарапайым еңбегің арқылы адамдарға қуаныш

сыйлау... – Ұлына қарап еді ол саусақтарын санап отыр
екен. Күлкісі келіп кетсе де, өзін ұстап еді.

– Ар – адамгершілік қасиет, – деп оң қолындағы сау-

сақтарының ортан терегін қосып қойып «көмектесе»
бастады. Валерий енді үніз қалып ұлын тыңдай бастады.
«Ға-а-жап!»... Аузы ашылып қалыпты. «Тізбектеуін.
Қазіргі балалар көп нәрсені түсінбейді деген кісінің өзі көп

нәрсені түсінбейді... Ал енді ар демекші».
ОЙЛАП отырса, Алматы шетел тілдері институтын үздік
бітіріп, өмірге қадам басқанынан бері де 17 жыл өтіпті. Зы­
мыран уақыт ай! Алғашқыда Целиноград педагогикалық

институтына жолдама берілсе, кейіннен қызмет бабымен
«Целиноградсельмаш» өндірістік бірлестігі конструктор­
лар бюросына аудармашы болып орналасты. 1981 жылдан
бері Қарағанды политехникалық институтының филиалы –

жалпытехникалық факультеттің оқытушысы, Москвадағы
М.Тореза атындағы мемлекеттік педагогикалық институт-
тың аспирантурасында сырттай оқиды.
АР.АР.АР сезімі. Автобусқа отырғаннан кейін де

Валерий екі ақ әріптен тұратын осы сөзді қайталай берді.
Бағамдап қараса осыған дейінгі ғұмыры осы сөзді қасиетті
тудай желбіретумен өтіпті. Кісі баласына қылдай қиянат
жасамаған. Бар білгені бойдағы қуат, ойдағы күшін күн-

делікті жұмысқа, адамдардың көңіл күй пернелерінің қуа-
ныш шаттық әуенімен тербелуіне бағыштапты.
ОНЫҢ ОЙЫНША: қоғамның бүкіл тағдырын шеше-
тін бір ғана құдірет бар. Ол – ар. Қазіргі таңда бүкіл еліміз

бойынша қолға алынған қайта құруды жүзеге асыратын
бір ғана тұтқа бар. Ол-Ар. Ар бар жерде бәрі де бар!...
Валерий төрт бірдей француз, испан, неміс, ағылшын
тілдерін меңгеріпті. Осы шет тілдегі көркем, ғылыми

әдебиеттерді түпнұсқадан еркін оқиды, аударады. «Бірақ»,
Маркс пен Хемингуейді тағы басқа әдебиет әлемінің
«жұлдыздарын» олардың өз тілдерінде оқып жүрген қазаққа
бір адамның көңілі «қанағаттанар» емес. Кім дейсіз бе?

Жары – Лариса Александрова Әренова.

ЛАРИСА АЛЕКСАНДРОВАНЫҢ ЛЕБІЗІ:

– Бір тынымсыз жан. Жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді.

Үйде де тыным жоқ-ау. Осымен қоймай, «демалыс сәтіндегі
еңбегімнің түрін өзгертуім – демалуым» дейді. Басқаны
қайдам, ол өзінен бұрын өзгені ойлайды. Қоғамдық жұмыс
десе ішкен асын жерге қояды десем, артық айтқандық

емес.
Иә, өмірде Валерий сияқты парасаты мол атпал азамат­
тар аз емес. Бірақ олардың қатары әлі де көбейе түскенге
не жетсін!

Ал, сөз болып отырған Валерий Байбекұлының ары
хақында не деуге болады? «Целиноградсельмаш» өнді-
рістік бірлестігі және ондағы жалпытехникалық факуль-
теттегі қарапайым еңбек адамынан басшыларға дейін

бірнеше ондаған адамдармен сөйлескенімізде олар «Азамат-
тарымыздың бәрі Валерийдей болса»... деп бастап небір
ыстық ықыласты сөздерді ағынан ақтарыла айтысты.
Бұл заңды да. Ары таза, адал еңбек иесі біздің елімізде

қашанда құрметке бөленеді. Соның бір мысалы өткен
жылы маркстік-лениндік теория мен КПСС саясатын
ұзақ жылдар насихаттағаны үшін, еңбекшілер мен жас-
тарға коммунистік тәрбие беруге белсене қатысқаны

үшін Валерий Байбекұлы Әренов Қазақ ССР Жоғарғы
Советінің Құрмет грамотасымен наградталды.
ВАЛЕРИЙ асар асулар әлі алда. Оның бұл сапарда
ажарлана беретіндігіне сеніміміз мол.

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф: «Барлық лаңкестік қимылдар – дінге қарсы бағытталған күрес» Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген­ де келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат. Сондықтан да болар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­ си бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мына­ дай жолдар атап көрсетілгені белгілі: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жо­ лынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек». Газетімізде дін тақырыбында материалдар жария­ лау дәстүрге айналғаны оқырмандарымызға белгілі. Бұл бағытты алдағы уақытта да жалғастыра бермекпіз. Осы ретте төменде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы, белгілі арабтанушы ғалым Қайрат Лама Шарифтің газетіміздің бас редакторының орынбасары Мұратбек Тоқтағазинге берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Қайрат Қайырбекұлы, Дін істері агенттігі еліміздегі діни ахуалды салиқалы қалыпқа түсіруде қыруар жұмыстар атқарғандығын білеміз. Соның ең бастыларына қысқаша тоқталсаңыз?

– Уәкілетті орган ретінде құрылғалы бері Дін істері

агенттігі тарапынан еліміздің діни өрісін үздіксіз мони-
торингілеу мен реттеу, діни үдерістерді реттеудің құқықтық
кешенін бұдан әрі жетілдіру бағыттарында көптеген ша­
руалар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекет пен діни бір-

лестіктер және ғылыми қоғамдастық­тар арасында байланыс
күшейе түсті, дін саласындағы мемлекет қызметінің жаңа
стандарттары мен регламенттері қайта қаралып, дінаралық
қарым-қатынастарды дамыту мен азаматтарымыздың құ-

қықтарын қорғау бағыттары жүйелене бастады. Қазақстан
Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы» заңы және бірнеше нормативтік-құқықтық актілер
қабылданды. Қазақстан дінтанушыларының форумдары

ұйымдастырылып, оның нәтижесінде Қазақстанның дін-
танушылар конгресі құрылды. Республиканың барлық
аймақтарында Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі
кеңестер қызмет жүргізіп, ақпараттық-насихат топтары

жасақталды. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер ли-
дерлерінің ІV съезі өткізілді, сондай-ақ діни бірлестіктерді
тіркеу жұмыстары жүргізілді. БАҚ-та дін саласындағы
мемле­кеттік сая­сатты ілгерілету бағытындағы ақпараттық

шаралар қарқын алды.

– Діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу елдегі

діни алаңды қаншалықты тазартты деп ойлайсыз?

– Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және

діни бірлестіктер туралы» заңының талабы бойынша ел
аумағындағы діни бірлестіктер жыл ішінде қайта тіркелуі
керек болатын. Өткен жылдың 25 қазанында бұл үдеріс
мәресіне жетіп, нәтижесінде Қазақстанда 17 конфессия

өкілдерінен құралған 3088 діни бірлестік пен олардың фи-
лиалдары қалды. Бұл 2011 жылғы 1 қаңтар­дағы жағдай
бойынша 46 конфессия мен деноминацияларды бірік­
тіретін 4551 діни бірлестік пен заңды тұлға белгілері жоқ

саны аз діни топтарды құраған әйдік статистикадан кейінгі
көрсеткіш. Бір сөзбен айтқанда, діни бірлестіктердің
32%-ы немесе үштен бірі қысқарды. Бұлардың санының
азаюы саны аз діни топтардың таратылуымен және іс жү-

зінде жұмыс жүргізбеген діни бірлестіктердің қайта тіркеу-
ден өтпеуімен байланысты болды.
Бүгінде діни бірлестіктердің нақты саны мен ұстанатын
діні туралы жаңа деректер алынды, сондай-ақ Заңның не-

гізгі ережелерін іске асыру дін саласын құқықтық рет-
теуді тәртіпке келтіруге мүмкіндік берді деп батыл айта
аламыз. Ең бастысы, сарапшылар жұмысы негізінде діни
бірлестіктердің жаңа сыныптамасы тү­зіл­ді.

– ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер тура­

лы» заңының басқа елдердің осы тектес заңдарымен
салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып
өтсеңіз?

– Бірінші кезекте мынаны атап өткен жөн: Қазақстан

Республикасы «Діни қызмет және діни бірлес­тіктер тура­
лы» заңының преамбула­сында тәуелсіздік алған жылдар-
дан бері тұңғыш рет Қазақстан үшін дәстүрлі болып са­
налатын діндердің басымдылығы көрсетілді. Аталған

құжатқа сәйкес, мемлекет халықтың рухани өмірі мен
мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен
православие дінінің тарихи рөлін мойындайды.
Жалпы, халықтың басым бөлігі ұстанатын конфессияға

айрықша екпін беру тәжірибесі Армения, Ресей Феде­
рациясы мен Еуропаның бірнеше елінің тәжірибесінде
кездеседі. Әрине, ол мемлекеттердің заңнамасында қандай
да бір дінге ашық басымдық беретін ерекше бап жоқ. Деген­

мен, осы тектес бейкүнә қадамдар қоғам алдында дәстүрлі
конфессиялардың рухани беделін көтеруге мүмкіндік береді.
Өйткені дәстүрлі діндер өскелең ұрпақты рухани-өнегелік
тұрғыда тәрбиелеуге және қоғам өміріне қатер төндіруші

жалған діндерге қарсы тұруға ықпал ете отырып, ұлттық-
мәдени дәстүрдің сақталуы мен дамуына септігін тигізеді.
Жаңа заңның тағы бір ерекшелігі діни бірлестіктерді
тіркеу және қайта тіркеу рәсімдері мен олардың қызметтерін

реттеуден көрінді десек, артық айтқандық емес. Мысалы,
діни ұйымды тіркеу рәсімдерін жетілдіру мақсатында діни
бірлестіктерді тіркеуде назар аударылатын міндетті ерек­
ше белгілер айқындалды. Осы белгілерді бекіту жалған

діни коммерциялық ұйымдарды тіркеуге қарсы шаралар

қолдануға да жол ашты. Бұдан бөлек, заңның 12-бабында
жергілікті діни бірлестікті тіркеу үшін кәмелет жасына
толған 50 мүшесі, ал аймақтық мәртебеге ие діни ұйымды
құрған жағдайда мүшелерінің саны 500, республикалық

бірлестікті тіркеу үшін 5000-ға дейін мүшесі болуы тиіс
екендігі нақтыланған.
Заңда қайырымдылық қызметтердің реттелгенін де атап
өткен абзал. Заңға сәйкес, қайырымдылық қызмет діни

сенімнің таралуына материалдық ынталандыру ре­тінде,
халықтың белгілі бір діни ұстанымдарды қабылдауына
ықпал ету үшін жасалмауы тиіс, яғни қоғамның аз қорғалған,
жағдайы төмен топтарының мұқтаждығы нақты мақсат үшін

пайдаланылмауы керек.
Уақытша сауықтыру орталық­тарында, қарттар мен
мүгедектер үйінде, әскери бөлімдерде, уақытша оқшаулау
және жазасын өтеу орындарындағы тұлғалардың діни жора­

ларды өткізуіне байланысты тұстар да заңнама шеңберінен
тыс қалмаған. Мысалы, 7-бапқа сәйкес, діни жоралар
мен рәсімдер ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және
оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни

бірлестіктер мекемелерінде, зираттар мен крематорийлер­
де, салттық қажеттілік туындаған жағдайда жақын тұратын
адамдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау шартымен
үйлерде бөгетсіз жүргізіледі. Өзге де жағдайларда діни іс-

шаралар жиналыс­тар, митингілер, демонстрациялар мен ше­
рулер өткізу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

– Облыстарда Дін істері жөніндегі департаменттердің

жанынан ақпараттық үгіт-насихат тобының құрылғаны
белгілі. Осы топтардың жұмыстарына тоқтала кет-
сеңіз?

– Дін саласындағы түсіндіру жұмысын жүйелі ырғаққа

келтіруде ақпараттық-насихат топтары айрықша маңызға ие.
Мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру, мем­
лекет пен қоғам арасындағы «кері байланысты» қамтамасыз
ету, сондай-ақ аталған салада жүргізіліп жатқан мемлекеттік

саясатқа халықтың сенімін нығайтуда да жұмыстың осы
формасы аса жемісті тетіктің бірі ретінде қолданысқа
түсуде. Бүгінде облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық-

насихат топтарының жұмыстарын жандандыруға, олардың
қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар
өзінің оңды нәтижесін беріп үлгерді. Айталық, Дін істері
агенттігінің ұйытқы болуымен құрылған ақпараттық-насихат

топтары республика бойынша 2012 жылы 3450 іс-шара
өткізіп, жұмыс аясына 218 мыңға жуық адамды қамтыды.
Кездесулер барысында халыққа мемлекеттің дін са-
ласындағы саясатының негізгі принциптері мен бағыттары,

әлемдік және дәстүрлі діндер, ислам мен оның ханафи
бағыты, православиелік христиандықтың, теріс бағыттағы
діни ағымдардың мәні туралы түсініктер берілді. Тұрғын-
дарға конфессияаралық келісімді нығайтудың маңызды-

лығын, сондай-ақ Елбасының рухани саладағы белгіле-
ген міндеттері мен мақсаттары жайлы, Қазақстан Респуб-
ликасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
заңының талаптары жан-жақты түсіндірілді.

– Елімізде орын алған экстремистік әрекеттердің

немесе өзін-өзі құрбан етушілердің дінге қаншалықты
зардабы бар?

– Бүгінде еліміздегі исламның тұрақты дамуына басты

қатер төндіруші негізгі көздер ретінде әрқилы радикалдық
және экстремистік топтар көрініс беруде. Олар қоғамымыз-
ға жат діни құндылықтар мен идеалдарды таратуда. Осының
салдарынан әлеуметтік қысым артып, мұсылмандар ара­

сында жіктелу мен сенімсіздік туындауда. Тәжірибе барысы
радикализм мен фанатизмнің саяси мақсаттарды көздейтін
сыртқы күштердің қамқорлығы аясында қалыптасып
жатқанын көрсетіп беріп отыр. Шынайы ислам экстремизм

мен терроризмнің барлық көріністерін жоққа шығарады.
Сондықтан да экстремистік әрекеттерге, осы жолда жанын
қиып жатқандарға ешқандай ақтау жоқ, болған емес, бол­
майды да.

Жалаң ұрандарды көтеріп, өзін-өзі жару яки өлтіру
ешбір ақылға сыймайды. Бұл түйткілдің ақлақтық яки
заңнамалық жағын айтпағанда теологиялық тұрғысы да
шым-шытырық. Дінде Алланың дінінің атынан адам өлтір-

мек түгілі, құдайына қараған адам болғансып ілімсіз сөз
сөйлеудің өзі үлкен күнә саналады.

Біз қарапайым мұсылман ретінде дінімізді – Құранға
әрі оны жеткізуші ақырғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.)
үлгісіне қарап бағамдаймыз. Құранда «Өздеріңе өздерің
қол жұмсамаңдар!», – делінген.

Қазіргі заманның қанатты сөзіне айналған тәмсілді тағы
да қайталағымыз келеді: Барлық лаңкестік әрекеттер – дін
үшін жасалған күрес емес, керісінше, дінге қарсы бағыттал-
ған күрес.

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында да: «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықты-
ны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске

жалғасып кетпеуге тиіс», – деп шегелеп айтқанын естен
шығармаған жөн. Яғни Мемлекет басшысы мұнда шынайы
дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін
ажыратып берген.

– Ислам дінінде төрт мазхабтың бар екенін білеміз.

Осы мазхабтардың ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз?

– Мазхабтар жөнінде сөз қозғағанда біздің төл мазха­

бымыз саналатын ханафи мазхабынан өзге мектептердің
ерекшеліктерін атайтынымыз заңды болса керек. Яғни,
Ханафи мазхабы мен Шафиғи, Малики, Ханбали мазхаб-
тары. Осынау құқықтық мектептерді беделді теолог-имам-

дар негіздеді.
Мазхабтарды
негіздеушілердің
ішіндегі

тұңғышы
және беделдісі Имам Ағзам Әбу Ханифа екені белгілі. Ол
«әл-Фикх әл-акбар» кітабының авторы. Бұл кітап ислам
догматикасының тырнақалды жазбаша шығармасы және

мазхабтың негізгі идеялық қайнары.
Ханафиттер негізгі және сөзсіз қабылданатын діни
құқықтық қайнар бұлақ ретінде Құранды атайды. Ал сунна
жолы мәні мен маңызы жағынан екінші дерек көзі болып

табылады, мұның өзінде хадистерді сүзгіден өткізуге барын-
ша мән беріледі, күрделі мәселелерді шешу барысында
беделді теологтардың мақұлдауына иек артылады, шариғат-
тан бөлек халықтық дәстүрлер мен ғұрыптарға жүгінуге

де оң қабақ танытылады. Біздің көшпелі халқымыздың
бұл мазхабты қабылдауының басты себебі де осында – өз

дүниетанымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен діліне сәй-
кес келуінде.
Бұл ретте мәлики мазхабы ханафиттерге айтарлықтай
жақын, ал айырмасы – талдау мен болжауға қоятын

шектеуінде. Бұл мектептің негізін қалаушы – теолог және
құқықтанушы Малик ибн Әнәс. Осы бағдарда Мұхаммед
пайғамбардың (с.ғ.с) сахабалары таратқан хадистер толық-
тай мойындалып, қандай да бір интерпретацияға салын­

байды. Сондай-ақ «адат» нормаларын қолдануға да жол
беріледі.
Өз ілімінде Әбу Ханифа мен Малик ибн Әнәстің жекеле-
ген ұстанымдарын біріктіруге тырысқан, шафиғи мазхабы-

ның негізін қалаушы аш-Шәфии ұстанымы да осы бағыттан
алшақ кете қоймайды. Соған қарамастан шафиғилар құ-
қықтық
тармақтар

бойынша
ханафилерге
қарағанда
айтарлықтай қаталырақ тәпсірлерді ұстанады.

Осы тізбекте алдыңғыларына қарағанда ханбали мазха­
бы шариғаттың рәсімдік және құқықтық нормаларын қатаң
ұстануымен, хадистермен шектелуімен ерекшеленеді. Олар
Құран мен Суннаға тікелей қатысы жоқ құқық пен сенім

саласындағы барлық жаңалықтарды жоққа шығарады.
Қасиетті мәтіндерді аллегориялық тұрғыда тәпсірлеуге
жол берілмейді. Бұл жолдың негізін қалаушы – Ахмет
бин Ханбал. Аталған мазхаб исламға қатысты сақтаным-

паз түсініктерді қуаттаған қозғалыс негізінде пайда болды.
Әрине, мұның барлығы теологиялық шеңберге тиесілі
жайттар. Бірақ әрбір сунниттің осы мазхабтардың бірінің
өкілі болып табылатынын ұмытпауымыз керек. Сунниттік

ілім осы төрт құқықтық мектепке негізделген. Олар тең дә-
режелі және де бірін-бірі құқықтық тұрғыда мойындайды
және де ең бастысы, төртеуі де құқық пен рәсім мәселелері
бойынша түрлі көзқарасты ұстанғанымен, бір мемлекеттің

аясында бейбіт қатар өмір сүре береді. Барлық төрт мектеп-
ке де сунниттер теңдік белгісін қояды.

– Жалпы, салафизмнің ханафи мазхабынан басты

айырмашылығы неде, елімізде салафизм бағытын
ұстанатындар көп пе?

– Әлгінде айтып өткеніміздей, жергілікті ерекшелік-

терге мән беру мен оларға төзімділікпен қарау ханафи

мазхабының барынша кең таралуына жол ашқан. Сондайақ бұл мазхаб өзге діни мектептерден өз жамағатына көп жеңілдік беруімен, әрі демократиялылығымен ерекшеленеді. Тағы бір атап өтерлік жайт, ханафи мазхабы бойынша дінді жоққа шығармайынша қандай ауыр күнә істесе де, ол адам кәпірге жатқызылмайды. Ол адам бәрібір мұсылман қатарында саналады. Бүгінгідей сындарлы кезеңде көпконфессиялы еліміз үшін мұның маңыздылығы зор. Ал салафизм дегеніміз не? Ол – исламның алғашқы дәуіріндегі мұсылмандар өмірінің сыртқы формасына жалаң еліктеушілік қана емес. Бұл осы ханафи мазхабындағы, қала берді бүтін діндегі бүкіл ілгерішіл әлеуеттердің бәрін жоққа шығаратын жүйе десек, артық айтқандық емес. Фундаменталистік идеологияның негізгі белгілері: исламды «бидғаттан» тазартуға ұмтылады, яғни, көптеген ұлттық салт-дәстүрлерді күнәға шығарады, зайырлы өмір сүру үлгісін харам деп жариялайды, мазхабтарды мойындамайды және жиһадты мұсылманның ең қасиетті міндеті деп біледі, соғысты «кәпірлерге» ғана емес, кейбір өз түсініктеріндегі «дінбұзар» мұсылмандарға да жариялайды. Қазақстан мұсылмандарының барлығы ханафи мазха­ бы жолын ұстанушыларға жатады. Бұл жолды тұтушылар Орталық Азия, Еділ өзенімен шектес аймақтар, Түркия, Ауғанстан, Үндістан, Қытай және өзге де елдерде басым көпшілікті құрайды. Ендеше, осыншама аумақты алып жатқан әлемдік кеңістікке салафиттердің қандай көзқараспен қарайтынын топшылай беруге болады. Салафизм діни құбылыс болғанымен, рухани феномен емес, керісінше қарулы қақтығысқа арандататын саясиидеологиялық құбылыс. – «Тәкфир» ұғымына тоқтала кетсеңіз? – Бұл ұғымдарға кеңінен келген дұрыс. Жалпы, фундаменталистік діни идеологияда адамды кәпір мен мұсылманға бөлетін партикулярлық сана терең орнығып, «жиһад» пен «күпір» идеясы, бір сөзбен айтқанда, тәкпіршілдік ерекше дамыған. «Тәкфир» сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы «күпірге шығарушылар», «кәпір деушілер» деген ұғым-

дарды білдіреді. Яғни, бұл ұғым «тәкфирилер» жамағатымен тығыз байланысты. Олар өз мүшелерінен басқа барлық адамдарды кәпірлер (дінсіздер) деп санайтындар. Такфи­ рилер «әт-Тәкфир уәл хижра жамағаты» деген атпен де белгілі. Қазіргі кезеңде «Тәкфир» идеологиясы іс жүзінде әлемдегі барлық сепаратистік және террористік ұйымдарда көрініс табуда. Ол белгілі бір күштер мен тұрғындарға қарсы қолданылатын зорлық-зомбылық құралы рөлін атқарып келеді. Мәселен, олар кейбір ислам елдерінің бас­ шыларын «күпірлік қылды» деп айыптайды. «Күпірлік қылды» дегені «кәпірлердің зайырлы заңдары мен құндылықтарын қоғам өміріне енгізді, демократиялық қағидаларды қабылдады» дегені. Тәкпіршілердің пікірінше, кім де кім олардың шарттарымен келіспесе, ол күпір қылған болып шығады. Олар, әсіресе, халықтық, дәстүрлі исламның ғұрыптарын – зиярат, тұмар, бата секілді тағы да басқа жайттарды дінге сәйкес келмейді деп «күпірге» жатқызады. – Елімізде «Таблиғи жамағат» бағытын ұстанатындар бар көрінеді. Солар жөнінде айта кетсеңіз? – Қазақстанға да қазір фундаменталистік ислам келді және жылдам таралуда. Отанымызда «Хизб-ут-Тахрир», «Таблиғи жамағат» сияқты ұйымдардың өкілдері көбейді. Әсіресе, «Таблиғи жамағат» көңілге қауіп ұялатады. Бұл қозғалыстың ерекшелігі бағдарламасының, жарғысының, мүшелік институтының жоқтығы. Осыған байланысты, сырт көзге бұл топ жоқ та сияқты. Бұл ұйым көзге көріне бермейді, тиісінше, көптеген жылдар бойы сарапшылардың наза­ рынан тыс қалып келді. Таблиғшылар жүйелі практика мен үй аралап, есіктен есікке жалғасқан белсенді уағызды ең басты құндылық деп біледі. Дегенмен олар терең діни білім алғанды құптай бермейді, оған немқұрайлы қарайды, арзымайтын нәрсе деп есептейді. Ал бізде сауатсыз уағызшылар, дүмше молдалар онсыз да жеткілікті. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында Үндістанға лайық болған нәрсе XXІ ғасырдағы Қазақстанға мүлде үйлеспейді. – Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Жасыратыны жоқ, бұл бағыттағы жұмыстардың негіз-

гі салмағы ақпараттық салаға түсіп тұр. Экстремизм мен
радикализмге бірінші кезекте ақпараттық кеңістікте той­
тарыс беру арқылы ғана олардың көріністерін қоғамдық-
саяси тұрғылардан ығыстырып шығаруға болады. Өйткені

жедел дамып жатқан коммуникациялық құралдар экстре-
мистік бағыттағы сайттарды айтпағанда, түрлі теріс пиғыл-
ды топтардың қаруына айналуда.
Қазіргі таңда Дін істері агенттігінің екпін беруі арқылы

бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғарғы оқу орындары
мен киберкеңістіктің көмегімен қоғамдық санаға жүйелі
түрде идеологиялық, ақпараттық-насихаттық жұмыстар
жүргізілуде. Бұл қадамдар экстремистік идеологияны алып

жүрушілердің идеялық кешенін қожырату арқылы, сондай-
ақ экстремизмнің таралуына жағдай жасайтын алғышарт-
тарды жою арқылы қоғамды сауықтыруда.
Тағы да 2012 жылғы көрсеткіштермен сөйлер болсақ,

жыл бойы діни бағытта республикалық және аймақтық
БАҚ-та 707 мақала жарық көріп, ғаламтор беттерінде
375 жарияланым көпшілік назарына жол тартты. Телеарна­
ларда 118 сұхбат берілді.

Әрине, профилактикалық жұмыстағы ерекше рөл дін
туралы заңға тиесілі. Осы Заңға сәйкес діни негізде пар­
тия құруға және мемлекетте бір ғана діннің басымдылы-
ғын бекітуді мақсат деп білетін діни бірлестік қызметіне,

діни алауыздық туғызып, зорлық-зомбылыққа шақыратын
құқыққа қарсы өзге де іс-қимылдарға тыйым салынады.
Сөзді түйіндей келе, діни экстремизмнің пайда болуы мен
оның алдын алу мәселесін әлемдегі бірде-бір мемлекеттің

түбегейлі шешпегенін атап өту керек. Біздің елімізде де сол
сияқты әрқилы факторлардың әсерімен діни экстремизм мен
терроризмге қарсы күресу міндеті ұзақ мерзімді сипатқа ие.
Осылайша мемлекет пен қоғамның осы құбылысқа қарсы

өзара бірігіп күресу міндеті өзекті болып қала береді. Тек
біріккен түрде ғана біз экстремизм көріністерінің алдын
алып, теріс пиғылды барлық бой көтерулерді түбірімен за­
лалсыздандыра аламыз.

– Діни әдебиеттердің сатылу жайы Дін істері агенттігі

тарапынан бақылауға алынған ба? Жалпы мұндай

кітаптарды қандай қоғамдық орындардан сатып алған жөн? – Бұған дейін атап өтілгендей, жаңа заңның алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – деструктивтік діни және жалған діни бірлестіктер әрекеттерінің алдын алу мен сақтандыру болатын. Осы орайда олардың негізгі қаруы болып табылатын діни әдебиеттерге дінтанулық сараптама жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу жемісті болды. Яғни, діни әдебиеттер дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана таратылуда. Бұл ретте діни әдебиеттердің таратылу орындары мәселесінің де көкейкесті жайттың бірі болғандығы мәлім. Бүгінде бұл бағыттағы жағдай тұрақтанды. Заңдағы енгізілген ережеге сай, діни мазмұндағы материалдар мен әдебиеттер тек қана ғибадат үйлерінде, діни білім беруге арналған ұйымдарда, арнайы стационарлық орындарда ғана тара­ тылатын болды. Өз кезегінде бұл шараның коммерциялық тұрғысы діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тара­ ту үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері қабылдаған қаулыларға сәйкес жүзеге асырылу­ да. Азаматтарға оңтайлы болу үшін бұған қатысты деректер, яғни оң қорытынды алған әдебиеттер және оларды сатып алуға болатын дүкендердің атауы мен мекен-жайлары тура­ лы ақпараттар Агенттіктің сайтына орналастырылған. Атал­ мыш мәліметтер тұрақты түрде жаңартылып, толықтырылып отырады. – Соңғы сауал. Газетімізде дін мәселесіне байланысты материалдар жарияланып отырады. Алдағы уақытта сіздермен әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеуге қалай қарайсыз? – Әділет БАҚ медиа газеті елімізде танымал екендігінен хабардармыз. Сіздермен алдағы уақытта да тығыз қарымқатынас орнатып, екіжақты байланыстарымызды одан әрі дамытатынымызға сенім білдіреміз. – Газетімізге арнайы берген сұхбатыңызға рахмет! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

ҚАЛАМ ҚАЙРАТЫ

САҢЛАҚ СУРЕТКЕР, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Заңғар жазушы Зейнолла Қабдолов көзі тірі бол-
ғанда 85 жасқа келер еді. Алайда арамызда жоқ бол­
са да саңлақ суреткердің мәңгі өлмес шығармалары
оқырмандарының қолында. Ұлы ұстаз З.Қабдоловтың

достары, қаламдастары оны ерекше сыйлаған. Солардың
бірі – белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов. Зекең мен
Әзағаның достық қарым-қатынастары ерекше болған.
Ал шығармашылық байланыстары өз алдына бір әңгіме.

Дей тұрғанмен, мәселенің бұл жағын да ескере оты­
рып, қаламдас ағалардың адами, өмірлік қарым-қаты-
настарына көбірек назар аударуға талпындық. Осы
арқылы ағалы-інілідей болып кеткен қаламдастардың

шығармашылық байланыстарына көз жүгіртіп, олар-
дың өзара аралас-құраластығына назар аударуды жөн са­
надым.
Баршаға мәлім, елуінші жылдарда әдебиетке қадам

басқан бірқатар қаламгерлер белгілі жазушы Мұқан
Иманжановтың қамқорлығын көрді, оның тікелей қол-
дауымен әдебиет әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
Әзілхан Нұршайықов бірде былай деп жазыпты:

«Біз, Мұқанның қанатының астында тәрбиеленген жас
жазушылар көп едік. Бәріміз дерлік атақты қаламгерлер
болдық. Бірақ, көбіміз өлгеннен кейін ұстазымызды
ұмытып кеттік. Оның алдындағы шәкірттік парызы­

мызды өтей алмадық. (Тым болмаса бір том естеліктер
жинағын да шығара алмадық)». Деректі шығармалары-
ның бірнеше жерлерінде сол сөз болып отырған Мұқан
Иманжановтың шарапатын көрген қарымды қаламгер-

дің бірі Зейнолла Қабдолов екендігін атап көрсеткен.
Академик Зейнолла Қабдолов туралы Әзағаның «Өмір
өрнектері» атты төрт томдығында бірқатар деректер кел-
тірілген. Ол жазбаларда Зекең Әзаға туралы әрқашан

жылы лебіз білдіре жүруді әдетке айналдырғаны байқа-

лады. Мына бір үзіндіге назар аударайық: «...Зейнолла
Қабдолов келді. Баласының диссертация жазып жүргенін,
диссертациясында анда-санда Айтматов пен Нұрпейісовті
атап қойып, негізінен мені мақтайтынын айтты.

– Рақмет, Бақытқа, – дедім мен күліп (Зейнолланың

диссертация жазып жүрген баласының аты Бақыт бола­
тын)».
Ә.Нұршайықовтың З.Қабдолов туралы әрбір мәтінге
назар аударып отыратындығы оның «Өмір өрнектерінде»

ақын Жарасқан Әбдірәшевтің Зекең туралы жазған эпи-
граммасын арнайы жазып сақтап қойғандығынан да көрі-
неді. Онда былай делініпті:
Зейнолла Қабдоловқа

Жазушылық – ғалымдыққа жол
беріп,
Ғалымдығын – ұстаздығы өңгеріп
бара жатыр...

Зерттегендер Зекеңді
Қиналады-ау үш салаға тең бөліп.
Мұндай мінез мықтылардан жұғады,
Ұқса сырын – әмбебаптар ұғады...

Анық бойлы үш Зекенді қосқанда –
Абыройлы бір Қабдолов шығады!
Бірде журналистер Әзілхан Нұршайықовтан жазушы-
лар арасында қай дәрежеден көрінесіз деген сыңайлы сауал

тастайды. Сонда Әзаға былай деп жауап беріпті: «Мен ат­
тары атала бермейтін жазушылардың алдыңғы қатарында
боламын. Біз, Медеу Сәрсекеев, Зейнолла Қабдолов үшеу-
міз замандас тарихи адамдар туралы (Қаныш Сәтбаев

пен Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы жайында)
үш роман жаздық. Біздің атымызды сол үш есім ғана ел
есіне түсіруі мүмкін». Мұндағы айтқысы келгені Зекеңнің
атақты «Менің Әуезовім» атты романына назар аударту

болса керек.
Енді бірде осы роман туралы пікірін ұлы жазушылар-
дың аттарын тізбелей отырып былайша білдірген: «Реалис-

тік шығармалар қарапайым жазылса, романтикалық туын-
дылар «әндете» шырқалады. Сондықтан романтикалық
шығармалар қызық та болып көрінеді. Бірақ, кейбір ұлы
реалист прозашылардың өздері шығармаларын әндете жа-

зуға тырысқан. Олардың қатарына Гогольді, Флоберді,
Әуезовті, Мүсіреповті, Тургеневті қосуға болады. Зейнолла
Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романы да сондай.
Өзгеміздің прозамыз реалистік жол жорғадан аспайды».

Тіпті бірде тосын бір жайт да орын алады. Әңгіме кітап
мәселесіне келіп тірелген. Сөзіміз түсінікті болу үшін
дәйектемені толығымен келтірейік: «Жақсы кітап – жанға
дәрі, жүрекке ем. Бірақ, кітаптың ем екенін ешкім бағалай

білмейді.
Сонау Атырауда инсульт болып жатқан Марат деген
инженер азамат Алматыдағы жездесі Зейнолла Қабдоловқа
(академик, жазушы) сәлем айтып, менің «Ақиқат пен

аңыз» роман-диалогымды тауып, өзіне жіберуді өтініпті.
Зейнолла досым маған телефон соқты:

– Сіздің кітабыңыз сырқатқа дәрі орнына керек болып

жатыр, Әзаға, – деді. Алматының барлық дүкендерінен
іздеп таба алмадық. Соның бір данасын бере аласыз ба?

– Берейін, айналайын. Кітабым сырқатқа шипа болса,

несіне аяйын. Марат бауырымның тез жазылуына тілек-
теспін, – дедім оған.
Бүгін ол кітапты сырқат азаматтың Алматыдағы мем-
лекеттік педагогикалық университеттің V курсында оқитын

студент қызы Күлзия Маратқызы Мүрсалимова келіп,
алып кетті. Кітаптың ішкі бетіне сырқат азаматтың тез
сәлеметтеніп кетуіне тілектестік білдіріп, автограф жаздым.
Аяғына өзімнің мөрімді бастым. Содан соң кітапты үлкен

конвертке салып, аузын желімдеп, сыртына:
«Қымбатты Зеке!
Бұйымтайыңыз – мінеки!
Сіздің Әз. Нұршайықов.

15.01.2002 жыл» –
деген жазу жазып, беріп жібердім».

Зейнолла Қабдолов пен Әзілхан Нұршайықовтың өза-
ра тамаша сыйластығын, достық рәуіштегі көңілін теле-
фонмен тілдесуде болған мына бір жолдардан да анық аң-
ғаруға болады: «– Зәке, 75 жылдық мерейтойыңыз құтты

болсын. Газеттен көрдім.

– Рақмет, Әзаға. Мен тойламай-ақ қояйық деп едім,

ректорымыз болмады.

– Ректордікі дұрыс.

– Мен ертең машина жіберейін, келе аласыз ба?

– Мен шөккен түйе тәрізденіп, үйде жатқан кісімін

ғой. Рақмет, Зеке.

– Апырай, ә, Әзаға. Айтпақшы анада ауруханада өзіңіз

айтқан: ескі достардан Әбдіжәмілмен (Нұрпейісов) аман­
дасып жүремін. Ал Мұзафардан (Әлімбаев) мүлде хаба-
рым жоқ дегеніңізді айттым Әбекеңе. «Мен ол кісінің
амандығына сырттай тілектеспін ғой», – деді ол – Әбекең.

– Рақмет. Зеке, сізге де, Әбекеңе де! Екінші айтайын

дегенім: «Қазақ әдебиетіндегі» сұхбатыңызды (06.12.
2002 жыл) оқып, өте сүйсіндім.

– Рақмет, Әзаға.

– Үшінші айтарым тағы бар.

– Менің құлағым сіздің сөзіңізді тыңдай бергісі келеді

ғой, Әзаға.

– Ондай ілтипатты құлаққа рақмет, Зеке. Айтайын

дегенім: Қадыр Мырзалиевтың кешегі Сізге арнаған «Аға-
мыз» деген өлеңі қандай тамаша! Оның барлық өлең-
дерін оқып жүремін. Өте жоғары бағалаймын.

– Сіз айта аласыз ғой, Әзаға.

– Аман болайық, Зеке.

– Бірге болайық, Әзаға. (11.12.2002 жыл)».

Әзілхан Нұршайықов әдебиет хақында, атақты жазу­
шылар туралы тілге тиек еткенде де З.Қабдоловты ерек­
ше бағалайтындығын аңғартып отырған. «Қазақ зиялыла­
ры қайда, үндері неге естілмейді» деген тұрғыдағы әңгіме

айтылғанда Әзаға тағы да Зейнолла Қабдолов інісін ауызға
алу арқылы оның шығармашылығын ерекше бағалайтын-
дығын тағы бір байқатқан. Мына бір жолдарға назар ау-
дарайық: «Қазақ зиялылары жоқ емес, бар.

– Олардың дүбірі әдебиетімізде кейін туған кесек шы-

ғармалардан да естіліп жатады. (Қ.Жұмаділов «Дарабоз»
романы; Ә.Кекілбаев «Абылайхан» пьеса – дастаны; З.Қаб-
долов «Менің Әуезовім» романы; С.Жүнісов – «Абылай
хан» т.б. сценарийлері; С.Сматаев – «Жарылғап батыр»

поэмасы; Ж.Тұрлыбаев – «Райымбек батыр» романы;
М.Сәрсекеев – «Қазақтың Қанышы» романы; М.Мағауин –
өмірбаяндық «Мен» романы; Ш.Мұртаза – «Айша»
романы т.б.)».

Академик-жазушы хақында Ә.Нұршайықов әрқашан
ыстық лебізін, биік бағасын білдіре жүретіндігін Әзағаның
мына бір жазғанынан да аңғару қиын емес. Оны өзі «Клас­
сиктер мен олардың ағалары» деп атапты. Оқып көрелік:

«– Маған жас әдебиетші сұрақ қойды.

– Қазіргі классиктер кім?

– Әбіш, Шерхан, қос Мұхтар, Қабдеш, Қадыр, Тұман-

бай, – дедім мен.

– Сіздер: Әбдіжәміл, Сафуан, Зейнолла Қабдоловтар

қайда қаласыздар?

– Біз сол классиктердің ағалары болып қаламыз, – дедім

мен күліп.

– Сонда қалай?

– Сонда былай: Президент пен ағасы екеуінің қайсысы

Президент деп ойлайсың? – дедім мен.

– Інісі, әрине, – деді ол.

– Бұл да – сондай!

Жас әдебиетші күлді.

– Кейбіреулер классиктер тізіміне алдымен өздерін

кіргізер еді, – деді ол содан соң.

– Құс ішінде көкек қана өз атын өзі атайды. Ол: «Мен –

көкек! Мен – көкек!» деп мың рет қайталаса да, бұлбұл
бола алмайды – көкек күйінде қалады. Ал бұлбұл өз атын
өзі атамайды. Бірақ, үнін естіген жұрт оның бұлбұл екенін
бірден біледі.

Әдебиетші жігіт тағы да жымиды».
Әдебиетші Зейнолла Қабдолов жазушы Әзілхан Нұр-
шайықовты ерекше сыйлаған әрі шығармашылығын ұдайы

бағалап жүрген. Енді мына бір тілдесуге назар аударайық:
«Түнгі сағат тура 22.30-да телефон шылдырады.

– Әзаға, амансыз ба? – деген баяу дауыс естілді. Таныс

дауыс – Зейнолла Қабдоловтың үні. – Күйлі, қуатты жүріп
жатырсыз ба?

– Шүкір. Шамаға қарай шапқылаған болып жүріп жат-

қан ғой баяғы. Құлағыма келіп жатқан Зекеңнің үні-ау деп
шамалаймын, – дедім мен.

– Дәл айтасыз, – деді Зейнолла. – Бүгін Парижден келіп

едім.

– Қайдағы Париж?

Жақында ғана оны ауруханада емделіп жатыр деп
естігенмін. «Париж» деп әзілдеп, аурухананы айтып тұр-
ған болар деп ойладым.

– Париж біреу-ақ, Әзаға, өзіңіз білетін Франциядағы

Париж.

– Оған қашан, қалай барып едің?

– Махамбеттің 200 жылдық тойына орай баруға тура

келді. Ол тойды ЮНЕСКО өткізді ғой. ЮНЕСКО тойы­
на жер жүзінен адамдар жиналады екен. Той ғажап болып
өтті. Мен баяндама жасап, француздарға қазақ дегеннің
кім екенін таныттым әбден. Олар бас шұлғып, тегіс тәнті

боп қалды. Қасымда Олжас айналайын бірге жүрді. Ол­
жас Сүлейменов Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі ғой
өзіңіз білесіз. Мені алақанына салып, көтеріп жүргендей
болды.

– Зеке, мен сізді жаңа таныдым ғой, – деді ол.

Осылай деп Зейнолла сөзін бір түйді.

– Айтайын деп тұрғаным ол емес, Әзаға, – деді сөзін

қайта жалғап. – Келгеннен кейін газеттерді қараймын ғой
елде не болып жатыр екен деп. Ең соңында «Қазақ әде-
биеті» газетінің бүгінгі нөмірі қолыма ілінді. Тұрсынхан
апамыз өмірден өтіп кеткен екен. Артының жақсылығын

берсін. Ал енді Сіздің сол апамызды аттандырып салу­
да сөйлеген сөзіңіз ғажап екен! Соны оқып, қатты тебі-
рендім. Мен сөзді түсінетін кісімін ғой, өзіңіз білесіз. Әр
сөзіңіздің астарын түрткілеп отырып, апамызға биік баға

бергеніңізге шексіз қуандым. Бұл апамыздың тірі күнде
өмір бойы естімеген сөздері екен. Және сөздеріңіздің бәрі
шын: феномен екені де, әр асылдың қосындысы, қоспасы
екені де рас! Ал, кішкентай да – көлемді бұл мақала – сөзіңіз-

ге «Тарихи шындық» деп ат қойғаныңыз да келісіп тұр.
Тарихи шындық екені рас! Тұрсынхан апамыздың бойын-
дағы ақындық, әншілік, ғалымдық қасиеттерге, бұл ғажап
үш қасиетке ие болған дүние жүзінде бірде-бір әйел болған

жоқ. Ол қазақ әйелінің ғана бойына біткен қасиет. Бәріміз
ардақтаған Тұрсынхан апамыздың! Ардақтауын ардақ-
тадық қой. Бірақ, дәл сіз сияқты етіп ешқайсымыз айта
алмаған едік. Сіз айтыпсыз, айналайын, Әзаға.

Мені кейбіреулер кекейді: жұрттың бәрін «классик!»
деймін. Мен тура өзіңізден үлгі алған, ішіндегісін сыртқа
шаша бермейтін адаммын. Сыртқа шығаратын жерде шы-
ғаратыным – рас. Бұл да өзіңізден шыққан үлгі. Әзаға,

бірімізбен-біріміз қол ұстасып, осылай аман-есен жүре
тұрайықшы! Бірімізден біріміз көз жазып қалмайықшы!
Аман болыңызшы, айналайын Әзаға! Сөйтейікші!

– Тырысайық, Зеке, айналайын, – дедім мен бір ауыз

сөз қыстырып. Өйткені ол тоқтамай, лапылдап сөйледі.

– Ал, амандықпен жүздесіп жүрейік, Әзаға, – деп ол

сөзін бітіргендей болды.

– Сәуле келіннің халы қалай? – дедім мен Зейнолла

телефон трубкасын жауып қоя ма деп асығып.

– Халы жақсы, Әзаға.

– Менің жақсы келініме жалынды сәлем айт, Зеке.

Келінімнің халы жақсы болса, інімнің де күйі жаман бол-
майды. Әр үйдің генераторы әйел емес пе?!

– Әй, Әзаға-ай, осындай бір әдемі әзіліңіз бар-ау Сіз-

дің. Айтамын, әрине. Сау болыңыз. Аман болыңыз.

– Бірге болайық, қалқам!

Түнгі телефон шылдыры осылай аяқталды. (17.10.2003
жыл)».
Зекеңнің Әзағаны ерекше сыйлайтындығы мына жол­
дардан да айқын аңғарылады: «Тіпті 70-тен асқан Зейнол­

ла Қабдолов та «Менің Әуезовім» романын үйге әкеліп
берді».

Әзілхан Нұршайықовтың Қабдоловтар әулетіне деген
шынайы көңілі мына бір шағын детальдан да көрініс тап-
қан. Көзі тірісінде Зекең шыққан әрбір кітабінан бір дана-
сына қолтаңба жазып Әзағаңа беретін көрінеді. Шығар-

машылық байланыстың нақты бір мысалы осындай-ақ бо­
лар. Өз кезегінде Әзағаң да «еруліге – қарулы» жасайтын
көрінеді. Тіпті Зекең о дүниелік болғанда да ескі досын
ұмытпай оның үйіндегі келініне арнайы қолтаңба жазыл-

ған кітабін беріп жіберіп, оған шын ниетпен мынадай
жолдарды түсіріпті:
Сәуле ҚАБДОЛОВАҒА
Қымбатты Сәуле келінім!

Бұл кітапты оқу Сізге ауыр тиер деп, бұрын ұсынбаған
едім. Өйткені мұны жұрттың көбі мұңайып, күрсініп,
тіпті, жылап оқып жатыр.
Кеше Өзіңіз телефон соғып, менің «Қаламгер» деген

кітабымды ризалықпен оқып жатқаныңызды айттыңыз.
Сіз сөйлеп тұрғанда сырт жағыңыздан: «Әу, Әзағаң ба?»
деген қымбатты Зекеңнің үні құлағыма келгендей болды.
Өзіңіздің бұрынғыдай биязы, мейірбан даусыңызды естіп,

сәлеметтігіңізді біліп, балалардың тегіс амандығына
қуанып қалдым.
Хабарласқаныңызға рақмет.
«Қаламгер» кітабы біздің бәріміздің жасырақ кезіміздің

куәсі ғой.
Ал, мына «Мәңгілік махаббат жыры» кітабы менің
қартайып, өмірдегі жалғыз жан серігім Халима жеңгеле-
ріңнен айрылып, қайғымен «қан жұтып» қалған шағымның

шежіресі.
Көңіліңіз соқса, қарап шығарсыз.
Мен Сіздердің семьяға бұрынғыша шын жүректен ті-
лектеспін.

Ағалық құрметпен, мәңгі ұмытылмас Зекеңнің көп дос-
тарыңның бірі – Әз. Нұршайықов.
19.11.2008 жыл, Алматы.

Академик Зейнолла Қабдолов өмірден өтсе де Әзаға оның отбасымен адами, ағалық байланысын үзбеген. Әрине бұл біздің өмірімізде қалыптасқан амандық-саулық сұрасумен ғана шектелмей, шығармашылық дәрежеде аңғарылып отырған. Өйткені белгілі жазушы өмірден өтсе де оның мұрасы ел есінде сақталатыны белгілі. Ал егер жа­ зушы шеберханасы хақында оны өте жақын білетін адамдары жазбаларын өмірге әкелсе нұр үстіне нұр ғой. Тағы да Әзағаңа жүгінейік: «Жаңа жыл қарсаңында атақты ака­ демик Зейнолла Қабдоловтың әйелі Сәуле келінімді теле­ фон соғып, құттықтаған едім. Сонда Сәуле өзінің соңғы үш жылда жазған (Зейнолла марқұм ауырып жатқан кезде) күнделігін «Ана тілі» газеті басып жатқанын айтқан. Мен Сәулеге: – Үш жылдық күнделік аз. Сіз Зекең туралы естелік кітап жазуыңыз жөн. Енді сіз Зекеңе ол естеліктерден өзге ешқандай көмек жасай алмайсыз, – дегенмін. Ф.М.Достоевскийдің әйелі А.Г.Достоевскаяның ері туралы ерен естелік кітап жазғанын да айтқанмын. (05.01.2009 жыл)». Әзағаның осынау сөзі түрткі болды ма кейіннен Сәуле Қабдолова апамыздың академик З.Қабдолов туралы тамаша кітабі шыққаны оқырмандарға жақсы мәлім. Әрине Алатаудай асқақ екі қаламгердің шығармашылық байланыстары туралы ұзақ айтуға болады. Мұндағы ерекше бір байқалатын жайт, сөз болып отырған екі дос жазушы бір-бірлерінің шығармашылығын ұдайы әрі мұқият қадағалап, ерекше қызығушылық танытып отырған. Әрбір шыққан жаңа кітаптары жайында өзара пікір алмасып, бір-бірлерінің шығармашылық жетістіктеріне ризашылықтарын білдіріп отыруды, рухани қолдау білдіруді ешқашан естен шығармаған. Ал ғұлама ғалым Зейнолла Қабдолов қайтыс болғанда Әзілхан Нұршайықов егіліп тұрып, сөзін былай деп бастап­ ты: «Қош, қымбатты Дос, аяулы Азамат, ардақты Адам, ғұлама Ғалым, ұмытылмас Ұстаз! Бүгін Сенің өмірден өткеніңе байланысты жақындарың жылайды, шәкірттерің көзіне жас алады, достарың күр-

сініп, іштей күңіренеді, «қалың елің қазағың» (Абай) қай-
ғырады. Мен де сондай күйдемін, бауырым».
Осылайша бір тебіреніп алған Әзаға Зекеңмен дос-
тығының қалай басталғандығын былайша тілге тиек еткен:

«Екеумізді бір-бірімізге таныстырып және сенің басқа дос-
жолдастарыңа біліс еткен ол кездегі ағамыз, ардақтымыз,
тіпті, піріміз десем де артық емес, Мұқан Иманжанов бо­
латын. Мұқан 1954 жылы Алматыдан Павлодарға жолау-

шы келіп, сол кезде Павлодар облыстық газетінің редак-
торы болып жүрген менімен танысып қайтты. Қайтарда
ол жазған шығармаларымды өзіне жіберіп тұруды өтінді.
Алматыдағы газет-журналдарға бастырамын деді.

Мен «Алыстағы ауданда» деген Баянауыл ауданы­
нан жазған ең үлкен очеркімді Мұқанға жібердім. Ол кез­
де Сен «Әдебиет және искусство» журналының (қазіргі
«Жұлдыз») бас редакторы едің. Мұқанның ұсынуымен ол

очеркті журналдың 1955 жылғы екі нөміріне басып шы-
ғардың.
Екеуміздің таныстығымыз да, достығымыз да осы
очерктен басталды».

Осылай тебірене келіп мынадай жолдарды жосылтқан:
«Кейін Мұқан бауырында болған сол төртеудің және басқа
кейбіреулерінің ішінен Сен екеуміздің ғана достығы-
мызды тот басқан жоқ. Бәлкім, бұл қасиетті ана өсиетінің

күшінен шығар. Досқа адалдық Ана сүтімен өз бойыңа
сіңген қасиет болар. Сондықтан да Сен үлкен-үлкен
қызметте жүргенде де, атағың өсіп, академик болғанда да,
мені ылғи жаныңа жақын тартып жүрдің. Қуана көрісіп,

ыстық сәлемдесетін едік. Тіпті, көрген жерде құшақтасып,
сүйісіп те қалатынбыз. Сен жалғыз менімен ғана емес,
барлық достарыңмен солай қауышатынсың».
Осылайша тебіреніп алған Әзағаң Зекеңнің шығар-

машылығына да өз бағасын бере кетуді ұмытпаған: «Қазақ
әдебиетінің бұрынғы қабырғалы кейіпкерлері малшы,
егінші, көмірші, балықшы, мақташы болып келуші еді. Сен
қазақ әдебиетіне мұнайшы деген жаңа кейіпкер кіргіздің.

(«Ұшқын», «Жалын» романдары). Сол жаңа кейіпкерлерің
арқылы елдің ендігі экономикалық негізі мұнай екенін
паш еттің. Сенің жазушылық, ғалымдық осы көрегендігің
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған тұста ерекше айқын

танылып отыр. Сенің сол жаңа кейіпкерлерің халқымыз-
ды байытып жатыр».
Енді бір жерінде былайша еміренеді: «...Сен «Менің
Әуезовім» деген роман жарияладың. Бұл сенің 70 жасқа

толу қарсаңың еді. Жетпіс жылдығыңды Сен осындай ұлы
адам жайындағы ұлы еңбекпен қарсы алдың. Мұхаң Сені
«Менің шәкіртім» деп мақтаса, Сен: «Менің Әуезовім» деп
шаттандың. Мақтану да, шаттану да өте орынды еді.

Ол романыңды оқығаннан кейін мен Өзіңе қысқа ғана
хат жазып, Халимадан беріп жібердім. Пікірімді айттым.
Сен разы болдың. Сол күндерде газеттерде Сенің 70 жыл-
дығың туралы материалдар ішіне, ортасынан ойып, көр-

некті етіп, Шыңғыс Айтматов екеуміздің хатымызды бер-
гіздің. Мен пікірімнің Өзіңе ұнағанына, оның үстіне ұлы
Шыңғыстың хатымен қатарластыра бергізгеніңе қатты
қуандым.

Той өткеннен кейін бір күні менің сүйікті келінім
Сәуле екеуің ойда жоқта біздің үйге кіріп келдіңдер. Менің
иығыма тамаша шапан жауып, қолыма «Менің Әуезо-
вім» кітабының бір данасын ұстаттыңдар. Оған Өзіңнің

маржандай жазуыңмен мынадай сөздер жазылған екен:
«Ардақты Әзағаң мен сүйікті Халима апайға! Шын жүрек-
тен, ақ тілекпен – Зейнолла Қабдолов. 30.01.1998. Айт
күні»...

Әзағаның Зекеңді қалай бағалағаны мына бір жолдар-
дан да айқын аңғарылып тұр-ау: «Қош, халықтың ар-
ожданы, ұяты мен намысы! Қош, ғасырдың кемеңгер тұл-
ғасы, көркем сөздің Гомері, шешендіктің Цицероны, ақыл-

дың Платоны! Қош!»

«ҒАСЫРДЫҢ КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒАСЫ, КӨРКЕМ СӨЗ-

ДІҢ ГОМЕРІ, ШЕШЕНДІКТІҢ ЦИЦЕРОНЫ, АҚЫЛДЫҢ

ПЛАТОНЫ!» Міне, қаламгерге бұдан артық қандай баға
болуы мүмкін!
Академик Зейнолла Қабдолов – ғасырдың біртуар пер-
зенті, сұңғыла суреткер, тегеурінді теоретик, қарымды

қаламгер. Зекеңнің поэзиялық тілмен жазылған теориялық
еңбектері, мыңдаған оқырмандарды тебіренткен роман-
дары ғасырдан ғасырға тоқтаусыз жете бермек. Саңлақ
суреткердің туындылары – ғасыр олжасы, адамзаттың

байлығы.

БІРТУАР БОЛМЫС

Әзиз ағамен алғашқы жүздесу
Халқымыздың сүйкімді қаламгері атанған Әзілхан
Нұршайықовпен жақынырақ танысар ма едім, таныспас па
едім – егер бір адам себепші болмағанда...

2005 жылдың қазан айының басы. Кезекті кешкі сер-
уенде жүргенімізде курстас досым, филология ғылымда-
рының докторы Бауыржан Омаров былай деді:

– Әй, Тоқтағазин, «жеке тірліктерім» дегенді жиып қоя-

тын кез келген шығар. Кәсіби журналиссің. Енді ғылым-
да бағыңды сынап көрсеңші.

– Соңғы кездері өзім де жазу-сызуды сағынып жүр-

мін... – Баукең қажетті «нүктені» дөп басқанын сезгесін
күшейе түсті.

– Таста бәрін! Ал қаламды қолыңа! Тез кіріс!

– Сен тіпті апшымды қуырып барасың ғой! Уақыт бар

дегендей...

– Басқа айтса да сен айтпашы, уақыт туралы... «нербіме»

тиіп. Сен онсыз да қыруар алтын уақытыңды өлтірдің
«тірлік-пірлік» деп. Сендей журналиске кандидаттық дис­
сертацияны жазып тастау түк емес қой.

– Сонда не істеуім керек?

– Еуразия университетіне бар, тақырыбыңды бекіт те

жазуға отыр.

– Бірақ өзіме ұнамайтын тақырып болса жазбаймын.

– Ұнайтыныңды таңда. Жаз құлшына. Қаласаң мен-ақ

жетекшің болайын.
Баукеңнің мына сөздері маған қанат бітіре бастағанын
сездім. Келесі күні Еуразия ұлттық университетінің қазақ
әдебиеті кафедрасы қайдасың деп тартып отырдым. Бар

жұмысын жиып қойып мені күтіп отырғандай академик
Рымғали Нұрғалиға барып, амандық-саулықтан соң маған
жазушы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы ұнайты-
нын айттым. Ізденуші болғым келетінін, реті келсе осы

тақырыпты бекітіп беруін сұрадым.

Рәкең салалы саусақтарымен қою қалың шашын бір си­
пап, баппен былай деді: таңдаған тақырыбыңыз қолдауға
татырлық. Әлі де нақтылап, кафедра мәжілісі назарына
ұсынып көріңіз, қарсылық жоқ!

Әзағаңның шығармашылығын объекті етіп алғаныма
қарадай қуанып Бауыржанға телефон шалдым.

– Айттым ғой. Талаптансаң болды. Одан арғысын ұр-

шықша үйіресің!
Мен тіпті диссертацияны қорғап тастағандай мәз болып
үйге келдім де дереу Алматыға баруға дайындалдым. Ойым

– жазушының да пікір-ұсыныстарын білу...

Арада он күн өткенде, яғни 2005 жылдың 10 қазанында
Әзағаңның үйінде отырдым. Қарт қаламгер құрақ ұшып
қарсы алды. Өзіне тән кішіпейілділікпен төрге озды­
рып, бірден бұйымтайымды сұрады. «Айран сұрай келіп,

шелегіңді жасырма» дегендей, келген шаруамды, ой-
мақсатымды айтып едім, Әзағаң сәл ойланып отырды да
өз шығармашылығындағы бірқатар зерттелмеген тақырып-
тарды тарқата айтты.

Сол күні асыл ағамен ұзақ әңгімелестім. Ғылым мен
әдебиеттің қалың қатпарларына көз жүгіртіп, жазушы
лабораториясының терең сырларына үңілдік. Бірқатар жас
ғалымдардың қаламгер шығармашылығына қатысты ой-

түйіндеріне көзқарасын білдім, әлі де болса «түрен тиме-
ген» тақырыптарды нақтылап алдым.
Шынымды айтсам, нөпір ойларын қағаз бетіне тоқтау-
сыз түсіріп отыратын еңбекқор жазушы уақытын алға-

ныма қабағын шытар ма екен деп ойлағам. Алайда жүрегі
жұмсақ әзиз аға ағынан ақтарыла жан сырын жайып
салды. Менің қойған әрбір сұрағыма бар ынта-ықыласымен
жауап берді.

Бұл неткен дарқандық! Бұл неткен кішіпейілділік! Бұл
неткен ақкөңілділік! Атам қазақ: «Ұлық болсаң – кішік
бол» деген нақылды осындай кеңпейілді, атан жүректі
адамға арнаған-ау!

Әзағаңмен осынау алғашқы жүздесу маған қанат бі-
тіргендей болды. Біраз жыл «қалғыған» шабытым «дүр»

етіп қайта оянды. Мыңдаған оқырмандардың шынайы
сүйіктісіне айналған қарымды қаламгердің мұқым шығар-
машылығын бастан-аяқ тағы бір оқу басталды. Әрине
оқушы, студент кездерімізде атақты романдарымен қатар

публицистік еңбектерін де басымызға жастап оқығанбыз.
Енді ғылыми тұрғыдан таразылау үшін әрбір шығарма-
сына мұқият «шұқшиюға» кірістім. Оның үстіне маған
дейінгі зерттеушілерді қайталамау, олар қағыс қалдырған

тұстарды жіліктей талдау міндеті тұрды. Шынында әрбір
ғалым әрқилы тақырыпты, жазушы шығармашылығының
сан алуан қырларын қаузапты. Енді оны қайталаудың қа-
жеті жоғы белгілі. Мен ғылыми жетекшім Бауыржан Ома-

ровпен ақылдаса келіп, Ә.Нұршайықов шығармашылығын-
дағы деректік негіз бен көркемдік сипат мәселелерін кең
ауқымда, кешенді түрде зерттеп, 2010 жылы 29-қазанда
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертация қорғадым.
Шіркін «қорғадым» деп айта салудың оңайын-ай! Шын
мәнінде 6 жыл бойындағы есіл еңбек өз жемісін берді.
Әзағаңмен тығыз шығармашылық байланыста болған Бау-

кең де ақыл-кеңестерін айтудан жалықпады. Оның жана-
шырлық ақ көңілін өмір бойы ұмытпаспын-ау!
Ең бастысы біртуар жазушының шығармаларын ғылы-
ми сүзгіден өткізу арқылы оның қаламгерлік шеберлігіне

деген қызығушылығым одан әрі күшейе түсті. Халық
қазынасына айналған терең мағыналы туындыларды танып-
білу енді басталғандай көрінді. Шындығында Әзағаңның
оқырман қолындағы әдеби мұраларынан гөрі әлі тасқа

басылмаған, кітап болып шықпаған қыруар дүниелері талай
құпияларды ішіне бүгіп жатқандай..
Қолтаңбадан шашу шашқан қаламгер
...Айтпақшы, сол алғашқы жүздесуде мен Әзағаңды ең

алғаш рет КазГУ-дің журналистика факультетінде оқып
жүргенде университетте өткен ол кісімен кездесуде көр-
генімді, кейіннен А.Пушкин атындағы кітапханадағы

оқырмандармен басқосуда әңгімелерін ынта қоя тыңда-
ғанымды әңгімелеп бергенмін. Сәлден кейін Әзағаң отба-
сылық жағдайымды сұрады. Мені журналист ретінде
білетіндігін, «Егемен Қазақстаннан» мақалаларымды оқы-

ғанын айтып, мерейімді бір өсіріп тастады да, артында
тұрған кітап сөрелерінің төменгі жағынан үш кітапты
қолына алып қолтаңба жаза бастады. Арада сәл уақыт
өткен соң Әзағаң «Өлке» баспасынан 2000 жылы шыққан

«Өмір өрнектері» атты кітабына мынадай қолтаңба жа-
зып, өзінің ашық үнімен мәнерлей оқыды:
«Белгілі журналист Мұратбек Тоқтағазинге.
Қымбатты Мұратбек!

Сізбен біз Сіз журфак студенті кезінде кездескен екенбіз.
Енді, міне, содан талай жыл өткенде тағы да кездестік.
Кездесуіміз жалғаса берсін, бауырым.
Сіздің ғылымның даңғыл жолына түсіп, мақсатыңызға

жетуіңізге шын жүректен тілектеспін.
Ағалық құрметпен, Әзілхан Нұршайықов. (қолы)
10.10.2005 ж., Алматы.
Қолын қойып, аты-жөні жазылған жеке мөрін басты. Со­

сын біздің үйдегі келінінің аты-жөнін, не істейтінін мұқият
сұрады да, «Мәңгілік махаббат жыры» атты кітабын қо-
лына алып төмендегідей автографты жазды:
«Ұстаз Мәдениет Нұрахметоваға.

Қымбатты келінім Мәдениет!
Сіз Аягөзде оқыған екенсіз. Мектепте Меңтай дәре-
жесінде болыпсыз. Мұратбек Сізге Ербол болып қосылған
екен. Екі ғашықтың осылай қосылып, армандарына жет-

кеніне қуаныштымын.
Ал мына «Мәңгілік махаббат жырының» кейіпкері
Халима деген апайыңыз да сол Аягөзден Семей детдомына
түсіп тәрбиеленген. Біз де бір-бірімізге тоғыз жыл ғашық

болып қосылған едік.
Сол апайыңыз туралы кітапты Өзіңізге зор құрмет-
пен сыйладым.
Шын ықыласпен Әзілхан Нұршайықов

10.10.2005 ж., Алматы.

(«Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайы-
қов» деп айшықталып жазылған дөңгелек мөрін қойды).

– Үлкен балаң нешеде? – Әзағаң маған кенеттен сұрақ

қойды.

– Үлкен ұлым Баубек Америкада, Канзас ұлттық уни-

верситетінде оқып жатыр, – дедім. Аға «Мәңгілік махаб-
бат жырының» тағы біреуін алып алғашқы бетіне жаза
бастады.
Ардақты Баубек қалқам!

Сенің атыңды естігенде соғыста жүргенде оқыған
Баубектің «Комсомольская правда» газетіне шыққан тама­
ша мақалалары ойыма оралды.
Сен де Баубектей талантты бол, айналайын.

Ең алдымен жақсы жар тап. Оған қосылғаннан кейін
оны өмір бойы әлпеште. Өмірлік жан серігіңді қадірлеп,
құрметтей біл. Осы кітаптағы Халима апайларың еке-
уіміздей тату, тәтті, мағыналы өмір сүріңдер. Сондай

тілекпен осы кітапты өзіңе ұсындым.
Қабыл ал, қалқам.
Атаң Әзілхан Нұршайықов.
10.10.2005 ж., Алматы.

Әзағаның автограф беруіне байланысты әңгімелерді бұ-
рын сырттай естуші едім. Ол кісінің өзгелерге ұқсамайтын
бір ерекшелігі бар. Ол қарымды қаламгердің ұқыптылығы
тұрғысынан өрбіп жататын. Бұл жолы өз көзіммен көрдім.

Маған үш кітапты бермес бұрын үстелінің сол жақ шетінде
тұрған ксероксқа барып, кітаптардың автограф жазылған
тұстарын бір-бірден өткізіп алды. Сөйтіп ол парақтарды
жазу үстелінің оң жақ қапталында тұрған әдемі көк папкаға

ұқыптап салып қойды. Сосын қолымды қысып, арқамнан
қаға үш кітапты құшақтатты. Ол кісінің айтуына қарағанда
бұрын автографтарын көшіру аппараты жоқ кезінде ерін-
бестен қаламсаппен жазып алған екен. Олардың ұзын саны

бір жарым мыңнан асып кетіпті. Яғни үлкен бір том шыға-
руға әбден лайық. Қолтаңбалардың арасында қазақтың не-
бір маңдайға басар классик қаламгерлерінен бастап, жақын

және шетел жазушыларының, мәдениет қайраткерлерінің,
саясаткерлердің автографтары толып жатыр. Бұл да болса
ұқыпты сөз зергерінен үйренерлік бір жақсы әдет.
«Президентті құрметтеу – халықтың міндеті»

Қазақ әдебиетінің тарихында ел президентімен жылы
қарым-қатынас орнатып, онымен хат жазысып, көкейіндегі
ой-пікірлерін іркілместен жазып отырған жазушылар аз
болған. Тіпті саусақпен санарлық десе де болғандай. Сол

аздың ішінде Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан
Нұршайықовтың да болуы кездейсоқ емес.
Әзаға көкейіндегі өзекжарды ойларын, елген, жерге қа-
тысты өткір пікір-ұсыныстарын Елбасымызға жолдап оты­

руды әдетіне айналдырған. Жетістіктерге көңілі марқайса,
кемшіліктерге ерекше күйінген. Оны жоюға, түзеуге бай­
ланысты ой-тұжырымдарын президентімізге жазып жіберу
арқылы өзінің азаматтық позициясын ашық әрі айқын аң-

ғартып отырған.
Әзілхан Нұршайықов Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше
сыйлаған, өзінің жазбаларында оның елімізге сіңірген ерек­
ше еңбегін аса жоғары бағалаған, мақтау сөздерді айтуда да

мырзалық танытқан. Бір досының «Президенттің тілеуін
күн сайын тілеп отырамын дегеніңіз барып тұрған жа-
ғымпаздық емес пе?» деген сауалына мынадай жауап
қайтарыпты: «Президентке жағымпазданатын мен ол кісі-

нің қарамағындағы мемлекеттік шенеунік емеспін. Пре­
зидент маған министрлік қызмет бермейді, «мерседес»
мінгізбейді, Астанадан екінші пәтер әпермейді. Ендеше мен
не үшін жағымпазданбақпын?

Қазақстан Тәуелсіз республика болған кезде мемлекет
капиталистік елдер сияқты өз байларымызды жасаймыз деп,
2 миллиард доллар ақша босатты. Сөйтіп, «жаңа қазақтар»
мен «жаңа орыстар» және «жаңа кәрістер» пайда болды.

Жаңа байлардың көбі басшылардың балаларынан, олардың
туыстарынан, руластарынан жасалды. Оларға мемлекет қо-
мақты-қомақты несиелер берді. Ал менің төрт баламның

бірде-біріне несие берілген жоқ, несие таратушылар маңына
жолатпады. Сөйтіп, олар «жаңа қазақтар» қатарына қосыла
алмай, ескілердің қатарында қалды. «Ескілердің» жай-күйі
қандай екені қазір жұртқа белгілі.

Бұл – бір.
Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде мен 786 күн алғы
шепте артилллерист болып, фашистермен соғыстым. Соғыс
ардагерлеріне жыл сайын автомашиналар беріліп жатты. Ал

Алматы қаласының әкімі Храпунов маған машинаның кіл-
тін ұстатпақ тұрғай, сылдырын да естіткен жоқ.
Бұл – екі.
Соңғы жылдарда президенттік степендияға іліндім. Жы­

лына 180 мың теңге тиеді. Ол степендияны жалғыз мен
ғана алып жатқаным жоқ. Мен степендия алушы жүз шақ-
ты адамның бірі ғанамын.
Бұл – үш.

Кеңес кезінде мемлекеттік жоспарға кіргізілген төрт
томдығымның соңғы екі томы әлі күнге дейін жарыққа
шыққан жоқ. Бұл туралы Президентке бірнеше рет өтініш
айттым. Президент төмендегілерге тапсырды. Олар «ұмы-

тып» кетті.
Бұл – төрт.
Бірде-бір балам Президент қол астында, оның айнала­
сында, жоғары мемлекеттік қызметтерде жүрген жоқ.

Бұл – бес.
Мінеки, сонда мен Президентке не үшін жағымпаздан-
бақпын?
Жоқ, мен жағымпаздық жасап жүргенім жоқ. Өз Пре-

зидентін құрметтеу – мемлекет халқының міндеті. Мен
өзімнің сол абыройлы борышымды ғана орындап жүрмін.
Конституциялық өз борышын өтеушілердің бірі ғанамын.
Сол себептен Президенттің өзім ұққан жақсы қасиеттерін

жұртқа жариялап келемін».
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің мақтанышы, халқымыз-
дың қаһарман ұлы, халық батыры Бауыржан Момышұлы
өзінің көзі тірісінде батыр атағын алмағаны көпшілікке

мәлім. Кеңес өкіметінің сірескен жүйесі, құрлық атаулының

алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып империяның өркө-
кірек басшылары қазақ елінің әділеттілікті қалпына кел-
тіру жөніндегі ой-ұсыныстарына пысқырып та қарамады.
Оған тек өзіміз өз болып жеке отау құрғанда ғана қол

жеткіздік. Бұл туралы Әзаға былай депті: «Қазақ халқы
Бауыржанға батыр атағын берілуін 45 жыл арман етті. Оған
төрт жылға созылған сұрапыл соғысты қоссақ – 49 жыл.
Бірақ:

Мұрттысы бар, мұртсызы бар,
Қасқасы бар, басқасы бар,
Қастысы бар, шаштысы бар
Ұзыны бар, қысқасы бар бұрынғы басшылар қазақ

халқының бұл арманын жүзеге асырмады. Президент
Н.Ә.Назарбаев сол 45 жылдық арманды 8 айда жүзеге асыр­
ды (12.12.1990 жыл).
Бұрынғы басшылар Бауыржанға 45 жыл Батыр атағын

әпере алмап еді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл атақты өзі Пре­
зидент болған 8 айдың ішінде алып беріп, қазақ халқын
қуанышқа кенелтті, өзі ел сүйіспеншілігіне бөленді».
Шындығында Нұрсұлтан Әбішұлы Әзілхан Нұршайы-

қовқа ерекше құрметпен қарап, оған жазған хаттарын
«Әз-аға» деп бастап отырған. Ел басшысы тарапынан
қарапайым қаламгерге осылайша ыстық ілтипат білдіру
тарихта сирек ұшырасатын жайт. Әзағаңның өзі де Прус­

сия королі Фридрих екіншінің Вольтерге ұзақ-ұзақ хаттар
жазғанымен артынан оны ұмытып кеткенін жаза келіп:
«Менің «королім» қайтер екен?» деп бір өтеді. Алайда Ел-
басы ол кісі ойлағандай «ұмытып кетпейді», керісінше

халық жазушысына хат жолдауын жалғастыра береді. Со-
лардың арасындағы мына бір хат ерекше назар аударарлық.
Құрметті Әзеке!
1991 жылғы тұңғыш Президент сайлауынан кейінгі

кездесуде Хамит Ерғалиевпен бірге маған баталарыңызды
беріп, ақылдарыңызды айтып едіңіздер. Бәрі есімде.
Содан бері Тәуелсіздікті нығайтып, Қазақстанды мем-
лекет ету жолындағы менің істеген еңбегімді әрдайым

қолдап келесіз. Маған хат жазып ойыңызды ортаға салып,
елдегі болып жатқан өзгерістерге өз пікіріңізді айтып
жүрсіз. Сондықтан да мен Сізге әр кезде зор ризамын.
5/І-да болған кездесуде маған «Махаббат, қызық мол

жылдарды», «Халиманы» сыйға тарттыңыз. Біріншісін
бұрын оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойдан бас
көтермей оқып шықтым. Тәлім – тағылымы мол, керемет
шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқи-

тын хикая.
Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз – ел қазынасы.
Өміріңіз – үлгі!
Аман-сау болыңыз, Әз-аға.

Аса сыйлайтын

Н. Назарбаев.
06.01.2003 жыл.
Жазушының шығармашылығына ел Президентінің баға
беруі, оған арнайы көңіл бөлуі зор құрметтің нақты көрі-

нісі. Қаламгердің мұншама ізгі ілтипатқа шаттанбауы
мүмкін емес. Демек оның «Еруліге-қарулы» ретінде ел
басшысының қыруар еңбегін мақтан етіп, оны көкке
көтере мадақтауы заңды құбылыс. Әзағаңа бір оқырманы

«президентті неге мақтайсыз?» деп сұрақ қойғанда ол бы­
лайша жауап қатады: «Біз, жазушылар, адамдарды ардақ-
тау, мадақтау үшін жаратылған жандармыз. Еліңде Пре­
зиденттен озық ешкімің болмаса, оны қалай мақтамассың.

Егер сіз Президенттен асқан білімді, дарынды болсаңыз,
мен сізді ең алдымен мадақтар едім. Жақсының жақсылы-
ғын айту – біздің міндетіміз. Менің ол кісі туралы айтқа-
нымды құр мақтау ғана емес, жазушылық міндетімді орын­

дауым деп те білу керек!»
Әзағаң өмірінің соңына дейін ел президентін ардақтау-
дан жалыққан жоқ, ол туралы пікірі өте жоғары болды.
Үстіміздегі жылғы 7 ақпанда Елбасымыз Алматыдағы ре­

зиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне ке-
зекті стипендия табыстау рәсімін өткізгені белгілі. Осы
басқосуда айтуға Әзағаң арнайы сөз дайындап, оны «Пре­
зидентке өтініш» деп атапты. Бұл расында мерзімінен

бұрын өткізілетін президенттік сайлау қарсаңындағы та­

рихи сөз еді. Алайда денсаулығына байланысты Әзағаң
оны елбасының алдында оқи алмады әрі қаламгердің бұл
сөзі бірде-бір басылымда жарияланбағандықтан оны еш
өзгертусіз осы арада толығымен беруді жөн көрдім.

Президентке өтініш
(Президент Н.Назарбаев бір топ зиялы қауымға кезекті
президенттік стипендия тапсырғанда айтылған сөз)
Бүкіл дүние жүзіне мәлім, Қазақстан халқына сүйікті,

биік мәртебелі қымбатты Нұреке!
Сіз бізге Өз қолыңызбен бірнеше рет президенттік
стипендия тапсырдыңыз. Кейде Сізбен бокал соғысты-
рып, шампан да ішуші едік. Өзіңізді ортамызға алып,

бірнеше рет суретке де түскенбіз. Біз бұл қамқорлығыңыз-
ды ешқашанда ұмытпаймыз. Мәңгі есімізде сақтаймыз.
Сол көп стипендиаттарыңыздың бірі ретінде бүгін
менің Сізге айтар өтінішім бар. Үлкен өтініш. Соны тың-

дауыңызды сұраймын.
Ертең Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет
болғанына 20 жыл толады. Бұл жиырма жыл ішінде Сіз
Қазақстанды жаңа, жас мемлекет етіп қалыптастырып,

бірсыпыра байырғы мемлекеттерден оздырдыңыз.
Жаңа мемлекеттің жаңа орталығы Астананы Сіз өз
қолыңызбен орнаттыңыз. Ғасырлар бойы айқындалмай
келген қазақ мемлекетінің шекарасын шегендедіңіз.

Ал дүние жүзі халықтарының бақыты үшін Сіз Се­
мей атом полигонын жаптырдыңыз. Қаншама халықты
жалмайтын ядролық қаруларды өз қолыңызбен қара жер­
ге көмдірдіңіз. Атом қаруын жаппай жою жөнінде дүние

жүзіне жар салдыңыз.
Күні кеше, тек Еуропада ғана емес, бүкіл жер шарында
қауіпсіздік пен ынтымақ орнатудың өшпес үлгісін көрсе-
тіп, адамзат тарихынан мәңгілік орын алатын атақты

Астана Саммитін, қаһарманша қайрат жасап, абырой­
мен өткіздіңіз. Сөйтіп, тығырыққа тіреліп, жүрегі әрең
соғып тұрған ОБСЕ-нің тамырына қан жүгіртіп, тыны-
сын кеңейттіңіз.

Осы бүгін ғана 7-ші қысқы Азия ойындарының жеті
күн желкілдеген жалауын жерге түсіртіп, халықты қуа-
нышқа кенелттіңіз. Жастарымыз алтын, күміс, қоладан
медальдар тағып, мерейлері өсті.

Сіз бүкіл Қазақстан халқына тынбастан тыныштық
сыйлап келесіз. Біздің барлық қуанышымыз, қызығымыз,
рақатымыз Сіз сыйлаған осы тыныштықтың арқасы.
Әрине, бұл жеңістердің бәрі Сізге оңайға түскен жоқ.

«Арқа етім – арша, борбай етім – борша болды» дегендей,
Сіз адам көтере алмас талай ауыр қиындықтарды көр-
діңіз. Ұйқысыз көп түндер өтті, бас қатты, мый ашыды.
Сонда да Сіз, тұлпар түйе Желмаяға мініп, желіп жүріп,

қазақ еліне жақсы қоныс, жайлы орын – Жерұйықты
іздеген Асан Қайғы бабаңыз сияқты, темір тұлпар «Боинг-
ты» екі өкпеге тепкілеп, дүние жүзін шарладыңыз,
жас қазақ мемлекетін өркендетуге керек қаржы-қара-

жат жинадыңыз. Сөйтіп жүріп, қазақтың жаңа тұр-
патты мәңгілік мемлекетін орнаттыңыз. Осының бәрі
үшін қазақ халқы Сізге мың мәрте алғыс айтады.
Кеше халыққа Жолдау жасадыңыз. Ол Жолдаудың іші

шүпілдеп тұрған халыққа қамқорлық.
Одан кейін «Бізді біріктіретін жолды ұсынамын» деп
Қазақстан халқына үндеу жарияладыңыз. Президенттік
өз өкілеттігіңізді екі жылға қысқартып, Президент сайла-

уын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс енгіздіңіз.
Алдыңғы күні өз Жарлығыңызбен мерзімінен бұрын
өтетін Президент сайлауын 3-ші сәуірге тағайындадыңыз.
Бұл Сіздің Конституцияға адалдығыңыздың белгісі.

Адалдық – адамның ең қымбат қасиеті ғой! Конституция-
ға деген сол адалдығыңыз үшін біз Сізді бұрынғыдан да
бетер құрметтейміз.
Бар керегін дүние жүзінен тірнектеп тасып, шаңыра-

ғын көтерген, жаныңыздан жаралған өз балаңыздай мем-
лекетті кімге тапсырасыз енді?
Біз Сізден алдағы сайлауда Президенттікке кандидат
болып, дауысқа түсуіңізді өтінеміз. Халық Сізге қуана

дауыс береді. Осы отырған бәріміз дауысымызды Өзіңізге
береміз, оған ешқандай күмәніңіз болмасын, құрметті
Нұреке.
Сіз: «Мен қартайып қалдым. Жастарға орын беру керек

шығар» деп ойлаған боларсыз. Жастарға үміт артуыңыз
орынды ғой. Бірақ дәл қазір Сіздің орныңызды басып,
мемлекетті Сіздей басқарып кете алатын, Қазақстанның
дүние жүзілік атағына ие болатын ешкім жоқ. «Ат тұя-

ғын тай басар» дегендей, әрине, жастар да жетілер.
Олар жетілген кезде, кейін, орныңызды біреуі басар.
Жоқ, Сіз қартайған жоқсыз, Нұреке. Алдыңыздағы аға-
ларыңыз бен апаларыңызға қараңызшы. Асанәлі Әшімов

ағаңыз 74 жаста. Әлі күнғе дейін сахнада саңқылдап ке-
леді. Киноға түссе, ат құлағында ойнайды. Бибігүл апа-
ңыз 80-нен асты. Әуені әлі күнге дейін күмістей сыңғыр-
лап, көрермендерді қуантады. 85 жастағы Серкебаев

Ермек ағаңыз ән шырқағанда, театрдың түндігін желпіл-
детеді.
Ал мен 90-ның табалдырығын аттағалы тұрмын. Сонда
да шалдарша шапқылап жүрмін. Былтыр шауып Астана-

ға барып, Өз қолыңыздан, әскерше адымдап, қасыңызға
барып, «Отан» орденін алып, кеудеме тағып қайттым.
Биыл Азиада алауы Өскеменге келгенде сол алауды мен де
алып қаштым. Алаугер атандым. Сертификатым бар.

Сіз менен жиырма жастай кішісіз. Сіздің 85-ке, тіпті,
90-ға дейін елді еркін басқаруға ақыл, парасат, күш,
қуат, қайрат, қабілетіңіз, жігеріңіз және кемеңгерлігіңіз
жетеді.

Қайталап айтамын: мен Сізден осы алдағы сайлау­
да Президенттікке кандидат болып түсуіңізді өтінемін.
Менің бұл өтінішімді осы отырған зиялылардың бәрі,
тіпті бүкіл халық қолдайды деп сенемін.

Менің бұл өтінішіме осы арада жауап беріп кетуіңіз-
ді сұраймын.
Қалай, достар, өтінішім орынды ма? Қостайсыздар ма
осы өтінішті?!

Мен болдым.

АРДАҚТЫ НҰРЕКЕ!

Бұл кішкенай сөзімді 90-ға келген ағаның ақ тілеуі
ретінде Өзіңізге беруіме рұқсат етіңіз».
Уақыттың өтуіне байланысты бұл сөздің өзектілігі
жоғалыңқыраған да болуы мүмкін. Алайда ақпан айының

басында бұл нағыз айтылуы тиіс ұсыныс-пікір болатын.
Түсіне білген адамға бұл ұсыныстың мәні әлі де жойылған
жоқ. Өйткені бұл жерде жеке бір адамның ғана емес,
ұлттың, мемлекеттің тағдыры туралы да сөз болып отыр.

Ең бастысы жазушының президентімізге зор сеніммен
қарайтыны айқын аңғарылады. Тәуелсіз Қазақстанды
әзірге тек Нұрсұлтан Әбішұлы басқаруы қажеттігін атап
айтады.

Біз бесеуміз, бесеуміз...
Жазушы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығынан ре­
ферат жазған оқушылар мен диплом жазған студенттердің
саны мейлінше көп. Оны ешкім де нақты айта алмайды.

Өйткені республикамыздың түкпір-түкпіріндегі жүздеген
мектептерде қаламгер туындылары бойынша рефераттар
жазылып, көптеген университеттердің филология, журна­
листика факультеттерінде студенттер дипломдық жұмыс

қорғаған.
Ал жазушы шығармашылығы бойынша күрделі ғылыми
зерттеулер жүргізіп, кандидаттық диссертация қорғаған
адамның саны бесеу. Ең алғашқы болып Сәлима Қалқабаева

«Ә.Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер»
атты тақырыпта Алматы қаласында қорғады. Онда «тыңға
түрен салған» жас ғалым Әзағаңның шығармаларындағы
адамгершілік мәселелеріне жан-жақты тоқталып, қалам-

гердің туындыларын тұңғыш рет ғылыми тұрғыда жан-
жақты саралаған. Оның кейіннен осы аттас монографиясы
жеке кітап болып шыққан. Оны көрген жазушы шынайы
ризашылығын білдіріпті.

Екінші болып Қарлығаш Нұрымова «Ә.Нұршайықовтың
«Махаббат, қызық мол жылдар» романының шығармашы-

лық тарихы» деген тақырыпта кандидаттық диссерта­
ция қорғаған. Ол өз ғылыми еңбегінде заманымыздың
бестселлерлік туындысына айналған «Махаббат, қызық
мол жылдар» романын ғылыми талдау, сараптау, баға беру

тұрғысынан байыпты түрде жіліктеген. XX ғасырда дүние-
ге келген осы тақырыптас шығармалармен салыстыра
отырып, оның тек қана өзіне тән ерекшеліктерін жеріне
жеткізе талдаған. Әзағаңның махаббат тақырыбына келген­

де қамшы салдырмайтын һас тұлпар екендігін жан-жақты
дәлелдеген.
Семейлік Шайза Доскеева «Әзілхан Нұршайықов шы-
ғармаларындағы замандас бейнесі» деген тақырыпты таң-

дап алыпты. Ғылыми тұрғыдан көз жіберсек бұл өте бір
өзекті мәселе. Жас ғалым осы тақырып аясында сәтті зерт­
теулер жүргізіп, жазушы шығармаларындағы замандастар
бейнесіне тосын қырларынан талдау жасайды. Қаламгердің

осы тұрғыдағы шеберлігіне әдістемелік тұрғыдан кешенді
түрде баға беруге талпынады. Қазақ әдебиетіндегі заман­
дастар бейнесінің сомдалуы мен Ә.Нұршайықов шығар-
маларындағы кейіпкерлердің өзіндік рухани ерекшелік-

терін ғылыми тұрғыда сәтті салыстырады.
Алматылық Арайлым Кенжеғарина кандидаттық дис­
сертациясын
педагогикалық

тұрғыдан
қорғап,
жазу­
шы шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселесіне назар

аударған. Ә.Нұршайықов туындыларының қайсысын алсақ
та жас ұрпаққа берер тағылымы мол екендігін аңғарамыз.
А.Кенжеғарина жазушының өз ұстаздарына қандай көз-
қараспен қарағандығын, әсіресе «Ақиқат пен аңыз» рома-

нындағы патриоттық тәрбие мәселесін егжей-тегжейлі
сараптаған. Сонымен қатар еңбек тәрбиесі, отбасылық,
гендерлік, эстетикалық тәрбиенің қыр-сырларына дендеп
енген. «Махаббат, қызық мол жылдар» романын педаго-

гикалық көзқарас тұрғысынан саралай келіп, адамның
адамды жақсы көруінің терең тәрбиелік мәні бар екендігіне
ерекше назар аударады.
Ә.Нұршайықов шығармашылығынан кандидаттық дис­

сертация қорғаған бесінші адам – осы жолдардың авторы.

Алдыңғы әріптестерді қайталамау үшін қаламгердің ерек-
ше бір қыры – деректерді пайдалана білуінің жай-жап-
сарларына басты назарды аударып, диссертация тақыры-
бын «Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы дерек-

тік негіз және көркемдік сипат» деп бекіттіріп алдым.
Сөйтіп Әзілхан Нұршайықов шығармашылығын деректік
негіз бен көркемдік сипат ұғымдары тұрғысынан қарас-
тырдым. Оның бірнеше себебі бар еді. Қаламгер барлық

дерлік туындыларына өз өмірінде болған жәйттерді арқау
еткен. Ол осы оқиғаларды көркем қиюластырып, шебер
бейнелей біледі. Жазушы басынан өткен жайларды аса тар­
тымды етіп жаза алады. Ол − оқырманын ең көп тартқан

қаламгердің бірі.
Әзілхан Нұршайықовтың деректік негіздерінің діңгегі
мықты. Себебі, ол Ұлы Отан соғысынан бері үзбей күнде-
лік жүргізіп келеді. Сол күнделіктерінің негізінде көркем

шығарманың ұстынын қалайды. Деректік негізі мықты
болған соң, көркем туындының шындыққа сүйену дәрежесі
де биік. Сол жазған деректік негіздемелерін көркемдеп си­
паттау жағынан да қаламгер қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысында осы айтылған мәселелердің бәрі тия-
нақтылықпен талданып, байыпты баға берілді. Ғылыми
зерттеу барысында бұрын елдің көзіне түсе қоймаған тың
деректер іздеп тауып, ғылыми айналымға енгізуге ден қо-

йылды. Қаламгердің жеке мұрағатының материалдары пай­
даланылды.
Ғылыми жұмысыма Қазақстанның халық жазушысы,
көрнекті қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың шығарма-

ларындағы деректік негіз бен көркемдік сипаттың қалай
көрініс тапқаны жөніндегі мәселені зерделеп, ғылыми баға
беруді басты мақсат етіп алдым. Зерттеу жұмысын ұсыну
арқылы осы мақсаттан туындайтын бірқатар міндеттерді

жүзеге асыру көзделді. Олар: жазушының шығармашылық
лабораториясы жөнінде жан-жақты зерттеу жүргізу, оның
қаламгерлік тәжірибесінің қалай басталғаны, қалай қа-
лыптасқаны, даму жолдары туралы ой қорыту; қаламгердің

шығармашылығындағы деректік негіздер мен көркемдік

сипатты айқындау; Әзілхан Нұршайықовтың шығарма-
шылық тұлғасы, қаламгерлік шеберлігі туралы байлам жа­
сап, оның дара қолтаңбасын, өзіндік ерекшеліктерін таны­
ту; жазушы шығармашылығының қалыптасуы мен дамуына

әсер еткен факторларды айқындау; қаламгердің журналис-
тік тәжірибесінің жазушылық кәсіпке әсерінен туындай-
тын мәселелерді талдап-таразылау; жазушының күнделік
жүргізу, қойын дәптерді пайдалану тәжірибесін зерде­

леу, ондағы деректердің көркем шығармада көрініс табу
ерекшеліктері туралы байыптама жасау; қаламгердің де-
ректерді пайдалану үрдісі және оны көркем шығармада
пайдалану тәсілдері жөнінде теориялық тұрғыдан талдау

жасау; қаламгердің мемуарлық шығармаларындағы көр-
кемдік сипат ұғымына баға беру; Әзілхан Нұршайықов
шығармашылығында замана тынысы мен дәуір ахуалының
көркем бейнеленуіне талдау жасау; жазушының жинаған

деректік материалдары мен оның көркем шығармада пай-
даланылған нұсқаларының ара қатынасын айқындау;
Осы мақсатта Әзілхан Нұршайықовтың көптомдық шы-
ғармалар жинағындағы бірқатар әдеби туындылары («Қа-

ламгер және оның достары», «Ақиқат пен аңыз», «Ма­
хаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры»,
т.б.), публицистикалық еңбектері, мерзімді баспасөзде
жарияланған мақалалары мен сұхбаттары, жазушының

шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер, танымдық
әдебиеттер, портреттік мақалаларды осы зерттеуге өзек
етіп алдық. Жұмысты орындау барысында халық жазу-
шысының өзімен бірнеше рет әңгімелесіп, ол шығарма-

шылық лабораториясы, көркем шығармаға материал жинау,
қойын дәптерді пайдалану, күнделік жүргізу тәжірибесі
жөнінде ой бөлісті. Осы тақырыпқа қалам тартқан әде-
биетшілер мен журналистердің материалдары да назардан

тыс қалған жоқ.
Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасал­
ды: Әзілхан Нұршайықов шығармалары − деректік негізге
сүйеніп, көркем шығарма жазудың озық үлгісі. Ол − өмірде

болған оқиға мен өзінің бастан өткен жәйттерін көркем

дүниеге айналдырып, толыққанды шығарма ретінде ұсы-
нудың шынайы шебері. Әзілхан Нұршайықов − баспасөз-
дің мектебінен шыққан жазушы. Ол журналистика сала-
сындағы ұзақ жылғы тәжірибесін көркем әдебиеттегі кәсі-

біне тиімді пайдаланады, дерек пен мәлімет жинаудың ше-
бері. Әзілхан Нұршайықовтың мемуарлық шығармаларын-
да тұтас қоғамның өмір шындығы бейнеленген, оның күн-
деліктері қоғамдық тұрмыстың ғана емес, әдеби өмірдің де

шежіресі. Бұл жазбалар қаламгерлік ортаның, жазушылар
тіршілігінің ұзақ жыл бойы үздіксіз жазылған жылнамасы.
Бұл жылнама жазушылар одағының тарихына және
қаламгерлер өміріне қатысты деректерді анықтауға, мәлі-

меттерді нақтылауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Әзілхан
Нұршайықов − ішкі мәдениетін, өзіндік жұмыс тәртібін
қалыптастырған жазушы.
Туған жердің тарихы-ай...

Әзағамен екінші кездесуіміз 2010 жылғы 6-тамызда
болды. Бұл жолғы жүздесуіміз бірден сұрақ-жауап түрінде
өрби жөнелді. Маған бәрі қызық: жазушы лаборатория­
сы, өмірбаянының оқырманға белгісіздеу тұстары, мұ-

рағаты, деректерді қолданудағы өзіндік ерешеліктері мен
құпиялары...
Жалпы Әзағаңның туған жерінің өзі – тұнған тарих, әр
атауды «түртіп» қалсаңыз небір түрлі аңыздар мен әпсана-

лар «сайрап» қоя береді. Оның қазіргі, болашақ ұрпақ
үшін керек екендігін ескерсек сол бір тұстарға назар ауда­
ру қажеттігіне көз жеткізесіз. Сондықтан осы мәселелерді
әңгімелеп беруді өтінгенімде ол кісі іркілмеді.

– «Келінсүйегі» дейтін себебі сол жердегі бір азамат

Арқа жағынан келіншек әкеле жатады. Оны ақ түйеге мін-
гізіп, сән-салтанатпен, басына ақ отау көтеріп, сол өзенге
енді тоқталады да бүгінше демалып, ертесіне аттанбақ бо­
лады. Қолма қол үй тігіледі. Болашақ келін құрбыларымен

бірге өзенге суға түсейік деп кетіп бара жатады. Солай бара
жатқан кезде келіншектің аяғын жылан шағады, сол арада

келіншек қайтыс болады. Ал өлі келіншекті келін түсетін
үйге апаруға болмайды ғой. Сөйтіп жиналған жұрт әлгі
келіншекті сол маңайға арулап жерлейді. Содан біздің ауы-
лымыз «Келінсүйегі» деп аталып кетіпті. Кейін есейгенде

мен әкемнен ауылымыздың бұлайша аталуын сұрағанда
әкем осыны айтып берген еді. Бала кезде қиялымыз шарық-
тап жүретін еді. Ауыл маңындағы көк шөпте шалқалап
жатқанымызда ақ бұлттар көшіп бара жатады, соның бірі

ақ түйе сияқты болып елестейтін еді. Сонда әлгі ақ бұлт-
тардың үстіне келін мініп бара жатқан сияқты көрінетін.
Бұл балалық қиял ғой...
Ал «Ақбұзау» дейтін себебі сол жердегі бір азаматтың

ақ бұзауын қасқыр жеген екен. Жергілікті халық жылқы
қайда, қой қайда деп бір-бірінен сұрағанда екінші біреу-
лері әне біреу ақ бұзау өлген жерде дейді екен. Сөйтіп бұл
жер «Ақбұзау» аталып кетті. Сол шөбі шүйгін, суы мол

жерге колхоз орналасты. Сол колхоз «Ақбұзау» деп аталды.

– Сөйтіп...

– Колхоз ұйымдасқаннан кейін мектепке бардым, ол

кезде арнайы мектеп жоқ, жеке адамдардың бір бөлмесін
сұрап алып мұғалімдер сонда сабақ өткізеді. Біз алғашқы
төрт классты әркімдердің үйінде жүріп оқыдық. Менің әкем
колхоздың председателі еді, ол кісі ауданға айтып ауылы-

мызда орта мектеп салдырды. 1936 жылы 4-класты
бітіргеннен кейін мен сол орта мектепте оқып бітір-
дім. Мен ол кезде ақын дегеннің не екенін білмейтінмін,
бірақ аздап өлең шығаратынмын.

Ақын бала арманы

– Сол «аздағаныңызды» тарқата айтсаңыз.

– Бала кезімде «Түсіпқан» деген бір қисса болды. Сол

қиссада мынадай жолдар бар еді:
«Қолыма ұстағаным күміс қалам
Әуелі өзің сақта хақ тағалам».
Ол кезде біз пионерміз, құдай дегенді айтпаймыз, мен

соған еліктеп отырып ең алғашқы өлеңімді шығардым:

«Қолыма ұстағаным темір қалам,
Көңілім оқу десе болар алаң.
Оқуды озық оқып, ой жүгіртсем,
Кеңеске керекті бір адам болам

(Ол кезде бір темір қалам болатын еді, оның бір жағын-
да қарындаш, екінші жағында қаламұш болатын»)
Ең алғашқы өлеңім осы. Бұл 1936 жыл болса керек.
Одан да басқа көптеген өлеңдер жаздым, пионер туралы

өлең жаздым. Кезінде Жамбылдың 75 жылдығына қарсы
той болған, мен де Жамбылға арнап өлең жаздым.
«Жамбыл десе жорғалап
Сусылдайды қаламым

Жамбыл десе шарықтап,
Өрге өрлейді талабым.
Жамбыл сөзін естісем –
Жігерленем, жанамын!

Жамбыл жырын оқысам –
Өткен күнге қанамын.
Жамбыл әні – шаттық ән,
Шаттық әнге саламын.

Жамбылдан үлгі аламын
Жамбылдай ақын боламын!»
Жамбылдай ақын болу ешкімнің қолынан келмейді
екен, ол өлеңім аудандық «Социалистік еңбек» газетінің

1938 жылғы 18 майдағы нөмірінде басылып шықты. Қа-
бырға газетін шығаратынмын, мектеп басшылығы мені
осы қабырға газетінің редакторы етіп қоятын еді.

– Осы арада ең алғашқы ғашықтық «тәжірибеңіз»

туралы айта кетсеңіз...

– Ұмытпасам 1936 жылдың күзі еді. Бұрын әркімнің

үйінде оқып мазамыз кетсе, осы жылы ауылымызда жаңа-
дан шағын мектеп салынды. Оны ауылдастарымыз «Ақ-
бұзаудың ақ мектебі» деп атап кетті. Семейден педучили­
ще бітірген бір топ жас мұғалімдер келді. Күз кезі бола-

тын. Мен оқу басталғанға дейін колхозда тәбілшік бо­
лып істеп жүрдім. Бригадиріміздің айтуы бойынша жұмыс
істеген кісілерге күн сайын еңбеккүн жазамын. Бірде
тәбіл толтырып отырғанымда көше жақтан бір ән естілді.

Жүгіріп сыртқа шықтым. Қарасам іші балаларға лық

толған екі ат арба келе жатыр екен. Сонда отырғандар ән
шырқап келеді. Енді бір сәтте әлгі арба мектептің жаны­
на тоқтады. Мен тәбілді қоя салып, бригадиріміз Жанұзақ
ағайдан сұранып солай қарай жүгірдім. Сөйтсем бұлар дет­

коммунадан келген балалар екен. Көпшілігі шашын қиған,
киімдері өздеріне жарасқан әдемі қыздар екен. Солардың
арасынан бір қыз маған ұнап қалды. Байқасам ылғи жы-
миып тұрады екен. Кейіннен сұрастырып білсем есімі

Орынкеш екен. Үйге келген соң да жүрегім лүпілдегенін
қоймады. Сөйтіп мен оған кішкентай бір параққа «хат»
жаздым. Ол мына сөздер болатын: «Мен сені жақсы көре-
мін, екеуіміз өмір бойы жолдас болайық». Мен бір реті

келгенде осы қағазды оның қолына ұстатып жібердім.
Келесі күні менің жаныма ұялшақтап келіп кішкентай бір
қағаз ұстатты да өзі жүгіре жөнелді. Қарасам бір-ақ ауыз сөз
жазылыпты: «Жарайды» деген. Сөйтіп ақырында екеуіміз

былайша серттестік: «Оқу бітіріп, ер жеткен соң қосы-
лып, біріміз – ер, біріміз – жар боламыз».

– «Бала махаббаттың» немен аяқталғанын, оған

арнаған өлеңіңіз туралы айтып өтсеңіз.

– Орынкеш алтыншы класты үздік бітіріп, детдом ба­

лаларымен күзде Семейдегі №11 қазақ орта мектебінің
интернатына жіберілді. Мен оған ең алдымен «Қалқам»
деген өлеңімді арнадым. Ол мынадай еді:
Нұрменен айшықталған көзің, қалқам,

Балқытты қорғасындай сөзің, қалқам.
Есімнен тірі күнде шықпақ емес,
Аймалап, «жаным!» деген сөзің, қалқам.
Маржанын махаббаттың терген, қалқам,

Тәттіні неше алуан берген, қалқам.
Қасқайып қарағанда әдеппенен,
Қасыңды жай оғындай керген, қалқам.
Күніндей жер жаһанның көркің, қалқам,

Бейіштің самалындай еркін, қалқам.
Бойыма азық болды, жүрекке – күш,
Өмірлік қол алысқан сертің, қалқам.

– Ауылдық мектепті бітірдіңіз...

– Сөйтіп ауылдық мектепті бітірдік. Бітіргеннен кейін

кім қайда барады деген сұрақ туындады. Біздің ауылда
7-класты бітіргенде Семейдегі педучилищеге баратын
еді. Казпедтехникум бітірген мұғалімдер бізге келіп сабақ
беретін, соны бітірген адамдар керемет деп ойлайтынбыз.

Мен де соған баратын шығармын деп ойлайтынмын. Оқу-
шы кезімде кітапты көп оқитын едім, бір кезде «Арман
ағысы» деген кітап қолыма түсті. Ол кітапты оқып қарасам
геологтар туралы екен. Ой, геологтар дүние жүзін ара­

лап жердің арасында қандай алтын, күміс бар соның бәрін
қарайды екен. Бұл бір ғажап нәрсе екен, қой мен мұғалім
емес, геолог болайын дедім. Ол үшін Алматыға бару ке­
рек екен. Горный металлургический институт бар екен,

соның рабфакы бар екен, соған барып түсу керек екен,
сонда документімді жібердім. Документімнің бәрі «отлич­
но» еді. Жақсы оқыдым, 7-ші класс бітіргендігім туралы
куәлік берді.

Кейіннен Алматыдан оқуға түскендігім туралы хабар
келді. Енді жолға жиналу керек болды. Ол бір жоқшылық,
тапшылық кезеңі болатын. Әкем колхоз председателі бол­
са да тек жалақысымен ғана күнелтетін. Ал үлкен қалаға

жету үшін едәуір қаражат керек қой. Сөйтіп әкем бір-екі
бас қойымызды аудан орталығына апарып өткізіп аздаған
қаражат алып келді. Соны менің қалтама салып берді. Соны­
мен Алматыға жеттім. Онда он бір ай тұрдым. Сосын ауылға

каникулға келдім. Өзімнен бір жас кіші қарындасым бар еді.
Сол жетінші класты бітіріп Семейге оқуға барғалы отыр
екен. Июльдің аяғында ауыл балалары Семейге аттанып, мен
де солармен бірге кеттім. Ондағы ең бірінші шаруам Орын­

кешпен жолығу болатын. Бірақ Орынкешті №11 мектептің
интернатынан жолықтыра алмадым, апасының үйіне кетіпті.
Сұрастырып білгенім: 1-сентябрьде келеді екен.
Егер ол уақытқа дейін күтсем Алматыдағы оқуымнан

кешігетін болдым да, ақыры қолымдағы рабфактан алған
анықтама бойынша емтихан тапсырып педучилищенің
екінші курсына қабылдандым. Бір өкініштісі Орынкеш­

пен кездесе алмай қор болдым. Жазған хатыма жауап бер-
мейді. Іздеп барсам тығылып қалады. Уақыт зымырап
өтіп жатты. Мен педучилищенің екінші курсын ойдағыдай
бітіріп, үшінші курсқа көштім. Ал Орынкешпен бір қалада

бір жыл бірге тұрып жолыға алмағаным қабырғама қатты
батты. Ақыры «Жүзінші хат О.М-ға» деп тақырып қойып,
мынадай жыр шумақтарын жаздым:
Ең алғаш құшақ жайып сүйген, қалқам,

Дал ұрып жас жүрегім, күйген, қалқам.
Ұлы өмір, ұзақ жолға серт айтысып,
Кеудеге өшпейтін сыр түйген, қалқам.
Сол сертті қалай бұзып кеттің, қалқам?

Не жазық серт бұзарлық еттім, қалқам?
«Сүйгенің солай бопты» деген кезде,
Көл қылып көздің жасын төктім, қалқам.
Амалсыз Алматыдан кеттім, қалқам,

Семейге жанұшырып жеттім, қалқым.
Сені іздеп интернатқа талай бардым,
Бес төгіп ар-ұятын беттің, қалқам.
Көзіме бір көрінбей қойдың, қалқам,

Қайғы мен қасіретке тойдым, қалқам.
Тауысып тағат, сабыр, шыдамымды,
Күн сайын үмітімді жойдың, қалқам.
Талай хат Өзіңе арнап жаздым, қалқам,

Омалып ойдың түбін қаздым, қалқам.
Берген серт, айтқан уәде, пиғылыңнан,
Кім үшін, не себептен аздың, қалқам?
Жат болып, жалынамын, кетпе, қалқам,

Айтсаңшы кінәм болса, бетке, қалқам,
«Күдер үз, кет маңымнан!» десең егер,
Қаңғырып кетейін бір шетке, қалқам.
Атыңнан айналайын асыл затым,

Бұл саған жүзінші рет жазған хатым.

Өлердей өтінемін: жауап жібер –
Не тасып, не суалсын махаббатым!
Мың төрт жүз дәл қырық күн болдым ғашық,
Күн сайын жүрмесем де дидарласып.

Қайрылмай қапа қылып кетсеңдағы,
Жүрейік жүздескенде амандасып.
Тоқтаттым осыменен сөзді, қалқам,
Қадаймын интернатқа көзді, қалқам.

Бір ауыз ыстық, суық лебіз білдір –
Әзілің не болса да төзді, қалқам.
Бұрын хатымды Байеділ деген жігіттен беріп жібе-
ретінмін. Ол жігіт жоқ болғандықтан кешкісін №11 мек­

теп интернатының жатақханасына барып Орынкешті іздеп
жолықтыра алмадым да жолдас қызына беріп кеттім. Дос-
тоевский көшесіндегі жатақханама қайтып келе жатқа-
нымда тіліме тағы да екі шумақ орала кетті:

Жүз хат жаздым – жүдедім,
Дал-дұл болып жүрегім.
Енді сенен амалсыз,
Күдерімді үземін!..

Қалай, қайтып үземін?
Кімге көзді сүземін?
Жандай көрген жақсы қыз,
Қайда бетті түзедің?..

Бертінде біздің қазақ педучилищесі Семейден Аягөзге
көшетін болды. Біреулер сонда кетіп жатты, кейбіреулер бар-
ғысы келмеді. Мен де документтерімді алып, Н.К.Крупская
атындағы пединституттың тіл-әдебиет факультетіне қабыл-

дандым.
«Әдеби мұрама қамқор боларсың»...

– Бұдан кейінгі өмірбаяныңызға оқырмандар жақсы

қанық қой деп ойлаймын. Әсіресе «Махаббат, қызық мол
жылдар» арқылы халыққа кеңінен танымал болдыңыз.

Осы тұрғыда сізге өзгеше сый-құрмет көрсетілетінін
естіп жатамыз.

– Ол рас. (Әзағаң бір жымиып алды) Қыздар педагоги-

калық университетінде кездесуде болғанымда 500 қыз қол
көтеріп, маған «Махаббат президенті» деген атақ берді.
Ал әлем тілдері университетіндегі жүздесуде «Махаббат
патшасы» деп марапаттады. Басқа да көптеген орта және

арнаулы оқу орындарында, мектептерде оқырмандарыммен
жиі жүздесіп тұрамын. Халқымның ниет-ілтипатына дән
ризамын.
Осылайша тебірене сөйлеген Әзаға бір сәт сәл мұңай-

ғандай болды.

– Неге ойланып кеттіңіз, – дедім жүзінен көз алмастан.

Ойлантатын нәрсе көп болған соң ойланам да. Біраз
дүниелерім компьютерге басылып, баспаға беруге дайын
тұр. Оған басымды ауыртпаймын. Мені қынжылтатыны
басқа, – деді де орнынан тұрып келесі жатын бөлмесіне

бастап әкелді. Кіріп келгенімізде сол жағымызда ені бір
метрден астам, биіктігі екі жарым метрдей темір шкаф тұр
екен. Әзағаң сол «супер сейфті» ашып маған былай деді:
«Мұратбек бауырым! Менің мына темір шкафымда XX ға-

сырдың орта шенінен бастап 2010 жылға дейінгі қазақ
әдебиетінің тарихы нақты деректермен әдіптелген күйінде
жатыр. Сен журналист әрі ғалым ретінде халқымызға қа-
жетті осы дүниелерді кәдеге жаратасың деп сенемін. Бір

нәрсені анық білемін: мен ондаған жылдар бойы тірнектеп
жинаған бұл фактілер мен цифрларды, адам тағдырларын
қағазға түсіріп үлгере алмаймын. Ал бұл байлықтың қазақ
оқырмандарына қажет екендігіне еш шүбәм жоқ».

– Әзаға, сіз не деп кеттіңіз, – дедім ыңғайсыздана қо-

балжып, – әлі-ақ бұл қыруар фактілерді пайдаланып
тамаша кітаптар жазатын боласыз. Байқауымша сіздің
жазғаныңыздан жазатыныңыз әлдеқайда көп секілді...

– Осы қазір фотоаппаратыңды ал да мені суретке түсір.

Маңызды бір нәрсе айтпақпын. – Мен ол кісінің айтқанын
екі етпей орындадым. Оң қолымен темір шкафын ұстаған

күйдегі Әзағаңды суретке түсірдім де аңырайып қарап
қалдым. Аға мұрағатында жатқан дүниелерін мұқият тү-
сіндіре бастады.

– Мынау тұрған 130 тұрмыстық күнделік, оның оң

жағындағы өмір бойы жазған әдеби күнделіктерім мен
екі жүзден астам блокноттарым, төменгі бөлікте тұрған
жүзден астам аудио және бейне жазбаларым мұрты бұ-
зылмаған күйі тұр. Онда республикалық радио мен әртүрлі

телеарналарда сөйлеген сөздерім жазылған. Сонымен қа-
тар «Ақиқат пен аңызды» жазар кезде Ресейдің әскери
мұрағаттарынан әкелген құжаттардың өзі бір төбе. Жаңағы
романымда солардың оннан бірін ғана пайдаланып үлгер-

дім. Одан төменде тұрғандар өзім ерекше маңызды деп
есептейтін хаттар. Онда да қазақтың маңдайға басар
азаматтарының сыр-толғаныстары тұнып тұр. Осының бәрі
керек пе? Әрине өте керек. Бірақ мендей қазақтың қара

шалы оның бәрін екшеп, жүйелеп жазып үлгермесі анық.

– Сізге не болған, аға, – дедім мен жыларман бо­

лып, – құдайға шүкір денсаулығыңыз бар, компьютерді
ұршықша үйіресіз. Өзіңіз әлі-ақ бәрін тастай етіп жазып
шығасыз.

– Айтқаның келсін, қарағым, бірақ «шалдарский» ден-

саулық соңғы кездері сыр беріп жүр. Кейде көзім бұлдырап
мазам болмайды. Сенің ғылыми мақалаларыңды оқып
жүрмін. Шығармаларымды мұқият зерттегенің көрініп тұр,
жанашырлық пейілің де ерекше қуантарлық. Сондықтан

егер мен олай-бұлай болып кетсем әдеби мұрама қамқор
боларсың! Ал оны оқырмандарыма қалай жеткізуді бес
саусақтай біліп отырғаныңа қылдай шүбәм жоқ.

– Туу, Әзаға-ай, сіз бұл өмірмен қоштасқалы жатқан-

дай сөйлеп кеттіңіз ғой. Кісіні қарадай қорқытпаңыз-
шы, күш-қуатыңыз әзірге жеткілікті. Ендеше бұлайша
таусыла сөйлеуге әзірге ертерек.

– Әй, қайдам, сексеннің сеңгіріне шыққанда түсінесің

менің бұл сөздерімді. Сен әлі қылшылдаған жассың ғой!
Енді мына ғажайыптарға қара. – Әзілхан аға темір шкафтың

жанындағы үлкен шифонерден бірінен соң бірін көтеріп,
дәл кітапханадағыдай жасалған екі картотеканы алып
шықты. – Біріншісінде Халима апаң жасаған мыңнан астам
фотосуреттердің картотекалық деректері мұқият тізбектел-

ген. Ал мына екіншісінде жеке кітапханамыздағы мыңнан
астам сыйға алған кітаптарымыздың қолтаңбалары айы-
жылы, күні көрсетіліп мінсіз көшірілген. Бұл да еңбекқор
апаңның істеп жүргендері. Керек кезінде қолма-қол тауып

ала қоямыз. Болашақта жеке бір кітап етіп шығару ойымда
бар. Ал мына бір жерде...

– Әзаға, біз не істеп жүрміз? Қоштасу кешіне жинал-

ғандай... – Әзиз ағамен еркелей сөйлесе беретін мен ол
кісінің сөзін бөліп жібердім. Алайда ағам сасар емес.

– Менің ойымды дұрыс түсін, қалқам, – дейді асықпай, –

мына жүздеген бума қағаздар мен папкаларда не жатқандығын
біле бергеніңнің еш зияны болмайды. Мен бірдеме жазсам,
мәселен әлдебір қаламдасым хақында естелік сипатын­
да қалам тербесем осы жиған-тергенімнің пайдасы тиіп

жатады. Атаң қазақ «Керек тастың ауырлығы жоқ» дегенді
осындайда айтса керек.
Арада бірер минут өткен соң Әзағаның жұмыс кабине-
тіне кіріп, үстелінің жанындағы екі орындыққа жайғасып

отырдық. Менің көзім ол кісінің жұмыс үстелінің сол
жағындағы үш тартпаның ашық тұрған төменгі бөлігіне
түсті. Мөлшермен айтқанда жүзден астам қаламдар сол
соңғы тартпада үйіліп жатыр. Түр-түстері, ұзындығы мен

диаметрлері де әртүрлі. Олардың неге солайша «үйіліп»
жатқанына таңданып келесі сұрағымды қойдым. Сұқ
саусағымен әлгі «қазынаны» көрсетіп, оның мәнісін
түсіндіруді сұрадым.

– Сиясы таусылған қаламсаптар ғой, – дейді әзиз аға жы­

миып, – бірнеше жылдан бері жиналып қалды. Лақтырып
тастағым келмейді. Қалай болғанда да сол қаламсаптармен
талай туындыларым дүниеге келді ғой. Олар менің ескі
таныстарым тәрізді. Қоқсыққа шығарып тастауға обал-

сынам.

Қалам таңдаудың қызығы

– Айтпақшы, сіз соғыста жүрген кезіңізде де күнделік

жазуды тоқтатқан жоқсыз. Сол бір қиын-қыстау шақта
жазатын қалам табу да оңайға түспеген болар?

– Рас айтасыз! Тіпті қара қарындашпен жазған кезде-

рім болды. Бірақ ол көп ұзамай өшіріліп қалатын. Оқ борап
тұрғанда қарындаштың тұқылын табу қиынға соқты. Кей-
бір солдаттардан көріп қалсам күн сайын өлшеп берілетін
азғантай нанымды соған айырбастап алатынмын. Ал май­

даннан оралған соң, көбінесе «86» қаламұшпен жаздым.
Менің көптеген журналистік, әдеби туындыларым осы
«86-мен» қағазға түсірілді. Ал мына (Әзаға маған жақын
тұрған тартпаны ашып бір қорапты алып шықты) жазуға

назар аударыңыз: «Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат,
қызық мол жылдар» романын жазғанда пайдаланылған сия
сауыты мен қаламсабы («86» қаламұшпен жазған) және әр
алуан пленкалар (1969-1970)».

– Мына ұқыптылығыңызға тәнті болып отырмын.

Бұл да бір тарихи жәдігер болады-ау. Кейіннен шыққан
шарикты қаламдарды пайдалануды қашан бастадыңыз?

– Жетпісінші жылдардың басынан бастап менде оның

неше түрі болды. Әсіресе іссапарларға шыққанда шағын
блокноттарға ойларыңды түсіре қойғанға ерекше ыңғайлы.
Оның үстіне біреумен сұхбат құрғанда сондай қаламмен
естігендеріңді дәптерге жылдам түсіру керек қой.

– Сияның қай түсін көбірек қолданасыз?

– Бұрын көбінесе көк сиямен жазатынмын. Соңғы ши­

рек ғасырдан астам уақыттан бері қара сияға үйреніп кет-
тім. Бұл, бәлкім, кітаптағы әріптердің қара түсіне көзім
көбірек үйренгендіктен болар. Мына тартпадағы сиясы
таусылған «Aіhao» қаламдарының көптігін байқаған бо-

ларсыз. Өзі сондай жеңіл жазады, әсіресе 0,7 жуандықтағы
түрі. Ол таусылып қалса мазам кетеді. Сонымен қатар ге­
левый қаламды қолға алғанда жорға мінгендей боламын.
Өйткені оны қағазға күш салып басудың қажеті жоқ. Қа-

ғазға ұшын тигізсең, «жорғалай» жөнеледі.

– Мұныңыз ғажап екен. Әзаға, сіздің романдарыңыз-

дың, әртүрлі жанрларда жазылған әдеби және журна-
листік
шығармаларыңыздың
бастау

алар
қайнар
бұлағы ұдайы жазып жүретін күнделіктеріңіз бен блок-
ноттарыңыз. Енді сол «өлкеге» ат басын бұрсақ.

– Рас айтасыз, бұл бозбала кезімнен әдетке айналдыр-

ған ісім. Енді мынаған назар аударыңыз. Мына «Әртүрлі
тізімдер» деген 96 беттік дәптерімде өз қолыммен істеген
тірліктерімнің тізімін жазып қойғам. Енді сол он бір тарау­
дан тұратын дүниелерге қарауыңызға болады.

Мен алдыма қойылған әртүрлі көлемдегі дәптерлерге
назар аударып, рет-ретімен оқи бастадым:
І. Күнделік дәптерлер тізімі (100 дәптер – ІІ. 908 бет).
ІІ. Қойын дәптерлер тізімі (175 дәптер).

ІІІ. Шырын дәптерлер тізімі (5 дәптер).
ІV. Әскери күнделіктер тізімі (17 дәптер).

V. Студенттік қойын дәптерлер тізімі (8 дәптер).

VІ. 100-бригада туралы жазбалар тізімі (8 дәптер).
VІІ. Брест-Қаһарман қамалының музейінен алынған
материалдар дәптерлерінің тізімі (6 дәптер).
VІІІ. Подольск әскери архивынан (ЦАМО) алынған ма-

териалдар жазылған дәптерлер тізімі (6 дәптер).
ІХ. Менің жинаған кітаптарым тіркелген блокноттар
тізімі (7 дәптер).
Х. Диктофон кассеталарының тізімі (128 кассета).

ХІ. Менің видеокассеталарымның тізімі (23 кассета).
Мен қолыма әрбір дәптерді аялай ұстап, асықпай парақ-
тап отырып бір нәрсеге анық көз жеткіздім: шындығында
мынау қолымдағы ерекше қазына. Иә, шынайы тарих

осындай нақты тарихи деректермен өрілуі қажет. Сонда
ешқандай жалғандыққа жол берілмей, тек ақиқат үстемдік
құрар еді. Мұны Әзағаның деректі туындыларын «шұқшия»
зерттеп, әрбір әрпіне дейін салмақтағанда риясыз көз жет-

кізгенбіз. Енді міне сол «қайнар бұлақты» қолмен ұстап,
көзбен көру бақытына ие болып отырмын. Расында мынау
тек шындықпен суарылған құнды деректерге тіл бітірсе,
кемінде 50 жылдың тарихы айна-қатесіз сайрай жөнелер еді.

Ал мұны кітапқа айналдырса, кемінде қомақты 20 томнан
асып жығылары айдан анық. Ол енді болашақтың ісі.

Алты алаштың Атымтай жомарттары
немесе кітап шығарудың қияметі

– Осы арада бір сұрақтың сұранып тұрғаны. Сіздің

бестселлерге айналған «Махаббат, қызық мол жылдар-
дан» кейін «Ақиқат пен аңыз» арқылы оқырманда-
рыңызды бір тәнті еткеніңізді білеміз. Алайда соңғы
жылдары «Өмір өрнектерінен» басқа кітаптарыңызды

кездестіре алмай жүрміз-ау. Жалпы кітап шығару, та-
рату мәселесі туралы ойыңызды білсек деп едік.

– Алдымен бір әңгіме айтып берейін. Сосын сұрағыңызға

жауап беремін. Бір күні бір жігіт рұқсат сұрап, үйге келді.
Сәлемдестік. Бір көрген кісім сияқты. Қайдан, қашан көрдім
деп ойладым. Бірақ, бұл азаматтың кім екенін есіме түсіре
алмадым.

– Аға, мен сіздің өтпей қалған кандидатыңыз Нұртай

Сабильяновпын, – деді ол бірден сөз бастап. – Депутат бо­
лып, халыққа қызмет етсем, ұлтыма перзенттік парызымды
өтесем деп едім. Оның сәті түспеді. Өзіңіз айтқандай, ағайын
ағаның сөзін емес, әкімнің бұйрығын орындады. Ешкімге

өкпем жоқ. Енді Сізге келген себебімді айтайын.
Нұртай осылай деді. Оны қашан көргенім енді есіме
түсті.

– Айт, қалқам, – дедім мен оған.

– Айтсам: мен бала күнімде «Махаббат, қызық мол

жылдар» романын құшақтап жүріп, «Ақиқат пен аңызды»
басыма жастап жатып өстім. Өзімнің азамат болып
қалыптасуыма осы екі кітаптың ерекше әсері болып еді.
Мен Сізді көрмесем де, өзімнің ұстазым деп бағаладым.

Өткен жолы мұны Сізге айтқаным жоқ. Сізден үндеу алу
үшін жағымпазданғандай болып көрінермін деп ойладым.
Енді жасқанатын жайым жоқ. Сондықтан бұл жолы ұстаз
алдындағы шәкірттік парызымды өтейін деп келдім Сізге?

– Қалай өтейсің, қалқам-ау?

– Маған шықпай жатқан екі кітабыңызды беріңіз. Мен

өз ақшама шығарып беремін. Онымен де ұстаз алдындағы
шәкірттік парызым толық өтелді деп ойламаймын.

– Шын айтасың ба, қалқам-ау?

– Шын, аға.

Менің көзімнен жас шығып кетті. Бұлайша өзі келетін
адам қайда? Мынадай қиыншылық жағдайда, күйзеліп
отырған кезде. Сөйтіп ол кісі менің «Мәңгілік махаб­
бат жыры» деген кітабымды 10000 дана қылып шығарып

берді. Сосын «Өмір өрнектері» деген кітабымды 2000 дана
қылып шығарып берді. Осындай ғажап болды.

– Тағы бір демеушіңіз туралы оқырман аздап біледі. Сол

жөнінде де әңгімелесеңіз құба-құп болар еді.

– Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында «Дом офицеров-

те» Алматы қаласы ардагерлерінің бастығы академик
Еренғайып Шайхутдинов деген кісі бар. Сол кісінің әйелі
қайтыс болған екен, сол кісіге көңіл айтайын деп бар­
дым. Көңіл айттым. Бір қара торы кісі отыр екен. Әлгі кісі

орнынан атып тұрды да: «Әзеке, тоқтай тұрыңызшы», –
деді, – Мен сіздің барлық кітаптарыңызды оқыған кісімін.
Жеңістің 60 жылдығы келе жатыр. Соған сіздің барлық
шығармаларыңызды шығарып берейін деп едім.

– Қалай шығарып бересің?

– Мен баспаға ақшасын төлеймін, сосын сіз баспаға

оригиналдарыңызды апарып беріңіз, сосын кітаптар шы-
ғады.
Енді ойлап қарасам, бір көрген ғана адам, телефоным­
ды сұрап алды. Бір-екі ай өтті, үнсіздік. Мен мақтаншақ

қазақтардың бірі шығар деп ойладым да қойдым. Бірде
жаңа жылдың басында бір кісі телефон соғады. Мен
Петропавлдан Бекетпін ғой дейді, анада сіздің кітабіңізді
шығарып беремін деген жігітпін. Фамилиясы Тұрғараев.

– Иә, сондай уәде болған сияқты еді, айналайын, ұмы-

тып кеткен жоқсың ба?

– Жоқ, ұмытқан жоқпын. «Қазығұрт» баспасына

қаражаттың 60 пайызы аударылды, 40 пайызы қалды, оны
бір айдың ішінде жіберемін. Сіз сол баспамен байланыс
жасаңыз. Кітаптарыңызды том-томдап өткізіңіз, сол баспа
шығарып береді.

– Бір күні сол баспаның директоры звондады. Он том-

дығыңызды шығаратын болдық деді.

– Енді манағы сұрағыма орай әңгімеңізді сабақтасаңыз.

– Иә, кітап шығару кез келген жазушының арқасына

аяздай батып жүрген мәселе. Бізде кітаптың тара­
луы жөніндегі саясат жоқ, бұрын кітапты мемлекет өз
қаражатына шығаратын. Сосын ол кітаптар мемлекеттік
кітап дүкендерінде сатылатын еді. Сөйтіп авторға гоно­

рар беретін еді. Қазір ол жоқ. Қазір жазушылар кітапты өз
қаражатымен шығаруы керек. Кеңес Үкіметі кезінде біздің
кітаптарымыз 50-60, 100 мың тиражбен шығатын еді. Қазір-
гі кітаптардың ең шырқап тұрған таралымы 2000 дана.

Бұл ешкімге жетпейді, ешкім оқи алмайды. Жазушылар
мен оқырмандардың арасы үзіліп қалды, тікелей байланыс
болмай жатыр. Мен екі демеушім туралы айтып өттім, қазір
ондайлар тоқтап қалды. Олар да мемлекеттің кітапқа деген

көзқарасы онша болмағаннан кейін тоқтап қалған сияқты.
Мемлекеттің кітап шығаруға деген көзқарасы жақсаратын-
жақсармайтыны белгісіз. Ал кітапсыз өмір сүру қиын.
Жұрттың бәрі теледидарға үңіліп алған. Интернет дегенге

көңіл ауып кеткен ғой. Олардың бәрі бірер минуттық әсері
бар нәрсе. Ол қызықты сол сәтте көресің, бірақ миыңда
сақталып қалмайды. Мида сақталып қалу тек қана кітап
арқылы болады. Жаңа «Мәңгілік махаббат жырын» Нұртай

шығарып берді деп едім ғой, сол кітаптарымды өзім са­
тып жатырмын. Ал жеке меншік дүкендер 1000 теңгелік
кітабіңді 3000 теңгеге сатады. Мәселен «Өмір өрнектері»
деген кітабымды бір магазин 3000 теңгеге қойып сатты.

Ал ондай ақшаға кім кітап алады? Өзінің себестоимосьті
1000 теңге. Сондықтан оларға кітапты берудің мағынасы
жоқ. Өйткені олар көп қосып сататындықтан берген кіта-
бың сатылмай тұрып қалады.

– Сонда оның тағы қандай жолы бар?

– Сондықтан мен кітаптарымды дүкендерге бермеймін.

Өзім бір жерлерге кездесуге барғанда мені шақырушылар
«кітаптарыңызды сатып алайық, ала келіңізші» деп айтады.
Сонда алып барамын. Бірде мені танымайтын, білмейтін

адамдар санаторийға дем алуға шақырды. Сарыағаштан
Молдалі Қолдас деген жігіт хабарласып, сол кісінің кө-
мектесуі нәтижесінде демалып қайттым. Сонда 500 кітапты
арқалап бардым. Сол кітаптар он күннің ішінде өтіп кетті.

Маған түскен қиыншылық сол кітаптардың бәріне автограф
жазып беруге тура келді. Курортқа жыл сайын бара бермей-
сің. Сәті түскенде солай істеуге тура келеді. Мені көбінесе
жоғары оқу орындары, мектептер кездесуге шақырады.

Соған барғанда 20-30 кітаптан ала барамын. (Сатып ала­
мыз, ала келіңіз деп айтады өздері). Олар тіпті 50 кітапқа
дейін сатып алады, қолма-қол ақшаларын береді. Жеңістің
65 жылдығы қарсаңында университеттер 40-50 кітаптан

алды. Сөйтіп азын-аулақ қаражатты жинақтап келесі кітап-
ты шығаруға қам жасап жатырмын.

– Атап айтқанда...

– Қазір «Өмір өрнектері» кітабінің екінші томы басы­

лып шықты, үшінші-төртінші томдары басылу үстінде. Бір
кітапты шығару үшін 1 200 000 теңге керек. Оны жаңағы
сияқты қиындықпен жинайсың. Енді «Өмір өрнектерін»
2010 жылмен тоқтатамын. Енді тұрмыс күнделіктерім көп

екен. 130 қалың дәптерден асты. Жақында Баукеңнің туға-
нына 100 жыл толады. Ол кісі менің ағам, әріптесім, әрі
кейіпкерім, әрі досым. Сол кісіге байланысты не бар екен
деп қарап едім, 1982 жылы жазылған күнделігімде халық

батырының қалай қайтыс болғаны, оны моргтан барып
қалай алғанымыз, театрдан қалай шығарылғаны, сол кезде
күннің себезгілеп жауып тұрғаны (аспан жылағандай бо­
лып), содан ТЮЗ-дан шығара бергенде бір әйел адамның

дауыс шығарып жоқтау айтқаны (ол Зейнептің дауысы
еді) жазылыпты. Зират басына барған уақытта бір взвод
әскер барып салют берді, табытты қабірге түсірерде. Сол
сәтте аспанда күн күркіреді. Сөйтіп күн күркіреп тұрып,

себезгілеп жауын жауды. Ал жердегі солдаттардың са­
лютына орай аспан өз салютын атқандай болып көрінді
маған. Осы сияқты жазылған тамаша оқиғалар бар екен.
Қазір 1982 жылғы жазғандарым бойынша 1 кітап шығарып

кетсем деген ойым бар. Қазір соны компьютерге басты­

рып жатырмын. Қалғанын балалар шығара алса көрер, не­
месе архивімде жата берер. Сол күнделіктердің ішінде
20 ғасырдың тарихы сайрап тұр. Мінеки «Өмір өрнектері-
нің» екінше томы шықты, енді осыны бірдеме қылып сату

керек. Анау Молдалі деген жігіт Сарыағашқа тағы шақы-
рып жатыр. Енді кітаптарымды сонда арқалап апарып сату­
ыма тура келеді. Бірсыпырасын сонда өткізсем деп ойлай-
мын. Сөйтіп тірнектеп ақша жинасам деймін, жазушылардың

күн көрісі осылай. Ал біздің әріптестеріміздің ішіндегі
депутат сияқты немесе үлкен қызметте жүргендердің
жағдайлары жақсы. Олар өздерінің кітабын депутаттық
күшімен шығарып жатады. Мана айтқанымдай Тұрғараев

шығарып берген 10 томдық бар, енді соған тағы 10 том
қосылатын сияқты. Жеке-жеке шыққан, бірақ оған кірмей
қалған кітаптарым бар. Қазір Өскеменде «Мәңгілік махаб-
бат жырын» 2 кішкентай кітапшалар түрінде шығартып

жатырмын. Олар басқаннан кейін оның ақшасын төлеймін.
Соған қаражат жинаймын деп тырбанып-тырысып жатыр­
мын. Жазушының артында қалдыратын мұрасы – кітабы.
Бұл жерде кітапты сатып пайда табу мақсат емес, ол үшін

көп тираж шығару керек. Қазір 500 дана таралыммен
шықса да кітап болып шығып қалса екен деп ойлаймын.
Осындай жағдай.
Иә, Ә.Нұршайықов әдебиетке журналистикадан келді.

Газетте қызмет еткен кезеңі болашақ қаламгердің қанатын
қатайтты. Ол өмірдің бел ортасында жүріп тәжірибе жи-
нақтады. Бұл әдебиет әлеміне басталған алғашқы баспал-
дақ еді. Қабырғалы қаламгердің шығармашылық өмірбаяны

әртүрлі дәрежедегі баспасөз құралдарында еңбек еткен кез-
дерінде терең мазмұнмен байытылып, одан әрі шыңдала
түседі. Журналистика бақшасынан терген жемістері іргелі
әдеби туындыларының дүниеге келуіне игі ықпалын тигі-

зеді. Руханият әлемінің көгіне қанаты қатайған кәнігі
қырандай шарықтай көтерілді.
Халық жазушысы журналистика жанрларының барлы-
ғын дерлік қаузады. Оның репортаж болып басталған

газеттік есебі көркем очеркке айналған, әдеттегі күн са-

йын жазған жазбалары әдеби күнделік болып шыққан. Ал
қысқаша суреттемелері жатық жазылған көркем этюдтен
кем оқылмайды.
Жазушы көкейіне оралған көркем ойды сана сүзгісінен

өткізіп, соның нәтижесінде жүздеген мақал-мәтелдер, афо­
ризмдер дүниеге келген. Ол қанатты сөздер қаламгердің
«Өмір өрнектері» атты кітабында жарық көрді. Қаламгер
хат жазуға да ерекше мән берген: оған жаңалық жеткізетін

нәрсе деп қана көңіл бөлмей, шабыт шақыртатын, қиялға
қанат бітіретін сиқырлы құрал ретінде қарайды. Ол кісі
орыс классиктерінің хаттарын молынан жинап, өзі де
көптеген жазушылармен, оқырмандарымен хат алмасқан.

Сол жазған хаттарын жоғалтпай, танымдық мәні бар, та­
рихи деректерді қамтығандарын кезекті кітабында шебер
пайдалана білген. Әзағаң өзіне келген жиырма мыңдай
хатты мемлекеттік архивке өткізіпті. Ал «жазбауға шыда-

мы жетпей» жазған «Махаббат, қызық мол жылдар» ро-
манына байланысты келген 500-ге жуық хатты машинкаға
бастырып, төрт дана етіп түптетіпті. Осының өзінен-ақ
жазушының хатқа жәй ғана хабаршы деп қарамай, оның

эпистолярлық әдебиет жанрын өркендетуге тамаша септігін
тигізе алатынын түсінгендігінен деп пайымдаған жөн.
Халық жазушысы талантының өзгелерге ұқсамайтын
ерекше бір қыры бар. Ол – есте сақтағыштық қабілеті.

Осы таңғажайып қасиетінің арқасында ол бірнеше сағатқа
созылатын әңгіме-сұхбатты үтір, нүктесіне дейін жадына
құйып алады. Әрине әңгіме мазмұнын есте сақтау екінің
бірінің қолынан келеді делік. Ал сол әңгіме-дүкенде ай­

тылатын цифрлар мен фактілерді, адамдардың аты-жөнін
диктофонға жазғандай рет-ретімен көкейге құйып алу ора­
сан зор зерделілікті қажет ететіні даусыз.
Жазушы Ә.Нұршайықов талай ғасырларға талмай же-

тетін, көптеген ұрпақтарға рухани ләззат сыйлайтын өшпес
шығармалар қалдырды. Оның тек қазақ тілінде жарық
көрген көркем шығармаларының көлемі 300 баспа табақтан
асса, әртүрлі әдеби жинақтарда жарияланған туындылары-

ның көлемі 50 баспа табақтан асқан. Орыс және басқа
шетел тілдеріне аударылған шығармалары 150 баспа
табақтан асса, кітап болып шықпаған мақалаларының көле-
мі 100 баспа табақтан асып жығылады екен. Осыншама

маңдай тердің жемісін сараптағанда, ой таразысына сал-
ғанда Әзілхан ағаның еңбекқорлығына, табиғи таза талан-
тына тәнті боласыз.
Қорыта айтқанда, Әзілхан Нұршайықов – біртуар

талант, қазақтың ең таңдаулы жазушыларының бірі, саңлақ
суреткер. Мұндай баға беруімізге негіз боларлық бес түрлі
себеп бар.
Біріншіден, Әзілхан Нұршайықов алыптар тобының

М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты
біртуар тұлғалармен көздері тірісінде тікелей араласып,
дәм-тұздас болып, өнеге-үлгісін көрген, солардың тамаша
дәстүрлерін XXІ ғасырға жеткізе алған саусақпен санар-

лық қаламгердің бірі, Қазақстанның Халық жазушысы.
Екіншіден, нақты деректерден бастау алған, тарихи
шындықпен шарболаттай суарылған, бірнеше шетел тіл-
деріне аударылған атақты романның («Ақиқат пен аңыз»)

авторы, Абай атындағы Мемлекеттік және А.А.Фадеев
атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Үшіншіден, стилі қайталанбайтын, әдеби жанрларға,
әсіресе прозаға формалық тұрғыда жаңашылдық әкелген,

ұдайы ізденісте жүретін сирек талант, келешекке әрдайым
үмітпен қарайтын оптимист азамат.
Төртіншіден, қазақ әдебиетінде тұңғыш рет эпистоляр-
лық роман, қос томдық өмірбаяндық роман жазған қа-

рымды қаламгер.
Бесіншіден, жазушылар бара бермейтін, журналистика-
ның интервью, мақала, суреттеме, очерк және басқа пуб-
лицистикалық жанрларында еркін қалам сілтейтін бес-

аспап қаламгер.
Әзілхан Нұршайықов әдебиетті ардың ісі деп білді.
Адамгершілікті, шынайы сүйіспеншілікті идеал тұтқан
типтік кейіпкерлер галереясын жасап, стильдік-жанрлық

ізденістерге батыл барды; этикалық-моральдық көзқа-
растарды қалыптастыруға көркемдік ойлау жүйесі арқылы
ықпал
етті.

Шығармаларында
психологизм,
лиризм
тәсілдерін молынан қолданып, кейіпкер бейнесін ашуда

монолог, диалогтар арқылы әдеби үдерістегі өзінің автор-
лық концепциясын жасауда нақты қадамдар жасады.
Қазіргі жаһандану заманында ұлттық әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлердің жоғалып кетпеуі үшін өз шығармаларында

ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тамаша қасиет-
терін талмай насихаттады; жалпыадамзаттық өзекті проб-
лемалардың шешілуіне азаматтық тұрғыдан үн қатты.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Әзілхан Нұршайықов

бір ғасыр бедерінде сирек ұшырасатын тума талант,
қайталанбайтын біртуар болмыс.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ:

«ЕЛДІК ОЙҒА ЕРТЕ КЕЛДІМ ДЕЙ АЛАМЫН»

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік
қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановпен сұхбат

– Сауытбек аға, сіздің жазғандарыңызда әлемдік

ауқым дәйім аңғарылып тұрады. Мұның қандай бастау-
себептері бар?

– Адамды орта қалыптастырады. Ол белгілі жай. Со­

нымен бірге адамды белгілі бір дәрежеде сол ортаның
орналасқан жері де қалыптастырады. Біздің арғы бабалары­
мыз Жетісу жерінен, шамамен Күртінің маңайынан тараған
сияқты. Бірақ ол арғы заманда. Бергіде біздің атаның біразы

Қазығұрт жақта, біразы Жуалы жақта болды. Ақшал әулеті
негізінен Жуалы жақта тұрған. Тіпті менің өзімнен екі-ақ
жас үлкендігі бар ағам Батырбек те сол Жуалыда туған. Біз
Қазығұрттағы ағайындарға 1950 жылы көшіп келіппіз. Мен

1951 жылы сонда туғанмын. Біз Қазығұртқа көшіп келген-
нен кейін арада үш-ақ жыл өткенде мақта егетін жаңа жер-
лерді игеру деген науқан шығып, бүкіл ауылды Келеске
көшіріп әкетеді. Ол кезде шамамен 2 жастамын. Әйтеуір,

Сталин қайтыс болғанда, ол 1953 жылдың көктемі ғой, сені
ауылдағы жиынға көрпеге орап апарғанмын, ешкімнің үйде
қалмауын қадап тапсырған еді бәрімізге, деп апам айтып
отыратын. Содан ес білгелі балалық шағым Келесте, қазіргі

Сарыағаш ауданында өтті. Қазығұрттықтардың ол кісі бізде
туғанмен Сарыағашта өскен ғой дейтіні, сарыағаштықтар-
дың ол кісі бізде өскенмен Қазығұртта туған ғой дейтіні
сондықтан... Біздің бабаларымыздың өмірі бірнеше өңірді

қатар қамтып жатыр. Мұның өзі менің бала күннен елге,
жерге деген көзқарасымды өзінше қалыптастырды. Ал ел,
халық, ұлт жайында да мен бала күнімнен ойландым де­
сем, мұнымды асылық айтқанға баламаңыз. Мәселе мынада.

Біздің ауыл Ташкенттен небәрі 40-45 шақырымдай жерде.
«Коммуна» бөлімшесі қырының ар жағынан үлкен қала-
ның шамдарынан тараған жарық түні бойы сәулеленіп

тұратын. Базарымыз сол қала. Әкем марқұм өмірден ерте
өтетінін сезгендей, балаларым біраз нәрсе көріп қалсын
дегендей Батырбек екеумізді Ташкентке жиі апаратын.
Циркті де, зоопаркті де, музейлерді де біз ауылдағы басқа

балалардан бұрынырақ көрдік. Көкем «Қайрат» пен
«Пахтакордың» ойындарынан да қалдырған емес. Бала
санама ұлттық намыс ұрығы алғаш рет алпыс мың адам
толып отыратын сол стадионда егілсе керек. Бір жолы мы­

нандай жағдайға куә болдым. Ташкенттің жұрт Ескижуа
атайтын (кейін білдім, дұрысы Ескіжоба екен) базарында
оны-пұны сатып тұрған өзбек жанындағы мен құралпы ба­
ласын құлақ шекеден салып кеп жіберді. Оның не бүлдіріп

қойғанын білмеймін. Менің есімде әлгі өзбектің баласына
ұрсып жатқандағы айтқан сөзі қалды. «У, қозаққа охша­
ган!» деп ұрсып еді сонда. Бұл не деген сөз? Бұл қазаққа
ұқсағансың, яғни болбырсың, ынжықсың деген сөз. Қалай

дегенде де, басқасын түсінбесем де, мен мына дүниеде адам
мен адам ғана емес, халық пен халық, ұлт пен ұлт та жа-
рысатынын, мына өмірдің бәсекеден тұратынын түсіндім.
Сөйтіп, елдік ойға ерте келдім дей аламын.

– Тұлғаның қалыптасуы студенттік шақтағы ізде-

ністеріне де көп байланысты. «Гүлдәурен» кезіңіздегі
уақытыңызды қалай пайдаландыңыз, не нәрсеге ерек­
ше көңіл бөлдіңіз? Ақпараттық технологиялар аспандап
дамыған қазіргі шақтағы студенттерге қандай ақыл-

кеңес берер едіңіз?

– Бірінші курстың бірінші семестрінде Сағат Әшімбаев

маған тамаша ақыл айтты. Ой ретінде керемет сөз емес
шығар, бірақ маған пайдасы көп болды. «Білім үшін оқи-
тын пәндер болады, стипендия үшін оқитын пәндер бола­
ды. Осыны ұмытпа», деп еді. Соны ұмытпадым. Бірінші

курстан басталып, үшінші курста зорға бітетін «КПСС
тарихы» деген ұзын-сонар пән бар. Оқулығы қалың-қа-
лың үш том. Әрқайсысы бір-бір жылдан жүретін «Орыс
журналистикасының тарихы», «Батыс журналистикасының

тарихы» деген пәндер де болды. Әрине, оларды да білу
керек, бірақ соншама ұзақ оқытатындай қажеттілік жоқ.

Сәкеңнің ақылымен сондай біраз пәндерді «зачет» алатын-
дай, емтихан тапсыратындай, емтихан тапсырғанда да
стипендиядан қағылмайтын баға алатындай етіп ғана
оқығаным рас. Досым Заманбек Әбдешевтің старосталығы-

ның арқасында талай сабаққа қатыспағаным да рас. Со­
дан көп ұтылмаған сияқтымын. Айтқандай, бір күні қызық
болды. Әуезов музей-үйінде «Шертпе күйдің шеберлері»
деген сабақ өтті. Төлеген Момбековтің Алматыға алғаш

келуі еді. Бардық. Барамыз деп ұстазымыз Темірбек Қо-
жакеевтің сабағынан қалдық. Ертеңіне өзі ұрыспай тұрған-
да алдын алайық, шынымызды айтайық деп Темкеңе
барып, өзімше бас болып, батылданып болған жайды айт-

паймын ба? «Ағай, айып көрмеңіз, кеше халық универ-
ситетінде «Шертпе күйдің шеберлері» деген сабақ бо­
лып еді, соған барып едік»..., дей бергенім сол еді,
Темкең өзіне тән шалт айтқыштығымен: «Сөзін қарашы...

«Халық университеті»... Сонда сеніңше мынау не, жаудың
университеті ме?!» дегені...
Қазір өзім де студенттерге сабақ беремін. Профессор
атандым. Мүмкіндігінше болашақ мамандыққа тікелей

пайдасы тиетін әңгіме айтуға тырысамын. Айтқандай, дәл
бүгін бірінші курс студенттері менің мерейлі шаққа то­
луыма орай сондай жан тебірентерліктей етіп құттықта-
ды. Кәдімгідей толқып, марқайып қалдым.

– Сіз студенттік кезеңнің өзінде-ақ журналистика­

да алысқа сілтейтініңізді дәлелдеп үлгердіңіз. Ол кезде
журфак студенттерінің республикадағы басты басы-
лымға бірден қызметке алынуы сирек ұшырасатын.
Осы туралы және журналистикадағы алғашқы қызық-

тар мен қиындықтар, тәлімгерлеріңіз туралы айта
кетсеңіз.

– «Социалистік Қазақстанда» ағалардың қамқорлығын

көп көрдік. Сапар Байжанов университетті жаңа бітірген
мені Орталық комитеттің органына бірден жұмысқа алу
арқылы кәдімгідей батылдық жасаған екен. Оған редакция-
дағы алғашқы аптада-ақ көз жеткіздім. Ол жағдай сол кезең-

нің күрделілігіне бір мысал бола алады. Жұмысқа орна-

ласқаннан кейін алғашқы апталық летучкада мен кіші
кезекші болған нөмірдің аға кезекшісі (әр нөмірге екі ке-
зекші – аға кезекші бөлім меңгерушісі, кіші кезекші әде-
би қызметкер бекітілетін) бір себеппен жиналысқа кел­

мей қалыпты. Кезекшілікте болған бөлім меңгерушілері
әрқайсысы өз нөмірін талдап, бағалап айтып жатыр. Кезек
біздің нөмірге келді. Алдымда көрген үлгімен өзімше сөй-
леп шықтым. Соңғы бетте Марфуға Айтхожинаның бір

топ өлеңдері жарияланған еді. Ұмытпасам, «Туған жер
әуендері» деп аталады ғой деймін. Жап-жақсы өлеңдер.
«Ақын бұл топтамада туған жердің қадір-қасиетін өлең
тілімен әдемі өрнектеп шыққан» деген сияқты айтып, орны-

ма отырдым. Кезекшілерден кейін сөз еркін пікір біл-
дірушілерге беріледі. Алдымен сөз бастаған бір ағам
салғаннан маған шүйілсін. «Ана жолы осы жас жігітті
жұмысқа қабылдарда ЦК-ның органын тым жасартып

жібермейік, бұл жерге саяси тұрғыдан сыналған адамдар
алынуы керек деп едік. Сөзімізді ешкім ескерген жоқ. Міне,
сол қаупіміздің дұрыстығын бір апта өтпей-ақ көріп отыр­
мыз. Жаңа бұл жігіт Марфуға Айтхожинаның туған жер

туралы өлеңдерін мақтады. Ал біз Айтхожинаның туған
жері қай жер екенін білеміз. Әдебиет бөлімінің қызметкері
оны білуге тиіс. Біздің партиялық газеттің бетінде қай жер
жырланып жатқанын бәріңіз көріп отырсыздар», десін.

Марфуға апайымыздың Қытайдан келгенін мегзегені.
Сонда жаңағы ағамызға «Бұл поэзия ғой. Мұнда туған жер
ұғымы жинақталып берілген ғой» деген тұрғыда уәж айта­
тын бір адам шыққан жоқ. Бәлелі тақырыпқа жолау саяси қа-

теге ұштасып кетуі мүмкін екенін жұрттың бәрі білетін кез.
Тәлімгерлер туралы көп айтуға болады. Сапар Байжа-
новтың кең ауқымда ойлайтындығы, Балғабек Қыдырбек-
ұлының қазақтың қара тілін сонша жетік білетіні, Сар­

бас Ақтаевтың материал редакциялау машығы, Мамадияр
Жақыповтың тазалығы, турашылдығы, Бекболат Әде-
товтің саяси мәтіндерді сағаттап ауызша аудара беретін
алымдылығы, Ақселеу Сейдімбековтің халық өміріне сон­

шама қанықтығы... деген сияқты етіп ұзақ жалғастыра ала­

мын. Әрқайсысынан үйренгеніміз баршылық. Мысалы,
ауызша аудармаға Сарбас ағам үйретіп еді. Соның пайда-
сын әлі күнге көріп келемін.

– Кейіннен Қазақстан Компартиясы Орталық Коми-

тетінде, Президент Аппаратында, Мәдениет министр-
лігінде жауапты әрі ірі қызметтер атқаруыңыз жур-
налистік шеберлігіңіздің шыңдалуына қандай әсерін
тигізді?

– Аппарат жұмысы адамды қатты шыңдайды. Шыңда-

май қоймайды. Ең алдымен бүкіл ел ауқымында ойлауға,
солай жазуға, солай сөйлеуге үйренесің. Осының өзі-ақ
адамды өсіреді. Масштаб деген кейін журналистикадағы
еңбектеріңе де ықпал етеді.

– «Қазақстан теледидары мен радиосы» республика-

лық корпорациясындағы және қазіргі басшылық қыз-
меттеріңіз көсіліп жазуыңызға қолбайлау болатын
сәттері бар ма? Жалпы, қызмет пен шығармашылық-
ты қатар алып жүруде уақытыңызды қалай пайдала-

насыз?

– Телерадио корпорациясындағы жұмысым газетке жа-

зуға мүмкіндікті азайтқаны рас. Қашан бағдарламалар толық
біткенше көңілің бір тынбайды ғой. «Адамзат күнтізбесі»
деген кітапты жазуға дайындалған кезде көп дүние оқып
қалдым. Жалпы, біздің шамамыздағы көп жазуға тіпті

таңданудың жөні жоқ. Жыл сайын кітап жазу дегенге де
секемдене қараймыз. Онда тұрған не бар? Бір жылда 365
күн бар. Қолынан қаламы түспеген адам орта есеппен
күніне бір-ақ беттен жазса да бір кітап шыға келмей ме?

Профессионалға бір бет деген немене? Күнделікті жұмы-
сы тек жазумен байланысты адамдар одан да көбірек жаза
алады. Сенбі мен жексенбінің бір күнін қалайда жазуға
арнауға әбден болады ғой.

– Кәсіби журналист қана емес, сіз филология ғы-

лымдарының докторысыз, профессорсыз. Газетіміздің
оқырмандарына ғылымдағы қолтаңбаларыңызды жә-
не осы бағытта қазір не істеп жатқаныңызды айтып
берсеңіз.

– Бұған дейін қазақшасы бар, орысшасы бар 12 кітап

шығарыппын. Соның дені ғылыми еңбектер. Журналистік
жұмыстарымның ішінен қазірше тек шетелдік репортаж­
дар ғана жарық көрді. Өткен жылы «Қашаған құрықтаған
Қазақстан» деген кітап шығарғанмын. Ол кітапқа алғы-

сөзді Қасым-Жомарт Тоқаев жазған. Басқа дүниелерім
кезегін, уақытын күтіп жатыр. Алпыс жылдығыма бір
кітабымның да шықпағаны өзімді де таңдандырады... Әйт-
песе, мысалы, «Әлемге әйгілі» айдарымен соңғы он жыл

бойы жүйелі жазып келе жатқан мақаларымның өзі екі том­
ды құрайды. Көрнекті тұлғалармен сұхбаттарым да біраз
болып қалды. Көрерміз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы
аталып өткеннен кейін тарихи тақырыптарға қазіргіден

жүйелірек мойын бұрсам ба деген ойым бар. Атақты Ат­
лах (Талас) шайқасы жөнінде біраз әдебиет қарастырып,
мәліметтерді, деректерді жүйелеп қойдым. Әрі кетсе
жарты жылда жазып тастауға болады. Пушкинтану та-

қырыбын да жалғастырмақшымын.

– Тарихтан ойып орын алған әйгілі тұлғалар туралы

материалдарыңызды тұшына оқыған едік. Соны одан
әрі жалғастыру ойыңызда бар ма?

– Ол авторлық айдар міндетті түрде жалғасады.

– Дін тақырыбын сіз назардан тыс қалдырған емес-

сіз. «Коран и Пушкин» кітабінің өзі неге тұрады!
Құранды орыс тіліне аударған имам Валерия Порохова-
дан алған сұхбатыңызды жұрт іздеп жүріп оқығаны
есімізде. Соның қысқаша тарихын айтсаңыз. Жалпы

дін мәселесін бұқаралық ақпарат құралында жазуда
нендей жәйттерді ескерген жөн?

– Ол өзі ойламаған жерден орайы келген шаруа бол­

ды. Біз Ақтауға Бекет атаның 260 жылдығына арналған іс-
шараларға барып едік. Сондағы конференцияға Валерия
Порохова да шақырылыпты. Тамаша сөз сөйледі. Түстен
кейін Ш.Есенов атындағы университетке барып, студент-

термен кездесті. Онда да әдемі әңгіме айтты. Жауын-жа-
уынның арасында жолығып, сұхбат жөнінде өтініш біл-
діріп едім, «Мұнда әр сағатым алдын ала ойластырылып

қойыпты, электронды адресіме сұрақтарыңызды жіберсеңіз
жазбаша жауап қайтарар едім» деп «визиткасын» ұсынды.
Жарайды деп қойғанмын. Кешке облыс әкімі Қырымбек
Елеуұлы қонаққа шақырды. Барсам Әбіш Кекілбаев,

Әбсаттар Дербісәлі, Дархан Мыңбай отыр. Орталарын­
да – Валерия Порохова. Әдемі әңгіме өрбіді. Дастарқаннан
тұрып, тарап жатқанымызда Валерия Михайловнаға қиыл-
ғандай болып өтініш айттым. Сұхбатты осы жерде берсеңіз

деген тұрғыда. Иманды адам ғой, таңертең Мәскеуге ұш-
қалы тұрса да көңілімді қимай, тағы біраз уақытқа қалып,
барлық сұрақтарыма жауап қайтарды. Сөйтіп, ол сұхбат
әкім үйінің залында алынған. Ал дін мәселесін жазуға кел­

сек, мен мына ойды айтқым келеді. Шіркеуді мемлекет­
тен бөлген – Ленин. Дін мен мемлекет бөлек деп қарауды
шығарған – кешегі атеистік қоғам. Ал дұрысында дін –
мемлекет өмірінің ажырамас бөлшегі. Қаласаңыз да солай,

қаламасаңыз да солай. Солай болғандықтан дін мәселеле-
рін мешіттің маңайындағы басылымдардың басыбайлы
меншігі деп қараудың жөні жоқ. Онсыз да бұл мәселенің
біраз жерге барып қалғанын көріп отырмыз.

– «Бейбарыс» пен «Аласталғандар» арқылы аудар-

машылық талантыңыздың жоғары деңгейде екенін
дәлелдедіңіз. Осы тұрғыда қолға алған дүниелеріңіз
бар ма?

– Жоқ. Осылай кесіп айтқаныма таңданбаңыз. Мына жұ-

мыста жүріп көлемді дүниелерді аударуға қолға алу жөн
болмайтынына көзім жетті. Бұл арадағы мәселе жасымның
алпыстан асқанында ғана емес...

– Туған күнді өткізе сала алпыстан асуға асығады

екенсіз. Біздіңше, қазір барлық жағынан кемеліңізге
келген кезіңіз. Мерейтойыңызбен құттықтап, адамдық
бақыт, шығармашылық шабыт тілеймін.

Алты алашқа ардақты ана
атанған Халима Өзбақанова-Нұршайықова туралы
сыр-толғаныс

1. Адамгершілігі асқақ ару-ана

Есімі алты алашқа ерекше ыстық Халима апамыздың
о дүниелік болғанына да 10 жыл болыпты. Қазақстанның
халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзіл-
хан Нұршайықовтың айнымас асыл жары болған Халима

Өзбақанова-Нұршайықова туралы ел аузында аңызға бер-
гісіз ғажап әңгімелер күні бүгінге дейін айтылуда. Мұның
сыры неде? Халима апа мен Әзілхан ағаның арасындағы
сүттен ақ, судан таза мөлдір махаббаттың аңызға айналуы

неліктен?
Әзағаның өзі асыл жары хақында былай деп атап көр-
сетіпті: «Әйелім Халима Қалиәкпарқызы Өзбақановамен
54 жыл бірге өте бақытты өмір сүрдім. Бір-бірімізге шексіз

адал жар, сенімді серік болдық. Ол кісі өлгеннен кейін,
(2001) мен төрт жыл жылап отырып, «Мәңгілік махаббат
жыры» деген прозалық поэма жаздым. Онда жан жарым-
ның бойындағы қазақ әйелдеріне тән барлық адамгерші-

лік асыл қасиеттерді көрсетуге тырыстым».
Аттары аңызға айналған қос ғашықтың махаббат хи­
каясы көптеген оқырмандарға белгілі болғанымен, кейбір
замандастарымыз ол туралы білмеуі мүмкін. Осы тұрғыда

ең алғашқы таныстық қалай басталғаны хақында айта
кетудің артықшылығы болмас. Әзағаң Қазақ мемлекеттік
педагогикалық университеті студенттерімен болған кезде­
суде «Қанша қызға ғашық болдыңыз?» деген сауалға былай

деп жауап қайтарады: «Екі қызға. Екеуіне де өлердей ғашық
болдым. Біріншісі, О – деген қыз, екіншісі – Халима еді», –
дей келіп О-мен хат жазысып тұрғандығын, кейіннен одан
хат келмей қойған соң оған жүзінші рет хат жолдайды, онда

мынадай жолдар болады:
Жүз хат жаздым бір қызға
Әдет жоқ қазақ, қырғызда.

Махаббатым мәңгілік.
Үлгі болсын ұл-қызға.
Бұл ұзақ өлеңнің соңында: «Қош, бақытты бол. Мен са-
ған өмір бойы тілектеспін, – дейді.

Одан әрі Әзағаң жауабын былайша жалғастырады:
«Содан соң ол қыздың досы Халимаға құмарттым. О-ға –
3, Халимаға – 9 жыл ғашық болдым. Халимаға ғашық
болуым былай басталды.

Алматыдан Семейге келіп, оқуға орналасқаннан кейін
ғашық қызымды іздеп, №11 орта мектептің интернатына
бірнеше рет бардым. Бір күні интернат есігінің алдында
шашын қиған, үкі көз, аққұба қызға кездесіп қалдым.

Тоқтатып, О-ны сұрадым.

– Білемін. Бірге оқитын құрбым. Жатақханада бір бөл-

меде тұрамыз, – деді.

– Сол қызды шақырып бере аласың ба?

– Жарайды, күте тұрыңыз, – деді аққұба қыз.

Әлден уақытта ол қайта шықты. Аяғын әрең басып қа-
сыма келді.

– Келе ме? – дедім мен дегбірсізденіп.

– Жоқ, келмейді.

– Неге?

– Білмеймін. «Менен күдер үзсін. Енді ешқашан мені

іздеп келмесін» – деді.
Бұл сөздерді ол үзіп-үзіп, қинала тұрып айтты.
Мен жылап жібердім. Баламын ғой. Менің көз жасым-
ды көріп, әлгі қыз қосыла жылады.

– Сен неге жылайсың? – дедім мен жеңіммен көзімді

сүрткілеп.

– Саған жаным ашып кетті, – деді ол алақанымен бетін

сүртіп.

– Атың кім?

– Халима. Қыздар Катя деп атайды, – деді ол.

Катя қызға рақмет айтып, педучилищеге қайттым. О-дан
айырылып қалғаныма өлердей өкіндім. Жылай бергім келді.
«Не жазығым бар еді?» деп көп ойландым.
Осындай ұзақ ойлардан кейін менімен қосыла жылаған

көз шарасы кең бейтаныс аққұба қыз көз алдыма елестей-

тін еді. Әсіресе, көзінен моншақтаған жасты сүртіп жат-
қан кезі көкейімнен кетпейтін болды.
Кейін ол қызбен Семейдің Н.В.Гоголь атындағы қала-
лық кітапханасында кездесіп жүрдім. Кездескен сайын:

– О. қалай? – деп сұраймын.

– Жақсы, оқуы бәрі ойдағыдай, – дейді ол. Одан О-ға

өлеңмен жазылған 2-3 хат беріп жібердім. Жауап болмады.
Сөйтіп О-дан күдер үздім.
Енді Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық еке-
німді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бергі

жағым – дос, арғы жағым – ғашық. Ол менің түпкі ойымды
сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Тіс жарып айтпайды. Бірақ,
маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи
жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жа-

зысатынбыз. Осылай үш жылды оқумен өткіздік. Одан
кейін төрт жыл соғыс болды. Екеуміз де әскерде жүрдік.
Үзбей хат жазысып тұрдық. Енді ғашықтық жайлы ашық
айтылды. Ол да сезеді екен. Амандық болса, соғыс біткен-

нен кейін қосыламыз деп уәделестік.
Халима екеуміздің қосылуымызға себепкер болған О-ға
үнемі алғысымызды айтатын едік. О. мен Халима екеуі
жақсы дос болатын: интернатта бірге өсті, онжылдықты

бірге бітірді. Соғысқа да бірге барып, бір батальонда ра­
дистка болды. Сонда О. Халимаға ылғи мені мақтайды екен.
«Сен ойың да, бойың да таза қызсың. Соған қосыл!» деп
үнемі айтып жүріпті.

– Жоқ, сен қосыл. Екеуіңнің бала күндерден уәделерің

бар. Уәдеңді бұзба, – деп Халима оны үгіттейтін болса
керек.
Ал, О. оған өзінің маған неге қосыла алмайтын себебін
айтпайды.

Халима екеуміздің бір-бірімізді тапқанымызға О. се­
беп болды. Егер ол болмаса біз бір-бірімізді білмес едік. О.
Екеуміздің арамыздағы бала махаббат Халима екеуміздің
арамыздағы мәңгілік махаббатқа жол ашты».

Иә, мәңгілік махаббат дастаны осылай басталды. Әзаға
мен Халима апа соғыс жылдарында да хат алмасып тұрған.

Бұл туралы қаламгердің «Әскери күнделік» атты кітабінан
оқып білуге болады. Ендеше түсініктеме беріп жатпай-ақ
осы кітаптан үзінділер келтірейік. Отты жылдардағы пәк
сезім сапырылысы тайға таңба басқандай көрініс тапқан.

Сонымен ғашықтық оты жүрегін лүпілдеткен жас жігіт,
аға сержант Әзілхан Нұршайықовтың жазбаларына кезек
берейік.
22 февраль.

Эх, шіркін, бізді Москваға апарсашы. Онда мен Хали-
маға кездесер едім ғой.
1 март.
Шіркін, Мәскеуге тоқтасақ жақсы-ақ болар еді. Онда

Халима бар. Ой, Халима-ай, сені көріп мауқым қашан ба­
сылар екен? Қашан сенімен құшақтасамын? Қашан екеу-
міз ыстық махаббатпен сүйісеміз? Ондай атты күн болар
ма екен?

2 март.
Тыныштық. Түнде жүруге команда болған жоқ. Халимаға
хат жазып жібердім. Неліктен мен Халимаға хатты жиі жа­
замын? Неліктен менің жүрегімдегі махаббат оты соған

қарай шалқып тұрады? Қазір хат жазатын адамдарымның
ішінде Халимаға көбірек те, көңілдірек те жазамын. Демек,
оны сүйемін де. Не үшін? Оны көргенім де жоқ. Қалайша
сүйемін? Демек, онда өзін сүйгізгіштік қасиет бар.

9 март.
Москва... Суық. Менің берген телеграммам бойынша
Халима келіп поезд тосып тұр екен. Мен танып барып аман­
дастым. Ол күле қарап, қолымды қатты қысады. Солдаттар:

«Сенің әйелің бе?» деп айғайлайды. Халима ұялады. Содан
кейін екеуміз эшелонның бас жағына қарай кетеміз.
Станция басы. Поезд қашан жүрері белгісіз. Халима
екеуміз эшелонды бойлап жүріп келеміз. Мен не айтарым-

ды білмеймін. Айтайын деген сөзім көп сияқты еді, вагон­
да келе жатқанда. Соның бәрі Халиманы көрген соң үркіп,
қашып кеткен сияқты. Халима да іштей толқып, не айтарын

білмей келеді. Ол маған қарайды. Оның көзқарасы менің
жүрегімді күйдіріп жібергендей ме, әйтеуір ерекше бір
сезім пайда болып, мен төмен қараймын.
«Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді өзі керегі». (Абай).
10 март.

Жанымызда, 50 метр жерде почта бар. Ертемен Халима-
ға және Ағыбай ағайға телеграмма берген едім. Телеграм-
маны әдемі, жас бір белорусь қызы қабылдап отыр.
16 март.

Содан кейін келгендігімді білдіріп, Халимаға хат жаз-
дым да, оны біреуге берейін деп вагоннан далаға шықтым.
Эшелонды бойлап, оның аяқ жағына қарай Бегімбек екеу-
міз келе жатырмыз. Жолда біздің эшелонның парторгі

(капитан) тұр екен. Оны қарсы алуға шешесі, қарындасы
келіпті. Менің қолымдағы хатты парторг алды да, тез
почта жәшігіне сал деп қарындасына берді. Хатты берген
соң, алдымызда кетіп бара жатқан теміржолшы қыздарды

әңгіме етіп Бегімбек екеуміз вагонға қайттық.
* * *
Халима жұмыста екен. Сағат 21.00-ге дейін қызмет
істейді. Сағат 19.00-да босат деп бастығынан сұранған екен,

босатпапты. Қазір 15 минутқа ғана сұранып келіпті. Бізбен
25 минуттай отырды. Мен қайта-қайта қызметіңнен қалма
деп ескертемін.
* * *

Халиманы босаттым. Ол қазір маған өзінің телефоны-
ның нөмірін әкеп береді. Егер жүрмесек сол телефон арқы-
лы ертең қай жерде тұратынымызды хабарлаймын.
Халиманың телефон нөмірі: К-0-14-00 добавочный – 280.

* * *
Халиманың кеткісі келмейді. Кетпейін десе қызмет уа-
қыты. Кетіп қалса аңсаған досын бір 15 минут қана көріп
айрылысу жеңіл тимейді. Соңғы Семейден кеткеннен бергі

4 жыл ішінде, тіпті өмір бойы жүзбе-жүз кездесіп тұрғаны-
мыз осы. Уақыт екеумізді де шала құмар етіп, оны менен
айырып, еріксіз өз қуатынан (еркінен) тысқары зорлықпен
оны қызметіне алып кетті.

* * *
Біреу сол жақ иығымнан қазақша «оқып қойдым» дейді.
Жалт қарасам Халима (Бегімбек Халиманы іздеп, теле-
фонда айғайлап тұр).

– Кеше іздеп келдің бе, Халима?

– Келдім.

– Ал, қазір қалайша келдің, менің тосып отырғанымды

білесің бе?

– Білдім.

– Кеше таба алмай қайтқаныңа ренжіп, бос күттірді деп

ұрыстың ба маған?

– Жоқ. Неге ренжиін, неге ұрсайын?

18 март.
Кеше Халимамен, егер кетіп қалмасақ, бүгін сағат 8-де
почтада табыспақ едік. Біз қара нанды аш қасқырша асап
жатқанда сағат тура 08.00 еді. Онда Халима бізді тосып

отырған болар. Біздің бейшара болып ашығып жүргенімізді
қайдан білсін. Бүгін бірнеше рет почтаға келер ол, кездесер-
мін деген үмітпен. Ақырғы жолығуымыз кеше болған бо-
лар. Енді кездесе алмаспыз, жаным, белгілі күндер, мерзімді

айлар өткенше.
13 май.
Халимадан ұзақ жазылған хат алдым. Қуаныштымын,
көңілім өсіп қалды.

29 май.
Өте көңілсізбін. Қазір ешнәрсеге көңілім жоқ. Халимаға
хат жазбасам болар емес, одан хат алмағаныма көп болды.
Неге жазбай жатыр екен Халимаш.

Халиманы шын жақсы көремін мен.
30 май.
Кешке Халимадан хат алдым. 25.05.1945 жазған. Хатын-
да санаторийге кеткелі жатқандығын айтады.

Мөлдір махаббат жыры осылай басталған еді. Соғыс
аяқталған соң көп ұзамай Халима апа мен Әзілхан аға Ал­
матыда кездеседі. Қос аққудай жарасқан жұптың бұдан
кейінгі тағдыры бірнеше кітапқа жүк болғандай. Бірі уни­

верситетте, екіншісі институтта оқи жүріп жас отбасылық
өмірлері басталады. Тағдыр шіркін оларды бастарынан
сипай қоймаған. Жас отбасы тұрмыс тапшылығын аз көр-
мейді. Бірақ бұл қиыншылықтарға бір-бірін ерекше сүйген

екі жас мойымайды. Әсіресе Халима апа тұрмыс тауқы-
метін елеместен сүйген жарының шығармашылық жол­
да шыңдалуына ерекше қолқабысын жасайды. Оған қанат
бітіріп, кесе-көлденең кездескен қиындықтарды жеңіп

шығуға білек сыбана кіріседі. Адамгершілігі ерекше асқақ
ару-ана Әзағаңның шығармашылық жолдағы таңғажайып
көмекшісіне айналып, жарының ештеңеге де алаңдамауына
бар күш-жігерін жұмсайды.

2. Мәңгілік махаббат монументі

Асыл ана 2001 жылы фәниден бақиға аттанғанда Әзілхан
аға сыңарынан айырылған аққудай ерекше қайғырады. Өл-
мектің соңынан өлмек жоқ. Тағдырдың басқа салғанына
көніп, 54 жыл адал жары болған Халима апаға арнап 80-

нен астам жыр шумақтарын жазады. Аз уақыттың ішінде
жары жерленген Кеңсай зиратына 100-ден астам рет барып
қайтады. Кейіннен өмірі өнегеге толы сүйген жары туралы
кітап жазбаққа бел буады. Сөйтіп 2005 жылы «Мәңгілік

махаббат жыры» шығармасы дүниеге келеді.
Бұл кітапты Әзағаң 4 жыл бойы жылап отырып жазған.
Яғни шығарманың бас кейіпкері – Әзағаңның дүниеден
өткен жан-жары Халима апа. «Оқырманға өтініш» де­

ген кіріспеде кітап негізгі екі бөлімнен және қосымша
бөлімнен тұратынын, бірінші бөлімі «Халима» деп атала­
тынын ол апамыздың қайтыс болғанына 40 күн толғанда
жиналған жұртқа қимас жан жары жайында айтқан әңгімесі

екенін, оған Абай атындағы Ұлттық мемлекеттік педагоги­
ка университеті студенттерімен кездесуде айтқан «Аппақ
қардай ақ махаббат болсын» деген сөзі мен кейбір деректі
материалдар жалғастырылғанын айта келіп, былайша те-

біренген: «Екінші бөлімнің аты «Халимаға хат». Бұл менің
жан жарымды жоқтап жазған хаттарым. Барлығы 80 шама­
лы мұңды жолдаулар. Бұл хаттар түр жағынан Петрарка-
ның Лаураға жолдаған сонеттеріне ұқсайды. Лаура Петрар­

ка ақынның қолы жетпей, өмірден ерте өткен ғашығы ғой.
Ал Халима менің қолым жетіп, 54 жыл бірге бақытты өмір
сүрген жан жарым, өлсе де ұмытылмайтын мәңгі ғашығым.
Сол себептен де кітабыма «Мәңгілік махаббат жыры» де­

ген ат қойдым. Оның үстіне бұл кітап ақ өлеңмен жазылған
прозалық поэма екенін көрсеттім. Олай еткен себебім: қа-
лың оқырман қауым мені ақын деп танымайды, прозашы
деп біледі. Ал прозашылар мен драматургтардың кейбір

шығармаларын ақ өлеңмен жазуға құқылары бар. Мен сол
құқымды осы деректі шығармаға пайдалануға тырыстым.
Тек қана «Халимаға хат» ақ өлеңмен жазылғандықтан «поэ­
ма» дегенім жоқ. Кітаптың әр тарауының оқиғасы, мазмұны

поэмаға ұқсайтындықтан сөйттім»
Әзағаң ақиқат өмір аясында отырып, туындының өне-
гелік сипатын ерекше назарда ұстаған. Әдебиет пен публи-
цистиканың тоғысқан жерінен туындаған бұл кітапты экс-

перименттік дүние дейтін себебіміз сол. Қалай болғанда да
шығарманың көркемдігінен гөрі деректік сипаты басым­
дау тұрғанын айтуға тиіспіз. Мұны автордың өзі де атап
өтеді: «Деректі туынды шындықтан шырқау алыс кете ал­

майды. Шындықтың өз шеңберінен шықпай отырып, мен
шығармамның ұлттық өнегесі болуына мән бердім. Кітап-
тағы қарапайым әрбір әңгіменің әрі үлгілі, әрі тәрбиелік
мәні болуына зер салдым. Халиманың бүкіл ғұмыры үлгі-

мен өрілген болатын. Бірақ, мен оның бәрін қағазға түсіре
алмадым». Сөйте тұрса да жазушы зайыбына қатысты бір-
де-бір деректі назардан тыс қалдырмауға тырысқан. Мұндай
мәліметтер шығарманың өн бойында жөн-жөнімен, рет-

ретімен пайдаланылған. Әйтсе де, жазушының Халима ту­
ралы махаббат жыры мұнымен де бітпейтін сияқты. «Соғыс
кезінде Халима екеуіміздің бір-бірімізге жазған екі папка
хатымыз сақтаулы тұр. Соны кітап етіп шығарсам деймін», –

дейді ол. Кітаптың «Халиманы еске алу» атты қосымша
бөліміне ол кісі туралы замандастарының айтқан сөздері,

газеттерге басылған қазанамалар, көңіл айтулар және жеке
адамдардың естеліктері енген т.б. деректі дүниелер басыл-
ған. «Ол менің әйелім ғана емес, әрі шешем, әрі енем сияқты
болды, ол менің әйелім ғана емес, әрі редакторым, әрі кор­

ректорым, әрі ақылшым, әрі қосалқы авторым, әрі хатшым,
әрі курьерім болды», – деп тебіренеді жазушы.
Осындай сүйіспеншілікке толы жолдарды оқып отырып
еріксіз ойға батасың, нағыз шынайы әрі мөлдір махаббатты

аңғарасың. Оған теңеу табудың өзі қиын. Қобыланды мен
Құртқа, Қыз Жібек пен Төлеген, Ер Тарғын мен Ақжүніс,
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Ләйлі мен Мәжнүн, Еңлік пен
Кебек, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда,

Сейпілмәлік-Жамал, Руслан мен Людмила, Ромео мен Джу­
льетта секілді әйгілі жұптардың тізіміне Әзілхан мен Хали­
ма деп еркін қосуға болатындай шынайы сүйіспеншіліктің
суреттелгенін айқын сезінуге болады.

Бұлардың барлығы да мөлдір махаббат иелері. Бір-бірле-
рін жүректері лүпілдей сүйген бұл ғашықтар Әзағаң мен
Халима апамыз сияқты жарты ғасырдан астам қол ұстасып
жүріп бақыттың биік шыңына жете алмай арманда кетті.

Алайда олардың мөп-мөлдір махаббат сезімдері мил-
лиондаған жүректерді тебірентті, тербетті. Сонысымен есте
қалды. Ал Халима апамыздың үлкен жүрегі, іңкәр жүрегі
өмірінің соңына дейін алаштың ардақтысы Әзағаң деп соқ-

ты. Ол кісі бала-шағасы, жақын-жұрағаттарына ғана емес,
жатқа да қолынан келген қамқорлығын аямаған. Әзағаң алты
рет инфаркт алғанда ауруханада көз ілмей жанында отырып
жас балаша әлпештеген. Ауруханаға жиі тамақ әкеліп, еріне

ғана емес оның жанында бірге жатқан басқа ауруларға да ақ
көңілмен адал асын ұсынған.
А.Данте: «Әлем шырақтарының тұтқасы махаббатта
тұр», – деген екен. Осы сөздің растығына ауырып аурухана-

ның жансақтау бөліміне түскен Халима апамыздың Әзағаңа
деген шынайы махаббатынан анық көз жеткіземіз. Ол кісі
өмір мен өлімнің ортасында жатса да жан жарының абы-
ройын ойлап өсиет айтыпты. Қысқартыңқырап айтқанда, ол

мынаған саяды: «Қазақта: «Қатын өлді – қамшының сабы
сынды» деген мәтел барын есіне салып егер жыласаң жұрт

сені: «Қатыны өлгенге жылаған жаман, жасық неме екен
ғой» деп мазақтап кетеді. Өзім өлсем де, сенің соңыңнан сөз
ермесе екен деймін»; «сақалыңды өсірме, шашыңды
қобыратпа, жағаңды қисайтпа; Ұнжырғаңды түсірмей,

тік жүр. Жұрт сені: «әйелі өлгеннен кейін жүнжіп кетіп-
ті» демесін!»; «...мені мұсылманша жөнелт...егер молда
шақырмасаң жұрт: «әйеліне құран оқытпай, арам өлтірді»
деп қаңқу қылады. Мен сенің жұрттың осындай жаман,

лас сөзіне қалмауыңды тілеймін». Бұдан екі нәрсені аңға-
руға болады: біріншісі – ол кісінің рухының мықтылығы,
екіншісі – өмірлік ғашығын шексіз сүйетіндігі.
Осы арада әдебиеттің де, ғылымның да тарихында

ерекше мәні бар тарихи оқиғаны айтпай кетуге болмас.
Халима апамыз о дүниелік болғаннан кейін Әзағаң Елба­
сымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен хат алмасады. Онда жазу­
шы сырқаттанып қалуына байланысты хат жазуға мұршасы

болмай, ризашылығын білдірудің реті енді келгенін жаза-
ды. Одан әрі: «Айтайын дегенім: осы жылдың бас жағында
Өзіңізге хат жазып, қайтыс болған әйелімнің басына
күмбез көтеруге қаражатым жетпей қысылғандықтан,

биылғы 2002 жылға тиісті 180 мың теңге президенттік
стипендиямды жыл аяғына қаратпай, ертерек бергізуіңізді
өтінген едім. Сіз: ол кісінің стипендиясына тимеңдер, сол
мөлшерде көмек көрсетіңдер деп нұсқау берген екенсіз. Сіз-

дің сол нұсқауыңыз бойынша 160 мың теңге алдым», – дей
келіп, көмек көрсеткен бірқатар азаматтардың аты-жөн-
дерін атап, былайша жалғастырады: «Кеңсай-2» зира-
тына жайғасқан жеңгеңіздің басына сонау Маңғыстаудан

ракушка алдырып, ақкүмбез орнаттым. Соған өте қуа-
ныштымын. Менің басыма түскен осынау ауыр жағдайда
160 мың теңге ақша жібертіп, көмек көрсеткеніңізге мың
мәрте алғыс айтамын. Күмбезіміздің (өзім де соған жай-

ғасамын ғой кейін) сырты бітті. Енді ішкі жұмыстары
ғана қалды. Амандық болса оны жеңгеңіздің екінші жыл-
дығына дейін бітіремін ғой бірдеңе етіп. Жеңгеңізді жоқ-
таудай-ақ жоқтап келемін. Айырылғаныма жылдан асса

да әлі күнге дейін көзімнің жасы тиылған жоқ. Енді
менің Сізге айтар ешқандай арыз, өтініш, бұйымтайым

жоқ. Жалғыз ғана тілегім бар: Аман болыңыз! Абыройлы
болыңыз!»
Зор құрметпен, ардагер ағаңыз Әзілхан Нұршайықов» .
Президент Н.Ә.Назарбаев Халық жазушысының осы ха­

тына төмендегідей жауап жолдапты:
«Құрметті Әз аға! Халима жеңгеміз марқұмның ба­
сын қарайтқан ниетіңізге ықылас танытып, шамалы
шапағатымды тигізгеніме үлкен алғысыңызды айтып хат

жазыпсыз. Көп рахмет! Ниетіңізді орындап шығыпсыз,
қайырлы болсын! Жұртшылықтан естіп, басылымдардан
байқап жүрмін, жеңгеміз осындай әсем күмбез орнатуға
әбден лайықты жан екен. Мүмкіндік тапсам, бүгінде

көпшіліктің қолынан түспей жүрген «Халима» атты
хикаятыңызды мен де оқып шықпақпын. Екеуіңіздің жан
толқытарлық сыйластықтарыңыз кейінгі жастарымызға
жақсы үлгі-өнеге деп ойлаймын. Осы ықылас-ниетіңіздің

бәріне жеңгеміздің әруағы риза шығар. Енді қайратта-
ныңыз, күтініңіз, ауырмауды ойлаңыз. Сау-саламат болы-
ңыз! Құрметті Әзеке! Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен
бастап, ағалық жүрегіңізбен, адал пейіліңізбен барша

істерімді қолдап келесіз. Ақ жүректен шыққан батаңызды
алып жүрмін. Зор рахмет! Туған елімізге қызмет етіп, аман-
сау жүре беруіңізге тілектеспін!
Нұрсұлтан Назарбаев».

Осы хатты тапсырып алғаннан кейін жазушы жауап хат
жазғаны үшін Президентке шын жүректен ризалық білдіріп,
өзі оқуға ниет еткен «Халима. Мәңгілік махаббат жырын»
автограф жазып, Нұрсұлтан Әбішұлына жібереді.

Жалпы әлем әдебиеті тарихында қайтыс болған әйелін
Әзағадай жоқтаған, өлген әйеліне ғашық болған, оның
рухына бағыштап көлемді кітап жазған ақын-жазушы өте
сирек, жоқтың қасы. Қазақ әдебиетінде махаббат жыршы­

сы деген мәртебелі атаққа ие болған Әзағаңның өз өмірі де
келешек ұрпаққа ерекше өнеге-үлгі. Ал Халима апаға арнап
жазылған «Мәңгілік махаббат жыры» жазушының сүйген
жарына арнап орнатқан мәңгілік монументі деуге әбден

болады.

Жаңа ректордың жаңаша бастамалары
Астананың мүйізі қарағайдай ғалымдары мен зиялы қа-
уымының ыстық ықыласына бөленіп, қызу қолдау тапты.
Жәмиғат күткен жаңалық

Жоғарғы оқу орындарының классикалық үлгісінде
дамып келе жатқан Еуразия ұлттық университеті
жаңа бағытта дамымақ. Елбасының өкімімен жуырда
тағайындалған жаңа ректор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов

оқу ордасын бірінші ондыққа кіретін ұлттық зерттеу
университетіне айналдырмақ. «Ел қатарлы еңкеңдеп»
келе жатқан астаналық басты университет ендігі жер­
де еңсесін тіктеп, әлемдегі үздік жоғары оқу орындары

секілді ғылымның ең соңғы жетістіктерін басшылыққа
ала отырып ілгері баспақ. Бұл мұнда ұзақ жылдар бойы
еңбек етіп келе жатқан атағынан ат үркетін бесаспап
ғалымдардың арманы еді.

Алла сәтін салса, осы тәтті арман жүзеге асатын сыңайлы.
Өйткені жаңа ректордың қарқыны қатты. Келгелі бері ты­
ным таппай, университетпен жете танысып, өзінің жеке
бағдарламасын әзірлеуге шұғыл кірісіп кеткен. Алдымен

интернет желісі арқылы «Ашық әңгіме» сипатында ұжым-
ға, студенттерге өз ой-пікірлерін ашық айтып, ағынан жа-
рылса, жақында университеттің ғылыми кеңесінің кеңей-
тілген мәжілісі өтіп, Ерлан Бәтташұлы алдағы үш жылға

арналған жоспарымен таныстырды. Ондағы әңгіме бес
бағдарлама төңірегінде өрбіді. Ең бастысы бұл әдеттегі
іш пыстыратын баяндама емес – жәмиғат күткен жаңалық
болды.

«Кадрларға қанат бітірейік»
Баяғыда «кадрлар бәрін шешеді» дейтін нақыл бар еді
ғой. Кеңестік кезеңде жиі айтылатын сол қанатты сөз әлі
өзектілігін жоя қойған жоқ. Университеттің алдағы үш

жылға арнаған міндет-мақсаттарын баяндаған Ерлан Бәт-
ташұлы ең алдымен осы мәселені тілге тиек етіп, «Еуразия
ұлттық университетінің кадрлары» атты бағдарламасын
жария етті. Онда кадрлардың өсуіне ашық және айқын

қызметтік жоғарлауы болуы үшін өз жұмыстарында жо-
ғары сапалық көрсеткіштерге қол жеткізген басшылық
өкілдерімен қатар профессорлық-оқытушылық құрамға
жан-жақты қолдау көрсету тайға таңба басқандай айтылды.

Мұнда олардың еңбегін бағалауда тиімді тәсілдерге назар
аударылды.
Әлемдік тәжірибеде мекемесінің дамуына үлкен үлес
қосқан қызметкерлеріне қолдау жасаудың әрқилы тәсіл-

дері қолданылатыны белгілі. Яғни нәтижелі жұмыс істей-
тіндерінің еңбекақысы да жоғары болуы керектігі ақылға
қонымды. Бұлайша ынталандыру әлемдік тәжірибеде жиі
қолданылады. Бұл жерде критерийлер мен ережелері нақ-

тыланған ашықтық, айқындық басшылыққа алынады.
Ректордың мәлімдеуінше алғашқы кезеңде университет-
тің кадрлық қуатына тереңнен баға беріледі. Оның жағ-
дайы, кездесіп жүрген проблемалар мен оның келешегі са­

рапталады. Екінші кезеңде қолда бар нәтижелер сараланып,
қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамды
материалдық және моральдық ынталандыру мәселелері
қарастырылатын болады. Сөйтіп халықаралық сапа ме-

неджменті жүйесі талаптарына жауап берерліктей еңбекті
бағалаудың мүлде жаңаша әдістемесі жасалатын болады:
сапа мен түпкілікті нәтижеге қол жеткізу ойластырылады.
Осыларды талдай келіп, қызметкерлер мен ұстаздардың

қызметтік өсуі анықталады.
Осы аталған мәжілісте кадрлардың кәсіби дамуына
арналған жоба жарияланып, олардың шеберлігін жетілдіру
тілге тиек етілді. Ол екі бөліктен тұрады: біріншісі –

университеттің басшылық құрамына бағытталып, олардың
арасынан қабілет-қарымын дәлелдегендердің қызметі өсі-
рілмек. Екіншісі – оқытушылардың кәсіби тұрғыдан жетіл-
дірілуі мен оларға қолайлы жағдай жасау.

Айтулы басқосуда тағы бір елең еткізерлік жайт айтыл-
ды. Ол – алға қойылған мақсаттар мен идеяларға берілген-
дікті білдіретін Еуразия университетінің рухын қалыптас-
тыру, мұндағы ұжымдардың жағымды келбетін кейіптеп,

оқу ордасының әлемдік білім кеңістігінде мейлінше белгілі
болуына қол жеткізу. Сонымен қатар Қазақстанның жағым-
ды бейнесін насихаттайтын, оның бейбітшілік сүйгіш сая­
сатын әйгілейтін «Бейбітшілік саябағы» жобасын жүзеге

асыру да назардан тыс қалмады.
Көптеген жоғары оқу орындарында ескерілмей жүрген
тағы екі жоба жария етілді. Оның біріншісі – «ІT-универси-
тет» бағдарламасы. Яғни «Университеттің интеграциялан-

ған ақпараттық жүйесі» жобасы бойынша инновациялық
университет ретінде қалыптасуға байланысты ақпараттық
жүйелерге терең модернизация жасалмақ. Екіншісі – «Еу­
разия ұлттық университеті әлеуметтік желісі». Бұл жоба

бойынша Қазақстанда тұңғыш рет алғашқыда іштей, со­
сын оқу орнын жалпылама түрде қамтитын әлеуметтік
желі құрылмақ. Мұның өзі оқу процесін ұйымдастырудың
жаңа дәрежесіне шығуға мүмкіндік беріп, әлеуметтік желі

студенттер мен оқытушылардың оған жаппай қатысуын
қамтамасыз етпек.
«Болмасаң да ұқсап бақ»
Жаңа басшының кең ауқымда һәм келешекке жұмыс

істеу қажеттігін ойластыруы да елді елең еткізді. «Еуразия
ұлттық университетінің Болон процесі» бағдарламасында
оқу бағдарламаларын интернационализациялау жобасы
қарастырылып, оқу ордасының әлемдік білім кеңістігі мен

интеграциялық
қарым-қатынастары
тұжырымдалыпты.
«Білім трансфері» жобасы бойынша білім беруді Болон

принциптері негізінде жүзеге асыру ашып айтылды. Барша-
ға мәлім қазір әлемдегі азуын айға білеген жоғары оқу
орындары жастарға өте қолайлы әрі жоғары сапалы білім
беруге ұмтылып, жаңа технологияларды, бірнеше диплом

беретін заманауи тиімді тәсілдерді енгізуге жанталасып
бағуда. Сол арқылы өздерінің атақ-даңқтарын асқақтатуда
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың гүлденуі-
мен кәсіби деңгейді көтерудің небір формалары ойлап

шығарылған. Ұлы Абай атамыз «Болмасаң да ұқсап
бақ» дегенді тегін айтпаған ғой. Сондықтан да жаңашыл
басшының өркениетке бұл ұмтылысы ерекше құптарлық
жайт. Анау Америкадан қай жеріміз кем...

Ғылыми жаңалықтан – нақты өнімге
Ерлан Бәтташұлы «Еуразия ұлттық университетінің
ғылымы» деген бағдарламасын ұсынып, оқу ордасында
қазір жұмыс істеп тұрған ғылыми потенциалға, ғылыми-

зерттеу институттарының жұмыстарының нәтижелеріне
баға беруге назар аударды. Бұл тарапта университет едәуір
нәтижеге қол жеткізген. Алайда басын бастап, аяғын аяқтау
жетіспейді. Яғни зерттеуден бастап коммерциялық өнім мен

технологияға дейін жету керек. Демек зерттеулерді иннова­
цияны жүзеге асыру дәрежесіне дейін көтеру қажет.
«Бес күнін ілгері ойламайтын еркектен без» дейді атам
қазақ. Қазір бес күн емес, бес жылыңды алдын-ала ойлас-

тырмасаң болмайды. Осы тұрғыда университетте «Фор­
сайт» жобасы қолға алынып жақын жылдарда жүзеге аса-
тын өзекті, келешегі бар ғылыми бағыттар мен қолдан-
балы зерттеулерге алдын-ала болжау жасалмақ.

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей универ-
ситеттің барлық сала бойынша зерттеу жасауы тиімсіздігін
дәлелдеді. Дүние жүзінде ғылымның барлық саласын
қамтыған университет жоқтың қасы. Көпшілігі белгілі

бір саланы игерген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті де бір бағытты игермек. Ректордың айтуын­
ша бұл іргелі оқу ордасы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті
боларлықтай артықшылықтарын айқындап, адам ресурсы

тұрғысындағы мүмкіндіктерін сараламақ. Мұндай әдіснама
«Форсайт» деп аталады.

Сондай-ақ «Еуразия ұлттық университетінің иннова-
циялық паркі» жобасы да осал емес. Қазіргі қолда бар
материалдық-техникалық және зертханалық базаны тиімді
пайдаланып, университеттің ғылыми-инновациялық қызме-

тін қамтамасыз ету, ғылыми потенциалдың өсуіне жағдай
жасау, ғылыми-инновациялық зерттеулерге жас ғалымдарды
жұмылдыру да назардан тыс қалмайды. Ал инновациялық
парк уақытша шығармашылық ұжымдар негізінде құрылып,

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс-
тарды атқармақ. Сөйтіп университеттің өзінің ғылыми-
техникалық жаңалықтары мен жаңа технологиялары ойлап
шығарылады.

«Барлығы да студенттер үшін»
Баяғыдан келе жатқан бір жақсы сөз бар ғой: «Жақ-
сының бәрі – балаға». «Барлығы да студенттер үшін» бағ-
дарламасында «Студенттерге бір терезе жүйесі бойынша

қызмет көрсету», «Студенттік медициналық орталық», «Са­
лауатты тамақтану», «Модульді спорттық-демалыс кешені»,
«Студенттік кинотеатр» сияқты жобалар қамтылған.
Мұның барлығын бірауыз сөзбен жеткізсем былай бо­

лып шығады: «Студенттерге туған баламыздай қарайық».
Мәселен, студенттерге бір терезе принципі бойынша қыз-
мет көрсету дегеніңіз студенттердің оқуынан бастап әлеу-
меттік-тұрмыстық жағдайына дейін қамқорлық көрсететін

арнайы қызметті құру деген сөз. Яғни студенттерге сервис-
тік қызмет көрсету кешені ұйымдастырылады. Ал мұның
өзі оқу орнының дәрежесін көтеріп, оның жағымды кейпін
қалыптастырады. Сонда студенттердің оқуға, мәдени де­

малысына, спорттық-сауықтыру шараларына қатысуына
мүмкіндік туады. Бұл арнайы қызметке мамандармен қатар
жоғары курстардың студенттері де жұмылдырылуы мүмкін.
«Студенттік медициналық орталық» жобасы білім алу-

шылардың денсаулығына кешенді түрде назар аударуға
бағытталған. Олардың ауырып қалмауы алдын-ала қадаға-

ланып, тексерулерден өткізіліп тұрады. Еуразия ұлттық
университетінде 10000-нан астам студенттер оқиды. Ал
медициналық қызмет көрсету әрқашан өзектілігін жойған
емес. Университет басшылығының бастамасы бойынша

жаңадан құрылатын студенттік медициналық орталық мұн-
дағы өрендерге толық қамқорлық жасайды. Әсіресе жетім
балалар мен мүгедектерге ерекше көңіл бөлінетін болады.
«Салауатты тамақтану» жобасы бойынша заманауи

орталықтандырылған студенттік тамақтану комбинаты
пайдалануға берілмек. Онда тағамның сапасы мен құнар-
лылығына ерекше мән берілмек. «Модульді спорттық-
демалыс кешені» жобасы бойынша университет террито-

риясында жатақханалар маңайынан модульдік спорттық
демалыс орталығын салу жоспарлануда. Университетте
қазірдің өзінде де спорттық ғимараттар бар. Алайда
жатақханаға жақын арнайы объектілер қосымша салын-

бақ. Ең соңында «Студенттік кинотеатр» жобасы студент-
терді шексіз қуантары анық. Осыған орай студенттік
жатақханаларда екі кинозал пайдалануға берілмек. Ол бөл-
мелер жұмсақ орындықтармен, үлкен экранмен, мықты ды-

быстық жүйемен, ауабаптағыштармен қамтылмақ.
Әлбетте, осындай жан-жақты қамқорлықтан кейін Еу­
разия ұлттық университетінің студенттері өздерін ертегі
әлемінде жүргендей сезінетін болады. Ал мұндай оқу ор­

нында білім алуды кім армандамайды дейсіз! Осының бәрі
талантты, еңбекқор жаңа ректордың бастамасымен іске
асырыла бастамақ.
...Кеңейтілген ғылыми кеңес мәжілісі бітіп, жұрт үйді-

үйлеріне тарай бастады. Гу-гу әңгіме, талқылау толастар
емес. Алқалы басқосудан екеулеп, үшеулеп шығып келе
жатқан зиялы азаматтар әңгімесіне құлақ түрдік. Ризашы-
лықтарын жасыра алар емес.

– Кейбір басшылар секілді өз қара басын ойламай,

оқытушылар мен студенттердің қамын ойлауы ғажап қой!
Мұндай типтегі адамды «Елін ойлап еңіреген азамат» деп
тегін айтпаған ғой!

– Ойлау қабілеті керемет қой, Елбасы да Еуразия уни-

верситетіне кімді тағайындауды біледі-ау!

– Жаңа бастықтың мына айтқандары орындалса, уни-

верситеттің абыройы асқақтары сөзсіз.

– Алла бұйыртса екі-үш жылда университетіміз адам

танығысыз өзгеріп, құлпырайын деп тұр-ау!

– «Академиктер есігімді теуіп кірсін, қалғандарыңыз

кез келген уақытта қағып кіре беріңіздер» дегенінен кі-
шіпейілділігі, ірілігі менмұндалап тұр-ау!

– Қала әкіміне кіріп тұрып, өзіне үй сұрамай, универ-

ситетке 7,5 гектар жер алғанын айтсаңшы!

– Жоғары оқу орнын бүге-шігесіне дейін білетін осын-

дай басшының бізге келгені дұрыс болды!

– Заманауи студенттер қалашығын салдырамын деуі –

ерлік. Ал енді ана тілімізді дамытуға байланысты көп
тірлік жасап, сөздерін тек өз тілімізде сөйлесе, түлек-
теріміздің барлығы таза қазақша сайрап тұратындай
дәрежеге жеткізсе нұр үстіне нұр болар еді.

Университет академиктері мен профессорларының бұл
таңданысы ерекше сүйіспеншілік сипатта естіліп жатты.
«Облыс орталығынан келген жаңа басшы не ұсына қояр
екен» деп күдіктенгендердің бәрі де ауыздарын ашып,

көздерін жұмды. Жаңа ректордың кең ауқымда, тереңнен
ойлайтын білікті басшы екендігіне көзі жеткен тәжірибелі
ғалымдар өздерінің оны мойындағандықтарын ағынан жа­
рыла айтып жатты.

Иә, ел астанасының басты университетінің мүйізі қара-
ғайдай академиктері мен профессорларын ұшан-теңіз бі-
лімімен мойындатқан жаңа ректордың ой-мақсаттары,
жоба-жоспарлары жан сүйсінтеді.

– Жарайсыз, Ереке! Ісіңіз ілгері бассын! Елбасы

үмітін ақтауда мерейіңіз таси берсін!

ЖАҢАША БАСҚАРУ ЖЕМІСТЕРІ

Елбасы таңдауы Ерекеңе түскенде
Жамиғатқа мәлім, осыдан бір жыл бұрын Л.Н. Гу­
милев атындағы Еуразия ұлттық университетінде то­
сын жаңалық болды. Елбасының өкімімен жоғары оқу

орны жұмысын ұйымдастырудың хас шебері, тарих
ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бәтташұлы
Сыдықов ЕҰУ-дың ректоры болып тағайындалды.
Бұл шұғыл шешімге таңданғандар да болмай

қалған жоқ. Бәзбіреулер облыс орталығынан келген
іскер басшының ұлттық университет жұмысын үйіріп
әкететініне күдікпен қарады. Алайда кадр таңдауда
сұңғылалық

танытатын
Президентіміз
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың бұл шешімі ерекше сәтті

болғандығын уақыт көрсетіп отыр.
Сөзіміздің басында бірден айта кетейік, университеттің
үздік нәтижелерге жетуінде Білім және ғылым министрі
Бақытжан Жұмағұловтың еңбегі де ерекше. Қазақ оқу

орындарының қара шаңырағы саналатын ҚазҰУ-ды биік
деңгейге көтеріп кеткен Бақытжан Тұрсынұлы әлемдік
додаға тарпаң тұлпарын қосқан кәнігі атбегідей Еуразия
университетінің әрбір қадамын мұқият қадағалап, биік

белестерге көтерілуіне көмек-қолғабысын, ақыл-кеңесін
аямады, тәжірибелі басшы ретінде сара жол нұсқап отырды.
Кезінде қаржылық тапшылықты жиі көрген Шәкәрім
атындағы Семей мемлекеттік университетін аяғына нық

қойған Ерлан Бәтташұлы өзінің терең білімі мен ерекше
ұйымдастырушылық талантын жарқырата көрсетті. Басқа-
сын айтпағанда облыста жүріп-ақ Шәкәрім Құдайбердіұлы
туралы іргелі энциклопедия шығаруды жүзеге асыруының

өзі адам сенбестей оқиға еді.
Ерекеңнің жаңа қызметте жүргеніне де бір жылдың
жүзі болыпты. Бұл, әрине, азаматтың бүкіл қарым-қабілетін
терең ашып көрсетуіне аздық ететін кезең. Дей тұрғанмен,

осы бір жылдың ішінде қыруар шаруаның басы қайыры-
лыпты. Бұрынғы «ел қатарлы» келе жатқан оқу ордасының

атақ-даңқы ерекше екпінмен естіле бастады. Университет-
тегі жұмыстарды жүргізудің жаңаша тәсілдері жүзеге асы-
рылып,
басқарудың

әлемдік
деңгейдегі
менеджменті
қолданыла бастады. Оқу ордасы дүние жүзіндегі атағы ас-

қақтаған жоғары оқу орындарымен иық тірестіре бастады.
Соның нақты бір мысалы Л.Н.Гумилев атындағы Еу-
разия ұлттық университеті әлемдік деңгейдегі универси-
теттердің рейтингін анықтайтын QS World Unіversіty

Rankіngs бойынша 2012 жылы 17 000 жоғары оқу орнының
арасында 400 ең үздік оқу орындарының қатарына енді, бір
жылда университет 69 сатыға көтеріліп, 369-шы орынды
иеленген, ТМД елдерінің бес үздік университетінің қата-

рына кірген. Түсіне білген адамға бұл өте жоғары көрсет-
кіш, төгілген маңдай тердің жемісі. Посткеңестік және
Орта Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының ара­
сынан мұндай биікке шырқағандары саусақпен санарлық.

Осыдан-ақ көп жайтты бағамдауға болады. Сонымен қа-
тар биылғы жылы тәуелсіз қазақстандық агенттіктің бас
рейтінгісінде 1-ші орынға ие болды.
Сапалы білім – студенттер үшін

Атам заманнан бері кез келген оқу ордасының беделі
студенттерге берілетін сабақтың сапасына байланысты
болып келген. Өйткені мұндағы басты «өнім» – жоғары
сапалы білім алған түлектер. Осы шаруаны нақты жолға

қойған оқу орнының ғана ұпайы түгел десек болады. Осы
тұрғыда ЕҰУ-нің жағдайы қалай екен?
Өткен оқу жылының тағы бір маңызды жетістігі – ба­
калавриат пен магистратураның 10 білім бағдарламасы

бойынша ұсынылатын қызметтердің сапа сәйкестігін рес­
ми түрде растау туралы ACQUІN халықаралық агенттігінің
(Германия) сертификаттарын иелену болып табылды.
Ұлттық аккредиттеу агенттігі өткізетін бакалавриат білім

бағдарламаларының республикалық рейтингісінде универ­
ситет 13 бірінші, 15 екінші және 4 үшінші орынды иелен­

ген. Бұл да қазақстандық жоғары оқу орындары арасын-
дағы үздік нәтиже.
2011 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлі-
гінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске қосылды,

оның аясында ЕҰУ студенттері үшін министрліктің қар-
жылай көмегінің арқасында әлемнің жетекші универси-
теттерінде 1 семестр бойынша білім алуға мүмкіндік
туды. Аталмыш бағдарлама бойынша 2011 жылы ЕҰУ-дің

32 магистранты, ал 2012 жылы 65 студенті мен магистран­
ты Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың озық оқу орындарына
сапар шекті. 2012-2013 оқу жылында ЕҰУ-дің 107 студенті
мен магистранты әртүрлі гранттық және стипендиялық

бағдарламалардың аясында оқып жатыр.
ЕҰУ-де білім беруді Болон процесінің талаптарына сай
жаңғыртуға бағытталған «Болон процесі мен ЕҰУ» бағ-
дарламасы бекітілген. Осы бағдарламаның жоспарланған

шараларын жүзеге асыруды талдау барысында барлық
жұмыстардың сәтті орындалып жатқаны байқалды.
Жүргізілген
ғылыми-педагогикалық,

оқу-әдістемелік
саладағы жетістіктер халықаралық деңгейдегі беделінің
өсуінің нәтижесі болар, өткен жылдармен салыстырғанда
университеттегі магистранттардың саны – 19, докторанттар

саны – 46 пайызға өскен. Ал 2010-2011 жылдары мемле-
кеттік білім грантын иеленгендердің 610-ы – «Алтын
белгі», 130-ы республикалық және халықаралық олим­
пиада жеңімпаздары болды. Биыл бұл көрсеткіш күрт өсті.

3075 мемлекеттік грант иегері біздің оқу ордасын таңдады.
Оның 906-ы – «Алтын белгі» иегері, 132-і – республика-
лық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары. Ең
атап айта кетерлігі, 2011-2012 оқу жылында ЕҰУ оқуға

қабылданған мемлекеттік грант иегерлері мен «Алтын
белгі» иегерлерінің саны бойынша еліміздегі ЖОО арасы-
нан суырылып алға шықты. Оқуға түскен студенттердің
қатарында мемлекеттік грантқа ие болғандар көрсеткіші

72 пайызға көтерілді. Бұл жалпы республикамыз бойынша
жоғары оқу орындары арасындағы ең жоғары көрсеткіш-
тердің қатарына жатады.

Ұлттық зерттеу университеттігіне ұмтылыс
Еуразия ұлттық университетінде ғылымды дамыту
мәселесіне ерекше назар аударылған. «Ұлттық зерттеу
университеті» деген мәртебелі санатта нақты көріну үшін

бұл бағытта зерттеулер мен әзірлемелер деңгейін, тиімділі-
гін арттыруға жағдай жасайтын шаралар кешені жүзеге
асырылуда. Іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау,
зияткерлік меншік нысандарын арттыру, оларды коммер­

цияландыру және технологиялар трансфері үшін жағдай
жасалған. 2012 жылы университетте зерттеулер Жоғары
ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК) ұсынған ғылымды
дамытудың басым бағыттары бойынша жүргізіліпті. Қазіргі

уақытта университетте 172 ғылыми-зерттеу жобасы орында­
луда. Биылғы жылы гранттық қаржыландыру бойынша 140
ғылыми-зерттеу жобасы жеңіп алынған.
ЕҰУ-дың басым бағыттарының бірі – жастарды ғылым-

ға белсенді араластыру болып табылады. Жас қызметкер-
лердің конкурстарға қатысуы бойынша жетістіктер де
баршылық. Мысалы, ЕҰУ-дың бір топ жас ғалымдары
Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ тарапынан қаржылан-

дырылатын «Технологиялар коммерциализациясы» ғылыми
жобалар конкурсында жеңімпаз атанған. Жаратылыста­
ну ғылымдары факультетінің 4-курс студенттері Меруерт
Жамалиева (Экология мамандығы) мен Альбина Ибраева

(Биотехнология мамандығы) Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендианттары
атанды.
2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республика-

сының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы­
на сәйкес, зияткерлік қызметтің нәтижелерін тәжірибелік
енгізу мақсатында университеттегі 34 ғылыми құрылымға
қосымша 2 жаңа ғылыми құрылым ашылған.

– Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенінің базасында

тректі мембраналық технологияларды дамыту жөніндегі
Инженерлік бейіндегі зертхана жұмыс істеуде. Инновация-
лық парк қызметі ғылым, білім мен өндірісті ықпалдастыру-

ға бағытталған. Оның міндеті – Инновациялық парк айна­
ласында соңғы өнім мен тәжірибелік әзірлемелерді алуға
бағытталған кең ауқымды инфрақұрылымды құру.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігінің ма-

ңызды критерийлерінің бірі университет ғалымдары мен
қызметкерлерінің Tomson Reuters және Scopus мәліметтер
базаларына енетін ғылыми журналдардағы ғылыми жа-
рияланымдарының деңгейі болып табылады. 2011-2012 оқу

жылында жоғары импакт-факторлы журналдарда 118 ғы-
лыми мақала жариялаған.
Жоғары импакт-факторлы рейтингілік журналдарда
мақала жариялағаны үшін мақала авторларына «Л.Н.Гуми-

лев атындағы ЕҰУ» РМК профессорлық-оқытушылар
құрамын, қызметкерлер мен білім алушыларды ынта­
ландыру шаралары туралы ЕРЕЖЕГЕ» сәйкес ақшалай
сыйақы беріледі. Айталық, биылғы жылы 23 қызметкерге

сыйақы беру жоспарланыпты. Олардың арасында жоғары
рейтингілі журналдарда 35 мақала жариялағаны үшін
ф.-м.ғ.д., «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының
профессоры Р.Мырзақұлов 4 млн. теңге көлеміндегі

сыйақыға ұсынылған.
2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жанында
филология, жаратылыстану ғылымдары, құрылыс, әлеумет-
тік ғылымдар мамандықтары бойынша төрт диссертация-

лық кеңес ашылған. Университеттің әлеуеті одан да көп
диссертациялық кеңестер ашуға жетеді.
Кадрды қадірлеу – құптарлық қадам
Баяғыда «кадрлар барлығын да шешеді» деген тіркес

әркімнің санасында қылаңытатын. Осы сөз ғасырлар бойы
өз күшінде қала беретін сыңайлы. Шындығында кез келген
мекемеде бар мәселені білікті кадрлар шешеді. ЕҰУ-нің
даму Стратегиясында бұл жайтқа ерекше назар аударылған.

Сондықтан да болар оқу орнының профессорлық-оқы-
тушылық құрамы жоғары деңгейде. Онда Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаттары, әртүрлі салалардағы жетекші

ғалымдар, академиктер еңбек етуде. Олардың арасында
205 ғылым докторы, 524 ғылым кандидаты және 62 PhD
докторы бар.
Ерекше атап көрсетерлік жайт, басқа оқу ордаларына

қарағанда ЕҰУ-нің арнайы Даму Стратегиясы жасалған.
Онда
кадрлық
әлеуетті

күшейту
бойынша
мақсаты
бағытталған жұмыс жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы

профессорлық-оқытушылар құрамын ауқымды аттесттау
өткізіліп, оның нәтижесінде 948 профессор мен оқытушы
аттестаттаудан өткен. Сондай-ақ 53 кафедра меңгерушісі-
нің, 42 профессордың, 100 доценттің лауазымын атқару

конкурстары өткізілген. Үстіміздегі жылдың басынан бас-
тап мамыр айына дейінгі аралықта 52 адам шетелде бі-
ліктілігін арттырған.
Тағы бір тоқталатын мәселе университет ректоры Ер­

лан Бәтташұлы университетке белгілі тұлғаларды тарту­
ды жолға қойған. Ректордың жеке шақыруымен есімі елге
танымал ғалым Мырзатай Жолдасбеков, Ұлттық Ғылым
академиясының академигі Сейіт Қасқабасов университетте

еңбек етуде. Сондай-ақ еліміздің мақтаныштары Мұхтар-
бай Өтелбаев, Уалбай Өмірбаев, Қойшығара Салғара,
Рахметқажы Берсінбай, қазақ журналистикасы теориясы-
ның корифейі Намазалы Омаш университет ғалымдары мен

студенттерінің ыстық ілтипатына бөленуде. Ерекше атап
өтерлік бір жайт білім және ғылым министрлігінің ұйым-
дастырылуымен өткізілген арнайы байқауда университет-
тің 133 профессор-оқытушысы «Үздік оқытушы» атағына

ие болды.
Университетте кадрларға қамқорлық жасау тұрғысында
да бірқатар шаруалар жүзеге асырылған. 2011 жылы
160 903,0 мың тенге көлеміндегі республикалық бюджет

қаржысына екі жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізіліп, университет қаржысына оқытушылар мен
қызметкерлер үшін салынған 68 пәтерлі тұрғын үй және
250 орындық жатақхана пайдалануға берілген. Мұндай игі-

лікті істердің жүзеге асырылуы одан әрі жалғасын табуда.

Биікке басталған баспалдақ
Университетте атқарылған игі істерді айтып тауысу
қиын. Мұнда күн сайын бір маңызды жаңалық болып
жататынына жұрт үйренген. Нобель сыйлығының лау­

реаттарынан бастап әртүрлі елдердің басшыларының,
әйгілі ғалымдарының университетте болып пікір алма­
суы, тәжірибе бөлісуі дәстүрге айналған. Сонымен қатар
халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конфе­

ренциялар, елімізге танымал тұлғалармен жүздесулер, түрлі
шығармашылық кештер ЕҰУ-де өте жиі өткізіледі.
Оқу ордасында ұйымдастырылатын қыруар шаралардың
барлығы ректор Ерлан Бәтташұлының назарынан тыс

қалған емес. Әсіресе студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайларын жақсарту бағытында атқарылып жатқан
жұмыстар шаш-етектен. Соның барлығы бір мақсатқа
бағытталған. Ол – студенттердің терең білім алуына жағ-

дай жасау. Талантты басшы, көрнекті ұйымдастырушы,
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүше-
сі Ерлан Сыдықов оқу ордасының бүгіні ғана емес
келешегін де мұқият ойластыруда. Алға қойған мақсаттар

биік, атқарылатын істер жеткілікті. Ал биікке басталған
баспалдақта жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігін жетік
білетін зерделі басшының әлі де биіктен көрінетініне
сеніміміз зор.

ҰЛТ МҰРАТЫН ҰЛЫҚТАУ

Есімі елімізге ғана емес, мұқым түркі әлеміне таны­
мал әйгілі алаштанушы ғалым, Қазақстан Республикасы
ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы

көрнекті ғалым ғана емес, белгілі публицист екенін екінің
бірі біле бермеуі де мүмкін.
Автордың «Жәкеңнің әңгімелері» циклімен жазған
қысқа да нұсқа ой өрімдері оқырман қауымның ыстық

ілтипатына ие болған еді. Дәуіріміздің келелі мәселелерін
қарапайым тілмен дөп басқан бұл жазбалар «Астана ақ-
шамы» газетінде жүйелі жарияланғаны да есімізде.
Жақында «Астана полиграфия» баспасынан профессор

Дихан Қамзабекұлының «Жұрт» атты танымдық-көсем-
сөздік кітабы жарыққа шықты. Бұл жинақты қолына алған
оқырман оның атауына бірден назар аударары хақ.
ЖҰРТ. Иә, исі қазаққа сіңісті ықшам һәм үйреншікті

ұғым. Осы атауының өзінен-ақ кітаптың лейтмотиві аңға-
рылғандай. Яғни ел қамы, жұрт мүддесі, адамдардың
мұрат-мақсаты, ой-арманы, көкейін мазалаған өзекжарды
мәселелері шынайылықпен өріліп отырады.

Автордың өзі де осы туындысын неліктен бұлайша
атағанына сөз басында тоқтала кетіпті: «Бұл кітаптың аты –
«Жұрт». Заты да – жұрт. Бүгінгі жұрттың сөзі, ойы, түсінігі,
танымы, талғамы».

Сөзіміздің әлқиссасында айтқанымыздай, «Жұрт» –
публицистикалық туынды. Көзге ұрып тұрған мына жайтқа
тоқталудың артықшылығы жоқ: кітап авторы негізгі екі
мәселеде тапқырлық танытқан. Біріншіден, кітаптың құ-

рылымдық пішіні (формасы) ұтқырлықпен ойластырылған.
Қарапайым оқырманға түсінікті болуы үшін автор жинақты
«Жәкеңнің әңгімелері», «Астана жұртын айналсам» атты
екі бөлімге бөлуі сәтті шыққан. Қайсысынан бастап оқы-

саңыз да түсінікті – қалауыңыз білсін. Екіншіден, жинақ-
тағы әңгіме-толғаныстар ықшамдығымен, тақырыптарының

ұтымды һәм ұғынықты қойылуымен бірден тартып алады,
көлемдері де қарайлас.
«Жұрттың» алғашқы беттеріне үңілген адамның одан
көзін басқа жаққа «алып кетуі» қиын екеніне шүбәміз жоқ.

Әңгімеші – Жақсыбек Шерәділұлы, елордаға оңтүстік
өңірден көшіп келген азамат. Электр инженері. Тіл, ұлт,
экономика, ар, ождан, саясат және басқа жайттардан
түсінігі мол, өзіндік пікірі қалыптасқан жігіт ағасы.

Көкейге шуақ себезгілейтін бір жайт бар. Автор мен
әңгімеқор ағасы арасындағы тілдесулерден бір мамыра­
жай атмосфераны сезініп отырасыз. Ешқандай «жантала­
су», асығып-аптығу жоқ. Ұзақтау болса да мына жолдарға

үңіліңіз: «Кеше ымырт жабыла Жақсыбек Шерәділұлының
жанына «ассалаумағалейкүм» деп жетіп бардым. Ол кісінің
«уағалейкүмассаламы» әуеде қалықтап тұрып қалды. Қа-
раңғыда Жәкеңнің жанарына ақырын үңілсем, жоғарыға

сөзі емес, көзі тесіліп қарап қапты.
«Ертеңгі ауа-райын өзімше болжағаным ғой, – деді
ол. – Айдың бетін тұман шалғандай: бір суықтың болары
рас»....

«Өй, Жәке, синоптиктер жұмыссыз қалып жүрмесін!»
деймін мен. Ол әдеттегі қалпымен: «Қайбір болжағыш
дейсің. Шалдардан қалған сөзді айтамыз да, тәйірі» деді.
Осы сөз себеп болды да, серіктес ағамды әңгімеге тартпақ

ниетпен: «Сол шалдардың ұрпағы бүгін не істеп жүр екен?
Еліміз азат, жеріміз бостан, атаның батасымен көгеріп
жүр ме олар?» деп қалдым.
Сонда Жәкең мына әңгіменің тиегін ағытты».

Кітапты оқып шыққан адам ондағы айтылған жайт­
тардан ақпарат алып қана қоймай автор туралы да пікірін
қалыптастырары ақиқат. Жасыратын несі бар, сіз тамаша
роман, хикаят оқып шығуыңыз мүмкін, ондағы оқиғаларға

ризашылық білдіресіз яки күйіп-пісесіз, жағымды не
жағымсыз кейіпкерлер туралы пікіріңіз қалыптасады. Алай­
да кітап авторының ішкі жан дүниесі құпия күйінде қалуы
бек мүмкін. Ал «Жұртты» оқып шыққанда оның авторы

жөнінде әсеріңіз санаңызда сәулесін бірден қалдырады.

Олар: автор мінезінің орнықтылығы, байыптылығы, тұ-
рақтылығы, ұлтжандылығы, кемел білімі, мәдениеттілігі,
кішіпейілділігі, азаматтығы, арлылығы, ұстамдылығы, зия-
лылығы, қазақылығы, ұлттық дәстүрлерді жетік білетіндігі,

салиқалылық, сарабдалдық және басқа толып жатыр.
Сөзімізді тұздықтау үшін бірінші бөлімдегі бірқатар
әңгіменің ауанын аңғартайық. Бұл патша көңілді оқыр-
манымызды бейжай қалдырмас деген үміттемін.

«ИТТІҢ ДЕ ӨЗ ТІЛІ БАР». Мүмкін емес! Тақырыбына
назар аударған кейбіреуіміз осындай ойға табан тіресек,
кейбіреуіміз «ә, бәсе-ау не депті» деп асыға көз жүгір-
теміз. Ал оқып шыққан соң «жеті қазынаның біреуінің»

расында күшік күнінен естіген сөздерін жадында тоқи
алатынына көз жеткіземіз.
Жағдайы мүшкіл шағында көшеден алып келіп асыра-
ған екінші иесінің «құр, жоғал» деген қазақша сөзін

түсінбеген ит көршісі Иванның «Пошел!» деген айғайын
ұғып, кішкентай құйрығын бұтына қысып үйшігіне қарай
жүгіре жөнеледі. Сөйтсе оның ана тілі орыс тілі көрінеді...
«ӨЗБЕК ШАЛДЫҢ ӨКІНІШІ» де аянышты-ақ! Соғыс

жылдарында жараланып, өзін емдеген бір орыс қызымен
көңіл қосқан өзбек қанды қырғын аяқталған соң әйел, ба­
ласымен еліне барғанда ағайындарының «Адаспа, тұқымың
құриды. Рұқсат етсе, балаңды алып қал да, орыс әйеліңді

жібер немесе баласымен қоя бер. Аман болса, ол бала сені
тауып алады», – деген ақылына құлақ аспаған әкә кейіннен
өкініп қалады. Өйткені шалдың үш баласы бар екен. Біреуі
мектеп жасында екіншісі украиннан, үшіншісі орыстан әйел

алып өз жөндерімен кеткен. Ал әйелі жасы ұлғайған сайын
орысшыл, христианшыл болып өзі айдалада қалғандай күй
кешеді. Сол елде 70-жылдары азаматтық парызын атқарған
солдатқа ол былайша мұңын шағып, арманын айтады: «Енді

бір ғана арманым бар: өлсем, сүйегімді туған жерге апарса
екен. Бірақ оны орындайтын ұрпағымды көріп отырғаным
жоқ»...

Өзбек шалы осыны айтып тағы да жылады. Арақ ішпе-
ген, сап-сау ақсақалдың жасы.
«Балам, үлкендердің тілін алу керек! Үлкендерді тың-
дау қажет!» дей берді ол».

Ой саларлық әңгіме ме? Әрине! Қазіргі жастардың ара­
сында тілі, діні басқаларға ғашық болып, олармен отбасы
құрғандар, өкініш уының дәмін татып жүргендер аз емес.
Бұл тағдыры тығырыққа тірелген сондай жандардың басын-

дағы аянышты көріністі суреттейтін ТИПТІК ӘҢГІМЕ
десек те қателеспейміз. Мұны оқыған саналы жас өткен істен
сабақ алары да анық.
«КИНОҒА БАРЫП ҚОЙЫП ЕДІК».... Жинақта езу­

ге күлкі үйіретін әңгімелер жетіп артылады. Бұл жайт
кеңес кезеңінде болған екен. Бір ғылыми азамат үйленбек
болады. Ол уақытта бір басыңды екеу ету мәселесін алды­
мен қызмет атқаратын ұжымыңдағыларға айтасың. Олардың

сынынан өтсең ғана ата-анаңа хабарлайсың. Қысқасы,
жігіт өз жайын жатақхананың бөлмесінде бірге тұратын
әріптестеріне айтса, олар оны сынап тастайды, таңдаған
қызын көріксіз деп жақтырмайды. Сол кезде қысылған

жігіт: «Жігіттер! Жігіттер!» деуін қоймайды, күмілжи
береді. Төсекке қаумалай міңгескен жігіттер мұндайда
«не-не, айтсаңшы!» деп момын жігіттің аузына қарайтын
көрінеді. Сонда үйленуге бет бұрған сабаз: «Жігіттер! Біз ...

киноға барып қойып едік!» депті...
Автор өзіне тән зиялылықпен осы мөлтек әңгімені
былайша түйіндепті: «70-80 жылдардан бастап елде беті
ашылып қойған «қыздардың», іші томпайып қалған аза-

матшалардың келін болып түсуі дәстүрге айналғанда, мен
жолдастарыма «киноға барғанын» жауапкершілік санаған
әлгі жігіттің оқиғасын жиі айтатынмын.
Бұл күнде бейдауа дәстүрді тиятын жалғыз тетік – ақ

некенің құндылығы һәм діннің мәртебесі болып тұр».
«Бірінші шапшыса, жеңе ме?»... әңгімесі әрқайсымызға
өз аулымызды көзге елестетіп, балалық шағымызды еске

түсіреді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы ба-
лалардың ойлау жүйесі де басқашалау еді-ау. Автор жазған-
дай «соғысты ақ-қызыл, неміс-совет (фашистікі және
біздікі) деп қана бөлетінбіз». Мамыр айы туа салысымен,

Жеңіс мейрамы қарсаңында аталарымыздан неше неміс
өлтіргенін қылқылдап сұрайтын шағымыз. Осы жайттар­
ды жалпы шолып өткен автор өз аулындағы Бегіз деген
адам хақында әңгімелейді. «Жалғыз тұяқсың» деп әкесі

бір «жөнін» тауып алып қалған бұл кісі арызқой, бәлеқор,
араққұмар кейіпкер ретінде суреттеліп, шағын әңгімеде
оның образы ойдағыдай ашылған. «Әр ауылдың «өз
Бегізі» болады екен-ау» дейсіз еріксіз... «Күрделі жолдас»

әңгімесіндегі арызқой «жолдас» та Бегізге ұқсас. Бұл жер-
дегі «аурудың» диагнозы – іштарлық.
«Бұғы неге төлдемеді?», «Терек ұлпасы жоғалған
жыл» әңгімелерінде табиғат аномалиясы мен адамдардың

қоршаған ортаға тигізген залалының «жемісі» тайға таңба
басқандай көрсетілген. Алла тағала жаратқан тіршілік
иелерінің әрқайсысының өз орны бар екені дәлелденген.
«Жұртты» қолына алған адам бірде-бір әңгімені қал-

дырмай оқитынына бәс тіге аламын. Дей тұрғанмен ара-
сында өнегелі сипаты басым, терең ой салатындары да
жетіп-артылады. «Өзбек ағайынның сауын сөзі», «Бұрынғы
мешіт – «обкомовский» үй», «Мешітке жәрдемдеспеген

бастық сорлап қалды», «Молда, атеист және «старо­
вер», «Екеуара – бір табақ», «Мен бар, Мұхаң бар, Сәбең
бар, қалғандарын білмеймін»... «Қазақ рухты рэп»,
«Ұйысыңқырап жатырмыз», «Жетім қозы неге маңырайды?»,

«Құдай бермегенді біз бермейміз», «Алла тағала және
Альберт Эйнштейн», «Тағы да «ұлт қорымы» туралы»
сияқты ой-өрімдер кімді де болса елең еткізері ақиқат.
Кітаптың «Астана жұртын айналсам» атты екінші бө-

ліміндегі жазбалар да кез келген жанның жүрегін лүпіл-
дететіні айдан анық. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде
Ақмолаға көшіп келген автор осы шаһарға бауыр басып,
жерсініп кеткені сонша, жүре келе осы қасиетті Қараөткел-

дің патриотына, жанашырына айналғаны әр әңгімесінен
көрініс тауып жатады.
Руханияттың, ғылым-ілімнің алтын ұясы кітапханалар
мәселесі туралы жазылған «Астана кітапханасының халі

нешік?» атты мақалада осы төңіректегі ащы шындық
шым-шымдап айтылып, оның келешегі туралы тебіреніс-
толғаныстар едәуір әдіптеліпті. Өйткені бұл проблеманың
шет-пұшпағын біз де білетін едік. Кезінде Сәкен Сейфул-

лин атындағы кітапхана деген атпен белгілі болған облыс-
тағы бұл ірі мекеменің кітап қорын сексенінші жылдар­
дан бері білетін едік. Кейіннен астана келгенде оларды заң
академиясы әрмен ығыстырды...

Осы бөлімдегі қай әңгімені алсаңыз да жамағатқа ой
саларлық дүниелер екеніне көз жеткізе түсесіз. «Жиде
де елордаға жат емес», «Бас қала көпірлерін қалай атай­
мыз», «Думанды алып базар қажет», «Бас шаһарға халық

университеті қажет», «Мұражайларымыз тәуелсіздігімізге
қызмет ете ме?», «Елорда мәдениеті және бейнеролик»,
«Хан ордасы мен жыр ордасына неге казино орнауы тиіс»
іспетті ой-толғамдар көпшілігіміздің санамызда жүрген,

көкейге қонымды жайттар. Автор осы жағдаяттарды өрелі
ойлармен өріп, бас-аяғы жинақталған мөлтек сыр түрінде
ұсына алған.
Бір елдің астанасы болу оңай-оспақ шаруа емес. Жа-

уапкершілік. Абырой. Оған алыс-жақыннан келген қонақ,
турист немесе ресми адамдардың көзі түседі. Әркім оны
өз елінің елордасымен салыстыра қарайды. Жетістігіне
қызыға қарап, кемшілігіне аяныш білдіреді... Қысқасы бас

қаланың идеалды болуы қажет. Ендеше ол туралы айты-
лар, жазылар тақырып аясы шаш-етектен.
«Жұртта» осындай ойлардың бірқыдыруы тілге тиек
етіліпті. «Бірқазан, жусан, арша – кәдесый» атты сыр-

толғаныста атынан көрініп тұрғанындай кәдесый мәселесі
ой елегінен өткізіліпті. «Астананы танытатын бүгінгі
кәдесыйларда талғам мен көркемдік кемшін, – дейді ав­
тор, – тақтайға ойып салған Астана сарайларының нобайы,

қытайлық қаламсаптарға жазылған «Астана» деген жазу
бір жағынан тым қымбат, екінші жағынан елорда мәнін
ашпайды. «Бәйтеректің» макеттері де кейде сын көтермей
жатады. Қалайда біз Астана мәнін ашатын кәдесыйға

мемлекеттік дәрежеде қарауға тиіспіз». Ойларын осылайша
өре келген автор Қорғалжын бірқазанының (құс) елордалық
бір рәмізге айналуын ұсынып, оны Астананың бір бағы
ретінде асқақтатуға назар аударады. Сонымен қатар Ақкөл-

дің қамысынан қаламсап жасап, Есіл мен Нұраның су асты­
нан шыққан сүйрік тастарынан тәспі тізсек, тасмоншақ,
шекемтас жасап, Ереймен мен Сандықтаудың гүлдерінен
әсем дестелер (гербарий) істеліп, Бұландының түрлі ағаш

тамырлары, Аршалының аршасы, Атбасар мен Шортан-
дының жусаны мен жидесі кәдесыйлық бұйымдарды
толықтырар еді деген ой тастайды. Сол арқылы алыстан
келген қонақ пен турист жай жылтыраққа емес, осы жер­

ден шыққан өнімнен жасалған төлтума нәрселерге, оның
айрықша орындалуына қызығатынын дөп басып айтқан.
Сонымен қатар бұл тұрғыда қандай шаруалар жүзеге
асырылуы қажеттігі жөнінде нақты ұсыныстарын жайып

салған.
Сайып айтқанда, «Жұрт» оқырмандарды елең еткізе-
тін туынды. Жинақтың басынан бастап соңғы бетіне дейін
алтын жіптей тартылып отыратын идеялық тұтастық бар.

Ол – ұлт мұратын ұлықтау, жұртымыздың жоғын жоқтап,
барын бағалай білудің қам-қарекеті. Қайтсек мынау дүбірге
толы дүниеде еңсесі биік ел боламыз, жаһан қызығатын
жұрт боламыз деген ұлтжанды азаматтың жүрек лүпілі

айқын аңғарылып отырады. Ендеше, «Жұртты» қолға тү-
сіруге асығыңыз, жамағат! Оны оқысаңыз өкінбейтіні-
ңізге уәде бере аламын!

ТЕГЕУІРІНІМЕН ТАНЫЛҒАН ТАЛАНТ

Қаламдас шеберлігінің қыры
ТАҚЫРЫПҚА ТАМЫЗДЫҚ. Қазақ баспасөзінің құт-
ты ұстаханасы болған журналистика факультетінде Нұр-
төремен қатарласа оқыдық (екі жыл төменгі курста). Бір

жатақханада жаттық. Нұрекеңмен «сен тұр, мен атайын»
екі курстасым көрші тұрды. Олар сол кезде-ақ жастардың
сүйікті басылымы болған «Лениншіл жастың» бетінде
моральдық мақалалардың майын тамыза жазған досым

Бауыржан Омаров пен аз жазса да саз жазатын «стилист
студент» атанған Талғат Батырхан еді.
Атам қазақ «Болар бала боғынан» деп тауып айтқан-ау!
Жастайынан әдебиетке құштар болған қағілез бала мектеп­

те жүргенде-ақ шығармашылық талантын аңғарта бастай­
ды. Өлең жазумен бастап, кейіннен поэмаларды туындата
жөнеледі. Оның осы ерекше қабілетін аңғарған әдебиет
пәнінің мұғалімі Нұрахан Әліпбаев мектепте шығатын

«Алау» атты қолжазба журналға редактор етіп тағайын-
дайды. Сол кезде мектеп оқушыларының қолынан түспеген
«Алауды» шығара жүріп ол Шиелі аудандық «Өскен өңір»
газетіне де өлеңдері мен мақалаларын жөңкілте жолдайды.

Балапан жазбалары аудандық басылымда да тоқтаусыз шы-
ғып жатады. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМГЕ алғашқы қа-
дамдар осылайша басталады.
...Журналистика дегеніңіз де ой-жықпылы көп бір си-

қырлы дүние ғой. Кейбір әріптестеріміз бар: күн сайын 40-
50 жолдық хабарды жазса да тыным таппай «бұрқырата»
беретін. Екінші біреулер бар: қолына қаламын анда-санда
алады, алайда мән-мағынасы терең, салиқалы һәм сүйекті

дүние жазады. Нұртөрені осы екінші топтағы әріптес-
теріміздің қатарына жатқызар едім. Өйткені ол студент
кезінде де кейіннен үлкен журналистикаға сүрлеу салғанда
да «бұрқыратқыштар» қатарында болған жоқ. Тақырыпқа

ерекше талғаммен қарады. Өзін ғана емес өзгені де тол-
ғандырып жүрген өзекті мәселені дөп басты. Соны сөз мар­

жандарымен төгілдіре жазып, оқырмандарын еріксіз там-
сантып қойды.
Әрине газет журналистерінде күн сайын «дүркіреген»
мақала жаза беру мүмкіндігі бола бермейді. Өйткені сол

күнгі болған оқиғаны ақпараттық тінін ала отырып нөмірге
жедел беру керек. Мұндайда «шедевр» жазуға талаптану-
дың өзі әбестік болар еді. Өйткені оқырманға керегі: не,
қайда, қашан, қалай болды. Кейбір әріптестеріміз осы талап­

ты орындау мақсатында кейде уақыт тығыздығына байла-
нысты таптаурындыққа да ұрынып жатады.
Ал Нұртөре көпшілік көкейіндегі түйінді мәселелерді
тауып алып, сол төңіректе «бір ауыз сөз» қалыбына сыя­

тындай тұщымды материал жазудың хас шеберіне айнал-
ған. Осылайша өзекті мәселенің қия-қалтарыстарын қота-
ра жазуды ҚАЛАМДАС ШЕБЕРЛІГІНІҢ ҚЫРЫ десек қа-
телесе қоймаспыз. Өйткені дәстүрлі жанрларды айналып

өтетін мұндай еркін ырғақтағы танымдық туынды туды­
ру әркімнің қолынан келе бермейтін тірлік. Ол үшін ерек­
ше қабілет қана емес, терең білім мен келешекті сезіне
білетін өзгеше интуиция да ауадай қажет. Ал мұндай ру­

хани кемелділік, теңіздей терең таным Нұртөреде жетіп-
артылатын. Кейінірек бұл тарапта толығырақ тоқталатын
боламыз.
«Егемен Қазақстанға» Нұртөре екеуіміз бір уақытта,

яғни 1990 жылы сайыпқыран бас редактор Шерхан Мұр-
тазаның тұсында қатарласа шақырылыппыз. Ол кез елімізде
экономикалық мәселелерге жаңаша тұрғыда енді назар
аударыла бастаған тұс тұғын. Қара шаңыраққа келген

журналистиканың жас қыраны Нұртөре Жүсіпке экономи-
ка мәселелерін қаузайтын бөлім сеніп тапсырылды. Негізі-
нен бұл тақырыпта «қызық» дүниелер жазу қиынның
қиыны. Цифрлары сірескен «ну орманнан» жол тауып

шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Әрине мате-
риал жазылады. Мәселе оның қалай берілуінде. Егер оқыр-
ман әдейі назар аударатындай болса құба-құп. Егер қарай
салысымен жанарын тайдырып әкетсе... ондайды жазғаннан

жазбаған артық.

Әділін айтуымыз керек, құрылтайшысы мемлекеттік
басшы орган болып табылатын үнжарияның өзінде ол эко-
номика тақырыбын тың қырларынан ашып көрсете алды.
Көрер көзге көңілсіздеу оқылатын таптаурын тақырыптар-

дың өзіне жан бітіруге барын салды. Тіпті жоғарыдан келе-
тін салақұлаш ресми құжаттарды оқырмандарға жеткізуде
де формалық ізденістерге батыл бара білді. Мына бір деталь-
ға назар аударыңыз.

СӨЗӨРІМГЕ СҮЙЕМЕ: «Қазақ КСР халық шаруашы-
лығы дамуының 1991 жылдың 9 айындағы қорытындысы
көңіл көншітпейді. Рас, жағдай ауыр. Және күн өткен
сайын ауырлап барады. Оның ауырлығын айта бергенмен

жүгіміз жеңілдемейді ғой, дегенмен «ауруын жасырған
өледі» дегендей, барлық жағдайдың шын мәнісіне нақты
шындық тұрғысынан қарамасақ тағы болмайды»
Әдеттегі ресми материал көз алдымызға келе қалды.

Министрлер Кабинетінің кезекті мәжілісінде жасалған
баяндамаға ой жүгірте отырып, Нұртөре «Өмір талабы
қатаң» деген («Егеменді Қазақстан» 24 наурыз, 1991 ж.
№245) мақала жазған. Кейбір әріптестеріміз секілді дерек-

терді тізбектей бермей, сол кезеңдегі проблемаларға сарап­
тама жасаған. Журналистің көкейіндегі ой-түйіндерді ашық
жаза келіп, мынадай түйін жасайды: «Бір нәрсе айқын:
сырттан болатын көмекке алданып, әрекетсіз отыруға бол­

майды. Ешкім тегін ештеме бермейді. Былайша айтқанда, өз
күнімізді өзіміз көруіміз қажет. Ал бұл айтуға оңай болған-
мен атқаруға келгенде оңай болмайды. Олай болса, сындар­
лы бағыттан ауытқымай, іске жұмылған жөн».

Қысқа. Нақты. Дерекке байлану жоқ. Керісінше оған
жан бітіріп, түйінді қоғамдық пікір туғызу бар. Журналис-
тік толғану төбе көрсетіп тұр. Толғану дегеннен шығады,
Нұрекең әсіресе рухани дүниелерді нысанаға алғанда

шабыт пырағына мінгендей әсер қалдырады. «МЕРКІДЕГІ
МЕДРЕСЕ имандылықтың ұясы іспетті ыстық тартады»
атты мақаласының («СҚ», 9-ақпан 1991 жыл. №34-35)
мына бір жолдарына назар аударыңыз.

СӨЗӨРІМГЕ СҮЙЕМЕ: «ЖОЛАШАР СӨЗ: – Мына
дүрбелеңге толы айтақым өмірден тапқанымыз қанша?..
Жиырмасыншы ғасыр еншілеп үлгерген «ұлы» оқиғаларға
ойша үңілген сайын осындай бір сұрақ қылаң бермей

қоймайды. Қаймағы бұзылмаған ел едік... Енді не болдық?
Асау уақыттың жалына жармасамыз деп жүріп барымыз-
дан айрылып, қанатымыз қайрылып қалғандаймыз-ау!..
Игілікті ізгілік жолымен қалыптастырған ата-бабамыздың

бай-мырза салты, сері көңіл қалпы-ай! Қариясын құдайдай
сыйлаған, бірін-бірі жаманатқа қимаған қайран қалың ел!..
Мәйегінен айрылмаған мол дәстүр, дархан мінез, дана сөз.
Қайда сол кез, қайда сол сөз? Тұрпайы тірліктің топырақ

шашқан тұсында шаңға көміліп қала берді ме? Жаңғақша
шағылып, жаңқаша жонылып кетті ме? Кеудемізге күлше
пісіп, көкірек керген кезде көз жазып қалдық па? Қай
кезде айырылдық?..

Күн сайын қылмыс: кісі өлтіру, кісі тонау, кісі зорлау,
кісі қорлау... Осы күні мұның бәрінен шошынбайтын да
болдық. Етіміз үйреніп, құлақ тарс жабылғандай ма, қалай?
Жүрек шемен болып, көңіл қара тасқа айналғаны ма сонда?

Ойдың орнын ожарлық басып, ізгілікті иттік итеріп таста-
ғаны ма? Біз ұрандап жүріп ең хауіпті шекке – АР-ИМАН-
НАН мүлдем айырылу қалпына жақындап қалыппыз.
Осыны ойласам бойым мұздайды, жүрек сыздайды. Неге

екенін қайдам, соңғы кездері Имандылықтың ауылына
шақырған әрбір игі қадамды естіп-білсем, балаша қуана-
мын, іштей тебіренемін. Мына сапарға да мәз болып
шыққаным сондықтан»...

Осылайша бір толғанып алған ол Меркі медресесінің
жай-жапсары жайында төгілдіре жазады. Ондағы имам мен
шәкірттерді көргендегі әсерін сыр қылып шертеді. Азатхан
Мұқанұлы деген кейіпкерінің: «Ең бастысы, біз иманды-

лыққа қайта оралдық. Жоғалтқанымыз көп. Адам баласы
азғындық жолға түсіп, ар-иманды аяққа басты. Өз басым
медресеге келгенімді мақтаныш көремін. Өмірге көзім енді
ашылып келеді... Әріге бармай-ақ мысал айтайын. Темекі

мен арақты қай заң қойғыза алады? Мұсылман діні адам-
ның дұрыс жолға түсуіне, дұрыс жолмен жүруіне кең жол
ашады. Әлгіндей кесапат қасиеттен де арылта алады», –
деген тебіреніске толы сөздері көкейге бірден қонады.

Қысқасы имандылық ұясы хақында егжей-тегжейлі емірене
жазады. Әр сөзі мірдің оғындай. Нысанаға дөп тиіп жата-
ды. Былайша түйін жасайды: «ЖОЛЖАБАР СӨЗ: – Иман-
дылық! Имандылық дегенде менің есіме аналық мейірім,

әкелік қамқорлық түседі. Имандылық дегенде көз алдыма
бетінен нұры төгілген, ақ сақалы омырауын жапқан аталар
келеді. Жанарынан шуақ білініп тұратын мейірімді әжелер
келеді тізіліп. Сәбидің шат күлкісі, жарыңның жақсы мінезі

ойға оралады. Соның бәрін қат-қабат көз алдыңа келтірсең –
дүние күліп тұрғандай болады. Ізглікке деген іңкәрлік
пайда болады бойыңда. Сол бір нәзік сезімге көлеңке түспе-
се екен, сол бір нәзік сезім суынбаса екен деп тілейсің...

Шүкір, жарқабаққа жеткенмен жардан құлап кетпеппіз.
Нәрін жоғалта бастағанымызбен бәрін жоғалта қоймаппыз.
Қалған екен! Бар екен! Бойымыз ашаң, ойымыз қасаң тартса
тартқан шығар... Өмір жүкті, көңіл күпті-ақ шығар... Есалаң

тірліктен ес жия алмай жатқан да шығармыз... Бірақ...
Бірақ, үмітті үзбейік. Бірімізден біріміз жақсылық із-
дейік. Қазір өзі өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп дегендей
қайта түлеп, рухани қайнарлардың құм басқан көзін аршып

жатырмыз ғой. Сол есте болсын. Рас, бүгінгі тірлік оңай
емес. Шешімін таппаған мәселелер шыңырауына қарасаң,
басың айналады... Бірақ қайткенмен де адам өзінің адам
атын сақтап қалуы керек. Ал ол үшін сіз болып, біз болып

имандылықтың туын жықпауымыз керек».
Егер бұл мақала жастар газетінде немесе тәуелсіз басы­
лымда жарияланып отырса «е жөн екен» дей салуға болар
еді. Назар аударарлығы, бұл ресми басылымда шыққаны

болып отыр. Тоқсаныншы жылдардың басында өкіметтік
үнжарияларда бұлайша екінің бірі лирикалық лебізбен
оңды-солды қалам сілтей алмайтын. Яғни ол кезең үшін
бұл таңданарлық жайт болатын.

Сарғайған газеттер сыры
Аллаға шүкір! Тәуелсіз ел болдық. Өзгеге ауыз аша
бермей өз қотырымызды өзіміз қаситын дәрежеге жеттік.
Мемлекеттік рәміздеріміз бар. Кең байтақ жеріміздің шека­

раларына қада қағылып, мемлекеттігіміз төл Конституция­
мызбен нақтыланған. Ал тоқсаныншы жылдардың басын­
да елдігіміздің айбарын айқындайтын бір нәрсе жетіспей
тұрды. Ол – төл ақшамыз еді. Журналист Нұртөре Жүсіп

осы мәселені алғашқылар қатарында көтеріп, сараптамалық
салиқалы мақаласын «Социалистік Қазақстанда» жарияла­
ды. Оның атын «Қазақстанға валюта қажет пе?» деп алып,
ойын одан әрі өрімдей өрді.

СӨЗӨРІМГЕ СҮЙЕМЕ: «Өз жауабы өзінде тұрған
осы бір сауалды еріккеннен қойып отырғанымыз жоқ.
Қазақстанға валюта қажет болғаңда қаңдай! Ол талас ту­
дырмаса керек. Ал бірақ егеменді мемлекетіміздің сондай

мүмкіндігі бар ма? Көзге ұрып, көңілге бұрып тұрған ондай
мүмкіндікті әзірге көрмей отырмыз. Сонда Қазақстанның
қолы валютаға қашан жетеді?
Жалпақ жұрт «валюта» дегенді алтын-күміс сияқты

немесе белгілі бір қымбат зат тәрізді көреді. Солай баға-
лайды. Ал, сайып келгенде, сол валютаңыз кәдімгі қағаз
ақша. Біз үшін шет ел ақшасы, ал олар үшін ақшаның бір
бөлшегі. Оның валюта болып салмақтанатын жөні бар,

өйткені ол құнды. Ал біздің сарықұлақ, қызыл құлақтарымыз
да халықаралық ақша есебінде валюта. Бірақ біздің
«валютамыз», яғни он сомдық, жүз сомдықтарымыз
құнсыз. Қағаз ақшада да қауқар болады. Біздің ақшамыз

қауқарсыз. Ақшаның ақша болмай, сабанданатын себебі –
экономикамыздың, желісі бос, жібі иірілмеген. Оны иіретін
ұршығымыз – ескі, ұршық басымыз – былқылдақ. Жібіміз
түте-түте. Ширатылып қылдай есіліп тұрмаған жіптің үзіле

беретіні де сондықтан. Іргелі елдердің экономикасы ілгері
кеткен. Өйткені, олар біз сияқты ұршық ұстап отырған
жоқ. Бар істі станок, автоматты желі атқарады. Бір жолға
қойылған, бәрі есептелген. Жұрттың валютасы валюта бола­

тыны сондықтан».

Бұдан әрі Қазақстанның шикізат шылауы болып отыр-
ғандығы, осы кезеңге дейін шетке жөнелтілген щикізатта
есеп жоқ екендігі, егер оның әр тоннасынан тұрақты валю­
та алған болсақ әр шаңыраққа шаттық ұялайтындығы ай­

тылады. Қазақтың қанағатшылдығына күйіне отырып бүй
дейді: «Жерін жұлмалап, топырағын тырмалап жатса да
«е-е, ел аман болсын» деп отыра береді. Барын базарлауға,
жоғын жоқтауға ерінеді. «Әй, осы байлық-ау, бұл керек-

ау» демейді. Демегендіктен емес пе, даласын жайлаған
тірлікке қарайықшы: дымын құртқан дүмпулер қаншама.
Осы күні жыртылмаған, қопарылмаған қазақтың жері бар
ма? Қай қиырға барсаңыз да, кен іздеген экспедицияның

ізін көресіз. Кең даланың көркі қашқан, рәпаты кеткен.
Бір ғана мысал. Жер бетінде арзан көмір жатыр деп анау
Екібастұздың қазылмаған жері жоқ. Қаптаған карьерлер мен
күл үйінділерінен көз сүрінеді. Мамандардың есептеуіне

қарағанда, сол есепсіз деген Екібастұздың «арзан көмірі-
нің» қоры қырық жылға ғана жетеді екен. Сонда бүгінгі-
дей қомағай тірлікпен табиғаттың бар байлығын сорып
бітсек не болғаны? Келер ұрпақтың да жайын ойлайтын

жөніміз бар ғой. Енді қырық жылдан кейін Екібастұз өңірі
қандай күйде болады, осыны ойладық па?»
Осылайша жан-тәнімен күйзелген журналистің сана-
сындағы шынайы сілкіністі сүйсіне қабылдайсың. Болсаң

бол! Жазсаң осылай жаз, қазақтың қара баласы! Оның
үстіне бұл «Сықиған СҚ-да» жарияланып тұр ғой. Шыққан
уақыты: 15-наурыз 1991 жыл. №62. Шабыт арғымағына
қамшы басқан публицист бұдан әрі Қазақстанның алтыны,

мысы, қорғасыны, мұнайы жөнінде жеке-жеке тоқтала келіп
мына жайтқа назар аударады: «Айта берсе Қазақстанның
мұндай байлығы толып жатыр. Кен-қазба байлықтарын бы­
лай қойғанда астығы, жүні, күріші мен мақтасы тағы бар.

Қаракөлі, қара уылдырығы анау! «Қара алтыны» – көмірі де
қисапсыз.
Газет бетін ашсақ, жан ауыртар деректерге тап бола­
мыз. «...Мәскеуге құны 20 миллион долларға тең келетін

4,8 миллион дана елтірі жөнелтілген. Түскен валюта Мәс-
кеуде қалып, Қазақстанға қара бақыр тимеген!»

...Қара уылдырық та солай. Жыл сайын жүздеген тонна
өнім дайындалады, шетке кететіні шетке, шефке кететіні
шефке жетеді. Ал оны табан ақы, маңдай терімен тапқандарға
түк те тимейді! Осы да теңдік, осы да елдік пе?», – деп

жүрегі езіле тебіренеді. Республикаға келіп жеткен Одақтық
шарттың сиырқұйымшақталған жобасына көңілі толмай,
ондағы көптеген тіркестердің еліміздің мүддесінен алшақ
жатқандығын дәлелдей келе мынадай ой түйіндеріне тұм-

сық тірейді: «Қорыта келгенде айтпағымыз не? Қазақстанға
валюта қажет. Онан да өз ақшасы. Ал ол валютаның егемен-
ді мемлекет қазынасына түсуі үшін не істеу керек?
Бәрінен бұрын Қазақ КСР-інде валютаны мемлекеттік

реттеу туралы заң жобасы жасалып, ол Жоғарғы Кеңестің
сессиясында бекітілуі тиіс. Осы заң арқылы әлгіндей бір-
лескен кәсіпорындардың қызметінен, тағы басқа пайда көз-
дерінен түскен валюта мемлекеттік жолмен реттеліп оты-

руы керек. Сонан соң республиканың дербес валюта қоры
сондай-ақ, алтын және алмас қоры құрылуы қажет. Одақтық
шартқа қол қойған соң ізін суытпай осы уақытқа дейін
орталыққа жөнелтілген алтын, алмас қорынан республика

өзінің тиісті үлесін алу керек. Сөйтіп, нарық экономикасы­
на егеменді мемлекет нық қадам жасай алатындай болуы
керек. Міне, сонда ғана шынайы экономикалық дербестік
орнайды».

Кеңес үкіметі заманында әркімнің аузында жүретін
«Кадр бәрін де шешеді» дейтін бір мәтелсымақ болатын еді.
Байқап қарасақ, нарық заманы табалдырығымыздан атта-
ғанда осы нақылдың өзектілігіне көз жеткізгендейміз.

Нұртөре «Кадр және компьютер» атты мақаласында («СҚ»,
27 маусым 1991 жыл.) келешекке көз жүгіртіп, қиюы қаш-
қан бірқыдыру мәселелерді ой-талқы алаңына алып
шығады.

СӨЗӨРІМГЕ СҮЙЕМЕ: «КАДРДІҢ ҚАДІРІНЕ жетіп
жүрміз бе? Нарыққа көшу қарсаңында осылай да бір
ойланайықшы. Кез-келген жақсы іс, жақсы ниет, жақсы
жоспар кадр болмаса шешілмейді. Күні ертең нарық өз шар­

тын қояды. Ал оның шарты, заңы қатал. Ол «әке-көкені»,

«жәке-мәкені» көтермейді. Іскерлік, жұлқарлық, ептілік,
ерлік сияқты қасиеттер үстем шығады. Егер сен сөзіңде
тұрмайды екенсің, берген уәдеңді орындамайды екенсің,
онда әңгіме басқа. Сенімен ешкім іскерлік байланыс жаса­

майды. Ешкім қатынас жасағысы келмейді. Кім білікті бол­
са, кім орнықты болса, сонымен ғана сөйлеседі.
«Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа,
Жарқылдаған алмас па?» –

деп ақын жырлағандай, бізде де небір жігіттер бар ғой. Бірақ,
өз мүмкіндіктерін толық ашуына жағдай бар ма? Өмірден
көріп жүрміз ғой, бір істі қолға алған адам ол ойын жүзеге
асыру үшін қанша әуре-сарсаңға, әбігер, машақатқа түседі».

Автор бұдан әрі сауда-саттықты өз бойымызға мін са­
найтынымызды, аларман-берермен болуды арға сын ретінде
көретінімізді, ал мұнсыз ешбір елдің сәні келмегенін атап
көрсетеді. Нарық қатынастарын бақайшығына дейін шаға-

тын, маркетингтік қызметтің майын ішкен, коммерцияның
қыр-сырына қаныққан адамдар бізде жетіспейтіндігін, пре­
зидент ұсынған қор сондай адамдарды оқытуы, тәрбиелеуі
керектігін тілге тиек етеді. Осыларды жіліктей келіп мына­

дай ұсыныстарын ортаға салады: «Болашақ студент, болашақ
мамандарды іріктегенде ең алдымен республикаға өз атын
беріп отырған халықтың ұл-қыздары санатқа алынуы керек.
Жоғары экономикалық кеңестегі жауапты адамдар мұны

ескеруі тиіс.
Егер осы іс орайын табар болса, нарық жайын жақсы
білетін ұлттық кадрлар көбейер еді. Осы ретте Түркиямен
арадаға байланысқа үлкен үміт артуға негіз бар. Бұл ел

қазір экономикасының гүлденуі жағынан көз қызықтырып
отырған ілгеррі елдердің бірі. Тіліміз жақын, дініміз бір
осы елден нарық қатынастарын жүзеге асыруды үйренсек
керек-ті.

Ерте ме, кеш пе, әйтеуір біз де компьютермен жұмыс
істерміз. Жетілген елдердің ұлы жеті жасқа жеткен­
ше компьютеріңіздің жеті атасын жаттап өседі. Ал бізде
ше? Жиырмаға жеткенше оны түстеп көрмегендер, ұстап

білмегендер толып жатыр. Сонда біздің білсек деген ние-
тіміз бос әурешілік пе?».

Әрине тоқсаныншы жылдардың басында компьютердің
мекемелерде болуы таңданарлық нәрсе секілді көрінетін.
Ілуде біреуде болмаса, екінің бірінің компьютердің құлағы-
на қолы жетпеген еді. Сол тұста бұл мәселе өзектілігімен

көзге ұрса, қазір бұл жағдай ешқандай таңданыс тудырмай­
ды. Бүгінгі таңда әр мекеме түгілі әрбір үйде бірнеше ком­
пьютер, ноутбук, нетбук дегеніңіз қатар түзеп тұр.
...Тіл мәселесі ұзақ жылдардан бері исі қазақтың бас

ауруы болып келді. Әлі де болса жағдайдың гүлденіп тұр-
ғаны шамалы. Нұртөренің «Өндіріс өгейсіткен тіл» атты
мақаласында («Егеменді Қазақстан» 27 қыркүйек, 1991 ж.)
баяғы қазақ тілінің мұңы шағылады.

СӨЗӨРІМГЕ СҮЙЕМЕ: «Бұл – әзірше біздің казақ
тілі. Қанша бай, қаншама әуезді, қандайлық керемет болса
да, біздің тіліміз бұл салада шетқақпайланып келеді. Оны
айтасыз-ау ұлыорыстық шовинизмнің шапанын жамылған-

дар «қазаққа жұмысшы табы не керек?», «оларға өндіріс са­
ласында не бар?» деген үстем көзқараста болды ғой. Тірегі
болмаған соң тіл қалай дамысын? Оспадар көзқарас орағыта
берген соң өндіріс саласында тіл қалай орнықсын?

Осыған дейін орталыққа қарап келдік. Соның салдары-
нан өмірдің ең өзекті салаларынан қазақ тілі шеттетілді.
Төл республикасында төлежақ тілге айналды. Ендігі таңда
мұндай көзқарасқа орын жоқ. Егеменді ел ретінде өз

игілігімізді өзіміз көретін болуымыз керек. Ол үшін жас-
тар өндіріс орындарына барып, өнеркәсіптің тілін біліп,
кәсіпкерлікті меңгеріп, бәрін игеріп әкетуі керек. Өз жұ-
мысшыларымыз тұтасып жатса, тіл де ұстарып шығар.

Ерте ме, кеш пе, Қазақстан индустриясын игеріп, ұршық-
тай үйіретін төл жұмысшы табымыз қалыптасатыны сөз-
сіз. Ал оған дейін де қарап жатпай, туған тілімізді өндіріс
саласына енгізе беруіміз қажет».

Осыдан тұп-тура 20 жыл бұрын Нұртөре көтерген өн-
дірістегі тіл мәселесі әлі де болса тұралап жатыр. Сең
бұзылмай тұр. Сол кезде қандай өзекті болса, қазір де дәл
солай. Олай болмай қайтсін. Кәсіпорында нәпақасын та-

уып жүрген жұмысшылар мен қызметкерлер қазақ тіліне

кіріптар емес. Ресми тілмен-ақ нан тауып жеуге болады.
Яғни мемлекеттік тілге қажеттілік жоқ. Осыдан кейін қазақ
тілінің өндіріске ену жағдайы тұраламағанда не болушы
еді?! Мұның енді қаншаға созылары тағы да белгісіз.

Әйтпесе үкімет тарапынан қаражат бөлінбей жатқан
жоқ. Бұл мәселеге қыруар ақша қарастырылған. Бірақ оның
сайда саны, құмда ізі жоқ. Оны мұқият бақылап отыр-
ған инспекциялық мекеме де әлі құрыла қойған жоқ. Қа-

дағалау жоқ болған соң маңдайшаларға жазылған жазулар
қойыртпақтармен «көмкеріліп», көшелердегі жарнамалар
қатеден көз ашпай тұр. Өйткені тіл туралы заң жұмсақ,
жалпақшешей. Одан ешбір басшы да, қосшы да сескенбейді.

Сескенбек түгілі ұялу қажеттігін де ойламайды. Осындай
жағасы жайлауда жүрген жауапты басшылардан бірдеңе
күтудің өзі мүмкін емес. Ал ірі қызметтерге қонжиған қазақ
шенеуніктердің кемінде 70 пайызының ана тіліне шорқақ

екендігін ескерсек, жақын болашақта ұлт тілінің ақсаңдай
беретініне еш күмәнданбайсыз. Сөйтесіз де «қайран да-
лаға кеткен миллиардтар-ай» деп іштей бір күйінесіз.
Иә, күйінесіз. Болды. Одан басқа қолыңыздан ештеңе де

келмейді. Өйткені саясат солай...
Жүрек пернелерінің жыры
Нұртөренің көп басшыларға ұқсамайтын ерекше бір
қырын айтпасқа болмас. Ол – намазхан. Бес уақыт намазын

қаза қылмайтын иманды азамат. Шығармашылық тірлігінде
имандылықты насихаттай жүруді жадынан шығарған емес.
Бұл тарапта жазған толғанысқа толы мақалалары жеткілікті.
Оның «Елес пен белес» атты кітабына кірген «Құдайдың

құдыреті» атты мөлтек сырына көз жүгіртелік. Мұны
Нұртөренің жүрек пернелерінің жыры десек те болғандай.
Оны тебіренбей, сүйсінбей оқу мүмкін емес.
СӨЗӨРІМГЕ СҮЙЕМЕ: «Алладан асатын әмірші жоқ.

Адам баласына түскен төрт кітаптың толайым төресі –
Құранның әр аяты осы ақиқатты айғақтайды.

Адамзат өзін дүниенің әміршісі сезінеді. «Кедей – бай
болсам, бай – құдай болсам» дейтін нұсқа. Дүние – дүниені
ұмыттырады. Бұ дүние мен о дүние. Ортасында – жәй
дүние, мүлік. Адам баласы тапқан-таянғанын менің мүлкім

деп біледі. Сол үшін айтыс, тартыс, талас, қантөгіс... Бар
мүліктің иесі – Алла. Ол қаласа – жарылқайды, қаламаса –
жарлы-жақыбай қылады...
Озық кеткен ойлы жұртпыз деп жүрген Еуропа мен

Америка көбіне Құдайды жоққа шығарады, не оған серік
қосады (Иса пайғамбарды Құдай ретінде қабылдау)... Бұл –
адасқандардың жолы. Құран – адасқан адамзат баласын
Тура жолға бастау үшін түсірілген киелі кітап. Құран –

адамзатқа қорған.
Күпірлік болмасын, Құрансыз елдердің киген кебін қа-
раңызшы:

– Аспанмен таласқан ең биік екі үйдің күл-талқаны

шықты... Кезінде перғауындар пирамидаларды тұрғызып,
өздерін Кұдаймыз деп жариялаған еді, Мұса пайғамбардың
тұсында перғауындар топан судың астында қалды... Адам-
зат баласы сонда бір тәубеге келген»...

Автор бұдан әрі Еуропа елдерінің су астында қалғанын,
Италиядағы жанартауды, жойқын жел, дүлей дауыл астын-
да қалғандарды, Ресейдегі ұшақ, кеме апаттары мен Африка-
ның кей жерлерін қар басып қалғанын, батыстың бірқатар

елдерінде тосын табиғи апаттардың жиілегенін, Кавказ тау­
лары басындағы мұздақтардың өз-өзінен қозғалып, ғаламат
жылдамдықпен еріп кеткенін, Американың біресе қар біре-
се топан су астында қалып жатқанын тілге тиек етеді.

«Осының бәрі кездейсоқ па?» деп жауабы белгілі сұрақ
қояды.
Шындығында мұның ешқайсысы да кездейсоқтық емес.
Дана халқымыз: «Көп асқанға – бір тосқан» деп ғұлама-

лық қағиданы еріккеннен айтқан жоқ. Алланың бар екенін,
бір екенін есінен шығарып, имансыздық жайлаған елдер-
дің тағы бір ойлануына мүмкіндік берген бұл да бір ескер­
ту шығар. Өркениеттің шыңына көтерілді, техникасы мен

ғылымы әлемді таңдай қақтырды деп жүрген Жапония
қандай халге ұшырады? Индонезия мен Тайландта болған
цунами алапатының салдарынан мыңдаған адам қырылып
қалды. Осының бәрі жай тосыннан болды деуге кім иланар?

Нұртөре бүй дейді: «Имансыз елдің бәрінде – есірткі,
СПИД, түрлі бәле-жала... Осының бәрі кездейсоқ па? Біз
бар әңгімені – өркениетке тірейміз. Әңгіме өркениетте емес,
әңгіме ниетте! Ниеті түзу, дұрыс елдердің тіршілігінде

береке бар, қайыр бар. Ниеті бұзық елдерде не болып
жатқанын көріп отырсыздар, тәптіштеу артық. Бір мезгілде
25 миллион адам намазға жығылатын Сауд Арабиясын
үлгі тұтыңыз: бұл елде имансыздық жоқ, әдеп бар, ғибадат

бар, ғұрып бар, салт бар...Есалаң есірткіші, кеңкелес қан
төгуші жоқ..., жұрт қай-қайдағы конституцияға емес, Құдай-
дың әміріне бағынады. Адал жүріп, адал тұрады. Содан да
жер астынан мұнай атқылап, Алла бұл елді игілікке кенел-

тіп отыр.
Мұнай біздің Қазақстанның астында да бар. Атқылап
та жатыр. Игілігі аз болса, себебін ниеттен іздейік. Ниет
дұрыс па? Ниет түзу ме? Жалпы, ниет бар ма? Хан да, қара

да Халыққа оң ниетпен қарауы керек. Сонда ғана байлық –
қайырлы. Дүниенің түбіне Дүние жетеді! О, Құдайдың
құдыреті!»
Болсаң – бол! Жазсаң – осылай жаз! Жарайсың, Нұртөре!

Алланың нығметіне бөлене бер! Иманға ұйыған ақберен
азаматтың осынау жүрекжарды толғанысын оқыған әрбір
оқырман терең ойға шомғанына ешкім шүбә келтіре қоймас.
Мұқым адамзаттың данасына айналған ұлы бабамыз Абай

былай деген жоқ па еді:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жол осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл».
Яғни игілік атаулының барлығы әрқайсымыздың ниет-
пиғылымызға, иманымызға тікелей байланысты. Алланың

елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың бір хадисінде:
«Иман етпейінше жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді
жақсы көрмейінше кемел иманға қол жеткізе алмайсың-
дар», – деп жазылыпты. Демек жер бетіндегі адам атаулы-

ның ниеті дұрысталып, иманға бет бұрса жамандық атаулы
жоғалмаса да азаяр еді-ау.
ТАҚЫРЫПҚА ТҮЙІН жасамас бұрын Нұртөре Жүсіп
өзінің жорналшылық жолында қандай асуларды алып, нен-

дей құрметке бөленгенін айта кетуді жөн көрдік. Ол Қазақ-
стан Республикасы Президенті сыйлығының, Қазақстан
Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы және «Ал­
тын Адам» сыйлықтарының лауреаты атанды. Қазақстан

Гуманитарлық академиясының және Журналистер акаде-
миясының мүшесі. «Біз кімнен кембіз», «Қазақтың қызы»,
«Елес пен белес» атты кітаптардың авторы. Республикалық
«Айқын» газетінің директоры – Бас редакторы.

ТАҚЫРЫП ТҰЗДЫҒЫ болған кейіпкеріміздің келбеті
жөніндегі шағын эссені аяқтамас бұрын әңгімеміздің ба­
сында сөз болған мерейтойлық тақырыпты түйіндеуді жөн
көрдік. 7 мамырда Алматыда Нұртөре Жүсіп елу жылдық

мерейтойын «Падишах» атты салтанат сарайында дүріл-
дете атап өтті. Оған үш жүзден астам қазақтың жақсы-
лары мен жайсаңдары жиналып, Нұрекеңе жүрекжарды
ыстық лебіздерін білдірді. Осы таңғажайып тойдың куәсі

болған мен де қарап қалмадым: талантты көсемсөзші,
байыпты бас редактор һәм досымызға былайша жырдан
шашу шаштым.
Жақсылардың жетегіне ерген ұл,

Қазағымның маңдайына берген ұл.
Жеткенінше екі жиырма бесіне,
Ақ қағаздан несібесін терген ұл .

Ат терлетіп Сарыарқаның өрінен,
Келіп қалдық Астананың төрінен.
Сөзден сарай тұрғызатын ағам ең,
Жақсылап бір мақтайыншы сені мен.

Қырандайын қомданамын, дүр етем,
Жүйрік жетпес жампозымды жыр етем.
Ұлтым биік, жұртым биік болсын деп,
Қалам сілтеп келе жатыр Нұрекем!

«Еңбекшіден» қанат қаққан қыраным,
Арналады бір өзіңе жыр-әнім.
Теперішті талай көрген қазақтың
Жоғын жоқтау болды сенің ұраның.

Студенттік уыз шақтан жарқырап,
Намыс шоғын үрлеп тұрдың арқырап.
«Қызыл туда» шыңдалып ап биіктен,
Тау суындай шабыт алдың сарқырап..

Редакторлық «Алауыңнан» басталды.
«Жас Алашқа» жинап алдың жастарды.
«Егеменде» елді елең еткізіп,
Оқырманға ой ұсындың астарлы.

Жағаңа да талай қазақ жармасты,
Бірақ сенің абыройың алға асты.
«Ақ жол» менен «Ақшамдағы» беделің,
Енді міне, «Айқыныңда» жалғасты.

Соңыңда біз, інілерің бар мына,
Сен ешқашан шаршама да қалғыма.
Қолың тисе кейде барып, қайтасың,
Ел билеген Елбасымның алдына.

Елу деген саған биік төбе емес,
Жігіт-желең жетпісті де елемес.
Редактор көп болғанмен қазақта,
Дәл өзіңдей біртуары көп емес!

Иә, біздің бұл жазғандарымыз шынайы таланттың бет-
бейнесін ашатын жүздеген игілікті істері мен жақсы
қырларының оннан бірін де қамтымағаны айдан анық. Оның
азаматтық келбетін жан-жақты ашып көрсету үшін жеке бір

кітап жазудың өзі де аздық етеді. Дей тұрғанмен, болашақ-
та бұл тарапта игі істер қолға алынатынына бек сенімдеміз.
ТАЛАНТ ТЕГЕУІРІНІ. Күнделікті өмірімізде бұл
сөзге мән бере қоймаймыз. Ал жекелеген тұлғаларға теліген-

де көз алдымызға толқыны тайдай тулаған толағай теңіз
елестейді. Осы арада ілім мен білімге қапысыз суарылған
қаламдас талантының толағай тегеуірініне сүйсініспен ой
жүгіртесің. Ердің жасы елуге жеткенде қалың еліне қарым-

ды қаламгер, беделді қоғам қайраткері ретінде танымал
болған әріптес – досқа: АЛЛА АЛДЫҢНАН ЖАРЫЛҚА-
СЫН! – дегіміз келеді.

ҚАЛАМЫ ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР

Қазақ баспасөзіне, көркем әдебиетіне қанық оқырман-
ға Мереке Құлкенов есімі кеңінен мәлім. Жазушының
«Жібек жел», «Таңғы самал», «Үрей», «Халел Досмұха-
медовтің өмірі мен қызметі», «Қазақстан», т.б. про-

залық және публицистикалық шығармалары, «Махаб­
бат мұнарасы», «Жәңгір хан» пьесалары көзі қарақты
адамдарға жан-жақты белгілі. Мекеңнің шығармалары
бірнеше тілдерге аударылған. Қазақ халқының мақта-

нышы ұлы Махамбеттің өмірін айшықтаған, драматург
Р.Отарбаевпен бірігіп жазған «Бас» драмасы 2003 жылы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің екін-
ші жүлдесін иеленді. Махамбеттің 200 жылдық мерей­

тойы қарсаңында «Махамбет кітапханасы» сериясымен
20 томдық кітапты және «Махамбет елі» кітап альбо­
мын үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) дайын-
дауда жалпы редакциясын басқарды.

Публицистің туған жері – Атырау облысы, Қызылқоға
ауданы, Қарабау ауылы. Ол 1978 жылы С.М.Киров атын-
дағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, «Қазақстан
пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Пионер», «Қазақ әдебиеті»,

«Жалын» сияқты газет-журналдарда, Қазақ теледидарында
қызмет істеген. Республикалық «Ана тілі» газетінің, «Таң
Шолпан» журналының бас редакторы болды. Қазір «Өлке»
баспасының бас директоры.

Біз алпыстың асқарына шығып отырған талантты жур-
налист, жазушы ағамызға жолығып, бірнеше сауалдарға
жауап беруін өтінген едік. Жүзі мейірімді Мереке ағамыз
бұл ниетімізге ықыластана келісті. Сонымен...

– Кез келген қаламгердің қалыптасуы балалық бал-

дәурен шақтан бастау алып жатады. Осы тұрғыда сіз не
айтар едіңіз?
М.Құлкенов: – Асылы жазушы да, актер де, музыкант
та, жалпы өнер адамы бала кезінде қалыптасады. Өскен

орта, ата-әжең, әке-шешең, туған-туыстарың, олардың ба­
сынан кешкендері, бір-біріне деген туыстық сезімдері,

қоңырқай ауылың, ақ жүрек адамдар, жұпыны мектебің
алдағы арманшыл, қиялшыл ұстаздар бәрі-бәрі көкірегіне
ана сүтінен дарыған ерекше сезімі бар баланың қолына
әлдебір таланттың тізгінін ұстатады. Мен де көп қазақтың

баласы сияқты әженің қойнында өстім. Кешке ұйықтардың
алдында Бәти (Бәтима) әжеміз немерелеріне иә ертегі, иә,
қисса, иә бір басынан кешкен әңгімені айтып беретін. Осы
күнге дейін мен сол әжемдей әңгімешіл адамды кездес-

тірмеппін. Ұйқы алдында «Әже, шөлдедік» десек, «көздеріңді
жұмып жатсаңдар құмырсқа су әкеліп береді» деуші еді
жарықтық.
Менің әкем көп кітап жинады, қазақша-орысша газет-

журналдарды жаздырып алдыратын. Мен «Литературная
газета», «Роман газета» деген басылымдарды кішкентайым-
нан оқып өстім. Әлі есімде алпысыншы жылдардың аяқ
шенінде «Қазақ ақындарының антологиясы» деген екі том-

дық қызыл мұқабалы кітабын әкем үйге алып келді. Мен
осы кітаптарды құмарта, құныға оқыдым. Бір күні екінші
томдағы Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдерін оқи баста­
дым:

Төбеде бұлттар жарысты
Төменде оттар жанады
Онан ұшқан әр ұшқын
Көкірегіме қонады.

Бұлақ мезгіл сырғыса
Мен тамырға тараймын
Сынып түссе бір бұта
Қабырғама қараймын.

Уа, туған жер шүкірсің!
Топырағыңа киелі
Бір есуас түкірсе,
Ол – бетіме тиеді.

Осы ғажап өлең есімде мәңгі қалыпты. «Бір есуас түкір-
се, Ол – бетіме тиеді», − деген жолдарға түсінбей қайта-
қайта оқимын. Қалайша жерге түкірген біреудің түкірігі

ақынның бетіне тиеді?! Ақыры түсіндім! Түсіндім де арқам
терлеп, өз өзімнен тіксініп қалдым. Апыр-ай, туған жер­
ге деген махаббатты да дәл осылай жеткізуге болады екен
ғой! Бәлкім, бала кездегі менің бойымда бұйығып ұйық-

тап жатқан сезімдерді осындай өлеңдер оятқан шығар.

– Баспасөз бетінде тұңғыш рет қашан көріндіңіз?

М.Құлкенов: – Мектепте 6-7 сынып оқып жүргенімде
аудандық «Коммунизм туы» газеті мен облыстық «Ком-
мунистік еңбек» газетіне алғашқы өлеңдерім шыққаны
есімде. Алғаш рет қаламақы поштамен келгенде, анамның

қуанғаны әлі көз алдымда.

– Сіздің жазуға құштарлығыңызды оятқан кім?

М.Құлкенов: – Болашақ ақын-жазушы болғысы келетін
ауыл баласының алғашқы мектебі – аудандық газет қой.
Бір күні сабақтан үзіліске шыққан кезімізде балалардың
біреуі «Сені далада бір аға шақырып жатыр» деді. Шықсам

мектептің кіре берісіндегі орындықта бұйра шашты бір
ағай отыр екен.

– Мереке, қалың қалай, – деді ол жұмсақ жымиып.

– Сәлематсыз ба? – дедім мен бейтаныс кісіні қайдан

көргенімді есіме түсіре алмай.

– Мен Қабижан, − деген ағаң боламын, – деді ол маған.

Тани кеттім бұл ағаның өлеңдері аудандық, облыстық га­
зеттерге жиі шығатын. Және Қабижан аға мен әлі мектеп-
ке бармаған кезімде Қарабауда біздің үйге келіп кеткен.
Ағаның солғындау аққұба жүзі, бұрқыраған бұйра шашы,

талдырмаш денесі есімде сақталыпты...

– Сен жақсы жазып жүрсің, жазумен бірге көп оқу ке­

рек, – деді ол сәл қабағын түйіп. Каникулға шыққан соң
Миялыға кел, редакцияда жұмыс істеп көр, – деді ол мені-
мен қоштасып тұрып.

– Жазғы каникулға шыққан соң ата-анама айтып, қоймай

жүріп Миялыға Қабижан ағаға бардым. Редакцияға барып,
сондағы ағалармен таныстым. Тіпті редакцияның көне
ГАЗигімен іс сапарға шығып, шопандарды, шөпшілерді ара-
лағанымыз да әлі есімде. Мен сол жазда бірнеше мақала, ре­

портаж жаздым. Асылы жазуға құштарлығымды оятқан сол
аяулы Қабижан Сағиев аға болса керек.

Ал менің мінезімнің соған орай жазу стилімнің қалып-
тасуына, жалпы жазушы ретінде танылуыма әсер еткен
адам – қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова. Ол
маған анамдай қамқорлық жасады, табысыма, жетістігіме

қуанды, әттеген-ай дейтіндей қателіктеріме өзімнен бетер
қапаланды. Қазір де солай.

– Журналистика мен баспа саласында атқарған тір-

ліктеріңізге қысқаша тоқталсаңыз.
М.Құлкенов: – Журналист, жазушы, баспагер деген
ұғым бір-бірімен сабақтас ұғым. Мен өмірімнің біраз бө-
лімін журналистикаға арнадым. Газет-журалдарда, теледи­

дарда еңбек еттім. Ал жазушылық – тағдырым. Не жазсам
да, әйтеуір жазу керек деп жазбаймын. Мұны менен басқа
ешкім жаза алмайды деп жазамын. Ал баспагерлік осы екі
ағайынды ұғымның нәтижесін көрсететін мамандық. Баспа­

гер зиялы мамандық. Жазушының талантты дүниесін кітап
етіп шығарып, оқырманды шексіз қуанышқа бөлеу деген
де бір ғанибет қой. Баспагер ретінде «Таң-Шолпан», «Бала
Би» журналдарын, «Алтын дария», «Евразия» газеттерін,

«Өлке», «Мереке баспасын» құрдым. Бұл басылымдар мен
баспалар тәуелсіздік жылдарында қазақ руханиятына біраз
үлес қосты деп ойлаймын.

– Қазіргі оқырмандардың көркем әдебиетке деген

қызығушылығын қалай бағалайсыз?
М.Құлкенов: – Негізі жазушы өз заманының суреткері
болуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан да мені бүгінгі
өзіміз өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеп жатқан уақыт көбірек

алаңдатады. Күнде көріп, араласып жүрген адамдардың
жан дүниесіне еніп ертеңгі оқырманның назарын аудара
алатындай дүние жазып қалдырған жазушы бақытты
жазушы. Бүгін біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырда өткен

ғасырдағыдай көркем әдебиетке деген риясыз ықылас пен
сүйіспеншілік жоқ немесе азайды. Адамдар ақылды кітап-
тан гөрі теледидар мен интернетке көбірек бет бұрды. Ру­
хани жан дүниеміздің жұтаңдығы, хасаңданып бара жатуы-

ның басты себебі осында шығар.

– Қазір жазып жүрсіз бе, тарихи тақырыпқа көз-

қарасыңыз қалай?
М.Құлкенов: – Жазып жүрмін. Өзім жазғаныма өзім
күмәнданып, сын көзбен қараңқырайтын жанмын. Сондық-
тан да бүгін жазып, ертең жарыққа шығаруға ешқашан

құштар болған емеспін. Әйтпесе күнде болмағанмен жы-
лына екі кітап шығаруға мүмкіндігім бар екені де әріп-
тестеріме аян. Тарихи тақырып деген түсінікке менің көз-
қарасым басқашалау. Әрберден соң тарих бүтін бір халық-

тың тағдыры. Ал тағдырды, халық пен адам тағдырын
ешқашан жанрға, тақырыпқа бөліп қарауға әсте болмайды.
Айталық Әбілхайыр мен Абылай тағдырын, тарихи тақы-
рыпқа жатқызуға бола ма? Жоқ, бұл ғасырдан-ғасырға

аман-есен жетіп, ұрпағын өсіріп іргелі халыққа айналған
қазақ халқының тағдыры.

– Қоғамдық өмірге ат салысуға байланысты пікірі-

ңізді білсек.
М.Құлкенов: – Иә, қазақ деген халықтың болашағына
қатысы бар мәселенің бәріне жайбарақат қарай алмай­
мын. Сондықтан ана тілімізге, шекарамызға, ұлтымызға

қатысты көтерілген проблемалардың бәріне ойланбастан
қол қоямын. Өйткені ол менің перзенттік парызым мен бо­
рышым. «Атымды адам қойған соң»... деген Абай айтпақ-
шы мен өз ұлтымның ұл-қыздарының айналасына нем-

құрайлы қарауынан шошына қорқамын. Жаны ашу, аяу
сезімінен айырылған адамдар мейлі ол осы қоғамда қандай
орынға ие болып отырса да халықтың, елдің түбіне жетпей
қоймайды. Соқыр сезім, рухани мешеулік, дәрменсіздік,

немқұрайдылық басқа-басқа біздің қазақ ұл-қыздарының
бойында болмауы тиіс. Сондықтан да мен кейінгі жас
ұрпағымыздың тәрбиесі жолында қолымнан келгеннің
бәрін істеуге тырысамын. Бәлкім ол ұжымдық ашық хат

немесе тамаша көркем шығарма, тіпті алқалы жиындағы
ашынған өткір сөз де болуы әбден мүмкін.

– Атамекеніңізге байланысты не айтасыз?

М.Құлкенов: – Атамекен – Атырау өңірі ықылым за-
маннан бері қазақтың арғы-бергі тарихына тікелей ықпал

етіп келе жатқан қасиетті өлке. Сонау жаугершілік заманын-
да мен туған жердің елім деп еңіреген жау жүрек батыр­
лары мен ауызымен құс тістеген жыраулары мен билері
ерен қабырға болып ел шетінде тұрды. Мынау ұлан байтақ

жеріміздің кейінгі ұрпаққа аман-есен жетуі үшін бар ғұмы-
рын сарп етті. Кешегі кеңес өкіметі тұсында да, әсіресе
сұрапыл соғыс кезінде де, одан кейінгі жылдарда да
қазақтың абыройын асқақтатуға Атырау облысының еңбегі

зор ғой. Дәл бүгін де Атырау ел бюджетінің 30 пайызын
беріп отырғаны баршаға аян. Алла тағала бар байлығын
жер қойнауына құйып берген қасиетті де киелі мекенде
өмір сүріп жатқан ағайындарымыздың ертеңі мені қатты

алаңдататынын жасыра алмаймын. Қазба байлыққа сонша
бай өлкенің экологиялық хал-ақуалы ойымда үрей ұяла-
тады. Дәтке қуат ететініміз бүгінгі Атырау облысын бас-
қарып отырған інілеріміздің Атырау облысының әлеу-

меттік жағдайын жақсартуға бар күш жігерін жұмсап
жатқандығы. Жалпы Қазақстан деген іргелі еліміздің
бүгінгі жағдайы салыстырмалы түрде көп елден көш ілгері.
Бұдан жиырма жыл бұрын бұрынғы Қазақстанды

бүгінгі өскен өркендеген іргелі елге айналған тәуелсіз
Қазақстанмен салыстыру мүмкін емес. Шынында да еліміз
өсті өркендеді, гүлденген бақытты елге айналды. Десек те
бүкіл әлем адамзат болашағына алаңдап отырғанда, біздің

бүгінгі жеткен табысымызға масаттанып, жайбарақат жү-
руімізге әсте болмайды. Әсіресе болашақ ұрпақ қамын
жейтін әрбір қазақ ең алдымен рухани тірлігіне – тілі мен
діліне, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне мықтап назар

аударатын кезең туды.

– Балаларыңыз қазақша кітап оқиды ма, қай тіл-

дегі мектепті бітірді?
М.Құлкенов: – Әрине оқиды. Балаларым Алматыдағы
Бауыржан Момышұлы атындағы №131 қазақ мектебін
бітірген.

– Қазақ әдебиетінде ерекше мән берерлік қандай про­

блема бар?

М.Құлкенов: – Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңінен
бергі бір ғана проблема бар – ол қазақ жазушысы жазған
кітаптың бүкіл әлем руханиятының игілігіне айналуы.
Соңғы кезде қазақ жазушылары бүкіл әлем мойындайтын

соны шығарма жаза алмай келеді. Бұл ащы шындық.

– Қазір жазушы көбейіп кетті деген әңгіме айтылып

жүр, сіз оған не айтасыз? Көркем шығармаға назар
аудару қандай дәрежеде деп ойлайсыз?
М.Құлкенов: – Қазір жазушы көбейген жоқ. Керісінше
шын жазушы азайып кетті. Өйткені көркем шығармаға

деген талғамға нұқсан келді. Шын мәніндегі көркем
шығарманы халтурадан айыратын талғампаз оқырман да
саусақпен санарлық. Ең өкініштісі – көркем шығармаға
деген құмарлық пен сүйіспеншілік сын көтермейтін дәре-

жеге жетті. Бүгінгі басты мәселе – жазу емес, оқу. Атақты,
белгілі жазушылардың көпшілігінің дәл бүгін үнсіз қалға-
нына қуану керек. Өйткені олардың ең мықтылары бұ-
рынғыдай төпеп жаза беруге мүлдем болмайтын әлде-

қашан түсінген. Өйткені әлемдік көркем әдебиет тым алысқа
кетіп қалды. Енді қазақ жазушыларына «Ерулі атқа ер
салмай, еңку-еңку жер шалмай» қол қусырып отыра беруге
болмайды.

– Жүрекжарды әңгімеңізге үлкен рахмет! «Тал

түсіңіз» – алпысыңыз құтты болсын! Сізге шығар-
машылық шабыт, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз!

«БАСШЫ БОЛСАҢ – ҚАМЫН ОЙЛА ХАЛҚЫҢНЫҢ»

немесе басшылардың ел өміріндегі орны хақындағы
журналистің жан сыры
Қазақ журналистикасы қарыштап алға дами бастады.
Кеңес өкіметі кезінде еліміздегі басылымдар саусақпен

санарлық
болса,
қазір
республикамыздағы

газет-
журналдар мен ондағы журналистердің саны еселеп өсті.
Олардың арасында небір аузына құс тістеген жорналшы­
лар бар. Солардың ішіндегі сайыпқыран әріптестеріміз

туралы елімізге ерекше танымал публицист, стилист су­
реткер, филология ғылымдарының докторы, профессор
Бауыржан Омарұлы өзінің «11-ші қаламұш» атты эссеге
толы кітабында ел сүйсінерлік көркемдікпен шабыттана

жазды. Бұл кітапты қазір қолыңызға шам ұстап жүріп
іздесеңіз де таппайсыз.
Сол Баукең жазған саңлақтардың қатарына қосуға
әбден болатын тағы бір әріптесіміз – талантты жур­

налист әрі танымал ақын Сейфолла Шайынғазы. Ол
бүгінде қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен
Қазақстанда» бас редактордың орынбасары болып
қызмет атқарады. Әрбір тақырыпқа өзгеше талғаммен

қарайтын Секеңнің адам, заман төңірегіндегі өткір де
терең ойлары, салиқалы һәм пайымды пікірлері кімді
де болса бей-жай қалдырмасы анық. Төл мерекеміздің
қарсаңында журналистика генералдарының қатарында

жүрген әріптесімізбен жүздесудің сәті түсіп, «Әділет»
газетінің оқырмандары үшін арнайы асықпай отырып
сұхбат құрған едік.
«Адамның істегенін адам істейді»

– Секе, қолына қалам ұстаған адамның еліне,

жеріне және оның бүгіні мен келешегіне байланысты
тебіренбегені кемде-кем шығар. Әңгімемізді осы арнада
өрбітуден бастасақ.

– Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынов сонау

1911 жылы: «Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке

теңгеретін ғылым менен өнерді, елімізді елдіге теңгеретін,
жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қыла-
тын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде
қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет

жоқ», – деген екен. Содан бері табаны күректей жүз жыл
өтсе де біздің халқымыздың табиғаты да, мінез-құлқы да,
өмірге деген көзқарастары да еш өзгере қойған жоқ десек,
соншалықты бір асыра айтқандық бола қоймайды. Кейде

бұрынғы күпіні тастап еуропаша костюм кигенімізге, киіз
үйді ұмытып, тұрмысқа қолайлы пәтерлерге кіргенімізге,
сол сияқты одан-бұдан оқып қалтамызға диплом салып
алғанымызға қарап біз бұрынғы надан қазақ емеспіз, көзі

ашық, көкірегі ояу жаңа қазақпыз деп кеуде керетіндер бар.
Меніңше, киген киіміне, қисынын келтіріп қол жеткізген
лауазымына қарап адамның қандай екеніне баға беру үлкен
ағаттыққа ұрындырар еді. Адамның сыртқы көрінісі емес,

ішкі жан-дүниесі өзгеріп, ол өзгешелік оның өзі өмір сүріп
отырған заманға сай атқарған ісінен көрініс беріп жатса,
онда біз де дамып-жетілген халықпыз деген сөзді батыл
түрде айтуға болады. Егер біздерге қатысты ондай мақтау

сөзді өзіміз емес, өзгелер айтып жатса одан бетер жақсы.
Өркениетті елдердің халқы өткен ғасырда-ақ ғарышқа
жол салып, айға қонып, енді теңіздің астынан қалалар
тұрғызып, демалыстарын ғарыш кеңістігінде ашылатын

орындарда өткізуді ойластырып жатыр. Осылардың бәрі
білуге, үйренуге, бірдемелерді өз қолдарымен жасауға де­
ген ұмтылыстарының нәтижесі. Ал ХХІ ғасырда да дел-
сал «ұйқыда» жүрген халықтар ешқандай табыстарға қол

жеткізе алмай, аттарын әлемге таныта алмай, өзгелердің
дайындап берген тамағын ішіп, тігіп берген киімдерін киіп,
жасап берген автомашиналарына отырып, соған мәз болып
жүр. Әрине, аспан көгінде құсша қалықтап, айлық жерге

көзді ашып-жұмғанша жеткізетін ұшақтарды, мұхиттың
мұздарын таспадай тілетін мұзжарғыш кемелерді, желмен
жарыса жүйткитін автомашиналар мен небір таңғажайып
техниканы ойлап табу жер бетіндегі халықтардың бәрінің

бірдей маңдайларына жазыла бермеген бақыт.

– Дей тұрғанмен, он саусақ бірдей емес деген секілді...

– Ойыңызды түсіндім. Әрине адамзаттың бәрінің бірдей

талантты болуының өзі мүмкін де емес сияқты. Сондықтан
озық ойлы халықтар қол жеткізген жетістіктер барша адам­
зат үшін, соның ішінде, өздерінің ойлап табарлары жоқ
кішкентай халықтар үшін де ортақ игіліктер. Бірақ, со­

лай екен деп қол қусырып қарап отыра беру де ақтап алуға
келмейтін әдет. «Адамның істегенін адам істейді» деуші еді
баяғының үлкендері. Соған қарағанда, шындап ширығып
көрсе әлемді аузына қаратпағанмен, өмірде өзіндік қолтаңба

қалдыратындай мүмкіндік кім-кімде де болуға тиіс. Ол
үшін жалқаулыққа салынып кеткен адамның бойынан
табылыңқырамай жататын ынта мен ықылас қана болса
жетіп жатыр. Өзіміз жиі қайталайтын намысқойлықтың да

нағыз керек жері дәл осы тұс.

– Бұл тұрғыда еліңнің тәуелсіз, жеріңнің азат болуы-

ның мәні ерекше. Яғни әлемдік өркениеттен қалыспау
үшін «мың өліп, мың тірілген» қазақтың тәуелсізді-
гінің баянды болуы қажет-ақ. Оның үстіне еліміз
тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі отыр...

– Әлбетте. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың ба­

сында өмір сүріп жатқан қазақстандықтар ауызбен айтып
жеткізгісіз орасан зор мәні бар тарихи оқиғаның куәсі бол­
ды. Ол – Қазақ елінің, Қазақстанның өз тәуелсіздігіне қол
жеткізуі. Бұл кез келген ұрпақтың басына қона бермейтін

бақыт. Өйткені өз елінің, өз халқының дербес мемлекет
болып, дүние жүзіндегі өзге елдермен бір қатарда тұрып,
атын айдай әлемге танытуын көру өз елін құрметтейтін әр
адамның бойына орасан мақтаныш сезімін ұялататын

айрықша құбылыс. Сан ғасырлар бойы азат болуды аңсаған
қазақ жұрты бүгінде осындай ерекше кезеңді бастан
кешуде.
Бірақ, біздің кейбір ағайындар ойлайтындай, қуаныштан

бөрікті аспанға атумен немесе қара бастың қамын күйт-
теп, байлық пен мансап қуумен іс тәмам десек, үлкен
қателесеміз. Түсіне білген адамға тәуелсіздік тек қуаныш
әкеліп қана қоймайды, сонымен бірге, сол елдің халқына

аса зор жауапкершілік те жүктейді. Ол – тәуелсіздікті нақты

істермен нығайту, еліңнің өзгелерден қалып қоймауы үшін
оны өркендету жолында аянбай еңбек ету, ата-бабалардың
орындалған арманы мен күні ертең-ақ бүгінгі буын салған
жолмен жүретін келер ұрпақ алдында адал болу үшін күш

салу жауапкершілігі. Бір сөзбен айтқанда, халық алдында,
тарих алдында ұятқа қалмау жауапкершілігі.

– Ал енді осы жауапкершілікті сезіну жағы қалай

болып жатыр деп ойлайсыз?

– Өкінішке қарай, дәл қазіргі таңда бой көрсетіп жатқан

кейбір көріністерге қарағанда жұрттың бәрі бірдей өздеріне
жүктелген жауапкершілікті жете сезініп, сол тұрғыда іс
атқарып жатыр деуге ауыз бара қоймайды. Мұндай күмәнді
ой, әсіресе, қолдарында азды-көпті билігі мен байлығы бар

ағайындарға қатысты мүлде қоюлана түседі. Өйткені қандай
да бір қатты қайырым жасап, елдің жүгін атан түйедей
арқалау мүмкіндігі де солардың қолдарында. Қарапайым
халыққа қояр кінә жоқ. Бұрын-соңды бастарына түспеген

нарық заманы қиыншылықтарының жан-жақтан қыспаққа
алғанына қарамастан олар хал-қадерінше еңбек етіп, ел да­
муына белгілі бір үлестерін қосып та жүр. Бірақ олардың
қолдарынан келері мардымсыз. Сондықтан да қатардағы

жұрттың көрсеткен күш-қайраты көзге оншалықты көріне
бермейді, кейде аршындап қадам жасауға да олардың
қауқарлары жетпей жатады. Оның үстіне, бірде жағдайды
түсіндіріп, енді бірде қолдауын білдіріп, дұрыс жолмен алға

бастайды деп үміт артқан басшылардың біразы өз бастары­
мен әлек.

– Яғни ел үміт артқан «халық қалаулылары» мен

әкім-қаралар қара бастарының қамын күйттеуден әріге
бара алмай жатыр деп ойлайсыз ғой!

– Көпшілік халық екі қолға бір жұмыс таба алмай, отба­

сымды қалай асыраймын деп қиналып жүргенде, елге бас-
көз болады деген шенеуніктердің бірнеше қабатты коттедж-
дер салып, әйелі мен балаларына бас-басына автомашина
әперіп, жыл сайын шет елдерде демалып, алшаң басып жүруі

қарапайым халық үшін көзге шыққан сүйелдей әсер етуде.
Жас мемлекеттің әлі де болса қабырғасы бекіп, қанаты қатая
алмауы салдарынан жұрттың көбіне жұмыс табылмай, үйлер

мен жолдар жеткілікті дәрежеде салынбай, еңбекақылар
мен зейнетақылар ойлағандай деңгейде өспей тұрғанда
осылардікі не желік деп ойлайды қалың қауым. Тіпті,
соншалық оңды-солды шашатындай байлық оларға қайдан

келіпті, әкелері мұраға қалдырып кетіп пе екен деушілер де
жоқ емес. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші, тыңдап
отырсаң сөздері нақа қисынсыз да емес сияқты.
Тоғышарлыққа салынып, тойғандарына мәз болған...

– Демек, Абай заманындағы сияқты «Болыс болдым

мінеки» деп алшаң басып жүрген басшылар ойларына
келгенін істеп бағуда ғой. Бұл халық наразылығын ту­
дырмай ма?

– Өкпе-реніштердің көбейіп кетуінің түп-төркіні тіпті

шенеуніктеріміздің байыған үстіне байи түсуінде де емес,
сондай тамаша жағдайда өмір сүріп жатқан отандаста-
рымыздың халық үшін қайырылып, елі үшін еңбек етуді
өзіне міндет деп санай бермейтінінде жатса керек. Бұқара-

ның орынды наразылығын туғызатын да осындай оспа-
дарлыққа ұқсас қылықтар. Егер қолдарында билігі бар аза­
маттарымыз өздеріне сеніп тапсырылған міндетті кешегі
партбилетті алып қоюмен қорқытатын кеңестік кездегідей

адал орындап, мемлекет мүддесі үшін, қайталап айтайын,
халық емес, мемлекет мүддесі үшін лайықты жұмыстар
жүргізіп жатса, халық та дәл қазіргідей шенеунік атаулы­
дан теріс айнала қоймас еді. Өйткені мемлекеттің жағдайы

жақсарса, онда өмір сүріп жатқан адамдардың жағдайы-
ның жаман болмайтыны баршаға да белгілі жәйт.
Осы ретте назар аударуға тұрарлық бір ой да туындайды.
Қолдарында билігі немесе қаржысы бар бүгінгі басшылық

өкілдері сол мүмкіндіктерді пайдаланып өз мәселелерін кез
келген уақытта және кез келген жағдайда шеше алады. Бірақ
өмірдің бір орнында, бір қалыпта тұра беретініне кімнің
көзі жетіпті? Күні ертең жаңағы мықтылардың балалары,

болмаса немерелері өмірде өздерінің әкелері мен атала­
ры негіз қалап кеткен жөнсіздіктерге ұшырасып, жағалай
жайлаған тәртіпсіздіктер салдарынан мәселені шешудің

қалыптасқан өркениетті жолының болмауы себепті небір
кедергілерге кездесіп қиналып жатса ше? Тоғышарлыққа
салынып, тойғандарына мәз болған кейбір ағайындарымыз
осы жөнінде ойланып көріп пе екен? Өкшелеп келе жатқан

өскелең ұрпақтан қарғыс естімей, алғыс есту үшін тынды­
рар іс те соншалықты ауыр емес. Бар болғаны жалпыға ортақ
тәртіп орнатып, мәселенің бәрі тамыр-таныстықпен емес,
заң жүзінде, жүйе-жүйесімен шешіліп жататындай жағдай

туғызса болды. Мемлекеттілікті нығайту тікелей міндеттері
болып табылатын шенеуніктерге жүктелер жауапкершілік
те осы.

– Жауапкершілік жүгін арқалап жүрген шен-шекпенді

азаматтарымыз ел іргесін нығайтуды таяздан ойлап
жүрген жоқ па? Жиналыстар мен той-томалақтар өткізу
көбейіп кетті деп ойламайсыз ба?

– Жанды сұрақ. Мұндай сауалды соңғы кездері жиі ести-

тін болдық. Егемен ел болдық деп тынымсыз той-томалақ-
тар өткізіп, одан қол босаса «ананы әйту керек, мынаны
бүйту керек» деп белсене сөз сөйлеп, жағалай азан-қазан
болғаннан мемлекеттің іргесі бекімейді. Біздің кезектесіп

бір-бірімізді мақтауымыздың да, тамыр-таныстарымызға
қызмет пен атақтар әперіп алашапқын болуымыздың да
ел ертеңіне тигізер септігі жоқ. Атақ-даңқ үшін емес,
шаңырағын іліп, уығын енді ғана қадап, қабырғасын

қатайтып жатқан елдің ертеңі үшін, бүгінгі өскелең ұрпақ
пен келешекте дүние есігін ашатын ізбасарларымыздың аға
буынға алғысын айта отырып, өзге елдердегі замандаста­
рынан кем болмай, бақуатты өмір сүруі үшін еңбек ету елге

де, азаматқа да абырой әкелер іс болар еді. Өйтпеген күнде,
басқаны былай қойғанда, өзіміздің бала-шағаларымыз
бен немерелеріміздің аталары мен әкелерінің жүріп өткен,
өнегелі деп айтуға келмейтін, ойпаң-тойпаң іздеріне қарап

тұрып, осылар өздері не бітірген деп бастарын шайқамасына
кім кепіл? Олай деуімізге себеп, бүгінгілердің салған жолы
тегіс те жайлы болса, кейінгі ұрпақтың жүруіне де жеңіл
болмақ. Еуропа мен Шығыстың кейбір елдерінде өмір сүріп

жатқан адамдар қазіргі жайлы тұрмысты бүгін орнатқан
жоқ. Олар бар болғаны, өздерінің алдындағылар жасап
беріп кеткен өркениеттің игілігін көруде.

– Қазіргі жайлы тұрмыс деген сөзіңізден шығады, бас-

шыларымыздың көпшілігі өздерінің қара бастарының
қамын ойлауда алдарына жан салмайтыны соншалық,
тіпті қызмет бабында мінетін көлігінің кемінде «Мер­
седес» болуына ерекше көңіл бөледі. Солар өз елімізде

шығатын жеңіл көліктерді неге мінбейді екен?

– Сұрағыңыз өте орынды. Осы орайда осыдан жиырма

жылдай бұрын болған оқиға есіме түсіп отыр. Ол уақытта
мен облыс орталығында қызмет істеймін. Кеңес одағы та­
рап, жағалай жұмыссыздық жайлап, елдің экономикасы
күрделі күйзелісті бастан кешіп жатқан шақ. Соған қарамай,

облыстағы үлкенді-кішілі басшылар бас-басына үр жаңа
«Волга» (ол кезде шетелдік автокөліктер әлі де кең тарай
қоймаған) автомашинасына мініп алды. Тек «Алаугаз» ата­
латын облыстық мекеменің басшысы ғана халық «пирож­

ковоз» атап кеткен ескілеу «Москвич» көлігімен жүрді. Бір
күні бір танысым көшеде өтіп бара жатқан жаңағы басшы­
ны көрсетіп: «Қара да тұр, мынаны көп ұзамай қызметінен
алып тастайды», деді. Мен әуелде түсінбей қалып, «Неме­

не, бірдемені бүлдіріп тастап па?» деп сұрадым. Жоқ, деп
жауап берді әлгі жолдасым, өзге бастықтардың бәрі «Волга»
мінгенде жалғыз осы ғана ескі машинамен жүр, сол үшін
алып тастайды. Ең қызығы, көп ұзамай әлгі басшыны расы­

мен де жұмысынан босатып, орнына басқа адамды қойды.
Ал ол болса келген бетте жаңа «Волгаға» отырды. Соның
салдары ма, әлде өзгедей бір себеп болды ма, әйтеуір бастық
өзгерісімен тұрғындар «көгілдір отыннан» таршылық көре

бастады. Таңқаларлығы, осыған ұқсас жәйттер әлі күнге
дейін жалғасып келеді. Мәселен, Қазақстанда жап-жақсы
шетелдік автомашиналар құрастырылуда. Бірақ, жоғары
лауазымды басшылардың бір де бірі оларды менсінбейді.

Егер отандық тауардың өтуіне, сөйтіп ел қазынасына қаржы
құйылуына мүдделі саналатын басшы азаматтар бірыңғай
«мерседестерге» көз тіге бермей, оларды қызметтік көлік
ретінде болса да сатып алып, өзгелерге үлгі көрсетпесе, ол

автомашиналарды несіне құрастырып жатырмыз. Осындай
себептерден болар, елде құрастырылған автокөліктердің

өтімділігі де онша болып тұрған жоқ. Оған құрылғанына
тоғыз жыл болған «Азия авто» кәсіпорнының осы уақыттар
ішінде 25 мың ғана автокөлік шығарғаны айғақ.
«Жақсылығы жеке бастарынан артылмайтын

соларды қойшы»

– Бұдан шығатын ой-қызметтің қаймағын қалқып

ішіп, шалқып жүрген басшылардың ниеті дұрыс бол­
май тұр ғой. Яғни қарапайым халыққа менсінбей қарау
көзқарасы бар...

– Оныңыз рас. Біреулерді кінәлаудан немесе жамандау­

дан аулақпыз. Бірақ ел үшін ұйқысын бұзып, қазақ деген
халықтың да дамыған елдердің жұртындай тоқшылықта
өмір сүретін кезі келді ғой деп тынымсыз еңбек етіп,
маңдайлары терлеп жүрген азаматтар көзге көп түсе бер-

мейді. Бұл – көпшіліктің пікірі. Неге екенін білмеймін,
кешегі өзіміз іске алғысыз қылып тастаған кеңестік кез­
де басшылардың халық арасында айтарлықтай беделі бар
болатын. Оның себебі ол замандағы билік тұтқасын

ұстағандардың қолдарында қаржылары, басқа да мүмкін-
діктері болып, халықтың мұң-мұқтажына белгілі бір дәре-
жеде қараса алғандығында да шығар. Бүгінгі басшылардың
біздің сендерге береріміз жоқ, өздерің тірлік жасаңдар деп

қарап тұратыны да шындық. Нарықтың осы бір қатігез
заңына біздің ағайындар үйрене алмай-ақ қойды. Содан
да, шенеуніктер туралы әңгіме қозғала қалса, «жақсылығы
жеке бастарынан артылмайтын соларды қойшы», деп қолда-

рын бір-ақ сілтейді. Содан да қазіргі шақтың шенеунікте-
рін халық арасында беделді деп айта алмайсың. Қанша
нарық дегенімізбен, егер талпынып көрсе, көпшіліктің
қошеметіне бөлену де соншалық бір қиын міндет емес. Ол

үшін, бар болғаны, адамдармен жылы сөйлесіп, өтініш-
тілектерін мұқият тыңдап, материалдық жағынан реті кел-
меген кезде, моральдық тұрғыда ақыл-кеңестерін беріп,
шынайы жанашырлық танытса, халық та қатып қалған тас

емес, жібір еді. Ара-тұра ретін келтіріп қолтығынан де­

меп жіберіп жатса, жүдеген жұртқа соның өзі де үлкен
жұбаныш. Іс жүзінде олай бола алмай отыр. Одан-бұдан
жымқырғандарына мастанып, шіренген шенеуніктер қара
халықпен сөйлесудің өзін ауыр бейнеттей қабылдайды.

Сондықтан тұрғындарға жақындамауға, қарамағындағы
адамдармен сөйлеспеуге тырысады. Ел тағдыры үшін алаң-
дауды білмейтіндер де дәл осындай безірейген «тасмүсіндер».
Кейде соларға қарап: «БАСШЫ БОЛСАҢ – ҚАМЫН

ОЙЛА ХАЛҚЫҢНЫҢ» деп айғай салғың келеді...

– Бірақ ауызды қу шөппен сүртуге де болмас. Сіз қа-

лай ойлайсыз?

– Оған сөз бар ма. Қара басының, туыстарының, «ко-

мандасының» ғана қамын күйттейтін басшыларды айта
отырып, елде жібі түзу бірде-бір басшы жоқ деуден
аулақпын, әрине. Шүкір, хал-қадерінше қызмет етіп есімдері
ел аузына ілініп жүрген азаматтар бар. Халық «барған

жеріне жан бітіреді, жұмыс жүре бастайды», деп сол баяғы
Тасмағамбетовті мақтайды. Ара-тұра алыстан Сағынды-
қов облыс экономикасын өрге бастырды деген сөздер есті-
леді. Сол сияқты, Мырзахметов мықты екен, Көшербаев-

тың көші түзеліп келеді деушілер де жоқ емес. Осы
санатқа Ізмұхамбетов пен Бозымбаевты қосқысы келіп
жүргендер де бар. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі
жақында Қызылорда облысының әкімі Қуандықовтың

қырықтан астам ауылды машинамен аралап, халықтың
тұрмыс жағдайын көзімен көргенін, жолдың нашарлығы-
нан қуатты деген шетелдік автокөліктеріңнің өзі батып
қалған кезде әкімнің машина итергеніне дейін жазды.

«Жақсы сөз – жарым ырыс». Дегенмен, ұлан-ғайыр жері
бар Қазақстан үшін саусақпен санарлықтай ғана басшылар-
дың ауызға ілінуі аздық ететін сияқты. Алда-жалда жеке
басының абыройы мен өзіне құзырлы қызмет ұсынып, «хан»

қылып төбесіне көтеріп отырған мемлекет мүддесі үшін
аянбай еңбек ететін шенеуніктер қатары көбейіп жатса,
илеуін келтірмек болған істеріміздің қазіргіден гөрі әлде-
қайда әлеуеттене түсеріне де еш күмән жоқ.

– Кейде бір қызық жәйтке куә боламыз. Кейбіреу-

лер ел үшін жанын салып жұмыс істеп жүргендерге
басқаша көзқараспен қарайтын сыңайлы...

– Ойымның дәл үстінен түстіңіз. Біз өзі қызық халық-

пыз. Кейде біреулердің «түрткілеуіне» ереміз деп жүріп
нағыз жұмыс істейтіндерді жақтырмай қалатын кездеріміз
бар. Мәселен, кешегі кеңестік дәуірде мемлекет үшін, өзі
мүшесі болып табылатын партия үшін адал қызмет атқарған

адамдарды «партократтар» деп кінәладық. Жәй ғана кінә-
лап қоймай, жер-жебірлеріне жеттік. Нәтижесінде бүгін
партократтар да жоқ, терлеп-тепшіп еңбек ететіндер де күрт
азайды. Ендігі жерде ешкімнің де жұрттан сөз естіп, босқа

арамтер болғылары келмейді. Белсенді атанбай, тыныш
қана жүргенді жөн көреді. Бұрын «орындаушылық тәртіп»
деген қалыптасқан тіркес те бар еді. Ол кез келген деңгей-
дегі қызметкердің өзіне тапсырған жұмысты дұрыс орындап

шығуы дегенді білдіретін және белгілі бір дәрежеде солай
болуы талап етілетін. Әркім ойына не келсе соны істейтін
нарық заманы кезінде оның да керегі болмай қалды.
«Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде сөйлеген сөзін-

де Мемлекет басшысы қарапайым адамдардың алдындағы
менмендік, өркөкіректік, кеудемсоқтық жекелеген шенеу-
ніктердің ең бір «бейкүнә» әдеттері болып кеткенін атап
өте отырып, ондай кеспірісіз көріністерге қарсы күрес

жүргізу қажеттігін ескертті. Түсінетін адамға осы сөз үлкен
ой салса керек. Лауазымды қызметтерде жүрген азаматта­
рымыз басқаны ескермесе де, өздерінің мемлекеттің, оның
ішінде, халықтың есебінен еңбекақы алып жүргендерін есте

сақтаулары керек еді. Адамгершілік, адалдық, парыз де­
ген асқақ мұраттарды былай қойғанда, жоғарыда айтылған
жәйттің өзі-ақ басшылық тізгінін ұстаған ағайындардың
өз істеріне жауапкершілікпен қарауларына себеп болуға

жарап-ақ тұр.
Мемлекетшілдік мінез қайда?

– Яғни қандай жағдайда да басшы ел алдында жа-

уапты. Соны әрдайым сезінуі қажет емес пе?

– Адамдардың тағдырларына алаңдау міндетіне жата

қоймайтын нарық заманында басшыларға үнемі халық
жағдайына қараса жүр деп талап қою үшін де он ойланып,

жүз толғануға тура келеді. Бірақ, бүгінгі өмір шындығын
көре отырып шенеуніктерімізге төтесінен қояр бір сауал
да бар. Ол – неліктен сендердің іс-әрекеттеріңнен мемле-
кетшілдік мінез бой көрсетпейді деген сауал. Қазақстан

деген мемлекеттің болуының арқасында жоғары лауазымға
қол жеткізіп, атақ-мансапқа кенеліп отырған адам ең алды-
мен сол мемлекетке адал қызмет етуі тиіс. Кейбір шенеу-
ніктер айтып жүргендей, «қайдағы бір қазақтар үшін

емес», бордақыда ұстағандай аузы-мұрындарын «майлап»,
өздерін асырап отырған мемлекет үшін тер төгулері керек
олар. Осынау қарапайым қағида мемлекеттік қызметші-
лердің санасынан өзіне орын тапқан күні ғана олар атқарған

істер қазіргідей көзалдаушылық сипатынан арылып, белгілі
бір мақсаттарға жұмылған шынайы мәнге ие болмақ. «Тәу
етеріміз сен» деп айта салуды әдетке айналдырған тәуел-
сіздіктің оны құрметтейтін баршаға қояр жалғыз талабы

да осы.

– Әңгімеңізге көп рахмет, Секе. Тәуелсіздігіміз тұ-

ғырлы бола берсін!
Сөз соңы
немесе төрт түйін һәм төрт сауал
Сөз-маржаннан түйін түйген парасатты публицист

Сейфолла Шайынғазымен болған әңгімені аяқтай
салуға да болушы еді. Алайда «Ауыздағы түкірік қайта
жұтсаң мәкүрік» демекші, көкейімізді мазалаған бас­
шылар хақындағы ой-толғауларға байланысты төрт

түйінді және оқырмандарға қояр төрт сауалды ортаға
салмақпын.
Бірінші түйін. Атам қазақта «Балық басынан шіриді»
деген нақыл бар. Осынау даналықтан шығарып айтарым,

төменгі басшыларға басы Астанадан басталатын ірі бас-
шылар нақты үлгі көрсетсе қара басын күйттеп кеткен
дөкейлер сәл ойланар еді-ау.
Екінші түйін. Көптеген басшылар өз қалтасы мен мем­

лекет қалтасын кейде шатастырып алатын сияқты. Реті кел­

се қомағайлана асап, қалталарына миллиондарды басып
жіберуден де кетәрі емес. Осындай жемқорлар судың да
сұрауы болатынын ұмытпаса ғой.
Үшінші түйін. Біздің басшылықта жүрген көптеген

азаматтарымызда мемлекетшілдік психология жетіспейді,
кейбіреулері ол туралы ойланып та көрмеген. Яғни бастық
болған күнінен бастап мемлекет игілігін қалай «жесем»
деген оймен ғана өмір сүреді. Сондай дүниеқор басшылар­

ды жөнге салудың немесе ондайлардың жауапты қызметке
қойылмауының нақты жүйесі жасалса құба-құп болар еді.
Төртінші түйін. Ары таза, ұлтжанды, елжанды азамат-
тарды басшылық қызметке көбірек тарту мақсатында Қа-

зақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі елмен ақылдасып, қазақтың маңдайға
басар зиялыларымен пікір бөлісе отырып, нақты Тұжы-
рымдама жасалса нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар,

бір жерде дұрыс басшылық жасамаған пысықайдың «ко­
манда мүшесі» ретінде екінші орынтаққа «секіріп» кетуіне
тосқауыл қойылуы да өзекті мәселелердің бірінен саналады.
Мәртебелі оқырманға төрт сауал

Бірінші сауал. Ауылыңызда, ауданыңызда яки облы-
сыңызда елдің сүйіспеншілігіне бөленген, НАҒЫЗ БАСШЫ
деп ауыз толтырып айтарлық адам бар ма? Бар болса кім?
Екінші сауал. Қара басынан аспаған жемқор, әділетсіз,

ынсапсыз басшыны кездестірдіңіз бе? Нақты дәлелдермен
айтып бере аласыз ба?
Үшінші сауал. Қызмет жолын енді бастаған, жұмысына
жұрт сүйсінген жас басшыны көрдіңіз бе? Көрсеңіз атын

атап, түсін түстеп бере аласыз ба? «Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын» дегендей...
Төртінші сауал. Елдің болашағына жауапты басшылар ту­
ралы өзекжарды ойларыңыз бар ма? Сізді не толғандырады?

Ел болып егемендігімізді нығайту үшін, тәуелсіздігімізді
тұғырлы ету жолында басшылар не істей алады деп ойлай­
сыз?

ТАЛҒАТ ТӨРЕ

ЖІГІТТІҢ ТӨРЕСІ

Өнері мен өресіне ерекше тәнті болғанда атам қазақ
«Па шіркін, мынау жігіттің төресі екен» деп тамсанаты­
ны бар емес пе. Бұлайша тебірену әдетте сегіз қырлы,
бір сырлы жігітке арналып жатады. Яғни мейлінше

салмақты әрі жоғары дәрежелі баға беру үрдісі бұл.
«Қазақ тілінің сөздігінде» «төре» сөзіне төрт түрлі түсінік
беріліпті. Соның соңғысында былай делінеді: «4. Ауыспалы
мағынада, Бір тектес жанның, нәрсенің жақсысы, асы­

лы. Жігіттің төресі, аққу-құстың төресі» (Алматы 1999,
647-бет).
Әңгіме арқауы болғалы отырған журналист Талғат Ба-
тырханды жігіттің төресі деп ауыз толтырып айтуға бо­

лады. Оның есімі Астанаға ғана емес еліміздің түкпір-
түкпірінде жүрген жүздеген журналистер арасында ерекше
танымал. Олардың көпшілігі күні кеше Қазақ Мемлекеттік
университетінің журналистика факультетінің студенттері

болғандықтан ғана емес, қазақтың қара сөзін Талғаттың
қалай қадірлеп, қалай қолданатынын білгендіктен де оны
қатты құрметтейді әрі жоғары бағалайды. Мұндай құрметке
ие болған әріптестеріміз аса көп те емес. Тағы бір атап

көрсетерлік жайт, журналистік жолында көптеген кітаптар-
ды шығару мүмкіндігі бола тұра Тәкең ондай пысықтыққа
мән бермеді. Тек жорналшылық шеберлігін шындауға, сөз
сиқырын қадірлеуге баса назар аударды.

Әрине бұл Тәкеңнің ешқандай кітабы жоқ деген сөз емес.
Оның 2009 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпа-
рат және мұрағат комитетінің арнайы бағдарламасымен
шыққан «Көңіл көкжиегі» атты публицистикалық ой-тол-

ғамдар мен сұхбаттарының басын біріктірген кітабы оқыр-
мандар ғана емес сыншылар қауымы тарапынан да жоғары
бағаланды. Қаламды серік еткен адам үшін бұдан артық
қандай награда болуы мүмкін. Ендеше қанаты қатайған қы-

ранның балалық шағынан бастамасақ та студенттік кезеңі-
не сәл үңілсек бірақ жәйттерге қанығарымыз анық.

Сұңғыла студент сүрлеуі
Студенттік шағында құйрықты жұлдыздай жарқ етпе­
се де, білім мұхитына сүңгіген ол өзін рухани тұрғыдан
шыңдауға ерекше мән берді. Жұрттың баласы жұлқына би­

леп, журфак жатақханасының төртінші қабатында даңғаза
музыкаға елігіп ақ тер-көк тер болып жатқанда ол әлем және
қазақ классиктерінің ең таңдаулы туындыларын ашқарақ-
тана «кеміріп» жатты. Сағаты санаулы студенттік шақта

кейбір курстастары сыраханаға «сырғығанда» ол ың-шың-
сыз Пушкин кітапханасына тартып отыратын. Оны іздеген
адам екінші қабаттағы мерзімді басылымдар залынан неме­
се әлем әдебиетінің кеніші саналатын №2 залдан табар еді.

Өмірінде студент болған әрбір жанның есінен кетпейтін
бір сәттер болады. Ол, әрине, сессия уақыты. Аузына құс
тістеген небір «стипендиат» студенттер сүрінетін, малты-
ғатын кездер болатын. Ол әсіресе әлем және орыс әдебиеті

пәндерінен емтихан тапсырғанда сезіліп жататын еді. Міне
дәл осы тұста көптеген курстастарымыз Талғаттың маңа-
йына үйірсектей бастайтын. Бұл пәндерге билет бойынша
дайындалу дегенді білмейтін оның бағасы осындайда ерек­

ше сезілетін. Өйткені «Талдықорғанның тұлпары» профес­
сорларымыз ертеңіне сұрайтын сұрақтарды «первоисточ­
никтерден» әлдеқашан оқып алған болып шығады. Емтихан
алатын профессор отырған аудиторияға кіруге жүрексініп,

«сен баста, сен баста» деген әңгімелер қозғалғанда Талғат
«жол бастайтын серкелерің мен-ақ болайын» деп әдеттегі-
дей көз жанарын асқақтата бір ойнатып алып «алынбас
қамал» – аудитория есігін айқара ашып, адымдай басып

кіріп бара жататын. Сонда басқаларымыз таңдана қарап
ойланып қалар едік: «Алғашқы дерек көздері болып табы­
латын роман-повестердің тізімін оқып шығудың өзі едәуір
уақыт алады, ол болса соның бәрін тұтастай оқып шыққан.

Ал керек қылсаң»...
Бірде Нұржамал, Нұрмиралар бас болып осындай
«қиын емтиханға» дайындалу «жобасы» талқыланды. Ұзақ
талқылаудан соң кешкісін жатақханадағы оқу залында

сынаққа дайындығымызды бірлесе пысықтау келісілді.
Сөйтіп сондай «тренингте» Талғаттың көл-көсір білімінің
шапағаты көбімізге тигені бар. Мұндайда ол бәлсінбейтін.
Керісінше кез келген ақын жазушының шығармаларын

шемішкеше шағып, сұрақтың ығына қарай «шашып» тас-
тайтын. Бұған әсіресе курстас қыздар мәз болысатын.
Бота тірсек вундеркиндтің бәріміз таң қалатын тағы бір
қасиеті бар еді. Ол – одақ көлеміндегі спорт пен киноға

қатысты тақырыпты бақайшығына дейін білетіні. Кез кел­
ген спортшыны ауызға алсаң оның өмірбаянынан бастап
спорттағы жетістіктерін тізбелеп айтып беретін. Жекеле­
ген фильм туралы әңгіме бастасаң оның сценарийін кім

жазғанынан бастап оның режиссерін, басты кейіпкерлерін
сомдаған актерларды туған-туыстарының аттарын атаған-
дай қолма-қол түгендеп берер еді. Ал футболшылардың
аты-жөндерін класстастарының атын атағандай сыдыртар

еді-ау.
Кейде таңданысымызды жасыра алмайтынбыз. Курстас-
тар бір-бірімізге «күбірлеп» оның осыншама ақпаратқа
қалайша қанығып үлгеретіндігін, соншама көп томдарды

қашан, қалай оқып үлгеретіндігіне таңданысымызды жа­
сыра алмай жататынбыз. Бірақ таңдан, таңданба – ол екінің
бірінің қолынан келмейтін шаруа. Білімнің «көлтаусары»
тек Талғаттың ғана қолынан келетін тірлік.

...Студенттік шақтан ерекше есте қалған бір жайт бар
еді. Ол – Тәкеңнің жинақылығы. Ертеңгісін сабаққа баруға
бірдей оянғанымызбен бөлмеден шығып кетуіміз кешеуіл-
дей беретін. Кейде сондай жайбасарлығымыздан сабақтан

кешігіп қалатынымыз да болатын. Ал Талғат болса бірнеше
минутта-ақ жиналып қалғанымызға ұрсып жүретін. «Нет-
кен жайбасарлық, тоңқаңдамай тезірек киінсеңдерші, түге!»
деп кейіс білдіретін. Кейде театрға бармақ болып ерте

жиналсақ та, уақыттың өтуін бағдарлай алмай қалатынбыз.
Тәкең тағы да ұрса бастайды: «Таз таранғанша, той тар-
қайды» дегендей, өзі барасыңдар ма – жоқ па? Бес минуттан
кейін шықпасаңдар кете беремін» деп «қорқытып» қоятын.

Талғаттың сол әдеті осы күнге дейін қалмапты. Жақында

ол бастап, профессор Бауыржан Омаров қостап – үшеуіміз
«Алатауға» бассейнге бардық. Шешінгенде де, қайтадан
киінгенде де бұрынғыша Тәкең алға түсіп, Баукең екеуміз
соңынан «тырбаңдап» жаттық...

* * *
Қызықты оқиғаларға тұнып тұрған қайран студенттік
шақ-ай. Қазір оны сағынышпен еске алу ғана қолымыздан
келеді. Небір күлкілі жайттар да аз емес еді-ау.

Бірде Бауыржан бастап, Әнуәрбек пен Ескендір қостап
бір топ курстастарымыз шаш алдыруға барады. Стипендия-
ны алып, «байып» қалған күн еді ол бір... Содан жігіттер
«модный» бозбала болып көріну үшін шаш бұйралатпақ-

шы болып іштеріндегі серілеуі Талғатқа қолқа салады.
«Атаң жаудан қайтпаған» текті тұқымсың, баста Тәке енді
өзің!»
Ол бас тартпайды: «Несі бар, бастасам бастайын». Бұл

«процедура» ұзаққа созылады. Араларындағы шыдамсыз-
дауы Ескендір Ертаев кезекте тұрғандарға айналып соғып:
«бір кудрявый жігіт шықты ма» дейді, отырғандар бас
шайқайды. Ақырында...сол кезде үлкен ақша саналатын

8 сомға шашын бұйралатып Тәкең шығады-ау қасқайып.
Мына жаңа «имиджін» алғаш көргенде жігіттер ауызда­
рын аша ұзақ аңтарылып қарап қалады. Іштерінен күлкі
қысып әкетіп барады. Бірақ «қозы елтірісін басына киген»

курстастарына білдіртпеуге тырысады. «Жақсы екен» де­
ген сөзді тістерінің арасынан сыздықтата әрең шығарып,
«КазГУградқа» баратын «61-ге» отырып жылжиды-ау. Үн-
сіздік. Жолдас «балдар» ойға берілгенсіп көздерін алып

қашады. Сол сәтте Талғат «бірдеңені бүлдіргенін» түйсінеді.
Күрт шешім қабылдайды.

– Жігіттер, «Калининадан» түсеміз, – дейді жұлып ал-

ғандай.

– Неге?

– Оны қайтесіңдер, «Алматы» қонақ үйінің шаштаразы-

на барамыз. Ирек шашымды бұрынғысындай етіп түзулетем,
мынау ұнамай тұр, – деп үрпиген басын бір сипап қояды.

Сөйтіп «Тимур және оның командасы» деген сияқты
шаш алдырғыш Тәкең және оның «сарбаздары» қаздай тізі-
ліп шаштаразға барып, ол жерде ұзаққа созылған «кері про­
цесс» жүреді... Сөйтсе кеңестік «сапа белгісімен» шығарыл-

ған химиялық заттардың күшін қайтару, бұйра шашты
түзету қиын шаруа болып шығады. Бірақ алған бетінен
қайтпайтын Талғат тағы да үш сағатын қиып 7 сомын
шығындап, ақырында «күдікті сұлулықтан» әрең құты-

лады-ау...
* * *
Тағы бірде жатақханадағы желіккен қыздар Тәкеңнің
мақтауын жеткізіп, «Алматы аруы» болсаң қайтеді, қызық

болсын дейді. Мұндайда бұлданбайтын ақкөңіл қасқа
келісімін беріп кеп жібереді. Содан курстас қыздар жабы­
лып жүріп бір сән салоны атқаратын «әрлендіру шарала­
рын» жүзеге асырады-ау. Кешкісін жатақханада бір «ақ

арудың» пайда болғаны туралы «жұтынған ақпарат» тарап,
өзгеше аруға қызығушылығы оянған жұрт жатақхананың
5-ші қабатына ағылады. Басында әдемі шыт, үстінде екінің
бірінің қолына түсе бермейтін соңғы үлгідегі көйлек, аяғын-

да бізөкше туфлиі бар «аруды» қызықтаушылар көбейе
түседі. Осындай аласапыран болып жатқанда қайдан шық-
қаны белгісіз студсовет Айбастың төбесі көрінеді. Ол
да «бөтен оқу ордасының аруына» көзін ұрлана бір тас-

тап өтіп, жатақхана тұрғындарына ренжиді. «Неге шу­
лап кеттіңдер, кіріңдер бөлмелеріне, одан да сабақтарыңа
дайындалыңдар!»
«Аруды танитындар» күлкіден жарыла жаздап жүрсе

кейбір аңқау студенттер башпайының тырнағына дейін
боялған «мисстен» көз алар емес. «Бейтаныс арудың аяқ
тастасы дегенің керемет. Аузынан сілекейі шұбырған жұрт
бір-бірінен жапырлай сұрасып жатыр: «ЖенПИ-ден бе,

КазПИ-ден бе әлде медтен келген қонақ па?» десіп тамса­
нысып қояды.
Сол жолы Талғаттың әртістік талантына таң қалғанбыз.
«Ұзын» кірпіктерін төңкеріп қойып, оттай қызыл еріндерін

«ұяла» тістеп, наздана қарағанда біраз бозбала ғашықтық
дертіне ұшырады-ау!...
Иә, бұл да бір студенттік шаққа ғана жарасты ойын-
этюд еді-ау.

Журфактан – «Жерұйыққа»
Романтикаға толы студенттік жылдар артта қалып,
әркім әртүрлі өмір жолын таңдап жатқанда Тәкең ойлан­
бастан еліне тартты. Талдықорған облыстық «Жерұйық»

газетінің ұжымы шеберлігі шыңдалған жас журналистты
құшақ жая қарсы алады. Оның өзіндік себебі бар болатын.
Университеттің бесінші курсында жүріп, осы басылым­
да практикадан өткенде ол атақты Татьяна Полтавскаямен

«Өлең жырлы өлкенің өреніміз» атты көлемді сұхбатын
жариялайды. Ұлттық колоритпен ерекше әдіптелген, қа-
зақтың бай тілімен өрілген бұл материал редакцияның
ертеңгілік летучкасында азуын айға білеген тәжірибелі жур­

налист ағалары тарапынан жер-көкке сыйғызбай мақталады.
Кейіннен осы дүниесі сол кездегі азулы басылымдар
қатарынан саналған «Жерұйыққа» келуіне тікелей себепші
болады.

Азулы демекші, тоқсаныншы жылдардың басында қазақ
журналистикасы тарихында бұрын болмаған оқиға жұрттың
назарын аударады. Осы сөз болып отырған облыстық газет
тікелей құрылтайшысы болып табылатын облыстық пар­

тия комитетін, оның бірінші хатшысы Анатолий Сергеевич
Жигулинды сілейте сынайды. Ашуға мінген бірінші хатшы
облыстық газет басшыларын «құртпақшы» болады. Алай­
да СОКП-ның орталық комитеті жанындағы Қоғамдық

ғылымдар академиясын бітірген тәжірибелі бас редактор
Тұрсын Әбдуәли ашуға булыққан бірінші хатшыдан қай-
мыға қоймайды. Керісінше жұртты әуре-сарсаңға салған
Жигулинды одан сайын сынап, газеттің үш қызметкері

«Егемен Қазақстанға» «Қылығы қыңыр, ісі жат» деген үл-
кен материал жолдайды. Оны шалқайғанға шалқайып
қалатын Шерағаң нөмірге салдырып жібереді. Сөйтіп бір

облысты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұр-
ған В.Жигулин қызметінен алынады. Оның орнына Сағын-
бек Тұрсынов сайланады.
Талғат «Жерұйықта» алты жыл тапжылмай жұмыс

істейді. Редакция басшылығы оған сенім артып салмақты
саналатын партия тұрмысы бөліміне жібереді. Жігері жалын
атқан жас журналист алғашқы күндерден жарқырай көрі-
неді. Бас редактордың ұсынысымен ол «Өрен» атты жас-

тар бетін тұрақты түрде шығарып отырады. Кейіннен
совет құрылысы бөлімінде де жұмыс істейді. 1991-1994
жылдар аралығында республикалық «Халық кеңесі» газе-
тінің меншікті тілшісі, 1995-1997 жылдар аралығында

«Жерұйықтың» бас редакторының орынбасары қызметін
атқарады. 1997 жылы облыс жабылып, 7-8 айдай дем
алады...
Астанаға аттаныс

Сол тұста осы жолдардың авторы «Егемен Қазақстан-
ның» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі-тұғын. Бірде
Талғат досыма қоңырау шалып, хал-жағдайларын сұрасам:
«Алла жатқанға берсін деп жатырмыз шалқадан түсіп»

дейді саспастан. Мен оны Астанаға қызметке келуге үгіт-
тей бастадым. Неге екенін қайдам, аузыма қалалық газет
түсе кетті. «Қаласаң сол басылымның бас редакторының
орынбасары боласың» деп ұрып кеп жібердім. Шын

мәнінде «Астана ақшамының» бас редакторы Жұмагүл
Саухатпен бұл мәселеде ақылдаспаған едім. Бірақ неге
екенін
білмеймін

өзім
қатты
сыйлайтын
ұлтжанды

басшының сөзімді тыңдайтынына сенімді едім. Алайда
Тәкең бұл ұсынысқа аса елп ете қоймады. Мен Ақмола-
ның астана болғалы жатқандығын, оның келешегі зор
екендігін айтқанымда ғана «жіби» бастады.

1998 жылы 12 наурызда сағат 14.30-да Талғат Батыр-
ханның табаны Ақмола топырағына тиді. Ол мінген
поезд екінші жолға келіп тоқтады. Алыстан ат арытып жет­
кен досымды Сейфолла Шайынғазы екеуіміз барып қарсы

алдық. Бұл күн менің «оригинал» туған күнім болғандық-

тан тілшілер қосынындағы қыздар көл-көсір дастарқан
жасап, «дүрілдетіп» жатқанбыз. Тәкеңдікі «Из корабля
на бал» болды да шықты. Аяғындағы қалың етігін лақты-
рып тастап, жарқыраған қара туфлиін киіп алды қатырып.

Туған күн кеші одан әрі жалғаса берді...
«Астана ақшамының» бас редакторы болған Жұмагүл
Берденқызына алғысым шексіз-ау. Менің бір ауыз сөзімді
жерге тастамай алыстан келген досымды бірден орынба-

сары етіп алды. Облыстық газеттің мектебінен өтіп, рес-
публикалық басылымда шыңдалған Талғат Батырхан қа-
лалық газеттің жұмысын дөңгелентіп әкетті. Ұжымдағы
қыз-жігіттердің құрметіне ие болды. Үлкен-кішісіне қара-

май сыйлап, өзін де сыйлата білді. 2002 жылы «Қазақстан
теміржолшысы», «Железнодорожник Казахстана» газетте-
рінің бас редакторы болып тағайындалады. 8 беттік формат­
та дайындалатын бұл газет аптасына 5 рет шығып тұрады.

Кейіннен соның негізінде «Литер Медиа» құрылады.
Кейіннен 2007 жылы «Астана ақшамы» газетіндегі қызме-
тіне қайтып оралып бас редактордың орынбасары, кейін-
нен бірінші орынбасар қызметін атқаруды жалғастырады.

Күні бүгінге дейін осы жылы орнын суытқан емес.
Кикабидзені «сындырған» қазақ
Сөзіміздің басында Талғаттың кино тақырыбы десе
ішкен асын жерге қоятынын тұспалдай айтып өттік. Оның

осы тақырыпқа қызығушылығы әлі де жалғасын табуда. Ол
студенттік кезден басталған еді.
Бірде Талғат жерден жеті қоян тапқандай Алматыға
әйгілі грузин актері Вахтанг Кикабидзе келетінін, содан

сұхбат алу ойында барын айтып салды. Бізге аспандағы
айдай болып көрінетін ондай өнер жұлдызынан интервью
алу мүмкін еместей болып көрінген. Бірақ қолға алған ісін
тындырмай тынбайтын Талғат Республика сарайы алдын­

да Кикабидзені кездестіріп сұхбат алу ойы барын айтады.
Өр мінезді тау ұлы бастапқыда университет студентіне
менсініңкіремей қарайды. Тастай қадалған Талғат өзі ұзақ
күткен бұл мүмкіндік қолынан сусып шығып бара жатқанын

сезгесін өзінің грузин әдебиеті мен мәдениетінен хабары
молдығын бірнеше сөйлемдермен төгіп-төгіп жібергенде
кетуге айналған Кикабидзе тапжылмай тұрып қалады. Сту-
денттің эрудициясына риза болған Вахтанг өз елі туралы

тағы не білетіндігін сұрайды. Ол болса Грузияның шахмат-
шы қыздарынан бастап футболшы ұлдарының атын атап,
түсін түстеп, қай сайыста қашан және нешінші орын ал-
ғандығын бүге-шігесіне дейін көсілте айтқанда кино өнері-

нің қыраны еріксіз «сынады» да жас періні жанына ертіп,
жиырма бес қабатты «Қазақстан» мейманханасына қарай
жүре әңгімелеседі. Мүйізі қарағайдай басылымдардың тіл-
шілері ала алмаған сұхбат Талғаттың пешенесіне бұйы-

рады.
Содан бастап Талғат Батырхан мен Вахтанг Кикабидзе
арасында ерекше бір шығармашылық қарым-қатынас орны-
ғады. Елін елжірей сүйетін біртуар талантпен үш рет кездесіп

сұхбат алғаны да көп жайттан хабар берсе керек. Осының
бәрінде де ол тарланбоз актермен терезесі тең адамша еркін
отырып әңгімелеседі. Сөз болып отырған мәселеге ерекше
қанық екендігін сездіріп, актер шығармашылығынан мол

хабары барын айқын аңғартады.
Соңғы бір жүздесуінде кинорежиссер Георгий Данелия-
ның кітаптарын оқығандығын, онда Кикабидзе туралы да
сөз болатындығын тұспалдап жеткізеді. Әңгіме одан ары

былайша өрбиді: «Жаңылмасам...алпыс алтыншы жыл ғой
деймін...Данелия атышулы «Не горюй!» фильмін түсіруге
дайындық жұмыстарымен Тбилисиге келді. Актерлардың
бәрі таңдалынып біткен. Тек басты кейіпкерді ойнайтын

әртіс жоқ. Қалай да соны табуы қажет. Оның үстіне кино-
ның өндіріске өтетін уақыты тақап қалған. Қырсық қылған-
да Данелияның көңілінен шығатын актер табылсашы.
Сөйтіп жүргенде, Георгий Николаевичке нағашы анасы

Верико Анджапаридзе мені ұсыныпты.

– Атақты киноактриса Софико Чиаурелидің шешесі

ғой...

– Иә, дәл өзі. Содан мені Данелия өзі тұрып жатқан

мейманханаға шақырсын. Көру үшін ғой баяғы. Жастықты

қойсаңшы бұл, үстімде – алабажақ жейде, бұтымда –
ақтаңдақ джинсы, аузымда – сағыз, арсалаңдап жетіп бар­
дым. Бірден жақтырмай қалғанын бет-әлпетінен байқадым.
Сонымен қойшы, екі айдай мені Бенжаменнің рөліне

бекітпей, қинағанын қалай ұмытайын!

– Әйтсе де сіздің бағыңызды ашқан Данелия емес пе?

– Әншілігімді танытқан «Орэро» ансамблі, ал киноактер

ретінде елге әйгілеген Данелия екенін мойындамасқа амал
жоқ. Міне, қырық жылдай болды, екеуміздің арамыздан қыл
өтпейді. Төрт фильміне түстім.

– Бір өкініштісі, кейінгі «Төлқұжат» фильміне түсе алма-

дыңыз. Әнебір француз актерінің жұлдызы жанып кетті.

– Данелия өзің айтқан кітабында айтыпты ғой, киноның

кіндігін кескен француздардың режиссерге қойған шарты
солай болды деп. Қуған жетпейді...Бұйырмаса, қайтем...

– Соншама армандап ойнай алмай кеткен тағы бір рөлі-

ңіз барын білеміз.

– Толстойдың Қажымұраты ғой. Оны ойласам, күні бү-

гінге дейін өкініштен өзегім өртенеді»...
Кәнігі киноактер мен білікті журналистың мазмұнды
һәм мағыналы сұхбаты оқырманды еріксіз баурап алады.
Мұндай биікке тек тақырыбын терең зерттеген қалам иесі

ғана көтеріле алатынына тағы бір рет көз жеткізесіз.
Қиырдағы қандастарды түгендеп...
Көптеген әріптестеріміз сияқты облыстық газетте хат
қорытуға қыруар уақытын жіберген Талғат соңғы 5-10 жыл­

да Жанболат Аупбаев ағамызға еліктеп «өлмейтін» мате-
риалдар жазуды қолға алды. Өзіндік сүрлеу-соқпақ ай-
қындады. Сонау Санкт-Петербургке барып, Поляр акаде-
миясының ректоры Азургет Тарбайқызы Шәукенбаева

қандасымыз туралы сүйекті материал жазып қайтты. Соны­
мен қатар Ресей Федерациясының батыры Жантас Жолди­
нов Чувашияның экономика министрі Гүлмира Тағайқызы
Акимова (Әшімбаева), Освенцим концлагерінің №81523

тұтқыны Лариса Ивановна Галезник.

ҚАЛАМЫ ҚАТАЙҒАН ҚАЛАМГЕР

Ердің жасы елуді еңсеріп отырған Әнуарбек Ислам-
ханұлы туралы ойлағанда есіме өткен ғасырдың жет-
пісінші жылдары оралады. Ол кезде кеңестік мек-
тептің кекілі желбіреген өрендері едік. Романтикпыз.

Әсерленгішпіз. Қиялилаумыз. Арманшылмыз. Жетінші
класста оқып жүріп, республикалық «Қазақстан пио-
нері» газетінде мақалаларымыз «топырлап» шығып жа­
тады. Сол «жазғыш» балақандардың арасынан Қызыл-

орда облысы «Жаңақорған» ауданының жас тілшісі
Әнуарбек Әуелбеков жиі қылаңытатын.
Пионерлер газетіне материалдарымыз жиі шыға-
тындықтан республикамыздың түкпір-түкпірінен небір

«арулардан» хат ағылып келіп жататын. Бірде мен
өзгеше бір үшбу хат алып, оқып болғаннан кейін таң-
тамаша қалдым. Бір қызығы, ол баланың аты мен тегі
менің екі үлкен ағамның есімдерімен бірдей екен. Содан

ойланбастан жауап жазып, хат алмасып, пікір бөлісіп
тұруға әзір екендігімді білдірдім. Арада он күн өткенде
Әнуарбектің бірнеше беттік хаты «жетіп келді». Сөйтіп
«танымал» жас тілшілердің арасындағы қарым-қаты-

нас жолға қойылды.
Сол бір таныстығымыз үзілмеген күйі 1981-ші жылы
КазМУ-дың журналистика факультетіне құжаттарымызды
тапсырғанда одан әрі нығая түсті. Сол жылы Әнекең «под­

курстан» түсіп біз секілді сары үрпек абитуриенттерге
сәлем бере келіпті. Ол бірден өзі секілді «Қазақстан пио-
нерінің» штаттан тыс тілшісі мені сұрастырыпты. Алғашқы
емтихан болатын күні аудиториямыздың алдына үстінде

студенттік құрылыс отрядының формасы бар сұңғақ бойлы
бір жігіт келе жатты да, маған жақындағанда «пәленшесің
бе» деп құшағын айқара ашты. Сөйтіп бірден өзінің аты-
жөнін айтып салды. Мен ұдайы хат алысып жүрген бұл

жігіт өзімнен бірнеше жас үлкен екен деп ойлағам. Сөйтсем,
арамыз «бір жас – бел құрдас» екен.
Сол жылы мектептен кейін журфакқа бірден түскен
мен Әнуарбекпен тонның ішкі бауындай аралас-құралас

болып кеттік. Одан бері де 30 жыл артта қалыпты. Ал
бүгінде Әнекеңнің есімі қазақ оқырманына жақсы таныс.
Журналистігіне, ақындығына қоса сазгерлік таланты тағы
бар. Интернеттен оның аты-жөнін теріп қалсаңыз жазған

әндерінің сазын рахаттана тыңдауыңызға болады.
Өмірдерек
Әнуарбек Исламханұлы ӘУЕЛБЕК
1962 жылы 1-қаңтарда дүниеге келген. Қызылорда об­

лысы Жаңақорған ауданы «Сунақата» совхозындағы №194
орта мектепте 1969-1979 жылдары оқып тәмамдап, еңбек
жолын ауылда жұмысшы болып бастады.
Мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде Жаңақор-

ған аудандық «Коммунизм жолы» («Жаңақорған тыны­
сы») және республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан»)
газеттерінің белсенді штаттан тыс тілшісі болды. Аудандық
және облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газеттерінде

өлеңдері жарияланып тұрды.
1986 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің журналистика факультетін бітірді.
Республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш»), «Қазақ

әдебиеті», «Егемен Қазақстан», халықаралық «Түркістан»,
«Дала мен Қала», «Әдебиет айдыны» газеттері мен
«Хабар» телеарнасында қызмет істеді.
2003-2005 жылдары «Хабар» телеарнасынан беріліп

тұрған тарихи-танымдық 110 сериялы «Солай болған» бағ-
дарламасының авторы. Осының негізінде дүниеге келген
«Солай болған» жинағының 1-кітабы өндірісте жатыр.
Публицистикалық еңбектері «Аралым – арым, Балқа-

шым – бағым», «Саңлақтар», «Қызыл қырғын», «Қажымұ-
қан қағанаты», «Азаттық аңсағандар», «Қасым Жәкібаев»,
тағы да басқа жинақтарға енген. 1998 жылы жарыққа шық-
қан «Ақ жауынды шақ», 2009 жылы тасқа басылған «Жа-

ныңмен жаз сырыңды» атты жыр кітаптарының авторы.
Өлеңдері баспасөз беттерінде жиі жарияланып келеді.

Қазір Алматы қаласы әкімдігінің ресми басылымы –
«Алматы ақшамы» газетінде Бас редактордың бірінші
орынбасары болып қызмет істейді.
Отбасында әйелі, 6 баласы бар.

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы-
ның мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
ақын.
Иә, Әнекең туралы ұзақ жазуға болады. Оның адамгер-

шілік, азаматтық қасиеттерін университетте дәрісті бір-
ге тыңдаған курстастары жыр қылып айтады. Оның қа-
рапайымдылығы, жора-жолдастары арасында сыйлылығы
туыстарына деген мейірімділігі жеке әңгімелерге жүк

болғандай.
Газеттің жаңа жылғы нөмірінде орынның тапшылығына
байланысты қысқаша қайырылуымызға тура келіп тұр.
Атам қазақта «Теңіздің дәмі тамшысынан білінеді» деген

нақыл бар. Осы даналықты ескере отырып ақын Әнуарбек-
тің бірнеше жыр шумақтарын оқырмандар назарына
ұсынуды жөн көрдік. Сонымен қатар қанаты қатайған
қарымды қаламгер Әнуарбекке шығармашылық шабыт,

отбасына ырыс-құт, баянды бақыт тілегім келеді.
Туған жер
Туған жерге әлемде жер жетпеген,
Бойдағы ыстық қанмен ол өрнектелген.

Кіндік қаным тамған жер, сенде туып,
Сенде өсіп мен қазір өрлеп келем.
Көңілімде шек болмас саған ауған,
Шаршап көрген емеспін бағалаудан.

О, туған жер, бойыма күш беретін,
Жүректегі жалынсың алаулаған.
Саған балап әлемнің ең жарығын,
Саған жетпесін білдім мен бәрінің.

Оттай күйіп-жандырар жүрегімді,
Ең ыстық нүктесі сен Жер шарының!

Барсакелмес
Сенің атың шошындырып бесіктегі баланы,
Қарияның қай-қайдағы жәйтті есіне салады.
Неге сенде бар тіршілік құмға сіңіп жоқ болып,

Барлық бәле неге сенен ылғи бастау алады?
Қотырындай болып тұрсың мына жалпақ әлемнің,
Қор болғанда қаси да алмас, шипасы жоқ бар емнің.
Тастанды боп, құдай атқан жерге айналдың сен бүгін,

Түсінеді дейсің сенің мұң-қайғыңды терең кім?
Айналаңды су шайса да кетпес саған жан кіріп,
Аспандағы шүйдек бұлтың – ол да кеткен қаңғырып.
Жапан түзде дәл осылай жалғыз қалдың сен бүгін,

Барсакелмес деген атың неге өшпейді мәңгілік!
Бар әлемде сенің атың қара ту боп тұр бүгін,
Оған себепкер адамдар айта қоймас ұрлығын.
Таңғажайып тіпті сенің басып жалпақ төсіңді

Мына жұртың біле бермес сол кездері жүрді кім.
Қазір сені кейінгі жұрт аза тұта ән қылып,
Қара әлемде дауысы қалды қайта-қайта жаңғырып.
Жо-жоқ, атың шыныменен өшіп қалып жүрмесін,

Ескертусің сен әлемге, атың қалсын мәңгілік!
Көзәйнекті қыз
Қызықты күннің қалдырып бәрін,
Жүрекке бүктік жаңғырықтарын.

Дегенмен,
кейде көзәйнек көрсем,
Еске түсіп жүр бал қылықтарың.
Күндерім көп-ау сырын ұқпаған,

Баладай бейне қыңырлықтаған.

Сұп-суық болған көзәйнектерден
Беймәлім бүгін жылылық табам.
Сарғайды көңіл,
күз белең бе еді?

Өткеннен күдер үз деген лебі
сезілсе-дағы көзәйнектерден,
Көзіңді көрем іздеген мені.
Қайтейін амал қыла алман басқа,

Маңдайым соғып сыналған тасқа.
Көзәйнек көрсем елес береді,
Жанарың сенің шыланған жасқа.
Көктемді сағындым

Арқадан ауыр жүк түсіп,
Қалғандай әлем босанып.
Қыс бойы жатқан бүк түсіп
Белдерім жатыр бусанып.

Қыс кетіп біраз қинаған,
Есеңгіреп тұр дала.
Жаңа жыл – Наурыз сыйлаған
Басталды бүгін жыр жаңа.

Шығады жаңа күліп Күн,
Жердің жүзін жылытып.
Көк шалғынды түбіттің
Түп-тамырын жібітіп.

Басталып соны жыр-дастан,
Әрбір атқан таң сайын.
Мың қиял өтіп бір бастан,
Ашылар әркез маңдайың.

Құрсауын қыстың кескілеп,
Көтерер келіп еңсені.
Қыр жақтан жылы есті леп,
Сағындым, көктем, мен сені!

Бір ауылдың қызығы
Күлім көз еркем көрікті,
Елеңдеп тұрған елік-ті.
Кездескен жанды елітіп,

Жүрегін майдай ерітті.
Ынтығып бәрі жігіттің,
Жетегіне ерді үміттің.
Басқаның бәрін ұмытып,

Шешімін күтті күдіктің.
Дәмелі болды жігіттер,
Өздерін іштей іріктер.
Мен ғана деді әрбірі

Көрініп тұрған үміткер.
Солардың бірі мен едім,
Табылар барлық керегің.
Жеті өнер түгіл жетпісін

Бағындырған ерегің.
Лайық көріп өзімді,
Түн сайын жұмдым көзімді.
Серігім етіп сезімді,

Жан-жүрегім езілді.
Қиялдың небір тәттісін,
Көңілім қалап тапты шын.
Қонардай қолға ақ құсым,

Жетердей соған бақ-күшім.
Сыртынан жүрдік иелеп,
Басқаның бәрін күйелеп.
Асықтық асып түсуге

Көрініп жатса кім ерек.
Жақсылық жасап үйрендік,
Бақытты сонда күйге ендік.

Махаббат салып майданға,
Әдірем қалды күйбеңдік.
Білінбей күннің өткені,
Өзінше әркім ептеді.

Жүргенде сөйтіп бір жігіт
Алып қашып кеткені.
Айырылдық сезімнен,
Масаң күйдей сезілген.

Біз де кеттік жан-жаққа
Қашқандай өз-өзіңнен.
Қызық қалмай ортада,
Қалды сенсең, о, тоба!

Бір ауылдың қызығы,
Бір-ақ қызда жата ма?..
Тағдыр
Жылыстап жатыр жылдарым,

Қалдырып артта мұңдарын.
Туғанда кең боп жаралған,
Жүрегім жиып тұр бәрін.
Өмірден аздау алғаны,

Оның да болар салмағы.
Қанағат қылмай сабырмен,
Жүрегім нені таңдады?
Тағдырға түскен не шара?!

Жүрегім, жұбан, бейшара.
Бұдан да зорын көргенсің,
Қайтесің соны «нешауа».
Табандап қалған тапжылмай,

Қызуы кеткен тандырдай.
Желкесіне жүк артып,
Жазылып қалған тағдырды-ай!

ТҮРКІТАНУДЫҢ ТАРЛАНБОЗЫ

Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығына арналған
форум хақында
XX ғасырдың көрнекті тарихшысы, есімі төрткүл
әлемге кеңінен танымал түркітанушы ғалым, тарих және

география ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы
Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына
арналған «Л.Н.Гумилев мұрасы және қазіргі еуразиялық
интеграция» атты ІХ Еуразиялық ғылыми форум Аста­

на қаласында осынау ғұлама ғалымның атын иеленген
Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында болып
өтті.
Дүбірлі басқосуға әлемге танымал ғалымдар, тарихшы­

лар, этнологтар, филологтар, географтар, саясаттанушы­
лар, сонымен қатар Болгария, Венгрия, Голландия, Қытай,
Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция және Укра­
ина сынды елдердің саяси және қоғамдық ұйымдары, білім

беру, ғылыми-зерттеу және мәдени орталықтардың өкілдері
қатысты. Алқалы жиынға қатысушылар Л.Н.Гумилевтің
қыруар ғылыми мұрасын зерделеп, кейбір пікірталас туды-
рып жүрген мәселелерді әр қырынан қарастырды, еуразия-

шылдық идеясын Еуразия халықтары интеграциясының
негізгі тұғырнамасы ретінде талқылады.
Мерейтойлық шара қарсаңында университет ұжымы
осы оқу ордасының ректоры, тарих ғылымдарының док­

торы, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың тікелей
басшылығымен «Гумилев әлемі» және «Еуразия мәсе-
лелері» сериялары негізінде «Лев Гумилев энциклопедия­
сы», «Нұрсұлтан Назарбаев және еуразияшылдық», «Лев

Гумилевтің ғылыми мұралары», «Л.Н.Гумилев және түркі
әлемінің қайта түлеуі», «Еуразияшылдықтың бастауы»,
«Л.Н.Гумилевтің шәкірттері», «Лев Гумилевтің еуразиялық
тұжырымдамасы және қазіргі кезең» тәрізді 12 кітап

шығарылып, «Еуразия диалогы» журналының, «Еуразиялық
жаршы» газетінің арнайы сандары Л.Гумилевтің ғылыми
мұралары мен өнегелі өмірін насихаттауға арналды. Осы

арада айта кету керек, осыдан бірнеше ай бұрын универси­
тет ректоры, профессор Е.Б.Сыдықовтың бастамасымен оқу
ордасының бір топ ғалымдары «Таулы Алтайға» ғылыми
экспедиция ұйымдастырып, Лев Гумилев атындағы ең биік

таулы шыңға көтерілген еді. Форум барысында осы игілікті
істің жүзеге асқандығын дәйектейтін арнайы сертификат
көпшіліктің алдында оқу орнының басшысына салтанатты
жағдайда табыс етілді. Сонымен қатар ғұлама ғалымның

атымен пошта маркасы және арнайы төсбелгі әзірленді.
Форумда сөз алған ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың ай­
туынша, ғалым әрі ойшыл Л.Гумилевтің ғылыми мұрасы сая­
си, халықаралық мазмұны жағынан да, практикалық тұрғыда

да өзекті болып табылады. Оның ғылыми тұжырымдары
қазіргі әлемде орын алып отырған интеграциялық үдерістер
мен жаһандану жағдайында өзара сенімге, түсіністікке не-
гізделген қарым-қатынастар орнатуға ықпал ете алады. –

«Біз үшін Л.Н.Гумилевтің ғылыми-шығармашылық мұрасы
ғана маңызды емес, оның өмірі мен ғылымдағы күреске
толы жолы үлгі-өнеге тұтарлық. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Жарлығымен білім ордамыз Еуразия ұлттық университетіне

Л.Н.Гумилев есімі тегін берілмесе керек. Бүгінгі таңда
ЕҰУ еуразияшыл ғалымның шығармашылық мұрасы мен
идеяларын зерттеп, насихаттайтын бірден бір ғылыми
орталық болып табылады» деді Ерлан Бәтташұлы.

Алқалы басқосу «Л.Н.Гумилев атриумында» гүл қою
рәсімінен
басталып,
ғалымның

мұражай-кабинетінде
Л.Н.Гумилев бюстін ашу салтанатына ұласты. Бұдан кейін
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің ауди-
ториясында форум басталмас бұрын Лев Николаевич

Гумилевтің өмірі хақында сыр шертетін деректі фильм
көрсетілді.
Форумға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат
Орынханов қатысып, Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай-

ластырылған ғылыми форум қатысушыларына арналған
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың құттық-
тау хатын оқыды. – «Лев Гумилевтің интеллектуалдық мұ-
расы тек ғылыми бірлестікте ғана емес, қазіргі геосаясат-

та да мәні орасан зор. Еуразияшылдық – ХХ ғасырдың
басты идеясы. Бүгін Еуразия одағының жаңа даму кезеңі
басталды» делінген құттықтау хатында.
Сондай-ақ алқалы басқосуда Ұлттық ғылым академия-

сының академигі, ҚР Парламент Сенатының депута­
ты Ғарифолла Есім ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
Қайрат Мәмидің мынадай құттықтау лебізін жеткізді:
«Бүгінде Гумилевтің 100 жылдығын барша әлемдік қа-

уымдастық атап өтуде. Оның шығармашылық әлемі еура­
зия кеңістігінің жетістігі ретінде бағалануда. Гумилев түркі
тектес халықтарының мәдениетін терең зерттеп, көшпелі
халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына

ерекше мән берген тарихшы Л.Н.Гумилев болды. Ол түрік
әлемі өркениетке ерте жеткен халықтардың бірі екенін жа­
зудан бас тартпаған ғұлама ғалым, Еуразия көшпелілерінің
бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары ба-

ғалаған».
Екі күнге созылған форум мынадай 5 секция бойынша
жұмыс жүргізді: «Еуразия көшпенділерінің өркениеті: та­
рих және мәдениет», «Еуразия халықтарының этникалық

тарихы мен этногенезі мәселелері», «Л.Н.Гумилевтің ғы-
лыми мұрасы контексіндегі әдіснама, тарихнама және
деректанудың өзекті мәселелері», «Л.Н.Гумилев мұрасы-
ның әлеуметтік-философиялық және психология-педагоги-

калық қырлары», «Еуразиялық ықпалдастығының қазіргі
жағдайы мен болашағы».
Университеттің ең көрнекті дәрісханаларында өткен сек­
ция мәжілістерінде оған қатысқан аузы дуалы ғалымдар

Л.Н.Гумилев
еңбектерінде
еуразиялық
халықтардың

өзара достық, ықпалдастық, сыйластық, игі жақындастық
идеяларының тарихи талдауларын атап өтті. Белгілі еура-
зияшының идеялары мемлекеттердің ұлттық мүдделері мен
егемендігін сақтап қалу жолында қазіргі замандағы әлемдік

ықпалдастық процесін терең түсінуге мүмкіндік жасайды.
Форумға қатысушылар тарлан түркітанушыға жоғары
баға беріп, мадақтаулар ғана айтып қоймай нақты ұсыныстар
жасады. Олардың арасында мыналар бар: халықаралық

резонансты күшейту мақсатында Еуразия ұлттық уни-
верситетінде Л.Н.Гумилев атындағы толеранттылық кафед-
расын ашу туралы ЮНЕСКО-ға ұсыныс жасау; еуразиялық
проблематикаға негізделген Лев Гумилев атындағы арнайы

сыйлық пен конкурс ұйымдастыру туралы ТМД мемлекеттері
парламентаралық ассамблея басшыларына ұсыныс жасау.
Бұқаралық ақпарат құралдарына «Мир» мемлекетаралық
ТРК және басқа да БАҚ құралдарын пайдалана отырып,

Л.Н.Гумилевтің ғылыми мұрасы мен еуразияшылдық идея­
сын насихаттау мақсатында жобалар құруға мүмкіндіктер
туғызу.
Л.Н.Гумилевтің ғылыми зерттеулері мен шығарма-

шылығын насихаттауға кеңінен мүмкіндіктер туғыза отырып
қазіргі еуразияшылдың идеялық-теориялық негізі мен қайнар
көздерін қалыптастыру мақсатында халықаралық ғылыми
қоғамдастыққа ұсыныс және жоғарғы оқу орны студенттері

үшін «Гумилевтану» оқу курсын дайындау; Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ-де құрылған «Еуразияшылдық: теория және
практика» кафедрасының тәжірибесіне сүйене отырып,
әлемнің түрлі жоғарғы оқу орындарында осы аттас кафед-

ралар құруға ұсыныс жасау және Еуразия халықтарының
тарихы мен мәдениетіне арналған мультимедиялық оқу
кешенін жасап шығару; Л.Н.Гумилевтің мұрасын зерттеу
мақсатында біріккен пәнаралық жобалар жасап, оларды

жүзеге асыру; Л.Н.Гумилевтің қолжазбалары мен тиісті
түсініктемелердің негізінде оның Еуразия халықтарының
тілдеріне аударылған еңбектерін баспаға беру жоспарын
жасау; Л.Н.Гумилевке арналған халықаралық еуразиялық

ғылыми академиялық мобильді «Eurasіca» бағдарламасын
жасауға мүмкіндік туғызу (ғылыми тәжірибелерден өту,
оқытушылармен, зерттеушілермен, студенттермен, аспи­
ранттармен, магистранттармен, докторанттармен өзара ал­

масу және т.б.)
Тұрақты түрде жұмыс жасайтын ғылыми Еуразиялық
алаң ұйымдастыру үшін үш жылда бір рет өткізілетін
Л.Н.Гумилевтің ғылыми мұрасын зерттеуді дамыту мен

қазіргі әлемдік ықпалдастық процестерді зерттеуге ар-

налған халықаралық ғылыми конгресстер шақыру мүм-
кіндігін
айқындау;
Л.Н.Гумилевтің

есімін
мәңгілікке
қалдыруға тұрақты түрде қолдау көрсету, оның өмірі мен
шығармашылығына қатысты есте қаларлық орындар мен

ескерткіштерді сақтау.
Ой елегіне сала білген адамға жоғарыда аталған ша­
ралар ауқымы орасан зор екендігі бірден көзге ұрады.
Пассионарлық теориясының парқына жеткен, түркітану

ғылымына тереңдеп бойлаған ғұлама ғалымның есімін та­
рихта алтын әріппен жазғанмен бірдей шаралар бұл, түсіне
білгенге. Жасыратын несі бар, орыс ғалымдарының ішінде
түркітануға ерекше жанашырлық танытқандары саусақпен

санарлықтай ғана. Ал қылышынан қан тамған коммунистік
партияның дәуірінде ешкімнен жасқанбастан, басын бәйгеге
тігіп, ұлы даладағы көшпелілер туралы әділ ғылыми ой
айтқан. Л.Н.Гумилевты ерекше дәріптеудің бір мәні осы

тұстан бастау алары хақ. Адал һәм терең ғылыми тұжы-
рым айтқан ғұламаны түркі тектес халықтардың ерекше
жоғары бағалауының түп төркіні осында жатыр.

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ

«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген
Абай атамыздың өлеңінің жолдары есіме түскен сайын
курстасым Ескендір Ертай көз алдыма елестейді. Тау
қозғалса қозғалмайтын, қақ-соқпен ісі жоқ, ерекше жара­

тылысты Ескеңнің байыпты бейнесі бір көрген адамның
жадында жатталып қалары сөзсіз. Көп адамда жетісе
бермейтін қарапайымдылық оның жүзінен де, істеген
ісінен де, сөзінен де менмұндалап тұрады-ау!

Ескеңді білгеніме де тұп-тура отыз жыл болыпты-
ау. 1981 жылы КазГУ-дің абитуриенті болып, жүрегіміз
дүрсілдеп жүргенде «Қазақстан пионерінен» білетін до­
сым Әнуарбек Әуелбектің жанында үстіне студенттік

отряд формасын киген бір жігіт жүрді. «Бұл кім» деймін
Әнуарбекке. «Мықтының өзі, біздің Қызылорда жақтан,
сөзі мірдің оғындай, бізбен бірге подкурстан түсті» деп
сырттай таныстырып қойды. Кейіннен жолымыз болып

журфакқа түскенде бір курста бірге оқыдық.
Алайда, бір таңғаларлығы, Әнуарбек пен Ескендір біз
құсап деканат берген жатақхананы алуға асықпады. Алма­
тыдан жер үйдегі бір «тетя Мотяны» тауып алып, пәтерде

тұруға шешім қабылдапты. «Бұларың не-ей» дейміз ғой
Талғат, Бауыржан үшеуіміз қосыла.

– Е-е, ей сендер түсінбейсіңдер ғой. Баласыңдар ғой

әлі...

– Иә, не түсінбейтіні бар, «наборот» сендер көп қызық-

тан құр қалып жүрсіңдер! Жатақхана деген рахат қой! Да-
йын төсек, жылы бөлме, музыка...

– Жоқ, олай емес, сендер байлаулы бұзау сияқтысыңдар.

Тыпыр ете алмайсыңдар. Комендант Любовь Ивановнаның
қабағына қарайсыңдар. Ал біз болсақ ен далада еркін
жүйткіген тұлпарлар сияқтымыз ғой...
Ескендір мен Әнуарбектің әңгімесінің осы жеріне кел-

генде біз ойланып қалатын болдық. Ескең одан сайын қы-
зықтыра түседі: «қалаған уақытымызда жатамыз, ұйқымыз
қанғанда тұрамыз. Түнде туған күннен келгенде жатақ-

ханадағы құсап есік тықылдатып мөлиіп тұрмаймыз.
Үйіміздің есігін еркін ашып кіреміз. Ғажап емес пе?
Кейіннен «екі серінің» осынау мамыражай өміріне еліт-
кен Талғат, Бауыржан үшеуіміз жатақханадағы орнымыз­

ды оған қолы жетпей жүргендерге беріп, «қызық өмірге»
қойып кеттік...
Күндер өтіп жатты. Байқаймыз, «соңғы үшеуіміз» ал-
дыңғы «екеуге» ілесе алар емеспіз. Қолымыздан не тамақ

пісіру, не от жағу келмейді: қазандыққа жолап кетсек не
бірдемені күйдіріп аламыз, не «пісіргеніміз» шикі болып
шығады. Ал от жағудың қияметін айтпаңыз...
Қысқасы бір айдан сәл астам шыдап, «үштік» құпия

«кеңес» өткіздік: «туған елге» – жайлы жатақханамызға
қайтып оралуға нық шешім қабылдап, «Қайдасың КазГУ-
дің қалашығы, көзімнің тұңғиық қарашығы» деп табаны-
мызды жалтыраттық... Ал қос сері университетті тәмәм-

дағанша орыс апаларының отауларында тұрудан жалық-
пады-ау.
Бүгінде ердің жасы елуді еңсеріп отырған Ескендірмен
балдәурен шақты еске алған сәттерімізде сол бір «мини

драманы» еске алысып күліп алдық.
Одан беріде Ескендір Ертаев журналистиканың «соқ-
тықпалы-соқпалы» жолдарынан өтті. Қазақ баспасөзінің
небір марқасқаларын тәрбиелеп ұшырған құтханамен –

журфакпен қоштасқасын бірден «ел көрем, жер көрем» деп
батысқа бет алды: Орал облыстық телерадио комитетінің
редакторы, аға редакторы, Қостанай облыстық теледида-
рында бас редактор, «Қазақстан – 1» телерадиокорпорация-

сында тілші, «Шарайна» ақпарат агенттігінде бас редактор,
ҚазАқпаратта, «Азаттық» радиосында, «Қазақстан темір-
жолшысы», «Заң», «Айқын» газеттерінде тілші қызмет-
терін атқарды. Қазір Қазақстан Темір Жолы ақционерлік

қоғамында ішкі хаттама және бұқарамен байланыс депар-
таментінде бас маман-менеджер.
Есағаңның ерекше бір қасиеті не істі болсын үндемей,
шулатпай тындырады. Мақтанбайды, мақтағанға елтіп кет-

пейді. Шығармашылық қуат-қарымы, юморы сөйлеген
сөздерінен айқын аңғарылып тұрады. Төгіліп тұрған тер-
меші, жалындап тұрған жыршы. Күй тартқанда күңірен-
тіп, тыңдарманды емірентіп жібереді. Анекдот айтқанда

аузыңды ашып қаласың, күлкіге көму – «негізгі маман-
дығы». Кеуде қақпайды, артық сөз айтпайды. Қысқасы
тұрған бойы қарапайымдылық категориясының классика-
лық көрінісі.

Осы материалды дайындау барысында едәуір әңгіме-
дүкен құрдық. Ол – айтушы, мен – тыңдаушы. Төменде
«құйма құлағыма» құйғандарымды мұртын бұзбай, бір
қарпін кертпей беруге тырысып бақтым. Сонымен Ескең

сөйледі, сөйлегенде бүй деді...
Туыстық
Ақмолаға жаңа келген кезім. Облыстық телерадио-
комитетіне жұмысқа орналасу мақсатымен төрайымы Ла­

риса Михайловна Черезованың қабылдауында болдым.
Бірінші сұрағы: «Қайдан келдіңіз?» Соған сай екінші
сұрағы: «Қазақтардың бәрі туыстарын сағалап жүреді.
Мұнда басшы қызметте туысыңыз жоқ па еді?», – деп

бетіме қарады. Енді қайтсем екен деп отырдым да: «Бар.
Ағам Бақытжан Ертаев ҚР Қорғаныс министрлігі Бас
штабының бастығы. Бірақ әйелі орыс болғандықтан
араласпаймыз. Арақ ішсек әйелі екеумізді бірге қуып

шығады», – деп қойып қалдым.
Сылқылдап күліп алған басшы, орынбасары Алдан
Смайыловқа телефон шалып, жұмысқа қабылдауымды
өтінді. Міне туыстықтың пайдасы.

Кейін Парламенттегі тілші болған кезімде Бақытжан
Ертаевты кездестіріп, болған жайды баяндадым. «Ендігәрі
кім сұраса да Бақытжанның туған інісімін деп жауап бер.
Мә визиткам. Қиналсаң хабарлас», – деді батыр бауырым.

Қасымызда тұрған Берден Қабыл «Інісіне ағасы сай
екен» деп күлкісіне шашалды.

Жеңгетай
Бір күні Оралдан оңтүстікке қарай орналасқан Шың-
ғырлау ауданына келіншегім Мәрияның ауылы Лубенге
баруға түнгі пойызға шыққан болатынбыз. Қашанда би­

лет жоқ. Кірдім де жолсеріктің көмекшісі қыздың қолына
ақша қыстырып, купеге кіріп алдық. Пойыз жүріп кетті. Бір
кезде аға жолсеріктің айғайлаған дауысы шықты. «Журна­
листен ақша алып өле алмай жүрсің бе?» деп көмекшісіне

айқайлап жатыр. Таныс дауыс.
Купеден шықсам, журналист досым Ыбырай Бекжігі-
товтің туған ағасы «Алматы-Мәскеу» пойызында көптен
бері жолсерік болып қызмет ететін Мамытхан екен. Құшақ-

таса кеттік. Мәрияның аяғы ауыр болғандықтан оны купе­
ге орналастырып, екеуміз ортаға бір жартыны алып, қызу
әңгімеге кірістік.
Мамытханды Алматыдан танимын. Студент інісіне жиі

келіп тұратын. «Ыбырай қайда, үйленді ме?», – деп сұрап
едім.
«Сол сендер көрсеткен Шетел тілдері институтында
оқыған Маржан деген қыздан басқаны ұнатпайды. Ол оқу

бітіргесін Ақтөбеге қарай кеткен. Соның суретін альбомы-
на жапсырып қойып, өлең шығарады да отырады. Жасы
болса 28-ге келді», – деп күмілжіді.
Ыбырай Бекжігітов біздің курстағы мықты ақындар-

дың бірі болатын. Тұл жетімдіктен үйленер мүмкіндігі
болмай жүргендігін жақсы білемін. Соңғы курста Шеттіл-
дері институтында Маржанмен танысқан болатын. Бірге
қыдыратынбыз. Екеуі үйленеміз деп жүргенде Ыбырайды

қара басып, ұйықтап қалып, Маржанның мемлекеттік ем­
тихан тапсыруына бармай, содан ренжісіп қалған-ды. Әрі
қарайғысы белгілі...
Түнгі үштердің кезінде жолсерік Мамытхан: «Еске, мен

адам танысам сол қыз келесі вагонда Мәскеуден оқушылар-
ды алып келе жатыр. Көреміз бе, сенің де араластығың
бар еді ғой, – деді. Оның асыққан себебі пойыз таңғы бес­
те Шыңғырлау станциясында болады. Содан таныс жол-

серіктерге ашқызып, купесін қарасам, студенттік кездегі

Маржанымыз алдымызда тұр. Мені көргеніне мәз. «Күйеуге
тидің бе?» оның жауабы «Жоқ».
Сол жерде жедел түрде жағдайдың бәрін түсіндіріп
айттым. Қандай құдалық қаделері бар екендігін әбден

сұрастырып алып, Шымкенттегі Түркістаннан екі апта­
дан кейін үш адам Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданына
құдалыққа келетін болып шешілді. Содан үйленген Ыбырай
мен Маржан қазір Алматыда тұрады. Ыбырай – журналист,

Маржан – аудармашы.
Ләззат
Облыстық телерадиокомпанияға қазақ редакцияның Бас
редакторы болып Нағашыбай Мұқатов деген арқалықтық

ақын, жазушы келді. Жаңадан келген басшының жаңаша
бастайтындығы көпке аян. Бәрімізге шүйлігеді. Бірде менің
сценариімді қып-қызыл етіп шимайлап отыр. «Бітті» де­
ген сөзді «аяқталды» деген секілді мағыналас сөздермен

ауыстырумен әбігер. Бетіме оқтын-оқтын қарап қояды.
Мен жымиып қана отырмын.

– Анау Айбатыр, Қайсарлардың материалын осылай

сызсам, әрбір сөзі үшін жанталасып, айғайласып бітеді. Сен
неге үндемейсің? – деді бір кезде шыдамы таусылып.

– Сіздің соншалықты құмарланған шабытыңызды, алып

отырған ләззәтіңізді бөлгім келмеді, – дедім жымиған күйі.
Өзі де рахаттанып күліп жіберді. Себебі, ол да сатирик.
Содан кейін Нағашыбай менің материалымды өзгертпейтін
болды.

Ұстаз
«Астанателеком» АҚ президенті Болат Мұстафиннен
сұхбат алып шығып келе жатсам, сыртқы есік алдында
бұрқылдап ашуланып филология ғылымдарының докторы,

профессор Мырзатай Серғалиев тұр. «Мырзеке, қатты ашу­
лысыз ғой», – деп жөн-жосықты сұрастым. Еуразия уни-
верситетіне қызметке келгендігін, екі аптадан бері үйіне
телефон орнатпай, «Астанателекомның» осылай созып келе

жатқандығын, бастығына ешкімді кіргізбей жатқандығын
әңгімеледі. Дереу Болатпен сөйлесіп, ішке кіргізіп, кезексіз
кешке дейін телефон орнататын етіп шештік. Сыртқа шық-
қан соң қатты көңілденген ұстазым, мәз болып: «Саған ылғи

«бес» қойған шығармын. Есіңде қалып қоятындай», – деді.
«Жоқ, «беске» біліп тұрғанымда ылғи «үш» қоятынсыз», –
дедім қуақыланып. Шынында, стилистикадан сабақ берген
Мырзатай Серғалиев өз пәніне тым қатал қарайтын. Сол

кісінің қаталдығы арқасында іс тіліміз қалыптасты.
Емтихан
Профессор, филология ғылымдарының докторы Мыр­
затай Серғалиевтің сабағы өте қызықты әрі көңілді өтетін.

Алдымен журналдағы тізімді қарап түгендеп отырады да:
«Жігіттер бүгін Аманғали, Ескендір, мәссаған Миша да
келіп қапты ғой. Жауын-шашынға қарамай бәрің неге
шұбырып жүрсіңдер. Е-е, бүгін емтихан екен ғой» деп

күлдіріп алады.
Сосын: «Жігіттер, анда-санда болса да келіп тұрсаңдар-
шы. Адам тіпті, сағынады екен өздеріңді», – дейді.
Доктор

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сұлтан-
ғали Садырбаев «Фольклор және эстетика» пәнінен сабақ
беретін. Өзі Сүйінбай Аронұлынан кандидаттық қорғаған.
Ең осал жері – Сүйінбай атасын мақтасаңыз, төбесі көкке

көтеріліп қалады. Одан реферат жазғанда жігіттер сыртын
әлеміштеп, түрлі оюлар мен дала көріністерінің суретін
салып, жарқыратып апарады. Көбіне Алатаудың көрінісі
болса, онда кемі «төрт» аласыз.

Бірде Алмабек Түстікбаев деген студент рефератын
қатырып тұрып жасап, сыртына әдемілеп, айшықтап,
«Жетекші» деген тұсына: «Филология ғылымдарының док­
торы, профессор Сұлтанғали Садырбаев» деп бадырайтып

жазып қояды. Оған шынымен қатты риза болған жетекші:

«Мына рефератты жазған кім?», – деп сұрап алып: «Қарағым,
байқамай жазып қойдың ба? Аузыңа май, айналайын. Бо­
ламыз ғой, боламыз. Әкелші зачеткаңды», – деп үп-үлкен
«бестікті» қонжитсын.

Ауру
Астанаға жаңадан орналасып жатқан кезіміз. Еура­
зия университеті жанынан Айтқазы Байдаулетовпен кез-
десіп қалдым. Құшақтасып мәре-сәре болып қалдық.

Жақын жердегі кафеге барып сыралаттық. Ол Түркістан
университетінде оқытушы болып жүргенінде Еуразия рек­
торы Аманкелді Құсайыновтың шақыруымен Астанаға
келіп, осында тұрып жатыр екен. Студенттік кездің түрлі

қызықтарын айтып тауыса алмадық. Содан бір кезде әңгіме
сүйікті ұстазымыз Әбілфайыз Ыдырысов туралы басталды.
Айтқазы ол кісінің қатты ауырып қайтыс болғанын жет-
кізді. Бет сипастық.

Арада бірер жыл өткен соң «Меруерт» мейрамхана-
сында Фариза Оңғарсынованың орысша шыққан кітабы-
ның тұсаукесері болды. «Қазақстан-1» телерадиокорпо­
рациясынан түсіруге арнайы топ болып бардық. Қарасам

төрде Ләззат ... деген тележурналистің қасында баяғыда
«өліп қалған» Әбілфайыз Ыдырысов отыр. Бұрынғыдай
жүзі албыраған емес, өңі солғын. «Маған бірдеңе көрінейін
деген екен. Қаным бұзылған шығар» деп шошып, сүйресе

шықпайтын отырыстан асыға шығып кеттім.
Ертеңіне Ләззатпен кездескенімде: «Әбілфайыз ағайың
қатты ренжіді. Бес жыл сабақ бергенімде, бес минутқа келіп
сәлем беруге жарамады» деп жатыр деді. Айтқазы екеуміз-

дің арамыздағы әңгімені айтып едім. «Иә, сыртқы істер
министрі, баласы Ерлан шетелге апарып емдемегенде,
ұстазымыз шынымен о дүниелік еді ғой» деп болған оқиға-
ны жайып салды.

Кейін
«Наурыз»
тойында
кездескенде

Әбілфайыз
ағайымызға жағдайды түсіндіріп айтып едім. «Е, бәсе. Шы­
нымен барып қайттым ғой» деді.
Ұлағатты ұстазымыз жетпістен асып кетсе де, әлі күнге

баспасөз бетін бермей келеді.

Айықтырғыш
Көбірек ұрттап жіберіп, айықтырғыштан бірақ шықтым.
«Бұл да бір ер азаматтың қонақүйі ғой» деп өзімді-өзім
жұбатқаныммен жұмысыма қағаз барып қала ма деп

ұйықтай алмай дөңбекшідім. Таңертең ерте тұрып алып,
күзетші жігіттерге «Теледидарда журналистпін. Осын­
да маскүнемдерді қандай жағдайда ұстайтындарыңызды
білгім келіп түнеп едім. Бастықтарыңмен жолықтырың-

дар», – деп қиғылық салдым. Бастығы жайлы адам екен.
Екеуміз ақылдасып, теледидардан маскүнемдікке қарсы
сюжеттер беріп тұруға келістік. Ол да артымнан қағаз
жібермейтін болып шешті.

Жұмысқа келген бетте Бас директордың орынбасары
Алдан Смайыловқа кіріп болған жайды баяндадым. Баста­
мамды аяғына дейін тыңдап алған Алдекең: «Атама, ата­
ма! Мұны жасауға болмайды. Полициялар адам емес. Мен

айықтырғышқа түскенімде, «қарлығаш» қып керіп қойып,
сабаған» деп жолатпады.
Папа
Әулетіміздің үлкені ҰОС ардагері, атты әскердің ко-

мандирі Бердібек көкеміз бәрімізге папа деңдер деуші еді.
Жасы жетпістен асқан кезде де сақалын өсірмей, тіп-тік
жүретін. Дауысы саңқылдап шығатын. Үшінші курста оқып
жүргенімде Алматыға іздеп келді. Сабақтан кешігіп жүретін

кезіміз. Сағат он бірден аса аудиторияға кірсем, курстастар
үрпиіп, «ауылдан Бердібек деген атаң мен, бұрын министр
болған Дүйсенбек Ергішев атаң іздеп келді. КазГУ-град
жақта күтіп жүр» деді шуылдасып. Сабақ жайына қалды.

Алысқа ұзамаған екен. Амандасқан бойда Бердібек папа-
мыз аттың басын жіберді.

– Сабақтан неге кешігесің? Мынау қандай әсем жер.

Осындай жатақханада неге тұрмайсың? Пәтерде тұратын-
дай әкеңнің байлығы тасып бара жатыр ма еді? Мүмкін,
пәтерге қыз апарып, арақ ішетін шығарсыңдар? – деп барып
тоқтады.

Маған керегі де осы. Папамыздың ең осал ұрымтал тұсы. – Папа, – деп өзіме қаратып алдым да, – әйел жаман болса екеуін аласыз ба, арақ жаман болса осы уақытқа дейін ішесіз бе? – дегенімде қасындағы Дүйсекең жарықтық, күлкіден құлап қала жаздады. – Бердеке, болды. Өзіңе де сол керек, – деді күлкісіне шашалып. – Ер шекіспей бекіспейді. Жүріңіздер. ВДНХ-ның мей­ рамханасына барайық. Мен өзім ақшасын төлеймін, – деп жол бастадым. Ол кезде қалтамда пода-пода ақша жүретін. Себебі, Денсаулық министрлігінде дала сыпырушы болып істеймін. Сабақтан босаған кезде, бүкіл зауыттарға вагон түсіру секілді ауыр жұмыстарға бара беретінбіз. Оның сыр­ тында газет, журналдардан қаламақы келеді. «Қазақфильмде» қосымша көріністерге түсеміз. Асабалығымыз және бар. Менің ақша табу жолдарымды естіген екі атам аса риза болды. «Әкең беріп жіберді», – деп қолыма жиырма бес сомдықты ұстатқысы келіп еді, «Өзіңізге құт болсын» деп қайтардым. Қалтамдағы қызыл құлақтарды көрсеттім. Қомақты соманың ішінде дед Андрейге төлеуімізге тиіс жігіттерден жинап алған пәтерақыда бар болатын. Сөйтіп, шалдардың көзін бақырайттым. Азу Бір күні денсаулық министрлігінің дала сыпырушысы болған соң, емханасында кезексіз «тісімді жөндетіп алайын» деген оймен Қарлығаш деген таныс стоматологтен шығып келе жатқан болатынмын. Қарасам, ұзын-шұбақ кезек. Қалың ортасында журфактың деканы Темірбек Қожакеев. «Әй, мұрын, мұнда қайдан жүрсің? – деп саңқ ете қалды. – Осында дала сыпырушы болып істеймін. – Оқудан шығып қалдың ба? – Жоқ. Жұмыс істеуге болады деп анықтама деканат берген. – Әй, мәләдес. Бері кел, – деп қасына шақырып алды да: «Осында істесең, мені кезексіз кіргіз» деп сыбырлады.

Көк халат киіп алып жүрген мен жып етіп ішке кірдім де:
«Қарлығаш менің деканым есік алдында тұр. Өлтірмесең
кезексіз кіргіз, – дедім.
Ол есіктен басын шығарды да: «Қожакеев кім?» «Мен».

«Сіздің кезегіңіз бағана өтіп кеткен. Тез кіріңіз», – деп
айқайлады.
Ішке кіріп, деканымыз кушеткаға жайғасқан соң, ба­
тылданып кеттім. «Қарлығаш, реті келсе азуын жұл», – деп

тұрмын.
Ертеңіне сабаққа келген соң, Темкең: «Ана, Мұрын мені
азусыз қалдыра жаздады, – деп, бұл оқиғаны студенттер-
ге майын тамызып, масаттана айтып беріпті.

Өкпе
Алдан Смайылов әңгіме айтқанда, сонау әріден бастап,
ұзын-сонарға кірісіп кеткенде, тыңдаушыға да көз салмайды.
Бірде Жезқазған өңіріндегі ескінің бір тарихын қозғап, ұзын-

сонар әңгімеге кіріскен кезде, алдымыздағы теледидарға
қарасам, таныс министрдің орынбасарының титры министр
деп кетіп бара жатыр. Келесі бөлмедегі дыбыс операторы
Любаға жетіп барып, дереу өзгерткізіп, қайтып орныма кел­

сем, Алдекең бұртиып отыр. Қабағы қарс түйіліп кеткен.
Болған жағдайды түсіндіріп айтып едім.

– Әңгіменің күлетін жеріне келгенде қарасам, жоқсың,

бір боқтадым, – деп тоқтаған жерінен әрі қарай жалғады.
Үрей
Әйелім Мәрия екеуміз Қостанайдың екінші шетіндегі
Нұрғазы есімді құдамыздың үйіне қонаққа бара жатқанбыз.

Троллейбусқа мінген қартаңдау орыс кісі Елбасы Нұрсұл-
тан Назарбаев пен Ресей президенті Борис Ельциннің
түгін қалдырмай, сыбап, боқтап келеді. Жолаушылардың
мазасы кеткенімен, «ұрттап» алған кісімен салғыласуға

жүректері дауаламай отырғанға ұқсайды. «Мәрия, мына

кісіні тып-тыныш отырғызайын ба?» дедім. Ол «Қолыңнан келмейді ғой» деді де отыра берді. Айналасының бәріне әбден жағымсыз көрініп отырған кісінің қасына барып жайғасып, Журналистер одағының қызыл куәлігінің жазуы жоқ сырт жағын көрсеттім де: «Ақсақал, тыныш отырыңыз, бірге түсеміз» дедім де тым-тырыс отыра бердім. Шешенсіп отырған «батырдың» түсі бұзылып, сұрланған күйі үні өшті. Біраздан соң, өтірік ұйықтаған болды. Бірақ таза мазасы қашты. Жиырма шақты аялдамадан соң, түсер кез­ де: «Үлкен кісі екенсіз. Ендігәрі қайталамаңыз» деген күйі, салмақты қалпымды сақтап, сыртқа беттедім. Зәресі ұшқанын көзінен байқатып қойған қарттың, басын изеген­ нен басқа амалы қалмады. Уәж Қостанайдағы Қарағайлы шипажайында көршілес елдердің бірқатар оппозициялық партиялары өкілдерінің бас қосуы өткізілді. Челябіден келген профессор Назарбаевтың түгін қоймай жамандап, «жемқордың жемқоры» етіп шығарды. «Азат» партиясының белсендісі болғаныммен, не дегенмен, өзіміз сайлаған Президентіміз. Намысым келді. Профессордың қасына жақындап, Борис Ельциннің бүкіл Сібірдің алтын зауыттарының қаймағын сыпырып жеп отырғанын, бірақ ел экономикасының ілгерілеуі байқалмай жатқандығын айта келіп, Назарбаевты мақтауға көштім. «Ұлы Абай айтпақшы қазақ елін басқарған азаматта үш қасиет қатар жүруі тиіс. Ол шексіз бай, шексіз мейірімді, шексіз қатал болуы керек. Осы үш қасиетті де Нұрсұлтан Әбішұлы қатар алып келе жатыр. Экономикалық өсім де бар», – деп фактілерді санамалап шықтым. Көзі бақырайған профессордың қарсы уәжі болмаған соң: «КГБ, КГБ» деген күйі көптің арасына кіріп жоғалды. Арада бірнеше күн өткен соң, облыстық қауіпсіздік басқармасының бастығы Михайл Дәуенов ризалығын ай­ тып, қолымды қысты.

Балық
Берден мен Қайрат інісі үшеуміз «Жадыра» саунасына
жиналып жатырмыз. Менің қолымдағы білектей балықты
көрген Берден риза болып: «Мәссаған, Балқаштың балығы

ма? – дейді. «Жоқ, алқаштың балығы» дедім.
Ортақ іні
Бірде Парламентте Қостанайда қызмет еткен Мәжіліс
депутаты Рамазан Сәрпеков, оралдық Хайрат Шалабаев

үшеуміз жолығып қалдық. Біршама әңгімеден соң, Рекең:
«Хайрат, танысып қой. Мына Ескендір деген журналист
Наурызымнан, менің інішегім болады», – деп таныстырды.
Бұған миығынан күлген Хайрат мені көптен білетін-

дігін менің Қазталовканың «Бірлік» ауылынан екендігімді
айтты. Рекең бұл Наурызымның «Абылай хан» кеңшары-
нан деп соғып жіберді.
Амалсыз: «Мен Қызылорда облысы, Жаңақорған ау-

даны, Бірлік асыл тұқымды қаракөл қой совхозында ту-
ғанмын», – деп шындығыма көштім.
Сөйтсем, екеуі де менің әзіл-қалжыңмен қай жерде
жүрсем, сол жердің намысын жыртатын мінезіме сай

өзімсініп жүрген екен.
Қыпшақ
Қостанай облыстық телерадиокомитетіне қызметке тұ-
рарда төраға Бақытжан Нұрмұхамедов: «Не елсің? – деп

сұрады. Оның қыпшақ екендігін білетіндіктен «қыпшақ-
пын», – деп жауап бердім. «Оның қайсысың? – дегенде:
«көлденең қыпшақпын» деген жауабым дайын болды. Ол
өзінің «Ұзын қыпшақ» екендігін айтып, қыпшақтардың

тарихына терең бойлады. Содан кейін жолым ашылып,
қызметім өрлей түсті. Арада екі жыл өткен соң, өз бөлмесіне
шақырған бастық: «Ескендір мен сені інім деп жүрсем.

Сен Қоңырат екенсің ғой. Маған неге өтірік айттың», –
деп өкпеледі. Ішімде қызу болғандықтан: «Дат, тақсыр», –
дедім. Сосын, бүкіл қазақтың Дешті қыпшақтардан
тарағандығын айта келіп, «Мен де қыпшақтың баласымын.

Көлденеңмін деген себебім көлденеңнен қосылған соң айт­
тым. Кейде қызу кезімде төсекке де көлденең жатамын.
Мүмкін, шынымен көлденең Қыпшақ шығармын», – деп ба­
рып тоқтағанымда, бастық орнынан тұрып: «Өзімнен айны­

май қалған інімсің. Нағыз қыпшақсың!», – деп екеуміз, жүз
грамм ішіп, қайта табыстық.
Диалект
Журналистер күніне Астанадағы Алматы ауданы әкімі

Ахметолла Шәкіров дастарқан жайды. Бірінші орынбаса­
ры Асхат Акчурин субардинация сақтап қалған, шікірейген
кісі екен. Онымен тіл табысу қиын көрінеді. Қай өңірден
екендігін сыртынан білетінмін. Ерғазы, Таңатар деген журна­

лист жігіттермен бәстесіп, отырыс аяғына дейін оның басын
айналдырып алатындығымды айттым. Қасына жайғасып,
түсінбей қалған сөзіме «не зат?», – деп қойып, сөз арасын-
да «бойлай да» деген тіркесті көбірек қосып, Батыстың

атақты адамдары туралы қозғап қойып отырдым. Бір кез­
де ол шыдамай: «Қай жерденсің?», – деп сұрады. Оралдың
«Қазталовка ауданы, Бірлік ауылынанмын» деп тақ ете қал-
дым. Сол-сол ақ екен. Екеуіміз «демалап», «брундешафтқа»

көштік. Мұны бақылап отырған бәстескендердің дымы
шықпай іштен тынды.
Солайша, Асхат Акчурин екеуміз төрт-бес жылдай жер-
лес болып жүрдік. Бірақ кейіннен бірге қызметтес болған

соң, Оралдың күйеу баласы екендігімді айттым.
Екеуміз де СССР Журналистер Одағының куәлігін
Орал облыстық Журналистер Одағының төрағасы Бақты-
бай Далабаевтың қолынан 1987 жылы бірге алған болып

шықтық.

Шәкірт
Профессор Белгібай Шалабаев сексенге толған кезінде
«Егер, Өмірбек Жолдасбеков мерейтойымды республика-
лық дәрежеде өткізбесе, зейнетке шықпай жүре беремін»

деп, аяғын тарп-тырп басып, аудиторияға кіріп келе жата­
тын.
Оның соңын ала Бауыржан Омаров, сосын басқаларымыз
ілесеміз. Көзінің қиығымен қараған профессор, ең ал-

дыңғымызды шап беріп ұстап алады да, лекциясын оқытып
қояды. Көбіне Бауыржан ұсталады. Қалғанымыз «сіздің
шәкіртіңіз болған соң, соңыңыздан еріп келеміз» деп құ-
тыламыз.

Бауыржан мінберде тұрып алып, Шалабаевтың көне-
нің көзін көрген әбден сарғайып кеткен лекциясын оқи
бастайды. Ғалым атасы мүлгіп кеткенде, нешетүрлі анек-
доттарға басады. Оянып кетсе, тоқтаған жерінен әрі қарай

зуылдата жөнеледі.
Сөйтіп, профессордың ақ таяғы Бауыржан Омарұлына
қонып, курсымыздан шыққан алғашқы ғалым болып шық-
ты. Қазір филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қырғын
Кіші жүздің жігіттерімен көп араласамын. Бір жағынан
оларды жақсы көретінім, «бар, жоқ» дегенді бетіңе тура
қарап, айтып тұра береді. Былқылдатып, сылқылдатып,

орағыту дегенді білмейді. Бірде бажам Таңатар: «Мына
жігіттің шығармашылығын байқап көрші, жараса газетке
алайық», – деп Алмас деген жігітті әкелді. Дереу отырғы-
зып, «өмірден көрген білгенің туралы жазшы» дедім де

тапсырма бердім. Сүйкектетіп кірісіп кеткен. Сөйлемінің
басын қарасам: «Өмір-соғыс», – деп бастапты. «Оралдансың
ба? – десем: «Иә, қайдан білдіңіз? – деп қарап тұр.
Соңғы кездері байқағаным, зиялы қауым өкілдерінің

өзінің айтатын әңгімелері қырғын-сүргін, атыс-шабыс, сұм-
дық төбелес. Осы тақырыпты қозғасаңыз, жандары кіріп,
рахаттанып қалады.

Өткен жолы Айтқадыр Тілеуовтің елуге келген тойында
Мақсат Тәж Мұратпен сырласып қалдым. Бұрын қоңыртө-
бел, қақ-соқпен жұмысы жоқ ғалым сияқты еді. Соңғы кез-
дері арқасы қозып жүр ме, әйтеуір, Қажымұқанның жапон-

дық жию-житсу атты жабайы төбелестің хас шебері Сара
Киккидің бас терісін сыпырып, жонынан таспа тілгендігін
айызы қанып, рахаттанып тұрып, суреттеді.
Енді кеше ғана «ҚазАқпаратты» қарап отырсам, жазу­

шы Табыл Құлыястың «Қан жоса ғасыр», «Қырғын», «Қан
кешу» деген жинағы шығыпты.
«Апырмай, бір жазса, алдынан арқан керсе, әрең тоқ-
тайтын Табыл көкеміз бүкіл бір жүздің балаларының шы-

ғармашылық жұмысын атқарып тастапты ау» деп күліп
жатырмыз.
Оралдықтар
Өзім Оралдың күйеу баласы болған соң ба, Батыстың

жігіттерімен бірге жиын-тойда көп жүремін. Оралдықтар
елден алыста жүргендіктен ынтымақшыл. Қашанда бір-
бірін іздеп тұрады. Бірде отырыста сырттан мен ғана
екенмін. Бәрі оралдықтар. Маған сөз кезегі келгенде: «Маған

бір ұнайтыны – оралдықтар адамзатты жынысына, руына,
жүзіне, табына бөлмейді, – деп бір тоқтадым.
Бәрі риза кейіппен менің аяқталмаған сөзімді тосты.
«Жалпы адамзатты оралдықтар және оралдық еместер

деп бөледі» дедім. Бірқатары тұрып қолымды алды.
Наурыз
Қостанайда қыс бойы омыртқа, оған қоса ішімдігі бар...
Осыдан әбден шаршағасын, «осының өзінен жақсылап та­

заланып алып қояйыншы» деп еңбек демалысымды алып,
Алматыдағы Қарғалы шипажайына тарттым. Барсам, кілең
жастар. Баяғы Қарғалы жоқ. Кім көрінгеннің аялдай беретін
қонақ үйіне айналып кеткен. Үш күн жаттым. Ішім пысты.

Бас дәрігерге көрінсем «Ауру түгіл, дәнеңең жоқ. Сенікі не
жатыс?», – деп күледі.
Ешкімге көрінбей, ағзамды алкогольден тазалайын деп
келген басым белімді шарт буынып, «қайдасыңдар» деп

курстастарымды іздеп шықтым. «Қазақ әдебиетінен» Дос
Қапасовты таптым. Бір ірі бизнесмен Ираннан әкелдім
деп шүберектерін өткізіп беруімді өтінді. Оның шүберегін
қайтейін. Әрі қарай «Жас Алашқа» астым. Барсам дүрілде-

ген той: Бауыржан Омаров зар заман әдебиетінен доктор-
лық диссертациясын қорғап, соны жуып жатыр екен.
Көзге түспей, шетке жайғасқаныммен іштегі қызу алып
барады. Монғолиядан келген қартаңдау кісінің Мұраттың

«Ақсұңқар құстың асылы» толғауын былжырақтатып
орындағаны көңіліме жақпады. Бір кезде домбыраны ал­
дыртып, «Мұрат Мөңкеұлының толғауы былай орындала­
ды» деп тайпақтық Көшер жыраудан үйренген мақаммен

толғағанымда қасыма келген Бауыржан: «Сволоч, ерте­
рек келгеніңде 100 долларды сен алатын едің. Анау шалды
бекер жалдаппын» деп сыбырлап кетті.
Әрі қарай «Қазақ әдебиетіндегі» Мақсот Ізім, Әнуар-

бек Әуелбеков кездесіп, Наурыз тойын Алматыдан бастап
қарсы алдым. Одан сол Наурыз тойымен бірге жағалай
жүріп отырып, Шымкент, Түркістан, Жаңақорған, Шиелі,
Қызылорда, Шыңғырлау, Оралды шарлап, толық деңгейде

қарсы алып, Қостанайға көкбақа болып оралдым.
«Міне, нағыз қазақ!» деп Мәрия арқамнан қақты.
Cоғымбасы
Қостанайда отырыстардың бірінде белгілі ақын Ақыл-

бек Шаяхметов облыс әкімінің аппарат басшысы ұлты
еврей Виктор Ремезовке қарата: «Біз қазақтар туыстарымыз
көп. Мына дағдарыстан көптеп-көмектеп шығармыз. Сіздер
не істейсіздер?», – деген сұрақты төтесінен қойды. Сонда

Виктор мүдірместен: «Мен жылда қазысы кемі үш-төрт елі
жылқы соямын. Оның соғымбасына өзім жақсы танитын
отыз-қырық досымды шақырамын. «Омыртқа» жеп мәз

болған достарымның тізімін жасап қойып, жаз шыққанға
дейін мені шақыруының кезегін күтіп отырамын. Бір аптам
«омыртқасыз» өткен емес, – дегенде отырыстағы халық ду
күлді. Шындығында, жазылмаған дала заңының бірі осы

соғымбасы қазақтың басын қосып қана қоймайды, туыстық
қарым-қатынасын одан сайын бекіте түсетін рәсім екендігі
рас.
Бармақ

Төлеутай досым Қарағандыдан үй сатып алмақ бола­
ды. Ол да Германияға көшіп бара жатқан неміспен сауда­
ласып, үш бөлмелі пәтерін бес мың долларға сатып алмақ
болады. Бірақ ақшасы жетіңкіремей, мүмкін, кейінірек

қалғанын төлеуге келісермін деген оймен барады. Үй толы
қонақтардың балалары да ілесіп «біз де барайықшы» деген
соң, көңілдерін қимай, ілестіріп ала кетеді.
Кіргеннен күні кеше қарысып, бір доллар шегінбей

тұрған немісің: «Мені ұрып өлтіретін адам жоқ. Қазақтай
кең, қонақжай, ақкөңіл халықты ешқашан көрген жоқпын.
Жолға жететін қаражат болса болды. Сен мені кешір!» деп
көңілі босап қоя берген көрінеді.

Сұраған ақшасының жартысынан сәл ғана астам бағаға
үйді сатып алған аңғал Төкең: «Бұған аяқ астынан не бол­
ды?» деп жан-жағына қараса, ертіп келген шибұттарының
үстері сатал-сатал, бірінің мұрнынан маңқасы ағып, бірінің

шұлығынан аяғының бас бармағы шығып тұр. Әдейі жасасаң,
тап солай қайталанбайтын көрініс. «Осы балалардың ыры­
сы екен-ау», – дейді, Төкең құдайдың шарасына іштей риза
кейіппен.

Базар
Бірде қасымдағы Сергей деген жігіт автолавкамен
азық-түлік сатып тұрған. Ерігіп заттарына қарап тұрғаным-
да, сырты әдемі әлем-жәлем қаптаулы жалғыз печенье

түріне көзім түсті. «Серега, мынаны қаншадан сатып
жатырсың?», – деп едім. «Жиырма теңгеден ешкім ал­
майды», – деді. Өзіме ақшасыз өткізуге алдым да, мендегі
печеньелердің қатарына 25 теңгеден қойдым. Бір сағатта

екі жәшігі өтіп кетті. Ақшасын санап бердім де тағы алдым.
Әйелім Марияны орныма қойдым да бүкіл базар бойын-
ша печенье сататындарды аралап, нақты ақшасына 23-
25 теңгеден ондаған жәшігін сатып қайта келдім. Ертеңіне

тағы солай. Үшінші күні Сергейге: «Тағы да бар ма? –
десем: «Кеше сенің досың Болатбек қара машинамен
келіп, қоймадағы барлық екі жүз жәшігін көтерме бағасымен
сатып алып кетті» деп қарап тұр.

«Қап, әттеген-ай!» дедім де қалдым. Базарда кімді-кім
қапы қалдыратынын ешкім болжап білмейді. Ол да бір
азарт.

«ӘКЕМ БИІКТЕН КӨРІН»... ДЕЙТІН

немесе түйінсөз орнына
Ескеңнің елу жылдық мерейтойына орайластырып
дайындаған осы материалымды редакцияға жолдар ал­
дында өзіне телефон шалдым: «Оқырман тамсанар отты

бейнең керек еді».
Келесі күні электронды поштама үш суреті келіп түсіп-
ті. Оның біріншісінде домбырамен отыр, екіншісі сүйікті
жары Мәриямен бірге түскені, үшіншісінде әріптестерімен

бірге тұрғаны. Суреттерді көріп болғаным сол еді Ескендір-
дің өзі қалтафоныма телефон шалып мынадай «кеңес»
айтты: «Бірінші суретіме не жазатыныңды өзің біл,
екіншісіне: «Сен болмасаң мен осында болар ма ем» десең

сәтті шығады-ау деймін, ал үшіншісіне: «Әкем әрдайым
биіктен көрін дейтін. Ол кісінің сол сөзін орындайын деп
КТЖ-ның 40-шы қабатында тұрған сәтім» десең қатып ке­
тер еді дейді сабазың. Күлкіден езуімді әрең жиған мен:

«Бүйтпесең Ескендір болармысың» дедім де қойдым.

ӘЗАҒАНЫҢ АФОРИЗМДЕРІ

«Арқалағаны
алтын,
жегені
жантақ»

(Шерхан
Мұртаза) жорналшылардың тыныс-тіршілігі хақында
қаламды серік еткен әріптестеріміз де жазушылар да әр
кезеңде өз ой-пікірлерін жазып қалдырған. Солардың

бірі – қазақ журналистикасының қыраны атанған әрі
өзінің осы мамандықтың иесі болғандығын мақтан
етіп өткен белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов.
Ақпарат құралдарымен тағдырын байланыстырған

қаламдастарымыз хақында Әзағаңның жазғандары да
аз емес. Оған алдыңғы буын аға-апаларымыз қанық
болғанымен, азабы мол мамандығымыздың қыр-сыры
хақында баспасөз құралдарының қазіргі жас буыны,

университеттердегі осы жолды таңдаған талшыбықтай
ізбасарларымыз жете біле бермеуі мүмкін. Осы ретте әзіз
ағамыздың афоризмдері мен қанатты сөздерін қалың
оқырманның назарына ұсынуды жөн көрдік.

Журналистика – хабардың қан базары.
Журналист – жортып жүретін жолаушы. Аяңдаса – аш
қалады.
Бас мақала кезекті нөмердің қолбасшысы. Сол күнгі

көрнекті материалдар, солдат сияқты, бас мақала – гене-
ралдың «бұйрығымен» «шабуылға» шығады.
Газеттің сиқыры сонда: ол оқырмандарының көбін
өтірігіне сендіріп отырады.

Газетте шын хабарлар да шығады. Оларды іздесең
төртінші беттің төменгі жағындағы қара сызықпен қоршаған
көңіл айтуларға көз сал. Қаралы хабарлар қате жариялан-
байды.

Газет – кітаптың ата жауы.
Газет кітаппен оның ұзақ өмір сүретіні үшін өш. Бір
күн ғана тіршілік ететін көбелек ғұмырлы байғұс сан мың
күндік өмірге ие кітапты қалай ұнатсын!

Халыққа газет қызықты, қызықсыз хабары үшін керек.
Хабар орнына хабарландырумен толтырылған газет кімге
керек?
Теледидар – тентек қару. Ол көрерменді сөзбен атып,

сюжетпен соққылайды. Атыс-шабыс, кісі өлтіру жайындағы
сюжеттер түнде түсіңе кіріп, жаныңды және шошытады.
Тек тентекке ғана емес, жауызға жарасарлық өнер.
Газеттің соңғы бетіне үкімет терістемесі (опровер­

жение) тегін шықпайды, терістеліп отырған оқиға теріс
болмағандықтан шығады.
Жалқаудан журналист шықпайды. Журналист жортып
жүруі керек. Жалқаулар ілбіп аяңдайды.

Тәуелді журналистер, фонограммамен ән айтқан әнші
сияқты, үкімет басшыларының сөзін сөйлеуді ғана біледі.
Жақсы журналист – жазушы!
Бір белгілі, бір белгісіз журналист бірлесіп жазған

мақаланы оқығанда белгілі қаламгер мен оның көлеңкесін
қоса көріп тұрғандай боласың.
Мақала жазғанның бәрі бірдей мақтаулы журналист
бола бермейді. Өлең жазғандардың бәрі бірдей өрісті

ақын болмайды.
Жазушы мен журналист ағайынды екі кісіге ұқсас
тұлғалар. Бірақ, екеуінің қызметі екі түрлі: біріншісі ойдан
шығарып, көркем шығарма жазады – болуға тиіс оқиға-

ларды баяндайды. Ал журналист болған оқиғаның өзін
ғана жазады: ештеңе қоспайды, көркемдемейді.
Журналист – жүрек жыршысы.
Адамзат ішіндегі ең жүрдегі журналистер. Журналистер-

дің бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ.
Журналистер – көреген халық. Аспандағы бүркіт, жер-
дегі құмырсқаны көрсе, журналистер жұрт жүрегінің әр
лүпілін сезеді. Сезеді де, жарыққа шығарып, жария етеді.

Журналистер – төрт моторлы ұшаққа ұқсайды. Олар:
әрі ақын, әрі тарихшы, әрі суретші, әрі ғалым.
Осы төрт «мотор» жердегі жазушыны көкте самғатады.
Самғай бер, сананың сұңқары, сайрай бер, өмірдің

бұлбұлы – журналистер қауымы.
Газеттің қадірі тиражынан танылады.
Газет – айна,
Газет оқыған – пайда.

Газет сөзі – шындық.
Газеттің сөзі өткір,
Тілшінің көзі өткір.
Хаты көп газеттің – қанаты көп.

Тілшісі көп газеттің тірегі мықты.
Авторсыз газет –
Аққусыз көлмен тең.
Жақсы редактор түзейді,

Жаман редактор күзейді.
Аппарат жөндейді,
Редактор өндейді.
Көңілсіз редактор

Көріксіз газет шығарады.
Бір редактор сылбыр,
Бір редактор сылдыр.
Сылбыр редактор сипақшыл келеді,

Сылдыр редактор цитатшыл келеді.
Жалтақ редактор ақылдасқыш келеді,
Жалқау редактор полосаны да жатып оқиды.
Редакторы жиналыста жүреді,

Орынбасары қиналыста жүреді.
Редактор секретарьды қысады,
Секретарь меңгерушіні қысады,

Меңгеруші әдеби қызметкерді қысады.
Әдеби қызметкер қаламын құшады.
Тақыс журналист
Талмау жерден ұрады.

Журналистің көңілі бес жол хабардан қалады.
Әулекі журналист
Әкіреңдеп келеді.
Шын асылды тот баспайды,

Шынайы журналист шоқ баспайды.
Жаңалықты сезгіш журналист – журналист,
Жаңалықты сезбейтін журналист – формалист.
Жақсы журналист жаңашыл келеді.

Мақсатсыз беттен
Мағыналы хабар артық.
Кітап оқымайтын журналист – киіз журналист.
Тұрақсыз журналист редакциядан редакцияға көшіп

жүреді.
Тұрлаусыз журналист құр сөзбен бөсіп жүреді.
Журналистің де шаш ал десе,
Бас алатыны болады.

Әулекі журналист жолаушы шықса
Өзін редактормын деп таныстырады.
Маскүнем журналист жинаған фактісін
жүз грамм араққа сатып жібереді.

Маскүнем журналистің
Блокноты да арақ сасиды.
Маскүнем журналист
Қарызданып командировкаға шығады.

Пәлеқор журналистен
Не өшіп құтыласың,
Не көшіп құтыласың.

Талантсыз журналист –
Тиексіз домбырамен тең.
Талантсыз журналист – тұл,
Тілсіз мақала – тұл.

Журналистің оқығаны да көп, тоқығаны да көп.
Басқаның алдында бір кітап жатса,
Журналистің алдында екі кітап жатады.
Біреуі – жазылған кітап, екіншісі – өмір.

Тозған журналист –
Тот басқан винт –
не алынбайды, не салынбайды.
Журналист болсаң – жүрдек бол.

Журналистің баласы жолаушы болып ойнайды.
Журналистің көзі қағазда болса,
Құлағы радиода болады.
Радиомен үндес,

Редакциямен тілдес.
Сергек журналист сезгіш келеді.
Журналистің жорғасы да болады,
Жортағы да болады.

Даңғой журналист фельетоншыл келеді.
Жалқау журналист телефоншыл келеді.
Жалған журналист – жағымпаз.
Жас журналист ел аралайды,

Кәрі журналист – кабинет жағалайды.
Жас журналист тыстағыны біледі,
Кәрі журналист іштегіні біледі.
Ерінбеген етікші болса,

Жалықпаған журналист жазушы болады.
Дүрмек ішінде
Дүмбілез журналист те жүре береді.

Жас журналистің қалжыңы көп болады,
Кәрі журналистің мылжыңы көп болады.
Қалам ұстағанның бәрі бірдей журналист емес.
Жол азабын журналист көрер.

Жалқау журналистің командировка дегенде аза бойы
қаза тұрады.
Журналист болсаң –
Жасқаншақ болма.

Жақсы жазсаң да,
Мақтаншақ болма.
Есірген журналист
Еріксіз өтірік айтады.

Ауыз өтірік айтса,
Мұрт біледі.
Журналист өтірік айтса,
Жұрт біледі.

Журналист қаламынан шыққан сөз,
Жалпақ жұртқа жария болады.
Қаламы жоқ журналист
Құрығы жоқ жылқышымен тең.

Журналист көзіне сенбейді,
Блокнотына сенеді.
Әншейінде ашуланшақ журналист,
Летучкада төбелесе жаздайды.

Шаруа – сүйменінің күшімен,
Журналист – қаламының ұшымен.
Жақсы журналистің қаламы
Өзі жазады.

Шынайы журналистің
Гранка иіскемеее басы ауырады.
Нысапсыз журналист
Нысанадан асып кеткенін сезбейді.

Жас журналист жасқаншақ,
Зердесіз журналист мақтаншақ.
Қаламсыз журналист
Қарусыз солдатпен тең.

Тілшінің кеңсесі – кең дала.
Бір тілші дала бағады,
Бір тілші бала бағады.
Тілші елден мақал алып қайтады,

Мақал болмаса сақал алып қайтады.
Мылжың тілшінің сұрағы таусылмайды.
Тілшінің өзі жаяу, хабары жүйрік.
Жақсы тілші – жақсылықты көреді,

Жаман тілші кемшілікті ғана тереді.
Жақсы тілші адамды құрметтейді,
Жаман тілші сиырды суреттейді.
Алыстағы жазушыдан,

Жақындағы журналисім артық.
Алматыдағы жазушыдан,
Ауылдағы тілшім артық.
Жаман тілші естігенін жазады,

Жақсы тілші көргенін жазады.
Астық көп шыққан жылы,
Тілшіден аяқ алып жүре алмайсың.
Жақсы тілші жайдарыланып келеді,

Жаман тілші айбарланып келеді.
Ұйықтап жатқан тілшіні
Телефон «түртіп» оятар.
Үйкүшік тілші,

Үйіндегі әйелінен интервью алады.
Сайлаушы бір рет дауыс бергенше,
Тілші мың рет «дауыс» береді.

Елгезек тілші
Етігіне маза бермейді.
Үкімет қаулысына
Елгезек тілші «ә» дегенде үн береді.

Еріншек тілшінің мақаласы
Ертеңінде әрең келеді.
Екі тілші тату болса,
Бірін бірі қиыспайды.

Екі тілші араз болса,
Бір қалаға сиыспайды.
Тілшіні аяғы асырайды.
Тіл жүйрік,

Тілшінің қаламы жүйрік.
Тілші біреуге мінгесіп жүреді,
Қалың жүртпен тілдесіп жүреді.
Көліктің желгені пайда,

Тілшінің келгені пайда.
Аспанда қыран көреген,
Елде тілші көреген.
Тілшінің тілі жұмсақ,

Қаламы қатты.
Тілшінің шаңы бұрқырамайды,
Жаны бұрқырайды.
Тілшіні алыстан іздеме,

Ауылдан да табылады.
Тілшінің қаламы
Білімсіз бастыққа найза болып елестейді.
Тілші біреудің машинасына мінгесіп жүргенімен,

Тізгіні өзінде болады.
Жүйрік машинистканың саусағы
Жорғадай тайпалады.
Жер қозғалса қозғалар,

Бірақ секретарь қозғалмас.

Секретарь командировкаға шықты дегенше
Сергелдең болды де.
Шабан меңгеруші мекіренгенше
Мақала ескіріп те қалады.

Мақаланың көлеміне қарама,
Мазмұнына қара.
Ұзын мақала жазу –
Ұқыпсыздың ісі.

Ықшам мақала жазу –
Ыждағаттың күші.
Газеттің бетін де үнемдей біл.
Үйді бұзу оңай,

салу қиын,
Мақаланы оқу оңай,
жазу қиын.
Оқушыға «бет» керек емес,

Берекелі мақала керек.
Айғайлаған «шапка» астында
Ауыз жарырлық факті болсын.
Тарыдай факті

Таудай оқиғаға апарады.
Жолына тиын санаған оңбайды,
Жазғанына жауапсыз қараған оңбайды.
Мазмұнсыз мақала

Бос бөшке тәріздес.
Көлденең жұрт қаламақыны
Тегін олжа көреді,
Ал өзіне мақала жаз десең,

Зорға көнеді.
Сылдыр мақалаға шытырлатып төлеген ақша
Құмға қүйған сумен тең.
Автор қаламақы алса,

Кассирдің іші ауырады.

Қаламақыға қайырылмайтын жоқ.
Бейтаныс авторға
Қаламақы да аз қойылады.
Бір үйлі жанды

Бір қалам асырайды..
Көз – көңілдің қызметшісі. Газетті көз оқиын деп
оқымайды: жан-жақта не жаңалық бар екен деп алабұртқан
көңіл көзді газет қарауға «жұмсайды».

Тіл – мидың тілмашы: ойды сөзге айналдырады. Ал сөзді
баспасөз бен кітап, радио мен теледидар дүниеге тартады.
Сөз ойда піседі, оны тіл жарыққа шығарып, қол қағазға
түсіреді.

Ауыздан шыққан сөздің бәрі өміршең бола бермейді,
қағазға түскен сөз ғана ұзақ өмір сүреді.
Ең әлді сөз – әділ сөз.
Ой ұшқындарын өлеңдей өрнектеп қағазға түсіру де –

ғанибет.
Өмірдің өзі – роман. Тек айналаңа жіті көз жүгіртіп, бо­
лып жатқан құбылысқа зер сала біл.
Үйде үнсіз отырып әділ бола алмайсың, әділ болсаң да

оны ешкімге білдіре алмайсың.
Тарихи оқиғалардың тарыдай фактысының өзі кейін тау­
дай маңызға ие болады.
Тілі ащыдан қорықпа,

Тілі тәттіден сақтан.
Ұмытшақтық – кәріліктің хабаршысы.
Әркім басындағы мың ойға емес, аузынан шыққан бір
сөзге жауап береді.

Ақылсыз сөз адыраңдап алда жүреді... Ақылды сөз
алшаңдап артынан келеді.

«АҚИҚАТТЫҢ ҚЫЗЫЛ ШОҒЫН

АҚ АРЫММЕН КӨСЕЙМІН»...

Ақын дегеніңіз қызық тұлға. Кейбіреуі бір шумақ өлең
жазса соны газетте жариялауға асығады. Енді біреулері
жүздеген өлең дүниеге әкелсе де баспасөзде жариялауға
асықпайды. Әлі де болса иінін қандыра түсуді ойлайды.

Тіпті оны кітап етіп шығаруға да асықпайды.
Осы соңғы айтқан ойларымыз белгілі ақын Сейфол­
ла Шайынғазыға тікелей байланысты. Секеңнің отты һәм
ойлы жырлары зиялы қауым арасында белгілі әрі жоғары

бағасын алып жүр. Алайда ол өзіне тән қарапайымдылық-
пен газеттердің бетіне жиі беруді әдетке айналдырмаған.
Қазіргідей нарық қос өкпеден қысып тұрғанда ақын атау­
лы кітаптарын көп таралыммен шығара алмай отырғаны

жамиғатқа белгілі. Олардың арасында Секең де бар бол-
ғандықтан оның жыр жинақтары қалың оқырман қолына
жете алмай жатыр. Осындай сәтте ақындарды көбірек қол-
дап-қолпаштаудың, олардың жекелеген жырларын болса

да оқырмандарға таныстыра кетудің артықшылығы бола
қоймас.
Сейфоллаға да ақындарда байқалатын өзіндік мінез тән.
Сабыр, сақтық дегенді түк те елемей,

Айтып салам ойымды бүкпелемей.
Білмеймін жағыну мен көлгірсуді,
Қайтсін маған ағайын өкпелемей, –
деп көкейіндегісін төгіп салған оның позициясына ішің

бірден жылиды. «Бәсе-ау, ақын деген осылай болуы керек
қой» деген ой-тіркес көкейіңде кесе-көлденеңдей қалады.
Ақын одан әрі былайша ақтарылады:
Ақиқатты ашып айтсаң,

Бәз біреулер ұнатпай.
Не сұмдықты қолдан-қолға
Сырғанатар сынаптай.
Әуреленер ор қазбақ боп

Өршіл жанның жолына,

Құламайды ол, сол орыңды
Қазғандарды құлатпай.
Жалған айтып жағынуды
әдет қылмай есейдім.

Шындық үшін от пен оққа
Жалаң кеуде төсеймін.
Аман-есен жүрсем егер
Мынау жалған дүниеде,

Ақиқаттың қызыл шоғын
Ақ арыммен көсеймін.
Ақындық мінез. Ақындық мұрат-мақсат. Ақындық ірілік.
Бұл арада еш нәрсені қосып-алудың қажеттігі жоқ. Бәрі де

алақандағыдай көрініп тұр...
СҰЛУЛЫҚҚА СҰҚТАНУ. Әрі-берідегі ақын атаулыда
бұл тақырыпқа соқпай кеткені кемде-кем. Өйткені, Сұлу-
лық – мәңгілік тақырып. Қыз бен жігіттің арасындағы мөл-

дір сезім – мәңгілік тақырып. Сейфолла да бұл тақырыптан
аттап өтпеген. Жүрегіндегі әсемдікпен көмкерілген нәзік
ой-маржандарын шабыт пырағына мініп алып төгіп жібер-
ген. Тіпті оған түсініктеме беріп жатудың да қажеті жоқ.

Оқыған адам балдан дәм татқандай одан әрі ынтыға түседі.
Ендеше жыр жолдарына көз жүгіртіп көрейік:
Жата тұршы, жасқанбашы, түріңкірей көрпеңді,
Дәл осы бір жатқан шағың күлімсірей көркем-ді.

Еркелігің қажет маған, еркелей түс, ұялма,
Екеуміз де ерке назбен берілейік қиялға.
Өтінемін өзіңнен тек киінбеші, киінбе,
Көріктісің сен осынау желең жатқан күйінде.

Мәңгілікке қалсын есте күнім де осы, түнім де.
Көз қиығын бұрып маған күлімдеші, күлімде.
Ашық тұрсын аққу мойын, ашып таста, бүркеме,
Сымбат-мүсін қысыла ма, жігіт көзден үрке ме?

Сұлулыққа құмарлықты тояттатып алып бір,
От берейін жүректегі алау-сезім пілтеге.

Әсемдік әлеміне тамсанып болсақ келесі «прозалық
әлемге» назар аударып көрелік. Өмірдегі тойымсыздық, ба-
қытты тек байлықта деп түсінген пенделер, тойынғандықты
көтере алмай бір-ақ рет берілетін өмірдің мәнін түсінбей

жүргендер «тиісті бағаларын» алады. Сенің атыңды шы-
ғаратын бүгінгі мол байлығың емес, адамдарға жасаған
жақсылығың, игі тірліктерің дегенді көркем жырлармен
көмкереді:

Бірлеп емес, жүздеп, мыңдап, батпандап
Ағыл-тегіл қайдан келіп жатқан бақ?
Мезгіл жетсе бықыған бұл байлықты,
Қалай ғана көзі қиып аттанбақ.

Жо-жоқ, ондай бермей-ақ қой бақ маған,
Арттық заттан адам бақыт таппаған.
Тойымсыздық арды аяққа жаныштап,
Тек қанағат адам арын сақтаған.

Өмір мәнін ұғынғандар, білгендер,
Көңіл күйтін сабырлы оймен күрмеңдер.
Арамызда әлі біздің қаншама,
Тойғандықты көтере алмай жүргендер.

Күндер сырғып, жылдар жылжып өтеді,
«Үф» пен жиған «сүф» пен шығып кетеді.
Сен жайлы егер жетсе ұрпаққа зат емес,
Жақсы деген атың ғана жетеді.

Ақындардың жиі соғатын тақырыптарының бірі – ман-
сапқорлық. Бұл «шіркін» қай заманда да әртүрлі жағдайда
көрініс беріп отырған. Кейбір пенделерді осы «аурудың»
алқымдап алғаны соншалық тіпті одан құтылуды да

қаперлеріне алмайтын күйге жеткен. Олардың жетім-же-
сірлерге қамқорлық жасауы мүмкін емес. Ақын жүректі
бұл мәселе де тебіренткен:
Үлкен-кіші, алыс-жақын, баршаның,

Өзін емес, бағалайды ол мансабын.

Жетесізге жеткізе алмай шаршадым,
Қайран мансап серік болар қанша күн.
Айхай, көңіл, пай-пай көңіл есірді,
Қайырым қылмай жылаттық біз жесірді.

Жерде қалды небір биік мұраттар...
О, Жасаған, кешір біздей кесірді.
Аяулы Арман, мағыналы Мақсат. Дүниеге шыр етіп
келген әрбір пендеде осындай асыл мұраттарға ұмтылыс

болғаны қандай жақсы. Осыны әрбір адам түсініп, жүрегі-
нің түкпірінде ұстай білсе бір ғанибет қой. Ақын жыры-
ның арманшыл кейіпкері осыны мегзейді:
Шешілмеген жұмбақтаймын мен деген,

Сезімімді мазалы дерт меңдеген.
Біле-білсең байлықтан да кенде емес,
Арман атты қазынам бар теңдеген.
Көңіл шіркін, көсіле алмай қаяулы,

Сезем, білем, мен күткен сәт таяулы.
Бұл сапарда жолдассыз да емеспін,
Мақсат деген серігім бар аяулы.
Адам өмірінің ең бір мағыналы сәттерін айқындайтын

нәрсе – шынайы достардың болуы. Бұл тақырыптан алыс
кеткен ақын жоқ десек те артық айтқандық болмас. Себебі
тағдырыңның шешуші сәттерінде нағыз достар қолтықтан
демейді, адамға рухани күш-қайрат береді, болашаққа

ұмтылдырып қанаттандырады. Тіпті кейбір достардың
туысқаннан да жақын болып кететіні жасырын сыр емес.
Туысыңды айына бір рет көрсең, досыңмен күн аралатып
көрісіп тұруың мүмкін. Шынайы достардың сатып кетуі

өте сирек кездеседі. Адал досың – тірегің, биікке самғар
қанатың. Бұл тұрғыда Сейфолла ақын былайша тебіренеді:
Досым бар менің қысылсам қолын беретін,
Қиналғанымды да басқадан бұрын көретін.

Аттана қалсам қиын сапарға,
артымнан
серік боп маған еретін,
Досым бар менің сенетін.

Досым бар менің достығын әркез сыйлайтын,
Дастарханын да, ақ пейілін де жимайтын.
Қай кезде болсын, қажеттік туса
Жүр-жүрге салып қинайтын,

Досым бар мені қыймайтын.
Досым бар менің
Қуанғанымда үйінде тыныш жатпайтын,
Басқарып бәрін, тойымды өзі-ақ баптайтын.

Бұрысым болса жасырмай бірден бетке айтып,
Дұрысым болса айқайлап тұрып жақтайтын,
Досым бар мені сатпайтын.
Шынында сондай достары бар Секең де бақытты-ау!

Иә, біз тілге тиек еткен жыр жолдары Сейфолланың
«Көңіл көкжиегі» атты жыр жинағынан іріктеліп алынды.
Онда бұдан да басқа поэзия жауһарлары жеткілікті. Алай­
да газет мүмкіндігіне байланысты оның бәрін берудің реті

келмей тұр. Бәлкім болашақта Секеңнің жыр-маржанда-
рын арнайы берерміз. Оны уақыт – төреші біледі. Ең
басты айтпағымыз бұл жыр жинағы оқырман қауымға
ұнайтыны анық. Сырға толы поэзияны сапырып, қиянға

самғай бер, жыр сұңқары!

МАЗМҰНЫ Жылдар жаңғырығы Ақмола атауы үшін айқас ....................................................5 Қымызың қайда, қазағым! ...................................................10 Кіндік қаланың келбеті ........................................................15 Ән өнерінің Әлиясы .............................................................27 Қазақ эстрадасының №1 жұлдызы .....................................32 Отандастар министрлігі құрылса .......................................35 Астана – елбасының бел баласы .........................................50 Бұқараны баураған ...............................................................57 Тамырлар мен жапырақтар (очерк-үштаған) 1. Бәйтеректің бұтағы ..........................................................62 Тамырлар мен жапырақтар (очерк-үштаған) 2. «Жүректегі жазулар» .......................................................70 Тамырлар мен жапырақтар (очерк-үштаған) 3. Көңіл кілті .........................................................................78 Тілеуқор (очерк) ...................................................................85 Азамат ары (очерк) ...............................................................91 «Барлық лаңкестік қимылдар – дінге қарсы бағытталған күрес» ..............................................................98 Қалам қайраты Саңлақ суреткер, ғұлама ғалым ..........................................111 Біртуар болмыс .....................................................................122 «Елдік ойға ерте келдім дей аламын» ................................158 Алты алашқа ардақты ана ...................................................165 Жаңа ректордың жаңаша бастамалары ..............................176 Жаңаша басқару жемістері ..................................................183 Ұлт мұратын ұлықтау ..........................................................190 Тегеуірінімен танылған талант ...........................................197 Қаламы қарымды қаламгер .................................................213 «Басшы болсаң – қамын ойла халқыңның» .....................220 Талғат төре ............................................................................232 Қаламы қатайған қаламгер .................................................242 Түркітанудың тарланбозы ...................................................249 Қарапайымдылық категориясы ...........................................254 Әзағаның афоризмдері ........................................................272 «Ақиқаттың қызыл шоғын Ақ арыммен көсеймін».........282

Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали Көпбаев
Мұратбек Тоқтағазин

(Мақалалар, очерктер, сұхбаттар)
Редакторы Ардақ Кәкімова
Суретшісі Нұран Айымбет
Техникалық редакторы Дарико Омарғалиева

Беттеуші Нұрбүбі Садықова
Басуға 00.00.2013 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84х108 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі: Tіmes New Roman.

Шартты баспа табағы 18,00.
Мемлекеттік тапсырыс есебінен 0000 дана + баспа есебінен 000
дана. Тапсырыс №
«Қазығұрт» баспасының

компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727)394-42-86

е-mаіl: kazygurt@lіst.ru
http: //www.kazygurt.kz
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙