TELEGEI

Home

Абайдың Қасқабұлағы

Бауыржан Жақып

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Абайдың Қасқабұлағы

Қазақ өлеңіне 80-ші жылдары өз даусымен, өзіндік өлең өрнегімен келген Бауыржан Жақып есімі қазіргі таңдағы жырсүйер қазақ қауымына кең танылып жүр. Бауыржан 2004 жылы Түркиядағы Стамбул, Әзірбайжандағы Баку шаһарларында өткен және 2007 жылы Түркияның Елазығ, Македонияның Скопье қалаларында өткен «Хазар жыр ақшамдары» поэзия фестивальдерінде қазақтың қара өлеңін бүкіл түркі дүниесіне таныстырып, лауреат атанып қайтты

Б. Жақып

(Өлеңдер)
Алматы
“Жазушы”
Бауыржан ЖАҚЫП

Абайдың Қасқабұлағы
Жақып Б.
Абайдың Қасқабұлағы. Өлеңдер. – Алма­ты: “Жазушы”,
2012.– 216 бет. – “Жаңа заман әдебиеті. Поэзия”

сериясы.

ІSBN 978-601-200-380-2

Қазақ өлеңіне 80-ші жылдары өз даусымен, өзіндік өлең
өрнегімен келген Бауыржан Жақып есімі қазіргі таңдағы жыр­
сүйер қазақ қауымына кең танылып жүр.
Бауыржан 2004 жылы Түркиядағы Стамбул, Әзірбай­

жандағы Баку шаһарларында өткен және 2007 жылы Түр­кияның
Елазығ, Македонияның Скопье қалаларында өткен «Хазар жыр
ақшамдары» поэзия фестивальдерінде қазақ­тың қара өлеңін
бүкіл түркі дүниесіне таныстырып, лау­реат атанып қайтты.

Ақынның бұл кітабына тәуелсіздік жылдары жазған таң­
даулы шығармалары енгізіліп отыр. Оның поэзиясы ұлттық
бояуының қанықтығымен, қазақи дәстүрден тамыр тартқан
көркемдігімен және қарапайым халыққа түсініктілігімен, ақыл

мен сезім пернелерін егіз өрген­дігімен де ерекшеленеді. Кітап
көпшілік оқырманға арналған.

ІSBN 978-601-200-380-2

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-5

Ж 21

Ж 21

© Жақып Б., 2012
© “Жазушы” баспасы, 2012

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-5
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”

бағдарламасы бойынша шығарылды

Б. Жақып

Абайдың Қасқабұлағы
Сағасы інжу-маржаннан
Жағасы жасыл пүліштен,
Тамшысы алтын, күмістен,

Жапырақ сүйген бетіңнен
Суыңнан сұлу гүл ішкен.
Абайдың Қасқабұлағы
Елімді қорғар қылыш па ең?

Жеріме біткен ырыс па ең?!
Ай сүйіп асыл ерніңнен,
Күлімдеп келіп Күн ішкен.
Абайдың Қасқабұлағы,

Ағасың асқақ тыныспен,
Шайырсың дәйім жыры үстем,
Батыспен байтақ тілдестің,
Шүғыласын шашқан Шығыспен.

Абайдың Қасқабұлағы,
Тұлпарлар тоқтап су ішкен.
Тұлпардай сен кең тынысты ең.
Етбеттеп жатып жағаңда,

Бала Абай сенен су ішкен.
Абайдың Қасқабұлағы,
Ұлы Ақын мұңын бөліскен,
Сөйлеспей жақын туыспен.

Абайдың Қасқабұлағы
Іштегі өртін сөндіріп,
Дана Абай сенен су ішкен.
Абайдың Қасқабұлағы,

Қазағым атын қойған су,
Әлемге атын жайған су.
Шақпаққа бара жатқанда,
Шәкәрім бетін шайған су.

Абайдың Қасқабұлағы,
Әуелеп шабыт қуған су.
Әуезов үні туған су,
Бетінде кілкіп қаймағы

Мұқаңның сөзі тұнған су.
Абайдың Қасқабұлағы,
Халқымның аққан жыр-әні,
Көрмедім сендей тұманы,

Жағаңда сенің киелім,
Үлылар ғана туады.
Абайдың Қасқабұлағы,
Қырық өрім таспа бұлағы,

Аспанның аспа бұлағы.
Отыз жыл ойран салса да,
Қырық жыл қырғын болса да,
Мөлдіреп жатыр суы әлі.

Абайдың Қасқабұлағы!!!

Б. Жақып

АЛАШ ОТЫ

Тасшоқы, Алтыншоқы,

Сұлушоқы,
Уақыттың маздап жанған

құбылса оты,
Жазғанын Әлиханның

тауып алып,
Жас ұрпақ жадыңа ұстап,

бірінші оқы.
Ақшоқы, Қызылшоқы,

Қарашоқы,
Кеудемде жанады лаулап

Алаш оты.
Кітабын Ахмет пен

Міржақыптың,
Балалар, көзіңді ашып, таласа оқы.
Көкшоқы, Күмісшоқы,

Қоңыршоқы,
Қазақтың «мен мұңдалап!» -

жағылса оты.
Мағжан мен Жүсіпбектің

маржандарын,
Теңізден сүзіп алып,

табылса оқы.
Наршоқы, Жалғызшоқы,

Құлыншоқы,
Ұлтының солар болған

жылынса оты.
Ардақтап Алаш туын

мен өтемін,
Болса да Уақытттың

бүгін соты.

Абайдың Қасқабұлағы

ҚАЗАҚТЫҢ ДАСТАРХАНЫ

Санамда сан алуан

ой баптатқан,
Көлбайдың қою шайы-ай

қаймақ қатқан.
Шай құйып сусыныңды

қандырады,
Қарындас қос бұрымын

ойнақтатқан.
Төгілген ақ бауырсақ

дастарханда,
Ауылдан дәм бұйырса,

бас тартам ба.
Ақ бұлтқа қолым созып

жолға шықтым,
Арманым алып шығар

асқар тауға.
Дастархан ірімшік пен

дәмді уыздан,
Жайылар қашан өтсең,

алдымыздан.
Сары май, сықпа құрт пен

талқан, қоспа,
Жеп алып, бір сімірсең

бал қымыздан.
Балқыған жан-дүнием

бұрын-дағы,
Шәй ішсем, тұла бойым

шымырлады,

Б. Жақып
Ұмытып қала шуын

мызғып алам,
Піскенше қалқатайдың

қуырдағы.
Қазақтың дастарханы-ай,

құнар қандай?!
Қараймын көзім тойып,

құмар қанбай.
Көлбайдың қою шайы-ай

қаймақ қатқан.
Жандырар жанарыңды шырағдандай.

Абайдың Қасқабұлағы

АҚСУЫМ

Естіліп күнде жатса үнің,
Баладым саған бағымды.
Арналы менің Ақсуым,
Талайлар саған табынды.

Даламның сен бір тұмары,
Келсе де қанша көктемдер.
Сағынтып мені тұрады
Сағынайдың асы өткен жер.

Кеудеме меруерт жиямын,
Шабыттың шоғын үрлеңдер.
Таниды тұлпар тұяғын
Күреңбай сыншы жүрген жер.

Тұяқтар әудем жер соқса,
Жүректе сайрап сан ізі.
Күңіренді кейде жел соқса,
Молықбай қарттың қобызы.

Өзгермей мәңгі тұра бер,
Жыр болып көктен құйыласың,
Ілияс тектес Құлагер,
Құлагер тектес Ілиясым.

Б. Жақып

АЛАКӨЛДЕ

Кеш батты, күн сәулесі

көлбей өшіп,
Алакөл саған келдім

желдей есіп.
Барамын есейген соң,

сушыл болып,
Көлді де, теңізді де

көрмей өсіп.
Сағындым мың дауасын

самал желдің,
Алакөл, желдей есіп

саған келдім.
Көк жалқын толқындарың

сүйіп жатқан
Ортаңнан оқшауланған

Арал көрдім.
Ебіден ескен желің

еміреніп,
Жағаңда мен отырмын

тебіреніп.
Алғанда құшағыңа

Алакөлім,
Беу, шіркін қандай ғажап

өмір едік.

Абайдың Қасқабұлағы
* * *
Басыңды жағалауға

таласа и де,
Толқыны Алакөлдің

ала сүйре.
Балапандарымды алып кеп

орналастым,
Қарлығаш ұя салған

ағаш үйге.
Беу менің жанға дауа,

Алакөлім,
Ұсынып тұр-ау саған

дала төрін.
Кім білер құшағыңа

сүңгіп алып,
Сенде ішкен шайдың

өзі бал екенін.
Айдының аспандайын

мөлдіреген.
Аралың жұмбағы көп –

ол бір өлең.
Шақырып менің асқақ

қиялымды,
Алыстан жалғыз желкен

желбіреген.
Үп еткен самал ессе

үлбіреген,
Үркектеу қайық қалқыр –

бұл бір өлең.

Б. Жақып
Кеш бата қызыл-жасыл

боянады,
Жағаңа жайғасқандай

мың бір әлем.
Барасың жылдан-жылға

абаттанып,
Көңілім тыншыр сенде

тағат тауып.
Адам боп келіп, Құсқа

айналғандай,
Қайтамын Алакөлден

қанаттанып.

Абайдың Қасқабұлағы

ҚАШҚАНТЕҢІЗ

Қашқантеңіз, беу шіркін

Қашқантеңіз,
Уыстап ақ маржанын

шашқан теңіз.
Әр толқыны мөп–мөлдір

бір-бір өлең,
Ал өзі жазылмаған

дастан теңіз.
Қашқантеңіз – Балқаштың

бір бүйірі,
Қарасаң көз тартады

тұңғиығы.
Дүниенің тарылмаған

кең кезінде,
Су ішкен Сарыарқаның

мың киігі.
Қашқантеңіз, сен кімнен

қаштың екен,
Әлдекімге қойныңды

аштың екен.
Үсті қоныс үйрек пен

шағалаға,
Балықтарға тұңғиық

асты мекен.
Қашқантеңіз. Атыңды

халық қойған.
Сен қашпасаң келеді

шабыт қайдан.

Б. Жақып
Бір кездері су басқан

сенің орның,
Ойдым-ойдым сор болып

қалып қойған.
Қашқантеңіз. Адамнан

Қашқантеңіз,
Алақанын аспанға

тосқан теңіз.
Қашып бара жатса да

қимай-қимай,
Адамдарға құшағын

ашқан теңіз.

Абайдың Қасқабұлағы

ҚОРЖЫНТҮБЕК

Қоржынтүбек, жаз шыға

саған келем,
Құшағыңнан күш-қуат

алар денем.
Қойнауыңнан күн сүйіп,

жел қақтаған,
Ешбір ақын жазбаған

табам ба өлең.
Қоржынтүбек, Балқашқа

иек артқан,
Қонар ма екен біздерге

кие қарттан.
Бабам бір кез атыңды

қойды ма екен,
Тастап кетіп қоржынын

түйеге артқан.
Қоржынтүбек, куәсің

сан жылыма,
Тұңғыш өзек еттім мен

бал жырыма.
Қойды ма екен атыңды

бір қария,
Ұқсатқан соң қазақтың

қоржынына.
Қысына шыдар түбектің

жазына шыдар,
Арқасы бар қазақтың

жазирасы бар.

Б. Жақып
Балқашы бар қазақтың

байлығы бар,
Қоржыны бар қазақтың

қазынасы бар.
* * *
Беткейін әсем гүл басқан,
Алдымнан сансыз қыр қашқан,

Сен жайлы шалқар Сарыарқам,
Жазылды қанша жыр-дастан.
Жалғасқан қанша шоқылар,
Әр жерде жанған оты бар.

Көнеден қалған көздейін,
Обалар үнсіз отырар.
Бабалар салған сүрлеумен
Барады көшіп жыр керуен,

Солардан қалған шоқтарды,
Өшірмей келем үрлеумен.

Абайдың Қасқабұлағы

БАТЫСТАУ

Батыстау барам өтіп

мен қасыңнан,
Алдымнан шексіз-шетсіз

жол да ашылған.
Дөңбекшіп ұйықтай алмай

қапырықтан,
Айдынын Күнге төсеп

көл де асылған.
Батыстау сен қандайсың,

мен қандаймын,
Көркіңе көз суарып,

қанғандаймын.
Бауырыңда алтын, күміс

жатыр десе,
Бауыржан балаң болып

таңданбаймын.
Батыстау Арқадағы

жауырыным,
Көркі бар көшкен бұлттың

сауырының.
Жұмбақ тау сендей болар,

үндемейсің,
Қондырған ертегінің

самұрығын.
Сөнбейтін алау жақтым,

от ұстадым,
Көз жұмып таптым сені

шатыспадым.

Б. Жақып
Аш, маған өткен жылдар

құпиясын,
Көненің көзі болған
Батыстауым!

АҚСУ-АЮЛЫ

Ақсу-Аюлы, Ақсу-Аюлы,
Менің көзімдей тапшы мойылды.
Көрпеңді төсеп күтіп ал мені
Қызыл-жасылды, көкшіл оюлы.

Баладым ылғи елімді ойлыға,
Атадан қалған жерің – бай мұра
Шер тарқатайын бір, құшағыңа алшы,
Шертпе күй тартқан Шерубай Нұра.

Бұлақтары аққан шағылып Айға,
Қуат бітірген сағымы бойға.
Айналған менің сағынышыма,
Бұғылы қайда, Тағылы қайда.

Көз жасын бұлттар бүркіп бір ойға,
Киіктеріңді үркітті қайда.
Төбемді көкке жеткізіп тұрған,
Беу, Нілді қайда, Бүркітті қайда.

Айдында ақ өлең қалқытып едік,
Сүйегін жұрттың балқытып едік.
Бозбала Абайға батасын берген
Жақсы Жәкеңнің сарқыты ма едік.

Абайдың Қасқабұлағы
Дауды тілменен шешкен ел едік,
Кеңгірді бойлап көшкен ел едік.
Шортанбай бабам қалдырған сөздің,

Уызына жарып өскен ел едік.
Көруге келдім, дала төріңді,
Қырық мың жылқы қара көрінді,
Су ішкен кезде лайланбаған

Аюлы менен Қаракөліңді,
Көруге келдім, дала төріңді.
Бұлғын кешім-ай, кәмшат таңым-ай,
Домбыра –далам, аңсатқаның– ай.

Тәттімбет, Тоқа, Қыздарбектердің,
Шертеді самал саусақтарындай.
Ішінен шығып шытырман елдің,
Ырысын іштім, құтын да көрдім.

Кенесарының қайқы қылышы
Осқан ауаны жұтуға келдім.
Қалың қазақтың жебесін көрдім,
Қамшыдай жырды белесіңде өрдім.

Бектау атадан асқан кезімде
Наурызбай батыр елесін көрдім.
Ұйысқан тоғай еркін жасақтай,
Көлге күй толған көркін босатпай.

Асылғым келді мойныңа далам,
Жаңбырдан соңғы кемпірқосақтай.

Б. Жақып

ЖЕЛАЙДАҒАН

Дала, дала, не деген

кең айналам,
Қаңбақ қашып барады

жел айдаған.
Қарап тұрып тоқтаусыз

дүниеге
Тоқтай қалып бір сәтке

мен ойланам.
Жел айдаған барады

қаңбақ қашып,
Күн көзіне қошқыл бұлт

бармақ басып.
Шоқша сақал шал-көде

гүл-қызбенен,
Қауқылдасып қалады

қалбақтасып.
Көк төсінде бұлт көшіп

қолды бұлғай,
Салып ұрып барады

салбурылдай.
Аққан уақыт, жел заман,

қашқан қаңбақ –
Адамдардың көрінді

тағдырындай.
Қайда, қайда қаңбақтың

көші барар,
Әйтеуір бір тыныштық

тосып алар.

Абайдың Қасқабұлағы
Ұшарын жел, қонарын

сай білетін,
Тұрақсыздық дегенің

осы болар.

ЖЕҢІС ЖЫРЫ

Тас ескерткіш, тас тұғыр, үн қатады,
Соғыс даусын біздерге тыңдатады.
Таң атады майдангер арманы боп,
Атын оқып олардың Күн батады.

Суға батқан жауынгер қайығындай,
Бірі кетті артына қайырылмай.
Елдің артқан сенімін зая қылмай,
Жауға қарсы атылған жай оғындай.

Қазағым намыс – қамшы тістеп алып,
Кеудесін тосқан зұлым күшке барып.
Самолет боп жарылып енді бірде
Аспанның көз жасындай түскен ағып.

Соғыс! Соғыс! Снаряд жарылысы.
Жеңіс! Жеңіс! Сарбаздар сабылысы.
Ақ кимешек жамылып жарын күткен
Аналардың сарғайған сағынышы.

Соғыс! Соғыс! Тарихтың жазбасы бір.
Жеңіс! Жеңіс! Жалын боп маздашы жыр.
Қырға қарап әкесін күтіп өткен,
Жетім өскен ұрпақтың көз жасы – бұл!

Б. Жақып
Қанын төкті, өрімдей шағында өлді,
Сағынды олар осынау сағым белді.
Отан үшін өртеніп,отқа түсіп,

Ұлтарақтай жер үшін жанын берді.
Өмір сүрді аталар өте мәнді,
Ажалменен бетпе-бет жеке қалды.
Туған жердің бір уыс топырағы,

Бұйырмастан қаншасы кете барды.
Оққа төсеп тұрса да омырауын,
Солар соққан тірліктің қоңырауын.
Қан майданда үзіліп бара жатып,

«Шаңырағым!» – деді олар; «Шаңырағым!»
...Мерекеде жыр-шашу ақтарылды,
Іздеп табар ұрпағың хаттарыңды.
Талай-талай жас буын жаттайды әлі,

Тасқа ойылып жазылған аттарыңды.
Көңілімді баспайды бұлт-қайғы,
Рухтарың жамандық жуытпайды.
Туған жерді қорғаған батырларын,

Туған елі ешқашан ұмытпайды!

Абайдың Қасқабұлағы

ГҮЛДЕСТЕ

Әйел-Ана, ұлылық қой, не дейміз,
Өмір бойы қуанышқа бөлейміз,
Бәрімізді құшып тұрған жерді де,
Мейірімді анамызға теңейміз.

Әйел біздің Құдай қосқан жарымыз,
Берекеміз, ұжданымыз, арымыз.
Мәңгілікке аялаумен өтеміз,
Қалғанынша бойда қасық қанымыз.

Әйел біздің шуақ төккен әпкелер,
Жезделердің жүрегіне от берер.
Әйел біздің ашық-жарқын жеңгелер,
Жеңгелерге кім бар екен тең келер.

Әйел біздің қарындастар қаракөз,
Түседі еске балдай тәтті бала кез.
Қарлығаштай қанатымен су сепкен,
Іздеп оны қала кез де, дала кез.

Әйел біздің айдай сұлу арулар.
Алаулау бар, өртену бар,жану бар.
Махаббаттың айықпастай дертіне,
Ару барда, жүрегіңе дәру бар.

Наурыз келсе, жауқазындар жар сала,
Көктем келіп, көктен жаңбыр жауса да,
Бәйшешек боп, қызғалдақ боп бой түзеп,
Келеді өсіп шәкірттерім қаншама!

Есейткенде өмір, уақыт өте кеп,
Қыз өсірдік раушан гүлдей мәпелеп,

Б. Жақып
Даламызда кеңейеді өрісің,
Қызың тұрса: «Көке, көке, әкелеп».
Келеміз біз бір керуен, бір көште,

Әйел жайлы таусылмас жыр мың кеште,
Барлығын да құттықтаймын мен бүгін,
Өлеңімнен тоқып тұрып гүлдесте.

СУЫҚТӨБЕ СУРЕТТЕРІ

Суықтөбе сарыторқа гүлді беткей.
Көз алдымнан суреті тұрды кетпей.
Тау суына шомылған сырғалы қыз,
Құшағыма келсеңші дір-дір етпей.

Жамбыл-Жәкем жүрген жер атқа мініп,
Маңдайымнан сүйеді мақпал үміт
Екі таудың құз бөлген ортасынан,
Түсетіндей көк аспан ақтарылып.

Тау өзені суығы мидан өтер,
Асау Қастек үстіме құйма бекер.
Елеусіз бір үстірттің қойнауынан
Қураған тал сирағы сидаң етер.

Қожыр тастар, қой тастар,

арқар тастар.
Найза тастар, нар тастар,

қалқан тастар.
Мықты болсаң, аспанға

шығып көр деп,
Түз қыраны аршадан

арқан тастар.

Абайдың Қасқабұлағы
Күннен шыққан отпенен

жанған тастар,
Балбал тастар, обалар, қорған тастар,
Құз басында сырласқан зеңгір көкпен,
Адам қолы жетпейтін арман тастар.

Ентелеген дәу жартас

құлайтындай,
Құлатпа, – деп, Құдайдан

сұрайтындай.
Суықтөбе не деген жәннат едің,
Саған келсем, қоймайды

сыр айтылмай.
Сыр айтылмай, қоймайды

жыр айтылмай,
Бұлт жақын кеп көз жасын

бұлайтындай
Қына басқан жер тастар алуан түсті
Ғажайып бір мозайка құрайтындай.
Кісі бойы көк шалғын,

арналы сай,
Ат тұяғы мөр басқан

таңбалы сай.
Биіктіктен басыңды айналдырар,
Төмендемес тәкаппар тау намысы-ай!
Суықтөбе Сүйінбай

ізі қалған,
Тау суында барады

жүзіп арман.
Сарыжазықтай жайлаудың жүрегінен

Б. Жақып
Бір сұлу қыз

бүлдірген үзіп алған.
Шерттім сонда іштегі

күйімді көп,
Ақ қайыңдар алдыма

иілді кеп,
Таудан ескен самалдың

сәруарынан
Осынау өлең кеудеме құйылды кеп.

ТАРАЗДЫҢ СҰЛУЛАРЫ

Хафиз сүйген Тараздың сұлулары,
Бұлаң қағып барады бұрымдары.
Қазақтың қыздарындай қайдан болсын,
Ұрымдағы арулар Қырымдағы.

Жалт қараса жанары оттай жанған,
Жігіттердің жүрегі соқпай қалған.
Диірменнің тасындай шыр айналған
Дүниенің өзі де тоқтай қалған.

Сұлулары-ай Тараздың сұлулары-ай,
Көрмей жүрген екенмін бұрын қалай.
Көз тоқтатсаң, ай маңдай ақ жүзіне
Тұла бойың қала алмас

шымырламай.
Алма мойын, шие ерін,

гүлдер айым,
Жерден көрдім аспанның
Күн мен айын.

Абайдың Қасқабұлағы
Арулары Тараздың – Ақ қайыңдар
Ақ қайыңды орманға бір барайын.
Бөтен көзді шәй көйлек тұр өткізбей,

Мен қайтейін сөзбенен сурет тізбей.
Қалам қасты, ай қабақ, күміс кірпік,
Жүрегіңді қоймайды-ау дір еткізбей.
Беу, қыздар-ай, жырымды төкпелетем,

Көңілімді көркіңмен көктем етем.
Ұлы Хафиз бір кезде ғашық болған,
Хас сұлулар бізге де жеткен екен.
Мың тоғыз жүз тоқсан бір –

Бабама болған арман жыл,
Басыма бақыт қонған жыл.
Қазақтың көкте жұлдызы
Жарқырап тұрып жанған жыл.

Мың тоғыз жүз тоқсан бір –
Қуаныштан көз жас тамған жыл,
Шаттыққа кеудем толған жыл.
Өз тізгінін өз елім

Қолына берік алған жыл.
Мың тоғыз жүз тоқсан бір –
Бодандық артта қалған жыл,
Бостандық елім алған жыл.

Іргесі бүтін, Тәуелсіз
Қазақстан болған жыл.

Б. Жақып
Мың тоғыз жүз тоқсан бір –
Қарыздармын мәңгі саған да,
Жыл сайын артар бағаң да.

Күміспен құйыл жадыма,
Алтынмен жазыл санамда.
Мың тоғыз жүз тоқсан бір –
Қорқыта алмас сен барда,

Қытайдың қайыс ноқтасы,
Орыстың темір ноқтасы.
Ашылған сенсің алдымнан
Еркіндіктің емен қақпасы.

Мың тоғыз жүз тоқсан бір –
Мойныма таққан тұмарым,
Қойныма тыққан құраным.
Аңсады сені мың күйім,

Арналды саған мың әнім.
Себілген Айдан нұр ағын,
Төгілген Күннен шуағым.
Сөндіре көрме, құдірет,

Азаттығымның шырағын.
Тіл–көзден сақта, Тәңірім,
Тәуелсіздіктің пырағын.

Абайдың Қасқабұлағы

АЛТАЙ

Әр үйге өр Алтайдың құты келіп,
Бәйгеде атымызды үкіледік.
Шомылып Ерке Ертістің толқынына,
Алтайдың өстік біздер сүтін еміп.

Кеудесін кербұғыдай керген Алтай,
Жау шапса, айбарымен жеңген Алтай,
Батырдай дулығалы төнген Алтай.
Ағу Алтын йышым – Алтын тауым

Күлтегін, Тоныкөкті көрген Алтай.
Беу, Алтай, бабалардан қалған Алтай,
Қазаққа алтын бесік болған Алтай,
Қиын кезде шығарып салған Алтай

Азат күнде қарсылап алған Алтай.
Самырсын, қарағайлы, сырғалы Алтай,
Жидегі орманында тұнған Алтай.
Кеудесін оққа төсеп бір заманда,

Қазаққа қалқан болып тұрған Алтай.
Жоқ кезде қайыңын да сауған Алтай,
Оқ болып ата жауға жауған Алтай
Ағылған эшелонға тиеліп-ап,

Соғысқа қару болып барған Алтай.
Көрмеген әрбір жанға арман Алтай,
Биікте бақ жұлдызы жанған Алтай,
Қорғасын, мыс мен мырыш, алтын-күміс

Қойны-қоншы бай кенге толған Алтай.

Б. Жақып
Еліне бауырында өскен сенген Алтай,
Тағдырдың салғанына көнген Алтай,
Таусылмас қазына етіп, нәсіп етіп,

Құдайым қазағыма берген Алтай.
Қар басын ақ сәлде бұлт шалған Алтай,
Құзына Ақиығы қонған Алтай.
Бейуақ мұзарт басын мұнар басып,

Кейуақ қалың ойға шомған Алтай.
Жасанған сәукелелі сұлу Алтай,
Төгесің жарық Алтай, жылу Алтай.
Аузыма асыл сөзді сен сыйладың

Ешқашан таусылмайтын жырым Алтай.
Сенде бар тілім, ділім, салтым Алтай,
Ұлтымның алтын тәжі – Алтын Алтай.
Мәңгілік қазақ саған қорған болып,

Қорған боп сен тұра бер халқыма, Алтай.

Абайдың Қасқабұлағы

ӨСКЕМЕН

Өскемен сәнді қалам, жасыл қалам,
Өзіңмен жарқырайды асыл далам.
Алтайдың құзды, шыңды, шатқалында
Қаншама құпияң бар ашылмаған.

Төсіңе ырыздығын төгіпті аспан,
Торқаңда бұғы жусап, елік қашқан.
Саянмен Сарыарқамен қол ұстасып,
Көркіңе Алтай тауы көрік қосқан.

Жан-жақтан құйған судан жал құралып,
Іргеңде Ертіс жатыр шалқып ағып.
Қаба,Қалжыр, Күршімнен, Бұқтырмадан,
Нарыннан, Үлбі, Үбіден толқын алып.

Өскемен шығыстағы босағамдай,
Тұлғаңды асыл тастан қашағандай,
Кестесін бір кездері саған келіп,
Менделеев өзіңде жасағандай.

Өскемен кенді қалам, ырысты өңір,
Құйылған пештерінде құрыш темір.
Балқыған қорғасын, мыс, мырыш небір.
Елімнің байлығына байлық қосқан

Сендегі қалайы, алтын, күміс, көмір.
Бір кезде ат, түйемен Көшкен елім,
Металды түрлі-түсті дестеледің.
Соғып тұр сенде ғасыр сом жүрегі

Өскелең ұрпақ өскен Өскеменім.

Б. Жақып

АБЫРАЛЫ КӨТЕРІЛІСІ

(Лирикалық толғау)
Сонау бір жылы ақпанда,
Көк боран ұлып соққанда,
Шиті мылтықты қолға алып,

Қонды ерлерім аттарға.
Топталып келіп жылынды
Түнде жанған оттарға
Азаттығын қазақтың

Жазып кетті ақ қарға.
Кемпірбайдың Сқағы
Көп алдында сөйледі:
«Қанға тойған қызылдар,

Байлықты алды, байды алды,
Орташадан тайды алды.
Кедейден жалғыз қойды алды.
Ата қыстау жерді алды,

Аспандағы Айды алды,
Бабадан қалған дінді алды,
Көмейден қызыл тілді алды,
Билікті алды, төрді алды,

Енді халқым нең қалды».
Құрсын деп бүйткен күніңді,
Ит – өмірден түңілді.
Бір аллаға сыйынып,

Аталы сөзге жүгінді.
Бес Бошанның баласы,
Бес саусақтай бірігіп,
Жұдырықтай жұмылды.

Шоқпар, қылыш алысты,

Абайдың Қасқабұлағы
Білектері түрілді.
«Абылайлап», «Ақжолдап»
Көтеріп қолға ту ілді.

Сол бұрынғы белестер,
Сол бұрынғы дөңестер,
Айқай сүрең дауыстар
Айлы түнгі елестер.

Түяғымен жер қазып,
Аттар шапты бел жазып,
Сол баяғы терең сай,
Сол баяғы кең жазық.

Ұшырап халық кәріне,
Қолға түсті жаулары,
Куә болған бәріне,
Абыралы таулары.

Көкшетау жақтан оқ құсып,
Мылтық үні «гүрс!»– етті,
Тайлан жақтан от құшып,
Көтеріліс бұрқ етті.

Қолдап кетті кеу-кеулеп,
Қызылшоқы, Ақшоқы,
Қарашоқы, Көкшоқы,
Сарышоқы, Қаншоқы,

Ұзынбұлақ, Еңбектес,
Айнабұлақ, Балапан,
Қарабұлақ, Ақбұлақ,
Ақты тулап, шапқылап,

Қаратұмсық, Дегелең,
Егіз, Самай, Қараөлең,
Қусақ, Тоқа, Ақсоран,
Қарға жақты от Шаған.

Б. Жақып
Аршалы мен Айдарлы,
Айқайдан бас айналды,
Сүттібұлақ, Келдібай,

Тілеуін елдің бер Құдай.
Қара биік, Жырық су,
Ақсайда тұрды тұнып шу.
Қаз дауысты Қазыбек,

Қажыға барған Жәнібек,
Тәттімбет пен Алшынбай,
Қаратеке, Бақтыбай,
Бар Байбосын, Тышқанбай,

Жапалақ пен Сартымбай,
Елқонды мен Толыбай,
Кемелбай мен Шыныбай,
Атақозы, Бөлеген,

Ақтамберді, Төлеген,
Байқошқар мен Божахан,
Ноха қажы, Өндірбай,
Сеңкібай қажы аруағын

Шақырып қонды атына,
Аттанды Ақсай шатына,
Қайран да біздің батырлар.
Қожыр тастар, қой тастар

Көне жақпар жартастар,
Бота тастар, нар тастар,
Жеткізеді дауысын:
Кісінеген аттардың,

Жарқылдаған оттардың,
Зар жылаған баланың,
Қан жылаған ананың,
Шиті мылтық тарсылын,

Абайдың Қасқабұлағы
Үрген иттің арсылын,
Лақтырылған тастардың,
Шабылғанын бастардың,

Мөңірегенін табын мал,
Лап қойғанын қалың қол.
Аққан қанның суылын,
Жүректердің зуылын,

Салынғанын салықтың,
Ашынғанын халықтың,
Қыспаққа алып жандарын,
Тартып алып малдарын,

Аша тұяқ қалдырмай
Асыра сілтеу болғанын.
Буыршын мұзға тайған күн,
Мұнар да мұнар, мұнар күн.

Айтылғанын «Ақсарбас!»
Оқылғанын құранның.
Қызылжалда түрмеде,
Қиналғанын ерлердің,

Тас көзінен басқа таулардың,
Айтыңдаршы көрген кім?!
Көріп тұрмын мен бүгін:
Сасырбасты басқа ұлт,

Сабағанын басқа ұрып,
Алтын қайда, ат қайда?
Мылтық қайда, оқ қайда?
Күміс толы қап қайда?

Қаруланған топ қайда?
Сансыз сауал жаудырып,
Елдің есін аудырып,
Ұрып-соғып Тайланда,

Жауап алып Қайнарда,

Б. Жақып
Қырып салып Қусақта,
Атып салып Ақсайда,
Мынау сұмдық басыну,

Тоқтамай ма, тоқтай ма?!
Күрестің осы бар сыры,
Қайтсін қылыш, қамшыны,
Қаруы аз топты бөлшектеп,

Күшпенен билік жаншыды.
Көз жасын төкті, көрді де
Абыралының тау-шыңы.
Сатқыннан бастық сайлады,

Атты, қуды, айдады,
Қолға түскен ерлердің,
Қол-аяғын байлады.
Молда менен Қожаның

Сақалын жұлып ойнады.
Абыралы десе, жау көріп,
Қуғындауын қоймады.
Қойсын жендет сауалын,

Мен берейін жауабын:
Бодандықтан құтылып,
Бостандыққа ұмтылып,
Жанын қиды сол ерлер,

Жанарына нұр тұнып,
Бірі кетті түрмеде,
Бірі кетті іргеде,
Бірі атылды қапыда,

Бірі оққа ұшып мерт болып,
Ел алдында серт беріп,
Бірі жанды өрт болып,
Тірідей жаудың отына,

Абайдың Қасқабұлағы
Бірі өлді қыстау түбінде,
Бірі айдалды Сібірге,
Бірі атылды таң алды,

Бірі атылды іңірде.
Бар кінәсі олардың,
Қазақтың ойлап бірлігін,
Азаттықты аңсаған,

Осыдан сексен жыл бұрын,
Тәуелсіздікке жол салған.
Шетінен батыр, текті олар,
Жазықсыз жапа шекті олар.

Бұл дүниені сыйлап ұрпаққа,
О дүниеге кетті олар.
Солар еді жұрттың нар ұлы,
Гүлденген елдің тамыры.

Білмей қалды ұрпағы
Қайда екенін қабірі
Нағлет заман күйігі,
Ал не істейсіз, енді сіз?!

Бәрінен де қиыны,
Қабірі жоқ. Белгісіз!
Мен білмеймін дәл бүгін,
Қайда бабам сүйегі.

Соны ойласам әр күні
Жан-жүрегім күйеді
Қырғынды еске-ап Кәрі тау,
Кемсеңдейді иегі,

Жел болып келіп әруақтар,
Бетімізден сүйеді.
Бұл да бір Сарыарқамда,
Шертілмей жүрген күй еді.

Б. Жақып
Тасқа ойылып жазылған
Аттары түрған жаңғырып,
Ұмытпайды елі мәңгілік,

Ерлерге басын иеді...
Ақиқаттың ақ пердесі,
Уақыт қолымен түрілді.
Жаңғырып заман зердесі,

Әділетке жүгінді.
Өшкеніміз жанды ағайын,
Өлгеніміз тірілді.
Қабыл да болсын дұғамыз,

Аруаққа тағзым бүгінгі!

Абайдың Қасқабұлағы

САЯЖАЙДА

Оңаша отау, оқшау күн,
Төңірек түгел көк шалғын.
Бір тұстан көкек шақырды,
Жалғасындай боп жақсы әннің.

Бір сазгер, екі ақынбыз,
Табиғатқа сонша жақынбыз.
Саяжайында Бейбіттің
Салқындап біздер отырмыз.

Сазгер дос жазар әнді де,
Жыр қалар мұнда мәңгіге.
Оқылды өлең маздаған,
Айтылды небір әңгіме.

Аспандап қиял, серпілер,
Ақмамық бұлттар жөңкілер.
Көңілдің құсы құйқылжып,
Өмірдің күйі шертілер.

Мұндайда жаның тынығар,
Ғаламнан жүрек сыр ұғар.
Бейбіттің жазған әні бар,
Ғалымның жазған жыры бар.

Мамырда сезім мамырлап,
Түседі-ау еске сан ырғақ.
Қаланың қаштық шуынан
Даланың емін қабылдап.

Б. Жақып
Ешкім жоқ мұнда жат санар,
Бетіңнен өбер ақ самал.
Көңілді көктеп өтеді

Жұмбақ бір сезім пәтшағар.
Түсіп бір кетсең сөз – отқа,
Кенелер жаның ғажапқа.
Саяжай шіркін сая ғой,

Ауылды аңсаған қазаққа.

Абайдың Қасқабұлағы

Т Ү Р І К М Е Н М А Қ А М Д А Р Ы

ТҮРІКМЕННІҢ СҰЛУЛАРЫ

Қызыл көйлек киген қыздар,
Ұзын көйлек киген қыздар,
Күн бетінен сүйген қыздар,
Түрікменнің сұлулары.

Шәйі орамал тартқан қыздар,
Аттамаған салттан қыздар,
Арманға үміт артқан қыздар,
Түрікменнің сұлулары.

Раушан гүлдей өскен қыздар,
Құмдай сусып көшкен қыздар,
Бақыт нұрын кешкен қыздар,
Түрікменнің сұлулары.

Алма беті – ол бір өлең,
Сол беттегі мең бір әлем,
Жүзім көзі мөлдіреген
Түрікменнің сұлулары.

Талшыбықтай мың бұралған,
Аршын төсі мың бір арман.
Шығар ма еді шын құмардан
Түрікменнің сұлулары.

Ұмытпаспын гүл өңіңді,
Ақ сазандай білегіңді,
Өртедің-ау жүрегімді
Түрікменнің сұлулары.

Б. Жақып

АШХАБАТ ӘСЕРЛЕРІ

Мынау шаһар ертегідей

әдемі ғой әдемі,
Анау гүлдер Әндәліптің

өлеңі ғой өлеңі.
Мынау шаһар бақтай әсем

жайнады ғой жайнады,
Атқан таң да Мақтұмқұлы

ойлары ғой ойлары.
Түрікменнің бағы осында

орнады ғой орнады,
Шыққан Күн де Оғыз ханның

арманы ғой арманы.
Селжук сұлтан оғыздардың

абызы ғой абызы,
Ғасырларды көктеп өткен

Қорқыт баба қобызы.
Құм үстінде мәрмәр үйлер

шағылысқан күнменен,
Бұрымды ару кездесуге

алып ұшқан кімменен.
Бір шайыр қыз қошық айтты

жүрегінен гүл ұшып,
Алып Байрақ төңірегінде

алып қыран жүр ұшып.
Болашаққа кіл назбедеу

аттар шауып барады,

Абайдың Қасқабұлағы
Көздерінде жарқ-жұрқ еткен

оттар жанып барады.
Сол аттарда құмдай ыстық

түрікменнің қаны бар.
Сол оттарда шыңдай асқақ

түрікменнің жаны бар.

ТҮРІКМЕН ҚАРТТЫҢ ЖАНАРЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ӨЛЕҢ

Бақтағы ағаш басынан алма

үзілейін деп тұр ғой,
Кірпіктерге тамшы жастар

тізілейін деп тұр ғой.
Жұдырықтай ет-жүрегім

езілейін деп тұр ғой,
Түнгі аспанның түбінде жұлдыз

көз ілейін деп тұр ғой.
Қорадағы азбан сиыр

азынайын деп тұр ғой,
Маңдайдағы көп әжімім

жазылайын деп тұр ғой.
Биік таулар сеңсеңдерін

аттатамын деп тұр ғой,
Иегім де кемсеңдеуін

тоқтатамын деп тұр ғой.
Персияның пері желі

еспей қалам деп тұр ғой,
Қарақұмның қалың құмы

көшпей қалам деп тұр ғой.

Б. Жақып
Алтын күн де асыл нұрын

шашпай қалам деп тұр ғой,
Алла менің қос көзімді

ашпай қалам деп тұр ғой.
Бір алапат тас төбемнен

ұрып қалам деп тұр ғой.
Иығыма Ай қонақтап

тұрып қалам деп тұр ғой.
Дүние – ағаштан алма – басым

үзілейін деп тұр ғой,
Кірпігіңде моншақ – жасың

тізілейін деп тұр ғой...

МАРАЛ

Сен маған ғажап

шабыт сыйладың, Марал,
Сені көргенде өзіме-өзім

анық сыймадым, Марал.
Жарылып кете жаздап тұр едім

құтқардың, Марал,
Махаббат майданында ұтылған кім,

ұтқан кім, Марал.
Үніңнен ешкім ешқашан шырқамаған

әнді ұқтым, Марал,
Ғашықтық дертіне

шалдықтым, Марал.
Түрікменнің төрін

сен бердің, Марал,

Абайдың Қасқабұлағы
Өзің – Ләйлі, мені – Мәжнүнге

теңгердің, Марал.
Ғашық абадта

сөздерің түледі, Марал,
Жүрегімнің түбіне

көздерің түнеді, Марал.
Түрікменнің қалы кілеміндей

төгілген, Марал,
Перінің қызы Бекторыдай

көрінген, Марал.
Жолаушылап өмірде

келе жатқанмын, Марал,
Сен маған сырыңды

терең ақтардың, Марал.
Аңыздағы Иранның

бағындай екенсің, Марал,
Өзің де еліктің

лағындай екесің, Марал.

Б. Жақып

КӨРДІМ...

Оғыз ханның

жаққан шырағын көрдім,
Мақтұмқұлының

шапқан пырағын көрдім.
Алп Арсланның алтынға

толған уысын көрдім
Молла Непестің ұрпаққа

қалған ырысын көрдім.
Селжүктің тас шапқан

қайқы қылышын көрдім.
Түрікмендердің ынтымақты

ұлысын көрдім.
Әндәліптің жазған

жыр-әнін көрдім,
Ғасырлар сүзген мөп-мөлдір

бұлағын көрдім.
Нұх пайғамбардың қалдырған

өсиетін көрдім
Сұлтан Санжар салған мешіттің

қасиетін көрдім.
Түрікменнің сөзі жүйелі

абызын көрдім.
Қорқыт бабаның киелі

қобызын көрдім.
Алты ұлы қоршаған Оғыз қалдырған

сан ізін көрдім,
Ақиқатқа айналған түрікменнің

аңызын көрдім.

Абайдың Қасқабұлағы

КІТАП ТУРАЛЫ ОЙ

Көрді де менің бөлмемді,
Көрші қыз қойды сауалын.
Кітапхана ма? – деуде, енді
Берейін сонын жауабын.

Жимадым дүние, теңгені,
Жинадым әлем Ай, күнін.
Толтырған орын төрдегі,
Кітаптар – менің байлығым.

Адамзат адам болғалы,
Болған жоқ мұндай құндылық.
Аңыздан туып арманы,
Шыңдығың тұрар шыңғырып.

Боранда ақын маздаған,
Атшана жегіп пар атқа.
Үзіліп кете жаздаған,
Үміт тұр анау парақта.

Қазақтың даусы түн жарған,
Іздесең атамекенін.
Оқып көр оттай жырлардан,
Сағыныш деген не екенін.

Санаңа сенің керегі,
Оңаша ойға шомғанда.
Тарихтың алуан дерегі,
Тұнып тұр анау томдарда.

Кітаптар бастар аспанға,
Найзағай жарқылдары да.

Б. Жақып
Қайғылы, мұңлы дастан да,
Қуаныш толқындары да.
Бір кітап айтар ертегі,

Үңілген зерек балаға.
Бір кітап сені ертеді,
Сағымы жүзген далаға.
Бір кітапты ашсаң самғайсың,

Жұлдызды ғарыш төсіне.
Бір кітапта уақыт арнайсың,
Ауылдың айлы кешіне.
Мұхитқа бастап бір кітап,

Түсірер теңіз түбіне.
Көбелек қуған, бір кітап,
Оралтар бала күніңе.
Бір кітап болжал айтады,

Маңдайдан тері моншақтап.
Болашаққа барып қайтады,
Оқыған адам сол шақта-ақ.
Батырлар жыры – айқын үн,

Ер елге берген сертті тап.
Аспаннан түсті дейтұғын
Қасиетті мынау төрт кітап.
Кеудеңе керуен көш құйсын,

Бір кітап бағзы бабаңнан.
Жыраулар даусын естисің,
Есте жоқ ескі заманнан.

Абайдың Қасқабұлағы
Ұқсатам алтын көпірге,
Кітаптар асыл бағым да.
Қосылып кетті нөпірге,

Мен жазған кітаптарым да.
Жеткізген күйді, әнді де,
Ескен жел, жауған жаңбыры,
Жазылып қалды мәңгіге,

Қаншама жанның тағдыры.
Бір бұлбұл қонса бұтаққа,
Селт етер дүние кейде осы.
Сомдалып қалды кітапта,

Сан алуан адам бейнесі.
Қарыздармын кітап алдында,
Санама нақыл қонса да.
Қаншама сезім бар мұнда,

Бар мұнда ақыл қаншама.
Жеткізген биік, тереңге,
Алланың сөзін бір рет.
Болмайтын шығар әлемде,

Кітаптан асқан құдірет.

Б. Жақып

БИЯЛАЙ

Бала күнде батыл ән,
Санамда ойды сапырам,
Қос қолыма ұядай,
Қой жүнінен тоқыған

Болды менде биялай.
Ұзақ күнді батырам,
Қыстың әппақ күйі ұнап.
Асыл әжем тоқыған

Биялайды киіп-ап.
Елемеймін шыңдап-ақ,
Сары аязды, ақпанды,
Тепкен кезде сырғанақ,

Ұстасам да ақ қарды.
Тауға шығып ойнағам,
Шанаменен зырлаймын.
Екі аяққа байлаған

Шаңғыменен зулаймын.
Қарға салдым жолымды,
Таудан төмен қиялай.
Тоңдырмайды қолымды,

Әжем берген биялай.
Жылылықтан бастаған
Өткенімді сезер кім?!
Тоңса қолым, еске алам,

Биялайын әжемнің.

Абайдың Қасқабұлағы

ШОШАЛА

Жастық оты лаулаған,
Маған ыстық осы ара.
Мен пәтерге жалдаған
Бар еді бір шошала.

Таулы қырат. Алматы.
Табалдырық. Босаға.
Жастығымның жәннаты,
Бар еді бір шошала.

Бойдақ күндер жалғасты,
Таптырмайтын тасада.
Үйім еді алғашқы
Аядай тар шошала.

Тайсия апай шырағы,
Шалқиды екен не күйде?!
Жалғыз өзі тұрады,
Көп бөлмелі кең үйде.

Орыс кемпір иесі,
Сүйенеді қашаға.
Сол кемпірге тиесі
Мен тұратын шошала.

Ел билеген кезекпен,
Патшалар да соныкі.
Есік пенен терезе,
Топсалар да соныкі.

Мен төлейтін пәтерге,
Ақшалар да соныкі.
Алма ағашы майысқан,

Б. Жақып
Бүлдіргені қайысқан,
Бақша-бау да соныкі.
Қымтырылып, қысылып,

Өтем үйдің қасынан.
Үйім жоғын түсініп,
Шошалама асығам.
Ғашық дертке ең алғаш

Дауа болған босаға.
Жүргенімде жалаңбас,
Пана болған шошала.
Сүйгеніме бауынан,

Жидек теріп бергенмін.
Сол бір шақты сағынам,
Мөлдір өлең өргенмін.
Әуендері жалғасты,

Небір әсем саздардың.
Сонда отырып алғашқы
Кітабымды жазғанмын.
... Күн артынан күн өтті,

Жылдар ұшты қанатты.
Жарып шығып түнекті,
Қазақтың да таңы атты.
Өз жолымды таптым ба?!

Сайрап жатыр іздерім.
Өтіп бара жаттым да,
Шошаланы іздедім.

Абайдың Қасқабұлағы
Көкірегіме салған от,
Баяғы ескі күй де жоқ.
Бақша менен бау да жоқ.

Шошала мен үй де жоқ.
Өткен шақта қалды ма?
Сол шошала, сол бір үй.
Күреп тастап орнына,

Салып жатыр зәулім үй.

ҚЫРАУГҮЛДЕГЕН

Күн шайдай ашық, аспанда

жоқ, жоқ қылау да,
Кім жаудырды екен күмістей

бақ-бақты бауда.
Қараша күзде тал-тоғай

гүлдеп тұрғандай,
Ағаштың басы малынып

аппақ қырауға.
Қайталанбайтын бұл неткен

көрініс еді,
Тұнық бұлақтан сіміріп

елік ішеді.
Қыраугүлдеген. Күзгі таң.

Таудың бөктері.
Байқамағанмын қалайша

өмірі сені.
Жүрекке таққан келемін

тұмар жырменен.
Алыстап бізден барады

Б. Жақып

құнан күн деген.
Қараған басы аппақ боп

Селеудің түбі,
Таудың беткейі құлпырып,

Қыраугүлдеген.
Сілкін шабытым, қалды артта

мұнар күн деген,
Қыраугүлдеген ақкүміс

Қыраугүлдеген.
Табиғат – ақын сен мені

таңдай қақтырдың,
Қасқайып өскен тас жарып,

Шынар жырменен.
Қыраугүлдеген, Қыраугүлдеген...

Абайдың Қасқабұлағы

НАҒАШЫМ

Алғаш рет Ертіске

шомылдырған, нағашым,
Сөйлегенде, ақ тілек

ағылдырған, нағашым.
Арман қуып, ой қуып,

Алматыда жүргенде,
Аңқылдаған көңілі

сағындырған, нағашым.
Қауыны мен қарбызын

кесіп берген, нағашым,
Жалғыз тонын туысқа

шешіп берген, нағашым.
Нескен тәтем екеуі

несібесі ортаймай,
Немерелер өргізген

есік-төрден, нағашым.
Тіл ойғызар мойылын

тергізетін, нағашым,
Бүлдіргенін тоғайдың

жегізетін, нағашым.
Бау-бақшасын суарып,

өзі өсірген көкөніс,
Тәттісін-ай жемістің!–

дегізетін, нағашым.
Балық аулап Ертіске

ау жатқызған, нағашым.
Шортанын да өзеннің

аулатқызған, нағашым,

Б. Жақып
Таңғажайып табиғат

маған өлең жазғызып,
Сұлу жырын өмірдің

таңдатқызған, нағашым.
Жалаң аяқ жар кешіп,

құм бастырған, нағашым,
Жарқабақтан қаратып,

қырды астырған, нағашым.
Қабдолладай ағасын

жоқтап өткен, нағашым,
Қиындығын өмірдің

аттап өткен, нағашым.
Бейсехандай тұңғышын

өркеш еткен, нағашым,
Сәулесін өз алдына

еркесі еткен, нағашым.
Қайраты мен Еркінін,

Ержаны мен Әсетін,
Қазағымның аймүйіз

серкесі еткен, нағашым.
Уақтардың ішінде

ірісісің, нағашым,
Тобықтыға күйеудің

бірісісің, нағашым.
Бүгінгі той дәл соның

дәлеліңдей болып тұр,
Жаралған сіз жандайсыз,

туыс үшін, нағашым!

Абайдың Қасқабұлағы
Байлық – адал дастархан,

ас емес пе, нағашым,
Туған – туыс, құдалар,

дос емес пе, нағашым.
Құтты болсын бүгінгі

жасап жатқан Алтын Той,
Бақыт деген мінекей

осы емес пе, нағашым!
Жиендердің атынан

енді біздер не дейік,
Нұрбай ата шаңырағы,

керегесі кеңейіп.
Шалқып жүре беріңіз,

алдымызда асқақтап,
Немерелер көбейіп,

шөберелер көбейіп.
Ере берсін соңыңнан

батырыңыз, нағашым,
Әрбір таңды күлкімен

атырыңыз, нағашым.
Нескен тәтем екеуңіз

жүзге жетіп қартаймай,
Ортамызда біздердің

отырыңыз нағашым!

Б. Жақып

ТОБЫЛҒЫ

Саясында көде өскен,
Сайға біткен тобылғы.
Желге билеп белестен,
Ойға біткен тобылғы.

Ауылымның көп қырын,
Бұтаң басқан тобылғы.
Хош иісті ақ гүлің
Жұпар шашқан тобылғы.

Күлім қағып ақ әжем,
Күбі ыстаған тобылғы,
Таңғы саумал ауамен,
Тыныстаған тобылғы.

Мөлдір моншақ таң шығын,
Тағып алған тобылғы.
Бабам өрген қамшының
Сабы болған тобылғы.

Көктен жауған жауынға,
Қанып алған тобылғы.
Торқабықтың қолымда
Табы қалған тобылғы.

Қасиетіңді сезем мен,
Шаштың тәтті иіс уыстап.
Ата-бабам ежелден,
Ет сүрлеген, күбі ыстап.

Абайдың Қасқабұлағы
Жүрсең де отқа жағылып,
Табиғаттың сыйысың.
Жүрмін қазір сағынып,

Түтініңнің иісін.

ТҮНГІ ЕРТІС ЖАҒАСЫНДА

Кемелер тоқтап, дегдіген
Қайраңға якорь лақтырды.
Ерке Ертіс балық-ернімен
Сүйеді шөп-шөп ақ түнді.

Жағадан жарқыл ұсынып,
Жұлдызды қала жайнайды.
Ай болса, айна түсіріп,
Толқындарменен ойнайды.

Ертістің отты көзіндей
Нұр шашып шамшырақтар да,
Құс жолы жатыр көз ілмей,
Оранып қара мақпалға.

Өзеннің келсең шетіне,
Көресің сурет әр қилы.
Су шашып түннің бетіне,
Толқындар шолп-шолп малтиды.

Б. Жақып
* * *
Айдың нұрына түн шомылғанда,
Тыныштық келіп тұнса қырларға.

Тылсым әлемнің құшағына еніп,
Билейді сәуле құм-шағылдарда.
Өзеннің ғажап күйі болады,
Жағаға толқын тиіп ағады.

Бетінен судың шөп-шөп еткізіп,
Нәзік бір сәуле сүйіп алады.
Жұлдыздар көлге жиі қонады,
Ақ таң атқанша үйі болады.

Самал сипаса алақанымен,
Самарқау белдің иі қанады.
Қоға мен қүрақ қауқылдасады,
Жағада тұрып ән тыңдасады.

Көк терек аппақ қайыңды құшып,
Ғашықтардайын мауқын басады.
Қайнайды өмірдің мәңгі бұлағы,
Даланың үні сан құбылады.

Тау шошып оянып байғыз даусынан,
Жақпар тастары жаңғырығады.
Күн сәулесінің көші келсе егер,
Жұлдыздарды үрлеп өшірер. Сөнер.

Тыныштық деген жоқ табиғатта,
Тыныштық деген осы болса егер.
Жаңбыр тынды. Құс келді. Бақ шулады.
Алма ағаштар бантигін тақсын бәрі.

...Қыс-мүсінші қалдырған ескерткіштей –
Алатаудың қасқиған ақ шыңдары.

Абайдың Қасқабұлағы

БҰЛТТЫ ЖҰБАТУ

Осқандай-ақ әлдекім семсерменен,
Ойбай салған дауыстан теңселді әлем.
Жай-қамшымен сұр аспан тартып қалып
Бұлт иегі бұлтиып кемсеңдеген.

Мөлдірлікті қаншама құйса да анық,
Құтылмады-ау қамшыдан бишара бұлт.
Ұрудай-ақ ұрып ап қатал аспан,
Сұрамайды кешірім ишара ғып.

Масқараны-ай! – дегендей, – масқараны-ай!
Ақ шашты шың құшағын ашты анадай.
Бауырына сонда оның басын сүйеп,
Жылады бұлт өксіп бір жас баладай.

...Жылама, бұлт тұлымы желкілдеген,
Сырыңды шерт одан да шертілмеген.
Сенің мөлдір мұңыңды жұтып алып,
Жапырақтан жыр тамды мөлтілдеген.

Б. Жақып

НӨСЕР

Найзағай бастап шатағын,
Тентектік келіп ойына,
Әуенің сұп-сұр шапанын
Жыртады дар-дар айыра.

Төсінен көктің төменге
Төгіледі-ай кеп ырыздық.
Жуынып жуа белеңде,
Жұтады ылғал қымыздық.

Ақ селеу – сәні қыр, белдің,
Тояттап басын шайқаған.
Тәтті иіске әтір-гүлдердің
Құтысы толып қайтадан.

Құшағы кеңге жайылған
Сәмбі тал, қара талдарым.
Теректер менен қайындар
Тосады алақандарын.

Аруана-бұлттар киелі,
Тарқата көшсе шерді көп.
Тамшылар жерді сүйеді,
Аспанның мөлдір ерні боп.

Абайдың Қасқабұлағы КҮЗ Ұрттап алып ақ жауын – шалабынан, Сары күйге елітіп қалады маң. Кең аспанды желге еріп кезеді кеп, Ызғар шашып сұр бұлттар жанарынан. Іздеп Күнді дөңестер мұң шағады, Қалың тұман тауларды тұмшалады. Түсіреді бір мезет көктемді еске, Табиғаттың мәңгі жас шыршалары. «Тәртіп керек, ізгілік, ізет керек!» – Деп тұрғандай күбірлеп, түз өкпелеп. Жазға дейін қоштасып жайлауымен, Шопан табан тіреді күзекке кеп. Жәрмеңкесі құстардың жыртылды әні, Ауа дымқыл, жер дымқыл, дымқыл бәрі Күллі ағаш моншаға түсіп жатыр, Шешіп тастап киімін сыртындағы.

Б. Жақып

ӘСЕМҚОҢЫР

Жанарымнан бояуларың өшпеді,
Беу, ауылдың әсемқоңыр кештері.
Сені тастап кетіп қалдым ертерек
Жүрмін қазір астанада, кеш мені.

Табиғаттан үйреніп ем ән-күйді,
Кеттім тастап құс дауысын сан қилы.
Сан алуан шөптің иісін сағынып,
Енді отырмын, иемденіп жарты үйді.

Кеттім тастап,
Жо-жо-жоқ!
Бәрі бірге менімен,
Жан көрдің бе туған елден жеріген.

Жалғыз жер сол орын алған мәңгілік
Көңілімнің, өмірімнің төрінен.
Шыңғыстауым қабағында қатпар бар,
Қырлар, сайлар, қайырылыстар, қапталдар.

Мені күтіп жүрмісіндер, келер деп,
Көлде жүзген аққу мүсін ақ таңдар.
Беу, даланың әсемқоңыр кештері,
Бояуменен жеті түрлі, жеті үнді,

Айшықтайсың келіп менің бетімді.
Өзім жүрмін қалада, ал жүрегім
Сенде, ауылым, соғып жатқан секілді.

Абайдың Қасқабұлағы

ҚЫСҚЫ ҚИЯЛ

Сенімім қағып қанатын,
Сезінем таңым атқандай.
Сезімнің жегіп пар атын,
Сенімен келе жатқандай.

Ақ қарға жуып бетіңді,
Келесің асқақ мүсінде.
Ақ түтек ойлар секілді,
Ақ түтек боран ішінде.

Секілді дала күй елі,
Сөйлейді боран не тілмен?!
Долана-ернім сүйеді
Домбыққан алма бетіңнен.

Аяулым өзің жақұтым,
Аймалай берем бір қанбай.
...Қар емес, менің бақытым,
Бақытым борап тұрғандай!

ҚОНАҚҚА ШАҚЫРУ

Жүр, достым, бізге қонаққа,
Қонақжай біздің бар ауыл.
Қарамай минут, сағатқа,
Алады күтіп Қарауыл.

Күн қаққан өңі тотығып,
Алады күтіп қырқалар.
Абайдың жыры оқылып,
Әміре әні шырқалар.

Б. Жақып
Өр Шыңғыс күтіп алады,
Құшағын ашып айқара.
Бетіңнен сүйіп самалы,

Көл шаралары шайқала.
Жайлауда – Абай, жаз барсаң,
Жидебай – қыста мекені.
Сан түрлі жырлар, саздар сан,

Қалмайды сенен екі елі.
Бөрліге барсаң егер де,
Мұхаңның ізін көресің.
Әйгілі аты әлемге,

Саған да таныс ол есім.
Ұлы Абайды да күлкі етті-ау,
Кей жандар өлең, жыр ұқпас.
Қынамен бетін бүркепті-ау,

Қодарға тиген қырық тас.
Әңгіме сөзге тартады,
Кездесе қалсаң, кім-кімге.
Бір көру үшін Арқаны,

Қалқа қыз, сен де жүр бірге.
Саған да ашық есік әр,
Менімен келсе жұпталғың.
Келіні болсаң несі бар,

Ұлы Абай менен Мұхтардың.

Абайдың Қасқабұлағы

АЛМА АҒАШЫ

Алма ағашы, алма ағашы,
Табиғаттың бел баласы,
Баяу ғана жыр оқиын,
Келбетіме сен қарашы.

Сапар шегіп жыр еліне,
Сен үңілші жүрегіме,
Мені көрген бәзбіреулер,
Қияли деп күледі ме?!

Өйткені олар сен сияқты
Бола алмасын біледі де,
Үңілмейді ару болып,
Ақындардың жүрегіне.

Арнап өлең шығаруға,
Қанбай қойды-ау құмарым да,
Сені кейде ұқсатамын
Қалған алыс түу, ауылда,

Ақ бантикті бір аруға.

Б. Жақып

АЛАША

Ауылымнан алдырған,
Үйімдегі тұмарсың.
Әжем марқұм қалдырған,
Сен бір асыл мұрамсың.

Сарғалдақтай сап-сары,
Сағынышы бар санамның,
Қызыл-жасыл, тоқсары,
Бояуы бар даламның.

Тасқа біткен түсті не,
Қынаменен боялдың,
Жатсам сенің үстіңе,
Туған жерде ояндым.

Ойға баттым не түрлі
Қасиетімсің төрдегі,
Ұшқыш кілем секілді,
Алып кеттің сен мені.

Көрдім асыл әжемді,
Көрдім туған өлкемді.
Көрдім тоғай, өзенді,
Жан-дүнием өртенді.

Беу, киелі алаша,
Асыл әжем тоқыған.
Жақындата түстің бе
Жүргенде елден алыстап.

Өлең жазып отырам,
Енді сенің үстіңде
Әруаққа бағыштап...

Абайдың Қасқабұлағы

СӘМБІ ТАЛ

Жапырақтары жиылып,
Тәңіріге сиынып.
Жасыл бешпет киініп,
Жар қабақтан иіліп,

Аққан судың бетінен
Сүйіп алған сәмбі тал.
Бір-біріне үздігіп,
Жігіт сөйлеп, қыз күліп,

Махаббат тұнса ойына,
Мың бұралған бойына,
Ғашықтардың бал сырын,
Құйып алған сәмбі тал.

Алтын шашы жайылып,
Күміс суға шайылып,
Түнгі айдында талықсып,
Жалаңаш Ай толықсып,

Шомылғанын өзенде
Талай көрген сәмбі тал.
Өрілген шашы сәнді еткен,
Желмен баяу әндеткен,

Өмірге шөлі қанбайды,
Хас сұлудан аумайды,
Айнасына өзеннің
Қарай берген сәмбі тал.

Б. Жақып

ҚОҢЫР ҮЙРЕК

Қалмастан тілсіз жауға жаны күйреп,
Каперсіз, су бетіне салып ирек,
Көрдім мен, кетпейді әлі көз алдымнан,
Уланған көлде жүзген қоңыр үйрек.

Қоға да, жағадағы қамыс та улы,
Қосылған бұлақтағы ағыс та улы.
Балапан кезінде-ақ бұл үйректі
Дегелең дүмпулермен таныстырды.

Тұратын қалың қамыс бүркеп, қорып,
Өсті ол көл бетінде үркек болып.
Биікке ұшушы еді бір кездері,
Шалдығып, соңғы кезде жүр көп қонып.

Мойылдай жанарына нұр сіңді Айдан,
Қалайша у сәулені жусын бойдан,
Саржалдың сағымына жүр шомылып,
Қайнардың қасіретін білсін қайдан?!

Көзінен, үңілген жан, мұңды көрер,
Оны бір көрген адам шындық өрер.
Өн-бойы сәулеленген қоңыр үйрек,
Өлсе де, туған көлге сүңгіп өлер.

Абайдың Қасқабұлағы
* * *
Күн сәулесін кою бұлт көлегейлеп,
Қорғасындай төбемнен төнеді ой кеп.

Сонадайдан көзіме шалынады.
Таулар киген боз көйлек, көне көйлек.
Жер қуарып, шөп сиреп, су тартылған,
Дем шығады қапырық мылқау қырдан.

Ақ қан болып ауырған туған далам,
Айығасың сен қашан бұл қалпыңнан.
Өксіп-өксіп жетімек тал жылайды,
Қайғы жұтып, қарт денең калжырайды.

Алыс жерде өткізген бір жылым да,
Сенде өткізген бір күнге арзымайды.
Арқау болып келбетің көп өлеңге,
Қайта түлеп қырларың көгерер ме?

Дерттенсең де, қырық жыл өрт көрсең де,
Перзент үшін сендей жер жоқ әлемде.
Төздің туған мекенім сан азапқа,
Меңдеп алған дертіңе дауа жоқ па?

Келген сайын қан жылап жан-жүрегім,
Қайтып жүрмін қайғы алып қала жаққа.
Қасиетсізге қадірің білінбеген,
Жат жұрттықтар тәніңді тілімдеген.

Айғыз-айғыз аяулы жүрегіңді,
Өмір бойы емдеймін жырымменен.

Б. Жақып

ТАЙҚАЗАН

Баласы Сәруардың Әбділәзиз,
Асқан бір шеберлікпен құйған қазан.
Жасатып бұйрығымен Ақсақ Темір,
Қазандық бөлмесіне сыйған қазан.

Төрінен кесененің орын алып,
Қазына, дәулет, байлық жиған қазан.
Сырларын ғасырлардың ішке бүгіп,
Тәу етіп, халық басын иген қазан,

Келгендер керуен-керуен алтын құйып,
Мінәжат етушілер сүйгсн қазан.
Зеңбірек дүмпуіне төтеп беріп,
Отына отаршылдық күйген қазан.

Бұл қазан – басқаларға арман қазан,
Шүпілдеп нұры Алланың толған қазан.
Жазылып Құран сөзі ернеуіне,
Кағбасы Түркістанның болған қазан.

Кеңдік пен қонақжайлық үлгісіндей
Қазақтың қасиеті қонған қазан.
Орнынан бір дүлей күш қозғап кетіп,
Қараусыз Эрмитажда қалған қазан.

Сол қазан бәрін көрген азабымның,
Куәсі талай-талай аза-мұңның.
Тайқазан Түркістанда алынған соң,
Басына бақыт қонды қазағымның.

Тайқазан сәні болған сайын дала-ай!
Жас ұрпақ ғұмыр кешсін уайымдамай
Ырыс, құт, берекесін қазағымның
Құдірет енді ешқашан айырмағай!

Абайдың Қасқабұлағы
Алдаспан, қынабыңнан суырылма,
Ешбір жан қарсы келмес бұл ырымға.
Тайқазан орынынан қозғалмаса,

Тәуелсіз елім тұрар тұғырында!

ҚЫЛУЕТ

О, қылует, қылует!
Жүрегіме жылу ет,
Жанымнан шыққан әр сөзді,
Хор қызындай сұлу ет,

Оятты мені күбірлеп,
Қара өлеңнің пірі кеп.
Қарашықтың суы кеп.
Мәдинада – Мұхаммед,

Түркістанда – Қожа Ахмет.
Санама жырдың гүлін ек,
Мұңдылардың мұңын ек,
Нұрлылардың нұрын ек,

Даналардың бір кезде
Айтылмай қалған жырын ек.
Асыл сөзім – меруерт,
Көрейін салып сурет.

...Жер астында қылует,
“Бісміллә!” – деп кіріп ек.
Көптен құран түспепті,
Санама берді белгісін,

Періштелердің бірі кеп.
Түсірдік құран бағыштап,
Әруаққа тағзым бұл рет.

Б. Жақып
...Алланың адал құлы боп,
Алпыс үш жасқа келгенде,
Бабам енген қылует,

Ішің толы нұр екен,
Сенде тұнып тұр екен,
Қожа Ахмет дананың
Айтылмаған сыры көп.

Беу, қасиетті қылует,
Ішің толы нұр екен.
Баба рухы жүр екен,
Жер бетіндегі ғұмырын

Жалғастырғаны шын екен.
Айы, күні аманда,
Алланың нұрын жырлаған,
Күш-қуат алған әмәнда,

Тіліне салған құрмадан.
Арыстанбаб ұстаздың
Өсиетін тыңдаған.
Пайғамбар жасқа келген соң,

Бір күн де жерде тұрмаған,
Тағы алпыс үш жас жасаған,
Осында менің дүр бабам.
О киелі, қылует,

Бұ дүниенің шектеулі
Екендігін көрсеттің,
О дүниеге бастайтын
Мекен бүгін көрсеттің.

Бұ дүниеде мүліктің
Бекерлігін көрсеттің.
О дүниенің мәңгілік
Екендігін көрсеттің.

Абайдың Қасқабұлағы
Әзірет Сұлтан әулием,
Ашқан саған бар сырын,
Ақиқатын ақтарған

Төккен саған жан сырын.
Алланың ақ жолында
Тәркі етті ол Күн нұрын.
Сарп етті ол Ай нұрын.

Құрбан етті ол таң шығын.
О, киелі қылует,
Шыңырау, қапас болсаң да,
Қараңғыда қалсаң да,

Сен тербеттің бабамның
Ақыл-ойы бесігін.
Пайғамбардың жасында,
Тірідей Көрдің есігін

Ашқанын жайдың жаһанға,
Аңыз етіп есімін.
Түркістандағы қылует,
Қүпиясы көп, сыры көп,

Көкейге құяр нұры көп,
Екі дүниені жалғаған
Жұмбақ көпірдің бірі деп,
Қанша ғасыр өтсе де

Сақтады сені құдірет.

Б. Жақып

ОРАЗАҒА ТІЛЕК

Кімді болсын біздің халық

Көрмеп еді жатсынып,
Алматының көшесіне

Қайдан келдің жоқшылық.
Базар барсаң қол жаяды

Бала емізген бір ана,
Шыға берсең жәутеңдейді

Көзін ашқан көк шыбық.
Мешіт барсаң, Алла үйінің

Алдында отыр пақырлар,
Жанарымен медет тілеп,

Дәл қасыңа жақындар.
Дұғаңа қос, жасағаннан

Тіле олардың тілеуін
Садақаңды бер соларға,

Мұсылмандық атың бар.
Ішер асты табу үшін

Жарым күндік, бір күндік,
Аспап алып, ән салады

Туннель-жолда бір мұңлық.
Топталып ап жалаң аяқ

Көше кезген сорлылар,
Еріксізден тамағы үшін

Жасайды енді күнде ұрлық.
Оларға да берген Алла

Ар мен ождан, ой-сана.
Табынады Мұхаммедке,

Сиынады Айсаға.

Абайдың Қасқабұлағы
Бірі – қара, бірі – сары

Болса дағы мұңы бір,
Тағдыр жазған маңдайына

Жоқшылықты бейшара.
Ғаріп болған қай кез де

Сонау ықылым заманда,
Байлық барда мұқтаждық та

Бірге жүрер әманда.
Сол жоқшылық, сол тапшылық

Тамыр жаймай жойылсын,
Қазағымнан аулақ кетсін

Айы-күні аманда.

Ешбір адам болжап білмес,

Күтер қандай жол алда.
Жұмыс берсін екі қолға,

Тамақ берсін соларға.
Көшемізде көрінбесін

Жүрек шаншыр жоқшылық,
Пақырлардың барлығына

Несібесін бер, Алла
Ата-бабам аттанбаған

Жолсапарға салмай ер.
Қиналғанды көре тұра

Қолын созбас қандай ер.
Адамзаттың ғасырлардан

Салған ізін зерделе,
Халқы азбаса, жер тозбаса,

Гүлденеді сондай ел.

Б. Жақып
Оңбай құлар шапқан адам,

Тартылмаса ат айыл.
Сол айылды тартатұғын

Қосшы керек, о, Тәңір.
Көшелерде жоқ-жітіктер,

Қол жайғандар көбейсе,
Алтын-күміс әбзеліңнің

Болғанынан не қайыр.
Біздің жерде бәрі де бар,

Байлық та бар, бақ та бар,
Ырыс пенен береке де,

Табиғат та, тақ та бар.
Байға ынсап бер, я, Жасаған,

Ал жарлыға жәрдем бер,
Сонда ғана біздің елде

Мәңгі сөнбес от жанар.

Абайдың Қасқабұлағы

БЕСҚАРАҒАЙ

Бесқарағай, Бесқарағай,
Қарағайлар басынан көшкен арай,
Құдірет қой самсаған самырсындар,
Өрлеп өскен ылдидан төске қарай.

Қарағайлар жарысып жол бойында,
Жолаушының қақтырар таңдайын да.
Қол ұстасып, жарысып, таласа өскен,
Таңырқамай қарап көр тал-қайыңға.

Бесқарағай, Бесқарағай,
Жылдар салған сақина, өс қарағай!
Өзегіне жинаған өз өмірін
Ағаш біткен қалмасын есте қалай?!

Бесқарағай, Бесқарағай,
Үйеңкілер құшағын ашты анадай,
Ару қыздай бой түзеп ақ қайыңдар,
Жарысады шыршалар жас баладай.

Бесқарағай, Бесқарағай,
Көз алдымнан көкпеңбек көшкен арай.
Қарағайдың ішіне қызғылт тартып,
Бара жатыр күн батып кешке қарай.

Б. Жақып
* * *
Қарағайлар тың тыңдайды,
Қайың ерер жетекке,

Байғыз мұнда сұңқылдайды,
Шақырады көкек те.
Түннің іші ит үреді,
Айға қарап көктегі,

Көкірегімнен күй түледі,
Алатаудың көктемі.
Анадайдан қалғып–мүлгіп,
Талғар шыңы дем берер.

Періштелер қарғып тұрдық,
Ұйықтап жатыр пенделер.
Ақбұлағым жатыр ағып,
Төңірегіне от беріп.

Топырақтан тоқым алып,
Шапты тауда Ақ бөрік.
Ақбұлаққа ақшы дер ем.
Мөлдіреуді ұмытқан,

Талғар түнін жақсы көрем,
Жүрегімді жылытқан.

Абайдың Қасқабұлағы
* * *
Түн. Мен жалғызбын.
Түн. Сен жалғызсың.

Бастап әнді үздім.
Әнім – сол қызсың.
Сенен басқаны,
Жаным сүймедім.

Жиырма жастағы,
Отыңа күймедім.
Тәңір жаратқан,
Сені жалғыз қып.

Сенсіз таң атқан,
Тағы жалғыздық.
Сенсіз шығар Күн
Күндіз өрілер.

Мен Ай шығармын,
Түнде көрінер.

Б. Жақып
* * *
Сен дегенде шықпайды демім менің,
Айдыныңда жүзетін көлім бе едің.

Алақан боп алдыңда жайылып ем,
Жаңбыр болып сен бірақ төгілмедің.
Сен дегенде шықпайды сөзім менің,
Өзіңді ойлап түндерде көз ілмедім.

Бізге өзіңсіз бұ дүние қызық емес –
Серпілгенім, сенгенім, сезінгенім...
Сен дегенде шықпайды үнім менің,
Мен қараған кезімде күлімдедің,

Сенсіз жүрген кездерде тірі өлікпін,
Сені көрген кездерім тірілгенім.
* * *
Ғажабымсың сен менің ғажабымсың,

Менің мәңгі сарқылмас азабымсың.
Жәми, Сағди, Низами жазбай кеткен,
Қайталанбас ғажайып ғазалымсың.
Сені берген ризамын Тәңіріме,

Гүл боп кірдің Ақ таңдай өміріме.
Менен басқа ешкім де көз салмасын
Ен даланың еркелеу елігіне.
Елігім-ау, сыйладым бәрін саған,

Керек десең, Абайдың әнін салам.
Көк сағымның ішінен тауып алар
Егер шындап бір-бірін сағынса адам.

Абайдың Қасқабұлағы

АУЫЛ ТҮНІ

Тастай қашып бүгін де ұйқы мені,
Көкірегіме ғажайып күй түнеді.
Қалғып кетсе, шошытып Ару айды,
Арсыл-гүрсіл әредік ит үреді.

Бұйра бас бұлт айды кеп аймалады,
Ояна сап алып тау ойланады.
Ит үреді шеткі бір үй тұсынан.
Ұйқысынан шошытып айналаны.

Буырқанған өзеннің күші кеміп,
Бақ ішіне бақыттың құсы келіп,
Ұйқысырап қайыңдар жыр оқиды,
Көлшік жатыр түнгі аспан түсіне еніп,

Көмекейі бүлкілдеп шағын арық.
Жарық күнді барады сағына ағып.
Үрген иттің дауысын жаңғыртады,
Бір жартастан бір жартас қағып алып.

...Көңіліммен осынау кір шалмаған,
Шіркін, сенде қайта бір тусам, далам!
Тамсанар ем түніңе таңғажайып,
Аспанынан ақ сүттей нұр саулаған.

Б. Жақып

ДАЛА ӘУЕНДЕРІ

Күй қайда, далам, ән кайда,
Дертімнен таста арылтып.
Алматы қалды шалғайда,
Өзіңнің көркің сағынтып.

Сағындым сені сал өлкем,
Сарғалдақ толы қырларды.
Тұрып ап ылғи таңертең,
Кызықтаушы едім қырманды.

Сол күнім менің ұрланды.
Өткенді еске түсіріп.
Сылдырлат, бұлақ, сырғаңды,
Келіп тұр жырын ұсынып.

Лайлаған тентек тұнбаңды.
Жайлауға барсам қыстауға,
Құстардың әнін айтушы ем.
Күбіні баптап ыстауға,

Тобылғы жинап қайтушы ем.
Сол кезім менің ұрланды.
Өткенді еске ап тулаған,
Жүрегім қазір ержеткен.

Уақыт-ай, уақыт зулаған,
Ұрлықшы едің сен неткен.

Абайдың Қасқабұлағы
* * *
Оңтүстіктен Ебінің есті желі,
Жұлдызды аспан көрпедей әжем жапқан.

Балықшының дауысы естіледі
Өзен жақтан.
Шомылдырып жарыққа жарты аспанды,
Баяу ғана қалықтап Ай жүзеді.

Ұйқысынан шошытқан жартастарды
Байғыз еді.
Жапырықтар ақырын сыбдырлайды,
Нәзік үнді ағаштың қоңырауы.

Сәлден кейін таң келіп түнді ұрлайды,
Қып-қызыл боп аспанның омырауы.
Үнсіз батып жатқандай ойға дала,
Ағады өзен ауылды орағытқан.

Шық-көзімен таңырқап айналаға
Атады ағарып таң.
* * *
Дәлелдеп тума дарынын,

Қораз-таң жатыр шақырып.
Күшейтті өзен ағынын,
Түбіне түнді батырып.
Қозғалған жаймен таң атпай,

Бәдәуи бұлттар көші өтпек.
Алтын күн алтын сағаттай
Уақытты тұрған есептеп.

Б. Жақып

ҚАЙРАУ

Санаған бабам итті құт,
Жаз, қаламым жүйткітіп,
Ақ қағаздың үстінде
Аппақ боран ұйтқытып.

Тал болып жырым майысып та,
Оранып тамсын ой шыққа.
Адамның көңіл-әйнегін,
Ақ қырау болып айшықта.

Сал өрнек, зерле, әрлендір,
Құлақтан бойға келген жыр.
Бесіктегі сәбиді,
Әлдиіңмен тербелдір.

Табиғаттан күй ұрлап,
Жаз, қаламым, шиырлап.
Жеті қат көкті қиялым,
Әуеле, шарла, құйындат.

Биікте, өрле, аспанда,
Жаңбыр боп шашу шаш тауға.
Өлеңім, қосыл тамшы боп,
Көзден бір шыққан бастауға.

Өлінің бәрі тірілген,
Асыл сөз төгіл тілімнен.
Жартастар шошып оянсын,
Жаңғыра шыққан үнімнен.

Дөңдерім қалсын пай-пайлап!
Кең жерім қалсын “ойхойлап!”

Абайдың Қасқабұлағы
Демдерін алып құм таулар,
Шөлдерім қалсын айқайлап.
Ұшырып құсын көлдерім,

Қондырып алсын белдерім.
Ойларым иірім-иірім боп,
Өзенге салсын өрнегін.
Күнді елден бұрын көрген шың,

Ақ мамық бұлтты өңгерсін.
Қайыңдарым ырғалып,
Теректерім тербелсін.
Алма ағашы гүл ашсын,

Ақ сезіміме ұлассын.
Еліктерім елеңдеп,
Арқарларым қыр ассын.
Көк пенен жерді байқастап,

Жанарымнан отты жай тастап.
Жүрейін көк жорға өлеңмен,
Әрі де бері ойқастап.
Толқын боп көбік шашпасам,

Жай болып көкті оспасам,
Қазақтың қара сөзімен
Құпиясын жырдың ашпасам.
Жел болып бірде азынасам,

От болып бірде маздасам.
Шашасына шаң жұқпас
Шабытым барда жазбасам,
Несіне тудым ақын боп?!

Б. Жақып

МӘСКЕУ ТАҢЫ

Бастап бір қайталанбас сонатаны,
Сәлден соң бұл қаланың таңы атады.
Уақыттың шетсіз-шексіз мұхитына
Тұншығып түнім батып баратады.

Түн батты, жұлдыз сөнді, Ай қалмады,
Аспанның Ай ғой, шіркін, пайғамбары.
Күтеді Шығыстағы Күннен жарық,
Орыстың мүлгіп тұрған ойлы орманы.

Басылып Құс жолының шаңытқаны,
Оянды тіршіліктің алып таңы.
Келесі түнге дейін қалғып кетті
Мәскеудің қызыл-жасыл жарықтары.

Соғылып шіркеулердің қоңырауы,
Тағы да жалғасады өмір әні.
Айығып бүкіл қала күнәсінен,
Тазарып ақ сәулеге шомылады.

Көрінер таңғы сурет кімге қалай?!
Төгілді төрт тарапқа Күннен арай.
...Адамдар көшелерде топ-тобымен
Асығып бара жатыр түнге қарай.

Абайдың Қасқабұлағы
* * *
Сағыныштан сазып кетсе жүрегің,
Сағынғаның емес пе?!

Аяулым-ау, алабұртып гүл өңің,
Дәл осы сәт алдың ба сен мені еске.
Шуылынан қаланың да шаршаумен,
Шуағыңды жүрмін қазір аңсап көп.

Саған деген сағынышым, жан сәулем,
Ілінді ме кірпігіңе моншақ боп.
Мен деп ойла, түсіңе
Құс қанатты бір арғымақ енсе егер.

Махаббаттың құдіретті күші де
Бұл өмірде сағынышпен өлшенер.
Сағын мені, сағынамын мен сені,
Осынау бір көкорайлы көктемде,

Ойлы көзбен қарап ал да өткенге,
Сағын мені наурыз жаңбыр төккенде,
Терезеден Ай сәулесін сепкенде.
Көрік беріп көк белге,

Қызғалдақтар оттай жанса бөктерде,
Алатауға ақша бұлттар шөккенде,
Жырым менің құс боп ұшып жеткенде,
Сағын мені...

...Саған деген сағыныштың бөлшегі,
Жүрегімнен түсті үзіліп дәптерге.

Б. Жақып

КӨЗІМНІҢ АЛДЫ – КӨК ТОҒАЙ...

Бозторғай, әсем жерімнің

төгілдірші әнін,
Мен үшін туған даладан

жоқ басқа жұмақ.
Көзімнің алды – көк тоғай,

көгілдір сағым,
Көгалға сіңіп жататын

көк қасқа бұлақ.
Күміс күлкі мен шат әуен

шашылып алдан,
Күмбірлетеді домбыра

шанағын дала.
Асық дорбасын иыққа

асынып алған
Бір кезгі менен аумайды

ана бір бала.
Мөп-мөлдір суға шөлімді

қандырып тұрып,
Шарайнасына қараймын

шағылып көлдің.
Бала күнімде бар тауды

жаңғырықтырып,
Жартасқа сіңген даусымды

сағынып келдім.
Сағынып келдім көк қияқ,

жусанды қырды,
Балалық шақтың тарқамас

базары қалған.
Ашып бер маған құпия

сыр сандығыңды,
Тауыңа шақыр тосатын

ғажабын алдан.

Абайдың Қасқабұлағы
Көзімнің алды – көк тоғай,

көгілдір сағым,
Көгалға сіңіп жататын

көк қасқа бұлақ.
Бозторғай, әсем жерімнің

төгілдірші әнін,
Мен үшін туған даламнан

жоқ басқа жұмақ.

ЖЫЛҚЫЛЫ АУЫЛ

Болмайық кейін жұртқа күлкі, бауыр,
Мұңайма, кетер ұшып бұл күн ауыр.
Білмеймін неге екенін, соңғы кезде,
Жүр менің түсіме еніп жылқылы ауыл.

...Тау іші. Жасыл жайлау екен деймін,
Ежелден осы жерді мекендеймін.
Көк шалғын, қалың жылқы жүр жайылып,
Адам да көрінбейді бөтен деймін.

Әжем жүр торы атынан түспей мініп,
Ағам жүр құла айғырды күштей мініп,
Мұндағы ел көтереді көңілдерін,
Орыстың жынды суын ішпей жүріп.

Досым жүр көк бестіні жайдақ мініп,
Інім жүр ала тайды сайлап мініп.
Күледі мәз-мейрам боп қара балам,
Желіге жез құлынды байлап тұрып.

Кәрі әжем сауып отыр торы биені,
Ауылда саналады ол – жан киелі.

Б. Жақып
Бағыштап аруақтарға құран да оқыр,
Түгендеп әулие мен әмбиені.
Анам жүр пісірумен бауырсағын,

Келтірер дастарқаны ауыл сәнін.
Қуырдақ қуырады, ет қайнатып,
Даланың қосып ащы сарымсағын.
Әр күнді көңілді етіп ауылдастар,

Мен келдім, төрт тараптан ағыл, достар.
Сапырып сары қымызды құйып берер,
Кезекпен күбі пісіп қарындастар.
Төрінде киіз үйдің көлеңкеде,

Жайғасқан, жан бар ма екен менен төре.
Таңертең шақырады аршалы сай,
Кешқұрым шақырады өлеңтөбе.
Күн кешпес ешқашан да жұртым ауыр,

Болмайық қонақ барса, күлкі, бауыр.
Жайлауды сағынғаннан болар бәлкім,
Түсіме жиі еніп жүр жылқылы ауыл.
* * *

Атыңнан айналайын Абыралым,
Киелі топырағыңа табынамын.
Шайлығып жан-жүрегің жарылыстан,
Шайқалды талай-талай шаңырағың.

Сөндірген ошағыңнан отыңды кім?
Қайғысын ішке бүгіп жатыр қырың.
Үні өшіп аждаһаның іргеңдегі,
Жаңғырды жылдар салып атың бүгін.

Абайдың Қасқабұлағы
Сайраған жолдарыңмен сан жыл өттім,
Туған жер, мекенісің ақ жүректің.
Ұрпағын аруағымен қолдап жүрген,

Басына Қажы атамның тағзым еттім.
Тауыңда қанаттанып қаршыға-арман,
Төсіңде талай дарын ән шығарған.
Таңаттың жайлауында тамылжыған,

Әйгілі Әміренің даусы қалған.
Өзіңде сан дүлдүлдің өмірі өткен,
Қалды аман ойың, қырың небір өрттен.
Көсіліп жатқан анау Мыржық тауын,

Күйлері Тәттімбеттің тебіренткен.
Әр күйді жеткізесің әсерлі етіп,
Қырық жыл қырғын болды, есең кетіп.
Төсіңе мөп-мөлдір боп төгіледі,

Жырлары Төлеужанның нөсерлетіп.
Өңіңді нұрға бояп, жарық төккен,
Өлкеңе қарайды Күн шолып көктен.
Келемін ойға батып, тау бөктерлеп,

Жолменен ата-бабам салып кеткен...

ӘКЕ ТУРАЛЫ ЖЫР

Көзімді аштым көктемде,
Күн нұрын көктен төккенде,
Аспанда бұлтқа айналып,
Сәуір жаңбыры сепкенде,

Ақ қайың қырда ойланып,

Б. Жақып
Жауқазын шығып көк белге,
Көк терек көңілі жайланып,
Көз салған кезде өткенге.

Сарғалдақ баурап сайды алып,
Қызғалдақ қаулап бөктерге.
Көп көрме, дүние, көп көрме,
Көзімді ашсам көктемде,

Әкежан, сенің арқаң – бұл!
Ойларым көшіп өткеңде,
Тауларға бұлт боп шөккенде,
Қоңыраулатқан жыр төксе,

Омыраулатқан от кеуде.
Ақын боп шықсам арқырап,
Жұлдызым жанса жарқырап,
Оқысам, өлең залдарда,

Оянсам, аққу таңдарда.
Төгілсе жырым тұтанып
Түндегі жанған шамдарға
Әкешім, сенің арқаң – бұл!

Білімнің ішсем, кәусарын,
Ғылымға ауса аңсарым.
Арманның мінсем ұшағын,
Алатау ашса құшағын.

Жолықсам жастық шағыммен,
Гауһармен, маржан, лағылмен,
Алматы алтын бағымен,
Ыстықкөл толқындарымен.

Бішкектің жұтсам самалын,
Тәжіктің жесем анарын,
Татардың тыңдап наз әнін,
Ташкеннің көрсем базарын,

Абайдың Қасқабұлағы
Мәскеудің түнін аралап,
Қаратеңізді жағалап,
Абхаздың татып дәм-тұзын,

Кавказдың көрсем тау-құзын.
Жан әке, сенің арқаң – бұл!
Ізденіс жолын таңдасам,
Дүниені түгел шарласам,

Еуропадан әрі ассам,
Ақша бұлттармен талассам,
Төрт кессем көктен мұхитты,
Шәкірттеріме жол ашсам,

Американың төріне
Абайдың әнін жеткізсем,
Әуезов үнін тыңдатсам,
Қалың бір ойға шым батсам,

Ұстасам берік қолыма,
Білім боп жанған қымбат шам!
Әкетай, сенің арқаң – бұл!
Кітабым шықса баспадан,

Көрінсем телетаспадан.
Ұлағат алып халқымнан,
Сөйлесем радиотолқыннан.
Газетке шықса жырларым,

Журналда тұнса сырларым.
Мың сан ой туса миымнан,
Естілсе даусым қиырдан.
Әкешім, сенің арқаң – бұл!

Өзгеше сазды күй болсам,
Үйленсем, сосын, үй болсам,
Кішкене қызым бой жетсе,

Б. Жақып
Кішкентай ұлым ер жетсе,
Алдымнан атса таңдар ақ,
Туысқандарым қаумалап,

Қарындастарым сыйласа,
Інілер мені тыңдаса,
Соғымның сақтап етінен,
Анашым сүйсе бетімнен,

Жусанның иісі бұрқырап,
Қауышып жүрсек шұрқырап,
Жан әкем, сенің арқаң – бұл!
Алыстың өртте отпенен,

Жер үшін қинап жаныңды.
Боранды күні атпенен,
Адаспай таптың ауылды.
Аязда қыстау аралап,

Қуанттың талай қауымды.
Аптапта жайлау аралап,
Елемей жауын, дауылды,
Ұйқысыз түндер өткіздің.

Ел үшін төктің теріңді,
Қуанттың сөйтіп еліңді.
Бірге боп ылғи жұртыңмен,
Емдедің жанын күлкіңмен.

Ауылдың тілеп бірлігін,
Қанша үйдің аштың түндігін,
Өз қолыңменен кестің сен,
Қаншама сәби кіндігін.

Арналды бізге, еліңе,
Қанша қыс, жаз, көктем, күз деген
Арманыңызбыз іздеген,
Бақыттымыз біз сізбенен.

Көркейіп ұлмен, қызбенен,

Абайдың Қасқабұлағы
Марқайып немерелеріңізбенен,
Берікқарада жүрдік біз,
Бабалар салған ізбенен.

Аруақтар қолдап жетіңіз,
Ардақты жасқа «Жүз» деген!..

САҒЫНЫШҚА

Абайдың шашу қылып шаш та жырын,
Тойыңды дүркіреген баста, ауылым.
Құлынды болып жатыр бір кездері
Төсіңде ойнақтаған қасқа құлын.

Аспанның айқара ашып жыр-түндігін,
Жайнады, жадырады, құлпырды күн.
Сындырып қыстың мөлдір терезесін,
Сендер де, сексен көлім, сілкін бүгін.

Мұз еріп, шың басында қар бұзылды,
Көктемім, жаз бүгін сен мәңгі жырды.
Сағынтып он екі айда бір келетін
Күтіп ал, Аспан мен Жер, Наурызыңды!

Беу, ғалам, бір перзентің келді өмірге,
Менімен қуан, дүние, сен де бірге.
Кішкентай жүрек жатыр құндақталып,
Тыныстап пәктік жатыр жөргегінде.

Әйнектен аппақ сәби – таң қараған,
Оятты аумай үні дәл баладан.
Кірпігін нұрға малып, көзін ашқан
Көрінді бөбек болып тал да маған.

Б. Жақып
Жауабы сұрағымның табылмай көп,
Жанымда, жанарымда жалындайды от.
Сәл ғана езу тартып ақты арықтар

Сәбидің шалықтаған шағындай боп.
Қырлардың көкірегін жуады арай,
Құшағы гүлге толып мына маңай.
Бесікте жас бұлақты тербеп тұрған

Қос жаға – бірі әке де, бірі анадай.
Бұлт біткен бұрымдарын өрді ерінбей,
Қайтқан құс күндерімнің керуеніндей.
Жүрегім бүлкілдейді жаңа туған

Тіршілік – нәрестенің еңбегіндей.
Сүйінші бақтан бұлбұл сұрай қалып,
Батасын беріп таулар тұр ойланып.
Бақыттан, қуаныштан жанарымда

Барады сәби дүние шыр айналып.

ҚАРАЖАЛ

Жүректе туғанда елге махаббатым,
Бастап ап туған жерге апаратын,
Ауылға бара жатқан жол бойында,
Бір жал бар – Қаражал деп аталатын.

Кеудеңе енгізердей самалы құт,
Ойланып тұрғандай ол қарауытып.
Көз тартар қалың шілік қапталынан,
Сағынған жан-дүниеңдей ән ағытып.

Абайдың Қасқабұлағы
Тұрады қашан барсаң қарауытып,
Қасынан өтеді жол орағытып.
Сол тұстан өтсең болды-ақ, қарсы алдыңнан

Жатады жазық маңдай дала күтіп.
Өзіңде туған ұлың қала кеткен,
Шақырсам оралар ма бала көктем.
Көгершін күндер де ұшып баурайыңнан,

Басыңнан талай-талай заман өткен.
Сен көрдің жарған атом бомбаларын,
Қырларды айдаһар өрт жалмағанын.
Бейнесі секілденіп жата бердің,

Ботасыз боздап қалған аруананың.
Сол апат, алапаттан қалдың аман,
Қайғылы құлағыңда жаңғырады ән.
Көзіңнің жасындай боп домаланып,

Тастарың етегіңе сан құлаған.
Онда да сен Қаражал атанған ең,
Тіршілік заңдылығы қатал деген.
Айналған қазір – бір-бір төмпешікке

Ауылдың шалдары өткен ат арбамен.
Солардың көзін көрдің, өзін көрдің,
Солардай бата берсең сезінгенмін.
Қырық жыл қырғынға да төтеп берген,

Бүгінгі ұрпағына төзімді елдің.
Қаражал, кәрі жалым, не көрмедің,
Өзгермей тұра берші, көнермегін.
Сан рет әрлі-берлі құйындатып,

Балалық шағым өтті сенен менің.

Б. Жақып
Қаражал – жазда нәрлі, қыста қарлы,
Бауырыңа ап, барған сайын қүш балаңды.
Жүрсем де қай түкпірде, қасиеттім,

Естимін сенен әркез ұшқан әнді.

ТҰҒЫР

Сендей ел жоқ мынау Жердің бетінде
Қазақстан – сенсің менің аспаным,
Сенсің менің таусылмайтын дастаным,
Бұлағыңдай бүлк-бүлк еміп төсіңді,

Еркебұлаң сапарымды бастадым.
Көркем ұлан болып аштым кеудемді,
Самалыңнан қуат алды жас тәнім.
Мейірім етіп жидым ылғи бойыма,

Сенен алған шуағымды шашпадым.
Табанды етіп тауың мені шыңдады,
Табаныма тиіп тарғыл тастарың.
Нұрға оранып жаттым сенің қойныңда,

Қалғығанда шалғыныңды жастандым.
Сендей жер жоқ мынау Жердің бетінде,
Көрген жоқпын сендей сұлу, жер керім,
Көлбеңдеген көк көйлекті көлдерің,

Аққу жүзіп суға салған өрнегін,
Аймүйізді арқарларын асырған
Айқұш-ұйқыш, алтын кемер белдерің.
Теңіз де бар толқындары жар соққан,

Өзен де бар мұхиттарға қарсы аққан.
Әрлі-берлі жүйткіп жатқан жолдар бар,
Жолаушысын ертелі-кеш шаршатқан.

Абайдың Қасқабұлағы
Тауларың бар ауылдарды қаусырған,
Шындарың бар ақ бұлттарға шаншылған.
Сенің мидай жазығыңды сағынып,

Шалғай кетсем бар шыдамым таусылған.
Қорғаның бар, тал көмкерген сайыңды,
Орманың бар қарағайлы, қайыңды.
Оғыздардан Ай нұрымен жеткен сөз,

Аңыз бенен ақиқат боп жайылды.
Сағым құшқан далаң да бар көсілген,
Шежірелер, құпиялар шешілген.
Арғы бабам құлпытас боп сөйлейді,

Арғымақтар қарғып аққан төсіңнен.
Сендей ел жоқ мынау Жердің бетінде!

ҚАТАР ЖАТҚАН ЕКІ КӨЛ...

Шарбақтыға келгенде,
Маралдыны көргенде,
Қатар жатқан екі көл
Қалып қойды зердемде.

Самалға кеуде ашсаңыз,
Алдымызда жеті бел.
Жеті белден ассаңыз,
Қатар жатқан екі көл.

Түсті есіме сағынсам,
Бірі – жылқы Тұздыкөл.
Саз-балшығын жағынсаң.
Балтыр ысып, қызды бел.

Б. Жақып
Ағыны жоқ, ақпайсың,
Түскен күннің шуағы.
Ортасына батпайсың,

Су көтеріп тұрады.
Дертке дауа шеті де,
Адамға, аңға, құсқа да.
Қабыршық мұз бетіне

Қатпайды екен қыста да.
Қыста суы қатпайтын,
Құдіретіне сенгенмін.
О, Тәңірім, батпайтын,

Қасиетті көл көрдім.
Мөлдір судан түзілді,
Екіншісі – Тұщыкөл.
Шаю үшін тұзыңды,

Толқынымды құшшы дер.
Көлге жайдым құлашты,
Қүшағым да сыр ашты,
Қатар жатқан екі көл.

Бірі – тұщы, бірі – ащы.
Екі көл боп көріндің,
Беу, табиғат, күштісің,
Сездіргендей өмірдің

Ащысы мен тұщысын.

Абайдың Қасқабұлағы

ТҮН. КАЗГУ ҚАЛАШЫҒЫ

Мынау КазГУ қалашығым,
Талай құстар қанаттанған.
Тауып тәтті жарасымын,
Жастық мұнда ән ақтарған.

Кешкі ауада күлкі ұшады,
Ұшады кеп шарықтап бір.
Жүректерді жыр құшады,
Бозторғай – ән қалықтап тұр.

Көкірегіме жыр тағайын,
Түртеді әуен тағы да ойды.
Желсіз түнде шырқады Айым
«Желсіз түнде жарық айды.»

Қайың ару тұрды арқамнан
Ұмытылған шумақты айтып.
Перде сырып бір балконнан,
Түн қойнына сіңді «Ақ бантик».

Жанарларға ақық тұнар,
Арман құшақ жайып тағы.
Бара жатыр барқыттылар,
Әуелетіп «Қайықтаны».

Өрте жастық өрті мені,
Алма ағашы бақта билер.
Алма-кезек шертіледі,
Шертпе күйлер, төкпе күйлер.

Б. Жақып
Көріп келем кешкі абатты,
Дауысымды тыңда менің,
Жатақханам бес қабатты,

Бес жыл сенде тұрған едім.
Мекені едің еліктердің,
Жырға айналды сол естелік.
Көріп сені көріктендім,

Елік қыздар елес беріп.
Көз алдымнан өтті айналып,
Сол кездерде әлем көші.
Өрік-жүздер өрттей жанып,

Өтті талай өлең кеші.
Бозбала едім ойға ғашық,
Құшағыңды жаясың ба?
Тұрған сәттер аймаласып,

Ақ қайыңның аясында.
Езуіме күлкі үйірді,
Еске түсіп соның бәрі.
Жастық атты бір фильмнің

Жүріп өтті кадрлары.
...Араладым қалашықты,
Жастық шағым өтпе, тегі.
Елес тұнған қарашықты,

Сүйіп алғың кеп кетеді.

Абайдың Қасқабұлағы

АҚ ҚАЙЫҢ

Сергей Есенинге
Шығысшалап айтқанда, шайыр – атың,
Естимісің даусымды, қайың ақын.
Жырыңды оқып сол кезде-ақ, сол заманда-ақ,

Мастанғандар мастықтан айығатын.
Ол кезде де маздайтын күлімдеп Күн,
Жыр оқитын ақын боп күбірлеп Түн.
Талай-талай арудың алма төсін

Қоңыр самал өлеңмен дірілдеттің.
Жайық желі шашыңды қайыратын,
Ғайып болған жоқсың сен, қайың ақын.
Адалдарға нұр төгіп өлеңіңмен,

Арамдарды жырыңның жайы ұратын.
Деген жоқсың ешкімге: «Күштімін – мен!»
Лермонтовпен тілдесіп, Пушкиніңмен,
Тұтатып ап сөнбейтін жырларыңды,

Жұта бердің өмірді мүштігіңмен.
Жүргендерді елемей данасынып,
Сені іздеймін, Серега, аласұрып.
Қалың қайың ішінен тапқан кезде,

Қарап маған тұрасың баласынып.
Шалқарында шабыттың шағала едім,
Қанатымның қағысын бағады елім.
...Даласында қазақтың бір інің жүр,

Сіңлісіне ғашық боп Шағанәнің.

Б. Жақып

ТҰМАР

Мен – рухпын!
Жаралғанмын жанған Күннен, Жалыннан,
Гун де болып сапар шектім сағымнан,
Көк түріктің мәңгі тірі рухымын,

Көктегі Айға Көк бөрі боп табынған.
Тәңірқұты Мөде болып құт тасып,
Баламер боп кездім жерді нық басып.
Еділ болып уысымда ұстадым

Шығыс пенен Батысыңның тұтқасын.
Бумын, Білге, Естеми боп өрледім,
Тоныкөк пен Күлтегін боп ерледім,
Өсиетімді тасқа қашап қалдырып,

Сөзбен жудым ұрпағымның жөргегін.
Рухпын – мен!
Рухымын мен сақтардың,
Жүрегімді алау етіп жаққанмын.

Қыпшақ болып қылыш алып қолыма,
Қарсы келген жаудың басын шапқанмын.
Дүбірімен дүниені ояттым,
Дүсірлеген тұяғымен аттардың.

Кеңдік, Өрлік, Ерлік – осы үшеуін
Үшбұрышты тұмар етіп таққанмын.

Абайдың Қасқабұлағы

ТҰТҚА

Өтіп жатыр күндерім мен айларым,
Бойым өсті босағаны бойладым,
Қарсы алдымнан қаншама есік ашылды,
Ал ашарда, тұтқа жайын ойладым.

...Еңбектедім, үлкен-кіші қамалап,
Жүрдім сосын жер үстелді жағалап,
Ала жіппен тұсауымды кескен соң
Тәй-тәй бастым үйдің ішін аралап.

Қарт әжемнің мен едім бар күткені
Шаңырағымыз сол әжеммен құтты еді.
Туған үйдің есігінің тұтқасы –
Ең алғашқы мен ұстаған тұтқа еді.

Өнерпазға балғын басты қанша идім,
Кішкенемнен өлең сүйдім, ән сүйдім.
Екінші бір мен ұстаған зор тұтқа –
Тұтқасы еді қабырғалас көрші үйдің.

Тізіп қойған асықтарды жолда атып,
Шыбық мініп, жарты ауылды шаңдатып.
Асыр салып өтіп жатты балалық,
Ойсыз, қамсыз, кеш те батып, таң да атып...

Ауылдағы қадамымды нық басып,
Мектеп бардым жеті жасқа шыққасын.
Ойланбастан көппен бірге ұстадым,
Сол мектептің есігінің тұтқасын.

Оқушы деп шығарды өмір шешімін,
Сол бір күні көп айтылды есімім.

Б. Жақып
Білім деген ұшан-теңіз ғаламның,
Ашыппын мен қасиетті есігін.
Содан бері білім қуып, ой кештім,

Бұлтқа айналып әрлі-берлі сан көштім.
Нұрлы күнде таңғы шықтан сыр үзіп,
Айлы түнде жұлдыздармен сөйлестім.
Күтті есіктер айрығында жолымның,

Тұтқасы жоқ қақпаларға соғылдым.
Есік аштым аспанда да, жерде де,
Көп тұтқада табы қалды қолымның.
Жаратушы Тәңіріме табындым,

Тіршіліктің заңдарына бағындым.
Шалғай шығып, шет елдерде жүргенде,
Туған елдің тұтқаларын сағындым.
Біледі ұрпақ бабалардың өрлігін,

Тұтқа болған тұлғалардың ерлігін.
Күндер өтті еліміздің тұтқасын,
Бөтен жандар ұстаған күн, шерлі күн.
Ел тұтқасын адал сөйлеп, ақ күлген,

Келеді ұстап ағаларым ат мінген.
Өлең – әлем есігінің тұтқасы –
Қасиетті қаламымды таптым мен.
Жырға бөлеп қалың ойдың орманын,

Арғымақтай қарғып өту арманым.
Тұтқасы аз, есігі көп өмірден
Қасиетті сөз тұтқасын таңдадым.

Абайдың Қасқабұлағы

ҚАНАҒАТ

Замана мынау арқалатса да ала қап,
Құранға адал Түркістандағы жамағат.
Назарыңдағы сатушыда да – қанағат,
Базарындағы алушыда да – қанағат.

Ақ сүтіменен дарытқан ана балаға,
Қанағат құсы ұясын салған санаға.
Көрінбейді ізі жоқтықтың,
Патшалығы бар тоқтықтың,

Киесі де бар, иесі де бар қалада.
Кімнен болсын еститінің дарқан үн,
Мүшесі олар кең пейілді ортаның.
Қанағат! – деп көз іледі әр пенде,

Қанағат! – деп қарсы алады әр таңын.
Бір басында тамы болса – қанағат,
Дастарқанда наны болса – қанағат.
Шөл басатын суы болса – қанағат.

Түнде жанған шамы болса – қанағат.
Мейман келсе, барын салып сыйлаған,
Қуанышы қойынына сыймаған,
Қоштасарда қонағын да қимаған,

Қанағатшыл үлкені де жасы да,
Ынсап сайын берекесін жинаған.
Жаңылыспай бабалардың салтынан,
Құт дарыған, шаруасы шалқыған.

Бүкіл қазақ үлгі алуы керек-ақ
Қанағатшыл Түркістанның халқынан.

Б. Жақып

АБАЙ ЖЫРЫ

Өткеннен ұрпағына еркін жеткен,
Ғажайып, Абай жыры, көркің неткен!
Естіліп ескі күннен ескен желдей
Түңлігін қазақы үйдің желпілдеткен.

Суындай тас бұлақтың сылдырлаған,
Ну орман жапырағындай сыбдырлаған.
Қырдағы қызғалдақтай шоқтай жанып,
Сайдағы сарғалдақтай сырды ұрлаған.

Бұлт турап алдаспандай жалтылдаған,
Рағиттай жайып айдар, жарқылдаған.
Шынардай тасқа шыққан көкке өрлеген,
Қырандай шың басынан саңқылдаған.

Терең ой түңғиыққа тамыр тарткан,
Ғаламды лағылдайын таңырқатқан.
Жаныңды жадыратқан, жай таптырған,
Мұңайтқан, толғандырған, жабырқатқан.

Басталған әр сөзінен қаншама ағын,
Өмірдің айтып өткен аңсар әнін.
Жеткізіп сұлулықты тілсіз тілмен,
Татырған махаббаттың бал шарабын.

Жеңдірген ақылыңа сезіміңді,
Сай қылған сабырыңа төзіміңді.
Көзіңе сөзбен сурет салып беріп,
Өзіңе түсіндірген әз үніңді.

Тазарып көкірегің, жаның елткен,
Ойлантқан саналыны соңына ерткен.

Абайдың Қасқабұлағы
Арасын Аспан, Жердің сөзбен қосып,
Абайдай қара өлеңнің Тәңірі өткен.
Жылатқан, шер тарқатқан, сыр ағытқан,

Құтылған асау көңілің бұғалықтан.
Қызартып, күн батыртып көз алдыңда,
Біресе таң атырған қылаңытқан.
Күз болып нұр себелеп тұманытқан,

Құс болып терезеңде қырауытқан.
Көктем боп гүл аңқытып, көкке аунатып,
Жарықтық жаз да болып жыр ағытқан.
Жел болып тезге салған өтіне бірде,

Көл болып жан толқытқан көкірегіңде.
Түн болып құс жолында нұрға бөлеп,
Күн болып қан ойнатқан от реңінде.
Өлеңі көмкерілген суретпенен,

Бас иіп Ұлы Абайға ғұмыр өткерем.
Шарлайды шартарапты сәуле шашып,
Іші алтын, сырты күміс – құдіретті өлең.

АҚИЫҚ

Сүйінбай Аронұлының рухына
Судан шыққан сүйрігім,
Желден озған жүйрігім.
Қызыл түлкі сөз ілген

Ақ қанатты тұйғыным.
Еліне бөліп әперген,
Тәңірдің берген сыйлығын.
Халқымен бірге көтерген,

Б. Жақып
Алланың салған бұйрығын.
Інжу-маржан жырымен
Жадында қалған милының,

Сүйінбай бабам тойында
Көмейіме қуат бер, Айым!
Көкейіме шуақ құй, Күнім!
...Ұясынан ұшқан торғайдай

Шырылдап туған өлеңім.
Сурет салып сөзімнен
Кестелеп бүгін өремін.
Сүйінбай ақын тұлғасын,

Сыйынып, сомдап беремін.
Бөрілі байрақ қолға алып,
Бөрідей жортқан ер едің.
Туғаныңа тұп-тура.

Жүз тоқсан жыл толғанда
Құлының болып желемін.
“Сүйекем!” деп сөйлейді
Жайқалған жасыл желегің.

Көк туымды көтеріп
Көгеріп, көктеп келемін.
...Дүрмекке түскен дүр, бабам,
Қатағанмен айтыста

Тұтастығын қазақтың
Ту еткен ақын сен едің!
Көзінде қалдың адамның,
Өзінде қалдың заманның.

Айтысқа шықсаң арындап
Қырандай көктен қадалдың.
Бүркіттей кейде шүйілдің,
Лашындай лезде түйілдің.

Найзағай болып жарқылдап,

Абайдың Қасқабұлағы
Нөсер боп бірде құйылдың.
...Ақынбектің асында,
Ақындығың білінген.

Аузына елдің ақын боп
Жиырма бір жаста ілінген
Асыл туған, Сүйекем!
Ою ойдың тіліңмен,

Ояттың бұлбұл үніңмен.
Қазақ-қырғыз айналған
Қызыр қонған түріңнен.
Қарсы шыққан ақынның

Тізесі бірден бүгілген.
От шашқан алмас сөзіңе
Тезек төре жүгінген.
Сүйінбай келе жатыр! – деп,

Үлкен де, кіші жүгірген.
Алатаудай асқақ көріндің
Кешегі мен бүгіннен.
...Заманының өзінде

Жайылған аты Алашқа.
Қызылжар мен Семейге,
Сырдария, Таласқа.
Ақиықтың дабысын

Еділ, Жайық екі су,
Тыңдап аққан Жетісу.
Баянауыл, Шыңғыстау,
Қазығұрт пен Маңғыстау.

Арқа, Алтай, Ұлытау,
Құлақ асқан Қаратау.
Сол таулардың ішінде
Сүйекеңнің сеңгірі

Күнді сүйген дара тау,
Айды өпкен дара тау.

Б. Жақып
Сондықтан ба, әйтеуір,
Сүйекеңнің жырларын,
Таудан аққан арқырап

Тас бұлақтан естідім.
Жағадағы балауса,
Жас құрақтан естідім.
Бұғымүйіз, Бесмойнақ

Гүлдері тұр жатқа айтып,
Өсіріпті шыңның басына
Шынар етіп қасқайтып.
Қанша өзен ақса да,

Қаншама жел соқса да,
Қаншама күн батса да,
Қаншама таң атса да.
Қазақы жырдың төрінде

Сүйінбай ақын – Алатау.
Оқысаң жүрек селт етер,
Жансыз жартас селк етер,
Түңлігі желп-желп, желп етер,

Жайлауына өлеңнің
Сүйекең тіккен Ақ отау...

ЖАМБЫЛ

Бар қазақ сырын төккен

бабам Жамбыл,
Даламның жырын төккен

данам Жамбыл.
Өлеңнің бір ғасырлық

бәйгесінде,
Аты озып бұрын келген

дарам Жамбыл.

Абайдың Қасқабұлағы
Басыңа тағзым етіп,

барам Жамбыл,
Саф ауа, сәруар сезім

санам Жамбыл.
Қаптаған қырларымның

қызғалдағын,
Көктемде тербететін

самал Жамбыл.
Өткенде Алғадайдай

балаң Жамбыл,
Жазылмай жүректегі

жараң Жамбыл.
Ленинград жат қолында

қалған кезде,
Өлеңі болған жауға

қамал Жамбыл.
Домбыраң қолымызға

қонар Жамбыл,
Мол мұраң құшағына

алар Жамбыл.
Жақындап Алатаудай

көрінесің,
Алыстап кеткен сайын

араң Жамбыл.
Бұл күнде ауыл Жамбыл,

қалам Жамбыл,
Көгімде жұлдыз болып

жанар Жамбыл.
«Сұраншы», «Саурықтарды»

жырлағанда,

Б. Жақып
Күркіреп тау суындай

ағар Жамбыл.
«Ерназар», «Бекетті» де

өрген Жамбыл,
Жыр төксе жауар бұлттай

төнген Жамбыл.
Дүниеге қыстың соңғы

күні туып,
Көктемді алып бізге

келген Жамбыл.
Бұзылмай бізге жетті

хатың Жамбыл.
Өшпейді Қазақ барда

атың Жамбыл.
Жолбарыс киеңменен

желеп-жебеп,
Қолдай бер, ұрпағыңды,

ақын Жамбыл!

Абайдың Қасқабұлағы

ҚОҢЫР

М О.Әуезовке
Ауыздығын арғымақ аттар шайнап,
Жанды менің даламда от қанша әйбат!
Елге бардым, Мұхаңның ізін көрдім,

Қаншама жыл өтсе де жатқан сайрап.
Жатыр ізі Семейдің қаласында,
Сарыарқаның сарыжон даласында.
Ақ шағала ойы жүр Әуезовтің,

Еркін аққан Ертістің жағасында.
Балаң даусы аралап Бөріліні,
Семейтауда жүр оның сері күні,
Шыңғыстаудың Күн болып аспанында

Естіледі Мұхаңның еріп үні.
Талай аңыз айтылған ала-қашпа,
Не көрмеді далиған дала қасқа!
Мұхаң кеткен тірілтіп, кәрі жолды,

Тіл бітіріп кеткен ол қара тасқа.
Қарсы аққан жел Абайдың жырын айтып,
Қарауылдың азайған суы қайтып.
Күшікбайдың асуы түксиеді,

Ғазизаның ғаламға мұңын айтып.
Ақшоқыда тұр Зере әже қосы,
Абай атын суарған өзен осы.
Әйгерімнің әуезді әні сіңген

Әлемге әйгі «Шілікті кезең» осы.

Б. Жақып
Бір құдірет шығарып таудың есін,
Жаңғыртады өмірдің мәңгі көшін.
Жеткізеді Орданың жартастары,

Абай менен Ерболдың әңгімесін.
Осы дала шертетін шежірең шын,
Жидебайды көненің көзі дерсің.
Күзетшідей өңірді шолып тұрған,

Қарауылтөбе – Құнанбай қажы дерсің.
Еске салып өткеннің есімін кей,
Қыстауларда жанады от өшірілмей.
Еңлік пенен Кебектің үйтасы тұр,

Махаббаттың мәңгілік бесігіндей.
Ұлы дала куәсі ел тартысының,
Жатыр жанын жасырып сан кісінің.
Түйеөркештен сылдыры естіледі,

Бір кездегі Тоғжанның шолпысының.
Дегелең, Мыржық пенен Шұнай тауы,
Бәрі де Мұхаң болып сыр айтады.
Санаңда сағым қуып жарысады

Бір ойды алмастырып бір ой тағы.
Қына басқан әрбір тас, селдір тоғай,
Ағып жатыр бастаулар мөлдір талай.
Бәрін кеткен тірілтіп ұлы Мұхаң,

Түн ішінде жартасты жаңғыртады Ай.
Ақ селеуі бас изеп, жусаны аңқып,
Ақша бұлты аспанда қуша қалқып,
Абай әнін шырқайды бүкіл дала.

Сол әуенге жан-дүниең тұрса балқып.

Абайдың Қасқабұлағы
Үйретпеген ұлы Абай күштеп нақыл,
Жылдар бойы жырлары үстепті ақыл.
Сыбырынан Мұхаңның дала оянған

Ойқұдықта қойылып спектакль.
Ақбайталда тас шошып, шың шыңғырып,
Ақиқатты ашуға құлшынды үміт.
Қодар менен Қамқаның атын айтып,

Қарашоқы жеке тұр бір сыр бүгіп.
Кәрі Шыңғыс жанарын жасқа бұлап,
Жақпар тасты баурына басты аңырап...
Бала Мұхтар сан рет бетін шайған,

Ағып жатыр баяғы Қасқабұлақ.
Сонау үйде, Бөрліде, өңі гүлдеп,
«Жаққан отым, өшпейтін өмірім!» – деп,
Дінәсіл әже отырды-ау бір заманда

Алдына алып Мұхтарды «Қоңырым!» – деп.
Ұлы шықты дәл сол бір қоңыр ұлдан
...Танбас халқым Мұхаңа табынудан.
Желсіз түнде Айдай боп туды өлеңім

Қара сөздің қағбасын сағынудан.

Б. Жақып

ЕЛТІНЖАЛ

Ғабең тойында оқылған өлең
Майдақоңыр пүліштей,
Сымға тартқан күмістей,
Сыңғырлаған қоңырау.

Ақ қайыңды ормандай,
Ақша бұлтты армандай,
Тұнып тұрған өмір-ау!
Күн нұрына боянған,

Қаз даусынан оянған,
Неткен дала, жаным-ау!
Жусан иісі аңқыған,
Қайнар бұлақ балқыған,

Неткен ғажап, Тәңір-ау!
Қыз Жібектің нұрындай,
Төлегеннің сырындай,
Баян сұлу көзіндей,

Қозы Көрпеш сөзіндей,
Ақтоқтының назындай,
Ақан сері сазындай.
Көкірегімді кернейді,

Сезімімді тербейді,
Сұлу, сырбаз бір әуен.
Жүрегімді жаулайды,
Жан-дүниемді баурайды,

Кербез, керім ұлы әлем.
Нұрыбайдың көліндей,
Атантайдың жеріндей,
Құлпырады ойлары.

Абайдың Қасқабұлағы
Жасыл шалғын – жасауы,
Гүлден шашу шашады,
Жанбатырдың жайлауы.

Боржабайдың томары,
Қалың ойға шомады,
Ай туғанда алтын жал.
Бір күдерін үзбейді,

Әлдекімді іздейді,
Қыс түскенде Елтінжал.

ҚАСЫМНЫҢ ҚЫЗЫЛ ҮЙІ

Алматыда бір үй бар,
Көріп пе едің жарқыным.
Қасым тұрған сол үйде
Нұр айшықтап әр күнін.

Дәл осында өткізген
Өлең жазып сан түнін.
Әйнегінің көрдің бе
Жасын тұнған жарқылын.

Сөзін сөйлеп халқының,
Отын жағып салтының,
Дәл осы үйден көрді елі
Нар, тәкаппар, мәрт ұлын.

Дәл осы үйде жырлады ол
Аралы мен Балқашын,
Жарық етті шам түнін.
Ембісі мен Ертісін,

Байқалы мен Балтығын.
Дәл осы үйде өр Қасым,
Мінген жырдың жорғасын.
Өкпесінен өткізді,

Б. Жақып
Жүрегіне жеткізді
Астананың сызы мен
Баспананың салқынын.

Тудырған ол осы үйде,
Найзағайдың жалтылын,
Қыран құстың саңқылын.
Көркем ойдың күмісін,

Асыл сөздің алтынын.
Тудырған ол осы үйде
Өр сезімнің шарпуын,
Қанатының қалқуын,

Жыр нөсерден кейінгі
Жан-дүниенің балқуын.
Қалдырған ол осы үйде
Асау ойдың толқынын.

Жүрегінің соғысын,
Тамырының солқылын.
Дәл осы үйдің ішінде
Ер Қасымның демі бар.

Өрт боп жанып, лаулаған
Өр Қасымның лебі бар.
Ақ қағаздың үстіне
Тарқатылған шері бар.

Қанқұйлы жауға атылған
Халықтың ыза-кегі бар.
Сұп-сұр қүзға айналған,
Сұр шинельді ері бар.

Лықсып таудан құйылған
Адуын жырдың легі бар.
Қара салмай алдына
Шапқан аттың тері бар.

Дәл осы үйдің ішінде

Абайдың Қасқабұлағы
Өлең-жырға айналған
Алты алаштың жері бар,
Алып ұшқан ақынды

Жеті қабат көгі бар.
Хан Тәңірі шыңы бар,
Алтайдың биік өрі бар,
Көкшетаудың көлі бар,

Сарыарқаның белі бар,
Баянауыл дөңі бар,
Қарқаралы дәмі бар.
Еділдің ерке самалы,

Жайықтың жайлы желі бар.
Орал деген қаланың
Пушкин мен Қасымға
Ұя болған төрі бар.

Аманжолдың Қасымы
Алдына алып тербеткен
Бүкіл қазақ елі бар.
Сондықтан да, Қызыл үй,

Қызыл пәтер болсаң да,
Қызыл күннен қалсаң да,
Маған ыстық сезімсің.
Шабыттанып шалқыған

Көкке атылған кезімсің.
Үйсіз жүрген қазақты,
Күйсіз жүрген қазақты
Қайрап тұрған сөзімсің.

Қастерлесін жамағат,
Қасымнан қалған көзімсің.
Баспана күтіп, көз жұмған
Ақынға біткен төзімсің.

Б. Жақып

МҰЗАҒАҢНЫҢ АУЫЛЫ

“Балдырғаннан” тілі шыққан бала жүр,
Көл де, орман да, не керектің бәрі әзір.
Маралдының маралдарын көргенде,
Ақын болсаң, тумай көрсін жаңа жыр.

Ауыл шіркін, сенің көркің бір бөлек,
Ал атынды шығаратын ұл керек.
Бір жас жігіт тұрды бізге мақтанып,
Мұзафардай ақын туған мұнда деп.

Орман, тоғай төңірегін қоршаған,
Қарағайлар салып берер ән саған.
Шалдай жақта шалдар шертер шежіре,
Самал соқса самырсындар самсаған.

Қазақ жерін тамсандырып сөзіне,
Талай сері қаратты елді өзіне.
Даланы ойлап, дара тұрған бір дарақ,
Естай болып елестеді көзіме.

Ал қайындар Хорлан болған ән салып,
Томар болып, тоғайлар тұр томсарып.
Бала кезде жүрген шығар Мұзағаң,
Тұздыкөлден Тұщыкөлге жол салып.

Сол Мұзағаң туған ауыл – Қызылтаң,
Көл қасында туған ауыл – Қызылтаң.
Ертіп келіп ақын, жақын достарын
Сауық-сайран құрған ауыл – Қызылтаң.

Оттай болып басылады құм көзге,
Қасиетімен қалар есте су да өзге,

Абайдың Қасқабұлағы
Дертке дауа балшығы да көлдегі
“Жылыбұлақ” деп аталған бір кезде.
...Жанарыңа ұя салып жаңа нұр,

Ауыл барсаң сілкінеді сана бір.
Ақын туған, ақын атын шығарған,
Тым жақын боп кетті маған сол ауыл.

БӘЙТЕРЕК

Академик-жазушы Зейнолла Қабдоловқа
“Ұшқын” болып ұштың да,
“Жалын” болып лауладың.
Әуелеп бір ұшқанда,

Әуезовтен аумадың.
Тебіренттің Каспийдің
Толқын-толқын тауларын.
Өрімтал жас өскіннің

Жан-жүрегін жауладың.
Ақ самалдай аңқылдап,
Тербеп шабыт орманын.
Найзағайдай жарқылдап,

Ақ жаңбырдай жауғаның.
Күннің алтын нұры боп,
Күміс шыққа аунадың.
Махамбеттің сөзіндей,

Ағыл-тегіл сауладың.
Ұлы Абайдың өзіндей,
Аулақтан ой ауладың.
Мұхтар болып мұңданып,

Сәбит болып сыр бағып,

Б. Жақып
Ғабит болып шыңдалып,
Ғабиден боп нұрланып.
Қайсар жырдың күймесін,

Қасым болып таныттың.
Өлең сөздің түймесін,
Әбділда боп ағыттың.
Мөлдірлікке құлшынып,

Өстік біз де көктедік,
Зеңгір көкке шаншылып.
«Айналайын!» – деп келіп,
Құштың бізді қаусырып.

Атбегілер сипаған,
«Құлын!» көрсе, кекілден.
«Айналайын!» – деп келіп,
Сүйдің менің бетімнен.

Ардақты аға, сол сөзбен,
Сыйладыңыз бар бақты.
Сол сөзіңіз біздерге
Қанат беріп, самғатты.

Айдынына ойыңның
Аққу менен қаз қонып,
Жүріп келе жатасың.
Үнін естіп қайыңның

Сұлу, сырлы саз болып,
Кіріп келе жатасың.
Өлең сөзбен айшықтап,
Қара сөзбен жырладың.

«Адамның кейбір кездерін».
Зейін қойып тыңдадым,
Зейнағамның сөздерін.

Абайдың Қасқабұлағы
Түн ұзақ та, күн – қысқа,
Басыңды бұлт шалмасын.
Сізге арнаған Шыңғыс та

Күздің «Қызыл алмасын».
Сыбдырласқан өзді-өзі
Жапырағың жетеді.
Сіз кіргенде КазГУ-ім,

Жарық болып кетеді.
Күннің түскен шуағы,
Бәйтерегім, теңселме.
Биік болып тұрады,

Өзіңменен еңсем де.

НАЙЗАҒАЙ

Төлеген Айбергеновке
Дүние дөңгеленіп, орман қашып,
Зау биік заңғар-заңғар тауларды асып.
Көктемнің дәл өзіндей жас құшағын,

Бір ақын оралады арманға ашып.
Жыл сайын оралады сол бір өлең,
Жанары көк аспандай мөлдіреген
Жыл сайын оралады сол бір өлең

Ақша бұлт орамалдай желбіреген.
Келеді ол қызғалдақты қырлар болып,
Мәңгілік мұз жататын шыңдар болып.
Тұнады ол Ақ қаздардың-ақ қыздардың

Жауқазын жүрегіне сырлар болып.

Б. Жақып
Қазақтың әсем әуез әндеріндей,
Алаштың тоқсан толғау өрнегіндей.
Кешегі сал-серінің серуеніндей.

Қайтады ол көктем құсы керуеніндей.
Аруана – бауыр дүние боздауындай,
Қобыздың шымырлатып қозғауындай.
Күй болып құйқылжиды саулап тұрып,

Сағымды сар даланың саздарындай.
Қосады енді бірде әнді-күйге,
Бөлейді сәмбі талды сәнді биге.
Сүйеді бар адамды самал болып,

Енеді Сағыныш боп әрбір үйге.
Ақ жаңбырлар тоздырған асқақ көрік.
Көктем сайын найзағай шашпақ келіп.
Бүгінгі ұрпағының тіліне еніп

Қазақтың әрбір тойын бастап беріп.
Өрлік пен ерлік болып сөз алатын
Ол шапса бар ма арғымақ оза алатын,
Құмдағы мұнараларға жыр боп қонып,

Әлемге паш етеді қазақ атын.
Асыл деп айту керек асылдарды,
Жасын деп айту керек жасындарды,
Каспийдің толқын-толқын таулары боп

Жалғайды оның жыры ғасырларды.
Көктемде рух болып басталатын,
Төлеген Айбергенов – аспан атың.
Сен десе соқыр көзден жас таматын

Абайдың Қасқабұлағы
Ғұмыры қанша қысқа болғанымен,
Тұғыры сонша биік асқақ ақын.
Нұр төкті мейірленіп аспаннан Күн,

Ашылсын кең тынысы жас тарланның.
Мәңгілік тарқамайтын қазағымның
Жыр тойы құтты болсын, басталған күн!
«АТТЫҢ БАСЫ» немесе

АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТІ аңсау
Кездесіп ек Асекеңмен

алғаш рет «Бесінде»
Сосын мөлдір Алматының

көгілдір бір кешінде.
Бір барғанда, әкелік шын

мейірім төгіп түрінен,
Телефонмен сөйлесті ол

Мәскеудегі ұлымен
Тағы бірде «Қаламгерде»

қалқыды оның қиялы
Бізге кофе ішуді де

үйретті сол зиялы.
Қара сөздің сексеуілі

шатыр-шұтыр жанатын,
Аттың басын бұрған шығар

дәл сол үйге сан ақын.
Алматыда жалғыз пәтер

«аттың басы» нөмірлі,
Асекеңнің үйі еді ол,

іздесең тез табатын.
Еркін құс боп ұшып жүрген

кезімізде кіл шебер,

Б. Жақып
Ол үйдің де дәмін таттық

десек бізге кім сенер.
Кілең өндір талдар едік,

келе жатқан өсіп тік,
Асекеңнен өзгеше бір

әңгімені есіттік.
Өлеңдегі Тәңіріміз –

Ибраһим болса да,
Құнекеңнің ұлылығын

айтушы еді ол тамсана.
Ал ол кезде қажы, сұлтан –

саналатын жау болып,
Кигені үшін айыпталған

үлкен ішік, дәу бөрік,
Биді би деп, ханды хан деп,

ал батырды батыр деп.
Ағытатын әңгімені

жанымызға жақын кеп,
Асекеңнің сол айтқаны –

түгелімен рас екен,
«Үш әріптен» қорықпайтын

бірақ біздің Асекең.
«Жапырақ жүрек жас қайыңнан»

бастап ала жөнеліп
«Мен сені сағынғанда...»

дейтін де нұрға кенеліп.
Мұқағали өлеңдерін жатқа оқитын,

сонан соң,
Отыратын ғажайып бір,

шапағатқа бөленіп.
Қазақ жайлы, азап жайлы

әңгімені бастайтын.
Баппен сөйлеп, Созақ жайлы

әңгімені бастайтын.

Абайдың Қасқабұлағы
Қазір біздер ішіп жүрміз

басқа сусын, өзге су,
Естен бірақ кетпейді екен

Асекеңмен кездесу.
Бекзат еді ол, сұлу аттай

көрінетін текті еді,
Ол шерткенде жүрек қозғар

домбыраның ішектері
Жас перілер дейтін бізді

жыр оқып, қол сермедік
Одан артық атақты біз,

әлі күнге көрмедік.
«Адасқақты» жазды да аға,

тұман түскен бір күні.
Адастырып кетті бізді,

жұмылды да кірпігі.
...Дәл сол үйдің көрдім

бүгін жанға жақын қақпасын,
Таба алмадым, есіктегі

бір кездегі «Ат басын».
Байқатқандай қазақи бір

бекзаттықтың белгісін,
Асекеңнің көзіндей боп

тұрушы еді сол мүсін.
Жүрегімді ток соққандай,

дір-дір етті өн-бойым,
Сең соққандай тамырыма

толқын-толқын толды ойым.
Асекең жоқ. Сөнгеннен соң

осы үйдегі бір алау,
Аттың басы қанат байлап,

ұшып кеткен шығар-ау.

Б. Жақып
Оның жойқын шабысына

кім бар, кәне, шақ келер.
Асқар десе, көз алдыма

сұлу жүйрік ат келер,
Құсжолында жанған күні

Асекеңнің шырағы,
Құсжолына жеткен шығар

Асекеңнің пырағы.

КҮН НҰРЫНАН ОЙ ӨРГЕН...

Қадыр Мырзалиевке
Ақша бұлттай сезімі Алатауға бас ұрған,
«Ақ отаудың» түндігі құс жолына ашылған,
Күн нұрынан ой өрген, ай нұрына шомылған,

Ақын жаны – түнгі аспан, жұлдыз – жыры шашылған.
«Бұлбұл бағы» сайраған, «Ой орманы» шулаған,
Көкірегі көк теңіз, толқындары тулаған.
Қызғалдағы қыр кезіп, жайнап «Дала дидары»,

«Домбырасы» күй шертіп, «Жер ұйығын» жырлаған.
Сұлулардың қылығын, арулардың бұрымын,
Арқау еткен жырына қырандардың тұғырын.
«Қорамсаққа» қол салып, тартты өмір «Көкпарын»,

Туыстарға сездірген «Алақанның» жылуын.
Алуан түске құбылған сиқыры бар сөзінің,
Егіз еткен ойына мөлдіреген сезімін.
Сәбилерді оятқан, қағып «Күміс қоңырау»,

Қазақтың жыр «Көшінде» керуені бар өзінің.

Абайдың Қасқабұлағы
…Терезесін жанымның қағып түнде әлдекім,
Салып берген жырымен ақ қырау боп өрнегін.
Кім десеңіз сол ақын, кім десеңіз сол шайыр –

Қадір тұтқан бар қазақ, Қадыр ағам ол менің!

НАР АҒА

Тұрсынбек Кәкішұлына
Енгізген ойын сыналап,
Бір өзі – бір мұрағат.
Баспасөзімнің тарихын,

Мектебіңді аштық танитын.
Ішінен көне қатпардың,
«Садақты» тауып ақтардың.
Бейімбетті зерттеп расында,

Сәбиттің жүрдің қасында.
Тайсалмай төктің теріңді
Алаштың сырын ашуға.
Сәкеннің жырын самғаттың,

Аруағын ердің аунаттың.
Алтыннан қымбат сөз жаздың,
Алтындыда туған ардақтым!
Сын болған дедің қазақта,

Өткізбей, зерттеп, бекер күн,
Әдеби сыннан от өрдің.
«Сын сапарына» шықтың да,
«Оңаша отау» көтердің.

Қарыздар қазақ сыны оған,
Емендей сынбай, шыдаған.
Бұлтты күн де өтті басыңнан,
Бұландыда өскен бұла ағам.

Б. Жақып
Еңбекқор, өткір, өр адам,
Қашанда дайын төр оған.
Ұлтыңның сөзін сөйледің,

Бөріліде туған бөрі ағам.
Қазаннан, Уфа, Мәскеуден,
Троицкіден, Ташкеннен
Қазақтың тауып іздерін,

Қазақтың сөзін іздедің.
Ұлтыңның ұлы желісін,
Алтын арқауын үзбедің.
Мұқаң менен Сәбеңнен

Әбділда мен Ғабеңнен,
Сүйсіне берген бата алдың.
«Тұрсекең – Ғалым» атандың.
Сенімін елдің ақтадың

Кітап боп шықты тапқаның.
Жұртыңның мұңын мұңдадың,
Ұлтыңның жоғын жоқтадың.
Сәкеннің асыл арманын

Жүрегіңде аға, сақтадың.
Соныңмен бізге қымбатсың.
Сол ойға халқың шым батсын.
Сексенге толған тойыңда,

Лебізін елің тыңдатсын.
Жаралар көшіп санадан,
Самал боп есіп даладан.
Арқаңа шапан жамылып,

Арғымақтарды міне бер,
Арқалап алғыс жүре бер,
Арқада туған Нар ағам!

Абайдың Қасқабұлағы

АЛАШТЫҢ БАҚЫТЫНА ТУҒАН АҒАМ...

жазушы Медеу Сәрсекеге
Кім болар өз ағасын танымаған,
Мен бүгін Ертісімдей ағын алам.
Сүйенген еңбегі мен ақылына,

Бұл ағам – Абайша айтсақ, толық адам.
Толық адам дегенім – кемел адам,
Білімі дүниені кең ораған.
«Айшықты мезетімен» көзге түсіп,

Жинаған асыл сөзді Медеу ағам.
Абайды, Әуезовті жастап көрген,
О бастан ақ желкенін асқақ керген.
«Жетінші толқынымен» бір кездері

Қазақ фантастикасын бастап берген.
Дәл сіздей қыруар мұра қалдырар кім?
Туады еңбекқордың алдынан күн.
Қаныштың әлеміне бастады оны

Бір сөзі «Қарғаш!» – деген Марғұланның.
Келесің жүзіп алға бақ – қайықта,
Мақтасақ осындайда мақтайық та.
Қазақта жазушы жоқ өзіңіздей,

Арнаған бар ғұмырын Сәтбаевқа.
Деректі прозаға алып келген,
Аймаңдай асылдарды халық көрген.
Тұлғасын Бекмаханов, Бөкетовтің

Тарихқа жаздың алтын әріптермен.

Б. Жақып
Күн өтті аласапыран, елең-алаң,
Дәлелді деректерге сенеді адам.
Біртуар Алыптарды ақтап алған,

Өзіңіз де Алыпсыз Медеу ағам.
«Жұртым!» – деп қалам ұстап көз ілесің,
«Ұлтым!» – деп, болашақты сезінесің.
Арғында Қаракесек, Тарақтының,

Ұрпаққа жазып бердің шежіресін.
Жазғаның әділеттің салды отына,
Драматургтік жалғанды мәңгі атыңа.
Актер мен режиссердің тілін тауып,

Қоясың пьесаңды Алматыда.
Ақынға ұят болар жырламаған,
Алаштың қаласында тұрған адам,
Абыралы өңірінің ақсақалы,

Алаштың бақытына туған ағам.
Мен едім Арқада өскен бала қайың,
Жүректен Әміредей ән атайын.
Жанақ, Қасым, Төлеужан, Кашаф болып,

Кеудемнен өлең сөзді боратайын.
Сарыарқада Сапекеңдей саят құрып,
Аузыма дүйім жұртты қаратайын,
Толғанып толғау жаздым бүгін ғана

Толғанда жетпіс беске ағатайым.
Жаз бен қыс, көктем менен күзде келіп,
Ақыл мен кеңесіңді бізге беріп.
Шаттанып отырыңыз ортамызда,

Асықпай сексен, тоқсан, жүзге келіп.

Абайдың Қасқабұлағы

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Ақын Есенбай Дүйсенбайұлына
Күйкентайдай ағам бар

күйін шерткен дүниенің,
Баспа үйіне барғанда,

басты алдына бір иемін.
Баспасының алдында,

басқасының алдында,
Өлең ғана жоғары Есағаңдай

жыр иенің.
Ақын жырдың иесі,

оған кімнің бар дауы,
Тағдырымның таусылмас

тоқсан тарау толғауы.
Өлеңге кеп қонады.

көлге қонған аққудай,
Домбыраның күмбірі,

қоңыр қобыз сарнауы.
Сарыалақаз саңқылы,

қараша қаз қаңқылы,
Сағым дүние жалтылы,

найзағайдың жарқылы.
Қазақпыз біз дүниенің

шешкен барлық жұмбағын,
Қара өлеңнің ағысы,

иірімі арқылы.
Өлең болып көрінер аққан өмір

көш оған,
Тіршіліктің күрмеуін жырын оқып

шеше алам.

Б. Жақып
Баспа үйінде Жұмекен

таптырмайды бұл күнде,
Бірақ отыр сол үйдің иесіндей Есағам.
Асқан да жоқ, тасқан жоқ

сабасында аққан ол.
Өлең көрсе, аспаннан

қаршығадай қаққан ол.
Көкірегі оның көк аспан,

кеудесі оның кең дала,
Қара өлеңін қазақтың

тұмар етіп таққан ол.
Сол үшін де Құдайға,

мың бір тәуба жасаймын.
Күйкентайдай ағама

нұр шұғылаңды шаш Ай, Күн!
Есағамның жырларын жатқа оқиды

жас құрақ,
Еділ-Жайық оқиды
қоңыраулатқан қос айдын...
Жақсы жырды оқыса,

масаттанып, марқайған,
Осы ағамды іздейді

Атырау, Арқа, Алтайдан.
Көрген жоқпын кездерін

Есағамның еңкейген,
Көрген жақсы кездерін

Есағамның шалқайған.

Абайдың Қасқабұлағы
Қаламынан сыр ұқтым,

қабағынан мұң ұқтым
Мұң болғанда қандай мұң,

ақ тұмадай тұнық мұң.
Эйнштейн салыстырмалы

теориясын жасаса,
Теориясын жасады ол

қарапайымдылықтың.
Кеудесін де қақпады,

орден-медаль тақпады,
Хатқа жазып мөп-мөлдір өлеңдерін

сақтады.
Жүгірген жоқ бермейтін

Мемсыйлықтың соңынан,
Әдебиет – ары ғой,

Ар биігін сатпады.
Отырып ап баспада

батырды сан кешіңді,
Қосамын деп өлеңге,

судай жаңа есімді.
Баспанасыз жүрсе де,

астанасын тастамас,
Мынау жаңа ғасырдың

Қасымдарын өсірді.
Есағаңның алдына

не бір жандар келеді,
Боз биенің сүтіне

шомылғандар келеді.
Бозбауыр аспан астында

сабылғандар келеді,

Б. Жақып
Боз дала боп бозторғай

тағынғандар келеді.
Боз ала таңда оянып,

боз жорғаға мініп-ап,
Боз жусанның иісін

сағынғандар келеді.
Біреулері даладан

өлең іздеп жоғалды,
Есенин боп біресе

көше кезген соларды,
Кітаптарын шығарып,

берген қаламақысын,
Есағаңнан басқа ешкім

түсінбеді оларды.
Бар байлығы сол оның –

інілері жырдағы.
Өзі келген бәйгеде

енді солар зулады.
Өткен сайын уақыт,

көрінеді жарқырап,
Есағаңның сап берген,

ақ күміс ер-тұрманы.
Еңбегіңді біз елеп,

көрсетпесек кеш, ағам.
Саған тиген адамнан

өмір-бақи өш алам.
Елуінде еңкеймей,

алпысында шалқаймай,
Жетпіске аяң желіспен

келіп қалды Есағам!

Абайдың Қасқабұлағы
Шағаладай шарқ ұрдым,

Қыран болып қалқырмын,
Сөнбейтінін сезе бер

сенен алған жарқылдың.
Көкірегінің күркірін,

жүрегінің лүпілін,
Түсінетін сен барсың

соңыңа ерген толқынның.

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ИЕСІ

Ақын Ибрагим Исаевқа
Жырлап өскен даласын,

Жырлап өскен қыратын
Жырдан тапқан арманын,

Жырдан тапқан мұратын.
Келді ортаңа кең пейіл

Алқалаған әлеумет,
Алматыда тұратын

Сырда туған бір ақын.
Күннің нұры жүзіне

Күлкі болып тұнатын,
Қашан көрсең жайдары

күлімсіреп тұратын.
Шуақ етіп шашқан ол

асыл сөздің маржанын,
Тұмар етіп таққан ол

Ұлы Абайдың шын атын.
Келді ол бүгін сағынып

Сырдария толқынын,

Б. Жақып
Сарыалақаз саңқылын,

Қараша қаз қаңқылын:
Гүлдегенін жиденің,

Қорқыт ата күйлерін,
Көктемгі күн күркірін,

Найзағайдың жарқылын.
Келді ол бүгін сағынып

Ақмешіттің ақ таңын
Қызылорда аспанын,

Қызарып күн батқанын.
Қара жолдың бойында

Асық атқан күндерін,
Қайта оралмас балалық

Балғын дәурен Шақтарын.
Аттанғанда сапарға

Ауыл сенім артқанын,
Келді ол бүгін сағынып

Бата берген қарттарын.
Ағалардың ақылын,

Жеңгелердің әзілін,
Ақ білекті қыздардың

Шәйі орамал тартқанын
Аналардың тілегін

Інілердің жүрегін,
Қарындастар гүл өңін,

Қызғалдақтай реңін,
Қайда жүрсе бірге алып,

Жүрді өзімен сол ақын,
Өзіне өмір сыйлаған

Қасиетті Сыр елін

Абайдың Қасқабұлағы
Ғасырларды көктеген

Сырдан тапқан бақытын,
Таңғы шықтай мөп-мөлдір

Жырдан тапқан бақытын.
Туған елін тербетті

Әсем-әсем әндермен,
Қаламына жүгінді

Босқа өткізбей уақытын.
Аңқылдаған ақ самал

Жанға рахат дауасын
Келді ол бүгін сағынып

Туған жердің ауасын
Шарлады оның өлеңі

Шартарапқа жайылып
Сазды жырмен тебірентіп

Қазағымның даласын.
Сонау балғын кезінде

Сүлейлерден от алған,
Қаратаев Мұқаңдай

Қара нардан бата алған.
Тұмағаңның інісі,

Жарасқанның жан досы,
Ибрагим Исаев – сырбаз ақын атанған,
Асыл халқым ақының

Еркелесе сүйеші.
Ақын аққу сияқты,

Бар ғой оның киесі.
Ертең уақыт өткенде

Судырлатып парағын
Сол боп қалар тарихта

Туған жердің иесі.

Б. Жақып

АЛТАЙДАН ҰШҚАН АҚИЫҚ

Жазушы, драматург Талаптан Ахметжанның рухына
Сұрланып бұлттар даланы жабар,
Тағы да суық қаралы хабар.
Ашылып гүлі келе жатқанда

Жабылып достың жанары қалар.
Ойладық па біз, Сен кетеді,– деп,
Ауыр мұң елді меңдетеді,– деп.
Ойладық па біз Одақта сені

Қаралы әуен тербетеді деп.
Қырқыңда қамал алған едің ғой,
Жалындап тұрып жанған едің ғой,
Алтайдан ұшқан Ақиығым-ай,

Алатауға келіп қонған едің ғой.
Жазған едің ғой көсіліп тұрып,
Жүретін едің есіліп, күліп,
Сан мәрте төрде салмақты қалпы

Сөйлеген едің шешіліп тұрып.
Бағымызды сөзден тауып едік қой,
Бірге жүргенде жарық едік ғой.
Семейге күні кеше ғана біз

Сапарға бірге барып едік қой.
Жазмыш па, жазмыш мәселесі ме,
Пенденің жазған пешенесіне,
Тағзым етіп ек, құран бағыштап,

Абай, Шәкәрім кесенесіне.

Абайдың Қасқабұлағы
Оқырманың боп сенді де халық,
Көрерменің боп көрді де халық.
Мұхаң рухына бас иіп едік,

Арнайы тоқтап Бөрліге барып.
Ақырын жүріп, анық басатын,
Құшағын бүгін халыққа ашатын.
Ертіске барсаң еркелеп кейде

Толқындар сені алып қашатын.
Қаламгер едің, қайраткер едің,
Жазғаның сенің әйбат дер едім.
Қолымнан менің не келер дейсің,

Жырымды ғана байлап беремін.
Өмірді баппен сүруші едің,
Ақкөйлек қалпы жүруші едің,
Сұлулықты көрсең суретші болып

Жымиып қана күлуші едің.
Арманды қуып жетіп қаласың,
Бізден де дәурен өтіп барасың.
Ақсайда досым тұрушы едің,

Кеңсайға енді кетіп барасың.
Соңыңда мөлдір жазғаның қалды,
Қаңқылдап ұшқан қаздарың қалды,
Қайталанбайтын саздарың қалды,

Егіліп жылап жан-жарың қалды,
Әйгерім, Назым, Бұлбұлың қалды,
Асыл тұяғың Мағжаның қалды.

Б. Жақып
Өшпейсің досым өрлеп тұрасың,
Күршімде ауылың көлдетті жасын,
Сен өткен кезде жаңбыр тоқтамай,

Алматы көзден селдетті жасын.
Жас қабіріңді жел өпті жылап,
Орының сенің бөлек-ті бірақ.
Өксіді бүкіл Қазақстаным,

Солқылдағанда Теректібұлақ.
Талаптаным-ай, Талаптаным-ай!
Жаныңды ерте алды-ау Жаратқаным-ай!
Өзіңсіз күңгірт кеш батты бүгін,

Өзіңсіз сұрғылт таң атқанын-ай!

СӨЗДЕРІ ТӨРЖАЙЛАУДЫҢ ГҮЛДЕРІНДЕЙ...

Әлібек Асқаровқа
Іс нап-нақ, қимыл ширақ, ой көреген,
Тұрпатын қыздырып-ап бәйгеменен.
Ғажайып сұлулықты көру үшін

Алтайға бару керек! – дейді, – Әлекем.
Алдымнан толқын көріп аман қайығым.
Бір көрсем, Аға, сізді, соған байыдым.
Суретін сөзбен салған өр Алтайдың,

Жайлауын Сіздей жазған Шабанбайдың.
Сіз ішкен бұлақтан су ішкендеймін,
Сіз түскен өзенге де түскендеймін.
Сіз көрген аңнан басқа аң көрмеймін,

Сіз көрген құстан басқа құс көрмеймін.

Абайдың Қасқабұлағы
Бұғының көздеріндей көзің жансын,
Төржайлау гүлдеріндей сөзін жансын,
Орағам Кербұғы боп кетті Алтайға,

Иншалла, Мұзтау шыққан өзің барсың.
Сөз жақсаң, қараңғыда шамдай жақшы,
Шам жақсаң, бүкіл қазақ таңдай қақшы.
Мұзтауды бетке ұстап, біз келеміз,

Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!
Беу, Алтай, кербез Алтай, Алтай, Алтай,
Аяғың жете сала, шалқай, шалқай.
Асу ма алпыс деген өзіңізге

Сіз үшін түсіңіз ғой шаңқай, шаңқай.
Астана, Алматыға тиіп, қонып,
Келеміз кердалада киік болып.
Артыңнан ерген мына біздер үшін,

Мұзтаудай тұрыңыз тек биік болып!

ТҰМАДАЙ МӨЛДІР ТҰМАҒАМ...

«Өтті!» – дейді Тұмағам! Сене алмаймын,
Осы болды-ау тосыннан келер қайғым.
Енді Сізге сәлем де бере алмаймын,
Енді Сізді Одақтан көре алмаймын.

Қаралы бұл хабардан дала жанып,
Түнгі оттарын, іздейді, қала жағып,
Ақ жаңбырға ұқсайтын мінезің де
Алматыда басылған жаңа жауып.

Б. Жақып
Келген жастар өлеңге алып ұшып,
Табысатын Сізбенен сағынысып.
Жапырақ едік жайқалдық жағаңызда,

Тұмаңыздан Тұмаға, қанып ішіп.
Сөзі – нәзік, көңілі – ақ, кең жүрегі,
Тұмағамның тұмасын ел біледі.
Қылау түспес жаныңның терезесі,

Өз көзәйнегіңдей мөлдір еді.
Қара өлеңнің шекпенін бүтіндерміз,
Тұмағаңды көргенбіз, «Шүкір» -дерміз.
Кітаптарын жастанып, сырттай оқып,

Тұманбайдың мектебін бітіргенбіз.
Жәуһар сөзге қырандай таңдап түсіп,
Өлеңіңді халқыңа арнап, құшып.
Жүрегіңмен жазушы ең жырларыңды,

Жүрегіңе кетті ме салмақ түсіп.
Бұл жалғанның, Тұмаға, құны жоқ па?!
Қалай ғана аттандың тым ұзаққа.
Қайтқан құстың ілесіп қанатына

Қайтып сен де кеттің бе жылы жаққа.
Аттандың ба өлеңнің жәннатына,
Ақын сөзі қосылды мәңгі атыңа.
Өлең болып, ән болып самғап ұшып,

Көктем сайын жетерсің Алматыңа.
Мініп шаптың көсіліп, сырбаз атқа,
Тамсандырып халқыңды жыр ғажапқа.
Сезім қылын тербетіп самал болып,

Сұлу әлем сыйладың бұл қазаққа.

Абайдың Қасқабұлағы
Өксігіміз жыласақ, басыла ма,
Өлең болып көз жасы шашыла ма?
Құралайың озған соң дүниеден,

Тез қартайып кеттің-ау асыл аға.
Көрінгенмен біздерге өмір – жаздай,
Күз тез келіп қалады көңіл саздай.
Қадыр ағам қайтқанда, қайғырып ең,

Сыңарынан айырылған Қоңырқаздай.
Желіп жүріп уақыттың жетегінде,
Қоштаса алмай біз қалдық өтеріңде.
Адам болып өмірді күліп бастап,

Жылай да алмай қалдың-ау кетеріңде.
Біз жылаймыз Сіз үшін жоқтап Аға,
Жағып кеттің жырыңмен от далаңа.
«Балдырғаны» қазақтың жетім қалды,

Бәрі сізді жоқтап тұр, топқа қара.
Інілерді ертіп ең соңыңа көп,
Батаңды да беріп ең жолыма көп.
Түсімде өзің ұшыпсың құсқа айналып,

Қауырсының қоныпты қолыма кеп.
Бабам қазақ қашан да түс жорыған.
Түс жорыса, жақсы бір іс жорыған.
Сізден қалған қауырсын қаламды алып,

Түсірмейміз Ағатай, Құс жолынан.
Жадымызда Сіз салған із жатталып,
Жүрегіміз тұр біздің мұздап қалып.
Көктемеде күлімдеп келіп едің,

Құс сияқты барасың күзде аттанып.

Б. Жақып

АҚЫНДАРДЫҢ АҚҚУЫ

Марфуға Айтхожаға
Туған елдің көгіндей елжіреген,
Туған жердің көліндей мөлдіреген,
Енді бірде айналып ақша бұлтқа,

Ақ орамал сияқты желбіреген,
Жүрегімді тербейді сол бір өлең.
Күйге айналып төгілсе күмбір әлем,
Туған жердің гүліндей үлбіреген.

Ай боп жайып кеш бата алақанын,
Аумай туған таң ата Сүмбіледен.
Нүрландырды жанымды бұл бір өлең.
Көк шалғыны майысқан белді көрем,

Ақ селеуді билеткен желді көрем.
Атажұртын аңсаған аруанадай
Сағым-сағым, сағыныш шөлді көрем.
Жанарыңа жас келер ол бір әлем.

Бір қазақты екіге бөлген заман,
Екеуінің біреуі өлген заман.
Бұлт астында буыршын мұзға тайып,
Күн соңынан ақ бота ерген заман.

Жүрегінді айғыздап тілгілеген.
Елес берген өткеннен бұл бір өлең.
Ақ қайыңдай ырғалған нұрды көрем,
Құсжолынан сырға алған жырды көрем.

Мамық ұшса көрінген сүттей жарық,
Мақпал тымық мақтадай түнді көрем.
Қайталанбас, қайрылмас бұл бір әлем.

Абайдың Қасқабұлағы
Мың бір тілде сайраған бұл бір әлем,
Сырын төгіп сиқырлы сыңғыр әлем.
Мың бір түнде көз ілмей елін ойлап,

Жазып келе жатыр ол мың бір өлең.
Қайғырғанда Ақтоқты сияқтанып,
Мұңайғанда Тоғжандай күй ақтарып.
Жымиғанда Жібектей көрінеді,

Көрсетпестен жылайды жырақ барып.
Нәзіктік пен сүлулық үлгісіндей,
Мәңгі жас жан көрмедім бүл кісідей.
Бір қарасаң Баянның жүрегіндей,

Бір қарасаң Сараның сіңлісіндей.
Тиме аққуға,– деуші еді,– киесі бар,
Ақынның да дәл сондай иесі бар.
Жүрегі бар аққудың ақындарда,

Келер ұрпақ, осыны жиі есіңе ал.
Білесіңдер қанша аққу атылғанын,
Білесіңдер қанша ақын “Аһ!” ұрғанын.
Еркін жүзсін өлеңнің айдынында,

Ақ қауырсын аққуы ақындардың.

АҚ ТІЛЕК

Несіпбек Айтұлына
Өлең болды құндағың,
Өлең болды бесігің,
Аштың,аға, өмірдің

Өлең болып есігін.
Қадам бастың жыр болып,
Амандастың жыр болып,
Кітаптарға айналдың,

Таусылмайтын сыр болып.

Б. Жақып
Жауһар болды сүзгенің,
Асыл сөзден тізгенің,
Несіпбек боп қарсы алдың

Алматының күздерін.
...Қайран да біздің бабалар!
Қасқайған өңкей қара нар.
Қара өленді төгілткен,

Қарсы келген дүшпанның
Қабырғасын сегілткен.
Шөже менен Кемпірбай,
Балта менен Орынбай,

Жанақ пенен Түбектің,
Жолын жалғап, жыр еттің.
Шыңғыстауға гүл ектің,
Шұбартауды түлеттің.

Қара өлеңін қазақтың
Желбіреген ту еттің,
Мөлдіреген су еттің.
Елге лүпілін жеткіздің

Елжірген жүректің.
Жігеріңді жаныдың,
Естіп “Қобыз сарынын”,
Бабатайүлы Дулат пен

Ақтанберді Сарыұлын
Күлдір-күлдір кісінеген
Күреңінен таныдың.
Еске салдың Науайды,

“Ескендірдің қорғанын”.
Пір санадың Абайды,
Мың аунатып аруағын.

Абайдың Қасқабұлағы
Кидің шабыт көйлегін,
Шыңырау ойға шым баттың.
Абыз болып сөйледің,

Мүхтар болып тіл қаттың.
Шақпақтыда шам жағып,
Шәкәрімді іздедің,
Шәкірт ойдың шідерін

Шәкер болып үзгенің,
Елдің, жердің тағдырын,
Сөзбен өріп барлығын.
Бал-бұл жанған өлең боп

Төрде отырсың дәл бүгін.
Ту сыртыңнан жебейді,
Қолтығыңнан демейді,
Аруақтар ерте озған

Ағаларың қасыңда,
Төлеубек те осында,
Төлеуғали осында,
Төлеужан да осында,

Ұшып келді ән болып,
Жәнібектей досың да.
Ақ тілектің жүйелі,
Ағытылды тиегі.

Бір сілкінді Семейдің
Топырағы киелі.
Қарт Шыңғыстың алыстан
Кемсеңдейді иегі.

Ертісіңнен ескен жел
Еркелеп кеп сүйеді.

Б. Жақып
Тарбағатай, өр Алтай,
Шұнай тауы, шың-қүзды,
Жүрекадыр, Құндызды,

Арқат, Орда, Дегелең,
Көкке ұшырды көп өлең.
Бидайық пен Бақанас,
Таңат, Қайнар, Алғабас,

Көкпектіде Толағай,
Аякөз, Бесқарағай,
Қарашоқы, Ақшоқы,
Қасқабұлақ, Қарауыл,

Сәлем айтты бар ауыл.
Айтұлының айтулы ақын екенін,
Айтпай жүрсек, кеш, аға!
Өлең тойы, жыр тойы,

Құтты болсын, Несаға!

МАҢМАҢГЕР

Бауыржан Үсеновтің рухына бағыштаймын
Дос едік құлын-тайдай шұрқырасқан…
Көңілді енді қайғы бұлты басқан.
Басында қабіріңнің мен жыладым,

Көзінің тұрды жасын сүртіп аспан.
Тізесін кім бүкпеген қайғы алдында,
Арулап Жер-бесікке қойды аулыңда.
Томпиған жас қабірің қозғалмайды

Шынымен топыраққа айналдың ба?!

Абайдың Қасқабұлағы
Есінен шығармайтын елі мәңгі,
Шырқатып салатынсың небір әнді.
Қазақтың жәудір көзді ботасы едің

Қара жер қалай ғана сені де алды?!
Сал да едің, туа біткен сері де едің,
Еліңнің еркелеген елігі едің.
Жадымда жаңғырығып қоңыр даусың

Қоңырқай күй кешемін, егілемін.
Атыңды қойған жұртың шын ырымдап,
Ақын ең халық үшін жыры қымбат.
Кемсеңдеп қара нардай әкең қалды

Аңырап анаң қалды «құлынымдап!!!»
Бұлақтай буырқанған бұл жыр-ән,
Достардың кетпей қойды құлағынан.
Зар жылап, қойнына алып қос ұлыңды,

Айырылып жарың қалды сыңарынан.
«Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда…»
Шығанға шырқап салған әнің қайда.
Қоңыр үн, өмір өлең жүрген жері

Сендей дос енді бізге табу қайда.
Соңыңда шумақ-шумақ өлең қалды,
Өмірде өзің сүйген әлем қалды.
Қайғыны жыртыс етіп жыртып беріп,

Сұм ажал шыбын-жанды сенен де алды.

Б. Жақып

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

Ғ. Мүсірепов рухына фатиха
Заманның желі соғып, сулары ағып,
Кең далам тоқсан толғау сырға оранып.
Уақыт өткен сайын ұлылардың,

Бейнесі көрінеді тұлғаланып.
Жайқалған ақ қайыңдар арасында,
Шайқалған сексен көлдің жағасында.
Сырбаз сөз, сымбатты сөз болып тудың

Қазақтың оянбаған даласында.
Көктемге ол кезде де жаз ұласқан,
Бойында сұлу сөзге саз ұласқан,
Түндіктен, туа сала, жұлдыз көріп,

Киелі киіз үйде көзін ашқан.
Қызыл жон қырғындағы батырлары,
Асау той, тентек жиын хақындағы.
Ғажайып әңгімелер өсірді оны,

Шалдардың ертегісі, нақылдары.
Жасында қайсар болған, қаймықпаған,
Жүрегі ештеңеден шайлықпаған.
Арапша қаріп танып алты жаста,

Ән тыңдап, жеті жаста ой нықтаған.
Біржанның жырын естіп тебіренді,
Ақанның әнін естіп еміренді.
Сол әнге күй қосылып кеткен кезде,

Ғажайып боп көрінді өмір енді.

Абайдың Қасқабұлағы
Отырып қиссашының оң жағына,
Үңілді кітап алып шам жанына.
«Қыз Жібек», «Көрғұлыны» ұйып тыңдап,

Шомылды қиссалардың маржанына.
...Қалайша өткен тарих көнереді,
Өмірі өрілген бір өлең еді.
Оятқан туған жерді сұлу сазбен,

Сол бала – сөз зергері Ғабең еді.

ҒҰЛАМА

Академик З.Қабдолов рухына
Естелік айтып Мұхаңмен жүрген жаз күннен,
Еңкейіп кіріп, шалқайып шықтың КазГУ-ден.
Тойларыңда, аға, шаттанып өлең оқушы ем,

Бүгінгі жырды қайғырып тұрып жаздым мен.
Бейнеңіз қалды күлімдеп күндей тұратын,
Ғаламат жансыз ғасырда бір-ақ туатын.
Қайталанбайтын шешен сөзіңмен таныттың,

Алты алашымның арманын, мақсат, мұратын.
Алатаудай асқақ, Жайықтай тұнық тереңім,
Арқадай дархан, Еділдей ерке еренім.
Тамырыңды жайып, жапырақтарыңды шулатып,

Бұ дүниеден кеттің бе сен де, кемелім!
Кешегі өткен ғұламалардың көзі едің,
Ұлы Ұстаз болса, дәл соның Зеке, өзі едің.
Айдай боп туып, судай боп аққан елімнің,

Алтын да баулы, күміс те зерлі сөзі едің.
Елбасына да бергенсің өзің батаңды.
Шуағыңнан сенің бүкіл ақындар от алды.
Үйретіп кеттің, көрсетіп кеттің біздерге,

Қалайша сүю керек екенін Отанды.

Б. Жақып
Қадым заманнан өмір мен өлім арбасқан,
Айырылып Сізден, «аһ» ұрдық бүгін марқасқам.
Заманалардың судырлағанда парағы,

Келешек ұрпақ таниды Сізді танбастан.
Асыл сөздегі қартаймас мәңгі, Абызым,
Жылдардан жылға ортаймай жетер аңызым.
Өзіңді жоқтап, домбыра күйі шертіліп,

Ішегін тартып, жылайды өксіп қобызым.
Аспанда бұлттар көз жасын төгіп қалқысын,
Арнаған жансыз бүкіл ғұмырын халқы үшін!
Өзіне-өзі сөзінен күмбез тұрғызған,

Қыраным едің естілер даусың шың-құздан.
Арыстаным ең, данышпаным ең, еңсем ең,
Биіктігіңді ел парасатыңмен өлшеген.
Кітаптарың мен шәкірттерің барда, ел барда,

Өлмейтініңе, өшпейтініңе мен сенем.
Рухыңыз тұрар КазГУ-дің мәңгі төрінде,
Жүресіз шарлап қазақтың байтақ жерінде.
Ұлы Әуезовтің әуезді үнін сағынып,

Кеткендейсіз Сіз Мұқаңа барып келуге...

Абайдың Қасқабұлағы

МҰЗАРТ

Мұхтар Құл-Мұхаммедке
Аламанында өмірдің,
Озып шыққан тұлпарым,
Сала құлаш қанатын

Жазып шыққан сұңқарым.
Тарихқа жүйрік еренім,
Тұңғиық түпсіз тереңім.
Ойымен, парасатымен

Шығандап ұшқан шырқауым.
Шешенсөз болған жөргегің,
Көсемсөз болған өргенің,
Шығыстан шыққан шынарым,

Семейден шыққан сергегім.
Алматының елемей,
Жауыны мен бұршағын.
Астананың елемей,

Бораны мен бұрқағын.
Ұлттық намыс дегенде,
Түу биікке шырқадың.
Атуына күш салдың,

Қазағымның нұр таңын.
Естіп өскен Күн жырын,
Тыңдап өскен Бұлт әнін,
Қазақта Тау көп емес,

Өзіңсің асқақ бір Тауым.
Көкейден шыққан бұл шыным –
Өзіңсің Мұзарт бір Шыңым.

Б. Жақып
Көсіле сөйлеп тоқтаттың,
Шешіле сөйлеп тоқтаттың,
Уақыттың бір сәт ұршығын.

Естіп-ап сенің сөзіңнен
Заманның жүрек дүрсілін,
Қанша гүл, жарды, қауызын,
Қаншама ағаш бүршігін.

Жауға салса, беренім,
Дауға салса, еренім,
Тілге салса, алмасым,
Алдаспаным сен едің.

Орда бұзған отызда,
Қамал алған қырықта,
Жайқалған жасыл желегің,
Елуге келген Кемелім.

Тарбағатай, Алтайдың,
Еміп өстің емшегін.
Хан Тәңірі, Мұзтаудың
Көріп өстің сеңсеңін.

Ұлы Абайдың ойымен,
Дүниені өлшедің.
Әуезовтің жолымен
Сілтедің сөздің семсерін.

Қапсағай бітім тұлғалым,
Еңсегей бойлы еңселім.
Атадан қалған мұраның,
Сөнбестей жақтың шырағын.

Күлтегін мен Тоныкөк,
Білге қаған ұлы ағын,
Елімнен тапты тұрағын.

Абайдың Қасқабұлағы
Бейбарыстың көрдің шуағын,
Фарабидің аштың бұлағын.
Жаңғырттың қайта мәңгілік

Қазақтың інжу мың күйін,
Қазақтың маржан мың әнін.
Қайтарып халық тұмарын,
Қандырдың елдің құмарын.

Мың-миллион қазақтан,
Жеке де дара шыққаным.
Елбасының қасында
Әр қадамыңды нықтадың.

Сөзіңді іспен шегелеп,
Тұғырыңды мықтадың.
Зиялы қауым біледі
Бойыңда бақ пен құт барын.

Жұлдызың жансын жоғары,
Айбынды ағам Мұхтарым!

Б. Жақып

АҚЖЕЛКЕН

И. Тасмағамбетовке
Сізге бақыт тілейді үй, босағам,
Сіздей жанды сыйласын, сыйласа адам.
Ардақ тұтқан алаштың асылысың,

Аруақтар қолдасын, Имаш ағам!
Ел біледі, жасыңнан атқа міндің,
Ұлтың үшін аянбай, отқа кірдің.
Алатаудай – асқақсың, даламдай – кең,

Сен сөйлесең, Жайық боп ақтарылдың.
Сен сөйлесең, артта қап азап күнім,
Бүкіл қазақ сезінді қазақтығын.
Үлесің бар өзіңнің, басқа қонса

Тәуелсіздік, бостандық, азаттығым.
Сен сөйлесең, сөздерің семсер болып,
Биіктедің қазақи еңсем болып.
Қошқармүйіз оюлы нұр жамылып,

Ел отырды киіп ап сеңсең бөрік.
Сен сөйлесең, жарқ еттің алдаспандай,
Кейде маңғаз көріндің марқасқадай.
Күлтегін мен Тоныкөк, Бейбарыстың

Сен арқылы арманы жалғасқандай.
Тіліп, тіліп сөйледің, көк тіредің,
Өйткені сен намыстай өткір едің.
Сарайшықта тірілттің тарихымды,

Келешекке жеткізіп көп тілегін.

Абайдың Қасқабұлағы
Ғасырлардың сүңгідің тереңіне,
Рух еді ұлтыңа керегі де.
Алматыда өмірдің жаннатында

Шабыт бердің ақынның өлеңіне,
Шуақ төктің әншінің әлеміне.
Сен сөйлесең, жүрекке от бересің,
Соны Алла тағала көп демесін.

Ақжелкендей жүзе бер, Имаш аға,
Алға бастап Алаштың ақ кемесін!

ЖАЙЛЫБАЙДЫҢ ҒАЛЫМЫ

Үн қосып қарашаның қаздарына,
Ән қосып Сарыарқаның саздарына.
Күй қосты жәудір көзді бота болып,
Қазақтай бозінгеннің боздауына.

Аманатын, ел мұңын Арқадағы,
Жайлыбайдың Ғалымы арқалады.
Қызылжар, Көкшетау мен Баянауыл,
Жаңаарқа, Жезқазған мен Қарқаралы.

Шаттықтан бір шайқалды шартарабы.
Арқаны өлең көші араласын,
Көңілдің жарқыратып самаласын.
Жарқылдап Мәди баба найзағайы,

Алдыңа келіп отыр бала Қасым.
Бетпақтың еркін ескен киігі едің,
Біржанның құйқылжытар биігі едің.
Ақанның шырқап салар әні ме едің,

Сайдалы Сары Тоқаның күйі ме едің.

Б. Жақып
Ақынның қызыл тілі – құт Тәңірі,
Арқадан талай жайсаң шыққан ұлы.
Бір аунап жатқан шығар Үкілі Ыбырай,

Кешегі Иманжүсіп Құтпанұлы.
Қалың ел көбейте түс қараңды енді,
Сүйгендей өліп-өшіп самал белді.
Бұқардың, Ұлы Абайдың жалғасындай,

Алдыңа сөз ұстаған балаң келді.
Естіліп елдің үні Ақтабаннан,
Ұлың бар қара өлеңнен бақ таба алған.
Күн бүгін Мәшһүр Жүсіп бата берген

Күн бүгін Жаяу Мұса атқа қонған.
Дүние дүр сілкініп дүрмекпенен,
Күн бүгін көкіректе жыр көктеген.
Сәкеннің сыр сандығы ашылған күн,

Аталып Мағжан аты құрметпенен.
Ол жазса жусаныңа жыр тұнатын,
Көкорай шалғыныңа жыр тұнатын.
Кәкімбек, Қайраттардың ізін басқан,

Ғалым да, ұлың елім, бір туатын.
Дәл бұл күн жыр-нөсерге шомылар күн,
Есіл мен Нұра болып ағылар күн.
Бәйгеден Ардакүрең келген күн – бұл,

Аспанға бөркін атып қалың Арғын.
Төккенде тоқсан толғау мың түрге ендім,
Дәл бұл күн сексен көлім сілкінген күн.
Бақыттан Ақторсықтай анамыздың

Көзіне бір тамшы жас іркілген күн.

Абайдың Қасқабұлағы
Күткен жұрт отыр мұнда Аламанды,
Бір қара құйындатып дараланды.
Көрінді өзің қосқан арғымағың,

Ал, тойың құтты болсын, Қарағанды!

КЕШЕ МЕН БҮГІН АРАСЫ

Қайрат Әлімбекке
Қайратым-ау, ақ қардай адалым-ау,
Салқын тартты өзіңсіз қала мынау.
Неге ерте түсті екен биылғы күз,

Көңіл сұрқай өзіңсіз дала қырау.
...Қиындықтан тайсалмас батыр едің,
Кеше ғана КазГУ-де оқып едің.
Мұқағали сияқты түр-тұрпатың,

Қазағымның аймаңдай ақыны едің.
Кеше ғана жастықтың желігі едің,
Отырысты қыздырар көрігі едің.
Сұлулықты өлеңмен сомдаймын, – деп,

Жұматайдың қасына еріп едің.
Жыр боп жанған елестеп от-реңің,
Өртенеді қайғыдан көкірегім.
Кеше ғана әзіл мен қалжың айтып,

Достарыңның қасында отыр едің.
...Асыл едің, ақ едің, аңғал едің! –
Түу алысқа шабатын тарлан едің! –
Дейді бүгін соңыңда қалған елің.

Омақаса асырған тұлпар-жырды,
Беу, дүние, не деген жалған едің!

Б. Жақып
Құс боп ұшып баратып Қараталға,
Оралмадың, бауырым, ақ отауға.
...Қайтқан құстың ілесіп қанатына

Көктемеде оралшы Алатауға!!!

АЛДАСПАН

Сағат Әшімбаевтың рухына
Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абай

Ақша бұлтты емген тау мүсін,
Хан Тәңірім – қарлы шың,
Талантты туған Сағаттай
Алқалы жұртым бармысың!

Арқалай келдім сіздерге
Алты алашымның алғысын.
Дарынды берген Сағаттай,
Аспантауларым армысың!

Пейілі дархан даладай,
Еңсесі биік қарағай.
Қуанды кейде баладай,
Толғанды кейде данадай.

Қомданды кейде қырандай,
Құйғытты оймен құландай.
Санасын елдің оятты ол,
Бұлқынған тордан шыға алмай.

Өртке тиген Қасымдай,
Қанаты күйген лашындай.

Абайдың Қасқабұлағы
Өрекпіген өр елдің
Өксігі тұрса басылмай,
Аспанына қазақтың

Жарқылдап шықты жасындай.
Жанары мөлдір тұмадай,
Жәудірей қарап құралай.
Болғанда заман сонау жыл,

Алағай да бұлағай.
Еңсесі биік қарағай,
Тұра алар ма құламай,
Жүректің алтын арқауы

Үзіліп кеткен шыдамай...
...Тұр, тұр, тұр, тұр, тұр, тұр! – деп,
Ұмтыл, ұмтыл, ұмтыл! – деп.
Сілкін, сілкін, сілкін! – деп.

Жұртым, жұртым, жұртым! – деп,
Ұлтым, ұлтым, ұлтым! – деп,
Тәуелсіздік сәбидің
Еңбегіндей бүлкілдеп.

Бұлбұлы болып оятты ол,
Алматының алма бақтарын.
Қаламыммен түртіп оятты ол,
Рухымның сөнбес оттарын.

Бәйгеге қосып кеткен ол,
Арманының арғымақтарын.
Көре алмай кетті тек қана,
Бостандықтың бақ таңын,

Азаттықтың ақ таңын.

Б. Жақып
...Бір өкініш, бір үміт...
Өтті уақыт құбылып.
Сағаттай асыл ағаның

Сәулелі ойын сіңіріп,
Нұрлы Күннің ақ саумал,
Саф ауасын сіміріп.
Алдаспандай ой болып,

Алмас, асыл сөз болып,
Алпысқа толып сол Сәкең,
Аспантаулар алдыңа
Келіп тұр бүгін тіріліп...

Қазағымның, ұлтымның,
Қайнап бір шыққан ойы – бұл!
Тәкаппар, асқақ Рухымның
Тарқамас мәңгі тойы – бұл!

Абайдың Қасқабұлағы

ҚАҒАНАТ

Жұматай Жақыпбаевқа
Жұмағұл-Шора азан сап қойылған атың,
Жұматай ағам, ғажайып шайыр болатын.
Қырыққа келген кезінде бекзаттық қонып,

Қырандай еркін қағатын дәйім қанатын.
Көрдім мен оны жігіттің сұлтаны еді,
Ләйләдай әнін көзінше шырқады елі.
Төркінін бүгін іздейді шұғынық гүлдер

Қызғалдақ толы қазақтың қырқалы, белі.
Қияқ мұртыңыз есімде қиылып тұрған,
Күлкіңіз менің жадымда жымиып тұрған.
Жаратқан Тәңірім ертерек алып кеткені-ай,

Жаралған жандай жүруші ең құйылып нұрдан.
Костюм киюші ең жарасты былғары қара,
Өзіңді шыңға шығарып шыңдады дала.
Түтініндей боп шылымның санаңды улап,

Шырмауықтайын жаныңды шырмады қала.
Көрдім мен сені Олжаспен, Асқармен көрдім,
Аласармайтын Өтежан-Аспанмен көрдім.
Қаламын тастап шарабын сіміріп тұрған,

«Қаламгердегі» әр түрлі бастармен көрдім.
Сен бірақ Төрем, бұзылмас қағанат құрдың,
«Саратаныңмен-ақ» даусыңды даралап тұрдың.
Мейірхан мен Әбішті «илхам» деп танып,

«Сайд» деген шенді бір кеште маған лақтырдың.

Б. Жақып
Нояндар және қаншама қасыңа ерген,
Қайтқанда сенің жер құшып басыңа келген.
Бауыржан, Есжан, Нұрландар жарқырап жанып,

Өз ұшқындарың еді жұлдыздай шашырап өлген.
Кәдірбек, Нұрлан, Қазбектер нояндарың ғой,
Қызығына мынау өмірдің тоя алмадың ғой.
Мұратбек, Қайрат, Светтер жоқтаса-дағы,

Оянбадың ғой, қағаным, оянбадың ғой.
Есенқұл, Ертай, Тимурлар нояндарың ғой,
Балына мынау өмірдің тоя алмадың ғой.
Айсұлу, Гүлнар, Жәния жыласа-дағы,

Оянбадың ғой, қағаным, оянбадың ғой.
Өтірік емес, Қажытай, куә бәріне,
Інілеріңнен жәуһар жыр туады әлі де.
Кенежиреніңді ерттеп-ап шықшы бір күні,

Сарноқайдағы сағынған құба беліңе.
Күйсіз мен күттім өзіңді әуенсіз күттім,
Қазағыма қонған ақ қанат өлеңсіз, құттым!
Өзегімізді өртейді жалғыз өкініш,

Тата алмай кеттің тұз-дәмін тәуелсіздіктің.
Ата алмай кеттің Айкүннің ақ таңы болып,
Жана алмай кеттің Астана оттары болып.
Сіз жазбай кеткен жырларды қалы кілемдей,

Біз отырамыз түндерде топталып өріп.
Сағындым сені, Ағатай, түсімде көрдім,
Қызғалдақтардың қаптаған ішінде көрдім.
Кететініңді, өмірден өтетініңді,

Білмеймін бұрын қалайша түсінбегенмін.

Абайдың Қасқабұлағы
Биіктен қарап тұрасың үзбеген гүлге,
Жырыңнан сені табамыз іздеген күнде.
Құттықтаймын сізді Жұмаға, жарқырап тұрып,

Жаңа ғасырға келдіңіз, бізбенен бірге!

ҚЫРАУ

Сәулетші Мырзахмет Қасымовқа
Ақтарылып сырымыз,
Ақкөйлек қалпы отырмыз.
Сәулетшіміз – біріміз,

Ал біріміз – ақынбыз.
Қар жауып тұр қылаулап,
Қабағыңа қырау қатпасын.
Мен отырмын жыр аулап,

Сен шабытты шақтасың.
Көкірегіңе сақтадың,
Шәкәрім жырын өзгерек.
Өмірдің әйбат шақтарын,

Көру үшін де көз керек.
Әуезовты алдық еске біз,
Әміренің әнін шырқадық.
Киелі жерде өскенбіз,

Тәттімбет болып бұрқадық.
Алшекең болып алшаңдап,
Құнекең болып өрледік.
Екі қолды оң, солға ап,

Әрлі де берлі сермедік.

Б. Жақып
Абайды Дана ойға алып,
Жидебайға барып жатармыз.
Біріміз – түнде Ай болып,

Біріміз – таң боп атармыз.
Хан, Шыңғыс тауын көргенбіз,
Кеудені кернеп жел, кеше.
Ұлылар туған елденбіз,

Сөнбейміз біздер ендеше.
Ауылда жүрсек біргеміз,
Қалада тұрсақ бөтенбіз.
Қаланған жерге іргеміз,

Барып қайтайық екеуміз.
Бабаларымыздан жан сырлас,
Аламыз сонда шуақты.
Елдегі мәңгі таусылмас,

Бұлақтан шыққан қуатты.
Мәңгілік мені, ізде Сен,
Бақытты болсын босағаң!
Жалғыздыққа дауа іздесем,

Алдымнан шыққан дос ағам.
Біздерде қандай арман бар,
Ұмытпаймыз Ұлы Ұяны.
Қайнардан бастау алғандар,

Мұхитқа барып құяды.

Абайдың Қасқабұлағы

БУРА

Әбубәкір Қайранға
Әбеке, Елу жасқа жеттің бүгін,
Өлеңнің жүректерге ектің гүлін.
Тыңдадың туған жердің жан айқайын,

Естідің желдің даусын, көк күмбірін.
Шабытын шаң тигізбей шашқанда өлең,
Сөйлестің Алатаудай асқарменен.
Шалқаңнан жатып алып көк шалғында,

Тілдестің қаншама рет Аспанменен.
Кеуде ашып Сарыарқаның самалына,
Еркін кеп Жазушылар Одағына.
Иттердің ит екенін бетіне айттың,

Қасқыр боп қасарысып қоғамыңа.
Дүние өңін жұзге құбылта алған,
Ақсуат тойлап жатыр бүгін таңнан.
Ұлы едің түйе баққан қара шалдың,

Өзің де бура болдың буырқанған.
Семейің қарағайдан ән ұшырды,
Ертістей таптың жырдан ағысыңды.
Саңқ етіп өзің өлең оқығанда,

Таныды бүкіл қазақ дауысыңды.
Қылау жоқ аппақ қардай ақ жаныңда,
Өзіңмен жолыққандай ақ жауынға.
Қайрат пенен екеуміз танысқан ек,

Бірінші Алматының вокзалында.

Б. Жақып
Ертістің жүзіп жеттің аралына,
Нұр жауды Алла берген талабыңа.
Ақиқат – бозбала шақ, қарап өстік

Қырандай қаққан сенің қабағыңа.
Шамдансаң шайпау едің, шатақ едің,
Қайымдай ғұламадан бата ап едің.
Дем беріп, арқамыздан қағып тұрып,

Біздерді еркелетіп «Бота» дедің.
Шындығы сол сөзіңнен серпін алдық,
Өлеңнің айықпайтын дертін алдық.
Өзіңнің пәтеріңде – жайлауыңда,

Түндігін түріп тастап желпіне алдық.
Иранбек көрінеді Айыртаудай,
Жүретін Жәркен ағам Жайыртаудай.
Бір өзі Ұлықбектің Сауыр-Сайқан,

Кеңшілік, Дәуітәлі, Жарасқанның,
Қасында дүр сілкіндік қайың-талдай.
Аға тауып Аманхан, Мейірхандай,
Жүздестік Жұмағаңмен мейір қанбай.

Тарбағатай сен едің ішімізде
Деуші едік: «Біздің Әбіш шайыр қандай?»
Әйтеуір бір еркіндік сыйлап едің,
Білмедік болатынын кейін қандай.

Сөз арнап арман жігіт, арлы қызға,
Ұшқанда самғап ұштың таулы-құзда.
Өзіңнің жырға қосқан арғымағың,
Келеді құйындатып алдымызда.

Абайдың Қасқабұлағы
Қандырып шөлін елдің, не шөлдетіп,
Дауылдат, жауындатып, нөсерлетіп,
Төрінен Алты алаштың Алматыдай,

Төгілдір өлеңіңді әсерлі етіп.
Атыңды қойған әкең Әбубәкір,
Соңыңда келеді еріп қалың батыр.
Қызығы, қиындығы араласып,

Тұп-тура елу жылың қолыңда тұр.
Кілемдей жайлы, жұмсақ, қалы түнде,
Өлеңнің оралушы ед балы тілге.
Гүл апам бізге берген қуырдақтың

Дәмі ауыздан кетпейді әлі күнге.
Бәрі бар, Әбіш сенде, баққа бала,
Маздатып жырдың отын жақ далада.
Бір күнде туған ағам Жамбылменен,

Жәкеңнің жасын берсін Хақ тағала!

ҮШТӨБЕ. ҚАЙРАТТЫ ЕСКЕ АЛУ

Бауырында Қараталдың жатқан бауырым.
Көрдің бе бүгін таңды атқан, бауырым
Қапыда ажал оғы тиді-ау саған
Ауылын аңсап аттай шапқан бауырым.

Құлады биікте еркін ұшқан бауырым,
Айырмаң жоқ еді ғой құстан бауырым
Аққанат,алпамсадай тұлғасымен,
Қапыда қара жерді құшқан бауырым.

Б. Жақып
Сен едің жан аямас, шын арысым,
Жоқ қазір жырдан басқа жұбанышым.
Аққудай сыңарынан айырылған,

Жүзеді айдыныңда Қуанышың.
Дос іздеп қиналғанда, керек бауырым
Сағындым. Сенің орның бөлек, бауырым.
Соңыңнан Дәулеткелді, Алланазар

Келеді өсіп жасыл желек, бауырым.
Үштөбе. Сол баяғы сол Үштөбе.
Кеудемді кернеп кетті ағыс көне.
Бір кезде шығарып сап, қарсы алатын,

Сен болып қол бұлғайды таныс төбе.
Ілестің Жұматайдай бір төреге,
Бізге арнап енді Қайрат гүл тере ме ?!
Тірлікте Үштөбені көп айтушы ең,

Айналдың сен өзің де бір төбеге.
Кетіп ең құйыңдатып Ақтабанмен,
Қаратал қайтара ма жоқтағанмен.
Қасыңнан ауылыңның барам өтіп,

Қайтейін өзің жоқсың, тоқтағанмен.

Абайдың Қасқабұлағы АҚБИІК Реквием Ақын Төлеужан Ысмайылов рухына 1. Аталмай жүруші еді аты көптен, Өлеңі талай жанды ақын еткен. Төлеужан ағам менің түсіме енді, Жыр болып түрегеліп ақиреттен. Жаз! – деді, – жазбай кеткен жырларымды, Айт! – деді, – айтпай кеткен сырларымды. Бағындыр! – деді, – шашын сілкіп тастап, Өмірде мен шықпаған шыңдарымды! Үстінде аппақ нейлон жейдесі бар, Ашаң жүз, ақ дидарлы бейнесі бар. Дейтіндей: «Бұл өмірден өткен жанды Ұмытып кетеді ғой кейде осылар». Мін! – деді, –мен мінбеген арғымаққа, Серуендеп Алматыда таңғы бақта. Тауларын сөйлет, – деді, – туған жердің, Өлеңмен тіл бітіріп бал бұлаққа. Жүрместен пенделерге күлкі болып, Көш! – деді, –Абыралы Бұлты болып, Бар! – деді, – Берікқара баурайына, Жатқандай ата-баба жұрты қонып. Жан! – деді, – жалын шашып, маздап түрып, Лапылдап, түнгі оттардай қоздап тұрып.

Б. Жақып Соқ! – деді, – дауылындай Сарыарқаның, Тоғайды тамырымен қозғап тұрып. Жырларың толқын болып шумақ-шумақ, Ақ! – деді, –Ертіс болып тулап-тулап. Бетке алып көк мүхитты жөнел, – деді, Қол соғып қарағайлар шулап-шулап. ...Жарқ етіп найзағай боп көкті керіп, Сонан соң нөсер болып төкті келіп. Біз жақта болушы еді сарыалақаз, Әкеліп қауырсынын кетті беріп... 2. Төлеужан... ақын еді туа біткен, Дауысын Ертіс, Есіл, Нұра күткен. Тау біткен жаңғыртады оның атын, Өлеңін қайталайды тұма біткен. Шу асау, тарпаң мінез, тарлан мініп, Жатқандай жүрегінде арлан бұғып. Түскен ол КазГУ-ге кеп он төртінде, Естіген замандасын таң қалдырып. Шынықты шырғалаңда, ширықты мың, Маңдайға жазған бұзар бұйрықты кім?! Теодор Драйзерді аударған ол, Көрсетіп өзге тілге жүйріктігін. Уызын шайқап ішіп күлкінің де, Сынаған заманының бүлкілін де. Қазақтың даласында-ақ сөйлескен ол, Пушкинмен, Лермонтовпен жыр тілінде.

Абайдың Қасқабұлағы
Дауылға қарсы тұрды желді күнде,
Көрсетті тәкаппарлық, өрлігін де.
Елігіп Маяковский дәстүріне,

Өз ойын еркін төгіп көрді бірде.
Мүлдем жоқ жасандылық жүрісінде,
Саңқылдап жыр оқыды түн ішінде.
Турашыл, тіліп айтар мінезі үшін,

«Ақын!» – деп мойындады ел, тірісінде.
Төлеужан... өлең еді тұнып тұрған,
Өмірдің құпиясын біліп туған.
Бораны Семейтаудың адастырып,

Аязы Шыңғыстаудың шынықтырған.
Төлеужан... нөсер еді құйып өткен,
Аспаннан туған жерді сүйіп өткен.
Кей кезде елестейді көз алдыма,

Иесіз сары далада құйын өткен.
Сол құйын шыр айналып, жоқ болады,
Біресе жалын шашқан от болады.
Бәйгенің алдын бермей, енді бірде,

Кетеді құйыңдатып Ақтабаны.
Өтеді көз алдымнан ағын болып,
Ағынға араласқан сағым болып.
Ибамен су бетіне төгіледі,

Иваның көз жасындай лағыл болып.
Жайлаудың сурет болып кешкі реңі,
Түсіме қоңыраулы көш кіреді.
Төлеужан жырға айналып кеткен екен,

Даланың даусы болып естіледі.

Б. Жақып 3. «Даланың министрі» – ақын еді ол, Өлеңнің оқшау тұрған шатыры еді ол. Кімнің кім екендігін бетіне айтар, Бейбітшіл замандағы батыр еді ол. Дәл содан, таяқ жеген пенделерден, Есіктен кірген бетте ол төрге келген. Ол келсе, дөңгелек бет жер үстелдер, Алдында Жер шарындай дөңгеленген. Сонан соң орыс уын тартып алған, Шығардай соны тартса бар құмардан. Жүргенде Алматыда досы көп боп, Ауылға барған кезде жалқы қалған. Бүлбұлын талай таңның сайратқан ол, Жырымен талай кешті жайнатқан ол. «Елуге келгендерді тойлағанда, Елуге келмегендерді ойлатқан»– ол. Төрлерін Алматының төрсінбеді ол, Жасанды, у мен шуын менсінбеді ол. Сыймады мандайына тар қаланың, Қаладан жиіркенді, жерсінбеді ол. Өлеңін сынап берді құлша талап, Таппады қала келіп, мұнша тағат. Қайралып, өткір болды алдаспандай, Тигізді «Әлдекімге бір шапалақ». Қайтарып өсек сөздің қалың оғын, Таусылды төзімі мен сабыры оның.

Абайдың Қасқабұлағы Сынады жағымпаздық, жалтақтықты, Жақпады жәдігөйлік жанына оның. Шенеді шендіні де, шекпендіні, Солардың қатты батты өктемдігі. Тазалық, табиғилық ұясындай Көрінді ауылдағы өткен күні. Оқыды отты жырын ақ залдарда, Қарыз боп ресторанда завзалдарға. Жүрді де баспанасыз, үйсіз-күйсіз, Түнеді аэропорттар, вокзалдарға. Тіл қатты ол нөсер болып ормандарға, Ақында айтып өткен арман бар ма? Қамалып айлап, жылдап жазып кетті ол Жоғалған өлеңдерін подвалдарда. Сөйтті де кетті ұшып сардалаға, Іздеді сол даладан жанға дауа. Ат мініп, жылқы бағып, тау аралап, Айналып кете барды пәруанаға. 4. Сағынып сағымды өпті, ауыл жетті, Ауылға келгеннен соң қадір кетті. Ешкім де түсінбеді жанын оның, Жиып ап, жыр оқыды, қалың көпті. Деді оны: шарапты көп ішіп кеткен! Еңсесі сонда ақынның түсіп кеткен. Сынады қаңқу сөзді қандастарын, Мінеді бастықтарды ісіп, кепкен.

Б. Жақып
Бір түнде дүкеншіге барып көрді,
Ашпады, есігін де қағып көрді.
Сындырып терезесін бір шумақпен,

Сұлбасын туысының салып берді.
«Мен – Жанаймын, Жанаймын,
Қойшыларды қанаймын.
Күндіз түскен пайданы

Түнде отырып санаймын!» –
Деп жазып кетіп қалды жайлауына,
Тарады шумақтары аймағына.
Көп жазды ренжіткен жандар жайлы,

Ауылы толды Төкең ойларына.
Уытты, өткір сөздің берені еді,
Қалды оның ел аузында көп өлеңі.
Құлазып кеткен кезде атқа мініп,

Ауылына Шәкер ақын1 жөнеледі.
Күрең ат, күрең шай мен күрең ауыл,
Кілең жыр төгілгенде түледі ауыл.
Сырларын қос ақынның Шыңғыс тыңдап,

Әлдилеп тұрушы еді Жүрекадыр.
Ойлары ағыл-тегіл төгілетін,
Жырлары қос өрім боп өрілетін.
Шәкердің нұрға толы шаңырағы,

Жазушы Одағындай көрінетін.
Серпіліп, серуендеп, тұнған бақыт,
Шәкердің ауылында думандатып,
1 Шәкер ақын – халық ақыны Шәкер Әбенов.

Абайдың Қасқабұлағы Қыздырып жыр көрігін, жаудыратын, Шыңғыстау сілеміне жырдан жақұт. Қолаттар өр дауыспен дүр сілкініп, Абайдың рухымен мың сыр тұнып. Түсінер жан сарайын аға тауып, Қайтатын сол сапардан бір сілкініп. 5. Қайрылып, қайта оралды қыстауына, Көнбеді тар жалғанның қыспағына. Бейнесін туған жердің сөзбен сомдап, Шығарды дүниенің ұшпағына. Қанатын қағып ұшты Ақбиіктен2, Көргені шарға айналған от биіктен. Бір мезгіл Дегелең боп мұнарланды, Арылды іште жатқан көп күйіктен. Аждаһа туған елін жалмап жатты, Сәбиден ана айрылып, зарлап жатты. Қоршалып Тәттімбеттің жайлаулары, Жеріне темір шеңгел орнап жатты. Өртеніп, жанып кетті жаралы орман, Асылып өліп жатты балаң арман. Отызда орда бұзған жас та кетті, Үзілді қырығында қамал алған. Ән-жұмақ Әміреге тапқызбады, Қанатын Шәкәрімнің қаққызбады. Күн сайын дүр сілкінтіп дүниені, Абайды көрде тыныш жатқызбады. 2 Ақбиік – Абыралы тауларындағы ең биік шың.

Б. Жақып Әуезов, Аймауытов өскен аймақ, Самалы асыл сөздің ескен аймақ. Әскери полигон боп шыға келді, Бір кезде ата-баба көшкен аймақ. Айналды меншігіне дала кімнің? Күйінді соны көріп жаны ақынның. Өлеңін атты отаршыл орыстарға, Түндігін серпіп тастап қара түннің. «Қойларды» жатқа оқыды інілері, Сонда да ақын жаны түңіледі. Елінің іші толған ірің еді, Мәскеуге бас изеген ірілері. Аспанда темірқанат саңғытады, Жер тозды, мал азайды, жан жұтады. Көрген соң соның бәрін, шарасыздан Шараға құйып ақын қан жұтады. 6. Бейнеңді елестетсем, елеңдедім, Ақынды көрген жоқпын сенен керім... «Аузынан табыл іні-қарындастың, Мәңгілік жас рухым өлеңдерім»,– деді де кете барды ол мәңгілікке, Қойылып ғұмырына соңғы нүкте. Жырынан қанат байлап самғап ұшқан, айналды аспандағы сәйгүлікке. Бір кезде өткір сөзбен өкпелеткен, Жандар жүр төбелері көкке жеткен. Ерте ашып қасиетті жыр қақпасын, Сол ақын көз жұмды ерте әттең, әттең!

Абайдың Қасқабұлағы Ерттеліп мінілмеген күрең қалды, Соңында өршіл, отты, жігер қалды. Сөз десе ішкен асын жерге қойған, Өлеңін өлтірмейтін ұлы ел қалды. 7. Соқты ақын алай-түлей боран болып, Ойлары жазбай кеткен маған қонып. Тоғайдың кешегі бір белгісіндей, Томпиып жатты кейде томар болып. Жел болып енді бірде азынады, Қобыздың сарынындай сазы ұнады. Самал боп енді бірде желпіп өтті, Домбыра жан қылымды шертіп өтті. Аспанның барша бұлтын жиып келді, Нөсер боп тағы бірде құйып берді. Төгілді Күннен келген шуақ болып, Өрілді Айдан тамған қуат болып. Не деген өлеңдері мөлдір еді! Айналып таңғы шыққа мөлдіреді. ...Даланың даусы болып жеткен ақын, Таралып ел аузында кеткен атың. Мен сені бірге апарам болашаққа, Айналып табиғатқа кеткен ақын.

Б. Жақып

ҮШ БАУЫРЖАН ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Өтті уақыт жаз жаңарып, қыс жаңғырған,
Қыранның балапаны ек ұшқан қырдан.
Бөктерін Алатаудың дүбірлеткен,
Үшеу ек ел атаған «Үш Бауыржан».

Достықтан басқа ойларды тыс қалдырған.
Қияннан жеткен, қанат құс талдырған.
Төскейін Алматының думандатқан
Біз едік аты шыққан «Үш Бауыржан».

Біріміз Сыр мен Арал толқыны едік,
Біріміз Ертіс болып толқып едік.
Біріміз Көне Тараз күмбірі боп,
Қазақтың домбырасын тартып едік.

Біріміз Махамбеттей ерлеп едік,
Біріміз ұлы Абайдан өрген едік.
Біріміз Жамбылдайын жолбарыс боп,
Тереңнен жыр маржанын терген едік.

Тек қана қырандарды жыр қып едік,
Біріміз-бірімізден нұрды көріп.
Өмірдің Ақжелкенін бірге керіп,
Өлеңнің мұхитына сүңгіп едік.

Желпініп жыр оқысақ, қанаттандық,
Талпындық, таңырқадық, талаптандық.
Болам деп Омар Һайям шарап та алдық,
Есенин боламыз деп кабак бардық.

Тарихтың тарқатылған кітабының
Парағын бері ақтардық, әрі ақтардық,

Абайдың Қасқабұлағы
Алаштың арыстарын жоқтағанда,
Ұлтшыл боп орыстарды сабап та алдық.
...Мойнында Айдан салған алқа тұнған,

Түн болса, алдымызда қалқа тұрған.
Көз салдық сұлуларға ақ қайыңдай
Бұрымы иығына тарқатылған.
Көз салдық сөз салмадық сабыр етіп,

Ешкімді шулатпастап дабыра етіп.
Біз кетсек мөлдірейтін қарындастар,
Басынан қалатындай бағы кетіп.
Шайқадық... Бір Баукеңе ән салдырып,

Бір Баукең әзіліне тамсандырып.
Біріміз жыр оқыдық түн жаңғырта,
Көңілін талай қыздың сарсаң қылып.
Қос жаға қоңыраулатып қозған ағын,

Жылыстап өте берді бозбала күн.
Шіркін-ай, білмеппіз-ау сол бір шақта
Жастықтың алауының маздағанын.
Бақыттың бал шарабын ішіп едік,

Аруды алма бақта құшып едік.
Қайтадан бара алмаймын тәтті күнге,
Сол кездер жүр бүгінде түсіме еніп.
Бұл қазақ жалықпаған түс жорудан,

Жарылып көкала үйрек ұш жанымнан.
Шаңытқан жолайрыққа Құс жолынан,
Жол кетті үш тарапқа үш жарылған.
...Бауырым, бара қалсаң, жастық шаққа,

Бар ма екен сұрай салшы «Үш Бауыржан».

Б. Жақып

АҚЫН ДОСЫМА

Қайратқа
Өлеңдердің бәрі қайық желкені ақ,
Өмір, өмір – мынау өмір көркем-ақ!
Өзімізді бір-бір шыңға балаймыз,

Бір-бір төбе боламыз біз ертең-ақ.
Шіркін, сол сәт топыраққа

Жұп-жұмсақ бір қол тиіп,
Бір сұлу қыз келіп тұрса өмір болып монтиып.
Сонда екеуміз құс тілінде ән салар ек қосылып,
Өлең оқып тұрар едік томпиып.

Пенделерге теңемеймін сені ешбір,
Екеуміздің қуғанымыз елес бір.
Өңкей сыншы жиналып ап айтатын

Пессимизм емес бұл.
Албырт, аңғал, әрі ақ көңіл досым-ай,
Бұл жолдарды қайта оқышы шошымай.
Ақын болып тумауымыз керек еді о баста,

Жыр жазбасақ осылай.

Абайдың Қасқабұлағы

ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ОЙ

Мен келемін тағы да жол үстінде,
Алдымнан ашылады өріс күнде.
Шегінуге мұршам жоқ, бастым алға,
Тағдырдың жазуымен келістім де.

Жолаушымыз, беу, қарғам, сен де мен де,
Жолаушылап Алып Жер дөңгелеуде.
Бағым деп біл шілденің аптабында,
Бір жұтым су табылса, шөлдегенде.

Жолыңды ашып уақыт сыпыра алса,
Ырыс деп біл өмірдің құты қонса.
Қайда барсаң онда бар, бақыт деп біл,
Біреу шыгып алдыңнан күтіп алса.

Сапарлардан табады адам шуақ,
Жолаушыға жолаушы жағар шырақ.
Жерде аққан су сапарда, қашан көрсең,
Аспанда Ай да барады жолаушылап.

Күн де кетіп барады күймесімен,
Тіршілік-ай, не деген үйлесім ең.
Бір жігіттің барады қолтығында,
Бикеш шығып түн ауа би кешінен.

Сапар, сапар, өмірдің сапар бәрі,
Тоқтамайды тірліктің қатал заңы.
Жүректі езіп, жанымды жаншып кетті,
Қариялардың сиреген қатарлары.

Ұлың болса, жалғасың, қызың болса,
Сәтті дей бер сапарың, Қызыр қонса.

Б. Жақып
Тірімін деп ойлай бер мәңгілікке,
Сайрап жатқан соңында ізің қалса.

БЕШПЕТІҢНІҢ ТҮЙМЕСІ

Көзіме оттай басылды,
Бешпетіңнің түймесі.
Төгілдіріп шашыңды,
Шығыс биін билеші.

Айлы түнде айсырғаң,
Дір-дір еткен кезінде.
Ақ тәніңді бой ұсынған
Үлбіреткен кезіңде.

Күміс күлкің мың түрлі үн
Сыңғыр еткен кезінде,
Түн қойнында бұлқындың.
Гүл-гүл өпкен кезімде.

Жұлдыз қонған көздерің,
Төкті маған шуағын.
Бақыт болды сезгенім,
Бір көргеннен ұнадың.

Қара қасың керілген,
Садағындай сақтардың.
Күн дидарың көрінген,
Ажарындай ақ таңның.

Талшыбықтай бел қандай,
Аршын төсің армандай.
Ақ дидарың аяулым.
Сүтке малып алғандай.

Абайдың Қасқабұлағы
Ақ қайыңдай балтырың,
Қорғасындай балқыдым.
Айдынында ақ түннің

Аққудайын қалқыдың.
Таңғы шықтай күмісім,
Ақ бидайдай алтыным.
Тәңірім берген шырай да,

Теңей бердім Күн, Айға.
Мың бір тәуба айтамын,
Жолықтырған Құдайға!
Түн қысқарып, таяп таң,

Түсірдің-ау күйге осы.
Бар сезімді оятқан
Бешпетіңнің түймесі.

СОҒЫМ

Қапалақтап қар жауды,
Қаңтар аяз ап келді.
У-шу қылып мал-жанды,
Соғым сояр шақ келді.

Қазақ неткен көреген,
Қыс түскенін күткен шарт.
Соғым сою – көнеден,
Қазаққа ғана біткен салт.

Жайрайды мал жығылған,
Қардың үсті ойран боп.
Қазақ үшін бұрыннан,
Бұдан асқан мейрам жоқ.

Б. Жақып
Сақылдайды сары аяз,
Уілдейді ақ боран.
Пеш көмейін суырып.

Жүгіріп жүр жеңгелер
Қуырдағын қуырып.
Біреу құнан, тай сойды,
Семіз бие бай сойды.

Шеткі үйдегі бір қазақ,
Байлап қойған қой сойды.
Айдап келіп үйірін,
Біреу сойды бестісін.

Біреу сойып сиырын,
Мүшелейді кешкісін.
Өріс жақтан қайта айдап,
Біреу сойды құнажын.

Жылқышы жүр айқайлап,
Соймаңдар деп буазын.
Біреу сойды екі мал,
Бір жылқы, бір тананы.

Қазысы – сүт, еті – бал,
Ең дұрысы – жабағы.
Жылқышылар мұндайда,
Бұғалығын байлайды.

Жас жігіттер мұндайда,
Арқандарын сайлайды.
Қасапшылар мұндайда,
Пышақтарын қайрайды.

Абайдың Қасқабұлағы
Бала біткен мұндайда,
Асыр салып ойнайды.
Апалардың мұндайда,

Ақ дидары жайнайды.
Қазанында әр үйдің
Қазы-қарта қайнайды.
Бір аллаға сыйынып,

Әркім барын сояды.
Үлкен-кіші жиылып,
Ет, сорпаға тояды.
Шалдар бата береді,

Соғым шүйгін болсын! – деп
Қазаққа сол керегі,
Қазан-табақ толсын! – деп.
Қызыл қарын жас бала,

Келін-кепшік қамы үшін.
Сойып салды масқара,
Бір жыл баққан табысын.
Кіргізбес қазақ шырайын,

Еттен басқа қорегі.
Несібесін Құдайым,
Сойған сайын береді.
Қабырғадан қарпып жеп,

Қарт көзінде от ойнап.
Омыртқадан жұлып жеп,
Бала да мәз, масайрап.

Б. Жақып
Бөгей алмас жолыңды,
Соққаны да дауылдың.
Бір жыл күтер соғымды,

Иттері де ауылдың.
Алты ай жазда мал жая,
Алты ай қысың аз ақ күн.
Қазы–қарта, жал–жая,

Ырыздығы қазақтың.
Әсем ән мен күмбір күй,
Арналып ауылдасына.
Әрбір күні бір-бір үй,

Шақырады соғымбасына.
Отыз үй болса, отыз күн,
Қырық үй болса, қырық күн.
Елу үй болса, елу күн.

Алпыс үй болса, алпыс күн,
Қонақ болып жүресін,
Жайраңдайсың, күлесің.
Ауылда соғым сойылса,

Сеніңде бар үлесің.
Тоқтата көрме, азат күн,
Жылқы баққан кәсібін,
Соғым сойған қазақтың

Ортайта көрме, кәсібін!

Абайдың Қасқабұлағы

ҚЫСҚЫ АУЫЛДЫ АҢСАУ

Күндер ұшып қанаттарын қаққанда,
Қыс түскенде із саламын ақ қарға.
Шаршағанда шуылынан қаланың,
Ауыл жайлы жыр жазамын бақтарда.

Қуанамын қысқы ауылдың келбетін
Түкпірінен жүрегімнің тапқанда.
Түкірігің жерге түспей қатқанда,
Сақылдаған сары аязда ақпанда.

Қызығасың түзу шыққан түтінге,
Ауыл қойнын жылытатын оттарға.
Береке де, мал да соған бітеді,
Ала жаздай тыным таппай баққанға.

Дәл қазір мен жүрсем де алыс қалада,
Ораламын оймен ғажап шақтарға.
Сенен таптым бақытымды, бағымды,
Көзімдегі қарашығым, ағымды.

Ұя салған қараша үйге мен туған.
Менің жаным тыныштықты сағынды.
Пеште лаулап, қаулап жанған оттайын
Өлеңіммен жылытамын ауылды.

Б. Жақып

ӨЛЕҢ ҚҰДІРЕТІ

Жарықтық Абай салған жолға түстім,
Қашсам да тұтқын болып қолға түстім.
Өзімнен өзім безіп құтыла алмай,
Ой деген ормандағы торға түстім.

Ештеңке жырдан басқа керек етпей,
Балқимын бір ләззатқа кереметтей.
Өлеңнің жарығына өртенсем де,
Айналдым соны жынды көбелектей.

Өлеңмен жөргегіді жуғанмын мен,
Өлеңмен қиялымды қуғанмын мен.
Анамның құрсағынан бөлінгенде,
Іңгәлап, өлең болып туғанмын мен.

Сонан соң бесік жырын тыңдағанмын,
Тілімді құсқа айналып шыңдағанмын.
Дауысым шарлап кетіп шартарапты,
Мазасын алып келем бұл ғаламның.

Кеудеме қайдан қондың, өлең, өлең!
Байқасам тұрады екен сенен әлем.
Айналам бірде әппақ жұлдыз қарға,
Бұлттардың қанатынан себелеген.

Қара өлең, жазылыпсың маңдайыма,
Жабыстым ескен желдің шалғайына.
Айналдым бірде мөлдір күміс шыққа,
Таңда қонған жапырақ таңдайына.

Жыр төктім қыз біткеннің гөзалына,
Қанбадым Құс жолының ғажабына.

Абайдың Қасқабұлағы
Хош иіс өлең болып енді бірде
Айналдым раушан гүлдің тозаңына.
Әйтеуір жетегінде алып күштің,

Жұлдыз боп қара түнді жанып, құштым.
Ал бірде ақ қайыңның көз жасы боп,
Көкорай көк шалғынға ағып түстім.

БӨРІЖОРТАҚ

Сал келген, бұл далаға, келген сері,
Ойымен Ұлы Абай да жерді өлшеді.
Бөрліде көрдім боран бөріжортақ,
Әузов бала кезде көрген сені.

Жол ұзақ болған соң ба, зерігіп ек,
Соқты – ой кеп бөріжортақ келіп үдеп.
Бөрісі көп болған соң осы жердің,
Бабалар қойған шығар Бөрілі деп.

Бөрісінен айыылғанды қаламас қыр,
Бөрілер жалғыз-жарым далада аш жүр.
Көк түгіл, сұрғылт түгел, қызғылт түгіл,
Бұл жерде болған екен қара қасқыр.

Бұл заман ол заманмен аралық бар.
Қырыпты көп бөріні қалалықтар.
Топталып бөрілердің ұлығанын,
Бір кезде естіп өскен бала Мұхтар.

...Соғады бөріжортақ тауды айналып,
Ұлыған дауысынан жол байланып.
Қара қасқыр тұқымы жоқ боп кетті,
Боранға кетті ме екен әлде айналып...

Б. Жақып

ИІНАҒАШ

Ауылда өзгерістің түрін көрем,
Үйді-үйге су тартылды құбырменен.
Бір кезде су таситын шелекпенен
Өзгеріп сала берді бүгінде әлем.

Ақ әжем түске кірдің, ұйықтасақ,
Бейнесін жырдан соқтым, биік қашап.
Бір кезде менің әжем тасқұдықтан,
Әкпішпен су таситын иыққа сап.

Өтті әжем. Үзілід ғой ән де ұласпай,
Иінағаш енді іске қалды ма аспай.
Болғанда біз балапан, жүрді әжем,
Су сепкен қанатыменен қарлығаштай.

Көненің шерте түсіп күйін, Алаш!
Мұраңды өшірмеуге жиыл, Алаш!
Әжемнің көзіндей боп, өзіндей боп,
Бос қалды-ау босағада иінағаш.

Абайдың Қасқабұлағы

ЖЕР ҮСТЕЛ

Ауылдың той-томалақ, мерекесі ең,
Жер үстел сенің жөнің бөлек әсем.
Қатарың сиреп қалды-ау қарттарға ұсап,
Жер үстел – қазағымның берекесі ең.

Жер үстел – несібенің өзі де еді,
Жер үстел – үлкендердің көзі де еді.
Жер шарын алдына алып отырғандай,
Қарттарым шертуші еді шежірені.

Бірінің күй бірін алмастырып,
Бірінің сөзін бірі жалғастырып.
Жағалап дөңгеленген дүниені,
Қарттарым отыратын малдас құрып.

Жер үстел жер шарына жатқан ұқсап,
Қазақи көңіл болып ақтарылсақ,
Үстіне қойылатын қазы-қарта,
Үстіне шашылатын ақ бауырсақ.

Сары май, сықпа құрт та бәрі осында,
Сары қымыз сапырылған дәл осында,
Төгіліп небір қисса, дастандардың,
Сан алуан шырқалатын ән осында.

Тілдестім сенде тұңғыш даналармен,
Білмесем қадіріңді, бағалар ма ем.
Мен де өстім аттап алғаш адымымды,
Ең алғаш жер үстелді жағалаумен.

Б. Жақып
Ортаймай мол қазынаң, далам гүлден!
Жер үстел көрсем, көзім жанар бірден.
Қазақтың жер үстелі қасиеті,

Онда мың құпия бар бабам білген.
Көрді ол бір уыс дән бөліскенді,
Көрді ол бір жұтым су бөле ішкенді
Дүнием түгелденіп сала берер,

Бір үйден кезіктірсем, жер үстелді.

АТАҚОНЫС

Бір тау бар біздің елде Берікқара,
Тұрады жақын жерден төніп қана,
Алыстан менмұндалап шақырады,
Дегендей құпиямды келіп қара.

Қызылжал – бір қойнаудан үн қатады,
Қызарып сол бір жалға Күн батады.
Қазақтың қара өлеңін, құлақ тоссаң,
Ескен жел Қараөлеңнен тыңдатады.

Жабырқап біреуді іздеп Жал түрады,
Бір мезет көкірегіңе ән тұнады.
Жазықта Ноха қажыға ас берілген,
Арқаның шертпе күйі тартылады.

Қалады сол жағымда Абыралы,
Аршадан әшекейін тағынады.
Ұқсатсам, сол тауларды киіз үйге,
Ақбиік – ақ орданың шаңырағы.

Абайдың Қасқабұлағы
Жалғызтау оң жағымда қарауытып,
Мәрәмік ұшқан құстан ән ағытып.
Құшағын кеңге жайып Берікқара

Тұрады жылда мені дара күтіп.
Сол бір тау барлық таудан жақын маған,
Өйткені бауырында оның жатыр бабам.
Кеудемде жыр тұтанып, сөз маздайды,

Жанымда от жанады лапылдаған.
Тасиды бойда қаным буырқанып,
Беткейі бетегелі гүлін тағып,
Кеш келсем, кешір, баба, ұрпағыңды,

Басыңды келе алмадым бұрын тауып.
Көкмайса, жасыл кілем көгалы бар,
Желпитін жанға жайлы самалы бар.
Біз келсек, қарсы алады қыран құстар,

Төмендеп, қиқу салып, жоғарылар.
Суы – бал, қайнап шыққан бүлағы бар,
Жерінің шөбі шүйгін, құнары бар.
Сөйлейтін әрбір тасы – бір шежіре,

Іздесең күнді сүйген шынары бар.
Уақыттың дауылын да, жауынын да,
Өткерген Берікқара бауырында.
Өзі жоқ болғанменен, көзіндей боп,

Бабамның жұрты жатыр тау ығында.
Тағып ап Зағи әжем сырғасын да,
Алшаңдап Жақып бабам жүрді осында.
Жарықтық ата-бабам бейітгері,

Қанша жыл бізді күтті қыр басында.

Б. Жақып
Атамның мекен еткен жерін көріп,
Қойдай боп қалың ойым төгілді өріп.
Ат, түйе асыл жүгін артып алған,

Осында түскен әжем келін болып.
Аттасам, шақырады төріне белес,
Көшеді көз алдымнан керуен елес.
Бұл сапар – бабаларға тағзым ету,

Бұл сапар – біле-білсек, серуен емес.
Аймалап айналаңды самал келіп,
Ақ бұлттан кигізіпті далам бөрік.
Тау едің қасиетті, кие қонған,

Тәу еттім, Берікқара саған келіп.
Тұнығы лайланбаған атамекен,
Атыңды ғұмыр бойы атап өтем.
Аспанда Ай жаяды алақанын –

Бабалар маған берген бата ма екен.
* * *
Жүректі Шыңғыстауда шырайлы өрте,
Шықсам ғой қансонарға құмайды ерте.

Адамды бұл дүниеде қызықтырар.
Жүйрік ат, сұлу қыз бен шұрайлы өлке.
Қайнарым, Абыралым, Ақбиігім,
Іште бар шықпай жатқан от–күйігің.

Дегелең, Мыржық пенен Қарқаралым,
Ойымның тарқатасың нақ түйінін.
Бес Мейрам – Арғын ата тұқымымын,
Арғымақ мінген елдің құты мығым.

Абайдың Қасқабұлағы
Шертпесем домбырамен шертпе күйді,
Ұстайды көкіректе ықылығым.
Мен де бір Қаракесек баласы едім,

Жанымнан өлең төктім қараса елім.
Дүниені жүрегімнен өткіземін.
Баса алмай сонда-дағы сана шөлін.
Мен едім текті ұрпағы Жүгінейдің,

Шетінен бабаларым ірі деймін.
Өзінен-өзі оралар көмейіме,
Алланың салып берген жыры кей күн.
Бірімін Бес Бошанның, Байбөрімін,

Қыздырған сөз дәуітін, ой көрігін.
Төрт түлік малдан тапқан ырыздығын,
Алаштың Алла сүйген жайлы елімін.
Руым сұрасаңыз – Қыдыралы,

Шырқаған, шарықтаған шымыр әні.
Бесігін қараөлеңнің тербетемін,
Болса егер алдымызда ғұмыр әлі.
Нағашым найза ұстаған Уақ болған,

Ертістің жағасына шұбап қонған.
Мінезі Күннің нұрлы сәулесіндей,
Шаттанса, қалың елге шуақ болған.
Тобықты–Көкше болған түп нағашым,

Өсірген асыл сөздің нық бағасын.
Абай–Көкбай қазаққа діңгек еткен
Құламас қара өлеңнің құтты ағашын.

Б. Жақып
Қанымда Қамбар-Жанақ мұрасы бар,
Жанымда Жанқұттының Нұрасы бар.
Сөйлесе ауыздыға дес бермеген

Қаз дауысты Қазыбек би құлашы бар.
Әні бар Әміренің әуелеген,
Күйлері Тәттімбеттің мәуелі әлем.
Бұлт болып күркіресем, Күн астынан,

Құйылып нөсер болып жауар өлең.
Төгілген Әсет ақын сыры бөтен,
Мәдидей найзағай боп тіліп өтем.
Қасымдай түнгі аспанда оттай жандым,

Жазбаған Төлеужанның жыры ма екем.
Туған жер, шабытымды шалқытуын,
Қарашы, жан–дүниемді балқытуын.
Сарқып іш сарайымнан келер ұрпақ,

Өйткені, бабалардың сарқытымын.
Тегімді білгеніме айыпты емен,
Жүземін толқынында қайықпенен.
Қазақтай қасиетті елім үшін,

Жыр болып жапырағымды жайып келем...

Абайдың Қасқабұлағы
* * *
Келемін аяғымды шыққа малып,
Жатырсың туған өлке құтқа оранып.

Аруағыңнан айналдым, ата–бабам,
Осынау биіктікке шыққан алып.
Көрінген жусан ба екен, жалбыз ба екен,
Мұндағы жартас бөтен, тау-құз бөтен.

Жер беті, аспан асты кең жазира
Жанымды жай таптырған жалғыз мекен.
Ши ме екен, көде ме екен, қияқ па екен,
Бабамнан қалған қазына сияқты екен.

Төсіңе ат аунаған, мен аунасам,
Түк қалып, дәулет бітсе, ұят па екен.
Қараған, тобылғы мен селеу ме екен,
Түрімді ата-бабам көрер ме екен.

Келіп тұр Берікқарам, елік балаң
Мен үшін бір өзіңсің өлең мекен.
Асылым – Берікқара атақоныс,
Бересің келген сайын бата, қоныс.

Алқынып жеткенімде алыс белден,
Алдымда кең көсіліп жатады өріс.
Аршасы аластаған сол бір тауды,
Ақ самал тербетеді әрбір талды.

Ұйыған тыныштықтың бесігінде,
Қарсы алдым күміс шықтай мөлдір таңды.
Аспанға алтын сәуле жиек бұл маң,
Ақша бұлт тауға иегін сүйеп тұрған

Б. Жақып
Домбыра шанағындай осы бір тау
Обаны тастан соққан тиек қылған.
Жеткізіп біз білмейтін не бір қилы,

Ой салып тебірентеді көңіл миды.
Өткеннің құпиясын жайып салып,
Шертеді тау-домбыра қоңыр күйді.
Бабалар сендер де өттің, біз де өтерміз,

Жүз келіп, Берікқара, жүз кетерміз.
Басқан жер, жазған өлең, шерткен күй боп,
Ұрпаққа ізімізді іздетерміз.
Жүгірдік шешіп тастап жейдемізді,

Құтмекен, еркелеттің кейде бізді.
Тұрарсың осы қалпы өзгерместен,
Құдыққа сақтап біздің бейнемізді.
* * *

Көкшетау, Қараөлең мен Киікқашқан,
Мен жүрмін туған жерден жиып дастан.
Ұрланып сүтке тиген ақ күшіктей
Ақша бұлт Ақбиікке тиіп қашқан.

Қызылжал, Доғалаң мен Берікқара,
Жүремін атқа мінсем, желіп қана
Қарайды көл көздерін бір төңкеріп,
Қызарып Күн шыққанда елік дала.

Мәрәмік, Тәбеке мен Абыралы,
Көрмесе қайран жүрек сағынады.
Нохаға ас берілген сұлу жазық,
Таңертең шықтан моншақ тағынады.

Абайдың Қасқабұлағы
Ақбұлақ, Таңат, Самай, Бидайығым,
Келеді жүз қайтара қимай ұлың.
Туған жер, бол риза, асыл көрсең,

Ішінен сол ұлыңның шимайының.

ҚЫЗЫМА

Аққу мойын, қаз омырау,
Деп аташың жазып кеткен.
Қазыналы қазағым-ау,
Деп боташым, жазып кеткен.

Сәукелемсің сәнімсің деп,
Апаң сені жазып кеткен.
Әлдилеген әнімсің деп,
Әжең сені жазып кеткен.

Суға түскен сұлбамсың деп,
Қайың сені жазып кеткен.
Қырға қонған тұлғамсың деп,
Қарағайың жазып кеткен.

Жүректегі лүпіл ғой деп,
Жасыл құрақ жазып кеткен.
Сыңғырлаған күлкім ғой деп,
Бұлақ сені жазып кеткен.

Күн сырғасын құбылтқанда,
Ай алқасын тағып кеткен.
Сендегі бар сұлулықты
Табиғатым тауып кеткен.

Жайқала бер көк құрағым,
Басталады басқа ағысың,

Б. Жақып
Нұрға бояп ақ бұлағым,
Жердің бетін, аспан астын.

СЕУЛГЕ ХАТ

Сен Сеулде жүрмін дедің,
Тербеп кетті сол бір үнің көлді кеп,
Кетті менің өне-бойым елжіреп.
Қазақ жырын асқақ ұста кеудеңде,

Қазақ туын биіктерге желбірет.
Сен Сеулде жүрмін дедің,
Әлемдегі төртінші ірі шаһарда,
Тағы сонда жолың түсті баһарда.

Болмағанбыз. Біздер үшін сен жүрсің,
Мен де, анаң да, апаң менен атаң да.
Сен Сеулде жүрмін дедің,
Көпшілікке көп қимайтын көкем-ау.

Балапанды ұяда ұстау бекер-ау
Сол қаланың тұрғындарын қарасаң,
Бүкіл қазақ сыйып кетеді екен-ау.
Сен Сеулде жүрмін дедің,

Немересі, қызы болып ақынның,
Сағынамыз қауышатын жақын күн.
Ой-біліммен, парасатпен көрсетсең,
Найзағайын жүректегі отыңның.

Сен Сеулде жүрмін дедің,
Ат тұяғы жетпес жеттің жерге де,
Ойладың ба, тез дамыған, сен неге?
Адамдары тым еңбекқор екен ғой

Соны үлгі етіп әкел туған өлкеңе.

Абайдың Қасқабұлағы

ЖАРЫҚТЫҚ АБАЙ САЛҒАН ЖОЛҒА ТҮСТІМ...

Жарықтық Абай салған жолға түстім,
Қашсам да тұтқын болып қолға түстім.
Өзімнен өзім безіп құтыла алмай,
Ой деген ормандағы торға түстім.

Ештеңе жырдан басқа керек етпей,
Балқимын бір ләззатқа кереметтей.
Өлеңнің жарығына өртенсем де,
Айналдым соны жынды көбелектей.

Өлеңмен жөргегімді жуғанмын мен,
Өлеңмен қиялымды қуғанмын мен.
Анамның құрсағынан бөлінгенде,
Іңгәлап, өлең болып туғанмын мен.

Сонан соң бесік жырын тыңдағанмын,
Тілімді құсқа айналып шыңдағанмын.
Дауысым шарлап кетіп шартарапты,
Мазасын алып келем бұл ғаламның.

Кеудеме қайдан қондың, өлең, өлең!
Байқасам тұрады екен сенен әлем.
Айналам бірде әппақ жұлдыз қарға,
Бұлттардың қанатынан себелеген.

Қара өлең, жазылыпсың маңдайыма,
Жабыстым ескен желдің шалғайына.
Айналдым бірде мөлдір күміс шыққа,
Таңда қонған жапырақ таңдайына.

Б. Жақып
Жыр төктім қыз біткеннің гөзалына,
Қанбадым Құс жолының ғажабына.
Хош иіс өлең болып енді бірде

Айналдым раушан гүлдің тозаңына.
Әйтеуір жетегінде алып күштің,
Жұлдыз боп қара түнді жанып, құштым.
Ал бірде ақ қайыңның көз жасы боп,

Көкорай көк шалғынға ағып түстім.

Абайдың Қасқабұлағы МАЗМҰНЫ Абайдың Қасқабұлағы......................................................3 Алаш оты............................................................................5 Қазақтың дастарханы........................................................6 Ақсуым...............................................................................8 Алакөлде............................................................................9 «Басыңды жағалауға таласа и де...»...............................10 Қашқантеңіз.....................................................................12 Қоржынтүбек...................................................................14 «Беткейін әсем гүл басқан...».........................................15 Батыстау...........................................................................16 Ақсу-Аюлы......................................................................17 Желайдаған......................................................................19 Жеңіс жыры.....................................................................20 Гүлдесте...........................................................................22 Суықтөбе суреттері.........................................................23 Тараздың сұлулары.........................................................25 1991...................................................................................26 Алтай................................................................................28 Өскемен............................................................................30 Абыралы көтерілісі.........................................................31 Саяжайда..........................................................................38

Б. Жақып ТҮРІКМЕН МАҚАМДАРЫ...........................................40 Түрікменнің сұлулары....................................................40 Ашхабат әсерлері............................................................41 Түрікмен қарттың жанарының ішіндегі өлең...............42 Марал...............................................................................43 Көрдім..............................................................................45 Кітап туралы ой...............................................................46 Биялай..............................................................................49 Шошала............................................................................50 Қыраугүлдеген.................................................................52 Нағашым..........................................................................54 Тобылғы...........................................................................57 Түнгі ертіс жағасында.....................................................58 Бұлтты жұбату.................................................................60 Нөсер................................................................................61 Күз....................................................................................62 Әсемқоңыр.......................................................................63 Қысқы қиял......................................................................64 Қонаққа шақыру..............................................................64 Алма ағашы......................................................................66 Алаша...............................................................................67 Сәмбі тал..........................................................................68 Қоңыр үйрек....................................................................69 «Күн сәулесін қою бұлт көлегейлеп...».........................70 Тайқазан...........................................................................71 Қылует..............................................................................72 Оразаға тілек....................................................................75 Бесқарағай........................................................................78

Абайдың Қасқабұлағы «Қарағайлар тың тыңдайды...».......................................79 «Түн. Мен жалғызбын...»................................................80 «Сен дегенде шықпайды демім менің...»......................81 «Ғажабымсың сен менің ғажабымсың...».....................81 Ауыл түні.........................................................................82 Дала әуендері...................................................................83 Қайрау..............................................................................85 Мәскеу таңы.....................................................................87 «Сағыныштан сазып кетсе жүрегің...»..........................88 Көзімнің алды – көк тоғай..............................................89 Жылқылы ауыл................................................................90 «Атыңнан айналайын Абыралым...»..............................91 Әке туралы жыр...............................................................92 Сағынышқа......................................................................96 Қаражал............................................................................97 Тұғыр................................................................................99 Қатар жатқан екі көл.....................................................100 Түн. КАЗГУ қалашығы.................................................102 Ақ қайың........................................................................104 Тұмар..............................................................................105 Тұтқа...............................................................................106 Қанағат...........................................................................108 Абай жыры.....................................................................109 Ақиық ............................................................................ 110 Жамбыл.......................................................................... 113 Қоңыр............................................................................. 116 Елтінжал......................................................................... 119 Қасымның қызыл үйі....................................................120

Б. Жақып Мұзағаңның ауылы.......................................................123 Бәйтерек.........................................................................124 Найзағай.........................................................................126 «Аттың басы» немесе Асқар Сүлейменовті аңсау......128 Күн нұрынан ой өрген...................................................131 Нар аға............................................................................132 Алаштың бақытына туған ағам....................................134 Қарапайымдылық теориясы.........................................136 Туған жердің иесі..........................................................140 Алтайдан ұшқан Ақиық................................................143 Сөздері Төржайлаудың гүлдеріндей............................145 Тұмадай мөлдір Тұмағам..............................................146 Ақындардың аққуы ......................................................149 Ақ тілек..........................................................................150 Маңмаңгер.....................................................................153 Сөз зергері......................................................................155 Ғұлама............................................................................156 Мұзарт............................................................................158 Ақжелкен........................................................................161 Жайлыбайдың Ғалымы.................................................162 Кеше мен бүгін арасы...................................................164 Алдаспан........................................................................165 Қағанат...........................................................................168 Қырау..............................................................................170 Бура.................................................................................172 Үштөбе. Қайратты еске алу..........................................174 Ақбиік.............................................................................176 Үш Бауыржан туралы баллада.....................................185

Абайдың Қасқабұлағы Ақын досыма.................................................................187 Жол үстіндегі ой............................................................188 Бешпетіңнің түймесі.....................................................189 Соғым.............................................................................190 Қысқы ауылды аңсау.....................................................194 Өлең құдіреті.................................................................195 Бөріжортақ.....................................................................196 Иінағаш..........................................................................197 Жер үстел.......................................................................198 Ата қоныс.......................................................................199 «Жүректі Шыңғыстауда шырайлы өрте...».................201 «Келемін аяғымды шыққа малып...»...........................204 «Көкшетау, Қараөлең мен Киікқашқан...»...................205 Қызыма...........................................................................206 Сеулге хат.......................................................................207 Жарықтық Абай салған жолға түстім..........................208

Б. Жақып
Бауыржан ЖАҚЫП

Өлеңдер
Редакторы Сәндібек Жұбаниязов
Техникалық редакторы 3айра Бошанова
Суретшісі Нұрлан Тазабеков

Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова
“ЖАҢА ЗАМАН ӘДЕБИЕТІ. ПОЭЗИЯ” сериясы

Абайдың Қасқабұлағы

ИБ № 7244

Басуға 20.08.2012 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Офсетті басылыс. Қаріп түрі «Тип-таймс».
Баспа табағы 13,5. Шартты баспа табағы 11,34.
Таралымы 2000+800 дана. Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙