Мазмұнға өту
Home

Қаңғыбас

Рауан Қабидолдин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қаңғыбас

Авторы: Рауан Қабидолдин

Қабидолдин Рауан Ержанұлы Қаңғыбас «Төсектен тұрып, шәйі көйлегің есіліп, Есікті аш, жаным. Тағы да келдім кешігіп...» С.Ақсұңқарұлы Айзада, мынау жаңғырық, Соңымнан қалмай сенделдім. Қаланы кезіп қаңғырып, Есігіңді ашшы ...мен келдім. Есігіңді ашшы күлген боп, Ішуді қойғам неше күн. Мен енді ішіп жүргем жоқ, (саналмаса егер кешегім) Есігіңді ашшы... Өтінем... Артында тұрмын есіктің. Кешікпеймін деп кетіп ем, Кешірші... тағы кешіктім. Дұрыс айтасың ...баламын Ұмытқан әттең күпірді. Есігіңді ашшы.. Қаланың, Иттері талап бітірді. Жасасаңшы енді бір аяу, Дертіне мынау пақырдың. Есігіңді ашшы, Құдай ау, Қансырап бара жатырмын

Таңып берші енді сол емді, Недеген көп ед сұрағың Қансырап барам бол енді, Қашаңғы бүйтіп тұрамын? Жасаған едің қай кесім, Сөзіне сеніп баршаның. Аша ғой енді... қайтесің, Аш енді, Айзөк, шаршадым...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙