TELEGEI

Home

Қазақ шежіресі. 4-нұсқа

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ шежіресі. 4-нұсқа

Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан, Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды - Айдабол]. Тайкелтір, Қожакелді - Айдабол бидің тоқалының балалары [92] қалмақтың қосынына кез болып, екі бала жау қолына түсіп Қожакелді өліп, Тайкелтір тірі қалған. Сонан соң Айдабол мұндағы балаларына енші үлестіріп, екі балаға арнап сыбаға қалдырмаған. Қалмақ ханы Тайкелтірдің бір ауыз тауып айтқан сөзіне риза (ырза) болып, босатып қоя берген. Келген соң:

 Еншіден құр қалдым, - деп, жылап коя бергенде, Айдабол би айтты дейді:  Мұндағыларға шөп кіндікті малды бердім, саған ет кіндікті адамды бердім. Мына Бөктік, онан туған Қосжетер - сенің еншің. Қара бауыр қылып ал, менің кісілігім сенде қалады, - деген соң, риза болған екен.

ҚАРАБАТЫР МЕН ҚОШҚАРБАЙҒА ҚАТЫСТЫ ШЕЖІРЕ

Орал тауындағы Естектің ханы - Байындер ханның жалғыз баласы Қарабатырды бала күнінде Түрікпен жұртының жортушылары ұрлап алып кетіп, еліне апарған соң, қозы бақтырып, қой бақтырып, аш-жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң, бала далада қой сауып, қорықтық қылып ішіп, ауқат кешіріпті. Бір күн[і] бала далада камығып жылап отырса, қасына қарғалар келіп қонады. Бала қарғаларға айтады:

Қарғалар-ау, қарғалар,
Қанды көрсе жорғалар.
Тұмарымды ал сана,
Біздің үйге бар сана,

Сағынып жүрген әкеме
Тұмарымды беріп қуантып,
Жүрекжарды ал сана!
Қарға бір қарқ етті, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды.

Ай, сауысқан, сауысқан,
Өлексе жеп тауысқан.
Тұмарымды ал сана,
Біздің елге бар сана.

Сауысқан да шиқ-шиқ дейді де, ұшып кетті. Келіп тырна қонды.
Ұзын мойын тырналар,
Қайырымды мырзалар,
Тұмарымды ал сана,

Біздің елге бар сана.
Тырналар да тырау-тырау дейді де, ұшып кетті. Қаздар келіп қонды.
Ай, қаздар-ау, қаздар-ау,
Сіздерге айтқан наз бар-ау,

Тұмарымды ал сана,
Біздің елге бар сана.

Қаз да қаңқ-қаңқ деп ұшып кетті. Аққу келіп қонды. Көлден ұшқан қуларым, Құс төресі туларым, Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана! Аққу тоқталыңқырап, көлденеңдеп тұрды да, ұшып кетті. Біраздан соң қарлығаш келді.

Ай, қарлығаш, тамыр-ай,
Жауда қалдым жабыдай.
Тұмарымды ал сана,
Біздің елге бар сана!

Қарлығаш ұшып олай да кетті, бұлай да кетті. Ақырында қимады, баланың келіп тізесіне қонды. Бала ойлады: «Әкем тұмарымды көріп, таныса да қай елде екенімді біле алмас. Бұған бір белгі салайын!» - деп, өзінің қолын пышақпен шаншып қанатты да, қанымен тұмар үстіне түрікпеннің таңбасын салды. Сөйтіп тұмарды қарлығаштың мойнына байлап, елінің, әке-шешесінің, жалғыз қарындасының барлығын айтып, ұшырып қоя берді.

Қарлығаш ұшты аспанмен,
Баланың айтқан жұпшармен (жоспармен),
Асқар-асқар таулармен,
Айдын шалқар көлдермен,

Батпақты лай шөлдермен,
Түрлі-түрлі жерлермен,
Қос қанатын қамшылап,
Аспаннан катер көрінсе,

Таса жерді жамшылап,
Үстінен тері тамшылап.
Неше мерзім жерді өтті,
Неше мерзім елді өтті.

Нақ отыз күн болғанда,
Бір ауылға дәл жетті.
«Баланың айтқан ауылы
Осы ма?» - деп, мезгепті.

Бұл ауылға келген соң, қарлығаш әр үйдің төбесіне қонып, адамын байқап жүрсе де, баланың айтқанына ешқайсысы ұсамайды [ұқсамайды]. Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, бір ыңырсыған кемпірдің дауысы шығады. Қарлығаш құлағын салып тыңдаса, кемпір айтады дейді:

Ау, шырағым, құлыным,
Маңдайымда тұлымым.
Көлге біткен құрағым,
Жалғызым-ау, шырағым,

Жау алды ма, білмедім,
Су алды ма, білмедім,
Аң алды ма, білмедім.
Жөніңді біліп, шырағым,

Құрбаның болып өлмедім.
Жиырма төрт ай болды
Мінеки, мен жалғызды көрмедім.

Онда қасында отырған бір еркек: - Сен қоя тұршы! - деп, оны жылатпай, тоқтау айтқан кісі болып, өзі еңкілдеп жылап қоя береді:

Жалғыз біткен тал шыбық,
Келбетің келген, қарағым,
Бір дерегің білінбей,
Дүниені кезіп қарадым,

Аш бурадай жарадым!
Он екі мүшем сөгілді,
Аш күзендей бүгілді.
Таулардың тасат тасындай

Берік-ақ еді сүйегім,
Өрт шалғандай егілді.
Қайда да кетті, сұңқарым,
Үміт еткен тұлпарым,

Бір көрсетіп алмады,
Сол ғана болды-ау іңкәрім!
Мұнан кейін бір жас қыз бала әке-шешесін тоқтатып, сөйледі:
Наркескен деген алмастай,

Асыл еді негізің.
Бірге туған егізім.
Сен тұрғанда ойлаушы ем:
«Арғымақ ат мінермін,

Асыл киім киермін.
Тең құрбымнан ілгері
Мен жарқырап жүрермін,
Биіктен талап тілермін!

Ойын-күлкі сауықпен
Қызық дәурен сүрермін!
Егізімнен айрылып,
Ақша беттен қан кетті,

Денемнен қызу жан кетті.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жап-жас қана күнімде
Мына бізден сән кетті!

Ай, қартымыз, қартымыз,
Көзіңнің жасын тартыңыз,
Мен бүгін бір түс көрдім,
Әжептәуір іс көрдім.

Түсіме жору айтыңыз.
Қолдан ұшқан сұңқарым,
Қайта қонып жүр екен.
Үйірден жойған тұлпарым

Қайта келіп жүр екен.
Тетелес туған бауырым,
Үйге келіп жүр екен.
Бізге Құдай берген-ді,

Кісі көрмес өлгенде.
Бабай түкті Шашты Әзи
Нақ сарт болып кетпесе,
Өтірік елес етпесе,

Хабар алып алыстан
Бір қарлығаш келген-ді!

Бұл сөзді естіген соң, қарлығаш сып етіп жетіп келіп, бай, бәйбішенің алдына қонады. Мойнында жүрген тұмарды көріп, танып, қуанғаннан жылап жіберісті. Тұмарды алып, таңбасынан Қарабатыр Түрікпен қолына түскенін біліп, ат жаратып, адам жиып, Байындер хан Түрікпенге аттанып кетеді. Сол күндерде біздің қазақта Құлан-қыпшақтан шыққан Қошқарбай батыр деген батыр болған күні екен. «Қошқарбай келеді!» - дегенде, қалмақтың, қырғыздың, Естектің жылап отырған баласы уанғандай болған екен. Осы Қошқарбай батыр: «Орал тауындағы Естекті шабамын!»- деп, аттанады, қолында имандай сақтаған түбі-тегі Естек Жақып деген молдасы бар екен. Аттанарда:  Осы жолғы олжамның алды - сіздікі. Молдам, батаңды бер! - деп, молдасынан бата алып аттанады. Бара шетінен кіре Естекті шабады. Алдынан үріп шығар иттен басқа жан жоқ. Іздегені -дүние, белшесінен (белсесінен) батып, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» жебір-жесір қылып қайтады. Артынан желмаяға мінген бір қатын жалгыз қуып жетеді.

 Қошқарбай батыр қайда, Қошқарбай батыр қайда?-лап. «Анау - Қошқарбай, мынау - Қошқарбай», - дегеннің бір де біріне назар да салмайды, тұпа-тура айтпай танып, сұрамай біліп, Қошқарбай батырдың тап өзіне келеді. Атағы жер жарған Қошқарбай киіктің асығындай, иттің шөкісіндей, бас-аяғы бармақтың көлеміндей -көрер көзге көруге тұрмайтұғын тырнақтың көлеміндей, көздің көлемі толмайтұғын жан екен.  Қошқарбай батыр сенбісің? Бәрекелді даңқыңа, өлім берсін сиқыңа! - депті. - «Иесіз елді батыр шаппайды, қатын шабады» - деуші еді. Батыр емес екенсің, қатын екенсің! Жалғыз балам Қарабатыр Түрікпенде тұтқында қалып, қарлығаш қанатынан хабар алып, байым Байындер хан елінің іске жарар азаматын алып, Түрікпенге кетіп еді. Қолымда қалған жалғыз бибегім мына бір құрттай бала олжаңа түскен екен, ұрғашының құмайы еді. Өзің ал, басқаға берме! Әйелдігіме бақсам, бір бала айырып алып қаларлық әл-қуат өзімнен де табыларлық, атың шыққан ер едің, меселіңді қайырмайын. «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» - деп еді. Қарабатырым аман келер! - деп, жақсылыққа жорып тұрмын! -деп, баланың маңдайынан бір иіскеп, қайтып жүре беріпті. Қошқарбай батыр үйіне аман-есен келіп түскен соң, Жақып молда:  «Батыр кісі айтпайды, айтса, айтқанынан қайтпайды» - деуші еді. Уәдеңіз бар еді: «Олжамның алды - сіздікі» - деген, - деп айтқан соң, Қошқарбай батыр сөзге келмей, қызды молдаға беріп, жеті ұл туып, біреуінің аты - Жайықбай. Жайықбайдан Қыпшақ -Ибрай: «Молда баласымыз» - деп атанған мән-жайы - осы. Бұрынғылардың: «Ат - биеден, алып-анадан» - деген сөзінің мәнісі - осы. Айғыр да естек, бие де естек, туған бала тұлпар жалғыз Ибрай емес, Молда баласы теп-тегіс дұрыс адам сияқты туады. Шонтыбай, Батыр қожаларды: «Ибрайдан басқаң болды», - деп ешкім айтпайды. Біздің бүл Арқада Ибрай екеу болды, үшеу тіпті болған жоқ. Бірі – Қыпшақ - Ибрай - Жайықбай баласы, бірі -Тобықты - Ибрай Құнанбай баласы. Ол екеуінен басқа Ибрай болса, сұмырай болды дей бергіштен сөз қалмақ, томырлықты тұнжырлардан бөз қалмақ.

НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ

[Жанарыс - Момынқожа - Найман - Төлегетай - Қаракерей] Қаракерей баласы: 1. Ерторы, Байторы. Ерторы балалары: 1. Қызылым. 2. Жиренім. Жиренім баласы - Байсыйық (Байсасық). Бұларды «Семіз Найман» - дейді, беске бөлінеді: Мыңдыбай, Төбет, Жанқұлы, Жаңбыршы, Қарамолда - үш қатынның баласы. Байторыдан: Тайлақ, Жайнақ, Айрам, Майрам. Айрамнан - Қожамбет, Майрамнан-Байыс. Байыстан бесеу: Сыбанқұл, Ақымбет, Мәмбетқұл, Сары, Тоқабай [93]. «Тоқабай Сарыны сәнге сабайды» - делінген. «Білсең, Кегенбаймын; білмесең, дегенбаймын» - деп келеді. Тоқабайдың жуаны Кегенбай, Байел болады. Байыс жуан ел, оған қарағанда, Байсыйық - нашар ел. Бұрынғы заманда Байсыйық малы қолға түссе, Байыс ата малындай көріп, меншіктеп, төлеу бермей кетеді екен. Біздің қазақта Қожа деген бар. «Бұл Қожа дегенің кім?» - деп сұрасақ, «Пайғамбар әулеті» - дейді [94].

ҚАНЖЫҒАЛЫ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - (Момын деген тоқалынан) – Ақсопы - Қанжығалы- ... Әлдекүн – Ақша - Бөгенбай. Ескерту: Қанжығалы мен Әлдекүн аралығындағы жалғастырушы аталар аты белгісіз - Е.Ж.] Қанжығалы - Бөгенбай батырдың бәйбішесінің аты - Баяу, мұнан: Тұранәлі, Тұрымбет. Тұранәліден - Бапан би, мұнан - Саққұлақ. Мұнан жеті ұл: біреуі - Нұралы, мұнан: Барлыбай, Олжабай. Барлыбайдан - Төлебай (Толыбай). Қалмақ қызы Қамырқаннан - Жылқыбай, мұнан - Төлеген. Төлегеннен толып жатыр: біреуі - Жұман. Жұманнан: Ахмет, Әліакпар. Және қалмақ қызы бір қатынның аты - Лаба. Мұнан да кісі білмейтұғын уақ-түйек толып жатыр. Қалмақтан олжаға түскен екі қыз: бірі - Лаба, бірі - Лаға. Лабаны Бөгенбай алған да, Лағаны Олжабай алған. Екеуі де жайсыз оңбаған қыздар болса керек. Төлеген « бай Төлеген, мырза» - атанған. Ас айын алты атанға қымыз артып барады екен, қыстауына қырық сан тастап кетеді екен: «Әркім тауып алып олжалансын», - деп. Өзі көксау, түні бойы жөтеліп шығады екен. Жөтеле-жөтеле жалығып, тірліктен безер болып: «А, Құдай, иман бер!» - дейді екен. Онда қой күзетіп жүрген жалшысы Бестемше:

 Бердім, бердім! -дейді екен.  Құлдық, құлдық! - деп, сүйсінеді екен. Ертең таң атқан соң, ауыл-аймағы, балалары:

 Ол Бестемше ғой! - дегенде,  Кім болса, ол болсын: беруші берді де, мен алдым, - дейді екен. Иман алғанына айылы берік, әбден сенімді екен. Өмір бойы қатынға жатқанда, суға түсуді білмейді. Оны ұнатпағанға беретұғын жауабы:  Бұқа бұтын жуа ма? Айғыр бұтын жуа ма? Қошқар бұтын жуа ма? Құтын жуған оңа ма?! - дейді екен. Әлдекүннен: Әлібек, Ақша, Ақшадан: Көлбай, Бөгенбай. Көлбай есер, есалаңдықпен бала күнінде бір аста Әлібектің үсті-басын майлай берген. Сонда Әлібек:

 Мынау өскенде, менің тұқымыма таң атырып, күн шығармас, - дегенде, Ақша: Мұны айтасың ба, үйде бір қара бар. Тұқымың соның тепкісінде шіриді, - деген.  Ендеше мен тұқымымды оның тепкісінде шірітпейін, - деп, бөлініп көшіп кеткен. Сол бойымен бөлек өсіп-өніп кеткен. Көкшетаудан әрі «Әлібек қарағай[ы]» - деген жер бар. Сонда ол айтқан шойқарасы Бөгенбай екен. «Бөгенбай әкесі - Әлдекүн, Әлдекүн әкесі -әлде кім» - делінген бұрынғыдан айтылып келе жатқан сөз бар. Саққұлақ балалары: Бектұрған, Жұман, Нұрмағамбет, Байымбет - бір қатыннан. Талас қызынан: Ахмет, Нұралы, Ералы. Нұралы өлгенде, Саққұлақ:

 Жалғызым-ау, жалғызым! - деп зарлаған екен.
Көрге салғанда:

 Бөгенбайдан келе жатқан кәрі аруақ, қара бақ, көзім тіріде сені қолымнан көрге салдым-ау! - деп, жылаған екен.

Маңайында тұрғандар:
 Перзентсіз, баласыз емессіз ғой, алтауы аман тұр ғой, - деушілерге:

 Орыстың оразасындай бірде бар, бірде жоқ көшпелі шіркінді не қылайын?! - деген екен. Саққұлақ болыс күнінде Қыпшақ Ыбырай аға сұлтан күнінде алым тапсыру үшін қызмет жұмысына Жаншуақтың Мұсасына балаларының біреуін қосып жібереді екен. Басқа балалары барғанда, дәнеме демеген. Нұралыны қосып жібергенде:  Саққұлақтың өз баласы жаңа келді ғой! - депті. Айыбы - қыршын жаста өлгені, онан басқа айыбы болмаса керек.

ЕНДІ БІР ДЕРЕКТЕР

Сәукелемен сақтаса да, көрініс сақтай алмайды.
Су үлкендігін сақтаса да, суретін сақтай алмайды.
Су денесін сақтаса да, бойын, қаралдысын сақтай алмайды.

Үй[і] қара ағаш Ташкентте «Қырық сан Барак ханның елі» - атанып тұрған күнде Мәжік мерген: − Менің мергендігімді мақта, - деп, Қаратиынбекке үлкен қара құлын жарғағын берген. Мұның әңгімесі бар. Жақсыкүң деген өзеннің бойында «Айдаһарлы Құдайберді» - жер аты бар. «Құдайберді» - деген Ноғайлының дәулеткер байы айдаһармен дос болған. Мұны әңгіме қылып сөйлеген - Жәуке би. Түркістан ханы Тоқтамыс ер Едігеден қашып, қаңғып барып өлген жері - Керекуге жүз елу шақырым жерде Шот деген қаланың ар жағында «Баян қопасы» - деген қопа қасында «Тоқтамыстың қара обасы»- деген оба бар. Бұрынғы заманның адамдары сол обадан Тоқтамыстың үзеңгісін тауып алған: «Кеңдігі - бұл күнгі аттың басы сиярлық екен», -дескен. Ақбура: Есен тентек, әкесінің аты - Жетібай, шешесі заманындағы әйелдің қақ маңдайы болса керек [95].

Күні кеше Айдабол баласы Тайкелтір деген елден Жапар ақын шықты [96]. 1920-ыншы жылында жаңаша 25-інші августе шаһарсенбі күні айт құрбан болды. Жабырласып, аяғын ұстар бала-шаға болмаған соң, етін реттеп (іреттеп) асып беретұғын қатын болмаған соң, тірідей садақа қылдым: Сұлтанбай Байқошқар қажы баласына - бір үлкен қой, Ауғанбайға бір қой, Қозған: Дәуітке бір қой, Түлкіге бір қой, Мұхаммедшарафиденге бір қой, Керімнияз Бақибаласына бір қой, − осылар бәрі де айтқа шалды. Сол жазда Баязит бір қошқар, Әшім (Һәшім) бір қошқар, Ақмырза бір қошқар, Керімнияз Бақибаласы бір қошқар, топ аяқ Аршалы диуана бір қошқар, Шұғаевқа бір қошқар және екі қой. Әміре Көппайбаласына бір қошқар. Екі Әбенге екі қой, Қоқышқа бір қой. Әбен Аязбаевқа бір ту қой. Қабылға (Фабылға) бір ту қой, Мәдине қарындасымызға бір қошқар, Сүлеймен Шақотбаласына бір ту қой және бір тоқты. Осы жылдың қысына қарсы Мұхаммедәмен Ташкентке кетті, бір қыс Ташкенде тұрып, жаз шыққан соң, июнь айында қайтыс болды. 21-інші жыл, 18-інші июньде - Құдай рахмет қылсын! Мәшһүр мұнан бұрын өзі айтқан еді: «Батасында қабылдық жоқ шайтанның, Құдай сорлы жаратқан кедей иттің!»- деп. Осынша иттің бірінің аузына Құдай салмаған ғой: «Малы-басың аман болсың!» - деп. Осы қойларды үлестірген жаз Разембург мал санап алды. Сонда Мәшһүрдің оз қолында қойдан он үш тұяқ бар екен, бөлек көгендеулі жатты. «Мәшһүрдікі» - деген соң, алмады. Басқа кедейлерден: торт қой болса, бірін алып отырды. Сонан соң Мәшһүр айтты: − «Орыстан қалды деп, олжа көрмейін, Құдайға берейін!» - деп, жылқыдай қошқарды дәл сол күні қарындасым Мәдинаға бердім. Бір үлкен қой Шақоттың Сүлейменіне бердім. Және бір тоқты, о да Сүлейменге бұйырды. Бұ да бір харық ғадет.

Күліктен шыққан Жамшыбай ақын [97]... Күліктен шыққан Көтеш ақын [98]...
Тоғай бойында Едігебаласы Бейсенге біреудің айтқаны:
Сенің әкең Едіге,
Сарнаушы едің еліге.

Сарнамасқа бола ма
Қызыққан соң төс пен теріге.

Қозыбақ, Малбағар, Қойбақ. Қозыбақтан: Жансалық, Байсалық. Малбағардан - Жақып. Малбағар өзі Әкімбекпен құрдас екен.

Ес, зейін: көру есі, есту есі [99].

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ – Құлболды – Күлік -Шобалай]. Күлік - Шобалай баласы - Өміртай. Мұның балалары: Ақбота, Тайлақ, Қайнар, Көшек. Сол Қайнар бай болыпты. Қаракесек - Қаз дауысты Қазыбек ұрпағы Қанаймен құда болып, Жәдік деген жаман баласына Қанайдың Ұрфая деген қызын айттырып, сонда қалың мал бергенде: «Бас «жақсысы» үшін бір «жетім» бер» - депті. Ол «жетім» аты -Болыс екен, өзі қыз екен. «Бұл өзі жатыны асыл жақсы бала туайын деп тұр және де өсімді, төлшіл болады» - депті. Сонан соң Қанай өзінің кенжесі Бәзілге қосып, онан: Саржан, Жылқыбай туып, Саржаннан - Жаманкөт, Жылқыбайдан Қорабай туған. Күндердің күні болғанда, бүл Болыс бәйбішені «күңдіктен» - шығару үшін, қырық жолдаспен төркіндете жібергенде, малдан бөлек бір еркек, бір ұрғашы, - екі «жетім» берген. Еркегінің аты - Малайдар, ұрғашысының аты - Дәнеш. Қара бурасына қара кебежесін, қара қазанын ошағымен қабат арттырып: − Мына Болыс қызым болмаса, осынша сый-сыяпатпен жөнелтем бе? Алшынбай мен Итемген енді былшылдауын қойсын! - депті. Сол Малайдар, Денештен:Томпақай (Томғақай), Күшік — екі бала туып, Күшіктен: Қонақбай, Қоқанбай, Әйнекбай, Тезекбай, Тойлыбай, Қисық, Кенжебай - өз алдына толық бір ауыл болып, бұлар «Жылқыбайдың күшігі» - атанған. Болыстың шешесі - Қаракөз деген күң - қалмақтан олжаға түсіп, Қайнарбай байланған екен де, ол Қаракөз Сарымырзаның Бұқа деген баласымен ойнас болып, сонан туған бала -өзі Қыз аты болыс екен. Қанайдың қызы Ұрфаядан туған балалар: Қорысбай, Сапақ жар-жар айтып былшылдап жүргеннен басқа түк бітірген жоқ. Сапақтан - Ашықбай, мұнан - Жолды. Ұрфаяның байының аты - Жәдік. Жәдікпен бір туысқан Бәйтік кедей болған соң, әкесі Қайнармен туысқан Күшікті қанжығалап, Апай, Бөрі ішіне барып, сонда қалған. [Ескерту: Осы мәтін орын алған 1176-папканың 82-бетінің оң жақ қапталына көлденеңдеп мына қосымша жазылған: «Алшынбай - Тіленші баласы: Итемген, Сәдібек. Мұның баласы - Жұман, Жұман баласы - Хасенолла еді»]. Бәзіл - «Байлықта үш Бәзілдің бірі» - атанған. Жылқыбай жиексіз мырза болған. Сонда қалың малдың бас «жақсысы» үшін берілген күң «Болыс апай» атанып, Сүйіндіктің ең жақсысына «Болыс апай» атанған. Дәнеш - Жалықпастан мал төлеуіне келген күң. Малайдар - іштегі Уақтан ұрланға мал төлеуі үшін алынған құл. Апай, Бөрінің Апайы - Тоқтыбай, қасында Шалбай деген он жеті - он сегізге жаңа жеткен бала жолдасы бар, жаз жайлауда жоғалған малға сұрау сала Қаракесек - Шаншар елін аралап жүріп, атқа мініп шауып жүрген бір сүйріктей жас баладан сұрайды: − Осы елде «Қайнарбайдың бір күңін берген жер бар», - деп еді. Соның үйін білесің бе? -деп.

Баланың өңі қашып, түсі бұзылып кетеді де: − Сонау аппақ шағаладай ауылға барсаңыз, сол ауылдағы бас үй - сұраған үйіңіз - сол, -дейді. Барса, Қайнардың кенжесі Бәзіл байдың үйі екен. Бай да, бәйбіше де Құдай қосқандай жарастықты толық. Бағанағы ауыл жөнін айтып берген бала сол үйдің өз баласы екен. Қонақ аттанып кеткен соң, бала әкесінен сұрайды:

− Менің нағашым кім? - дейді.
− Сенің нағашың – Күлік - Шобалай баласы Қайнарбай, - дейді.

− Жоқ, түндегі қонақтар «Қайнар байдың қызынікі қайсы?» - деген жоқ. «Бір күңі бар -деп еді, күңінікі қайсы?» - дейді. Күңнен туып, мен қалай кісі қатарына кіріп жүре аламын? - [деп], бала долданып, жарылып кете жаздап жылады. - Осыны: «Қатын қыламын», - деп алған сені де, «Балама қатын алып бердім» - деп әперген әкеңнің де [деп], екеуінің аузына бірдей жібереді. Отырғандар баланы аяды, сөзін қостаушы жоқ болса, жарылып өлерлік. Бір ақсақал Бәзілге ұрысты: − Жорға бие сой, жоғарғы елді жи! Төбел биені сой, төменгі елді жи. Бұл Болыс келін сүйегі не қылса, ағарады? Соның лажын (ғылажын) тауып, ешкім «күң» деп айта алмастай қылу керек, - деген соң, Бәзіл бай жұртты жиып, оған сойылатын малды жан-тәнімен қиып, сонда жұрт айтқан екен: − Қырық кісімен төркіндет. Төркіндеп барған жолына малдан басқа екі «жетім» берсін, қара қазанын, қара кебежесін берсін. Сонан соң Қайнардың анық өз қызы болады. Төркіндеп барып, екі «жетім» ап келген жанды «күң» - деп ешкім айта алмайды. Сүйегі сонымен ағарады, - дескен екен.

НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Жанарыс - Момынқожа - Найман - Төлегетай - Қаракерей - Ерторы – Жиренім -Байсыйық (Байсасық)]. Байсыйық (Байсасық), Байыс деген Найманда екі арыс: өскен-өнген ел. Байсыйықтың төрт баласы: Жанқұлы, Мыңдыбай (Меңдібай), Төбет, Ақбелбеу. Бүл төртеуінен басқа асыранды баласы - Қарамолда нәсілі «Семіз Найман» атанған. Жоғарғы Матайдың [Найман - Төлегетай - Матай] үш баласы: Аталық, Кенже, Қаптағай. Күллі Найманға ұран болған Қаптағай - осы. Аталықтың қатынының аты - Қызай. Мұның атыменен тұқымы «Қызай» атанды. «Білсең, Қызайыңмын, // білмесең, Құдайыңмын» -дейтұғын Найман осылар. [Найман - Төлегетай - Қаракерей - Байторы – Майрам – Байыс -Сары (мырза болғандықтан «Сарыжомарт» атанған.] Сарыжомарттың бәйбішеден - Қаратай, асыранды баласы - Бура. Тоқалының аты - Торқа. Бұл Торқадан туған төрт ұл: Байдалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз. Бұл Торқа шапшаңшыл тоқал болғандықтан, Сарыжомарт батыр жорыққа кеткенде, төрт баласын алып төркініне көшіп кеткен. Төркіні Уақ екен. Сарыжомарт жорықтан келген соң, тоқалын көшіріп алу үшін аттанған жолында ауырып жолдан қайтқан. Өлерге ыңғайланғанын сезіп, төрт балага сәлім айтқан:

− Менен туғаны рас болса, малдарына менің ергенек таңбамды салсын, - деп. Сондықтан төрт бала ергенек таңбаны салған. Сол бойымен Уақ ішінде қалған. Төртеуі де өсіп-өнді. Бұл күнде: «Уақпыз» - деседі. Іштегі қарағанда: Сейтен болысы, Маралды болысы, Бесқарағай болысы - осылар. Жансарыдан - Қожа, мұнан: Игілік, Сүйіншәлі туады. Сүйіншәліден: Кенебай, Құттыбай, Өтеген, Бабалы. Кенебайдан: Байбөрі, Қараман, Жоламан, Тасан, Шапан, Әзберген (Азберген), Қожаберген, Жамансары, Боздақ. Жамансарыдан - Нұркен бай. Бұл Нұркеннің бәйбішесі - Күлік - Жаңабатырдың бел баласы Текейдің (Тикейдің) қызы - Күнекей. Мұнан туған балалар: Балта, Балға, Төйте, Әбдірахман, Ибрайым; тоқалынан: Біте, Жақып. Кенже тоқалы Жалайыр қызы екен, ол пұшпағы қанамай, Нұркеннің қарашаңырағына ие болып, өзін күзетіп қалған [100]. Бұл Нұркен Қызылтауда туған бала. Осы күнде мұның жұртында Самай ауылы отыр. Алты жасына шейін мешел болып, жер қазып салып қойған. Қалың беріп, мал төлеп Керей, Уақ ауып, ішке түскенде, бірге түсіп кеткен, жарлы болып қалған. Сонда қайынына ат, тон жоқ, жолдас жоқ, бір торы байталға мініп, жалғыз келген. Ауылға келуге қаймығып, атын оттатып, далада отырғанында бір жақтан келе жатып, «Қаһарлы Жанақ» кім екенін білмейді, қасында жолдасы айтқан соң, кірпігін, қасын көтеріп қарапты да, үн жоқ, түн жоқ, жүре беріпті. Ауылға келсе, ауыл күйеу екенін біліп, намыс қылысып: − Ауыл маңайына жолатпаймыз! - деп, дуылдасып жатыр екен. [Қаһарлы Жанақ] ақырып ұрсыпты: − Бағанағы мен көрген торы байталды болса, екі иінінен шамшырақ жанып тұр екен. Былшылдамаңдар, бере беріңдер. Күндердің күнінде кейінгі үрім-бұтаққа азық, тамақ болады! - деген соң, қол ұстатып берген екен. Басы - сол. Онан соң өрттей қаулап, мал да бітеді, бас та өседі. Түйтесі дуанбасы болады. Балаларының бірі - қазы, бірі болыс болады. «Жерде қалмайды, жиенде қалады» - деген -осы. Барып жүрген Жаңабатыр аруағы екен. Ақыры Темірғалы баласы Хұсайынға шейін келіп тоқтады. Бұл қырғыздардың Кенесарыға қарсыласып жатқандығы:1846 жылы патша үкіметі Аягөзден Кенесарымен соғысуға Нухалев деген жасауылды қосын қылып шығарған [101].

Еңсегей бойлы ер Есімнен - салқам Жәңгір [102].

ҚАНЖЫҒАЛЫ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын («Момын» - деген тоқалынан) – Ақсопы – Қанжығалы -Ішпек] [Қанжығалыдан]: Ішпек, Піспек. Піспектен ұл жоқ, ылғи қыз. Онан өрбіп–өнген -Қуандықта: Өр Алтай, Төменгі Алтай, - бәрі Піспек байдың қыздарынан туған болады. Ішпектен: Қамбар, Жапар, Қармыс. Қармыстан: Есен, Бозым. Бозымнан: Әжібай, Әжім (Ажым), Әжімбет. Алты атаның ұлы Әжібайдың екі атасының баласы: Қаратілес, Қарабұжыр, Ақтамақ, Ақбура. Ақтамақтан: Құдайберді, Құдияр, Қара, Амалдықсары. Қарабұжырдан: Мұрат, Байболат. Мұратын сегіз туады: Дөнен, Сасық, Алтыбай, Тоғызбай, Теңізбай, Бестібай, Сегізбай, Құнан. Байболаттан - «Шыңғыстың Жұмабектері» - сонан тарайды. Қаратілестен [туғандар] «Тентек Қанжығалы» - атанады: Айтуар, Көшпен, Құдайсүгір, Өтеген. Айтуардан: Әжіке, Дәнен, Әжікеден - Байдалы, онан - Тәшім. Шолан деген біреу бар, оның қай жерде орналасуын айыра алмадық. Өтеген - батыр болған кісі: «Елқонды» -деген бір баланы қалмақтан алып қашып келген екен. Аты Елқонды болғандықтан, Алмашының қызынан туған Жантай, күңнен туған: Қорлыбай, Қойлыбай. Бірі қыздан туған, екеуі күңнен туған, - «үш жиен» - деп сөйлейді. Есен, Бозымның Есенінен еркек тұқым жоқ. Жеті қызын жеті жерге беріп, әрқайсысынан бір бала алып асырап өсіріп, мал малдандырып, жан жандандырып: «Жеті ру» атанған солар:Қоскелді, Қылтышар, Лабашы, Бошқантай, Есіргеп, Нияз, Жолымбет. «Ұзын оқты оннан (ондан) бол, // Қайдан болсаң, сонан (сондан) бол» - дегендей, онан-мұнан бас қосылып, Қанжығалы болды. Алты атаның ұлы Әжібайдың [Қанжығалы - Ішпек – Қармыс - Бозым - Әжібай - Ақтамақ -Қара] бір баласы - Қара. Қараның бәйбішесінен:Елібай, Сары; тоқалынан - Жәдігер. Жәдігер бәйбіше балаларынан зорлық көрген соң, Құдайбердінің [Қанжығалы - Ішпек-Қармыс – Бозым – Әжібай – Ақтамақ - Құдайберді] қолына қашып шығып кеткен. Мал бағып түзде жүргенде, Найманның көп кісісі жолаушы[ла]п келе жатқан, соған кез болыпты. Ол жолаушы Амалдықсарының [Әжібай - Ақтамақ - Амалдықсары] құдалары екен. Амалдықсары баласына Найманнан қыз айттырып, малын беріп, құтылып қойған күнінде күйеу бала өліп қалып, қыз оң жақта жесір қалған соң, соның мән-жайын сөйлескелі келе жатқан құдалар екен. Еліне барған соң: «Жесір жібермейміз» - дейді де: «Бір жаманға бер» - дейді. «Онан да осы баланы еріксіз алып кетіп, қызымызды осыған берейік» - деп, Жәдігерді ұрлап алып кетіп, қызын беріп, енші беріп, мал-малдандырып, жан жандандырып, байыған соң, ағайын іздеп, көшіп келіп, үйіріне қосылыпты. Жәдігерден: 1. Тоқсанбай. 2. Сатыпалды. 3. Мәмбетбай. Тоқсанбайдан: Жанзақ, Байзақ, Құлжан, Бертіс. Жанзақтан - Бегайдар, тоқалдан - Сазан. Байзақтан - Айдабол, Бертістен -Тезекбай. «Тезекбай» - деген сор аты - «Тезекбай соры» атанған. Мәмбетбайдың төрткіл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, бала қылған баласының аты - Алдаберді - тегін, түбін жан білмейді: жігіт күнінде душар болған. Екі баласын былай қойып, қара шаңырағына [Мәмбетбай] Алдабердіні ие қылған. Ол Алдабердіден -Құттықожа, онан - Мәнкебай (Маңабай), онан - Сарыбел, онан - Молда, онан - Лекер қажы. Мұнан - Жақып. Алғаш қызылдар келгенде, Шақшан еліне исполком председатель] болып тұрды. Бұқарекеңнің [Бұқар жыраудың]: «Тексізді төрге шығарып, // Теңдік тимес құлыңнан» - деген созіне дәлме-дәл келді. Мәшһүр де айтқан екен:

Орынды аталары асыл тектен,
Орыстың малайы озды қосын жеккен.
Қан жеген ауқат үшін сауысқандар
Дәмелі осы күнде қаз бен жеккен.

Шақшан елінің ішінде сіңісті болып өсіп-өніп кеткен қарақалпақ та бар, қызылкұлақ та бар. Қанжығалының нағызынан тартасы көп ел. Сондықтан қатықтай қатып, сүттей ұйып тұра алмайды. Ең мақтаулы зоры - Бөгенбай. «Бөгенбай әкесі - Ақша, Ақша әкесі -Әлдекүн. Әлдекүн әкесі - Әлде кім?» - деген сөз бар.

ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ

[Жанарыс - Ақтамбердіқожа - Қыпшақ - Шелімалып - Ақкөбікалып - Сарыалып - Қара -Қобылан - Бұлтың] Жанарыстан алты бала туады: төртеуі - бәйбішеден, екеуі - тоқалдан. Бәйбішеден: Қарақожа, Дарақожа, Момынқожа, Ақтамбердіқожа. Қарақожадан - Арғын, Дарақожадан - Қоңырат, Момынқожадан - Найман, Ақтамбердіқожадан - Қыпшақ. Қыпшақтан - Шелімалып (Сүлімалып), мұнан - Ақкөбікалып, мұнан: Мүйізді - Сарыалып. Мұнан туған балалар: 1. Құлан. 2. Қытай. 3. Қара. 4. Сары. Қарадан - Есімсейіт, Қобылан: «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр». Қобыланнан он екі бала: Тоқтар, Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзынбалық. Кейбіреулер: «Тоқтардың баласы бес таңбалы» - дейді. «Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең, Балық - оның үшін бес таңбалы» - дейді. Бес таң[ба] болған Жаһаттан: Әліф таңбалы - Бұлтың Қыпшақ жақтан басады. Мойын таңбалы Торы қыпшақ. Төйішке, Қитаба, Көкмұрын, Шашты. Бұлтыңнан үш санға: Уәріс, Күрлеуіт, Жолаба. Күрлеуіттен: Нияз, Қожамжар, Алдаберді. Қол таңбалы - Ұзынқыпшақ: Атыс, Кеделі, Бірдікі. Қырыкжігіт [Таңбалы] - Қарақыпшақ. Қарын таңбалы - Қарабалық, көсеу таңбалы - Көлденеңқыпшақ. Құланқыпшақ жалғыз. «Құлан жалғыз, Құдай жалғыз» - деген мақал да бар. Бұлтыңнан:1. Боғыс. 2. Уәріс (Орыс). Боғыстан: Жолаба, Бұлатай. Жолабадан:1. Есенкелді. 2. Әбілқасым. Уәрістен: 1. Төбет. 2. Құлатай. 3. Мадияр. 4. Құдас. 5. Сандық. Төбеттен:1. Еламан. 2. Қосайдар. Құлатайдан - Қоскел. Қоскелден: 1. Қарыке. 2. Нарбота. 3. Әжібай. 4. Асан. 5. Әлібай. Құдастан: 1. Жарымбет. 2.. Қосқұлақ. [Қосайдардан]:1. Сексен. 2. Қожан.Сексеннен - Бекәлі. Бекәліден - Тілеуберді. Қожаннан - Сүйірқұл. Сүйірқұлдан: 1. Үмбетай. 2. Жарылғап. 3. Есіркеп. 4. Егізек. [Қыпшақ - Шелімалып - Ақкөбікалып - Сарыалып - Қара – Қобылан - Бұлтың - Уәріс -Төбет - Қосайдар - Қожан – Сүйірқұл - Егізек] [Егізектен]: 1. Сейітпенбет. 2. Ақпейіш. 3. Айтолы. 4. Күрлеуіт. [Сейітпембеттен] - Борбас. [Айтолыдан]: 1. Құттыбай. 2. Қойбас. 3. Жарас.

ЖЕКЕ БІР ДЕРЕКТЕР

Тоқхат арыз беріп, Хұсайынды жамандап, сонда: «Құран ұстатып, «жанын алып» сұрасаңыз екен!» - Дегенде, жан бермей, Құран ұстамай қалған. Төрт кісі: бірі - Алпыс Малкелдібаласы, Секербай ағасы. Бірі - Баймағамбет Бекбаубаласы. Бірі - Әлібай Бекбаубаласы. Бірі - Баян: Жауқашар Шалғанбаласы. Бұлардың аналары балалары бойына біткенде, айтқан екен дейді: «Ұзын бітті бойыма, // Ерлік, батырлық толды үйіме (ойыма)» - депті. Қол таңбалы Ұзынқыпшақ атанады: Атыс, Кеделі, Бірдікі, Қырықжігіт. «Бұлтың бітті бойыма, // Көптік толды үйіме (ойыма)» - депті. Әлиф таңбалы - Бұлтың Қыпшақ жақтан басады. [Бұлтыңнан]: 1. Боғыс. 2. Уәріс (Орыс). Боғыстан - Жолаба, Уәрістен:Төбет, Құлатай, Мадияр, Құдас. «Торы бітті бойыма, // Кемшілік толды үйіме» - депті. Мойын таңбалы - Торықыпшақ. Бұлар таңбасын мойыннан басады. Төйішке, Қитаба, Көкмұрын, Шашты. «Балық бітті бойыма, // Байлық толды үйіме» - депті. «Қарын таңбалы Қарабалық» - атанады: таңбасын қарыннан басады. Көсеу таңбалы көлденең Қыпшақ бар. Бұлардың бәрін: «Бес таңбалы» -дейді. Ұзын, Көлденең, Бұлтың, Торы, Қарабалық - бес таңба (таиха) болған жаһаттан. Бұлардың арғы атасы «Қара Қыпшақ Қобыланды» - атанған. Оның аталары - Мүйізді, Сарыалып. Оның атасы - Аткөбікалып, оның атасы - Шелімалып (Сүлімалып). Оның атасы - Қыпшақ. [Ескерту: алдымен жазылып, үстінен сызылған нұсқа: «Кейбір ата білемін деушілер: «Мүйізді Сарыалыптан - Құлан, Қытай, Қара, Сары туды, - дейді. Қарадан: Есімсейіт, Қобылан. Қобыланнан - Тоқтар. Тоқтардың баласы бес таңбалы дейді. Білмейтұғын біреу сөйлеген»]. «Темірқазықта: «Тоқтамыстың биінің бірі - Қарақыпшақ Қобыланды батыр» - депті. Ол қате жаңылыс сөз. Не үшін десең, би басқа, батыр басқа. Бұрынғылар айтқан: «Би деген -ақ шариғат: ілуде бір-ақ қатын табады. // Батыр деген - бір барақ ит: екі қатынның бірі табады.» «Ақылы мол би атанады, // Ақылы жоқ батыр атанады.» Әрі батыр, әрі би бір кісінің бойына сыймайды. Және Қобыланды батыр өзінен басқа пендеге бойсұнбаған, ханға нөкер болмаған. Өз мәнінде оқшау шыққан батыр. Осы күнгі аты шыққан Қажымұқан Мұңайтбасов Ұзынқыпшақтан шыққан батыр. Бұл Құнанбай қажымен сапарлас болып, Бәсентиін – Апайбөрі - Құдияр қажы барып, тірі қайтып келіп, көп жасап өлді. Алтай - Ешмұхаммед қажыны Құнанбай жолдастыққа алған: «Өлсем, басымда, тірі болсам, қасымда бол!» - деп. Сұлтан қожаны Егізек-Жанайдар жолдастыққа алған. Бұлармен бірге Атығай - Қожахмет қажы деген сапарлас болған. Біздің Арғыннан білікті болып екі кісі тұрды. Бірі - Орманшы - Хасен шайхы, бірі

- Тоқал Арғыннан Есмұхаммед Бұхарадан барды.

Первый человек - Адам ата топырақтан жаратылды [103]. 1499-ыншыда Әбілқайыр немересі Шейбани хан Әмір-Темір нәсілінен - Бұхара, Самарқанды алып [104]... Бәйбіше балалары - Қозыбақтан - Матай, тоқалдан: Есен, Итаяқ, Ноғай. Матай балалары: Сатай, Шумақ, Жәнібек. Сатайдан:Қабылан, Жалдес. Ескерту: 1176 - папка, 107 - бетінің оң қапталында көлденеңдеп жазылған дерек: «Баянаулада басшілік қыстаған «Төлеш жұрты» - деген жер аты бар. Қарабұжы[р] - Төлеш батыр, оның үлкен ұлы - Тайсары – Қыстауы - Аяқшілік».

САХАБАЛАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ДЕРЕКТЕРІ

(ҮШІНШІ НҰСҚА)

Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты!» - деп, әуезесі айдай әлемге жайылып кеткенде, Түркістан аймағынан түрік. ұрпағынан үш оқ нәсілінен «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған заманда тоқсан екі батыр атқа мінді дейді [105]. «Сол пайғамбарды барып көрелік. Жақсы болса, жанына жолдас болып ерелік», - деп. Мінген көліктері - ат, ұстаған қарулары - бір-бір сойыл; құрғақ шөлмен жүріп барса, Мұхаммед пайғамбар екі соғысты мұнан бұрын өткізіп, үшінші соғыстың үстіне барған екен. Жан-жақтан ереуілдеп шаң шығады екен де, шаңдатып келе жатқандар кәпірлер тобына қосыла береді екен. Мұсылманға үйден шыққан өздерінен басқа ешкімнің шаңы қосылмайды екен. «Күншығыстан бір шаң шықты, о да кәпірлерге қосылады ғой!» - деп тұрысып еді. Бүл шаң кәпірлерге бармады. Мұсылмандар тобына келіп килікті. Ан хазіретіміз Мұхаммед Мұстафа ғалиасалауат араб (ғараб) тілімен сөйлеп еді, білмеді. Парсы тілімен сөйлеп еді, білмеді. Әбубәкір Сыдық Расул-Аллаға көлденеңдеп жетіп келді: − Иар сол Алла, - дейді, - Менің атам - Қахафа Түркістаннан келген екен. Бұлар Түркістан жұртының саяқтары болса керек. Түркі тілімен айтсаңыз, білер, - дейді. Түркі тілімен сөйлеп еді, бастарын изеп, шұлғып, оқырана түсті: − Өзіміз әдейі сізге: «Біріміз - оқ, біріміз жақ болып, қазылған жол, шашылған топырағыңызда арқамыз - соқпақ, басымыз омақа болсын!» - деп, келдік, - деп, кәпірге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді. Кірген жерін - есік, шыққан жерін - тесік қылып, ілездің арасында апа-сапа кәпірлер - қой, бұлар бір оған тиген топалаң есепті болып, көп кәпір мұсылман дініне кіріп, бұрын-соң көрмеген тамаша майдан болды. Сонда бұлардың батыр басы, азаматы Ақкөсе екен де, оған таяулары: Мәлік, Ақтам, Құттықожа, Имамбайыр дегендер екен.

Сонда пайғамбарымыз шатланғаннан:
− Алла түркі ғайыр мин үмбеті! - дегенде, Сәлмен парсы сахаба үғып алып:
− Ал Түркі ғасайы, - дегенде, Аөқкөсе бабамыз ұғып алган екен.

Сонан кейін бұлар қалған өмірін пайғамбар қасында өткізіп: «Ансары» - атанған екен. «Мұһажырын ансары» - деген қауым қыбыла, ру, тұқым, ел аты емес, Меккеден пайғамбарды іздеп (ізлеп), һынжыр қылып көшкендер «Мұһажырын» - аталған екен де, пайғамбарға болысып, күш-көмек бергендер «ансары» аталған екен. «Уалсабтұн Алла ұлыңмен әл мұһажырын уа әл-анзар» - «Бәйгенің озып алдын алған Мұһажырын мен Ансарылар» - делінген сөз екен. Ақкөсе мен Мәлік - екеуі бір ағайынды. Нәзір деген әкелерінің аты екен. Мәліктен Әнес туады да, сол Әнестің үрім-бұтағынан:түрікпен, қарақалпақ, қазақ тарайды. Ерте заманда бұрынғы ата-бабаларымыз: «Біз Ақкөсе сахабадан екенбіз» - деп жүргені -Пайғамбар дүниеден қайтқаннан кейін: «Мұхтарса» - деген кәпірмен соғыс ашамыз!»-деп, хазірет Ғұмардың халифа күнінде Ақкөсе, Имамбайыр, Құттықожа сахабалар Қаратауда шаһид болып, зиараттары сонда болғандықтан, «Ақкөсе сахаба бабамыздың моласы» - деп, зиарат қылғандықтан, «Соның ұрпағымыз» - деп жүргені сол екен. Бұл күнде Қаратудың күнбатысында ол кісіні «Домби ата» - десе, жұрт біледі. Басқа жұрттан шығып тарих жазушылар - мұндай қайдан шығып, қайда барып ұшырасқанын білмейді де: «Әнес ибн Мәлік хазіретлері - ғараб. Қазақ өзін ғарабтан туғызып, пайғамбарға туысқан, бауыр болғысы келеді» - дейді. Мына мен Мәшһүр Жүсіп Көпеев алпыс бес жаста (1923 ж.) осы сөзді жазып отырмын. Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, жауырын жағып, құмалақ салып, айтып отырғаным жоқ. Мен де нұсқалардан көрумен, кәрі құлақтылардан естумен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шындап тыңдап, айтып отырмын. Бұл қазақ деген кеше мен бүгін қойылған ат емес, заман заман болғаннан айтылып келе жатқан ат. Ғараб (араб) тілінде «Қызбағы» - деп жазылған (иазылған). Шағатай түркісінде: «Хызағы» - деп жазылған, өзіміздің қазақ тілінде: «Қазақ» - деп жазылған [106]. Ақкөсе сахаба пайғамбардың туын ұстап жүріп, жауырынындағы нәбут мәһірін [мөрін] көрген. Ахтам сопы хазірет Ғали үшін басын берген. Ташкент шаһарындағы Жанаділ патшаның Мақатіл деген балуанына оң қиссашы Мәшһүр мағрұп. Әнес ұрпағы кім болғанын, оны өз алдына сөйлеп таратамыз [107].

Сонда пайғамбарымыз бұл тоқсан екі батырдан сұраған екен [108]:
− Сіздер не дінде боласыздар? - деп.
Сонда бұлар айтқан екен:

− Біздер дін-сінді білмейміз. Ораза жоқ, намаз жоқ, Құдай деген жанбыз. «Озған пайғамбар» - деген бабаларымыз осылай үйретіп кеткен екен, - десіпті. Осындай ұғылмаған сөзден біздің қазақ: «Біздің бабамыз - Озған [ Уыз хан] пайғамбар екен» - десіп те жүрді. Сөйтсе, онысы Уыз хан екен. Тарауихларда Уыз ханды - «Оғуз хан» - деп сөйлейді. Уыз хан балаларына өз ойымен: Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз - деп ат қойыпты. Сол ат хала бұл күнгеше біздің қазақта: айдың басында туған баланың атын: «Айбас» - қояды. Таң ата туса, «Таңатар» -қояды. Күн шыға туса, «Күншығар» - қояды. Түн ортасында туса, «Тұнқатар» - қояды. Көлде туса, «Көлбай», тауда туса, «Таубай», жайлауда туса, «Жайлаубай», қыстауда туса, «Қыстаубай», күзекте туса, «Күзек» - Уыз ханнан алған өрнек - үлгісі - осы.

Және кигіз үй: «Уыз үйлі елден таба алмадың ба?»- десіп сөйлегені.
Қазақ түбі – Мұғыл - Татардың Мұғылынан, арғы атасы Түркі болады [109].

Бұл өмірімде кісі аузына қарап көргенім жоқ. «Ай кірсіз, Құдай мінсіз». Айдан басқада кір көп, Құдайдан басқада мін көп. «Келін киімсіз болмайды», - деген бар ғой. Жас күнімде қариялардан естіп едім: бүл күнде көп жасағандық па, болмаса, «Жазуға сеніп, жаңылшақ; оқуға сеніп, ұмытшақ» болғандық па, көбі ойда жоқтай сезіледі. Науан, Шуан деген аталар бар еді. Қаракелімбет, Сарыкелімбет, Ақсақкелімбет деген аталар бар еді. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс - деген аталар бар еді. Жаслықта талай нұсқа қылып жазып жүрген сөздер еді. Осылар бұл күнде ұмыт болыпты. «Жанарыс әңгімесі» бар, өзгесінен әңгіме жоқ. Мен өзім әңгімесі жоқ атаны айтқым келмейді. Тамата тамам. Осы - менің болған шамам. Біздің бұл қазақта құлақ естіген жерде Уақ - Нұрекен байдан бұрын қажыға барған кісі жоқ [110]. Ол кісі тоқал қатынымен кетіп, барып-қайтуы торт жыл жүріп, аман-есен барып келген.

Ар жақта аты шыққан Нұрекен бай,
Ішкені алтын аяқ, ақ құйрық шай.
Байлығы бұл Алаштан асып кеткен,
Жылында құлындайды жеті жүз тай, -

деп, ауызға ілінген. Байлығы өз тұсында керден кеткен жан болған. Онан соң қажыға барған Күлік - Самай менен «Баянауланың ескі хазіреті Байжан хазірет» - атанған кісі. Бұл екеуі: бірі - қазақтан, бірі - ноғайдан қой жылы кеткен кісілер, екеуі сонда барып өлген. Осыны жазып отырған Мәшһүр Жүсіп сол жылғы туған бала, осы күнде алпыс бесте [1923 ж.], өмір бойы жұмысы қағазға салғаны шимай кесте. Үшінші барған кісілер: Тобықты - Құнанбай [111]; Айдабол – Қишыл - Қыстаубай; Малай

- Жәдігерден: Егізек - Жанайдар; Аққұм - Қосқопадан Төртуыл - Шекшек қажы. Қыпшақтан - Шонтыбай, Батырқожа. Сілеті бойындағы Қыпшақтан - Хасен қажы, Құрман баласы - Мәмбет - Тоқадан. Өзден - Сазан ұрпағынан - Мұхаммедсәлім қажы. Егізек -Жанайдармен бірге барған Сұлтанқожа қари, Қишыл - Қыстаубаймен бірге барған Жәмікқожа бар. Файзолла ишан бар, Алтай - Ешмұхаммед қажы, Алдажұман - Шүберек (Шұбарат). Бұларды қалдырмай жазып жатқаным - тірі қайтып келгендерінің бірсыпырасына ауыз сөйлесіп, мән-жайына әбден қанық болғандығымды түсіндіру үшін. Орта жүзден - жиырма кісі болыпты, Кіші жүзден табандаған жүз кісі болыпты. Ішінде Нұрпейіс хазірет, Досжан халфе бар дейді.

Мұнан бұрын қазақ бүйтіп бас қосып, қажыға бармаған екен. Жүз жиырма кісі болып, арасын айырмай тізе қосып, қол ұстасып жүрген соң және өздері де көзге түсерлік әр таптың қасқа жайсаңы - көрген таңырқарлық болыпты. Қошқарбай немересі. Қазақ байғұстың салпиған тымағының құлағын, сүйретілген тонының етегін, аңқиған аузын көрген соң, көрген қызығып, сұқтана бастайды ғой.

Ноғай далилі мен сарт далилі таласыпты. Ноғай далилі:
− Бұлар Масковтік, мен Масков кісісімін, - деп.
Сарт далилі:
− Бұлар Бұхартил, мен Бұхартил кісісімін, - деп.

Сонан соң екі шарифтің (шәріптің) шайхылары (шейхлары) шарифтары бұлардан сұрапты:

− Сіздер Масковтіксіздер ме, жоқ, Бұхартілсіздер ме? - деп.
Сонда қажы басы Құнанбай екен. Ол кісі сөйлепті:

− Біз Масков-сасковіңді де білмейміз, Бұхартіл-сұхартіліңді де білмейміз. Тіріміздің билігі –«Алдияр» ұранды төреде, өліміздің билігі - «Алла» ұранды қожада. Жайлауы мал сықылды, жусауы аң сықылды - бетімен өскен қазақ деген жұрт боламыз, - депті.

− Қазақ деген де жұрт болады екен-ау! - деп, аң-таң қалысыпты.
Тарих ақтарып, шежіре қаратыпты, таба алмапты. Күптені жоқ біреу айтыпты:

− Бұл табылса, Бағдат шарифте «Имам Ағзам кітапханасы» бар, сонан табылады, - деп. Сонан Бағдат шарифке кісі жіберіп, бұлар өз ішінен Кіші жүз - Досжан халфені жіберіпті. Барған кісілер: «Табылды: қазақ деген жұрт Әнес сахабадан өсіп-өрбіген екен» - десіп, нұсқа көшіріп алып келіп, сонан бүл жүз жиырма кісі ортасынан расход шығарып, «Қазақ тәкиесі» - деген такие салдырып, мұнан былай: «Қазақтан келген қажы осында түсетұғын болсын», - деп, Құнанбай атына жаздырып, тәкие салыпты. Және оған шайхы (шейх) Арғыннан тұратұғын қылыпты. Бұлардың қажыға барған жылы баяғы жұт «Қояннан» бұрын Қаракиік жылы, Тышқан сол екі жылдың бірі еді. [Ескерту: осы тұстағы «тышқан» сөзінен кейінгі айналасы алты сөз үстінен сызылған. Оны Мәшһүр Жүсіптің өзі сызды ма, жоқ кейінгілердің бірі өзгеріс енгізді ме, ол белгісіз - Е.Ж.] Қишыл қажы қажыға кеткенде, екіқабат қатыны буаз қалып, ұл тауып, атын Мекебай қойған. Сол Мекебай тірі, қырықтан әлдеқашан асты, елуге тақап жүрген шығар. Біздің бұл Баянаула, Қызылтау жып-жылтыр мұз болып, жылқы біткен Сілеті, Теңгешолақ деген жерге кетіп, мал семіз, күйлі шығып, «Маймұз» атанған. Ол күнде «екінің бірі, егіздің сыңары» - сөйлеп, айтып жүруші еді. Бұл күнде алай-түлей, ұйқы-тұйқы, аласапыран заман болып, бүтін естінің өзі де қалған жоқ, жарым естілер шала-шарпы білгенінен айрылып қалды.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ БАСЫ

Бұл Әнес ибн Мәлік ан хазіретімізге жарлылығын шаққандай қылып сөйлеген соң, ан хазіретіміз: «Лытмуал лырзық балынкәх» - деген екен. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». «Бас құралмай, мал құралмайды» - делінген сөз сол күннен қалған» - дейді. «Жүреміте бірінің үстіне бірін үш қатын алып, ешкі сатып алып, ол лақтап, сонда соның алғашқы уызын пісіріп, пайғамбарға алып барып, батасын алған екен» - деседі. Сонан кейін басы да көбейіп, малы да көбейіп, ұзын өмір жасты, малды-басты болып, Басра деген жерді отын-жай қылып, жүз (иүз) жиырмадан жасы да асып, басы да асып, сахабаның ақыр-тақыры, сарқыншағы болып, Һарон Рашид халифа алдырып, сөз сұраған. Әнестен - Жабал, Құрақ. Онан: Мағаз, Мұрат, онан: Бұхарбай, Сейіл. Онан:Ақшолпан, Қурай; онан: Аламан, Алаш. Алаштан: Сейшхан, Жайылхан. Сейілханнан - Сегіз арыс түрікпен. Жайылханнан - Майқы, Майқыдан: Өзбек, Сыбан. Сыбаннан - Айырқалпақ, онан - Қазақ пен Созақ. Созақтан - Қарақалпақ. Қазақтан:Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Көзінен көріп, қолынан ұстаған ешкім жоқ. Айтушыларың айтып, Әнестің өзін де бір нұсқада-«Алаш» - деп айтады. Не қылса да, «Алаш» деген де - атаның аты, «Қазақ» - деген де - атаның аты. Қайсысы бұрын, қайсысы соң, [ол] жерін бір Алла біледі. Біздікі — «Ұзын ұрға, шыпшырғасын» шығармай, сөйлеуге жай жоқ. Хазірет Әнес ризаллығының ұғлы - Жабал, оның ұғлы Мағаз, оның ұғлы - Сеһил (Сейіл). Оның ұғлы - Ақшолпан илан Қурай. Қурайдың ұғлы - Аламанның ұғлы - Алаш, оның ұлы: Сейілхан, Жайылхан, Елхан. Сейілханнан - Сегіз арыс түрікпен, Елханнан - Түркі жұртында Құндыгер. Жайылханнан - Майқы би. Майқы бидің ұғлы: Өзбек илан Сыбан. Сыбаннан туған - Айырқалпақ. Оның ұғлы - Қазақ илан Созақ. Созақ ұғлы - Қарақалпақ. Қазақтан туған: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Ақарыстан - Ұлы жүз, Жанарыстан - Орта жүз, Бекарыстан - Кіші жүз. «Қаракелімбет, Ақсақкелімбет, Сарыкелімбет, Науан, Шуан» - деген аталар бар. Қайсысы - Мықтым, қайсысы - Мұхыр екендігін көп шежірелерден қарап, таба алмадық.

АРҒЫН-ҚУАНДЫҚ ТАРАУЫ

[Қазақ - Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Қуандық - Қарпық - Күзей -Тоқа] Қуандық: Алтай - Тоқаның Тоқасы - «Қаратоқа» атанған. Қаратоқаның бәйбішесінің аты - Дәулетбике. Онан туған - Айтынқожа Барғана, Сатыпалды. [Қаратоқаның] тоқалының аты - Бөтей. Мұның балалары: Бесім («Бесімнің бесеуі» - дейді), үшеуінің аты - Ескене, Балапан, Күшікбай. Еекенеден - Байбек, онан: Жамантік, Жәнібек. Жәнібектен: Мұстафа, Мақажан. Мұстафадан - Жәкін. Жамантіктен - Есжақ. Күшікбайдан - Өтебай жынды, мұнан: Әбділда, Мағзұм. Балапаннан - Балта, мұнан - Тойымбек. Оның баласы -Дәулетхан. «Мұның бәрі - Енем баласы» - дейді. Көктің көлінде болады. [Осы 1176- папка, 127 - бетінің он қапталына көлденеңдеп орнаған ескертпе: «Сәкен Сейфуллин - Көктің көліндегі Енем баласынан. Сейфулланы Мағжан бала қылып өсірген.»] Баржақсы, мұнан - Мыңжасар, мұнан - Қошқарбай, мұнан - Қозғанбай. Қозғанбайдан: Мамыр, Тотым.

Мамырдан: Қыпшақбай, Өскенбай. Тотымнан - Жайлаубай.

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АҚБУРА ТАРАУЫ.

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ -Құлболды (тоқалынан) - Ақбура - Жетібай] [Ақбура]: 1. Аққошқар. 2. Тілеулі. 3. Жетібай. 4. Кенже. 5. Көкен. Ақбурадан - [Жетібай ] - Есен тентек балалары: Батырбай, Ербай, Асан, Шөкіл, Қарамырза, Балта, Атабай. Батырбайдан: Балға[бай], Жанқожа, Қожай; Дәулет - тоқалдан. Балғабайдан - Мәдібек, онан - Қайып.

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ.

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік – Суғыншы - Шуманақ -Құлболды - Күлік - Өтепберді] [Күліктен]: Өтепберді, Данияр, Сексен. Сексеннен: Рай, Райымбек [112]. Райдан: Айдар, Көтеш. Қамен тентек - Айдардан. Райдан - Құлбай, мұнан: Көсеміс, Тілеміс. Көсемістен - Байқозы, мұнан - Ізет (Изат). Райымбектен: Алыпқара, Байбура, Тоқбура, Тасболат. Байбурадан: Тілепберген, Берген, Барқынбай, Жарқынбай, Шолық, Қарқынбай, Қарқабат, Кенже. Жарқынбайдан - Болтай балуан. Тілепбергеннен: Еркебай, Жақсыбай, Жақсылық, Игілік. Қарқынбайдан – Тінәлі жалғыз, тоқалдан жалғыз - Дүйсенбі. Тінәліден: Еділше қажы, Арын. Алыпқара[дан] - Тілепбай жалғыз. «Шолық жақсыдан» - Тұрлыбек, Байыш. «Жақсы Шолықтың» тоқалы басын байына беріп, кейінгі жағын бозбалаға беретін. [Күлік-Ақыл-Қойгелді] Қойгелді балуан Бұхарада Қоңыраулы балуанмен күрескен. [Қойгелді] Дулығаны бала күнінде қалмақтан алып келген.

ҚУАНДЫҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Қуандық - Алтай - Мойын - Рақпанқұл - Әлібек - Сармантай -Алдажұман - Жұман] Тәңірбердінің бес баласы: Қопа, Сапақ, Қорысбай, Мықты, Жарқын. Жұман байдың бәйбішесі - Мәулім бәйбіше, онан Қорым жалғыз. Бәсентиін қызы -Мапашты (Мапаны) тоқалдыққа алған. Өзінің іргесінде отырған төрт-бес үй қоңсы е...п отырғанда, с...гінің сарылдағанынан Жұман байдың астындағы аты үріккен. Әдейі барып қараса, қара жерді қарыс айырып жіберген екен. Онан [Мапа тоқалдан] туған балалар. Қошқарбай, Тәті, Сәттібай, Тәтінің кенжесі - «Жақсы Тәті» атанған. Азынаның әкесі, Қошқарбайдың немересі - Алтай - Ешмұхаммед қажы. Сәттібай баласы - Есмақай. Екі мың жылқысы бар Азына балаларымен партия болғанда, он алты жылқымен болыс болып шыға берген. «Жақсы Тәтиді» жоқтаған Шортанбай қожа екен. Бір түйе, бір ат берген жоқтағаны үшін. Дуәлетбике, Оразбике, Нұрбике, Қоңырбике - бәрі бір елдің қыздары шабыншылықта олжаға түскен. Бұл төрт қыздың біреуін Тоқа алған, біреуін Байбөрі алған, біреуін Шаншар алған, біреуін Тобықты алған. Қатағанды шауып, хан Тұрсынды өлтіргенде, олжаға түскен қыздар.

ЖӘУКЕ ШЕШЕН

(ЕКІНШІ НҰСҚА)

...ауыздан-ауызға алынып жүрген сөздер.

Қазақ - Арғын - Әлике - Байдалы, Аққошқар - Сайдалы [Қуандық – Алтай – Сайдалы -Аққошқар] сол Аққошқардан естілген сөз. Сол кішкентай баласы Аққошқар сөйлейді [113]: − Он жеті, он сегіз жастағы күнімде базар базарлап Бұхар[а] шығып, «Алтай керуенбасысы» - атанып, «аттыға жол, жаяуға сөз бермейтұғынның дәл өзімін ғой!» − деп жүрген шағымда естідім: «Ұлы жүзде бір «Би қатын» деген қатын бар, - деп. «Аты «Сарайбике» екен. Ол аты былай қалып, «Би қатын» - атаныпты, - деп, Алатаудың теріскей бойындағы Ұлы жүздің баласы соның алдынан тарайды»- деп. «Қатын би болып, қандай болады екен? Сонымен бір бетпе-бет сөзге келіп, қажасып, қағыссам-ау!» - деп, құмарландым да, Бұхарадан келе жатып, елінің шетінен сұрастырып едім: «Үйінде болса, бір жолығайын» - деп. − «Арқаға жолаушы кетті», - деп естіп: «Ай, бәрекелді-ай, кездеспедім-ау!» - деп кіжініп келе жатқан кезімде «Би қатын» Арқадан қайтып келе жатыр екен. Бетпақтың шөлінде қарсы ұшырастық. Олжасы жоқ болып, аты арып, жүдеубастанып келеді екен. «А, Құдайым берді ғой, // Табандатар ретіме (иретіме) әбден-ақ келді ғой!» - деп:

− А, Құдағи, «Ит мініп, ирек қамшылап» қайдан келесіз? - дедім.
Сонда қатын бұрын көріп танып қойғандай:

− «Жуан қоныш, делегей етек» - Арғынның аңғал, желбасының бірі шығарсың! «Қара құйын Қашырлы деген жерге барып едім, Әлике - Байдалы деген елге барып едім. Тайын Тәңірісіндей, құнанын Құдайындай көреді екен. Сонан келемін, - дейді. Аузыма құм құйылды, тас тығылды, дәнеме дей алмадым. «Мұны Құдай кездестірсе, Жәукемен бір кездестіріп, екеуін бетпе-бет бір сөйлестіріп, қызығын көрсем-ау!»- деп, ойыма алдым да, жүре бердім. Ол жыл өтті, келешек жылы қысқа қарсы Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек, Қанжығалы - Арқадағы жұрт тағы Бұхараға қой айдадық. Іріктеліп он сегіз керуенбасы болдық. Ақсақалымыз Жәуке - керуенбасы, Айдабол-Күліктің Айдаболынан шыққан Едіге-Еламанның Еламанының баласы, Тұрсынбай, Шонтының ағасы. Жолшыбай «Би қатынды» «Үйінде бар ма?» - деп сұрап едік, «Түркістанда Тоғай хан қонаққа шақыртып, соған кетті» - десті. Тоғай ханның ордасына бардық. «Тоғай алды Түркістанның қаласын, // О да зар еңіретті бұл Алаштың баласын!»- деп, өлеңге қосылған ханның дәуірі жүріп тұрған кезі. Тоғай ханға сәлемге барсақ, Тоғай ханның ордасында «Би қатын» тақтың үстінде ханмен тізелесіп, жалғыз қара болып отыр екен. Тоғай ханның мұнан басқа қадірлейтұғын кісісі көрінбеді, дастархан да соның алдында, сый-құрмет бәрі 224 қатынның басында көрінді. Төменгі жақтағы жастар - өзімен өзі мастар күңкілдесіп, күлістік: − Хан мұның қойнына барады ғой, солай болғаны үшін осынша ардақтап күтеді ғой! - деп. Қатынның құлағы шалып қалған екен, жырқылдасып, күлісіп отырған біздерге қарап:

− Мұндар, не дейсің, жағыңды тас-талқан қылайын ба? - деді.
Ең жоғары өре баста Жәуке би отыр еді, басында тымағы бар еді.
Тымағының мандайын қолымен түріп көтеріп, қатынға қарап:

- Сүндетің бар ма? - дейді.

Қатын:
− Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
− Ох!- дейді.

− Жаназаға кіріп, еркекке имам болған жерің бар ма? - дейді.
Қатын:
− Жоқ, - дейді.
Жәуке би:

− Ох! - дейді.
Ердің құнына нардың пұлын төбеге шығып төре берген жерің бар ма? - дейді.
Қатын:
− Жоқ, - дейді.

Жәуке би: − Ох! - дейді, - Тең теңін олжалайды, тезек қабын олжалайды. Олжа алуға қатын аттанса, жорықта жүріп, сақар мен сабын олжалайды. «Құралай бастаған киік оңбайды, // Қатын бастаған көш оңбайды». «Байтал шауып бәйге алмайды, // Қатын қайраттанып қазан қайнатпайды». «Оңбаған ханды төлеңгіті билейді, // Қараң қалған елді қатын билейді» -деген. Сен бір қараң (қаран) қалған елдің ішінде тұрған немесің-дағы! Сен кімнің жағын тас-талқан қыласың?! Мен Арқада жатқан «Он сан Орта жүз» - деген елмін, // «Абылай аспаған сары бел»-мін! Басында будыраған шашы бар, көтінде жырмашы бар, төмен етекті жаралған әйел сен түгіл, мына отырған Тоғайың менің атымның шаужайынан ұстауға жарар ма екен? Ашып қара көзіңді, танып алып сөйле өзіңді! -дейді.

Қатын ұялып, ұшып түрегеліп: − Біз сіздердің кім екендіктеріңізді танымадық. Білмегендігіміз болса, кешіріңіз! - деп, Жәуке бидің үстіне үстіндегі шапанын өз қолымен ап келіп жапты. - Және қайтуларыңызда қонақ болып кетіңіздер! - деп, «жайылып жастық, иіліп төсек» - болды. Базар базарлап, қайтып келе жатып, салт атты керуенбасылар қатынның аулының жөнін сұрап, әдейі жолдан бұрылып, қонақ болдық. Үлкен абажадай үйі бар екен, қожа білмес байы бар екен, перзенті кемтар екен. Зарығып, тарығып көрген бір қызалағы бар екен: жаңа тілі шығып, тәтті болып жатқан. Қатын баласының тілінің тәттілігін қызық көріп, сүйгенде: − Жасаған жақсы Ием бір-екі елі сіңірді сенен несінен аяды екен?! -деп сүйіпті.

Сонда Жәуке би: − Құдағи, ол баланың тірлігін сұра. Тірі болса, ол жері екі елі сіңірсіз болмас, - дегенде, қатын ұялып, өзі сары түсті қатын екен, шұғадай қып-қызыл болыпты. Құдай рахмет қылсын Жәуке биге, қатынды келістіріп екі табандатыпты. Шотана батырдың Абылай ханға айтқан сөзі: «Бақ - бір қу таяқ, ырыс-құт» - деген [114].

«Абылай аспаған сары бел» - аталған мәнісі (бесінші нұсқа)»
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты [115].
Төртуыл ішінде жүрген Төлеген қожаның өлеңі [116].

Шоң - Торайғыр бидің, Шоңның қартайғанда Қуандықта бір асқа барған әңгімесі [117].

Қазақ түбі - Мұғыл - Татардың Мұғылынан [118].

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ

[Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Айдабол] Айдабол ішінде бір Баян деген аз ғана қаралдысы ие басындай ел бар. Сол Баян өз балаларына тақымы толмай, Бұхара, Самарқан жағынан Көшен деген баланы алып келіп бала қылған. Өз баласынан ілгері ұстап, жүргізіп-тұрғызған. Сол Көшен Бұхара базарына барып келгенде, айта келіпті: − Көшеде қаңғып жүрген шешемді көрдім, Досақ деген інімді көрдім. Мен кеткен соң, қаңғып қалған екен, сізден батып [алып] келмедім, - дегенде.

Баян айтыпты: − Мен іске жарай ма де[сем], жарамай қалдың ғой! Шешенді алып келсең, оны мен алсам, онан туған балалар, сендер маған бала боласыңдар ғой! - деген соң, ендігі барғанында алып келіпті. Осы күні жүрген Баян - Көшен, Досақтың ұрпағы.

Мұхаммедәмен өлеңі «Еділ, Жайық, Сырдария» [119].

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АҚБУРА ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды – Ақбура – Аққошқар – Қаралтай - Шәуке]. Қаралтай - Аққошқар баласы. Бұл - Ақбура баласы. [Қаралтайдан]: Мұратай, Шәуке, Байшуақ, Жарқынбай, Қарқынбай, Майқы, Жаныс (Жантас), Қыдырбай, Әбден. Шәуке [балалары]: Керней, Байбөрі, Көшім, Шаншар. (Ескерту: «Шаншар» сөзі үстінен бір сызылған), Қазыбек, кіші қатыннан - Бекболат, Тасболат, Тасыбай. Бекболат баласы - Шалқыман, онан - Исабай, онан Әліш. Тасболаттан: Дербес, мұнан - Иламбай балуан. Кернейден - Елубай, мұнан туады:Әбжан, Қайке. Әбжаннан - Әбділда (Ғабділда). Байбөріден: Жантас, Айтас. Айтастан - Әбділда, Айділда. Әбділданың екі баласы бар: Әлихан, Ибаділда. Қарсыннан - Сырлыбай, онан - Шайке һәм Уәзірбай. Байшуақтан: Ботбай, Дәулет, Қайырбек, Қаратай. Қарамырзадан - Шелхан, онан - Нәкібай балуан. Қаралтайдың тоқалынан: Ербас, Бөрібай, Қыпшақбай. Бөрібайдан - Қобылан ақын. Ербай -Есен тентектің бел баласы. Ербайдан - Шанышқұл, мұның балалары: Бабыр, Қожақ. Қожак баласы - Есір. [Акбура – Қаралтай - Мұратай]. Мұратайдан: Майқы, онан - Жаныс, онан - Қыдырбай, онан - Әбділда. [Ақбура - Қаралтай - Жарқынбай] [Қа]рқынбайдан: Алдаңғор, Төлембек. Төлембектен - Намазалы, Молдатай. Қарқынбайдың бәйбішесінен -Тоқтар, мұнан - Ақберген, Әйкен; екінші қатыны - Қапия – мұнан - Алдаңғор, Төлембек сопы. Жатар, Тұрар екі ағайынды. Жатардан тұқым жоқ. Тұрардан - Жақып, одан: Еділбай қажы, Ақшал. Еділбай қажыдан - Нұрғали. [Тұ]рардан алтау: үшеуінен тұқым бар, үшеуінен жоқ

Ибраһим Әдһам әулиенін сөйлеп кеткен насихаты:
Жалғаннан біреу қашып кетіп жатыр [120].
Ташкенте қаза тапты Әмен өзі [121].
Мәшһүр Жүсіп өлеңі

Бұл Күлік ежелден ел-ақ едің [122].
Қараңғы түннің жарық таңы атар ма?! [123].
Алашқа күйінішті болған қаза [124].
Ақыл - шам: керек оған май мен білте [125].

Бұрынғы заманда бір адам қатынымен араз болыпты [126].

ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Қыпшақ – Қарақыпшақ – Бұлтың – Шуақ – Уәріс - Төлек- Құдас - Ожыралы - Майрық -Күсілқара - Сүйіндік - Өтеміс - Түгел - Бөсен – Көптұр - Қанафия]. [Ескерту: Осы орайда бүл тізбекті ұсынуға Тілеке Жеңістің «Шежіре» кітабы (Павлодар, Дауа 1995, 327-329 б.) негіз болғанын атап айтамыз - Е.Ж.] Қыпшақ Көптұр қажы баласы - Қанафия молда. Бұл дат (зат) һәм халқына қадірлі тәбәрік (табарңы) адам болған. Қажыға неше қабат барған. «Аққар» жылы Шорманның Исасы (Ғайсасы) барған жолы сапарлас болған, аман қайтып келген. Көптұр қажы хазірет Сұлтанға зиаратқа барып келе жатып, Бозкөл деген жерде мумин болған, басына күмбез орнатылған. Көптұр қажының әкесінің аты - Бөсен би. Сол Көптұр қажы әкесі Бөсен [биге] биде Исабек (Ғайсабек) ишанға: «Бала бол!» - деп алып барғанда: − Әке, ишан алдында сөйлей көрмеңіз! - деген екен. Екі-үш күн жатып, қайтуға бет түзегенде, Бөсен би: − Айналайын, Исабек, мына балам Көптұр менің аяқ-қолымды бос қойса да, аузымды буып, ноқталап: «Ишан алдында сөйлей көрмеңіз!» - деп. Ұрыспаңыз, бір ауыз сөз айтып кетейін. Рұқсатыңыз бар болса, оны айтыңыз. «Жоқ!» - десеңіз, үн жоқ, түн жоқ, қайта берейін! - депті.

Ишан:
− Сөйле, рұқсат, рұқсат! - депті.
Сонда Көптұр әкесі Бөсен бидің сөйлегені:
− Ағайын, туған кімде жоқ,

Сыйлатпаса, жат жақсы.
Қарағайдан сұлу ағаш жоқ,
Карсы бітсе бұтағы,
Онан бұтақсыз келген тал жақсы.

Арғымақтан жақсы хайуан жоқ,
Шаба алмаса, онан тай жақсы.
Қол алған пір қайда жоқ,
Кереметі болмаса,

Онан есек пенен сарт жақсы!
Қой, хош-аман болыңыз! –
деп, тұрып жүре берген екен.
Ишан тоқтатыпты:

− Енді бір үш күн жатып, сөзіңізді есіттіріп кетіңіз. Аузыңыздан шыққан сөздеріңіз кітап сөзінен де асыл екен! - депті. Көптұр қажы баласы - Қанафия молда. Бұл дат (зат) һәм халқына қадірлі [а]дам болған. Қажыға неше қабат барған. «Аққар» жылы [Шорман]ның Исасы (Ғайсасы) барған, жол сапарлас болған.

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік - Шобалай - Жаңабатыр - Қосақ] Қосақ балалары: Жанқара (Жаңкара), Баба, Сапқай, Торсықбай. Сапқайдан - Тайжан, Тайжаннан - Құтбай, Өтебай (Отбай). Өтебай балалары: Темірболат, Теміржан. [Құлболды - Күлік - Наурыз - Шобалай - Жаңабатыр - Аққожа] Аққожа балалары: Үстемір, Құлжан, Бижан, Құнан, Дөненбай, Құлбек. Бижан балалары: Балықбай, Шабақбай, Қабақбай, Шыңғысбай. Балықбай балалары: Бесмолда, Қыпшақбай. Мұның балалары: Исахан, Төлеубек. Шабақбай балалары: Көтбай, Баймұрын, Беделбай, Исабек, Есенбай. Дөненбай балалары: Құлатай, Томпай. Томпай баласы - Суатбек. Құлбек баласы: Байқозы, Тайқозы, Тойбазар. Тайқозы баласы - Қосмағамбет, Қосқақ (Қостақ). Қосқақ баласы - Нұрмағамбет. Нұрмағамбет баласы - Мағауия, Ермахамбет, Ержігіт, Сары. [Құлболды - Күлік - Наурыз - Шобалай - Жаңабатыр - Таңсыққожа] Таңсыққожаның үлкен қатынынан: Өзден, Байтемір, Жақсы, Жабағы; тоқалдан: Жанқұтты, Құттыберлі, Айыт, Жанпейіс (Жампейіс). Өзденнің үлкен қатынынан: Бекболат, Қатты, Қорықпас; тоқалынан:Жорытпас, Шабанбай, Жаманбай, Қабанбай, Жетпісбай. Бекболат баласы: Қантөре, Жантөре. Қатты баласы - Жүзқайтпас, Жолдыбай, Жұмағұл. [Ескерту: «Байтемір балалары»- деп басталып, «Еленғай баласы Жандайбаны көрдік» - деп бітетін шағын мәтін бет ішіндегі Қыпшақ шежіресі соңына арналған мәтінге (1176-папка, 192 б.) қарама-қарсы жазылып, 1176-папка, 192 «ә» б. жалғасы ретінде берілген]. [Құлболды - Күлік - Наурыз - Шобалай - Жаңабатыр – Таңсыққожа - Байтемір] Байтемір балалары: Дүйсен, Бейсен. Дүйсеннің үлкен қатынынан: Мұса, Иса, Қуанышбай, Байбөрі; тоқалдан: Құланбай, Қисық. [Таңсыққожаұлы] Жақсының баласы: Естек, Бошан, Шитек. Бошан баласы: Бекбай,Текбай, Көпбай, Мақан, Дәулет. Бекбай баласы - Жүсіп. Шитек баласы: Жоламан, Айқымбай, Артықбай. Айт баласы - Елғай (Елпай) деген шалды көрдік. Елғай баласы Жандайды көрдік.

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Айдабол -Тайкелтір] Тайкелтір, Жиен, Төлен, Әлсейіт. Бұл Әлсейіт - Жиенбаласы. Әлсейіттен -Оразбай, Оразбайдан - Кеншімбай бай. Кеншімбайдан - Белгібай. Тайкелтірдің бәйбішесінен: 1. Өмірзақ. 2. Тентек, мұнан - Дәуітбай. Дәуітбайдан: Мәнен, Таутан (Тұтан). Екеуі де ебедейсіз (епетейсіз) бай болған. Мәненнен – Исабай, Исабайдан ұрпақ көп. Әлсейіттің тоқалынан: Қасболат, Тоқболат, Байболат, Мықтыбай, Шектібай. Қасболаттан - Аян, Аяннан сегіз: ең үлкені - Анай. Бүл сегізбен туысқан Жирен қыз. Маңдай - Жандайдың Маңдайы дуанбасы күнде аяғын[ан] барып, соған тиіп, тұрып алған. Маңдайдың бәйбішесінен: Сәбді, Қапар. Қапары-қазы, Сәбдісі болыс екен сол күнде. Сонда Аянның үш баласы Маңдайға қоңсы болып, жанында отырып қалған. Елеңке деген өткір шоттай, берекесі жоқ, ылпың-жылпың біреуі болған. Он үш жасар Кемпір [деген] қызбен айтысқан өлеңі бар. Байболаттан - Байбатыр, онан Шалқарбай қажы. Тоқболаттан - Байқұттылар. Мықтыбайдан: Бектұрсын, Сағырбек, Қырықбай. Шектібайдан: Нысан, Ақбас. Ақбастан -Асқар, онан - Қорабай. Шектібайдан - Азына. Азына қызы - Кенже[ні] Қаржас - Досан дегенге берген, бұл күнде Павлодарда.

«ХАН СҮЙЕГІ» АТАУЫ ТУРАЛЫ

(БІРІНШІ НҰСҚА)

Нұра бойында «Хан сүйегі» дейді: Жамантай хан әкесі Бөкей хан қойылған екен. Қамбар-Жанақ ақын қаңғып жүріп, сол жерде өлгендіктен, хан тамының ішіне қойылған екен. Жамантай Қамбар деген елді бидайықтай қуырыпты: − Қаңғып жүріп өлген шалыңды әкемнің қасынан аулақ әкетіңдер! Қамбардың қаңғыған шалына бола салынған там емес! - деп. Сонан Қамбар қарсы айтар қаруы болмаган сон, Алшынбайға айтысыпты. Алшынбай кісі жіберіп:

− Қойсын, қозғамасын, - десе, Жамантай болмапты.
Сонан:

− Бас қосқанда, сөйлесейік, - деп, соған қаратып, Жамантай хан мен Алшынбай көптің басы қосылған бір қалың жиылыста: − Өлген кісінің сүйегін алдырып, әуре қылмаңыз, - десе, Жамантай болмапты, сонда

Алшынбай айтыпты: − Ақ патшаға сен де барған едің, мен де барып едім. Сонда саған: «Қалағаныңды ал!» -дегенде, «Анамның баққан-қаққан елін берсең, болады!» - дегеніңде: «Бердім» - деп еді ғой. Маған: «Сен не сұрайсың?» - дегенде: «Жеті атамнан қоныс қылған жайлау-қыстау жерімізді берсеңіз!» - дегенімде, «Бердім жайлау-қыстау, - жеріңді!» - деп еді ғой. Сен елді алып едің де, мен жерді алып едім ғой! Бұрынғылар айтқан екен:

Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін?!
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін?!

Жарлыдан жаңа байыған,
Жалғыздан туып, көбейген
Ел қадірін не білсін?!
Садағын сағымға ілген

Хан Шыңғыстан емес ең,
Қатағанның - хан Тұрсын
Қай неткенді ант ұрсын! –

деген ант ұрған Тұрсынның тұқымысың ғой. Ата-бабамыз айтады екен: «Төренің түбі -сарт, // Сарттың түбі - Сары ит!» - деп. Сондығыңа кеткенің ғой! Әкеңнің моласын с...ін, ал әкеңнің сүйегін! Қай кенттің қаңғырған сарты екеніңді Құдай білсін! Бар, өзіңнің ата-бабаң қайда болса, ұлтыңа апарып қой! Қазақтың өз жерін өзінен қызғанамысың? -дегенде, Жамантай ләм-мим деп, аузын аша алмапты.

АМАЛДЫҚ СОПЫ ӘҢГІМЕСІ

Күлік - Амалдық сопы Қаракесек Балықбаймен құр[дас]. Сол Балықбай қалжың-сықаққа үста кісі. Амалдық сопыны ашуландыра алмай, шаршап қойған екен. Бұл - Ақбура - аңқау Амалдықтың кіс[ісі]: − Біз бүгін қайда қонамыз? - дегенде, бір қонақ сыйлап көрмеген сараң үйге жіберіпті де және ол баратұғын үйіне алдынан кісі жіберіпті: «Біз жорта қасақана жібердік. Аш салсын, кұрметтемесін, - деп.

Қайта оралғанында сұрапты:
− Пәленшенікі сізді күтті ме? - деп.

− Барын берді, жоқты қайдан тапсын? Ықыласына риза болдық. Жаман үйді сіздер бізге айтасыздар ма? - деген екен. Және бұл Амалдық сопының әдеті - балалармен құрдасындай ойнайды екен. Баланың не қылған ырқына көше береді екен. Балықбай ойын балаларына үйретіпті: − Өзі сендермен құрдасындай ойнап алды ғой. Енді мұны бір ашуландырыңдар. Киімімен суға түсіріп жіберіңдер, - деген соң, бала нені тыңдасын, суға салып ойнапты. Сонда Бәкейекең деген кісі жүгіре шығып, балаларды қуып, Амалдық сопының қасына келсе, дәнеме көрмеген кісідей ыржиып күліп тұр дейді.

− Құрдастарыңыз сыйлаған екен, - дегенде, − «Шал кісі көтере алмай, өліп қалады» - демесе, балалардың ойыны қызық-ақ ойын, -деген екен.

Тоқа - Шоң болыс: − Өмірімде Құдай жаратқан жанда толық бір жан көрдім:Күлік - Амалдық сопы деген кісі екен. Мұса аға сұлтан күнінде сол кісінің хат-мөрімен келген екен және өзі де кісінің күтуіне тұрарлық кісі екен. − Он бір тұяғы - бір қысырағын ұры алып кетіп, менің қол астымдағы он бір ұры көп жылқымен ұрлап, сонан екі жыл өтіп, үшінші жылға айналғанда келді.

Бұл Шоңның айтқаны, Күлік - Амалдық сопы.
− Сонда қасындағы жолдасы - Қантай мырза Жаутен баласы еді, - дейді.

Бір кедей қазақтың еркек баласы жоқ екен, ұзатқан жалғыз қызы төркіндеп келіпті [ 127].

ҚАНЖЫҒАЛЫ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Қанжығалы - Ішпек - Қармыс - Бозым - Әжібай - Қара]. Алты атаның ұлы Әжібайдың бір баласы - Қара. Бұл Қараның бәйбішесінен: Елібай, Сары; тоқалынан - Жәдігер. Сарыдан: Жылкелді, Қойбас, Айбас. Жылкелдіден - Ақжігіт, онан - Томан, онан: Көлен (Күлән), Байты. Жәдігер - бәйбіше балаларынан зорлық көрген соң, Құдайбердінің қолына барып кіріп тұрған. Мал бағып жүрген күнінде Найман даладан ұстап алып кетіп, қыз беріп, сонан мал малданып, жан жанданып көшіп келген. Найман алып кететін бір себеп бар бұл жерге.

Құмға қазық тұрмайды қаққанменен,
Қойға қоңырау жараспас таққанменен.
Қызға жеңге бақташы бола алмайды,
Қойды қасқыр жемей ме, баққанменен?

[Мәшһүр Жүсіп ескертуі болса керек]: «Сыймаған соң жазылмай қалды». Ол себебі -Амалдық Сары Найманнан бір баласына қыз айттырған. Күйеу бала өліп қалған, сонан Наймандар: − Жесір жібермейміз, бір жаманыма бер, - деп айтады. Онан да адам болайын деп тұрған бала екен. Осы баланы еріксіз алып кетіп, қызымызды осыған берейік, - деп, берген.

ТОРАЙҒЫР БИДІҢ СӨЗДЕРІ

Қара жерді жамандама,
Жататұғын жерің-ді.
Ғалымдарды жамандама,
Алдыңда басшы, пірің-ді!

Халық-жұртты жамандама,
Көп табады мініңді.
Құдайыңды табарсың,
Тәрбиелесең, ғылым менен білімді!

Аузынан шыққан өлеңінің түрі:
Атың барда жер таны, желіп жүріп,
Асың барда ер таны, беріп жүріп.
Бұ дүниенің өтерін білген сырбаз,

Малың бер де, сұлуды ал, көріп жүріп.

Торайғырдың жас кезінде бозбалалық салтын құрып жүргенде, Тоғжанға айтқан өлеңі -бара жатқан бір кісіден: «Айта бар!» - деп:

Ертістің арғы жағы - жалтыр теңіз,
Өзі сұлу Тоғжанға сәлем деңіз.
Бізде көңілі бар болса, ақын Тоғжан,
Ортадағы шатырға келсін деңіз.

Онда Тоғжан жауап қайырыпты:
Ертістің арғы жағы - жалтыр теңіз,
Төрекеме: «Сәлем, - де, - келсін!» - деңіз.
Бізде көңілі бар болса, біз даярмыз,

«Керей менен Кернейді берсін!» - деңіз.
Торайғыр сөзі:
Сары атан молақ өркеш нар бола ма,
Жабуы, келте пішсе, тар бола ма?

Керей менен Кернейді бірдей сұрап,
Бойында жігіттігі бар бола ма?

Тоғжан қалта қарап тұра қалыпты. «Жүйріктің тері кеппес», - деген бар ғой, онан ерте айрылған жан болса керек. «Керей» мен «Керней» - деген Торайғырдың екі қатыны бар екен. Бірі - Керей қызы екен де, бірі – Қарсұн - Кернейдің Керней деген елдің қызы екен.

Бір келіншек қатынға біреу:
− Енең келеді, - дегенде [128]...

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ

[Арғын – Құтан – Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ - Құлболды - Күлік – Тілеуімбет - Күнту - Жанайдар - Өтеміс]. Жанайдар: Орындық бәйбішеден: Отас (Өтес), Өтеміс абыз, Сәдібек, Үсен, Әбісе; тоқалдан: Толас, Бөкей, Әуелбай, Омар. Отастан -Тілеміс, мұнан - Ілбісін, мұнан - Ілияс - Керей: Жөкін ауылында. Өтемістен: Әбді молда, Аббас (Апқаш), Әбетей, - үшеу туған. Сәдібектен - Таубай, онан - Әлжан. Үсеннен -Әбдірахман, онан: Ахмет, Қожан. Ахметтен - Шөкін. Толастан: Нұрсейіт, Орынбай (Орұмбай), Сәрсенбай, Исабай. Орынбайдан - Кенжебай. Исабайдан - Шанеба (Пісанба). Бұл «Өтел тұзы» жақта жүр. Бөкейден: Оразәлі, Сүйіндік, Мырзатай, [Е]режеп. Әуелбайдан: Сағақ, Құрман, Нұрбай, Татсейіт. Омардан: Күлдірбай, Бурыл. Күлдірбайдан: Ермекбай, Егемен (Икаман), Егеменнен - Ишанбек.

Мырзатай балалары: Ержан, Біржан Керекуде [тұрады].
Орманшы - Қазанғап кенже қызын ұзатқанда, айтқаны. Әуелі күйеуіне айтыпты:

− Шырағым, Жамғытжан, «Байсақтың кенжесімін» - деп, менің баламды азсынба. Балам, сен: «Қазанғаптың кенжесі едім» - деп, Жамғытжанды тазсынба. Сол Қазанғаптың моласына оғадар (Рағадар) жылы алпыс төрт жасымызда [1922 ж.] Құдай айдап кез болып, Құран бағышлап, бата қылдың. Біржанның жалғыз баласы -Ғаббас. 25 жаста өткен екен. Онан туған бір жас немересі де өліп қалыпты. 1922-інші жылында ескі сентябрьде Жамшыбай тауының Ақасудың аузында болады екен.

БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Кенжесопы - Бәсентиін] Бәсентиіннің төртінші қатынынан - Сырым. Сырымнан тарайды: 1.Танаш абыз. 2. Жабық. 3. Мұрат. Абыздың шын аты -Баубек. Мұның тұқымы Отыншы балалары Тоғайда. Мұраттан алтау туады: 1. Дөнен. 2. Сегізбай. 3. Сасық. 4. Бестібай. 5. Теңізбай. 6. Алтыбай. Жабықтан: 1. Болай. 2.Самай. Болайдан - Тілеу, онан - Өтебай. Самайдан: 1. Сексенбай. 2. Тоқсан. 3. Досым. Тоқсаннан -Қара: «Қысырау Қара»- атанады [129]. Қарадан - Рысқұл (Ырысқұл). Бұл Рысқұл -Сүгірәлі баласы, бұл - Жанқожа баласы - Тегібай (Тікібай) баласы, бұл Қара баласы. [Бәсентиін - Сырым - Жабық - Самай - Тоқсан - Қара - Тегібай - Жанқожа - Сүгірәлі-Рысқұл] Сырымның бәрі Жабық болады, Мұрат, Танаш аз. [Бәсентиін - Сырым - Жабық - Самай - Досым] Досымнан - Дөнентайлар. Дөнентай -Қазанғап баласы. Досымнан - Тоқтауыл батыр, мұның баласы - Малайсары. Малайсарының баласы: Тілеуқабыл, Бесмолда, Араб, Апқа (Афха), Омар, Жасқұт. Досымнан - Төлебай, мұнан - Нарымбай. Мұнан - Тәуірбай, мұнан - Ибрай, мұнан -Қыстаубай. Сырым - Әбде батыр баласы. Байжаннан: 1. Мұжық. 2. Алтеке (Әлтеке). 3. Қозыбақ. 4. Құдайқұл. 5. Кенжесі - Қаспай (Қасай).

ТАУФЫҚ ӘҢГІМЕСІ

Жас бозбала күнінде ел-жұрты жауға басшылыққа алып аттана берген соң, шешесі Томан бәйбіше елінен алып қашып, Жаңабатыр ортасына келген. Тауфықтың (Тоңдың) қайыны Қосақ екен. Қалыңдығы оң жақта қыз екен, аты Ақборық екен. Өміртай баласы Ақбота -байдың жылқысын жау алып[ты] Шідерті бойында. Сонда Тауфық «Жібермеймін!» -деген шешесіне болмай, аттанып, Ақботаның аулына келгенде, Ақботаның қызы Тауфыкқа жалынган екен:

− Торы жорға атымды жаудан айырып әкеп берсең, қалағаныңды берейін, - деп. Бұрын Тауфықтың ырқына көнбей жүреді екен. Күлік деген ел гулесіп, көтеріле аттанып шығыпты. Жау Жаманшатта бекініп жатыр екен. Тауфықтың аты жиренше ат екен. Талай жауға танымал болған жануар екен. Жау Қаракемпір – Наманай - Мендеке батыр екен. − Жиренше атты қу бала, осы-ақ менің соңымнан қалмады. Қайтсын, жабысқырды жайратармын! - дегенде, Тауфық айтыпты: − Осы жолы кәрі Берсектің зығырланын қайнатармын, қыржанын кесіп, өзіне шайнатармын! Онан да сыйлағанды білсін. Ат-тоны өзіне олжа, жылқыны тастап, жүре берсін! - деген соң, − Жаңа талап, жаужүрек, беті қайтпай жүрген жас еді. Болмас, болмас! - деп, жылқыны тастап, жүре беріпті. Жылқыны араласа, торы жорға ат жоқ екен. Торы жорға атты алып бармаған соң, қыз бетіне қарай алам ба ? - деп, жауға барып, жалғыз кіріп кетіпті. Жау да қарап отырып қалып берген жоқ, қызыл шеке төбелесті салып, торы жорға атты алып шығыпты. Күлік жылқыны қуалап, мұны «Жауда өліп қалды» - деп, қаша жөнелген екен. Он жеті жерден жаралы болып, атқа әзер жүріп келіпті. Басына сойыл коп жауған екен. Жарылған жоқ, бітеу жара, басының дүрдиісіп ісіп кеткендігі: өзі бөлек екі бастай қаралдысы болып, атқа жүргізбепті.

- Мені суға тастаңдар, бір күн, бір түнсіз алмаңдар! - деп, өзін суға тастатыпты.

Бір күннен, бір түннен соң, бар қан басына жиылып:
− Пышақ салыңдар, - десе, жалғызы батып, пышақ сала алмапты.

Сонан соң пышақты өзі қолына алып, екі жерден салып жібергенде, ұйып қалған қан домаланып түсіпті. Есен-аман жазылып, елге келіпті. Ақботаның қызы мал бергенінен артық өзінікі болыпты. Сойылдан енек (иің) жасап, елге алып келген соң, шешесі - Күлік: − Соғымыңды өзің бақ! - деп, үйіне түсірмепті. Сонан соң Ақбота бай үйіне түсіріп, боз қасқасын Құдайға айтып сойып, бір ту бие сойып, қазыға бөлеп, терісіне салыпты. Айдан аса жатып оңалыпты. Бір күні көш - жөнекей Тауфық батыр Акботаның қызымен қалжыңдасып, ойнап келе жатқанын өз қалыңдығы Қосақ қызы көріп, күндестік қылып, күйеуіне бір ауыз тілі тиіпті. − Сені біржолата жоқ қылайын! - деп, дүрсе қоя бергенде, қыз қаша жөнелгенде, қаһарлы Жанақ қарсы алдынан оқтай ұшырап, қасындағы желбастар Жанаққа шағыстыра сөйлепті: − Сізді жан екен демей, мынаның қылып жүрген қылығын! - дегенде, Жәкең жазған:

− О баламды аттым! - депті.

Мұрттай ұшып жөнеле беріпті. Бұрынғының адамдары қанша жақсы болғанмен, осындай надандықтары болады. «Қасиетті кісі болған!» - деп, мақтайын десең де, көңіл қалдырарлық, естіген жанды ренжітерлік мінезі көп болады. Осы орынсыз жерде: «Аттым!»- дей бергеннен арты онша болмады. «Мынау пәленшекеңнің ұрпағы» - дерлік бір жан, іздесең, емге таба алмайсың. «Ажалдан қашсаң, аяғыңнан алады, // Бейнеттен қашсаң, жағаңнан алады» - деген осы ма? Обалына шешесі қалғандай болды-ау! Өз ұлтында жүрсе, жаудан өліп, Кенесары, Наурызбайдай артында атағы қалар еді. Боқ басында, жоқ жерде өліп кеткен соң, жан білмейді, аты өшті де, қалды. Наманай - Мендеке батыр аты шыққан, атақты батыр. Шоң, Тұрсынбайдың жылқысын жау алғанда,

− Мен Торайғыр! - лап, Торайғыр қуып жеткенде, − Сен Торайғыр болсаң, мен ала бас айғыр! - деп, Торайғырға жылқы бермей кеткен Мендеке батыр Тауфықтың бетіне шыдай алмай, жылқыны тастап жөнелген - басы аманын олжа көріп.

ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Болатқожа (Қаракесек) – Ақша - Бошан - Таз - Бұлбұл -Құбакемпір - Шаншар - Бектемір (Бертіс) – Мүшеке - Қазанғап]. [Бектемірден]: Битен, Шитен, Мүшеке - Бертістің балаларының аты. Бұл үшеуінің әкесінің аты - Бектемір. Мүшекеден - Қазанғап, онан - Тәттімбет, Ырсымбет, Жақсымбет. Жамантөренің -Жыланды мен Үшқара аралығында - Мүшеке моласы - Көрсе тұсында; Бабалы тұсында -Қазанғап моласы. Бұл жорықтан бұрын Наманай - Мендеке батыр Бәсентиін жылқысын түп көтере алып келе жатқанда, жолда [Бәсентиін] - Сырым елінің тұсынан өтіп бара жатқанда, қара құлын жарғағы бар, жиренше аты бар Тауфық бала Мендекемен соғысып, жылқыны айырып алып қалған екен. Бұл жолы Шідертінің аяғында отырған Күлік жылқысын қуа жөнелгенде, тағы артынан баяғы жиренше атты, қара құлын жарғақты бала тағы жеткен соң, Мендеке: − Сенің ағайының Бәсентиін малы емес, Күлік жылқысы. Енді менде не ақың бар? -дегенде, − Күлік менің бөтенім бе, бір жүртым. Өзім осы күнде Күлік ортасында отырмын, «Саған тегіндікпен беріп жібере алмаймын!» - депті.

ҚАНЖЫҒАЛЫНЫҢ БОЛЫС БОЛУЫ

Қазақ орысқа ең алғаш қарағанда, Иван Семенович деген полковой келіп, әр жерге қала салдырып, дуан аузын ашқан, дуанбасы, болыс сайлаған. Сонда Қанжығалы: ойдағы -қырдағысы өз алдына бір болыс болып, Жолға байлаған. Жол [130]: − Мен қартайдым, сендер[дің] маған байлағандарың рас болса, мен Әжіке - Дәненнің Дәненіне бердім, - деген. - Дәнен күндердің күнінде кімге берсе, өзі білсін, - деген. Сондықтан Қанжығалыға ең алғаш Дәнен болыс болған. Дәнен өлерінде өз балаларына байламай, Жолдың баласы Әлдебекке берген. Әлдебек өлерінде Дәнен балаларына бермек болғанда, Мұстафа деген баласы тілін алмай, өзі болған. Соған өкпелеп, Қанжығалы бөлек болыс болуға кіріскен. Қанжығалының болыстығы бытыраған[ы] басы - сол.

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік - Наурыз -Ақай - Бекмырза - Сары - Бұзау]. Бұзау: Аю, Бапан, Қабан, Жолбарыс. [Қаракесек - Ақша - Бошан - Таз - Бұлбұл - Құбакемпір - Шаншар - Келдібек- Асан – Тастемір - Күсеміс]. Күсеміс, мұның баласы – Салмақбай - Қызылжарда бала-шағалы. Бұл Салмақбайдан тұқым қалған жоқ. [Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік - Наурыз -Шобалай - Жаңабатыр]. Жаңабатырдан он төрт:бәйбішеден: - Таңсыққожа, Аққожа, Қосақ, Жанақ; екінші қатыннан - «Бесқара» - дейді, бесеуі: Татан, Шөкек, Құлмырза, Тікей, Қабыл; үшінші қатыннан - Босмойын, Биікбас; төртінші қатыннан: Алдияр, Байбарақ, Қожамсейіт. Жаңабатыр өзі жүз төрт жасында өлген: − Құдайдың маған берген өмірі жүз он төрт еді, он жасым кем болды. Себебі үш жан берген топтың ішінде болып едім - деген. «Жаламен Жаңабатыр үш шабылды» - дегені -«Аққа» да бір ауыз сөз айта алмай, жалаға үш төлеу төлеген. Бұрынғы заманда ас болғанда, Жаңабатыр биге түйе бастатқан «тоғыз» алып келеді екен. Сонан соң Жаңабатыр: «Осы ас ас-ақ болды!»- дейді екен. Басқа елдің күтілген, күтілмегені шот емес. Өзінің бәйбішесіне ас бергенде: − Бәйбішенің балалары түйе бастатқан «тоғыз» алып келіп, босағама байламаса, асқа бармаймын! - деп, отырып алған соң, бәйбішесінің балалары түйе бастатқан «тоғызды» босағасына алып келіп байлапты. «Қатынының асына өкпелеген Жаңабатыр» - атаныпты. Моласы Қызылтауда: «Қарасуда көп ұлыт Самай аулының іргесінде. Бұл күнгі Ғабдолла хазіреттің мешіті соның басында. Ғабдолла өзі де сол молаға қойылған, бір белгілі зиарат болды. Уақ-Нұрекен бай Қызылтауда туған екен, қыстауы сол Самай сопы ауылы отырған жер екен. Кішкене күнінде мешел болып, алты жасқаша жер қазып отырғызып қойыпты. Жаңабатырдың тоқалынан туған «бес қараның» біреуі Тікейдің Бөкенай деген қызын айттырып, ішке ауып, түсіріп кеткен. Сонан қайынына барғанда, торшолақ байталға мініп, жалғыз өзі барған. Күлік - Торсықбай - Жаңабатыр немересі он жеті жыл ескі законда болыс болған. Болыстықтан түсіп қалып қарт басқан кезінде аға сұлтан дуанбасы Мұса Шорман би баласына - Баянаулада жатыр деген соң, амандыққа барады. Қасында Елпай (Елғай) бар, өз баласы Уызбай бар. Барса, Мұса: «Ұры тыямын!» - деп, өзінің Қаржасынан Үсен қарақшы мен [Қаракесек] - Ақша-Байболат-Табан-Қарақшыны: «Айдатамын!» - деп, абақтыға салып қойып, Қозған - Орман қарақшы, Паң қарақшы; Қанжығалы Жабас қарақшы, Төке - батырларды (батырларны) алдырып, бәрі бір үйде қамалып отырған үстіне Торсықбай кіріп барыпты. «Мырза өйтіп жатыр» - деп, бәрі қалтырап отыр екен. Тотаң [Торсықбай] ол үйде биттей кідірмей, Мұсаның өзі жатқан тор үйге сөйлей кіріпті, сондағы сөзі: − Дария теңіз қатар-ау, Мұса! Түлкі де, қарсақ жортар-ау, Мұса! Жиылған көп тарқар-ау, Мұса! Бақ деген, шіркін, - сый қонақ, о да бір күн қайтар-ау, Мұса!—дегенде, ұйықтап жатқан Мұса шошып кеткендей ұшып түрегеліп, Қожамұратқа ұрсыпты: − «Тотаң келді!» - деп, мені неге оятпадың? Тур шапшаң, Тотаңа таза албарға бір кигіз үй тіктір, союға бір жылқы алдыр! - депті. Сонда Тотаң:

- Мұсажан, мені құрметтеп күтуің рас болса, «Түбі-тегі басқа, туыспағандығын қылды» -дер, мына өзіңнің Қаржасыңның екі қанішерінен басқа жиып алғандарыңды босат. Оларға қатты қаһар қылма! - деген соң,

− Дұрыс, Тота, бәрінің күнәсын (күнәһын) бабаң Жаңабатыр аруағына байладым! - деп, ол жолы Үсен мен Табаннан басқаны «ұры» - деп бермепті. − Ой, Жаңабатыр, аруағыңнан айналайын! - деп, қамалып отырған «қырыпсалдар» мәз-мейрам болып тарқасыпты. Бір ауыз өлең - айтушысы кім екені белгісіз: Қожаға қол берейік, ғалым болса, Неге сәлем берейік залым болса?! Сарт-сауан өз жеріне қайтса керек, Өзіне келген жері мәлім болса. «Мұны айтқан Жаншуақтың Мұсасы», - дейді. Түбі Қарауыл екен - Жаншуақ асырап алып, бала қылған екен.

БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ

(ЕҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ)

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Кенжесопы - Бәсентиін] Бәсентиіннің бір қатынынан: Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан. Ақмайданнан - Көкшекөз, мұнан: Байымбет, Жолымбет. Байымбеттен: 1. Бейсен (Піскен). 2. Жаманай. .Қоянбай. 4. Рысбек. 5. Көшен. 6. Шүрек. 7. Таңатар. Піскеннен: 1. Таз. 2. Бөкіш. 3. Өтеп. 4. Матай. Матайдан: Құттыбай. 2. Қаржау. 3. Өмір. 4. Қойбақ. [Көкшекөзден]: 1.Әнти. 2. Байымбет. 3. Балықшы. 4. Түрікпен. Біреу: «Құтымбай - дейді - Жолымбеттен». [Жолымбеттен] - Маңдай, мұнан -Сәмек. Жаманайдан: Қойсары, Қозыбак, Рысқұл, Сағынай, Тайлақ. Бекмайданнан - Апай. Апайдан - Нарбота. Тоқмайданнан - Қатыс, Қатыстан - Бөрі. Бөріден: 1. Келден. 2. Қыстау. 3. Қақа (Тақа). 4. Сатыпалды. 5. Жаңбыршы. Бәсентиіннің екінші қатынынан: 1. Ақтілес. 2. Күшік. Күшіктен: 1. Жылқыайдар. 2. Итемген. 3. Жанкелді. 4. Қайып. 5. Кенжебай. Байымбеттен - Ханкелді (Қанкелді), мұнан - Байбол, мұнан - Жетібай. [Байымбетұлы] -Жаманайдан: 1. Қойсары. 2. Қозыбақ. 3. Рысбек. 4. Сағынай. 5. Тайлақ. [Байымбетұлы] Бейсеннен: Таз, Бөкі, Шоқай, Өтеп, Матай. Күшік балалары: 1. Жылқыайдар. 2. Итемген. 3. Ханкелді. 4. Қайып. 5. Кенжебай. Бәсентиіннің төртінші қатынынан - Сырым. Сырымнан тарайды: Танаш, Жабық, Мұрат. [Бәсентиін-Сырым-Жабық-Самай-Досым]. Досымнан - Тоқтауыл батыр, мұның баласы -Малайсары, мұның баласы - Тілеуқабыл, мұнан - Бесмолда, мұнан - Араб, мұнан - Апай, мұнан: Омар, Жасжігіт. [Бәсентиін-Сырым-Мұрат] Мұраттан тарайды: 1.Дөнен. 2. Сегізбай. 3. Сасық. 4. Бестібай. 5. Теңізбай. 6. Алтыбай. Сырымның көбі Жабық болады, Мұрат, Танаш аз. Жабықтан: 1. Болай. 2. Самай. Болайдан - Тілеу, онан - Өтебай. Самайдан: 1. Сексенбай. 2. Тоқсан. 3. Досым. Тоқсаннан - Қара: «Қысырау-қара» -атанады. Қарадан - Текебай, мұнан - Жанқожа, мұнан - Сүгірәлі, мұнан - Рысқұл. Қысыраудан - Ақбалық хазіреттер, Қазанғап баласы Дөнентайлар. Бұлар да - Досымнан.

МАЛАЙСАРЫНЫҢ ӨЛІМІ

[Бәсентиін – Сырым – Жабық – Самай – Досым - Тоқтауыл]. Тоқтауыл батыр болған кісі. Ауылы бір қопаға қонғанда, қопаға қаптап жайылып кеткен түйелерді бір нәрсе аспанға лақтыра бергенін көрісіп: «Дәу де болса, жолбарыс шығар», - деп, жұрт ду көтеріле аттана шапқанда, Малайсары бала күні екен. Шұбар тайға мініп, олай-былай шапқылап жүрген бала жұрттан бұрын жолбарысқа барып қалғанда, жолбарыс Шұбартайды құйрығынан алып аспанға бір-ақ атқанда, түсіп қалған баланы Тоқтауыл жолбарысқа ауыз салдырмай, айырып алған екен. Малайсары қалмаққа неше қабат қолға түскен. Бір түскен жолында өзінің баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек болып, ақ мылтықтың аузын жаласып, бір-біріне жау болмасқа анттасып қайтқан екен.

Абылай хан жорыққа аттанып, Малайсарыға келеді: − Мені қой, мен бармайын. Жауласпасқа ақ мылтықтың аузын жаласып, анттасып қайтып едім. Антқа ұшырап қалармын, - дегенде, − Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің? Сен жүрмесең, болмайды! - деп, еркіне қоймай алып аттанып, қалмаққа барған екен. Барса, қалмақ берік қорғанға қамалып, жауды беттетпес болыпты. Сонда Абылай төрт батырды жіберіпті: «Қамалды қорғанды айналып, болжап келіндер. Бұзып кірер жері бар ма екен?» - деп. Сонда Уақ - Сары - Баян жоғары ұмтылып, қорғанның үстінен үңіліп, ішіне қарай бергенде, дулығаның қақ мандайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай қайқайып қалғанын көріп, қалмақтың мергендері қорғанның үстіне шығып қалғанын көре сала батырлар қашқанда, арт жағынан оқты жаудырыпты.

Сонда Абылай хан: − Бір қандыауыз мылтықтың аузы Малайсарыға дөп келді-ау, Құдай-ай, сақтай көр! -дегенше болмай, Малайсарыға сауыттың жігінен, шонданайдан оқ тиген екен. Жүреміте сол қалмақ үш атқанда, үш оқ бірдей Малайсарыға тиіп, батырлар аман-есен көбіне келген соң: «Аман келдік қой!» - деп, өзгесі қуанғанда Абылай хан:

− Малайсарының аты киреңдеп қалды, аман емес! - депті.

Қараса, Малайсарының белін оқ қиратып тастаған екен. Сонан соң қосына ап келіп түсіріп жатқызыпты, жаралы болып қалыпты. − Енді бұған өзге тамақты бере беріңдер, жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер. Егер сүр ет берсеңдер, онда жазылып, үйірге қосыла алмайды, - депті.

Өзгесі жауға кетіп, қоста жалғыз бақыршысымен қалғанда: − Сүр етті сағындым, кішкене сүр ет тауып бер! - деп, бақыршысын қысыпты. - Егер сүр ет тауып бермесең, басынды шабамын! - деген соң, жанынан қорыққанынан, ала қоржынды ақтарып, бір сүр қазыны алып беріпті.

Абылай хан келіп көрсе,[түсі] бұзылып, келіспей қалған екен.
− Ұрған екенсіңдер ғой, сүр ет бердіңдер ме? - дегенде,
− Сүйемдей қазының ортасын беріп едік, - депті.

− Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғаны - шектің бүтіндігі еді. Ай, бәрекелді-ай, келіспеді-ау! -десіпті.

Ақырында өлер болыпты. Сонда Малайсары батыр айтқан екен: − «Әзірейіл, шіркін, қайда жүр өзі!» — десем, ала қоржынның түбінде жүреді екен-ау! -депті. Сол жолы өліп, сүйегін елге алып келіп қойыпты. Барған жауын жебір - жесір қылып, шауып, шаншып алып, мұқатып қиратып қайтысыпты. Бұрыннан естуші едік: «Белін үш жерден оқ үзгенде, жауды Олжабай алыпты - деген -Аруақ Олжабайдікі болып кетеді!» - деп. «Белін үш қабат орап алып, жауға шауыпты!» -деген сөз бар еді.

МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨМІРІ

Желтау, Шоқпар маңайында Күйеушоқы деген жерге атамыз Көпей марқұм саудагер күнінде төрт үй бір жаз жатып, үй қора мүлік сайман салдырып, қыстаған жылында «Тауықтың жұты» болып, тастап көше қашыпты. Ол жерге қыстау қыламын деп жүргені... Алтуайтқа Әуелбай қыстап, Құсмұрынға Досбай қыстап, сонда Досбайдың тұңғышы Серкебай отырып қалып, Қожамберді Дорбауылмен ұрыс, төбелес болып, кісі өлімі болып, еркегі елдің ішінде отыра алмай, тынышы кеткендіктен, тастап кеткен екен. «Досбайдың Құсмұрыны», «Әуелбайдың Алтауұрты» - атанған екен.

- «Көпейдің Күйеушоқысы» - атандырамын, - деп, орнығып отырып, атандыра алмапты. Сол «Тауықта» жұтағанда, үш жасар бала екенбіз. Саудадан жиылған төрт жүз қой, жүз сиырды қарға салған екен: Үй шаруасынан басқа. Қызылтаудан жаз шыққан соң, бес үй болып көшіп, Баянаулаға... көшіп, зорға жетіпті.

Мұса, Секербай заманында торышолақ атпен, Тұяқ деген жолдаспен қырық бір жасында Ошақты: Қоңырбай халфе Арқаға келген. Бұхарай-шарифте халифа Хасенұғлы Ғабалыстар Мағзұмнан бес жыл кызметінде тұрып, қайыр фатхасын алып шыққан. Момын ахон Сағындық ахоннан тағылым алған. Осыны жазып отырған Мәшһүрден бір мүшел бұрын келген кісі екен.

ҚАЛДЫБАЙ ҚОЖА ӨЛЕҢДЕРІ

(ЕКІНШІ НҰСҚА)

Асан - Тастемір балалары тоқсан жаста өткен Өтеміс деген шалына құнан шаптырып, ас беріп жатқанда, Қалдыбай қожаның айтқаны [131]:

Бие тәуір көреді құлыншағын,
Қарай көрші сөзімнің ұрыншағын.
Тоқсандағы шалына құнан шауып,
Жаңа қойып жатыр ма тұлымшағын?!

Тастемір балалары долданып, гулесіп, қожаға сөйлей бастапты. Сонда айтқаны:
Тастемірдің баласы Делбе (Далба), шіркін,
Сені делбе жаратқан мен бе, шіркін?!
Бір атадан туған жан тегіс нақұрыс,

Бірің тәуір тусайшы емге, шіркін!
Бәзілдің Жылқыбайы Қалдыбай қожаны аттандырып, үзеңгісінен басқанда:

- Бәлекеттің үзеңгі бауы ұзарған екен, - дегенде, қожаның айтқаны:

Бұл сөзді не деп айттың, жаным, ботам,
Аяғым ұзын емес, бір-ақ тұтам.
Аяғым күннен-күнге қысқарады,
Елді билеп тұрған соң құл мен құтан.

Және бір өлеңі Қалдыбай қожаның:
Бес ақсақтың біреуі - Қалдыбай-ды,
Молдашбайдың қадамы мандымайды.
Байы болыс бір қатын арбада отыр,

Ақсақ, сауын еш адам аңдамайды.
Және бір өлеңі Қалдыбай қожаның:
Қарашордан Шаншарды ірі көрдің,
Алшекеме бір таспа, сірі бердің.

Сойып берсең, көп киын болып еді,
Бар абиырың (абыройың), өлтірмей, тірі бердің!
Және бір өлеңі:
Бұ қойың құнан қой ма, дөнен қой ма,

Мойнында мылтығы бар мерген қой ма?
Жаманшылық болғанда, жан сақтайды,
Тіл алсаң, осы қойды, тіпті, сойма.
Өлді ме қаза жетіп батыр Шерін,

Кәпірдің өртер ме еді жатқан жерін?!
Ораза мен намазға жоламаған,
Сендердің де сондай ма әкелерің?
Алшеке, алтын толған етегіңе,

Есер қазақ коп ерген жетегіңе.
Пара менен ұрлықты қабат соғып,
Қара сүйел шықты ма көтеніңе?

АБЫЛАЙДЫҢ АЛҒАШ КӨЗГЕ ТҮСУІ

(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)

Абылай атасы Уәли нағашысы Қайып ханға қашып келген [132]. Қайып ханның елін қалмақ шапқан соң, қашып, Бұхар жаққа кетіп, бір екі атаның тұсында сол жақта қашып жүріп, күн өткізген. Солардан бір жетім бала қашып, Түркістанда Әбілмәмбет ханға келіп, онан Үйсін - Төлеге келіп, онда қой бағып, атын Сабалақ қойған. Онан қазақ ішіне шығып, Қаракерей - Қабанбай, Қанжығалы-Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек замандарында қазаққа хан сайланған. Жекпе-жекте «Абылай»-лап шауып, қалмақтың жайсаңын өлтіріп, қамал бұзып, көзге түсіп, ауызға ілінгендіктен, әкесі «Қанішер Абылай» екені сол жерде білінген.

ҚҰЛБОЛДЫ ӘУЛИЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Шорманұлы Мұса марқұм сөйлеп отырады екен: - Құлболдыда үш әулие бар. Бірі -Мәстек абыздың Қанафиясы Бұхарай-шарифтан ғылым тахсил қылып келіп, отыз тоғызында сил науқастан өлген. Ол кісі дауам сөйлеп отырады екен: «Біздің Жанқозы ғылымның апатына ұшыраған ел» - деп. Бірі - Күлік - Тоқпанның Самайы. Бұл кісі қажы сапарына кетіп жоғалған, қайда өлгені белгісіз. Бірі - Айдабол - Аққозы батырдың Сопағы. Бұл кісі диуана екен. Екі тұлымы белінен төмен салбырап жүреді екен. Түсі суық, көрген шошып қалады екен. Жүрісі аттан, түйеден қалыспайды екен. Бір қара қой дуам соңынан қалмай еріп жүреді екен. Әзіретке үш апарып, үш қайта алып қайтыпты. Өзі тауық жылы өліпті. Жұрттың жота итлері сөйлеп жүріпті: «Өлген соң, денесі көрден ғайып болған»,-деседі. Онан соң өзіміз көргенде, Орманшы - Батыр диуана, Ақбура - Шалқыман диуана, Қаржас-Ескендір диуана, Шалқыман баласы Исабай қажы да диуана еді. Әлтеке-Сарым: Жанқұтты сөйлеген екен: − Алатау, Қаратауға барғанда: «Үйсін - Төле бидің төре берген төбесін көремін» - деп барып, Үйсін, Қоңыраттың: «Қандай жан?»- деп сұраушыларына: «Тобықты: Құнанбай -шыңнан шыққан қайнар бұлақ; Қыпшақ: Ыбырай - қажымас қара болат; Мұса -қабыршағы жоқ, қолға тұрмас жылмағай қара балық; Шыңғыс төре - орысқа жуық, дін -исламға суық. Құнанбай, Ыбырай, Мұса, - үшеуі қазақтың маңдайына қалай сыйып жүргеніне айран-асырмын!» - деген екен. Онан соң қазақ маңдайына сыймай кеткендерді көрдік:Теміршот Айтбакин, Моллағали Күзембаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаммедәмен Жүсіпов, Найман биі Ахмет Сәрсенов, Мұқыш Боштаев. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» - дейді. Осы өмірі қысқа болғандар - бақсыздар. Онан соң Сыздық төре Кенесарин бақсыз болды, дәл бүгінге шейін Бөкейханов та солай болды. Қаракесекте Алшынбайдың Қақабайы, Қанжығалыда Алшынның Жаманы, Байтұрсынов, Дулатов, Ақбаев, - жаратылуы түгел болғанмен, бақ шіркін жоламаған соң, болмайды. Осыны жазып отырған жан да - осы айтылғандардың біреуі. Топан суы әуел таһрор қылғанда, хазірет Нұх ғалайссаламның нан жабатұғын тандырынан білінді [133]. Соңы: «Ант жеткен қарғыс кеткендердің тұқымы бар [134]...

ҮКІБАЙ СӨЗІ

(ЕКІНШІ НҰСҚА)

Үкібай би сөз бастағанда былайша бастайды екен:
Адам ата, хан Шыңғыс,
Дін мұсылман құл бейіш (пейіс) [135].
Алаш Алаш болғанда,

Алаша хан болғанда,
Үйіміз ағаш болғанда,
Ұранымыз: «Алаш» болғанда,
Алты сан Алаш,

Жеті сан қазақ,
Тоқсан екі баулы Қыпшақ,
Он екі баулы өзбек,
Тоғыз таңбалы Арғын.

Жағалбайлы - бір байдың баласы қыз таңдапты [136].
Шанышқылы мен Тама қоныстас қона қалыпты [137].

Бір ыртақ-жыртақ желбас бозбалалар келе жатса, бір қыз бен бір келіншек бие сауып тұр екен [138].

Айдабол - он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай ұрпағы [139]...
«СӨЗ ТАПҚАНҒА ҚОЛҚА ЖОҚ» - ДЕГЕННІҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ

(ЕКІНШІ НҰСҚА)

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» - кімнен басталған? [140].
Бұрынғы заманда бір қазақ өзіндей бір қазаққа:

− Тамыр болайық, алысып-берісейік, - десе, бір қара жорға тайын қолқа қылып, қоймай, қадалып, сұрап алыпты. Оның үстіне тай берген тамыры бір аласы бар жерінен бір қозылы қой алып келе жатып, үйіне қонса:

− Мұны айдап жүріп әуреленіп қайтесің? - деп, қозылы қойын да алып қалыпты. Екеуі де насыбай атады екен. Қолқа қылып сұраған емес, тамырының бір шақшасын алып кетіпті. Екі ортада екі-үш жыл өткен соң, баяғы қара жорға тай жүзіктің көзінен өткендей, кісі қызығып қарап тұрғандай сұлу жорға ат болып, ауызға ілініп, көзге түсе бастаған соң: «Толық қылып берсе қолқамды алайын, бермесе, не өткізген ақысы бар, жорғамның өзін алайын!» - деп, тамырынан қолқа сұрата қатынын жіберіпті. Қонағасын беріп, сыйлап, қатын:

− Қолқа сұрай келдік, - дегенде, берген жауабы: − Қолқа реті менікі еді, білмей жіберген, - деп, дәнеме бермей қайырыпты. Онысымен де қоймай: − Тамырдан қолқа алатын рет біздікі, барып, қолқа сұрап кел, - деп, бұ да қатынын жіберіпті. Барған соң, ол ашуланып, бұрқанып - бұрсанып: − Онда менің қара жорғам мен бір қозылы қойым бар. Өсімімен қанша мал болды, мен ол иттен не алыппын? - деп, айтысып-тартысуға бет қойып, биге шақыртыпты.

Би екеуін алдына алып сұрағанда, тай мен қозылы қойды мойнына қойыпты.
− Ал, бұларды алған, тамыр, сен не айтасың? - дегенде,

− Рас, мен мұның бұл айтқан малдарын алғаным рас. Және Қара жорғаны осы күнде астымда мініп жүрмін, қозылы қойын малдандым. Бірақ менен бұл қолқасын алып еді. Алған күнде керек қылып алса да, бұл күнде оған көңілі толмай, мына атына қызыққандықпен дауласып жүр.

− Сенен мен не алып едім? - депті. − «Не алып едім?» - деп, Құдайдан қорықпай, адамнан ұялмай, қалай айтасың? Шақшамды алғаның қайда? Мен саған тамыр болғаның үшін, қимастықтан бергенім қайда? Басқа кісіге: «Көріп берейін» - десе, ұстатам ба? - депті.

Отырған жұрт та мұның сөзін ерсі көріп, күлісіп:
− Жаным, шақшаң немене еді, несі бар еді? - деп сұрасыпты.
Сонда берген жауабы:

− Шақшам серке мүйізінің тақысы еді, қозылы қой өзінің ақысы еді. Орай салған жезі бар еді, тоқсан маржан көзі бар еді. Толық бір тайды соны жездеп, маржандаған ұстаның қолқасына берілген кезі бар еді.Және: «Өзін сатса, бір түйе, бір атқа алар едік-ау!» -делінген сөзі бар еді. Сол шақшамды өзіме қайырса, мұның малын өзіне қайырайық және шақшамды өзіме бергендігі үшін астына өзі қалаған бір атты мінгізейін, - депті. − Жаным, мынау өз төресін өзі айтты ғой! Шақшасын өзіне бер де, жорғаңды, қозылы қойыңды ал, - дегенде,

− Шақшасы жоқ еді, - депті.
− Қайда жібердің? - дегенде,
− Құс салып, далақтап шауып жүргенде, қалтамнан түсіп қалған еді, - депті.

− Ендеше бұрынғының айтқаны бар: «Сөздің өтірігіне нанба, келісіне нан» - деген. Шақша жоқ болса, сөз құрыды, - десіпті.

Сонда «Қолқа аламын» - деп жүрген батыр: − Сөз тапқанға қолқа жоқ, сөз тапқанға қолқа жоқ, - деп, екі санын қолымен сабалап, тұра жөнелген екен.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» - делінген сөз сонан қалған екен» - деседі.
«АЛЛАНЫҢ ШАЙТАНЫНАН АДАМНЫҢ ШАЙТАНЫ КҮШТІ» ДЕЛІНГЕН СӨЗ

Оның мәнісі: бір ақсақ пен бір соқыр өмір бойы жолдас болыпты. Екеуі де қайыршы. Ақсақ нашар, әлсіздігінен тапқан-таянғанын көтеріп, арқалап жүруге кемдігі бар. Соқыр біреу жетелемесе, өз бетімен жүре алмайтындығы бар. Шайтан осы екеуін азғырып, айыра алмай, көп әуре болған екен.

Күндерде бір күн Алланың шайтаны мен адамның шайтаны ұшырасыпты:
− Не ғып жүдеп салбырап келесің? - дегенде,

− Мына бір соқыр мен ақсақтың татулығына сұқтанып, осынша азғырып айырайын десем де, айыра алмай, қалжырап, шаршап келемін, - депті. − Мен екеуін өзіңнің көз алдыңда қайтып қосыла алмастай қылып айырайын. Маған өзің қол тапсырып, пір қылып, аяғыма бас ұрамысың? - депті.

− Жарайды, ондай қылсаң, не айтқаныңды қылайын! - депті. − Ал, ендеше тамашама қара да тұр, - деп, ақсақты шақырыпты. - Ай, ақсақ, бері кел, бері кел, тез, жылдам. Ана соқырың кейін тұра тұрсын! - деген соң, ақсақ шойнаңдап басып, шолақ аяғын арбаның дөңгелегіндей дөңгелеттіріп, жетіп келгенде, ақсақтың екі қолын бір қолымен мықтап ұстап алып, оның жағына шапалақпен аямай-ашымай беріпті кеп: − Мынаны соқырға бер, соқырыңның сыбағасы, - деп, сол жағына келістіріп құлаштап тұрып періпті. - Мұны өзің ал, бұл өзіңнің сыбағаң! - деп, қолын қоя беріп, жүре беріпті. Төбелесуге әлі келмейді: «Бүлк етсем, мұнан [да] жаман ұрып тастар!» - деп, салбырап, жүдеп, соқырдың қасына барыпты. Соқыр жаққа сабағанын көрген жоқ, «Мынаны соқырға бер, мынаны өзің ал!» - дегенді естіген. − Маған бергені қайда, алақаныма сал, - деп асығып тұрған байғұс дүрсе қоя беріпті. − Дәнеме берген жоқ, о жағыма бір салды, бұ жағыма бір салды, - дегеніне соқыр өлсе нанар ма? − Аса бір қызықты, ешкімге беруге қимайтұғын нәрсе ғой! Көзім жоқ болған соң, мені нандырайын деп айтасың ғой! - деп, нану қайда - өз құлағымнан естідім ғой! - деп болмады.

Қанша айтып нандыра алмаған соң: − Нанбасаң, бергені мынау, - деп, - ап келші екі қолыңды, - деп, қолынан ұстап тұрып, езіне қандай ұрған болса, ыза болып, долданып, соқырды сондай ұрыпты. - Қайран көзі құрғырдың жоқтығы-ау! Бергенін бермегеніңмен тұрмай, өзімді келемеж қылдың ба?! -деп, - Өлсем де, өз бетіммен қаңғып өлейін! - деп, айрылып кетіпті. Сонда Алланың шайтаны өзінің шайтан болып, жүргендігі[не] ұялып, адамның артық екендігіне ден қойған екен. «Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті» - делінген сөз осындайдан айтылған екен. Құранда: «Мин-ал-жанната уалиасының» - Мығнай Шарифы: «Жыннан болған шайтаннан да сүйсінемін, адамнан болған шайтаннан да сүйсінемін - деп айт» - деген бұйрық сөз ғой. Мұндай сөзге өзгеден гөрі оқыған ғалымлар тез нанады. Тағы басқа нанарлық дәлелі толық.

Ақан серінің «Құлагер» өлеңі
Жануар, Құлагерім, қолдан кетті [141].
Ақанның Құлагерінің мерт болу әңгімесі

Керей-Сағынай асында болып, Құлагердің қалай жығылғанын көзіне көрген кісінің сөзі [142].

Бір өнерлі жігіттің өнері
Бір жақсы жігіттің қатынының әкесі өлген екен [143].
Кемпір мен қарға
Ертеде бір елсіз тауда бір жалғыз үй қыстап қалыпты [144].

Бір әйелдің ботасын жоқтағаны
Ертеде бір қатын[ның] бойжеткен қызы болыпты [145].

МАНАР ДЕГЕН ӘЙЕЛ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Қаракесекте: Шаншар руынан Тәттімбет баласы Мұсатай бір жігітін жіберіпті: Асан -Нұртазанікінен бір нәрсе сұратып. Сонда Нұртаза үйінде жоқ екен. − Нұртаза мырза қайда кетті? - дегенде, Манар деген қатынының берген жауабы: − Былтыр өтерменің қасында жандамада отырғанда, бір мойнақ шөкедей дәуметті сөткелшіге сатқан еді. Сол сөткелшісін сұрай кетті, - депті.

Барған жігіт:
− Маған бір жұмбақ айтты, түсе алмадым, - деп қайтып келіпті.

ШӨЖЕНІҢ ӨЛЕҢІ

Шөгіп жатқан Алшекем нар секілді [146].
Қаракесек-Бердалы қожа айтқан екен:

− Шаншар деген елден сексеннен аса бала оқыттым. Шүкір Құдайға, Құдайдың маған бір мол бергендігі - бәрі ұры болды, - депті.

[Мақал]:
Дұшпан аттан қорқады, шайтан оттан қорқады.
Шөженің өлеңі
Шөгіп жатқан Алшекем нар секілді,

Жүсіп жанның ақылы бар секілді.
Тоқсанбайдың баласы өңшең жаман [147],
Жаңбыр езіп құлаған жар секілді.
Алшекемнің баласы мырза Жүсіп,

Алдыңа Шөже келді құстай ұшып.
Асанбайдың баласы Әбен болыс,
О да берді үстінен шапан шешіп.

Тоқсанбай - Алшынбайдың бірге туған ағасы [Абай, Алшынбай мен Мәшһүр Жүсіп әулетін салыстыру]:

Ырғызбай - Өскенбай - Құнанбай - Ибрай [Абай] - Тұрағұл.
Ақжігіт - Сермұхаммед - Көпей - Мәшһүр - Жүсіп - Мұхаммедшарафи.
Тіленші - Алшынбай Жүсіп-Сламбек.
Қорқыт ең алғаш бақсы болған кісі[148].

Абылай хан жұрт жиылған бір мерекеде ат үстінде тұрып, Қар жыраудан сұрады дейді: − Асан қайғының: «Қилы-қилы заман болар, // Қарағай басын шортан шалар» - дегені - не деген соз? - деп. Бұқар жырау атының басын бұрып, қырын қарап тұрып, көзіне жас алып, қамшысын еріне арта салып:

− Ай, хан, бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек еді. Ханға жауап айтпасам [149]... - деп сөзін аяқтағанда, Абылай хан: «Уһ»- деп, сұрағанына өкінген екен. 1918-інші жылында, қой жылы жұрт көзінен көрді. Ауызға алынған сөз періштенің құлағына шалынады. Сөз жерде қалмайды екен. Қанша заманнан бері сөйленіп келген сөз жұмбақ болып, бұл күнде шешілді. Күніне жетпей жүр екен. Хазірет Сүлеймен ғалайссаламға бір қатын тоқсан жүзік келтірген, баршасында: «Сүлеймен» аты бар [150].

Қаракесекте әкесі Ақтанбердіге төрт мың жылқы біткен Жаныс байдың... [151]

ҮЛГІЛІ СӨЗ

(Бірінші Нұсқа)
Ақсұңқар құстың баласы
Өзі өлтірмей, жем жемес.
Әулиеге түнемей,

Жолбарыс адам мал демес.
Алған жардан айрылса,
Ер азамат сәнді емес.
Артыңда қалған аруың

Қанша айтқанмен емдемес.

Ақан серінің: «Ақтоқты айтады» - деп шығарған өлеңі. Көкшетау, адыра қалғыр, күнде боран [152]. Бір жолаушы бір жақтан келе жатса, бір үйде екі бойжеткен қыз отыр екен [153].

ҮЛГІЛІ СӨЗ

(ЕКІНШІ НҰСҚА)

Таңдап алған жардан соң,
Шын айрылып қалған соң,
Қанша қырлы болса да,
Ер азамат сәнді емес.

Қатын ерге қарысса,
Арпалысып жарысса,
Қажымас па қайран ер?!
Туған бала мәнді емес,

Асыл болса алғаны.
«Сіз» - деп сөйлер, «сен» демес,
Мұндай ару алғандар
Зынданға түссе, шерлі емес.

Шын асылмен дос болсаң,
«Алсаңыз, ал, бер» - демес.
Түзу жолда жүрген соң,
Теңім түзу көрген соң,

Жарлы да болсаң, тұқым шаш,
Еңбегіңді жер жемес.
Қайсыбірін айтайын,
Бәрінен де, жігіттер,

[Ағай]ынға жалынып,
Сүйенбеген пенде емес.
Көрінгенге бой ұрып,
Жастан болдық далбаса.

Түрлі сәулет құлпырып,
Шыдап тұрмас алдаса.
Жастықта қызба, жалын от
Артығы ақылға салмаса,

Дариядан гауһар кім алар,
Тереңге сүңгіп бармаса?!
Жігіт болмас, құр қалар,
Қайрат қолын қармаса.

Естілер ардан танар ма,
Шара жоқ еңбек жанбаса.
Бір ұстатпай қала ма,
Соңынан қуып қалмаса?!

ТАҒЫ БІР ДЕРЕКТЕР

Шамлық бір ғалымға бір қасабының даугер болғаны. Кісі хақысының қиындығы. Кәпір мұсылманның мүлкіне келіп, намарат салса, күнінде мұсылман ортасында қалса, мұсылманға халаллығы кәпірдің өз ұлтынан барып нәрсе алу дұрыс емеслігі. Закот хақ [ақ] әдеттен (ғабдадтан) пақыр хақысы жайының асылы - адамзаттың кінә - сұмлығынан жаралғандығы. Шайхы Сағдидің саяқат Һарон ал-Рашид халифаның Әнес сахабаны алдырғаны, Шамсы тәбриі диуана хикаясы. Молла Нармиға кез болғандығы. Шатмансұр диуананың аналыққа (ана лыхқа) демегіне себептен ергенлігі. Нысохы тәубесі хикаясы. Аш аруақтың хазірет Мұсаға жолыққаны. Әбілқасым қашыры хикаясы. Ғабдолла ибн Мүбәрактің атасы құл екендігі. һылакуының хыружиға шайхы Жамалдин кебірінің мүбәрак назлары себеп болғаны. Имамқазы ханның оған берген жауабы. Шайхы Мүсілімалдин күннің шығысына қарап, табан аудармай отырғандығы. Бүркіт пен құзғынның қатысқанынан құмай туатұғындығы. Құзғын, қарға тақ, Сүлейменге көргенін сөйлегені.

АТАУЛАР ТУРАЛЫ

Бұрынғы заманда: «хан», «хан нем», «ханым», «ханша» - делінуші еді. Бүл заманда қоян көрсе, қорқушыларды «батыр», «хан» дейтұғын болды. Шүберек қалып кигізіп: «ханым» -делінді. Мес (миш) мойыны басты қыстарды «ханыша» - дейтұғын болды. Ешкіні «апа», текені «жезде» - деген заман болды. «Бике», «бикеш» - бұрынғының қыздарға айтылатұғын тілі. Бұл заманда «би», «биеке» «бибі» - атына қалды. Өз үйіндегі аты ол болса, бір жерге келген соң, «келін», «келіншек» - атымен аталды. Оң жақта «күйеу» аты, үйге келіп орнаған соң, «байы» - делінетұғын болды. Оң жақта «қалыңдық» аты үйге келген соң, «қатын» - атанды.

ҒИБРАТЛЫ СӨЗДЕР

Ғыжыла шеке (шикі) ғақылда хикмет те қатшымаз. Диуаналар еледғуала шырға кіріспес.

Адам өзінің шүкір қыбылынан бір диуана...
Дұшпан опаты үшін жаз ағызмазлар.
Дұшпансыз адам бақытсыз адам дүр.

Бар малын бір қызға берген жігіт алтын тауып алғаны. Ханның ақылы - қатынның ақылы, қа...ң ақылы бап бара-бар (пара-пар) дегені: «Мауранлыһыр патшалары қытай патшаларынан олар қалай көп жасайды?» - деп сұратқаны. Жеті жыл зарлап, Құдайдан тілегенде, бір қара өгіз үйге кіріп келгені. «Қазақ тілін үйрендік» - деген үш сарт - кісі құнын төлегені. Қырғыз Ташбек қудың қосы. Тама - Шөптенбай қудың сарттарға сөйлеген сөзі. «Тайдың белін сындырасың» - деген Фабылғандықтардың әңгімесі. Ташкенлік бір байбатша: «Сағаны қазақ ұрлап кетті» - деп, тұра шапқан бір азаншыны бір надан боқтағаны. Екі басты (башлы), төрт (дөрт) қолды (қоллы) кісі болғандығы естіледі. Мікір - екі көңілді кісі болғаны естілген емес [154]. «Арзымықдасада» әуелі отын тұтынған Ғымалқа деген жұрт [155].

АРҒЫН-БЕГЕНДІК ТАРАУЫ

Нұрфая бәйбіше қолында қалған кенжесі - Сүйіндікті, Қаржасты, Бегендікті, Шегендікті, -төртеуін бала қылып, төртеуіне қатын алып беріп, енші беріп, сол төртеуін «Төртуыл» [төрт ауыл] - деп атаған. Қуандық - алты баласы ат арқасына ерге ер жетіп мініп, Болатқожа да өсіп-өрбіп, ол екеуіне қарағанда, мына төртеуі бірен-саран аз туып, «Аздың атасы бір» - дегендей, ұйымдасып, «бір ауыл, бір бауыр» - болысып, Төртуыл атында қалған. Әрқайсысы өз алдына ел атанып, бәрінің ішінде өспегені - Малай - Жәдігер [Арғын - Мейрам - Сүйіндік — Суғыншы - Мәжік: Малай, Жәдігер] болғандықтан, олар бұ күнгеше Төртуыл атында және өздері бауырмал, Найман ортасында өсіп - өнген себептен, Ұлытау, Кішітау - солардың ата қонысы. Кеше Кенесарыға еріп кеткендіктен, ол қонысынан айрылып қалды. Бегендік ерте өліп, қатынын Сүйіндік алып, Оразкелді Бегендіктен туып қалған. Бұл Оразкелдіге Сүйіндік қалың беріп, қатын алып берген. Сүйіндік өлген соң, Оразкелдінің шешесі Темешке тиіп кетіп, онан да бала тауып, ол бала да өсіп-өніп ел болған. Оразкелді Сүйіндіктің баласы есепті болғандықтан, Сүйіндіктің жалғыз баласы Суғыншымен ыңғайлас өсіп, Оразкелді - Суғыншы атанып, Суғыншыдан: Шуманақ, Мәжік; Оразкелдіден - Тәңірберген, Сәрік болған. [Осы мәтін жазылған 248 - беттің оң жақ қапталында Мәшһүр Жүсіптің көлденеңдеп жазылған мына ескертуі орын алған: «Ұлы жүз - Үйсіннен асырап алған бала атын «Тәңірберген» қойғаны сол - деседі»]. Тәңірбердінің үш баласы бар: Ораз, Малқар, Жолым сопы. Сәріктің балалары: Қожамберді, Тоқтас, Қожағұл. «Қозған» деген кісі аты жоқ. Қозғала берген соң: «Шіркін, қоза берді ғой!» - деп, «Қозған» қойған екен. «Қозған - тозған, Қозғанның қозылы қойлық залалы болады» - деген. «Қақсал» деген де кісі аты жоқ, қақсай бергенінен «Қақсал» атанған. [Арғын - Мейрам - Бегендік - Оразкелді - Сәрік - Қожамберді] Қожамберді балалары: Балназар, Есназар, Қозыбақ. [Осы мәтін жазылған 249 - беттің сол жақ қапталында көлденеңдеп жазылған Мәшһүр Жүсіп ескертуі орын алған: «Қозыбақ балалары: Матай, Құдайқұл; тоқалынан - Жылқыайдар. Матай балалары: Сатай, Шумақ»]. Шолақтың түбі - Рамадан. [Арғын - Мейрам – Бегендік - Оразкелді - Сәрік - Тоқтас] Тоқтастың бәйбішесінен Есіл бойындағы Қозған. Әбіл, Тілеу, Құлтай, Тыныбек, Төлек, Темір, Сәдібек, Әзтәйтеке. Әбіл-Тілеуден бір өзіне жеті ат қойылған: «Әзтәйтеке, Битәйтеке, Дайыртәйтеке, Құттәйтеке, Алшынтәйтеке, Арғынтәйтеке» - атанған. Сарқыз -Тоқтастың тоқалының аты, оның балалары «Сарықозған» атанады. Бәйбіше балалары зорлық қылып, күн көрсетпеген соң, Айдабол, Күліктің қолтығына кіріп кеткен, сонан бүл жақта қалған. Сырбай деген бір атасы бар. [Арғын - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ – Құлболды - Тұлпар]. Тұлпар -Байғананың Досым деген баласы он бір жасар күнінде Қуандық ұғлы Құдайберген үйіне қонып отырғанда, дәрет алғанда, қолына су кұйып тұрғанда, баланы жақсы көріп:

− Шырағым, нағашың кім? - деп сұраған екен.
− Қақсал, - депті.
Сонда Құдайбергеннің жолдастары:
− Қоңыры ма, Сарысы ма? - десіпті. Онда Құдайберген марқұм айтыпты:

− Қақсал болған соң, қоңыры да құрысын, сарысы да құрысын! - деген екен. Бұрынғылар айтқан екен: − Қаржаста Мәмбеттен қыз алма, Айдаболда Баяннан қыз алма, Күлікте Жапалақтан қыз алма, Қозғанда Қалмақшыдан қыз алма! - деген екен. Қозғаннан бір келіншек қатын қалмаққа түсіп кетіп, Малқар батыр барып алып келіп, сол қатыннан туған баланың атын Қалмақшы қойған. Қатын - қазақтікі, бала - қалмақтікі. Аққозыдан: Сағындық, Жекен. Жекеннен жетеу: Ажы, Әзберген, Ақтау, Бектау, Сары, Қазы, Қасқа. Ажыдан - Балта алты ағайынды, Балтадан бесеу туады: 1. Алтынсары. 2. Қошқар. 3. Тілеуберген. 4. Асан. 5. Үсен, мұнан - Жарылқасын [Осы мәтін жазылған 250-беттің оң жақ қапталында көлденеңдеп жазылған Мәшһүр Жүсіптің мына жазбасы орын алған: «Осы Алтынсары Елкелдінің бел баласы Құдыққа жолдас болып, әзіретке бара жатқан бетінде Кіші жүздің перзент тілеп - бір кемпір-шалына: «Бір бала бердім, атын «Құдық» қой! - деп, сол баланың атын «Құдық» қойған»] Тілеубергеннен – Табылды, мұнан - Жақсыбай, мұнан - Сүйіндік. Алтынсарыдан: Оразбек, Жылқыбай. Балтамен бір туысқан - Төйте. Төйтеден: Байбол, Баян. Байболдан: Естен, Серік. Балтамен бір туысқан - Кәдір, мұнан - Ержан, мұнан - Жүсіпбек, - Әзбергеннен. Ақтаудан: Жорқа, Шолақ. Жорқа баласы - Мыстыбес. Бес баласы: Әлике, Ысқақтың Әликесі. Аққозы батыр өзі сексеннен асқан кезінде жалғыз баласын атып өлтірген. Тайкелтір би Ұлы жүзден оған қыз айттырып, қалың мал берген. Күйеу барғанда, шалсынып: «Қыз бермейміз!» - деген. Үйсін - Төле би естіп: - «Аруақты елдің баласы, аты шыққан ер еді. Малын қайтармасын, маған қонаққа жіберсін. Сынайық: «Сынға тұрса, бір өкірер!» -деген. Бір сыны - сід...ін байқаңдар. Көпіре ме екен? Жерге із түсуге - жар[ай ма екен] деген. Бір сыны: «Ал, жау келіп қалды!» - дендер. Жайдақ атқа қарғып мініп тұра жөнелсе, бозбаладан не кемдігі болады?- деген. Бір сыны - аңдаусызда артынан: «Міне, жау!»-деңдер. Сонда артына бұрылып, оңай тезбе-тез болар ма екен, жоқ, балжырап қалған...» Осы үш сынның үшеуіне де дұрыс шыққан соң, қыз... Ол қыздан - Сағындық, Жекен туады. Ақыры өлген соң, Ақбу[ра] алып, Ақбурадан: Кенже, Көкен туады.

[Мәшһүр Жүсіп өлеңдері]
Қолыма қағаз, қалам алайын да [156].
Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман [157].

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Айдабол -Жанғозы - Лапақ - Көсте. Ескерту: кейінгі 4 ата Екібастұзда тұратын зейнеткер, Мәшһүр Жүсіп мұрасын тікелей жинап көшірушінің бірі - Жұқаш Кәрібаев (1917 ж. туған) мәліметінен алынды.] Көстеден - Қазыбай, Қазыбайдан - Балық. Балықтан - Қанжығалы, Қанжығалыдан - Бейсақай молда, мұнан - Біләл молда. Көстенің төрт баласы болған: Қазыбай, Үкібай, Есенкелді, Қабан. Балықтан - Қанжығалы. Әнжеке, Асубай. Қанжығалыдан: Желдібай, Бейсақай. Әнжекеден - Шопан, Асубайдан - Нұрсейіттер. Көсте - құтпан бай, жерін Мәстек абызға сатып, Қарағайлы бұлақтан көшіп кеткен.

БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Кенжесопы - Бәсентиін - Ақмайдан - Көкшекөз - Жаманай - Рысқұл - Шақабай - Жәнібек - Бертіс] Бәсентиін - Рысбек, Жәнібек батыр Қырғыздан бір баланы қоржынға салып ап келіп, атын Бертіс қойып, онан - Күреңше туып, онан -Олжабай. Олжабайдан - Айтбай. Бұлардың түбі-тегі – қырғыз болады. Ырысбике (Рысбек)- қатынының аты. Рысқұл он екі жасар күнінде жау өлтіріп кеткен Естек жұртының (жығбиртының) бір ұрылары. Наманай - Бұлбұлдың Бұлбұлының тұңғышы -Күшік, бала өле берген соң, атын Күшік қойған. Ерке бала болып, қағусыз өскендіктен, қиянқылықтан, бір Қожаның басын қағып тастаған. Сол себепті тұқымы өспей қалған. Үйсінбай, Тулақбайлар: «Қай Наймансың?» - дегенге: «Естібай Найманбыз» - дейді.

АРҒЫН-ҚАРЖАС ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Қаржас - Телі - Сатылған]. Сатылғанның тұңғышы -Тілеуімбет, мұның балалары: Қожамқұл, Қошқарбай. Біреуінен - Тастен, біреуінен -Дулат. Бұлардың ұрпағын: «Қарақалпақ» - деседі. Құрамыс шаты, Мейірман отырған шат, Дауылбай шаты, Түктібай отырған шаты, Қабанбай жартасы, Имамбек қажы отырған жері, Қарайғыр шаты, Көстелер отырған жер, -бәрі Уақ жерлері. Қарайғыр да - кісі аты, түбі-тегі - Уақ, ең арты - Дауылбай [158]. Шоң бидің бітіміне көнбей ауып кеткен. Құдайберген Қуандықбаласы айтқан екен: «Қарайғыр шатында, Ақкісі қасында [Қаржас – Телі - Сатылған] Сатылған - Есенаман - Жарқынның Жарқынының моласы сонда - деп. -Жанқылыш - Өтеудің Өтеуі, Найзабек, Ермек - үшеуі бір жерде - деп. - Ермек моласында Жанқылыш, Домби, Шөбінің көтеріп алып қойған тастары бар», - деп. Қожан, Нұрке, Мәкен, Оспан, Озғанбай балалары. Бұл - Жарқын баласы. Жарқын Елікбаймен туысады. Аталары - Қалқаман. Бұ[л] - Ердес баласы. Қарайғыр шатында өзеннің оң қабағында Қаракесек - Қожантай моласы, сол қабағында жазықта бір жалғыз мола «Қаракесек елінің бір қызы» - дейді.

Пендесі бір Құдайды білмей ме екен [159].
Ақынның шек келтірме тіл-жағына [160].
Шопанның ұшырамаңдар таяғына [161].
Қан түсті алпыс үште аяғыма [162].

Ж. АЙМАУЫТОВ СӨЗІ

Табиғат пен мәдениет тартысы, ұлтшылдық пен адамшылық тартысы, өз мақсаты мен ұлт мақсатының тартысы, ізгілік пен жауыздық тартысы, - басқа да толып жатыр. Бұл сықылды екі тартыстың сезімін [Әмен Көпеев] әбден айырып біліп еді. Туысы - қазақ, өскен жері - қазақ, - табиғаты - осы, тәрбие де осы болды. Сезім - білімі Европанікі (Иауропанікі). Ол сезімді, білімді болғандықтан, табиғатты, ұлтты сүйді. Білімді болғандықтан, надан елден, надан жардан өзгеш[е] табиғаттан ақылға азық, жанға сусын таппады, жиренді. Туған елінде білімнен жалғыздық көрді, жат елде туғаннан жалғыздық көрді. «Елін сүймейін» - десе, надан жаттан зорлық көріп барады. Сүйейін десе, жауыздығы көп. Жауыздар өзін де аямай барады. Оның үстіне қазақтың келешегі не боларына көзі жетпейді. Кім үшін, не үшін қызмет қылып жүргенін өзі де білмейді. Табиғаттан, елден, қызметтен торықты. Бас қосылған жерде: «Аттың орысшадан жетіле алмағандығы бар екен» - деген сөз құлағына тие берді де: «Орысшаға әбден жетіліп алып, кісі аузына жалтақтап қарамастай болып, халқыма қызмет қылсам-ау!»- деген арманмен Ташкент барып, болмашыға болысам деп, жоқ жерде зая болды.

Бұрынғы әулиелер айтқан сөз есінде болмады: «Құдай ұрғанды қоса ұрмаса, Құдайдың жандай досы бола алмайды» - деген. Қанша сөзден дәнеме өнбейді. «Жақсының аттан жығылғаны да жақсы» - деген сөзге сап ете түсті. Ауызға ілініп, көзге көрініп, өлімі бәйгенің алдын алып өлді. Ан Алла, уана Алла, иар жыған Құдай рақмет қылсын, бізге шапағатын несіп қылумен иа мыхжиб ассулин! Ақан серінің Ақтоқтының өзіне бетпе-бет айтқан өлеңі: Бәрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа [163].

Ғашық отына күйгендердің әңгімесі:
Жасымнан жел (жыл) жаратты Хақ тағала [164].
Шаштым жұртқа Алланың берген сыйын [165].
Қожа Хафиз [өлеңі] [166].

МАҚАЛДАР

Қой көбелесе, өседі.
Жылқы кенжелесе, өседі.
Уайым түбі - теңіз-ді:
Түсерсің де, кетерсің.

Тәуекел түбі - қайық-ты:
Мінерсің де, өтерсің.
Бақсыны көрсе, аурудың дерті қозады,
Ұстаны көрсе, айылбас тозады.

Елді көрсе, ит озады.
Үлгілі өткен Абылай қазақ ханы [167].

КҮДЕРІ ҚОЖА ӨЛЕҢІ

Абылай ханның қалмақты аудырғанын Көшекұғлы Күдері қожа сөйлеген:
Қырық сан қара қалмақта Қоңтажы деген ханы болған [168].

Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт Кәрі Аюке деген ханы болған. «Аюкенің ауыр қолы» атанған құба қалмақтың Қалдан Шерін деген ханы болған. Қаратауда, Шудың аяғында Уса, Серен деген жайсандары болған. Солардың тұсында қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған: шапқан, талаған. «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы сол кезде болған. Тілеуімбет батыр он алты ұлымен: «Жасқанып, қашпаймын» -деп, қалмақтан қаза тапқан. Інісі Наурыз алты ұлды жан сауғалап қашып, аман құтылған. Тобықты - Әнет бабаңдар жаяу жүре алмағандықтан, тебе басында отырып қалған. Сонда соның кегін Абылай хан ат арқасына мінген соң алған. Сонда қалмақтың қалайша ауғандығын, бүлген - жарылғандығын Көшек ұғлы Күдері қожа жырлап сөйлеген -кейінгіге тарих (туарық) болсын үшін Мәшһүр Жүсіп Көпеев қағаз жүзіне нұсқа қылып қалдырған.

Ла-ила, Алла, Алла мен
Әуелі Құнайды айтайын.
Бұл дүниені кең еткен,
Жапырақтан дене еткен, -

-Құдайым!
Бәз (баз) пендесін күлдіріп,
Бәз пендесін еңіреткен
Қаһар қылған Құдайым!

Ғазаппенен жан алған,
Жігітлер, мен ғазірейіліні айтайын!
Қара жерді қақ жарған,
Пенденің күнәсын сұраған ( сорған)

Жігітлер, мен Жебірейілді айтайын.
Хаққа шынысын айтқан,
Пендеге несіп таратқан.
Таразысын тең тартқан

Жігітлер, мен Мекайылды айтайын!
Тауды ұшырған қаңбақтай,
Тасты ұшырған бұршақтай,
Исрафил сорын үрген,

Өлген адам тірілген,
Қырық жыл жаңбыр жаудырған,
Жігітлер, мен Исрафилді айтайын!
Өзі туып, дін ашқан,

Бұ дүниеге нұр шашқан,
Біләлға азан шақыртқан,
Жігітлер, мен Мұхаммедті айтайын.
Кәпірге қарап оқ атқан,

Мұсылманға жан тартқан,
Исламның қылышын шапқан,
Жігітлер, мен Ғалыны айтайын!
Құдайға пәрменменен сөйлескен,

Жігітлер, мен Мұсаны айтайын.
Атасыз бибі Мәриямнан туған –
Жігітлер, мен ол Ғайсаны айтайын.
Шайхы Бурхи диуана

Адам Атадан болған,
Мекіре балықтан туған,
Жігітлер, мен ол Бурхины айтайын.
Ол Иақуптың (Жақыптың) он ұғлы

Тоғызы көре алмастық қылған.
Аулақ түзге апарған,
Үстінен киімін алған.
Зындан түбіне салған,

Қырық жыл Кінғанде қалған –
Жігітлер, мен ол Иосифті айтайын!
Бибісімен бәс (бәсе) болған,
Өз ұғлымен қас болған

Кереметін тыймаған,
«Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймаған» -
Жігітлер, мен ол құл Сүлейменді айтайын!

Тірі ғайып болған,
Оның ұғлы ер Жуасыны (Жүссіні) айтайын
Ғазірейілмен дос болған, Құдай жолын бос қылған,
Тірі кірген пейішке, -

Жігітлер, мен ол Ыдырысты айтайын!
Аталарын еңіреткен,
Аналарын боздатқан,
Өткір пышақ қайратқан,

Қол-аяғын өз еркімен байлатқан,
Құбылаға жүзін (иүзін) қаратқан,
Құрбандыққа жан қиған,
Жігітлер, мен ер Смағұлды айтайын!

Молдаға кітап аштырған,
Шариғат турасын (төресін) берген.
Қалыңсыз қатын құштырған,
Кешегі өткен Fазизім - Ер Абылайды айтайын!

Аюкенің ауыр қолы, жігітлер,
Ер Абылай аруақты.
Дұшпанына салмақты,
Тәубесін Тәңірі жаңылтып,

Тоз-тоз қылды, көрдің бе (мү),
Кешегі Торғауыт, тоғыз сан үйлі қалмақты
Ел қыдырған қожаның,
Қожа менен молданың,

Бақсы менен құшнаштың
Өйтіп - бүйтіп кәріптің (ғарібтің), -
Есіл-дерті-алмақ-ты!
Алаш, тіле тілеуін

Абылайдың - жаны үшін!
Ер Абылай жатпады,
Сол мезгілде жігітлер,
Дін мұсылман баласының қамы үшін!

Сол мезгілде, жігітлер,
Қалмақ бүлді(бүлінді), көрдің бе?!
Еділ менен Жайықтан
Қараңғыда сол өтті.

Кеме менен қайықтан.
Дат тіледі бұл қалмақ
Қазекеңе шыдамай,
Ерәлі мен Нұралы,

Батыр ұғлы Қайыптан!
Өзінен елші жібермей,
Бел шешісіп, елдеспей,
Бұ қазақты ел демей,

Айтқан сөзін елемей,
Ұлытаудың баурында
Серең айтты Усаға: -
Абылай сені шақыртар,

«Уса мұнда келсін!» - дер,
«Ақ үйлісін берсін!»-дер
«Зияным жоқ қалмаққа,
Жөніменен жүрсін!» - дер.

Ай, Уса хан, Уса хан,
Менің айтар кеңесім:
«Шақыртса да, барма!» - деп.
«Алтын берсе, алма!» - деп,

«Абылайды көрме!» - деп,
«Ақ үйліңді берме!» - деп,
«Қазақ бізден қаймығар,
Біз ортасынан өтерміз,

Өтерміз де, кетерміз!
Көке Тәңірім жар болса,
Әуелгідей, жігітлер,
Біз баяғы кең қонысқа жетерміз!

Сол мезгілде, жігітлер,
Қалмақ бүлді, көрдің бе?!
Сарысуды жағалап,
Үлгіртені көбелеп,

Арғымағын тағалап,
Боталы түйе боздатып,
Құлынды бие кісінетіп,
Бұзаулы сиыр мөңіретіп,

Қозылы қойын маңыратып,
Боз ордасын құлатып,
Бозбаласын сорлатып,
Балаларын жылатып,

Қалмақ бүлді, көрдің бе?
Аударыстың зоры үшін,
Қонысының тары үшін.
Жалаң аяқ жүре алмай,

Етік қылды сабасын.
Ішеріне қорек жоқ,
Толағайын тулақ етіп,
Асып жейді баласын,

Бар Құдайым білмей ме –
Пенденің көңілі аласын?!
Аласы жоқ Абылай
Хаққа айтады шынасын (шынын)

Ұстап алып күнінде
Кәріп етті, жігітлер,
Кәрі Аюке тәпсіре
Кешегі Шабдаршаптың баласын.

Абылай мұнан аттанды,
Мінген аты астында.
Басқа, көзге төпелеп,
Үлгіртені көбелеп,

Қарсы алдына шыққалы
Жайдақпенен жебелеп,
Жауған кардай себелеп.
Қалмақ қайда құтылар,

Арық атын төпелеп?!
Бұ қалмақ алмай жүрген қол емес,
Көрмей жүрген ұл емес.
Алаш, сен Құдайыңа тәубе қыл,

Маңдай тайған жыл емес.
Онда Абылай тағы айтады:
− һай, һай, Алаш, һай Алаш,
Бұ қалмаққа барма! - деп.

− Қыр соңынан қалма! - деп,
− һай-һайлап ат салма! - деп.
− Аттан түсіп жатпа! - деп,
− Қараңғыда от жағып,

Темекі, шылым тартпа! - деп.
− Ат үстінен мылтық атпа! - деп,
− Сен атқанда, ол да атар,
Сен атқан жерде ол жатар.

Сен Алаш, сен - бейбас жұртсың,
Басыңды сонда бір байталға ұстарсың.
Онда Алаш тағы айтады:
− Бұ Абылай бармас, - деп,

− Барса да олжа алмас, - деп,
Сол жердегі Алаштың
Көбі қайтты ерініп.
Атадан артық туған Абылай

Жер қабысқан қол алып,
Желкілдеген ту алып,
Науалыдан торсыққа су алып,
Барды да, алды қалмақты.

Еш дұшпаннан ғама жоқ,
Абылайдың, жігітлер,
Құдайдан басқа жағы жоқ.
Қосын салды ер Дайыр,

Құлан өтпес көңдерге.
Шабуылшы шығады,
Күнде шауып дөңдерге.
Хабар келді Дайырдан

Егіз бенен Тайымға,
Ордадағы ханымға:
«Қалмақ бар, - деп,-үрікпесін».
Балаларым ұйықтасын

Малым жайылып оттасын!
Иірмесін түйесін,
Сауып ішсін биесін!
Жоқтай ма екен бұ Алаш

Дайырдайын иесін?!
Ақылына жеңгізіп,
Көшекұлы Күдері
Сол келтірді, жігіттер,

Күнінде сөйлер сөздің жүйесін!..

Егіз, Тайым - Малай, Жәдігерден шыққан батырлар, заманында «Аталық» атанып, хандардың көші-қонын билеп-төстеп жүрген ерлер. Дайыр-төре, Бөкей - Дайырдың Дайыры. Барақ, Көшектің Барағының балалары «Қырық сан Барак ханның елі» - атанған, Ташкентте тұрып ханлық қылған. Бөкей, Дайыр, Шығай, Ханбаба, Маман, Қанқожа. Бөкей ұрпағы: Жамантай, Құсбектер. Осы күнгі Әлихан Бөкейханов сол нәсілден.

Қалмақ ауғанда, жылаған балаларына айтқан сөзі:
Сорқара, Сортың бар ма ?![169].
Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап, жылағандағы зары:
Қайран да, қайран, қайран тау,

Тиюші еді пайдаң, тау [170].
Сонда қалмақты Сарыарқадан аудырған Абылай хан батырлары [171].

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-КҮЛІК ТАРАУЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Күлік] Қарамола елінің қазағы Бояубай асырап алған қыз[ды] Күлік Дүйсенбайбаласына берді. Дүйсенбай -Өлеңті Күлігі. «Қызылтау елі Бірәлі (Абыралы) Байқарабаласының інісі Балжанға берген» - дейді. Бояубайда ақ шалта тұр, Дүйсенбайда ақ шалта тұр. Бибала Жылқыайдарбаласы -Бояубайдың қолындағы асыранды қыз. Бояубай өзі жас жігіт: сакал-мұрты жаңа шығайын деп келе жатқан. Байдәулет - Бибала баласы; Мұсабай - Жарылғап баласы. Мұса – Тәшен немересі, Садықбаласы сөйледі. Дүйсенбай қырық - елуге таянған кісі. 1. Дүйсекей. 2. Қали. 3. Әсембай (Асымбай). 4. Хасен, - әкелерінің аты - Естібай, мұның әкесі - Өтеу, мұның әкесі - Баймахамбет, мұның әкесі - Жаңабай, мұның әкесі - Амантай. Айтқожа - Жаңабайдың Жаңабайы. Баймахамбеттен: Өтеу,Төйте, Үкі. Төйтеден - Қорабай, онан: Омар, Оспан. Өтеуден: Естібай, Аятай. Аятайдан: Ноғайбай, Тоғайбай. Қалидан - Қыпшақбай, Тілеуімбет, Алтынторы. Есенқұл, Шойтақ, Мергенбай, Айтқожа. Жоқ болғандар: Азына, Жандос. Жандостан - Өтебайлар. Ордабай, Нұрмақ, Биқозы, Тілеуке, Байқозы, Ырысты, Алтыаяқ, Боқтыкөт. Азынадан: Айман, Төлек. Айманы - Қаржас, Күліктер. Қарсұн - Бабайбек балалары. Төлегі Қарақойтаста. Керей - Бөкен ауылында жүрген: Әлжан, Хасен Жантурин, бұл - фамилиясы. Әлжан, Хасен - Бабайбек баласы. Бабайбек - Жантөре баласы: 1. Өтес. 2. Ілияс. 3. Елсібен. 4. Тілеміс.

Шортанбай қожа сөзі:
Алаштан алған алымым
Көлденең тұрды көмейге.
«Ақын, шешен, көсем» - деп,

Айласпаңдар мендейге.
Айбас, Қарпық, Тәш - Төртуыл - Мүтік баласы - Жантөбет.

Бұрынғы заманда қолдан Құдай жасап алып, күшті Құдаймен құдайлық салыстырғанның әңгімесі. Баяғы заманда Хыбыш деген жұрт болыпты [172]. ...көрмейсің бе, білмейсің бе, мұнан ғибрат алмайсың ба?.. Қандай қылды сенің Раббың Басхаб лығыл пейіл иелеріне Бірһаға қырық пілмен келген. Оның әскеріне:«... қылма... дәнемеге тұрмайтұғын орынсыз қылып... жіберді. Оларға һындар басының жағасынан Тайра, Бабыл, Абабыл дейтұғын құстарды: тұмсықтары құз тұмсығындай, табандары ит табанындай, бастары жыртқыш хайуанлардың басындай жасыл, көк түсті, сары тұмсықты. Әр құстың тұмсығында екі тас, - Тырмыһым, быхжарт мен сыжил аттары. Ол құстар тұмсығындағы, аяқларындағы таспенен. Ол тастар лай балшықтан жасалған тастар. Кәпір қанша болса, тас саны сонша. Және ол тасларда кәпірлердің бас-басына аттары жазулы... жерде түсіп қалған ағаштың жапырағын құрт түтіп жеп тастағандай қылды. Есебі сонша қырылған жаннан жерде бір дене қалмаса керек. Өлімтігі қынадай болып қалса керек.

Пайғамбар заманында аға, інісі бір туысқан екі жігіт болды [173].
Бұхара - таң қаламын барғаныма[174].
Ескі сөз жаңа сөздің үлгісі еді [175].
Ашылар дәл он бесте қыздың бағы [176].

Абайділда хан орыс қолында тұтқын болып, сегіз жыл Итжекеннен әрі кетіп...[177].

ҚҰДАЙДЫ ҚОЛДАН ЖАСАУШЫЛАР ӘЛЕГІ

(ЕКІНШІ ҮЗІК НҰСҚА)

Абыраһа күліп: − Ой, жарықтық, ақсақал-ай, ақсақал емес екенсің [178]... сақал екенсің. Мен қаралдыңды көрумен тойып қалып едім. Мына сөзіңді естіген соң, қарным ашты ғой. Мен үйіліп-төгіліп неменеге келіп жатырмын? «Мына қара жабулы үйдің қарасын өшірейін, тып-типыл жоқ қылып, орнынан көшірейін!» - деп, келіп жатырмын ғой! «Соның мән-жайына келген екен ғой!» - десем, сырты-түк, іші [боқ] мал үшін жүр екенсіз ғой!

Онда Ғабдолмүтәліп айтыпты: − А, балам, «Иттің иесі болса, Бөрінің тәңірісі бар», - деген. Ол үйде менің не жұмысым бар? Ол үй менің үйім емес, өзінің иесі бар. Ол өзі бір қу жалғыз, онда не әке жоқ, не шеше жоқ, не туған - туысқан жоқ. Біздің бауыр ағайын, туысқанымыз емес. Құдай қосқан құда, құшақтасқан досымыз емес. Не ұлымның қайыны, не қызымның қайыны емес. Айдалада біреудің үйі үшін мені кіммен жауласып, кіммен қастасады дейсің?! Төрт жүз тұяқ түйе мен өз мойнағым мен сол түйенің иесімін. Өз малымды жоқтап келіп отырмын. Айдалада біреудің үйінде не ақым бар? Үйіне иелік қыла ма, қылмай ма? Өзі біледі-дағы, -депті. − Иа, ақсақал, ертең сол үйге қол қоямыз. Сонда сен оған болысып, бізге, жасаққа қарсы шықпайсың ба? - депті. − Жоқ, жоқ, шырағым, мен осы барған бетіммен үйін де, өзін де саған тастап, айналаммен көшіп шығып кетем. Ризасың ба?-депті. − Жарайды, онда. Ақсақал, онда сен табылмайтын жақсы кісі болдың, - деп, түйесін қайыртыпты.

Ғабдолмүтәліп түйесін айдап келіп: − Ал, қатын-қалаш, бала-шаға, көшіңдер, бір жан қалмай шаһардан шығыңдар. Бізді: «Бар екен!» - деп, үйінен айрылып қалар. Өз үйін өзі қорғап алып қалса, қалсын! Қалмаса, қойсын! - деп, қыбырлаған жан тайлы-таяғына шейін қалмай, жабырлап шығып жатыр дейді.

Абыраһа да қуанып, масайрап отыр дейді:
− Кешегі ақсақал сөзінде тұрарлық жарайтын кісі екен! - деп.
Жұрт арылып, шығып болды. Түн өтті, таң атты. Ал Абыраһа:
− Айдаңдар пілді, қол қойыңдар, орнында бір кірпіш қалмасын! - деп...

Қазақ айтады: «Ұлың өссе, ұлы құлықтымен, қызың өссе, қызы қылықтымен ауылдас бол» [179].

БІР ШЕЖІРЕ ҮЗІНДІСІ

Қалшадан - Жұматай, Жұмабайдан - Сағындық. Баутаннан - Қаракесек, Қаракесектен -Жұмакелді. Қалба тауындағы Найман:Дорбауылдан Айтымбет деген бір қос жылқымен келіп, Қаржас ішін бір қыс қыстап жатып, Қожамбердінің қарындасын айттырған, аты - Мұр[ын]. Сонда соның жеңгетайына Аткелтір Шарықтың Шарығын берген. Аткелтірден - Жақылық, онан Үсен, мұнан: Араб, Ержан. Шарықтан - Бекежан, онан - Мамай, онан-балуан Жақып.

Есен тентек әкесі Жетібайдан жеті жасында жетім қалған [180]. «Еңбекші казак» 87-номірінде [1418] бір сабаз жазған сөз. Біздің ұлан. Кім еңбекшіл табының шын қорғаушысы болса, соған арнадым [181].

ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ

[Жанарыс - Ақтамбердіқожа - Қыпшақ - Қарақыпшақ - Бұлтың] Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең, Балық - бұларды «Бес таңбалы» - дейді. Әліф таңбалы - «Бұлтың Қыпшақ» -жақтан басады. Мойын таңбалы «Торы Қыпшақ» - мойыннан басады. Қол таңбалы «Ұзын Қыпшақ» - қолдан басады. Көсеу таңбалы - «Көлденең Қыпшақ» - саннан көлденең басады. Қарын таңбалы - «Қара балық» - қарыннан басады. Бұлардың аналары айтқан екен деседі: «Бұлтың бітті бойыма, көптік толды үйіме» - депті. «Торы бітті бойыма, үйіме» - депті. «Ұзын бітті бойыма, ерлік, батырлық толды үйіме». «Балық бітті бойыма, байлық толды үйіме». Бұлтыңнан: Боғыс, Орыс. Боғыстан - Жолаба, Жолабадан - 1. Есенкелді. 2. Қасым. Орыстан: Төбет, Құлатай, Мадияр, Қодас. Төбеттен: Еламан, Қосайдар. Қосайдардан: Сексен, Қожан. Қожаннан - Сүйерқұл, Сүйерқұлдан: 1. Үмбетай. 2. Жарылғап. 3. Есіркеп. 4. Егізек.

ТӘН МЕН ЖАН ТУРАЛЫ

Әр пендеге төрт жұрт даяр. Олардан ешкім қашып құтыла алмайды. Әуелгі жұрт бәрінен тар. Ол жұрт - Рахымәдір ананың жатыры. Екінші жұрт - Ғалым алшаһадат: жарық жалған дүниенің жүзі. Үшінші жұрт - Ғалым лабырзық. Төртінші жұрт - Ғалым ларуахы. Мәселе жынын оқыт ұлатте рахымнан (рахымдан) дүние кәмік, істе мәз. Бірақ жарық жалған дүниенің жүзіне келіп, рызах мәдірден ләззат уансит болдық та бір дахи мекеніне кетпек істе мәз. Кезлік мүмин мүтден жизых, фызых етіп (идоп), өлмек істе мәз. Өлу бірлан мүмин моласына мылақи олдықта бір дахи дүние ие рақым істе мәз [182]... Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышына ортақтаспайды. Біреудің қуанышына ортақтасу орнына адамда күншілік пайда болады. Бұл - жалпы адамзаттың ұнамсыз бір жарамаған мінезі. Бір ғалым айтыпты: − Қайғыға ортақтасу үшін, адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасуға періштелік те толық емес. Heгe десең, күншіліктің дөкей ірісі соларда болған. Құдай тәбәрік отғылы оны: «Жағылпи ларзи халифа - деген де, - Қалуа тыжғил фиһа мен иғыт фиһа деспің алды ма? Ныхын лынбых михмідік үнгідіслік, - деген. Осыны адамға қимай, күнде ойымнан айтқан. Болмаса, білімі жетіп, білгіштікпен айтқан емес. Қайдан біледі? Ғақыл мен ғылым - олардың сыбағасы емес. Періште деген бар. Бала - кішкене құрттай балалардың біліміндей.

Хақ Мызһабының дәлелі:

Әркім өзін бар деп біледі. Сырты көрініп тұрған дене: он екі мүше. Бұлардан бөлек, көрінбей тұрған: қуану сықылды; ренжу сықылды; бір нәрсені ойлану сықылды; бір нәрсені ұмытпай, ойында сақтау сықылды; бір нәрсеге рас, шын деп нану сықылды; бір нәрсені: «Бекер, өтірік, - деп тану сықылды, - жасырын күш барлығын сезеді. Бірақ бұл жасырын күш тар денемен; он екі мүшемен болып тұрған жұмыс емес. Оларды қозғап, жұмыстатып тұрған және бір жасырын күш. Ол жасырын күш жан деп ұғады.

Олай болса, әркім өзінде: «Жан бар, мен жанды кісімін ғой!»- деп ойлайды. Өзінде жан барлығын мынадай жұмыстардан сезеді. Адамда бір нәрсені ойына алып, илану бар, сезу бар, ойланып, сезген нәрсесін орындап, орынға келтіру бар. Жалығу бар, тынығу бар, - толып жатыр, қайсы бірін айтайын. Осының бәрі жанның күшімен жұмсалатұғын жұмыс. Ендеше ол жан да қолға түспейтұғын, кісі өзі жасап ала алмайтұғын бір зор күшті қуат. «Ондай күшті нәрсе өзінен күшті, өзінен жоғары, бір жақтан келген күш-қуат қой» - деп білеміз. Денемізде жан барын білеміз. Бірақ сол жан денеміздің қай жерінде тұрғанын білмейміз. Түрі қандай, өзі не нәрсе екенін сезбейміз. «Көрмегенмен, сезбегенмен денемізде жан жоқ» - деп, айтпаймыз да, ойламаймыз. Сондықтан бұрынғы өтіп кеткен Сократтың сөзі деген сөзге шындықтығымызбен нанамыз. Бұрынғы заманда да: «Құдай жоқ», - деушілер болған екен. Онда оларға Сократ айтқан екен дейді: «Денеңде тұрған жанды көрмейсің де, жанды жоқ деп айтпайсың. Көрмегенге неге ішің пысады? Харекет, қозғалыс - Құдай барлығына дәлел. Денедегінің не нәрсе болса, бәрі харекетте, қозғалыста. Бұл қозғалысқа себеп керек. Себепке мұсабба керек. Жел диірмендей орнатып қойды. Жел жоқ болса, айналмайды (айланбайды). Сол диірменнің иелері: «А, Құдай, жел бере гөр!» - деп тілейтұғыны анық. Көктің астында, жердің үстінде болған нәрсе - асыл жаратылыс тек тұру. Оны өзгерту үшін күш керек. Иа екеуі тең-теңдікті бұзу үшін тағы күш керек. Ғаламда низам бар: күндіз бен түн, қыс пен жаз, ай мен жұлдыз, көк пен жер. Ол низамды жүргізетін бір низамшы керек. Низа, низамшы, низамды білетін зат болу керек. Солай болатұғын болса, Алла бар. Табиғатта білім жоқ. Менде шексіз пікір бар. Бұған бір бас керек. Мен бас бола алмаймын, шектімін. Әр шектіге бір нәрсеге барып тұрақтауына қажет зірөр (хірөр). Ол нәрсенің өзі шексіз болуы керек, - азылы болып. Ол - Алла. Менде ғақыл бар, ғылым бар. Бұл тақыл, ғылым өзінен ұстын болған заттан боларға керек. Ол -Алла. Алланы жоғарғы айтылғанмен біле алмаймыз. Алла міркіб емес. Латерекке олайдәркі күнһат бір нәрсенің хақиқатын білгенде, сезім, ғақыл, шыншылдың хабарымен білеміз. Алла сезімнің тиесінде (тысында) шексіз, өлшеусіз, ғақылдың ауданына сыймайды. Шыншылдар заты туралы айтқан жоқ. Құран айтқан: «Ома кадару Алла хақ қыдре». Хадис Шариф айтқан: «Тығкір уафи-ала Алла тағала ула тағкір уафи зата тағала факімлін тақдыр уакдыре». Екіншісімен білуге мүмкін, сипаттарымен білеміз. Сипаттарды - ғаламдағы сипаттарға салғастырмаймыз. Құран айтқан: «Лисламшыли - шиы». Бұрынғылардың: «Ұқсасы (ұхшашы) жоқ» - деулері - осы сөз. Алланы ислам діні өзіне лайықты пенделер білетін толық сипаттарымен сипаттайды. Бірақ ол дүниедегі сипаттар мен салғастыру жөнімен емес, ғаламда қандай толық сипат болса да, мұқтаждық ісі шығып тұрады. Біз Алланың затын біле алмаған соң: «Алланың сипаты дәл заты ма, яки басқа ма?» - деп, пікір жүргізіп, сөз таластырып отыруымыз ұят һәм ақымақтық. Алла міркіб емес, біз кемиакер емес, айырып білуге хақымыз жоқ. Қарсы айтушылар, қай заманда болса да, Алланы: «жоқ» - деп айтушылар болған. Көп ұжданға қарағанда, ондайлар жоқ есебінде. Соқыр туған кісі күнді «жоқ» - деп таласса, оған дәлел айтып әуре болмаймыз [183]. ... әр адамда үш қуат бар: ашу, шаһуат, ғақыл. Сол үш қуаттың параты бар, тағриты бар, әуесеті бар. Ашудың параты - өрлік, тағриты - үрейлік, әуесеті - ірілік. Шаһуаттың параты - өтегендік, тағриты - ездік, - осы (ұсты) ғағғат. Ғақылдың параты - далбаса; тағриты кісі-кещелік. Осы хикмет. Паратқа кетпей, тағритта қалмай, әуесетте болған адамнан шыжағат, ғағғат, хикмет, - үшеуі түгел табылады.

ШОРА БАТЫР

(ЕКІНШІ НҰСҚА)

Ерте заманда қырық үйлі Тама мен мың үйлі жасыл Түрікпен қоныстас болып, мың үйлі жасыл Түрікпенде Қарахан деген хан бар екен, Әліби деген биі бар екен [184]. Сонда қырым үйлі Таманың қырық баласы мен мың үйлі жасыл Түрікпеннің мың баласы ойнайды екен. Ойнағанда, мың бала қырық баланың асығып ұтып алып, тірідей көрін қылып, танауларын жырып, тырнадай бақыртып жұлып, білгенін қылады екен. Қырық үйлі Таманың ішінде Нәрік деген бай бар екен, баласы жоқ екен, малы есепсіз коп екен, жылқысында бір шұбар ат бар екен. Заманасында ондай ат ешкімнің малынан тумаған екен. Сол атты мың үйлі жасыл Түрікпеннің Әліби деген биі сұрапты: − Нәрік бай меніменен ел болып отырамын десе, шұбар атын берсін, әйтпесе екеуміздің ат құйрығын кесіскен жеріміз - осы! - деп.

Сонда Нәрік бай: − «Баласы жоқ қу бас, мұнысын кім мінеді?» - дегені ғой, - деп, долданып жылап,-А, Құдай, бүл малға ие бер, бермесең, мені ал! - деп, түйеден - бура, жылқыдан - айғыр, сиырдан - бұқа, қойдан - қошқар, ешкіден - теке айтып, бәйбішесімен екеуі жонға шығып кетіпті. Жылқыдан басқа малын бірге ала жөнеліп, Сырлытам деген тамға барып, Құдайға айтқан малдарын соның басына апарып сойып, жаңа туған жас төлдің тілерсегін қиып, ең аяғы итіне шейін қалдырмай, сол тамның басына жиып, малын улатып - шулатып, азан-қазан қылып аңыратып, қырық күн басын көтермей дөңбекшіп сұлап, көз жасын бұлап, қосағымен екеуі әнін қосып жылап жатып қалса, ала есегі айқалап, ала қоржын арқалап, Шар кітабы қойнында, аса таяқ қолында, жүрген Хақтың жолында бір ақ шалмалы адам келіп: − Уай, байғұс, мұңды-зарлылар-ай, Құдайдың [құлағын] шулаттыңдар ғой! Үн-зарларың Құдайдың құлағына барып, мені жұмсады. Көтер басыңды, жай қолыңды! Мыңды аламысың, мыңға балап бірді аламысың?! Қалағаныңды, ойыңа алғаныңды айт! - дейді.

Ұшып түрегеліп, қолдарын жайып:
− Оттың басын боқ қылып,
Қырға шығар жоқ қылып,
Мен не етейін көбіңді,

Құлан көде шөбіңді?!
Берсең, маған қалап бер,
Бір басын мыңға балап бер! – дегенде,
− Ал, мүсәпірлер, көз жасыңды Құдай иді, тілегеніңді берді.

Қалағаның ұл болса,
Ойлағаның сол болса,
Атса, мылтық өтпесін,
Шапса, қылыш өтпесін,

Бір Алладан басқадан
Сірә да бұйрық жетпесін!
Атын Шора қой! – деп, жөнеле беріпті.

Бай, бәйбіше жүрегі жарылып қуанып, үйлеріне қайтып келісіп, мырза Құдайдың мырзалығын білісіп, боз кемпір буаз болып, айы-күні жетіп, жиырма күн жіп құрдырып толғатып, «ес кетті, жан шықты» - дегенде, бір ұл перзентті зорға тауыпты. Төбел бие сойды, төменгі елді жиды. Жорға бие сойды, жоғарғы елді жиды. Ала бие сойды, аймақ елді жиды. «Отыз күн ойыны бар, қырық күн тойы бар» - деп, жұртқа сауын айттырды дейді.

Мың үйлі жасыл Түрікпеннің Әлихан деген ханы, Әліби деген биі: − Қырық үйлі Тама еді, байлық көрсетіп, той қылып жатыр. Қалаған шұбар атты маған бермеді. Біздің Түрікпеннен жалғыз жан бұл тойға бармайық. Сабасы ішусіз қалсын, еті жеусіз қалсын! Кімге берерін білмей, дағдарсын! - деп, шақырған тойына бір де бірі бармапты, дүние берсе, алмапты.

Шора бес жасқа жетті дейді. Қырық баламен бірге асық ойынына шықты дейді: − Ай, ағалар, ағалар, ана топқа баралық, асық саудасын салайық! - депті. Онда Таманың балалары шулай қоя беріпті: − Қарағым, олар көп те, біз азбыз. Оларға бармайық, бір пәлеге қалмайық. Тірідей көрімізді қылады, тырнадай тонап жұлады. Асықтан жеке дөп салады. Шымбайымызға батырған, таңлайымызды қатырған, барсақ, өлеміз, - дейді.

− Жүр, ағалар, ағалар,
Алдыңда жүріп өлейін,
Өз көзіммен көрейін!
Көптік қылып шуласса,

Жан жазасын берейін.

Сендер барып ойынды сала беріңдер, мен жылқыға барып, Шұбар атты мінейін, көп кідірмей келейін! - деп, жүгенді қолына алып, тоқымды қолтығына қыстырып, Шора жылқыға жөнеле берді. Жылқыға барса: «Айналайын, ием жаңа келді ғой!»- деп, Шұбар ат оқыранып, басын шұлғып алдына жетіп келгенде, жүгендеп алып, үстіне тоқым салып, жайдақ жалаңдап жетіп келсе, мың бала қырық балаға білгенін қылып, тырнадай жұлып, атпас таңды, шықпас күнді бастарына орнатып жатыр екен. Сонда Шора айтады:

− Доңғалақ арба жүрместей,
Қарлы ма еді жеріңіз?
Азды түтіп жегендей,
Бассыз ба еді еліңіз?

Іздегенің ұрыс пенен төбелес болса,
Кәне, маған келіңіз! –
дегенде, мың баланың басшысы бір таз бала бар екен.
Ол айтты дейді:

− Қырғауыл жүнді қызыл таз,
Төбе шашы ұшын таз,
Атып таста жалғызды,
Қырып таста жалғызды,

Жұлып таста жалғызды,
Қағып таста жалғызды! –

деп, дүрсе қоя бергенде, ұзыны мен көлденеңін бірдей көреді. Мың баланың бәрін бірдей қырады. − Алла жығып берді ме, адам жығып берді ме? - деп, қырық бала мың балаға білгенін әбден қылады. Қырғауыл жүнді қызыл таздың, төбе шашы ұзын таздың айдарын жұлып алады, мылтығын тартып алады. Қызыл ала қан қылып, көргендерге таң қылып, аунатып тұрып сабады. Қойдай иіріп қамады. − Не көрсең, еліңе айта бар, - деп, баяғыдан бергі қырық баланың өшін, кегін алады. Қырғауыл жүнді қызыл таз, төбе шашы ұзын таз Қарахан деген ханының, Әліби деген биінің алдына барып:

− Тақсыр, дат! - дейді.
− Арызың болса, айт! - дейді.
− Анада Шора ер екен,
Ерлігінің белгісі -

Осы топтан қара да бойы зор екен!
Анада Шора ер жетсе,
Ат арқасына бір мінсе,
Он үйіңе астар қыл[а]ды бақыр, мосыны.

Атқа да артар қосыны.
Мың баланы жайратты,
Кірерге көрін сайлатты.
Бізге де қылмайды демеңіз,

Қарахандай хан нем,
Әлібидей би ием,
Сізге де қылар осыны! - дейді.
Әліби деген би екен,

Қақырғаны қақсиды,
Түкіргені түксиді: -
Қырық үйлі Таманы
Қырып тастамасқа немене,

Жүр, атка мінейік, жүр! – дейді.
Қарахан деген хан айтты:

− Қырық нөкерінің қырық кісілік күші бар, бір езінің қырық сан ерлік күші бар. Оған біздің әліміз келмейді ғой! - дейді. -Нәрік меніменен дос еді, Әліби қоятұғын емес. Елін хабарландырсын, не малына, не жалғыз баласына кәдік қылар. Үріксін, аусын, елін, жерін тапсын! - деп, бір хабар берді дейді. Қырық үйлі Тама күн-түн қатып, үрке бастады. Шораны оята алмады. Шора өзі бір ұйықтағанда, жиырма күн ұйықтайды екен, жан оятып ала алмайды екен.

− Мұны қайтеміз? - деп, сасып қалғанда, қырық бала айтты дейді: − Қырық қашыр қазына мен қымызды тастап кете беріңдер, - дейді. Ел үркіп кетті. Қырық бала қасында қалды. Бір заманда өзінің оянатұғын мезгілі жетіп, Шора оянды. Ел-жұрт жоқ, тып-типыл. Қырық қашыр қазынасымен қасында, қырық бала басында.

− Бұл немене? - деп шошып қалды. Қырық бала мән-жайын айтты. − Ел - Мың үйлі жасыл Түрікпен: «Шабамыз!» - деген соң, үркіп кетті. Сені қимай, біз қасыңда қалдық, - деген соң,

− Ай, олай болса, маған бола сендер өлмеңдер! Аманыңда ел табыңдар.
Қырық қашыр қазынамен
Жалғыз өзім қалайын.
Көтерсе Құдай талайым,

Түрікпеннің басына
Заман ақыр салайын!
Аллам аман сақтаса,
Бір күндерде өзім жетіп,

Соңыңнан барайын! – деп, бәріне де рұқсат берді. Қырық қашыр қазынаны далаға үйді. Қырық қашырды жалғыз өзі жайып тұрды. Әліби келе жатып, анадайдан Шораның қарасын көрді: − Қата қалғыр, қабысқыр! Жүресінен жатып қан құсқыр! «Хан болса, қазынаға шабар; қара болса, маған шабар!»- деп тұрғанын қарашы! - дейді. 280

Сонда Шора сөйледі дейді:
− Қазынаны алсаңызшы,
Алып ханға барсаңызшы!
Қалағаның Шұбар ат болса,

Оны өзің күшіңді асырып алсаңызшы! – дейді.
Онда Әліби айтады:
− Қазынаны ала білме,
Алып ханға бара білме,

Хан тілегі бұл емес,
Алып, пәлеге қала білме! – дейді.
Шора тұрып айтты:
− Қазынаны алыңыз,

Алып ханға барыңыз!
Алмасаң және өзің біл!
Кеше көрген қарындас
Бір күн тағы керек болар,

Өзіңе олжа жаныңыз,
Төгілмесін қаныңыз! - дейді.
Әлібидің қақырғаны қақсиды,
Түкіргені түксиді.

Ителгі құстай өңештеп (отантап),
Балаға қарай ұмтылды.
Сонда Шора ұмтылды,
Қаршыға құстай талпынып,

Ашуына сыймай алқынып, айқаса кеткен жерде Әлібиді-ей тақымына қыстырып, бір төбенің басына апарып тастай берді. Әліби аттан жығылған соң, қалған қырқы сасады, өткелсіз суға қарай қашады. Ебідей мойнын созады, жер басқаннан озады. Қырқын қырық жерге домалатып бықбырт қылып тастайды. Қырық қашыр мен қырық атты алып, елінің соңынан барады. Елі: «Жасыл Түрікпеннің ауыр қосыны келіп қалған екен!»- деп, мал-жанын тастай қашты дейді. Атты, қашырды, - бәрін тастай беріп, жалғыз өзі барып, елін тоқтатты дейді. Ел тыныштанып қонды. Жатып, ұйықтайын деп еді, шешесі: − Жатпа, балам, - дейді, - Сен бір жатып қалған соң, жиырма күнсіз оянбайсың. Мың үйлі жасыл Түрікпен артымыздан келіп қалса, сені өлтіреді, елді жесір қылып шабады. Қазан деген жерің бар, Тама деген елің бар. Бізден өзің аман кетсең, басың аман күнінде туған-туысқан еліңе жетсең, сен тірі аман күніңде Түрікпен келгенмен, біздің бір бүртігімізге тие алмайды, - деген соң, бала ұшып түрегеліп, «Елің бар, жұртың бар» - деген сөзді естіп, қуанып кетіп, Шұбар атқа қамшы басып, «Шу!» - деп, жөнеле берді.

Сонда Шораның жүріп бара жатқанда айтқан сөзі:
Түрікпеннің терінде
Шамбылдың асқар белінде
Шыға жайлап, шет қонған,

Дұшпанға қарсы бет қонған,
Қырық үйлі Тама ішінде
Кірсіз киім кимеген,
Аллаға (Алдаға) тілі тимеген,

Күндік жерге жүрмеген,
Өз үйінен басқа үйге
Басын сұғып кірмеген.
Қара басы хан болған,

Өз алдына шар болған.
Нәріктің ұлы Шорамын,
Мен Қазанға барамын.
Мен Қазанға барғанша,

Күн жаумасын, кар жаусын,
Қар жаумасын, мұз жаусын!
Мұз жаумаса, қан жаусын,
Aт басын неге бұрамын?!

Сонда Шора келе жатса, тас бұлақтың басында, Тасыр мерген жатыр екен. − Атысарға оғы жоқ, шабысарға қылышы жоқ болғандықтан, Әлібиді өлтірді, - деген соң,

Қарахан жіберген екен: − Алдынан озып барып, жолын тосып, жасырынып жатып, Шораны көздеп атып, жалғызынан жайратып, зығырланын қайнатып кел! - деп. Тасыр мерген күндік жерден көреді екен де, түстік жерден естиді (есітеді) екен.

Шора Тасыр мергенді көріп, астындағы атына сөйлесті:
− Айналайын, Шұбар ат,
Тамағыңда қылың бар,
Өкпе-бауыр, жалың бар.

Заты хайуан демесең,
Адамнан есті жануар.
Ана жатқан залымның
Мылтыққа оғын салғызбай,

Қолына қару алғызбай,
Ұмтылып тұра бергенде,
Орнынан өзін тұрғызбай,
Олай - былай қарауға

Босатып мойнын бұрғызбай,
Көзді ашып-жұмған арада
Мені соған жеткізіп,
Алқымынан шап беріп,

Алып жерге ұруға,
Мұршамды еркін еткізіп,
Бір қимылды бастауға,
Жайратып жауды тастауға

Қарағым, қандай әлің бар?!
[Aт сөзі] :
− Сен - Шора да, мен - Шұбар,
Жалымнан гу-гу жел шығар.

Қызып алып шапқанда,
Маңымда болған тұншығар.
Төрт аяғым болатым
Ұшқан кұстай қанатым.

Желіге басып, «Шу!» - десем,
Екпініме кім шыдар?!
Құйрық маймен жемдесең,
Екі пұт құм теңдесең,

− Шу, Шұбарым, шу! - десең,
Ай-отыз күн шапқанда,
Сонда менен тер шығар!
Дедің ғой мені сынайын,

Айтқаныңдай қылайын.
Мен де Хаққа жылайын!
Жалғанда тең боп қосылған
Екеуіміздей кем (кім) шығар?! –

деп, аты зырылдап, ала жөнелді. «Ал!» - деп аузын ашқанша, «Көр мені!»- деп, көз жұмып ашқанша, сып етіп жетіп барып, Тасыр мергеннің жағасынан шап беріп ұстай алып ұрды.

- Жан сауға, батыр, жан сауға! «Мен де бір кісідей-ақ батырмын!» - деп жүруші едім. Батыр емес екенмін, қатын екенмін, шын батыр сен екенсің. Екеуміз құшақтасып, дос болайық, - дейді.

− Жарайды, болсақ, болайық. Бірақ кейінгілер: «Тасыр мерген мен батыр Шора бірін-бірі алыса алмаған соң, дос болыпты» - деседі ғой. Менің жеңгенім, сенің жеңілгенің кейінгіге айқын болсын. Менімен дос болатұғын ойың шын болса, бір құлағыңды ки! – дейді - Мем шыбындай жаныңды, бір қасық [қаныңды] өзіңе байлағанда, сен бір қалағыңды қимасаң, дос болғаның қайсы?! - дейді. − Жарайды, жарайды, басқа келген пәледен, бастан құлақ садаға! Қолқа қылып сен сұрасаң, ол құлағым бос кеткен жоқ далаға. Екеумізден бір қалған өрнек - үлгі, сөз болсын артта қалған кейінгі ұлан ұсақ балаға! - деп, бір құлағын өзі шорт кесіп алып, Шораға берді. Шора алып, кісесіне салды, өзін еліне аман-есен қоя берді:

− Барсаң, сәлем дегейсің
Қарахан деген ханыңа.
Бес қапқалы (қақпалы) жанына,
Анада Шора кетті деп,

Сұқтанбасын қалған мал мен жаныма.
Тама деген елім бар,
Қазан деген жерім бар,

Мен ел, сол елге барып, қайта артыма айланғанша мұрсат берсін, тимесін қартайған кемпір-шалыма, қыбырлаған жаныма, өрістегі жатқан малыма, - деп, жүре берді.

Келе, келе жатса,
Оқыр-шұқыр жер жатыр,
Бетегелі бел жатыр,
Құлан жортпас шөл жатыр,

«Құс қонбас» - деген көл жатыр.
Толып жатқан мал жатыр,
Қақпан құрған шал жатыр.
Сонда жатқан шал басын көтеріп сөйледі:

− Жол, жол болсын, жол болсын!
Жеке де басың қол болсын!
Атыңның жүні тасыңқы,
Көп шабуыл көргендей,

Қабағың сенің қатыңқы,
Түн ұйқыңды бөлгендей.
Аузыңнан сүтің лапылдап (лыпылдап),
Шығып тұрған баласың!

Алды-артыңа көз салсам,
Өрттей қаулап жанасың.
Аш бүркіттей түйіліп,
Лашын құстай шүйіліп,

Жол тартып қайда барасың?!
[Шора жауабы]:
− Арғы атамды сұрасаң,
«Қара бура» ұранды

Қырық үйлі жүрген Тамамын.
Өз әкемді сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.
Қазан деген жеріме,

Тама деген еліме
Танысуға барамын.

− Нәріктіңұлы Шора, сені де Құдай көрсететұғын күн бар екен-ау! - деп, ұшып түрегеліп -Ой, бауырым, қолқа жүрегім, өкпем-бүйрегім! - деп, ұшып түрегеліп, көрісе бастапты. Әкесінің туысқандары екен.

− Бұл жапанның сары даласында не ғып жатырсың? - дейді. − Уай, шырағым-ай, «Тозған қазды топтанған қарға жейді» - деген бар емес пе? Баяғы басымыз түгел, малымыз есен тұрған шақта қазақ қалмақты шапқанда, қоржынның түбіне салып, бір Садырқұл деген бала алып келген екен. Сол Садырқұл ер жетіп, елін тауып, қалмақтан қосын ертіп келіп, елімізді «қысқа күнде қырық шауып», жалаң малды алдына салып, айдағанына қанағат қылмай, аспандағы жұлдыздай, маңдайдағы құндыздай -іріктеп, таңдап, он қыз алып кетті. Оны іздеп баруға елімізден еркек болып туған ұлдың жоқтығынан тағы шапқалы келе жатыр деген хабар естіп, соның жолына қақпан құрып жатырмын.

− Өзіңнен басқа ер танырлық еліңде жан бар ма? - дейді. − Бір Есім деген ағаң бар, о да қарап жатқан жоқ шығар. Ac ішіп, аяқ босатарларды жиып: «Аттанайық қалмаққа» - деп, қалбаң-құлбаң қармалап, атқа мінуге жарамайтын жамандарды арбалап жатқан шығар. Қарсы алдыңнан жолығар, - деп, қош айтып қала берді. Онан келе жатса, басы құралған көп-көп болып жиылған топ қарсы алдынан дөп келді. Отырған жері омардай, күйген ғана томардай қол бастайтын түрі жоқ біреу отыр екен.

Жол, жол болсын, жол болсын!
Жеке де басың қол болсын!
Атыңның жүні тасыңқы,
Көп шабуыл көргендей,

Қабағың сенің қатыңқы
Түн ұйқыңды бөлгендей.
Уыз сүтің аузыңнан
Шығып тұрған баласың!

Жүзің жылы көрініп,
Ішім еріп барады,
Екі көзің алаңдап,
Аш бөрідей жалаңдап,

Қарағым, қайда барасың? - депті.
[Шора сөзі]:
− Арғы атамды сұрасаң,
«Қара бура» ұранды,

Қырық үйлі жүрген Тамамын.
Өз әкемді сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.
Қазан деген жеріме,

Тама деген еліме
Жол тартып солай барамын, - дегенде,
Күйген томардай шал өкіріп түрегеліп:

− Қарағым-ай, өңім бе, түсім бе?! Сені көріп тұрғандығым өтірік пе, шын ба? - деп, бас салып көрісіп, о жағынан бір сүйіп, бұ жағынан бір сүйіп - жалғанның жарық сәулесін жаңа көрдім ғой! - деп, қуанғанда, жарылмаған жүрек, енеңді с...н! Шырағымды құшақтап тұрғанда, шығып кетпегеніңді қайтейін! - деп, жылап, өксігін баса алмапты. - А, шырағым, Құдай өзіңе өмір берсін, қызығыңды кейінгі ұлан-ұсақ көрсін! Осы бетіңмен Қазанға бар, өзің құрбы балалар бар, шешелерің бар, жеңгелерің бар, - олар да сені көріп, қуанып мәре-сәре болсын! «Қалың қосын - ел садағасы, // Қарауылшы - қол садағасы!» Біз өңшең садаға жұмыртқа болып шыққандар. Енді өлсек те, Құдайға ризамыз. Артымыздан жоқтап алар сендей ұл туғанда, бізге өлімнің өзі бір тиген теңдік, - дейді. − Ой, ағалар, олай деме, былай де: «Берді саған Құдай де. Атысарға жау таппай, алысарға ер таппай, тіресерге тең таппай: «Қайда кеткен бұл жұрттың найза ұстаған батыры? Taп менің тұсымда еркек біткен қырылып, қалған ба жұрттың қатыны?», - деп, «Жау қайда» -лап, жалақтап екі көзім торт болып алақтап жүргенімде, мен қалай қалайын?! Қалай қалған ұлан-ұсақ, қатын - қалаштың қасына барайын?! Жүріңдер, жау қайда, «Жау қайда бар?» - деген жаққа мені айда. Таста мына үйілген-төгілген, қара қарғадай шуласқан көбіңді, өзін көргенде, кісінің үрейін ұшырып, құтын қашырады. Мұны көрген жау бізді басынады, - деген соң, көптің бәрін қайырып тастап: − Қарағымның қызығын көремін, алдан жүріп, ажалды өзім іздеп тауып өлемін! - деп, қырық азаматпен Есім ақсақал жүрді. Көптен былай бөлініп шыққан соң, Шұбар ат біресе олай, біресе былай ойнақшып, басын тұқырып алып қашып, Шораның астына тұрмай, қолын ауыртқан соң: − Кел, ағалар, елсізде ат сынайық, «бөрі қашты» қылайық. Жақсы жора болсын, - деп, -Ал! - деп жөнелгенде, Шұбар ат басына бой бермей, Шораны алып, көзден ғайып болды да кетті. Көзінен көргендер аузы ашылып аңқиып, танаулары таңқиып, құр көкке қараумен бастары қайқиып: «Жын ба, шайтан ба бізді алдап жүргендер ме, пері ме, жәдігөй қыршының бірі ме?» - деп, ілгері басып жүрерін де білмеді, кейін қайтарын да білмеді. Айран (хайран)Асыр, таң-тамаша қалып, ілгері басқан аяқтары кейін кетіп, құр сүлделері келе жатқан сықылды. Шора сол кеткеннен мол кетіп, жалпақ сары далада тоқтата алмайтұғындығын білген соң, аспан көкпен таласқан, бұлттан бойы әрі асқан Қапсағайдың қара тауының басына зымыраған бойымен ұшқан кұстай барды да, шықты. Ар жағына қараса, қара құрттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, бақайшағы майысып, қабырғасы қайысып келе жатқан қалмақтың қалың қосынын көрді. «Қой, мұның алдынан шықпайын, асылық болар, артына түсейін, - деп, қыраң жерден қылт етіп, ойпаң жерден бұлт етіп, артынан зып етіп, жетіп келді дейді. Жем сұрауға да аузына түспей, сасып қалды.

− Не ғып жүрген жансың? - дейді.
Сонда Садырқұлға [Шора] былай жауап қайырды:
Мен бір арық қазғанмын,
Су таба алмай азғанмын.

Жоқ жоғалтқан сергелдең,
Жоқ іздеген жазғанмын!
Аяулыда алты ат жоқ,
Тоқымды жүзде торы ат жоқ,

Оны-дағы қайтейін,
Сылдырлаған еді сырғасы,
Сенделіп жүр жорғасы,
Мақпалдан еді дорбасы,

Он атым және қабат жоқ.
Сөз түрін таныды. Жалғыз-ақ сасқаннан, аузына сол сөз түсті:
− Атып таста жалғызды,
Қағып таста жалғызды,

Жұлып таста жалғызды! – деді дейді.

Ол пәлен-паспадан (балан - басбадан) деп былшылдап жүргенде, айтқан аузын жиғызбай, тақымына басып, ала қашып, Қапсағайдың Қара тауының басына апарып домалатып тастай берді де, қайта оралып, қалың қосынға топалаң тиген қойдай болды. Қынадай қырып, танауларын жырып, тірідей көрін қылып, тырнадай түтіп, жұлып, тып-типыл қылып тастап, жалғыз өзі қалып, Қапсағайдың басына шығып, демін алып отырғанда, кейінгі қырық азамат үрейі ұшып, зәресі қалмай шошып, әрең зорға келіп жетті.

− Не көрдің, не білдің?
− Ел көріне ме, жау көріне ме? - дегенде,

− Дәнеме де көргенім жоқ. Мына жерде домалап, біреу жатыр. Сөйлескенім де жоқ, -дейді.

Бұлар барса, Садырқұл екен.
− Не ғып жатырсың? - дегенде,

− Өз еркіммен осылай жатуға мені жынданды дейсіңдер ме? Нәрікұлы Шора деген ер шығып, жеке де басы зор шығып, тулақ сабағандай шаңымды қағып, бақайшағымды шағып, ыңыршағымды отқа жағып, көшірменің қу басындай домалатып тастаған соң, жатпағанда, не қылмақшымын?! - дейді. Сонан соң бұлар Садырқұлдың танауын таңқитып кесті, ұртынан тесті. Бәрі бас қосып, көтеріле аттанып барып, қалмақтың қалған елін шауып, шаншып, таптап, жаншып, ішек-қарынын әбден аршып, өздерінен олардың қолына түскен малдың, жанның көзін түгел алып, бетіне келгеннің басын шайнап, қарсыласпағанның малын айдап, ұлын - отын, қызын қатын қылып, қызыл ділдә, ақ жамбыға етегі толып, ырғап-жырғап еліне аман-есен қайтып келді, Қазанды бір толтырды дейді. Баяғы кейін қалған қырық үйлі Таманы мың үйлі жасыл Түрікпен Қарахан бас болып келіп, қайта көшіріп алып кеткен екен. Тасыр мерген: − Тиме, мұның түбі насырға бір шабар - деп, көп айтқан екен. Жалғыз оның тілін адам алмапты. «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні» шықпақ па? Сонан соң Тасыр мерген хабаршыға жалбыз өзі келген екен. Шора батыр Тасыр мергенді қасына ертіп алып, жапа-жалғыз барып, мың үйлі жасыл Түрікпенді шауып, шаншып, езіп, жаншып, елін көшіріп, ырғап-жарғап, Қазандағы көп үйіріне аман-есен әкеліп бір қосты дейді. Сөйтіп барша мұрат басына, сақалы көтіне жетті дейді.

Бала күнімізде естуші едік: − Тама басын сұрасаң, батыр Шора әр жерге ұрыс салды. Ағаш қора, жаз жайлау, қыс қыстаудың бәрін де алды. Балаңды беремісің соған бола. Ақырында: «Бұл жерді орыс алады! - деп, Стамбул жұртына ауып кеткен» - деп есітеміз [185].

[Дін ғылымы]
Шып базар ғытард [186].
Әз Жәнібек-Ноғайлынң ханы болған [187].

АРҒЫН-СҮЙІНДІК-ТҰЛПАР ТАРАУЫ

[Жанарыс - Қарақожа - Арғын - Құтан - Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды - Тұлпар... - Ботақан – Дүйсен – Шынтемір - Нұрлыбай] [Нұрлыбайдан]: Серғазы, Нұрғазы, Айымғазы, - бұл үшеуі Нұрлыбай баласы. Нұрлыбай - Шынтемір баласы. Шынтемір - Дүйсен баласы. Дүйсен - Ботақан баласы. Ботақан тоғыз ағайынды болған, қияңқы, тентек болған. Шобайдан: Жантөбет, Байтөбет. Жантөбеті - Жаманқара. Байтөбеттен - Ақкісі, Сеңкібай; тоқалдан: Бақтыбай, Текебай. Ақкісіден бесеу: Маңабай - Баймырзалар. Маңабайдан -Амалдық сопы. Жәуке керуенбасы: бәйбішесінен: 1.Наурызбай. 2. Ақүйек. Наурызбайдан: 1. Тілеубай. 2. Нысаналы. 3, Есенәлі; тоқалынан: 1. Ыңғайы. 2. Шөже. 3. Жанқожа. Жанқожадан - Иса. Атан өлгенде, қатыны екіқабат қалып, буаз күнінде Жәуке алып, іште қалған баланың аты - Ізден. Ізденнен - Өтеміс, Өтемістен: бәйбішеден: Мейірман, тоқалдан - Белгібай. Белгібайдың қатынын Ниязбақы алып, Керім, Жүсіпбек туған.

Қилы деректер
Не түспес тіршілікте ғазиз бастан [188].
Күлік-Көтеш ақын, өзі-бай болған кісі [189].
Қылсаңыз тағат, құлдық бұ дүниеде [190].

1925 жылы Баянауладан Қызылтауға бара жатып, алпыс шақырым жер жүргенде, күрделі мал көре алмағандықтан, Мәшһүрдің өлеңі [191].

Атығай-Қарауыл - бір төрт жігіт жаламен абақтыға түсіпті [192].
[А.С.Пушкин өлеңі]
Пушкин сөзі деп біреу жазыпты:
Қаңғыдым жан қинадым шындықты іздеп [193].

Бұ да өзіне қалай дарығандығын айтқаны: «Дәл он бесімде түсімде үш ауыз өлең үйретті қызға жазатұғын өлең. Ояна келсем, ойымда сайрап тұр. Сонан соң гу-гу өлең ойыма келе берді. Өз ойымда: «Түсімде өлең үйреткен Көтеш ақын-ау!»- дедім. «Күлікпін!»- деп айтқаны есімде». Атығай-Қарауыл: Зілғара, Шопан, Әлібек, Мұса деген атақты кісілер өткен. Сол Әлібектің інісі Исаның айтқан өлеңі [194].

Айтқанмен таусыла ма оны-мұны [195].

Қара-Бұжыр-Төлеш батырдың баласы Тайсары Аяқшіліктен көшерінде айтып көшкен:

Ұлдының ұлына айт,
Қыздының қызына айт,
Көшіп кеткен жұртына айт,
Ұлып, жұртта қалған итіне айт:

«Тайсары деген жерге қоныс қыламын демесін!» - деп, сақалын үш кескен екен. Осы күнде ұрпақтары - Шыңғыс қажы баласы Жұмабек қасында дейді.

Афырайтым аллат уалғыри умнат [196]. «Тайбай көлі» - дейді. Тайбай - Орманшы - Қайдауыл - Есенәліден. «Нұралының қара суы» - дейді. О да - Орманшы – Өтек - Байсақтың әкесі. Желтаудағы Қожамберді -Бөгенбай ақсақал өлейін деп жатқанда, өзінің «әліфті» - таяқ деп білмейтін малшысы -Рахи Жабағыбаласы: «Иман» - деп, аузына түскенін шатқанда, өлейін деп жатқан шал: − Балам, иманың иман-ақ екен! Сусыным жаңа қанды ғой! - деп сүйсініпті. Сүйегіне Құдайдың өзі берген күшті иман осылардікі. Қаратау мен Шудың аралығында кұмда болады екен [197] Дударай, сен кеткелі көп күн болды [198].

Қаруы ер жігіттің қылыш екен,
Қылыштың үлкен пышақ інісі екен.
Құрбының алған жары жақсы болса,
Төрт елі маңдайының ырысы екен.

Мариям Жагор деген орыс қызы [199].

ШОРА БАТЫР

(ҮШІНШІ НҰСҚА)

Тама-Нәрік байдың бәйбішесінің аты - Гүлқаныс - Шора батырдың шешесі [200]. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені: − Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ шеңгел - Бабай түкті Шаштазының моласы. Соған түнесеңдер, Құдай перзент береді, - дейді. Бұлар жалғыз тоқтысын сойып, әулиеге түнеген. Аш қалғанда, бір бидайық келіп, бір топ аққу мен қазды қырып, Құдай бұларға қорек (хорак) қылған. ,..[а]паратынды хабарға жіберді. Қырық қашырға асыл қазына артып, бір қашырға Талла[ны] артып, ортасына бір қап, оған ат басындай алтын салып, мұны құндаса, ... алдына тастатқан. Оған айналмай, маған келсе, әуелі өзіне ысқырып атса, киікке обал жоқ деген, - деп. Қараханның әкесі Темір ханды Әліби у беріп өлтірген екен. Тасыр мерген - Әлібидің інісі. Кәріпбай, Нәрік бай, Есім би - үш ағайынды екен. Анасбай той қылып, ел шақырғанда, шұбар дөненді [Та]сан мырза сұраған. Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өзбектің шаһарын шабуға кеткен екен. Қайнекей, Тінекей деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар!»- деп, Қараманның Бозтұлпар деген тұлпары жылқыдан жалғыз шығып, ойнақтап шаһарға келіпті. Соны Қайнекей, Тінекей көре сала: − Япырмау, бұл не сұмдық? Біздің жылқыға жау қарасы көрінген екен. Бізге батып беттеп жан келе алмаса [керек еді]. «Аққала деген жерден, Тама деген елден Шора батыр деген ер туды» - деп еді. Дәу де болса, сол шығар, - деген. Ауызды жиғанша, қалаға шу толып кетті. Үш күн ұдайы талан-таражы қылып, қырғын басылып, Қайнекейді Есім би алып, Тінекейді Тасан мырза алып, Қараман ханның қызын Шора батырдың қойнына салып, Шораны таққа отырғызып, хан көтерді. Сөйтіп, арада бір ай өткеннен кейін баяғы Өзбектің қаласын талауға кеткен Қараман өзбектерді жең[іп], қыламын деп барғанының бәрін түгел қылып, өзбектің қыздарын әскерлерінің басшыларына алып беріп, еркектерін құл қылып алып қайтып қаласына ке[лсе], Тамалардың әскері өз елін сондай қылып тұрғанының [тұ]сында Қараман Шораға елші жіберді: − Менің боз тұлпарымды беріп жіберсін, өзі жекпе-жекке маған шықсын! Жаман – жасықтардың жанын түкке тұрмайтын қанын шығынға шықпайық, шығармайық. Ел үшін Есім би, Тасан онда да бар шығар, [осы]нда бар шығар, бірақ Шора мен Қараман жоқ шығар! - депті. Шора Қараманның ол сөзін мақұл көріп, қол бастап, сахара майдан далаға шықты. Қараман мен Шора жекпе-жекке шықты. Шора Қараманды жықты, алқымынан сықты.

ТОБЫҚТЫ ЕЛІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР

Құнанбай Алшынбайдың Жүсіп дейтұғын баласының қызын [201] тұңғышы Ибрайға [Абайға] алып берген. Ибрайдың бәйбішесі - Жүсіптің қызы. Баласына баласының қызын алып берді. Құнанбай Алшынбаймен замандас болды. Құнанбай әкесі Өскенбай Тіленшімен замандас болды. Кеңгірбай Өскенбай әкесі болса, Тіленшімен замандас деуге сыяды. Болмаса Дадан-Тобықты-Қараменде бимен замандас болған Қабакеңіз Тіленшімен бас қосуға тіріліп келген болады. Ондай болғанда, Ибрайдан [Абайдан] да дәмеліміз. Тұқым - жұрағатында өлгені тіріліп келіп, кейінгі заманның кісісімен бастас болатұғын әуелден ата-тегінде бар болғандықтан, Көкбай сыбағасы. Жабайы жанды, тар ауданды кісіден не шығады? Соқыр сезімдіден не шығады? Шұбыр (шұбар) адамның жаны жабайы, ауданы тар болады. Көкбайдың Шұбыр екендігін Әріппен айтысқан өлеңінен әбден танығанбыз. Ерте заманда қазақ, қалмақтың шабыншылығында бір қояндай боз атқа мінген қазақ қатыны қашқан-босқан елдің соңынан келіпті [202]. «Қалмақтан қашып құтылдым», - деп, өзі екіқабат буаз екен. Келгенмен бұл елде байы да бар бола қоймапты. Үй жоқ, күй жоқ, оны ала қоятын елде тірі жүрген қатынға бай жетпей жатқан күн. Өзі балгерлік, бақсылық қылып, аты боз ат болғандықтан, қазақ ортасында «Маябоз» - атаныпты. Бір еркек бала тауып, атын Елатан қойыпты. Енді сондай аяқсыз қаңғыған бір бала болып, оның аты Елехан болыпты. Елатан, Елехан егіз бала сықылды болыпты. Елехан кім болғанын анық білген ешкім жоқ. Елатанға: «Мен алам, мен алам!» - деп, талас-тартыс болып, бәйгеге ат қосып: «Қай атымыз озғанымыз алайық!»- десіп, Арғынның ақ тобық аты алдында келіп, Арғын алып, сонан сол бала: «Тобықты» - атанған екен» - деседі. Бұрынғы заманда кеміту үшін сөйлегендер: «Елатан елге теңелді, ешкі қойға теңелді» - деседі екен. «Сол Елатаны Тобықты екен» - деп сөйлеуші еді. Көз таңбалы Арғыннан оқшау шығып кеткені түбі-тегімен де шатақ барлығына дәлел: әкесінің аты Жұмағұл, өз аттары - Мырзабай екеуі - екі кісі Тобықтыны ол жаққа аудырғанда, Қанжығалы алты атаның ұлы Әжібайдан шыққан Абызшумақ Боқтыбайдың жасауын ұрлап, сонан қашып; үркіп ауып кеткен. Еңлік-Кебек әңгімесі болғанда, бұл жақтағы Арғынға беттей алмай жатқан мән-жайы - сол. Бұрынғы заманда бір сарттың бір шұлғаулық бұйымын бір қазақ: - Ай, сарт, мынауыңның құны немене? - дегенде,

− Оның құны жүз қой , - депті.
− Мұнша қымбат мұныңды кім алады? - дегенде,
Сарт айтқан екен:

− Абызшумақ-Боқты алар, // Басқа казак боқты алар, - деген екен. Еңлік, Кебекті жұртқа әңгіме қып шашқан кісіде шайнам ақыл жоқ болса керек. Не үшін десең, естіген жұрт жастарға жаны ашиды, аяған болады. Сонан соң қарап отыра алмайды. Соларды өлтірушіге, өлімге қиып, ұстап берушілерге аузының әлі жетеді: «Тобықты деген ел тасбауыр екен, рақымсыз, кісі аямайтын ел екен!» - деседі.

Япырм-ау, аты құрсын Абай деген,
Жылатты мұсылманды талай неген.
Абайың жақсы кісі болған болса,
Қасқырдай өз күшігін қалай жеген?!

АРҒЫН - СҮЙІНДІК-АЙДАБОЛ ТАРАУЫ

[Арғын - Құтан - Мейрам - Сүйіндік - Суғыншы - Шуманақ - Құлболды - Айдабол -Жанғозы - Сары – Ералы - Тастен]. «Құтан тайшы» - деп сөйленеді екен. Құтан екеу: бірі -Құтан - Қоғамның Құтаны, бірі - Құтан - Бұтанның Құтаны. Бұл соңғы Құтан Аргүл (Әргүл) бәйбішеден. Бұтан жасында өліп қалып, онан нәсіл тұқым жоқ дейді. Құтаннан -Мейрам жалғыз, Қарашаш деген қарындасы болған.

Сұрасаң, арғы атамды - ер Құтан-ды,
Сұлтаны Бекәздерден ол бата алды.
Мейрам ұғлы Қарашаш бір қыз туып,
Қуандық, Сүйіндікпен сонда атанды.

Қыпшақ-Аллаберген (Алдаберген) қажы баласы Зиалдин Қояндыда душарласып, бірімізді-біріміз көріп, мәз - мейрам болып қалдық.

1925-інші жылында сиыр жылы атшабыс болған күн.
Төлебай, Қосқұлақ, Лапақ, Сары.

Сол Сарыдан шыққан Тастен сегіз өрме қамшымен бір салып қалып, кісі алатұғын бураны қалпақтай түсірген, бауыздауға келмей өліп кеткен. Және атанды қамшымен бір тартып қалып қалпақтай түсірген.

Уастымых иұм инады алмина демін мекен қырып [203].
Нармамбет өлеңі: «Кең дала, кеткенің бе, кер бетеге» [204].
Қараменде бидің өлеңі: «Сәлем де Кеңгірбайға, кел, кетелік» [205].
[Ғылым дерегі]. Қашан сидыға анар хамына [206].

Бала алты айда туса, кәміл бала болады. Жеті айда туса, әм кәміл бала болады. Сегіз айда туса, кәміл бала болмайды. Не үшін? Зыхыл тысырыфы - өзі суық, өзі ауыр нахсыкібір. Тоғыз айда туса, толық...

С. Торайғыров өлеңі
Жықсаң, бәйге аласың, алысқанда [207].
[Әр замандағы ғашықтар әңгімесі]

Біреу: «Ғашықлықты жұрттан асырамын!»- деп, әкесі ғашық болған қызға ғашық болып, әкесін өлтіріпті. Сонда мағшығына хат жазған [екен]: «Ғашық екендігіне нандырамын» -деп, былай сөйлепті: «Дәлел есітерсің дұғай сұрап мен, ғашығыңда (кеғшығыңда) атамны өлтіріп мен». Онда қыз былай жауап қайырыпты: «Тілеп жат үлгісі өлтіргей атаны ғажақ жоқ, кәм үшін не қылса, әні» - дейді. Көрмек оныменен жырақтан, оны көрмектен өлім жақсырақ дүр. Егер тапсам өлімді көрмей, оны буа өлмек дүр хаят жадиданы. Атасын өлтіруші -Хысыраудың ұлы, жауап қайырушы - Шырын сұлу. «Фархад-Шырынның» Шырыны. Тіршіліктің бір артықтығы - есітпегенді есіттіріп, көрмегенді көрсете береді екен. Біздің қазақта Абылай хан заманында Уақ-Сары - Баян тап бір сап, бір өзімен бір туысқан Ноянды он бестегі уыздай күнінде: − Менің ғашық болған қызымды неге алып қаштың? - деп, атып өлтіріп тастапты. Екі арман өмірінше сүйегімен бірге кетті. Бірі - ғашық болған қызын ала алмағаны. Бірі -өз інісін өзі атып өлтіргені. Құнанбайдың тоқалына барғандықтан, Ыбырай [Абай] айдатты: Базаралы, Бағаналы батыр[ды]. Қарамсақ-Шопанның Шопанын [бір] ай әбдіреге салып сақтаған екен. Төрт ағайынды екен, төртеуін де [айдатты].

Ноғайдан шыққан Шахабдин хазіретлері Мұстафа [208].
М. Дулатов өлеңі
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқа мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса ағаш.
Жұрт көрген сонда Мұса салтанатын [209].
Мен өзім үйден шығып Далба бардым [210].

Лашын үйрек ілді көлді көріп [211].
Тауыққа көзі соқыр - бәрі бидай [212].

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙