Мағжан Жұмабаев шығармалары
Мағжан Жұмабаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мағжан Жұмабаевтың ұлт рухын асқақтататын өлеңдері мен сүбелі шығармалар жинағы. «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» сияқты қазақ рухының шамшырақтары.
ШЫҒАРМАЛАР
Басса дерт, әлім құрып шықпай үнім,
Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер
Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім.
МАҒЖАН
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын — Мағжан Жұмабаев. Өзі де, өлеңі де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Қалың бұқара оқушы қауым арасында әуелден-ақ қаншалықты белгілі, аты мәшһүр ақын болып танылса да, ресми ортада барған сайын айдаудан көз аша алмай, тыныштық дүниеден қара үзіп, кешегі қуғын-сүргін заманда есімі біржолата өшуге айналған жан. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырған. Қай сәтте болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде. Қандай өзгерістер, жаңалықтар туып-өніп жатса да, ақын жаны күйзелісте, жүрегі оған елжірей қоймайды. Өйткені негізгі мәселе — қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігінде баз-баяғы жүдеу қалпында. Сондықтан да ақын творчествосында мынадан мынаған дейін деп шек қойылып айтылатын шекара жоқ. Мәселен, XX ғасыр басының қазақ ортасына тән демократиялық, ағартушылық, бостандық ізденістері Мағжан Жұмабаев үшін Қазан төңкерісімен бітіп, арманға қол жеткендей үзіліп қалмайды, одан кейін де ақын өз болжамынан танбай, жалпы халықтық, адамдық, мұраттық жайлардан қол үзбейді. Тендік, азаттық жайындағы лепірме ұрандар, толып жатқан «жасасыңдар» Мағжанды жанамалай өтіп жатқандай, өзін баурап әкетпейді. Оның басты себебі: революция халыққа азаттық әкелетін болса, неге оны қақ жарып, бір-біріне қарсы қояды, қазақ халқы бір ұлт емес пе, жарлысы да, байы да азаттық ырызығын бірге көрмей ме, әлі іргелі ел болып қалыптаспаған, ылғи тепкіде, қанауда, айдауда болып келген халық енді қол ұстасып, жаңа өмір құрудың орнына жаңа араздық, жаңа наразылық туды емес пе? Мағжан ойланады, толғанады. Көп нәрсенің анығына жете алмайды. Өйткені беріліп отырған жауап ақынды қанағаттандырмайды. Ол тереңірек, әрірек ойлайды, таразыға салады, бірақ таразы басы тең емес, көріп отыр: парсаңы бар. Бұрынғы, қаймағы бұзылмаған қазақ халін еске алады, соны жырлайды. Мұнысы сол бір дәуірдің тым әдемі, уайым-қайғысыз, жұмақ болғанынан емес, жаңа заманның көп қайшылық тудырғанынан, аяғы немен тынары белгісіз жаппай үрейден еді. Жалпы ақындық беті Қазан төңкерісінен көп бұрын қалыптасқан Мағжан жаңа кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін, адам тіршілігінің, өмірінің мәнін ұққысы келетін, таланты жетсе, оның құпия сырын ашуға ұмтылатын, сара сезімнің ақыны болып көрінеді. Талант жайына келсек, Мағжан Жұмабаев өнімді шығармалық өнердің адамы екенін Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде, 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» өлең жинағы шыққан тұста танытқан-ды. Сол кезең жайындағы естелігінде Башқұртстанның белгілі қарт жазушысы Сайфи Құдаш былай дейді: «Қазақтың талантты жас ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Ғалия» медресесінде «Садақ» атты қолжазба журнал шығара бастады, өзінің медреседегі оқу кезінде шығарған өлендерін соның бетінде жариялап тұрды. 1912 жылы Қазанда оның тұңғыш өлеңдер жинағы да шықты. Сөйтіп, қазақтың поэзия әлемінде өзіндік беті бар ерекше ақын дүниеге келді, Абайдың классикалық дәстүрін алға алып барушылардың ең ірісінен саналмақ»1 Сол 1912 жылғы «Шолпан» жинағына басылған бір өлеңінде ақын:
Бір іске жанаса алмай шетте жатыр.
Қазекең таң қаларлық кепте жатыр,—
дейді. Алғашқыда бұл «Жатыр» деген өлең 1911 жылы «Айқап» журналының 2-нші санында басылған. Сол тұстағы ақын өлеңдерінің көпшілігі осы сипаттас болып келеді. Оқу-өнерден кемшін қалған қазақ елінің жай-күйі қапаландырады, толғандырады, кейде тіпті ашындырады. Ақындық қайрат, өжеттілік те осындай ащы шындықтан бастау алып, асып-тасып жатқандай. Шығармалық шабыт та, асқақ үн де осымен сабақтас. Оның ақын болып қалыптасуына өмірдегі өзгешеліктер, бетбұрыстар, жолайырықтар мықтап әсер еткені анық. Табиғат берген мінез де бұған дәл келіп түр. Өлең қайсарлығы жаралыс қайсарлығымен тең. «Мен кіммін?» деген өлеңінен біраз .жайды аңғаруға болады:
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз, өмір тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз. Мұның алдында «арыстанмын, айбатыма кім шыдар, Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар?» деген жолдар бар. Осының бәрі асып-тасудың, астамдықтың реті емес, асылдықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні. Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған. Өзі оны түсінген де, білген де. Асыл сөздерінің қадірменді иесі бар екенін кәміл ұққан. Ол — парасат қайнары, мейірбан жүректі туған елі еді. Мағжан ақын бар өмірін, өнерін, білгенін сол туған халқына, еліне арнаған, арнаған да, сарнаған да. «Жан сөзі» деген әйгілі өлеңінде (1920 ж.):
Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған,—
деуінің де төркіні сонда.
Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» дегенде, қауіп-қатер жоқ демегені белгілі, бірақ. сондағы, қылша мойны талша қиылатынын біліп не? Жалпы алып қарағанда, «мен өлмеймін» деген сөздерде терең шындық жатқаны рас. 60 жылдан аса уақыт бойы автократия ақын үнін шығармай, тұмшалап келсе де, енді естіліп, ақыры жалғастық тапқаны шындық. Философиялық мағынада алсақ ақын өлеңі мен дана сөзі өлмек емес. Бірақ ғажабы сол, кешегі бір заманда ақынның өзі де, өлеңі де көзден таса етілді. Сол дәуір үстімізден енді ғана, бүгін ғана ауып барады.
АҚЫННЫҢ ТАҒДЫРЫ
Ақын тағдыры бір сыдырғы емес, шытырманды, соқпақты, аяғы трагедиялы. Ғасыр басынан-ақ ел-жұртына белгілі болған Мағжан Жұмабаев айдаудан көз ашпаған, жарты ғасырдан аса уақыт есімі аталмай кетіп, тек 1988 жылдың желтоқсанында ғана ақырғы рет ақталды. Ақырғы рет деуіміз - ол ресми түрде 1960 жылы-ақ ақталған болатын, бірақ оның есімін атауға, шығармаларын жариялауға рұқсат болмады. Себебі, Мағжан өлеңдерін бастыруды тоқырау заманының басшылары мақұл көрмеді, жабулы қазан жабулы күйінде қала берді. Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақын соңғы жарты ғасыр бойына жым-жылас жоқ болып кетті. Сондықтан кейінгі буын бұл ақынды аз біледі, тіпті білмейді де. Бірақ ол заманның жүзін көрген азды-көпті азамат, немесе соған тетелес өскен қария жандар Мағжанды білген, оның өлеңдерін жатқа айтып жүрген. Сақталған газет, журналдардан тиіп-қашып оқыған да. Ақынның кітаптарына ешкімнің қолы жетпеген, өйткені тиым салу, қудалау салдарынан Мағжан кітаптары жеті құлыптың астында сарғайып, тозып жыртылып, жоғалып жатты. Бұл жай енді баршамыз білетін, көзіміз жеткен, «әттеген-ай» деп өкінетін өткен тарих болып отыр. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірдің құрбаны болған ақын тағдырының күйініші мол-ақ. Енді ақын есімі халқына қайта оралды. Мұны жалпы қауым қуана, тебірене қарсы алды. Өйткені бұл мәдени өміріміздегі үлкен оқиға. Дәл қазір, өткен тарихымыздың асыл қазыналары жадымызға, қаперімізге қайта орала бастаған сәтте, талант иелері жайында тебіренбей, толғанбай, өкінбей айту қиын. Бір кездері нахақтан күйген есім қайта оралса, ол заманның өзгеруінен. Кешелері дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата-баба жолын ұмыттырып, тексіздікке сүйрегенін білеміз. Бүгіндері өткендегі орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты, талант сөздерін халықтың өз иелігіне қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Бұл қуанарлық жай. Енді Мағжан Жұмабаев мұрасын оқып зерттеуге жол ашылды. Бір кездерде ақын есімін еске алғаны үшін де, баспасөзде, тіпті ауызекі әңгімеде атағаны үшін де, талай адам тауқыметін тартып, құқай көрген. 1956-1977 жылдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ақталғаннан кейін Мағжан Жұмабаев творчествосы қайта қаралған. 1958 жылы ресми комиссия құрылып, таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым да болған. Ал, 1960 жылы Түркістан әскери округы әскери Трибуналының коллегиясында М. Жұмабаев толығымен, біржола ақталған екен. Бір таңғаларлық нәрсе, бұл жөнінде комиссия мүшелері де, не Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге де хабарланбаған, қортынды шешім айтқан әдебиетшілер де, басқа мамандар да ештеңе білмеген. Жұмбақ сыры сол кездегі басшылардың: бұл саяси ақтау емес, бар болғаны азаматтық жағынан ақталу деген үстірт, жаңсақ түсінігінен екені енді мәлім болды. 1958 жылы КСРО Прокуратурасы ақтаған Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы да дәл осы «дәлел» айтылған-ды. Өкініші сол, шешімдерді осылай ұғындырып, өңін теріс айналдыруға күш салған белгілі мәдениет қайраткерлері де болды. Олар М. Жұмабаевтың көзі тірісінде де, кейін де ақын атына қара күйе жағып, азаматтық та, ақындық та абыройын төгуге әрекеттенген-ді. Ақын жайындағы мұндай ұғымның жаңғырығын бұрынды-соңды әртүрлі мақалалардан көреміз. Тіпті 1930 жылдың өзінде А. В. Луначарскийдің редакциясымен шыққан «Әдебиет энциклопедиясында» да Мағжан нағыз ұлтшыл, сары уайымшыл, декадент ақын болып суреттелген. Мұның бәрі, айналып келгенде, билеп-төстеуші аппараттың нұсқауымен жүзеге асып отырғаны анық. Міне, осы жағдаяттар өкімет билігінің барынша әкімшілік қалпын, қатаң тәртібін айғақтайды. Сонан да М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердіұлының, М. Дулатовтың жеке бастары қаралы болып, мұралары ұлттық мәдениеттен тыс қалды. Олардың шығармалары ешбір дәлелсіз мансұқ етілді, әдебиет пен мәдениеттің басқа бөлігіне, яғни тапшыл мазмұндағы деген бөлігіне қарсы қойылды. Шындығында, бұлардың шығармаларында теңдік, еңбек, іс-қимыл, адамның бас бостандығы мәселесі терең көтерілген. Ал, Алашорда ұйымына қатысты деу де дәлел емес, өйткені 1919 жылы-ақ В. И. Лениннің декретімен ол ұйымға да, оның адамдарына да кешірім жасалған. Және олар кейінгі жылдары бұл тарапта белсенді жұмыс істемеген, қайта кеңес өкіметінің саясатын толық қолдаған. Тек тап күресін қолдап шиеленістіру, жеке адамның диктаторлық өктемдігін орнату амалының нәтижесінде ғана мұндай сұрапыл қуғын, жаппай қырғын мүмкін болды. Жалпы социализм орнату тарихы КСРО халықтары үшін қап-қара тарих. Халықтың аяулы ұлдарының тағдырын, өзге де мыңдаған құрбандарының тағдырын еске түсіргенде, ендігі жерде адамдардың шүбәсіз бас бостандығы болуы, рухани ойын ашықтан-ашық айтуға жол ашылуы, жаппай қырғынға ұшырататын тотальдық қауіп-қатерден сақтайтын кепілдік болуы бірден-бір қажет екенін мойынға алмасқа болмайды. Мағжан Бекенбаласы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келген. Орташа ауқатты семьядан шыққан. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медресеге оқуға түседі, бүл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, ауқатты семьядан шыққан жергілікті интеллигент Мұхаметжан Бегишев ашқан екен. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Мағжан он екі жасында Қызылжар қаласындағы Бегишев медресесіне түскеннен бастап әдебиетпен қатты шұғылданған. Тіпті қазақ, татар әдебиетін былай қойғанда, ол араб-парсы ақындарының, атап айтқанда, Фирдоуси, Сағади, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи сияқты даналардың ұлы дастандарын түп нұсқадан оқып үйренуді өзінің машығына айналдырған. Ал ұлы Абай мен Дәрдман (өлендерін қазақша жазған татардың ұлы ақыны Зәкір Садықұлы Рамиев) өлеңдерінің қазақ дүниесіне келуі кішкентай Мағжанның жан жүрегіне ауызбен айтып жеткізе алмайтын телегей-теңіз әсер әкелді. Әрбір сауық кештерінде, шілдеханаларда қыз бен жігіттер Абай мен Дәрдман өлендерін ең алдымен әсем әнмен шырқайтын болған. Татьянаның мұңға толы толғаныстарын қыздар жүрек жарасын емдейтін шипалы шәрбеттей ішіп сусындаған. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, Абайға арнап: «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. Абайға деген махаббатының нәзік қылын шертті. Ақын болуды арман етті. Жас жігіттің өлең жазып жүрген талабы қазақ халқының әйгілі қамқоршысы, қазақ еліне: «Қаным — башқұрт, тәнім — татар, жаным — қазақ» деп мәтел таратқан ұлы жазушы Ғалымжан Ибрагимовты қатты толғантады. Сондықтан да Ғалымжан 1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кәрімовтардың баспасына табыс етеді, 1912 жылы Мағжанның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Ғалымжан өзі 1911 жылы шыққан «Қазақ қызы» романының бірінші бетіне 16 жасар Мағжанның «Айға» деген өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп келтірген:
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Әне сол анам еді мені тапқан.
Мағжанның терең ой мен сұлу суретке толы өлеңдерінің шығуы тек қазақ еліне ғана емес, сонымен бірге татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қарақалпақ елдеріне де жеткен үлкен құбылыс еді. Ал бала ақынның өз елі − қалың қазақ халқы − бала Мағжаннан ардагер Абайдың ізбасарын көріп, өлең-жырдың әсерлі де әдемі әуеніне бөленді.2 Елдегі оқумен қанағаттанбаған болашақ ақын 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге (халқымыздың белгілі әншісі Ермек Серкебаевтың әкесі) Медресе — Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда Жоғары оқу орнымен бара-бар еді. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, жоғарыда айтылған белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов оған білімін әрі қарай көтере түсу керектігін айтып, ақыл-кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы Мұғалімдер Семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шыққанда оған жоғарыда айтылған Ғалымжан Ибрагимов көп жәрдем еткен. Өлеңдер жинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. Бір айта кетер жәйт 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді. Мағжан да, әрине, оны оқыған. Семинарияда М. Жұмабаев болашақ революционер ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. «Жан сөзі» атты атақты өлеңінде ақын өзінің «Медресе — Ғалиядан» кетуіне үзілді-кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау-шарға катысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады, тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалығын салып, зіл-зала ізін қалдырады. «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі осы сәттерде туған. 1912—1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де, жан-жақты, терең суарылған аса дарын иесі Міржақып (Мир — Якуб) Дулатовтан дәріс алып, шығармалықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген. 1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді. Мағжан өмірінің, бұл тұсы біраз драмалық жайларды бастан кешірген кез еді. Уақытша үкімет кезінде және онан соң біресе Колчак әскері, біресе Совдеп билік құрып тұрған кезде, «Алашорда», «Үш жүз» партияларының айтысы кезінде М. Жұмабаев «Алаш» партиясының мүшесі ретінде біраз уақыт түрмеге жабылады. 1919 жылы, жоғарыда айтылғандай, өзі сүйіп қосылған жары Зейнеп баладан қайтыс болады, аздан соң ұлы да шетінейді. «Баланың қабір тасына» деген өлең жазады. «Өлгені емес, жерді тастап кеткені, ізгі оймен жайлы жаннат төрінен орын алып, ата-анасын күткелі» дейді ақын. Бұл тұстағы белгілі, әрі әйгілі өлеңі, әлгінде ескерілгендей, «Мені де, өлім, әлдиле». Әлеуметтік жолайырық кезінде шартарап ой құшағындағы қамығулы ақынның жанына жара боп түскен соң ең жақындарынан айырылу қайғысы қатты күйзелтеді. Бірінен соң бірі келген қаза оған тағдырдың сайқымазағындай көрінеді де, ашынған көңілден: «Өлім күйі тәтті күй. Балқиды жаным бұл күйге: Мені де, өлім, әлдиле, әлдиле, өлім, әлдиле» дегізеді. Жастайынан бірге өмір сүріп, ақырында сүйіп қосылысқан жары Зейнепке арнаған «З-ға» деген өлеңінде: «қосылған жас күнімнен жарым едің, сүйікті анық досым, жаным едің, алысқа ұзап жолға шыққанымда, сарғайып мені күтіп қалып едің» деген жолдардан ақынның өкініш, қиналыс, жан толқуын аңғаруға болады. Екінші әйелі Зылихаға Мағжан 1921 жылы үйленеді. Ол кісі 96 жасқа келіп, 1989 жылы дүние салды. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М. Жұмабаев Ташкентте шығармалық өнімді еңбек етті. Сонда шығатын «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқарып, біраз дүниелерін бастырады. Дәл осы кезде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазып, жарыққа шығарады. 1923—1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды, ол кезде институтты В. Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол орыс әдебиетін, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп, оқиды. Орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Бұл кезеңде де ақын жаны жай таппайды: ылғи сын, қаңқу, шаншу сөздерден көзі ашылмайды. Ескішіл, байшыл ақын атанады. Оқушы қауымға Мағжан өлендерін жат өлең ретінде, өткенді көксейтін, жаңа өмірге ілестірмейтін, кертартпа, уайымшыл шығармалар деп уағыздайтын мақала, сөздер баспа бетінде көбейе бастайды. Әсіресе, өзі Мәскеуде оқуда жүргенде мұндай материалдар қаптап кетеді. 1923 жылы Ташкент жұртшылығы алдында Ж. Аймауытов Мағжан ақындығын талдап, терең түсіндіретін баяндама жасап, оны «Лениншіл жас» журналына бастырып шығарса да, сыңаржақ сыншылар тобы ақынның соңынан қалмайды. Қайта Ж. Аймауытовтың өзін қоса сынайды. М. Жұмабаевтың ескішіл, жат өлеңдері орынсыз мақталды деп, оған кінә қояды. Ойламаған жерден болған төтенше оқиға Мәскеуде оқитын қазақ жастарының Мағжанға қарсы жиналысы еді. 1924 жылдың аяғына таман өткен бұл жиында Мағжан өлеңдері талқыланып, оның ақын шығармаларын теріске шығарған қаулысы елге, Қазақстанға жіберіледі. Мұндағы газеттер жиын ұйғарымын басып шығарады. Мәселен, «Еңбекшіл қазақ» газеті оны 1925 жылы 14 қаңтарда жариялаған. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын «Сәлем хат» деген өлең жазады. Ол «Тілші» газетінде жарияланады. Өлеңде мынадай жолдар бар:
Кет деме, елім, енді мені басқа ұрып.
Қобызымды қиратармын тасқа ұрып. «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы 19 желтоқсанындағы санында «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына» деген ескертпемен «Сәлемге сәлем» деген жауап өлең басылады, авторы Сәбит Мұқанов. Онда мынадай жолдар бар.
Ел аман, жұрт тыныш кезде қайғыға еніп.
Қобызыңнан, ақыным, безбе әлі.
Ақынға қарсы шабуылдың соншама мейірімсіз, қатал болғанын елін сағынып, оқуда жүрген жанның жүрегі елжіреп жазған сәлем хатына берілген осы қарғыс жауаптан байқауға болады. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қарсы нақтылы өлең жазбаса да, «уралап, алақайламадың» деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, жарлы-жақыбай сөзін сөйлемедің деген айыппен осылай қатаң сынға алынды. Шындығында ақынның 1912—1923 жылдары шыққан жинақтарын қарап отырсақ, ылғи ғана қазақтың сор, бишара халі, ғылым-білім, теңдік жоқтығы жырланады. Сонда Мағжанның ғажайып ақындық талантына бақталастықпен, бақастықпен қарсы шықпаса, не үшін оған осыншама шүйліккен деген ой туады. Бұл жорамалды кейінгі 60-жылдар жайы да дәлелдей түседі: ақталған ақынға жол бермей, атын мүлде өшіріп тастау, 1960 жылы «Өмір және поэзия» деген кітабында Ә. Тәжібаевтың Мағжан Жұмабаев творчествосын жоққа шығаруы, 1968 жылы «Простор» журналының ақын жайында ақтау мақалалар басылған нөмірінің солайымен жойылып кетуі, айналып келгенде, осының бәрі ілгергі дәуірде дәлелсіз қудалау қылықтарының әшкере болуынан сескеніп, қорқу салдарынан емес пе екен деп ойлайсың. Әйтпесе, Мағжан ақындығына осындай адамдар шүбә келтіреді деу қиын. Мәселен, 1927 жылдың өзінде Ә. Тәжібаев:
Қобызбен. сарнамаймын сұрап өлім.
Қуатты орыс, қазақ еңбекші елім.
Көрсетем Мағжандарға көрдің төрін3 —
деп жазады. Белгілі«Тоқсанның тобы» поэмасына да қарсы ұзақ өлең жазғаны мәлім. Бірақ енді, 90-жылдары, Әбділда Тәжібаевтың өзін-өзі сынға алып, «Мағжанның алдында кешірілмес күнә жасадық» деп, 1989 жылғы Мағжан жинағына мүлде жаңа көзқараспен мақала жазуын ақын алдындағы, жұрт алдындағы адалдығы деп қарауымыз керек. Мағжан шығармаларына көп тоқталып, саяси жағынан, таптық жағынан қатты сынға алғандардың бірі Ғаббас Тоқжанов. «Мағжан совет тұсында» деген мақаласында ол Мағжанды табы, тобы бөлек, сөзі жат ақын дегенге дейін барады. «Пікір — идея жағынан Мағжан идеяшыл ақын, қиял Мағжанның тәңірісі. Қазаққа келгенде, Мағжанның саяси жолы қазақ байына қосылып отыр. Бүгінгі қазақ еңбекшілерінің жаңа тұрмысы оған ұнамайды. Бүгінгі заман «сұм заман». Бұ жағынан қарағанда, Мағжан байшыл ақын. Бұ күндегіден безген, келешегі жоқ, уайымшыл, жылауық ақын»4 Тек саяси жағынан, тап тұрғысынан келіп сынап отырғаны көрініп тұр. Сол кездегі ағым солай, жаңа саяси идеологияның орнай бастаған кезі. Кейін бүкіл әдебиет саясатқа айналып, өзіндік, тәуелсіздік хұқығынан түгелдей айырылғанын тарихтан білеміз. Ал өлеңнің ажары, әдемілігі, көркемдік қасиеті дегенге келгенде мұнан Ғаббас Тоқжанов безбейді, мойындайды. «Қазақ әдебиетіне Мағжан кіргізген жаңалықтары жоқ емес. Мағжан күшті ақын. Өз ойын, өз тілегін ұқтыра білетін ақын. Көркемдік, әдемілік жағынан қарағанда Мағжан өлеңдері (әсіресе «Баян») үлкен оқиға. Жүсіпбек айтқандайын: «суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталады». Өлеңнің сыртын (форма) Мағжандай келтірген (бір Абай болмаса) қазақта әлі де ақын жоқ. Аз сөзбен көп сөз айтатындық Мағжанда бар. Мағжан сөзге еркін ақын. Күшеншек ақын емес, айтам дегенін оқушының көңіліне қонғандай, сезімін қозғағандай қылып айтады. Кейбір өлеңдерінде «шешендік, толғау күй төгіліп кететіні рас»5 Көріп отырсыз, баға дұрыс-ақ әрі әділ. Сонда Мағжанға неғыл дейсің деген сұрақ туады. Өзі күшті, тапқыр ақын болса, сөзге шебер, көркемшіл болса, ойдағыны айтатын болса, енді оған не істемедің деп өкпелеу керек? Ол тек, жоғарыда айтылғандай, ұрандап кетпеуі, «тап-тап» деп жар салмауы, «алақайлап» қол соқпауы. Шындығына келгенде, алақайдың жөні жоқ екенін 1927—28 жылдардағы кәмпескелеу, онан соңғы колхоздастыру, одан барып орасан, қырғын аштыққа ұрыну — осының бәрі қып-қызыл қызыл ұрандарға байсалдырақ қарау керек екенін, сабырмен, сын көзімен қарау керек екенін әбден дәлелдеді. Мағжанның өз басы жайында, оның әрқилы шығармалары, кейбір жеке өлеңдері туралы сан-алуан пікірлер туып, шабуыл сын қаптай бастады. Қазақстанға жаңа келген, өлең, әдебиет түгілі, халық, ұлт жайын әлі аңғарып біле қоймаған Ф. И. Голощекиннің өзі Мағжанды сынай бастауы сол үлкен, әрі қауіпті дүрбелеңнің салдары екені анық. Осыншама айқай-шудың аяғы Мағжанды түрмеге жабуға апарып соқты. Онымен де бітпей жанжал ұлғая берді. 1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталды. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді. Өкініші сол, 1929 жылдан 1938 жылға созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, еліне келеді. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып істейді. Бірақ біраз уақыттан кейін бұл қызметтен босатылады. Ол туралы өзі: «не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне, 20 шақты күн болды жұмыссыз отырмын» деп жазады, Алматыға Жазушылар одағының бастығы Сәбит Мұқановқа жолдаған хатында.6 Аударма ісімен айналысқанын, бірақ шарт жайында баспадан хабар жоғын айта келіп, Мағжан тағы да: «мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өз қалам күшіммен көрсетем деген тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам,. орталыққа баруды ойлап отырмын» дейді. Бұл хат 1937 жылы 20.ақпанда жазылады. Наурыз айында Алматыға келеді. Бұл кез айтыс-тартыстың нағыз қайнап тұрған кезі. Біреудің үстінен біреу жала жауып, ұстатып, айдатып жатқан уақыт. 13 тамызда Ілияс Жансүгіров ұсталады. 29 тамызда Жазушылар одағының хатшысы М. Қаратаевтың «Социалистік Қазақстанда»: «Қазақ әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек» деген бас-аяғы жиырма шақты жазушыны, ең алдымен Сәкенді қаралаған, мұндай фашист жендеттерінің көзін жою керек деген мақаласы басылды. 16 қыркүйекте «Казахстанская правдада» осы мақаланың орысшасы басылды. 24 қыркүйекте Сәкен үйінен ұсталып әкетілді. Мұндай жағдайда алдында өзі 7—8 жыл отырып келген Мағжанның күні не болмақ? Аласапыран тұста, ақыры 30 желтоқсанда Мағжан ұсталады да, 1938 жылы атылады. Сәкен Сейфуллин 1938 жылы ақпанда атылады. Кеңес ақыны, пролетариат ақыны екені айғақ, 1918 жылдан партия мүшесі Сәкеннің өзі қуғынға ұшырап жатқанда, саяси жағынан онан арасы алшақ (солай үгіттеліп келген) Мағжанның тағдыр басқаша болуы мүмкін емес-ті. Өйткені, әңгіме тапта, тапшылықта, партияны қолдау, яки қолдамауда емес, халықтың оқыған, бетке ұстар қаймағын түгелдей жойып жіберу жайында болған. 1936 жылы Омбы жағында жүрген сәттің бірінде інісі Мұхаметжанға жолығып, осы тұста жазған «Өміріме өкпем» деген өлеңімен таныстырады. Бұл кейін Мұхаметжанның қызы Гүлқаныстан табылды.7 Онда ақынның трагедиялық мүшкіл халі, өмірге налуы өте қайғылы суреттелген:
Тән арып, тамырда қан қалмадың ба?
Жалған үшін жан қиып, жапа шектім,
Еңбегім екі болып жанбадың ба?
Талып тұрсам, назарың салмадың ба?
Ортекедей орғытып, оққа жығып
Жалмауыз, жауыз жалған, жалмадың ба?
Небәрі 50 шақты жолдан тұратын осы өлеңінде ақын зармен қатар, ертеңгі күні не болатынын болжап білгендей. 1936 жыл бітіп, 1937 жылдың қаңтар-ақпанында Алматыға хат жазып, наурызда келген соң,аржағы қызыл қан науқанға айналды. «Тағдырдан табандатып тиді шоқпар!» Рас, нақты деректермен дәлелденбеген алып-қашты әңгімелер болған, бірінде — ол атылмаған, 1938 жылы наурызда ату жазасына кесілген (олар бас-аяғы 19 адам болатын) партия, үкімет, мәдени қайраткерлерімен бірге Новосибирск облысына жер аударылған-мыс, одан Новая земляға айдалып, сонда 1956 жылы жалдамалы кәззаптың қолынан қаза тауыпты-мыс. Ал, екінші лақапта ол 1942 жылы айдауда қайтыс болған. Бірақ, қазір мұның бәрі негізсіз екені анықталып отыр: ресми жазалау орындарының бір кездерде шындықты жасырып, әртүрлі себептермен жалған мәлімет беріп отырғандығынан тараған бос сөздерге ұқсайды. Сот орындары бұл күнде 1938 жылы атылғаны ақиқат деген тұжырымға келіп отыр. Бірақ, мына бір жайды білу қажет-ақ. Ғұмырының соңғы жылдары ештеңе жазбап па екен, жазса ол қайда, әлде ұшты-күйлі жоғалып кетті ме? Неге десеңіз, М. Жұмабаев 1927 жылы жазған «Тоқсанның тобы» поэмасынан кейін, қазақ ауылындағы үлкен өзгерістерге қарай бет бұрғаны анық. Рас, конфискация, коллективтендіру, онан кейінгі аштық жылдары, әрине, творчестволық шабыт бере қоятын жәйттар емес-ті. Ол уақыттың жалған поэзиясының солғын үндерін құлағымызбен естіп те, көкірегімізбен ұғып та жүрміз. Сонда да болса, шеккен қайғы-қасіретін, тартқан азабын ақын дәптерде жазып қалдырмауы мүмкін де емес сияқты. Қалай жорамал жасасақ та, М. Жұмабаев үнін 1927 жылдан кейін естімейміз. Ақын үні тынды. Өзі бір кездері толғана жазған үні өшкен бұлбұл кейпі ақынның басына келді:
Сұм жүрек жалын болып қалды ғой құр.
Мынау не, көлдің беті жыбыр-жыбыр?
Көл беті жыбыр-жыбыр бақа: «бақ-бақ»,
Сайрасын енді қалай бұлбұл бейбақ!
Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ.
Бақылдап тырбық бақа әнін бөлсе,
Ойласаң таңқаларлық дәнеңе жоқ —
Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе.
М. Жұмабаевтың көңіл күйін, өткен өмір жолын башқұрт халқының аса үлкен, қадірмен жазушысы Сайфи Құдаш тебірене баяндайды. Сайфи Құдаш ғасырдың бас кезінде Солтүстік Қазақстанда мұғалім болған, М. Жұмабаевпен бірге қызметтес болған, жете таныс адамдар. Бұл сөздер 1969 жылы Қазақстан басшыларына Мағжанды ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жайында толғана жазған ұзақ хатынан келтіріледі: «М. Жұмабаевты мен өзіндік ерекше, табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да: бұл орайда ол Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады. Сонымен. бірге оның өмірі, ақындық еңбегі және трагедиялық тағдыры бір-бірімен тұтас, бұлақ суының бір тамшысындай. М. Жұмабаев творчествосына бір жақты баға беру, яғни, оны революционер күрескер дәрежесіне көтеру, немесе, керісінше, Совет өкіметі мен қазақ халқының қас жауы етіп сипаттау — біздің тарихымыздың тұрпайы да, анайы, орны толмас олқылығы, екінші жағынан біздің мәдени мұраға деген көзқарастың жауапсыздығы, барып тұрған дөрекі нигилизмнің өзі. Мұндай теріс түсінік XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихи жағдайды толығымен бағаламаудан туары анық, немесе, «Пролеткульт» пен РАПП белсенділерінің тұрпайы социологизм туын ұстаушы ғана болып қалуынан деуге болады».8 Шындығында, 20-шы жылдар оқиғалары мен өмір құбылыстары қаншама күрделі екенін ойға алсақ, саяси жағынан сан алуан, тіпті көбіне қарама-қарсы екенін ескерсек, тыңғылықты тұжырым жасау, нақты талдаумен белгілі бір объективті ой-пікірге, қорытындыға келу оңай еместігіне көз жетеді. 1920 жылы ҚазАССР-ның құрылуы, ауылдардың советтендірілуі, ал екінші жартысында — байларды конфискациялау, республика лидерлері мен интеллигенция өкілдерінің сан тарапқа тартқан сөздері, ұлттық шекараларды бөлу, әсіресе, ұлттық мәдениет мәселелері талайлардың намысын қоздырып, ақыл-ой сананың шайқалуына әкеліп соқтырғанын анық білеміз. Мұнымен қоймай, кеше ғана ауыз жаласқан достардың табанда бір-біріне ата жау болып шығуы, бір-бірін қаралау, күйе жағуға дейін баруы қауым ішін әбден шиеленістіреді. Осындай әрекеттер салдарынан Мағжан Жұмабаевқа ұлтшыл деген айдар тағылып, оның көркемдігі жоғары дүниелеріне: бұл пролетарлық емес, таптық емес деген негізсіз кінараттар қойылады. Осындай сылтаумен 1926 жылы Ж. Аймауытовқа да айып тағылған, бірақ көп ұзамай босатылған болатын. Бірақ, 1929 жылы қайтадан тұтқындалып, бұл жолы оның тағдыры біржола шешілді. Дәл осы жылы М. Жұмабаев та қамалды, қамалға себеп — аққа күйе жаққандай, баяғы бұрмалаушылық, жала. Тіпті «Тоқсанның тобы» атты құнды поэмасының өзін тоқсан саққа жүгіртіп, бұл ақынның шын ойы, шын көңілі емес деп шулағандар қаншама болды.
М. Жұмабаев творчествосын енді тереңірек, молырақ қарауға жол ашылған шақта, оның қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді? Мұндай сауалға бірден кесіп жауап айту оңай емес. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шеберлігін, жалпы көркемдігін басты ерекшелігі деп айтармыз. Өйткені оның нағыз өзіндік бет-бағдары мен айырым қырлары осы маңайдан табылмақ. Тәңірдей талантының, дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінеді. Ол поэзияға басыңды иіп, тәнті боласың, таңданасың, таңырқайсың. Тұбасалы Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл тауып бағалап, көпшілікке жеткізу оңай іс емес, әрі ол бір күннің ісі болмас. Ой, қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесінің әрқилы, сан айшықты болып келуі — мүлде жайы бөлек дүниелер. Әңгіменің түп түйініне келсек, М. Жұмабаев Абай тәжірибесін бойына сіңірген де, өзімен қатар өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәбит Мұқанов творчестволарына мүлде ұқсамайтын, соны, тың жол салған. М Жұмабаев өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның творчествосының бір қырында, яғни таразы басының бір жағында мұңды толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразының екінші басында — романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш-күйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы-қасірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның творчесвосында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау («Өткен аяулы»), болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астан-кестең, аласапыран жайымен астасып жатады. Мағжан Жұмабаев өлендерін оқи отырып, өзі көп айтатын тылсым буғандай әсерге енесің, таңғаларлық күй кешесің, ойлар мен толғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің. Не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып, ақынның құдіретті шеберлігіне бас ұрасың. 1918 жылдың өзінде Ж. Аймауытов пен М. Әуезов былай жазыпты: «Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт әм Ахмет Мәметовтікі. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар, жүрегінің сезімін суреттейтін нәрсемен жалғастырып әкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар сыршыл (лирик) ақындар».9 Ақын тау туралы толғансын, не дарқан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі ішкі жан күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді («Көкшетау», «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Алдамшы өмір», «Ой», «Жел», т. б. өлеңдері куә). Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз көбіне ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың. «Жазғы жолда» деген өлеңіне көңіл аударалық:
Жапан түзде бір қара...
Шілде. Оттай ыстық күн.
Дала өлік. Жоқ бір үн.
Жер де жатыр тұншығып.
Шаң ерініп, үйірілген,
Ешбір леп жоқ, тып-тынық.
Көктің түсі қызғылт көк.
Дүниені тылсым билеген.
Жылай ма екен елде жын?
Перілер ме күйлеген?
Қарапайым ғана зат, көріністер мол сырға ие болып, жол, дала, көк аспан, бұлт — бәріне де жан бітіп, адамның өзімен тілдескендей әсер қалдырады. Өзіміз оны көзбен көріп, құлақпен естігендей боламыз. Адам мен табиғат арасы ақын өлеңінде ажырамас бірлікте, тоғысқан, яғни айнала өмір, ақынның оны қабылдауы сырлы сөз күшімен әсерлі сурет береді. Әрине, мұндай көркем сөзді көркем ой тудырмақ. Поэзия шеберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді Абай айтқандай, «теп-тегіс жұмыр» етумен бірге, сезім, түйсікке молықтыруда. Онсыз қайсыбір өлең болса да, жай хабарлама, сөзтізбе болып шығатыны анық, «Қысқы жол» деген өлеңінде мына жолдарды оқып қаралық:
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Жер бауырлап жаяулап.
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн» оқып үреді.
Мұндағы «екі иінінен дем алып», «ішін тартып», «жер бауырлап жаяулап», «аузы-басы жыбырлап», «жерді жапқан кебінді сүйіп» деген тіркестер қыс, аяз туралы өлеңге қаншама әр, сыр беріп тұрғаны түсінікті. Аяздың ызғарлы болуы, аңдай ұлуы, тіпті сақ-сақ күлуі жаңалық емес, ол бұрыннан бар нәрсе. Ал оған әлгідей «мінездеме» беру, тірі жандай суреттеу, әрі сол арқылы табиғи құбылыстың жұмбақ сырын көз алдыңа келтіру ақынның сезім тереңдігін, мүлт жібермей көріп түйгіштігін аңғартады, ал бүкіл өлең оқушыны керек десеңіз, аты-жөні жоқ бір ерекше құпия күйге бөлейді. Бір қарағанда бұралаң жол суреті де жеткілікті көркемдік жасап тұрғандай. Бірақ, Мағжан Жұмабаев жазғы, қысқы табиғат көрінісіне өзінің сезім дүниесін қоса жырлайды. «Дала өлік,», «Сар дала», «Жапан түз» дегенде жанды табиғатты жоққа шығарып тұрған жоқ, лирикалық қаһарманның сезімі, оның қиялы тоғыса келіп, жанды, тірі сурет жасап тұр. Мағжан Жұмабаев романтикалық қуат күшке, фантазияға, қиялға, қанатты ойға ерік берген. Мұны оның бүкіл творчестволық болмысынан, өлеңдері .мен поэмаларынан айқын аңғаруға болады. Мағжан романтикасы оның поэзиясын ажарландыра түседі. «Жазғы жол» өлеңінде жоғарыда келтірілген суретке қосымша, үстеме ретінде айтсақ, алтын шашты пері бейнесі де лирикалық ой-сезімді күшейтіп тұр, таусылмас дала жолында елестеген сиқырлы періште арбай ала жөнелгендей, жыландай созылған ұзын жолға ол елес үйлескен. Жол мен даланы лирикалық әрі романтикалық ретпен осылай көрсету, қазақ жерінің сары жөн, ұзақ жол сипатынан алыс емес, қайта оның сырын аша түскендей. Бүл арада жоғарыдағы Екеудің мақаласынан тағы үзінді келтірелік: «Сыршыл ақындардың ішінде өлеңінің ішкі суретіне сөзінің сыртқы кестесі үйлесіп, маңызды болып шығатын Мағжанның өлеңдері». Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны дүние. Мұндай абстракциялық ой-толғамдарды Мағжаннан бұрынғы поэзиядан көру киын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, сонан да терең эстетикалық ләззат табасың. Ақынның «Жел», «Толқын», «Көктем» т. б. өлеңдерін оқи отырып, К. Бальмонттың «Я вольный ветер, я вечно вею», «Я в бегстве живу неустанном, в ненасытной тревоге живу» («Ветер»), А. Блоктың: «Ветер налетит, завоет снег» деген тағы басқа жыр жолдарын еске аласың.
Гуілдеймін, ұшамын.
Мен − ойыншы көбелек.
Көрінген гүлді құшамын.
Желге сенбе, жас бала!
Сыбырлар, кетер ұрланып,
Шын жары оның — cap дала...
Жүрекке жүйрік жел кірсе;
Мен — ақынмын, жылаймын,
Жүрекке ауыр шер кірсе.
Қарап отырсақ, ерікті, ерке желдей басталған ой, ақындық асқақ көңілдің шерімен барып бітеді. Былай қарағанда желдей ескен көңіл шексіз, шетсіз бай сияқты көрінгенімен, оның да тоқталар, іркілер жері бар екен: ақын көңілі жай, саябыр, егер жүрекке жылы леп тисе, ақын жаралы, егер көңілге шер кірсе. Осы ойдың бәрін, әрине, басқаша айтуға болады. Бірақ ақын туған табиғатымен, жаралған жерімен бірге, оның жай-күйі соққан желдің, жарық күннің жаңғырығындай үндес, күндес (күнмен бірге). Сонан да ол «шын жары оның — cap дала» дейді. Ақын жүрегінің іздегені сол дала, туған дала. Жел сыбдыры мен жүрек сыбыры бір. Екі табиғи нәрсенің айнымалы, толқымалы жайы бір-біріне сай, ұйқас. Ақын сол үйлесімінен ләззат тауып, сусындап отыр. «Жел» деген тағы бір өлеңінде Мағжан:
Оянып aп тым ерте,
Жорғалап басып кетеді,
Тыныш жатқан түс көріп,
Оны әуре етеді,—
деп жазады.
Желдің өзін айтып отыр екен дейсің. Бірақ оған осылай мінез берумен бірге мынадай әрекет те береді:
Бірдеңе деп жұбатып,
Жымиып күліп өтеді.
Алқынып өзі асығып,
Қарақат көзге жетеді.
Желге адам әрекетін береді. Тіпті адамға жел кейпін береді десек те қате болмайды. Қалай да мұны табиғат жайындағы өлең деу қате болар еді. Мағжан өзінін бейнелі ой үрдісіне лайық табиғат көрінісі мен адам мінезінен ұқсастық тапқан. Белгілі «Айға» деген өлеңінен де тіршілік жайын бейнелейтін аллегория табамыз:
Қайғылы жер жүзіне нұрың шашып,
Жылжисың ақырын ғана қорыққан жандай,
Жүргендей жол таба алмай, бейне адасып...
Ажарың бейне күндей жарқын шығар?
Көп жұлдыз — әлде күшпен, әлде іспен
Еріксіз артыңа ерткен халқың шығар.
Осылай туған жер, елге деген пұшайман сезімін білдіреді. Ал «Сағындым» деген өлеңінде бұл жайында төтесінен, әрі терең айтылады:
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Мағжан Жұмабаевтың бізге жеткен мұрасы аз ба, көп пе деген сауал туады. Қолымызда бары 1912 жылы Қазанда басылып шыққан «Шолпан» атты жинақ, сонымен қоса белгілі ақын Бернияз Күлеевтің алғы сөзімен Қазанда 1922 жылы жарық, көрген «Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері» деген жинақ, сонан соң белгілі партия және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен Ташкентте 1923 жылы басылып шыққан «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері», 1928 жылы Мәскеуде басылған «Жүсіп хан» атты ертегі поэмасы, 1923 жылы Ташкентте «Шолпан» журналында шыққан «Батыр Баян» поэмасы және басқа да әртүрлі газет-журналдарда жарық көрген өлеңдері мен поэмаларын атар едік. Ең соңғы айтарлықтай шығармасы «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінде 1927 жылы жарияланған «Тоқсанның тобы» поэмасы. Әлбетте, бұл уақытқа дейін, ақын шығармаларын жинап, басып шығару ісімен ешкім де шұғылданбаған, әйтпесе, ақын мұрасы бұдан көп мол екені ақиқат. Оларды енді мерзімді басылымдардан іздеу қажет. Мысалға, көптеген өлеңдері сонымен бірге «Қорқыт», «Ертегі» поэмалары «Ақжол» газетінде (Ташкент) басылған, өзге өлеңдері кітапханалар қоймасында, архивтерде болуы мүмкін. Өкініші сол, 1929 жылдан 1938 жылға дейін айдауда, түрмеде болған кезі мен 1936 жылы М. Горький және Е. Пешкованың көмектесуімен аз уақыт босанған сәтіндегі он жылға созылған уақыт аралығындағы творчествосы тіпті беймәлім. Жоғарыда айтып өткеніміздей, 1923— 1927 жылдардағы Омбының мұғалімдер семинариясында, Мәскеудің Жоғарғы әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүрген кезіндегі, дүниежүзі және орыс классикасымен терең танысқан шағындағы творчествосы да толық бізге жеткен жоқ. Бұл тұста әдеби оқу оқып, әртүрлі ағымдарға еліктеп, өлеңдер жазумен қатар, аударма ісімен де айналысқан. М. Жұмабаев оқыған, өзі қанық болған есімдер ішінен Гете, Гейне, Шиллер, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Фет, Гоголь, Крылов, Короленко, Мамин-Сибиряк, Мережковский, Бальмонт, Есенин, Клюев, Брюсевтерді ұшыратамыз, әсіресе, Блок есімін тағы басқа көптеген қаламгерлердің атын көп көреміз. М. Жұмабаев М. Горькийді аса жоғары бағалап аударса, В. И. Ленин шығармаларына да көңіл бөліп, біразын қазақшалаған. Бүл есімдерге деген ақынның құмарлығын түсінуге болады: Мағжанды қызықтырғаны олардың данышпан шығармаларының шексіздігі, жалпы адамзаттық ауқымының кеңдігі. Табиғи талантына бұлар бастау, демеу болғаны анық. М. Жұмабаевтың өмір жолын жақсы білетін Сайфи Құдаш келесі бір сөзінде былай дейді: «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М. Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды. Рас, бұл оның бар мүмкіндігінен аздау болған да шығар, таланттың өз күшіне сай да болмас, бірақ жұмыс істей білді, ал бастан өткен бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәлі емес. Совет өкіметі алғаш орнағаннан кейін, белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды, бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Көп ұзамай Мәскеудің орталық басылымдарының.бірінде редакторлық қызмет атқарды. Кейін көп ұзамай Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжан «Қырғыздың Пушкині» деуші еді. Сол жылдары қазақ мектептерінің оқулықтарын даярлау ісімен айналысты, орыс жазушыларының, В. И. Ленин шығармаларын аудару ісіне де атсалысты. Бұның бәрі де М. Жұмабаевтың қарама-қарсы пікірден біртіндеп арылуына, көзқарастар солқылдақтығынан құтылуға, маркстік-лениндік көзқарастың жолына біржола бет қойып, тереңдей түсуіне ықпал жасап, жол ашты».10 Жоғарыда айтып өткеніміздей, М. Жұмабаевтың ақындық табиғаты Абайға да, оның кейінгі ақындарға да ұқсамайды. Оның қайталанбас қолтаңбасы түбасалы өзіндік, айрықша екені даусыз. Әрине, Абайды білген, оның ақындық тәжірибесіне сүйенген. 1912 жылғы Қазанда шыққан «Шолпан» жинағына енген «Алтын хакім Абайға» деген өлеңінен Мағжанның ұлы ақынға қалай табынатынын анық көруге болады:
Біp сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Әлемнің құлағынан әні кетпес,—
дейді. 1923 жылы Ташкентте жасаған баяндамасында Жүсіпбек Аймауытов Абай мен Шәңгерей Бөкеевтің кейбір өлең жолдарын ара-тұра салыстырады. Мұны түсінуге болады. Өйткені, қазақ топырағында, арасы қашық емес мезгілде өмір сүріп, қалыптасқан адамдардың. өмірді көріп, ұғуы бір тектес болуы мүмкін. Бірақ Абайда әлеуметтік, рационалдық уағыз басым. Шәңгерейде.әдемілік, сұлулық, келістілікті суреттеу күшті. Мағжан болса өзі айтатындай, тылсым табиғатпен сиқырлы поэзия жасайды. Баяндама ақынның 30 жасқа толуына арналған болса керек. Мысалға «Күз» деген өлеңінің кейбір жолдары Абаймен үндесіп жатыр дегенді меңзейді. Тағы басқа өлеңдері мен бірсыпыра шумақтарды келтіреді. Біз де мына жолдарға жүгініп көрелік:
Күш кетіп, талай жаннан көрдің көрім,
Сұлық боп жан шығарға тұр таяулап,
Маңдайдан шып-шып шығып өлім терің.
Талапсыз, бақсыз мен сорлы,
Бір ісім оңға бармаған.
Тәңірі мұнша қарғаған.
Оңалмайды бір ісім.
Көрсеттің, алла, сен қысым.
Ия, бұл нағыз Абай ғой деп қаласың. Айту, налу түрі, сөз оралымы Абайға ұқсайды-ақ. Ал осы мазмұндас мына жолдарға қаралық:
Жұмақтың суын апар жаным десең.
Тоқтатам тұншықтырып зарын десең.
Қара жылан — қалың ойлар қаптады,
Шыбын жаным барар жерді таппады.
Тәңірі ием, таңың-дағы атпады.
Күншығыстан таң келеді — мен келем,
Көк күңіренді: мен де көктей күңіренем.
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!
Бұлардың жөні, төркіні басқа екені көрініп түр. Біз әдейі бесенеден белгілі өзіндік, мағжандық өлең жолдарын келтірдік. Мағжанның өзіне ғана лайық сипатта айтылғаны мұнан көрінеді. Ұқсас оралымдар көреген таланттардың өмірдің қат-қабат қыртысын шамалас ұғуы мүмкін екенін байқатады. Бірақ қолтаңбалары, әрине бөлек. Заңды құбылыс. «Тәңірі» өлеңінен мына төрт жолдың пәрменін аңғармасқа болмайды:
Рақым қыл, бір сорлыны шетке теппе.
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке!
Абай айтпаған сөз бе бұл! Айтқан. Сонымен бірге мұның өзгеше басқаша екенін де мойындау қажет. Мығым, екпінді, тегеурінді. Бұл уақыттан, заман факторынан. Абай дәстүрінің қайталауы емес, өніп, өрбу ілгерілеу түрі. Ақын халық туралы, тұрмыс, жалпы елдің өмірі туралы толғаныстарында бұл тақырыпты дамытады, өрбітеді. Әлеуметтік мәселелерге Абайдай терең бармағанымен, өмір құбылыстарын онан бөліп аулақ қалдырмаған. Коғамдағы адам орны, оның жайы, күйі туралы ой-пікірлері көптеген өлеңдерінен молынан көрінеді. Егер қайталап айтсақ, Абай адамдардың әлеуметтік теңдігін бүкіл творчествосының арқауы етсе Шәңгерей үшін өмірдің көріктік жағы, жарасымдылығы бірінші қатарда тұрады. М. Жұмабаев творчествосы, әрине, өзгеше, адам тіршілігі мен оның рухы, ой-сезімі қатар жүреді. Адам, қоғам субъекті болумен қатар табиғат объекті. Осы мәңгі сыр Мағжанды таң қалдырады, таңдандырады. Әрине, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, оқу-ағарту, ғылым-білім, енжарлық сияқты ежелгі үғым-байламдар Абайда қалай терең көрінген болса, Мағжан да бұл жайлардан тыс қалмайды. Арнайы тақырып етіп алмаса да, қай өлеңіне үңілсек те, өнер-білімге, ізгілікке, жарыққа шақыру лебізі мол табылады.
Тек жүрмей, біл.
Үйрен білім жастықта,
Білмей өс жанға қастық та!
Бұл өлеңнің мазмұнымен бірге, формасы да Абайша келгенін көреміз.
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
Тоқталмай істей білсең батып терге.
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас, мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Япырым-ай, қалдық па рас, тіпті таңсыз?!
Осындай сөз арқауы Абайға ұқсайтын, бірақ жалын лаулаған, ашынған жүректен ытқып шыққан шымыр жолдар жиі ұшырайды. Жүрек демекші, Абай көп айтқан сезімдердің біразы осы жүрекке байланысты еді ғой. «Асау жүрек», «жабырқау жүрек», «ет жүрек» және «жүрегім, ойбай, соқпа енді» дейді. Мағжан «Уланған жүрек», «сорлы жүрек», «тілінген жүрек», және «соғады жүрек зорға, келші, тыңда», «соқпа сорлы жүрегім» деп келеді. Қайсысында болса да жүрекке артар жүк көп-ақ. Уақыт, дәуір жайы, дауыл үні ақынды оңы мен солына, алды-артына қаратпай қоймайды. Бұл кезеңде Мағжан: ылғи әбіржулі, ереуіл қалыпта. Жиырмасыншы ғасырдың басы, әсіресе, қазақ жері, қазақ елі үшін аса бір ғажайып елегізу, абыржу туғызған кезең-ді. Үлкен азаматтық сарындағы Мағжан өлеңдерінің іші-сырты да бірдей сұлу, жарасымды болып, тек ұйқас, ырғақ мінсіздігімен ғана емес, айтар ой-сезімге байланысты аса қонымды өлшеммен түзілетіні анық. Эстетикалық талғам, талабымен айрықша көзге түсуі, жүрекке жылы тиіп, жанды тебірентуі сонан, сонылықтан. Ақын өлеңдерінен өне бойы құпия сыр ұққандай жайда қаласыз, өмірдің өзіндей сан салалы, сан қырлы поэзия, онда тақ-тұқ кесіп-пішілген, немесе тура тартқан қарапайымдылықтың ізі де білінбейді. Туа біткен дарын иесі оқушыға ойлы сауал тастап, өзің қалай қабылдасаң, солай қабылда дегендей, әркім түсінігіне қарай өрбітіп алып кететін ұзын арқан, кең тұсау желі тастайды. Әсіресе, ой-қиялға, сезімді оятуға жаралған өлеңдері осындай. Мағжан өлеңдерін әңгіме еткенде, ақынның өмірге көзқарасы, оны түсіну, қабылдауы қалай деген сұрақ туады. Творчество адамның еңбегі, айналып келгенде, оның қалпын, тұрпатын танытады дегенге қол қойсақ, Мағжан поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайтын ақын екенін байқаймыз. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ, қараң. Ал табиғат ше, ол адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да, сезім бағынбайды. Сондықтан адам бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді:
Жарқыраймын жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Сөзім, қысық көзім де — от.
Өзіме өзім табынам.
Оттан басқа тәңірі жоқ. («От»).
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде, ақын ең алдымен ненің болса да, мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, әлде таланттан ба, әлде тәңір жазғандықтан ба өзіне тәуелсіз, тек қана жер үсті тіршілігінің, табиғаттың заңына ғана бағынатын құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді. Мағжанның өзі айтып, өзі тұжырымдағандай, ақын деген өзі болжап біле бермейтін жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан. Сонан да «Қиял құлы мен бір ақын» деуін ұғуға болады. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды. Көз қарашығының нұры болсын, тербелген ақ қайың болсын, толқыған көл болсын, бүткіл кең ғалам болсын, соның бәрі айналып келгенде, ақын жүрегінің бір бөлшегіндей. Бұл жай ақын қиялының байлығын, түйсік қабілетінің молдығын, ешкімге ұқсамайтын қалып-кейпін танытса керек. Мағжан поэзиясының қос қанатындай мұңды, сазды, кейде қайғылы, әрі алға тартатын романтикалық әуендері ақын түйсігінің өзгешілігін, сонылығын дәлелдемек. XX ғасырдың басында және революция дәуірінде орыс қоғамының әдебиеті мен мәдениетінің хал-ахуалы жайында айтылған М. Горький сөзін еске алайықшы. Ол: «интеллигенттік ақыл-ой быт-шыты шығып сынған айнадай, әрбір сынығы әр түрлі саланы, әртүрлі бағытты бейнелейді, бірақ бәрі де ақиқат елінен алыс» деген-ді. Бір жағынан алғанда орыс декаденттерінің әрқилы ағымдарының М. Жұмабаевқа бірсыпыра әсер етуі мүмкін. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан ол кездегі адамдардың сан-қилы бағытта адасуы сияқты хал Мағжанда да болуы ықтимал. Бірақ, Мағжан туралы айтқанда, оны адасу демей, оқу, үйрену, білмекке құмарлық деп түсінген дұрыс болар. Мағжан табиғаты жай еліктеуді көтермес еді. Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі.қазақ тарихындағы бір жағынан ояну, екінші жағынан жаңа жол іздеп, дағдару дәуірімен тура келеді. Қазақтың демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеу сәті, қазақ интеллигенциясының қалыптасу кезеңі еді. Әлеуметтік құрамы жағынан да, саяси көзқарасы жағынан да әдебиет, мәдениет және оқу-ағарту қайраткерлері сан түрлі күйді басынан кешті. Олардың түсінігінде айқын бір-ақ мәселе болды, ол — бостандыққа, теңдікке ұмтылу, халқының мәдениеті мен бақыты үшін күресу. Ұлттық отарлау және әлеуметтік қанаушылықтағы азапты жолдан халқын қалай алып шығу, қараңғылық, сауатсыздық басқан халден жарыққа қалай бастау керек деген мәселеге келгенде, анық емес, .күңгірт, буалдыр уағыздарды ұстағандар да болды, таптық көзқарас жағынан таяздық та, шикілік те орын алды. Сондықтан да осындай ортадан кейін мығым қайраткерлердің шығуы, бірте-бірте ұлттық сананы орнықтырып, идеялық жағынан жетілуі оңай шаруа болған жоқ. Қайсыбіреулердің буржуазиялық демократиядан аса алмай, ұлт мәселесін қораш түсінгені де белгілі. Әлеуметтік көзқарас біржолата бекігенге дейін, көптеген ұлттық интеллигенциялар тар жол, тайғақ кешуді бастан кешіп, күмәнданушылық, солқылдақтық қателерге ұшырағаны тарихи шындық. Аса күрделі күрес, пікір таласы мен айтыс үстінде қалыптасқан адамдардың іс-әрекеттеріне талдау жасап, зерттегенде бұл жайларды ескерген жөн, әсіресе, көрнекті, ірі жазушылар мен басқа да қайраткерлерге баға беру сәтінде бұл өте-мөте қажет. Бұған, әрине, ресми саясаттың ол кездегі жайы тұрақтылықтан алыс жатқанын да ашып айту дұрыс. Суретшілдік көрегендігінің арқасында осындай қым-қиғаш, қарама-қарсылығы мол дәуір жайын М. Жұмабаев өз өлеңдерінде көрсете алды. Ақынның бұл тұстағы «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жер жүзін топан басса екен», «Бостандық», «Орал», «Орал тауы» т. б. өлеңдерінен заман көтерген әлеуметтік, әрі рухани жайларды анық байқауға болады. Шығыс пен Батыс мәселесі ақын жырларынан мол орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы қазақ кедейлерінің көтерілісі, 1917 жылғы екі бірдей революция ақын көзқарасына өз ізін түсірмеу мүмкін емес-ті. Бұл тақырып орыс жазушыларының творчествосында, әсіресе, А. Блок, В. Брюсов, Н. Клюев т. б. ақын шығармаларында айқын көрінеді. М. Жұмабаев осы мәселеге килігуі неліктен, қалай деген шүбә тудырмасқа керек — ол өзі Шығыс өкілі ретінде Шығысты пір тұтады, осыған сенеді және үміт артады. Соғыс, тажал, жан мен дененің азғындауы тәрізді, ажалдың қара бұлты боп, қара түтін жүзген Батыс кесапатынан сақтандырады. Ақын бостандық Шығыстан келеді, Азия өзінің қараңғылығын жойып, түрменің тор көзін, қолды байлаған шынжырды күл-талқан етіп үзеді деп сендіреді. Атышулы «Пайғамбар» деген өлеңінде былай дейді:
Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Тәңірісін табанына таптаған...
Мен — Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар,
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар
Қысық көзді Күншығыс,
Болсын соңғы бұл жүріс.
дейді.
Осындағы «Күн», «Күн ұлы», «Күннен туған» деген сөздерге біраз көңіл аударудың реті бар. Өлеңдердің жалпы мағынасы, қояр талабы, айтар тілегі, әрине, үлкен. Ол белгілі. Бірақ ақын жалпы «Күн» дегенді көп айтады. Басқа да өлеңдерінен оны жиі ұшыратамыз. Түнді, өлімді, кебінді көп жырлайды деп жүрген ақынымыздың күнге де көп жүгінетінін ескермейміз. Мұны, біріншіден, түн мен күнді егіз деп қараудан, бірінсіз бірі жоқ деуге болады. Екіншіден, сол түнді күнге жеңдіру, уайым, қайғы түнек символы түннен күнге, жарыққа, жылуға, отқа жету деген, тіке айтылмаған, бірақ анық. ұғылатын көңіл күйі көрінеді. Күнді аса бір ілтипатпен атап, оған тәнті көңілін білдіреді: «Күн алтын жан-жағына «Алтын күн алтын сәуле жерге шашар», «Күннен туған баламын», «Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем», «Алтын Күн шығып келеді». Осы әрқилы өлеңдерінен алынған жолдардан Күнге деген табыну қалай күшті, әрі қалай шын жүректен айтылғанына көз жеткізуге болады. Ал түн жөнінде:
Қайғы ма басқан, түн бе екен?
Сыбдыр-сыбдыр әлде не,—
Жел ме?
Түнерген түн өледі,
Ағарған анау таңы ма?
Ақ бәтестің бетінде
(«Батқан күн, атқан таңның жыры»)
дейді.
Ақынның осындай ұғымына сүйенсек, жылдар бойы сыналып, күстана етіліп белгілі жолдардан: Сар дала, бейне өлік сұлап жатқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан,—
дегенін әбден түсінуге болады. Және бұл өлеңнің аты «Жаралы жан». Ондай жанның хал-күйіне жоғарғы жолдар дәл келіп тұр емес пе? Және өлең Мағжанша болған соң, басқаша айтылмайды да ғой. Жаралы жанға сары даланың сұлап жатқандай, ақ селеулердің кебіндей көрінуі, қызарған күннің қан шашқандай әсер беруі әбден мүмкін. Белгілі «Әлдиле, өлім, әлдиле» өлеңінің қандай жағдайда шығарылғанын жоғарыда айттық. Сүйген жарынан, жас нәресте баласынан бірден айрылған шақта ақын осылай күңіренген. Жай, қарапайым халықта ең жақын етене біреуі өлсе, «құдай оның орнына мені неге алмадың» демей ме? Бүл қай халықта болса да бар. Сол Мағжан көкірегі қарс айрылғанда:
Ақ қанатты періште,
Былдырлаған бұлақтай.
Жаңа піскен бүлдірген,
Балауса нәзік құрақтай,
Қайтыпты қозы көз тиіп,
Бетінен кейде жел сүйіп...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
дейді. Басына түскен драмалық жағдайда осылай өкінген ақын қайғылы жайды әрі шебер, әрі шынайы көрсетіп тұр. Алынған теңеу сөздер, метафора оқушының жан дүниесіне шымырлай батып, қатты әсер етпей қоймайды. Сонымен жоғарыдағы Күн деген сөзге. байланысты қосып айтылатын тағы бір жай осы атаудың К. Бальмонт шығармаларында жиі ұшырайтыны. Сол тұстағы (1915—1925 жылдар) орыс ақындарын жақсы білген Мағжанға олардың әсері болуы да мүмкін. Мәселен, жоғарыда жел жайындағы жолдарды салыстырдық. Ал күн туралы К. Бальмонт: «Я, в этот мир пришел, чтобы видеть солнце, а если день погас, я буду петь... я буду петь о солнце в предсмертный час»,— дейді және көп өлеңдерінде Күнге табынып отырады. Әрине, Сұлтанмахмұттың: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» дегені де есте. Біраз ақын Күнді әрқилы символда алып жырлаған. Соның ерекше түрін Мағжаннан көреміз. Кейбір сырт ұқсастықтарды алатын болсақ, шынында да К. Бальмонт өлім жайында көп айтқан. Тағдырдың талқысына саятын ой топшылаулар жеткілікті. Ай туралы: «Красавица тоски беспременной, верховная владычица печали» дейді Бальмонт. Бұл Мағжанда да бар. Немесе: «Любовь и смерть, блаженство и печаль во мне живут красивым сочетаньем». Тағы да: «Хотел убить змею печали» дейді. Мағжан: «Қалың ой — қара жылан жүректі еміп» дегенде сырт ұқсастығы болмаса, мағынасы жағынан өте күшті айтқан. Мұның ақын талантының дүниежүзілік поэзия тәжірибесімен cуарылғанын дәлелдейді. «Пайғамбар», «Күншығыс» өлеңдеріне қайта оралсақ, ақынның Батыс пен Шығыс аралығына айрықша мән бергенін көреміз. Бұл арада Ж. Аймауытовтың жоғарыда айтылған баяндамасын еске алудың тағы бір орайы келеді. Оның тұжырымдауынша, «Бостандық», «Күншығыс», «Пайғамбар» және «Түркістан», «Қойлыбайдың қобызы» атты өлеңдерінде немістің идеалисі О. Шпенглердің әсері болуы мүмкін дейді, өйткені 20-шы жылдары оның «Европаның күйреуі» деген кітабы орыс тілінде жарық көрген болатын. Біз жазушы пікірімен біршама келісе отырып, ақынның Европа күнінің батуы туралы ұғымы сол кездегі уақыт, заман әсерінен деуге де болатынын айтқымыз келеді. Бұл тақырып көп ақындардың өлеңіне арқау болған. Мысалы А. Блоктың «Скифтер» туралы жазғаны есімізде ғой:
Попрубуйпе, сразитесь с нами!
Да, скифы — мы! Да, азиаты — мы —
С раскосыми и жадными очами!11
Алайда М. Жұмабаев Шығыс пен Батыс туралы біраз екпінді, қуатты өлеңдерінен кейін, ішкі жайға өз халқының тағдырына қарай ауысады. Мұны біз «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында», «Көкшетау», «Орал тауы», «Көктемде», «Тұранның бір бағында» т. б. өлең-жырларынан ажыратамыз. Ақын өткенге, өткен тарих жолына баса көңіл бөледі. Біраз туындыларында тарихи жағдайлар хақында толғанса, енді бір дүниелерінде ежелгі ескі мекенге үйлеспей жатқан жаңалықтарды айтады. Автордың көз алдында Шыңғысхан, Темір сынды қаһарлы тұлғалар, атамекеннің иесі және қорғаушылары болған Абылай, Баян, Бөгенбай, Ағыбай, Кенесары т. б. тізбектеліп өтеді. Ақын: батырлық, намыскерлік сияқты ежелден келе жатқан дәстүрлер біртіндеп сағымға айналып бара ма қалай, жаңалық болса ол өзін-өзі ақтай ма, ақтай алмай ма деген екіталай тұжырымға тіреледі. Халықтың аңызға айналған бағалы дүниелерінің бәрі де ұмыт болып, тоғышарлық басып, надандық тамырын жайып кете ме деп қорқады. Өмірдің көптеген келеңсіз жақтарын уайымдап жанымен ауыра білетін, жан-тәнімен беріле, сезіне білетін ақын, әрдайымда тарихқа айрықша ден қояды. Бұған «Батыр Баян» поэмасы, «Домбыра», «Орал тауы», «Тұранның бір бауында», «Алыстағы бауырыма» .т. б. өлеңдері куә. Ақын ата-бабасы түрікті, Тұран жерін еске алып, бұл дала, атамекен ежелгі түрік, көшпелі қазақ жері екендігін жырлап, өмірдегі өзгерістер барысында бұл тарихи сабақтастық ұмытылып кетпес пе екен деп уайым жейді: Бір күнде сенің иең түрік еді... Ер түрік ен далаңа .көрік еді.
Тұрғанда бақыт құсы бастарыңда
Іргесі жел-күн тимей берік еді. («Орал тауы»).
Қайғыдан қан жұтамыз, біздің атқа
Лайық па құл боп тұру? Жүр кетелік
Алтайға ата мирас алтын таққа.
Ертеден сені іздеген мен едім ғой,
Тұранға бір сені іздеп кеп едім ғой!..
Өртеген өзектерін сен едің ғой!..
Ертеде Оқыс, Яксарт — Жейхун, Сейхун —
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Бұл өлеңдерден бұлдыр сағымдай, көңіл мен көкіректегі елестей аңсау, сағыну, қасиетті, имандай таза, шұғыла күндерді еске алып, торығу сияқты сезім ақынның да, оқушының да өнебойын жайлап, билеген әсерді көресіз. «Оқжетпестің қиясында» деген ұзақ өлеңі де осы тектес. Ескіні ойлап, көксегенде ақынның жүрегі қарс айрылғандай. Шынында да, қазіргі өлең болсын, поэма болсын — әдебиет туындыларының қай-қайсысында да Тұран жері, түрік елі деген ұғымдар еске де алынбайды ғой. Өкінішті-ақ. Тұран жері деген тек ескі жағрафиялық карталарда ғана болмаса, жаңа әдебиеттерде мүлде жоқ. «Айда атыңды, Сәрсенбай», «Жазғы қала», «Шойын жол» сияқты өлеңдері 20-жылдары біраз айтыстың объектісіне айналған. Әңгіме төркіні өлеңде қаланы қазақ ауылына қарсы қою жайында болған. Бірақ, қазір өлеңді қайта оқып отырып, тіпті үш қайнаса сорпасы қосылмайтын пікірлер айтылып, ақынға орынсыз кінә тағылғанына көз жетеді. Жартылай феодалдық қалыптағы қазақ ауылы үшін жаңалықтар күшпен енгендей әсер етті де, дала сазының жайына бірден етене болып кете қоймады. Өзгерістер елдің материалдық тұрмыс халіне ғана әсер етіп қойған жоқ, сонымен бірге халықтың әлеуметтік, рухани жағдайына, кейіп-қалпына әрқилы ықпал етті. Ақынды сынаушылар мұны еске алмады. Ақын өлеңдеріне ден қоя оқып, ,жалпы ауқымына көз жібергенде, аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам, «адамның кейбір кездері» деп Абай айтқандай, адамның ойы, ішкі көңіл-күйі екенін ұғамыз. Не жазса да ең алдымен өз жүрегіне үңіледі, сол арқылы айналадағы әлемді білуге, өмір шындығын ұғуға ұмтылады. Егер шартты түрде өлеңдер тақырыбын жіктеуге тура келсе, туған өлке туралы және өткені мен бүгіні жайында, адамның өмірдегі орны, бүкіл адамзаттың ар-ожданы хақында деп айтуға жарар еді. Жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы сүйіспендік лирикасы. «Гүлсімге», «Жәмила», «З-ға», «Махаббат не?», «Сен сұлу», «Жас келін» т. б. өлеңдері қазақ қыздары мен қазақ әйелдеріне арналады, олардың сыртқы да, ішкі де сұлулықтарын тәңірдей көтере жырлайды. Бұл өзі бір жағынан Гетенің шығыс әйелдеріне табынып, Зулейхаға деп жазған арнау өлеңдерін, Батыс-Шығыс диванын еске түсіреді. Жалпы сүйіспеншілік, махаббат туралы, қыздың, әйелдің сұлу, көркем суреті, мінезі, іс-қылығы туралы өлеңдері Мағжан поэзиясының өнімді, әрі тартымды саласы. Басқа да өлеңдеріндегі сияқты, ақын мұнда да терең сезім құшағында, жүрек тербелісінде. Әшейінде өзге ақындар, «күйдім-жандым» деп жазатын жайлар Мағжан қаламында басқаша күйді, ыстық-суығы аралас, қуанышы мен реніші қатар жүретін жұмбақ сезімді аңғартады. Махаббат азабы, сүйіспендік азабы әуелден белгіленген, жаратылыстан бірге жаралған, өзгертуге, қайта жасауға көнбейтін табиғи нәрсе, сондықтан да өмірдің өзі сияқты бірде тәтті, бірде ащы, бірде серуен, бірді сергелдең. Ақын сезім сырын ашамын деуден аулақ, ол ашылмайды да, азапты жайды, «жүрек-жара», «көз жасты» күйді суреттейді, бірақ оның шешімін табамын деуден аулақ. Махаббат пен машахат күй бастауын әуелден, әуел баста жаралған ілгергі жайдан іздейді. «Әйел» деген өлеңінде бұл туралы біраз сыр шерткен:
Қарсы келіп әміріне,
Қуылды Адам жұмақтан.
Бесігіңе, көріңе!»
Бұйрық болды бір хақтан...
Көңілде қасірет, көзде жас,
«Кеш, тәңірі!» деп сұрады.
Жайнаған мәңгі гүлінен,
Хош иісіне аңқытып,
Күміс кәусар суынан,
Бетінде нұрын балқытып,
Көктің батпас Күнінен,
Періштелер үнінен,
Өз нұрынан нұр бөліп,
Сезгіш, сүйгіш жан беріп,
Махаббат, рахат теңізінен —
Бастасын деп бар ерді,
Туралық, шындық жолына!
Осылай басталған қасиетті өмір — ақыр соңында «ұмытты адам алласын», «енді ежелгі көркі жоқ, көргені қорлық, еркі жоқ» халге түсіп, «жұмақтай» басталып, «дозақтай» бітетін, әр адам, әр әйел бастан кешіретін тылсым тұрмыс жетегіндегі халді көзге елестетеді. Бірақ өмірдің өзі сияқты сезім өлмейді, сүйіспендік өлмейді: ол қайта жаңарып, қайта түлеп отырмақ.
Атаңды анаң азғырып
Тұрғызбаған бейішке.
Әкелді бастап кейіске.
Бүгін — жалын, ертең — шоқ.
Бетті жу!
«Сұрғылт тұман дым бүркіп» деп басталатын бұл өлеңнің. түп негізі аударма болғанымен, Абай ой-жүйесіне тура келетін, өзі басқа өлеңдерінде де айтқан сөз. «Махаббат — қызық кім көрер, оның да дәмім татпаса», «бұл өмірдің қызығы махаббатпен», немесе:
Жүректің отын сөндірмес.
Өлген соң ол да үндемес,—
дегенде Абай адам өмірінің махаббатсыз, сүйіспеншіліксіз күні жоқ, ойы да, сезімі де өзі сипаттас жанға телінусіз күйі жоқ, адаммен тіршілік бойы бірге жүретін ажырамас сезім деген түйін туады, онсыз жанды хайуанға оны қосындар» дейді. Мағжан жырлауында шын махаббат азап жолы, қуанышы мен өкініші аралас, кейде тіпті қатар жүреді.
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек.
Тамшылап одан қан ағар.
Ішер жүрек, төгер жас,—
дейді Мағжан. Сонан барып:
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!—
деуіне тура келеді. Лирикадағы ақын махаббат құшағына енген сайын, азап тұзағына шырмалғандай. Ақынның махаббат жайындағы түсінігі осылай ірі, әрі терең болғандықтан ол жайындағы теңеу, метафоралы да ірі, кесек:
Жаратылған әйел сұлу!
Тұрмыс деген бір тұзаққа,
Азға емес, тым ұзаққа
Әйел атын Гүлсім дейді,
Тұрмыс атын тылсым дейді...
Гүлсім — Күн...
Лирикалық көңіл ылғи тынымсыз жаралы жанның, көңілі қаяу жанның жабырқау жайы оның мазасын алады:
Кеудеңе от толды ма?
УҺілеп айға қарайсың
Өмірің у болды ма?
Жұлдызды неге санайсың.
Айырылысқан, я айырылысар жандардың жүрегі қайғыға толы, олардың күйі сағыныш, сарғаю, торығу:
Таныстарды еске алып, тергейсің!
Туғаны жоқ, тұрағы жоқ жолаушы —
Желге айналған мен екенін білгейсің!
Эстетикалық талғамы, таңдауы мықты осындай өлеңдердің бәрі адамның жан-тән сұлулығын, көркемдігін, жарастылықты паш етеді. «Толған ай жүзің еді, қара нәркес көзің еді, мап-майда мамық қардай мінсіз денең, бейне бір бақшадағы жүзім еді», немесе: «Шашың − қара, денең − ақ бұлт, жүзің Ай, тісің − меруерт, көзің, сәулем, құралай» деген сияқты бұрынғы халық ұғымындағы теңеу, ұқсатулармен қатар Мағжанның өзі тыңнан тапқан, соны, жаңа сурет жасаған кездері өте көп. Онда адамның сыртқы суретін бергелі отырып, ішкі сырын, жан күйін ашатын бедерлер жасайды, оның бәрін бұл жерде теріп айту мүмкін емес — тым мол, бай. Бір ғана мысал:
Иығына екі жылан асылғандай.
Тұңғиық сыр болса-дағы жасырғандай.
Мұнда ақын жағымсыз кейіпкердің суретіне тоқталған. Бірақ «екі жылан», «жасырғандай» деген сөздер болмаса, қай сұлуға болса да, жарасар сурет-бейне екенінде дау жоқ. «Шолпы» өлеңінде бір жағын әзіл, бір жағын шын етіп, ақын киіз үйді айнала жүретін ауыл қыздарының шаштарына таққан шолпы сылдырының көңіл ынтықтырар әсерін жазады: Сылдыр, сылдыр, сылдыр... Өзекті өртеді құрғыр.
Сұлу қыз санадан солғыр!
Сылдыр, сылдыр, сылдыр
Жүректі жандырды құрғыр.
Сәулем, періштем, тез кіp!
Риза болып, сүйсінген көңіл көрінеді. Шолпы сылдырлаған сайын естушінің жаны кіріп, құлағы да, жүрегі де елеңдеуде. Бұрынғы ауыл тұрмысының осы кішкене бір этнографиялық суреті қазірдің өзінде көңіл толқытады. Шолпы иесінің сұлу кескіні көз алдыңызға келгендей. Ал шолпы сылдыры нақ бір шақырықтай естіліп, тындағанның діңкесін құртып-ақ тұр. Қаны да, жаны да қазақ топырағы мен ауасынан суарылған бұл өлеңдер мінез бен құлықтың айырықша ұлттық ізет-сипатын аңғартатын сұлу жыр тізбе. Бұл арада С. Есенинді де еске алуға жарайды. Оның сүйіспендік өлендерін айтамыз. «Бәрінен де сен сұлу» өлеңі уақытында өзіндік әнімен халық арасына кең тараған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті. Бұл тарапта кейіннен біраз әншілер ақындар өлеңге өзгертулер енгізіп, жаңалап айтқан кездері де болды. М. Жұмабаевтың көпшілік қауым арасында әбден мәшһүр ақын екеніне бұл да бір куә.
Мағжан Жұмабаев әрқилы тақырыпта көлемді поэмалар жазу саласында аса өнімді енбек еткен. Өте-мөте белгілі поэмасы «Қорқыт», «Толғау» «Оқжетпестің қиясында», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» сияқты басқа да поэмалары кезінде баспа жүзін көрген. Осылардың ішіндегі күрделісі, көркемдік тұтастығы жағынан да, сюжет желісі мен сұлулығы жағынан да ерекше асып тұрғаны «Батыр Баян». Мұнда айтылған оқиға бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайынан. Ақынның жазуы бойынша, бұл хикаяға Абылай ханның екі ел арасындағы бейбітшілік, достық қарым-қатынас орнағанға дейінгі оқиға өзек болған. Ашу үстінде қол бастаушы батыр Баян өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын өлтіріп салады. Жазығы — олардың көңіл қосып, елден қашуы. Бұған дейін Батыр Баянның өзінің жас қалмақ қызына көңілі қатты ауған еді, бірақ қыз ыңғай бермеген соң, оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда екі жастың Баян айтқанына көнбей, қашып шығуының аяғы трагедиялық жағдайға әкеп соғады. Қыздың сұлулығын ақын былай сипаттайды:
Бір соған бар сұлулық жиылғандай.
Сөздері су сылдырлап құйылғандай.
Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.
Кәусардай татқан адам қалар қанбай.
Еліне сол сұлуды естен танбай.
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Біp қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.
Қыздың сұлулығы мен жігіттің жалын атқан ішкі сезімін суреттеуде қапы, міні жоқ. Ақындық теңеулер мен метафоралар әрқайсысы өз орнында − бәрі де жайнап тұр. Тапқырлық, дәлдік, көркемдік — әрбір сөз сайын. Осындай бәйшешектей екі жас өмірдің жан ашуынан, қызғаныш пен күйініш билеп, кешірім аулынан алысқа алып кеткен дүлей күш салдарынан құрбан болып кеткенін көреміз. Артынан қуып жеткен Баянға:
Жас Ноян Ер Баянға қарсы жүрді.
Түсінен шошыды да тоқтап тұрды...
Баянның батырлығы алашқа аян.
Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.
"Жан көке, аға!»— деген сөзді Баян.
Бір ашып, бір жұмбай да көзді Баян.
Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.
Түскенде бірін-бірі құшып түсті...
Асығып екі жастың қанын ішті.
Поэмада әрі қарай бұл трагедиялық жайды суреттеген Мағжан ақындығының тағы бір көрінісі: Жан тебірентер, толғантар ұшқыр өлең жолдары ағыла береді. Үстіне көк аспан құлап түскендей ер Баян жайы күйінішті-ақ. Биік романтикалық сарынға құрылған аса көркем поэмадан екі түрлі жайды аңғарамыз: бірі — батырлық, достық, махаббат, мейірім дүниесі болса, екіншісі — ашу, ыза, онан барып әділетсіз қантөгіс өкініш. ҚаҺарманның мінез асаулығын, бірбеттілігін, бірақ ниетінің ақ екенін cуреттеп, ақын поэманы романтикалық шарықтау шегіне жеткізеді. Шиеленіскен оқиғаны ақын тау мен судың, күн мен аспанның, кейіпкерлердің бірін бірі қимас күйін, қалмақ қызының сұлулығын, айнала табиғат сырларын суреттеу арқылы сезімнің қоюланып, ширығуына, күннің күркірегіндей, найзағайдың ойнағанындай бітіспес мінездер соқтығысына алып барады, іштей өкініш толғанысына әкеп тірейді. М. Жұмабаев поэмаларының композициясы өзінше ерекше тұтастықты, ұғымдықты танытады. Шеберлігін, әрі көркемдік талғамын байқаймыз. Еркін, тартымды оқылады. Бұған оқиғалардың айрықша құрылым, кестесі, сөз қолданыс әдісі ерекше әсер береді. Мысал ретінде алсақ, аллегориялық сипатта жазған, 1926 жылы жарық көрген «Ертегі» поэмасы да аса қызғылықты. Поэма сюжеті шын мәнісінде ертегіге ұқсайды.12 Әңгіме төркіні мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал, соғыс. Оқиға Шығыста, күн шұғылалы елде, бау-бақшалы мекенде өтеді. Жүзім шарабын ішіп масаураған тышқан даңғазаланып, мысықты тілдеп-сөгуге көшеді, оны естіп қалып, ашу қысқан мысық әлгі сорлыны ап деп, жеп қояды. Бұдан әрі мысық пен тышқан арасындағы өткен бірнеше соғыстар суреттеледі. Ақырында тышқан атаулы көптігін жасап, мысықты жеңілуге мәжбүр етеді, мысық патшасын қуып, өз патшасын да тақтан түсіреді. Мұндай аллегориялық, мысал мазмұндас дүниелер дүниежүзілік әдебиетте әлденеше рет қайталанған. Бірақ бұл поэма М. Жұмабаевтың басына бәле болып жабысты, осы шығармасы үшін оған қатал, саяси кінә тағылды, бұл жерде ақын орыс патшасын, Гапон попты, 1905 жылғы революцияны, жұмысшылар мен шаруаларды, тіпті большевиктер мен эсерлерді мегзеп, суреттеп отыр деген сорақы айыптар қойылды. Мұндай тұрпайы сындар ол кездерде ашықтан-ашық айтылатын. Әсіресе, С. Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» кітабынан бұл жәй анық көрінеді. Мағжан көрген қуғынның басы осы болды. Мағжанның ең соңғы ірі туындыларының бірі «Тоқсанның тобы». Бұл поэмада ақын жаңа өмір жолына үңіле қарап, оған шын көңілімен ден қойғанын мойындайды. Бүкіл халықтың жана тұрмыс құруға бет алғанын, өзі де оған қосылатынын айтады. Тоқсан деп көпшілікті, жүздіктің онын емес, тоқсанын қолдаймын дейді:
Қолыма қалам алғалы,
Сөйлеген емен жасыра:
Мен мұңдымен мұңдастым,
Адассам ел деп адастым.
Он демедім, демеспін,
Ой көзінде көмескі.
Жасырмай жүзді жоқтадым,
Тоқсанға енді тоқтадым
Толғанып ойлап талқылап,
Бұл — тоқсанның жиыны,
Осы армансыз білгенім.
Сонау оннан мен аулақ,
Мен тоқсанмен біргемін.
Поэма 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде басылған. Әрі қарай, яғни бұл жылдардан соң, біз Мағжан шығармаларын ұшырата алмаймыз. Поэмадағы мойындау сөздерге шүбә келтірген у да шу айқай, балағат сөздер мен орынсыз сындар қаптап кетті де, ақынның үнін өшірді. Нағыз натура, нақақ іс осы болды. «Қорқыт» поэмасының мазмұны ақынның бүкіл әуре-сарсаң өміріне дәл келіп тұрғандай. Белгілі оқиғаны қайта жырлағанда, бар болмыс-қалпын, тағдыр жайын өз түсінігінен, өз ой елегінен өткізіп бергендей. Қорқыт пен өлім Мағжан үшін аса жұмбақ тақырып. Басқа да өлең, жырларында өлім жайын көп айтып, көп толғанғаны белгілі. «Қорқыт» поэмасында ежелден белгілі өлімнен қашатын Қорқыт жайын шабыттана жырлауы — өлімнен қанша қашсаң да, алдыңнан соншалықты қабір тұруы ықтимал деген тұжырым, философиясын айту. Поэмада мынадай түйін бар:
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Құшақтап қобызымды көрге кірсем.
Ажал — хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді табиғи ресім ретінде, болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау керектігін уағыздайды. Ақынның ой-толғамдары әлемінде философиялық ұғымды тануға болады.
Жүрекке от ойнайды сенбек үшін,
Ойланып қалай ғана уланбассың,
Берілсе адамға өмір өлмек үшін.
Бұл орайда Жан-Жак Руссоның: «Напрасно боятся смерти, так как пока мы живем, ее нет, а когда она наступает, мы уже не существуем» софистикалық тұжырымын еске алуға болады. Революцияның басынан-ақ белгілі болған жай өмірді қайта жасаумен бірге, ескі құбылысты қирату еді. Сол, 20-шы жылдары революция туралы, социализм туралы ұғымды біржақты ұққан басшылықтың солақайлығы, төрешілдігі, әкімшіліктің сыңаржақтығы дарын иелерін ә дегеннен шошытып тастады. Әлбетте олар революцияға қарсы болған жоқ еді, қайта соны түсініп, білуге ұмтылған еді. Таланттардың табиғатын бағаламау, түсінбеу салдарынан А. Толстой, А. Куприн, К. Бальмонт, Ф. Шаляпин сынды үлкен тұлғалардың шет елге кетуі орны толмас олқылық болатын. В. И. Ленин әдебиет пен өнердің теңгермелікке келмейтінін, онда ең бастысы бостандық, ой еркіндігі үстемдік құруы талай ескерткен. Бірақ партия функционерлері әдебиет пен өнерді саясиландыруды талап етті де, өздерінің аласа ойына лайық аласа әдебиет жасалуын көздеді. Саяси үстемдікке мойынұсындырылған өнер эстетикалық мәнінен айрылып бір сапқа тізілген шөжедей қазқатар тұра қалды да, бір әуенмен шажылдады. Осылай дей тұрып, ақындар революционер бола ала ма, жоқ па деген сұрақ қоялық. Әлбетте, бола алады. Бұған дәлел ретінде В. Маяковскийден Ш. Петефиге дейін, С. Сейфуллиннен бастап Е. Чаренцке дейін айтуға жарайды. Ал дәл мағынадағы революционер ақын болмауға да болады. Бірақ ол адамның ақыл-ойын өзгертерліктей іс істеуі мүмкін. М. Жұмабаев, міне, осы қатардағы суреткер.Ол заманның аса зор зәру мәселелерін көтерді, өмірдің мәні, жайы, зұлымдық пен мейірім туралы жазды, ежелден келе жатқан сірі дәстүрді өзгертіп, XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясына таңғажайып жаңалықтар енгізді. Поэзия сүйер қауым кезінде көбіне-көп М Жұмабаев өлендерін қолжазбадан оқыған, өйткені оның кітаптарын шығару тоқтатылған, қалған біразының көзі жойылған. Мағжан лирикасының құдіреті оның түр сипатының сонылығы, сөз қолданыс қасиетінде. Тілінің дәлдігі, ой-толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің танғаларлық жарасымы – осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының ерекше қасиетін байқатады. Жоғарыда айттық, 1927—28 жылдардан кейін жазылған, я болмаса, баспа жүзін көрген Мағжан жазбаларын біз білмейміз. Бұл арада ақынның біp кезде өзі айтқандай, «қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі» дегені дұрыс екеніне көзіміз жетеді. Ақын өмірінің соңына дейін қуғын-сүргінде болды. Өзінің досы, сол заманның құрбаны ақын Бернияз Күлеевке арнап жазғанындай, өмір жолын арманда аяқтады:
Екі жауды бауыр қылар жыр бар-ау,
Сол жыр таппай, садақ тартпай, сабыр ғып,
Қан майданда күңіренсең еді, сор бала-ау,—
деп ақынның өмірдегі орнын биік қойған еді. Бұл жолдар Мағжан ақынның өмірі мен өліміне арналғандай деуге болады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қалған өмірінің он жылы түрмеде өтті. Енді 60 жылдан соң ғана, ақын туралы айтып, жазуымызға мүмкіндік болып отыр. Байрон сөзімен айтқанда: «Кончил жизни путь герой, теперь начинается путь его славы» дегенге саяды. Мағжан Жұмабаев творчествосын нахақтан жамандап, құлдыратуға тырысқандар да, оның ақындық құдіретін бағалап, биікке көтергендер де болды. Ахмет Байтұрсынов та, Жүсіпбек Аймауытов та, Міржақып Дулатов та өздері нағыз трагедиялық күй кеше отырып, әдебиет пен өнер парызын ұмытпады, ақынның өнер талантын жоғары бағалады, оның үлкен болашағына берік сеніммен қарады. Мағжан ақынның ерекше сымбатын Сәкен Сейфуллин де, Бейімбет Майлин де құрметпен атап, қасиеттей білді. Мағжанның бүкіл түркі тілдес әдебиетке әсерін жоғары бағалаған адам түрік әлеміне белгілі оқымысты, тегі башқұрт Ахмет Зәки Уалиди Тоған. Ол «Қазақтың ұлттық ақыны Жұмабайұлы Мағжан... өз жырларын тікелей Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу бойын мекендеген қалың қазақ пен таулық қырғыздарға арнаса да, оларға бүкіл түркінің және Түркістанның шерін жеткізді, түркілердің бұрынғы шат-шадыман өмірін елестете білді»,- деп жазды .13 1928 жылдың өзінде-ақ Мұхтар Әуезов қазақ поэзиясына деген ұғымын байытқан Мағжан Жұмабаевқа ғажайыптай өлеңдері үшін риза екенін айтып жазды. Белгілі әдебиетші Қошке Кемеңгеров Мағжан поэзиясын өте жоғары бағалаған. Мағжан Жұмабаев біраз әңгіме, мақала хабарлама, аудармалар жасаған, «Шолпанның күнәсі» деген ұзақ әңгімесі 1923 жылы «Шолпан» журналында басылған. В. И. Лениннен, М. Горькийден көп аудармалар жасағанын осы жазбаның алғашқы беттерінде ескерткенбіз. Мамин — Сибиряктың «Ақбоз ат» әңгімесін аударған. Басқа да аударма шығармалары бар. Ең үлкен ғылыми еңбегі «Педагогика». Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған. Ескі қазақ өмір тұрмысынан, әдет-ғұрпынан нені алуға болады, оны жаңа заман тәртібімен қалай ұштастыру керек, негізгі классикалық педагогиканың қағидаларын қалай қабылдап,бойға сіңіру қажет деген сияқты мәселелерді Мағжан аса биік зерттеушілік қабілетпен шешеді. 1992 жылы «Педагогика» басқа да шығармаларымен қатар «Ғылым» баспасынан жарық көрді.
филология ғылымдарының докторы
ЖАТЫР
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.
Тәңірінің рақметіне қанып жатыр.
Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.
Қазекең таң қаларлық кепте жатыр.
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.
Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.
Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр.
Тәңірі күннен-күнге ұрып жатыр.
Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.
Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.
Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр.
Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр.
Жас қызын малға, шалға беріп жатыр.
Қармаққа талай жасты іліп жатыр.
Өзара талас-тартыс болып жатыр.
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.
Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр
Сезінбей өз өлгенін, өзінікін
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр!
ШЫН СОРЛЫ
Қар борап соққан желмен қылып егес.
Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Қатты жел барлық күшін жиып еді.
Дөңдегі қарды ойға үйіп еді.
Қар борап, үй айнала тыққан шақта,
Шыдамай жан-жануар жел өтіне
Бүкшиіп тері қарап ыққан шақта,—
Нығарлап әр түкпірге сүйреп тастап.
«Анаң, енең!.. Шық үйден! Жолыңды тап!»
Бейшара Оразкеннің түсі қашқан,
Жылауға, қозғалуға есі адасқан.
Дүр қамшы ойнап кеткен қайран бастан.
Тепкен соң сорлы Оразкен далаға асты.
Бекітіп іште тұрып есік басты.
Есі ауып, жансыз болып, сұлай кетті.
Дүрілдеп астын үст қып борай кетті.
Көз алды дулап кетті от боп күйіп,
Басынан сорғалаған қап-қара қан
Ағады үлбіреген бетке тиіп.
«Жасаған, жарылқа!»— деп, жәрдем сұрап.
Кетеді сорлы Оразкен дір қалтырап.
ЖАЗҒЫТҰРЫ
Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да.
Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда.
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып.
Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып.
Белсенген жылқышыға. ноқталатып.
Батпаққа бірін-бірі домалатып.
Қолынан қулық бие құлындатып.
Жібектей көкорайлар жатқан жайрап.
Ән салып әр түрлі құс тұрған сайрап.
Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап.
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.
ІІІыңғыртып, жылқышылар ұстап, байлап,
Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын
Балалар шапқыласқан, мініп жайдақ.
Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап,
Жаратқан жанға рахат жазғытұрды,
Шүкір қыл бір аллаға «я, құдайлап».
БҰЛБҰЛ
Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып.
Тұрасың маужыратып кейде жылытып.
Тұрады жан-жануар дәмін жұтып,
У-шу жоқ, қарқ-шиқ еткен карға, торғай
Ұялып әлдеқайда кеткен жытып.
Тоқтаған шабуынан құлын-тайлар.
Жас төгер бойы балқып терең сайлар.
Болып, мен саған келдім, ішімде шоқ.
Басқадан, анық білдім, еш пайда жоқ.
Барып қон нәзік қана бір бұтаққа.
Көңілін елжіретпей қанат қақпа!
Жүз құбылт даусыңды, өрте өзегін,
Өртенсін, қызыл жалын қыл төсегін.
Қалсын ол ойлай алмай өз есебін.
Дәрменді қалың дертке сенен білдім.
Қайғыдан қолым жетпей, міне, өлдім!
ӨЛЕҢ
Ауырса тәнім,
«Сүйеуім бар!»— демейтін,
Ол болса менде,
«Бұ не болды?»— демейтін,
Жан сүйгенім — ол да өлең,
Жете алмасам, жолда өлем!
Тәнімнің қаны,
Тіршілігім сенімен,
Ойландым — тоймадым,
Кеңес біраз менімен,
Естісе сені — жан ұйыр,
Бағаң білмес көп сиыр!
ЛӘЗЗАТ ҚАЙДА?
Іздейді көңілім күн-түні
Қайдасың ләззат, рахат деп,
Таппады сал боп еш мұны.
Қайғыланған ойда ма?
Жүйрік тазы, сұлу мен,
Қызойнақ, иә, тойда ма?
Бетіне шірігі шықпаған:
Ас, ат беріп жұрт аузын
Алып оған ықтаған.
Аласұрған шарқ ұрып.
Қалмай жүрген бір торып.
Мінеки деп тұрақтап.
Қолына кітап, құранды ап.
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.
ЖАЗҒЫ ТАҢ
Көтерілген жерден бу.
Тыныш жатқан тұнық су.
Маужыратып, тербетіп,—
Таң атсын деп жайнап гүл —
Өсіп балам ер жетіп.
Тәңіріге құлдық қылғаны,
Ісіне оның таңданып,
Көңілі хаққа сынғаны.
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау
Бал алысқан құмармен.
Бытпылдығы ән қосып,
Шала-жансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып.
Күншығыстан ағарып.
Жер де кетті жаңарып.
Екеуінсіз жоқ сәні,
Оқу-білім — ер жаны,
Жараспас ерге құр жаны.
ЖАС КЕЛІН
Кемпірлерге ас келін.
Абұйырсыз тас келін.
Сонда болар бас келін.
Болмайды тіпті еріншек,
Құдайдың берген тоқтығы —
Ас болады ірімшік.
Болмайды тіпті сұғанақ.
Ойлайтыны жақсы атақ.
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай
Жас келін жүрер сауында.
Қараңғыда кездескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным — сен!»
деп сөздескен.
Мұңын ашар сүйеуі.
АТАҚТЫ АҚЫН СӨЗІ АЛТЫН ХАКІМ АБАЙҒА
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Қисайып қыңырайды жұртың иттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»— деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
«Қор болды қайран сөзім босқа!»— деме.
Сөзіңді көсем қылып жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар.
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Жүйріктің айтқан сөзі кепке кетер.
СОРЛЫ ҚАЗАҚ
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз,. әлсіз бүгіліп.
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.
Қылыш алып «надандық» саған кезенді.
Ертеңді-кеш басыңа мініп езгенді!
Кітап әпер, оқысын балан, қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!
* * *
Байғұс казак бас көтеріп тұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан — Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?
ӨНЕР-БІЛІМ ҚАЙТСЕ ТАБЫЛАР?
Ерініп, шаршамастай, белін буса.
Періште боп анадан қайта туса!
«Жақын туған, бауыр!»— деп айналмаса,
Қатын-сатын дегенге байланбаса,
Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса.
Көз қысып, күлгеніне алданбаса,
Қақ жарар қара қылды тура бөліп,
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.
Естісе, ұялғаннан бетін басса,
Жамандық — аты өшкірге жақын жүрмей,
Аяғын күндік жерден байқап басса.
Құтыртып, шабыстырып жел бермесе,
Табылмас аузына су тамызушы,
Өзінің тар етегін кең көрмесе!
Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе,
Естіген сөз, көргенді бос тастамай,
Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе.
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,
Бейнеттің мұнарланған шөл даласын
Ұжмақта хорлар тіккен қос деп білсе.
Өнер-білім — қарны ашқа ас деп білсе,
Дүниенің теңізінде адасқанға
Тура жол көрсететін, бас деп білсе!
Басқаға мойын бұрса, көз салмаса!
Өнер-білім жер астында болса-дағы,
Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.
ТОЛҒАН АЙ
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып.
Жолдасың — жұлдызыңмен қол ұстасып.
Егерде жазатайым жүрсе адасып,
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана, әсем басып.
Жалғанда тіпті кетпес көркі асып.
Теңіздер жан теңгермес жатқан тасып.
Жұлдыздар иек қағып жымыңдасып.
Екі жар қол ұстасқан, сыбырласып.
Бір-бірін сүйісе алмас мауқын басып.
Айрылар біраздан соң амандасып.
ЗАРЛЫ СҰЛУ
Ісіңді тастап, мұңайып.
Күлкіңе салды кім айып?
Жалғыз қалсаң бір үйде,
Өзіңді өзің жылаттың,
Қайғылы жаспен шылаттың.
Түнде де кірпік бір қақпай
Талмай көзің жұмбайсың,
Ағарып сүттей таң атпай.
Толып бір тұрған шағыңда.
Неге сынды сағың да?
Қайғыға салды кім сені,
Тыныштық жүзін көрместей,
Зарын мәңгі сөнбестей.
Қай жауызды қарғайсың?
Сені бүйткен бейбақтың
Санадан жүзі сарғайсын!
ТУҒАН ЖЕРІМ — САСЫҚКӨЛ
Бетінде күннің нұры балқыған көл.
Мап-майда мөлдіріңде қалқыған көл.
Жан-жануар суынды ішіп, тоймаған көл.
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл.
Әр жанды мөлдіріңнен суарған көл.
Деңіне ойнақ салып, қуанған көл.
Байларың кедейлерге қарасқан көл.
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл.
Шуақта балықтарың тулаған көл.
Басында кеңес құрып, дулаған көл.
От-суға иең түгіл, жат тойған көл.
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл.
Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл,
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап,
Күресіп күн батқанда белдескен көл.
Сусын боп сұрағанға, от болған көл.
Бейне бір сенің басың сүт болған кел.
Жарайды тең болмаса күн мен түнің,
Итиіп қарашекпен келіп қонса,
Басыңнан кұсың ұшып кетер сенің.
БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Патшаның тағы —
Ала алмас оны бағалап.
Тек жүрмей, біл
Ілгергі күнді сағалап.
Білмесең жанға қастық та!
Білімге шөгір
Жоқ үйден түңіл —
Ерікке қоймай ентелеп.
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе, еркелеп!
Жастық деген — бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Құрып қал салтын,
Салты оның — үйрену!
Өнер қуып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!
Опасыз» десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де
Сондай болма, қарағым,
Білген жан — көсем!
Сөйлесе — шешен.
Жұртты аузына қаратар.
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Мейірімі көп, етек — кең!
Жұртына мақтаулы,
Сыбаға сақтаулы,
Іс қылар тежеп,
Жан жүрек өжет
Бет келгенді арсалар.
Білімі мол — бұйымды!
ТІРШІЛІКТІҢ КӨРКІ — ЕРІК
Адамдыққа ол — серік.
Қалар бұрынғы еркелік!
Ойламай барып ұрынып
Өкінген аз ба ертелік?!
ҚАЗАҒЫМ
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.
Жараспас бұдан былай күлкі-ойын.
Ойламау келешекті түпке жетер.
Жан қорқып, дене тітіреп есің кетер.
Таласып жаман көзбен қарасуды.
Ізделік аққан бұлақ — қара суды.
Хохолдар алып қала салып жатыр.
Жерінен аузын ашып қалып жатыр.
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Өнерден кеш қалармыз, ойланайық.
Қайдағы оңды жерді тандап алсақ,
«Ауыл болсаң — қоғам бол» деген сөзбен,
Бұлтармай ертенді-кеш жүріп барсақ.
Көлде толқын айдаушы жел де болар.
Ағайын тату-тәтті ел де болар.
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз.
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!
МЫСЫҚ ПЕН ЕТ
Қарады тіміскілеп әрбір жерді.
Ілулі шаңырақта етті көрді.
Алам деп секіреді кейде жатып.
Алар ем деп бұл етті ағаш атып!
»
Не керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды.
Мысығың өзіне-өзі тоқтау салды:
«Қой, не керек, бұ ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұл қылығың көпке ұнамас,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Асылды қолға түспей жасық деуші,
Қолға түссе жасықты майдай жеуші.
Өз үйінде сабазың сыр бермеуші.
СҮЙГЕНІМЕ
Еш жанға сенен басқа көңіл бөлмей.
Сені іздедім жалғаннан қолым сермей.
Сыртым — сау, ішімде — өрт жанған қалың.
Өлгелі тұр сүмірейіп сорлы жаным.
Қуарған, сарғайған жүз күйгенімді.
Сүюдің қолына ен тигенімді.
«Отқа түскен сорлыңды сүйші» дедім.
Денеңді аулақ салдың, қоспай жігің.
Өміріңше: «Кет әрменнен!» айрылмадың,
Шырылдап көз алдында отта жандым,
Тіліңмен де бір аяп қайғырмадың.
Болып ем өмірімше сорлы әурең.
Қош енді, жанып-күйіп сүйген сәулем.
Керегің жок, мейірімсіз, жолыңа бар.
Бәрібір жазы-күзі жауса да қар.
Сен сықылды қайғылы етпегі жоқ.
Бірде шаттық, бірде мұң жетпегі жоқ.
Амандас, мен кетейін, қолыңды бер.
Сүйген жарым — мейірімді ол қара жер!
БІP КҮНІ
Көп шыбын өрмелеген уық бойлап.
Тайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап.
Уыққа қарауымды дереу кестім.
Адамзат баласына енді көштім.
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы,
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,
Дүние де жамандықтан аман-дағы.
Көрінген бақ-дәулеттен ұшқан шаң жоқ.
Керек десе, тәнінде жалғыз жан жоқ!»—
Деп ойлап қалың ойда жатыр едім,
Көп ойлап, ой дәмінен татып едім.
«Ноқта апар, неғып тұрмай жатып едің?»
Төсектен мең-зең болып әрең тұрдым,
Ноқта алып, желі басына қарай жүрдім.
Деп ойлап баяғы ойға қайта кірдім.
Мал шулап, ойларымды еп көрмеді.
Таста енді жоқ ойды деп қол сермеді.
ҚҰР ҚАЛЫППЫН
Теңімен ойнап-күліп бұраңдайды.
Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды.
Болуға ең сүйгені жақын қапты.
Меңіреуді мен сықылды шақырмапты.
Сөз қатпай, таң атса да, құр жатыппын.
Жанаспай, жақын жүрмей, құр қалыппын.
ЖОҒАЛҒАН АЛТЫН
Жүрем деп қаз-қаз тұрып құлаған күн.
Алдына апам байғұстың сұлаған күн.
Ауызға тозаң-топырақ, күл келген күн.
Аттап аяқ басуға әл келген күн.
Ойға жалғыз емшек пен ас келген күн,
Болар енді, тойдым деп ас қайтармай,
Бере берсе ретпен дес берген күн.
Шешенің емшегінен түңілген күн.
«Кімді озды» деп атаға жүгінген күн.
Тең құрбы, балалармен алысқан күн,
Қымс етсе, «әке, апа, тиеді» деп,
Жұдырықты кезек-кезек салысқан күн.
Көңілді ылғи ойынмен аулаған күн.
Ренжу, қабақ шыту, мұңаю жоқ.
Жаңбыры қайғы-зардың жаумаған күн.
Беретін іздеп тауып жоқты бар қып,
Жарқ еттің, көз ашқанша ғайып болдың,
Ашылмас қара тұман қаптады түн.
ОРАЗАДА
Тәтті ұйқыға батқан шақ.
Ұйқылы-ояу жатқан шақ.
Дір қалтырап киініп,
Ойға кірер есіктен,
«Уақыт бар» деп сүйініп.
Ашылмай жөнді де көзі,
Келгенде қарын құралып,
Көрінді-ау Шолпан жұлдызы.
Көз қысуын нетерсің?
«Қарбытып іш, тынымдап,
Аштан өліп кетерсің!»
Қай сүйгенін таңдасын.
Көңілде іңкәр қалмасын.
Үйге сәуле кірмейді.
Таңды үйден көз көрмейді.
Ораза деген қазаққа
Құлшылық емес, әдет қой.
Пайданы ойла, қам ет, қой.
ҚАРАҒЫМ
Ойынға, құр қаларсың, көңіл берме.
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кідірме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
Тоқтамай істе болсаң батып терге.
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
Ерте өлген, көмілулі қара жерге.
Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру –
Жасөспірім үмітті ерді бұзады.
Ата дәулет быт-шыт болып тозады.
ТІЛЕГІМ
Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып,
Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе.
Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе;
Жасыл шешек, қызарған гүл солмаса,
Қаны қашып, көркі бітіп, қуарып.
Алмадайын қызыл беті суалып.
Жақсы-жаман тұрса өзінің қалпында,
Бірақ білген, солай қылған тәңірі ие,
Мен де көндім, басымды идім алдында.
Маған жолдас ол мал болмас, ер болар!
Құр қызықсаң ата заты, тегіне
Көзің нұры балаң өмірі шер болар.
Мейірімді ием, таза, нәзік әйелді
Қара жүрек қазаққа неге жараттың?
Аһ, зар қылды, құлағына кім ілді?
Сорлыларды жауыздарға қараттың!..
КҮЗ
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең.
Көресің кемпір-шалды үйге кірсең.
Аяқ бассаң — табанға өтер сызы.
Бұраңдаған кешегі сұлу қызы.
Қарағанда сұлу қыз қайта кеткен.
Қатты аязды қайырымсыз қысты күткен.
Түрлі жұрт түрлі істе жүрген тарап.
Шаттықпен жас балалар боқша арқалап.
Оқу біліп айырар қара мен ақ,
Өнерленген дүниеге ұстад болған,
Қолдарында олардың тәж бенен тақ.
Қарасаң сонда қазақ арасына,
Ойнаған жалаң аяқ баласына,
Кетеді іш елжіреп жанып-күйіп,
Көңілдің түз сепкендей жарасына.
Оқымай, өнер қумай жазы-қыста.
Сайлауға таласуға қандай ұста.
Ел бұзу, малын шашу — барлық ісі.
Япырым-ау, айтсаңдаршы, бар ма кісі?
Басқа жұрт балалары оқу қуған,
Біліммен өз жұртының бетін жуған.
Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!
Қор болдық өнер қумай, қайран елім!
Күш кетіп, талай жаннан көрдік керім.
Маңдайдан шып-шып шығып өлім терің.
ОСЫ КҮНГІ КҮЙ
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серппей сонда да аңсыз.
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің,
Құл болдың қара табан енді малсыз.
Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз.
Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз?
Өзіндей адамзаттар не ғып жатыр,
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз,
Түк көрмей сәуле берер шырақ-шамсыз.
Буының қалтырайды болып әлсіз.
МЕН СОРЛЫ
Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Бір ісім оңға бармаған.
Тәңірі мұнша қарғаған?
Талпындым, түстім ізіне,
Оңдалмады бір ісім.
Алла-ау, көрсеттің қысым.
Тілегім қайтсем табам деп,
Қарамадым оң-солға,
Тілегім. үшін шабам деп.
Уысыма қуғаным,
Жібермеді, күштеді,
Жақын бауыр — туғаным
Барын, арын аямай,
Оқуға бермей тиғанын
Алды-артына қарамай.
Жылайды пендең алдында
Мейірі кең, жасаған,
Құр алақан қалдым ба?..
АЛДАНҒАН СҰЛУ
Сиқырлы қара нәркес көзін еді.
Бейне бір бақшадағы жүзім еді.
Жандыға жақсы дәру сөзін еді.
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.
Ақмарал аяғыңа дәл тиген оқ.
Аһ ұрдың, сыртың — жалын, ішіңде — шоқ.
Ойламай таңдағыны, тез кұп алдың.
Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.
«Бұзылған!»— дейді енді жақын, жатың,
Ызыңдап ол да, бұл да сол сөзді айтар,
Жас төкпей нағып сонда шыдар дәтің.
ТУҒАН ЖЕР
Кіндік кесіп, кірім сенде .жуған жер.
Жастық — алтын, қайтып келмес күнімде.
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен — түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Жарық болар Шолпан, Айым, сен — Күнім.
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Батпағында тең күрбымен алысып.
Үйретем деп асау тайға жабысып.
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Туған жерім, сені тастап басым жас.
ОРАЛ ТАУЫ
Қарасаң төбесіне айналар бас.
Шығарған сол тауынан алтын, алмас.
Тұрғаны мұнарланып өсіп жалғас,
Қарағай, шырша-батыр бір қалыпта:
Шілде, жаз, қысын, күзін есіне алмас!
Адамзат батып жалғыз. аяқ салмас.
Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді.
Қойныңа жайыменен кіріп еді.
Отырса, көшсе, қонса — ерік еді.
Іргесі жел, күн тимей берік еді.
Сақтан, алдар, бой салып жақын барма!
Бүгінгі күн жан досың болып жүріп,
Құлатып кетер ертең сені жарға.
Алтай, Орал бойында тұрған түрік
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп.
Қасиетті атаның көрлеріне,
Аузы түкті шет елдер ие болып,
Көрсетіп түр қысымды ерлеріне.
Мойның тұңғышыңа, бермен Орал!
Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, қолын кесіп, тізгінге Орал.
КӨҢІЛ
Тез жанад та, тез сөнед.
Бір басқа ой келед.
Арзан нәрсе көрмедім.
Бірақ сырын білмедім.
Таптым, бардым қасына.
Шомылып көз жасыма».
Көңілі сенгіш перизат:
«Ақырын,—деді қолын беріп,—
Жанба, сәулем, көрме жат!»
Кешке сөнген ол отсыз.
Тым-ақ нәрсе ұятсыз.
ЖАРЫМА
Күнәсіз судай аққан қанын көріп,
Айрылған ар-намыстан қарындастың
Kөз жасы, қалың қайғы, зарын көріп;
Бейнетке белді буып, қолды беріп,
Ант етіп айнымасқа ес білгеннен,
Байлаулы бауырыма тілеп, ерік,—
Жан жарым, ұзақ, қиын түстім жолға.
Алдымда түпсіз дария, сор да, ор да.
Ысқырған жылан, шаян оң мен солда.
Мейірімсіз табан тілер қия тастар...
Төгетін күндер болар ыстық жастар.
Жасытпа, жолым бастап алдыма жүр.
Жарқырап жұлдызым боп төккейсің нұр.
Кейін қайт, жапа шекпей, жазым деп жол.
Жаңадан жаратып сен Аллам да бол!
Жол алыс, жақын үшін жаннан кештім,
Бауырдың халін көріп бейнет құштым.
Жан жарым, ұзақ, ауыр жолға түстім.
ЕСІМДЕ ТЕК ТАҢ АТСЫН!
Таянып келгенінде күн бесінге,
Кең дала ұсап тұрды қол тимеген
Керілген кербез сұлу ақ төсіне.
Құбылып хор даусындай құстар жыры,
Таласып аспан-көкке алтын тауы,
Арқаның суы — күміс, жібек — қыры.
Қыранша көз жүгіртіп оң мен солға.
Айнымас алдаспанды алып қолға.
Жібекпен жетпіс қабат белді будық.
Қиядан қыран құсша жауға ұмтылдық.
Сүңгімей үйрек сорлы неғып тұрар!
Ақырған арыстанның айбатына
Шыдар ма қоян жүрек қорқақ құлдар?!
Қайратқа дене, отқа жүрек толып,
Ауыздан «а» дегенде жалын шығып,
Арқада жаттық сайран, сауық құрып.
Кетпек қой ертеңіне-ақ алдап, күліп.
Қаптарын қапылыста қара бұлт!
Жолбарыс жүргенінде маң-маң басып,
Жүрегі, қайратына көңілі тасып,
Жатқанын жасырынып мерген пасық?!
Еріктің еркетайы, ардақтысы,
Алтайдың ақиығы — алғыр құсы,
Жол тосқан жауыз жауда болды ма ісі?
Мас болып күш пен қайрат, қалың буға,
Алданып, ойын-күлкі, сауық-шуға,
Жақындап барып қапты Күн батуға.
Күн алтын жан-жағына сәуле шашты.
Жарық пен қараңғылық араласты.
«Көргенше қош, алаш!» деп амандасты.
Ай туып, Күн орнына көкте қалқып.
Теңірек тыныш ұйқыға батқан шақта
Кетіппіз біраз ғана біз де қалғып.
Жақындап келген бопты аңдып тұрып —
Қорқақ құл ұрлықты да ерлік санап,
Қуанып алласына басын ұрып.
Сұр жылан, өзі оятар, қатты шақсын.
Көрелік төңіректі, тек таң атсын!
ТӨБЕТ
Үріп шықты шарқ ұрып.
Жауды біліп аңдыған.
«Үрдің,— деп,— босқа құр кеше,»
«Барқылдақ,— деп,— алжыған».
Бұралып жатты, үндемед,—
Қайтсін сорлы қажыған!
Білгенін бөрі істеді,
Кешегі сөзді «алжыған!»
ЗАР
Алтын күн нұры кеміп, салқын артса,
Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап,
Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Қызыл гүл қорыққаннан түсі қашса,
Әл кетіп бұлғақтаған бұтақтарда,
Жапырақ: «Ал өлдік!»— деп сыбырласа,
Есіл жаз бір күндей боп өтті екен деп.
Жолымен «Барсакелмес» кетті екен деп.
Қар еріп, ойпаң жерлер саз да болар.
Түрлі қүс: үйрек, аққу, қаз да болар.
Жан кіріп, жан-жануар қыбырласар.
Жасаған кең рақметтің кілтін ашар.
Бар қайғы, қалың дертім менің мұнда.
Соғады жүрек зорға, келші, тыңда.
Жайнаған жүз құлпырып, қызыл гүлім.
Өтермін аһ ұрумен шықпай үнім.
Өмірімде енді болмас жылы жазым.
Қолымнан ұшқаннан соң қоңыр қазым.
ДІН ҮЙРЕТКЕНГЕ
Ізденбей аласұрып, тақ күтуге,
Тағдырда, бір тақтайда жазулы деп,
Әр іске кім үйретті шақ күтуге?
Қайнаған тамырдағы ыстық қанды
Тұтқын ғып кім қамады? Кім суытты?
Кім алды қалың қайрат, күшті, әлді?
Жүректі жолбарысты қайраты мол
Айырып ар-намыстан, күштен, естен,
Кім қылды шала-жансар бір қорқақ құл?!
Көрмейтін көзді көр ғып артты-алды.
Қандай құл бізге молда бола қалды?!
Ойламай қорқақ құлдың тіліне еріп,
Жай жатып, тәуекелге тізгін беріп,
Қайтейін, әсіресе, есіл ерік!
Жоқ енді, жату болмас бос еңбексіз,
Жалбарып: «Жасаған!» деп жас төкпеспіз.
Жаны өлген, жүрегі өлген, мұндар кексіз.
Салқынмен сескендірмек боп ескенін.
«Есіңді жи енді, алаш, тұр!»— дескенін!
Міне, Күн! Сәулесі алтын жерді құшты.
Жарыққа қуанысып құстар ұшты.
Ұшамыз біз де жиып есті, күшті!
ОРАМАЛ
Уға толды жас жүрек.
Бітірем қашан кестелеп...
Мен де бірге сарғайдым.
Жылаймын, күйем, зарлаймын.
Күйікпенен күн өтті.
Қанды жаққа әкетті.
Жүрегі толып дерт-шерге,
Жүр екен жаным жабығып,
Осы күні қай жерде?
Бейне жынның ұясы,
Ың-жың, у-шу сөзі бар,
Түсірмес жарық қиясы.
Қалада жүдеп жүр ме екен?
Жақыны жоқ, жары жоқ,
Жалған оған көр ме екен?
Шекпені оның сұр ма екен?
Күрегіне сүйеніп,
Суықта жаурап тұр ма екен?
Жауға ма, әлде өзіне.
Қайғы шығып жүзіне...
Уға толды жас жүрек.
Бітірем қашан кестелеп?..
Тезірек жүрші, сен де, біз.
Алақандай ақ бәтес.
Ақиреттік жолдасым.
Кестеге сіңді бар жасым.
Көзіне жасыңды іріккенде
Күрсініп ауыр, сәулемжан,
Көзіңді ақырын сүрткенде.
Аралассын жасқа жас.
Сенсің, жаным, ақ бәтес.
Уға толды жас жүрек.
Бітірем қашан кестелеп?..
ГҮЛСІМГЕ
Мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған әйел сұлу.
Азға емес, тым ұзаққа
Кез болыпты — ішіпті у.
Тұрмыс атын тылсым дейді.
Бетіндегі алтын будан,
Періштелердің жырынан,
Жұмақ суы сылдырынан,
Тәңірінің дәл өз нұрынан
Жаратылған періште еді,
Мекені оның ғарышта еді.
Мекені оның ғарышта еді,
Жерді көрді қанға батқан.
Жапан түзде аңдай ұлып,
Елді көрді зарлап жатқан.
Жерге түсті — көрге түсті.
Қақты канат, кезді, ұшты.
Кім зарласа, соны сүйді.
Өлгенменен бірге өліп,
Күйгенменен бірге күйді.
Қара да, ақ та теңіз өтті.
«Кел,— деп,— бepі!»— қойнын ашар,
Тұрмыс — теңіз бір тұңғиық.
Басса басар оған адам,
Жанын сатып, жанын қиып.
Тұрмыс — теңіз сылқ-сылқ күлді.
Сұлу суға кірді де өлді.
Өлді сұлу — тынды жырлар.
Қанды жерге көзін салып,
Көкті ойлап күйіп-жанып,
Қоңырлатқан мұңды әнмен
Көзінен ыстық жасы тамып.
Әдемілік нұр іздеген,
Қиял құлы — мен бір ақын.
Түсіп келе жатып зорға,
Күні кеше кешке жақын
Батқан күннің таңын көрдім,
Сол сұлудың жанын көрдім.
Жүзіндегі жұмақ нұрын
Естіп, көріп, елжіредім.
Қан аралас жасым төгіп:
«Жолым баста, келші!»— дедім.
Жас жүрегім жаралады...
«Періштелер көмген»,— деді.
Бір қарады, кете барды.
Аузындағы мұңды жыры
Жүрегіме сіңіп қалды.
Құбылса да мыңға өмір.
Шын махаббат теңізінен
Жаратылған әйел сұлу!
Тұрмыс деген бір тұзаққа,
Кез болыпты — ішіпті у!
Әйел атын Гүлсім дейді,
Тұрмыс атын тылсым дейді...
ОТ
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Сөзім, қысық көзіңде — от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі — от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Сүйген нәрсе күйеді.
Жымиып өзі жорғалар.
Шоқ қылар да, жоқ қылар.
Мұның аты От болар.
От — сен, тәңірім, табынам.
Бәрі жасық басқаның.
Жалын жұтам — тез тоям.
Теңсіз тәңірім отыма
Әлсін-әлсін май құям.
Құлашын көкке сермейді.
Кейде аждаһа жалмайтын.
Шынында, менің өзім де — от.
Қысылған қара көзім де — от.
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Жалынменен жуғанмын.
Иманым да, арым да — от.
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық — дұшпаным.
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге14 барғам Алтайдан,
Балқанға барғам Қытайдан.
Әлпіден асқар асқанда
Отты Атилла, Баламір
Мен едім. Тағы барғанда
Жолбарыс Жошы, Сүбітай ер
Шалғай-шалғай жер шалып,
Басылдым біраз от алып...
Күн батыстан жел келді,
Қараңғылық қаптады.
Ұяттан әсер қалмады.
Қарын деген таптады.
Күнім, заулап жана гөр.
Күнбатысқа бара гөр.
Енді заулап жанайын.
Күнбатысқа барайын.
Бір шетінен тиейін.
Жалмауыз жауыз баласын
Жалынмен жалап сүйейін.
Жалмауыз жауыз баладан!
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім — күнмін, өзім — от.
Сөзім, қысық көзім де — от.
Өзіме-өзі табынам.
Жерде жалғыз тәңірі — от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.
ПАЙҒАМБАР
На бледнеющий Восток,
Дети скорби, дети ночи,
Ждем, не.придет ли наш
Пророк.
Д. С. Мережковский.
Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Тәңірісін табанында таптаған.
Көгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған,
Түн баласы тәңірісін өлтіріп,
Табынатын басқа тәңірі таппаған.
Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған.
«Қарын» деген сөзді ғана жаттаған.
Сақаусың деп Мұса тілін кескен ол,
Тәңірінің сүйікті ұлы Айсаның
Тітіркенбей ұрттап қанын ішкен ол.
Аллаға емес, әзәзілге табынған.
Әділдікті күткен ессіз қарыннан.
Қабыл ұлы ауызданған қанменен.
Табынатын құр денеге жануар.
Болған емес жұмысы оның жанменен.
Төгілмей ме кемерінен асқан су,
Өлтірмей ме жайылған соң күшті у.
Көзіңді сал — күнбатыста қанды шу.
Күңірене ме, күле ме әлде, әлдекім?
Жылайды да, шулайды да ұлиды,
Бұл кім? Бұл ма — түн баласы түссіз жын
Күңіренеді — бір-біріне үн беред.
Қара түнде көр көзімен не көред?!
Қап-қара түн. Толқынданған қара қан.
Қара түнде өңшең соқыр шұбырған.
Ентелеген кәдімгі Иван есалаң.
Қап-қара түн. Шегір көзді жындар жүр.
Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап түр.
Түн баласы ауыр ойлар ойлап түр.
Ой артынан ойлар келіп кетеді.
Күншығыстан бір пайғамбар күтеді...
Ерте күнде жоқ бар еді, түн туған.
Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.
Отты көзді, отты жанды Гун туған.
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Мен — Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар,
Мен келемін, мең келемін, мен келем,
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
Күншығыстан таң келеді, енді кер.
Күт сен мені, «лахаулаңды» оқи бер.
Көк күңіренед: мен де көктей күңіренем.
Жер жүзіне нүр беремін, Күн берем!
Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер. жыры,
Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
Мен келемін, мен пайғамбар — Күн ұлы.
КҮНШЫҒЫС
Бұл тұруың қай тұрыс
Серпіл.енді, алыбым!
Күңірентіп жерді ыңыраншы,
Көрдің бе қанның жалынын?
Күнбатысты шаң басқан,
Шаң емес, қара қан басқан,
Тарсыл-күрсіл, қанды атыс.
Көп күлем деп өлуге
Жақын қалды Күнбатыс.
Шапшып көкке лепірген,
Жемірілді кемері.
Жан-жаққа сүзіп көз салу —
Қолынан енді келері.
Өзімшіл кеуде кеселдер
Тұншықсын, қанға боялсын.
Қанды батқан күнімен,
Күншығысым оянсын!
Қысық көзді күншығыс,
Болсын соңғы бұл жүріс.
Желкілдеген туменен,
Жер күңіренткен шуменен
Қаласына кірелік.
Құл қылайық баласын!
Жоқ, жоқ! Ашу басалық!
Гүл қылайық қаласын,
Мейірім есігін ашалық.
Айырылып естен шатасқан
Күншығыстың жолына
Салайық, шетсің демейік,
Күншығыстың нұрына.
Күншығысым күңіренді.
Қырағы көзім көреді.
Жер күңіренткен шуменен
Қара бұлт қаптап келеді.
Бұл жатуың қай жатыс,
Жоғал жылдам жолымнан!
Болмаса, қорықсаң өлімнен,
Ұста менің қолымнан!
АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Өміріңше жапа көрген жаттан бауырым.
Тірідей терің тонап жатқан бауырым.
Анамыз бізді тапқан, асау тайдай
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ?
Жүзіміз емес, пе еді жарқын Айдай?!
Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек?
Алтайдай анамыздың ақ сүтінен,
Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек?
Сылдырап, сылқ-сылқ күліп таудан құлап.
Тілесек бір-бір тұлпар бейне пырақ!
Алтайдың алтын күні еркелетіп,
Келгенде жолбарыс боп, жаңа ер жетіп.
Бауырым, мені тастап қалдың кетіп!
Мен қалдым жас балапан, қанат қақпай,
Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай.
Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай?!
Қорғасын жас жүрекке оғы батты,
Күнәсіз таза қаным судай ақты.
Қараңғы абақтыға берік жапты...
Күндіз — Күн, түнде — күміс нұрлы Айды да!
Ардақтап, шын жібектей арайға орап,
Өсірген алтын анам Алтайды да.
Шайлығып қайтпайтұғын жауған оқтан?!
Түріктің жолбарыстай жүрегінен,
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!
ІІІынымен ауырды ма, бітіп халы?!
От сөніп жүректегі, құрыды ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа
Лайық па құл боп түру. Кел кетелік
Алтайға, ата мирас алтын таққа!
ОРАЛ
Бір жағы — күн, бір жағы — түн баласы.
Бергі жағы Түріктің cap даласы.
Күн мен түн арасында «Қытай қорған».
Оң мен Солтүстікке ол мұртын бұрған.
Келіп ем. Алыбымды аңсап-жоқтап,
«Ұйқы — дұшпан» деген сөз дұрыс екен,
Сол Алыптан өтіппін түнде ұйықтап.
Алдыңда иіліп сәлем бере алмадым.
Күзеттегі Алыпқа келе алмадым.
Өлім — түн, өмір — гүлді Гун даласы.
Ұйықтап озбақ ежелден жер баласы.
Бірі — бесік, біреуі — даяр көрің.
Cap даланың еркесі — қазақ елім.
ЖЕР ЖҮЗІН ТОПАН БАССА ЕКЕН
Асқар таудан асса екен!
Таудай толқын құтырып,
Улы көбік шашса екен!
Жапса екен көбік күн көзін!
Жаңды, жансыз жоқ болып,
Қалсам жалғыз бір өзім!
Үн иесі үн шықса!
Қараңғы жердің көгіне,
Күн болып сонда мен шықсам
Жалынмен бәрін жалар
Егі-шексіз дүниеде
Жалғыз өзім қалар ем!
Жер мінезді жоқ адам.
Жаратар ем жаңа адам.
АҚСАҚ ТЕМІР СӨЗІ
Алақанның ауданы!
Бір ауданда көп тәңірі
Болудың тіпті жоқ сәні.
Күңіренсін, көгін билесін!
Жер тәңірісі Темірмін,
Жеріме тәңірі тимесін!»
Тұқымы жоқ, заты жоқ.
Тұқымы — түрік, заты — от!
ТЕЗ БАРАМ
Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым.
Бетім қайтпай өскен батыр баламын.
Асқан дана — ана затым сұрасаң,
Шашып жалын жас жолбарыс ұмтылса,
Қорқақ, құлдар, қалай қарсы тұрасың?!
Суырып қылыш қан майданға барайын.
Жас бөрідей біраз ойын салайын!
Тірілтейін алып атам аруағын,
Тазартайын Сарыарқамның топырағын,
Кемеліне келсін кейінгі ұрпағым.
Алып ата қуды жолын ер балаң.
Тәңір. жазса, сәулетпенен тез барам.
ЖАРАЛЫ ЖАН
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Сәуле емес, қан шашып тұр, күні батқан.
Жан-жақта жүргендей-ақ жындар билеп.
Перілер ән салысып, тұр ма күйлеп?..
Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда.
Қарайды бейшара жан оңға, солға.
Шапшып түр жүрегінен ыстық қаны.
Күңіреніп сол сорлының сарнағаны:
«Ойпырым-ай, алла-ай, жасаған,
Қысылды ғой шыбын жан!
Көл болды мынау аққан қан.
Хал жоқ, қалай тұрайын!
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған-ау, қалай шыдайын?!
Шірі енді, ақ білегім!
Мынау қарға, құзғынның
Бердің-ау, тәңірім, тілегін!
Сарыарқа сайран жерім-ай!
Күмістей таза суы бар
Айдын шалқар көлім-ай!
Сауық-сайран құра алмай,
Қарғаға құзғын жем болып,
Қалғаным ба, бір алла-ай?!
Тоқталсаңшы, ыстық қан!
Зарлайсың ғой жетім боп,
Бесікте қалған балапан!
Қарашығым, жаным-ай!
Құлағыма келеді
Алыстан ащы зарың-ай!
Тоқталсайшы, ыстық қан!
Тұлпарға мініп бір шапсам,
Болмас еді басқа арман!
Тәңірі, өзіңе жылайын.
Жасаған-ау, қалай шыдайын!
Түсті ғой қысым жаныма,
Тұншықтым ғой қаныма!
Салсаңшы құлақ зарыма!
Күштісің ғой құдірет,
Періштеңе әмір ет!
Жазылсын ішкі-тысқы дерт.
Лағнет деп мені жек көрсең.
Келсін ібіліс, у берсін!
Түсірме қысым. жаныма,
Тұншықтым ғой қаныма!
Салсаңшы құлақ зарыма...
Қуан енді, жүрегім!
Не періште, не ібіліс
Келеді ұшып — керегім!..
Сауытта жұмақ суы бар!
(Әйтеуір азап тоқталад),
Не тамұқтың уы бар!»
Қансырап, қанын жұтып кім сарнаған?
Қайғылы cap даланы күңіренткен
Зарына адам шыдап тұра алмаған?
Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.
Оқыған азаматын күткен қазақ.
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!..
БАЛАПАН ҚАНАТ ҚАҚТЫ
(Қара сөзбен жазылған өлең, «Балапан» журналына арналған) Балапан қанат қақты... Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты. Солтүстіктің суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегіне жетті. ЬІзғар өкпесіне өтті. Ұшып орманға барып еді, күні кеше күбірлесіп, күлімдесіп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып еді, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебінін жамылып, тоғай тұрмады... Балапан баспана таба алмады. Балапан қанат қақты... Аштан өлетін болды. Ойды-қырды қар басқан. Бір қылтанақ таба алмады. Тоңып, дірілдеп, аласұрып ұшып жүрген балапанды көріп: «Қорама кір, қолымда тұр, қалған-құтқанымды берермін»,— деп күледі солтүстіктің салқын жүрек, тас бауыр адамы! Балапан қанат қақты... Ойы — жан-дәрмен жылы жаққа жетпек, егіз Есіл-Нұраның тәтті суларынан ішіп, Аралдың ыстық құмын құшпақшы. Терең Балқаштың мөлдіріне шомылмақшы. Алтайдың етегінде «уһ» деп демін алып, Марқакөлдің қаймағында жүзбекші. Балапан қанат қақты...
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Күш кеміді. Айбынды ту құлады.
Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды.
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Нұрлы жұлдыз — бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен — тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
ЖЕР ЖҮЗІНЕ...
Жан емеспін оттан, судан тайынған.
Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.
Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға.
Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма?!
Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер,
Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер.
Қорқар болсам, жұтсын мені қара жер!
ЖАУҒА ТҮСКЕН ЖАНҒА
Дамыл көрмей ерте-кеш,
Жұрттың қамын көп жедің.
Тыныштық жүзін көрмедің.
«Бермеймін жұртым, жаным»,— деп.
«Жұрт үшін төгем қаным»,— деп.
Бас көтеріп, тірлік қыл!»
Ақыл айттың ұлтыңа:
«Таста талас, бірлік қыл!»
Жұрт үшін уайым-қайғы жеп.
«Қара күн алда, бекін»,— деп.
Көздеп тұрды ісіңді.
Алды қолдан күшіңді.
Мейірімсіз өңшең тасбауыр.
Болса да бейнет қанша ауыр.
Қайра өзіңді, дәрмен не?
Уайымсыз, ойсыз жата бер,
Жұрт үшін түстің. Арман не?
Жұртың ойлар: «Бұл қалай?
Тайынба, қорықпа, тартынба!»—
Деуші болар бірталай.
Қайратты жас жігіттер.
Бірін-бірі үгіттер.
«Қоймай қуса қорқақты —
Батыр болар» деген көп,
Батыр ғып, одан не тапты?
Кейінгі жанған жастарға.
Азуын шайнар қастарға.
Жұлдыз сонша жарқырар.
Бір шығар, жерді жарық қылар.
Алтынмен жазар атыңды.
Көрсе жазған хатыңды.
Сені ойлап сорлы жұрт.
Тәңірі, соның түбін құрт!
Саған көк те тілектес,
Бұралған өңшең нәзік бел.
Періштелер жаныңда ес.
Қайғырма, рақат. Анық біл...
Сорлы жұртты оң баста.
Рақмет16 ұшқынын таста!
Көбейсін елде қайратты ер,
Жұрт үшін болсын қара тер.
Жасаған, соған көмек бер!
ТҰТҚЫН
Кеудеде — от, іште — жалын, көзде — жас,
Күні-түні қайғы жұтқан сорлы бас.
Наны қара, шайы қара, қарны аш.
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.
Жақынының: «Ой, бауырымын!» естірмес.
Өз қолымен ұнамды тон піштірмес.
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Бұл жалғанда нелер келіп, не кетпес?
М. Д. АБАҚТЫДАН ШЫҚҚАНДА
Алтын таңды ашық күн жеткеніне,
Қан аралас төгілген көп көз жасты
Тәңірі қабыл, мейірім ғып еткеніне:
Душар болмай дұшпанның мергеніне.
Мың шүкірлік тәңірінің бергеніне.
Жапса да, ұзақ тұрмай жөнін таппақ.
Қамшы тисе, шын жүйрік үдей шаппақ.
Соң туса да, оң туса, қалмас көштен.
Өткір қимыл, ескі үміт, жаңа күшпен.
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
Жолбарыстай қайратты.
Мен жастарға сенемін!
Көздеріңде от ойнар,
Сөздеріңде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар.
Жас қырандар балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
«Алаш»— айбынды ұраны.
Қасиетті құраны.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер.
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер.
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға?
Иман күшті оларда.
Мен сенемін жастарға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
.. ҒА
Жапанда жатыр едік біз оққа ұшып,
Кеудеден таза ыстық қан сорғалап,
Қайрымсыз қара салқын жерді құшып.
Қайрылмай қанат қағып бақ құсы ұшып,
Тас жүрек, көңілі қара жауыз жаудың
Қолынан құлдық, қорлық уын ішіп.
Өмірден енді алдағы үміт кесіп.
Сол кезде ауыр жолға қадам бастың.
Көз жетпес кең, бай Сібір cap даласын.
Түссе де темір шынжыр білегіңе,
Қасіретті, қара күнді жанды сүйген
Қонған жоқ кіршік таза жүрегіңе.
Сол жолда қайғы жұтқан бізді көрдің.
Бауырдай бірге туған қолың бердің.
Жазуға сыртқы, ішкі қалың шерден.
Баладай еркелеткен қолыңа алдың.
Жұбаттың еске салып өткенді алтын.
Болсын деп баяғыдай жүзін жарқын.
Ардақты ер! Ұмытылмас еткен ісің.
Көксеген көп заманнан тілегіңді
Жарыққа шығаруға жұмсар күшін.
ЖАЗДЫ КҮНІ ҚАЛАДА
Тұтқын ғып надандықты байлаған жер.
Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер.
Қалаға шын көңілім бере алмаймын.
Тән рақат, жаным шат боп жүре алмаймын.
Бір еркін дем алдырмас шаңын көрсем,
Әсіресе, өз еркіңмен жүргізбейтін,
Құрылған қолайсыз тар заңын көрсем.
Жүгірген жалаң аяқ шақта бала,
Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар,
Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала.
Есетін солтүстіктен салқын самал,
Апырмай, қандай жауыз тағдыр деген.
Кең дала мұндағыдай емес тығыз,
Сапырып күнде ішетін сары қымыз.
Ақ үйде әзілдескен әдемі қыз...
Даласыз көңіл шіркін тынар ма екен?!
Ежелден еркін заңға әдет қылған,
Тар заңды қала жанға ұнар ма екен?
ӨТКЕН КҮН
Белгілі жұртқа ескі су,
Тәтті, дәмді, тармақты
Ұзын Ертіс, Жетісу.
Қонысы — жібек, ну тоғай,
Айдын шалқар көл еді.
Екі енеге телі еді.
Жұмыртқалап ол күнде,
Жарлы жан жоқ Алашта,
Бай пейілі кең еді.
Кедейде жоқ уайым —
Керек болса бір тайын
Сұраусыз ұстап мінеді.
Жоқ асынан тартыну.
Керсендей үлкен аяқпен
Ұстата саумал береді.
Ұзап кетпес артық іс,—
Бітімге биге келеді.
Есімнің ескі билігі,
Алдында сайрап жатқан соң,
Көпті көрген көне би
Қара жолмен желеді.
Қисыққа құлақ салу жоқ.
Қаз-қатар ғып жегеді.
Бір бұлтармай жүреді.
Абылай сынды ер сұлтан,
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Ақ білектің күшімен
Дұшпанға қысым көрсеткен.
Қара палуан Жәнібек
Жалғанда тумас ер еді.
Жанақ, Біржан, Наурызбай—
Сарыарқа деген жер еді,
Туып-өскен баласын
Еркін шауып ойнақтап,
Тілеген отын жер еді.
Алты алашқа атақты —
Бәрі ақын, сері еді.
Жайлауға ауыл көшкенде,
Ат-айғырға мінгесіп,
Қыз-бозбала жарасып,
Тісі меруерт тізілген,
Белі қыпша үзілген,
Хор сықылды сол сұлу:
Бұйық жатқан кең дала
Бейне бір жаны енеді.
Үй тігіп дереу қонысып,
Бұрала басып былқылдап,
Әзілдесіп, сыңқылдап,
Кереге жайып, уық байлар
Үйден үйге жүрісіп.
Ойға терең бойласам,
Кешегі қайран қазақтың
Сәулеті мен дәулеті
Көз алдыма келеді...
Жүрсің атсыз жаяулап,
Ит надандық желкенде
Шабайын деп аңдып тұр,
Қылышын ұстап таяулап.
Қажымас, талмас тұлпарым,
Басың көтер, тұр енді!
Батқан екен ол күнің,
Өткенді ойлап қайғырма.
Ежелден болмақ емес пе?
Ескіше тұрып егеспе,
Заман — түлкі, тазы бол,
Базарша дүкен құр енді.
ШЫН АЙТ
Гүрілдейді дария.
Бетінде толқын ойнайды.
Көргенді басып,
Жолында жан қоймайды.
Дауылдан ықпай,
Міндік, міне, біз қайық.
Тілекке жетсек,
Сонда біздің шын айт.17
АЙҒА
Аспанда сансыз жұлдыз жарқырайды.
Көремін мұңды, нұрлы толған Айды.
Қайғылы жер жүзіне нұрың шашып.
Жүргендей жол таба алмай бейне адасып.
Үстіңе кигізбек пе қара құрым?
Жоқ әлде қазіргімен жұмысың жоқ,
Қайғыға түсіре ме өткен күнің?
Ажарың бейне күндей жарқын шығар?
Көп жұлдыз — әлде күшпен, әлде іспен
Еріксіз артыңа ерткен халқың шығар.
Еркіңмен құлаш жайып оң мен солға,
Мезгілмен толу, солу билігі де
Ол уақыт емес шығар басқа қолда?
Менде де бұрын бар еді тәж бенен тақ.
Қолыма қонып еді ол уақыт бақ.
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Әне, сол анам еді мені тапқан.
Жүруші ем ертеңді-кеш ылғи ойнап.
Көрмеп ем өмірімде қайғы ойлап.
Бақ-дәулет — алмағаны еш қалмады.
Еңіреген мен жетімге көз салмады.
Мұнысы — көмгені ғой тірі көрге.
Болайық екі мұңдық біз де бірге.
Ас-сусыз мың бейнетпен жол шегейік.
Көл қылып қан аралас жас төгейік.
Жолымыз жылап шеккен оңбас па екен?
Кеше ұшқан басымыздан бақыт құсы
Тағы да қайта айналып қонбас па екен?
ТӘҢІРІ
Әділ деп әр ісіңе көнеміз біз.
Өзіңе ерік тізгінін береміз біз.
Алласыз ешбір іске бастамаймыз.
Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз.
Мінекей, айқын зұлым, қайда әділдік?
Соншама кең рахметтен құр тастайтын,
Баласы алты Алаштың — біз не қылдық?
Зеңгір тау, түпсіз дария, терең сайдан.
Қуылған дәргаһіңнан біз бе шайтан?
Бізге отсыз шөл даланы орын қылдың,
Бақ - дәулет, өнер - білім қырын қылдың.
Біз бе едік ? Көп тебетке жырым қылдың!
Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар,
Әр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар.
Алашқа. Әлде жазғаны бар шығар?
Бақытсыз каңғып жүрген қазақ сорлы,
Әркімге күні кетіп мазақ сорды.
Жалаңаш түйе баққан араб құрлы!
Кеш, тәңірім, сорлы құлға қаһар етпе.
Рақым қыл, біз сорлыны шетке теппе.
Тиген соң ащы таяқ тұщы етке.
ТІЛЕГІМ
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Күшті жалын ішке өтсін,
Ащы, ыстық жас төгейін.
Абақтыда жұтып от,
Өтсін өмірім зарменен.
Сарғаяйын санадан,
Көрісе алмай жарменен.
Жүректегі жалынды от
Зарлатар мені сол уақыт.
Ұшқыр жанға серікті,
Жырлармын мен жан атып.
Зарлы, ащы дауысым
Шырқырар Сарыарқада.
Зарлы жырым жетпей ме?
Қазағыма — қалқама!
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым.
Күйейін, азап шегейін.
Жырыммен жұртымды оятам.
ҚАЗАҚ АЗАМАТЫ
Біреуіне — мен құлың деп бағынад.
Біреуіне — құйрық болып тағылад.
Ылғи түссіз бір сұр нәрсе жамылад.
Азаматқа қонақтық қой табылад.
ЖҰМБАҚ
Еседі жел,
Еседі.
Көшеді ел,
Көшеді.
Бала тұйық —
Екі үнсіз.
Бала — жұмбақ
Шешусіз.
Сап - сары бел.
Жел есед.
Бала — жұмбақ,
Кім шешед?
АЙДА АТЫҢДЫ, СӘРСЕМБАЙ
Ағарып алтын таң атпай
Шығайық қырға, далаға.
Шу – шу - шу...
Келмес едім қалаға.
Таудай болып созылып,
Қала — бір жатқан дәу пері.
Айналасы — тұман, түн.
Дем алысы — от, түтін.
Жарқ - жұрқ етер көздері.
Сасық иіс ауыр тым.
Кейін қарап нетеміз?
Ауылға қашан жетеміз?
Айдашы атты, Сәрсембай.
Күнде сүйгіш, тұрақсыз.
Қылмыңдасар, керілер.
Көздерінің жаны жоқ,
Еркектері — «перілер».
Тамақтан басқа тілек жоқ.
Қорсылдаған «доңыздар».
Жұмақтан артық көрінер —
Оларға сасық үңгір тар.
Қарашы, қанша жұлдыз бар!
Күліп қана жүзеді ай.
Сар даламды сағындым,
Айда атыңды, Сәрсембай.
Сәрсембай - ау, сен неге
Шырқап бір ән салмайсың?
Жетесің туған жеріңе,
Жүрегім, неге жанбайсың? !
Сарыарқамның топырағы —
Менің жаным шырағы,
Кеудемді төсеп жатамын.
Тәтті, кәусар көлінің
Қазір дәмін татамын.
Шықтық па ұзап қаладан,
Айтшы, жаным, ағатай?
Кейін қарап нетеміз?
Айдашы атты, Сәрсембай!
БЕСІК ЖЫРЫ
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым,
Әлди, бөпем,
Ұйықта, жұм көзің.
Қозы, лақтар —
Бәрі де ұйқыда.
Сен — көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.
Балапаным,
Соқсын дауыл, жел,
Болма алаң,
Сақтар, анық біл.
Бәу - бәу, бөпем,
Әлди,әлди - ай!
Сәулем, еркем,
Толарсың сен - ай.
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.
Жорға, жүйрік
Тайға мінерсің.
Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің.
Ерке марқам,
Қысып сүйермін,
Мініп тұлпар,
Тауға кетерсің.
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.
Қыздар көздеп,
Елдер кезерсің.
Сұлу сүйіп,
Үйден безерсің.
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Мен бейшара
Жастар төгермін.
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.
Жас беріме
Қарсы кім тұрар!
Алмас қылыш,
Белге буарсың.
Арыстаным,
Жауды қуарсың.
Өскен елден
Ерге не қымбат?
Жас жолбарыс,
Шаңға, қанға бат.
Қайратыңды
Көріп қарт анаң,
Төгіп жасын,
Тілер: « Бол аман! »
Күтем, күйем,
Көрсет, ием,
Сол алтын күнін...
Қозым, құлыным.
Қарашығым - ай!
Әлди, бөпем, Әлди, бөпем,
Әлди,әлди - ай!
ҰЛАН
— Неге ойлайсың, құлыншағым?
Жассың, ойға әуес болма.
Ұлғаярсың, өзі - ақ басар.
Жастық — күліп - ойнар шағың.
Жүр ғой шауып құлыншағың!
— Жоқ, бармаймын, апа, малға,
— Шерің болса, домбыраңды ал.
Домбыраңды ал, ән шырқап сал.
Талып жұтсын тәтті улы бал.
Беттеріңнен қан тамып тұр.
Тал қызығады бойына тал.
Бір қара көз болмай ма жар?
— Қарамаймын, aпa, жарға,
— Сені тапқан мен анаң ғой,
Алыс жолға кетсең, қозым,
Күтіп, күйіп мен жанам ғой.
Сағынып сені сарғаям ғой.
Кетпе алысқа, қой, балам, қой!
—Ренжіме, aпa, күтпе, жанба, Кетем, алыс, шығам аңға.
Жолаушылық — желге таң ба?
Малың, жарың, туысқаның
Байлау болмас жүйрік жанға!
Жау кез келді жалғыз жанға.
Ұлан өлді батып қанға,
Ұлан өлді батып қанға,
Тыныштық тапты acaу жан да.
ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖЫРЫ
Желкілде желмен, айдарым!
Қолымда найза көк болат —
Ерлігіме айғағым.
Жарайсың, қаным, қайнадың,
Ұлтымнан мен садаға,
Бекіндім, басты байладым.
Ежелден жаудан таймадым.
Нажағай — өзім, жайнадым.
Өлімменен ойнадым.
Желкілде желмек, айдарым.
Басымда найзам — сайғағым.
Ерлігіме айғағым.
Желкілде желмен, айдарым!
БАТҚАН КҮН, АТҚАН ТАҢНЫҢ ЖЫРЫ
Күйдіріп көктің жиегін.
Болдың ба иіріп жібегің?
Құралай көзді қарағым,
Қолына қардай бәтесті ал.
Ақ бәтеске өрнек сал.
Алтын Күн ақырын өледі.
Қан жылап күнді көмеді.
Күн . Өлді. Көк күңіренді.
Жер жамылды қарасын.
Кестеңді қашан боласың?
Судай сұлу сәулетай,
Бір қарашы Аңсадым.
Сүйреңдеген саусағың.
Кірпік пе? Қара жібек пе?
Бір қарашы, қарағым,
У толды ғой жүректе
Сүйрі саусақ бізбенен!
Нең кетеді, еркетай,
|Өлтірсең атып көзбенен?
Болсын көзің кергіште.
Ақ бәтесті кестеле!
Жер жарынан айрылған
Жамылды қара басына.
Жіберші жақын қасыңа!
Қараңғылық қаптады,
Қайғы ма басқан,түн бе екен?
Жел ме? жүрген жан ба екен
Қабағың шытпа, қарағым,
Жаныңа жақын келейін.
Не деп жаздың, көрейін!
Тым жақындап бармайын,
Жырақтан жарар көз салсам.
«Ел үшін әл, ер болсаң!»
Құралай көзді қарағым,
Жарылады - ау жас жүрек!
Қар үстінде қан жібек.
Өмірді аяп не етейін!
Сүйріктен сұлу саусағың,
Мен садаға кетейін!
Ағарған анау таңы ма?
Ақ бәтестің бетінде
Жүрегіңнің қаны ма?
Өлесің, жүрек, дүрсілде!
Құралай көзді қарағым,
Кестеңе қарап күрсінбе!
Мені есіңе алғайсың!
Енді бәтес бетіне:
«Иманды бол!» —
деп жазғайсың.
Алтындап көктің жиегін,
Құралай көзді қарағым,
Иіре бер жібегің!
СҮЙЕМІН
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің — сұп - сұр көр.
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар.
Сол анамды сүйемін.
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Білгені — қазан - ошағы.
Жабайы ғана жарым бар.
Сол жарымды сүйемін!
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Сол елімді сүйемін!
Сағым сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс — ақ кебін, жаз — сары.
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі елік сахрасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Сол Арқамды сүйемін!
МЕН КІМ?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Ерігемін — толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың.
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін. Менікі де өлмейді.
Надан адам елім жоғын білмейді.
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Мейірленсем — сегіз жұмақ қолымда.
Қаһарлансам — тамұқ даяр құлыма.
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!
Өзім — тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім — құран, бағынамын сөзіме!
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
МЕШІТ ҺӘМ АБАҚТЫ
Әкетай, мынау не үй ұзын мойын,
Тым ірі, ұлық ұстап тұрған бойын?
Басына шыққан адам білер еді - ау,
Сырын айтпас қаракөк көктің ойын.
Тыныштықта қасиетті кім қалады?
Биікте көк күңіреніп сыр айтқанда,
Бақытты кім көзінен жас тамады?
Бұл үйді мешіт дейді, құлыншағым,
Ерігіп, қуған болып ата заңын,
Анда - санда домалап бармағы үшін
Салдырған өзіне арнап, «жуан қарын».
Былғанған бұзықтықпен ұят - арын.
Азанмен құттықтайды қарын таңын.
Көргің келсе, барып көр мал базарын.
Әкетай, анау не үй түсі суық?
Жанына жібермейді жанды жуық?
Терезесі темірлі, көр — есігі,
Тас қима, темір қақпа, шойын құлып.
Тым - тырыс. Жалғыз - ақ жел тұр ғой ұлып.
Кім жатыр екен, әке, тірі өліп?
Әке:
Жиһанда бір жас жан бар, қиял аты.
Мәңгі ойнайтын, сөнбейтін сәуле заты.
Меруерттен тізілген қос қанаты.
Жас қиялдың ежелден бар мұраты.
Адамзаттың жоқ оған жақын - жаты.
Тәңірі бар — бір ғана қиял аты...
Адам — доңыз, еменнің тамырын жер.
Сонау үйді салған ол : болсын деп көр.
Қабақ түйіп, терезеге қойған қарап?
Есалаң малданып жүр, қиялды ұстап:
«Тарихтың таңында, — деп, — қойдым қамап!
Жиһанда ақ қанатпен ылғи жүзбек.
Тоқтаусыз көк үнінен әндер тізбек.
Ашуменен түйіп тұр ол қабақты.
Ақымақ деп болмай ма адамзатты?!
МАҒАРРИ СӨЗДЕР
Бағаланбай, қырын көзбен қаралар.
Қарсы болар ауылында ағалар!
Жарты жан боп, сорлы болған соқырға,
Тілін алып, таяғы алдан жол бастар.
Ерсе досқа, таршылықта ойқастар.
Оңашада нәпсі артынан жүрмесін!
Бөрік киіліп, сандықта қап сәлделер,
Жасырынып бұзық жерге кірмесін!
Өзіңді өзің алдама!
Әдейі қойсаң онан да
Көп жақынсың аллаға!
ҚАРАҢҒЫ, ДАУЫЛДЫ ТҮН
Патшалық құрған өлім айналада.
Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»
Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,
Соқса да жел долданып, өршеленіп,
Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп.
Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар.
Жарығы болмаса да жан таң қалар.
Айбынды Күн мен Айға дәл парапар.
Тең таппай кекеп, мұқар сансыз пандар.
Қайрылып қарамасын, «қап!» демеймін.
Табылар шыраққа көз салар жандар.
КӨБЕЛЕК
Қарамай сорлы алды - артын.
Күйдірер деп от - жалын.
Жүрер де бір уақ ол қонар.
Күйдірер де, тез тынар.
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық — алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Көбелектей күйерміз.
Күлден кебін киерміз.
ЕСКЕНДІРДІҢ МҮЙІЗІ
Сырыңа, құрбым, берік бол!
Күбірлесе - ақ ауызың,
Әкетер қағып жүйрік жел.
Ескендір атты хан болған.
Көргені қызыл қан болған.
Жеті ықылымды билеген.
Түссе де отқа күймеген.
Дүниеге енді туа ма?
Алып адам денесін
Сынап - мінеп бола ма?
Екі мүйіз болыпты.
Ол жасырып жүріпті.
Екі мүйіз — нысана!
Жабайы жұртқа көрінсе
Қасиеті қала ма?
Ескендір ер жасынан
Алмайды екен еш уақыт
Дулығасын басынан.
Талай заман көшіпті
Арыстанның жалындай
Жалпылдап шашы өсіпті
ІІІарап ішті, балбырад,
Шашын біраз кесуге
Шаштаразды алдырад.
Дулығасын алады.
Қорқып - сасып қалады.
«Қорықпа, құлым, бері кел!
Тұрам десең дүниеде
Аузыңа бірақ берік бол!» —
Күндер, айлар өтеді.
Мынау сыр бірақ өртеді.
Сөйлегісі келеді.
Сол сағатта - ақ өледі.
Барады жанып, іш күйіп.
Жатты келіп еңкейіп.
Күрсініп бір уhі деп:
Ескендірдің мүйізі!..»
Деді ақырын күбірлеп.
Қоя қойып сыбырды,
Түре қойып құлағын,
Тыңдай қалды күбірді.
Қамыс темен иілді.
Тұнжырады, күйінді.
Елбелектеп жел келді.
Жаратпады келгенді
Жаратпаса, желге не?
Ерегісті жынды жел, —
Сына жаздад бұраң бел.
Жел өндірді у жырын.
Біліп алды бар сырын.
Қоштасып сүйіп, сыбырлап:
«Ескендірдің мүйізі!» —
Деп жөнелді жыбырлап.
Жүгіруден талмады.
Білмеген жан қалмады.
Баяулады, басылды.
Дар ағашқа асылды!
Есін болса жолдасым,
Бола көрме шаштараз.
Болуы анық дос араз!
ӨТКЕН — АЯУЛЫ
Өткенді мақтар әр адам.
Болмаса, мақтау өткенді
Адамзаттың салты ма?
Қариялар отырып,
Баяғыны мақтайды.
Оларға тіпті - ақ жақпайды.
Тура, әділ, жақсы да,
Аспаннан пері түсірген
Ғайыпты болжар бақсы да.
Шеше де өлген баласын
Аузынан, сөйлеп, тастамақ
Көз ішінде қарасын.
Ақылды да ол бала.
Пәлен деген — ол дана.
Жаңаны мақтар санаулы.
Әйтеуір өткен — аяулы.
ҚҰРБЫМ
Қылғанға адал еңбек зейнет жері.
Қиналып, маңдайыңның ақпай тері.
Деп жатпа: «Алма піс те, аузыма түс!»
Бейнет, еңбек қылмасаң босқа өлгенің,
Құрғақта қайық жүрмес, үмітіңді кес!
АДАСТЫМ
Тақтақ жалғыз қара жол,
Кетіп бара жатыр ем.
Отсыз, сусыз бетпақ шөл,
Мың мехнатқа батып ем.
Үмітім - алтын айдан да ақ,
Сонымен ойды жоюшы ем...
Әлсін - әлсін ән салып,
Өлеңдетіп қоюшы ем...
Қып - қызыл қан - ту шықты
Жердің жүзін түн басты.
Бәрі тырдай жалаңаш,
Жан - жағымды жын басты.
Ыржиысып күлісіп,
Ән жер, мін жер жылт - жылт оқ.
Жындар жалп - жалп секіред...
Қара жолдан сүрлеу жоқ.
Алдымда жолым бар еді,
Ел де жоқ, қазір, жол да жоқ...
Жылама, жынға жалынба,
Таң атқанша күн де жоқ.
БОСТАНДЫҚ
Кебігі шығып аспанға,
Жын жолдас боп адамға,
Туралық, теңдік ұмытылып,
Жатқанда жерде — табанда.
Жүрегі қара тас болып,
Айрылып естен адамзат,
Ұмытып мейрімді иесін,
Тәңірісі боп Лат, Манат
Жүргізіп ібіліс әмірін,
Жауыздық жайып тамырын,
Өршіп өтірік, дұшпандық...
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық.
Кәусар жібек сөзі бар,
Әдемі, алмас ақ қанат.
Ынтасы — жақын көрмегі,
Таңырқады анталап.
Ақырын ғана дем алып,
Құрметпенен тұрысты.
Аш - жалаңаш сорлылар
Қуанысты, күлісті.
Жұмақтан да қуылған,
Адамзат бір әуреде.
Әбден бойы үйреніп
Алғаннан соң сәулеге
Баяғысын бастады,
Ұжданды былай тастады.
Бостандықта жоқ жұмыс.
Сел боп ақты қызыл қан.
Өтірік, талау, өлтіріс.
Арамдыққа асықтар
Жетілді, жетті мұратқа.
Қорсылдаған доңыздар
Көктен келген қонаққа
Тілін, қолын тигізді,
«Сасық сайтан» дегізді.
Жауыздық тағы өрледі.
Қасиетті қонақтың
Ақ қанатын кірледі.
Қорсылдаған доңыздар,
Тілегің болды — қуан, күл.
Кетпекке ұшып ғарышқа
Ақ қанатын қомдап тұр.»
ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ АҚЫНЫ
Қарандашты жалаймын.
Сөздерді іштен санаймын.
Бітірмей жазып, тұрмаймын.
Ақырын Феттен ұрлаймын».
БІР БИГЕ
Түрленіп қапты үйіңіз,
Тым - ақ тәуір күйіңіз,
Байқаймын, мол ғой тегінде
Алатын елден сыйыңыз.
Тамұқта мәңгі күйіңіз!
КӨК ТЕКЕ
Деді де бір: «Меке - ке!» —
Шықты секіріп қораға.
Қарнын керіп талтаңдап,
Қаза айдаса, бола ма?
Керді Теке көкірек,
Сүзейін деп ойлады.
Тұқырып басын секірді,
Қора ішінде құлады.
Мінілмеген құр еді,
Жаңа ұсталған үйірден.
Бірдеңесі бырс еткен,
Тепті келіп бүйірден.
Тастай тұяқ тиген соң,
Көк теке мал бола ма?
Айыр сақал көк теке
Қалды сұлап қорада.
ТӨБЕТ
Жуан қарын тап - тапал
Асырады бір төбет.
Шамасы кемін білсе де,
Ойы болды: «Кім білед...»
Қушық шеке, қайқы бел,
Тып - тып төбет жүреді.
«Қолынан бір не келер!» — деп,
Мұртынан Сәрсен күледі.
Дамыл алмай барқылдап,
Үргенін көріп қуанды.
Кім бар маған келетін!» —
Білекті Сәрсен сыбанды.
Уақыт күзге таянып,
Қараңғы бір түн болды.
Үйін - күйін тапсырды,
Төбетке бір сын болды.
Бет алдына барқылдап,
Үріп төбет жүр еді.
Сәрсекем де жатпай - ақ
Қотанға құйын келеді.
Тас түйін боп жиынды,
Дүркіреп қойлар үркеді.
Төбетте дән дыбыс жоқ,
Тапты тапал күркені.
Көріп Сәрсен күркілдеп,
Қотанға қарай жүгірді.
Бұғып жатыр шіркіні,
Төбетінен түңілді.
Қарғаны сұңқар қылам деп,
Талайдың ісі шала ғой.
Жуан қарын тапалға
Сенген Сәрсен — бала ғой!
ЖОЛДАСҚА
Қиқу салған, лепірген,
Кетті ме әлде жын соғып,
Аузың мұнша көпірген!
Қарын дейсің жалғыз - ақ.
Болма, жаным, жапалақ.
Енді не бар? Доңыз ба?
Адамсың ғой сен енді,
Ұқсама шын доңызға!
Жүр қорсылдап қорада.
Жаныма бірақ жолама.
Мен киелі Алашпын.
Іргемді, сасық, ластама.
Бар бұзыққа, басқаға.
Сала алмассың бір тап та.
Бөле алмассың тап - тапқа.
Тәңіріге жалғыз ұсармын.
Сасықты сендей басармын.
Оған, сірә, түкірме.
Басыл, жаным, көпірме.
ТОҚАЕВҚА ЕЛІКТЕУ
Татар алад, татар сатад: құран, арақ, таспих, тарақ.
Әй Қазан, қорсыз Қазан, құтсыз Қазан, нұрсыз Қазан.
ӨЛЕҢНІҢ ҰЙҚАСЫ
Ойға терең — «бойлаған»,
Есалаң, уға — «тоймаған»,
Қажып бір ойын — «қоймаған».
Өлгенше үміт — «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз — «тойлаған»,
Жалықтырды — «ой» да «қан»...
ДОСТЫҚ ҺӘМ КӨЗ ЖАСЫ
Шын - шын достар — екі мас.
Төккізіп көзден ыстық жас.
Ауру адам — адал дос.
Ауырсаң ғана жүрек бос.
Дені cay адам — бейне тас.
Төкпес ол көзден ыстық жас. «Шын дос боп ыстық жас төксін», — .
Не болмаса тәңірден
Ауру бер деп тілей кер!
БҮГІНГІ КҮН ӨМІР, ӨЛІМ — МЕНІКІ
Адам өмірі — тағдыр ойыны. Біл де ойлан!
Есіл жастық ескен желдей гуілдеп,
Әлі - ақ кетер жүректен — от, күш — бойдан.
Сүмбіл қара шаш селдіреп қуарар.
Тамырларда сасық сары су ағар.
Аз өмірде естен кетпес азабы.
Болып, өзі тілесін деп қазаны!
Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын,
Жалмауыз жер мейлі жұтсын, тоймасын.
«Тез» деп күтіп, тісін шықыр қайрасын.
Не қылса да, өлімнің өз еркі.
Жындандырад мені сұлу көркі.
Бүгінгі күн өмір, елім — менікі!
СЫРЫМ
Көрген адам талай деген: «Есалаң!»
Мен қайғырсам, орнатамын қиямет.
Жас баламын — тағы да тез жұбанам...
Жылағанда қап - қара қан төгемін.
Досым болса, жолында оның өлемін.
Мен сүйемін жан - денесін бергенше.
Қысып сүйем құшағымда өлгенше.
Ол күледі, мен де есалаң күлемін.
Ол жылайды, мен де жасым төгемін.
Өлед әйел, мен де бірге өлемін.
Тағы көрем. Тағы күлем. Тірілем.
Есім шығып тағы тұзаққа ілінем.
Тапыл - тапыл, дамыл - дамыл сүрінем.
Жел сөзбенен шабақ аулауға ойлаған.
Жүз күйсе де қармануын қоймаған.
Деп көпіріп, зор тәңіріге шабынам.
Сол тәңіріге жасым төгіп жалынам.
Бояу деген ойымда жоқ, жоқ сырым.
Ерініңе күлкі келді-ау, қыртылым!
СҮЙ, ЖАН СӘУЛЕМ
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.
Балқып денем барам еріп деміңнен.
Тарқат шашың, жатсын жібек оралып.
Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып...
Тісің — меруерт, көзің сәулем, құралай.
Сұрамаймын енді ұжмақ — жақсы жай!
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!
ТӨГІЛГЕН ШАШЫ
Керілген маңдай да.
Бейне қар — мамық ет,
Кез келсең мұндайға.
Бір ғана сүйіп,
Өлсең де болмай ма!
КҮМІС НҰРЛЫ АЙ
Сыбырласып жас қайыңдар бұраң бел... «Қан қайнады. Жас жүрегім ойнады.
«Сен сүйерсің, мен күйермін, жанармын,
Құшақтарсың — мен есімнен танармын.
Жүрегімде от, жылай - жылай қалармын!»
«Сүйші, сүй!» деп сыбырлап тұр жас терек,
«Құшақта!» деп асығып тұр жас жүрек.
Келіп тұрмын, енді, сәулем, не керек?»
«Түсу қиын ұшар құстың ізіне,
Сене алмаймын жас теректің сөзіне,
Бойым балқып, көзім түссе көзіңе...
Ыстық құшақ, отты сүйіс, балды тіл...
Бірдеңе деп күбірлейді жібек жел.
Айтып қойсаң, амал қанша... өзің біл!»
ШОЛПЫ
Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Қанымды қайнатты құрғыр.
Күлпара талқан боп сыңғыр!
Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Өзекті өртеді құрғыр.
Сұлу қыз санадан солғыр!
Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Жүректі жандырды құрғыр.
Сәулем, періштем, тез кір!
Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Есімнен - аудырды құрғыр.
Жаным - ай, жақында, қол бер!
Сылдыр, Сылдыр. Сылдыр...
Сыбырға айналды сылдыр,
Сылдыр... сылдыр... сылдыр...
СЕН СҰЛУ
Жарқ - жұрқ еткен майда нажағай сұлу:
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Хош иісті, түрлі - түрлі гүл сұлу.
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Сылқ - сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу.
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!
БІРАЗ ФЕТШЕ
Бәрі — тың.
Жайнаған.
Екі мас.
Көзде жас!
Сүттей Ай.
Бұлбұл,
Гүл - гүл.
Екі жан.
Ыстық қан.
Жан ессіз.
От сүйіс.
Тынған.
Сылдыр.
Гүлдер.
Сыбыр.
Тұман.
Таң, таң...
N-ҒА
Есімнен неге шықсын соңғы сөздер?
Күндіз - түн жатсам - тұрсам көз алдымда
Улаған жүрегімді қара көздер.
Еркі жоқ, толқын айдап жүрген кеме,
Жайнаған жемісі көп бір аралға
Кез келсе, тастап оны кетсін неге?!
Кеткенде толқын оған не береді?
Дауыл мен толқын сыры белгілі ғой,
Дария да домалатып төңкереді.
Өмірде ащы - тұщыны ерте білген,
Алысып долы дауыл, толқынменен,
Теңізде талай аунап төңкерілген.
Көп улап, көп уланып, күйініп ем,
Желдей жынды жүректің екпінінен
Майысып, сына жаздап,иіліп ем.
Иманнан айрылғалы тұрған кезде,
Жасаған Жебірейілін жіберді ғой,
Жолықтым сен сәулеме — нәркес көзге.
Жаныма жарық берген алтын таңым,
Тілекке қасиетті бірге ұмтылар,
Жолдасым, сен — құраным, сен — иманым.
Сұм тағдыр ойға - қырға тентіретті.
Қасірет жүректі жеп, жанға жетті.
Дауылы ұлып тұрған, бораны ойнап.
Сенімен бірге жүрген күндерді ойлап...
Салқындау апрель - май арасы еді.
Алтын Күн батуымен талас еді.
Қыс бойғы хаттардағы сөздерді аштық.
Тайынбай махаббатқа қадам бастық.
Есімнен бір минут та шықпас - ау еш,
Түкпірде, кең бір аулақ кабинетте
Ішінде «Алтын мүйіз» өткізген кеш,
Қызсаң қыз, орны келсе, әдеп бұзба.
N - жан, кім бар еді жанымызда?
Есімде... бір қыз бар ед ойлар басқан,
Бетінің солған гүлдей қаны қашқан,
Қайғыға қайнар ашу араласқан.
Кім білед, тәңірі бағын ашпады ма?
«Сүйем!» — деп әлдебіреу сүйіп жүріп,
Жалт беріп бейшараны тастады ма?!
Лебімен сүйіскенде күйдіре алмай,
Өткен бе бар өмірі тайғақтықпен,
Айтуға жүрек сырын тілі бармай?!
Тайынбай дұшпанына у бере алмай,
Жолдасы жауға шабам деп келгенде,
Қолына қанды найза, ту бере алмай.
(От пен су бұл жалғанда бола ма жар?)
Омбыдағы ресторанный аты(«Золотой рог»)
Бір жігіт сүйіп жүріп сүймей кетсе,
Не десең де бұл істер саған дайын,
Несіне енді оған аялдайын...
Белгілі, жан емес қой қарапайым!
Иірілген бұйра толқын шашы қандай,
Иығына екі жылан асылғандай.
Қандай сыр болса - дағы жасырғандай.
Мінезі майда жібек, сөзі балдай.
Не керек! Адамзатты біледі алдай!
Белгілі, болған шығар талайлар жар,
Халық тегіс жалған айтса, тәңірісі бар.
Интернациональный жүрегі бар!
Қытайдан Карпат қаша жеткен жүрек,
Қарпат, асып Атласқа кеткен жүрек,
Француз, чех... бәрін өз еткен жүрек.
Әнші, ақын, мүшелері құрылтайдың.
Соловьев!» деген сөзге нана алмаймын.
Қалайша оны сүйер осындай жас?!
«Жаншылып»1 деген сөздің әйтеуір
Он үште астын сызып қоюы рас.
Отыр ғой қара мұртын сылап, бұрап.
Алайық біз азырақ содан сұрап.
Көшесін күзетуші ед таң атқанша.
Мұртына күректей боп мұз қатқанша.
Айта ма сұлуға ол сөзді түйреп?!
Күрсініп, көзін сүзіп жүрген кезде,
Қадалып бір «сары маса» қойса керек.
Ежелден біреу буға, біреу шуға...
Бұл «граф» өзіміздің анық тума.
Өзі таныс, қонысы тағы жақын.
Құмар болды көтеруге «граф» атын.
Сөйлетіп қоя берсең, сөзге тақ - тақ.
Күлкісі күміс сылдыр, емес сақ - сақ.
Қайдағы әдемі сөзді алған жаттап.
Жиында иіледі, бүгіледі.
Балаларды ойынқұмар күлдіреді.
Тағы да «Аля» деген сөз біледі.
Күрсініп бір қыс бойы күюі рас.
«Графтың» құлағына тиюі рас.
«Графтың» құлағына - тиген талай.
Себебі «графты» разы қылу оңай.
Қолымен бір сиырдың тілін беред.
Оншасын мсье «граф» өзі біледі,
Айналсын қолға, тілге, яки басқа,
Қалайда «графтардың» жөні басқа...
Дембелше жігітіміз бұйра шашқа?
Талай ел қонып, жайлап көшкен жерден,
Еркімен ерке желдер ескен жерден,
Көрісіп, есенсіз бе дескен жерден?
Иіліп сыбырлайды құлағына,
Қарайды көзін алмай тура ғана.
Қылмақ па героина драмаға?
Дариға, драмалар, драмалар!
Толып тұр драмаға абдыралар.
Өткізген ұйқы көрмей есіл түндер!..
Тағы да есебі жоқ комедия,
Жетті екен бәріне қалай қара сия?!
Дүниеде драматург ат бермесең,
Қыла гөр ақиретте жүзін зия.
Жолдасым қараса да жарып ішім...
Ұмытып кете жаздым ғой «Мүйіз» ішін.
Деп ойлап, есіме алдым, ашуланбас.
Ашуланса, бастары да аман - болмас...
Денеге у жайылып, қызып, күйіп,
Жұрт көзі екеумізден ауған кезде
Қойып ем бауырыма қысып - сүйіп.
Білдірмей, ыстық қысып, қол қостайды.
Көз - қолың — біреуі де ұйқаспайды.
Жүрегің сол минутта жарылғандай!
Кезінде от аралас жас мөлдіреп,
Сенделіп тұрғандайсың халін қалмай.
Көзіңе ешбір нәрсе көрінбейді.
Жас жарың жас киіктей дірілдейді.
Аузыңнан дәл осылай бал алғаным.
Мен - дағы сол балыңа қана алмадым...
ЕС КІРГЕН СОҢ
Бұртаң - бұртаң, Жыртаң - жыртаң.
Көрмеген мен — көбелек.
Ессіз мастық,
Не айла бар? Бетім - ау:
Жансыз жанды,
Соны да сүйдім дедім - ау!
СҮЙГЕНІМ АНЫҚ
Қолымды бердім:
«Сүйем сені, сұлу қыз.
Сүюім анық,
Куә болсын көп жұлдыз! —
Дедім де тілден,
Қысып сүйе бастадым.
Қойныма кірдің,
«Кет!» — демедің, қашпадың.
Мөлдіреп көзің, -
Тақадың сен бетке бет.
Күндізгі күштен,
Тиіп ыстық етке ет...
Тұра ма тұлпар,
Бір жерде ылғи шаң жұтып?!
Жел едім, ұштым,
Кетіппін сені ұмытып.
Қолыңды беріп,
Қайғыменен қарайсың:
«Сендім мен жазған,
Алдадың!» — деп жылайсың.
Алдағаным жоқ.
Арбағаным жоқ.
Тап сол сағат
Сүйгенім хақ,
Куә мынау көп жұлдыз!
ХОР СИПАТТЫ ҚАРЫНДАС
Оттай сұлу ыстық жас.
Бұғақтан бір сүйейін!
Мен - көбелек, сен бір шам,
Өзі келген мен құрбан,
Сүйейін де күйейін!
ЖАС СҰЛУҒА
Сылдыраймын, сүйемін.
Шапшып көкке тиемін.
Көп қарама, жас сұлу.
Алып кетер ағын су.
Алма ернің елбіреп.
Отты ойыншы дос біліп.
Мен ақынмын — жел жүйрік,
Гуілдеймін, ұшамын.
Көрінген гүлді құшамын.
Желге сенбе, жас бала!
Сыбырлар, кетер ұрланып,
Шын жары оның — cap дала.
(Елжіреу сонша не керек?).
Балыңнан татса көбелек..
Жүрекке жүйрік жел кірсе.
Жүрекке ауыр шер кірсе.
Құшақтама белімнен.
Сүйгізбеші тіліңнен.
Сүймеші, сүйме, сұраймын!
Мен ақынмын тұрлаусыз,
Жырлаймын да, жылаймын!
Г...ГЕ
Гүліңмен жібек жұбатпай,
Жеттің де тез өттің, жаз.
Айдын да құрып суалған.
Өң мен түстей перизат,
Көріндің де, болдың жат,
Жандырдың, міне, жанымды.
Көбірек көрсем деп едім,
Көк есігі жабылды...
КӨҢІЛІҢДІ АШАР
Жалынды басар,
Жоқ жаныңда жолдасың.
Дерт басса қаулап,
Жұбатар қиял — мұңдасың.
Бейне бал сөзі,
Жан жарыңмен тұрасың.
Жалындап тілден
Сүйіскендей боласың.
СӘУЛЕ
Сарғайысқан екі жас,
Әлдеқалай тура кеп,
Көріседі — көңіл мас.
Бір - біріне қарайды.
Жылы у бойға тарайды.
Денелері балқыды.
Жүрек жанды, шалқыды.
Өртегендей жүздерін,
Енді дене күйгенде —
Ашты екеуі көздерін.
Түс алдайтын жау ма екен?
Бір - бірін түсте сүйсін деп,
Ойнап сүйген сәуле екен.
Қайта тағы жұмып көз.
Жатты жамылып сұлу қыз.
Жігіт «Уһ» деп дем алды.
Сәулеге алтын қуанды.
ЖӘМИЛА!
Мұнша неге жүдедің?
Бетіңде тамшы қан жоқ қой,
Жаралы ма жүрегің?
Жәмила!
Себебі не? Жалғанда
Серпіліп, ойнап күлмейсің?
Тыншып бір ұйқы көрмейсің?
Жәмила!
Кеудеңе от толды ма?
Уһілеп Айға қарайсың.
Жұлдыздар неге санайсың?
Жәмила!
Шапаныңды бүркеніп,
Күрсініп ауыр күңіреніп,
Айтқаның зар ма, я ән бе?
Жәмила!
Айырды ма жарыңнан?
Сарғаймашы, бауырым,
Бітесің ғой зарыңнан.
Түскен мынау жүзіңе
Қасірет пе, яки шашың ба?
Қайғылы қара көзіңде
Жәмила!
Бетінде анау таңба не?
Ah... имансыз ол хайуан!
Бұдан басқа не хайлан?!
Жәмила!
Қасіретті, сорлы қарындас,
Жыла, бауырым; төгіп жас,
Мен де бірге жылаймын...
Жәмила!.. Жәмила!.. Жәмила!..
ҚАЙҒЫЛЫ СҰЛУҒА
Көркің хор, періште еді сенің жаның,
Ойлаушы ең күні - түні көк аспанын.
Мезгілді орын ғып ең бұл жалғанын.
Жанашыр ата - ана һәм ыңғайын,
Көзі жоқ кеудесінде өңшең соқыр,
Бір көрді сені адаммен қарапайым.
«Қара тас, мәңгі өлік, құрбың» — деді.
«Құр енді, жануарым, тұрдың» — дейді.
Қазаққа қыз арқандау таң болмады,
Жан - жаққа мұңды көзбен қарасаң да,
Сен үшін жанын қияр жан болмады.
Шекпе азап, жауыздардан енді құтыл.
Көкке ұш, асылыңа қайт, періште бол!
ГҮЛСІМ ХАНЫМҒА
Әр жерде өткізсек те өмір таңын,
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды аласұрып неге жаным?!
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін!
Гүлсім — Күн, көкте ақырын жүзе білед.
...ҒА
Қайғы - қасірет тасып бастан асқан күн,
Жан - жағымнан жылы жүзді жан таппай,
Жақын жандар қастық уын шашқан күн.
Жан - денемді жылан - шаян шаққан күн,
Жапан түзде қара түнде жалғыз қап,
Қан дария боп көздің жасыт аққан күн.
Сусын беріп, жастық қойдың басыма.
«Жаным құрбан, жасыңды тый, жасыма!
Мәңгілікке, міне, қолым беремін,
Тағдыр оғын көтермекке көнемін.
Жан жолдаспын, өлсең бірге өлемін!»
Дедің де сен күліп жолым бастадың,
Жауын, дауыл, оттан, судан қашпадың.
Міне, азырақ есім жия бастадым...
Кім біледі, айырса егер сұм жалған,
Жүргенімде жер жүзінде тірі боп,
Бағынатын, табынатын сен — Аллам!
ДОМБЫРА ДОМБЫРА
Түн. Біз шешініп жатқанбыз. Шам сөндірілген. Үй іші қара көлеңке. Шаңырақтың жабылмай қалған шетінен оң жақ босағада құрулы ақ шымылдыққа түсіп тұрған айдың сәулесі ақырын ғана дірілдейді. Шымылдық дірілдегендей... Жанымда қатар жатқан жігіт домбыраға бір күй тартып жатыр...Екеумізде де сөз жоқ... Жалғыз домбыраның ғана үні естіледі... Адамды қалың ойға батыратын, белгісіз қорқынышқа түсіретін жат, ауыр бір үн. Өзеннің қараңғы түнде салмақпен сылдыр қағып аққанындай, жаздың желді түнінде, көлдің қамыстарының қорыққан секілді, біріне - бірі тығылып сыбырласқанындай... Ағаш жапырақтарының дірілдеп, күбірлескеніндей. Кейде домбыра ауру адамдай ыңыранған сықылды да болады. Ол қайғырады...зарланады... Маған алыстан талып бір дауыс естіледі... Мұңды бір дауыс жақындап келеді. Нәзік зарлы дауыспен біреу күңіреніп ақырын ғана өлең айтқандай... Әйел даусы... «Бізден сорлы жалғанда жан бар ма екен?! Өзің рақым қыла көр, бір жасаған» — дейді әйел... Түнде cap далада зарын айтып күңіренеді әйел... Ауыр қасірет, қалың қайғыға амалы құрып, жалғыз жасағанға мұңын шағады, жалынады, зарланады әйел... Дауыс тіпті жақындады... Манағыдан да ашығырақ, ащырақ, зарлырақ... «Бауыр етің балаңды отқа салдың! Не жазығым бар еді, жан ағеке? Әйел қарғайды. Өз қолымен отқа салған ата - анасына, аяу білмеген тасбауыр жақынына, жансыз ойыншық қылған, намыссыз күң қылған мұндағыларға қанды жас төгіп, лағынет айтады әйел... Ақырын есік ашып, ол үйге кірді. Жас бір қыз. Үстінде жұқа ақ көйлек. Өрілмеген ұзын қою қара шашы екіге айрылып, кеудесіне түскен. Екі бетінде бір тамшы қан жоқ. Құп - қу. Жұқа ақ көйлектің астынан денесінің әр жерінде көгерген сықылды таңбалар қарайып білініп тұр. Зор қара көздерінде есепсіз мұң, сансыз қасірет... Маған жақындап келіп, менің көздеріме тура қарады. Көз қаралы әрі майда, әрі салқын. Кішкене күлімсіреп, қансыз ернін қозғап, сейлейін деп ыңғайланып еді, жөтелді... Ұзақ жөтелді. Ақырын ауыр жөтел... Әлдене уақытта жөтелі тоқтады. Бірақ әлі құрып, демін зорға алып тұрды, сөйлеуге шамасы жоқ еді... Оның қара көздерінен мөлдіреп, домалап, суалға жақтардан парлап ағып тұрған қасты көрдім. Мен оны таныдым. Қарындасым! Сүйікті қарындасым! Періште жанды, хор жүзді сұлу қарындасым Сұлу... қайғылы сұлу. Бейшара бақытсыз қарындасым!.. Аз өміріңді у жұтып өткізген қарындасым! Жауыздар тірідей жерге көмген қарындасым!.. Денем күйді... Жүрегім аузыма тығылды... Көзімнен ыстық жас төгілді... Домбыра да күңіренеді. Зарлайды... Ақырын жассыз жылайды... Жыла, домбыра, жыла!..
ТҮН ЕДІ
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Әлдекім сылқ - сылқ қана күліп түрды.
Жын - шайтан мекен еткен тағы жерде.
Мен келе жаттым, батып қанды терге.
Табанды тілгіледі тастар қатты.
Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты.
Ыстық жас домалады көзден парлап.
Жыладым жапан түзде жалғыз зарлап.
«Сен бір мал, бір бес байтал — құның», — деді.
Тырп етпе, жылама да, күңім!» — деді.
Сөксем де, соқсам - дағы шыда, көн сен.
Тұншығып көз жасыңа кәміл, өл сен!» —
Деді де сол әлдекім сылқ - сылқ күлді.
Сол күлу жүрегімді жүзге тілді.
Жұбатуға сол кезде қайсың келді?!
Ашу кернеп, уланып, жанып іштен,
Жалынған бәріңе де мен емес пе ем?!
Саудаласқан, ағекем, сен емес пе ең?
Сасық доңыз, жануар, жуан қарын,
Сататын малға тәңірін, иман, арын,
Кеткенде қайнап - ойнап ыстық қаным,
Сүйетін еркелетіп әжем, атам,
«Өміріңше жыла!» деп бердің батаң!..
Сарғайған сорлы болып бейшара апам...
Сорлының қасірет - зары сыймай ішке,
«Уһ!» — дегенде аузынан жалын шығып,
Отырушы ед қолына алып кесте.
Мөлдіретіп көз жасын төгуші еді.
Кестесін қайта тағы сегуші еді...
Дариға! Не көрмедік, не көрмедік?
Көргенше сонша қорлық, сонша зорлық,
У ішіп, отқа түсіп неге өлмедік?!
Шашатын алтын сәуле таңды күттік.
Сатылдық та, тілекке ақыр жеттік!
Мынау ту кімнің туы? — Әйел туы!
Енді әйел азат ұшқан көлдің қуы.
Жойылды бүгінгі күн қасірет уы.
Бүгінгі күн шын азат әйел жаны.
Басар сені төгілген әйел қаны!
ҚАРЫНДАСҚА
Жүрегінде у менен бал аралас.
Тәңірі берсін ащық бақыт, ұзын жас.
Таудай талаппен кіріп ең өмірге;
Ұзын жолда ор да, сор да кез келер,
Қарындасым, жасыма да, түңілме!
Тұрып болмас жағасында жөн сұрап.
Аға алмасақ, бір уақытта дерміз: «Қап!»
Сұм өмірде алданармыз, сүйерміз.
Айрылармыз сүйген жардан, күйерміз.
Көр құшақтап, бір күн кебін киерміз.
Талай жандар дос та болды, болды жар.
Өзгеріссіз өмірде не қызық бар?!
Өзгеріссіз өмір сорға айналмақ,
Жүйрік жүрек сұр өмірде байланбақ.
Жүрек қалай қуса, солай айдалмақ.
Қажу білмей, қолды көкке сермейтін.
«Іс істелік, қане, қолың бер», — дейтін.
Бұдан былай есімде боп жүред те.
Ойла, Күнім келе ме екен ретке.
Р... АЛЬБОМЫНА
Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз.
Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.
Сізге деген жүректе жоқ жалғыз тап.
Ақылсымақ сөз айтайын азырақ.
Құлып салып, берік, бекітіп тастаңыз.
Белгілі іс, бірақ одан саспаңыз.
Уақыты жетсе, өзі - ақ бір күн ашылар.
Желі тынып, толқындары басылар.
Дос па, қас па? Бастап байқап тергеңіз.
Бір күндерде өкініште жүрмеңіз.
Таза жүрек оны оқып толғанар.
Надан жастар кетпес қара тап салар.
Таза жүрек меруерттен теріңіз.
Қане, құрбым, қолыңызды беріңіз!
Ж... ҒА
Өмір — көпір, от үстінде салынған.
Діңгектері зәндем отқа малынған.
Ойнап қана өт, шарпу көрме жалыңнан!
Қоңыз да бар, доңыз да бар түбінде,,
Жоққа алданып, жаным, жерге бүгілме.
Бақытты бол, қасірет білме, күлімде.
Улы жылан, қорсылдаған қабан бар.
Қорықпа, арбалма, біріне де болма жар.
Өмір — зәндем. Қара бұлтты қара түн.
Естімессің қара өмірде жылы үн.
Жұбататын жақын, жолдас, жарың кім?
Жақын емес ата - ана туғандар,
Көз жасыңда олардың не ісі бар?
Жыла мейлің, жан - күй отта, шегіп зар.
Табынсын ол тәңірі көріп, арыңа.
Қарашығым, тезірек ал жаныңа.
Қайда ағады, оның жөнін кім сұрар?
Аққан сумен біз де ағармыз, кетерміз,
Ағынға ермей, жағасында кім тұрар?
Өтер жылдар — сарғаярмыз, кеберміз.
Бірте - бірте құрып, шамдай сөнерміз.
Өмір — көпір, қалай да оны кешерсің.
Рухым риза, мені есіңе түсірсең.
Көп алданған, көп жылаған, кеп күйген.
Жүрегіне өмір оғы көп тиген!»
Иіс шашып, жайнап.тұрар түрлі гүл,
Гүл тербетіп, кешкі жылы жібек жел.
Сол уақытта, қарашығым, дұға қыл!..
Сұм өмірдің күлін көрме, гүлін көр.
Қарашығым, қане маған қолың бер
Ф... ҒА
Он екі айдың еркетайы — Май келді.
Жұлдыздар да жымыңдайды. Ай күлді.
Сылдыр - сылдыр сылдырады, сай күлді.
Қызыл алтын сеуіп қойған ба өзіне?
Майдың айы — күн, жер — ана — баланың.
Елжіресіп табысатын кезі де.
Қарап оған көкте анасы елжірер.
Күңіреніп, уһілеп жібек жел жүрер.
Сәулесімен жерді сүйіп Күн күлмек.
Жайнап, ойнап тұрған көгін түнермек.
Біреу — ана, баласы үшін жан берер.
Жас жүректі аласұрар, жас төгер.
Біреулер — дос, бір - біріне жақын жар.
Ылғи екеу жалғыздықтан шекпес зар.
Бір - біріне берік берген анты бар.
Өмір — заман. Жазыда бар, қысы бар.
Талай жанның туғаны бар, досы бар...
Жақыны жоқ, досы да жоқ кісі бар.
Жалғыз жылап, бетін жаспен жуған ол.
Жалғыз зарлап, жалғыз сағым қуған ол.
Гүл дегені у боп, жанып күйген ол.
Жас жүрегі күлден кебін киген ол.
Жарым да жоқ, досым да жоқ, сырласым.
Көп түндерде төктім талай көз жасым.
Хор дегенім жер болады құшқаным.
Шыға беріп күңіренеді достарым.
Сенгіш жүрек талай сенді, уланды.
Жел болудан басқа маған не қалды?
Өтер жылдар — ұлғаярсың, өсерсің,
Белгілі бір жолға өмірде түсерсің.
Ұзын жолда у да, су да ішерсің.
Жоқтың бар боп, бардың, өліп - өшкенін.
Жібек желдің ақырын ғана ескенін.
Таныстарды еске алып, тергейсің.
Желге айналған мен екенім білгейсің!
ҒАЗИЗАҒА
Жолықтырып дұшпанның бір жауызын,
Сарғайып, қараңғы үйде қамалып,
Ағаң сорлы көрді бейнет ауырын.
Ауыр ойлар басып, назаланып ем.
Күнде ертең деп күте - күте талып ем.
Қанды сорып, көтертпеді қабақты.
Көтере алмай қалды сорлы қанатты.
Қарлығашым, келдің ұшып, мен риза.
Жылар ма едің жүрегіңе ой сыйса.
Маңдайыңнан болдым иіскеп үйгендей.
Күнәм жоқ қой қасіретте күйгендей.
Тәңірі жазса, өш алармын қасымнан.
Мен садаға мөлдіреген жасыңнан!
Іште жалын, көкіректе қайғы зор,
Аямастан өмір уын беріп тұр.
Еркетайым, анда - санда келіп тұр.
Ағаң сорлы көрді бейнет ауырын.
Жан жүрегім, қарашығым, бауырым!
ЗУҺРА
Беті — алма, жүзі — Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі — құралай.
Ақырын үнсіз жылайды.
Жалынып көктен сұрайды.
Тілегін тәңірім береді.
Періште көктен келеді.
Оятуға қимайды.
Қанатпен жүзден сипайды.
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп түр.
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңірден тілеп, жас төгіп,
ЖАН ЖАРЫМДЫ БІР СҮЙЕЙІН ТҮСІМДЕ
Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай,
Осы күнде алтын сәулем нағып жүр,
Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Жүрек — жара, жасты ма екен қаракөз?
Шашын .жайып, түн ұйқысын төрт бөліп,
Тілей ме екен жолықтыр деп тәңірі тез?
«Жар» дегенім әлде жапқан жала ма?
Ойыны — ойын, баяғыдай күлкісі,
Мені есіне еріккенде ала ма?!
Қажытты ғой күндіз - түні күюім.
Бұрынғыдан мың есе артты сүюім.
Амал қанша әзелдегі кесімге?!
Тәңір ием, ұйқы берші тезірек,
Жан жарымды бір сүйемін түсімде!
ӘЙЕЛ
Қарсы келіп әміріне,
Қуылды Адам жұмақтан.
Бесігіңе, көріңе!» —
Бұйрық болды бір хақтан.
Періштелер үні жоқ,
Айнала — өлім тып - тыныш.
Есепсіз түрлі жауы бар,
Қараңғы көрдей қорқыныш.
Көңілде — қасірет, кезде — жас
«Кеш, тәңірі!» — деп сұрады.
Алда құр жалғыз ызадан,
Зарлады, қатты жылады.
Көктегі жұмақ сағынып,
Жылады баспай өксігін.
Ыстық дария боп аққан,
Ашты рақмет есігін.
Жайнаған мәңгі гүлінен,
Хош иісін аңқытып,
Күміс кәусар суынан,
Бетінде нұрын балқытып.
Періштелер үнінен,
Жұмақта хорлар лебізінен,
Өз нұрынан нұр бөліп,
Сезгіш, сүйгіш жан беріп.
Махаббат, рахмет теңізінен.
Бастасын деп бар ерді
Туралық, шындық жолына.
Тура жолдан жазбассың
Ерсең деп мұның соңына!
«Жұмақтан жырақ кеттім! — деп,
«Кешілмес күнә еттім!» — деп.
Жолбасшыңнан өрнек ап,
Сенің де көңілің болса ақ,
Жұмақ даяр тағы да.
Өтті заман. Жас кепті.
Ұмытты адам алласын.
Жауыздық оған арман ба ед?
Жер жұтты ма уағдасын?
Кешегі әйел періште,
Жүзі жарқын нұрлы айдан.
Еріккенде ойнап жататын
Болды қалды бір хайуан.
Көргені қорлық, еркі жоқ,
Естисің бе зарлы үнін?
Бұл ісінді қоймасаң,
Жүрмесін көп боп бүл күнің!
З... ҒА
Бір жүріп, сабақты да бірге оқыстық.
Жақындық, арамызда артты достық.
Қызарып, ұялысып оңашада,
Бір сағат көрісе алмай тұра алмаушы ек,
Көңілде бір бөтен ой болмаса да.
Жақын бір тілдеспей - ақ, хат алыспай.
Бір ауыз сөз айтуға бата алыспай.
Түн бойы арып, шаршау білмеуші едім.
«Шық, жаным, берірек кел, Мен!» деуші едім.
Дуылдап жанған бетті ұстап желге.
Қызарып қараушы едің төмен, жерге.
Дірілдеп тұрушы едің жанша сасқан.
Ағарып ақ жібектей атса да таң.
Сүйікті анық досым, жаным едің.
Сарғайып, мені күтіп қалып едің.
Кеткенде, аз күнге емес, көпке кеттім.
Сен сорлы күте - күте қасірет шектің.
Ел - жұртым, сен сәулемді есіме алмай.
Дариға, болсам керек ұмытқандай.
Сағымды мөлдір су деп малданыппын.
Жасықты асыл көріп, алданыппын.
Егіліп екі көзден жасың төгіп.
Сарғайып күзді күнгі гүлше солып.
Мен кеттім, дегендей - ақ: «Түңіл менен!»
Сонда да үмітіңді үзбей қарай - қарай,
Жан досым, қоштасыпсың өмірменен.
Есімде еш нәрсе жоқ, ойнап - күлдім.
Жан жарым жоқ екенің жаңа білдім.
«Жан жарым, жаныңдамын !» — дерге кетпей.
Көл қылып көз жасын бірге текпей.
Бақылдық аузыңнан ала алмадым.
Дариға, кешу сұрап қала алмадым.
Өткен күн жеткізбейді, ол — бір тұлпар.
Алда да, тірі болсам, талай күн бар.
Жанымнан жылжып ақырын өтер жылдар.
Жолығар ұзын жолда талай адам.
Іш өртеніп, жүрегім шын елжіреп,
Дәл сендей басқа жанды сүю арам!
АНАМА
Еш не білмес түсім бе, я өңім бе?
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық - суық, желге күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлесіп, аз күлдің.
Екенімді ойламастан тез білдің.
Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»
Қаз - қаз тұрсам, езу тартсам, құласам,
Я жыласам — бәрі жақты қылығым...
Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,
Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,
Жан балаңа ақ батаңды бере гөр!..
ТҮС
Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін.
Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін.
Не істегенін, не дегенін білмеймін.
Абақтыда қолдан келер қандай іс?
Ұйқы тілеп, кезді зорға жұмамын,
Амал қанша, жұбанышым жалғыз түс.
ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ҚОЮЛАНЫП КЕЛЕДІ
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді.
Сөнген шоқты үреді де, күледі.
Біразырақ шоқ қызара түсті де,
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,
Астындағы ыстық күлді құшты да.
Сөнген - шоқты үріп бала күледі.
Мөлт - мөлт етіп көзіме жас келеді.
САРҒАЙДЫМ
Қалың ой — қара жылан жүректі еміп.
Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!
Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып,
Өлем деп жас өмірден күдер үзу.
Соққанмен жандана ма солған дене?
Сары су денені улайд тамырларда,
Тазарып енді оны қан етем деме.
Қараны — ақ, ақты — қара дерге айналдым.
Қуарып, қаны қашып, күлге айналдым.
Мінекей, екі - ай болды жалын жұттым.
Дариға, жаным - азат, денем - тұтқын.
Өлім тұр анадайда қойнын ашып.
Аяғын күлімсіреп, санап басып.
Қинама, тез өлейін, ұшыр оққа.
Жалыны көкке шыққан түсір отқа!
ЖЕЛ
Жел — тым тентек бір бала.
Жан сүйгені — cap дала.
Дамыл алмай жүгіред.
Сыр айтқан боп сыбырлап,
Кейде аң боп өкіред.
Тау да жолын бөгемес,
Сақ - сақ күліп секіред.
Біреу бетін жапса егер,
Әдейі бетке түкіред.
Оянып ап тым ерте
Жорғалай басып кетеді.
Көлдің бетін кестелеп,
Оны әуре етеді.
Бірдеңе деп жұбатып,
Жымиып күліп өтеді.
Алқынып өзі асығып,
Қарақат көзге жетеді.
Күрсініп ауыр, бас ұрып:
«Саған, сұлу сәулеге
Келдім ұшып, ғашықпын,
Мойның бұр мендей әуреге!» —
Деді де сүйіп көзінен,
Шашы, алма жүзінен,
Бақыттысың, еркежан!
Уа, дариға, жасаған,
Жел емеспін мен неге?!
БАЛАНЫҢ ҚАБІР ТАСЫНА
Жас қызыл гүл мезгіл жетпей солды деп.
Жанар - жанбас шамшырағы сөнді деп.
Шын бақытқа ерте бастан жеткені.
Орын алып ата - анасын күткелі!
ӨМІР
Бұйрығы: «Жаса - дағы, жерге көміл!»
Бірде мұз, бірде жалын, бірде дауыл,
Құбылған өмір — сынап, бейне көңіл.
Өткен күн — көңілсіз күз желді, салқын.
Болмайды толық минут жүзі жарқын.
Төменге биік таудан құлап - түсер.
Шұңқырға сол жылаумен сұлап түсер.
Көз ашып - жұмғаныңша жоқ боп кетер,
Қылғанша әуре - сарсаң сорлы құлды,
Тәңірі ием, жаратпасаң онда нетер?
ӨМІР
Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт.
Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Сабап құйған жиіркеніш жауын еді.
Бәрі - ақ іздеп баспана тауып еді.
Бар нәрседен қайғы - мұң кетті қашып.
Күн сәулесі жер жүзін құшақтады.
Қосылуға қашаннан болған асық.
Енді жел жоқ мазалар оны айдап.
Жан беріп кең далаға құстар сайрап.
Қатты желді, дауылды, кейде отты.
Бұлт ашылар — қайғының бәрі бітті.
ТОЛҚЫНДАП ОЙНАП
Көбігін шашып, өкіріп,
Шапшып көкке лепіріп, .
Сақылдап күліп, «Кел!» — деді,
Келіп ем, кешу бермеді.
Сарыарқаның сарбазы?»
Жас балапан жүрегім,
Десе де табам керегін,
Қайғыға батты тұнжырап.
Алтын үміт үзілді...
Тәтті қиял бұзылды...
Жұлдыздардан жол сұрап.
Тұңғиық теңіз, түбі жоқ,
Ойнап тұрған көзі кеп,
Не деп жауап береді?
Көк — бір дария қаракөк.
Жұлдыздан әлі жауап жоқ.
Іште — жалын, жүрек — шоқ.
Дариға, жаным өледі...
САҒАТ
Тоқтаусыз бұл сағат.
Адамзат бір сағат!
Сорлы адам туғанда,
Сұм жалған көңілі шат.
Көрінер оған жат. «Шық - шық!» — деп жүз шытар.
Есіктен кірместен.
Дән рақат көрместен.
Бұл сағат деп: «Шық - шық!»...мойның бұр,
Сен де шық, сөзін ұқ!
АУРУ
Алмаңдаршы мазаны.
Сұраймын өзім қазаны.
Дәрігер, бақсы ем қылар.
Жанға емді кім қылар?
Уланды жүрек, жан күйед,
Ішім толған қызыл шоқ,
Денеге ем бар, жанға — жоқ?!
ЖҰЛДЫЗДАРҒА
Алдамаңдар ойнақтап!
Шақырғанмен бара алман,
Бұлт, тез шық та, бетін жап!
Мен бір сорлы байлаулы.
Ерсіл - қарсыл айдаулы.
Бір өкпем бар аллама:
Сезгіш жүрек, ұшқыр жан
Неге бердің пендеңе?!
Берсеңші жердей тыныш жан.
«Не дейді, білдір, бұл аспан?!»
ЖАЗҒЫ ТҮНДЕ
Сүйгеніне берген сөз.
Қараңғы жаздың түнінде.
Қысып сүйді сіңлісін.
Айрылу жеңіл ме?
Алдыңда алтын бағың бар,
Жолдасың — шын сүйген жар.
Күрсінбе, сұлу, егілме!
Буыныңнан хал кетіп тұр,
Тыста жарың күтіп тұр,
Шық тезірек, бөгелме.
Дірілдеп түсіп қашқаның,
Асығып күткен жарыңа
Білдірме, сұлу, күлімде!
Тұмарлап кекіл - құйрығын
Іңірден келіп күтіп тұр,
Серттен таяр ерің бе?
Алды жарын алдына.
Бір қолы сұлу белінде.
Көтеріліп кетеді.
Тым жеңіл ғой желің де.
Қолдан тізгін босады.
Енді, жүйрік, сүрінбе!
Жетсін жастар ауылға,
Ұрынбасын жауынға.
Алдарыңда бір - ақ бел.
КӨКШЕТАУ
Тәңірменен тілдескен
Көкшетауым біп - биік.
Жайнап, ойнап, құлпырып,
Көкшетауды тұр сүйіп.
Ылғи мең - зең, айнымас
Қалың тұман мұнардан.
Оқтан түзу тал бойы
Қарағайға оралған.
Төніп төмен киікке
Қанды көзді қыран жүр.
Тілдестірсе тәңірімен,
Көкше маған болып Тұр.
Өлеңім — ізгі таяғым,
Көкшеге мен де шығамын.
Жүгіріп барып қарсыңа,
Тәңірінің тілін ұғамын.
ТОЛҚЫН
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Бітпейтін бір егеспен
Жарысып жарға барысад.
Сырларын ептеп ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жарға жетер ентелеп.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Толқынды толқын қуады.
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ - сылқ күледі.
Арсы — Алла тағы.
Күлгені оның — өлгені,
Жылай, күле өледі.
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады.
ҚАЙЫҢ
Аяныш жайың.
Дірілдейсің,
Еңкейесің,
Күбірлейсің,
Соққан сайын.
Болғандай аз,
Қарда басқан.
Кебінге ұқсап.
Суық құшақ...
Жетеді жаз?
Суға қанып,
Жапырақ жарып
Шайқалатын?
Жылы желмен
Жайқалатын?
Құлақ салып...
Қалың уайым
Басқан сені,
Жазды ойлап.
Боран ойнап...
Бір құдайың!
ҚЫСҚЫ ЖОЛДА
Қараңғы түн. Сар дала.
Көрінбейді айнала.
Жолды басқан құр сорап.
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт - борт желеді.
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде датты ысқырып,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ - сақ күледі.
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы - басы жыбырлап,
Асығып - сасып сыбырлап.
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн» оқып үреді.
Жанымда жоқ тірі жан.
Адаспай дұрыс келем бе?
Қорқып жүрек ойнайды.
Әлденелер келеді...
Жол білінбей бастады.
Босаңсиды Қаракөк...
Суық кебін жамылып
Қалармын, кім біледі?
ЖАЗҒЫ ЖОЛДА
Жапан түзде бір қара.
Келем жалғыз, жаяумын.
Жаныма ерген жолдас жоқ.
Жылауға да таяумын.
Шілде. Оттай ыстық күн.
Дала — өлік. Жоқ бір үн.
Жер де жатыр тұншығып.
Шаң ерініп, үйірілед.
Ешбір леп жоқ, тып - тыныш.
Көктің түсі қызғылт көк.
Дүниені тылсым билеген.
Жылай ма екен әлде жын?
Перілер ме күйлеген?
Созылып ұйықтап бел жатыр,
Тыныш тәтті түс көріп.
Салқынша леппен таранып,
Қамыс та тұр тербеліп.
Әлде жүзген бұл сағым
Көл ме? Көшкей шаһар ма
Мұз көк темір киініп,
Әскер жауға шабар ма?
Ақ бұлттар тұр жусап,
Күңіренеді жер сусап,
Алыстан ақырын Күн күлед.
Бұраңдаған белдерді
Сүйемін деп күйдіред.
Айнала — өлім, ешбір үн...
Жапан түзде жалғызбын.
Перісі неге келмейді?..
Көкпеңбек көз, сары шаш,
Сақ - сақ неге күлмейді?
Сыбдыр - сыбдыр жүргендей,
Көрінбей неге билейді?!
Жібектей жетпіс оралып,
Жыландай жүзге бұралып,
Жол жыландай иірілед,
Шаң ерініп үйірілед.
Ешбір леп жоқ, тып - тымық.
Көзімнің жасын тыя алмай,
Өлсем екен тұншығып!
ЖАЗҒЫТҰРЫМ
Жаттың ұйықтап, еркетай.
Аш көзіңді, жұлдызым!» —
Деп маңдайдан ақырын
Жұмсақ жылы сәулемен
Сипап жерді Күн күлер.
Еркеленіп, есінеп.
Жаңа оянып жатқанда,
Жұмсақ ыстық бетінен
Тәтті ғана сүйсем деп,
Күбірлеп жылы жел жүрер.
Ақ шымылдық ашылар.
Бірдеңе деп былдырлап,
Көрінгеннен сүйінші
Сұрайтын жас баладай,
Асығып сулар жүгірер.
Мөлдір сумен жуынар.
Түрлі түсті гүлдерге,
Ши жібекке оранып,
Қарағанда көз тоймас,
Бүлдіршіндей киінер.
Көз ішінде қарасын,
Қуанып, тасып жүрегі
Қысып ыстық сүйеді.
Періштем деп айналып,
Алтын ана Күн жүрер.
Күңіреніп етер зар.
Қысып сүйер бала жоқ,
Тұрақ та жоқ белгілі!» —
Деп тұнжырап күрсініп,
Әлсін - әлсін жас төгер.
ЖАЗ КЕЛЕДІ
Қалғып қана тербелед.
Жібек қанат жаз келед.
Ауаға алтын себілген.
Қаздың шашы төгілген.
Ал, балалар, қараңдар.
Ал, балалар, тараңдар.
Енді ұзамас, ерір қар.
Күлмей шыдап кім қалар?
Сұлу жаздың лебізі
Қар түгіл, мұзды балқытар.
Ойнатар, бәрін шалқытар.
Таста, бала, белді бу.
Енді ізде қызыл су.
Кім тоқтатар, кім тыяр?
Ерке жаз да алыстан
Жұмсақ қана жымияр.
Үйде отырып қуарма!
Тысқа шығып - кіргенде
Екі беті — екі алма.
Төкпе жасың, аһ ұрма.
Шық та жазға сыбырла.
Алтын жүзді, алтын шаш.
Жанды - жансыз бәрі мас.
Қуанғанда ессіз қар,
«Жаз келеді, жаз, жаз!» — деп,
Жымыңдайды жұлдыздар.
Жел маужырап тербелед.
Жібек канат жаз келед.
СЕҢ
Қайрылмай кеткен соң.
Қылаумен біткен соң.
Антұрған аптықты.
Асығып соқтықты.
Мазақ қып сүйген соң;
Боларың бір сұмдық
Ішінен түйген соң.
Қара көк түс алды.
Кетпекке ойланды.
Суыққа қашпақшы.
Құшағын ашпақшы.
Ашуын жимақшы.
Ойыннан тыймақшы.
Ойлама құр бекер
Суыққа жетем деп,
Ыстық күн ерітер.
ЖИІЛЕНДІ ҚАРА ОРМАН
Қарағай, қайың аралас.
Көктегі күнмен шамалас.
Мылқау орман түс көред.
«Әпсүн» оқып үшкіред.
Былқ етпейді, түс көред.
Маған түрлі ой келед:
Ұйқтасам мен орман боп,
Тәтті - тәтті түс көріп.
«Әпсүн» оқып үшкіріп.
МАХАББАТ НЕ?
Жүрекке барып қадалар.
Тамшылап одан қан ағар.
Бал тілімен сүйсе жар.
Өлер жүрек, қансырар.
Ішер жүрек, болар мас.
Mac жүректі оятпас.
Ішер жүрек, төгер жас!
ШЫЛЫМ
Тартып, күлін
Түсіремін табаққа.,.
Түтін жұтып,
Жіберемін тамаққа.
Үміт — құрақ,
Жүзейін деп түсемін.
Су кешерде
Ұмытып у ішемін.
Түтін жұтып,
Шашаламын, жөтелем.
Үміт жырақ...
АЛЕКСАНДР БЛОК
Мәңгі жас жүрек
Үмітін бір үзбеген.
Талмай қарап Айға,
«Әдемі әйел» іздеген.
Табылар деп түнде,
Шарқ ұрудан талмаған.
Мәңгі жас жүрек,
Қай жерге ол бармаған?
«Әдемі әйел» — идеал,
Блоктың басын байлаған.
Блок — бір бұлбұл,
Блок — бұлбұл сайраған.
Ойнаған жүрек —
Кейде үміт, кейде зар.
Бітеді жыр,
«Әйелден» бірақ жоқ ошар.
Түндерде бір түн
Улы балды бітті жыр.
Төсекте Блок.
Алдында бір кемпір тұр.
«Әдемі әйел» — бір қиял,
Идеал, қиял — бір сағым.
Жылады Блок,
Көріп сөнген шырағын.
Кемпір — ажал
Тұр Блоққа үңіліп. .
Бітті енді жыр,
«Әйел» қалды жыр болып.
N... АЛЬБОМЫНА
Жүрекке шер байланды,
Өтеді өмір —
Жүрек көмірге айналды.
Бітеді жыр. Жүрек — күл
Жырсыз жырау,
Тиіп қырау — солды гүл.
Бұлбүл үнсіз — жай бір құс.
«Гүлсіз», үнсіз — өмір бос!
Бота көзді,
Жібек сөзді ғарышқа
Кетті ұшып.
Зарды құшып, алыста.
Тірі жансыз, күңіренем.
Кеңесемін мұңменен.
Досым жырақ.
Сөнді шырақ. Сөнемін.
Мен де ұзамай өлемін.
Батады Ай, Мен батам.
Еркетайым, ақ батам:
Өмір — сағым.'
Сен, қарағым, сағым қу,
Алтын бумен жаның жу!
Өмір — дала.
Гүлдер жиып,
Сәуле сүйіп, ойнап өт!
Қырға шықсаң,
Тілін ұқсаң, жел жылар.
Жел жыламас, ел жылар.
Қайғы батып, ел жылар.
Сен де жыла, шегіп зар.
Зар сұрама. Күл, Күнім!
Ой деген не?
Оны білме, сен, гүлім!..
Мен де мас ем, жел едім,
Өтті өмір, -
Жүрек — көмір. Өлемін.
АЛДАМШЫ ӨМІР
Өмір шіркін шамдай ақырын сөнеді.
Мөлт - мөлт етіп көзіме жас келеді.
Өмір шіркін шамдай ақырын сөнеді,.
Алтын үміт тотығады, өледі.
Бүгін алыс менен, сылқ - сылқ күледі.
Үміт шіркін тотығады, өледі.
Соққы жеген сорлы жүрек біледі.
Қиял — алыс, келемеж ғып күледі.
Мөлт - мөлт етіп көзіме жас келеді.
АЙРЫЛҒАНДА
Бауырыңа алдың. Неге мені қумадың?
Ессізбін мен: айрылуды ерте ойлап,
Қанды жаспен көзім неге жумадым?!
Сүйдің мені, басқа жанды көрмедің.
Жасың төктің, қадіріңді білмедім.
Садаға боп сорлы неге өлмедім?!
Білдім: бүгін мені тастап кетесің,
Күміс көбік Ақ Еділден өтесің,
Тірі тастап кетіп мені нетесің?!
Көріскенше Қош бол енді, бер қолды..
Қалтырайсың, қолым, саған не болды?..
Көзіме жас, жүрегіме у толды...
КҮЗДІ КҮНІ
«Бәйшешегім кетті!» — деп,
Санадан жүзі сарғайып,
Қасіреті мол жас зайып
Үстіне қара жамылып,
Күрсініп жер жылайды
Бұзылып түсі аспан - көк
Бүркеніп сұр бұлттар,
Жүрегі жара алыс жар,
Қайғы басып, қиналып,
Көзінің жасын бұлайды
Балапан нәзік жас қайын,
Соққан суық жел сайын
Ақырын ғана күбірлеп:
«Сүбханалла, сүбхан!» — деп,
Жасағанға жалынып -
Күшті жуан қара ағаш,
Жапырақсыз жалаңаш,
Өмірде беті қайтпаған,
Тура келіп тағдыры,
Долы дауыл кез келіп,
О да б ір күн құлайды.
Күңіренемін, толғанам:
Балдан тәтті өмір не?
Қорқынышты өлім не?
Неге ақырын сөнеді?
Бұған жауап кім табар?
Жастық етіп, қартайып,
Сүмбіл шашым қуарып,
Алма жүзім суалып,
Мен де сорлы бір күні
Қоштасармын өмірмен...
Құласа күшті қара ағаш,
Қыс өтіп, тағы жетсе жаз,
Жас балапан — қайыңдар
Өткендерді еске алып,
Бұралып жас сұлудай,
Қосылысып ән салар.
Өліммен қол ұстасып,
Үстіме топырақ үюлі,
Суық көрде көмулі,
Жатқанымда мен сорлы,
Мені есіне кім алар?!
БОЛСА ГҮЛСІЗ...
«Бұлбұл» үнсіз
Үнсіз «бұлбұл» — бір сұр құс
Үнсіз өмір —
Отсыз жүрек — бос қуыс.
ОЙ
Ауызға алсаң, қандырад.
Жанды есінен тандырад.
Ішсең мас боласың,
Ой деген у —
Ішесің де соласың.
Қап - қара боп тебіренед.
Толқынданад, күңіренед.
Шетсіз, түпсіз, тұңғиық.
Жан түседі, жан қиып.
Жаным ессіз, жаным мас.
Жүректе зар, көзде жас.
Көмір болды жүрегім.
Сарғаямын, сөнемін!
ЖАН СӨЗІ
Сылқ - сылқ күлген сиқырлы толқын беті
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай — толады жиырма жеті.
Содан бері Күн талай шықты, батты.
Өмір — теңіз, толқыны тым көп қақты
Мен туғалы ағарып, көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ырық бермеді, қайғырды, ол не тапты?
Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық,
Ақыл сорлы ере алмай, қалды тұрып.
Үңіліп отыз тұр ғой, арты — қырық.
Есімде отқа, суға ұрынғаным.
Өмірімді осынша улап не қылғаның?!
«Жел бол» — дедің, жел болып еспедім бе?
Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе?
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?і
«От бол!» — дедің, от болып жанбадым ба?
Күйдірмей сірә, нәрсе талғадым ба?
Мынау «күл», мынау «гүл» деп таңдадым ба?!
«Су бол!» — дедің, сылдырап ақпадым ба?
Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Сиқырлап сылдырменен, таппадым ба?
«Күн бол!» — дедің, мен Күндей күлмедім бе?
Күннен де астым, мен күндіз - түн дедім бе?
Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?
«Ай бол!» — дедің, ай болып жүзбедім бе?
«Әпсүн» оқып, жер жүзін кезбедім бе?.
Талайлардың өзегін үзбедім бе?
Сен: «Сүй!» — дедің, талайды сүймедім - бе?
Көбелек боп көп отқа күймедім бе?
Мен талай - күлден кебін кимедім бе?
«Жыла» дедің, талай жас төкпедім бе?
Дария болды көз жасым, көп дедім бе?
«Жыламаймын, көзде жас жоқ» — дедім бе?!
«Ата - анаңнан без!» — дедің, безбедім бе?
Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе?
Ата - ана, туысқан іздедім бе''
«Елің тастап кет!» — дедің, кетпедім бе;
Жер шетіне барсам да шет дедім бе
Қалайда жатты жақын етпедім бе?
«Дәулеттен қаш!» — дедің сен, қашпадым ба
Қойнымды жоқшылыққа ашпадым ба?
Барымды желге ұшырып шашпадым ба?
«Жоқты іздеп тап!» — дедің сен, таппадым ба
Сен:«Айға шап!» дегенде, шаппадым ба
Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба
Ақтамадың, алдадың, енді білем,
Енді бір ай — жиырма жеті жасқа келем
Еліме есебімді не деп берем?!
Енді бір ай — жиырма жеті жас толады,
Отыз, қырық... Сарғаяды, жүз солады
Кеудеге күн - күн сайын шер толады
Ессіз жүрек аспанға қол сермеді,
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді.
Бұл күндерде кеудені ой кернеді
Ақылға кеш айналдым қараң күнім
Бір күні кұшағына алар өлім
Сол кезде не деп мені сынар елім?
«Жел еді, желді жыр ғып өтті!» — дер ме;
«Есалаң сүйіп еді шоқты!» — дер ме?
Тұншығып жат, есерім, деп күлер ме
Болмаса? «Қызыл гүл ед, солды!» — дер ме
«Сермеп ед алтын Айға қолды!» — дер ме?
Сабаз - ай, сол жолда мерт болды!» — дер ме?
«Күн еді — өмір бойы күлді!» — дер ме?
«Күн еді — сүймеуші еді түнді!» — дер ме?
Сол күлумен ақырда елді!» — дер ме?!
«Сұлулықтың асығы — жыршы!» — дер ме?
«Жүректің сырын шешер сыршы!» — дер ме?
Басыма келіп: «Ақыным, тұршы!» — дер ме?
Болмаса басыма да бармас па екен?
Атымды аузына да алмас па екен?
Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған .
Дариға, сол күндерде күнім қараң...
Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған!
Мені атама, бұл жүрек — жынды дерсің,
«Сүйіп - күліп, күйіп — көз жасын төгіп,
Жынды жүрек өлді де тынды!» — дерсің.
МЕНІ ДЕ, ӨЛІМ, ӘЛДИЛЕ
Көңілсіз, салқын, күн бұлтты,
Жел бұйығып тербелед.
Оны қалай көмгенін,
Әңгіме ғып күңіренед.
Өлім күйі — тәтті күй.
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, елім, әлдиле!..
Нағыз желдің өтінде
Өскен жалғыз жас қайың
Былқ - сылқ етіп билеген,
Болсын онда не уайым?
Сол жас қайың құлапты,
Жанында жел жылапты.
Балқиды жаным бұл күйге.
Әлдиле, өлім, әлдиле!..
Қылышын қанға суарып,
Тау суындай тасыған.
Қабағынан қар жауып,
Ойын салған жас ұлан.
Жел иманын айтыпты..
Мені де, өлім, әлдиле!
Әлдиле, елім, әлдиле!
Әлдеқайда бетпақ шөл,
Сол жолменен жалғыз жан
Түн бойы талмай жүріпті,
Табанын тастар тіліпті,
Сорлы шөлде өліпті,
Жел құмменен көміпті.
Мені де, өлім, әлдиле!..
Әлдиле өлім, әлдиле!..
Тілінен тәтті бал тамған,
Бұйра толқын шашы бар
Күлкісі меруерт шашылған,
Дәл он бесте жасы бар
Сұлу көп жас төгіпті,
Тұншығып жасқа өліпті.
Мені де, елім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..
Ақ қанатты періште,
Былдырлаған бұлақтай,
Көрінген жанды күлдірген,
Балауса нәзік құрақтай,
Қайтыпты қозы көз тиіп,
Бетінен кепті жел сүйіп...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, елім, әлдиле!..
Көбігі меруерт балқыған.
Бар екен алпыс ақ отау,
Алтын уық, жібек бау.
Отау сайын толқын шаш,
Толқын шаштар жалаңаш...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, елім, әлдиле!..
Сүйсе мейір қандырған,
Айдынға барып түсіпті.
Жас жүрегін жаралап,
Сұлуларды құшыпты.
Жел толқыннан біліпті...
Балқиды жаным бүл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле!..
Әлдиле, елім, әлдиле!..
Сұлумен қол ұстасып,
Жас ұланмен жолдас боп,
Жас қайынды колға алып,
Жолаушымен мұңдас боп,
Мен де тезірек өлейін,
Әлі жаспын демейін,
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..
Алдыңа алшы әлдилеп,
Келші, өлім, тезірек.
Жынданып енді соқпайды
Кешегі асау жас жүрек.
Алдыңа алшы әлдилеп...
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле...
Әлдиле, өлім, әлдиле!..
ТІРІЛДІМ
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.
Жаным өлік еді, жанға жан кірді.
Тамыр кеуіп еді, ыстық қан жүгірді.
Бүгін ғана бақыт таңы білінді.
Бүгін маған жұмаққа өмір жол болды.
Оны құштым, шарап іштім, шат едім,
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгін менің құшағымда кім болды.
Бүгін менің құшағымда Гүл болды.
Бүгін менің құшағымда Күн болды.
Жер құшпадым, шаң құшпадым, таң құштым
Жанды жуып, жүрегімді жаңалап,
Бүгінгі күн тән құшпадым, жан құштым.
Жанды құштым, таңды құштым, көкке ұштым.
Жасын төкті, жасын іштім — бал іштім. «Көкке ұмтылам, әттең дүние, аяғым!..
Кетер едім тәңірі іздеп, Тұр іздеп,
Жан жарым деп Сарыарқаның саяғын...» —
Деп сыбырлад алма ерні елбіреп,
Бота көзде ыстық жасы мөлдіреп.
Жас төгілді, тілініп жүрек, елжіреп.
«Өмір бойы күйем, сен де күй!» — деді.
Сен де «жан!» де, ессіз қанды тый!» — деді
Ол жылады, мен де бірге жыладым,
Өкси - өкси: «Сүй ғана!» — деп сұрадым.
Алдағы өмір жолын таптым, мұратым
Жиырма жеті жыл жүрекке берілдім,
Түнін көрмей, күнін көріп өмірдің
Өлген жерден бүгін мәңгі тірілдім.
ЖҰЛДЫЗДЫ — ЖҮЗІК, АЙДЫ АЛҚА ҒЫП БЕРЕЙІН
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін.
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жұлдыз — жүзік, Айды алқа ғып берейін
Сөзін — сиқыр, есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай.
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.
Соғылды да баттым улы зарыма,
Айнам, саған арнап жырлар жазамын,
Қаламымды малып жүрек қанына.
Жырларыммен кестелейін орамал.
Бүлдіргендей, бөбектайым, бетің бал.
Ұмтылғанды орамалмен қағып қал.
Сәулелерден шоқ қадар ем басыңа.
Келші, күлмей көзден аққан жасыма.
Сүйші — өлейін, «неге өлейін?» демейін.
Жұлдыз — жүзік, Айды алқа ғып берейін!
ЖӘЙ ӘНШЕЙІН ОЙЫН ҒОЙ...
Айт! Құйт! Ха, ха, ха - ау!
Петербор, Мәскеу...
Мә, саған Арқам'..
Әй, керек - ау, әй, керек.
Май керек.
Оқығанға шен керек.
Жорта тұр! Уайдай!
Дүбір шатыр,
Гүбірнатыр — біздің бай.
Вся Россия наша!
Толстов, Колчак,
Давай сюда коньяк.
Мен бит, атаман!
Өрледі батыр, өрледі,
Ағаш найза сермеді...
Николайды көрмеді...
Мінді есер — кемесер.
деді
«Шу» дегенде гуледі.
Табаны тасқа тимеді.
Туған елін биледі.
деді,
«Қазағым, қасым — сен!» —
деді.
Шулады қазақ шұрқырап.
Аузынан көбік бұрқырап...
Барады ғой қорқырап...
БЕРНИЯЗҒА
Тыныштық тапты асау жан да.
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған.
Әлдеқайда жер шетінде дария.
Дарияның сыры жоқ қой жария.
Ақ отаулар алтын уық, жібек бау.
Толқын тербеп: «Әлди, әлди» — дейді бау.
Әлди - әлди,тербеледі ордалар.
Ордаларда өңшең сұлу ән салар.
Күлкілері көбік болып жорғалар.
Жас ұланның жүрегін жүз тілгілер.
Мылқау жартас: «Жынды ма әлде?!» — деп күлер.
Есімде жоқ, әйтеуір сол бір күні:
Майдан құрып, қарсыласқан екі жау,
Таудай мылқау, бірінің де жоқ үні.
Бір - біріне қайрасады тіс шықыр.
Әлдеқайдан қан майданға келіп тұр.
Түйіп, тартқан екі жаққа садағын,
Тастан қайтқан оғы тиіп өзіне,
Қан майданда қайтыс болған қарағым!
«Мына ұланның емес, сірә, дені сау, —
Деді - дағы, шегі қатып күлісті, —
Әй, есалаң!.. Ха, ха, ха, ха, ха, ха - ау!»
Күлсін саған, сөксін мейлі көк есек.
Қан майданға неге ғана кірдің деп.
Жырласаң ед шомылып көз жасыңа:
Тұңғиықтың түбіндегі тамаша
Өзі - ақ көшіп келмес пе еді қасыңа...
Екі жауды бауыр қылар жыр бар - ау.
Қан майданда күңіренсең еді, сор бала - ау!
Ойлаймын да, өкінемін ғапілдігіңе.
Жаным сеніп еді жақындығыңа...
Күнәң ауыр, кешем ақындығына.
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған.
Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ. «Жап - жақсы еді, жар аздырды - ау!» — дейді көп.
Жата берем: «Жаным, жарым, жаным!» — деп.
Сен дейсің той: алма бетті, ақ жаулық...
Жарым менің — атышулы жалқаулық!
ЕҢБЕК — ӨЛІМ, ЖАН ҚАНАТЫН ҚИЯТЫН
Еңбек — өлім, жанды ашудан тиятын
Еңбек деген — еңбектеген мылқау дию,
Жаншып жанның сұлу сынын жоятын.
Жанға аспанға ерлеуге ерік бермейді.
Сорлы адамзат кекте күнді көрмейді.
Адамзатқа — «еңбек қыл» деп қарғаған.
Адам баста «дүние» деп зарлаған.
Адамзаттың ой-қиялын илеген,
Сол еңбектен қарын тойып қампиған,
«Тәңірің — мен...» — деп жерге, көрге сүйреген
«Забур», «Тәурат», «Інжіл», «Құран» жыртылған
Идеал үлкен, Айса, Мұса — келемеж,
Жалғыз ғана қарын қалған қампиған.
Мәңгі байрам келмейді оның ойына.
Даярлаған азаттықтың тойына
Еңбек осы ой-қиялды байлайтын,
Еңбек осы, қартқа қол сап айдайтын.
Заман қайда мәңгі байрамды ойлайтын?!
Адамзаттың тәні түгіл, жаны құл.
Адамзаттың ой-иманы, ары құл.
Адамзаттың бәрі —еңбекшіл, бәрі құл.
Ит қарынды қорылдатып көметін.
Мәңгі байрам дүниесіне кіретін?
Келсе сол күн, мен күн болып күлер ем.
Келсе сол күн, жүйрік желдей жүрер ем...
Судай сұлу жырлар жырлап берер ем.
СЫРДАҒЫ АЛАШҚА
Өзің бірге бағынған.
Атаң отқа табынған.
Сыр бола ма жыр мен от?
От дегенін — аспан ғой,
Аспан жерді басқан ғой...
Төменге алып төнген ол.
Жер дегенің — көр ғой ол.
Көрді сүйген, өлген ол.
Жан ба еді жыннан тайсалған?
Жақұт жапқан ажыдан.
Жанын жасып кірлеген.
Алады екен аластап.
Көрге мүлгіп болма қол,
Атаң сүйген отты сүй!
Шаппағанға шаң жұқпас,
Шаппағанға қан жұқпас.
Күйдірем десең, өзің күй.
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Жаның жасып кірлеген,
Отпен аспанға өрлеген
Жаныңды, алаш, аласта...
ШОЙЫН ЖОЛ
Азғантай елді қақ жарып
Шойын жол сала бастап ед.
Бітті ме екен сонау жол?
Пұл жетпей баста тастап ед.
Сол жаққа барсаң несіп боп,
Елге де барып қайтқайсың.
Басылған анау ел жайын
Әдейі көріп айтқайсың.
Неше мың жан жегіліп
Бастаған жол бітіп пе?
Қара айғыры ырсылдап,
Елді басып өтіп пе?
Солқылдатып белдерін,
Толқындатып көлдерін,
Бұла қырдың бұланы,
Қазағымның құланы —
Жылқы үркіп кетіп пе?
Өкіріп пе жиылып?
Құлақтары делдиіп,
Құр аңырап ербиіп,
Өзі ыржаңдап, айқайлап,
Көк шолағын борбайлап,
Қойшы қатар шауып па?
Ат-матымен тырқиып
Топырақты қауып па?
Азан-қазан ауыл жақ,
Бірін-бірі түртіп пе?
«Сұмдық екен, ойбай-ау,
Ойбай, көтек, бетім-ау!»
Салынғанға сонау жол
Болып енді біраз жыл,
Ел үйреніп кетіп пе?
Көзіңмен көр, інішек,
Үйренгенде нетіпті?
Кеселді болмай аяғы,
Қолында мал бар ма екен?
Болмаса: «Оны ит жеген», деп,
«Өшпес байлық егін», деп,
Екеуінің бірі жоқ,
Қалың қайғы, ойға тоқ...
Кемпір, шал, бала, азамат
Станция біткенді аралап,
Көзін сүзіп жүр ме екен?
Сары қымыз көзінен
Бір-бір ұшып жүр ме екен?
«Қымызды жасық су ғой...» — деп
Ащы су ішіп жүр ме екен?
Кешегі маңғаз бәйбіше
Қолында құрттай бір кесе,
Сорлының жанын жаралап,
Саудалап тұрған бір cap ит
Қалжыңдап, шатып түр ма екен?!
Сатарына заты жоқ,
Көзін сатып жүр ме екен?
Көзін сатса, дариға,
Жанында бір қыз бала...
Өтінішім, інішек,
Бара қалсаң несіп боп,
Елге де барып қайтқайсың,
Басылған анау ел жайын,
Әдейі көріп қайтқайсың.
ТІРІ БОЛ
Сылқым жасы,
Отағасы
Кәріге.
Сөкпе, жаным.
Бітті иман
Бәріңе
Қыбыр-қыбыр,
Сыбыр-сыбыр —
Мінезің.
Кінәлайсың жұрт.
Күлесің?
Жаның ұсақ,
Қоңызға ұсап.
Өсек кеп,
Шын жаныңмен.
Иманыңмен
Кесек-кесек
Артқан өсек
Көнбейсің!..
«Жаспын» — дейсің. «Қаспын» — дейсің. ісің жоқ... «Мен...» — дейсің.
Алда-ай!
Сенен...
Бірін мақтап,
«Алла хақ...» — деп,
Жалпаңдап.
Ел дегенің,
Қам жегенің,
Мен білемін —
Бәрі құрсын,
Бүлік болсын
Ізгі жол...
Бір атақ...
Бұртаң-тыртаң,
Бұртаң-тыртаң,
Сұм өмір...
«Сен» демейін,
«Ол» демейін,
Тірі бол!..
ТҰРАННЫҢ БІР БАУЫНДА
Ай туды, күңгірт кеш ед, алтын табақ,
Ару ғой ай дегенің алтын қабақ.
Жапырақ — суда ойнаған алтын шапақ.
Жел шіркін жаны күйіп күбірлеген.
Кей кезде күйік кернеп күрілдеген.
Ағаштар ерке арудай ырғалады.
Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп сырғалары.
Алқызыл алқа киер алма ағашы,
Бөленген сары алтынға тапал інжу,
Басына ақық сепкен тағалшасы.
Маржаны жерде жатар арзан екен.
Тырбиып неліктен ол азған екен!?
Тізілген түйме меруерт тұтқа таптап,
Жандардай жарқыраған тәп-тәтті таң.
Жас үзім — зүбәржаттан тізген шашақ.
Бірі кек, бірі қызыл, тәжі — жеміс.
Жайнаған феруза гүл ұшан-теңіз.
Жатқаны тарам-тарам сулар ағып.
Қойған ба біреу әдейі күміс жағып?
Сәуле ырғып талдың сұлу саласынан,
Неге ұзақ бұйра бұлттың арасынан
Арылмай жүрек анық жарасынан?
Бір жым-жырт басты неге баудың ішін?
Құлпырып, неге өзгертті гүлдер түсін?
Жыр қайдан? Өңім бе бұл? Әлде түсім?
Бұл — бұлбұл! Бұлбұл екен сиқыр көмей,
Не дейін, сонша сұлу, сиқыр демей!
Біраздан жанымды ол, алай-дүлей!
Ертеден сені іздеген мен едім той,
Туранға бір сені іздеп кеп едім ғой!..
Өртеген өзектерін сен едің ғой!
Жүректе, мені де өрте, бір күл қалсын,
Жүректе, жоқ күл емес, мың күл қалсын.
Жанымда сиқыр жырлы бұлбұл қалсын
Бебеу қағып, басты бұлбұл тербеткендей,
Тербетіп ырыс, аспанға өрлеткендей.
Кетті алып асау жүрек ырыққа көнбей.
Қиялдың толқындары алды қағып.
Кетпес-ау, мен татпасам, толқын танып.
Қысылды кейде жаным шошынғандай.
Тәңірінің дарғаһына бас ұрғандай.
Жүрек те арылғандай жарасынан...
Жарқырап шыға келіп, ақ жүзімен
Төкті нұр талдың сұлу саласынан.
Көзіме әлденелер елеңдеді.
Айтқаным: «Аят берді, өлең берді?»
Білмеймін, көктен кәусар нұр құйылды,
Неге екен, көзіме ыстық жас жиылды.
Бұлбұл, әнің неге тез тиылды?
Дариға аяқталмай үзілді жыр.
Сұм жүрек жалын болып қалды той құр.
Мынау не көлдің беті жыбыр-жыбыр?
Көл беті жыбыр-жыбыр, бақа: «Бақ-бақ».
Өмірдің өзгермейтін құрсын заңы —
Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ.
Бақылдап тырбық бақа әнін бөлсе,
Ойласаң таң қаларлық дәнеңе жоқ,
Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе.
Бақаның бітпек пе бір «бақ-бақ-бағы?»
Бұлбұл сыйға тартқан сол сәулесін
Арсыз ай бақаға да төкті тағы...
АЛАТАУ
Аспанды алып Ала емген арда,
Айбынды аспан ана алып туған
Бөбегін бөлеп қойған меруерт қарға.
Тәңірі тақ қылғандай тарғыл тастан,
Күңіреніп қоңыраулы қара нардай,
Қап-қара корғасындай бұлты басқан.
Томсарған туғаннан-ақ тарғыл тастар.
Жауһардай жарқыраған аппақ шаштар.
Қарағай, арша біткен өрлей төске.
Қарақат, жиде, шие — маржан түсті.
Шымуыр, көкемарал, уқорғасын.
Уһімен тыяды екен ыстық жасын.
Ойнаған ешкі, теке орғып тастан.
Құлдырап оқтай күлік, елік қашқан.
Бөрісі бөкен жортқан түнде қатып.
Қозыны жібергендей жамыратып.
Төменде тасты сабап толқын тулар.
Сайларда салар ойнақ асау сулар.
Шуласып «Алатаулап» ұран салып,
Еліріп екпіндеген асаулардың
Құм жапқан көбі бірақ шөлде қалып.
Сусамыр арқасында сылдыр қаққан.
Жиып ап, Ыстық Ата дауырыққан.
Арда емген сол ананы тентек Талас.
Ертеде қоныс қылған батыр Манас.
Жел емес, қалың қырғыз ел жайлаған.
Құздардан бірдей орғып, бірге ойнаған.
Күңіреніп көшкен қырғыз елі ме екен?
Алаштың қайсар ұлы, қайратты елдің
Манасы — ел қорғаған ері ме екен?
Алатау өсті ме екен, өшті ме екен?!
Қияның қыранындай қайсар елдің
Басынан күнгірт күндер көшті ме екен?!
Қайратты ел қайғы жұтып, зарлы ма екен
Шер басып, алып азып, ерлер жасып,
Манас та ұмыт болып қалды ма екен?!
Толқындар тулайды әлі шапшып шынға.
Қайсар ел ұмытқан жоқ алыбын да.
Ауыздан алып аты түспейді екен.
Жастары «Ер ұрпағы — біз» дейді екен.
От болып көптің көзі жанады екен!..
Кәрі-жас көзіне жас алады екен.
Қайғымен қайсар жаны жара ма екен?!
Жаралы ел көшкен күнін жоқтай, жылай
Құл болып, жасық жаспен қала ма екен?!
Сел солмас, қарлы құз бен көк мұзды емген.
Ел бітпес, кеңес қылып күңіренген!
Алаштың қайсар қырғыз баласына
Қосылса жара жаның жарасына,
Тәуеп қыл Манасыңның моласына...
Р...ҒА
Сенсің, досым, жібек мінез, жібегім.
Сені ғана сүйем — куә жүрегім.
Сен болмасаң азып-тозып өлемін.
Атса-дағы, сүйіспеп пе еді жанымыз?
Бізді жан ғой жақын қылған, жібегім,
Бастаған жоқ, ессіз ыстық қанымыз.
Есінде ме? Бір жыл... күздің күні еді.
Күзді күннің салқыншалау түні еді.
Көру үшін іздеп келген кім еді?
Ол түннен соң талай-талай жыл озды,
Ессіз жарың Айға қолын көп созды.
Заман озды, жүрек сөнді.
Жан тозды. Өмір — жапан.
Ессіз едім, онды-солды көрмедім.
Жылы — былтыр, сені тағы көргенім.
Құшағыңда жас балаға ұқсадым.
Дегенім рас: «Сенсін жарым, қосағым».
Ұмытқандай болдым сені, жібекті.
Тоқтата алмай қалып едім жүректі.
Зарладың сен, зарың құлаққа ілмедім.
Көз жасыңнан садақа боп өлмедім.
Айлар өтті, айырылды күн мен түн.
Айқын болды ақырында жалған, шын
Білдім: маған жар екенсің сен ғана,
Білдім: саған жар екенмін мен ғана.
Ашып көрші, жүрегімде мың жара.
Жүрегіме сансыз қасірет байланды.
Жүрегіңнің махаббатын кім алды?
Ессіз жарың зарлап енді қалар ма?
Зарлай-зарлай қара жерге барар ма?
Көз жасынан жібегім де танар ма?
Мағжанның қызы Ү.Жұмабаеваның: «Бұл өлеңді папаң маған үйленердің алдында шығарған еді. Алғашқы жарияланғанда үстіндегі бір нүктесі түсіп қалғандықтан арабша «3» әрпі «Р» болып кеткен» деп анам Зышқа өлеңді жатқа айтып отыратын» деген ескертпесін, зерттеушілердің назарын аудару үшін, бұрынғы тақырыбын өзгертпесек те, қоса ұсынып отырмыз (Баспагер)
ТҮРКІСТАН
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Түріктің тәңір берген несібі ғой.
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Теңіздей терең ауыр ой бергендей.
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Жаралып таудан аққан салқын жастан.
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын,
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Cap құмда салар ойнақ пері мен жын.
Шалқыған егі-шексіз Теңіз, Арал.
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Түріктер бүл екеуін дария дейтін.
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсын,
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.
Жоталы, жер кіндігі — Памир, Алтай,
Қазықұрт қасиетті тау болмаса,
Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?
Құйындай бастан кешкен күні де жат!
Тұранды түгелімен билеп тұрған
Ертеде ертегі хан Афрасияб.
Білесін тарихты ашсаң, Тұран жайын.
Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер,
Шыңғыстай арыстанның күр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.
Атаға тартып туған бәрі бөрі.
Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай
Тұранды мақтамаймын тіпті текке,
Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке
Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.
Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.
Дүниеге мұндай адам туды ма әлі?
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от боп жан туып па?
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
Арыстан елге Отан болған Тұран,
Тұранда қазағым да хандық құрған.
Тұранның талай жерін билеп тұрған.
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Басында Күлтөбенің құрылтайын.
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Алаштың арыстаны — Абылай ері.
Түркістан алты алашқа болған Кебе.
Кешегі ердің ері көкжал Кене.
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқаның ардагері қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенін жерің!
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Жапанда жайылудың мәні қалай?!
Ертеде Оқыс, Яқсарт — Жейхун, Сейхун,
Түріктер бүл екеуін дария дейтін.
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!
СӘРСЕНБАЙДЫҢ ЖЫРЫ
Басына қонар боз торғай,
Қалампырлы насыбай.
Ауырар менің басым-ай!
Домбырам менің екі ішек,
Күңіренеді еңіреп,
Көзіме ыстық жасым кеп.
Сәрсенбайда зар бар-ды.
Шықпаған құр жан қалды.
Белес-белден айрылдым.
Күміс көлден айрылдым.
Ақтылы қойды бөрі алды.
Жылқыларымды ұры алды.
Түн алмады, жын алды.
Біле алмаймын кім алды?!
Домбырамның құлағын
Бостау қылып бұрадым.
Өркенің өссін, шырағым!
Домбырам менің қарағай,
Қылдың-ау, шіркін, заман-ай
Кеткенің бе қарамай?!
Домбырам менің зарлайды,
Зарламайды, қарғайды.
Көзімнен жас парлайды.
Қалампырлы насыбай.
Жазылар менің басым-ай!
Жазылса да бас шіркін,
Тыйылмайды жасым-ай!..
ЖАРЫМ
Мен айтайын — айнымайтын жар таптым.
Естімеймін уын-шуын жан-жақтың.
Жан жарым бар, неге керек мал маған!
Жұрттың бәрі-ақ: «Оңбаған жан!»— дей берсін,
Жан жарым бар, неге керек ар маған?!
Жібермейді жұмысқа да, мансапқа.
Күндіз-түні күңірене бер тек жат та.
Әкем маған: «Сауда қылып мал тап!»— дейд.
Жарым маған: «Мал деген не, тек жат!» — дейд.
Жарым маған: «Жатқан адам бекзат!» — дейд
Жар айтқан соң, жаннан жақын көрген жар,
Жардың тілін алмауға не дәтім бар?!
Бірі де жоқ — мал да, ел де, намыс, ар
Жар жат дейді, жатамын да жатамын,
Мас адамдай бос ойға ылғи батамын
Қылжалаңдап, жоқты-барды шатамын.
Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ. «Жап-жақсы еді, жар аздырды-ау!» — дейді көп.
Жата берем: «Жаным, жарым, жаным!» — деп.
Сен дейсің той: алма бетті, ақ жаулық...
Жарым менің — атышулы жалқаулық!
ӘЖЕ
Томар-томар былшықтан.
Қолындағы ұршықтан.
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің.
Жан болмайды құр шыққан.
Тыңдамай үйден кім шыққан?
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
Ұмытып әжем кетеді.
Қайта-қайта түтеді.
Тоқтайды сонда жөтелі.
Ту арқаңнан өтеді.
Басы қалт-қалт етеді:
«Ертек, ертек, ерте екен»,
Аузы балп-балп етеді:
«Ерте, ерте, ерте екен...
...Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сүр ат...»
Қоя қойды Кенжетай
Жылаған жаңа нан сұрап.
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,
Сілекейі салбырап.
Кенжетай тентек маужырап.
ЖЫЛҚЫШЫ
Төбеттей тынбай үріп түр.
Сын тағылды қаңтарға.
Аман ба екен жылқысы?
Малға барған жан бар ма?
Түтінді жерге тығатын,
Аяз мынау шатынаған.
Малдағы жалғыз жан қалай?
Адам бар ма қатынаған?
Боран мынау, қабандай,
Түбі қайыр болса игі.
Ұша алмай анау құс өлген,
Жылқышы қасқа не күйде?
Бір бұта жоқ — айдала,
Қалтиып қос тұр ма екен,
Құрт көжені сіміріп,
Тұмақты қойып жымырып,
Ойнақ салған құр аттай,
Шұнаңдаған лақтай
Орғыса да аяз өкіріп,
Ермек қылып малтаны,
Тұр ма екен шырт-шырт түкіріп
Бораны әлде даланың
Қосын басып, жығып па?
Қайран, қасқыр-жылқышы
Ығып кетіп жылқысы,
Долы, пері, жын боран,
Сумаңдаған сұм боран
Құлақ-мұрнын қарып па?
Үмітпен түнге төніп пе?
Бір малта жоқ-ау ғарыпқа.
Алдында бір сай бар еді-ау,
Сол сайдан аман өтіп пе?
Құлап әлде, тап соған,
Боран жүріп кетіп пе?
Алас ұрып, ісініп,
Есі кетіп жығылып,
Ердің солай өлгенін,
Қардың қалай көмгенін
Құзғыннан басқа көріп пе?
Қатуланған қаба алмай,
Түбі қайыр болса игі.
Өліміне айғақ жоқ,
Жылқышы сорлы не күйде?
АЛAТАУДА
Иір-иір Алатау
Бұйра-бұйра жал ма екен?
Қарасам көзім талады-ау
Қияңа, асқар Алатау.
Етекте шөккен нар ма екен?
Желкендегі, ару Алатау,
Жәуһардан тізген жал ма екен?
Алатаудың құздары
Аспанның сырын ұрлайды.
Күңірентіп таудың құздарын,
Қырғыздың ару қыздары
«Зекенбайды» ырлайды.
Қырғыздың сырын ұрлайды.
Тұлымдары сүліктей
Селкілері бар болсын!..
Селкілері сүліктей.
Көрініп қоқи қартозын.
Селкілері бар болсын!
4. Таудың толғауы
Ай шырайлы аяшың
Күң болып, күйіп солмасын.
Күң болып, күйіп аяшың,
Семетей менен Манасың
Қысыр бір қисса болмасын.
Күн болып, күйіп солмасын.
Тырнала, қырғыз, танабың,
Ел болмайсың оқымай.
Тастапсың адыра танабың,
Боза бопты шалабың.
Атаң көрі, қоқи-ай...
Ел болмайсың оқымай.
ҚОҢЫР ЖЫР
1.
Толғанып оқы, тербетер.
Тізілген толқын меруерт.
Ойыңның бойын өрлетер.
Толғанып оқы, тербетер.
Жерге сауып емшегін,
Шешем қайғы жей ме екен?
Орамал қылып кең жеңін,
Теріп жүріп шөпшегін,
«Құлыным қайда?»— дей ме екен?
Жерге сауып емшегін,
3. Анa мен бала
Бөбектің балғын білегін
Анасы сорып сүйеді...
Қарғап талған білегін,
Таяныш қып күрегін,
Баласы оймен күйеді...
Анасы сорып сүйеді...
Елбең-елбең етеді.
Әлдеқайда бір қара.
Күте-күте жан жара...
Әлдеқайда бір қара
Елбең-елбең етеді!
5. Өмір
Арсалаңдап келесің.
Өмір — түлкі, сен — төбет,
Артыңнан андып кім келед?
Түлкіңді соған бересің...
Арсалаңдап келесің...
«Тәңірі» де жоқ, «тәубе» жоқ,
Жаным қалай тазарсын?
Тұрмыста нәпсіз сәуле жоқ,
«Тәңірі» де жоқ, «тәубе» жоқ.
Қай үмітпен қазарсың?
«Тәңірі» де жоқ, «тәубе» жоқ,
Жаным қалай тазарсын?
Тауда түнде үн берген
Тәңірі ме, әлде байғыз ба?
Үнді естіп жаным күңіренген,
Тәңірі болсаң, кел бермен,
Қолымды көкке Жайғызба!
Тауда түнде үн берген
8. «Келешек», «кеше», «бүгін»
«Келешек» пенен «кеше» — анық,
«Бүгін» деген бір бу ғой.
«Келешек» деген күн анық.
Естен кетпес бір у ғой
«Келешек» пенен «кеше» — анық,
«Бүгін» деген бір бу ғой
АСЫҚ ИІРУ
Иірейін құрғырға,
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға.
Тәйке түссең—тәуекел,
Бүге түссең—құрығаның,
Шіге түссең — ұрғаның.
Өсіп қапты апыр-ай,
Әй,қыз деген кәпір-ай!
Мен баяғы қалпымда.
Жатар ек-ау екеуміз.
Қойға кетсем мен күндіз.
Қойды айдасам түс ауа.
Қатыным шықса қой caуa,
Сусынға қойса қымыран ғып
Күркеге барсам, жайланып
Бірдеңеге айналып,
Ол кешігіп келмесе,
Қайта шығып күркеден,
Қатынға барсам тістеніп.
Теуіп-теуіп қалсам кеп.
«Адыра қал,-десе,
адыра қал!..»
Ал, асықты байқалық,
Алшы түссе алақай!
«Түс!—дегенде,—түс, құрғыр»
Қырыққа келген «балақай»
ЖЕРДІҢ ЖҰМЫРЛЫҒЫ
Төрде отырған ақсақал
Орын берді қасынан.
—Не білдің, балам? Не хабар?
Тақияны басынан:
—Тыңдаңыз, міне, қария!
Тап осындай жұп-жұмыр.
Қараңыз енді Күн жаққа:
—Лампы мынау — Күнің түр.
—Домалайд!
—Құламайд!
—Тоқтат мынау шіркінді,
Жерді де жұмыр қылды ма?
—Жоқ, ата, бұл — жағырафия,
Сенбеуіңіз жарамайд.
—Домалайд,
—Құламайд,
—«Мынаны қалай жүптейміз,
Домаланса, мұнысы не?
Сөздің қарашы қатасын!..»
Құласаң құлап жатасың!
ЕСКІ ТҮРКІСТАН
Ескі шәһәр — таң дүние,
Салар болсаң назарың,
Не көресің? Көресің —
Майдан сайын мазарын.
Саулатып тұрған ғазалын.
Мөлиген мешіт ажарын.
Аңыратып тұрған азанын.
Ыңыл-жыңыл базарын.
Қайнатып жатқан қазанын.
Не көресің? Көресің, .
2. Арбакеш
ЬІңылдайды арбакеш,
ЬІрғалады ол, ырғалад
Арбаңдайды арбасы.
Астындағы жорғасы.
Қолында қызыл алмасы,
Құлаққа гүл қыстырған,
Берген шығар қарғасы.
Қарсы келсе молдасы.
Тұрғандай төніп алдасы
Өте берсе орыстың
Бүлкіл бөксе маржасы —
Арбаңдайды арбасы!
3.Әйел
Пәренжі үсте — бітеу қап,
Бетінде перде — шімбеті.
Гүл шырайлы шын беті.
Быршып тұрған тер беті.
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Домаланған келбеті.
Көшеде оның міндеті.
Мұтлақ харам ер беті».
Құдіреттен күшті-ау құдіреті!
ҚЫРҒЫЗ, ҚАЗАҚҚА
Арқар менен құлжадай
Қойындасқан ежелден,
Екі тентек тетелес.
Түн заманды төңкерген
Топан-заман не күтед?
Қырғыз — таудың тарпаны,
Қазақ — қырдың құланы.
Тартқан мынау ұраны:
Екі тарлан табысып,
Шұрқырасқай деп күтед.
Күні кеше зарыңнан.
Албастыдан арылған.
Той ұласқай деп күтед.
Ілгері басқай деп күтед.
Үмітті болғай деп күтед.
Ұйытқы болғай деп күтед.
Балаулы болғай деп күтед.
Жалаулы болғай деп күтед.
ҚЫЗЫЛ ЖАЛАУ
—Жалынды жалау кімдікі?
—Тұрағы тарғыл тас қия
Жалындай жалау соныкі —
Ендеше, қазақ, сенікі!
—Қызыл шоқ жалау кімдікі?
—«Кім де кім: «Тәңірім—от»-десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі.
—Қызыл шоқ жалау кімдікі?
—Кім де кім шикі қан жұтса,
Қызыл қан жалау соныкі!
Ендеше, қазақ, сенікі!
—Қанды жас жалау кімдікі?
—Кімнің ұлы құл болса,
Қанды жас жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
—Өртенген жалау кімдікі?
—Кім өртенген гүлдемей,
Өртенген жалау соныкі,—
Ендеше, қазақ, сенікі!
—Азаттық жалау кімдікі?
—Көре алмаса кім тендік,
Азаттық жалау соныкі,—
Ендеше, қазақ, сенікі!
НЕМЕРЕ МЕН ӘЖЕСІ
—Айтшы, әжетай, көк деген не?
Жұлдыз көзін жымыңдатса,
Ай-әжесі: «Тек!»— деген бе?
Бұлттар бөрте ешкідей дәл
Мана тізген көк көгенге.
Ағытып біреу «шек!» деген бе?
—Қой, құлыным; обал, обал,
—Әже-ау, біздің Лұқбек айтад: «Жер—ойнайтын доп,- деп айтад.
Тіпті түбі жоқ!»-деп айтад.
Ылғи қызыл шоқ!»-деп айтад.
Рас па сол? Айтсаң қайтед?
—Мен білем бе, мен бір надан,
—Айтшы деймін, айтшы, әжекем,
Алыста өскен тау бар дейді,
Басы көкке тиіп пе екен?
Тау жағындағы әлгі жүйрік
Аю деген біздің мынау
Кек бұқадан биік пе екен?
—«Тек!— деп ем ғой,— тентек, тентек,
ҚОЙШЫ БАЛА МЕН КҮШІК
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Алаңғасар атшысы
Олар да асап жатыр-ау.
(Асасаңшы ақырын?)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Беті-қолы қара май,
Көзі — болыс көзінде.
Табаққа кезі жаудырап,
Отыр бала есікте.
«Кет!»— деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жалп бергенде, тап берді.
Тап бергенде, шап берді.
Тістей салын, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Артынан шықты жүгіре,
Іле-шала бала да.
Қойшы да болса бала еді...
Көңіліне қатты алғаны.
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
«А, жүгірмек, қой десе!..»—
Деп балаға жекірді.
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!»— деп бір кекірді.
ЕДІЛДЕ
1
Сүтке тойған марқадай.
Белге біткен шалқалай.
Түйір-түйір малтадай.
Абыржып еді ойнақтай.
Қабыржыған қаймақтай.
Ойнақтаған тайлақтай.
2
Бір-біріне тағылып,
Шұбырған толқын шуменен
Ағытқан қойдай атылып.
Көпіріп жарға қағылып.
Ертегі деген тоғайын.
Орманбеттің ноғайын,
Арқада жатқан алты алаш
Ол күнде болған ағайын.
3
Еділдің беті ақ ала.
Ылғи шаңқан шағала.
Қылмаңдаған қалқатай.
Мойындағы алқадай.
Шер қалар ма тарқамай?!
Кешке толқын тынып түр
Қоңыр іңір бейуақтай.
4
Бойлауық, кезсіз қайраттай.
Тек қоймас терең ойлатпай.
Таң болып тұр аңырып.
Қоңыр оймен қамығып.
Жүрмін мен мұнда нағылып?!
Жорығы, жолы — бәрі ортақ,
Бірге де жеген уайым.
Мынаны не деп ұғайын:
Дүлей тоғай тұлданған,
Танып болмайд ноғайын.
5
Сәуле той сүйген бағана.
Жібектей жасыл жағаға.
Астрахань жатыр сағада,
Асан Қайғы салдырған
Астраханға жетейін.
Әдейі аттап кетейін.
Соған тауап етейін.
6
Ертедегі Асан ағаға.
Ақ батасын күтейін.
Басқа жолды не етейін?
Әз Жәнібек сендер бол,
Мен Асан болып өтейін!
ЕДІЛДІҢ САҒАСЫНДА
1
Еділдің саға өлкесін.
Жүк тасып, тескен желкесін.
Жайлау қылған көл төсін.
Мұжықтың андып бөлкесін.
Орыстың: «Совсем...» «Толькесін.»
Ойланбаса мынау күй
Келтірер кімнің күлкісін?!
2
Біраз ел бар — Байұлы,
Жорғасы мен жүйрігі —
Қалтылдаған қайығы.
Тулатып шанышқан жайыны.
Сіріңке қара зайыбы!
Қара су, балық — қорегі,
Жоқтықтан жоқ-ау айыбы.
Қазағыңның қай ұлы?
3
Көкжиекке күн бата.
Тұра қалдық үн қата.
Ақ сақалды бір ата.
Алып кеп деді: «Ақ бата!»
Бекіресін жеп шүкір ғып,
Біз де жаттық ай бата.
Жанға бір ауыр ой бата!
4
Қонған өзек бойына.
Басталды құрбан сойыла.
Тойып ап құрбан қойына,
Шөмеледей шаштары,
Күйектей кесет мойында.
Селенге — Сергей тойына...
Келе мен еш зат ойына?
5
Балық жеп кірсін көріне..
Шықсын-ақ жұмақ төріне.
Қайыс буған беліне.
Қазақтың қыршын төліне.
Шығару өмір өріне,
Қаш қаладан, қарағым,
Еліңе қайт, еліңе!
СӘЛЕМ ХАТ
Алыстағы ақ селеулі беліме.
Күнім бітіп кіргенімше көріме.
Cap даланың аңсап жусан, сасырын,
Қайтуым хақ бір күн қоңыр іңірде
Қар қаладан қашып шығып жасырын.
Құшқаным рас Тұр деп қала құшағын.
Құшағында көрдім қанды бейшағым.
Көп кітапты кеп тезектей үйдіріп,
Бір шетінен лауылдатып от қойып,
Кетермін-ау бәрін күл ғып күйдіріп.
Кітап күл боп, өлер оттың жалыны...
Көкті басар қара бұлттың қалыңы...
Қоңыр жел мен сары белдің зар үні.
Сол іңірде ақырын сөнген өмірдей.
Қоңыр жырмен сонау қоңыр іңірдей.
Ел бел асса, аспақ үшін бірге бел.
Ел шер тартса, тартпақ үшін бірге шер.
«Кет!» деме елім, енді мені басқа ұрып.
Қобызымды қиратармын тасқа ұрып.
Алыстағы ақ селеулі беліме.
Қолың беріп мендей саяқ серіңе.
ҰЛБОСЫН
Бесікте жатты Ұлбосын.
«Ұлбосыным пұл босын!..»
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет
Он беске келді Ұлбосын.
«Отыра түссін, пұл босын!»
Тышқан көзі сықсиып,
Ирек боп қалды-ау ой шіркін
Ойнап жүрді Ұлбосын.
Әкесі енді жиірек
Ұлбосын биыл естіпті
Ойлап жүрді:«Пұл босын!»
Бүйрек беті бұлтиып,
Естіпті де досына:
Шолпы тақты Ұлбосын.
Күлім қақты әкесі,
Депті. Сөйтіп сол түнде-ақ
Ойға батты: «Пұл босын!»
Салмақты қыз боп ақылды,
Бұрқырап отыр әкесі:
Он бірге жетті Ұлбосын.
Мал алуға әкесі
Мен не деймін, қалқам-ау,
Құдаға кетті:«Пұл босын!..»
Жылқышының үйінде
(Қысқа түнде шеше мен бала)
—Түн түнерді, ұйықтады ауыл,
—Боран мынау, туды дауыл,
—Сорлы бейбақ, атаң қайда?
Көр үңгірді боран көмді!..
—Апатай-ау, атам қайда?
—Көр үңгірді боран көмді,
—Әйнек сынды, білте сөнді,
—Көмді ме екен атанды әлде?
—Сөнді ме екен атам да әлде?
—Қалқам, қандай күйге түстің?
—Төкпеші, апа, жасыңды ыстық!
—Жаным — жара, көңілім — қаяу,
—Жел де бәсең, боран баяу,
—Аман, ба екен, бейбақ атаң?
—Міне, атты таң! Аман атам!
ҚАРЫНДАСТАР
Қарындасым, салмақтым,
Қорғасын құйған асықтай.
Молдалар жазған машықтай.
«Үш-ш-ш» дейсің асықпай.
Жігерді жүн ғып жасытпай.
Су татыған жасықтай.
Көздің жасы білгенің,
Ашуды у ғып ашытпай.
Тым тұйық, бұйық баласың,
Әкеңменен қол соғып,
Алады-ау сатып сасық бай.
Қорғасын құйған сақадай
Сәулем менің салмақты.
Қала қызы қаңбақ-ты...
Сәнденуші еді салмақты...
Таласта талай қор қылып,
Тістетіп еді бармақты.
Құр салмақпен қалмапты.
Азаттық ұранды андапты.
Мал бергенге бармапты.
Аға, жеңге арбапты...
Ата-анасы қарғапты.
Қайыспапты қарғысқа...
«Мен енді азат адам»,— деп,
«Сүйгеніме барам»,— деп,
Тас түлектей талпынып, ,
Өзіне теңді таңдапты.
Бұрала басып, майысып
Мекемеге кіргенде,
Сызылып сөйлеп салмақтым
Бір сөзінен танбапты.
Бұғау үзіп босанған,
Сүйгеніне қосылған,
Қуаныш сыймай қойнына,
Уыстап шашқан шашудай
Ағаң өлеңді андатты.
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Қаймақ қабақ, қара қыз,
Қамзолының төсіне
Жылы былтыр бой жеткен,
Боп қара қыз майысқан.
Қамзол киген қайыстан.
Тебініп қап түйесін.
Оқиды «тұрмыс жүйесін».
Ойлап тұрды, пікірлейд.
«Үш-ш-ш» демейді, «шүкір» дейд.
Сөзді бұрды ауылға.
Апасы қапты-ау ауылда...
Құшақтап сүйіп сіңлісі
Тетелес туған әпкесін,
Киді жолға шықпақ боп
Көн шапан мен шапкесін.
Жасқа қайдан шақ келсін.
Толтырды қолда папкесін.
«Келем, күт!»— деп әпкесін.
Қақалсын мейлі, «қап!» — десін
Қарындасқа жол шыққан
Біз жолдаспыз айнымас.
Әпкесіне ап келсін.
Торғайдай таңмен оянды,
Оянған соң жатпады.
Тұрмыста тұщы татпады...
Басында жұртқа жақпады.
Табанға салды, таптады...
Бой бақпады, ой бакты...
Бетіне бояу жақпады.
Шылдырлап шолпы тақпады.
Баяндама жаттады.
Жазы-қыс дамыл таппады.
Қайғылыны хаттады.
Жылағанды жақтады.
Әйел мұңын жоқтады.
Қара ормандай қызмет қып,
Өркені өскір қарындас
Ақтады үмітті, ақтады.
АҚ ҚАЛА
«Не бар? Қолың домбығар!»—
Шешелері десе де,
Томпаңдап бір топ бала,
Кіріп кетті кесеге.
Оппа қарға опадай,
Күп берісті топырлап,
Топырлап, шулап, соқтыға,
Жыпырласты шөпірлеп.
Сүңгіп алып сүліктей,
Топырлаған топ бала,
Қарақшыдай қалтиып,
Бастады соға ақ қала.
Төрт бұрышты қып кірпіш,
Үй іргесін қаласты.
«Мен қоям!» — деп, біреуі
Терезеге таласты.
Қардан кұрсау қойылды.
Беттері болды бүлдірген.
Күлкілері меруерт.
Қатар-қатар тізілді үй. «Алақай», айғай, күлкі ылғи.
Ерінбесең бар қара:
Күліп жүріп кеп бала
Салып қойды ақ қала.
АТА, БAТА
Әліппесі қолында.
«Кел, құлыным, кел мұнда».
«Ата, ата!»— дегенде,
Атасы:
«Құлыным ата дейді ғой!»
«Бата, бата!»— дегенде,
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!»
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!»
АНA
Түн ортасы шамасы.
Бөбек жатыр албырап.
Тербетіп отыр анасы.
Жел азынап түр есіктен.
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Шөккен қара бір нардай,
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып.
Әлденеден шошынып.
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Күңіреніп кекті жабады,
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады.
Қолында отыр сылдырмақ,
Өзі сақ-сақ күледі,
Сылдырмақтай сылдырлап.
Сөйлеп қояд былдырлап.
Шұнаңдаған құлдыр лақ.
СЫЛДЫРМАҚ
«Құр, құлыным, құр-құрлап»,
Бөбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Сылдырмақты сыйдырмақ,
Ең болмаса «байқаусыз»
Басып кетіп сындырмақ.
САЛ-САЛ БІЛЕК, САЛ БІЛЕК
Балдан тәтті бал білек,
Мектепке бар бір мезгіл,
Әжеңнің тілін ал, білек.
Сабағыңа бар, білек,
Қыдыра берме қалтиып,
Етегіңмен қар күреп.
Сұлу талдай тал білек,
Оқып-оқып бір асқан
Әлім болып қал, білек.
БӨБЕКТІҢ ТІЛЕГІ
Саулық қойым, сегіз тап,
Сегізін де семіз тап.
Құлын таппа, құнан тап,
Құнан тапсаң, егіз тап.
Төрт айда бол төрт ешкім,
Төртеуің де бөрте бол.
Қой алдында көсем боп,
Төртеуің де серке бол.
Әукелері салпылдап,
Өгіз болсын атандай.
Елемесін қайысып,
Адам мінсе де атамдай.
СҰР ҚҰЛЫН
Сұлу еді сүліктей.
Жытушы еді еліктей.
Көк мұздай бұлтсыз аспаны.
Арық та келе бастады.
Топырлаған арықпен
Тұрғанда құлын байланып,
Сүр да келді тыртиып.
Құлыншағын көргелі
Сылап, сипап, айналып.
Шыға келді Әлжан құнтиып.
Жалбыраған жабағы:
Томпиды аузы Әлжанның,
Салбырады қабағы.
АЛ ІШІҢДЕР, БҰЛ — ҚЫМЫЗ
Ал, ішіңдер, бұл — қымыз.
Құлаша қулық бие сүті еді.
Томсарған ер қазақтың асы еді.
Бұл қымызды айлы күні айналған,
Бұлтты күні толғанған,
Құрығын қу найзадай таянған,
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ӘЗІЛ
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Былқ-сылқ етіп жүргенде,
Ойламайсың ба үйрек деп?!
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Басқа айтпайды, мен айтам:
«Сендей сұлу сирек»,— деп.
ҚОЙШЫНЫҢ ӘЛӘУЛӘЙІ
Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай,
Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім,
Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Ішіп болмай қымыз деген жай қалар.
Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар?
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Түс боп қапты, тұрған шығар біздің бай!
Былшық сары Сағиласын құшақтай, құшақтай!
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Сағиласы маған көзін салады-ай!
Түрту түгіл, кейде нұқып: «адыралай»
Санымнан да шымшып-шымшып алады-ай!
Әләуләй,әләуләй,әләуләй!
Мына ісіңді егер білсе бәлем бай,
Екеумізді айдап шығар қосақтай,
Қой, бұзылған, қой, жолама, қой, ойбай!
Тапқан ба екен кебенегі тақыр жай?
Күннің көзі ысып кетті-ау, апырм-ай,
Қиын болды-ау ақсақ қойдай пақырға-ай!
Жарар еді-ау, апырм-ай, апырм-ай!
Шулай берме, Шопан ата, шәй, шәй, шәй!
СЫРЫҚ МОЙЫН, БІЗ МҰРЫН
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Құйылып түр сөзіңіз.
Опа басқан жүзіңіз.
Жақындайсыз өзіңіз.
Мәселен, біз өзіміз.
БОТАМДЫ КӨРДІМ ТҮСІМДЕ
Қырмызы моншақ тағынған
Атасын боздап сағынған.
Апасы құшып еркесін
Көзінен меруерт ағызған.
Бөбегім, жарым—жанымнан!..
БІР КЕЗДЕ ІШТІК АРАҚТЫ
Асқардан асқар аспаққа.
Қайғы мен қасірет баспаққа.
Көз көмілді қаспаққа.
Жастайтын болдық бас жаққа.
ЖІГЕР, ШІРКІН, ЖЕЛІНДІ
Болат жеген қайрақтай.
Кететін орғып айдатпай.
Ордаға байрақ байлатпай
Өлер өмір, сөз қалар
Молаға қойған сайғақтай.
ӨЗЕННІҢ СУЫН ЖЕЛ ТЕРБЕП
Ақ тесін керіп шайқалад.
Біресе тынып жай табад.
Ақ төсін керіп шайқалад.
Кім бәлен деп айта алад.
Бір беріп, тағы қайта алад.
ЭПИГРАММАЛАР
Кеткен соң қар,
Мекеге бар,
Отағасы
Жас тоқал.
Сәлде сал.
Шоқай, Шоқай
Көкек демей,
Қай жерде?
Қай?
Қайтшы елге
Айнам-ай! Ойнамай.
Қазақ ұлы,
Қи, қи, қи, қи,
Татар құлы
Уалит ер,
Саудагер.
Ертек,
Жуан қарын
Ертек,
Ерте екен
Қырт екен.
Бір-екі-үш ай
Шорман биге
Шапты да тай,
Басылды
Асылды.
Мұсылманбек
Очень лестно,
Мұрты тіп-тік
Ну, конечно.
Судья.
Асфандияр Шормановқа
Асфандияр,
Баю, баю,
Поздравляю,
Қайдасың?
Мещанин!
Айман, Шайбай,
Шу, Шорман дүр,
Қайда, ойбай,
Гүләйман?
Жылайман.
Қазыбегім,
Пошел, пошел.
Я сам дошел.
Құдайым!
Әлімхан Ермеков пен Халел Ғаббасовқа
Әлімге Ермек
Оқуға өрнек,
Деп те елдің
Жел есер
Бойы өсер.
Жас марксшіл,
Я капитал,
Тағыт бір «шіл»
Төреқұл.
Хайреддин Болғанбаевқа
Бортаң балаң
Бір кемі жоқ,
Бір теңі жоқ
Кәрі тай.
Болған бай.
Арақ та жоқ,
Кетті қаңғып,
Қарақ та жоқ,
Мейрам жоқ,
Колесо боп дөңгелеп.
Есек, есек,
Жүр ғой өзі
Қатын өсек
Жәнібек.
Дәрі!»—деп.
Жаны — жамау,
Елді жесе,
Таңқы танау"
Тел қайда?
Сол пайда...
Шірік сиса,
Іздеп Мола
Доктор Иса,
Қашқынбай!
Қаштың ба-әй?
Бақытжан Қаратаевқа
Жүріп күшке,
Қаратайым,
Арақ іш те,
Бақытсыз.
Жаз арыз.
Сасай азбан
Дуайт-тралайт,
Жерді қазған
Мырзамыз Ризамыз.
Көкек, көкек,
Асхат, Асхат,
Менмен есек
Идейный.
Ереймей.
Зиялы адам,
Достан құрып,
Қиялы арам,
Сатылған.
Атылған.
Бетім-бетім
Ел биледі-ау,
Құдіретім,
Не дейін?!
Әбілжын!..
Қарны ысылып,
Қашқар барды,
Жаны қысылып
Рай-Марсек.
Мінді есек.
Жүсіп жарқын
Қазір Жүсіп
«А» деп қарқын
Жат еді-ау!:
Қашып па?
Жас бала — мас,
Астында аташ
Ол да тоқтар,
Ат еді-ау!
Асықпа...
Чик-чик,
Сылдыр-сылдыр,
Колокольчик
Дин, дин, дин.
Байділдин.
Көкшетаулық,
Жерді шарлап,
Денге саулық,
Ақ жаулық.
Ғали жоқ.
Фуллин Сәкен,
Бала ақмақ,
Кекең-кекең.
Футурист.
Басын кес.
Құрейт,
Азық-түлік,
Құрейт,
Наркомпрод Саматов,
Жайнатып.
Біркей, Біркей,
Анда-санда
Шыбын-шіркей
Молада. деп жылама.
Қайда екі дос?
«Алла, хақ»,— деп,
Орал боп-бос
Қайда олар?
Жүр бұлар.
Ақаң, Ақаң,
Я, жаппар хақ,
Тілек-батаң
Аққа жақ.
Де де жат.
Қотыр торы ат
Семейіңе —
Құтырып жүр
Итбаев,
Кет тайып.
Қазақстан,
Құжынаған құрт,
Солдатстан,
Тар балақ.
Жорғалап.
Ескі кебіс,
Весьма тупой,
Собакевич,
Жаны кер.
Инженер.
Ел ағасы,
Есенбісің,
Елдің басы
О, Эли!
О, пәли!
Мұханбетжан Бейсеновке
Елден,
Мен, мен.
Единый мен Коммунист.
ЕСЛАМ ҚАЗАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ
Байтақ елге асқар таудай пана екен.
Жалпақ Жауар жүрегінде жара екен.
Ері кетіп, шер байланса, ел жетім.
Көрмесем де, көргеннен соң ел шетін.
Жауар — Қарауыл руының бір атасы.
Жас та болса, байтақ елге ағасын.
Тағдыр тартып жыртқан екен жағасын.
Ағайынның бірін де жат көрмепті.
Қорғау бопты, бірін қолдан бермепті.
Асқар таудай пана бопты жақынға.
Ие бопты байтақ терең ақылға.
Өткен адам қайта келмес, қайла жоқ
Солай, Зеке, елге тоқтау айтқан жөн,
Оймен азып, жасығаннан пайда жоқ.
Өзіңіздей ағасы бар, жасы бар.
Ел асқар ғой, талай қымбат тағы бар
Сол сұңқарды кім ұмытар, кім қиып,
Кетіпті өлім ел ойына у кұйып.
Бірақ ақыл жеңгені жөн сол ойды.
Ой деген бір дария ғой тұңғиық.
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген сел, онда құлан қағы жоқ.
Ой дегенің таусылмайтын кермиық.
Ажал шіркін қаратпайды ажарға-ай.
Жігіт екен арнап сөздер жазардай.
Арманда өткен толық жеміс бере алмай.
Ел қалар ма ед ер жемісін тере алмай.
Елде жас көп, жас ішінде жас болар.
Асыл туған жас байтаққа бас болар.
Жақсы туса, сонда мынау ұлым дер,
Сол ұлынан ерте айрылса саналы ел,
Үзілгендей болды, дүние, жолым дер.
Болсын байтақ енді миға — сабырға.
Енді қарай бермегейсің қабырға.
Қайғыңды азайт көкіректен атылған.
Кішілік айттым Зылиқаның да атынан.
ЖАМБЫЛҒА
Шықтым өлімнен,
Халімді менің көрсейші.
Нұрыңнан ұшқын берсейші!..
ҚАЛАМЫМА
Енді бетім, елді көр еңбек емген,
Басында бағы жанып, күндей күлген.
Алыста орағытқан жауға төнген.
Гүлденген өмірге үндес жыр бере алсам.
Керек болса кезінде жан бере алсам.
Жанымнан бар жараны сылып тастап.
Жанымды тарттым саған жалаңаштап.
СОҢҒЫ КЕЗДЕ ТАБЫЛҒАН ӨЛЕҢДЕРІ
ЖАС МАҒЖАНҒА
Қарашығым, бүлдірген бөбек, адасым!
Сұрайсың ғой: «Қайдан келдің, аға?»— деп,
— Енді қайда жол тартып сен барасың?»
Ойдан шықтым, ойға тағы барамын.
Тотыққандай болды мынау қаламым.
Қаламымнан тағы сөзім шашылар.
Толқындар да толқып-толқып басылар.
«Келіп маған ақ батасын берді»,— де.
Өмір — керуен, бір сәт тоқтап көрді ме?!
ЖАУАРДЫҢ АЗАМАТТАРЫНА
Қарағашта хатқа жүйрік Бәкен бар.
Елге сыйлы, байыпты сөз Шәкең бар.
Қалидан да естідім сөз орынды.
Аз сөзінен алғырлығы байқалады,
Ақылына тілі серік, порымды.
Сөзді жиып, тізгін тартып, тежеген.
Ешбір жаннан беті қайтып көрмеген.
Біреулер жүр күнделікті сәнменен.
«Ризық тартса, теріп же де, дәмменен».
Тартса ризық, еркін теріп жесін де.
Үйде отырып, түзде жүрмін десін бе?!
Олай болса, артық сөз ғой демеңіз
Өмір — теңіз, су үстінде кемеміз.
Аяқ асты тайғақ болсын демеңіз.
Өмір — бір жол, адам — көшкен керуен.
Ес білгелі шетте жүрген жәйім бар.
НАҒАШЫЛАРҒА
Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа.
Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа.
Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.
Ертіс, Еділ, Сырдария даласын.
Ел-жұртымыз Баян — Шақа баласын.
Жақып пенен Өсіп те бар деп еді.
Орда иесі Хасен де бар деп еді.
Одан туған Нұрмағамбет, Бекен де.
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?!
Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,
Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.
Сәлемімді қабыл көріп алыңыз.
Кіші болса, көзі ашық данамыз,
Баршаңызға тапсырғаным менің де,
Қолымызда Мұхамеджан балаңыз.
Оңды-солды, қараңғыны, жарықты.
Ел-жұртым деп сіздерді іздеп, барыпты.
Панаңызда бала тұрмыс құрыпты.
Албырт еді, ерке бала қылықты.
Әкем Бекен Атығайға тұтқа еді.
Деуші болар басқа тұтқа жоқ па еді.
Не жоқ болсын, Шахаң елге аға еді.
Үздік туған, жанат тонға жаға еді.
Ел .ағасы Исекең анау, қайраным.
Өрге бастап, төрге тартқан тайлағын.
Атығайдың алып жүр ғой байрағын.
Өрге ұмтылған, өрге қарай өрлеген.
Күн де болды қолды қате сермеген.
Нағашы жұрт, сізге дұғай сәлемім.
Өзім жолда, барсын сізге қаламым.
Қоштық айтам, Қызылжар жүріп барамын.
ӨМІРІМЕ ӨКПЕМ
Тән арып,тамырда қан қалмадың ба?
Жалған үшін жан қиып, жапа шектім,
Еңбегім, екі болып, жанбадың ба?
Талып тұрсам, назарың салмадың ба?
Ортекедей орғытып, оққа жығып,
Жалмауыз жауыз жалған, жалмадың ба?
Қайрымсыз қанжығаңды қандадың ба?
Қомағай қорқау ажал, қойнын ашып,
Қапа мен қайғыға қол жалғадың ба?
Ақылсыз аңқау басым, аңдадың ба?
Қимас дос, қыспақта боп, жылаттың ба?
Қайғымен қан жұтқызып, сұлаттың ба?
Құрым іліп, құдыққа құлаттың ба?
Құбылдың, құйқылжыдың құртқа дүние,
«Қызықпаймын» десем де, шыдаттың ба?
Бәрін саған жұмсадым, қуанттың ба?
Сен үшің жақынымды жат қылып ем,
Қайырылып, қам көңілімді жұбаттың ба?
Алдап ап, айызыңды қандырдың ба?
Қазынаны ұрлаған қарақшыдай,
Бас салып, басқа бұғау салдырдың ба?
Адамзаттық арымды алдырдың ба?
Кетеріңе келгенде, кәззап дүние,
Түлкідей құйрығыңды шалдырттың ба?
Қалашының итіндей қаңғырттың ба?
Әзелде алысқа ұшқан дәм мен тұзым,
Тәуекел тасқа қондым, тәңірім сақтар.
Деген жанмын: «Құнымды құдай жоқтар!»
Адам басы — алланың добы болса,
Тағдырдан табандатып тиді шоқпар.
Тимеді ешбір рахым, тәңірім жақтар,
Махпуздың тақтайына жазған жұмыс
Бұйрықты жерлеріне барып тоқтар.
Талай жан тап жолында болды көкпар!
Қиядан сөз табатын ақыл бар ма,
Тыңдайтын бойым балқып нақыл бар ма?
Обалы жаулығы жоқ қатындарға!
ТҮСІНІКТЕР
Қазақ топырағында Байрон, Пушкин дәстүріндегі романтикалық поэзияның, оның ішінде жаңа сипатты поэманың негізін қалаушы, заманымыздың ұлы шайыры Мағжанның ақындығы туралы Жүсіпбек Аймауытов: «Мағжан өлеңдерінің егжей-тегжейін, ноқатын, . тәститін қалдырмай тәптіштеп қарап шығуға көп уақыт, көп дерек (материал) керек, ақынның ақындығын үстінен қарап топшыламай, ішіне кіріп зерттеу (изучать ету) керек»,— деп жазған еді. Өлеңдерге, жалпы ақын шығармашылығына түсініктер жазу барысында, осы пікірді басшылыққа алғанымызды айтып өту парыз. Ақынның бұған дейін алты кітабы жарық көрді. Біріншісі — 1912 жылы жарық көрген «Шолпан» жинағы. Екіншісі — 1922 жылы басылған «Мағжан Жұмабаев өлеңдері» (жауапты шығарушы — Бернияз Күлеев). Үшіншісі — 1923 жылғы басылым — «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» (жауапты шығарушы — Сұлтанбек Қожанов). Төртіншісі — ақынның бұрынғы үкімет тарапынан ресми ақталғаннан кейінгі, Қазақстан Компартиям Орталық Комитетінің 1988 жылғы желтоқсандағы қаулысынан соң, 1989 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Мағжан Жұмабаев. Шығармалары» (жауапты шығарушы — Батырхан Дәрімбетов). Бесіншісі — 1922 жылы «Ғылым» баспасы шығарған «Таңдамалы» (жауапты шығарушы—Б. Дәрімбетов). Алтыншысы—1993 жылы Түрік мәдениетін зерттеу институты Анкарада шығарған жинақ (жауапты шығарушы—Ферхат Тамир). Түсініктерді осы алты жинақты салыстыра отырып жаздық. Негізінен көзі тірісінде, өз қолынан шыққан, 1923 жылғы басылымды басшылыққа алдық. Өйткені 1989 жылғы басылымда баспа редакторларының «осы қалай болады?» деген «сақтықтарынан» «өңделіп» кеткен шығармалар бар екеніне салыстыру кезінде көзіміз жетті.
Бұл тарауға М. Жұмабаевтың 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі уақытта баспа жүзін көрген шығармалары енді. «ЖАТЫР...» — алғаш «Айқап» журналының 1911 жылғы 2-санында жарияланған. Одан соң 1912 жылғы «Шолпан» жинағына енген. 1989 жылғы «Жазушы» баспасында жарық көрген «Мағжан Жұмабаев Шығармалары» кітабында біраз сөз өзгеріске түскен. Мысалға, 1912 жылғы кітапта «Астана жұрт билеген адамдарды» деген жолды, 1989 жылғы басылымда: «Әуелде жұрт билеген адамдарды» деп, «астананы»— «әуелде» сөзімен өзгерткен. Сол сияқты «Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр» дегенді, «Айтысып молдалармен іріп жатыр» деп, «Сезінбей өз өлгенін, өзгенікін, Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?» деген жолды «Сезінбей өзгенікін, өзінікін» деп өзгерткен. Автордың өз сөздері бұл жинақта қалпына келтірілді. «ШЫН СОРЛЫ» — бұл өлең алғаш «Айқап» журналының 1911 жылғы 9-санында жарық көрген еді. 1912 ЖЫЛЫ «Шолпан» жинағына да, 1923 жылғы Ташкент жинағына да енген. 1923 және 1989 жылғы жинақта өлеңнің түйіні болған бір шумақ алынып қалған екен. Ол:
Тиылып, құрғап көз жасы,
Ерден теңдік көрер ме,
Бірге дәурен сүрер ме.
Біз бұл шумақты қайта қосуды жөн көрдік. «ЖАЗҒЫТҰРЫ» — алғаш «Айқаптың» 1912 жылғы 4-санында жарияланған. «Шолпан» жинағына да енген. Бұдан кейін 1923 жылғы жинақта жарияланған. «Шолпан» мен 1923 жылғы басылымда аздаған айырмашылықтар бар. «Шолпандағы» мына жолдар:
Арық-тұрақ секіріп кетті тойға
1923 жылғы жинақта былай өзгертіліпті:
Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға,
Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.
Қайғы мұңдық қалмады ешбір ойда,
соңғы басылымда мынандай болып өзгертілген:
Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда.
Біз соңғы нұсқаны негізге алдық. 1989 жылғы басылымда: «Бай ауылы жылқы қамап, қыл күзетер» деген жол бар. Бұл 1923 жылғы басылымда:
Белсенген жылқышыға ноқталатып,—делінген.
Біз 1923 жылғы нұсқаны алдық. «БҰЛБҰЛ» — Бірінші баспа жүзін көруі — 1912:жыл, «Айқаптың» осы жылғы 7-санында жарияланған. Одан соң «Шолпанда» (1912), Ташкент (1923), Алматы (1989), Анкара (1993) жинағында басылған. Бүл өлең туралы Қошке Кеменгеров былай деп жазды: «Мағжанның ақын болатындығы «Шолпандағы» «Бұлбұл» деген өлеңінде көрінген» («Еңбекші қазақ», 1926, 1 желтоқсан). «Шолпан» мен 1923 жылғы кітаптағы нұсқалар арасында айырмашылық бар. Мысалға: «Шолпандағы» мына жол:
1923 жылғы басылымда:
Денені суытасың, ысытасың,
болып түзілген. Сондай-ақ:
деген жол:
Басқадан, анық білдім еш пайда жоқ,—
болып, ал:
Елжіретпей көңілін қанат қақпа?!—
деген екі жол 1923 жылғы жинақта былай өзгертілген:
Сөйле оған ашындырып менің жайым,
Сондай-ақ «Шолпандағы» мына жол:
Суындыр, жата алмастай қыл төсесін,
1923 жылғы басылымында мүлдем өзгерген:
Өртенсін, қызыл жалын қыл төсегін.
Соңғы шумақтың бірінші жолындағы «өткір тілдім» деген тіркес «сиқыр тілдім» болып өзгертілген. Біз 1923 жылғы нұсқаны алдық. «ӨЛЕҢ» — Бұл өлең алғаш «Шолпан» жинағында басылған. Ақын 1923 жылғы жинағына енгізбеген. 1989 жылғы жинақта бар. «ЛӘЗЗАТ ҚАЙДА» — Бұл өлең де «Шолпан» жинағында ғана басылған. 1989 жылғы жинақта бірнеше жолдарға өзгеріс енгізген. Түпнұсқамен салыстырғанда:
рахат деп.
деген жолдар:
Ләззатты, достық, рахатты,
Шаттыққа толы күлкіні,—
Айтар сөзім ендігі,—
деген жол:
Шынында қорек болмас бұл,—
деп алынған.
Тағы да басқа өзгерістер қалпына келтірілді. «ЖАЗҒЫ ТАҢ» — ең алғаш «Шолпан» жинағында басылған. Одан кейін ақын қолымен біраз өзгертіліп 1923 жылғы жинағына енген. 1989, 1993 жылғы кітаптарда бар. «ЖАС KEJІІH» — «Шолпанда» басылған. 1923 жылғы Ташкент, 1989 жылғы Алматы, 1993 жылғы Анкара жинағына да енген. Бұнда бір ғана жол өзгертілген.
деген жол 1923 жылы жинақта:
Ләм деп бір сөз шығармай,—
болып өзгеріпті. Біз соңғы нұсқаны алдық. «АТАҚТЫ АҚЬІН СӨЗІ АЛТЫН ХАКІМ АБАЙҒА» — 1912 жылғы «Шолпан» жинағында басылған. 1989 жылғы кітапта «Дүние қолын жайып енді күтпес»,— деген жол, «Әлемнің құлағынан әні кетпес!» болып редакцияланған. Біз түпнұсқаға сүйенуді орынды деп таптық. Басқа да өзгертілген сөздер қалпына келтірілді. «СОРЛЫ ҚАЗАҚ» — Бұл өлең ақынның ашына жазған запыран зары. «Қозғал, қазақ» деп надандыққа қарсы, халқының қамы үшін тебіренеді. Алғаш «Шолпан» жинағында басылған 1989 жылғы жинақта әуелдегі:
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!—
деген жол «жөнделіп»:
Өнер алып басқалармен қатар бол,
болып өзгертілген. »
«Ертеңді-кеш басыңа мініп езгенді!»
деген жол, «Ертелі-кеш» басыңа мініп езгенді!» болып, «Шетке лақтыр, тымақтай алып, тұра кеп» деген жол, «Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу» болып бояуын басқаға бұрған. Басқа да жекелеген өзгерістер қалпына келтірілді. «ӨНЕР-БІЛІМ ҚАЙТСЕ ТАБЫЛАР» — Бұл да «Шолпан» жинағынан.
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,—
дегендегі «Наданды» сөзі 1989 жылы жинақта «адамды» деп өзгертілген екен.
Бір жетер, жолықтым деп тастамаса (1912)—
деген ақын ойы сәл-пәл бұрмаланып:
Өнер-білім жер астында болса дағы,
деп өзгертілген. Әуелгі авторлық нұсқасы алынды. «ТОЛҒАН АЙ»— «Шолпанда», кейін 1923, 1993 жылғы жинақта жарияланған. 1989 жылғы жинақта айта қаларлықтай өзгеріс жоқ. «ЗАРЛЫ СҰЛУ»— алғаш «Жас қыз» деген тақырыппен «Шолпанда» басылған. Кейін ақын біраз өзгертулер енгізіп, 1923 жылғы жинағына кіргізген. Тақырыбын өзгертумен бірге, бірнеше шумақты қайта жазған. Мысалы, «Шолпандағы» нұсқада:
Көзге ұйқы тығылып,
Түнде кірпік қақпастан.
боп жазылса, кейін оны ақын былай өзгерткен:
Көп ойладың тыншымай,
Талмай көзің жұмбайсың,
Ағарып сүттей таң атпай.
Тағы бірнеше шумаққа осындай өзгеріс енгізген. Сол сияқты «Қайғыға салды кім сені» деп басталатын шумақ 1912 жылғы нұсқада:
Өмір бойы бітпестей,
Тыныштық жүзін көрместен,
Ажал жетіп өлместен.—
Қайғыға салды кім сені,
Өмір бойы бітпестей,
Тыныштық жүзін көрместей,
Зарың мәңгі сөнбестей. деп өзгертіпті. Біз ақынның осы жинағын негізге алдық. 1993 жылғы жинаққа да кірген. Өлең Мағжанның немере қарындасы Нұрмағанбетқызы Шолпанға арналған. Әке-шешесі айттырып қойған жерге барғысы келмеген Шолпан қайғыланып, кейін есінен адасқан. «ТУҒАН ЖЕРІМ — САСЫҚ КӨЛ»— өлеңнің аты айтып тұрғандай ата қонысы туралы дүние. Туған жердің тағдыры туралы толғаныс. «Итиіп қарашекпен келіп қонса, Басыңнан құсың ұшып кетер сенің» дейді ақын. Бұл өлең «Шолпанда», Ташкенттегі, Анкарадағы жинақта және 1989 жылғы кітапта басылған. Өзгеріс жоқ, бір ғана тіркес: «Қайран көл», «Айдын көл» болып өзгертілген. «БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ»—«Шолпан» жинағында басылған. 1989 жылғы ақын шығармаларына осы жинақ негіз болса да, бірнеше жолдар өзгертіліпті. Мысалы: «Ала алмас оны бағалап» деген сөзін: «Тіл жетпес оны бағалап» деп, «Мейірімі көп, етек—кең!» деген жолды «Мейірімі көп, өзі — кең!» деп, «Жұртыңа мақтаулы, сыбаға сақтаулы» деген мақалды, «Жұртына ол мақтаулы, сыбаға үлкен сақтаулы» деп өзгерткен. Біз түпнұсқаға сүйендік. «ТІРШІЛІКТІҢ КӨРКІ—ЕРІК»—«Шолпан» жинағында және 1989 жылғы кітапта басылған. «ҚАЗАҒЫМ»—1912 жылғы «Шолпан» жинағынан алынған өлең. Осындағы:
Хохолдар алып қала салып жатыр,
Қырылып өзі-өзімен қазақ сорлы,
Жерінен аузын ашып қалып жатыр,—
деген шумақтағы: «Хохолдар алып қала салып жатыр» деген жолды 1989 жылғы жинақта «Біреулер алып қала салып жатыр» деп өзгерткен. Сол сияқты:
Өнерден кеш қалармыз, ойланайық,—
деген жолды:
Мың жылғы өткен қумай ата-заңды,
деп өзгерткен екен. Біз түпнұсқаны қалпына келтірдік. «МЫСЫҚ ПЕН ЕТ»—«Шолпанда» және 1989 жылғы кітапта жарияланған... «СҮЙГЕНІМЕ»—«Шолпанға» да, Ташкент, Анкара жинағына да және 1989 жылғы ақын шығармаларына да енген. Ташкент жинағына сүйендік. «БІР КҮНІ» — Ақынның көзі тірісінде «Шолпан» жинағына ғана басылған. 1989 жылғы басылымда екі түрлі кемшілік кеткен. Біріншісі: шумақтар түпнұсқадағыдай ара жігі ажыратылмаған. Екіншісі: «Таста енді жоқ ойды деп қол сермеді!» деген жолды өзгертіп: «Дедім де, жөнелдім мен қолым сермей!» деп басқан. Біз түпнұсқаға жүгіндік. «ҚҰР ҚАЛЫППЬІН»—«Шолпан», Ташкент, Анкара және Алматы (1989) жинақтарына кірген. Екі жинақтағы сәл айырмашылық, 1912 жылғыда:
Болуға ең сүйгені жақын қапты,—
деп өзгерткен. Кей сөздердің орны ауысып түскен. Мысалы: «Таң атса да, сөз қатпай» жолы «Сөз қатпай, таң атса да» болып аумасқан. 1923 жылғы нұсқа алынды. «ЖОҒАЛҒАН АЛТЫН»—1912 жылғы жинақта ғана басылған. Кейінгі басылымдарға енбеген.
Ораза деген қазаққа Еріксіз жүрмей азапта —
Құлшылық емес, әдет қой.
Пайданы ойла, қам ет, қой, — деген түйінді шумағы 1989 жылғы ақын «Шығармаларында:»
Еріксіз жүру азапта —
Құлшылық емес, әдет қой.
деп бұрмаланған. Ақынның дәстүрге «нәлет» айтуы мүмкін емесі анық. Басқа да өзгерген жолдар қалпына келтірілді. » «ҚАРАҒЫМ»—«Шолпан» жинағынан алынған. 1989 жылғы басылымда: Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен, Ерте өлген, көмілулі қара жерге,— деген екі жол белгісіз себептермен алынып қалған екен, қалпына келтірдік. «ТІЛЕГІМ»—«Шолпан» және Ташкент, Анкара және Алматы жинақтарына енген. Айырмашылық — тақырыбында. «Шолпанда:» «Тілегім» «(Қазақ қызы аузынан)» деп алынса, Ташкент жинағында: «Тілегім» («Қыздың зары») деп өзгертілген. «КҮЗ» — Бұл өлең де осы төрт жинақта (1912, 1923, 1989, 1993) басылған. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек қана: 1912 және 1923 жылғы басылымдағы «Құс, құрт» деген сөз, 1989 жылы «Құстар» болып өзгерген. Қалпына келтірдік. «ОСЫ КҮНГІ КҮЙ» — алғаш «Шолпан» жинағында жарық көрген. Кейін 1989 жылғы жинаққа енді. 1989 жылғы басылымда:
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз?—
деген екі жол (1912):
Түн басталды, не болмақ алда күнің,
болып өзгерген. Түпнұсқа қалпына келтірілді. «МЕН СОРЛЫ» — Бұл өлең де «Шолпан» жинағында жарық көрген. 1989 жылғы басылымда: «(Шәкірттің зары)» дейтін тақырыпша алынып қалған. Сондай-ақ бір-екі жол өзгерген. Атап айтқанда:
деген жол:
Көрсеттің, алла, сен қысым,—
болып,
деген жол:
Оқуға ақша қимадың болып өзгерген. Түпнұсқаны қалпына келтіруге тура келді. «АЛДАНҒАН СҰЛУ» — «Шолпан» (1912), Ташкент (1923) және Анкара (1993) жинақтарына енген. 1989 жылғы «Мағжан Жұмабаев. Шығармаларында» бес-шумақ көлемінде басылды. 1923 жылғы басылымда дәл осылай. Ал, 1912 жылғы «Шолпан» жинағынан бір шумақ және екі жол қысқартылған. Ол мынадай:
Жүрерсің ғұмырыңша тепкі астында
Қайнатар, күнә сақтар ошағында,
Бір, кірмес шын елжіреп құшағыңа.
От алып ұшқан жастық шақ, Көздеймін соны — қайсы жақ. (1912) Сонымен қатар: «Таза ат, жақсы көрік бәрі кетіп» жолы (1912) Ташкент жинағында: «Тап-таза ат, көркем көрік бәрі кетіп», — деп өзгертілген.
Жас төкпей нағып сонда шыдар дәтің,—
деген соңғы жолдар, 1912 жылғы жинақта былайша берілген:
Жас төкпей сонда нағып шыдар дәтің?!
1923 жылғы жинақты негізге алдық. «ТУҒАН ЖЕР» — алғаш «Қазақ» газетінде (1913, 9 наурыз, № 5), кейіннен Қазан, Ташкент, Анкара жинақтарында басылған. 1989 жылғы жинаққа ешқандай өзгеріссіз енгізілген. «ОРАЛ ТАУЫ»—«Казак» газетінде (1913, 22 наурыз, № 7), Қазан, Ташкент, Анкара, Алматы (1989) жинақтарында жарық көрген. 1989 жылғы кітапта:
Аузы түкті шет елдер ие болып,
Қасиетті атаның көрлеріне.
деген шумақ алынып қалған екен, қалпына келтірдік. «КӨҢІЛ» — Алғаш «Қазақ» (1915, 8 сәуір, № 117) газетінде жарияланған. Кейін ақынның Қазан (1922), Ташкент (1923), Алматы (1989), Анкара (1993) қалаларында шыққан жинақтарына енген. «ЖАРЫМА» — Алғаш «Қазақ» (1915, 22 сәуір, № 121) газетінде басылып шыққан. Кейінгі төрт жинақта да бар. «ЕСІМДЕ ТЕК ТАҢ АТСЫН» — Бұл өлең де «Қазақ» (1915, 25 маусым, № 134)-газетінде басылған және кейінгі жинақтарының бәріне енген. «ТӨБЕТ»—1922 жылғы жинаққа енген, одан кейін жарық көруі осы. «ЗАР» — Алғаш 1915 жылы «Казак» газетінде (22 қазан, № 1-54) жарияланған, одан кейінгі жинақтарының бәрінде бар. «ДІН ҮЙРЕТКЕНГЕ» — Бұл өлең де осы бес басылымда жарияланған «(Қазақ», 1916, 9 маусым, № 184). «ОРАМАЛ» — Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығынан кейін жазылған. Алғаш «Қазақ» газетінде (1917, 16 ақпан, № 218) басылып шыққан. Кейіннен ақын бұл өлеңін Қазан және Ташкент жинақтарына енгізген. Алматы (1989, 1992), Анкара жинақтарында да бар.
Бұл Тарауда Мағжан Жұмабаевтың 1922 жылы Қазан қаласында басылып шыққан шығармалар жинағына (дайындаған Казак АССР-ның Қазан қаласындағы баспа жөніндегі төтенше өкілі Бернияз. Күлеев) енген өлеңдері кіргізіліп отыр. Олардың мазмұнына қарағанда бұл өлеңдер 1922 жылға дейінгі әр түрлі кезеңде жазылған, сондықтан біз оларды жоғарыда көрсетілген жылдарда дүниеге келген деп шамалаймыз . Бұл шығармалардың бәрі «(Адастым» өлеңінен басқасы) 1923 жылы Ташкентте шыққан жинаққа енгізілген. «ГҮЛСІМГЕ»— жиырмасыншы жылдардың басында Қызылжар қаласында мұғалімдер курсында Мағжанмен бірге қызмет істеген Гүлсім Камалова татар қызына арналған өлеңдердің бірі. Жинақтарының бәріне енген. Кейбір өлеңдердің қашан жазылғанын, кімге арналғанын анықтау мүмкін болмады. «ОТ» — атақты символист Д.С. Мережвковскийдің «Дети ночи» (1896) деген өлеңіне жауап ретінде жазылған өлеңдердің бірі. Орыс ақынының
Свет увидим и, как тени,
Дети мрака, солнца ждем.
Мы в лучах его умрем.
Қараңғылық бұққанда
Жүрегімді, жанымды,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын.
деп жауап береді. Бұл өлеңдер циклы Европаны қанға бояған Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған жылдарда жазылған деп жорамалдауға болады. Өйткені дәл осы кезде Батыс ойшылдары Европа тағдырының қыл үстінде тұрғаны, адамдардың моральдық қасиеттерінің төмендей бастағаны туралы пессимистік пікірлер айта бастап еді. Әсіресе Шпенглердің «Закат Европы» деген кітабы Ресейде танымал болатын. Осы идеялармен танысқан ақын «От» сияқты бірнеше өлең жазады. 1989 жылғы жинақта 1923 жылғы кітаптағы:
Балқанға барғам Қытайдан—
деген жолдан кейінгі үш шумақ алынып қалған.
Ал 1923 жылғы жинақта 1922 жылғы жинақтағы соңғы шумақтың алдындағы бір шумақ қысқарып кеткен. Біз толық нұсқасын беріп отырмыз. «ПАЙҒАМБАР» — Бұл өлең де Д. С. Мережковскийдің «Дети ночи» өлеңінің әсерімен жазылған. Бұған Д. С. Мережковскийдің:
Дети скорби, дети ночи
На бледнеющий Восток,
Ждем, не придет ли наш пророк,—
деген жолдарын эпиграф ретінде алуы да дәлел бола алады. 1923 жылы қысқарып кеткен 3-ші және 5-ші шумақтар 1989 жылғы жинақта қалпына келтірілген екен. Бірақ та 1989 жылғы кітапта оныншы шумақ түгелімен қысқарып кеткен екен. Толық нұсқасын беріп отырмыз. «КҮНШЫҒЫС»—«От» циклындағы өлеңдердің бірі. Бұл циклдың Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазылғанын осы өлеңдердегі мына жолдар дәлелдей алады:
Көп білем деп — бөлуге,
Шаң емес, қара қан басқан-
Көп күлем деп — өлуге
Жақын қалды Күнбатыс.
Бес жинаққа да енген. «АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА»—1919 жылы Ататүрік бастаған түріктің ұлт-азаттық соғысына арнап жазылған. 1922, 1923, 1989, 1993 жылғы жинақтардың бәрінде де бар. «ОРАЛ», — алғаш 1922 жылғы жинақта басылған — 1989 жылғы жинаққа енбеген. Басқасында бар. «ЖЕР ЖҮЗІН ТОПАН БАССА ЕКЕН»,—1922 және 1923 жылдарғы жинақтарға енген. «АҚСАҚ ТЕМІР СӨЗІ»—1922, 1923, 1992, 1993 жылғы жинақтарға енген. «ТЕЗ БАРАМ», «ЖАРАЛЫ ЖАН» — өлеңдерінің патшаның отарлау саясатына қарсы жазылғаны мазмұнынан айқын сезіледі. Бұл өлеңдер барлық жинақта бар. «БАЛАПАН ҚАНАТ ҚАҚТЫ» — Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүргенінде (1916) «Балапан» атты қолжазба журнал ұйымдастырады. Қарасөзбен жазылған бұл өлең осы журнал туралы. Барлық жинаққа енген. «ҚАЗАҚ TІJІІ» — патшаның отаршылық саясатына қарсы жазылған өлеңдер циклына кіреді. 1922, 1923, 1989, 1993 жылғы жинақтарға енген. 1989 жылғы басылымда:
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!—
деген түпнұсқаны бұрмалап:
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа,
деп өзгертілген. «ЖЕР ЖҮЗІНЕ» — Бұл да патшаның отаршылық саясатына қарсы жазылған өлең жинақтарының бәрінде де бар. «ЖАУҒА ТҮСКЕН ЖАНҒА»—1923 жылғы басылымда осы тақырыптан кейін жақшаның ішінде «М. Д-ға хат» дегі жазылған. Соған қарағанда өлең Міржақып Дулатовқа арналған. Патша саясатына қарсы жүргізген әрекеті үшін М. Дулатовты жергілікті жандармерия бірнеше рет тұтқынға алған болатын. Сондай бір кезекті қамау кезінде жазылған. «Шолпан» және 1992 жылдан басқа жинақтарының бәрінде бар. 1922 жылғы басылымда: «(М. Д-хат)» деген жоқ, ал мұны 1923 жылғы басылымда автор өзі қосқан. «ТҰТҚЫН», «М. Д. АБАҚТЫДАН ШЫҚҚАНДА» — «Жауға түскен жанға» өлеңімен үндес шығармалар. 1922 жылдан бастап жинақтарының бәрінде бар. «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН», «...ҒА». өлеңдерін ақ патшаға қарсы жазылған шығармалар цикліне жатқызуға болады.
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!—
Деп ақын «Алаш атын аспанға» шығаратын, өзінің қайдан тарағанын танып-білетін бүгінгі ұрпаққа ой тастайды. «...ҒА» — өлеңінде ақын «мейірімсіз тағдыр құрған торға түсіп» жатқанда, сын-бәйгеге басын тігіп, елін келімсектерден құтқару үшін күрескен ер-азамат туралы жырлайды. Бұл өлеңдер де 1922, 1923, 1989, 1993 жылдардағы жинақтарына енген. «ЖАЗДЫ КҮНІ ҚАЛАДА» 1922, 1923 жылғы жинақтарда басылған. «ӨТКЕН КҮН» — Алғашқы нұсқасы «Қазақтың кешегі күйі» деген атпен 1913 жылы «Қазақстан» газеті (Орал) шығарған «Ызың» деген әр түрлі ақындардың өлеңінен құралған жинақта жарық көрген. Кейін Мағжан өлеңді мейлінше қайта түзетіп, кей жерлерін алып тастап, жаңа жолдар қосып, жеке сөздерді өзгертіп, мүлде жаңа өлең жасаған. Біз 1922 жылғы Қазан нұсқасын ұсынып отырмыз. 1989 жылғы басылымда:
Есіл менен Нұрадай,
Айдын шалқар көл еді,
Екі енеге телі еді...
Қой үстінде бозторғай,
Жарлы жан жоқ алашта,
Жұмыртқалап ол күнде.
деген төрт жол алынып қалған. Редактор «Жарлы жан жоқ алашта» деген сөзден қашқан болуы керек. «ШЫН АЙТ» — 1922, 1923, 1992 және 1993 жылғы жинақтарда басылған. «АЙҒА»—1910 жылдарда жазылғанға ұқсайды, олай болатын себебі татардың әйгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимов өзінің 1911 жылы жарық көрген «Қазақ қызы» деген романында осы өлеңнің мына:
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан,
Асқар тay, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол анам еді мені тапқан,
— деген шумағын эпиграф етіп алған. Жинақтарының «Шолпаннан» басқасына енген. «ТӘҢІРІ» — ақын тәңірімен тілдесе отырып «баласы алты алаштың — біз не қылдық?» деп қазақ халқының трагедиясын айтып күйінеді, күңіренеді. 1922 жылдан бастап жинақтарының, бәріне енген. «ТІЛЕГІМ» — бұл да «Тәңірі» тектес өлең. «Жырыммен жұртымды оятам. Несіне жас төгейін?!» деп толғанады ақын. «Шолпан» және 1992 жылдан басқа жинақтарының бәріне енген. «ҚАЗАҚ АЗАМАТЫ»—1922, 1923 және 1993 жылғы жинақтарына енген. «ЖҰМБАҚ»—бұл өлеңнің түпнұсқасында: «Жел есед — кім шешед?» деп ұйқастырған болса, 1989 жылғы жинақта: «Жел есті — кім шешті?» деп өзгерткен. Біз түпнұсқаны басшылыққа алдық 1922 жылдан басқа барлық жинағында бар. . ■ «АЙДА АТЫҢДЫ, СӘРСЕМБАЙ»—1910 жылы мамыр айында Мағжан Бекмұхамед Серкебаев (КСРО халық артисі Е. Серкебаевтың әкесі) екеуі Қызылжар қаласындағы Мұхамеджан Бегішев ұстаздық еткен медресені бітіріп елге қайтады. Екі шәкіртті алып келуге Мағжанның әкесі Бекен Сәрсенбай деген көшіріп жібереді. Бұлар ауылға келген соң Бекен қой сойып, қонағасы беруге бұйрық етеді. Тамақ піскенше Мағжан өлеңді жазып та тастайды, ет жеуге келген ауыл кісілеріне оқып береді. «Шолпан» және 1992 жылдан басқа жинақтарының бәріне де енген. «БЕСІК ЖЫРЫ» — Ақын жас нәрестенің болашағына сенім артып:
Жас бөріме
Қарсы кім тұрар?—
деп ұрпақтың келер күндеріне көз тастайды. Өзгеріс жоқ. Алғаш ақынның «Педагогика» (1922) атты ғылыми. еңбегінде жарияланған. Одан кейінгі барлық жинағында бар. «ҰЛАН»—1922 жылдан бастап ақын жинақтарының бәріне енген. «ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖЫРЫ»— Бұл өлең де сондай. 1989 жылғы жинақта:
Ұлтымнан мен садаға,
Жарайсың, қаным, қайнадық,
Бекіндім басты байладым,—
Ел дегенде көпіріп,
Халқымнан мен садаға,
Жарайсың, қаным, қайнадың,
деп өзгерткен. «Ұлт» деген сөзден қашып, оны бірде «ел», бірде «халқым» деген. «БАТҚАН КҮН, АТҚАН ТАҢНЫҢ ЖЫРЫ»—«Шолпан» және 1992 жылдан басқа жинақтарының бәріне енген. «СҮЙЕМІН» — бұл да сондай. «МЕН КІМ?» — алғаш Қазан басылымында жарық көрген. Кейінгі жинақтарының. бәріне енген. «МЕШІТ ҺӘМ АБАҚТЫ»—1992 жылғы жинақта жоқ, басқасында бар. «МАҒАРРИ СӨЗДЕР» — бұл ғибратты сөздер мен ойларға құрылған жеке-жеке шумақтар. Алғаш Қазан жинағында басылған. Одан кейінгі жинақтарының 1992 жылғысынан басқасында бар. «ҚАРАҢҒЫ, ДАУЫЛДЫ ТҮН» — бұл да сондай. «КӨБЕЛЕК» — бұл да сондай. «ЕСКЕНДІРДІҢ ЕКІ МҮЙІЗІ» — ескі шығыс аңызына құрылған өлең. Алғаш Қазан жинағында басылған. Содан кейінгі жинақтарының 1992 жылғысынан басқасында бар.
Заманында Ескендір
Жеті ықылымды билеген,—
болса, 1989 жылғы ақын шығармаларында:
Жеті әлемді билеген,—
деп өзгерген. Біз ақынның көзі тірісінде шыққан нұсқаларды қалпына келтіруді жөн көрдік. «ӨТКЕН — АЯУЛЫ»—1922 жылғы басылымда соңғы шумақтың екінші жолы көп нүктелермен толтырылған еді. 1923 жылы оның орнына «Жаңаны мақтар санаулы» деген жол түскен. Бұдан кейін 1989, 1993 жылғы жинақта бар. ■ «ҚҰРБЫМ» — ақын өз нұсқасында, буыны артық болса да: «Қорықпа, ұмтыл соқса дауыл, ескегіңді ,ес» және «Құрғақта қайық жүрмес үмітіңді кес» деген. 1989 жылғы басылымда: «Қорықпа, соқса дауыл... «және»... үмітің кес» деп «өңдеп» жіберген. Біз автордың өз нұсқасын алдық. 1992 жылдан басқа барлық жинағында бар. «АДАСТЫМ»—1922 және 1992 жылғы жинақта ғана жарық көрген. «БОСТАНДЫҚ» — 1923 жылғы жинақта осы өлеңге автор «1918 жылы Сібірде реакция дәуірінде жазылған» деген ескертпе жазады. Соған қарағанда бұл өлең Омбыны чехословактар мен Колчак үкіметінің басып алған кезінде жазылса керек. Жинақтарының 1992 жылғысынан басқасына енген. «ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ АҚЫНЫ» — ақынның 1992 жылғы жинағынан басқа барлық кітаптарына енген. «БІР БИГЕ» — бұл да сондай. Қызылжарда жиырмасыншы жылдарда адвокат болған Ғалиолла Ғалымжановқа арналған өлең. Ғалиолланың үйінде қонақта отырып, үй иесінің қолқа салуымен шығарылыпты. 1989 жылғы басылымда «Көріп тұрмын көзіммен» деген жол ойдан қосылған. Оны алып тастадық. «КӨК ТЕКЕ», «ТӨБЕТ»—1992 жылғы жинақтан басқа ақынның барлық кітабына енген өлеңдер. «ЖОЛДАСҚА»—1922 жылғы жинақта басылған. Кейінгі басылымдарға енбеген. «ТОҚАЕВКА ЕЛІКТЕУ»—1922, 1923 және 1993 жылғы жинақтарға енген. «ӨЛЕҢНІҢ ҰЙҚАСЫ»—«Көк теке», «Төбет» өлеңдері тәрізді астарлы мысқыл, сынау-мінеуге құрылған дүние. 1992 жылдан басқа ақын жинақтарының бәрінде бар. «ДОСТЫҚ ҺӘМ КӨЗ ЖАСЫ» — түпнұсқадан өзгеріссіз басылды. Тек соңғы шумақтың алдын автор жұлдызшамен бөлген еді. Біз де жұлдызшаға жүгіндік. 1992 жылдан басқа ақын жинақтарының бәріне енген. «БҮГІНГІ КҮН ӨМІР, ӨЛІМ — МЕНІКІ» — бұл өлеңнің соңғы шумағының екінші жолы 1989 және 1992 жылғы басылымда «Жындандырад мені сұлу нұр көркі» болса 1922, 1923, 1993-жылғы жинақтарда: «Жындандырад мені сұлу көркі» болып басылған. Сондай-ақ «Не қылса да өлімнің өз еркі ...» деген жол «Не қылса да ол өлімнің өз еркі» болып өзгертілген. Әуелгі нұсқаны қалпына келтірдік. «СЫРЫМ»— көңіл-күй лирикасы. 1923 жылғы басылымда: «тапыл-тапыл» ... сүрінем» деген 1922 жылғы жинақта: «қыбыр-қыбыр»... сүрінем» еді. Ақын өз қолымен өзгерткен. 1989, 1992, 1993 жылғы басылымдарда да 1923 жылғы нұсқа негізге алынған. «СҮЙ, ЖАН СӘУЛЕМ»— Гүлсім Камаловаға арналған өлеңдерінің бірі. 1922 жылдан бастап барлық жинағына енген. «ТӨГІЛГЕН ШАШЫ», «КҮМІС НҰРЛЫ АЙ», «ШОЛПЬІ» — бұлар да сондай. Махаббат туралы, сүйіспеншілік сезім хақындағы жырлар. Кітапқа сол күйі өзгеріссіз енгізілді. «СЕН СҰЛУ» — көптеген ұрпақтың көңілінен шығып, жүрегінен орын тепкен «Бәрінен де сен сұлу» әнінің негізі Мағжан ақын жазған осы өлеңде. Оған:
Жымыңдаған. жұлдыздармен түн сұлу.
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!—
деген шумақ дәлел болары анық. 1922 жылдан бастап жарық көрген кітаптарының бәрінде де бар. «БІРАЗ ФЕТШЕ» — Бұл өлең жөнінде сөз болғанда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласын айтуға болады. Сол мақалада: «Мағжан орыс әдебиетімен таныс болған соң Шекспир, Гейне, Гете, Байрон Пушкин, Фет ...., Александр Блок сынды жеке адамдарды дәріптегіш, дарашыл ақындарға мүрит болған, солардан тәлім алып, соларға еліктеген» деп жазған еді. Сол айтқандай Фёт стиліндегі өлеңдердің бірі. Ырғағы, жазылу формасы өзгеше дүние. 1922, 1923, 1993 жылғы басылымдардағы төменнен санағанда алтыншы жол «Сылдыр» деген сөз 1989-жылғы жинақта «Белдер» болып қате басылған екен. Қалпына келтірдік. «N-ҒА» — Қызылжар қаласының Қуанышев Дәули деген байының қызы Жәмилаға арналған. Өлеңдегі «Алтын мүйіз»— Омбыдағы ресторанный аты. Ресторанда кездескен қыз — Жәмиланың немере әпкесі Әмина, «Граф»— Әминаның сол кездегі жігіті — Асфандияр Шорманов. Омбыда Қуанышевтың 48 бөлмелі екі қабатты үйі болған. Сол үйін чехословак лаңы кезінде Куанышев қонақүйге айналдырған. Өлеңде кездесетін неміс, француз, чехтар — осы қонақүйдің меймандары. Соловьев деген сол кезде аты шыққан цирк балуаны. Әмина — М. Әуезовтың «Кінәлі бойжеткен» әңгімесіндегі бас кейіпкердің прототипі. Әмина кейін Кемелов деген кісіге тұрмысқа шыққан. Сексеннен асып барып дүние салды. Өлең 1992 жылғы жинақтан басқа ақын кітаптарының бәріне енген. 1989 жылғы басылымда кеткен кейбір қателерді жөндедік. «ЕС КІРГЕН СОҢ»—1992 жылдан басқа жинақтарының бәріне енген. «СҮЙГЕНІМ АНЫҚ» — бұл да сондай. «ХОР СИПАТТЫ ҚАРЫНДАС» — 1922 жылғы басылымда тақырыпсыз берілген. 1923 жылғы басылымда тақырып қойылған. 1989f 1993 жылғы жинақтарға да солай енген. «ЖАС СҰЛУҒА»— бүл өлең де 1992 жылдан басқа ақын кітаптарының бәріне енген. «Г...ГЕ»— Бұл да сондай. Гүлсім Камаповаға арналған өлеңдерінің бірі. «КӨҢІЛІҢДІ АШАР» — 1922 жылғы басылымда тақырыпсыз берілген. 1923 жылы осы тақырыппен алғаш жарияланған. 1989, 1993 жылғы жинақтарға да енген. «СӘУЛЕ» — 1922 және 1923 жылғы «Әлде қалай тура кеп» деген жолды, 1989 жылғы басылымда «Әлде қалай кездесіп» деп өзгерткен. Қалпына келтірдік. «ЖӘМИЛА» — өлең 1992 жылдан басқа ақын кітаптарының бәріне де енген. «ҚАЙҒЫЛЫ СҰЛУҒА» — бес жинақта да бар өлең. «ГҮЛСІМ ХАНЫМҒА» — Гүлсім Камаловаға арналған алғашқы өлең. Бұл өлеңнің тарихы мынандай: 1920 жылы Омбыдан Қызылжарға көшіп келген мұғалімдер курсында Мағжан әрі директор, әрі мұғалім болып қызмет істейді. Сол кезде Башқұртстаннан Мичурин деген ауқатты кісі жақында ғана үйленген Гүлсім деген жас әйелімен көшіп келеді. Гүлсім Мағжан басқаратын курсқа математикадан сабақ беретін мұғалім болып орналасады. Гүлсім курсқа келген күннен бастап өзінің асқан сұлулығымен, оның үстіне ерекше тәкаппар мінезімен жұрттың көңілін өзіне аударады. Ол ешкімге сәлем де бермей, берген сәлемін де алмай тіп-тік келіп, тіп-тік шығып кетеді екен. Бір күні Мағжан оқытушылар бөлмесіне кіріп келсе, Гүлсім бір столдың жанында жалғыз отыр екен. Кіріп келген Мағжанға селт етіп қарамайды да, бұған таң қалған Мағжан Гүлсімге қарама-қарсы отыра қалады. Бірдеңе айтқысы келіп оңтайлана бергенде үй сыпырушы татар әйелі кіріп келіп: «Гүлсім ханым, сізді телефонға шақырады!» дейді. Гүлсім шығып кетеді. Мағжан столдың үстінде қалып қойған Гүлсімнің қалып дәптерін көреді. Дәптерді алады да оның бір бетіне табан астында шығарып осы 8 жол өлеңді жазады. Сәлден соң Гүлсім бөлмеге қайта кіріп: «Мағжан мырза, мені қожам шақырып жатыр, рұқсат етсеңіз қайтайын?» дейді. Мағжан рұқсат етеді. Ертеңіне Мағжан басқа мұғалімдермен дәлізде келе жатса, үйге Гүлсім кіріп, Мағжандарға қарама-қарсы жүреді. Әдетте жан адаммен тілдеспейтін, сәлем бермейтін паң Гүлсім: «Сәлеметсіз бе, құрметті Мағжан мырза» деп қастарынан өте шығады. Сол күні сабақ біткеннен кейін Мағжан Гүлсімге келіп: «Гүлсім ханым, Сізді орта жолға дейін шығарып салуға бола ма?» деп сұрайды. Сонда Гүлсім: «Жоқ, Мағжан мырза, орта жолға дейін емес, жолдың аяғына дейін шығарып салуыңызға болады!» — деп жауап береді... Кейіннен Гүлсім Мағжанға өлеңмен былай деп жауап жазады:
Көшір бір өзге алгулга,
Көзщнің шағаласын меннан
Сиқырлы йылдызым, тездан!
Әйелінің Мағжанмен қарым-қатынасын сезген Мичурин арада бір жыл өткен соң Қызылжардан көшіп кетеді. Ол тіпті Мағжанды өлтірмекші де болады... Гүлсім Камалова — татар қызы. 1914 жылы Петербургтегі ақсүйек қыздардың педагогикалық институтын бітірген. Бірінші дүниежүзілік соғысқа «шафқатлық тәтесі» (сестра милосердия) болып қатысқан. Революция кезінде еліне қайтқан соң әкесі әлгі Мичуринге қосқан. Жинақтарының бәріне енген. «...ҒА» — Қазан басылымынан бастап жинақтарының бәріне енген. «ДОМБЫРА»—1992 жылдан басқа барлық жинағында бар. «ТҮН ЕДІ» — Өлең Мағжанның жиен қарындасы Жамалға арналған. Жамал Мағжанның жездесі Тастеміров Жақияның (Мағжанның апасы Ғалияның күйеуі) қызы. Жамалдың туыстары Мұса Мәубиев деген кісінің Зәкария деген баласына бермекші болып, уағдаласып қойған екен. Оған күйеуге шыққысы келмеген Жамал нағашысы Мағжанға келіп, осы өлеңді жаздырып алады. Жамал бүл кезде Қызылжар қаласындағы «Ақтас» ба- стауыш қазақ мектебінде оқып жүр екен. Мектепте өткен бір сауық кешінде ол осы өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Өлең 1992 жылғы жинақтан басқа ақын жинақтарының бәріне де енген.. 1923 жылғы нұсқаны алып отырмыз. «ҚАРЫНДАСҚА» — Бұл өлеңдегі «Ойла, күнім, келе ме екен ретке?!» деген түйінді жолдың, «күнім» деген сөздің орнына 1922 жылы көп нүкте қойылған еді. Мүмкін ақын қарындастың нақты атын жазуды ойлаған болу керек. Бірақ, 1923 жылғы басылымда көп нүкте орнына «күнім» деп қойыпты. 1992 жылдан басқа барлық жинаққа енген. «Р ...АЛЬБОМЫНА» — Рабиға Мәдиқызына арналған. Мәди молда Қызылжар қаласының адамы. Өлең, жазылған кезде Рабиға адвокат Ғалиолла Ғалымжановтың әйелі. «Бір биге» деген өлеңге жазылған түсіндірмені оқыңыз. 1989 және 1992 жылғы басылымда 2-ші және 6-шы шумақтар өзгертіліп басылған екен, 1922—1923 жылғы нұсқаны қалпына келтірдік. «Ж... ҒА» — Тастемірова Жамал Жақияқызына арналған. Туыстары Зәкария Мұсаұлына күйеуге бермек болғанда, қыздың ол жігітті сүймейтінін білген Мағжан араласып, құдалықты бұзады. Жамал Таупық Бердіғожин дейтін адвокатқа тұрмысқа шығады. Жамалдың сіңлісі София әйгілі жазушы Хамза Есенжановтың әйелі. Өлең 1992 жылдан басқа ақынның барлық жинағына енген. 1923 жылғы нұсқа негізге алынды. «Ф... ҒА» — Мағжан ақынның оқудың соңына түсіп, үй көрмей кеткеніне әкесі Бекен қарсы еді. Уфаға барғанына да, Омбыға кеткеніне де ренжіп, өз қасында болуға күш салады. Бірақ, ақын көнбейді. Сондай сезімді ақын осы өлеңде де андатып:
Желге айналған мен екенім білгейсің,—
дейді. Өлең ақынның көзі тірісінде шыққан екі жинаққа да енген. 1989, 1993 жылғы кітаптарда бар. «ҒАЗИЗАҒА»—1917 жылдың 19 қазан күні Омбыдағы «Үш жүз» партиясының басшылары облыстық қазақ комитетінің мүшелері Сейітұлы мен Жұмабайұлын тұтқынға алады. Бүл өлең ақынның сол «Үш жүздің» түрмесінде отырған кезінде жазылған. Ғазиза — Мағжанның туған нағашысы Әшірбектің немере інісі Ғазизбайдың қызы. Ғазиза қыздар гимназиясында оқыған. Сәбит Мұқановтың «Гөлайттатып жүремін қарындасты» (1926) деген өлеңіндегі қарындасы осы Ғазиза. Өлең ақынның барлық жинағына енген. «ЗУҺРА» — бұл өлең де Ғазизаға арналған. 1989 жылғы басылымда 5-ші шумаққа «Төкпейді бірақ нұр күндіз» деген жол жаңсақ қосылыпты. Алып тастадық. 1922 жылғы нұсқада соңғы шумақтың басындағы жол былай беріліпті: «... , сен де «қарағым». 1923 жылғы нұсқада көп нүктенің орнына «Ғазиза» деген сөз жазылған. Біз 1923 жылғы нұсқасын негізге алдық. «ЖАН ЖАРЬМДЫ БІР СҮЙЕЙІН ТҮСІМДЕ»—«Үш жүз» түрмесінде жазылған өлең. Мағжан мұны өзінің бірінші әйелі Зейнепке арнап отырған сияқты. Зейнеп — Шоқан Уәлихановтың інісі Жақып төренің қызы Қадишадан туған. Әкесі Шоқан Тастеміров — Қызылжар қаласының байы Данияр қажының баласы. Мағжан Зейнепке революция жылдарында үйленген, ол 1919 жылы 10 ақпан күні баладан қайтыс болады. Баласы Граждан да келесі жылы мейірімсіз ажалдың қармағына ілінеді. 1922 жылғы жинақта тақырыпсыз берілген. 1923 жылы ақын жоғарыдағы тақырыпты қойған. 1989, 1992, 1993 жылғы жинақтарға да енген. «ӘЙЕЛ» — алғаш 1922 жылғы жинақта басылған. Одан кейінгі 1923, 1989, 1993 жылғы жинақтарға енген. «3 ...ҒА» — Зейнепке арналған өлең. Шамасы 1919 жылы Зейнеп қайтыс болған соң жазылса керек. Барлық жинағына енген. «АНАМА» — шешесі Гүлсімге арналған. Мағжан 1929 жылы ұсталғаннан кейін-ақ бүл отбасының шаңырағы шайқала бастаған. Жергілікті органдар оларды «жаудың туыстары» деп қуғынға ұшыратқан. Бекен 1934 жылы қайтыс болады. 1937 жылы Мағжанның екі ағасы мен бір інісі «халық жауының туыстары» деген себеппен түрмеге қамалады. Гүлсім апай Мағжанның інісі Сәлтайдың әйелі Бибізәйіптің қолында қалады. Түрмеден аман қалған балалары Қырғызстанға жан сауғалап көшіп кетеді. Бар баласынан айрылған Гүлсім апай олардың иә өлісін, иә тірісін білмеген күйде 1943 жылы дүние салады. Өлең ақын жинақтарының бәріне енген, «Шолпаннан» басқасына. «ТҮС» — абақтыда жазған дүниесі. «Қор болды ғой қалың қайрат, есіл күш, Абақтыда қолдан келер қандай іс?» деп күйінуі де сондықтан. Өлеңде өзгеріс жоқ. 1923 жылғы түпнұсқадан алынды. «ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ҚОЮЛАНЫП КЕЛЕДІ»—«Үш жүз» түрмесіне қамалар алдында жазылған өлең болса керек. Ақын табиғат пен өмір қараңғылығы қоюланып келе жатқанын іштей сезгендей. «Ой басты ма? Әлде көзім талды ма, мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді» деуі де сондықтан. 1922 жылғы басылымда тақырыпсыз берілген. 1923 жылғы басылымда, автордың өзі осы айдармен беруіне орай, тақырыпты сол күйінше қалдырдық. 1922 жылғы нұсқада соңғы шумақтың»екінші жолы «Сөнген шоқты күліп бала үреді» деп жазылса, оны 1923 жылы ақын «Сөнген шоқты үріп бала күледі» деп өзгерткен екен. Сондай-ақ алғашқы шумақтың соңғы екі жолын өзгертіпті. Біз 1923 жылғы нұсқаны алдық. «САРҒАЙДЫМ»—«Үш жүз» түрмесінде отырып жазған өлең. Шамасы,1917 жылдың аяқ шенінде жазылса керек, өйткені өлеңде «мінеки екі ай болды жалын жұтып» деген жолдар бар. Мағжанның түрмеге қамалуы жөнінде Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуінен» білуге болады. 1988 жылғы басылымның 92—95 беттерін қараңыз (С. Сейфуллин. 5 томдық шығармалар жинағы, 4 том). Өлең Мағжанның бес жинағына да енген. «ЖЕЛ»—Бұл өлең де ақынның абақтыдағы зары, желмен сырласуы. Сырласа отырып, Сарыарқаны еске алады, сағынады. «Жібермейді қара темір қайрымсыз, Еркін дала, Сарыарқамның сәлемін» деп қамығады. 1992 жылғы жинақта жоқ, басқаларында бар. «САҒЫНДЫМ» — Бес жинаққа да енген. 1989 жылы өзгерген жолдар қалпына келтірілді. «ЖЕЛ» — бұл тақырыптас алдыңғы өлеңмен мазмұны жағынан ғана емес, түрі, құрамы жағынан да өзгеше өлең. 1923 жылғы басылымда: Жел — тым тентек бір бала.
Жан сүйгені cap дала.
Дамыл алмай жугіред.
тәрізді болса, 1989 жылғы жинақта: «Дамыл алмай жүгірер. Кейде өгіз бол өкірер» деп өзгерткен. Яғни, «д» әрпін «р» әрпімен алмастырған. Біз түпнұсқасын қолай көрдік. «БАЛАНЫҢ ҚАБІР ТАСЫНА» — Граждан (Азамат соғысы кезінде туған баласына осындай ат қойыпты) деген ұлы қайтыс болғанда жазған өлеңі. Бұл жөнінде «Қазақ әдебиеті» газеті былай деп жазды: «Мағжан Зейнепке 1918 жылы үйленді. Алайда, Колчактың Батыс Сібір жерін басып алуына байланысты үлкен той бола алмады. Зейнеп адамгершілікті жоғары бағалайтын, ер сыйлайтын, ауыр мінезді, асыл жан еді. Зейнептің жеке басының бұл ерекше қасиеттері Мағжанның семьяда сүйіспеншілік құрып тұруына үлкен эсер етті. Ол семьясымен Омбыда тұрғанда, қазақ мұғалімдерін дайындайтын курс ашып, оның директоры болды. Кейін бұл курс Қызылжардың педучилищесінің негізін қалаушы болды. Мағжанның семьялық шаттық өмірі көпке бармады. Зейнеп 1919 жылы 10 ақпанда, бала үстінде қайтыс болды. Туған бала тірі' жетім болып қалды. Атын «Граждан» деп, азамат„соғысына байланысты Мағжан өзі қойды. Бірақ ол да өкпесіне суық тиіп ауырып, 9 айдан соң қайтыс болды. Осындай ауыр қазалардан кейін Мағжан өзін жұбатып, баласына арнап өлең жазды. Оны «Баланың қабір тасына» деп атады». Жинақтарының бәріне енген. «ӨМІР» — бұл тақырыптас екі өлең қатар жазылған. Көңіл-күй лирикасы. Жинақтарының бәрінде бар. «ТОЛҚЫНДАЛ ОЙНАЛ» — өлеңнің жазылу стилімен ерекшеленетін дүние. Алғашқы нұсқада (1922) «Тұңғиық дария түбі жоқ» дейтін жол, 1923 жылы «Тұңғиық теңіз түбі жоқ» болып өңделген. 1989, 1992, 1993-жылғы басылымдарға да енген. «САҒАТ» — бұл өлең төрт жинақта (1922, 1923, 1989, 1993) бар. «АУРУ»—1992 жылдан басқа жинақтарының бәріне енген. «ЖҰЛДЫЗДАРҒА»— бұл да сондай. «ЖАЗҒЫ ТҮНДЕ» — бұл да. «КӨКШЕТАУ» — Мағжан 1922 жылы жазды күні Көкшетауға барып, Бурабайды аралайды. Сырымбетте Қоскөл деген жерде отырған Шоқан Уәлихановтың кенже інісі Қоқыштың үйінде болады. «Көкшетау» циклі осы жерде жазылған деген жорамал бар. Жинақтарының. бәріне енген. «ТОЛҚЫН» — ақын репрессияға ұшырарда кінә етіп тағылған өлеңдердің бірі көрінеді. «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады, толқынмен толқын жарысад» деген қуатты өлең жолдарының астарында қоғамға қарсылық бар деген айып тағылған. 1922 жылдан бергі жинақтарының бәрінде де бар. «ҚАЙЫҢ»—бұл өлең жазылу стилі жағынан ерекше. Бес буынды жыр жолдарымен ақын алда тұрған қиын да қасіретті күндерін ойлайтындай. Сондықтан да «Қайғылы қайың» мұңымен сырласады. Бұрынғы басылымдармен салыстырғанымызда айтарлықтай өзгерістер таппадық. Жинақтарының бәріне енген. «ҚЬІСҚЫ ЖОЛДА»—бұл да сондай. Өлең жазылу формасымен ерекше. «Қысқы жол» өмір жолымен астасады. Өлеңнің алғашқы басылымдағы мазмұнымен қатар, өлеңдік формасын да сақтауды қадағаладық. «ЖАЗҒЫ ЖОЛДА» — cap далада жалғыздықпен күн кешкен ақын елдің, халықтың ертеңі үшін қапаланып «Келем жалғыз жаяумын» дейді. Табиғаттың алуан суреттері арқылы астарлы ойын жеткізеді. Алғашқы басылымдағы өлеңнің жазылу формасын қалпына келтірдік. Жинақтарының бесеуіне де енген. «ЖАЗҒЫТҰРЫМ» — ақын мазмұнға сай форманы қолданып, алты жолдан соңғы жетінші тармақпен түйіндеп отырады. 1992 жылғы жинақтан басқаларына кірген.
Жел жалығып, хал жиып,
Жұмсақ қана жымиып,
Қалғып қана тербелед.
деген тәрізді түпнұсқаны өзгертіп, «Тербелед»—тің орнына «тербелер», «жаз келед»—тің орнына «жаз келер» деп өзгерткен екен. Біз ақынның өз нұсқасын қалдырдық 1922, 1923, 1992, 1993 жылғы жинақтарға да енген. «СЕН» — бұл да сондай. «ЖИІЛЕНДІ ҚАРА ОРМАН» — ақын жинақтарының бесеуіне де енген. «МАХАББАТ НЕ?» — ақын жинақтарының бесеуіне де енген. «ШЫЛЫМ-1992 жылғы жинақтан басқасына кірген елең. «АЛЕКСАНДР БЛОК» — бұл да сондай. 1921 жылы А. Блок қайтыс болған күні жазылған өлең. А. Блокты Мағжан үлкен ақын ретінде құрмет тұтқан. Өлеңдегі «Әдемі әйел»—Блоктың «Прекрасная Дамасы». Александр Блок — ұлы орыс әдебиетіндегі ен күрделі тұлға. .Тұлға ғана емес, күрделі құбылыс. Орыс ғалымы Владимир Орлов Александр Блокты гамаюнға теңеп, осы аттас көлемді кітап жазды. Гамаюн — көне орыс әдебиетінде көп жырланған ғажайып ертегі құс. Виктор Васнецовтың қыл қаламынан шыққан көркем суретте гамаюнның басы — адамның басы да, денесі — құстың денесі. Аңыздың айтуынша, гамаюн — болашақты болжағыш пайғамбар — құс, адам — құс. Міне осы сом суретке қарап отырып Александр Блок 1899 жылғы жиырма үшінші ақпан күні, он тоғыз жасында «Пайғамбар құс гамаюн» атты өлең шығарыпты. Мағжан ақынның: «Блок1 бір бұлбұл, Блок-бұлбұл сайраған» деуі де сондықтан. «N... АЛЬБОМЫНА»—1922 жылғы басылымнан бастап жинақтарының бәріне енген. Кімге арналғанын анықтау мүмкін болмады.
Өмір сөнед. Үміт өлед. Не қалды?
Мөлт-мөлт етіп көзге ыстық жас келеді.
Өмір сөнед. Үміт өлед. Не қалды?
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді,—
деп өзгерткен екен. 1989 жылғы басылымда кеткен қателер жөнделді. Өлең ақынның 5 жинағына да енген. «АЙРЫЛҒАНДА» — Гүлсім Камалова көшіп кеткен соң жазылған өлең. Кейін Мәскеуде тұрған кезінде Мағжан әйелі Зылиқа екеуі трамвайда кетіп бара жатып, Гүлсімге кездесіп қалады. Гүлсім де, Мағжан да үндемейді, беттеріне бір-бір қарап бұрылып кетеді. Өлең тақырыбындағы «Г-ге» деген жақша ішіндегі сөз. 1922 жылы жоқ болатын 1923 жылғы басылымда пайда болған. Осы нұсқа алынды. «КҮЗДІ КҮНІ»—«Жазғытұрым» өлеңіндегідей, алты жолдан соңғы жетінші тармақпен түйіндеп отырады. 1992 жылдан басқа жинақтардың бәріне де енген. «БОЛСА ГҮЛСІЗ» — Бұл да сондай. 1922 жылғы басылымда «Үнсіз бұлбұл бір...,» «Отсыз жүрек...,» болса, ал 1923 жылғы басылымда көп нүктелердің орнына сөз қойыпты: «Үнсіз бұлбұл — бір сұр құс», «Отсыз жүрек — бос қуыс». Сондай-ақ 1922 жылғы басылымда өлеңге тақырып қойылмаған. «ОЙ»—1992 жылдан басқа жинақтарының бәрінде де бар. Өлеңнің түпнұсқалық формасы сақталды. «ЖАН СӨЗІ»—1920 жылғы майда жазылса керек: «Енді бір ай болады — жиырма жеті». Мағжан 27-ге 1920 жылдың 25 маусымында келген. 1922 жылғы басылымда
Тұншығып, жата қыным, деп күлер ме?
деген екі жолды 1923 жылы ақын:
«Ойы жоқ, ессіз отты Тәңірі көрген
деп өзгертіпті. 1923 жылғы басылым негізге алынды. 1989 жылғы кеткен қателер қалпына келтірілді. «МЕНІ ДЕ, ӨЛІМ, ӘЛДИЛЕ» — Мағжанның трагедияға толы өлеңдерінің бірі. Шамасы, әуелі сүйген жары Зейнеп, онан соң сүйікті ұлы Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін жазылған болса керек, өйткені өлеңде періште күйінде ол дүниеге аттанған жас нәресте, жасқа тұншығып өлген «Бетінен алма қан тамған, тілінен тәтті балы тамған» жас сұлу образдары бар. 1992 жылдан басқа жинақтарының бәріне енген. «ТІРІЛДІМ»—1920 жылы жазылған. Гүлсім Камаловаға арналған өлеңдерінің бірі. 4 жинақта (1922, 1923, 1989, 1993) да бар.
«ЖҰЛДЫЗДЫ — ЖҮЗІК; АЙДЫ АЛҚА ҒЫП БЕРЕЙІН»— алғаш «Сана» журналында (1923. № 1) басылған. Сол жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағына, сондай-ақ 1989, 1992, 1993 жылғы жинақтарға енген. «ЖАЙ ӘНШЕЙІН ОЙЫН ҒОЙ»—«Ақжол» газетінің 1923 жылғы 25 қаңтарындағы санында жарияланған. 1989 жылғы кітапқа енген. «БЕРНИЯЗҒА»—«Ақ жол» (1923, 22 ақпан). XX ғасырдағы қазақ поэзиясына өзіндік үн қосқан Бернияз Күлеев (1899 жылы туған) Мағжанның ең жақын ақын інісі болатын. Бернияз поэзияға революция жылдары келеді. Қазақстанның астанасы Орынборда тұрған кезде қазақ үкіметінің Қазан қаласындағы баспа істері жөніндегі төтенше өкілі қызметінде болады. Өзінің баспа орындары жеткілікті дамымаған Қазақстан кітаптарының Қазан баспаханасында сапалы басылып шығарылуына басшылық жасайды. Сонда жүріп бір татар қызымен танысып, сөз байласады. Бірақ екеуінің үйленуіне қыз әкесі рұқсат бермейді. Өмірден махаббатты артық санаған екі жас өздерін-өздері өлтіреді. 1989 және 1992 жылғы жинаққа енген. «ЕҢБЕК — ӨЛІМ, ЖАН ҚАНАТЫН ҚИЯТЫН»— Алғаш «Ақжол» газетінің 1923 жылғы 271-ші санында жарияланған, одан кейін баспа бетін көрген жоқ. «СЬІРДАҒЫ АЛАШҚА»—«Ақжол» (1923, № 302, 10 мамыр). 1989 және 1992 жылғы жинақтарға енген. «ШОЙЫН ЖОЛ»—«Ақжол», 1924, № 410. Одан кейін «Азат» газетінде ғана (1990) басылды. «ТІРІ БОЛ»—«Ақжолдың» 1923 жылғы 318-ші санында жарияланған. 1989 жылғы басылымға енген. «ТҰРАННЬІҢ БІР БАУЬІНДА»—«Ақжол» (1923, № 318). 1989. «АЛАТАУ»—«Ақжол» (1923, 13 қыркүйек). Мағжан 1923 жылғы жаз кезінде екі айдай Пішпектен 78 километр жердегі Ыстық-Ата демалыс үйінде тынығады. Осында жүріп «Алатау» циклін жазады. «Р-ҒА»—1923, 1989, 1992 және 1993 жылғы өлеңдер жинағына енген. «ТҮРКІСТАН» — бұл өлең де алғаш 1923 ЖЫЛЕЫ жинақта жарық көрген. Мағжан Ташкентке келгеннен. кейін жазылса керек. Ол кезде Ташкент — Түркістан республикасының астанасы. Оған қазіргі Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстары қараған. Бүл өлеңнің 1989 жылғы жинақта екі шумағы алынып қалған. Біріншісі:
Түркістан алты алашқа болған кебе. .
Кешегі ердің ері көкжал Кене,—
деген шумақ та, екіншісі:
Қырағы Тянь-Шань менен Памир, Алай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Жапанда жайылудың мәні қалай?
«СӘРСЕНБАЙДЫҢ ЖЫРЫ»—1923 жылғы жинаққа енген. 1989 жылғы басылымда шумақтардың ара жігі ажыратылмаған. «ЖАРЬІМ» — бұл өлең де 1923 жылғы жинаққа енген. 1989 жылғы жинақта: «көз салдырмайд» деген сөзді, «бұрылтпайды» деп өзгерткен. Сол сияқты: «Әкем маған: «Сауда қылып мал тап!»—дейд» деп басталып шумақтағы: «дейд» сезін, «дер» деп жазған. Автордың өз нұсқасын алдық. «ӘЖЕ»—«Ақжол» (1924,. № 404), 1989 жылғы жинаққа енген. «ЖЫЛҚЫІІІЫ»—«Ақжол» (1924, № 408), 1989. «АЛАТАУДА»—«Ақжол» (1924, № 409), 1989. «Алатау» цикліне кіретін өлең. «ҚОҢЫР ЖЫР»—«Ақжол» (1924, № 413), 1989. «АСЫҚ ИІРУ»—«Ақжол» (1924, № 415) 1989. «ЖЕРДІҢ ЖҰМЫРЛЫҒЫ»—«Ақжол» (1924, № 416), 1989. «ЕСКІ ТҮРКІСТАН»—«Ақжол» (1924, № 435). «Түркістан» цикліне кіретін өлеңдердің бірі. 1989 жылғы жинақта:
Бүкіл бөксе маржасы,—
деген жол қысқарып кеткен. 1992 жылы жинақта толық берілген. «ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚҚА»—«Ақжол» (1924, № 445), 1989. «Алатау» циклінен. «ҚЫЗЫЛ ЖАЛАУ»—«Ақжол» (1924, № 452), 1989. «НЕМЕРЕ МЕН ӘЖЕСІ»—«Ақжол» (1924, № 459), 1989. «ҚОЙШЫ БАЛА МЕН КҮШІК»—«Ақжол» (1924, № 460), 1989. «ЕДІЛДЕ»—«Ақжол» (1924, № 462) 1989, 1992. «Еділ» цикліне кіретін екі өлеңнің бірі. «ЕДІЛДІҢ САҒАСЫНДА»—«Ақжол» (1924, № 472), 1989, 1992. «СӘЛЕМ ХАТ» — Алматы облыстық «Тілші» газетінде (1924, 3 желтоқсан) жарық көрген. Сол жылдың 19 желтоқсанында Сәбит Мұқанов «Еңбекші қазақта» Мағжанның осы өлеңіне жауап ретінде «Сәлемге сәлем» деген ұзақ өлең жариялады. Бұл жөнінде «Алматы ақшамы» газетінің 1989 жылғы 12 шілдедегі санын қараңыз. 1992 жылғы жинаққа енген. «ҰЛБОСЫН»—«Еңбекші қазақ» (1925, № 399), 1989. «ЖЫЛҚЫШЫНЫҢ ҮЙІНДЕ»—«Жаңа мектеп» (1926, № 6), 1989. «ҚАРЫНДАСТАР»—«Әйел тендігі», (1927, № 6), 1989. «АҚ ҚАЛА»—1927 жылы жарық көрген. «Балаларға тарту» атты жинаққа және 1989 жылғы кітапқа енген. «АТА-БАТА» — бұл өлең де осы жинақтардан алынды. «АНА» — ,бұл да содан. «СЫЛДЫРМАҚ» бұл да сондай. «САЛ, САЛ БІЛЕК»—«Балаларға тарту» жинағынан алынды. «БӨБЕКТІҢ ТІЛЕГІ» — бұл да. сондай. «СҰР ҚҰЛЫН»—«Балаларға тарту» жинағынан. 1989 жылғы жинаққа енген. «AJІ ІШІҢДЕР, БҰЛ ҚЫМЫЗ»—1989 жылғы жинақтан алынды. «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ӘЗІЛ», «ҚОЙШЫНЫҢ ӘЛӘУЛӘЙІ»—1974 жылы Серке Қожамқұловтан жазып алынды. 1989 жылы жинаққа енген. «СЫРЫҚ МОЙЫН, Б13 МҰРЫН»—1969 жылы жазушы Жүсіпбек Алтайбаевтан жазып алынды. .Өлеңдегі «кірпішетке»—жиырмасыншы жылдарда бидайдың жоғарғы сортты ұнын қазақтар осылай атапты. 1989 жылғы жинақтан алынды. «БОТАМДЫ КӨРДІМ ТҮСІМДЕ» — бұл да сондай. 1931 жылы ақын айдауда жүргенде шығарған өлеңі. «Б1Р КЕЗДЕ ІШТІК АРАҚТЫ» — Мағжан шығарған дейтін өлеңдердің бірі. Қашан, қай жағдайда дүниеге келгені туралы дерек жоқ, баспа бетін көрген-көрмегені белгісіз. ) 989 жылғы жинақтан алынды. «ЖІГЕР ШІРКІН, ЖЕЛІНДІ» — Никольск қаласының тұрғыны зейнеткер Жаңабай Сүтемгенов ақсақалдан алынды. 1929 жылы Мағжандармен бірге түрмеге қамалған біреу көп ұзамай қылмысы болмағандықтан бостандыққа шығатын болады. Кетерінде ол Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаевтардан ескерткішке бір ауыз өлең шығарып беруін өтінеді. Сонда Мағжан осы өлеңді жазып беріпті. 1989 жылы жинақта баспа бетін көрген. «ӨЗЕННІҢ СУЫН ЖЕЛ ТЕРБЕП» — бұл өлең туралы да әзірге қолда мәнді дерек жоқ. 1989 жылғы жинақтан алынды.
ЭПИГРАММАЛАР
Ақынның әр жылдарда өзіне таныс адамдарға, сол кездегі мемлекет, әдебиет пен мәдениет қайраткерлеріне жазған әзіл-қалжың эпиграммалары. 1989 жылғы басылымда Мұстафаға (Шоқаевқа), Сәкенге (Сейфуллинге), Сейітқали Меңдешевке және Мұхамбетжан Бейсеновке жазған эпиграммалары алынып қалған. ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН — Қызыл комиссар. 1884 жылы туған. 1915 жылы РСДРП құрамына кірген. Революция жылдарында Дала өлкесінің төтенше комиссары болған. Кеңестердің І Торғай облыстық съезінің төрағасы, кейіннен әр түрлі басшы қызметтерде болған. 1953 жылы қайтыс болды. МАДИЯР — ғасыр басындағы көрнекті ағартушы, ақын, журналист, ғалым Міржақып Дулатовтың бүркеншек аты, тұрғыластары оны осылай атаған. МҰСТАФА ШОКАЕВ — 1890 жылы 7 қаңтарда Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында дүниеге келген. Ташкент гимназиясын І-ші дәрежелі үлгірімде бітірген. Одан соң Петербург қаласына сапар шегеді. 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлин қаласында қайтыс болған. АЙДАРХАН ТҰРЛЫБАЕВ — адвокат, «Алаш» партиясының Омбыдағы комитетінің бастығы болған. АСЫЛБЕК СЕЙІТОВ — дәрігер, революцияға дейін Омбы медицина институтын бітірген, әкесінің аты — Жұман. 1937 жылға дейін Көкшетау облысы Еңбекшілер ауданы Казгородок деген селода дәрігер болған. 1936 жылы күзде айдаудан келген Мағжанды қонаққа шақырған. 1937 жылы түрмеге қамалған. МҰСЫЛМАНБЕК СЕЙІТОВ — А. Сейітовтың інісі. АСФАНДИЯР ШОРМАНОВ — Баянауылдағы атақты Шормановтар тұқымынан. Әкесінің аты — Әмір. 1916 жылы Омбы қаласындағы ауылшаруашылық институтын бітірген. Мағжанның «N-..ға» деген өлеңіндегі «граф» осы. ШАЙБАЙ АЙМАНОВ — Шәкен Аймановтың әкесімен бірге туған. СМАҒҰЛ КАЗЫБЕКОВ — қостанайлық. ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ — туған жері — Қарқаралы. 1913 жылы Томск қаласындағы политехникалық институтты бітірген. Математик. Атақты орыс ғалымы Н. Потаниннің шәкірті. Біраз кітаптар жазған. Екі рет репрессияға (1929, 1937) ұшыраған. «Алаш» көсемдерінен. ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ — Семей «Алашордасының» сыртқы істер және қаржы министрі болған. Ағылшын, неміс, француз тілдерін еркін меңгерген. 1931 жылы атылды. НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ — Компартияның көрнекті қызметкері. 1893 жылы Қоқан қаласында туған. 1918 жылы большевиктер партиясына өткен. 1920—1922 жылдарда Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің төрағасы. 1922 жылы РКП (б) Орталық Комитетінің Орта Азия бюросының мүшесі. Кейіннен Мәскеуге қызметке ауысқан. Онда «Күншығыс» баспасының директоры болған. Бұдан соң дипломатиялық жұмысқа ауысып, 1936 жылға дейін КСРО-ның Сауд Аравиясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. 1937 жылы репрессияға ұшыраған. ХАЙРЕДЦИН БОЛҒАНБАЕВ — журналист. «Алаш» партиясының мүшесі болған. «Бортаң бала», «Кәрі тай» деген бүркеншек аттармен жазған. МҰСЫЛМАНБЕК МЕЙРАМОВ — кім болғаны турасында әзірге қолда дерек жоқ. v ОМАРТАЙ ЖӘНІБЕКОВ — бұл кісі жөнінде де дерек жоқ. TEJІ ЖАМАНМҮРЫНОВ — ақтөбелік, «Алаштың» белсенді мүшелерінен. ИСА ҚАШКЫНБАЕВ — дәрігер. Батыс Қазақстаннан. БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВ — юрист. 1860 жылы туған. 1905—1907 жылдары кадет партиясына мүше болған. 1917 жылдың мамыр айында большевиктер партиясына өткен. Екінші Мемлекеттік думаның депутаты. МЫРЗАЛИЕВ — батыс қазақстандық. АСХАТ САЙДАЛИН — атбасарлық. Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген. САТЫЛҒАН САБАТАЕВ — 1920 жылы атылғанынан басқа мәлімет жоқ. ӘБІЛҚАЙЫР ДОСОВ — 1899 жылы туған. 1919 жылы РК(б)П қатарына кірген. 1920 жылы Қазақ КССР-ы Орталық атқару комитетінің хатшысы. 1922—26 жылдарда Семей губаткомының төрағасы, 1938 жылы репрессияға ұшыраған. РАЙЫМЖАН МАРСЕКОВ — Семей «Алашордасының» бастығы. Кейін Қытайға өтіп кеткен. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ — әйгілі қазақ жазушысы. 1889 жылы туған. 1931 жылы репрессияға ұшырап, атылды. МҰХТАР ӘУЕЗОВ — қазақтың ұлы жазушысы. Ташкентте Мағжан екеуі сыйлас, сырлас болған. «Шолпан», «Сана» журналдарын, «Ақжол» газетін шығаруға екеуі де белсене атсалысқан. ӘБДІРАХМАН БАЙДІЛДИН — әдебиет сыншысы. 1930 жылғы әдебиет энциклопедиясының (Мәскеудегі коммунистік академия шығарған) 4томына Мағжан туралы мақаласы кірген «Алаштың» І съезі кезінде (1917) Әлихан Бөкейхановтың адьютанты болған. ҚазАПП басшыларының бірі. 1931 жылы репрессияға ұшыраған. ЖҰМАҒАЛИ ТІЛЕУЛИН — фельдшер. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН — Қазақ кеңес жазушысы, ақын, Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ АКСР Кеңестерінің 3-ші съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып сайланған (1922—25). Репрессияға ұшырап, 1938 жылы 25 ақпанда атылған. МҰҚТАР САМАТОВ — Омбыда оқыған, революциядан кейін азық-түлік комиссары болған. БІРМҰХАМБЕТ АЙБАСОВ (1895—1938)—1895 жылдың 12 қыркүйегінде Атбасарда туған. Орыс-қазақ бастауыш мектебін бітірген. 1912—17 жылдарда ауылда мұғалім, кейін Омбы ауылшаруашылық мектебінде оқыған. 1.917—21 .ж.ж. Сібірдегі кооператив ұйымының басқарма мүшесі, Кир республиканың Сибревкомдағы өкілі. 1920 ж. РКП (б) қатарына өткен. 1921—27 жылдары Ақмола губисполкомының ауылшаруашылық бөлімін басқарған, РКП (б) Қарқаралы уездік комитетінің хатшысы. «Қосшы» одағының төрағасы. 1927—33 жылдары Семей губерниялық жер басқармасының бастығы, Мәскеудегі қызыл профессорлар институтының тыңдаушысы. 1933—37— Қазақстан Саяси баспасының бас редакторы. 1937 жылы ұсталған. 1938 жылы 28 ақпан күні атылған. ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ — юрист. Батыс «Алашордасы» басшыларының бірі. 1929 жылы алғашқы репрессияға ұшыраған. Воронежге. жер аударылған. 1938 жылы екінші қайтара ұсталған. ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ — дәрігер. Жаһанша екеуі туыс емес, фамилиялары ғана бір. Батыс «Алашордасы» жетекшілерінің бірі. Жаратылыстану, биология жөнінде кітаптар жазған. Ташкентте Түркістан халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми кеңесті басқарған. 1938 жылға дейінгі тағдыры Жаһаншанікіне ұқсас. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ — көрнекті ғалым, ағартушы, ақын. Революцияға дейін патша өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізген. Орынборда «Қазақ» газетін шығарған. Тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Қазақ АКСР-ның алғашқы халық ағарту комиссары. «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі болған. Кейін Кеңес өкіметін қолдаған, В. И. Лениннің қабылдауында болғаннан кейін 1919 жылдың 4 сәуірінде БОАК «Алашорда» мүшелеріне амнистия жариялаған. Бірінші рет 1929 жылы, екінші рет 1937 жылы репрессияға ұшыраған. ЕРЕЖЕП ИТБАЕВ — Семейдің округтік сотында тілмаш, кейін адвокат болған. СЕЙІТҚАЛИ МЕҢДЕШЕВ — Қазақстанның партия, кеңес кайраткері. 1919 жылғы РСФСР Халкомсовы Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомы төрағасының орынбасары, 1920—25 жылдары КАКСР ОАК-ның төрағасы. 1937 жылы репрессияға ұшыраған. МҰҚАНБЕТЖАН ТЫНЫШБАЕВ — инженер, тарихшы. «Қоқан автономиясының» (1918) басшыларының бірі. 1928 жылы Орынборда Қазақстан тарихы жайлы кітабы шыққан. Түркісибті салуға қатысқан. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН — 1870 жылы туған. 1894 жылы Санкт-Петербургтің императорлық орман институтын бітірген. 1905 жылы Ресей кадет партиясына өткен. 1906 жылы Ресейдің бірінші Думасына депутат болып сайланды. 1917 жылы «Алаш» партиясын ұйымдастырды және оның төрағасы болды. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде НКВД тарапынан атылды. «ЕСЛАМ ҚАЗАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ»—1936 жылы айдаудан оралған Мағжан немере інісі Ахметжанның (Бекеннің ағасы Нұрмахамбеттің баласы) ауылына барады. Бұл ауыл Омбы мен Есіл көлдің ортасында екен. Сол ауылда Еслам деген жігіт қайтыс болып, қайғыда екен. Соған жұбату ретінде шығарған өлеңі. Ауылдағы 8 үй Мағжанды қатты құрметтеп, әрқайсысы қой сойып, қонаққа шақырады. Сол сегіз үйдің иесі түгелдей 1937 жылы репрессияға ұшырайды. 1989 жылғы жинаққа енген «ЖАМБЫЛҒА»—1937 жылы Жамбылдың атағы кеңінен танымал болған кезде, карт ақыннан ойша демеу сұрап жазған 24 шумақ өлеңнен қалған бір жұрнақ. Ел аузынан жиналған. 1989 жылғы жинақтан алынды. «ҚАЛАМЫМА»—1937 жылы Леон Исаевич Мирзоянға бағышталып жазған ұзақ өлеңнен естігендердің есінде қалған үш шумақ. 1989 жылғы жинақтан алынды.
СОҢҒЫ КЕЗДЕ ТАБЫЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРЫ
«ЖАС МАҒЖАНҒА»—1936 жылы айдаудан қайтқан Мағжан Омбы жағындағы нағашысына қонаққа барады. Олар Тұма, Саға, Қызылағаш, Қарағаш деген төрт ауылда тұрады екен. Мағжан қонақ болған күндердің бірінде Қарағашта тұратын Баймұқан деген кісінің әйелі босанып, ұл табады. Баланың атын шілдеханаға жиналған жұрт Мағжан .қояды. Бұл ілтипатқа Мағжан осы елеңімен жауап береді. «ЖАУАР АЗАМАТТАРЫНА» — Мағжан нағашыларының негіз; — арғын Қарауыл ішіндегі Жауар руы болатын. Сол Жауар азаматтарына арналған өлең. «НАҒАШЫЛАРҒА» — осы сапарда туған өлеңдерінің бірі. Інісі Мұхаметжан сағалап жүрген Шарбақкөл жақтағы басқа бір .нағашыларына жазған сәлем хаты. «ӨМІРІМЕ ӨКПЕМ» — Мағжанның соңғы өлеңдерінің бірі. Інісі Мұхаметжан есінде сақтап жүріп, кейін қағазға түсірген. Мұхаметжанның қызы Гүлқаныстан алынды.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру