TELEGEI

Home

Гөй-гөй

Ерман Жүрсін

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Гөй-гөй

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

ЖҮРСІН ЕРМАН

«Мерей» баспасы
Алматы - 2014
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе – жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл.
Абай

УДК 821.513.101

ББК 84 (Қаз 7)

Қ 21

Ерман Ж.
Е 21 Гөй-гөй,. Жүрсін Ерман– Алматы, “Мерей” баспасы

- 2014 - 240 бет

ІSBN 978-624-71956-23-2

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

УДК 821.513.101

ББК 84 (Қаз 7)

ІSBN 978-624-71956-23-2

© Ерман Ж, 2014
© “Мерей” баспасы 2014

ҚҰЛЖАНБАЙДАН БАСТАЛҒАН ЖОЛ Биссимилла – сөз басы. Тайсақтағанмен, жүрексінгенмен, болмас, биссимилла деп бұл сөзді де бастап кетейік. Іште тұнған әңгімені қағазға түсіргісі кел­ ген қаламның жазығы қанша. Менің бір жинағыма енген «Ырғай жыры» деген шағын өлеңім бар. Сол өлең: Ырғай, ырғай, ырғайлы, Ырғай мойнын ырғайды. Ырылдасып қайтеміз, Сенде де бар бір қайғы, Менде де бар бір қайғы... – деп аяқталушы еді. Осы өлеңге ойда жоқ жерде Серік Жанболат інім ән шығарып, ол өзіме ұнап, соған шүкіршілік деп жүруші едік, бір күні Жамбыл облысының Байзақ ауданынан едім деп Қасқырбай Нарбатыров де­ ген журналист жігіт телефон шалды: – «Ырғайға» ән шығарып, таспаға жаздырдым. Беріп жіберсем тыңдайсың ба? – дейді. Бейтаныс біреу сөзіңді әуенге бөлеп жатса, қашасың ба? – Ойбай, тез жібер! Тыңдаймын, – деп жалпақтап жатырмын. Ең болмаса, өзіміз білетін Бөрібай емес, қайдағы бір Қасқырбай деген саз-герді құлағым шалмаған басым, әншейін біреудің әуресі шығар деп ша-малағам. Маған жөнсіз жабысушылар көп болушы еді. Одан кейінгі ап-таларда Қасқырбайдың бірер әні радиодан беріліп жатқанын құлағым шалды. Көп кешікпей әлгі айтқан үнтаспасы да келіп жетті. Әнді бір тыңда-сымен-ақ біздің бәйбішеміз:

– Мынау гөй-гөй ғой! – деп бағасын берді. Қайдағыжайдағыны қозғайтын мұңлық әуенге ішім жылып бара жатса да: – Музыкада «гөй-гөй» деген жанр жоқ, – деп қарсылық білдірдім. – Бар! Болмаса, осыдан кейін болады! – деп Бақытжамал да қайтар емес. – Бұл кісі айтса – болады. Осы гөй-гөй екеуімізге де жақты. Бірнеше кеш бойы қайта-қайта тыңдаумен болдық. Маған оның жағатын себебі... Гөй-гөй. Менің ішімде уілдеп тұратын бір музыкалық аспап әуелден бар. Қай аспап екенін қайдан білейін. Сексеннен асып өмірден озған, тобылғының қазығындай қалпымен өзі де көне домбыраға ұқсайтын Ашубай көкем кештете шертіп отыратын шанағы шағын қоңыр домбыра ма екен? Әлде, баяғыда ұста әкем Зәбида кепкен жиде ағашынан шауып, талыспен шанақтаған, иесіз қалған шағында Нұрила жеңгемнің қорасына қоныс аударған қара қобыз ба екен? Әйтеуір бір сезімтал құрал ойда жоқ кезде ызың ете қалады. Дың ете түседі. Сол сәтте іші-бауырым елжіреп, жер­ ге түскендей болады. Менің мәңгілік сағынышыма айналған әкем мен шешем, ата-бабам, туған жерім, өзімді құшағына алар мәңгілік мекенім, өткенім мен келешегім, баяғы жансерік болған бәйге күреңім, жа­ рым көңіл балалық шағым, Баймұраттың сап-сары қалың кәстөм-шалбарын сұрап киіп, пионерлердің аудандық слетіне барғаным, шаңқиған шілдеде қой бағып жүріп, тілім аузыма сыймай қаталап, шекемнен күн өткені, тағы сондай бір қолға түспес, ойдан кетпес, дерексіз нәрселер, бәрі бір мезгілде санамда жарқ етіп, әлгі ызың, әлгі гөй-гөй болып көлең ете қалады. Бір ғажабы, осы қас-қағым сәт көз алдыма туыпөскен мекенім, құм ішінде топыраққа көмілген, кеңес өкіметі құлағаннан бері елі көшіп, жұрты да өшуге айналған кішкене ауылым – Құлжанбайды алып келеді.

Жаз болса, құдықтағы тастай суын төбемнен құйып,
шөлімді басқан, қыс болса төбе-төбенің басынан шана­
мен зуылдаған Құлжанбайым, әкемнің құлаған зираты­
нан басқа түгі қалмаған Құлжанбайым ғой.

Париж бен Римнің салтанатты отелінде елегізіп
оянсам да, Стамбул мен Берлиннің ығы-жығы көшесінде
есінеп келе жатсам да, Алматы мен Астанадағы өз
үйім өлең төсегімде ұйқымнан шошып оянсам да,

Құлжанбайым есіме түсе кетуін қойған емес. Әркімнің
туған жері Мысыр шәрі деген рас екен. Көшкен елдің
жұртында жүдеп қалған Құлжанбайым – менің гөй-
гөйім! Сағынышым! Аңсарым! Қарақұмның төріндегі

кішкентай астанам. Мың жарым шақырым жерден
шаршап-шалдығып жетіп, зират басында өзім білетін
сүремді күмілжіп оқып, құм етегіндегі Олжабай ағайдың
үйінен бапты қымыздың бір тостағанымен таңдай

жібіткенде ғана шерім тарқап, гөй-гөйім басылып, неше
рет қалпыма келдім екен!
Сонымен, тағы да ауылға қарай жүретін болдық.
Елге барудың біраз сылтауы жиналып қалыпты. Негізі

себепкер болған – Кәрима жеңгей. Қарақұмдағы Сапар
көкеміздің бәйбішесі. Ұзатқалы отырған немере қызы
Гүлнәзияны жетектеп, Алматыға келіпті. Кемінде екі
сиырды сатып, ақшасын камзолының ұры қалтасына

тығып келген-ау, өмірінде бірінші көріп тұрған әсем Ал­
матыны аралауға да зауқы жоқ. Поездан түсе сала:

– Мені «барахолка» деген базарға апар. Мына не­

мере қызыма жасау алуым керек, – деп дігірлейді.

– Ау, алтын жеңгем-ау ең болмаса екі сағат мы­

нау армандай Алматыны аралатайын. Қыдыртайын,–
деймін.

– Осы жасқа келгенше Алматыны көрмей-ақ жер

басып жүрдік қой. Әлі де жүре тұрамыз. Базарын көрсет.
Ағаң тойдың жабдығын тү-гендесімен, Қарақұмға тез
қайт деген. Сиырларым да қаңтарылып қал-ған шығар...
Тұңғыш немеремнің тойына келмесең, сенімен де сөз

бас-қаша болады!

Ауылға бара қалғанда, алақанына салып күтетін,
артық-ауыс сөзге де үйірсегі жоқ Кәрима жеңгейдің
беті қатты екен. Баратын жеріне жылдам апардық. Екі
сиырдың пұлы екі күнде таусылды-ау деймін. Жедел

қайтатын болды. Тойға кел деген шақыртумен бізге
де салмақ сала кетті. Енді қайтсін – Тұрсын ағамның
балаларының тойына барсақ, Сапарғали ағайдың бала­
сын қолдан аяқтандырсақ, өзге де той-тома-лақтардың

ортасынан табылсақ, енді бұл шаңырақтың қызығынан
қалыс қалудың не жөні бар? Атасы кеміс деймісің?
Біздің Ұлытау жағында мал баққан Қанатбек де­
ген ағамыз Ақтас-тағы қарындасы күйеуге тигенде,

өкіметтің бір отар қойын тапсыра тұрар кісі таппаған
соң, қораға қамап тастап, ферма бастығы Қаппасқа
өлеңмен сәлем айтты деуші еді:
Сәлем де Қаппасқа

Мен кеттім Ақтасқа.
Қарындасың байға тисе,
Амал бар ма шаппасқа!
Біз де Қанатбек ағамыздың күйін кешіп, Кәриманың

соңынан елге аттандық. Аспанмен емес, жермен жүрдік.
Неге десеңіз, жолай Қанайға соқпақшымыз. Қанай
болса, Қарағандының түбінде, Қарабас деген жерде
түрмеде отыр. Бұл баяғы Аманжол ақынның ұрпағы,

ақындар айтысына демеуші Қанай Омаров. Іскер, та­
быскер құрылысшы еді. Астанадағы үлескерлердің
ақшасына көп қабатты бірнеше үй салып беремін деп,
басы бәлеге қалған Қанай. Соңғы үйді бітіруге қаржысы

жетпей қалды. Алып қойғаны, мініп қойғаны болса, түгел
қайырды. Үйін де сатты, мәшинесін де өткізді. Жетпеді.
Аспанға шырқап кеткен нарық бағасы Қанай сияқты та­
лай іскер азаматтың жігерін құм етті емес пе. Екі жыл­

дай елім-телімі шыққан Қанай досымыз төрт жылды
арқалап түрмеге кете барды. Сол Қанайдың арқасында
Қарабастың түрмесін де көретін болдық. Бұрын
көрмеген жерді қалай табамын деп, Қарағандыдағы

Айтбай ақынға телефон шалып едім, Карлагтың түрмесі
болып кеткен осы өңір оның ата-бабасының ежелгі

қонысы екен. Түрменің де есік-терезесін түгел білетін
болып шықты.

– Осы Қанай немересін сүндеттегенде, Аманжол

мен Айбек ақын үшеуміз барып,өлең айтып, бір-бір ат
мініп едік. Сізбен бірге мен де бір азаматтық парызым­
ды өтеп қалатын болдым, – деп Айтбай да қуанып жүр.
Айтбайды

бекер
әурелеппін.
Темір
тордың

күзетшілеріне де, ар жа-ғындағыларға да мен айтыс
арқылы аса танымал екенмін. Тіпті құшақ-тарынан бо­
сатар емес. Бұлай құрметтейтін болса бірер жыл оты­
рып шығуға да болатындай. Соған жетерлік кінә мен

күнә әр қазақтан табылады ғой:

– Түрмеге отырғалы бойым жеңілдеп қалды, –

дейді Қанай дос.

– Е, неге?

– Үлескерлердің үйін бітіре алмай, күндіз-түні уай­

ымнан жүйкем тозып кетіп еді. Енді мойным босап,
арқамнан жүк түскендей болды. Әйтеуір, ешкімге қарыз
емес екеніңді сезіну де бақыт екен!
Жазасын өтеп жатқан адамның қуанғаны қызық бо­

лады екен. Мен Қанайды жақсы түсіндім.

– Ат жақсысы кермеде, ер жақсысы түрмеде,

Қанай. Бұл да бөтен жер емес, арғындардың ата мекені
ғой, – деп жұбату айтқан болам, –Сендерді бір мәрте
темір тордан өткізіп алған теріс емес. Айтпақшы, осы
маңда маршал Тухачевскийдің де басы қалған!

Қарабас түрмесінен он шақырымдай жердегі
«Ялта» деген мекенде даңқты маршал атылған
дегенді құлағым шалуы бар еді. «Ялтаның» дәмханасы
Айтбайдың көршісіне тиесілі екен, жылқының семіз қара

қуырдағын жеп, сауабын Тухачевскийге бағыштап, күре
жолға түскенім сол еді, Мұхтар деген оралдық інім (ол
да кезінде айтыстың демеушісі болған) телефон шал­
ды. Ол да екі-үш жылдан бері Балқаштың түр-месінде,

намазын оқып, жазасын өтеп жатқан.

– Бүгінгі өмірімді түрмеге арнаймын. Саған да

соғамын, – деймін телефондағы Мұхтарға – Сендер
тіккен жүлденің қызығын айтыскерлер көрсе, түрмеге

тамақ тасу бейнеті менің пешенеме жазылған болды
ғой.

– Келмей-ақ қойыңыз, аға! – деп Мұхтардың шыр-

пыры шықты. – Жағдайымның жаман емес екенін қалта
телефоны арқылы байла-нысқанымнан біле беріңіз.
Жазамды өтеп бітірдім. Таяу күндерде шы-ғатын түрім
бар. Әншейін, сағынып кеткен соң, телефон шалғаным

ғой!

– Темір тордың ар жағында жүргендердің бәрі

Қанай мен Мұхтар сияқты азаматтық қалпын сақтай
білсе, шынында түрме туралы ойланып көруге болады
екен!
Гөй-гөй. Біздің ауылға аттануымызға себеп болған

қарындасымыз-дың ұзатылу тойы ғана емес. Темір
тордың ар жағындағы Қанай әлгінде маған ағам Тұрсын
мен қайын ағам Қабденнің қайтыс болуына орай көңіл
айтқан. Бір-бірімен бауыздау құда екі азамат арасы­

на қырық күн салып, бірі Алматыда, бірі Қарақұмда
дүниеден озған. Қырық жылда бір рет қабағын шытып
көрмеген Қабекеңді ағам Тұрсыннан кем көрмеуші
едім. Ал Тұрсекең екеуміз бір көрпенің астында өстік.

Атасы Тыныбектің құсбегілігін, әкесі Зәбиданың ұста-
зергерлігін ұстай қоймаған Тұрсынға дерт те біраз жабы­
сып, қол-аяғын құрыстырып, азапқа салып еді. Еңбектен
ғана пана тапты. Алты ұлға, үш қызға әке болды. Кеңес

өкіметі тарқағанда, кеңшардан үлеске тиген жүз қойды
алдына салып,сай-сайды жағалап кетті.Үстеріне тігетін
киіз үйі де жоқ еді. Шиеттей бала-шағамен тілдерін
тістеп, аштық-жалаңаштықты да бастан кешті. Шыда­

ды. Ақыры жүз қой мыңға жетті. Үйірлеп жылқы ұстады.
Сиыры табынға толды. Балалар ер жетті. Інілерімнің
есімдері де ерекше: Еркебұлан, Аяз би, Абылай, Абай,
Айдын, Атымтай. Бәрі шаруаға үйірілді. Енді ғана етек-

жеңін жиып, арқасын жаза бергенде, ажал да жетіп
үлгерді. Көктемде, құдасы Қабденді жерлеп болған соң:

– Биыл алпысқа толамын, – деп әдеттегі баяу

әңгімесін бастаған. – Егер келемін деп уәде берсең,
мамырдың жиырма екісінде той жасайын. Келсеңші.

– Келеміз дедік. Шақыру қағазын алдық. Тойға бір

жұма қалғанда, жүрегі тоқтап қалды. Зәбида әкемнің
қобызы, қара көрігі, қоңыр домбырасы иесіз қалды. Не
шара! Енді сол Тұрсекеңнің балалары тастан қалаған
төрт құлақ тамға зиярат ету де ойда бар. Бір аяғын сыл­

ти басып, алдымнан шығушы еді. Арқамнан қағушы
еді. Тұрсыны жоқ Қарақұмға келемін деп кім ойлаған.
Кеудемдегі қара қобыз тағы да дың ете қалды-ау!
Жезқазғанда не көп, тойхана көп. Солардың бос

тұрған күні болмайтын тәрізді. Жергілікті теледидар­
ды қосып қалсаң, тойға, асқа шақырған хабарланды­
рудан көзің тұнады. 1959-жылы, яғни Алматыдан бір-
ақ жыл кейін, халықтың қаржысына салынып, хабар

тарата бастаған Жезқазған теледидары талай жыл
шығармашылық шабыттың ұясына айналған мекен
еді. Мен де еңбек жолымды осында бастап, Аманжол,
Нұрмахан, Файзолла, Жанбау, Сұлтанғазы, Шамхан,

Степан деген жігіт-термен қатар шахтаға түсіп, зауытқа
барып, егінжай кезіп, малшы ауылдарын аралап, теле
журналист мамандығының мектебінен тоғыз жыл өтіп
едім. Бір жолы республикалық телефестивальдің бас

жүлдесін Совет Мәсіғұтовтың қолынан алып, жеңімпаз
атанғам. Сол дәстүрі бар теледидар жекенің қолына
өтіп, ас пен тойдың хабаршысына арналған сыйқы
мынау...

Көп тойхананың бірінде өткен қыз ұзату тойын­
да Қарақұмның бар-лық адамын жолықтырдым де­
сем болады. Ауылда адам қалмаған. Кәрісі де, жасы
да Жезқазғанды төңіректеп жүр екен. Шахтаға түсіп,

зауытқа жұмысқа тұрғаны санаулы. Көбінікі бос санда­
лыс. Оның үстіне Жез-қазғанның мыс кенін өндіретін
шахталары сарқыла бастаған. «Қазақ мыс» деген ал­
пауыт кеңсесін Қарағандыға көшіріп әкетіп жатыр. Ком­

бинат жабылғанда, қалың ел қалай күн көрмек? Бұл

сауалдың жауабы Жезқазған қаласының жаңа әкімі
Берік Әбдіғалиды да толған-тып отыр екен. Қаланың
шығармашылық ұйымдарының өкілдерімен бас қосқан
әкім осы жиынға мені де қатыстырды.

– Кен таусылғанмен, елдің берекесі қашпауы ке­

рек, – дейді әкім. – Қосымша кәсіпорындар ашып,
инфрақұрылымды дамытуға бағыт ұстаймыз. Жаңа
кәсіптерді игереміз. Шұбаркөлге келетін теміржолды
Жездіге дейін жеткізуге күш салудамыз. Жезқазған

дегеніміз – Ұлытау өңірі, яғни ұлттың ұясы, қасиетті өлке.
Келесі жылы Кенесарының осында таққа отырғанына
170 жыл толғанын атап өтпекшіміз. Жазға салым
Ұлытауда «Қазақ, қайда барасың?» деген үлкен айтыс

өткізу ойда бар, қазірден бастап соның дайындығын
жасап жатырмыз. Елдік, ұлттық мұраттардың бәрі
Ұлытаудан басталатын дәстүр жалғаса беру керек.
Президенттің Тіл қорын басқарып, ұлттық деңгейде

ойлауға төселіп қалған қала әкімінің әріден толғайтыны
көрініп тұр. Осы жерде отырып-ақ «Қазақ» дейтін аль­
манахты шығарып жатыр екен. Соның соңғы сандарын
маған да арқалатып жіберді. Үйге келіп қарасам, ішінде

ойлы-күйлі дүниелер мол екен. Түбінде елдің қамын
осындай азаматтар күйттейді-ау деп риза болдым.
Жезқазғаннан шығып алып, Қарсақбай, Байқоңырды
басып өтіп, Бұланты өзенінің бойын жағаладық. Бұл

– баяғы қалмақ шапқыншылығына тұңғыш тойтарыс

берілген тарихи аймақ. Осында «Қалмақ-қырылған»
деген төбелер көп-ақ. Қурайлы деген жерде, елсіз ме­
кенде жиналған көп адамды кездестірдік. Сөйтсек, осы
өлкеге атағы кең тараған Байғұла бидің ұрпақтары

атасының зиратын қоршап, ескерткіш белгі орнатып,
ас беріп жатыр екен. Шаруаның басы-қасында жүрген

– менің мектептегі ұстазым, өлкетанушы Сапарғали

мұғалім болып шықты. Жүз кісі еркін сиятын ақ боз
үйдің төрінде Сәден қажы, Қадыр қажы секілді кейінгі
жылдары шыққан қажылар отыр. Сөз сөйлеген Са-

парғали ағай біраз тарихты шолып шықты. Жамаушы Байғұла би атанған атасының өнегелі істерін тізбеледі. Сапекеңді сөйлете түспек болып сауал қойдым: – Атаңыздың даңқына қанық едік. Байсейттен туған Сәкібай – бай ата, Бәйкен – молда ата атанса да, соңында тұлдыр да қалмады. Ал Бай-ғұла биден тым болмаса сөз қалды ма? – Қалғанда қандай! Бір-ақ әңгімесін айтайын. Байғұла атам Досанды жайлап отырды. Қатын-баласы, ауыл-аймағы ұрыс-керіске үйір, берекесіз болды. Сон­ дай бір кезекті жанжалдың үстінен түскен Би ата: – Дозақ қайда деп жүруші едім. Дозақ Досанның үстінде тұр екен ғой, – депті күйініп. Осыдан артық сөз бола ма?! Байғұла бидің біраз билігінен біздің де хабары­ мыз бар еді. Мынау бұрын құлаққа шалынбаған тың сөз екен.Сыртта қанша жалын күжірейт-кенімен, өз отбасының бірлігін ұстай алмаған билер мен бектер қай ғасырда да болған ғой. Өкінішті-ақ! Осы Сапарғали ағай біздің Құл-жанбайда отыз жыл бала оқытты. Ма­ тематикадан басқа пәндердің бәрін жүргізе беруші еді. Тіл мен әдебиет, тарих пен жағрапия, денешы-нықтыру мен неміс тілі дейсіз бе...Қайран ҚазМУ-дің әмбебап шәкірт-тері-ай! Біздің қолға тұңғыш қалам ұстатқан да осы кісі еді-ау! Гөй-гөй. Мектепте оқып жүргенде дәл осы Сапарғали ағайдан талай теперіш көрдім. 5-6 сынып­ та оқитын мені сабақтан суырып алады да, жарау атқа қонжитып мінгізіп: – Осы ферманың барлық қойшыларын ертең пәлен сағатта болатын жиналысқа шақырып кел! – деп жұмсап жібереді. «Азамат», «Түгіскен», «Мойнақ», «Бескепе», «Бестау», «Жыңғылды көң», «Сары өзек» деген толып жатқан малшы қыстақтарын жағалап, жиналыстың хаба­ рын таратамын. Осы күні ойласам, бойымды қорқыныш билейді: Құмның ішінде аттан құлап қалсам не бо­

лар еді? Адасып кетсем қайтер едім? Қазіргі бесінші
сыныптың баласы іргедегі дүкеннен нан-сүт алып келу­
ге де жарамайды емес пе? Біз болсақ, қырдан теріскен
шауып келу, қораның қиын ою, қалыппен кірпіш құю

деген бейнеттердің бәрін бастан кешірдік. Осының бәрі
тәрбие мектебі екен ғой. Біздің алғырлау болуымыздың,
тиянақты болуымыздың негізін қалап берген Сапарғали
ағайды мен осы күні бұрынғыдан да жақсы көрем. Тек

ауырмай-сырқамай, аман жүре тұрыңызшы, ағатай!
Қурайлыдан шығып жеті-сегіз шақырым жердегі
Құйғанға ат басын тіредік. Отызыншы жылдары
ұжымшардың орталығы болған бұл мекенде қазір менің

аталарымның зиратынан басқа ештеңе жоқ. Қазақтың
далада шашылып жатқан тарихы қызық қой: сегізінші
атам Тілеулі Әбдірахманұлы Ақтөбе облысының Алға
ауылында, тама Есет батырмен бірге жатыр. Тілеулі ұлы

Нияз батырдың күмбезі Астананың іргесінде, Тайтөбенің
басында тұр. Алтыншы, бесінші аталарым Торғай бой­
ында қалды. Атам Ерман мен бабам Сәкібайдың зира­
ты мынау елсіз-күнсіз Құйғанда күңіреніп тұр. Біздің ба­

сымыз қайда қалар екен? Бір қызығы осы Құйған маңын
менің Көбейсін көкем жекешелеп алған.
Мені елге келген сайын осында сүйрелейді.
Бабалардың қасынан бақша егейік дейді, егін салайық

дейді. Екеуміздің де қысқа жібіміз күрмеуге келмей,
бұл әңгімені жылдан-жылға жалғастырып келеміз. Бар
бітіргеніміз, Құйғандағы елсіз жұртқа қайта-қайта бара
берген соң, жүрген ізіміз қара жолға айналып келеді.

Сол жолға түсіп алсақ болды, аталарымыздың жұртын
айсыз түнде де адаспай табатын болдық. Бір құдірет
бізді сол жаққа қарай жетелей береді, жетелей береді.
Бұл жолмен әлі қанша жүретінімізді кім білсін?!

БІЗ АУЫЛҒА БАРҒАНДА Сәтбаев атындағы совхозға ұша алмай үш күн жүрдім. Жезқазған қаласының аэропортына соңғы рет келгенде, кәсіподақ төрағасы Файзолла Әжібеков пен сол ауылдың сыйлы қарияларының бірі, отыз жылдай сауда қызметінде істеп, екі-үш жылдан бері пенсияға шыққан Нұрпейіс Құрманбаев жолыға кетті. Күннің шай­ дай ашық екенін, пәленің бәрі аспанда емес екенін, пәленің бәрі Сәтбаев атындағы совхоздың аэродром коменданты Мұхтар шалда екенін солардан біліп алдық. – Біздің Мұхтар күннің ашық-жабығына қарамайды, – дейді Нұрекең. – Самолетті қабылдауға ерінсе, «әлеу, Сәтбаевта көз көрінбейтін боран соғып тұр» деп хабарлайды да, шалдармен бірге үй жағалап шеке жеуге жүре береді... Қалжыңпаз, айтқыштығымен аты шыққан Нұрекеңнің шыны ма, әзілі ме, ұға алмай қалдым... Сол екі ортада самолет бүгін де ұшпайтын болыпты де­ ген хабар тиіп қалды. Бізден басқа жол тосқан он бес шақты адам тағы бар. Шұбырып аэропорт бастығының кеңсесіне бардық. Аэропорт бастығы Асқар Мақанов қабылдау бөлмесіндегі бізбен өз кабинетінде оты­ рып, телефон арқылы тілдесетін болды. Бұл біздің жағдайымызды мүлдем қиындатып жіберді. Қашан да шағымды шуласып айтқан жеңіл емес пе... Телефон біреу-ақ... Трубканы Нұрекеңе бердік: – Асқар шырағым, біз мынау Сәтбаев совхозының адамдары едік... Иә-иә... келіннің дені сау ма? – Сәтбаев совхозының адамдарымыз дегенді қайтсін, – деп сөзге қабаттасты Файзолла. – Арамызда Алматыдан келген журналист бар деңіз!

– Иә, ауылдан келгеніміз бар, Алматыдан келгеніміз

бар, отыз адам үш күннен бері Сәтбаевқа ұша алмай
жүрміз. Күн болса мынау, ап-ашық. Баяғыда, баяғыда
деймін-ау, кешегі 45-ші жылы, көз көрінбейтін тұманда
да дәл осы арбакеш самолеттер фашистердің төбесінен

түспеуші еді...

– Ойбай, Нұреке, соны айтыңыз. Ұлы Отан

соғысына қатысқаныңызды, ордендеріңіздің бар екенін
неге қоспайсыз?! КСРО сауда қызметінің үздігімін
деңіз...
Менің Алматыдан келгенімнің салмағы шамалы

екенін сезді ме, Файзолла Нұрекеңнің өз абыройын
алға тартты. Аэропорт бастығы қатқылдау жауап берсе
керек. КСРО сауда қызметінің үздігі, пенсиядағы қарт
коммунист Нұрпейіс Құрманбаев та нығыздыңқырай

сөйледі:
Алматыдан келген тілшімен есептеспесеңіз, ол
өз шаруаңыз. Бәрінен бұрын, біз осы совхоздың төрт
адамы, кәсіподақтың тегін жолдамасымен Болгарияға

туристік саяхатқа жүрмекші едік. Документтерімізді
әзірлеп, өткізіп болғанымыз осы. Енді үй ішімізбен ди­
дарласып, айтпақшы, үйде Балсары деген жеңгең бар,
ана жылы өзің көріп ең ғой, иә сол Балсары жеңгеңнің

рұқсатын алып, екі күнде ауданға қайта оралуымыз ке­
рек... Путевка күйіп бара жатыр. Осыны бір ойланшы,
шырақ... Біздің Болгарияға жүретінімізді обком да біліп
отыр...

Нұрекеңнің қай сөзі өтімді болғанын қайдам, жарты
сағаттан кейін АН-2 самолетімен ұштық та кеттік.

– Айналайын обком, құдіретің күшті-ау! – деп

шүкіршілік айтты Нұрекең, самолет Сәтбаевқа қарай
анық бет түзеген кезде.
Жұмысшылар комитетінің төрағасы Файзолла
Әжібековпен бұрын онша таныстығым жоқ еді, сөмкесін

ашып, ішінен Мұқағали Мақатаевтың бір томдығын
алды да:

– Біздің ауылдың баласы болсаңыз да, кітабыңыз

біздің облысқа келген жоқ, – деді. – Мына кітапқа
қолтаңба беріңіз...
Ішім жылып қоя берді... Нұрекең аудандық «Ок­
тябрь туы» газетінің соңғы нөмірін қолыма ұстатты.

Жергілікті журналистің «Медпункт жабық тұр» деген
мақаласы бар екен. Соны оқы деді. Оқыдым. Сәтбаев
совхозындағы медициналық қызметтің өте нашар
екенін, учаскелік ауруханада медицина сестраларының

жетіспейтінін, бөлімшелердегі медициналық пунктердің
7-8 айдан бері біржола жабық тұрғанын, ал Жезқазған
медициналық училищесін бітірген 7-8 адамның ауылда
бөгде жұмыспен айналысып жүргенін жазыпты. Соның

бәріне бас дәрігер Сайлау Сәбитов кінәлі көрінеді. Ау­
руханадан өзіне жақпаған қызметкерлерді қудалап,
мамандығы болмаса да, өз туыстарын жұмысқа алған.
Жедел жәрдем машинасын өз шаруасына пайдаланып,

істен шығарып тастапты.

– Мақаланы жазған адам – білмейтін адам. Сай­

лау өз шаруасын да оңдырып жүргені шамалы. Қасқыр
аулаудан қолы тимейді. Соны жазу керек еді, – дейді
Нұрекең. Туған ауылымның жағдайынан біраз хабар­
дар едім, көңілім жүдеп қалды.

Екі сағаттан соң Сәтбаев совхозының орталығына
келіп қондық. Жал-жал қарды күреп, қоналқа жерді
ашып қойыпты. Аэродром басы қарақұрым кісі. Аудан­
мен де, облыспен де жол қатынасы жоқ, бір ғана АН-

2нің қанатына қараған ауылдың бар жүргіншісі осында
көрінеді...
Сәлден кейін біз мініп келген АН-2 қайта гүрілдеп,
көкке көтерілді де, лезде көзден ғайып болды. Алыстағы

ауылдың
тып-тыныш
аспаны
тосындау

көрінеді.
Қыбырлаған көлік жоқ. Қозыкөш жердегі ауылға жаяу­
лап шұбырдық. Топтың алдында – Нұрекең. Балсары
жеңгемізге асығып бара жатыр-ау...

...Ауылда болған үш-төрт күн көзді ашып-жұмғанша
өте шықты. Былтырдан бері ат ізін салмаған ауылдың
барша тіршілігі бүкіл болмысымен қайтадан алдыма
тартылғандай...

...Арал
Қарақұмының
Байқоңыр
даласымен

ұштасатын
талмау
тұсындағы
шөлейт

аймақтан
Сәтбаев атындағы совхоз отау тіккелі биыл тура он жыл
болды. Осы шаруашылықты тоғыз жыл бойы облыстағы
айтулы директорлардың бірі Ереже Шоланов басқарған

да, соңғы бір жылда Жұматай Қасымбеков тізгінді қолға
алды. Бұл екеуі – коллектив басқарудың бір-бірінен
мүлдем алшақ екі стилін ұстанған жандар. Ереже Шола­
нов көбіне өзі біліп, өзі шешетін, қатты сөйлеп, қауырт

қимылдайтын, қиын деген шаруаларыңыздың өзін
тізеге салып, омыраулап жүріп-ақ орындап жүретін аса
қажырлы адам еді. Жұматай болса, көбіне мамандарға,
қоғамдық ұйымдарға арқа сүйеп, адамдардың өздеріне

ерік беріп, сенім білдіргенді тәуір көреді. Қатты сөзі
жоқ, сынық мінезді, аса сыпайы, интеллигент адам.
Істің бәрін ақылдасып-кеңесіп шешуге бейім. Ереженің
үзілді-кесілді бұйрықтарына бой үйретіп, басшының

тегеурініне сеніп қалған ауыл адамдары Жұматайдың
осы мінезін әлі күнге сан-саққа жүгіртеді.
Біреулер иі жұмсақ, жібі бос деп кінәласа, екінші
біреулер жаңа директордың мұнысын үлкен тәсілге жо­

риды.
Бұрын дәл осы совхозда бас зоотехник, партия
ұйымының секретары боп қызмет істеп, шаруаға көзі
қаныққан Жұматайдың Ережеге ұқсағысы келмегені деп

ұғады. Ауылдағы әңгіменің түтіні әр жерден көрінетіні
содан:

– Басшы адамның кесіп-пішіп айтпағанының несі

жақсы дейсің...

– Алды-артын болжап барып бір-ақ айтады да, со­

нысынан айнымай қалады. Білетін бала!

– Біздің ауылға әзір ысқырынып тұрған басшы ке­

рек. Әйтпесе, бетімен кетіп калады...

– Не дегенмен, партия ұйымында тәрбиеленген

жігіт кой, сыпайылығымен-ақ мысыңды басып жүре
береді...

– Асықпа, еті үйренген соң, бұл да дікілдеп тұратын

болады...

Бір қызығы, осындай алып қашпа әңгіме кеңсе
маңындағы, ат үстіндегі адамдардың арасында ғана
болып қоймайды, үлкен істен шеттей бастаған шал-
шауқанның да аузына көп түседі. Ондай сөзді кейде

Нұрпейіс, Мейрам секілді қарттар басып тастайды:

– Бір директорды басасауы бар дедіңдер, ендігісін

жуас деп кінәлайсыңдар. Бұл ауыл ма, бұл ауылға жағу
қиын!
Бірақ елдің аузына қақпақ қоя алмайсың. Ауылдағы
үлкенді-кішілі

шаруаның
барлығына
директорды
қатыстырмай сөйлемейді. Көбіне мал жайы тілге тиек

болады. Биыл қар жылдағысынан қалың түсіп, мал ер­
терек қолға қарады да, шөп маялары лезде ошарыла
жөнелді. Елу мың бас тебінге шықпаған соң, шөп шақ
келер емес.

– Жылда үй қарасын көрмейтін осы ауылдың

шөпшілері биыл жаз бойы киік аулаудан артылмай
қойды. Директор күнде зер салып тұрмаған соң қайтушы
еді... – деседі.
Шындығында

дайындалған
шөптің
көлемі
жылдағыдан артық болмаса, кем емес. «Қоянқарта»,

«Киік» сияқты үлкен шабындықтарды аралағанда,
мұрты бұзылмаған үлкен маяларды көзіміз көрді. Соны
қол созым жердегі қыстақтарға тасып беру қиын болып
тұр екен. Ең бастысы, техника, техника емес – адам

күші аз. Совхоздағы он К-700 тракторының алтауы
былтырдан бері тоқтап тұр. Жүргізуші жоқ. «Киіктегі»
негізгі маяның басынан бөлімше меңгерушісі Жан­
дарбек Әбіловты жолықтырдық. Қара жер қозғалса,

қозғалмас дейтін сабырлы жігіт еді, сабасына сый­
май күйініп тұрғанын бірінші рет көрдім. Сөйтсем,
шөп тасуға шыққан екі тракторшы – Абдол Жаналин
мен Карақұмбай Қайратов тал түсте «тойып» алыпты.

Бір қолын екі ете алмай отырғанда, екі інісінің жерге
қаратқаны күйдірмей қайтсін...
Әупірімдеп жүріп К-700-дің екі тіркемесіне шөпті
сірестіре тиеп, бесін кезінде Абдолды Қоскөлге баратын

күреме жолға түсіріп жіберген соң барып Жандарбектің
қабағы ептеп ашылайын деді. Көз байланған кезде
екінші К-700 жолға шықты. Рульде – Қожамұрат Есе­
нов. Мен Қожамұратпен бірге жүрдім. Бір класта оқыған

сырлас досым еді. Мұның да тракторшы болғанына
15-16 жыл болып қалыпты. Қысы-жазы үй қарасын
көрмейтін, жұмыс десе бәрін тастап жүре беретін,
соның арқасында алғысты да, абыройды да жинаған,

аса орнықты жігіт. К-700-дің ұядай жып-жылы кабина­
сында сырттағы уілдеген боранды ұмытып, біраз сыр
шертістік. Шаруашылыққа адам күшінің жетпей жатқаны
совхоздың басшыларын ғана емес, тұрғындарын да ма­

залайтын көрінеді. Майдангер азаматтар мен олардың
өкшелестері қазір жаппай пенсияға шығып жатыр. Ендігі
жерде бар шаруаны атқаруға тиіс болса, олардың көбі
мектеп бітірісімен қалалы жерге тайып тұрады. Онда да

тындырып жатқаны шамалы... Әйтеуір, ауылда берекелі
еңбек етіп жүрген жастарды саусақпен санауға болады.
Мұқаш Сарбасов, Иманбек Көбегенов, Өмірзақ Кен­
жеахметов, Боранбай Тазабеков, Әбдіхамит Қызыров,

Бүркітбай Жаналиев, тағы төрт бес жігіт. Бірі – меха­
низатор, бірі – шопан, бірі – шофер. Жастарды ауылда
орнықтырудың бірден-бір жолы деп жыл сайын мектеп
бітірушілерден комсомол-жастардың шопандар бри­

гадасы ұйымдастырылады. Жыл сайын тарап кетеді.
Өткен жылы да Сайлаубек Құлманов бастаған 7-8 қыз-
жігіт біріккен екен, бәрінің жабылып бағып отырғаны
700 тоқты. Мұның экономикалық тиімділігі қай деңгейде

болмақ деген сауал бірден көлденеңдейді... Дегенмен,
шаруашылықты рентабельді негізге көшірудің біраз та­
лаптары жасалып жатқаны сүйінтеді. «Қоянқартадан»
ашылған мал бордақылау пункті сондай игі шараның

бірі ме дедік. Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сыздықов
пен Иманбек Көбегенов басқарған шағын топ қыс
ішінде бордақылық етке тапсырған тай-құнанның, кәрі
жылқының әрқайсысы 323 килограмм салмақ басып,

еңбектері жаныпты. Осындай өрелі істер Сәтбаев

атындағы совхоздың экономикасын өрге бастырып
жатқаны аян. Жыл сайын жоспардан тысқары мыңдаған
қозы, ондаған бота мен құлын табынға қосылады.
Соның нәтижесі – 1983 шаруашылық жылын совхоз

900 мың сом таза пайдамен аяқтап шықты. Қожамұрат
Есеновтың да, өзге өндіріс озаттарының да көңілін тасы­
тып жүрген мұндай игілікке шынымен қуанады екенсің.
Қожамұрат екеуміз жолшыбай Қойшыбай мен

Кәрібай
Нұркеевтің
жылқы
қосына,

Қуанышбай
Досжановтың қой отарына соқтық. Қай ауылда болсын
қоғам малы үшін табиғат кәріне қарсы тұрып жатқан
еңбеккер адамдардың жүзі жарқын, ісі өнімді.

Түннің бір уағында, Шұбаркөлдің тұсынан өте
бергенде, тоқтап тұрған манағы Абдолдың К-700 трак­
торын қуып жеттік. Күндізгі «серуеннің» желігі басы­
ла қоймаған Абдол кінәлі ме, әлде техниканың өзінде

бір кінәрат болды ма, әйтеуір трактор айдалада өшіп
қалыпты. Жол бойы жағалай шашылған шөпті көріп,
күндікке ыза болып келе жатқан Қожамұрат әуелі ка­
бинасында мүлгіп отырған Абдолды біраз сілкіледі.

Сақылдаған сары аязда дірілдеп жүріп, өз тракторы­
на Абдолдың тракторын тіркеп, сүйрелеп, бір сағаттың
шамасында әрең от алдырды да, тағы да жолға салып
берді. Түн жарымы кезінде ел қарасына іліктік. Қыстың

көктемге ұласар осы бір күндері Сәтбаев совхозы үшін
барлық ауыртпалығымен, қат-қабат қиындығымен қоса
келді. Қарлы боран ауданға баратын жолды да, мал
қыстақтарына баратын күремелерді де сипап өтті.

Қақаған аяз жылу жүйесін де істен шығарды. Аурухана,
мектеп пен интернат, кеңсе ызып қоя берді. Оның үстіне,
бірер отардың шөбі таусылып қалды. Жекеменшік мал
ұстайтын үйлер де албарының ортайғанын айтып,

кеңсе келгіштеп кетті. Осы шаруалардың бәрінің ба­
рып тірелер жері Жұматайдың алды... Жас директор
байбалам-күйгелеңі жоқ, байсалды мінез танытып,
орнықты істерге мұрындық бола білді. Оның осындай

сабырлы қалпы мамандарға да сенімді сүйеу бол­

ды. Сапар Қайратов, Сенбі Жиенбаев, Жандарбек
Әбілов, Иманбек Көбегенов секілді өңшең жөн білетін
жігіттер бар шаруаның басы-қасында жүріп, қайрат
көрсетті. Олармен тізе қосып жанқиярлық танытқан

қанша шопанның, механизатордың табандылығы осы
күндері елдің аузына ілікті. Осының бәрі директордың
да арқасын кеңейтіп, қолын ұзарта түсті.
Қыс қаһарының беті қайтты дегенде облыстағы ең

үздік шопан деп саналған Мейрам Жақаев қария тағы
бір шаруаны күні бұрын болжап отырғанын сездірді.

– Бұл үргін-сүргін жылда көріп жүрген жағдайымыз

ғой. Әне-міне дегенше қардың да көбесі сөгіліп қалады.
Осы совхозда көктемгі көші-қонға қажет бензин-
солярканың қоры бар ма екен. Соны ескеріп пе
Жұматай? – деді. Шынында да, бұрынғы директор жа­

нармай билігін өз қолына ұстап, тістей қатып, жылдың
қай мезгілінде болса да 20-30 тонна бензинді іркіп оты­
ратыны бұл ауылға мәлім еді. Жұматай май тізгінін бас
инженер Серікбай Бимағамбетовке берген. Ол да үлкен

шаруаға енді араласқан жас жігіт. Артын ойлай алды ма
екен...
Осыны директорға ескертпекке Мейрам Жақаевқа
ілесіп, кеңсеге мен де бардым. Жұматайды шұғыл түрде

ауданға шақыртып кетіпті. Ол екі арада почтадағылар
Мекеңе әскердегі баласы Серіктен келген хатты та­
быс етті. Азаматтық борышын өтеп бітіп, май айында
ауылға келеді деп отырған Серік бір екпінді құрылысқа

көңілі кетіп жүргенін айтып, әкесінен рұқсат сұрапты.

– Атасының басы! – деді Мекең күйініп. – Екпінді

жұмыс іздесе, осында келмей ме! Өз ауылын төрт
аяғынан тік қоймай тұрып, екпінді құрылыс іздеген несін
алған?!

– Әлгі біздің ұлға телеграмма жіберші! – деді почта

бастығы Бәкірге: – Былшылдамай мерзімі біткесін тез
ауылға қайтсын. Осы Қарақұмның бейнетін кешкеніміз
аз ба, көп пе?! Ендігі кезек соныкі, солай деп жаз. Әй,
тоқта жазбай-ақ қой. Менің айтқанымды айна-қатесіз

жеткізетін орысша саған қайдан келіп қалыпты? Үйге
барып, өз қолыммен хат жазайын.
Мекең почтадан маркасы жоқ конверт алып, үйге
қайтқан кезде, кең даладағы оқшау селоның үстінен

бір айналған АН-2 самолеті қонуға беттеп бара жа­
тыр еді. Ауылдың біраз адамдары аэродромға қарай
шұбырыпты. Болгарияға туристік саяхатқа баратын
үш жерлесін ерткен Нұрпейіс Құрманбаев оларға бір

бүйірден қосылып барады...
Автордан:
Кезінде «Қазақ әдебиеті» үшін жазылып, әлдебір
себептермен жарияланбай қалған бұл очерк менің

архивімде тоғыз жыл жатқан екен. Уақыт қандай
жүйрік десеңші! Осы шағын ауылдың бейнесіндегі
өзгерістерден-ақ замана желінің қалай ұйытқығанын
жазбай тануға болатындай: совхоз да жоқ, обком да

жоқ...
Шаруашылық ұжымы бар. Соны леп, тыныс бар.
Алыстағы ауылға көтерме жол салып, күнара автобус
қатынайтын болды. Теледидар барды.

Адамдарды айтсаңызшы! Күлкіден езу жидыр­
майтын ағамыз – Нұрпейіс Құрманбаев дүние салды.
Өзгелері сау-саламат, қайта құру дейтін бір дүрбелең
дәуірді де шығарып салып, енді баюдың көзін таба ал­

май, сабылып жүр. Ереже Шоланов болса, қазір осы
ауданның әкімі. Жұматайдан хабарым жоқ. Иманбек
Көбегенов құрдасым бірер жыл рабкооптың бастығы
болып, түкірігі жерге түспей жүр еді, қазір қайтадан

«шопыр» болып қалды. Жер қозғалса қозғалмайтын
Қожамұрат бір жолы басшыларға қатты ашуланып,
тракторымен кеңсені итеріп тастаймын деп, жұмыстан
шығып қалып... Қазір қайтадан трактор айдап жүр.

Қарақұмбай қой бағып кетті. Мейрамның әскерден кел­
ген баласы Серік те бір мәшиненің асты-үстіне түсіп
жүрген көрінеді.
Осының бәрі – Өмір.

АУЫЛ МЕН АЛМАТЫНЫҢ АРАСЫНДА

Біздің ауыл – жердің түбінде. Біздің ауылдың
арғы жағында жер жоқ болуы да мүмкін. Алматы­
дан Жезқазғанға дейін бір мың үш жүз шақырым бол­
са, Жезқазғаннан «Қоскөлге» дейін үш жүз бірдеңе,

Құлжанбай одан әрі қырық шақырым, Аралдың
Қарақұмына сұғынып жатыр. Асфальт деген түсіңе де
кірмейді. Ырғаңдап жүре бересің, жүре бересің...
Алыс деп ауылыңа бармайсың ба? Барасың.

Ақшатаудан бұрылған соң, таныс ауылдар бастала­
ды. Мынау – Софы Стамайдың елі, мынау Бекболат
пен Қайраттың Жаңаарқасы, анау – Сәкеннің Иманағы
мен Қарашілігі, анау – Ақселеудің Байдалы биі, Игілік

пен Ғалымның «Жеңісі» деп елеңдеп отырасың.
Кешегі Ағыбай мен Кенесары жортқан құба жон, Шоқан
жүрген сүрлеулер бар сырын бауырына басып, сені
менсінбейтін де секілді. Менсінбесе неғыласың, осы

елдің сен де бір түйір дәнісің, туған топырағыңа тәу
етпесең тұра алмайтын осалдығың тағы бар.
Бұл жолы ата-бабам жатқан Құйған мен Қурайлыға
бір соғып, бала-шағама көрсетейін деген ниетім бар

еді. Жол бастаған Көбейсін ағам Бұлантыны жағалата
жөнелді. Қурайлы – елсіз-күнсіз жер. Баяғы біздің
мұғалім Әлирахман бір отар қоймен мекендеп отыр деп
естиміз. Атамның түйе-қорасының, кеңестің сауат ашу

мектебінің орны болса керек. Ептеген жын-шайтан да
бар дейді. Не көрмей жүрген басымыз, таныс шайтан­
нан қаймығамыз ба, тарта бердік. Әуе айналып жерге
түскендей ыстық. Мәшиненің «аут-сайд» деген тілі 50

градус ыстықты көрсетіп тұр. Әйтеуір тоңазытқыш суға
толы – балалар шөлдемейді. Бір ғажабы, Майтөбеден
әрі асқан соң, жан-жағың жағалай өрт. Аспан мен жер
тұтасып кеткен түтін, ыстың исі. Оны сөндіретін қайран,

ешкім де жоқ. Ақыры адастық. Көбейсін көкем баяғы өзі
жар жағалаған өзен бойын танымайды. Қайдан таны­
сын – Кеңес өкіметі құлағаннан бері де он бес жыл бол­
ды. Әр сайдың басын мекендеп, алдыңнан шауып шыға

келетін еркөңіл қойшылар жоқ. Жер тусырап кеткен.
Ауылға арналған үш жылдық бағдарлама бұл жаққа
шапағатын шаша қоймаған. Кешегі тоқсан мың қойымен
мақтанатын Байқоңыр осы өрттің астында, корабль

ұшып жатыр ма, ракета құлап жатыр ма, кім білсін?!
Біздің ауылда аспаннан жауған гептиль атамыздың асы
секілді. Бір жерде менің көлігімнің бауырына от тиіп
кетті. Жанған машинадан балалар түсе-түсе қашты.

Жабылып отты сөндіріп алып, қыр басындағы қызыл
зиратқа қарап аят оқыдық. Бабалар жатқан мекен тап­
тырмады.

– Мынау – Бектастың өткелі, – дейді Көбекең. –

Егер анау «Бескесіктің» биігі болса, «Құйған» мына
жағыңда болу керек...
Құйған болатын жакқа үш рет шапқылап, болмаған
соң «Итауыздың» бөгетіндегі құрт құжынаған тоспа

суға бір-бір сүңгіп, жолсызбен Тұрсын байдың ауылына
құладық. Бүгінде бай атанып отырған осы Тұрсекең күні
кеше ауылдағы аурухананың шопыры еді. Шөп шабу
науқанына Қарағандыдан келген Нұрила қызды алып

қашып, отау тігіп, одан он бала сүйген ер. Кеңес өкіметі
тарағанда бұларға да еншіге отыз қой тиген. Несібесі
шығар, екеуі тырбанып жүріп сол отыз қойды көбейтті.
Мың қойы барлар екі кір сабынға бір тоқтысын айыр­

бастап жүргенде, бұлар тілін тістеп отырды. Он бала
өсті. Еңбек жанып, дәулет тасыды. Кешегі тоқсан мың
қой өсірген ауылда шаруа түзеп қалған төрттің бірі –
біздің Тұрсекең болды. Қуанышбайда, Қалқаманда

береке калды деп естиміз. Ауылға Тұрсынның ұлы
Аязби мен келіншегі ие екен. Абылай мен Атымтай
деген ұлдары – көмекші. Кешкі ауыл қандай берекелі.
Мың қой өрістен құлап келеді. Желі басында екі үйір

жылқы. Қымыздың сабасы күмпілдеп тұр. Отызға тар­
та сиырды келін мен бала үйренген дағдымен лезде
сауып алып, май айыра бастады. Ертең Жезқазғанның
базарына осы майды алып Нұрила жөнеледі деген

сөз. Атымтай атты қаңтарып қойып, мотоциклмен қой
қайырып жүр. Еркебұлан шетелдік қызыл автокөлікпен
ойқастайды. Шөп шабатын трактор төбешіктің басын­
да тұр. Тұрсекеңнің өзі «УАЗ-бен» базарға мал тасиды.

Қаладан балалар үшін екі үй сатып алған. Отыз қой
осындай берекеге алып келді.
Ауыл дегенді естігені болмаса, көзімен көрмеген
менің немерелерім улап-шулап жүр. Айсана мен Айда­

на қос түбіндегі боталы түйенің боздағанына мәз бол­
са, Ерасыл мен Қасым-Назар есекке таласады. Жаздай
мініс көрмеген көк есек қоңды. Қаланың балалары­
нан лезде мезі болып, үй айнала қашып, мініп алса,

мөңкиді. Шаң қауып қалған екі ұл есекке қайта мінгесіп,
кинодан көргенін істеп, таяғын бұлғап, ешкілерді жау­
дай қуалайды.

– Осы жақта қасқыр көп дейді ғой, – дейді қызым

Ардақ қауіп айтып.

– Көп екені рас. Ана жылы Кішкенбайдың

Төлеутайының сегізінші оқитын қызын касқыр тамақтап
кеткен...
Осындай бір трагедияның болғаны рас еді.
Мыңғырған киіктерді мүйізі үшін өзіміз қырып салып,

ашыққан қасқыр ауылға кірген кез болған.

– Онда мен вагонға кіріп ұйықтаймын, – дейді

қызым. Бір жақсысы, Тұрсекең ақ үйдің қасына көк ва­
гон әкеліп қойған. Іші де қапырық емес. Түнде жаңбыр
төге салып еді, біразымыз соған тығылдық.
Баяу сөйлейтін Тұрсекең таңертеңгі қуырдақ

үстінде шаруа айта бастады:

– Сенің балаң былтыр жылқышы Ғалымға «УАЗ»

әперіпті ғой.

– Өзің де бір «УАЗ-ды» мініп жүрген жоқпысың?

– Бұл ескірді. Осыны балаларға беріп, жаңасын ал­

сам деп едім.

– Жаңа «УАЗ-дың» бағасын білесің бе?

– Бір миллион теңге көрінеді. Биылғы қой төлінің

өзі базарға шыққанда бір миллион болады. Маған да
алып берсінші! Дарханға тапсыр.
Кешегі күні кеңшардың бастықтары ғана мінетін
«УАЗ-ды» бүгін дәулеті барлар тақымға басады. Бұл

жақта басқа көліктің реті жоқ.
Түске таман Қоскөлге бет алдық. Тұрсекеңнің ескі
деген «УАЗ-ы» алдымызда ойқастап, біз мінген қала
көліктерін дала шаңына көміп келеді. Әр тұстан малшы

ауылдардың нобайы сағыммен оранып, көлбең-көлбең
етеді. Әне, Ащысудың бойында ақ боз үйлер көзге ша­
лынады. Балық аулаған қаланың орыстары да жоқ емес.
Мынау оң жақта қалып бара жатқан – менің парталас

досым Қожамұрат Есеновтың шаруа қожалығы. Кезінде
«К-700» тракторын айдап, еңбектің озаты болған Қожа
қазір қой бағып, шаруасын күйттеп, көтеріліп келеді.
Қой бағып жүріп «Жұлдыз» бен «Қазақ әдебиетін»,

«Известияны» оқитын, саясатты шемішкедей шағатын
Қожекеңмен бір сөйлескеннің өзі олжа, оның үстіне,
былтырғы соғымым осы ауылдан болғаны есіме түсіп,
соғайық десем, қасымдағылар:

– Қожекең қазір қалада жүр. «Орбитаның» база­

рында қозы сатуда, – деп көнбейді.
«Қоскөлдің» төбесі көрінгенде, менің жүрегім сыз­
дап қоя берді. Балам қашан келер деп, жолға қарап
жүретін менің байғұс анам енді анау зиратта жатыр.

Жалпы, мен сағынатын аяулы бейнелердің көбі не зи­
раттан, не қаладан қоныс тепкен. Біз мектепте оқып
жүргенде, осы ауылда өмір қанбазардай кайнайтын.
Шалдар қандай көп еді. Бір сомнан салып бура соғатын

Зәбида әкей, Сарбас, Хасен деген майдангерлер енді
осы зиратта дамылдап жатыр. Осы ауылдың көшін өрге
сүйреген «керой» Әбілқас ағамыз, Жұртшыбай, Сайын,
Мүгір, Тапай, Іскендір, Жандарбек, Әбікен ағаларым...

Кеңшардың жұмысын опырып-жапырып, ел ризығын
тасытып, осы алыс ауылға жол әкелген, шам тартқан,
мектеп пен аурухана салған солар еді. Осындайда
еске түседі: жеңгелері «шұбар» атаған Нұрпейіс де­

ген ағамыз жаяу қалжыңға есе жібермейтін редактор
Ишанбек марқұмның өзін сөзден сүріндіретін ділмар,
қалжыңқой кісі болды. Дүкен ұстады. Сауда жасауға
келген келіндерінің бірі ауылдағы тели сөйлейтін сөздің

салтымен:

– Аға, дамбалыңыз бар ма? – десе:

– Бар ғой, шырағым, – деп күмілжіп, ышқырын си­

пайтын көрінеді. Аңдамай сөйлеген келіні дүкеннен шыға
қашыпты. Қылтамақпен ауырып жатқан Нұрекеңнің
көңілін сұрай барғанымда:

– Басқа бір құдай келіп калып, жазып алмаса,

мына құдай ауруымнан жазатын түрі жоқ, алып ты­
натын шығар, – деп, келіп калған ажалының өзімен
қалжыңдасып еді-ау!
О жасаған, ат басындай ағалардың бір де біреуі

қалмаған. Ауыл көңілсіз. Кешегі озат шопан Мейрам,
«опыраулиш» Ахат қалада жан сақтап отыр. Ауылдың
ендігі ағасы Сапар алдымыздан шықты.

– Осы ауылдың әкімдері Кеңес өкіметінен қалған

бар техниканы бөліп алып, сатқаннан басқаға қолы
тимеді. Мынау ауылымызды көң басып бара жатыр, –
дейді қамығып.
Шынында, тоқсан үйлі Қоскөлдің көшесі малдың

қордасынан көрінбейді. Әркім қорасынан шығарып, үйе
берген. Тау-тау. От тие қалса, ешкім өшіре алмас.

– Осыны біреу күреп берсе, әр үй бір малын беруге

дайын отыр, – дейді Сапекең.
Мен есепке кірісіп кеттім: тоқсан қойдың алпысы
техниканың шығынына, еңбектің өтеуіне кетсе, оты­
зы қалады. Отыз қойдан ойсыратып табыс тапқан

Тұрсекең – мынау. Ауылға көшіп келіп, осы малға ие
болсам, мен де байып кетер ме едім? Отыз жыл баққан
өлең сөздің оңдыратын түрі жоқ! Осы ауылға алпысын­
шы жылдардың басында Қасым Тоғұзақовтың келгені,

менің алғашқы өлеңімді тыңдағаны есіме түсті. Содан
кейін тірі жазушының келуі – өзім сексенінші жылдары

ертіп әкеп, өлең оқытқан Қайрат Жұмағалиев. Ол кездегі
мектеп те, мұғалімдер де ажарлы еді. Қайран Ұлданай
апай, Роза апай, Ғалиолла ағай, Сапар мұғалім қандай
еді!

Елубайдың үйінде енді шайға кірісе бергенде,
Өміртайдың баласы деген бір мұғалім үстімізге кірді.
Сүр мас екен. Жалаң аяқ. Киімінің мөрі көрінбейді.
Шатып-бұтып сөйлеп, мазамызды алды.

– Мынадан сабақ алған бала кім болып шығады? –

десем, ауыл ағалары көзімен жер шұқиды.
Осы ауылда мектептен өзге жұмыс көзі жоқ.
Азғантай айлықтың бірін алып отырған мұғалімнің түрі

– мынау. Жұмыс табу – ақырет. Менің Алпыс деген

құрдасым биыл қыста Алматыдағы маған қайта-қайта
телефон шалды:

– Ауылға аңшылық инспекторының орны беріліп жа­

тыр, – дейді алыстан айқайлап. – Менің құжаттарымды
Алматыдағы Черкашин деген біреу алты ай ұстап отыр.
Сол орыстың тілін тауып, маған осы жұмысты алып бер!

– Ауылдағы күллі киікті, қасқыр мен түлкіні Иман­

бек досың екеуің қырып бітірдіндер, – деймін мен де
телефонға айқайлап. – Қыста аэрошанамен, жазда «Ни­
вамен» қуып аттыңдар. Енді не бетіңмен аң қорғайтын
инспектор болмақсың?

– Әй, сен де қайдағыны айтасың. Киікті құртқан

Иманбек пен Аманбай ғой. Әлгі жұмысты әпермесең,
тілімізді тістеп отырмыз. Мал жоқ, мал жоқ болған соң,
ақша да жоқ.

– Онда Алматыға кел. Әлгі Черкашинге бірге барып

жалынайық.

– Ойбай, Алматының қайда екенін мен білмеймін,

тауып бара алмаймын. Сол жақтан бірдеңе етіп... Мені
орналастыр. Бір туысыңның мәселесін шеше алмасаң,
Алматыда отыз жыл не бітіріп жүрсің? – дейді Алпекең
алқымнан алып.

Ауылға барғанда амандасуға жарамай, арқасын

көрсететін Алпекеңнің маған туыс екені рас. Үш атадан
қосыламыз. Бірақ, Черкашин бізге үш атадан қосылмайды
екен. Содан бері Алпекеңмен амандығымыз тағы үзіліп
қалды. Есесіне, ауылға барған сайын Алпекеңнің ағасы

Тәлһаға сәлем беру – салтымыз. Қырық жыл дүкен
ұстаған Тәкең қазір ауылдағы бас имам. Аятты заула­
тады. Жаназаның бәрін өзі атқарады. Бір қызығы, біздің
ауылда мешіт жоқ. Монша да жоқ-ау деймін. Қоскөлдегі

ең ауқатты деген кісі – бұрынғы ауылкеңес Доскен бол­
са, қалаға автобус жүргізіп отырғанмен, оның да қолы
қысқа. Былтыр келгенімде, құм ішіндегі әкемнің зираты­
на, Зәбида қақпан құрған, Молдаш құс атқан, Көжекбай

мен Түсіпбек шал жылқы баққан бұйрат арасына жүрдек
мәшинесімен апарып келіп еді, биыл қозғала қоймады.

– Өз туыстарың бар ғой, – дей салды. Өз туысым де­

генде, ет жақыным – Әбсат көкем елуге келгенде туған
Елубай ғана. Көкем кайтқан соң, алты ұлдың бесеуі
қалаға жылжып кеткен. Бірі – шахтада, бірі – зауытта.
Шаңыраққа ие болып қалған Елубай мен келінде жұмыс

жоқ. Биыл төртінші қызы туған Елубай ауылда балық
аулайды. «Жыңғылдыөзекке» су түскелі бері, балығы
бірге келген. Ақбалығы, алабұғасы қалың. Су тартылған
сайын балық та қалыңдайды екен. Сол балықты аумен

сүзіп алып, Елекең оны тұздап, ыстайды. Ыстаудың
әдісін өзі тапқан, ешкімге айта қоймайды.

– Өзіміздің ноу-хау, – деп қояды әзілкеш Дәнияхан

жеңгеме тартқан әзілкеш, әнші інім.
Ыстамаған балығын түнімен қамысқа орап, суы­
тып, таң ата Жезқазғанға жетіп, базарға шығарады.
Аптасына бір рет. Келісі – жүз теңгеден. Екі жүз келі

балық апарса, жиырма мың теңге табыс түседі. Оның
сегіз мыңын жалданған мәшинеге төлейді. Қалған он
екі мыңын Сақташтың баласы екеуі тең бөледі. Екеуі –
әріптес. Осылай шай-суын айырады. Биыл көктемде су

түспесе, бұл кәсіптері де тоқтайды.
Азғантай су ашып, тартылып барады. Ауылдағы

елдің күні осы. Жұрттың бәрінің баласы қалада.
Қолы жеткені жұмыс істейді. Жұмыс таппағаны көше
кезіп, арақ ішіп, бұзақылық жасайды. Тұрсынның бір
баласының көзін Аманғазының баласы шығарған.

Аманғазының баласының көзін де біреу ойып жіберген.
Біздің Нариман да төбелестің арқасында түрмеде отыр.
Темір тордың ар жағындағы інім маған анда-санда те­
лефон шалып тұрады. Біздің ауыл осындай.

Ауылдан аттанарда тағы да зиратқа соқтық.
Аштықты, соғысты бастан өткеріп, колхоздың бейнетін
кешірген қайран анам, аналарым мәңгі ұйықтап жа­
тыр. Маржангүл апам, Әуеш әжем, Күнжан әжем...

Жеңгелерім...
Қимастарым жатқан бейітке қарай-қарай ауылдан
ұзап кеттім.
Алматыға келген соң, бір тойда жолыққан Қайрат

Байбосынов:

– Сенің апаңа арнаған бір өлеңіңді 1991 жылдан

бері сақтап келемін, – деді. – Ән шығарсам деп едім.
Бір шумағын өзіңе оқып берейін:
Сен өмірдің тауқыметін көп тарттың,
Көп тарттым деп, кімге бірақ өкпе арттың.

Бар сырыңды бүгіп, апа, ішіңе,
Қатарында келе жатсың көп қарттың...
Қайрекеңнің сөзі қамшы болып, әнін өзім шығарам
ба десем, қанша ыңылдағанмен, әуен деген де бір

ғайыптың құсы тәрізді, дерексіз нәрсе екен. Әуре бо­
лып жүрмін.
Баяғыда бір көрпенің астында өскен Тұрсекең
ауылда қой бағады, мен Алматы мен Астанада сөз

бағамын.
Қайсымыздың мұратымыз ғасыл болары бір
Аллаға ғана аян.
Р.S. Осы жолдарды жазып болып, алыстағы ауы­

лымды аяушылық сезіммен еске алып отырғанымда,

ел жақтан тағы бір суыт хабар келіп қалды. Кезінде
облыстың
бетке
ұстар

озат
шопаны
болып,
Лениннің атымен әспеттелген орденді омырауына

тағып, кейінгі жылдары қаладан кәсіп іздеген екі ұлды
сағалап, Жезқазғанға келіп жан бағып отырған, бүкіл
ауылдың тағдырын қамыға ойлайтын сұңғыла қарт
Мейрам Жақайұлы өмірден озып кетіпті.

Тұрсынның,
Алпыстың,
менің
ағамыз

еді,
Кожамұраттың қайынатасы еді. Бір бәйтерек құлап
түсті, бір қабырғамыз қирап қалды. Соғыстың соңғы
сарбазына топырақ салу үшін екі баламды ертіп,

тағы да жолға шығып барамын.
Алдымызда – мың жарым шақырымдық ұзақ жол...
Алматы – Қоскөл – Құлжанбай – Алматы.

БАҚАНАСҚА БАРАСЫҢ БА... «Мода» деп аталатын бір құдіретті күш бар. Алғашқы немереміз туғанда ұлымыз бен келініміз: – Бала өздеріңдікі ғой. Есімін де өздерің қойыңдар, – деп Бақытжамал екеуімізге ерік берді. Әрі ойлап, бері ойлап, кішкентай қызымыздың аты «Асыл-Ажар» болсын деп ұйғардық. Асыл да, Ажар да менің әжелерім. Екеуі де сүйегі Найман, қолдары ісмер, ыспадияр, ағайынға шарапаты көп тиген, заманында атаққа ілінген, көргенді кісілер болған екен. Немеремізге куәлік алуға барса, азаматтық хал актілерін жазу бөлімі (АХАЖ): – Мұндай есім біздің анықтамалықта жоқ. Академияның Тіл білімі институтына барып, қағаз әкеліңдер, – деп, екі баланы әуре-сарсаңға салып­ ты. Академияның сөз білетін кісілері анықтама жазып беріп, әулие әжелеріміздің есімін жаңғыртуға рұқсат алып едік. Ұлымыздың орысша оқыған жолдастары­ на Асыл-Ажар деген есімнің ұнағаны сонша, олардың біразы кейін туған сәбилеріне осындай ат қоя бастады. – Мен немереме өз әжелерінің атын қосақтап қойдым. Ұмытпасқа белгі болсын деп едім. Сендердің достарыңа не жорық? – десем, бала мен келін: – Мода ғой! – деп күледі. Алматыда қазір біраз АсылАжар бар. Мода деген құдірет ақын-жазушы ағайынның арасында да билігін жүргізіп тұрады. Баяғыда аңға шығу, саят құру деген мода болған. Мұхаңның, Ғабеңдер мен Елағаңның құс атуға барған хикаяларын аузымыздың суы құрып талай тыңдағанбыз. Кейін преферанс де­

ген үрдіс ортаға кіріп кетіп, Әлжекеңмен, Ақселеумен,
Сәкен серімен, Несіпбекпен ала қағаздың үстінде талай
таң атырдық. Тәуелсіздіктің таңы атқалы бері бильярд
деген мода үстемдік ете бастады. Жазушы атаулының

бәрі бильярдшы. Кеңес өкіметі кезінде Сәкеннің,
Қалиханның шар соғысы деген аңыздар болушы еді.
Өзгеміз курортқа барғанда ғана таяқ ұстаушы едік.
Қазір Алматы мен Астананың қай қуысына барсаң да,

қаптаған бильярд клубына тап боласың. Қайсысының
босағасын аттасаң да, кемінде бір ақын, бір жазушы
шар қуалап жүреді. Бәрінің де қолында бір сиырдың
құнын төлеп алған таяғы болады. Шетінен чемпион.

Шетінен мақтаншақ.

– Мен барған бильярд жарысына Асанәлі Әшімов

қатыспайды, – деп Шөмішбай Сариев мақтанады: –
Бәрібір менен жеңілетінін біледі. Жарыс болғалы жат­
са, Асекең телефон шалып:

– Шөмішбай қатыса ма? Онда мен несіне әуре бо­

ламын, – дейтін көрінеді. Бір жолыққанда Асекеңнен:

– Рас па? – деп сұрасам, түлкі бұлаңға салып, анық

жауап бермей, күле береді. Сірә, Шөмішбай өтірік айт­
пайтын кісі болуы керек.
Ибрагим Исаев «Бильярд» дейтін тамаша өлең
жазып, оны Алматы сауда палатасының президенті

Ізбасар Бозаевқа арнап, қазір досымыз Ізбасардың
қолтығына өзі оңаша кіріп алды. Кейде соның бильярд
клубына түней салатын болыпты.
Ақын Темірше Сарыбаев қуысқа түсер-түспесін

білмей, сандалақтап келе жатқан шарға:

– Жаным, жаным! Келе ғой! – деп жалынады. Соны

естіген Исраил Сапарбай:

– Жарға айтатын сөзіңді шарға айтады екенсің! –

депті.
Қай жерде бильярд жарысына сауын айтылады
деп сайланып жүретін Намазалы Омашев пен Бауыр­
жан Жақып тас-таяқ додасы табылса, түрленіп кетеді.

Бильярдтың хикаясы көп. Астанаға бара қалсаң,
бастығымыз Мырзатай Жолдасбеков:

– Үйге шақырып әуре болма. Бильярдқа шақырсаң,

дайынмын, – деп емеурін білдіреді. Зауқиыр шақыра
қалсаң, Қойшығара, Ақселеу, Секен Тұрысбеков де­
ген серілермен бірге құдалыққа келгендей сау ете
қалады. Бәрінің қолында бір-бір сүйріктей таяғы бо­

лады. Бильярдтың столына бойы жетпейтін Несіпбек
Айтұлы биік өкше етік киіп келіп, бәрін ұтатын көрінеді.
Мода деген осы! Бұл мода деген нәрсе қайта айналып
соғып тұратыны бар. Ғабеңдердің үрдісін жаңғыртып,

басқа өнерді әуектейін деп, аңшылыққа ден қоя ба­
стадым. Өзімнің мылтығым да жоқ, мылтық – Белгібай
досымдікі. Тым болмаса, сыртым аңшыға ұқсасын де­
ген оймен су етік, киіз қалпақ, сырма шалбар, жарғақ

тон сатып алдым. Әйел қарсы болмады: қаз атса да,
қоян қуаласа да, қаланың сыртында, құба тұзде жүрсін
дейтін болуы керек. Бильярдты сылтау етіп үй қарасын
көрмейтін қаламдастардың таң алдында қайдан келіп

жатқанын шынында да кім біліп болады?!
Сонымен, Бақанас жаққа қаз атуға барған сапарым­
нан бір жолжазбам «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық
көре қалмасы бар ма. Алдымен Алматы қаласының

Қаржы басқармасының бастығы, ескі досымыз Қыдыр
Тәжібаев телефон шалды:

– «Қазақ әдебиеті» дейтін оқымайтын газетім еді.

Сенің мақалаң шыққан нөмірді жігіттер әкеліп берді.
Біздің ауылға барып, бір үйрек ата алмай қайтқаның
дұрыс болмаған екен. Маған хабарласып қойсаң, үйрек
пен қырғауылды үйіңе түсіріп береміз ғой, – дейді.

– Сондықтан «Қазақ әдебиеті» деген газетке жазылу

керек, – деймін мен газеттің пайдасын көздеп. Былтыр
Шымкенттегі ректор досымыз Уәлихан Бишімбаевтың
үш мың дана «Қазақ әдебиетіне» жаздырамын деп
уәде беріп, сөзінің аяғы сұйылып кеткелі бері осы газет­

ке қарыздар секілді сезінемін.
Келесі күні Бақанастан ауданның әкімі едім деп
Ерғазы деген азамат телефон соқты:

– Біздің ауылдан құр қол қайтқаныңды «Қазақ

әдебиетінен» оқыдым. Оның алдында өз еліңе, со­
сын қажылыққа барғаныңды да осы газеттен білдім.
Жазушылардың газетін жібермей оқимын. Бақанасқа
жасырын, ұрын келмей, елдің егесімен хабарласып,

осындағы үлкендердің батасын алу керек. Сонда үйрек
пен қаз да, одан ірісі де қанжығаңа байланады. Бізде
жабайы жылқыға дейін бар. Тағы бір келіп қайт. Өзім
бастап жүремін, – дейді бейтаныс әкім.

Шынын айтсам, Бақанасқа барған екінші сапардан
оралып отырғаным сол еді. Көгермегір Мәлік құрдасым
Іленің бойын үш күн шарлатып, кеше ғана жылап
қоштасқанбыз.

Бұл жолы «Қараойдағы» Мәліктің үйіне кештете
жетсек, аулада бір үлкен қара «Джип» пен доңғалақтары
кісінің бойымен бірдей, аса қуатты екенін сыртымен-ақ
сездіретін жабық машина тұр екен. Екеуінің де егесі

– жасы алпыстан енді ғана асып түскен, бойы тіп-

тік, жүзі жылы Марат деген бизнесмен болып шықгы.
«Сарытұмсықтан» өгіз терісіндей жерді иелікке алыпты
да, соған аңшы Мәлікті қарауыл етіп белгілепті. Шаруа­
сы өрге жүріп тұрған кәсіпкердің доңыз атуға келген беті

осы көрінеді.
Мәліктің үйінде еліктің арық еті желініп болған соң:

– Былтыр он бір қабан атып алғам. Биыл да күздіктің

мезгілі келді ғой, – дейді сабырлы сөйлейтін Мәкең.

– Жеңгеміз орыс болмаса нетті? – деді соттың

төрағасы Белгібай.
Марат жымиды да қойды. Орыс болса, орыс шығар.
Кім кімді алмай жатыр?..
Мараттың пайдасын Белгібай екеуіміз сол түні-ақ

көрдік. Ілені жағалап, қаз бен үйрек қалың-ау деген бір
тұсқа бойлай еніп, тоқтай қалдық. Мәкеңнің көмегінде
жүрген екі бала жабық машинадан алдымен «Ямаха»
деген двигательді түсіріп, дыр еткізді де, сексеуілдің

бұтақтарына үш-төрт шамды іле салды. Түн серпіліп,
айнала самаладай жарқырады. Лезде қызыл-жасыл
шағын шатыр да тігілді. Ақ пластиктен жасалған төрт
жеңіл стол ортаға тұра қалды. Дәл сондай жеп-жеңіл

кресло мен орындықтар, аппақ дастарқан. Сексеуілдің

алаулаған жалынымен тез жылынып, көңілденіп сала
бердік. Ақ дастарқанның үсті алуан дәмге толды: қазы
мен жая, шұжық пен тауық, тұздалған, тұздалмаған қияр
мен қызанақ, түрлі түсті қырыққабат, біз көрмеген тағы

бірдеңелер. Жұмсақ орамалдар мен сүлгілер, бұрыш
пен тұздыққа дейін түгел үстел үстіне жайғасты. Буы
бұрқыраған бүйірлі ақ шәугімнен шай да құйыла баста­
ды. Ыстық тұшпараның бір табағын төңкеріп тастаған

Белгібай:

– Әйелді орыстан алу керек екен-ау! – деп есіней ба­

стады.

– Ал енді доңыз атуға барамыз. Өз көліктеріңді жа­

уып, мына жабық машинаға мініңдер, – деді Мәлік.
Жұмақ сол жабық машинаның ішінде екен. Кіре
берістегі кішкене темір пеш қып-қызыл боп, даланың
суығын жалмап тұр. Сол жақтағы кішкене қолжуғыш

та сүп-сүйкімді. Төрде төрт кісілік ақ төсектер. Марат
пен Мәлік қару-жарағын асынып, жылы киімдерін киіп,
биік креслоларға жайғасқан қалпы бастарын люктен
шығарып, төңірекке прожектор салуға кірісті. Белгібай

екеуміз екі мылтықты кезеніп, іште отырмыз. Мылтық
атар кезде бір түймені басып қалсаң, екі жақтағы тере­
зелер шалқасынан ашыла кетеді.
Ыңыранған жабық «Кунг» құмды кешіп, алға

ұмтылады. Қуатты шамдардың алысқа түсетін жарығы
түннің қою қараңғылығын айқыш-ұйқыш тілгілейді.
Ана жерден де, мына жерден де ор қояндар орғып
шығып, «мені ат, мені ат» деп тұра қалады. Доңыз бен

қасқырдан өзге анды атпаңдар деген қатаң тапсырыс
алғанбыз. Доңыздың ізі бар да, өзі жоқ. Әрі-беріден
соң пысынап кеттік те, бар киімімізді шешіп тастаған
Белгібай екеуіміз екі төсекке сұлаған қалпымызбен,

ұйқыға бас қойдық. Қуатты машинаның ызыңы тербетіп,
оған пештің қызуы қосылып, ұйықтамасқа қоймады.
Анда-санда, машина қатты сілкігенде оянып кетсем,
сот төрағасының қорылынан басқа дыбыс құлаққа ша­

лынбайды. Жоғарыдағы екі мылтықшы түн құшағына
телміріп алған, бізде шаруасы жоқ. Шаруасы – доңызда.
Доңызы түскір жоқ – қамыстың ішінде олар да түс көріп
жатқан болар. Жақында ғана қажылыққа барып келген

мен үшін сол харамдардың қарасы көрінбегені жақсы...
Ұйқылы-ояу жатқан менің ойыма өзім туып-
өскен Байқоңыр даласы, Қарақұмның дүзген мен
қоянсүйек, үшқат, сағыз көмкерген шағылдары орал­

ды. Құлжанбайдағы сегіз жылдық мектепте оқып
жүргенімізде, менің ұста әкем Зәбида дәл осын­
дай күз айларында түйемен аңға шығушы еді. Қос
ауыз қара мылтығына аша аяқ бекітіп алған май­

дангер қарт жұмасына бір рет түйесіне мініп, таң
қараңғысында құмға сіңіп кететін. Кеш түсе ауылға ора­
лады. Бақырауық сары атанның жазысына арқанмен
байланған төрт-бес киіктің текесін көргенде, Тұрсын

екеуіміздің қабағымыз жабылып кетеді. Жабылмағанда
қайтсін: Әкей дәретін алып, намазын оқып, Күлбаршын
апамның күрең шайына кіріседі, ал біз екеуіміз әлгі
текелерді ауылдағы үйлерге таратуға кірісеміз. Біреуін

құмға жабыса салынған Есқали әкейдің үйіне, бірін
дүкеннің қасындағы Нұрпейістің үйіне, бірін «Бәтір-ау»
әженің үйіне дегендей, екі қара сирақ бала зыр жүгіріп
жаяу тасимыз. Күзгі семіз текелер қандай ауыр. Олжа­

ны үлестіріп болған соң, өзімізге қалдырған текені сою
да Тұрсын екеуіміздің мойнымызда. «Ұста пышаққа жа­
рымас» деген рас, күмістен жүзік соғатын ұста әкейдің
киік соятын пышағы да өтпейтін бір лөкет еді-ау!.. Келесі

жұмада осы бейнет қайта басталады. Бұл жолы киік жет­
пей қалған үйлер Зәпекеңнің келесі аңшылықтан олжа­
лы оралуын асыға күтіп отырады. Тірсегіміз майысқан
Тұрсын екеуіміз зыр жүгіріп, теке таратуға кірісеміз.

Осы күнгі балаларды дүкеннен нан әкелуге жұмсасаң,
қорс ете түсуден тайынбайды. Сол Зәпекеңнің Тұрсын
екеуіміздің келіншектеріміздің қолынан шай ішуге
ғұмыры жеткеніне де тәубә деп жүр едік қой...

– Ат, ат! – деген дауыстан оянып кетсек, қалың

құмның ішінде тоқтап тұр екенбіз. Прожектордың
жарығына ілінген сұр қоян орнынан қозғала алатын
емес. Жоғарыдағы доңыз атқыштар қоян атуға арланса
керек (біздің ұйқы соғып жатқанымызды қайдан білсін),

кезекті Белгібай екеуімізге беріп тосып тұр екен.

– Ат, ат! – дейді жарыса дауыстап.

Жартылай жалаңаш соттың төрағасы әлгі қоянның
үкімін іштей шығарып жіберген болуы керек, лезде
мылтығын гүрс еткізді. Сұр қоян мұрттай ұшты. Көп
ұзамай мен де екі қоянның мұрнын қанаттым. Ағарып

таң да атты.

– Енді қаз атуға кеттік! Міне, өздері де ұша ба­

стады! – деп жоғарыдан Мәлік айқайлады. Терезеден
бас сұғып, сыртқа қарасаң, шынында да, сыпсындаған
үйректер мен қаңқылдаған қаздар көл жақтан қарақұрым
болып ерсілі-қарсылы ұша бастаған екен. Түсе-түсе

қалып, бір-бір сексеуілдің түбіне бұғындық. Төбемізден
суылдап ұшқан қанаттылар оқ жетер жерге төмендейтін
емес. Оқ көп. Гүрсілдетіп атамыз. Құстар серпіліп, одан
әрі биіктейді. Әудем жерге барып қонып, көлдің бетін

азан-қазан еткен дауыстарымен жүйкемізге тиетінін
қайтесің...
Сәске кезінде оттың басына оралып, Мараттың
Алматыдан ала шыққан дайын сорпасына бас қойдық.

Менің есіме Төлеген Айбергеновтің бір шумақ өлеңі
түсіп, тост орнына соны оқып бердім:
Алдында Ай дірілдеп ұзақ таңға,
Не жетсін айдын көлден құс атқанға.

Сол құсы құрғырыңды атпағанмен,
Өзіңді құс атқанға ұқсатқанға!

– Мұндай ақынды неғып білмейміз, – дейді бизнес­

мен Марат сүйсініп. – Тағы айтып жіберші әлгі тақпақты.
Төлегеннің «тақпағын» қайта айта отырып, өзімнің
жақында ғана жарық көрген, сарайда жиналып тұрған
«Құдіретке жүгіну» атты кітабымды есіме алдым. Қырық

жыл бұрын өмірден өтіп кеткен сұрапыл ақын Айберге­ нов Бақанастың қалың құмына енді жетіп жатса, менің тақпақтарымның күні не болар екен?.. ... Бақанастан телефон шалып тұрған аудан әкімі Ерғазыға мен сол жақтан жаңа ғана оралғанымды айтқаным жоқ. Шындап шақырса, тағы барып қалармын. Күтіп жүрсін. – Жалғыз келме. Ақын-жазушыларды ерте кел. Айтысты ала келсең, тіпті тамаша болар еді. Кешегі Қонаевтың елі деген атымыз бар ғой. Ұятқа қалдырмаймыз! – дейді аңқылдаған ел ағасы. – Мәлік құрдасыңа сыйлаған кітабыңның бір данасын маған да қи! Елең ете қалдым. Бақанас жаққа тағы кетіп отыр­ сам ба екен? Әттең, бильярдтың қызығына құнығып, көк түтінге қамалған менің қаламдас достарым ере қояр деймісің?! Сорлы Көкбай қор болды-ау, Осыншадан құр қалып! – деп Абай ағам айтпақшы, ауылда, ен далада қандай қым-қуыт өмір өтіп жатқанын қаланы мекенде­ ген бильярдшы қаламгерлер қайдан білсін...

Алматы – Бақанас – Қараой.

ҚАҢҚЫЛДАП ҚАЗДАР ҰШҚАН КҮН

Бақанастың ар жағында, Балқаш көлінің бер
жағында, Іле өзенінің Балқашқа кұяр сағасын алқымдап
отырған «Қараой» деген ауылда Мәлік Әбдіров деген
аңшы құрдасым бар. Аң аулау десе атасының құны кет­

кен адамдай, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін жұмып,
кіріседі де кетеді. Ана бір жылы доңыз атамын деп
жүріп, оғы қата тиіп, жаралы қабан өзіне карсы шауып,
содан сан етін осып жіберіп, өлімнен қалған. Ақыры жа­

радар аяғы аяқ болмай, бір жыл жанын көзіне көрсетіп,
жіліншігін кестіріп тынған еді. Ағаш аяғына протез киіп
алып, қырғауылдың соңынан жүгіргенде, бұл Мәліктің
ақсақ екенін ешкім аңғармай қалады. Сол Мәлік

«Қараойдан» телефон шалып:

– Ойбай, ауылды құс басып кетті. Үйрегінен қазы

көп. Тез жет! Бір жәшік оқ ала кел! – деп зар қақсағалы
бір жұма болды.

– Ол не қылған көп құс. Тұмау тиіп келе жатқан

пәле шығар? – деймін шынымен қауіп ойлап.

– Анау Қытайдың бірін-бірі түтіп жеген аш құрсақ

тауығы болмаса, майдан қанатын қаға алмай жүрген
каз-үйрекке тұмау тиюші ме еді? Тез жете көр! – деп
Мәлік құрдасым телефонның ішіне кіріп кете жаздайды.
Бақанаста соттың төрағасы болып істейтін Белгібай до­

сым да:

– Мәлікпен қаз атуға шықсаң, жолай мені де ала кет.

Саған бір мылтық, Ұлықбекке бір мылтық майлап отыр­
мын, – деп ынтықтыра түседі. Баяғы Мүсіреповтердің
құс атуын кітаптан оқыған басымыз түрлі қиялға толып,

төбеден топылдап құлаған семіз үйрек-қаз көзге елестеп...
Ұлықбектің ертеңі бітуші ме еді, оған қолды бір
сілтеп, «Қараой» қайдасың деп, тартып отырдым.
Сол ана жылы көрген «Қараой» – Қазақстанның

барлық бұрынғы кеңшар орталығы секілді, сәл есін
жиып, сәл арқа жүні көтеріліп қалған, өз күнін өзі көруге
отыға бастаған ауыл. Біздің Қыдыр Тәжібаев досымыз
ауылыма мешіт салдырып бердім деп шақырғанда

жете алмап едік: жан-жағын қоршап, шырша егіп
қойған еңселі мешіт осы ауылдың ажарын кіргізіп
тастағандай. Ұзатқан қызынан қалыңмалды мол алған
ба, әлде, зейнетақысы көбейгеннің әсері ме, Мәліктің

де қоңторғай дастарқаны көркейіп қалыпты. Семіз қаз
бен қырғауылдың асулы етінің қасына «Самтрестің»
бүйірлі бір шөлмек арағын қылқитып қойған екен.

– Ораза кезінде кісіге арақ ұсынып, өле алмай

жүрмісің? Өзің әрі емші, әрі молласың. Мына соттың
төрағасына айтып, үкіміңді қиямет-қайымнан бұрын
шығартып жіберейін бе? – десем, Мәлік құрдасым:

– Сән үшін қойғанымыз ғой, ішпес болсаң, көзіңді

салмай-ақ қой! – деп ырқ-ырқ күледі. – Осы ауылдағы
бозбалалар арақ көрсетсең, құдық қазып беруге дайын.
Біздің ауылдың балалары да сондай еңбекқор бо­
лып бара жатыр деуші еді...

Қаз бен үйрек «Қараойдан» жиырма бес шақырым
жердегі жайылма көлдің үстінде екен. Құмды кешіп,
сексеуілді жарып отырып, күн шығар-шықпаста әзер
жеттік. Мәліктің былтыр ұзатқан қызының күйеуі

Қуаныштың әкесі Мүтәлиф осы «Қызылтамдағы»
көлдерді жалға алған көрінеді. Сексеуілді өртеп жағып,
мосыға қаз етін асып қойып, бізді тосып отырған
Мүтәлиф бүкіл Бақанасты жалға алғандай көңілді:

Мына көлдің іші толған сазан мен жайын. Қытайдың
жалғыз ауын құрып едім, жыртып шыдатар емес! – деп
апыл-ғұпыл сөйлейді. Құрдасыңның құдасы кім бола­
ды? Сорпаға жеті рет қайнатқан қабырғаның қатқан

басы болмай ма? Мүтәлиф ондай емес. Қамыс көрпені
астына төсеп, оттың шоғын саған қарай ысырып, қара

шәугімнің түбіндегі қоюды саған құйып, әбден бәйек бо­
лады. Көзінің үстіне былтыр шыққан бармақ басындай
меңі үлкейе түсіпті. Егер Несіпбек Айтовты орта бойлы
кісі деп санасаңыз, бұл – ортадан жоғары бойы бар,

қағылез сары кісі.

– Осы сен Қапшағайда электр жағында жүруші едің

ғой? – десем:

– Одан күдер үзгелі бір жыл болды. Жарымаған

айлығына қашанғы телмірейін. Осы көлдерді жалға
алып, ондатр аулауға шарт жасастым. Күн көріске
қолайлы екен, – дейді.
Бұл «Қараойда» елдің көбі ондатр аулайды. Терісін

Алматыға апарып өткізсең, бес жүз теңгеден айналады.
Келіп қабылдаушылар екі жүз теңгеден көтеріп алады.

– Осы жердің бар қызығын Алматының орыста­

ры көруші еді, – дейді Мүтәлиф Көшкінбаев, – енді
өзіміз иеміз. Бөтен адамды бұл аймаққа қия бастырмау
келісімшартта көрсетілген міндетіміз. Ондатрды өзіміз
бағып-қағып өсіреміз. Мына екі бала соның қуырдағына

құмар.
Мүтәлифтің сырықтай-сырықтай екі ұлы – Қуаныш
пен Нұржан еңбектің дәмін татып қалған өрімдей
жігіттер. Көлдің жиегіне шағын баспана тұрғызып, ішіне

пеш орнатып тастапты. Енді қара сылағын бастағалы
отыр екен. Елтең-селтеңнің бәрін қойып, жеке кәсіпке
білек сыбанып кіріскен екі жастың талабы тас жаратын
түрі бар.

– Үйдегі екі сиыр мен бес-алты тоқты-торымға

ондатрдың тиын-тебені қосылып, есімізді жиып келе
жатырмыз, – дейді кәсіпкер Мүтәлиф.
Біздің кәсібіміз – қаз-үйрек атып алу екені еске түсіп,
рұқсат қағазымызды Мүтәлифке тапсырып, қамыстың

ішіне сұғындық. Құс атаулы таң бозынан бастап
көлден ұшып шығып, құрғаққа қонып жайылады екен.
Төбеңнен өте бергенде атып үлгеру керек. Белгібай,
Мәлік үшеуіміз үш жерден гүрсілдетіп атқанмен, бір

қаздың қанаты қисайған жоқ. Тым биік ұшып жүрді.
Мәлік көгермегір:

– Сәл күн суытып, жел тұрса, төмен ұшар еді. Оқ

жетпей қалып жатыр, – дейді. Онсыз да күздің қара
суығынан жаурап қалған Белгібай екеуміздің оны атарға
оғымыз жоқ...

– Соо-нау Қызылтамның тұсында үйрек деген

бықып отыр, – дейді ол суайт. Мына қайыққа мінсеңдер,
қамыстың арасымен сырғып барып, үстінен түсесіңдер.
Шұрық-тесік ескі қайыққа мінуге жүрек дауалар
емес. Қалтылдап келе жатып, аунап кетсе, Құдай

сақтасын...

– Осы «Қызылтам» кімдікі болды екен? – деймін

мен әңгіменің бетін басқа жаққа аударып.

– Сол қызыл тамның ар жағында Арманд Андерсен

деген шведтің шалы тұрушы еді, – дейді сөзге Мүтәлиф
араласып.

– Бақанастың құмының арасында неғып жүрген

швед?

– Білмеймін. Жетпісінші жылдары сонда келіп,

кішкене баспана тұрғызып алып, отыз жыл өмір сүрді,
байғұс. Ұзын бойлы, алып денелі... Осындай шведті
бірінші көруім, – дейді әңгімеші қызып кетіп.

– Мен өмірі швед көрген емеспін, – дейді соттың

төрағасы мырс етіп. Мүтәлифтің кекесінде шаруасы
жоқ, сөзін жалғай берді:

– Өзі бәлендей аң да ауламады. Мал да ұстамады.

Ай сайын Мәскеуден бір қапшық кітап, газет-журнал
келеді. Соны оқып жата беруші еді.

– Ол швед қайда?

– Былтыр қайтты.

– Кітаптары қайда?

Сүйегі Туғанбайдың үйінен шықты ғой. Кітаптары
әлі күнге сол үйдің бір бөлмесін толтырып тұр.
Аяғындағы бәтеңкесі әлі бес жыл кисе, шыдас берер
еді. Осы Жалайырдың шалдары мені сүйегіне түсірмей

қойғаны. Бәтеңкесін кисем деп едім...

– Оның бәтеңкесі қырық жетінші емес пе? Басыңа

киейін деп пе едің? – дейді Мәлік кұда.

– Сол Андерсен қазақшаңызды лезде меңгеріп

алды, – дейді Мүтәлиф қосалқы сөзге елең етпей. – Андасанда күркесіне соға қалсаң, Жалайырдың шежіресін қолмен қойғандай таратып беретін, байғұс... – Неден қайтты? – Қартайып өлді. Халі нашарлаған соң, «Қараойдағы» Туғанбайдың үйіне апардық. Мені іздеп келген кісіге берерсің деп қағаз жазып кетіпті. – Ешкім келмеді ме? – Екі жұмадан соң, Германиядан қызы іздеп келді. Списалный қызы бар екен. Көп жылады, байғұс. – Списалный қызы деген немене? – Сөзді бөлме! Өзінің қызы дегенім ғой... – Ойбай, қаздар енді көлге қарай ұша бастады, – деді екі бала өре түрегеліп. Мылтығымызды жүре оқтап, қамыстың арасына сүңгіп-сүңгіп кеттік. Жер сыз. Әр жерден бадырайған қабанның іздері денеңді дір еткізеді. Қамысқа сұғына өскен жыңғылдың, қара барақтың шық басқан бұтақтары жағаңа жармасып, етегіңнен тартқылайды. Сымпылдап ұшқан үйректер, қаңқылдап хабар таратқан қараша қаздар андасанда төбеңе келіп қалғандай-ақ болады. Гүрс еткізіп атып қаламыз. Құлап жатқан құс жоқ. – Майы қалың. Бытыра батпай жатыр. Әйтпесе, атуларыңда мін жоқ, – дейді Мәлік аңшы. Екі таң, бір кеш «күзетте» тұрып, оқтың бәрін тау­ ысып, қайтатын болдық. Соқыр үйрек ата алмаған бізді аяды ма, Мәлік пен Мүтәлиф екі-үш үйітілген құсты қапқа салып берді. Ауға да бірер сазан ілінген екен. Әйтеуір әйелдің бетіне тура қарайтындай халге келіп қалдық. Қалғанын өтірікпен жамап-жасқап жіберуге бұрыннан кәнігі шеберміз. Алматыға келгелі «Қараой» жаққа қарап кісінейтін болдық. Кеңседе отырсам да қаңқылдап ұшқан қаздардың дауысы құлағыма келгендей болады. Күн де суытып барады...

БАРАЙЫН ДЕСЕМ – ЖЕР ШАЛҒАЙ

Тұрсын Жұртбай екеуіміздің де азан шақырып
қойған есімімізде кісі қызығарлық ештеңе жоқ. Досымыз
Асқар Егеубай Тұрсын, Несіпбек Айтұлы үшеумізге ар­
нап өлең жазып:

Бұрай тартқан арқаның,
Бурлактары-ай Арқаның, – деп аяқтапты.
Ал Несіпбек болса:

– Әй, сендердің есімдерің етістіктен құралған.

Екеуің де етістіксің. Мен зат есіммін. Мені құрметтеп
жүріңдер, – деп қажайды. Есімге байланысты осы қажау
аз болғандай, өзімнің бір ағам – Көбейсін де, екіншісі

– Тұрсын. Үшеуіміз ағайынды үш кісінің баласымыз.

Сөйтіп жүргенде, тұңғыш құдамның есімі Тоқтасын бо­
лып жолықты: Көбейсін, Жүрсін, Тұрсын, Тоқтасын!
Сол Көбейсін көкем Жезқазғаннан телефон шалып:

– Сенің ағаң, Мараттың әкесі Емберген қария

дүниеден қайтты. Топырақ салуға үлгермесең де,
жетісіне келіп кет. Тұқымымызда тоқсан алтыға келген
өзге ешкім жоқ еді ғой. Бала-шағаңа жасын берсін, ар­
найы ат ізін салғаның дұрыс, – деп кеңес берді.

Шынында да, етжақынымыз болып есептелетін
Емекең елдегі елеулі кісіміздің бірі еді. Күні кешеге дейін
белі бүгілген емес. Атан жіліктері сидиған ұзын, қол-аяғы
балғадай, алпамыс ағамыз ана жылы Марат екеуіміз

сайлаудың әлегімен ойға-қырға шапқыламақшы болып,
батасын алуға барғанымызда:

– Сен екеуіңді депутат етіп сайлайтындай, бұл

Жезқазған, Қарсақбай табанында өзге ешкім қалмаған
ба? – деп біраз бізге көңілі толыңқырамай отырды да:

– Бұйрық біледі ғой. Бәлкім, өтіп те кетерсіңдер.

Берейін батамды. Әгаракім, депутат бола қалсаңдар,
біздің екі сиырға жыл сайын екі арба шөп түсіріп
тұрасыңдар, – деп қолын жайған.
Көңілсіз берген батада баян болушы ма еді, Марат

екеуіміз екі ай бекер арам тер болғанбыз.
Сол Емекең өмірден озып жатқанда, елге барып,
Марат досымның қасынан табылғанға не жетсін! Барай­
ын десем – жер шалғай. Баяғы мың жарым шақырымдық

ұзын күре. Ұшақпен ұша қояйын десең, баяғы 18 сомның
билеті енді жоқ. «Қазақмысты» басқаруға алған кәріс
ағайындардың бүкіл Жезқазғанды бауырына басып,
билеп-төстегені аз болғандай, Алматыға қатынайтын

әуе жолын да «жекешелендіріп» алған: ұшқысы келген
күні ұшады, ұшпаса қояды. Билеттің бағасы менің бір
айлық жалақымнан асып жығылады.
Сонымен, барайын десем – жер шалғай, бармайын

десең – ел қандай!..
Естелікпен өмір сүретін жасқа шынымен-ақ келіп
қалғанымыз ба, қайдағы-жайдағының бәрі еске түсе
береді. Сол сайлаудың алашапқынымен жүргенімізде,

алдымызға Қасым Қайсенов пен Камал Смайыловты
салып, Байқоңыр ауылына жұртшылықпен кездесуге
келдік. Аттандап сөйлейтін бір жеңгеміз:

– Осы сені жазушы деп шабылып жатырмыз.

жазғыш болсаң, осы өз ауылыңның өткен-кеткенін
неге жазбайсың? Аттың басындай ағаларыңды неге
жазбайсың? Махаббат-сахаббатты қоятын кезің болған
жоқ па, әдірам қалғыр! – деп шүйліккені бар. Айтты –

кетті. Ыбырай Жақаевтың кетпені секілді сол сұрақ
менің көкжелкемнен әлі төнеді де тұрады. Кейде шырт
ұйқыдан шошытып оятады. Қаршадайымыздан қалаға
кетіп, елден қол үзіп қалған басымыз, ауылдағы ақсақал-

қарасақалдан сөз үйренеміз, әңгіме естиміз деп, әне
барам, міне бараммен жүргенде, сол абыз қарттар да
түгесіліп, бітуге айналыпты. Міне, Емберген ағамыз да
аттанып кетті.

Төрт-бес жыл бұрын Көбейсін көкемді, Бекіш

жездемді, сұңғыла Сабыр Момбекұлы қарияны қасыма
алып,
Байқоңырдың
оңтүстік-батыс

желкесіндегі
«Үйтасқа» арнайы бардым. Жетпіс сегізінші жылы,
Зәбида әкемнің зиратына қажет қайрақтас іздеп
барғанымда, «Үйтас» дегеннің ешқандай қара тас

емес екенін көріп едім. Қақпақ тастан қаланған қалмақ
батырының моласы екенін басындағы жұлдызша
белгісінен танығанбыз. Сол «Үйтастың» өзен жақ ойын­
да быжырлаған араб жазуына толы 50-60 жапа тас жа­

тушы еді. Жазу болғанда, бәлен жылы бәленше туды,
өлді деген дерек емес, кәдімгі «Қилы заманның» тасқа
көшірілген қолжазбасындай, ұсақ-ұсақ маржандай,
мол жазу еді. Кітап беттері жерге шашылып түскендей.

Сол тас жазуларды ширек ғасырдан соң ұзақ іздедім.
«Үйтас» бар, белгілер бар, жазулы жапа тастар жоқ.
Ізім-қайым жоқ.
Сабыр ақсақал:

– Ана жылы осы Байқоңыр басында біреу тастан

қора салып, соған жазулы тастар қаланып кетті деуші
еді. Кімнің қорасы екенін де ұмыттым. Кеңес өкіметі
құлағаннан бері талай үй қалаға көшіп, талай қора
бұзылды ғой, – деп сарыуайым айтты.

Сабыр шалдың бізге сойған лағының басы
піскенше, талай кісіге сұрау салдық. Тастағы жазу­
лар таптырмады. Осы әңгімені Ақселеу Сейдімбекке
айтқанымда:

– Құрттың-ау, бала! Жерден қазсаң да, табу керек

еді! Тарих сені кешіре қояр ма екен? Томсон Орхонның
бойына барарда... – деп бір ұзын сонар әңгімені бастап
кеткен.
Іздеймін деген кісіге, «Үйтас» орнында тұр. Оның

өзен жақ беті қаптаған қалың тас. Қай төбенің етегінен
көргенімді қайдан білейін...
«Үйтасты» сол иыққа салып, әрі жүрсең, шым-
шытырық дала жолдары андыздап қоя береді.

Осы құба жонда осыдан отыз жыл бұрын ондаған
мың киік баласы өріп жүруші еді. Тұрсын Нұриланы алып
қашатын жылы мамыр айының басында, қара жолдың

үстінде балалап жатқан киікті жарып өте алмай, тоқтап
қалғанымыз есімде. Сол жылдары біздің ағайындар
сырттан кісі келіп қалмаса, мал соя қоймайтын. Киіктің
ақбас текелерінің сүйкімді еті – елдің ырысы еді. Енді

киіктің суретін балаларымызға кітаптан көрсетіп, ертегі
айтатын болдық. Ол ертегіңе сенетін бала да жоқ. Соңғы
бір жылдары жол үстінде аңырып тұрған екі лақ текешікті
сусыз жерде шөлдеп өледі ғой деп, мәшинемізге салып

алдық. Бармақтай ғана мүйіздерінің түбінен шып-шып
қан шығып тұр екен.

– Өсіріп, бағып-қағарсыздар, – деп, кеңшар ди­

ректоры
Дүйсебек
Дүйсенбаевтың
үйіне

апарып
бергенімізде, көпті көрген Дүйсекең:

– Ойбүй, бұл радиацияға ұшыраған жануарлар

ғой. Мынау қанды көрмеймісің? Бал беріп бақсаң да,
қатарға қосылмайды, – деп өкініш айтқан. Сол екі лақ
шынында да мал болмады. Киігіңіз не, радиацияның
сәулесі сол жылы құлын біткенді баудай түсірді. Ірі ба­

ста жылқы төзеді екен де, қарақұлақтанып үлгермеген
құлын тұрған жерінде сеспей қататын көрінеді. Біздің
Ұлытау ауданы осындай сұмдықты да көрді-ау.
Ұлытау демекші... Сәбит Мұқанов әкемізден қалған

дәстүрмен, бірді айтып, бірге кете береміз. Әлқисса,
әлгі екі лақты тауып алатын жолы, Ұлытаудың теріскей
бетіндегі «Ащыкөл» деген балшықты суға ем алуға
бардық. Әулие-әнбие көбейген, ем-домды көрінген

бұлақтан, таудан-тастан іздеп кеткен бір заман еді
ғой. Рас, әлі де дос алдамаған, жолдас сатпаған, адам
біткен бір мейірбан шақта әлгі Дүйсебек ағамыз, Мұхтар
Бәйменов пен Серікбай Омаров досымыз, аудан бас­

шысы Серік Тілеубаев «Ащыкөлдің» басына үй тігіп, егін
шаруашылығының бір көк вагонын қойып берді. Ыдыс-
аяқ та, көрпе-жастық та су жаңа. Айдалаға тоңазытқыш
та әкелінді. Айтайын дегенім – «Ащыкөлдің» беті толған

сыңқылдаған аққу құс. Қоға-құрақтың арасы – сутышқан.
Қырқадан ассаң болды – мыңғырған киік. Қаратай деген
қайнағам екеуіміз дырылдаған ескі «Москвич» көлігімен
топ киікке барып араласып, суретке түсіреміз. Көзі ба­

данадай жарқыраған киік баласы қандай сұлу! Түн орта­
сына қарай маңырап-жамырап мыңдаған ақбөкен суға
құлағанда, жым-жырт түн ертегінің еліндей күйге көшер
еді. Осы өлкеге енді барсам, емге майын қуыратын

суыр таппай сандаласың. Қойнауы құтқа толған Ұлытау
мен Кішітау, Желдіадыр тандырдай кепкен табиғаттың
музейі тәрізденіп, көңіліңді құлазытады. Бір ғажабы,
қалай қарай жүрсең де, қаптаған зираттарға, қараусыз

қалған молаларға жолыға бересің. Бір қырқаға шыға
келгеніңде, мұржасы сорайған Қарсақбай мыс зауыты,
оның іргесіндегі құлаған үйлер, қалқайған қабырғалар
көзіңе шалынады. Кеше ғана соғыс жүріп өткен өңір

тәрізді сұрықсыз сурет көңіліңе қаяу салады. Елестен
қашқан кісідей, тезірек жолға түсіп, ауылыңа жеткенше
асығасың...
Көтерме жол «Жыңғылдыөзектен» өтіп, біздің

«Қоскөлге» жете бере таусылады да, қара жолдың
сорабы екі айырылып, бірі – зиратқа бұрылады, бірі –
ауылға кіреді. Зиратқа баруға қанша асыққанмен, ауыл­
ды аттап кетуге болмайды. «Итсіз ауыл – қорымдағы»

аналарым, әкелерім, бауырларым жаққа қарап, жүрек
сыздағанмен, дәстүрге бағып, ауылға кіресің. Біздің
түсетініміз – Елубайдың үйі. «Жыңғылдыөзектің»
балығын аулап, ыстап, қалаға өткізіп жүрген кәдімгі

Елубай ғой. Келініміз Ардақ екеуі тапса, тоқты сояды.
Таппаса... Әй, таппаған күні жоқ-ау. Үйелмелі-сүйелмелі
төрт қыз өсіріп отырған Елубай:

– Келіндерің биыл да қыз туды. Мені жұмаққа

барасың деп қуантып қояды, – деп әзілдейді. Екі үлкені

– Айсұлу мен Күнсұлу апасының қыс киесің деп әкелген

жылы киімдерін киіп алып, пысынағанына қарамай,
шарайнаның алдында көлбеңдейді. Жетінші сынып
оқып жүргенімде ағам Жұмағали маған да костюм-
шалбар, табаны падош туфли, тор көз көк ала жібек

көйлек әкеліп, мектеп барар кезге шыдамым жетпей,
мұздай киініп алып, Ембергеннің үйінің тұсынан бұзау
қайырғаным есім де...

Елубай мен Ардақтың күрең бауырсағы пісіп, сама­
урыны божылдағанша:

– Ассалау... – деп Сапар Қайратұлы ағамыз кіріп

келеді. Бұл бұлжымайтын дәстүр. Соятын тоқты-
торымның бар-жоғын түгендейді, отын-суды тексереді.
Кешке электр шамының сөніп қалмауын қадағалап, оған
бір шөлмегін жөнелтеді. Сонсоң барып шәйға отырады.

Еттің наны салынды-ау деген кезде бұрын ауылкеңес
болған құдамыз Доскен де босағадан аттай береді.
Басқа ешкімді біз де іздемейміз. Тұрсын отарда болар.
Нұрила жеңгей терезесін бүркеп алып, үйінде жата­

ды. Жортуылға күн қызуы басылған соң, кешкілік қана
шығады. Жылқы отарын басқарған, кісілігі мол Жандар­
бек ағамыз біздің шаңымыз қыр басынан көрінгеннен-
ақ Елубайдың үйін беке алушы еді. ол кісі бір-ақ күнде

о дүниелік болып кете барды. Іскендір ағамыз да, Мүгір
ағамыз бен Мейрам ағамыз да әлдеқашан аттанып
кеткен. Біздің қатарымыздан ауылда қалған Иманбек
пен Алпамыс мен келді деп естісімен, «аң қарауға»

жөнеледі. Артық кісі күтіп неғылсын...
Айтпақшы, сол шалдардың көзін көрген, тәрбиесін
алған Құлжанбай деген ініміз Сапармен ілесе келіп,
отын жарып, мал сойып, шаруаны үйіре жөнелетіні бар.

Ішің жылып қалады. Осындай бір тәуір балалар Әпек
ағамыздың үйінде де бар. Аттары да қызық: Тәуекел,
Келсеңкел, Алыпкел, Ұмтыл, Вперед. Тәуекел бізбен
қатар. Впередті де қатар-құрбысы «Пеке» дейтін бо­

лыпты. Әпекеңнің балалары сабаққа онша алғыр бола
қоймапты. Жазда, оқуға түсу науқаны басталған шақта,
Әпек те бір баласын жетектеп, қалаға жүрейін деп
тұрса, ауылдастары:

– Осы балаң оқуға түсіп не жарытады, Әпеке? –

деп қажапты.
Сонда Әпек:

– Балам оқуға түспейтінін өзім де білем. Әншейін,

Әпек те баласын оқуға апара жатыр екен деген сөз
шықсын дегенім ғой, – дейтін көрінеді.

Сол баласы Тәуекел ақыры институт бітіріп, біраз жыл осындағы мектептің де директоры болды. ...Елубайдың үйінде қона жатып, зиратқа шұбырып барып, әке-шеше, ағайын-туысқа аят бағыштап, мауқымыз басылған соң жайлау іздей бастаймыз. Қоскөлдің басындағы әйелдер жалқаулыққа үйренген. Бір үй бие байламайды. Сиыр сауатындардың өзі аз. Мейрам көкемнің үйіндегі Жібек жеңгеміз қысы-жазы ашымал ұстаушы еді, енді, міне, Мекең де, Жікең де бұл пәниде жоқ. Жалғыз інгенін сауып отыратын Ахат ағаға сәлем беріп, шұбатын қотарып кетуші едік, ол үйде Жезқазғанға қоныс аударғалы неше жыл болды. Обалы нешік, құмның іші толған жеке шаруалар. Қайсысының қай өзекті сағалап отырғанын кісі біліп болмайды. Кешегі мұғалімдер, кешегі дәрігерлер, кешегі шопыртракторшылар бес-он қойын айдап, малшы боп кет­ кен. Бәрінің байығысы келеді. Алла соларға оң көзбен қараса екен, тоқтысы егіз туса екен деп тілейсің. Бай­ ып жатқандары да жоқ емес. Соның бірі – менің туған жиенім Қуанышбай Досжанов. Апам Қалия қайратты, қажырлы, көргенді кісі еді. Ақбоз үйді қосарлап тігіп, үйірлеп бие байлап, күмпілдетіп саба пісіп, мейман кел­ се екен деп елеңдеп отыратын. Ол жылдары Көбейсін, Шымболат, Мұхтар бәріміз сол ауылдан жиі табылу­ шы едік. Апам түйе қарап кеткеннен бері, жиеніміз жөн таба алмай қалды. Қойдың саны мыңнан асып, мінетін көлігі көбейген сайын Қуанжан дәулетін айтып мақтанатын, жер-көкке сыймайтын болды. Бұрын менің «Жезкеме» деген өлеңімді әнмен айтып қарсы алушы еді, қазір сөзінен жаңылысатынды шығарыпты. Жаңа кітаптарымды да оқымайтын тәрізді. Содан ба екен, мен де ол ауылға ат ізін салмай жүрмін. Ең шырайлы ауыл – «Ұзынсордағы» Ғалымның ауылы. Жандарбек көкемнің түтінін түтетіп отырған Мәруа жеңгеміз аударылып-төңкеріліп әзер жүрсе де, ұлдарын шаруаға жегіп қойған. Кешегі мың жылқының жұрнағы әлі де берекелі. Табыс та бар, мақсат та мол. Жасы қырыққа келген де Нұрперзент атты ұл

сүйген Ғалым ініміз соңғы жылдары көшелі кісілік тау­
ып келеді. Барсаң, құлын сойып қарсы алады. Биенің
сүтіне шомылдырады. Қысқы соғымыңа да ен салды­
рып жібереді.

– Шіркін, ауылым-ай! – деп, Темірхан Медетбек

айтпақшы, алшаң-алшаң басасың. Талтайып тұрасың.
Шалқайып жатасың. Аяулы ағаларыңның, жайдары
жеңгелеріңнің сиреп қалғанына жүдеген көңіліңнің
наласы сәл де болса сейіліп, көрген күніңе, кешкен

ғұмырыңа шүкіршілік етесің. Мәруа секілді ескінің көзі
анаңдай аялап, арқаңнан қаққанға марқаясың.

– Әй, қайным! Нұрперзентімнің бір жасқа толғанын

Жезқазғанның ресторанында тойлаймын. Ат шап­
тырамын. Алматы деген мына тұрған жер емес пе,
келін екеуің қалайда келетін болыңдар! – дейді Мәруа
мерейленіп. Келмей қайтушы едік. Жалғыз Мәруа емес,

қалада отырып-ақ үйткен қойдың жамбасын алдыңа
тартатын Айман, Әтір, Күлмәрия, Жібек, Кеңгірбайдың
Күләші секілді балбармақ жеңгелерің, Фатима, Балгүл,
Шынар, Бәйкеңнің Күләні секілді ыспадияр келіндерім

сол баяғы ескі ауылдың сарқытындай болып, көзіңе от­
тай басылып жатса, елге қарай құстай ұшарсың! Туған
жермен қатынаспай қалған азғантай айларда жаның
жабырқап, бір жақсыңды жоғалтқандай, бір қызығың

кем болғандай, елегізу күй кешесің. Хабар күтесің.
Жақсы хабар келсе екен деп Тәңірден тілейсің.
Емберген қарттың қырқы да таянып қалды.
Барайын десем – жер шалғай, Бармайын десең –

ел қандай!..

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ Жетінші сыныпта оқып жүргенімізде бізді ком­ сомол қатарына қабылдау үшін дайындай бастады, жаттамайтын бәлеміз жоқ: Партияның көсемдері, комсомолдың ордендері, футбол командаларының құрамдары... Тбилисидің «Динамосында» кімдер ой­ найды десе, сайрай жөнелеміз: – Месхи, Метревели, Чохели... – «Лениншіл жастың» редакторы кім? – Шерхан Мұртазаев. – ҚЛКЖО Орталық комитетінің бірінші секретарі кім? – Өзбекәлі Жәнібеков! – деп тақ етеміз. Бізге Чо­ хели мен Жәнібековтің айырмасы шамалы. Тек атын білсек болды. Аралдың Қарақұмына сұғынып жатқан «Құлжанбай» ауылында 1963 жылы есімін Сапарғали ағай жаттатқан сол Жәнібеков ағамен ширек ғасырдан соң қоян – қолтық араласамын деп қара домалақ қыр баласы қайдан ойласын. – Орталық Комитеттің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің столының үстінде сенің кітабың жа­ тыр. Маған бір өлеңіңді оқып, қатты мақтады,– деп бастығымыз Сағат Әшімбаев қуанып келді. – Енді жаман болмайсың!– деп Қайрат Жұмағалиев ағам желпініп қояды. Ақындар айтысы өтерде бір, өткен соң бір ЦК-ға шақырып алып, әкеме танытып жіберетін қаһарлы хат­ шы жазған-сызғанымды мақтап жатыр дегенге онша иланыңқырамай жүр едім, наурыз мерекесіне байла­

нысты теледидардан сөйлеген сөзінде менің «Ұлытауға
бардың ба» деген өлеңімнен үзінді оқып, шынымен-ақ
төбемді көкке тигізді.
Бір сенбі күні Өзекең Сағат Әшімбаев екеуімізді

шақырып алып, ұлттық рух, дәстүр мен салт, тіл мен
әдебиет жөнінде ұзақ кеңес құрды. Әртүрлі жиындар­
да, басқосуларда құлақты жауыр еткен қысыр кеңес
емес, елдің, ұрпақтың қамын жеп, болашағын болжаған

кемел ойлар, көреген пікірлер ортаға түсті. Қасаңдау,
қатаңдау көрінетін хатшы осы жолы алысты аңғаратын
ақылгөй аға кейпінде ашылып сөйледі. Арқалықтағы
мәдениет үйінің қабырғаларын өз қолымен бояп –

сырлағанын еске алғанда, бұл кісінің қарапайым бол­
мысы өз топырағымыздан екенін танып, іш тарта түстік.
Айтқан ақылы да, жүктеген тапсырмалары да партия
қайраткерлерінің әдеттегі нұсқауларынан гөрі қанаттас,

пікірлес кісінің қамқор пейілі іспетті еді. Түс әлеті
болғанда:

– Осы екеуіңде үй – күй жоқ па? – деді сөз ауанын

оқыс өзгертіп.

– Неге, Өзеке? Бар болғанда қандай.

– Бар болса, осындай қаға берісте төрлеріңді

көрсетіп, хатшыға үйлеріңнен шай бермейсіндер ме?
Ал, қайсыларыңның үйіңнен түстік ішеміз?
Сағат екеуіміз басымызды ала қаштық. Біздің
түсінігімізде хатшыға үй көрсету үшін шабылып дай­

ындалу керек. Аста-төк дастархан жайылу керек қой.
Сағат Медеуге барар жолда бой көтерген бір әдемі
үйге қызығып жүргенін, ол үйдің көше жақ бетіндегі
қабырғасында тұлпар бейнесі ойып қашалғанын сөз етіп,

сондай бір оңаша үйде ғұмыр кешуден артық бақыт бол­
майтынын айтып, қиялдың қанатына ілесіп кетті. Оның
қиялының келісті болғаны соншалық, үшеуіміз Орталық
Комитеттен жедел шығып, әлгі Сағат айтқан әсем үйді

көруге бардық. Әрине, осы күнгі байшыкештердің сал­
танатты сарайларының көлеңкесі іспетті сол үйге қарап
тұрып, талай қияли әңгіме айттық.

– Өзеке, сіздің де үй-күйіңіз жоқ па? – деп қалжыңдадым хатшыға бойым үйрене бастаған мен. – Неге жоқ? – Әлгі түстік мәселесін сол жерде неге шешпейміз дегенім ғой... – Бір де бір! – деді Өзекең... Өзімнің маңайымдағы адамдарға орынды-орынсыз көп айтылатын қалжыңдарымның бірін хатшыға осы­ лай «өткізіп» алған соң, оны жиілете бастағанымнан шошынған Сағат марқұмның бірде «соңғы шара» қолданғаны есімде қалыпты. Әріптесіміз Төлеубай Қаймолдиновтың бір баласы үйленіп, тойы «Қазақстан» қонақ үйінің астындағы қызыл залда өтті. Мен тойдың орта кезіне дейін қатысып, одан соң Өзбекәлі Жәнібековпен бірге сапарға аттанып кетуім керек еді. Мені шығарып салып тұрған Сағат: – Бақытжамал, мына күйеуіңе айтшы, хатшы­ мен жездесіндей әзілдескенді қойсын. Осының қалжыңдарынан менің зәрем ұшады,– дегені бар. Дос пейілмен айтылған бұл кеңесті ескертуге ант-су іштім де, сол сәтінде-ақ ол уәдемді ұмытып кеттім. Өз-ағаның өзімсініп, іштартқан бір ауыз сөзі менің ол кісіден қатер тоспауыма себеп болып жүр еді. Сенбі күнгі бір оңаша әңгімеден соң: – Көлігің жоқ шығар. Жұмысыңа апарып тастай­ ын ба?– деді. Орталық Комитеттің терезесінен көрініп тұрған өз кеңсеме жаяу барып үйренген маған көліктің қажеті не? – О не дегеніңіз, Өзеке. Өзім жетем ғой. – Қой, апарып салайын. Жүр. Мен «Волганың» алдыңғы орындығына отыр­ дым. Хатшының шофері мені Тимирязев кешесінің Желтоқсанмен қиылысында түсіріп кеткісі келгенін аңғарған Өзекең: – Телестудияның есігінің алдына дейін алып бар!– деп пәрмен берді. – Әуре болмасын, өзім-ақ басқышпен көтеріле са­ ламын ғой,– дей беріп едім: – Тыныш отыр! – деді Өзекең. – Көрсін сені хатшының өзі әкеліп түсіргенін...

Жүйіткіген машина зыр етіп жоғары көтерілді.
Есіктің алдында жүрген екі – үш орыстан басқа ешкім
көзге шалынбады.

– Мыналардан басқа ешкім бізді көрмейтін болды-

ау, – деп жымиды Өзағаң.

– Ойбай, Өзеке, осы үшеуінің көргені үш жүзге жай­

ылады. Жетіп жатыр осы.

– Ендеше, бар жұмысыңа.

Мәшинеден түсе беріп, көз қиығымды салсам, не жүзінде, не жанарында күлкінің ізі жоқ. Осы сәтті кейін сан рет көз алдымнан өткіздім. Бұл не – қалжың ба? Қалжың болса, қамқор пейілден, мейірбан көңілден шыққан қандай әдемі қалжың: қатардағы қаратабан журналисті Орталық Комитеттің хатшысы жұмысына әкеліп тастап жатыр! Тағы бір жолы кабинетіне шақырып алып, Ұлытау өңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер туралы әңгіме айта бастады да, кілт сөзін доғарып: – Айтқанымды неге жазып отырмайсың? – деп шүйліге сұрады. – Өзеке, мен өзім Ұлытаулықпын ғой. Сіз айтып отырған кесенелердің бәрін шарлап шыққанмын. – Хатшы жазып отыр десе, жазып отыру керек! Одан да қаламым жоқ еді деп, шыныңды айтпаймысың! Мә, мына қаламды ал. Қызыл сиялы қаламмен жазылған сол деректер менде әлі сақтаулы тұр. Арқадағы көне дәуір жәдігерлері туралы соншалық білгірлікпен айтылған әңгіме та­ рих докторының, архитектура докторының тұтас академиялық дәрісі тәрізді: қай ескерткіш қай дәуірдің мұрасы, қай ескерткіш қай кеңшардың аумағында тұр, оның өлшемдері қандай? Өзекең осындай көп деректі басында сақтай беруші еді. – Сен адамдарың мен асай-мүсейлеріңді алып, дүйсенбі күні Жезқазғанның самолетіне шық. Бірге ба­ рып қайтамыз, – деді сөз соңында. – Әлгі мен айтқан ескерткіштің бәрін киноға түсіресің.

Айтқан күні айтқан жерінен табылдық. Кешігіп
ұшатын ұшақтың ішінде дағдарып көп отырдық.
Сөйтсек, Өзекең Саяси Бюроның мәжілісінде кідіріп
қалған екен. Әлден уақытта аспанға көтерілдік. Өзекең

алдыңғы қатарда, облыс басшыларымен бірге, біз –
соңғы салондамыз.
Хатшының көмекшісі Сансызбайға:

– Біздің де осы самолетте келе жатқанымызды

Өзекеңе айтып қой, – десем, сыралғы болған көмекші:

– Бюрода біріншімен шайнасып қалып ашулы келе

жатыр. Айта алмаймын! – деп басын ала қашады. Ал
мен хабарымды білдіруім керек. Түскен соң қайда ба­
рамыз? Қай жаққа, қашан жүреміз?
Сансызбайдың септігі тимеген соң, алдыңғы

салонға өзім барып, Өзекеңнің желке тұсына еңкейіп:

– Өзеке, мен де келе жатырмын, – деп сыбыр еттім.

– Келе жатсаң не ғыл дейсің. Отыр орныңа! – деп

дүңк ете қалды.
Жезқазғанға жеткен соң, ағайын – туысымыздың
үйіне қонып, таңертең хатшы түскен резиденцияға кел­
сем, Өзекең орналасқан бөлменің есігі шалқасынан

ашық. Обкомның идеология жөніндегі хатшысы Сы­
рым Сапарғалиев ортада кінәлі баладай түрегеп тұр.
Жәнібековтың өзі көрінбесе де, ашулы дауысы естіледі.
Кешегі қаһары басылмаған тәрізді, Сырымды жерден

алып, жерге салып жатыр. Сыртта облыстың әртүрлі
деңгейдегі басшылары жол жүруге әзірленіп тұрғанын
көргенбіз. Бір тобы Ұлытау жағына, екінші тобы
Жетіқоңыр – Сарысу бойына аттанбақ. Біздің қай топқа

қосылатынымызды ешкім білмейді. Қаһарлы хатшының
дауылы бір толас тапқан кезде есіктен басымды сұғып
едім:

– Кел, әй! Шай іштің бе? – деді Өзекең.

– Елдің іші ғой, жүрек жалғадық...

– Сен Ұлытаудан әрі асып, Арғанатының ішіне

кіресің. Сырғанақтастағы балбал тастарды киноға түсір!

– деді әмірлі дауыспен.

– Сіз ше?

– Менде нең бар? Мен Теректі әулие, Алашахан,

Жошыхан кесенелерін аралап қайтам. Телестудиядан
машина аласың да, қазір жүріп кетесің.

– Мен Арғанатыға бармаймын! – деп кесіп айтқан

маған обкомның хатшысы үрке қарады.

– Неге бармайсың? – деп Өзекең де таңданып

қалды.

– Ұлытау мен Арғанатыны көрмей жүрмін бе? Бұл

жолы Сіздің әміріңізбен келдім. Сізбен бірге жүрсем,
шаруам да оңға басып, тапсырмам да ойдағыдай орын­
далады. Өз бетімше кетсем, мені Ұлытаудың басшыла­
ры көзіне де ілмес. Қасымдағы орыстар аштан өлер!

Өзекең мырс ете қалды да, Сапарғалиевқа қарап:

– Мына поэтқа кеспе алдыр! – деп әмір берді.

Сапарғалиев асыға басып шығып кеткен соң:

– Мынау бір сауатсыз хатшы екен. Әй бірдеңе ішесің

бе? Туыстарыңа келіп түнімен сілтеген шығарсың? –
деп жүзін жылытты. Дауысында да зіл азайыпты.

– Қайдағы ішкен, Өзеке? Кешеден бері сіздің

қабағыңызға қарап, қалтырап жүрміз.

– Менің қабағымды қайтесің, берсе көжесін ішіп ал. Мен кеспені тауысқанша ол барлық жоспар­ ды өзгертті. Сөзге тоқтады Алашахан, Жошыханды қойып, Арғанатыға бізді өзі бастап баратын болды Көп кешікпей, шұбатылған көп көлікпен Ұлытауға қарай жолға шықтық. Облыстық телестудияның ескі көлігіне асай – мүсейімізді тиеп, соңдарынан ілескен біз кейін қалып қойдық. Орталық Комитеттің хатшысы мен облыс шенеуніктері мінген жүрдек «Волгалар» лезде көзден таса болды... Сәтбаев қаласына таяу қырқаның басында бәрі иіріліп тұр екен – Әй, сен неге ілесіп отырмайсың? – деп маған дұрсе қоя берді – Қайдан ілесем? Телестудияның жаман «Москвичімен» тайға мінгендей тепеңдеп келе жатыр­ мын. Өзекең қарқылдап күліп жіберді:

– Тайға мінгендей тепендеп дейсің бе. Әлгі

Қожамсейітов қайда?
Мынаған біреуі дұрыс машинасын түсіп берсін!
Облыстық атқару комитеті төрағасының орын­
басары, ертеде өзіме ұстаздық еткен журналист ағам

Сағындық Қожамсейітов бұл топта жоқ екен. Сөйтсек
Өзекең мемлекет қарауына алған тарихи – мәдени
ескерткіштер тізімін сұрапты да, ол тізімнің жалғыз да­
насы Сағындықтың үйінде ғана бар болып, соны тауып

алып келуге Сәкең кері оралған көрінеді. Ол келген­
ше Рудник кенішіндегі тарихи ескерткшітерді қалпына
келтіру шеберханасын көрейін десе, ол шеберхананың
қайда екенін облыс басшыларының бір де бірі

білмейтін болып шықты. Білетін жалғыз Қожамсейітов
тізімді іздеп, Жезқазғанға қайтып кеткен. Әлгінде ғана
жадырап, менің көлігімді ауыстырып берген Өзекең
қайтадан қабағын қарс жауып алып, қаһарланып кетті.

Дауыл да тұрды, найзағай ойнап, күн күркіреді. Неше
түрлі ызғарлы сөздер аспаннан бұршақтай жауды.
Екі иіні түсіп кеткен обком хатшысына қарасаң, өзің
де жылағың келеді. Арқаның төсіне тарих өзі орна­

тып қойған ескерткіштерді қалпына келтіретін жалғыз
шеберхананың қайда екенін білмеу деген не сұмдық?!
Мәдени жәдігерге деген көзқарасың мынау болса,
облыстың идеология жұмысы су түбіне кеткен екен ғой.

Әй, сенің өзің...
Өлдік дегенде Қожамсейітов те келіп жетті – ау...
Жолға шықтық. Шұбаған шенеуніктерді Ұлытаудың
күре жолына салып жіберіп, өзі ауаткомның «Уазигіне»

ауысып мініп, қасына мені алды да Жездінің іргесіндегі
«Аяққамыр» кешеніне бұрылды. Тоғыз ғасыр құламай
тұрған кесененің тарихын біраз сөз етті. Осындай
ескерткіштерді

қалпына
келтіретін
шеберхананың
есігінен бас сұкпаған шенеуніктерге неге ренжігенін ай­

тып, аса қатқыл сөздерінің соңын жуып-шайғандай рай
танытты.

«Аяққамырдан» өзен жағалап барып, талдың ара­
сымен арғы бетке өтіп күре жолға төтелей қосылатын
ескі сүрлеу бар екен. Өзеннен өте бергенде екі аяқты
мотоциклге бала мінгестірген біреу көлденеңдей берді.

– Ойбай – ау, менің қайнағам ғой, – деп еріксіз да­

уыстап жіберіппін.

– Келіннің ағасы ма? – деп сұрады Өзекең.

– Иә, жалғыз ағасы Қабден ғой.

– Ендеше, тоқтайық. Амандас.

Қабекең бір тайыншасын жоғалтып, соны тал
мен шидің арасын қағып іздеп жүр екен. Өзекеңмен
таныстырып тұрсам, жоғалған тайыншасының ен –
таңбасын, түсін айтып, Алматыдан келген кісілерден :

– Анау зираттың көлеңкесінен көздеріңе түспеді

ме? – деп шаруасын түгендейді.
Былай шыққан соң Өзекең:

– Әлгі қазақ шынымен сенің туған қайнағаң ба?–

деп сұрады.

– Туған болғанда, бары да, нары да осы!

– Онда неге үйге жүр, шай ішіп кет деп шалғайымызға

оралмайды?

–Үзеке-ау, ЦК-ның хатшысы түгіл, ауданның хат­

шысын да түстеп танымайтын Қабекең сізді қалай
үйіне шақырсын. Ол түгілі, Әшімбаев екеуіміздің сізді
шақыруға шамамыз келмей жүр. Одан да, машинаның
алдында отырсыз ғой, әлгі тайыншасы түскірді қарай

отырыңыз. Оң құлағында ойық таңбасы бар деген жоқ
па. Үрпісінде пішпеден қалған ақ қылшық бар дейді.

– Жоғалшы әрі! – деді Өзекең зілсіз.

Шұбырған шенеуніктерге қайта қосылып, Кенеса­
ры қарауылының тұсында сусын ішкен соң, Ұлытаудан
әрі асып кеттік. Арғанаты тауларына сұғына бере, жер
ауырлады. Сай сала, ойпаңның бәрі – саз. Саздың бәрі

– бауырмал. Жібергісі жоқ. Сондай бір иірілген тұста

Өзекең шұғыл шешім қабылдап, шенеуніктің бәрі осы
жерде тосатын болды. Ауаткомның уазигімен Өзекең,

мен, кинооператор және ауданның орынбасар бастығы төртеуіміз «Сырғанақтасқа» жүріп кеттік. Езілген ескі жолмен ұзақ ырғаңдадық. Шөлдедік. Машинаның Өзекең отырған алдыңғы орындығының арқалығында біраз шампанның басы ағараңдап, мені алаңдата береді. Орынбасардың аяғының астындағы қағаз қорапта да бірдеңе бар секілді, – Өзеке, «Сырғанақтасқа» сау жетеміз десек, аял­ дап алайық. Таңдай жібітіп алмасақ, шөл қинайтын түрі бар, – деймін екіұштылау ұсынысымды желке тұсынан қылтитып. – Тыныш отыр. Бәрібір тостаған жоқ. Сыйпалақтап іздесек, шынында бұл көліктің ішінде адал ыдыс жоқ екен. Соның бәрін бұл кісі қайдан біледі? Енді өлдік-ау дегенде «Сырғанақтасқа» да жеттік. Қырдың басынан біреу құйрығымен төмен сырғанағандай, соның ізі тасқа айналған. Жалтырап жатыр. Балбал тастың біреуі ғана қалыпты. – Мен Торғайда жүргенде осы балбалдар көп еді, – дейді Өзекең. Әркім тасып кеткен ғой. Өз тарихымызды өзіміз тонап жатырмыз. Мәдениеттегі дүмшелер – ең қатерлі жау. Күйінген, ызаланған Өзбекәлі ағаның шарасыз қалпы әлі күнге көз алдымда. Қазақстан мәдениетін басқарған азаматтардың арасында Темірбек Жүргенов пен Ілияс Омаровтың даңқы мен дақпырты басылмай келе жатыр. Олардан кейін алашқа атағы жайылып, ұлттық деңгейдегі көсемге айналған тұлға осы Өзбекәлі Жәнібеков қана. Әйтпесе, мәдениет министрінің орынтағына отырған қай қазақ қауымның есінде қалып жатыр. Келеді-кетеді. Тындырғаны шамалы. Ұлттық масштабта мазаланып, халық тағдырының қамын жеп, ой кешпесе, осы бір сықырлаған ескі машинамен саз кеше отырып, сай жағалап Арғанатыға келіп, ашық аспан астындағы музей жасау туралы қиялын бізге ба­ яндар ма еді. Қайран асыл ағаның қанша аяулы арманы

өзімен бірге өшіп кетті! Хатшының да шарасы шектеулі
екенін көзімізбен көрдік.
«Сырғанақтастан» кештетіп кері оралсақ, сайда
иіріліп қалған шенеуніктер бір жотаға шығып алып­

ты. Өздерін әбден маса талап тастапты. Бұлардың
қоржынында дәм жағы мен тостаған жағы мол екен
де, күллі сұйық біздің көлікте кеткен көрінеді. Көрген
күндері күн емес.

Осыны тез аңғарған Өзекең:

– Ей, поэт, манағы сусындарды әкел, – деді маған.

– Бұлардың тостағандары қаңсып қалыпты ғой.

Жусан исі бұрқыраған қырдың басында жұлдызды
шарапты шалқалап тартатын кезде менің Сағындық
ағамнан ши шықты:

– Өзеке, менің денсаулығым нашар. Бұған әуестігім

жоқ еді, – деп безек қақты.

– Денсаулығың нашар болса, қызметтен өз

еркіңмен сұранып кету керек, – Өзағаң бір-ақ кесті.
Әзілі ме, шыны ма – белгісіз. Облатком төрағасының
орынбасары қызметіне енді ғана ілінген Сағындық ағай
бір тостақ коньякты қиналып әрең ішті. Қожамсейітовке

тағы құйыңдар, – деді Өзекең. Денсаулығы жаман емес
көрінеді!
Сәкеңнің түрі бұзылып кетті. Өмірі ащы татпаған
адамға екінші тостақ азаптың ең ауыры болып көрінсе

керек. Орталық комитеттің хатшысы бұйырып тұрған
соң, ішпей көр! Денсаулығың жарамаса – қызметті бо­
сат деп тұрғаны анау...

– Өзеке, бұл менің ұстазым еді. Осы жолғы

сыбағасын мен-ақ тартып жіберейінші,– деп киліге
кеттім.

– Әй, сенің шөлің әлі қанған жоқ па! Іш ендеше

ағаңның ішірткісін,– деп Өзекең жұмсақ жымиды.
Туған жерімнің төсінде, Өзағаңның рұқсатын алып
тұрған соң, танымайтын ас емес, тайынатын не бар...
Ұлытауға таянғанда бір жол оңға айырылады да,

Амангелді кеңшарының орталығы Сарлық ауылы­
на алып келеді. Бұл – Баубек Бұлқышевтың, Камал
Смайыловтың атамекені. Сол ауылдағы рабкооптың
бастығы – менің жалғыз бажам Қази Айтжанов.

Жайшылықта менің келген-кеткенімді мерекеге айнал­
дыратын Қазекең, хатшыны ертіп, үйіне түсе қалсам,
түйе соятын шығар.

– Сол ауылға қонайық, - деймін Өзекеңе.

– Бажаң бізді күте ала ма?

– Күткенде қандай, Өзеке! Шаруасы бақуат, көңілі

дархан адамдар.
Бұл пәтуәні естіп тұрған обком хатшысы Сы­
рым Сапарғалиев өзге шенеуніктерді ертіп облыс
орталығына қайта беруге рұқсат сұрады. Ертең

облыстық партия конференциясы. Қазақша айтқанда,
сайлау! Өзекең Сырымды босатты. Жүйткіген ма­
шиналар жолдың айрығына да келіп қалдық. Батар
күннің астында екі «Уаз» тұр. Тани кеттім. Амангелді

кеңшарының екі бастығы. Директоры – Жақыпбек,
парткомы – Жақия. Капоттың үстіне жайылған газеттің
үстінен қойдың басы мен бірер жілігі көзге шалынады.
Хатшыға жол үстінде дәм татқызып жібермекші ғой.

– Сендер мына газет дастархандарыңды жинаңдар,

– деймін ескі таныстарыма. Өзекең ауылға бұрылатын

болды.

– Ойбай, біз осы жерден күтеміз деп келісіп едік.

Ауылда дайындық жоқ.

– Біз сендердің үйлеріңе түспейміз. Рабкооптың

төрінде шалқиып жатамыз, – дейді әңгіме ауанын тез
аңғарған Өзекең маған белгі беріп.

– Ол кісі үйінде жоқ шығар, – деп Жақыпбек бауы­

рым безек қағады.
Сөз соңы сұйылған соң, «Уаздың» капотын
қоршауға алдық. Құдайдың өзі үлкен хатшыны айдап
алып келіп тұрғанда, ауылға жоламай, айдаладан

аттандырғалы тұрған екі бауырымды атып тастайын
десем – оқ жоқ!

– Мына қойды ет комбинатынан алып келгенсіңдер

ме? – деймін ызаланып.

– Ет комбинатың не? Өзіміз қолдан арнайы сойған

мал. Өзекең дәм ауыз тиіп кетсін деп. Мынау – жамба­
сы...

– Қолдан сойсаңдар, мүшесі түгел болмай ма?

Өзекең қойдың ішек-қарнын ұнатып жейтін еді. Сирағы
қайда?
Өзекеңнің нені ұнатып жейтінін мен қайдан білуші
едім. Әйтеуір, ойдан шықпаған ауыл басшыларын

мұқатып кеткім келіп, айтқан әңгімем ғой.

– Қымыз да әкелмепсіңдер ғой. Тостағандарың да

жоқ...
Ауылдың екі басшысы жердің жарығы болса
кіріп кетуге әзір сияқты. Бірақ Өзбекәлі Жәнібековті
Сарлыққа қарай қия бастырар емес. Ауылдың шекара­

сын жанқиярлықпен қорғап бақты. Күн де ұясына қона
бергенде біз Ұлытауға қарай жүріп кеттік.

– Жаңағы екеуін өлтірдің ғой, – деді Өзекең мәз

болып күліп. Дәл осылай риясыз күлгенін тұңғыш рет
көргенім еді.

– Ет комбинатынан мал әкелдіңдер ме деген дауды

қайдан таптың?
Ертесіне Өзекең облыстық партия конференциясы­
на қатыспақшы болды да, біз Алматыға аттанып кеттік.
Түп-түзу жолдар, сықиған сапарлар есте қалмайды.

Кісінің ұмытпайтыны – оқыс оқиғалар, қиғаш айтылған
сөздер.
Өзбекәлі
Жәнібеков

Жоғарғы
Кеңестің
депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан кандидат
болып ұсынылып, сайлаушылармен кездесуге барды.

Мені де ерте жүрді. Мәдениет министрі Ахметова, Оқу
министрі Шаяхметов, денсаулық министрі Ізмұхамбетов
бірге барды.
Жолға шықпас бұрын, әдеттегідей, Жәнібековтің

жеке «дәрісін» тыңдап, әжептәуір әзірліктен өткем.
Әсіресе, Орда, Сайқын туралы деректерім мол. Бара­
мын да, киноға түсіре беремін...

Оралдан тікұшақпен ұшып шығып, күн бата Ордаға келіп қондық. Қарсы алушылар қонақтарды бөліп әкетіп жатыр. – Сіз және сіздің адамдар біздің үйге бөлінгенсіздер, – деді біреу жеңімнен жұлқып. Ауылдық кеңестің төрағасы екен. Мені қасымдағы екі орысыммен бірге әй-шайға қаратпай ала жөнелді. Ауласы әжептәуір бір қазақы үйге алып келді. Осыдан кейін әлгі төрағаны көргеніміз жоқ. Ақиқатты айтар болсақ, арада он бес жыл өтсе де, әлі күнге көрген емеспін. Бізді әкеліп үйіне түсірді де, жоғалды. Аман болса, жарар еді... Үйде шал бар екен, келін бар екен. Кемпір Орынборға ма, Саратовқа ма, әйтеуір Ресейдің бір қаласына сауда мәселесімен сапарлап кетіпті. Жерге жайылған жүдеу дастарханнан шай іштік. Ет алдымызға келгенде, қасымдағы екі әріптесімнен қысылып, қорланып қалдым: қыстан қалған сиырдың қақпыш етінен жайсыз иіс шыгып тұр екен. Келін мойнынан қысып ұстап әкелген қисық арақ та жексұрын болып көрінді... Таңертең аулаға шықсақ, шал мал жайлап жүр екен. – Биыл қыс жайлы болды, малымыз күйлі шықты, – деп қой қорасына ертіп апарды. Шынында да, құйрығы теңкиген біраз қойдың шаруасы бізден тәуір ме дедім. Жәнібеков орналасқан қонақүйді тез тауып алдым. Министрлер есік алдында қыдырыстап жүр екен. Ішке кірсем, Өзекең ұзын үстелдің басында кеспе ішіп отыр. – Хал қалай? – деп аңтарыла қарады. – Хал нашар. – Не болды? – Бұл ауыл хатшысын сыйлағанмен, атшысын сый­ ламайды екен... – Әй, өзің далаға түнегеннен саумысың? Кел, оты­ рып кеспе ішші. Кеспені ішіп болғанша, кешеден көрген жайларды баян еттім. Хабарсыз кеткен төраға, қақпыш ет, құйрығы төңкерілген семіз қойлар... Өзекең ауданның бірінші хатшысы Бірманов дегенді шақырып алып, сыбағасын мол ғып беріп жіберді. Тысқа шықсақ, күн дауылдатып тұр екен. Кинооператорды

ертіп алып, Ордадағы тарихи ескерткіштерді түсіруге
өзі кірісіп кетті. Хатшы емес, режиссер тәрізді.

– Былай түсір! – деп бұйырады. Отырады, қисаяды,

жүрелейді.
Жақындап,
бірдеңе
демекші

болған
мәдениет министрін қаңғытып жіберді. Маңына кісі
жуып болар емес. Кешеден бері хатшыға еркін сөйлеп,
қалжың айтып жүрген Шайсұлтан Шаяхметов те шай

ішуге кетті. Бір пәленің менен шыққанын сезді ме, об­
латком төрағасы Владимир Гартман қасыма келіп:

– Бұл кісі неге ашуланып жүр? – деп қазақша сауал

берді.

– Оны ана Бірманов деген хатшыңыз біледі! – деп

мен де теріс айналдым.
Тарихқа
тұнып
тұрған

Ордада
Өзбекәлі
Жәнібековтың тікелей басшылығымен түсірілген осы
телехабар «Қазақстан» телеарнасының қорында әлі

күнге сақтаулы болса керек...
Оралға қайтып келген соң, обкомның бірінші хат­
шысы Нәжімеден Есқалиев берген үлкен қонағасыда
да қабағы ашылмады.

– Әй, поэт, алдың ба? – дейтін бір ауыз сөзіне зар

болдық. «Жайсыз үйде қонғанымызды неменесіне айта
қойдым екен» деп әлі күнге дейін өкінемін. Болар іс
болды...
Өзекеңді соңғы рет Әуезов театрының сахнасында

көрдім. Мырзатай аға Жолдасбековтың 60 жылдығында
сөз сөйледі. Таяққа сүйеніп, ентігіп, әрең тұр еді. Ер
арыса – аруақ. Сырқаттың әбден жеңген шағы екен.
Үзеңгілес інісіне пейілін білдіруге барған ағаның жүдеу

кейпін көріп, өткен-кеткен ойға түсіп, мен де мүжіліп
қалдым.

– Тбилисидің «Динамосы»?

– Месхи, Метревели, Чохели...

– ҚЛКЖО-ның бірінші секретары?

– Өзбекәлі Жәнібеков!..

Қамшының сабындай қысқа ғұмыр таусыншақ күнге
келіп қалған екен-ау.

Биылғы көктемге салым Түркістаннан академик
Рахманқұл Бердібаев ағамыз телефон шалды:

– Бұл анық сенсің бе? Сені телефонмен іздегеніме

бір жұма болды. Ұстатпайсың. Осы сен Өзбекәлі ағаңды
ұмыттың ба?

– Неге ұмытайын? Былтыр Арыстанбабқа арнайы

барып, басына тәу етіп, Өзекеңе құран бағыштадым.
Өзекеңді ұмытсақ, кім болғанымыз?

– Бәсе, сен ұмытпасаң керек еді. Сені тәуір көруші

еді ғой. Жұмыс бабында ұрысса, көңіліңе алып жүрме.
Биыл Өзбекәлінің туғанына 75 жыл толады. Басқасын
былай қойғанда, айтыстың аяғынан тұрып кетуіне де аз
үлес қосқан жоқ қой. Сол ағаңа арнап бір айтыс өткіз,

қарағым!

– Демеуші болатын кім бар?

– Демеушіні өзің тап. Бізден қуат кетті. Өз қолың өз

аузыңа жетті ғой. Өзбекәліні ұмытпа! Ұмытылатын кісі
емес қой...
Телефон дың-дың, дың-дың деп тұр екен. Менің
басым да дың-дың.

Өзім демеушілікке тартып, әбден мазасын алып
бітірген Амангелді Ермегияев пен Өмірзақ Сәрсеновтың
алдына барып тағы бір рет жүгінуге тура келеді.
Өзбекәлі Жәнібеков ұмытылатын кісі емес қой!

АЛАШТЫҢ АЗАМАТЫ Ұлт көсемдері ретінде ұлықталған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғалардың қай-қайсысы болса да туған халқының арман-аңсарын, мұң-мұқтажын баспасөз бетінде айшықтап айта білген көсемсөзшілер еді. Серкесөздің қуат-қарымын қапысыз пайдаланған қайраткерлердің санаты олардан кейін де толыға түсті. Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлин де, Ілияс Жансүгіров пен Ғабит Мүсірепов те тасқа басылған сөздің құдіретін ел мұратына жұмсау жолын­ да көп қажыр танытқаны белгілі. Осы игі дәстүрдің ізін суытпаған Баубек Бұлқышевтың, Әнуар Әлімжановтың, Сейдахмет Бердіқұловтың, Шерхан Мұртазаның, Әбіш Кекілбаевтың, Нұрмахан Оразбековтың көсемсөз үрдістері әрқайсысы өзінше бір мектеп. Соңғы шоғырдың бел ортасынан ойып орын алатын Камал Смайыловтың жөн-жосығы да мүлдем басқа, алаш көсемсөздерінің ізін басқан осы шоқ жұлдыздардың айбарлы тұлғасы ұлттың рухани көшінің алдыңғы легінен табылса, бүгінде жасы 70-ке толып отырған К.Смайыловтың болмыс-бітімі де арнайы сөз етуге әбден лайық. Бір ғажабы, Камал Смайылов жарты ғасырдан астам жемісті жылдар бойы қаламын қолынан шығармай келе жатқан бейнетқор кісі. Және оның жазбаларын елдегі қарапайым оқырман да, Елбасы да қадағалап оқудан жаңылған емес. Өткен жылғы 29 тамыз күні «Егемен Қазақстанның» тұтас бетінде «Тәуелсіздік толғауы» айдарымен Камал Сейітжанұлының «1996 жыл» атты

мақаласы жарияланды. Автор өз туындысымен енді
танысып болып, осындай да қаламгер басынан өтетін
қанағат-қуаныш күйін кешіп отырғанда, телефон сыл­
дыр ете түсті.

– Сіз Смайыловсыз ба? Сізбен қазір Назарбаев

сөйлеседі, – деді бейтаныс ресми дауыс. Іле-шала Ел­
басы Н.Назарбаевтың таныс дауысы естілді:

– Кәмеке, сәлеметсіз бе? Өзіңіз білесіз, бүгін Ал­

матыда ядролық қаруға қарсы Халықаралық конферен­
ция болып жатыр. Халық көп келді. Уақыт тығыз. Сон­
да да болса, таңертең «Егемен Қазақстаннан» сіздің
мақалаңызды көріп, оқып шықтым. Дұрыс жазылған

екен. Соны білдірейін деп телефон шалып отырмын, –
деді Елбасы.

– Одан басқа не айтты? – деймін сол күні телефон

шалып, қуанышын бөліскен Камал ағаға.

– Одан әрі қысқаша ғана қазіргі экономикалық

жағдайды әңгімеге арқау етті. Биыл егіннің бітік
шыққанын, мал басының көбейгенін, өндіріс өнімінің 10
пайыз көтерілгенін сөз қылды. Менде осы мәселелерге
қатысты өз пікірімді айттым.

Сөйткен Елбасының Камал Смайыловты таяуда
қабылдағалы жатқанын екі күн бұрын естідім.
Ағамыздың 70 жылдық мерейтойының алдында
тықыршып жүрген біз мұны жақсы ырымға жорыдық.

Ағамыздың өз басы үшін ештеңе сұрай қоймасын анық
болжай тұрсам да, Астанаға жүрер алдында мен біраз
«ақыл» беріп қалдым:

–Елбасы екінің бірін қабылдай бермейді, – деймін

ғой баяғы. – Мерейтойыңыз да күнде болып жатқан
жоқ. Жоқ-жітік жағдайымыз мәлім. Құлаққағыс жасап
өтсеңіз жарап жатыр ғой. Тым болмаса, өзіңізді онша
қадірлеп жаратпайтын туған ауданыңыздың әкімшілігіне

қозғау салатын бір ыңғайы келіп жатса, тартыншақтай
көрмеңіз!
Қайдағы?! Астанадан, Елбасының қабылдауынан
оралған Кәмекең:

– Теледидардағы қазақ хабарларының көлемін

50 пайызға жеткізу үшін сол хабарларды дайындап,
тәуелсіз арналарға ұсынып отыратын бір орталық ашу
қажет деп ұсыныс жасадым, – дейді.

– Түсіргелі жатқан «Көшпенділер» фильмінің

шығармашылық құрамына Андрей Кончаловскийді
қосқан жөн болар еді. Қазаққа күйеулігі бар, тұрмыс-
тіршілігімізден де хабардар ғой деп айттым, – дейді.
Күйесің бе, күймейсің бе? Әрине, күймейсің. Өйткені,

қырық жыл атқа мініп келген Камал Смайыловтың бүкіл
адамгершілік болмысын, азаматтық тұлғасын білмейтін
кісі ғана одан басқаша мінез тосар еді. Өзінің қарақан
басының қамын қоғам мүддесінен жоғары қойса, оның

қаймана қазақтан айырмашылығы қайсы?
«Қазақфильм»
дәуірлеп
тұрған

шақта
киностудияның
директоры,
республикалық

басылымдардың бас редакторы болғанын былай
қойғанда, екі рет министрлік қызметке тағайындалған.
Орталық Комитеттің Мәдениет бөлімін басқарған, үш
рет жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланған Камал

Смайылов, профессор Камал Смайылов үш бөлмелі
жұпыны ғана пәтерде қоңыртөбел тіршілік кешіп жатса,
жұмысқа да, басқа шаруасына да жаяу-жалпы қатынап,
бәтеңкесін тоздырып жүрсе, соның бәрі біреуге

әпенділік болып көрінетін әлгіндей кісілік пен кішіліктің
арқасы. Жалғыз Смайылов қана емес, оның 70 жылдық
мерейтойын өткізуден, ат-шапаннан басын ала қашқан,
өзіне келген сыйлықтар түгілі, еңбегімен жеңіп алған

Мемлекеттік сыйлығын да балалар үйіне аударған жан
досы, академик Төрегелді Шарманов та бүкіл ғұмырын
осындай адалдық жолына арнаған адам. Бұл екеуіне
әлгіндей «ақыл айту» – бос әурешілік.

Басқасы басқа, қырық жыл Алматыда құдіретті
қызметтер атқара отырып, өзінің Ұлытау ауданынан бір
баланың оқуға түсуіне қол ұшын созбаған Кәмекеңнің
«қазақшылығынан» елдестері әлдеқашан күдер үзген.

Бұл кісінің ауылдастарының арасынан «шарапатын»
алғаш көрген мен ғанамын.

Соны айтайыншы.
жылы
өлеңдер
кітабым

Республика
Комсомолының сыйлығына ұсынылып, бюродан жеке-
дара өте шықты.

– Орталық Комитеттің Мәдениет бөлімі бекітсе

болды, тойлай беруіңе болады, – деді бірінші хатшы.
Мәдениет бөлімінің меңгерушісі – К.Смайылов.
Шынында да лауреат болуға екі-үш күн қалғанымда,
Камал Сейітжанұлы телефон шалды:

– Сен осы бір кітабыңа Мұқағали Мақатаев

атындағы сыйлықты алыпсың ғой, Комсомолдың
сыйлығы содан артық деймісің? Мен сені лауреат
болатындардың тізімінен сызғалы жатырмын, – дейді.
Өз қолыңды өзің кесесің бе – қоя салдық. Мен

бұл кісімен соңғы жиырма шақты жылдың ар жақ, бер
жағында аралас-құралас болып келе жатырмын.
1980 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебіне
оқуға түскенімде, Жезқазғаннан жанұямды бірге ала

келдім. Жезқазған теледидарында жеті-сегіз жыл
диктор болып еңбек еткен жолдасым Бақытжамалға
ыңғайлы кәсіп табыла қоймай, қиналып жүргенімізде,
Қазақ республикалық теледидары директордың бос

орнына конкурс жариялап жатқанын құлағымыз шал­
ды, Шалымдылау бір жолдастар: – Телерадио комитеті
төрағасының орынбасары жерлесің емес пе, соған ба­
рып жолығу керек, – деп кеңес берді.

Камал Смайылов бұрын көрмеген кісім болса да,
имене барып, есігін қағуға тура келді. Елімнен келген
екенсің ғой, деп елеңдеп тұрған ағаны көре алмасам
да, шегінер жер жоқ, шаруамның бағытын білдірдім.

– Конкурс дәл қазір жүріп жатыр, кірсін де қатыссын.

Сынақтан өтсе өтті, өтпесе өз талабынан көрсін, – деді
Камал Сейітжанұлы.
Тауға, тасқа шағылмаған, тарпаңдау кезіміз, мен
де сөздің турасына көштім:

– Конкурстың айналасында әр түрлі қитұрқы әңгіме

бар екен. Буынсыз жерге пышақ ұрып, қисынсыз қолқа
салуға келгенім жоқ. Тек қарындасыңыздың комиссия­
дан әділ бағасын алуына бас-көз болыңыз. Ұлытаудың
балалары күнде алдыңызға келіп жатқан жоқ шығар, –

деп қалдым.

Осы сөз қамшы болды ма, министрге (Хамит Хасе­
новке) телефон шалып:

– Бір диктор баланы бірге көрейікші, – деген өтініш

білдірді.
Сол күні Жезқазғанның дикторы Алматының дикто­
ры болып шыға келді.
Жоғары мектепте оқып жүргенімде менің өлеңдерім,

сын-мақалаларым республика баспасөзінде көріне
бастады. Камал Сейітжанұлы соларды қарап жүреді
екен. Бір жолы бізге лекция оқуға келгенде соны айтып,
мені бір «көтеріп» кетті. Мектепті бітіргенде «Жазу­

шы» баспасының әдеби-сын редакциясына меңгеруші
болып қызметке кетіп бара жатыр едім, К.Смайылов
«соңыма шырақ алып» түсіп, ақырында республикалық
теледидарға келуіме бірден-бір себепкер болды. Көп

ұзамай өзі Мемлекеттік Телерадио комитетінің төрағасы
болып тағайындалып, іле-шала Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің депутаты болып сайланды. Осы соңғы
оқиғаның тұсында да, оңаша қалған сәттерінде, бала­

ша қуанғанын көріп, іштей таңырқаған кездерім болды.
Сөйтсем, елудің биігіне енді іліккен ағамыздың басынан
кешкендері, өткен өмір жолы неше түрлі шырғалаңға
толы екен ғой. Бір биікке шыға беріп, тайып жығылу,

оған мойымай, қайта өрге талпыну, тағы сүріну – біздің
ағамыздың да өмірлік серігі болған тәрізді. Оны біреу
білсе, біреу біле бермейді. Смайыловтың 70 жылдық
ғұмырына аз ғана шолу жасап өтейін.

К.Смайылов 1932 жылдың сәуір айының 24
жұлдызында Ұлытау ауданының Сарлық қыстағында
дүниеге келген. Кәмекеңнің өзімен бірге барып, кіндік
тамы қанған үйдің жұртын көргеніміз бар. Бір ғажабы,

қазақтың ерте сөнген жарық жұлдызының бірі Баубек
Бұлқышев – Камалдың немере ағайыны. Осыдан он
бес жыл бұрын Жездіде дүние салған Кәмекеңнің анасы
Бибігүл сол Баубекті бауырына басып, аналық мейірім-

махаббатқа бөленгенінде де ғажайып бір заңдылық бар

сияқты. Майданнан орысша жазған көсемсөздерімен
қазақтың жайсаңдарына таңдай қақтырған Баубектің
елге жазған үш бұрышты үшбу хаттарын алдыма ашып
оқитын да, оған сәби саусағы майысып отырып, жауап

жазатын да осы Камал екені кездейсоқ па?
Ұзын сөздің қысқасы, Баубек өнегесі әсер етті ме,
мектеп бітірген К.Смайылов журналистік жолға ден
қояды. 1954 жылы Қазақ мемелекеттік университетін

үздік бітіріп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»)
газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілші бо­
лып қызметке кіріседі. 1960 жылы «Білім және еңбек»
журналы ашылғанда соның тұңғыш редакторы болып

тағайындалды. Камал Сейітжанұлының қоғамдық-саяси
аренаға шығып, ел көзіне ілінуі осы тұстан басталады.
Республика Комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы,
меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясының директо­

ры, Кинематография жөніндегі Мемлекеттік комитеттің
төрағасы... секілді үлкен-кішілі қызметтің бәрін ол жасы
елуге келгенше атқарып үлгерген.
Кәмекең – біресе тақымы тоқымынан «тайып кетіп»,

түсіп қалған, бірақ, «асыл пышақ қын түбінде жатпай­
ды» дегендей алғырлығының, білімі мен парасатының
арқасында қайтадан «атқа мінген жан». Ең бастысы, қай
жұмысқа жегілсе де, Камал жүрген жерде оның тайға

таңба басқандай ізі қалып отырған. Басқасын былай
қойғанда, кезінде қазақ киносын жаңа белеске көтерген
«Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Шоқ пен Шер»
секілді тәуір фильмдер К.Смайылов кинода жүрген

кезде түсірілген. Осы орайда қаншама күш пен жігер,
табандылық жұмсалғаны республика киношылырының
үлкен-кіші буынына жақсы мәлім, әлі күнге жырдай етіп
айтып отырады.

Атқа қайта отырып, Телерадио комитетке қызметке
келген Камал Сейітжанұлы киномен «ағайындас» бұл
өнердің де ұңғыл-шұңғылын тез меңгеріп, тізгінді қолға
ала жөнелді. Маңына қабілетті, дарынды жігіттерді

топтастырып, «Айтыс», «Тамаша», «Терме» секілді ел
таныған хабарлардың аяғын нық басуына қамқорлық
жасады, алғашқы ұлттық бейнефильмдердің дүниеге
келуіне басшылық етті, көп сериялы радио және

телефильмдердің тууына себепкер болды.
Тоқырау аталған заманның түтеп тұрған кезінде
басталған «Айтыс» хабардың әр саны үшін таяқ же­
ген екі адам болса, соның бірі – Камал. Шындықтың

шырылдаған даусындай болған ақындар айтысын
қызғыштай қорып, бюрода да, секретариатта да ары­
стандай айбат танытып, кейде жасып, кейде тасып
қайтатын. Бірде: «Саяси бюроның мүшесі мен Минис­

трлер Кеңесінің Төрағасының өзі бақылап отырған «Ай­
тыс» – осал хабар емес. Демек, «Айтысты» тоқтатпай
отырған біз де оңай кісі емеспіз», – деп ызалана
қалжыңдағаны әлі есімде. Камал Сейітжанұлы аптасы­

на бір рет лездеме өткізеді, оны азсынғандай айына бір
рет журналистердің басын қосып, «редактор сағаты»
деген жасайды. Қайсысында болса да, адам лық тола­
ды. Енді қалай? Өткен аптада қандай радиохабар қалай

шықты, қай телехабар неден сүрінді, қайтсе жақсартуға
болатын еді, кім қай нәрсеге көңіл бөлмей жүр, қай
шаруаға жедел кірісу керек деген күнделікті ағымдағы
шаруалар өз алдына (оның бәрін қашан тыңдап, көріп

үлгеретіні бір Аллаға ғана аян), осыған жалғастырып,
елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын бір шолып
өтеді, қойнынан да, қоншынан да ағыл-тегіл цифрлар
ақтарылады. Ол аз болғандай, әлемдегі саяси ахуал­

ды да саралап, алақанына салып береді. Мәскеудің
біз оқымайтын қай газетінде, қай журналында қандай
қызғылықты материал пайда болып, ол қай нөмірдің
қай бетінде басылды, осының бәрін алдыңа жайып са­

лады. «Сауатсыздықты жоюдың» осындай «тегін» әрі
ықшам түрінен кім бас тартсын, Камалдың алды үнемі
толы болатыны осыдан еді.
Қазақша, орысша шығатын басылымдардың қай-

қайсысын болсын қалт жібермей оқып, қадағалап отыру
оның қанына жасынан сіңген қасиет болса керек. Және
сол оқығанының баршасын жадында сақтау қасиеті
де қайран қалдырады. Осындай табиғи дарын оның

ізденімпаздығымен,
еңбекқорлығымен
қосылғанда,
қыруар жұмыстың басы лезде қайтатынына таңдануға

болмайды. Бір жолы Көкшетауда демалып жүрген
Кәмекеңнің «Өмірдің өзімен өлшесек» деген кітабын сол
сапарда-ақ жазып қайтқанына куә болдық. Сан алуан
жауапты қызметтерді атқара жүріп, Камал Сейітжанұлы

қазақ публицистикасына бір кірпіш болып қаланған
он төрт кітап жазып үлгеріпті. «Қолы қалт еткенде»
өнертану ғылымының кандидаты атағын алу үшін дис­
сертация қорғағанын да білеміз. Қазір бірқатар жоғары

оқу орындарында дәріс беріп жүрген К.Смайылов шын
мәнісіндегі докторлыққа да, профессорлыққа да лайық
адам екеніне ешкім шүбәланбайды. Атақ-дәрежені
мақсат етпеген ағаның сол жоғары лауазымдарды

кезінде алуға уақыты да жетпегендей.
Коммунистік партия тарап кетердің алдында
К.Смайылов Орталық Комитеттің Мәдениет бөлімінің
меңгерушісінен журналистік жұмысқа қайтып оралды.

Камал бас редактор болып келгенде бағыт-бағдарынан
адасуға айналған «Мәдениет және тұрмыс» журна­
лы лезде түлеп, жаңғырып, парасат-білімінің айна­
сындай «Парасат» журналына айналды. Осы тұста

Смайыловтың «тасы тағы өрге домалап», партиялық
номенклатурадағы
азулы
«Қазақстан

коммунисі»
журналына бас редактор болып тағайындалып еді.
Көп ұзамай Компартия қызметін доғарып, журнал
дағдарысқа ұшырайтын кезде жаңа редактор оны

«Ақиқат» деп өзгертті, елдің тарихын, дәстүрін, мәдени-
рухани болмысын шежірелейтін бұл журнал қазір
қолға түсе бермейтін басылымға айналып кетті. Оның
үстіне Камал Сейітжанұлы Қазақстан Журналистер

одағының төрағасы болып сайланып, осы ұйымның
атынан Парламентке мүше болып өтті. Сессияларда,
комитеттерде қаралатын елдік, ұлттық мәселелердің

қай-қайсысына болса да белсене араласып, халықтың,
қазақтың мүддесіне орай шешілуіне жанын салып
жүрген Қазақстан Республикасының халық депутаты
К.Смайыловтың бұлтаратын уақыты жоқ қой деп жүруші

едік. Өзінің алпыс жылдығы қарсаңында «Жолданбаған
27 хат» деген елеулі еңбегінің сүйінші данасын
қолымызға ұстатып, ағамыз тағы бір таңдантты. Ең
тамашасы, бұл – аттың жалы, атанның қомында жа­

зыла салған атүсті еңбек емес, қайта құрылып жатқан
заманның ыңғайына орай бұған дейінгі көзқарастардың
бәріне жаңаша тұрғыдан келіп, өзін-өзі қайта саралаған,
қайта қайраған, күрделі, күрмеуі көп туынды. Ойдың

кесектігі, пікірдің батылдығы, ашық айтыс, талас ав­
торды шығармашылықтың жаңа биігіне көтеріп алып
шыққан, «Жолданбаған 27 хатты» оқып отырып, өзіңіз
де ойлануға мәжбүр боласыз, көп жайттарға басқаша

көзбен қарай бастайсыз.
Соңғы бірер жылда К.Смайыловтың «Қиғаш кітап»,
«Жеті қыр, бір сыр» деген көсемсөз кітаптары жарық
көрді. Кемеліне келген ағаның байыпты парасатқа

негізделген қос еңбегі көркем шығармадай оқылады.
Тәуелсіз елдің тағдыр-талайы туралы толғаныстар
қарымды қалам иесінің мазасыз жан әлемінің хабар­
шысындай.

Алматыдағы үркердей жинақы жақсы-жайсаңның
арасында 70 жасқа толуын сау-сәламат атап өткелі
отырған Камал Смайылов – дербес Қазақстанның ру­
хани келбетінің қалыптасуына бір бояу болып кәміл

қосылғаны күмән туғызбайтын, өз жолы, өз биігі бар
тұлғалы қайраткер, алаштың азаматы.

ОРАЛХАН БӨКЕЙ ЖӘНЕ ОПАСЫЗ ЖАЛҒАН

...Тоқсан екінші жылдың басында мен жұмыссыз
жүрдім. Қырықтың ырқасына енді шыққан адамға
үйде отырып қалу қиын болады екен. Үйде отырсаң –
үйге сыйың жоқ. Бала-шағаның алдында да беделің

қалмайды. «Мына кісінің баратын жері жоқ па?» деп
мүсіркейтіндей.
Көзтүрткі болмайын деп, көшеге шығасың. Қалам
ұстайтын кісінің барар жері белгілі – Жазушылар одағы.

Өзің сияқты берекесі қашқанның бәрі бір мезгіл одақта
бас қосып, уақыт өткізеді. Қолы бос адам өсек айтады,
бірін-бірі жамандайды. Әлемдік әдебиеттің мәселелерін
шешеді. Одан қол босаса, «отыз екі қағаз, төрт сабаз»

деген кәсіп бар. Яғни, Шәйім Шаваев, Қайсар Жора­
беков, Ғабиден Құлахметов, Қалаубек Тұрсынқұлов,
Ескен Елубаев, Тынымбай Нұрмағанбетов секілді ірілі-
ұсақты қаламгерлер преферанс ойнаймыз. Түннің бір

уағына дейін керілдесіп жатамыз. Өзің тұрғыластармен
шарап ішу де бір ғанибет. Тегін арақ бар десең, түн
ұйқысын төрт бөліп, төсегінен тұрып келетін құрдасым
Тұрсын Жұртбаев секілділермен тоқайласа қалсаң,

ауруханаға түскенше ішісуге тура келеді. Осындай бір
түрі бар, мағынасы жоқ, басы бар, аяғы жоқ сергелдең
өмір бастан өтіп жатыр еді...
Одақтың үшінші қабатында досым Несіпбек Айтұлы

жолығып қалып:

– Менің қарамағымдағы әдеби қызметкердің орны

бос тұр. Олқысынбасаң, осы жұмысқа тұрсайшы, – деп
кеңес берді. Несіпбек «Қазақ әдебиеті» газетінде по­
эзия бөлімін басқаратын.

– Олқысынып қайтейін. Бірақ Оралхан мені

жұмысқа алмайды ғой, – дедім шынымды айтып.

– Неге алмайды?

Несіпбек білмейтін бір жәйтті есіме түсірдім. Жазу­
шы Қоғабай Сәрсекеевтің 50 жылдығы үйінде тойлан­
ды. Мерейтой иесімен туысқандық жақындығым бар
мен дастарханның төменгі жағынан, үй иесімен иықтас

орын алдым. Төрде өңшең қасқалар, жайсаңдар. Едәуір
кешігіп жалғыз келген Оралхан Бөкеев менің қарсы
алдыма жайғасты. Кербұғыдай кекірейіп, басын бірер
сілкіп алған соң:

– Осы мен сені онша жаратпаймын! – деп, бетіме

тесіле қарады. Мүйізі қарағайдай жазушы ағамыздың
ай-шай жоқ, төбеден қойып қалғаны жанға батып-
ақ кетті. Мені жаратпайтын, сырттай жауығып, өшігіп
жүретін үлкенді-кішілі қаламгерлер толып жатыр. Орал­

ханмен арадағы осы эпизодты кейін айтып бергенімде,
құрдасым Көпен Әмірбек те:

– Мен де сені кезінде ұнатпаушы едім. Сыртыңнан

қарағанда
ешкімді
менсінбейтін,
тәкаппар

адам
сияқтысың. Сөзің түйеден түскендей. Дүрдиген түрің
де жексұрын. Араласа келе, соның бәрі сыртқы, алдам­
шы әсер екенін білдім. Енді сенің жүрегің жұмсақ адам

екеніңді жұртқа дәлелдеумен шаршап жүрмін, – деп еді.
Ақиқатына келгенде, менің мінезімнің оңып тұрғаны
жоқ. Қасымдағы әйелімнің көзінше әлгіндей сөздерді
себепсіз айта салған Оралханға:

– Менің де сені сүйіп бара жатқаным шамалы! –

деп дүңк еткіздім. Оралхан сөз қайырған жоқ. Сәлден
кейін дастархан басында үзіліс жарияланды да, келесі
отырыста Оралхан өзі қатарлы классиктердің қасына,
төрге озып кетті. Күллі қазақ баласы мойындаған, тау

тұлғалы жазушы ағамнан жоқ жерден жәбір көріп,
көңілім нілдей бұзылған мен орнымда қалдым.
Сөйткен Оралхан Бөкеев енді мені жұмысқа алу­
шы ма еді?!

– Алады! – дейді Несіпбек. – Ол да сен сияқты сыр­

ты дүрдигені болмаса, жаны жібектей нәзік адам. Қазір
мен кіріп, сен туралы айтып шығайын. Кетіп қалма!
Кетіп қалуға да болушы еді. Жұмыссыздыққа да
етім үйрене бастаған. Қыстың ортасы. Үйде соғым

сойылған. Әйелім жұмыс істеп, айлық табады. Балала­
рым стипендия алады. Аштан өліп, көштен қалып бара
жатқаным жоқ. Сонда да, бір ерегес ішімде бас көтерді.
Кетпейін, Оралханның айтқанын естіп кетейін деп ой­

ладым: ұзыннан өші, қысқадан кегі жоқ, айдаладағы
Оралхан Бөкеевтің мені жек көретіні несі?!
Теледидарда бас редактор болып қызмет істеп
жүргенімде, журналист Өмірсерік Жұмановты Орал­

ханмен бірге еліне жіберіп, қаламгерді туған үйінде
киноға түсірткенім бар еді. Бұл телеочерк Қазақ
теледидарының қорында сақтаулы, оқта-текте қайталап
көрсетіп жатады. Сол Оралханға не жаздым екен?

Бас редактордың кабинетіне сүңгіп кеткен Несіпбек
көп кідірген жоқ, аңқылдап қайта шықты:

– Айттым ғой мен саған! Оралхан келсін деп жатыр.

Дүңкілдемей, дұрыс сөйлес, – деп маған білген кеңесін
де беріп, сүйрегендей етіп, есіктен кіргізіп жіберіп, өзі
тыс­та қалды. Есіктен кіре берген маған:

– Сен шынымен бізге жұмысқа тұрғың келе ме? –

деді Оралхан.

– Неге тұрмауым керек? – дедім қитығып.

Оралхан екі сөзге келген жоқ:

– Мына жерге отыр да, поэзия бөліміне әдеби

қызметкер боламын деп арыз жаз, – деді. Жаздым.

– Қазірден бастап жұмысқа қабылдандым деп

есепте. Іске сәт! – деді Орекең.
Баяғы кикілжің әрі қарай жалғаса ма деп едім, ол
да сөз қозғамады. Мен де үндемедім.
Бұл «Қазақ әдебиеті» деген кісіні жалқау ететін жер

екен. Келгің келген уақытта жұмысқа келесің. Кеткің кел­
ген уақытта кетесің. Өзіңе тапсырылған жұмыс көлемін

орындап, апталық лездемеде төбе көрсетіп отырсаң
болды. Қызметкерлер сайдың тасындай: Оралханның
орынбасарлары Тұтқабай Иманбеков пен Жүсіпбек
Қорғасбеков, жауапты хатшы Қайырбек Асанов, бөлім

меңгерушілері Иранбек Оразбаев, Несіпбек Айтов,
Жаңабек Шағатай тәрізді өңкей дарынды жігіттер.
Арада апта өтер-өтпесте, түскі үзіліс уақытында, өз
бөлмемде әлдебір қағаздарды қарап отыр едім, Орал­

хан кіріп келді.

– Сен бұл жерде неғып отырсың?

Сұрақты онша ұғынбай қалғанымды аңтарылған
түрімнен аңғарды-ау деймін:

– Анау төрдегі үстелдің басында неге отырмайсың?

– деп сұрады.

– Ол екі үстелдің басында екі бөлім меңгерушісі –

Несіпбек Айтов пен Иранбек Оразбаев отырады. Мен
әдеби қызметкермін ғой. Орным – осы.

– Маған жүрші! – деп Орекең кері бұрылды.

Соңынан еріп кабинетіне келдік. Оны-мұныны сөз етіп
біраз отырды да:

– Сен баяғы менің сөзімді көңіліңе алып жүрсің бе?

Мен өзім сондай қасқамын. Айта салам да, өзім азап
шегіп жүремін. Жарайды енді… Саған арнап «Өнер»
деген бөлім ашайын. Бастығы да, қызметкері де өзің
бол. Бөлек кабинетте отыр. Редакция алқасына мүше

боласың, – деді.
Айтты – көңіл тазарды. Осы күннен бастап Оралхан
аға екеуміздің арамыз жақындай бастады. Шақырып
алып, кеңес сұрайтын болды. Жауапты жұмыстарды

тапсыратын болды. Редакцияның бөлмелерінде анда-
санда өтіп тұратын «шай ішулер» кезінде бұл кісінің
жаны жайсаң, жүрегі жомарт адам екенін анық тани
бастадым. Осындай басқосуларда сұлу даусымен өлең

оқиды екен. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»
әңгімесін жатқа оқығаны қандай ғажап!

– Әй, өзі де Шұға десе шұға еді-ау! – деп өкініп

бір тоқтағанда, бәріміз де қобалжып, орнымызда ома­
лып отырып қалушы едік. Дүрдиген сырты болмаса,

Оралханның ішінде жап-жарық шырақ жанып тұрушы еді. Бас-аяғы екі-үш айдың ішінде тонның ішкі ба­ уындай болып, жақын араласып кеттік. Екі үйден кезек шай ішетін болдық. Бірге жолсапарларға шықтық. Ағадырдағы Ағыбай батырдың тойы­ на, Талдықорғандағы Ғали Ормановтың тойына, Жезқазғандағы Аппаз Қаражігітовтың тойына бірге барған кездер күні бүгінгідей есімде. Жезқазғанға Қайырбек Асанов екеуі аттанбақшы еді, жеме-жемге келгенде маған да «барасың» деді. – Бас редактор барған жерге біздің қосарланып барғанымыз ретсіз шығар, – деп шегіншектеп едім: – Қамшының сабындай қысқа ғұмыр ғой. Бірге жүре тұрайық та, – деп мұңая сөйлегенін ұмыта алмай жүрмін. Бұл кезде Оралханның демі бітуіне екі-үш ай ғана қалған екен ғой. Қарт жазушымыз Аппаз Қаражігітов Қайырбекке қасқыр ішік кигізді де, Оралхан екеумізге кәрістердің екі радиоқабылдағышын сыйлады. Ұшақтан түсіп, үйге барып, шай ішіп отырғаным сол еді, Орекең телефон шалды: – Ей, менің радиомның сағаты бар екен, – деп ба­ лаша қуанып тұр екен. – Сенің радиоңда сағат бар ма? – Бізде де бар шығар, Ореке. Кәріс ағайындардың бір қалыптан шығып жатқан арзан радиосы ғой! – Сен әлі ашып көрмеген екенсің ғой. Әрине, буржуйларға дүние таңсық емес. Біз классик болсақ та қатарға қосыла алмай келеміз… Орекең Жазушылар одағы берген екі бөлмелі тар пәтерде тұрды. Сонысы өзіне қатты бататын. – Айханым мен Айжаным өсіп келеді. Мына қуықтай екі бөлмеге сыймайтын түріміз бар, – деп уайымдай­ тын. Кеңес өкіметі тарап, дүние астан-кестең болып жатқан алакөбең шақ. Жаңадан шыққан байлардың алдына тұрып болмайды. Оралханның да, менің де тұрмысымызды түзегіміз келеді. Қол қысқа. Көбіне біздің үйде шай ішіп отырып, түрлі жоспарлар жасаймыз. Ал­ дында ғана «Ауылдағы қазақ қаламгерлерінің ұйым

серіктестігі («АҚҚҰС») деген қауымдастық құрылып,
Оралхан – президент, мен – вице-президент болып
сайланғам. Айтпақшы, менің бұл жұмысқа жегілуім де
кездейсоқ жүзеге асып еді.

Бір күні, қауымдастықтың құрылтайы алдында
Орекең шақырып алып:

– Тұтқабай Иманбеков вице-президент бола­

ды. Сен соның орнына бас редактордың орынбасары
боласың, – деген шешімін жариялады. Өзімізбен жақсы
араласып-құраласып,
сыйласып

жүретін
Тұтқабай
ағамыз жеме-жемге келгенде «АҚҚҰС»-қа барғысы
келмеді.

– Мені қызметтен шеттетіп жатырсыңдар, – де­

ген өкпесін айтты. Осыдан кейін Орекең «АҚҚҰС»-қа
мені сайлатты. Кейін «АҚҚҰС»-тың әжептәуір ауқатты
ұйымға айналғанын көрген Тұтқабай ағамыздың шыны­
мен өкінген шақтарына да куә болдық.

Сонымен
Орекең
екеуміз

«АҚҚҰС»

арқылы
шаруа жүргізуге талпындық. Темірше Сарыбаев­
ты Ақсуға жұмсап, сондағы ақын Жамау Бұқарбаев
арқылы бір мәшине қаптаулы қант алғызып, оның

жартысын Көкшетаудағы менің әкім досым Құрманхан
Бұқарбайұлына жөнелтіп, ол жақтан бір КамАЗ картоп
алдырып дегендей…
Екі Бұқарбайұлының еңбегі еш болды: Арқадан

көктем шыға алдырған таңдаулы картопты қалай
сатудың ретін білмей «Алматыэнергосеть» деген
ұйымдағы біреуге түсіріп беріп едік, ол ақшамызды бер­
мей сырғақсытып жүрді де, бір күні өзін мәшине басып

кетті.

– Қант, картоп операциясы осымен бітті, – деді

Орекең ызаланып. – Енді темекі операциясын бастай­
мыз.
Сөйтсек, Орекең бір отырыста Алматы темекі
фабрикасының

директоры
Қадыр
деген
жігітпен

танысқан екен. Қазіргідей Куба сигаралары мен Англия

сигареталары тіреліп тұрған заман емес. «Қазақстан»
сигаретінің көзден бұл-бұл ұшқан кезі.

– Әлгі директордан сұхбат алып кел. Газетке жедел

жариялаймыз. Осыны пайдаланып, бір миллион қорап
«Қазақстан» сигаретін отыз тиыннан сатып аламыз
да, үш сомнан сатамыз. «АҚҚҰС» ақшаның астында
қалады, – деп қуанып отыр екен.

Фабрикаға барып, сұхбатты да даярладым. Бір
миллион қорап сигаретті де алуға келісім жасадым.
Баюдың аз-ақ алдында тұр едік…

– Мені атып тастайтын адам жоқ! – деп Орекең аяқ

астынан шала бүлінді. – Кеше Дулаттың үйінде қонақта
болып… Балконда темекі тартып тұрып, енді темекі са­
тып байитынымызды айтып мақтанып қойыппын.

– Е, Дулат өзіңіздің досыңыз, «жеті жетімнің» бірі

емес пе?

– Дулат әлгі темекі фабрикасының директорымен

бажа екен. Біздің достығымыздың жазылмаған заңы
бойынша, бірімізден біріміз озып кетуге болмайды. Енді
қара да тұр, Дулат әлгі темекіні бізге бергізбей қояды!
Рас екен. Әлгі миллион қорап темекіні біз фабрика­

дан шығарып алуға тиіс күні де, одан кейін де директор
Оралхан екеумізді маңына жолатпай қойды. «Темекі»
операциясы да күйреп тынды. Артылып қалған қантты
Орекең қайтыс болысымен, үйіне беріп жібергенім

есімде. Айтпақшы, Дүкеңнің бажасынан сұхбат алуға
барғанымда, Орекең екеумізге мың қорап қара сүзгілі
«Қазақстан» сигаретін сыйлаған. Оралхан аға қайтыс
болған күндері сол қара сүзгісі бар сигаретті көзімізден

жас аққанша құныға сорып жүрдік қой.
1968 жылы біз оқуға келіп түскенде, «Лениншіл
жас» газетінде әдебиет бөлімін басқаратын Оралхан
Бөкеевтің әдеби даңқы дәуірлеп тұрған болатын. Газеттің

бірнеше нөміріне шығатын әңгімелерінің жалғасын оқу
үшін ертемен газет дүңгіршектерінің алдын күтуші едік.
Сол романтикалық әңгімелер бізге өлең сөздей, тіпті

әсем әндей көрінетін. Ұзын, қою қара шашы желкесін
жапқан жас жазушының шығармашылық бақытына
қызыға да, қызғана да қарайтынбыз. Кейін ешкімге
ұқсамайтын хикаяттарымен өзін әбден мойындатқан

жазушымен аз уақыт та болса қанаттас өмір сүргенім

– әлі күнге сағынып еске алатын кездерім. Таралымы

әбден құлдырап кеткен «Қазақ әдебиетін» насихаттау
үшін 1992 жылдың соңында ақындар айтысын өткізіп,
тізе қосқан шақта оның қандай күрескер екеніне көзім
жетті. Айтыскер ақындар мен термеші-жыршылардың

республикалық қауымдастығын бірге құрдық. Дәл
осы еңбегі үшін кейін Оралхан Бөкейдің құрметіне
үш рет ақындар айтысын өткізуге тура келді. Қаратай
елінің ортасында өткен осы жыр сайысында ақын іні-

қарындастары Орекеңнің асқақ бейнесін өлең сөзбен
сомдауға құлшынды. Қара сөзбен жырлайтын қаламгер
осы құрметке лайық еді.
1993 жылдың шілде айында Оралхан Бөкеев 50

жасқа толуға тиіс еді. Мамыр айының басында Несіпбек
екеумізді оңаша шақырып, кеңес құрды. Туыс-туғанның
аздығын, ет-жақындарының бірінің соңынан бірі бақилық
болғанын айтып, мұңайып отырды. Өз ауылындағы

адамдардың қатыгез, тасбауыр болып бара жатқанына
мынандай мысал келтірді:

– Шайды балмен ішкенді ұнатам. Шіркін, біздің

Алтайдың хош иісті балына ештеңе жетпейді ғой. Елге
бір барғанымда ауданның бірінші хатшысына бал
құйдырып бер деп өтініш жасадым.

– Қанша бал керек еді?

– 7-8 литрдей болса…

– Ыдысыңды менің жүргізушіме тапсыр. Ұшаққа

сол апарып береді, – деді хатшы.
10 литрлік бір ыдыс сатып алдым да, жүргізушісіне
бердім. Сенесіңдер ме, жоқ па – тура 8 литр бал
құйып беріпті. Ыдыс 10 литрлік еді ғой. Біздің ауыл

осындай! Осы әңгімені айтып ызалана күлген Орекең

шілде айының 3-і күні Несіпбек үшеуміздің менің
«Жигулиіммен» Қатонқарағайға аттанатынымызды ха­
барлады.

– Неге менің «Жигулиіммен»?

– Сенің орындыққа жапқан тыстарыңды түнеу күні

Бақытжамал Эмираттан алып келген. Сондай ұнайды
маған!
Осындай уәжге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?
Сірә, өзінің қызмет бабында мінетін «Волгасын» еліне

мініп баруға сақсынса керек.

– Еліңізге достарыңыздан кімді шақырасыз? – деп

сұрадық Несіпбек екеуміз.

– Ешкімді де шақырмаймын. Оларды күтетіндей

құдіретті туысым жоқ. Аудан басшысының тірлігі әлгі.
Елдегі Жұмаділ досым да өзім секілді қу сирақ кедей.
Шыңғыстайда бір тайым бар. Соны соямыз. Үшеумізге
бір жұма жеуге содан артық не керек? Қатонның

ауасының өзі не тұрады! Айтпақшы, қайтарда мен
ұшақпен ұшып кетем. Сендер жермен қайтасыңдар.

– Неге ұшып кетесіз?

– Бір жұма Шыңғыстайда арақ ішкен сендердің

иістеріңнен менің басым айналады.
Осылайша жоспары сызылып қойған алдағы
сапарға шықпай қаламыз деп кім ойлаған…
Сол 1993 жылдың мамыр айының соңында,

Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы
Қалдарбек Найманбаев бастаған 15 шақты қаламгер
Түркияға
сапар

шегіп,
Мағжан
ағамыздың
жылдығына арналған шараларға қатыспақшы едік.

Сапарды ұйымдастырушылардың бірі ретінде мен
де, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы ретінде
Оралхан Бөкеев те делегация құрамына енген едік.
Сәуір айының соңғы күндерінің бірінде Орекең мені

кабинетіне шақырып алды да:

– Мен Түркияға бармайтын болдым. Сен газетке са­

парнама жазып келесің, – деді («Мағжанның Түркиясы»
деп аталған сапарнама «Қазақ әдебиеті» газетінде жа­
рияланды).

– Сіз неге бармайтын болдыңыз?

– Мен Үндістанға жүремін, – деді Орекең.

Үндістанның басшысы Алматыға ресми сапар­
мен келгелі жатқан. Соның алдында бір топ қазақ
журналистері Үнді еліне барып қайтатын болыпты да,
ішіне Оралхан Бөкеев те қосылған екен. Орекеңнен

басқасының бәрі – жас қаламгерлер.

– Ылғи бала-шағаның арасында сізге не бар, Оре­

ке? Үндістанға мені жіберіңіз де, өзіңіз Ыстамбұлға ба­
рып келіңіз, – дегенім есімде.

– Түркияға барсам, Қалдарбек пен сен берген тиын-

тебенді санап жүреді екенмін. Үндістан сапарын үкімет
қаржыландырып отыр. Біз де есеп шығара білеміз,
шырақ! – деп әзіл-шыны аралас жауап берген Оралхан:

– Мен не көрді дейсің? Қырымға барсам емделуге бар­

дым. Переделкинода жазудан қолым босамады. Елба­
сымен Еуропаға бір барып келгенім болмаса, осындай
тегін сапарға бірінші рет шыққалы отырмын ғой. Жас
болса, жер ортасы елуге келіп қалды, – деп мұңайды.

Қыс айларының біріндегі кеңесу кезінде:

– Қылшылдаған кезімде өзгелер үшін жұмыс

істедім. Енді өзім бас редактор болған кезімде қаңсып
қалған басыма идея келер емес, – деп налығаны бар
еді. Сол күні профессор Тұрсынбек Кәкішевтің «Аста­
наны Ұлытауға көшірсек қайтеді?» деген мақаласын

дайындап әкеліп, оқуға бергенімде айтқан сөзі еді.
Мен күмәнданып әкелген сол мақаланы нөмірге салуға
пәрмен берген Орекең астананың көшпей қалмайтынын
болжалдап жүр екен ғой.

Орекең Үндістанға 10 мамыр, жаңылмасам, сенбі
күні аттанды. Жауапты хатшы Қайырбек Асанов екеуміз
Жазушылар одағына келіп, шығарып салдық. Көлігіне
мінгелі тұрып:

– Қайырбек, маған екі шөлмек арақ әкеліп,

қоржыныма салып берші, – деп өтініш жасады.

– Арақ ішпейсіз ғой, оны қайтесіз? – деп Қайырбек

таңданды.

– «АҚҚҰС»-тың қоймасында отыз жәшік арақ тұр

емес пе? – деп мен ұсыныс айттым.

– Сенің қисық шөлмегіңді шетелге апарғаным ұят

болар, – деп күлді Орекең. – Ішпесем де, қоржынымда
жүрсін. Қолымды жуамын. Мен өзі иіс-қоңысты жарат­
паушы едім. Үндістанда қысы-жазы ауа ауыспаған соң
иіс болатын шығар…

Қайырбек «Балалар әлемі» дүкені жағынан тез
оралды да, бізбен қол алысып қоштасқан Орекең
көлігіне мініп, жүріп кетті.
Оралхан Бөкеев Делиде мамырдың 17-сі күні

қайтыс болыпты. «Агра қаласына сапарлап барып,
Тәж-Маһалды тамашалап, қайтар жолда әзіл-қалжың
айтысып, көңілді болып еді» дейді көргендер. Өкпесінің
ілесі бар еді, 56 градус ыстыққа шыдас бермеген

тәрізді. «Сорқұдықтың басына сорға бола қонды әкем»
демекші, осы сапарға бармай-ақ қойшы деген менің
сөзімді қабыл алса, әлдеқалай болар еді деп ойлаймын
да жүремін.

Оралханмен
айнымасқа,
айырылмасқа
табысқанымды білуші едім. Бірақ дәл осылай жылдам

қоштасамыз деп ойламаппын. Көзімнің жасы сорғалап
жүріп жоқтау жаздым. Жиырма шумақтан астам сол
жоқтау Оралханның мәйітін Мүсірепов театрынан
алып шығарда айтылып тұрды. Біздің шешелеріміз,

жеңгелеріміз боздақтарын солай жоқтаушы еді. Жоқтау
үстінде іштегі шер-шеменін, қайғы-зарын сарқып ай­
тып, мауқын басатын. Мауқымды басқан сол жоқтаудың
мәтінін де сақтап қалмаппын.

Оралхан үздіге жырлап өткен Шыңғыстайға,
Мұзтауға, Қатонқарағайға өзі өмірден өткен соң оншақты
жылдан кейін ғана жолым түсті. Оралханның ауылы,
үйі, Оралханның мектебі, мұражайы деген түсініктер

пайда болыпты. Оралханның жерлестері Оралханның
атын айтып мақтануды үйреніпті. Тоба.
Маралшылардың тау басындағы «Верхотур» деген
қосынан таң алдында төмен түсіп келе жатып, жолдан

адастым-ау деген күдік көңіліме кірді. Сиырын өріске

шығарып жүрген жігіт ағасы жол жиегінде тұр екен. Жөн
сұрасам:

– Мен жол сілтей алмаймын. Осы жасқа келгенше

мына Большенарымнан арғы жаққа аяқ басып көрген
жоқпын, – деп шынын айтты.
Жан-жағын
шыршалы-самырсынды,

таулар
қоршаған, адамдары томаға-тұйық ауылдан шыққан
Орекең қалай алысқа ұзап кеткен! Қандай биіктерге
шығып кеткен?

Сол биіктен, Оралханның биігінен төменге қарасаң

– басың айналады.

ҚАҒАЗДАЙ АППАҚ АҚСЕЛЕУ АҒА

Ақселеу аға менің өмірімде үнемі болған тәрізді.
Біз қолымызға қаламды енді ұстап, алғашқы хат-
хабарымызды енді жариялата бастаған тұсымызда
ол кісі «Лениншіл жастың» Қарағанды облысындағы

меншікті тілшісі ретінде алдымызда ойқастап
жүрді. Жазғандарын жібермей оқып, үлгісін көңілге
тоқитынбыз. КазГУ-дің журналистика факультетінде
Ақаңмен бірге сырттай оқитын немере ағам Көбейсін

Еңсебаев сессияға барып-келген сайын ол кісі ту­
ралы аңыз әңгімелердің бір парасын ала келетін.
Ақаңның жүріс-тұрысы, киім киісі, насыбай атуы,
көл-көсір әңгімесі туралы тамсанып айтатын. Ұйып

тыңдайтынбыз. Ол кездегі Ақселеу Сейдімбеков біз
үшін ұсынсақ қолымыз жетпес биік еді.
Кейін, 1980 жылдан бастап, Алматы жоғары пар­
тия мектебінде тыңдаушы болып жүрген кезімде,

«Білім және еңбектің» бас редакторы Ақаңмен жақын
араласудың сәті түсті. Менің достарым Несіпбек
Айтұлы, Жәнібек Кәрменов ол кісімен преферанс ой­
найды екен. Бұл менің де ескі дертім еді, төртінші

қол болып қосылып жүрдім. Көбіне редактордың
кабинетінде кешке жолығамыз. Кейде үйінде жинала­
мыз. Таңды таңға ұрамыз. Сөздің реті келіп тұрған
соң айта кетейін, Ақаң өзін жақсы преферансшы

деп ойлайтын, бірақ, шындығында, одан әлдеқайда
мықты ойнайтындар көп еді. Ақаң қайтатын жылы
қыста біз – Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев
үшеуміз Астанаға ұшып келіп, айтыстың шаруала­

рымен Мәдениет министріне жолықтық та, кешке Қыдырәлі Болмановтың үйіне соғымның етін жеуге тоқтадық. Ағаларыңызбен табақтас болыңыз деп, Ақаңды шақыртып едім, кешікпей ол да осында жетті. Айгүл Елшібаеваның, Клара Төленбаеваның әндерін тыңдап, Қыдырәлі мен Қарақаттың берекелі дастар­ ханынан дәм татқан соң кешкі самолетпен Алматыға ұшпақшы едік, Ақаң қояр да қоймай билеттерімді тап­ сырып, өз үйіне бір қонып аттануға қолқа салды. – Қайда асығасыңдар? Мұндай сәті түсе бермес. Сыбағаларыңды жеп, қолды байқап кетіңіздер, – деп қатты қиылды. Ақыры билеттерімізді ертеңге ауысты­ рып, түнімен преферанс ойнадық. Ақаң едәуір ұтылып қалды. Бұл қаңтардың он үші еді. Арада ай өтер-өтпес маған телефон шалып: – Бүгін Алматыға келе жатырмын. Бір мил­ лион теңгем бар. Ана екі ағаңды шақыр. Кегімді қайтарамын, – демесі бар ма. Алматының түбіндегі Тұздыбастаудағы біздің үйге соғымнан сыбаға асты­ рып, қайтадан бас қостық. Екі ағамның да, Ақаңның да жайын білетін мен оңашада Ақаңа өтініш айтып, ойынның бәсін төмен айтуға қолқаладым. Ол көнбеді. Ақыры бірер партияда әлгі миллион ғайып болып, жаңа иесін тапты. Қалтасы қағылса да, келісті ойын­ нан қанағат тапқан Ақаң: – Әй, жауыз бауырларым-ай! Еселеріңді жібермейсіңдер-ау, Сіздермен осылай бір шайқасқанның ләззатына не жетеді!– деп ірілік көрсетті. Өткен күзде осы төртеуміз Көктөбенің басында, Қазақ теледидарының ұйымдастыруымен өткен күй кешінде отырғанымыз бар еді. Тар жерде ұзақ отырып қалып, темекіден тарыққан соң, Ақаңның шақшасын сұрап, насыбай аттым. Көрінгеннен көзақы алатын Өмірзақ Сәрсенов те шақшаға қол салды. Сол жерде Ақаң: – Менің насыбай шақша соғатын өнерім бар ғой, Өмірзақ, Амангелді үшеуіңе күмістен шақша соғайын.

Ағаларыңа айт, тапсырыс берсін. Әр шақша отыз мың
теңге тұрады, – деді. Амангелді Дінұлы темекіге де,
насыбайға да жоқ. Сөйтсе де:

– Соғып берсін. Естелік болады ғой. Ақысын

төлейміз деді.
Бірер айдан соң Астанадағы Ақселеу Алматыға
телефон шалып:

– Әй, ұл! Мен асығыстау айтып қалыппын. Әр

шақша елу мыңға түседі екен. Ағаларыңды көндір, –
деді. Ағаларым қайда барушы еді, «жасай берсін» деп
келісті. Көп кешікпей Астанадан келген жазушы Серік
Әбдірайымов Ақаңның сәлемдемесін әкеліп берді.

Қатты қорапқа салған үш күміс шақшаның қасында
Ақаңның маған жазған хаты да бар екен. Осы хат­
ты жеке мұрағатымда сақтап жүрмін. Ұзын ырғасын
келтірсем: «Жасым ұлғайған соң, қолым қалтырап,

көзімде бұлдырайтын болыпты. Оның үстіне, электр
пешіме күмісті балқыта қою да, таптау да қиындаған
тәрізді. Үш шақшамен үшеуіңнің образыңды бейнеле­
уге тырыстым. Түнеу күнгі елу мыңнан дегенімде бе­

кер екен. Бағасы көтерілді» дегендей сыңай танытты.
Бауырымыздың кішкентай ғана ішкі есебіне, бала
қулығына мәз болып, әрқайсымыз мың доллардан
сыйақы тағайындадық Ақаң аса риза болып еді.

Бүгін өткен күндерді еске алып отырсам, сыйлас
болған, сырлас болған күндер көп екен. Әсіресе Ақан
елу жасқа толып, өзінің туған Жаңаарқасында атап
өткен 1992 жылдың күзі көңілімде жақсы әсерлер

қалдырыпты. Ақанның кіндік кескен жері – Отаутасқа
дейін барып, аяғына қара пима киген анасының да
қолын алып едік-ау. Мен осы мерейтойға арнап, әзілі
аралас бір өлең жазып едім, сол Ақаңа қатты ұнап,

ауданның өзінде, ауыл-ауылдарда өткен кездесу-
жиындардың бәрінде сол өлеңді маған қайта-қайта
оқытумен болды. Біраздан соң соны оқудан жалығып,
қашқалақтай бастап ем, бір оңашада:

– Әй, ұл! Он жылдан кейін, сен елуге келгенде мен

де бір қызметіңе жарармын. Қолқалата бермей оқы де­
ген жерде оқып жүрсеңші! – деді. Сол өлең мынау еді:

ДАЛАДАЙ ДАРХАНЫМ, ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢІМ

Алаштың ардағы Ақселеу Тарақты,
Тәңірім өзінді текті етіп жаратты.
Сояудай сорайған бойыңа болайын,
Айналып кетейін көзіңнен қарақты.

Даладай дарханым, теңіздей тереңім,
Дүлділдей жүйрігім, өгіздей кереңім.
Сұңқардай сұңғылам, жібектей жұмсағым,
Қасымда жүрсең де сені іздей беремін.

Қызырың қолдасын, әруақ жебесін,
Уызға жарыған марқасың, кебесің.
Халықтан барлығын үйреніп алдың да,
Халыққа қайтадан үйретіп келесің.

Дәстүрдін білгірі, салтыңның сақшысы,
Заманның заңғары, тарихтың хатшысы.
Кейде біз ойлаймыз Геродот ақсақал
Болған-ау сірә деп Ақаңның атшысы.

Аңызың естісең көңілің толғандай,
Көш құлаш уәжі көкейге қонғандай.
Көсілітіп сөйлейді көненің тарихын
Жорықта Жошының жанында болғандай.

Айтыса кетсеңіз уәжбен жығады,
Бекерге дауласпа – боласыз кінәлі.
Ақаңда шақша көп, бірі сол шақшаның
Құнанбай қажыдан қалған боп шығады.

Көңілдің төріне орнатып Абайды,
Ақаңның жүрегі талайды қалайды.
Ыңылдап айтқанын жұрт әнге балайды.
Дыңылдап тартқанын жұрт күй деп санайды.

Ақаңның білмейтін бәлесі шамалы,
Пайдасы тимейді, жоқ және залалы.
Құнығып кіріссе қияды барлығын,
Суырып береді, сыпырып алады.

Дүние жалған ғой, қызыққа тоймайсың,
Ойнамас ойынды бекерге ойнайсың.
Баскетбол секілді ойынды ойнаса,
Алдына жан салмас еді-ау деп ойлайсың.

Жүзінен көрінбей архивтің азабы,
Үстіне қонбайды тарихтың тозаңы.
Кәдірбек білмесе біз қайдан білейік,
Қай уақытта оқиды? Қай уақытта жазады?

Айдынның төсіндегі жарқырап ай маңдай,
Айтуды білмейді бір сөзді ойланбай.
Қолында таяғы маңқиып жүреді,
Пәнидің тірлігін тындырып қойғандай.

Тәңірі көрмесе айтқанды күпірлік,
Ақаңа арнауды осымен бітірдік.
Сәкенді көрмедік,
Алайда Ақаңның.

Соңына ергенге етеміз шүкірлік.
Басқа
қасиеттерін
қайдам,

әйтеуір,
өзінің
көзінің тірісінде оған деген інілік ізетімді, оның қазақ
руханиятындағы орны туралы әділ сөзімді айтып

үлгерген екенмін. Соған да тоба!
Ақаң шындығында да менің 50 жылдығыма қызмет
жасады.

Қарағандыда өткізілген шығармашылық кешіме Ал­ матыдан Тұманбай Молдағалиевті, Қадір Мырзалиевті, Сәкен Жүнісовті шақырып әкеліп едім, оған Астанадағы Ақселеу Сейдімбеков қосылғанда төрт құбылам түгенделіп, төбем көкке жетті. Ақаң барлық шаралар­ да төгілтіп сөйледі. Облыс әкімі резиденциясындағы шай рәсімі кезінде Ғабдолла Құлқыбаев, Сәкен Жүнісов үшеуі күй тартысып, бір сағаттай жиналған жұртты тамашаға бөледі. Ел сілтідей тынды. Сөз сөйленбейді. Тек күй сұңқылдайды. Көрген түс тәрізді. Домбыраның шанағынан күй сауып отырған даланың дана шалдарының көзіндей үш ағамның нұрлы бейнесі көңілге сурет болып көшті. Өмір өңкей тойлардан құрала ма? Кейде ит болып балағыңнан қауып, дұшпан болып жағаңды жыртып, опасыздығын да жасайды ғой. Бір жылдары Ақаңа да күйе жағып, аяқтан шалушылар табылды. Ағамыздың «Қазақтың бейпіл сөздері» деген кітабын түсінуге өресі жетпеген бір міскіндер авторға ошағандай жабысып, тіпті оны жоғарғы оқу орнынан аластатуды да талап етіп жатты. Осындай әсіре белсенділердің бірі – оның өз ауылындағы мектептің болғаны өкінішті. Оның хаты газетке жарияланды. Осы кезде Ақаң мен ұлы жазу­ шы Мұхтар Мағауиннің де арасы нашарлап жүрген кезі еді. Әсіресе екі жақсы ағамның шиеленіскен арақатынасы біреулердің қыбын қандырып жатса, біз сияқты тілеулес інілерінің арқасына аяздай батты. Бір күні М.Мағауинге арнайы барып, Ақаңмен арадағы беймағына дүрдараздықты доғаруға қолқа салдым. Обалы нешік, Мұқаң көп уәж айтып, ақталып бақты. Ең соңында Мұқаңның баспасөз бетінде тым ерсі сөздерге барғанын кінәлап тілге тиек етіп едім: – Жарайды, Ақаңа сәлем айтып бар. Менен кешірім сұрасын. Сосын қоялық, - деді. – Осы әңгіменің мазмұнын Ақаңа толық жеткізіп: – Елге абыройсыз болдыңыздар ғой. Жасыңыз кіші. Кешірім сұрай салсаңызшы! – деп жалынғанымда: – Кешірім сұрайын-ақ. Бірақ неге кешірім сұрайтынымды түсіндірші? – деді Ақаң. Бұл бір басы бар, аяғы жоқ дау еді. Әңгіме осымен доғарылды.

Мен екі ағамның арасына басу айтқан дәнекер сөзімді
«Қазақ әдебиетіне» жарияладым. Екі жақтан да дыбыс
болмады. Арада біраз уақыт өткенде Ақаң:

– Жақында бір жиында Мұхтар ағаңды көріп, сәлем

бердім. Жасы үлкен ғой. Қолымды қаққан жоқ. Алды.
Сірә, кешірімдескен деген сол шығар, – деп еді. Бұл
баянсыз дүниеде екі ұлы адамның бір-біріне кешпестей
не өкпесі болушы еді?

Осы естелікті жазу үшін өткен күндерді шолсам,
жолығысулар мен қоштасулар еске түседі. Қайсысын
тізе бересің. Тағы бір эпизодқа тоқтала кетейін.
2002-2003 жылдың қысында Еуразия ұлттық

университетінің ректоры М.Жолдасбеков ағам мені
Астанаға шақырып, қызметке алып, төрт бөлмелі үй
берді. Астанаға әлі бауыр баса алмай жүрген кезімде
Ақселеу ағам телефон шалып:

– Қарындасымнан ұятты болып жүрмін. Осы

алдағы сенбі Бақытжамал екеуің біздің үйден ерулік
жеңдер. Ерулік же дегенге сопайып екеуің жетіп кел­
мей, жора-жолдастарыңның ішінде ішеді-ау, жейді-ау
деген мықтыларын ерте кел! – деді

Іздегенге – сұраған. Жаңылмасам, Сәулебек,
Тұрсын, Несіпбек секілді сен тұр, мен атайындарды
ертіп, сау ете қалдық. Дәл қазанның қамырын саларда
Астанадан келген досы Асанәлі Әшімов те сол үйдің

есігін қақпасы бар ма? Ағаш астауға сыймай келген
қысқы сүрдің ең шұрайлы жерлерін Ақаң қылпылдаған
кездігімен өзі қиялап турап, жемесімізге қоймады.
Астананың аш-жалаңаштарына да керегі сол.

Сілтеп жатырмыз. Асап жатырмыз. Ақаң одан әрі
қолқалайды. Қысқасы ертеңіне Ақаң түске таман те­
лефон шалып:

– Әй, жалмауыздар-ай! Ең болмаса жылытып

жейтін бірдеңе қалдырмапсындар ғой! – деп қалжың
айтты. Қандай жарастық десеңізші!
Ақселеу Сейдімбек «Егемен Қазақстанның»
әдебиет және өнер бөлімін меңгеріп тұрғанда бір топ

өнер адамы республиканың мемлекеттік сыйлығына

ұсынылды. Ақаң маған суретші Мағауия Аманжоловтың
шығарашылығы туралы очерк жазуды тапсырды.
Мағауияны тауып алып, қазіргі Әйтеке би көшесіндегі
шеберханасында екі-үш күн суретшімен сырластым.

Бұл ғажайып шеберге өзім де ынтық болып қалдым.
Жазып әкелдім. Ақаң:

– Бір сөзін де өзгертпеймін. Тек атын ғана «Көк

түс – көктемнің белгісі» деп қояйын. Әй, ұл! Осы сенің
теледидарда не ақың бар? Сенің стихияң – жазу ғой.
Бірыңғай жазуға көшсеңші. Теледидардағы еңбек жел­
ге ұшып кететін еңбек қой, – деп кеңес берді. Очерк

лезде жарық көрді. Жұмбағы көп суретші Мағауияның
тағдыры да жұмбаққа айналып, өзі де із-түзсіз жоғалып
кетті. Содан бері отыз жыл өтсе де, Мағауия Аманжо­
ловты көрдім деген бір адам жоқ. Кейінгі оншақты

жылда, теледидардан қол үзген соң, мен ара-тұра
очерк жазатын болдым. Оларды Ақаң қадағалап оқып
жүреді екен. Бір жолы Астанадан телефон шалды:

– Мен саған баяғыда ескертіп едім ғой, сенің қолың

– жазу. Сенің очерктеріңді Еуразия университетінің

журналистика бөлімінде жанрдың бір қыры деп оықытып
жатырмын. Жаза түс!
Мен үшін бұл аса жоғары марапатпен пара-пар еді.
Астанадағы Ақаңның қазасы туралы хабарды

Алматыда жүріп естідім. Аспаннан жай түскендей
болды. Есімізді жиған соң, жайсыз хабарды екі досы­
на – Өмірзақ Сәрсенов пен Амангелді Ермегияевқа
жеткіздім. Оларға да қатты батқанына куәмін. Ажалға

да етіміз үйреніп барады ғой. Ол кезде үшеуміз түскі
асты бірге ішуші едік. Түстік үстінде сыр тартып
көрсем, Ақаңның жаназасына баратын сыңайлары
жоқ тәрізді. Жайшылықта айтыла бермейтін ірі-ірі

теңеулердің аузымнан қалай шығып кеткенін аңғармай
да қалыппын:

– Ақселеу Сейдімбек – қазақ руханиятының алып

тұлғасы. Ғалым, жазушы, зерттеуші ғана емес, сол

еңбектерінің жиынтығымен ұлттың ұстазына айналған
адам. Ұлы тұға. Кеше ғана бір дастарханнан дәм та­
тып, айырылмастай болған Ақаң бүгін ойран болып
жатқанда, жаназасына қатысуға жарамасақ, адамға

септігіміз қайсы?!
Обалы нешік, екі аға да үн-түнсіз ғана ұшақтың
билетіне тапсырыс берді. Ертеңіне үшеуміз Астанаға
ұшып келіп, ұлы тұлғаның басындағы құрметті

қарауылға тұрдық. Ақанның мәйітіне ерген шұбырыңды
халық Жаңаарқаға бет алғанда, көліктің ішінде отырып,
мына жолдарды қағазға түсірдім:

АҚСЕЛЕУДІ АТТАНДЫРУ

Өтеді хан да қара, сақи, дана,
Аттанып бара жатсың бақиға, аға.
Өмірің алты Алаштың олжасы еді,
Өлімің де айналды оқиғаға.

Тәңірі жаратса да мұратты ұл ғып,
Бұл өмір өте шықты бір-ақ күндік.
Кемсеңдеп Кекілбаев сөйлегенде,
Басқамыз «бауырым» деп жылап тұрдық.

Тауысып пәнидегі ғұмырынды,
Табасың тұрақтайтын тұғырыңды.
Мәңгілік қоштасуға қимағандар,
Соңыңнан келеді еріп шұбырынды.

Білеміз ажал мерей тасытпасын,
Сол ажал жігерді де жасытпасын.
Сен өзіңнің ажалың арқылы да,
Үш жүздің бара жатсың қосып басын.

Жаңаарқа танып сені жөргегіңде,
Әлпештеп шығарғанды ел көгіне.

Қаумалап келдік қоңыр төбеге енді,
Өзіңмен түсетіндей көрге бірге.
Білетін дұғаны айтып құрандағы,
Ауызға алып тұрмын бір Алланы.

Туған ел құшағынан шыққан ұлды,
Туған жер құшағына тұр алғалы.

Жаңарқа жаққа жолым түссе, «Ақселеу
биігі» атанған Қарауылтөбеге, Ақаңның зиратына
қайырылмай өтпеймін. Қарапайым да мәңгілік сипаты
бар қоңыр тастарды сипалап, өзім білетін сүрелерімді

оқимын. Тасқа қашап жазған Күлтегін ескерткішінің
дана сөздеріне көзім түседі: «Көктегі күнге, оның
көне тарихына, дәстүрі мен салтына, әні мен күйіне
құмары қанбай ғұмыр кешкен Ақселеу аға Сейдімбек

қағаздай аппақ адам еді-ау!

Ақаң менің өмірімде үнемі болған тәрізді...

САҒАТ ӘШІМБАЕВ

Күнделік жазбайтын қазақы салақтығымызға
қанша өкінсек те, сол күннен бастап орынын толты­
ра беруге болатын осы олқылықты әрі қарай тағы
жалғастыра береміз. Оны айтып отырған себебім, кеше

өзіміз қатар жүрген Сағат туралы осы естелікті осыдан
бес-алты жыл бұрын жазып тастамақшы болып, ой­
ымда пісіріп, енді қолға қалам алуға әне кірісем, міне
кірісем деп жүргенде, күнделікті күйбеңнің бітпейтін бір

шаруалары кимелеп, кешіге бердім. Бүгін есімдегілерді
қағазға түсірейін десем, содан бері де біраз жәйттердің
жадымда көмескілене бастағанын сезіп, тағы да өзімді
өзім жазғырып отырған жағдайым бар.

Енді тіпті арыдан бастауға тура келеді.
Бүгін бастан өткен бір оқиғаның кейін басқа бір
оқиғаға себеп болатынын байқамай қаламыз.
1986-ші жылы Жапонияға туристік мақсатпен са­

парлап қайтатын жолдама қолыма тиді. Кеңес өкіметінің
кезінде бұл бір сирек сәті түсетін шаруа еді. Жеме- жем­
ге келгенде кежегем кейін тартып, сонау қиыр шығысқа
барғым келмей қалды. Сол кезде денсаулығымның сыр

беріп жүргені де себеп болса керек. Екінің бірінің қолына
түсе бермейтін сирек жолдаманы бірінші қолқа салған
кісіге – профессор Асқар Тоқпановқа бере салдым.
Жапонияға жолым түспегені мектепте оқитын үш

балама батыпты. Олардың сыныптастарының бірінің
әкесі ана шетелге, бірінің әкесі мына шетелге ба­
рып келген. Олар әңгіме тиегін ағытқанда, ауылдан

Алматыға енді келген менің балаларым, айтарға әңгіме таппай, қамығып қалады екен. Бұл да – қорлық. Шетел­ ге шығаратын келесі жолдаманы ойланбастан аламын деп жүргенде, маған Кубаға барып қайтуға ұсыныс жа­ сады. Жапонияны жырақсынып жүргенде. Кубаға тап болдым. Балаларымның көңілін қимай, мұхиттың арғы жағына, бостандық аралына аттанып кете бардым. Бұл – 1986 жылдың 16-желтоқсаны болатын. Келер жылдың 3-қаңтар күні Алматыға қайтып кел­ сем, елімізде талай оқиғалар болып үлгеріпті. Алаңдағы ереуілдің белортасында жүрген үлкен балам түгілі, желтоқсан көтерілісінің хабарын жиырма күн кешігіп естіген мені де ұлтшылдардың тізіміне қосып, тергеуге алды. Өзімнен ештеңе шықпайтынын сезген соң менен Сағат Әшімбаев туралы «компромат» алуға тырысты. «С.Әшімбаевтың осылай деуі мүмкін бе, осылай істеуі мүмкін бе?» деген қияли сұрақтарын қадап сұрайды. Желтоқсан көтерілісінің эпицентріндегі кеңсеміздің терезесінен бүкіл айуандықты көзімен көріп отырған қазақтың арман-аңсары десе басын бәйгеге ойланбай тігетін Сағат Әшімбаевтан шынында бәрін күтуге бо­ латын еді. Ол ұлттың мүддесі үшін отқа түсіп кету­ ден тайынбайтын бір пәруана көбелек еді ғой. (Осы жерде өзім үнемі таңқалатын бір жайды айта кеткім келеді. Желтоқсан көтерілісі кезінде көзге түсіп қалып, жаза тартқан кейбір қандастарымыз жайшылықта желтоқсанның батырымыз кеудесін соғады да, іле-шала жазықсыз жапа шегіп едім деп, ақталғысы келіп, ізденіп жүреді. Қисын қайда? Екінің бірі емес пе?!). Қазақстың қарадомалақ балаларының итке таланғанын көзімен көрген Сағат Әшімбаев бұғып қалмайтын ерлердің сойынан еді ғой! Біз студент болған 1968-1972 жылдары Алматының жоғары оқу орындарында, әсіресе, Каз­ ПИ мен КазГУ-дің мехматында әдеби басқосулар жиі өтетін де, сондай жиындарда суырылып шығып өлең

оқитын Кеңшілік, Жарасқандармен жағаласып мінбеге көтеріліп, алқынып сөйлеп тұратын студент Сағат мен қатарлылардың көбінің есінде қалған болуы керек. Екпіндеп, ексімдеп сөйлейтін. Уысында умаждалып тұратын қара кепеші де жадымда. 1982 жылы Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік бітіріп, жыл соңында Қазақ теледидарының Жастар ха­ барлары бас редакциясына бас редактор болып келдім. Жастарға арналған «Жүректен қозғайық» деген жаңа телехабарды басқаруға лайықты ойы ұшқыр, тілі шешен жүргізуші іздей бастағанда, менің есіме баяғы екпіндеп сөйлейтін Сағат орала кетті. Іздестірсек, авторлық қоғамды (ВААП) басқарып отыр екен. Қазіргі «Хабар» агенттігі орналасқан, салпыншақты ғимараттың ең үстіңгі қабатының оң жақ бұрышындағы шеткі каби­ нетте Сағатпен бірге «Жүректен қозғайықтың» неше түрлі жобасын талқылап, талай кешті бірге өткіздік. Ақылдасуға да, кейін хабарды өткізуге де Лұқпан Сыдықов, Әбдімәлік Нысанбаев, Бақтажар Мекішев, Күләш Ақжолтаева секілді біраз ойлы азаматтар бел­ сене қатысты. Ауылшаруашылығы және зооветинсти­ тутта өткен сол жастар хабары өз кезінде елге кеңінен танымал болды. Ұлт мүддесі, қазақ жастарының мұратмақсаты туралы озық ойлар, батыл пайымдаулар ортаға түсті. Соның бәріне қозғау салатын тележүргізуші Сағат Әшімбаев та лезде танымал болып шыға келді. Телерадиокомитет төрағасының орынбасарының босаған орынына кім келеді деп бал ашып жүргенімізде, аяқ астынан, ешкім ойламаған жерден Сағат Әшімбаев сол қызметке келе қалды. Жоғарыдағы көсемдер Сағатты әкеліп ұжымға таныстырып, орындығына отырғызып кеткен соң, түстен кейін жаңа бастығымыз менің кабинетіме кіріп келді. Мен әдеби-драмалық ха­ барлар Бас редакциясын басқарушы едім. Оңашада қуанышымызды бөлісіп болған соң: – Менің осы жоғары қызметке келуіме

тележүргізушілігім сылтау болды. Ал тележүргізуші
болуыма себеп болған сенсің. Енді тізе қосып, бірге
жұмыс істейік. Өзің білесің, мен теледидардың ішкі
құпияларынан бейхабар адаммын. Жұмысты неден ба­

стауым керек? – деп Сәкең сұрақты төтесінен қойды.
Ол жылдары Қазақ теледидарының директоры –
көп жыл телерадио саласында қызмет істеген, қулығына
құрық бойламайтын жөйіт Изя Эйнехович Фидель деген

кісі. Қазақша хабарлардың жалпы көлемі 30-35 пайыз­
дан аспайды. Асырмайды. Әр редакцияны басқаратын
Сәңгерей Тәжіғұлов, Кеңес Дүйсекеев, Қажы Қорғанов,
тағы бірер жігіт, дирекцияның мүшесі ретінде жина­

лыс сайын Фидельмен, оның сойылын соғатын парт­
ком Светлана Татенкомен шайқасамыз да жатамыз.
Техниканың құлағын ұстаған мамандардың көбісі – сол
екеуінің сойылын соғатындар. Тізеге салса да, алдаса

да солардың сөзі өтеді. Қазақ тіліндегі әр хабар үшін,
олардың түсірілуі, құрастырылуы, эфирге қойылуы
үшін көзге көрінбейтін майдан жүріп жатады. Сағаттың
жұмысты неден бастасам екен деген өзімсінген сауа­

лына:

– Телетехнологияны зерттеуден, үйренуден баста.

Кез келген бейнеинженер, ішкі жұмыстың қитұрқысын
білмесең, алдап кете береді. Қазақша хабарлардың
соры қайнайтыны содан, – деп ағымнан жары­
лып, хабарды студияда пысықтау, түсіру, құрастыру

кезіндегі қиянаттардың жайын айтып, өз тіліміздегі
телехабарлардың жолын кеңітудің амалдарын айта ба­
стадым. Менің сөзім оған жақпады. Неге жақпағанын
әлі күнге анық түсінбеймін. Жанарын бір нүктеге қадап,

түйіліп отырып қалатыны болушы еді. Сөйтті. Сірә,
Орталық Комитеттен алып келген тапсырмаларымен
менің көзқарасым сәйкеспеді-ау деп шамалаймын.
От пен судың арасында қапылып жүрген маған жаңа

басшының қазақ тіліндегі хабарларга оң қабағы керек
еді. Менің сөзімді жаратпаған Сағат орынынан тұрып

жүре берді де, сол бетімен бірер ай менен бойын аулақ
ұстады. Бір күні, кешке жақын, тағы да оңаша әңгімеге
шақырды да:

– Сенікі дұрыс екен. Мынау бір жасырын соғыс

жүріп жатқан жер ғой. Ақылдасып тұрайық, – деп мәміле
айтты. Осыдан бастап өле-өлгенше Сәкеңмен сыйлас,
сырлас болдық десем, артық айтқандық емес шығар.
Өздерінің

қызмет
кабинеттерін
Мәскеудің
Кремліндей күзеттіріп, жан тыныштығын қызғыштай

қоритын кейінгі басшылардай емес, Сағат Әшімбаевтың
есігі өз қарамағындағыларга айқара ашық болатын.
Қабылдау бөлмесінде сарылып отырмаушы едік.
Оған кез келген уақытта кіріп барып, шығармашылық

жұмыстың ұсақ-түйек мәселелерін сөйлесе беруге бо­
латын. Қиялы да жүйрік, ойы да шапшаң Сәкең аяқ
астынан жаңа идеялар туындатып, шұғыл тапсырма­
лар беріп, оны жүзеге асырғанша тыным таптырмай­

тын. Кезінде қазақ қауымына кеңінен танымал болған
«Қарыз бен Парыз» бағдарламасы да осылайша шұғыл
шешімін тапқан іс еді. Әрине, оған дейін де өзі жеке
ойланып-толғанып, санасында пісіріп алған болуы ке­

рек. Жобаның соңғы ширатылуына мені шақырып,
ақылға қосты да, хабардың бірнеше атын алдыма жай­
ып салып:

– Таңдашы,– деді.

Мен «Қарыз бен Парыз» деген нұсқаны таңдадым.
Қасындағы ғалымдардың бірі қарыз бен парыз деген
ұғымдардың ұқсастығын айтып келе жатыр еді, Сәкең
оның сөзін бөліп тастап:

– Бітті. Осыған тоқтаймыз! – деп кесіп айтты. Қазақ

қоғамындағы түрлі түйінді мәселелерді батыл сөз
етіп, ойға қозғау салған осы жоба Сағат Әшімбаевтың
өз қандастарынан қаншалықты озып кеткенін, ұлт
болашағының қамын қандай жоғары деңгейде ойлай

алатынын, сол ұлы мұраттар үшін басын бәйгеге де
тіге алатынын қапысыз дәлелдеді. «Қарыз бен Парыз»

бағдарламасы пішіні жөнінен көне болып көрінгенімен, онда телетехнологияның барша мүмкіндіктері, қосымша компоненттері аз пайдаланылғанымен, Сағаттың озық ойы, парасатты пайымдаулары арқылы қоғамдық пікірдің көшін бастады. Ғасыр басындағы қозғалысының идеялары осында жаңаша мазмұн таба отырып, тыны­ сы қалған тәуелсіздіктің басты ұстанымдары да еріксіз тілге оралып жатты. Сағат ұлт көсемдерінің қатарына қосқан осы ұлтжандылық оның ұлан-ғайыр білімінен, ізденістерінен бастау алушы еді. Сағат шын мәнісінде білімпаз, көп оқитьн еді. Ол кітапханасы бай адам­ дарды құрмет тұтатын. Кітабы көп қаламгердің әдеби дарынының тапшылығына да кешіріммен қарайтын. Сондай бір ақынды Сағаттың көңілі үшін дәріптеп те­ лехабар дайындағанымыз ұмытылмай есте қалды. Сәкең өзіне қажет кітаптың соңына шырақ алып түсетін. 90-шы жылы Мәскеудің «Мысль» баспасынан Фри­ дрих Ницшенің қос томдығы шықты деп естіп, қанша аласұрғанымен, Алматыдан қолына түсіре алмады. Бір күні: – Ницшенің бірнеше данасы сенің Жезқазғаныңа бөлініп кетіпті. Қалайда қолға түсіруің керек, – деп қиғылық салды. Жезқазғандағы кітап саудасының бастығы – облыстық МАИ-дың бастығы Гилленің әйелі екен. Атын ұмыттым. Ұзын сөздің қысқасы, біреулер арқылы Гилле­ ге шығып, ол әйеліне айтып, Ницшенің қос томдығының екі данасын олжаладық. Сағат әйелі ұл тапқандай қуанды. Сол кездегі ақшамен 60 рубльге алынған неміс философынан Сәкеңнің не тапқаны өзіне аян, ал менің Ницше мұрасына әлі күнге тісім батпай жүргенін несіне жасырайын. Жаңылмасам, сексен тоғызыншы жылдың ба­ сында арқалы ақын Кеңшілік Мырзабеков кенеттен қайтыс болды. Бұл күтпеген қаза оның досы Сағатқа да, Кеңшілікпен университет дәрісханасында бірге

отырған, ұялас күшіктей інісі маған да қатты батты.
Марқұмды туысқандары өз топырағы – Торғайға апа­
рып жерлемекші болды да, бірақ, Алматының ауа райы
жолды кесіп, ұшақ ұзақ уақыт еру болды.

Мен: Сенің жолың кешеден кесілуде,
Жатсың үнсіз табыттың бесігінде.
Жібергісі келмей ме Алматының,
Самолеті Торғайдың кешігуде, –

деп басталатын өлең жазып, Сағатқа оқып бердім.
Қатты тебіренген Сәкең:

– Кеңшіліктің замандас достарын телестудияға

жинап, досымызды еске алайық. Елге көңіл айтайық.
Қатарымыздың сирей бастағаны осы болар. Өзімізді бір
түгендеп алайық, – деп бастама көтерді. Сол күні жасы
қырықтың ар жақ – бер жағындағы оншақты әдебиетші

қазақ теледидарының эфиріне шығып, Кеңшілікпен
қоштасу сөзін айттық. Хабарды С.Әшімбаевтың өзі
жүргізді. Толқып сөйледі. Біздің қатарымызға да
шеңгелін сала бастаған сұм ажалдың дауасыздығына

назаланды. Сол күні Сағаттың қасында қаздай тізіліп
отырған қатар-құрбыларының Жарасқан Әбдірашев,
Тынышбай Рақымов секілді бір тобы бақилық болып
кеткелі де біраз жыл өтті. Қайтып оралмайтын сапарды

Сәкеңнің өзі бастағанын өкінішпен еске аламыз.
Орталық комитеттің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков
ағамыз Сағатқа көп қолдау көрсетті. Ұрыншақ, ал­
ды-артын аңдамай, от басып қала беретін Сәкеңді

беделді басшы қанатының астына алып жүретінін
жиі аңғарушы едік. Бір қызығы Өзағаң кейбір оңаша
жолығысуларға лауазым биігінде отырған Сағатпен
бірге оның қарамағындағы көп бас редактордың

бірі мені де қосатын. Мұндай басқосуларда көбіне
әдебиет пен өнерді, тарих пен археологияны, рухани
мұраны насихаттаудың кезекті шаралары сөз болатын.
Жеңіл әзілдер де айтылушы еді. Сондай бір сенбідегі

кездесудің соңына таман Өзекең:

– Осы екеуіңде үй-күй жоқ па? – деп тыңнан қалжың

бастады.

– Неге жоқ болсын...

– Ендеше осындай кең уақытта хатшыны үйлеріңе

шақырып, ас-су беріп жібермейсіндер ме?
Әзіл болса да, шын болса да, осы күтпеген
ұсыныстан Сағат екеуіміз басымызды ала қаштық.
Жәнібеков секілді мәртебелі кісіні аяқ астынан үйге

алып бару менің ақылыма сыймайтын шаруа еді. Достық
даңғылының жоғары жағында тұратын Сәкеңнің үйінен
бір рет шай ішкенім болмаса, ол кісінің тосын қонақты
қабылдау қабілетінен бейхабар едім. Медеу жағынан

бір жақсы үйге көзі түсіп жүрген Сағат шығармашылық
адамының жайлы баспанаға қаншалықты ділгер екенін
тілге тиек етіп, тығырықтан шығарып әкетті.
Әуезовтің, Толстойдың, Чеховтың жеке үйлері тура­

лы қазбалап сөйледі. Біздің шай-суымызға зәру дейсіз
бе, әншейін әзіл үшін сөз бастаған Өзекеңнің Сағат
әңгімесіне еліккені соншалық, ақыры Орталық Коми­
тет ғимаратынан шығып, әлгі Медеу жақтағы ерекше

үйді көруге тартып кеттік. Сыртына жылқының бейнесі
бедерленіп салынған жеке коттедж сол кезде үшеумізге
де таңсық көрініп еді. Қаламгердің еркіндігі туралы біраз
қияли әңгіме айттық. Хемунгуэйдің Гаванадағы музей-

үйі туралы менің әңгімем де біразға дейін талғажау
болған тәрізді еді. Осы жерде мен Өзекеңе:

– Сізде де үй-күй жоқ па? Бар болса, түскі асты неге

сонда ішпейміз? – деп қатерлілеу қалжың айтып қалып
едім, Сәкең шошып кетіп, әңгіменің тігісін жатқызуға ты­
рысты. Өз басым жасымда аузым ауыр, орнықты бала
сияқгы едім, жүре-келе орынды-орынсыз қалжыңдай

беретін мінез таптым да, Омашев, Айтов пен Жұртбаев
сияқты құрдастарыма өткізетін әзілдерімді үлкенді-
кішілі кісілерге де айта салу дағдыма ене бастаған.
Жайшылықта ондай бұралқы сөзге бар денесін

селкілдетіп күліп алатын Сәкең, Өзағаның алдындағы

қалжыңдардан бойын тартып жүретін. Бір жолы менің
келіншегіме де менің үстімнен «арыз» түсіріп:

– Қой десеңші. Бір күні ойыны осылып жүрмесін, –

деп сақтандырғаны бар.
Қатар жүрген көп күндердің біразы із-тозсыз сана­
дан өшіп кетіпті. Менің туған жеріме, Жезқазған, Жезді,
Ұлытау аймағына барған бір сапардан қатты әсерленіп

келгені есімде. Тарихи өлкенің бүкіл табиғаты, Мұхтар,
Амангелді, Көбейсін, Серік секілді көшелі кісілердің
ажарлы әңгімелері, сақтаулы жәдігерлер оның қиялына
қанат бітірді. Саған өзімнің Нарынқолымды көрсетемін,

бірақ, ауылда кісі күте қоятындай ағайындарым аз
деп қамыққанын ұмытқаным жоқ. Ұлытау сапарынан
оралған соң, елдес ағайындарым Камал Смайыловпен,
Төрегелді Шармановпен бірге Сағатты үйге шақырдым.

Дәм үстінде Сәкең біздің елден көрген-білгенін екі
ағамызға ризашылықпен айтып отырды. Кәмекең мен
Төкең:

– Енді бізге Нарынқолды көрсетсеңші. Сенің

ауылыңды аралап қайтайық, – деп Сағатты қажаңқырап
отырды.

– Сіздердей ұлық кісілерді күтіп алатын ағайыным

аз, – деп Сәкең шындауға көшкенде, Т.Шарманов:

– Сен қысылма. Біз аудандық аурухананың бір

бөлмесіне қона саламыз. Тіпті аурухананың тамағын
да іше береміз. Өзің қасымызда болсаң жетеді, –
деп қалжыңды өршіте түсті. Сағат қанша күлкіге
жеңдіргенмен, көңіл түкпірінде бір қаяудың бары

анық еді. Қазір, өзі өмірден озып, алаштың ардақты
азаматтарының
қатарына
қосылған

кезде,
Сағат
Әшімбаевтың есімін бедел тұтып, онымен мақтанатын
азаматтар аз емес екенін байқаймыз. Ал Сағат құлашын

жаяр кезінде, қияға шырқар кезінде кібіртіктей бергеніне
куә болған біздер тұрмыс түйіткілдерінің осындай
көшелі кісіге де бауыр жаздырмағанын көріп едік-ау...
Сағат өмірінің соңғы сағаттарында оның санасы­

на салмақ түсірген қаңқу сөздерді де өз құлағымызбен
естідік. Сол күнгі лездемеде бұрыннан қыңыратқып
жүретін бір режиссер Телерадиокомитетінің төрағасы
С.Әшімбаевқа жөнсіз соқтығып, ауыр-ауыр сөздер ай­

тып қалды. Шамданған Сәкең алқынып тұрып жауап
берді. Ренжіді. Қазақы бейәдеп қылығымызға қамықты.
Төраға біздің қорғаштауымызға зәру емес шығар дедік
пе, үйреншікті бопсалаудың бірі ғой деп мән бермедік

пе, үндемей, салғырт тыңдап, отыра бердік.
Сөздің құнын білетін Сағат Әшімбаевтың нәзік
жүрегі қиянатқа шыдас бермеген екен.
Сағат достың тосын ажалы туралы суық хабар сол

күні кешке мені өз үйімде қуып жетті.

СОҢҒЫ СӘКЕН

Кеше ғана ай күннің бірінде тілдесіп, апта сай­
ын амандық-саулық сұрасып, тонның ішкі бауындай
жақын жүрген Сәкен аға Иманасовтың бұл пәниде жоқ
екендігіне көндігіп, ол туралы өткен шақпен ойланып

естелік жазу менің есіме келе қоймапты. Бір-екі рет
өзінің туған інісі Секен Иманасов хабарласып, менің
осындай да парызым бар екенін ескерткенде елең ете
қоймағаным да осы ақиқат ажалды мойындамағаным,

мойындағым келмегені шығар. Өткен жұмада өзім
қатты қадірлейтін қимас ағаларымның бірі Қуанышбай
Құрманғалиев телефон арқылы қозғау салмағанда, әлі
сырғақсытып жүре берер ме едім.

Әсіресе, Қуағаңның:

– Сен Сәкен ағаңа деген өкпеңді енді таста, –

дегені батып кетті.

– Қай өкпені айып тұрсыз? – деймін шошып кетіп.

– Ол арасын мен білмеймін. Әйтеуір Сәкен ағаң

қайтар алдында: «Жүрсін маған өкпелеп жүрген болу
керек. Бір-екі рет телефон шалып едім, көтермеді. Өзі
хабарласып тұрушы еді, оны да қойды», – деп уайым
айтып еді. Сол ағаңның өмірден өткеніне де жыл толып

қалды. Аса жақын жүргендердің бірі сен едің. Естелік
жазып берсеңші, – деді Қуанышбай аға.

– Қуаға, ақиқаты Аллаға аян! Мен Сәкеңе өкпелемек

түгілі, көңіліме еш алаң кірмегеніне сене көріңіз. Ол
кісі дүние салғанда сыртта жүрдім де, Алматыға келе
сала үйіне барып, қазақы жолмен бата жасағам. Ол не
қылған өкпе?! – деп шыр-пыр болғанымды Қуағаң тез

түсінді-ау деймін:

– Е, бәсе, ендеше, ағаң туралы есте қалғандарыңды

тезірек қағазға түсір, – деп сөз соңын өтінішке
ұластырды.
Енді жаза бастайын деп, Сәкен Иманасовпен

аралас-құралас болған сәттерімді есіме түсірсем, ол бір
кітапқа жүк болатындай мол екен. Аса алыстап кетпе­
сек те, кейде тым жақындай қоймасақ та, бір-бірімізден
күдер үзбей, төбемізді көріп жүргенімізге жиырма-жиыр­

ма бес жылдың жүзі болыпты. 2011 жылдың тамыз айы
болса керек, екеуіміз алдын-ала келісім жасап, Пре­
зидент іс басқармасының Алматыдағы орталық ауруха­
насынан бір бөлме алып, бір жұма денсаулығымызды

тексерткеніміз бар еді. Аядай ғана палатада күндіз-түні
біргеміз. Мен балаларға айтып, үйден бір телевизор
алдырғам. Төсегіміздің аяқ жағында тұрған сол теле­
визорды көріп жарытпағанымыз шамалы. Әңгімеден

ауызымыз босамайды. Көбіне сөйлейтін Сәкен аға.
Алыста қалған балалық, жігіттік дәуреннің, Мәскеуде
оқыған жылдардың қызықты сәттерін еске алғанда,
әңгіменің майын тамызады. Жалпы Сәкең әңгіме айтуға

аса шебер еді. Бұрын әркімге айтып, төселіп алған
кәнігі сөздері ме, баяғыда өтіп кеткен ескі оқиғалардың
ұсақ-түйек егжей-тегжейіне дейін тамылжыта сурет­
тегенде, көркем шығарма оқығандай күй кешетінмін.

Түннің бір уағы болғанда кейде қалжырап ұйықтап кет­
кен кездерім де болған екен. Ертесіне Сәкең:

– Ей, мен сені кісі екен деп әңгіме айтып жатсам,

ұйықтап қалатының қалай? Мына Сәкен Иманасов­
тан ұят болды-ау деп қысылмайды екенсің! – деп өкпе
айтқаны да қызық еді.

– Сәке, сөйлеуші бір-ақ адам болған соң, кейде

көзім ілініп кететіні бар, – деп шынымды айтсам:

– Онда бүгін сен-ақ сөйле. Мен-ақ тыңдаушы бо­

лайын, – деп ымыраға шақырады. Мен бір әңгімені ба­
стасам, оның да есіне соған ұқсас бір оқиға орала кетіп,
қайтадан бір өзі сөйлеп отырғанын байқамай қалатын.
Көбіне айтатынымыз – алыста қалған жылдардың елес-

естеліктері, поэзия цехының жай-күйі, одан қалды
бүгінгі қаламдас-әріптестердің әртүрлі іс-әрекеттері.
Жазуда әркім өз дарын-қабілетіне қарай қалам

сілтегенімен, Төлен Әбдіковтың сөзімен айтқанда,
«анық өмірде» көп қаламдастарымыздың табылар жері
белгілі ғой: күндестік пен көреалмаушылық, іштарлық,
сатқындық пен бақай есеп қай замандасымыздың

болсын бойынан мол табылады. Ертеректе өзі бауы­
рына тартып, қамқорлық қолын созған А. деген ақын
інісінің кейін қалай жонарқасын көрсеткені туралы
әңгімесінің үстінде оның жанының қалай күйзелгені,

осындай ірілі-уақты иттіктердің ақын жүрегіне қалай
қаяу салатыны естен кетпестей болып сақталып
қалды. Оның есесіне Мұқағали Мақатаев, Сабырхан
Асанов, Сағи Жиенбаев секілді өмірден өтіп кеткен

тұрғыластары жайлы сағынышқа толы естеліктерін
айтқан кезде, оның қуанышы шарасынан асып, менің
де көңілімдегі әлдебір қыл-пернелерді шертіп жататын.
Сәкен ағаның «Замандастарым мен қаламдастарым»

деген кітабы бар екенін оқырман қауым жақсы білсе
керек. Кезінде талай әңгімеге арқау болып, бестсел­
лерге айналған осы кітаптың ұзын-ырғасын Сәкен аға
осы бір жұмада көптеген толықтырулармен маған ай­

тып шықты-ау деймін. Кітабыңызды оқып шыққанмын
деп айта қоймаймын, өйткені, үлкен ақынның басы­
нан өткен оқиғаларды жаңа бояуларымен оның өз ау­
зынан тыңдау да бір қызық. Ғанибеті де мол. Тек бір

кеште ғана Сәкен ағаның әңгіме айтуға мүмкіндігі бол­
май қалды. Себебі, көрші бөлімшеге классик жазушы
Әбдіжәміл аға Нұрпейісов келіп түскенін естіп, екеуміз
сәлем беруге бардық. Кешкі астан кейінгі мезгіл еді.

Дәрісін ішіп, уколын салдырған Әбең баяғы әдебиетке
келген тұсынан бір әңгімеге кірісіп кетті де, түнгі он бірге
дейін, толық төрт сағат әңгіме айтты. Тоқсанға таянып
қалған қарт кісі қалжырап қала ма десек, арасында

сөзді бөлетін пауза да қалдырмайды. Осы әңгіменің
ауызша нұсқасын таспаға түсіріп алған Мырзатай Жол­
дасбеков соны алдында ғана газет бетінде жариялаған
еді. Осыны еске салайын деп бір килігіп көріп едім,

Әбең:

– Мырзатайға мен мұны қашан айтып жүр екенмін?

– деп қайран қалды да, сөзін одан әрі сабақтады. Түнде

бөлмеге оралған соң Сәкен аға екеуміз шалдың әңгіме
айту үстіндегі суреткерлік шеберлігіне қайран қалып
отырдық. Алпыс жыл бұрын қонған үйіндегі көне көрпенің
тысы мен жыртық-тесігіне дейін, жолыққан адамның

бет-ажарындағы әжім-меңіне дейін тәмптіштейтін,
сол арқылы өмір суретін қолмен қойғандай алдыңызға
әкелерін қарт қаламгердің құдірет-қуатына таңданбау,
тамсанбау мүмкін емес еді. Сәкен аға:

– Бұл не деген ғажап! Қазақ әдебиетінің қарт

гвардиясының сардарлары бізге әлі дес бере қоймас, –
деп сүйсініп отырды.

– Сіз де прозаңызда штрих, деталь табуға шеберсіз.

Әсіресе, жек көрген адамыңыздың қимыл-қозғалысына
дейін сүмірейтіп суреттелгенде, жерге тығып жібере
жаздайсыз. Осыншама өшпенділік көкірегіңіздің қай
жеріне сияды, Сәке? – деп әңгіме соңын әзілге бұрып

едім:

– Қойшы ары! Сен де бір анау екенсің! – деп теріс

қарап жатып қалды.
Ертесіне
Сәкеңе
біреу

телефон

шалды. Қазақстанның Батыс өлкесінде тұратын, әжептәуір та­ нымал бір ақын екен. – Келіп көңілімді сұрамақшы. Оншалықты ара­ ласым да жоқ еді. Түсіне алмадым, – деп отырды. Сөйткенше болған жоқ, қолында файлға салып, шиыршықтап алған қағазы бар әлгі ақын есіктен кіре берді. Кіре беріп, мені көрді де, не кірерін, не шығарын білмей, состиыңқырап тұрып қалды. – Кел, төрлет! – деп жатырмыз. Қонақ кісі орындыққа жайсыздау тізе бүгіп, амандық-саулықты да ебедейсіздеу сұрасып, бірер минуттан соң ыңғайсызданған қалпында есіктен шыға жөнелді. Аңтаң болып біз қалдық. – Осы жігіт, дәу де болса, сенен сескеніп кетті, – деді Сәкен аға. – Бұл жігітіңізді ғұмырымда екінші рет көріп тұрмын. Менің не қатысым бар? – деймін шынымен таң қалып. – Қолындағы шиыршықталған қағазды көрдің

бе? Не ашық хат, не үндеу болса керек. Маған қол
қойдыруға әкелген шығар. Бұл өзі салафи ма, уаһаб
па, бір діни ағымда жүрген қазақ. Интернетке сенсек,
сен де салафилердің көсемдерінің бірі көрінесің ғой.

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды деген осы.
Сенің менімен бірге жатқаныңды білсе, келмес еді.

– Қағазын сұрап алып, қол қойып бермедіңіз бе?

Мен салафи дегеннің не екенінен хабарым жоқ адам­
мын ғой. Интернетке мені жарнама үшін кіргізіп қойған
болу керек, – деп ақталып жатыр едім, Сәкең:

– Осы сені бірталай адам жаратпайды. Неге? –

деп мәселені төтесінен қойды.

– Мені жаратпайтын бес-алты адам бар екенін

өзім де сеземін. Көбі өзімнің қатарларым. Ел көзінде
жүргенімді көре аламай, қызғаныштың қызыл иті ішін
тырнап жатқан бұл замандастарыма мен түсіністікпен
қараймын. Сіздің де көп кісіге сүйкіміңіз шамалы. Осы­

ны біз ұмытып қалмасаңыз, сізге арнаған өлеңімізде де
айтып қойғанбыз.

– Әй, сенің сол өлеңің маған ұнады-ей! – деді Сәкен

аға.

– Сізге ұнағанмен, біреулерге ұнамады.

– Қойшы.

Мен бір топ өлеңімді бір журналға жариялауға бер­
ген едім. Редакциядағы өлең қарайтын ақын қызметкер:

– Барлық өлеңіңді нөмірге ұсынамын. Тек Сәкен

Иманасовқа арнау өлеңіңді алып қаламын.

– Неге?

– Бұл жерде мен отырғанымда Иманасов туралы

өлең жарияланбайды.
Бұндай жолсыздың менің де шамыма тиіп,
журналдың демалыста жүрген бас редакторына ха­
барласып, әлгі өлеңнің жарық көруіне жол ашып едім.

Ағаның «маған ұнады» деп отырғаны сол өлең еді.
Айтар едім ұқсам айқын –
Есімдерін құт санайтын
Сәкендердің не сыры бар

Ешкімге де ұқсамайтын?

Өмір өрге бастаса екен,
Қабақты мұң баспаса екен.
Сызданасың сыртың менен,
Жоқ секілді басқа Сәкен.

Жылдарменен жарысқандай
Кеңеюде қарыс маңдай.
Ызаланған кездеріңде
Ырылдайсың арыстандай.

Одырайған орыс ағам,
Мінезіңнен дәріс алам.
Жақтырмайсың жан баласын –
Қарыздардай бәрі саған.

Бір киетін киімдейсің,
Түнерсең де түйілмейсің.
Сынар жерде – сынасың да,
Илікпейсің, иілмейсің!

Не ішпейсің, не шекпейсің,
Дарынсызды дос етпейсің.
Қаламдастың қасиетін
Тек өлеңмен есептейсің.

Ашылмаған әлемдейсің,
Айтылмаған сәлемдейсің.
Сәкендердің осал болып
Тумайтынын дәлелдейсің.

Өлең, өлең, өлең дейсің,
Өлең өлсе – өлем дейсің.
Осал жерің – аппақ қыздар,
Аппақ көрсең – елеңдейсің.

Жер шоласын, бұлт аласын
Қаусыратын жыр табасың.

Өлең десе бурадай боп
Буырқанып, бұрқанасың!
Кедейлердің дарқанысың,
Байимын деп қорқамысың?

Алакөлдің аш балығын
Шошытатын шортанысың.
Жүйткісе де қаламың көп,
Көңіліңде алаңың көп.

Депутат та болып көрдің
Керек болса – боламын деп.
Сүрлеудейсің. Соқпақтайсың.
Аяр көрсең – аттаппайсың.

Ашуланған адамыңды
Кітап жазып тоқпақтайсың.
От шашатын шақпақтайсың,
Сапарыңды тоқтатпайсың.

Барлық Сәкен атаулыны
Жалғыз өзің жоқтатпайсың.
Шуылдақтар болды шулап,
Қонар ерге қонды шын бақ.

Сәкен жайлы бұл өлеңде
Болмау керек соңғы шумақ!
Мен бұл өлеңді жазып болған сәтімде радиоға
Сәкеннің өзі келе қалды да, қолма қол оқып бергенмін.

Аса мықты дүние болмаса да, оның жүрегін жылытқанын
риза жүзінен аңғарғам. Мен Қазақ радиосында бас ди­
ректор болып отырғанымда, «Қазақ поэзиясының ан­
тологиясы» деген хабарлар циклын ашқан едім. Түпкі

мақсатым – қасымызда жүрген қазақ ақындарының да­
уысын радионың қорына жазып алып қалу еді. Өйткені,
кеше ғана өмірден өткен не бір ақиық ақынның не
бейнесі, не дауысы сақталып қалмағаны өкіндіретін.

Оның үстіне, бүгінгі поэзияны ел таныған бір үлкен

ақынның көңіл таразысы арқылы електен өткізіп, тәуір
өлеңдерді радио арқылы насихаттау да ойда болған.
Қазақ поэзиясын таразылап отыратын сол үлкен ақын
ретінде Сәкен Иманасовты таңдаған едім. Обалы

нешік, Сәкен аға да осы жұмыстың жауапкершілгін
жете ұғынып, апта сайын радиоға келіп, бұл үлкен
істі ақырына дейін алып шықты. Қазір ондаған ақын
әріптестеріміздің өлеңдері Сәкеннің сүзгісінен өткен

қалпында радионың «Алтын қорында» сақтаулы тұр.
Біреу-міреу өшіртіп тастап жүрмесе, бұл қазына әлі та­
лай керекке жарайды.
Сәкен

Иманасовпен

бір кеңседе қызмет атқарған кезім де болған. 1993 жылы Социалистік партияның «Қазақ Мемлекеті» деген апталық газеті ашылып, Сәкен аға сол газеттің бас редакторы бо­ лып тағайындалды да, мені өзіне орынбасарлыққа шақырып алып, аз уақыт тізе қосып жұмыс істедік. Екеуміздің социалистік көзқарастарымыз орнықсыз болды ма, әлде, Ермұханбет Ертісбаев басқарған соцпартияның өзі солқылдақтау болды ма, әйтеуір, аты дардай газетіміздің ғұмыры қысқа болып еді. Әйтеуір, 15-қараша – төл теңгеміз айналымға түскен күні менің «Жиырма теңге» деген өлеңімді Сәкен ағаның бірінші бетке жариялағаны ғана есімде қалыпты. Партиялық газеттің 1 – бетіне мінезді өлең жариялау үшін де редактордың табанының бүрі болуы керек қой! Сәкен Иманасов туралы бұл шағын естелікте бірді айтып, бірге кетіп отырғанымды өзім де аңғарамын. Бірақ, адам жадының табиғаты сондай: барлық нәрсе есте қалмайды, жарқын сәттер, оқыс ойлар тайға таңба басқандай сақталып қалады. Кеңірек оты­ рып кеңескен кездеріміздің бәрінде өлең туралы сөз қозғаушы едік. Мен Сәкен ағаның шығармашылығын сөз еткен мақалаларымда оның поэзиядағы өзге ол­ жаларымен бірге, ішкі ұйқасты дәстүрге енгізіп келе жатқанына үнемі назар аударып жүретінмін. Расында да, онсыз да үш жолы айқасып-ұйқасып жататын қара өлеңнің үшінші жолының бастапқы не соңғы сөздерін

төртінші жолдың бастапқы сөздерімен ұйқастырып,
мінсіз шумақтар жарататын шеберлігі таңдай қақтырушы
еді. Осы пішінге ұлы ақынымыз Тұманбай Молдағалиев
та ұйып, соңғы жылдары көбірек әуестене бастап еді.

Осыны тілге тиек етіп, бір жолы Тұмағаңа:

– Сәкен досыңыздан үлгі алып жүрсіз-ау! – деп

қалжыңға сүйей айтқанымда:

– Ол тәсілді мен өлеңге Сәкеннен бұрын алып

келгенмін, – деп уәж айтқан. Өзім ақындықтың идеа­
лы деп есептейтін Қасым Аманжолов пен оның жары
Сәпеннің арасындағы махаббат хикаясына арналған
«Ақынның жары» деген өлеңім «Қазақ әдебиетінде»

жарияланғаннан кейін Сәкен аға телефон шалды:

– Біраздан бері өлең жазбай кетіп едім. Енді жаза

алмайтын шығармын деп қауіптеніп те жүр едім. Сенің
мынау өлеңің мені қозғады. Өлең жазып жүрмін, – деді.

– Тұралап жатқан тұлпардың тұсынан жылқы үйірін

айдап өтсе, басын көтеретін көрінеді.

– Ей, мақтаншақ! Өзім де айтып жатырмын ғой.

«Жүр екен жүрек тек іштен жүдеп,
Таптым-ау жебер періштемді деп.
Сәпен сұраған сол ауыр сертке
Сеніскен жүрек келісті елжіреп», –

деген шумағыңа қуандым.

– Басқа ештеңе таппадыңыз ба?

– Басқа не бар еді?

«Қосылып үні егіз бұлақтың,
Жемісін халал жегізді бақтың.
Сегіз жыл бірге дәурен кешірді
Салтанатындай сегіз жұмақтың.

Сөзбенен сомдап таза сымбатын
Жүрекке мәңгі жазасың ба атын.
Ақылман әйел – ақынның бағы,
Ақынның соры – мазасыз қатын», – деген

шумақтар көзіңізге шалынбады ма?!

– Нешауа екен. Менде де осындай құйылып түсетін

шумақтар болады. Кейде ұйқасты соншама шиелеудің

қажеті бар ма деп те күмәнданамын. Бірақ ол ақынның саналы еркінен тысқары құдіреттің пәрменімен құйылатын сыйқыр ғой. Осы бір жас ақындар-ақ өлең жа­ замыз деп өлеңнің мазасын кетіріп жүр. Қазақ өлеңінің сәні сұлу ұйқасында ғой. Біздің бес томдығымызды қадағалап қарасаңыз, әлгі ұйқастарыңызды он орап кететін үлгілерді табасыз, бала! – Сәке, осы сіздің бес томдығыңыз таңдамалы ма? – Солай болуы керек. – Таңдамалыңыз болса, екі-үш өлеңіңіз әр томның ішінде неге қайталанып жүр? Кезінде кейбір баспаға жазған ішкі рецензияларыңыз да таңдамалыға еніп кетіпті. – Әй, шырағым, кітабымның әр жерін шұқыламай, жайыңа жүрші! – деп Сәкен аға телефонын өшіре сал­ ды. Ертеңіне қайта телефон шалып, баспа редакторының кінәсінен кітабында кеткен ақауларды байқағаным үшін ризалығын білдірді. Бүгін осындай екеуара әңгімелерді еске алып отыр­ сам, аяулы ағаға еркелей айтқан артық қалжыңдарыма өкінетіндей де жайым бар екен. Есесіне, қолымнан келген құрметімді көрсеткен тұстармды да қуанып еске аламын. Жеті-сегіз жыл бұрын Талдықорғандағы шығармашылық кешіне бірге баруға ұсыныс жасады. – Облыстың басшысымен дос-жарсың ғой. Өтініштерім бар, орындап берсін, – деді. Облыстың басшысы арнайы қабылдап, қаладан пәтер беретін болды. Театрда өтетін шығармашылық кешке өзі қатысып, Құрмет грамотасын тапсырамын деп уәде берді. Сәкен ағаның қасындағы достары Нұрмахан Оразбеков, Мамадияр Жақыпов, Есенбай Дүйсенбаев – бәріміз кеңседен қуанып шықтық. Бірақ Сәкен ағаның шырайы кіре қоймады. Сұрастыра кел­ сек, облыстың Құрметті азаматы деген атақты бергісі келмеді деп, әкімге наразы болып қалған екен. Жалған құлда жазық жоқ, манағы кеңсеге қайта келдім.

– Бұл кісінің 70 жылдығына әлі бірер жыл қалған

екен. Сонда әлгі атақты да береміз ғой, – деп үлкен
бастық уәж айтады.

– Қадыр Мырзалиевтің «Өлгенін, жерленгенін күтіп

жүрмей, талантты қадірлеңдер тірісінде» деген өлеңі
бар, – деп мен де бой бермеймін. – Сәкен Иманасов

– қазақтағы қазіргі ең ірі үш ақынның бірі. Облыста да

талай жыл қызмет етіп, еңбегі сіңген. 70 жасқа толу­
ын күту міндетті емес. Арқалы ақынын арқадан қағып
жатсаңыз, облысыңыздың жарты халқы риза болаты­
нын да ескерсеңіз екен!

Обалы нешік, әкім сөзге тоқтады. Қолма-қол
облыстық мәслихаттың депутаттарын жинап, Сәкен
Иманасовқа «Алматы облысының Құрметті азаматы»
деген атақ беруге шешім шығарылды. Сол жылдары

Серік Әбікенұлы қаламгер атаулыға көбірек көңіл бөліп,
қамқорлық жасауға қазіргісінен гөрі бейім тұрушы еді.
Депутат болу денсаулығына жақпай қалмаса, көмекке
зәру қаламгерлер әлі де баршылық қой... .

Келесі бір жолы Сәкен ағаны Астанаға шақырдым.
Өзім сонда жүр едім. Меценат Амангелді Ермегия­
ев біздің Ұлытауды көргісі келді де, С. Иманасовты
бірге ала жүрейік деген ұсынысыма қарсы болмады.

Бұрын да Сәкен ағаны А.Ермегияев, Ө.Сәрсенов,
Қ.Омаров сияқты дәулеттілердің ортасына ертіп ба­
рып жүретінмін. Ө.Сәрсеновті С.Иманасовтың бір
томдығына демеуші етіп қосып бергенім де бар бо­

латын. Амангелді бастаған бір қауым ағайын Астана­
дан шығып, бір апта бойы Ұлытау өңірін шарлап, елмен
кездесіп, арқада тұнып тұрған тарихи ескерткіштерді
тамашаладық. Кейін Сәкен аға осы мағыналы сапар

жайлы көлемді очерк жазып, «Жас қазақ» газетінің екі
нөмірінде жариялады. Мен бір ғана эпизодты еске түсіре
кетейін деп отырмын. 1993 – жылы менің ұйытқы бо­
луыммен Ұлытауға барған Т.Молдағалиев, М.Мағауин,

Қ.Найманбаев, Д.Қанатбаев секілді ірілерді күтіп алуда
мүлт жібермеген қонақжай ауылымның осы жолғы бір
қылығын езу тартпай еске алу мүмкін емес.

Ауданды жиырма жылдай басқарған бұрынғы бас­
шы, осы жолы бізді бастап апарған ескі досым Серік
Тілеубаевтың жұртқа сыйлылығы себеп болды ма,
ел ішіндегі бір жұма көзді ашып-жұмғанша ертегідей

әдемі қалпында өте шықты да, соңғы күні Күмісбұлақта
шығарып салу рәсімі өткізілді. Маусымның жұпар исі
аңқыған бал қымызы әр жерде сапырылып жатыр. Ән-
күй кемерден асып төгілуде. Ауданның ендігі басшысы,

сыйлас дос Жаңбырбай Дәрібаев көмекшілеріне иек
қағып еді, сол маңайда ауыл баласы жетектеп жүрген
көк ат қонақтардың алдына көлденең тартылды. Үстінде
ертоқымы бар, оюлы жабу жабылған қамысқұлақтың

екі қапталында айыл-тартпадан қалған ескі таңбалар
бірден көзге шалынады. Жерден басын көтермейтін
жаманатқырдың көп мініс көргені бірден байқалады.
Әркім мініп-түскен жануардың жуастығын аңғару да

қиын емес. Өзіне мінгізуге алып келген бұл сый атты
Амангелді ойланбастан Сәкен Иманасовқа ұсынды:

– Арқалы ақынымыз ғана емес, алдымыздағы

ардақты ағамызсыз. Ұлытау секілді киелі жердің жу­
санын жұлған бұл тұлпар Сізге лайық! – деп жатыр.
Үстіне құндыз жағалы шапан жамылған Сәкең лезде
көк аттың үстіне мініп алып, жан-жақтан жарқылдаған

фотоаппараттарға мейірлене қарайды. Көк аттың сурет-
муретте шаруасы жоқ, жердегі тықыр көгалдан басын
көтергісі келмейді. Осындай келген-кеткен қонақтың,
тақымына әбден үйреніп алған сыңайы бар. Сірә, та­

лай қонаққа көлденең тартылып, осы бұлақтың басын­
да тұра беруге дағдыланып алған секілді. Мен қалжың
әңгіме бастадым:

– Осы Ұлытауда баяғыда Абылайды ақ киізге са­

лып хан көтерген. Анау төбенің басындағы обаны
Кенесарының қарауылы деп атайды. Ол жарықтық та
осы өңірден талай жорыққа аттанған. Мынау көк ат екі
ханның да көзін көрген болуы керек. Сәкен аға, су­

ретке түсіңкіреңіз. Тұлпарыңызды сағынғанда, суретіне
қарап жүресіз!
Сәкен аға рас па дегендей, таң қалған кейіппен

жан-жағына қарайды. Әкім Жаңбырбай сөзді қалжыңға бұрып, ақталып жатыр. Көп ұзамай Алматыға қарай аттанып кете бардық. Мұратбек Ермегияев марқұм шығарып берген көнтерлі көк аттың суреті сол сапар­ да бірге жүрген бәріміздің де архивімізде жүр. Кейін бірнеше жыл бойы күліп еске алып жүрдік. «Күмісбұлақ» басындағы көк ат Сәкен ағадан кейін де талай құрметті қонаққа көлденең тартылған болу керек. Кейін Әмет Ермегияев: – Сәкен аға, сол көк аттың орынына менен бір қылқұйрық алыңызшы, – деп сөзге түйін жасап еді. Сәкең сол атты да алып үлгермеді-ау деймін. Әмет ағаны қойшы, Ұлытау ауданы түгіл, қадірлі Қазақстан мемлекеті де Сәкен Иманасов секілді талантты перзентіне басы-көзі түзу бір ат мінгізуге жарамағаны, дер кезінде арқадан қаға алмағаны ойға орала береді. Сәкен аға бақилық мәңгі сапарына жаяу аттанып кет­ кен тәрізді көрінеді маған... . С.Иманасов туралы аз естелікті осымен тамамдауға тура келетін сияқты. Өз басым осының ішінде Тұмағаңның, Тұманбай Молдағалиевтің жоқ екеніне таңырқап отырмын. Ақиқатында, үшеуіміз та­ лай сапарға бірге шығып, талай күндер мен түндерді бірге өткізіп едік. Тіпті, Тұмағаң өмірінің соңғы бір ай­ ында күнара дерлік сол кісінің қасынан табылып жүр едік. Сәкен аға өзінің аға досы туралы әңгімесін жырдай ғып айтқанда, сыйластық пен сырластыққа толы сол хи­ каялардан талай ғибрат өрбитін. Енді жұбы жазыл­ май жүретін екі жүйіріктің екеуі де жоқ. Екеуінің томтом кітаптары ғана көшкен елдің жұртында қалған тас ошақтардай, құлазыған көңілді одан әрі жүдете түседі. Сәкен Иманасов – қазақ руханиятының көкжиегін кеңейткен сұңғыла Сәкендердің соңғысы еді.

ҚҰЛМАМБЕТТІҢ ҚҰЛЫНЫ

Ай, Жанарбек інім-ай!
Оразалы туралы он бет қағазды уақытылы жазып
бере қоймадың деп мені жазғырып жүрген шығарсың-
ау. Досың туралы естелікті қағазға түсіріп бер деп

сен мені қанша уақыт қолқаласаң, мен сонша уақыт
өз-өзімнен қасірет шегіп, іштей азапқа түсіп жүрген
жоқпын ба? Неге деймісің? Өзіңнің балаңмен жасты ру­
хани інілерің туралы естелік жазамын деп кім ойлады

дейсің. Және оның не қызығы бар дейсің. Өзіңнен бір
көйлек болса да бұрын тоздырып, аз болса да, көп бол­
са да тәлім-тағылым берген ағаларыңмен бірге өткізген
келте күндердің елес-сәулесін еске алудың жөні бір

бөлек. Сені бір бел-белес санап, соңыңа ерген, қолыңа
су құйған жеткіншек інілердің қысқа ғұмыры туралы сөз
қозғаудың еш ләззаты болмайтынын сен ұғынбай-ақ
қой.

Амал қанша!
Айтыс та майдан сияқты.
Мылтықсыз майдан.
Мерген уақыттың қарауылына іліккен айтыс сар­

баздары саптан шығып қалып жатыр.
Ең әуелі «Илигай-лап» келіп, бір-ақ күнде бәрімізді
тәнті еткен Жандарбек Бегімбетов кісі қолынан қаза
тапты. Атаңа нәлет қай қаныпезердің өлімге қиып

жібергенін білген кісі жоқ.
Сосын Көкшетау мен Астананың арасындағы қара
жолда Ерік Асқаровтың арбасы қирады. Сексенінші
жылдардың ортасында Алаш баласын акиқатқа ұйытқан

ақберен ақын сол еді.

Одан соң Әзімбек Жанқұлиевтың туы жығылды.
Ауған соғысынан аман келген жауынгер ақынның
жүрегі жаңа ғасыр басындағы ауыртпалықтарға шыдас
бермеді.

Енді келіп... Жиырма тоғызға жетер-жетпес жасын­
да ортекедей ойнақтаған Оразалы опат болды. Айты­
сты майдан емес деп кім айтты?
1990 жылы Ташкенттегі айтыстың үстінде кемел

акын Көпбай Омаровтың жүрегі тоқтап қалған.
1998 жылы шындық деп шырылдаған Шымболат
Ділдебаевтың да жүрегі жарылып кеткен.
Айтыс деген – майдан. Қаңғыған оқ жыршыл

жүректі жаңылыспай табады. Шонжыдан қайтып келе
жатып, жол үстіндегі апатта мерт болған Оразалы
Досбосыновтың жаманат хабарын маған сенбі күні бо­
зала таңда Дәулеткерей Кәпұлы жеткізді. Астанадан

телефон шалып тұрған ақын бауырымның дауысында
үрей де, таңырқау да, түңілу де бар еді.

– Оразалы ініңіз сіз тұратын Тұздыбастау ауылының

шет жағын мекендейтінін айтып еді. Анық көшесін
білмедім. Табарсыз, – деді.
Алматының іргесінде тұрғанмен, Талғар ауданына
қарайтын біздің Тұздыбастау ауылында кемінде он бес

мың халық бар. Алматыдан тұрақ таппаған Қанапия
Дәрібаев, Темірше Сарыбаев, Айтақын Әбдіқалов
секілді біраз ақын да сол он бес мыңның санатында.
Шалдардың күпісіндей далиып жатқан Тұздыбастаудың

қай бұрышынан Оразалының қара қосын табарсың?
Нарынқолдан кәсіп іздеп келгендер төменгі жақта
қоныс салып жатыр дегенді құлағым шалуы бар еді,
солай қарай жүре бердім. Ауыл жайбарақат. Әркім өз

тіршілігімен әуре. Алаштың ардақ тұтқан бір боздағы
өмірден өтпегендей. Мерт болмағандай. Сұрай-сұрай,
Ораздың бір кәрі апасының үйін тауып алдым. Қария
кір жуып отыр екен:

– Иә, Оразжан опат болды деп хабарлап кет­

кен. Мына бір жиналып қалған кірді шығара салайын

деп... Үйінің қайсы екенін да анық айта алмаймын-ау
мен сорлы... – Ораз ойран болып жатқанда шаруасын
күйттеп үйінде отырған кейуананы жек көріп кеттім.
Қолқасы суырылғанша дауыс салып, өлімге құрмет

көрсетіп, үзілген өмірге жоқтау айтатын қайран біздің
шешелердің орны енді тола қоймас-ау... Оразалының
үйін өз бетімізбен тауып алдық. Қам кірпіштен – салы­
нып жатқаны да, құлатылып жатқаны да түсініксіз қазақы

жайдақ үй. Қоршауы да жоқ, аңғал-саңғал. Аңыраған
ана. Жер шұқыған бауырлар.
Ақылды әйелім берді:

– Қаладағы ұлымыздың үйіне барайық. Ақша тауып

берсін. Оразалыны жөнелтуіміз керек қой...
Ұлымыз ойдан шықты. Зыр қағып жүгіріп, бір
сағаттың шамасында әжептәуір ақша тауып әкелді.
Оны Ораздың шешесінің алақанына салған соң, ақынды

қоятын жер іздеуге шықтым. Күн демалыс. Басшы­
лар жоқ. Тұздыбастау мешітінің молдасын ертіп алып,
зиратқа апарсам, қайдағы бір жықпыл-жырамен таудың
терең қуысына кіргізіп, бір төбенің астын нұсқап:

– Бұйырған жер осы, — дейді.

– Зиратты ел жақ шетіне, анау қара жолдың

бойындағы ашық алаңға неге қоймаймыз?

– Рұқсат жоқ...

Әрі-бері тәжікелесіп, көнбеген соң, ауылға қайта
барып, имамның үйін тауып алдым. Бір-бірімен келісіп
қойғандай:

– Рұқсат жоқ! – дейді.

Тірі Оразалыға орталықтан үй салуға рұқсат жоқ.
Өлген Оразалыға қара жолдың бойында ел төбесін
көріп жатуға да рұқсат жоқ! Ертең «Ой-бауырымдап»
аяулы ақынның достары келмей ме? Ел жиналмай ма?

Мына таудың қиядағы қуысына кім тауып келеді?
Әкімнің бе, оның орынбасарының ба, әйтеуір билігі
бар біреудің есігін қаққаным есімде:

– Қара жолдың бойынан қабір қаздырмасаң, Ораз

бауырымды оң жақта он күн ұстасам да, осы қуысқа
қойғызбаймын! – деймін қаным басыма шапшып. – Сіз
өзі Оразалыны кім деп тұрсыз?! Оразалы жүз жылда
бір-ақ туар Алаштың арқалы ақыны емес пе!

Сөз ұғатын кісі екен. Қара жолдың бойынан, менің

Тоқтасын досым мен Серік інімнің қасынан жер кесіп
берді. О, тоба, мына аруана фәни дүниеде аяулы
ақыныңды жерлейтін орын тапқаның да қуандырады
екен. Қуаныштың осындай да түрі болады екен!

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан
Оразалинді қонақта отырған жерінен тауып алдым.
Оразалының ағасы Оразалин де азамат-ақ екен.
Екеуіміз тізе қосқан соң, жерлеу-жөнелту шаралары

реттеле бастады. Ойға-қырға шапқылап жүріп, көздің
жасындай жыр жолдары тілге орала береді.
... Сенің үйің үйлердің шеткісі еді,
Түнгі мейман шеткі үйге кеп түседі.

Домбыраңды әлдилеп жүргеніңде
Домбыраңның үзіліп кетті шегі.
... Сөзден соғам деп жүріп зор мұнара,
Сорың қайнап қалды-ау,

Сорлы бала!
Талантты өзі жаратып тәңіріміз,
Сол таланттың алдына тор құра ма...
Оразалымен алғашқы жолығысуларым есімде

жоқ. Домбырасын өңгеріп келіп, өзге де жас айты­
скерлермен бірге сынақтан өтуге талпынды ма екен,
әлде, оқушы дәптеріне қылқаламмен тізілген алғашқы
өлеңдерін оқып шығуға берді ме екен? Әйтеуір, Абай

атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің үшінші
курсында оқып жүргенінде, студенттік шығармашылық
кешін өткізетін болып, соған қатысуға шақырды. Өзім
де сол қарашаңырақтың түлегі едім. Ұстазымыз Нығмет

Ғабдуллин менің де алғашқы өлеңдерімді дәл осындай
үйірмеде оқытып, бір топтамамды «Қазак әдебиетінің»
бетіне жариялаған. Қолымнан жетектеп жүріп, «Жас ке­
руен» деген кітапқа кіргізген.

...Сол ҚазПИ-дің өзімнен айнымаған қара баласы
өлең кешіне шакырып, қиылып тұрса, қалай бармай­
мын?

Киіктің асығындай ғана қағілез қара бала. Күрек
тістерінің арасындағы саңылаулар көзге бірден ша­
лынады екен. Біресе өлең оқыды, біресе айтыстарын
тыңдатты. Қай дүниесіне ден қойсаң да, ауыл бала­

сына тән бір аңғалдық пен тазалық ішіңді жылыта­
ды. Ұяты бетіне шығып тұрған жастың қалыптасып
болмаған қолтаңбасында бір ғажайып құпия бар
секілді. Шапанының шалғайы желбіреген ауыл шал­

дары өрімдей өлеңдердің әр тұсынан көлең ете
қалатындай. «Көзден таса қылмайтын бала екенсің»
деген тұжырымды көкейіме түйіп қайттым.
Көп ұзамай Оразалы топқа қосылды. Бір қызығы,

Республика сарайында өткен жас перілердің жыр сай­
ысында ол ә дегеннен-ақ сүрініп кетті. Айтыстың көзге
көріне бермейтін көп-көп ұйымдастыру шараларымен
миқата болып жүріп, Оразалының қалай қапы кеткенін

мен аңғармай қалыппын. Үйге келген соң, айтыстың
аудиотаспаға түскен нұсқасын қайта тыңдап көрсем,
«жеңіліп» қалған Оразалының сөз орамдарының ара­
сында небір жарқылдаған маржандар, гауһарлар, ал­

тындар жүр. «Сынапты сыпырындыдан жинағандай»
депті бір жерінде. Мен де сыпырындыдан сынап
жинағандай, Ораздың ең көркем жолдарын кағазға
түсіріп алып, ертеңіне қазылар алқасымен «айтысуға»

бардым. Мынандай ғажайып сөздерді айтқан ақын
қалай жеңілді деп дауласа кеттім. Дәлелдедім.
Түсіндірдім.
Обалы

қане,
қазылар
алқасындағы
ағалар сөзге тоқтады. Оразалы сахнаға қайта шықты.

Жарқылдатты. Нөсерлетті. Төкті. Сөйтіп, бір кеште бес
ақынмен айтысқан Оразалының есімі лезде қазақ еліне
мәлім болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед шығын мөлшерін
қайта қарап, Оразалыға үш мың АҚШ долларына тати­

тын арнайы жүлде тапсырды. Осыдан кейін алты жыл
бойы Ораздың бақ жұлдызы айтыс өнерінің аспанында
жарқырап тұрды.
Оразалы бір айтысында «Құлмамбеттен қалған

құлынмын» деді. Оның осы сөзі айтыс жанашырларының
құлағына майдай жақты. Жетісу өңірінде Құлмамбеттен
қалған бір құлынның зәрулігі өтіп-ақ тұрған кезі еді. Ұлы
айтыскер Сүйінбай айтыстың туын желбіреткен өлкеде

Жамбылдың ізі суып, Үмбетәлінің, Саяділдің, Қуаттың,
Әбдіғанидың
шаңы
басылып,

арындаған
арқалы
жырдың арнасы ортайғандай болып жүрген. Әсімқан мен
Әлімқұл шау тартты. Бәріміздің өңешімізді создырған

Есенқұл Тәушен апасымен бір тәжікелескеннен кейін
атын ауыстырып мініп, жазба поэзияның жайлауына
шығып кетті. Ермек Жұматаев құр текіректен аса алма­
ды. Оның жеткен биігі «Ермек өлең айтпайды Абай үшін,

Абай өлең жазбаса Ермек үшін» деген бәдік болды. Ақын
жоқ. Қасқа құлынның құлағы көрінбей, басқа құлынның
шұрқырағаны естілмей, нәумездеу болып жүрген бір
тұс болатын. Дәл осы кезде Құлмамбеттің құлыны

құнан шығып, бір шаңды бір шаңға қоса бастады. Тау­
дан құлаған тас бұлақтың жанға жайлы сылдырының ар
жағынан Көдек ақынның құдіретті сарыны да естілетін.
Оразалының құлағына қай періште сыбырлайтынын

кім білсін, адам баласы естімеген кайдағы бір оқыс та
тапқыр теңеулер оның төкпе шумақтарының жалын
күдірейтті, жонын биіктетті. Ақтамберді мен Шалкиіз,
Жанақ пен Шөже Оразалы кейпінде сахнаға шықты.

Өлең будақ-будақ төгілді. Дауыс та ашылды. Ән де
түрленді. Жан баласын шыдатпайтын жаңа бір ақын көз
алдымызда күннен-күнге өсіп келе жатты. Құрдастары
оны «қырғыз ақындарының киллері» деп атап жүрді.

Шынында да, бауырлас қырғыз ақындарымен сөз сай­
ысына түскенде, Оразалы мүлдем шығандап, шырқау
биікке шығып кететін. Сүйінбай бабасына бас терісі мен
қас керісі ұқсамаса да, жырдың жас перісі дәл сол ба­

басынша арқаланып, өлеңнің қара дауылын қатпаған
селдей қаулатқанда, қарсыластың тілін байлап тастау­
шы еді. Нағыз намыстың перзенті еді. «Сыбырлағанды
құдай естімей ме?» дегендей, кейбір әріптестері

алдағы айтыстарда айтар өлеңдерін қағазға түсіріп,
қойын-қонышына тығып жүргенде, Ораз бауырымыз
сәл жымиған сүйкімді күлкісімен нұрлана түсіп, суырып
салып өлең айтудың небір таңдай қақтырар үлгілерін

жарқылдатушы еді. Шұбыртпалы ұйқаспен жыр төгу
керек пе, абстракты поэзияны түрленту қажет пе –
осының бәрі Оразалының жаңа гүл ашқан талантының
оңтайына келе беретін иірім-қайырымдар еді. Осы

қасиеттерін ол өзі де білетін, өзгелер де үнсіз мойын­
дайтын. Бір ғажабы, сол бұлақ өзінің жаңа көздерін жыл
санап ашып келе жатыр еді...
Жезқазғанда «Ауылым – алтын бесігім» деген ай­

тыс өтіп, соған қатысушылар арнайы бөлінген жұмсақ
автобуспен Астанадағы айтысқа оралып келе жаттық.
Біреу ән салып, біреу өлең оқып, біреу әзіл айтып, ұзын
жолды өнер думанымен қысқартып, дуылдатып отыр

едік. Артқы жақтан кемпірдің шаң-шұң дауысы шықты.
Оған шалдың шарылдаған байбаламы қосылды. Сиыр
мөңіреп, бала жылап, автобустың іші лезде азан-қазан
болды. Осының бәрі бір Оразалының өнері екен. Баяғы

Қаллекидің өзі секілді. Ақын бауырымның осы өнеріне
қуанғаным соншалық, ертеңіне Астанадағы «Конгресс-
Холл» сарайында өткен айтыстың арасында Оразалы­
ны қоярда-қоймай қолқалап, сахнаға әртіс етіп шығарып

жібердім.
Ол осындай кесек дарын еді-ау!
Басқа ақындар қай жерде, қанша айтыс өтсе
де, бәріне қатысқысы келіп, өңмеңдеп, қайта-қайта

қолқалап жүреді. Оразалыны үлкен айтыстардың ал­
дында кісі жіберіп іздетіп, әзер дегенде тауып, додаға
қосушы едік. 2004 жылдың 24 қазанында Мәскеуде
өткен айтулы айтысқа да ол осылай аттанып еді.

Отбасындағы кикілжіңдерден қажып жүрген Оразалы
бұл сапарға көңілсіз шықты. Демеушілік жасаған А.
Ермегияевтың, Ө. Сәрсеновтың, А. Атамқұловтың, Н.
Сабильяновтың арқасында арнайы вагонмен, барлық

сән-салтанатымен Мәскеуді бетке алған бұл думан­ ды топтың ажары қандай ашық болса, Оразалының өңі сондай сынық болды. Ырду-дырдуға қосылмады. Сыраға да қол созбады. Алматымен сөйлесіп оты­ рып, қолындағы ұялы телефонын терезеден сыртқа лақтырып жібергені де оның көңіл-күйінің қандай рай­ да болғанын аңғартса керек... Салы суға кеткен Ора­ залыны менің отбасымның мүшелері қайтар жолда бөлек күтімге алды. Ыстық-суықтың бәрін алдына то­ сып, бәйек болды. Делегацияның тәртіп бұзған біраз мүшесіне: – Оразалының басып кеткен ізіне татымайсындар! – деп кейігенімді олар әлі ұмытпаған болуы керек. Балғынбекке, Сараға, Рүстемге, Ринатқа қанша қатты айтсам, сонша жылы сөзді Оразалыға арна­ уыма не себеп болғанын әлі ұғынбаймын. Күні өтіп бара жатқан есіл бауырдың бұл өмірде естіген соңғы қолпаштары сол екен-ау. Қазақстан шекарасына кірген соң, шырайланып, біраз жыр төкті. Ән салды. Әзіл-қалжыңның тиегі ағытылды. Экс­ промт өлеңдер айттық. Алдағы ажалдың хабарын аузыма Құдай салды ма: – Оразалы, Қаңғыған оқтан болар бөрі ажалы, Сені де қинар ма екен көр азабы, – демесім бар ма? – Ұйқасыңыз тастай екен, – деп күлді де қойды. Оразалының өмірден өтуіне бір аптаға жетер-жетпес мерзім қалған екен ғой сонда. Мәскеуден келген күннің ертесіне Дәулеткерей Кәпұлы екеуі екі кештің арасында үйге соғып кетті. Айтыскер ақындардың бәріне бақылау жасауды «қоғамдық негізде» атқаратын біздің пыркарол Оразды құшақтап сүйген болып, иісін тексеріп жатқанын ақын қайнысы сезе қойды: – Ой, тәте, мен мәшине жүргізіп келдім. Мына

көлікті жақында алып едім. Енді үйреніп жүрмін, – деп
шыр-пыры шығып, бұл аса қиын өткелектен жақсы
құтылды. Бәріміз де қуанып қалдық.
Ертеңіне кешке Жазушылар одағының бильярд клу­

бында жолығысты. Дәулеткерей мен Аманжол секілді
бұл да қолы қатты ойыншы болатын. Байқамасаң,
лезде ойпаң-тойпаңыңды шығарады. Шар қуалаудың
қызығына берілген Ұлықбек екеуіміздің бітіспейтін

бәсекемізді бір сәтке бөліп:

– Шонжы жаққа жүріп барамын. Қоштасып кетейін

деп едім, – деді.

– Жекпе-жекке дайындала жүр. Уәде орнында бол­

сын, – деп пойыз үстіндегі екеуіміздің келісімімізді есіне
салдым. Бұрын-сонды болмаған бір қызық айтыс жаса­
уды жоспарлап келіп едік.

– Өтірік өлең айтысын өткізсеңізші. Мынау қоғамды,

мынау қым-қуыт өмірді келемеждеуге содан қолайлы
жанр жоқ. Ринат екеуіміздің оң жамбасымызға келіп-ақ
тұр. Жекпе-жек айтысамыз, – деп, мені еліктіріп қойған.
Өтірік өлеңді қалай айтатынын көрсетіп, өзінің

әмбебап дарынының жаңа бір қырын жарқ еткізген.
Қазақ жұртына тосын бір қуаныш сыйлайтынымызды
күн ілгері сезіп, сол айтыстың бүге-шігесін күндіз-түні
ойластырып жүр едім-ау. Сол жолы қолымызды алып

қоштасқан Оразалы ажал сапарына аттанып бара
жатқанын Жаратқаннан басқа кім білген?..
Тартып туса тегінен сұңқарға асыл,
Тура келген ажалдан бұлтармас ұл.

Шаң қаптырып кетті ме қапияда
Тақымыңнан бұлт етіп тұлпар ғасыр?
... Амандықпен, Адаммен араз ғасыр
Айтпайтынын біліп ек Оразға сыр.

Өзіме-өзім дұға оқып отырғандай
Көздің жасы тамады қағазға сұр...
Өксігімізді баса алмай біз қалдық. Аңырап ана­
сы, жаутаңдап қос құлыны қалды. Шашылып ша­

руасы қалды. Ешкімге қатты қайырып сөз айтып көрмеген, досқа деген назын, жарға деген наласын ішінде булықтырған, сыртқа сыр бермеген сабаз іні сол сапарға жүрерде шешесіне де барып қош айтысып, мәшине енді орнынан қозғала бергенде, екі көзі бо­ талап тұр еді дейді көргендер. Әркім әр саққа жүгіртіп айтады. Ақынның соңынан сөз боратуды салт еткен қалпымызды қайдан бұза қояйық. Айырықша естілген әуелде үні. Алты алашқа танымал Әуенді іні. Қош бол енді Тәуелсіз қағанаттың, Тауқыметке туғаннан тәуелді ұлы! ... Тұрмысқа, отбасына, жоқ пен барға ТӘУЕЛСІЗДІГІН ажалымен жеңіп алған талантты ақын, айтыс әлемінің ақиығы Оразалы Досбосынов біздің Тұздыбастау ауылынан шығатын қара жолдың бойын­ да дамылдап жатыр. Содан бері де жыл жылжып кетіпті-ау... Аруанафәни дүние...

ДАМЫЛДА, ДОС!

Асқар Егеубаев өзі дүниеден өтерден бір-ақ күн
бұрын маған телефон шалып еді:

– Қазір саған Галя (келіншегі Гүлжиһан) бара жа­

тыр. Кідіртпей қабылдап, айтқан шаруасын тоқтаусыз
орындап берсең дұрыс болар еді, – деп өтініш жаса­
ды. Онсыз да бір бірімізге орынсыз салмақ салып,
қисынсыз қинай бермеуші едік, мен Асқардың қолқасын

қолма-қол орындауға уәде бердім.

– Өзің қайдасың? – деп едім:

– Мен суық тигізіп алып, үйде жатырмын. Екі-үш

күнсіз көріне қоймайтын шығармын, – деп жайбарақат
жауап берді. Өмірде сыпа, ішкі сырын алдыра бермейтін
жинақы Асекеңнің қыңқыл-сыңқылы да аз болушы еді,
әншейін бір басы ауырып, балтыры сыздай қойған

шығар деп, оның сырқатына мән бере қоймадым. Мән
бергенде не істеуші едік? Ертеңіне түс қайта Заманбек
телефон шалып:

– Асқардан айырылып қалдық! – деп хабарлағанда,

шынында да төбеден жай түскендей болды.
Отыз жеті жыл бойы сіз-біз деп сыйласып, сыр­
ласып, өмір сапарында қанаттас келе жатқан сенімді
серік, үзеңгі жолдас, қимас достан бір-ақ сәтте көз жа­

зып қалсаң, төбеңнен жай түскен сол емес пе?
Біз алпыс тоғызыншы жылдың абитуриенттері
едік. Университеттің журналистика факультетінде,
сарыүрпек балапан кезімізде табысқанбыз. Шетімізден

шапшыған ақынбыз, прозаның неғайбіл бейнетіне
Мұратқан Қаниевтен басқамыз құмбыл емеспіз. Өйткені,
әрқайсымыз өз ауданымыздың газетін «мойындатып»,

өлеңмен көміп кеткенбіз. Ендігі шаруамыз – Алматы­
ны тезірек жаулап алып, әдеби қауымды мойындату
ғана. Ақтоғайдан Дәуітәлі Стамбековтың, Меркіден

– Намазалы Омашевтың, Шұбартаудан – Несіпбек

Айтовтың, Нарынқолдан – Жанболат Ауыпбаевтың,
Күршімнен – Асқар Егеубаевтың, Ақсу-Аюлыдан –
Сәулебек Жәмкеновтың, Нөкістен – Есен Сапуановтың,
Қызылордадан – Қосылған Әбжановтың екпіндетіп кел­

ген кезі. Сол кездерде апта сайын өтіп жататын әдеби
кештердің бірін құр жібермейміз, көз жұмған қалпы
қойып кетіп, өлең оқимыз, сөйлеп жатамыз... Асқар

– сыпайы, сырбаз, құпиясы көп, оқшаулануы мол.

Өлеңді де оңаша оқығанды тәуір көреді. Саяқ жүреді.
Сөйткен Асқар оқуды бітірер-бітірместен әдеби сынның
байрағын көтеріп шыға келді. Жетпісінші жылдардың
басында «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» жур­

налында А. Егеубаевтың қолы қойылған үлкенді-кішілі
сын мақалалардан көз сүрінуші еді. Әдебиеттің теория­
сын әбден меңгерген, эстетикалық талғамы аса жоғары
жас сыншы қазақ әдебиетінің тамырын ұстап отырды

десе де болады. Жас та, жасамыс та «Асқар не дейді
екен?» деп соның аңысына қарайтын тәрізді. Асекең
де әдебиеттің, әдеби процестің өрісін ой көзімен шо­
лып, байлаулы сөзін айтып, бағасын беріп отырады.

Жарасқанның:
Сырын жанға ашпайды,
Сыздау жерді баспайды.
Өзің берген тізімнен,

Өзіңді алып тастайды, – дейтін әдемі қалжыңы
осы жылдары жазылған еді.
Шығармашылық үрдісте әмбебаптардың зама­
ны өтіп кеткенін әдебиетші Асқар Егеубаев жақсы

білсе де, оның әсершіл болмысы өзіне де бой бермей,
талабының тұлпарын әр қияға салып бақты. Оның жыр
жинақтары бірінен соң бірі жарық көріп жатты. Әсіресе,

Басқаға сені теңемен,
Басқаны мүлде елемен.
Қазақтың қызын басқаға,
Теңеуім керек неге мен?! – деп аяқталатын «Қазақ

қызы» деген өлеңі, осы тақылеттес шебер дүниелері
ішімізді жылытушы еді. Өлеңде өркештеніп алған Асқар
аудармаға құлаш ұрды. Және анау-мынау емес, Жүсіп
Баласағұн бабамыздың «Құтты білігі» Асқардың оң

жамбасына орайлы келді. Әлішер Науаиды аударған
Несіпбек Айтұлының екінші тынысы қалай ашыл­
са, Баласағұнның теңізіне бойлаған А. Егеубаевтың
да шығармашылық тұғыры биіктеп, құлашы кеңейді,

өрісі ұзарды. Қыза келе, Асқар «Жүсіп Баласағұн» де­
ген роман да жазып, жариялады. Ж. Баласағұн мен
М. Қашқари мұрасына ой көзімен үңілген Асқар қазақ
түркітанушыларының алдыңғы легіне қосылды. Осы

мәселелерге келгенде Асқардың пікірлерінің ғылыми
ортада қандай салмаққа ие бола бастағаны оның біз
секілді тілеулестерін іштей қуанышқа бөлеуші еді.
Сөйтіп, әдебиетте – сыншы, ақын, аудармашы,

ғылымда – доктор, профессор атанған Асқар Құрмашұлы
Егеубаев егделік жасы – елудің беліне шыққанда әбден
кемеліне келіп, толысып, шығармашылық шырайы
айқындалып, шабыттанып алған болатын. Былтыр сәуір

айының соңына таман «Жүсіп Баласағұн» роман-эссесі
мен «ХХ ғасырдың екі сағаты» деген өлеңдер жинағын
бір күнде әкеліп қолыма ұстатып, «Риясыз дос-туысқан
көңілден» деп жазып бергенінде:

– Әй, Асеке, сен осы тым қапылып кеттің ғой. Өзіңді

аясаңшы. Академик болған кезінде де жазатын бірдеңе
қалуы керек қой, – дегенім бар еді. Шын жанашырлық
сөзім еді.

– Өзім де шаршап жүрмін. Бірақ, темірді қызған кез­

де соғып қалғанға не жетсін! – деп жымиған. Мұндай
достық кеңесулер арамызда жиі болушы еді. Әуелден
бір-бірімізді іш тартып, жақын жүретін біздер мен

Алматыға біржола көшіп келген 80-жылдардан бастап
мүлдем біте қайнасып кеткен болатынбыз. Әсіресе, На­
мазалы Омашев үшеуіміз жиірек жолығысып, қол қалт
етсе, бильярд ойнап оңаша қауқылдасып, бір-бірімізді

арқадан қағып, мәз болып қалушы едік. Әншейінде тым
сергек, сақ, жинақы жүретін Асқар досымыз мұндай
басқосуларда ащысудан да тартып-тартып жіберуден
тайсалмайтын. Ертеңіне телефон шалып:

– Енді сол пәлені ауызға алмайықшы! – деп

қарғанып алып, кездескен жерде қайтадан көңілі
бұзылатын.
Асқармен талай сапарлас болдық. 1986 жылдың
маусым айында әдебиетті насихаттау бюросының

жолдамасымен Ұлытау ауданын аралаған күндер есте
жақсы сақталыпты. «Шеңбер» деген кеңшарға кештетіп
келсек, директоры Майтон деген ағамызды үрей билеп
алған екен.

– Мына қара нөсер қысып барады! Қой қырылатын

болды! – деп өзінен-өзі шала бүлінуде. Үстінде –
сары шинель. Шашы дудырап кеткен. Көзінде – үрей.
Арқаның отығып алған малы маусымның жауы­
нын елеуші ме еді? Директордың аптығы басылған

соң келейік деп, жолсерігіміз Жаңбырбайдың үйіне
қоналқаға кеттік. Таңертең кеңсеге келсек, Майтон
ағамыз отарларды аралауға кетіп отырыпты. Басшы­
сыз ауылда оқырмандармен кездесудің де сәті түспеді.

Келесі ауылға аттанып кете берейік десек, жолдамаға
мөр бастырып алуымыз керек. Сол жерде ішіміз пысқан
Асқар екеуіміз қайымдастырып өлең құрадық:
Шайтандай –

түске кірер кей күндері,
Үрейден
шошынып ек кейпіндегі.
Ауылдан

түн ішінде тұра қаштың,

Қонақтар
қуырдақ қып жейтін бе еді.
Үн-үнсіз
аттанып-ақ кетер едік,

Мөрің де
таптырмады сейфіңдегі.
Бұл өлең –
ескерткіш боп қалсын саған

Дәбейдің
жазуындай бейітіндегі.
Осы қалжың өлең Жаңбырбай арқылы азулы ди­
ректор Әліпбек Бекетаев ағамызға жетіп, ол ауданның

бюро мәжілісінде оқып бергенін кейін естіп, айызымыз
қанған. Қазір Майтон да, Әліпбек те, тіпті Асқар да
өмірде жоқ. Жаңбырбай аудан әкімінің орынбасары бо­
лып жүр...

Тоқсаныншы
жылдардың
басында
Баку­

де аудармашылардың бүкілодақтық жиыны өтіп,
Қазақстаннан Асқар екеуіміз бардық. Президенттікке
үміткер Елшібей үшеуіміз оңаша шай іштік. Елшібей аяқ
астында жатқан итті нұсқап:

– Мына иттің атын білесіңдер ме? – деп сұрады.

Асқар маған, мен Асқарға қарадым. Қаңғыған қай иттің
атын біле береміз.

– Әзірбайжандағы әрбір иттің аты – Вазген

Екінші! – деп Елшібей ызалана күлді. Армения мен
Әзірбайжанның арасы шиеленісіп тұрған кез еді ғой...
Осы эпизодты Асқар екеуіміз көпке дейін ұмыта алмай
жүрдік. Дұшпаныңды осыншама жек көруге болады

екен ғой!
Асқар:

– Мен саған Күршімді көрсетуім керек. Амандық

болса, бір алып барамын. Біздің Күршімнің көркі ақылға
симайды! – деп жиі айтушы еді. Апара алмады. Оның
есесіне, менің түған өңіріме – Ұлытау, Жезқазған
аймағына қайта-қайта барып тұрдық. Бір жолы «Уро­

жайный» кеңшарында бас инженер болып істейтін до­
сым Сейітжаппар көкқасқа «Зилмен» екеуімізді Ұлытау
жондарына алып шығып, табын-табын киікті көрсетіп,
біз оқ шығара алмаған соң, бір дәу текені өзі тоңқалаң

асырды. Аяғы қырқылған ақбөкеннің көзі мөлтілдеп-ақ тұр екен. – Ағатай, несіне аттың! – деп Асқардың шырпыры шықты. Даланың сәні – ақбөкенді тұңғыш көрген Асқардың өз көзі де мөлтілдеп қалып еді. Жүрегі нәзік-ақ екен. Іле-шала бір үйдің орнындай қарасуда шүпірлеген аш балық жолығып, Асқарға қармақпен соны аула­ тып, әзер дегенде жадыратып алдық. Қамаулы балық қармақты көрініп барып қабады. Қапқан сайын Асқар санын шапаттап, жар басынан суға құлап кете жаздап, әбден мәз болды. Қайран ақын көңіл-ай! Енді еске алып отырсам, соншама жыл араласқұралас бола жүріп Асқар екеуіміз еш уақытта түс шайыспаған екенбіз. Бір-ақ рет, Асқар комсомолдың сыйлығын алғанда, думандатып отырған достардың алдында, Асқардың келіншегі Гүлжиһан орысша лебіз айтып, мен: – Әй, Асеке! Қазақша өлең жазып, сыйлық аласың. Әйеліңнің тілін неге сындырмайсың! – деп қалып, на­ мысшыл Гүлжиһан булығып жылағаны бар. Райкомның бірінші хатшысының қызы, бұла өскен Гүлжиһан па­ расатты да білімдар, ибалы әйел болып қалыптасып, Асқардың сенімді серігіне айналып, қазақшаны да жетік меңгеріп алды. Асқар дүниеден өткенде: – Енді маған өмірдің керегі жоқ! – деп көп жылады сол Гүлжиһан. P.S Өмірдің неге керегі болмасын. Тіршілік өз дегенін істемей қоймайды. Бізге арнаған бір өлеңін: «Үш досым бар өмірде – Жүрсін, Тұрсын, Несіпбек» деп бастаған Асқар «Бұрай тартқан арқанын, Бурлактары-ай арқаның» деп тәмамдап еді-ау. Арқанын бұрай тартқан «бурлактар» болдыра жаз­ дап, тіземіз дірілдеп жүрсек те, өмірдің көшін өрге сүйреп, әзір аман келе жатырмыз. Асқар дамылдап жатыр. Дамылда, дос!

ОСЫ ЖҰРТ ЖАНАЙДАРДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?..

Алматыда не көп, той көп. Тамыздың он жетінші
жұлдызына да екі той қатар келіп, екі көршім бірдей ет
асып, қайсысына барарымды білмей састым деп ысты
Тұрсын айтпақшы, қай тойға барсақ екен деп қиналып

отырғанда, Ұлытаудан Берік Әбдіғали телефон шалып,
Терісаққанға кел деп шақырып, сол тойлардың екеуі де
жайына қалды.
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен» демекші, Берік

Әбдіғалидың есімі де біраз елге мәлім болып қалған кез
ғой. Әуелде еркін ойларымен, ұлтжанды пікірлерімен
танылып, «Қазақ» деген альманах шығарып, зиялы
қауымды елең еткізген, Смағұлдың мүрдесін Мәскеуден

Астанаға жеткізуге ұйытқы болған Берік Ұлытау ауданы­
на әкім болып барғанда, сол өңірден шыққан біз сияқты
біраз азамат тақымын қыса түскені рас. Қазақ тарихын­
да құбыланама секілді орыны бар болса да, шалғайда

жатып,қағажу көріп отырған Ұлытау енді ұлт өмірінен өз
орынын табар деп үміт етісіп едік.
Шынында да Берік басшы болып барысымен,
Ұлытау жандана бастаған. Өлкенің тарихи жады да

тіріліп, өткен-кеткен тұлғалары қатарға қосылып,
Жезді кентінде Кенесарыға ескерткіш қойылып, Едіге
тауының етегінде хандар аллеясы ашылып, аудандағы
экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің рухани өңі де

ашыла түскен. Беріктің оң істері-нен шартарап хабар­
дар бола бастаған. Менің Астанадағы Мырзатай көкем
Берікке сәлем айтып, «Астанаға ақ боз атпен кіретін
күніңді күтем» деп тілек қосқаны есте.

Сөйтіп жүргенде Берік Жезқазғанға әкім болып ауысып, желпіне түскенбіз. Мұнда да «Қазақмыс» корпорациясын басқаратын кәріс құдалармен тіл та­ бысып, біраз шаруаны ілгері бастырған. Қала жаңа әкімнің қарапайымдылығы мен іскерлігін аңыз етіп айта бастаған кезде Б.Әбдіғалиды Арқалық қаласын басқаруға алып кеткен. Моноқалаларды дамыту деген желеумен барған Берік онда да он ай қызмет істеп, «Ақ Берік» деген әдемі ән өңірге тарай бастаған тұста Берік Қарағанды облысының әкімінің орынбасарлығына шақырылып, бір-ақ күнде жоғарылап кетіп еді. Төмендеуі де тез болды. Бір айға жетер-жетпес уақытта аттан ауып қалды. Алып-қашпа әртүрлі әңгіме өрбіді. Анық себебін білетіндер Берік секілді ойы да, бойы да биік азаматтың әлі күні туатынынан үміткер. Сол Берік «Терісаққанға» келіп қайт деп өтінген соң, жолға түсіп жүре бердік. Бір кезде Қазағымның қақ жарып кең даласын «Терісаққан» атанып енді ағасың. Бәлкім, барлық өзендер теріс ағып, Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың?! Бәлкім, барлық өзеннен сен данасың... – деп өлең жазған мен үшін «Терісаққан» ауылының орыны бөлек. Әсіресе, техника ғылымдарының докторы Зипа Мәтенқызы осы ауылда Мейрам қажының кесенесін қайта көтергенде жете алмай қалып, ішімізде бір өкініш жүр еді. Осы жолы аңызға айналған Мейрам қажының жаңа күмбезіне тәу етіп, құран бағыштауға қатыстық. Арқаға аңыз болған «жарты патшаның» мәңгілік мекені «Терісаққан» ауылының іргесінде тұр екен. Мейрам қажы Жанайдарұлы он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы ірі тұлғалардың бірі. Оқыған, бірнеше тіл білген, ел басқарған кісі. Қазақ мәдениетін, рухани­ ятын, қол өнерін дамытып, насихаттауға өлшеусіз

еңбек сіңірген, Ұлытаудың кең даласында ХІХ ғасырда
кірпіш зауытын ашқан, зергерлік өнерді дамытқан,
жылқы тұқымын асылдандырумен айналысқан. Мей­
рам дайындатқан он алты қанат ақ үйдің біреуі әлі күнге

Кунсткамерада тұрса, біреуі «Экспо 1898»-дің тұсында
Парижге асып кетті деген дерек бар. Романовтар үйінің
патшалық құрғанына 300 жыл толғанда Батыс Сібір гу­
берниясы бойынша аты бәйгеден келіп, мерейі үстем

болған осы Мейрам Жанайдарұлы. Мәшһүр Жүсіппен
хат арқылы айтысқан Мейрам қажының «Мың бір түнді»
қазақшаға өлеңмен аударуға талпын-ғаны да бір хикая.
Әлі бағасын алмаған бұл аудармадағы:

Жамағат үшбу сөзге мойныңды бұр,
Ғаламнан ғибрат алсаң, болмайсың қор.
Үнді-Қытай мемлекет Шын-Машында
Бір үлкен өткен патша дәулеті зор.

Қартаймақ қиын сауда тағында хан.
Тік тұрған қызметінде жиылған жан.
Мемлекет әскерінің көптігінің,
Жетпеген қисабына миллион сан.

Адамды біткен дәулет түрлентіпті,
Түбіне бұл дүниенің кім жетіпті.
Баянсыз пәни жалған бұл ғаламнан,
Бір күні жетіп тағдыр о да өтіпті.

Бұл дүние опасы жоқ жалған екен,
Алдап жүріп әркімді алған екен.
Ер жеткен үйелмелі-сүйелмелі,
Патшадан екі перзент қалған екен.

Ойлайды өзін-өзі кім жаман деп,
Біледі өз басы сау, жұрт аман деп.
Шаһрияр үлкен ұғлы бұл патшаның,
Кішісін айтады екен Шаһзаман деп, – деген

көркем де жатық шумақтармен басталған тәржіма
Мейрам қажының шығармашылық әлеуетінің қай
деңгейде болғанын айғақтайды. «Ай да Пушкин, су­
кин сын» демекші, Жанайдардың бұл баласы өлең

сөздің етігін де қонышынан басқан құдіретті қалам иесі.
Мейрамның бір баласы Сейілбек Алашорда үкіметінің
мүшесі болып, жақсылардың санатына қосылған. Тағы
бір ұлы Рақымбек ұзақ жыл Терісаққанда болыс болса,

одан туған Мәтен «Карагандауголь» тресін басқарып,
Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылған. Мейрам
қажының өзі 1921 жылы қызылдар келген күні өмірден
озып, қызыл кірпіштен тұрғызылған кесенесі күні кеше­

ге дейін елдің тәу ететін орнына айналған. Кеңес үкі-
меті талқандап тастаған сол кесенені осыдан 3-4 жыл
бұрын қалпына келтірген шөбересі Зипа апамыз тура­
лы сөз басында айттық.

Мейрам қажының әкесі Жанайдар батыр туралы
әңгіме – өз алдына бір хикая.
Жанайдардың бейнесі фотосурет арқылы елге
таныс. «Дала билеушілері» деген, төрт адам түскен

әйгілі сурет бар емес пе? Сондағы Жайықбайдың Ыбы­
райымен, Кішкентайдың Аққошқарымен, Ерденнің
Бимендісімен бірге сол жақ шетте отырған ажарлы
кісіні күні кешеге дейін ұлы күйші Тәттімбет екен деп

жаңылысып келдік. Ақыры оның Орынбайдың Жанай­
дары екені дәлелденді-ау деймін.
Жанайдар Орынбайұлы Кенесары бастаған ұлт-
азаттық көтерілісінің басынан аяғына дейін қатысқан,

ақжолтай Ағыбай батырмен бірге ту түбінде тулаған
текті батыр. Хан Кененің ажал құшқа-нын көзімен көрген
соң, Ұлытауға қайтып келіп, елді орынықтыруға қажыр
жұмсаған кісі. Өзі соғыста жүргенде, Сүйіндіктерді

шетке қаққан Бағаналылармен қажаспаймын деп,
дәл осы Терісаққан бойына Төртуыл арғындарды
қоныстандырып, ел ішіне татулық орнатқан. Тәубесін
жаңалап, Құнанбай Өскенбайұлымен бірге Мекке-

Мединеге сапар шегіп, қажылыққа аттанатыны со­
дан кейін. Қайтар жолда ажалы жетіп, теңіздің үстінде
шейіт болған көрінеді. Батырдың шашы мен тырнағын,
қойнындағы Құранын Құнанбай қажы ұрпақтарына

жеткізіп берген. Сол Жанайдардың ұлы бабасы
Биғаштың анасы – Ханымбике әжеміздің Түркістандағы
Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленуінде де бір
тылсым бар секілді. Айтқожаны өзі таңдап қосылып,

аянмен берілген ұлдары Жауғаш, Биғаш, Мырзасты ел
көгіне шығарған Ханымбикеге арнап Мәшһүр Жүсіптің
поэма жазуы да тегін емес шығар.
Орыстардың

көрсеткен
зорлық-зомбылығына
төтеп беру үшін, Жанайдар өзімен бірге елін ертіп 1837
жылы Кенесары әскеріне қосылады. Кенесарының

сенімді серігі, қол бастаушы батырларының бірі бола­
ды. Мүса Шорманұлы өз естелігінде Жанайдар батыр­
ды Кенесарының жамбы басты батырларының бірі деп
көрсетеді.

Белгілі тарихшы Е.Бекмаханов Кенесары хан
бастаған ұлт-азаттық соғысқа арналған «Казахстан в
20-40 годы ХІХ века» атты кітабында былай жазады:
В составе войск Кенесары находились наиболее вли­

ятельные, пользующиеся всеобщей известностью, ба­
тыры всех жузов. Соратниками Кенесары были такие
батыры, как Агыбай из рода Шубыртпалы (Средний
жуз), Жанайдар батыр из рода Суюндук (Средний жуз),

Иман Дулатов (дед Амангельды) из рода Кипчак (Сред­
ний жуз)...
Мұсайын балуан Сегізсеріұлы (1843-1920) «Жанай­
дар сардар» атты дастан және батырға арнап жоқтау

шығарған.
Сол Жанайдар батырға Терісаққан ауылының
аты беріліп, Орталық алаңға мүсіні орнатылды.
Жанайдардың суретін көріп өскен менің мүсінге онша

көңілім толмады. Айбалтасы болмаса, батырдан гөрі,
ақын, сал-серіге ұқсайтындай. Оқасы жоқ, күндердің

күнінде қас батырдың мүсіні үлкен қалаларда орнап
жатса, бұдан гөрі таланттырақ мүсіншіге тапсырыс
берілер деп өзімізді өзіміз жұбаттық.
Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген

ауданның жаңа әкімі Омаров Хамит көшелі кісі болып
көрінді. Бұрынғы әкім, біздің айтыскер бауырымыз
Омаров Әнуардан кейін Ұлытау секілді сөз баққан
елдің тізгінін ұстау оңай емес. Облыс көшін бастап

отырған Бауыржан Әбдішевтің таңдауы Хамитқа түсуі
тегін емес шығар. Ұстаздық жолдан өтіп, мәслихат
басқарған, өмір тәжірибесі мол Х.Омаров Берік пен
Әнуар бастаған игілікті істердің арғы түп мақсатын

шамалайтын тәрізді, Ұлттың ұясы атанған Ұлытауда
ұсақ-түйек іс болмайды. Бәрі болашақты ойлайтын
мақсатпен жоспарланады.
Терісаққан ауылының іргесінен өтіп бара жатқан

«Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының құрылысы да
осы өлкеге жан бітіретін қан тамырының бір саласын­
дай. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Са-ғындық
Қожамсейітов,

Батырбек
Мырзабеков,
Көбейсін
Еңсебаев секілді ел ағалары, Ұлытаудың өз қариялары,

әсіресе, іргелес Арқалықтан келген ағайындар сөздеріне
екпін қосып, татулық пен бірлікті, ел ынтымағын қадап
айтып жатты. Айтпақшы, біздің Қарақұмнан да делега­
ция келіп қатысып, ауыл әкімі Хамзат ініміз асқа қызмет

жасап жүрді. Көбейсін ағамыз Хамзат інісіне:

– Мына ас пен жиынның суретін көңіліңе түйіп

ал. Ертең сен де өз ауылыңда Тілеулі мен Дәуітбай
батырға ескерткіш орнатасың. Сонда осы ізбен жүрсең,
жаңылмайсың, – деп кеңес беріп жатыр екен.
Ол сөздің де жаны бар. Тілеулі мен Дәуітбай

атойлатқан Бұланты шайқасы сол Қарақұмда болған.
Ол ерлердің де есімі елге танылар күн келер. Қарақұм
даласы да қазір ұлы өзгерістерді бастан кешкелі жатыр.
Арқалықтан Шұбаркөлге тартылып жатқан теміржолдың

құрылысынан гөрі Жезқазғаннан Сексеуілге қарай

кетіп бара жатқан теміржол қар-қынды жүруде. Кешегі
құлазыған қу медиен даланың төсі бүгін дүбірге ұласқан.
Ерсілі-қарсылы ағылған құрылыс техникасынан көзің
тұнады. Он тоғыз көпір салынып қалыпты.

– Қарақұмның басынан биыл үш үйдің құрылысын

аяқтағалы отырмыз, - дейді іс басындағы Жарқынбек
Бөлендин. Келесі жылы Қарсақбай мен Көкталда және
Қоскөлде жүз бірдеңе үйді салып шығамыз. Ауруха­
на, наубайхана, көкөніс қоймасы және бой көтереді.

Желтоқсанда ауылыңа пойызбен барасың.
Адам айтса нанғысыз, ертегідей әңгімелер. Бірақ,
осының бәрі – бүгінгі өмірдің шындығы
Ана жылы сол Қарақұмға мен мешіт салдыра

бастағанда, көшіп жатқан ауылдың жұртына мешіт
тұрғызғаны несі деп қыңыр тарта күлгендер табылып
еді. Алланың үйі себеп болды ма, ауыл қайта жан-
данып, өмірдің оты маздап, ел бұрынғы мекеніне қайта

орала бастады. Тозып тұрған үйлердің бағасы көтеріліп
барады. Менің Кемел деген інім наубайхана ашамын
деп, пеш сатып алып, енді соны орынықтыратын ба­
спана таба алмай әуре болып жүр. Кезінде Сұлтанның

үйін Сәрсенбек бір қойға алып қалып, Сәрсенбектен бір
сиырға Нұрила алып, енді сол үйді Сұлтанның бала­
лары қайта даулап, қағазға салақ ауыл қазақтары осы
даудың соңында жүргелі біраз болды.

Бұрын сауда көрмеген, қағаздан гөрі сөзге, уәдеге
сенетін ауыл адамдарына нарық заманы жаңа үлгілерді
үйретуде. Ұлытауға барсаң, 300-400 шақырымдағы
алыс ауылынан қағаз қуалап келіп жүрген ел адамда­

рын көп жолықтырасың. Бір қағаздың соңында – екі
адам.

– Осы теміржолдың біздің бұйығы ауылға келуін

әуелден жаратпаушы едім, – деймін Жарқынбек досы­
ма қалжыңдап. Жолмен бірге тәртіп келеді, неше түрлі
ұры-қары келеді. Сен сияқты арғындар да келеді.

– Біз келсек, басқаруға, үйретуге келеміз.

– Сенің ауылдағы бауырларың қызық адамдар

екен, – дейді Жарқынбек.

– Құрылысшыларға ет керек болған соң, ша­

руа қожалықтарына барсам, биыл туған қозыларына
он тоғыз мың теңге сұрайды. Өздері сол қозыларын
Жезқазғанның мал базарында он бес мыңға өткізе
алмай жүр. Көтеріп алайын деп үйіне барған маған

Самарқанның бағасын айтады!
Біздің
ауылда
қызық

адамдар
көп.
Біразы
Жезқазғанның басында. Қаланы абаттандырамыз деп,

көшелерге 150 миллиметрлік су құбырларын тартып
тастаған. Көзге оғаш көрінетін сол құбырлардан бір
тамшы су ағып тұрған жоқ.

– Соның орынына 20 милиметрлік түтік тартып

тастаса, гүлзарлардағы әр түпке су тамызып қоюға
болар еді, – дейді Жезқазған университетінің ректоры
Әбдімәлік Тәкішев бауырымыз. – Қалада әкім ауысқалы
көшені қоқыс басып кетті. Өздерінің адамын әкім қоя

алмаған корпорация қожалары Серік Шайдаровқа
осылай қарсылық білдіріп жатыр. Мен әкім болсам,
қоқысты корпоративтік жолмен ақы төлеу арқылы тасы­
туды жүзеге асырар едім.

Әбдімәлік қала шаруашылығын жүргізудің егжей-
тегжейін ұзақ әңгімеледі. Сөз соңында мен оған:

– Сені ректорлықтан алып, қалаға әкім етіп

тағайындау керек екен,- деп қалжың айттым.
Ректор болғысы келіп, иегі қышып жүргендер то­
лып жатыр. Ал, қала
шаруашылығын білетін іскер кісі аз. Мен осы

ұсынысымды Бауыржан Әбдішевке айта барайын.

– Ойбай, Шайдаров кеше ғана әкім болып келді.

Мына сөзіңізді естісе, басымыз бәлеге қалар.
«Терісаққаннан» Жезқазғанға қайтып келсек,
баяғыда атын мен қойған Қасым-Жомарт баламыздың
туған күні екен. Не сыйлау керек екеніне бас қатырғамыз

жоқ. Бәріміздің қолымызға Берік Әбдіғали бір-бір аттың

мүсінін ұстатып жіберген. Әр аттың үстінде Кенеса­
ры, Жанайдар батыр. Қасым-Жомартқа соларды
сыйладық. Ұлттық батыр-ларымыз әр үйдің төрінде, әр
жүректің түпкірінде тұруға лайық-ақ.

– Киелі бабаларыңның рухына лайық болып

өс! – деп Айман пен Бақытжамал әжелері Қасым-
Жомарттың маңдайынан иіскеп жатыр.
Ортаға оралуың қайырлы болсын, Жанайдар ба­
тыр!

Алматы – Терісаққан.
Жезқазған – Алматы.

ҚАСЫМНЫҢ ӨЗІ ЕМЕС ДЕП КІМ АЙТАДЫ? Мен есім кіргелі бері Қасым әлемінде өмір сүріп келе жатырмын. Неге екенін қайдам, Қасым деген сөз маған «құдірет, талант» деген мағына беретіндей көрінеді. Сол себепті де ол маған үнемі жақын, ыстық сөз болып келе жатыр. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын Іле ауданындағы Туғанбай ауылында тұратын малшы досым Қасым баласының атын Жүрсін деп қойып, менен рұқсат сұрағанда, мәз болғаным бар. «Жүрсін Қасымұлы». Қандай әдемі, қандай жарасымды деп ойлағанмын. Өзімді Қасекеңе бір табан жақындай түскендей сезінгенмін. Былтыр сонау Қарақұмда жатқан өз ағам Тұрсын немерелі болып, сол бөбекке ат қоюды маған тапсырғанда, ойланбастан «Қасым деп ат қойыңдар» дедім. Өйткені, өз немеремнің аты да Қасым ғой. Неме­ ре інім Бақытжанның, ол аз болса, балдызым Қайраттың балаларын да Қасым деп атағанмын. Менің төңірегімде біраз Қасымдар өсіп келеді... Құдіретті қойсаңызшы: менің теледидар саласында қызмет істеп келе жатқаныма биылғы қыркүйек айын­ да қырық жыл толады. Осыншама жылдар ішінде мен жүздеген телехабардың сценарийін жазған шығармын. Солардың бірде-біреуінің қолжазбасын сақтау ойыма келмепті. Ал 1971 жылы қыркүйек айында, жиырмадағы бозбала кезімде, Жезқазған теледидарына жұмысқа ор­ наласып, алғашқы әдеби телехабар жазғаным есімде. Сол хабардың сценарийін алдыма ұстап отырып, бірінші рет көгілдір экранға шықтым. «Тұлпар талант»

деп аталған осы теле-әңгімемнің қолжазбасын әлі күнге
сақтап келем. Өйткені, ол менің рухани ұстазым Қасым
Аманжоловтың алпыс жылдығына арналған еді. Мек­
теп оқушысының торкөз дәптерінің 12 бетіне толтырған

бұл жазбалар менің ұлы ақынға деген іңкәр көңілімнің
куәсіндей! Соңына «хабарды дайындаған журналист
Жүрсін Ерманов, режиссері Аманжол Үсенов» деп жа­
зып қойыппын. Арасында Қасекеңе арнаған бес-алты

шумақ өлеңім де бар екен.
Мен Қасым тағдырына сонан бері үнемі оралып
соғып, ол туралы ойланып-толғанып, сәті түскенде
арнау өлеңдер жазып келемін. 2001 жылы Қасекеңнің

тоқсан жылдығына арналған республикалық ақындар
мүшәйрасына қатысып, бірінші орынды иелендім.
«Жыр – аманат» деп аталған бұл толғауым менің кейінгі
кітаптарыма еніп келе жатыр.

Қайтер ем: кемел Қасым болмаса үлгім,
Басқа емес, жалғасымын сол Қасымның.
Қит етсем, тобығымнан қағып түсер
Менің де табылады жолдасым мың.

Мен – солмын, сол, баяғы, сол Қасыммын,
Тілеймін иілмеуін ер басымның.
Алдаспан жияр болсаң – алмасыңмын,
Қорытып құяр болсаң – қорғасынмын!

Жүргендер айыра алмай балдан басын
Атымды енді менің малданбасын.
Көкбөрік, көжағалы көмістердің
Қашан да зәре-құтын алған Қасым.

Осылай деппіз-ау! Қасым көзімен қарау, Қасымша
толғану, Қасымша сөйлеу де бір бақыт екен ғой.
Айтпақшы, өз басым шығармашылық қоржынымдағы
ең сәтті туындыларымның бірі деп санайтын «Ақынның

үйі немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату» деген
өлеңім бұдан да бұрын жазылған. Сол өлеңнің тари­

хында тылсым бар. 1980 жылы Алматыға көшіп келіп,
Көктөбенің баурайында, Дачная көшесі 172-үйде пәтер
жалдап, төрт жыл тұрдым. Соғыстан оралған Қасекең
де дәл іргемізде, Горная көшесі, 61- үйде, Жазушылар

одағының сол кездегі ескі саяжайында бір бөлмеде
төрт жыл тұрған екен. Мен 1985 жылдың басында Ки­
ров пен Ленин көшесінің қиылысындағы зәулім үйден
төрт бөлмелі пәтер алып, қоныс аудардым. Ленин мен

Виноградов көшесінің қиылысындағы 29-шы үйдің
6-шы пәтерінен, дәл іргемізден Қасекең де кезінде үш
бөлмелі пәтер алып, сол үйде дәмі таусылған екен.
Естеліктерден оқып отырсам, бұл үйдің Қасекеңе

берілуіне қазақтың арыстай азаматы Ілияс Омаров
себеп болыпты. Орталық Комитеттің хатшысы Ома­
ров шақыртып жатыр дегенде, Қасекең шошып кеткен
көрінеді. Қасекең қайбір түзу жолмен жүретін адам? Нені

бүлдіріп қойғанын біле алмай, үлкен үйге сүйген жары
Сақыпжамалды да қолынан жетелеп апарып, қабылдау
бөлмесіне отырғызып қояды. Қасекең хатшының
кабинетінен жылап шығады. Үлкен бастықтан таяқ же­

ген шығар деп ойлаған Сақыпжамал:

– Қасым-ау, азамат емессің бе? Неге жылайсың?

Шыда! – деп көңіліне демеу болғанда, Қасекең:

– Мені де іздейтін, мені де керек қылатын адам

бар екен ғой! Ілекең маған үй берді ғой, – деп көзіндегі
қуаныш жасын сүртсе керек. Ілияс Омаровқа арнаған
өлеңінде:
Танымаймын, қанықпын сыртыңыздан,

Мен ризамын еліме ұл туғызған.
Таныстықтың пердесін аштым жырмен,
Жат болмассыз ақындық ғұрпымыздан.
Күліп кіріп бұл жерге әдеппенен,

Күңірене шықпаспын әдетпенен.
Аға көрдім өмірде, іні көрдім,
Қайсысынан көңілім дәме етпеген?

Жасап көрген емеспін сөз саудасын,
Тебіреніп тереңнен шығар даусым.
Туған елі өлеңнен құя салған,
Алдыңызда отырған мынау Қасым, – деп

тебірене жыр арнаған талантты ақынға баспана бөлінсін
деген Ілияс Омаровтың пәрмені бірден жүзеге аса
қоймайды. Ол кездің іс басындағы адамдары да біздің
бүгінгі шенеуніктеріміз сияқты шіренген немелер болса

керек, шинелін енді шешкен Қасымды әуре-сарсаңға
салады. Ақынның:
Мазасын ап Қаратай Құрманычтың
Жыр етіп жүр өзінің баспанасын, – деп өлең жазуы

сондықтан, Қасекеңе Алматының басшылары әуелі екі
отбасы бірігіп тұратын бөлме береді. Оның өзі Ташкент
көшесінің бойындағы зираттың іргесінде екен. Қасекең
одан бас тартқанда үй салып алатын жер телімін

ұсынады. Соғыстан енді оралған майдангер ақын қай
қаражатына үй салсын? Осындай сергелдеңде жүрген
Қасым әдеби жиынға Мәскеуге барып, сол жерде
оны көріп қалып, жағдайына қаныққан Ілияс Омаров

Алматыға келген соң, Қалалық Кеңестің төрағасын
шақырып алып, үстелін тоқпақтайды. Виноградов
көшесіндегі пәтер Қасымға осылай беріліп еді. Сол үйдің
қабырғасына ескерткіш тақта орнатылып, Қасекеңнің

осында өмір сүргені туралы сөздер жазылып қойғанда,
қуанып қалып едік. Көп ұзамай, замана құбылған кез­
де, осы үйді сындырып, орнына банк ғимаратын салуға
пәрмен шықты. Мұртты көсемнің тұсында салынған

үйлер қандай берік десеңші. Құрылысшылар қирату
жұмыстарымен бірнеше күн бойы айналысты. «Қасым
Аманжоловтың үйін қирату» деген өлеңім сонда туып
еді:

Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виногродов көшесіндегі,
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Қайтейін, кембақ астана сені!
Тиетіндей-ақ басқаға себі.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Қиналып тапқан баспанасы еді...

Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін,
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды
Кеудемді бұзып жатқандай менің!

Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,
Бар екен сонша бесікте несі?!

Шашылды жерге – шамдары сыңғыр,
Тағы да үйсіз қалды орысың бір.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Қатігез жандар қолдарың сынғыр.

Жүйрігім еді жыр көшімдегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
...Біздің үй соның іргесінде еді!

Алматыда ақындық ғұмырын аяқтаған Қасекеңе
күндердің күнінде бір көшенің аты берілгенін ел біледі.
Шолақ аттың құйрығындай шолтиған бұл көшенің
ұзындығы екі жүз қадамдай екен. Ол көше де біздің

үйдің қасында. Ұлы ақынды қорлап, мазақтау үшін әдейі
берілгендей. Әлқисса, Қасымды рухани ағасы санап,
оның мұраларын жариялауға демеушілік жасап жүрген
менің досым, белгілі мецанат, «АлматыҚұрылыс»

холдингінің
президенті
Амангелді
Ермегияев

Алматыдағы Каблуков көшесін Қасым Аманжоловқа
алып беру туралы жиі айтып жүрді. Қаланың басшыла­
рына да сөз салса керек.

– Әбеке-ау, Каблуков деген көшеде жындыхана

бар. Аты сонымен әйгілі көше ғой. Бір дені сау көшені
неге сұрамаймыз? – деп шатақ шығарып едім, көзі
көрген кісі ғой:

– Бұл – Алматыдағы ең ұзын көшелердің бірі. Онда

жындыхананың болғаны ертең-ақ ұмыт болып кетеді.
Айтпақшы, осы сендердің, ақындардың, есі дұрысын
көрген жоқпын, – деп сөз аяғын қалжыңға бұрғаны
есімде.

Ауызша әңгімеден дерек қалмас деп, мен қала
әкіміне Ермегияев екеуміздің атымыздан хат жазып, Ка­
блуков көшесін Қасымға беруді қиылып сұрадым. Жа­
уап болмады. Сөйтіп жүргенде, қазақ теледидарының

құрылғанына елу жыл толып, қала әкімі И.Тасмағамбетов
ұжымды құттықтау үшін кеңсемізге келе қалды. Мен
ол кезде Қазақ радиосының бас директоры болып
қызмет атқарушы едім. Орайы келген сәт осы шығар

деп, сөз сұрап алып Каблуков көшесінің мәселесін
қайта көтердім. Обалы не керек, Иманғали мырза бұл
мәселені тез арада шешуіміз керек деп, қасына еріп
жүрген қалалық Тіл басқармасының сол кездегі бастығы

Кенжехан Матыжановқа иек қақты. Ол дәптеріне түртіп
алды. Осыдан кейін мен біраз уақыт Кенжеханның ма­
засын алумен болдым. Әкім Каблуков көшесін Қасымға
бере алмайтынын, бірақ шағын аудандардың бірінен

Аманжоловқа тәуір көше берілетінін айтқан көрінеді.
Оған да тоба дестік. Қаулыға енді қол қойылады деп күтіп
жүрген күндердің бірінде И.Тасмағамбетов Астанаға
қызмет ауыстырып кетті. Қасекеңнің маңдайының соры

бес елі ғой. Тағы бір Ілияс Омаров таққа мінгенше тоса
тұратын шығармыз. Не көрмеген Қасым бұл!
Қасым Аманжоловтың есімі аталса, қасқа бастар­
ды да, басқа бастарды да шұлғуға дағдыланғанбыз.

Қай-қайсымыз болса да, ұлы ақынға деген махабба­
тымызды дәлелдеп, куәлік беруге әзірміз. Ал махаб­
бат деген егжей- тегжейін талқылап, себебін түсіндіріп,

баяндап бажайлауға көнбейтін ұғым. Махаббат не
бар, не жоқ. Ақын Қасымның халықтық махаббатқа
айналғаны ақиқат. Ал Қасымнан кейін қалам ұстаған
қазақ ақындарының қай-қайсысы болса да оның

сүрлеуіне соқпай, ізін баспай өткені жоқ. Дәл алдын­
да отырып, дәрісін тыңдап емтихан тапсырмаса да,
«сөредегі Қасым есіне алып» барып үшбу өлеңін хатқа
түсіретіні рас. Өйткені, санада сайрап жатқан Қасым

үлгісі, Қасым дәстүрі осыған мәжбүрлейді. Бұл жазба­
ларда Қасым өлеңдерін мысалға келтіре қалсам, мен
олардың өз жадымда қалған жолдарын есіме түсіруге
тырысамын. Бірен-саран сөздер, жолдар ауыс-күйіс бо­

лып жатса, зерек оқырмандардың түсіністікпен қарауын
өтінемін. Әлбетте, тұтас сөздің немесе өлең жолының
бұрмалануы
шығарманың

шырайын
бұзатынын,
ақынның шамына тиетінін мен өте жақсы пайымдай­
мын. Тіпті, әңгімені Қасым поэзиясының авторлық

түпнұсқасы мен тасқа басылуының арасындағы арагідік
кездесіп қалатын айырмашылықтан бастап кетуге бо­
лар еді. Мысалы, Қасекеңнің:
Алтын бесік айналайын туған жер,

Қадіріңді білмей келсем, кеше гөр.
Топырағыңда жата алмас ем тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер, – деген
елге танымал шумағындағы «ақын болмай» деген

тіркесінің әуелгі нұсқасы «Қасым болмай» екеніне бәс
тігуге бармын. Өйткені, дәл осы жерде дәл осылай ішкі
ұйқасты туындату Қасекеңнің бүкіл ақындық болмысы­
на, ақындық табиғатына жарасып-ақ тұрар еді. Әйтеуір

біреудің, әлдекімнің атынан сөйлемей, дәл өзінің, ақын
Қасымның атынан сертке бергісіз сөз арнау өлеңінің
оқушыға әсер ету құдіретін әлденеше есе күшейте
түсетінін Қасекеңнің ақын жүрегі сезе қойғаны анық.

Ұсақ-түйек секілді көрінетін осы сөз ойнату Қасым сынды
сұрапыл талант иесінің сайлаулы тұрған көп көркемдік
құралының бірі ғана. Жалпы, өз есімін қажетті жерін жы­

рына сіңдіріп жіберу ақынның жазу мәнеріндегі сүйікті
дағдысына айналып кеткен. Сол арқылы өлең сөздің
шыншылдығына, сыршылдығына бір табан жақындай
түсетінін ол жіті аңғарған. Сөйтіп, мұратына жеткен. Бір

өлеңдегі бір есім қолданысын асзынсаңыз:
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Дауылдай өртке тиген өлеңімді,

Қасымның өзі емес деп кім айта алсын, – деп
бір шумақта өз есімін үш мәрте қолданатынын қайтерсіз?
Осындағы Қасымды «ақын» сөзімен ауыстырса не бо­
лар еді? Жүрегіңізді қызумен шарпып тұрған шабытты

шумақ шашылып қалар еді.
«Маскарадтың» шығарып масқарасын,
Алматыда жортып жүр ерке Қасым...» – деген жол­
дарды басқаша өрнектеуге Қасекеңнің шеберлігі жетпей

қалған жоқ. Ол дәл осылай өзін де өзімсіне сөйлесуге
құмар болғанын көптеген мысалмен дәлелдей түсуге
болар еді. Бір қызығы, өз есімін өлеңінде атап жазу
үрдісі Қасекеңнен бастау алып, оның шын шәкірттерінің

бірі Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерінде одан әрі
молайтылады. Бұл енді басқа әңгіме...
Біз Қ.Аманжоловтың бір сөзінің бұрмаланғанын
әңгіме етіп отырмыз. Кезіндегі саяси солақайлықтың,

әсіре қырағылықтың әсерімен өзгеріп кеткен, қысқарып
кеткен Қасым сөздері, өлең жолдары, тұтас шумақтары
туралы өте көп деректі мен осыдан үш жыл бұрын
академик Серік Қирабаевтың аузынан естіп, таң-

тамаша қалған едім. Серағаң дастархан басындағы
әңгіме үстінде Қасекеңнің өз нұсқасы былай еді,
кітапқа басылғанда былай болып кетті деп, ондаған
шумақтарды, тіпті, «Ақындар тойы» дастанын тұтас

жатқа оқығында әрі таңданғаннан, әрі қуанғаннан
өзімді қоярға жер таппай қалғаным бар. Мен ол кез­
де де Қазақ радиосының директоры едім, қолымдағы
мүмкіншілікті пайдаланып, Өмірсерік Жұманов де­

ген редакторды С.Қирабаевтың үйіне жұмсап, Қасым
өлеңдерінің
текстологиясындағы
айырмашылықтар

туралы академиктің әңгімесін таспаға түсіртіп, «Алтын қорға» жаздырттым. Қасекеңнің атақты «Дариға сол қыз» деген өлеңінің соңғы шумағында да бөтен сөз жүр. Кітапқа: «Келемін қайтып, өлеңімді айтып, Қайда екен, қайда, дариға сол қыз» – деген нұсқамен енген шумақтың дұрыс нұсқасы былай екен: Жеңдік қой жауды, арман не құрбым, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс. Айғайлап ән сап, таба алмай жүрмін, Қайда екен, қайда дариға сол қыз. Қасым кітаптарының жаңа басылымдарында Серағаң арқылы бізге жетіп отырған осы түзетулерді ескеру – ендігі күннің шаруасы. Менде бір редакторлық арман бар. Қ.Аманжоловтың осы жүз жылдық мерейтойының алдында сол арма­ нымды жүзеге асырсам деп едім, мүмкіндігім келмеді. Яғни, Қасым өлеңдерін әбден іріктеп, сұрыптап, кезінде науқаншылық қызметін атқарған, қызыл идеологияға қолқабысын тигізген, уақыттың елегінен өте алмаған, көркемдік кем өлеңдерін ысырып тастап, қай мезгілдің тезіне салсаң да, қызуын жоғалтпайтын, ажарын бұзбайтын нағыз талантты туындыларын ғана жеке кітап етіп жариялатса деп едім. Бұл туындылар, өлмес өлеңдер көп болуы да мүмкін – жетпіс немесе жүз өлең болар. Дәл осылай тазартқаннан Қасым мұрасының қадірі кетіп қалмайды, ақынның абыройы түсіп қалмайды. Қасекеңнің өзі де қаламынан шыққанның бәрі ғажайып еді демеген. Жамбыл жырауға арнауын­ да: Ақындық жолға түсіп, жаздым өлең, Ол кезде үркуші еді өлең менен, – дейтіні бар. Үріксін-үрікпесін, уақыттың ыңғайына икемделіп, үлгінасихат міндеттерін атқарған, ұраншыл көпірме өлең ендігі жерде қажетке жарамайды, ендігі оқырманның эстетикалық талғам-тілектерін қанағаттандыра алмай­ ды.

Басамыз алға тағы да, Жауымыз, өртен, күндесең. Бағына елдің, бағына Баста, партия, күн көсем, – деп «баймұқаншылаған» әсіре жолдар бір ғана Қасекеңде емес, онымен тағдырлас, тұтас өзге ақындарда да мол болған. Осындай жасық дүниелерді Қасым томдарына тықпалау арқылы біз ұлы ақынның абыройын төккеннен өзге пайда таппаймыз. Сонда біз Қ.Аманжоловтың қандай туындыларын таңдап алуымыз керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін Қасым Аманжоловтың қазақ поэзиясындағы орнын анықтап алуымыз қажет. Қазақ жыр жазирасының соңғы жүз жылдық тари­ хында болмысы бөлек, бітімі тұтас ірі ақындар аз болған жоқ. Солардың арасында Қасымды оқшаулайтын, оны ешкімге ұқсатпайтын бір ерекшелік бар. Өз әлімше мен қасымшылмын. Біреулер мағжаншыл. Біреулер ілиясшыл. Мен Мағжан мен Ілиясты кемсіткелі отырған жоқпын. Екеуін де қазақтың аруақты, арқалы ақындарының қатарында төбеме көтеріп, тау етемін. Қасымның құдіреті – тұтас жыр мектебінің басында тұруында, негізін қалауында. Өздері түгіл өлеңдері қуғынға түсіп, тиым салынған Мағжан да, Ілияс та ұзақ уақыт халықтан аласталғаны белгілі. Шығармалары көзден де, көңілден де таса болды. Ал Қасымның шын­ шыл, сыршыл поэзиясы өлең-жырдағы жаңа ағымның үлгісі ретінде үнемі өзінің игі қызметін атқаруда болды. Қалам ұстаған барлық қазақ ақыны Қасымды үлгі тұтты. Қасымша жазуға талап қылды. Қасымша тебіреніп, Қасымша ақтарылып, Қасымша көсілді. Осылайша, бүкіл ұлт поэзиясы соны сүрлеуге түсті. Қасым мектебі пайда болды. Бұл мектеп өкілдерінің шығармашылық өнеріндегі объекті – Адам еді. Адамның жан әлемі, қуаныш-сүйініші, қайғы-қасіреті, тағдыр-талайы еді. Оған дейін «бес жылдықтың балғасын» солқылдатуды өнер көрген ақындар енді адам жанына үңілетін болды.

Қ.Аманжоловтан әдебиетке бұрын келген Әбділда мен
Ғали да Қасымның ықпалымен романтикалық өлеңдер
жазды. Сырбай мен Ғафу да Қасымға еліктеді. Төлеген
де оны төбесіне көтерді. Ал Мұқағали – жаңа Қасым

еді. Одан кейінгі қалың көпірден Қасымды ажырату,
тіпті, мүмкін емес. Қасым мектебі осылай қалыптасты.
Ендеше, Қасым Аманжоловтың ең жұлдызды жырла­
рын іріктегенде, оның адам жүрегіне терең бойлаған

өлеңдерінің өміршең қасиетін ойда ұстап отыру керек.
Асырып айтам деп қауыптенбей-ақ, қазақ жырының ан­
тологиясына алшаңдап кіретін «Өзім туралы» өлеңді
мен ұлы өлең, мәңгі өлмес өлең деп бағалаймын. Егер

Қ.Аманжолов осы 26 шумақтан басқа ештеңе жазбаса
да, әдебиетіміздің тарихында мәңгі қалар еді. Мәңгілік
уақыт пен жеке тұлғаның арасындағы арпалыстың
шегіне жеткен осы көркем бейнесі әлемдік поэзияның

да анық олжасы, асу бермес биігі дер едім. «Өзім тура­
лы» – Қасым поэзиясының квинтэссенциясы. Мәйегі.
Нәрі. Оның ең шыншыл, ең сыршыл өлеңдерінің
баршасы – осы ұлы өлеңнің алмастай сынықтары,

ұшқындары, жарықшақтары. Тіпті, Қасекеңнің бүкіл
шығармашылық өмірбаяны – осы өлеңнің дайындығы
десе болады. Демек, Қасым Аманжоловтың өлеңдерін
қайтадан іріктеген кезде, осы алмас сынықтарын жинап

алуды мақсат еткен жөн. Сонда жаңылмаймыз.
Сондықтан әкел бері домбырамды,
Кеудеме күй қанатты қондыр әнді.
Берейін өмірімнен өлең жасап,

Шашайын оңды-солды мол мұрамды, – деп
өзі жырлағандай, шашылған мұраны теріп, «сыпы­
рындыдан сынапты жинағандай», басын қосу керек.
Көзіқарақты, көңілі ояу редактор мұндай асыл мұраны

жаңылмай таныса керек.
Шағанның бойы – көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,

Кеудеме қонған бұлбұл құс, – деген тәрізді

құйылып түскен алтын жамбылар – «Өзім туралы» ұлы
өлеңнің шашырандысы екенін жазбай тану қиын ба?
Немесе:
Қауырсынын қалам етіп ақ қаздың,

Дүниені алдыңа алып хат жаздың.
Келер күндер керуені көрін деп,
Күмбез соқтың күнгейінен Кавказдың, –
деп ақын тұлғасын сомдағанда Низамидің өзінен де

шоқтығын асыратын суреткердің ғажайып бояуларының
төркіні қайда екенін болжауға болмай ма?
Енді осы өзіміз ұсынып отырған принципке өзіміз
қарсы келетін тұстарымыздың да бар екенін айта

кетейік. Ол үшін сәл шегініс жасауға тура келеді.
Сексенінші жылдардың соңында саяси қуғын-
сүргінге ұшыраған алыптарымыз ақталып, көмулі
қазынамызбен

қайта
қауышып,
жерден
алтын

тапқандай бір қуансақ, көп ұзамай қызыл империя
күйреп, коммунистік-большевиктік идеалдарымызды
тәрк етіп, рухани құндылықтарымызды қайта бағалай
бастаған тұста, тағы бір ұшқарылыққа ұрынып, Кеңес

тұсында тұсауын кескен барлық жәдігерден жеріп, бар­
ша байлығымыздан басымызды ала қашқанымыз бар.
Сол сырқатымыздан әлі айыға алмай келеміз. Сәкенді
большевиктердің боданына біржола байлап беріп,

оның сұлулыққа ынтызар көңіліне күмәндана қараймыз.
Қасымның да елге, жерге деген махаббатынан саяси
астар іздеп, күдіктің құрсауынан шыға алмай келеміз.
«Совет» деген сөзден шошып, «Советтік менің өз елім»

дейтін, туған елге деген шынайы махаббаттың сұлу жы­
рын кітаптарына кіргізбейтін болдық.
Өмірге келдім еңбектеп,
Шалқалап әкем шықты үйден.

Жетімдік тағдыр жетті ептеп,
Қабағын жаба түксиген.

Өмірден үміт жоқ өзге,
Даланың тердім тезегін.
Әкем боп таптың сол кезде,
Советтік менің өз елім!

Кім қалай тәркілесе де, мен осы өлеңнен перзенттік
асқақ махаббатты ғана танимын. Тәнті боламын.
Тебіренемін. Ендеше, осындай құдіретті өлең неге қуғын
көруі керек?! Қасекеңнің соңғы кітаптарына осы өлеңнің

кірмей қалуы – қиянат. «Қазақ-Совет поэзиясының
інжу-маржаны» атанған «Абдолла» поэмасындағы
кеңестік потриотизмнің ең шырқау шыңы тәрізді мына
шумақтарды қалай жатсынуға болады:

Құдірет күші жер жаһанның,
Қанатын бер қыран құстың
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың.

Күллі әлемнің ыза-кегі
Орна менің кеудеме кеп.
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек!

Ел мен жердің азаттығы жолында құрбан болған
ерлердің қасиетті сезімдерін шалқыта жырлаған мұндай
өміршең жолдарды жатырқауға болмайды. Онда Қасым
поэзиясының бүкіл шығармашылық өмірбаянының

тұтастығын сақтай алмаған боламыз. Ащы да болса,
ақиқаттан ажырамауымыз керек.
Менің бұл жазбаларымда жүйе жоқ болуы бек
мүмкін. Өйткені, мен Қасымды сүйемін. Ал сүйіспеншілік

сезім жүйе-мүйеге пысқырып та қарамайды. Қасымның
жастай әкеден жетім қалғаны, Балқашта, Семейде
жетім балалар үйін паналап, туып-өскен ауылынан ер­
терек күдер үзіп кеткені белгілі. Бірақ кіндік кесіп, кір

жуған атамекен кісінің жадынан шығар ма? Қасекең
жалаң аяқ жар кешкен туған мекенін аңсаумен өтті.
Бір мәрте ауылына барғысы келіп, Қарағандыға ат­
басын тірегені естеліктерден аңғарылады. Облыс

орталығынан шығып, Қарқаралы өңіріне барды ма, жоқ
па? Ол арасын анықтайтын нақты дерек жоқ. Шынымен-
ақ, бала күнгі суреті көзінде қалған Аққорадағы
құдыққа, Қызылдың жоталарына жетпей қайтты ма

екен? Меніңше, жете алмаған тәрізді. Әйтпесе, қимас
көріністер, елес-естеліктер тым болмаса бір шумақ
жыр жолына айналмас па еді. Бірақ кім біледі, өлең-
ғайып хроникаға көне бере ме? Қасекеңнің бүкіл

өмірбаянында оның Ленинград орман шаруашылығы
институтында оқығаны туралы айтылып келеді. Бірақ өз
әскери борышын өтеген Қиыр Шығысты қызулы жырға
арқау еткен Қасекеңде «Күн көсемнің қаласы» тура­

лы бір шумақ өлең кездеспейді. Осыдан кейін өлеңнің
қалай жаратылатыны, оның тууына не себеп бола­
тыны туралы былайғы пенденің жоба-жорамалының
күлі көкке ұшпағанда қайтеді? Ал Қасекеңнің «Болдин

күзі» болған Оралдың орны бөлек. Жалпы, Қасекеңнің
ақын болып қалыптасып, қаламын қолына нық ұстауы,
осы Орал кезеңіне сәйкес келетіндей. Болашақта ол
көтерілген әдеби биік, шығармашылық шың, қарымды

құлаш осы Оралда жазылған әдемі өлеңдерден таныла
бастайды.
Өмірдің алтын кесесін
Тосқанмын айдың нұрына.

Кешкенмін Совет көшесін
Кеудемді ашып құрбыма.
Сонау бір шетте, сонау үй
Кетер ме, сірә, көңілден?

Алушы ед тартып мені ылғи
Махаббат, жастық лебімен.
Терезе алды – жас терек
Тұр екен кімдер сүйеніп?

Жүр екен кімдер еркіндеп
Жүрегін ұстап үйге еніп?..

Кейінірек жазылған осы өлеңде Орал кезеңінің сұлу
сырларымен үндестік бар. Осылайша, көркемдіктің
кілтін қолға түсіріп алған Қасым ендігі жерде осы
биіктен төмендемесі, осы сұлу саздан жаңылмасы

анық еді. Жұрттың бәрін өз поэзиясына құштар еткен,
табындырған Қасым – осы Қасым еді.
Қасым өмір кешкен заман шындығына түсіністік
көзбен

қарауымыз
керек.
Ақынның
айтпаған,

айта алмаған сөздерін жол арасынан тауып оқуға
дағдылануымыз керек. Өйткені, ол да өз заманының
перзенті, аз уақытының тұтқыны еді.
Қош, жалған – қызығымен арбаған,

Болып ем өлеңге алаң, өнерге алаң.
Жүйіткіген келер күндер керуені,
Түсіріп тастап жатыр мені арбадан.
Іштегі шемен болған шер басылмай,

Сайрап ем тоты құстай торға сыймай.
Қайғы мен қуанышты кезек құшып,
Балқытып құйдым жырға қорғасындай.
Қарсы алып құмарлана өмір таңын,

Тамсанып келбетіне таңырқадым.
Қара өлең кірпішінен соқтым сарай,
Көрсін деп тамашалап жаңа ұрпағын.
Жетелеп жүргенімен жастық үміт,

Қайтейін, көңілімді басты күдік.
Айтылмай қалды қанша ақиқатым,
Тұрғандай тамағыма тас тығылып.
Болғанмен туғаным – шын, өлерім – хақ,

Тіледім тапса екен деп өнерім бақ.
Алдым – жар,
Артымда құз тұрғандығын,
Түсіне алармысың, келер ұрпақ.

Қайтейін, қол қысқарды, ой тарылды, Алаңсыз айта алмадым айтарымды. Күндіз түн армандадым алаң болып, Халқыма қарызымды қайтаруды. Өлеңім, өлгенімше сырласымсың, Қанбадым құмарланып жырға сусын. Еліме еркелейтін еркін шақта, Қасымға тарлық етті-ау бұл ғасыр шын. Қасымның өлең мұрасының құпиялары осы шумақтардың ішінде. Сөз соңында мына бір мәселеге назар аударғым келеді. Менің ақын досым, Қасымның өз шинелінен шыққан дәл мендей рухани інісі Ғалым Жайлыбай жақында бір сұхбат үстінде: – Ендігі жерде Қасым Аманжоловты алаштың ақыны деп танып, алаштың ақыны ретінде насихаттауымыз керек, – деп еді. Мен осы байламға толық қосыламын. Көксегені алаштың мұраты, аңсағаны – Алты алаштың арманы болса, Қасекең алаштың ақыны болмай, кім бо­ лады. Қасымды туған елінің талайлы тағдырынан енді ешкім де ажырата алмайды.

ЗАҢҒАР

Заманымыздың ең заңғар ақындарының бірі,
әр қазақтың жүрегіне жол таба білген тегеурінді
таланттың иесі Мұқағали Мақатаевтың құрметіне
арналған осы қорытынды баяндама мерейтой иесінің

бүкіл шығармашылық мұрасын толық қамтиды деп
күтетін болсаңыздар, мен ол үміттеріңізді ақтай алмай­
тын шығармын деп қауіптенемін. Өйткені, Мұқағали
Мақатаевтың бүкіл шығармашылық жолы туралы,

биылғы жылы – оның туғанына 80 жыл толған жылы
баспасөз бетінде кеңінен сөз болып, қал-қадарынша
баға беріліп, сарапқа салынды. Ал Мұқағалидің ақындық
тағдыры туралы сөз – ол жиырмасыншы ғасырдағы

қазақ поэзиясының тағдыр-талайы, өнгені мен өскені,
өлгені мен өшкені туралы сөз деп ұғындық. Бұл – бір
қалыпқа сыймайтын, бір өлшемге көне қоймайтын,
буырқанып тасынғанда арнасын бұзып аққан дариядай

асауда қуатты, бастауынан тұна қалғанда, бұлақтай
таза да мөлдір, қасиетті қазақ өлеңі, оның құдіретті
де кіріптар перзенттері туралы сөз болса керек.
Сондықтан ұлы ақынның шығармашылық тағдыры мен

шығармашылық мұрасы туралы әңгімені бүгінгі қазақ
жырының тағдырынан бөліп қараудың еш мүмкіндігі
жоқ.
Бір данышпан: «Ақынға тағдыр керек», – депті.

Жүзі алмастай қылпыған өлең сөзді жаратушы өнер
иесі туралы осыдан қатал, осыдан қатігез, бірақ осы­
дан әділ үкімді табу қиын шығар. Өздерін Мұқағалидің
шәкіртіміз деп жариялап, қайдағы бір жоқ сары уай­

ымды қазақ поэзиясына сүйрелеп әкеліп кіргізіп, қара

аспанды жауға, қара орман елді дауға алдырып жүрген
осы күнгі бірқатар жас «шайырлардың» қолдан жасаған
қасіреттерінің
оқырман

қабырғасына
батпайтыны,
көңілінің алақандай көлшігінде үрлеп туғызған дауылы,
зорлап жаудырған жауыны жүректерді селт еткізбейтіні

дәл осы талайлы тағдырдың жоқтығында деп түсінемін.
Арғы төркінінде әлеуметтік астары жоқ, халықтық сипат
жоқ пендешілік мұңаю, қайғыру, қасірет шегу, торығу
жырларының, олар формалық жағынан қандай зама­

науи бесікке бөленсе де, халықтық мұң мен шерге ай­
нала алмайтыны айдан анық. Балабақшадағы дайын
ас, мектептегі стандарт тәрбие, институттағы шүлдір-
шүлдірден басқа көрген-баққаны жоқ, өмірбаяны

жып-жылмағай қалам иесі қанша жерден Мұқағалиға
еліктегенімен, жасандылыққа ұрынатыны түсінікті.
Бүгінгі жаңа поэзияның айықпас дертіне айналып
отырған осы жалған шерлену, уайым кешу, қасірет-азап

тарту, сергелдеңге түсу сарындарының ар жағында
өмір шындығы тұрған жоқ. Ендеше, өздерін Мақатаев
дәстүрінің жалғасымыз дейтін жас ақындар нағыз
биік поэзияны мақсат тұтса, өз поэзияларын қайта

қараулары, түбегейлі тексерулері керек-ақ.
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға,
Екі көзің аларып,

Құр қарайсың аспанға, – деген Абай
сөзіндегі шындықтың қаны әлі сорғалап тұр. Ал
Мұқағали Мақатаев болса, өзінің өксулі, қасіретті,
алаңдаулы, торығулы өлеңдерінің бәрін өз дәуірінің,

өз халқының талайына тап келген тағдыр талқысынан,
уақыт шындығынан шемен-шердей сүзіп шығарушы еді.
Қазақ халқын қынадай қырған аштық нәубетінің ызғарын
анасының уызымен қосып емген бұл ұрпақтың балалық

дәурені сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келіп, уайымсыз
ойнап-күлу дегеннің не екенінен бейхабар есейгені оның
өзекжарды өлеңдерінде бейнеленбесе, сөзден басқа

рухани олжасы, рухани алданышы жоқ қамкөңіл халық
бұл жырларды тұщынбас еді. Бұл жырларға жұбанбас
еді. Дәуірдің қаны сорғалаған шындығын жойқын та­
лантымен қарпып, көркемдік құралдардың құдіретімен

қағазға көшіре білген Мұқағали ақынның сезімдерінің
сенімді, қасіретінің шынайы, уайым-қайғысының, жан
күйзелісінің халықтық болатын себебі осындай өмір
ақиқатында жатыр. Бір Мұқағали ғана емес, онымен

замандас Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев,
Сағи Жиенбаев, Сәкен Иманасов, Өтежан Нұрғалиев
шығармашылығында да осы дәуір шындығы, мезгіл
табы әртүрлі деңгейде көрініс табатыны сондықтан.

Шәй орнына қайнақ су сораптадық,
Сонда да біз жамандық жолатпадық.
Барға мәз, балапандай тояттадық,
Сонда да біз өмірді жоғалтпадық.

Нанды беріп, майданға етті беріп,
Жұбандық өзіміздей көпті көріп.
Отарлы жан отырып, қорек еткен
көк сиырға өмір бер деп тіледік.

Осындай бар мен жоқтың арасында қалт-құлт ет­
кен тағдырды бастан кешіріп, өңменінен итерген өмірді
өршелене, емірене сүйген мыңдаған Мұқағалилардың
мұңы жүрегіне орнаған ұлы ақынның сыры да, жыры да

халықтық болуы табиғи.
Сәби халқым, сарыла сыр ақтарам,
Жалған ой, жасырын күй жырақ маған.
Сенің үнің мендегі, сенің жырың,

Сенің ойың санамда тұрақтаған, – дейтіні
содан. Ойынсыз өткен балалық, көңілге мезгілсіз
қонақтаған мұң, ерте есейткен бейнет өлең болып
өріліп, жыр болып жұпталып, ақынның азаматтық

бейнесінің бедерлі бояуларына айналған соң, бұл поэ­

зия оқырманның өз сырымен үндестік тауып, шыншыл,
шынайы кейіпке енеді.
Бар ман деп Шалкөдені шолатын күн,
Баланың жанарына толатын мұң.

Халықтың қайғысы мен қасіреті,
Шер болып шөкті ішіне сол ақынның.
Жыр жазып арасында жүрді ауылдың,
Қойсын ба құдіреті жыр-дауылдың.

Сөзімен сызып заман суретін,
Айналды ақынына бір дәуірдің.
Жазғанмен жан жарасын үрлеп уақыт,
Жесірмен қайғы-көлге бірге батып,

Жүретін Қарасаздың көшесінде ол,
Басынан Хантәңірдің жыр боратып.
Күзетіп босағасын боздақтардың,
Ошақта өлең отын маздатты әр күн.

Есіне түсіп кетсе есіл ерлер,
Ызғары сезінетін жазда ақпанның.
Түнектен тілегендей жанға жалын,
Жүректе тұншықтырып мәңгі азабын,

«Есіктің» кафесінде отыратын,
Ішінде жалғызсырап даңғазаның.
Әрине, тағдыр ауыртпалығын бастан кешіру бар да,
оның көркемдік қорытындыларын, аңсау-көксеулерін,

шер-шежіресін қорғасындай балқытып, өлеңге құя білу
бар. Мұқағали Мақатаевтың ақындық құдіреті, бөлек
болмыс-бітімі осы өткелек шекарадан басталады.
Ұлы ақынның 80 жылдығын ел болып тойлап отырған

биылғы жылдың өнербойында Мұқағалидың ең үздік
өлеңдері, шырайлы шумақтары, ақындық табыстары

баспасөз бетінде, түрлі басқосулардағы байыпты ба­
яндамаларда талай рет мысалға келтіріліп, барынша
кеңінен сөз болды. Біз аз ғана сөзбен сол тамсандырған
тамаша олжаларды жіктесек дейміз.

Кезімде менің есірген,
Тентек деп тізгін тартпадың
Сақалына орап өсірген,
Қай жақта жүрсің, қарттарым, – деп

күңіренетін сағыныш сарыны бүкіл шығармашылық
мұрасының өнебойына алтын арқау болып тартылаты­
нын аңғару қиын емес.
Мен сені сыйламасам, түсінбесем,

Жүрмес ең әр жырымның ішінде есен.
О, менің пайғамбарым!
Сен болмасаң,
Тірі пенде алдында кішірмес ем.

Ат басы алтын берсе табылмаған,
Еншім бар менің сенде алынбаған.
Қобызың емес пе едім қолыңдағы,
Ұмыттың неге мені, жаным бабам.

Ат басы алтын берсе табылмаған,
Сыбағам қайда менің алынбаған.
Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем,
Ұшында сақалыңның дамылдаған.

Мұқағалидың арғы-бергі өз тегін тергеуі, халық та­
рихына бойлауы, мәңгі тоқтамас өмір керуеніндегі өз
болмысын тануға ұмтылуы, дәл осындай бояуы қанық,
айтары анық шабытты шумақтардың ғұмырын ұзартты.

Әйгілі «Райымбек, Райымбек!» поэмасын жазуға түрткі
болған да дәл осы өткенге үңілу, ақиқатты іздеу, та­
рихты тану деп білеміз. «Аққулар ұйықтағанда» мен
«Реквием» – осы ішкі қақтығыстардың заңды нәтижесі,

ақындық рухани арпалыстың квинтэссенциясы.

Дәл осылайша өзіне дейінгі тарихты таразылау жолымен тосын әрі түсінікті көркемдік қорытындылар жасау арқылы шығармашылық биікке көтеріліп алған талантты ақын өзі өмір сүріп отырған дәуірдің шындықтарын шежірелеуге келгенде екінші тыны­ сы ашылып, ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы мен жүздеген ғажайып өлеңдерді дүниеге әкелді. Адам жүрегіндегі құбылыстар, адамдардың ара қатынасындағы қақтығыстар, өтірік пен шындықтың, әділет пен жауыздықтың бітіспес күресінің шынайы көріністері оның бүкіл шығармашылық мұрасының көркіне айналды. Әдебиеттің объектісіне ғасырлар бойы айналып келе жатқан адамгершілік проблемала­ ры Мұқағалидің өзекті тақырыбы. Пенделік өмірі қамшының сабындай қысқа болғанымен, Мұқағалидың ақындық мұрасы аса байтақ. Абайдың баспа бетін көрген өлеңдерінің саны 176, ал М.Мақатаевтың соңында 40 мың жолдай өлең қалды. Осы мол қазынаның дені ел мен жердің тағдырына, ақындық тебіреністер, өрнекті ойкешулер. Тек өзіне тән ерекшелікпен туған елді сүйе білу, туған жерді аялай білу оны шығармашылық ізденістің ұсынсаң қолың жет­ пес биіктеріне көтерді. Мұқағали жалаң жартасты, тұл тауларды, өмірсіз өзен-көлді, қабірсіз даланы сүймейді, сол ел мен жерді мекендеген өз тағдырластарын тану арқылы, солардың тағдырларына ортақтасу арқылы адам жүрегіндегі сапырылысқан сезімдер коллизиясын жырға көшіріп, хас шеберліктің қайталанбас үлгілерін жаратады. Оңашада ойларын тыным еткен, Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен. Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай, Сырлассам да құмарым жүр басылмай. Айтып өткен ақында арман бар ма, Жүрегінің түбіне кір жасырмай. Мұқағалидың ақындық кредосы осы. «Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым. Жамау ғып басу

өзіңді ол, аузыңа барлық жараның» деп өткен Төлеген
Айбергеновтің де, «Өзге емес өзім айтам өз жайым­
да, Жүрегім жалын атқан сөз дайында, Жүректе тұнып
жатқан дауыл-күйді, Толқытып тебіреніп қозғайын да»

деп өзін-өзі өртке салған Қасым Аманжоловтың да асыл
мұраты осы еді, жүрегінің түбіне кір жасырмай айтып
өту еді. Кемел таланттардың байлаулы сөзі бір-бірімен
қалай үндеседі десеңізші.

Мұқағали Мақатаевтың ең шырайлы шумақтарын
іздесеңіз – оның махаббат лирикасына үңіліңіз.
Бір қарағанда, ол осынау мәңгілік тақырыпты көп
шиырламаған тәрізді болып көрінеді. Себебі, бүгінгі

поэзияда әбден таптаурын болған тақыс теңеулер,
бірінен бірі айнымайтын, өлдім-өштім, күйдім-сүйдім
деген өзеуреген өлеңдер онда жоқ, бірақ тереңнен
тебіренген, биіктен сорғалаған, әдепті де аптапты ала­

пат шумақтарды мыңдаған, әсіресе өлеңдердің бәсіне
бермес едім.
Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз жалап, тұз шайнадым.

Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың!
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,

Жет тездеп, дауыл тұрғыз қанатыңнан,
Сен мендік, мен сендікпін,
Ана қыран,
Қыранбыз қырандардан жаратылған.

Осындай жолдарда сезімнің тазалығымен қоса,
қаншама тектілік, қаншама биіктік, қаншама өрлік жа­
тыр. Өзіңіз төменде тұрсаңыз, бұл биік поэзия сіздің
де сезіміңізге шаппайды, жүрегіңіздің басына қан та­

мызбайды. Оны ұғыну үшін, түйсіну үшін өзіңіз де
биікке көтерілуіңіз керек. Бекзат өнердің осындай құпия
заңдылықтары болады.
Мен нағыз махаббатты армандаймын,

Мен оны жоғалтып та алғандаймын.
Ақ қыздар арасынан аққуымды,
Ажырата алмаған сормаңдаймын!

Нағыз махаббатты тек осылай ғана жырлауға бо­ лады. Барда қадір жоқ. Жоқ қана қымбат. Жоғалған ғана қимастарына айналады. Соны сезіне білген адам ғана, соны жырлай білген ақын ғана шынайы. Осы баяндамаға бөлінген 15 минутты Мұқағали ақынның ең таңдаулы өлеңдерін оқуға арнаса, ең тәуір, ең тұщымды баяндама сол болар еді. Өйткені, өлеңді талдап, түсіндіріп, жеткізем деу – бос әурешілік. Сен мына жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта мені, Біреулер көлеңкесін түсірмесін. ...Сен мына менің алып басымдасың, Білесің, ешкім де оны басынбасын. Сен мені өз басыңмен бірге қорға, Біреулер зұлымдығын асырмасын! Сен менің миымдасың, Білесің миым жатқа бұйырмасын. Миыңның бір жеріне жасыр мені, Қиылсын өмір солай, Қиылғасын! Осындай айтып тіл жеткізгісіз шырайлы шумақтарымен ажал таластыратын өлеңді табу үшін әлемдік поэзияның антологиясын ақтару керек. Тауып алуыңызға тілектеспін. Ақынды талантты деп дәріптегенде оның дарын құдіретін килограммен де, метрмен де ,я болмаса басқа бір өлшемдермен де анықтайтын құрал жоқ. Мұқағали Мақатаевтың таланты да ешқандай өлшемдерге сыймайды. Оны талғампаз оқырманның жүрегі сезеді, жаны түсінеді. Әсіресе, Мұқағали өлеңдеріндегі мақам мен саз, ішкі музыкалық жарасым ерекше оқшауланып көзге түсетіндей. Ұлы ақын өзінің

әр өлең жолының, әр шумағының сұлу қалыпта табиғи
үндестікпен жаратылуына айырықша мән беруші еді.
Біздіңше Мұқағали Мақатаевты төбесіне көтеретін әр
оқырман ең алдымен, осы іші-сырты бірдей сұлулыққа

құмартатын секілді.
Баяндаманың басында ескерттік, қысқа ғана
уақытта ұлы ақынның бүкіл шығармашылық мұрасын
түгендеп, түстеп бере алмаймыз. Ол мүмкін емес. Алай­

да шайырдың соңында қалған барлық шумақтар шаң
баспайтын асылдан еді деп көлгірсу – ақиқатқа қиянат
болар еді. Аманатқа адал боламыз десек Мұқаңның
мыңжылдықтарға кететін ең кемел туындыларын іріктеп,

ақындық жолының басында балаң қаламнан туған осал
өлеңдерін әншейін ақындық жаттығуларын, замана
ыңғайына қарай жазылған Ильич, Мавр, «большевик­
тер» деген тәрізді сәтсіздеу, уақыттың желімен ілесіп

ұшып кететін жеңіл қауыздарын елеп-екшеп , асылдан
жасықты айырып-ажырататын уақыт жетті. Ендігі жер­
де Мұқаңның мол мұрасын талғампаздықпен іріктейтін
талантты редакторға зәруміз. Оның есімін орынды-

орынсыз әр жерге тықпалай беру абырой әпермейтінін
де түсінетін кезіміз болды. Мысалы осыдан бес жыл
бұрын жарық көрген «Он ғасыр жырлайды» деген
кітапқа Жүсіп Баласағұннан бастап, Махмұт Қашқари,

Асан қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Доспанбет
жырау, Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Қабылиса сияқты
фольклор марғасқалары – мен Мұқағали Мақатаев
өлеңдері енгізілген.

Өзінің дәуірінен, өзінің шығармашылық ортасы­
нан оңашалап алып Мұқаңды бабаларының ортасы­
на апарып қосқанда, кітапты құрастырушылар оған
ерекше артық абырой алып береміз деді ме екен деп

таңқаласыз. Бірақ Мақатаев мұрасы мұндай арзан
абыройға зәру емес еді ғой.
Екінші бір өрескелдік – Мұқағали Мақатаев
өлеңдеріне жазылып жатқан сазға яғни ән әуендеріне

қатысты. Кезінде ақынның өзі Нұрғиса Тілендиев

секілді заңғармен шығармашылық одақ құрып, «Сары­
жайлау», «Сөнбейді әже шырағың» т.б. секілді ғұмырлы
әндерді дүниеге әкелгені белгілі. Әнег мәтін жазудың
өз заңдылықтары, өз қағидалары бар екенін ақындар

жақсы біледі. Кез келген тәуір өлең әнге үйлесе
кетпейді, солай бола тұра «Мата даңқымен бөз өтетінін»
білетін кейбір сазгерлеріміз өз есімін Мақатаевтың ұлы
есімімен қосақтап, абыройға бөлену үшін яғни көк жасық

ән сымақтарын өткізу үшін Мұқағали өлеңдеріне ән жа­
затын дауасыз дертке шалдықты. Ол өлең әнге ылайық
па, жоқ па деп бастарын қатырмайды, өлеңнің авторы

– Мұқағали Мақатаев. Болды. Бітті. Қабылдау керек.

Қиқылдаған, шиқылдаған,мияулаған, қыңсылаған ән
сымақтардың авторлары Мұқағалиға обал болды ау
деп ойламайды. Мысалы:
Жүрегім мұзды мұхит, бауырым Кипр – деген тәрізді

күрделі өлең жолдарының сазбен тіл табыспайтынын
ұғынатын сазгер жоқ. Бір тәуір деп жүрген сазгер әншіміз
Мұқағали өлеңдеріне біріңғай шұқшиып бір өзі қырық
ән жазыпты. «Сәби болғым келеді», «Отыздан асып

барамын», «Қазағым-ай», секілді төрт әні тәуір шығар,
қалған нөпірдің қажеті қанша еді. Осындайда жасық
пен жасандының алдына тосқауыл қоятын көркемдік
кеңестердің тарап кеткеніне налисың. Кезінде Бибігүл

апай, Шахмардан Әбілов, Сара Тыныштығұлова, Кеңес
Дүйсекеев, Мұрат Құсайынов, Ибрагим Исаев, Исра­
ил Сапарбаев, Роза Рымбаева секілді ән саласының
беделді бектерінен құралып эфирдегі халтурамен ая­

усыз күрескен соңғы көркемдік кеңестің Қазақ радио­
сынан да аластатылғанына екі жыл болыпты. Өкінішті.
Соның нәтежиесінде эфирден күн сайын дерлік
берілетін, «Қоңыр» тобының орындауындағы бір әннің

қайырмасы былай деп келеді:
Билейміз биіңе,
Күйлейміз күйіңе.

Ақынды құрметтеудің ең абзал жолы – ақынды
қорламау. Тірісінде құрметтей алмау бір қасірет болса,
өлген соң, өмірден өткен соң қадіріне жетпеуден артық
қорлық бола қоймас. Бұл жағынан келгенде Мұқағали

секілді ақындардың соры бес елі. Тірісінде соңынан
сөз бораған Мұқағали туралы әр түрлі әңгімені қазір
оның өзі сөзге сөз қайтара алмайтын Мұқағали, Қасым
аруағы алдында ақталу, бар пәлені олардың өзіне жабу,

себептің бәрін ақынның өздерінің мінездеріндегі ойқы-
шойқы олқылықтардан іздеу, яғни өздерін кінәлау тен­
денциясы қалыптасып келеді. Қасым мен Мұқағалидің
Жазушылар одағынан шығарылғаны, партиялық жаза

алғаны, қызметсіз қалып жоқшылық азабын шеккені,
ресми марапат көрмегені бәрі-бәрі осы ақындардың
қара бастарын дұрыс алып жүрмеуінің кесірі еді де­
ген пікірді қоғамдық пікір ретінде талаптары жаса­

луда. Ойбай-ау қатып қалған қалыпқа түсіп, ноқтаға
басын
сыйғызып,
стандартты

қоғам
арбасының
тепеңдеген торшалағанына айналса, олар заман­
нан бойын оздырған заңғар ақынға айналар ма еді!?.

Оқыс ойдың өзі оқшау қылықтың, мінездің жалғасы
емес пе?!. Бунтарь, бүлікшіл ақын табиғатының көрінісі
емес пе?!. Марқұм Мұқағалиег Мемлекеттік сыйлықты
дау-дамаймен әрең бергенімізді, ең қуатты туынды­

ларын Алматыда жаратып, әдеби сапарын Алматы­
да аяқтаған аяулы Қасымға Алматыдан ылайық көше
бермей отырғанымызды өзімізше ақтайтын болсақ
онда қазақ ақындарының сорлы тағдыры әлі талайға

дейін оңалмайды деген сөз. Демяьн Бедныйға Кремль­
ден пәтер берген Ульянов-Лениннің көрегендігі қазақ
шенеуніктеріне бұйырмай тұр. Ақын елдің рухы, ақын
сөзі халықтың жан айқайы екенін әлі ұғатын түріміз жоқ.

Серік Ақсұңқарұлы, Несіпбек Айтұлы секілді арқалы
ақындарға, азаттықтың, тәуелсіздіктің, елдіктің та­
лантты жыршыларына мемлекеттік сыйлықты қыймай
жүргеніміз, шөміштен қысып қалып жүргеніміз – дәл осы

дәрменсіздігіміздің, барды бағаламауымыздың айғағы.

Өлгенін, жерленгенін күтіп жүрмей
Талантты қадірлеңдер тірісінде, – деп
жырлағанда Қадыр Мырзалиев те қоғамдағы осындай
әділетсіздікті мегзеген болса керек.

Оны айтасыз кезінде партия мен комсомолдың,
кейінде биліктің ыңғайына көніп сөзін сөйлеп, соның
өзінде ғаламдық поэзияға өлшеусіз олжа салған, мың
жылда бір туар таланттарымыз – Қадыр Мырзалиев

пен Тұманбай Молдағалиев өмірден өткенде топырақ
салуға жарамаған, мұсылманшылық жолмен жаназа на­
мазына қатысуға жарамаған, мұсылманшылық жолмен
жаназа намазына қатысуға жарамаған жоғары билік

енді кімді қаділеуі мүмкін? Осы екі алыппен қоштасуға
келмеген шенді шенеуліктерден не күтуге болады?
Қадекең мен Тұмағаң өлген күні ұлттық рухқа құрмет
көрсетіліп, елде қаралы күн жарияланар деп тосуымыз

бекершілік екен.
Бірақ билікке өкпелеуге болмайды. Өйткені, өзімізді
өзіміз сыйламайтын, қадірлемейтінкүнге тап болдық.
Кезінде Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов,

Әбділда Тәжібаев секілді алыптардың назарында бо­
лып, ақ батасымен аяқтанған қазақ жырының талантты
перзенттері бұл күнде кім көрінгеннің қолжаулығына ай­
налды «Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит

сақтап жүр ырылдатып». Әр түрлі жолмен газет-журнал­
дарды иемденіп алған дарынсыз жолбикелер ақты қара
деп аузына келгенін сөйлеп, ақын біткенге тіл тигізіп,
ат қойып айдапр тағып ар-намысына тиіп, әдебиеттің

киелі әлемін ала тайдай бүлдіре бастады. Соңғы жыл­
дары жиірек өткізіліп, жазба поэзияның еңсесін көтеруге
ықпал етіп жүрген жыр мүшайраларында өздерінің көк
есегі бәйгеден келмеген бір эстетикалық талғам-таразы

дегенді мүлдем жылы жауып қойып, өздерінің жілігі та­
тымайтын шимай шатпақтарын өлең деп мойындауды
талап етіп, жала-пәлелерін жонымыздан жарып тығуда.
Қара шаңырақ Жазушылар одағы да, оның әдеби ор­

гандары да бұған тоқтау сала алатын түрі жоқ. «Бетпақ
жеңдім дейді, байғұс көндім дейді» Мұқағалидің зама­
нында да осындай әділетсізді, арсыздық төрге шығушы
еді. Ештеңе өзгергені көрінбейді. Өзінің ең асыл жыр

маржандарын жарату қызметін аяқтап өмірден көшкелі
жатқан Мұқағали Мақатаевтың газет бетінен қандай со­
дыр сын естіп кеткенін сіздер жақсы білесіздер. Ақиқат
ақын өлген соң ғана қалпына келтірілді.

Соңғы жылдары өмірге келген «Мұқағали» жур­
налы – ұлы ақынға қойылған ең ғажайып ескерткіш
деп білеміз. Ақын талантын құрметтеуші жекелеген
азаматтардың жанкештілігімен жарық көріп жатқан осы

әдеби басылым Мұқаң туралы тамашы естеліктердің,
ғылыми зерттеулердің тұсауын үздіксіз кесіп жатыр.
Республикадғы «Абай» журналы, «Жамбыл» журналы,
биыл жарық көре бастаған «Қасым» журналы әдебиет

тазалығы, поэзия биіктігі жолында қажырлы қызмет етіп
жатқаны қуантады. Өлеңді ұлы ақындардың өздерінің
рухы ғана қолдап жатыр, қорғап жатыр.
Бүгін сексен жылдық мерейтойы аталып отырған

Мұқағали Мақатаевтай ұлы ақынның, нағыз заңғардың
кіндігі кескен қасиетті қазақ поэзиясы осылайша сынын
кетірмеген, бояуын бұзбаған қалпында тәуелсіз елдің
руханият көшінің алдыңғы легінде келеді. Ол – арам­

далмайтын дария, сарқылмайтын бұлақ, аласармай­
тын асқар тау. Өйткені:
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім,
Жақсы жыр жазсам, халқым, елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім!

АЛЛАҺ ДЕГЕН АРЫМАС

Қажылық сапарынан
Әлһамдилла, мұсылманбыз.
Әлімсақ заманынан бері мұсылманбыз. Атадан
мұсылман болып жаралған соң, жайнамаздың үстін

жайлау етпесек те, анда-санда жұма, айт намазына ба­
рып, иманға ұйыйтынымыз бар. Біріңді еке ете алмай
сабылып жүргенде, арпалыстырып қойған мына ашкөз
заман қайта-қайта маңдайыңды тасқа тигізіп, тәубаңды

жаңалатып, тіліңді кәлимаға еріксіз келтіріп қояды.
Қысылғанда Құдайға жалбарынамыз. Шапағаты тиеді
деген соң, «Ясин» сүресін оқып жүреміз. «Алланың
өзі де рас, сөзі де рас» деп Абай хакім де хатқа жазып

кетіпті. Оған қалай иланбассыз?! Мың тілегіңнің біреуі
орындалмай жатқан соң, баяғы бойға сіңген атеизм ба­
сын қылтитып:
Ойыма мұң мінгесуде,

Тәңірім-ау есірке бір:
Тақуа боп күн кешуге
Тати ма екен осы ит өмір?! – деген
өлеңді жаздырған.

Бірақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз дәулетінен
зекет беріп, әдебиеттің, өнердің, мәдениеттің 180
қайраткерін арнайы ұшақпен Мекке-Мәдинеге жіберетін
болғанда, қатты қуанғанымыз рас. Өз бетіңше барып ке­

луге жағдай жоқ. Мына сапарда бәрі тегін болмақ. Батпан
құйрық. «Ақ орда» қозғалысының дін, руханият қанатын
басқарып жүрген өзіміздің айтыскер Мұхамеджан Таза­
беков бауырымыз жиырма бес ақынды тізімге енгізіпті.

Ішінде біз де бармыз. Саудияның әуе айналып жерге түсетін ыстығынан сескеніп, әйелім Бақытжамалды да ала кететін мүмкіндік іздеп едім: – Ақшасын өзі төлесе, апарасың. Ұшақтан бір орын бөлейік, – депті. Бұл да жиырма жыл Қазақстан бетіне қараған айтулы теледиктор еді ғой, тізімге қосып қалар деген ішкі есебім орындалмаған соң, амалсыздан 180 мың теңгені санап беруге тура келді. Кіші қажылыққа (Умраға) баратындарды бір күн бұрын орталық мешітке жинап, бас муфти Әбсаттар қажы ақ жол тіледі. Тегін баратын мәдениет қайраткерлерінің арасында мәдениет дегеннің не екенінен мақұрым біраз ағайындар жүр екен. Бірақ тамырымыз бен та­ нысымызды тықпаламасақ қазақшылығымыз қайсы? Зекет берген Елбасы «Кімді апардыңдар?» деп сұрайды деймісіз. Бетке ұстар деп ғарышкер Талғат Мұсабаевты, олимпиада жеңімпаздары Ермахан Ибраимов пен Болат Жұмаділовты, жазушылардан Сәкен серіні, Тұрсынбек Кәкішевті, Дүкенбай Досжа­ нов пен Қойшығара Салғараны, Күләш пен Қайырбекті, Көпенді, әртістерден Тұңғышбай Жаманқұловты, Ақжол Мейірбековты, Бақытжан Жұмаділов пен Майра Ілиясованы, ғалымдардан Бүркіт Аяған мен Жолмұқан Түрікпенұлын, Талас Омарбековты, Мұртаза Бұлұтайды қосыпты. Мешітке телеарналардың тілшілері толып кетті. Біразы мені шаужайлап, қойнына тығып әкелген тастай сұрақтарын көлденең тартады: – Қажылыққа баруға дайындығыңыз бар ма? – дейді. – Назарбаев бұл сапарды неғып сайлаудың ал­ дында ұйымдастырғанын ойландыңыз ба? Енді даусыңызды басқа кісіге бермейтін шығарсыз? – дейді. Менің ішкі дайындығым мол екенін қайдан білсін. Бүкіл жаз бойы Бекболат Тілеуханның, Мұхамеджан қажының, Дарын мен Халел дейтін сұңғыла діндарлардың уағыздарымен «шыңдалған» мен

өзіміздің «Қоскөл» ауылына имам болуға жарап қалған
секілдімін. Әттең, біздің ауылда Талһа көкемнен басқа
намаз оқитын кісі қалмады. Мешіт әуелден жоқ. Ал
Елбасының мәселесіне келсек:

– Нұрекең зекет бергенде, Аллаһтың сауабы үшін

мұсылмандық борышын атқарған шығар. Оның қарыз-
парызы жоқ. Даусымызды кімге беруді өзіміз шешеміз,

– деп ант-су ішіп әлек болдым.

Сонымен, Құнанбай қажы алты ай жүріп жеткен Са­
удия еліне алты сағатта топ ете түстік. Ұшақтың ішінде
Қазақстан Қажылар қауымдастығының төрағасы Ма­
рат Сәрсенбаев, ғылым докторы Мұрат қажы Мыңбаев

уағыз айтып, көзімізді ашты. Әр жүз жылдықтан, мың
жылдықтың тұлғаларын анықтағанда, әлем бойынша
бірінші орыннан түспейтін пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.ғ.с.) туралы, Расул Аллаһтың жеткізген діні туралы

бұл азаматтар көсіліп сөйлейді екен. Жалпы, бізде
діннің уағызы әлі жолға қойылмаған. Имам, молдалар
жаназа жағалап, пітір-садаққа жинаудан артылмайды.
Зікір салатын бір тобымыз тағы бар. Қайсысының оң

сөйлейтінін кім біліпті. Әйтпесе, Толстой мен Пушкинді
тоқтатқан, Кейс Бор мен Ив Кустоны бас идірген, Гетені
бұлбұлдай сайратып, Мұхамет Әлиді намазға жыққан
дін исламның ғажаптарын талдап айта білсе, құбылаға

бетін бұратындар, иман іздейтіндер әлденеше есе
көбейер еді-ау. Бір күн бұрын жинап алып, ұшаққа тиеп
жіберген осы қауыммен тым болмаса, екі-үш күндік семи­
нар өткізіп, сауатын ашып, жөн сілтесе, Құдайдың үйіне

көзі қарақты адам болып бармас па едік. Жер жүзінен
Қағбаға бет алған мұсылмандар, мейлі, ол неміс пен
түрік, жапон мен араб, француз болсын, «Ләббайка»
деп аталатын тәлбияны (Аллаһқа мадақ) әндетіп бара­

ды екен. Біз одан да бейхабар болып шықтық. Жамы­
рап айтқан тәлбиямыз «Аллаһ, мен сенің алдыңдамын,
сенің серігің жоқ, бүкіл мадақ, нығмет пен мүлік сенікі,
мен сенің алдыңдамын» дегенді білдіретін көрінеді.

«Ләббәйк Аллағұма ләббәйк, ләббәйк лә шәрикә
ләкә ләббайк, инна алхамду, уан неғмата, ләкә уәл
мүлк, лә шәрикә ләк». Мұсылман баласы Меккеге осы
сөзді мың қайталап баруға міндетті. Түбінде қажылыққа

баратын кісілер жаттап алғаны жөн.
Сонымен, «Ләббайканы» біріміз арабша, біріміз
қазақша жамыратып, Меккеге де кірдік. Осы жерде
айта кеткен дұрыс, сапарды ұйымдастырушылар Мек­

кеде де, Мәдинеде де әл-Харам мешіттеріне ең таяу
қонақүйлерді жалдаған екен. Азан шақырған соң-ақ
мешітке бет алсаң да, парыз намазын оқуға үлгеріп
барасың. Бір мезгілде бір миллион адам сәждеге жығыла

алатын Бас мешіттің салтанаты қайран қалдырады.
Қасиетті Қағбаның ат шаптырым айналасы мұнтаздай
тап-таза. Соншама адам сапырылысып жатқан жер­
де не иіс-қоңыс, не қоқыс жоқ. Табаның тиген жерге

жығылып, намаз оқи бересің. Зәмзәм суы құйылған 23
мың тоңазытқыштың бар-жоғы білінбейді. Қазақстанда
жүріп Арыстанбабтың кесенесіне тәу ете барғанда,
әрқайсымыз бір қойды құрбан шалып, қаптаған қара

шыбынның ортасында бас сауғалайтын жер таппаушы
едік. Мұнда садақа салатын жәшікте жоқ, оны сұрайтын
қожа-молда да жоқ. Бар мақсат – құдайдың үйін жеті
рет айналып, әс-Сафа мен әл-Мәруа тауларының

арасында жеті рет жүгіріп, екі бас намаз оқу. Реті кел­
се, Қағбаның бүйіріндегі гауһар тасты бір сүйіп, тілек
тілеу. Жетекшілеріміздің айтуынша, отбасына амандық-
саулық, береке-бірлік қана емес, нақты нәрсені де-үйді,

мәшинені, мол ақшаны, тәуір қызметті анықтап сұрай
беру керек көрінеді. Ол тасқа жету оңай емес. Нөпір
халық. Екінші күні әрең жеттік. Қас қылғанда, Қағбаны
айналып жүргенде айтатын сүннет дұғаны де білмейді

екенбіз. Әйтеуір, Саудиядағы елшіміз Асқар Мусин
бастаған өз адамдарымыз, Мекке мен Мәдинеде оқитын
тәлибан балалар қасымызға еріп жүріп, аузымызға
дұға салып, жөнге сілтеп бақты. Айтуға тіл икемделе

бермейді, намазға жығылсаң, сіңірің созыла қоймайды.

– «Кәрі орыс мұсылман болмайды» деп Сәбит

Мұқанов айтушы еді, сол рас екен, – дейді профессор
Тұрсынбек Кәкішев.
Умра қажылықтың соңғы рәсімі-шаш қиғызу екен.
Тықырлап алғызған мұсылманға үш мәрте кешірім бола­

ды деген соң, біздің айтыскер ақындардың көбісі шаш­
тарын ұстарамен қырғызып тастады. Өзгелердің күнәсі
бізден гөрі аздау ма, ырымын жасаумен шектеледі. Ше­
карада киіп алған ихрамды шешіп, арабтың ұзын етек

ақ көйлегін үстімізге ілдік. Мынау аптап ыстықта содан
қолайлы киім болмайтын сияқты. Намаздың парызы
қайсы, сүннеті қайсы екенін айыра алмайтын, дәрет
алудың тәртібін де шала білетін ақындар жағы мешітке

барғанда Шорабек пен Мұхамеджанға ергенді тәуір
көреміз. Олар кәнігі намазхан. Өзгеміз дүмшелеуміз.
Басшыларымызға қоятын сұрағымыз да көп-ақ:

– Той басқарған күнәға жата ма? – дейді атыраулық

Шынарбек
Қабиев
(Айтыскер
ақындардың

көбісі
асабалықпен жан бағады ғой).

– Біздің Түркістанда өліктің жиырма күні деген бар,

сол дұрыс па? –дейді Бекарыс Шойбеков.
Өз басым қайтыс болғанына 45 жыл болған әкемнің
зиратына былтыр көктас қойып едім. Сондай бір та­
сты биыл атамның басына да орнатқалы жүргенімде,

Мұхамеджан қажы:

– Тілімді алсаңыз, Меккеге барып келгенше сол

тасты кідірте тұрыңыз, – деп кеңес берген еді. Оның
мәнісін енді ұғындым. Пайғамбардың да, оның әйелі,
бала-шағасының, сахабаларының да басында еш белгі
жоқ. Жарысып күмбез салып, қауқитып кесене орната­

тын дәстүрді ойлап тапқан өзіміз екен. Үй сала алмай­
тын қазақтың зиратқа келгенде осыншама тыраштану­
да не сыр бар?
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға алғаш Құран түскен

Қира тауына, Арафат пен Мина тауларына, өзге де

қасиетті жерлерге тәуап еттік. Таң намазын оқыған соң
күн шыққанша ұйықтауға болмайды деген бір қағиданы
шала ұғынған Дәулеткерей, Балғынбек, Айтақын секілді
айтыскер ақындар шала ұйқы. Көбіміз темекішіл едік.

Бұл жақта «харам» деп темекі сатпайды екен. Мәдениет
қайраткерлерінің қатарына қосылып кеткен бір шал:

– Темекіңнен бір сорғызшы, – деп соңымыздан

қалмайды.
Төртінші күні пайғамбарымыз он үш жыл өмір
сүрген Мәдинеге келіп, әл-Харам мешітіне барып, ра­
сул Аллаһқа салауат айттық.

Бес жүз мың адам намаз оқи алатын бұл мешіттің
сән-салтанаты ұлы адамға әбден лайық көрінеді.
Әшекей-өрнекке жұмсалған 270 тонна алтын әр
мұсылманның мерейін тасытардай көркем де тәкаппар

сұлулықты толықтырып тұр. Римдегі әулие Петр шіркеуін
де, Петербордағы Исаак Соборын да, Париждегі Нотр-
Дамды да көріп едік, соның бәрі әншейін бе деп қалдық.
Иншалла! Азанның жүрек тебірентер ғажайып үні

төгілгенде, мұсылман болып туылғаныңа қуанасың.

– Әне бір екінші дауыс, тіпті, үндесіп-ақ кетеді екен,

– дейді Тұңғышбай әл-Тарази.

– Енді намазыңды қаза етпейтін шығарсың?

– Намаздыгер мен ақшам театрдағы қойылымға

сәйкес келеді екен. Сахнадағы ойынымды доғарып,
намазға барушы едім деп қалай жүгіре жөнелемін?

– Аят, сүре жағына қалай едің?

– Әкемнің даусымен құлағыма сіңген аяттар үзік-

үзік есімде. Бірақ қайсысын қай жерде айтатынын
білмей, шатасыңқырап жүрмін, – дейді ағынан жары­
лып Тұңғышбай.
Дәл осы жағдай менің де басымда бар. Ұста әкем

Зәбиданың таныс мақамдары менің де құлағымда
ызыңдайды. Белінен басылып, қазақша транскрипцияға
салынған араб сөздері айтуға да оңай сияқты еді.

– Намазға кештеу жығылған жоқсыз ба? – деймін

Сәкен сері ағамды қажап.

– Бір құдіреттің бар екеніне бұрыннан сенемін. Ал аспаннан кітап түсті деген бос сөз ғой, – дейді буыны қатып кеткен халық жазушысы. – Мен Ленин туралы пьеса жазып, Мемлекеттік сыйлық алған кісімін. Маған сол көсемнің идеялары бір табан жақын еді. Көп жыл ат үстінде жүріп, обком хатшы, министр қызметін атқарған, қазір де Қыздар педогогикалық институтының ректоры Шәмшә Беркімбаева көп нәрсеге сын көзімен қарайды: – Саудия – бай арабтың елі. Көбісі балаларын Гар­ вардта, Оксфордта оқытады. Мына жүргендер төменгі қауым. Бізді осында алып келіп, осылардай бол де­ ген ойға қонбайтын іс. Кейбір жерлерде сервистің деңгейі де тым төмен екен. Мұсылман әлеміндегі ең тұңғыш Құба мешіті мені осындай ойға жетеледі. Сол мешітке апармай-ақ қойса да болар еді, – деді Шәмшә Көпбайқызы. Бұл сөздің де жаны бар секілді. Мойны­ мыз үзілгенше, бас шұлғып үйренген қалпымызды бұзып, әр нәрсеге тәуелсіз көзбен қарай білетін осын­ дай адамдарға құрметпен қараймын. Шетелге шыққан соң, базарлық ала қайту деген бар. Бәріміздің сатып алып жүргеніміз – жайнамаз, тақия, тәспі, әйелдердің біртартар орамалы, көнек толы зәмзәм суы. Тұрсынбек Кәкішев ағамыз өзіне де, Күләш жеңгейге де көйлек алыпты. Өз көйлегінің етегі жеңгейдің етегінен гөрі ұзындау көрінеді... Айтпақшы, Алматыдағы Жедел Жәрдем ауруханасының бас дәрігері, белгілі қайраткер Аман­ тай Біртанов екеуімізді Мәдине ислам университетінде оқитын қазақ тәлибандары үйлеріне шақырып, шай берді. Айдын, Қасым деген жас шәкірттер өз беттерімен оқуға келіп, дін негіздерін игеріп жатыр екен. Өздері түгілі, бастарына орамал тартып, мөлдірей қалған келіншектері де уағыз айта бастайды. Өз еліміздегі дін істеріне, оның ұйымдастырылуына сын көзбен

қарап отырған тақуа інілеріміздің жігер-қайраты қатты сүйсіндірді. Алматыдан шығарда Амангелді Ермегияев пен Өмірзақ Сәрсенов ағаларым алыс жолдың ыры­ мы деп қаражат беріп еді. Соның Айтақын екеуімізден артылғандарын осы тәлибандарға беріп кеттік. Сауаптың қайдан болатынын кім білген. Сонымен, артынып-тартынып, Алматыға да оралдық-ау. Қажылыққа әйелімді ерте барғаным тәуір болыпты, мұсылманшылығы молая түсті. Қазір біздің бетімізге қарап сөйлемейтін болды. Қатты сөз айта қалса, кешірім сұрайды. Рас, әр жарты сағат сайын кешірім сұрай беру де оңай емес қой. Қаңтардың басында үлкен қажылық басталады. Соған әйелімді ерте барсам деп қиялдап жүрмін. Барамыз. Бұйыртса. Иншаллаһ! Аллаһ деген арымас.

Алматы-Джидда-Мекке-Мәдина-Алматы.

МЕШІТ САЛУ ХИКАЯСЫ

Аралдың Қарақұмына сұғына кіріп, бұйраттардың
етегін басып жатқан біздің ауылымыз «Қоскөлдің» арғы
жағында шынымен-ақ жер жоқ шығар. Оған жетудің өзі
бір ақырет. Жезқазған арқылы барсаң, соңғы үш жүз

шақырымдық жолдың бейнетінен кейін өзіңнің аты-
жөніңді ұмытып қаласың. Бірақ алыс екен деп ауылыңа
бармайсың ба?
Кеңестің кезінде өріске тоқсан мың қой шығарып,

үріп ішіп, шайқап төгіп отырған осы ауылдың орталығын
тәуелсіздік жылдарында пысықтар тонап бітіруге ай­
налды. Кәсіп іздеп, күнкөрістің қамымен қалаға үдіре
көшкен отбасылар өз үйлерін қиратып, есік-терезесін

көлігіне тиеп кеткені аз болғандай, гараж, аурухана,
кеңшардың кесенесі, әскери бөлімшенің ғимараттары
секілді тамаша үй-жайларды жермен-жексен еткен
оңбағандар бұл ауылды енді қайтып көрмейтіндей

тірлік жасады.
Қазір ауылда жетпіске жетер-жетпес шаңырақ
қалды. Төрт жүздің үстінде жан иесі бар. Ауылға қашан
барсаң да, қалбаңдаған бір жас ініңе жолығасың. Ар­

зан араққа тойып алған сол шіркіндер аузы икемге
келмей тұрса да, сәлем бергіш-ақ. Қашып құтылғанша
асығасың. Олардан гөрі, төбе басындағы зиратқа
тезірек жетіп, аруаққа айналған таныстарыңа, ағайын-

туысыңа құран бағыштағың келеді. Молла – кеңестің
кезінде дүкен ұстаған Талһа ағамыз. Бұл ауылда сол
кісіден басқа сәждеге бас қоятын ешкім қалмаған. Өмір
барда – қаза бар, әлдекім аманат жанын тапсыра қалса,

жаназа намазында сап түзейтін мұсылман жоқтығы
зәреңді ұшырады. Қайда кетіп барамыз?
Өзім мектебінде сауатымды ашқан, қырында
қойын баққан, құмын кешкен сол ауылыма бір септігімді

тигізіп, мешіт салып берейін деген арман-тілек санам­
ды билегелі екі-үш жылдың жүзі болған. Тым болма­
са, Құдайдың үйіне бас сұққан кейінгі балалар тілін
кәлимаға келтірер, үлкендер иманға қайырылар деп

бәйбішем екеуіміз мәмілеге келіп едік. Ойдан орып,
қырдан қырғанымыздың басын қосып, екі-үш жыл жина­
умен болдық. Сізге өтірік, маған шын – ниетіңіз түзелсе,
Аллаһтың жолына деп бетіңізді кәміл бұрсаңыз, дүние

де құрала береді екен. Биылғы көктемде біздің ауылға
мешіт саларлық қаржы түгенделіп қалғандай болды.
Мәселе жобаға келіп тірелгенде, Жалаңашта Амангелді
Ермегияев салдырған, Бақанаста Өмірзақ Сәрсенов

салдырған мешіттерді жағалай бастадық. Мұндай
көркем ғимараттарды мен де салдырамын дегенге
өзім де сене қоймаймын. Тауыққа қора салып көрмеген
тікбақай журналист басым тайсақтай беремін. Соны

сезген болар, маған қайырым жасаудан рақат табатын
аға досым, миллионер Өмірзақ қожа Сәрсенов:

– Бастай алмай жүрсің бе? Көз қорқақ, қол батыр

деген. Құрылысты биыл бастап кет! – деп бұрын мен
қолыма тұтас ұстап көрмеген қомақты ақшаны алдыма
тастады. Қанша жерден ішім жылып бара жатса да:

– Өмеке, мешітті әркім өз қаржысына салу керек

екен. Сонда ғана сауабы да өзіңе бұйыратын көрінеді,

– деп уәж айттым.

– Қожалардың араб елінен алып келген ақшасы

жоқ,– деді Өмекең, – Қожа-молдалар неше ғасыр
қазақтардан жинап келген тиын-тебенді қайтаратын кез
болды. Мешіт секілді сауапты іске қосқан үлесім сенің
өз ата-бабаңның ақшасы болуы да мүмкін, сауабы да

өзіндікі болады!
Өзім де көне салайын деп тұрғанда, мұндай
қисынды әңгімеден кейін, ақшадан бас тартудың реті

көрінбеді. Алдым. Алғанды айтасыз, осыдан кейін
қомақты көмек берген меценат Амангелді Ермегияев
пен Дәулет Тұрлыхановтың ақшаларын өз жалақымды
алғандай-ақ

қалтама
бастым.
Хорезмнің
қышы,

Иранның кірпіші, Шымкенттің цементі дегендерді жердің
түбіндегі өз ауылыма жөнелте бастадым.
Жасыратын несі бар, мешіт құрылысын бастап
жіберсем, ана ағайыным тоқты, мына ағайыным торпақ

беріп, үлкен істің бір жыртығына жамау болар деген ішкі
есебім де жоқ емес еді. Енді ештеме қажет болмайтын
болды. Ең қиыны, мешіт салуға машықтанған мамандар
бригадасын табу деген соң, ендігі жерде сол мәселені

тиянақтау үшін Шымкентке келдім. «Гастарбайтер»
деген науқан қызып тұр екен. Жұмыс күшін Өзбекстан
мен Қырғызстаннан, Түркмениядан алып келіп, мұқтаж
адамдарға жалға беру – аса пайдалы бизнес көрінеді.

Оңтүстіктегі біраз ағайындар осы кәсіпті әбден меңгеріп
алыпты. Құрылысшылардың бірнеше бригадасын жалға
таратып отырған Серік деген бір жігіт маған тап келді.
Ақша – менен, жұмыс күші – Серіктен. Ұмыт деген ше­

бер бастаған оншақты адамды екі машинаға тиеп алып,
Қызылордадан Құмкөл арқылы Қарақұмға қарай астық.
Мың сан ескі сүрлеулер шимайлаған қу медиен далада
көз тоқтатар ештеңе жоқ: көз жеткісіз жазық, әр жерде

бір селтиген сексеуіл. Не ой жоқ, не қыр жоқ. Баяғыда
жөңкіліп жолыңды кесетін мыңғырған киіктен де тұқым
қалмаған. Елсіз тұңғиық көңіліңді құлазытады.

– Астана қай жақта? – дейді өзбектің Ташмат дейтін

құрылысшы баласы бойын билеген үрейді жасыра ал­
май.

– Астана да, Шымкент те мың шақырым жерде.

Мешіттің құрылысынан қашсаң. Осы даламен Хорезмге
қарай жүре бересің. Қасқырдан жол сұрайсың...
Ташмат та, оның серіктері де жанынан безіп
келе жатқандай. Осы сайын дала, самал жел, аңқаны

кептіретін аптап ыстық, мынау есілген құм менің
жүрегімнің ең түкпірінде туған жер деген бір іңкәр
сезімдер болып тұнып жатқанын, сол мелшиген маңғаз
далада күні кеше еңбегі еш, тұзы сор болып күн кеш­

кен ата-бабаларыма арнап бір киелі күмбез тұрғызсам
деп елім-телім болып келе жатқан менің де ең бір асық

сезімдерім осы бұйраттардың ғұмырымен байланысып жатқанын бұл шіркіндер ұғынар ма! ...«Ұзынсорда» жылқы бағып отырған інім Ғалым мешіттің құрылысшыларына арнап қараүй тігіп қойыпты. Қой сойылып, бауырсақ пісіріліп жатыр. Ауылдағы ағаларым Сапар, Амангелді, Доскен, Көбейсін мешіттің қадасын қағып, кәдімгі Кеңес үкіметінің кезін еске алғандай, «митингі» жасап жіберді. Молла Талһа көкемді шақырып әкеліп, құбыланың қай жақта екенін біраз анықтадық. Михраб дәл төрде тұруы керек екен. Көкеміз құбыла осы тұста деп, зират жақты сілтейді. Ана жылы Меккеге барып келген мен болсам, оңтүстікбатысты қолай көремін. Ақыры мен жеңдім, көкем көнді. Ұмыт бастаған құрылысшылар құмды бұрқыратып қаза бастады. Бес айға созылатын мешіт салу эпопеясы осылай басталып кетті. Мұның эпопеядан несі кем? Ішінде өзбегі, түрікмені, қазағы, қарақалпағы бар болса да, өзбектер деп аталған бригада таңның атысы, күннің батысы тырбанып, еңбек істейді. Біздің ауылдың өңкей жұмыссыз адамдары құрылыстың басына келіп, күні бойы соларға қылқиып, қарайды да отырады. Ептеп жөн үйретіп қоятындары да бар. – Осылар неге аулақ жүрмейді!.. – деп біздің Бақытжамал бәйбіше солармен арпалысады. – Өзбек акалардың палауы дәмді екен! – деп қараша үйден аузының майын сүртіп шыққан қайындарын да қуалайды. Енді қайтсін – үш жүз шақырым жердегі Жезқазғаннан апта сайын қабымен сәбіз, пияз, көкөніс тасу, қой сатып алып сою, қап-қап ұн әкеліп, таба-та­ ба нан пісіру осы байғұстың мойнында, анығында, күн сайын он бес таба нан пісіретін – кішкентай келініміз Ардақ. Төрт қыздан кейін биыл Серікболсын деген шекесі торсықтай ұл туған келінін бұл кісі де ауыр жұмысқа салғысы келмейді. Серікболсынның әкесі –

Елубай мырза болса, күнде шілдехана жасауға бейім.
Енді қайтсін, төрт қыздан кейін туған ұл болса...
Елдің бәрі келіп Елубайға құтты болсын айтқыш.
Ұл да құтты болсын, мешіт те құтты болсын. Мүгір

көкеміздің Жомартының келіншегі ұл тауып, атын
Мешітбай қойды, оны қалай жумасқа! Ерсейіттің Жа­
сыбайы сыртта отырған фермер еді, қызыңқырап,
екпіндеңкіреп келіп, мешітке қосқаным деп, бір өгізше

атап кетті.
Ол да атаусыз қалдыратын іс емес.
Бір күні Бақытжамал екеуміз Елубайды оңаша
ортаға алдық. Бүкіл әулетімізбен қалаға жөңкіліп

кеткенімізде, қарашаңыраққа ие болып қалған сен дедік.
Мына мешітті де саған сеніп, сенің үйіңнің іргесінен сал­
дырып жатырмыз дедік. Егесі сен дедік. Жасың отызға
келді, есің кіретін кез жетті дедік. Сенің жүрісің мынау

дедік.
Ауласындағы он шақты сиырынан, бес-он тоқты-
торпағынан басқа табысы жоқ. «Жыңғылдыөзектің»
суынан аумен сазан қармап, соны қалаға апарып са­

тып, шай-суын айырып отырған, ептеп ән салып, той
басқаратыны бар әзілқой ініміз Елубай есті жігіт бо­
лып шықты. Қойдым деді. Қойды. Мешітің маңындағы
көршілерінің бәріне «самопал» сатуға тиым салды.

Жерде жатқан бос шөлмекті айырмен немесе қолғап
киіп лақтыратын болды. Салмақпен сөйлейтін болды.
Күлкісі азайды. Елубайдың беті түзелгенін көрген соң,
қаладағы Бекқали деген діндарды жалдап, Елубайды

дін оқуға қостық. Өзі де ұғымтал бала еді, күндіз-түні
төтеше оқып-жазуды игеріп, «ағузуға» аузы жаттыға ба­
стады...
Мен ауылға келсем, әкім Хамитпен, аға-інілеріммен

жұптасып қаламын. Мектептегі балалармен кездесіп,
уағыз айтамын. Бар бейнет Бақытжамалда. Қайнағасы
Амангелді мен қайнысы Амангелдіні қасына ертіп алып,
қаладан құрылыс материалдарын тасиды. Бәрінің

бағасы удай. Бір мәшине құмды сексен мың теңгеге

әкеледі. Бір мәшине топырақ – сексен мың. Цементтің бір мәшинесі төрт жүз мың теңге. – Осы келін цементтің сегіз мәшинесін әкелді! – дейді бәрін санап жүретін Сапар ағамыз. – Сәләркі шақ келмейді екен! – дейді бәріне күйіппісіп жүретін Амангелді ағамыз. Мен Алматыға келіп алып, мешіт құрылысын қарқындатып жатқанымды жыр етіп айтып, жоражолдастарымның алдында желдей есіп мақтанамын. Бар бейнетті кешіп жатқан – Бақытжамал мен Амангелді. Атағы – менікі... Алматыға бір оралғанымда меценат Өмірзақ Сәрсеновпен кеңесіп отыр едім, үстімізге бұрын көп жыл депутат болған, атағы дардай академик ағамыз кірді. – Өз ауданымда 600 кісі намаз оқитын мешіт құрылысын бастап едім,– бір бума суреттерді алдымызға жайып салды. Менің салдырып жатқан мешітімді бірнеше рет орайтын ғимарат болатыны көрініп тұр. – Қаржым таусылып қалып, жұмыс тоқтап тұр. Осыған көмек бер, Өмеке! – Қанша қаржы жетпейді? – деп Өмекең сұрақты төтесінен қойды. – Екі жүз елу мың доллар керек... Өмекеңнің өңі қашып кетті. Қанша ауқатты деген­ мен, бөгде кісінің мойнына осынша салық салудың қисыны жоқ еді. Тығырыққа тіреліп тұрған досымды құтқару үшін сөзге мен араластым: – Өмеке сізге көмек бере алмайды. – Неге? Академиктің аңтарылған кейпінде «сенің шаруаң қанша?» деген сұрақ жазылып тұр еді. – Біріншіден, сәл кешігіп қалдыңыз, Өмекеңнің дәл биыл Құдай жолына қосқан ақшасын мен алып, ауылда мешіт салдырып жатыр едім. Екіншіден, әуел баста мұндай үлкен істі бастамас бұрын, шамаңызды мөлшерлеуіңіз керек еді. Сіз далада қаласыз! Академик аяқ астынан табылған «адвокатты»

жақтырмай, тыжырынып, Өмекеңе сұраулы жүзбен
қарап еді, қапияда жол тапқан досына риза болған
Өмекең:

– Осы сөздерге менің де алып-қосарым жоқ! –

деп кесіп айтты. Әңгіме осымен тамам болды. Нара­
зы болған академик менің кеңсемнен қиналыңқырап
шықты. Не шара?! Қазақстанда 2200 мешіт салынған
екен, бәріне бір Сәрсеновтың шамасы келе берер ме!

Әлқисса, Қарақұмдағы біздің мешіттің жұмысы
бес айға созылды. Күздің қара суығы да келіп қалды.
Жұмысшыларымыз жаурамасын деп, жылы киім,
бәтеңке, телпек сатып әкеліп берсек, Өзбекстанға

оралған соң тойда киіп жүреміз деп, әлгі киімдерді
тығып қояды да, жалаңаш-жалпы күйлерінде зыр
қағып, жұмыс істейді. Қолдарының шеберлігіне қайран
қаласың. Шығыс ыңғайындағы ғажайып ою-өрнекте

бір мін жоқ. Күмбездің және 11 метрлік мұнарасының
ұшар басындағы мыстан жасалған мұсылман айы
айдаладағы Аллаһтың үйін одан әрі асқақтата түседі.

– Мұндай мешіт Қарағанды облысында жоқ шығар!

– деп Елубайдың көршісі Келсенкел терісіне сыймайды.

Оның жайдары келіншегі келген-кеткеннің бәріне қазан
көтеріп, самаурын қайнатып, құрақ ұшады. Ауылдағы
жалғыз МТЗ тракторының қожасы Құлжанбай шашы­
лып қалған шынжырын өлдім дегенде жинап, мешіттің

айналасын айнадай етіп күреп тастады. Менің мо­
мын туысқаным Тұрсын мен жеңгем Нұрила отардан
қайта-қайта қой әкеліп сойып, өзбек ағайындарды
құдасындай күтуіне қарағанда, қуаныштары көл-көсір

тәрізді. Әдемі ағаш есіктер мен пластик терезелер ор­
натылып, кілемдер төселіп, пешке жылу жүрген соң,
жан-жақтан құтты болсын айтушылар, алаша-кілемін
арқалап келген ағайындар көбейіп кетті де, бірер мал

сойып, құдайы тамақ берудің реті келіп қалды.

– Осыдан қырық шақырым жердегі «Доңыздың»

биігіне шыға келгенде, мына күмбездің жарқылы көзіме
шағылысты, – деп жібергендер де болды.

– Мешіттің ендігі иесі біз ғой, – деді Доскен ағамыз.

Амандық болып қара жер басатын болсақ, мамыр

айының соңында, мал семірген соң, киіз үйлерді тігіп
тастап, ат шаптыртып, балуан күрестіріп, мешіттің рес­
ми ашылуын өзіміз жасаймыз.

– Бас мүфти Әбсаттар қажыны да шақыру керек! –

деп ұсыныс жасады інім Нақан.

– Айтысты неге алып келмейсің? – деді екі күннен

бері жұрттың бәріне таспиқ пен тақия таратып жүрген
Алма тәтем.

– Бұл мешіттің аты кімдікі болады? – деп біржақтан

менің сыныптас досым, жеке шаруа Қожамұрат килікті.
Шатақ осы жерден шықты. Мен мешітті өзімнің ұлы
атамның атымен атағым келеді – жоңғар соғысында қол
бастаған батыр кісі еді. Осы ауылдағы көпшілік қауым

сол Дәуітбай батырдың ұрпағы.

– Өз атамыздың атымен атасақ, мына азғантай

Қараман-Алтыбас балаларын ренжітіп аламыз,– деп
Көбейсін көкеміз өз құдаларының жырын бастап кетті.
Сапар ағамыз да сол ыңғайға жығылды.

– Сынық кірпіштің сауабын алмаған ол ағайындар

неге өкпелеуі тиіс? –деп бір інім сөз қосып еді:

– Мен осы мешітке бір ту бие байлайын деп отыр­

мын. Апаларың Қалияның аруағы үшін, – деп Алтыбас
ағайынның алпауыты жиеніміз Қуанышбай Досжанұлы
өре тұра келді.

– Ондай дау туатын болса, мешітке салушының

атын беру керек, – деп екі жеңгем – Айман мен Әтір тың
ұсыныс жасады.
Менің зәрем ұшып кетті. Ұш ұйықтасам, мешітке
өз есімімді берем деген ой басыма келген емес. Ау­

зымнан темекі мен насыбай түсіп көрмеген, күнәм мен
кінәмді ат көтере алмайтын, сәждеге маңдайым енді-
енді тиіп жүрген менің есімімді алатындай бұл мешіттің
не жазығы бар еді.

Бұл дау ұзаққа созылып, тату ағайынның ара­
сына сызат түсіретін ыңғай танылған соң, мүлдем
ешкім күтпеген, тосын ұйғарымға тоқтадым: бұл
мешітке Әбдіғали батырдың есімі беріледі. Ерманның

Баржақсысынан туған жалғыз ұл Әбдіғали екі иығына
екі кісі мінердей зор болып өсіп, бес уақыт нама­

зын қаза қылмай, күрес өнерімен айналысып, бұла
жүрген шағында әскер қатарына аттанған. Аға лейте­
нант Әбдіғали Баржақсин енді-енді елге қайтамын деп
тұрғанда соғыс басталып кетіп, Харьковтың түбінен

соңғы хаты келген екен. Отбасын құрып, түтін түтетіп
те үлгермеді. Осылайша бір әулеттің оты сөнді. Әлгі
жиеніміз Қуанышбай Досжанұлының үйінен табылған
Әбдіғалидің ажарлы суреті біздің үйдің сандығында

сақтаулы. Арманда кеткен боздақтың есімін мешітке
теліп, құранымызға қосып отырсақ, ағайын-туыстың
ренжитін не жөні бар?
...Жезқазғандағы Бекқали молладан тілін сынды­

рып, сауатын ашып келген Елубай інім таң намазының
алдында тұңғыш рет азан шақырды. Таңғы сағат жетіде

– тастай қараңғы. Самаладай жарқыраған мешітте

сампылдаған дауысымен:

– Аллаһу акпар! Аллаһу акпар!

Ашадан ләйләһ илла-Аллаһ, – деп Елекең
азан шақырғанда, бүкіл ауылдың үсті жаңғырды.
Қалдыбайдың бесінші сыныпта оқитын бір баласы биыл
Түркістанға барып, намазхан болып келген екен, содан

басқа имамға ұйыған ешкім бола қоймады. Таң нама­
зын оқып тамамдаған Елубай тысқа шықса, зор дауы­
спен тосын жарыққа ауылдың барлық сиыры елеңдеп,
мешітті қоршап алыпты.

– Бұл ауылдың адамынан гөрі сиыры ақылды

сияқты, – деді ыза болған жас молда Елубай.
Мұхамеджан
қажы
Тазабековтен

діни
уағыз
кітаптардың, аудио және бейнетаспалардың үлкен
жиынтығын

сатып
алып,
«Қоскөлдегі»
мешітке

жөнелттім. Елдегі бауырларым ертерек сауатын ашып,
тілін кәлимаға келтірсін деп тілеймін. Алматыда жүріп,
ауыл жаққа құлағымды түремін. Қарақұмның төріндегі
жаңа мешітте Елубай азан шақырғанда, жанына

жамағат жиналып жүр ме екен?..

АЯҚТАЛМАҒАН ЕРТЕГІ

Айбарлы Американың әлек-шәлегін шығарып,
қарт құрлықты, ұйқы-тұйқы еткен, Азияға да шеңгелін
сала бастаған қаржы дағдарысы Қазақстанға көлеңкесін
түсірмейді деп өкіметіміз қанша өрекпігенмен сол

жұт секілді пәлеңіз біздің елге де келіп қалған секілді.
Қалың жұқарды. Жуан жіңішкерді. Жіңішке үзілгелі тұр.
Көппен көрген ұлы той ғой деп өзімізді-өзіміз жұбатып,
бөбектей уілдейміз. Кешегі бір асып-төгілген берекелі

заманды сағынышпен еске алып, қанағат қыламыз.
Өзімізде болмаса да, өлкемізге, қолымызда болмаса да
қоңсымызға қонған дәулет құсының шапағаты бәрімізге
де тиген сияқты еді. Ауызды қу шөппен сүрте бермей,

өзіміз ішіне араласқан бірер ертегіні айтып берейін.
Ертегі емес дейін десең, көрген түстей сол дәуреннің
аңыздан айырмасы шамалы.
Ақтөбе облысының Қобда ауданында батыр ба­

бамыз Қобыландыға кесене тұрғызылып, ат-тоны бар
ағайын Жиренқопаға қарай аттанып жатты. Шежіре бой­
ынша батырға жиырма екінші ұрпақ болып келетін менің
бүйірім қанша қызғанмен, жөнсіз-жолсыз дүрмекке

ілесе кетудің ретін таба алмай, Астанадан Ақтөбеге
барып, баяндама жасайтын Мырзатай ағама хабар­
ласып едім, ол кісі мән-жайды түсіне қойды. Қысқасы,
сол күні-ақ облыс әкімінің орынбасары, жайсаң жігіт

Әмірхан Рақымжанов телефон шалып, тойға шақырды.
Енді ұша қояиын десем ұшақ жоқ екен. Осы тығырыққа
тірелген шағымда менің аға досым Өмірзақ Сәрсенов
көмек қолын соза қойды. Қолма-қол ұшақ жалдады.

Ішінде аспандағы адамға керектің бәрі табылатын ЯК

– 40 ұшағымен Ақтөбеге жетіп келдік. Тойға қатыстық.

Тегімізге тәу еттік. Абыз Кекілбаев асқа сойған өгіздің
бір құлағын облыстың әкімі Елеусін Сағындықовқа, бір
құлағын маған жегізді. Кіндігінен өрген ұрпағы бәлен
мың болып кеткен Қобыланды батырдың жалғыз тұяғы

сияқтанып, алшаң-алшаң бастық. Осының ертегіден
несі кем?
Ұшақты өзімнің бәсіре атымдай мініп, аспан­
да серуендеген күндерім туралы ертегіні әрі қарай

жалғастырайын.
Өзім жас күнімнен әулиедей қадірлейтін шай­
ырым Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдығы
Қызылордада тойланатын болды да, мен бұл мереке­

ге тағы да соңғы сәтте шақырылдым. Жұмыстағы бір
кикілжіңдерден қажып жүрген кезім еді. Жан күйімді та­
мыршыдай тап басатын досым Өмірзақ Сәрсенов:

– Өзің де ұнжырғаң түсіп жүрген кезде жалғыз өзің

тойға барып, қандай береке табасың. Жасым үлкен бол­
са да, жолға серік болайын.Мұхтар ініме сәлем берейін.
Намазалы мен Көпенді де ерте кетейік, – деп тағы да
ұшақ жалдауға тапсырыс берді. Төртеуміз Тұрекеңнің

тойына қатысып, талай тағлым алып қайттық. Бұл да
бір басы бар, аяғы жоқ ертегі еді... .
Келесі
жолы

Өмекеңнен
басқа,
Нұртілеу
Иманғалиұлы, дипломат Советқали Қартбаев бар,

Алтайдағы Рахман қайнарында бір апта ем қабылдадық.
Таудан таңертең түсіп, Өскеменге келдік. Алдын ала
билет алып қойған ұшағымыз Алматыға кешке ұшушы
еді. Биікте суық қармап қалған менің жағдайымның

қиындығын көрген Өмекең Алматыдан арнайы ұшақ
алдырып, жоспарлы мерзімнен бес-алты сағат бұрын
көкке көтеріліп кеттік.
Оқырман жалығып кетер, әйтпесе, дәл осындай

әуе сапарларымен өзімнің Жезқазғаныма, Ұлытауыма
әлденеше барып қайтқанымды тәмпіштеп айтып-ақ
берер едім. Қазір менің елдегі ағайындарым баласын
сүндетке отырғызса да мені шақырып:

– Қатынас қиын ғой, – деп қанша қашқалақтасам:

– Өмекең ұшақ жалдап әпереді ғой, – деп аузымдағы

сөзімді жұлып әкетеді. Ол ертегінің әлде қашан
таусылғанын, Өмекең екеуміздің жерге түскенімізге
біраз болғанын, дағдарыстың келіп қалғанын ешкім аңғ
армайтындай.

Өзінің
ақ-адал
еңбегіңмен
дәулет

жиып,
ұлғайғанда сол дәулеттің қызығын көру пешенесіне
бұйырған Өмірзақ Сәрсеновтің кең пейілінің арқасында
Алматының біраз ақындары мен жазушыларының,

әншілері

мен сазгерлерінің, суретшілері мен журналистерінің аузы аққа жарып, шаруасын түзегені рас. Сол тигізген шапағатын Өмекең өлері бар ешкімге тіс жарып айта қоймайды, ал игілігін көргендердің ер мерейін тасытып жұртқа жария еткенін өз басым естіген емеспін. Алайда Өмекеңнің ел азаматтарына жасаған қамқорлығының көбінің басы-қасында жүрген менің үндемей қалуға дәтім шыдар емес. Жақында ғана Елбасының қолы қойылған Құрмет дипломына ие болған бұл ірі меценаттың құпия жасаған көмегінің көбісін мен де біле бермеймін. «Ақжүніс» деген тамаша, шешен күй шығарған Секен Тұрысбеков сол күйдің байғазысына Өмекең мінгізген шетелдік джипті арғымақтай баптап, әлі күнге көңілі судай тасып, домбыра сағағынан шабытты саз­ дар төгіп жүр. Бақанасқа апарып ауылдастарының алдында сол күйдің кіндігін кескен Өмекең күйшінің қасына ерген Алтынбек Қоразбаев, Көпен Әмірбек, Ұлықбек Есдәулет, Асқар Егеубаев, Намазалы Омашев, Қайнар Олжай, Талғат Ешенов, Сәкен Қалымов секілді бірталай өнерлі інілеріне бір-бір ат мінгізгені әлі жады­ мызда. Аттың ең бір семізін мен де мінген болуым ке­ рек. Ұмытылып кетті ғой... . Алтынбек демекші, өзіміз жиі баратын Бақанас өңіріне арнап, «Бақанас – жердің байтағы» деген өлең жаздым да, оған Алтынбек Қоразбаев ән шығарды. Қазір Бақанаста екінің бірі құлағын төсеп тыңдайтын осы әннің қаламақысы деп Өмірзақ Сәрсенов он мың

доллар шығарды. Алтынбекті шақырып алып біраз
әуреге салғым келіп:

– Әнің үшін екі мың доллар төлесек, жете ме? – деп

сұрадым.
Менің сыртымда Өмекең тұрғанын білетін Алтекең:

– Аздау ғой, – деп күмілжіді. Күмілжитін себебі бар:

осының алдында ғана сазгер Бейбіт Оралұлы үш әні
үшін «Джип» мініп кеткен.

– Үш мың жете ме?

– Жетпейді.

– Өзің қанша алғың келеді.

– Бес мың төлесең, мен де риза, құдай да риза.

Бес мыңды қолына ұстаттым.
Сәлден соң асханаға барсам Алтынбек түстік ас
ішіп отыр екен. Бір әні үшін қазақ баласы естімеген
қаламақы алған Алтекеңнің судай тасыған көңілі

Өмекең берген он мыңды естігенде сабындай бұзылды.
Бірақ өлеңнің авторы да қаламақы алу керек қой. Сол
Алтекең әлі күнге мені көрсе, бірдеңе сұрағысы келіп
тұрады...

Өмекеңе жақын жүретін Қайнар Олжай екеуіміз
талай өнерпазға меценаттың ақшасын тасыдық. По­
эма жазған Софы Сматайға Қайнар елу мың долларды
жеткізіп берсе, Пайғамбар хадистерін қазақша жария­

латамын деген Бекболат Тілеуханға мен он жеті мың
доллар апардым. «Кәмейұшқан» деген поэмасының
қолжазбасына Несіпбек Айтұлы бес мың доллар алса,
Сәкен Иманастың бір томдығын шығаруға сонша қаржы

берілді. Абылайханның шапанын сақтап келген Хамза
қарияға М.Жолдасбеков арқылы үш бөлмелі пәтердің
құнын тарту еткенде осы Өмекең. Оның бер жағында,
Қайнар екеуміздің алған пәтеріміз, мінген көлігіміз үшін

жұмсалған ақшаның есебінен жаңылысуға айналдық.
Осының бәрін тізбелегенде, біреуді ұялтайық деп
отырғанымыз жоқ. Алғанда қымсынған жоқпыз ғой,
енді қысылудың не жөні бар... Айтыстың, мүшәйраның

жүлделерін де Амангелді Ермегияевпен тең бөлісіп келе

жатқан осы Өмекең ғой. Сәрсенов пен Ермегияевтің
қазақ өнеріне жасаған қамқорлығын дипломнан да гөрі
көрнекі жолмен марапаттаса артық болмас еді. Оның
да кезегі келер...

Қысқасы, осы айтылған әңгіменің ертегіден несі
кем деген сұрақ туындайды. Ертегіден артықшылығы

– бұл хикаяның жалғасы бар... . Теңіз тартылып, да­

рия ортайып жатқанда, дәулет неге азаймасын? Оның
үстіне өзге сасық байлар секілді бар тапқанын бауыры­
на басып шірітетін кісі емес, олжасын шашып жіберетін
Өмірзақ секілді қолы жомарт адамның құдығының

түбі көрінетін уақыт болды ғой. Бұрыштан шыға кел­
ген мына дағдарыс деген қарақшы Өмекеңді он орап
кететін байлардың өзін тұралатып жатқанда, бұл кісінің
қолы қысқарғанына, қарызы молайғанына таңданатын

түгі жоқ. «Қысылғаннан қыз болдым» демекші, Өмекең
де, Әбекең де бұрынғы дағдымен қандастарына көмек
қолын созғаны болмаса, бірін екі ете алмай, дағдарып
жүр. Маған бір сырын ашқанда:

– Жасым ұлғайды. Бизнеспен айналысу үшін де

орасан қажыр-қайрат керек. Қажи бастадым. Мынау
жалғыз зауытымды сатамын да ақшасын тең бөліп ала­
мыз. Маған аздық етсе де, сенің алаңсыз өлең жазуыңа
сол жетеді, – дегені бар еді. Сатылмаған зауыттың

миллиондарынан басым айналып жүргенде дағдарыс
тап беріп, тақырға отырып қалған жай бар. Көрген
түстей көп күндер көлбеңдеп көз алдыңнан өтеді.
«Жыланды қырық кессе де, кесірткедей қауқары бар»

демекші Өмекеңнің сырлы аяғына алаңдау дағдымызға
айналған қаламдас інілері қадірлі қарияны қажаудан
жалықпаймыз. Алдыңғы күні Өмекең телефон шалып:

– Қалтай аға, Мұхамеджановтың Астанадағы 80

жылдығына қатысып, Фарида жеңгейге ат мінгізген
едім. Той бүгін Алматыда, Әуезов театрында жалғасады
екен. Бірге барып қатысайық, – деді. Астанада
Ә.Кекілбаевтың ғажайып баяндама жасағанын айтып,

енді Алматы не айтар екен деген күдігін де жасырмады.

Театрға барғанша Өмекең арнап өлең жазып
үлгердім. «Өзім тірі жүргенде сені тарықтырмаймын.
Жасытпаймын» деген мәрт ағаға айтылған наз ба,
ызалы әзіл ме, соңғы кездегі әйтеуір өз көңіл-күйімді

білдіретін шумақтар тез-ақ ширатылды.
Көретін күнімізден біздің әлі,
Жетеді құлағыма күздің әні.
Шамамызға қарамай еркелесек,

Өмеке, оған жалғыз Сіз кінәлі.
Өйткені, аз ғана күн билеттіңіз,
Көштен кейін қалма деп сүйреттіңіз.
Етіктің қонышынан басып жүріп,

Еркін жүріп-тұруға үйреттіңіз.
Жарылқап баламызды, жарымызды,
Бақытқа бөледіңіз бәрімізді.
Патшаның баласындай тайраңдадық,

Теріп жеп Сіздің шашқан тарыңызды.
Бірақ көп қыздырмады шекемді күн,
Өмірге байқалып жүр бөтендігім.
Шөміштен қысылғанда бір-ақ білдік,

Бәрі де уақытша екендігін.
Шындықты келмесе де мойындағым,
Уақытша екен ғой тойынғаным.
Біліп жүрмін – істеген ісім түгіл,

Сөзіме де қарауыл қойылғанын.
Мен бірақ қарауылға үйренбегем,
Күнімді артық көрем күйбеңдеген.
Ыңғайға жығылуға ыңғайым жоқ,

Тілімді кесіп тастап сүйреңдеген.
Бұл күнде қалтам – тесік. Қарыным – аш,
Азайды арғымақтың жалы құлаш.

Алайда, ұйқым – тыныш, күлкім – түзу,
Әйтеуір болмаған соң арым ылас.
Үн-түнсіз үйренсек те күрсінуді,
Жұртқа да сездірмеймін бұл сырымды.

Түсімде көрдім бе екен сол кісіні,
Дейтұғын: «жасытпаймын Жүрсінімді».
Қайтадан басталғалы аяңдауым,
Есіме алып енді қоям бәрін.

Япыр-ай, сол көргенім – түсім болса,
Ұйқымнан керек еді оянбауым!
Бітпейтін адамдармыз біз дауымыз,
Басылмас сырқырау мен сыздауымыз.

Өмеке!
Таң атуға таянғанда
Ұйқымды керек шығар бұзбауыңыз!
Өмекең өлеңді тыңдап болған соң:

– Бұл мәселеге дағдарыстан шыққан соң қайта

ораламыз, – деп күлді.
Дағдарыстан қашан шығатынымызды кім білсін.
Оған біздің ғұмырымыз жетер ме?
Бірақ, осының бәрі өмір ғой, өмірдің қайталанбас

иірім-қайырымдары ғой!

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТЕН «ӨШ АЛУ»

Кеңес Одағының да, Қазақстанның да халық
артисі, қазақ баласы алатын барлық сыйлықтардың
лауреаты, кино мен театрдың әйгілі актері Асанәлі
Әшімовті кім танымайды? Біз солай деп ойлаймыз.

Шындап келгенде, Асанәліні танымайтын қазақ то­
лып жатыр. Сақал-мұртын күзеген, дауысы тарғылдау,
басы жуандау кісіні көзі шалса, Асанәлі Әшімов осы
екен деп ойлайтын шіркіндер мені Асакеңмен шаты­

стырып, талай хикаяға тап болып жүрген жайым бар.
Бітірген-тындырған ештеңем жоқ болса да, теледидар
құдіретінің арқасында елге әбден мәшһүр болған менің
ұлы нобайым киноның сол жарық жұлдызына ұқсайтын

болса керек – талай қорлықты бастан кешірдім. (Боз­
бала кезімде талай қыз-келіншек Төлегенді ойнаған
Құман Тастанбековтен айнымайсың деп қуантушы еді,
көпей шал болған шағымызда Асекеңе ұқсап барамын-

ау, сірә!)
Ағадыр ауданында Ағыбай батырдың 190 жылдығы
аталып жатыр. Бас редакторымыз, марқұм Оралхан
Бөкеев қоярда-қоймай сол тойға алып барды. Біздің

Қоскөлден інім Нақан үй апарып тіккен екен, сол үйге
Асанәлі Әшімов ағамызды шақырып, дәм таттырдым.
Іле-шала Асекең Мойынқұмның киіз үйлеріне ертіп апа­
рып, қарымтасын қайырды. Той тарқады. Қайтып бара­

мыз. Торы атты борбайлаған бір дала қазағы машина­
мызды басып кетердей болып, төпелеп келіп-ақ қалды.

– Тоқта, тоқта! – деп айқайлайды. Екі көзі менде.

– Мына жындыдан қарыз алған жоқ па едің? – дейді

қасымдағы Оралхан аға мойнын кері бұрып.

– Жоқ.

– Ендеше тоқтайық.

Тоқтадық.
Қамшысымен
машинаны
сабауға

айналған дәу қазақ та торы аттан аударылып түсе берді.

– Ай, Асеке! – дейді бастырмалатып. Екі күн бойы

осы нөпір халықтың ішінен сені іздеп жүрмін. Біздің үй
мына «Қарабұлақ» совхозының оң бүйірінде тұр. Бір
мал жеп аттан, айналайын!
Түкке түсінбеген қалпымда сілейіп тұрып қалсам

керек, Оралхан аға:

– Осы сені Асанәлі Әшімовпен шатастырып тұр, –

деп күңк етті де:

– Әу, отағасы! Бұл Асанәлі ағамыз асығыстау еді...

– деп күмілжіді. Өз болжамын тексеріп тұр.

– Қой, Асеке, асығатын не бар. Күн әлі ерте. Ауыл

мына белдің астында. Кинодан ғана көруші едім. Дәм
айдап, елге келіп қалған екенсің, сыбағаңды жеп кет! –
деп, торы атты, етек-жеңі далиған аңғал қазақ жанды
қояр емес. Поездан қалып қоятынымызды, уақыттың

тығыз екенін айтып, әзер құтылдық та жолға түстік.
Атына қайта мінген жігіт ағасы біраз жерге дейін ма­
шинамен жарысып: – Әй, Асеке! Мұның болмады
ғой. Әлде де көрші! – деп айқайлаумен болды. Нағыз

Асанәлі болсам, аттың басын сол ауылға бұра салар
едім. Дала қазағының киношылын көрмейсіз бе! Сексен
жетінші жылы бұдан да сорақысы болған. Көкшетауға
демалысқа бардық. «Зеленый бор» деген санаторийде

жатырмыз. Серік Әбдрахманов екеуіміздің жанұямызға
бір коттедж тиді. Қалтай Мұхамеджанов ағамыз
бәйбішесімен бірге негізгі корпуста. Әйгілі жазушымен
көбірек бірге боламын. Қалекеңнің көлге шомылғаны

да қызық: мол пішілген қара дамбалымен суды кешіп
барады да, бірер сүңгіген соң, суын сорғалатқан қалпы
жағаға шығып, тастың көлеңкесіне өз шалбарын төсеп
жіберіп, соның үстіне қисаяды. Шалбары малмандай су

болады. Онда шаруасы жоқ Қалекең бір қызық хикаяны
бастап кешеді... Жаңақорған жағынан келген сунақтың

екі шалы мен бір жас жігіт Қалекең екеуімізді шайға шақырды. – Әй, Жолбарысым! Шақырғанға зар болып қалмай тұрғанда, барып шайларын ішейік. Осылардың ықыласы саған ауып тұр ғой, - деді Қалекең. Бардық. Лигачевтың «құрғақшылық» заңы күшіне мініп тұрса да, әлгі үшеуі біраз шөлмекті тізілтіп қойыпты. Жас жігіт Қарқаралы маңынан келген екен. – Асеке, біздің үйде сіздің киноға түскен рөлдеріңіздің суреті жапсырылған үлкен альбом бар, - дейді киноман жігіт жүзіне ризашылық белгісін жинап. – Әй, сенің Асекең не?! – деп ежірейіп келе жатыр едім, Қалекең тіземнен басты. – Әй, Асанәлі, осы аузыңа бірдеңе тисе, кісіге қарай бастайтының не? Алдыңа келіп тұрған асты іше берсейші. Түсіне қойдым. Түсіне қойдым да, ыңғайға көне бердім. Атаңа нәлет Лигачевтің «құрғақшылық» заңын адыра қалдырып, молшылыққа кенелтіп отырған Асанәлі Әшімовтің абыройына Қалекең екеуіміз кір келтірген жоқпыз. Түннің бір уағы болғанша сілтедік. Асакеңнің суретін жинап жүрген Қарқаралының жігіті де сөзге қонақ бермейтін қужақ екен. «Қыз Жібек» пен «Атаманның ақырын» шемішкедей шақты. Жаңақорғанның екі шалы да сөз қосып қояды. – Әй, Асанәлі шырағым! Осы анау поезды атпен қуатын қыз бар ма, сол қыз не деп айқайлап келеді саған? Алдап кетіп пе едің? – Төлегенге әлімжеттік жасағаның жөн болмады. Асан шырақ! Көңіліңе келсе де айтайын. Осындай әңгімемен отырып көкмойындарды да тауыстық. – Әй, Асанәлі! Енді қайтсақ та болатын шығар, – деді Қалекең есінеп. Ертеңіне Қалекең: – Енді бұл үшеуіне жоламайық. Асанәлі еместігіңді білсе, шөлмекпен сабап жүрер, – деп кеңес берді. – Мына дыңылдап тұрған басты не істейміз, Қалеке?

– Осы ана бір Бижігітов Құсман деген майор сені төңіректеп жүр ғой. Басты сол жазады. Шынында, Қалекең әулие екен. Бижігітов өзі гене­ рал болғанша біздің басымызды жазумен айналысты. Осылайша мені Асанәлі Әшімовпен шатастырған талай хикаялар бастан өтті. Алматыда көрші тұрған Асекеңе сол хикаяларды баяндап берсем, өзінің атақдаңқынан ләззат тауып үйренген ұлы актер рақаттана күліп, мәз болады. Шынында да, бүкіл халықтың махаб­ батына бөленіп, алақанында өмір кешкенге не жетсін! Жақында Шымкентте өткен ақындар айтысынан соң, Салық комитетін басқаратын Асқар деген ініміз қонақасыға шақырды. Сарыағаш курортында бір апта емделіп, бауырды, ішек-қарынды шайғызып келгенім сол еді, үлбіреп тұрған ішкі ағзаға қымыран жақпай қалды. Түнімен ауырып, азап шектім. Жағдай ауыр­ лап бара жатқан соң, таң алдында «жедел жәрдем» шақыруға тура келді. Бірер уколмен есімді жиған соң, жазып берген дәрісін алайын деп, бір дәріханаға кіргенім сол еді... Ай десе аузы бар, күн астынан келген Күнекей қыз тәрізді дәрі сатушы бойжеткен мені көрді де: – Аһ! – деді. – Не болды, шырағым! – Сіз актер емессіз бе? Тағы да Асанәлі ағама ұқсатып тұрғанын түсіне қойдым. – Болсақ болармыз... – Ой, Асанәлі аға, Сізді бір көру арман еді. Қолтаңба бересіз бе? – Шырағым, мен ауырып келіп тұрмын. Имодиум деген дәрі керек еді. – Асанәлі аға, суретке түсейікші. Өзім басыммен қайғы болып, әлек-шәлегім шығып келгенде, мына сұлу қыздың мені Асанәлімен шатысты­ рып, әурелеп тұрғаны ит жынымды ұстатты. Асекеңнен бір «өш алатын» жер осы шығар дедім іштей. «Асанәлі

аға!» деп құрақ ұшып, отқа түсіп кеткелі тұрған Күнікей қыздың алдында сал, сері ағайдың бар абыройын бірақ төгейін. – Мен ауырып тұр едім, қарындас! – Қай жеріңіз ауырады, ағатай! – Түнімен ішім өтті..Әуелі бір ауа шықты. Ауа болғанда да бір сұрапыл, жаман ауа, айналайын. Әдемі қыз менің әңгімемді жақтырмай, мұрнын тыржита қалды. Маған да керегі сол: – Солай басталды дейсің... Таң атқанша дәретханада отырдым. Ішімде ештеңе қалмаған шығар. Бір таусылмайтын қоймалжың... Күнікей қыз жиреніп, лоқсуға айналды. «Асанәліден» құтылғанша асықты: – Дәріңіз мынау. Бір капсуладан ішіңіз! – Жаңа суретке түсеміз деп едің, айналайын?! – Жоқ! Кто следующий? – деді аузы-мұрнын тұмшалаған қыз менен құтылуға асығып. Түсі бұзылып кетіпті. Қасымда айтыскер ақын Айтақын Бұлғақ бар еді. Күлкісін тыя алмай, шиқылдап-қиқылдап, далаға қарай ата жөнелді. Таңертең Алматыға келсем, Асанәлі Әшімов ағам телефон шалады. – Жүрсін жан, менің кеңсеме келіп кетесің бе? – дейді. Келдім. Өзінің мерейтойына арналған кітапты құрастыру үстінде екен. – Мен туралы жазған бірдеңең болса, осы кітапқа кіргізейін деп едім. Халыққа ең танымал, ел сүйген ұлы актер туралы талай дүние жазылған ғой. Мен де осы әңгімені жазып, сол кітапқа ұсынғалы отырмын. Асекең қабыл алса...

ҮЗЕҢГІ ЖОЛДАС ҮМБЕТОВ Оң-солымызды таныған шақта табысқан бел құрдасым, елдің елеулі азаматы Серік Әбікенұлы Үмбетов туралы бұл шағын жазбада оның құлағына жақпайтын сөздер де бар екенін мен жақсы аңғарамын. Осы елдің тұтқасын ұстап жүрген бірқатар азаматтар туралы да осындай кедір-бұдыр пікірлер айтуға бола­ ды. Адам болған соң, оның жақсы-жаман қасиеттері айналасына, әсіресе, маңындағыларға байқалмай тұрмайды. Оларды жасырып-бүркегеннен кісінің шын бейнесі сомдалмайды. Ортамызда есен-сау ғұмыр кешіп жүрген, әлі де ат үстіндегі Серік Әбікенұлы тура­ лы менің ойымда орныққан пікірлерім табиғи қалпында хатқа түссе, сол орынды деп білемін. Осыдан жиырма жылдай бұрын, жаңылмасам, Тұманбай Молдағалиевтың 60 жылдық мерейтойында, Серікпен қол алысып танысқаным есімде. Ардақты ақын ағаның шығармашылық кеші Ғылым академиясының мәжіліс залында өтті де, өзінің өтініші бойынша оны мен жүргізіп отырдым. Бір қызығы, қыза келе, мен Тұмағаңды қазақтың аса көрнекті қаламгері, тіпті, ұлы ақыны деп төтесінен айтып жіберіппін. Сөйтсем, бірінші қатарда отырған Әбділда Тәжібаев ағамыз інісіне ар­ нау сөзін жазып әкеліп, оның ішінде «Тұманбай – ұлы ақын» деген пікірін ел алдында айтпақшы екен. Бұл «бағаны» мен бұрын беріп қойыппын да, Әбекең са­ бындай бұзылып, тіпті, құттықтау сөзден қашқалақтауға дейін барып қалыпты. Шығармашылық кештен кейін академияның фоэсіне жайылған шай дастарханы –

фуршетте дәл осы жайды сөйлесіп тұрғанымызда, сәл
именіңкіреп, маңдай шашы шегініңкіреген, сылыңғыр,
қоңыр өңді, киіктің асығындай, сыпайы жігіт қасымызға
келіп:

– Жүрсін аға, сізбен таныссам деп едім. Мен мына

іргедегі Күрті ауданын басқаратын Серік Үмбетов деген
ініңіз болам, – деп қолын ұсынды. Дөңгелек, биік үстелді
қоршай тұрған қалпымызда біраз сұхбат құрдық. Серік
әдебиет мәселелерін орағытып өтіп, басқа көлденең

әңгімелерді сөз етіп тұрдық. Осы алғашқы таныстық
үстінде ол маған сұлу-сыпайы қалпын сақтаған биязы
бейнесімен көрінді. Кейін ол Алматы облысының әкімі
болған тұста мен онымен осылайша танысқанымды

есіме алдым. З.Нұрқаділов облысқа басшы болып келіп,
Серік оның бірінші орынбасары қызметінде жүрген
кезінде тығыз араласа бастадық. Өйткені, аралас-
құралас адамдарымыздың көбі ортақ екен. Әсіресе, Ре­

спублика сарайының сол кездегі директоры, С. Үмбетов
әлі күнге ағалап алдын кесіп өтпейтін Хасен Мұсаұлы
Смағұловқа мен сол кезде етене жақын жүруші едім.
Кешкілік сарайдың демалыс бөлмесінде, оңаша сауна­

сында талай азаматтармен бірге көңілді кездесулерге
қатысып жүрдім. Алматы облысының төрағасы, тәртіптік
комитеттің басшысы болған, Елбасының сыныптасы
Едіге Жүнісбеков, Эксимбанктің вице-президенті Аубай

Байғазиев, Қарғалы шұға комбинатының директоры
Марат Әміров, кейінірек «Алматықұрылыс» холдингінің
президенті Амангелді Ермегияев, генерал Бағдат
Мәйкеев, облыста басқарма басшылығында болған

Сырым Қасымов, Қалижан секілді біраз кісі осындай
мәжілістерде жиі жолығысып, кездесіп тұрушы едік.
Серік Үмбетов болса, осылардың бәрімен сіз-біз де­
скен сыпайы қарым-қатынасын сақтайды. Мені аға деп

құрметтейді. Қазіргісіндей өктемдігі жоқ, бәрін аға тұтқан
кішіпейіл бір әкім маған ұнаушы еді. Менен 7-8 айлық
үлкендігі бар екенін білмейтін болса керек, «Жүрсін

аға» деп сызылады да тұрады. Облыс деңгейіндегі
үлкен басшының ағалағаны маған да майдай жағады.
Осы қалтафонның жаңадан шыққан кезі, «Тұмар»
деген қолағаштай бір телефон белдігімізден түспейтін

кез. Бір күні әлгі қол телефоным безілдей жөнелген
соң, қосып қалсам, ар жағынан Серіктің таныс дауысы
естіледі. Бірақ сөзі өктем:

– Әй, албасты, сенсің бе? – дейді. Бұрынғы сіз де

жоқ, аға да жоқ.

– Серік, сенсің бе? Мен Жүрсін ағаң ғой, – деймін,

біреумен жаңылыстырып тұрма деп.

– Өй, аға болмай қал! Қайдағы ағасың сен. Мен

ағамын саған! Көзіңді ашып қара!, – деп қояды Секең.
Сөйтсем, көгермегір Қалижан Серіктің «көзін
ашып», менің одан жарты жас кіші екенімді айтып, ағадан
гөрі құрдастығымыздың дәл болатынын түсіндіріп бер­

ген екен. Серіктің құрдас ретінде екпіндетіп тұрған беті
әлгі екен. Осы күннен бастап қарым-қатынасымызда
кәдуілгі құрдастардың емін-еркін қалжыңдасуы орнығып
алды. Тіпті, Серіктің қызметі өскен сайын оның үні зо­

райып, дауысы қоюланып, ағалық өктемдігі күшейе
бастады десем, артық емес. Ол көп ұзамай Жамбыл
облысының әкімі болып тағайындалды. Одан әрі Ауыл
шаруашылығы министрі, Алматы облысының әкімі,

Президенттің Іс басқарушысы, Мәжіліс депутаты деген
секілді ірі лауазымдарды иеленді. Осы қызметтердің
қай-қайсысында жүрсе де, қарым-қатынасымыз үзілген
жоқ, хабарлас болып, кездесіп тұрамыз.

Енді Серіктің өзім таныған жақсы қасиеттерін ай­
тайын. Анау «Желтораңғы» деген ауылда мал маманы
болып қызмет істеп, ел ішінде есейген бұл азаматтың
көпшіл, халықшыл қасиеттері мол. Қайдан шыққанын

ұмытпайды. Қазақы дәстүрді ұстануға ұмтылады. Жыл
сайын марқұм әкесін еске алып, жаз айында өзінің
туған ауылында әкесіне ас беріп отыратынын елдің
бәрі біледі. Өзіміз де талай асқа қатысып, Құранға қол

жайдық. Дінді де лайықты құрметтеп, тілін кәлимаға
келтіріп жүреді. Тікұшақпен ел аралағанда, ескі қорым-
зираттардың басына қонып, тәу етіп, тәубесін жаңалап
тұратыны рас. Бір жылы жазушы Смағұл Елубайдың

қолқалауымен Алматы облысындағы Алтын емелде,
«Айғайқұмның» етегінде «Аңшы бала» деген фильмге
түсіп, «әртіс» болғаным бар. «Басши» ауылына барып
жүріп, жолда Тезек төре зиратының қараусыз жатқанын,

сол маңдағы бірер шешен отбасының күтімі болмаса,
хан тұқымынан шыққан зерек те ерен тұлға, ақын, күйші
Тезек төренің бейіті жоғалуға айналғанын естіп-білдім.
Осы жағдайды Серікке айтып бердім:

– Ол да бір кезде өзің секілді Алматы аймағын

басқарған аға сұлтан еді. Қазақ тарихында орыны бар
адам. Сүйінбайды арқасынан қағып, ақынды қадір
тұтуының өзі неге тұрады? Тезек төренің есімін бүгін
сен құрметтесең, ертеңгі ұрпақ өзіңді де солай ескеретін

болады, – деген мағынада екі рет есіне салдым. Бір күні
Серік телефон шалды:

– Сенің қолқаң менің мазамды алып қоймаған

соң, бір шешім шығардық. Алтын Емелге баратын күре
жолдың оң жақ жиегіне Тезек төре мен Бөлтірік шешен­
ге арнап тас белгі қойғалы жатырмыз. Сол тасқа жаза­
тын сөзді саған жүктеймін. Тез жазып бер, – деді облыс

әкімі. Көп ұзамай Сарыөзек ауданының әкімі хабар­
ласып, тасқа жазатын сөзді сұрап алды. Ескерткіштің
ашылуына қатыса алмадым да, кейін жолым түскенде
барып көрсем, азбас-тозбас мәрмәр тастардан алып

белгі орнатқан екен. Менің бір шумақ өлеңім тасқа
қашалып жазылыпты. С.Үмбетовке телефон шалып,
ризашылығымды білдірдім. Өңірдегі осындай тарихи
тағылымы бар талай ескерткіштің дүниеге келуіне Серік

ұйытқы болғаны жұртқа мәлім. Елдің егесі осындай кең
ойлап іс тындырып отырса болмас па!
Келесі бір жолы айтулы ақын Сәкен Иманасовтың
қолқалауымен облыстың әкімі С.Үмбетовтің алдына ба­

руыма тура келді. Сәкен ағаның шығармашылық кеші
Талдықорғанда өтеді екен.

– Сол кешке мені алып бар, – деді Сәкең. Үмбетовпен

дос екенсің ғой. Менің азын-аулақ өтінішімді орында­
сын.
С.Иманасов мені ертіп, қасында қаумалаған бір
топ достары бар, облыс орталығына келдік. Әкім

қабылдады. Қабылдаудан Сәкен аға көңілсіз шықты:

– Ана құрдасыңа айт. Кешке өзім театрда тапсыра­

мын деген Құрмет грамотасын алмаймын. Әуре болма­
сын! – деп түсін суытты. Сөйтсек, «Алматы облысының
Құрметті азаматы» деген атақтан дәмелі екен. Соны
бере қоймады деген өкпесін жасырмады.

Амал жоқ, облыс әкімінің алдына қайта бардым.

– Сәкен аға әлі жетпіске келмепті ғой. Әлгі үлкен

атақты сол жолы береміз ғой, – дейді Серік Әбікенұлы.

– Біріншіден, ақынға атақ беру үшін оның мерей­

тойын тосу міндет емес. Екіншіден, Сәкен Иманасов
70-ке келгенде өзің дәл осы орында отырасың ба,
әлде басқа қызметке жылжып кетесің бе? Үшіншіден,
облысыңның

жарты
халқы
найман
ағайындар.

Сәкендей ардақты ақынына құрмет көрсетіп жатсаң,
сол қалың ел сізді бұрынғыдан да жақсы көре түспей
ме? Төртіншіден, күнде алдыңа келіп жатқаным жоқ,
мені жаяу қайтарғаның жақсы ырым емес!

Секең сейфін ашып, аттың құны ретінде маған
бес мың доллар сыйлады. Облыстық мәслихаттың
хатшысын шақырып алып, Сәкен Иманасовқа «Алма­
ты облысының құрметті азаматы» деген атақ беруге

шешім шығарды. Талдықорған қаласынан ақынға үш
бөлмелі пәтер бергізді. Бірақ, театрда өткен жиынға өзі
келмей қалды... Келмесе, келмесін, айтылған өтініштің
бәрін орындап берген әкімнен айналып кетпейсің бе!

Менің келесі бір өтінішім Алматы облысының Жар­
кент ауылынан шыққан белгілі айтыскер ақын Айтақын
Бұлғақовтың баласы Жандарбекке қатысты болды.

Талай айтыстарда жүлдегер болған жүгермек сабаққа
салақ болған ба, мектеп бітірген соң гранттан қағылып,
жоғары оқуға түсе алмай қалыпты. Ақысын төлеп оқи
беретін жағдайы жоқ екен.

– Жандарбек сияқты дарынды бала күнде туып

жатқан жоқ, Серік Әбікенұлы. Осы баланың гран­
тын облыстың бюджетінен бөліп берсең, ешкім сені
күстаналай қоймайды, – деп мен де Серіктің соңынан
қалмадым. Обалы нешік, бір күні С.Үмбетов:

– Жарайды, көмектесейін. Әкесі маған келсін, –

деді.
Әкесі де бір сорлы. Алматыда отырған маған
Талдықорғаннан телефон шалады:

– Мына Үмбетов деген кісіге жолығу қиын екен

ғой, жүдә. Әкімшіліктің алдына келіп, ішіне кіре алмай
тұрмын, әкем, – деп жүйкеме тиеді.

– Ей, тірі жан емессің бе! Бірдеңе етіп кірмейсің бе?

Алматыда отырып мен сені қайтіп ішке енгіземін?

– Үмбетовке айтсаңшы, әкем, мені кіргізіп алсын.

Амал жоқ, ыңғайсыздау болса да, әкімге телефон
шалып, жағдайды түсіндірдім. Бұлғақов ішке кіретін
болды.
Үмбетовтің қамқорлығымен сол бала Астанадағы

Еуразия университетін бітірген соң маған тағы келді.
Енді магистратураны оқымақшы екен. Ағылшын
тілінен сынақ тапсырайын десе, бір ауыз ағылшынша
білмейтін көрінеді. Жазған құлда жазық жоқ, енді рек­

тор Ерлан Сыдықовтың есігін қағуға тура келді. Ол да
Үмбетовтің сойынан екен:

– Сол бала үшін ағылшын тілінің сынағын мен-ақ

тапсырайын. Алаң болмай жүре бер, – деді.
Жандарбек қазір сол магистратураны оқып жа­
тыр. Осылай табанымнан таусылдырып, бармайтын
жерлеріме барғызып, қақпайтын есіктерімді қаққызған

Жандарбек пен оның әкесі мені төбесіне көтеріп
құрметтейтін шығар деп ойласаңыз, оңбай қателесесіз.
Садағасы кетсін. Жә, ол енді басқа хикая!

Сөз Серік Үмбетов туралы еді ғой. Секеңнің атқа
құмарлығы, аңға құмарлығы өз алдына бір әңгіме.
Оның аттары аламандарда озып келіп, жүлде алып,
иесіне олжа түсіріп тұрады. Бір жолғы жүлдесін (40.000

доллар) айтысқа қосып, біздің Парижге сапарымыз­
ды демегені бар. Жамбыл облысында әкім болып
тұрғанында Таразда республикалық ақындар айтысын
өткізуге ұсыныс жасадым. Мәселенің егжей-тегжейін

келісу үшін Таразға шақырды. Әкімнің резиденциясын­
да қой сойып, күтіп отыр екен. Мерейім өсіп қалды.
Бірақ, жеме-жемге келгенде, не деп азғырғанын кім
білсін, Кеңесбек Демешев деген орынбасары Серікті

айнытып-ақ тастағаны. Өзім суқаным сүймейтін
сол бір сұрғылт шенеуніктен айтысты қорғаштап-ақ
бақтым. Бірақ, сабындай бұзылған Үмбетов уәденің
аяғын сиырқұйымшаққа салып, ақыры сол айтыс өтпей

қалды. Былтыр Елбасыға арнап Айтыс өткізгенімде
де, басында ықыластанып қарсы алғанымен, соңында
тайып кеткені есте тұр. Жалпы, қызметі өскен сайын
адамдардың сөзге беріктігі азая бастайтынында бір

заңдылық бар секілді. Үнемі таң қаламында жүремін.
Серіктің аңшылығы да осал емес. Құс атуға, қасқыр
аулауға әуес. Аша тұяқтыны атпаймын деп алады да ,
доңыз аулауға келгенде желігіп кететіні де бар. Бір жолы

Бақанас жағына құс атуға бардық. Құмның арасындағы
ойдым-ойдым көлшіктердің бірінің жағасына, құм
төбеге Амангелді Ермегияев үшеуміз қаз-қатар тұрып
алып, әрі-бері ұшқан қаз-үйректі жаусаттық келіп. Ал­

дымыз – қалың шеңгел. Құлаған құсты үйретілген спа­
ниель иттер әкеліп бермесе, қамыстың ішіне кіріп іздей
алмайсың. Иті түскірлер менің атқан үйректерімді де
Үмбетовтің алдына әкеліп тастайтынын қайтерсің.

– Бұл ауылдың итіне дейін жағымпаз. Бәрі

әкімге жалтақтайды. Сірә, облыста осындай тәрбие
орныққан-ау! – деп ызалана күлдім. Секең ақталған
болды. Менің осылай айтып тастайтынымды ол үнемі

жақтыра бермейді. Бір жолы А-деген шенеунік болып
жүрген бір қаламгерді қатты мақтап сөйлеп, Нарынқол
ауданына әкім етіп тағайындағысы келетінін айтып
еді. Әңгіменің соңында қарап отырмай:

– Мен жоғары партия мектебін бітіргенімді білесің

ғой. Мені де бір ауданға жіберсейші. Дөңгелетіп
әкетемін, – деп қалжыңдап едім, Секең:

– Сені тағайындай алмаймын. Сен өзіме қарсы ша­

уып, бағынбай қоясың ғой, – деп шындап жауап берді.
Бетке айта беретін адамды кім ұнатушы еді?!
Менің қазақ руханиятына сіңірген азды-көпті
еңбегімді

көтермелеп
сөйлейтін
құрдасым
Серік

Әбікенұлы жеме-жемге келгенде менен аяғын тар­
тып, сақтанатынын үнемі байқаймын. Саясаткер адам
солайша арақашықтықты сақтамаса болмайтын да
шығар. Әсіресе, қызметі жоғарылаған сайын доң

көрсетіп сөйлейтіні, қатқылданып бара жатқаны маған
ұнамайды. Маған ұнамайды екенмін деп, Үмбетов
өзгере қалсын ба.
Менің «Жалғыз ұл» деген өлеңіме бір сазгер ән

шығарып, оны бір тәуір әнші орындап, лезде кеңінен
танымал болып кетті. Мен секілді жалғыз ұлға әке
болып жүрген Серік сол әнді телефонына жаздырып
алып, сүйсіне тыңдап жүреді. Бір жолы осы әнге клип

түсір деп қомақты қаржы беріп еді, бейнеклиптен де
маңызды шаруаларға кез болып, ақша жұмсалып кетті.
Әуелі өкініп жүрдім де, кейін:

– Менің Дарханым, сенің Дәуренің аман жүрсін!

Өмірдің өзі де бейнеклиптен кем емес қой, Серік
Әбікенұлы! – деп жұбататын болдым.
Қазақтың іскер азаматы, жаны да, қаны да қазақы,
көңілі кең, қолы ұзын құрдасым Серік Үмбетов туралы

бұл шағын жазбаны әзірше осымен доғара тұрамын.
Өйткені, оны аяқтауға қажетті деректерді өмір күн сай­
ын еселеп беріп жатыр. Мәжіліс депутаты С.Үмбетовке
арнаған өлеңімнен алынған мына бір үзіндіні болашақ

үлкен туындының кіріспесі деп білерсіз:

Ел-жұртын қоймаса да дірілдетіп,
Талай жыл ел басқарған дүрілдетіп,
Атағы алты алашқа аңыз болған
Бар дейді Жетісуда бір Үмбетов.

Сөйлесе сөйлей білген толымды етіп,
Берсе де бере білген болымды етіп,
Желтораңғы жағында маман бопты
Мал артына үңілген сол Үмбетов.

Жігіттің болу керек жолдасы мың,
Алшысынан түсіп тұр енді асығың.
Құдайдың қолдағаны сол емес пе –
Сенімді серігісің Елбасының!

Өнерге, тіл дәстүрге дос Үмбетов,
Кедейге көңілі де бос Үмбетов
Бір жыл туған төл ғой деп анда-санда
Арқамнан қағып жүрген осы Үмбетов!

НАМЫСТЫҢ ОТЫ КҮЙДІРІП...

(Афины олимпиядасынан кейінгі ой)
Әлемнің әр елінен үкілеп әкелген ең күштілер,
жүйріктер, ілкімділер, қысқасы, нағыз сайыпқырандар
ротаға шығып, бақ сынасатын Олимпиада ойындары

төрт жылда бір рет алауын тұтатып, жұмыр жердің на­
зарын жаулайтын ғажайып оқиға болса, оған қатысқан
да арманда, қатыспаған да арманда. Сол Олимпиадаға
бір барсам, Қазақстанның «сен тұр, мен атайын» дейтін

үздік спортшылары бірінен кейін бірі олжа салып,
жүректі қуаныш кернесе.
Елімнің көк байрағы қайта көтеріліп, әнұраны ой­
налып, тәуелсіз Қазақ елі деген мемлекет бар екенін

әлемге паш етіп жатса!
Қуаныштың жасы қара көзді кернесе. Ақтамберді
жырау айтпақшы, «осынша берген дәулетті көтеріп
тұра алар ма екенбіз?!».

Осындай бір қияли кеппен 20 тамыз күні Грекияға
ұштым да кеттім. Эллиндердің ежелгі астанасы Афины
менің ойлағанымдай ғажайып қала емес екен. Төбе-
төбенің етегіне салынған көне шаһар – тас қала болып

көрінді. Көп тас. Алматының жасыл желегінің қадірін
білмей жүр екенбіз. Біздің байшыкештер бірінен-бірі
асырып соғып жатқан неше алуан коттедж, виллалар
да көзге көп шалына қоймайды. Біріне-бірі ұқсаған

жұпыны, қос қабатты оқшау үйлердің сыртқы салта­
наты біздегідей көзге шұқып тұрған жоқ. «Қазақ ауы­
лы» атанған өз шаңырағымызға соғып едік, адамға
қажеттің бәрі табылатын мекенжайдың бар қалпы әрі

қарапайым, әрі жайлы. Оғаш ештеңке байқалмайды.
Біздің Нағима Есқалиева бастаған Жеңіс, Медеу, Асыл­
бек, Ерлан секілді өнерпаздарымыз салқын бассейінді
шолпылдатып, қазыны кертіп жеп, кекіріп шұбат ішіп,

өздерінше мәз-мейрам. Олимпиада бір жақта, бұлар
бір жақта секілді болып көрінді...
Афиныда бірден аңғарғаным – гректердің өз тіліне,
өз салтына беріктігі. Латын әліпбиімен өз тілдерінде

жазылған жазуларын оқу бір қасірет. Саған қажет пе

– оқып, түсін дейтін тәрізді. Біздегіше ағылшын тіліне

деген «махаббат» та лапылдап тұрған жоқ. Грекше
айтады. Грекше жауап береді. Түсінбесең жүре бер.
Осындай орынды тәкаппарлық қазақ тілінің бағын
қашан ашар екен деп қиялға берілесің. Бір ғажабы, осы

елде Қазақстаннан көшіп барған гректер көп екен де
және олар саған «ассалау...» деп қазақша сәлемдесіп,
қазақша заулата жөнеледі. Мен танысқан Янис, Одиссей
деген гректер елдің амандығын сұрасып, емешегі үзіліп

барады. Кіндік кескен мекенге деген алапат сағыныш
көздерінен қапысыз көрінеді. Екі сөзден кейін өздерінің
дүкендеріне шақырып, жік-жапар болады. Сауда жаса,
құндыз ішік ал деп жабысады. Біздің ауылда «итке

темір не керек» деген мәтелдің барын білмейтін тәрізді.
Әйтпесе, арманын арқалап, құрыққа сырық жалғап ба­
рып тұрған қазақ ақынының халі мүшкіл екенін сезер
еді-ау. «Шешеміз шайдан қайтпаған» қазақпыз ғой, осы

шай-ақ қалтамызды қағып болды. Бір кесе шай ішсең,
үш евро. Үш евроң – төрт доллар. Төрт долларың – бес
жүз қырық бірдеңе теңге. Шайы құрысын деуге таяу
жүрген кісі құндыз ішікті неғылсын...

Әңгіме олимпиада туралы еді ғой. Қазақстанның
көк байрағын көтеріп барған спортшының ұзын саны
119 болғанмен, соның қазақша сөйлейтіні жиырманың
ол жақ-бұл жағында. Әйтеуір қазақтың жерін басып,

суын ішіп жүрген соң, қанға сіңген қалпымызбен қай-
қайсысын болса да бауыр тартып, намысымыздың

наркескенін жарқылдатар ма деп, бәріне бірдей
үміттене қарайсың. Бар болғырлар бірінен соң бірі шаң
қауып қалып жатыр. Біз елде жүргенде жіп таққан ве­
лошабандозымыз Винокуров та, ұшсайысшы Гааг пен

суда малтушы Поляков та тезек теріп кетті. Өзіміздің
балалар бір қайран жасаса, осының бәрінің орны толар
еді-ау деп «жасырын» қиялға берілесің. Жалғыздың
шаңы шығушы ма еді қайық есуші жалғыз қазақ Қайсар

Нұрмағанбетов Кеңгірдің тоғанында желдей ескенмен,
Эгей теңізінің пұшпағында жіп есе алмай қалды. «Тоғыз
ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» деп елден ерекше­
леген Ернар Ерімбетов ініміз Елбасының алдында етек­

басты болды. Үкінің бір талындай үлбіреген гимнасшы
қарындасымыз Әлия Жүсіпова болса, жалғызбын деп
жасымай «Галаци» сарайында сымдай тартылған сым­
батымен көз қарықтырып, әлемнің аузын ашқызып еді,

кім жеңерін күні бұрын келісіп қойған төрешілер жібімеді.
Төртінші орын да тақияларыңа тар келмес дегендей.
Жалпы, әлемдік спорт жүйесін сыбайластық
жайлап алғанын бұрын да құлағымыз шалушы еді,

осы жолы көзімізбен көріп, көңіліміз суынды. Әлгі
Әлияның шеберлігі жеңімпаздардан оқ бойы алда
екенін залдағылар да, мамандар да байқады. Бірақ
көркем гимнастиканың тізгіні Ресейдің қолында екенін

жер-жаһан біледі екен. Немесе еркін және грек-рим
күресіндегі, бокстағы ұпай санаудың құпиясы да
белгілі бір топтың ырқында екені айдай әлемге аян.
Ұрып жықсаң, алып ұрсаң – амалы жоқ, одан бергі

жерде түлкібұлаңның шиыры ізін таптырмайды. Кілем
үстіндегі төрешілеріміз Елеусіз Дүйсековтың (бокс),
Сейітхан Тілешовтың (күрес), тіпті әлемдік әуесқой бокс
федерациясының вице-президенті Бекет Махмұтовтың

да қалқайып жүргеніне қуанғанымыз болмаса, олар­
дан бізге қайран жоқ екен. Қалталы қулар оларды
он орап кетіп жатыр. Менің қасымдағы Мүсілім Дай­
ырбеков қырық жылдан бері олимпиаданың «отын

сөндіріп, күлін шығарып» айтып жүрген кәнігі жанкүйер
екен, «ойбай, Мәскеудің бір татары бүкіл боксты би­
леп алған, төрешілерге төрт миллион доллар беріп
қойыпты» деп зәрені бір ұшырса, «Головкинді сатып

алыпты» деп күні бұрын тағы зар илейді. Сөзінде жан
бар секілді. Әйтпесе, бірінші раундта ордандап ойы­
на келгенін істеген Геннадийіміз неғып лезде жынын
алдырған бақсыдай бола қалды деп, ойымыз он саққа

жүгіргені рас. Алтын медальға 45 секунд қалғанда Цур­
цумия неге оп-оңай жығыла салды? Атағы жер жарған
Гарднерді қаңбақ құрлы көрмеген алып балуанымыз Ба­
роевпен тіресе тұруға шамасы бар еді ғой. Қолға түсіп

тұрып, уыстан сусып шығып кеткен алтын алқаларды
көргенде, опық жеп, опасыз бақты қарғап-сілеп тұрып,
ойламайтынымыз жоқ.
Бір көріпкел «Әлемдік спортта енді ақшалы ел­

дер мен темір тәртіпті елдер (тоталитар режимі бар)
жеңеді» депті. АҚШ осы олимпиаданың дайындығына
1 миллиард 200 миллион доллар бөліпті. Германия өз
бюджетінен 700 миллион доллар бөліпті. Қытайдағы

темір тәртіптің құдіреті әмбеге аян. Осы үш елдің қалай
үстем болғанын көзіміз көрді. Мемлекеттің бергені ба­
сына тартса, аяғына жетпейтін қазақ спортшылары­
нан бірдеңе дәметудің өзі ұят секілді. Спорт – саясат.

Түбінде осы саясатта үстем боламыз десек, ала қаптың
аузын шешіп, спорттың нәпақасын молайту керек. Ол
ақша Қазақстанның халықаралық беделі болып бір
қайтса, халқымыздың көтерілген бір рухы, саламат-

саулығы болып, он есе қайтады. Афиныдағы арпа­
лыстарды бір жұма көзімен көрген Елбасы да осыны
айтса керек. Келесі Олимпиаданы өз төріне шақырып
отырған Қытай ұлт спортын дамыту үшін қалай жан­

таласуда? Спорттың барлық түрі өзінің саңлақтарын
тәрбиелеу саясатын ұстанған бұл мемлекет ешқайдан
ешкімді жалдап әуре болмаған. Өзекке тепсең кетпес
өз ұл-қыздары өлермендіктің өлшемі тәрізді. Шарқы

шамалы көршілеріміз, тіпті, жаяу жарыстан да екі ал­
тынды іліп түскенде, жағамызды ұстадық. Күнгей
Азия елдеріндегі спорттың қарыштап дамуы қайран
қалдырса, өз спортшыларымыздың басшылыққа алып

отырған ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының тас
ғасырда жазылған тәпсір екені, спорттың тамырын ба­
сып отырған бірде-бір ғылыми-зерттеу институтының
жоқтығы біздің болашағымызға күмәнмен қарауға

мәжбүр етеді. Облыстық спорт комитетінің бастықтарын
тағайындауға
құзыры
жүрмейтін

республикалық
Агенттіктен не сұрауға болады?
Қазақстанның спорт саясатындағы бадырайып
тұрған екі кемшілікті айту үшін данышпан болудың

қажеті шамалы.
Біріншіден, жаттықтырушылар да, саланың басшы­
лары да қолма-қол, шапшаң келетін табысқа кіріптар.
Жедел нәтиже болмаса, тағдырың екі талай. Осыдан

барып сырттан дайын спортшы шақыруға әуестік ту­
ады. «Сүтті сиырын» кім бере қойсын?! Жеме-жемге
келгенде өз басының мүддесін ел намысынан жоғары
қоятын осы «келгінбайлар» көсегемізді көгертпейді. Екі

оқты болатында солар. Оның үстіне, бұндай олжаның
халық рухын көтеретін шынайы қуанышы да шамалы.
Күні кеше Өзбекстан қоржынына екі алтын салған гру­
зин Дохтурашвили мен осетин Таймазовтың мысалы

соған дәлел. Ендігі жерде олимпиадалық спорттың
барлық түрлері бойынша өз қарадомалақтарымызды
шыңдау керек. Тіпті, бірер олимпиададан қалыс
қалудың да әбестігі жоқ. Спорт академиясы әзірлеп

жатқан жаттықтырушылардың өз ұлтымыздан болғанын
қадағалап отырудың несі айып? Өзекке тепсең кетпейтін
өз өрендеріміз додаға түспесе, жеңістің құны көк тиын!
Екіншіден, спорттың дабырысы көп түрлеріне

ғана өңмеңдеп, кейбір елеусіз түрлеріне немқұрайды
қарағанды қою керек. Боксшы мен палуан таққан ал­
тын алқаны жүгіру арқылы да, секіру арқылы да жеңіп

алуға болады. Балға лақтырған бағландар да Олим­
пиада жеңімпазы ретінде ұлт қаһарманына айнала­
ды. Құралайды көзге атқан Кейкі батырдың ұрпақтары
мылтық пен садақ атудан кәдеге жарамады деген не

сұмдық? Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтан кейінгі
балалар аяғына тас байлап алып па? Қысқасы, ауыл
балаларының айналысуына қолайлы, көп қаражат
шығармай-ақ шеберлік шыңдауға болатын спорт

түрлеріне балаларымызды баулу керек. Бетті ауылға
бұру қажет. Айтпақшы, суда жүзуден алдына жан
салмаған Ян Торп пен Майкл Пелпстің көріктей кеудесі,
қарышты құлаштары қандай көркем! Балқаш пен

Қапшағайда, Зайсан мен Алакөлде бекіредей су жа­
ратын қазақтың балалары қайда осы? Алматы мен
Қарағандыда, Шымкент пен Оралда су бассейні бар,
бірақ соларда мақсатты жұмыс жүрмейтін тәрізді. Ал

су спортынан қанша жүлде сарапқа салынатынын көз
көрді. Ендеше, жаттықтырушылар қимылдауы керек.
Жаттықтырушы демекші, солардың кәсіби шеберлігі
мен еңбекқорлығына, ұлтжандылығына спорттағы та­

быстарымыз тәуелді екені қандай рас болса, үлкен
мүдде алдындағы адалдығы да сонша маңызды екені
ақиқат. Өз қатарынан күші мен шеберлігі асып тұрған
қанша бағландарымыз ауылда қалып, көзтаныстықпен

Грекияға барған бозөкпелердің көшке ілесе алмай,
абыройымызды айрандай төгуі спорт мамандарының
солқылдақтығының белгісі. Үш рет кілемге шығып, бір
ұпай алуға жарамаған, шалып қалса шалқасынан құлай

кететін Мәмбетов секілді бос белбеулердің жолдамаға
жол тауып кетуі ұят қой. Олимпиада аламанына кілең
ығай мен сығай барса керек-ті. Әлемдік спорттағы абы­
ройы атан түйеге жүк болатын Дәулет Тұрлыхановтай

дара тұлғаның маңына жанкештілер жиналып, елімнің
намысы деп отқа түспесе, оның бір өзі қай жыртыққа жа­
мау болады? Спорттың ыстық-суығына әбден қарпылған
Дәулет батыр «жем таусылса жалт беретін жанамалар­

ды» емес, ұлт абыройы үшін жанын пида ететін ерлерді
жұдырықтай жұмылдырып, даңқ тұғырына жетелесін.
Филимоновтың күмісінен басқа олжа қолға ілінбей,
Афиныда апиын жеген қасқырдай алақ-жұлақ етіп

жүрген күндері осындай ойлардан бас жарылып кете
жаздады. Спорттың майын ішкен маман болмасақ та,
ұлт намысы сынға түсетін аламандарда жүрегіміз ке­
удеден шығып кете жаздайтын жанашырмыз. Күллі

қазақтың абыройын асқақтатып, аттың басындай ал­
тынды Бақтияр тартып алғанда, батыр баламызды
бауырға басу үшін, қарауыл-бақауылдарды белінен ба­
сып, ортаға шығып кетіп жүргеніміз сол себепті. Кезінде

қазақ спортына жанашыр мақала жазып, шырылдаған
Ғабит Мүсіреповті де наркескен намыс оты күйдірген
екен-ау?! Сол от әр қазақтың кеудесінде лапылдауы
керек!

ХАТ ЖАЗЫП ТҰР – 1

Ұялы телефонның хат жазысу мүмкіндігін
кеңінен пайдаланып жүргендердің бірі мен шығармын.
Бір ғажабы, біреулердің маған жазған хаттары да,
менің біреулерге жазған хаттарым да, арнайы өшіріп

отырмасаң, телефонның жадында жиналып тұра береді
екен. Қайталап оқысаң, өткен өмірің есіңе түсіп, санаңда
жаңғырып, сол сәттерді қайтадан басыңнан кешкендей
боласың. Тағы бір қызығы, хаттарды өлеңмен жазғанға

ештеңе жүрмейді. Әсіресе, таңы өлеңмен атып, күні
өлеңмен бататын, айналасын ақындар қоршаған мен
сияқты кісіге өлең-хаттардың қадірі бөлек. Бөгде сөз
қоспай, ойыңды жеткізіп айта аласың. Өзіме жиі SMS

хаттарын жолдап жататын Серік Абас-шахтан бір хаты­
ма жауап болмай қалғанда, былай деп сәлем жолдап­
пын:
Неге жауап бермедің эсэмэске,

Түсті ме төбеңдегі көсем еске?!
Әншейінде ауызын жаппай жүріп,
Тойда өлең таппаған осы емес пе?
Ол кезде “Хабар” арнасында бас продюсер болып

қызмет атқарып жүрген Серік “Қазақстан” телеарнасы­
на қызмет ауыстырған екен, былай деп хат жазыпты:
Көңіліңе мың алғыс, аға, арнаған,
Кінәңіз де орынды тағар маған.

Хат-хабарсыз кеткенім заңды шығар,
ҚАЗ арнаға ауыстым хабарнадан.
Маған өлеңмен SMS хаттар жолдап тұратын Серік
Абас-шахтың бір ерекшелігі, қоғамда болып жатқан кез

келген оқиғаға байланысты өзінің көзқарасын білдіріп

отыруға тырысады. Рас, оның кейбір сөз қолданыстары,
жасанды ұйқастары менің ойымнан шыға бермейді.
Алайда, өлеңдерін көпшілікке жариялап, ақынмын
деп атағын шығаруға таласы жоқ Серіктің ондай сел­

кеу сөздеріне онша мін таға бермеймін, оғаш ойларын
қызықтап, қал-қадарымша жауап беріп жүремін. Бір
жолы Серік мынандай хат жолдапты:
Жүрсін аға, ерте ғой жыр-естелік,

Шабыт жағын сақтаңыз “күреске” еніп.
ТЖ болып қашанғы шыдамақпыз,
Намыс жатыр тапталып, “престеліп”
Менің жауабым:

Сөздерім қалса ойыңда престеліп
Жазарсың мен туралы бір естелік.
Балталаса бұзылмас ұйқасымды
“Қалтаңа сап”, ұмытпай жүр ескеріп.

Бір жақсысы, саясаттағы кейбір оқиғаларға келген­
де, Серіктің қаламы сүйреңдеп кетеді. Бір жолы, Аста­
на мен Алматыда қысқы Азиада өтіп жатқан кезде, ол
маған “Махаббат, денсаулық, Азиада қалай?” деп хат

жолдапты. Мен өлеңмен жауап бердім:
Қызғаныштан жан едің өзің ада,
Әділ жауап берейін базынаңа.
Махаббат пен денсаулық орынында,

Уайымым жалғыз-ақ – Азияда.
Мәжілістің сайлауы жүріп жатқан кезде Абас-шах
мені тағы да өлеңмен қажапты:
Жүлдесіне ат қосып, тай қыстырып

Ақындарды жүрсіз ғой айтыстырып.
Шықпайсыз ба “Ақ жолға” “Нұр-сезіммен”,
Қалауланып өзіңіз “тайтыс” құрып?

Мәжілісті ақ жолмен “таза алдаңдар”,
Оңай шешпес басына “тәж алғандар”.
Жүрсіндер жүре бермей “отырмай ма”
Ауысқанға арттары “қажалғандар”?

Сайлау десе, менің төбе шашым тік тұратынын
Серік інім қайдан білсін? Кезектен тыс сайлау, референ­
дум өткіземіз деп, алашапқын болып жүрген кезімізде,
ол тағы бір сәлем жолдапты:

Ұтпадық ұят үшін қырқысып түк,
Көзімізді “күн-сәуле” тұр қысық қып.
Алтысына шілденің Жаңа жылды
Ауыстырмай тынбайды-ау “Нұр-пысықтық”.

Сайлау мәресіне жеткен кезде, мен де Серікке
кезекті қалжыңымды жібердім:
Қалің қалай “Хабардағы” қаламдас?
Қаламгерді қамықтырған ел оңбас.

“Біз жеңдік” деп, аспанға атып бөркімді,
Содан бері жүрмін әлі жалаңбас.
Серік те есесін жібермепті:
Кемел жасқа келсеңіз де, аңғалсыз.

Біздің елде “Нұр” болмаса, шам да әлсіз.
Ақын аға, бөркіңізді қайтесіз,
Артын ашып, жүр ғой халық дамбалсыз!
Серіктің осындай шамшыл шумақтарын әлі күнге

қайталап оқып, ойланып қаламын:
Үй құсымыз,
Ұйқысы – мұз,
Торға қашқан қауіптен,

Бір қоразы ғұмыр кешкен
Миллиондаған тауықпен.
Қыт-қыт үннің бар есебін
Есептемей айтатын

Мақтанамыз балгер-бұлбұл
Ертісбаев – тәуіппен.
Немесе:
Палауын асып отыр Сайрамда ағам,

Иван да мас,
Дәл бүгін Байрам да “адам”
Құттықтаймын қазақты мейрам атты
Келімсектер күнімен тайраңдаған.

Астанаға Белоруссияның президенті Александр
Лукашенко келген күні мен Серікке сұрақ қойыппын:
Дәметіп жүрген кезде жұрт батадан,
Мен өзім жүруші едім сыртқа таман.

Минскіде ми ашып жатқан кезде
Астанада неғып жүр мұртты атаман?
Серік те қолма-қол жауап беріпті:
Байқамапсыз батпандай батқан ізді,

Жақсы көріп келген жоқ “Батька” бізді.
Жақын жұрты кеткен соң тыңдамастан
Өзі жайлы жырлап жүр жатқа “аңызды”.
Египеттің президенті Хосни Мубарак аттан құлап

жатқан кезде мен Серікке хат хазыппын:
Вузымызға ат қойып “Нұр–Мүбарак”,
Бір күн қазақ болып ек, бір күн араб.
Мүбарактың мұрнынан қан кеткенде

Терезеден ағамыз тұрды қарап.
Маған айтыс ақындары өлеңмен хат жазып жатады.
Әсіресе, кезекті айтыстың дүбірі шыққан кезде, мұндай
хаттар жиілей түседі. Астаналық Бақытжан Қасымовтың

өлең-хаты солардың біразымен мазмұндас:
Уа Жүке, жаман інің бабында әлі,
Додасыз тауым жатыр шағылғалы.
Түсімде айтыс пенен сізді көрем,

Өлеңнің жәрмеңкесін сағынғалы.
Халықаралық айтыста төртінші жүлдеге ие болған
Еркебұлан Қайназаров та ризалығын төрт жолға
сыйғызыпты:

Болмаған соң тілім – тас, таңдай – темір,
Жырмен бағып жүрміз ғой жанды әйтеуір.
Шүкірлік төрттің бірі болғаныма,
Көптің бірі болмасам болды әйтеуір.

Бұл – жүлдегер болған ақынның назы бол­
са, айтыстың аламанына қосыла алмай қалған
ақынның хаты менің жанымды ауыртады. Бір айты­
ста қатты сүрініп кетіп, айтыстан шеттеңкіреп жүрген

Қызылордалық Ержеңіс Әбдиев былай мұң шағады:

Маған жастай дем беріп адал достай,
Жарқыратқан өзің ең ақ алмастай.
Қап түбіне қайтадан салып қойдың,
Сүрініп ем жатып-ақ қадам баспай.

Тілдесуге мен болсам тосырқаймын,
Сен кейіме кеттің деп хабарласпай.
Бақ таусылар дегенде көп қарсылар,
Жауар әлі бақ болып ақ тамшылар.

Ұл-қыздарың қасыңа жиналуда,
Саулығыңды бәрі де Хақтан сұрар.
Бір балаңды таппасаң арасынан,
Бір бұрышта бүк түсіп жатқан шығар?!

Осылай қолқа салатын жалғыз Ержеңіс деймісіз?
Сөз ұғатын адамға осындай хаттар қанша жан азабын
ала келетінін шамалай беріңіз. Әр айтыстың алдында
келетін осындай өлең-хаттар мені сергелдеңге түсіреді.

Былтыр Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл
толуына орай өткізілген республикалық мүшәйрада
мен бас жүлдеге ие болдым. Өзімнің ең жақсы көретін
шәкірттерімнің бірі, оралдық Бауыржан Халиолла

өлеңмен құттықтау жолдапты:
Мақатаев...! Жазмыш па, әлде бұйрық па,
Құтты болсын! Қымызыңды құй жұртқа.
Тірі жүрсек, таласармыз біз де ертең

Жүрсін Ерман атындағы сыйлыққа!
Мен Бауыржанның поэзиясын жоғары бағалаймын.
“Бір өлең – бір әлем” атты мүшәйрада ит туралы
өлеңімен жүлдеге де ие болған. Алғашқы кітабы да

менің алғысөзіммен жарық көрген. Әттең, “жұтып”
қоятыны бар. Бар болғанда да, кейде тіпті мөлшерден
асып, оң-солын жоғалтып алады. Сол үшін мен оған көп
ренжимін. Көп ұрсамын. Әлгі құттықтаудың алдында да

арамызда сондай бір түс шайысулар болып еді. Сол
себепті де жауабым қатқыл шықса керек:
Ғұмыры бар сабындай-ақ қамшының
Өз биігін білу керек әр шыбын.

Жүрсін Ерман атындағы сыйлықты
Алқаштардың алуына қарсымын!
Алқаш десем, шамданба, алқаш інім,
Мен өзім де сол құрттың малтасымын.

Талантыңның су құйып төбесінен
Етіп жүрме ертерек жан-тәсілім!
Мұндай қатты сөзге шыдамаған Бауыржан да шорт
кетіпті:

Сақтап келген соңғы сөзің болды ма,
Енді алдыңда ұстамаспын домбыра.
Бір ақынның алып тұрып сыйлығын
Бір ақынды табалауың – зор күнә!

Бұған не деуге болады?! Мен Бауыржанға жауап
хат жазғаным жоқ. Еесесіне ол тағы бір хат жолдады:
Осы айтыстың жүргізем деп кемесін,
Сен отыз жыл арпалысып келесің.

Ит терімді қаптап менің басыма,
Ту сыртыңа келіп қалсам – тебесің.
Сенемін деп айтыс пенен өлеңге,
Сау тамтық жер қалмап еді денеңде.

Табынатын жалғыз шәкірт мен едім,
Қайран ұстаз, айырылдың-ау менен де!
Мен күні кешеге дейін Президенттік мәдениет
орталығында директордың кеңесшісі болып қызмет істеп

келдім. Бұрынғы Сыртқы істер министрі, мемлекеттік
хатшы Қанат Саудабаев аяқ астынан директор болып
келді де, қысқарту арқылы тағы да жұмыстан кетуіме
тура келді. Осыны естіген болу керек, қарағандылық

ақын бауырым әрі қазақы жолмен балдызым болып
келетін Дидар Қамиев “көңіл айту” хатын жолдапты:
Уа, Жүке, жездем едің сен жыр кеуде,
Көңілің ұқсас тұнық, мөлдір көлге.

Арда өнерге араша түсе білдің,
Желігіп талай төбет желге үргенге.

Көп ақынды кіргіздің радиоға,
Қызметсіз қалмасын деп мен жүргенде.
Сөйткен Жүрсін Ерманның осы күні
Жұмыссыз екендігін ел білген бе.

Ине байғұс жалаңаш қалады екен,
Әлемді киіндірем деп жүргенде.
Мен Дидардың өз ұйқасын сақтай отырып, бір
шумақпен жауап жолдаған едім:

Болмайды елден биік ермін деуге,
Мен қашан қызметпен кердім кеуде.
Күрекке боқ таба алмай қалдым тағы
Түсіріп Саудабаев тендірлеуге.

Аштан өле қоймаспын, көштен қалып,
Арғындар жосылып жүр енді іргемде.
Дидардың жауабы да әзір тұр екен:
Қыпшақ боп тулағаны бойда қанның,

Образын сомдасаң ойлы адамның.
Қызмет – жуса кетер қолдың кірі,
Бұдан жаман күнде де тойға бардың.
Қазақ үшін сіз белді қызметкерсіз,

30 жыл арда өнерді жоймаған кім.
Жүрсеке, артық кетсем, кешірерсіз,
Жездем деп, жақын тартып, ойнағанмын.
Күйеуін аш-жалаңаш қалдырмайды

Біреуін патша қылып қойған арғын!
Осындай орынды әзілі бар, ұрымтал сөзі бар SMS
хаттардың кісіге сыйлайтын қуанышы неге тұрады?
Қағазға қайсысын түсіре бересің? Серік Абас-шахқа

жолдаған бір хатыммен сөзді шиырайын:
Айналғандай бейне бір құзғынға адам,
Азып бара жатыр-ау біздің қоғам.
Бір жақсысы – көзіңді өзі шоқып,

Бере қоймас басқаға тізгінді ағаң.
Бал жалатса, керегі не тұздың маған,
ТЖ-лардың біріміз біз мыңдаған.
Сірә, Серіктің де көңілі құлазыған бір шағына тап

келсем керек, оның хат жазған ауаны соны аңғартады:

Балаларды енді ешкім ойнатпайды,
Тайлақ біткен пессимист, ойлап қайғы.
Алтын шашты тек қана кәрі түйе
Рухпен ойнап, тоңқаңдап, ойнақтайды.

Топастықтың сезгенде күшін анық,
Көңіл азып,
Қалады кісі налып.
Қалың сұрақ қаумалап, қажытқанда,

Ойдан қашқың келеді ішіп алып!
Қой, Серікжан, қажыма! Өмір күрделілігімен қызық.
Абай атаң: “бәрі өтпелі болса, жаманшылық неге
тұрақтап қалады деп ойлайсың”, – демеп пе еді.

Одан да, қолың қалт еткенде, хат жазып тұр!

ХАТ ЖАЗЫП ТҰР – 2

Енді ертегіге айналған баяғы бір замандар­
да хат жазып, хат алысу деген де бір ғанибет еді-
ау. Әлде бір себептермен Құлжанбайдағы мектептің
сегізінші сыныбын тастап, аудан орталығына ауысқан

кезімде, бұрынғы сыныбымдағы 13 баладан апта­
сына 13 хат келіп тұратын. Мазмұны бірінен- бірі ау­
майтын, икемсіз бала қолдарымен жазылған сол хат­
тар маған қаншама қуаныш, қаншама сағыныш алып

келетін. Қарағұмбайдың, Нұрмұханбеттің, Өмірзақтың,
Қожамұраттың және тұлымы желбіреген тоғыз қыздың
«алтыннан ардақты, күмістен салмақты» деп бастала­
тын үшбу хаттарын асыға тосып жүруші едім. Бәріне

жауап жазушы едім. Ал редакциялардан келетін
хаттардың қызығы қандай еді десеңші. «Өлеңдеріңді
алдық. Талабың тәуір екен. Бұл жолы пайдалана алмай­
мыз. Тағы да жазып тұр. Сәлеммен Ермек Өтетілеуов.

Сәлеммен Қоғабай Сәрсекеев. Сәлеммен Есенжол
Домбаев» деген секілді егіз қозыдай ұқсас хаттардың
талайын
алғанбыз.

«Балдырғанның»,
«Қазақстан
пионерінің» фирмасы таңбаланған сол үшбу хаттар­
ды студент атанғанымша неге сақтап жүргенімді өзім

де білмеймін. Алматыға оқу іздеп келгенімде өзіме
хат жазатын сол Ермек, сол Қоғабай, сол Есенжол
ағаларымды бір көргенше ынтық болдым. Сөйтсем,
олар мен сияқты жүздеген балаға осындай дайын

үлгідегі хаттарды бірінен соң бірін күн сайын жолдап
жатады екен ғой. Кейін өзім де осылайша редакцияның
атынан хат жазу мүмкіндігіне ие болған кезімде, баяғы
ауылда хат күтіп жүретін жуан бас баланы есіме алып,

әр хатты дербес мәтінмен жолдауға тырысып жүрдім.
Хат жазу да, хат алу да бір ғанибет екен ғой.
Қазір ешкім конвертпен хат жолдамайды. Сәлем
хаттарын телефоныңа «лақтыра» салады. Болмаса,

интернет арқылы саған жазған хатын дүние жүзіне
жариялайды. Күзді күні Бекболат Тілеухан інім маған
«Айтысқа келіңіз, аға» деп интернет арқылы хат
жазған екен, интернетке икемім жоқ мен оның хабарын

көлденең адамдардан естіп, ыңғайсыз күйге түстім. Екі
адамның арасындағы хатқа жасырылған құпия сырға
кім көрінгеннің ортақтасқаны қолайсыз екен. Әуел баста
әдейі осы сөзімді елдің бәрі естіп-білсін деп жалғанға

жария салып жазған хаттың жөні бір бөлек қой. Оның
қасында қалтафонға жазған хаттың өзімен жылап
көріседі екенсің. Міне, менің айтыскер ақын қарындасым
Сара Тоқтамысова хат жазудың осы жолын таңдапты.

«Аға, көңіліңізге кірбең түсірсем, кешіріңізші. Сіз менің
өнердегі әкемсіз. Әуелі Алла, сосын сіздің арқаңыз
барлық жетістіктерім. Аман болыңызшы тек. Қызыңыз
Сара».

Өз басым үнемі қолдап, қолпаштап жүретін ақын
Сараның менің көңіліме кірбің түсірдім бе деп неге
именшектеп қалғанын сұрамадым. Өзінің іші білетін
шығар. Көп ұзамай, 14- қаңтар күні осы мазмұндас

хат елге мәлім Айнұр Тұрсынбаевадан да келіп
жетті. «Қажымаңыз, аға! Шын жүрегімнен сізге және
отбасыңызға шынайы бақытты ғұмыр тілеймін. Сіздің
жасаған жақсылықтарыңыз әрқашан есімде жүреді.

Өткен туған күніңіз құтты болсын! Екі күн болды, звон­
дап сізді ала алмай жатырмын. Жүз жасаңызшы!».
Жылда аталып өтетін менің туған күнімді Айнұр
неге бір айға жылжытып жібергенін онша ұғынбадым

да, ақын қарындасыма бір ауыз өлеңмен хат жаздым:
Езуінен кетпейтін темекісі
Болғаным ба шынымен көне кісі.
Пайғамбардың жасына биыл келем,

Туған күнім – ақпанның он екісі!

Айнұр өзінің жаңылысқанын түсіне қойып, қолма-
қол жауап жіберді:
Иә, иә, ақпанның он екісі,
Памятімнің тозды екен неге күші?!

Жатқа білген датаны шатастырып,
Сіз емес, мен боп тұрмын көне кісі.
Астанадағы «Нұр Отанның» айтысынан кейін бұл
қарындастарым неғып менің көңілімді аулап қалды де­

сем, қыздар ғана емес, ақын інілерім де менің тағдырыма
алаңдаулы екен. Ақтөбеден енді ғана көрінгелі жүрген
айтыскер бауырым Ершат Қайболдин мынандай өлең-
хат жолдапты:

Еңбектеп еңбектенген Ерман Жүрсін,
Біз – Кененбіз, әрине сен – Жамбылсың.
Отпен ойнап жүрсің-ау айтыс үшін,
Тасташы, саясатта нең бар? Құрсын?!

Жаратқанға алақан жайған құлсың,
Қадіріңді қалың ел қайдан білсін?
Салқыны саясаттың соғып кетіп,
Қартайып қалыпсың ғой, қайран Жүрсін.

Сөндірмеуге тырыстың от-мұраны,
Шаршатты ма биліктің көк тұманы.
Сен айтысты бар қылдың. Бірақ байқа,
Айтыс сені түбінде жоқ қылады!

Зияны бар болады зейін жоқта,
Қақтайтындар толып жүр миыңды отқа!
Айтысты жоя алатын Үкіметке
Сені құртып жіберу қиын боп ба?!

Жаныңдағы жандардың бәрі қашып,
Жалғызсырап жүрсің бе арып-ашып.
Айтыстың жанашыры Жүрсін әке-ау,
Соңғы кезде жүр саған жаным ашып.

Өзіме айтыскерлер жолдаған осы хаттарды пай­
ымдап көрсем, шынында да менің жағдайым қиындап

кеткен тәрізді. Маған да, менің есіміммен байланы­
стырылатын ақындар айтысына да бір қатер төніп
келе жатқан сияқты. Әйтпесе, Сара мен Айнұр, тіпті,
мына Ершат неғып маған аяныш білдіреді? Осылар бір

қауіптің маған да, айтысқа да таянып қалғанын анық
білетін тәрізді-ау! Өмірімнің соңғы айларын көктей шо­
лып қарасам, күйзелістерім көбейіп кеткен екен. Дау­
ласушылар да, жауласушылар да, аяқтан шалушылар

да баршылық. Өзімді-өзім алдарқатайын деп, еңсемді
енді тіктей берейін дегенімде, Астанадағы ақын інім
Мейірбек Сұлтанханнан хат келді:
Қолға алып өткізсең де қай жарысты,

Билікпен бітпей қойды-ау майдан ішкі.
Соңғы кезде талайлар сыртыңыздан
Тасадан тас атумен айналысты.
Күншілдер іші күйіп, күл шашады

Қалтасына түскен деп пайда күшті.
«Енді айтыстың маңынан жүрмеспін» деп
Қыжылың сыртқа шықты қайнап ішкі.
Төл өнерді төбеңе көтерем деп,

Бастап ең белді бекем байлап істі.
Атақты ақындардың барлығы да,
Айтыстың астауынан айран ішті.
Отыз жыл осы айтысты өрге сүйреп,

Сарқып келе жатырсыз бойда күшті.
Қобыландының ұрпағы емессіз бе,
Қолдан берген жараспас жай намысты.
Бас-көзі болып өзіңіз келмесеңіз,

Қара өлеңнің қолынан байрағы ұшты.
Асықтың алшы болып түсуі де,
Иірген адамына байланысты!

Маған келіп жататын осындай өлең-хаттардың
баршасы менің басымнан өтіп жатқан керуен-күндердің
куәсі, тауқымет-тақсіреттердің таңбасы, осыларды көпке
дейін өшірмей, сақтап жүремін, оқып жүремін. Өзімнің

де өлеңмен хат жолдап қоятын дертім бар. Соңғы екі-
үш айда бірнеше хат жазыппын. Ең әуелі Арқалықтағы
ақын інім Айбек Қалиевтен хабар келді. Шығармашылық
кешіне шақырыпты. Бара алмай қаламын ба деп, өлең

жолдадым.
Ақылман ақын едің бай көңілің,
Айтысты не қыламыз, Айбек інім?
Сес көрсетіп сұрланған бұл биліктің,

Көңілінен шығамыз қай бегінің?!
Серттей сөзің жеткенмен әр ауылға
Жауығатын жандар көп жарау ұлға.
Бәйтеректің басында мерген отыр

Әр сөзіңді ілдіріп қарауылға.
Заманақыр етпеді мұңды кімді,
Көріп жүрміз қулық пен сұмдығыңды.
Ертеңіміз не болар деп жасқанбай

Айтып жұрсің алашқа шындығыңды.
Айтып жүрсің айтыста ғажаптарды,
Таң атуға, – дейсің сен, – аз-ақ қалды.
Құлағының түбінен мылтық атып

Оятумен келесің қазақтарды.
Оянбайды ұйқыдан мешел қоғам,
Дарытыпты жазылмас кеселді оған.
Балтырыңды тістелеп шәуілдейді

Ит қалды ма шайырдан өш алмаған?!
Айтысыңды жіліктеп, бұтарлаған
Бұл қоғамда қылыш жоқ жұқармаған.

Абылайхан сөзіне қонақ берген
Сенен гөрі бақытты Бұқар бабаң!
Аяр заман бітіріп ақшаға бақ,
Жүректерге қанжарын жатса қадап,

Жүрегіңнің түгі бар болмаса егер
Айтар ма едің қасқайып патшаға дат?!
Сыртымыздан қарайды ел бақылап,
Саңырауға сөзің қор, жеңді ақымақ.

Жиырма жыл тауымыз шағылмаған
Сен де ақымақ, Айбекжан, мен де ақымақ!
Сөз – сүйектен деуші еді, өнер – қаннан.
Үміт үзбей жүреміз келер таңнан.

Сені арқаңнан қағармын мен өлгенше,
Қағатын жан бар ма екен мені арқамнан!
Әр жерден таяқ жеп жүретін басы асау ақынды
арқадан қағып қайтайын деп жолға шығып едім, сәті

түсіп, Жезқазған арқылы Ұлытауды, Арғанатыны басып
өтіп, Арқалыққа таң ата иек артудың орайы келді. Ай­
бек те қуанып қалған тәрізді. Ал бір ай бұрын шақырған
Көкшетаудағы Арман Бердалиннің шығармашылық

кешіне қатысу маған бұйырмады. Дәл сол 8-желтоқсан
күні Астанада «Нұр Отанның» айтысы өтетін болып,
мені «аяқ-қолымды буып» сол додаға алып барды.
Амал жоқ, Арманға хат жолдауға тура келді. Өйткені,

соның алдында Арман маған мынандай өлең-хаттар
жолдаған:
Шығып жатса сөкпеңіз өктем үнім,
Көрешекті көруде көптен інің.

Ұлытаудан оралған сіз сияқты
Көкшетауға мен де, аға, өкпелімін.
Көңілімнің келмей жүр күйі неге,
Бостан-босқа бұл інің күйіне ме.

Біржан салды байлаған кендір арқан
Мазалайды түсімде жиі неге?
Әлде бір күн мойныма киіле ме?

Сіз қалдырған жалғанам ізге қалай,
Ашық күнде адастым түзде талай.
Тағдырымды Тәңірге тапсырып ем,
Құдай мені жолдады сізге қарай.

Енді аға, жүр дейсіз бізге қалай?.
Әуелде айтысты арқыратып бастап, біраздан бері
дін жолына түскен, «Арақ пен қазақ» деген терме-
толғауы бас жүлде алып, елге танымал болған Арман

«Құдай мені жолдады сізге қарай» деп жөн сұрап жатқан
соң, ертоқымын арқалап арғымақ-өлеңнің жұртында
қалған ініме өзім білетін ақылымды айтайын деп, мен
оған жауап жаздым. Өлеңді «Арманды азғыру» деп ата­

дым.
Ей, Арман – немересі Бердалының,
Білдің бе баянсызын ер бағының.
Арқырап аламанда жүруші едің,

Басылып қалғандай ма енді арының.
Басыңды тауға да ұрып, тасқа да ұрып,
Сен іздеп жүруші едің басқа ғұрып.
Кісінің басына бұлт айналғанда

Қалады басқа түгіл дос та құрып.
Біледі есер шақта кім шамасын
Аға деп енді маған мұң шағасың.
Қарағым, көрешектің бәрі алдыңда –

Жасисың, жұқарасың, жұмсарасың.
Сақасын қазақ біткен теріс атып,
Білмейді жүргендерін нені шатып.
Көзіміз көп нәрсеге жеткен біздің

Жүргенде айтыскерлер мені сатып.
Ей, Арман – немересі Бердалының,
Себебі арақ деп ең сен бәрінің.

Қазақтың жауы жалғыз арақ емес,
Жазғырып не қыласың ер қаруын.
Сенімен тұрғаным жоқ керіскелі,
Ісімнің толып жатыр терістері

Періштені ұмытып, сайтанға ерем
Шемен боп қалған кезде шер іштегі.
Ей, Арман – немересі Бердалының
Айтайын базынаның енді ауырын:

Іштегі қыжылдарды басу үшін,
Толғап-толғап тартайық, кел бауырым!
Бұл өлеңді Арман қалай қабылдағанын білмеймін.
Әйтеуір содан бері А.Бердалиннен хат-хабар жоқ.

Бірақ, өзімнің төл шәкіртім, Оралдағы Бауыржан Хали­
олладан бірнеше хат келіп қалды. «Айбек пен Арманға,
Дәулеткерейге жазғандарың шедевр екен. Өзіңнің
шәкіртің маған бір ауыз сөзіңді қимадың ғой» деп

қиылады. Қинайды. Бауыржанға жазған хатымда Құдай
ауызыма мынандай сөздерді салды.
Қатынға бір жалтақтап, кеңсеге бір,
Жүргенімде басады еңсені өмір.

Қалт-құлт еткен ағаңның қаламынан,
Қарағым-ау, күтесің сен шедевр.
Шынымен-ақ сен менің шәкіртімсің,
Жалғастырып араны жатыр тылсым.

Құдай сүйер қылығың жоқ сенің де,
Ішіңмен де, сыртыңмен жақынсың тым.
Сен емессің сыпайы, жорға бала,
Кейде құрып қоясың торды ағаңа.

Сені ойласам, менің де дейтінім бар:
«Сорқұдыққа қондым-ау сорға бола».
Көздеріңнің ұнайды оты маған,
Отсыз сөніп қалмай ма ақын адам.

Сен айтысқа шыққанда уайымдаймын,
Кетсе екен деп аман-сау сахнадан.
Сен де қырсық, Бауыржан мен де қырсық,
Мені жөнге салады жеңгең ұрсып.

Артық кеткен жерлерім еске түссе,
Дөңбекшимін төсекте енді ыңырсып.
Өгіз өлді демейсің, арба сынды,
Өрге сүйреп жүресің өр басыңды.

Сен айтыста ойнайсың ажалменен,
Бүркітпенен ойнаған қарға сынды.
Бауыржан көп, әлі де жоқ ұшығы,
Солар жақтан жетеді соғыс үні.

Ибрагимов, Жақыпов, Омаров, сен,
Бәрің бір-бір секілді Момышұлы.
Бәрі дайын мылтықты бір атарға,
Атыңа сай бола алсаң – мұрат ол да.

Ойнап жатыр ағаңның тағдырымен,
Бір Бауыржан (Байбеков) «Нұр Отанда».
Табаннан су өткенмен бауырдан сыз,
Ешкім бізге дей қоймас, тәуір жансыз.

Бауыржансыз оңайлау болғанымен,
Өмір мәнсіз секілді Бауыржансыз!
Мені ұстаз тұтасың. Рахмет,
Ұстазды да таңдайды бір-ақ рет.

Саған ұстаз болу да – бір қиямет,
Маған шәкірт болу да – бір ақырет!
Осы өлеңді алған Бауыржан маған алғысын айтып,
жанатқа баруыңа тілектеспін депті. Жауабы:

Тас көмір құсап тәуір жанатын
Қызуың ыстық, Бауыржан ақын.

Бауырлар бізге бұйырта қоймас
Вахабтар барар тәңір жанатын!
Жалпы, мен өлең-хаттардың қысқа қайырылғанын
ұнатамын. Соңғы сондай хатым Талант Арынғали

ақынға арналды. Бұл өзі бір кезде айтыстың бел ба­
ласы еді. Сөзі де өрнекті, әні де айшықты осы інім
асабалықты кәсіп еткелі бері айтыстан алшақ жүретін
болды. Талай доданы жаратын ақын еді. Үнемі, көрген

сайын, айтысқа орал деп өтініп жүремін. Оған:
Талассыз Талант Арынғали інім,
Дарылдай беру дарынға қиын.
Өлеңге орал, өнерге қайрыл

Басыңда әзір барында миың! – деп жаздым.
Хош, біз жазысып жүрген хаттардың бір парасы
осындай, оқырман қауым!
Сіздер бір-біріңізге хат жазасыздар ма? Хат –

адамдардың арасындағы дәнекер.
Хат жазып тұрыңыздар!

МАЗМҰНЫ

Құлжанбайдан басталған жол
Біз ауылға барғанда
Ауыл мен Алматының арасында
Бақанасқа барасың ба...

Қаңқылдап қаздар ұшқан күн
Барайын десем – жер шалғай
Өзбекәлі Жәнібеков
Алаштың азаматы

Оралхан Бөкей және опасыз жалған
Қағаздай аппақ Ақселеу аға
Сағат Әшімбаев
Соңғы Сәкен

Құлмамбеттің құлыны
Дамылда, дос!
Осы жұрт Жанайдарды біле ме екен?
Қасымның өзі емес деп кім айтады?

Заңғар
Аллаһ деген арымас
Мешіт салу хикаясы
Аяқталмаған ертегі

Асанәлы Әшімовтен «өш алу»
Намыстың оты күйдіріп
Үзеңгі жолдас Үмбетов
Хат жазып тұр – 1

Хат жазып тұр – 2

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙