Мазмұнға өту
Home

Шындық – жалғыз, сұмдық – мың

Жұмабай Құлиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шындық – жалғыз, сұмдық – мың

Авторы: Жұмабай Құлиев

Жұмабай ҚҰЛИЕВ Шындық – жалғыз, сұмдық – мың АЛМАТЫ «ҚАЗАҚСТАН» ЗАМАНДАСТАН МИРАС

ӘОЖ 070 КБЖ 76.01 Қ 74 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді Құлиев Ж. Қ 74 Шындық – жалғыз, сұмдық – мың. – Алматы: ЖШС “Қазақ­стан” баспа үйі”, 2015. – 320 б. ISBN 978-9965-10-134-2 Публицист Жұмабай Құлиевтің бір ерекшелігі – туындыла­ рында қоғамдық өмірдің қай қырын да кеңінен қамтиды, өзінің дербес, бірақ тегінде көпке ортақ ой-пікірін бүкпей, күмілжімей ашық айтады. Қолыңыздағы кітапта да еліміздің өмірінің барлық дерлік саласы бойынша азаматтық тұғыр айқын көрінеді. Нақ сол позиция оқырманның азаматтық келбетін де қалыптастыруға септеседі деп білеміз. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. ӘОЖ 070 КБЖ 76.01 © Құлиев Ж., 2015 © “Қазақстан”, 2015 ISBN 978-9965-10-134-2

І бөлім ШЕРМЕНДЕ КЕЗЕҢ ШЕЖІРЕСІ Оттай ыстық он жыл ХХ ғасыр қазақ халқы үшін дүрбелеңге толы, аласапыран кезең болды. Бұл ғасырдың алғашқы жартысында өткен оқиғалардың бәрінде ұлтымыздың есесі кетті, жымысқы сая­ сатқа қарсы тұрар қайраны болмай жігері жасыды. 1916 жыл­ ғы ұлт-азаттық қозғалысында, азамат соғысында, Алаш айып­ талғанда, 30 жылдары екі дүркін арыстарынан ай­рыл­ғанда, ашаршылық азабында – бәрінде-бәрінде ақыл­ға сыймайтын саяси әлімжеттіктің, қорғансыздың күнін кешкен еді. Ғасыр басында Ресей революционерлері мен қазақ зия­ лыларының алға қойған мақсаттары жер мен көктей болатын. Алғашқылары террор мен төңкеріске, тақыр кедейлер тө­белесіне бастаса, соңғылары өз халқын білім-ғылымға, өр­ ке­ниетке үндеді, еңбекке жетеледі. Адам үшін ғасырдан ұзақ өлшем жоқ! Оны да місе тұтпай, бұдан қырық жыл бұрын Байқоңырдан Жер планетасының тұрғыны Гагарин ғарышқа самғады. Жиырмасыншы ғасыр Жер аясына сыймастан, ға­ лам­шарға қүлаш сермеді. О заманнан жылдамдығын сәй­гү­ ліктің шабысымен ғана өлшеген қазақтың жерінен енді се­ көнттердің апшысын қырып, зымырандар зулап жатты. Ұл­ ты­мыз тап болган тәлкектің, бас тіккен тәуекелдің бәріне куәгер шежірелі де шерлі ғасыр бұл! Оған отаршылдықта кір­ ген Қазақ елі Тәуелсіздігін алып қош айтысты. Сол үшін де өткенге салауат. Сонымен, XX ғасыр да өтіп кетті. Алайда, қазақи қал­пы­ мызбен кірген жүзжылдықтан біз өркениетті ұлт ретінде тү­ леп ұштық. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Қазақ жұртының жетпіс жылда кеткен есесін қайтарып беруге асыққандай, бар шапағатын қалған он жылына үйіп-төгіп, айтулы аламан ғасыр да етіп кетті.

Міне, биыл сонау 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан күн­ деріндегі тоталитаризмнің шемен боп қатқан мәңгілік тоңын кақырата опырған әйгілі оқиғаға 20 жыл, Алладан ақсарбас айтып сұрап алған Тәуелсіздігімізге он бес жыл толып отыр. Қарап отырсақ, ғасырға да бергісіз айшықты жылдар болады екен-ау! Күллі ғасырдың арман-тілегін аспандатқан, абыроймен жүзеге асырған, тәуелсіздік түғырына табанымызды тіреткен соңғы он бес жылдың әр сәті есімізде сайрап түр, оны әсте ұмытуға бола ма? Иә, осы бір жүрек тебірентерлік кезең әуелі қалай басталып еді, енді соған аз-кем шегініс жасайық. 1988 жылғы Эс­ тонияның тәуелсіздік жариялауы коммунистердің әлі күн­ ге дейін кіжіне айтатын егемендік шеруіне баршамызды сап­ қа тұруға шақырғандай болған. 1990 жылы одақтас респуб­ ли­калар түп-түгел өз егемендіктерін жариялағаны әлгі сапқа тұрудың аяқталғанын білдіріп еді. Енді уақыт сол салтанатты шерудің қашан басталатынын тыпырши тосып тұрған болатын. КОКП мен оның басшылары тарих әлдеқашан сапқа тұр­ ғызып қойған шеруді кешіктіре түсу үшін сан қилы айлаға көшті. Қайта құрудың көсемдері бұрынғы жүйені сақтай отырып, нарық пен демократияга көшкен жаңа одақ жасағылары келді. Бірақ, ол мүлдем мүмкін емес еді. Нарық демократияға ұмтылмай, ал демократия идеологиялық мүрдені құлатпай тұра алмайды. Міне, осы бір алмағайып кезеңде Н.Назарбаевтың есімі бұ­рынғы Кеңес Одағы саясатшыларының алдыңғы сапында ата­латын. Қазақстанды мекендеген сан ұлттың өмірлік проб­ ле­масы сан жылдар бойы шешілмей, үйме-жүйме болып үйі­ ліп қалған, ескірген жүйе әбден титықтатқан алып респуб­ли­­ каның басшылығына келу дегеніңіз, Ислам Каримов айт­пақ­ шы, «мұндай іске аттың кәлласындай жүрек керек» болатын. Өкімет басына КСРО-ның толық және түбегейлі ыды­раған кезінде келген Н. Назарбаевта қыруар тәжірибе мен әдіс, тәсіл дегеніңіз жеткілікті болатын. Бұрынғы Одақтың бү­лін­бестей көрінген емен кемесі жаңқаланғаннан кейін, әр рес­публика өз-өзімен қалып, абдыраған шақта бүйда ұс­таған Н. Назар­ баевқа сан ұлттан құралған бүкіл Қазақстан жұрт­шылығы

бар ынты-шынтымен сенім білдірді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, оның үстіне Қазақстанда дәл осы кезеңде онымен тең түсетін оппоненттердің болмауы да біраз оңды жағдай жасады. Сол бір аласапыран кезеңде бұрынғы пост кеңестік кеңістіктегі елдерде өкімет басына біреудің келуі ың-шыңсыз өтпегені белгілі Мысалы, Молдавада Приднестровье бүлік шығарды, Украинада – Қырым, Грузияда – Оңтүстік Осетия мен Абхазия, Әзірбайжанда – полковник С.Гусейнов халық майданының басшысы – президент А. Елшібейге, Тәжікстанда – С. Сафаров пен оның кулябтық жақтастары тақ таласына жан сала кірісті. Барлық қиыншылықтарға қарамай Қазақстан Коммунистік пар­тиясының осы тұста өзінің қызметін тоқтатуы да саяси ойлау жүйесінде біржақты, таптаурын пиғылдардан арылып, кон­ сервативтік түсініктерден еркін, жан-жақты тұ­жырымдар тү­ йіндей білуге әлеуметті жұмылдыра түсті. Жал­тақ, қасаң идеологияға бауыр басып калған құлдық сана енді-енді басын көтеріп, еңсесін тіктеп, жазираға еркін қарай бастады. 1990 жылы республикада Президент қызметі белгіленді, Жоғарғы Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н. Назарбаев республиканың тұңғыш Президенті болып сайланды. Одақтың құрсауы ашылмағандықтан республика өміріндегі осы бір айтулы саяси оқиға қоғамда үлкен үрдіс қана емес, кайшылықты пікірлер де туғызды. Әр түрлі көзқарастар қай­ шыласқан осы кезең туралы Н. Назарбаевтын өзі бір жылдан соң жарық көрген «Әділеттің ақ жолы» кітабында былай деген еді: «Республикаларда президенттік қызметтің бел­ гіленуі орталықтан кері тебу ағымының күшеюіне байланысты, мұның өзі мемлекетіміздегі орталық өкімет билігін әлсіретеді-міс деген пікірлермен тіпті де келіспеймін. Бірін­ шіден, республикалардағы калыпты өкімет билігі орнама­ йынша, бүкіл мемлекет шеңберінде тәртіпті нығайту туралы сөз етуге де болмайды. Екіншіден, мен КСРО-ны жаңарту және одан әрі дамыту диалактикасын тек былай түсінемін: «республикалар күшті болса – орталық та күшті...» Иә, бұл тұста әңгіме Қазақстанды кеңестік империя құ­ рамынан бөліп әкету туралы емес, одақтық шеңбердің аясын-

да республиканың мүмкіндіктерін пайдалануға қол жеткізу туралы болды. Сондықтан да республикада Президенттік қыз­меттің белгіленуін тәуелсіздік бастауы ретінде емес, қазақ мем­лекеттігін қайта реформалау ретінде қарастырған дұрыс болар еді. Аяқ астынан ел басына күн туғандай болған сол бір та­ мыздың тауқыметті күндерінде де президенттік билік пәр­ менділігін таныта білді. Егер сондай алмағайып кезеңде саяси шешімділік болмаса, реформа үстіндегі қоғамның қан­ дай күйге ұшырауы мүмкін екендігін көпшілік міз бақпай кадағалап отырды. Осы бір аласапыран сәттерде шынын айту керек, кауіптің неше атасы қылтиып, «айтақ» десе аттандап өре түрегелуге әзір тұрды. Тіпті оны айтасыз, кетіп бара жатқан қызыл империяның ең соңғы басшысы тағы бір жанжалдың отына май құйып кетті. Ол Украина теледидарына берген сұхбатында одақтан шығуға ұйғарған мемлекеттердің тарапынан бір-біріне жер даулайтын талап қойылуы мүмкін, мәселен, тың игеру ке­зе­ ңінде Қазақстанға солтүстіктегі бес облыс берілген деген пі­ кір айтты. Бұл жұртшылык арасында үлкен қобалжу туғызды. Республика Парламенті кезекті мәжілісін осы мәсе­леге арнады. М.Горбачев өзінің қызметтегі өрлеуін басқа халықтарды қазақтармен қағыстырудан бастап еді, енді міне, басқа мем­ лекеттерді Қазақстанмен қырғи-қабақ қылмақ ойымен аяқтап отыр. Осы орайда, «Аққа құдай жақ», «Ақтың отын ақымақ өшірмейді» деген атам қазақтың осы қағидасы қалай дәл айтылған! КСРО-ның арандатқыш соңғы билеушісі М.Горбачев би­ ылдың өзінде елімізге екі рет келіп, өзінің «Горбачев корына» ақша сұрап, алақанын жайып кетті. Тамыз оқиғасы тағдырын шешіп койған КСРО-ны сақтап қаламыз дегенге сенетіндер күні кешеге дейін әрекет етіп келді, тіпті соның жұрнағы қазір де бар. Қазақ халқының тәуелсіздікті көксеп келе жаткан ел екендігін атымен білмейтін, білсе де құлаққа ілмейтін, тіпті өмірде мұндай мәселе болуын үлкен жаңсақтық деп қарай­ тын тоңмойын күштер жуық арада жойыла қоятын түрі көрін­ бейді.

Әсіресе, осы жылдары Парламентте халықтың тағдырын шешетін небір жан алып, жан беріскен даулар, текетіресте өткені белгілі. Әлгі тартыстарды екшей отырып, ол кездегі коғамдык ахуалдың қандай екендігін айнытпай болжауға бо­ лады. Егемендік мәлімдемесі кабылданғаннан кейінгі оқи­ға­ лар парламентшілерімізді әккілендіре, тәсілқойландыра түс­ кенмен, тәуелсіздік туралы мәселені өткірлендіре түскенмен, оны заңдастырудың жолын жіңішкерте түскендей болды. Осындай қиын-қыстау кезеңде бүкіл халықтық шынайы сезімге ие болған Президентіміз тәуелсіздік тағдырын ше­ше­ тін шешуші майданның тізгінін өз қолына алып, халық ар­ манының құбыланамасынан айнымай, тура жағалауға бастап шықты. Парламенттегі ел тағдыры шешілетін ұзақ ырғасулардың бірінде азулы депутат А.Княгининнің: «Бұл заңды қолдау керек... Мемлекеттік тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы. Қазақ жерін мекендеген біз, қазақ емес халық­ тар, бәріміз бірдей сол нәзік сезімге әрқашан өз сезіміміздей құрметпен қарайық» деді. Нағыз азаматтық емес пе? Сонымен, 1991 жылдың 16 желтоқсан күні «Қазақстан рес­публикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Консти­ туциялық заң басым дауыспен қабылданды. Осы Заңға жантәнімен қарсы шыққан сол кездегі тағы бір депутат В.Во­ долазов кейіннен өз қателігін түсініп былай деді: «Әлі есім­ де, он екі депутат оған қарсы дауыс берген. Жасыратыны жоқ, соның бірі өзім едім... Ол кезде менің Қазақстанның бо­ лашағына деген сенімім аз еді. Экономикамыз кеудесін кө­- те­ре алмай, жер бауырлап жатты. Нақты мемлекеттік тұрғыда ойлау жүйесі қалыптаспаған кез еді. Алайда, мұның бәрі уақытша құбылыс екен. Бір-екі жылдан кейін оң өзгерістер байқала бастады. Соған сай мен де бұрынғы көзқарасыма өзгертулер енгіздім...» Міне, осылай тәуелсіз Қазақстан өзінің ақжолтай қадам­ дарымен талай пиғылы теріс, шолақ ойлы саясатшыларды мүлдем басқаша ойлауға мәжбүр етті. Уақыт өткен сайын тәуелсіз Қазақстанның сан ғасырлық арман-мүддесі қиындықпен болса да жүзеге аса бастады. 1991 жылдың 2 қазаны күні Алматы уақытымен 11 сағат

59 минутта Халықаралық экипаждың құрамында қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды. Байқоңырдағы айлақ басына келген бірнеше елдің президенттері Қазақстан басшысын тұңғыш ғарышкерімен жарыса құттықтады. Иә, исі қазақ бұл күнді ешқашан ұмытпас! Ашық аспан астында Елбасы әлем жорналшыларының сұрақтарына ризалық сезім­ мен жауап қайтарды. Бұрын Байқоңыр ғарыш айлағына кі­ руге жорналшылар түгіл, Қазақстан Орталық Комитетінің хатшыларының өзіне рұқсат етілмейтін. Дәл осы күні қазақ халқының сан ғасырлық арманына Алланың өзі құлақ асып, жетіқат көк иігендей болды, тәуелсіз Қазақстанға ғарыш өз төрін ұсынды. Ғарыш кемесі ұшатын алаңнан небәрі екі шақырым жерде тұңғыш рет ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, босағаға боз інген ботасымен байланды. Сан жылдар тек қана зымыранның даусымен тітіркеніп, айналасына ұшқан құстан басқа бейсеу­ бет адам жолай алмайтын ғарыш айлағында сол күні ал­ғаш рет домбыра даусы күмбірледі. Осылайша тәуелсіз Қа­зақ­ станның әрбір сәтті қадамы, бедерлі бастамаларының тіз­ бе­гі жылнамаларда айшықтала бастады. Еліміз 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына толық құқылы, дүние­ жү­зілік қауымдастық бірауыздан мойындаған мүше ретінде қабылдануы Қазақстанның еңсесін көтеруіне үлкен ықпал етті. Осындай жағдайда Қазақстанның ішкі саяси ахуалы да жаңа талпыныстарымен ерекшеленді. Ұлттық жарасымды­ лық және саяси тұрақтылық үшін күрес алғашқы орынға шықты. Славяндық сипаттағы қозғалыстар мен ұлттық сана үрдісінен бой көтерген қазақтардың қозғалыстарының өзара қарсы тұ­ру пиғылдары көрініс берді. Елбасының осы тұста үлкен қай­раткерлік, белсенділік, тіптен қажет жағдайларда ер­лікке па­ра-пар қадамдар жасағанын айтпай қалуға болмас. Орыс казактарының Қазақстанда өздерінің мерейтойларын атап өту әрекетіне күйінген Елбасы кезінде мәскеулік газет тілшісіне берген сұхбатында: «1382 жылы Мәскеуді басып алып, күйретіп жіберген бабамыз Алтын Орда ханы Тоқтамыстың осы тарихи датасын Мәскеуде атап өтсек қалай болар еді?» деп тойтарыс бергені есімізде.

Қалай дегенмен де, республикадағы ұлттар мен ұлыстар­- дың бейбіт өмір сүруін, саяси билігіміз бен тұрақтылығы­ мызды және көптеген маңызды мәселелерді Ата Заңымызда түбегейлі нақтылап алу тағы да алға тартылды. Өткен жиырмасыншы ғасырдың ішінде Қазан төңкерісінен бері бес Ата Заң қабылданыпты. Оның үшеуін, яғни 1924, 1937 және 1978 жылдардағы Ата Заңды қабылдағанда КСРО-ның құрамында болдық. Сол себепті онда егемендік, тәуелсіздік атты ұғым­ дар мен тараулар атымен болған жоқ. Болмауы да заңды. Ал, 1991-1995 жылдар аралығында тәуелсіз Қазақстанның екі Ата Заңы өмірге келді. 1993 жылы қабылданған Ата Заңның Жобасын даярлайтын комиссияның құрамына елімізге белгілі ға­ лымдар мен қоғам қайраткерлері, әйгілі заңгерлер мен депутаттар кірді. Елбасы Н.Назарбаевтың осы Ата Заң қабылданар тұс­ та­ғы: «Қатардағы жұмысшы адамнан бастап, үлкен билік иесіне дейін осы Заң талаптары аясында өмір сүріп, шынайы демократиялық тәуелсіз мемлекет құру ісіне атсалысуы қажет» деген пікірі көпшілікке қанат бітірді. Осы комиссия құрамына кірген атанжілік саясатшылар, ғалымдар уақытпен санаспай, ағыл-тегіл еңбек етті. Маңызды құқық­ тық құжатты талқылауға үш миллионнан астам адам қаты­ сып, 18 мыңдай ұсыныстар айтылды. Газет-жорналдарда жо­ баға пікір білдірген бес жүзден астам мақалалар жарияланды. Бұл Заңда мемлекеттік билік пен оның органдарының пішіні айқындалып, тәуелсіздіктің басты рәміздері мен аза­ маттардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары айқын көрсетілген. Қазақстандықтардың маңызды құжатты талқылауға бей-жай қарамағандығын осы деректерденақ анық байқауға болады. 1993 жылғы Ата Заңды талқылау барысын­да көпшілікті қатты ойлантқаны – ана тіліміздің жағдайы болатын. 1989 жылы қазақ тілінің мәртебесі айқындалды. Оны жү­ зеге асыру мақсатында арнайы бағдарлама да қабылданды. Бірақ, Ата Заң жобасын талқылау кезінде орыс ұлтының кей өкілдері қазақ тілімен қатар, орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе берілсін деген пікірді жалаулатып шыға келді. Пар-

ламентте, жұртшылық өкілдерімен болған кездесулерде кей ағайындардың жоғарыдағы пікіріне елге сыйлы азаматтардың толыққанды тойтарыс беруіне тура келді. Талай бұл­та­рт­пай­ тын деректер алға тартылды. Олардың ұзын-ыр­ғасы мынадай: мәселен, бір мемлекетте екі бірдей тілдің мемлекет­ тік дәреже алуы мүмкін емес. Қазақстанның басым көпшілі­ гін әрі мемлекеттің заңды мұрасын қазақтар құрайды. Олар­ дың тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – тарихи әділеттілік. Ал, орыс тілі болса, көршілес мемлекеттің басты тілі. Егер де орыс тіліне мемлекеттік мәртебе берілетін болса, күні ертең елімізді мекендейтін басқа ұлттар да осындай құқықты талап етуге хақылы. Ақыры осылай ұзақ ырғасқаннан кейін қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі мәртебесін иеленді. 1993 жылғы Ата Заңның басты ерекшелігі осы еді. Әрі бұл Ата Заң бойынша еліміздің билік жүйесіне президенттік басқару нысаны кіргізілді. Енді 1995 жылғы Конституцияның басты ерекшелігі – бүкілхалықтық референ­ дум негізінде қабылданғандығы. Ресми деректер бойынша бұл Ата Заңды 7121773 адам жақтаған. Яғни, 83,14 %-дай. 1995 жылғы Ата Заңымызды қабылдауға қандай жағдайлар әсер етті деген мәселелерге қысқаша тоқталып көрелік. Біріншіден, президенттік басқару нышанын жетілдіру қа­ жет болды. Екіншіден, сот билігі жүйесі өзгерістерді қажет етті. Үш­ іншіден, мемлекеттік меншік жүйесін өзгерту талабы да пі­ сіп-жетілді. Төртіншіден, жеке меншік жүйесінің аумағын ке­ңейту қажет болды. Бесіншіден, Заң шығарушы орган – Рес­публика Жоғарғы Кеңесін заман талабына сай кәсіби Парламент түріне, яғни, қос сатылы жүйеге негіздеп құру көзделді. Осы Ата Заң қабылданғаннан кейін Қазақстанның президенттік республика жолына түскені айқын байқалды. Барлық басты билік Президенттің қолына шоғырланды. Ол кажет кезде референдум өткізуге, Парламентті таратып жі­ беруге, кезектен тыс сайлау өткізуге толық хақылы саяси тұлғаға айналды. 1995 жылғы 30 тамызда кабылданған жаңа және бүгінгі күні де әрекет етіп отырған Конституция халқымыздың қазақ

хандығы тұсындағы ортақ саяси тұлғаға бағынған мемлекет­ тік құрлысын күрделі түрде жетілдірген, президенттің рөлін биіктеткен, шығыстық және батыстық тәжірибелерді өзара ұштастырған Президенттік басқаруға алып келді. Дегенмен, соңғы жылдар тәжірибесі көрсеткеніндей, тоталитарлық қо­ ғамнан демократиялық қоғамға өту өтпелі кезеңде авто­ри­ тарлық билікті күшейту арқылы ғана жүзеге аса алатынын байқатып отыр. Қалай дегенмен де, біз сияқты көп құрамды республиканы басқару кім-кімге де оңайға тимейтіні анық. Біз осы түпкі­- лік­ті конституциялық талдау жасап алуымыздың арқасында кешегі кеңес кеңістігіндегі бытысып кеткен әлеуметтік ұйық­ тан өзіміз таңдаған реформаға сытылып шықтық. Қысқасы, дүниежүзіндегі барша адамзат қайда бара жатса, сонда бет түзеуден абзалы жоқ. Дүниеде өзімен өзі боп отырған бірде бір мемлекет жоқ. Бәрі де айналасына қар­ ма­нып, ықпалдасып тіршілік кешуде. Осының бәрін сарап­ қа салған тәуелсіз Қазақстан әп дегеннен көп бағытты сырт­ қы саясат жүргізді. Ядролық қарудан бас тартты. Сол арқылы бір кездегі қырғи-қабақ соғыстың мәңгі құрбаны болып қал­ ғысы келмеді. Ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да осы за­ мандық ізденіс бағытын негізге алды. Барлық халықаралық ұйымдармен, алыс-жақын мемлекеттермен жемісті қатынас орнатты. Қай мемлекет болмасын ендігі жерде адам мүддесін жоғары қойғысы келсе, адамзат жаңа қауымдасуды барлық адамдардың, демек оның ең айқын, ең ақылға сыйымды мүд­ делестік аясы – ұлттар мен мемлекеттер жағдайы әділ еске­ рілетіндей қауымдастыққа ұмтылғаны жөн сияқты. Ондай қауымдастықты құрысуға барлық мемлекеттер тікелей ат салысса оңды болмақ. Бұл, әсіресе, қазіргі ғаламдану процесі енді қанат жая бастаған тұста ерекше ескерілер жайт. Қысқасы, біз ұламалы таң шапағының алғашқы арайында тұрмыз. Бүгінгі қазақ әлеуметінің алдында қыруар істер, көмбе-көкжиектер мен мұндалайды. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» деп ғазиз ақын Қасым Аманжолұлы өмір­ ден өтерінде біздің келешегімізге кызыға қарап еді. Бірақ, есіл шайыр армандаған «Жиделібайсын – жұмаққа» біздің де

қолымыз енді-енді жетіп келеді. Дегенмен де болашақтың самала салқар атырабына қарай суырыла тартып бара жатқан туған еліңнің ертең жасар небір кереметтерінің шет-жағасын көріп кеткің келеді... Ендеше, қайта туған Қазақстанның қадау-қадау қадам­ дарына мұрындық болып, байтағымыздың тәуелсіздігі жо­ лындағы қасиетті де қиын сапарға барлық тегеурінді сарқа жұмсап, атың туған еліңнің жылнамасына жазылып, көк бай­ раққа оралып көмілу – әрбір қазақ азаматының арманы бо­ луы керек. Сонда ғана ата-баба мойнына бұршақ салып тіле­ ген асыл мұрат орындалмақ. «Ана тілі» №50-51, 15 желтоқсан, 2001 жыл. Парықсыз парламентте қауқар қалмай барады... «Заңы мен дәрігері жүмыс істемейтін елде өмір сүру қа­ уіпті» деген екен бір дана. Өз заңын құрметтеп, әспеттеген халықтың кенже қалғанын ешкім естіген жоқ. Американың бүкіл басшылығы орын тепкен Вашингтон қаласында Капитолийден биік үй салынбауы өз заңын қас­ терлеуден туған үрдіс екені ақиқат. Негізінен Парламенттің міндетіне заң шығару, мем­ле­ кеттік бюджетті қабылдау, халықаралық шарттарды бекіту, Конституциялық бақылау органдарын тағайындау кіреді. Біз күні кешеге дейін бар мәселемізді қауымдасып, билер инс­ титуты арқылы шешіп келген халықпыз. Дәл қазір де ел­ді басқарудың парламент жолы дұрыс екенін өмірдің өзі дә­лел­ деп отыр. Бірақ өз халқы еліміздегі ең жоғары Заң шығару мекемесін “қалта Парламенті” деп келеке етіп отырған жағдайда олар шығарған заң қайдан тап-тұйнақтай бола қойсын?! Өйткені осы халық “қалаулыларының” сайлау алдындағы жанкешті әрекеттері, қулық-сұмдықтың неше атасын қолданғаны көп­ шіліктің көз алдында өтті.

Тіпті, әрі-беріден кейін ең жоғары Заң шығару мекемесін «қалта Парламенті» деп отырған біз емес, бұрынғы Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаевтың өзі. Ол бір сұхбатында: («Ақ жол Қазақстан», 25.04.2003 ж. «Мәжіліс «Карманный Парламент» екендігін көрсетті») былай дейді: «Өз көзқарасым үшін шамамның жеткенінше күресіп жүргеніммен, шынымды айт­ сам, әріптестерімнің болашақты ойламайтындықтарына өкі­ немін. Олардың қалай сайланғандарында шаруам жоқ, алайда депутаттық білімнен бұрын, ең бірінші жүректен шыққан сезімі, сенімі керек. Адалдық пен тазалық керек...» Осының өзінен-ақ, «халық қалаулыларының» өз ішінде де «сенің қалай сайланғаның белгілі ғой» деген ишара тұр­ ғысында алауыздық жетіп артылатыны көрініп тұр. Мысалы, И.Тасмағамбетов премьер-министр кезінде жер сату мәселесі қаралып, сенім вотумын қойған уақытта 58 депутаттың, яғни Парламенттің тең жартысының қолдауын ала алған жоқ. Парламент осы абыройымен қалса сөз басқа. Іле-шала Мәжіліс пен Сенаттың біріккен отырысына Прези­ денттің өзі қатысып, Жер сату жобасының кейбір баптары қайтадан дауысқа салынған кезде адам сенбестей қызық оқиға болды. Бұл жолы тіпті, ешбір электрондық құралдар, құпиялық жиып тасталынып, дауыс беру қол көтеру арқылы анықталды. Сонда не болды дейсіз ғой: Жерді сатудың үкіметтік нұс­ қасына тек екі депутат қарсы шығып, біреуі қалыс қалды. Оу, сонда қарсы шыққан 53 депутат қайда кеткен? Ал сол кездегі Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай «Біз регламент ауқымында жұмыс істедік, ешқандай да құқық бұ­ зушылық болған жоқ» дейді. Міне, қараңғы бөлмеден қара мысық іздеу деген осы болар! Ақыры сол Парламент өтірік бұлданғансып жүрді де, жер сатуды зандастырып берді. Алайда осы құзырлы мекеме халықтың талап еткен зей­ нетақыны көтеруді, шаруашылықтар мен кәсіпорындарға ши­ кі мұнайды орасан көп мөлшерде шығарудың жолын кесу туралы басты тапсырмаларды орындаған жоқ. Тіпті осы Парламентте бес жыл бойы жұмған аузын аш-

пайтын, көпшілікке түр-түсі де белгісіз депутаттар жетіп артылады. Бұл қос палаталы Парламентті қаржыландыру үшін жылына 6 миллиард теңге жұмсалатынын бір кезде «Ақ жол Қазақстан» газеті жазды да. Ендеше, бес жыл бойы қарапа­ йым адамдардың түсіне кірмейтін орасан қаржыны үріп ішіп, шайқап төгіп отырып, әлеумет үшін шөп басын сындырмаса, мұндай Парламентті масыл демей не дейміз?! Осы орайда, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменовтің «Сенат қажет емес, толыққанды бір палаталы Парламенттің өзі жетіп жатыр» деген пікірінің дұрыс екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Мысал үшін айта кетейік, Ресей Думасы келесі жылғы бюджетті де біздегідей ұзаққа созылған ырың-жырыңсыз қа­ былдай салды. Неге? Өйткені, онда әртүрлі фракция өкіл­ дерінен құралған Бақылау палатасы бүкіл қаржының қай­ да жұмсалғанын, қайда жұмсалмағын кірпік қақпай қадаға­ лайды. Бұл беделді топ біздің «халық қалаулыларымыз» сияқ­ты қарсы келсек, Үкімет таңдайымызға татып отырған көже-қатығымызды тартып алады-ау деп алаңдамайды. Әл­ гі «қалталы Парламенттің» тағы бір дәйексіздігі, саяси жал­ даптығы кеше ғана көз алдымыздан көлбеңдеп өтті. Парламент Премьер-министр Д.Ахметовті бірнеше рет қол­қалап, орталарына әрең келтіргені құрысын, бір ауыз сауал бермей, сауырынан сипап шығарып салды. Жанар-жағар­ май мәселесі күйіп тұрған кезде, басқа да экономикалық қыл­ мыстар балалап жатқан мезгілде егер елге жаны ашитын премьер болса, Парламенттің алдында ағыл-тегіл сыр ақ­тарар еді ғой. Ал Ахметовтің «баяндамасы» шетелдегі мұ­най бағасына шолу сияқты күлдібадам қойыртпақ болып шықты. Еліміздегі тапшылықтың түп-төркіні неде екені туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Баяндамасын аяқтап, жанары үкікөзденіп, мазасыз күйде орнына келіп отырды. Мынау еліміздің ең құзы­ ретті үлкен мекемесі екен-ау, депутаттар менен жауап күтіп отыр-ау деген ой миына кіріп те шықпады. Осы орайда, Григорий Марченконың «Даниал Ахметов – кадровая ошибка президента» деген пікірі имандай шындық. Мұнда жетесіз, парықсыз атқамінерлер кешегі Жұмабек

Тәшенов сияқты тұйғын премьерлерден садаға кетсе болмай ма? Д.Ахметовті Парламент төрінде тайраңдатып қойған Ұ.Қараманов сияқты депутаттар. Осы «абызымыз» «Даниал Ахметовтің баяндамасы көңілден шықты, енді сауал беріп басын қатырмай-ақ қояйық, босатайық» деп, аяр дипломатиясына салып кеп жіберді. Сауал қоюға ентелеп, кіжініп отырған өзге әріптестерінің төбесінен жасын түскендей болды. Енді депутаттар екі жақ болып керілдесіп жатқанда, сыбдырын білдірмес сілеусіндей, Ахметов те залдан безіп жоғалды. Мі­ не,біздің премьеріміз бен Парламентіміздің сиқы! «Ханнан қырық туғанша, қарадан жалғыз тусайшы, ата жо­ лын қусайшы» деп Махамбет ақын айтқандай, осы саны бар да сапасы жоқ, қырық «қалталы қалаулыларымыздың» ішінде Т.Әубәкіровтің, А.Тшанның, С.Әбдірахмановтың, Б.Әбі­шев­ тің шоқтығы анағұрлым биік. Алайда жалтақ, жәдігөй де­ пу­таттардың Үкіметтің “артын ашпай”, қорғап қалған “ең­ бектері” де қаржы министрлігі тарапынан 5-10 миллиард теңге қаражат бөліну арқылы «еленіп» отыратын көрінеді. Қа­раманов т.б. депутаттардың емешегін құртып отырған Үкі­ меттің осындай шүлен «садақасы» ғой! Таяудағы Мәжілістің пленаралық отырысында «картопты жарған» сабаз – Ерасыл Әбілқасымов болды. Ол елдің, қоғамның, қаймана қазақтың күллі мәселесі құрып қалған­ дай, елден американдықтар мен ОБСЕ бақылаушыларын қу­ уға, мұхиттың арғы жағынан келген «құзғындарды» Қазақс­ танға жолатпауға, Ресеймен мәңгі бірге болуға, түрмеден 20 мың қылмыскерді босатуға, Парламенттің бір мәжілісін Ұлы Қазан Социалистік революциясының 89 жылдығына арнауға үндеді. Өз сайлаушыларының аманатын аяққа таптап, Әбіл­қа­ сы­мовтың бұлайша бұра тартуын қалай түсінуге болады? Мұн­дай қара су құрлы құны жоқ, жалдаптық ұранға қаны қарайған Тоқтар Әубәкіров: «Интернетте сіз туралы қандай мәлімет таратылып жатқанына назар салдыңыз ба? Сіз осы кімсіз? Әріптес ретінде арагідік қол созып амандасқанымыз болмаса, сіздің кім екеніңізді бүкіл ел біледі», – деп, өзі­ нің турашылдығымен, әлгі «сабазды» жағынан осып жібер­

гендей болды Япырмау, біз заң шығаруды кімдерге сеніп тап­ сырғанбыз! Шынында да Парламент шұғылданатын мәсе­ ле аз ба? Қаржы министрі Арман Дунаевтың айтуынша, қа­ зақстандық министрліктер 30 миллиард теңгені биыл тағы игере алмай қалды. Яғни, талай ауылға су, талай науқасқа дәрі, талай егінге нәр тамбай қалды деген сөз. «Қазақмыс» сияқты трансұлттық корпорация көз алдымызда жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. Алып кор­порацияның жауапкершілігі неге шектеулі? Мұның астарында не сыр бар? «Теңізшевройл» да солай. Ал «Қазақмыс» корпорациясының 87 пайыз акциясы Кимге, Новачукке, Йонг Кю-Чаға тиесілі. Халықаралық тәжірибе бойынша, алып кеніштердің 51 пайыз акциясы Үкіметте болуы керек қой! «Қазақмыс» билеушілері онымен де қоймай, үстіміздегі жылғы 12 қазанда, таңғы сағат сегізде Лондон бир­жасында «Қазақмыстың» 26,2 пайыз акциясын 1 миллиард 17 миллион долларға әлдекімге сатты да жіберді. Мүмкін ол әлгі бағадан бес есе көп шығар? Осы саудасаттықтың заңдылығын тексерген кім бар? Иә, қаныңды қарайтқан, діңкеңді құртқан сауалдар жетер­ лік... Мұны тексеріп, ақ-қарасын анықтайтын депутат­тардың түрі мынау! Билік бұқараны микеще деп ойлайтын болуы керек, бірақ қаймана халық бәрін біліп отыр. Әне, радионы да солай қақсатып қойған: «Халық бәрін кешіреді, халық кешпейтін нәрсе жоқ...». Құдауанда, қашанғы кешіреді бұ халық! Өлді ғой түге! Дегенмен, әлеумет әлі бауыздау алдындағы алапат бұлқыныс кезеңіне жеткен жоқ. Құдай оған жеткізе көрмесін! Қазір біздің қоғамда мынадай жексұрын әдет пайда болған: көкек балапанындай бүкіл өмірлік қажеттіліктерін ұлттың мүддесінен шешіп алып, әбден жонданып алғаннан кейін, қа­ лаған жағына сынаптай толқып кету... Иә, бүгінгі билік, Парламент осындай харам пиғылдан арылмай, бізге жақсы өмір жоқ... «Ақ жол Қазақстан», 28.10. 2005 ж.

Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан Соңғы үш ғасырда Шығыс пен Батыстың қайсысы озық, кім-кімнен үйренген, болашақ кімнің қолында деген сияқты сауалдар мен оның түрлі жауаптары бас көтерді. Батыстық өркениеттің алға жылжып кеткені, солай жалғаса беретіні ба­­ са айтылады. Шындығында, Шығыс бірте-бірте Батысты қам­ тамасыз ететін плацдармға айналып бара жатқандай. Үсті­ міздегі жылғы шілде айының аяғында еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру талабына орай ұйымдастырылған конференция өз жұмысын аяқтады. Бұл шараға мұрындық бол­ ғандар – Қазақстан Жұмыс берушілер конфедерациясы мен АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі – Юсайд еке­ні белгілі. Конференция жұмысына қазақстандық ірі өндірісшілер мен түрлі аймақтардан келген кәсіпкерлер және АҚШ, Чехия, Қырғызстан тәрізді БСҰ-ға мүше елдердің алты халықаралық сарапшылары қатысты. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін аса зор маңызы бар бұл басқосу барысында Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кірудің артықшылықтары мен кемшіліктері сөз болып, еліміздің осы ұйым құрамына қосылуына қатысты ат­қарылуға тиісті заңдық шаралар қарастырылды. Осыған орай Жұмыс берушілер конфедерациясы Қазақстанның БСҰға кіру процесін кәсіпкерлер тарапынан үйлестіріп, аймақ­ тардан түсетін бизнес-ақпараттарды талдауға арналған бір­ ыңғай орталық құру жөнінде ұсыныс жасады. Егер, бұл ұсы­ ныс жүзеге асып жатса, әлгі ақпарат орталығының аумағында мемлекетке де, шағын және орта бизнеске де тиімді біртұтас сауда саясатының қалыптасатыны даусыз деген пікірлер айтылып қалды. Орталық құрудың да түпкі мақсаты осында болса керек. Жіті бақылаған адам халықаралық экономика ұлттық эко­- номикалардың жай ғана жиынтығы емес, ол барған сайын өзара үйлестірілген, өзара тәуелді жүйеге – жаһандық эко­но­ микаға айналып бара жатқандығына көз жеткізер еді. Жаһан­ данудың негізін нақ осы ұлттық экономикаларды интерна­ ционализациялау процесі мен халықаралық саудадағы құры­

лымдық өзгерістер құрады. Мүның соңғысы капиталдың, тауарлар мен қызметтердің жұмыс күшінің жылжуына барған сайын көбірек еркіндік берілуін талап етуде. Ғаламдану ха­ лықаралық сауданы ырықтандыру, ұлттық рыноктарды ашық ету процестерінен көрініс тапты. Қазірдің өзінде әлемдік сау­ даның қарқыны әлемдік экономика қарқынынан үш еседей дерлік алда келеді. Барлық сауда кедергілерін жою, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы сарапшыларының пікірінше, әлемдік жалпы ішкі өнімнің бұдан да көбірек дәрежеде – 1 триллион 900 миллиард долларға өсуін қамтамасыз етеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ұлттық өнді­ рістер кезең-кезеңмен жақындасады; кірудің бір сатысынан екіншісіне көтеріледі. Тарихи тұрғыдан алғанда, ер­кін сауда принциптеріне құрылған сауда-экономикалық одақ­тар­ дың алғашқысы Еуропалық одақ екені белгілі. Ол Батыс жә­ не Орталық Еуропаның халқының саны 370 миллион адамды құрайтын 15 елін қамтыды. 1994 жылы Азия – Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығын хаттау аяқталды, осы бірігу негізінде 2020 жылдарға қарай бұл аймақта АҚШтың, Жапонияның және күн санап құтыра түскен Қытайдың экономикалық әлуетіне сүйенген әлемдегі аса ірі «еркін сауда аймағы» құрылуы әбден мүмкін. Қарап отырсаңыз, Еуропа мемлекеттерінде кіру про­це­ сі бірте-бірте және кезең-кезеңімен жүргенін байқар еді­ңіз. Мысалы, осы елдер валюта саясатын үйлестіруді 1957 жылы бастап, 15 жыл қапысыз зерттеп, ақыры осы іске 1972 жылы кірісті. Ал, ортақ рынок пен тауар, капиталдың еркін жылжуын қамтамасыз ететін біртұтас экономикалық кеңіс­тікті құруға бұл елдер 35 жыл ғұмырын сарп етіп, ақыры игі­лікке қолдары 1992 жылы ғана жетті. Ұжымдық ақша өл­шемі – еуро болатын ортақ экономикалық және валюта-қар­жы саясатын ұстанған валюталық одақ құруға Еуропалық одақ 1999 жылы ойысты. Ұзақ жылғы мігірсіз талпыныс, құмырсқа бейнет өз нәтижесін бермей қоя ма, міне, ақыры әлемге үс­ темдік жүргізген доллардың өзінің тынысын тарылтып, еуро күн санап үстемдік алып барады. Бүгінде Қазақстанның БСҰ-ға кіруі еліміздің көптеген са-

рапшыларын тығырыққа тіреп отыр. Өйткені, әлемдік рынокта өзінің белгілі бір меншіктеп алған саласы немесе технологиясы жоқ Қазақстан 145 мемлекет топтасқан осы алпауыт ұйымның небір құйтырқы жарғыларына бағынып, жарна төлеп, бұйдасын біреуге беріп қоюдан басқа не таппақ? 80 жылдардан бастап әл жинап, он жыл ішінде әбден ке­ меліне келіп, шиыршық атқан Қытай айдаһары жымыс­қылы­ ғы көп БСҰ сияқты алпауыт ұйымға мүше болуға табаны күректей 14 жыл бойы дайындалыпты. Жақында Қытайдың БСҰ-ға мүше боп қабылдану салтанатында осы елдің премь­ ері бұл қадамның қазір де өздеріне оңай тимей отырғандығын мәлімдеген. Ал, Қытайдың басты басылымы – «Коммунист» газетінің мәлімдеуінше, егер осы ел БСҰ-ға он жыл бұрын мүше болған болса, елдегі жұмыссыздар саны үш есеге дейін өсіп, өндіріс орындары дәл бүгінгідей құлашын жаза алмай, тұралап қалуы әбден мүмкін екен. Алысқа бармай-ақ 1998 жылғы экономикадағы аласапы­ ранды алып қарайық. Міне, осы кезде мұнайға деген бүкіл экспорттық пошлиналар алынып тасталды, оның үстіне эко­ номикамызды акциздер топаны басып қалды. Кейін­нен ма­ мандардың айтуынша, мұндай қолдан жасалған құйтырқы­ лықтардан еліміз миллиардтаған теңге зиян шегіпті. Дәл осы қадамға кезінде республика қаржы министрлігі қарсы болып еді, іле-шала БСҰ «біздің құқықтық нормаларымызды бұздыңдар» деп айып тақты. Сол 1998 жылы әлгі мұнайға және тағы да басқа табиғи ресурстарға деген экспорттық пош­линалардың БСҰ-ның қысым көрсетуі арқасында алынып тасталуы елімізді тақыршаққа отырғызып кетті. Осы жылы республика өз тұрғындарына зейнетақы мен еңбекақыны төлеуге қаржыны қайдан аларын білмей, тығырыққа тірелді. Соған қарағанда, БСҰ сенің өлген-тірілгеніңе, елдегі мил­ли­ он­даған жандар қан қақсап жатқанына пысқырып та қара­ майтын сияқты. Егер төтелей кетіп, шындығын айтсақ, Бүкіл­ дүниежүзілік сауда ұйымы күштінің әлсізді талап жеуінің ізгілендірген, сұрқиялықпен жасалған жымысқы макеті сияқ­ ты. Осы ұйымның жарғыларына, құқықтық нормаларына қарап отырсақ, үшінші сортты кедей елге тиімді, оны эконо­ ми­калық ұйықтан сүйреп шығаруға көмектесетін бірде-бір

баб жоқ. БСҰ-ның қағидасы мынау: егер теңізге түстің екен, ондағы өмір акулаға да, китке де, шабаққа да ортақ. Тек қапы­ сын тауып, тіршілік кеш, әйтпесе майып болуың оп-оңай... Сөз арасында Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының қашан құрылғанын да айта кетейік. Бұл ұйымның 1994 жылғы 8-жел­тоқсанда тұсауы кесіліп, өз қызметін 1995 жылдың 1-қаңтарынан бастады. Ол 1947 жылдан 1995 жылға дейін әрекет еткен Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ТАТТ) мұрагері болып табылады. 2002 жылдың басында 145 ел БСҰ-ның толыққұқылы қатысушылары болды, 30дан астам мемлекет БСҰ-ға кіруге ұмтылыс жасауда. 60 ха­ лықаралық ұйым БСҰ жанындағы бақылаушылар мәрте­бе­ сіне ие. Осы ұйымның бірталай шарттары еліміздің экономикасына қарама-қарсы келетіні бүгінде мамандарымыздың мазасын алғаны да шындық. Негізінен Қазақстан сыртқы сауда құрылымының ерек­ шеліктері отандық экономиканың бүкіл шикізат секторы дер­ лік тұрақты өткізу рыноктарына ие болуымен, ал шикізаттық емес сектор, ең алдымен оның жекелеген сегменттері түрлі салық және тариф жеңілдіктері ыңғайындағы жанама түр­ дегі мемлекеттік қаржыландыру мен қорғаныш шаралары ар­ қасында енді-енді көтеріле бастағанын көріп отырмыз. Ай­ талық, мемлекеттің мұнай-газ, кен-металлургия құрал-жаб­ дықтарын жасау салаларын көбірек қолдауы жағдайында 2000 жылы 50 отандық кәсіпорынды, ал 2001 жылы 200 кә­ сіпорынды іске қосып, жүздеген мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген импортты алмастыру саясаты, турасын айтқанда, БСҰ талаптарына қайшы келеді. Осы ұйым Қазақстандағы бүкіл мұнай-газ, ауыр өнеркәсіп саласына қажетті құрал-жабдықтарды өзіміз өндірмей, БСҰға мүше елдердің алпауыт компанияларынан сатып алуымызды қалап, және түрлі экономикалық экспансиялармен біз­ дің аяғымызды еріксіз тұсаулап, тіпті әрі-беріден кейін мәж­ бүрлейтіні де шындық. Ендеше, Қазақстан БСҰ-ға мүше болып кіргеннің өзінде әлгіндей қоқан-лоққы, алалаушылықтан кейін қалайша тең дәрежелік құқықтық норма сақталмақ?

Бірақ, АҚШ Қазақстанның қорқақсоқтамай, қауіптенбей тез арада БСҰ-ға мүше болуын қалап отыр. Ал, ЮСАИД агенттігінің Орта Азия бойынша америкалық директоры Джордж Дикэн былай дейді: «Қазақстанның БСҰ-ға мүше болуы сөз жоқ батыл қадам деп бағалануда. Алайда, осы ұйымның қатал да қытымыр нормаларына шыдай алмай, Қазақстанның алпауыт компаниялардың өңешіне жұтылып кетуін де жоққа шығаруға болмайды». Міне, бұл емеуріннен нені байқауға болады? Қысқасы, алпауыт державалардың Қазақстанды шырға тартып БСҰға мүше қылудағы бас­ты мақсаты – әлемдік еңбек бөлісінде бүгінде қалыптасқан мем­лекетаралық шикізат – дайын бұ­ йым қатынасын келешекте де осы деңгейінде сақтау, былайша айтқанда қуатты, беделді мемлекеттердің XXI ғасырдағы табиғи шикізатқа деген сұ­ранысын – даму деңгейі төмен, әл­ сіз елдердің жеріндегі қазба байлықтардың есебінен өтеу. Демек, осыдан-ақ БСҰ-ның бі­рінші кезекте кімнің мүддесін көз­ дейтінін айқын аңғаруға болады. Қазақстан осы ұйымға кірісімен сыртқы саудада сұраныс­ қа ие бола алатындай қандай дайын бұйым шығара алады? Еліміздегі экспорттың басым бөлігін құрайтын шикізат – мұнай, мыс, металл қорытпалары шетелдік компаниялардың меншігінде, олар кімге қандай бағамен сатуды Қазақстан Үкі­метімен ақылдаспайды, бәрін өздері шешеді. Халық тұ­ тынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіптің жайы белгілі. Ендеше, осындай ғылыми-технологиялық бәсекелестікке дайын болмай тұрып, еліміздің БСҰ-ға кіруі тек өзін-өзі арандату болмақ дейді кейбір сарапшылар. «Қазақстан БСҰ-ға кіргеннен кейін отандық тауарлар қа­ зіргіден де жойқын бәсекеге тап болады. Бүгінде әлемдегі киім және аяқ киім өндірісінің сегізден бірін иеленіп отырған Қытай Қазақстандық рынокқа еркін кіруге мүмкіндік алған соң отандық жеңіл өнеркәсібімізді біржола тұншықтырып өлтіреді десе де болады. Жалғыз біз емес, бүкіл дүниежүзі, Қытай тауарларының экспансиясына аса алаңдаушылықпен қарауда, олардың жоғары бәсекелестік қабілеті айтарлықтай арзан жұмыс күшімен және бұйымдардың біршама тәуір сапасымен қамтамасыз етілген. Егер жіті бақылаған адамға, да­

мыған елдердің рыноктары жоғары дәрежеде өңделген өнер­ кәсіп өнімдерінің жекелеген сегменттері жоғары тарифтік бажбен де, тарифтік емес әдістермен де берік корғалғаны анық байқалады. Мысалы, Еуропалық одақ елдерінде ішкі ры­ноктың тоқыма бұйымдары мен киімдері, көліктер және бір­қатар жоғары технологиялық тауарлар секторы жоғары тарифтік тосқауылдармен бүркелген. Тіпті, АҚШ өзінің өнер­кәсіп бұйымдары нарығын қорғау үшін бас айналдырар тарифтерді қолданады. Ендеше, БСҰ-ға кіру кезіндегі аса маңызды шара «Қазақ­ станның сыртқы сауда процесін қорғайтын қажетті механизмдермен қамтамасыз ету болуы керек», – дейді белгілі экономист Рахман Алшанов. Шындығында да, тиімді механизмнің болмауы республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуына барынша кеселін тигізді. Бір қарағанда, Қазақстан үшін БСҰ-ға мүше болуға еш­ қандай кедергілер тосқауыл болмайтын сияқты. Алайда, біз­ дің бүкіл экспортымыз шикізаттан тұрады, ол әлемдік ры­ нокқа бажсыз шығарылады. Ішкі рыногымыз әлімсақтан бері ашық және шетелдік тауар өндірушілерге тәуелді. Сонда елі­ міздің БСҰ-ға кіруі әуелден қалыптасқан ахуалды заңдық тұрғыда хаттау болып шығады екен-ау! Дегенмен де, ең сорақысы, тауар өндірушілердің Қазақ­ станның БСҰ-ға кіруінің шарттарын талқылаудан тысқары калуы алаңдатады. Шынында да бұл отандық кәсіпкерлердің жанкешті әрекетіне қазірден бастап тыйым салу ғой. Әсіресе, БСҰ, Еуропалық одақ елдеріне дамып келе жатқан, 7-10 миллиард АҚШ доллары көлемінде бағаланатын Қазақстанның тауар рыногы бәрінен қымбат, осы бір жүйеге түспеген, қу­ лық-сұмдықты біліңкіремейтін, арзан әрі аңқау рынок оларды магнитше тартып отырғаны сондықтан. Ең болмаса осы ұйымға бізден де бірінші болып кірген Қырғызстанның экономикасына зер салып қарайықшы! Ұш­ паққа шығып, дәуірлеп кеткен ештеңесі жоқ. Қайта осы ел БСҰ-ға мүше болғаннан кейін ұлттық табысы азайып, бұ­ рынғы даму деңгейі едәуір шегерілгенге ұқсайды. Оның үс­ тіне БСҰ-ға мүше елдердің ірі компаниялары ішкі рынок-

ты түгелдей жаулап алып, бұрынғыдай инвестиция ағыны да азайған көрінеді. Әйтеуір ерте жетіліп, қулық-сұмдықты қапысыз меңгерген Қабыл балалары біздің тыныс-тіршілігімізді жіті бақылап, талмау жерімізден ұстап, қажет кезде тәжірибе алаңына айналдырып, қылғындырып ұстап тұр. Оны экономикамыздағы кез-келген солақай келісім-шарт­ тардан көруге болады. Басқасы басқа, осы жолы екі шоқып, бір қараған дұрыс болар. Өйткені, халықтың есесі кете-кете шаршады ғой! Бір кезде К.Маркс капиталистік қоғам дамуының әр­қи­ лы үш сатысын анықтап, оған мынадай баға беріп еді. 1) Жабайы капитализм кезінде бүкіл байлық қылмыс әлемі көкшуландарының қолына жиналады. 2) Қоғамды мафиоздық шоғыр билегенде өкімет осылар­ дың қолдарына өтеді. 3) Ең соңғысы – өркениетті капитализм. Бірақ жұмыр жерді жұмыртқадай астына басып отыр­ғысы келетін, ке­кірігі азған кейбір әлемдік ұлы күштер тұр­ғанда, бізге өрке­ниетті капитализмнің ауылы әлі алыс-ау! «Ана тілі», 22.08.2002 ж. Тендер деген жау шықты... Соңғы кезде еліміздің экономикасында біршама тұрақ­ ты­лық байқалды, көңіл жұбатарлық нәтижелерге қол жетті, өнеркәсіп қарқыны және ішкі өнім мөлшері артты. Шынында да мемлекетаралық экономикалық қатынастар­ да жас елдердің тиісті орын алуы бір жылдық іс емес. Ғасыр мұрасына байыпты көзқарас әлемде бірте-бірте орнығады. Дүниежүзілік трансұлттық компаниялардың іс-әрекетін, тәр­ тібін, салық төлемдерін реттейтін шаралар да ойластырылып жатыр. Бір кезде У.Черчилль: «Апанды екі басып өтуге болмайды, ішіне түсіп кетесің», деп еді. Он жылда жіберілген қателер мен сәтсіздіктерді ой елегінен өткізіп, сүрінбестей нақты қадамдар жасау қажеттігін енді түсіне бастадық.

Қай уақытта да ел мен қоғам тағдыры, оған жол көрсетіп отыратын және оның атынан билік жүргізетін игі-жақсы­ лардың шешімдеріне байланысты болады. Оның үстіне Жа­ ратқан иеміз біздің жерімізді бай шикізат қорынан және интеллектуалды адамдар ресурстарынан кенде қалдырмапты. Ен­дігі барлық мақсат осы интеллектуалды адамдардың ақылой, күш-қуатына арқа сүйеу болмақ. Өйткені, үнемі шикізат сату мемлекетті күйреу жолына түсіреді, ақыл-ой, озық технология, ми сататын заман келді. Мемлекет меншігіндегі мүліктің одан әрі азая түсуі ел экономикасына орны толмас зиян келтіріп, меншікке таласудың жаңа қылмыстық толқындарын туғызып, экономиканы бас­ қарудың мемлекеттік тетігі тіпті, Үкімет қолынан сусып кетуі де мүмкін. Бұдан сегіз жыл бұрын ел экономикасы ақсап, тіпті қа­ла­ лардағы тұрғын үйлерді жылытудың өзі шешуі қиын мәсе­ леге айналған тұста сол кездегі Үкімет басшылары Шығыс Қазақстан өңіріндегі энергетикалық қуат көздерін амери­кан­ дық AES компаниясының қарамағына берген екен. Бүгінде осы компанияның келісім-шарт талаптарын орындай бермей­ тіні, көп жағдайда біздің елдің экономикалық мүддесіне сәй­ кес келмейтін саясат жүргізетіні мәлім болды. AES компаниясы былтырдың өзінде тапқан пайдасын жасырып, бюджетке 9 миллиард теңге салықты төлемеген. Оның үстіне әлгі компания осы өңірдегі төрт жылу-электр орталығын небәрі 2,5 миллион долларға, ал Екібастұздағы ГРЭС-1-ді бар болғаны 100 миллион теңгеге сатып алған. Бір өкініштісі, ГРЭС-1-дің аукциондағы бастапқы бағасы 230 миллиард теңге болатын. («Ақжол-Қазақстан» №17, 25.04.2003 ж.) Осы алып кешенді 2000 еседен астам арзанға беретіндей не басымызға күн туды? Бұл адал адамды ауруға ұшырататын аса ауыр қылмыс қой. Жалпы, қазір тендер, аукцион дегендеріңіз маман ға­ лымдар мен білікті экономистердің ұйғарымымен емес, ба­ қай есептің яғни, ат төбеліндей аз ғана топтың жасырын шешімімен жүзеге асып жатады. Мысалы, үш жыл бұрын «Қазақстан алюминийі» сатылып кетті. Осыған байланысты Президенттің экономика жөніндегі

көмекшісі Ораз Жандосов былай дейді: «Мен пікірімді өз­ гертпейтін адаммын. Шындығында қазір мұндай кәсіп­ орын­дарды сату – ақымақтық іс. Өйткені, бұлар – нақты құны анық­талмаған кәсіпорындар. Ал, 31 пайыз акциялар пакетін 21 миллион долларға бағалау – өте төмен құн. Біз «Қазақстан алюминийін» сата отырып, бокситті кен орнын қоса сат­қанымызды ұмытпауымыз керек». («АқжолҚазақстан» №17, 25.04.2003 ж.) Ал, осыны мемлекет мүддесін ойлай отырып жасалған іс деуге кімнің ауызы барады? Тағы бір ерекше тоқтала кететін жайт – Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясы жылына 130 миллиард теңге табыс түсірсе, содан тек 10 миллиард теңге салық төлейді. Ал, соңғы уақытта мыстың әлемдік бағасы көтеріліп келеді. Біз «Самсунг» компаниясының өзі жұмыс істеген алты жылдың ішінде бес жүз миллион доллар инвестиция жасағанын, демек күрделі қаржы қосқанын қуана айтамыз. Ал, сол бес жылдың ішінде әлгі компанияның тәуелсіз сарапшылар анық­ тағанындай, 15 миллиард доллар пайда тапқанын неге айтпаймыз? Бұл дегеніңіз еліміздің алтын-алмас қорынан 4 есе артық қыруар қаржы ғой! Сонда 15 миллиард доллардан 500 миллион бөлгені былайша айтқанда, садақа емес пе? Осы трансұлттық компаниялар әлгі ғаламат қаржыны былайғы жұрттан жасыру үшін анда-санда қайырымдылық шараларын жасауды да ұмытпайды. Мысалы, «Қазақмыстың» өт­ кен жылы Бас мүфтиіміз Әбсаттар Дербісәліге «Мерседес» жеңіл көлігін сыйлағанын бүкіл басылымдар жарыса жазды. Ал, шындығына келсек, «Қазақмыс» басшылығы жергілікті жұмысшыларды теспей сорып отырғанын, кәсіпорындарда талай жөнсіздіктердің балалап жатқанына көз жеткізуге болар еді. Өкінішке орай, «Қазақмыс» корпорациясындағы кісі өлімі азаяр емес. Құрбан болған 423 адамның үштен бір бөлігі осы компанияның еншісінде. Және 1556 адам жарақат алған. Тіпті, осы «Қазақмыс» корпорациясындағы адам тағдырына немқұрайды қараушылық, өндіріс апаттарының көптігі, мү­ гедек болтан жандарға соқыр тиын төлемейтіндігі Парламент мәжілісінде де сөз болды. Үстіміздегі жылдың көкек айында Оңтүстік Корей Үкіме­

ті Қазақстаннан баратын жұмыс күшіне квотаны көбейткен. Бұған себеп, бұл елдің өз жұмысшылары лас, қиын жұмыс­­ тар­ға 800-900 доллар төленетініне және ондай жерлерде дұ­ рыс жағдай жасалмайтынына наразы болып, мұндай жерлер­- ­де жұмыс істеуден бас тартқан. Міне, корейлер өз елінде қа­ лай-қалай шіренеді? Ал, біздің байғұс жұмысшылардың 800900 доллар айлық дегеніңіз түсіне кірмейтін байлық қой! Осындай шетелге нәпақа іздеп кеткендердің өзі емес, мә­йі­ ті келіп жатқан жағдайлар да бар. Ал, кетпейін десе, өз ата­ мекенінде «Қазақмыстың» істеп отырғаны мынау! Алматының іргесіне жергілікті халықты, көрші Қырғыз­ стан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан жұмыс іздеп келгендер­ ді қанаудың әлемдік рекорды жаңартып «Филип Моррис Қа­ зақстан» деген алпауыт жайғасқан. Қазақстан оған нағыз жұ­ маққа айналды. Әлемнің 30 мемлекеті бұларды ит қосып қуғасын, ақыры жылыстай-жылыстай келіп, елімізге көшпестей боп орнықты. Бұл компанияның табысы «Қазақмыстан» да асып түседі дей­ ді тәуелсіз экономистер. «Филип Моррис» асқан аярлықпен балаларға темекі тартпау жөнінде анда-санда акциялар өткі­ зіп қояды. Ал, «Көкбазарға» кіре қалсаңыз осы компанияның темекісін соңыңнан қалмай тегін таратып жүрген 14-15 жас­ тағы қазақтың жасөспірімдерін көрер едіңіз. Міне, осыдай күннен-күнге еліміздің көгенкөздерін темекімен ауыздан­ дырып, «Филип Моррис» бизнесін гүрілдетіп отыр. Жақында Парламент көшеде, қоғамдық орындарда шылым шекпеу туралы заңды бекітті. Соны қазір кім орындап жатыр? Көше біткен аткөпір темекі тұқылы. Осыны көріп «Филип Моррис» компаниясындағылар: «Е, сенің заңыңның әуселесін көрдік» деп миығынан күлген болар. Әңгіменің түп негізі жымысқы жолмен өтетін тендер аукционнан шығып кетті-ау! Қайсы бірін айтарсың, еліміздің шаңырағын ұстап тұрған уықтардай әйгілі кәсіпорындардың су тегінге сатылып кетуі бір мұнымен бітпейді. Кезінде «ЭйрҚазақстанды» болмашы қаржыға біреуге бере салдық. Енді қайтадан соны сатып алуға әрекет етіп жатырмыз. Биылғы бюджеттен сол үшін миллиондаған теңге бөлінді. Қазір Үкімет «Қазтелекомның» да акциясын қайтара сатып аламыз деп отыр. Япырмау, сон-

да бұлардың қызығын кім көріп келген деген сауал өз-өзінен туындамай ма? Мысалы, Алматының АПК-сын 5 миллион долларға Бельгия кәсіпкерлері сатып алды. Сөйтіп, 4-5 жылдай пайдасын көріп, кәсіпорынның бір тетігін жаңартпай, әбден жебей сауып, армансыз байығаннан кейін кетерде Үкі­ метке тағы да 20 есе бағаға, яғни, 100 миллион долларға сатып кетті. Міне, осындай «баланың ойыны, бақсының жыны» сияқты саудалар бізде жетіп артылады. Мынадай күйрей ұтылыс, зиянкес алыс-берістен кейін әлеуметке қайтіп шыр бітпек?! Ал, мұнай саласындағы ханталапай мынадай: «Шымке­ нтнефтеоргсинтез» АҚ-ы акцияларының 90 пайызы «Витол Мұнай» (Швейцария) фирмасына сатылып кетсе, «Южнеф­тегаз» АҚ акцияларының 90 пайызы – «Харрикейн-Құм­ кел ЛТД» (Канада) фирмасына, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ ак­ ция­ларының 60 пайызы Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясына, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акцияларының 60 пайызы Индонезияның «Сентрал Ижа ЛТД Петрол» компаниясына, «Қаражамбас мұнай» АҚ акцияларының 95 пайызы «Тритон» (Канада) фирмасына сатылған. Сондай-ақ, Павлодар мұнай өңдеу зауыты «CCL» (Ресей-Швейцария) фирмасына концессияға берілген. Тіпті оны айтасыз, Каспий құбыры кон­сорциумындағы алғашында бізге тиесілі болған 19 пайыз үлестің 10 пайыз акциясы тағы да сатылып кетуін қалай түсіндіруге болады? Күні кеше ғана «Қазақстан темір жолының» бүкіл мү­кә­ малын екі шетелдік фирма сатып алды. Фирманың аты-жөні әлі құпия ұсталып отыр. 6500 вагон, 691 жүк вагондары, 700 цементасығыш, №16 Екібастұз вагон депосы, «Железорудник» вагон жөндеу депосы елгі екі фирманың қанжығасында кетті. Ең өкініштісі, әрбіреуі 25 мың доллар тұратын вагон­ дардың бар болғаны 2600 долларға сатылғандығы. «Қазақ­ стан Темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнының мүлкін сатуға арналған тендер құжаттары 2003 жылдың 13 ақпанында бе­ кітілсе, «Казахстанская правда» газетінің 2003 жылғы 14 жә­ не 18 ақпанындағы сандарында хабарландыру жариялан­ды. Мүліктерді сату мәселесі 10 күн ішнде апаш-құпаш ұйым­

дастырылуы неліктен? Сатылатын мүліктер арнайы екі лотқа бөлініп, тиісті жеңілдіктер берілуі қалай? Иә, көкейде сұрақ көп. Бірақ осыған мардымды жауап алу қиынның қиыны. Бүгінде көпшілік тендер, аукцион десе шошитын болды. Оның астарында үңірейген аран, шошымай қайтсін. «Өзеннің басындағылар су ішеді, аяғындағылар у ішеді» деген мақал дәл біздің бүгінгі өмірімізге қарап айтылғандай. Суды тазалау үшін басынан бастап тұндырған абзал. Айтуға оңай болғанмен, оны демде тазалау да оңай емес. Жылдар бойы жинақталған шірінді, қоқыс арна табанына жабысып алып, шамалы ағысқа күш бере ме? Бұған тек сұрапыл өзендердің арнасын күшпен бұрып, Авгейдің ат қорасын әпсәтте тазалап берген құдіретті Геркулес сияқты диюлар қажет. Алайда, Елбасы мен Үкімет күш біріктіріп, қоғамымызды жайлап кеткен құлқыны кең қолтырауындарға қарсы майдан ашуы – көпшіліктің ертеңге деген сенімін орнықтырады. «Ана тілі», 12.06.2003 ж. Мұнай деген қаны ғой Жер-Ананың... Егер қазіргідей шикі мұнайды шетке лықылдатып са­ та беретін болсақ, өзіміз өңдей алмасақ, онда мың есе пай­ да беретін отандық химия өндірісін көрге тығарымыз ай­ дан анық. «Алтынға апталып қалған шығар...» Талай пенденің арманы болған үшінші мыңжылдықтың да табалдырығын аттағанымызға біраз болды. Осы бір адамзат баласының кемелденген ғасырына біз қандай күйде кірдік? Қаншама желпінейін десең де, бір зілмауыр пәлекет еңсен­ ді езеді де тұрады. «Тағдыр адамдарды ала-құла қып, сағасы бір, арнасы бөлек екі өзендей бірін байлыққа, бірін кедейлік­ ке баяғыда-ақ бет алғызған ғой» деп қолды бір сілтейін де­сең, іргеңдегі Батыс, анау Американың күллі жұрты тоқтықтан

ықылық атып отыр. Соған қарағанда, бүкіл әлеумет тойынбай тұрып, бүкілхалықтық мереке жасаудың өзі жартыкештік екен-ау! Құпия қылмыстарда шаруамыз жоқ, бірақ әйгіленіп қалған экономикалық сорақылықтардың өзі төбе шашыңды тік тұрғызады. Мысалы, мұнайды өндіру мен экспортқа шығару құқығын әлемнің бірнеше тойымды білмейтін, араны түпсіз компанияларына беріп қойған Қазақстан бүгінде мұнай нарығына тікелей ықпал ете алмай отыр, әрі мұнай өндіретін елдердің келіссөздеріне де қатыса алмайды. Терең ойластырылмаған қадамдардан, ашық экономика саясатына шексіз жол беру­ ден өз рыногымызға өзіміз жете алмай отырмыз, әрі мұнай өн­діретін елдердің келіссөздеріне де қатыса алмаймыз. Терең ойластырылмаған қадамдардан, ашық экономика саясатына шексіз жол беруден опық жеп отырған жайттар да кездеседі. Сөз арасында айта кетейік, сонау Қазан төнкерісінен ке­ йін Лениннің нұсқауымен бүкіл өнәркәсіп орындары, қазба байлықтар мемлекет меншігіне өтіп, қызылдар шетелдік ал­ пауыттарды елден түріп айдап шыққан болатын. Сол Но­ бельдің немерелері еліміз тәуелсіздік алмай жатып, мұнай мұхитының үстіндегі Теңіз кенішін тарпа бас салуы ойландырмай қоймайды. Әлде осы бай кеніштің картасы жылдар бойы түстерінен шықпай қойды ма екен? Қалай дегенмен де, әйтеуір батпан құйрыққа ақыры тістері тиген бүгінгі шет­ел­ дік алпауыттардың обырлығы, қорқаулығы жойқын болып түр. Бір тойып алса күйіс қайырып, кішкене саябыр, толас табатын кеңестік қолтырауындардай емес, мына жеті басты жалмауыздардың аранының түбі көрінбейді. Нобельдің немерелері дегеннен шығады, төңкеріс жылдары елден қуылған бір алпауыт Англиядан өз немересін Дос­ сор мен Мақаттын 80 жылдығына жіберіп тұрып: « Бар, көріп кел, атаңның табаны тиген жерлерді аралап қайт. Мұнайы жердің бетіне шығып жатқан аса қазыналы өңір еді, ендігі ал­ тынға апталып қалған шығар», – дейді. Мақат пен Доссорда бір күн болып, еліне асығыс қайтқан немересі атасына: «Өз­ герген ештеңе жоқ, сол баяғы таз кепеш күйі, тіпті сіз айт­ қан, өзіңіз паналаған жертөлеңізді де көрдім», – деген екен са­парының оңды болмағанына налып. Е, қарт Ембі мен соры

арылмаған қайран Мақат пен Доссор-ай! Сендерді ойласам, тіршіліктен еш қызық көрмей кеткен, ескі кәжекейінің омырауы май-май болған марқұм әжем көз алдыма келеді. «Қара алтынды» меске құйып түйемен тасып, мойындарына шылқылдап шикі мұнай құйылып, ен бейнеттің неше атасын көрген мыңдаған бейнетқорлардың ашқан кеніштеріне бүгінде мал сойылғанда тап болатын көк шыбындардай шет­ елдік қорқаулар оп-оңай жайғасып алғаны қаныңды қай­на­та­ ды. 1920 жылдары Ембіні, Мақатты аралап көрген чех жазушысы Юлиус Фучиктің жазбаларында мынадай жолдар бар: «Шойын жолдан 60 шақырымдай жерде екінші жыл ұңғы қазып жатқан Ембі, Мақат жұмысшыларының саны 70 адам еді. Алғашында олардың шатыры да болмады, ашық аспан ас­тында жұмыс істейтін, дем алатын, ұйқтайтын. Ауыз суынан мұнайдың исі шығатын, бірақ ол да көбіне болмай қалып, сондай кезде олар далада жайылып жүрген түйе, қойлармен бірге өзектегі лас судан ішетін. Нан бұларға арбамен жеткенше қатып қалатын. Кейде қатты жел, боран болғанда ол да келмей қалып, бірнеше күн аш жүрсе де, жұмысты тастап кетпей, аштықтарын басу үшін газетке шөп орап шылым етіп шегетін...» Бұл аз десеңіз, бір кезде орыс жазушысы К.Паустовский өзінің «Су астындағы дауыл» деген әңгімесінде былай деп жазып еді: «Ерлік жайлы ұғымға үcтipт қарауға болмайды. Каспий теңізі айналасындағы маң даланы шарлап жүріп, ме­ нің көзім жеткені мынау: нағыз ерлік дегеніміз – Доссор. Мұн­да мұнай үшін толассыз күрес жүріп жатыр, бейнеткеш мұнайшылар түндер бойы ұйықтамайды, өздері бір қиырда түйе үстінде келе жатып өндірістің мыңдаған ұсақ-түйегін дамылсыз ойлайды, олар шаршағандарын елең қылмай, тір­ шілік үшін күрестің зілбатпан жүгін өздерімен бірге көтеріп келеді...» Міне, Қазақстан мұнайының 100 жылдығын аста-төк жағдайда атап өттік. Ал сол ғасырға жуық уақыт ішінде көразап кешкен бейнетқор бәдәуилердің бүгінгі ұрпағының да аузы аққа тие қоймағанын ойлаладық па?..

«Әлемдік эфирдің» әлегі Қазақстанның бірінші мұнай кәсіпшілігі 1911 жылы сә­ уірдің 29-ында Доссорда ашылды. Осында биіктігі 25 метр­ лік күшті мұнай бұрқағы атқылады. Содан бері 6,5 миллион тоннаға жуық мұнай өндіріліпті. Доссор мұнайына сапасы жағынан тек Америкадағы Пенсильвания мұнайы ғана шендесе алатын еді. Кезінде В.Чкалов та Америкаға Сол­ түстік мұзды мұхит арқылы бірінші рет ұшқанда осы Доссор мұнайын пайдаланған болатын. Өйткені, бұл майдың ең төменгі салқындықта да қатпайтыны белгілі. Мұнайдың қара шаңырағы – Доссорға өздерінің бай іс-тәжірибесін, бі­ лімін жұмсап, бүкіл ғұмырын сарп еткен абзал азаматтар аз емес, бүгінде олардың көбі бұ дүниеде жоқ. Қазір солардың орнын басқан шетел инвесторлары Қазақстан мұнайын ра­ қымсыздықпен, өте жабайы әдіспен өндіреді. Жеңіл жолмен арзанға түсетін мұнайды алады да, оның орнын шала-шарпы толтырады, ал қаражат керек ететін қосалқы газды «пұл болмаса, күл болсын» деп өртеп жібереді. Елге отын, жылу, жарық, электр қуаты жетпей жатқанда, бұл нағыз қаскөйлік емей немене? «Алынған мұнайдың орнын шала-шарпы толтырып ке­ те­ді» дегеннен шығады, биылғы жылғы маусым айының басында Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын «Новая» шахтасы­ ның төңірегінде сұмдық оқиға болды. Көзді ашып-жұмғанша диаметрі 80 метр, тереңдігі 40 метр ғаламат шұңқыр пайда бо­лып, жол үстінде кетіп бара жатқан УАЗ автокөлігі де әлгі аран­ның ішінде кетті. Ернеуі сетіней құлаған алып апан­ ның ішінде қалған адамдардың біреуі қаза болып, қал­ған­ дарын жұрт әупірімдеп құтқарып алды. Бұл апат жер­гі­лікті халықтық зәресін ұшырды. Жер астының кенін түгін қал­ дырмай жалап-жұқтап алып, орнын дұрыс толтырмай кеткен кінәсін сезген болуы керек «Қазақмыс» басшылары өлген адамның отбасына көмектесіп, жараланғандарға дәрі-дәрмек алып беріп, жандары қалмады. Іле-шала «бұл апаттың жайжапсарын арнайы құрылған мемлекеттік комиссия таяу арада анықтайды» деп баспасөзде жарияланды да. Ел іші әлгі

комиссияның жұмысынан, қорытындысынан әлі бейхабар. Шынында да түк бітірмейтін, қыруар қаржы шығындайтын осындай біліксіз, құнсыз комиссиялардың қажеті қанша? Әл­ де бұл комиссия үкіметтің тапсырмасымен «Қазақмыстың» артын ашпау үшін үндемей қалды ма екен? Ал, бетін әрмен қылсын, бірақ осындай алып қазаншұң­ қырлар Мақат пен Доссорда пайда болса, не істемекпіз? Со­ нау «Қарашүңгілден» бастап есептегенде Қазақстан таяу арада 1 миллиард тонна мұнайын өндіргелі отыр. Ал осы бай­лықтың денін берген – Мақат, Доссор, Ембінің мұнай­ шылары. 1915 жылдары осы өңірде мұнай өндірген әлгі шет­ елдік алпауыттың «әй, қазір алтынмен апталып қалды-ау» деген өңіріне көз салып қарайықшы. Атырау-Құлсары кө­ лік жолы тура бомба түскендей аянышты халде. Күні кеше ғана Доссор мен Мақаттың 90 жылдығы кезінде осы екі елді мекендегі тозығы жеткен қыруар үй нөсер жауынға шыдамай жермен-жексен болды. Әлгі нөсер, жергілікті халықтың пікірінше, кездейсоқ нәрсе емес. Кезінде Д.Менделеев жер­ дегі зұлымдықтарға тиісінше жауап қайтарып отыратын ға­ рыштық «әлемдік эфирдің» бар екені туралы егжей-тегжейлі айтқан болатын. Ендеше бұл да осы өңірдің бар шырынын сорып алып, апатты аймақта тырбанып, нәпақасын айырып жүрген қаймана қазаққа шыр бітірмей отырған қорқауларға деген Алла Тағаланың көрсеткен бір қыры немесе ескертуі тәрізді. Иә, «Өзеннің басындағылар су ішеді, аяғындағылар у іше­ ді» деген мақал дәл біздің бүгінгі мұнай саласына қаратып айтылғандай. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы тә­ жірибесіздігімізді, шалағай келісімдер мен солақай ше­шім­ дерімізді түзейтін кезең енді келді. Алайда «ұзын арқан, кең тұсауға» үйреніп қалған, әбден көбеңсіп кеткен шетелдік инвесторлар біздің заңнамаға пысқырып та қарайтын емес. Ма­мандардың есептеуінше, әлемде қазір 63 мыңнан астам трансұлттық компания бар көрінеді және олардың 700 мың­ дай филиалы жер шарын өрмекшінің торындай шырмап тас­ таған (2004 жылғы мәлімет). Біздегі мұнай саласы да осы торға түскен шыбын тәріздес.

Біздегі жемқорлыққа дауа бар ма? Ақыры ұзақ саудаласудан кейін канадалық «ПетроҚа­ зақ­стан» 4,2 миллиард доллар төлеген Қытай ұлттық мұнай корпорациясының қарамағына өтті. Бір қызығы, осыдан 6 жыл бұрын, яғни, 1999 жылы «ПетроҚазақстанның» (ол кез­ де «Харрикейн Хайдрокарбонз» деп аталатын) құны бір дол­ ларға да тұрмайды деп есептеліп, фирма банкрот болуға азақ қалған еді. Биылғы шілде айының басында Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР басшысы Ху Цзиньтао президент Нұр­ сұлтан Назарбаевпен бірге екі ел арасындағы стратегия­лық серіктестік туралы декларацияға қол қойған болатын. Ақы­ ры Қытай мысықтабан жүріспен дегеніне жетті. Осы күнге дейін бүл елдің ұлттық мұнай корпорациясы Ақтөбе облысымен шектеліп келген болса, енді Қызылорда мен Оң­ түстік Қазақстан облыстарын да қамтымақ. Қытаймен екі арадағы сауда-саттықты естіген бойда Ғани Қасымов: «Пет­ ро-Қазақстанды» қытайлықтарға сатқандарды өзімнің де, ха­ лықтың да жауы деп есептеймін. Стратегиялық маңызды бұл мұнай ошағын Қытай ұлттық мұнай корпорациясына са­ту­ ға қалай арымыз барады? Қалайша біздің өзіміздің осы ен байлықты сатып алуға қаржымыз жоқ? Бүкіл мұнайлы Ақтө­ бе өңірін Қытайға бердік, Құмкөл болса, ол да сатылды. Неге бұлай? Біз қайда бара жатырмыз? Үкіметте отырғандар бүкіл Қазақстанды Қытайдың мұнай провинциясына айналдырмақ па?» – деп күйіп-пісті. Бұл есептен Ғ.Қасымовтың да зығыр­ даны қайнауы орынды шығар. Алайда біздің билік бұқарамен ақылдасудан қалғалы қашан! Енді біздің мұнайды Қытай өңдеп, өздерінің кәкір-шүкір­ лерін, кір жуатын ұнтақтарын, пластмасса өнімдерін елімізге тоғытпақ. Бұдан асқан қорлық болар ма? Қытай ұлттық мұнай корпорациясының бөлімшесі таяуда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Душждзы қаласында Қазақстаннан тасымалданатын мұнайды қайта өндеуден өткізуге арналған елдегі аса ірі мұнай-химиялық комбинат құрылысын бастап кетті. Құрылысқа 3,23 миллиард АҚШ долларын жұмсау жоспарланған. Кә­сіп­о­рын­да мұнай

айдайтын 20 мұнай-химия өнімдерін өнді­ре­тін 12 қондырғы салынбақшы. Бұл нысандар 2007 жылы пай­далануға берілмек. Комбинат жылына 5,5 миллион тонна мұ­най өңдеп, 1,82 миллион тонна мұнай өнімдерін шыға­ра­тын болады. Жаңа зауыт жобалық қуатына жеткеннен ке­йін оның жылдық табысы 3,7 миллиард доллардан астам қар­жы­ны құрайды. Ал керек болса! Бұл бүкіл Қазақстандағы химия өндірісін 6іржолата тұншықтыру ғой! Ойлап қарасақ, шикі мұнайдан 2000-нан астам өнім алынады. Осындай қып-қызыл байлықтан айдың-күннің аманында көзбе-көз айрылғанымыз қалай? Өті жарылып кетсе де айтайық, оның басты себебі мынау: біріншіден, қандай да болсын халықаралық келісім-шарттар ел мүддесіне орайластырылмайды. Екіншіден, отандық байларымыздың де­ ні ғылымнан бейхабар, кезінде қап тасып, спирт, қант сатып табыс тапқандар болғандықтан, олардың мұрнына озық технологияның иісі де бармайды. Сондықтан әлгілер қолын­ дағы ақшасынан айрылып қалмағанын ғана қалайды. Үшін­ шіден, шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы бас ме­нед­ жерлері еліміздің халықаралық аренада өз отандастарына бә­секелес болмасын деп түрлі тосқауылдар жасап бағады. Өйткені, шикізаты өзінде жетіп-артылатын қазақстандықтар әлемдік рынокқа мұнай химиясының өнімдерін шығара қал­ са, бәсекеде дес бермесі анық. Былтыр 56 миллион тонна мұнай өндірдік. Химия өндірісін дамытпақ түгілі, ішкі сұра­ нысымызды да әлі қанағаттандыра алмай отырмыз. «ҚазМұнайГаз» президенті Ұ.Қарабалиннің айтуынша, 2006 жылы – 62 миллион тонна, 2008 жылы – 72 миллион, ал 2010 жылы 100 миллион тонна мұнай өндіреді екенбіз. Егер қазіргідей шикі мұнайды шетке лықылдатып сата беретін болсақ, өзіміз өңдей алмасақ, онда мың есе пайда беретін отандық химия өндірісін көрге тығарымыз айдан анық. Жа­ қында Павлодар мұнай өңдеу зауытының басшылығы үкі­ меттен ауылға жеңілдікпен бөлінген жанар-жағармайды қа­ таң тексеруді талап етті. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан тәрізді астықты об­ лыс­тарға арзан бағамен бөлінген дизель өнімдерін алаяқтар пайдаланып кетпес үшін Павлодар мұнай өңдеу зауыты ар-

найы қызыл түске бояп шығарған еді. Біздегі жемқорлыққа дауа бар ма, бүгінде сол қызыл түсті соляркалар жеке-меншік май құю бекеттерінде өкіртіп сатылып жатыр. Ал жиын-терін науқанына арналған 260 мың тонна арзандатылған жанаржағармайдың қайда кеткенін ешкім білмейді. Егер Сталиннің заманы болса, осы қылмыс үшін жауапты адамдарды лақша бақыртып атып тастар еді. Оны айтасыз, ана жылы бүтін мемлекетіміздің алмағайып күндерге деп дайындап қойған резерв қорын сол мекеменің бастығы С.Аязбаев деген біреу үптеп кеткен жоқ па? Бұл қылмыс та ақыр-аяғында сиырқұйымшақтана келіп, іс жабылып, Аязбаев жазасыз қалды. «Жауырды жаба тоқып» қайтеміз, қазір Қазақстанда сы­ байлас жемқорлық дегеніңіз түтеп тұр. Жақсылықты жалық­ пай күтуге жаралған халықпыз ғой, еңдеше осы тажалдың толастар сәтін тоса тұрайық... «Жас қазақ», 30.09.2005 ж. Бәсеке және халық немесе әлеуметтік мәселелер хақында Талай жұмыр басты пенденің арманы болған 2000-шы жылдың да табалдырығын аттағанымызға біраз болды. Осы 2000-шы жылдың алғашқы арайын көру үшін әл-ауқаты же­ тетіндер Жапонияға аттанғаны есімізде. Мұндай мыңжыл­ дықтың алмасуын Шыңғысхан да, Әмір Темір де, Абылай да көрген жоқ. Ендеше, осы бір адамзат баласының кемелденген ғасырына қандай күйде келіп кірдік? Шынында да мемлекетаралық экономикалық қатынастар­ да жас елдердің тиісті орнын алуы бір жылдың ісі емес. Ға­ сыр мұрасына байыпты көзқарас әлемде бірте-бірте ор­ны­ ғады. Дүниежүзілік трансұлттық компаниялардың іс-әре­ ке­тін, тәртібін, салық тө­лемдерін реттейтін шаралар да ойластырылып жатыр. Он үш жылда жіберілген қателер мен сәтсіздіктерді ой елегінен өткізіп, сүрінбестей нақты қа­дам­ дар жасау қажеттігін енді түсіне бастадық. Қазақта «Шеңгел де өз жерінде шіренеді» деген жақсы

нақыл бар. Ендеше, өз ұлтымыз туған топырағында шіреніп, сүйген асын ішіп, қалаған кәсібін игеруге қолы жетті ме, енді соған келейік. Халқымыздың кейбір балаң мінезін тап басып таныған Әлихан Бөкейханұлы: “Қазақ елі – аңғалдау жас бала сияқты. Қазаққа тиме, қайта оған өмір, тұрмыс, ғылым көрсет, үйрет. Оқу оқыңдар, пішен шап, өнер үйрен, темір соқ, етік тік, мыл­ тық ат, жақсылап ән салыңдар!” – деп кейінгі ел тізгінін ұстар азаматтарға, қалың жамиғатқа осылай деп өсиет айтып еді. Бөкейханұлының меңзеген бұл емеуріндері де бүгінде таптұйнақтай орындала қалған жоқ. Дәл қазіргі сәтте қаймана қазақтың басын меңдуана жегендей әңкі-тәңкі қылған бірнеше түйткілдер бар. Олар: шетелден ағылған еңбек мигранттарының заңдастырылуы, қо­ ғамымызды жайлаған сыбайлас жемқорлық және көктемгі – күзгі жиын-терін кезінде осымен он бес жылдан бері жанаржағармайдың қасақана құтыра қымбаттауы дер едік. Мысалы, ІІМ-нің миграциялық полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, елімізде тұрып жатқан шетелдік арзан жұ­ мыс күші 300-500 мың адам аралығында дейді. Олар үшін жерімізде заңсыз босып жүрген 200 мың адам түк емес сияқ­ ты. Ал, кейбір тәуелсіз сарапшылар жазғы науқандық мез­ гілдерде елімізге 1 миллионнан астам заңсыз мигранттар ке­ леді дейді. Ендеше, осы деректердің қайсысына сенеміз? Бұдан біраз бұрын өлім жазасына мараторий жарияладық, міне, жабайы миграцияны заңдастырдық, енді дүниежүзінің нағыз көкшулан қылмыскерлері осылай қарай ағылмасын де­ ңіз... Қалай дегенмен де, әлеуметтің ең басты қаупі – шетелдік болсын, отандық болсын кәсіпорындар арзан жұмыс күшіне құнығып, жергілікті мамандар қаңғып қала ма деген үрей. Үрейленбеңдер дейін десең, осы шараның алғы шарттары қазірден бастап жасалып жатыр. Алпауыттар арзан жұмыс күшіне үсті-үстіне тапсырыс беріп, алақандарын ысқылап отыр. Мысалы, Теміртаудағы «Миттал СтилТеміртау» акцио­ нерлік қоғамының қожайындары қыркүйектің он бесіне дейін жұмыскерлердің өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш беру акциясын жариялауда. Арнайы жоспарланған жүйе бойын­

ша, осы уақыт аралығында жұмыстан шығуға өз еркімен өтініш берген еңбеккерге алғыс ретінде 6000 АҚШ долла­ рына дейін сыйақы берілетін көрінеді. «Миттал Стил Темір­ тау» күні бүгінге дейін әр түрлі құйтырқылықтармен он мың адамды жұмыстан босатыпты. Енді қалған жиырма мың маманды арзан жұмыс күшімен алмастырса, қыруар адам қаң­ ғып қалмағанда қайтеді? Бара-бара трансұлттық, отан­дық компаниялардың бәрі осы тәсілге көшсе, әлеуметтік сала­ ға орасан ықпал етер түрі бар. Алпауыттардың құдайы енді беретін болды, мигранттарда кәсіподақ деген болмайды, еш­ кім жалақымды көтер деп жағын аша алмайды. Ең өкініштісі, шетелдік арзан жұмыс күшін заңдастырға­ нымызбен, ұлттық кадрларды қорғап қалатын бірде-бір өр­ кениетті еңбек нарығына сәйкес алғышарттар жасалмаған. Оны айтасыз, көлеңкелі мүлікті заңдастыруда да белгілі бір жүйе жоқ. Тек салық түссе болды деген ыңғайда жасалған науқандық шара тәрізді. Өз халқының көңіліне қарайтын басқа бір мемлекет болса «әлеуметтің терісін теспей сор­ ғандарың жетер, арам мүлікті заңдастырудың алды-арты осы» деп бір-ақ қайырар еді ғой. Ал, біздің үкімет олай деп айтпайды, бейне-бір екі-үш жылдан кейін осы итырғылжың қай­ та жалғасатын сияқты. Бір ғажабы, көлеңкелі мүлікті заңдас­ тыру басталғаннан бері жуан-жуандар алдарында қақпан жат­қандай, салық комитетіне жоламай қойды. Тек осы шара басталғаннан бері 1,2 миллион теңгенің мүлкі заңдастырыл­ ды. Үстіміздегі жылғы 9 тамызда Қаржы министрлігіне қа­ расты Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов былай дейді: «Көлеңкелі мүліктің үштен бірі заңдастырылғанның өзінде қазынаға 2,4 миллиард теңге қаржы түсер еді». Айтуға оңай болғанымен, осыншама қаржыны солқ еткізіп құя салатын алпауыттар да ақымақ емес. Заңдастыру ереже­ лері де оңып тұрған жоқ. Мүлік, нысан, кәсіпорындардың құ­нын қожайынның өзі анықтамақ. Кім-кімде болса өзінің заңсыз дүниесін мұрнынан тізіп, шын бағасын жария қыла­ ды дейсің. Түбінде мол қаржыдан дәметкен, заңдастыруды депутаттарға қылқындырып отырып қабылдатқан үкімет жер шұқып қалмасын деңіз...

Әлеумет тағы бір шошып отырған алапес – қоғамды жай­ лаған сыбайлас жемқорлық. Осы жеті басты жалмауызбен Қа­ зақстан Үкіметі тәуелсіздік алғаннан бері аяусыз күрес жүр­ гізіп келеді. Әлгі тажалмен күресетін тұтас комитет пен мем­ лекеттік комиссия да құрылды. Бірақ... Ақыры осыдан үш жыл бүрын «Известия – Казахстан» га­ зетіне берген сұхбатында бұрынғы Ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков: «Малайзия мемлекетінің тәжірибесіне сү­ йеніп, параны, жемқорлықты заңдастырмаса болмайтын шы­ ғар», – деп ағынан жарылған болатын. Ойлап қараған адамға сыбайлас жемқорлықтың мемлекет қазынасына тигізетін залалы ештеңе емес, осы бір улы әре­ кетпен ауызданған жаңа толқынды тәрбиелеп қана қоймай, бүкіл қоғамды ірітіп-шірітіп, мемлекет іргесін шайқалтатыны айтпаса да түсінікті. Ұлы Петрге оның замандасы Татищев былай деген екен: «Сен күшті мемлекет құрдың, бірақ ол ешқашан бай болмайды. Себебі, ең төменнен бастап, ең жоғарыға дейін барлығы ұрлайды және әлсізді үптеп кеткенді қалап тұрады». Міне, Ресейді күні бүгінге дейін қан қақсатып отырған осынау Татищев айтқан қылықтар мен құлықтар емес пе екен? Иә, бүгінде Қазақстандағы байлар мен кедейлердің арасы алшақтағаны былай тұрсын, ырсиып барады. Меншіктік бөліністер бір халықты тас-талқан қылуға айналды. Қазір елі­міздегі бай мен кедейлердің Отаны бір болғанымен, жү­ ретін көшелері бөлек, баратын дүкендері, мектептері басқа. Тіпті өмірлік мақсаттары мен тілектері де ала-құла. Бұларды біріктіретін тек мола дерсіз. Алайда, байлардың кедейлерден бөлек «VIP – зираттары» пайда болды. Сонда бұлардың жолы екі дүниеде де тоғыспайтыны анық болып тұр ғой! Осы бай­ лар көріпкел Ванганың: «Жаратқаннан көп сұрап, көп алмаң­ дар, ертең қайтаруы қиын болады» деген салмағы зілбатпан ескертпесін құлақтарына ілмейтіні қайран қалдырады... Қалай дегенмен де, сыбайлас жемқорлық жайлаған мемлекетке ешқашан шыр бітпейді. Көрші Қытай мемлекеті аз ғана жылда ұлттық алтын-алмас қоры 850 миллиард доллар­ ға жетіп, әлемнің жетекші елдерінің бәрін басып озып, бай­ лықтан қалай ықылық ата қалды. Оның бір себебі – сыбай-

лас жемқорлықтың тамырына түбегейлі балта шабуда жатыр. Қытайдың бас аудиторы Ли Цзиньхуа өз қызметкерлерімен тізе қосып, жанкешті күрес жүргізе отырып, 15 мың шенеунік­ тің қылмысын ашып, ішіп-жеп қойған қаржыларының соқыр тиынына дейін есептеп, мойындарына қойып, 36 миллион дол­ларды мемлекет қазынасына қайтарды. Бұл оқиға Қытай­ да ерекше сілкініс туғызды. Ал, осындай қыруар қаржыны біздің бір ғана шенеунік құлқынына құйып алып, шетел асып жоғалады. Солардың біреуінің қайтарылғанын естігеніңіз бар ма? Бір өкініштісі, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес­ ті аяғына дейін жеткізетін қапысыз дайындалған механизм жоқ. Бәрі қайнаған сүт көбігіндей тасқындап көтеріледі де, ақырын-ақырын сабасына түседі. Өткенде ғана пара алумен қолға түскен Салық комитетінің шенеунігінің үйін тінткенде табылған дүниеден халық «аһ» ұрған жоқ па? Ал, осы саланың генералдарында не барын кім білген? Үстіміздегі жылғы маусым айының басында ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің азаматтарды төлқұжатпен қамту бөлімінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық тобы әшкереленді. Тергеу-тексеру амалдары барысында бөлім бастығының үйінен 7 миллиардтан астам тең­ ге, 207 мың АҚШ доллары және 15 мың евро, бұған қоса «То­ йота-Прадо», «Ниссан Экстрел» маркалы екі джип, басқа да аса қымбат 52 түрлі алтын бұйымдар мен алуан түрлі есепқисап құжаттары тәркіленді. ҚР ҰҚК-нің қызметкерлерінің айтуынша, Әділет министрлігінің бірнеше шенеуніктері топ­ тасқан бұл қылмыстық топ төлқұжаттарды өте қысқа мерзім ішінде әзірлеп, азаматтардан көп мөлшерде пара алуды әдетке айналдырған. Қазір бұлардың 200-ден астам заңсыз құжат әзірлегені анықталып отыр. Осылардың ішінде қаншама шет­ елдіктің төлқұжат алғанын кім білсін? Тағы бір ойланарлық жайт, сыртқы қарыздың шамадан тыс артып кетуі. Өткен жылдың соңында еліміздің сыртқы жиын­ тық қарызы 41,5 миллиард долларды құраған. Осы орайда банктер Қазақстанның әлемдегі жоғары рейтингін пайдаланып, несиені өкіртіп ала берген. Және оларды келесі бір мемлекетке аударып отырған. Кейбір сарапшылардың пікірінше,

соңғы айларда АТФ банк шетелдік несие желілерінен 10 миллиард доллар, Казкоммерцбанк – 150 миллион, Тұран Әлем – 75 миллион доллар қарыз алған. Қазақстан Даму институтының директоры Мағбат Спа­ новтың айтуынша, қазіргі кезде 40 миллиардтан астам сыртқы қарызымыз болса, ІЖӨ осы 40 миллиард доллардан сәл ға­ на жоғары. Бұл мемлекетке төніп тұрған тікелей қауіптің дә­ лелі. Кенеттен қарыз берген елдер қаржысын қайтаруды талап ететіндей жағдай бола қалса, Қазақстанға 2-3 жыл сол мемлекеттердің бодауында тегін жұмыс істеуге тура келмей ме? Үшінші бір әлеуметті титықтатқан мәселе – жанар-жағар­ май бағасының жиын-терін уақытында көкке шапшып шыға келуі. Бұл тәуелсіздік алғаннан бері Үкіметтің бас сақинасы­ на айналып келеді. Бір ғажабы, жанар-жағармай қымбаттаса болды, бүкіл коммуналдық төлем, азық-түлік бағасы шырқай жөнеледі. Сонда бұл шешімі табылмайтын аса күрделі мәселе ме? Олжас Сүлейменов бір әңгімесінде («Мегаполис». 17.IV. 2004 жыл) былай дейді: «Мен Иранның базарына да бардым. Бір қап ұн қанша тұрады? 265 тұман. Бұл – 1 доллар. Ұн­ның – негізгі азықтың бағасына қалған азық-түлік бағасы орайластырылған. Май құю бекетіне де соқтым. Бір бак бен­ зин – 60 литр. Ол да 265 тұман. Бұл сияқты халықтық тауар­ ларға мемлекет субсидия береді. Және ең қаталдығы – бағаны өсіруге болмайды. Ал, орташа жұмысшы қанша жалақы алады? 100 доллар. Сондықтан оларда бірде-бір қайыршы жоқ. Арақ ішілмейді. Ислам, мәселен, банктің өсім алуына тыйым салады. Банктен қарыз алдың ба – сол алған ақшаңды ғана қайтарасың. Өсім жоқ, қашаннан солай...» Ендеше, бізге де осы Иран тәжірибесін неге енгізбеске? Халқымыз әлгі елден төрт есе аз және байлығымыз да одан, Құдайға шүкір, кенде емес қой. «Кедейшіліктен өлімнің иісі шығады» деген екен бір дана. Сингапурдың бұрынғы Премьер-министр Ли Куан-Ю: «Елдің көпшілік бөлігі орташа деңгейге теңелмейінше, мемлекетте демократия болуы мүмкін емес», – деген екен. Қашан да заңы мен дәрігері жұмыс істемейтін елде өмір

сүру оңайға соқпайды. Бізде адам өлтіріп немесе есірткі са- ­тып 18 жылға сотталғандардың 1-ақ жылда түрмеден шығып жү­ре беруі түк емес. Мысалы, «Алматыгорстройдың» бұрын­- ­ғы басшысы Мильграмды өлтіруге тапсырыс берген, артынан 15 жылға қатаң режимге сотталған Валентин Ли мерзі­- мінің жартысын да өтемей, Алматыда мемлекеттік номері А430 СЕМ джипімен ызғытып жүрген көрінеді. («Время», 3.08.2006 ж.). Мұндай заңды белден басқан «сойқандарды» көрген халық не ойлайды? Бұрын бізде миллиардтаған тең­ ге игерілмей немесе бөлінген жеріне жетпей жатқанына таң­ қалушы едік. Сөйтсек, Есеп комитетіндегілер анықтағанын­ дай, банк немесе компаниялар мемлекеттік бағдарламаға орай деп Үкіметтен қыруар қаржы бөлдіріп алады да, оны тап бір әкесінің ақшасындай депозиттік есеп-шотқа салып қоятын ауру шығыпты. Бұл қылмыс емей немене? Кездейсоқ табысты талғажау етіп жүрген жұмыссыздар, кедейшіліктің қамытын киген қарттар мен мүгедектер, құр­ ғақшылыққа қарсы қолданар шарасы жоқ ауылдықтар, ауру сәбиі үшін жанұшырған ана осы бір тамбайтын қысыр бұлттай депозиттегі ақшадан дәметіп жүрді-ау! Осындай бей-берекетсіздік туралы әйгілі заңгер Салық Зиманов («Айқын», 4.08.2006 ж.») былай дейді: «Бүгінгі Пар­ ламент бақылау құқығынан жұрдай десе де болады. Рес­пуб­ ликалық бюджетті Парламент бекітсе де, оның орындалу құқығын бақылау механизмдері Парламентке берілмеген. Бұл дәрменсіздік емей немене? Тіпті республикалық бюд­жеттің орындалуын бақылайтын Есеп комитеті де Парламент­ тен тыс, оған бағынышты емес. Жауап беруге келген ми­ нистрлердің, олардың орынбасарларының ақпараттарын тергеу мүмкіншілігі Парламентте жоқ». Тежеу көрмей, әбден көбеңсіп кеткен әлгі бей-берекет­ сіздіктердің түп-төркіні осындай. Бірақ бұған мән беріп жатқан Үкімет жоқ. Оның бар бі­ лері, мемлекеттік қызметкерлердің санын көбейтіп, айлық жа­лақысын өсіре беру. Бүгінде елімізде 102 мың үлкенді-кі­ шілі шенеунік бар. Олардың саны 2004 жылы – 4000, 2005 жылы – 7900 адамға артып отыр. Қалай дегенмен де, қазіргі сәтте әлемнің назары Қа­зақ­

станда. Неге дейсіз ғой? Өйткені дүниежүзіндегі ең қымбат көлікті біздің алпауыттар сатып алады. Жақында кім екені белгісіз, Алматыда ақшамен самаурын қайнатқан бір шонжар әлемдегі ең қымбат ROLLS-ROYCE PHANTOM көлігін иеленді. Күні бүгінге дейін бағасы да құпия күйінде қалып отыр. Ресей өз миллиардерлерінің бүкіл байлығын, шетелдер­ дегі мүлкін, отбасы, құда-жекжаттарына дейін жариялады. Ал, біздегінің, әйтеуір, бәрі құпия... Маусым айының аяғында әйгілі бір алпауыттың туған кү­ ніне орай Алматыға американдық жезтаңдай әнші Акон кел­ ді. Тіпті Мәскеу қалталылары келтіре алмаған әншіні үш апта үгіттеп, әрең көндірген біздің шонжарлар да мықты-ау! Әб­ ден кергіп, айтқанын істеткен әнші гонорарға көміліп қалған­ ға ұқсайды. Бір жағы үңірейіп жатса да, атақ шығаруға келгенде құй­ рық тігіп, қара үзіп кететін жәреуке шүлендігіміз қашан қалар екен осы? Ертеңін ойлайтын ақылды, үнемшіл елдер мұндай дарақы­ лыққа өлсе де аяғын аттап баспайды. Бір контейнер жапондық компьютерлерге 400 вагон Екібастұз көмірін беріп отырған бізге не шара? Осыдан кейін бәсекеге төтеп беріп көр... «Қазақ әдебиеті», 18.08.2006 ж. Қазаны бөлектің қайғысы бөлек... Шығыста «Жеңімпаздарға сот жоқ» деген тамаша нақыл айтылады. XXI ғасыр басталысымен жаһан халқы өзінің кет­кен есесін түгендеп, алдырғандарын бүтіндеуге көшті. Ресей­дің өзі II Николай патша кезінде 900 жәшікке тиеліп, Бри­та­ния асқан 45 тонна алтынын даулай бастады. Ал Жапония Ресей­ден Куриль аралдарын сұрауды үдете түсті. Үндістанның сая­сатшылары бодан болған жылдары өз ел­ де­рінен қарақшылықпен әкетілген әлемге әйгілі «Кох-инор» гауһарын Лондоннан үздіксіз талап етуде. Ресей қару­ лы күштерінің сапында әскери қызметтерін атқаратын татар

сарбаздары: «Біздің намысымызды таптайтын, ата-ба­ба­лары­ мыздың рухын жерлейтін Куликов шайқасындағы орыс­тар­ дың ерлігін дәріптеу доғарылсын. Әйтпесе біз бұл елдің әс­ кер қатарында қызмет етуден бас тартамыз» деп қатаң талап қойды. Оның үстіне татар әйелдері де: «Біз мұсылман еліміз, ендеше төлқүжат суретіне басымызға орамал тартып түсеміз» деп жатыр. Біз мұның бәрін неге тізбелеп отырмыз? Өйткені сан жылдар бойы жиналған мың-сан мәселе кешегі КСРОның заңды ізбасары Ресейдің мойнына түсіп отыр. Мұны қас пен көздің арасында шеше салу да мүмкін емес. Қазіргі ТМД аймағындағы мемлекеттер басшыларының санасында «Дүниеде мәңгілік достық жоқ, тек саяси мүдде ғана бар» деген батыс саясатшыларының қасаң қағидасы шегеленіп қалған.Тәуелсіздік алған осы 13 жылдың ішінде ешбір мемлекет өзінің шын досын әлі ажыратып алған жоқ. Тең дәрежелі достық қана көп шырғалаңның түйінін шеше алады. Ашығын айтқанда, жыл өткен сайын өзіміздің сенімді жағалауымызды таңдау мәселесі өткірленіп келеді. Мұхиттың арғы жағынан Америка мекіренеді. Көп ғасыр бодан болып қалған шошымалы жүрек оған да көп сеніңкіремейді. Оңтүстік Шығыстан құйрығымен жер сабалап, үрейімізді ұшырып Қытай айда­ һары тұр. Осы екеуін салыстыра келгенде, үш ғасырдан бері ішек-қарнымыз араласып кеткен Ресей әлдеқайда жақын емес пе? Атам қазақ «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» демей ме? Міне, 2004 жылғы «Қазақстандағы Ресей жылы» кезінде «ас ішіп, аяқ босатудан» гөрі бірігіп шешетін атанжілік сауалдар иін тіресіп түр. Және бір айта кететін нәрсе – бұл жер­де дәйек пен білікке келгенде тыпыр еткізбейтін шешен, ақмылтық дипломатияның мерейі үстем болмақ. Соңғы кездері әсіресе Ресейде ұлтшыл шовинистік ұйым­ дардың құрылуы, Баркашовтардың өз идеясын еркін наси­ хат­тауына жол беруі ішіңді жиғызбай қоймайды. Егер нан­ басаңыз, белгілі суретші Олег Куликтің мына сөзіне назар салыңыз: «...это означает, что в стране набирает силу фашизоидный вектор» десе, кинорежиссер Карен Шахназаров: «Если то, что я наблюдаю последние дни, называется демократией, то это ужасно» деп түңіледі. Осы екеуінің сөзінен-ақ біраз нәрсені аңғаруға болмай ма?

2003 жыл «Қазақстанның Ресейдегі жылы» ретінде атап өтілді. Осыған орай, Санкт-Петербургте қазақ өнері мен мә­ дениетінің күндері өтті. Ресей мен Қазақстан арасында басқа да саяси және экономикалық келісімдерге қол қойыл­ды. Елі­­ міз өзінің азусыз, кемиек дипломатиясының «арқасын­да» та­ ғы да бірталай нәрседен құр қалды. Мысалы, Ресейде миллионнан астам қазақ тұрады. Солардың көпшілігі – бі­лім­ді адамдар. Іштерінде атом, энергетика, кибернетика, ға­рыш са­ ласының да үздік мамандары бар. Ең өкініштісі сол, Ресей­ дегі Қазақстан жылында соларға ешқандай көңіл бө­лінген жоқ. Неге солардың бірде-біреуі Мемлекеттік Дума­ға депутат болып сайланбайды? Тіпті Ресейдің шекаралас аудандарының басшылық органдарында да қазақтар мүлде жоқ. Мысалы, Астрахань, Орынбор, Омбы облыстарында қандастарымыз көп шоғырланса да, билік маңына бірде-біреуі жолатылмауына қалайша таң қалмайсың? 1922 жылы Ленин Арал балықшыларына зар жылап отырып мынадай жеделхат жолдады: «Ресейді бұрын-соңды болып көрмеген алапат аштық жайлады. Сіздер аулаған ба­ лықтарыңыздың бір бөлігін аштықтан ісіп-кепкендерге, 8 мил­лион күйзелген еңбекшілерге, бәрінен де бұрын қырылып кетуі мүмкін 7 миллион балаға беріңіздер...» Басқасын айтпағанның өзінде, қазақ халқының осы бір қамқорлығын зерделі халық өлсе де ұмытпас еді. Британияның кәрі көкжалы Уинстон Черчилль бірде: «Са­ ясаттың да серті болады. Оның біріншісі – кешікпеу. Ұлттық мүдде ұтатын жерде ешуақытта кешікпеу керек. Шешімді де тез қабылдаған жөн... Екіншісі – асықпау. Ұлттық мүддеге нұқсан келетін, я болмаса аяқ асты етілетін жағдайда шешім қабылдауға ешуақыт­ та асықпау керек. Сағыздай созып, сөзбұйдаға салып, оны келесі буынның үлесіне қалдырып кету керек» деген еді. Міне, осының сөзі сөз-ақ! Жер сұраса, солқ еткізіп бере салу, мұнай сұраса, қотара салу сияқты түбінде опат қылатын шаруалар бізде шаш-етектен. «Айқын», 16.8.2004 ж.

Жеріңе табын, Адамдар! Біз күні кешеге дейін «Адамға табын, Жер енді!» деп осы ең аяулы құндылығымызға айбат шегіп, шіреніп келгенбіз. Әлгі ағаттығын түсінген ардақты ақынымыз кейіннен «Жері­ ңе табын, адамдар!» деп киелі топырақтың алдында кешірім сұрады. Соған қарағанда дүниеде қатып қалған заң, пікір не­ месе қарар жоқ сияқты. Бәрі уақыты келгенде кезегімен өз­ геріп отырмақ. Сонымен ұзақ ыртасқа түскен «Жер тура­лы» кодекс жобасына соңғы нүкте қойылған тәрізді. Елбасы би­ лік тармақтарының арасындағы кәсіби дауға ерік беріп, сая­си дағдарыс тудыра жаздаған құжатты ұзақ зерттеу сүзгілері­нен тиянақты түрде өткізе білді. Президент бұл мәселеге байланысты ешқандай референдум болмайтынын ашық айтты. Сондай-ақ, ол жер дауын саяси ойынға айналдыруға жол бермейтінін де жасырған жоқ. Енді осы жаңа кодекс бойынша, қазір ауылшаруашылық мақ­ сатында пайдаланылатын 90 миллион гектар жер жекеге өт­ пек. «Күмәнді іске кіріспес бұрын зардабын ойла» дейді ха­ лық даналығы. Жер сатылатын жағдайда туындайтын түр­ лі құйтырқылықтарды жете саралаған Елбасы былай деді: «Жер тегін таратылмайды, себебі, біз оны болашақ ұрпақтан қарызға алып отырмыз. Ал, «латифундистердің» немесе қа­ лада тұратын көп мөлшерде жері бар ірі помещиктердің пайда болуына жағдай жасамас үшін сатылатын жер көлемі шектеледі. Жерге жекеменшік құқығы азаматтығы өзгерген жағдайда күшін жояды. Ол азамат жерді мемлекетке өзі сатып алған бағада қайтаруы керек. Мемлекет жердің пайдаланылуы мен өнім беруіне қатаң қадағалау орнатады». Жер сатылатыны туралы хабар құлағына тиісімен көп­ші­ ліктің алабұртуы заңды құбылыс. Өйткені, «Жер туралы» кодекс күнделікті қабылданып жатқан көп қарардың бірі емес, халықтың ең талмау тұсы ғой. Осы бір аса кірпияз, жеті рет өлшеп бір рет кесетін мәселеде елеусіз қателіктің өзі ертең үлкен өкінішке ұрындыратынын кәрі тарих талай дәлелдеді. Ендеше, бұл тұрғыда әлеуметтің алаңдауын орынсыз деуге болмайды. Алдағы ғасырда жас мемлекетімізді әрқилы шыр­

ғалаңға салатын да осы жер мәселесі екенін жүрегі құрғыр сезеді... Жаулап алмай-ақ, қоқан-лоққысыз момақан күйде ағылып жатқан шетелдіктер күндердің күнінде өзеннің бір шетінен құйылған мұнайдай қазақ жерінің бетіне кілкіп шыға келсе қайтеміз? 1994 жылғы Парламентте жерді жекеменшікке беруге қар­сы айтылған пікірлерге орай бір мықтының: «Жерімізді ешкім де қапшықпен алып кетпейді ғой!» дегеніндей, шынында да қазақтың ең құйқалы 110 миллион гектар жерін келімсектер ешқайда арқалап әкеткен жоқ, оның есесіне сол жердің нағыз иелерін шөл мен шөлейт өңірлерге ығыстырып жіберді де, орнына өздері қоныстанып алды және күні бүгінге дейін қоныстанып отыр! Қазір Үкімет «болашағы жоқ ауыл» тұрғындарын өндірісті орталықтарға шоғырландыруды бастап кетті. Ендігі жерде осындай болашағы жоқ 760 ауыл тағдыры не болмақ? Әлгі құйқалы жерлерді сатып алуға құлшынып отыр­ған қалталыларға кешегі кеңес дәуірі кезіндегі дүкен­ дегідей үнді шайына былжырақ тәттілерді, өтпейтін ащы шабақтарды қосып сататыны секілді, шөлейт аймақтан да бі­ рталай жерлерді қосып сатса қалай болар еді? Ең болмаса, сол құлазып қалар 760 ауылдың өзегіне нәр тамар еді ғой! Жалпы, жерді меншікке беру мәселесіне келгенде, «қала­ лық», «ауылдық», «жерде жұмыс істемейтін», «істей­тін» деп адамдарды жікке бөліп, олардың жерді пайдалану, сатып алу құқынан айыруға болмайды. Және жерді сатып алған адам сол маңайдағы өндіріс орындарын қоса сатып алады. Ал, он­ дағы жұмысшылардың тағдыры не болмақ? Бұл жерде мемлекет адамдардың еңбекпен қамтылатынына және олар­дың зейнетке шыққанға дейін ешқашан жұмыстан шығарыл­май­ тынына кепілдік беруі керек. Ягни, әлгі қалталы қожайынды барлық адамдарды түгелдей жұмыспен қамтуға, оған шамасы жетпесе, жұмыссыздарға өтемақы төлеп тұруға міндеттеу керек. Әйтпесе, жұмыссыздар санын шектеу мүмкін болмай қалады. Тағы бір түйткіл мынау: егер жерден түсер түсім оған жұмсалатын шығынды өтемесе, жер жекеменшік болған күн­-

нің өзінде де, шаруа барын үйіп-төгіп, жерге жұмсай салмай, тек жердің табиғи ресурстарының есебінен өнім алуға мүм­- кін­дік беретін әрекеттерге ғана шығынданып, жердің барын сорып, қанауға мәжбүр болады. Мұндай халге шаруа өзі қан­ ша­ма нәтижелі істесе де, мемлекеттің жан-жақты ойласты­ рылма­ған саясатының салдарынан тап болуы ықтимал. Иә, халық көкейінде күдік көп. Мысалы, А.Алекторов өз еңбегінде былай деп жазады: «Қазақтың жершілдік, жіктеуле­ рі – ең бір үлкен апаты. Шекаралары айқыш-ұйқыш отыратын Жағалбайлы мен Арғын-Қыпшақ арасында тыныштық болмаған соң Орынбордың генерал-губернаторы Перовский Орск бекінісінен Березовскийге дейін әскери поселкелер орнатқан. Бұған қазақтың 40000 шаршы шақырым тоғайлы, сулы, қара топырақты жері кеткен. Сонда Жағалбайлы да, Арғындар да, Қыпшақтар да «маған да, саған да жоқ» деп той жасапты». Егер жер сатыла қалса, Алтайдан шығып, Астраханға де­ йін бір түйір ащы құртсыз-ақ жүре беретін қаймана қазақтың арасына жік түсіп жүрмей ме? Тағы бір айта кететін басты мәселе – мұндай жер саясаты басқа ұлттар шоғырлана қоныстанған аудандар мен облыс­ тарда сеператизмнің бас көтеруіне түрткі болуы да ғажап емес. Осының бәрін сарапқа сала отырып, қашан елімізде қа­ зақ халқы заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де өз жеріне то­ лыққанды ұлт ретінде еш күмәнсіз және алаңсыз ие болға­н­ ынша, одан соң – жер қатынастарының еліміздегі бүкіл эко­­ номикалық-әлеуметтік, тарихи-ұлттық, саяси-аймақтық ере­к- ­шеліктері мұқият ескеріліп, ешқандай дау-дамай, ай­тыс-та­ ртыс, қақтығыс-кикілжіңдерге жол бермейтін механи­зм құ­ рыл­ғанша жер сату мәселесін байыппен, тәжірибе жи­нақ­тай отырып, саты-сатылап жүргізсе оңды болар еді. Тіпті, ұзақ жылдарға жалға берілген жерлердің өзі бүгінгі Семей, Арал, Балқаш, Азғыр, Нарынның кебін киіп, радиациямен, химикаттармен уланып, бүкіл қадір-қасиетінен, қазынабайлығынан айрылып, түкке жарамсыз өлі жер қалпында қайтарылмасына да қырағылықпен қараған жөн. Оның үстіне шетелдерде тарыдай шашылып жүрген 4 ми­ ллион қандасымыздың да тағдырын ойламасақ тағы болмай-

ды. Және демографиялық ахуалымызды дұрыстап алмай, осы батыл шешімге кірісіп кеткеніміз ағаттық емес пе деген ұры сауал санаңды дамылсыз шиырлайды. Иә, XXI ғасыр қолға, аяққа емес, миға салмақ түсетін ға­ сыр болмақ. Мемлекетімізге тиесілі Ұлы байлықтар: Жер, жер асты қазбаларын, өзен-су­ларды көздің қарашығындай сақ­тауды баламыздың баласына үйретіп кетсек оңды болар еді. Өйткені, оларсыз мынау аласапыран өмір базарында біз­ дің құнымыз көк тиын ғой! «Ана тілі», 17.07.2002 ж. Байғұстың асы ауыз тиюмен таусылар... Дүние жүзінде екі байлық бар: біріншісі – пайдалы қаз­ба­ лар, екіншісі – ақылдың байлығы. Ендеше, бізге де ақылдың байлығын сататын заман туды. Жер байлығы бір күні таусылады. Мысалы, Сауд Аравиясының мұнайы 200 жылдан ке­ йін, Біріккен Араб Әмірлігінің мұнайы 20 жыл өткесін, Қазақ­ стан мұнайы 22 жылдан кейін түгесіледі деп есептелінуде. Біз бұл деректерді көктен алып отырған жоқпыз, әйгілі «Ekonomist» журналының өткен жылғы шілде айындағы санында білікті мамандар осындай жорамал айтады. Оны айтасыз, таяуда ғана Ресейдің мұнай министрі осы елде «қара алтынның» тек 18 жылға жететін қоры қалғанын өзе­гі өртене тұрып жеткізеді. Сыртқы сауда жүйесін қапысыз зерттеп, бір арнаға түсірген Араб елдері қазір жөн-жосық­ сыз шетелге шикі мұнай сатуды шектеп келеді. Мысалы, кейбіреулер Кувейт тек мұнай сатумен айналысады деп ойлауы мүмкін. Ал негізінде олардың ұлттық байлығының тек 20 пайызы мұнайдан, қалған 80 пайызы банктерден, инвестициядан т.б. түседі. Ел басқарып отырған қазіргі сұлтан өз халқына: «Мұнай мен газ, жалпы жер асты байлықтары, бұл Алладан бұйырған қазына, бұған біздің ешқандай қатысымыз жоқ, ал қатысымыз болуы үшін оған озық технология енгізіп, барынша үнемдеп, халықтың талшығына айналдыра алсақ ол біздің игілігіміз бола алады,” – деген. Бұл – бүгінгі Қазақ­- стан­ға да сабақ боларлық тәжірибе. Еліміздің мұнайы қазіргі

таңда шетелдік алпауыттарды көптеп тартуда. Тіпті кейбір империялар бізді қанатының астына алатындай емеурін танытады. Бірақ әркім өз текеметін тұйықтап жатқан бүгінгідей аяр, зымыстан кезеңде «үлкен достар» бізге шын жүректен құсы түсіп, қарайласа қойса жақсы... Қалай дегенмен де, айранша ұйып тұрып, сабынша бұзыла кететін саясаттың ұйтқыған алақаншық бораны қаймана ха­ лықты әлі талай әбігерге салар-ау! Иә, еліміздің саяси қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Қа­ зақстанның Ұлттық банкі 2006 жылдан бастап 200, 500,1000, 2000, 5000, 10000 теңгеліктерден Әл-Фараби бабамыздың бей­несін алып тастамақшы. Мұның астарында не сыр бар? Тә­уел­сіздігіміздің сарыала таңында халқымыздың көз қуа­ ны­шына айналған Абай, Сүйінбай, Шоқан, Құрманғазы бей­ неленген ақшаларымыз инфляция құрбанына айналып, құр­ дымға кетті. Жақын арада Людмила Путина Астанаға ат басын тіреп, еліміздегі орыс қауымдастығымен армансыз сырласты. Орыс патшасының әйелі қазанның салқын желіне ұрынып мұнда не істеп жүр? Іле-шала В.Жириновский (АиФ, №41, 2005 ж.) өзінше бал ашып: «Қазақстан Белоруссиядан 13 есе үлкен, қазба бай­лық­ тары ұшан-теңіз, экономикасы жылына 10 пайызға өсіп отыр. Н.Назарбаевтың Ресеймен «некелесуі» түрлі-түсті төң­ ке­рістен сескенгендігі. Соған қарағанда, Путин 2008 жылы Одақ мемлекетінің президенті болатын сияқты. Қазақстанда орыстар көп, есесіне біраз қазақтар Ресейде тұрады. Егер құдай қолдаса, бұл Одақ бұрынғы КСРО территориясының 80 пайызын қалпына келтірер еді», – деп көкиді. Кімнің аузына қақпақ болғандаймыз, алайда жонарқаңды кірпі аунағандай қылатын осындай сойқан пікірлер үдеп барады. Мұның арты неге апарып соғарын да ешкім білмейді. Людмила Путинаның артынан іле-шала елімізге жемтік іздеп, дүниені шарлаған ұябасардай, Кондализа Райс келді. Бұл тегін жүр деп кім айтты? Кондализа Райспен ере келген CNN тілшісі (14.Х.2005 ж., Н.П.) Елбасына қаратып: «Президент мырза, сіздің бір қы­зы­

ңыз БАҚтарды қадағалайды, екіншісі – банк басқарады, Саяси оппозиция қуғындалу үстінде. Сонда сіздің диктатордан айырмашылығыңыз қайсы?» – деп бет-ажарына қарамай, ауыр сауал тастады. Оған Н.Назарбаев: «Байқап тұрмын, біздің оппозиция сіз­ ге біраз нәрсені бұрмалап жеткізген сияқты. Менің қызым құрған «Хабар» телеагенттігі бұл мемлекеттік компания, ол оның меншігі емес, ол тек қана менеджерлік қызмет атқара­ ды. Екінші қызым бизнеспен айналыспайды. Ол Қазақстан­ да­ғы оқу-ағарту қорында еңбек етеді. Саясаткерлерді қу­ ғын­дады дегенге келсек, біздің оппозиция жемқорлығы үшін жа­залағандарды қорғап отыр. Біз ТМД елдерінің ішіндегі «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңын қабылдаған жал­ғыз мемлекетпіз, осы заңның аясында екі министр, бір губер­наторды қылмыстық жауапқа тарттық», – деп жалпылай жауап берді. Тіпті, оппозиция айтпағанның өзінде, әлемдік баспасөзде Қазақстанның саяси келбеті туралы шығып жатқан мақа­ лалар аз дейсің бе? Экономикалық өсімімізді қанша мақтаға­ нымызбен оның да жайы белгілі. Бір кезде Бүкілдүниежүзілік банктің президенті Вульфен­ сон былай деп еді: «Байлар мен кедейлер арасындағы қабыр­ ғаға сызат түссе, онда бұл қауіпті әрекет бай елдердің өзін тығырыққа тіреп, апат жағдайына алып келуі әбден мүмкін. Біз ең алдымен кедейшілік мәселесін түбегейлі шешіп алмай тұрып, дүние жүзінде тұрақтылық орнады деп көрсетуіміз әділеттік болмас...» Иә, бүгінде Қазақстандағы байлар мен кедейлердің арасы алшақтағаны былай тұрсын, ырсиып барады. Меншіктік бөліністер бір халықты тас-талқан қылуға айналды. Қалай дегенмен де, соңғы уақытта елімізде аса бір дүрбелең ту­ ғызған жағдай – жанар-жағармай мәселесі. Теледидар, газет біткен Школьник байғұстың артына күшәлә қыстыра қуа­ лап, ал бұқараның оны атарға оғы жоқ. Бұл арада бір нәр­ сені терең түсіну керек. Школьниктің қолында тұрған не бар, ол бір жүрген қуыршақ... Шетелдік атты жамылған «Петро – Қазақстанның» шын иесі өз ішімізде жүрмесін... Олай деуге біздің толық құқымыз бар. Өйткені Үкіметтің жа­сас­-

қан халықаралық келісімдерінің бәрі халықтан жасы­рын ұсталады. Халықты айтасыз, бұл тіпті Парламентке де бей­ мәлім. Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов бірде: «Бі­реу­ міз ұйықтап отырамыз, біреуміз газет оқып отырамыз, өзара өсек соғып отырғандар қаншама мәжіліс кезінде... Әй, біз Парламент болып шекесін қыздырмайтын шығармыз!», – деп шындықты айтып еді. Міне, біздің Парламенттің сиқы! Қазір кімде ақша болса, сол депутат болатын болды. «Өзіңіз қараңызшы, Парламентте қазір депутат – бизнесмен, депутат – базарком, тіпті депутат – рэкетир де жүр ғой. Бұл орын оларға не үшін керек? Әрине, өзінің бизнесіне «крыша» болуы үшін керек. Ал өркениетті елдерде шын бизнесмен Парламентке тегін шақырса да жоламайды», – дейді академик Оразалы Сәбден ағамыз. Иә, ғалымның сөзінің жаны бар. Жә, бір сөздің, бір сөз қуғыншысы ғой, енді қайтадан жанармай мәселесіне оралайық. Түбінде әлеуметтің нағыз талмау тұсы, жарылар шиқаны – осы жанар-жағармай болып жүрмесін?! Бұл тапшылық әсіресе, Оңтүстік аймақтарда өршіп кетті. «Жанар-жағармай» бекеттері ассоциациясының жетекшісі Қа­йыпбек Қамбаровтың айтуынша, бұл тапшылық қолдан жасалып, мұнай өндеу зауыттары ішкі сұраныста шаруасы болмай, бензинді экспортқа төкпектетуінен болып отырған көрінеді. Мысалы, қырқүйек айында «Петро-Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысына тек қана 6 мың тонна, қазан айында тіпті сорлатып 900 тонна бөлген. Ал занды құлағына қыстырмайтын монополистер осы уақыт ішінде 32000 тонна таза бензинді Грузияға, Тәжікстанға, Қытайға сатып жібер­ ген. Қазіргі біздегі бензиннің бір литрі АҚШ-тағы бағамен теңеліп қалды. Оқырманға мына бір кесте де қызық болар. Сонда бензиніміздің бағасы тұрғындарының айлығы біз­де­ гіден 20 еседей артық АҚШ-пен бір болғанда, әлеуметке қа­ лай шыр бітпек? Жанар-жағармай бағасы Францияда да қым­ баттай бастап еді, осы елдің қаржы министрі мұнай компа­ нияларына аса қатал шара қолданатынын ескертті және

қосымша табыс салығын көбейтетінін мәлімдеді. Сол, солақ екен, жанармай бекеттеріндегі баға 3,5-4 пайызға дейін төмендеді. Қалай дегенмен де, біз әлі күнге мұнай өндіруші шетелдік компанияларды тыпыр еткізбейтін бір тетік таба алмай отырмыз. Үстіміздегі жылдың басында жанармай тапшылығы Түрк­ менстанда да байқалып еді, бірақ Президент Сапармұрат Ниязов осы салаға жауапты мемлекеттік министр Ілияс Чарыевті түрмеге отырғызам деп қорқытып, дағдарысты тез арада жол­ ға қойды. Біздің министрлердің қатаң талап, жанкешті жұ­ мыс, жаза дегенді ұмытып, әбден көбеңсіп кеткені жанға батады. Қазір республикамызда төленетін жалпы жалақының 25 пайызынан астамы шенеуніктерге тиесілі екен. Басқасын айт­ пай-ақ қояйық, тек министрдің өзінің жалақысы 3000 дол­ лар­дың шамасында. Және бұл айлыққа қарап жалақтап отыр­ ған адам емес қой. Енді мына бір дерекке назар салыңыз. Жақында Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының прокуроры Азамат Нұрболатов аудандық пошта байланысы басқармасының почтальондарының айлығы 1800 теңге еке­ нін біліп, тексеру жүргізді. Ал еліміздегі ең төменгі жала­ қы – 9200 теңге екені белгілі. Статистикалық деректерге рес­ публикамыздың әр тұрғынының орташа жалақысы 28000 тең­ ге деп көрсетілген. Сонда біз кімді алдап келгенбіз? Халық­ ты тағдыр тәлкегіне тастап, әбден ыңыршағын айналдырып, бірақ баяғы жоғары жаққа ақпар берген сияқты халықаралық мекемелерге деректерді бұрмалап көрсеткеннен не ұтамыз? Біз осылай бір қолымызды екі ете алмай, жанұшырып жүр­ генде, біреулер ақ адал несібемізді тал түсте ұрлап, әбден шаялап, байып жатыр. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі жарияланатын америкалық «Forbes» журналына қазақстандық 3 миллиардердің кіргеніне қанымыз қайнап жүрсе, енді төр­ тіншісі де ілігіпті. Оны ағылшынның «Times» газетінің тіл­ шісі өз мақаласында қазақ деп жазып жіберіпті. Япырмай, қазақ миллиардері кім болды екен деп таңдай қағып жүрсек, бұл – Қазақмыстың 40 пайыз акциясын ие­- ле­ніп отырған Владимир Ким болып шықты. Оның байлығы 1 миллиард 85 миллион долларға жетіпті. Міне, керемет де-

ген осы! Ал кейбір ауылдың тұрғындары мал қиына нан пісіріп отыр. Бүкіл Қазақстан Ресейдің «Шадринский» сүтін пайдаланады. Иә, «Кедейдің күні кіжінумен өтеді» дегендей, экономикалық өсім жылына 9 пайыз деп өз-өзімізді күм­ пілдеткенімізбен, аса шығандап кеткеніміз шамалы. Жемқор­ лық жүрген жерде не оңсын? Әрине, қоғамның бүкіл буынын меңдеп кеткен қасіретті бірден жою оңай емес. Қазақстанда да күндердің күнінде ыңыранған дәулетке ие болған, бір өзі бір-бір перғауындай бүгінгі билікке қаны қайнаған Ю.Андропов сияқты бір жа­ лаңтөс шықпай қоймайды. Бұған таңданатын не бар?! Бұл көбеңсіп кеткендерді тәубасына түсіретін хақ таға­ ланың ақ бұйрығы сияқты нәрсе емес пе? «Ақ жол Қазақтсан», 21.10.2005 ж. Бес уақыт намаздың қазасынан, арыңның тазасы жақсы... Иә, бұйдасы үзіліп, өз билігі өзіне тиген сары атандай еш­ теңемен шаруасы жоқ, күн мен түнді кезек алмастырып, мез­ гіл шіркін cap желіспен белгісіз қиырға тартып барады... Үрей мен үміт билеген алаң көңіл, күпті жүрек осындай аласапыран шақта қалай тынши қойсын?! Тек Алла Тағала пендесіне сабыр, ынсап, иман берсін деңіз! Иә, президент сайлауы да дүркіреп өтер. Алайда өлім – өкінішсіз, той – өкпесіз, сайлау дау-дамайсыз бола ма? Сол алашапқын да аяқталар. Осы науқанға бола қыруар қаржы да жұмсалар. Патша тағына талпынған талай сабаздар тоңқалаң асар. Ақыры солар, құр кіжінгеннен пайда жоғын біліп, «Шошқа болсын, шорт болсын, балаларға сүт болсын» дегендей, «мызғымайтын құз жартасқа» қолдарын бір сілтер. Иә, келешек сценарий дәл осылай өрбитін сияқты. Алайда бұған алдын ала құмалақ ашып қайтеміз, одан да еліміздегі дәл бүгінгі саяси жағдайды қаузай берейік. Елбасы сайлау алдындағы өз қорғанысын бұрынғыдан да шемендеп алды. Ішкі істер министрі З.Тұрысбековтің орнына

Президенттің қиынға салар сенімді сардарларының бірі аса әккі Б.Мүхамеджанов келді. Елбасының сүйікті жақындары Қ.Сатыбалды мен Т.Құлыбаев та қызметтерін ауыстырды. Президент үшін бұл ауыс-түйістер қажет болған шығар. Алайда кейде бір министр ауыл шаруашылығын басқарса, іле-шала ол қаржы немесе денсаулық сақтау министр болып шыға келеді. Бұл енді кешірілмейтін шаруа. Бәленбай жылдан бері осы топтан ауыстырулар кезінде бірде-бір министрдің: «Президент мырза, бұл менің оңтайыма келмейтін сала ғой», деп бас тартқанын естігеніміз жоқ. Жыл сайын басы артық министрліктер, агенттіктер ық­ шам­далудың орнына бұрынғыдан да далиып барады. Ана жы­ л­дары қағаз кемірген “арамтамақ” шенеуніктер шектен тыс көбейіп кетті деп бес облысты жауып еді, шенеунік атаулы қай­та мыңғыра бастады. Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назар­- баев дамып кеткен мемлекеттік кеңселердегі қызметкерлер санын ықшамдауды Үкімет басшысына тапсырды. Қысқар­ туды айтасыз, министрлер қасақана Даниал Ахметовтен штат санын көбейтуді сұрап өре түрегелді. Сонда Президент пәрмені қайда қалғаны? Талағы тарс айрылып кетсе де, шындықты айтар болсақ, біздің басты трагедиямыз – жем­ қорлық пен шенеуніктеріміздің ересен көптігі. Мысалы, 260 миллион халқы, 50 штаты бар Америкада мемлекет басқару қызметін небәрі 14 министрлік атқарады. Ал 125 миллион тұрғыны бар, әлемді аузына қаратып отырған Жапонияда тек қана 8 министрлік бар. Ұлыбританияда 23 министрлік же­- місті еңбек етуде. Өткен жылы Өзбекстан президенті Ислам Каримов өз жарлығымен мемлекеттік аппараттағы 40000 ше­- неунікті қысқартты. Осы қыруар атқамінердің ішінде 80 ми­ нистрдің, 67 әр деңгейдегі хакимнің орынбасарлары бар. Осының арқасында Өзбекстан Үкіметі біраз жеңілдеп қалды, оның үстіне жауапкершілік арттырылды, ең бастысы олар 40,5 миллион долларды үнемдеді. Бар болғаны 15 миллион халқы бар Қазақстанда 50-ден аса министрліктер мен түрлі комитеттер, агенттіктер тіркелген. Олардың әрқайсысында ондаған басқарма мен бөлімдер жұмыс істейді. Бұлардың бәрі тегін отырған жоқ, алапат қаржыны солқылдатып сорып жатыр. Ал әлеуметтің мұң-мұқтажына келгенде Үкімет қос

қалтасын қағып, қайыршы бола қалады. Мысалы, өткен жы­ лы халық бар үмітін артып отырған әлеуметтік қамсызданды­ ру және еңбекпен қамту министрі Г.Қарақұсова тілшілерге берген сұхбатында: «Алдымыздағы жылы Отан соғысы ар­ дагерлерінің 170-і қайтыс болады деп есептеп отырмыз. Осы­ ған байланысты біраз қаржы үнемделетін түрі бар», – деп қарап тұр. Ақша іздестірудің басқа көздері құрып қалғандай, енді бір кездері елдің бүкіл ауыртпалығын көтерген есіл қа­ рияларға өлім тілегені қай сасқаны? Өз халқының өлімінен қаржы дәметкен мұндай Үкімет екі дүниеде де көктемес. Көкөзек шақта халыққа сеп болуға тиісті қаржылық құ­ рылымдар арам қатсаң да нәр татырмайтынына әлеуметтің көзі әлдеқашан жеткен. Ал Үкіметтің, министрліктердің қар­ жыны судай шашқан, ешқандай пайда әкелмейтінін, қайта ма­сылға айналған солақай шешімдері жыртылып айырылады. Мысал керек пе, онда мына деректерге құлақ түріңіз. Ита­лиядан миллиондаған долларға саудалап, үкілеген, Астана – Алматы арасында қатынайтын жайлы вагондарымыз, жүрдек пойызымыз өткен жылды 713 миллион теңге қыпқызыл зиянмен аяқтапты. Бұл шығын үстіміздегі жылы одан әрі өсе түспек. Япырай, біздің жолдарға тиімсіз мұндай аса қымбат масыл дүниені сатып алуды бастаған кімдер екен? Міне, әлеумет, саған шыр бітпеуінің себебін енді түсінгендей болған шығарсың. 2002 жылы Алматы қаласы әкімшілігі полицейлерге Ресейден әрқайсысы 122 миллион теңге тұратын 2 МИ-34 С тікұшағын сатып алып берген еді. Осы тікұшаққа кезінде қала басшысы В.Храпуновтың өзі отырып, ұшып кө­ ріп, оған сақшылар аямай қол соққан болатын. Бүгінде Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Молдияр Оразалиевтің «Интерфакс – Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында белгілі болғанындай, сол екі тікұшақ та белгісіз себептермен пайдаланылмай бостан-босқа тұрған көрінеді. Егер қылмыскерлерді іздестіруге септігін тигізбесе, бағасы удай сол тікұшақтарды сатып алудың қажеті қанша еді? Ол енді жоғары лауазымды шенеуніктердің сауық-сайран құра­ тын, аң аулайтын көлігіне айналып кетпесін деңіз! Бізде мұндай қызықтардың әлденешеуі болып жатыр ғой. Бұдан бірнеше жыл бұрын, дәл президент сайлауы қарсаңында

екі министрдің орынбасары тікұшақпен аңға шығып, апат­ қа ұшырағаны жұртшылықтың есінде шығар. Биліктің мә­ лімдеуінше, «Ауыл жылы» «аса табысты» аяқталды. Өткен жылы Үкімет басшысы Д.Ахметов енді ауылға соқыр тиын да бөлінбейтінін қаһарлана тұрып жеткізді. Оның бұлайша бұлдануына қарағанда, ауыл кәдімгідей абаттанып қалған шығар? Бірақ қырсыққанда олай болмай тұр ғой. Былтыр Ә.Қаңтарбаев деген журналистің «Жунглидегідей «жабайы» адамдар бізде де бар» атты мақаласын (13.04.2004, «Айқын» газеті) оқып таңғалғаным бар. Ол былайша басталады: «Төбе-төбе үйінділер, есік-терезелері үңірейген иесіз үйлер. Жағалап жүріп мұржасынан түтін шығып жатқан бір шаңыраққа тап болдық. Үй иесі Нұржамал Сейітқазина деген самбырлап сөйлеп кетті: «Жасым 68-де. Мына даңғарадай үйде жалғыз калдым. Кеніште шопыр болған шалымды жер қойнына тапсырғанмын. Ауылда қазір 15-ақ үйден түтін шы­ ғады. Өңшең шал-шауқан, кемпір-сампырмыз. Басқа жұрт ба­ яғыда көшіп кеткен. Телефон байланысы жоғалғалы, теледидар көрсетпегелі, газет-журнал ұстамағалы – он бес жыл. Азық-түлікті Жоғарғы Тайынты деген ауылдан жаяу-жал­ пылап айына бір жеткізіп аламыз. Біз ешкімге керексіз боп қалғалы қай заман! Ұлан ауданының-әкімі орыс па, қазақ па оны да білмейміз. Ал облыс басшысы Протозанов бізге өмірі қатынаспайды. Былтыр 17 қойымды қасқыр қырып кетті. Терезеден қарадым да тұрдым қайтейін, өзіңді жеп кетпегеніне де шүкір. Егер көмектессе қазір-ақ көшіп кетер едік. Ауы­лы­ мызға жоламайтын, бізден алапес көргендей қашатын әкімдер ол жақсылықты бізге қайдан жасай қойсын...» Иә, бұл Өскеменнен 60-70 шақырым жердегі Төменгі Тайынты деп аталатын шағын ауылдың бүгінгі келбеті. Тіпті, әлгі кейуана облыс әкімін әлдеқашан Мәскеуге көшіп кеткен облыстың бұрынғы бірінші хатшысы Протозанов деуі есі дұрыс адамды шошындыра түседі. Бірақ оларда не кінә бар, 15 жыл хабар-ошарсыз отырса, осылай болмағанда қай­ туші еді? Осындай ауылдар елімізде жүздеп саналатынын ішің сезеді. Япырау, мұндай елдімекендерді халқымен бірге тағдыр тәлкегіне тастап тұрып, «Ауыл жылын» «абыройлы аяқтадық» деп ақпар беруге Үкіметіміз қалайша ұялмайды?

Тағы бір айта кететін мәселе – бізде қаржылық тұтас бір жүйе жоқ. Экономикамыздың ақсап жатқаны да сондықтан. Біздің Қаржы министрлігінде польшалық Лешек Бальцерович сияқты стратегияны және тактиканы білетін білгір маман болмай тұр. Әлі күнге дейін қаржы мәселесін дұрыс жолға қоя алмай келе жатқанымыз, біздерде стратегиялық жоспар дұрыс жасалынбайды, жасалған күнде де ол жоспар іске асырылмайды. Енді үстіміздегі жылдың бюджетіне келейік. Ол да аса тартыссыз қабылдана салды. Осыған күйінген Тоқтар Әубәкіров былтырғы 17 қарашадағы Мәжілістің пленаралық отырысында: «Бюджет бізсіз қабылданды, «осы күйінде өткізіңіздер» деді, біз өткізе салдық. Әбден көбеңсіген Үкімет «кейінгі толықтыруларды да қабылдаңыздар» деді, біз үнсіз солай іс­ тедік. Япырау, сонда біз мұнда не үшін келдік? Ылғи жал­ бақтап қол көтеріп, келісім түймесін басу үшін бе? Мүмкін бара-бара бұл мемлекет үшін ұрылар жауап беретін шығар?», – деп кейбіреулердің өтін жаратын шындықты айра-жайра етіп айтып салды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтің мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың бюджеті 5 триллион 850 миллиард теңге болды. Және әлгі министр «мұ­ най баррелінің бағасы 19 доллар болады» деген бағамен бюджет жобасын жасағанын мәлімдеді. Яғни, бюджет кірісіне әр баррельден 19 доллардан артық ақша есептелінбейді, артық ақша шетел банктеріндегі есеп-шоттарда шоғырланады. Министр Қ.Келімбетовтің бұл «шым-шытырық жоспары» ел үмітін аяққа таптау емес пе? Сонда осы сабазың көпшілікті ақкөз надан деп ойлағаны ма? ОПЕК картелінің сайтында әлемдік базардағы мұнай нарқы айқайлап тұр емес пе? Қазір Нью-Йорк биржасында мұнайдың бір барреліңің бағасы 65 доллардан да асып барады. Ал ОПЕК басшылығы қыстың аяғына таман бұл көрсеткіш 80 доллардан асады дегенді ашық айтып отыр. Және олар әлемдік базардағы мұнай ба­ ғасы ендігі жерде ұшына түспесе, еш төмендемейтініне ке­ пілдік беруде. Егер қыстың аяғына қарай мұнайдың бір бар­ релі 80 долларға жетсе, бюджетіміздің таз кепештей 19 доллармен есептелуінен жазбаса, екі арадағы 61 долларлық

айырмашылықты жымқырып қалу дегеніңіз – бүл біздің қа­ нағатсыз шенеуніктердің өз халқына жасаған аса қатерлі трагедиясы деуге де болатын шығар. Бұл дегеніңіз миллиардта­ ған доллар болатын сұрапыл қаржы ғой! 2005 жылы ең тө­- мен­гі жалақы көлемі былтырғыға қарағанда 376 теңгеге кө­ бейтіліп, 6 мың 976 теңгеге жетпек. Яғни, 5,6 пайыз ғана қо­ сылады деген сөз. Ал төменгі зейнетақы 400 теңгеге өсетін болады. Бұл қымбатшылықты қуып жете алмай, арқа еті арша, борбай еті борша болған байғұс бейнетқорлар қауымын қуанта қояр ма екен? Өткен жылғы желтоқсан айындағы Қа­ зақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттіктің мә­ ліметтеріне сүйенсек, азық-түлік бағасы бұрынғыдан да шыр­ қап кетіпті. Мәселен, жұмыртқа – 7,9, сүт – 7,8, қаймақ – 5,7, айран – 4,7, шұжық өнімдері – 3,1, балық – 1,3 пайызға артса, дизель отыны – 13,5, көмір – 2,8, байланыс қызметінің тө­ лемдері – 12,8 пайызға ұшынып кетіпті. Ал бағаға әлгі ең­ бек­ақыға қосылған 376 теңге, зейнетақыға қосылған 400 тең­ ге астар бола ма? Мұндай келеке, мазақтың да шет-шегі бар шығар... Егер бейнелеп айтсақ, бүгінгі қарапайым еңбек адамдары шыңыраудан шығыр тартып шаршаған атан сияқты. Шығыршыққа үйкеле қыл шылбырдың да сетінер сәті таяп қалған тәрізді. Ал сол үміт арқаны бырт етіп үзіліп кетсе не болмақ? Бұрындары марқұм Камал Смайыловтың Қазақстанның асты-үстіндегі қазба байлықтарын қопара көрсеткен жазбаларынан еліміздің ертеңгі нұрлы болашағының бір пұшпағын көріп қалғандай болушы едік. Асылық болмасын, Кемекең отыз жылдан бері осы тақырыпқа қалам тербеп келеді. Бі­ р­ақ бар болғыр сол бір бақуат кезең біз жақындасақ болды, әуелеп ұшқан батпырауықтай алыстай береді, алыстай бе­ реді... Мұның сыры неде, әлеумет? Ал ертеңін ойлаған, бір тырнағы ішінде жүретін сұңғыла елдер былайғы жұртқа өз сырын бірден ашып салмайды екен... Мысалы, өзіміз күнде қақсап жүрген алпауыт ел – Америкада, дәлірек айтсақ, Алясканың Прудо шығанағында Шығыс Қашағаннан да асып түсетін бай мұнай кеніші бар. Оны Амако мұнай компаниясы жетпісінші жылдары ашты да, ұлы жо-

басын білді де, жұмған ауыздарын ашқан жоқ. «Менің атым тұра тұрсын, сенің атың жүре тұрсын» дегендей қазір олар қазақ мұнайын қақалғанша қылқылдатып жұтып жатыр... Осы аңқылдақтық түбімізге жетпесе болды дағы... «Ақжол Қазақстан», 4.11.2005 ж. Жаны сірі жемқорлық Атақты Махмуд Қашқари бабамыз: «Билік тізгінін ұста­ ғандар жат елден өзіне арнап сарай соқтырып қойса, бұл – жаман ырым. Түбі басына қиын-қыстау күн туса, қашып барып, паналаймын дегенді білдіреді. Бұл – халқыңның алдында жасаған сатқындығың. Өйткені қарапайым елдің барар жер, басар тауы жоқ. Сен әкім болғаныңмен, одан артық емессің. Бір топырақта тудың екен, ендеше бірге өле де біл», – деп бәрімізге тәлім боларлық жылнама жолдарын жазып кетіпті. Хандармен қанаттас, билермен сабақтас жүрген осы ойшыл одан әрмен: «Мемлекеттің қазынасы – халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әкімдер қазына кілтін ұстаған адам­ ға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде, ақша бар жерде ұрлық жүрмей тұрмайды. Бүгіп қалсаң, өзің де ұрысың», – деп өсиет қалдырған. Тағы бір оқымысты Томас Гоббстың: «өзін дербес мемлекеттен кем көрмейтін трансұлттық корпорациялар көбейеді, есепсіз байлықты иеленген aт төбеліндей алпауыттар пайда болады» деген пікірі айна-қатесіз шындық. Өздері харам жолмен байыған олар қоғамда сыбайлас-жемқорлық отына май құя түседі. Осы жағымсыз әрекетке белгілі бір дәрежеде қор­ ған болып отырады. Қоғамымыздың түрлі тетігіне меңдеп еніп алған бұл тажалмен күресу де оңай емес. Бір кезде К.Маркс капиталистік қоғам дамуының әрқилы үш сатысын анықтап, оған мынадай баға беріп еді. 1) Жабайы капитализм кезінде бүкіл байлық қылмыс әлемі көкшуландарының қолына жиналады. 2) Қоғамды мафиоздық шоғыр билегенде өкімет осылар­ дың қолдарына өтеді. 3) Ең соңғысы – өркениетті капитализм.

Ал, біз бүгін осы үш сатының қайсысында тұрмыз? Қалай дегенмен де, жұмыр жерді жұмыртқадай астына басып отыр­ ғысы келетін, кекірігі азған кейбір әлемдік ұлы күштер тұрғанда, бізге өркениетті капитализмнің ауылы әлі алыс-ау деген ойға амалсыз тірелесің Таяуда Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы 2002 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жем­ қорлықпен күрестің кейбір нәтижелері туралы Қазақстан республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушы О.Жұ­ма­ бековтің қолы қойылған баспасөз хаттамасын таратты. Қа­зақ­ стан республикасында сыбайлас жемқорлықты жою жө­нінде белсенді жұмыс жүргізіліп, ол жүйелі сипат алғанын осы хат­ тамадағы деректерден айқын аңғаруға болады. Біздің ел – ТМД елдерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы Заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысаналығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрған­ды­ ғына негізделген. Сонымен қатар, бұрын жоғары қызметте болған лауазымды шенеуніктерге қатысты тергеулерге байланысты бірқатар жағдайлар бойынша қоғамда әртүрлі пікірлер туындауда. Кейбір топтар осы мәселелерді әбден ушықты­ рып, әдейі «ақпараттық соғыс» ұйымдастырып, деректерді барынша бұрмалап, нағыз қылмыстық іске жасанды саяси сипат беруде. Осыған байланысты Бас прокуратура аяқталған және жүргізіліп жатқан тергеулер туралы ресми ақпаратты дер кезінде жариялады. Қалай дегенмен де, осы ақпаратта сыбайлас жемқор­лық­ тың бәсеңсігені былай тұрсын, өршіп кеткені көрініп тұр. Қарап отырсаң, жарты жыл ішіндегі экономикалық қыл­мыс­ тарды, әсіресе сыбайлас жемқорлықты өрістете түскен түрлі деңгейдегі шенеуніктер әрекеті жаныңды ауыртады. Мысалы, осы жарты жылдықта сыбайлас жемқорлық тү­ рін­дегі құқық бұзушылық үшін тәртіптік және әкімшілік жа­­ уапкершілікке 2100 мемлекеттік қызметші тартылған. Ар- ­найы құрылған «Деректердің бірыңғай қазанына» сы­бай­­ лас жемқорлық пен құқық бұзған 3014 адам туралы мәлі­

мет жинақталған. Солардың ішінде Қорғаныс ми­нис­тр­лігінің 750 әскери қызметкері, ішкі істер орган­дарының 220 қызметкері, кеден органдарының 68 лауазымды шенеунігі, 52 салық, 125 әкім, 1 депутат, 11 әділет орган­дарының, 14 қаржы полициясы, 4 прокуратура қызмет­керлері бар. Ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлық бойынша барлығы 1256 қылмыс тіркелген. Әсіресе, елеңдететіні осы 1256 қыл­ мыстың 100-ін әр түрлі деңгейдегі 25 әкімнің жасағаны. Олардың жетеуі сотталыпты. Ел билігі қолдарына сеніп тап­ сырылған әкімдер қылмысқа қолдарын тереңдей малса, түрлі лауазымдағы үлкенді-кішілі шенеуніктер харам пиғылда­рын олардан әлдеқайда асырып жібергендігі анықталып отыр. Әсі­ресе, осы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзғандардың тізімі ішінде бір халық «қалаулысы» яғни, депутаттың жүрге­ ні таңдандырады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Махмұд Қаш­қари бабамыз мемлекет қазынасын ұрлағандарды аяусыз жазалауды қатаң ескерткен. Ал, біздің кейбір солқылдақ сот­тарымыз халықтың табан ақы, маңдай терін аямай шаш­ қан қылмыскерлерді босатып жіберуі ақылға сыймайды. Осы­дан алты жыл бұрын стратегиялық мемлекеттік мате­ риал­дық қаражаттан 60 миллион теңгеге жуық аса ірі соманы ұрлағаны үшін Экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің бұрынғы тө­ рағасы Аязбаев дегеннің қылмысы біраз шулыған болды да, артынан су сепкендей басылып қалды. Сөйтсек, бұл сабаз­ ды судья А.Рсалинаның төрағалық етуі бойынша Астана қа­ ласындағы Алматы аудандық сотының үкімімен әуелі 3 жыл­ ға бас бостандығынан айырылып, іле-шала рақымшылық жа­ салған. Сонда Аязбаев сияқты қылмыскерлер жазасын то­лық өтеу үшін әлгінің үстіне 60 миллион доллар ұрлауы керек пе? Осы әділетсіздіктерді көріп отырып қаймана халық не ойлайды? Тағы бір сорақы деректі келтіре кетейік. Осыдан біраз бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Қазақстан арқылы аса ірі мөлшерде (2 киләдан аса) героин алып өту әрекеті үшін Қырғыз республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша маңызды мәселелер бойынша өкілетті қызметкері Жұмаевты қолға түсірді. Тергеу органдары оның кінәсін то­

лық дәлелдегеніне және осы қылмысы үшін қылмыстық заңның санкциясы бойынша 7 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгеніне қарамастан, Алматы қа­ ласындағы Алмалы аудандық сотында судья А.Оспановтың төрағалық етуімен Жұмаев үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, іле шала бұған да рақымшылық жасалған. Міне, көпшіліктің көзін бақырайтып қойып, әлеуметтің сені­ мін аяққа басып, халықпен «соқыртеке» ойнайтын әлгіндей судьялардан не үміт, не қайыр?! Ойлап қараған адамға Аязбаевтың да, Жұмаевтың да қыл­ мыстары осал қылмыстар емес. Алайда, екеуіне де әуелі 3 жыл беріп, көпшілікті алдарқатып, ізі суығасын ақтап жі­бе­ ріп, мол қаржыны қарпып қалу біздің кейбір судьялардың «тас-түйін тактикасына» айналғалы қашан? Тіпті олар кейбір шулыған істерді битін салып, өздері сұрап алатын да көрінеді. Өткен жылы осы бір сорақылықтарды Қазақстан республикасы Судьялар одағының III съезінде Президент Н.Назарбаев қатты сынға алғаны белгілі. Жоғарыдағы келеңсіздіктердің бәрін ойша саралаған Елбасы ендігі жерде ел байлығын составымен жұтқандар тайраңдап, керісінше мал немесе бір қапшық ұн ұрлағандардың ісі Жоғарғы сот инстанциясында қаралып, қатаң жазалануы ақылға сия бермейтінін барынша ескертті. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық жайлы ке­ зінде Қалтай Мұхамеджан ақсақал: «Нарық экономикасы бас­ талғалы сыртқы саудада не болып жатқанын қайдам, әзір іш­ кі сауда оң қалта мен сол қалтаның арасында жүріп жатқан сияқты. Ине шығармайтындар миллионер болып жатқанына қарағанда таң қалатын жайттар көп. Кейде киіз шығатын жерден мүйіз, бәле шығатын жерден банк пайда болып жатқаны және бар», – деген еді. Бүгінгідей сыбайлас жемқорлық түтеп тұрған заманда Қалағаңның пікіріне қосылмасқа болмайды. Біз шындығында демократияға шындап табан тіреп, құқық­ тық мемлекет құру жолында келе жатып кейде қылмыскер­ лер­ге аяушылықпен қарайтынымыз жасырын емес. Бірақ ер­ теңін ойлаған ақылды жұрттар олай етпейтінін күнде естіпбіліп отырмыз. Мысалы, таяу арада Қытайдың Жоғарғы соты Лэшань қа­ ласының мэрі Ли Юсюді өлім жазасына кесті. Аждаһа елінде

өлім жазасы таңсық емес. Әйтсе де, осы жолғы ату жазасы өзгеше болды. Қала басшысына кесілген үкімнің орындалуы халықтың көз алдында өтті. Теледидарға түсіріліп, елдің түкпір-түкпіріне көрсетілді. Бұл әрекетті қаншама қатал болса да, «Өзгелерге сабақ болады» деп шешті мемлекет басшылары. Сондағы Ли байғұстың «бүлдіргені» біздің кейбір шенеу­ ніктердің «асап» қойғандарының қасында түк те емес. Жазаға кесілген қала мэрі 1 миллион АҚШ долларын көңілдесі екеуі сауық-сайран, саяхатқа жұмсап қойыпты. Бұл жаза біздегі жемқорларға сабақ болмаған түрі бар. Тіпті, мұны айтасыз, жақында, дәлірек айтсақ, үстіміздегі жылдың маусымында Қы­тайдың бас аудиторы Ли Изинъ-хуа жоғары партия, үкі­ мет­тегі қызмет орындарынан кеткендерді тергеуді қолға ал­ ғанын жариялады. Пара алып, мемлекет меншігін талан-та­ ражға салған үкімет шенеуніктері енді үш жыл бұрын өз өтініштерімен қызмет орындарынан кетсе де, дұрыс ұйқтай алмайтыны ақиқат. Қырағы мемлекеттік аудиторлар 1999 жылы отставкаға шығып, әбден былықтырып кеткен бірқатар шенеуніктердің қылмысын ашқан еді. Сөйтіп, аудиторлар компаниясы Қытай жұртшылығынан қолдау тапты. Бұған соң­ғы екі жылдың ішінде отставкаға шыққан 4000 шенеунік­ тің бірінші қатардағы оншақты ресми өкілдері – министрлер мен ірі компания басшыларының қармаққа ілінгендері дәлел. Барлығы 15 мың шенеуніктің қылмысы ашылып, 500 адам жоғары қызметтерімен қоштасты. Олардың бір мыңдайының істері сотқа берілді. Сөйтіп, олардан 36 миллион доллар мемлекет қазынасына қайтарылды. Қалай дегенмен де, Оңтүстіктегі көршіміз мемлекет мүл­ кіне суық қолын сұққан ұрыларды, парақорларды, алаяқ­тар­ ды бастарына шығарып еркелетпейді. Сондықтан да, олардың экономикасы даңғыл жолға түсіп, халқының әлеумет­тік жағ­ дайы жыл сайын ілгері жылжып, Аждаһа елінің қуаты көкке өрлегені соншалық, ол тіпті айбарлы Американы да састы­ ра бастады. Бір жарым миллиард халықты күн сайын та­ мақтандырып, киіндіру – адам айтқысыз күрделі шаруа бол­ ғанымен, еңбекқор Қытай басшылары осы күрмеуі қиын мә­

селені түбігейлі шешіп алды. Мұның астарында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрес жатқаны белгілі. Осы Қытай мыңдаған шенеуніктерінің ішіп-жеп қойган қаржыларының соқыр тиынына дейін есептеп, мойындарына қойып, 36 миллион долларды мемлекет қазынасына қайтарды. Э.Гидденстің есептеуі бойын­ша, 1987 жылы Ұлыбритания халқының 1 пайызы жеке бай­лықтың 21 пайызын, 5 пайызы акциялардың 90 пайызын, жалпы табыстың 16 пайызын, ал, халықтың тең жарымы бар болғаны акцияның 4 пайызын және жалпы табыстың 5-ақ пайызын иемденген көрінеді. Оның үстіне, дәулет кереғарлығы Ұлыбританияда ғасырлар бойы қалыптасты. Кейінгі ғасыр онда дәулет кереғарлығын түбірімен жойып жіберу жолында емес, халықтың әл-ауқа­ тының орташа деңгейін көтеру жолында еңбек етті. Ал, біздің бұрын жаппай орташа құбатөбел күн кешіп келген қоғамымыз тез арада дәулет кереғарлығына ие болып шыға келді. Тағы бір ескеретін жағдай, тоқыраудың кейінгі жылдарынан бастап біздің қоғамымыздың барлық топтарын­ да не тікелей, не жанама түрде капитализмді әспеттеу орын алды. Әлеуметтік құрылысты өзгертуге деген жалпы келісім де сол әл-ауқаттың тезірек жақсаруына деген жаппай сенім­ нің нәтижесінде қамтамасыз етілді. Қалай дегенмен де, бүгін­ гі таңда экономикалық күйзеліс қана емес, үлкен әлеуметтік күйзеліс те бар. Жұрт тағы да сенімнен айрыла бастады. Кешегі сеніп келгендердің көпшілігі тағы да әлеуметтік аңыз­ ға айнала бастады. Өйткені осының барлығының астарында бүкіл қоғамды, ертеңге деген алғаусыз сенімді ала тайдай бүлдірген сыбайлас жемқорлық деген пәлекет жатыр. Қоғамдық мәселелерді сараптау орталығы директорының орынбасары Қанат Берентаев (Новости недели, 7-13 тамыз, 2002 жыл, №31) былай дейді: «Қазақстанда шындығында ірі капиталды салатын ешқандай сала қалған жоқ. Мұнай мен газ өнеркәсібін тұтасымен шетел инвесторлары басып алды. Азық түлік өнеркәсібі де әлдекімдерге үлестіріліп кеткен. Ендігі қалғаны тек – Жер. Шетелге ағылған «арам» ақ­ шаларды заңдастыру кезіндегі деректерге сүйенсек, Ұлттық банк пен экономика министрлігінің есептері бір біріне сәйкес келе бермейді. Ал, шындығында мұны ешкім білмейді. Таяу-

да бұрынғы Қаржы министрінің және Қорғаныс министрінің қаржы жөніндегі орынбасары болған Жаннат Ертілесова ханым Ақтөбе қаласында бірталай құпия мәліметті жайып салды. Оның айтуынша, заңдастырылған бүкіл «арам» ақша осы акция өтісімсн бір aптадан кейін қайта шетел асып жоғалып­ ты. Сонымен, қанша ақша заңдастырылды? 600 миллион деген жай сөз, 1,5 – 2 миллиард АҚШ доллары заңдастырылды дейді бұрынғы Қаржы министрінің орынбасары...» Япырмау сонда кімгс сендік? Әлде Жаннат Ертілесова қа­ телесіп отыр ма? Республикадағы қаржы мәселесінің ішек қырындысына дейін білетін, бірнеше Премьер-министрдің командасында болған Ертілесова ханым бәлкім шындықты айтып отырған болар?! Сонда дейміз-ау, заңдастырылғаны 600 миллион доллар деп елге әйгілеп алып, осы желеумен одан 3-4 есе көп қаржыны топырлатып жіберу кімдерге тиімді болды екен? Қысқасы, шешуі қиын күрделі сөзжұмбақтар­ дай, еліміздің Қаржы мәселесі төңірегінде талай борсыған былықтардың жабулы жатқаны анық. Сыбайлас жемқорлық балалаған жерде тек экономикалық қылмыстар ғана емес, заңға қайшы түрлі сорақылықтар бой көрсетуі табиғи жағдай. Өйткені лауазымды шенеунік өз командасындағы «ләббай тақсырларды» соңғы шарасы қал­ ғанша қорғап бағады. Осындай қамқоршысы бар кейбір әпербақандар халықтың төбесіне шай қайнатып, білгендерін істейді. Нанбасаңыз, «Аудан әкімшілігінің ғимаратында қыз зорланды» (Дәрменбай Шәріп) деген мақаланы оқып қара­ ңыз. Мақала былай басталады: «Масқара-ай, жаңа жылды қарсы алар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауда­ ны әкімшілігінің ғимаратында қаршадай қызды бақандай бө­ лім бастығы зорлап, жыныстық қатынас жасайды. Бұл жө­ нінде облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз орта­ лығы мәлімдеді. Иә, халқымыздың қастерлеп қарайтын, би­ ліктің, біліктің құтханасында осындай сұмдық тірлікке бару – бұрын-соңды ойға келмейтін әңгіме еді. Қырықтан ас­қан қырма сақал М. деген азамат қарқаралы қызды шаңқай түсте аймандай етуі де, билік басындағы «көкелеріне» арқа сүйегендігі болар, – дейді ел-жұрт. Бұрын да бұл ауданда мә­дениет бөлімінің басшысы парамен ұсталып, қала берді

ревизиялық тексеруден мемлекет қаржысын суша шашқаны анықталғанда да өз беделін салып, «сүттен ақ, судан таза» етіп шығарған «көкесі» бұл жолы да бәрінің тігісін жатқызып жібермесіне кім кепіл? Әзірге, фактінің орын алғаны анық...» Міне, аудандық әкімшілік ғимаратында болған көрген­сіз­­ діктің, оспадарсыздықтың, хайуандықтың ұзын-ырғасы ос­ ын­дай. Кешегі Кеңес Одағы кезінде аудандық партия коми­ те­тінің үйінде қыз зорлаған әй, білмеймін өмір бойы түрмеде шіритін шығар. Қылмыстың аты қылмыс. Қыз зорлаған бүгін де аяусыз жазаланады. Алайда, аудандық әкімшілік ғима­ра­ тында «әңгілік құрған» әлгі атаңа нәлетті қорғаштап жүрген, заңға пысқырып қарамайтын «көкесінің» аты-жөнін білер ме еді? Заң ханға да, қараға да бірдей болғанда ғана әлеумет оны ерекше қадірлеп, түйсініп, сыйлайтын болады. Құқықтық жүйені құлағына қыстырмайтын әлгіндей әпербақандар Заң­ ның қадірін түсіргенімен қоймай, көпшіліктің оған деген сенімін де жермен-жексен етеді. Miнe, мәселе қайда жатыр! Сөзіміздің соңында тағы да Қалтай Мұхамеджанның өт­ кір пікірлеріне оралғымыз келіп отыр. «Мен білетін демок­ ратияның ежелден келе жатқан бір досы, екі жауы бар. Досы – демократияның қаз тұрып, қадам басуындағы өзі шығарған заңы. Өз заңы қорғаныш болмаған демократияның тағдыры мүшкіл. Осыны әлсіретіп келе жатқан екі жауы – коррупция мен қылмыс». Осы екі жаудан құтылмай бізге сірә, тыныштық бола қоймас. «Ана тілі», 19.12.2002 ж. Құлды «бәрекелдЕ» өлтіреді немесе қалжыратқан саяси ойындар туралы Сыбайлас жемқорлық деген жеті басты жалмауызбен Қа­ зақстан өкіметі тәуелсіздік алғаннан бері аяусыз күрес жүр­ гізіп келеді. Осы бір тажалмен күресетін тұтас комитет пен мемлекеттік комиссия да құрылды. Бірақ... Атақты Конфуцийден біреу: «Үкіметтің үш ресурсы – қу­ атты әскері, мол азық-түлік резерві және халықтың сенімі

бар. Екеуін қалдыру үшін алдымен неден бас тарту керек?» деп сұрапты. Қытайлық дана: «Әскерден» деп жауап беріпті. Тағы да әлгі адам сұрақ қойып: «Біреуін ғана қалдыру үшін қайсысынан бас тарту керек» депті. «Азық-түліктен бас тарту керек» депті сонда Конфуций жарықтық. «Өйткені, барлық адамның ғұмыры өлшеулі – депті өз сөзінде данагөй қария, – алайда ең бастысы – өз халқының сенімінсіз үкімет бір күн де тұра алмайды» деген екен. Бір қызығы, біздің Үкімет ұятты белге түйіп қойып, әлі күнге шімірікпей өмір сүріп келеді. Атқарушы билік өткен он жылдың ішінде халықтың әб­ ден етін өлтіріп, сүйегін жасытып, рухын күлді-көмеш қы­ лып, иіс алмас дәрежесіне жеткізді. Әуелі бүкіл жинап-тер­ генін құнсыздандырды. Терещенко Үкіметі бүкіл инвестицияны алаяқтарға бөлiп берді, жекешелендіруді желеу етіп, жылтырағанның бәрін хан-талапайға салды. Қажыгелдин Үкі­меті төрт түлікке қырғиша тиді. Ауылды шапқыншылық­ қа ұшыратты. Одан кейін де талай сорақылықтар орын алды. Жер сатылды, арам ақша заңдастырылды. Шетелден қанша ақша келді, оны да ешкім білмейді. Өйткені, осы бір аса жау­- апты операцияға бірде-бір тәуелсіз эксперт қатыстырылған жоқ. Бірақ, бойға біткен бала бәрібір жарық дүниеге шықпай тұра ма ? Артынан белгілі болғанындай, осы ырғын ақшаның жартысы науқандық операция аяқталғаннан кейін қайтадан шетел асып, тең жартысы отандық өнеркәсіпті өркендетуге емес, 300 пайыздай пайда әкелетін казинолар салуға пай­ данылған көрінеді. Мысалы, халқы Алматыдан он есе көп Мәскеуде 38 казино болса, біздің Алматымызда 54 казино бар. Осының өзі көп жағдайдан мәлім беріп тұрған жоқ па? Енді Үкімет Парламентке қысым жасап, алпауыттардың бұрын өз аттарына тіркемей, кембағалдардың тізіміне тірке­ тіп қойған үй-жайлары, кәсіпорындарын заңдастыруға күш салып жатыр. Өткенде ғана Елбасының өзі аядай Алматының айналасында алпауыттардың тізімге тіркелмеген, ешқандай салық төленбейтін бағасы 2 миллиард доллардан асатын үйжайлары бар екенін мәлім етті. Бұған да қарапайым халық үн шығарған жоқ. Үн шығарғанда не істемек?

Ең сорақысы кешегі өткен мәслихат сайлауы болды. Мә­ селен, Шымкент қаласында дауыс берушілер тізімнің арасынан бұдан он жыл бұрын дүние салған аруақтардың да онда­ ған аты-жөні кездесті. Осы тізімде бірнеше Қырғызстан аза­- маты да жүрген көрінеді. Қазинесі кең Құдай-ай, мұндай да сайлау болады екен-ау! Мұндай аярлық, мұндай басынушы­ лық, заңды әбден жер-сібір етіп, жұртты одан зәрезап қылу дүниежүзінің сайлау тарихында бұрын болмаған да шығар ?! Халық бұған да үндеген жоқ. Үндегенде не істемек? Ор­ талық сайлау комиссиясының төрайымы З.Балиева ертесіне сайлаудың ойдағыдай өткенін «Хабардан» сайрап тұр! Қалай дегенмен де, биліктегілер өздерінің бастапқы арманына қол жеткізді. Әлеумет меңіреуге айналды. Бірақ, ай­ наламыздағы мемлекеттер мұндай зұлымдыққа төзбейді екен. Сайлаудағы әділетсіздікке жаппай қарсы болған грузин хал­ қының біршама бөлігі батыл қимылдарын әлі тоқтатпай, Ше­варднадзе тағын төңкеріп тынды. Осы сайлауға сырттай бақылаушы болып барып қайтқан Дос Көшімнің әңгімесінен де көп жайды аңғаруға болады. Қазір біздің қоғамда бір ғана ақиқат бар: мейлі екі иы­ ғыңнан екі біліс шамы жанып тұрса да, ақшаң болмаса депутат та, шенеунік те бола алмайсың. Бүгінде Үкімет айна­ ласындағы әрекеттен қалған, қарақан басының тірлігін шал­ қытып, ер қара болып отырған кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің әрекетін саралағаныңда көкірек басына удай ащы запыран тамшылайды. Мысалы, отандық жанар-жа­ ғар­майды тікелей бақылауында ұстайтын министр Школьник өтіріктен өліп кетпей, әлі жер басып жүр. Бәлен миллион тонна астық жинадық деп күпінгенімен, нан неге қымбат деген сауалға жауап бермей Есімовтің жүрісі анау! Еліміздің басқасын айтпағанда, тасбақасы мен шаянына дейін үп­те­ ліп жатқанда жұмған аузын ашпай, отырған экология ми­ нистрі Самақова мынау! Қазіргі қымбатшылықты терең са­ рап­таған адам монополияға қарсы комитеттің піштірілген сәуріктей ойын алаңынан шеттеп қалғанын байқар еді. Осы айлапат комитеттің республикалық, облыстық, қалалық, ау­ дандық мекемелеріндегі мыңдаған сеңдей соғылысқан қыз­ меткерлерге қор болған қайран ақша десеңші! Ал, комитет

төрағасы О. Жандосов қара тұяқтан қал кеткенше осы орнынан қозғалмауға бар. Жалғыз Жандосов емес, сол айналадағы біраз атқамінерлердің де «Қой, әрекетсіз отырғанымыз елден ұят болар, бұл қызмет маған қол емес екен, орнымды босатайын» дейтін бірде-бірі жоқ. Зейнетақыны қайта есептеу жүйесін ала тайдай бүлдірген, халықтың миын ашытқан Қарағұсова әлі шімірікпей орнында отыр. Тіпті Н.Коржоваға дейін билік тасбиығынан әлі күнге үзілер емес. Коржованың күйеуі Александр Коржов халықтың біраз қаржысын үптеп, осыдан төрт жыл бұрын Мәскеуге қашып кеткенін біраз басылымдар жазған болатын. Екеуі әлі бірге тұрады. Ендеше, осындай жанның әйелін билік басында тапжылтпай ұстау кімге тиімді? Жыл сайынғы екі мезгілдегі – көктемгі және күзгі қым­ батшылықтың астарында халыққа шыр бітірмеу сияқты зұ­ лымдық жатыр. Нан қымбат дейміз, қымбат болмай қайтсін, бір аптаның ішінде (13 қараша күні «31» телеарнаның кеш­ кі хабарында көрсетілді) 150 мың тонна жоғары сортты ұн Өзбекстан асып кеткен. Бұған кім тосқауыл қоймақ? Рес­ публиканың басқа облыстарынан Ресей асып жатқан астық қаншама? Үстіміздегі жылғы 11 қазан күні Астанада Президент қылмыспен күрестің қазіргі жай-күйі туралы кеңес өт­ кізді. Елбасы жан-жақтан қармалаған жалмауыздыққа ашы­ на келіп: «Қайда барсаң да – ақшаға ашкөздік. «Гаишник­ тер» кеденшілерден қымсынып-қымтырылмай-ақ алатынын ала береді, ал жүргізушілерді көлік бақылауының инспекторы немесе көлденең біреулер қан қақсатып жатса, екеуі де теріс бұрыла қалады. Егер осылардың өздері қылмысқа араласып жатса, онда құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі туралы қандай әңгіме қозғауға болады?» деген еді. Уақыт өткен сайын мемлекет мүддесін мансұқ еткен, халық байлығын талан-таражга салған масқара жайттар белгілі болып жатыр. Қаншама айтылып-жазылғанымен, Қазақстан экономикасы оффшорлық аймақтар – Бермуд пен Виргиния аралдарының қармауышынан босап шыға алар емес. Осы бір түпсіз аранға арзан мұнайды ытқытып жатқан дүниежүзінде бірден-бір ел – Қазақстан. Нақты деректерге

сүйенсек, биылғы жылдың бірінші жартысында ғана Виргиния аралдарына 2,63 миллиард доллардың мұнайы елімізден тасып әкетілген. Ал, осы қыруар мұнайдан ешқандай салық ұсталынбаған. Тәуелсіз сарапшылардың есебі бойынша, әл­ гі 2,63 миллиард доллардың кемінде 1 миллиард доллары салық есебінде ұсталуы керек екен. Міне, көрдіңіз бе, мә­се­ ленің қайда жатқанын? Кез-келген елдің, үкіметтің өзіндегі мұнай мен басқа шикізатты сыртқа таситын отандық болсын, шетелдік болсын бизнестің халықаралық деңгейдегі мә­ селелері бойынша Үкімет әлгілерден ең болмаса экспорттық баж салығын алып отыруы керек. Бізде мәжіліс депутаттары сол экспорттық баж салығын қып-қызыл байлығымыз – мұнайдың өзіне де енгізе алмай жүр. 1996 жылдан бері осыған қатысты үш рет талпыныс жасалды. Үшеуінде де Қазақстан Үкіметі мәжілістің алдында осы экспорттық, баж салығы жөніндегі заң нормасын өткізбеу үшін өлімін салды. Осыдан кейін Үкіметтің айналасындағы aт төбеліндей сатқын шенеуніктерге не айтуға болады? «Мұнайлы мемлекетпіз» деп кеуде қаққанмен, «қара ал­ тынның» шын мәніндегі қызығының өзімізге бұйырмай­ты­ нын басқа-басқа емес, Украина Президенті Леонид Кучма­ ның аузынан естиміз деп кім ойлаған? Каспийден Қара теңіз жағасына жобаланған «Одесса-Броды» мұнай құбыры жайлы сөз қозғаған Украина Президенті «Қара теңіз жағалауына Каспий шикізаты жетеді деген – екі ұшты сөз. Қазақстанның өндіретін мұнай көлемін білгілеріңіз келе ме? Бірақ, ол мұнай тіптен де Қазақстандікі емес, халықаралық компанияларді­ кі. 47 миллион тонна! Оның үстіне, Қазақстанның ішкі сұра­ нысына 17 миллион тонна қажет. Ал, бұл кезде Қазақстан 5 миллион тонна мұнайды Ресейден сатып алып отыр», – деп­ ті. Бұдан артық таба болмас! («Түркістан» газеті, 26.06. 2003 жыл). Егер осы дерек рас болса, мұнай елімізге байлық емес, қара пәле болып жабысты демеске амалымыз жоқ. Қазақта «Естілер қызметпен лауазым өзін тaстaп кетпей тұрғанда қоштасады» деген нақыл бар. Бүгінде жоғарғы би­ ліктің айналасында қабілетсіз, дарынсыз, бірақ қара басының

қамы үшін ұстаған жерде тісі кететін шенеуніктер тақ толы. Халықтың әлі күнге ыңыршағы айналып отырғандығы осылардың кесірінен деуге қазір толық негіз бар. Елбасы айтқан осы ашкөз шенеуніктер мұнайды сатудан түскен қаржы ЖІӨ-нің 8 пайызын құрайды деп бізді көпе-көрнеу алдап келеді. Оның үстіне жыл сайын сыртқы қарызымыз да қарыштап өсіп барады. Батыстың арнайы маманданған қаржылық құрылымда­ ры­ның мәліметіне қарағанда, 1999-2005 жылдар аралығында Қазақстанның сыртқы қарызы 7 миллиард доллардан 26 миллиард долларға дейін өскен. Мұны қалай түсінуге бола­ды? Бұл дегеніңіз – еліміздің тарихындағы ешқашан кешіріл­мей­ тін үлкен қылмыс! Оның үстіне нан қымбаттаса, мұнай мұхитының үстінде отырып, өзіміз біреуден мұнай сатып алсақ, болашағымыз қалай болмақ? Осы opайда Британияныц әккі арланы Уинстон Черчиллъдің мына сөзін келтіре кеткен артық болмас: «Мен қарттық келіп, сосын өлемін деп ойлаушы едім, бірақ Ресейдің жарты әлемді қоректендіруге көшіп, бидайды шетелге шығара бастағанын естіп, күлкіден өліп қала жаздадым...». Ол күлмегенде қайтсін, өйткені бұрынғы КСРО бидайды шетелге шығарамыз деп бөскенімен, шындығында өздері шеттен астық сатып алып келгені өтірік емес. Тағы бір айта кететін мәселе, еліміздегі банктердің пыша­ ғы май үстінде. Несиелік пайыз әлі аспандап тұр. «Әй» дей­ тін әже, «қой» дейтін қожа жоқ. Республикамыздағы же­тек­ ші банктердің бірі – «ТұранӘлемБанк» енді еліміздің кә­сіп- ­керлерін қойып, Ресей мен Украинадағы іскер топтар­мен келісім жасап, 245 миллион доллармен соларды қар­жы­ландыруға көшті. Осы орайда күллі мәселе ұлтжанды кадр­лар тапшылығына келіп тіреледі. Бұдан үш жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінің таралымы туралы ой бөліскен дөңгелек үстел мәслихатында ақын Т.Медетбек: «Қазіргі басылымдарда ішек-қарнын қо­ пара көрсеткен журналистік зерттеулер жетіспейді. Кейбір өткір елдік мәселелерді Президентке де жеткізіп айту керек.

Үкіметтің кейбір мүшелерінің ары-бері ауыстырылуында тіп­ ті қисынсыз әрекеттер бар. Соны жазу қажет. Мәселен, Сауат Мыңбаевты Ауыл шаруашылығы министрлігіне апарудың қажеті бар ма? Ол өзініц мамандығы бойынша қызмет істе­ се, несі жаман? Мәселен, мұнай өндірісіне еш қатысы жоқ Қаппаровты да кезінде сала басшысы етіп отырғызды. Ол қант пен спирт сатып жүрген адам ғой. Міне, осындай қара­ ма-қайшылықтар жетіп артылады», – деп өте дұрыс айтты. Т.Медетбектің осы өзекті пікірі қазір де күн тәртібінде тұр. Бір-екі ай бойы тұсаулы жүрген жылқы тұсауын алсаң да, шапшуын қоймайды. Тәуелсіздігімізді әлі сезінбей, ая­ғы­мыз­ да шідер болмаса да, кібіртіктеп жүргеніміз қайбір жақ­сылық дейсің. Осындай бір өліара шақтарда болашағы бұлыңғыр, кү­ дікті партиялар да шиге шаншылған құмалақтай көбейіп кетті. Мысалы, «Ақжол» партиясына тең төраға болып Алтынбек Сәрсенбаев келгенін, оның қатары жазушылармен, белгілі адамдармен толыққанын басылымдар жарыса жазып жатыр. Алтынбек Сәрсенбаев, сөз жоқ, орданың ішек қырындысына дейін білетін сұңғыла саясаткер. Бірақ, ол ке­ зінде «Демтаңдаудан» жалт беріп, атын өзгертіп, «Ақжол» болып шыға келген, ақырында атқарушы биліктің қолбаласы екенін дәлелдеген партияға қандай үлес қоспақ, мәселе осында болып тұр ғой! Талай оппозициялық партиялар тиісті қолын жинай алмай тырапай асқанда, «Ақжол» партиясы қас пен көздің арасында 50 мың қол жинап алуында не сыр бар? Ең бастысы, миллион мүше жинаса да осы партия әлеуметке не бермек? Шынын айту керек, көпшілік қазір «Ақжолдың» бұлайша елді дүрліктіруін кезекті бір саяси ойын ба дегендей, ішін жиып отыр. «Арба қара жерде кемені арқалап келіп, суға жеткен соң кемеге өзі мінеді», – дегендей, әлеумет кеше ғана аузындағысын жырып беріп байытқан, ал қысылтаяң, көкөзек шақта сол өзі асыраған ұлдарына сүйенетіні ақиқат. Осы «Ақжолдың» тең төрағасы Болат Әбілов жайлы «Доживем до понедельника» (8.05.2003 ж.) газеті былай дейді: «Бутя – капитал» собрал более 90 миллион купонов, которые об­менял почти на 2,5 миллион акций различных казахстан-

ских предприятий. Свои убытки «Бутя – капитал» превратил в прибыль. В своем балансе на 1 января 1997 г. руководство ИПФ «Бутя – капитал» записало убытки в 415722500 теңге. Это сумма в 6 раз превышает стоимость обмененных на купоны акций. Откуда возникала такая астрономическая сумма? Ее создали, искусственно, утверждают эксперты, просто провели переоценку уставных фондов предприятий. Вроде бы, формальность, но именно она дала Буте – капиталу индульгенцию на пять лет, пока его коммерческая прибыль не перевалит за те самые 415 млн тенге. В течение всего этого срока Бутя мог не платить 30-процентный налог на прибыль и вводить в страну все, что угодно – от презервативов до автомобилей...» Біздің байшыкештердің баю жолдарының бәрі күмәнді. Осы орайда алғашқы миллионы таза ұрлық, қылмыс, алаяқ­ тықтың арқасында жиналғанын айтып, ағынан жарылған Рокфеллерді әулие екен дейсің. Болат батырымыз, міне, он жылдан бері 90 миллион ку­ понның иелеріне бірде-бір теңге девиденд берген жоқ. Осыдан кейін Әбілов жүрген жерде шөп шығады дегенге кім сенеді. Тағы бір жанымызға бататын жағдай – бұрын еліміздің эко­номикасын үріп ішіп, шайқап төгіп кеткен аярлар дәулеті азайғасын Қазақстанға қайта келіп қор жинайтындығы. Елі­ міз олар үшін бейне бір бордақы алаңы сияқты. Кешегі тәу­ елсіздігіміздің алакөбеңінде аңғырттығымызды пайдаланып, біраз дүниені опырып кеткен сұғанақтардың бірі – Олег Сосковец «ЕурАзЭК-тың іскерлік төрағасы ретінде ара­мыз­ ға тағы келді. Жақында Алматыдағы болған жиында С.Те­ре­ щенкомен екеуі әлденені сыбырласып, ішек-сілелері қатып күлгендерінің себебі – қаймана қазақты мазақтап тұрғандары ма, кім білсін? Сөз арасында айта кетейік, мысалы, Израильда бүкіл дү­ ниежүзінің бай әрі атақты адамдары, миллиардер еврейлер жерленетін аса қымбат қорым бар. Бір-бірін үгіттеп немесе осы қорымды айызын қандыра жарнамалап, тіпті қа­сиетті мекен деп дақпырт қылып, әлемнің ауқатты адамда­рына

алдын-ала бұл арадан бағасына шашың жетпейтін то­қымдай жер сатылып, болашақ қабірлерін күні бұрын дайындап қою дәстүрге айналыпты. Осы қорымнан 2000 жылы қазақстандық кәсіпкерлер жинап берген 4 миллион долларға Алла Пугачева мен Филипп Киркоров та өздерінің болашақ моласына арнап жер сатып алып қойғанын өткен жылы Ресей баслымдары жазды. Міне, «құлды бәрекелді өлтіреді» дегендей, біздің ақша қайда кетпей жатыр дейсің... Оқырман үшін мына бір жайт та қызық болар, биылғы жазда «Қазақхром» трансұлттық компаниясының президенті Әлижан Ибрагимовтің ұлы «Соколов – Сарыбай» кен байыту бірлестігінің президенті Мұхамеджан Тұрдахуновтың қы­ зына үйленді. Той Бішкекте, Тоқмақта, Алматыда әлденеше күнге созылды. Бішкекке белгілі шоумен Сергей Погосян ша­ қырылды. Михаил Шуфутинский де ере келді. Алматыдағы тойды Александр Машкевич көтеріп алды. Мәскеуден Филлипп Киркоров жетті. Қаржы суша ақты. Тіпті осы салтанатқа Израильдің экс-премьері Эхуд Барак пен ресейлік олигарх Олег Дерипаска да қатысты. Біз мұны біреудің байлығын қыз­ғанғандай неге айтып отырмыз? Кешегі Бішкек пединс­ титутын бітірген қатардағы мұғалім, бүгін Қазақстан экономикасының үштен біріне иелік етіп отырған Александр Машкевичке мұндай байлық қайдан біткен? Мәселе осында болып тұр ғой. Сөз түсінетін пенде болса, біраз нәрсе айтылғандай болды-ау деймін. Иә, айт – аттынікі, той-тондынікі... Ал, қай­ мана қазақ қайда бармақ? Мүмкін қайыршылықтан «Асар» жасап құтылармыз... «Ана тілі», 18.12.2003 ж. ЖЕРІҢ БАРДА ЖАРЛЫМЫН ДЕМЕ «Тұлпарымды жау алса, құлындар жылқымыз бар, аруымызды жау алса, бала табар әйелдеріміз бар, жерімізді жау алса, оны ешкім туып бере алмайды», – деп ғұн қағаны Мөде айтқандай, туған топырақ, атакүлдік, атақоныс дегендер ха­ лықтың ең бір талмау жері емес пе? Ата-бабаңның еңбегі

сіңіп, өмірлік тәжірибесін қалдырған, төрт маусымы қалай өтетіні өзіңе бесенеден белгілі, еліңнің қуаныш-қайғысына ортақ мекенді қалай дәтің шыдап өзге біреуге қиярсың? Біз­ ден бұрынғы өткен, ел бұйдасын ұстаған ақылды ағзамдар бүкіл дүние-мүкәмалын сарп етсе де, жерді сақтап қалған ғой. Үстіміздегі жылдың 4-ші шілдесінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминь Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы қосымша келісімге қол қойғаны белгілі. Осылайша, даулы «екі учаскенің шамамен 944 шаршы шақырым жалпы ауданынан Қазақстанға 537 шаршы шақырым (56,9%), Қытайға 407 шаршы шақырым (43,1%) тиесілі болып шешілді. Иә, көптен бері жарылмаған шиқандай сыздатқан мәселеге нүкте қойылды. Осы келісім екі жақты да енді ырың-жырыңға салмайтын, шекара сы­ зы­ғын түбегейлі бір-ақ кескен түпкілікті серт болса жарар еді. Осы бір аса кірпияз, екі шоқып, бір қарайтын мәселеде елеусіз қателіктің өзі ертең үлкен өкінішке ұрындыратынын тарихтың өзі талай дәлелдеді. Алдағы ғасырда жас мем­ ле­кетімізді әрқилы шырғалаңға салатын да осы Қытай ай­ даһары екенін жүрегі қүрғыр сезеді... Жаулап алмай-ақ, қо­ қан-лоқысыз момақан күйде ағылып жатқан қытайлар күн­ дердің күнінде өзеннің бір шетінен құйылған мұнайдай қазақ жерінің бетіне кілкіп шыға келсе қайтеміз? Алматыдағы Бас штабта өткізілген баспасөз мәслихатында мемлекеттік ше­ караны күзету күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Тоқ­ тасын Бұзыбаев: «Осы жылдың өзінде мемлекеттік шекараны заңсыз түрде бұзып өтпек болған 1700 адам қолға түсті. Оның тең жартысы Қытай азаматтары», – деп атап көрсетті. «Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш (қытай) халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып түркі халқы қы­ рылдың, түркі халқы жойылдың», – деп Күлтегін бабамыз Орхон-Енисей даласының тасына жазып кеткен зар-тілегін ешқашан есімізден шығармауымыз керек. Қалай дегенмен де іргеміздегі бұл алып елмен байланысқа түспей тұра ал­маймыз. Қазіргі болжамдарға қарағанда, келер ғасырда Қа­зақстаннан көп мөлшерде мұнай сатып алатын бірден-бір мемлекет

Қытай болуы мүмкін. Осыған байланысты біз үшін өмірлік мәні зор төмендегідей бірнеше сұрақтар туындай­ды. Қытайға мұнай сатқаннан елімізге түсетін пайданың мөлшері қандай, зияны неде, мұнай құбырының айналасында келешекте қандай саяси жағдайлар пайда болуы мүмкін, экономикалық тұрғыдан тиімділігі мен тиімсіздігі. Және осы құбырлардың құрылыс шығындарын түгелдей Қытай өз мойнына алмақшы. Тиімсіздігі – мұнай құбырының 3000 шақырымға созылатын тым ұзындығы және мұнай шығатын бастапқы нүктеден мұнайды қабылдайтын соңғы нүктенің теңіз деңгейі бойынша 2000 метрдей биіктігі. Бұл екі географиялық жағдай, салмағы ауыр Каспий мұнайын аса үлкен қашықтыққа төменнен жоғарыға қарай айдауға мәжбүр етеді де, мұнайды тасымалдаудың бағасын ұлғайтып, оның өзіндік құнын жоғарылатады. Кейбір есептеулерге қарағанда өзіндік құны мұнайдың әлемдік сатылу бағасынан қымбат мұнайды көп мөлшерде сатып алуға Қытай неге құштар және біздің табатын пайдамыз қандай деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Келесі қауіп, егер мұнай құбырының құрылыс жұмыстары негізінен Қытай жұмысшыларының күшімен атқарылатын болса, олардың көпшілігінің осы елдің ішкі саясатына сәй­ кес қазақ жеріне тұрақтап қалуға тырысатыны бүгінгі өмір көрсетіп отырған шындық. Шығыстағы көршіміздің біздің шұрайлы жері бар Оңтүстік өңірлерімізге кез тіккеніне көп болған. Осы саясаттан қандай пікір түюуге болады! Қазіргі кезде отарлаудың, баса билеудің, еліңді кіріптарлыққа душар етудің ең әккі тәсілі дүниеге келді. Оның бірі – экономикалық жақтан құрықтап, баса билеу. Енді бірі – демографиялық жақтан басып алу. Мұның қай-қайсысы да жас тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша қауіпті. Бүгіндері біз үшін тағы бір жайсыз бастама – жерді сату жөнінде мәселелер қозғала бастады. Осы бір суханың сүймейтін хабарды естіп, халық елендей бастады. Мұның бүгінгі бізге, ертеңгі ұрпаққа пайдазияны қандай болмақ, ол жағы әлі белгісіз. Вице-премьер Жәнібек Кәрібжанов осы жылдың 28 тамызындағы «Егемен Қазақстан» газетінде жүргізілген тікелей сұхбатында: «Біз қазір Конституцияға сәйкес «Жер туралы» Жарлыққа

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасын әзірлеп жатырмыз. Онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату мөселелері қозғалатын болады. Нарықтық экономикаға сәйкес жерді сату туралы мәселе мұқият қаралуы тиіс. Жердің нақты қожасы болуы керек. Президент өзінің Парламентте сөйлеген сөзінде жердің Қа­ зақстанда туып-өскен және жер өңдеумен айналысатын адам­ дарға сатылатындығын ашық айтты. Ал, қоныс аударуы немесе азаматтығын ауыстыруы кезінде бүл жерді не мемлекет, не жеке меншік иесі сатып алуы тиіс. Бұл мәселелер егжейтегжейлі талданады және Парламенттің қарауына енгізіледі», – деп түсінік берді. Бізде былай ғой: Әрбір қаулы-қарар, заң орталықта шығады да, шетке келе күшейе береді. Қиыр шет оны өзінше, көбіне бұрмалай ұғынып, кейде ылаңға айналдырады. Қайдан білейік, «Әкемді алған құдайға сенбеймін» дегендей осы қиын уақытта жерді негізгі сатушылар қазақтар болып, артынан сол жерін түсінде көріп жүрмей ме деген батпан сауалдар мазаны алады. Жақында тағы бір жағымсыз хабар «дүңк» ете қалды. Байқоңырды жалға бергеннен түсетін бәленбай жылғы алашағымыз – 470 миллион доллар да құр­ дымға кетіпті. Сегізінші қыркүйек күнгі Президент Н.На­ зарбаев пен Ресей делегациясының басшысы В.Христенко қатысқан баспасөз мәслихатында: «Ресейдің Байқоңыр жө­ ніндегі қарызы Қазақстанның Ресейге қарызы есебінен жабылды», – деген жауап естідік. Қазақстан Ресейге қанша қа­ рыз, ол жағы тағы күңгірт. Алдағы XXI ғасыр қолға, аяққа емес, миға салмақ түсетін ғасыр болмақ. Мемлекетімізге тие­ сілі Ұлы байлықтар: Жер, жер-асты қазбаларын, өзен-су­лар­ ды көздің қарашығындай сақтауды баламыздың баласына үйретіп кетсек оңды болар еді. Өйткені, оларсыз мынау аласапыран өмір базарында біздің құнымыз көк тиын ғой. «Жетісу», 1999 ж.

ТАРИХ–ҚАРҒЫС, ТАРИХ – КЕК, ТАРИХ – РЫСҚҰЛ... Аштан өлген 3 миллион адам ұмыт қалғаны ма? Биыл тәуелсіздік алғанымызға 18 жыл толады. Осы санаулы 18 жылда санап тауыса алмайтын қаншама ірі қадамдар жасалды. Мұны жоққа шығару көрер көзге әділетсіздік болар еді. Біз осы жылдарда жұрдай болып тоналған тарихи жәдігерлерімізді, кім көрінген қымқырып кеткен асылдарымызды іздеумен айналыстық. Бірақ, қолдан бір шығып кеткен нәрсе оңайлықпен қайта қоя ма? Әлемнің рухани, мәдени қағбаларын есептемегенде, орыс­ тардың алтын сандығы – Эрмитаждың өзінде екі миллионнан аса көне дүниенің небір жауһарлары жинақталған. Үш ғасырдан бері ұрланған-жырланғаны бар, «бұйымтайшы­лап» алғаны бар, хан, сұлтан, билердің сыйға тартқаны бар, несін айтасың, сол мұражайда қазақ халқының қыруар төл мүлкі көздері жәудіреп әлі тұр. Дәл қазір осы жәдігерлерге тісіміздің суын жұтып, құр тамсанғаннан басқа дәрменіміз жоқ. Сонау бір жылдары Ұлт­ тық Ғылым академиясының президенті болып тұрған ша­ ғында атақты ғалым Шаһмардан Есенов ағамыз Канадаға бар­ған сапарында аз ғана долларына дүние алмай, әл-Фараби бабасының «Қайырымды шаһар тұрғындары туралы» трактатын сатып алып, елге әкелуі қандай ғанибет! Әрбір қазақ баласы осындай іс тындырса, талай ұрпақтан алғыс алар еді-ау! Жә, біздің айтарымыз бұл емес еді. «Бірді айтып, бірге кетіп» жатқанымызды оқырман қауым бағамдар. Осы он сегіз жыл ішінде басқа халықтар ой ойлап жат­ қанда, біз той тойлаудан дүние жүзінің алдына шығып кетуі­ міз кейбіреулерге әбестік болып көрінгені де рас. Жекелеген тұлғаларымыз ештеңе емес, сақал-шашын са­ хараның жебір желіне босқа ағартып, бір шөптің басын сындырмай кеткен «белгісіз перғауындарға» да жұтындырып ес­ керткіш тұрғызып, мазар салу модаға айналды.

Уай, әлеумет! Уай, мырза-шоралар! Менің сіздерден сұ­ райтын бір сауалым бар: Сіздер осы ас берерде, минарет тұрғызарда «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген әбден көктақым, аққаптал болған мақалды жиі айтасыздар. Ал кешегі көріңде өкіргір көрдемшілердің қолымен жа­ салған айтақыр аштықта оталып түскен 3000000 бауырымызды еске алмауымыз қалай? Осы бізді қарғыс атып жүрмесін! Бүкіл қазақ даласы өлексе сасыған мұндай ғаламат трагедияны бүгінгі ұрпақ білмей-ақ қойсын дейтін шығарсыздар. Бірақ, өзге халық мұндай зор зұлматты баласының баласына зар еңіреп айтып кетеді екен. Әне армяндарды қараңызшы, түріктердің қолынан қаза тапқан жүздеген мың бауырларын бір сәт те естерінен шығармайды, зәулім-зәулім қаралы ансамбльдер тұрғызды, сонда күні-түні жүрегіңді жұлып ала жаздап армянның ұлы сазгері Комитастың зарлы әуендері ойнап тұрады. Ойлап қарасақ, кейінгі ұрпақты ел тағдырына жеміріле ойландыратын, сақтыққа үндейтін сансыз дарақы астар емес, осындай жалпы ұлттық қаны сорғалаған қаралы ескерткіштер болуы керек. Ескерткіштерді «саяси қуғынсүргін құрбандарына» деп жалпылама орнатпай, нақты дерекке негіздеп, атап орнатсақ болмай ма? Осы бір бейқамдығымыз туралы халқымыздың шежіре қарты Ғалым Ахмедов ақсақал өзінің «Алаш алаш болғанда» кітабында: «Біз Американың жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастағанын, сонда үш жүз мыңдай адам қырылғанын әр кезде аза тұтып айтып жүрміз. Әрине, аз апат емес. Ал өз елімізде колхоздастыру кезінде қазақ халқының әлгі келтірілген саннан он есе артық қырылғанын онша көп ауызға ала бермейміз. Астанамызда «Тың игерушілерге» ескерткіш қоямыз деп Үкімет үйі алаңына тас жазып қойып отырмыз ғой. Пайдасынан гөрі зияны шаш-етектен болған сол «тыңнан» гөрі ел есінде қалып, кейінгі ұрпаққа сабақ болуы үшін сол алаңға зорлап колхоздастырудың құрбаны болған, аштан қырылған, Голощекиннің тілімен айтқанда «откочевниктерге» азалы әйкел (памятник) қойған мақұл болар еді», – деп дұрыс көр­ сетті. Иә, адам баласы көзі тірі кезінде үйінің, қорған-қамалы­

ның, болашақ зиратының мәңгілік болуын ойлап, соған бар өнерін салады. Тәңірден басқаға «тәйт» дегізбеген небір ба­ ғландар мыңдаған адамның қаны мен сөлін қоса сығып, әр дәуірде арттарына салтанаты жарасқан алапат ескерткіштер қалдырды. Болатыңды бордай үгетін қиқар уақыттың тезі­- не шыдай алмай, солардың дені жер бетінен өшіп кетті. Тек қана 5000 жыл бойы мезгіл «мыстанымен» арпалысып, ақы­ ры оған жеңдірмей, Мысыр пирамидалары ғана бүгінге жетті. Егер әр ұрпақ өз кезегінде туған халқының қасиетті ес­ керткіштерін әрлеп, аялап отырса, оған жытқыр уақыт та, жебір желдер де ештеңе істей алмайды. Кешегі Кеңес Одағы кезінде үкімет басшылары өздерінің есімдерін көшелер мен кенттерге, зауыт, фабрикаларға қо­ сақ­тап, бір жырғап қалды. Бұл ұятсыздық бүгінде әбден ша­ рықтау шегі­не жетті. Ұлт дамуындағы тарихи кезеңдер құн­ дылықтарын рахаттана ұмытып, қазір түрлі қалталылар, губернаторлар, кейбір басшылар өздерінің екінші ғұмырларын ойлап, әл­де­қашан іске кіріскенге ұқсайды. Мысалы, Александр Руцкой Курскіде өз атынан ат шаптырым мемориал кешен салдырып, маңдайшасына: «Архитектор А.В.Руцкой» деп үлкен әріптермен жаздырып тастады. А.Руцкойден Саратов облысының губернаторы Дмитрий Аяцков та қалысар емес. Ол өзінің туған жері Столыпин селосында храм салдырды. Ерекше әрленген храмның ішкі кө­ ріністерінің бірінде губернатор Аяцковтың бейнесі қасиетті тұлға ретінде бедерленген. Бұл енді жай адамның көзімен қарағанда нағыз шектен шыққандық. Сөйтіп, бүгінде Ресейдің әр түкпірінде «тірі құдайлар» алшаң басып жүріп жатыр. Өз атын ұлықтауға келгенде бұрынғы Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязовқа еш­ кім тең келмейді. Красноводск, яғни бұрынғы Шағадам қа­ ласын Түрікменбашы қылып қайтадан өзгертті. Ашхабад қа­ ласының орталығында 72 метр биіктікте мемлекет бас­шы­ сының 12 метрлік алтынмен апталған мүсіні тұр. Бірақ тарихқа не шара! С.Ниязов қаза болып оның орнына келген жаңа президент Қ.Бердімұхамедов елдің дамуында ешқандай жеке басқа табынушылық болмауы керек деген

қағиданы ұстанып, бұрынғы Ниязовтың аты берілген ғимарат, көше, қала, гүлзарлар, ескерткіштердің бәрінің аты өзгерті­ ліп, орындарынан алынды. Тіпті Ниязов енгізген күнтізбе де күнделікті қолданыстан шықты. Ол жапқан опера және балет театры қайтадан ашылып, жұмыс істей бастады. Түркменбашыға қарағанда Асқар Ақаев имантаразылау екен. Ол қырғызстандық мүсінші Т.Садықов дүниеге әкел­ ген «Ел құты» деп аталатын тамаша ескерткіштің ішінде рес­ публикаға еңбегі сіңген алпыс адамның бірі ретінде бейнеленген. Ал атын мәңгіге қалдыру дертінен Қазақстан да құр емес. Солтүстік облыстарда қаржыны судай шашып, небір алып храмдар салынып жатыр. Кейбір қазақстандық алпауыттар қатерсіз, шұрайлы жерлерге өздерінің болашақ пантеондарын дайындап жатқанын алып-қашпа сөздерден естиміз. Онысы мәңгілік болса жақсы. «Туасы, ел мен жер тарихындағы қаралы кезеңдерді, қилы замандарды саясаттың сайрауығы боп – ойынан да, сөзінен де сылып тастаймын деген азамат, не оның ұрпағы, дәл сол кезеңдер мен замандардың зо­ба­ лаңын өз басынан өткеруге мәжбүр ғана емес, міндеткер болды. Тарихта көз жоқ, көкірек жоқ деген бекершілік. Тарих – қарғыс, тарих – кек, тарих – Рысқұл. Рысқұл Саймасай тақылеттестердің тәтті жанынан ұлтарақ қимай қой­май­ ды...», деп Асқар Сүлейменов айтқандай, халық ертең осы «перғауындардың» артына қалдырған мұраларын тып-типыл ғып өртеп, жермен-жексен етіп жатса, қас масқара сонда болмай ма? Бірақ, барлық пен билік жан-жағыңа қарата ма? Амал не, бүгінгі «тірі құдайлардың» мәңгілік ескерткіштері қазірден бастап сап түзеуде. Ал, үш миллион адам қырылған, халқымыздың аса зор трагедиясының елесі де жоқ... «Жас Алаш», 28.06.2001 ж.

Заңдастырсақ, нашақорларды сөзсіз желіктіреміз Бүгінде жер шарында есірткі бизнесі әлемдік экономи­ ка­ның күре тамыры мұнайды да артта қалдырды. Бұл нағыз гүрілдеп тұрған, супер табыс әкелетін салаға айналып бара жатқандығы шошындырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы кел­ тірген деректер бойынша, есірткі саудасы айналымына 1 доллар салсаң, ол 12400 доллар болып оралады екен. Мұндай ақшаны күреп табатын сала бұрын-соңды тарихта болған емес. Бір кездері К.Маркс жарықтық: «Егер капитал 300 пайыз пайда табатын болса, бұл – барып тұрган қылмыс» деп еді. Ал, қазіргі біздің дәуіріміздегі 12400 пайызды естісе, «Ка­ питалдың атасы» есінен танатын шығар. Әлемде белең алып бара жатқан есірткі саудасының тұтас картелдері мен синдикаттарының кең етек жайып, айналасына қауіп төндіре бастағанын барлығы білгенімен, оны тұптұқиянымен құртудың амалын әлі ешкім таба алған жоқ. Қазір Қазақстанға есірткінің төрт түрі – төрт тарапынан ағылып жатыр. Олар: Шу аңғарының марихуанасы, Ауғантәжік бағытынан келетін опий, химфарм зауыттарынан заң­ сыз шығарылған өнімдер және Батыс пен Ресейден келетін синтетикалық есірткілер. Мамандардың айтуынша, қазір нашақорлардың 52 па­йы­ зы героинді қолданатындары белгілі болып отыр. Мемле­ кет­тік шекаралардың қалтарыс-бұлтарысы көп ұлан-бай­ тақ­тығы, еліміздің географиялық жағдайының жайлылығы, оның үстіне сан ықылым замандардан бері қайнаған сауда жолының үстінде жатқандығын ескерген наркобарондар Қа­ зақстанды планетадағы ең маңызды наркотрафикалық базаға айналдырмақшы. Бip килограмм героин Ауғанстанда 700 доллар, Тәжік­ станның шекаралық аудандарында – 900, Душанбеде – 1500, Қырғызстанда – 7000, ал Ресейде – 70000 долларға ба­ға­ ланады. Бүгінде Қазақстанда әр жыл сайын есірткіге байланысты 20000 қылмыс тіркеледі. Бұл тажалмен күрес Кеңес одағы

кезінде де ұдайы жүргізіліп келген болатын. Бірақ шулыған қылмай, жабық жағдайда жүргізілгені көпшіліктің есінде болар. «Жауырды жаба тоқығанмен» болмайды екен. Құтыра лаулаған есірткіге деген ынтызарлық – осы құпия күрестің бетпердесінің быт-шытын шығарды. Міне, еліміз 15 жылдан бері осы тажалмен ашық күресіп келеді. 1990 жылдары Қазақстанда 3797 нашақор арнайы есепте тұрса, бүгінде олардың саны 200 мыңнан асады. Бұл тек есепте тұрғандары ғана, ал қолға түспей, құмарын қандырып жүргендер қаншама десеңші! Тіпті елімізге түрлі жолдармен келіп, медициналық, мақ­ сатпен деген сылтаумен Шу аңғарынан сапалы есірткі қор­ ла­рын теңдеп алғаннан кейін жым-жылас тайып тұратын ше­ телдік фирмалар да көбейгенге ұқсайды. Осыдан біраз уа­қыт бұрын Шу аңғарына итальяндықтар келіп, Қазақстан Үкі­ метімен келісіп, Шу аңғарындағы жайқалған кендірді ме­ди­ циналық мақсатқа қолдану үшін арнайы зауыт салмақ болыпты. Итальяндықтар рұқсат алғаннан кейін, бірнеше тонна сұрыпталған есірткіні жинап-қаттап, бір түнде тайып тұрған. Жақында осы өңірге немістер келіп, 20 миллион долларға есірткі өңдейтін қазіргі заманғы комплекс салмақшы болып рұқсат алады да, олар да итальяндықтар сияқты Шудың сапалы өнімін сұрыптап алғаннан кейін, жасырын түрде Германиядан бір-ақ шыққан. Есірткі саудасымен бірге «жұт жеті ағайынды» дегендей, терроризм т.б. атышулы қылмыстар қоса жүретіні белгілі. Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушылар 6 кило героиимен қолға түсті. Дәл қазір Орта Аз­ ия мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да наркобизнес ал­ дында дәрменсіздік танытып отыр. Бұл тажалдың кү­шін қайткенде бәсеңдетуге болады деген көкейкесті сауал бү­ гінде күн тәртібінен түспей тұр. Есірткі саудасы күш бер­ мейтінін түсініп, енді оның жеңіл түрлерін заңдастырып, сөйтіп республика көлемінде билігін жүргізіп отырған наркобизнес құрылымдарын осылай әлсіретіп, Үкімет есірткі саудасы мен оның таралуын, пайдаланылуын өз қолына алса деген пікірлер де үдей түсуде. Олардың алға тартатында-

ры – мысалы Голландияда есірткінін жеңіл түрлерінің еркін сатылатындығы. ІІІындығында Голландия мен Бельгияның үрдісін негізге алуға бола ма? Бүгінде көзге көрінбейтін қалталы барондар әуелі осылай жіберіп-тартып, өзінің харам ойларын көпшілік құлағына сіңіре түседі. Тасада отырып осы пікірдің әлеуметке қалай әсер еткенін қапысыз бақылайды. Әлдебір уақыт өткеннен кейін қайта көтереді, қоғамдық пікір қалыптастырады, ықпал етеді, тіпті күштейді, ақыры заңдастырады. Осы алпауыттарға есірткінің жеңіл түрлерін заңдастыру неге қажет болып отыр? Мұнайдан түсетін пайда да шаш-етектен, бірақ 12400 пайыз пайда әкелетін наркобизнеске не жетсін! Міне, мәселе қайда жатыр! Олардың көке­йін тескен осы бір ыбырсыған, жойқын ақша ғой! Әуелі есірткі­нің жеңіл түрлерін заңдастырдық делік, алайда қазірдің өзінде ашық кетуге қорқып отырған, қоймалардағы тонналаған героин қожалары алақандарын ысқылап, қызу іске кірісті дей беріңіз. Былайша айтқанда біздің елімізде, қазіргі жағдайымызда есірткінің жеңіл турлерін заңдастыру дегеніңіз – бұл өртті бензин құйып өшірем деген сияқты аса қауіпті пиғыл болар еді. Есірткінің, әсіресе оның күшті түрлерінің адамды магнитше тартатын қасиеті бар. Мысалы, медицинада мынадай тәжірибе жасалған. Егеуқұйрықтың алдына өзі сүйетін тамақ пен күштi есірткі қатар қойылған. Егеуқұйрық сол бойда есірткіні қарпып жей бастаған. Әрине, адам егеуқұйрық емес. Алайда, жыл өткен сайын бойдағы нәрді ілезде сорып алып, өлімге жетелейтін осы бір ажал көзі – ақ ұнтаққа ынтық жандардың артып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Бұл тажалдың әсіресе, жасөспірімдердің арасында кең етек алып бара жатқандығы шошындырады. Қорыта айтқанда, жеңіл есірткіні заңдастырамыз деп жүргенде, нашақорларды жаппай желіктіріп, сөндіруі қиын өрт тұтатып алып жүрмейік. «Ана тілі», 8.І.2004 ж.

Еліміз жүз ұлттың мекені, бірақ жанқиярлар мен жанбағарларды ажыратып алған жөн Түптің түбінде адамзат үшін нағыз байлық алтын да, мұ­ най да емес, өзінің туған Отаны, жері мен суы болып қа­ латыны қазірдің өзінде айқындала бастады. Жер мен су үшін қырқыс өткен ғасырларда шиыршық атса, қанжоса май­дан­ дарға ұласса, бүгінде осы әрекеттер басқа мәнге ие болып, небір жымысқы, сұрқия, астыртын, айта берді қоқан-лоққы тәсілдермен жүргізіледі. Іргесі бүтін, мақсат-мұраттары ор­ тақ, ризығын теріп жеп отырған топырағын Отаным деп қыз­ ғыштай қоритын ұлт пен ұлыстарды ешқандай жау ала алмасы белгілі. Осы орайда, елімізді мекендеген жүздеген нәсілдердің бәрі бірдей Қазақстан үшін жаны ауырады деп ойлауға бола ма? Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда дүр көтерілген рухани мұқтаждықтарымызға басқа ұлттар да түсіністікпен қа­- рай бастап еді. Бәрін бүлдірген өзіміз болдық. «Тіл туралы» Заң қабылдап алдық та, қалай орындау керек екенін біл­ мей дағдарып отырмыз. Тіпті, өзіміздің кейбір белгілі тұлға­ ларымыз­дың ұшқары ойлайтыны таң қалдырмай қой­майды. Өзі­міз төбемізге көтеретін, үлтымыздың мәйегіне ай­нал­ ған Олжас Сүлейменов басқаша сілтейді: «Мен «Жердің бір­ ден-бір қожасы – Қазақстан халқы» деген қағиданы Консти­ ту­цияға енгізіп, оған «Жер және оның қойнауы Қа­зақстан халқының меншігінде болады» деген пікірімді тағы қайта­­ лаймын. Қазақстан жері қазаққа да, орысқа да, ұйғырға да, не­міске де яғни, елімізді қоныстанған жүз ұлтқа да ортақ. Сөйтіп, қана барлық ұлттарды Қазақстанның патриоты қы­ лып тәрбиелеуге болады. Осы процесті барлық халық болып қолдап, тезірек іске асыру керек. Әйтпесе, аталмыш ауру асқына береді...» дейді. Оның үстіне орыс тілі мәртебесін мемлекеттік тілмен қатар қойғысы келеді. Бұған не дейміз??... Олжас ағамыз пайғамбар жасынан асқанда нәрестенің еңбегіндей бүлкілдеп, әзер-әзер ұйып келе жатқан ұлттық уызға тас лақтырғаны несі? Тас лақтырғаны емей немене, қазақ зиялыларының, көпшіліктің райыңнан қайт, бұл халқың

үшін «қайырсыз пікірден арыл» дегеніне Олжас Омарұлы мойын бұрмай, осы «қағиданы» қайталаудан жалықпайды. Және алқа-қотан топтың ортасында, ірі-ірі мінберлерден өзіне тән шешендікпен бипаздап тұрып жеткізеді. Бір қарағанда Олжас Сүлейменов те қылышы мен найзасын, сирақты мылтықтарын түнде басынан, күндіз қойнынан тастамай жүріп атакүлдігін қорғаған батыр шалдардың ұрпағы. Бірақ, ол барлық нәрсені бүкіл ғаламдық тұрғыда, планетаралық масштабта шешуге үйренген адам. Оның өмі­ рінің дені гүл жайнаған Алматыда, Мәскеуде, шетелде өтті. Ақын ағамыз ерте көктемнен қара күзге дейін құм суыра борайтын Маңғыстаудағы, Қызылордадағы, Атыраудағы «арқасын күн жеген қара жауырын» бейнетқорлардың тір­ лі­гін ғұмыры көрген жоқ. Олардың қой төлдету кезіндегі толарсағынан қи кешкен азапты өмірі оған, тіпті беймәлім. Ойлап қарасақ, солар Құдай қарғаған жандар ма? Осы апатты аймақтағы «өлермен бәдәуилерді», яғни қандастарымызды солтүстік облыстарға шоғырландырып сауықтыруды, самалдатуды осы ағамыз ойлады ма екен? Солтүстік облыстардағы, жер жаннаты Жетісудағы өзге ұлттардың бәрі де бір-бір тай­- ды бір өзі жеке жеген бөрідей де, біз неге айдың, күннің аманында қаншырдай қатып жүрміз? Егер Олжекеңнің осы «қасиетті қағидасы» іске асар болса, қазақ халқының ертеңгі тірлігі былайша өрбиді: Үйінде екі-үш құрақ көрпесі мен бірер сырмағынан басқа сілкіп алары жоқ, онсыз да қайыршылыққа бет түзеген кей­ бір отбасылар әбден қара қасқа күйге түседі. Ал, шұрайлы жерлердің дені осы елде әлі күнге әлеуметтік, саяси, мәдени жағынан үстем болып отырған орыс тілділерге бұйырады да, халқымыздың үлкен бөлігі патшалық отарлау кезіндегідей экологиялық эксперименттерден азып-тозған далада қалады. Содан кейін «күшігінен таланған, туғанынан төмпештелген» халық өзінен алыстайды, өткен тарихын, өзіндік «менін» ұмыта бастайды. Азат ойлар тұсауланып, адамдардың тір­ ші­лікке ұмтылысы, ынта-жігері жасиды. Елімізді мекендеген жүз ұлттың ақсүйектері, қалталылары бірігіп, жергілікті халықты тірі өлік қалыпта ұстайды. Қазақ милләті кедей тұруы үшін барлық жағдай жасалады, онсыз да аз қалған

ұлттық байлық қорқаулықпен талан-таражға салынады. Осы бір әлемнің дамушы елдерін сазға отырғызып келе жатқан зымиян әдіс Қазақстанда да үстемдік ала бастады. Барлық халықтың сүйіктісі болып, «планетаның ортақ ұлы» атанған жақсы-ау, бірақ өз қағынан жеріп, өзінің туған жерін саудаға салып қойған перзент қандай ұшпаққа шықпақ? Олжас Сүлейменовтің бұл пікірімен біз түгіл, ақ дәмімізді татқан еліміздегі өзге ұлт өкілдері де келіспейді. Нанбасаңыз жорналшы Ж.Аупбаевпен сұхбаттасқан ұй­ ғыр халқының зиялысы Азат Әкімбектің сөзіне құлақ түріңіз: («Таңғажайып тағдырлар» кітабында) «Жетісуда ұйғыр автономиясын ұйымдастыру идеясының көңілге қатты түйткіл салатыны – Қазақстанның тәуелсіз ел болып, ту көтеріп, егеменді ел болған сәтінде бас көтеруі. Отарлық шырмауынан құтылған жас мемлекетті қаншама ел танып, дүние жүзі түгел ілтипат білдіріп жатқанда, сан жылдар қазақтың жерін жерлеп, суын сулаған ұйғырлар, орыстар, кәріс, дүнғандар қа­ зақтың қолын қысып құттықтауымыз керек-ақ еді. Өкінішке орай, кейбіреуіміз олай етпедік. Ойлап қараңызшы, бүгін оны ұйғыр сұраса, ертең казактар, немістер талап етпей ме? Сонда қазақ мемлекетінен не қалады? «Сен 1991-дің тамызында қайда болдың? Баррикаданың қай жағында жүрдің? – деп сұрау бүгінде Ресейде әдетке айналыпты». Ал бізден: «Сен 1986-ның желтоқсанында қайда болдың? Баррикаданың қай жағында жүрдің?» – деп Қазақстанда бі­ реу сұрады ма? Жоқ. Ұят та болса шынын айтайық, біз, бас­- қа ұлттар, мұнда баррикадада болғанымыз жоқ. Алаңға қазақ­- тан басқа ешкім шықпады. Біз өзімізге тиімді, немкетті бақы­ лау­шының рөлін ойнап, қорғаншақтық позицияға тығылдық. Қақпамызды жауып, ілгегін тас қылып бекітіп, өртеніп жат­ қан менің жерім емес дегендей, ар-ұятымызды алдаған бол­ дық. Ал, барып тұрған ұяттан безгендер бөркін аспанға лақ­ тырып: «Сендерге сол керек, жазаңды әлі тартасың» деп та­ балағандай болды. Егер, желтоқсанның сол бір ызғарлы күн­ дерінде күрзіге жығылып, қан жоса болған қазақтың жас жігіті мен қызы бүгін бізден: «Сен 86-ның желтоқсанында қайда болдың?» деп сұраса, не айтар едік? Ештеңе де ай-

та алмаймыз. Олар мұны сұрамаса, бұл да қазақ жанының жайсаңдығы, кеңпейілділігі мен кек сақтамайтындығы. Ха­ лық: «Қоныс іздеме, қоңсы ізде», – деуші еді. Біздің көбіміз – орыс та, ұйғыр да, неміс те, шешен де қоныс іздеген жоқпыз. Қоңсы таңдауға шамамыз да болмады. Тағдыр бізді қиынқыстау кезеңде әкеп, Қазақстан жерінде, қазақтың кең жазира елінде тұруға жазыпты. Бұған да шүкіршілік». Міне, ұй­ғыр халқының зиялысы, Азат Әкімбектің бұл тол­ ғанысын те­біренбей оқу мүмкін емес. Бастарына күн туған тар кезеңде пана болған қазақ жерін, өздері әбден тойынға­ сын, дал-дұл ғып жыртып, талап әкеткелі тұрған пиғылы харам кейбір арантістерге сабақ болсын деп осы сұхбаттың жан тол­қытар жерлерін түгел жариялауды ұйғардық. Азат Әкімбектің айтып отырғаны айна-қатесіз шындық. Қазақ халқының, бүтін бір мемлекеттің тағдыры шешіліп жатқан, ұл-қыздары қан жоса болып зәбірленіп, бірнешеуі аты­лып кеткен кешегі Желтоқсан оқиғасында өзге ұлт өкіл­ дері миығынан күліп, қазақтарды табалап, рахатқа батты. Ен­ ді келіп, автономия сұрау, теперіш көрген қазақ халқымен бір сапта тұрып, байлығымызға ортақтасып, күлше дәмету – пиғылын қалай түсінуге болады? Мұндай масылдар құжынап тұрғанда Қазақстан қайтіп көктемек? Ал, Олжас Сүлейменов осындай «жанбағарларға» қа­зақ жерін паршалап үлестіріп бергісі келеді. Осы орайда, елі­ міз­дегі ірі кәсіпкер Кионака Сасаки мырзаның: «Қазақстан­­ да қазақтарға ұлттық менталитетті өзгерту керек, ылғи мейі­ рімді бола беру жарамайды»... дегенінде сырт адам ай­ қын аңғарған ақиқат жатыр. Шынында да көрінгеннің кө­ңі­ ліне қарасақ, қараң қалатын түріміз бар екен-ау! Жақында Шығыс Қазақстан облысының ұлты орыс бір тұрғынынан көп мөлшердегі қару-жарақ тәркіленіп, өзі қамауға алынды. Оның үйінен қазақ жерін даулап жүрген Жириновский мен Ресейдегі фашистік ұйымның жетекшісі Баркашовтардың хат­тары табылыпты. Күн өткен сайын Өзбекстанға өтіп кеткен жер мәселесі де өңезі алынбаған шиқандай күлтілдеп барады. Біздің билік басындағылар «бұл мәселе біржола шешіліп қойылған, енді

оны қайта қозғауға болмайды, екі мемлекет арасындағы қа­ рым-қатынас шиеленісіп кетуі мүмкін» деп тайсақтайды. КОДА информациялық агенттігінің хабарлауынша, Бішкекте Қырғыз парламентінің заңдылықты бақылау комитетінің төрағасы А.Бекназаровтың талап етуімен осыдан екі жыл бұрын Президент А.Ақаевқа импичмент жарияланды. Өйт­ кені, 1999 жылы Қытайға 90 мың гектар жер беру жөнінде А.Ақаев пен Цзян Цемин арнайы келісімге қол қойыпты. Есесіне қырғыз жағы Хан-Тәңірі шыңына ие болыпты. Ке­ зінде құпия ұсталған бұл келісім қазір көпшілікке әйгілі болып, әлеуметтің орынды ашу-ызасын туғызуда. Сонымен, Хан-Тәңірі біздің жерімізде деп жүрсек, ол әлдеқашан біреуге өтіп кеткен дүние болды. Жалпы, Жер мәселесі – ел мәселесі, жер тағдыры – ел тағ­ дыры. Біреудің жерін қулықпен алып иемденген халық еш уақытта бақытты болмайды. Мысалы, Ресей мен Қазақстан шекарасының 98 пайызы делимитацияланғанымен, екі па­ йы­зы әлі күмәнді болып түр. Сол екі пайыз түбінде кім­ге бұйырады, ол жағы да белгісіз. Уақыт өткен сайын Қазақ­ станда халықтың ең талмау тұсы – жер мәселесімен айналысушылар көбейе бастады. Тіпті, кейбір әкімдер өзінің құдажекжатына, дос-жарандарына жер үлестіре бастағаны не сұмдық? Қазақтың әр сүйемі қырқыспен сақталған байтақ даласын бұлайша паршалауға олардың қандай құқы бар? Нанбасаңыз мына дерекке назар салыңыз: «1998 жылы Алматы қаласында I Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Осы халықаралық кино жәрмеңкесі аяқталғасын, Еуразия киносына сіңірген еңбегі үшін актриса Лидия Смирноваға Қапшағай қаласының әкімі Зелинский екі гектар шұрайлы жерді сыйға тартты». (АиФ Қазақстан, №42, қазан, 1998 жыл). Aл, керек болса! Міне, нағыз басынушылықтың көкесі! Бұл не қылған аста-төк шүлендік? Қазақтың есіл даласын сыртынан билеу, сыртынан үлес­ тіру әлі жалғасып келе жатқанын ойласақ, шәрбат ішіп отырып, байқамай күшәла жұтып қойғандай ішің мұздап қоя бе­ реді. Мына жағымыздан Қытайдың дабылы да үдеп келеді. Олардың айтар уәжі мынау: «Он бес миллионға жетер-жетпес халқы бар Қазақстанның екі миллион шаршы шақырым айла-

пат аймақты және бай өлкені мекендеуі әділетсіздік. Бұл даулы мәселені тез арада шешпесе болмайды». Біз XXI ғасырға аяқ басқан адамзат баласы ізгілікке бет алуда дейміз. Ал, шындығына келгенде ат бауырынан қара қан ақта­ рыл­ған нағыз қанжоса майдан енді жақындаған сияқты. Осы орайда, әйгілі сөз зергері Әбдіжамил Нұрпейісовтің: «Біз – бәрібір ит жыртқан қара теріміз. Ең болмаса, тіс тигенде үн шығарып қалайық. Жұтса да, қақалып жұтсын» деген сөзін қаперге алған ләзім. Қазақстан – қазақтар үшін әлемдегі жалғыз Отан. Ал, же­рімізді мекендеп отырған басқа ұлттар мен ұлыстардың елімізді көркейтуге, қорғауға жан сала кіріспеуі қалай? Бастарына күн туған тар кезеңде пана болған қазақ жерін өздері әбден тойынғасын дал-дұл ғып жыртып, талап әкеткелі тұр­ ған пиғылы харам арантістердің көбеюі қалай? Міне, еркіндік алғанымызға бір мүшел толып, ентігімізді басып, алды-артымызды саралап, аздап мігір табар сәтте осы бір көптің көңіліне қарап маңайлай бермейтін «нәзік тұ­сы­ мызды» қайта адақтап шығуға қатал уақыттың өзі мәжбүр етіп отыр. Оның үстіне жыл еткен сайын «ашық есік саясатын» енгізудің өзі қауіпті болып бара жатыр. Екі мемлекеттің де азаматтығын алып, екі жеп биге шыққандар елімізді ке­ лемін десе келетін, кетемін десе кететін отағасысы әлжуаз, көңілшек үйге айналдырған сияқты. Тіпті, көпшілігі барған еліне Қазақстанды жексұрын етіп көрсете отырып, сол елден босқындар ретінде қыруар қаржы алып, оны тауысқасын елімізге қайта жылап-сықтап келіп, ежелгі әуеніне басады. Осындай ұшарын жел, қонарын сай білетіндер сеңдей соғылысып жүргенде Қазақстан көшін қалай түземек? Қа­ лай дегенмен де, «Өзіңнен кейін де өмір бар екенін, сенің ұрпағыңа да ішіп-жем, өpic, қоныс керек екенін ұмытпа» деген Шыңғыс ханның даналық сөзін әр қазақ баласы көкірегі­ не тұмаршадай жасырып, иманшарттай жаттап жүрсе ел тұ­ тастығына, жеріміздің әрбір сүйеміне нұқсан келмес еді-ау! «Ана тілі», 15.01.2004 ж.

Кедейлік – мемлекет аяғындағы тұсау... бірақ одан құтылудың жолдарын әлі ешкім айта алмай отыр Байлық пен кедейлік, жақсылық пен зұлымдық, ақсәуле мен қаратүнек жер жаралып, су аққалы айқасып келеді. Тағ­ дыр адамдарды ала-құла қып, сағасы бір, арнасы бөлек екі өзендей бірін байлыққа, бірін кедейлікке баяғыда-ақ бет ал­ ғызған деп қолды бір сілтейін десең, іргеңдегі Батыс, анау Американың күллі жұрты тоқтықтан ықылық атып отыр. Осыған қарағанда, дүние жүзі елдері арасындағы кіріс (табыс) көрсеткіштері тіпті көңіл көншітпейді. Дүниежүзілік банктің 1998-99 жылғы әлем дамуы анықтамалығындағы көрсеткіштерге қарағанда, 1997 жылғы есеппен 6 милли­ ардттай планета халқының 2 миллиарды төмен табысты, 2 миллиард 285 миллионы өте төмен табысты, 571 миллионы (Түркия алғаш рет осы топқа кірді) орташа табысты, 926 мил­лионы жоғары кірісті елдерде тұрады. Яғни, дүние жүзі халқының 15,9 пайызы жоғары, 9,8 пайызы орташа, 39,2 пайызы төмен, 35,1 пайызы өте төмен табыстылар қатарына кіреді. Ең бай ел Люксембургтың кісі басына шаққанда, ұлт­ тық табыс мөлшері 45 мың 330 доллар болса, Мозамбикте 90 доллар ғана, яғни екі ел арасындағы айырмашылық 503 еседен де көп. Дүние жүзі халкының 15,9 пайызын құрайтын жоғары кірісті елдер жалпы әлемдік табыстың 79,5 пайызына ие. Яғни, 29 триллион 925,7 миллиард долларлық дүниежүзілік ұлттық табыстың 23 триллион 802,1 миллиард доллары осы елдерге тиесілі. Мұнан шығатын қорытынды мынау: Жер жүзіндегі эконо­ микалық, технологиялық және саяси билікті өз қолдарына алған 30-ға жуық дамыған елдер басқа елдерді одан әрі ке­ дейлендіріп, қанап, бағындырып отыр, XX ғасыр адамзатқа әлеуметтік салада көңіл қуантарлық­ тай нәтижелер бермеді, тіпті әлемдегі қайшылықтарды одан әрі шиеленістірді, Егер 60 жылдары байлар мен жарлылар­дың табысының ара қатынаеы 13:1 болса, ғасыр аяғында ол 60:1 болды.

Соңғы кезде Еуропада мынадай деректер тарауда. Жер жүзіндегі 2,6 миллиард адамның табысы 347 миллиардердің табысына тең. Нағыз әділетсіздіктің шаты айрылар тұсы осы емес пе? Ендеше, келешектің жаншошырлық мылтықсыз майданын жонарқаңмен сезе отырып, мына түйінге тоқтағандай боласың: тек сауатты ұлт кана мемлекет тізгінін ұстап тұра алады, тек қайсар халық қана мына бірін-бірі қиып жеп жатқан аласапыран дүниеде өмір сүруге хақылы. Он жыл ішінде дүниенің төрт бұрышына кезек-кезек жау­ таңдаған қазақ ұлты өлара кезеңді де артқа тастап барады. Көрінген халықққа еліктеудің де күні өтті, технологиялар ғасыры біздің этностың дүниетанымына да өзгеріс енгізіп жатыр. Біз жаппай сауатты елміз деп мақтанамыз. Ендеше, сауатты бола тұра, кедейшілігіміздің сыры неде? 1999 жылдың желтоқсанында Президент Н.Назарбаев Үкі­метке үш жылдың ішінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жою жөнінде тапсырма беріп еді. Үкімет іле-шала «жұмыс­ сыздық пен кедейшілікке қарсы күрес» атты, атағы дардай бағдарламасын дүниеге әкелді. Осы бағдарлама дүниеге келген кезде туған бала үш рет қар басты. Ал, нәтижесі екібастан белгілі емес пе, мақтанарлық ешнәрсе көрінбейді. Зейнеткерлер мен көп балалы аналардың бір кезде «жа­ рыл­қаушысы» болған Коржова ханым да бұл салаға ешқандай өзгеріс әкелмеді. Шынын айту керек, еліміздің соңғы екі жылдағы жалпы жағдайы айтарлықтай табыс әкелді: айрықша маңызды экспорттық шикізат мұнай өндіру мен оны сыртқа шығару, әсерлеп айтқанда, күн сайын емес, сағат сайын өсуде (бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің бір­ де-бір елі жетпеген көрсеткіштерге жетті, өткен тарихындағы өзінің ең жоғарғы нәтижелерінен де асып түсті және жеткен жетістіктерімен тоқталып қалмай, барған сайын қарқынын арттыруда), негізінен экспортқа бағытталған экономиканың басқа салаларында да сондай көрініс. Сонымен бірге бізде, ресми мәліметтер бойынша ең жоғарғы экономикалык өсім (2000 жылы ІЖӨ 10 пайызға дейін, 2001 жылы 14 пайызға

көтерілді) мен ТМД-дағы ең жоғарғы еңбекақыға қол жетті, Соған қарамастан елімізде жұмыссыздық пен кедейшіліктің кең қанат жаюы қалай? Осы орайда кедейшілік пен жұмыссыздық егіз деуге толық негіз бар. Нанбасаңыз мына деректерге назар аударыңыз. Басқасын былай қойғанда бүгінгі таңда Алматы қаласында жұмыс беруші отандық және шетелдік ірі кәсіпорындар мен комиссия басшылары еліміздің Ата Заңын аяққа басуы аз болғандай, қызметкерлерді жұмысқа аларда олардың тегіне, жынысына, ұлтына, тіліне, тұрғылықты жеріне дейін ежелеп, кемсітушіліктерін, қорлауын әлі тыймай келеді. Мысалы, «Дело» баспа үйі «Работа» газетіне 2001 жылғы 13 қыркүйек күні жарияланған хабарландыруында офис-менеджер және хат тасушылық жұмыстарына шек қойып, тек 25 жасқа де­ йінгі еуропалық қыздарды қабылдайтындығын ашық көрсет­ кен. «Роу Rodson» дүкені басшылығы бойы 175 сантиметрден аспайтын 35-40 жастағы еуропалық әйелді әкімшілік және 2232 жастағы қыздарды сатушылық жұмыстарға шақырып, қыр көрсетеді. «Soft Road» компаниясы және «Старая Англия» рестораны басшылығының осындай хабарландырулары да заң­ ның талаптарынан өрескел ауытқып отыр. Прокуратура органдары еңбекке орналастыру жөніндегі агенттікке жұмыс берушілер тарапынан өткізілген тапсы­ рыс­тарға тексеру жүмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Алматы қаласындағы көптеген компаниялар мен фирмалар жұмысқа адам қабылдауда жынысын, ұлтын және жасын айрықша атап көрсетіп, азаматтарды осылайша ашықтанашық қорлауға жол берген.Тіпті, «Жәрдем лтд» жауапкерші­ лігі шектеулі серіктестігі, «Азия-Мост» кәсіпорындары бас­ шылары еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салған заң талаптарына пысқырып та қарамаған. Ендеше, базар­- ларда, темір жол бекеттерінде арбакеш болып, жөңкіліп жүр­ ген қазақ жастарының сүреңсіз тірлігі қайдан бастау алып жатқанын өзіңіз де ұққан боларсыз, қадірлі оқырман. Қолын­ да билігі жоқ, кеңес дәуірінде тірнектеп жинаған азын-аулақ дәулеті мен абыройынан айрылған халықтың (оның ішінде жұмысшы мен шаруа да бар) ар-намысын кім қорламай,

кім аяққа таптамай жатыр Халықтың игілігі үшін қызмет етуге міндетті Үкіметтің өзі халқына жиіркене қарайтын. мойынға мініп отырған, масыл ретінде бағалайтын дәрежеге жетті. Өйткені, халық одан жалақысы мен зейнетақысын, жәрдемақысын уақытында беруді, коммуналдық төлемнің әлеуметтік деңгейге лайықты болуын талап етеді. Бірді екі етудің орнына барын жоқ етіп жатқан, халық игілігін қа­ дірлеуді үйренбеген, үйренгісіде келмейтін тоңмойын бас­ шылар мұндай «талапшыл халықты» жек көрмегенде қайт­ сін?! Табиғат өлшемімен қарайтын болсақ, әр адамның қырық жылдай өмірі қажырлы еңбек етуге жұмсалады екен. Сол тұла бойы күш-қуатқа толы, білімді де зерделі, алымды да қарым­ ды азаматтарды ұйымдастырудың, қолына еңбек құралдарын беріп, жеке басы мен отбасының, халқы мен қоғамның игілі­ гі үшін еңбек етуге мүмкіндік туғызудың орнына оларды құл базарындағыдай көздерін жәудіретіп, Сейфуллин даңғылына айдап шығарды. Бұдан артық қабілетсіздік, дәрменсіздік бо­- лар ма? 2001 жылдың қараша айында Атыраудағы «Теңіз­ шевройл» компаниясының офисін салып жатқан «Fintraco -ТЕРЕ» деген түрік құрылыс компаниясы басшыларының қиянатына шыдай алмаған жүздеген қазақ жұмысшылары ереуілге шықты. Түрік жұмысшылары мен жергілікті қыз­ мет­керлердің еңбекақысы жер мен көктей айырмашылық салдарынан осындай даудың туындағанын бұқаралық ақпа­ рат құралдары көпшілікке мәлім етті. Ақырында не болды дейсіздер ғой, әбден көбеңсіген түрік басшылар ереуілшілер­ дің бірнешеуін жұмыстан қуып, жергілікті еңбеккерлердің айлығына тек 10 теңге ғана қосты. Осы сорақылыққа біздің құзырлы органдар түк те істей алмады. Мұндай әділетсіздік Қарашығанақтағы шетелдік «ССС / Saipem» компаниясында да қайталанды. Әлгіндей алалау­ шылықтан «Харрикейн – Құмкөл» шетелдік компаниясы да құр алақан емес. Осы компания өткен жылы жарты мың адам­ды жұмыстан заңсыз босатты. Және бір айта кетерлігі, канадалық электр дәнекерлеушінің бір күндік табысы 520 доллар болса, дәл сондай жұмыс істейтін біздің дәнекершіге 9,60 доллар ғана тиесілі екен.

Сонда канадалық жұмысшының бір айлық табысы 15 мың доллардан асып жығылады екен-ау! «Ақтөбемұнайгаздағы» қытайлық жұмысшылар да айына 8000 АҚШ долларын алатынын кезінде «Алтын Орда» газеті жазды. Өткен жылы («Новости недели», 20.XI.2001) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­ нистрлігінің мынандай мәлімдемесі жарияланды: «Республика көлемінде 250 мың адам жұмыспен қамтылды, осының тек қана 8300 орны шетелдік жұмысшыларға берілді». Егер әрбір шетелдік жұмысшы айына 8000 доллар алатын болса, оны 8300-ге көбейтсек, айына 64 миллион 400 мың доллар біреудің қалтасында кететінін балаға дейін білмей ме? Осындай алалаудан кейін отандық жұмысшылар кедей­ шілікке ұшырамағанда қайтушы еді? Өткен жылдың қараша айындағы бір жиында Премьерминистр Қ. Тоқаев бүкілдүниежүзілік еңбек ұйымының 2002 жылы 1 миллиард адамның жұмыссыз қалатындығы тура­лы дерегін келтіреді, ал елімізде қаншама адамның жұмыс­тан заңсыз қысқарғандығын айтпайды. Әлеуметтік саладағы ең басты, ең күрделі мәселе – зейнеткерлер мен мүгедектердің жағдайы екендігі белгілі. Өт­ кен жылдың соңғы айларында зейнетақы көлемі кезекті мәр­ те көтерілді деген хабар естілді. Қаржы министрлігінің мә­ лімдемесінде де айтылды. Және бұл жолы зейнетақы дең­ гейі «бұрынғы» және «жаңа» зейнеткерлер үшін болатын көрінеді. Мысалы, осыдан 7 жыл бұрынғы зейнетақы яғни,, 1994 жылдікі, 1156 теңгеге көбейіп, 5781 теңгеге жетеді. Ал, 1994–1998 жылдардағы зейнетақылар 5778 теңге болады. Ең жоғарғысы 1998 жылғы зейнетақылар, олар – 5973 теңгеге өседі. Сонда ең жоғарғы деп күмпілдетіп отырғанымыз басқа­ лардан тек 200 теңге артықтығы ма? Әлеуметтік жағдайлардың индикаторы – нан қымбаттап жатқанда зейнетақыға 200 теңге қостық деп шаттана ха­ бар­лаған Қаржы министрлігі зейнеткерлерді шын мәнінде қорлағандай болды. Сонымен, Қазақстанда кедейшілікпен күрес қалай жүрін жатыр?

Өткен жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан баспасөз клу­ бының ұйымдастыруымен кедейшілік мәселелері жөніндегі арнайы семинар өтті. Осы бас қосуға түрлі саланың мамандары, журналистер, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вине-министрі Е.Адасбаев катысты. Семинарға кедейшіліктің құйтырқыларын білетін басты маман – ҚР Ең­ бек және халықты әлеуметті қорғау вице-министрі X.Өтеу­ линаның түрлі сылтау айтып, келмей қалуы бұл жиынның болашағы жоқ екендігін білгендіктен болар?! Малдының беті – жарық, малсыздың беті – көншарық» дегендей, кедейшілік те адам баласының талабын, жігерін жерге көметін зауал ғой. Қарап отырсаңыз, кедейшілік қоғамның сан алуан тобын қамтыған. Ол – кездейсоқ табысты талғажау етіп жүрген жұмыссыздар, кедейшіліктің қамытын киген қарттар мен мүгедектер, ол – құрғақшылыққа қарсы қолданар шарасы жоқ ауылдықтар, ол – ауру сәбиі үшін жанұшырған ананың қорқынышы, ол – отбасына бір үзім нан тауып бере алмаған отағасының дәрменсіздігі, ол – балалардың жәудіреген жалынышты жанары, ол – босқындардың үміті, ол – түрменің түбінде өткен ғұмыр, бұзылған жолдар мен есігін қара құлып күзеткен мектептер... Кедейшілікпен қатар жыл өткен сайын республика тұр­ ғындарын түрлі аурулар меңдеп бара жатқаны да қатты алаң­ даушылық туғызады. Сондықтан болар, Елбасымыз биылғы 2002 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялады. «Ауруын жасырған – арам өледі» дегендей, біз күні кешеге дейін жалпы кедейшілікті, коғамның тұлдырсыз қалған то­- бын әдейі көлегейлеп жасырып келдік. Мысалы, 90 жыл­дар­­ дың басына дейін – кедейшілік түсінігінің жоқтығы, оның орны­на «аз қамтылғандар» терминінің қолданылуы, әлеу­ меттік көмек көрсету өлшемдерінің жойылуы (мүгедектік, көп балалалық, экологиялық апаттың құрбандары) осы дертті ас­қындырып жіберді. Бүгінде Қазақстанла 2003-2007 жылдар аралығында ке­ дей­шілік және жұмыссыздықпен күрес бағдарламалары жа­ салған. Бірақ, осы шараға бел шешіп кірісіп жатқан ешкімді көрмедік. Жалпы кедейшілік қылмыстың өсуіне, адамгершілік және

мәдени құндылықтардың жоғалуына, адамның өзіне деген сенімділігінің жойылуына әкеліп соғуы арқылы қауіпті. Бір сөзбен айтқанда, кедейшілік – мемлекет аяғындағы кісен, ал одан қалай құтылудың жолдарын әзір ешкім айта алмай отыр. «Заң газеті», 9.01.2002 ж. Ойып тұрып жер алды кришна «Коммунистік идеологияның күйреуіне байланысты туған кеңістікті пайдалану үшін бүкіл әлемнің діни конфессиялары жанталаса күрес жүргізуде. Мен бүгін өз сөзімді ислам әлемінің жарқын шырақтары болып отырған сіздерге арнаймын: сіздерден қолдау болмаса, осынау рухани жекпе-жек күресте біз жеңіліп қалуымыз ғажап емес...» Иә, 1996 жылы Тегеран қаласында өткен Бүкіл ислам әлемінің бірлігі конгресінің IX сессиясында ұлтымыздың қа­ дірменді ақсақалы, марқұм Қалтай Мұхамеджан осылай деп еді. Сұңғыла қария «ту сыртыңды жармай, өтіңді алатын» осы бір сұрқия қауіпті күні бұрын сезген екен-ау! Қазір айналамызда мысық табан жүріспен ақырын әрекет етіп, жымысқы діндер соғысы жүріп жатыр. Бүгінде әлемге әмірін жүргізіп отырған еуропалық суперэтнос IX ғасырда пайда болды да, мың жыл бойы армансыз мейманасы тасығаны сондай, енді ол өзінің этностық тарихында табиғи мәресіне жетті. Тіпті, кей жағдайда азғындай бастады десек те болады. Мысалы, өткендегі Чилидегі ұятсыздықты еске алыңызшы. Еркек, әйе­лі аралас он мыңдаған адам көшеге тыржалаңаш күйде шығып, осы қалыптарында көрші қалаларға серуендеуін қа­ лай ұғуға болады? Әбден іріп-шіріген, адами құндылықта­ рынан ада болып келе жатқан батыс енді өздерімен бірге бізді де, яғни, әлі алдында мыңдаған жылдық нұрлы болашағы бар мұсылман елдерін де қара түнекке сүйреуде. Осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласында Орталық Азия мен Қа­ зақстандағы дінге сенушілердің «Жібек жолы – 2000» ат-

ты конфессияаралық бірінші мәслихаты өтті. Осы мәслихат­ қа қатысушылардың тең жартысы өзіміздің қазақтар болып шықты. Жат діндердің, жат сенім-наным уағыздарының ас­ тарлы әрекеттері қазақтар арасында текетірес тудыратын күн де алыс емес сияқты. Мына төмендегі мақала соған көз­де­ ріңізді жеткізе түседі. Қаскелең мен Шамалғаннын дәл ортасынан шоқын­ды­ рушылар шұрайлы жер алып, оған «Кришна құдайы дү­ ниеге келген қасиетті жер» деп ат қойып, білгендерін істеп жатқанын бұрын да еміс-еміс естігенбіз. Енді осы «қасиетті» жерді өз көзімізбен көріп қайту үшін, қасымызға Қарасай ауданы әкімшілігінің жауапты қызметкері С.Бабаеваны ертіп алып, Береке ауылы маңындағы бұрынғы «Мерей» шаруа қожалығына ат басын тіредік. Шоқындырушылар да ақымақ емес, қандай жерді сатып алған десеңізші! Іргеде шалқып жатқан көл, айнала сыңсыған ағаш, бейсеубет жүрген адам мен көлік те жоқ, жым-жырт ғажап мекен екен. Жолшыбай және ферманың алдына «Шри Вриндавана Дхама» деп тақтайшаларға үлкейтіп жазып, бірталай жерлерге орнатып тастапты. Әуелі жер сатып алуға осы айналаны армансыз тінтіген алпауыттар қателеспеген сияқты. Шынында да, орман-тоғайымен, көл-суымен қосып, 60 гектар жерді бірден көтере сатып алу да оңай емес-ау! Өз жерімізге өзіміз аяқ баса алмай, қаңтарылып бірталай қақпа алдында тұрып қалдық. Іштен «Харе Кришна!» деп үздіксіз әндетіп бір әйел шықты да, бұрын да қызмет бабымен бірнеше рет болған Сәуле Бабаеваны танып, ішке кіруімізді өтінді. Арнайы дыбыс күшейткішпен зорайтылып, Кришна құдайы туралы әндер бүкіл аймақты күңірентіп тұр. Осы бір түсініксіз сұңқылдақ ән біз келгеннен кете-кеткенше толастамады. Еңселі үш қабатты коттедждің ішінен төбесінде желкеге қарай сұлаған бір тұтам айдары бар тақырбас, үлкен сүлгі сияқты матаны екі қайтара кеудесіне ораған ер адам көрінді. Ол өзін Сергей Михайлович Корниловпын деп таныстырған осы діни бірлестіктің пасторы болып шықты. Адамға тура қарамай, көзі ойнақшып тұрған пастор біздің көп нәрсені қамтитын 5-6 сұрағымызға аз ғана сөзбен жалпылай жауап беріп құтылып кетті. Сонымен, пастор былай дейді: «Криш-

наны түсіну қоғамы» діни бірлестігінің құрылғанына да 2-3 жыл болып қалды. Орталық офисіміз Алматыдағы Абылай­- хан көшесі 39-шы үйде орналасқан. Ал, біз осы жерде діни миссиямызды атқарып жатырмыз. Қазір біздің діни бірлес­- тікте 80-ге тарта адам бар. Таяу арада 100-ге жетеді деп отырмыз. Негізінен бұл қауымның ішінде украиндер, орыстар, немістер, өзбектер, қырғыздар ішінара болғанымен, тең жартысынан астамы қазақтар екенін мойындауға тура келеді. «Кришнаны түсіну қоғамы» діни бірлестігі ұйым­ дастырған түрлі фестиваль, семинарлар Алматыдағы Ор­та­ лық мұражайда, Ғалымдар үйінде үнемі өткізіліп тұрады. Уақыттарың болса келіңіздер»... Япырмай, Ұлттық мұражайымызды, Ғылым Академия­ сы­ның Ғалымдар үйіне дейін жаулап алып, білгендерін істеп жатқан бұл қандай құдірет, әкем-ау дейміз ішімізден. Ал, коттедждің айналасы, қораларға дейін астаналық офистердікі сияқты аса қымбат тастармен әшекейленген. Сұрғылт күз келгеніне қарамай, осы төңіректің бәрі жапжасыл. Мұның сыры неде? Бейне бір жұмақ тәрізді. Кришна ордасынан бір-екі шақырым аттап шықсаң-ақ, аңғал-саңғал үйлер, бұзылған қоралар еңсеңді басып тастайды. Құпия дәліздер арқылы мұнда құйылып жатқан мол қаржының иісін айтпай-ақ сезгендей боласың. Пастордың бастауымен коттедждің ішіне ендік. Сыйынатын, дұға оқитын ат шаптырым залдың төрінде, үлкен диван үстінде құдайларының мүсіні тұр. Залдың қабырғаларына кө­ не үнді эпосы «Махабхарата» мен «Рамаянада» кездесетін құдай суреттері ілінген. Осы залдың босағасында биіктігі адамның төсінен келетін мешіттердегі садақа тастайтын жә­ шіктердей үлкен шыны орналасқан. Ішіндегі қобырап үйіліп жатқан ақшаларға көзіміз түскенде ең сорлысы 2000 теңгелік, қалғандары 5000, көбі АҚШ-тың 100 долларлық банкноттары. Екінші қабаттағы толып жатқан бөлмелерді асықпай аралап шықтық. Бұл бөлмелерде үнсіз жұмыс істеп жатқан өң­- шең такырбас жастар. Ғарыштық байланыстан бастап, жа­ ныңа не керектің бәрі бар. Біз кіргенде сыйынатын залдары­ ның шетіндегі далиған әдемі перденің бір шеті әлсіз қозғалып тұрды. Жел жоқ, желдеткіш жоқ, бұл неге қозғалады екен деп

ойладым ішімнен. Екінші қабатты аралап болып, шығып бара жатқанымда, әлгі перденің дірілдеген шетінен қолында жайпақ ыдысы бар бір жас қыз шыға келді. Бізді шығып кетті деп ойласа керек. Манадан бері перденің бұрышын дірілдетіп тұрған сол екен. Түр-түсі қазаққа ұқсағасын, пастордан рұқсат сұрап, аз-кем тілдестім. Жасы 18-дегі Дина Тәренова деген қазақ қызы болып шықты. Қазақ тілін шын білмей ме, әлде тәртіп солай ма, менімен орыс тілінде сөйлесті. Осы дінге кіріп, мұнда тұрып жатқанына бір жыл болыпты. Ұяң, аса сұлу қыз бір нәрседен қорынғандай сыбырлап сөйлейді. Үстінде үнді әйелдері киетін сари. Не оқыған оқуы, не тиген күйеуі жоқ, бар шаруасы күні бойы Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна, Кришна, харе, харе деп күбірлеп жүрген бұл мұңлықтың обалы кімге?! Тек қана Қарасай ауданының өзінде осындай ұлтымыз­дың жас өскіндерінің санасын улайтын 45 діни ұйым бар көріне­ ді. Ал, облыс бойынша нешеу, республика бойынша қанша, оның дәл дерегін ешкім де білмейді. Осыдан екі жыл бұрын елімізде 2500 діни бірлестік, 40-тан астам конфессия, 2000-нан астам көп түрлі қауымдастықтар тынымсыз әрекет етіп жатыр деген жалпылама дерек баспа­ сөз бетінде жарық көрді. Ешқандай кедергі көрмеген осындай қауіпті діни секталар, бірлестіктер бүгінде жоғарыдағы келтірілген деректерден әлдеқайда көбейіп кеткені белгілі. Өзіміз аралап көрген «Кришнаны түсіну қоғамы» діни бірлестігіне қайта оралайық. Пастор біздің үшінші қабатқа көтерілуімізге рұқсат етпеді. Бірінші қабаттағы асханада түр­ лі шөптерден вегетариандық дәмдер дайындалып жатыр. Осы бірлестік анда-санда аудан көлеміндегі балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға тегін киім-кешек, азық-түлік таратып, қаржылай көмектесетін көрінеді. Сонда бұлар ақшаны қайдан алып отыр? Сонымен қатар, бірлестікте 25 сиыр бар. Біз малдарды көре алмадық, 60 гектар алқаптың бір бұрышында бағылып жатқан сыңайлы. Сол малдарды Кришна дініне кірген қазақ отбасыларының балалары бағады деген сыбысты да естіп қалдық. «Кришна құдайы дүниеге келген қасиетті жердің» дәл қарсысында үш қабатты 7 коттедж тұр. Бұл кімдердікі деп

пастордан сұрағанымызда ол: «Шетелден келетін құрметті қонақтар үшін арнайы дайындалған», – деп жауап берді. Мұны айтпағанның өзінде, діни бірлестік ауласының ішінде қыруар ауылшаруашылық техникасын көріп қалдық. Осы бірлестіктің жетекшілерінің бірі – Чайтаньи Натаи даса деген біреу бұрын Ленинградтағы әскери-ғарыш саласында жұмыс істеген ірі маман екен. Ол мұнда Қарасай ауданында не істеп жүр, шын діндар ма, әлде басқа мақсатпен жүр ме, оны да тек­- серіп жатқан ешкім жоқ. Біз осы қауіпсіздік жайын сөз ет­ке­ німізде Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі Өстубаев Есен былай деді: «Аудан төңірегіндегі діни бірлестіктер мен түрлі қоғамдар біздің ұдайы бақылауымызда. Кеше ғана «Бе­ реке» ауылында өткен, кришнаидтар ұйымдастырған мәс­ лихатқа АҚШ-тан, Индиядан, Германия, Польша, Оң­түстік Кореядан, т.б. ондаған мемлекеттен 120 шетелдік діндарлар келді. Бүкіл ТМД, өзіміздің кришнаидтарды қосқанда, «Береке» ауылына 1500 адам жиналды. Олардың бәрін уақытша тіркеп, бақылау, қадағалау бізге де оңай болған жоқ. Бұл бірлестікте әуелі 30 адам болды. Қазір едәуір көбейді. Ресейден енді тағы 20 отбасы көшіп келмекші. Біз бұларға ешқан­ дай шара қолдана алмай отырмыз. Өйткені, заңымыздың осалдығы қол-аяғымызды матап, оларға зор мүмкіндік ту­ ғызып қойды. Айналаңызға қараңызшы, 10 адамның басы қосылса, заңды жолмен тіркеліп, бір діни бірлестік болып шы­ға келеді. Осыдан кейін біз не істей аламыз...» Бұл пікірге Қарасай аудандық әкімшілігі әлеуметтік мә­ селелер бөлімінің бас маманы Сәуле Бабаева да қосылады. Ол ашынып былай дейді: «Біз осы бір ауданымыздағы істері күмәнді діни бірлестіктерді жабуды ойлап, үстіміздегі жылғы көкек айында арнайы тексеріс жүргізіп, оған құзырлы мекемелер: ҰҚК, Прокуратура, өрт, СЭС инспекциялары қатыс­ тырылды. Сол кезде бұл бірлестіктерді жабуға бір ауыздан шешім шығарған едік. Алайда, арада бір ай өтпей діни қоғамдардың барлығы облыстық әділет басқармасына тір­ келіп, рұқсат қағаз әкеліп түр. Ал, тыпыр етіп көріңіз. Оны айтасыз, кеше ғана «Береке» ауылының берекесін алып, осы діни бірлестік халықаралық Кришна конференциясын ұйымдастырды. Шетелдерден жүздеген адамдар келіп, осын-

да ұзын-саны 1500-дей ала-құла тобыр бір апта мәслихат құрды. Біз солар кете-кеткенше, екі апта бойы жарғақ құ­ла­ ғымыз жастыққа тимей, шапқылаумен жүрдік. Бір қолды екі ете алмай отырған қиын кезеңде қауіпті, ісі бұлыңғыр діни бірлестіктерді қаптатып, оларға рұқсатты керегінше үлесті­ ріп, барлық жауапкершілікті жергілікті мекемелерге ысырып тастап отырған жоғарыдағылардың немқұрайдылығына қалайша ашынбайсың. Осы конференциядан елімізге бір тиын пайда бар ма?»... Шынында да, шетелдік миссионерлердің қызметі респуб­ ликамыздың барлық аймақтарында айтарлықтай күрделі мә­ селеге айналды. АҚШ-тың, Швецияның, Германиянын, Поль­ шаның, Оңтүстік Кореяның, т.б. жүргізген миссионерлік жұ­ мыстарының нәтижесінде бізде әртүрлі секталар мен ұйым­ дар жедел өсуде. Атап айтқанда, «Новоапастольская церковь», «Новая жизнь», «Новое небо», «Община Бахай», «Церковь Сатаны», «Благодать – Рахым», «Грейс», т.б. өз ілімдерін ашық насихаттауды үдетіп келеді. Бір қызығы, аталғандардың барлығы заңды тіркеуден өткен және діни ілімдерін уағыз­ дау үшін мемлекет тарапынан рұқсат алған (аккредитациядан өткен). Әбден төзімі таусылған Галина Андреева деген мұғалім көз жасын көл етіп: «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің қиянаты жаныма батып барады. Менің 15 жасар Иринам осылардың шырмауына түсіп, бірнеше рет өзін-өзі өлтіруге әрекет жасап жатқан жерінен ұстап алдық. Қазір ешқайда шығармай, күндіз-түні бақылап отырмыз. Миын әбден улап тастағандары соншалық, біздің айтқандарымыз санасына кірмейтін дәрежеге жеткен. Мұның арты неге соғатыны бей­ мәлім. Менің айтарым, тез арада осы зұлымдық ұясы – секталарды мемлекет аумағынан қуып шығу керек. Әйтпесе, балаларымызға ие бола алмайтын түріміз бар», – деп ша­ ғынады. Осы орайда 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң түбірінен өзгертуді қажет етеді. Тағы бір айта кететін мәселе, Қарасай аудандық әкім­ші­ лігіндегілер «Шри Вриндаван Дхам» бірлестігінде 30 адам бар десе, аудандық прокуратура 50, ал пастор Сергей Кор-­

ни­лов бізде 80 адам бар дейді. Мүмкін бұдан да көп шығар. Осыдан-ақ қауіпті діни бірлестіктерді қалай бақылап отыр­ ғанымыз көрініп тұрған жоқ па? Кришнаидтар «Береке» ауылына қалай түпкілікті қо­ныс­ танды, енді соған келейік. «Кришна құдайы дүниеге келген жердің» иесі, яғни, 60 гектар аймақтың бірден-бір қожасы – Тахир Хибатуллин, өйткені құжат осының атына толтырыл­ ған. Кезінде Қаскелең аудандық әкімшілігі берген осы келі­ сімнің кейбір тармақтарын аудармай-ақ сол күйінде беруді жөн көрдік. 2. Оценочная стоимость земельного участка согласно акта №1-10-102 от 19 марта 1999 года комитета по управлению земельными ресурсами Обл.гос.земом составляет пять миллионов сто восемнадцать тысяч девятьсот тенге. 3. Земельный участок продан за девятьсот тысяч тенге. 5. Отчуждаемый земельной участок принадлежит продавцу на оснований Государственного акта на право пожизненного наследуемого владения земель №499413, выданный Каскеленский районный администрацией, Алматинской области. Міне, осы құжаттың бүгінгі иесі Т.Хибатуллин енді бұл жерді мәңгілік пайдалануға құқы бар ғой. Және 60 гектар ғажап аймақты бар болғаны 900 мың теңгеге сатып жіберуді қалай түсіндіруге болады? Енді 60 гектар тамаша аймаққа мықтап орныққан кришнаидтар бұл төңіректі түбегейлі қоршап алып, Храм, жаға­ жайлар, т.б. күрделі құрылыстар бастамақшы. Осы жерді астаналарына айналдырған олар тегіндікпен кетпейтіні және белгілі. Өйткені, бұл аймақ Т.Хибатулиннің сатып алған же­ кеменшік жері ғой. Мемлекет қауіпсіздігі, ұлт тұтастығы бүгінгі таңда ең өзекті мәселеге айналып тұрғандығы шындық. Жат діндерді тарату – ел іргесін сөгу, ұлтты ыдырату екенін түсінетін кез әлдеқашан жетті. Үшке бөлінген Сомалидің түбіне үш дінді насихаттау су құйғаны баршаға белгілі. Туыс ел Үндістан мен Пәкістанның бөлінуі, бітіспес жауға айналуында тек қана жер дауы жатқан жоқ, діни айырмашылықтар да тұр. Анау өркениетті Еуропа-

да әлі күнге дейін протестанттар мен католиктер арасындағы жауласу біткен жоқ. Ол елдерде әлемдік (ұлттық емес) дін – исламды құбыжық етіп көрсету асқынып тұр. Міне, осындай кезек күттірмейтін кауіпті шақта Қазақстан республика­- сы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұх­­ тар Құл-Мұхаммед мырза Парламент мәжілісінде «Дін ту­ ралы» заңға жедел өзгерістер жасау қажеттілігін ба­тыл дә­ лелдеп берді. Осы жымысқы құбылысты әшкерелей ке­ліп, министр былай деді: «Қазақстанның кең пейілді заңна­ма­ сы, тұрғындардың діни төзімділігі мен миссионерлік қыз­ метті тіркеуге барлық шектеудің алынуы салдарынан ше­т­ елдік уағызшылардың жұмыстарына тым қолайлы жағдай жасап бердік». Халықаралық Миссия Кеңесінің дерегі бойынша, қазір 40-тан астам ел өз миссионерлерін жібереді, 100-ге тарта ел қабылдайды, 60-қа тарта ел толықтай немесе жартылай шетелдік миссионерлердің келуін шектейді. Жыл сайынғы миссионерлік қызметке, 420 мыңнан астам миссионерге 12 миллиард доллар жұмсалады. Міне, бұрын бүркеліп келген жараның аузын жұла сөй­ лесек, бар шындық айқындалып сала береді. Япырай, миссионерлерге бөлінетін 12 миллиард доллар дегеніңіз, Қа­зақ­ станның ұлттық алтын-алмас қорын төрт орап алатын орасан қаржы ғой! Мұнан кейін миссионерлер құтырмай, кім құтырады! Үстіміздегі жылы қыркүйектің 4 жұлдызында «Кришнаны түсіну қоғамы» президенті міндетін уақытша атқарушы Д.М.Башир Алматы қаласының әкімі В.В.Храпуновтан рұқ­ сат алып, 5 күн халықаралық фестиваль еткізіп, қаланың басты көшелерімен шеруге шықты. Біз барлық жағдайда осы құбылысқа кінәлі ретінде Қа­ зақстан діни басқармасын, еліміздегі діндарларды жазғыру­ дан жалықпаймыз. Анандай топан қаржысы бар, жат діндер экспансиясын олар қалай тоқтата алады? Бұл зеңбірекке қар­ сы сойыл алып шыққандай бейдауа әрекет қой. Мұндай алапат тасқынға тек мемлекеттік заңнама тұрғысынан немесе өкіметтік қатаң бақылау жағдайында ғана тежеу салынбақ. Енді осы шоқындырушылар елімізге аз уақытта қалай

құжынап кеткеніне аз-кем тоқталған дұрыс болар. Тәуелсіздік орнағанға дейін Қазақстан аймағында дін мен саясаттың жағ­ дайы қандай болғаны белгілі. Билік басындағылардың бір бөлігінің дінді қауіпті дерт көргені жасырын емес. Өйткені, олар еліміздегі ислам ұйымдары ислам фундаментализмінің жоқтаушылары, ал, православие Кремльдің саясатын қол­да­у- ­шылар деген түсінік қалыптасты. Міне, осы кезден бастап сырттан келген миссионерлерге есік шалқасынан ашылды. Олар көп күттірмей іске кірісті. 90-жылдардың басында елімізге неше түрлі діни ағымдар, миссионерлер, секталар толқыны каптап, халқымыздың меймандостығын тиімді пайдаланды. Әрине, осы екі аралықта миссионерлердін қызыл сө­ зіне сеніп қалып жаза басқандарды, тез шешім қабылдап адасқандарды, психологиялық дағдарысқа ұшырағандарды кі­ нәлауға да болмас. Осындай опық жегендер ортамызға қай­та оралса, оларды өз дінін сатқандар деп мүйіздемей, қайта ме­­ йіріммен қарап, жылы құшағымызға тартқан дұрыс сияқ­ты. Ислам діні – ақырғы дін, ақырғы заман діні. Осыны түсін­ беген көркеуде, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының бі­ рінші хатшысы Н.Хрущев кезінде теледидардан айқай салып: «Юрий Гагарин ғарышта болды, онда ешқандай құдай жоқ», – деп көкісе, бұған керісінше, ғаламның ғажайып сыр­ лы құбылыс екенін сезген Пәкістан ғалымы Ғабдус Садам: «Ғаламның ақыл жетпес ғажабын сезгенде, өзіміздің біл­ геніміз түк емес екенін түсінгенде, жаның шошып кетеді...» деп нақты шындыққа жүгінген. Міне, осындай құпия әрі ғажайып құмбыл сырлардан кейін діни сенімге қалай селқос қарай аласың? Алда қауіп-қатері мол, тұтасқан қара ормандай тұнжырап жаңа мыңжылдықтар тұр. Ендеше, осы жыражықпылы көп алмағайып кезеңге бөлініп-жарылмай, бір дін­ дегі ұйысқан ұлт болып жетуіміздің өзі де неғайбыл-ау! Өйткені, іргемізде тұрған Қарасай ауданындағы Береке аулының айналасы енді өзінің төл атауын жоғалтып, «Шри Вриндаван Дхам», яғни «Кришна құдайы дүниеге келген қасиетті жер» деп аталуы әрбір қазақ баласының жүрегіне жебедей қадалатыны кәміл. Жат дінділерге сатылып, жырымжырым болған қайран атамекен... «Ана тілі», 21.ХІ. 2002 ж.

Президент пәрменіне пысқырмайтын ұлықтар Ұлықтарды елге сүйікті өтетін басты қасиеттер: бір сөз­ ділік, қайырымдылық, бөліп-жармайтын ірілік... бүгінгі бас­ шылардың бойынан табыла ма? «Мегежінде мейір жоқ, қа­- йыр болмас қабанда» дегендей, қарамағындағылар жазата­ йым алдына ісі түсіп бара қалса, салын суға кетіріп, енді қайтып жоламастай етіп, ал өзінің қара басының шаруасы дегенде қара жерге кеме жүргізетін мүттақым, тексіз басшылар көбейіп бара жатқан сияқты. Ең сорақысы, осы ат төбеліндей көбеңсіген «тирандар» келе-келе Президенттің пәрменін де жүре тыңдайтын сияқты. Елбасы Н.Назарбаев 2000 жылдың ақпан айындағы кезекті бір сөзінде: «Алматы қаласын Орта Азиядағы ең сәулетті бизнес орталығы етуге толық мүмкіндік бар. Бұдан былай алма бақтарын отап, тауға қарай тырмыса құрылыс салуды доғару керек» деп қала басшыларына қатаң тапсырма берген еді. Ал, содан не шықты дейсіз ғой? Тауға қарай құрылыс салу соңғы үш жылдың ішінде қайта құтыра түсті. Он мыңдаған терек, емен, қайыңдар мен алма бақтарын тып-тыйпыл қылып, бірінен-бірі асып, биікке өңмеңдеген үлкенді-кішілі «пер­ ғауындар» сарайлары Елбасы ескертпесінен кейін, тіп­ті құ­- жынай бастады. Қажыр-қайраты, қаражаты жетсе, зәулім са­ рай тұрғызғанға не жетсін! Бірақ, мәселе басқада болып тұр ғой! Осы ғажап құрылыстарының коммуналдық шы­ғын­да­ рына әлгі ұлықтар көк тиын төлемей, оны бір мүсәпір немесе кембағалдар атына тіркетіп қойғанынан шығып отыр ғой, бар пәле! Ақыры қаптаған ашкөз шенеуніктердің көңіліне қараған Президент «Алматы маңындағы құны 2 миллиард доллардан астам коттедждерді заңдастыру керек, әйтпесе қарапайым халық бәрін көріп отыр, көпшілік өздерің туралы не ойлай­- ды?» деп тағы да кешірімділік танытты. Мемлекет бас­шы­ сының пәрменінің аяқ-асты болғаны бір бұл емес. Мысалы, 2001 жылы көкекте Н.Назарбаев Елорда көшелерін өзі аралап көріп, іле-шала болған «Астана қаласын мұнан әрі көркей­ ту шаралары» атты жиында қала басшыларына, қаптаған

шенеуніктерге қаратып былай деді: «Қара әйнекті көліктеріңе секіріп мінгенше, бір мезгіл көшелерді жаяу араласаңдаршы. Астана Венецияға айналуға аз-ақ қалыпты. Қай көшемен жүрсең де кілкіген су, тонналаған лас қалдықтар. Тұрғындар осы лайды белшесінен кешіп жүр. Ал, ғимараттардың ше­ кесіндегі атаулар қандай десеңші! «Астана – плаза», «Астана – тауэр», «Сити – маркет», «Синема – сити»... Бұл не қылған түсініксіз атаулар? Жалпы, бұл қай елдің астанасы өзі? Осы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіруді Мәсімов саған тапсырамын...» Қазір Астана көшелері тазарғанымен, әлгі «құбыжық» атаулар көбеймесе, азайған жоқ. К.Мәсімовтің, тіпті бұл жарнамаларда шаруасы болмағанға ұқсайды. Оны айтасыз, Президент Н.Назарбаев 1999 жылғы 17 ма­ мырда еліміздегі үлкенді-кішілі басшылардың жеке басы­ ның қарапайымдылығы мен мемлекет қызметшісінің этика­ сына баса назар аударуын талап ете келіп, мемлекеттік ше­ неуніктердің қызмет көлігі ретінде пайдаланатын 800 «Мерседес», 1500 «Джип» бар екенін, осы аса қымбат көліктерді азайту жағын қатаң ескерткен болатын. Елбасының бұл талабын да үлкенді-кішілі ұлықтар құлақтарына қыстырған жоқ. Қыстырмағаны емей немене, осыдан үш ай өткеннен кейін «Новое поколение» (6.VIII. 1999 ж.) газеті республика қаржы министрлігіндегі мынадай сорақы деректерді келтіреді: «Президент Н.Назарбаев қымбат шетелдік көліктерді сатып алуды қысқартыңдар десе, Қаржы министрлігі соңғы айлардың ішінде қасақана алты бірдей бағасы удай «Тойота – Ландкрузер» джипін сатып алып, оған бюджет есебінен 39 миллион теңге жұмсаған. Және осы министрлік қарамағындағы 43 (Құдай-ау, мұның бәрін кім мінеді?!) қызмет көліктерінің жанар-жағармайы үшін тағы да бюджет есебінен 49,3 миллион теңге төлеген. «Бұл ысырап көрсетілген нормадан 4 есе артық болып шыққан». Міне, «қолдан келсе, қонышыңнан бас» деген осы емес пе? Біз осындай басшылардан еңбекақымызды, зейнетақы­ мыз­ды көтереді деп дәметіп жүрміз-ау! Қайта, Президент ескертпесінен кейін бағасы удай кө­лік­ терді қысқарту емес, бәсекелесе сатып алу жарысы бастал-

ды. Көп жағдайда осы бір ел басқарған игі жақсылар ылғи қаперінде ұстайтын басты қағиданы ұмыт қалдырып жатады. Әсіресе, қалың бұқара ортасында, өңі жүдеу, түлкі құрсақ жандардың алдында қанға тойған қандаладай аршындап сөз сөйлеу, астында бір ауылдың жиған-тергені жетпейтін аса қымбат көлік жүруі қалай десек те, көпшілікті ұлықтардан үркітетін көрініс екені айтпасақ та түсінікті. Көлік дегеннен шығады, мысалы, Эстония премьер-ми­ нистрі қарамағындағыларға үлгі болу үшін жұмысқа велосипедпен келуді әдетке айналдырды. Қызық үшін ортаңқол шенеуніктер мінетін «Мерседес – 230 Е» көлігінің шығынын есептеп қарайықшы. Осы «тұл­ пармен» басшы жиналысы, сейіл-серуені бар, айына 15-20 мың шақырым жол жүреді. Және осы көлікке айына 11000 теңгенің мотор майы құйылады. Сонда бір жыл ішінде оған, тек қана майы үшін 132 мың теңге қажет екен. Оның үстіне бабы күшті «Мерседеске» литрі 56 теңге тұратын АИ-95 маркалы бензин қолайлы. (Ол әрбір жүз шақырымға 13,7 литр жанармай жұмсайды). Оның бір айлық жүріс-тұрысына 82200, ал бір жылдық бензиніне 986400 теңге қажет. Сонда, орташа класты «Мерседес – 230 Е» көлігінің 12 айдағы бензині мен майы үшін бақандай 1118400 теңге жұмсалады. Ал, бензин мен майды өкіртіп жағатын «Мерседес – 600», үйдей «Ландкрузерлер» қанша миллион теңгенің басына су құятынын өзіңіз шамалай беріңіз. Және осы қаржының бәрі әлгі шенеуніктің қалтасынан шығып жатса ғой, бірақ қасқитқанда осыншалық ақша бюджет есебінен төленіп, мындаған аш-арықтың есіл еңбегі рәсуа болады. Егер әрбір «Мерседесті» 100 мың долларға бағалап, оны әлгі 800-ге көбейтсек, 80 миллион доллар дөң­ геленіп шыға келмей ме? Оның үстіне әрбіреуі 50 мың доллар тұратын 1500 «Джип» көліктерін қоссаңыз, қыруар елдің табан ақысы, маңдай тері тек осы, «сорпаға шығарларымыз­- ­дың» көліктерінде екенін бағамдауға болады. Тек бір адам­ ның «аяқ артарына» осыншама қаржы кеткенде, шынымен шенеуніктер елді сазға отырғызуға кіріскен екен демеске амалың жоқ. Елбасы осы бір жағымсыз көріністі ерте байқап, дер

шағында ескерткенімен, әбден есіріп кеткен ұлықтар оны елей қоймады. Халықтың ұлықтардан түңілуі, ақыры ке­ме­ рінен асып, жолындағыны түгел жайпап толқуы – осындай әлеуметтік теңсіздіктен бастау алады. Жақында «Время» газетінде (22.01.2004 ж.) жарияланған «Нұрқаділовтің сейфінен не іздеді?» деген мақалада: «Қа­ рақшылар бірнеше күзетшіні тыпыр еткізбей қол-аяқтарын байлап тастап, жоғары лауазымды шенеуніктің ат шапты­ рым сарайын асты-үстіне шығарды. Ұрылар әсіресе, оңа­ ша бөлмеде тұрған құпиясы көп ауыр сейфті ашуға көп әуреленген сияқты. Қалай дегенмен де, кәнігі қарақшылар сейфті шеберлікпен ашып, ойлағандарын тауып зым-зия жо­ ғалған. Кейіннен, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік тө­ рағасының жұбайы, белгілі әнші Мақпал Жүнісова үйінің тоналғаны туралы полицияға хабарлап, 10 мың доллардың қолды болғанын айтқан. Алайда, Мақпал Жүнісова бұл оқи­ ғаны шулыған қылғысы келмегенімен, жоғалған ақша өте қомақты екені белгілі болды. Бұл бір қарағанда жәй ұры­ лардың ісі емес сияқты. Кәсіпқой әрі әккі қарақшылар тек қана ақша емес, әртүрлі құжаттар, бағалы қағаздар, өзара келісімдер жасалған құпия жазбаларды да іздеген тәрізді. Сөйтіп, елімізді қиын жағдайдан құтқарушының хан сарайын тонағандар әлі табылмай отыр» делінген. Міне, бұл ханталапайдың басы болып жүрмесін? Әбден ыңыршағы айналған жұрт түптің-түбінде миллиардер байлардан, жуан-жуандардан несібесін айыратыны әмбеге аян емес пе? Қоғамымызда орын алып отырған осындай, әсіре астамшылықты Елбасы талай рет ескерткенімен, айылын жи­ ған ұлықтар болды ма? Әділдігімен аты шыққан, Алтын Орданың белгілі би­леу­ шісі Өзбекұлы Жәнібек ханның (1341-1357 ж.) замандастары оның бір өнегесі туралы жазып қалдырыпты. Онда былай делінген: «Хан некерлерімен саяттап келе жатып, жолшыбай киік атып алады. Киіктің етін отқа қақтап жейін десе, тұз табылмайды. Хан шабармандарының біріне, бір алтын теңге беріп: «Анау көрініп тұрған ауылдан осы ақшаға бір уыс тұз алып кел!» деп жұмсайды. Мұны көріп тұрған ханның уәзірі: «Хан ием, бір теңгеліқ алтын бір уыс тұзға өте көп пұл

ғой» дейді, бірақ оған хан жауап бермейді. Сәлден сон, хан, жанындағы адамдарға сездірмей бір жансызды сол ауылға аттандырып, оған жаңағы алтын теңгені шабарманның тұз иесіне бергенін не бермегенін біліп кел деп тапсырма береді. Біраздан кейін тұз әкелініп, тағам дайын болып, асқа отырарда жансыз келіп, ханға оның әмірінің дұрыс орындалғаны жөнінде хабарлайды. Көңілі орныққан хан: «Уәзірім, біз бұл саятта тұзға зәру болдық, сондықтан бір уыс тұз бізге алтын теңгеден де қымбат еді. Ал, ана ауылдағы адамдар тұзды мен сұратқанымды білсе, тұзды және оған қоса тағамдарын да бізге тегін беріп жіберер еді. Егер мен тұзды елден тегін алсам, мына отырған сендер қарапайым халықты ашықтанашық тонап, соңғы түймесін де кесіп алар едіңдер» деп ел билеуші әмір, бек, әкімдеріне зілдене қараған екен». Алысқа ұзаған ойдың шылбырын тартып, шумақтап тұрып айтпағымыз мынау еді: Президент пәрменіне құлақ аспайтын, оның ескертпелерін аяқасты ететін ұлықтар әрекеті – мемлекет үшін аса қауіпті құбылыс... «Ана тілі», 5.02.2004 ж. Әр жүрек Отан деп соқса ғой... Мені қазір «Отан үшін жеме-жемге келгенде жанымды қия алар ма едім?» деген сұрақ жиі мазалайды. Бірақ, біздің бүгін­ гі қоғам осы бір қасиетті, киелі ұғымға өмірін арнағандарды әумесер, әулекі, жандарынан безген етіп көрсетуге құштар. Біреулер үшін Отан, мемлекет дегендеріңіз отыз емшегі сүтке толып, иіп тұрған сауын сиыр сияқты. Солқылдатып сор да, бір жағыңа қисая кет... Қарның шермиіп күн астында ұзақ уақыт қалғы, төбеңде көшкен бұлттардай ызғыған жылдар жүйтки берсін, сосын шөп басын сындырмай дүниеден өте бер... Ал Отанына, еліне өмірін арнамай-ақ қойсын, бірақ шын ниетімен көмектескісі келгендердің өзін ақымаққа балап, келемежге айналдыру белең алуда. Ғазіреті Ғалидың заңды жалғасы, жаһан балуандарын күн­

шілік жерден зәресін ұшырған атақты Қажымұқан атамыз соғыс жылдары 48 алтын медалін Отан қорына салып, Же­ ңісті тездетуге жан салып жүргенде іле-шала кейбір керауыздар «бір де-бір медалі жоқ бұл қандай палуан, Қажымұқан деген өмірде болмаған» деп қанымызды қарайтқан жоқ па? Осы алапат соғыстан екі қабырға, жарты өкпесінен айырылып келіп отырып, төрт баласы ашқұрсақ шырылдап жатса да, Үкімет тағайындаған зейнетақыдан «Отаныма еңбегімді сатпаймын» деп бас тартып, бір тиын алмай дүниеден еткен Жұмағали Саинды да бүгінде жетістіріп жатқан ешкім жоқ. Оны айтасыз, 1990 жылы жеті баламен Алматыда баспанасыз, пәтерден пәтерге көшіп жүрген ақын Байбота Се­рік­ баевтың өзіне берілген Ленин комсомолы сыйлығының бүкіл қаржысын Арал қорына аударып жібергеніне біреулер қазір күліп жүр. Осындай ештеңеге селт етпейтін тоғышарлық, керенау­ лық, шөп басын сындырмайтын масылдық аз уақытта бізді қа­лай билеп-төстеп кетті? Бұл әрекет індетіп іздесек, халық­ тың, елдің мүддесін жеке бастың мүддесіне ойланбай сататын жандардың бүгінгі қоғамда көбейгендігінен болып отыр. Адамдардың азаматтық парызын өтеу, Отанын беріле сүю, ұлт, мемлекет мүддесін аяқасты етпеу сияқты қасиет­тер­ ді қазіргі егемен елдің мақсат-мүддесіне лайықты қалып­тас­ тыруға қарсы біршама күштердің әрекет етіп жатқаны да өті­ рік емес. Осыдан болуы керек, әлеумет жаппай ашкөзденген қо­ ғамның сиқына қарап, «мынадай Отан, мемлекет үшін жан қиюдың қажеті жоқ екен» деп жеке қорытынды шығаратыны кәміл. Мұның өзі қалыпты жағдайға айналып кеткені сон­ша­лық, қоғамның барлық тетіктері күнде қақсап, қаймана қа­зақ­тың құлағын әбден аздырып, етін өлтіріп болды. Осы бір денемізді жайлап бара жатқан қауіпті ісікті сылып тастайтын қасиетті қандауыр жуық арада табыла қоймас. Осындайда айналасына шапағат нұрын шашып, халықты жаңа қиырға бастайтын бүгінгі қызырғалай саламдарымыз – зиялыларымыз қайда жүр деген заңды сұрақ туады. Екі магниттің ортасында кішкене шеге байғұс қалайша

безек қағып, қаңғалақтағанын көргендеріңіз бар ма? Екеуіне де емінеді, бірақ тартылу күші оны ешқайда тыпыр еткізбей ортада шолтаң қақтырып, бейшара күйге түсіреді. Осы көрініс біздің бүгінгі атқарушы билік пен халыққа қа­тар жалтақтап, екі ортада әсіреңкі күй кешкен зиялы­лары­ мызға да тән қылық. Кейде бір ұлы мемлекет тарих сахнасына шығып, дәуірлеген, екінші біреуі құтысы сынған сынаптай шашырап, тозып кетуінің өзінде де біз бойлай алмайтын ғаламдық құпиялар жатқан сияқты. Соған қарағанда, ұлттық рух та қалжырап, ұлттық діл де бір мезгіл бұйығып, ұйқыға кететін шығар. Алайда адам бойына сүтпен, қанмен берілген нәрсені жою мүмкін емес. Біз білмегенімізбен ағзамыздағы кішкене бөлшектердің өздері Отан, туған жермен бірге тыныстайтын сияқты. Нанбасаңыз, мына оқиғаға назар аударыңыз. «Сізге 23 жастағы қытай жігітінің бүйрегін салыпты, бүй­ регіңіз сол жаққа бұрып кетпей ме?» деген тілші сауалына атақты күйші Қаршыға Ахмедияров: «Бұл бір қызық жағдай болды. Жалпы бүйрек бұрады деген – теңеу сөз ғой. Қытай­ дан бері ұшарда бүйрегімнің бүлкілдегені бар ма? «Сезімтал мүше ғой, жерін кимай бара ма екен?» деп ойладым. Осы жолы Қытайға барғанда ұшақ қонайын деп жатқанда тағы бүлкілдесін»... Міне, бүйірімізде қояндай бұғып жатқан, тіл-ауызы жоқ, бүйректің өзі туған Отанына келіп-кетерде бүлк-бүлк етуі ғажап қой! Қай заманда да күллі халық, мемлекет барлық үмітін жастарға артқан. Құдайға шүкір, елі, Отаны үшін еш­ теңеден тайынбайтын жастар легі қаулап өсіп келеді. Олар туған халқын кемсітуге, қорлауға әсте жол бермейді. Мені Оңтүстік Қазақстан облысынан 9-сынып оқушысы Нұржан Жақыпов жазған «Ананың ақ сүті ақшаға сатылғаны несі?» («Жас Алаш», 30. 01.2001 ж) деген ызаға толы кішкене хабары бей-жай қалдырмады. Онда былай делінген: «Бұл оқиға осыдан бір ай бұрын болған еді. Ауылымызға «Рафик» машинасымен бір топ адамдар келіп, ақ халат киген медицина қызметкерлерінің жәрдемімен ауылды аралады. Олар жас босанған келіншектерге «анализға» деп, 100 грамдық ыдысқа сүтін сауып беруін талап етті. Артынан әр жас бо­ санған келіншекке екі кішкене ыдыстан беріп толтырып бе­

руін өтінді. Сөйтсек, анализге емес, сатып алып жүрген жандар болса керек. 100 грамы – 30 доллар екен. Келіншектер­ дің қолдарына ақша тиген соң мәз болып, көңілденіп қалды. Сонда қалай, қазаққа ана сүтінен доллар зәру болғаны ма? Сатып алушылар американдықтар екен, ал аудармашысы кәріс қызы. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Қорлағаны деп ойлаймын...» Міне, періште көңіл, намысқой, ойлы жас Нұржан сәби­ ле­рінің несібесі – ақ сүтін американдықтарға сатқан аңқау аналарға ренішін осылай жеткізеді. Американдықтар бұл сүтті балаларға беру үшін емес, адамның ойына келмейтін басқа мақ­сат­тарға жаратуға жинап жүргенін қазақ ұланы сезбейді дей­місің... Ал, осы жастарда ұлттық рух, намыс жоқ деп кім айта алады? Қалай десек те, үшінші мыңжылдықтың қазақ халқына дайындаған бар ауыртпалығы осы жеткіншектердің жотасына түседі. Үйдің қасынан күнде жүгіріп өтетін бір қазақ сержанты­ ның айтқаны бар еді: «Аға, біздің бөлімдегі екі мың жарым жауынгердің ішінде бірде-бір басшының баласы жоқ» деп. Сонда Отан қорғауға, жалпыға бірдей әскери міндет туралы Заңға шенеуніктердің балалары шекесінен қараған түрі ғой бұл! Мына көріністі мал арасында өскен адамдар талай бай­ қаған болар: құлқын сәріден бастап-ақ отыз-қырық ешкі-сер­ кесі аралас «ақсүйек» шоғыр отардың алдында оқ бойы озық келе жатады. Шөптің отын солар жеп, судың тұнығын солар ішеді. Жер сыз болса, лақтары қойлардың үстінде жатады. Ал, жазатайым алдарынан ит-құс немесе шиебөрі, қар­ сақ шығып үрке қалса, жанұшырып келіп отардың артына тығылады. Осы қарабайыр көріністі тамырынан толғай тартып, ғылыми тұрғыдан жеріне жеткізе дәлелдеген Мұрат Әжі еді. Түрік халықтарына ортақ ғұлама бір еңбегінде былай депті: «Қазіргі қазақша сөйлемейтіндер әлгі Алтын Ордадан кетушілерді – өзге мәдениетті әулие көрушілерді еске түсіреді. Ал мен естіп жүрген рушылдық, топ-топқа бөлінген байшыкештер – бейшара, жауапкершілігі жоқ, қартаң сана­

ның көрінісі. Қашанда заман сілемдерінде осындай өз буына өзі піскен күмпілдектер қоса жүреді. Оларды түбінде қатал әлемнің сұсы біріктіреді. Себебі, «бір күн бура болғанына» мастанып жүргендер ұзамай-ақ өздерінің орыс та, ағылшын да бола алмасын ұғады. Ұлтпен бірге ғана жан сақтай аларын түсінетін болады»... Міне, Мұрат Әжінің айтқанындай, қатал әлемнің сұсы қазірден бастап елімізге көлеңкесін түсіре бастады. Сананың сандал көгін ақ тер, көк тер қылып сан қысталаңнан жол іздейтін кезең енді келді. Тұманды, бұлыңғыр болашаққа мұңдана көз тігіп тұ­ рып: «Бар қазақтың жүрегі Отан деп соқса ғой», – деп ар­ мандайсың... «Жас Алаш», 17.04.2001 ж. Жемқорлық – елдің соры Бүгінде қазақ халқы жемқорлықтан, той тойлаудан айна­ ласындағы ұлыстардың алдына шықты, шенеуніктеріміз қым­бат көлік міну жарысында көрші мемлекеттерге шаң қаптырды. Алайда, тойсыз өмірде не сән бар? Әсіресе, қазақ халқы той-томалақсыз жүре алмайды. Өзге жүрт қазіргідей тірлік үшін жанталас ғасырында тойдан гөрі ойға көбірек оңтай білдіруде. Той көп. Халықтьгң өз қаржысын өзінен аяймыз ба, тойлай берсін. Және «демеушілері» де бар шығар, бірақ сол «демеушілер» соншама қаржыны аспаннан алған жоқ, айналып келгенде ол да халықтың несібесі ғой. «Ортаның малын олжа көрме, Ол – халықтың дәулеті. Оны шашқанды мырза деме, Ол – халықтың нәубеті» – деп Шәкәрім қажы қалай дәл айтқан! Қарап отырсақ, айналамыздағы құдайы көршілер ай сай-

ын аста-төк той жасап, қырғын бәсеке өткізіп, жүздеген миллион долларға орта қол фильм түсіріп, ортақ қазанның ырысын шашып жатқан жоқ. Той дегеннен шығады-ау, мысалы Жамбыл ақынның тойын өз көзімен көрген Әбдеш Дайырбаев («Азат» газеті, 24. 10. 2004 ж.) былай дейді: «Жамбылдың тойына екі мың үй тігіліп, екі мың ірі қара сойылды. Әр шаруашылық үш миллион теңгеден ақша аударды. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы «Жаңашар» оқу-тәжірибе шаруашылығынан үш үй тігіліп, үш сиыр сойылып, дүкеннен жүз дана төсек -орын, сегіз күтуші апарылды. Бірақ оған үш қонақ келіп, үш жапырақ ет жемеді және бір адам да қонбады. Еттің бәрі сасып кетіп, ұра қазып көміп тастады..». Міне, айтса айтқандай, осындай берекетсіздік, сұмдық ысы­рапшылдық елімізде әбден етек алып болды. Ал айнала­ мыздағы мемлекеттер шет елдің маңдайына шертіп берген қаржысын той-томалаққа, қыздырма қызыл сөзбен күн өлтір­ ген жиын-жәрмеңкеге өлсе де жұмсамайды. Бүгінгі несие бергіштер ертең босағанда шабынып тұ­ рып, қарызын сұрағанда, кең құлқынға ойланбай құйған мил­ лиардтаған долларды қайта құсқанда, сасқаннан болашақ ұрпаққа бұйырмасты нәпақаға қол салуың ғажап емес. Әне, Латын Америкасы елдері, Колумбия сөйткен жоқ па? Бе­ рілген несиені оңды-солды шашып, армансыз той тойлап, өздеріне зәулім сарайлар салды. Есептескен уақытта бүкіл қазба байлығы, жиған-тергені біреудікі болып шыға келді. Бүгіндері сол елдер есірткінің отанына айналып, еңсесін көтермеген күйі шөгіп қалды. Обалы кімге? Обалы осы елдің игі жақсыларына! Шыңғыс ханның «Ұлы Жарғысында»: «Мемлекет қатал­ дық пен қайырымдылықты қатар жүргізе білгенде ғана ны­ ғаяды. Қарны жарылғанша мелдектеп тойып алған ұлыс би­ леушісі, мыңбасы, жүзбасы әскери кеңеске келіп, кекірік атып отыратын болса және олар халықтың мүддесін ұмытып, қарақан басын күйттейтін болса, табан астында басы алынсын», – деген жолдар бар. Ендеше, біздің де әлемдегі ең қымбат көліктерді бәсе­

келесіп сатып алғыш, халықты ұмытып, жемқорлықтың ұйы­ ғына белшесінен батқан, байлықтан кекірік атқан саба құрсақ шенеуніктерімізге осындай бір қатал үкім керек-ау! Қазір қандай да бір тендер, иә болмаса келісімнің астарын ақтарсаңыз болды, жемқорлықтың бықсық исі аңқып қоя береді. Кез келген мемлекеттің іргетасын құмдай уатып, ыза суындай мүжитін аса қауіпті дерт бар – ол коррупция. Кезінде ҚР Мемлекеттік кіріс министрі, мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Зейнолла Кәкімжанов «Время» газетінде былайша шешіліп: «Кәдімгі кеден бекетіндегі қа­ тар­дағы қызметтің құны 3000 -5000 доллардың аралығында, халықаралық автоөткелдегі кеден бекеті жетекшісінің креслосы 100000 – 150000 долларға дейін, қызмет барысындағы заң бұзушылыққа «көзжұмбайлықпен» қарау 1000 доллар, контейнерлердің Қытай кеден шекарасынан кедергісіз өтуі 3000 долларға дейін...» деп кедендегі құтырып кеткен жем­ қорлықтың нарқының көлемін айра-жайра ашып тастағаны үшін өзі де бір айдан кейін қызметімен қоштасты. Елімізде­ гі темір жол саласының бірден-бір қожайыны – «Қазақстан те­мір жолы» мемлекеттік кәсіпорны да жемқорлықтан сау емес екенін екінің бірі сезеді. Бір таңғаларлығы, осы кәсіп­ орынның бұдан 3 жыл бұрын антимонополиялық заңды аяққа таптағаны, соның арқасында керекті құрал-жабдықтар сатып алуда тендердің дұрыс жүргізілмегендігі, тіпті бір адамның атына 11 фирма тіркелуі сұмдық емес пе? Кешенді тексеріс көрсеткеніндей, «Қазақстан темір жолында» 1000-ға тарта келісім заңсыз жасалған болып шықты. Мемлекеттің 10 миллиардқа жуық қаржысы талан-таражға салынған. Осы қылмысты іске тікелей жауапты Абылай Мырзахметов қазір түк білмегендей басқа бір лауазымды қызметтің тұтқасын ұстап отыр. Экономикалық қылмыстардың түп-төркіні біздің шала­ғай, дүмбілез заңдарымызда жатқан сияқты. Үкімет те, депутаттар да әлі күнге ашқұрсақ халық қажетін кәсіпкер есебінен өндіреміз деп өзеуреп қояр емес. Бірақ бұл мүлде теріс қадам екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Ең өкініштісі, бізде бір елдің заңдары мен заңдық күші бар актілерін (қаулыларын) көшіре салу белең алды. Мысалы, Шенген немесе офф-

шор аймақтарында тиімді болған заңдар мен талаптар бізді сазғa отырғызуда. Міне, осындай көр-жерден құрап жасаған күлдібадам заңдарымызды жемқорлар рахаттана пайдала­нып, білгендерін істеп бағуда. Нанбасаңыз, мына дерекке назар салыңыз. Өткен жылы Үкіметтің күштеуімен қымбат бағалы металдармен заңсыз операция жасағаны үшін қылмыстық жа­уапкершілікке тартатын ҚР Қылмыстық Кодексінің 210бабының көзі жойылды. Не үшін екенін адам түсініп бол­ майды. Бір қарағанда, Үкіметтің өзі қылмыскерлерге жасыл жарық жағып отырғандай. Ішің қыз-қыз қайнағанымен, қар­сы әрекет етер қауқарың және жоқ. Қылмыстық кодекстен 210-бап алынып тасталғаннан кейін қымбат бағалы металдарды өндіру мен сатып алуда заңсыздықтың неше атасы балалап кетті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Валерий Котович: «Қылмыстық кодекстің аталған бабы жойылған соң, алтын өндіру шахталарына іргелес жатқан елді мекендерде бағалы металдар мен заңсыз операциялар жасайтын қылмыстық топтардың белсенділігі күрт артып кетті. Олар құрамында алтыны бар кенді ұрлау мақсатында жұмыс істеп тұрған шахталарға кіріп, кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатыр. Жалпы, қылмыстық топтар алтынды қолдан өндіру, қайта өңдеу және жарылғыш заттарды жеткізу, бағалы металдарды заңсыз сатып алу операцияларын жолға қойған. Қоғамға қауіпті бұл іс-әрекетпен күресуге қажетті құқықтық негіз жасау үшін Қылмыстық кодекстің бұрынғы 210-бабын қайта кірістіру керек», – дейді. Депутаттың бұл ұсынысы Үкімет тарапынан қолдау тауып, реформа жөніндегі комитетінің қарауына алынды. Енді осы бап әлгі комитеттің тартпасында қанша жатары белгісіз. Бір күні оқыстан ұйқыларынан оянғандай болып депутаттар әлгі бапты талқылай жөнеледі. Әуелі ұзақ ырғасады. Сосын каникулға шығып кетіп, тынығып келіп, тағы мыжғылайды. Сол екі аралықта қылмыскерлер мен жемқорлар аларын алып, білгенін істеп болмай ма? Міне, біздің жоғарғы мәртебелі Үкіметіміз бен Парла­мен­ тіміздің заң қабылдаудағы сиқы! Осыдан кейін коррупция қайдан шыққан пәлекет деп таң қалуға бола ма? Пәруәрдігерау, түсінер адам болса, оны қолдан жасап отырмыз ғой!

Тағы бір айта кететін жағдай, ауыл шаруашылық өнім­де­ ріміздің де адымын аштырмай отырған осы аты өшкір жем­ қорлық дер едік. Халық санағының соңғы статистикалық мә­ ліметтері бойынша елімізде 14 миллион 800 мың адам бар болса, жан басына шаққанда 8,8 келі күріштен келеді. Немесе жылына 130 мың тонна күріш пайдаланылады екен. Ал Қазақстанда жылына 180 мың тоннаға жуық күріш өн­ діріледі. Өзіңіз ойлаңызшы, халықты толық қамтамасыз ете­ тін ақ маржан күрішіміз тұрғанда неге сырттан күріш са­тып аламыз? Міне, бұл жерде де жемқорлықтың иісі мүң­кіп түр. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы минис­трлігі өткен жылы қасақана Вьетнам, АҚШ, Ресейден 6,9 миллион долларға күріш сатып алған. Бұл дегеніміз, ауылша­руа­ шылығының бейнетқорларын аяқ асты ету емес пе? Осы секілді оспадарлықтан кейін аграрлық секторымыз қалай дамымақ? Өткен жылы ғана «Қазақстандағы Қытай банкі» ЖАҚ-ы арқылы Алматыдан айдаһар еліне бір миллиардтан астам АҚШ доллары өтіп кеткені белгілі болды. Ал бұл банкке осылай істеуге лицензияны Ұлттық банкіміздің өзі берген. Міне, мәселе қайда жатыр! Әлем халқының аузының суын құртқан ғарышкерлердің жеңсік дәмі – қара уылдырықтың да біраз бөлігі бізде өнді­ ріледі. Осы бір құнарлы «қара тарыдан» ауқаттылар болмаса, қарапайым халық дәм татудан қалғалы қашан! Алтынға бергісіз қара уылдырық халқымыздың игілігіне пайдаланылса бір сәрі, ал рәсуә болса обалы кімге? Нанбасаңыз, мына дерекке назар салыңыз: «Екі тонна қара уылдырық Қазақстан­ нан Біріккен Араб Әмірлігі арқылы Швейцарияға жетті. Ал Еуроодақ Қазақстаннан жиырма жыл бойы қара уылдырық тасымалдауға тыйым салған еді. Швейцария консулдығы мен Кеден агенттігі Қазақстанға сұрау салғанымен ешқандай дерек ала алмаған. Ақыры иесі табылмаған құны 2 миллион евро тұратын 2 тонна қазақстандық қара уылдырық отқа оранды»: («Комсомольская правда» 10.12.03ж.). Иә, «Қызғанғаның қызыл итке жем болды» деген осы емес пе? Бұл қылмыстың артында да әлдебір қазақстандық

лауазымды контрабандист немесе жемқор тұрғаны айдан анық. Әйтпесе, жай адам осыншама қымбат тауарды шетелге шығара ала ма? Экономика және бюджет жоспарлау министрі Қайрат Ке­ лімбетовтің мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың бюджеті 5 триллион 850 миллиард теңге болды. Және «мұнай баррелі­ нің бағасы 19 доллар» деген бағамен бюджет жобасын жаса­ ған. Яғни, бюджет кірісіне әр баррельден 19 доллардан артық ақ­ша есептелінбейді. Ал бүгінде Нью-Йорк пен Лондон биржаларында шикі мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 долларды иектеп тұр. Сонда арадағы миллиардтаған долларлар қайда кетуде? Өйткені, қара алтыннан түсетін табыс бюджетке емес, тікелей Ұлттық қорға аударылады. Ұлттық қор негізінен Норвегияның тәжірибесі бойынша құрылған. Онда Парламенттің Мемлекеттік мұнай қоры­ ның жұмысын бақылауға үлкен өкілеттігі бар. Алайда, біздің қорымыз Президенттен басқаға есеп бермейді. Қазақстанда Парламент мемлекеттік табыс пен бюджетті бақылау құқынан мүлдем айрылып қалған. Иә, естір құлақ болса, біраз нәрсе айтылды-ау деймін. Еліміздің барлық саласын жайлаған жемқорлық, қылмыс аж­ даһасы ендігі жерде күш беруі екіталай. Ендеше, осы тажалға қарсы адал азаматтар қамшысын сайламаса болмайды. Осындай пәрменді күрес қана Отанымызды қатерлі дерттен аман алып қалмақ. «Ақ жол Қазақстан», 26.08.2005 ж. Ұлттық, экономикалық мүдде алпауыттар боданына айналмауы керек «Минут ұрыс тағдырын шешеді, сағат шайқас тағдырын шешеді. Ал, тәулік бүкіл мемлекет тағдырын шешеді», – деген орыстың әйгілі қолбасшысы А.В.Суворовтың тамаша сөзі бар. Біз осы тәуелсіздік алған он жеті жылдың ішінде ұлттық мүдде, экономика тұрғысынан бірталай ұтылыстарға жол беріппіз.

Нағыз өтірік соғыс кезінде, сосын аңшылықтан кейін және сайлау алдында айтылады дегендей, біз халықты жалған ақ­ парлармен алдандырып келіппіз. Кешегі қайта құрудың ми батпағынан сілесі қатып шыққан жұртымыз әлі күнге дейін ит мініп, ирек қамшылаумен алға жылжуда. Тамырынан толғап қарайықшы, біздің осы кедейшілігім­ іздің сыры неде? Батыста ит басына іркіт төгілген қайғысыз қоғам баяғыда орнаған. Үлт пен тіл мәселесі жоқтың қасы. Экономикасын даңғыл жолға салып алған. Сұраныс пен ха­ лықтың тауар сатып алу мүмкіндігі ешқашан төмендеген емес. Бұған олар сырттан тасылған байлық арқылы қол жет­ кізген. Халқымызға шыр бітірмей келе жатқан негізгі кесепаттар – сыбайлас жемқорлық пен орынсыз ысырапшылдық. Кезінде мұнайдан түскен есепсіз ақшаны берекесіз шашып жатқан жұртын көріп, Сауд Арабиясының бұрынғы королі, Фахдтың әкесі «кеше ғана түйеден түсіп, «мерседес» мінген араб, мұнайдың табысын бұлай шаша берсе, қайтадан түйеге мінбесіне кім кепіл?» – деп ренжіген екен. Осы ырғын ысырап бізде де қайталанып жатыр. Бірақ, көзге шұқып, жонымыздан таспа тіліп, ескертетін ешкім жоқ. Енді мына ғажапқа қараңыз: еліміздегі жария болған алты миллиардер (шетелдік сарапшылар Қазақстанда миллиар­ дерлердің саны жиырмадан асатынын үнемі айтумен келеді) соңғы жылдары өз табыстарын 36 пайызға дейін шарықта­ тыпты, бұл, дәлірек айтқанда елдің жалпы ішкі өнімін басып озды деген сөз. Біздің билік XX ғасырдың басында АҚШ-та орын алған «жабайы» капитализмді елге зорлап таңып, одан өлсе де айрылғысы келмейді. Егер тек корпорациялар мен акционерлердің ғана езуле­ рінен ақ май аға беретін болса, онда бізге мұнай «шаттығы» неменеге қажет? Ал, халық мұндай жалмауыз, қорқау әрі көршеңгел эко­ номикалық моделді тіпті де қаламайды. Сонда жаңа төңкеріс­ ті күту керек пе, не істеуге болады? Тереңірек үңілсек, бұл қырсықтан қан төкпей-ақ айналып

өтер төте жолдар бар. Мысалы, Еуропа біраз уақыттан бері экономиканың осы моделін басшылыққа алып дәуірледі. Бұл модель мынадай үш киттің үстінде тұр: 1) Аса байлар мен корпорацияларға салықты барынша кө­ бейту. 2) Тиімді еңбек заңдылығы және ықпалды кәсіподақ. 3) Әлеуметтік қорғауды кемелдендіру, денсаулық сақтау саласын және зейнетақымен қамтамасыз ету саласын барынша күшейту. Сонау жылдары Еуропа елдері алдағы болар төңкерістер­ ден сескеніп, амалсыз осы моделді қабылдап, ақыры екі жеп биге шықты. Қазір кемелденген социализмге жеткен бұрынғы КСРО емес, Еуроодақ болып отыр. Ал, бүгінгі Қазақстанда зейнеткерден де, табысы төмен ауыл мұғалімдерінен де, олигархтар мен ірі монополистерден де 10 пайыздық табыс салығын ұстайды. Осы да әділеттік пе? Енді мынаған назар салыңыз, үйдің бағасын көтеріп-кө­ теріп, 21 шетелдік риэлторлар 15 миллиард доллар пайда тауып, Қазақстаннан тайып тұрған. Кеткені ештеңе емес, сор­ латқанда олар қайтып келіп, арзан үйлерді кері сатып алып, тағы қанайтынын кайтерсің! Ішкі өнім 9-12 пайызға өсті деп күпінеміз. Анықтап қа­ расақ, осының бәрі болмашы нәрсе. Өйткені, мемлекет табысын инфляция көз алдымызда опырып жеп жатыр! Өзі ештеңе өндірмеген ел айдың, күннің аманында жұтқа ұшырамағанда қайтеді? Осының айқын мысалын маңғыстаулық сатирик Әзір­бай­ жан Конарбаевтың мына бір сықақ өлеңінен көруге болады: «Оттық, шырпы – Псковтан келді, Шұлық, шалбар – Бішкектен келді. Ыдыс, аяқ – түріктен келді, Тәтті кәмпит – Киевтен келді. Сары май – АҚШ-тан келді, «Дәрі май» – латыштан келді. Ине – Шанхайдан келді, Түйме – Алтайдан келді. Емшекқап – Венадан келді, Майшабақ – Ленадан келді.

Иіссу – Парижден келді, Жеміс-жидек – Тавризден келді. Картон-қағаз – Омскіден келді, Колбаса-шүжық – Орскіден келді. Міне, осылай келіп жатыр, келіп жатыр, Құдай беріп жатыр!... Дегенмен, көріп жүрміз көзімізбен – «Самопал арақ» өзімізден... Міне, әзіл де болса, ащы да болса, шындық осы! Біздің министрлер – экономистер әр жыл сайын Давосқа барып, еліміздің байлығын игеруге шетел капиталын топырлатып әкелуден жалықпайды. Ал, өзіміздің байлар отандық өнеркәсіпке бір тиын да салмайды. Мұның сыры неде? Бүгінде шетелдердегі қазақстандық инвестиция 36 миллиард долларға жеткен. Яғни, бір сөзбен айтқанда, еліміздің салықтан жиналған қыруар қаржысы Панама мен Жаңа Зе­ ландия, Литва мен Хорватия арасында жосылып жатыр. Бір ғана Мұхтар Әбіләзовті алайық. Осы алпауыт күні кешеге де­ йін Мәскеу, Баку, Санкт-Петербург қалаларындағы ірі жобаларды қаржыландырып келді, енді ол Украинаның Борисполь қаласында ірі онкологиялық және кардиологиялық ғылыми орталықтың құрылысына 130 миллион доллар құйып отыр. Және Әбіләзов болашақта осындай орталықты Болгария мен Түркияда да салдыратынын мөлімдеді. Ал, Әбіләзовтің колындағы кыруар қаржы жеті атасынан мұраға қалмағаны белгілі. Ендеше, олар өз отанынан неге қашқақтайтыны түсініксіз. Біз жыл сайын шикі мұнайды экспорттауды үдетіп келеміз. Осы мұнайды химиялық жолмен өңдегенде одан 2000-нан астам өнім алынады екен. Қазір еліміз Польшадан әлгі мұ­ найдан жасалған кір жуатын ұнтақтарды алтынға балап сатып алуда. Айта берсең, барлық салада да төбе шашыңды тік тұрғы­ зар деректер жетерлік. Кейбір тәуелсіз сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қа­зақ­ станның аграрлық саладағы күллі құнарлы жері Кулагин, Терещенко және Мәскеу мэрі Лужковтың және басқа да санаулы адамның меншігінде екен.

Тіпті балық өсіретін барлық көлдер мен тоғандарды да монополистер бауырына басып алыпты. Сондықтан да болар, жақында Ресей астанасы Мәскеуде нан қымбаттап, жұ­ рт дүрліккен кезде қала мэрі Юрий Лужков: «Қазақстан тұр­ ғанда Мәскеу нансыз қалмайды», – деп нық сеніммен айтқа­ ны есімізде. Біз тәуелсіздік алғаннан бері талай нәрсеге талпынып көрдік, көлік те, трактор да, вагон да жасамақ болдық. Бірақ соның бәрі адыра калды. Сонда біз қайда беттеп барамыз өзі? Жоғары технологиялы елге айналудың орнына, шикізатпен ғана жан баққан мешеу елге айналғанымыз ба? Елдің мүмкіншілігін есептемейтін, тек статистикаға жү­ гінетін парықсыз экономистер 2020 жылы жан басына шақ­ қанда, табыс 2700 долларға жетеді деп өзеурейді. Егер сол кезде нанның бағасы 100 доллар болса, мұндай өсімнің адыра қалғаны дұрыс емес пе? Кез келген мемлекеттің экономикалық даму тарихына көз салсақ, барлығында да ел тұрғындарының азық-түлік қа­ уіп­сіздігі бірінші орынға шыққанын көреміз. Іргедегі алып Қытай өзінің ғаламат өрлеуінің басты тетігі етіп аграралық саланы таңдағаны белгілі. Біздегі бұл саланың көзіңе жас әкелетін сорақылықтарын айтпай-ақ қояйық, тек қарапайым жүннің өзіне ғана тоқтала кетейік. Осы бір арзан әрі пайдалы шикізатты біз қалай пай­ даланудамыз? 2005 жылғы дерек бойынша, еліміздегі жүн­ нің 17 пайызы – Қытайға, 78 пайызы – Ресейге, 4 пайызы – Қырғызстанға сатылған. Қалған бір пайызын жұрт су өткізбес үшін қораларының төбесін жапқан. Шетелдіктер біздің жүнді жуылмаған күйінде әрі арзанға сатып алып отырған. Өйткені, жуылмаған жүннің құрамында ланолин деген шайыр бар. Ал, ол дегеніңіз, әйелдер колданатын түрлі кремдердің, медицинадағы дәрі-дәрмек жасаудың не­гізі. Мі­ не, шетелдіктер кандай аяр еді десеңші! Ал, өз жүнімізді өзіміз ұқсата алмаған қандай сорлы едік! Жүнді аса бағалы шикізат тұтатын елдер, мысалы, Ұлыбританияда «Жүн ассоциациясы», Австралияда «Жүн корпорациясы», Жаңа Зеландияда «Жүн өндіру кеңесі», АҚШ-та, Францияда, Бразилияда жүн кооперативтерінің федерациясы, Ресейде – Жүн

өндірушілердің акционерлік қоғамы бар. Осындай ұқып­ сыздықтың салдарынан жүн өнімдері әсіресе, шұлық өнді­ рудің өзі, 1992 жылмен салыстырғанда, 2007 жылы 31 есе, тоқыма өндірісі 900 есе, аяқ киім 38 есе төмендеп кеткен. Қалай дегенмен де, экономикадағы зығырданыңды қай­ нататын қаскөйлік әрекеттер мұнымен де бітпейді. Енді мұ­ найды қойып, шетелге уран сатуға көштік. Әлемде бірде-бір ел мұндай бейбастақтыққа бара қойған жоқ. Бұл ғажайып отын келешек ұрпақтың несібесі еді. Салыстыра қарасақ, 1 келі уран 1000 тонна мұнаймен тең. Биыл 2000 тонна уран өндіріп, шетелге сатамыз деп қазіргі үкімет алақанын ысқылап отыр. Мұндай иіс алмас билікке не дерсің? Осы ысырапшылдыққа түңілген болуы керек, бір кезде марқұм М.Есенәлиев: «Рас, бір кезде жаппай оянармыз, сер­ пілерміз. Бірақ, ата-бабамыз қалдырған кең-байтақ жері­міздің асты-үстіндегі байлығының көбі қайда кеткенін білмей дал болармыз!», – деп ашына айтқан еді. Бүгінде мұнайдан, басқа да қазба байлықтан түскен ыбыр­ сыған ақшаға самаурын қайнатқан, кекірігі азған алпауыттар, байлардың мекені Канн қаласына жекеменшік ұшағымен ұшып барып, кешкі ас ішіп қайтуды әдетке айналдырыпты. Олар «Бенье де куржет» ғажайып тағам және «Буйасбес» сорпасы үшін Каннға отбасымен ұшып баратын көрінеді. Мұны құтырғандық, асып-тасқандық демеске амалымыз жоқ. Және бұл дерекке таңдануға да болмас. Өйткені, таяуда ғана Бас прокуратура Рахат Әлиевтің бір өзінен ТУ-134, ТУ-154 маркалы төрт жолаушылар ұшағын, үш МИ-8 тік­ ұшағын тәркілеген жоқ па! Иә, уақыт шіркін бұйдасы басына түрілген сары атандай, ежелгі аяңынан жаңылар емес. 2013 жылдың 23 желтоқсанында 3600 жылға есептелген Майя хал­қының әйгілі күнтізбесі бітеді. Содан кейін не болмақ? Тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров бір сұхбатында: «Ға­ рышқа қайтқым келеді. Мұнда не бар? Бәрі лас... Керемет ана жақта ғой!», – деген еді. Тоқаң дұрыс айтады, нағыз азат тірлік ғарышта, алайда біз сияқты бейбақтарға жұмыр жердің үстінде әлі сан жылдар азап шегуге тура келеді... «Жұлдыз» журналы, №6, 2008 ж.

Келімсектер қашанғы кердеңдейді... елiмiздегi диаспоралардың шектен шыққан әрекеттерi Біріккен Ұлттар ұйымы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қа­ былдаған Адам құқықтарының баршаға ортақ Декларациясы мөлдіретіп жазылғанымен, оның бізге қазіргі таңда сіркедей пайдасы жоқ. Шексіз жомарт табиғи орта мен шексіз қыты­ мыр қоғамдық ортаның құлақкесті құнсыз құлы – қазақ баласы да сол екі құдіреттің ықпалында болуға мәжбүр. Алайда, бүтіндей тұтас ұлт пен ұлыстар, мемлекеттер те­ кеметін тұйықтап, өзін-өзі сақтап қалуға көшіп жатқан шақ­ та, біздің жайбарақат отыруымыз түбінде опындырмай қой­ майды. Қай мемлекетті алып қарасаңыз да, әуелі өз ұлты­ ның мүддесін ойлайды. Мысалы, Жапонияда, Норвегияда, Гер­манияда, Араб әмірліктерінде барлық игілік бірінші ке­ зекте мемлекетті құрушы ұлтқа жасалады. Ал, біздегі бүкіл әлеуметтік-материалдық игіліктер әуелі қонақтарға, келім­ сектерге, қала берді, қазақтарға жасалатын сияқты. Соны тиімді пайдаланған шетелдіктер енді жергілікті халықты келемежге айналдыра бастағандай. Әсілі, санасын қорқыныш, үрей билеген ұлт өз-өзінен қорғалақтап, бұйығылыққа ұрынады да, өрістей алмайды. Бейне бір өз қотанында тұрса да, үрейден жусамай, ұйлығып тұратын отар сияқты. Дәл осы халді бүгінде өз Отанында отырып, қазақ халқы да аракідік бастан кешіп жатқаны өтірік емес. Қазір біздің елімізде ит өлген жерден америкалықтар, ағылшындар, австриялықтар, іштері пысқасын, аң атуға ке­ ліп, екеу-үшеуі бірігіп, алаңсыз тау-тасымызды аралап жүр. Қор­қыныш, үрейден ада, тап бір қайын жұртына келгендей алшаң басады. Ал, қазақтар басқа мемлекетте осылардай сайран сала ала ма? Ұлы батырлардың соңғы сарқыты Бауыржан Момышұлы өз қолжазбасында былай депті: «Еш нәрседен де қорық­пау­ шылық, жалпы табиғатта жоқ нәрсе, еш нәрседен қорық­пай­ тын адам жоқ. Бірақ қорқынышты жеңуге болады. Немен? Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады».

Баукеңнің дәл осы сөздері бүгінгі қазақ жанының құбыла намысына, кардиограммасына айналып тұр! «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел» дейді Абай. Ендеше, осы бейдауа күйге түскен көпшіліктің бойынан қорқыныш пен үрейдің, бойкүйездіктің қанды іріңін мәж­бүрлеп отырып сығып алатын кімдер? Олар – елдің игі жақсылары, ұлт зиялылары! Ал, осылардың бойынан ынсап, тәуекел, иілсе де сынбайтын алмас-қажыр жойылар бол­са, онда ұлттың беті құбылаға қарады дей беріңіз. Басы, көзіне қарамай қамшымен армансыз төпеленген ат кейде шаужайлаған тізгіннің өзін дойыр екен деп жалт береді. Осындай зәрезап жылқыны мініп майданға шығуға бола ма? Иә, бүгінгідей өлара кезеңде ұлт санасынан жалтақтықты, қайыған інгендей сигектеп тұратын қосүрейлікті сылып тастау да оңай емес. Оның үстіне бойкүйездік пен салғырттық жабысса, тіпті қиын. Жалпы, отаншылдық пен азаматтық, атамекенін қорғау жайлы сөз бола қалса, есіме Балтық жағалауы елдерінің мына бір ежелден келе жатқан тәжірибесі сап ете қалады. Мемлекет тұтастығын әріден ойлаған көреген басшылар барлық тараптан жасөспірім балаларды жылына бір рет жинап алып, ел шекарасына алып келіп, қырық өрім қамшымен сабайды екен. Оның себебі – ғұмыр бойы туған жер шекарасының бір сүйемін де жау табанына таптатпауды өскелең ұрпақтың санасына қамшымен сіңіру. Ертеңгі күні ер жеткен соң күні кеше 12-13 жасында ел шекарасы үшін таяқ жегенін әлгі ұлан өлсе де ұмытар ма? Бұл ойлап қараған адамға теңдессіз тәрбие, педагогиканың нағыз көкесі! Ал, біздің билік: «Бұрын Қазақ деген мемлекет болған емес, ендеше оның шекарасы да күмәнді», – деген аса қатерлі сөз айтып, бүкіл бір ұлттың жүрегін жара жаздап, жат табанына бір-ақ салып берді. Сол, сол-ақ екен, бұрын да жерімізге көз алартып, іштеріне қан қатып жүрген орыстар «Союз казаков Степного края и Горькой линии» деген республикалык қоғамдык ұйымын құрып алды. Қазақстан мемлекетінде отырып, патша кезіндегі шовинистік, қыршаңқы атауды неге

қоясыңдар деген ұлт жанашырларына әлгі казак ұйымының басшыларының бірі «Өткенде бәленшекең айтқан жоқ па, сендерде мемлекет те, жер де, шекара да болған жоқ», – деп жақтарын карыстырып тастапты. Оны айтасыз, әбден құтырған олар өткен жылы Жетісуда казак әскери бөлімдерінің құрылғанына 140, тәуелсіз Қа­ зақстанда орыс қауымдастығының біріккеніне 15 жылдық ме­рейтойларын салтанатты түрде атап өтті. Осы тойға Мәс­ кеуден, Орынбордан, Оралдан, Кубаннан әскери мундир киген, қылыштары салақтаған атамандар ағылды. Біраз жыл тасада қалып, кейінгі кезде әбден көбеңсіген казактар Нұрсұл­ тан Назарбаевты мәртебелі Жоғарғы Бас атаман сайлады. Әлгі жиында Қазақстан территориясында бүгінде Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскери бөлімдері құрылып, күшіне енгендігі салтанатты түрде мәлім етілді. Онымен де қоймай, Ұзынағашта 1860 жылы қазақтарды баудай түсірген подполковник Колпаковскийге зәулім ескерткіш орнатты. Ойлап қараңызшы, мұнан асқан қорлау болар ма? Қазақтың жан-тәнін билеп бара жатқан осы бір ездіктің, міскіндіктің қан-жынын ақтарған марқұм Асқар Сүлейменов былай дейді: «Біздің интеллигенцияның бір ерекшелігі бар – қасиеті, бір ерекшелігі бар – міні. Алдыңғысы қашпас, мен соңғысын айтайын. Ол – үрейшілдігі. Әріден, сон-о-оу жанын қан жеңген Кенесары-Махамбеттің асу-кезеңінен бері келе жатқан, еттен өткен, сүйекке жеткен, сүйектен өтіп жілік май мен жұлынды мұздатқан үрей. Көз жұмған күндері де беймағұлым Ақаң – Байтұрсынов пен Тұрар Рысқұловтардың қарақұсынан ба, шекесінен бе, жүрегінен бе ұясын тапқан тоғыз грамм қорғасынның үрейі. Үрейдің әуелі істейтіні не? Күлдікөмеш ойды аямай бұқ­ тырып алады, жүйесіздіктің жүйесіне салады, летар­гия­лық ұйқыға апарады. Олай етпеген күнде де жалаңбұт патрио­ тизмнің пайдасынан зияны, түзігінен қисығы басым боп отырады. Ду қол шапалақтау мен овацияның некесінен керең туады; ал, шала мен аланың некесінен өзін қоғамның қорғаны санайтын пысықай туады: тексіздігін тектілікке теңгерер «сегіз қырлы серілер» туады, туады да, онсыз миы ашыған халықтан мипалау жасайды».

Жарықтық, Асқар ағамыз айтудай-ақ айтқан емес пе! Дәл осы көріністің мысалындай, тәуелсіздік алғанына жиырма жылға таяп қалса да, әлі өзін мемлекет құраушы ұлт, үй иесі ретінде жариялай алмай келе жатқанымыз үшін бүкіл әлем бізге мысқылмен қарап отыр. Ұяламыз, абайлаймыз, сабыр сақтаймыз, міне-міне, жал-жал толқындардың арасынан елдің саяси этикалық сапасы деген құбыжық шыға келетіндей қорқамыз. Осы да сөз болып па? Сонда біз неден кібіртіктейміз, құдай-ау?! Дүниеде отаршылдық тәуелсіздікті бастан кешірген халық аз ба? Олардың бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін өз күшіне мі­ ніп, бұрынғы қожайындарды тәубасына келтірді. Ағылшын­ дар, француздар, бельгиялықтар, тағы басқа өркениетті ха­ лықтар өз заманының өткенін тез түсінді, буырқанған ұлт азаттығына еш қайран қыла алмады. Ақиқатын айтсақ, біз сұрапыл әлеуметтік-қоғамдық сіл­ кіністер табалдырығында тұрмыз! Шыдамның да шегі бар! Ұлт мүддесіне қызмет ететін, оларды қорғайтын күш құ­ры­ лымдары әбден арсызданып бітті – олар кеңес жылда­рын­ дағыдан әрмен қарапайым халықты қорлауға үйреніп алды. Бірақ, бір ғажабы, ешкімге де шағымдана алмайсың. Айналып келгенде солардың үстінен олардың өзіне шағымданған боп шығасың. Мұндай нақұрыстықты кім көрген? Парақор соттарға әбден қаны қарайған, шындық үшін әлденеше жыл сарсылған Алматы қаласының бір бейбағы жақында өзінің бас бармағын кесіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа салып жіберді. Шарасыз халық мұнан өзге не істей алады? Егер қоғам осы қалпымен кете берсе, халықтың көбі ақша көрсе әкесін сататын аярлыққа, алаяқтыққа бет түзейді, бүкіл ұлттық құндылық аяқасты етіледі. Осының көрінісіндей, жақында ғана Отанын сатқан опа­- сыз­дықтың, шпиондықтың айқын бір дерегі белгілі болды. Әлгі қылмыстың басты қаһармандары – ҚР Бас прокуратура­ сы­ның бұрынғы қызметкері, ұлты ұйғыр Ділмұрат Әбдіра­ йымов пен Қазақстан Қарулы күштерінің бұрынғы офицері, подполковник Константин Колесников болып отыр. Олар қы­

тай шпионы, ұлты ұйғыр Ауханға аса құпия сақталған зымыран отынының (ТУСВ-5-15, Декаборан – 14) бір литрін құжаттарымен, бүкіл физикалық-химиялық құрамымен қо­са 30000 долларға сатқандығы анықталды. Қытай шпионы, ұлты ұйғыр Аухан 1996 жылы елімізге келіп, көз алдау үшін сауда-саттықпен шұғылданған болып, жергілікті ұйғыр диаспорасының басшыларымен тығыз байланыс орнатып, Қа­ зақстандағы жасырын әрекет ететін халықаралық терро­ рис­тік ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істей жүріп, аса құпия мәліметтерді Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік ми­ нистрлігіне хабарлап отырған. 2001 жылы Қытай барлау басқармасы Ауханға жаңа тапсырма беріп, ғарыштың жә­ не қорғаныс саласындағы соңғы жаңалық – зымыран отыны ТУСВ-5-15-тің толық құрамын қолға түсіруді мін­дет­- теді. Бұл сұйық отынның бір ғажабы, не иісі, не түсі жоқ, жанған кезде буланып түтіндемейді, көзді ашып-жұм­ғанша ұнтақ темірге айналып кететін ерекше қасиеті бар. Осы құрамы күрделі, қытайлықтардың көкейін тескен аса құпия зымыран отынын шекарадан алып өтуге 1 милли­он АҚШ долларын тіккен көрінеді. Шпион Аухан бұл іске өзінің туысқаны Д.Әбдірайымовты тартып, тез арада әрекетке кіріседі. Ақыры Аухан Семейдегі «Ертіс» қонақ үйінде құпия құжаттарымен, айғақ заттарымен қолға түседі. Шығыс Қазақстан облыстың соты үстіміздегі жылдың 12 шілдесі күні ҚР Бас прокуратурасының бұрынғы қызметкері Ділмұрат Әбдірайымов пен Қарулы Күштеріміздің бұрынғы подполковнигі Константин Колесниковты мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірген, Отанын сатқан опасыздар ре­тінде 11 жылға бас бостандығынан айырды, ал ұлты ұйғыр қытай шпионы Аухан 14 жылға кесілді. Өзіңіз қараңызшы, жер жаннаты Жетісудағы өзге ұлт­ тардың бәрі де бір-бір тайды бір өзі жеке жеген бөрідей жү­ ні жылтырап отыр да, біз неге өз атакүлдігімізде жүріп қан­ шырдай қатудамыз? Мұның айқын бір дәлелі – өзіміздің құлқыны кең, обыр әкім-қаралардың кесірінен бүкіл жер, материалдық байлық диаспоралардың, келімсектердің қолдарына шоғырланған­ды­

ғында. Билік тізгінін ұстаған шенеуніктер ұнатқан жандарына кез келген аймақтан жер кесіп, құжаттап бере салады. Біз XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қолға алған ұлы істерінің көпшілігін тұншықтырып тындық. Қа­ зір қазақтың бәрі сауатты, білімді деген өтірікке сенуді до­ ғару қажет, Мектептен бастап баланы өтірік айтуға үйрететін қоғам қалыптастырғанымыз, ешкімді сыныпта қалдырмай­ тын жалпақшешейлік, бай баласының алдындағы мектеп мұ­ғалімдерінің құрақ ұшар қасиеті, комиссия деген дөкейге ақша жинап, дастарқан жаю үрдісі, яғни, өзімізді-өзіміз алдау арқылы жан рахатын табу қоғамның басты дертіне ай­ налғанын ересек түгіл, бала да біледі. Егер біздің, қазақтың мемлекеті бізді қорғай алмаса, аза­ маттардың өздері қорғауына тура келеді. Өйткені, қазақ­тың мүддесін жүзеге асыра алмаған мемлекетте ешқашан ты­ ныштық болмайды. Сөз жоқ, әр жердегі ашынған азамат­ тардың іс-әрекеттері – шарасыздықтан туған толқудың салдары. Бұл мәселені мемлекеттік заңдармен-ақ реттеуге болады. Алайда, оны реттейтін биліктің сиқы әлгі ғой! Уақыт өткен сайын қазақтардың басына жұмыссыздық қаупі төнуде. Елімізде арзан жұмыс күші ретінде пайдаланылатын халықаралық мигранттар 1995 жылы 500 миллион АҚШ долларын елдеріне асырса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 4,2 миллиардқа жетіп жығылыпты. 2015 жылы Қазақстанға 500 мың адамдық жұмыс күші жетіспейді деп, Үкімет қазір оны сырттан әкелуді ойлап, жалақтап отыр. 2007 жылдың қарашасында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Қазақстанга ресми сапармен келген БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары А.Гутер­риш­ пен кездесті. Бізді балаша алдаған А.Гутерриш: «Қазақстан – әлемдік серіктестіктің тірегі, жаңа стратегияны белгілеуде, босқындарды қорғауды қамтамасыз ету саясатын шешуде және көші-қон мәселелерінде аса күшті ықпалға ие болды», – деп, көпіртіп мақтап қойды. Нәтижесінде М.Тәжин мен А.Гутерриш ҚР Үкіметі мен БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Енді босқын атын жамылған азып-тозғандар, қарақшылар Қазақстанға ағылатын бол-

ды. Барлық заманда да айдың, күннің аманында халықтың жұт­қа ұшырауы саясатшылардың, ұлттың зиялыларының маң­дайына қарғыс таңбасы болып басылып отырған. Осы орай­да ұлттық рухты тірілтуге, Отанды сүюге, атамекенді жан сала қорғауға әуелі атқамінерлеріміз аттанатын кезең келді. Әйтпесе, серкелері ылғи бұғып қалып, опық жеген қалың ел арындай-арындай шаршады, жан аярлыққа көшті, қорқақтыққа, босбелбеулікке бет алды... Сөз арасында айта кетейік, ұлттық рух, отансүйгіш қа­ сиеттері жағынан Ресей әлдеқайда озық тұр. Қазір бұл ел бұ­ дан он жыл бұрынғы ұнжырғасы түскен, қажыған Ресей емес, қайта түлеу үстінде. Жақында «ОРТ» телеарнасынан әскериәуе күштері қатарына сарбаз қабылдау рәсімін көрсетті. Талапкерлер әуелі екі ай бойы айдалада, орман арасында ассусыз, үй-күйсіз сынақтан өтті. Ауыздарына ілінгенін ауқат қылды, тіпті кесірткені пісіріп жегендерін көрсетті. Осындай қиын сынақтан өтіп келгеннің өзінде жартысы әскериәуе күштері сапына ілінбей қалды. Оқуға алынғандардан шіркеу епископы ант қабылдады. Осы салтанаттың соңында орыс митрополиті былай деді: «Сендердің барлығың да туған Отан, туған жер жолындағы құрбандықсыңдар. Осынау кең байтақ өлке, Ресейдің әлемдік беделі бізге миллиондаған бауырларымыздың қанының арқасында бұйырған орасан бай­ лық. Сендер осы жолда қорқақтық танытып, мүлт кетсең­дер мемлекетті опат қыласыңдар...» Діндардың сөзіне Құдайдың сөзіндей елтіген, ширыққан жастардың жүзінен өз елі үшін қандай аранға болса да ойланбай баратын өршіл рухты қызыға тамашаладық. Түптің түбінде адамзат үшін нағыз байлық алтын да, мұ­ най да емес, өзінің туған Отаны, жері мен суы болып қа­ латынын қазірдің өзінде айқындала бастады. Жер мен су үшін қырқыс өткен ғасырларда қалай шиыршың атса, қанжоса майдандарға ұласса, бүгінде осы әрекеттер басқа мәнге ие болып, небір жымысқы, сұрқия, астыртын, айта берді қоқанлоққы тәсілдермен жүргізілді. Қазір БАҚ-қа үңілсеңіз болды, жер үшін көз жасы көл болған қандастарымызды көреміз. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодныйдағы қазақ

пен чешен арасындағы бірнеше адам мерт болған төбелестің негізгі себебі – бильярд емес, жер дауы екені кейіннен анық­ талды. Жергілікті қазақтардың айтуынша, сол ауылдағы 400 гектар жер Махмахановтардың иелігінде екен. Ауылдың бейсеубет малы олардың жеріне өтіп кетсе, не қолды болады, не өлтірілетін көрінеді. Сөйтіп, жердің жекеменшікке өтуі – қазақ қоғамында аса қауіпті әлеуметтік дертке айналып кетті. Тамырынан толғай тартып қарасақ, Отанды қорғау деген – жерді қорғау деген сөз! Жердің бәрі сатылып кеткен, алақандай алаң жоқ, сонда нені қорғаймыз? Бір орыс тілді басылым: «Жақында Ақтау қаласындағы малайзиялық инвесторга қарасты «Централ Азия Цемент» кәсіпорнының күзетшілері миграциялық полиция қызмет­ керлерін түріп айдап шығыпты!, – деп жазады. Бұған таң қалудың не жөні бар? Шетелдік мекемелердің ешкімді есі­ гінен сығалатпайтыны шындық қой! Біздің заң алдындағы кембағалдығымызды пайдаланған шетелдіктер қазір елімізде білгендерін істеуде. Әуелі мүләйім кейіппен есігімізден енетін қытай инвесторлары қазір момын қазақты ерттеп мініп алды десе де болады. Әйтпесе, «Ақтөбемұнайгаз – CNPC» біріккен кәсіпорнының қытайлық басшылары жергілікті қазақ жұмысшыларынан қытай әнұра­ нын орындауды талап етуі қалай? Жұмысшыларға жұмыс уа­ қытында айналадағы өзен-көлден шелек-шелек бақа тергізуі қалай? Бұлардан Атыраудағы «Батыс-Мұнай ЖШС-і де қа­ лысар емес. Мекеме басшылары жұмысшылардан ағылшын, қытай тілін меңгеруді, ал Химмонтаж және «ХиммонтажАтырау» кәсіпорындары мажар тілін, «ГазСпец Мондат» ЖШС-і неміс тілін меңгеруді талап еткен. Әншейінде қаны­ мыз бір деп маймаң қағатын, «АВС-Кетринг» ЖШС-нің кір жуу қызметінің супервайзері түрік Юсуф Бахченің өз қыз­ метін асыра пайдаланып, қарамағындағы қазақ ұлтының қызкеліншектерін «түрікше сөйлетемін» деп ұрып-соққаны мә­ лім болды. 1991 жылы Алматы маңында түріктер мен қазақтардың арасында жанжал шықты. Қазақстанға Тұрғыт Озал алғаш келгенде жергілікті түріктер: «Бұл жерде жағдайымыз қиын,

біз Түркияға барып, тұрғымыз келеді», – деп ұлардай шулапты. Сонда Түркия президенті қатты ренжіп: «1940 жылдары Қазақстанға қалай келгендеріңді мен жақсы білемін, қазақ халқының сендерді бауырым деп құшақ жайып қарсы алып, барымен бөліскенін де жақсы білемін. Егер осындай дархан халықпен сыйыса алмасаңдар, онда сендердің құндарың бес тиын!», – деп жүре берген екен. Ара ағайындыққа келген қазақ азаматтары Тұрғыт Озалдың сол сөзін айтқанда түрік­ тің шалдары таяғына сүйеніп жылап жіберіпті Кешегі Маятаста болған кәмелетке толмаған қаршадай қа­ зақтың ер баласын зорлаған, азғындаған күрдке де еш шара қолдана алмадық. Алғашында ашынған халық күрд атаулы Қазақстаннан жоғалсын деген талап қойды. Әншейінде ақыл айтып көсемситін, әлгі азғандық әрекетпен шаруасы жоқ, академик Нәдір Нәдіров егер күрдтерді қудалау басталса, халықаралық ұйымдарға шағымданамыз деп қоқан-лоққы көрсетті. Кімнің кім екені осындайда көрініп қалады екен-ау! Кайта Нәдіровтен басқа күрдтің ақсақалдарының иманы бар екен, бастарын иіп кешірім сұрады. Мұндай мысалдар құжынап тұрғанда Қазақстан қайтіп көктемек? Бүгінде Алматы облысының кейбір жерлерінде «Шелек – шағын Ұйғырстан» деген сөз аракідік естіліп қалады. Өт­ кен жылғы Шелектегі қазақ-ұйғыр қақтығысы көпшіліктің есінде болар. Параға бөккен солқылдақ судьялар ақыры сотты сағызша соза жүріп, екі ұйғырға 1,5 жылдан шартты түрде жаза кесіп, ырың-жырыңмен әзер бітірді Үстіміздегі жылдың 27 маусымында Шелек маңындағы Ма­лыбай ауылында ұйғырлардың қолынан қаза тапқан сп­ орт­шы жігітіміз Айдын Халықовты айтсақ та болар. Малыбай түгелге жуық ұйғырлар қоныстанған ауыл. Ата Заң, Мемлекеттік рәміз, тілді белінен басып, бұл ауылдағы бүкіл жазу атаулы ұйғыр тіліне көшіріліпті. Айдынның қазасының себебі – сол жазуларды алып тастағандығы болып отыр. Құпия дерек көздерінің мәліметіне сүйенсек, террорис­ тер ұйымдардың белгілі бір өкілдері Қазақстанда әрекет етуде. 2000 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласындағы «Дубок» ықшам ауданында осы террористік топтардың мүшелері

Эйнадин Жаладин, Ахметжан Рузиев, Пазыл Хайдаров деген ұйғыр қанішерлері тал түсте полицияның екі капитанын атып тастап, қашып кетті. Арнайы дайындықтан өткен, қолдарындағы қару-жарағы бір елді мекенді толық қырып кетуге жететін әлгі жауыздар қашып келіп, Алматыдағы Пре­ зидент резиденциясының түбіндегі көп қабатты үйге ты­ғыл­ ғаны белгілі болды. Қарулы қақтығыстың арқасында олар­ дың көзі түгелімен жойылды. Екі баласымен қолға түскен Эйнадин Жаладиннің әйелін, Қытай жағы қанша сұраса да Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының басшылары оған бос­ қын статусын алып беріп, қорғаштап қалды. Енді ұйғыр сеператистерінің ашық қылмысына көшейік. 2001 жылғы 18 мамырда Алматыдағы Гоголь – Фурманов көшелерінің қиылысында «Тұран Әлем Банк» инкассаторларына қарулы шабуыл жасалды. Олар тал түсте 199 мың АҚШ доллары мен 17 миллион 605 мың теңгені тонап кетті. Сондай-ақ, қылмыскерлер инкассаторлардың ПП-90, Б889 пулемет-автоматтарын иеленіп, Ю.Сиваковты атып өлті­ ріп, жүргізушілер Қ.Мұқанғалиев пен А.Тыцкийді ауыр жа­ ра­қат­тады. Тынымсыз іздестірудің нәтижесінде көп ұза­ май қарақшылардың белсенді мүшелері Модан Юсупбекұлы Мұх­лисов, Эдуард Мансұрұлы Дәулетбақиев, т.б. ұсталды. Олардан: 1 гранатомет, 2 автомат, 7 тапанша, 7 РГД-5 гранатасы, көп мөлшерде оқтар, ҰҚК-тің жалған куәлігі, полиция киімдері, оның ішінде жол және салық полициясының формалары, радиоэфирді тыңдайтын канер, арнайы көлік нөмерлері, сырттағы әрекетті бақылайтын бейнекамералар, әртүрлі маркалы көліктер, бет перде, жасанды мұрт, сақал, маска, кісендер, париктер, байланыс құралдары, қыруар ақша тәркіленді. Сондай-ақ, террористік топтың «көсемі» М.Мұхлисовтың қоймасынан арнайы қызметтің агенттерін дайындайтын, адам өлтірудің небір тәсілдерін үйрететін, жа­ бық оқу орындарында пайдаланатын аса сирек кездесетін 20 шақты оқулықтар табылды. Бір таңданарлығы, осы қылмыстық топтың басшысы Модан Жүсіпбекұлы Мұхлисов Қазақстандағы ұйғыр қоғамдық ұйымының жетекшісі, Қытай барлау қызметінің ерекше назарында жүрген Жүсіпбек Мұхлисовтің баласы болып шықты.

Қылмыскерлерден алынған айғақтық заттар мен кейбір де­ ректерді сараптағанда, бұлардың пиғылдары банк тонаудан да тереңде жатқан сияқты. Бұл жерде ұйғырлардың ең басты мақсаты – сәтті кезеңін күте отырып, көп ұлтты мемлекет саясатын жүргізіп отырған Қазақстанда жаппай қоныстанып, түбі автономия құру. Бұл мәселенің көтерілуіне – Қазақстанда жердің сатыла бастауы қолайлы себеп болса керек. Біз бұған әлі «осылар не істей қояр дейсің?» дегендей, немқұрайды қараумен келеміз, ал, шындығында ұйғыр сепе­ ратистері өте белсенді, асқан сауатты түрде жұмыс істейтін, әрі ықпал етуші, ұйымдастырушы және қаржылық агенттер. Осы ұйымдастырушы агенттер ұлт саясатына, қазақ ті­ ліне қарсы әрекет етіп, ауық-ауық шөмелеге шоң лақтырып, орыстардың т.б. ұлтшылдығын қоздырып қояды. Және басқа да аз ұлттардың сеператистік пиғылдарын қолдап, мемлекетке қарсы жұмыс істейді. Осыған қарап отырып, елімізді мекендеген жүздеген нә­ сілдердің бәрі бірдей Қазақстан үшін жаны ауырады деп ойлау күлкілі емес пе? Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда дүрк көтерілген рухани мұқтаждықтарымызға басқа ұлттар да түсіністікпен қарай бастап еді. Бәрін бүлдірген өзіміз болдық. Тіл туралы заң шыққанымен ол іс жүзінде орындалмады, оны әлсінәлсін талқылап, әбден көктақым қылып, сүйретпеге салып, халықтың жігерін құм еттік. Сөйтіп, орыс тілі қайтадан өз тұғырына мықтап орнықты. Шенеуніктердің ел үстінен жиған арам ақшасын екі рет заңдастырып бердік. «Жер туралы заңды» да күлді-көмеш күйінде қабылдай салдық. Осы мәселе алғаш көтерілгенде М.Мағауин («Жұл­ дыз» журналы, 15.07.1999 ж.) былай деп еді: «Алғашқы оқы­ лымда мақұлданған «Жер туралы заң» аталмыш бабымен бірге, сол қалпында қабылданған жағдайда, өзін өлім жазасына кескен мұндай зорлық үкімді қазақ халқы мойындамайды, бүгін-ертең болмаса, тақаудағы бес-он жыл ішінде қара низамның күшін жойып, ұлтына опасыздық жасаған сатқындардың барлығын да тиесілі жазаға тартады. Осын-

шама байтақ жерге нешеме ғасырлар бойы билік жүргізген, ордалы ұлыс ретінде салтанат құрған Қазақ Тәңірге ғана табынған, адамның тәлкегіне көніп көрген емес. Қалжырасақ та, қайратымыз қайтқан жоқ...» Иә, Мұхтар ағамыз айтса айтқандай, елімізді мекендеген бірнеше ұлттың ақсүйектері, қалталылары бірігіп, жергілікті халықты тірі өлік қалыпта ұстауға айналды. Қазақ миллаты кедей тұруы үшін барлық жағдай жасалуда, онсыз да аз қалған ұлттық байлық қорқаулықпен талан-таражға салынды. Осы бір әлемнің дамушы елдерін сазға отырғызып келе жатқан зымиян әдіс Қазақстанда да үстемдік құрды. Мұндай салдары аса қауіпті деректерді тізбелеп отырған себебіміз – кейбір солқылдақ заңдардың кесірінен жеріміз бұдан ары да жырымдалатыны айдан анық. Мысалы, біздің заңымыз бойынша, оңтүстігіміздегі 430 мың өзбек ағайынның әрқайсысы орта есеппен 2 гектардан жер сатып алып, ЖШС түрінде немесе үкіметтік емес ұйым ретінде Әділет министрлігінде тіркелсе жетіп жатыр! Сөйтіп, еліміздегі бүкіл өзбек бірігіп, «жерін» зандастыру арқылы 860 мың гектар жері бар «мәдени орталық», ал іс жүзінде мәдени автономия болып шыға келеді! Онсыз да елімізде бағыт-бағдары күмәнді, мақсат-мұ­ рат­тарын әлі де жете тексеруді қажет ететін үкіметтік емес ұйымдар жүзден асады. Басқасын айтпай-ақ, бір ғана ұйғыр­ лардың өзінде мынадай бірнеше ұйым бар. 1. Уйгурская республиканская ассоциация промышленни­ ков, предпринимателей и сельхозработников (басшысы – Д.Ку­зиев). 2. Совет уйгурских женщин при Обществе культуры уйгуров РК (Аюпова М.К. ). 3. Совет уйгурских матерей (Тайпова Т.А.). 4. Ассоциация молодежи уйгуров Казахстана (Исмаилов Б.У.). 5. Союз уйгурской молодежи Казахстана (Турдиев А.Т.). 6. Достлар – при Обществе культуры уйгуров РК Габ­ дукаримова З.А.). 7. Заря Востока XXI (Абубекерова З.Х).

Міне, Қазақстан 130 ұлттың мекені, «татулықтың ұясы» деп күмпілдеуден жалықпаймыз, шындығында іштей іріп жатқанымызды қалай жасырамыз? Міне, тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға таяп, енті­ гімізді басып, алды-артымызды саралап, аздап мігір табар сәтте осы бір көптің көңіліне қарап, маңайлай бермейтін «нәзік тұсымызды» қайта адақтап шығуға қатал уақыттың өзі мәжбүр етіп отыр. «Жұлдыз», №9, 2008 ж. Экономика деңгейінің барометрі – қымбатшылық немесе еліміздегі соңғы саяси оқиғаларға шолу Әлем қазір кішірейе түскен тәрізді. Бәріміз бір аулада тұрғандаймыз. Бүгінде бір зымыран әлемнің кез келген түк­ піріне бірнеше минутта-ақ жетіп барады. Экономиканың да­ муы мен кері кетуі, валютаның тұрақтылығы, мұнай баға­сы­ ның құбылмалылығы да осылай әсер етеді. Жә, жиһан жыры таусылмас, ат басын өзімізге бұрайық. Осы уақытқа дейін қордаланып, ашық айтылмай, кейін ше­ геріліп келген мәселелер бізде өте көп. Олар – Кедендік одақтың түйткілді жайлары, елімізде сенім-наным бостан­ ды­ғын жамылып, қараниетті діни секталардың сайран салуы, әлеуметтік саланың кемшін тұстары, Маңғыстаудағы мұнайшылардың ұзақ әрі үздіксіз бас көтерулері... Мұның бәрін тізіп отырғанымыз, іріңдеп жарылуға шақ тұрған жараның өңезін алып, сылып тастауға бүгін әрекет жасалмаса, ертең кеш болуы мүмкін. Ашық та өткір пікірлердің айтылуынан, идеологиялық қақтығыстар мен ақпараттық со­ ғыстан қашқақтаудың қажеті жоқ. Сонда ғана күрделі мәсе­ лелердің күрмеуін шеше аламыз. Мысалы, Есеп комитеті Қазақстанның ғарыштық жоба­ ларға үкіметтен бөлініп отырған қаражат аяусыз талан-тараж­ ға салынып, рәсуа болғанын бірнеше рет Парламент отырысында жария етті. «KazSat-2» спутнигін ұшыру мерзімі 2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың желтоқсанына ауы-

стырылуына байланысты, 2 миллиардтан астам теңге игеріл­- мей қалған. Сонымен бірге, ғарышқа қаңғып кетіп, істен шыққан «KazSat-1» байланыс және хабарлау спутнигінің 7 миллиардтан астам теңге болатын сақтандыру қаржысын Ресей жағынан өндіріп алудың қамтамасыз етілмегені анық­ талды. «Ғарыш жобаларының техникалық-экономикалық не­ гіздемелері өте сапасыз жасалған. Мәселен, іске қосу ала­ң­ ында ұшыру кешенін салу және техникалық кешенді пайдалану жөнінде экономикалық тұрғыдан тиімсіз қате шешім қабылданған», – деп түйіндеді Есеп комитеті. Есесіне, еліміздің ғарыш жөніндегі агенттігінің әкімшілік шығындары шамадан тыс арта түскен. Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйекте Парламенттің пленар­ лық мәжілісінде ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевты депутаттар сауалдың астына алды. Асып-сасқан агенттік төрағасы: «Протон» тасығыш зымыранын ұшыру арқылы Ресей өткен жылы бір миллиард доллардан астам пайда тапты. Ал, «Зенит», «Союз», «Днепр» тасығыш зымыранын ұшыру Ресейге шамамен бір жылда 1,5 миллиард доллар пайда әкелді. Бұл – әрине, оларға тиімді. Байқоңырдың жалға беру ақысы сол 115 миллион доллар күйінде қалды. «KazSat-1» спутнигінің сақтандыру қаржы­- сын Ресей толықтай қайтарды, бірақ оның көлемі коммер­­ циялық құпия», – деп сырғақтата жөнелді. Парламенттен, халықтан жасыратындай бұл не құпия сонда? Мүмкін соқыр тиын да алмаған шығармыз? Мұны індетіп тексеретін де ешкім жоқ. Талғат Мұсабаевтың «Байқоңыр» ғарыш айлағын бақылау күшейтіледі, Ресей жағына талаптар қойылып, экологиялық зерттеулер жүргізіледі» дегеніне де сену қиын. Өйткені, Ресей жағы экологиялық зиянды барынша төмендетіп, тіпті зымыран құлаған жерден топырақты қазып алып, өтірік тек­ сер­ген болып, «гептил жоқ» деп шешім шығарады. Ал, өзі­ мізде гептилді анықтайтын дұрыс зертхана болмай отыр. «Байқоңырды» жалға бергендіктен, ол Ресей заңдарына бағы­ натын жерге айналды. Өз жерінде тұрып, ешқандай мәселе шешуге құзіреті жүр­ месе, Ұлттық ғарыш агенттігінің қажеті қанша? Біздің билік

әлі күнге халықты балаша алдаумен келеді. Алғаш «KazSat-1» ұшырыларда үкімет «Енді мобильдік байланыс ақысы әлде­ неше есе төмендейді, көпшілік қазақша телеарналарға қарық болады» деп сайрап еді. Алайда, олай болмай шықты. Еліміздегі мобильдік байланыс операторларының бағасы 19,98 теңге, бұл дегеніңіз Ресейден 4,5 есе, Түркиядан 2,7 есе, Еуродақ елдерінен 2,5 есеге қымбат деген сөз. Ал, сонда «KazSat-2»-нің бізге қажеті қанша? Оның үстіне, Астанадан 100 шақырымға ұзап шықсаңыз, халықтың ресейлік телеарналарды көріп отырғанына куә бо­ ласыз. Мысалы, «Ямал» спутнигінде 39 телеарна болса, со­ ның 37-сі – орыстікі, 2-уі түркмендікі. Қазақтың бір арнасы да жоқ. Ашығын айтсақ, Өзбекстанмен шекаралас аймақтар өзбектің, Қытаймен шекараласы қытайдың, Ресеймен шекаралас солтүстік облыстарымыз ресейлік телеарналарды тамашалайды. Телеарна – үйге сұранбай-ақ енетін жаулаушы екенін ойландық па? «Бір сөз бір сөздің қуғыншысы» дегендей, негізгі мәселе «KazSat»-тан шығып кетті-ау! Қалай дегенмен де, Ресейдің негізгі стратегиялық базасы болып саналатын «Байқоңыр» қазіргідей алмағайып заманда біздің мемлекетіміздің қауіп­ сіздігіне, еліміздің тәуелсіздігіне елеулі қатер тудырып отыр. Себебі, ғарыш айлағынан Камчаткадағы «Кура» әскери полигонына сынақ үшін жиі-жиі ұшырылып тұратын СС-18 (НАТО-ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталады), СС-19, СС-20 зымырандары біз үшін аса қауіпті. Сөйтіп, халқымыз тыныс алатын оттегі газдарын Ресей зымырандары армансыз жағып жатыр. Ең қауіптісі, талай рет халқымыздың төбесіне құлаған, жойқын улы «Satan» 55-18, 19, 20 зымырандары болып тұр. Ресей билігі әр жылдары «егер шірене берсеңдер, біз «Байқоңырды» тастап, Қиыр Шығыстағы «Свободный», Архангельск облысындағы Плесецк» космодромдарына көшіп кетеміз», – деп байбалам салатын. 2001 жылы желтоқсан айында Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен Архангельск облысында орналасқан «Плесецк» ғарыш айлағынан осы «Satan» – Протонның біреуін ұшырған еді. Алайда, ұшқан бойда Ре­

сейдің еуропалық бөлігінде қалыңдығы бірнеше метр қар жауып, Мәскеудің өзінде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбастар қырылып, осы сұмдықтан кейін бұл зымырандарды Ресей жерінен ұшыруға тыйым салынды. Енді бұл ракеталар тек соры арылмаған Байқоңырдан ғана ұшырылатын болды. «Росавиакосмос» агенттігі 2016 жылға дейін Байқо­ ңыр жерінен коммерциялық ұшулардан 40 миллиард доллардан астам пайда табуды жоспарлап отыр. Байқоңырды айтпағанның өзінде елімізде Ресейдің әске­ ри полигондары аз емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жезқазған, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында осындай ресейлік әскери жаттығу алаңдары мен нысандары бар. Кеңес Одағы кезіндегідей Байқоңыр барлық қуатымен Ре­­ сейге жұмыс істеуде, оның үстіне, болмашы қаржыға бұ­рын­ ғы 7 ядролық полигонды – тағы жалға бердік. Сонда біз­дің тәуелсіздігіміз қайда қалды? «Осал кінәні өзгеден іздейді» дегендей, біздің билік әуелі қатерлі нәрсені өз қолымен жасап алып, артынан құтыла алмай әлек болады. 1997 жылдары «біздің елде кедейшілік, қа­ йыршылық жоқ» деп халықаралық ұйымдарды бет бақтыр­ май қойды. Екі жыл өткеннен кейін кедейшілік бар екенін мойындады. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан үкіметі бізді дағдарыс айналып өтіп кетті деп мәлімдеді. Көп ұзамай Елбасы дағдарыстың елімізге дендеп енгенін атап көрсетті. Сонда қайсысының сөзіне сендік? Қазір қоғамға елеулі қауіп төндіріп отырған басты кесел – діни секталар екені баршаға аян. Бейқамдық дегеннен шығады, осыдан он бес жыл бұрынғы Қазақстанның кең пейілді заңнамасы, шетелдік миссионерлердің елімізге ағылуына, еш кедергісіз тіркелуіне барынша жағдай жасады. Бүгінде республикада 4500 діни бірлестіктер мен секталар білгенін істеп жатыр. Бейқамдықтың соңы насырға шапты. Енді үкімет діни экстремизмді ауыздықтау үшін 2012 жылы 13 миллиард теңге бөлгелі отыр. 2010 жылғы желтоқсан айында Ақтөбе облысының тұр­ ғындары Альберт Әбдікәрімов, Жасқайрат Ықсанов, Сейіл­

хан Дауылбаев, Райымбек Ержанов тәрізді жас жігіттер да­ ғыстандық банда құрылымдарының жетекшілеріне қосылып, жарылғыш заттар дайындап,ақыры қолға түсті. Мұндай деректер жетіп артылады. 2011 жылғы 10 қаңтарда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон: «Шетелдің медреселерінде білім алып жатқан жас­ тар лаңкестік немесе экстремистік пиғылда тәрбиеленіп ке­ леді. Сондықтан да жырақтағы жастарды елімізге қайтарма­ сақ, нағыз сатқындар мен өз еліне оқ атушылар да солардың ішінен шығатынына күмән жоқ», – деген мәлімдеме жасады. Бұл тықыр ақыры бізге де келіп жетті. Биылғы жылдың 10-шы қыркүйегінде Алматы әуежайын­ да Оңтүстік Корея бағытына ұшпақ болған Алматыдағы «Благодать» шіркеуінің пасторы Ким Сам Сонның жүгінен кеденшілер заңсыз ақша тапты. Анау-мынау емес, бақандай 130 мың долларды әлгі миссионер шабаданының түбіне жасырыпты. 2009 жылы осы «Благодать» сектасының тағы бір басшысы С.Цой тыңшылықпен айналысып, сейфінен құпия құжаттар табылып, опасыздығы үшін 14 жылға сотталған болатын. Бұл біздің білетініміз ғана, білмейтініміз қаншама десеңші. Енді елдің ақшасын қаржы алаяқтары емес, миссионерлер де тонай бастаған ғой! Бүгінге дейін қолданып келген заңда да, қазір қоғамда қы­ зу талқыланып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңның жобасында да миссионерлік қызметті Қазақстанда біздің азаматтар да, шетелдіктер де, тіпті еш­ қандай мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдар да жүргізе алады деп нақтыланған. Сонда ешбір елдің азаматы боп саналмайтын қашқын-қарақшылар бізге келіп уағыз айтуын қалай түсінуге болады? Дін істері агенттігінің төрағасы Қай­ рат Лама Шәріп: «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң халыққа, исламға, дінге сенушілерге қарсы ба­ ғытталған заң емес! Керісінше, бұл еліміздегі діндердің дұ­ рыс қалыптасуына, дамуына және зайырлылығымызды сақ­ тап қалуға бағытталған заң. Енді намазхана туралы мәселеге келсек, егер біз мемлекеттік мекемелерде намазханаларды қалдыруға, ашуға рұқсат беретін болсақ, онда Қазақстандағы

46 конфессияның барлығы өз ғибадат үйлерін ашуға мүмкін­ дік алады». – дейді. Ал, бұған келіспейтін екінші бір топ: «Бұл заң еліміздегі дін бостандығының аясын едәуір тарылтады. Оның экстремизмге, терроризмге тікелей қатысы жоқ. Заң қабылданса, намаз оқитын адамдар мемлекеттік органдарда жұмыс істемей­ тін болар, сірә. Психикалық тұрғыдан олар қолайсыздық сезініп, дін ұстанатынын жасыра бастайды. «Астыртын» әре­ кетке көшеді. Керісінше, бұл қоғамда антагонизмді тудырады», – деген уәж айтады. Бір қарағанда, екеуінікі де дұрыс сияқты. Бұл жаңа заңның да солқылдақ тұстары жетерлік. Ең бастысы – дәстүрлі діндерге – ислам, христиан, будда діндеріне басымдылық бе­ ріліп, қалған секталарға, ағымдарға тыйым салынады деген тұжырымға бара алмай отырғаны қынжылтады. Қалай дегенмен де, биліктің дін мәселесіне бей-жай қарап жүріп, әбден ушықтырып алғанын айтпай-ақ түсінуге болады. «Financial Times» газетіне берген сұхбатында Мұхаммед әл-Барадей (МАГАТЭ-нің бұрынғы басшысы) былай деді: «1990 жылы Мысыр оқу орындарын аралағанымда қыздар­- дың 5 пайызы ғана хиджаб киетін еді. Қазір 90-95 пайызы хиджабпен жүр. Елде діни топтардың қаншалықты күшейгенін осыдан аңғаруға болады. Бұл қатерден құтылу үшін елдің көзін ашып, оған білім беру керек». Сол Барадей айтқандай, бізге де қараниет секталардың экспансиясын тоқтатып, осылардың шылауында кеткен жастарымызды өз ортамызға қайта оралту оңай шаруа болмай тұр. Ақыры жарылысқа әкеп соқтыратын тағы бір түйткіл – мұнай, газ өндіру саласындағы былықтар, жиырма жыл бойы көктем мен күзде жанар-жағармайдың қасақана қымбаттауы немесе тапшылыққа айналуы дер едік. Мәселенің ақиқаты мынау: Қара жерге кеме жүргізетін «мұнай барондары» жанар-жағармай саудасын өз уысында ұстап, бағынудан кеткелі қашан! Солардың айтқанымен жүретін жанар-жағармай бекеттері, қоймалары, сақтайтын сиымдылығы болса, бензинді нарыққа әдейі шығармайды. Бағасын көтеру үшін тығып тастайды. Осыдан кейін ба-

рып «ойбай, бензин сыртқы нарыққа шығып кететін болды» деп байбалам салып, Мұнай және газ министрлігі бағаны өсіре бастайды. Міне, баяғыдан бері жалғасып келе жатқан құйтырқылықтың сыры осындай! Кедендік одаққа кіріп, екі елдің есігі шалқалай ашылған­ нан соң, жүдә, рахат болды. Қазақстанның бензині Ресейге ағыл-тегіл ағылып жатыр. Оны бақылап отырған ешкім жоқ. Бір қарағанда, екі ел арасындағы баға айырмашылығы 20 теңге, аса үлкен ақша емес сияқты. Қарапайым есептегенде, Ресейге бір тонна бензин апарсаңыз, үстінен 20 мың теңге пайда көресіз, салығымен қоса есептегенде бір тоннасынан 45-46 мың теңге табыс табасыз. Екі-үш сағаттың ішінде бұл аз табыс емес! Кедендік одақ жағдайында бензин қымбатшылығымен күресу бекер екенін Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев та мойындады. Қайтеміз, көнбей қайда барамыз? Бұрындары дәл жиын-терін кезінде не Павлодар, не Шымкент, не Атырау мұнай өңдеу зауыттарының біреуін күрделі жөндеуге қойып, бензин тапшылығын қолдан жасайтын. Енді кедендік одақ килігіп, ақталатын тағы бір себеп пайда болды. Үш мұнай өңдеу зауыты ішкі сұранысты өтемейтін бол­ ға­сын Атырау маңындағы Қарабатанда мұнай-химия кешенін сала бастадық. Шетелде мұндай кешенді екі жылда салып бітіреді. Біз Қарабатан зауытын 2005 жылы қолға алдық, әлі біткен дәнеңе жоқ. Осындай жағдайда отырып, біз бензин тапшылығынан жуық арада құтыламыз деу бекершілік. Сөз арасында айта кетейік, бұдан бірнеше мың жыл бұ­ рын Хеопс пирамидасы 20 жыл салынды, Қазанның метро­ политенінің құрылысы 1999 жылы басталып, 2005 жылы пай­ далануға берілді. Ал, Алматы метрополитені 1987 жылы басталып, әлі күн­ ге дейін бітпей келеді. Бірнеше рет ойылып ортасына түсті, бірнеше рет басшылары сотталды. Қазақстандағы жем­қор­ лықтың жарқын мысалдарының бірі – осы метрополитен. ЕҚЫҰ саммитінен үлкен үміт күтіп едік. Бұл жерде ең бастысы – Қазақстан әлемге, Еуропаға Орталық Азия елдерінің бар екенін, аймақтағы өзекті мәселелерді ашып көрсетуі ке-

рек еді. Экономика, әскери ахуалды былай қойғанда, табиғат, су, энергетика мәселелері алдымыздан ұдайы орағытады. Алайда, ЕҚЫҰ-ның беделі соңғы жылдары едәуір төмендеп кетті. Бай, мықты мемлекеттер сегіздік, тоғыздық деген алаң тауып алды. Бар мәселені өз ішінде шешкісі келеді. Сараптай келгенде, бұл саммитте де аса ауқымды мәселелер шешілді деп айта алмаймыз. Яғни, экс-сенатор Уәлихан Қайсаровтың: «Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етердің алдында берген уәдесін орындамады. Саммит өткізуге 800 миллион евро жұ­ салды, бұл-осыншама қаржы желге кетті деген сөз...» деген пікірінде жан бар тәрізді. Қазір бүкіл әлемде қуат көздері үшін жан алып, жан бе­ ріскен күрес жүріп жатыр. Адамзат тарихындағы осындай оқиғалардың шығу себебіне көз жіберсек, әлемдік қақ­ ты­ғыстардың барлығы әуелде табиғи ресурстарға тартыс­ тан туғаны мәлім. Бүгінде Араб әлемін шарпыған халық на­разылығы ушығып барады. Тіпті, Сирияда жалақы 25 па­ йыз­ға, зейнетақы – 1015 пайызға көтерілсе де, толқулар басылар емес. Осындай бас көтерулер өз ішімізде де болып жатыр. Жа­ ңаөзен мұнайшылары жарты жылдары бері аштық жария­ла­ ғанын, толқуларын бір сәт те доғарған жоқ. Мұның сыры неде? Осы уақыт ішінде мұнайшылардың мұңын тыңдауға Астанадан бірде-бір шенеунік келген жоқ. Толқулардың ашынған кезі – 2011 жылғы 24 тамыздағы сәті болса керек. Дәл осы күні Жаңаөзенде мұнайшылар кәсіподағының жетекшісі Құ­ дайберген Қарабалаевтың 18 жасар қызы Жансәулені әлде­ біреулер зорлап, айуандықпен өлтіріп кетті. Өздері әбден титықтап отырған мұнайшылар мына оқиғадан кейін дүрк көтерілді. Бір қарағанда, осы қазаның ақ-қарасын анықтап, атқарушы билік мұнайшылар мұңына құлақ асса қайтер еді?! Сөз арасында, мысал үшін айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында барлығы 32000 адам жұмыс жасайды. Оның 9500-і күзетшілер мен өртке қарсы қызмет адамдары, 4500-і еден жуушылар, тамақ пісірушілер, жүргізушілер және слесарлар, 1500-і хатшы-қыздар мен көмекшілер, 3000-

ы менеджерлер, 500-і топ-менеджерлер мен департамент бастықтары, тек 6000 адам ғана өндірісте жұмыс жасап жат­ қан мұнайшылар. Сонда 6000 жұмысшы 26000 адамды асырайтын мұндай Ұлттық компания неге керек?! Ал, «ҚазМұнайГаздың Барлау, Өндіру» компаниясы бас­ шыларының 2010 жылғы жылдық табысы мынадай: Басқарма төрағасы Кенжебек Ибрашев 389000 доллар; немесе айлығы 32400 доллар. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Ми­рошников – 452 000 доллар, айлығы – 37600 доллар. Басқарманың қаржы директоры Жанетта Бекежанова – 310 000 доллар, айлығы – 25800 доллар. «Өзенмұнайгаздың» директоры Бақытқали Бисекен – 379 000 доллар, айлығы – 31600 доллар. Қарапайым мұнайшы мен басшылардың табысының ара қатынасын өзіңіз саралап көріңіз! Оның үстіне, мұнай мен газ сатудан Қазақстан жылына 24 миллиард доллар табыс табады екен. Бұл туралы Emirates Business басылымы хабарлады. Бұл қаржының қайда кетіп жатқанын біз түгіл, Парламент депутаттары да білмейді. «Glo­bal Financial Integrity» (GFI) ұйымының мәліметі бойынша, дамушы елдерден заңсыз жолмен шығарылған ақша жыл сайын әлденеше рет өсе түскен. Бұл ретте бірінші орындағы Қытайдан 2000-2008 жылдары заңсыз жолмен 2,176 триллион доллар, Ресейден – 427 миллиард, Мексикадан – 416 миллиард, Сауд Арабиясынан – 302 миллиард, Малайзиядан – 291, БАӘ – 276, Кувейттен – 242, Қазақстаннан – 126 миллиард доллар шетелге заңсыз шығарылған. Ал, тәуелсіз сарапшылар бұл қате, ең кемі 350 миллиард доллар шетке кетті дейді. Қолат – қойнауы алтын мен күмісті былай қойғанда, өте сирек кездесетін металдарға толы қазыналы еліміздің байлы­ ғына көз тігушілер көбейді. Өскемендегі «Үлбі» зауыты өн­ діретін уран, тантал, берилий және басқа бағалы метал­ дарға сұраныс барынша артып отыр. Қорғаныс қуатына аса қажетті бұл сирек металдардың бір грамының өзі бірнеше мың долларға бағаланады. Бүгінде әлемдегі сирек кездесетін металдардың 17 түрі – самарий, тербий, мантана, лютецийді өңдеу мен өндірудің 95 пайызы Қытайдың бақылауында. Са-

ла мамандары сирек металдарды сатуда қандай да бір шектеу қою қажет деп есептейді. Осыдан екі жыл бұрын жапондық «Тошиба» фирмасы берилий мен тантал секілді сирек металдарды, сондай-ақ аса қат элементтер – диспрозий мен неодимді бірлесе игеруге ынта білдірген еді. Олардың бұл қадамға, әрине, Қытайға бәсекелестік туғызу үшін ұмтылып отырғаны белгілі. Жапондық бір ғана «Сумитомо» фирмасы жыл сайын елімізде сирек кездесетін металдың 14 түрін өндіріп, 3 мың тоннасын әлемдік нарыққа шығаруды көздеп отыр. Одан басқа да елімізде келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан жүздеген шетелдік фирмаларды қоссақ, жыл сайын Қазақстаннан қаншама тонна аса сирек металдар шикі­ зат күйінде шетел асып жатыр десеңші! Қазақстанның осал тұсын өзгелер өз пайдаларына ұтымды пайдаланып жатқаны анық. Ұтымды пайдалану дегеннен шығады, елімізде некені бұ­ зу, ажырасу өте арзан екен. Бар болғаны сотқа талап арыз, неке туралы куәлік, жеке куәлік, РНН, 500 теңге төлесеңіз жетіп жатыр. Мысалы, ажырасу Францияда 2,5 мың еуроға түседі екен. Интернеттегі кейбір хабарға қарағанда, бір тиынын екі етіп үйренген ақылды француздар Қазақстанға келіп ажырасып жатқан көрінеді. Ең өкініштісі, біз шикізаттан басқа түк өндірмей отырып, жанымыздағы көрші республикаларға күлетінді шығардық. Қырғызстан Премьер-министрі Алмазбек Атамбаев: «Енді екі-үш жылда Қырғызстан ТМД елдерінің тігін машинасына ай­налады», – деді. Сенбеске амалың жоқ, өйткені қырғыздың матадан тігілген жеңіл тауарлары Қазақстан рыногын жау­ лағалы қашан! Түркменстанды айтпағанда, Өзбекстанда да ауылша­руа­- шылық саласында өсу бар. Мысалы, экономист Юрий Храм­­ цов: «Ресми деректерге сүйенсек, Өзбекстандағы ахуал бас­ қаша. Картоп өндірісі 90-жылдармен салыстырғанда 4 есе, қауын – 2,5 есе, көкөніс – 2,5 есе, сүт – 1,5 есе, дән­ді-дақыл – 4 есе, ет – 1,7 есе өскен», – деді. Өткен жылы «Қазақстан агробизнесінің бүгінгі ахуалы және оны дамытудың басты қиындықтарын шешу жолда­

ры» тақырыбына баяндама жасаған ҚР Үкіметі жанынан құрылған Ұлттық сараптамалық орталықтың өкілі Шәміл Дауранов: «Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы минис­тр­ лігінің әкімшілік және қаржылық қоры, өндірістік қауқары әлсіз болуының кесірінен жыл сайын 200 миллиард теңгені желге ұшырып отыр», – деді. Сенбейін десең, бізде қызанақ Франциядағыдан қымбат, картоптың, еттің бағасы Еуропамен бірдей, ал тұрғындардың орташа жалақысы 300 доллар, француздардікі 6000 евро, өзіңіз айтыңызшы, салыстырудың өзі ұят емес пе? Алайда, қалталылардың құдайы беріп тұр! Жақында «Казатомпром» президенті Владимир Школьниктің 31 жасар ұлы Игорь Школьник Орск мұнай өңдеу зауытының қожасына айналды. Жыл сайын адамзат баласының пайдаланып отырған та­ биғи ресурстары – ауыз су, тамақ, мұнай өнімдері де азайып келеді. Қазір әлемде 2,8 миллиард адамның тойып тамақ ішпейтіні анықталып отыр. Ал, 2030 жылы бұл сан 4 миллиард адамға жететін көрінеді. Осы орайда, біз Алланың берген байлығын қасақана рәсуа етіп отырмыз. Нанбасаңыз, мына дерекке құлақ салыңыз. Жақында премьер-министр Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы жиынынла сөйлеген сөзінде: «Бірден айтайын, дәнді элеваторларда сақтау мәселе­ сі оң шешімін таппай тұр. Мен әкімдермен, ауылшаруашы­ лығы мамандарымен сөйлестім. Сондықтан биылғы бидай­ дың бір бөлігін ашық далада сақтауға тура келеді», – деді. Премьердің сөзін іліп ала жөнелген Ауыл шаруашылы­ғы министрі Асылжан Мамытбеков: «Біз жыл сайын тек қана 6 миллион бидайды сыртқа сатамыз, ал, ішкі сұраныс 8 миллион тоннаны құрайды. Биылғы жылы астық 1950 жылдағыдай рекордтық көлемде жиналып, 20 миллион тоннадан асып түсуі мүмкін. Біз қазір астық мөлшерін тым асыра орындап отырмыз, мұндай молшылық жыл бізге зиян болып тұр», – деп астамси сөйледі. Белгілі экономист Ораз Жандосов «Мәсімов бұл араға орынсыз араласып отыр, бұл мәселе оның құзырына жатпай-

ды. Бидайды сата ма, сақтап қоя ма, мұны қожалықтардың өздері шешпей ме?», – деп қынжылады. Ал, Қоғамдық мәселелерді сараптау орталығы директо­ рының орынбасары Қанат Берентаев: «Бұл барып тұрған безбүйректік, жауыздық! Бізге қанша уақыттан бері Үкімет азық-түлік дағдарысынан құтылуымыз керек деп байбаламдап келді. Енді келіп мұндай молшылық бізге керек емес деп отыр. Бұл барып тұрған қылмыс! Бізде элеваторлар, астық қабылдау пункттері жетіспейді екен, осының шұғыл шара­­ сын алудың орнына, бүкіл бітік шыққан астықты далада ші­ рітпек! Үкіметтің мынадай шешімінен кейін ендігі жылы бірде-бір шаруа қожалығы бидай өсіруге беттемесі анық! Ме­ німше, мынадай сорақылықтан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүкіл жауапты адамдарын соттау керек», – деп ашынды. Шынында да, билік халықты, әсіресе қарапайым шаруаларды әбден ыңыршағы айналғанша қанап келді. Қанағаны емей, немене, 2009 жылы 7 миллион тонна астық қар астында қалып, шіріп кетті. Сталин заманы болса мынадай дарынсыз бейбастықтарды бытырлатып атып тастар еді! Ендігі жылы үкімет мына түрімен шаруа қожалықтарына несие де бермеуі мүмкін. Осылай еңбеккерлердің құлшыны­ сын, рухын өлтіріп, астық өсіруге деген ынтасын жасытып, елде нан бағасының қымбатшылығын қолдан жасау осы емес пе? Тағдыр да қызық-ау! Дүниенің бір бұрышындағы Сома­ лиде балалар ісіп-кеуіп, аштықтан қырылып жатыр. Ал, Қа­ зақстанда миллиондаған тонна аштардың түсіне кіретін ақ бидай қар астында шіріп жатыр! Түбінде Алла мұндай қырсыздықты, кісәпірлікті, астам­ шылдықты, миллиондаған жандардың несібесін рәсуа еткен­ дерді кешірмейді. Шырқыратып тұрып кегін алады... Біздің билік әлгіндей зауал келмесе, жай ескертуді құла­ ғына ілуді қойғалы қашан... Тек артының қайырын берсін деп тілейік! «Жұлдыз», №11, 2011 жыл.

Адай көтерілісі немесе жиырмасыншы ғасырдағы қызыл жендеттік жөнінде не білеміз? Отызыншы жылдардың алғашқы ойраны басталғанына міне, биыл сексен жылдан асып барады. Қанды ойран, қолдан жасалған алапат аштық, атып-асудан қара орман халқымыз аяусыз оталып түсті. Алайда, бүгінгі тарих Қазақстандағы 1929-33 жылдардағы адам айтқысыз қанды қырғынды сол кездегі саясаттың қателігі деп жауырды жаба тоқудан жазбайды. Ал, бұл қателік емес – ғасыр қылмысы еді. Өксікті күндерді бастан кешірген қайсар әкелеріміз немесе сол қасіреттің бүге-шігесіне дейін естіп қалған жалаңтөс ағаларымыз бәрібір тілін тістеп отыра алмады, әлгі зұлмат­ тың запырандай ащы шындығын кейінгі ұрпаққа ақтарып кетті. Қалай дегенмен де, Қазақстандағы 1930-33 жылдарда­ ғы нәубет жайлы біраз құнды дүниелер жарық көрді. Алайда, дәл осы мезгілдегі Маңғыстау, Жем, Сағыз, Ойыл өңіріндегі Адай ұлысына жасалған алапат қырғын туралы ешкім жұмған аузын ашпады. Осы тақырыпқа бірінші түрен салған мар­ құм ағамыз, қазақтың қайсар ұлы, ұзақ жылдар Ішкі істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған, милиция пол­ ков­нигі – Ізтұрған Сариев еді. Қаншама тұңғиыққа тықса да ақиқат өлмейді екен, біз­дің бағымызға қарай, 1995 жылы Ізтұрған Сариев, Мұқаш Ома­ ровтың авторлығымен «Ойрандалған Адай даласы» деген қысқалау очерк жарық көрді. Осы көмескі тарихқа құлшына кіріскен Ізтұрған Сариев ағамыз кейіннен Мемлекеттік Қа­ уіпсіздік комитетінің құпия мұрағаттарына кіріп, соның не­­ гізінде «Қанды ойран» атты деректі хикаятты дүниеге әкел­ ді. Сол туындыға енген атылған-асылғандардың, соттал­ған­ дардың тізімі, олардың фотосуреттері, тағы да басқа құнды дүниелердің барлығы Ізтұрған ағайдың құпия мұрағаттардан тірнектеп, талшықтап жинаған жәдігерлері. Осы орайда, Ізтұрған Сариевтің «Қанды ойран» атты де­

ректі хикаяты көпшіліктің назарын аударып, Қазақстанның отызыншы жылдардағы тарихын қайта бір қарпуға мәжбүр­ легендей болды. Ендеше оқырман қауымды осы алапат қыр­ ғынмен ішінәра болса да таныстыра отырып, «Қанды ойран» туындысынан үзінділер жариялауды жөн көрдік. Тобанияздың бүкіл Қазақстан халқының, оның ішінде Адай округі елінің алдында ықпалы аса зор болғанын партия, кеңес органдары да, Мемлекеттік Біріккен Саяси бас­ қармасының аппараты да мойындаған. Оның ел үшін еткен еңбегі тіпті орасан. Ақыры жалған жаламен жауыз өкімет Тобанияз бастаған Адай ұлысының басшы азаматтарын қойша қырды. Тек 1929 жылдың өзінде бірнеше топ, соның ішінде Құрмаш Қосжанұлының, Тобанияз Әлниязұлының істері бойынша жүздеген ел азаматтары жазаланды, осы топтан 43 кісі атылып кетті. Әсіресе, үсті-үстіне салынған салық шаруаларға өте қатты соққы болды. Міндетті түрде астық дайындау жоспары мал­ мен күн көретін ауылдарға да, астық сеппейтін шаруашылық­ тарға да берілді. Жазадан қорыққан халық малын, дүние-мүл­ кін астыққа айырбастап, дайындау есебіне өткізуге мәжбүр болды. Тіпті бір жерлерде аққудың мамығын да салық ретін­ де өткізуге міндеттеді. Осыған қарағанда, қолдарында қаруы бар салық жинаушылар ойларына не келсе соны жасаудан тайынбаған секілді. Салықтан бірнеше рет тоналған ел басы ауған жаққа көше бастады. Алдында не боларын білмеді. Өрескелдікпен жүргізілген асыра сілтеушілік көшпелі елдің шаруашалық негізін бұзғанын былай қойғанда, алдында келе жатқан ашаршылыққа, қантөгіс қарсылыққа жақындата түс­ ті. Осындай ел басқару әдісінің жөнсіз, берекесіз жүргізілуі үкіметтің айтып жүрген үгітінен алшақтап, әлеуметтік негізін жойды. Экономикалық, әлеуметтік дағдарыс өз алдына, саяси дағдарыстың ұшқыны көріне бастады.

  • Көтеріліс басталуының алғашқы ошағы – 1931 жылғы наурыз айының жиырмасында Топырақшаштыда бұрынғы бай, қазіргі тәркілеуге ұшыраған Баянқұл Көптілеуұлының үйінде болған мәжіліс. Осы басқосуда елдің мал-мүлкін тонау күн­ нен күнге күшейіп, елдің тұрмыс жағдайына аса ауыр болға­ ны, бұдан құтылудың ең басты жолы қарсы тұру екені сөз болады. Сондықтан әзірге мал басының бар кезінде Маңғыстау өңіріне қарай көшу, одан әрі Түрікменстанға қоныс аудару- ­дың қолайлы екені, ол жақта үкіметтің заңы, халыққа көзқа­ ра­сы бұл жердегідей емес екендігі айтылды. Үкімет тарапы­ нан көшуге қарсылық болатыны да ескеріліп, бұған қарсы тұру шарасы да қарастырылды. Маңғыстау жерінде көтерілістің басталу себебі, республика өкіметінің, жергілікті партия, кеңес басшыларының, шолақ белсенділердің асыра сілтеу, бұлардың қызмет бабын пайдаланып, өздерінің жағдайын көздеуі, елді көпе-көріне алдауынан болды деп өкімет мүшелері Меңдешев, Асылбековтер мойындағаны жөнінде мәліметтер архив құжаттарында сақталған. Мұны бірақ олар Маңғыстауда, Үстірт үстінде ха­ лық қансырап жатқанда ғана есіне алған. Халық қанға боялып, бала да, шаға да, шал да, кемпір де жазықсыз жазаланып, жапа шегіп жатқан уақытта үкімет басшылары болсын, ауыл әкімдері болсын, жазалаушы аппараттар болсын үсті-үстіне жоғарыдан көмек сұрап, тездетіп қозғалысты басу үшін әре- ­кет жасағаны бесенеден белгілі. Қызыл империяның қылы­ шы­нан қан тамып тұрғанда, азғантай адай ауылын ауқымдау мұның жұмырына жұқ болып па? Көтерілісшілер азамат со­ ғысында 19 шет мемлекеттің шабуылынан құтылып, же­ңіл­ мей шыққан кеңес үкіметін жеңеміз деп бас тіккен жоқ. Бұ­ лардікі өлер алдындағы «тұяқ серпер» іспетті шерменде болып, «ноқталы басқа бір өлім» деп шыбын жанын шүберекке түю еді.
  • Біріккен саяси басқарманың Попов деген басқарған жазалау отряды Рахмет Әминұлы ауылының Шоланұлының тобына қосылуына кедергі жасау үшін шара қолданып, бесатар мылтықпен, пулеметпен, бір автомашинамен қаруланып, 200-250-дей жасағы бар Әминұлының тобымен кездеседі. Бұл бірінші соғыс Иманқара дөңесінің түстік батыс бетінде, Ханқожа көлінің маңында 1931 жылы 15 сәуірде болады. Көтерілісшілердің барлық қарулары қылыш, найза, құс мыл­ тық болғандықтан соғысты ұзаққа созуға шамалары кел­мей­ ді. Әминұлының жасақтары екі рет қысқалау шабуылда 9 кі­ сісінен өлідей, екеуінен жаралылай айырылып, ендігі қар­ сылықта бұдан да көп шығынға ұшырайтынын сезініп, балашағасын, малдарын қорғай отырып қаша жөнелді. Көш өте ауыр болды. Елдің ірілі-уақты малы бар, кемпір-шал, балашағаларымен алысқа ұзай алмайтын еді. Осы ауыр көш жазалаушылардан құтылып кету мақсаты­ мен енді ғана жылжып, Жемнен өтіп кетеміз деп отырғанда, 21 сәуірде бұларды 8 автомашинамен қуып жеткен Боронежский басқарған мемлекеттік саяси басқармасының Саратов қаласынан шыққан, өздерінің жеке қаруларынан басқа, 6 қол, бір станокты пулеметпен қаруланған 90 кісілік отряды көтерілісшілерді үш жағынан қамап, пулеметпен оқ жаудырып, көп шығынға ұшыратты. Көтерілісшілер үш еседей көп болса да, 20 кісісінен айрылып, қол көтеруге мәжбүр болды. Көтерілісшілерден бар болғаны 3 бесатар, 3 аңшы мылтығы, 27 қылыш және 11 тапаншаның оғы алынған. Сол кездегі өлшеммен айтқанда, бақайшағына дейін қаруланған жазалаушыларға қарсы тұру тек қана ашу-ыза мен көзсіз ерліктің белгісі болатын. 1931 жылдың көктемінде Жем бойындағы көтерілісшілер аса күшті қаруланған жазалау отрядына қарсы тұра алмай, бір азғантайы қашып құтылып, Үстірт үстіне қарай кеткенімен, көтерілісшілердің екі үлкен тобы, оларға қоса сол маңда кө­

шіп жүрген адай ауылдары, біріншісі Иманқараның оңтүстік бетінде, екіншісі Қарақұмның терістік жағында, Аққұдық, Қарашүңгіл әулие маңында қоршауға алынып, қолға түскен. Қарақұм деп отырғанымыз Жем өзенінің солтүстігінде Құл­ сарыдан 50-60 шақырымдай құнарлы, шөбі шүйгін, құмды өңір. Бұл жерді адайлар қыстаққа пайдаланған. Қарақұмдағы көтерілісшілер және оған қатынаспаған жәй көшпенділер, өздерінің мал-бастарымен, бала-шағасымен көшіп-қонып жүр­ген жерінде жазалаушы отрядтың қармағына ілінді және аяусыз жазаланды. Адамдарын қорлады, зорлады, мал-мүлкін талады. Қарақұмда қолға түскен көтерілісшілердің ер азаматта­ ры бір бөлек, тонаудан қалған азғантай малдары мен балашағаларын бір бөлек Гурьев қаласына қарай айдауға қаты­ насқан сол кездегі комсомол мүшесі, белсенді ретінде осы жұмысқа тартылған марқұм Шашан Оразбайұлы өзінің ес­ теліктерінде былай дейді: «Біздер, партия, комсомол, кеңес белсенділері Қарақұмнан ұсталған көтерілісшілер ауылын Гу­рьевке қарай айдадық. Жалпы адам саны балаларды қо­ са есептегенде үш мыңнан астатын болу керек. Көбі жаяу, Сарықамыс маңы мен Жем өзенінің сағасы арқылы теңіздің жағасымен Гурьевке қарай жүрдік. Бұл жерден Жемге жету үшін, бір тәуліктен артығырақ уақыт кетті ғой деймін. Жемге келгенде адамдар мен малдың өзенге бас қойғанын көргенде жаның түршігеді. Содан кейін Гурьевке қарай жол тарттық. Алдымызда әлі 200 шақырымдай жер жүруіміз керек. Жолда су жоқ, осы жолда көп адамдар, балалар мен қарттар шөлден жүре алмай, өлгені өліп, өлмегені жолда қалды. Ең ауырлығы әйелдер мен балалардың күңіренгенінен, жылағанынан сайсүйегің сырқырайды. Бүкіл ел, дала зарлағандай болды. Гурьевке ер адамдардан басқа ешкім жеткен жоқ». * 1931 жылы көктемде Жем бойында көтерілісшілер үш рет жазалаушылардан қатты соққы жеді. Естеліктерге қара­ сақ, Жемнің сол жақ бетінде, Қарақұмда, осы жылы көтері­

лісшілердің тағы бір үлкен тобы жеңіліс тапқан. Көп адамдар ұсталып, олардың мал-мүліктері қолға түскен. Бірақ бұл жөнінде құжаттардан мәліметтер кездестіре алмадық. Маусым, шілде айларында көтерілісшілердің қарсылығы енді осы Маңқыстау өңірінде өршиді. Ел ішіндегі жағдайдың нашарлап, шиеленісе түсуіне байланысты жұрт үкіметке өз еркімен салық төлеп, малдарын беріп, бала-шағасын аштан өлтіргенше, ештеме бермей қарсыласып бағуға бел байлаған. Осы кезде Манқыстау елінде өте төтенше жағдай болды. 12 сәуірде Форт-Алексаңдровск қаласындағы абақтыдан кү­зет­ шілерді қарусыздандырып, қашып шыққан 200 тұтқын кө­те­ рілісшілердің арасына сіңіп кеткен. Бұлардың айтуы бойынша, абақтыдан қашқандардың жартысы революцияның жауы болса, қалған жартысы 100 адам, ешқандай қылмысты іске байланысты деректі құжаттары жоқ, бірақ округтегі мемлекеттік біріккен саяси басқармасы­ ның бастығының айтуы бойынша қамай салғандар болып тұр. Сонда мұны қалай түсінуге болады? Жоғарғы басшылары отырғыз десе, отырғызады, жазала десе жазалай беруге болған. Ол кездегі олардың ойлап тапқан және іске асыр­ ған шектен шыққан заңсыздығы міне, осындай. Мұндай заң­ сыздықтың ешбір мемлекеттің заңында болмағаны айқын. Ол кезде де, кейін де, ақырғы демі біткенше қызыл империяның өз дегендерін жасағаны және мұны шектеу болмағаны бел­гі­ лі. Жер жүзіне даурығып айқай салып, жұмысшы-шаруа мем­ лекетін құрамыз деген пролетариат үкіметінің сиқы міне. * Көтерілісшілердің әуелден алдына қойған басты мақсаты үкіметпен соғысу емес, жазалаушыларға қарсы тұру немесе олардан қалай да құтылып кету, балаларын, малдарын қудалаушылардан қорғау болатын. Ақсақалдардың, басшыларының бұйрығымен ерікті жауынгер жасақтары құрылды. Әрбір отбасынан бір жігіт, өзінің көлігімен, қару-жарағымен шығу қамтамасыз етілді. Олар 3040 кісіден бөлініп, әскери бастықтарын тағайындады.

Ерікті жауынгерлер тобының әрбір мүшесінің басты мін­ деті және өздерінің құран ұстап берген анттары: жолдасын жауға тастамау, жау қолынан өлген, жараланған жолдастарын шамасы келгенше жау қолында қалдырмай алып шығуға тырысу, шейіт болғандары ақ жуып, арулап көму, олар үшін құран оқытып, жаназасын шығару, олардың артында қалған жесірлері мен балаларына көмектесу, олардың алдына мал салып, қамқоршы болу. Көтерілісшілердің ең бір үлкен тобы Үстірттің орталық бөлігінің түстігінде, Сам құмдарынан Қарабауыр бөктеріне қарай шамамен 400 шақырымдай өте шалғай жатқан Қарамая тауы мен көлінің айналасына дейін созылған жерлерге ор­ наласқан. Бұл Қарақалпақстан, Түрікменстан жерлерінен көп алыс емес-ті. Осы аталған көтерілісшілер ауылдарын Мырзағали Ты­ нымбайұлы, Айшуақ Жаңайұлы, Дауылтай және осылардың сенімді көмекшілері Мамай Салғараұлы, Өтебай Батынұлы (Қожаұлы), Бәйімбет Жангелдіұлы, Назыр Бекенұлы, Қара­ батыр Қаралдаұлы, Ерғали Күтегенұлы, Қоңғабай және Досандар басқарды. Бұлардың жасақтары бірнеше жүзден құ­ ралған, барлығы 2000 адамнан асты деген деректер бар. Маңқыстау өңіріндегі барлық көтеріліс қозғалысының бас­шылығына ел алдында беделді, халық қолдайтын, сыйлайтын Мырзағали Тынымбайұлы сайланды. * 1931 жылдың жазында үкіметтің 32 бөлімнен құралған жазалаушылар отрядтары болды. Мұның жартысына жуығы, 14-ті мемлекеттік біріккен саяси басқармасының әскерінен де, басқалары әр түрлі коммунистік ерікті бөлімшелерден, партия, комсомол белсенділерінен құралып жиналғандар. Олар еріктілер, белсенділер атанғанымен, әскери тәжірибесі бар командирлер басқарған, қару-жарақтары әскерлермен бірдей қамтамасыз етілген жауынгерлер болатын. Жазалаушылар отрядтарының жалпы саны, 200-ден аса еріктілерді санамағанда 1000 кісіден асты, 12 станокты, 8 қол пулеметі,

бір мортирка қысқа мойынды зеңбірек, бір күзетші кеме, 13 жүк машинасы, 2 жеңіл автомашинасы, көптеген жылқы көлігі болды. Енді жоғарыдағы көрсетілген жазалаушылар күшінің жал­пы құрамын бөліп-бөліп қарасақ, олардың топтары тө­ мендегідей болған. Мемлекеттік біріккен саяси басқарманың сыртқы Кавказ округтік-шекаралық басқармасының бастығы Сумбатов басқарған екі дивизион, Баку жартылай эскадроны және Да­ ғыс­тан отряды, барлығы 400 жауынгер. – Мемлекеттік біріккен саяси басқармасы әскерінің 24ші полк көмекшісі Оглоды басқарған әскери күзетінің 100 кісілік атқыштар тобы, 70 адамдық мемлекеттік біріккен саяси басқармасының әскері 2 станокты пулеметпен және «Атарбеков» күзетші кемесінің атыс құралымен күшейтілген; – 100 әскери жауынгері бар, 2 станокты пулеметпен, 6 қол пулеметімен қаруланған Воронежский басқарған Саратов отряды; – Бұлардан басқа да түрлі отрядтар, жауынгерлік бөлім­ шелер. Маусым айында жазалаушылардың әскери күші жо­ ғарыда көрсетілгеннен әлдеқайда көбейді. * Мамыр айында 8 жүк, 2 жеңіл автомашинамен қарауында 110 әскері бар бір полк, 2 қол, 3 станокты пулеметпен қа­ ру­ланған және 39 атты әскерімен Форт-Александровскіден Сырма басқарған 68-ші дивизион шықты. Бұлар Маңқыстау бөктерінің және Бостанқұм құмының оң беті мен Бесоқты, Сенек құдықтары арқылы жоғары көтеріліп, Босағаға, Қай­ ғы­лы-Бабадан шығыс түстікке қарай, Қарқын, Тағылбай, ба­ тыстағы Күшетас құдықтарына келді. Архив құжаттарының деректеріне сүйеніп, ол қақтығыс­ тардың қалай басталып, қалай аяқталғанына зер салсақ, олар төмеңдегідей сипат алады. 8-10 маусымда Сенек құдығының маңындағы Қоңғабай сарбаздарының бір тобына жазалаушылар отряды шабуыл

жасайды. Осы соғыста олардың үш кісісі өліп, екі көтерілісші 50 оғы бар екі бесатар мылтығымен қолға түседі. 19 маусымда Қарқын құдығының басында екі қол пулеметі бар Сырма жазалаушы отрядының бір взводы Қоңғабай жа­ сағының 60 кісілік жасағына қарсы соғыс ашып, қанға бөк­ тіреді. Бұл соғыста көтерілісшілердің 7 кісісі өліп, 7 кісісі қолға түседі, 60 оғымен бір бесатар мылтық алынады. Бұл жолы көтерілісшілердің қарауындағы бірге көшіп жүрген бей­біт ауылдар ауыр жазаға ұшырайды. Өздері ала жаздай тыным таппай қуғыншылардан ығысып шаруа жағдайы қатты төмеңдеген ауылдар 1200 қойынан, 150 түйесінен, 23 жылқысынан, 42 киіз үйінен айырылады. Осы қайғылы соғыстан кейін, өлгендерін, жаралыларын өздерімен бірге алып, көтерілісшілер Қарқынның шығысындағы Қыңыр төң­ регіне қарай шегінеді. Жазалаушылардың бұл соғыстағы шығыны бір ат қана. Көтерілісшілердің ол кездегі басты мақсаты жазалаушылардан қалайда құтылып кетудің қамы болатын. Бірақ олар құрған қақпаннан аман қалу бұларға қиынға соққанын тағы бір мысалмен көрсете кетейік. 12 шілдеде Сам құмының терістік шығысында барлауда жүрген Мостовой отрядымен кездесіп қалды. Мостовойдың отряды барлығы 18 кісіден болғанымен, қаруларына сенген болу керек, оңай олжаға тап болдық деген оймен ұрысқа кірісті. Айқас 9 сағатқа созылды. Отряд қатты жеңіліске ұшырап, 18 жауынгерінің 13 жоғалтып, 5 кісісімен Мостовой әрең дегенде қашып құтылды. Бұл жылға созылған қақтығыстарда жазалаушылардың бірінші рет жеңіліс табуы еді. 1931 жылдың жазында бұл жерлердегі көтерілісшілердің көбі талқандалғаннан кейін қалғандары Үстірттің шығысына, Самнан әрі қарай ойысып, ол жерлерден де тыныштық таба алмай жанталасқан. Бірақ жазалаушы отрядтар бұлардың

соңынан қалмай, кездескен ауылдардың барлығын шауып, жазалаған. Маңқыстаудың шығыс терістік бетінің ең шет жағыңда көшіп жүрген ауылдардың қорғаушы көтерілісші­ лері Қарақалпақстанға өтіп кетеді деп қауіптеніп, жазалаушылар Қаратүлей, Қызыластау деген жерде Сапықұлы Мамай, Сарбасұлы Смайыл тағы өзгелер басқарған ауылдарды қанға бөктірген. Көп азаматтар, бейбіт ауыл адамдары, оның ішінде Смайыл, Мамай ерлікпен қаза тапқан. Көп ер азаматтар және олардың бала-шағалары түгелдей қолға түсіп, сол жерден, шілденің ыстығында 1000 шақырым жердегі Гурьевке жаяу айдалған. Бұл жаяу жорықта көбі жолда өлген. Бұл ауыр азаптан кімнің тірі қалғаны белгісіз, елге оралғандарын ешкім білмейді. Мұндай деректерді архив құжаттарынан да кездестіре алмадық. Көне көз қарттардың айтуы бойынша, 1931 жылдың жа­ зында жазалаушылар бүкіл Үстірт үстінде, Жем бойында, Маңқыстау ойында ойран салған. Жаз айларының ая­ ғын­да бұларға қарсы тұрушылар тіптен болмаған. Осы кезде жергілікті әкімдердің де құдайы берген, бұлар ел ішінде айтқандарын жасатып, ойлағандарын орындаған. Жуасыған халық не жасарын білмей, мүшкіл халге душар болған. Біз жоғарыда айтқан кетерілісшілердің шоғырланған жер­ лерінде қазан айының басында немесе қыркүйек айының ішінде ақырғы шешуші айқас бітіп кеткен болуы керек. Қозғалысты басқаннан кейін көтерілісшілердің қолға түс­кен­ дерін шұғыл түрде Форт-Александровскіде, ал терістік Үс­ тіртте қолға түскендер Гурьев, Ақтөбеге қарай айдалған. Міне осы жылдан бастап Маңқыстау жерінде көшпенділер көшуді қойған. Қарттардың айтуы бойынша «тұсап жіберген атыңды, малдың көптігінен, ертеңіне таба алмайтын» мың­ ғырған малы бар Маңқыстау жері елсіз, малсыз, қаңырап адыра қалды. Біз іздестірген құжаттарда соңғы, ақырғы шешуші қанды айқас қалай бітті, қай жерлерде кездесіп соғыс болды, ұстал­ ған көтерілісшілер мен ауылдарды қалай, қай жерлерге апар­

ды деген деректер болмай шықты. Үш айдай әзірленіп, көпте­ ген әскер, қару-жарақпен қамтамасыз етілген жоспардың қа­­ лай аяқталғаны жөнінде мәлімет архив құжаттарынан тап­- ­тырмады. Бұл соңғы соғыстың бұрынғы болған қақты­ғыс­ тардан әлдеқайда ауқымды болғаны анық. Халықтың айтуы бойынша, адам шығыны, өлгеңдер мен жараланғандар саны өте көп болған көрінеді. Өкінішке орай, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде мұны анықтайтын мәліметтер болмады. Әр жерлердегі жанама сіл­ темелерге қарағанда, осыларды анықтайтын бір бума том 1959 жылы болған, бірақ оны іздеп таба алмадық. * Бұрын көрсетілгендей, 1715 көтеріліске қатынасушы тұт­ қындалған. Осылардан 5 тергеу істері бойынша (№№ 17, 38, 100, 3329, 5671) 802 адам РСФСР-дың қылмыстық кодексі­ нің 58-2 (контрреволюциялық көтеріліс) және 59 (бандитизм) баптарымен жауапқа тартылған. Тергеу жүргізу барысында осылардың ішінен 79 адам Гурьев, Ақтөбе абақтыларында қайтыс болған. 215-і қылмыстық әрекет жасамаған деп танылып, босатылған дейді. 508 айыпкердің ісін Гурьев мемле­кет­ тік біріккен саяси басқармасының оперсекторы қылмыста­ рын белгілеу үшін Қазақстандағы өкілетті өкілдігіне жібер­ ген. Бұлардың үштігі өзінің 1931 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Доссор, Жылой, Ойыл және Маңқыстау аудандарынан 135 көтерілісшіге және 1932 жылғы 5-ші сәуірдегі қаулысымен 373 маңқыстаулыққа әр түрлі үкім кескен. Халық қозғалысының 15 басшысы мен белсенді қаты­на­ сушылары – Боқымаш Шоланұлы, Қарамырза Ембердіұлы, Рахман Соқымашұлы, Демеген Айтжанұлы, Қоғабай Алда­ сүгірұлы, Өтебай Жанасұлы, Қойшығұл Жантілеуұлы, Демепберген Ембердіұлы, Көбеген Құрманұлы, Қойсары Қай­ дағұлұлы, Әмір Нысанұлы, Қазақ Шиенұлы, Көбейсін Қуан­ тырұлы, Жұмабай Үсенұлы, Лұқпан Сарқұлұлы ату жазасына кесілді.

  • * Қызыл империя басшыларының, оның үгітшілерінің бас­ ты мақсаты патша үкіметінің отаршылдық саясатын, оның халыққа жасаған озбырлығын адам айтқысыз етіп жаман­ дауға келгенде алдына жан салмағаны белгілі. Ал іс жүзінде бұлардың елге салған бүлігін айтып жеткізу қиын. Осыған бір ғана мысал келтіре кетсек те жеткілікті. 4-5 жылға со­ зылған 1870–1874 жылдарғы Досан батыр бастаған Адай көтерілісінің қалай басылғаны белгілі. Олар жергілікті ха­ лыққа үлкен озбырлық жасады, көптеген көтеріліс басшы­ лары, жәй бейбіт ауылдар да жазаланды. Оның саны да аз болған жоқ. Ал бір жылға жетер-жетпес уақытта Адай көте­ рілісіне қатынасқандардың қандай шығынға ұшырап, қан­ сырағанын, қанша сотталып, атылып кеткендерін, патша үкіметінің істегенімен салыстырсақ жер мен көктей. Досан көтерілісіне қатынасушылардың соғыста, абақтыда өлген­ дерін санамағанда (Досан да абақтыда өлген) көтеріліс бас­ шыларының бір азғантайы ғана Сібірге жер аударылған. Олардың біреуіне де өлім жазасы заң жүзінде қолданылма­ ған. Осыған қарағанда большевиктер партиясының, оның үкіметінің саясатының қан құйлы қолшоқпары мемлекеттік біріккен саяси басқармасының жасаған жауыздығын ешбір мемлекеттің саясатымен салыстыруға болмайды. Оларды көтерілістен кейін бірден жазаламай, кейіннен бір-бірлеп жазалауының да бір сыры бар сияқты. Қызыл империяның қазақтарға, оның ішінде Маңқыстау қазақтары үшін жүргізген саясатына көз салсақ, 1950 жыл­ дардың басына дейін жазалау әрекеті бұл жерде әсте бір тоқ­ тамаған. Мұны көне көз қариялар сыбырлап қана еске алатын. Ішінен тынатын. Олар өмір бойы үрейде, қорқынышта болып өмір кешкен бейбақтар еді.
  • * 1928 жылы 27 болыс адайлардан, оның 170 мыңнан аса халқынан отызыншы жылдардың аяғында Жылыой ауданында 15 мыңдай, Маңғыстау ауданында одан да аз халық қалды. Қалай дегенмен де, Қазақстанның қайтадан хатталып жат­ қан тарихында ақтаңдақтар өте көп. Мәселен, соңғы жылдары мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының сту­ денттеріне арналған оқулықтарда тарихи тұлғалар мен оқи­ ға­лар, ежелгі елдің өміріндегі құбылыстар қысқа қайы­рылып, екі-үш ауыз сөзбен айтылады. Мысал үшін, ұлттық мемлекет идеясын көтерген Алаш ақиқаты мен Адай көте­рілісінің мән-мағынасы тұтас бір тарауға татитын тақырып болса, оқулықтарда ол жағы олқы соғып жатқаны жан ауыртады. Алайда, ауызды қу шөппен де сүртуге де болмас. Маңғыс­ тау мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері 1990 жылдан бас­тап кешенді түрде жұмыс істей отырып, Мемлекеттік қа­ уіп­сіздік комитетінің (КГБ) Атырау, Маңғыстау облысында­ғы Қ.Р. Орталық Мемлекеттік мұрағаттарындағы құпия құжат­ тарға үңіліп, 1920-1940 жылдар аралығындағы адам айтқы­ сыз қырғынның сырын ашты. Осындай ұжымдық еңбектің арқасында Маңғыстау об­ лыстық мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері соңғы жыл­ дары «Тоқабай Құрмаш», «Тобанияз», «Қарашаңырақ», «Ма­ ң­ғыстаудың азалы жылдары» атты тарихи очерктер сериясын жарыққа шығарды. Әсіресе, Маңғыстау мемлекеттік мұрағатының бас сарап­ шысы А.Ф.Гаркуша ханымның келтірген мәліметтері өте құн­ ды. Мысалы, бас сарапшы іріктеген деректерде 1930 жылдары Маңғыстаудан-Красноводскіге – 757 түтін, Байрамалыға – 300 түтін, тағы бірталай отбасы Иран, Ауғанстан асқаны, олардың көпшілігі жолшыбай аштық пен суықтан, шекарада­ ғы қызыл әскер оқтарынан опат болғаны көрсетілген. Соны­ мен қатар, А.Ф.Гаркуша өз мақаласында Тобанияздың ел ал­ дындағы аса зор беделін, өз халқын өркениетке сүйреген мем­

лекеттік деңгейдегі қайраткер екенін егжей-тегжейлі баяндайды. Ең бастысы, мұрағат қызметкері Тобанияздың көпшілік біле бермейтін қырларына тоқтала отырып, оның елге са­ лынған жойқын салық көлеміне ашық қарсы шығуын, мұға­ лімдер даярлайтын курс ашқанын, осы әрекетінің нәти­же­ сінде отызға тарта мұсылман, бес орыс мектебінің, ФортАлександровский қаласында жетім балаларға арналған интернат ашылғандығын құжаттармен дәлелдейді. Асанбай Асқаров өз естелігінде былай деп жазады: «Ұмыт­пасам, 1939 жылдың қыркүйек айы еді. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновтың ша­ қыруымен кірсем, Нұрекең қып-қызыл боп, жалғыз отыр екен. Сәлден кейін маған қарап: «Құрып кетіппіз ғой, құ­ рып кетіппіз, осы кезге дейін мұндай ғаламат болмап еді. Барлығы 2 миллион 700 мың қазақ қалыпты...», – деді. Деді де басындағы қалпағын сол қолымен жұлып алып, диванға атып ұрды. Осы қырғыннан кейін Кеңес өкіметін жақсы көресің бе, жек көресің бе, құшақтайсың ба, әлде пышақтайсың ба, өзің біл... е, өтті ғой талай зұлмат...» («Халық перзенті», 2002 жыл). «Дат», №32,15.09.2010 ж.

ІІ бөлім КҮРМЕУІ МОЛ КҮРЕС ЖОЛЫ Әлеуметтік болашағымыз қандай? Тұла бойы күш қуатқа толы, білімді де зерделі, алымды да қарымды азаматтарды ұйымдастырудың, қолына еңбек құралдарын беріп, жеке басымен отбасының, халқы мен қоғамның игілігі үшін еңбек етуге мүмкіндік туғызудың орнына, оларды шетелдік босқынға қор етіп, құл базарына айдап тастағанымыз қалай? Шетелдік жұмысшыларға бәйек болып, өз мамандарымызды келеке қылғанымыз қалай? Алматыдағы он бес шақырымға созылған Сейфуллин даң­ғылының бойында қазақ азаматтары сеңдей соғы­лы­ сып тұр. Темір жол бекетінен қаланың ортасына дейін санап шыққанымызда 800-дей жанды көзіміз шалды. Міне, атақты “Құл базары” дегеніміз осы! Тіпті, бұл жерде тұр­ ған­дардың кейде із-түзсіз кетіп жатқандары да баршылық. Өйткені, жоқтаушысы жоқ, таяныш, сүйенішінен айырыл­ған міскіндерде құн бола ма? С. деген 32 жастағы қазақ жігіті өзі­ нің көрген құқайын айтып зар иледі. С-ны Сейфуллин көше­ сінің бойынан әлдебір жұмысқа екі полицей көлігіне отырғы­ зып алып кетеді. Әлгі “қызыл жағалылар” оны Алматыдан 80 шақырымдай қашықтықтағы елеусіз шаруа қожалығына әкеледі. Осы жерде оны аяусыз ауыр жұмысқа жегеді. Тіпті, 12 күн сол жерде тұтқында болған әлгі жігіттің айтуынша, ақшаға құныққан полицейлер шаруа қожалықтарының басшыларынан тапсырыстар алып, қаладан қорқытып-үркі­тіп талай қыздарды сонда апарып, сауыншылыққа еріксіз көн­ дірген көрінеді. Егер С. бұл жерден қашып шықпағанында өміріме қауіп төнетін еді дейді. Қысқасы, ендігі жерде аяқ астынан адам жоғалса, үмітті үзуге болмайды, кім біледі, қала сыртындағы бір шаруа қо­ жалығында “іс сапарда” жүрген шығар... Қалай дегенмен де, көше бойында тұрған жандардың жа­

бырқау жүздері жанға батады. Көздеріне тура қарай алмай­ сың. Ал, сонда қазақ жастарына ыңғайлы кәсіп атаулы құрып қалғаны ма? Алматыда 30 500 жұмыссыз ресми тіркелген. Егер шындығын айтсақ, солардың қолдарынан келетін жұ­ мыстардың барлығын визасыз қашып-пысып жүрген 10 мың шетелдік жанбақылар біржолата алып қалған. Себебі, сырт­ тан келгендер біздің жігіттердей саудаласпайды, “қожа­йын­ ның” бергеніне риза. “Болашақ” базарының өзінде шамамен алғанда 42000 контейнерде 16 мыңнан астам адам қаракет етіп жатыр. Ал, жалпы сол базарлар орналасқан ауданда 32 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етсе, соның 12 мыңы тағы да шетелдіктер көрінеді. Жергілікті кәсіпкерлер бүгінгі күні миг­ ранттардың ағылып келе бастауы – базарлардан 30 пайыздай қазақстандықты ығыстырып шығарады деп шағымдануда. Осы мигранттар, шетелдік кәсіпкерлер қонақ үйлерге жоламайды, қаладан пәтер жалдауға құштар. Олар заңды түрде неге қонақ үйлерде аялдамайды? Егер бұлай істелсе, бірінші­ ден, елімізге шетелден құйылып жатқан әртүрлі пиғылдағы жандарға бақылау жасау оңай болар еді. Қазір Алматыда кезкелген шетел азаматы болмашы қаржыға 2-3 бөлмелі пәтерді жалдап алады да, еш жерде тіркелмей-ақ ойына келгенін істеп жүре береді. Қарап отырсаңыз, осы Алматының өзінде де жұмыс жет­ кілікті. Осыдан 5–6 жыл бұрын пәтерлерді еуропалық мә­нер­- де жөндейтіндер славян балалары еді. Қазақтар бұл кәсіпті ен­ді-енді үйреніп, кірісе бастағанда, Өзбекстаннан ан­дыз­да­ ған арзан құрылысшылар осы жұмысты олардан тағы тартып ал­ды. Сонымен қатар, тағы бір сорақылығы – елімізге келген шет­елдік саудагерлер мен инвесторлар қаржы күшімен бірге адам күшін де ала келуді әдетке айналдырып алған. Жалғыз Алматыда ғана емес, еліміздегі қыруар кәсіпорындар, мекемелер осы тақылеттес. Өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік ко­ митетінің Атырау облыстық департаменті ТШО офисін салып жатқан түріктің “Финтрако-Тепе” фирмасында 122 түрік жұмысшысының туристік жолдамалармен Атырауға келіп, одан әрі еңбек лицензиясыз жұмыс жасағаны анықталды.

Осы өңірде Ресейлік «Ульяновскмостстрой» филиалында да заңсыз жұмыс істеген 120 ресейлік жұмысшы белгілі бол­ды. Ең өкініштісі, бұл шетелдік жұмысшылар жергілікті құры­ лысшылардан еңбекақыны 17 есе көп алатыны жаныңды ауыр­тады. Осылайша, бірте-бірте қазақ халқы өз туған топы­ рағында отырып, кісі есігіндегі ұлтқа айналып барады. Оның басты себебі күнкөріс кәсібінен қағылғандығы болып отыр. Мысалы, Алматы ішкі істер басқармасы, миграция полициясы бастығының орынбасары, полковник Зейнеш Исабеков былай дейді: «Алматы қаласынан 2000 жылы 50 000 шетелдік мигрантын шығарып жібердік. Олардың тең жар­ тысы – қытайлықтар. Алайда, босқындардың оңтүстік аста­ наға ағылуы тоқталар емес. Қазір миграциялық полицияда мыңдаған жалған құжаттар тау-төбе болып үйіліп жатыр. 2001 жылы Алматыға заңсыз орналасқан шетелдіктер 103 мың болса, 2002 жылы 226 000-ға жетті. Бұлар негізінен «барахолканы», арзан жұмыс орындарын басып алды. Соңғы уақытта Алматы қаласындағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтар қызметкерлері де шектен шығып барады. Осыдан үш жыл бүрын Төле би мен Момышұлы көшелері­нің қиылысында сүт сатып отырған «Красный Восток» ауылы­- ның тұрғыны 57 жастағы Күлжаһан Құдайбергенова деген әйелді дипломатиялық нөмірі бар джип таптап кетті. Әлгі әйел сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. Кейіннен анық­ тал­ғандай, сол кезде көлікті жүргізіп келе жатқан Египеттің Қазақстандағы елшісінің әйелі Дина Эль Фиси болып шықты. Кейіннен бүл оқиға да аяқ­сыз қалды. Осыдан екі жыл бұрын АҚШ-та сол елдің азаматын басып кеткені үшін грузин дипломаты ұзақ мерзімге сотталғаны есімізге түседі. Әсіресе, еліміздегі дипломатиялық көліктерді жүргізуші­ лер өздерін МАИ қызметкерлерінің тоқтатуға құқығы жоқ екенін біліп, кейде мас күйінде жүргізіп, жол ережелерін өрескел бұзуды әдетке айналдырған. 2001 жылы АҚШ елші­ лігінің жүргізушісі МАИ қызметкерін қағып, оны мүгедек­ке айналдырды. Шет елдік елшілік қызметкері тарапынан та­ғы бір өрескел оқиға Алматы қаласында жаңа жылдың ал­дында болды.

«Самал» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген әйелдер бригадасының тас төбесінен жо­ ғары қабаттан қабырға сырлайтын сырды құйып жіберген. Үсті-бастары адам көргісіз болып қалғасын, әлгі әйелдердің ішінен Айман Орынтаева жоғарғы қабатқа көтеріліп, сыр төгілген балкон арқылы пәтерді анықтайды. Сөйтсе, бұлар­ дың төбесіне сыр құйған түрік елшілігінің қызметкері Хожа Ахметтің баласы екен. Баласын жазалаудың орнына, Хожа Ахмет сырға боялған Айман Орынтаеваны балағаттап, жағынан шапалақпен бірнеше тартып, бетіне түкіріп, есігін жауып алған. Медеу аудандық ІІБ-не шағымданған әйелдің арызына құзырлы мекемелер әлі күнге дейін түк шара қол­ данған жоқ. Міне, келімсектердің, шетелдіктердің қалай-қа­ лай қүтыратынын көрдіңіздер ғой! Бұлар Құдайдың ерке ұлы, Шадиярдың сәруары емес, қатардағы өзіміз сияқты пенде емес пе? Бұл шет елдіктер тарапынан, келімсектер тобынан қазақ азаматтарының көріп отырған құқайының тек мыңнан бірі ғана. Мұндай бейбастыққа қандары қарайған қарапайым жұрттың ызадан қайралған азулары уақыт өткен сайын үш­ кір­леніп келеді. Жалпы, бір мемлекеттің атын алып отырған байырғы тұр­ ғындарды көрер көзге алалау, қайыршылық, құлдық қыл­ мыс­тың өсуіне, адамгершілік және мәдени құндылықтар­дың жоғалуына әкеліп соғуы арқылы қауіпті. Ендеше, келешектің жан шошырлық мылтықсыз майданын жонарқаңмен сезе отырып, мына түйінге тоқтағандай бо­ ласың: тек сауатты ұлт қана мемлекет тізгінін ұстап тұра алады, тек қайсар халық қана бір-бірін қиып жеп жатқан мына аласапыран дүниеде өмір сүруге хақысы бар. Он жыл ішінде дүниенің төрт бұрышына кезек-кезек жаутаңдаған қазақ ұлты өліара кезеңді де артқа тастап барады. Шыққыр көзім не көрді: Қытайлық кожайын шіреніп көлігінен түсті. Белі қатпаған тоғыз жасар қазақтың қаршадай қызы әлгінің көлігін жууға кірісті. Әбден жуып болғанша байғұс балапанға күлімсіреп қарап тұрған қатігез қара темір елу теңгелікті лақтыра салды... Сейфуллин даңғылындағы құл базарына сиыр жалағандай

тап-таза қымбат көліктерінен түсіп, аяқтарын шекіп басып үш түрік кәсіпкері жақындады. Ұзыннан-ұзақ тізілген қа­ зақ жігіттерін мал сатып алғандай қол-аяғын тексеріп, күш қуатын өлшеп, жетектеп бара жатыр... Осыған намысың қайнай ма, әлде селт етпей ме, а, қазақ?! «Өмір» журналы, 2007 ж. Мұраларымызға мұқият болайық Сократ айтқан сөз бар: «Титтей пайдасы бар екенін білсең, жинал да аттан. Саудагерлер талай теңізден өтіп, өзіне дүниемүлік жинап қайтады, ендеше жастардың өз байлығын, ойөрісін кеңейту үшін саяхатқа шықпай үйде отыруы ұят іс болмақ». Қазіргідей ұшқыр көліктердің қат кезінде Шәкәрім қа­ жы Парижге барып, француздың бай кітапханаларынан бі­ лім жетілдіруге ұмтылуы ерлік емес пе? ХVІІІ ғасырда Ре­ сейдегі шығыстану ғылымын шырқау биікке көтерген чуваш халқының данышпан ұлы Н.Я.Бичуринді ала­йық. Бұл ғұламаның жарты ғасырдай ғұмыры Орта Азия мен Қазақ­ станды, Шығыс Түркістанды мекендеген ха­лықтар­дың тарихы жазылған ежелгі жазбаларды жинау, оларды топтау, аудару және соларға сүйеніп, жаңа жазбалар жазуға арналды. Жұртпен әңгімелесудің өзін уақытты бос­қа өлтіру деп қараған Никита Яковлевич 76 жасында көз жұмды. Сонау алыс Шығыстан он бес түйеге артып келген жеті тонна кітабының шетін ғана игеріп үлгерді. Осындай алып тұлғалармен иық­ таса тұратын, қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі – Әл­ кей Марғұлан еді. Туған халқы туралы жылт еткеннің бәрін жинасам деп армандаған Әлекең қай­да бармады дейсің? Өмі­ рінің соңғы жылдары оқырмандармен бір кездесуде «Осы күнгі жастар еріншек, ауыл-үйдің айналасынан ұзап шық­ пайды. Мені көптен бері «Шоқан Парижде болған ба?» деген сауал толғандырып жүр. Сібір генерал-губернаторы Гасфорт бір жазбаларында Шоқанды Парижде көргенін айта­ ды. Француздар ұқыпты халық, мүмкін, сол кездегі басы­-

лымдарда Шоқан туралы жазылған да шығар-ау! Бәрін де зерттеп, білгің келеді. Қазір алыс сапарға шыға алмаймын, жасы құрғыр келіп қалды», – деп кейінгі жастарға өсиет ретінде көп нәрсені меңзеген еді. Осыдан жеті-сегіз ғасыр бұрын Орта Азия мен Қазақстанды аралаған араб, парсы саяхатшыларының мына бір сөзі адам таңданарлық, «Қаш­ қардан шығып, Жібек жолымен жүрген мысықтың аяғы жер­ ге тимей, кілең қалалардың үстімен жүреді», – деп жазып қалдырыпты. Қайда бүгінде сол сыңсыған қалалар? Күл­ ге айналған кенттерді аршып алып, әрбір құмырасының сы­ нығына дейін үрлеп, қайтадан сапқа қою сияқты алдымызда еңсені қайыстырар ауыр жүктер тұр. Атам заманнан бері жазып қалдырған ата-баба аманаттары да ойран-ботқасы шы­ ғып, жүзден бірі ғана қолымызға әрең тиді. Патшалық Ресей әкімшілігі Қазақстан мен Орта Азия тарихына байланысты архив құжаттары мен материалдарын қалдырмауға тырысып, өртеп жіберген. Орынбор архивінің негізгі бөлігін кейін шегінген ақ гвардияшылар талан-таражға салып, Омбыдағы тарихи бай қорды Колчак тиеп әкетеді. Түркістан генералгубернаторлығының орталығы саналған Ташкент архиві тү­ гелдей дерлік тып-типыл болған. Ал, Верныйда 1918 жылы 114000 көне архив қағаздары мен 700-ден астам ескі кітаптар сатылып, саудагерлердің заттарын орауға, шемішке салып беруге пайдаланылған. Оған қоса 1921 жылғы су тасқынын­ да жертөлелерде хаттаулы көптеген құжаттар жойылып кеткен. 1922–23 жылдары республиканың Орталық өлкетану архивінің бастығы – меньшевик, архивші-ғалым, ақтың аз­ ғын офицері болғанын сөз етсек, бүкіл архив жұмысының бет пішіні көз алдымыздан өтпей ме? Тағы бір есте жүретін жәйт – Қозы Көрпеш-Баян сұлу бейітінің қасында 1853 жылы ақ тастан қашалған 4 мүсін жатқан. Бірі Баян (бұрымы бар), бірі – Қозы, бірі – Айқыз (әпкесі), бірі – жеңгесі. Сол ескерткіштердің екеуін Африкадағы герман губернаторы фон Виссаман келіп әкеткен еді деген архивте құжат бар екенін ізіне шам алып түсіп, індетіп тауып алсақ, бұл да баға жетпес байлық болар еді. Орыстардың алтын сандығы – Эрмитаж 1764 жылы пайда болды. Қазір онда екі миллионнан аса өнер мен мәдениеттің небір жауһарлары жинақталған. Үш

ғасырдан бері ұрланған-жырланғаны бар, «бұйымтайшылап» алғаны бар, хан, сұлтан, билердің сыйға тартқаны бар, несін сұрайсың, сол мүзейде қазақ халқының да қыруар төл мүлкі көздері жәудіреп әлі тұр. Жуық маңда оларды ала алмас­ пыз. Қазіргідей көкөзек шақта әлгі құнды заттарды өзімізге шаш жетпейтін ақшаға қайтара сатуы мүмкін. Бірақ, түбі келер ұрпақ танып алуы үшін қазірден бастап ол музейдегі өзімізге тиісті заттардың есебін алып, дауласқандарды тыпыр өткізбейтін құжаттар дайындап қойған жөн болар еді. Тұяқкесті болған үй маңынан ұзаған сайын небір оты шүйгін алқаптар жолығатыны сияқты, ізденген, сапарлаған жанға ғылым көкжиегі кеңейе түседі. Ғылым жолына, жалпы өнерге өз өмірін арнаған адамның ешбіреуі де ұмыт қалмайды. Көзі қарықты келер ұрпақ бәрін ақтарып саралап отырып, талай алғыс та берер. Ізденімпаз үшін одан асқан сый бар ма? «Азия» газеті, 1993 жыл, ақпан. Экологияға қарсы «жендеттік» синдром «Адамзат баласы жер планетасында туып-өскенімен, оның табиғи байлықтарын қорқаулықпен пайдалана отырып, осы асыл мекенді кез келген уақытта нейтрон бомбасынан бетер құртып жібере алады», – деп жазып еді бір дана. Атақты жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің естеліктерінде: «Ең соңғы тірлік тау етектерінде қалың орманда ғана қалады. Бір замандарда ол да тынышталады. Бітеді. Жер өмірін тек­ серіп жүрген дүние жүзі ғалымдарының әзірше жұқалай ес­ кертіп жүрген тірлік қауіптерінің түрі осыған соғатын сияқ­ ты», – деп еді. Әсілі, осы сөздер расқа айналатын тәрізді. Өйткені, жыл санап құлдырап бара жатқан әлемнің, әсіресе, Қазақстанның экологиялық ахуалы мұны айқын аңғартып отыр. Бүгінгі ақпарат көлемі күні кешегі 10-15 жылдардағыдай емес, шырқай самғаған базар бaғалары секілді, мыңдаған есе артып кетті. Осы топан ақпарат селінен экологияға байланысты де­рек­ терді 5-6 жылдан бері үздіксіз жинап келем. Әлем­дік, отан­

дық басылымдарда әр жылдары табиғат жанашырла­рының жариялаған дүниелерін сараптаған адам еліміздегі «эко­ло­ гиялық жендеттік» синдромының бет қаратпайтын шамаға жеткенін байқар еді. Бұрын «біздің елімізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар», – деп мақтанушы едік. Қазір «планетамыз­ дағы күллі ауруларды Қазақстаннан таба аласыз», – деп кү­ ңіренуімізге әбден болады. Ол, ол ма, мына хабарға қалай шошымаймыз? Күні кеше ғана «Мегаполис» газеті (20.06.2001 ж.) Қазақстан өкіме­ ті БН-350 атом реакторынан шыққан аса улы өнімдерді Маң­ ғыстауға және Семейдегі бұрынғы атом оқпандарына ұзақ мерзімге көму туралы шешім шығарды. Және мұнымен де тынбай, енді Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің радио­ активтік қалдықтарын қабылдамақшы. Маңғыстаудағы уран карь­ерлеріне орасан көлемде улы заттарды көміп, одан таяу­ да­ғы 10 шақты жыл көлемінде 30-40 миллиард доллар пайда табамыз деп, Үкімет басындағылар алақандарын ысқылап отыр. Апырмай, халықты сәуле арқылы білдірмей қыруға арналған мұндай қайырсыз, жендеттік шешімнің қалай алдын алуға болады? Осы бір сорақы шешімді ақтап алу үшін кейбір ұшпа ойлы мамандар («Столичная газета», 21.06.2002 ж.) көпшілікті: «Төменгі активті қалдықтардың қатарына қолғаптар, қағаздар, респираторлар, атом электр станциясы қызметкерлерінің арнайы киімдері, т.б. жатады. Олардағы әсердің жартылай ыдырау уақыты 100-150 жыл. Біз карьерден жылда жартылай ыдыраған уранды қазып аламыз да, орнына қауіпсіз қалдықтарды көмеміз. КСРО кезінде де Маң­ ғыстау карьерлеріне осындай қалдықтар көптеп көмілген 100 метр тереңдіктегі саз қабаты сәулені өткізбейтін тамаша қорғаныш...» деп алдарқатады. Міне, біздің мәселені ат үсті, терең ойламайтын мамандар әуелгі қауіпті шаруаларын бастарда осылай қарапайым халыққа жіңішкелеп жеткізіп алып, сосын білгендерін істей беруге үйренген. Бірақ, бұл жолғылары «көнбей қайда бара­ сың, әуселең белгілі ғой» дегендей, анық басыну, халықты апатқа ұшырату еді. Ал, шындығында радиоактивтік қал­дық­

тар дүниежүзі ғалымдары мен мамандарының түн ұйқысын төрт бөлгені қашан! Тіршілік дүниесіне өте зиянды радионуклидтер (стронций – 90, цезий – 137, плутоний – 238, кобальт – 90, тритий – 3) газ, сұйық және қатты түрінде кездеседі. Радиокативті ыдырау үстінде олар орасан зор энергия шығарады. Тірі клет­ каларға генетикалық өзгерістер туғызады. Атомдық электр станцияларда жұмыс істеу мерзімі біткен элементтерді реактор ішінен сыртқа шығарғанда оның ра­ диациялық активтігі алғашқы шикізат күйіне қарағанда 10ның 4 дәрежесіндей күшті болады, яғни тіршілік көзіне өте қауіпті мөлшерді көрсетеді. Біздің шала сауат мамандар бұл ешқандай залалы жоқ қалдық деп сипақтатады. Бүгінде әлем оқымыстыларын толғандырып отырған мәселе осы қалдықтарды қайда және қалай көму жағдайы. Бұл – өте күрделі құрылыстық жұмыс, оның үстіне орасан қымбатқа түсетін технологиялық іс. Жоғары сапалы болаттан жасалған контейнерлерге сықа толтырылған қалдықтар жер астына болат пен бетоннан жасалған радиоактивтік «зи­ раттарға» мұқият көмілуі керек. Трансуран элементтері үшін оның тереңдігі 300 метрден артық болады. Мысалы, бір ғана комбинаттың радионуклидтер қалдықтарын көму үшін 1,52,5 шақырым терендікте көптеген ұңғы бұрғылап, көмбе құ­ бырларын дайындап, оған қалдықтарды насос арқылы айдайды. Оның радиациялық әсерін әлсірету үшін арнайы заттармен толтырып, ауа шықпайтындай тығындап, бірнеше сатыдан тұратын көму жүйесі жүргізіледі. Көмбелер халық жиі тұратын аудандардан алшақта, жерасты су және газ көздері­ нен алыста, сейсмологиялық қауіпсіз, құрғақ жерлерде болуы керек (бетоннан жасалған көмбелер радиациялық әсерді – 100, ал, арнайы болаттан жасалған – 1000 жылға дейін ұстай алады). Ал, біз болсақ, халық сыңсып отырған Маңғыстау­- дың қақ ортасына, саз қабаттары сәуле өткізбейді деп, 100 метр тереңдікке әлгіндей, «ажал-қалдықтарды» тау-төбе қы­ лып көмгелі отырмыз. Онсыз да сан жылдар бойы осындай өлім себетін «қо­ қыстар» еліміздің түкпір-түкпіріне жасырын жерленіп кел­ гені айна-қатесіз шындық. Профессор Қ.Күзембай («Ана ті­

лі» газеті, 13.04.2000) болса: «1970 жылдардың аяғында Со­ зақ ауданының кейбір ауыл адамдары 100 сом ақшаға бола белгісіз контейнерлерді жай ғана көмгені туралы газетте жазылғаны есімде. Осы радиациялық ашық жатқан көмбелер картаға түсірілмегені өкінішті», – дейді. Ендеше, қолдан жасалған мынандай жауыздық сынақтан кейін халықтың денсаулығы туралы не айтуға болады? Мүмкін, сіз қолдан жасалған сынақ дегенге келіспессіз. Онда мына дерекке назар салыңыз. Мысалы, біз Арал те­ ңізіндегі «Возрождение» аралын күні кешеге дейін білмей келдік. Ал, оны американдықтар «Ажал аралы» деп атап, шұқшия зерттегенін кейіннен естідік. «Нью-Йорк таймс» га­ зетінің тілшісі Юдит Миллер Өзбекстан үкіметінен рұқсат алып, бірнеше ғалымдармен бірігіп, осы полигонның аныққанығына жетті. Ол кейіннен әлгі газетке «Уланған Арал. Өлім себетін бактериялар Азияның қауіпті түкпірінде әлі өмір сүруде» деген тақырыппен мақала жариялады. Артынан осы Аралға зерттеу жүргізген Американың әскери хирург­ тері, ғалымдары сұмдық жаңалық ашты. 1988 жылы Свердловскінің әскери бактериологтары аса құпия жағдайда қарулы күзетпен 24 вагон қырып-жой­ғыш қалдықтарды осы аралға жасырғаны анықталды. Жүзде­ген тонна түйнеме, топалаң, тырысқақ ауруларының қоздырғыш­ тарын хлор ерітіндісіне араластырып, тот баспайтын цис­ тер­налармен Арал теңізінің дәл ортасына жасыра салған. Шетелдік мамандардың айтуынша, бұл планета халқын бір­ неше дүркін қыруға жететін жойқын у болып шықты. Бүгін­де, «Возрождение» аралында бірде-бір қылтанақ, тіршілік иесі жоқ, жылан жалағандай. «Нью-Йорк таймс» газетінің тілшісі Юдит Миллер осы бір жан шымырлатарлық Арал көрінісін былайша суреттейді: «Ми-8 тікұшағының бортынан үлкен лабораториялық корпус, сынақ алаңын қоршай тартылған телефон бағаналары анық көрінеді. Оларға жанталасып өлген жан-жануарлар мен жәндіктердің соңғы қимылын тіркейтін датчиктер орнатыл­ ған. Мыңдаған кеміргіштер мен көжектердің, жылқылар мен қойлардың, маймылдардың қаңқалары үйіліп жатыр. Ал, осы аймақтан қол созым жерде бейбіт тұрғындар тіршілік кешуде.

Олардың балаларына, тіпті, қауіпті инфекцияға қарсы вакцина да егілмепті...» Міне, шетелдік журналист осылай жергілікті тұрғындар­ дың бейқамдығына, тек өлімді күтіп, әрекетсіз отырғанда­ рына танданыс білдіреді. Американдық ғалымдар бұл сұм­дық жаны сірі бактериялар 500 жыл өмір сүріп, ұшқан құммен бірге дүние жүзіне таралатынын анықтап отыр. (Тутанхамон мумиясындағы қауіпті бактериялар 5000 жыл бойы өлмеген күйінде мәйіттен табылғанын, соның кесірінен қабірді аш­ қан экспедиция мүшелерінің бәрі жанталасып қаза тапқанын есіңізге алыңыз). Біз осы неге әлгіндей қауіпті шешімдерге дүр көтерілмей­ міз? Шетелдердегі «жасылдар», «табиғат қорғаушылары» си­ яқты неге қарсылық білдірмейміз? Сенатор Энгельс Ғаббасов ағамыз, кезінде экологиялық апат жайлы аттандап жүретін. Бүгінде оның да үні естілмейді. «Табиғат» қоғамдық ұйымның жетекшісі Мэлс Елеусізов анда-санда қарсылық акциясын өткізіп қояды. Қазақстан халқын «сынақ қуыршақтарына» айналдырып, әбден рухын таптап біткен Ресей әскери-өндірістік ке­ ше­нін батыл әшкерелеп, талай шындықтың бетін ашқан және Балқашта АЭС салуға барынша қарсылық білдіріп, әр түрлі басылымдарда 12 сериялы мақала жазып, жарғақ құлақ­та­ ры жастыққа тимей жүрген екі қазақ азаматы бар: бірі – ға­ лым Рысбек Ыбыраев та, екіншісі – өнертапқыш Сейілбек Қышқашұлы. Осы екі азаматтан басқамыз үнсізбіз. Бұл марғаулық, бой­ күйездік түбінде өзімізге тажал болып тиетіні айдан анық. Жақында «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық компаниясының пре­зиденті Мұхтар Жакишев Парламентте еліміздің эколо­ гиялық жағдайының адам төзгісіз деңгейге жеткенін мәлім­ деп, мына деректерді көлденең тартты: «Қазақстанның бүкіл территориясында 237 миллион тонна радиактивтік қалдықтар үйіліп қалған, бұлардың жалпы активтігі 15,5 миллион кюри, Чернобыль апатының залалы 50-55 миллион кюри болса, біз соның үштен біріне тең екенбіз». Қазақстандағы экологиялық ахуалды сауықтыру үшін 110

миллиард доллар қажет екен. Онсыз болашақ ұрпақтың сау­ лығына кепілдік жоқ. Міне, мәселе қайда жатыр? Әлгіндей астрономиялық соманы Қазақстан бүкіл байлығын сатса да таба алмайды. Ал, «БН-350 реакторын дамылдатуға» АҚШ пен МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) аз-маз қаржы бөлсе, ондағы байытылған плутоний Иран немесе Иракқа кетіп қала ма деп, өздерінің қауіпсіздігін күн ілгері ойла­ғандығынан. Осы көңіл құлазытар деректердің барлығы Қазақ­стандағы экологиялық жағдайдың белгілі бір шекарадан әлдеқайда асып кеткендігін көрсетеді. Халықаралық радиоэкологтар одағының толық мүшесі, ға­лым Р.Ыбыраев («Қазақ әдебиеті», 2.03.2001 ж.) ағамыз «Ө­зім жақсы білетін әскери өндірістік салаға келсек, бұрын­ ғы қазақ халқының құрбандығы Кеңес империясы үшін болса, енді ТМД елдерінің қауіпсіздігі үшін болуы тиіс екен. Ресей әскери өндірісі басшылары мен империялық пиғылдағы саясаткерлерінің шылауына ілескен еліміздің кейбір саясатшылары: «Қазақстан үшін ең басты қатер дегеніңіз мұсылман экстремизмі, вахабизм, наркобизнес, ауған тәлибтері басып кіруі мүмкін деп насихаттап жүр. Меніңше, ауған тәлибтері мен халықаралық терроризм, есірткі бизнесі қатеріне қара­ ғанда, біздің жеріміздегі полигондардың және салынуы көз­ деліп отырған Балқаш АЭС-інің қаупі мыңдаған есе зиянды. Мұның бәрі Ресей әскери мақсаты үшін қисындырылған дақпырт. Ал, Ресей әскери және атом өндірісі енжар емес, олар қазір біздің жерімізге АЭС салу, байырғы полигондарды жаңғырту, өз жерлерінде және басқа атомдық елдер­де жинақталған жоғарғы радиоактивті қалдықтарды өте құпия түрде қазақ жеріне көму мәселесін жүзеге асыру үшін жанталасуда. Ендігі мәселе жарты ғасыр бойы әдейілеп жинал­ ған жоғары радиоактивті қалдықтарды және даяр тұрған бом­ былардағы плутонийларды өңдеп, оның ішіндегі аса құн­ды трансплутоний элементтерін (америций, кюрий, кали­фор­ ний т.б.) алып, калғандарын басқа бір елдің жеріне кө­міп кету – атомдық елдердің арманы, негізгі мақсаты. Ала­тын эле­ менттерінің бағасы өте қымбат (1 грамм – 100 мыңдаған не­ месе миллион долларға жетеді), өйткені оларсыз космо­

навтика және жаңа қару-жарақтардың дамуы мүмкін емес. Таңғажайыптығы сол, ол элементтер қайта өңделген қал­дық­ тардың тек 1-5 қана пайызын құрайды. Қалған 95-98 пайызы бұрынғысынан жүздеген, мыңдаған есе қауіпті кү­йінде өңделген жерде қалдырылады. Ресей бұл мәселені өз колына алып отыр. Өйткені, оның негізгі сенімі қазақ жері, Қазақстан мемлекетінің тоғышар шенеуніктері. Ресей өзінде жиналып қалған мұндай қалдықтарды көмгені аз болғансып, енді басқа атом өндірісі бар елдердің қалдықтарын қазақ жерінде өңдеп, қыруар қаражат тауып, біздің атамекенді то­заққа айналдырып, халқымызды қайғы-қасіретке байлап-ма­тап құрбан ету. Бұл жөнінде менің дабылымды тиісті орындар ұғына алар емес», – дейді. Байыбына барар болсақ, барлық стратегиялық шикізат өн­ діретін кен орындарының, радиоактивті әсері бар басқа да ғылыми өндіріс ошақтарының технологиялық режимін жанжақты тексеру, ғарыш, әскери қару-жарақ, сынақ полигондарын, минералдық шикізаттарды тасымалдау мен қоймалау­ дың экологияға әсерін жан-жақты анықтау ісін тыңғы­лық­- ты қолға алмайынша, біз республика көлеміндегі радиоак­ тивті ситуацияның шын ахуалын толық біле алмаймыз. Біз бүгін бір ауылымыздың қасында әлгіндей, қатерлі сынақты сөндіргенімізбен, екінші кентіміздің қасынан одан әлдеқайда қатерлі сынақтың отын одан сайын маздатып отырғанымыз өтірік емес. Теңіз кенішінің басында дәл қазір 4,6 миллион тонна кү­ кірт тау болып үйіліл жатыр. Оның үстінен парлап ұшып өткен құстың өзі паршасы шығып, жерге құлайды. Осы алапат апаттың ошағы – «Те­ ңізшевройл» мен ОКИОК компаниялары екені белгілі. «Те­ ңізшевройлдың» шетелдік мамандары өткен жылы мұхиттың арғы жағынан 8 миллион АҚШ долларына ауыз су сатып алуын қалай түсінуге болады? Олар жергілікті халықтың пайдаланып отырған суының өзі улы екенін білгендіктен осылай істеп отыр. Бұдан 3-4 жыл бұрын Арқалық қаласының маңында 1 миллиондай киік бірден қырылып қалды. Радиациялық сәуледен бөкендер жаппай өлмейді. Бұл жануарлар өте улы химикат-

тармен уланғанда ғана осындай қырғынға ұшырайды. Осы оқиға да республика аймағында өте улы заттармен уланған өңірлер бар екенін көрсетеді. Ал, осы аймақтардағы халықтың денсаулығы не күйде? Бүкілдүниежүзілік денсаулык сақтау ұйымы (ВОЗ) сарапшы­ ларының анықтауынша, аралдық сәбилердің ағзасында жи­ нақталған химиялық улы заттар швед балаларынікінен 800 есе көп болып шықты. Сонау 1889 жылы академик В.Радлов айтқан: «Қазақтарда ауру мен жүдеу жандар өте аз, таза ауада жүріп, қуатты тамақ ішкендіктен болар, кездесіп қалатын аурулардың түрлері де бірен-саран, қазақтардың көбі ұзақ өмір сүреді», – деген сөз бүгінде кері мағынасына айналды. Бүгінде Батыс Қазақстан аймағы жемтікке үймелеген қа­ рақұстардай шетелдік алпауыт компанияларға толып болды. Бір баспасөз мәслихатында «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясының бұрынғы президенті Б.Қуандықов: «Қазір Каспийдің солтүстік шығыс қайраңынан мұнай өндірудің қауіпсіздігіне бір Алладан басқа ешкім кепілдік бере алмайды. Мұның өзі өмір мен өлім арасындағы көзсіз әрекеттің бірі», – деп еді. Осы теңіз төңірегіндегі құрлықта өгізден қан сорған таскенедей 4 мың скважина тұр. Соған қанағат қылмай, енді теңіз қайраңына бұрғы салынды. Әр заманда Құлзым, Әбескүн, Хазар деп аталған кәрі Каспийдің суы да ластанғаны емес пе, Баку қаласы маңында суға шомылып жүрген адамдарға теңіз итбалығы шабуыл жасап, 50 адамды жарақаттаған. Бұл осы момын хайуанның қырылу, жойылу алдындағы соң­ғы бұлқынысы болар ма? Айтса айтқандай, өткен жылы Кас­ пийдегі итбалықтар топалаң тигендей қырылып қалды. Теңіз итбалығының адамға шабуылы Ақтау қаласындағы жаға­ жайда да қайталанды. Мұның өзі теңіз суының өзі әбден ула­нып болғанын батыс елдері анық байқап, бірақ Каспий қойнауындағы қыруар байлықты әбден тонап болғанша осы шындықты жергілікті халықтан жасыра тұруды көздеген саясат сияқты. 1998 жылы жазда атақты Кустоның командасы да Каспий айдынын біраз шарлап, басын шайқап-шайқап, үнсіз жөндеріне кетті.

Осының бәрін ой елегінен өткізе келе, қаныңды қарайта­ тын басты пәлекет мынау болып шығады. Ол өзіміздің ымырашыл игі жақсыларымыздың шетелдік алпауыттарға ұлттық байлығымыздың бір бөлігін сата отырып, онымен қоса жерді, ауаны, табиғи құндылық – қажеттіліктерді, экологияны қоса сататындығы. Әйтпесе, «Теңізшевройл», ОКИОК аяқтарын байқап басар еді ғой. Қазір жұрттың аузына ә дегенде «экономика», «мате­ри­ ал­дық жағдай» түседі. Ал, осылар кім үшін жасалуы тиіс? Әрине, адам үшін! Бүгінгі таңда еліміздің экологиясын са­ уық­тырудың құны – 110 миллиард АҚШ доллары шамасында. Бұл – ақырзаманды Алла жібермейтіндігінің, оны өзіміз қолдан жасайтындығымыздың айқын айғағы емес пе? Сондықтан, еліміздің экологиясын, ұлт денсаулығын, ха­ лық байлығын саясатқа жығып берушілік ұлт мүддесі мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бірден бір жол деп түсінгенде ғана, біз экологиялық басқа түскен зауалдан аман қүтыла аламыз. «Көзқарас» №22, 15.12.2003 ж. Білім беру саласындағы «бүліктің» сыры неде? Ерте ме, кеш пе, әйтеуір Қазақстандағы білім беру саласына бір төңкерістің қажет екені айдан анық еді. Тәуелсіздік алғаннан бергі 10 жыл ішінде талай-талай реформалар уақыт тезіне шыдай алмай талқаны шықты. Жалпы, қазақ баласы затында ілім-білімге құштар халық. Осынау қым-қуыт өмірдегі жаныңа сая таптыратын қыруар игіліктерге қолдары жете алмай, есесі кеткен, қапы қалған ата-ана бүкіл мүкәмалын сатса да бала-шағасын оқытуды ұмыт қалдырған емес. Бірақ сол оқуды өліп-талып бітірген бала әлгі мамандық, әлгі біліммен судағы балықтай қоғамға еркін сіңісіп кете ала ма? Мәселе осында болып тұр ғой. Бір кезде марқұм Бұқара Тышқанбаев ағамыздың: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан», – деген Абайдың әйгілі жолдарын бұл күнде кейбіреулер: «Сен де бір қасқыр дүниеде, қотанын тап

та, бар тала» деп ұғынады екен, – деп жазғанындай көпшілік балаларын сот, құқық, банк, сауда саласына икемдейді. Осы­ ның салдарынан әлі күнге республикамызда электроника, информатика, озық технология мамандары қасқалдақтың қа­ ның­дай мұқтаждыққа жетіп отыр. Әйгілі математик Асқар Жұ­маділдаев еліміздегі жыл сайын қорғалатын қара су құрлы құны жоқ мыңдаған диссертацияларды сөз ете келіп былай деп еді: «Мен аралаған шет елдерде кандидат, доктор деген атымен жоқ. Тіпті, ол кейбіреулердің күлкісін келтіруі мүм­ кін. Осы елдерде 1989 жылдан бері ТМД аймағында қорғал­- ған кандидаттық және докторлық жұмыстарға сенімсіздік басым. Бұл атаққа азаматтардың қолы қалай жеткенін олар жақ­сы біледі. Сан көбейгенмен, сапа жоғарыламағанынан да хабардар. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акаде­ мия­сының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылы­ мының докторы екенімді мен ешкімге айтқан емеспін. Ол түкке керегі жоқ. Шет ел мені әлемнің ең таңдаулы ғылыми журналдарында жарияланған еңбектерім арқылы таниды. Соған қарап қызметке шақырады. Ал, еліміздегі ғылыми атақ жөнінде айтар болсақ, алгебра саласынан екі ғана доктормыз, геометриядан әлі ешкім жоқ...». Ау, сонда жыл сайын үйректің балапанындай шүпірлеп жатқан докторларымыз қай саланың көсегесін көгертіп жүр? Бір-бірінен көшіріп, ұрлап-жырлап ғалым болып жатқандар ылғи педагогика, психология, саясат, өнертану саласының тынысын тарылтып, сол өрістің шаңын шығарған өлермендер болып келеді. Жыл сайын еліміздің ғылым саласыңда іштері жидіген рухани мүгедектер, алаяқ шарлатандар, қулық-сұмдығына найза бойламайтын құныс мойын құдай атқандар құжынап барады. Бір ғана мысал, 1999 жылы республикамызда 1014 адамға ғылым кандидаты, ал 253 адамға ғылым докторы атағы беріліпті. Мына қарқынымызбен әлемдік өркениеттің шыңын неғып жаулап алмай жүрміз? Біздің көрдемше ғы­ лыми жаңалықтарымыз үй тентек сияқты өз ортамызда қо­ қырайғанымен, былай шыға бере боқташақ болып қалмақ. Сөйтіп жүріп Нобель сыйлығынан дәмететінімізді қайтерсің? «Жалған ғалым, арзан академик тек өз қарнының қамы

үшін ғылымның емшегін қанатып, сорған ешкіемер кесіртке сияқты», – деп еді еліміздегі осы бір келеңсіз үрдіске қаны қайнаған Шерхан Мұртаза. Ал, енді ғылымымыздың сиқы мынандай болғаңда, жо­ға­ ры оқу орындарымыздың сықпыты не күйде? Бүгінде мем­ лекеттік жоғары оқу орнының саны 48-ге, жеке оқу орындары 140-қа жетті. Біздің заңымыз дүңгіршек ашу мен оқу орнын ашуға бірдей мүмкіндік беріп қойды Жалпы, қазекем бір нәрсеге кіріссе, тағына жетіп қайырмай тынбайтын көк­ шуланның өзі. Кейде осы әрекетімен күлкі болып та жатады. Мәселен, Сарыағашта үш бөлмелі пәтерді академияға айналдырып, оған қолына түскен оқулықтармен қайдағы күлдіба­ дам біреулер дәріс оқып, сол «академияны» жүздеген түлек- ­тер бітіріп шығуы масқара емес пе? Тіпті, аты-шулы Англия­ ның өзінде бар болғаны екі жеке меншік университет бар, оның да біреуі өзінікі емес, американдық. Жалпы, еліміздегі білім беру саласын бұлайша бетімен жіберушілік халықара­ лық аренадағы беделіміздің де белінен басқаны анық. Еліміздің болашағы, алдағы биік мұраттар тұрғысынан қа­ рағанда бүгінгі білім жүйесі, республиканың интеллек­туал­ дық потенциалы қоғамды қанағаттандырып отырмағандығы бесенеден белгілі. «Мұғалімнің білімі нашар болса, оқушы­ ның білімі нөлге тең» демеп пе еді Ушинский. Ендеше, әл­гін­ дей «докторлардан» тәлім алған есіл шәкірттер тұсаулы аттай алысқа ұзай алмай, сыр беріп қалмай ма? Оның үстіне ақылы оқу, ақшаны алға тарту елдің интел­ лектуалдық потенциалына, адамдық санасына оңа алмастай соққы берді. Бұл жерде мәселе – нарықтық экономиканы тұр­ пайы жүйеге айналдырып, елдің ертеңіне балта шабу болып отыр ғой. Бүгінде елімізде әрбір он студенттің жетеуі, яғни, 440715 студенттің 315099-ы ақылы оқуда. Оның 121841-і мемлекет­ тік емес оқу орындарында. Мемлекеттік жоғары оқу орындары да сападан гөрі сан қуып, ақылы оқуға мән береді. Бүгінде студент білімінен гөрі, ақша төлей алатын мүмкіндігімен құнды. Республикамызда орта тап енді-енді қалыптасып ке­ леді, отбасылардың 10-15 пайызы ғана балаларын ақылы түрде оқыта алады. Сондықтан жекешелендіруден аузы күй­

ген көпшілік мемлекеттік оқу орындарын жекешелендірер кез­де азар да безер болып еді, оған құлақ асқан ешкім болмады. Шынында да елдегі жастардың 70 пайызы ақылы білім алатындай біз дәулеттіміз бе? Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, ауылда­ ғы отбасылардың 84,2 пайызы, ал қалалық жерлерде 83,7 па­ йызы қаржы тапшылығынан ішер асқа, 96,6 пайызы киер киімге жарымай отыр. Жер-жерде құжынап кеткен күлдіба­- дам әлгіндей университеттер, академиялар халықтың тір­нек­ теп жинаған бүкіл қормалын шаңсорғыштай сорып алып, шыр бітірер емес. Мемлекет ұлттың білім деңгейіне жауапкершілікті өз мойынына алмайынша, білімге стратегиялық ең жоғары мән бе­ рілмейінше, біз осы бір әлжуаз, аянышты қалпымыздан ажы­ рамасымыз анық. Қазақстанда Халықаралық бизнес ака­де­- мия­сын құрушы Асылбек Қожахметовтің айтуынша, біз­­ дің бірде-бір жоғары оқу орындарымыз бүгінгі таңда ха­ лық­аралық аренада не аттестациядан, не аккредитациядан өтуі мүмкін емес көрінеді. «Он жыл өткеннен кейін болмаса, тап қазір жоғары оқу орындарымыздың білім дәрежесі халықаралық деңгейде жауап бере алмайды», – дейді Асылбек Қожахметов. Әсілі, осы пікірде жан бар сияқты. Шынында да тәуелсіз­ дік алған 10 жылдың ішінде Үкімет те, Ғылым академиясы да, Білім, ғылым министрлігі де тиіп-қашып дүмбілез шаралар қабылдағаны болмаса, республикадағы бүкіл ғылыми потенциалды шашау шығармай шоқтай үйіріп, жанұшыра қимыл­ дап, білім саласына аямай күш салып, ғалымдарымызды әлем­дік өркениеттің көказу шыңдарына соңғы жылдары талпындыра алған жоқ. Осындай қараусыз, қамқорлықсыз қал­- ған қапас кеңістікте құнсыз білім мен өңезденген әлгіндей «дохторландырулар» өрістемегенде қайтеді? Жетпіс жыл бо­ йы қамалып, 91-жылы ғана ортағасырлық үңгірінен шығып, жан-жағына ашқарақтана қарай бастаған қалың бұқараға не сын бар? Жоғарғы аттестациялық комиссия төрағасы Аманкелді Құ­ сайынов мырзаның өзі («Жас Алаш», 8.05.2001 ж.) былай деп

таңқалады: «Саясаттану мамандығы бойынша (Д.14.21.03) кеңес екі шет ел азаматының орыс тілін білмесе де, орыс ті­ лінде диссертация қорғауы, қойылған сұрақтарға ізденуші емес, олардың тілмаштарының жауап қайтаруы кімді де болса таңырқатпай қоймайтындығын айтқымыз келеді». Әлемдік ғылыми практикада ғұмыры кездеспейтін мүндай келеңсіздіктер тек Қазақстанда ғана үйреншікті әдетке айналуда. Ана бір жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елге оқуға кеткен қыруар жастарымыздың қаншасы елге ор­ ал­ғаны туралы да толық мәлімет жоқ. Қаймана халықтың қал­ тасынан жиылған ақшаға ілім-білім жиып келіп, туған елінің көсегесін көгертеді деген солардың қай қиырда жүргені бел­ гісіз. Тіпті оны айтасыз, «Болашақ» бағдарламасымен шет елге оқуға жіберілгендердің бір тобы АҚШ-та өткен жылы Премьер-министр Қ.Тоқаевпен кездесіп: «Егер Қазақстанда қазақ тілі үстемдік алатын болса, біз Ресейден немесе басқа мемлекеттерден саяси баспана сұраймыз», – депті. Мәссаған безгелдек! Бізді көгертеді деп жүргендердің жат пиғылдары қалай-қалай ойқастайды! Осы бір желөкпе желікпелердің сөз ләмінен-ақ шет елге оқуға кімдердің балалары кеткендігін айтпай-ақ ұғуға болады. «Болашақ» бағдарламасымен әлгі шет елдерде оқып жат­ қан, ана тілін қорлағандарға Премьер Қ.Тоқаев былай деуі керек еді: «Егер сіздер өз тілдеріңізді қажетсінбесеңіздер, өз ұлтыңызды сыйламасаңыздар, онда Қазақстанда сендер­ ге орын жоқ және елдің қалтасын қақшып, бес жыл бо­йы сайрандаған қыруар қаржыны соқыр тиынына дейін қай­та­ расыңдар?! Бірақ, қисыны келіп тұрғанда да дипло­матты­ғын көрсетіп біздің Премьер-министр мұндай сөзді айтпады. Және осы бір туған тілін қорлаушылар қаншама дарынды қазақ жастарының тағдырын тұсап, бағын байлап, тірсегін қиғандарын ойланады дейсің бе? Таяу жылдарда енгізілген талапкерлердің білімін анықтау мақсатындағы – тестілеу әдісінде де солақайлықтар жетерлік. Білімге талпынушыларға бөлінетін грант, несиелерде де ала­ лаушылық кездеседі. Әсіресе, өнерге, медицинаға ақша­мен

түсу ақылға сия ма? Білімді мемлекеттік тұрғыдан стандарт­ тау және тестілеу ұлттық орталығының директоры Серік Ырсалиевтың айтуынша, 1999 жылы тестілеу барысында сұ­ рақтардың дұрыс құрылмауы, дұрыс жауаптардың кодтары ауысып кетуі сияқты қателіктер орын алған көрінеді. Тестілеу ұлттық орталығынан дайындалған емтихан сұ­ рақ­тары облыс орталықтарына, шалғайдағы оқу орындары­ на Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатаң кү­ зетімен жеткізілгенімен де, компьютерге елеусіз кірген вирустай оның да есебін тауып жатқандар баршылық. Көптеген білікті мамандардың пікіріне қүлақ түрсек, тест әдісімен талапкердің білімін терең тексеру мүмкін емес тәрізді. «Он жерден сауысқандай сақ болғаныңмен де талай сорақылықтар болып жатады» дейді олар. Биыл да республика мектептерін 200 мыңнан аса жас­өс­ пірімдер тәмамдап, олардың 160 мыңы жоғары оқу орындарына бағын сынады. Елімізде мемлекеттік жоғары оқу орындары, жоғарыда айтқанымыздай, саны бүгінде 48-ге жетті. Енді олардың 21-ін мемлекет қаржыландырады да, 18-іне ай­ мақтық оқу орны деген айрықша статус берілді. Бұл 48 жоғары оқу орнын Үкімет жыл сайын қаржы­лан­ дырып отыра алмайтындығы белгілі бола бастады. Және еліміздегі білім беру саласының шатқаяқтай бастағаны жо­ ғарғы жақты да бей-жай қалдырмаған сияқты. Үстіміздегі жылғы 5 шілдеде Елбасы «Жекелеген мем­ле­ кеттік жоғары оқу орындарына айрықша статус беру туралы» Жарлығына қол қойды. Бұлардың қатарына құрылғанына 70-80 жыл болған 8 жоғары оқу орны кірді. Олар: Әл-Фара­ би атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Л.Н.Гу­ милев атындағы Евразия ұлттық университеті, Қа­зақ­ ұлттық аграрлық университеті, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Ж.Асфендия­ров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қа­ зақ ұлттық консерваториясы және Қазақ ұлттық музыка ака­ демиясы. Айрықша статус алған осы оқу орындары еңді тек қана мемлекет тапсырыс берген мамандарды даярлап шы­ ғармақ. Бірнеше ондаған жылдық бай тәжірибесі, қор­да­ла­

нып қалған материалдық базасы бар мұндай іргелі мемле­ кет­тік жоғары оқу орындары­ның мәртебесін биіктетіп, еңсе­ сін көтеру құптарлық жағдай. Өйткені шегірткедей қаптаған 140 жеке оқу орындарына майдан беру үшін осылай ету керек болды. Бұл сөз жоқ, батыл шешім. Енді таяуда елімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында мамандар даярлау сапасын дамы­ ған елдердің деңгейіне көтеру қажеттілігіне байланысты мем­ лекеттік аккредитация туралы нормативтік құқықтық акт қа­ былданды. Қазақстанда мамандарды даярлау сапасын көте­ру мақсатында даярланған жоғары оқу орындарын аккредитациялау тәртібі ел Президенті, Парламент және Үкімет тарапынан қолдау тапты. Мемлекеттік аккредитация – жоғары оқу орындарының келбеті мен абыройын көтереді, әлемдік білім беру кеңістігіне батыл енуге мүмкіндік береді. Аккредитацияланған білім беру ұйымдарының бітіруші­ лері өздерінің орнын тек қана қазақстандық емес, халықара­ лық еңбек рыногынан табады, Қазақстан Республикасының аккредитацияланған білім беру ұйымдарының тізбесін Еуропа аймагында (Лиссабон, 1997 ж.) жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес мобилдік және академиялық тану мәселелері жөніндегі ұлт­ тық орталықтардың Еуропалық желісіне берілетін болады. «Әрбір қаулы-қарар, заң орталықта шығады да, шетке келе күшейе береді. Қиыр шет оны өзінше, көбіне бұрмалай ұғынып, кейде артын ылаңға айналдырады», – деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, енді осы дұрыс ниеттен туған жақсы бастаманы сүйретпеге салмай, білім саласының ажырамас бө­лігіндей күнделікті өмірімізге кіріктіре алсақ, жақсы болар еді-ау! Үстіміздегі жылдың 2 тамызында Астанада жоғары оқу орындарын аккредитациялау өтті. Оған барлығы 84 оқу орны қатысу керек еді, алайда, 58 оқу орны осы сыннан сүрінбей өтті де, 10 оқу орны «құлап» қалды. Ал, енді 11-і бұл сынаққа қатысудан бас тартты. Осы аттестациялау, аккредитациядан өтпеген оқу орында-

рының диплом беруге құқығы жоқ деп табылды. Бір қызығы, бұл пікірге қарсы шығушылар да табылды. Олар Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңның» 15 бабын алға тартады. Оңда: «Кез-келген лицензиясы бар оқу орны диплом беруге құқылы» деп жазылған екен. Қашан да ескі жаңаға өліспей орын берген бе! Енді әлгі өтпей қалған 10 оқу орны қойнықонышын толтырып, («Хабар» телеарнасы, 2.08.2001 ж.) қай­ та шабуылға шыққан тәрізді. «Мың сан қол өте алмаған қа­ малдан алтын артқан есек өтіптінің» кері келмесін деп осы көрініске көпшілік аңтарылып отыр. Қысқасы, аккредитациялаудың артын ылаңға айнал­дыр­ масақ болды-дағы... «Заң» газеті, 8.08.2001 ж. Өркениетті қоғамға өлім жазасы керек пе? Өлім жазасына моратоорий жариялау-өркениетті қоғам­ ның басты талабы. Бірақ, оның күнгейі мен көлеңкелі тұста­ ры жетіп артылады. Бір кезде Альберт Эйнштейн былай деген еді: «Адам дүниеге біреудің қорлығын, азабын көру үшін келген жоқ. Оның денесін паршалап, күл қылып жіберуге болар, бірақ жеңу мүмкін емес...» Шынында да адам баласы бұл дүние жарыққа біреудің қолжаулығы, құл-құтаны болу мақсатында немесе азап арқа­ лау үшін келген жоқ қой. Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді десек, қоғам алауыздығы керісінше, осы сәбиді қанды қол қарақшыға дейін құлды­ра­ татынын бүгінгі заман дәлелдеп отыр. Сонымен, өлім жазасы керек пе? Осы мәселеге келгенде әлем жұртшылығының ымырасыз екі пікірді ұстанып отыр­ ғандығы мәлім. Яғни, бірі “Өзгенің өміріне қастандық жаса­ ған адамның өзінің де өмір сүруге хақысы жоқ” десе, екін­ шісі “мейлі ол қанша жерден қылмыскер болса да, ең әуелі – адам. Ал, адамды ату, асу арқылы жазалау қазіргі қо­ғамға лайық нәрсе емес” дейді. Қай-қайсыныкі де көңілге қонады.

Дегенмен, бәрін қоя тұрып, ең әуелі, адамгершілік таразысына салып көрейікші! Өлім жазасы керек пе? Енді осы жазалаудың ең жоғарғы сатысы туралы аз мәлі­ мет бере кеткен жөн шығар. Біздегі бүкіл жазалау тәртіптікқұ­қықтық саласының күллі жүйесі кешегі кеңестік империя ықпа­лымен жасалғаны өтірік емес. Түп-тұқиянымен, тамы­ рымен қопарып тастауға болмайтын осы бірі тіні нәзік са­ ланың бір­шама тармағы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның құ­ қықтық жүйесінде әлі қолданылып келеді. Мысалы, КСРОда өлім жазасы 1917, 1920 және 1947 жылдары алынып тас­ талғаны белгілі. Өйткені, атақты қазан төңкерісінен кейін ке­зінде адам қаны судай шашылып, дүние екі дайға бөлініп, жазықсыз жандар миллиондап көз жұмды. Сонау ашаршылық жылдары мен Ұлы Отан соғысында да солай болды. Осыдан отыз жыл бұрын В.Я.Черкасов “Адам және заң” журналында мынадай пікір білдіріпті: Гюгоның “Өлім жазасына кесілгеннің соңғы күнінің” алғысөзін оқу адамға жаман әсер қалдырады. Бұдан жүз жыл бұрын өмір сүрген автор жаңағы күнәлі жанды Франциядан қуып, өркениетсіз бір жаққа жер аударуды ұсынады: Түркияға жіберуге болмайды. Онда өлім жазасы алынып тасталған, жабайыларға апарып тастаса да болмайды, Таити аралында бұл жаза қолда­­ нылмайды, қайда болмасын бір қиянға... мысалы Рос­сия­­ ға жіберу керек сияқты. Өз Отаның туралы осындай са­лыс­- ­тыруға ұяласың. Бірақ, Гюго қателеспепті, “Жүздеген жыл- ­дардан кейін Ресейде, көрегендікпен жазған француз клас­- ­сигінің болжамы айны-қатесіз келді. Бұл айуандық емес пе?”... Ия, В.Я.Черкасовтың осылай деп налуы отыз жыл өткен­нен кейін тәуелсіз Қазақстанның құқықтық-тәртіптік сала­сын­да да буырқана көтеріліп, ақыры өлім жазасына мораторий жа­риялауға тіреліп отырмыз. Бұл мәселенің төркіні қайдан шықты? Көпшіліктің қызу талқысы мен заңды және тосын пікірлерді тудырған жағдай Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өлім жазасына мораторий енгізу туралы пікірі болды. Шынында да, өлім жазасының өзектілігі сонда, ол тек осы саладағы мамандардың ғана емес, барша бұқараны селт

еткізер аса ауыр, әрі күрделі мәселе. Бұл кезек күттірмей, ше­ шімін табатын жағдай төңірегінде бүкіл әлем халқы алаң­ даушылық тудырып отырғаны тегін емес. Ендеше, өлім жазасына байланысты бірқатар халықара­ лық құжаттарға тоқталып кетейік. 2001 жылы Страсбургта өткізілген өлім жазасына қарсы Бірінші бүкіл әлемдік кон­ грестің қорытынды декларациясында “Өлім жазасы адам­ ның маңызды құқықтарының, ең алдымен өмір сүру құ­қы­ ғын, әділеттікті таптап, кектің салтанат құруын күшей­теді. Сол сияқты, өлім жазасы ешқашан қылмысқа ескерту құ­ ра­лы болған емес. Оның негізінде шектен шыққан зұлым­ дық, қинау, адам абыройына нүқсан келтіру, ізгілікке қарсы әрекет деген ұғым бар” делінген. Бүгінгі таңда Еуропадағы қауіпсіздік және өзара ықпалдастық жөніндегі ұйымға мүше 55 мемлекеттің 10-ында өлім жазасын қолдану жалғасып келеді. Ал, осы адамгершілікке жат жазаны 1999-2000 жыл­ дары орындаған елдердің ішінде АҚШ, Беларуссия, Өзбек­ станмен қатар Қазақстанның болуы өлім жазасын біздің елімізде тоқтататын кезеңнің келгенін айғақтай түседі. Бұған қосымша Қазақстан Республикасы Конституция­ сының 15-бабында “әрбір адам өмір сүруге хақылы” деп жа­ зылған. Ал, Қылмыстық кодекстің 17-бабында Ата Заңы­ мыз­да бадырайтып тұрып жазылған әлгі ғибратты жолдарды жоққа шығарып, өлім жазасы қарастырылған. Осындай кереғарлықтар біздің жазалау-тәртіптік жүйемізде көп кез­де­ сетіні өкінішті. Алайда, адами тұрғыдан талқыға салар болсақ, өлім жазасын қолдану қоғамдағы зұлымдық пен қатігездікке жол ашып бергенмен тең. Сондықтан, адам абыройын сыйлағандықтан, адамның ең басты құндылығы – өмірін баянды ету жолында өлім жазасынан бас тарту сауап іс болмақ. Қалай дегенмен де, өз азаматтарын (қылмыскерлерді) өлтіретін мемлекет елдегі моральдық ахуалды жақсарта алмайды. Адам өмірін ажалға байлаудың кез-келген түрі қоғамдық құндылықтарды жойып, зұлымдыққа қарсы күресті әлсіретеді. Бұл өркениет көшіне ілескен құқықтық мемлекет алып машина – қасап рөлін атқара алмайды деген сөз. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқық­

тық статистика және ақпарат орталығының мәліметтеріне қарап отырсаңыз, төбе шашыңыз тік тұрады. Осы көз жүгіртудің өзінде ауыр деректер былайша сөй­ лейді: 1997-2001 жылдар аралығында орта есеппен жыл сайын 53 адам, жалпы саны 266 адам өлім жазасына кесілген. Солардан 150 өлім жазасы жүзеге асқан. Яғни, Қазақстанда жыл сайын 40-тан аса адам мемлекет қолынан өмірімен қош айтысады деген сөз. Жоғарыда айтылған 266 адамның 150-і жарық дүниемен қош айтысты десек, 27 адам рақымшылдық алған. Мойындарына ажал қамытын киген 89 адамның тағдыры не болды деген сауал өздігінен туындары сөзсіз. Егер ашығын айтсақ, бүл 89 жан әзірейіл ажалын торыға күтіп, оның психологиялық салмағын көтере алмай өзінеөзі қол салып, жазалау орнында шейіт болғандар екен. Бір өкініштісі, өлім жазасы тағайындалғандардың барлығы кі­ сі өлтіргендер. Егер адами тұрғыдан бағамдасақ, өлім жазасы өзін-өзі ақтамайтыны ақиқат. Өйткені, өлім жазасына кесілгендердің санасында жасаған қылмысына өкінуден гөрі өлім сағатын күту басым болады. Бұл жерде қылмыскердің өз кінәсін мойындауы мен өкінуі үшін өмір бойы бас бос­ тандығынан айыру жазасын тағайындау орынды екенін тә­жі­ рибе көрсетіп отыр. Бір қарағанда, өзгенің өміріне қол сұққан қылмыскердің жазасын жеңілдету, яғни өмірін сақтау ақылға да, адамгерші­ лікке де сыймайтын нәрсе. Адамға өмірді құдіреті күшті Алла берген. Ендеше, өз құрбандарының өлім мен өмір мәселесін шешуге қылмыскердің қандай хақысы бар? Алайда, өлім жазасын сақтағаннан қылмыс азая ма? Бұл жерде басты мәселе – жасаған қылмысы үшін кім-кім де жауапты турасында болуы тиіс. Бірақ, бәрібір бұл да қара жамылып қалған жандар қайғысының жанында түк емес... Міне, осылай өлім жазасы туралы көпшілік пікірі екі дайға бөлініп түр. Біреулер бұл шектен шыққандық десе, екінші біреулер ең жоғары жазаның күшінде қалдырылуын құптайды. – Өлім жазасы әр елде әрқалай орындалады. Мәселен, АҚШ-та өлім жазасына кесілген адамнан жазаның қай түрін қалайтынын сұрайды. Оларда өлім жазасын орындаудың екі

түрі бар. Біріншісі ату, екіншісі-электр орындыққа отырғызу. – Кеңес өкіметі кезінде өлім жазасына кесілген адамды бай­ қатпай ату тәсілі қолданылатын. Мұны сол кездегі билік “гуманизм” деп түсіндіргені де жасырын емес. Ал, мұсылман ел­ дерінде ежелден келе жатқан өлім жазасының түрі сақталып қалған. Жақында Иранның астанасы Тегеранда ауыр қылмыс жасаған, яғни әйел зорлап, қарақшылықпен айналысқан бес адам өлім жазасына кесілді. Жаза қалай орындалды дейсіз ғой? Тегерандағы Бостандық және Тәуелсіздік алаңдарына таң атпастан бес көтергіш кран көлігі жеткізілді. Содан ке­ йін, көптеп жиналған жұрттың, жәбірленушілердің туғантуыстарының көзінше, қылмыскерлер көтергіш крандарға асып өлтірілді. Кейбір елдерде өлім жазасы улы ине салу арқылы орындалады. Ал, бізде тек ату жазасы ғана бар. Қылмыскердің қалай атылғаны аз ғана адамның қатысуымен құпия түрде жүзеге асады. Яғни, оның қалай атылғаны бұ­ қараға жария етілмейді. Қылмыскер атылған соң, оның мүр­ десі арнайы белгіленген жұмбақ орынға көміледі. Ха­лық­ аралық ережеге сай марқұмның мүрдесі туған-туыстарына да берілмейді. Мәселен, 1997 жылы Пәкістанда елдің бұрынғы премьер-министрі Зульфикар Әли Бхутто өлім жазасына ке­ сілді. Басқа-басқа, тіпті, сол кездегі аты көпшілікке белгілі премьер-министрдің де мүрдесі туысқандарына табыс етіл­ ген жоқ. Сондай-ақ, көрші Ресейде де өлім жазасына ке­ сіл­ген қылмыскердің мүрдесі берілмейді. Тіпті, бір кездері осыған қатысты Ресейде “өлім жазасына кесілгендерді уран кеніштерінде жұмысқа салады екен”, “оларға әртүрлі хи­мия­ лық вакциналар мен дәрі-дәрмектер салып, тәжірибе жасайды екен” деген гу-гу әңгіме шыққан болатын. Біз бұл жерде мына бір көріністі қаперде ұстауымыз керек: қылмыскерді қаншама атып-асып жатсақ та, бәрібір елімізде ауыр жаза­ лардың қылмысқа тосқауыл бола алмағанын көреміз. Мұнан шығатын қорытынды мынау: еліміздегі және әлемдегі қыл­ мысқа қарсы күрестің ең пәрменді құралы, әрі сенімді жолы террорға террормен, жауыздыққа жауыздықпен жауап беру емес, керісінше сол жауыздық пен террорды туғызатын әлеуметтік дерттерді емдеп, адамзатты қылмыстан арашалау, айықтыру және имандылыққа бет бұрғызу болса керек.

Бір қуанарлығы, уақыт өткен сайын біздің жаңа қыл­мыс­ тық кодекстерімізге адам психикасына байланысты көпшілік көңілінен шығатын соны баптар енгізіліп отыр. Мысалы, со­ лардың бірі жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған қылмыстар жайлы. Мұндағы елеулі өзгеріс – табан астында пайда болған жан күйзелісі үстінде ашумен қылмыс жасау деген ұғымның “аффект” деген терминмен ауыстырылуы. Аффект жағдайында қылмыс жасау жәбірленушінің мо­ ральға жат, азғындық қылығы немесе заңға қайшы әрекеті – итермелеуші күш болып табылады. Яғни, жәбірленушінің мақсатынан тыс, ойламаған арнаға түсіп, ақыры кісі өліміне әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, жақында Маңғыстау облысы, Бейнеу кентінде тұратын Ж, деген азамат әйелімен өз үйінде шай ішіп отырады. Сол кезде үстеріне Ж-ның баласы мас күйінде ке­ ліп “менің жолдас балам “Волга” көлігін алды, ал сендер қайыршысыңдар” – деп балағаттап, ұрып-соғады. Онымен қоймай, аурушаң әкесін ішке тепкілейді. Мына сұмдықты көре тұрып, шыдай алмаған Ж. жан күйзелісі (аффект) жағ­ дайында ауыз үйде тұрған балтаны алып, баласының да, әйе­ лінің де бастарын шауып тастайды. Кейін сот мәжілісінде отбасы Ж. өзіне тағылған ауыр айыпты толығымен мойындайды. Және өз қылмысынан кейін көршілеріне айтып, полиция шақыртқан. Жалпы, Ж-ның туған-туыстары да, көршілері де бұл үйде бұрын-соңды ұрыс-керіс болмағанын айтады. Оның үстіне психологиялық аурудан ада отағасы Ж. жуас адам болған. Бәрібір болар іс болып тынды. Алайда, қылмыскер өзінің көптен ауырып, жұмыссыз қалғандығын, отбасының материалдық жағдайының әбден нашарлағанын, баласының араққа салына бастағанын, соның бәрі жүйкесін жұқартқа­нын, ал сол қаралы күні баласының әйелі екеуін балағаттағаны­мен қоймай, ұрып-соғуына шыдамай, қылмысқа барғанын күй­ зеле әңгімелейді. Тергеу кезінде өткізілген психиатриялық сараптама қорытындысы Ж.-ның ақыл-есінің дұрыс екендігін айта келіп, ол қылмыс жасаған кезде физиологиялық аффект жағдайында болған деп тұжырым жасайды. Маңғыстау облыстық соты бұл істі Қазақстан Республикасы Қылмыс­тық

кодексінің 98-бабының 2-бөлімімен саралап, қылмыс­керді 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Міне, қас пен көздің арасында талқаны шығып жатқан шаңырақтар, тағдырлар аз ба? Осындай алапат жан күйзелісі үстінде ауыр қылмыс жасап алған жандардың бәрін өлім жазасына кесе берсек не болмақ? Егер тереңірек бойлайтын болсақ, бұл жерде Маңғыстау сотының шешімін құптамасқа болмайды. Негізінен қоғамда­ ғы қылмыс атаулы белгілі бір тежегіштер арқылы реттеліп отыруы керек. Соның ішінде қылмыстық жазалау – мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының ең жоғарғы шегі. Яғни, жазалау жолымен субьектінің белгілі бір құқықтары шектеліп отырады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың бір мақсаты – қатал болу. Алайда, бұл қатігездік таныту деген сөз емес. Мысалы, көшпелі қазақтардың әйгілі ел билеу заңы “Жеті жарғыны” парақтап қарайық. Осы Жарғының басында былай делінген. “Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған (құныкерге) өлім жазасы кесіледі, бірақ жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады (ер адамға 1000 қой, әйелге 500). Міне, көрдіңіздер ме, бұрынғылар өз жамиғатын қыл­ мыскер болса да, өлімге қимай, қүн төлеттіру арқылы өмірін сақтап отырған. Себепсіз салдар болмайды. Ендеше, біз де осы көреген бабаларымыздың бай тәжірибесінен сабақ ала білсек, ұтарымыз көп болар еді. «Өмір» журналы, 2006 ж. Мәйітті мүшелеп саудалағандар «Әр заманның өз сұрқылтайы бар», – дегендей тірі жүрге­ сін жарғақ құлағың талай сұмдықты естіп, шыққыр көзің талай сорақылықты көреді екен-ау! Орыс – чешен соғысы кезінде құдайдан қорықпай, кейбір ақшаға құныққандар қа­ за болған әскерлердің денесін паршалап, ішкі ағзаларын сат­ қанын естіп, жағамызды ұстағанбыз. Соғыс болған жерде не­бір жексұрындық та қоса жүрмей ме деп, сол оқиғаны да

ұмыта бастағанбыз. Сөйтіп жүргенде осы Алматының өзінен өліктің мүшелерін саудалайтындар шығыпты деген жаманат хабар гу ете түсті. Оның рас екендігін Денсаулық сақтау ми­ нистрлігінің жанынан құрылған комиссия да анықтады. Сонымен мүрдені сойып, мүшелерін саудалаушылар кім­ дер екеніне келейік. Оның басшысы Алматы қалалық сот – медициналық сараптау орталығының бастығы Н.Нүсіпбаев болып шықты. Алматы мүрдеханасының Н.Нүсіпбаев бас­ та­ған қызметкерлері Германияның «Биодинамикс» фирмасымен үш жылдан аса байланыс жасап келген. Комиссия де­ ректеріне сүйенсек, ылғи бір адамның қасиетті мүшелеріне сұраныс түсіп отырған. Мысалы, бастың ми қабықшасы, жам­ бас сүйектерінің басы, бөксе сүйектері, тізенің иіндері, бұл­ шық еттердің нәзік қаптары, сіңірлер... тізе берсең таусылмайды. Немістер мүрдехана қызметкерлеріне ақыларын сол бойда төлеп отырған. Әуелі мүшені мүрдеден кесіп алады да жақсылап өңдеп, тазалайды, сосын арнаулы ерітіндіге салып, консервілейді. Көп бүлінбеген жас денеден 23 түрлі мүше алынып, олар толық жабдық ретінде 16 құтыға салынады. Осындай бip құты 8 неміс маркасына бағаланған. Біздің осы «адам сойғыш» мекеме жыл сайын әлемдік базарға адам ағзаларына ауыстырып салатын 10000 «запас бөлшектер» жі­ беріп тұрған, Ал, кедендік тексерулерден олар мата деп көр­ сетіліп, ТН, ВЭД, 300190100 деген кодпен аттандырылған. Мысалы, «Биодинамикс» фирмасына 1997 жылы 3360 түр­ лі мүшелер салынған құтылардан 24380 марка пайда тап­ қан. Есеп-қисап кітабына тіркелгеніндей, 1995 жылы бір мәр­те жіберілген 744 қүтыдан 25356 марка түскен. Осы бір адам қолы бармайтын арсыз істен түскен ақшаға Алматы қалалық сот-медициналық сараптау орталығының басты­ ғы Н.Нүсіпбаев Германиядан бір «Мерседесті» – 18000 мар­ каға, екіншісін – 22000 маркаға сатып алуын не деуге болады? Жазаңды құдай берсін десек, мұндайлар құдайды не қылсын? Адам терісі мен мүшелерін сатуға бүкіл дүние жү­ зінде тыйым салынған. Ұлы Жаратушының теңдессіз туындысы – ең кемел тіршілік иесі – Адам ағзасын паршаламауды Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да жыл сайын қатаң ескертіп жатады. Қазіргі таңда әлемде адам мүшесін

ауыстырып салу тек екі жерде – Лондонда және Тель-Авивте ғана бар. Жер бетіндегі діндердің барлығы да адам мүрдесін бүлдіруді, оның мүшелерін сатуды асқан айуандық санайды. Бүкіл мұсылман елдерінің ішінде – Қазақстанда ғана осындай жексұрын кәсіптің етек алуы бізге де абырой әпермесі анық. Көше толы қайыршылар мен жезөкшілер – анау, күтім көрмей ындыны кеуіп, қабарып бара жатқан қасиетті қара жер – мынау! Енді қалғаны өлікті сойып, мүшелеп сату еді! Бетімен кеткен мынау бейдауа әлемге Алла тағала кәрін төкпесе не қылсын?! «Жетісу», 16.04.1999 ж. «Жарылыстан көз ашпаған далам-ай!» «Адам баласы Жер планетасында туып-өскенімен, оның табиғи байлықтарын қорқаулықпен пайдалана отырып, осы асыл мекенді кез келген уақытта нейтрон бомбасынан бетер құртып жібере алады», – деп жазып еді бір дана. Әсілі, осы сөздер расқа айналатын тәрізді. Өйткені, жыл санап құлдырап бара жатқан әлемнің, әсіресе, Қазақстанның экологиялық ахуалы мұны айқын аңғартып отыр. Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан үкіметі «БН-350» атом реакторынан шыққан аса улы өнімдерді Маңғыстау мен Се­ мейдегі бұрынғы атом оқпандарына көмуге шешім шы­ғар­мақ болып, осы тажал қалдықтардан таяудағы он жыл көлемінде 30-40 миллиард доллар пайда табамыз деп өзеуреді. Біз тонналаған радиоактивтік қалдықты айтамыз-ау, 1934 жылы 3 шілде күні қайтыс болған Мария Складовская-Кю­ ридің жұмыс столындағы дәптерлердің парақтарының өзі 73 жыл өтсе де, әлі күнге дейін радий сәулесін шығарудан бір тынған емес. «Сынақ қуыршақтары» демекші, осы сөзді жазып отырып, бала күнгі оқиғалар санамда самсап тұра қалды. Сол кездегі Ленин атындағы совхоз малшыларының жаз жайлауы – құмдауыт Тайсойған полигоны болатын. Әсіресе, жаз айларында, кез келген уақытта әскерилер жетіп келіп, киіз

үйіміздің сықырлауығын шуда жіппен байлатып, бір-екі күн­- дік азығымызды алдырып, мал-жанды қауіпсіз жерге дүр­ кіретіп қуа жөнелетін. Жарылыс өткеннен кейін келсек, үй айналасы ойран-ботқа. Төңіректе шашылған ақ қаңылтырлар. Жарылыс толқынына төтеп бере алмаған күрке-жаппалар ай­ далаға ұшып кеткен. Екі-үш күннен кейін әлдебір дәрігерлер отбасымызды түгел тексеріп кететін. Осындай жағдай жаз бойы бірнеше рет қайталанатын. Әрине, кейбір малшылар реніш те білдіретін. Бірақ, мұздай қаруланған әскерилерге не шара?! Жә, бүл кешегі қызыл империяның күркірі ғой. Ал, тәу­ елсіздік алған шағымыздағы бүгінгі жарылыс бұл кандай за-уал? Үстіміздегі жылы 6-қыркүйектің түнінде ауырлығы 2000 өгіздің салмағына пара-пар ресейлік «Протон» зымыраны елдің ортасына ызғындай құлап, жұртшылықтың ашуызасын тудырды. Бұл апаттың қыруар алқапты бүлдіргені өз алдына, көпшіліктің қорыққаны аса улы гептил болды. Бұл пәлекет төгілген жеpгe 3000 жылға дейін шөп шықпай, ажал аранына айналатыңдығын әлем ғалымдары әлдеқашан дәлелдеген. Осы «Протон» атты тажал бір құласа ештеңе емес, 11 жыл ішінде ел аумағына 6 рет жарылып, зәремізді ұшыр­ ды. Ал, 1999 жылы бірі – 5 шілдеде, екіншісі – 27 қазанда, қатарынан екі рет құлады. Бірақ анау айтқандай шара қолдана алмадық. Мұндай сорлылықты, бейшаралықты кім көрген?! 1999 жылғы осы оқиғаға байланысты біраз ырғасқан сәт­ те Ресей жағы қанша бұра тартып, бұлталақтаса да қазақ­ тың қайсар қыраны Тоқтар Оңғарбайұлы «ұлы халық» бала­ ларының бет-ажарына қарамай қасқайып тұрып, қажырлы­ лық көрсетті. Егер Тоқтар болмағанда бұл апат та, жай бір батпырауық құлағандай баланың ойынына айналып, Ресей жағы соқыр тиын төлемей, ақыры ырың-жырыңмен бітер еді. Бір ғажабы, сол кезде осы кикілжіңнің басы-қасында жү­ріп, соңғы нүктесін қоятын адамның біреуі Республика Ғылым министрі Школьник мырза бұл іске араласпай, сыр­ ғақтап жоғалды. «Академиктерді Школьник басқарғасын не оңсын?!» – деп ақын Қадыр Мырза-Әлі дұрыс айтқан! Зығырданың қайтіп қайнамасын, бүгін тағы сол бір жауыр

сценарий қайта қайталануда. 219 тонна гептил айналаға залалын тигізбей, бейне бір сиқырлы жұпардай жоқ болып кеткен! Міне, ғажап! Бұл бізді корғайтын, Төтенше оқиғалар минис­ трі В.Храпуновтың мәлімдемесі! Жүрген жеріне қылтанақ шықпайтын Храпунов бұл апатқа жанын сала кіріседі дегенге кім сенеді? Осындай басшылардың күні бүгінге дейін билік биігінен түспей келе жатуы халықты әбден мезі етіп бітті. Осы апатқа байланысты, тағы бір қызық жайт – Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың ресей­ ліктердің жарылыс болған жерге тезірек келе қоймағанына қынжылуы дер едік. Апат орын алған бойда жетіп келетін ресейліктерді жын ұрып па? Әбден ауаға тарап, гептил то­ пыраққа сіңіп, үш тәулік өтсін! Ал, тауып көр құмалақшым, балгерім! Әлгі апаттың бел ортасында жүріп, ақырып теңдік сұ­ райтындардың бірі – Қоршаған ортаны корғау министрінің бірінші орынбасары Әлжан Бірәлиевтің жан-жағына бей­шаралықпен қарауы көпшілікті қаралай жерге тықты. Күні кеше ғана осы министрліктің екі білдей орынбасары сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқандығы дәлелденіп, қыз­ меттерінен қуылды. Енді мынаған назар салыңыз, «Роскосмостың» баспасөз хатшысы Александр Воробьев («МК в Казахстане», 12-15 қыркүйек, 2007 ж.) астамшылықпен былай дейді: «Кейбір ресейлік БАҚ-тар біздің мемлекет Қазақстанға өтемақы тө­ леуге дайын дегенді айтуда. Бұл жерде өтемақы туралы сөз болуы мүмкін емес. Апаттың неден болғаны анықталған жоқ, сарапшылардың қорытындысы шыққан жоқ, мұны айт­ пағанның өзінде, зымыран елсіз әрі жоспарланған ауданға құлаған жоқ па?...». Мына қорлықтан кейін сау адамның өзі дертке шалдыға­ тын шығар! Біздің биліктегілердің түбіне жететін жалғыз нәрсе – азу­ сыздық, қауқарсыздық қой! Мысалы, Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев: «Протон» әлі ұша береді. Себебі, үкіметаралық келісім солай. Оны бұза алмаймыз», – дейді.

Өті жарылып кетсе де, қаны сорғалаған ақиқатты айтпауға болмайды. Ендігі жерде Ресей әскери өнеркәсібі басшылары мен империялық пиғылдағы саясаткерлерінің шылауында құр далақтай беруді доғару керек. Қазір Ресейдің әскери және атом өнеркәсібі жанкештілікпен жұмыс істеуде, олар қазір біздің жерімізге АЭС салу, байырғы полигондарды жаңғырту, өз жерлерінде және басқа атомдық елдерде жинақталған жо­ ғары радиоактивті қалдықтарды өте құпия түрде қазақ жеріне көму мәселесін жүзеге асыру үшін жанталасуда. Міне, тәуелсіздік алдық деп күмпілдегенімізбен, шын тағ­ дырымыз әлі де қыл үстінде тұр! Осы орайда, жойқын экологиялық апаттарды айтпағанның өзінде, бір ғана жарты ғасырдан астам уақыт бойы шұрық тесік болған төбеміздегі Озон жыртығының өзі болашақта астрономиялық қаржы қажет етуі мүмкін. Түбінде діндарлар айтқан нағыз күнпаякүн осы болып жүрмесін?! Бұл – ақырзаманды Алла жібермейтіндігінің, оны өзіміз колдан жасайтындығымыздың айқын айғағы емес пе? Ендеше, «Бұқа – буға, тентек – дуға, қайғысыз семіреді қара су­ ға» дегендей, шіркін, ашқұрсақ болсаң да біреудің «сынақ қуыршағына» айналудан, көрдемше қорлығына тозудан аман болғанға не жетсін! «Қазақ әдебиеті», 28.09.2007 ж. Шетелдік алаяқтар енді аң-құсқа ауыз салды ма? «Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы шалымды болса ғана мал қайтпақшы», – деп ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, бүгінде ел байлығын жан-жаққа та­рақандай тасыған құлғаналарды құрықтайтын ең шалымды қуғыншы – кеден болып отыр. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Новосибирскіден қазақстандық екі ұры ұсталғанын, олар Үлбі металлургия комбинатынан жарты тонна цирконий металын қымқырғанын, Шымкент–Стамбул–Шымке­нт бағытындағы чартерлік рейстен ҰҚК-нің қызметкерлері ұш­

а­қ­тың дәретханасына тығып қойған бірнеше кило алтын тап­ қанын бұрынырақта жазғанбыз. Одан беріде елімізді тонау тоқталған жоқ. Алматы әуежайынан алыс шетелге кетіп бара жатқан 3,5 тонна қара уылдырық та тәркіленді. Өткен жылдың 21-ақпанында Қытайға қарай кетіп бара жатқан 12 вагон ағаш өнімдеріне тосқауыл қойылды. Ал, жа­қында Астрахань шекарашылары Атыраудан жарты тон­ на қызыл балықтың шабақтарын тірідей алып шыққан алаяқ­ тарды ұстады. Үстіміздегі жылғы наурыз айының аяғында Қы­тайға 90 тонна сиыр терілері еш кедергісіз өтіп кетті. “Қор­ғас” кеденінің бастығы Ерлан Тілеубаев: “Құжаттардың өте ұқыпты дайындалғандығы сонша, әуелде біз олардан кү­ діктенбей, шекарадан жібере салдық”, – дейді. Тіпті, енді қорқаулар Қазақстанның табиғи байлықтарын тонағаны еш­ теңе емес, жеріміздегі аң-құс, тасбақаға дейін ауыз сала бас­ тағаны таңдандырады. Жақында “Төле би” кеден бекетінде қорғансыз тасба­ қа­ларды тиеп алып бара жатқан көлік ұсталды. Сезікті ма­ шинаға кеденшілер жақындағанда-ақ осы тауарларды артқан екі өзбекстандық өз елінің шекарасына сіңіп кеткен. Сегіз қапқа тиелген тасбақалардың ұзын саны – 840. Оңай олжа тапқысы келгендер обал-сауапқа қарамайды. Өткен жылы да шетелдіктер 4500 тасбақаны елімізден ұрлап бара жат­қан жерінен қолға түскен болатын. Бұл контрабандалық тауарлардың маршруты Қазақстан-Ресей-Польша-Франция екені сезік тудырмай қоймайды. Ал, Францияда бір тас­ба­ қаның өзі 60 долларға бағаланып, одан жасалған тағам аса қымбат көрінеді. Кезінде ақбөкеннің мүйізі пұл болып, шетел асқанын талай рет тілге тиек еткенбіз. Соның салдарынан текесінен ай- ­рылған ақбөкен азып-тозып, азайды. Ал, өткен жылдары Мойынқұмда өсетін “Сұңғыла” атты шөптің тамыры да Жоң- ­ғар Алатауынан асып жатты. Бұған да таң қалып қана қой­ ғанбыз. Ауыл адамдары қолдарына тиген азын-аулақ қаржыға қуанып қала берген. Тұрар Рысқұлов ауданының маңынан қытайлықтар сәл қызғылт түсті жыландарды жинай бастапты. Осындай жыланды ұстап берген жергілікті адамдарға әлгілер бір жарым мың теңге беретін көрінеді. Және жыланды

тірідей алады екен. Біреулер, қытайлықтар жинаған жыланды “американ кобрасы” десе, екіншісі “Қазақстан кобрасы” деп аталатын жыланның аса сирек түрі дейді. Ал, осы тауарларды елімізден қытай әкетеді, оны ешкім ашып айта алмайды. Себебі, қытайлықтардың арып-ашып, бұл жыланды не үшін жинап жүргендерін де ешкім білмейді. Аңымыздың мүйізін, шөбіміздің тамырын алғандар енді тау-тасымызға өрмелеп, жылан, тасбақамыздың түгін қоймауға айналғаны қалай? Әуе­жай, теміржол кеден бекеттеріндегі қызметкерлердің ай­- туынша, елімізден тасып әкетіліп жатқандардың есе­біне жету қиын көрінеді. Бағалы, сирек кітаптар, құнды қолөнер бұйымдары... бәрі бар секілді. Тіпті жақында бір шет­елдік­ тен аса “ғажап” тауар тәркіленіпті. Ол 50 шақты қан­шық қасқырдың сарпайын (жыныстық мүшесін) алып өтпек бол­ ған. Бұл неге қажет болғанын білгенде кеденшілер таңыр­қа­ ғандарынан бастарын шайқапты. Әлгіні қылмыстық тауар­ дың екі бетіне жапсыра салса, небір иісшіл иттердің өзі түк сезбейтін көрінеді. Қаншық қасқырдың жыныстық мү­ше­сі шетелдерде бірнеше жүз долларға багаланатыны анық­тал­ды. Мұны әсіресе, героин тасушылар сәтті пайдаланатын сияқ­ты. Иә, Қазақстаннан не ұрланбай жатыр дейсің? Жақында (АиФ Қазақстан №22, 2003) биология ғылы­мы­- ның докторы, лаборатория меңгерушісі Фируза Тілеубердина Ұлттық Ғылым академиясы зоология инсти­тутынан мамонттың еті ұрланғанын ашына жазады. Міне, енді ұрлық мұ­ра­ жайларға ауыспасын деңіз. Қысқасы, құ­зырлы органдар ғана емес, қалың көпшіліктің өзі бас болып, қырағылықты арт­ тырмаса, қорқаулар елімізді үптеп кететін түрі бар. «Көзқарас», 16.07.2003 ж. Мұстафа-Бей Шоқайұлы, кеш бізді... Уақыт қудың желмаясы баяғы мігірсіз cap желісінен әлі танар емес. Соңында қалдырған белгісі мен бедерін бажайлап болғаныңша қыр асып жоғалады. Осы ала-топалаң, өмір атты топыр-тоғыттың ішінде бізден де талай қателік кетіпті-

ау! Әсіресе, елі үшін отқа түсіп, пәруана болған есіл ерлерді, жақсыларымызды жерге тыққанымыз қайбір жақсылық дей­ сің? Сонау алыста қалған сәби жылдарда бірге ойнайтын ауыл балалары бір бірімен ренжісіп немесе шатасып қалғанда: «Сен банды Мұстафа Шоқаевсың, сен шпион Ағаевсың», – деп, керілдесіп жатушы еді. Сонда бірде-бір бас көтерген үл­ кендеріміз: «Әй, шырақтарым, олай демеңдер, ол – бәрі­міздің әкеміз, қасиетті адамға тіл тигізбеңдер», – деп ес­керт­педі-ау! Әлде қорықты ма екен? Сол кездерді еске алсам болды, ұлы адамның аруағынан ұялып, қара терге түсем. Кеш болса да: «Біздей көзсіз көбе­ лектерді кінәлай көрме алдиярым, өз отымызға өзіміз күй­ геніміз де жетер, ғафу етіңіз», – деп іштей кешу сұраймын. Бірақ, пәруардігер шындық шіркін өлген бе, ол да бала болғаң жұмыртқадай су бетіне ақыры бір күн қалқып шығады екен-ау! Кешегі түтеп тұрған Кеңес идеологиясы түгіл, Мұстафа баһадүрдің тотияйындай өткір пікірлерінен кейбіреулер қа­ зір­дің өзінде зәресі ұшады. «Кремльдің түн ұйқысын төрт бөл­ген» ұлы тұлғаның бейнесін көлегейлеуге кезінде жарық көрген С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты тапсырыспен жазылған солақай шығармасы да барынша әсер етті. «Өзіңе қарсы бағытталған төрт газет төрт мың мыл­ тықтан қауіпті», – деп Наполеон тегіннен-тегін айтты дейсің бе? Әсіресе, жалған үгіт, теріс ғибрат, екі ұшты пікір, қаңқу сөз дегендеріңіз иттің терісіне бір ұяласа, өмірі шықпайтын бүрге сияқты, адам жүрегінен де оңайлықпен сыпырылып тү­ се қалмайды. Қарындас халқы былай тұрсын әкесін баласына, баласын әкесіне қырық пышақ дұшпан қылған кешегі жауыз идеологиядан біз әлі түбегейлі арылып болған жоқпыз. Сауырына тапанша ілінгеніне мәз болған микеще, нәргү­ мән, мелиса Құран сөзін айтқан өзінің туған әкесін аттың алдына салып, түрмеге жаяу айдағаны кеше ғана емес пе еді? Әкесі жол үстінде көз жасы сақалына сорғалап келе жатып: «Балам-ау, сені тырналап жүріп ел қатарына қосқанда, маған көрсеткен рахатың осы ма?», – дегенде жендет баласы: «Тәйт,

контр, сенімен сөйлесуге маған рұхсат жоқ», – деп ақыруын немен түсіндіруге болады? Іште қатып қалған тоңғақтай осы бір жаныашымастық, ішмерездік, қатыгездік бізді әлі талай сорлататыны ақиқат. Осындай оспадар әрі қауіпті құлықтар сиқырлы бас­қыш­ тармен салуалы лауазымдарға сақ ете қалған бүгінгі жас ре­ форматорлардың бойларынан көрініс беруі өкінішті-ақ. Егер жандары ашыса, Атырау мен Маңғыстауда қысы-жазы қо­ йын-қонышына шикі мұнай құйылып, шылқылдап жүрген немесе базар мен әуежайларда біреудің жүгін көтеріп жермешел тартқан қандастарын құмырсқа бейнеттен, көразаптан құтқармас па еді?! «Ел басқаруға ең құрметті ақсақал, ғаділ, жұртқамшыл, сатылмайтын, жөн білетін жақсыны сайлау керек. Бұ күнгі болыс, би, ауылнай һәм елубасы ескі тондағы бит қой, шаруа қылсаң жаз шығады: халық пайдасын қуған аға-іні болсаң, ескі тонды сілкіп-сілкіп суға сал! Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» – дейтін Бөкейхан ұлы Әлихандар қай­ да? «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деп әлде­ қашан айтып кеткен дала абыздары. Ойлап қарасақ, Сталиннің Шоқайұлына шүйлігуі тегін­ нен-тегін емес еді. Бүгін белгілі болғанындай, ол бірінші дә­ режелі, ғаламдық масштабтағы қайраткер болатын. Оған Мұс­тафаның досы, Украинаның бұрынғы сыртқы істер министр, профессор А.Шульгиннің: «Мұстафа-бей мемлекет­ тік ірі қайраткер, аса көрнекті жазушы әрі журналист болды, бірақ ол бәрінен бұрын өте тартымды адам еді, өзіндігі мол тұлға еді. Мұстафа-бейді Түркістансыз көз алдыңа елестету мүмкін емес. Иә, ол өзінің жүрегімен де өз Отанын, оның өткендегісі мен қазіргі сүрең келбетін бір минут та ұмыта алмайтын. Әйтсе де өзінің дәстүрлеріне адал күйінде қала отырып, ол өз бойына мейлінше әр түрлі адамдарды және тіпті бір-бірлеріне түсініксіз дерлік халықтарды өзара байланыс­ тыра алатын әрі байланыстыруға тиісті аса бағалы, адамдық қасиеттердің бәрін дарыта білген еді», – деген сөзі толық дәлел. Шоқайұлының тағы бір досы, бұрынғы Мемлекеттік Думаның мүшесі және Грузия Сыртқы Істер министрі А.Чхен­кели былай дейді: «Біз құрған «Кавказ, Түркістан және

Украина халықтарының достығы» қоғамында ол, әри­не, елінің кеңдігіне қарай тиісті орын алды. Мұстафаның Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және Батыстың басқа да орталықтарындағы қайраткерлік қызметі сан түрлі әрі же­місті болғандығы соншалық, олардың бәрін санап шығу мүлде мүмкін емес. Ол менің күткенімнің бәрінен асып түс­ті, дала- ­лық азиаттан нағыз халықтың көсеміне айналды. Ол өте са­ бырлы әрі бірқалыпты еді, бірақ жүрегі ыстығырақ болатын, қашан да өзінің жеке басының қауіпсіздігін ойламай, жақындарына жәрдемдесуге құлшынып тұратын. Совет-Герман со- ­ғысы кезінде ол соғыс тұтқындарының бір лагерінде өзі­нің батылдығымен, немістер еврей деп есептеп, атуға кес­кен бір- ­неше ондаған грузин жастарын атудан аман құт­қа­рып қал­ ды. Ол өз өмірін қауіпке тіге отырып, кешірілмес қателікті түсіндіру арқылы үкімнің орындалуын тоқтата алды. Міне, біздің Мұстафа осындай тағылық уақытта өмір сү­ріп, күресе білді. Енді сен, жоқсың, қымбатты досым, бірақ біз де одан жақсы дәуірде өмір сүріп жатырмыз дей алмаймын. Ал сенің есімің мен идеяң қашанда біздің арамызда халықтарымыздың достығының символы болып қала береді»... Міне, Мұстафа-бей Шоқайұлының иман, парасат ұяла­ ған көлдария жүрегін, ұлы тұлғасын осы жолдардан-ақ терең сезінуге болады. «Ұлы төңкеріс заманы алыптар туғызады» деп еді ертеректе бір дана. Амал не, біздің титандар топыраштар торына тап болып, қырылып қалды. Қазір бізді осы ұлт көсемдерінің өлетіндерін біле тура, бой тасалап қашпағандығы таңқал­ды­ рады. Осындай ажал да бетін қайтара алмаған ұлы махаббат, халықты еріксіз үйытатын асқақ рух жоқ жерде қоғам қайдан оңсын?! Бүгін бізге Мұстафа – Бей Шоқайұлының және онымен пікірлес, халықтың бағына туған көксерек топтың тағдыр­ ларын ойлап опынғаннан пайда жоқ. Алтын құрсақты айна­ лайын халқымыз ара-кідік болса да алыптарды тумай тұ­ ра алмайды. Ендігі үміт соларда... Олар ат жалын тартып мініп, билік тегершігін қолына алып, бізді қыраңға шығарып самалдатқанша, бәрібір Мұстафа Шоқайұлын егіле еске алуды қоя алмайтынымыз және ақиқат. «Жас Алаш», 28.09.2000 ж.

Шешендік өнер қағазға ауысқан ба? «Батырды кез келген әйел туады, биді ілуде біреуі туады» деген сөз қалыпты бұрынғылардан. Ойлап қарасақ, атам қазақтың осы афоризмінде сынаптай салмақты мән жатқан сияқты. Өйткені тумысынан тура би таңдайынан жарылған шешен болатыны әлімсақтан белгілі. Соған қарағанда ше­ шендік өнер де қанмен даритын қасиет болуы керек. Біз «сөйлесе судай төгілген, тыңдаушы бордай егілген» дүлдүл шешендерді көрген жоқпыз. Көзін көргендер, сөзін тындағандар Мұхтар Әуезовті: «Әуелі қолтығы сөгіліп, құ­ лағының түбі терлемей бауырын жаза алмайтын тарланкөк сияқты мұрнын саумалап, кібіртіктеп, сәлден кейін әйгілі мұ­ хит ырғағына түсіп, біраз уақыт тынбай төкпектететін діл­мәр еді» дейді. Біздің соңғы толқынға бұл ғұламаны көруді тағдыр жазбады... Ал, Асқар Тоқпанов білімпазды көзіміз көрді. Өзінің ал­ дындағы өрен үздіктер мен сұңғыла шешендердің сар­қы­тын­ дай болған марқұм Асекең де қолына қағаз алмай, қара сөздің қаймағын жиып сөйлейтін хас шебер еді. Ойлап қарасақ, шешендік өнері – сиқыр әлемі. Мысалы, бір көрген адам қызыға қоймайтын Александр Пушкин Ре­ сей­дің сол кездегі маңдайына басқан сұлуы Натальяның мы­ сын құртып, қаптаған граф, князь, бай-бағыланнан тартып алуы – жойдасыз шешендігінен еді. Ендеше, шешендік өнер қазаққа да жат емес. Біз кешегі қарсыласын жарқын те­ңеу­ лермен матап, бір сөзбен сылқитып, өлтіре соққы беретін текті билердің ұрпағы емес пе едік?! Қазір шешендік былай тұрсын, өз ойын жүйелеп, қағазға қарамай айтып шығудың өзі мұң болып барады. Әсіресе, елдің «сорпа бетіне шығарлары», былайша айт­ қанда «билері» біреудің бадырайтып жазып бергенінің өзін оңашада бір оқып алмай, табан астында мінберге шығып, ша­тасып, қай жерге келгенін ыңырана тұрып іздеп, өзі емес, тыңдаушыларының бетін шиедей қылады. Бұл кешегі таяқ­ сыз алға баспайтын соқырдай, алдындағы қағаздан айрылса қараң қалатын, анда-санда тамағын жібітіп су ішіп қойып, ду

қол шапалақтаудың буымен мылжаңдай беретін қартаң бас хатшылар мен партия ардагерлерінен қалған жұқпалы індет еді. Дәл осы індетті кезінде тап басып көрсеткен Бауыржан Момышүлы болатын. Ол 1944 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Коми­ тетінің хатшысы Әбдіқалыковқа «Қазақ тілі туралы пікір» деген атпен хат жазып, осы бір мешелдікті былайша көрсетеді: «Қай заманда да ана тілімен таза сөйлеп, шешендік, ше­бер­ лікпен ойындағысын айта, ұғындыра білу, ел басқарған ха­лық азаматтарының салт-санасы, ақыл-мөлшері болып келген. Ол жағынан біздің халықтың тарихында да мысалдар көп-ақ. «Қисындыра қаласаң, отын жанар, қиыстыра сөйлесең, халық нанар» деп айтқандай, елге шешендікпен мысал-мұра болып, тарихта атын қалдырған қазақтың атаулы ұлдары да аз емес. «Тапқыштық, шешендіктен кім алса атақ, халық соны ке­ тіпті «би» деп атап» демеп пе еді ақын. Осы кезде үкімет қыз­ метіндегі азамaттapдың арасында ылғи орысша сөйлеп, жазып, баяндама жасау әдет болып, әуеске айналып кетуіне тыйым салынып, қазақша шешендік, сұлу, шебер сөйлеу салтсана, ердің сәні болуға айналса – жұртшылығымызға үлкен абырой болар еді»... Осы бір қайталанбас абыз қасиеттің жоқшысы болған Бау­ кеңнің өзі де туа бітті шешен еді. Және біздің бүгінгі ана тілін білмейтін «орыс тілді» сұңғылалардай емес, екі тілдің де су төгілмес жорғасы болатын. Оған 1944 жылы КСРО Жазушылар одағының үйінде Мәс­ кеу зиялыларының таңдайын қаққызып, 3 сағат бойы залды сілтідей тындырып, қағазсыз сөйлеген әйгілі шешендік өнері куә. Ұлы Баукең 1944 жылдың өзінде жоғалып бара жатқан, көпшілікті өзіне тәнті ететін ғажап өнер туралы қауіп айтқан болса, қазір бүл дәстүр тіпті адыра қалғанға ұқсайды. «Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда өңі қашады» деп Абай ағзам айтпақшы, сол көкіректегі көрікті ойдың көрігі әлдеқашан өшіп қалса, әлгі пенде несін айтпақ? Осыдан мың жыл бұрын жазылған әйгілі «Кабуснама» кітабында: «Кісі сөз өнерін білетін шешен болуға тиіс. Ей,

перзентім, сен де шешен бол, сөйлей білгін, бірақ жалған сөйлеме. Сөйлеген сөзіңнің мағынасына мән бере білмесең, мысалы, сен де бір құс сияқтысың. Мұндай құстың атын тоты дейді. Тоты құс та сөйлейді, бірақ ол сөздің мағынасын біл­ мейді. Шешен кісінің сөйлеген әрбір сөзі халыққа түсінік­ ті және оның өзі халықтың әрбір сөзін жете түсініп, жоғары дәрежеде меңгерген жағдайда ғана айтуға болады. Мұндай жандар ақылдылар тобына жатады. Уақытты ұтымды пайдаланып, сөзді көп тыңдап, сөйлеу өнеріне жаттыққан жан түбінде шешен болады» деп жазылған. Ендеше, шешендік өнер адамзаттың келбетін одан әрі әрлендіре түсетін абзал қасиет екенін басында саңлау, кө­ кірегінде көзі бар жан айтпай-ақ ұғатын болар. «Жас Алаш», 23.06.2001 ж Отқа да түсіп елі үшін, пәруана болған есіл ер... Жер асты қозғалыстарының әлдебір сиқыр құдіретімен ғайыптан пайда болып, кейін байтақ әлемнің төрінде мәңгібақи орнап қалатын ақар-шақар асқар шыңдар сияқты, адам­ зат алдындағы қадір-қасиеті тек бір ғана ғұмырдың ау­қы­ мымен өлшенбейтін елден ерек ересек тұлғалар пенделер арасында да арагідік ұшырасады. Туғанына 200 жыл толғалы отырған дауылпаз ақын, қазақ халқы үшін отқа да, суға да түскен есіл ер, даңқты батыр, көтеріліс сардары Махамбет сияқты ғажайып тұлғалар – біздің қалғып кеткен санамызды селт еткізетін, таптала бастаған рухымызды қайтадан алдаспандай қылпылдатып қоятын қасиетті бойтұмар сияқты екен-ау! Осынау ұланғайыр далаға иелік ету үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін осы бабалардың шалқар даналықтары мен асқан ерліктеріне дәл бүгін ерекше бір ділгірлік туындап отыр. Күні бүгінге дейін дала рухы өзгелерден гөрі қазақтарда тұтасырақ сақталғаны дәлелденуде. Наркескен – намыс, жал­

ған сөйлемеу, бауыр үшін жанқиярлық, тәуекел мен мәрттік, бәлкім, уақытша ғана бой тасалар, бірақ өзі өліп қалса да, күлден қайта жаралып, заңғар көкке қайта көтерілетін феникс – құс сияқты осы құндылықтар ерте ме, кеш пе қазаққа қайта оралады. Бәрібір діл жеңілмейді. Бірақ, қамсыз отырудың тағы жөні жоқ. Қазаққа тарихи сана қол ұшын беруге тиіс. Ол тек «аталарымыз мықты» деген дарақы мақтанға емес, сол аталардың не себепті қасірет шеккенін зерделегенде ғана қол ұшын бере алады. Табиғат бір Махамбеттің басына батырлықты да, ақын­ дықты да аямай бере салған. Есіл ер қасарысқан жауымен сарт та сұрт айқасып қалғанда, найзасымен іліп түскен, тіл­ мен тіліп түскен, семсерімен ойып жіберген, сөзімен сойып жіберген. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар осы қүдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да дана тұлға! Махамбеттің басқа ақындарда кез­ деспейтін, тек өз басына ғана тән ерекше бір қасиеті мынада: басқа ақындар хан-сұлтандарды мінегенде, халыққа істеген қиянатын айтқанда, бетіне тура келіп айта алмаған, көбі сырттай мінеп, сынаған. Махамбет хан-сұлтандарды өз сарайының, өз үйінің тө­ рінде көздерін бақырайтып қойып, қаймықпастан айтқан. «Хан емессің, қасқырсың Хас албасты басқырсың. Дұшпаның келіп табалап, Аямай сені басқа ұрсын. Хан емессің ылаңсың, Қара шұбар жылансың. Хан емессің аярсың, Айыр қүйрық шаянсың», – деп тура Жәңгірдің өз ордасында отырып, ханның бетіне қышқыл шашқандай қылып, уытты өлеңді төгіп тастайды. Ел билеушісінің қайсар жырмен өтін жара жаздаған арғы-бергіде Махамбеттен басқа кім бар? Тіпті «көмекей әулие» атанған атақты Бұқар жырау да Абылайға дәл бұлай деп айта алған жоқ.

Халық көтерілісінде жорық жолын жырлайтын ақындар болған, олар сарбаздарға дем беріп, жігерлендіріп, бұрынғы өткен батырларды дәріптеп, үлгі-өнеге етіп жырлай білген. Бірақ, Махамбет сияқты көтерілістің көсемі дәрежесіне жете алмаған. Ал, Махамбет халықтың Исатайдан кейінгі екін­ ші көсемі болған, сондықтан көтеріліс Исатай-Махамбет кө­ терілісі деп аталады. ...Қасарысқан жауына Қанды көбік жұтқызбай Ерлердің ісі бітер ме?! – деп Махамбет үйінде отырып, ошақ басында айтпаған, қан­ жығадан қан кешіп, қол бастап жүрін айтқан. Махамбет көтеріліс көсемі дәрежесіне қалай жетті? Міне, осы жерде Махамбеттің тағы бір қасиеті жарқ етіп шыға келеді. Исатай мен Махамбет киер киімнен, ішер тамақтан кенде болмаған, малы да, малының қонысы да жеткілікті, дәулетті, хан-сұлтандармен терезесі тең болған. Солай бола тұрса да, бұлар өз бастарын құрбандыққа шалып, зұлымдық торына қамалған қарындас халқының ортасынан табылды. Махамбетте екі арман кетті. Біріншісі – елдік, екіншісі – ер­- лік. Елдік арманы сол – тар қапасқа тап болған халқын ер­ кіндікке жеткізе алмады. Ерлік арманы сол – ата жауымен қан майданда айқасып, қаруын қапысыз сілтеп, қан кешіп жүріп мерт болмады, бұғып келген қарақшының қолынан қапыда кетті. Осы орайда дарынды ақын, марқұм Сағат Әбдуғалиевтің мына бір шумақтары есімізге оралады: Аяулы анаң – ақиқат та, атаң кек, Төрелердің тәтті қанын татам деп. Бөрілермен бөрілерше белдескен Сен менен де бақыттысың, Махамбет! Төс етіңді майыстырып тас тірлік, Қуаныш па? Көжектейін қашты ырғып. Садақада сапырылысқан жұртыңа, Жаугерлікте бұйырмады бас бірлік. Заман деген, заман емес – қари түн,

Бытырадай бөлініпті жан ұйқың. Басың кетті, мынау мылқау даланың, Адамдыққа жеткізем деп «әр итін»... О, Махамбет! Ақын бабасының көкейінде кеткен зар тілегін, өкінішін немересі тап басып айтудай-ақ айтқан емес пе? Жалпы, Иса­ тай-Махамбет көтерілісінің патша әскерінің араласуымен қан-жоса қылып басылуына, қазақтың хан-сұлтандарына ел­ дің әйгілі тұлғаларын қырық пышақ қылып айдап салуда Ресей империясының залым саясаты да қыруар рөл атқарды. Мысалы, «Айқап» журналының бетінде жарияланған «Ре­ сейдің Қазақстанды отарлау тарихы мен оның салдарына» ар­налған мақалалар арасында журналдың 1913 жылғы №20 және 1914 жылдың №1 сандарында жарияланған Шардай Қа­­ расарт баласы мен «қазақ емес» деген бүркеншік есіммен берілген белгісіз автордың «Қазаққа алалық қайдан келді?» деген бір тақырыппен басылған екі мақаланың маңызы ерекше деп айтар едік. Алғашқы мақалада Шардай Қарасарт баласы Петер­бург­ тағы императордың көпшілік кітапханасында сақтаулы тұр- ­ған Ресей заңдарының жинағында екінші Екатерина патша­ ның шығарған құпия бұйрығының барлығын, кейін ол бұй­ рық­тың Орынбор генерал-губернаторына арналған заң ре­ тінде қабылданғандығын және оны 1775-1780 жылдары шық­ қан заңдар арасынан еш қиындықсыз табуға болатындығын айта келе, мынадай үзінді келтірген: 1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын, екінші ру басшыларымен араз етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп бо­лы­ ңыз. 2. Сұлтандарын бір-бірімен араз қылып, бір-бірімен иттей тартыстырып, бірін-бірі қан-жоса қылатындай іс қылыңыз. 3. Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамдарымен өшіктіре түсіңіз. Арасына от түскен уақытта екі жақ та жанып кетердей асқынатын жымысқы әрекеттер даярлаңыз. Осылайша арасына от тұтатып, береке-бірлігін алсақ және өзара азып-тозып, қырық пышақ болып қырылысқан кез-

де жеңген жағын да, жеңілген жағын да қолдап отыру керек. Түрлі амалмен сұлтандарының күшін кетірсек, әбден сілік­ песі шыққан бұратана халық Россия патшалығынан ұзап еш­ қайда кете алмас, тілегенімізше қақпалап отыруымызға жақ­ сы... Міне, осы Ресей империясының залымдық отына жалғыз Исатай, Махамбет емес, кешегі Кенесары – Наурызбай, мың­ даған жалаңтөс ерлер аңдамай күйіп кетті. Әрегіректегі атқан оғын Еділден әрі бошалатқан қайран бабалар да осы бір аяр аранға топырлап түсіп, бармақтарын шайнап, ғайыпжалған сандығына өкініш-арманын қоса арқалап, біржола сіңіп жо­ ғалды... Антрополог ғалымдардың айтуынша, удан өлген адамның сүйегінде жүздеген жылдар бойы әлгі у сіңіп жата беретін көрінеді. Міне, сол сияқты залым патшалар ділімізге арман­- сыз сіңіріп кеткен алауыздық, екіжүзділік, көмпістік сияқ­ ты жаны сірі оңбаган қылықтар мен құлықтар біздің тұ­ла­ бойымыздан әлі арылып болған жоқ. Жоғарыда айтып өт­ ке­німіздей, осынау ұланғайыр далаға иелік ету үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін, қулығы мен сұмдығына құрық бойламайтын XXI ғасыр көшіне ілесу үшін әсіресе, дәл бүгінгі күні Махамбет рухына деген сұмдық ділгірлік туындап отыр. Ал, Махамбет болса: Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Түн қатып жүріп түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темірқазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?! – деп, өзі көз жұмғаннан бергі 150 жыл бойы әйгілі жырларымен ерлік қоңырауын қағумен келеді. «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел» дейді Абай. Ендеше, осы көп импрамның, ырғын шуылдақтың бойынан

қорқыныш пен үрейдің, бойкүйездіктің қанды іріңін мәж­бү­р­ леп отырып сығып алатын кімдер? Олар – елдің игі жақсылары, ұлт зиялылары! Ал, осылар­ дың бойынан ынсап, тәуекел, иілсе де сынбайтын алмас-қа­ жыр жойылар болса, онда ұлттың беті құбылаға қарады дей беріңіз. Дәл бүгін Махамбет тірі болса, әлімжеттік жасап отыр­ған­ дарға: «Күшті, күшті дегенге Көтере берме бұтыңды Кептіре берме ұртыңды. Күндердің күні болғанда Өзіңнен мықты жолықса Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді», – дейтініне күмән жоқ. Барлық заманда да айдың, күннің аманында халықтың жұтқа ұшырауы саясатшылардың, ұлттық зиялыларының маң­дайына қарғыс таңбасы болып басылып отырған. Кешегі Америкадағы мыңдаған бейбіт адамдардың қырылуын тер­ рор­шыларға жапқанымызбен, түп негізі осы елдің игі жақ­ сыларының, саясатшыларының айналасындағы елдерге жа­ саған әпербақандығынан туындап отырған жоқ па? Солтүстіктен қорғасын бұлттай төніп келе жатқан сұра­ пыл соғыстың сесінен шошынып, ауған халқы қу жанын шүберекке түйіп, күні кеше шартарапқа шашырап кетті. Осы лықсыған қалың босқынның ішінде қанша мың қазақ – қа­ рындастың тағдырын бір Аллаға тапсырып, айдалаға қаң­ ғырып жоғалғанын білеміз бе? Әркім әр түрлі дерек айтады; біреулер Ауғанстанда қазақтар 300 мың түтін, енді біреулер 100 мыңның шамасында дейді. Қалай болғанда да аз жан емес. Адам бойына Алла дарытқан қасиет бәрібір тіршілікте көрініс бермей тұра алмайды. Елдің бағына туған сонау Исатай мен Махамбет, кешегі 30-жылдардағы әлеумет десе жұлынын үзіп беретін көксерек топ бүгінде тірі болса, көрінгенге кірме боп, еңіреп жүрген панасыз жүртын әй-шайға қаратпай туған топырағына ертіп әкеліп, ерулік беріп, өгейлік көрсетпей бейбіт өмірге қайта қосар еді. Иә, олар сөйтер еді, оған екі дүниеде де шүбәңіз

болмасын... Ендігі жерде ұлттық рухты тірілтуге, Отанды сүюге, атамекенді жан сала қорғауға әуелі атқамінерлеріміз аттанбаса болмайды. Әйтпесе, серкелері ылғи бұғып қалып, опық жеген қалың ел арындай-арындай шаршады, жан аяр­ лыққа көшті, қорқақтыққа, босбелбеулікке бет алды... Тәңірден басқаға «тәйт» дегізбеген қайран Исатай, Махам­ беттердің қайсарлыққа суарылған шарболат рухы бізге дәл бүгін қажет болып отырғаны сондықтан. Жыл өткен сайын ғаламдастыру дейтін «ортақ көрпе» саясаты әлемді еңсеріп келеді. Осы саясаттың шылауына іліккен жастарымызға Отан, Туған Жер деген жәдігерліктердің құны көк тиын болып қалмас па екен? Оны айтасыз, Елбасымыздың алдында АНТ берген кейбір шенеуніктер үй айналмай жатып, осы қасиетті қағиданы аяқ асты етуін қалай түсіндіруге болады? Осындайда дауылпаз ақын, көзсіз батыр Махамбеттің қолаяғы кісендеулі тұрып, Орынбор генерал-губернаторы Пе­ровскийге айтқан мына сөзі есімізге түседі: «Генерал-губер­натор мырза, егер қолыма бостандық пен билік берсеңіз, жер­ суымды, байтағымды, атамекенімді келімсектерден тазартар едім...» Мұны естіген Перовский Махамбетке аң-таң қалады. «Басын кессе де тайынбайтын нағыз көкшуланның өзі екен, рухы неткен биік еді патшағардың, мұнымен тәжікелесіп абырой таппаспын, бүтін бір елді өзіме қарсы қойып алармын» деп, Махамбетті абақтыдан босатып жібереді. Жойдасыз ерлігіне, дауылпаз ақындығына орыс генерал­ дарының өзі еріксіз бас иіп, бостандықка жіберген қайран Махамбетті ақыры аты қазақ, заты хайуан өзіміздің жендеттер қапияда торға түсіріп, 1846 жылдың ескіше ақырап айында басын кесіп алды. Әзиз қан жібере ме, кейіннен жауыз Ықыластың өзі де жанымен арпалысып, қиналып өлді. Тайманұлы қаза болғаннан кейін ер Махамбет Исатайды жоқтап былай деп еді: ...Қызғыштай болған есіл ер, Қайран да жұрттан не көрді?.. Ал сол: «Еділдің бойы ен тоғай, Ел толтырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елгe, Мал толтырсам деп едім», – деп, егіле армандаған, ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген қай­ ран Махамбетке біз не көрсеттік?! Міне, туғанына 200 жыл толғалы отырған халық қамқоры, дауылпаз ақын, астана халқы үшін отқа да, суға да түскен есіл ер, даңқты батыр, көтеріліс сардары Махамбеттің ең болмаса елдік армандарын, өлмес рухын қайта жаңғыртып, алдағы ғасырларга алып өтсек арман не?! «Заң газеті», 26.01.2003 ж. Отандық өнертапқыштарды өгейсіте бермейік «Жер Ана – адамзат бесігі. Бесікте мәңгі ешкім қалмайды. Адам баласы жерден ұзап, өзге аспан денелеріне, жұлдыздарға да жетеді», – деп еді бір кезде К.Циолковский, оның осы арманын оның ізбасары С.Королев жүзеге асырды. Шынында да адам мүмкіншілігінде шек жоқ қой! Оның ішінде әсіресе, өнертапқыштардың жөні бөлек. «Аса бір қымбат адам миы бар: іс және өндіріс әлемінде ол миды 15 миллиард долларға бағалайды. Ол – Томас Альве Эдисонның миы», – деп жазды «Нью-Йорк таймс» газеті 1923 жылы. Міне, осы ұлы өнертапқыштың ойлап шығарған жаңа­лық­ тары кейін өз еліне жүз миллиардтаған доллар пайда әкелді. Осы орайда академик Ж.Алферовтың: «Россияны Березов­ скийлер мен Гусинскийлер көгертпес, мұнай мен кен бай­лық та ұзақ алданыш болмас, елдің бағын ашатын – біз, ғалым­ дармыз», – деуінде үлкен мән жатыр. Жалпы, білім-ғылым мәселесі қадым заманнан бері адам­ заттың басты мұқтажы екені белгілі. Демек, Мұхаммед (ғ.с.с.) пайғамбарымыздың: «Білімге бесігіңнен бастап, көріңе дейін талаптан», «Тіпті Қытайдан болса да білім алуға ұмтыл», «Бір сағат білім үйрену, бір түн жасаған ибадаттан артық, ал, бір күндік дәріс, бір ай ұстаған

оразадан абзал», – деген әйгілі хадистері өз үмбеттерін үнемі алға жетелеумен келеді. Ендігі жерде ғалымдары мен өнертапқыштарына сырт қа­ раған мемлекет өркениет көшіне ілесе алмасы анық. Соңғы он жыл ішіндегіні ғана саралағанның өзінде дүние жүзінде жасалған технология жетістіктері бас айналдырады. Компьютерлердің жаңа үлгісі жыл сайын жасалуда. Оның бә­ рі «Нона» технологиясы мен силикондық чипсыларды орын­ ды қолдана білудің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Қазіргі уақытта түрлі телеарналарда жарнамасы жүріп жатқан «Дижитал» технологиясы – теледидарды «сандық» жүйеге көшірудің алғашқы баспалдағы болып табылады. Тү­ сінікті тілмен айтқанда «Дижитал» жүйесі әлдеқашан сүйегі қурап қалған актерлер мен актрисаларды «қайта тірілтіп», кино өндірісінде зор төңкеріс жасап отыр... Әлемде жаңа өмір формалары ыждағаттықпен жасалып жатыр. Тіпті болашақтың босағасынан қазаққа орын тимей қалуы әбден мүмкін... Бұл өз-өзімізді кемсіту немесе төндіре суреттеу емес, күні ертең болатын айна-қатесіз шындық. Шынында да біз осы ғалымдарымыз бен өнертапқышта­ ры­мызға тиісті көлемде қамқорлық жасап отырмыз ба? Түрлі отандық бюрократия кедергілеріне ұшыраған осы саланың қызығын шетелдіктер көріп жатқаны өтірік емес. Мысалы, қазақ ғалымы жақында қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап шы- ­ғарды. Қарағанды фитохимия институтының кызметкері Сер- ­ғазы Әдекенов ұзақ жылдар бойғы ізденіс нәтижесінде, қатерлі ісікке қарсы қолданылатын арглабин аталатын дәрі жасап шығарған еді. Осыған орай, Кембридждегі халықара­ лық биографиялық орталықтың ғылыми-зерттеу кеңесі жуырда С.Әдекеновті «2001 жылдың халықаралық ғалымы» атағына лайық деп тауып, алтын медаль тапсырды. Демек, дүниежүзілік беделді ғылыми орта қазақ ғалымы ойлап тап­ қан дәрінің бағалылығын мойындағаны ғой. Осы дәріні өнді­ ріс­ке енгізіп, ертең олар пайданың астында қалады. Бүгінде елімізде не көп, ауру көп. Ал, дәріге жұмсалатын ақшаның бәрі керісінше шетелге кетіп жатыр. Қазақстанда дәрі-дәрмек саудасымен айналысатын концерн, фирмалар көп. Олар өз

тауарларын сатып, біздің нарықтан пайда табады. Шетелдік компаниялардың қазақстандық өндірісті дамытуға ешқандай көмегі тимейді. Ал, сол ақшалар Қазақстанда қалатын болса, дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салуға болар еді. Бағамдап қарасақ, Қазақстан нарығы шетел компанияларына инвестиция жасап жатқан боп шығады. Отандық фармацевтика өндірісін Үкімет уысынан шыға­ рып алғалы қашан! Ащы да болса шындық мынау: мысалы, Үндістан, Пәкістан халқының 40-60 пайызы сауатсыз болса да, біз солардың сапасы төмен дәрі-дәрмектерін пайдаланып жатырмыз. Бұл бейқамдықтың арты қайда апарып соғарын бір құдайдың өзі біледі. Көшелерімізде шетелдік көліктер қаптап жүргенімен, әлі отандық көлік жасалған жоқ. Кезінде «Тұлпар» атты автомобильдің бір-екі данасы жасалды да, арты аяқсыз қалды. Осыдан бір жыл бұрын тараз­ дық шебер Александр Локтев «ГАЗ-66» жүк көлігі мен «Волга» автомобилін «будандастыру» арқылы жол таңдамайтын джип жасап шығарған еді. Қазір ол да аяқсыз қалды. Ешқандай көмек болмағасын, тек өзінің қара күшіне сенген тараздық бейнетқор өнертап­ қыш жиһаз фабрикасының бірнеше бөлмесін жалға алып, таяу арада әлгіндей 20 джип көлігін жасап шығаруға бел бай­ лапты. Александр Локтевтің осы кішкене шеберханасы аз­да­ ған қамқорлық болса, конструкторлық бюроға, арнайы цехқа айналып кеткелі тұрған жоқ па? Бұл жерде бізге жетпейтіні намыс болып тұр ғой. Шетел­ дік көліктер жақсы-ау, бірақ өзіңдікіне не жетсін! Тағы бір қызық деректі айта кетейік. Өткен жылы Ақтөбе облыстық салық полициясы жедел тексеріс кезінде бір фир­ маның директорының атындағы, лицензиясыз жұмыс істеп тұрған мұнай өңдейтін мини-зауытты тапты. «Қолдан жа­салған» мини-зауыт Ақтөбе облысының Темір ауданында тір­ келген екен. Бұлар жасырын түрде шикі мұнайдан бензин, дизельді отын және мазут өндірумен айналысқан. Бір қызығы, мини-зауыт Темір ауданындағы Ақтас елді мекенінде ашық аспан аясында орналасыпты. Мини-зауыт­ тың құрал-жабдығы да қарапайым. Мұнай сақтайтын қойма,

мұнайды айдайтын жылан тәріздес құбыр, бу қазандығы, мұнайды жылытатын және суытатын қондырғы, сосын бензин, дизель отыны мен мазутты құйып алатын цистерналар. Мұнай өңдеу процесі оны жылыту және термокрекинг жүйесімен суыту арқылы алынған. Жұмысты күні-түні алты адам жүргізген. Тексеріс нәтижесінде мұнай өңдейтін минизауыттың технологиялық процесін басқарған білгір маман болғандығы анықталған. Егер ертеңін ойлаған ел болғанда мұндай «өлермен өнер­ тапқыштарды» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодек­ сінің 190-шы бабымен жазаламай, алақандарына салып аялар еді-ау! Қазақстандағы абажадай үш мұнай өңдеу зауыты үш мо­ нополистің қолына беріліп, олар еліміздің бүкіл саласын алқымнан алып, қылқындырып отырған жоқ па? Осы алпауыттарға тәуелді етпей, жер-жерде әлгіндей мұ­ най өңдейтін мини-зауыттарға лицензия беріп, өнім сапасын жолға қойса, еліміздің, әсіресе, ауыл шаруашылығы бір ты­ ныстап қалар еді-ау! Бірақ, Үкімет неге екенін қайдам, мұн­- дай өміршең бастамаларды қолдаудан зәресі ұшады. Бәрібір ерте ме, кеш пе жанар-жағар майдан тапшылық көрген ел кешегі 90-шы жылдардағы «самопал» арақ жасау әдісін өр­ кендеткені сияқты, мұны да жолға қоятыны акиқат. Тіпті, осындай өнертапқыштық дүниелер мұнай саласында да өмір­ ге келіп жатыр, бірақ оған назар аударып жатқан кім бар? Бүгінде Қазақстанда мұнай айдап тұрған штангілі ырғал­ ғыш качалкалар саны он бір мыңнан асты. Ал, мұндай ыр­ ғалғыш качалкаларды мұнайшылар өз жерінде зауыт бол­ мағандықтан Ресей Федерациясынан алдырып келді. Осындай таптаурын, ескіріп бара жатқан техниканы қайткенде жаңа заман талабына сай өзгертуге, жаңа технологиямен ал­ мастыруға болады деген ой осы мұнай саласында жүрген инженерлер мен ғылыми қызметкерлерін ойландырмай жүр­ ген жоқ. Өткен жылы 23 жыл мұнай өндірісінде қызмет іс­ теген инженер, Актау политехникалық колледжінің аға оқы­- тушысы Әбілқас Бесімбаев болашақ мұнай кадрларына мұ­­ най өндірудің техникасы мен технологиясы жөніңде са­бақ бере жүріп, өнімді қабаттан мұнай сорып тартатын ырғал­

ғыш качалканың жетілдірілген түрін өзі жұмыс істейтін кол­ ледждің шеберханасында жасап шығарды. Жаңа қондырғы ырғалғыш качалкаға қарағанда мұнайды екі есе көп өндіреді және қызмет мерзімі ұзақ, шығыны жоққа жақын жаңалық болды. Білікті мамандар әлгі қондырғының ұңғыл-шұңғылын зерттей келіп, бұл жаңа техника жуық арада әділ бағасын алып, зауыттарға шығаруға жолдама берілсе, мұнай өндірісінде техникалық революция болуы мүмкін деген пікірлер айтты. Осы «Нуба» деп аталатын мұнай өндіру қондырғысын өндіріске жаңалық ретінде енгізу кажеттігін дәлелдеген ұсыныстар өткен жыл аяғында Қазақстан Респуб­ ликасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жі­ берілген болатын. Содан елі күнге хабар жоқ. Құзырлы органдар өнертапқыштардың мысын осылай құртады. Жігерін жасытады, ақыры талабын өлтіріп тынады. Қазақстанда пайда болған небір озық технологиялар өзінің өміршеңдігін көрсеткенше талай «тар жол, тайғақ кешуден» өтеді, қаржы жоқ деген сылтау айтылады. Ақыры өз елінде тиянақ, колдау таба алмағасын, шетелдіктер кақшып кетеді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қазақстанның егістік ал­ қаптарына шегіртке жаудай тигені белгілі. Eгiс «тажалдарына» қарсы шараға Үкімет бірнеше миллиард теңге қаржы бөлді. Осындай қысылтаяң кезде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Завидное ауылының тұрғыны, техника ғылымының кандидаты Мұқан Ағзамов деген азамат шегірткені жаппай қыратын қондырғы ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалық туралы баспасөзде қанша жазылса да, құлақ түрген ешкім болмады. Кезінде Қазақстанда дүрілдеп дамыған саланың бірі – химия өндірісі де бүгінде тұралап қалды. Осы бір ғажаптың бағын байлау – кері кеткендіктің белгісі демеске амалымыз жоқ. Өйткені, химия өнімдерінсіз тіршілігіміз қараң қалмақ. Еліміздегі химия өндірісінің ауыр халі туралы химия ғы­ лымының докторы, Химия институтының аға ғылыми қыз­ меткері Сапарғали Қонысбаев қынжыла баяндай келе, былай дейді: «Мемлекетіміздің он жылдығында республикамызда химия өнеркәсібі жаңа табысқа жетті деп ауыз толтырып айту қиын. Павлодардағы ашылған кішкене каустик содасын шығаратын цехтан басқа жаңа мекеме ашылған жоқ.

Басқасын былай қойғанның өзінде, тұз өңдеудің өзін қолға алмай отырмыз. Қаратауда, Алматы облысының Кеген ауданында Тұзды­бұлақ деген жер бар. Сол жерлерде тұз жердің бетінде бекер жатыр. Одан соданың түр-түрін жасауға болар еді. Сода металлургияға да, әйнек жасауға да, мұнайды бұрғылау­ға, газды өңдеуге өте керек. Май, сүт өндірісі де содасыз жүр­мейді. Ал, қазір осы соданы Ресейден тасып отырмыз. Мұндай қарапайым мысалдар өте көп. Үкімет тарапынан химия өнеркәсібін дамытудың нақты бағдарламасы жоқ. Ауыл шаруашылығының қалдықтары да босқа жат­қан дүние. Мәселен, біз­де жұмыс істеп жатқан ғылыми топ жүннің шайырынан ланолин деген зат алуға болаты­нын дәлелдеді. Ол дегеніміз әйелдер қолданатын түрлі крем­дердің, медицинадағы дәрідәрмек жасаудың негізі. Біздің институттағы кейбір ғалымдар дәрі-дәрмек жасауға болатын өз жобаларын қазақстандық өндіріске енгізе алмай, Ресейге апарып өндіріп, сол жақта шы­ ғарып жатыр. Никотин қышқылын алуға болатын жоба Қы­ тайға, Италияға сатылып кетті. Мамандар даярлауды да грант пен кредитке байлап қойдық, сондықтан да аз дайында­лады. Бізге осындай үлкен территориядағы мол шикізатты игеру үшін бұдан он есе көп маман керек. Бірен-саран талантты мамандар шет ел асып кеткен. Олардың сол жақта қалып қоюы­ на шетелдіктер мүдделі. Шетелдіктер бізден шикізатты опырып алады, оның орнына радиоактивті қалдықтарын үйіп кете береді. Ертеңгі күні шикізатыңыз таусылғанда Қазақстанды ешкім де есіне алмайды»... Міне, елінің ертеңі үшін жаны ауырған шын ғалым осылайша күйзеледі. Шынында да талай озық өнертапқыштық жобалардың өз елімізде қолдау таба алмай, Ресейден шыға­ рылуы, әлемдік маңызы бар жаңа жобалардың Қытайға, Ита­ лияға сатылып кетуі сұмдық емес пе? Мұны бір жағынан, өндірісімізді жолға қоя алмаған Үкіметтің немқұрайлылығы десек те болатын шығар. Өндірісі қанаттанып кетсе 1000 па­ йызға дейін пайда беретін республикамыздағы химия саласын өрге бастырмай, қолдан тұралату кімдерге тиімді болды екен? Осы мысалдардан кейін еліміздегі өнертапқыштар өздері­ нің жарқын жобаларын қалай жүзеге асыра алады? Ендеше,

отандық өнертапқыштарды өгейсіте бергеннен абырой таппасымыз анық. Оны айтасыз, тіпті өзінің өміршең сызбаларын жоғары лауазымды шенеуліктерге ұқтыра алмай, ақыр соңында «бәдік», «жын соққан» атанған өнертапқыштар да бүгінде бізбен бірге тіршілік кешіп, есіл еңбегі еш болуда. Солардың бірі – еліміздің экономикасы, талан-таражға түс­кен қазба байлығы туралы жүзге тарта мақала жазып, жар­ғақ құлағы жастыққа тимей жүрген журналист, бірне­ше жаңалықтардың авторы, марқұм атақты өнертапқыш Се­йіл­- бек Қышқашұлы. Ол өзінің еңбегінің бағаланбағаны туралы күйіне отырып әңгімелейді. «Тәуелсіздік алғаннан ке­ йінгі жылдар өз басыма қандай жетістік әкелді дегенге келсек, мақтана алмаймын. Өйткені, халық игілігіне айналадыау деген талай өнертапқыштық дүниелерім «жындының шат­- ­пақтары» деп бағаланып, ешкім құлақ аспай, құрдымға кет­ ті. Сегіз жылдан бері жаңа тиімді комбайнның, ауылша­ру­ ашылық техникасының сапалы үлгілерін ойлап тапқан ең­ бек­терімді Үкімет айналасындағы қолдарында билігі бар бір­ де-бір шенеунікке ұқтыра алмай шаршадым» – деді С.Қыш­ қашұлы. Міне, кешегі Кеңес Одағы кезінде бірнеше жаңалықтар­ дың авторы ретінде белгілі болған өнертапқыш Сейілбек Қышқашұлы осылай мұңын шағады. «Заң газеті», 28.ХІ. 2001 ж. Адамжегіштерді ақтауға бола ма? Өмір жолдары да қарасора танабы сияқты-ау! Біреулер туғанынан өлгеніне дейін ардың ақзон көйлегіне кір шалдырмай кетеді. Енді біреулер тұлабойына удың неше атасын сіңіріп, аз уақытта нағыз құзғын, айуанға айналып жүре береді. «Ұзынағаштық адамжегіш» Н.Жұмағалиев туралы не ай­ туға болады? Әбден өлесі боп ашыққан арыстан торды бұзып шығып, адамды жеп қойса кешіруге болар, Ал, айналасында тіреліп тұрған құдайтағаланың талқаны мен нанын місе

тұтпай, біреудің қанын судай шашып, адам етін жегенді кім көрген? Осы қасап араға уақыт сала отырып, жеті әйелді бі­рінен соң бірін өлтіріп, олардың етін малша бөлшектеп, тұз­дап, жәшікке қақтап тастаған. Бөтелкелестеріне картоппен қо­ сып қуырып берген. Майларын шыжғырып алып, оған жеті шелпек пісіріп, білгенін істеген. Осындай жендет бүгінде бостандық сұрап отыр. Бұл Қазақстанда бұрын кездеспеген №1 дәрежелі қылмыс еді. Сонан да болар, заңгерлер мен психологтар әлі бір мәмлеге келетін түрі жоқ. Өйткені, мұндай жаналғыш, қандықолға өлім жазасы да түк емес. 1999 жылы «Хабар» телеарнасы Алматы облысы, Талғар ауданының Ақтас кентінде орналасқан арнайы ауруханадан Н.Жұмағалиевпен сұхбаттың бейне-көрінісін көрсетті. Қылмыскер аула ішінде тілшімен әңгімесінде өткеніне өр­ тене өкінетінін, көпшіліктен кешірім сұрайтынын мүләйім қабақпен бүгежектеп жеткізді. Осыған сенуге бола ма? Ертеректе ауылдас қарияның айтқан мына сөзі есімнен кетпейді: «Қойныңда жатқан сүйікті мысығың бойыңнан жан кеткенін білсе, сол бойда беттеріңді сыпырып жеп қояды. Өйткені оның туғаннан пиғылы харам...». Адамжегіш Н.Жұмағалиевтің отырысы, сөз ләмі маған ұнаған жоқ. Іші зәрлі жылан сияқты кеудесінде аярлық тұнып тұрғандай елестеді. Көпшілікке жалтақ, міскін көрінгенімен оңтайлы сәті туғанда иегіңнен ұстап тұрып, рахаттана бауыздайтын нағыз қаныпезердің өзі тәрізді. Сонысына қарамай Жұмағалиев: «Бостандыққа шығуды қатты аңсаймын, егер бо­сана қалсам, көрші республикалардың біріне кетем, Қа­ зақстанға мәңгіге жоламаймын», – деп ант-су ішеді. Халқы­ мыз мұндай адамдарды «қаны бұзылған, енді қайтіп қатарға қосылмайды» деп табан астында өлтіріп тастаған. Біз ақтап алуға келгенде де, қаралағанда да алдымызға жан салмаймыз. Бір жазушы ағамыздың шығармасынан: «Ертегідегі жалмауыз кемпірді де жалмауыз еткен қоғам, қу тірлік қой. Әйтпесе, ол да біреудің қызы, ана емес пe?», – деген жолдарды оқып едім. Ендеше, адамжегіш Жұмағалиевті да «туғанда періште еді, оны да айуан еткен ортасы, қатал тағдыр ғой» деп боса-

тып жібереміз бе? Біздің заңымыздың солқылдақтығынан, анғырттығымыздан қаншама күнәсіз жандар көз жұмып жа­ тыр. Жақсы, Жұмағалиев бостандыққа шықты дейік. Атыжөнін өзгертудің, жаңа төлқұжат алудың қазір түк қиын­ды­ ғы жоқ. Тіпті, бет-ауызына пластикалық оташылық жасатып, тағы бір жерде адам соятын қасапхана ашса не істей- ­міз? Адамжегіш Жұмағалиевті босатып жіберу – жаңа қылмыстарға жол ашу. Өйткені, қанына қарайған қылмыстық топтар Жұмағалиевтің босанғанын көріп, оның ісін жетілді­ руі мүм­кін. Айтса айтқандай-ақ, оның түрмеде отырмай, Тал­ ғар қаласындағы арнайы ауруханада жатқаны каннибалдарды есіртіп, адамжегіштердің жаңа тобын дүниеге әкелді. Өткен жылы Ақтөбе облысының шағын ғана қаласы Ал­ ғада екі қылмыскердің адамды өлтіріп, етін жегені туралы жан түршігерлік оқиға баспасөз бетінде аз-кем айтылды да, ешкімді аса қобалжытпай, тына қалды. Шамасы, елдің еті үй­ реніп болған-ау! Түсінесіз бе, адамдардың адамдарды жеуіне елдің құлағы үйрене бастапты! Ең қорқыныштысы – осы. Жұмағалиевтің кәсібін тамаша дамытқан, Алматы қаласының Сейфуллин кө­ шесінен он екі қызды пәтерлеріне алдап ертіп әкеліп, қор­лап өлтіріп, етін пісіріп, сорпасын ішкен Копай, Турочкин­дерді қайда қоямыз? Осыдан бір жарым ай бұрын осы қылмыстық топтың басшысы ату жазасына кесіліп, қалғандары ұзақ жылға сотталды. Жас қыздардың етіне дәніккен каннибалдар бұлармен де тоқталмайтыны белгілі. Негізінен каннибализм мен вампиризм бір ұғым тәріздес. Осы бір алапес кәсіп туралы ғылым не айтады екен, соған назар аударайық. Бүгінгі танда Еуропадағы вампирлер туралы аңыздарды аркау етіп, мыңдаған кинолар түсіріліпті. Шынында да, қан ішпесе өмір сүре алмайтын, күннің көзін жек көретін, адамға тән емес керемет күштің иелері – вампирлер туралы аңыздар рас па? Мұны Калифорния университетінін профессоры Уайн Тикканен растайды. Бірақ вампир аңызда айтылғандай, шай-

тан ұрығы емес, дейді ол. «Олар – порфино дертіне шал­ дыққандар, яғни, пигменттері бұзылғандар. Күннің ультра­ күлгін сәулесі науқасқа тік түскенде, оның гемоглобиндері құлдырап, вампир қоңыр түске енеді. Ағзасы кішірейе түсіп, егер күн астында көп тұрып қалса, вампирлер іштей жарылып кетуі де ықтимал. Аңыздардағы вампирлер өмірде шын мәнінде бар. Олар жүз мың адам арасында біреу болып кез­ деседі. Дегенмен, онда вампир керемет күштің иесі деп асыра айтылған. Ол тек өз қорегін табу жолында ештенеден тайынбайды», – дейді профессор. Күн сәулесі қанқұмарлардың азабын арттырғандықтан, олар адамдарға түнде де, күндіз де ашық шабуыл жасайды. Ал, күндіз молаларда ұйқтайды. Кейде мұндай адамдар таулы аймақта да кездеседі. Ол туыс адамдардың жыныстық қатынасқа баруынан деп түсіндіріледі . Вампиризмді емдеуге қазіргі медицинаның күші жетпейді. Олардың бар екенін мына оқиға тағы да растай түскендей. Чех археологтары қазба жұмыстары кезінде бір әйелдің моласын тапқан. Ол атақты вампир граф Дракуланың қарындасы деп топшылануда. Мұндай болжамға келуге себеп – дененің солтүстіктен оңтүстікке қаратылып, қолы мен аяғының байлаулы, төң­ керіліп жатқандығы. Өйткені, біздің дәуірімізге дейінгі ертерек кезде қанқұмар жандарды осылай жерлейді екен. Ал, біздің адамжегіштерді қапысыз тексерген дәрігерлер олардың денсаулығынан ешқандай ақау, ауытқу таппаған. Бұлар әуелі әуесқойлықпен бастап, ақырында адам етіне құ­ нығып алған қорқаулар демеске ылажымыз жоқ. Қазақ криминалистикасының тарихында «каннибализм» термині сирек кездеседі. Соған қарағанда осы сұмдық қыл­ мысқа қатысты арнайы бап та жоқ болуы мүмкін. Уақыт өте келе, шыққыр көзің небір сорақылықтарды көріп жатыр ғой. Ендігі жерде каннибализмге қатаң шара қолданбаса, бұл айуандық құбылыс ырық бермей кетуі мүмкін. Қысқасы, Қазақстанда және бүкіл жер бетінде адамжегіш­ терге орын жоқ. «Ана тілі», 9.05.2002 ж.

Құба даланың бұла перзенті Иманғали Тасмағамбетовтің қайраткерлік кескіндемесі Биыл тәуелсіздік алғаны­мызға он төрт жыл толады. Осы санаулы аз ғана жылда санап тауыса алмайтын қаншама ірі қадамдар жасалды. Мұны жоққа шығару көрер көзге әді­лет­ сіздік болар еді. Біз осы жылдарда өзіміздің намысы биік, қанағаты мол қазақ деген ұлт екеніміз­ді төрткүл дү­ниеге дәлелдедік. Сонымен қатар, жұрдай болып тонал­ған тарихи жәдігерліктерімізді, кім көрінген қымқы­рып кеткен асылдарымызды іздеумен айналыстық. Алайда, өзіміздің қара қобдиымызда қалған, теңдерімізде сақталған жақұттарымызды әлемдік жәрмеңкеге шығарға­ны­ мызда менмен Батыс ойлана қарап қалған жоқ па! Дегенмен де сан ғасырлар бойы тұтас құрлықтар мен сансыз елдердің жиған-тергенін зорлықпен үріп-ішіп, шайқап-төккен әккі, жы­рынды империямен иық түйістіру, Махамбетше айтқанда, «ақырып тұрып теңдік сұрау» мүмкін болмай қалды. Ұлтымыздың бір ардағы – Қошке Кемеңгерұлы өткен ға­ сырдың басында: «Осы күнде Күнбатысты тықсырып келе жатқан Күншығыс халықтарынан Қытай мен Жапония Күн­батыстан үлгі-өрнек көп алды. Бірақ Күнбатыстың рухани мәдениетін арам астай көріп, аузына алмайды», – деп шыншыл пікір айтты. Бұл елдер сол әдетінен әлі танған жоқ және соның арқасында ешкімге «тәйт» дегізбеген, мейманасы тасыған бірегей мемлекеттерге айналды. Саналы ұлттар мен ұлыстар ғаламдастыру атты «ортақ көрпеден» ат-тонын ала қашып, текеметтерін тұйықтап жат­ қанда, біз есік-тереземізді ашып тастап, осы тажалға бейім­ делгеніміз қалай? Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында мақтана алар несі бар? Рас, жерімізден бір емес, үш алтын адамды қа­ зып алдық. Хандар пантеоны – Сарайшық, Қожа Ахмет ке­ сенесі, т.б. жауһарларымыз жетерлік. Бірақ Батыстан ағыл­ған топан «жарқылдақтар» осының бәрін жапырып кетпей ме? Жұтылып кету дегеннен шығады, Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер мырза 1998 жылы өзі билікке келмей тұрып, ғаламдануды зерттеген әйгілі неміс ғалымы

Ж.Хабермас мырзамен өткізген сөз сайысында бүкіл Германия халқының алдында: «Ғаламдануға неміс халқы ешуа­қыт­ та да жұтылып кетпейді, өйткені неміс халқында қуатты тіл мен жұтылмайтын мәдениет бар», – деген болатын. Әрине, неміс халқы туралы сөз басқа, бұл жерде бар мәселе өз ұл­ тымыз туралы болып отыр ғой. Күні бұрын байбалам салуға да ерте шығар. 1994 жылы Рупитеге өзін іздеп барып, аты-жөнін, ұлтын, айналысатын ісін айтпаған бір қазақ кәсіпкеріне көріпкел Ванганың айтқан жорамалы мынадай: «Құлағыма мың сан жүйріктің дүбірі келеді, тарихы тереңде, бірақ, шындығы енді шыға бастаған қазақ дейтін ел бар. Тағы дыбыс жер астының гүрілі, мол байлықтың үстінде отырсыңдар-ау шамасы. Бірақ осы халықтың ен байлықтан қағажу қалғаны түбі жақсылыққа апармайды. Сонау бір ғасырдағыдай үшінші мыңжылдықта Еуропа сендермен қайта санасатын болады. Тау жағына сақ болыңдар, өздеріңмен түбі бір елмен тәуір болсаңдар ұта­ сыңдар...» Әрине, ұлы көріпкелдің бұл айтқандарында жөн бар шы­ ғар, дегенмен жайбарақат отыруға және болмас. Иә, қаншама суыртпақтап айтқанымызбен де, төс айылды бостау, шап айылды аямай тартатын, құс ұйқылы болуды талап ететін, санаға салмақ түсіретін зымиян кезең іргемізге тақап келді. «Өсіп-өнген ел едік, өзімізге-өзіміз хан едік» деген заман келмеске кетті. Бірақ пәнидегі қу тірліктің қуса жеткізбейтін қызыл түлкісін тазы боп шаламыз деп жүрген, бар ниеті соған ауып кеткен, ел сенген біраз оғландардың мүны ойлайтын түрлері көрінбейді. Иә, осы бір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан кім бар өзі?! Кеңестік жылымықта бой көтерген аға буынды айтпайақ қояйық, ұлт қызметіне еңсере еңбек етіп жүрген қазіргі биліктегі жас баһадүрлердің ішінен кімдерді бөле-жара атауға болады? Аттары санада самсап тұрғанымен, қапелімде ұлты үшін еткен аяулы бір ісі есіңе түспей қиналасың. Олардың көпшілігі өз мамандығының шебері немесе саясатқа келген­ де аққаптал болғанымен, ұлт мәселесі дегенде бірі – азусыз, жалтақ, бірі – ана тілін шала білетін, туған тарихынан бейхабар дүмбілез, бірі – өз шаруасы дегенде қара жерге ке-

ме жүргізген жұлымыр, былайғы жұртқа көлеңкеде қалған қардай салқындау, бірі – бұқарамен тігісін жатқызып тілде­ суде көптің мұңына мұңайып, қуанышына ортақ болуда ақсап жатады. Сонда халықтың көңілінен шыққан көптің мейірін қандыра білетін кім бар? Осындай сауалға жауап іздесек – Иманғали Тасмағамбетов еске түседі. Қаншама бас айналдырар мансаптың ұшар басында жүрсе де оның туған халқының мәдениетіне, тіліне, діліне, жоқ-жітігіне үнемі қарайласып, қолқабыс берумен дараланатыны күмәнсіз. Иә, тырнақ айналасын кеулеген күбірткідей, бір жағымыз­ дан қусырып ғаламдастыру дейтін тажал келе жатқан мез­ гілде, үміт пен күдік қатар жайлаған беймағлұм кезеңде ұлт қамқорлығына қайдан маза бола қойсын? Осы беймазалық­ ты алдын-ала сезіп, ел қауіпсіздігі мен болашағын ойлаған Иманғалидың сонау Италияда жатқан Олжас Сүлейменовпен хат арқылы пікірлесуі де тегін болмаса керек. Олжас Сүлейменов: «Көшпелілер Орхон-Енисей жазба­ ла­рынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де – әлемдік мәде­ ниетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қал­ дырған жоқ, олар оқ-дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесіне бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мә­ дениет элементтері деп кім айта алады? – деп талай биік мінберлерден әлем жұртшылығының құлағына сіңірумен ке­ леді. Алайда, бізде шашпалық та болмай қалған жоқ. Мысалы, Сағынайдың асына кеткен шығын атақты Тәж-Махал мавзолейіне жұмсалған қаржымен бірдей болған». Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты білу де – қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол – болмай қоймайтын жо­ ғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады. Осыны жіті байқаған И.Тасмағамбетов өзі тікелей араласып, талай ұрпақтың көз қуанышына айналатын ежелгі дү­ ниенің ғажап жәдігері – Күлтегін ескерткішін туған топы­ раққа алып келді. «Отырар кітапханасын» дүниеге әкеліп, 100 ақын-жазушының кітабын тегін шығарып берді. Көп жыл­дарға созылатын кешенді шара – «Мәдени мұра» бағ­

дар­ламасына басшылық етті. Қазақтың кәсіби суретшісі Әб­ іл­хан Қастеев туралы «Қазақ әдебиеті» газетіне төгілдіріп жаз­ған мақаласының да берері мол. Иманғалидың және бір ерекше қырын Ақселеу Сейдімбеков былайша әңгімелейді: «Біздің республикада коллекционер ретінде ресми түрде Әді­лет министрлігінен тіркеуден өткен бір-ақ адам бар. Ол – Иманғали Тасмағамбетов. Осыдан бірнеше жыл бұ­ рын ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майордың ша­ қыртуымен Францияға барып, өзі жеке жинаған құнды заттардан көрме үйымдастырды. Оның басым көпшілігі адай – түрікмендердің мүлкі. Менің қолымдағы Құнанбайдың шақшасын сол көрмеге қоюға сұратып алды да, кейіннен өзіме әкеліп берді...». Биылғы жылғы 19-тамызда XVII Мәскеу халықаралық кі­ тап көрме-жәрмеңкесі аясында болған «Кітап – өнер» атты екінші халықаралық конкурста Иманғали Тасмағамбетовтің «Ат жалындағы өркениет» деген кітабы бас жүлдеге лайық деп табылып, ең жоғары сыйлық Гран-приге ие болды. Бір жағынан тыным таптырмас мемлекеттік қызметте жүр­ ген адамға осының өзі де аз шаруа емес-ау! Атақты сәулетші Сайын Назарбекұлы да оның өрелі істе­ ріне тәнті болып былай дейді: «1999 жылы Атырау облысына әкім болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетов бірден халықтың рухани тірлігінің тамырларына нәр беру шаруасын қолға алды. Оған дәлел облыс әкімі болып тағайындалған алғашқы жеті күн ішінде өзіне оншалықты таныс та емес емханада жатқан атақты домбырашы Рысбай Ғабдиевтің кө­ ңілін сұрауға барыпты. Көп кешікпей Ақтаудағы мені ша­ қыртып алып, көптен бері көкейімде жүрген жобамды тал­ қыға салды. Ескерткіштің қазіргі Сарайшық мекеніне салынуын және оған кеткен халық қаражатының далаға емес, халықтың өзіне қызмет етуі қажет екеніне баса назар аударды. Сол кісінің ұсынысымен ескерткіш құрамына бір ме­ шіт, бір мұражай және мүрделері Сарайшыққа жерленген: Алтын Орда хандары – Мөңге Темір, Жәнібек, Ноғай Орда мырзалары – Әмір Оқас, Ших-Мамай, Жүсіп, қазақ ханы – Қасым хан бабаларымызға зираттық сәулет белгісі кіргізілді.

Тасмағамбетов мырза жобаны жасау кезінде де, құрылыс жұмыстары барысында да істің жақсы аяқталуына көптеген ықпалын тигізді. Біз осы жағдайларды ой елегінен өткізе отырып, «Хан ордалы Сарайшық» кесенесінің бас сәулетшісі Иманғали Тасмағамбетов деп танимыз...». Патшайым II Екатерина қиын кездерде Суворовты отқа да, суға да салған ғой. Сол сияқты Елбасы да Иманғалиды биліктің сансыз өткелектерінен өткізді. Республикалық Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік коми­ теттің төрағасы, Президент кеңесшісі, екі рет министр, Вицепремьер, Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы, облыс әкімі, Президент әкімшілігінің жетекшісі... Иә, ол қай қызметте болмасын өзінің алғыр да ақмылтық қайраткер екенін дә­ лелдеп шықты. Журналист Н.Жүнісбаевтың «Мұстафа Өзтүрік» кіта­бын­ да Мұстафаның аузымен айтылатын мынадай жолдар бар: «Еліме тұңғыш келе жатқан сапарым... Мәскеуге біраз аялдап қалдық. Қарсы алып, қошеметтеп жүрген – осы Иманғали, комсомолдың бірінші хатшысы Иманғали Тасмағамбетов. Кейде сағыныш толқыны соққанда оған жетіп барып, «Иман­ ғали, тез кетейікші, ағатай» деймін. Ол да тосылмайды: «Мұстафа, біз туған елінде, туған жерінде 35 жылдан бері болмаған адамды Алматыға бірден жеткізе алмаймыз. Осында бірер күн ұстап, қағып-сілкіп, жуып-шайып, жөнге келті­ ріп бір-ақ апарамыз. Елді шошытасың ғой. Не неміс емессің, не түрік емессің, не қазақ емессің... Еріңді түзеп, тулағыңды қағып дем ал, ертең жөнге келтіріп бір-ақ шығамыз жолға», – дейді. Жеңілмейді. Сөзбен жарыса алмайсың Иманғалимен. Ше­ шен ғой. Су төгілмейтін жүйрік. Ердің құнын даулауға жібе­ ретін жігіттер ғой олар...». Міне, бүкіл әлемді тәнті еткен таэквондо тарпаңы Мұс­- тафа Иманғали туралы осылай тебіренеді. Мұстафа оның та­ ғы бір сан алуан ісін былайша баяндайды: «Шетелде жүрген біздің де қолымыздан келмейтін нәрселер бар. Соның бірі киіз үй еді. Соны Иманғали ойлапты. Азамат жігіт екен. Иманғали жіберген сол киіз үй бүкіл Еуропада жалғыз ға­ на Стамбулдағы Қазақкентте тігулі тұр. Ол үйді тігуге Еуро­

падағы қазақпыз дегендер түгелдей келді. Мен сыр тартып білдім. Иманғали былай деп ойлапты: ертең Еуропадағы қа­ зақтар да бір нәрсеге ренжісіп қалуы мүмкін. Сонда олар­ дың бас қосар жері, татуласар үлкен шаңырағы осы киіз үй болуы тиіс деп. Не деген парасат? Не деген ақыл? Бүгінде Қазақкентте қазақ қоғамының мүлкі боп саналатын киіз үй – иісі қазақ туған жерін сағынса жиналып, мауқын басатын орда боп отыр. Бұл бізге Иманғали алтын сарай салып бергенмен пара-пар емес ne?..». Марқұм Мұстафаның Иманғали досы туралы бүл жүрек­ жарды ойлары кім-кімнің болса да көңілін тебірентпей қой­ майды. Міне, азаматқа абырой осылай мысқалдап жинала береді. Оған деген елдің сенімі орнығады. Шынында да үміт пен кү­ дік қатар жайлаған дүниеде осы сияқты ұлтжанды оғлан­ дардың жүргені әлеуметке үлкен демеу сияқты. Сөз жоқ, Иманғали аса қабілетті оқымысты, жыланның жу­сағанын сезетін сұңғыла саясаткер. Еліміздің және Ақ Са­ райдың ішкі, сыртқы ахуалын, қоғамымыздағы құбылыс­ тар­ды қапысыз білетін әмбебап қайраткер. Алайда, биліктің маңында қашан да даңғаза, алашабыр топ қоса жүреді. Бұлар «күн ашықта – мойныңда, күн жауында – қойныңда» бола­ тын әккі жырындылар. Көзің қиып лақтырып та тастай ал­- май­сың. Ал, егер алда-жалда қағажу көрсе, дүниені был­ ғайтын да осылар. Міне, осындай алары бар да, берері жоқ, өлермен тобырдан Иманғалидың аулақ жүретіні қуантады. Тасмағамбетов мырзаның қазақ зиялыларының ордасы – Алматы қаласы әкімі орынтағына жайғасқанына да көп бола қойған жоқ. Алматы Авгидің атқорасы секілді қоқсыққа батқаны туралы дабылдар құлақ жарған кезде оны тазалау кімнің қолынан келеді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың таң­ дауы Иманғалиға түскені бекер емес. Елбасы қателескен жоқ. Иманғалидың болашағынан үміт күтетінін де білдірді. Сөйтіп Иманғали бүл шаһардың бәленбай жыл қалғып қал­ ған шенеуніктерін қазанның салқын желіндей сергітті. Тыпырлап әрекет етуге көшті. Баяғы Атыраудағыдай тоннатонна қоқыс шығарылды. Біраз жарлы-жақыбай баспаналы

болып қалды. Шынында да қазыналы кентіміз азып кеткен екен-ау! Асанқайғы жарықтық сонау заманда Алматыны көр­ генде: «Үш Алматы деген жерге бардым. Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым», – депті. Бұл қалаға кезінде «Я не понимаю людей, которые из Алматы уезжают на курорты» деп Н.Хрущев те тамсанып кеткен. Енді бұл қаланы әлем тамсанатын шаһарға айналдыру міндет болды. Иә, ойымызды түйіндеп, шылбырымызды шумақтайтын сәт те келді-ау деймін. Біз бәрібір қанша сайрағанымызбен, ол өмір сүрген уақыттың ішінде жүргендіктен шын қайраткер, ұлт қамқорының нақты орнын анықтай алмаймыз. Енді бізге сонау өткен ғасыр басында қырылып қалған, ел бағына туған көксерек топтың тағдырларын ойлап опынғаннан пайда жоқ. Алтын құрсақты айналайын халқымыз ара-кідік болса да алыптарды тумай тұра алмайды! Ендігі үміт осыларда! «Қазақ әдебиеті», 23.12.2005 ж. Жезөкшелік жұлынқұрты жайлап барады «Ауру астан, дау қарындастан» демей ме атам қазақ. «Құ­ нажын көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын үзбейді». Сұңғыла бабаларымыз, салуалы аналарымыз елдің, халықтың, әулет­ тің ұятын ойлап, жалпы әйел баласын тыйып ұстаған. Ба­ли­- ғатқа толған қыздарын қанша үздігіп, іші уылжып жақсы көріп тұрса да орынсыз шолжаңдатпай, салиқалылыққа, та­ залыққа тәрбиелеген. Некесі қиылып, құтты орнына қон­ ғаннан кейін де, «ит пен қыздың жүрмейтін жері жоқ», кім біледі, қызымыздан «ши» шығып қала ма деп әке-шеше, ағажеңге байғұс, бүкіл ауыл аймақ істіктің үстінде отырғандай хал кешкен. Біздің де бойымызда тұқымын таза ұстайтын арда тұлпардың қасиетіндей бір тектілік жататын. Үйін тө­ ңіректеген сәуріктерден қыздарын қызғанбайтын, тіпті қо­ нағына өзінің ақ некелі әйелін беретін тексіз халықтар бар

екенін еститінбіз. Біздің халық мұндайды хас масқаралыққа жорып, маңына жуытпайтын. Осыдан аттай он жыл бұрын дүние жүзіне он миллион данамен тарап, әдеби ортада әр­ түрлі пікірлер тудырған Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» кітабындағы «Тынымсыз зіркілден ар­қасы қажала-қажала қанталап кеткен, күніне жетпіс еркек қабылдайтын» жап-жас мулат қызының әрекетін оқып жағамызды ұстағанбыз. Оны осындай азғындық жолға сүй­ реген адам бейнесіндегі айуан, залым кемпір болатын. Қар­ шадай қыздың тағдырын талқандап, содан нәпақа тауып жүр­ген әлгі жалмауыз кемпірге нәлет айтқанбыз. Бірақ, бұл алыстағы, мұхиттардың аржағындағы есірткілер отаны – Колумбияда болған ғой деп жайбарақат жүргенімізде екі тілсіз жау да он жыл айналмай жатып дәл төсегіміздің астынан шықты-ау! Базарларда, түрлі дүңгіршектерде жәлептік, ойнасқор, зи­ нақорлар туралы сөлекет бейнетаспаларды ашық сата бастады. Автобустар мен етікшінің күркесіне дейін жапсырыл­ған жалаңаш әйел суреттерінен көз сүрінеді. Оқушылар ұс­тап жүр­ген бейәдіп карталар, сорақы бейнелер қаншама! Жұлған сайын құтыра қаулап есіріп кететін жаны сірі, өлер­мен арам шөптердей бұл сұрапыл ұятсыздыққа тыйым салмай, үндемей тағы бір-екі жыл шыдасақ не болар екен? Құдай біледі, онда көшеде, көпшіліктің көз алдында айуан­ дық әрекеттер көрініс бере бастайтынына бәс тігем («Сай­ ран» жағажайындағы көз байланбай жатып басталатын жас­ өспірімдердің қылықтары соның айқын дәлелі.) Осы бір же­ зөкшелік деген қараң қалғыр, құзғын тақырыпқа қазақ басылымдары дүркін-дүркін қалам тербеп келеді. «Астана қа­ласының ашылу салтанатына Алматыдан бір қора жезөкше шетелдік және жергілікті қонақтарға «қызмет көрсетуге» күні бұрын аттаныпты», – деп жазды бір қазақ газеті. Асылы осы жолдарда шындық бар шығар. «Ауруын жасырған арам өледі». Белгілі киноактер, халық әртісі Н.Ықтымбаевтың жазған мына жанайқайына назар аударыңыз: «Қазақстан телеарналарынан көрсетіліп жатқан порнофильмдер шетелдерде гомо-

сексуалистер мен лесбианкаларға арналып түсірілген кинолар. Өйткені олар табиғи, ер мен әйел арасындағы қалыпты қатынасты жасай алмайтын аурулар. Кинодан көріп, көзбен ләззат алатындар. Ал, оны әкеліп дені сау, кіндік жалғастырар салты бар аяқ-қолы балғадай Қазақстанға көрсетеді. Meн осы тағылықтармен 1992 жылдан бері алысып келемін, сол жылы «Қазақстан» киностудиясына Н.Назарбаев, М.Жолдасбеков және сол кездегі премьер-министр С.Терещенқо келді. Сол кезде-ақ Терещенкоға айттым: «Осы бәле дендеп кетпей тұр­ ғанда көзін жойып, жол бермелік», – дедім, Терешенконың жауабының түрі мынау болды: «Әбден көріп, қанып болған соң, өздері-ақ қояды». «Ау, бұлар көріп, көзі қанса, өсіп келе жатқан ұрпақ, жастар бар емес пе, оларды қайтеміз, бір шара қолданып, алдын алайық та», – дедім. Бәлкім, бүгінде оның есінде жоқ та шығар. Сонда Н.Назарбаев: «Оны қа­ раймыз, жөндейміз», – деген. Бірақ әлі күнге тыйым салған жан көрмедім. Бүкіл халық болып бұл диверсияның алдын алмасақ болмайды. Мемлекет әлгі телеарналарға осындай кино көрсетуге лицензия беріп отырған тиісті орындарды және шеттен анайы фильмдер өткізуге мүмкіндік жасайтын кеденшілерді қатаң жазаласын»... Міне, мұхит асып келген көртышқан мен колорадо қоңызы сияқты жезөкшелік пен есірткі тажалдары біздің елге қалай қоныстанғандығының айқын кескіндемесі. Өзі шарап ішпесе де шалқып жүретін ақкөңіл, елтігіш, еліктегіш елге әлгіндей нәрселерді көрсетіп, онан әрі құтыртып, қоздырып жіберу, әсіресе жас қауымды алдына қойған нұрлы мақсатынан адастыруды көздеген жасырын топтардың жанкешті әрекеті демеске шараң жоқ. Жас ұрпақтың аузының суын құртқан Арнольд Шварце­ неггерден «Өз балаңызға осы сіз түскен фильмдерді көрсе­ тесіз бе?», – дегенде, «Жоқ, мен балалар тақырыбына арнал­- ған фильмдерге де түскенмін, соған апарамын. Ал, анау боевиктер, секстерді құдай сақтасын, балам көрсе не боп ке­ те­ді?!», – деп қауіп айтыпты. Міне, атышулы әртіс болсын, қатардағы арбакеш болсын өз кіндігінен тараған ұрпағын осылай қорғаштаса болмай ма! Осы мәселенің және бір түп

төр­кіні өзіміздің имансыз, сақалды антұрғандарда жатқан сияқты. Әсіресе, шығыс елдерінде осы бір табиғи тілек, жұ­ байлар өмірі некемен өріліп, құпия, жасырын болатынын ұмытып, бүгінгі біздің ақылдың кені – қартаң зиялыларымыз ашық кете бастаған секілді. Баласының баласындай бір ажарлы, өңді қыз көрсе болды, сақалдарынан сілекейі сорғалап, көздері күлімдеп, қансоқта иісін сезген кәрі төбеттей, жаман көкіректерін текіректетіп бағады. Арам пиғыл, залым ой қанша жасырғанымен түбінде бір сыр береді. Әкенің «әң­ гілік» жүрісін, шешенің ұят істерін көрген бала қатты шошынады, тіпті жауыздыққа бет алуы мүмкін ғой. Құмарлық, битаптық, әп-сәтте естанды ғып жоғалатын есірткі уытындай қас-қағымда тынады... Содан кейін не болды? Бәлен мың долларға сатып ала алмайтын ар-намыс тапталды ғой, қарағым-ау! Осылай шым-шымдап басталған ұятсыздық бір күндері сені әбден терең ұйығына тартып, талғамсыз жы­ ныстық қатынастың жылымынан бір-ақ шығарады. Әбден бе­ті ашылып, мекерлікке, салдақылыққа бет алғаннан кейін оған бәрібір болмақ. Шал-шауқан болсын, мейлі обыр, ты- ­раш, қарақшы, бұралқы болса да бәрібір, үсті-басы бұзау қо­ тыр, алапес, тамағынан ірің сорғалаған азғын болса да ештеңе етпейді, тек ақшасы болса болды. Өзінің алғашқы адам кейпі жойылып, жылдың төрт мезгілінде бірдей ылығатын, күндіз де түнде де ылығатын құнсыз, түпсіз қаншыққа айналғанын білмей қалады. Міне, батыс әлемінің аңсайтыны – біздің осындай кейпіміз. Күйе жұқса өліп қалатын еліктің лағындай тап-таза, періште көңіл жеңгелеріміз, қарындас, қыздарымыз әлі де көп қой. Бұл сорақылықтың кесірі соларға да тиеді-ау, деп уайымдаған көпшіліктен ұйқы қашқалы қашан! Ішіп-жеп қарайтын, тіміскелеп бағатын шетелдік құзғындар, өзіміздің сақалды азғындар тірі тұрғанда қауіп бұлты сейілмек емес. Құдай тағаланың адам баласына берген баға жетпес сыйы – ұятын жалаңаштап, арды жаныштайтын небір ауыр сөздерді ауызға алып, осы мақаланы жазу бізге де оңай болған жоқ. Жазбайын десең жұлын құрт – жезөкшелік жайпап барады. Осы сорақылықты көрмей әке-шешеміз ерте көз жұмғаны да дұрыс болған екен деймін кейде түңілгендіктен.

Өмір бір орнында тұрмайды. Өрмекшінің тамыз айындағы торындай жеп-жеңіл болып, естіртпей келіп шашқа ақ түседі. Адам қартайып, етегін жинақтап, мәңгілікке бетін бұра бас­ тайды. Ардың ақ сейсебіне дақ түсірмей, ешкімге «әй кәпір» атанбай, бала-шағаның бетіне ұялмай тура қарап, сұлу қартаю да бір ғанибет қой. Талай айыр көмей, таңдайынан жарылған жыраулар, ғұлама данышпандар өкініп, бармақ тістеген сол бір бейдауа кезеңге біз де келеміз. Сол кезде бүйіріңді жылытатын жарың жоқ, не сағынышыңның солығын басып, сүйе­ тін бала, немерең тағы жоқ, жұрт бетіне түкіріп арыңа баттас­- ты­ра жағылған былғанышпен іштей арпалысып күн өткізу – бүгінгі ұятсыз жас қыздардың, жезөкшелердің ертең қар­ тайғандағы тірлігі айна-қатесіз осындай болмақ. Бізді қойшы, айтамыз да қоямыз. Ар жағында Ұлы мәртебелі Жаратқан ием, көзіңнің қанды жасы ағып тұрып жауап беретін жерің – мақшар, өртенген шошқадай арамнан жиған майың атылып, шыңғырар жерің – сират көпір тұр ғой... Соны неге ойламайсың жазған-ау... «Жетісу», 19.ІХ.1998 ж. «Мың өліп, мың тірілгеніміз өтірік емес» Биыл жасы 80-ге толып отырған қазақтың көрнекті ақы­ ны, марқұм Жұбан Молдағалиев әйгілі Желтоқсан оқиға­ сынан кейін Колбиннің алдында: «Мен мынау өрімдей қа­ зақ қыздарын бұрымынан сүйреп, ішке тепкілеп, солдат кү­ регімен ұрып-соғып жатқанын көргенше кешегі соғыста өліп кеткенім дұрыс болар еді» деген екен. Атақтарынан адам шошитын, атан жілік ағаларымыздың көбі сол кездері тұяқ серпуге де жарамаған. Атақты жазушымыз Мұхтар Мағауин өзінің «Ұлттың кү­ ре тамыры» («Жұлдыз» журналы, 1999, №9-10) кітабының үзіндісінде Жұбан Молдағалиевтің әйгілі «Мен қазақпын» поэмасын іске алғысыз қылып, былай дейді: «Қазақтың ба-

сынан неше бір жағдайлар өтті. Әлгі мың өліп, мың тірілген деген сөз дұрыс емес. Бірде-бір рет өлген жоқ қазақ. Жұбан Молдағалиевтің поэмасы бар ғой, қайта-қайта айтыла бе­ ретін: «мен қазақпын» деп. Бұл өзі – күні өткен, зиянды дү­ ние. Бұл – қазақты қорлаған шығарма, тауып, оқып көретін болсаңыздар...» Шындығына келсек, «Мен қазақпын» поэмасының ал­ғаш­ қы нұсқасын Жұбан ағамыз соғыс кезінде жазып, 1944 жылы майдандық газетте жарық көрген екен. Бұл дүниенің Бауыржан Момышұлына арналғаны және шындық. Кезінде осы поэманың атауы біраз сөз болып, түрлі әңгіме шыққан кезде де Жұбан ағамыз табандылық танытып, алған бетінен қайтпағаны белгілі. М.Мағауинге салсақ, қазақ халқы әлімсақтан бері өлмейсолмай, аузынан мәйегі сорғалап, мамырайқан тірлік кешіп келе жатқан сияқты. Бірақ қазақ тарихының қай бетін ашсаң да қызыл қырғын, телегей-теңіз көз жасы, ат бауырынан ақтарылған қара қан... Бір де-бір рет өлген жоқ қазақ десек, болашақ ұрпақ мұны қалай түсінеді? Тіпті миллиондаған әзиз басты құрбандыққа шалып, ит қорлық көре жүріп құрған мемлекеттің де құны кейбіреулер үшін көк тиын болып қалмай ма? Неміс халқының ардагер ұлы, әлемдік ойдың алыбы Фридрих Ницше өз ұлты туралы былай дейді: «Неміс өркениеті қазір бейшара халде. Халықтың басынан өмірлік тәжірибесі жоқ, соғыс қасіретін көзбен көрмеген, бір үзім нанның қандай маңдай термен келетінін толық түсініп білмеген жастарға қоғамның маңызды салаларының тізгінін ұстатып қойдық. Құр атағы ғана жер жаңғыртып тұрған залымдардың жазған туындылары пышақтың қырындай, мазмұны сұйық. Ой көзімен қарағанда, бүгінгі неміс ғылымы мен мәдениеті дәл осындай кембағал күйде...» Жатқан жыланның жусауын білетін, қажет болса бүргені де тағалап беретін әлемдегі озық ұлттардың бірі – неміс халқы. Ал, Ницше өз қандастарын әлгіндей деп сілейтіп салады. Түсінген адамға бүл – халқын жанындай сүйген жанның аузынан шығатын сөз ғой!

Біз болсақ марқұм Жұбан Молдағалиевты «мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген» деп айтты деп күстаналаймыз. Заманымыздың үлы суреткері Ғабит Мүсіреповтің өзі бір сөзінде: «Қазақ халқы – Феникс құс сияқты. Өзі өліп қалса да, күлден қайта жаралатынындай, сан қысталаңда жойылып кетпей, аман қалып, салқар тарих көшіне әлі ілесіп келеді» деген болатын. Ендеше, «мың өліп, мың тірілгеніміз» өтірік емес... «Жас Алаш», 12.VIII. 2000 ж Кеш, Махамбет арысым... Махамбет бізге несімен қымбат, нендей қасиетімен ардақ­ ты деген гүжбан сауалға әп дегенде абдырап қалатынымыз неліктен? Өйткені, оның сан-салалы, күрделі ғұмырына баға беруге көбіміздің өреміз жете бермейді. Ол – жұмыр жерді жұмыртқадай астына басып отырғысы келетін, кекірігі азған зұлым күштерге қарсы шыққан қа­ һарман еді ғой... Ол – қазақ тарихындағы алды дауыл, арты құйын әруақты ерлердің ең сұрапыл сойы еді ғой... Ол – өз өмірін отқа тігіп, шіріген монархияның алқымына сілтенген ақ алмас еді ғой... Ол – қара халықты хан баласымен теңестіргісі келген, дү­ние – боқтың бет-жүзіне қарамаған, үйінде екі-үш құрақ көрпесі мен бірер сырмағынан басқа сілкіп алары жоқ, нағыз әлеуметтің жоқшысы еді ғой... Ол – ақындыққа, шешендікке салсаң заулап тұрған даң­ ғылың еді ғой... Ол – ұлттың мәйегінің, мисынабының пышыратпай ұстап тұратын қасиетті құтысы еді ғой... Махамбеттерден айрылғасын біздің айран қайтадан ұйы­ май қойғаны да сондықтан болар-ау! Оның ерлігі арпалыспен өткен ғұмыры, жуан-жуандардың шатын өртеген шерлі жырлары омыртқадан суырған ақ жұ­ лындай, қазір де көкейімізде сайрап тұр. Керісінше, араны жаман қорқаулар, қан тілеген ішмерсіз көрбақтар, аты қазақ,

заты хайуан Ықылас сияқтылар мыңғырып өсіп келеді. Біз Махамбеттерден айрылғасын көзіне қамшы тиген аттай шыр айналып, азу көрсетер жерден жорға дуадақтай бұғып өтіп, әупірімдеп әлі күнге жан сақтап келеміз. Алдаспан ақын бұл күйімізді көрсе «нәлет, мұндай тірлікке!» дер еді-ау! Бұл дүниеде ізгілік пен зұлымдықтың, ақ сәуле мен қа­ ратүнектің айқасы мәңгі бітпек емес. Шебер тағдыр Ма­хам­ бетті өлгеннен кейін де қақпақылдауын қоймады. Асаубай бастаған жанкешті ерлер өмірін қатерге тігіп, батырдың айдалада көмілген басын әкеліп, денесімен бірге жерлейді. Алайда, Махамбеттің бұ дүниені тастап кеткеніне 120 жыл болғанда кейбір антұрғандар оның мүрдесімен ойнағаны да өтірік емес. Әуелі оның сүйегі Алматыдағы көп қапастың бір бұрышында шашылып жатты. Кейіннен Атыраудағы әскери комиссариаттың қару салатын жәшігінде қаланып тұрды. Тағы да иманды жандардың шырылдауымен екінші рет сү­ йегі Қаройға қайта жерленді. Иншалла, енді кәрі әруақты сықырлатып, сүйекті қақпақыл қылу тыйылған шығар. Біз саған не көрсетпедік, арысым... Кеше алсаң, кеш бізді... «Ана тілі», 11.09.2003 ж. Адамды қолдан ұрықтандыру қуаныш па, әлде қасірет пе? Уақыт шіркін зымыpan барады. Алдағы аламан ғасыр адамзат баласын талай алмағайып күйге саларын сезіп, күпті жүрек одан сайын шошына түседі. Сансыз сұмдықтар дүниеге келіп жатыр. Басқасы ештеңе емес, жаратқан иеміздің ісіне де қол сұғыла бастады. Осы кезге дейін пенде атаулы Алла ұйғарған жынысынан ауытқымай өмір кешіп келіп еді. Бар пәле осы ғасырдың сексенінші жылдарынан басталды. Осы жылы Үндістанда бір әйел күрделі операцияның арқасында өз жыныс мүшесін ауыстырып, еркекке айналды. Ол қазір өмір сүріп жатыр ма, бала сүйді ме, оны анық білмеймін, бірақ ұлы жаратылыстың біз араласпайтын мінсіз жүйесіне қараулық жасалып, сұмдық әрекеттердің балалауы дәл осы

кезеңнен бастау алды. Соңғы жылдары Қазақстанның өзінде де басқа адамның ұрығын әйел жатырына ендіріп, қолдан бала жасау ісі кең етек алуда. Мүмкін отбасының шырқын бұзбаудың, оны аман сақтаудың бұл да бір шарасыз жолы шығар. Бірақ ойланып қараған адамға оның қуанышымен қатар қасіреті де шаш-етектен екені белгілі. Мысалы, осындай жолмен бір әйел ұл тапты делік. Дәл осындай жолмен екінші әйел қыз табады. Ал, енді осы екеуі болашақта үйленсе не болады? Мүмкін әкесі өз қызын алатын шығар? Қолдан ұрықтандыру бір қалада, бір орталықта жүргізілгеннен кейін осындай әрекеттердің пайда болуы әбден мүмкін ғой. Ұлылығына шек жоқ Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі әуелі өз қандастарының мыңдаған пұттарын талқандап, бір Аллаға сыйынуға, әкесі қызына, баласы шешесіне үйленген тәртіпсіз, тұқымды құртатын некені жойып, бүкіл адамзат баласына үлгі берген жоқ па? Бұл – ұлтты, халықты сақтаудың ең сара жолы. Әйтпесе, Г.Маркестің «Жүз жылдық жал­ ғыздық» кітабындағы оқиғадай, қандас адамдардың жақын­ дасуынан құйрығы бар немесе одан да сорақы балалар дүние­ ге келіп, ұрпақ азғындап, тұқымы тұздай құриды. Дүниеде адамнан да зият хайуандар бар. Мысалы, текті айғыр өзінен туған байталдарды үйірінен қуып шығады. Оған жоламайды. Сөйтіп ұрпағын күшті қалпында таза сақтайды. Бұл да жануарлар тіршілігінің жазылмаған зандарының бірі. Иә, біз соңғы жылдары өзіміздің моральдық бет-бейнеміз­ ді қадағалауды жоғалтып алдық. Ұрпақ тағдырына салғырт қараған елдің ұшпаққа шыққанын естігеніміз жоқ. Біздің жыл санауымызға дейінгі II ғасырда, ежелгі Грекияда мынадай жақсы дәстүр салтанат құрған екен. Сәбилер үш-төрт жасқа келгенде шешелері қолдарынан жетектеп, ақсақалдардың алдынан өткізетін болған. Туа біткен соқыр, бүкір, кембағал балалар сол жерде өлтіріліп отырған. Елдің қағидасынан асып қайда барсын, аналары да қарсы болмаған. Қаншама қа­ты­ гездік десек те, осындай сұрыптаудан кейін Грекияда сол заманда дүниежүзінің тандайын қақтырған өңшең өндірдей, суреттей сұлу қыздар мен жігіттер өсіп шықты. Олар тек сымбатымен ғана әйгілі болған жоқ, даналықтарымен де айды аспанға шығарды, өз мемлекетін әлемге әйгілі етті.

Міне, ұрпақ тағдырына биік талғаммен қараған елдің ме­ рейі де үстем боларын осы деректерден айқын аңғаруға болады. Әр халықтың өзінің Алла жаратқан автопортреті – тілі, кескіні, қаракеті болады. Ал, бір еркектің ұрығымен ұлты сан түрлі бірнеше әйелдерді ұрықтандыру осының бәріне топырақ шашу емес пе? Бұл көзсіз әрекет ертең бүкіл бір үлттың касіретіне айналмасына кім кепіл? Және бір келеңсіз жағдай жыл өткен сайын ер адамдар­ дың белсіздігі, әйел адамдардың бала көтеруге қабілетсіздігі қаулап барады. Мұның сырына үңіліп көрген кім бар? Бұл тек тұрмыстың ауыртпалығынан емес, ертеңге деген үмітсіздік, тәулік бойы тізесін кеміргендей жеміріліп ой ойлау, көз тоқ­ татары жоқ сұрқай тірлік... осының бәрі адам белінен таматын асыл нәрге де салқынын тигізбей қоймайды. Қалай болғанда да ешкім тауып бере алмайтын асылымыз – ұрпағымызды аздырып алмайық! Бұл кезек күттірмейтін, мемлекеттік деңгейде щешілетін өте күрделі мәселе. Ен­ді­гі жерде әйелдерді көрінгеннің шаһуатымен қолдан ұрық­тан­ды­ рып, ұрпақты асылдандырмай-ақ қояйық, мұндай шаталардан халық бәрібір көбейіп жарытпайды. «Жетісу», 25.06.1999 ж. Шыңғысхан туралы «жаңа» шатпақтар Болашақта XX ғасырдың соңғы жылдары мен үшінші мыңжылдық басталар тұстағы баспасөз беттерін ақтарған адам жалған емшілер мен суайттардың көптігінен жағасын ұстайтын болар. Өйткені бұл аралық – небір көрдемше дү­ ниелердің құдайы берген кезең еді. Басқаны қойып, кейбіреулер өткен дүниенің сұрапыл жи­ һангезі Шыңғысхан туралы да қисынсыз өтіріктерді қоз­да­ тумен келеді. Кіші Азиядағы ежелгі дүниенің ғажайып ескерткіші – Родос мүсіні құлағаннан кейін де сол аралда мың жыл бойы

жатты. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің зор болға­ ны соншалық, бас бармағына ілуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырған. Осы алып Родос сияқты Шыңғысхан да әлем тарихшыларын, жұртшылықты он ғасыр бойы таң-тамаша етуден жа­ лықпайды. Жойқын өмірбаяны жіпке тізгендей белгілі, айтқан өси­ет­ тері бізге жетті, бірақ зираты жоқ. «Ит қорыған жерге өш» дегендей, Шыңғысханның моласын таптым деген суайттар қазақ арасынан да табылып жатыр. Оның бірі де, бірегейі де оңтүстік қазақстандық қаламгер Хамза Көктәнді болар. Ол жалғыз біз емес, бүкіл әлем жұртшылығын ыршытып түсіретін тосын хабарлама жасады. Үстіміздегі жылдың басында таратқан ресми мәлімде­ме­ сінде Хамза Көктәнді былай дейді: «Мен осы еңбегіме 21 жыл өмірімді сарп еттім. Нәтижесінде «Аспан мен Даланың төрт ұмыт болған тарихы» атты екі томдық кітабымды жазып бітірдім. Онда атақты Шыңғысханның, Заратустра пай­ ғамбардың және аты аңызға айналған Тұран патшасы Аф­ расиабтың жерленген жерлері табылғаны, оның ақиқатына еш күдік келтіруге болмайтыны айтылады...» Сонымен қатар, Хамза Көктәнді бұл құпияларын тек Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейін ғана жария ететінін мәлім­ деді. Автор, сондай-ақ өз кітабында түркілердің арғы аталары мен үңгірлер орналасқан орын өзіне «нақты белгілі» екені туралы деректер мол екенін көлденең тартады. Сонымен, Хамза Көктәнді өзінің сенсациялық жаңалы­ ғын құпия ұстамақ. Көлемі 720 беттік кітабын да Президент­ тің қабылдауынан кейін дүкен сөрелеріне түсірмек. Өйтке­ні, аталған орындар қалың жұртшылыққа белгілі болмай тұ­рып, мемлекеттің қарауына алынуы керек, жаңалықты беделді ғалымдар пайдаланып кетпеуі тиіс дейді ол. Ғажайып «археолог» әрі «құмалақшы-жазушыны» Президент қабылдамады ма кім білсін, соңғы кездері үнсіз қалды.

Кезінде ғасыр дерті – қылтамақтың құпиясын аштым деп жұртшылықты әуре-сарсаңға салған Ғабит Үмбетәлиев сияқты бұл да жалған атақ қуған шарлатандардың бірі болып жүрмесін?! Ал, Шыңғысханның қабірі туралы дүниежүзі ғалымдары не дейді, енді соған келейік. Аты әлемге әйгілі моңғол падишасының зираты табылға­ ны туралы «Нью-Йорк таймс» газеті өткен жылғы шілде айындағы саныңда тосын хабар таратты. Осыған байланысты әлем мемлекеттері моңғол үкіметінен мазарда археологиялық зерттеулер жүргізуге рұқсат беруін талап етті. Шыңғысханның қабірі Монғолияның солтүстік шығы­ сында Батширит қаласындағы зерттеулер нәтижесінде анық­ талған-ды. Осыған қатысты ұлы қолбасшының өмірі мен өмірден өтуі туралы көп мәліметтер, деректер ашылуы мүм­ кін. Бірақ, монғол үкіметі қабырдың ашылуына рұқсат еткен жоқ. Өйткені, олардың сескенуінің де мәні бар. 1941 жылы маусымның 21 жұлдызында арнаулы экспедиция өзбек ақсақалдарының қарсылықтарына қарамай, Самарқандтың көркіне айналған Гөр-Әмірдегі Тимуридтер зираттарын ашады. Ертесіне, яғни, маусымның 22 күні соғыс басталады. Осыған орай, монғолдар да мазар ашылса өлген адамның рухы жоғалады, түрлі кесапаттар басталып кетуі мүмкін деген сенімге табан тіреп отырғандығы анықталды. Батширит қаласы маңында қазба жұмыстарын жүргізген америкалық Джон Вудс және монгол географы Д.Базаргур­ дың айтуынша, бұл жерде бұрын-соңды зерттеу жүргізілме­ ген көрінеді. Шыңғысханның мазарының нақты анықталуы керек деген пікірдегі шетелдік зерттеушілер, бұл жұмыстың Монғолияға экономикалық жағынан тиімді болатынын айтып отыр. Ашығын айтсақ, олардың көкейін тескен Ұлы Қағанның қурап қалған сүйегі емес, алтыны, байлық-мүкәмалы ғой! Шыңғысханның зираты он жыл бойы қазіргі заманғы құ­ рал-жабдықтармен қаруланған Жер серігімен көктен сүзсе де таптырмады.

Әйгілі жиһанкездің жарты әлемді бір қауызға сыйғызып, шаңын тулақтай қаққан кездегі тонаған, тыққан ғаламат бай­ лығын қайда жібереді деген сауалға жауап іздеп милары ашыған бүгінгі тарихшылар ғана емес, бұған кешегі Рашид ад-Дин де бас қатырған. Түптің-түбінде Джувейни деген сау­ дагердің жазбасы шындыққа айналатын сияқты. Міне, әлем өркениетін әуре-сарсаңға салған, талай ұр­ пақ­тың жеңсік арманына айналған Шыңғысханның қабірін біздің Хамза Көктәнділер үйінен он қадам шықпай отырып аша салады. Осы өтірік әлгі саппастың Президентке кіру­ге орай құрастырған қулығы тәрізді. Қазақ баспасөзінде Шың­ ғысханға байланысты әңгіме мұнымен де толастаған жоқ. «Қазақ әдебиеті» газетінде Мұртаза Бұлұтай деген «фантаст» біреудің бүйрегіміздегі тасымызды аударып түсіретіндей тосын жаңалығы жарқ етті. Осы жарықтық Шыңғысханның гареміне жасырынып барып, санап шыққандай, қағанның 3000 кәнизәгі болды дейді. Дәлел қайда, дерек қане? Бұлұтайдың сөзіне иланар болсақ, Шыңғысхан әлемге әй­ гілі жиһангер емес, күйек алу науқанының қаһарманы болып шыға келеді. «Өзің аз білетін аймаққа қапысыз зерттеп алмай, аяғыңды баспа», «Текті жігіт тек жүрер» деген атам қазақтың қасиетті кағидасы осы азаматтардың санасына кіріп-шықпайтыны өкі­ нішті. Әттең, бүгінгі таңда Хамза Көктәнді, Мұртаза Бұл­ұтай сияқтыларға «тәйт» дейтін кешегі Ә. Марғұлан, Ғ.Мүсірепов тәрізді дуалы ауыз, иманы тұнық ақсақалдар табылмай отыр. Сонымен, ғаламдық суайттық сценарийлары Қазақстанда да табысты жүріп жатыр. «Ана тілі» 10.01.2002 ж.

Шалғайдан жеткен шәй еді... Мезгілінде шәй ішпегендіктен қалжырап, басының сақи­ насы ұстап, қабағы қату келе жатқан жолаушыларды сапарға шыққанда өздеріңіз де көрген боларсыздар. Егер сол жанды ыстық шәймен сыйлай қалсаңыз, самайынан ақ сынап – тер сорғалай, көз құйрықтарына ризалық күлкісі жүгіріп, мамыражай күй кешіп, ой, бір әңгіме тиегін ағытады-ау! «Шәй, ішсең көңілің жәй», «Шіркін, шәйдің жөні бөлек қой!», – деп отыратын сусыны қанған сары тісті қариялар. Біздің халық біреудің сараңдығын айтқысы келсе: «Өй, ол деген үйінен бір кесе шәй бермейтін Шығайбай ғой», – деп іске алғысыз қылып тастайтын. Ел ішінде «орамалды сыққанша, самаурынды жыққанша» ішетін небір шайқорлар әлі де бар. Соған қарағанда осы бір сусын жер жаралып, су аққалы бізбен бірге жасасып келе жатқан сияқты. Шәй өсімдігі бізге қай дәуірде, қалай келгенін ешкім тап басып айта алмайды. Кейбір деректер адамдар шәй іше бастағалы кемінде бес мың жыл уақыт өтті дегенді айтады. Шәй туралы Марко Полоның жазған­- дары да баршылық. Бірақ шәй туралы алғаш жазған ол емес. Тіпті жеті жүз сексенінші жылдың өзінде-ақ бұл сусын туралы тұтас кітап жазылған. Оны жазған – қытайдың тұңғыш шәй өсірушісі Лу Ой. Қытай жазбаларында шәйдің дәрі­ лік өсімдік екендігі туралы дерек біздің дәуірімізден бұрын­ ғы екі мың жеті жүзінші жылдары-ақ кездеседі. Өткен ға­ сыр­дың ортасына дейін Қытай тек өзі ғана шәй өсіріп, дү­ ниежүзін қамтамасыз етті. Қытайлықтар шәй сырын керемет ұқыптылықпен сақтап келді. Егер бір айлакер ағылшын болмағанда бұл құпия сол беймәлім күйі қала берер ме еді, қайтер еді? Әлгі әккі кісі оның тұқымын ұрлап алады да, бір көңілшек қытайлыққа көп ақша төлеп, оның әзірлеу тә­ сілін үйренеді. Қытай экономикасының тарихы бұрын-соң­ ды тап мұндай соққыны көрген емес. Шәй туралы небір қызғылықты жайларды естуге тура келеді. «Шәйдің отаны» деген құрметті атақ күні бүгінге дейін бірнеше халықтың арасында талас туғызып келеді. Шәй деген сөздің өзі қытай

тілінен алынғандықтан, бұл сусынның отаны да Қытай болып есептелінуі керек. Шынында да он тоғызыншы ғасырға дейін осылай болып келді. Сонан соң шәй өсімдігінің жабайы бұталары кенеттен бір емес, бірнеше жерден – Индиядан, Вьетнамнан, Гималай тауларынан табылды. Бірақ көп болып жүргізген тәжірибелер алғашқы шәй бұтасын тудырған ежел­гі жер – Қытай мен Вьетнам топырағы болғанын дәлел­ деп берді. Шәй осы елдерден дүниенің басқа бұрыштарына тараған. Шәй қорапшасының сыртында байха деген сөз тұ­ рады. Байха қытай сөзінен алынған. Бай – хоа сөзбесөз ау­ дарсақ «ақ кірпік» деген мағынаны білдіреді, ал қазақтар оны «ақ құйрық» деп атайды. Қытайлықтар жаңа ғана ашылган шәй жапырақтарының төменгі жағындағы талшықтарды осылай атаған. Олар ашық түсті мүк сияқты болып, жапырақ бетін басып тұрады. Түптеп келгенде кез келген шәйдің сапасы осындай кірпіктері бар жас жапырақтар санына байланысты. Бұл көне сөз, шамасы саудагерлердің қытайлықтар аузынан өнімнің сапасын білдіретін бай-хоа деген сөзді жиі естігеннен қалыптасса керек. Шәйдің дүниенің түкпір-түк­ піріне шындап таралуы XVII ғасырдың бірінші жартысына сай келеді. Қьітай керуендері 1600 жылы-ақ Ресейге шәй жеткізе бастаған. Шәйдің отаны – Азия болғандықтан бізге бұдан әлдеқайда бұрын жеткені белгілі. Біз шәй ішуді әдетке айналдырғанымызбен, бұл сусынның денсаулыққа пайдасын біле бермейміз. Мысалы, Қытай халық медицинасында оны әртүрлі улану кезінде пайдаланған, шәй ерте заманнан бері ой мен дене еңбегінен шаршаған кезде сергу үшін ішіледі, кейінірек ол қан тасу сырқаттарынан алдын-ала сақтандыра­ тын тамаша дәрі екені анықталды. Сонымен қатар бұл сусын адамның шығармашылық қабілетін, біздің миымыздың мүмкіндіктерін күрт ұлғайтады. Шәй кісінің қиялын оятып, оған қанат бітіреді, аптапта ішсең – денеңді салқындатады, аязда ішсең – бойыңды жылытады. Адамды семіртпейтін, несеп жолы мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтетін, қан қысымын төмендетіп, адамды сергітетін бұл ғажайып сусында қасиет жетерлік. Бір кезде дүниенің ұлы емшісі

Әбдуғали Ибн Синаның: «Шәй ішіңіздер, сонда сіздер ба­ қытты боласыздар», – деуі тегін емес шығар. Бұл күнде Қа­ зақстан шәйқұмарлар Меккесі болып отыр. Есепшілердің де­ регіне сүйенсек, республика халқына жылына 12 мың тонна шәй керек екен. Өткен жылы Алматы шәй фабрикасы бар болғаны 5 мың тоннаның айналасында ғана шәй шығарыпты. Грузиядан шәй өнімін алу қиындаса, Үндістаннан алу өте қымбатқа түсіп отыр. Осыларды саралай келіп, Жамбыл қа­ ласындағы «Жамбылинтер» қауымдастығы Араб Эмиратымен бірлесе отырып, шәй өндіретін біріккен кәсіпорын ашуга келісім жасасты. Шикізатты Араб Эмираты Үндістаннан алып беретін болса, болашақ зауыттың жабдықтарын Жапониядан алады. Осы кәсіпорын іске қосылса, жылына 6 мың тонна шәй беріп, көпшіліктің сұранысын қанағаттандырмақшы. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында өзіміздің Тараз қаласы өңдеген Үнді шәйі дүниеге келеді. Ендеше, шәй жарықтық көбейе берсін. Өйткені шәйі таусылған үйде сән бола ма? Міне, елеусіз шәйдің өзінің арғы тегін қазбаласақ осындай ұланғайыр тарихы бар. Бұл сусын туралы сөз бола қалса, сонау бала күнімдегі асыл жеңгелерімнің, құрбы-қыздардың «шәй ішіп кет» деген назды үні құлаққа келгендей болады. «Азия» газеті, 5.06.1993 ж. Тарих кекшіл, жаза басқанды аямайды Орта буын жазушылар арасында өзін көп жарнамалай бермейтін, тәуелсіздігіміз сияқты шүкіршіл, бірақ айта­ тын жерге келгенде аянып қалмайтын азаматтар, сирек те болса, бар, Солардың бірі – «Жұлдыз» журналының бө­ лім меңгерушісі Жұмабай Құлиев дейтін қаламгер. «Дат, тақсырға» қонаққа келген Жүкең жүрегіндегі сөзді бүгіп қалған жоқ.

Астана Табылды жоқтамас... – Жұмабай мырза, талантты бард-ақын Табыл бауы­ры­ ңыздың мезгілсіз дүниеден өтуі қабырғаңызды қайыстырған екен. Хас дарынның қазасы күңірентіп кетті. Дегенмен өнердегі ағасы әрі жерлесі болғандықтан, алдымен сізге көңіл айтамыз. – Иә, оның күмбірлеген қоңыр дауысын естімегелі де қы­ рық күннен асып кетті. Жүрген жерін әсерлі де асқақ ән­ дерімен құйындай ұйтқытып, үйіріп жіберетін жарықтық! «Ат тұяғын тай басар» деген мақал көркемөнерге жүрмейді», – деп еді-ау бір кезде Ғабит Мүсірепов. Сол сияқты, Табыл­ дың әндерін өзі тәрізді енді ешкім сызылтып, қоңырлатып айта алмас. Ол өмірінде ешкімге жалтақтаған жоқ, марапат дәметіп, жарамсақтанған да емес. Көкірегінде ойнақ сал­ ған күмбір ырғақтарды қалауынша төкті. Малжаңдаған шал болып, жамбасы тесіліп ауырған да жоқ. Иманғали Тас­ма­ ғамбетов сыйлаған, өзі «Сүлік қара» деп атайтын гитарасын сызылтып, Алматы – Атырау – Орал – Ақтау – Дендер арасында шапқылап жүргенде шалт кетті, неге асыққанын қайдам, текеметін тұйықтап, Махамбет бабасының қасында мәңгі тыныс тапты. Бір қарағанда, Табылдың қазасы – қайғылы әрі сұлу өлім! Сөйтіп, құба даланың қайтпас қайсар, ерке де бұла дарыны қас пен көздің арасында ғайып жалған сағымына сіңіп жо­ ғалды. Баяғы ата-бабалары секілді аңғал да қопал, тереңнен шымырлап шыққан тас бұлақтың суындай кәусар әндерімен талай сахналардың сәнін келтірген «қара баланың» қадірі уақыт өткен сайын биіктеп барады.... – Алматыны білмеймін, ал Астанадағылар ел ішінде жүр­ ген Табыл сияқты таланттарды іздемейтін сияқты... – Жалпы, Астана қазақ өнеріне суықтау қала ғой. Бір қа­ рағанда, Ресейдің, шетелдің әншілері ойнақ салатын орда тәрізді. Бір-екі жыл бұрын Астанада бардтардың байқауы бол­ды, соған Табыл соншалық қатысқысы келіп еді. Алайда, біріншіден, оны ешкім шақырған жоқ, екіншіден, шақырыл-

ғандардың барлығы орыс-ормандар болып шықты. Ал Табыл қазақтың тұңғыш Бард-әншісі еді ғой. Ол маңдайына мал бітпесе де, сөз біткен бұлбұл еді ғой... Біреуі қуанып, біреуі қуарып, біреуі семіп, біреуі семіріп жатқан мына қым-қуыт кезеңде Табылды емес, одан да ірі таланттарды Астананың жоқтай қоюы екіталай. – Дәл осы арадан «ұлттың болашағын тәрбиелеу» және «ұлттық идеологияға қызмет ету» деген мәселенің басы қылтиятын сияқты. Мәселен, осы бағытта қызмет етуге тиіс­ ті әдебиет әлемі публицистиканың күнделікті күйбеңіне кө­ міліп қалған сияқты... – Бұған не таңданатыны бар? Бізде ұлттың болашағына қызмет ететін ұлттық идеология бар ма, өзі? Бұрындары публицистиканы дәуір үні дейтінбіз. Бүгінде көпшілік публицистикаға ден қойса – онда көп­ шіліктің көкейінде үрей, жегі құрт бар деген сөз. Жұрт бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін білгісі келеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі бағдарлама, жоба, жолдау атаулыдан ат сүрінеді. Бірақ солардың бірде-біреуінен желінсау болған қойдай сүт тамбауы қалай? Қарап отырсаң, нәтижелі, халықтың көсегесін көгертетін бір іс жоқ. Қайта, осы орайда, қуыршақтарды қазақша сөй­ летіп, сәбилерді ана тіліміздің мәйегінен сусындатуға үлес қосып жүрген Қыдырәлі Болмановтың әрекеті берекелі ме деп қаласың. Өнерге зорлық жүрмейді. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл толса да, ұлттық идеология ретінде бағдарға алатын, тұшынып оқитын бірегей шығарма әлі дүниеге келген жоқ. Өйткені бір қоғамдық даму сатысынан екіншісіне секіру оңай ма? Сондықтан әлі біраз уақыт публицистика көсемдік жанрдан айрылмайды. – Осындай алмағайып заманда жазушы – тарихшы, тарих­ шы-жазушы бола беретін жағдай жиі көрініп жүр ғой... – Жапонияда мынадай бір жақсы дәстүр бар. Бұл елде жазушылар, ақындар әбден танымал болғаннан кейін бұрынғы аты-жөнін жиып қойып, бейтаныс есімді бүркеніп жаза ба-

стайды. Егер осы екінші есімімен де әйгілі болса, онда ол на­ ғыз талант деп танылады. Егер осы әдіс бізде де қолданса, бұ рынырақта жарық көрген бір-екі туындысының қоламтасына әлі жылынып келе жатқан талай жазушылар мен ақындар шоңқиып қалатын шығар. Әсіресе халық санасына орныққан тарихи деректерді бұр­ малап, қасақана біреудің ерлігін екіншісіне телу, тіпті «Досты Шу жеріне аттандыру» деген өлеңіне бола қайдағы бір ортағасырлық қытай ақыны Ли Боны қазақ Елібай қылып, оның ішінде Дулат етіп жүрген сабаздардың әрекетін қалай түсінуге болады? Талғамды тәрбиелейтін ортаның тозып кеткені ме дейсің. Жақсы, әдеби, тарихи шығармаларды талқылайтын сарапшы топ құрылды дейік. Бірақ олар еліміздегі жүздеген жеке баспалардан ытқып жатқан топан өнімдердің қайсысына төрелік айтпақ? 1992 жылы Қазақстанға ағылған эротикалық фильмдерді не істерін білмей аңтарылған «Қазақфильм» басшыларына сол кездегі премьер-министр Терещенко: «Халық әбден көр­ сін, қызықтасын, жалыққасын өздері қояды», – деген екен. Біз де қазір әлгіндей күлдібадам шығармаларға тосқауыл қоя алмай, Терещенко сияқты, сырттан бақылап қана отырмыз. Иә, өзің айтқандай, уақыт өткен сайын әдебиет айналасында шоқымай қарға, оқымай молда болғандар көбейіп барады. Президентке кіру – Антарктидаға жаяу барумен бірдей – Әдебиеттегі кландар қақтығысы туралы ойыңыз қандай? Қазір ел билігі әдебиетші қауымды бір-бірімен қағыстырып қойып, қыжылы көп қоғамдық әңгімеден оқшаулап жатқан сияқты... – Сіз кілең үздіктер оқитын мектеп көргеніңіз бар ма? Әрине, болмайды ғой. Оның ішінде екпінділер, орташалар, тіпті кеше, ақкөз надандар да жүруі мүмкін. Негізінен, таланттар аунақшыған магнит тастарындай бір-бірін теуіп, араларында бақталастық болатыны – табиғи нәрсе. Тіпті шешелі-

балалы Анна Ахматова мен Лев Гумилев та бір үйге сыймаған ғой. Бір жағынан, мұны кландар қақтығысы деп шулатудың да қажеті шамалы. Алайда, әдебиетте өзара айтысып жүрген ықпалды топтардың бары рас. Біз бүгінде Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Беляевқа қолын шошайтып тұрып: «Сен, Беляев, мен коммунистік партияға мүшелікке өткенде столдың ас­тында еңбектеп жүрген бала едің, байқа!» – дейтін Сәбит Мұ­қа­ новтарды аңсаймыз. Қазір президентке тура қарап тұрып, халықтың мұңын айтатын бірде-бір жазушы жоқ десек күпір болмаспыз. Оның үстіне, президентке кіру дегеніңіз – жай қаламгер үшін жаяужалпылап Антарктидаға жетумен бірдей. Ал Елбасына әйгілі сиқыршы Вольф Мессинг сияқты жиі қабылданатын жазушылар да бар. Шіркін, солардың президенттен не сұрап сайра­ ғанын естір ме еді? – Ал Оралда өтпек батыстық қазақтардың құрылтайы тө­ ңірегінде не айтасыз, сізді шақырды ма? – Осындай алыпқашпа хабарды бір-екі басылымнан оқып қалдым. Шынымды айтсам, мен мұның қандай қажеттілік­ тен туғанын түсінбедім. Мұны әлдебір қитұрқылықпен ұйым­ дастырған болса, биліктің өзіне де обал жоқ. Елді быт-шыт қылып, осылай басқаруға бола ма? Орман өртенсе, жолбарыс, кірпі, қасқыр, қоян бәрі бірге қашады. Бізді осылай ұйыстыратын Алланың бір зауалы болмаса, біз өздігімізден ымыраласудың шекарасынан өтіп кеткен тәріздіміз. Қозылы қойдың дауын құлынды биеге сатып алатын зұлымдар, не бір пәлеқорлар қазіргі билікте де, ел ішінде де жоқ емес. Осындай іштей жидіген, борсыған кезеңде «Дариға-ай, ешбір қазақ баласын алаламайтын кешегі Алаш арыстарының жұрнағы да қалмаған ба?» – деп налисың. Ғұмыр бойы адам басына бақ жұлдызы үш рет таяп келеді екен. Соның үшеуін де құр жіберген пенде екі дүниеде де көктемейді. Ойлап қарағанда, мемлекет те сол сияқты ғой. Біз осы жиырма жылдың ішінде өнбес дау, қысыр кеңес­-

пен қаншама ұрымтал сәттерді, ғажайып кезеңдерді, жұл­дыз­ ды мезеттерді, алтын уақыттарды босқа жібердік десеңші! Алайда тарих кекшіл, жаза басқанды аямайды. – Өзіңіз сол Батыс Қазақстанда туып-өстіңіз. Жерлес, аға­ йындас жұрттан мұның не құрылтай екенін ұға алмадыңыз ба? – Иә, мен Атырау облысының Қызылқоға ауданында туыпөстім. Ерте туып, кеш қалғанның біреуі – менмін. Уақыт шір­ кін ұқыпсыздың тиын-тебеніндей шашылып, әр жерде қала беріпті. Қазір бейне бір алқаптағы дамыл таппайтын трактор сияқтымын, күнкөріс қамы үшін мігірсіз еңбек ете­мін. Сондықтан алыпқашпа хабарға елігіп, жиын атаулыға айтшылап жүретін уақытым да жоқ. ...Руымды сұрап қайтесің! – Қазір жерге, руға бөліну әсіресе әдебиетші қауымның арасында тым асқынып кеткен сияқты. Бұл қанға сіңген қа­ зақтық «қасиет» пе, әлде қазақтың басын біріктірмеудің ас­ таналық амалы ма? – Ертеректе «Еңлік-Кебекті» қойып жатқанда, театрға Мұхтар Әуезов келіп қарап: «Осы сендер тымақ пен қамшы­ дан қашан құтылар екенсіңдер», – деп, есікті тарс жауып шы­ ғып кетіпті. Сол сияқты, осы бір руға, жүзге бөліну дерті сүт көбігіндей ауық-ауық көтеріліп-басылып, қарапайым адамдарды ығыр қылып болды. Бір кезде талантты ақын Cағат Әбдуғалиев: Арғымақ шалып қырларға, Сүйемін күнді, ай төсін. Рухымды көріп тұрғанда, Руымды сұрап қайтесің! – демеп пе еді! «Батырдың тұқымы – жуасқа, жуастың тұқымы – ынжық­ қа, ынжықтың тұқымы – азғынға, азғынның тұқымы – сат­ қынға, сатқынның тұқымы мәңгүртке айналды», – деген Ма­ қаш Тәтімовтің сөзі ақиқатқа айналып жүрмесін!

– Сонда бұл емі жоқ дерт болғаны ғой... – Иә, қазірше оба сияқты емі болмай тұр. Мүхтар Әуезов­ тің өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жалпы әлеумет­ ке бағыштаған арнауы әлі құнын жойған жоқ. «...Кешегі заманнан қалған не? Айнымаған не нәрсе? Ай­ нымаған: кешегі күнгі жақынымен жата жағаластырған алты­ бақан, алауыздық – ол, әлі күнге сол қалыпта «алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген, берекесі, тыныш­ тығы жоқ, бітімі, тынымы аз қазақ – әлі күнге сол қазақ. Оқушы! Зор кеуделі оқыған болсаң да, сен де осы мінезден арылған жоқсың. Атаңның ескі жолында сен де жүрсің. Өзіңді өзің сына, сен де осы аурумен ауырып жүрсің. Туысқан бауыр, туған ел! Алдымен көзіңнің құйрығымен өз ішіңе үңіліп өт...». Мұхаңның осы арнауы президенттен бастап, пақырға де­ йін, яғни, күллі қазаққа бағыштаған аманат тілегі, жан сөзі сияқты. Иә, қайсыбірін айтасың, біздің қоғамда пісіп жүрген бітеу жаралар өте көп. Жаныңды солқылдатқан сол шиқан­ ның өңезін алатын қасиетті қандауыр әзірге табылмай тұр. – Қазақстанда әлемді аузына қаратқан Саммит өтіп жатқан тұста жазушы қауымның үні неге естілмейді: не мақтаған, не даттаған зиялы жоқ. – Бұл ғаламдық басқосуға сұрапыл ақша шашылғаны бесенеден белгілі. «Тәуелсіздігіміздің он жылдығын мерекелеуге көп мөлшерде қаржы жұмсалды, дәл қанша екені қазір есімде жоқ. Ал Рим папасын қабылдауға 130 миллион теңге жұмсалганын анық білемін», – деген еді Қасымжомарт Тоқаев («Время», 7.03.2002 ж). Бірақ біздің билік бұл саммитке кеткен шығынды толық әйгілемей, 11 миллион евро деп сүмірейтіп көрсетуге әуес. Сейтіп, дүрілдеп саммит те етті. Халықтың мұңы, қыруар аманаты ғаламдық басқосудан кейінгі банкеттегі шапши атыл­ған шампан бұрқағының астында қалып қойғандай. Өзге жұрттың бәрі ХХІ ғасырға жасарып, жаңғырып кір­ генде, біз сиырдың бүйрегіндей қырық бөлшек боп, ру-руға

бөлініп, дінімізді паршалап, жемқорлықты сүйрете ендік. Ендеше, болашақ қасіретіміз де – осы үш пәлекет болмақ! – Аға буын жазушылар қазақ әдебиетіндегі жастардың аздығын, білімдерінің кемшілдігін көп сынайды. Ал өздері әкім немесе президентке кірсе, жеке бастарының мәселесін айтып, жас қаламгерлердің әлеуметтік жағдайы туралы тіс жармайды. – Бүгінгі жастар аға буын жазушылардан сырт айналып, өзі құралыптастармен селбесіп, бір-бірін жарнамалап күн кешуде. Бір ғажабы, белгілі қаламгерлеріміз кейінгі буынды көрінген жерді мекендеп, су ішпейтін, дән жемейтін байғыз деп ойлайтын тәрізді. Үлкен үйге не керек болса, кіші үйге де сол қажеттігін бағамдауға олардың қазір уақыты да жоқ. Ағыл-тегіл жауған нөсерді сылқылдата сорып алып, ер­ тесіне кебірсіп жататын шөлдегі шұқанақтай, бүгінгі аға жа­ зушыларымыз: «Қой, әуелі Алланың, содан кейін үкіметтің осы бергеніне де шүкір, ендігі игілікті жастар көрсін», – демейді, марапат үлестірілерде алдыңғы шепте тағы да солар жүреді. Нағыз жапырақ жайып, көктейтін көктем мен жазда дым тамбай, қара күзде шелектеп құйған жаңбырдың қажеті қан­ ша? Қайтеміз, ешкімнен ештеңе дәметпей-ақ мақсатымызға жетеміз деп жүргенде, жасы құрғыр да бірталайға келіп қа­ лыпты. «Тәңір асыраған тоқтыны бөрі жемейді» дегендей, жан баласына қарыз емеспіз, қанағатқа қарын тойғызып, 2030-ға қарай беттеп барамыз! – Әңгімеңізге рақмет! «Қоғамдық позиция», 08.12.2010 ж.

Заңдардың қазақшасы оқылмайды. неге? Тәуелсіздік алған он жылдың ішінде қаншама заңдар мен қаулылар шықты десеңші! Солардың кей­біреулері қатал дәуірдің тезіне шыдай алмай, қолданыстан шығып, күшін жойды. Заңды хан да, қара да түгел ұлықтап, оны әлеумет әрбір бабына дейін толық түсініп, өз қажетіне жаратқанда ғана, оның ғұмыры ұзақ болмақ. Бізде күллі заңның мәтіні орыс тіліңде дайындалады да, артынан іле-шала қазақша ресми аудармасы басылым бет­ теріңде жарияланады. Осы заңдардың кейбір баптарының күлдібадам аудармалары күлкіңді келтіреді. Сөзіміз дәлелсіз болмасын, 2002 жылғы шілденің-3-інде Елбасы Н.Назарбаев қол қойған «Инновациялық қызмет туралы» заңның қазақша нұсқасына назар салыңызшы. 4-бап. Мемлекеттік инновациялық саясаттың принциптері 4-тармағы былай басталады: қызметтік және заңмен қорға­ латын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, ин­ новациялық қажеттіліктер мен ғылыми-техникалық және ин­ новациялық қызмет нәтижелері туралы ақпаратты алу жә­не тарату еркіндігі мемлекеттік инновациялық саясаттың прин­ циптері болып табылады. Түсінгің-ақ келіп, қайта-қайта оқисың. Бірақ, түк те тү­сін­ бейсің. Арнайы заңның осы тармақтарын түртініп жүрген біз ұқпағанда, қарапайым халық қалай түсінбек? Мысалы, осы Заңның 9-бабының 2-тармағы былайша был­ дырлайды: Аймақтық инновациялық бағдарламалар аймақ­ тарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдар­ ла­малары негізінде қалыптастырылады және кадрлар даяр­ лауды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым мен ин­ новациялық әлеуетті дамытудың негізгі басымдықтарын, ин­новациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін ын­таландыру нысандары мен әдістерін айқындайды. Құдайшылығын айтайықшы, осы бір «жаңылтпаш» аудармаларды білікті заңгердің өзі түсінбеуі мүмкін. Осы орайда пролетариат көсемі Ленин марқұмды сағынады екенсің. Бұл

жарықтық: «Партияның қарарлары мен қаулылары қара танитын әрбір адамға түсінікті, ұғынықты тілмен жазылатын болсын» деп өсиет айтып еді-ау! «Инновациялық қызмет туралы» Заңнан кейін шілденің 4-інде Қазақстан республикасы Президентінің «Қазақстан республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» заң кү­ ші бар жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №335-ші арнайы қосымшасы жарияланды, оның да қа­ зақшасы солақай. 1-2 бап. Күзетілетін адамдар. Осы баптың 7-тармағы былай боп келеді: Қазақстан рес­ публикасының тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер; Президенттің қасына тегін адамның еріп жүрмейтіні бел­ гілі. Оларды еріп жүрушілер деп сүмірейтпей-ақ, серіктері немесе ресми адамдар десе жарасып тұрған жоқ па? Респуб­- лика Парламентінде осындай заңдарды, қаулы-қарарларды ау­дарумен айналысатын 30-40 аудармашы бар екені кәміл. «Әркім тапқанын теке қояды» дегендей, әлгіндей аудармалардан кейін ойдан-қырдан жиналған шаласауат, халқымыздың бай тілінен қажет сөздерді суыртпақтап ала білмейтін қара­ байыр аудармашылардың барынан жоғы дегің келеді. Кезінде марқұм Ғ.Мүсрепов: «Социалистік Қазақстанды» түсіну үшін алдымен «Каз.Правданы» оқып алу керек» деп бүкіл шындықты жайып салып еді. Тәуелсіздік алғанымызға он жыл болса да, осы бір итжанды үрдіс әлі еріп келеді. Әлгі «Күзетілетін адамдар» деген 1-2 баптың 10-тармағын окып қарайық: қауіпсіздігі Қазақстан республикасының аума­ ғында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халық­ аралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемле­ кеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; Міне, орыс тілінен еш қиналмай, сүйкектетіп аударудың «ғажайып» үлгісі! Біріншіден, сөйлем дұрыс құрылмаған. Екіншіден, кауіпсіздігі сөзін ең болмаса сөйлемнің аяғына шығаруға ерінген көрсоқыр аудармашыларға не дерсің! Тіп­ті, бірнеше беттік заңдарды айтпағанда, жарты беттік заң, жар­

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙