TELEGEI

Home

От колыбельной до эпоса

Санжар Керімбай

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

От колыбельной до эпоса

«От колыбельной до эпоса» — познавательная книга о казахском устном народном творчестве и духовном наследии. В ней рассматриваются произведения от колыбельных песен до эпических сказаний, их воспитательное значение и роль в сохранении национального мировоззрения, культуры и традиций.

Мұқаба

Алғы сөз

ӘОЖ 37.0 (075)

КБЖ 74.00 я7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАЗАНДАҒЫ Х204-04-14/4071 ХАТЫНА

СӘЙКЕС “ДІНТАНУ” САРАПТАМАСЫНАН ӨТКЕН

ТҰТАС КІТАПТЫ НЕМЕСЕ КІТАПТЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР БӨЛІМІН

КЕЗ-КЕЛГЕН ФОРМАТТА АВТОРЛАРДЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ

КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛЫНҒАН.

“Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қорының жобасы

Жобаның авторы: Санжар Керімбай

Құрастырып, алгысөзі мен түсініктерін жазғандар:
Болат Бопайұлы – этнограф, талым.
Мұхит Төлеген – Дінтанушы, РА) докторы
Әділбек Нәби – Дінтанушы матистр.

ӘЛДИДЕН ЭПОСҚА ДЕЙІН.

Ә50 ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ. /Құраст. Б.Бопайұлы, С.Керімбай, Ә.Нәби, М.Төлеген. ІІ бас. өңд.толық. – Алматы: «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ, – 2022. – 392 6. – Отбасы

хрестоматиясы сериясы

ІSBN 978-601-80543-5-8

Бұл кітап этнопедагогика негізінде құрастырылған. Мұнда бесік жырынан бастап, батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталды. Бесік жырын, жаңылтпаштарды, ертегілерді, аңыз-эпсаналарды, тақпақтарды отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп, олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыра алады. Сонымен қатар отбасы хрестоматиясы этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арнап жазылған.

ӘОЖ 37.0 (075)

КБЖ 74.00 я7
ІSBN 978-601-80543-5-8 © OtbasyBooks, 2022
© Абзал Құспан, 2022

ТАЛ БЕСІКТЕН ЖЕР БЕСІККЕ ДЕЙІН

Қазақ халқының ғасырлар желісінде қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрып, салтсанасынан адамның туған күнінен қартайғандағы таусыншақ күніне дейінгі екі арадағы уақыт мерзімі ішінде белгілі бір жүйеге түскен құбылысты көреміз. Мысалы, жаңа туған нәрестенің қырқын атап, шілдеханасын өткізіп, бесік жырын айтып, ән салып, өлең айтып, жастар бір жырғап қалса, көп өтпей-ақ, тәй-тәй басып жүре бастағанда, тұсаукесерін, ырым-жырымын өткізіп, аталары бата беріп, қызыққа бататын. Ол бала өсіп атқа мінсе, тоқымқағарын өткізу, апасы, абысын-ажындарын бастаңғыға шақырып, барын беріп күтетіні де бар. Міне, бала өсіп, қыз ес жиып, бой түзей бастағанда, ата-аналарының құда түсіп, сырға салып, үйлену тойына қамдану, құда шақырып, кит киісіп, қыз ұзату, келін түсіру әрекеті қатар жүріп отырады. Бұған дейін күйеудің ұрын келуі, қыздың жеңгесіне сый тартуы, қызды келін қылып алатын құдаларға арнап қынаменде өткізіп, қызыққа бату, жар-жар, беташар, сыңсу тәрізді салттар өткізу -- осы салт-дәстүр, әдет-ғұрып атаулының бәрі де өлең, жыр, айтыспен өтетін танымал нәрселер. Үй болып, отау тігуге, жаңа түскен келіннің төркіндеуіне байланысты қаншама әдет-ғұрыптар бар. Келіншек төркініне тек балалы болғанда ғана бара алады. Нағашысына келген жиен балаға тай мінгізіп, бәсіре беріп, үй аралатып сый беріп, бата беріп, сыйлауға байланысты талай қызықты жайлардың өтетіні тағы да бар. Енші алып, отау тігіп, тұңғышы мен артынан ерген іні-қарындастарына тәлім-тәрбие беру, жасында тілін жетілдіріп, сөйлеуге даярлау үстінде санамақ, бес саусақ, онға дейін сан үйрету, тақпақ, жаңылтпаш айттыру, осыларға қоса балаларға ертегі тыңдатып, келе-келе батырлар жырына ұйыту аса бір қызықты да қыздырмасы мол ерлікке еліктетіп, елін, жерін қорғауға баулу тәрбиесі де барынша күрделене түседі. Міне, осындай әдет-ғұрып, салт-сананың жалғасы ретінде ата-ана қартайып, өмірден өткен кезде жоқтау айтып, жылын өткізу, асын беру, аруақты риза ету тәрізді түрлі салт-дәстүрлер орындалып жатады. Бір қызығы, туғаннан таусыншақ күнге жеткенше орындалатын сан түрлі әдет-ғұрып, салт-сана бір жүйеге түсіп, үзіліссіз қайталануы арқылы ұлттық санамыз, рухани, тарихи жадымыз – рухани, ұлттық құндылыққа айналып, халқымыздың болмысын қалыптастырады екен. Осы ұлттық құндылықтарымызды дамытып, оны ұлттық дәстүр ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, тіліміз бен ділімізді олардың санасына сіңіріп, озығын дамытып жетілдіре алсақ қана ұрпағымызды аман сақтап, рухани жағынан жетілдіре аламыз. Біздің ата-бабаларымызды, олардың салт-дәстүрін жете танып білген қытай ғалымдары «Түркілерді жаулап алып бағындыруға болады. Бірақ салтдәстүріне аса берік, олардың әдет-ғұрпын, салт-санасын бұзып өзгерту мүмкін емес» деп қараған. Профессор Құдайберген Жұбановтың айтуынша, біздің Ресейге қосылуымыз кертартпа құбылысқа жатады. Өйткені ол «Біз Ресей империясына біртұтас, берік мәдениеті бар, диалектісі жоқ тілі бар, көшпелі қайталанбас өркениеті бар бай ел ретінде қосылып едік, енді соның бәрі күйреп жатыр» деп қараған. Шынында да біз 1911 жылғы халық санағында Ресей патшалығына қараған 17 түрік елінің 57%-ын құрайтынбыз. Ресей патшалығының шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын ұстанғандығынан біздің ұлттық рухани құндылықтарымыз терістеліп, саны жағынан басым жатқан қазақ елінің үш есе азайып кетуі – профессор Қ.Жұбановтың пікірі дұрыс екенін айғақтап отыр. Ал, 1917 жылы Кеңес билігі орнаған соң, бәрі орыстандыру саясатын халықтар достығы деген ұранмен бүркемелеп жүргізу арқылы біздің ұлттық құндылықтарымызды таптық саясат тұрғысынан феодалдық, байшылдық деп терістеп, қудалау арқылы ұлттық рухани құндылықтарымыздан күштеп қол үздіре бастады. Ата жазуымызды күштеп өзгерту арқылы мәңгүрттендіріп, тарихи, халықтық жадымызды біртіндеп шаю арқылы өткенімізді ұмыттырды. Міне, енді тәуелсіздігімізді алып, ес жиып, етек-жеңімізді жия бастадық. Ұлттық рухани мәдениетімізді қалпына келтіріп, дамытып жетілдіру арқылы қалыптастыру жолына бағыт-бағдар алдық. Осы мақсат тұрғысынан біртіндеп шайылып жоғалуға айналған халықтық жадымызды табиғи қалпына келтіруге жабыла атсалыса бастаған әрекетіміздің бір көрінісі ретінде, әсіресе, жас ұрпақ қамы үшін «Әлдиден эпосқа дейін» деген отбасылық хрестоматиямызды қалың қазақ оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз. Атам қазақ «көш жүре түзелер» дегендей кемшілігі болса, келесі басылымда түзелер деген ниеттеміз.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік және халықаралық «Түрік еліне қызмет» сыйлығының иегері,

филология ғылымдарының докторы, академик.

ҚҰНДЫ КІТАП

Ұлттық тәрбиенің басты құралы – ұлттық әдебиет пен дәстүрлік тағылымдар. «Әлдиден эносқа дейін» отбасы хрестоматиясы бала тәрбиесіне қажетті тәлімдік ойларды жүйелі жинақтаған. Әдеби, психологиялық, логикалық, тәлім-тәрбиелік дүниелерді сұрыптап, мәні тұшымды тұжырымдарды екшеп ұсынған. Бала тәрбиелеудегі ата-ананың үлесі мен міндетін анық ұқтырады. Хрестоматияны қарап, екшеп, оқып шықтым. Балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып, бала тіліне оралымды тақпақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілер, аңыз-әпсаналар жүйелі іріктелген. Бесік жырының алғы сөзі қызықты мағлұматтарды қамтыған. «Оу» дегеннен адамды бірден өзіне баули жөнеледі. Авторлар бесік жырының маңызын түсіндіргенде бұған жаңаша тәсілмен келеді. Шетелдік тәжірибелерді көп іздеген, дәлелді пікірлері мол. Мұны авторлардың жаңашылдығы деп есептедім. Тақпақтарды іріктегенде де авторлар жан-жақты зерттеулерге сүйенген. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай тақпақтарды таңдап алған. Баланы тәтті жеміспен, нәрлі көкөністермен қызықтырады. Кейбір тақпақтарды өздері құрап, толықтырған. Шумақтардың астарында мәнді қисса, тағылымды хикая жатыр. Бала дүниетанымын жан-жақты дамытуды басты мақсат еткені байқалады. Санамақтары да қызықты әрі құнды зерттеулерді қамтиды. Пайдалы тұсын түсіндіреді. Оқып шығып, мәні зор санамақтарды жинағанын аңғардым. Ішінде сан түрінде берілетін санамақтар да бар. Бір ерекшелігі, авторлар хрестоматияға ұмытыла бастаған аушадияр жанрын кіргізген. Мұны да жаңашылдық деп қабылдадым. «Сөз атасы -- ертегі» бөлімінен ұлағатты, тәрбиеге шақыратын ертегілерді оқыдым. «Бақ, қызыр және ақыл», «?КҺамандық неден болады», «Ынтымақ» сынды ертегілер балаларды өнегеге, тағылымға шақырады. Ертегінің тілі жеңіл, оқуға орамды, шағын етіп берілген. Шаңылтпаштан, алдымен, оның пайдалы жақтарын оқисың. Артынша зерттеуі өзіңді жаңылтпаш оқуға тартып тұрады. Мазмұны әр алуан. Жеңілі де, күрделісі де бар. Бата жаттату да дәстүрлі тәрбиенің бір көзі. Хрестоматияға ақын-жыраулардың жақсы бата-тілектері енгізіліпті. Қисса сүл-әнбия немесе қиссалар желісін балалар тіліне лайықтап жазу – авторлардың басты жаңашылдығы. Біздің дәстүрлі мифтік дүниетанымымыз аңыз-әпсаналарда, жыр-қиссаларда жатыр. Бала педагогикасының басты діңгегі осында. Хрестоматияға енген «Рабғузи қиссаларының» дидактикалық, танымдық мәні зор. Оны авторлар өзіндік сипатта, тартымды тілмен берген. Хрестоматияда маған ең ұнаған тұсы -- батырлар жыры. Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын батырлар жыры «еспе сөз жанрында», яғни қара сөзбен, тілге шұрайлы, оқуға орайлы етіп жазылыпты. Өдте жеңіл, жатық әрі қызықты етіп баяндалған. Баланың оқуына және танымына барынша ыңғайлы. Қорыта айтсам, балалар үшін, әсіресе ата-аналар үшін тамаша дүние шыққан. ШЖБас ата-аналарға таптырмас көмекші құрал. Бесігін түзегісі келетін әр үйде осындай мазмұнды «отбасы хрестоматиясы» болу керек.

Әдібай ТАБЫЛДЫ,
Педагогика ?ылымдарынынң докторы, профессор.

АЛҒЫСӨЗ

Құрметті ата-ана, бұл кітап сізге арналған. Әр ата-ананың «ұрпағым өзімнен асып туса» деген жалғыз арманы болады. «Ұлым қайтсе зерек, қызым қайтсе ибалы болады» деген ой бір сәт тыным бермейді. ХХІ ғасырдағы технология бала бойындағы зеректік пен иба-әдеп сезімдерін күшейтуге айтарлықтай үлес қоса алмаған сыңайлы. Керісінше, технология жетістігін дұрыс пайдалана алмағанның кесірінен сөйлеу мәнерін, қарым-қабілетін, алғырлығын, дарыны мен зеректігін жоғалтатын балалар әлем бойынша көбейіп барады. Осы проблеманы барынша азайту мақсатында біраз іздендік. Іздену кезінде мынадай ортақ заңдылыққа көз жеткіздік. Қай ғасырда да өз ортасын жарып шыққан тұлғалар өзінің қалыптасу кезеңін естеліктерінде «бала күнімде атамыз не әжеміз қызық қиссалар мен батырлар жырын жаттатып, дастарқан басында қызық етіп әңгімелеп отыратын» деп жазады. Дәстүрлі тәрбиенің арқасында ақылдың сарқылмас кеніне қол жеткізгенін айтады. Абайдан бастап ХХ ғасырда ерекше құбылыс боп көрінген қазақ интеллигенциясының өкілдері түгелдей дерлік бала кезінде осындай дәстүрлі тәрбие мектебінен тәлім алған. Бір ғана мысал: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабында жастайынан аңыз-ертегі естіп өскенін айта келіп, осыларды құлағына құйған әжесін өмір жолында кездескен ұстаздарының бәрінен де жоғары қояды. Көрнекті қаламгер, марқұм Таласбек Әсемқұлов: «Адамның тәрбиесі шыр етіп дүниеге келгеннен басталады. Әуелі отбасы-ошақ қасы тәрбиесі, содан соң мектеп тәрбиесі, содан кейін азаматтық өмір... осылай кете береді. Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндарын оқығанда «алғашқы білімді ауыл молласынан алды» деп келетін елеусіз ғана мәліметті талай рет көзіңіз шалған шығар. Солай болған. Адам әуелі діни тәрбие алуы керек. Алаштың арыстарына бала кездерінде иманның, ұят-аят, ар, кісіліктің әліппесін үйреткен, көбінің аты белгісіз қарапайым ауыл молдалары еді!» деп, ұлттық тәрбиенің шынайы сипатын ашады. Мыңдаған жылдар бойы кәдеге жарап, кемеңгер, қайраткер тұлғалардың қалыптасуына түрткі болған рухани бастау – аңыз-ертегі, қисса-хикая, жыр-дастандар желісі еді. Осы кітапты құрастыру кезінде біз де осы фактіні басты назарға алдық. Яғни, бір кездері ерекше дарын қабілетімен айрықша танылған қазақ ғалымдары мен зиялы тұлғалардың бала кезінде «әжемнен тыңдап едім» деген аңыз-әпсана, жыр-дастан, қисса-ертегілерін шамамыз келгенінше бір кітапқа жинауға тырыстық.

1 Әсемқұлов Т. «Оқығам жоқ...» // Алматы ақшамы, 22 маусым, 2013 жыл. Одан бөлек, баланың дүниетанымын жан-жақты етіп дамытатын мазмұны терең тақпақтарды қоса жинадық. Тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жинау кезінде де жаңадан ештеңе ойлап тапқанымыз жоқ. Бұған дейін қазақ ұлтына әбден танылып, еңбектері кеңінен таралған ақын ағаларымыздан қалған мәнді тақпақтар мен мағыналы санамақтарды сұрыптап алдық. Кейбір авторына сілтеме берілмеген тақпақтарды баланың танымына сай етіп Мұхит Төлеген құрады.

Бесік жыры

Ғалымдардың зерттеуінше жастардың 70 пайызының жүйкесінде ауытқу бар. Олар өмір сүруге қабілетсіз, өнер мен ғылымға бейімсіз. Академик В.Бехтерев «баладағы невроз ауруының алдын алу үшін бесік жырын тыңдату керек» деген?. Ал,психолог В.Леутин «бесік жырын тыңдау мидағы нейронның дұрыс дамуынатүрткі болады»? дейді. Америкалық ғалым С.Гроф «Веуопа 1һе Бгаіп» деген кітапта бесік жыры баланың психотерапиялық аурудан жазылуына ықпол ететінін ескертедіг. 2001 жылы Ресейдің Тюмень қаласының ғалымдары мынадай тәжірибе жүргізді. Жастары шамалас бірнеше сәбиді іріктеп, екі топқа бөліп бақылайды. Бірінші топтағы сәбилерге тұрақты түрде бесік жырын тыңдатты. Екінші топтағылар әртүрлі әуендер тыңдады. Алты айдан соң, бөбектердің миын тексереді. Әлдиге жарымаған балалардың нейрон жасушалары баяу дамыған. Бұл фактіге күмән келтіргендер де болды. Бірақ, зерттеу жұмыстары жалғаса берді. Әлди тыңдамаған сәбилердің мінезқұлқында психологиялық ауытқулар да күшейе берді. Олар тез ашуланып, тез шаршады. Жалқаулыққа бейім болды. Сабаққа ынтасы төмендеді. Ауру-сырқауға да тез шалдықты. Ал, бесік жырын үзбей тыңдаған сәбидің бойында мынадай артықшылықтар байқалды: 1. Жүйке жүйесі қалыпты жұмыс істеді. 2. Мейірімділік, қайырымдылық, сүйіспеншілік сияқты ізгі сезімдер қатар дамыған. 3. Қиялдау қабілетін үштаған. 4. Мағыналы һәм мәнерлі сөйлеуді үйренген. 5. Тұйықталмай, пікірін ашық білдіретін батыл болған. 2 Бехтерев В.М. Избранные работы по социальной психологии. – Москва, 1994. 400 с. 3 Леутин В.П., Николаева Е.И. Функциональная ассиметрия мозга. Мифы и действительность. – Санкт-Петербург: Речь, 2008. 368 с. 4 Stanіslav Grof. Beyond the Braіn: Bіrth, Death, and Transcendence іn Psychotherapy. – New York: State Unіversіty of New York, Albany, 1985. Академик Қаныш Сәтбаевтың ұстазы, Қарнақ медресесінің түлегі, халық арасында «Сармолда» атанған Балмағамбет Балқыбайұлының бесік жыры:

Тербеткенде бесікті,
Ананың мынау алғысы.
Келеді кімнің кем болып,
Қатарынан қалғысы.

Менің жаным ер болар,
Жаудан қайтпас өр болар.
Күншіл менен міншілдің
Кеудесі тұнған шер болар.

Еңбек етсең ел үшін,
Жаудың жайы көр болар.
Білек ұстап, бірлескен,
Досыңның орны төр болар.

Менің жаным ержетер,
Ержетсе деме,кер кетер.
Ғазаттық істеп халқы үшін,
Елірген жауды еңіретер.

Бұзауынан айырған
Секілді сиыр,мөңіретер.
Тұлпар мініп,ту ұстап,
Ғазиздерді тебірентер.

Тікесінен тік тұрып,
Жаудан елін күзетер.
Бастырмай қия,қисықты
Тезге салып түзетер.

Бауырына басшы боп,
Артында қалар із етер.
Мен ғаріпке қызмет қып,
Еңбегімді бір өтер.

Қыран болғай қырағы,
Қияда болғай тұрағы.
Тақымыңа басқаның,
Жылқының болғай пырағы.

Қараңғыда жол тапқан,
Халқының болғай шырағы.
Ел босатсоң, ержетіп,
Ананың сол ғой сұрағы.

Ғалым болсаң оқыған,
Тақуа болсаң тоқыған.
Талмайтын тарлан сен болсаң,
Текірек қағып,шоқытқон.

Қарауыл қарап,халқы үшін,
Түспейтін болсаң шоқыдан.
Жолын қуған тарихот,
Тағылым алсаң сопыдан.

Мырзалықтың жолында
Атымтайдай кем болма.
Ысырап қылып малыңды,
Залымдарға жем болма.

Мұның бәрі тілегім,
Көтерген көкке білегім.
Алмай түспе аңыңды,
Тастан ұшқан түлегім.

Бағыңды ашса Жаратқан,
Айтқанымдай боларсың.
Ақ сұңқардай таранып,
Тұғырға алтын қонарсың.

Қанат-құйрық тарарсың,
Ұрым менен Қырымға,
Көз жіберіп қарарсың.
Қиядан көзің шалғанға,

Қисаймай тура барарсың.
Оқ өтпейтін, орансаң,
Оқалы жібек киерсің.
Қамал бұзған жау болса,

Қайтпай бетің тиерсің.
Өзің үшін туғанмен,
Халқың үшін күйерсің.
Аждаһадай жаланып,

Жау десе, білек түрерсің.
Қалың жауды қақ жарып,
Ғозаттық қылып жүрерсің.
Халқың үшін қайрат қып,

Табаныңды тірерсің.
Нәресте екі-үш айға дейін
ақпаратты тек құлақпен
алады. Сондықтан, бесік жа-

нында әңгімелесуге, музыка
қоюға болмайды. Себебі, бала
жаманды-жақсылы эмоция-
ның бәрін миына жинақ-

тай береді.
Залым болма,ғалым бол,
Ғаламға айдай мәлім бол.
Бақыл болма, мырза бол,

Хақ ісіне риза бол.
Күн көрсең де қой бағып,
Ата-анаңа жүр жағып.
Ықтият бол аузыңа,

Көп сөйлеме ылағып.
Жақсы болсаң,мен пақыр,
Қызығыңа тояйын.
Құрсан болып, қуанып

Ақсарбас қойды сояйын.
Қаншама көрген мехнот,
Көңілден бәрін жояйын.
Бесікте жатқан құлыным,

Ұйықтасаң,енді қояйын.

Бұл жайында американдық биолоғтар І..Пі. МШЕ пен М.МШИЕ мынадай тәжірибе жасаған. Олар бесік жырын тындау кезінде бөбектің жүрек қағысын тексерді. Қараса, олардың жүрегі қалыпты, яғни бір минутта 68-72 рет соққан. Әрі бала бойынан эндорфиндер, яки қуаныш тғормондары бөлінетіні байқалды. Ал заманауи музыкадан сәбидің жүрегі шамадан тыс қатты соққан.

Ұйқысы бұзылып, өзін қорғансыз
сезінген. Тіпті,
романтикалық әуендерді тындату да орынсыз.

Ол бөбектің сезім мүшелеріне қатты әсер етіп, шектен тыс дамытып жіберген. Есейгенде махаббатқа тұрақсыз, сезімге жеңілтек келуі осының әсерінен. Германияның талымдары бесік жырының пайдасын басқа бір қырынан ашықтайды. Олардың айтуынша бала бесік жырын тыңдағанда оның ажар-көркіне жауап беретін ?ормондар жақсы жетіледі. Анасы әлди айтқанда көңіліндегі көркем идеалдар мен асыл мұраттар, армантілектер баланың болмысына дариды.

Тілек-бата сарынында келетін

Маңғыстау өңірінің бесік жыры:

Бөбегім сені құрметтеп,
Мұхамбетке үмбет деп,
Бесікке салдық, балапан,
Мұсылман жолы сүндет деп.

Бөбегім менің бал, бөпем,
Тәңірім болсын жар, бөпем.
Иманды боп өссін деп,
Аллажар деп тербетем.

Әуелі, Алла,ілім бер,
ілім берсең – білім бер,
Исламның дінін бер,
Ақын мен жырау үнін бер.

Өссін деп біздің баламыз,
Тербетер, бөпем,анаңыз.
Медет боп жүрсін қасында
Әзірет Сұлтан бабамыз.

Бойдың сүлу сынын бер,
Ойдың терең сырын бер,
Сөздің ырас -- шынын бер,
Көздің раушан нұрын бер,

Мінілмей тұрған құр ат бер.
Құраннан мақсат бір-ақ бер.
Ән менен саз,шайырлар
Естуге соны құлақ бер.

Қазір психиатрлар «жасөспірімдердің
20-25 пайызы қатыгездікке бейім»
дейді. Олар құрбыларымен тонның ішкі
бауындай араласып кете алмайды. Есейе

келе, зорлыққа, ішімдік пен есірткі
заттарға әуес болады. Осыған қарап,
америкалық психолог Э.Бэрн «бесік жырын
тыңдамау – агрессияның бастауы» деп

ой түйген. Шығыс халқында қатпез
адам туралы «мынау бесік жырын
тыңдамаған адам екен» деген түсінік бар.

Келіншектер бесік жырын айтуды аяғы ауыр кезіненақ әдетке айналдырса, ағзадағы токсикоз төмендейді, жүктілік мерзімі айтарлықтай жеңіл өтеді. Мұндай сәттерде сәбиге қажетті оттегі көбейіп, оның жүрегі қалыпты соғады. Анасының әлдиі оның эмоционалды

көңіл-күйін

реттеп, жүйке жүйесінің төзімділігін шындайды. Ресей медицина академиясының ғалымдары «әлди жыры тұмса ананың (жас босанған) ағзасына да жақсы әсер етеді» дейді. Заманауи үлгідегі бесік жырының мына нұсқасын 2008 жылдан бері «Кодекс Куманикус» тобы орындап жүр. Бесік жырының бұл нұсқасын тыңдағысы келген ата-аналар ғаламтордан немесе Қазақ радиосының қорынан жазып ала

алады.
Тағы да,
Тағы да,
Көлге барып күн батты.

Тағына,
Тауына
Ай қонды да тіл қатты:
«Неге балақаным,

Ұйықтамай жатырсың?
Бекер-ай,әлди бөпем-ай».
Жілік шағып берейін,
Майын алып-ай.

Көзіңді ашсаң қасыңнан
Табылайын-ай, әлди, әлди-ай.
Жолдар да,
Жондаор да,

Шырт ұйқыға шомыпты.
Сол манда,
Орманда
Ұйқыны үкі қорыпты.

Бұтақтар салбырап, Маужырап,
Бар әлем балбырап, Қалғымақ
Мүлгиді-ай, әлди, бөпем-ай. Түске айналып өлеңім.
Ұлы Абайдай ақылы мол Бұлақтар былдырлап,

жан болар ма екен? Құрақтар сыбдырлап,
Толағайдай еліне қорған бола Түсінде әлдилер ме екен?
ма екен? Керқұла атты ерттеп ап мініп
Әлди, әлди-ай. жүр ме екенсің?

Күн туарын еліңе біліп
Сан жылап, жүр ме екенсің?
Қалжырап, Әлди-ай, әлди, бөпем-ай.
Есінейді бөбегім, Әлди,әлди-ай.

Әр бесік жырында әр халықтың өз менталитеті, кие-қасиет пен ізгі өнеге туралы сакральды ақпараттар сақталған. Олар бөбектің құлағына сіңген сайын бойындағы ата-бабасының генетикалық кодын оятады. Кез-келген елдің бесік жырында Жаратушыға мінәжаты, Одан тілек тілеу сарындары бор. Мысалы еврей халқының бесік жырында былай дейді:

Дос кинд вет лернен Тойре. Бөбегім Тәурат оқиды,
Тойре вет эр лернен, Көңіліне тоқиды,
Сфорим вет эр шрайбн, Киелі кітап көшірер,
А гутер ун а фрумер ид Құдай оны ақылды

Вет майн кинд блайбн. Еврей етіп өсірер.

Татар ғалымы И.Карабулатова: «Бесік жырында халық даналығы мен сұлулық қабысып жатыр. Әр халықтың ұлттық тәрбиесі, салт-дәстүрі, өнері бесік жырынан бастау алады. Әллдди әні арқылы бала бойында ана тіліне деген құштарлық қалыптасып, музыкалық қабілеті жетіледі» дейді. Мысалы, татар халқының бесік жырында:

Элли-бэлли итэр бу,
Иокларға китэр бу,
Бэу-бэу итеп,куз йомып,
Изрэп кенэ житэр бу.

Абыйлары артыннан
Мэдрэоэгэ китэр бу.
Мэдрэсэлэрдэ укыгач,
Галим булып житэр бу!.

Әлди балам етер ме,
Оқуларға кетер ме,
Беу-беу етіп,көз жұмып,
Іздеп кенін жетер ме?

Ағалары артынан
Медресеге кетер ме,
Медреседе оқыған
Ғалым болып жетер ме.

Қазақ бесік жырындағы «әлди-әлдидің» түбірі «Алла-ай, Алла-ай» сөзінен шығады. Тіл заңдылығы бойынша дауыссыз екі «л» дыбысы қатар келмейді. Сондықтан «Алла» есімі «Алда», «молла» сөзі «молда» деп өзгеріске ұшыраған. Уақыт өте келе «Алда-ай, Алда-ай» тіркесі жіңішкеріп, «әлди-әлдиге» айналған. Ал, өзбек халқының бесік жырында «Алла-ай», «Алла-ай» деп айтылады. Төменде ғасырлар сүзгісінен өткен,иләһи мазмұндағы мағынасы терең, мәні жағынан әлемдік классикалық бесік жырларымен теңесе алатын әлди жырын ұсынамыз. Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер мен олардың ізгі істері өнеге етілетін бесік жыры:

Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен,қырық шілтен
Бөбегімнің досы ма?

Әлди,әлди, әлди-ай.
Лә иләһә иллалла,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті

Осындай бала қайда бар?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Балам менің Жүсіптей
Болар ма екен келбетті?

Ажарың айдай толсын деп,
Иллалалап тербеттім
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ер Дәуіттей қайратты

Ұста болар ма екенсің?
Дос жаранға айботты
Нұсқа болар ма екенсің?
Әлди,әлди, әлди-ай.

Тақ Сүлеймен нәбидей
Патша болар ма екенсің?
Халқың үшін қамданып,
Атқа қонар ма екенсің?

Әлди, әлди, әлди-ай.
Қазығұртқа кеп тоқтаған,
Нұхтай болар ма екенсің?
Отбасыма орнаған

Құттай болар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ымыранның ұлы Мұсадай,
Досы болғын Құдайдың.

Қызыр ерсін қасыңа
Тәңірден соны сұраймын.
Әллди, Әлди, әлди-ай.
Ғайсадай нүр бітімің

Салих болар ма екенсің?
Хақтың жолын таныған
Ариф болар ма екенсің?
Әлди, әлди,әлди-ай.

Әзіреті Мұхамбет –
Сәруары болған ғаламның
Рахматының тамшысы –
Нұрынан сен жаралдың.

ӘӘлди, әлди, әлди-ай.
Төрт шадияр – достарың,
Жадыңа тоқы,құлыным.
Нұрланып иман – бостаның.

Жүзіңнен тамсын шырының.
Әлди, әлди,әлди-ай.
Ғайып ерен,қырық шілтен,
Тоқсан тоғыз мың машайық.

Сексен сегіз серулер,
Әлдилетіп қосайық.
Әллди, Әлди, әлди-ай.
Әлди бөпем,құт бөпем,

Бүл сөзімді ұқ,бөпем.
Лә иләһә иллала
Көкейіңе түт бөпем
Әллди, әлди, әлди-ай.

жжж

Құлыншағым, құлыным,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Құлағыңа құй бәрін.
Әженнің айтқан жырының.

Әллди, Әлди, әлди-ай
Айналайын, бөбегім,
Аймалаймын, өбемін.
Азамат боп өссін деп,

Ақ бесікке бөледім.
Әлди, әлди,әлди-ай
Періштең сені тербетер,
Ботам менің ер жетер,

Еркек ТОҚТЫ құрмалдық,
Игілік,қайыр елге етер.
Әлди, әлди,әлди-ай.
Әлдилетіп, тербетіп,

Бір Құданы жыр етіп.
Әжең тыным таппайды,
Өссін деп сен ер жетіп.
Әлди, әлди,әлди-ай.

Бұл бесік жыры Түркістан өңірінде айтылған. Оны Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының Бас қор сақтаушысы Рахия Сүлейменқызы Жүзбаевадан 2012 жылдың 25 желтоқсанында жазып алдық. Ғалым Ә.Айтпаева «бұрын қазақ бесік жырларында діни сарынның мол болғандығын» айтады. Оның Солтүстік Қазақстан өңірінен жинаған бесік жырының үзінділерінде «Аллаға табыну», «Ғайып ерен,қырық шілтен» тіркестері жиі ұшырасады. Мысалы:

Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Ғайып ерен,қырық шілтен,
Ақ бесікте тербеткен».

Ә.Диваевтың ел арасынан жинаған бесік жырларында:
«Әлди,әлди,әлди жар,
Аспаннан бұлт жауды қар.
Әли мінген дүлдүлдің

Сауырысында бар-ды қал.
Аспаннан түскен көк қошқар,
Шығыршық мүйіз жануар» – деп келеді.
М амандар баланы емізгеннен кейін,

беск жырын күніне 2-3 рет
орындауға кеңес береді. Ұзақтығы 10
минуттай болуы керек. Бесік жырын
3 жасқа дейін тоқтатпаған абзал.

Сәби тәтті ұйқыға кеткеннен кейін
де бес минут бойы үзбей айтса,
пайдасы шаш етектен.

Тақпақтар

Баланың есте сақтау қабілеті 4-5 жастан соң шапшаң дами бастайды. Осы жаста баланың есте сақтау қабілеті тоқтап қалмас үшін үнемі жеңіл өлеңдер жаттатқан пайдалы. Ең алдымен балаға жеміс-жидек туралы тақпақ жаттату қажет. Себебі бала жеміс-жидекке, тәттіге үйір келеді. Оған «сәбіздің витамині көп, сәбіз же» деп үгіттегеннен гөрі:

«Қара жер төсегі,
Бар оның есебі.
Сәбізді көп жесең.

Бойларың өседі» – деп тақпақ жаттатқан пайдалы. Жеміс-жидектің қасиетін білген бала оны ешкім айтпай-ақ, өздігінен жей бастайды.

ЖЕМІС-ЖИДЕКТЕР ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР

Құлпынай

Құлпынай гүл ашыпты,
Көктем келді, алақай!
«Піссе тез» деп асықты
Тәттіқұмар балақай.

Иісі мұрын жарады,
Жасайды одан әтір де.
Жапырағы ем болады
Жөтеліп қалған сәтімде.

Шие

Моншақтай алқызыл,
Бұтаққа ілінген.
Ерекше дәмді бұл
Кетпейтін тіліңнен.

Жесе де қаншама,
Шиеге тоймайды.
Ұшып кеп жан сала
Торғай да қоймайды.

Алма

Айтшы, қане, алманың,
Кім ұмытар бал дәмін?
Алма жегің келсе егер
Бауға бар да, талға мін.

Қышқылын да аласың,
Тәттісін де саласың.
Жазда алма көп жесең,
Қыста шымыр боласың.

Қауын

Барсаң сен ауылға,
Тоясың қауынға.
Иіскеп аласың
Құшақтап бауырға.

Күләбі, әңгелек-
Бәрінен дәмді ерек.
Жатады піскенде,
Бақшада дөңгелеп.

Қарбыз

Қауынның сыңары,
Бал мен қант құрамы.
Бақшада көк теңбіл
Доптай боп тұрады.

Хауа ана мирасы,
Бар жанның сыйлы асы.
Көгенде түйілер
Қарбыздың бұйдасы.

Жүзім

Шоқтанып түзілген,
Тәтті жоқ жүзімнен.
Піскенде балбырап,
Бұтадан үзілген.

Әкеліп жұмақтан,
Суарған бұлақтан.
Мейізі бар үйді
Періште ұнатқан.

Өрік

Сары өрік, сары бал,
Талай бала сағынар.
Дәмі тіл үйірер
Қарасы тағы бар.

Қайнатсаң тосабың,
Аздап қант қосамын.
Қысты күн қонақтың
Алдына тосамын.

Шабдалы

Біздің ауыл бағбаны,
Өсіреді шабдалы.
Алмаға ұқсас болғанмен,
Жұмсақ, тәтті бар дәмі.

Қауіпсіз демегін,
Жей көрме дәнегін.
Түктері ерніңнің
Шығарар әлегін.

Банан

Сары тон киінген,
Орақтай иілген.
Бананның бал дәмі
Тіліңді үйірген.

Қанша той кешінде,
Жегенім есімде.
Жейді оны біз түгіл
Сүйсініп мешін де.

Ананас

Қауынмен шамалас,
Суықты қаламас.
Қысы жоқ елдерде
Өседі ананас.

Жеңсік ас бәріне,
Сүйсінер дәміне.
Тойларда айналар
Дастарқан сәніне.

Анар

Үш жүз жыл жасы бар,
Жеуге жұрт асығар.
Ішіне қып-қызыл
Моншақты жасырар.

Пайдасы бар анық,
Пейіште жаралып.
Фатима анамыз
Сауыққан нәр алып.

Алған жұрт тәлімді,
Бұл солай танылды.
Сөлінен көп ішсең,
Көбейтер қаныңды.

Алмұрт

Қызыл, кейде сарғылт тым,
Құмары ауған бар жұрттың.
Не жетеді дәміне
Уылжыған алмұрттың.

Сән берер бағыма,
Аңсаймыз сағына.
Көз салсаң ұқсайтын
Боксшы қабына.

Жаңғақ

Сауыты бар қатты,
Шұбарлау жарғақты.
Ақылды болам деп,
Көп жеймін жаңғақты.

Қарасаң түйіп ой,
Құдайдың сыйы ғой.
Дәнегі аумаған
Адамның миы ғой.

Құрма

Құранда айтқан бар затын,
Шыққан жеміс жұмақтан.
Пайдасы мол жанға тым
Пайғамбарлар ұнатқан.

Арыстан бапқа тапсырып,
«Қожа Ахметке бер» деген.
Құрмамен келіп жақсылық
Мерейі діннің өрлеген.

Оразада айналар,
Дастарқанның сәніне.
Тәспі болып байланар
Тіске ұқсайтын дәні де.

Таңқурай

Бұтасы ғажап жайылар,
Сән беріп баудың көркіне.
Оны көп жеген айығар
Ем тауып талай дертіне.

Таңқурай тәтті, құнарлы,
Қызғылттау түске малынған.
Сүйектен ұсақ құралды
Бірнеше дәнге салынған.

Қарақат

Шырынды жеміс деп,
Жүреді бәрі атап.
Бауларда өрістеп,
Өседі қарақат.

Піскенде баураған,
Дәмімен баланы.
Қап-қара, аумаған
Адамның жанары.

Алша

Шірнелі алша анық,
Жерден нәр алады.
Бар бала тамсанып,
Ауызға салады.

Төрт жылда бір берер,
Жемісін табыстап.
Алшадан өндірер
Мармелад жабысқақ.

Қызанақ

Жиған шырын осынша,
Қып-қызыа ғой денесі.
Қиярменен қосылса,
Бар салаттың төресі.

Бауырындай «алманың»,
Бұта жаяр арықта.
Жасап оның бар қамын
Баптаудан сен жалықпа.

Еңбекпенен өседі,
Қызанақ та байқап ал.
Төккен терді еселі
Жемісімен қайтарар.

Қияр

Бүртік-бүртік тәні оның,
Суда тұрып жаураған.
Тұз қосқанда дәмі оның
Талай жанды баураған.

Шаршағанды тыңайтар,
Шипа сіңген сөлі көп.
Дихан атам мұны айтар:
«Дәруменнің кені» деп.

Асқабақ

Өнді сулы жерде ерек,
Топырақты жастап ап.
Күзге қарай дөңгелеп,
Пісіп тұрар асқабақ.

Көкөністің алыбы-
Салмағы да зіл батпан.
Жалтырайды қабығы
Желүрдеген, күн қаққан.

Еккен оны кенелер,
Ас-ауқатқа құнарлы.
Асып жесең сен егер.
Тағам болар ұнамды.

Пияз

Бас сұғар жерге,
Азық боп елге.
Пиязда екен
Шипа да, ем де.

Аршыған бірақ,
Қалады жылап.
Тұмау мен жөтел
Жүреді жырақ.

Сәбіз

Қара жер төсегі,
Бар оның есебі.
Сәбізді көп жесең,
Бойларың өседі.

Кіргізер ас дәмін,
Тояды аш қарын.
Көрдім мен апамның
Палауға қосқанын.

Картоп

Білмейтін қай жан бар,
Бақшада жайған нәр.
Екінші нан депті
Картопты пайғамбар.

Пайдасын ел білер,
Тамаққа өң берер.
Картоптан қоймалжың
Крахмал өндірер.

Жиде

Судан алыс жақтарда,
Тамыр жаяр бұл ағаш.
Кетпен, күрек саптарға
Жидеден өзге шыдамас.

Зәбір беріп Адамға,
Шашынан қатты тұтыпты.
Бұтасына содан да,
Тікенектер бітіпті.

Мәуесін жеп тамсанып,
Ұнатқанмен жидені.
Еңбекпен адам жан салып
Өсірмейді үйде оны.

Күнбағыс

Бақшада биік,
Күнбағыс өсті.
Күн нұрын сүйіп,
Құлпыра түсті.

Күндіз кеп көрсең,
Әдемі көркі.
Басында әсем,
Сап-сары бөркі.

Қарайды күнге,
Балбырап-балқып.
Ал енді түнде,
Кетеді қалғып.

Күріш Інжір
Ақ маржандай дәні бар, Адамға өзі жақын-ақ,
Қасиеті мол күріштің. Жай алар мекен, тұрақтан.
Кеніндей болып ағылар. Сыйлаған киім, жапырақ

Береке, дәулет, ырыстың. Қуылған кезде жұмақтан.
Пайғамбардың тісінен Жапырақтар түрленіп,
Мән алды дейді аңызда. Мақта мен жұпар, бал болған.
Ясиннің сүре-күшінен Қастерлеп жесе кім келіп,

Нәр алды дейді абыз да. Шипа мен оған нәр қонған.
Қасиет сіңген дәніне,
Азық қой іші-сырты да.
Дәм татқан жанның бәрі де

Інжірге жүрер ынтыға.

Сәбидің танымына сәйкес жазылған тақпақ оның білімге деген қызығушылығын оятады. Орыс талымы Е.Кудрявцева «Тақпақтың мазмұны баланы бірден баурап алуы тиіс. Сондықтан оған өзі білетін аң-құстар, өсімдіктер, бұлт пен жанбыр жайлы қысқа шумақтарды үйреткен абзал» дейді. ХАЙУАНАТТАР ТУРАЛЫТ ТАР

Жылқы

Шапса алға ұмтыла,
Жел жетпес жылқыға.
Сәйгүлік, тұлпардың
Ғажап қой тұрқы да.

Шын ердің сол бағы,
Баптаса жорғаны.
Адам мен Хауа ана
Үйреткен қолға оны.

Хикая – бұл үлгі,
Қиссадан білінді.
Сол кезден көлік боп,
Сапарға мінілді.

Түйе

Бағы болған халықтың,
Мод қасиет дарып тым.
Мұғжизасын қиссамен
Айтады жұрт Салықтың.

Ел тілегін құп алған,
Таудан түйе шығарған.
Шұбатынан дәм татып,
Кедей-кепшік жұбанған.

Әдептен жұрт аспайды,
Жүн шудасын баспайды.
Кие тұтып, қастерлеп,
Көрпе қылып жастайды.

Қой

Бақ пен ырыс дарыған,
Барлық бала таныған.
Ежелден-ақ бабалар
Қой бағумен жарыған.

Төрт түліктің асылы,
Пейіштен екен нәсілі.
Адамзатқа құт еткен
Құдайдың бұл нәсібі.

Сүннет болған бұ да бір.
Аңыз сырын ұға біл,
Көктен қошқар түсіпті
Пайғамбарға Смағұл.

Сиыр

Ақ сүті ас қой бұйырған,
Құрт, ірімшік жиылған.
Несібесін бар халық
Айырады сиырдан.

«Жұмсар Адам сенііске,
Жәрдем ет» деп егіске.
Судан тартып шығарды
Жебірейіл періште.

Ешкі

Тастан-тасқа секірген,
Таста жүріп жетілген.
Шекшек ата пірінен
Бізге мирас етілген.

Сүті айналар шын емге,
Кәдеге асар жүні елде.
Майда жібек түбіті
Көрік берген кілемге.

Есек

Пайғамбарлар көлігі-
Сапарға алыс баратын.
Шаруаның серігі –
Отын-суға салатын.

Қара тастан жаралған.
Күшті хайуан бұл аса.
Алам деп өшін адамнан
Тұяғын төсер құласа.

Шайтанның еріп сөзіне
Құйрығына жасырды.
Қарғыс жүктеп өзіне.
Арамдығы ашылды.

Ит

Шынайы дос саналған,
Серігіне баланған.
Әпсанада Адамның
Кіндігінен жаралған.

Үй күзетіп, мал бағар,
Итіңді ерт те, аңға бар.
Сенімді, адал парқына
Талай кісі таңданар.

Күшікке құмар бөбек көп,
Жетектейді өбектеп.
Аш қалдырмай, ас құйсаң,
Құт құйылар шелектеп.

Мысық

Жануар ол сүйікті,
Нұхтың алған батасын.
Құласа да биіктен
Тигізбейді жотасын.

Тазалықты ұстанған,
Жуынады асықпай.
Үйді қорып тышқаннан
Жүреді ылғи ашықпай.

Кемесінде пайғамбар,
Итті аңдып торыпты.
Оның мінін жайып бар
Содан араз болыпты.

Тауық

Кім білмейді тауықты,
Адамнан пана тауыпты.
Сорпасы дертке шипа боп
Сырқат жандар сауықты.

Бар құстан асқан тағаты,
Қиссада оның бар аты.
Нұх жасаған кемеде
Қалып қойған қанаты.

Досым деп ойлап қарғаны,
Кепілдік болып қалғаны,

«Қанатым қайда, қарға?» деп

Іздейді екен таңда оны.

Қоқиқаз

Жемін теріп, үнемі
Көл жағалап жүреді.
Қызыл бауыр,
Тік сирақ

Бұл құсты кім біледі?...
Бір аяқпен тұрып та,
Демалады ол ымыртта.
Бір қызығы:

Қоразы
Басады екен жұмыртқа!

Қарлығаш

Әбжыланнан құтқарып,
Адаммен дос болыпты.
Қанатына құт дарып,
Шаңырағына қоныпты.

Жылан тістеп алған соң,
Айыр құйрық атанған.
Көзінің жасы тамған соң,
Ыбырайымнан бата алған.

Өзі – адамның жан досы,
Құрметтісі болды елдің.
Сөзді ұғып сен де осы
Ұясын бұзба, жем бергін.

Үкі

Адастырмай кемені,
Қатерден аман өткізген.
Нұқхқа тиіп көмегі
Қазығұртқа жеткізген.

Риза болып пайғамбар,
Оған бата беріпті.
Түнде қанат жайғанда ол
Көзі өткір көріпті.

Қауырсыны киеді,
Бәлекеттен қағады.
Барлық халық сүйеді
Босағаға тағады.

Қарға

Әуелде түсі ақ болған,
Кір күнәдан пәк болған.
Топан судың кезінде
Тайған екен хақ жолдан.

Нұхтың сөзін ұмытқан,
Шіріген етке құныққан.
Ақтүсінен өң кетіп,
Өлексеге былыққан.

Уәдесінен тайынған,
Жан иманы шайылған.
Сосын оны Құдайым
Бар киеден айырған.

Тауыс

Құлпырып ғажап жайнайды,
Тауыс құс жазса қанатын.
Сахарда тұрып сайрайды.
Білдіріп Хаққа тағатын.

Сөзіне сенсек әпсана,
Азғырып шайтан аяры.
Қылып, күнә, масқара
Қарайып кеткен аяғы.

Болып содан бағы кем,
Өзгерткен оның келбетін.
Жыланмен және Адаммен
Мекендер мәңгі жер бетін.

Бұлбұл

Көзбен бағып бір гүлді,
Көмейге сап мың жырды.
Таңсәріде сайрайтын
Кім танымас бұлбұлды?

Тамылжытар түн қатып,
Жұртты әуенге жырғатып.
Ғашық жан көп, ал оған-
Гүл ашылса – шын бақыт.

Бұлбұл тыным таппайды,
Шырқамай таңы атпайды.
Жан бітіріп әлемге
Жаратқанды мақтайды.

Қыран

Қорғап алғаш Адамды,
Қолғанаты болған құс.
Тамсандырған ғаламды
Тұла бойы толған күш.

Аңыздарда жазылды,
Қыран құстың бар сыры.
Үйрек ұстап, қаз ілді.
Қуантып сан аңшыны.

Көк аспанда самғайды,
Жердің беті тар келіп.
Барша арманды жалғайды.
Байрағыма сән беріп.

Аққу

«Болса егер де ақылың,
Аққуды сен атпағын», –
деген ата нақылын
Жастайымнан жаттадым.

Аққу – құс қой киеді,
Айдын көлді сүйеді.
Сыңары үшін шаттанып,
Сыңары үшін күйеді.

Аққу жайлы шанақтан,
Ән мен күйлер бар аққан.
Мың қасиет, сұлу саз
Дарытты оған Жаратқан.

Құрқылтай

Құс болғанмен құртымдай,
Күні-түні бір тынбай.
Ұя жасар тоғайда
Мақта, шөптен құрқылтай.

Тал мен таудың қиясын,
Таңдап, ілер ұясын,
Тоқығандай қас шебер
Құсқа қалай қиясың?

Түйеқұс

Қап-қара боп табаны,
Жүгіруге көндіккен.
Құстай-ақ бір жаралы,
Ұша алмайды ол тіптен.

Қойылған деп дәл аты
Жұрт таң қалып қарайды.
Жүгіргенде қанаты
Өзін-өзі сабайды!

Ара

Пайдасы шексіз балының,
Шипасы адам тәнінің.
Гүлден гүлге қонақтап,
Нәрін алар бәрінің.

Басқа жерге құймайды,
Омартаға жинайды.
Бағып-қаққан балаға
Шын көңілмен сыйлайды.

Хикаядан білінген,
Құрт түсіп Аюп тілінен,
Шомылып жұмақ суына
Ара боп қолға ілінген.

Сүлік

Аюпқа Алла бір күні,
«Жіберем», – деді сынағын.
«Сабыр қып көрсет үлгіні,
Құрттарға төзіп, шыдағын».

Құлшылық қой деп өтеуі,
Дұға мен болды тілекте.
Құрттардың қалды екеуі
Тілінде және жүректе.

Аюптың тілін тескен кеп,
Құрттан бір сүлік жаралған.
Құйқаны талай тесті емдеп,
Соратыны арам қан.

Құмырсқа

Айтады жұрт батыл деп,
Еңбек етіп, жол шеккен.
Сүлейменге ақыл көп,
Үйретіп, жөн көрсеткен.

Құйтақандай данышпан,
Бірінші енген кемеге.
Қанағат пен бар ұстам
Жиған титтей денеге.

Жазық жерге илеуін,
Салып, бәрі қорғайды.
Сұрап оған тимеуін
Өтінішін жолдайды.

Қоян

Сыбдыр шықса тосыннан,
Қоян қатты шошынған.
Жаралып судан жүрегі
Қорқақтығы осыдан.

Бауырын тастан алыпты,
Мейірімсіз боп қалыпты.
Көжектен безіп, басына
Жетімдік күйді салыпты.

Қорыққан қатты анасы,
Үрейдленіп санасы.
Емеді екен анасын
Өзге қоян баласы.

Жылан

Тышқан тескен кемені,
Денесімен бекітті.
Еңбектің деп төлемі
Қанды қиял етіпті.

Адамды шағып сар маса,
Жыланға қарай ұшыпты.
Қарлығаш та жармаса
Соңына оның түсіпті.

Сөзін ұқпай масаның,
Бұйырғанға көнді де.
Бақа болды асы оның.
Қолы жетпей дәмдіге.

Үйге кірген жыланға,
Шығарады ақ құйып.
Ой түй-дағы мұны аңда
Берер дәулет, бақты үйіп.

Аю

Қызықты аты бар оның,
Дейді бәрі «қорбаңбай».
Ұясынан араның
Кеткен емес олжа алмай.

Қыста көрпе жамылып,
Кетер ұзақ ұйқыға.
Көктемде еттен арылып,
Қалар жүдеп сиқы да.

Мүйізтұмсық

Ұқсастығы ешқандай,
Болмаса да тұрқының.
Мүйізтұмсық кез таңдай
Туысы екен жылқының.

Шалқар көлді, қамысты,
Мекен етер «сәйгүлік»
Қаламайды алысты
Жетпегесін жай жүріп.

Қосаяқ

Түнде көп көрінер,
Түсіп ап жолыңа.
Қорегін кемірер,
Қысып ап «қолына».

Мен мұны қызықтап,
Бір сәтке ойланам:
Сияқты ол музыкант
Сыбызғы ойнаған!..

Кірпі

Жейсің үйде ас таңдап,
Бұлне деген еркелік?!
Жамыласың сасқанда-ақ
Өз инеңді, көрпе ғып.

Көрсем сені (бұл – шыным),
Таңданып мен қараймын:
Аумайды екен тұмсығың
Тұмсығынан торайдың!..

Тоқылдақ

Құрттың іздеп түр-түрін,
Таппайды ол бір тыным.
Күн ұзаққа тұмсығын
Аямайды шіркінің.

Жандай-ақ ол кінәлі
Жақын келсең, бұғады.
Бейне орманда морземен
Хабар беріп тұрады.

Шыбын
Кір қоқыста мекені,
Тәтті көрсе, тамсанып,
Өмір бойы өтеді

Ызың-ызың ән салып.
Ұстап алып бүгін бір,
«Құпиясын» байқадым:
Барлық әнді

Шыбынның
Қанаты екен айтатын.

Құрбақа

Таңдай қағып тақылдап,
Ауыз жаппас құрбақа.
Текеге ұқсап бақылдап,
Көңілденер күн бата.

Отырғандай кекіріп,
Бүлкілдейді тамағы.
Доп сияқты секіріп,
Шалшықта асыр салады.

Сауысқан
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан томарға

Секең-секең ауысқан.

Жақыннан да алыстан

Бері ұшқан да, әрі ұшқан.
Құртты шоқып тауысқан
Санитар бұл сауысқан.

Құмырсқалар

Құмырсқалар илеуі-
Құмырсқаның үйдері.
Бір тілек, бір ниетте
Барлық тұрғын үйдегі.

Елгезектер бұйығып,
Ерінуді білмейді:
Илеуіне жұмылып,
Инелікті сүйрейді.

Құмырсқалар тамағын
Еңбекпенен табады.
Өзін қорғай алады –
Шамдандырсаң шағады.

Тіл ғылымында заттар мен құбылыстың сипатын деректі және дерексіз деп
жіктейді. Көзбен көріп, қолмен ұстауға
келетін, айналадағы барлық нәрселер,
мәселен, үй, ағаш, жылқы, көл, орман,

тау-тас, бағана, адамдар, т.б. деректі
заттарға жатады.

Ал, ақыл мен жүрек арқылы танып-білетін адамгершілік, арлылық, махаббат, достық, мейірім, т.б. қасиеттер дерексіз ұғымға кіреді. Ғалымдардың пікірінше бөбек алдымен қарапайым деректі тақпақтарды жаттап өскені дұрыс. Бірінші – жеміс-жидектер, екінші -- жан-жануарлар мен құстар туралы өлеңдер. Осы арқылы сәбидің жануар мен құстарға деген қамқорлығы оянады. Дүниетанымы шапшан кеңейеді. Олардың қасиеттерімен, сипаттарымен, міндеттерімен танысады. Демек, әрбір бөбектің санасына жемістің дәмдік пайдасы мен оның адамзатқа беретін игілігі туралы ақпараттарды сіңеді.

ТАБИҒАТ ТУРАЛЫТ ТАР

Күн

Жарлық беріп Құдайым,
Шуақ шашып аспаннан, «Көтер», – деді, – «көкке оны».
Шықса әлемге сән боп күн. Ашу қысып шырайын
Тіршілігі басталған.

Жан-жануар, жәндіктің.
Тым қызарып кеткені.

Содан бері таң атар, Шындық сөзге баланған, Көкке шығар күн қалқып. Аңыздардан сыр ұғам. Жерге жарық таратар Күн әзелде жаралған – Жалынымен мың балқып. Пайғамбардың нұрынан.

«Мені тәңір санар кеп,
Көп жұрт содан адасар.
Шықпағаным жарар», – деп,
Періштемен таласар.

Ай Бұлақ Қараңғы басар күндізді, Таулардан ағады, Тұрмайды күн тұрақты. Төскейге мың бұлақ.

Аспанға Құдай ілгізді Көк шалғын жағаны

Айатты түнгі шырақты. Толқынмен ұрғылап. Күн батса туып алтын ай, Күннен кеп қонған нұр, Жайғасқан көктің төріне. Суы оның балдай ғой.

Сәулесін шашып жарқырай,
Сән берер жердің өңіне.
Жан-жағы толған гүл.
Бар-дағы таңдай ғой.

Орақтай болып иіліп, Емен
Табақтай болып толады.
Ай шықса жаңа сүйініп,
Қуаным атам қалады.

Қайыспас ауырға,
Майыспас дауылға.

Орманның қорғаны Сақалын сипап ақ ұлпа, Батасын қылар көсілте. «Жаңа айда, Аллам, жарылқа»,

Жед менен жауында.
Қайратты еменнен,
«Ескі айда бізді есірке». Қамқорлық көрем мен.
Құс, тиін теріп жеп,

Жұлдыз Жаңғаққа кенелген.
Жымыңдар жұлдыз көктегі Арша
Інжу мен маржан, жақұттай.
Қисапсыз неткен мол, тегі,

Достары көп бақытты Ай!
Шыршадан бір аумайды,
Жасыл түсті жейдесі.
Орман, тау мен баурайды

Жетіқарақшы, Шолпан бар, Безендірген бейнесі.

Сүмбіле, Үркер, Қамбар да.
Жолаушы түнде жол таңдар Киесін біл, ұғып та,
Темірқазықты ап бағдарға. Береке кеп, бақ тисін.
Шын ер болсаң,

Жұлдыздар шамдай жанбаса, Ұмытпа.
Жетпейді-ау жалғыз нұры айдың.
«Тисін», – деп, – «пайдаң жанға аса»
Жаратқаны Құдайдың.

Аршаның сол тәтті исін!
Шырша
Жаудан қорғап шыршалар, Жаңа жылды шыршамен,
Тұр-ау тау мен қырқаны. Барлық бала қарсы алар.

Жасыа сауыт құрсанар. Әнмен жолдап мың сәлем.
Жебедей ғой қылқаны. Жырмен жұртқа жар салар.
Торсығынан Ескендір, Жас бұтасын үйге ексең,
Тіршілік су таралған. Күтіп-баптап қарарсың.

Шыршадағы өскен бүр Қаталатып күйретсең,
Тамшысынан нәр алған. Обалына қаларсың.

Түрік ғалымы Ибраһим Иылдырым «Тақпақтың әр жолындағы буындар саны 7-8-ден аспауы керек. Өйткені қара өлең үлгісіндегі өлендер қабылдауға, жаттауға қиын. Әрі баланы тез шаршатады» деп топшылайды. Біз тақпақтарды тандағанда, осы қағиданы басшылыққа алдық. Тақпақтарды жатқа соғу баланың есте сақтау қабілетін күшейтеді. Ең қызығы, психологтар «Егер бала аяқ астынан еркелеп бүлінсе, оның құлағына өзі жаттаған сүйікті тақпақтарын сыбырлап айтып беріңіз» деп кеңес береді. Мұндайда ол тез жұбанып, тақпақтың келесі шумағын өзі айта

бастайды.
Анажан Маған туыс
Ақ сүтін баладан Әлемдегі бар адам.
Аямас- балажан. Бір атадан тараған,

Ардақтап сүйеміз, Туған асыл анадан
Аман бол, анажан Маған туыс әр адам.
Ана- біздің күніміз, Біз әдепті баламыз
Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып, Ана тілін аламыз,
Ұзақ өмір сүріңіз. Әке тілін аламыз,
Оқып, өсер санамыз,
Біз – әдепті баламыз.

Түрлі түстер

Қызыл, жасыд, көк...
Түрлі түстер көп.
Аппақ түсім – сүт,
Бозғылт түсім – бұлт.

Жасыл бояу – шөп,
Сары бояу – сөк.
Қара түсім – қас,
Сұрғылт түсім – тас.

Көкшіл бояу – су,
Көгілдір бояу – ту.
Кімге не жарасады?

– Шегірткеге не жарасады?

– Секірген.

– Крокодилге не жарасады?

– Кекірген.

– Құланға не жарасады?

– Пысқырған.

– Жыланға не жарасады?

– Ысқырған.

– Ақ тауыққа не жарасады?

– Шоқыған.

– Ақылдыға не жарасады?

– Оқыған!

Арман мен ақыл

– Шіркін-ай, күйші болсам,

Бал тамған бармағынан!
Шіркін-ай, биші болсам,
Шығып бір арманымнан!
Шіркін-ай, әнші болсам,

Кәдімгі күміс таңдай!
Шіркін-ай, батыр болсам,
Айбаты арыстандай!
Шіркін-ай, ғалым болсам,

Тілдескен даналықпен!
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен!

– Көзіңнен күлімдеген

Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!
Алдымен
Білім деген
Бәйгеден озып келсең.

Актердің де,
Ақынның да
Жанына ғылым қорек.
Бүгінде Батырдың да

Өзіне білім керек.
Оқудың озатына
Арман датаяу болар.
Білімнің боз атына

Мінбеген жаяу қалар!

Бағдаршам

Үш көзді дәу – қырағы
Жолторапта тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып!

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба!

Әр нәрсенің өз орыны бар

Өз орынын ұмытыпты,
Осыдан не ұтыпты?
Камбаланың көздері
Төбесіне бітіпті.

Өз орынын ұмытыпты,
Осыдан не ұтыпты?
Кейбір аңның мүйізі
Тұмсығына бітіпті.

Өз орынын ұмытыпты,
Осыдан не ұтыпты?
Кей балықтың тістері
Таңдайына бітіпті.

Өз орынын ұмытыпты,
Осыдан не ұтыпты?
Шегірткенің құлағы
Сирағына бітіпті.

Көңіліңе қонбаса,
Біраз нәрсе далбаса!
Қайтер едің
Ақылың

Өз орнында болмаса?!

Сұрау

Жақсылықты сүрлеме!
Ақ көңілді кір деме!
Сұрау деген
Біреуден

Алу емес бірдеңе!
Келісті сөз құрасаң,
Теріс сөзді бұра сал!
Айыбы жоқ

Аанадан
Ақыл-кеңес сұрасаң.
Өмір өзі мың сабақ,
Өтеміз біз күн санап.

Аурулардың хал-күйін
Сұрап қайтсаң,
Ол- сауап!
Жатсырама жалғызды.

Жібіте біл тоң-мұзды.
Сұрай алсаң сүйінші,
Қуантқаның ол бізді.
Жығыл!

Құда!
Не сүрін!
Тимесін тек кесірің.
Айыбы жоқ

Басқадан
Сұрай білсең кешірім!

Доп, допта билік жоқ

Ұстап болмас ноқтамен,
Түсінбеймін допқа мен.
Өз-өзінен тырсиып,
Алаңға әрең жүр сиып.

Нан піскендей төсіне,
Шіренеді несіне?
Түйе де емес,
Бие емес.

Өз-өзіне ие емес!
Парижіңе,
Пенджабқа...
Қайда тепсең – сол жаққа!

Анголада,
Алжирде,
Қайда қалса – сол жерде!
Қуанады тепкенге,

Іші мықтап кепкенге!
Мақтағандар мақтасын,
Доп болғаннан сақтасын!

Тақия

Ақылыма иемін,
Тәртіпті мен сүйемін.
Ыстық күні
Тастамай

Тақиямды киемін!
Ақылыма иемін,
Тәртіпті мен сүйемін.
Молда құран оқыса,

Тақиямды киемін!
Ақылыма иемін,
Тәртіпті мен сүйемін.
Тақиямды қолыма ап,

Үлкенге бас иемін.

Атамның ақылы

Кәріні ақымақ
Етем деме.
Бәрін аттап,
Өтем деме.

Батылсынып,
Қопаңдама.
Батырсынып,
Қақаңдама!

«Нәрсіз!» – дер ме,
Ел бекерге?!
Әлсіздерге
Қол көтерме!

Табыс басқа,
Кәсіп басқа.
Бостан-босқа
Асып-таспа!

Жан баққандар
Жалбақтасын.
Сен мақтанба,
Ел мақтасын!

Қонақасы

Байлаулы тұр қой әне,
Қазір оны сояды.
Бар дәмдіні
Қонақтың

Алдына әкеп қояды.
Ең құрметті төр еді,
Басты соған береді.
Милы бастың жанына

Майлы жамбас ереді.
Содан кейін жіліктер...

Әжемнің ақылы

– Биік, биік самғаған

Сұңқар болғым келеді.
Бір бәйгеден қалмаған
Тұлпар болғым келеді!
Тәрізді ұзын бөрене

Балық болғым келеді.
Кит секілді керемет
Алып болғым келеді!
Дүниенің көркіне

Негіз болғым келеді.
Кімге нені? Күндіз – түні мөңкіген
Біліп көр! Теңіз болғым келеді!
Беломыртқа – жұмсақ жер,

Одан біреу үміткер. – Айтылмаған қалды не?

Арман кейде алдамшы, – Мен басымды қасимын, деді әжем, – алдымен Неменеге жасимын?! Адам болып алсаңшы!

Жездеме төс береді,
Күйеуі деп осы үйдің.
Кімге несі тиесі?
Білу керек жүйесін.

Құйымшақ та ақыры
Табады өз иесін.
Бітер солай сүйегің,
Қышымасын иегің.

Бізге тисе, бауырым,
Құлақ қана тиеді!
Қонақ, сірә, ұнатты,
Қарындасым тіл апты.

Неге өздері жемейді,
Дәмді болса,
Құлақты?!

Бауырлар

Боранда,
Дауылда
Қалада,
Ауылда

Құдайы қонақты
Қиналмай қабылда!
Жоғалсын шұбар мұң.
Шыдарсың,

Шыдармын.
Өзбекті қабылдап,
Төріңе шығарғын!
Ұлындай бір қыздың

Құшақтап қырғызды,
Атынан түсіріп,
Үйіңе кіргізгін!
Сипа да сауырын,

Сой малдың тәуірін.
Өкпелеп жүрмесін
Түрікмен бауырың!
Бәріне, толайым

Мен куә болайын!
Бар әлі татарың,
Бар әлі ноғайың!
Егін ек, мал бағып,

Көңілге алмағын.
Бар әлі, қарағым,
Қарақалпағың!
Бір ойға батамын,

Дұға оқып жатамын.
Түркілер –
Бұтағы
Бәрі бір атаның!

Ақыл-кеңес

Достарыңа қолың бер,
Үлкендерге жолың бер.
Сұрап жатса тиын бер,
Лайықты сыйын бер.

Асу-асу белесте
Ақылың бер,
Кеңес бер.
Көзі түскен затын бер,

Астыңдағы атың бер!
Жақсылықты көре біл,
Берер жерде бере біл!
Әрлі-берлі жүргенде

Сен өзің де құр келме!
Ертіп үйге дос әкел,
Мұғалімнен «Бес» әкел!
Сотқарды сүйер кім?

– Ыза болса, күшік неге «ррр»

дейді,
Неге жөнге көнбейді?

– Неге десең), ол әдепті білмейді,

Содан дөкір сөйлейді.
Сотқарды ешкім сүймейді.

Тіс пен тіс ысқыш

Мынау Нүсіп нас екен,
Тіс ысқышпен қас екен.
Ұрты содан ісіпті,
Тісі шіріп түсіпті.

Енді тісім ауырса,
Еске аламын Нүсіпті.
«Жеті қазына» Күректің жыры
«Білімнің көбі, азы да- Кіп-кішкентай күрекпін.

Бірінші басты қазына. Күнде саған керекпін.
Еңбектің өнер – қазығы- Күре қарын ауланың,
Екінші өмір азығы. Қопсыт түбін теректің...
Үдеген өсіп, біліммен: Еңбек сүйгіш күрекпін,

Үшінші азық- тіліңнен. Елгезекке керекпін.
Төркіні нанның түйірден:
Төртінші байлық – диірмен. Қол
Белгілі досқа, жауға да:

Бесінші байлық – саудада. Қолың сенің жаралған
Абырой берсе жұмысың, Жақсылықты жинауға.
Алтыншы байлық – тұрмысың. Аямай дос-жараннан
Жем табар төбет, тазы да: Өз барыңды сыйлауға.

Жетінші – ит те қазына», –
Деп, атам сөзін «баптады», Ен далаға – тың жерге
Өсиет сөзін жаттадым. Иен жеміс егуге.
Елге келіп тигенде

Жау сазайын беруге.

Бір жастан асқан бала суретті кітапшалар қараудан жалықпайды. Ал тақпақ тыңдағанды жаны сүйеді. Бастапқыда 2-4 қатардан тұратын өлендерді оқып берген дұрыс. Бастысы, оны мәжбүрлемеңіз. Өзіңіз бірнеше рет оқығаннан кейін, жұмсақ үнмен қайталауын сұраңыз. Ғалымдар ұлы тұлғалардың өлеңдерін жас балаға жаттатуға әуес болмау керек деп ескертеді. Себебі мағынасын түсінбей жаттағандықтан, баланың сол өлеңнің авторын жек көріп кетуі ықтимал. Ондай дүниелерді тек ересек шағында оқып-үйренген жөн. Тақпақты сәбидің көңіл-қошы бар кезде жаттатқан қолайлы. Зерттеушілер аналарға тақпақты оқуға салғырт қарамай, ықыласпен үйретуге кеңес береді. Таза әуезбен, көркем үнмен оқысаңыз, балаңыз да қатесіз, әуенмен жаттауға әдеттенеді.

МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР

Домбыра

Көне ықылым заманнан
Киелі аспап саналған.
Құрманғазымен бірге
Түрмеге де қамалған.

Халқы барда тозбаған,
Қайғы-шерді қозғаған.
Аққу сынды сұңқылдап,
Бозінген боп боздаған.

Сарқылғанда тойда өлең,
Сырлы күйге жол берем.
Хан алдында қаһарлы,
Тілден бұрын сөйлеген.

Басып дұшпан желігін,
Жырла, көтер ел үнін,
Қара шанақ домбырам,
Күмбірдей бер, серігім.

Қобыз

Еске сақта, балдырған,
Сабақ болар саған бұл.
Ұрпағына қалдырған
Мұрасы осы бабамның.

Тыңда шаттық, мұң тілін,
Шыққаныңша құмардан.
Жал, құйрығы жылқының
Қобыз даусын шығарған.

Қыз ән салған сияқты,
Қызғалдақты қыр жақтан.
Садақ пішін, қияқты,
Шежіре ғой бұл жатқан.

Шертер

Ұлды ғалым ғой бабам,
Ой теңізге бойлаған.
Жабыққанда шертерді
Әл-Фараби ойнаған.

Жоо ешкімнің таласы,
Түріне аңдап қарашы...
Примасы орыстың
Шертерімнің ағасы.

Сыбызғы

Тұрқы қысқа қарыстан,
Кесіп қурай, қамыстан.
Жасап алған аспабым
Үні естілмес алыстан.

Оны ойнап күнде еппен,
Маған атам үйреткен.
Арыстанды ол ұйықтатып,
Сарүйекті билеткен.

Сазды әуен ұсынар,
Сырты – жұқа, іші- тар.
Нәзік осы аспаптың,
Құдіретті күші бар!

Бұйда

Бұйда – түйе шылбыры,
Білмейді екен кім мұны?!
Түйе мінген бұйдасын
Шұбатпасын, жинасын.

Тұсау

Тұсау – қайыс қос балақ,
Қос тұзақты қосқан-ақ!
Тұсап қойсақ тұсаумен,
Ұзамайды қостан ат.

Шідер

Шідер – қайыс үш балақ,
Ұштастырған үш тарап.
Үш аяқтан шырмасан,
Атың қайдан қыр асар?!

Тізгін

Ала қашып жүрмесін
Мінген тұлпар біз күнде
Өмір бәйге, күнде сын:
Ие болғын тізгінге!

Басжіп

Бұзау, өгіз, сиырға
Басжіп тағу қиын ба?!
Бұзау болма қиында,
Өгіз болма жиында.

ӘБЗЕЛ-САЙМАНДАР

Жүген

Құлақтан басып күреңді,
Кигізер әкеп жүгенді.
Ауыздықтайды асауды
Шабандоз жігіт жігерді.

Ноқта

Ноқта не зат?
Ауыздықсыз жүген де,
Ноқталы бас – кіріптар.
Ноқта салмай бойындағы жігерге,

Жасыңда арман қуып қал.

Шылбыр

Жүген-ноқта сулығына тағылған
Шылбыр-қайысне қыларқан білгейсің.
Жәрдем күтіп досың жүрсе жаныңда,
Әр қашанда шылбыр ұшын бергейсің.

Сурет салдым

Суретін мен бір адамның,
Салайын деп қалам алдым.
Дөңгелетіп басын салдым,
Екі сызып қасын салдым.

Міне, мынау мұрын болды,
Құлақ одан бұрын болды.
Аузын сап ем жаңа енді,
Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін болдым,
Айнымаған өзім болдым.

Кім қалай ұйықтайды?

Күн шығып, таң атады,
Кешке шаршап батады.
Жым-жырт болып кең дала,
Ел орнына жатады.

Ой, балалар, балалар,
Кімдер ойлап таба алар?
Кімдер қалай ұйықтайды?
Кімдер қалай демалар?

Талай көрдің Торғайды,
Жерге түнде қонбайды.
Түнемесе бұтаға,
Ұйқысы оның қанбайды.

Сәнді Тоты балбырап,
Қалғып кетсе ол бірақ.
Құламайды бұтақтан,
Тұрады тек салбырап.

Тағы қызық көп бұдан,
Серпілмесе көк тұман.
Бір аяғын көтеріп,
Ұйықтайды екен Көкқұтан.

Ерте тұрып жиынып,
Суға барсаң киініп,
Аққу көлде мүлгиді,
Аппақ мойны иіліп.

Үкі десе көптен біз,
Үйренісіп кеткенбіз.
Олтүнімен аң аулап,
Демалады тек күндіз.

Білесің ғой басқаң да,
Қыраннан құс асқан ба?!
Көз шырымын алады,
Қалқып жүріп аспанда.

Аауылыңнан ықпайды,
Толқыныңнан бұқпайды.
Теңізде өскен Шағала,
Толқындарда ұйықтайды.

Қораз құмар мақтанға,
Қалғиды күн батқанда.
Ерте оянар шақырып,
Бозарып таң атқанда.

Көп жерлерге бар мейлі,
Әраң ұйықтар әр қилы.
Ұзын тұмсық Пілдер де,
Тік тұрып-ақ қалғиды.

Ұли бастап боран да,
Күн суытса табанда,
Қоңыр Аю қыс бойы,
Ұйықтап шығар апанда.

Түлен суға берік-ақ,
Маңайын бір көріп ап,
Қандырады ұйқысын,
Батып-шығып жүріп-ақ.

Қоян ұзап шықпайды,
Топ жыңғылды ықтайды,
Таң атқанша қозғалмай,
Көзін ашып ұйықтайды.

Бөпем түк те ұқпайды,
Бір жыласа мықтайды.
«Әлдилетіп» тербетсем,
Әдемі бір ұйықтайды.

София Лойтер «Балаларға тақпақ үйреткенде фольклорлық сарындағы дүниелердің де болуы маңызды. Өйткені әрбір бүлдіршіннің генетикалық жадында өз халқының менталитеті, ұлптық болмысы сақталады. Салтдәстүрге, көне әдетке негізделген өлеңдер оның бойындағы ?енетикалық кодтарды тірілтеді» дейді. Осы тұрғада этнограф-ғалым Б.Бопайұлының фольклорлық сарындағы «Қазақы наурызнама» кітабынан тақпақтар жаттауға кеңес береміз.

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАҒЫ ТАҚПАҚТАР

Үкі туралы

Сары үкім-ау; сары үкім,
Шақырсам кел, дәрі үкім.
Бойына кие дарыған,
Бөркіне баланың,

Қауырсының қастерлеп,
Киелі деп қадаған.
Сары үкім-ау, сары үкім
Күндіз ұшпай, түн ұшқан.

Күндіз көрмей, түн көрген
Бадырайған көзіңнің,
Мұндай сырын кім білген.
Нұх пайғамбар кемесін,

Адасқанда жолға сап,
Қазығұртқа шөктіріп
Адастырмай әкелген.
Қасиетің осында,

Сақтайсың сен бәледен.
Сары үкім-ау; сары үкім,
Дертке шипа дәрі үкім.
Қасиетті сары үкім

Өлтірсе күнә болатын,
Төрт құстың бірі сен үкім.

Жапалақ туралы

Жапалақ-ау, жапалақ,
Тышқан қуған сапалақ.
Жылп етіп көктен түскенде,
Тарымды кетпе сабалап.

Егінге кетпе, тапалап,
Жапалақ-ау, жапалақ,
Жар басында ұшады,
Сап-сары болып далпылдап,

Атам қазақ айтады,
«Жапалақ құс мақтанса,
Жардан тышқан алдым дер,
Жаман адам мақтанса,

Жақсы аяғын шалдым» – дер.
Ау; балалар, балалар,
Жапалақтай жалпылдап,
Жар басында қалмаңдар,

Жақсы достың мақтанып
Жағасынан алмаңдар
Аяғынан шалмаңдар.

Кезқұйрық туралы

Кезқұйрық-ау; кезқұйрық,
Қанатын жайған кез қылып,
Өреге жайған жас құртты
Піп қашқан кезқұйрық.

Балапанын тауықтың,
Сары ауызын ақ қаздың,
Көжегін де қоянның,
Пе қашқан кезқұйрық.

Қанатын керіп көкке ұшқан,
Аңдығаны сар тышқан,
Жемін аңдып күн бойы,
Талмай ұшқан кезқұйрық.

Қанаты кездей болған соң,
Құйрығы кездей толған соң,
Атыңды сенің қойыпты,
Кездей боп ұшқан кезқұйрық.

Кезқұйрық ұшса аспандап,
Күн жауады деп білген.
Кезқұйрық ұшса бауырлап,
Боран соғар деп білген.

Кезқұйрықтың ұрлығын
Атам қазақ көп көрген.
Қолы сұғанақ баланы,
«Кезқұйрығым» – деп білген.

Бүркіт туралы

Піштәк, піштәк, бүркітім,
Көкке ұшқанда дүркіреп,
Талай аңды үркіттің,
Көк аспанда шарықтап,

Қанатың талмас қалықтап,
Найзағайдай тілгенде
Аспан сәні сен едің,
Аңға түссең сорғалап

Қызығыңа кенелдім.
Ау, бүркітім, бүркітім,
Шаңқылдап ұшсаң аспанда,
Үрейін алдың көкжалдың,

Томағаңды тартқанда,
Жанын алдың көкжалдың,
Тырнақтарың сояудай,
Қанатың қоңыр бояудай,

Көзің өткір дүрбідей,
Шеңгелің қатты түрпідей.
Уа, саңқ еткен бүркітім,
Тау-тастағы аңдардың,

Үрейін алдың үркіттің.
Қыранды ұшпай таныған.
Атам қазақ сені де,
Қолына бағып қондырған,

О,бүркітім, бүркітім,
Сай-салада аңдардың
Бірін де қоймай үркіттің.
Тірнектен өсіп үлкейдің,

Баршынға да айналдың,
Томағаға байландың,
«Қана» болып қартайып,
Жемге ғана айналдың.

Қырға қыста қар түссе,
Қан сонарға сайлармын.

Бұлбұл туралы

Ау; бұлбұлым, бұлбұлым,
Даусыңмен мың сан құбылдың.
Әнші құсым дүлділім,
Мың күнге тең бір күнім.

Көк жайлауда шырақшы,
Есіме түссін дүлдүлім.
Бұлбұл құстай сайраған
Қарақат көзі жайнаған,

Әнші сұлу аруды,
Дер едім ғой бұлбұлым.
Таңдайынан бал тамған,
Тілінен тәтті май тамған,

Шешендерді айтушы ек
Шежіре менің бұлбұлым.
Ау; бұлбұл құс, бұлбұл құс,
Көк аспанда сайрап ұш,

Бұл әлемде әншіден
Саған жетер жоқ бір құс.

Кептер туралы

Көк, көк, көгершін,
Көгершін келер жем үшін.
Құрық-құрық деп шақырса,
Не айтады біз үшін.

Ау; балалар, балалар,
Мұны да білген даналар,
Бейбітшілік құсы екен,
Көгершін деген киелі.

Атамыз Адам ұрпағы,
Дейді аңызда иелі.
Ау; балалар, балалар,
Көгершінге жем берсін,

Жем жесін де семірсін,
Сүйтіп қолға үйренсін.
Бұл есті құс тіл алғыш,
Үйренген соң білерсің.

Құзғын туралы

Құзғын, құзғын, құрқылдақ,
Құйрық жағы шылқылдақ,
Қырдан қызыл көрінсе,
Құзғын ұшар құрқылдап,

Өлексе жеп асаған.
Сонда да мың жас жасаған,
Зұлқарнайын патшаның,
«Өлмес суын» ішіп ап,

Мың жасты содан жасаған.
Қансоқта жеп таласып,
Мойнында қылтан қалмаған.
Жан-жағын түгел жалмаған,

Сонда да сенің бойыңнан,
Жамандық әдет қалмаған.
Басқа құсқа жанасып,
Жақсы тәлім алмаған,

Таласудан жемтікке,
Алдына қара салмаған,
Өмір бойы талмаған.
«Құзғын ба едің» – деп атам,

Тегіннен-тегін айтпаған,
Құзғын болар кімде-кім,
Жаман ниет сақтаған.

Жаңбыр туралы

Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр,
Жердің жүзі бір жаңғыр,
Бұлақ суы мол болсын,
Өсімдіктер көгерсін.

Шөп көгерсін, көк өнсін,
Ағынан бер ақ жаңбыр,
Бағынан бер қақ жаңбыр,
Шелектеп кеп, төк жаңбыр,

Жеріме иіп, сеп жаңбыр.
Күркіреген бурадай,
Бура бұлт кеп, төк жаңбыр,
Кісінеген айғырдай,

Айғыр бұлт кеп, төк жаңбыр.
Мөңіреген сиырдай,
Сиыр бұлт кеп, төк жаңбыр.
Бақылдаған текедей,

Теке бұлт кеп, төк жаңбыр.
Маңыраған қошқардай,
Қойдым бұлт кеп, төк жаңбыр.
Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр,

Көк көнекке биеңді,
Иітіп кеп сау жаңбыр.
Бие бұлт кеп, жеріме,
Бидайыма жау жаңбыр.

Омырауыңды иітіп,
Жеріме төк, көп жаңбыр.
Көкала бұлттың көбесі,
Сөгіліп кеп, төк жаңбыр.

Қабырғалы қара бұлт,
Қайысып кеп, төк жаңбыр.
Найзалы бұлт көмейі,
Бүлкілдеп кеп, төк жаңбыр.

Тарғыл бұлттың танауы,
Желпілдеп кеп, төк жаңбыр.
Көк аспанда найзағай,
Жарқылдап кеп, төк жаңбыр.

Желкілдеген желектей,
Желкілдеп кеп, төк жаңбыр.
Көз жасындай мөлдіреп,
Мөлтілдетіп, төк жаңбыр.

Зарықтырмай елімді,
Тарықтырмай елімді,
Күркіреп кеп найзағай,
Алас атып төк жаңбыр.

Егінің өссін дәмденіп,
Жерім қалсын сәнденіп.
Жердің миын шығарып,
Ақ жаулықты ақ жаңбыр,

Мама бұлтты төк жаңбыр.
Жердің иі бір қансын,
Елдің бағы бір жансын.
Жау, жау, жау жаңбыр,

Сай-саладан шелектеп,
Нөсерлетіп жау жаңбыр.
Кел, кел, кел бұлт.
Жел айдаған сұр бұлт.

Боран айдар қара бұлт.
Ат басындай ақ бұлт.
Қой басындай көк бұлт.
Мамық сынды мата бұлт,

Доп-домалақ малта бұлт,
Сабы қара балта бұлт,
Қаз бауырлы қаңыр бұлт,
Жаумай өтер томырық бұлт.

Жай ғана келген жаңқа бұлт,
Қамықтырмас қамқа бұлт.
Түнеріп келер түтін бұлт,
Жарылмай келер бүтін бұлт.

Өркештеп келер үйме бұлт,
Үзіліп келер түйме бұлт.
Сүзіліп келер шарпы бұлт,
Айналып келер шарғы бұлт.

Қуланып келер құлын бұлт,
Бұлданып келер құлпы бұлт.
Қожырайып келер қошқар бұлт.
Төгіліп келер төкпе бұлт,

Шөгіп бір кетер шөкпе бұлт.
Тауды жабар тау бұлт,
Бөлек келер бау бұлт.
Бұлданып келер бура бұлт,

Түтіліп келер шуда бұлт.
Тайланып келер тай бұлт,
Дөңгелеп келер ай бұлт.
Аспанды жабар бай бұлт,

Белгісіз келер қай бұлт.
Шашылып келер тары бұлт,
Аспанды жабар бәрі бұлт.
Томпиып келер қозы бұлт,

Буланып келер бозы бұлт.
Жарқырап келер күміс бұлт,
Еңкейіп келер күдіс бұлт.

Күн жайлату

Жарқылдап кедер жай бұлт,
Қайырлы жерге бай бұлт.
Оранып келер шәлі бұлт,
Аспан сәні, мәні бұлт.

Ақ сақалы желкілдеп,
Ақ самайы желпілдеп,
Тағы келер ата бұлт,
Артынан келер ана бұлт,

Еріп келер бала бұлт.
Күн ойнатар қызыл бұлт,
Күн батарда қызғылт бұлт.
Ұялып келер қыз бұлт,

Суығы бар сыз бұлт,
Тамшысы бар біз бұлт.
Қалқан құлақ қоян бұлт,
Өзі үлкен жоян бұлт.

Қанаты қатты бүркіт бұлт,
Сел боп елді үркіт бұлт.
Керіліп келер марал бұлт,
Ортасы ашық арал бұлт.

Тарамдап келер тарғыл бұлт,
Жаумай өтсең арыл бұлт.
Үрей салар үйір бұлт,
Бүрісіп келер бүйі бұлт.

Текке келмес теке бұлт,
Бөлек-бөлек жеке бұлт.
Кісінеп келер айғыр бұлт,
Арт жағы жырық айыр бұлт.

Бұрқырап келер бұқа бұлт,
Қалың басты жұқа бұлт.
Қожырап келер қошқар бұлт,
Саулыққа да ұқсар бұлт,

Бақырып келер лақ бұлт,
Жерге құяр бұлақ бұлт,
Айбынды арыстан бұлт,
Бақырып жетер алыстан бұлт,

Тымырсық болар тымақ бұлт,
Етегі қысқа шұнақ бұлт.
Егіліп келер егеу бұлт,
Жаумай өтпес бебеу бұлт.

Айдай аппақ ақ бұлт,
Жаумаса да бақ бұлт.
Сіркіреп жауар сірге бұлт,
Тез тамшылар ерке бұлт,

Бұлт бастайды серке бұлт.
Қойны терең қара бұлт,
Жыртық-жыртық жара бұлт.
Екі емшекті бие бұлт,

Төрт емшекті түйе бұлт,
Жауса егер кие бұлт.
Тайраңдаған тайлақ бұлт,
Аспанды жабар аймақ бұлт.

Қыз ерінді қаймақ бұлт,
Жаумай өтер жайдақ бұлт.
Торланып келер тормал бұлт,
Жер ырысы қормал бұлт.

Қарны қабақ шардақ бұлт,
Тесік-тесік шарбақ бұлт.
Ай тәрізді қабақ бұлт,
Дөңгеленер табақ бұлт.

Үлпілдеген үкі бұлт,
Жауар-жаумас түлкі бұлт.
Жарбияр үлкен жар бұлт,
Екі жағы тар бұлт.

Аппақ қана айран бұлт,
Қарап қалшы қайран бұлт.
Қаптаған қалың орман бұлт,
Жауып кетсе ойран бұлт.

Көкекте келер көктем бұлт,
Жерге жақын өктем бұлт.
Көз көрмейтін соқыр бұлт,
Басы жалтыр тақыр бұлт.

Тау айналар тағы бұлт,
Жерде қалар табы бұлт.
Тебінгіді титтей бұлт.
Шұбалтып өтер шұбар бұлт.

Анда-мұнда көрінер,
Жауыны жоқ тебен бұлт.
Дөңгелек-дөңгелек теңге бұлт,
Көйлегі ұзын жеңге бұлт.

Қоғалы көлдер қуарды,
Құба жондар шөлдеді,
Молдан-молдан жауын бер,
Молдекең сенен тіледі.

Жақын досым ақ бұлт,
Иесі Тәңір көк бұлт.
Омыраудай соқ бұлт,
Найзағайлы шоқ бұлт,

Ескек желді сұр бұлт,
Тамам елдің көз жасын,
Қарияның көп жасын,
Тіршіліктің ортасын,

Диуананың дорбасын,
Ескере гөр көк бұлт,
Жарылқай өт ақ бұлт.
Тезірек жетші бәрі бұлт,

Алыста тұрған кәрі бұлт,
Жер жүзіне дәрі бұлт,
Көк ырысқа нәрі бұлт.
Алладан сені тіледім,

Осы еді білерім,
Қабыл болса тілегім,
Қуанады жүрегім.
Жаусаң жерім көктейді,

Жаумасаң егін өнбейді.
Уа, көк бұлт, көк бұлт.
Бұлтармай жет жеріме,
Аямай бер еліме,

Көгерсін жерім, көгерсін,
Көк қүт өріп, көгерсін.

Көбелек туралы

Гүлге қонар көбелек,
Жаңбыр жауар сбелеп.
Көбелегім сен болсаң,
Сенен басқа не керек.

Көбелек-ау; көбелек,
Айда толды дөңгелек.
Қызды балам демеңдер,
Ұшып-қонған көбелек.

Көбелек-ау көбелек,
Өлең болдың дөңгелек,
Сені өлеңге қоспасам,
Өнер маған не керек?

Көбелек-ау; көбелек,
Гүлім болдың дөңгелек.
Көбелегім сен болсаң,
Гүлің болам дөңгелек.

Көбелек-ау; көбелек,
Орның сенің бір бөлек.
Көбелегім сен болсаң,
Кетер едім дөңгелеп.

Көбелек-ау, көбелек,
Көркің сенің бір бөлек.
Маған қарай көлбесең,
Жетер едім дөңгелек.

Боран шақыру

Құба жондар, қу дүздер,
Желді аңсап жатыр ғой.
Салқын жайлау қоңыр жел,
Салқын самал майда жел,

Самиян дала қайда бел,
Еркелеген ескек жел,
Күн ысыса керек жел,
Ес-ес ескек жел.

Маңдайдан сүйер еркелеп,
Жел-жел желдетер,
Терді-жерді кептірер.
Самал, самал, самал-ай,

Самал бұзбас қамал-ай,
Сені Алладан тіледім,
Осы ғой менің білерім,
Қабыл болсын тілегім.

Қабыл болса тілегім,
Желбіресін желегім,
Көңілдегі самалдай.
Соқшы самал, кел бері,

Көңілімді қалдырмай.

Біз сан жылдық тәжірибеде кәдеге асқан, әбден сүзгіден өткен тақпақтарды сұрыптап алдық. Олар Қадыр Мырза Әлидің, Әдібай Табылдының, Мұзафар Әлімбаевтың, Адырбек Сопыбековтін, Көмек Ыбырайұлы ағаларымыздың және т.б. балалар ақындарының өлендері. Қазақтың дүниетанымына, ұлттық болмысына осы тақпақтар толық сәйкес келеді деп ойлаймыз. Жеміс-жидек, аң-құстар жайлы кейбір тақпақтардың авторы – Мұхит Төлеген.

Санамақтар

Атақты математиктердің барлығы бала кездерінде санамақ айтуға құштар болған. Г.Виноградов: «Санамақ баланың есепке,ойға жүйріктігін дамытады. Бала санамақ жаттаған соң, өздігінен санамақ құрастырғысы келеді. Ойнап отырса да,дала жүрсе де саннан сөз құрап,ойын дамыта береді. Сонамақтың пайдасы осында» дейді. Бір дегенім – бөрік, Бір дегенім – білеу, Кисең басқа көрік. Екі дегенім – егеу, Екі дегенім – етік, Үш дегенім – үскі Киер сәнді етіп. ) ү ) 22 Төрт дегенім – төсек, ш дегенім – ішік, : : 22. Бес дегенім – бесік, Теріден тігер пішіп. Төрт дегенім – тымақ, Алты дегенім – асық, Қыста кисең,жылы-ақ. Жеті дегенім – желке, Бес дегенім – байпақ, Сегіз дегенім – серке, Іші жылы тайпақ. Тоғыз дегенім – торқа, Алты дегенім – алқа, Он дегенім – оймақ,

Мойныңа тақ ал да. Он бір қара жұмбақ,
Жеті дегенім – жейде,
Кір болмасын кейде.
Сегіз дегенім – сеңсең,

Жылы тон – ол кисең.
Тоғыз дегенім – телпек,
Болма бала тентек.
Он дегенім – оймақ,

Жүрме босқа ойнап.

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ:
Қала салсақ,жол салсақ...

Санамақ

Бір дегенім бір таяқ,
Екі дегенім екі аяқ,
Үш дегенім үшкір тас,
Төрт дегенім төрт бұрыш,

Бес дегенім бес қатар
Алты деген алты атар,
Жеті жердің жемісі
Сегіз төлдің семізі,

Тоғыз деген төлбасы,
Он деген ер жолдасы.
Сан білмеген айта ма.
Сонамақты қайтала!

Баланың тілі еркін шыққан сәтітен бастап санамақ үйрету керек. Себебі 4-6 жасқа дейінгі балалар табиғаттан үйлесім іздеп, соны игеруге талпынады. А.Рассыхаев «Санамақ ересектер үшін мағынасыз ойын тәрізді болып көрінеді. Бірақ астарында баланы есепке, ойлануға жетелейтін тапқырлық жатыр» дейді.

Қайыр күтпе баладан
Өз мысығын сабаған.
Кім алдаса анасын,
Оған қалай нанасың.

«Екі» болса алғаны –
Бала ұятқа қалғаны.
Ойнап жүріп жыласа,
Орынды емес бүл аса.

Келсе сөзі анайы,
Мақтамас бұл баланы.
Жала жапқан басқаға –
Барып тұрған масқара.

Қашқан бала қораздан –
Су жүрек қой ол жозғон.
Добын қимас ойнауға
Ұят сараң болған да.

Кім мақтаса көбірек,
Жайсыз мінез жөні жоқ.
Ерінсе қол жуғанға.
Нассың дейміз мұндайға.

Мұнша уақыт санарлық
Бар екен ғой жамандық.
Жақсы мен жаман
(Санамақ)

Бәрі жақсы баланың
«Беске» оқыған сабағын.
Айналайық баладан
Көгершінді аяған.

Адал болса досына,
Азаматың осы да.
Ойнатса кім інісін,
Мақұлдаймыз мұнысын.

Әділ болсаң ойында,
Жақсы мінез оның да.
Күтсе бала әжесін,
Жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда
Ойнар аттың жалында.
Өзі түйме қадаса,
Мұндай бала тамаша.

Барын берсе қолдағы,
Бала жомарт болғаны.
Уәдесін сақтаған
Баланы жұрт мақтаған.

Болады әрі санауға,
Жақсылық көп қалайда.
Аман неге жаман?,
Мақсым неге жақсы?

Үсті-басы кір, Жүрмейді ол кір,
Бұл – бір. Бұл – бір.
Сөзі дөрекі, Сөзі – әдепті,
Бұл – екі. Бұл – екі.

Жұмсау – оны күш, Әр кез тіл алғыш,
Бұл – үш. Бұл – үш.
Бергіш босқа серт, Босқа бермес серт,
Бұл – төрт. Бұл – төрт.

Айтқанға көнбес, Егесті білмес,
Бұл – бес. Бұл – бес.
Осындай Аман, Осындай Мақсым,
Сондықтан жоман! Сондықтан жақсы!

Санамақ, ең алдымен, баланың өлеңге құмарлығын күшейтеді. Жатық сөйлеуге дағдыландырып, олардың жаттау машығын, танымдық ой өрісін жетілдіреді. А.Усова «Санамақ ұйқасты талап етеді. Сондықтан бала оны айтқанда, ұйқаспен, шешен сөйлеуді үйренеді. Болашақта да қисынды сөйлеуге бейім тұрады» дейді. Ғалымдардың көпшілігі жас кезінде санамақты жақсы айтатын баладан келешекте ақын-жазушы, шешен, журналистердің көп шығатынын айтады.

Қытық-қытық, қайда
тұрасың?

– Қытық-қытық, қайда тұрасың?

Бізге соның айтшы расын.
Қытық айтты:

– Сұрай қалсаң сен расын,

Айтам онда мен біразын:
Шыдамсыздың табанында,
Күлекештің тамағында,
Күлкі маған үйір неге,

Тұрып алам бүйірге де.
Кейбіреудің алқымында,
Тұрам кейде қолтығында.
Өзіме жалт қаратам да,

Шығып кетем алақанға.
Сені де бір байқайын ба?
Қайда тұрмын,айтайын ба?
Деп бетіме қарап еді,

Күлкі қысып барады енді.
Қуыр-қуыр, қуырмаш!
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын,қолыңды аш!

Мынау тұрған бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы,
Болсын осы жылқышы.

Балаң үйрек кейінгі,
Бұл сиырға бейімді.
Ортан терек – ұзыны,
Түйе бақсын,қызығы!

Шылдыр шүмек – бұл саусақ,
Қой бағуды түр аңсап.
Титтей бөбек – шынашақ,
Сен дайында жерошақ.

Білекке енді барайық,
Ондане бар,табайық.
Мына жерде Күн болар,
Мына жерде түн болар.

Мына жерден Ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық та,
Келіп қалдық қолтыққа.

Қытық, ҚЫТЫҚ,ҚЫЗЫ қ-Ой,
Міне бидай,міне май!
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Бидай салам,қолыңды аш.

Төгіп алма күлем деп,
Балапанға барып шаш!
Ал, балалар, балалар,
Көзді жұмдым, тараңдар.

Онға дейін санаймын,
Содан кейін қараймын.
Сөйлемеңдер, күлмеңдер.
Соныменен «Бір» деңдер.

Айттым енді «Екіңді»,
Кім тығылып бекінді?
Кеттің қайсың ішке еніп,
Болып қалды «Үш» делік.

Бәрің ұзап кеттің бе?
Өзі болды «Төрттің» де.
«Бесеу» – төрттің жалғасы,
Күшік қауып алмасын.

Келіп қалдым «Алтыға»
Тығыл үйдің артына.

Жасырынбақ

«Жетіге» де мен жеттім,
Қалай қарай сен кеттің?
«Сегіз» болды білдің бе?
Мал қораға кірдің бе?

«Тоғыз» болды, міне, енді,
Сен бүркендің кілемді.
Ұзап кетсең көнбеймін,
Осыменен «Он» деймін.

Ал іздеймін өзіңді,
Аштым міне көзімді.
Қайсың мықты батырсың?
Қайсың қорқып жатырсың?

Ішін қоймай сарайдың,
Қуысты да қараймын.
Барлық жерге барамын,
Іздеп тауып аламын.

Қазақ санамақтары ұлттық менталитетке өте жақын. Негізгі арқауы – күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттар. Мәселен,

«Бір дегенім – білеу, Екі дегенім – егеу» деген сияқты. Киіз үй жабдықтарына, құрал-саймандарға, төрт түлікке қатысты санамақтар молынан ұшырасады. Бала бір жағынан санамақ жаттап отырса, бір жағынан дүниетанымы кеңейе түседі.

Бүркіт

Біліп алғын,балақан,
Атауларын жас бүркіт:
Бір жасында – БАЛАПАН,
Екі жаста- ҚАН ТҮБІТ.

Үште ТІРНЕК болады,
Төрт жасында – ТАС ТҮЛЕК.
МҰЗ БАЛАҚ ат алады,
Бесте қыран жас түлеп.

Білдіретін әр шақтарын
Балапанның бар аттары.
Жуырма күнге толған шақта
Деседі оны «ҚЫЗЫЛ ШАҚА».

Отыз күн де боп қалады,
Сонда «АҚ ҮРПЕК» аталады,
Болапанға арналған ат
Қырық күнде – «ҚАРА ҚАНАТ».

Елу күнде деп танырсың,
Болды,міне,«КӨК ҚАУЫРСЫН».
Алтыда одан көп үміт,
Есімі енді – КӨК ТҮБІТ.

Жеті жаста ол – ҚАНА,
Сегізінде ол – ЖАНА.
Тоғызда аты – МАЙ ТҮБІТ,
Онда – БАРШЫН,шау бүркіт.

Әрі қарай санама,
Қарт БАРҚЫННАН қай үміт?
Америкалық талым Д.Рубин
«Memory іn oral tradіtіons»

кітабында санамақтардың
балалардың ойлауын, сөйлеуін,
есептей білу қабілетін
жетілдірудегі маңызын

айрықша атап көрсеткен?.

Оның өлшемін, ырғағын зерттей отырып, бала психологиясына әсерін аңғарды. Санамақты көп айтатын баланың импровизациялық (суырып салма) шеберлігі барынша артқан. Ойы ширап, белсенділігі күшейген. Тіпті бала өзін емін-еркін және тәуелсіз сезінген. Мінезіне де қайсарлық, өжеттік бітіп, көшбасшыға тән қасиеттер байқалған. Ең бастысы, өзін басқадан кем сезіну, көңілі толмаушылық, торығу сезімдерінен арылады. Демек, балаңыз, жасық, жасқаншақ, жайбасар болса, санамақ жаттату арқылы сол кемшіліктерден арылтуға мүмкіндігіңіз бар. Әрі санамақ баланың құрдастарымен майлы қасықтай тез араласып кетуіне дәнекер болады. Өйткені ойын үстінде оны айтуға бір бала емес, бір топ бала атсалысады. 5 Davіd C. Rubіn. Memory іn oral tradіtіons: The cognіtіve psychology of epіc, ballads, and countіng-out rhymes. – New York, 1995.

Бес саусақ

Ойнау үшін жасырынбақ
Білу керек анығырақ:
Кім шығады,кім қалады –
Кім іздейді, кім табады?

Анықтайды санамағым
Сөзбен санап соның бәрін:
Бас бармағым бастап берді,
Балоң үйрек қостап берді,

Ортан терек
Болып тірек,
Саусақтарым ән сап берді.
Шылдыр шүмек

Шылдырлады,
Кіші бөбек
Былдырлады.
Шылдырды ұқтың

Бара ғой,
Былдырды ұқтың
Бара ғой.
Шылдырды да

Былдырды
Ұқпадың сен
Бүлдірдің:
Анау жерге

Тұра ғой,
Көзіңді енді
Жұма ғой!
Тығылатын біздер,

Сен боласың іздер!

ХХ жасырдың

Шынашақ

Әке сөзін еске алам:
«Бес саусағым – бес балам.
Бас бармағым – үлкен ұл,
Басқаларға өктем бүл.

Балоң үйрек – гүл-қызым,
Ақылы көп қызығым.
Ортан терек – ортаншы ұл,
Ойында,істе – ортақшыл.

Шылдыр шүмек – салған дау,
Кіші қызым шолжаңдау.
Титтей бөбек – шынашақ –
Кенже балам –

Болашақ.
Үмітім мен қиялым,
Мұрагерім, тұяғым».
Ретіменен санасақ,

Мен екенмін шынашақ.
Өсіп-өсіп толамын,
Бас бармақтай боламын.
Жаман атты тақпаймын,

Әке сөзін ақтаймын!
«Ырғағы әуезді мұндай санамақтар
бөбектердің көп күш салмай-ақ, ана
тілін меңгеруіне жәрдемдеседі» дейді

балалар ақыны К.Чуковский. Санамақ
тілінің барынша қарапайым екеніне
назар аударған С.Цейтлин «Баланың
бастапқы сөздік қорын осындай

қарапайым сөздер құрайды» деген.
орта шенінде румын зерттеушісі

Константин Брайлою мен америкалық филолог: Роббинс Бурлина бірлесіп зерттеудің нәтижесінде әлем халықтары санамақтарының бір-біріне өте ұқсас, әмбебап сипатта болатындығын анықтады. Демек, бұл баланың қалауы, тілегі барлық ұлтта бірдей екендігін дәлелдейді.

Онға дейін санайық

Қолға қалам алайық,
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта-қайта санайық.

О

Дәңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем «бұл нөл»,ұқпайды.

Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.

Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.

Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.

«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кімг!

Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.

Сен де,мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.

Тоғыз жасқа келгенім –
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!

Он жыл,он жас – он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он- тұрған бір нөл менен.

Бір дегенім – білік,
Қолыңа жүр іліп,
Білік -- шалғы тұтқасы,
Алғаның жөн біліп.

Екі деген – есті,
Ел жайлауға көшті.
Салқын екен жайлау,
Салқын самал есті.

Үш дегенің – үскі,
Ұшып жерге түсті.
Тындыроатын істі,
Үскі неткен күшті.

Төрт дегенім – төсек,
От жағамын көсеп.
Төсек жақсы,өйткені
Жайлы орынға есеп.

Бір дегенім - білік

Жеті деген – жебе,
Жебе бұзар көбе.
Жебе – көбе сөзі-
Ертегі сөз көне.

Сегіз деген – сенім,
Болашағың сенің.
Сені азамат болар деп,
Сеніп отыр елің.

Тоғыз деген – торпақ,
Болма өзің қорқақ.
Еңбек етсең жарайды,
Көп ісіне ортақ.

Он дегенде ойлап,
Тапқан сөзім – оймақ.
Жалғастырып тағы да,
Айтыңдаршы жайлап.

Бес дегенім – бесік, Бөбек жатар өсіп. Уағында анасы Шомылдырар шешіп. Психоло? О.Абашина есту қабілетінде мүкісі бар оқушылардың тілін Алты деген – арша, жөндеу үшін санамақ пайдалануға Арша отын жанса. кеңес береді. Мықтап қазан қайнатар, Өйткені құлағы жөнді естімейтін Жіктеп отқа салса. балалардың сөйлеуінде де кемшілік

болады. Мамандар арнайы тәжірибе
де жасап көрді. Шаттығудан соң
құлағы нашар еститін 20 баланың 13-і мүдірмей

тілдесе бастаған. 3 баланың сөйлеу мәнері бұрынғыдан жақсарған. 4 бала ғана өзгермеді.

Ғалым П.Губерина «Санамақ арқылы біз баланың
миын тез дамытпамыз және есту сезімін күшейтеміз»
дейді.

ЖАТТЫҒУ-САНАМАҚ

Қыз балаға арналған Ер балаға арналған
санамақ санамақ
Оң қолдың саусақтары: Оң қолдың саусақтары:

– Мен қызбын – гүлмін, – Мен – ұлмын,ермін,

– Әдемі боп жүрмін. – Тірегімін туған жердің,

– Айнаға қараймын, – Тілегімін туған елдің.

– Көйлегімді киіп,шашымды – Әкемнің ізіне ердім,

тараймын, – Ер болам деп сендім.

– Анама көмектесуге жараймын.

Сол қолдың саусақтары: Сол қолдың саусақтары:

– Үйді жинаймын, -Мен- азамат жігіт болам,

– Үлкендерді сыйлаймын, – Батырлардай өсіп,толам,

– Ешкіммен ұрыспаймын, – Жануарларды ұрмаймын,

– Төбелесіп, жұлыспаймын, – Қыздарды қорғаймын,

– Өзімді дұрыс ұстаймын. – Жаман жігіт болмаймын.

Қазіргі кезде оқушылардың басым көбі математика пәніне құлықсыз. Есепке ебі жоқ. Мұның бәрі кішкентай кезінде санамақ үйретіп, санға, есепке қызығушылығын оятпағандықтан туындайды. Бұл олқылықтың алдын алу үшін сәбиіңізге санамақ жаттатып, оның ынтасын оятуға тырысыңыз. Санамақты төрт жасынан бастап үйреткен дұрыс. Төменде берілген сан өлендердің бір ерекшелігі – олар баланың сандарды менгеру қабілетін оятады. Оны негізінен, баланың өзіне оқытқан дұрыс. Сол кезде оның бойында тапқырлық, зеректік, аңғарғыштық сияқты қасиеттер қалыптасады.

Жерге қ10ды кд2лік,
Қуанды 1жан с2ріп.
Сөгілді қыр көбі,
Қылтиды гүл төсі.

Тұмау боп Бек тЭ3кірді,
Тәуіп келіп Ӛкірді.
бн кетті сі!ге,
Акен кетті күіге.

Іте-Іте /лем деп,
Ойнасайшы 7ген көп.
Демалып Тоз алдың ба,
Тө8 кілем шалғынға.

Қолға ұстап 40тық,
40 қойды 40тық.
С1о0адайдан к?3ігін,
Танып келді 3 інім.

Бұрқытқан тем?,
Б2ш қандай дәр?.
Күн ауғанша 1 Бін,
Бұл от сөнбін.

Әнді де 62реге,
Тойған кЗік к2ре ме?
Желмаяның жӛбі,
Бабына әбден кӛбі.

Жел9дда 90 бітеді,
Ақшасын Досқан күтеді.

Сан өлеңдер

Сыздады ма ббрың,
КЗ түсірмей ал,тыным.
Уақыт 2нді,
Жауынгерлер бдгнді.

200ді болма,
Соңды сен қолда.
300 көтерген төсіне,
Қол соғалық Көбінге.

Бұл қошқар 105е 105ін,
Қой ешкіні сүздін.
Жбрайды 100ігім,
Таңырқадық біз бүгін.

3 қойым Зем тапты,
Зеуін 1 Үсен бақты.
Теңізінде Ббқтың,
100ді екен мбп кіме

Әгңе жараса ол, бүгінгі,
ШгЭмелеген сандығымды.
Айналып ДАкүлді,
Қбрап күрт жүрді.

Шаншылған 1 таяққа,
Жабысқан 40 аяқ па?
Тебелік ббақан,
Мәз болсын бн апам.

Б2бай ұстаға,
Дайын ба тЗпара?
Айтшы КЗбек енді жұмыс
жайында,

МЗайраға көрн2лік дайын ба?
Әруақтар жесін,
Ертең 4те келесің.
Бікте көз ілмейді,

7м бала күілейді.
Осы бола кдлді,
ЖӘІТ көрген с2лді.
1000ғыртып мол айдап,

Жы 1000доп тұр Байтақ.
Жарық қылып та1000ды,
Жағып қой 1 ша1000ды.
бн күн сөнбін,

Қара бұл төнбін.
Шығармастан ды1000ды,
Тастап кет сен сы1000ды.

жжж

Ж-6-раған ақ т-10-ды,
Деді 100-бай бақ қ-10-ды.
Жал-құйрығы 7-ліп,
Дөнен 5-ті ат болды.

Паналап |1 тү-І1-ді,
Тауық аршып кү-1-ді.
Аз жатты да қ-6-рап,
Кетегіне жүгірді.

Қа-/-ме керекті,
Көтертпедің теректі.
Ал енді өзің арқала,
Болсаң к-3-ті сен епті.

АУ-ШАДИЯРЛАР

Аушадияр -- санамақтың ертеде қазақ арасында кең таралған түрі. Кейін ұмыт болған. К.Ісләмжанұлы «Аушадиярды» қыз ұзату тойында қызға арнап айтылатын насихат өлең ретінде анықтайды. Оның арғы тегі санамақтардан

бастау алатынын айтады.
Ау, шадияр – бір дейді,
Сөйлесе сөзі дүр дейді.
Ата-анасын сыйлаған,

Ақ шалмалы пір дейді.
Ау, шадияр – екі-ді,
Қорасан қалмақ кекілді.
ШЖБаста қылған тәубеңіз

Тас жазудай бекиді.
Ау, шадияр – үш дейді,
Кеңнен сарай піш дейді.
Сөз айтсаң да наданға,

Салған жөнге түспейді.
Ау, шадияр – төрт дейді,
«Алла бір» деу серт дейді.
Өтірік айтсаң алдыңнан

ШЫығады тамұқ өрт дейді.
Ау, шадияр – бес дейді,
Бестен ойып ес дейді.
Ер жігіттен бақ тайса,

Мал жинауы күш дейді.
Ау, шадияр – алты-ды,
Жақсылық жасау артығы.
Мейірім болса жүректе,

Пейіште нұрың шалқыды.
Ау, шадияр – жетіңіз,
Жетімді жетім демеңіз,
Жетімнің ақын жемеңіз,

Жетімнің ақын жесеңіз,
Көтеріп көрге салғанда,
Тең жатармын демеңіз.
Ау, шадияр – сегіз-ді,

Су аяғы – теңіз-ді.
Ата-анадан аяма
ШЖақсылықты ең ізгі.
Ау, шадияр – тоғыз-ды.

ШЖорғалаған қоңызды.
Ата-анасын бақпаған,
Арам сүт емген доңыз-ды.
Ау, шадияр – он дейді,

Қыздар киер тон дейді.
Құп жарасып қосылу,
Пайғамбар салған жол дейді.
Ау, шадияр – он бір-ді,

Ақ қағазға төндірді.
Ыбырайым баласын
Құрбандыққа көндірді.
«Шадияр» деген «дос» деген мағы-

наны білдіреді. Мұнда «Аушадияр»
деп, төрт шадияр – Әбубәкір, Омар,
Оспан, Әлиді айтып отыр. Өйткені
қазақ дүниетанымында оларды бөліп

жармай, құрметті халифтер деп
біледі.
Ау, шадияр – бір болар,
Жаманның көңілі кір болар.

Ата-анасын сыйлаған,
Ақ шалмалы би болар.
Ау, шадияр – екі дер,
Ер жеткеннің еркі дер.

Омырауы толған он түйме,
Қыз баланың көркі дер.
Ау, шадияр – үш болар,
Атан түйе -- күш болар.

Екі жаман қосылса,
Өле-өлгенше өш болар.
Ау, шадияр – төрт болар,
Тамұқ іші өрт болар.

Тура жолдан таймауға,
Біздің берген серт болар.
Ау, шадияр -- бес болар,
Жақсы жарың ес болар.

Жаман жарға кез болсаң,
Қайғыменен кеш болар.
Ау, шадияр – бес болар,
Ерге садақ ес болар.

Ер қолынан бақ тайса,
Өкінгені кеш болар.
Ау, шадияр – алты дер,
Бұрынғының салты дер.

Ағайынмен өш болсан,
Берекесіз халқы дер.
Ау, шадияр – жеті дер,
Ер тілеуін ел тілер.

Ел ішінде ерлердің
Уәделі серті дер.
Ау, шадияр – сегіз де,
Су аяғы – теңіз де.

Екі жақсы қосылса,
Өле-өлгенше егіз де.
Ау, шадияр – тоғыз де,
Күй төркіні – қобыз де.

Жаудан қашқан ез жігіт –
ШЖорғалаған қоңыз де.
Ау, шадияр – он болар,
Қой терісі тон болар.

Көптің ісін ойласан,
Қылған ісің оң болар.
Ау, шадияр – он бір-ді,
Өлгенде орның үңгір-ді.

Қияметте қыл көпір,
Оны барып кім көрді.
Ау, шадияр – он екі,
Тірі жанда тон екі.

Жанып тұрған шырағын,
Бір күн барып сөнеді.
Ау, шадияр – он үш-ті,
Бұл жалғанда не күшті?

Басын кесіп алса да,
Шақ үстінде тіл күшті.
Ау, шадияр – он төртті,
Бұл жалғанда не текті?

Басына күн туса да,
Сертте тұрған қыз текті.
Ау, шадияр – он бес де,
Кергіш толған шым кесте.

Сұлулықтан не пайда,
Ақша жүзден нұр кетсе.
Ау, шадияр – он алты,
Бұрынғының сөз салты.

Ер кезегі -- үш деген,
Ерегістің бір шарты.
Ау, шадияр – он жеті,
Хордың қызы келбетті.

Хордың қызын көргем жоқ,
Осылай дейді суреті.
Ау, шадияр > он сегіз,
Өріс пенен су егіз.

Алты ай жайлап келгенде,
ШЖылқы менен қой семіз.
Ау, шадияр – он тоғыз,
Қыз жасауы – тон тоғыз.

Дүниеге көз тоя ма,
Нысаппенен өлшеңіз.
Ау, шадияр – жиырма,
Мекке жатыр қиырда.

Шылқы менен қой дейсін,
Қас әулие сиырда.
Ау, шадияр – жиырма бір,
Тумақ та бір, өлмек бір.

Құдай басқа салғанға,
Амалың жоқ, көнбек бір.
Ау, шадияр – жиырма екі,
Су мен орман жер көркі.

Ерлік пенен ізгілік,
Ақыл болар ер көркі.
Ау, шадияр – жиырма үш,
Ақыл-қайрат бойға күш.

Жасы үлкенге кез болсаң,
Сәлем беріп аттан түс.
Ау, шадияр – жиырма төрт,
Жастық шағың жанған өрт.

Байсалды бол қағілез,
Албырттық деген ол бір дерт.
Ау, шадияр – жиырма бес,
Ақыл кіріп, жиған ес.

Өнер іздер кезің сол,
Білім үйрен, қалма кеш.

Жаңылтпаштар

Бір жасар нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей сөйлеуі қажет. Бес жасқа аяқ басқанда, бала тілі ширап, қысқа ертегілерді, әңгімелерді баяндай алатын болуы керек. Сәби осы жаста анық сөйлей алмаса бұл оның сөйлеу қабілетінің кенжелеп қалғандығынан хабар береді. Сондықтан, баланы дамыту үшін жаңылтпаш жаттатқан абзал.

Шуақтаған ботамды, жж
Шуға апарып шуладым. Суда сең келеді,
Шудалаған шудасын, Сегіз серке тең келеді.
Суға салдым, Суға сақалын мала, сілке,

Судан алдым, Суға сақалын мала, сілке.
Суға малдым.
кжж Арқада алты арқар бар,
Ай, ай, Айдарбай, Қырқада қырық арқар бар.

Иір мүйіз сиырды Қырық арқарда ақ арқар бар.
Үйіңе айдай бар! Алты арқарда марқа арқар бар.
Қарамайлы қарағайды Ақ тайыншаның қатығын,
Кесейін бе, кеспейін бе? Аппағыма беремін.

Қазықтағы қара тайды Аппағымның атын тез,
Шешейін бе, шешпейін бе? Айтқаныңа беремін.

Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «Лл» дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп жатыр.

Ала бие құлындады,
Қара бие құлындамады.
Әжем соны ырымдады,
Атам оны ырымдамады.

Жез түстес үзік-үзік,
Зер жіппен ақ үзікті
Өрнектеп жүзік тізіп,
Әдемі етіп ызыпты.

Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз түнде жылтырар.

Құман от басында,
ІЖЖКүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?

Ат басынан жүгенін ап, ноқта
салсын баз
Қаршыға ма,
Құмай ма?

Әнші балаға қаршыға ұнай ма?
Малшы балаға құмай ұнай ма?
Әдепті әділдікке әдеттенген.
Әдетте, әділдік те әдептіден.

Ғалымдар дұрыс сөйлеу мәнері баланың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді дейді. Бала тілінің жетілуіне, оралымды әрі анық сөйлеуіне, үндестік заңын сауатты меңгеруге және шешен сөйлеуге баулиды. Құлаққа жағымды, тартымды сөйлейтін бала құрбы-құрдастарымен еркін пікір алмасады. Өз ойын ашық жеткізеді. Керісінше, тілінде мүкісі бар бала тартыншақ болады.

Сылдырмақ сылдырлады,
Сәби былдырлады.
Сылдырмақ сылдырласа,
Сәби былдырлай ма?

Сылдырмақты сындырмай ма?

Хаж

Томағаланған төрт бүркіт – қолда.

Томағаланбаған төрт бүркіт -

торда.

Қанша бүркіт болады сонда?

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім, –
Неше кіші ішік піштім?!
Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
ШЖоғалды бес шыбыш.

саса

Көбейсін ат ұстар,
Болмасын атыстар,
Болса мол атыстар,
Қалмайды ат ұстар.

Ғалым И.Козлянинова «күн сайын балаға 10-12 жаңылтпаш оқытып отыруға кеңес береді. |Шаңылтпаш үйреткенде қысқасынан бастаған жөн. Бұл баланы шаршатпайды, әрі жаңылтпаш туралы көзқарасын жақсартады.

Шеңгел! Шеңгел!
Шеңгелге енген де,
Шеңгелде сенделген де
Еріншек Ерден бе?

Шырша сыпырғыштың
Ұшы шырпылсыншы.
Барша сыпырғыштың
Ұшы қырқылсыншы.

Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе

Тысы тым көрікті,
Үкілі үш бөрікті
Үлестір деп беріпті.
Сұқсыр үйрек

Ұшқыр үйрек десек те,
Тұмсығы үшкір үйрек
Сұқсыр үйректен күйрек пе?
Ол да шылбыр есті,

алдым, Мен де шылбыр естім. Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп Ол шылбырды сылбыр есті,

алдым.
Мен шылбырды ылдым-жылдым
кжж естім. Тас, тас, тасбақа, Асты-үстінде тас-тапа. жжж
Қырда екі кекілік жетіліп келеді,

Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді.
Келсін қасқа – асқа, ата,
Берші бата, досқа, ата.

Ғалымдар шет тілін меңгеру үшін де жаңылтпаштың пайдасы өте зор дейді. ШЖаңылтпаш айтумен көбірек шұғылданған балалар шет тілін тез игереді. Қазір де көптеген тіл үйрету орталықтарында бұл тәжірибені жиі қолданады. Нейропсихологтар жаңылтпашпен жаттыққанда, мидың белсенділігі артып, санаға түскен ақпараттар өнделіп, жадыға жылдам бекиді дейді. Құла құланнан туған туған құла құлын құнан құланнан Туған құла құлынның құлағынан да келмейді.

Тұлпарды жапатармағайламағанда

Тұғырды жапатармағалайды деп пе едің!

Жақсы атты
Оп-сәтте Асқаттар
Ақсатты.
Ақсақты,

"Тоқсақты
ТЖБаза алмай бас қатты.

Ақсатса жақсы атты

Кім болар жақсы атты?!

Олжаланыңқырағандағың да бар болсын,

Қалжаланыңқырағандағың да бар болсын.

ШҚұғайбай
ШЫығайбайға:

– – Су қайда, әй; – деді.

Шығайбай
ШҚұғайбайға:

– – Шық, ойбай! – деді.

Алма базарда
Алма алма алар ма?
Ақ алма алар маЭ
Әлде алары анар ма?

саса

ҮҮш ұшқыш алды
Үш кірқысқыш,
Үш тісысқыш.
Кірқысқыш қымбат па?

Тісысқыш қымбат па?

Жаңылтпаштың табиғаты қиын болғандықтан, бала оны өз еркімен оқығысы келмейді. Сондықтан ата-аналар балдырғанмен бірге жаттықса, оңай болады. Сөйлемді ақырын оқып, әр әріпті анық айтқан жөн.

Шалғышы шалғында шалғысын шыққа шылады.
Шалғысын шалғышы шалғында шаққа шылады.
Ақшамда жаққаның Шапшаң
Көк шам ба, ақ шам ба? ШАапсан

Мейлің қайсысын жақсаң да. Бұрқырайды
Ақ шаң.
Жұлып ем дөң басында долананы,
Долананың домалағы

Дөңнен төмен домалады.

“хх

Балам бағар
Бала марал,
Ала марал
Қорада.

Ағалар
Далаға
Ала барар.
Сан шаң сорғышқа шаң

сорғыздым.
Жамал, Алма алма алмайды,
талға мал байлайды.
Дос қос ұстаз қостан шықты.

Жұмбақтар

Шұмбақтар балаңыздың зеректік, тапқырлық қасиетін күшейтіп, кез келген мәселені жылдам шешуіне жәрдемдеседі. Сәбидің логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, сана-сезімін дамытады. /Мұмбақтарды баланың өзі талпынып, ойланып шешкені маңызды. Сондықтан біз кітапқа жұмбақтардың жауабын енгізген жоқпыз.

Көрмеген ешкім,
Дәмін татып.
Қара орман асты,
Ұйыған қатық

Маған да, саған да,
Жақын туыс > бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Онға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, кәне, кім атын?
Даладай

Кімнің кең пейіліз
Данадай,
Кімнің мол мейірі>
Отынсыз, сусыз піскен ас,

Адамның бәрі ішкен ас.
Дәу үңгірдің қақпасы,
ШЖабылады ашылып,
Жоқ болса да топсасы.

Сырты орман,
Алды жазық, құрлықты,
Араласан,
Табасың жеті құдықты.

хх

Бес сауысқан,
Бес сауысқан басына тас
жабысқан.

Хх

Бір бұтақта бес тармақ,
Бәрінде бар мүйіз қалпақ.
Екі көл – кіл тынған,
Екі ну – құлпырған.

Жатса да қатар жарысып,
Көрмепті бірде танысып.
Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінің ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық-кемі жоқ.
Қос жиек,
Ортасы ақ сүйек.

"ТТаппайтын тағат,
Тығулы сағат.
Түпсіз терең тұңғиық,
Бүкіл әлем тұр сыйып.

Күндіз
Қасыңнан қалмайды.
Бірақ,
Ешкім ұстай алмайды,

Қорқақ па,
Қараңғыға бармайды.
ШЖотада бар,
Кеуіп жатқан,

ШЖалғыз оқпан.
Екі жар бірін-бірі шамалаған,
Тал шығып, жағасында сабалаған.

Сәуле астында жүз кісі

Дөңнің сыртқы қабаты -

Қарлығаштың қанаты.
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.

саса

Бунақты көсеу,
Тармағы бесеу.
Алқапта бар биік тау,
Алды тік жар қиық тау.

Қос үңгірі желдетіп,
Ауа жұтар селдетіп.

сас аса

Үңгір түбінде жалбырап,
Өсіп тұр жалғыз жапырақ.
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас.

ШЫыңда бар орман,
Құсы жоқ қонатын.
Тек қана қолмен,
Шөбі көп оратын.

Қырымда бір құдық бар суы

Сол суы шілде күні мұз боп

батпан,
қатқан.

Сіресіп бауырдай боп қатқан

мұздың

Бетіне бетегесі шығып жатқан.
Қозғалмай бір орында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,

Және де көбеймекке талап қылар.
Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде

Қолға доп боп оралады.
Іші аумаған жүгері,
Түрі-түсі алмадай.
Ойымның жоқ бүгері,

Жесең бал деп қалмағай.
Гүлсіз миуа піседі,
Көп жесең тіл жарады.
Ай сияқты дөңгелек,

Бұны кім табады?
Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.

Дөңестеу жотасы,
Бауырында сызығы,
"Тамақтың атасы,
Баршаның ырзығы.

Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым.
Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.

Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.

хх

Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
ШУипа өсімдік деседі.
Сары қапта бір қап ұн,

Ұн ішінде бір ұстын.

Ұйқасын тап...

Беріліп отырған жұмбақтардың бір ерекшелігі, бала бірінші жолға қарап отырып, екінші жолдың ұйқасын табуы керек. Бұл өте қарапайым тапсырма болғанымен, сәбиді өз бетінше ұйқас құрастырып, жеңіл тақпақтар шығаруға баулиды. Халықтық тәжірибеде қарттар немерелерін ырғақты, сазды сөйлеуге үйретуде осындай келте жұмбақтарды пайдаланған.

Түлік қой бұл киелі,
Кім білмейді ...
Алға асығар ынтыға,
Жел жеткен бе ...

Көлден тапқан тұрағын,
Алып шұбар ...
Инедей ғой түрпісі,
Иен дала ...

Қалса үнемі аш құр,
Тынбай ұлыр ...
Тұрағы -- мол қамыс,
Тарғыл аң – ...

Ұзын мойнын керіп,
Қарап тұрар ...
Серік болған аңшыға,
Қырағы құс ...

Тентексің-ау, еркесін!
Ай мүйізді ...
Жайылып келіп қиыр,
Күйсеп тұрар ...

Пайғамбардан бата алған,
Пайда көп-ақ ...
«Асқар таудан алыс өт,
Былқысқа хат табыс ет», –

деп Сүлеймен жұмсаған
Хабаршы құс – ...
Көркем ғажап түр-түсі,
Қырдың қызыл ...

Терісімен қапталып,
Тымағымның тұр тысы.
Таспадай мың бұралған,
Қорқар бәрі ...

Қабыршағы жылтылдар
Теңгелерден құралған.
Мұхит пен көл, арықта,
Мекен етер ...

Аллам өзі бұйыртқан

«Адал ас», - деп халыққа.

Айбат қылар алыстан,
Аң патшасы – ...
Ертегіден мен оның
Ерлігімен танысқам.

Сүп-сүйкімді, құртымдай,
Ұя салар ...
Шипа шөптер жинайды
Ұясына бір тынбай.

Сұрақ-жауаптар

Әр халықтың дәстүрінде сәбидің тегін, тамырын, рухани діңгегін қалыптастыру үшін, ең алдымен, оған аты-жөнін, руын, ұлтын, сенімін үйретеді. Мұны ғылымда дүниетану әліппесі деп атайды. Ата-ана балаға үнемі осы сұрақтарды қойып отырса, оның санасында бұл ақпараттар жақсы сақталып отырады.

– Дінің не?

– Ислам.

– Кітабың не?

– Құран.

– Құбылаң қайда?

– Мекке-Шәріп.

– Кімнің құлысың?

– Алланың құлымын.

– Кімнің ұрпағысың?

– Адам ата мен Хауа ананың ұрпағымын.

– Кімнің қауымынансың?

– Әзіреті Ыбырайым пайғамбардың қауымынанмын (ұл бала).

– Бибіажар анамыздың қауымынанмын (қыз бала).

– Кімнің үмбетісің?

– Әзіреті Мұхамбет пайғамбардың үмбетімін.

– Кімнің досысың?

– Төрт шадиярдың досымын.

– Кімнің мазхабындасың?

– Имам Ағзам Әбу Ханифаның мазхабынанмын.

– Кімнің сеніміндесің?

– Әбу Мансұр Матуридидің сеніміндемін.

– Кімнің силсаласындасың?

– Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің силсаласындамын.

Әлеуметтанушы талымдардың пікірінше, киелі құндылықтарды игггермеген
бала өскен кезде әртүрлі діни ағымдардың жетегіне еріп кетеді. Елін
сүймейтпін ниггилиске айналады.

Салт-дәстүрін менсінбейді. Демек, бұл сұрақ-жауаптар бала үшін рухани иммунитет тәрізді. Осы арқылы сәбидің бойында ұлы тұлғаларға, қасиетті заттарға, ата-тегіне, тарихына деген құрметі оянады. Ертеректе «қырық сұрақ», «жетпіс сұрақ», «мын сұрақ», т.б. нұсқалар қолжазба түрінде немесе ауызша кеңінен таралған. Теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай «Бұл сұрақ-жауаптар ұлттың болмысын анықтайтын көрсеткіш» дейді.

– Басыңда не бар? – Кеудеңде не бар?

– Тәж-дәулет. – Жан-аманат.

– Құлағыңда не бар? – Мойныңда не бар?

– Азан-қаумет. – Парыз-сүндет, уәжіп

– Көзіңде не бар? – Пешенеңде не бар?

– Нұр-Мұхамбет. – Тағдыр-қиямет.

– Қасыңда не бар? – Жүзіңде не бар?

– Кәләмі Құдірет. – Иба-әдеп.

– Маңдайыңда не бар? – Қалыбыңда не бар?

– Сәжде-ғибадат. – Иман-әдет.

– Мұрныңда не бар? – Иығыңда не бар?

– Ырзық-жәннат. – Қос періште – ой-берекет.

– Аузыңда не бар? – Беліңде не бар?

– Кәләм-шаһадат. – Кемер-қуат.

– Тілегіңде не бар? – Тізеңде не бар?

– Дидар-талап. – Ізет-құрмет.

– Жүрегіңде не бар? – Қолыңда не бар?

– Зікір-салауат. – Қайыр-сахауат.

– Рухыңда не бар? – Аяғыңда не бар?

– Ақыл-парасат. – Жол-шариғат.

– Нәпсіңде не бар? – Алдыңда не бар?

– Сабыр-қанағат. – Ақ құбылам – пір-тарихат.

– Ойыңда не бар? – Мақсатыңда не бар?

– Алла тәбәрәк. – Дүр-хақиқат!

– Бойыңда не бар?

– Мейір-махаббат.

Бұл сұрақ жауап үлгілерін ХХ ғасырдың бас кезінде сыр бойында өмір сүрген Шораяқтың Омары былайша жырлаған:

Құдіретті Зүлжәлал, Кірмеген сайтан әскері
Екі жаһан панамыз, Мұхамбет атты пайғамбар –
Бір өзіңе арналған Қорғаны бүтін қаламыз.
Тілдегі мадақ санамыз. Төрт бас аян шадияр

Жад көңілмен жад етіп, Жайлауға жайды саламыз,
Бар деп сені нанамыз, Жеті жаста жол айтқан
Лә иләһа илалла, Нұғман басшы данамыз.
Мұсылмандық санамыз. Қожа Ахмет Ясауи –

Миллатындамыз Халилдың, Біллімпаздардың сұлтаны
Бибі Ажар анамыз. Біздер де қоңсы боламыз.
Арғы атам Аспан Әнәстен,
Ертеде өткен бабамыз.

Психолог ғалымдардың зерттеуінше, бозбаланың арманын айқындап, мәңгілік мұраттарға құмартатын кезі 13 пен 15 жас аралығы. Табиғат заңы бойынша бозбала осы жаста өміріне мәнмағына бітіретін ұлы армандардың жетегінде кетуі тиіс. Әдетте бұл классикалық сұрақ әлем даналарының кітабында мынадай формада қайталанып отырады. «Мен кіммін?», «Бұл өмірге қайдан келдім?», «Өмірдегі менің азаматтық парызым қандай?», «Өлген соң менің жаным қайда барады?». Осындай мағынасы терең, мазмұны бай мақсаттарға ұмтылмаған адамның өмірі мағынасыз бола бастайды. Оның психологиясында эмоционалды тұрақсыздық пен сауықшыл мінез үстем болады. Орта жасқа келгенде және қартайған шағында ішкі әлемінде рухани тоқырау дерті басталады. Логотерапия ғылымының негізін қалаушы австриялық ғалым Виктор Франкл бұл дертті «экзистенциалды вакуум» деп анықтаған.

Қытай қазақтары арасында

үлгісі былай өріледі:

«Жаратушың кім?» – десе,
«Жоқтан барға келтірген,
Рәббім Алла», – дегейсің.
«Дінің сенің кім?» – десе,

«Пәни мен бақи танытқан,
Ісләм діні», – дегейсің.
«Кітабың сенің не?» – десе,
«Алла сөзін дарытқан,

Құран Кәрім», – дегейсің.
«Мұсылмансың ба, сен?» –
десе,
«Әлхамділда!» – дегейсің.

«Құзырлысың ба, сен?» –
десе,
«Іншә-Алла!» – дегейсің.
«Қауметі кімнің, сен?» – десе,

«Дін-мұсылман», – дегейсің.
«Әулеті кімнің, сен?» – десе,
«Әз Әруақтың», – дегейсің.
«Сарбазы кімнің, сен?» – десе,

«Сақылардың», – дегейсің.
«Сардары кімнің, сен?» – десе,
«Сопылардың», – дегейсің.
«Жұраты кімнің, сен?» – десе,

«Жомарттардың», – дегейсің.
«Сәруары кімнің, сен?» – десе,
«Сахабалардың», – дегейсің.
«Қашаннан мүмін, сен?» –

десе,
«Әлімсақтан», – дегейсің.
«Тегің сенің кім?» – десе,
«Адам ата, пайғамбар,

Сопы Алла», – дегейсің.
«Қалдырған сені кім?» – десе,
«Әзіреті Нұх пайғамбар,
Нәби Алла», – дегейсің.

таралған нұсқада сұрақ-жауап
«Зүриятынан кімнің, сен?» –
десе,
«Әзіреті Ысмағұл,

«Құрбан Алла», – дегейсің.
«Міллатынан кімнің сен?» – десе,
«Ыбырайым пайғамбар,
Халил Алла», – дегейсің.

«Үмбеті кімнің, сен?» – десе,
«Мұхамбет расул пайғамбар,
Сали Алла», – дегейсің.
«Кімнің досы, сен?» – десе,

«Төрт шадияр», – дегейсің.
«Баһадүрің кім?» – десе,
«Әзіреті Әли Арыстан,
Кәрім Алла», – дегейсің.

«Аузыңда не бар?» – десе,
«Кәлиматүн, тайбатүн, –
Шаһадат бар», – дегейсің.
«Мұрныңда не бар?» – десе,

«Суменен пәк болатын,
Пәлекет бар», – дегейсің.
«Көзіңде не бар?» – десе,
«Тұр Мұхамбет», – дегейсің.

«Жасыңда не бар?» – десе,
«Тәж-дәулет бар», – дегейсің.
«Құлағыңда не бар?» – десе,
«Азан-қаумет», – дегейсің.

«Иығыңда не бар?» – десе,
«Кәрабан-Кәтибан», – дегейсің.
«Қолыңда не бар?» – десе,
«Қайыр-сақуат», – дегейсің.

«Беліңде не бар?» – десе,
«Кәмару-Мұхамбет», – дегейсің.
«Тізеңде не бар?» – десе,
«Ізет-құрмет», – дегейсің.

«Аяғыңда не бар?» – десе,
«Дәретті кебіс», – дегейсің.

Адамның 15 жаста жіберіп алған осы салғырттығы жігіттік дәуренде білінбейді. Бірақ 35 пен 40 жастың арасында экзистенциалды вакуум болып қайта оралады. Психолог ғалым Гейл Шихи: «Біз не нәрсемен шұғылданып, қандай жұмыс жасамайық, жасымыз қырыққа келгенде өзіміз бұрын-соңды елемеген, қолдан тұншықтырып келген кеудедегі бір күш сыртқа қарай ышқынып ұмтылады», – дейді. Осы жаста адам өмірге деген құштарлықты жоғалтып алмас үшін, бала кезінде елемей өткізіп алған осы сұрақ-жауаптарды қайта қарап, ойлануға мәжбүр болады. Ғалымдар «Егер осы жаста адамдар тағы да өзін өзі алдап, әртүрлі жұмыстарға жегіліп, ойын-сауықтарға үйір болса, немесе, арақ ішіп жұбанатын болса, оны өмірінің соңына қарай «үлкен өкініш» күтіп тұр» деп ескертеді. Егер адам осы қауіпті кезеңде дәстүрлі сұрақ-жауаптарға мән беріп, рухани ізденсе, 70-80 жасқа дейін еркін жететін тың шығармашылық шабыт табады. Ондай адамдар сәтімен қартайып, өмірдің барлық қиындықтарына төтеп береді. Қазыналы қартқа айналады.

– Адамның басшысы не?

– Ақыл.

– Жетекшісі не?

– Талап.

– Жолаушысы не?

– Ой.

– Жолдасы не?

– Кәсіп.

– Қорғаны не?

– Сабыр.

– Қорғаушысы не?

– – Мінез.

– Сыншысы не?

– Халық.

Мамандар адамның идентификациясын анықтау үшін мынадай тәсіл қолданған. Олар бірнеше адам арасында сауалнама жүргізіп, оларға «Мен кіммін?» деген сұрақты 20 рет қайталап қояды. Емтиханға қатысқан кісілер қайталана беретін жалғыз сұраққа тұшымды жауап бере алмай қиналған. Қатысушылардың көбі сұраққа аты-жөнін, ұлтын, мамандығын жазып бастаған. Бірақ алты-жеті сұрақтан соң олардың жауаптары таусылған.

Мысалы: 1. Мен кіммін? Мен Алдамжар Құттықадамұлымын.

. Мен кіммін? Мен қазақпын.
. Мен кіммін? Мен Қазақ Ұлттық университетінің студентімін.
. Мен кіммін? Мен пәлен аймақтанмын.
. Мен кіммін? Мен құрылыс фирмасының директорымын.

. Мен кіммін? Мен Парасат орденінің иегерімін.
. Мен кіммін? Мен жазушымын.

Бірақ бұл берілген жауаптардың бір де біреуі «Мен кіммін?» деген ең маңызды сұраққа жауап болып табылмайды. Себебі, оның бәрі шартты анықтама. Кәсіп пен мамандық уақытша болғандықтан адамның кім екенін анықтап бермейді. Бірақ осы анықтаманың классикалық, өркениеттік формасын қазақ даласындағы дәстүрлі тәрбие жүйесінен таба аламыз. «Мен кіммін?» деген сұрақтың жауабы «Кімнің құлысың?» «Кімнің үмбетісің?» деген қалыппен қайталанып келіп отыратын «сұрақ-жауаптар» барысында терең ашылады. Балаға жастайынан өзінің адамдық қалпы мен рухани бағдарының мәнін ашып беретін болғандықтан, бұл үрдіс оның сәулелі ғұмырына шамшырақ бола алады.

Кімнен не қалған?

– Сабырлық кімнен қалған?

– Аюп пайғамбардан.

– Шүкірлік кімнен қалған?

– Дәуіт пайғамбардан.

– Даналық кімнен қалған?

– – Ұлықпан хәкімнен.

– Ғалымдық кімнен қалған?

– Қызыр пайғамбардан.

– Сопылық кімнен қалған?

– Ыдырыс пайғамбардан.

– Шәкірттік кімнен қалған?

– Мұса пайғамбардан.

– Кедейлік кімнен қалған?

– Жақия пайғамбардан.

– Кәсіп кімнен қалған?

– Адам атадан.

– Ұсталық кімнен қалған?

– Дәуіт пайғамбардан.

– Шипагерлік кімнен қалған?

– – Ұлықпан хәкімнен.

– Аспаздық кімнен қалған?

– Адам атадан.

– Жомарттық кімнен қалған?

– Атымтайдан

– Амандық кімнен қалған?

– Ғайып ерен қырық шілтеннен.

– Батырлық кімнен қалған?

– Әзіреті Әлиден.

– Әділдік кімнен қалған?

– Мұхамбет пайғамбардан.

– Жауыздық кімнен қалған?

– Перғауыннан.

– Сараңдық кімнен қалған?

– Қарынбайдан.

– Патшалық кімнен қалған?

– Сүлейменнен.

– Түс жору кімнен қалған?

– Жүсіп пайғамбардан.

– Тәубешілдік кімнен қалған?

– Жүніс пайғамбардан.

– Батагөйлік кімнен қалған?

– Нұх пайғамбардан.

– Тақуалық кімнен қалған?

– Мұхамбет пайғамбардан.

– Береке кімнен қалған?

– Ыбырайым пайғамбардан.

– Мереке кімнен қалған?

– Нұх пайғамбардан.

– Саятшылық кімнен қалған?

– Адам атадан.

– Тоқымашылық кімнен

қалған?

– Шиш пайғамбардан.

– Сұлулық кімнен қалған?

– Жүсіп пайғамбардан.

– Разылық кімнен қалған?

– Смағұл пайғамбардан.

– Тәкаппарлық кімнен қалған?

– Ібілістен.

– Кісі өлтіру кімнен қалған?

– Қабылдан.

М.Әбдуовтың «Қазақтың діни эпосы» деген еңбегінде сұрақ-жауап дәстүрі туралы мынадай қызықты пайым жасаған. Ғалымның пікірінше, бұрынғы қазақ қоғамында жас баланың ең алғаш діни сауатын ашқанда дүниетанымдық жағын бірінші орынға қойған. Ол «сұрақ-жауап» деген әдемі әдіспен жүзеге асқан. Бұл баланың болашақта әлемдік өркениет кеңістігінде өзінің мәдени танымын адаспай дәл табуы үшін көмектесетін маңызды құрал.

Пірді біл, санаңа іл!

– Жылқының пірі кім? – Желдің пірі кім?

– Қамбар ата. – Мірқайдар ата

– Түйенің пірі кім? – Жаңбырдың пірі кім?

– Ойсыл қара. – Борық ата.

– Сиырдың пірі кім? – Жарлының пірі кім?

– Зеңгі баба. – Қалтаң ата.

– Қойдың пірі кім? – Ұрының пірі кім?

– Шопан ата. – Жалтаң ата.

– Ешкінің пірі кім? – Кәрінің пірі кім?

– Секшек ата. – Кекшіл ата.

– Батырдың пірі кім? – Ісмердің пірі кім?

– Ғайып ерен, қырық шілтен. – Тепшім ата.

– Теміршінің пірі кім? – Ошақтың пірі кім?

– Ер Дәуіт. – Ұмай ана.

– Ағаш ұстасының пірі кім? – Қасапшының пірі кім?

– Нұх пайғамбар. – Сәдуақас ата.

– Білімпаздың пірі кім? – Кеселдің пірі кім?

– Ыдырыс пайғамбар. – Ыңқыл ата.

– Кемешінің пірі кім? – Күншілдің пірі кім?

– Ілияс пайғамбар. – Күңкіл ата.

– Жолаушының пірі кім? – Тәкаппардың пірі кім?

– Қызыр баба. – Ібіліс малғұн.

– Ғашықтардың пірі кім? – Наубайшының пірі кім?

– Ләйлі – Мәжнүн. – Ескендір Зұлқарнайын.

– Ырыстың пірі кім? – Балықшылардың пірі кім?

– Қызыр баба. – Жүніс пайғамбар.

– Етікшінің пірі кім? – Шаштараздың пірі кім?

– Сәді ата. – Арыстан бап.

– Орақшының пірі кім?

– Дихан ата.

– Бау-бақшаның пірі кім?

– Бағбан ата.

– Орман-тоғайдың пірі кім?

– Мизам ата.

– Түйешінің пірі кім?

– Салық пайғамбар.

– Дәруіштердің пірі кім?

– Ғайса пайғамбар.

– Сараңның пірі кім?

– Қарынбай.

– Жомарттың пірі кім?

– Атымтай

– Сауданың пірі кім?

– Қыдырғали Жәйлани

– Тоқымашының пірі кім?

– Шиш пайғамбар.

– Тәуіптің пірі кім?

– Ұлықпан хәкім.

– Саятшының пірі кім?

– Адам ата.

– Шешеннің пірі кім?

– – Майқы би.

– Әділдіктің пірі кім?

– Мұхамбет пайғамбар.

– Патшаның пірі кім?

– Тақ Сүлеймен.

– Түркінің пірі кім?

– Әзірет Сұлтан.

– Ер-азаматтың пірі кім?

– Әзіреті Әли.

– Тарыққанның пірі кім?

– Сұлтан Үпі (Хубби сұлтан).

– Қыз-келіншектің пірі кім?

– Бибі Бәтима.

Ақ бата

Қазақ мәдениетін айшықтап тұратын ерекше дәстүрдің бірі -- бата беру. Британдық дінтанушы ғалым Карен Армстронг өзінің академиялық еңбектерінде дәстүр туралы мынадай қызық тұжырым жасап: «Салт-дәстүр Тәңірлік уақытпен шектесіп жататын иләһи мазмұнды аңыздармен қабаттаса өрілгенде ғана мәңгілік жасайды. Егер әдет-ғұрыптың астарында тамыры Қадым дәуірімен жалғанатын мағыналы миф болмаса, ол дәстүр араға көп уақыт салмай санадан өшіп жоғалады», -- дейді. Ғалымның бұл пікірі біз үшін өте құнды. Себебі қазақ арасында әліге дейін жоғалмай жалғасып келе жатқан мағыналы дәстүрдің бірі -- бата беру.

Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа!
"Таң мезгілі болғанда,
Қырғауылдай қорғалап,

Бөденедей жорғалап,
Қызыр келсін қасыңа!
Дастарқаның мол болсын,
Денсаулығың зор болсын!

Қайда барсаң алдыңнан
Жарқыраған жол болсын!
Армандарың алдыңнан
Саған шығып қол берсін!

Дұшпаның саған құл болсын!
Үйің толған ұл болсын!
ІЖКүрегің толған нұр болсын!
Әумин!

А, Құдайым бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін.

Әуелі Құдай оңдасын,
Әулиелер қолдасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.

Несібең артып күн сайын
Өзегін ешбір талмасын.
Иә, |ІБаратқан Құдірет,
ШЖарылқаудың қамын ет!

Қайырлы ғұмыр кешуді
Ұрпақтарға нәсіп ет!
Ықыласпен тілеген
Тілекті Алла, қабыл ет!

Совет өкіметі орнағанға дейін бата беру де, бата алу да терең мағыналы руханият пен салтанатты мәдениеттің бөлінбес бөлшегі саналатын. Бас балалар абыз қарияның батасын алсақ, оның құты мен берекеті бойымызға дариды деп сенген. Сондықтан да жас билер мен батырлар айшылық алыс жердегі әулие кісінің батасын алу үшін арнайы аттанып барып сәлем бергені жайлы аңызәңгімелер ел аузында көп сақталды. СССР кезінде бұл дәстүр жаншылып, оның орнын стақан көтеріп, тост айтатын жаңа «советтік салт» басты. Оның кесірі тұтас бір дәуірге тиді. СССР тараған соң үлкен тойлар мен ас-жиындарда жасы келген қариялар дастарқанда бата бере алмай қиналып қалады. Осының бәрі – дәстүр мен салттың солғын тартуынан басталған трагедия. Бірақ Карен Армстронг айтқандай, жоғалған дәстүрдің көбі тамыры терең кеткен аңыздардың шарапатынан ақырындап болса да, қалпына келіп жатыр.

«Әумин!» десең маған,
Құдай берсін саған!
Оң жағыңа қарасан,
Алтыннан терек орнасын!

Сол жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Еш жамандық болмасын,
Аман болсын мал-басың!

Қыдыр болсын жолдасың!
Дастарқан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
«Әумин!» деп қолың жай,

Қабыл етсін бір Құдай!
Қонағың келеген болсын,
Қолың береген болсын!
Көңілің көргенді болсын,

Ұрпағың ергенді болсын!
Ұлықпанның жасын берсін,
Жомарттың асын берсін!
Патшаның бағын берсін!

Сүлейменнің тағын берсін!
Осы айтқандарым қабыл болып,
Қыдыр атам босағаңа енсін!
Әумин!

Батаның шығу туралы қазақ аңызында: Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті. Бір күні уахи ала келген Жебірейіл періштенің өзін дастарханға сүйрейді. Жебірейіл:

– Асыңа рахмет, ей, Алланың хабибі. Мен Алланың уахиын жеткізу үшін ғана келдім, -- дейді асығып. Ыбырайым пайғамбар:

– – Уахиды қоя тұр. Әуелі адал дастарханнан дәм тат. Маған серік бол, – дейді. Періште амалсыз көнеді. Дастарханға ас келсе де, періште табаққа қол созбай отыра береді. Пайғамбар:

– – Неге дәм алмайсың? -- дейді. Жебірейіл:

– – Бұл дүниенің өз тәртібі бар. Бес күн жалғанда ішкен-жегеннің, көрген қызықтың есеп-қисабы бар. Ертең мақшар алаңында бұл пәнидегі ішкен-жегеннің сұрауы болады. Мен соны ойлап, уайымдап отырмын, >- дейді.

Ыбырайым езу тартып:

– – Ендеше ас соңынан дастарханға бата бер. Астың өтеуі сол болсын, – дейді. Жебірейіл келіседі. Ас ішіп отырып екеуі әдемі рухани сұхбат құрады. Періште Ыбырайымның ықылас-пейіліне риза болып, дастарханға бата жасап, дұға етеді. |Небірейіл кетіп бара жатқанда Ыбырайым оны тоқтатып:

– – Маған қандай уахи алып келіп едің? Айтпадың ғой, – дейді. Бұл жолы періште езу тартып:

– – Біздің сұхбатымыз Алланың уахиы еді, – депті. Осыдан бастап бата беру, дұға тілеу Ыбырайымнан сүндет болып қалған екен деседі.

«Әумин!» десең маған,
Бата берейін саған:
Қабыл болсын тобаң,
Қолтығыннан демесін,

Қыдыр бабам!
Уа, дәм ішкендер терлесін,
Маңыңа дұшпан келмесін!
Тәңірім берген несібең,

Күннен күнге өрлесін!
Талабынды жүргізіп,
Тәңірім өзі оңдасын!
Е, Құдайым оңдасын,

Еш жамандық болмасын!
Қыдыр болып жолдасың,
Жеті кәміл қолдасын!
Әруақтар демесін,

Баптар келіп жебесін!
ШЖақсымызды асырсын,
Қатемізді жасырсын!
Жастарымыз шоқ болсын,

Қастарымыз жоқ болсын!
Дастарқанға дәм толсын,
Үйің толған мән болсын!
ШЖарастығымыз жарасқан,

ШЖадырасқан сән болсын!
Әумин!
Е, Құдайым оңдасын,
Қыдыр келіп қолдасын!

Бас аман, мал түгел боп,
Береке, бірлік орнасын!
Дастарқаның бай болсын,
Пейілің соған сай болсын!

Үй ішінде ұйым болып,
Үйіңде күнде жиын болсын!
Биік болып мәртебең,
"ТГоп ішінде сыйың болсын!

Ауызбірлік мықты боп,
Жаман жолдан тыйым болсын!
Қонақ күтер күйің болсын,
Өзіне лайық үйін болсын!

Әумин!

Терен зер салып қарасаңыз, қазақ баталары мағыналық жағынан өте бай. Оның мәтіндерінде кездесетін барлық адам аттары -- бір заманда Ұлы далаға ізгілік пен мейірім шуағын шашқан шарапатты әулие абыздардың есімдері. Баталарды жаттау арқылы жас ұрпақтың ?енетикалық жады оп-оңай қайта тіріледі. Онда кездесетін әулие ғұламалардың есімдері баланың санасына міндетті түрде төл мәдениетінің мағынасы мен мазмұнын ақырындап сіңіре түседі. Екінші жағынан алғанда, Қазақстанда топонимдік атаулардың көбі әулие абыздардың атымен аталады. Бата жаттау арқылы жас ұлан елі мен жерінің киелі ұғымдарын қиындықсыз бойына сіңіріп өседі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: бала кезден бата жаттап машықтану мәнгүрттіктен құтылып, мәдениетті тұлғаға айналудың төте жолы саналады.

ШЖБас берсе, бірге бақ берсін,
ШЖБарылқап тәуір нақ берсін!
Қайырыңды ел көріп,
Жомарт деген ат берсін!

Ата-баба әруағы қолдасын,
Қыдыр болсын жолдасың!
Ғайып Ерен Қырық Шілтен,
Қорғаштап сені қолдасын!

Ұрпағымызды жалғайтын,
Сенде жамандық болмасын!
Әумин!
Тілек тілеп халықтан,

«Әумин!» деп қолың жай.
Бата берсін көпшілік,
Қабыл етсін бір Құдай!
А, Құдайым оңдасын,

Есіне алсын, ойласын!
Әулиелер қолдасын!
Үдей берсін бақытың,
Еш жамандық болмасын!

Жасаған Ием жар болып,
Аман болсын мал-басың!
Әр уақытта қасыңда,
Қыдыр болсын жолдасың!

Денсаулығың мықты боп,
Бақ-дәулет саған орнасын!
Дастарқандарың берекелі болсын,
Көңіл-күйлерің мерекелі болсын!

Отбастарың аман болсын,
Мамыражай заман болсын!
Әумин!
Сұрасаңыз батаны,

Айтайын бір сөз аталы:
Ұрпақпен өссін қатары!
Ер азамат көбейсін,
Халыққа тиер шапағы.

Арта берсін жақсының,
Абырой, бедел, атағы.
"Желі-тентек тиылып,
Жұрт көрмей жәбір-жапаны.

Қызықты, бейбіт күн кешіп,
ШЫырқалсын әр күн шат әні!
Еңбек еткен адамның,
Тірлігі болып сапалы.

Қашан, қайда шықса да,
Оңынан болсын сапары!
Орындалып мақсаты,
Аман боп үй-жай, отаны!

Ерлер сыйлы қарт болсын,
Беліне түскен сақалы!
Аузында мәтел-мақалы,
Армансыз өтсін дүниеден,

Өмірге болмай қапалы!
Кәне, достар, әумин,
Бір Алла кешсін қатаны!

саса

Таси берсін дәулетің,
ШЖарасып сән-сәулетің!
Сыйлы болып бастарың,
Жүзге жетсін жастарың!

Меккедегі Мұхамбет,
Ясыдағы Қожа Ахмет,
Баптардың бабы -- Арыстан бап,
Мадақтайын Сіздерді!

Сайрамдағы сансыз бап,
Түркістанда түмен бап,
Отырарда отыз бап
Ардақтайын Сіздерді!

Қазығұртта жүрген бап,
Қарақұрда жатқан бап,
Ғайып ерен қырық шілтен,
Сыр етейін Сіздерді!

Зеңгі ата әулием,
Домалақ ана әулием,
Қамбар ата әулием,
Нұр етейін Сіздерді!

Баба Түкті Шашты Әзіз,
Ыбырайым, Қарашаш ана,
Шыр етейін Сіздерді!
Укаша ата, Құс ата,

Ұзын ата, Құсшы ата,
Көктонды ата, Кіші ата,
Тербетейін Сіздерді!
Әсәнші баба, Темірші,

Қарахан ата, Айша апа,
Есіркеңіз біздерді,
Пір етейін Сіздерді!
Шадияр болсын достасын,

Мұхамбет болсын қостасың,
Қыдыр болсын жолдасың,
Ұлықпан болсын құрдасың!
Сүрініп кеткен жеріңде,

Беті әулие, жеті пір,
Кереметімен қолдасын!
Төбеңізді торласын,
Көңілге алған талапты,

Бір жасаған Құдайым,
Құдіретіменен оңдасын!
Әумин!9

8 Қазыналы Оңтүстік: Т.28. Ғибрат сөздер: Бата-тілектер / Екінші кітап/. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2011.

Сұрасаң бата,
Болмасын сөзімде қата:
Тәңірім жаздай берсін,
Жаздай берсе, жазылып,

Көкірегіңде иман оты маздай берсін!
Тәңірім күздей берсін,
Күздей берсе, құтайып,
Бизығын маңдай термен іздей берсін!

Тәңірім қыстай берсін,
Қыстай берсе, қысылмай,
Ынсаппен тізгінін тең ұстай берсін!
Тәңірім көктемдей берсін,

Көктемде көктей өніп,
Талабың көкке өрлей берсін!
Әумин!”
«Әумин!» десең маған,

Құдай берсін саған!
Көп жаса, молда бол,
Сапарың сәтті жолда бол!
Өмірің ұзақ болсын,

Ұстағаның алтын болсын!
Тілді бол, ұлды бол,
Абырой сыйлар қызды бол!
Жүзің жарқын болып,

Жадырасын жаның!
Аман болсын Құдай берген,
Төрт түлікті малың!

7 Қазыналы Оңтүстік: Т.28. Ғибрат сөздер: Бата-тілектер / Екінші кітап/. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2011. 5 Қазыналы Оңтүстік: Т.28. Ғибрат сөздер: Бата-тілектер / Екінші кітап/. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2011.

Жолға шыққан ұланым,
Тәңірден тілек сұрадым:
Бес қаруың сайлы болсын,
ШЖортқан жолың жайлы болсын!

Күнің шығып жарқырап,
Түнің шығып, айлы болсын!
Ішкенің зәмзәм суы боп,
Ұртың толы майлы болсын!

Бір Алла өзі жебесін,
Әруақтар демесін.
Ғайып Ерен Қырық Шілтен,
Тигізсін дәйім себесін!

Нұх пайғамбар алдыңнан,
"Теңізде тоссын кемесін.
Алты күнде алты айлық,
Арымай-талмай жол алғын!

Аман-есен оралғын!
Қазіргідей қол алғын!
Әумин!”
Дүниеде кем болмайды баталы құл,

Шашайын батаменен жемісті гүл.
Қосылған теңін тауып балалардың
Әуелі жасын ұзақ бақытты қыл.
Қаптаған қара ормандай шоғырлы қыл,

Әр іске асықпайтын сабырлы қыл.
Алдында ақсақалдың абыройлы,
Өзінен кейінгіге қадірлі қыл.
Сөйлесе айтар сөзін жүйелі қыл,

Қалдырмай қатарынан киелі қыл.
Тілегін екі жастың қабыл етіп,
Ат мініп, жүгін артар түйелі қыл!

9 Қазыналы Оңтүстік: Т.28. Ғибрат сөздер: Бата-тілектер / Екінші кітап/. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2011.

19 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.
Асың, асың, асыңа!!
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін!
Тәңірі берген несібең

ТГепкілесең кетпесін!
Желіннің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін! !!
Құрдасыңа – қуаныш бол,

Сырласыңа -- сынық бол.
ШЖылағанға жұбаныш бол,
Туысыңа тұнық бол.
Татулыққа -- тамаша бол.

Ықыласқа -- иық бол.
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол.

Әумин! 72

Керегеміз кертілмесін,
Өнегені өрт ілмесін.
Тереземіз теңселмесін,
Теріс қылық еңсермесін.

Іріткі сөз нықтамасын,
Тұрлаусыздық тұйықтамасын.
Тілекті тәңірім қайтармасын,
ШАаңырағымыз шайқалмасын!

Әумин! 13
11 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.
12 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.
13 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.

А, Құдайым оңдасын,
Ондағанның белгісі –
Қайырлы етіп басыңа
Бақ пен қыдыр орнасын,

Дұшпаның үстем болмасын.
Әулие, әруақ көтеріп,
Ғайып ерен, қырық шілтен қолдасын.
Маңайың үбірлі-шүбірлі болсын,

Оларға және ғұмыр берсін.
Аузындағы сөзі дуалы болсын,
Тең құрбыларының алды болсын.
Келген Қыдыр кетпесін,

ШЖамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтан толған пұлың болсын.
Жарылқасын қорғаушын,

Ғажайып әулиедей пірің болсын,
Үй-іші, бала-шағаң аман болсын,
Тыныштық халқымызға заман болсын,
Бір Алла таусылмайтын ризық беріп,

Тартылған дастарқанға тағам толсын.
Абырой, амандығың арта берсін,
Бақ-дәулет мал-жаныңа қоса берсін,
Ер жетіп, балаларың өсіп-өніп,

Жарқырап шам-шырағың жана берсін.
«Әумин» деп – үй иесі қол жайғанда,
Жақсылап қариялар бата берсін.
Қауіптен ел-жұртымыз аман болып,

Қызықты еңбекшілер көре берсін.
Көп қылып үйіңізге бала берсін,
Оларға таудай талап, сана берсін.
Ер жетіп, балаларың батыр болып,

Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін,
Тауфықты, инабатты келін берсін,
Ақ көңіл ата-анаға жақын болып,

Қызығын елің-жұртың көре берсін.
Аллаһу акпар! 1 е
14 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004. 240ң ж
Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

ШЖарылқаудың қамын ет,
ШЖарылқайын деп келді,
Кішкене ғана сабыр ет.
Бақ бер, бәледен сақта,

Қауіптен, қатерден сақта.
«Әумин» десең бізге,
Бата бердік сізге.
Әуелі, Құдай, жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер,
Әуелі, Құдай, күздей бер,
Күздей берсең үзбей бер!
Әуелі, Құдай, қыстай бер,

Қыстай берсен қыспай бер!
Е, Құдайым оңдасын,
Он жолына бастасын.
Бір жарылқап тастасын,

ШЖамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Мал инесі -- Мұхамбет,
Жан иесі – Әзірет,

Не тілегін әзір ет,
Еткен ниетін қабыл ет!

Әумин! 15

15 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.
16 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.
Көтер білекті,
Берсін тілекті.

Әуелі Құдай оңдасын,
Әулие-әнбие қолдасын.
Қызыр менен қырық шілтен,
Пірің болсын жолдасын,

Асада жұртқа барғанда,
Қадірлі болсын өз басың,
Сегіз інген боталап,
Сексен саулық қоздасын.

Сегіз келін қомдасын!
Қолдаушы пірің
Қыдыр болсын!
Аллаһу акбар!!!

Дәмге бата

Әуелі Құдай есен ет,
ШЖиреншедей шешен ет.
Атымтайдай көсем ет,
Ұлықпандай береген ет.

Ыбырайымның бақытын берсін,
Сүлейменнің тақытын берсін.
Қыдыр құсы қонсын қасыңа,
Бұлбұл құс қонсын басыңа.

Шорытқанда жолың болсын,
Жолдасың қызыр болсын.
Жоғары болсын жұлдызың,
Бақытты болсын ұл-қызың.

Ас иесі байысын,
Бар ойлаған арманың,
ШЖақсылыққа сыйынсын!

Аллаһу ақбар!%

17 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.
1 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.

Сақтық батасы

Уа, Құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет.
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.

Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қаражүрек бақылдан сақта.

Көк дауыл қатыннан сақта,
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта.

Түнеріп атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта,
Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.
ШЖастарында әдеп жоқ,

Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр, Ілияс барлық пәлені қашырсын.

Аллану акбар!

19 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.

Той батасы

Әуелі, Құдай оңдасын,
Хақ Расул жәрдем қып,
Әулиелер қолдасын.
Сапар шықсаң, басшы боп,

Қызыр болсын жолдасың.
Шүкірлік қыл Аллаға,
Пейілінді Құдай алмасын.
Тәубе қылып жүріңіз,

Биядан болмасын.
Тауфиқ берсін бір Алла,
Арамға ауырың салмасын.
Бақытты болсын ұл-қызың!

Жоғары болсын жұлдызың!
Биза болсын мейманың,
Орнынан келер жиғаның,
Таңда махшар болғанда,

Алдыңнан шығар бергенің,
Көпшіліктен бата алсаң,
Мұратыңа жетерсің.
Жомарттық қылсаң тірлікте,

Қуанышпен өтерсің.
Қабыл болғай батамыз,
Кешіре гөр, Алла, қатамыз.
Пәлені дұға қайтарар,

Бұрынғыны айтамыз.
Ықыласқа тойдық біз,
Шақырған соң келдік біз,
Келмек – сүннет, қайту – парыз,

Тойыңыз тойға ұлассын,
Келген ізбен қайтамыз.
Аллану акбар! 79
20 Ақ тілек, ақ бата. – Алматы, 2004.

Ыбырай ахун батасы

Әуелі, Алла, ылым бер,
Ылым берсең – білім бер,
Исламның дінін бер,
Денсаулық берсең ұзын бер,

Ажар берсең ақ пен қызыл бер.
Бойдың сұлу сынын бер,
Ойдың терең сырын бер,
Сөздің рас-шынын бер,

Көздің раушан нұрын бер,
Жақсылардың күнін бер,
Саздылардың үнін бер,
Шешендердің тілін бер.

Дәулет берсең пұлын бер,
Перзент берсең ұлын бер,
Арасына сән қылып
ШЖарастыққа қызын бер.

Қызды берсең лайқат
Алтын айдар тұлым бер,
Рақат өмір сүруге
Жанға сая тыным бер.

Шын жаратсаң білімді ер,
Айтпастай ешкім “Бұ кім”
Арқасында бұлардың
Қызықталық азырақ –

Кешіктірмей бұрын бер.
Екінші, берсең бақты бер,
Бақты берсең тақты бер,
Керек құрал-затты бер.

Қысқа қылмай шақты бер.
Мінуге -- түсіп атты бер,
Сән-салтанат салтты бер.
Арқа сүйер халықты бер,

Ақыл сұрар қартты бер.
77 дер.
ШЖал-жая жеуге тәтті бер,
Ішуге шәй мен қантты бер,

Тыңдаушылар бұл сөзді
Ақылы жетсе “тапты” дер.
Сөйлеуге тіл мен жақты бер –
Шын жаратсаң бақтылы ер?!

Осы айтылған заттардан
Несие қылмай нақты бер.
Көп халықтың көсемі –
Әкім берсең – әділ бер,

Асылзада несебі,
"Табылсын көптің есебі,
Тимесін жұрттың өсегі.
Ақ-қараны ашқандай

Тілдінің болсын шешені,
Сайлансын әскер-нөкері,
Саздалсын шәй мен шекері.
Болмасын істің бекері.

Әділ болсаң тиіссіз
Қорлық көрмей өселі.
Ұстаз берсең – білгір бер,
Қиынды мүшкіл шешелі.

Дос берсең көңілі хошты бер,
ШЖазылсын іштің кеселі.
Қайрат берсең – айбат бер,
Соққан желдей еселі.

Малды берсең – сәнді бер,
Құндыз бенен қамадан
Киелі бөрік шекелі.
Асыл киім, бедеу ат –

Ақ үй тігіп тепсеңге
Жібек қалы төселі.
Нығмет берсең – абзал бер,
Сырлы зерең, ақ табақ

Дастарқаннан жеселі.
Жолбасшы берсең -- тапқыр бер,
Жолдан тура-төтені,
Болмасын сырдың бөтені.

Мұндай басшы табылса
Тура жолмен жетелі.
Көрші берсең – елші бер,
Мәртебеге жетелі.

Көлік берсең – жүйрік бер,
Қиын-қыстау жерлерден
Қияламай өтелі.
Жұпты берсең адал некелі –

Пәкизадай сұлу бер,
Көңілді хошты етелі.
Баянсыз пәни дүниеде
Осы айтылған заттардан

Артық сүріп нетелі?
Әуелі Алла медеткер,
Біздей құлға медет бер.
Біз бір ғаріп талапкер,

ШЫын жаратсаң талапты ер –
Өзіңнің құлың достыңа
Үмбеттіктен санақ бер.
Үмбет етсең достыңа

Жақсылардың әдет бер,
Әдет берсең -- әдеп бер.
ШАарғыға лайқат тағат бер,
Дүние менен ақырда

Бостаншылық абат бер,
Жәһаннамнан азат бер.
Қыл көпірдің үстінен
Өтуге зырлап қанат бер.

Ғаріп құлға сұрақ бер,
Сегіз пейіш ішінен
Мекен етер тұрақ бер.
Сөнбейтін нұрдан шырақ бер.

Харир жібек киім мен
Мінілмей тұрған құр ат бер.
Құраннан мақсат бір-ақ бер.
Он менен саз, шайырлар

Естуге соны құлақ бер.
ШӘөлдетпейтін шарап бер,
Түрлі алуан тамақ бер,
Отыз үштегі жасыңда,

"Таза жібек басында,
Ел, достарың қасыңда
Мәжіліс-құрал санат бер.
Қыз-келіншек жырменен

Сұңқылдасып сырласып
Ойнап-күлмек қабат бер.
Дидарынды нәсіп етіп
Мұнан басқа бірнеше

Көңілдің сүйген мұрат бер.
Үлкен-кіші, жамағат,
Кәрінің айтқан сөзінің
Кемісі болса сынап көр”.

1 Құлбайұлы Ыбырай ақұн. Алтынды орда қонған жер: Шежірелер, толғаулар, арнау өлеңдер. Құрастырған Р. Сағызбайұлы. – Ақтөбе: Арыс, 1994.

Өмір Қараұлының батасы

Ағузу, Алхам бисмилла-ай,
Әуелі бастап айтайын,
Шайтандар қашқан ісміңді-ай.
Әмір- Мағруф сөз айттым,

Бұрынғы өткен ШШАайқыдан
Кем болар ма екен сауалы?!
Әлхамдулилла -- салауат
Алланың берер сауабы.

Бұл сөздерде айтылған
"Төрт имамның жауабы.
Жан жаратқан Пәруар,
ШЖазмыштағы құдіретің –

Көңілге біткен сүгіретің.
Басулы үмметім.
Ғаршыда жазған атағым
Әліпте отыр айтылып –

Мим мен Ре – үш әріп.
Атаның шықтым сұлыбынан,
Ананың шықтым құлыбынан
Құрсағында ананың

Бухы тәннің ұзарып,
Тоғыз ай он күн сол жайда.
Осы ата-ана болмаса
ШЖБалғаншыға біз қайда?

Мезгілі бітіп шыққан соң
Бала болып жыландық,
Емшек берсе жұбандық.
Әлдилеп сүйсе ата-ана

Оған да біраз қуандық.
Бала болып сол күнде
Дүнияға біздер кез болдық,
Заманға түзу кез келдік.

Үш пенен төртке келгенде
Әрбір түрлі тіл білдік.
Беті жасқа келгенде
Мектепке барып жөн білдік.

Онға шейін ойнадық,
Бас он беске келгенде
Адамшылық ойладық.
Баянсыз пәни-дүние,

Берсең де қанша тоймадық.
Әлі күнге мен жүрмін
Нәпсіні жеңіп тыя алмай,
Ақылым жетіп, жыя алмай

Ақыреттің азығын,
Аллаға көп-ті жазығым,
Жаратушы Жасаған,
ШЖарылқап жүрсің қашаннан.

Ықтиярсыз өзіңнен
Аяғымды аттап баса алман.
Екі абырой бере гөр –
Жеті ғайып пірімдей

Құлым десең қош алған.
Пайғамбардан шапағат –
Бір өзіңнен тілегім,
Құдіретің күшті, білемін,

Уақыты жеткен адамның
Күнінде бірін көремін –
Біз де соның біреуі.
Бұл тірліктің күнінде

Лайлатул күнге кезігіп
Көңілдің кетсе кіреуі.
Әзір берсең бақты бер,
Алтыннан сарай тақты бер,

Әдемілеп кескен хақ шебер.
Обүйір-әдеп жақсы бер,
Ғалымдық берсең сабыр бер
Ғаршыдан ғашық көргендей.

Алты мың мүрит дүретіп,
Байтақ жұртын меңгеріп,
ШЖамиғат түзеп өргендей.
Алланың досы бар болып,

Хақ Салолла жар болып
"Тамам Шайқы келгендей.
ЭЗалымдарға кесапат,
Әзіздерге шапағат –

Кереметпен ойлап білгендей.
Құдайым берсең тәуір-ді
Ұрпағым болсын мұны аңдар.
ІШідерлеп берсең жіпсіз бер –

Дүйім нәпсін байлатып
Халыққа үлгі бергендей,
Билік берсең берекет,
Жер көгерткен жауындай.

Ерлік берсең есепсіз,
Толықсып соққан дауылдай.
Жұпты берсең – сұлу бер,
Сүюге жанның сауында-ай.

Перзент берсең жүздеп бер,
Қатар шықсын қауындай.
Көкіректегі көне дерт –
Науқас үшін ауырды-ай.

Дәреже берсең -- өлшеп бер,
Мұқату үшін жауымды-ай.
Дәулет берсең шақтап бер –
Қиямет күні ауырды-ай.

Ақырында иман бер –
Пыраққа мініп шабуға-ай.
Түрлі-түрлі жемістей
Балға былғап ауызға

Бұйырған дәмді салуға-ай.
Әуелі де Мұхамбет,
Ақыры да Мұхамбет,
Ақырғы сәтте иман бер,

Жібере көрме тамуға-ай.
Мұны естіген адамдар
Бізбенен болғай тілектес.
Осы күнде адам бар шығар

Періштелермен іреттес.
Бір Алланың бірлігін
Білмеген жаман деген бар –
Ахиреттің күнінде

Ашыдан сусын ішкізіп,
Оттан тамақ жегендей.
Артық айтсам ғафу ет,
Бәрін де айттым білгендей.

Хамза қажы батасы

Бергенін Алла алмасын,
Өсе берсін мал басың,
Өне берсін жан басың!
ШЖағаңнан дұшпан алмасын,

Дос көңілі қалмасын,
Көңілі көкке самғасын!
Еккен егін солмасын,
Алабота баспасын,

Атамекен қордасын.
ШБалпақ жатқан жайлауға
Басқа жұрт келіп қонбасын,
"Тыныш болсын замана,

Бейбітшілік орнасын!
Тіккен туы қазақтың,
Күнге сәлем жолдасын!
Қапа болып қария,

Қалың ойға шомбасын!
Бесіктегі сәбидің
Бақайшағы тоңбасын!
Маужырап тұрған дүние,

Апыр-топыр болмасын!
Жау жағадан алмасын,
Бөрі етектен шалмасын,
Топ бастаған азамат

Өрге тарсын арбасын! 2 Қараұлы Ө. Өмірдің батасы. // Маңғыстау газеті. Жариялаған Қ. Сыдиықұлы. Сәулетші, ақын Қырымқұл Өмір Қараұлы.

Ынтымақты кім бұзса,
Құдай соны қарғасын!
Жаңбыр жауып тамшыдан,
Дария толсын қаңсыған.

Аман болып патшамыз,
Асығы түссін алшыдан.
Құт-береке кетпесін,
Диқаншы мен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,
Есігін ерте жаппасын.
Пәле-жала қазақты,
Іздесе де таппасын!

Алладан болсын рахмат,
Пайғамбардан шапағат,
Мәдинада Мұхамбет,
Түркістанда Қожа Ахмет

Маңғыстауда Пір-Бекет
Тілекті осы қабыл ет!

Қисса сүл-әнбия

Қазақ сахарасында өткен ишан, қожалар жас балаларға, ең алдымен, қиссаларды, аңыз, хикаяларды үйреткен. Көгілташ, Қарнақ медреселерінде оқыған шәкірттер Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясымен» танысты. Бұл үрдіс мың жыл бойы жалғасып келді. Олардың Сыр мен Батыс, Арқа өңіріндегі көрнекті өкілдері Шораяқтың Омары, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы, Сүгір Бегендікұлы Құран қиссаларын жыр-өлең түрінде шығарып, халыққа таратты. Соның арқасында қарапайым халық Құранның мазмұнына жетік болды. «Өнеге шашқан жыршылық, Құдайға бұл да құлшылық» деген сөз осыдан қалса керек.

Адамның жаралу қиссасы

Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да – бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес, құпия қазына болатын. Тәңірі тағала – түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату үшін өзіне орынбасар жаратуды ұйғарды. Сол кезде тау-тас, орман-ағаш, от-су; аспан-жер – барлығы «адамды менен жаратса екен» деп таласты.

– Мен биікпін, менен жарат, – деді тау.

– Мен әзизбін, менен жарат, – деді алтын.

– Мен тасқынмын, менен жарат, – деді су.

– Мен дүлеймін, менен жарат, – деді жел.

– Мен күштімін, менен жарат, – деді от.

– Мен асқақпын, менен жарат, – деді аспан.

– Мен жұмсақпын, менен жарат, – деді ағаш.

– Мен қаттымын, менен жарат, – деді тас.

Сөйтіп барлығы таласып жатқанда, жер ғана сынықтық танытып:

– Мен мақұлық атаулының табанының астындажатамын. Ұлық Аллаорынбасарын мұндай қадірсіз заттан жаратпас. Түбім – топырақ. Бүкіл күл-қоқысты маған көмеді, лас суды маған төгеді. Мен бұл құрметке лайықты емеспін, – деп ойлады. Сонда Алла тұрып:

– Әй, тау, сенде бір мін бар: тәкаппарсың, кішіреюді білмейсің. Алтын, сенде бір мін бар: баяның жоқ. Сыртың жылтырақ, ішің қалтырақ. Су; сенде де мін бар: тасығанда өткел бермейсің. Жел, сен – тұрақсызсың, мінезің құбылмалы. От, сенің мінің – қатыгезсің, жанғанда жақсы мен жаманды айырмайсың, жан-жағыңды жайпап кетесің. Аспан, сенің мінің – мақтаншақсың, өзіңнен басқаны көзге ілмейсің. Ағаш, сен – әлсізсің, сынақта сынып кетесің. Тас, сен – мейірімсізсің, жақынға жылуың жоқ, – деді. Сосын жерге қарап:

– Адамтәнін сенен жаратамын, сен – кішіпейілсің. Менің ең жақсы көретін мінезқұлқым – осы. Бүкіл тіршілік иесі саған тәуелді болады. Мінезің ауыр, сабырлы. Қойның толған береке. Алтын-күміс, ас-ауқат – түгел дерлік сенен өніп шығады. Күллі мақұлық нәжісін саған төксе де, сен одан хош иісті гүл шығарасың. Лас су жерге сіңіп, тәтті бұлаққа айналады. Жасаған жақсылығыңды міндетсіну сенде жоқ. Адам сенен жаралып, өлген соң саған оралады. Адам ұрпағы тірісінде неғұрлым саған ұқсаса, соғұрлым менің алдымда қадірлі болады, – деді.

Осы кезде қара жер Алладан дат сұрады:

– Иә, Жаратушы Ием, адамды менен жаратқаныңа қарсы емеспін. Олар қанша мыңдап жерленсе де, мен олардың денесін шірітіп, тәндерін топыраққа айналдырамын. Бірақ адам баласы ғапылдықтан күнәні көп жасайды. Олар өмірден өткен кезде, менің қойныма таудай күнәлар арқалап келеді. Сонда олардың ауыртпалығын кім көтереді? Жасаған қиянаттары мен зорлық-зомбылықтары менің де арқама батар, – деді.

– Қара жер, қайғырма. Мен шебер Алламын. Олардың күнәсін жойып, саған салмақ салмауға құдіретім жетеді. Мен адам ұрпағына Құран түсіремін. Марқұм болғандардың ұрпағы әруақты еске алып, оларға Құран оқытып, артынан дұға ететін болса, олардың күнәлары жойылып отырады. Сонда саған да артық жүк түспейді. Мұсылмандар әруақтарды ұмытып, оларға Құран оқуды тоқтатқанша осылай жалғаса береді, – деді. Қара жер сонда барып тыныш тапты.

Қазақтардың әр аптаның бейсенбі, жұма күндері жеті шелпек пісіріп, әруақтарға Құран оқытатын салты осыдан қалыпты. «Қисса сүл-әнбия» -- Құрандағы пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер жайлы ?ибратты оқиғалар жинағы. Құрандағы аяттар саны бір деректерде 6666 аят деп жазылса, кейбір енбектерде 6616, ал қайсыбір ғалымдар 6217 деп көрсеткен??.

3М, Авшп Кӛізаі, 1ІБ1ат Тагіһі.

Ғалымдар Құран аяттарын үкімдік, қиссалық, мысал мен ?ибрат және дұға аяттары деп жіктейді. Соның ішінде үкімдік, яғни шариғат зандарына негіз болған: әмір берген, құлшылыққа, тұрмыс-тіршілікке қатысты нұсқаулық аяттар саны 230 аят шамасында“. Кей талымдар мұндай аяттар саны 200 десе, А.Халлаф атты ?алым 225 аят бар деп көрсетеді?.

Жерден топырақ әкелу қиссасы

Ұлық Алла Жебірейілге:

– Сен жерге бар да, бір уыс топырақ әкел, – деп бұйырды. Періште келген кезде топырақтың көңілі босап, езіліп тұр екен. Жерді көріп Жебірейілдің де көңілі босады.

– Жер, сен неге жылайсың? – деді.

– Адам менің бір бөлшегімнен жаралған соң, олар мен үшін қымбат. Ертең олар бір-бірімен қырқысады, ұрысады, қан төгеді. Соны ойласам, қабырғам қайысып, жаным езіледі, – деді. Жебірейіл періште кері қайтады. Ұлық Алла:

– Ей, Жебірейіл, неге топырақ әкелмедің? – деді. Ол:

– Жердің көңілін қимадым, – деп, жердің қайғысын жеткізді.

– Онда адам мен адамды дос қылатын періште сен боласың. Уахиды сен тасисың. Барлық сүйінші хабар сенен болады, – деді. Екінші бұл іске Мәкәйілді жұмсады. Ол келсе, жер тағы да мұңайып жатыр екен. Мәкәйіл:

– Жер, сен неге мұңаясың? – деді.

– Менен өсіп-өнетін адам менің де бір балам емес пе? Олар періште емес. Ас-ауқатқа мұқтаж. Қарындары ашады. Олардың ризық несібесі қалай болады деп уайымдаймын, – деді. Мәкәйіл жерді жұбата алмай, Алланың құзырына қайтып келді. Ұлық Алла:

– Әй, Мәкәйіл, топырақ қайда? – деді. Мәкәйіл жердің қайғысын Құдайға жеткізеді. Ұлық Алла:

– Онда сен жер бетіне ризық шашатын періштем бол. Адам ұрпағы ризықнесібесін қара жерден еңбек етіп шығарсын, – деді.

Үшіншісінде топыраққа Ысрапылды жұмсады. Жер Ысрапылға: 24 Ömer Nasuhі Bіlmen’іn Ahkâm Ayetlerіyle İlgіlі Görüşlerі / Hasan Ramі Kara. – 2009.

25 M. Asım Köksal. İslam Tarіhі.

– Тәнітопырақтан жаралған соң, адам баласы суыққатоңады, ыстықта қаталайды. Сол кезде олардың жайы не болмақ? Мен осыны ойласам, іші-бауырым су болады, – деді. Ысрапма жердің бұл арызын да Ұлық Аллаға жеткізеді. Ұлық Алла:

– Бүгіннен бастап жердегі табиғатты түрлендіріп, ауа райын реттеп отыратын періштем сен боласың, – деді. Ұлық Алла ең соңынан Әзірейілді жұмсады. Әзірейіл өзге періштелердей емес, мінезі қатты екен. Ол жерге келе сала, бір уыс топырақты қырнап алды. Жер:

– Әй, Әзірейіл, топырақты сұрап алсаң болмай ма? – деді. Періште:

– Ұлық Алланың айтқаны екі болмайды. Алла не бұйырса, сол болуы керек. Ұлық Алла ешқашан жамандыққа бұйырмайды, – деді де ұшып кетті. Ұлық Алла Әзірейілдің қаттылығын көріп:

– Адамның жанын алатын сен боласың, – деді. Әзірейіл мына сөзді естігенде түрі қуарып сала берді. Алла Тағала:

– Әй, Әзірейіл, неге қайғырдың? Мені жамандыққа бұйырмайды деп өзің айттың ғой, – деп өз сөзін өзіне куә етті.

– Иә, Ұлық Алла, менің солай дегенім рас. Бірақ адам ұрпағы әрбір қазадан соң мені қарғайды ғой. Ет-жақын бауырынан айрылған жандар мені жек көріп кетеді. Қала берді, олардың арасында Сенің сүйікті достарың, пайғамбарларың болады. Олардың жанын, жақындарын қалай аламын? Олардың наласына қалғым келмейді,

– деді. Ұлық Алла:

– Әзірейіл, сен қайғырма. Мен оларға қазаны сан түрлі сылтаумен жіберемін. Олардың бірі дерттен, енді бірі апаттан опат болады. Олар ажалдарын сол себептерден іздейді. Сені көрмейді, сөкпейді. Жақсылықты да, жамандықты да Мен жаратамын, – деді. Сол кезде барып Әзірейілдің көңілі орнықты. Әзірейіл періште топырақты жерден сұрамай алғандықтан, адамның жанын да сұрамай алатын болды.

Ұлық Алла адамның бет-әлпетін Меккенің топырағынан жаратыпты. Сол себепті иманға ұйыған адамға Меккеге бет түзеп құлшылық ету парыз болыпты. Егер бір кісі дәл өзіндей адам баласының бетінен әділетсіз ұратын болса, Меккенің топырағы сол адамды қарғайды екен. Адамның бір қолын батыстың, бір қолын шығыстың топырағынан жаратады. Сол себепті де адам баласы қалаған тарапынан ұнатқан бұйымына қол жеткізетін болыпты. Екі аяғын мәңгі бақи тоң қатып жататын солтүстік тараптың топырағынан жасапты. Адам аяғының мықты әрі суық болатыны содан қалыпты. Бағдат пен Шам аймағының топырағынан кіндік пен қарын тұсын жаратады. Сондықтан Бағдат пен Шам аймағы мәдениет пен ілім-білімнің ошағына айналыпты. Адамның кеудесін таудың топырағынан жаратады. Тәкаппарлыққа ұрынғанда көкіректің көтеріліп кететіні содан екен. Ал арқа балшығын сахараның шағыл құмынан илегендіктен, адамның жон арқасы өте төзімді болыпты. Ал ет жүректі Ұлық Алла ерекше хикметпен жаратады. Жүректі жер бетінің барлық сазынан үлес алып, біріктіріп илепті. Ет жүрек рух пен ақылдың, парасат пен қайраттың түпкі мекені болғандықтан, оның ішкі сарайын сайтан кіре алмайтын өте құпия берік қамал етіп жасапты. Күнәға белшеден батқан пенденің соңғы сәтте де іштен жалбарынып, Алланың рахымына ілігетін мүмкіндігі содан қалыпты. Жүректің ішкі айнасын бауырмалдық қасиеттермен әшекейлепті. Мейірімді Ұлық Алла адам ұрпағы жер бетіндегі барлық адам баласының бір жүрек, бір тілекте өмір бақи бейбітшілікті аңсаумен өмір сүргенін қалапты. Қаптаған адам ұрпағы бірін бірі жазбай тезірек тануы үшін оларды сан түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөліпті. Әлемдегі күллі адам баласының қуанышы мен қайғысының, қасіреті пен берекетінің ұқсастығы содан екен.

Топырақ келген соң Ұлық Алла:

– Әй, Жебірейіл, сен мейірімділік, қайырымдылық және махаббаттың желінен самал әкел, – дейді.

– Әй, Ысырапыа, сен пәк рахметімнің бұлағынан су әкел, – дейді.

– Әй, Мәкәйіл, сен оттан жалын әкел, – деді.

Осылайша Ұлық Алла адамды топырақтан жасарда тағы үш затты қосыпты. Оның бірі жел, бірі су, бірі от болыпты. Оттан нәпсі жаралыпты. Сондықтан нәпсінің сипаты от сияқты жан-жағын жалмап тұрады. Адамды ашу қысқанда екі бетінің өртеніп кете жаздайтыны соның нышаны екен. Ашу буған адамға суық сумен дәрет ал деп кеңес беру содан қалыпты.

Ұлық Алла адамның денесіне нәпсі шоғының әлсіз жалынын ғана дарытып:

– Нәпсі отының адам баласына пайдасы жоқ. Бұл тек оған зарар береді. Бұдан бақыт табудың жалғыз ғана жолы бар. Адам ұрпағы бақталастыққа салынып, нәпсі шоғын үрлемесін. Өзінде бармен көзге ұрып, өзгеден артық бола алмайды. Пайда емес, ар ойлағандар ғана қатарынан озық шығады. Баянсызға құл болып, жалған намыс жыртқан сайын олар нәпсі шоғын қоздыра түседі. Кімде-кім қу пәниде нәпсі отының лаулап жануына ерік берсе, өзі де тозақ отына отын болады. Парасатты пенделерім өле-өлгенше нәпсі отын маздатып қана ұстасын. Сонда ғана қорлықтан құтылады, – деді.

Судан – көңіл жаралыпты. Адамның көңілі босағанда жылайтыны, іші-бауыры су болатыны сол екен. Ұлық Алла:

– Мен көңілді мөп-мөлдір пейіштің суынан жараттым. Көңілін кіршіксіз ұстаған тақуалар назарымда болады. Көңіл айнасын былғап алғандар екі дүниеде қор болады. Көңілі таза пендемді жұмақтың бұлағына жуындырам, – деді.

Адам жанын желден жасапты. Жан шіркіннің қайнаған тіршілікте бірде жігерленіп, енді бірде жүні жығылатыны осыдан екен. Тән жасайтын балшықты илеген кезде қырық жыл қайғы жаңбырымен, бір жыл шаттық суымен суарады. Тіршілікте қуанышты сәттің аз болып, қайғылы кездің көп болатыны содан екен. Ұлық Алла шаттық жаңбырын екінші етіп жаудырғандықтан, адам баласы қандай да бір қайғыдан соң артынша шаттыққа кенелетін болыпты.

Құранда пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер жайлы ?ибратты оқиғалар «қиссалар» деп аталады. Қиссалар мен ?ибраптық аяттар

2000-нан сәл асады. Түрік талымы А.Ажар «Құран аяттарының үштен бірі, кейбір зерттеулерге сүйенсек, үштен екісі -- қиссалар.

Пайғамбардан кейінгі төрт сахаба дәуірінде
Құран аяттарының үштен екісі қиссалар деп

есептелген?%» дейді. Құрандағы қиссалар пайғамбарлардың өткен өмірін, жасаған ерліктерін,

ғибратты үлгілерін насихаттайды.

Ібілістің адамды тамашалау қиссасы

Ұлық Алла Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырын аралап қайта шықты.

Ол періштелерге:

– Бұл мақұлық ұлық Аллаға орынбасар болуға лайық емес, – деді.

– Неге? – деп сұрады періштелер.

– Себебі бұның тәні ас-ауқатқа, ұйқыға, қызық-рақатқа тәуелді. Тез шаршап, тез қартаяды. Суыққа тоңғақ, ыстыққа қаталағыш. Қарны ашып, ұйқы қысқанда жыртқышқа айналады. Одан бөлек, көңілі атақ-даңқ, мансап-билікке тез мас болады екен. Жылтыраққа көрсеқызар, дүние-мүлікке тойымсыз. Әйелге шыдамсыз. Құмарлығын қандыру үшін күнә жасап, қылмысқа тез ұрынады. Шектен шыққанда қан төгіп, соғыс ашады. Мұның бізден артық жерін байқамадым. Тек түсініксіз бір нәрсе бар, – деді Ібіліс. Періштелер:

– Олне? – деп сұрады. Ібіліс:

26 Acar A. Bіr іctіhad kaynağı olarak Kur’an kıssaları // İslam hukuku araştırmaları dergіsі, 2007.

– Кеудесінің сол жақ тұсында жұдырықтай жүрегі бар. Сол жүрекке кіре алмадым. Ішінде не бары белгісіз. Құпиясын бір Алла өзі біледі, – деді. Періштелер:

– Адамның құлағы, көзі, мұрны бар екен. Осы сезім мүшелерімен Алланың хикметтерін танып білсе керек, – деді.

Ібіліс алақанымен Адамның құлағын сипады да:

– Мұның құлағын хаққа керең қылдым. Енді құлағымен дүниенің ғана сөзін еститін болады. Өсек-аяң, бос сөзге құлағы түрік жүреді. Жын-пері, періштенің сөздерін ести алмайды, – деді. Сосын саусақтарымен көзін жанап өтіп:

– Ендіекі көзі ақиқатқа соқыр болды. Көзімен дүние тіршілігін ғана барлай алады. Алланың сырға толы хикметтерін бас көзімен көруге дәрменсіз еттім. Ақиқатты екі көзбен іздейтін болса, міндетті түрде адасады, – деді. Сосын алақанын Адамның аузына тигізіп:

– Аузы Аллаға жақпас лас сөзге бейім болар. Мән-мағынасыз бос сөзге үйір болар. Басына келер он бәленің тоғызын өз тілінен табады. «Біссіміллә» демесе, жеген асы арам. Мұның бес сезім мүшесін Алланың хикметтерін танудан аулақ еттім, – деп мақтанды да, Адамның қарнын ұрып көріп еді, бос балшықтан даңғырлаған дыбыс шықты. Ібіліс:

– Іші даңғырлаған қуыс екен. Мақтағанды жақсы көреді. Мұның түбіне осы мақтансүйгіштігі жетеді, – деді. Ең соңынан жүрек тұсын саусағымен шертіп:

– Осы жұдырықтай қызыл еттің ішінде не қасиет барын ұға алмадым. Оған іштен де кіретін жол жоқ. Ақиқатты таныса, осы жүрегімен ғана қапысыз тануы мүмкін. Болмаса, бұл мақұлықтың бізден артық қасиеті жоқ, – деді масаттанып.

Осыдан соң күллі періште Құдайға арыз айтып, жалынды.

– Иә, Алла, сен адамды жаратпа, ұрпағын жер жүзіне таратпа. Бұл ертең тән қалауы үшін күнә жасап, қылмысқа ұрынады. Соғыс ашып, қан төгеді. Зорлық-зомбылық, қиянат-қорлық адамға тән екен, – деді. Сол кезде Ұлық Алла:

– Әй, сендер менің білгенімді білмейсіңдер. Оны қандай хикметпен жаратқанымды Ұлы жаратушы – өзім ғана білемін. Сендер білгіш болсаңдар, мына заттардың сырын ашып, табиғатын түсіндіріп беріңдер, – деп ғайыптан бір әлем шығарды. Бұрын-соңды білмейтін беймәлім әлемді көргенде періштелер ауыздарына құм құйылып, тосылып қалды. Сол кезде Құдай тағала Адамның тәніне өзінен рух деген затты үрлеп, жүрек көзін ашты.

– Қане, орынбасарым, мына заттардың атын атап, түсін түсте! Ғылымыңды паш ет! – деп Адамға әмір берді. Жүрек көзі ашылған Адам іркілместен табиғаттың бүкіл ғылымын жайып салды. Періштелер Адамның ғылымына қайран қалды. Сосын

Құдай:

– Енді менің орынбасарыма сәжде жасап, оған құрмет көрсетіңдер! – деп әмір етті. Ілім-білім сайысында Адамнан жеңіліп, пұшайман болған періштелер жапатармағай сәждеге бас қойды. Адамнан мін іздеп, Алланың шеберлігіне шек келтірген Ібіліс ғана іркіліп қалды. Адамның артықтығын мойындауға тәкаппарлығы жібермеді. Менмендігін жеңе алмаған күйі шалқайып тұра берді. Тәңір тағала:

– Әй, Ібіліс, сен неге менің әмірімді орындамайсың? – деді. Ібіліс:

– Ол топырақтан, мен оттан жаралдым. Мен одан артықпын, – деді. Ұлық Алла қаһарланып:

– Шық менің дәргейімнен. Өзін өзгеден артық қою – менің ең жек көретін мінезім, – деді де, Ібілісті қууды Жебірейілге тапсырды. Сол кезде Жебірейіл Ібіліске сұқ саусағын қадап тұрып:

– Мына малғұнның мойнына қарғыс қамытын кигізіңдер! – деп періштелерге бұйырды. Жебірейілдің сұқ саусағы Ібілістің жүзіне тігінен қадалғанда оның бұрынғы періште сипатының бәрі ағып түсті. Тас төбесінен екі мүйіз, артынан салаңдаған құйрық шықты. Аяғы тұяққа айналды. Екі құлағы тік шығып, денесін қара жүн басты. Бұрынғы жарқын жүзі сол заматта солды да, бет-әлпеті қорқынышты құбыжыққа айналды. Періштелер оны тырп еткізбей ұстады да, мойнына қарғыс қамытын қинап кигізді. Сол сәтте Ібіліс қорыққаннан кіші дәретін бұтына жіберді. Осыдан бастап «сұқ саусақты адамға қарата шошайтуға болмайды» деген тыйым қалды. Куә болып қарап тұрған періштелер шүкіршілік етіп, екінші рет сәждеге бас қойды. Намазда екі рәкат сәжде жасау періштелердің сүндеті екен.

Қарғыс қамытын кигізген соң періштелер Ібілісті теңіздің суына тұншықтырды. Ол шыңғырып, қасарысып бақты. Малғұнның денесі тигендіктен, теңіз суы ішуге жарамсыз, ашы суға айналыпты. Ібіліс судан шыққан соң ызаланып, Адаммен өштесті. Ол:

– Адамның кесірінен қарғысқа ұшырадым. Қиямет-қайымға дейін оның ұрпағымен жауласамын. Саған шын берілген таза жүрек момын құлдарыңды азғыруға әлім келмес. Бірақ «дүние – менікі» деп ойлайтын ғапылдардың біреуін қоймаймын. Бәрінің бағын байлап, бақытын қайтарамын, – деді. Сонда Алла тағала:

– Маған тура бастайтын жалғыз жол – шын пейіл мен таза жүрек! – деді.

Ібілісті теңізге тұншықтырып жатқанда балықтар жиналып, оны айналшықтап қарап тұрды. Сол кезде малғұн аузын жаппай:

– Ей, балықтар, қамданыңдар. Бастарыңа қатер төнді. Мына Құдайларың адамды жаратты. Ертең ол жерге түседі. Оның асқазаны – айуан атаулының қабірі. Қомағай қарны тойдым демейді. Көріңдер де тұрыңдар. Ол ақылымен өзен, көлге, теңіз, мұхитқа ау салып, қармақ тастап сендерді аулайды. Ілінгендеріңді аямайды. Ішекқарныңды ақтарып, етіңді қорек қылады. Олар ас-ауқатқа таласып, керек болса, өз-өздерін де аямай қанға былғайды, – деп адамды ғайбаттап жатты. Оның сөзін естігенде балықтардың зәресі ұшты. Қорқынышты хабарды дереу таратып, бір-біріне жеткізе бастады.

Малғұн Ібілістің сайқалдығы осы арада тағы да анық байқалды. Ол балықтарға Адамның нәпсі қуатынан шығатын ашқарақтық қасиеті жайында ғана айтты. Бірақ оның махаббат майданында неше түрлі миға сыймайтын ерлік істер істеуге қабілетті құдіретті рухы жайлы ләм-мим деп ауыз ашпады. Білім сайысында өзінің жеңілуіне себеп болған Адамның жүрек көзі туралы жақ ашпады. Ал балықтар болса адам туралы анық ақпаратты Ұлық Алладан сұрамастан басқаларға тарата бастады. Істің анық қанығын өзінен сұрамастан өсек таратқаны үшін Хақ тағала қаһарланып барлық балықтың тілін суырып алды. Содан бастап, балық атаулы сөйлей алатын қасиетінен айрылыпты деседі. Қазақ даласында қиссашылдық дәстүр тамыр жайып, Совет өкіметі орнағанға дейін қазақтардың интеллектуалдық танымына қатты ықпал етіп келді. Ғалым Алма Қыраубаева қиссаларға «Қазақ ренессансының қайнары» деген баға берген. Оның пікірінше, қазақ даласы екі бірдей мәдени экспансияны бастан кешті. Алтын Орда кезеңінде араб, парсы мәдениетінің тасқыны түркінің төл дәстүрін, менталитетін айтарлықтай әлсіретті. Бұл кезде түркі тілі шеттетіліп, «поэзия тек парсы тілінде жазылады», «ғылым тек араб тілінде орындалады» деген пікір қалыптасты?” . Сол дәуірде ен алғаш Оли есімді ақын «(үсіп – ЖЭылиха» қиссасын түркі тілінде жырлайды. Оған басқа шайырлар үн қосып, пайғамбарлар қиссасын ана тілінде жырлауды дәстүрге айналдырды. Содан бастап жойылуға шақ қалған түркі тілі жанданып, көркем сөз жанры қайта өрлейді. Түркі нәсілді ғалымдар көптеп шығып, ғылымның әр саласында үлкен жаңалықтар ашады. 2 Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет: 5 томдық шығармалар жинағы. П том. – Алматы: Өнер,

2008.

Ібілістің Алла дәргейінен қуылу қиссасы

Ібіліс әуелде періштелерге ілім үйреткен ұстаз болған екен. Оның есімі Әзәзіл еді. Ұлық Алла тағдыр тақтасына «бір мақұлық малғұн болады» деп жазыпты. Періштелер бұл жазуды көріп, үрейлері ұшты. Бәрі жиылып, Әзәзілге келді.

– Әй, Әзәзіл, сенің дұғаң тез қабыл болады, «Алла бізді малғұнның қатарынан қылмасын» деп дұға тіле! – деп жалынды. Әзәзіл:

– Иә, Аллам, мына періштелерді малғұн болудан сақта! – деп дұға қайырды. Періштелердің біреуі:

– Бізді айтып, өзіңді ұмыт қалдырдың, – дегенде; өзіне өте сенімді Ібіліс:

– Мен үшін қам жемеңдер. Мен Құдайға қылығы жаққан жанмын. Дәрежем бәрінен жоғары. Сондықтан сақтық сендерге жарасады! – деді. Ібілістің дұғасы сол мезет қабыл болды. Кейін Адам жаралып, оған тағзым етерде Ібілісті Құдай ұрды. Дұғаның шарапаты тиген періштелер бір апаттан аман қалды. Тәкаппарлық пен астамшылыққа ұрынған Ібіліс сол жерде «малғұн» атанды.

Қарғыс қамытын киген соң, Ібіліс Алладан дат сұрады.

– Датыңды айт, – деді Құдай.

– Ұзақ жыл құлшылық еттім. Сендей ұлық Аллаға құлдарының еңбек ақысын қайтармау лайық емес. Соның өтеуін бер, – деді.

– Не сұрайсың? – деді Құдай.

– Мені дәргейіңнен қуып, Адамға баспана бердің. Енді менің баспанам қайда болады?

– Монша мен дәретхана – сенің мекенің.

– Дәргейіңде жүргенде құлшылық қылатын жерім бар еді. Енді оны қайдан табамын?

– Базар атаулы сенің құлшылық орның болар.

– Адамға оқу үшін Құран бердің. Маған не бересің?

– Сыпсың сөз, өсек-аяң сенің қасиетті кітабың болар.

– Адамға қорек үшін дәм-тағам бердің. Менің тамағым қайда?

– Біреу «біссімілдәсіз» ас ішсе, дастарқанда бата қайырмаса, сол ас саған бұйырсын.

– Адамға сусын етіп қатық-айран, қымыз-қымыран бердің? Менің сусыным не болмақ?

– Мас қылатын арақ-шарап сен үшін.

– Бұл аз. Ақымның жартысы қайтты. Қиямет-қайымға дейін адам ұрпағын азғырамын. Маған ерік пен соған жетер ғұмыр керек және Адамның жүрегінен жай бер, – деді.

– Тілегің болсын, – деді.

– Адамды аздыру үшін дүниедегі алтын-күміс, жақұт-гауһар, асыл тастарды алғым келеді, – деді.

– Ал!

– Оған алданбайтындар бар. Атақ-даңқ, мансап-шен қосып аламын.

– Болсын!

– Бұған да мойын бұрмайтын бар. Ойын-сауық, қызық-құмар бер!

– Бердім!

– Тәтті сусын, дәмді тағам және бер!

– Ал!

– Зәулім сарай, нулы жер, рақат көлік, төрт түлік малдың бәрі менікі болсын!

– Сенікі! – деді. Ібіліс ойланып тұрып:

– Енді осының бәрін шырмап тұратын үзілмейтін арқан бер, – деді. Сонда Алла тағала әйелдің шырай көркін көрсетіп:

– Мынау бола ма? – деп сұрады. Ібіліс сұлуды көріп аңтарылып тұрып қалды. Қасы қиылған, еріндері қып-қызыл, ақ бетінің ажары наурыздың ақша қарындай, саусақтары күмістен тартылған сымдай. Меруерт-маржаннан тізілген тістері мен сыңғырлаған күміс күлкісі Ібілістің өзін мас қылды. Ол қолын шапалақтап, қарқылдап күлді де:

– Иә, Алла, керегімді дәл таптың. Сұлуға сұқтанбайтын еркек болмас. Осыған ризамын, – деп масайрап, күллі дүниенің мал-мүлкін хас сұлудың қос бұрымына байлап әкете жөнелді.

Содан бастап дүниені көзге ілмеген талай жомарт батырлар сұлу әйел үшін бір-бірімен араз болып, ынтымағын бұзған екен. Рабғузидің шын есімі – Нәсірадин Бұрханадин. Сыр өңірінде Рабат деген жерде дүниеге келген. Сондықтан Рабағузи деп аталып кеткен. Рабғузи өз еңбегінде: «Әкем Рабат оғызының қазысы болған» дейді. Итальяндық талым Николя Бомбаччи: «Рабғузи 1250 жылы дүниеге келген. Сырдарияның төменгі ағысында, сол кездегі Баршынкентте өмір сүрген. Заманындағы әйтгілі Низамаддин медресесінде оқыған. Араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген» дейді.

Адамға жан кіргізу қиссасы

Ұлық Құдай рухты жаратып:

– Денеге кір! – деп әмір етті. Рух жансыз, қараңғы балшық тәннің ішіне кіруге қорқып тұрды әрі жансыз дененің иісі де жағымсыз еді. Жебірейіл барлық періштеге құйқылжытып, жеті сазбен зікір айтуды бұйырды. Адамды қоршай қаптаған қисапсыз періштелер сазды әуендермен зікір айтып бастайды. Рух саздың ырғағына ілесіп тербелгенде, бір сәтке өзін ұмытып мастық халге түседі. Сол кезде Жебірейіл оны тәнге жайғастырып үлгереді. Жан алдымен адамның башпайынан бастап кіреді. Башпайға жан кіргенде ол жыбырлапты. Жан тізеге жеткенде аяқтың жүргісі келіпті. Жаңа туған бөбектің жүргісі кеп талпынатын дегбірсіздігі осыдан қалыпты. Жан белге келгенде отырғысы келіпті, қарынға келгенде аштықты сезіпті. Жүрекке жеткенде бойын үрей билепті. Кеудеге көтерілгенде бойын мақтан кернепті. Мойынға мінгенде жан-жағына қарағысы келіпті. Ауыздан ары асқанда тіл жыбырлап сөйлеуді тілепті. Жан мұрыннан өтіп, көзге келеді. Айналасына қарап, сансыз періштелерді көріп қайран қалады. Құлағына келгенде зікір, таспих, салауаттың әуенін естиді. Жан миға жеткенде алғаш рет өзінің дене мүшесіне зер салады. Ұлық Алла періштелерге:

– Адамға пейіштен жеуге жеміс-жидек, ішуге сусынын әкеліңдер, – деп әмір етті.

Адам кесе толы пейіштің тәтті сусынын ішкенде денесінен алпыс екі тамыр пайда болып, бойына қан тарады. Осыдан бастап адам қаны қасиетке ие болады. Нақақ төгілген адам қанының сұрауының қатты болатыны содан екен. Кенет адамның мұрны қышып, қатты түшкіріп жібереді. Жан орнынан қозғалып, сыртқа шығып кете жаздайды. Қорыққаннан:

– Әлхәмділла, – деді. Сол кезде барша періште:

– Жәрекімалла, – деді. Осыдан бастап түшкірген адам «әлхамділла», ал айналасындағылар «жәрекімалла» деп айту мұсылман баласына сүндет болыпты.

Ұлық Алла жанға:

– Ал, енді денеден шық, – деп бұйырады. Жан сыртқа шыға алмай ұзақ тұрып қалады.

– Әй, жан, неге тез шықпайсың? – деп сұрады. Жан:

– Уа, Аллам, мен кеудеге кірерде жеті сазға елітіп, мас күйінде кірдім. Енді шығарда «рақым етемін» деген уәдеңді естімей шықпаймын, – деді. Ұлық Алла:

– Егер ардан аттамай, әділдікті ту етіп, жүрегіңді таза ұстасаң, ақиретте рақым етемін, – деп уәде берді. Ұлық Алланың уәдесін естіген соң ғана шыбын жан денеден оңай шықты. Осыдан бастап күллі адам ұрпағына тумақ пен өлмек тағдырдың шын қазасы болып бекіпті. Бұл пәниде сұм нәпсіге бой алдырып, ардан аттағандар соңғы сәтте жан бере алмай қиналады екен. Бес күн жалғанда ар-ұятқа бекем болған момындар қиналмай жан тапсыратын болыпты.

Адамға жан кіріп, тұла бойына қан тараған соң барлық дене мүшесі өздерінің артықшылығын айтып мақтанады. Бас:

– Мен бәріңнен биікпін. Сәждеге менің маңдайым тиеді. Бәсім бәріңнен жоғары!

– деді.

– Адам ақиқатты мен арқылы естиді. Саңырау адамға үгіт айтып не керек? – деді.

Көз:

– Құлақпен естіген өтірік, көзбен көрген шын. Мың рет естігеннен бір рет көрген артық. Қала берді, мен көңілдің айнасымын. Жеті қат көкті бір ғана қарашыққа сыйғызып тұрмын, – деді.

Бет-әлпет:

– Жұрттың бәрі бірінші бетке қарайды. Адам бір-бірін түріне қарап таниды. Мен арқылы сұлулықты сезініп, бір-біріне ғашық болады. Адамның шырайы менмін,

– деді.

Ауыз:

– Ас- адамның арқауы. Мен болмасам, адам асты қалай жейді? Тамақ та, сусын да асқазанға мен арқылы жол тартады. Ауыз болмаса, піскен астан пайда жоқ. Аш адамнан қырық күн ақыл сұрамас болар. Құрсағы бостың құлағы шыңылдап, көзі бұлдырайды. Денеде дәрмен, бойда қуат қалмайды. Сондықтан бәрің маған бас иіңдер, – деді.

Тіл:

– Өнер алды – қызыл тіл. Тілдің қадірін білмеген кімнің қадірін біледі? Піл көтермегенді тіл көтереді. Өзім – бұлбұл, сөзім – бұлақ. Тауып айтсам, көңілдегі дауасыз дерттің емін мен беремін, – деді.

Қол:

– Жомарттық менде жатыр. Адам баласы алыс-беріс тірлігін мен арқылы жасайды. Қайыр-сахауатты Құдай қолға жасырған. Амандасқан адамдар әуелі қолын созады, – деп мақтанды.

Аяқ:

– Оу, жарандар, сендерді көтеріп тұрған кім? Арындай бермей, төменге де бір рет назар салып қараңдар. Бәріңді қайырлы қадамға бастайтын мен емес пе? Қаласам, Меккеге барамын. Әр басқан қадамыма мың сауап. Мен тұрғанда сендердің сөйлеулерің бекер-ақ, – деді.

Ақыл:

– Әй, аяқ, «бас аяқтан ақыл сұрамайды» деген. Ақылға кішілік жүрмейді. Мен жүректің суатымын, ойдың қуатымын. Адаспай аспандасам, жеті қат көкті кесіп өтем. Қармаласам, қолым аршыға да жетеді, – деді. Осылайша барлық дене мүшелері, сезім қатпарлары бір-бірімен таласып жатты. Бұл айтысқа жүрек қана қатыспай, сабырмен таластың ақырын бағып тұрды. Жаббар Хаққа жүректің сабырлы күйі сүйкімді көрінді. Ұлық Алла:

– Әй, таласпаңдар. Сендер жүрек болмаса, жақсылықты алаңсыз насихаттай алмайсыңдар. Арсыз істі де жасайтын кездерің көп болады, – деді де, – Әй, бас, аптығыңды бас. Өмірде маңдайыңды сәждеге ғана емес, адасып тау мен тасқа да ұрасың. Құлақ, өсекке де құмарсың. Ғайбат айтылған жерден тұрып кете алмайсың. Ауыз, «біссіміллә» демесең, жеген асың арам болар. Адам ауруды астан да табады. Тіл, адамға келетін он бәленің тоғызы сенен болады. Бал тамған тілден у да тамады. Есіңде болсын, тілі бірді тілек қосады, тілі басқаны жүрек қосады. Көз, сұлу көрсең, сұқтанасың. Арсыздық сенен басталады. Күндіз көргенмен, түнде соқырсың. Жүректің көзі – көз. Бастағы көз – без. Аяқ, сенің баспайтын жерің жоқ. Көп жүрген аяқ боқ басады. Қол, кей кезде сұғанақсың. Ұрлық та сенімен жасалады. Есіңде болсын, ұрының қолын кесемін. Бет-әлпет, жүзі сылаңның сөзі сырдаң келеді. Сылаң қағып, сыртыңмен адамды алдайсың. Іштің қатасын түзеуге құлқың жоқ. Жара бет жазылады, қарабет жазылмайды. Ұяттан кісі өлмейді. Бірақ бетте сызаты қалады. Әй, ақыл, шын ақыл аузын жауып, ділін ашады. Жылы жүрекке жалғанса, ақыл айналасына нұр шашады. Жүрек – сенің айнымас серігің. Ол болмаса, сенен өткен тәкаппар болмайды. Біліңдер, Ет-жүрек – барлық тәннің патшасы! Сендерді Жүрек билесе, әлемде әділдік орнайды. Оған қалтықсыз бағынған кезде ғана ақиретте сұраудан аман боласыңдар. Ол – мейірім, махаббаттың ұясы. Ол бәріңнен артық! – деді.

Сосын өзге дене мүшелеріне назарын тігіп, әрқайсысының міндеттерін айта бастады:

– Көз, жаралыстан ғибрат ал. Ақылдың ойқұмар болуына септес. Кірпік пен қас, сен екеуің көзді күзет. Ауыз, арамды татпа. Адал асты таңдап же. Маңдай, саған бақты қондырамын. Оның құтты мекені сен боласың. Желке, парыз бен қарызды сен арқала. Өлгенше өтелмеген борышың қалмасын. Таңдай, шырын сөз, әдемі әуез саған ұялайды. Қызыл тіл шын сөйлеп бастағанда таңдайың тақылдап тұрсын. Арқа, ауыртпашылық саған түседі. Хақтың жолында қайыспауға серт бер. Жұдырық, сен ердің қаруы бол. Әлсізге болыс. Ақылсыз майданға кіруші болма. Бүйрек, бауырыңа болыс. Жақынды жатқа жіберме. Бауыр, іші-бауырың елжіреп, туыстардың татулығына бейім тұр. Ми, ақылға сауыт боласың. Сондықтан да сені ең қатты сүйекке әрі ең үлкен биікке жайғастырдым. Шеке, паңдық мінез сенен болсын. Надандардың табалауына жол берме. Кеуде, тәкаппарға керіл, момынға иіл. Шаш, адамның ажарын аш. Бет, ұяттың барын білдіріп отыр. Тіс, адамның қайраты бол. Көкірек, қазынаның кені бол. Құшақ, адал досқа ашық бол. Нұр шуағын сіңіріп, көрісуге асық бол. Тырнақ, тазалықтың айнасы бол. Кірленсең, көр азабын сенен бастаймын. Қарын, адал ризықтың орны бол. Арам астан ауру табасың. Білек, дұға-тілекте шаршадым деме. Қол, сақилық сенен шығады. Бірақ оң қолыңның бергенін сол қолың білмесін. Құлақ, мәнді сөзге сергек жүр. Былжыр сөзге бітеу бол. Мұрын, бөтен іске тұмсығыңды тықпа. Сенің міндетің – хош иісті тану. Бел, тұқымның тазалығын, ұрпақтың адалдығын саған тәуелді етемін. Аяқ, аңдап басу сенен. Саусақ, санауды сен үйретесің. Есеп-қисап өнері сенен басталады. Жыныс, ләззатты сен татасың. Бірақ, құмарлыққа салынба, рухтың өсуін тежейсің,

– деді.

Рабғузи өзінін қиссаларын 14-ғасырда ел билеуші Тоқбұға бектің
өтінішімен құрастырған. Ол заманда
қисса айту дәстүрі кеңінен таралып,
бұқара халық қисса тындауға құмар

болған. Бірақ қиссалар желі бір
кітапта таңбаланып, нақты бір
ізге түспеген. Онын түрлі нұсқалары
да көп болған. Қиссалардың әліге

дейін сан түрлі нұсқада баяндалуы

– – соның әсері.

С.Е. Маловтың келтірген дерегі бойынша Тоқбұға Рабғузиді сарайға алдырып, оған қиссаларды жинақтап, түркі тілінде кітап етіп басып шығаруға өтініш айтады. Рабғузи Тоқбұғаға шарт қойған. «Қиссалар кітабы жалпы жұртқа арналатын болса жазамын» деп келісім берген. Рабғузи 1310 жылы «Қиссас ул әнбияны» толық аяқтап, бір-екі айдан кейін дүниеден озған. Тоқбұға бек уәдесінде тұрып, Рабғузи қиссаларының халық арасында кең тарауына қолынан келгенше ықпал еткен.

Әлімсақ уәдесі

Хазіретті Адам бірде Ұлық Аллаға:

– Ұрпағымды көрсем бола ма? – деп қолқа салды. Алла тағала Адам атаның белінен оның қияметке дейін таралатын барлық ұрпағының тұқымын құдіретімен суырып алды да, шашып жіберді. Самсаған сансыз рухтар аспан әлеміне сыймай кетті. Кейбір рухтар құйрықты жұлдыздай жарқырай ағып, арасында заулап ұшып жүр. Ерекше үлкен һәм айбарлы көрінді. Адам ата:

– Несебепті мына рухтар ерекше үлкен, айрықша нұрлы? – деді.

– Бұл – сенен тарайтын жүз жиырма төрт мың пайғамбардың рухы. Олар надан қауымды тура жолға салып, адамшылыққа тәрбиелейді. Сондықтан олардың рухы ерекше айбынды. Олар екі дүниеде де Менімен байланыста болады, – деді. Олардан бөлек рухтардың тағы бір тобы Шолпан жұлдызындай жарқырап, маңайына сәуле шашып жүр.

– Бұлар кімдер? – деді.

– Бұл – жүрек көзі ашылған әулие-ғұламалар.

– Олардың не артықшылығы бар?

– Олар қай заманда туса да, әділдіктің туын көтереді. Дүние қайғысынан азат болады. Олардың жүректері – ақылдың кені. Шын сөзге шешен. Кез келген қауымның рухани дертін де, шипасын да солар біледі. Қиямет-қайымға дейін рухани ілімнің жауһары соларда сақталады, – деді. Адам ата ұрпағының көптігіне қайран қалып:

– Иә, Аллам, бұлар жер бетіне қалай сыяды? – деді.

– Уайымдама, Адам. Олардың бір тобы әкенің белінде болады. Енді бір сыпырасы анасының жатырында жатады. Сағаты толғандары жерге жұтылады. Кезегі келмегендер осында болады. Тірілері жерде уақытша тіршілік кешеді. Ғарасат майданы басталғанша бұл тізбек осылай жалғасады, – деді. Адам ата ұрпағының қамын ойлап:

– Менің ұрпағымның біреуіне қаза жетсе, көзі тірі туысы ол қайғыны қалай көтереді? – деді. Алла тағала:

– Мен оларға жас сәбидің қуанышын сыйлаймын. Олар жаңа туған ұрпақты көрген сайын алдыңғы аталарының қазасы мен қайғысын ұмытады. Балдырған балалар – олар үшін әманда қуаныштың сарқылмас қайнары! – деді.

Адам ата рухтардың бір-біріне ұқсамайтын, өзгеше екенін көрді. Ұлық Аллаға:

– Иә, Аллам, бұлар неге бір тілде сөйлемейді? Тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасы даұқсамайтын сияқты, – деді.

– Ей, Адам, менің ең ұлық хикметтерім осында жасырылған. Мен олардың түрін де, тілін де бір-біріне ұқсамайтын етіп жараттым. Керек десең, әрбір құлымды бір-біріне ұқсамайтын етіп рең беремін. Бұл – менің шексіз шеберлігімнің айғағы. Егер Мен барлық адам ұрпағын бір бейнеде жасасам, олар бірін-бірі тани алмай әуреге түседі. Ағасы інісін, атасы баласын айыра алмай шатысады. Олар бірін бірі тілінен, түрінен, дауысынан жазбай танып, тату-тәтті тіршілік кешеді. Сол сияқты барлық ұрпағыңды қалауымша ұлттар мен ұлыстарға бөліп, жер бетіне таратамын. Олардың өмірі қызықты һәм думанды болуы үшін сан-алуан салттар мен ғұрыптарды ендіремін. Олар бірін бірі салты мен санасына, ғұрпы мен дәстүріне қарап айырады. Парасатты құлдарым адамдардан айырмашылық емес, ұқсастық іздейді. Тануға талпынған сайын олардың бауырмалдық сезімі артады. Мен оларды бөлу үшін не болмаса біреуінен біреуін артық көру үшін жаратқан жоқпын. Бірін бірі іздеп, сағынып жүрсін деп солай жараттым. Мұның терең хикметі -осы, – деді. Адам:

– Олардың салт-санасы мен әдет-ғұрпы әр түрлі болса, сенің бірлігіңді қалай табады? – деді.

– Мен жүректің түкпіріне ар мен ұяттың тұқымын ектім. Егер олар жалған дүниеде ардың әмірін тыңдап, ұятының жетегінде жүрсе, Менің ұлы бірлігіме қайта оралады.

– Иә, Ұлы Жаратушы ием, сонда Сенің алдыңда ең артық, ең қайырлы құлдарың кімдер?

– Менің алдымда ары таза адамдар ғана артық. Ұрпағыңа осыны өсиет ет. Ақ түсті адам қара нәсілді пендемнен артық емес. Барлық ұлт пен ұлыстың дәрежесі – тең! Әділдік үшін күресіп, барша адам баласын бауырым деп сүйгендер екі дүниеде нығметке бөленеді. Олардың діні мен дәстүрі бөлек болғанмен, арға ғана мінәжат етеді, – деді. Адам ата Ұлық Алланың бұл хикметін кейінгі ұрпағына өсиет етіп қалдырыпты.

Адам ата зер салып қараса, кейбір рухтардың қолы жоқ, енді бірінің көзі жоқ, енді бірінің ақыл-есі кемтар екен. Адам ата:

– Бұларды неге кемтар қылып жараттың? Мұнда қандай хикмет бар? – деді.

– Сенің он екі мүшесі сау ұрпағың кемтар жандарды көріп, ғибрат алады. Сау күндеріне шүкіршілік етеді.

– Ал, кемтарлардың жайы не болмақ?

– Олар оның ақысына ақиретте сұралмайды, – деді Ұлық Алла. Адам ата самсаған рухтың ішінен ақ түсті және қара түсті рухтарды көрді.

– Бұлар неге ақ пен қараға бөлінген? – деп сұрады.

– Ақ түстілері – қиянаттан аулақ болған ақжүрек құлдарым. Қара түстілері – зорлықпен дүние жинап, қиянатты серік еткен қарабет құлдарым.

– Бұлар туылмай жатып, қалайша жақсы мен жаман болып айрылып үлгерген?

– Мен – барлық істің әуелін де, ақырын да білуші шебер Алламын. Құдіретімді түсіне алмайсың. Оларды өз қалауыммен бөлген жоқпын. Бұл дәрежені дүние ісінде сыналып, махаббат майданында күресіп табады. Бақытсыз құлдарым түбі жоқ қорлықты қара ниетінен табады. Мен оларды өз істеріне куә ету үшін сынаққа жер бетіне жіберемін. Сүрген өмірін амал дәптеріне жаздырамын. Жұрттан жасырып, құпия ұстайтын арам ниеттерін де жазып аламын. Оларды мақшарда осы құжатпен соттаймын. Оларға қылдай қиянат жасалмайды. Тарының қауызындай қиянат жасаса, ақырда алдынан шығарамын. Тозаңдай жақсылық қылса, оны да өзіне көрсетем, – деді.

Содан соң рухтарды түгелдей жер бетіне жіберді. Олардың бір тобы қайтып келді. Ұлық Алла:

– Қалғандарың қайда? – деді.

– Олар жердегі нығметтерге алданып, сол жақта қалып қойды, – деді.

– Сендер неге келдіңдер? – деді.

– Жердегі тіршілік жанға жұбаныш болмады, – деп шулады рухтар. Ұлық Алла оларды пейішке кіргізді. Пейіштен рухтардың үркердей ғана тобы Құдайдың алдына қайтып келді. Ұлық Алла:

– Қалғандарың қайда? – деді.

– Олар пейіште қалды. Жәннаттың сансыз нығметі оларды баурап алды, – деді.

– Сендер неге пейіште қалмадыңдар? Мен сегіз жәннатты сендер үшін жараттым. Тағы не тілектерің бар? – деді Ұлық Алла. Рухтар:

– Иә, Алла, пейіште мін жоқ. Бәрі де ғажап. Бірақ бізге сенің дидарың ғана мәңгілік жұбаныш бола алады. Біз сенің жамалыңа ғашықпыз, – деді.

– Дидарымды көргісі келетін құлдарыма ауыр сынақтар жіберемін. Ғашықтық жолы – қылыштан өткір, қылдан жіңішке. Бұл жолда салихтардың көтеретін міндеті мен жүгі өте ауыр. Адам тұрмақ пілдер тізесін бүгеді. Шыдайсыңдар ма осы сынақтарыма? – деді. Рухтар бір сәтке іркіліп қалды да:

– Иә, Алла, басымызға сынақ түскенде бізбен бірге боласың ба2- деді.

– Болам. Бірақ шартым бар. Сендер мені үздіксіз еске алып, есімдерімді мақтап пәктеуден танбайсыңдар. Жүректеріңе дүние қайғысы кірмесін, – деді.

– Егер бірге болсаң, біз де сені тынбай еске аламыз, – деді.

– Мен де сертке тұрдым ендеше. Мені зікір еткен құлдарымды мен де есіме алып, жанына жігер, рухына қайрат беремін, – деді.

Осыдан соң Ұлық Алла барлық адам ұрпағын бір алаңға жинады да:

– «Әләсту би-раббикум?». Сендерді жаратып, тәрбие етуші мейірімді иелерің Мен емес пе? – деп сұрады. Рухтар:

– «Қолуу бәләә». Әлбетте, сенсің, иә Алла, – деп жамырай шуласты рухтар.

– Ертең дүниеге барған соң мені ұмытып кетпейсіңдер ме?

– Жоқ. Біз дүние есігін аша сала сені іздейміз, – деп жамырады рухтар. Олар сол сәтте дүние тіршілігінің қалай боларын білмегендіктен солай деп жауап берді. Ұлық Алла:

– Онда ертең қияметте бәріңді топырақтан қайта тірілтем. Сол кезде осы уәделеріңе қаншалықты берік болғандарыңды тексерем. Бес күн жалғанда сүрген өмірің өздеріңе айғақ болады, – деді. Осылайша әлмисақ уәдесі алынды.

Уәде алынып болған соң, барлық рухтарға Ұлық Алла:

– Әлімсақ уәдесінің құрметіне маған екі рет сәжде жасаңдар, – деп әмір етті. Сол кезде рухтар төрт топқа бөлініп сала берді. Бірінші сәжде жасалғанда артқы қатарда тұрған рухтардың бір парасы иілмей тұрып қалды. Тағзым екінші рет қайталағанда артқы қатарда тұрған рухтардың біраз бөлігі иіледі де, алдыңғы саптағылардың жартысы қозғалмай тұрып қалады. Үшінші бір топ екі ретте те қақайған қалпынан танбады. Рухтардың соңғы жамағаты Ұлық Аллаға екі рет тағзым еткенде де жаңылмады.

Адам ата төртке бөлінген рухтар тобын түсінбей:

– Иә, Алла, бұл не хикмет? – деді. Алла тағала:

– Біріншіде иілмеген рухтар – дүниеге келген соң әлмисақты ұмытып, өз ісімен әуре болатындар. Екіншіретсәжде жасалғанда соңғы саптағылардың бір тобытағзым етті. Олар дүниеге барған соң жастары ұлғая келе Хақты іздеп талпынатын топтан болады. Оларға да менің назарым түзу. Бірақ бірінші жығылғандардың бір бөлігі екінші ретте тікірейіп тұрып қалды. Олар жас кезінде елге дін жайып ақыл айтады. Орта жастан асқан соң дүниеге бой алдырып, екіжүзді пендеге айналады. Келе-келе сенімін жоғалтып, менімен дұшпандасады. Хақ дінді былғаушылар осылардан шығады. Үшінші топта кілең қасарысқан кесірлер тұр. Олар дүниеге барған соң өле-өлгенше менімен және менің момын құлдарыммен ұстасып өтеді. Менің ең жек көретін құлдарым – осы қасарысқан тәкаппарлар. Соңғы топ – салиқтар жамағаты. Олардың саны аз. Бірақ бұ дүние сол салихтардың дұғасымен тұрады. Салиқтар болмаса, көк аспан оларды жаншып тастайды. Жер жұтып қояды. Салихтар – менің сүйікті достарым. Мен оларды жақсы көрем. Олар да мені сүйеді. Хақтың жолында басын бәйгеге тігуден тайсалмайтын тақуалар – осылар, – деді.

Мұхамбеттің нұры

Адам атаны жаратқан соң, Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Ақ жақұттан Хаджар әл-асуад деген тақ жасап, оған Адам атаны салтанатпен отырғызды. Қазіргі Бәйтул Мұқадастағы қара тас Адам атаның алғашқы тағы болған екен. Тәңірі тағала:

– Адам менің орынбасарым болады. Он сегіз мың ғаламдағы барлық жаратыдыс адамның игілігі үшін қызмет етеді. Оған құрмет көрсетіңдер, – дейді. Самсаған періштелер салтанатпен сап түзеп, Адам атаны көру үшін сан мыңдаған ғаламдардан тоқтаусыз ағылып келіп жатты. Ұлық Алла:

– Ей, Раузан періштесі, жәннаттың есіктерін ашып қой. Барлық мақұлықат түгел келіп, А дамды көрсін. Пейішті бар асылмен безендір. Барлық ағаштың жемісі уылжып пісіп тұрсын. Дарияның сулары шалқып жатсын. Әй, Ысрапыл, рақат самалы есіп тұрсын. Ей,хорлар, барынша салтанатты киініңдер. Балдан тәтті, сүттен ақ шырынды бұлақтардан сусын әкеліңдер. Ей, бұлбұлдар, саздатып, еліктіріп, елітіп сайрап тұрыңдар. Ей, періштелер, Адамның тағының жанында әдеппен қозғалыңдар,

– деп әмір етті.

Адамды көруге асық болған періштелердің көптігі сонша – олардың қалың бір қауымы Құдайхалифасының түр-тұрпатына назар сала алмай арманда кетті. Адамды көре алмай, арманда кеткен періштелер ғылмандар аталыпты. Себебі Адамға назар сала алмағандықтан, олардың дәрежесі төмендепті. Өздерін толық бақытты сезіне алмай ғылмандар:

– Иә, жаратқан Алла, адамды біз де бір көрсек деп едік. Бізге кезек тиетін түрі жоқ, – деп жалынады екен. Ұлық Алла:

– Ертең мен Адамды жер жүзіне таратамын. Сосын нұрымнан жаңбыр жасап жаудырамын. Сол жаңбырдың бір тамшысын жерге алып түсіп, адамды көріп қайтасыңдар, – деп жұбатады да, Ысырапыл періштеге:

– Қиямет-қайымға дейінгі жер бетіне жауатын жаңбыр тамшыларының санын есепте. Оны әрбір періште жерге алып түссін. Сол кезде адамның түр-сипатын көрсін, – деп әмір етеді. Ысырапыл әуелден ақырға дейін жауатын жаңбыр тамшыларын санап шықты. Ғылмандар саны тамшыдан көп екен. Тағы да бір парасы бұл нығметтен құр қалатын болды. Олар:

– Иә, Алла, бізге жаңбыр тамшысы да бұйырмады. Адамды бір көруге ынтықпыз,

– деп жамырады. Ұлық Алла:

– Мен шебер Алламын. Суды қар бейнесінде қайта жаудырамын. Сол кезде қардың әрбір шытырасын жерге алып барасыңдар, – дейді. Ысырапыл қардың ұлпаларын есептеді. Ғылмандардың саны одан асып түсті. Кезек тимей қалғандары Ұлық Аллаға:

– Иә, Алла, бізге тағы да кезек тимейтін түрі бар, – деп арызданды. Сонда Алла тағала:

– Уайымдамаңдар. Мен шебер Алламын. Шешімін тауып берем. Сендер бұдан былай сахар мезгілі болғанда Менің рұқсатыммен дүнияға барасыңдар. Сол кезде ояу отырған тақуа құлдарымды қалауларыңша тамашалауға рұқсат. Одан басқа адам ұрпағын көруге сендерге рұқсат жоқ. Ояу отырған момын құлдарымның дұғатілектерін маған жеткізіңдер. Егер олар Жаратушы Иесін еске алып, егіліп жылар болса, көз жастарын жерге түсірмеңдер. Жібек орамалға салып пейіштегі сандықта сақтаңдар. Хақтан қорқып жылаған көз жастары қияметте өздеріне шапағат қылсын,

– деді. Ғылмандар:

– Иә, Алла, не себепті ояу құлдарыңды ғана көре аламыз? – деді.

– Себебі мені еске алмай күн шыққанша ұйықтайтын ғапылдарды мен де еске алмаймын. Сертім солай. Сендер менің назарым түскен ақжүрек құлдарымды ғана көресіңдер, – деді.

Сол кезде ғана ғылмандардың көңілі жай тауыпты. Сахар уақытында көкте ғылмандар адамды көреміз деп сән-салтанатын арттырып, киініп келеді екен. Адамның қандай тілегі болса қабыл етіп, Құдайдың дәргейіне жеткізетін солар болыпты. Бірақ ғылмандар тек жүрек көзі ашылған момындарды ғана көріп, солармен ғана тілдеседі. Күн шыққанша ұйықтайтын ғапылдар Алланың осы нығметінен мақұрым қалады екен. Сондықтан да ғылмандар өз әлемінде барша адам баласының сахар мезгілінде ояу отырғанын Құдайдан тілеп отырады. Бір күні Адам ата пейіш қақпасының жоғарысында тұрған бір жазуды көреді. Онда «Лә иллаһа илла Алла, Мұхаммед расул Алла» деп жазылған екен. Адам ата Құдайдан:

– Иә, Алла, сенің есіміңнің жанында қатар тұрған кімнің есімі? – деп сұрайды. Алла тағала:

– Әй, Адам, ол – сенің ақырдың соңында шығатын ұрпағың. Ең соңғы пайғамбар. Менің сүйікті досым. Есімі – Мұхамбет. Мен оны барша әлемге шапағат етуші рахмет етіп жіберемін, – деді.

– Оның менен қандай артықшылығы бар?

– Адам, әдепті бол. Егер ол болмаса, мен мына аспанды, жерді, аршы мен күрсіні, барлық мақдұқатты, тіпті сені де жаратпас едім. Барлық әлем сол пайғамбардың шарапатынан тұр. Оған көп салауат айт, – деді. Адам таңғалып тұрып қалды. Барша періштелер мен хорлар қызмет етіп жүргендіктен, өзін асыл сезінуші еді. Ол ішінен «сонда бұл менен артық болғаны ма? Егер мен күнәға ұрынсам, ұрпағым маған қалайша шапағат қылады?» деген күмәнді ой кеудесін торлады. Сол сәтте Ұлық Алла:

– Әй, Адам, бұл Мұхамбет – менің хабибім. Ол он сегіз мың ғаламға шапағат етеді. Оның ішінде сен де барсың. Оның ұлылығын осыған қарап-ақ тани бер. Ақырдың соңында шығатын ұрпағың болса да, ол саған шапағат етеді. Оған берілетін көркем мінез-құлық бір де бір адам баласына нәсіп болмайды. Мұхамбет әділдіктің де, әдептің де, иманның да айнасы болады. Мұхамбеттің әдебіне, мінез-құлқына еліктеп, әділдіктен таймаған адам ұрпағы марқұм болған аталарына шапағат етеді. Оларды еске алып, Құран оқытып, дұға жолдайды, – деді де Жебірейілге:

– Адамның кеудесіндегі күпір ойды ойып алып, көміп таста. Күмән иманды жояды, – деді. Жебірейіл күмәнді ойды Адамның көңілінен сылып алды да, пейішке көмді. Одан бидай өсіп шықты. Кейін келе Адам ата мен Хауа ананың пейіштен қуылуына осы ағаш ақыры себеп болды.

Адам ата пейіште жүргенде барлық періштелер оған телміре қарап, рақатқа батып отырушы еді. Адам ата Аллаға:

– Иә, Алла, неге барша періште маған телміре қараудан жалықпайды? Бұл не хикмет? – деп сұрады. Ұлық Алла:

– Сенің беліңде Мұхамбеттің нұры бар. Кейінгі ұрпағыңа сен арқылы беріледі. Олар сол нұрдан ләззат алады, – деді.

– Оны мен де көрсем бола ма? – деді. Ұлық Алла белдегі нұрды Адамның бас бармағына көшіріп берді. Сол кезде Адамның бас бармағы сәуле шашып шыға кедді. Артынша Адамның қалған төрт саусағы жұлдыздай жылтырап жанды. Адам ата:

– Иә, Алла, не себепті бес саусақ бірдей нұрланды? – деп сұрады.

– Олар – Мұхамбеттің серігі, барша үмбетінің достары төрт шадиярдың нұры. Олар – ақырдың соңында Мұхамбетке серік болатын Әубәкір, Омар, Оспан, Әли. Төрт шадияр қияметте Мұхамбеттің үмбетіне шапағат етеді, – деді.

Адам ата содан бастап оң қолын белден жоғары ұстайтын болды. Сәлемдескенде оң қолды созу әдептілік болып саналыпты. Моншаға түскенде денесінің кіндіктен төмен жағын сол қолымен жуатын болыпты. Мұсылман баласының дәретті сол қолымен алатыны содан қалыпты. Адам ата жұмақта жүргенде қаз-қатар тізілген үлкен күрсілерді көреді. Олардың ішінде бір күрсі айрықшы үлкен екен. Қасында тағы да төрт үлкен күрсі тұр. Оларды мыңдаған күрсі және қоршапты. Адам ата:

– Иә, Алла, тақ менде ғана деп ойласам, мында өте көп екен. Әрі менің Хаджар әл асуад тағымнан үлкен ғой. Бұл кімнің орны? – деп сұрады.

Ұлық Алла:

– Бұл – менің досым Мұхамбет пен төрт шадиярдың, барша жүз жиырма төрт мың пайғамбардың сұхбаттасып отыратын мекені, – деп жауап берді.

– Мұнда тек пайғамбарлар ғана отырады ма? – деп сұрады.

– Әділдіктен танбаған, қара қылды қақ жарған, шадиярды дос тұтқан, бөтеннің айыбын жапқан, Хақ жамалына ғашық болған барлық құлдарым пайғамбарлар сұхбатына қатыса алады, – деді. Адам ата:

– Мұхамбеттің күрсісіне отырып көрсем бола ма? – деп сұрады. Алла тағала рұқсат етті. Адам ата күрсіге шығып отырады. Ұлық Алла періштелеріне:

– Адамға құрмет көрсетіңдер, алдына жұмақтың жемісін әкеліңдер, – деді. Періштелер құрма мен жүзімді әкеп, Адам атаның алдына тосты. Ол жемісті жеді. Адам атаның алғаш жеген жемісі жүзім мен құрма болған екен. Оның дәміне қатты құмартып:

– Иә, Ұлық Алла, жүзім мен құрманы менің ұрпағымның ризығы ете гөр, – деп өтініш етті. Алла тағала оның тілегін қабыл етіп, ол жемістерді жерде өсетін миуалардың қатарына қосты.

Рабғузи Құран қиссаларын жинақтағанда Әбу Исқақ Нишабуридің
«Қиссас-ул анбий» деген еңбегіне

және шейх Хусейни Басар мен Абдолла бин Аббасқа (Мұхамбет пайғамбардың ағасы ) сүйенгенін айтады. Рабғузи жазған қиссалардың түпнұсқасы Лондонда сақтаулы. Онан кейінгі көне қолжазбасы Санкт-Петербург, Қазан және Ташкент мұрағаттарында тұр. Ал қазақ арасында ауыздан ауызға жетіп, мазмұндық жағынан байып, Совет өкіметі орнағанға дейін импровизация процесінде болған.

Алланың аманаты

Ұлдық Алла он сегіз мың ғаламға:

– Бүгін сендерге бір аманат ұсынамын. Кімде-кім аманатты қабы етіп, оған қиянат қылмаса, шексіз бақытқа қауышады. Бірақ аманатты алғаннан кейін оның шарттарын орындамаса, азап тартады, – дейді. Күллі жаратылыс:

– Не аманат? – деп сұрайды.

– Ол – махаббат. Оны иеленген жаратылыс иесі өлгенше сүйіспеншілікпен өмір сүруі керек. Айналасына шуақ шашып, елжіреп тұратын халінен бір сәт те ажырамауы тиіс. Аманатты жоғалтқандар тас жүрек зұлымға айналады, – дейді.

Осы сәтте бүкіл ғалам үнсіз қалады. Тау-тас, аспан мен жер тәуекелге бара алмай, шегіншектеп тұрып қалады. Адам ата ол кезде ілімсіз еді. Аманаттың ауырлығын жете түсінбесе де, Ұлық Алланың дидарына ғашық болғандықтан, аманатты арқалап алуға келісті.

Ұдық Алла:

– Мені мұқият тыңда. Егер шын көңілден мойынсұнып, аманатты таза сақтасаң, мәңгілік сый көресің. Ал егер қиянат қылсаң, көретінің – тек азап пен жәбір, – дейді. Адам ата:

– Иә, Тәңірім, аманат майданында менімен бірге боласың ба? – деп сұрайды.

– Әлбетте, дүниеде мен сенімен бірге боламын. Егер сен Мені көркем есімдерімді атап шақыратын болсаң, – дейді.

Ұлық Алла уәде берген соң, Адамның жүрегіне сенім кіреді.

– Аманатты маған берсең, мен оны жүрегімде сақтаймын. Оны таза ұстауға тырысамын. Ұрпақтарыма да аманат етемін, – дейді. Құдай тағала:

– Аманатты таза сақтаудың шарттары бар. Мен арам деп тапқан барлық нәрседен аулақ жүресің. Жеген асың адал болсын, сөйлеген сөзің мәнді болсын. Жүрегің кірленбес үшін әурет жеріңді жауып жүруге міндеттісің. Аманатты аман сақтауға да, жоғалтып алуға да септесетін ең басты құралың – қызыл тіл. Тілің ғайбат сөйлемес үшін мен оны үш түрлі қорғанға қамадым. Олар: екі жақ, екі ерін, отыз тіс. Осы үш кедергіден өтіп, өсекке жол беретін болсаң, аманатты ұрлатып аласың. Махаббат кеткен соң, жүрегің қатайып, қиянатты шімірікпей жасайтын зұлымға айналасың,

– депті.

Адам ата мен Хауа ана қиссасы

Адам жәннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлады. Ұлық Алла Хауа ананың тәнін жасау үшін Адам ата ұйқыда жатқанда оның сол жақ бұғана қабырғасын таңдайды. Себебі Тәңірі тағала Адамның бұғана сүйегін жердің қиыршық тасы жоқ, ұлпа құмынан жаратыпты. Адам атаның ең нәзік, ең жұмсақ етінен жаралғандықтан, әйел адамның денесі мамықтай жұмсақ, мақтадай нәзік болыпты. Адамның сол жақ қабырға асты босап қалғандықтан, көкіректің ортасында тұрған ет жүрек босап қалған тарапқа қарай ойысады. Ет жүрек содан бастап адамның сол жақ кеудесінің астында соғатын болыпты. Ерлі-зайыптылар ұйықтағанда әйел баласының ерінің сол жағына жататыны содан екен. Тіпті олар қандай да бір себеппен бөлек жату керек болса да, әйелді қол созым қашықтықта ғана бөлек жатқызатын тәртіп қалыпты. Ерлі-зайыптылар татулығы бұзылып, бөлек жата бастаса, үйдің берекесі қашып, махаббаттары тез сөнеді екен. Адам ата ұйқыдан оянған соң, аппақ жаулық жамылып тұрған әдемі келіншекті көріп таңғалып:

– Иә, Алла, мына ақ жаулық жамылған кім? – деп сұрайды. Ұлық Алла:

– Бұл- Хауа ана. Сенің жан-жарың, өмірлік серігің болады. Бар, жаулығын ашып, жүзін көр. Жарыңмен таныс, – деп бұйырады.

– Иә, Алла, сен оны не үшін ақ жаулықпен жасырдың? – дейді.

– Ібіліс деген қас дұшпаның бар емес пе? Ойлағаны – саған тек қастық. Сол малғұнның теріс назары түсетін болса, жас келіншегің кеселге ұшырауы мүмкін. Сол себепті жұбыңның ай дидарын ақ жаулықпен жасырдым. Осы амалым сенің де кейінгі ұрпағыңа салт болып жалғассын, – дейді.

Адам ата адал жарына тақап барып, ақ желекті ашып, оның дидарына көз салады. Сол кезде екі беті иба мен ұяттан нарттай боп қызарып тұрған Хауа ана оң қолын оң тізесіне қойып, еріне бірінші рет иіліп сәлем етіпті. Адам ата Хауа ананың дидарын бір көргеннен-ақ ғашық боп қалады. Себебі Хауа ана айрықша сұлу еді. Сипаттауға тіл жетпейтін. Себебі Ұлық Алла бір тамшы нұрынан сұлулықты жаратты. Сосын оны 100-ге бөлді. Оның 99 бөлігін Хауаға дарытты. Қалған бір тамшыны тағы да жүзге бөлді. Оның 99 тамшысын алды да, Жүсіп пайғамбардың рухына сыйлады. Одан артылған бір тамшыны тағы да жүзге ыдыратты. Оның тоқсан тоғыз тамшысын Хадиша анамызға, Айша анамызға, Бибі Батима анамызға және Бибі Мәриямға теңдей етіп бөліп берді. Төрт анамыздан артылған бір тамшы нұрды алды да, миллиардтаған сансыз зәрреге бөлді. Сосын есебіне жете алмайтын сұлулық сәулесін әуелден ақырға дейін келіп кететін күллі әйел затына шашып жіберді. Осылайша көркем бейне мен сұлу дидар Хауа ананың себебінен барлық әйел баласына нәсіп болды. Қыз-келіншектердің ер адамға қарағанда ажарлы болатыны содан екен. Адам ата қолын созып қалыңдығын өзіне шақырады. Хауа ана иба сақтап кері шегінеді. Екінші рет шақырады. Хауа ана ұялып жақындамайды. Үшінші рет ишара қылғанда, Хауа ана:

– Көңілің болса, өзің кел. Менің барғаным ұят болады, – дейді. Сол кезде Адам ата жарына өзі тақап барады. Әйелге ғашық болған ердің бірінші боп сөз салуы Адам атадан қалыпты. Әйел заты ер адамға қанша жерден ынтық болса да, сезімін сыртқа шығара алмай қиналатыны Хауа анадан қалыпты. Әйел адамның осы ибасы кеткен кезде қиямет орнайды екен. Адам ата Хауаның қолынан ұстаған сәтте Ұлық Алла:

– Әй, Адам, қалыңдығыңның қалыңмалын төле, – деді.

– Иә, Алла, мен оның қалыңмалын қалай төлеймін? Мендегі бар мүлік өзіңдікі. Тіпті үстімдегі киімді де сен бердің, – деді. Сонда Тәңірі тағала:

– Ақырдың соңында шығатын сүйікті пайғамбарым, өзіңнің ұрпағың Мұхамбет пайғамбарға салауат айт, – деді де, салауат айтудың үлгісін Адам атаға өзі үйретті. Адам ата Мұхамбет пайғамбарға он рет салауат айтты. Содан бастап Мұхамбет пайғамбарға салауат айту парыз болыпты, ал қызға қалыңмал беру дәстүрі сүндет болыпты.

Жебірейіл періште Адам ата мен Хауа ананың некесін қиып, екеуі үйленіпті.
Бұрын қазақ арасында қиссаны жатқа
соғу даналықтың, ілім-білімнің өлшемі
болған. Сөз ұстаған ер азаматтың

бәрі жиын-тойда, садақа аста қисса
айтып елді ұйытатын. Қисса білмеу
білімсіздіктің белгісі болып саналды. Бұл
жайында «Біржан мен Сара айтысында»

Сара:
«Ей, Біржан, кімге дәрі амандығын?
Сөз білсен, ол да – сенің жамандығын.
«Қисса сүл-әнбияны» оқымап па ен,

Осыдан мағлұм болды надандығын, – деп Біржанды сөгеді.

Үйлену тойы

Адам ата мен Хауа ананың некесі қиылған соң, жұмақта үлкен той болыпты. Ұлық Алла:

– Менің орынбасарым Адам үйленеді. Олардың сән-салтанатын арттырып, жәннатты әшекейлеп безендіріңдер. Құлымның көңілін шаттық пен қуанышқа бөлеңдер. Оған тарту-таралғы сыйлаңдар, – деп періштелер мен хор-ғылмандарға әмір етіпті.

Періштелер жұмақты дүр жауһарлармен безендіреді. Той-думан Туба ағашының түбінде басталыпты. Бұл тойға Жебірейіл періште басшылық етеді. Адам ата мен Хауа анаға мақтау-мадақ айтылады. Періштелер Аллаға зікір айтып, Мұхамбет пайғамбарға салауат жолдайды. Осы тойда періштелер Адам ата мен Хауа анаға құрмет көрсетеді. Екеуіне сан түрлі тарту-таралғы сыйлайды. Хор қыздары әсем дауыспен құйқылжытып ән салады. Некелерін Ысрапыл мен Мәкаил періштелер қияды. «Неке көкте қиылады» деген тіркес осыдан қалыпты. Кейін Адам ата мен Хауа ана жерге түскен кезде некесін екінші рет Жебірейіл періште қияды. Мұны жерде қиылған неке деп атайды. Жердегі неке сүндет, көктегі неке парыз болыпты.

Ұлық Алла оларды пейішке кіргізген соң:

– Жұмақта не ішіп, не жесеңдер де рұқсат. Тек бидай дәнін жемеңдер, – деп ескертті. Адам ата:

– Иә, Алла, не үшін ол жемісті жеуге тыйым салдың? – деп сұрады.

– Себебі, қазірден бастап саған және сенің ұрпағыңа адал мен арамды айыруды үйретемін. Мына бидай – өзгенің несібесі. Өзгенің ризығын рұқсатсыз жеуге тыйым саламын. Одан басқа кез келген тағамды қалауыңша азық қыл. Бірақ, мен сені ерік қалауы жоқ айуандардан артық етіп жараттым. Сенің ерік қалауың өзіңде. Қадірін білер болсаң, бұл – сенің шын көркің. Басыңдағы тәжің. Таңдау еркің мен құмарлық қалауыңды неғұрлым Мен жаққа бұрсаң, Мен де сенің дәрежеңді періштелерден де жоғары етіп көтерем. Егер қалау құмарлығың ішіп-жеп, тәтті ұйқыдан аспайтын болса, қияметте бағаң малдан да төмен болады. Мен арам деп бұйырған заттың бәрінен өз еркіңмен бас тартуға еріктісің. Бөтеннің ризығына өз қалауыңмен қол сұқсаң, зор күнәға батасың. Ұялмаған ұрпағың ғана бұйырмаған астан жейді. Есіңде болсын: барлық қиянат пен алдаудың басы өзгенің несібесін тартып жеуден басталады. Алалы тұяқ, арам малдың берекеті болмайды. Арам жолмен тапқан ас-ауқат жүректің көзін соқыр қылады. Жүрек көзі соқырлар қияметте де соқыр болып тіріледі. Дұрыс таңдауыңа сансыз сауабым бар. Қисық-қыңыр қалауыңа зауалым бар. Жақсылықты да, жамандықты да басыңа мен жіберем. Бірақ, есіңде болсын: бақыт та, зауал да сенің ерік қалауыңа тәуелді. Ертең қияметте есеп-қисап жасалады. Сол кезде ешкім маңдайындағы сорын өзгеден көре алмайды. Әркім өзінің таңдауы мен қалауынан ұсталады. Жалғанда не ексе, ақиретте соны орады, – деді.

1926 жылға дейін барлық медреседе
«Қисса сүл-әнбия» он екі пәннің бірі
ретінде шәкірттерге оқытылған.

Діни сауаты бар шәкірттер ауылдағы жиын-тойда шамның жарығымен қаумалаған әлеуметтің бәріне қиссаларды оқып беріп, елдің сауатын ашқан. Қисса мен өлең болды жаттағаным, Қағазға қалам алып қаттағаным. Мал, шіркін, жер тезектей қала берді, Басқаным – қой, ат болып – аттағаным,

– дейді Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.

Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылуы

Алланың дәргейінен қуылған Ібіліс Адам атадан кек алуды ойлады. Жұмаққа жасырын келіп қараса, Хауа анамыз жыланмен сөйлесіп отыр екен. Ол кезде Адамның адал досы ит емес, жылан болыпты. Ол адамның жанынан бір елі де қалмай, оны қорғап жүреді екен. Ібіліс жұмақтың есігінен кіре алмайды. Ол заманда жұмақты тауыс күзетіп тұрыпты. Тауыс көрсеқызар еді. Ібіліс алдымен тауысты арбауды ойлайды. Оның жанына барып, құлшылық жасап, егіліп жылаған боп дұға жасапты. Ібіліс бір заманда барша періштеге ұстаз болғандықтан, дұға-тілектің түр-түрін білетін. Тауысты қызықтыру үшін күні-түні тоқтамай құлшылық жасай берді. Құлшылықты оңашада емес, біреуге көрсетіп жасайтын рияшылдық ең бірінші Ібілістен басталыпты. Ұлық Алла да сондықтан риямен тақуалық ұстанатын құлдарын жек көретін болыпты. Оның жалған құлшылығына тауыс риза болады. Ібіліс тауысты есінен тандырып, сиқырларын көрсете бастайды. Тауыс дегбірі кетіп:

– Әй, сен кім боласың? – деп сұрады.

– Мен аршы мен күрсіні мекен ететін періштемін. Ұлық Алланың «кім пейіштің ішінде намаз оқыса, соның дәрежесін асырам» деген хабарын естіп, арнайы келіп едім. Бірақ маған жәннатқа кіруге әзірше рұқсат жоқ. Ғибадатты сыртта оқып тұрғаным сондықтан, – деді.

Тауыстың көңілі оны сүйіп қалды да:

– Алла риза болсын. Тілегіңе жет. Жұмақтың ішіне кіріп оқы, – деді. Ібіліске ілезде жұмаққа кірді де, тауысқа:

– Жұмақта оқыған намазымның пайдасы саған да тиер. Еңбегіңе мен саған үш ауыз даналық үйретейін, – деді. Тауыс бұрыннан даналық сөзге үйір еді. Қандай да бір ұлағатты сөз естісе соған мас болып, елітіп тұратын. Ібіліс оның сырын алғандықтан қырын да тез танып алды. Ол:

– Бірінші ақылым: жауға сырыңды берсең, қырыңды да тез алады, – деді. Бұл сөзді естігенде тауыстың көзі жайнап кетті.

– Екінші ақылым: тістейтін жылқы тісін көрсетпейді, – деді. Тауыс бұл сөзге де таңдай қақты.

– Үшінші ақылым: палуанның жаманы шалдырған соң өкінеді, күзетшінің жаманы алдырған соң өкінеді, – дегенде тауыс даналық үйренгеніне мәз болып, Ібіліске қақпаны ашып берді.

Ібіліс ішке кіреді. Оңаша сәттердің бірінде жыланға барып:

– Әй, жылан, менің әкем Әбілет жылан еді, шешем Тәбілет шаян еді. Мен Адамның кесірінен Құдайдың рақымынан құр қалдым. Туыстық ақым үшін маған кек алуға көмектес. Мен адамды құртып, Құдайдың дәргейіне қайта келсем, саған бір пайдам тиер, – деп азғырды. Жылан Ібілістің сөзіне сеніп, Адамға опасыздық жасауды ойлады.

– Неістей аламын? – деді жылан.

– Тіліңнің астына жасырып, Хауаның жанына апар. Өзім айла қыламын, – деді. Жылан мақұл көріп, Ібілісті тілінің астына жасырды. Олар Хауа ананың жанына келді. Ібіліс тілінде жатып, жылан болып жылады. Хауа ана жанына келіп:

– Әй, жылан, неге жылайсың? – деп сұрады.

– Сендерді қимаймын. Әзірге уайымсыз жүрсіңдер. Бірақ бұл дәурендерің таусылады. Ертең-ақ беттің ажары тайып, қартаясың. Сұлу бейнең мен сымбатты мүсінің бүкірейіп шөгеді. Ақыры ажалмен аяқталады. Соны ойлап қайғырамын, – деді. Әйел затын қарттықпен, өліммен қорқыту ең алғаш осы кезде басталған екен. Хауа ана:

– Өлім деген не? – деп шошып кетті.

– Өлім – қараңғы қапас. Пейіштегі күллі қызықтан мәңгілікке кесілу; – деді.

– Қарттық пен ажалдан құтылудың айласы бар ма? – деп сұрады Хауа ана.

– Бар. Тыйым салған жемісті жесең, Алла сияқты мәңгі жасайсың. Сұлу дидарың да солмайды. Алла тағала өзінен басқа ешкім мәңгі жасамас үшін солай тыйым салды, – деді. Бұл сөзге иланған Хауа ана бидайдың бір дәнегін жеп қойды. Екінші бір дәнін алып Адам атаға келді:

– Әй, Адам, менімен мәңгі бірге болғың келсе, мына жемістен дәм тат. Жеп көрдім, зияны жоқ. Бұл бізге мәңгі өмір сыйлайды, – деді. Адам ата Хауа ананың сыңғырлаған үніне елтіп, бір жағынан сүйікті жарының көңілін қимай, уәдесін ұмытып кетті. Ер-азаматтың жарының назын тыңдап, жаза басатыны содан қалыпты. Әйел баласының ажарының әрі тайғанда әжімдерін уайымдап, мазасыздануы Хауа анадан қалыпты. Адам ата бидайдың бір дәнін аузына салып, жұта бергенде, Жебірейіл періште оның алқымынан ұстай алды. Бидай дәні өңешінде не әрі, не бері кетпей тұрып қалды. Адам неістерін білмей, тұншығып тұрды. Осы сәтте Алладан әуез келді:

– Әй, Жебірейіл, адамның ісіне араласпа. Бұл саған періште емес. Олар сендерден артық жаратылған. Артықшылығы – ақылымен іс қылып, тағдырын таңдауға ерікті. Егер Мен оның ісіне қол сұғатын болсам, еткен ісіне жауапты болмай қалады. Адам ұрпағына тағдырдың шын қазасы екі-ақ жағдайда барады: еріксіз туады, мезгілі жеткенде еріксіз өледі. Екеуінің арасы тіршілік деп аталады. Қалау мен таңдау осы аралықта жасалады. Қайыр мен шәрді Мен жаратам. Мен осы қателігі үшін, сөз жоқ, оны жазалаймын. Бірақ ол жазасын жазмыштан көре алмайды. Адам таңдауын өзі жасады. Оны қылғындырмай жібер, – деді. Жебірейіл босатып жіберді. Кеңірдегінде тұрып қалған бидай дәнегін Адам ата жұтып қойды. Ер адамның кеңірдегіндегі бармақтай түйін содан қалыпты.

Адам бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін. Олар тұңғыш рет жер тамағын жеді. Адам асқазаны бірінші рет ас қорытып, нәжіс шығаратын болды. Сол кезде Ұлық Алла:

– Мына екеуін пейіштен шығарып, жерге тастаңдар, – деп періштелерге әмір етеді. Періштелер бұл бұйрықты бірден орындай алмай тұрып қалады. Себебі олар күні кеше ғана оған сәжде жасаған еді. Қала берді, Адам атаның беліндегі Мұхамбет пайғамбардың нұрына ғашық болған періштелер ертелі- кеш оның ізінен қалмай рақатқа батып жүруші еді. Осы сәтті пайдаланған Адам жас Хауаның білегінен ұстап, қаша жөнеледі. Жәннаттағы барлық ағаштар оған жапырылып жол береді. Сол кезде жиде ағашы ғана әмірге қалтқысыз бағынады. Ол Адам мен Хауаның үстінен бұтақтарымен бас салып, мыжғылап тастайды. Қарсыласқандарына қарамастан қинап, киімдерін шешіп алады. Хауа ананың нәзік тәнін бұтақтары жырып, қанатып қояды. Сол кезде Ұлық Алла:

– Әй, жиде, әдепті болсаң етті. Қалай болғанда да, бұлар – менің орынбасарым. Әйел адамның денесіне жара салғаның қалай? Тұрпайы әрекетің үшін сені де жазалаймын. Сені де жерге түсірем. Діңгегің қатты болады. Бұтақтарың тікенді болады. Адамдар сені арнайы екпейді. Судан жырақ өсесің. Бірақ гүліңнің пейіштегі хош иісі сақталады, – деді. Содан бастап жиде жерде өсетін болыпты. Оның гүлі адамды мас қылатын жұпар иісті болса да, адамдар оны арнайы екпейді екен.

Адам ата мен Хауа ана тәндері жалаңаш қалған соң, арша ағашының астына барып тығылады. Арша оларды бұтақтарымен бүркеп, көрсетпей жауып қалады. Ұлық Алла аршаның адамға жаны ашып, оларға болысқанын жақсы көріп қалады. Сосын аршаға қарап:

– Арша, сенің мына қылығың маған ұнады. Бөтенге жаны ашып, жапа шеккенге болысу – Менің сүйетін ісім. Сондықтан саған ерекше қасиет берем. Бұтағыңа мың бір шипа дарытам. Бұтағыңды отқа жақса, сенің түтініңнен жын-сайтан тұншығатын болсын, – деді. Содан бастап арша ерекше қасиетті ағашқа айналыпты. Адамдар аршаның бұтағын отқа жағып от басы, ошақ қасынан жын-сайтандарды аластап, қуатын болыпты.

Содан некерек, Алланың әмірі екеу болмайды. Адам ата мен Хауа ана жерге барып азапты өмірлерін сүруге амалсыз көндігіп тұрады. Олар жалаңаш болғандықтан, әуретті жерлерін қолмен жауып қатты қысылып ұялып тұрды. Осы кезде інжір ағашы оларға өзінен жапырақ беріп жатып:

– Әй, Адам, мына үш жапырақты ал. Үстіңе көйлек тігіп киерсің. Алланың халифасына жалаңаш жүрген жараспайды. Хауа, сен бес жапырақ ал. Саған омырауыңды жауып тұратын екі жапырақ артық берем. Әуретің жабық жүрсін, ұят болады, – деді. Олар сол кезде ғана жалаңаш тәндерін жапырақпен жауып, шыдатпай бара жатқан ұяттың азабынан құтылды. Ұлық Алла олардың осы інжір берген киіммен жерге түсіп, дүния тіршілігін бастауына рұқсат етті.

Ұлық Аллаға інжірдің мына мейірім-шапағаты қатты ұнады. Алла тағала:

– Інжір, ісіңе ризамын. Мен мейірім-шапағат еткенді жақсы көретін рахымды кең Құдаймын. Маған сенің жұмсақтығың ұнады. Адамға жаның ашып, оларға болысқаның үшін саған да айрықша қасиет бітірем. Адам ұрпағы сенің жемісіңді аршымай жесін. Қабығың да, дәнегің де мың ауруға шипа болсын, – деді. Содан бастап інжірдің жемісі адамзат үшін ең дәмді, ең пайдалы жидектің түріне айналды.

Осылайша Адам ата жер бетіне үш қабат киіммен келді. Хауа ананың үстінде бес қабат жейдесі болды. Олар өлгенше осы киімді үстерінен тастамады. Дәм-тұздары мен көрер күндері таусылған соң, олар бақиға аттанды. Ұрпақтары оларды әу баста пейіштен киіп келген киімдерімен шығарып салды. Содан бастап ер адамды үш қабат, әйел баласын бес қабат етіп кебіндеу салтқа еніпті.

Адам ата кетіп бара жатқанда Ұлық Алла оны тоқтатып:

– Әй, Адам, енді Хауа ана саған аманат. Әйелің үш намысыңның бірі болады. Бірінші намысың – иманың. Маған қайтып келгенше иманың кәміл болсын. Құбылып, бұзылатын болсаң, мекенің – тозақ. Екінші намысың – әйелің. Оны бөтеннің сұғынан сақтайсың. Сен бұзылып, босағанда, әйелің де құбылуға бейім болады. Себебі, ол сенің етіңнен жаралған. Оның арына түскен дақ- сенің жүрегіңе түскен тат. Абыройларыңа бекем болыңдар. Үшінші намысың – ырыс пен береке дарыған құтты мекенің. Оны залымдардың зұлымдығынан қорисың. Бейбітшілік пен тыныштық жолында шаршадым деме, – деді. Адам ата бұл өсиетті көкірегіне құйды да, пейішпен қош айтысып кете барды.

Алла тағала тауыс пен жыланды да жазалайды. Тауыстың жұмақта тағынған асыл тас, гауһарларын тартып алады. Қырық қанатынан екеуін ғана қалдырады:

– Тауыс, сені пейіш есігінің күзетшісі еттім. Досым Мұхамбеттің рухын ең алғаш сенің бейнеңде жасадым. Соның құрметіне саған сегіз жүз қанат бітірдім. Әр қанатыңды бір-біріне ұқсамайтын реңмен боядым. Барлық сұлулықты саған жасырдым. Бірақ Ібілістің сөзіне алданып, жамандықтың басы сен болдың. Сол үшін сені жазалаймын. Адаммен бірге жерге қуыласың. Түпкі ниетің тура болғандықтан, екі қанатың мен бір құйрығыңды қалдырам. Алысқа ұшпайсың. Ел-жұрт сұлулығыңа қарап тамсанады. Бірақ оны өзің көрмейсің. Құйрығыңа қарап мақтанасың, аяғыңа қарап ұяласың, – деп екі аяғын көріксіз етіп жаратыпты. Содан бастап мұсылман жұрты тауысты «жамандықтың басы» деп үйінде асырамайтын болыпты.

Ол кезде жыланның бойы түйедей, денесі жақұттан, көздері лағылдан еді. Арқасында екі қанат тұратын. Ұлық Алла жыланды да жазалап:

– Жылан, сені де барлық құрмет пен ғизаттан айырамын. Аяқ-қолдарың мен қанаттарыңды қырқамын. Өмір бойы жер бауырлап, ирелеңдеп жүресің. Сені адамның серігі етіп жараттым. Енді адамға дұшпан боласың. Сені өлтіргеннен жауап алмаймын. Ібіліс паналаған тіліңнің астынан у шығарамын, – деді. Тауыс Йеменге, жылан Ыспаханға, Ібіліс Басраға түсірілді.

Бидайдың қалдығы Адам ата мен Хауа ананың асқазанында отыз күн қорытылмай жатып қалады. Одан түгел тазару үшін Ұлық Алла оларға отыз күн ораза ұстауға әмір берді. Содан бастап Рамазан айында отыз күн ауыз бекітіп, ораза ұстау парыз болды. Жерге түскен соң Адам ата мен Хауа ана екі жақта жүріп жылаудан көз жастары құрғамады. Құдайдан кешірім сұраумен жүрді. Адам ата қайғыдан басын көтере алмады. Бір күні Алладан:

– Әй, Адам, көтер басыңды! – деген әуез келді. Адам жоғары қараса, бір заманда өзі мекендеген пейіштің маңдайшасынан «Лә иләһа илла Алла, Мұхамбет расул Алла» деген жазуды көрді.

Сол кезде Адамның Хауа ананы алған кезде Мұхамбетке он рет салауат айтқаны есіне түсіп, егіліп жылады.

– Иә, Алла, мені ақырдың пайғамбары Мұхамбеттің құрметіне күнәмді кеш, – дейді. Алла тағала:

– Кештім. Мұхамбеттің шарапатынан бүкіл ұрпағыңның күнәсін кешіріп, пейішке қайта кіргіземін. Дидарымды көрсетемін. Шарты: ұрпағың хақтың жолына бекем болсын, Мұхамбетке салауатты көп айтсын, – деді. Сол кезде Адам атаның жүзіне шырай ұялап, риза болды. Адамның бір жылауы, бір қуануы осыдан қалыпты.

«Қисса сүл-әнбияның» қолжазба түрінде
халық арасына тараған бірнеше варианттары
бар. Сан алуан фрагменттері әр ақынның
туындыларында кездеседі. Мысалы:

Қарынбайға ұқсарсыз,
Қайырсыз дәулет жисаңыз.
Әзәзілге ұқсарсыз,
Көре бәле қылсаңыз.

Тасбақаға ұқсарсыз,
Таразыға бұрсаңыз.
Немесе:
ШЖбүсібінен айрылған кәрі Жақып

Шылай-жылай қос көзі түскен ағып,
Денеге оқты дарытпас,

Дәуіт соққан жаланқат, – деп келеді. Мұндағы Дәуіт, Жақып, (үсіп пайғамбарлар не болмаса Қарынбай, тасбақаға ұқсау оқиғалары – «Қисса сүл-әнбияның» сюжеттері. Қиссаларды көркем тілге лайықтап жазу барысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлынын, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының, Ерімбет Көлдейбекұлының, Сейітжан Бекшентайұлының шығармаларын пайдаландық. Зер салып байқасаңыз, қиссаларды оқығанда, сіз де бір сәтке әділдік патшалық құрған мәңгілік әлемге сапар шеккендей рақат күй кешесіз. Көңілдегі қайғы-мұң басылып, оптимистік қуатыңыз артады.

Әбіл мен Қабыл оқиғасы

Ұлық Алла Адам атаға әмір беріп:

– Мен үшін Меккеге барып үй тұрғыз, – деді.

– Ол жерді қайдан табамын? – деді Адам.

– Мына құстың соңынан еріп отыр, ол саған жол көрсетеді, – деп, көкқарғаны жіберді. Көкқарға ұшып отырып, Адам атаны Мекке жеріне алып келді. Осы сапарда Адам ата, Хауа анамен қайта табысты. Екеуі шаттанып, Мұхамбет пайғамбарға қисапсыз салауат айтты. Көкқарға Адам атаға жол көрсеткені үшін, кейінгіұрпағына «оны өлтірмеңдер» деп өсиет қалдырды.

Адам ата Меккеге барып Алланың үйін тұрғызды. Одан соң Хауа ананы ертіп, Үндістан жеріне келді. Үндістан ежелден тіршілікке жайлы мекен еді. Алла тағала екеуіне риза болып, көктен жеті саулық, бір қошқар түсірді. Адам ата қой бағып, мал басын көбейтті. Қой сол кезден бастап берекелі жануарға айналыпты. Хауа ана жүнін иіріп, киім тікті. Бір күні Хауа ана бір ұл, бір қыз босанды. Ол кезде Адам ата аңшылықта жүрген еді. Алла Адам атаға аян беріп:

– Ұлыңаменің бір есімімді қосыпазан шақырып, ат қой, – деді. Адам атақуанышты хабарды естіп, үйіне жеткенше, Ібіліс оның алдын орап кетті.

Ібіліс періште кейпінде Хауа анаға келіп:

– Ұлыңа Қабылхарис деп ат қой, – деді. Харис Ібілістің бір есімі еді. Хауа ана байқамай баласына сол атты қойды. Адам ата бұл жайтты естіген соң, бір сұмдықтың болатынын сезіп қатты алаңдады.

Хауа ана екінші рет құрсақ көтеріп, дүниеге егіз бала әкелді. Адам ата ұлына Әбілмұғис, қызына Ләбуда деген есім берді. Балалары кәмелеттік жасқа келгенде Әбілді Қабылдың сыңары Ақлимаға, ал Қабылды Ләбудаға айттырды. Ақлима Ләбудаға қарағанда сұлу еді. Қабыл Ақлимаға үйленгісі келді. Бірде Адам ата қажылыққа кеткенде, Қабыдінісіне:

– Әкеміз дұрыс айттырмады. Бізді Құдай айттырсын. Кел, екеуміз Аллаға құрбан шалайық. Құрбандықтың қайсысы қабыл болса, сол Ақлимаға үйленеді, – деді. Қабыл егін егіп, Әбіл қой бағатын. Қабыл жарамсыз, нашар бір десте бидай әкеліп, тастың үстіне қойды. Әбіл отарындағы ең семіз қойын Құдай жолына арнады. Бір кезде найзағай ойнап, семіз қойға жай түсті. Ал бидай отқа өртенбеді. Ол кезде Құдай құрбанды қабыл алғанын от арқылы білдіретін.

Сонда Ібіліс Қабылдың жанына келіп:

– Әй, Қабыл, сен арақ ішпейсің, пұтқа табынбайсың. Аллаға құлшылық етесің. Бірақ Алла құрбандығыңды бәрібір қабыл алмады. Өйтіп әуре болғанша арақ ішіп, құлшылыққа кеткен уақытты қызыққа арна, – деді. Қабылға Ібілістің ақылы нанымды көрінді. Ол күйіктен арақ ішті. Қатты мас болған кезде іштарлығы шыдатпай, інісін ақыры таспен ұрып өлтірді. Әбілдің қаны жерге сіңбей, ұйып қалды. Содан бастап адам қаны жерге сіңбей, қатып қалатын болыпты.

Бұған дейін жер бетінде кісі өлімі болмаған еді. Қабыл інісінің өлі денесін қапқа салып, апталап арқалап жүрді. Жансыз дене борсып, иістене бастады. Не істерін білмей абыржып жүргенде, екі қарға бір-бірімен шұқысып, біреуін өлтіріп қойды. Тірі қалғаны аяғымен жер қазып, өлгенін көмді. Қабыл да інісін осылай топыраққа жерледі. Содан бастап адамды жерге көму парыз болды. Әкесінің қаһарынан қорыққан Қабыл сыңары Ақлиманы алды да, қашып кетті. Адам ата не болғанын білген соң: «Жалғыз бауырын өлтірген қараниет, қанішер. Ұрпағың алдыңа келтірсін», – деп Қабылды қарғапты. Осы күнге дейін кісінің қанын төгіп, адамды өлтіретін қанішер Қабылдың ұрпағы деседі. Қияметте күллі адам ұрпағы топырақтан қайта тірілгенде, адам қанын мойнына жүктеген қылмыскерлер Қабылдың сапында тұрады екен. Түрік ғалымдары Али Якай, Кемал Полат, Ахмет Челик, Адем Акынжы, Әбдірахман Қасапоғлы, Мұстафа Өзтүрік, Хадиша Керпетен қиссаларды ғылыми тұрғыда зерттеп, оның адам өміріндегі мәніне назар аударған. Ә.Қасапоғлы «Құрандағы қисса терапиясы» деген мақаласында қиссалардың психотерапиялық ем ретінде қолданылатындығын дәлелдеген. Батыста бұл «библиотерапия» деген атпен 1930 жылдан бері сауықтыру) тәсілі ретінде пайдаланылады?%

Шиш пайғамбар қиссасы

Әбіл өліп, Қабыл қашып кеткен соң, Адам атамен Хауа ананы қайғы басты. Күндіз-түні екі көзінен жаспарлап, жылаумен өтті. Алла оларды жұбатуүшін бір ұл сыйлады. Есімін Шиш деп қойды. Шиш пайғамбар өте келбетті, ғұлама ғалым еді. Есімінің өзі «ғылым үйретуші» дегенді білдіретін. Шиш пайғамбар алғаш шариғат үкімдерін реттеп, дін ғылымын жайғандықтан, Алла алдында үлкен құрметке ие болды. Құдай одан Мұхамбет пайғамбардың нұрын таза сақтап, ұрпақтарына беруге уәде алды. Олуәде жұмақтағы жібек матаға жақұт қаламмен жазылды. Жібек мата Сәкинә атты сандықтың ішінде сақталды. Шиш пайғамбардан Мұхамбет пайғамбарға дейін бұл нұр осы дәстүр бойынша ауысып келген екен. 28 Kasapoğlu A. KUR’AN’DA KІSSA TERAPİSİ. // Cumhurіyet Ünіversіtesі. İlahіyat Fakültesі Dergіsі. Cіlt: VІІІ / 2, s.70. Aralık-2004, Sіvas. Адам ата мың жылға жақын өмір сүріп, дүниеден өтерінде Шишті шақырып бес түрлі өсиет айтты:

– Әй, Шиш, бұл өсиетті жадыңа тоқып, ұрпағыма жеткіз. Бірінші, тілегің ұлық болсын. Жұмақтың рақатына емес, Алланың дидарына ынтық бол. Екінші, бір істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кес. Үшінші, әйелден күшің емес, ақыл-ойың артық болсын. Жарыңаадал бол, үйіңе береке кіреді. Әйелді әлпештеп ұста, ұрпағың мейірімді боп өседі. Төртінші, көппен санас, білгенге құлақ ас! Өзімбілемдікке салынба! Мен періштелермен ақылдасқанда, бидайды жемес едім, тауқымет тартпас едім. Бесінші, бір іске кез келсең, көңіл сенбей, сенбе! Мен бидайды жегелі тұрғанда, жүрегім қаламады. Анаңның көңілін қимай жей салып едім, аяғы осындай болды. Соңғы айтарым, Мұхамбет пайғамбардың нұрын сақта! – деді.

Осылайша Адам атаның да дәм-тұзы таусылып, бақиға аттанды. Жебірейіл періште жұмақтан кебін әкелді. Періште мәйіттімейрам суымен жуып, арулап көмуді Шишке үйретіпті. Шиш жаназа оқып, әкесін жер қойнына тапсырды. Марқұмды жуындырып, кебіндеп, оған жаназа оқу және оны қабірге жайғастыру; жерлеген соң басына белгі тұрғызу рәсімі Шиштен қалыпты. Кейін қырық бес жылдан соң Шишке пайғамбарлық қонды. Адам балалары мен жындар оның әміріне мойынсынды. Шиш дүниеден өткенде нұр оның Анош, яғни «Шыншыа» деген ұлына көшті. Ең алғаш құрма өсіріп, жемісін жеп, берекетін көрген осы Анош екен. Оның шөпшегі, яғни төртінші ұрпағы Ыдырыс пайғамбар болды. ХІХ-ХХ ғ.ғ. Ресей империясы тарапынан көшпенділер өркениетіне рухани экспансия басталды. Ресейлік миссионерлер Құран мазмұндарын Інжілмен алмастыру үшін арнайы аударма мектебін ашып, Інжіл сюжеттерін сол кездегі қазақ тіліне барынша жақын етіп аударып таратты. Ғалым Гүлбаршын Адамбаева 1860-1917 жылдар арасында қазақ тіліне осындай 72 кітаптың аударылғандығын жазады. 1895 жылғы 5 шілдедегі Түркістан епархиясының кеңесіндегі хаттамада Орынбор оқу окрутінің 115 дана кітапты аударып, қазақ тілінде орыс әрпімен басып шығарғаны тіркелген. Сонымен қоса, хаттамада бұл кітаптардың қазақ халқын православие дініне кіргізуге үлкен ықпал ететіні, сондайақ миссионерлер үшін таптырмайтын көмекші құрал екендігі айтылады??. Ел ішіндегі көзі ашық, рухани майданға қабілетті сауатты қазақтар осы экспансияны тоқтатуға әрекет етті. Олар бұрынғы түркі-шағатай тілдерінде айтылған қисса сюжеттерін қазақ тілінде қайта жырлап, олардың барлығын кітап етіп шығарды. Совет өкіметі орнағанға дейін Қазан, Уфа баспаларында 700-ге жуық кітап басылып шықса, онын 500-ге жуығы қисса-дастандар еді?2. Ал қазақ тілінде кітап бастыру ісінде алғашқы кітап «Сейфүл-Мәлік қиссасы» деген атпен 1807 жылы Қазандағы «Азиатская типоғрафия» деген баспаханадан басылып шыққан. Сол жылы Қазан ?имназиясына қарасты «Азия» баспаханасы Қазан университетінің қарауына көшіп, «Азиатская типоғрафия» деп аталып, біртіндеп қазақша кітаптар шығару ісіне кіріседі. Деректерге қарасақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде он-он бес аталымдағы қазақша кітаптар басылып шыққан. Олардың дені шығыс және қазақ фольклорының үлгілері, түркі ақынсопыларының шығармалары, әкімшілік-басқару құжаттары болды. 1807-1918 жылдары аталған университет баспаханасында 250 қазақ кітаптары басылып шыққан. 135 басылым 606 300 данамен жарық көрген. Бұлардың арасында қазақ ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдебиет басым болды”. Тарих қайталанады. Қазір де әр түрлі ақпараттар тасқынының арасында қалған көшпенділердің бүгінгі ұрпағы көне заманнан келе жатқан рухани қазыналарды оқыпүйренуге мұқтаж болып отыр.

Ыдырыс пайғамбар қиссасы

Ыдырыс пайғамбар ғалым болыпты. Оның есімі «дәрісті көп оқыған» дегенді білдірді. Құдай оған он қасиетті нәсіп етті. Бірінші – пайғамбарлық. Екінші – ғалымдық. Үшінші – жазуғылымын жасады. Төртінші – зергерлік. Бесінші -қару-жарақ жасады. Алтыншы – соғыс өнерін жетілдірді. Жетінші – соғыс тұтқындарын өлтірмеу; қорламау тәртібін ендірді. Содан бастап тұтқынның құлақ-мұрнын кесу, мәйіттерді кескілеу, оларды жерлетпеу қылмыс болып саналды. Сегізінші – киім тігуді үйретті. Тоғызыншы – кәлима айтып, көпшілікті иман нұрымен баураған. Оныншы – пейішті 2 Адамбаева Г. Миссионерлік әдебиеттің қазақша аудармаларының тілі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2010.

9 Қаримуллин А. У истоков татарской книги. – Казань, 1971. 5 Адамбаева Г. Миссионерлік әдебиеттің қазақша аудармаларының тілі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2010. аралап, сонда қалып қойған. Қиямет-қайымға дейін ол- сол жерде тірі болатын төрт пайғамбардың бірі. Ыдырыс нәби жер мен көктің жаратылысына қарап, одан ғибраталатын. Халыққа: «Уа, халайық! Әр нәрсеге назар салып қараңдар! Ұлық Алла неткен шебер! Ол өте мейірімді. Сіздер мен біздерді махаббатпен жаратып, есепсіз нығмет берді», – деп үлгі шашатын. Пайғамбардың құнарлы ойлары адамдардың жүрегін оятып, олардың жарлы болса да, арлы болып өмір сүруіне ықпал етті. Ол Құдайға: «Жаратушы жомарт иеміз! Бізге ілім бер!» – деп ұдайы жалбарынатын. Тілектері қабыл болып, отыз парақтан тұратын кітап түсті. Бұқара халық кітап оқып, арам мен адалды айыруды үйренді. Дәрет алып таза жүру; ғұсыл құйыну, шаш-тырнақты күтіп ұстау парыз болып бекіді. Осыдан бастап «шашы өскеннің елі кәпір, тырнағы өскеннің өзі кәпір» деген сөз қалыпты. Бір күні Ұлық Алла періштелерге «Ыдырыстан асқан білімді жоқ» деп мақтанды. Періштелер Ыдырысты Алланың рұқсатымен қонаққа шақырып сынамақ болды. Сұхбат үстінде Ыдырыс Әзірейілге:

– Жан тапсырып көргім келеді. Жанымды алып, қайта салшы. Өлім халін бастан кешіп көрейін, – деді. Әзірейіл Ыдырыстың жанын табанынан тартып, мұрнынан суырғанда, Ыдырыстың жан дауысы шықты. Жанын қайта кіргізгенде, Ыдырыс:

– Жан шіркін тәтті екен! Қатты қиналдым. Адамның өлімнен не үшін қорқатынын енді түсіндім. Ысрапыл сүр үрлегенде, дүние астаң-кестең болады екен. Сол құдіретті көргім келеді. Сүр үрлеші, – деді Ысрапылға. Құдай досының көңілін қимай, ол кернейін тартты. Керней тартқанда Ыдырыстың зәресі қалмады.

– Сүрдің дауысы зәрлі екен. Айбатынан он сегіз мың ғалам дірілдеді. Зәрем зәр түбіне кетті. Енді қыл көпірден өтіп, жеті тозақты көргім келеді, – деді. Мәкайыл оны қыл көпірден алып өтіп, тозақты көрсетеді. Тамұқтағы сұмдықты көріп, жаны шошиды.

– Тозақ қорқынышты екен. Алла пендесін тозаққа тастаудан сақтасын! Енді жұмақты аралап көрейін, – деп Жебірейілге қолқа салды. Ол да Құдай досының көңілін қимай, келісіп:

– Жарайды, бірақ шартым бар. Жәннатқа кірген адам қайтып шыққысы келмейді. Қайта шығам деп уәдеңді бер, – деді. Ыдырыс сөз берді. Жебірейіл оны ертіп, жұмақтың сегіз қабатын түгел аралатып көрсетті. Ыдырыс сәмбі талдың жанына келгенде бір кебісін әдейі ұмыт қалдырды. Аралап болған соң пейіштен шықты. Пейіштен ұзай бергенде:

– Жәннатта бір кебісім қалып қойды. Тез барып,алып келейін, – деп Жебірейілден рұқсат сұрады. Жебірейіл:

– Жарайды, тек тез кел, – деді. Пайғамбар сол кеткеннен мол кетті. Кешіккен сайын Жебірейіл мазасызданып тұрды. Шыдамы таусылып, Ыдырысты іздеп қайта кірді. Қараса, пайғамбар әлгі сәмбі талдың саясында дамылдап жатыр екен.

– Әй, Ыдырыс, бұл не жатыс? Мен сені күтіп тұрмын ғой. Шық сыртқа, – деді. Пайғамбар таңданып:

– Шыққаны қалай? «Жұмаққа бір кірген адам қайта шықпайды» деп өзің айттың ғой? – деді.

– Иә, бірақ сен қайта шығамын деп уәде бергенсің?

– Мен уәдемде тұрып, пейіштен шықтым. Екіншісінде кебісімді алу үшін кірдім. Ол кезде уәде бергенім жоқ.

– Адам жұмаққа кіру үшін алдымен өліп, қайта тірілуі керек.

– Оны білемін. Әлгінде Әзірейіл жанымды алғанда бір өліп, тірілгенмін.

– Адам қайта тірілу үшін қиямет болуы керек.

– Әлгінде Ысрапыа, сүр үрледі. Мен қияметтің дауысын естідім ғой, – деді. Сөзден жеңіліп бара жатқан Жебірейіл сасқалақтап:

– Жұмаққа кірер алдын қылкөпірден өту керек, – деді. Сонда Ыдырыс:

– Мәкайылмен бірге қылкөпірден өтіп, тозақты аралап шыққаным есіңнен шығып кетті ме? – деп сұрады.

Періште сөзден жеңілді. Сол кезде Алла:

– Әй, Жебірейіл, сөз тапқанға қолқа жоқ! Оны білімді деп айттым ғой сендерге. Ыдырыс айласын асырды. Енді оның жұмақта мәңгі бақи қалуына рұқсат, – деді.

Ыдырыс содан бері пейіште екен.
1920-1930 жылдары СССР-да дінмен күрес
жүргізілді. Лениннің бұқара халық арасында

материализмді насихаттауға, дүмше діншілдікті жою турасындағы нұсқауларынан соң атеизмді, құлайсыздықты насихаттау науқаны қарқынды жүрді. Молдалар мен ишандарды қудаланып, халықтың діни наным-сеніміне соққы

беру мақсатында діни кітаптардын барлығы
өртеуге, жоюға ұшырады.
1918 жылғы 23 қаңтарда Халық комиссарлары декретімен
Мемлекет пен діни орындар бір-бірінен ажыратылды. 1919

жылы Ресей коммунистік партиясының РКП(6) ҮШІ
сәезінде дін мен мектепті ажыратып, діни дүмшелікті
түбегейлі жою шешімі қабылданды.

Нұх пайғамбар қиссасы

Нұх пайғамбардың әуелгі аты Жәскер еді. Көп жылағандықтан, «Нұх» атанып кетіпті. Оның қауымы жаманға дос, жақсыға қас боп шыға келетін кілең кертартпа болды. Шалдарының аузының дуасы жоқ, малта езер мылжың. Ересектері ерегіс десе, етігімен жата кететін. Қатындары өсек айтудан аузы босамайтын. Кісіге жала жабуүйреншікті іс болды. Жастары шетінен қыңыр, қырсық. Надандықтан құтылуға тырыспайтын. Бас қосса, «Жақсының жағасынан алдым» деп мақтанатын. Жыл он екі ай өнбейтін дау қуатын. Қыздары күлегеш, ышқырлары бос еді. Бозбалалары боқтық сөзбен сөйлеп, иба, әдептен жұрдай болды. Екі үйдің бірінде мас қылатын ішімдік дайындалатын. Той-томалақ, сауық-сайран төбелессіз тарқамайтын. Түзелуге тырыспаған туыстары мен жалақор жақындарынан пайғамбардың көңілі қалды. Әбден ыза буғанда ел-жұртына қарғыс айтып жіберді. Қарғыс дұғасы қабыл болып, Алла топан су жіберетін болды.

Бір күні ол шаттанып тұрған Ібілісті көрді.

– Әй, малғұн, неменеге масаттанасың? – деп сұрады.

– Сенің арқаңда менің тозағым толатын болды, соған қуанып тұрмын, – деді.

– Неге олай дейсің? Мен саған қандай жақсылық жасадым?

– Сен өз еліңе қарғыс айттың. Ол қабыл болып топан су келеді. Апаттан қырылғандар менің тозағыма түседі.

Мұны естіген Нұх өкініп:

– Сабыр қылғанымда дұшпан дәл бұлай семірмес еді, – деп көп жылдар бойы бас көтермей жылады. Алладан халқы үшін кешірім сұрады. Алла тағала Нұхтың зарын естіп:

– Ей, Нұх, енді маған залымдар хақында ештеңе деме! Олардың бәрі суға кетеді. Олар азғындап бітті. Үлкен бір кеме жаса. Тура жолды тапқысы келетін ниеті түзуге кеменің есігі ашық болсын, – деп бұйырды. Жебірейіл періште жұмақтан шынар ағаштың дәнегін әкелді. Оны пайғамбар таудың басына екті. Шынар ағашы алып бәйтерекке айналғанда, Нұх одан кеме жасауға кірісті.

Нұхтың кеме жасауы

Нұхтың заманында бір алып адам болыпты. Оны Құж деп атайтын. Құж кесір мінезді, ешкімнің ақылын алмайтын, оң істі терісінен істейтін қыңыр болыпты. Ұзын бойы таудан асып, бұлттар алқа сияқты мойнына киіліп тұратын. Ол жалғыз өзі таудың үңгірінде жататын. Құждың бір ғана қайғысы – қарнын тойғызу. Ішегі тәулік бойы шұрқырап тұратын. Ертелі-кеш орманнан отын шауып, нәпақасын айырып жүрді. Бірде Нұх Құжды шақырып, ағаштарды тасып беруін өтінді. Сонда Құж:

– Қарнымды тойғызсаң, ағашты тасиын. Осыған дейін майлы ас жеп, қарным жұбанған емес. Тойып тамақ ішу – маған арман, – деді.

– Айтқаның болсын, – деді пайғамбар. Құж ертесіне Нұхтың ағаштарын тасып берді. Жұмысы біткен соң, Нұх оның алдына бір шелпек әкеліп қойды.

– Өй, мынауың жұмырыма жұқ болмайды ғой, – деп Құж ашуланды.

– «Біссіміллә» деп же, сонда тоясың, – деді пайғамбар. Құж «біссміллә» деп шелпектің жартысын жегенде тоқтығы білінді. Жартысын қалтасына салып алды. Қарны тойғанға мәз болып, жөніне кетті.

Нұх Жебірейілден:

– Ағаш дайын. Кемені қалай жасаймын? – деді.

Жебірейіл періште үйректі көрсетіп:

– Ана үйрекке қара. Кеменің тұмсығы үйректің мойны сияқты иіліп, алға қарай шығып тұрсын. Тұмсығы желді қақ жарып, айнымай жүзуі үшін керек. Кеменің арты үйректің құйрығына ұқсасын. Бұрылғанда оңай болады. Үйректің бауырында денесіне су дарытпайтын май болады. Сен де кеменің астына қара май жақ. Сонда кеменің ағашы шірімейді, – деп кеңес берді.

Ел-жұрты жиылып:

– Теңіз жоқ жерде кеме не үшін керек? – деп әжуалады. Сонда пайғамбар:

– Ертең Алла топан су қаптатады. Құрғақ жер қалмайды. Әлі де кеш емес. Қорқыңдар Құдайдан. Тәубешілді Алла апаттан аман алып қаламын деп уәде етті, – деді.

Теңіз алыс болғандықтан, кеме олар үшін жат еді. Бір күні бір сайқымазақ кемеге кіріп, дәрет сындырды. Онымен қоймай, «Нұх дәретхана салып жатыр» деп сөз таратты. Ел-жұрт кеменің ішіне дәрет сындыруды әдетке айналдырды. Кеме зәр сасып, іші нәжіске толды. Нұх:

– Уа, Алла, енді не қылдым? Кеме әбден былғанды. Қалай тазартам? – деп зар иледі. Алла тағала:

– Кемені кім былғады, сол тазалайды, – деді. Ертесіне шаһар халқына Алланың әмірімен қотыр келді. Адамдар жаппай қышынып, қасына бастады. Тоқтаусыз қасынып, үсті-бастары жосадай қан болды. Қотырға ем таппай, дал болды. Баяғы сайқымазақ әдетінше кемеде дәрет сындырып отырғанда, қотырын қасимын деп, нәжісіне тайып жығылды. Сол сәттен бастап қышуы сап тыйылды. Қуанып кеткен ол елге жар салып: «Оу; халайық, кемеде шипа бар. Кім ішіне барып аунаса, қотырдан құлан таза айығады», – деді. Өңкей кесел кемеге лап қойды. Кірген бойда нәжіске қарамай, аунай бастады. Расында да бәрі жазылып, жандары жай тапты. Олар бір-біріне: «Бұдан былай кемеге дәрет сындырмайық. Ауырғанда таза жерге аунайық»,

– деп, оны жуып-шайып, айнадай жарқыратып қойды. Нұх Алланың шеберлігіне риза болды.

Кеме дайын болған соң, Нұх пайғамбар:

– Иә, Алла, кемеге жетерліктей азықты қалай жинаймын? – деп сұрады. Ұлық Алла:

– Құлым, қам жеме. Ертең кемені азыққа толтырамын, – деді. Нұх пайғамбар ертесіне келсе, құмырсқалар аузына бір-бір дәннен тістеп, кемеге тасып жатыр екен. Нұх оларға риза болып, кемеге ең алғаш құмырсқаны кіргізіпті. Азық-түлік жиналған соң, Нұх:

– Топан су қашан келеді? – деп сұрады Алладан.

– Әйеліңнің тандырынан су шыққанда, – деді Алла. Арада көп уақыт өтпей, әйелі от жағып отырғанда, тандырдың түбінен сыздықтап су шықты. Нұх апаттың басталғанын бірден біледі. Ол өзіне ерген момындарға хабар жіберді. Өзі де асығыс барлық мақұлықты жұп-жұбымен кемеге жайғастыра бастады. Осындай қапылыста есек ішке кірмей, табалдырықта тұрып қалды. Нұхты ашу қысып:

– Әй, малғұн, кірсейші тез! – деп айғайлап жіберді. Сол кезде ішке есек емес, Ібіліс кіріп үлгерді.

– Саған кім рұқсат берді? Шық! – дегенде Ібіліс:

– Малғұн – есектің емес, менің атым. Маған кір деген өзің, – деп уәж қайтарды. Нұхтосылып қалды. Сонда ұлық Алла:

– Ібіліс менің кеңдігіммен кірді. Оны қума. Қиямет-қайымға дейін адаммен бірге жүреді, – деді.

Бәрі жайғасып жатқанда, топан су өрлеп келе жатты. Жұрты далбасалап тауға қашты. Судың деңгейі де көтеріле берді. Оған көктен нөсер қосылды. Селге сел қосылып, тасқын су шаһарды лезде шайып кетті. Алла Нұхқа әмір етіп:

– Нұх, менің әділ Құдай, кең Құдай деген сипатым бар. Соңғы сәтте тәубе қылса да, оларға рақмет қақпасы ашық. Ең соңғы тұрғын опат болғанша, кеменің есігін жаппайсың, – деп бұйырды. Нұх «райынан қайтқандар болса, кірсін» деп күтіп тұрды. Таудың ұшар басына тығылғандар кемеге жете алмай, сол жерде опат болды. Топан су толық басқанда есік жабылды.

Нұхпайғамбар қарбалас болып бидай дәнін ұмыт қалдырады. Тәңірдің Адам атаға арнайы берген несібесін ұмытқанына уайым шегеді. Не істерін білмей торығып отырғанда қасына ит келіп, аузына тістеген бидай масағын береді.

– Ырзығымды өзіммен бірге ала кірдім, – деді ит. Нұх оған риза болып:

– Менің ұрпағымның адал серігі. Үйдің құты бол! – деп басынан сипапты.

Жаңбыр қырық күн, қырық түн нөсерлетті. Сұрапыл апаттан екі мақұлық аман қалды. Бірі – Мыстан кемпір, екіншісі – Құж. Мыстан кемпір суға батпай жүре беретін. Құрғақ құрлық қалмаған соң, тамақ таппай, ақыры аштан өлді. Топан су Құждың тізесінен зорға асыпты. Ол қарны ашса, судан балық сүзіп, оларды күнге қақтап жейтін. Құж құрғаққа шықпаған соң, сирағы шіри бастады. Балтыр еті жидіп, сүйегі көрінгенде жүруден қалып, құлауға айналды. Сол кезде Нұхтың кемесі алдынан шыға келді. Шайқалақтап әрең тұрған Құж тура кеменің үстіне құламақ болды. Құждың қыңыр мінезін жақсы білетін Нұх:

– Біздің үстімізге құла! Кемені басып қал! – деп айғайлады. Құж қырсығы ұстап, кері қарай құлады. Кеме аман қалды. Құждың денесі шірігенде, сирақ сүйегі Ніл дариясының үстіне көпір болып қалған екен.

Нұхалты ай жүзді. Су тартылып, жаңбыр тоқтады. Пайғамбар кеме шалдыратын құрдық іздеді. Сонда әлемдегі асқар таулар:

– Нұхтың кемесі маған тоқтайды, – деп таласты. Қазығұрт тауы ғана: «Кемеге тұрақ болуға лайық емеспін. Тым аласамын. Асқар таулар тұрғанда Құдай мені қаламас», – деп, тәкаппарлық көрсетпей, кішірейіп тұрды. Құдайға Қазығұрттың сынық мінезі ұнады.

Қазығұрт кішік болғаны үшін Ұлық Алла Нұхқа: «Кемені Қазығұртқа бұр!» – деп әмір берді. Кеме Қазығұрт тауына сау-саламат жетіп, тіршілік сол мекеннен қайта тарады. Кемеден шыққан соң үлкен мейрам болды. Пайғамбар шүкіршілік етіп, той жасады. Олар көктемнің алғашқы айында құрлыққа шыққан екен.

Наурыз мейрамын тойлау содан бастап дәстүрге айналды.

Нұх пен кемпір

Нұхтың заманында бір кемпір өмір сүріпті. Ол жалғыз сиырын сауып, сүтінен қатық істеп, пайғамбарға әкеп береді екен. Әр келгенде:

– Шырағым-ау, ертең топан су қаптаса, мені де, сиырымды да кемеңе салып алуды ұмытпа, – дейді екен. Сел басталғанда абыр-сабыр болып жүріп, Нұх кемпірді ұмытып кетеді. Қазығұртта наурыз тойлап жатқанда, баяғы кемпір қатығын алып келіп тұр екен.

– Бұл не той? Топан су қашан болады? Апат келсе, бізді ұмытпа, қалқам! – деп өтінді. Нұх ұялып қалды. Кемпірден кешірім сұрап, болған жайды баяндады. Сонда кемпір:

– Бәсе, бірнеше ай болды сиырдың аяғы өрістен балшық боп қайтады. Құрғақ жерде мына қақпас ненің суын кешіп жүр деп ойлаушы едім. Адамды сонша шошытқан топан суың сол ма? – депті. Нұх кемпірді ұмытып кеткенімен, досына жақсылық қылған кейуананы мейірімді Алла естен шығармапты.

Тағы бір аңызда Нұх пайғамбар кемесіне күллі хайуанның тұқымы жайғасқан кезде біразына орын болмай қалады. Олардың қатарында Құлан, Қыран, Қоңыр атты әулиелер орын болмаған соң, ағаштан сал жасап, Нұхтың кемесіне тіркеледі. Ағынмен келе жатқан кезде үш әулиенің салы үш жаққа кеткен екен дейді. Топан су қайтып, тау-тастар көріне бастаған кезде әулиелердің салыүштауға бөгеліп тоқтапты. Қызылтауда Құлан әулие, Ақбеттауда Қыран әулие қалыпты. Қоңыр әулиенің салы ең соңғы болып Шыңғыстауға келіп тірелген көрінеді.

Нұхтың үш баласы

Апаттан Нұхтың Сам, Хам, Жаппас деген үш баласы, келіндерімен аман қалды. Бірде пайғамбар шаршап, шынар ағаштың саясында ұйықтап жатты. Желден оның көйлегінің бір шеті түріліп, әуретті жері көрініп қалды. Хам әйелі екеуі бір-біріне ишара қып күліп отырады. Кіші ұлы Жаппас мұны байқап қалып, әкесінің ұятты жерін дереу бүркеп, әлек болады. Сам күлгені үшін Хамға дүрсе қоя береді. Айғайшудан әкелері оянып кетті. Ол күлкісін тыя алмай отырған келіні мен Хамды көріп, ашуланды. Сол кезде Алладан әмір келіп:

– Әй, Нұх, әкесіне жақпаған, маған да жақпайды. Әдепсіз болғаны үшін Хамның ұрпағында ұят жағы кем болар. Әкесіне жасағанын алдарына келтірем. Әуреттері жабылмай жалаңаш жүреді. Ұрпағы не тамаққа, не ғылымға жарымайды, – деді. Алла тағала Хамның ұрпағын қара түсті нәсілге айналдырыпты.

Кейін Нұхтың үш ұлы әке өсиетімен әр тарапқа таралды. Үлкен ұлы Сам парсы жеріне қоныстанды. Одан қазіргі парсы, грек жұрты тарады. Хам Үндістанға жол тартты. Ал, Жаппас қара шаңырақта, Тұран даласында қалды. Одан Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мың, Шын, Кеймар, Тарих есімді сегіз бала туды. Нұх пайғамбар топан судан соң, үш жүз елу жыл ғұмыр кешті. Мұхамбет пайғамбардың нұры одан тұңғыш ұлы Самға көшті. Оған кәлима айтып, пайғамбар нұрын таза сақтауды өсиет етті. Дәм-тұзы таусылған шағында Нұхқа Жебірейіл періште келіп:

– Әй, Нұх, бүкіл пайғамбардың ішінде ең ұзақ жасағаны – сенсің. Өмір қандай екен? – деп сұрады.

– Өмір шіркін бір есіктен кіріп, екінші есіктен шыққандай екен. Мың жыл ғұмырым жарқ еткен найзағайдай өте шықты, – депті.

1923-1928 жылдары құдайсыздық науқаны күшейді. Совет өкіметі «Безбожник» журналын тарата бастады. Мұғалімдерге, дәрігерлерге және коммунистік партияға өткен көзі

ашық адамдарға халыққа атеистік сенімді
насихаттау міндеті жүктелді. Молдалар да
өз кезегінде коммунистерге қарсыласып баққан.
Діни орындарды жапқанына, кітаптардың

өртелгеніне қарамастан, діни қиссалар айту
арқылы өз насихаттарын жүргізе берді.

1923-1928 жылдар аралығы екі жақтың тепе-тең түскен кезеңі саналады. Себебі, қисса айту дәстүрі большевиктік үгіт-насихат жұмысын жүргізбей тастады. 1928 жылдан бастап коммунист билігі ишандарды жою жөнінде қатан қаулы қабылдады. Жер-жерде ишандарды қудалау науқаны басталады.

Дәуіт пайғамбар қиссасы

Дәуіт әрі пайғамбар, әрі патша болды. Ол әділ патша атанам деп, жұпыны киініп, елді аралап жүретін. Кездескен адамынан:

– Патшаңыз қандай кісі? – деп сұрайды екен. Олар жарыса:

– Патшамыз өте әділ. Біреуге қылдай қиянат қылған емес. Тақта отырса да, елдің жағдайын бес саусағындай біліп отырады. Көреген әрі ақылды, – деп мақтаса, көңілі марқайып қалады екен. Бір күні базардағы етікшіден:

– Патшаңыз қалай, жақсы ма? – деп сұрады. Қарт:

– Жоқ, нашар. Үнемі елді аралап, қыдырып жүреді. Жаны қиналып кәсіп қылмайды. Халықтың есебінен ішіп-жейді, – деді. Бұл сөз Дәуіттің жүрегіне ауыр тиді. Ол Құдайға:

– Иә, Алла, нанымды адал тауып жейін. Маған өнер үйрет, – деп жалбарынды. Алла оған сүйек тістеген бір итті жіберіп:

– Ақылды болсаң, осы иттен кәсіп үйрен, – деді. Дәуіт «ит маған не үйретеді?» деп қомсынып тұрды. Сол кезде ит алдыңғы екі аяғын айқастырып, сүйек мүжиді. Дәуіт иттің аяқпен жасаған амалына қарап, қысқаш ойлап табады. Жаңа сайман темірді қысуға өте ыңғайлы боп шыға келеді. Ұлық Алла ит екеш иттен арланбай өнер үйренгені үшін оған риза болып, ұсталық қасиет дарытады.

Дәуіт ұсталықты кәсіп етіп, адал нан табады. Ол көптеген құрал-сайман жасап, елдің игілігіне жаратады. Сырға, білезік соғып, зергерлікті дамытады.

Осылайша ел арасында «Зергердің пірі – Дәуіт пайғамбар» деген сөз қалыпты.

Дәуіт пен Әзірейіл періште қиссасы

Бірде Дәуіт пайғамбар мен Әзірейіл періште сұхбаттасып отырғанда, олардың үстіне Дәуіттен қарыз сұрап бір жігіт кіріп келді. Дәуіт оған ақша берді. Ол кеткен соң, жан алушы періште:

– Ей, Дәуіт, сен мына жігітке қарыз беріп жатырсың. Құдайдың әмірімен жігіттің жанын жеті күннен соң аламын. Ол ажалынан бейхабар. Ақиретпен ісі жоқ. Сауда жасаймын деп сенен қарыз алып жатыр, – деді.

Арадаекіапта өткен соң, жігіт Дәуітке қарызын қайтарады. Пайғамбар оның тірі жүргенін көріп, Әзірейілден:

– Мына жігіт сау-саламат әлі жүр ғой, – деп сұрады. Сонда Әзірейіл:

– Жоқ, Дәуіт. Жігіттің ажалы толып еді. Сенің үйіңнен шығып бара жатып, жолда қайыршы жетім баланы көрді. Оған мейірімі түсіп, қолындағы бар ақшасын бере салды. Жетім бала қуанып: «Аға, Алла сізге өмір берсін!» – деді. Жетімнің тілегі қабыл болып, Алла оның ғұмырын ұзартты. Несібесін көбейтті, – депті.

«Садақа бәлені жояды» деген нақыл сөз осыдан қалған екен.

Дәуіттің отыз ұлы

Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда, ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой» деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетті. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып, «Расында да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық ойлады. Намаз бітіп, бата жасаларда, отыз ұлы сәждеден тұрмай қалды. Дәуіт секем алып, тіксініп қалды. Астамшылық ойлап, халықты күтпегені үшін, Алла оның отыз ұлына сол мезетте қаза жеткізген екен. Қателігін түсінген Дәуіт қырық күн бойы бас көтермей, Алладан кешірім сұрап, жатып алды. Рахман Құдай оның күнәсін кешіп, Дәуітке:

– Отыз ұлыңды қайтарып берейін бе? Әлде отызына татитын бір ұл берейін бе?

– деді. Дәуіт:

– Аллаға екі еткен жараспайды. Пендесі Оның жіберген қазасымен таласпайды. Құдай салды, біз көндік! Отызына татитын тағы да бір ұл бер, – деді. Ұлық Алла тілегін қабыл алып, көп кешікпей ұлды болды. Есімін Сүлеймен деп қойды.

Репрессия жүргізген орғандардың мәліметіне
қарағанда, 1923-1924 жылдары СССР-де 2469
мұсылман дін қызметкерлері тұтқынға алынып,
жазаға ұшыраған. 1931-1932 жылдары олардың

саны 19 812 адамға дейін жеткен.

Қазақстанда ресми деректер бойынша 900 дін ғұламасы қылмыскер деп танылып, 431 адам, яғни 44%-ы ату жазасына кесілген. Бұл жазаланған адамдардың негізгі бөлігі – дін ілімін өте терен меңгерген, медреселерде тәлім алған тұлғалар. Қазақстанда 1930-1940 жылдары 800-ге жуық ишан-молдалар қамалса, 1940-1950 жылдары 130-дай адамдар тұтқындалған. 1928 жылдан бастап, әсіресе 1937 жылдан кейін елде дін адамдарын жаппай қудалау, молда, ишандарды, хазірет, ахундарды түрмеге қамап соттау басталды.

Сүлеймен пайғамбар қиссасы

Сүлеймен пайғамбарға Алла тағала жер бетіндегі жортқан аң, ұшқан құс, судағы балықтың тілін білетін қасиетті дарытыпты. Ол сыртқа шықса, тау; тас, ағаштар өздерінен хабар беріп, кәдеге жаратуын сұрап тұратын. Біреуі «менде алтын, күміс бар, соныал» десе,енді біреуі «қойнымдаінжу; жақұт жасырылған, игілігіңе жарат» дейтін. Сүлеймен жастайынан шешендігімен, даналығымен көзге түседі. Бірде екі кісі дауласып, Дәуіттің алдына келеді. Біреуі:

– Егініме сиырын жіберіп, бидайымды жегізді. Бала-шағам аш қалды, – десе, екіншісі:

– Егінін қоршап қоймай ма? Сиырда ақыл бар ма? – деді. Дәуіт әрі-бері ойланып, егіншіге:

– Сен астығың үшін сиырын ал, – деп билік айтты. Малшы егіншіге сиырын бермеді. Дау өршіп, Дәуітке тағы келді. Сол кезде есік аузында ойнап отырған Сүлеймен:

– Әке, билігің қате. Егінші тамақтан тарықпас үшін сиырды алып, суалғанша сүтін ішсін. Егіні піскенде малшыға бидайдан үлес берсін, – деді. Бұл сөзге малшы да, егінші де риза болды. Бірі сиырын, бірі егінін беріп, дос болып кетіпті.

Сүлеймен мен Былқыс

Бір күні Сүлеймен аң, құстарды түгел жинайды. Сөйтсе, жиналысқа көкек келмей қалады. Сүлеймен қаһарланып, оны алып келуге бүркітті жұмсайды. Бүркіт көкекті тауып алып келеді. Сүлеймен:

– Қайда жүрсің? – деп сұрайды. Көкек:

– Саба атты қалаға бардым. Нағыз ертегілер елі екен. Онда Былқыс деген ару патшаны көрдім. Ай десе аузы, күн десе көзі бар, балдан тәтті сөзі бар хас сұлудың нағыз өзі екен. Нәзік дауысына мас болып, үш күн естен танып жаттым, – деді. Сүлеймен Былқысқа сыртынан ғашық болады. Көкекті елшілікке жіберіп, оны өзіне қонаққа шақырады. Былқыс сән-салтанатымен бірге келмек болады. Бірақ алдын ала Сүлейменге хабар жіберіп:

– Егер хақ пайғамбар екені рас болса, менің сынағымнан өтсін. Жүз адамды бірдей етіп киіндірем. Олардың түріне қарамастан, ұл не қыз екенін айырсын. Құмырамды суға толтырсын, бірақ оған жер бетіндегі ешбір судан алып қоспасын. Жіберген биелердің буаз-қысырын сыртынан қарап айтып берсін. Жақұт тастар жіберем. Асыл тастарға ешбір дию-пері, адамның қолын тигізбей ортасынан тессін де, жіп өткізіп, алқа етіп өзіме қайтарсын. Мен Сүлейменнің сарайына жеткенше, менің тағым өзімнен бұрын барып, күтіп тұрсын, – деп шарт қойды.

Сүлеймен Былқыс жіберген 100 адамға:

– Жерге жайғасып отырыңдар, – деді. Олардың тең жартысы малдас құрып отырды. Соған қарап ұл-қызын бірден айырды. Аспандағы бұлтқа әмір беріп, құмыраны аспан суына толтыртты. Биелерді қуып айдатады. Ішіндегі тез терлеген биелерді көріп, олардың құлынды бие екенін бірден білді. Жақұт тастарды пейіштен екі құрт келіп тесіп берді. Ортасынан жіп өткізіп, алқасын өзіне қайтарды. Кезек Былқыстың тағына келгенде Сүлеймен:

– Кім Былқыстың тағын жылдам әкеледі? – деп сұрады. Самұрық құс:

– Орныңнан тұрып-отырғанша тақ осында болады, – деді. Сәмәндүн деген дию:

– Басыңды солдан оңға бұрғанша әкеп беремін, – деді. Асыпұлы Барқия деген әулие тұрып:

– Көзді ашып-жұмғанша жеткізе аламын, – деді. Сүлеймен Асыпұлының кереметін көргісі келіп, оған рұқсат етті. Көзді ашып-жұмғанша, алтын тақ алдында тұрды. Сүлеймен:

– Қалай жылдам әкелдің? – деді. Ол:

– Ұлық Алла адамның рухын бәрінен артық етіп жаратқан. Адамның жүрек көзі ашылып, рухы кемеліне келсе, әлемде қол жетпейтін нәрсе болмас, – деді. Сүлеймен риза болып:

– Осының бәрі- мейірімді, ұлық бір Алланың шексіз шарапаты, – деді. Осылайша Сүлеймен Былқыстың барлық сынағынан сүрінбей өтіп, оны өзіне адал жар етіп алыпты.

Есек пен өгіздің хикаясы

Бір кісі Сүлейменге келіп:

– Жануардың тілін үйрет, – деп өтінді. Сүлеймен:

– Оны қайтесің? Басыңа бәле шақырады. Одан да үйіңе береке кіргізіп, шаңырағыңа шаттық ұялататын рухани ілім үйрен, – деді. Келген адам өзеуреп отырып алды. Болмағасын Сүлеймен:

– Үйретем, бірақ жан баласына жақ ашпайсың. Ашсаң, ажалың жетеді, – деді.

– Келістім, – деді ол.

Жан-жануардың тілін үйреніп,үйіне келсе, есегі мен өгізі сөйлесіп отыр. Тыңдаса, есек өгізге:

– Достым, халің нешік? – деді.

– Сұрама, достым, жұмыстан өлуге айналдым.

– Бір ақыл айтайын. Ертең жем берсе, жеме. Су берсе, ішпе. Сүйресе, тұрма. «Зорыққан екен» деп жұмыстан босатады, – деді. Өгіз есектің тілін алып, ертесіне жатып алды.

Егесі өгіздің орнына есекті үш күн аямай жұмысқа жекті. Есек әбден қалжырап үйге келсе, өгіз рақаттанып жатыр екен. Есек көзіне жас алып, өтірік жылады. Өгіз:

– Әй, достым, неге жылайсың? – деп сұрады. Есек:

– Өгіз, сені қимай тұрмын. Егеміз «ертең өгіз жұмысқа жарамаса, оны сойып, етін садақа етіп таратамын» деді. Соны уайым қыламын, – деді. Өгіз шошып кетті. Жалма-жан атып тұрып, жем-шөпті жеп қойды. Ертесіне жұмысқа қайта жегілді.

Бір күні шай басында есек пен өгіздің әңгімесі есіне түсіп, егесі мырс етіп, күліп жібереді. Әйелі:

– Неге күлдің? – деді. Ері айта алмайды, айтса, өледі. Әйелі қитығып қалды. Сол күннен бастап күйеуіне қырсығып, бүк түсіп,теріс қарап жатып алды. Күндіз күйеуіне шай да бермеді. Туыстары келсе, қабақ шытып, қонақ келсе, күңкілдеді. Отбасының берекесі кетті. Күйеуі «бүйтіп қор болғанша, айтып өлген жақсы» деп ойлады. Далаға шықса, иті қоразға қарап үріп тұр екен.

– Әй, қораз, несіне мәзсің? Егеміз өлейін деп жатыр. Ол өлсе, күніміз қараң. Байын бездірген қатын малын бездірмей ме? – деді. Қораз:

– Сауап, оған сол керек. Пайғамбардан өзіне қатысы жоқ ілім үйренгенше, қатын, бала-шағасын жөнге салатын білім үйренбей ме? Сонда бақытты болар еді. Енді бір әйелге әлі келмей абыройсыз өлетін болды, – деді. Қораздың сөзін естіп, егесі есеңгіреп қалды. Қателігін түсініп, пайғамбарға қайта барып, отбасы тәрбиесін үйреніпті.

Сүлеймен мен жайын

Сүлеймен пайғамбар бірде Алла тағалаға:

– Иә, Алла. Бір тілегім бар. Айтсам, орындайсың ба? – деді.

– Айт, құлым, – деді Жаратушы.

– Күллі мақдұқаттың үш күндік ас-ауқатын мен берейін. Рұқсат етші, – деді.

– Рұқсат, – деді Алла. Сүлеймен дию-перілерді жинап алып:

– Таудан үш қазан қазыңдарда, біріншісін жеміс-жидекпен, екіншісін тағамдармен, үшіншісін сусынмен толтырыңдар, – деді. Далаға ұшы-қиырсыз дастарқан жайып, ішіп-жемді үйіп-төгеді. Мың періні сол жағына, мың диюды оң жағына қызметке қойды.

Сүлеймен жиған тамағына қарап, «мынадай аста-төк ауқат жан-жануар, жәндік атаулыны үш жыл тойдыруға жетеді ғой» деп ойлады да:

– Бәріне айтыңдар, ризықтарын менен келіп жесін, – дейді. Айтып аузын жиғанша, теңізден көк жайын шыға келді. Ол:

– Менің тамағым қайсы? – деді. Сүлеймен:

– Мына жерден қалағаныңша ішіп-же, – деді. Жайын үш қазандағы асты жұтып салды. Дастарқанда дым қалмады. Ол:

– Тоймай қалдым. Тағы бар ма? – деді. Пайғамбар сасып қалып:

– Бары осы, – деді.

Сонда жайын:

– Менің әлі әке-шешем, бауырларым бар. Олар не жейді? Тамақ тауып бере алмасаң, Құдайдың ісіне араласып нең бар? «Көтере алмайтын шоқпарды белге байлама» деген. Сенің кесіріңнен бүгін аш қалдық, – деді.

Сүлеймен өзінің орынсыз тілегі үшін Алладан кешірім сұрап, «тойымдықты тек Тәңір берсін» деген екен. Мұсылман дін ғұламалары негізінен РСФСР УК 58-2, 58-6, 58-8, 58-10, 59-11 баптары бойынша сотталған. Үлкен бөлігі 58-10 бап бойынша, яғни «Совет билігін әлсіретуге немесе құлатуға шақырған мазмұндағы үгіт-насихат жұмыстарын атқарғаны үшін немесе жекелеген контрреволюциялық қылмыстар жасағаны үшін, сонымен қатар сол мазмұндағы әдебиеттерді дайындағаны және сақтағаны үшін» деген арнайы бап бойынша жазаға тартылған. Осы баптың негізінде барлық діни кітаптар толық тәркіленіп, отқа жағылған немесе Ресейге әкетілген.

Сүлеймен мен құмырсқа

Бір күні Сүлейменнің әскерін көрген құмырсқалар патшасы әскеріне:

– «Дереу інге тығылыңдар!» – деп бұйрық берді. Сүлеймен күліп:

– Неге қаштыңдар? – деді.

Құмырсқа:

– Әскеріңмен бізді таптап кетпес үшін, – деді.

– Сен неге қашпадың?

– Мен басшымын. Елге қиындық келгенде есі дұрыс патша жан сауғалап қашпас болар. «У ішсең руыңмен» деген, – деді.

Сүлеймен таңғалып:

– Өзің жәндіксің, даналықты қайдан білесің? – деді.

– Құдай ілімді саған ғана берген деп ойлама. Алла даналықты қалаған құлына ғана береді, ал мал-мүлікті қаламаған құлына да бере береді, – деді. Сүлеймен оның ақылына риза болып, әңгімеге тартқысы келді:

– Алладан ілім ғана сұрағанша, неге мен сияқты билікті де қоса сұрамадың? – деді.

– Ең ақылды адам- ел билеуден аулақ болған адам. Алладан болмасты сұрамадым. Бір ретте Алла менен: «Атыңды Сүлейменнен асырайын ба әлде жасырайын ба?» – деп сұрады. Бұл дүние – о дүниенің көлеңкесі. «Желмен жарыспа, көлеңкені қума» деген. Болмасқа, толмасқа мақсатты салмайын деп, дүниенің атақ-даңқынан өзім бас тарттым. Атақ пен даңқ өлген кісіге пайда бермейді. Бірақ тірі адамға өлгенше тартқызатын азабы бар. Алла маған онсыз да мекендеуге қырық қабат жердің астын берді. Қаламасам да, қырық рулы елге басшы қылды. Ынсап сайын береке. Маған осы жетеді. Ұлық Алла саған не берді, Сүлеймен? – деді құмырсқа.

Сүлеймен сасып қалып:

– Он сегіз мың ғаламның билігін берді. Ашсам, алақанымда, жұмсам, жұдырығымда, – деп жұдырығын көрсетті.

– Әй, Сүлеймен, ақылды адам жұдырықпен ел басқармайды. ГҒл ақылыңа байланады, махаббатқа маталады. Басқа қандай құдіретің бар?

– Алла желді құзырыма берді. Ерттеп мініп, бір күнде бір айшылық жол жүремін.

– Алла желді не үшін бергенін ұқпадың ба? Бұл дүниенің ісі жел сияқты жылдам өтеді. Көзге көрінбейді. Қолда тұрмайды. Мұндай тұрағы жоқ желді мінгенше, білім пырағына мінгеніңде, көзді ашып-жұмғанша аршы-күрсі, ғаршы әлемнің бәрін аралар едің. Тағы нең бар мақтанатын?

– Алтыннан жасалған тағым бар.

– Отыруға жер де жетеді! Алтын баянсыз. Билігіңнің баяны болмайды екен. Басқа қандай құдіретің бар?

– Жер жүзіндегі жын мен періні құл еттім.

– Жын-пері – күл-қоқысты мекендейтін, зұлымдыққа жаны құштар мақұлық. Олардың адамға пайдасынан зарары көп. Одан да, Алланың бүкіл қызметіне алаңсыз қараушы періштемен дос болғаның абзал. Тағы не артықшылығың бар?

– Қасиетті жүзігім бар. Алла барлық билікті осы жүзікке сыйғызды.

– Алланың алдында сенің билігің бір түйір тас екен. Оған мақтанба. Алла қаласа, билікті кез келген пендеге бере алады. Жүзігіңнен айрылсаң, сенен өткен бейшара жан табылмас, – деді.

Сүлеймен сөзден жеңілді. Өзін жұрттан артық, елден ерек, ақылды деп санағанына ұялды. Құмырсқа Сүлейменге:

– Әскеріңе айт. Бізге қонақ болсын. Осында түнеңдер, – деді. Сүлеймен:

– Әй, құмырсқа, бізді қалай күтесің? Тойдыруға азығың жетпес, – деді. Құмырсқа ініне кіріп, шегірткенің артқы аяғын алып шықты. Сүлеймен:

– Мынау не? – деді.

– Саған және әскеріңе тамақ.

– Шегірткенің аяғымен бізді қалай тойдырасың?

– Тойымдықты Тәңір береді. Алып Құж Нұхтың жарты шелпек нанына тойған. «Үй егесінің асына емес, ықыласына қара» деген. Қарын тамаққа тоймаса да, қабаққа тояды. Берген асының қуаты кешке дейін жетпейді, бірақ көрсеткен ықыласы мәңгі бақи естен кетпейді деген, – деді. Сүлеймен де, әскері де шегірткенің артқы аяғына тойып қалды. Құмырсқа ініне кіріп, екі-үш арпа дәнін алып шықты. Сүлеймен:

– Мұны не қыласың? – деп сұрады.

– Енді аттарыңды жемдеймін. Сенің алдыңда даңқы жер жарған Сүлеймен деген патша өткен. Соның қапшығы жыртылып, арпасы шашылған. Бұл жарықтық – сол патшаның көзі. Мұнымен саған дейінгі он Сүлейменнің атын жайлап едік, – деді.

– Менен өзге де Сүлеймен деген патша болған ба? – деп сұрады.

– Ей, Сүлеймен, Құдайдың сенен басқа Сүлеймені жоқ дейсің бе? Ұлық Алла қаласа, сендей Сүлейменнің мыңын жаратады. Дүниені жалпағынан басқан жалғыз менмін деп масаттанба, – депті. Сүлеймен сөзден жеңілді.

Сүлейменді ұйқы жеңіп, көзі ілініп кеткенде Мәзере құмырсқа:

– Әй, Сүлеймен, сен ұйықтап қалдың ба? – деді.

– Иә.

– Мойныңда зіл батпан міндетің бар, қалайша алаңсыз ұйықтайсың? Мен де бір елдің патшасымын. Бүкіл жұртымның тағдыры мен тіршілігі мені уайымсыз отырғызбайды. Елімнің қам-қарекетін түгендемей, төсекте тыныш жата алмаймын. Қол астымдағы халықтың ауру-сырқауы болса, сауығуына жағдай жасаймын. Ашжалаңашы болса, ас-ауқатына қарасамын. Әрбір құмырсқаның қайғысына да, қуанышына да ортақтасуға тырысамын; – деді.

Сүлеймен содан бастап халқы тыныш болмаса, өзі де тыным таппайтын күй кешіпті.

Ертеңіне Сүлеймен жолға шығайын деп жатқанда Мәзере құмырсқа:

– Сүлеймен, бір қолқам бар, – деді.

– Екі құлағым сенде, – деді.

– Бұдан былай әскерің қызыл жалау ұстап жүрсін. Қызыл түсті көргенде әскеріңнің аяғында тапталмас үшін біз жол беріп, қашайық, – деді.

– Дегенің болсын, – деп Сүлеймен құмырсқамен қоштасады. Содан бері Сүлейменнің әскері қызыл жалау ұстап жүретін болыпты. Құмырсқалар да әліге дейін қызыл жалау көрсе, індеріне қашады екен.

жжж

Сүлеймен Мәзере құмырсқадан:

– Әй, құмырсқа, басың неге дәу? – деп сұрады.

– Көп ойланамын, – деп жауап берді құмырсқа.

– Құйрығың неге үлкен?

– Өзімнен жеті есе ауыр затты көтеремін. Қайратым мол.

– Белің неге жіңішке?

– Қанағатшылмын.

– Бір жылда қанша азық жейсің?

– Бір жылда бидайдың бір дәнін тауысам.

– Ендеше көрейін сенің қанағатшылдығыңды, – деп, Сүлеймен оны бір ыдысқа қамайды. Ішіне бір ғана дән тастайды. Бір жылдан соң қараса, бидайдың жартысы ғана желінген. Сүлеймен:

– Әй, құмырсқа, сен маған бір жылда бір бидай жеймін дегенсің. Неге жартысын қалдырдың? – деді. Құмырсқа:

– Әдетте менің ризығымды Алла береді. Ол бізді ешқашан ұмытпайтын. Аллаға тәуекел етіп, артық азық сақтамаймыз. Бұл жолы азығымды сен бердің. Сен Алла емессің ғой. Ұмытып кетуің мүмкін. Сондықтан сақтық қылып, жартысын алып қалдым; – деді. Сүлеймен оның қанағатшылдығына риза болды.

жжж

Бірде Сүлеймен:

– Ей, құмырсқа, осы сендердің түрлерің, түстерің бірдей. Бір-біріңді қалай айырасыңдар? – деп сұрады. Құмырсқа:

– Алла алты мың түрліхайуан жаратты. Оның екі мыңы қырда жүрсе, төрт мыңы судымекендейді. Құдіретті Құдай адам ұрпағының келбетін сан алуан етіп жаратқанда, біздерге жеке-дара өң таппады дейсің бе? Менің де құлағы шұнақ, мұрны қоңқақ, көзі қыли күзетшім бар, – депті.

Сүлейменнің күзетшісінің құлағы шұнақ, көзі қыли екен. Сүлеймен сөзден жеңілді.

жжж

Сүлеймен тағы бірде құмырсқаға:

– Сенің әскерің көп пе, менің әскерім көп пе? Менің алты мың әскерім адамнан, алты мың әскерім жыннан, алты мың әскерім періден тұрады, – деп мақтанды. Құмырсқа:

– Әлбетте, сенің әскерің көп. Дастарқан басында сенің бір нөкеріңнің аузынан түскен нан қиқымы менің он бес құмырсқама азық болады. Олардың ризығынан біз несібемізді айырамыз, – деді. Сүлеймен сөз төркінін түсінді.

– Ендеше неге сен де мен сияқты күллі әлемге патша болуға ұмтылмайсың? – деді. Құмырсқа:

– Ұлық Алла маған патшалыққа жердің астын берді. Жер бетінде менменсіген барлық патша, батыр, бай-бағлан, ел ағасы мен өнерпаз, ойшыл, білгіш, ғұламасының барар жері – көр. Менің патшалығыма түскесін олардан өткен мүсәпір болмайды, – деді.

– Сенің жасың қаншада? Қайсымыз үлкенбіз? – деп сұрады.

– Кеше Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасып, оның батасын алдым. Пайғамбардың сарқытын іштім. Бүгін сенің дастарқаныңда отырмын. Ертең кіммен табақтас боларымды бір Құдай өзі біледі, – депті.

жжж

Сүлеймен патша өлместің суын алдырып, ішкісі келді. Ол күллі мақұлықты жинап:

– Мен өлместің суын алдырдым. Ақыл қосыңдар. Ішкен соң өкініп жүрмеймін бе? – деп сұрады. Барлық мақұлық:

– Сіз ішпегенде кім ішеді?! Сіздей әділ патша мәңгі жасаса жарасады, – деп жамырасты. Патша жан-жағына қараса, кеңеске Мәзере құмырсқа келмепті. Сауысқанды құмырсқаға жұмсады. Ол келмеді. Екінші ретте «алып кел» деп қашырды жұмсады. "Тағы да келмеді. Үшінші жолы ит барғанда, бірге ілесіп келді.

Сүлеймен құмырсқаға қаһарланып:

– Әмірімді неге үш еттің? – деді.

– Өлімді ойлап, ақиретке дайындық үстінде едім. Әміріңізді естімей қалдым, – деді.

– Сауысқан айтпады ма?

– Сауысқан Зәкәрияны залымдарға ұстап берген. Сол үшін оған сенбедім.

– Қашырды неге тыңдамадың?

– Ол Ыбырайымды отқа жаққанда, жау жағына өтіп кеткен. Оған да сенбедім. Ал, ит – әлімсақтан Адамның досы. Айнымас серігі. Оған сендім, – деді. Сүлеймен құмырсқаның тапқырлығына риза болды. Оған өлместің суын көрсетіп:

– Мынаған не айтасың? – деді.

– Тілімді алсаң, ішпе.

– Неге? Менің мәңгі жасайтынымды қызғанасың ба? Бәрі іш деп жатыр.

– Қызғаныштан Құдай сақтасын. Алланың бергенін сайтан қызғанады. Бірақ мынаны ескергейсің. Мәңгілік Құдайға жарасқан. Алламен таласу пендеге қол емес. «Ажал – момын құлды Аллаға жалғайтын алтын көпір» деген. Жүрегі таза пендесі Алламен кездесуге ынтық болар. Әр дәуірдің өз халқы, өз патшасы болады. Заманы бөлек ұрпақпен әңгіме жараспас. Қатарыңнан қалған соң, қадірің қашады,

– деді. Сүлеймен судан бас тартып, ыдыстағы суды шашып жіберді. Өлместің суы шыршалар мен аршаларға шашырады. Олар осыдан бастап мәңгі жасыл ағашқа айналды.

Совет өкіметі өртеген кітаптардың ішінде «Қисса сүл-әнбия», «Миғражнама», «Алты бармақ» «Мұхаммедие», «Сияри шариф», С.Бақырғанидің «Қиямет намасы», «Миғраж баяны», «Нәһу-сарф», «Мантық», «Мұқтасар», «Рад уль-мұқтар», Софы Аллаярдың «Сәбәтүл гәжизин», «Зарқұм», «Тұхфатул мулук» болған. Осы кітаптар медресе қабырғасында ғана емес, қазақтың той-жиынынан бастап барлық бас қосу, мәжілістерінде оқытылатын, халықтың арасында кеңінен тараған.

Сүлеймен мен байғыз

Бірде Сүлеймен патша байғыздан:

– Сен неге түнде зарланасың? – деп сұрады. Байғыз:

– Адам баласының өмірі қиын, аманаты ауыр. Мен оларға өлетініңді ойлап,

ақиретке қамданыңдар, – деймін.

– Не үшін адамнан жырақ жүресің?

– Адамдардың іштарлығы мен көрсеқызарлығынан зардап шеккім келмейді.

– Неге үнемі моланың басында жүресің?

– Адамның мәңгілік тұрағы мола ғой. Мен олардың өмірінің нәтижесін

қабірстанда көремін.

– Басыңды неге жиі шайқайсың?

– Адам баласы ғапыл. Аталарын ажал алып кетсе де, өзін өлместей сезінеді. Соны

ойлап бас шайқаймын.

– Көзіңді неге жұмасың?

– Бас көзінен көңіл көзі анық көреді.

– Неге бидай жемейсің?

– Атаңыз Адамды бидай жегені үшін Алла пейіштен қуды. Сол үшін жемеймін.

– Неге су ішпейсің?

– Нұхтың кезінде барша адамның ажалы судан болды. Сол үшін су ішпеймін, –

депті.

Сүлеймен мен тоты құс

Бір күні Сүлеймен ұшып-қонып жүрген тотықұсты көрді. Ауылдың бар баласы қолына тор алып, оны қуалап жүр екен. Сүлеймен тотыға:

– Әй, тоты, алысқа ұшып кет. Торға түсіп қаласың, – деді. Тоты:

– Қанаты барды қанаты жоқ қалай ұстайды? Балаларды мазақтап көңіл көтеріп жүрмін, – деді.

Ертесіне тоты торға түсіп қалыпты. Балалар оны ермек етіп ойнап жүр екен. Сүлеймен:

– Тұтылып қалыпсың ғой, – деді мысқылдап. Тоты:

– Ей, Сүлеймен, дүние алма-кезек екен. Кеше далада, бүгін торда. Балалармен кеше мен ойнадым, енді олар мені ойыншық етіп ойнап отыр. Алла көзді байласа, шара жоқ екен. Қонар кезде жан-жағым лапылдаған от болып көрінді. Тұзақтан басқа қонатын жерім қалмады. Солай бәлеге шатылдым. Мені сатып алып, босатып жібер, – деді. Сүлеймен:

– Айтқан ақылды алмайтын астамшылға осы дауа. «Көңілі асқақтаған ақымақ ақылды бар деп ойламайды» деген. Кеше тал басында тым астамсып отыр едің. Енді өзің босанып көр, – деп, тотыға қарайласпай кетуге айналды. Сонда тоты:

– Сүлеймен, ұмыттың ба? Бір кездері сенің де көңілің тасыған. Алла көзіңді байлады. Ібіліс жүзігіңді ұрлады. Сол кезде менің күйімді кешкенсің. Бірақ ұлық Алла сенен теріс айналып безген жоқ. Мейірім-шапағат етіп, құтқарып алды. Тәубаң қабыл болып, тағың да, бағың да қалпына келді. Ұлық Алладан неге үлгі алмайсың? – деді. Сүлеймен ағаттық жасағанын ұқты. Ол құсты балалардан қымбат ақшаға сатып алып, дереу ұшырып жіберді.

Маңғыстау өңірінде Түйте ахун қудалау кезінде 1931 жылы Түрікменстанды паналаған. Елге оралған соң да бақылауда болып, ақыры 1937 жылы туған аулы Форт-Александровскіде Қапу деген тумасының үйінде 55 жасында қайтыс болған. Түйте ахун Сәттіғұл Жанғабылұлының бір тумасы қайтыс болғанда оған жұбату өлеңін жолдайды. Өленді оқып Сәттіғұл: «Япырмай, «Қисса сүл-әнбияны» бізден де терең білетін адам бар екен ғой», -- депті деген дерек сақталған.

Итпен мысықтың хикаясы

Ертеде бір бай кісі Сүлеймен пайғамбарға келіп:

– Маған жан-жануардың тілін үйретіңізші, – деп өтініпті. Пайғамбар:

– Саған ондай кереметтің қажеті жоқ. Өзіңе зиян болады, – дейді. Бірақ бай кетпей, қиылып отырып алады. Байдың көңілін жыққысы келмеген пайғамбар жан-жануардың тілін үйретті.

Ертесіне бай таңертең тұрып, итіне бір кесек ет лақтырады. Етті мысық қақшып алып, талға шығып кетеді. Ит әупілдеп үреді. Бай оларды түсініп тұрады. Ит:

– Еттен бөліс, – деді. Мысық:

– Сен бір күн шыда. Байдың семіз көк қошқары бүгін арам өледі. Соның етіне қарық боласың, – деді. Бай ертесіне көк қошқарды сатып жібереді.

Азанда бай тағы бір кесек ет лақтырады. Мысық оны да қағып түседі. Ит тағы сұрады. Мысық:

– Бір күн шыда. Бүгін түнде байдың сиыры арам өледі. Етке армансыз тоясың, – деді. Бай сиырын сол замат сатып жібереді.

Ертесіне бай тағы да ет лақтырады. Мысық бұл жолы да итке бұйыртпады. Ит ренжіп:

– «Кеше сиыр өледі» деп едің, қожайын оны сатып жіберді. Етімді бер, – деп жалынды. Мысық оған:

– Бүгін түнде байдың семіз биесі арам өледі. Бір ай ет жейміз, – деді. Бай кешке жеткізбей жылқыны да сатып үлгереді. Ол ішінен «бұл бір рақат болды. Апаттың алдын алдым. Жануардың тілін білгенім қандай жақсы» деп ойлап масаттанады. Ертесіне итіне тағы да бір кесек ет лақтырады. Оқиға айна қатесіз қайталанады. Бірақ мысық бұл жолы:

– Бүгін түнде бай өледі. Жетісі бар, қырқы бар, жүзі бар, жыл он екі ай тоқ жүреміз, – деді. Мына сөзді естіген бай шошып кетті. Жалма-жан Сүлейменге жүгіріп барып, болған жайды айтты.

– Патша-екем, мына ажалдан мені құтқар! – деп жалынды. Сонда Сүлеймен патша:

– Саған келген бәлені қойың қақты, оны сатып жібердің. Сосын сиырыңа ауысты. Оны да сатып құтылдың. Үшінші жолы ажал биеге ауысты. Оны да сатып құрттың. Енді бәле басыңа төнді. Алланың бұл ісінің алдында мен шарасызбын, – деді. Бай сол түні дүние салды.

Содан бері ел арасында «Бәле әуелі малыңа келеді, малыңа келмесе, басыңа келеді» деген тағылым қалған екен.

Кірпі мен қарғаның хикаясы

Сүлеймен патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды:

– Сен, қарға, бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын, түрі аппақ құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы терезеге отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған дауысымен оятсын! Сен, кірпі, жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, бұл нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой! Құс сайрағанда оянып, басымды бұрғанымда, бетім бұл нәрсеге тисін, – деді.

Қарға дамыл таппай, жер-көкті шарлады. Құс біткеннің дауысын естіп, құлаққа жағымды бірін таппады. Тіпті бұлбұл мен сандуғаштың тамылжыған дауысы да құлағына түрпідей тиді. Аққудың өзі аппақ болып көрінбеді. Таңға дейін еш нәрсе таппай дымы құрыған қарға «Таң атқан соң өлемін. Патша әмірін орындай алмадым. Барып балапандарыммен қоштасып кетейін» деп ойлайды. Ұясына келгенде, аш балапандары алдынан шығып, шиқылдап, қарқылдай бастады. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай жақсы, нәзік көрінді. Қараса, өзінің балаларынан аппақ құс жоқ екен. Қарға сорлы қуанып кетті. «Іздегенім үйімде екен» деп, балапандарын Сүлейменнің сарайына әкеліп, терезеге отырғызды. Кірпі де күні-түні бойы дамыл таппай, жердің жүзін кезді. Жұмсақ нәрсе іздеді, іздесе де, таба алмады. Бұл да шалдығып, шаршап, ініне қайтып келді. Анасын көріп, мұның да балалары алдынан шығып құшақтайды. Кірпі де балаларын құшақтағанда денесі сондай жұмсақ сезілді. «Жердің үстінде өзімнің балаларымнан жұмсақ нәрсе жоқ екен» деп, кірпі балаларын Сүлейменнің жастығының үстіне әкеліп қойды. Таң атты. Қарғаның балалары Сүлейменнің сарайында қарқылдап, шиқылдай бастады. Сүлеймен «Бұл не?» деп, терезеге қарай бергенде бетіне тікенектер қадалды. Қа са, терезеде қарғаның қап-қара балалары отыр, жастығының үстінде кірпінің балал ы жатыр.

Сүлеймен қарға мен кірпіні шақырып алып:

– Мен сендерге «ең нәзік үнді аппақ құс пен жұмсақ аңды тауып әкеліңдер» деп едім. Сендер не әкелгенсіңдер? – деп қаһарланды. Бұлардың басын кесуге бұйрық қылады. Жазалы болған кірпі мен қарға: «Дат, тақсыр!» – деп, Сүлейменге көргенбілгенінің бәрін баян етті. Сол кезде Сүлеймен пайғамбардың кеңесшісі Мәзере құмырсқа:

– Ау, патшам, «Әркімдікі өзіне балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық һәм мамықтан жұмсақ» деген. Қарғаның көзіне балапандары аппақ, нәзік үнді көрінген, кірпіге балалары жұмсақ болып білінген. Бауыр еті баладан асқан тәтті зат жоқ. Қарға мен кірпіге сауға бер, – деп, қарға мен кірпіні босатып жіберді. Содан бері ел ішінде «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер» деген сөз қалыпты.

Метин Ертгүнесімді түрік ғалымы «Түркі
халықтары әпсанасындағы құбылу сарындары»

деген енбегінде былай дейді: «Түркі халықтарының ішіндегі ең құнды, ең бай әпсаналар

қазақ халқында сақталған.
Тындаған сайын құмартып, оқыған сайын құштарлана
түсетін бір кереметі бар. Әсіресе олардың аңыз, қиссаларды
өмірлік салтына, дүниетанымына айналдырып алғаны тажап.

Түрік халқының көнеріп, елеусіз бола бастаған кейбір дәстүрлерінің төркінін мен қазақ мифтерінен тауып алдым».

Сүлеймен мен диқаншы

Сүлеймен пайғамбардың заманында әлемдегі барлық хайуандар, өсімдік, өзен, тау, тас – тіршіліктегі зат атаулының бәрі Сүлейменге бағынған екен. Барлық жанжануарлардың патшалары жыл сайын пайғамбарға келіп, есеп беріп, Үлкен жиын құрады екен. Сол Сүлеймен уақытында бір адам өмір сүрген екен. Ол өте керемет диқаншы болыпты. Жыл сайын еккен егіндері өте бітік шығып, әлемді қызықтырып, жанынан өткен жанды еріксіз өзіне тартады. Сол диқаншының еккен егінін көруге жыл сайын көптеген періштелер жиналып тұрады екен де, оңтүстіктен Сүлеймен пайғамбарға келе жатқан құс патшалары періштелердің арасынан әрең өтіп, жылда жиыннан екі-үш күн кешігіп келеді екен. Бұл жолы да жиынға келе жатқан құс патшалары диқаншының еккен егінін көруге келген періштелердің арасынан үш күнде әрең өтіп, тағы кешігіп келеді. «Бұл қалай болды екен?» деп ойлайды олар. «Білейікші, осы диқаншыны. Егін еккенде Сүлеймен пайғамбарды ауызға бір алар ма екен өзі? Осыны пайғамбардан сұралық», – депті. т” Бұрынғыдай он шақты күнге созылған үлкен жиналыс болады. Жиналыста әр патша өзінің жұмыстары жайында есептерін береді. Барлық патшалықтар сөйлеп болғаннан кейін, қорытынды сөзді пайғамбар сөйлейді. Пайғамбар сөйлеп болғаннан кейін, жаңағы құс патшалары Сүлейменге сұрақ қояды:

– Тақсыр, әлемнің патшасы, рұқсат етсеңіз, сізден бір сұрақ сұрағалы отырмын.

– Айта ғой, сұңқарым, сұра сұрағыңды.

– Тақсыр, осы жолда бір диқаншы бар. Оның еккен егіні өте бітік шығып, жылда сол бітік егінді көруге түкпір-түкпірден барлық періштелер жиналады. Жиналған періштенің көптігі сондай – арасынан біз екі-үш күнде әрең өтіп, жиынға ылғи кешігіп келеміз. Сізден сұрайтын сұрағым – сол диқаншы жылда егін еккенде және оны ысырапсыз таза жинап алғанда, сізді аузына бір рет алар ма екен? Менің ең білгімнің келетіні – осы, тақсыр.

– Сұңқарым, бұл сұрағыңның анығын біліп, келесі жылғы жиналыста айтып берейін, – деп, пайғамбар барлық патшаларды таратып жіберіп, өзі диқаншыны іздеуге шығады. Желге өзін сол диқаншыға апарып тастауын бұйырады. Жел айтқанын екі етпей, көзді ашып-жұмғанша пайғамбарды диқаншыға алып жетіп келеді.

Диқаншы Сүлейменді танып, келіп сәлем береді. Пайғамбар сәлемін алып, өзінің диқаншы еккен таңғаларлық мол егінді көруге келгенін айтады. Диқаншы оны қуанышпен қарсы алып, орылып-басылған бидайларын, одан соң әлі орылып бітпеген кісі бойындай қалың бидайын көрсетеді. Сүлеймен пайғамбар диқаншының еткен еңбегіне разы болып, енді бұл Аиқаншының өзін аузына алатынын әлде алмайтынын білгісі келіп:

– Сіз өте еңбекшіл, қарапайым, жігерлі, ақылды, өнерпаз адам көрінесіз, еккен өніміңіз өте бітік шығып, көруге әлемдегі жанды нәрселер мен періштелер еріксіз жиналады. Менің білгім келгені: сіз дәнді алғанда не деп аласыз? – деді.

– «Біссіміллә!» деп себемін. «Қара қазан, сары баланың қамы үшін бере көр, Құдайым» деп, еңбегіммен аламын, – деді диқаншы. Сүлейменді аузына алмайды.

Бұған ашуланған Сүлеймен бидай, жер, суға: «Бидай, сен ендігі жылы өнбе, ал жер, сен қанша бидай сепсе де өндірме, ал су, қырық кез төмен түс!» – деп әмір береді. Диқаншы мұны біледі. Біледі де, даярлықты күшейте бастайды. Күш-көлікті, құрал-саймандарды күзден сайлап, көктемге дейін бәрін де сай қып қояды. Күткен көктем де туады. Диқаншы еңбек етуге кіріседі. Себетін бидайды жеті күн ұдайы судан шығармай бөктіріп, бір айдаған жерін шаршылай жеті рет айдап, жеті рет тырмалап бидайды себеді. Біраз күн өткеннен кейін егін бұрынғы жылғыға қарағанда, он есе артық бітік боп шығады. Ендігі суаратын кез келеді. Суға келсе, су өз деңгейінен қырық кез төмен түсіп кеткен. Диқаншы жүгіріп Сүлеймен пайғамбардың әкесі Дәуіт пайғамбарға кеп, не істейтінін білуге ақыл сұрайды. Дәуіт пайғамбар оған ара, балта беріп: «Сол өзеннің жоғарғы басында бір жырада көктеген Үлкен түп ағаш бар. Соны кесіп, көмір қып жағып алып кел», – дейді. Диқаншы ара мен балтаны алып, айтқан ағашын тауып алады. Ағаш көлемді, үлкен әдемі екен. Кесуге де қимайды, бірақ кеспеске де болмайды. Ақыры ағашты кесіп, жағып, одан тоғыз қап көмір алады. Тырмыштап жаяу арқалап құдықтың басына жеткізеді де, Дәуіт пайғамбарға қайта барады. Дәуіт төсті, балғаны, көрікті қосып арқалатып, суға келіп, бір жерінен шығыр орнатады. Оған қырық шелекті қатарынан салып, шығырды айналдыра бастайды. Мұндай күшке шыдай алмаған су аспанға шапшып, барлық аймаққа тарайды. Суарылып суға қанған егін бұрынғысынан да жақсы көтеріліп, былтырғы жылына қарағанда, он есе артық боп шығады. Енді оған көруге жиналған періштелер былтырғыдан он есе артық жиналады. Бүкіл сол алаңды періштелердің жиыны басады. Бұрынғы әдетінше құс патшалары тағы уақытынан кеш қалып келеді. Сүлеймен пайғамбар жиналысын бітірген соң, құс патшасының бірі тағы да былтырғыдай: «Тақсыр, осы былтырғы айтқан диқаншым сізді аузына алар ма екен? Биылғы еккен егіні былтырғыға қарағанда он есе артық бітікшықты, оған жиналған періште он есе көп болды. Солардың көпшілігінен әрең өтіп, биыл бұрынғыдан да көп уақыт кешігіп келдік», – деп сұрайды.

Бұл сөзге іштей ашуланған Сүлеймен:

– Мұны мен осы жолы біліп келейін, – дейді.

Желге мініп ашуланып келген Сүлеймен тұқымнан:

– Сен неге менің бұйрығымды орындамадың? Менің шықпа дегенім қайда? – деп ашулана сұрады.

– Тақсыр, мен орындамайын дедім бе, жеті күн суға салып тұншықтырып есімді тандырды, – деді тұқым.

– Ал сен неге өндіріп шығарасың? – деп жерге ақырды.

– Тақсыр, менің өндірмесіме қойды ма, жеті рет жыртып, жеті рет тырмалап, әбден есімді тандырды. Су ішіп қазір ғана есімді жиып тұрмын, – деді жер.

– Су; мен саған жер бетіне шықпай қырық кез төмен түсіп кет дегенім қайда? Неге орындамайсың?

– Тақсыр, мен сіздің айтқаныңызды орындадым. Қырықкез төмен түсіпте кеттім. Бірақ оған Дәуіт қойған жоқ, еріксіз аспанға шығарды...

Бұдан еш нәрсе шықпайтынын көріп, еңбектің түбі нені де болса жеңетінін білген Сүлеймен: «Еңбек қылған алсын», -деп, жүріп кетіпті.

Сүлейменнің жүзік жоғалтуы

Сүлеймен патша болып отырғанда күніне бір рет алдына күллі мақұлық қол қусырып келіп, тағзым етіп кетеді екен. Олардың мақтау-марапаты, сый-сияпаты патшаның көңілін өсіріпті. Патша мақтау сөздерді естігенде «менен асқан құдіретті бар ма екен» деп ойлайды екен. Бір күні Сүлеймен өзеннің жағасында қолын жуып жатқанда жүзігін түсіріп алады. Бір балықты шақырып:

– Әй, балық, жүзігімді алып бер, – деді. Балық шолп етіп суға түсіп, жүзікті тауып алады. Сол сәтте Ұлық Алла балыққа:

– Жүзігін берме, – деп әмір етеді. Балық әмірге бағынып, жүзікті жұтып қояды. Сүлеймен әрі күтіп, бері күтіп сарсылады. Балық келмегесін, сарайына қайтады. Қақпасының аузына келсе, күзетшілер есігін ашпайды.

Сүлеймен айқайлап:

– Әй, мен әлемнің әміршісі Сүлейменмін. Аш есікті! – деді. Күзетші ашпады. Күзетшілердің басшысы Ақиық деген дию екен. Ол Сүлейменнің қасына келіп:

– Әй, Сүлеймен, сен бізді өзіңе емес, жүзігіңе бағындырдың. Жүзіксіз еш билігің жоқ, – деп оны кіргізбей жіберді.

Сүлеймен басы ауға жаққа қарай жүре берді. Қарны ашып, қаталап шөлдейді. Арып-ашып, қайыршыға айналады. Қай үйге бас сұқса да, ешкім оған бір үзім нан бермейді. Сол кезде Сүлеймен өзінің баяғыда тақта отырып асты таңдап жейтін астамшылығына өкінеді. Бір күні жолда келе жатқанда Сүлейменді бір топ маса талайды. Кезінде Сүлеймен халықтың қанын ішкен бір мыстан кемпірді өлтіртіп, өртеп, күлін суға шашқан еді. Оның күлінен маса пайда болыпты. Масадан қашып Сүлеймен бір ағашты паналайды. Қарлығаш оған араша түсіп, масаларды қуады. Сүлейменге су тасып, шөлін қандырады. Қанатымен желпіп, самал жел тұрғызады. Бұл оқиғаны сыртынан байқап тұрған кемпір мен шал: «Бұл тегін адам емес екен. Мұны үйімізге шақырайық», – деп, Сүлейменді үйіне әкеледі. Шал балық аулап кәсіп етеді екен. Сол күні бұрын-соңды көрмеген үлкен балық ұстап алады. Балық аршысу үшін Сүлейменді көмекке шақырады. Балықтың ішек-қарнын тазалап отырып, Сүлеймен баяғы жоғалтқан жүзігін тауып алды. Жүзігін қолына таққанда барлық мақұлық алдына келіп, қол қусырып тұра қалыпты. Алла осылайша Сүлейменді сынап, қайтадан тағына отырғызады. Содан бастап ел ішінде «Жүзігі барда Сүлеймен, жүзігі жоқта сүмірейген» деген сөз қалыпты.

Британдық дінтанушы талым Карен
Армстронг «The Case for God» атты
еңбегінде былай дейді. «Аңызға немесе
мифке жәй тана сеніп қоя салу

татымды жеміс бермейді. Миф – өмір
сүрудің айқын бағдарламасы.

Ол сізге пайдалы психологиялық, не болмаса рухани көңіл-күй сыйлай алады. Бірақ аңыздарды өміріңізге ақиқи арқау етіп аласыз ба, жоқ па оны өзіңіз білесіз. Аңыздың ақиқаты мен бағасын өлшеп білудің жалғыз ғана жолы бар. Ол – аңызға сәйкес тірлік кешу. Мысалы барлық дәстүрлі мәдениетте бірдей формада кездесетін қаһармандар туралы қиссалар адамдардың өз бойында жасырын жатқан қаһармандық күш-жізерді оятуға үйретіп келді. Кейін келе өмірде болған Будда, Ғайса, Мұхамбет сияқты нақты тарихи тұлғалардың өмірлері де аңыздық үлгіде өрілді. Осылайша олардың ізінен ерушілер оларға еліктейтін болды. Етер аңыздарды нақты өмірде қолданып көрсек олар бізге адами қасиеттердің терең қатпарларынан қызық сыр шертер еді».

Сүлейменнің сайтандарды матауы

Бірде Сүлеймен пайғамбар Аллаға арыз қылып:

– Уа, Алла, он сегіз мың ғаламның билігін бердің. Енді сайтандардың билігін бер. Барлығын бұғаулап, қамап тастаймын, – деді. Алла:

– Сүлеймен, болмайды. Тіршіліктен мән кетеді, – деп жауап берді. Сүлеймен түсінбей дал болды. Аллаға:

– Билігін берші. Қамап көрейін, – деп, сұрап қоймады. Алла тілегін берді. Сүлеймен сайтандарды байлап, қамап тастады. Өзісіне риза болып, көңілі марқаяды. Бір кезде қарны ашып, қызметшісін шақырды. Ешкім келмеді. Күзетшіге айқайлап:

– Кім бар? – деді. Жауап қатқан жан болмады. Іздеп шықса, сарайда өзінен басқа жан баласы қалмапты. Әрі айқайлап, бері айқайлап сыртқа шығады. Көшеде де тірі жан жоқ. Қарны ашып, базарға барады. Барса, қайнаған халық жоқ. Қымбат тауарлар иесіз жатыр. Бір кезде мешіттен азанның дауысы естіледі. Жүгіріп барса, барлық адам мешітке сыймай жатыр. Жартысы сыртында отыр. Ауыздарында кәлима. Қолдарында тәспі. Сүлеймен таңғалып:

– Уа, Алла, мына адамдарға не болған? – деп сұрады. Сонда Алла:

– Сүлеймен, сен сайтандарды бұғаулап тастадың. Олар болмаған соң, жұрт маған бет қойды. Сайтанды бұғаулау менің қолымнан келмейді дейсің бе? Құлдарым сайтанмен күреспесе, олардың дәрежесін қалай анықтаймын? Адамның тіршілігі сайтанмен тіресіп, іс қылғанда мәнді болады, – депті. Сүлеймен Алладан кешірім сұрап, сайтандарды босатыпты.

Ыбырайым пайғамбар қиссасы

Ыбырайым есімі «Рахымның атасы» дегенді білдіреді. Ал «Рахым» кім дегенге келсек, ол – Мұхамбет пайғамбар. Хазіреті Ыбырайым – Мұхамбет пайғамбардың жиырма бесінші атасы.

Бір күні ұлық Алла Жебірейіл періштеге:

– Досым Мұхамбеттің дүниеге келетін уақыты жақындап келеді. Бүгін таңсәріде ұйықтамай отырған момын пендемнің үстіне Мұхамбеттің нұрын шаш, – деді. Жебірейіл ұйықтамай отырған тақуаны таба алмады.

– Тек бір дінсіз адам пұт жонып отыр екен, – деді. Қайта жіберді. Бұл жолы да таба алмай оралды.

– Дүниені шарладым. Әлгі дінсізден басқа ояу отырған бір адамды таба алмадым. Бәрі ұйқыда, – деді.

– Олай болса, соның үстіне шаш, – деді. Ұйықтамай пұт жонып отырған Ыбырайымның әкесі Азар еді.

Хазіреті Ыбырайым туыларда Намрұт патша қорқынышты түс көрді. Патша түсінен секем алып, бақсы-балгерге жорытты. Олар: «Жақын арада бір бала жүниеге келіп, сені тақтан тайдырады. Ол бір Аллаға табынып, сенің дініңді жояды»,

– деп жорыды. Сол күннен бастап Намрұт жаңа туылған ер балаларды жаппай өлтіруге бұйрық берді. Бұл кезде Азардың да әйелі жүкті еді. Ол ұл бала босанды. Азар патшаға білдірмей, сәбиін тауға апарып жасырды. Он сегізге толғанда ғана Ыбырайым үйіне оралды.

Азар түнімен пұт жасап, соны сатып, күн көретін. Бірде ол пұттарын сату үшін баласын базарға жіберді. Ыбырайым базарға кірген бетте: «Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін мылқау тасты кім алады? Оны алған адам тура жолды таба алмас!»

– деп жар салды. Халық онды «жынды» деп ойлады. Бір күні түнде Ыбырайым пұтханаға кіріп, бүкіл пұттарды қиратып, балтасын бір пұттың мойнына іліп кетті. Бұл сұмдықты көрген ел-жұрт жағасын ұстады.

Патшаға дереу хабар жетті. Нөкерлері Ыбырайымнан күдіктеніп, ордаға алдырды. Намрұт:

– Сен бе құдайларды қиратқан? – деп сұрады.

– Жоқ, – деді бала.

– Өтірік айтпа. Балта сенікі, – деді.

– Мені тергеп қайтесіз, патша ағзам? Маған сенбесеңіз, құдайлардан сұраңыз. Солар айтсын өздерін кім шапқанын, – деді. Патша сөзден жеңілгенін түсінді. Бірақ жас баланы мойындауға тәкаппарлығы жібермеді. Сол кезде баяғы көрген түсі есіне түсіп, селк ете қалды. «Түбіме осы бала жетпесін» деп, оны отқа өртеуге әмір

берді.

Нөкерлер орманнан отыз арба отын жинады. Есекті арбаға жегіп айдағанда, ол жығылып жатып алды. Сосын арбаға атты жекті. Ол да қозғалмады. Болмағасын түйені әкелді. Ол шөгіп тұрмай қойды. Өгізді жекпек болғанда, ол нөкерлерді сүзіп, маңына жолатпады. Кезек қашырға келгенде, ол арбаны қуана-қуана тарта жөнелді. Ыбырайым қашырға нала болды. Жау жағына өткені үшін ұлық Алла қашырды ұрпақсыз қалдырды.

От тұтанып, жалын көкке жеткенде Жебірейіл келіп:

– Ей, Ыбырайым,не көмек сұрайсың? Қызметіңе әзірмін, – деді. Сонда пайғамбар:

– Хасби-рабби жәл алла! – деді. Мағынасы: «Тәрбие етуші бір Алла маған жетерлік!» деген сөз екен. Осы сөзді айтқан кезде Алла отқа:

– Ей, от, досымды саламат сақта! Еш жері күймесін. Жатқан жерін гүлзар бақ қыл! – деп бұйырды. Сонда оттың іші Ыбырайым үшін салқын саябаққа айналып сала берді.

Қарлығаш Құдай досына болысып, қанатымен су септі. Жауторғай болса, қанатымен желпіп, отты маздатты. Мына қызықты тамашалап тұрған күллі мақұлық қарлығашқа:

– Қарлығаш-ау, сенің бір тамшы суың не болады? – деді. Қарлығаш:

– Оны өзім де білем. Бұл – менің ниетім. Кімнің дос, кімнің қас екені осындайда білінеді, – деді. Қарлығаш Ыбырайымға көмектескені үшін адамға дос болып, киелі құсқа айналды. Ұлық Алла оған адамның шаңырағына ұя салып, балапан басуға рұқсат етті. «Қарлығаштың қанатымен су сепкендей» деген сөз содан қалыпты. Ал жауторғай жауға болысқаны үшін «жауторғай» атанып, жабайы құс болып қала берді.

Ыбырайым оттан аман шыққан соң, Намрұттың зығырданы одан сайын қайнады. Енді патша:

– Мен сенің құдайыңмен соғысам. Аллаңа айтып бар. Тұрысатын жерін айтсын,

– деп соғысқа дайындалды. Намрұт қалың қол жинап, қаланың шетіне шыққан соң:

– Алланың әскері қайда? Қорқып қашып кетті ме? – деп мазақ қылды. Сол кезде көкжиектен қалың қара бұлт көрінді. Қараса, олар бұлт емес, қисапсыз шыбыншіркей екен. Олар әскерге лап берді. Бір шіркей Намрұттың мұрнына кіріп алды. Одан кеулей жылжып, миға шапты. Намрұт жанын қоярға жер таппай безілдеді. Басын тау-тасқа ұрды. Ақыры ажалы содан болды.

Намрұттың Хазар деген уәзірі болды. Ол хақ жолына түсіп, Ыбырайымға өзінің Бибісара деген қызын берді. Бірақ Бибісара көпке дейін құрсақ көтермеген соң, еріне Бибажар анамызды некелеп қосты. Бірде Ыбырайым отбасын ертіп, қажылыққа барды. Меккеде азықтары таусылып, қатты қиналды. Пайғамбар жақын қыстаққа барып, азық әкелмекші болды. Бірақ елдің қарасын таба алмай, дорбасын құмға толтырып, қайтып келді. Бибісара анамыз дорбаны ашып қараса, іші толы бидай екен. Бибажар анамыз бидайды қол диірменге түйіп, дәмі тіл үйіретін нан пісірді. Дастарқан жайып:

– Тамаққа тұрыңыз, – деп ерін оятты. Ыбырайым:

– Ауқат бар ма? – деп сұрады. Екеуі дорба толы бидайды, одан қалай нан жапқанын жарыса жеткізді. Мұны мейірімді құлсүйгіш Алланың кереметі екенін бірден түсінді.

– «Тән бергенге дән берем» деген Алла. Өңешті тескен Құдай құлдарын аш қылмайды, – деді.

Осы оқиғадан кейін отбасының берекесі артып, мал-мүлкі өріске сыймай кетті. Елге ел қосылып, бұл мекенге құт дарыды. Мекке үлкен шаһарға айналды. Бірде Ыбырайым Құдайға:

– Иә, Жаратушы Ием! Өзімді бай еттің, төрт түлігімді сай еттің. Алмақтың да салмағы бар деген. Мыңғырған малдың сұрауы қиын бола ма деп қорқамын. Артығын қайтып ал. Мен азға қанағат қылайын, – деді. Алла оған:

– Ей, Ыбырайым, берекем қашып, малым сарқылсын десең, бұдан былай нанды отырып емес, аттың үстінде же. Нанның қиқымы шашылып, жерге түссін. Нан рәсуа болса, берекең кетеді. Мен ырысты нанның қиқымына жасырғам. Сен ас жегенде бір түйірін де жерге түсірмей, етегіңмен жинап аласың. Сондықтан береке дарып, саған дәулет тез бітті- деді.

«Жан қиқымын теріп же, бай боласың» деген сөз Ыбырайымнан қалыпты деседі. Британдық дінтанушы талым Карен Армстронг «The Battle for God» атты еңбегінде былай дейді. «18 ғасырға қарай Еуропа мен АҚШ жұрты ғылым мен технологияда бас айналдыратын жетістіктерге қол жеткізді. Олар осыдан соң ақиқатқа жетудің жалғыз жолы лоғос деп ойлай бастады да аңыз, қиссаларды ырымшылдық пен ескіліктің қалдығы деп қарайтын болды. Расында да олар жасаған жаңа әлем, аңызға негізделген ежелгі таныммен үйлеспеді. Қазіргі заманда біздің діни таным өзгеріске ұшырады. Себебі, адамдардың көбі ғылыми рационализмді ақиқат деп таниды. Сондықтан да олар талай рет діндегі аңыздарды логоспен ұқтырғысы келді. Фундаменталистер де дәл солай жасауға ұмтылып көрді. Осы шатысу бұрынғыдан да күрделі проблемаларға әкеп соқтырды».

Ыбырайымның құрбандық шалу қиссасы

Ұлық Алла орынбасарының рухани күш-қуатын көрсету үшін Ыбырайымды сынаққа алды. Ондағы мақсат адамның ерлігін көрсетіп, періштелерге мақтану еді. Бір күні Алла оған аян беріп: «Жалғыз ұлыңды құрбандыққа шал!» – деп бұйырды.

– Құдайдың қалауы солай болса, ризамын, – деп, іштей бекінген Ыбырайым пайғамбар ұлын киіндіріп, тауға қарай жол тартты.

– Әке, біз қайда барамыз? – деді ұлы.

– Досыма қонаққа барамыз, – деді әкесі.

– Олай болса, пышақ пен жіптің не қажеті бар?

– Қайтарда қой сойып әкелеміз.

Осы кезде шайтан келіп, Смағұлды азғырды.

– Әкең өтірік айтады. Сені Алла жолына құрбандыққа шалмақшы, – деді. Смағұл:

– Алла үшін шыбын жаным садаға, – деп, Ібіліс шайтанды қуып жіберді. Ібіліс енді Ажарды айналдырды. Анасы да: «Алла үшін мың ұлым болса да, құрбан етер едім», – деп жауап берді. Ібіліс отбасына алауыздық ете алмай, шарасыз қалды. Құрбан шалатын жерге жеткенде, Ыбырайым ұлына қарап жылай берді. Ұлы:

– Әке, не үшін жылап отырсыз? – деп сұрады.

– Ұлым, мен сені қазір құрбандыққа шалам. Алланың қалауы солай болды, – деп жылап жіберді.

– Олай болса, «еркек тоқты – құрбандық» деген. Алланың бұйрығына мен де ризамын. Тек өтінерім: анам мені жоқтап жыламасын. Сабыр етсін. Бауыздар кезде менің көзіме қарамаңыз. Әкелік мейіріміңіз оянып, Алланың үкімін орындай алмай ұятқа қаларсыз, – деді. Оның сөзін естіген барлық періштелер егіліп қоса жылады. Сол кезде ұлық Алла періштелерге:

– Қараңдар, менің қандай адал құлдарым бар. Сендер әлімсақта «Адамды жаратпа. Олар қан төгіп, қиянаттан басқаны білмейді» деп арыз айтып едіңдер. Енді қараңдар мына ерлікке! – деп мақтанды. Періштелер бастары салбырап, жерге қарады.

Ыбырайым пышағын алып, Смағұлдың тамағынан орып жіберді. Бірақ пышақ өтпеді. Ол екінші рет қайта тартты. Өтпеді. Үшінші рет бар күшімен бауыздады. Алмас пышақ жұмсақ теріні кесе алмады. Пайғамбар ызаланып, пышақпен тасты ұрғанда, өткір кездік қара тасты қақ айырды. Сол кезде Жебірейіл періште пейіштен көк қошқар алып:

– Аллаһу акбар, аллаһу акбар, лә иллаһа иллалла. Аллаһу акбар, аллаһу акбар уәлиллаһил-хамд, – деп тәкбір айтып түсті. Бұл «Алла Ұлы, Алла Ұлы, Алладан басқа тәңір жоқ. Алла Ұлы, Оған мақтау-мадақ болсын» деген мағынаны білдіреді. Періште:

– Ей, Ыбырайым, сынақтан сүрінбей өттің. Алла сенің адалдығыңа риза болды. Ұлың аман қалды. Оның орнына мына көк қошқарды құрбандыққа шал, – деді.

Содан бастап құрбан айтта құрбандық шалу мұсылмандарға парыз болыпты.

Ыбырайымның келінін сынауы

Смағұл ер жеткен соң, Ғамара атты қызға үйленеді. Бірде Ыбырайым пайғамбар келінін сынау үшін ұлының үйіне диуананың киімін киіп, қонаққа келеді. Келіні қонақты көріп, қабақ шытады. Оған суып қалған шай береді. Дастарханы, ыдыс-аяғы лас екен. Отыратын көрпені де ауыстырып салмайды. Шай үстінде Ыбырайым:

– Қызым, тұрмысың қалай? – деп сұрады. Атасын танымаған келіні отбасындағы ұсақ-түйек ұрыстарды айта бастады. Ерінің айыбын ашып, оны жамандады. Ыбырайым кетіп бара жатып:

– Еріңе сәлем айт, үйінің есігін ауыстырсын, – деді. Әкесінің сәлемін естігенде Смағұл: «Әкемнің көңілінен шықпаған екенсің»; – деп отыра кетеді. Смағұл бағын екінші рет сынамақ боп, Хәлә атты қызға үйленеді. Ыбырайым келінін сынау үшін тағы да диуана кейпінде қонаққа келеді. Хәлә құманға жылы су құйып, зыр жүгіріп, қызмет қылады. Алдына барын тосады. Астына қалың көрпе төсейді. Жүгі жинаулы, ыдыс-аяғы мұнтаздай таза. Келіннің де қабағы ашық, көңілі жарқын екен. Шай үстінде пайғамбар:

– Тұрмысың қалай, қызым? – деді. Келіні: «Шүкір ата, жақсымыз», – деп, ерінің жақсысын асырып, жаманын жасыруға тырысты. Оның иба-ізетіне сүйсінген атасы: «Еріңе айт, үйдің есігін жақсы сақтасын!» – деп, сәлем айтты. Бұл сәлемді естігенде Смағұл қуанып:

– Әкемнің көңілінен шығыпсың! Атаңа жаққаның – Аллаға да жаққаның, – деп риза болыпты.

Ыбырайымның қонақ күтуі

Ыбырайымның үйіне бір күні құдайы қонақ келеді. Ол бір Құдаймен ісі жоқ, діні бөтен кісі екен. Ыбырайым оны жақтырмай, сылтау айтып, қондырмай жібереді. Сол кезде Алладан:

– Әй, Ыбырайым, қонақты неге күтпедің? – деген әуез келді.

– Діні бөтен, Сенімен ісі жоқ бейбақ екен. Өзің жақсы көретін момын да емес, – деді. Сонда Алла:

– Сен бір адамнан осыншама мін тауып, ас бермедің. Ал мен оларды алаламай, озалдан асырап келемін. Менен үлгі алатын кең адамның ісін қылмадың, – депті. Ыбырайым ұялып, қонақты қайта шақырады.

«Дастарқанның басында дұшпан да дос» деген сөз осыдан қалыпты.

Ыбырайымның қызына өсиеті

Ыбырайым пайғамбар үйінде тамақты жалғыз ішпейді екен. Бір күні қызы:

– Әке, қашанғы біреуді күтіп отырасыз? Тамақ суып қалды. Іше беріңіз, – дейді. Ыбырайым:

– Қызым, ақиретте көрген қызық, ішкен-жегеннің бәрінің сұрауы бар. Көппен отырып, қонақпен бөліскен тағамның сұрауы болмайды. «Берген аста береке бар, бермеген аста біте бар» деген. Дос болсын, дұшпан болсын, асты бөлісіп же, – деді.

Қызы да содан бері жалғыз отырып ас ішпейтін болыпты.

жжж

Ыбырайым пайғамбар дүниеден өтер алдында ұл-қыздарын жинап мынадай өсиет айтыпты:

– Мен бұл ғұмырымда өмірдің арымайтын, талмайтын, тайсалмайтын үш тұлпарын міндім. Ол үш тұлпар: сабырлылық, арлылық, шүкіршілік. Осы үшеуін қатар тізгіндеген адам Алланың жолынан ауытқымайды. Иманы кәміл болады, – депті.

Смағұл пайғамбардың дүниеге келуі

Бибажар анамыз құрсақ көтерді. Тоқалдың жүкті екенін білгенде, Бибісара анамызда қызғаныш пайда болды. Бір күні Ібіліс келіп: «Ей, Сара, көрмейсің бе? Еріңе қанша адал қызмет етсең де, Құдайың Ажарды артық көрді. Алдыңды кескені үшін оны өлтіріп, өш ал», – деді. Қызғанышын тежей алмаған Бибісара Ажар анамыздың «екі жерін жаралаймын» деп ант ішті. Бибісара анамыз түс көреді. Түсінде алып шынар ағашын егіп жатады. Шынар тез өсіп, айналасына саясын төгеді. Ояна салып, түсін күйеуіне жорытады.

– Ұзамай ұлды боласың. Ұлың пайғамбар болады, – деді күйеуі. Бибісара анамыз қатты қуанады. Алайда «Ажарды өлтіремін» деген анты есіне түсіп:

– Қызғаныштан Ажарды жаралаймын деген антым бар еді. Енді не болады? – деп сұрады.

– Іштарлық – Ібілістің сипаты. Ол адамның дәрежесін көре алмай, Алланың дәргейінен қуылды. Бұдан былай қызғаныштан аулақ бол. «Ақ та болса ант ішпе, айрандай жұғар үстіңе» деген. Енді антты шартты түрде болса да орындау керек. Ол үшін Ажардың құлағын ғана жараласаң, жетер, – деді.

Бибісара анамыз Ажардың екі құлағының сырғалығын кішкене тесіп жарақаттады. «Ажардың көркін бұздым-ау» деген ой Сараға маза бермеді. Сол кезде Алланың әмірімен Жебірейіл періште пейіштен екі сырға әкеліп, Ажар анамыздың құлағына тақты. Жәннаттың лағыл тасын тағынғанда, Ажар хор қызындай сұлу боп шыға келді. Әйелдерге сырға тағу сол кезден сүндет боп қалған екен.

Бибісара анамыз осы оқиғадан кейін:

– Ажарды бөлек отау ет. Ібіліс ортамызға тағы от салады. Оны Сафа, Маруа тауларының аңғарына апарып таста. Сонда тұрсын, – деді.

Ыбырайым ойлана келе, бұл шешімді жөн деп ұйғарды. Ажарды бөлек отау етіп, Сафа тауына апарды. Ажар тоғыз ай өткенде, шекесі торсықтай ұл туды. Оның есімін Смағұл деп қойды. Бірақ айдалада су таба алмай, қатты қиналды. Таудың арасын шарлап, бір жұтым су іздеді. Нәресте қарны ашып, жерді тепкіледі. Өкшесі тиген жерден бұрқ етіп су шықты. Ана мен бала су ішіп, мейірін қандырды. Бұлақ суы басқа жаққа ағып кетер деген қорқынышпен Ажар анамыз «Зәм», «зәм» деп айта берді. «Зәм» араб тілінде «Тоқта» деген сөз екен. Су сол жерде үйіріліп, мөп-мөлдір болып тұнды. Уақыт өте келе, бұл бұлақ суы сарқылмас «зәмзәм құдығына» айналды.

Ысқақ пайғамбар қиссасы

Бибісара анамыз жетпіске келгенде құрсақ көтеріп, Ысқақты туды. Ол дүниеге келерде Ыбырайым түс көрді. Түсінде мың жұлдыз жиналып келіп, жаңа туған сәбиінің көкірегіне қонақтайды. Ояна сала, Алладан мұның хикметін сұрады.

– Ұлың Ысқақтың нәсілінен мың пайғамбар шығады. Мың жұлдыз -соның нышаны, – деп жауап берді.

– Иә, Аллам, Ысқақтың маңдайына ұлық дәреже жазыпсың. Оған сансыз шүкір. Ал Смағұл балама қандай мәртебе бересің? – деді.

– Оның мәртебесі бәрінен жоғары болады. Мұхамбеттің нұры соның ұрпағынан шығады. Егер Мұхамбет болмағанда, Мен мына әлемді, Лаухы, Қалам, Ғаршы, Күрсіні жаратпас едім. Күллі пайғамбар тұрмақ, он сегіз мың ғалам Мұхамбеттің нұрынан жаралды, – деді. Осыны естігенде, Ыбырайымның жүрегі шаттыққа толды.

Ысқақ ержеткен соң, Рабиға атты қызға үйленді. Одан Ияз, Жақып атты егіз ұл туды. Ысқақ үлкен ұлы Иязды ерекше жақсы көретін. Ол өте батыр, сабырлы, аңшылықты кәсіп ететін. Атқан аңның ең дәмді жерін әкесіне тарту ететін. Уақыт өте, қарттық құрсап, ауру меңдеп, Ысқақтың көзі көрмей қалды. Бір күні Иязға:

– Әй, ұлым! Киік етін сағындым. Әкеңе киік етін пісіріп әкелсең, саған пайғамбарлық батамды берем. Өзің де, әулетің де пайғамбар болады, – деді. Әке сөзін екі етпейтін ұлы садағын сайлап, аңға кетеді. Бірақ анасы бұл батаны кенже ұлының алғанын қалады. Ол Жақыпты шақырып:

– Сен қойдың етін пісіріп әкел, – деді. Ет даяр болғанда, анасы Жақыпқа Ияздың көйлегін кигізіп, піскен етті табаққа салып, әкесіне жіберді. Ысқақ етті жеп отырып, «Мынаның дауысы Жақыптікі, иісі Ияздікіндей екен» деп ойлайды. Ас жеп болған соң, қолын жайып, бата берді.

Аңнан қайтқан Ияз киік етін пісіріп, әкесіне тарту етті. Сонда ғана Ысқақ алданғанын біліп:

– Әй, ұлым. Менің шапағатым ініңе бұйырған екен. Ендеше сенің ұрпағың патша болсын, – деп бата беріпті. Кейін Ияздың кіндігінен көптеген патшалар таралыпты.

Ысқақ кенжесі Жақыпқа ұрыспайды. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» емес пе?! Кейіннен өзінің ұлдары да әкесін алдап, сүйікті ұлы Жүсіптен айырды. Сол себептен Жақып пайғамбар қасірет тартып, көзі соқыр болып қалған екен. «Қисса» араб тілінен аударғанда әңгіме, оқиға деген мағынаны береді. Шығыстанушы ғалым М.Б.Пиотровский қиссаның шығу тегіне байланысты мынадай қызық дерек келтіреді: «Аңыз бойынша Мұхамбеп пайғамбардан сахабалары бір қызық оқиға айтып беруді сұрайды. Сол кезде пайғамбар алғаш рет «Қисса Жүсіп» оқиғасын айтып беріпті». Кейіннен бұл қисса «Түс жорушы ШЖүсіп», «Жүсіп – Зылиқа», «Жүсіп пайғамбар» деген нұсқаларда дамыған.

Жүсіп пайғамбар қиссасы

Жақып пайғамбардың он екі перзенті бар еді. Әкесі олардың ішінде Жүсіпті ерекше жақсы көрді. Бір күні Жүсіп түс көреді. Әкесіне:

– Түсімде ағайынды бауырлар ағаш егіппіз. Ағаштар тез өсіп, гүлдеді. Менің ағашым көкке жетті. Өзгелері иіліп, оған тәжім етті, – деді. Ағалары: «Жүсіп өзін бізден артық санап, әкемізге жағынып отыр» деп ойлады. Жүсіп екінші рет түс көрді. Ол әкесіне:

– Әке, мен бүгін тағы түс көрдім. Маған күн мен ай, он бір жұлдыз сәлем берді, – деді. Жақып:

– Ұлым, түсің – Алладан келген рахмани түс. Бірақ ағаларыңа айтпа. Олар іштарлықтан саған қастық қылуы мүмкін, – деді. Бірақ мұны Жақыптың Үлкен әйелі естіді. Ол дереу ұлдарына жеткізді. Ағалары ашуланып, Жүсіпке «мақтаншақ, өтірікші» деген жала жапты. Қалайда оның көзін құртпаққа бекінді. Бірде Жүсіптің ағалары аңға шығарда әкесіне:

– Жүсіп бізбен аңға барып, сергіп қайтсын, – деді. Жақып сол күні бір жаман түс көрген еді. Түсінде он қасқыр Жүсіпті қамап, таламақшы болады. Бір қасқыр басқаларын қуып, Жүсіпті қорғаштап жүреді. Кенет Жүсіп ғайып болады. Түсінен секем алған Жақып Жүсіпті жібергісі келмеді. Бірақ ол:

– Әке, мен де бірге барайын. Үйде отырып жалықтым, – деді. Жақып амалсыз рұқсат берді.

Түзге шыққан соң, он ағасы Жүсіпке: «Сені өлтіреміз», – деп кіжінді. Сонда Яһуда деген ағасы:

– Бұлнесұмдық? Әкеміздің бетіне қалай қараймыз? – деді. Оны ешкім тыңдамады. Яһуда да қарсыласып тұрып алды. Ақыры үлкені Рубиа:

– Ендеше, Жүсіпті құдыққа тастайық. Көрер жарығы бар болса, аман қалар, – деді. Ақыры өлтіре алмай, Жүсіпті құдыққа тастады. Ұлық Алла Жебірейілге:

– Жүсіпті қағып ал! Мертігіп қалмасын, – деді. Періште оны тосып алып, оған жұмақтан киім мен ас-ауқат жеткізді. Ал ағалары Жүсіптің көйлегіне қан жағып: «Жүсіпті қасқыр жеп кетті», – деп әкелерін алдады. Жақып қайғыдан қан жұтты.

Ертесіне өзі түзге шығып, қасқырды ұстап алып:

– Ей, бөрі, баламды неге жедің? – деді. Қасқыр:

– Біз пайғамбар етін жемейміз. Ұлық Алладан рұқсат жоқ. Не болса да, өз ұлдарыңнан көр, – деді. Жақып өз қолын өзі кесе алмай, бармағын шайнап, үйіне қайтты.

Мысырдан Шамға келе жатқан бір керуен құдық басына тоқтайды. Су іздеп, құдыққа қауға салғанда, іштен Жүсіп шығады. Керуен басы Жүсіпті құл есебінде керуенге қосып алады. Жүсіп ішінен «әлемде менен асқан сұлу адам жоқ. Сымбатым барда қор болмаспын. Бай адам мені көрген бетте қымбат ақшаға сатып алар. Бірақ менің құныма әлемнің байлығы жетпес» деп астамшылық ойлайды. Керуен жүріп отырып бір қалаға келді. Керуенбасы Жүсіпті басқа құлдарымен бірге сатуға шығарады. Бірақ ол елдің адамдарының бәрі Жүсіптен асқан сұлу екен. Оған назарын да салмады. Жүсіп олардың жанында ұсқынсыз болып көрінді. Барлық құлдары сатылып, Жүсіп бір өзі өтпей қойды. Бағасы бес бақыр тиынға да тұрмады. Керуен әлгі қалада он күн жатып, келесі бір қалаға жолға шықты. Жол үстінде Жүсіп өзінің астамшылық ойлары үшін Аллаға тәуба қылып, Құдайдан кешірім сұрайды. Бірнеше күннен соң, керуен Мысыр шаһарына келді. Керуенбасы Жүсіпті Мысыр патшасына сарай қызметшісі етіп он бақыр тиынға сатып жіберді. Мысыр патшасының Зылиха есімді әйелі бар еді. Ол Жүсіпті көрген бойда ғашық болады. Ол Жүсіпке:

– Уа, жүрегімнің нұры болған Жүсіп. Ізгі сезімімді қабыл ал, – деді.

– Сабырға кел, Зылиха. Мен өз патшама опасыздық жасамаймын, – деді Жүсіп.

4 ы Жүсіп көңілдес болуғакөнбеген соң, Зылиха оған жалажапты. Патша қаһарланып, оны зынданға тастады. Бір күні зынданда онымен бірге жатқан патшаның аспазы мен аяқшысы түс көреді. Аспаз:

– Үш нан пісіріп, жоғары көтердім. Оның бәрін құстар келіп, таласа-тармаса жеп кетті, – деді.

Аяқшы:

– Түсімде жүзімді сығып, сөлін алып тұр екенмін, – деді.

Жүсіп:

– Аспаз, сенің ажалың толыпты. Дарға тартады. Ал, аяқшы, саған рақым қылып, қызметіңді қайтарады, – деп жорыды.

Айтқаны айнымай дәл келді. Ертесіне аяқшы азат болды. Жүсіп оған: «Патшаға менің кінәсіз екенімді жеткіз», – деді. Бірақ ол босаған соң, Жүсіпті ұмытып кетті. Патша бірде қорқынышты түс көрді. Барлық бақсы-балгерлерді жинап:

– Мен бүгін түс көрдім. Түсімде жаман іс көрдім. Бидайдың қураған жеті масағы әлі сүт боп тұрған жеті масақты жеп қойды. Артынша жеті арық сиыр жеті семіз сиырды жалмады. Бұл елге келе жатқан жүт па, құт па? Жүрегім бір нәубетті сезетін сияқты. Кім жориды? – деді. Ешкім жори алмады. Сол кезде баяғы аяқшы Жүсіпті есіне алып, патшаға айтты. Патша оны дереу сарайға алдыртты. Жүсіп:

– Еліңде астық жеті жыл қатарынан бітік шығады. Бірақ, одан кейін жеті жыл қатарынан жұт болады. Жауын жаумайды, өзен тасымайды, егін шықпайды. Аймақты ашаршылық жайлайды. Жұтқа дайындала беріңдер, – деді. Патша оған риза болып, босатпақшы болғанда, ол:

– Зындандағы кісілерді босат, – деп өтінді. Патша бәрін босатты. Жүсіптің кінәсіз екенін білді. Зылиха өзінің айыбын мойындады.

Жүсіп ақталып, сарай қызметіне кірісті. Ол жұмысшыларға:

– Қамба қазыңдар да, бидайды қауызынан аршымай жинаңдар, – деді. Біреу тұрып:

– Онсыз да орын аз. Бидайды қауызынан аршып сақтайық, – деді.

Жүсіп оларға:

– Жоқ, болмайды. Қауызымен жинаңдар. Біріншіден, қауызында бидай шірімей, сол күйі сақталады. Екіншіден, тышқандар астықты жей алмайды. Қауыздың қылы тышқанның көзіне кіреді, денесіне жайсыз тиеді, – деді. Айтқандай-ақ жеті жылдан соң, бұрын-соңды бұл аймақта көз көріп, құлақ естімеген жеті ағайынды жүт басталды. Аймақты ашаршылық жайлады. Мысыр жұрты ғана апаттың алдын алып үлгерді. Аштықтан босып кеткен көрші елдің халқы нан сұрап, Мысырға ағылды.

Жүсіптің туып-өскен отаны да жұттан зардап шекті. Бір күні әкесітүсінде Мысыр тағында отырған Жүсіпті көреді. Түсін жақсылыққа жорып, ұлдарын Мысырға астық әкелуге жұмсайды. Ұлдары Мысырға жеткен соң, Жүсіп олардан:

– Қайдан келдіңдер? – деді.

– Қанғамнан.

– Әкелеріңнің аты кім?

– Жақып пайғамбар.

Әкесінің есімін естігенде, Жүсіптің жан-жүрегі елжіреп сала берді. Оларды сыйлап, қанар қаптарын астыққа толтырып қайтарды. Келесі келгенде бір анадан туған бауыры Ибни Әминді алып келіңдер деп өтінді. Ағалары еліне жетіп, көрген сый-құрметін айтып, Жүсіпті мақтайды. «Ибни Әминді алып кел» деген сәлемін есіткен Жақып:

– Жоқ, жібермеймін. Жүсібімнен айрылғаным аз ба? Енді кенжем бәлеге ұшыраса, қалай өмір сүремін? Жүсіптің түбіне жеттіңдер. Енді мұны да құртқалы жүрсіңдер ме? – деп еңіреді.

– Ойбай, әке. Ибни Әминді аман-есен апарып келеміз, – деп ант-су ішті олар.

Көп ұзамай астық та таусылды. Жақып амалсыздан Ибни Әминді ұлдарына қосып, тағы да Мысырға жіберді. Жүсіп інісін көрген соң, егіліп жылады. Оған өзінің Жүсіп екенін айтты. Соңында Жақып пен Жүсіп бір-бірімен табысты. Жақыптың көзі ашылды. Жүсіп өзіне қиянат қылған ағаларын кешірді. «Ашу ағадан, кешірім ініден» деген сөз содан қалыпты. Ағалары әкесіне жылап:

– Әке, бізді Жүсіп кешірді. Енді сен де қателігімізді кеш. Аталық ақың мойнымызда қарыз болып қалмасын, – деді. Жақып пайғамбар:

– Сендер маған жалған айтып, сүйікті ұлым Жүсіптен айырдыңдар. Осынша жыл азап тартып, көзім көр болды. Алла сендердің күнәлеріңді тек таң сәріде тұрып тілесем ғана кешіреді, – деді. Сахар уақытында шырын ұйқысын қиып, Құдайдан тілек сұраған адамның дұғасы қабыл болатыны содан екен.

Мысыр патшасы өлген соң, Жүсіп таққа отырды. Зылиха ұзақ жыл Жүсіптің зарын тартты. Оны бір сәтке де есінен шығармады. Бір көрсем, арманым болмас еді деп, Жүсіптің жолын тосты.

Қанғамдағы айым ең,
Міндің Мысыр тағына.
Енді отырмақ саған мін.
Шық зынданнан бағыма.

Жұпар шашқан тұлымың,
Бір-біріне өрілген.
Жете алмады білімім,

Неге нұрлы көрінген, – деп жылайтын. Бір күні Жүсіп әскерлерімен өтіп бара жатып, Зылиханы көрді. Оған: «Зылиха!» – деп дауыстады. Зылиха Жүсіптің дауысын есіткенде, талып қалды. Есін жиып, Жүсіпке мұңын шақты. Жүсіп шерменде болған Зылиханы аяп, оған іші жылыды. Зылихаға үйленіп, бақытты болды. Бір Алладан басқаның бәрінде мін бар еді. Жүсіп те қанша ақылды болғанымен, өмірінде бір рет сүрінген екен. Әкесі он ағасын ертіп, Мысырға келе жатқанда, оларды қарсы алу үшін алдарынан шығады. Жүсіп аттан түсейін деп жатқанда бір уәзірі:

– Тақсыр, келе жатқан әкең болса да, аттан түспей амандас. Мысыр патшалығының айбынды абыройын сақтау керек. Олар саған кіріптар болып келе жатыр, – деді. Жүсіп:

– Алла тағала әкесіне құрмет көрсетпегендерді сүймейді, – деді.

– Алла сенің ниетіңді жүрегіңнен көріп тұр. Кешірімді кең Құдай сендей пайғамбардың кішкене күнәсін кешпегенде, кімнің күнәсін кешеді дейсің? – дейді уәзірі. Жүсіп осы сөзге иланып қалды. Әкесіне аттан түспей сәлем берді. Бұл Алла сүймейтін әдепсіз қылық еді. Осы әдепсіздігі үшін ұлық Алла Жүсіпті жазалады. Әдетте, Алланың әмірімен пайғамбардың денесі көмілсе де, топырақта шірімей саламат сақталатын. Жүсіптің мәйітіне ондай бақыт бұйырмады. Одан кейін Алла тағала Жүсіптің ұрпағынан пайғамбар шығармады.

Аюп пайғамбар қиссасы

Аюп пайғамбар өте сабырлы болған екен. Ұлық Алла періштелерге:

– Аюп – менің ең сабырлы құлым! – деп мақтанады екен. Бұл мақтау Ібіліске

жақпайтын. Ол Аюптың сабырын түгеспек болды. Оны жоқтықпен, байлықпен, мансаппен азғырды. Шайтанның бұл айласы Аюпқа әсер етпеді. Тіпті әйелін арбап,

отбасы мен достарының арасына да от салды. Аюп сонда да сыр бермеді. Ібіліс күніне мың түрлі бәле шақырса да, Аюп тағат жасап, отыра берді. Ібіліс оған:

– Аюп, балаң өлді! – деді.

– Құдай өзі берді, өзі алды. Ешкім мәңгі тірі жүрмейді. Өзекті жанға бір өлім, –

деді.

– Малыңды жұт алды.

– «Мал- бір жұттық, батыр – бір оқтық» деген. Ұлық Алла бергенін алса да, енді

берерін алмасын.

– Енді не ішіп-жейсің?

– Аштан өлгеннің моласы жоқ. Малға таласып өлгеннің моласы көп.

– Бұлай қырсыға берсең, ертеңің не болатынын білесің бе?

– Ертеңіне есек қана қайғырады деген.

– Ел-жұрт сен туралы өсек айтып жатыр.

– Жақсы бопты. Ер-азамат өсекке ілінбесе, есепке ілінбейді деген.

– Патша сені өлтіремін деді. Қаш.

– Ажал – ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу.

– Бүйте берсең, жалғыз қаласың.

– Қабірде барлық адам жалғыз жатады, – деді.

Төзімі таусылған Ібіліс оның бетінен шапалақпен тартып жіберді. Сайтанның қолы тиген жерге жара шықты. Оған шыбын үймелеп, құрттар қаптады. Жара жайылып, пайғамбардың бүкіл денесін ірің басты. Ел-жұрты, бала-шағасы «Аюп алапес болды» деп шошыды. Ібіліс оларға:

– Алапес – жұқпалы ауру. Оны жыраққа шығарып тастаңдар, – деп ақыл айтты. Шаһар жұрты бірауыздан келісіп, оны елден қуды. Жан жары Рахима ғана оған адал болып, қасында қалды. Ауруы онан сайын меңдеп, құрттар Аюптың етін жеп тауысуға айналды. Бірақ оның жүрегі мен тілі бір сәт тоқтамастан, Аллаға мақтау айтып, Жаратушыны ұлықтап жата берді. Денесінен түскен құрт болса, оны жерден алып:

– Алла саған менің етімді ризық етіпті. Несібеңнен айрылма, – деп құртты жарасына қайта салады екен. Аюптың сабырлылығын көріп, сайтандар түңілді. Олар Ібіліске келіп:

– Біз Аюпты жеңе алмадық. Сыры неде? – деп сұрады. Ібіліс:

– Оның тілі мен жүрегі Алланы еске алып, рухы нұрланып тұр. Бір құртты тіліне, бір құртты жүрегіне сал. Алланың есімінен қуат алу тоқтағанда, сабыры сынады, – деп ақыл берді.

Сайтандар солай істейді. Бір құртты тіліне, бір құртты жүрегіне салды. Сол кезде Аюп Аллаға арыз қылды:

– Иә, Ұлық Алла! Саған зікір айтып, есімдеріңнен қуат алатын едім. Мына екі құрт түбіме жетеді. Иә, Алла, пәрмен өзіңнен болсын, – деді. Сонда Алла:

– Әй, Аюп, сынақ сағаты бітті. Өкшеңмен жерді теп, – деді.

Аюп тепті. Жер жарылып, су шықты. Су сарқырап, арыққа айналды. Алла:

– Суға шомыл, – деп әмір берді. Аюп қырық күн суға шомылды. Қырық күнде жарасы жазылып, тәні ширады. Құрттар тегіс қырылып, екі құрт ғана тірі қалды. Аюп:

– Иә, Алла, мына екеуі өлмеді ғой, – деді. Алла:

– Тіл мен жүрекке түскен құрттар ғой. Оларға менің көркем есімдерімнің шарапаты жұқты. Олардың мәртебесі бір бөлек. Зікірдің шарапатынан оларды саған жәрдемші етемін. Бірі бал арасына айналады. Екіншісі сүлік болып суда қалсын. Бал арасының уы да, балы да шипа. Сүлік аурудың арам қанын сорады, – деді. Сол мезетте құрттардың бірі сүлікке, бірі бал арасына айналады.

«Сабыр түбі – сары алтын» деген осыдан қалыпты деседі.

Мұса пайғамбар қиссасы

Мұса пайғамбар дүниеге келерде оның елі Мысырда құлдықта болатын. Бір күні перғауын қорқынышты түс көреді. Түсінде бір жалын жер дүниені шарпып келіп, перғауынның үйін өртеп жібереді. Перғауын шошып оянып, көрген түсін бақсы-балгерге жорытты. Балшы:

– Ей, патшам! Мысырда бимл бір ер бала дүниеге келеді. Ол сені тақтан төңкеріп, патшалығыңды да опат етеді, – деді. Зәресі ұшқан перғауын жаңа туған балаларды өлтіруге әмір етті. Бұл кезде Ымыранның әйелі Лауһа да жүкті еді. Лауһа босана салысымен, ұлын емізді де, сандыққа салып, дарияға ағызып жіберді. Нілде қалқып жүрген сандықты перғауынның әйелі тауып алды. Қараса, ішінде нәресте жатыр. Баланың қылығы тәтті екен. Түрі де сүйкімді. Оны көрген әйел адамның аналық махаббаты оянып сала беретін. Перғауынның әйелі Әсияның осы балаға жүрегі байланды. Оны қимай, сарайда жасырын бақты. Осылайша перғауын қанша сақтық қылса да, оны жоятын бала патша тағының дәл қасында өсті. «Шебер Алла Мұсаны перғауынның сақалының астында тәрбиелеген» деген сөз содан қалыпты.

Әсия бөпені емізетін сүтана іздеді. Көп әйелдің емшегінен бір тамшы сүттамбады. Тек Мұсаның туған анасы Лауһаның ғана омырауы езіліп, сүт ана болып орналасты. Осылай баласы мен анасы сарайда қайта табысты. Бала жасына қарамастан, өте зерек, өте ширақ екен. Бір күні сәбиді перғауын көріп қойды. Одан қауіптеніп, өлтірмекші болды. Алайда әйелі ара түсіп:

– Патша ием, шақалақ бөпе дұшпандықты біле ме? Егер одан қауіптенсең, сынап көрейік, – деп, бір табаққа алма, екінші табаққа көмірдің шоғын салып әкелді. Әсия:

– Бала шынымен зерек болса, шоқты емес, алманы алады. Ақымақ болса, шоқты ұстап, күйеді. Зерек болса, өлтір, – деді.

Бала алмаға қарай еңбектей жөнелді. Алманы алмақ боп, қолын соза бергенде, Жебірейіл періште ұшып келіп, оның бетінен шапалақпен тартып жіберді. Бала кілт тоқтап, шоқты көсіп алып, аузына салып жіберді. Тілі күйіп, шар ете қалды.

– Өлер жерін білмейтін ақымақ бала екен. Ақылды бала алманы алса керек, – деді Әсия. Перғауынның қаупі сейіліп, көңілі орнына түсті.

Мұса мығым денелі, ірі жігіт боп ер жетті. Бір күні ол құлдарды қамшымен сабап жүрген салықшымен ерегісіп қалды. Екеуі төбелесіп, оны өлтіріп қойды. Мұса жазадан қашып, Мәдина жаққа бой тасалады. Жолай бір құдық басында қой суғара алмай тұрған екі қызды көрді. Бұлар Шұғайып пайғамбардың қыздары еді. Мұса оларға жәрдемдесіп, қойларын суғарды. Шұғайып пайғамбар Мұсаны танып, оған қошемет көрсетті.

– Қаласаң, қызымның біреуін саған некелеп қосайын. Соның қалыңмалы ретінде маған он жыл қызмет ет, саған батамды берер едім, – деді Шұғайып. Мұса келісті. Уағдалы мерзім өткен соң, Мұса кетуге рұқсат сұрады. Шұғайып бірден жібергісі келмеді. Мұса тағы да екі жыл қой бақты. Содан кейін ғана жұбайы Сапураны алып, еліне қарай жол тартты. Бір күні Тұр тауына жеткенде оған пайғамбарлық қонды.

Осыдан кейін Мұса қасына туысқаны Харунды ертіп, перғауынға келді. Оған Алланың көмегімен көптеген мұғжизалар көрсетті. Бірақ перғауын Құдайды мойындамай, қасарысып отырып алды. Соның кесірінен Мысыр халқы көп бәлеге душар болды. Жаңбыр жаумай, қуаңшылық басталды. Елді аштық жайлады. Бақашаян қаптап, аспаннан шегіртке жауды. Мұса пайғамбар Мысыр шаһарында жиырма жыл уақыт толассыз насихат айтса да, перғауын өзін: «Мен де Құдаймын»,

– деп қасарысып отыра береді. Хақ тағала Мұса пайғамбарға Мысырдан көшерде Жүсіп пайғамбардың табытын тауып, қауымын түгел жинап, бір түнде бірге көшуге әмір берді.

Мұса қаладан Жүсіп пайғамбардың табытын іздеп таба алмады. Сол кезде бір әйел келіп:

– Әй, Мұса, Жүсіптің табытын мен айтайын. Бірақ бір шартым бар, – деді.

– Қандай? – деп сұрады Мұса.

– Алладан тіле. Өлген соң жәннатта сенімен көрші болғым келеді, – деді. Мұса келісіп, Алладан дұға тіледі.

Мұса бір түнде қауымын жинап, қаладан қашып шықты. Перғауын әскер алып соңынан қуды. Қызыл теңізге тірелгенде, Алла Мұсаға: «Асаңмен теңізді ұр!» – деді. Мұса теңізді ұрған кезде су екіге жарылып, барлығы арғы жағаға қарай ұмтылды. Перғауын бүкіл әскерімен жарты жолға жеткенде, теңіз қайта жабылды. Самсаған қол суға батып кетті. Ұлық Алла перғауынның бүкіл әскерін итбалыққа айналдырып жіберді. Ал перғауын әупілдек деген құсқа айналып кетіпті. Мұса Бәйтәл Мұқаддасқа келіп зиярат жасап, Тұр тауына барып Алламен тілдеседі. Оған сол үшін «Мұса Кәлимолла» деген құрметті есім берілген. Ол «Алламен сөйлескен» деген мағынаны білдіреді. Осы тауда пайғамбарға Алладан Тәурат кітабы түсті. Тәурат кітабы қызыл жақұтпен қапталған еді. Ол он бөліктен тұратын. Әр бөлігінде жүз сүре, әр сүресінде мың аят болды. Бірақ Тәурат кітабы тым ауыр болғандықТан, оны жүз түйеге теңдеген деген сөз бар. Мұса пайғамбар қолына алғанда ғана кітаптың салмағы жеңілдейтін. Мұса халқын Тәурат кітабымен тәрбиеледі.

Мұса мен Қызыр

Мұсаға Алла көп ілім берді. Сансыз мұғжиза нәсіп қылды. Кітап түсіріп, дана етті. Рухани ілімнің шарапатынан Мұсаның көңілі шалқыды. Ол бірде:

– Уа, Алла! Сенің ілімі менен асқан құлың бар ма? – деп сұрады.

– Әлбетте, бар. Парсы мен Рұм дариясы тоғысқан жерге барсаң, менің бір Қызыр есімді құлымды табасың. Сен содан сабақ ал! – деді.

Мұса пайғамбар таңғалып, Қызырды көргісі келді.

– Оны қалай табам?

– Дорбаңа бірнеше балық салып ал. Ол балық қай жердің суында тірілсе, сол жерде Қызырмен жолығасың, – деді. Мұса жолға шықты. Темір таяғы тебендей, темір етігі теңгедей болғанда, қос дария тоғысқан жерге келді. Балықтар осы жердің суында тіріліп, жүзіп кетеді. Қызырды сол жерде кездестірді. Мұса ішінен «Мына шалдың менен қай жері артық?» деп ойлады. Сол кезде бір шымшық ұшып келеді де, екеуінің ортасына бір тамшы су тамызды. Қызыр жымиып күлді. Мұса:

– Неге күлдің? – деді.

– Жиған-терген ілімің тамшыдай ғана дегенді ишаралап тұр, – деді. Мұса:

– Онда теңіздей біліміңді көрсет. Мен шәкірт болып, саған ерейін, – деді.

– Менен ілім үйрену үшін сабыр керек. Мен кейде ақылға сыймайтын іс жасаймын. Сол кезде тағат қылып, ақырын күт. Артық сұрақ берме! Шартты үш рет бұзатын болсаң, сапарымыз тамам, – деді. Мұса келісті.

Екеуі жолға шықты. Ұзақ жүрген соң, бір кемеге мінді. Кеме иесі Қызырдың танысы екен. Одан ақы алмады. Біраз жүргеннен кейін Қызыр қолына балта алып, кеменің түбін тесті. Кеме қисайып, жүзуі нашарлады. Мұса шыдамай:

– Ақы алмаған жақсы адамға неге қастық қылдың? Мұның не? – деді.

– «Ештеме сұрамаймын» деген уәдең қайда? – деді Қызыр.

Мұса уәдесін ұмытқаны үшін кешірім сұрады. Кеме әзер дегенде жағаға жетіп, бұлар түсіп қалды. Кеме қайта жүзуге жарамай, қайраңда қалып қойды. Сапар жалғаса берді. Бір ауылға кіргенде ойнап жүрген бір топ балаға кездесті. Қызыр ойланып жатпастан, әлгі балалардың біреуіне у беріп өлтірді. Мұса ашуланып:

– Бейкүнә баланы неге өлтірдің? Ол саған не жазды? – деді.

– Уәде қайда, Мұса? – деді Қызыр екінші рет.

– Енді сұрамаймын, – деп Мұса кешірім сұрады.

Сапар қайта жалғасты. Жүре-жүре бір ауылдың үстінен түсті. Бірақ жолаушыларды жан баласы қонақ қылмады. Екеуі шарасыз кетіп бара жатып, қабырғасы құлайын деп тұрған қораның жанына кеп тоқтады. Қызыр қораның қабырғасын түзеп, қалпына келтірді. Мұса:

– Бұл ауыл бізді не қондырмады, не дұрыстап сыйламады, ал сен бөтеннің қорасын жөндеп жатырсың. Не үшін? – деп ренжіді.

Мұса уәдесін үшінші рет бұзған соң, Қызыр оған:

– Мұса, осымен сапар да, сабақ та тамам. Бұдан артық сені ертіп жүре алмаспын. Сен Алланың хикметті істерін ұқпайтын надан екенсің, – деді. «Надансың» дегенге Мұса шамданып қалды. Қызыр сөзін әрі жалғап:

– Енді бәрінің сырын баяндайын. Әуелі, кемені қиратқаным – сол елдің патшасы көрші елге соғыс ашып, кеме жинап жатты. Енді жандайшаптар кедей танысымның жүзуге жарамсыз кемесін алмайды. Соғыс біткен соң досым кәсібін жалғастырады. Екінші, өлген баланың әке-шешесі – момын адамдар. Ал бала бұзақы боп өсіп келе жатты. Ол ержеткен соң, ата-анасын, ауыл-аймағын қан қақсататын қаныпезер болмақ еді. Алла тағала момындарды аяп, баланы маған өлтіртті. Үшінші, бұзылған қораны жөндегенім – олаулада екі жетім бала өсіп келе жатыр. Қабырғаның астында балаларға аталары мирасқа қалдырған алтын-күміс көмулі жатыр. Қабырға құласа, қазына шашылады. Ғл-жұртталап, жетімнің ақысын бермей кетеді. Алла жетімдердің мирасын өздеріне сақтауға әмір берді. Екі бала ержеткенше қабырғаны құламайтын етіп жөндедім. Мен осы істің бәрін Алланың қалауымен ғана жасадым, – деді.

Бұл істердің сырын енді түсінген Мұса көңілі өсіп, өзін асқан білімдар санап, Алла алдында айыпты болғанын ұғады. Қоштасар сәтте Қызырға ізет көрсетіп:

– Іліміңіз шынымен артық екен. Маған ақыл беріңіз, – деп қолқа салды. Сонда Қызыр:

– Бірінші, шексіз ілім Аллада ғана болады. Екіншіден, кісіні киіміне қарап қорсынба. Үшінші, ақылың ашуыңа шолғыншы болсын. Төртінші, әр істің соңын бір Алла ғана біледі. Алдын ала кесіп, пішіп, асығыс пәтуа айтудан сақтан! – деді.

Осыдан бастап ел арасында «Алланың ісін пайғамбар болжап білмейді» деген сөз қалыпты.

Алла жіберетін бәленің ең жаманы

Мұса пайғамбардың қауымы надандықпен күнәлі істерді көп жасап, Алланың алдында айыпты болады. Алла тағала оларға наразы болып, Мұсаға:

– Әй, Мұса, қауымыңа ескерт. Үш түрлі бәле жіберемін. Біреуін таңдасын. Біріншісі – зұлмат ашаршылық, екіншісі- індет, үшіншісі – елдің ынтымағын жойып, бір-бірімен алауыз қыламын. Біреуін таңдап, үш күннен соң жауабын беріңдер, – деді.

Мұса еліне келіп, Алланың қаралы хабарын жеткізеді. Ел-жұрт мынаны естігенде, төбелерінен жай түскендей болды. Ақсақалдар жиналып, кеңес құрды. Есеңгіреп қалған ақсақалдар алғашында алауыздықты таңдады. «Құдай ашаршылық пен емі жоқ аурудан сақтасын» деп шуласты. Сол кезде бір абыз:

– Алла ашаршылық жіберсе, бәріміз қырылып қалмаспыз. Талқаны таусылғандар тағдырын Аллаға тапсырсын. Тірі қалғанның тұқымы тірілер, орнында бар оңалар. Індет жіберсе де, Алла барлығымызды түгел қырмайтын сыңайлы. Бәрібір қарттардың бәрі өледі, жастардың ажалдысы өледі. Алауыз болсақ, бәледен көз ашпаймыз. Отбасы ала болса, кереге басы сайын бір бәле деген. Ел іші ала болса, жау шаппай-ақ, дауыл тұрмай-ақ құримыз. Жиған малың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Ұлымыз құл болар, қызымыз күң болар. Санымыз аз болсақ та, саз болып, жұмылған жұдырықтай бірауыздан Алла қалаған екі апаттың бірін қарсы алып, төзейік. Бетеге кетсе, бел қалар, бектер кетсе, ел қалар, берекең кетсе, нең қалар?!

– деп тоқтау салды. Сонда ғана ақсақалдар ес жинап, осы байламға тоқтапты. Мұса қауымының таңдауын Аллаға жеткізді.

Ұдық Алла:

– Қауымың дұрыс таңдау жасады. Елдің бірлігі мен ынтымағын таңдағаны үшін мен оларды кешірдім. Енді ешқандай апат жібермеймін, – деді.

Осыдан бастап халық арасында «Елдің ынтымағын ойламаған адам Алланы бір деп танымайды» деген тәмсіл сөз тарапты.

Халық - Алланың бір аты

Мұса пайғамбарға бірде бір балаға зар болған ерлі-зайыптылар келіп, Құдайдан бала сұратады. Тәңірі тағала:

– Бала беремін. Бірақ сәбиге бір айлық қана ғұмыр жазам, – деді. Олар:

– Жарайды, Мұса, Аллаға айт. Бізге ғұмыры аз болса да, бала қызығын берсін. Қубас атанғаннан осы жақсы, – деді.

Ұзамай екеуі ұлды болды. «Қартайғанда көрген қызығы ғой» деп, айналадағы көрші-қолаң, ағайын-туыс, дос-жаран – бәрі жиналып, «құтты болсын» айтып, тілектерін білдірді. Оларішкімұңын сездірмей, қой сойыптойлады. Келген қонақтар: «Тауы берік болсын! Өмір жасы ұзақ болсын! Көп жасасын! Елдің мақтанышы болсын! Ауру-сырқау, бәле-жаладан Алла өзі сақтасын!» деп тілек айтты. «Бір айдан соң шетінейді» деген бөбек жастан асып, сүйкімді сәбиге айналды. Ата-анасы бұл хикметті түсінбей таңғалды. Олар бір күні Мұсадан осының сырын сұрағанда, ол да таңғалып:

– Иә, Алла, сен екі сөйлемейтін едің ғой, бұл қалай? – деді. Ұлық Алла:

– Иә, мен оның жанын бір айдан соң алуға тиіс едім. Бірақ жиналған халық оған шын жүректен ұзақ ғұмыр тіледі. Менің бір атым халық емес пе? Өзімнің бір сипатым болып тұрған халықтың игі тілегін қалайша қабыл алмаймын? Бұл менің ұлықтығыма жараспайды. Көп дұғасы қабыл болды, – деді.

Содан бастап көптің батасын, тілегін алу дәстүрге еніпті.

Ең сорлы мақұлық

Күндердің күнінде Мұса пайғамбардың көңілі өсіп, «Алланың менен де өткен сүйікті құлы бар ма екен?» деп ойлайды. Сол сәтте Ұлық Алла оны сынаққа алып:

– Әй, Мұса, бір ай уақыт беремін. Маған дүниедегі ең нашар, ең сорлы, ең мүсәпір, ең бейшара мақұлықты тауып әкел! – деп бұйырды.

Мұса дала мен қаланы кезіп, қаңғып кетті. Оған жолда аяқ-қолы жоқ мүгедектер де, қаріп-қасерлер де, ұры-қарылар да, жарлы-жақыбайдар да, жезөкше әйелдер де кездесті. Бірақ оларды «ең сорлы мақұлық» деп тануға батылы бармады. Бір күні Мұса көлеңкеде дамылдап отырып, үсті-басын бит-бүрге басқан, терісі қотырланып, жүні түсіп қалған, түрі ұсқынсыз, бір кәнден иттің жуынды жеп жатқанын көрді. «Алланың ең сорлы мақұлығы осы болар» деп итті ұстап алып, мойнына жіп тағып, Тұр тауына қарай жетектей жөнелді. Орта жолда Мұса: «Кім білсін, ұлық Алланың алдында мұның да қадірі бар шығар. Алла тағаланың оны нендей хикметпен жаратқанын мен қайдан білемін? Құдайдың алдында оның менен артық боп кетуі де ғажап емес» деді де, итті босатып жіберді.

Ұдық Алла:

– Иә, Мұса, менің тапсырмам не болды? Таптың ба? – деп сұрады.

– Өзімнен сорлы ешкімді таба алмадым, – деді. Сол кезде ұлық Алла:

– Құлым, сені менің пазылым сақтады. Егер орта жолда қотыр итті босатпай, алдыма әкелгеніңде, пайғамбарлықты алар едім. Онымен қоймай, өзіңді қотыр итке айналдырып, қор қылар едім. Енді пайғамбарлық міндетіңді жалғастыра бер, – деп риза болыпты.

Осы оқиғадан кейін Мұса Кәлимолла өзін өзгеден артық санайтын жаман әдеттен тыйылыпты.

Тасқұлақ, ақпа құлақ, құйма құлақ

Мұса кәлимолла жолда үш адамның бас сүйегін көреді. Ол бірінші бас сүйектің құлағын асасымен нұқиды. Аса таяғы құлақ шекеден кіріп, сүйектің арғы басынан бір-ақ шығады. Мұса бас сүйекті тастай салады. Екінші бастың құлағына асасы мүлде кірмей қояды. Мұса оны да тастайды. Үшіншісін түрткенде, таяғы құлақ шекеден өтіп, бас сүйектің қақ ортасына тұрып қалады. Әрі-бері жылжымайды. Мұса сол басты ғана арулап жерлейді. Қасындағы серіктері:

– Тақсыр, бұл не хикмет? Неге біреуін ғана жерледіңіз? – деп сұрады. Мұса:

– Біріншісі тірісінде ақпа құлақ болыпты. Нақыл сөздер бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кететін ақылсыз ақымақтың өзі екен. Өзіне де, өзгеге де соқыр тиын пайда келтірмеген. Сосын оны алмадым. Екінші бастың иесі – тас құлақ топас. Жөн сөз ұқпайтын қырсық. Ақылды сөзді құлағына ілмегендіктен, айналасына көп зиян тигізген. Оны да тастадым. Үшінші бастың иесі құйма құлақ ақылды екен. Ол қоғамға көп пайдасын тигізген. Өсиет сөзді көңіліне тоқып, айналасына үлгі шашқан. Аллаға қылығы жаққан. Мен сол үшін оны құрметтеп, бас сүйегін арулап жерледім, – депті.

Алланың қазынасы

Мұса пайғамбар бір күні Алладан:

– Иә, Тәңірім, сенің де мал-мүлкің, дүние-қазынаң бар ма? – деп сұрады. Алла:

– Бар, – деп жауап берді.

– Көрсем бола ма қазынаңды? – деді Мұса.

– Жоқ. Көрсетсем, көптен көңілің қалады, – деді Алла.

Мұса өтініп қоймаған соң, Алла оған:

– Ана таудың бір шатқалына шық, – деп бұйырды. Мұса шатқалға барса, кілең

арық қой, шұнақ ешкі, кәрі сиыр, қотыр тай, тышқақ лақ, соқыр түйелер қаптап жайылып жүр екен. Одан бөлек күйе жеген киіз, тесілген текемет, сынған сандық

үйіліп жатыр. Мұса сасып қалып:

– Иә, Алла, мыналар шынымен сенің мал-мүлкің бе? – деді.

– Иә.

– Қалайша сенің малың ақсақ-тоқсақ, ауру-сырқау?

– Енді маған не дейсің, Мұса? Адамдардың Құдай жолына атаған садақасы, шалған

құрбаны осы болса, – депті.

Мұса кәлимолла - Алламен тілдесуші

Бір күні Мұса Аллаға арыз қылды:

– Я, Алда, маған ең оңай дұға түрін үйретші, – деді. Алла:

– Жаттап ал, Мұса! Лә иләһә илла Алла, – деді. Мұса жаттап алып, дауыстап айтып жүрді. Бір күні тағы да Аллаға:

– Я, Алла, бұны елдің бәрі айтады. Мен пайғамбармын ғой. Өзіме ғана арналған ең қиын дұғаны үйретші, – деді. Ұлық Алла:

– Онда дайындал. Қайталап айтып, жаттап ал! – деді.

– Дайынмын!

– Дә иләһә илла Алла.

– Я, Алла, мынау баяғы оңай кәлима емес пе?

– Әй, Мұса, кәлима айту оңай деп кім айтты? Сен кәлиманы мен шапағат еткен соң ғана қиналмай айтып жүрсің. Оңай болса, ана жүрген қара құрым халыққа үйретші. Солар үйреніп айтар ма екен? – деді. Мұса үнсіз қалды. Себебі, қырық жыл еңбек етсе де, қауымы кәлиманы тез ұмытып, бұзауға табынып кетіп еді.

жжж

Бір күні Мұса Алла тағалаға:

– Я, Алла, маған пайғамбарлық берерде қай ісімді көбірек ұнаттың? -деп сұрады. Ұлық Алла:

– Мұса, сен Шұғайып пайғамбардың қойын баққаныңда, ішінде бір көтерем қой бар еді. Үнеміүйірден бөлініп қала беретін. Сен сол қойға сабырмен қарап, оны ұрып соқпайтынсың. Сенен басқалары ол көтерем қойды боқтап-боралап қамшының астына алатын, ұрып-теуіп жүгіруге мәжбүрлейтін. Сен қой екеш қойға да рақым қылдың. Егер сол қойды тепкеніңде, сені пайғамбарлықтан да, патшалықтан да, құтберекеден де мақұрым қалдырар едім, – депті.

Содан бастап Мұса өз қауымын малды теппеуге шақырды. «Малды тепсең ырыс қашады» деген түсінік сол кезде пайда болыпты деседі. жжж

Мұса бірде Алладан:

– Я, Алла, маған өзіңнің әділдік сипатыңды көрсетші? – деп сұрады.

– Көрсетпеймін.

– Неге?

– Себебі, менің әділдігім шым-шытырық хикметтен тұрады. Оны түсінуге сенің иманың әлсіздік етеді, – деді Алла. Мұса бұл сөзді ауыр алады. Ұлық Алла досының көңілін қимай:

– Ендеше, анау бұлақтың қасына барып, таста жасырынып отыр, көресің, – деді. Мұса солай жасайды.

Бір кезде бұлақтан су ішуге бір бай келді. Ол су ішіп, ары қарай аттанғанда, бұлақ басында әмияны түсіп қалды. Бай кеткен соң, бір жас бала келіп ол да суішті. Ақшаны сол бала тауып алып, жөніне кетті. Үшінші болып бұлақ басына бір шал келді. Ол су ішіп, дем алып отырғанда, баяғы бай қайтып келеді. Қараса, әмиян жоқ. Ол:

– Ақша толы әмиян көрдің бе? – деді.

– Жоқ.

– Өтірік айтпа, – деп бай оны шауып өлтірді. Сол кезде Мұса шыдамай:

– Уа, Алла, әділ сипатың осы ма? Жазықсыз шал өлді, бала бөтеннің ақшасына кенелді. Бұлне сұмдық? – деді. Сонда Алла:

– Әй, Мұса, «иманың жетпейді» деп айттым ғой саған. Менің хикметімді пенделер ұқпайды. Ана бай жас балаға жұмыс жасатып, еңбек ақысын бермей кеткен. Балаға ақысын әпердім. Ал шал байдың әкесін өлтірген еді. Бай шалды өлтіріп, әкесінің кегін алды, – деді. Мұса Алладан кешірім сұрап, өз ісіне оралыпты.

жжж

Бірде Мұса Аллаға арыз қылады:

– Уа, Алла, сенің кеңдігіңді көргім келеді. Сен бізді қалай басқарасың? – деді.

– Мұса, сенің сабырың жетпейді, – деді Алла. Мұса өтініп қоймаған соң, Алла оны жерден қырық құлаш көтеріп, қауымын аспаннан тұтас көрсетеді. Қараса, біреулер ұрлыққа аттанып бара жатыр. Енді бірі зинамен әлек. Біреу біреуді өлтіріп, бірін бірі тонап жатады. Мына сұмдықты көрген Мұса ашуланып:

– Уа, Алла, мына оңбағандарды жер бетінен жою керек, – деп дауыстап жіберді. Сонда Алла:

– Мұса, сабырың жетпейді деп айтпадым ба? Сен бір рет көргенде пенденің ісіне төзе алмайсың. Ал мен әлем жаралғалы адамдардың осы ісіне төзіп, ұрпағын жоймай, бәрін бірдей асырап отырмын, – депті. Мұса өз ісіне ұялып, Алладан кешірім сұрапты.

жжж

Бір күні Мұса үйінде отырып, «Құдайдың мендей сүйген досы бар ма екен?» деп ойлады. Оның астамшыл ойын білген Алла:

– Әй, Мұса! Дереу тұр да, анау таудың төбесіне шық. Менің сүйген досымды табасың, – деді. Мұса тауға шықты. Қараса, бір адам сілесі қатып, ұйықтап жатыр. Мұса:

– Кім бар, сөйлес? – деп дыбыстады. Кісі оянбады. Мұса тағы дауыстады. Ол жата берді. Болмағасын қасына барып:

– Оу, кімсің? Не қылған жансың? – деді. Кісі селт етпеді. Мұса асасымен нұқып түртті. Таяқ қатты батса керек, әлгі адам оянып кетеді. Мұсаны ала көзімен бір атып:

– Болса, болсын! – деп айғайлап жіберді. Мұса селк ете қалды. Әлгі адам атып тұрып, жүгірген күйі құздан секіріп кетті. «Болсын, болсын» деген айғайы біразға дейін тауда жаңғырып тұрды. Мұса таңғалып:

– Уа, Алла, бұл кім? Ол не үшін секірді? Нені «болсын» деді? – деп сұрады. Ұлық Алла:

– Ол менің ерке досым еді. Күнде Менімен сырласып, шер тарқатып отыратын. Бүгін оған ерекше мейірімім түсіп, сегіз қабат жұмақты көрсеттім. Ол риза болып: «Иә, Алла пейішті мінсіз жаратыпсың. Бұл жерге күллі адам баласы кірсе де сыяды екен», – деді. Сосын тозақты көрсеттім. Ол тамұқтың отын көріп, зәресі қалмады. «Мынаныжой», – деп сұрады. Мен: «Тұра берсін, керегі болады. Отқа датастайтын залымдар табылады», – дедім. Ол: «Жоқ, Сендей Ұлық Құдайға бұл іс лайық емес. Мынадай азапқа адамды қалай саласың? Дереу жоқ қыл», – деді. Мен: «Досым, сен білмейсің. Мен сені жаратқан Алламын. Сен ақылы шектеуді пендесің. Тозақ тұра берсін. Бір керегі болады», – дедім. Ол маған ренжіп: «Тозақты жоймасаң, сенімен дос болмаймын», – деп, өкпелеп кетіп қалды. Бүгін күні бойы тауға өрмелеп, әбден шаршады. Енді ғана көзі ілініп еді, сен келдің де асамен түртіп ояттың. Ол ашуланып: «Жарайды, тозағың болса, болсын! Адамның тынышын алатын мынадай Мұсаларды сол тамұққа тастарсың», – деп секіріп кетті, – деді.

Мұса өзінің астамшылығын түсініп, тәуба қылды.

жжж

Бір күні Мұса Тұр тауында тұрып:

– Иә, Алла, мен ғой сенімен тікелей тілдесіп тұрмын. Саған менен де жақын келетін құлдарың бар ма? – деп сұрады. Алла:

– Әй, Мұса, өзіңді маған жақын тұрмын деп ойлайсың ба? Дәл қазір екеуміздің арамызда жетпіс мың қабат перде бөліп тұр. Сен менің құдіретіммен ғана дауысымды естіп тұрсың. Маған сенен де жақын келетін құлдарым бар, – деп жауап берді. Мұса:

– Олар кімдер? – деді. Ұлық Алла:

– Ақырдың соңында Мұхамбет атты ең соңғы сүйікті пайғамбарым дүниеге келеді. Оның үмбеті ең қиын кезде хақтың жолын ұстанады. Аптап ыстықта отыз күн ораза ұстайды. Ауызашарға жиналғанда, олардың дастарқанында сан түрлі дәмді тағам самсап тұрады. Бірақ олар қаталап, қарны ашса да, күн батпай ауызын ашпайды. Менің разылығымды табу үшін мол дастарқанға қол созбайды. Сол кезде Менің рақметім мен шарапатым оларға барынша жақындай түседі, – депті. Мұса таңғалып үйіне қайтты.

жжж

Мұса кәлимолла Алладан:

– Иә, Алла, менің пейіште болатын ең жақын көршімді көрсетші, – деді. Ұлық Алла көрсетті. Қараса, өзі тұратын қаладағы қасапшы екен. Мұса таңғалады. Ертесіне қасапшыны іздеп, базарға барды. Одан:

– Ей, қасапшы, сенің Құдайға қай қылығың жақты? Не амал жасайсың? – деп сұрады. Қасапшы:

– Мен білімсіз қараңғы адаммын. Кітап оқи алмаймын. Бірақ үйде қартайған ата-анам бар. Мал сойғанда еттің жылы-жұмсағын соларға беремін. Олардан бұрын тамақ ішпеймін, – депті.

жжж

Мұса пайғамбардың елінде қуаңшылық басталды. Тасаттық берсе де, жаңбыр жаумады. Ел-жұрты «Алладан медет тіле» деп, Мұсаны жұмсады. Ол Тұр тауына шығып:

– Уа, Алла, неге жаңбыр жаумайды? – деді.

– Сенің қауымыңда сөз таситын өсекшілер бар. Солар түзелмей, жаңбыр жібермеймін. Мен өсекшіні жек көрем, – деді Алла.

– Уа, Алла, олар кімдер? Маған айт, мен оларды жазалайын.

– Әй, Мұса, саған оларды айтсам, өзім өсекші болмаймын ба?

– Енді неістеймін?

– Халық арасында оқу-тәрбие, үгіт-насихат жұмысын үзбе, – деді Алла. Мұса еліне келген соң, өсек сөздің зияны туралы уағыз айтып, халқын тәрбиелей берді. Уақыт өте келе өсекшілер де тыйылды. Алла уәдесінде тұрып жаңбыр жіберді.

Шайқы Бұрқының хикаялары

Ертеде бір перзентке зар болған шал мен кемпір Мұсаға келіп, арыз айтты.

– Сен Алланың пайғамбарысың. Бізге Алладан бір перзент сұрап алып бер, – деді. Мұса көңілдерін қимай: «Жарайды», – деді.

Мұса Тұр тауына шығып, Аллаға арызын жеткізді. Ұлық Алла:

– «Лауһы Махфузда (тағдыр тақтасы) олар ұрпақсыз өтеді» деп жазылған. Алланың үкімі екі болмайды. Бұйырған тағдырына риза болсын, – деді. Мұса Алланың жауабын жеткізгенде, олар одан сайын қайғырды. Жаны ашыған пайғамбар:

– Менің дұғам қабыл болмады. Бірақ үмітсіз болмаңдар. Таудың күнгей бетінде шайдан басқа асы жоқ, Құдайдан басқа досы жоқ Шайқы Бұрқы деген әулие бар. Бәлкім, соның дұғасы қабыл болар, – деп жұбатты.

Шал мен кемпір әулиені іздеп, тауға шықса, күркенің ішінде бір тақуа отыр екен. Келген себептерін білген соң, Шайқы Бұрқы: «Соған бола маған келдіңдер ме?»

– деді де, дұға жасап, Алладан бала сұрады. Алла Мұсаға берген жауабын тағы да қайталады. Бұрқы Құдайға өкпелеп:

– Бала бермесең, сенімен дос болмаймын. Сені ешқашан есіме де алмаймын, – деп кетуге жиналды. Сол кезде Алладан:

– Досым, бері қара. Неше бала керек? – деген жұмсақ әуез келді. Қос бейбақ: «Бізге бір бала да жетеді»; – деп жылап жіберді. Сонда Бұрқы:

– Ақыры келдіңдер. Енді Алладан молынан сұраңдар, – деді де, Құдайға: «Бес ұл, бес қыз бересің», – деді. Алла:

– Бердім! – деді.

Шаа мен кемпір он балалы болды. Бұл оқиға Мұсаның көңіліне келді. Ол:

– Пайғамбар – мен сұрағанда бермедің. Әулиеге неге бердің? – деп, Құдайға ренжиді. Ұлық Алла:

– Әй, Мұса, сені патша еттім. Пайғамбарлық дарыттым. Бай қылдым, батыр қылдым. Халқыңды құлдықтан босаттым. Кітап түсірдім. Ал Шайқы Бұрқыда мұның бірі жоқ. Жалғыз байлығы – Құдай! Менен айрылса, оның несі қалады? – деп жұбатыпты.

жжж

Бірде Ұлық Алла Шайқы Бұрқыдан:

– Әй, досым, екеуміздің қайсымыз күштіміз? – деп сұрады. Досы ойланбастан:

– Әрине, мен күштімін, – деді.

– Қалайша сен менен күшті боласың? – деді Алла. Сонда Шайқы Бұрқы:

– Уа, Алла, сенің әке-шешең, ұл-қызың, аға-інің, туыс-бауырың жоқ жалғыз Құдайсың. Ал мен жүрек көзім ашылған әулиемін. Оған қоса Құдіретті Алладай досым бар. Сенің осындай жолдасың бар ма? – дегенде, Алла оған риза болыпты.

жжж

Тағы бірде Шайқы Бұрқы Алладан:

– Уа, Аллам, осы сенің де өлетін кезің бола ма? – деп сұрапты.

– Иә, әрине. Мен күнде өлемін, – деп жауап берді. Мұндай жауапты күтпеген Бұрқы сасып қалып:

– Қалайша сен өлесің? Сен әуелден бар, мәңгі жасаушы Ұлы Құдірет емессің бе?

– деді. Сонда Алла:

– Егер жер бетінде біреу ақты қадірлемей, аяқасты етіп қорлайтын болса, мен сол сәтте бір өліп-тірілемін, – депті.

Содан бастап Шайқы Бұрқы сүттен жасалатын тағамдарды қадірлеуді кеңінен насихаттайтын болыпты.

Шайқы Бұрқыдан біреу:

– Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді? – деп сұрады.

– Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы, мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметін көреді. Малқұмар, көңілі соқыр надандар шыбынғаұқсап өсек-аяңғаүйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – депті.

Жүніс пайғамбар қиссасы

Бір күні Алла Жүніс пайғамбарға:

– Мосул шаһарына барып, халқына иман үйрет, – деп бұйырды.

Жүніс шаһарға келіп, халыққа иман үйретуге кірісті. Алайда оның сөзіне ешкім құлақ аспады. Пайғамбар ел-жұртына ренжіп, қаладан кетіп қалды. Жүре-жүре бір теңіздің шетіне ілікті. Кемеге мініп, сапарға шықты. Кенет қатты дауыл тұрып, қалың тұман торлады. Сол кезде кемедегі бір қарт:

– Ау, жарандар! Бұл – Құдайдың бізге жіберген зауалы. Арамызда Алланың әмірін тәрк қылған біреу отыр. Содан құтылмай, бұл апаттан аман қалмаймыз, – деді.

– Ол- менмін, – деді Жүніс пайғамбар. Оны танитын кісілер:

– Уа,пайғамбар, олай демеңіз. Бізді бұлапаттан сізғана құтқарасыз, – депжалынды. Жүніс оларды тыңдамай, суға секіруге әзірленді. Құдай Залуха атты балыққа:

– Тез барып, құлым Жүністі жұт та, қарныңда саламат сақта. Байқа, аманатқа қиянат қылма, – деп әмір етті. Балықтың Алланың әмірімен келгенін білген пайғамбар «біссіміллә» деп, өзін балықтың аузына атты. Сол сәтте Құдайдың құдіретімен балықтың қарны мөлдір затқа айналып, сыртқы әлем айнадай көрініп тұрды. Жүніс біресе жылап, біресе күліп тұрған бір кісіні көрді.

– Бұл кім? – деп сұрады. Жебірейіл періште:

– Бұл- Ібіліс малғұн. Момындар тәубе қылса, жылайды. Күнә қылғандарға қуанып күледі, – деді. Бір кезде адамның алпыс екі тамырын иітіп, жан-жүрегін елжіретер керемет әуез естілді. Пайғамбар:

– Бұл ненің дауысы? – деді. Періште:

– Бұл – балықтардың зікірі. Олар Тәңірі тағаланы толассыз пәктеп, Оған мақтау айтуда, – деді. Жүніс Құдайға тәубесін күшейтіп, Аллаға көп мадақ айта бастады. Жүніс осындай халде қырық күн жатты. Ұлық Алла хикметімен қалаған құлдарын қырық күн оңаша қамап, рухани дәрежесін өсіретін сүндеті еді. Жебірейіл періште балыққа:

– Енді Жүністі шығар, – деді. Сонда балық:

– Иә, Жебірейіл, менің бір датым бар, – деді.

– Датың болса айт.

– Жүніс қарнымда жатқан кезде үнемі Алланы ұлықтаушы еді. Оның әсем дауысынан тұла бойым нұрланып, жаным жай табатын. Дәрежемді басқа балықтардан артық еткен ұлық Алла бұл бақытты ұрпағыма да нәсіп қылса деп тілеймін. Сонда Алла тағала:

– Болсын тілегің! Ұрпағың менің достарыммен дос болады, – деді. Залуха Жүністі жағаға шығарды. Жүніс қырық күн ас-ауқат ішпегендіктен, қуаты қалмады. Ол қайың ағашының түбіне барып саялады. Қолымен діңін сипап еді, одан тәтті шырын шықты. Қайың діңгегінен тамған нәрді ішіп, есін жинайды. Содан бастап қайыңға кие дарып, одан қуатты шырын пайда болған екен.

Жүніс есін жиған соң, Құдай тағала оған:

– Сені алдаған Ібіліс. Халқың иманға келді. Енді оларға барып, насихатыңды жүргіз, – деді. Сөйтіп, пайғамбар қайтадан Мосулға кетті. Шаһарға жақын қалғанда бір қойшыны көрді. Оған:

– Ей, мейірбан қойшы. Бір жұтым айран берші, – деді.

– Бір жұтым емес, бір тостағын берер едім. Жүніс пайғамбар елден кеткелі, малдың бәрі суалды, – деп мұңайды қойшы. Пайғамбар отыра қалып, бір қойдың жонын сипап еді, сүт бұлақтай ақты. Оны мейірі қанғанша ішіп, қойшыға:

– Бар, Жүніс пайғамбар оралды деп сүйінші сұра, – деді. Патша халықты ертіп, Жүністің алдынан шықты. Оны алтын ерге отырғызбақшы болды. Бірақ ұлық болса да, кішік болуды ұмытпайтын Жүніс алтын ерге отырмай, шаһарға жаяулап кірді. Пайғамбар жұртқа рухани ілім үйретіп, мағыналы тіршілікке бет бұрды.

Ұлық Алла Залуханың ұрпағына да зор дәреже нәсіп етті. Жүсіп пайғамбар теңіз жағасында жалаңаш тұрып, дәрет алып, шомылғанда қаптаған балық қалқалап, пайғамбардың денесін тірі жанға көрсетпеді. Сүлеймен пайғамбардың жүзігін де жоғалтпай аман сақтаған Залуханың ұрпағы еді.

Қызыр атаның қиссасы

Қызыр атаның есімі «жасыл» деген мағынаны білдіреді. Басқан жері гүлденіп, жасыл желекке бөленетін болғандықтан, оны осылай атаған. Ата-бабаларымыз жолаушыны аттандырып тұрып: «Ойда Ілияс пайғамбар, Қырда Қызыр пайғамбар, Қарағыма көз сал-ау» деп тілек тілеген. Төрт құбыласы сай кісілерді «Бақ қонып, Қызыр дарыған» дейді. Ғұмырында бір рет Қызырға кездесіп, оның батасын алған адам бақытты болады. Ол әр күн сайын жер жүзін түгел шарлап өтеді. Оның табаны тиген жерге береке дарып, мамыражай тіршілік орнайды екен. Татар дәмі, жұтар суы таусылған соң, Әзірейіл періште Алланың әмірімен Қызырдың жанын алмақ болды. Сонда Қызырдың екі көзінен алты тарам жас ағып, жылайды.

– Ей, Қызыр! Неге жыладың? Өлімнен қорқасың ба? – деп сұрады періште. Қызыр:

– Жоқ, қорықпаймын. Өлсем, Құдайды мақтаудан тыйылып, адамдарға жақсылық жасаудан мәңгілікке айрыламын, – деді. Ұлық Алла:

– Қызыр рас айтады. Оның осы адал ниеті үшін оған ақырға дейін ғұмыр бердім,

– деді. Ұлық Алла оған шексіз ілім берді. Ол Құдайдың рұқсатымен әулие-әнбиелерге ілім үйретті.

Қызыр бірде Қожа Ахмет Ясауиге қонаққа келеді. Ясауи шәкірттерін отынға жұмсады. Жолда жаңбыр жауып, әкелген отынның бәрі су болды. Бықсып жанбады. Сүлеймен есімді шәкірттің ғана отыны құрғақ екен. Асты соның отынымен пісірді. Қызыр:

– Ұлым, сенің шөпшегің неге құрғақ? – деді. Бала:

– Менотынды шапаныммен орап, сутигізбей әкелдім, – деді. Баланың зеректігіне риза болған Қызыр:

– Балам, сенің атың «Хакім» болсын. Алла саған хикмет берсін, – деп бата беріп, оның аузына түкірді. Содан бастап Сүлеймен хикметке жүйрік болды. Құранның мағыналы сырларын өлеңге қосып, жырлады. Ел-жұрт оның хикметтерін жаттап, Құранға сауаты ашылды.

Содан бері сыйлы қонақтарға сәбидің аузына түкірту дәстүрі пайда болды. «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген сөз осыдан қалыпты.

Зәкәрия пайғамбар қиссасы

Бір патшаның қызы сұлу болыпты. Ол Мысырдың перғауындарына ұқсап, өз қызына өзі үйленгісі келеді. Сөйтіп Зәкәрия пайғамбардан «рұқсат» деген пәтуа сұрайды. Зәкәрия:

– Шариғат бойынша өз қызына көңілі түскен адамды Құдай қарғайды. Елді бүлдіріп, адамды аздырасың, – деді.

Дегеніболмаған патшаоның соңынатүсті. Жалдамалы жендеттер Зәкәрия орманда оңаша келе жатқанда өлтірмек болды. Зәкәрия қашады. Шаршаған соң, емен ағашына келіп: «Мені залымдардан жасыр», – деп әмір қылды. Ағаш қақ айырылып, пайғамбар ішіне тығылды. Бірақ шапанының бір ұшы сыртта көрініп қалды. Бір сауысқан ұшып келіп, шапанның ұшын шұқып көрсетті. Аұшпандар таңғалып, шарасыз тұрып қалды. Ібіліс адам бейнесінде келіп, ағашты арамен кесуге кеңес берді. Амалы қалмаған Зәкәрия:

– Иә, Алла, залымдардан құтқар, – деп жалынды. Алла:

– Зәкәрия, сен пайғамбарлығыңа сеніп, ағаштан көмек сұрадың. Мұның қателік болды. Енді зікір айтқан халде ажал табасың. Болмаса, имансыз кетесің, – деді.

Зәкәрия араның дыбысына ілесіп, зікір айтады. Осылайша Алла алдында абыроймен қаза табады.

Содан бері «зикр-арра» тағаты Зәкәриядан қалған екен.
Радлов «Жұмжұма» қиссасы тура-
лы: «Жұмжұманың» әсері даланы
кезіп жүрген мың молданың уағызы-

нан артық» деп бағалайды. Ол бұл
қиссасы Түмен (Тюмень) деген
жерде Мәулекей Жұмашиқов деген
татардан жазып алған. «Мәулекей

араб, парсы, орыс, қазақ, татар
тілдеріне жүйрік, Түменнің Мәнжел
елдімекенінде бала оқытып, медресе
ұстап отыр. Қазақ дәстүрін жақсы

біледі. Қисса, аңызға судай» дейді.
Ғайса пайғамбар қиссасы
Қубас немесе Жұмжұма хикаясы

Ғайса пайғамбар жолда жатқан бір қу басты көріп, оның иесімен тілдескісі келді. Алладан:

– Иә, Алла, мына қу басқа тіл бітір. Кім екенін білейін, – деп сұрады. Алла қубасқа тіл бітірді. Ғайса:

– Әй, қу бас, еркексің бе, әйелсің бе? Жайыңды баянда, – деді. Қубас:

– Затым ер. Бір заманда Шам шаһарының патшасы болдым, – деді.

– Патша болсаң, неге алтыннан мазарың жоқ? Сүйегің неге шашылып жатыр?

– Ей, Ғайса, өлген соң патша да бір, пақыр да бір екен. Қабірстанда мазарыңа ешкім қарамайды. Ел-жұрты, ұрпағы еске алып, соңынан дұға жолдайтын әруақтың ғана жағдайы жақсы болады екен.

– Бұл күйге қалай түстің?

– Мен Шам шаһарының патшасы едім. Менен бәрі қорқатын. Айтқаным өтіп, атқаным тиіп тұрды. Даңқым жер жарды. Жүз мың құлым, төрт мың уәзірім болды. Мыңдаған тазы жүгіртіп, жүздеген сұңқар салдым. Жеңбеген жауым, алмаған қамалым қалмады. Халқыма әділ болдым. Оларды тойындырдым, сән-салтанатқа қарық еттім. Бір күні аңнан келе жатып, жас тоқалымның үйіне түстім. Шай үстінде бір мүсәпір қайыр сұрап, босағада тұрды. Тоқалым тырысқан соң, қабағына қарап, мүсәпірді қуып жібердім. Ертесіне үстіме жара шығып, бүкіл денемді басып кетті. Барлық емші-балгерді алдырттым. Ем қонбады, шипа дарымады. Ажал сағаты соқты. Әзірейіл де жетті. Түрі сұсты екен. Табаннан тартып, шыбын жанды мұрыннан суырды. Жан шығарда көз алдыма баяғы қайыршы келді. Кеселдің неден келгенін сонда бір-ақ түсіндім. Өкіндім. Бірақ кеш еді. Ертесіне қабірге қойылдым. Көрге екі періште кірді.

– Ей, бейбақ, не жиғаның бар? – деп сұрады. Зәулім сарайымды, мал-мүлкімді көрсете алмадым. Дүние-мүлік пәни жалғанда ғана сес екен. Бар жасаған игі амалымды; сауап-садақамды алдарына тостым.

Олар таразының бір басына қайыр-садақамды, екінші басына қайыршының наласын салды. Кісі наласы ауыр тартты. Екеуі екі аяғымнан сүйреп, тозаққа тарта жөнелді. Мен олардан:

– Дүнияда халыққа көп жақсылық жасадым. Талай малымды елдің игілігіне жараттым. Не үшін сауабы жеңіл тартты. Алланың әділдігі қайда? – деп шыңғырдым. Олар:

– Иә, жақсы істерің көп екен. Бірақ салмағы жоқ. Себебі көпке көмегің тигенмен, көп ішінде мақтанып айтыпсың. Сол істерің үшін нәпсің мақтау тілеп, бодау дәметіп тұрады екенсің. Міндетсінген мінезің сауап істердің салмағын жойған, – деді. Ақырында мақтаншақтықтың кесірінен тозақтан бір-ақ шықтым; – деді қубас. Ғайса:

– Жеті тозақты көрдің бе? Кімдер жатыр? – деп сұрады.

– Біріншісі- «Аужа» дегентозақ. Онда бақытсыз пенделермен таныстым. Хақтың іліміне, Алланың пайғамбарына мойынсынбаған залымдар ішіндетолып жатыр. Олар Аужада мәңгі бақи зар илеп, иттей ұлып тұр. Екінші – «Шақыт» деген тозақ. Шақыт кедейдің малын ұрлаған баукеспелер мен зинақор арсыздарға арналған. Олар қанды көлде мәңгі бақи тұншығып жатады. Үшіншісі – «Нақбыр» деген тозақ. Ол – ата-анасын, аға-қарындасын, туған бауырларын сыйламаған тасбауырлардың мекені. Төртіншісі- «Рысат». Онда кісі бағын көре алмаған күншілдер, жақсыға жала жапқан өсекшілер азап тартады. Олардың тілдерін отқа қариды. Бесіншісі – «Ләзит». Ол жеке басының рақаты үшін елді алдап, арам байыған екіжүзді діндарларға арналыпты. Алтыншы – «Катим» деген тозақ. Ол шұңқырда жалған айтып, пара алған әкімдер мен адамды нақақ соттаған қазылар және момынға қиянат қылған залымдар қамалыпты. Жетіншісі – «Жаһаннам». Жаһаннам басынан сөз асырмайтын тәкаппарлар мен момынның көңілін қалдырған, мүсәпірді жәбірлеген адамдарға арналған тозақтың түбі екен. Мені сонда тастады. Содан бері астымда от, жегенім – шоқ, ішкенім – қанды ірің, – деп жылап қоя берді. Ғайса қубасты аяп:

– Иә, Алла, рұқсат етсең, мына қу басты қайта тірілтейін. Қателігін түсінді, жаңа өмір бастасын, – деді. Алла рұқсат етті. Қубас тіріліп, адамға айналды. Ғайса:

– Енді қалай өмір сүресің? – деп сұрады. Ол:

– Өле-өлгенше тірі жанға қуаныш сыйлаумен өтемін. Елге риясыз қызмет етемін,

– депті.

Сайтанның саудасы

Бірде Ғайса он қашыр мен бес есекке жүк артқан Ібілісті көрді.

– Әй, Ібіліс, қайда асықтың? – деді.

– Базарға.

– Не апара жатырсың?

– Он қашыр мен бес есекке артқан жүгім бар.

– Жүгің тым көп екен. Сатып үлгересің бе?

– Менің тауарымның қаны жерге тамбай тұр. Пышақ үстінен сатылып кетеді.

– Сонша қат болатындай не қылған зат ол?

– Бір есекке өтірік пен жалғанды арттым. Екінші есегіме айла мен қулықсұмдықты теңдедім. Үшінші есектің сандығында зорлық-зомбылық жатыр. Енді біріне күншілдік артылған. Талтайып жүре алмай келе жатқан мына есегіме тәкаппарлық пен өзімшілдікті арттым. Менің ең тез сатылатын тауарым – осылар.

Ғайса күліп:

– Бұларың киер киім не ішер ас емес, оларды кім алады? – деді.

– Сенбесең, бірге жүр. Өз көзіңмен көресің, – деді Ібіліс.

Екеуі базарға келді. Базардағы жұрт Ібілістің керуенін тағатсыздана күтіп отыр екен. Ібіліс:

– Базар әлі қызбапты. Қазір бұл базардың саудасын қайнатам, – деді де, тауарларын шығара бастады. Жұрт ең бірінші өтірікке бас салды. Ібіліс ақшаға батты да қалды. Екінші қанар да ашылды. Одан қулық-сұмдық, мекерлік пен айла шықты. Алыпсатарлар таласып қалды. Кейбіреулері сол жерден шыға бере, үстіне баға қосып, қайта сатты. Ібіліс ақшаны қабына тоғыта берді. Күншілдік пен іштарлықты күтіп тұрған жұрт үшінші қанарға жабысты. Бұл тауарға көбіне абысын-ажынымен, көрші-қолаңымен бақталас қатын-қалаштар үйір екен. Олар да бағасына қарамады. Сұраған ақшасын лақтырып, тауарды талап алды. Әкім-қаралар «зорлық-зомбылық салынған қаптарды қашан ашады» деп күтіп тұр екен. Ібіліс қаптың аузын ашқанша, олар бірін бірітаптап кете жаздады. Ақшасын тіпті алтынмен төлеп, барлығын сатып алды.

Ібіліс Ғайсаға қарап:

– Бесінші қапта ең қымбат тауар жатыр, – деді. Ғайса:

– Ондане бар? – деп сұрады.

– Онда тәкаппарлық пен өзімшілдік жатыр.

– Оны кім алады?

– Қуыс кеуде, сауатсыз, өмірде жолы болмаған дарынсыз, кеудесі нас надандар – осы тауардың құлы, – деді.

Ә дегенше бесінші қап та ашылды. Тауар сыртқа шашылды. Кілең қуыс кеуде надандар лап берді. Тауардың бағасы сол жерде қымбаттап бара жатса да, алушы азаймады. Керісінше, жетпей қалып, арты талас-төбелеске ұласты.

Мына сұмдықтан шошынған Ғайса:

– Әй, малғұн, тауарың бітті ме? – деп дауыстап жіберді. Ібіліс:

– Жоқ. Он қашыр жүк әлі ашылған жоқ. Оны да күтіп отырған бір қауым ел бар,

– деді.

– Онда не бар?

– Қазір көресің, – деп, қашырдағы жүгін түсірді. Онда бос сөз, дарақы күлкі, даңғаза той, мәнсіз әзіл, сауық-сайран, өсек-аяң, мақтаншақтық, ысырапшылдық, жағымпаздық, еріншектік, жалқаулық, салақтық – бәрі толып жатыр екен. Әп-сәтте алушы жұрттың қарасы да көбейіп, кезекке тұрды. Ғайса жағасын ұстап:

– Ібіліс сенің тауарыңа қызықпайтын адам бар ма? – деп сұрады. Ібіліс:

– Өкінішке орай, ондайлар да бар, – деді.

– Кімдер?

– Жүрегі таза момындар. Мен оларды еш қызықтыра алмадым, – деп күрсінді Ібіліс. Ғайса базардағы жұртүшін Құдайдан кешірімтіледі де, жүрегі таза момындарды іздеп, базардан шығып жүре берді.

Өлі риза болмай, тірі байымайды

Бір күні Ғайса моланың жанынан өтіп бара жатып, қабірдегі әруақтарды көрді. Олар жиналып, жақсы сұхбат құрып отыр екен. Ішінде бір әруақ басы салбырап, көңілсіз отырды. Ғайса:

– Сенің неге көңіл күйің жоқ? Басқалар бүгін шат-шадыман отыр ғой, – деді.

– Олардың ұрпақтары ата-аналарын есіне алып, дұға жасады. Садақа таратты. Мені ешкім есіне де алмады, – деді. Ғайса:

– Артыңда тұяқ қалып па еді? – деді.

– Бір балам бар. Бірақ оның жағдайы жоқ, – деді. Ғайса ол баланы іздеп табады. Ол бір асханада ыдыс жуады екен. Ғайса оған:

– О дүниеде әкеңнің ахуалы нашар. Әкеңе дұға жасап, артынан садақа бер, – деді. Ұлы:

– Шамам жетпейді. Күн көрісім қиын, – деді.

– Бір амал жаса. Ұлық Алла ниетке береді. Итке жуынды берсең де, садақа ата!

– деп Ғайса кеңес берді. Ұлы садақа бермекке ниет етті. Ол сол күні кешке асханада қалған қиқым-қалдық пен жуындыны жинады. Аулада жатқан қотыр итке тамақ берді. Ит тойған соң, аспанға қарап ұлыды.

Біраз уақыт өткен соң Ғайса моладағы әруақтарды тағы көрді. Бәрі шат-шадыман екен. Ғайса бұрынғы әруаққа:

– Бауырым, жағдайың түзелді ме? – деді.

– Иә, менің де соңымнан қайырлы дұғалар жетті. Ұлым бір итке садақа беріпті. Иттің разылығынан Ұлық Алла да маған риза болды. Мейірімді Алла менің де ақымды толтырып берді. Ұлыма дән ризамын! – деді.

Осыдан соң ұлының да ісі алға басып, жағдайы түзеліпті.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз осыдан қалған екен дейді.

Дұғаның шарапаты

Бір күні Ғайса келе жатып, жолдың жиегіндегі моланы көрді.

– Иә, Алла, бұл мола кімдікі? – деп сұрады. Алла:

– Бір пақырдың моласы, – деп жауап берді.

– Мұның ақиреттік жағдайы қалай?

– Тірісінде құлшылық пен сауаптан мақұрым болған. Тек өлейін деп жатқанда кәлимаға тілі зорға келді.

– Апыр-ай, онда жағдайы қиын шығар. Мен тірілтіп, түрін көрсем бола ма? – деп рұқсат сұрады. Алла:

– Рұқсат, – деді. Ғайса дұға қылып еді, өлік моладан тіріліп тұра келді. Қараса, сымдай тартылған сымбатты, көркем жігіт екен. Екі бетінен нұры тамып тұр. Ғайса түсінбей:

– Иә, Алла, сен мына адамды құлшылық пен сауаптан мақұрым болған сорлы деп едің. Мынаның бет әлпетінен пейіштің лебі есіп тұр ғой, – деді. Сонда Алла:

– Бұл пақырдың моласы жол үстінде жатыр. Өмірде ғапыл болғанымен, жанынан өткен-кеткен адам дұға оқып, бет сипайды. Жиі оқылған дұғалардың шарапаты оның жатқан жерін жайлы етті. Жанын менің нұрыммен шомылдырды, – депті.

Зұлқарнайын қиссасы

Зұлқарнайын жорықта бір қамалды ала алмайды. Сөйтіп:

– Мен Құдайдың әмірімен келіп тұрмын. Қақпаны ашыңдар! – деді. Ар жақтан бір кісі:

– Мына түйіншекті ал. Ашып көрсең, бәрін түсінесің, – деді.

Ескендір түйіншекті ашса, ішінде бас сүйек жатыр екен. Ол уәзірлерін жинап, бұның мәнісін сұрайды. Бір данышпан тұрып:

– Сүйекті таразыға тартып көрейік, – деді. Таразының бір басына сүйекті, екінші басына алтын-күмісті салды. Сүйек ауыр тартты. Бүкіл әскердің сауыт-сайман, қару-жарағын салды. Таразы тапжылмады. Жиналған жұрт мынаны көріп, қайран қалды. Ешкім шешімін таба алмады. Сол кезде Қызыр келіп, бас сүйектің көз қуысына бір уыс топырақ тастады. Бұған дейін былқ етпеген бас сүйек жоғары ауды. Ескендір:

– Уа, Қызыр, неге бұлай? – деп сұрады. Қызыр:

– Нәпсі билеген адам қомағай, ашкөз болады. Өзі тоймастың көзі тоймайды. Әлемнің алтын-күмісіне тоймаған адам нәпсісі көрге кіріп, көзіне бір уыс топырақ құйылғанда ғана тояды, – деді.

Ескендір бұл оқиғадан ғибрат алып, кері қайтыпты.

Әбілхаят суы

Ескендір патша жер-жаһанды шарлап жүріп, бір таудың төбесінен өлместің суын табады. Оны торсыққа құйып, ішейін деп жатқанда Алла:

– Ей, Ескендір, сен өзіңнің өлмегеніңді қалайсың ба әлде атыңның өшпегенін қалайсың ба? – деп сұрады. Патша сәл ойланып:

– Әрине, тарихта атымның өшпегенін қалаймын, – деді.

– Ендешетірі жүрген адам тарих бола ма? – деді. Патша сөзден тосылды. Өлместің суын тастай салып, кейін қайтады.

Ескендірдің соңынан бір құзғын еріп жүреді екен. Соғыста, жолда өлген әскердің етін жеуді әдетке айналдырыпты. Ол тау басында торсықты «жемтік пе екен» деп тұмсығымен теседі. Сол кезде өлместің суы төгіліп, аршаға тиіпті. Арша ағашы сол себепті мәңгі жасыл болыпты. Суға тұмсығы малынған құзғын үш жүз жылғұмыр кешеді екен. Су төгілген жерге түлкі де аунапты. Әбілхаят суының қасиеті оның жүніне дарып, терісі әдемі болыпты.

Ескендір мен жас ханзада

Ескендір ұзақ жүріп, бір елге жетеді. Сол елдің абыз-қариялары оны қол қусырып күтіп алады. Ескендір онда біраз күн мейман болады. Бірде ол алтын тақтың үнемі бос тұратынын көріп, елде патша жоқ екенін байқайды. Мұның сырын білгісі келіп қасындағы бір қариядан:

– «Басшысыз ел жетім» деген. Патшаларыңыз қайда? – деп сұрайды. Сонда қарт:

– Әділ патшамыз дүниеден өткесін, тақтың тізгіні оның жалғыз ұлына қалып еді. Мұрагер ақыл-парасаты мол, данышпан жан еді. «Алтын тақта отырып, ел билегенше, ақиреттің қамын күйттегенім артық» – деп, қылуетте жатып алды. Пәни дүниенің қызығын тәрк етіп, халықты басқаруды бізге аманаттады, – деді. Зұлқарнайын таңғалып, онымен сұхбаттасуға құмартты. Қызметшілерін жіберіп: «Мұрагерді менің алдыма алып келіңдер», – деп бұйырды. Нөкерлер жігітті дереу жеткізді. Ескендір оған:

– Уа, жігіт! Атаңнан қалған тақ басыңдағы бақ емес пе?! Халқыңнан жырақ кетіп, не жақсылық таппақсың? Қаласаң, алқалы жұртыңды жинап, көптің көзінше хан етіп сайлайын, – деді. Тақ мұрагері қойнынан екі сүйекті шығарып:

– Мына екі сүйектің қайсысы патшанікі, қайсысы қайыршынікі екенін ажыратып берсеңіз, таққа отырайын, – деді. Ескендір үнсіз қалды. Патшаның ұлы:

– Көрге көмілгесін осы дүниедегі дәрежең көрініп тұрмаса, патшалықтан не қайыр? – деді. Ескендір:

– Сені жарымес біреу екен деп ойласам, дана екенсің. Менен не қалайсың? Сұрағаныңның бәрін берейін, – деді паңданып. Мұрагер:

– Уа,падишам! Сіздің қолыңыздан бәрі келсе, маған өлмейтін өмір, қартаймайтын жастық, сарқылмайтын байлық, қайғысыз қуаныш беріңіз, – деді. Сөзден жеңілген Ескендір ол жігітті өзіне кеңесші етіп алыпты.

Ескендірдің дүниеден өтуі

Қайтыс боларында Ескендір уәзірлерін жиып:

– Менбүкіл дүниені биледім. Зұлымды тыйып,ізгінің жолын ашпақ болдым. Алайдаарманыма жете алмадым. Ертең мен өлгенде, бір қолым жоғары созылып, қарысып қалады. Біреу келіп, бұл жұмбақты шешкенше, түспейді. Қолымның қарысқаны жазылып, түспейінше, жерлемеңдер, – деп өсиет айтады. Ескендір дүниеден өтеді. Расында да оның бір қолы тік шаншылып, қарысып қалды. Уәзірлер мұның шешімін таппай, әлек болады. Білгір ғалымдар, даналар жиналып таба алмады. Сол кезде бір қойшы бала келіп:

– Ау, ағалар, даналар! Мұның сырын мен айтайын, – деді. Бәрі миығынан күліп:

– Әй, бала, қойыңды құрттап, айраныңды ұрттап жүре берсейші. Саған не жоқ?

– деп мазақ етті. Көп ішінен бір қарт шығып:

– «Ақыл жастан, асыл тастан» деген. Кәне, балам, бағыңды сынап көр, – деді. Сонда бала:

– Бұл кісі «Жалғанды жалпағынан басқан патша едім. Атақ-даңқ, қисапсыз байлық менікі еді. Қараңдар, сонша дәулеттен ақиретке не алып бара жатырмын» деп жатыр, – деді. Сол-ақ екен сірескен қол сылқ етіп төмен түсті. Қойшы балаға Құдайдың назары түсіп, ол ғұламаға айналады. Бұл қойшы Ұлықпан хакім екен.

Ескендірдің жерленуі

Ескендір дүниеден өтерінде уәзірлеріне:

– Жер бетінде өлген адамның саны жоқ. Қияметте ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі. Мені адам аяғы баспаған, тірі жан көмілмеген жерге апарып жерлеңдер. Мен көптің бірі емеспін. Жарты әлемді билеген сүйегі асыл, қаны қасиетті патшамын. Менің қияметте танымайтын бөтендермен қатар тұруым жараспас. Мақшар алаңына жиналуға Алладан әмір болғанда бір өзім бір мекеннен жалғыз тұрып Алланың алдына дараланып барғым келеді, – деп өсиет етеді.

Дүниеден өткен соң, уәзірлері, туыстары қырық күн ақылдасып, бұрын-соңды адам ұрпағы жерленбеген жер іздепті. Кеңесе келе олар Ескендір патшаны биік таудың ұшар басына апарып жерлейді. Нөкерлері патшамызды кісі баласы көмілмеген тың жерге жерледік деп қайтыпты. Күндердің күні анасы ұлын сағынып, моласына барыпты. Оның рухымен тілдеспек болып:

– Ескендір! – деп дауыстайды. Ешкім үн қатпайды. Екінші мәрте:

– Ескендір, ұлым! – деп тағы бір дыбыстайды. Анасы ұлын он рет атап шақырса да, жауап болмапты. Ақырында анасы: «Ескендір Зұлқарнайын!» – деп шақырады. Сол кезде әруақ тіл қатады.

– Балам-ау, мен бағанадан бері неше рет шақырып жатырмын? Неге дыбыс бермедің әлде ол жақтағы жағдайың ауыр ма? – депті. Сонда ұлы:

– Жоқ, анашым. Бәрі жақсы. Сіз атымды ғана атап шақырғанда мұнда талас басталды. Себебі алақандай жерде есімдері Ескендір қойылған үш жүзге жуық әруақ қатар жатырмыз. Атымыз аталғанда:

– Мені шақырып жатыр. Жоқ, мені шақырып жатыр, – деп таласып қалдық. Ақырында Зұлқарнайынды қосып айтқанда ғана талас тоқтады. Күмәнсіз мені ғана шақырғаны анық болған соң, басқалары жол берді, – депті.

Осыдан бастап өлген кісіге Құран оқып, дұға жасағанда әкесінің және атасының есімдерін де қосып атау дәстүрге айналған екен.

Ұлықпан хакім қиссасы

Алла Ұлықпанға:

– Қаласаң, пайғамбарлық берейін, болмаса,ғылым берейін. Қайсысын таңдайсың?

– деді. Сонда Ұлықпан:

– Маған ғылым бер. Пайғамбарлық – тым ұлық іс. Оны менен де ұлық адамдар көтеріп жүреді. Мен ғылымды қанағат етейін. Халықтың көзін ашып, жақсылыққа үндейін, – деп ғылымды таңдапты.

Ұлықпан хакім қарыз сұраған кісінің бетін қайтармайды екен. Бір кісі одан мың теңге қарыз алып, «Онсыз да бай адам ғой. Қарызын бермесем де, болады» деп ойлады. Ол жолда бір жерге аялдады. Қарыз ақшасы салынған қалтаны бір құс тұмсығымен іліп алып, ұша жөнелді. Құс Ұлықпанның үйінің үстінен ұшып бара жатқанда, түйіншек жерге түсіп кетті. Ұлықпан түйіншекті таныды. Борышкер Ұлықпанға қайтып келді. Жайын айтып, тағы мың алтын сұрады. Бұл жолы: «Егер қарыз берсе, мың теңгесін екі есе етіп қайтарармын» деп ниеттенді. Ұлықпан қарыз берді. Борышкер ақшаны саудаға салып, он есе пайда көрді. Тапқан пайдасынан екі мың алтын алып, Ұлықпанға келді. Ұлықпан оған:

– Бірінші мың теңгені алғанда, ниетің бұзық болды. Сондықтан бұйырмады. Екіншіретте ниетің түзелді. Алла сәтін салды. Береке дарып байыдың. Жақсылықта, жамандық та Алладан келеді. Шын пейіл мен таза ниетті сақтау – пенденің парызы. Бағым таймасын десең, ниетіңе бекем бол! – деді.

Осыдан бастап «Құдай малымды алса да, пейілімді алмасын» деген ғибратты сөз қалыпты.

Тілдің хикметі

Қаланың әмірі Ұлықпанды сынамақ болып, сарайға алдырады. Әмір:

– Әй, Ұлықпан, ел сені ғұлама дейді. Сол рас болса, маған малдың ең дәмді, ең жақсы мүшесін пісіріп әкел, – деп өтінді. Ұлықпан қойдың тілі мен жүрегін пісіріп әкелді. Тамақты жеп болған соң әмір:

– Енді маған малдың ең дәмсіз, ең жаман мүшесін пісіріп әкел, – деді. Ұлықпан бұл жолы да қойдың тілі мен жүрегін әкелді. Әмір:

– Бір мүше қалайша жақсы да, жаман да болады? – деп сұрады. Ұлықпан:

– Адамның жақсы болуы тіл мен жүректен. Егер тілі мен жүрегіне ие болмаса, адамшылық жоғалады. Жүректен күзет кетсе, тілден тиек кетеді! – деп жауап беріпті.

Не ексең, соны орасың

Ұлықпан хакім жас кезінде біреуге жалданыпты. Оның қожайыны ниеті бұзық қарау адам екен. Ойындағысын жүзеге асыру үшін басқаға озбырлық істеп, зұлымдық жасаудан тайынбапты. Бірақ аузынан тобасы, қолынан тәспісі түспейді. Үнемі: «Е, Құдайым, маған мол байлық, бақ-береке нәсіп ете көр», – деп дұға жасайды. Ұлықпан оның бұл әрекетінің барлығын біліп, көкейіне түйіп жүріпті. Бір күні қожайын Ұлықпанды бидай егуге жұмсады. Ол қапқа толтырып, бидай емес, арпа салып әкеледі. Егістікке барып, еге бастады. Қожайын Ұлықпанның ісін көріп:

– Ей, ақымақ, мен саған арпа емес, бидай ек деп едім ғой. Қай құлағыңмен тыңдадың? – деп шүйлігеді. Ұлықпан сабырмен:

– Арпа ексе, бидай шықпай ма екен? – деп сұрады.

– Шықпайды, нақұрыс, – деп зіркілдеді ол.

– Қожам, ендеше сіз неге ұдайы жамандық жасап, жақсылықтан үміт етесіз? Арпадан бидай шықпаса, сіздің арам пиғылыңыз қалайша ізгілік болып қайтады? – деді Ұлықпан.

Қожайын содан бастап пиғылын түзеп, ел-жұртқа жәрдем беріп, жақсылық жасауды әдетке айналдырған екен.

Ұлықпан мен Әзірейіл

Бірде Ұлықпан хакім жолда бір аттылы кісіге кез болды. Екеуі бірге әңгімелесіп, бір ауылдың шетіне ілінді. Күн кешкіріп қалған кез екен. Ауыл іргесінде бір топ бала ойнап жүрді. Бір кезде олардың ішіндегі ересектеу біреуі жастауын байқамай ұрып, өлтіріп қояды. Өлген баланың шешесі қарғанып:

– Ойбай, көк түйнек! Жалғызымның түбіне жеттің-ау! – деп еңіреп, әлгі баланы желкесінен келсаппен түйіп қалады. Соққы қарақұсқа тиіп, бала сол мезетте жан тапсырады. Оны көріп екінші баланың әкесі жетіп келеді. Ақылын ашу-ыза билеп кемпірді сойылмен соғып мерт қылады. Осылайша бие сауым уақыттың ішінде төрт-бес адам қаза тапты. Мына оқиғадан Ұлықпанның жаны түршікті. Бұрылып серігіне қараса, ол селт етпестен көз алмай қарап тұр екен.

– Ау, ағатай! Жазықсыз жандар шыбындай қырылды ғой. Бұл не сұмдық?! Барып ажыратпаймыз ба? – деп атын тебіне бергенде, әлгі кісі қолынан ұстап:

– Үндемей, тыныш тұр! Мұның бәрін жасап жатқан мен, – деді. Ұлықпан оның Әзірейіл періште екенін сол кезде бір-ақ білді. Былай шыға бере:

– Уа, Әзірейіл, әп-сәтте бірнеше адамды бақиға аттандырдық. Менің қанша жыл ғұмырым қалды айта аласың ба? – деп сұрады.

– Үйленіп, некеңді қидырған күннің ертеңіне өмірің үзіледі. Ажалды шымылдықта күтіп алуға қамдана бер, – деп атын қамшылап, кетіп қалды. Ұлықпан әлі үйленбеген бозбала жігіт екен. Сол күннен бастап Ұлықпанның ішкені ірің, жегені желім болды. Уайымнан жағы суалып, жүзі қуарып жүдеп кетті. Ауыл-ауылды аралап:

– Үйленген күннің ертеңіне өлетін адамға кім тұрмысқа шығады? – деп сұрайды екен. Мұны естіген қызы бар адамдар:

– Мына неменің есі дұрыс емес шығар. Үйленбей жатып көктей солатын жігітке кім қызын береді? – деп сөгеді екен. Бір күні ажалға да айла табатын ақылды бір қыз Ұлықпанға тұрмысқа шығуға келісім береді. Екеуі отау құрып, шаңырақ көтереді. Неке түні келіншегі:

– Ертең періште жаныңды алуға келгенде сен оған «Екеуміз сапарлас болып едік. «Жолаушының жолақысы» деген бар. Солақымды қайтар» де. Сонда ол «Тілегіңді айт» дер. Сен «Құдайдан мың жыл ғұмыр алып бер» деп қолқа сал, – деді.

Таң атпай Әзірейіл де келіп жетті:

– Ұлықпан, дәм-тұзың таусылды. Кеудеңдегі жан-аманатты тапсыр, – деді. Ұлықпан:

– Әй, Әзірейіл, екеуміз сапарлас болып едік. Менің жолаушылық ақымды бер, – деді. Әзірейіл:

– Уақытың тым аз. Тез айт, – деді.

– Маған Ұлық Алладан мың жыл ғұмыр сұрап алып бер. Әйтпесе, жол ақымды ақиретте сұрап, жағаңа жабысамын, – деді. Әзірейіл мына сөзді естігенде сілейіп тұрып қалды. Сосын Алладан:

– Иә, Алла. Ұлықпан менен жолаушылық ақымды бер дейді. Ақысына мың жыл ғұмыр тілейді. Не істейін? – деді.

– Пендемнің өлетін күнін айтпауың керек еді. Ол қайғырып, уайымға салынды. Оның жол ақысын талап етіп, қолқа салуы орынды. Әділдік заңы бойынша оның ақысын толтырып беруге міндеттіміз. Мен жомарт Құдаймын. Сұраған мың жыл ғұмырын бердім, – деді Алла тағала.

Ақылды әйелінің арқасында Ұлықпан мың жасаған екен. «Қапияда қатын ақыл табады.» деген сөз осыдан қалған екен.

Ұлықпан мен қария

Ұлықпан хакім жас кезінде бір шаһарға жолаушылап бара жатады. Жолда бір шалды көреді. Жөн сұраса келсе, екеуінің барар жері бір екен. Ұлықпан шалға:

– Ата, жолды қысқартайық, – деді. Шал:

– Жол қалай қысқарады? – деп сұрады. Ұлықпан:

– Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді біріміз кезек-кезек арқаласақ болғаны, – деді.

Шал түсінбей, бетіне ажырайып қарайды да қояды. Ішінен «Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді. Сөзінің түрі жаман екен. Зіңгіттей жігіт мені арқалауын арқалар, ал қаусаған кәрі мен оны қалай арқаламақпын?» деп ойлайды. Ұлықпан да үндемей жүре береді. Бір кезде межелі жерге де жақындайды. Қаланың кіре берісінде пісіп, жайқалып тұрған бидайды көреді. Ұлықпан шалға:

– Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – деді. Шал:

– Иә, біздің елдікі, – деді.

– Иесін білесіз бе?

– Білемін.

– Ендеше бұл желініп қойған егін бе әлде желінбеген егін бе? – деді.

Шал тағы да бетіне ажырайып қарайды. Ішінен «Япырым-ай, мынаның бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Орылмай тұрған егінді көре тұра, бұл не айтқаны?» деп ойлады. Одан өтіп, шаһарға таяу қорымға жақындайды. Қорымда қабірге қойғалы жатқан өлікті көреді. Ұлықпан:

– Ата, мына кісіні білесіз бе? – деп сұрады. Шал:

– Білемін, – деді.

– Бұл кісі өлген адам ба, өлмеген адам ба? – деп сұрады. Сол кезде шал шыдай алмай:

– Өлмесе, жерлеуге апармайды ғой! – деп жігітке ұрсып тастады. Ұлықпан үндемеді. Шал марқұмның туыстарымен бірге мәйіттікөрге қойысып, Құран бағыштайды. Былай шыққаннан кейін, Ұлықпан:

– Ата, әлгі кісі өлмеген екен, – деді. Қарт ажырайып қарап, ішінен: «Иә, Құдай, мынау бір ақымақ бала екен. Кесапатынан құтқара көр. Көмілген адам тірі бола ма? Бұл не сөзі!», – деді. Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қарт оны ұнатпаса да, күні бойы серік болғасын, амалсыз үйіне қондырмақ болады. Шалдың бойжеткен жалғыз қызы бар екен. Қонағын үйіне кіргізіп, қызына:

– Шырағым, менімен бірге үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, – деді.

Қыз қонаққа ас беріп, дастарқан басында онымен сөйлесіп көреді. Сөзі мағынады, кескіні де ажарлы екен. Қыз ішінен «Япыр-ау; әкемнің айтқаны осы кісі ме, басқа жігіт пе? Сөзі түзу адам ғой» деп ойлайды. Оңашада әкесіне:

– Әке, сізбен еріп келген серігіңіз екі кісі ме әлде бір кісі ме? – деді. Әкесі:

– Жалғыз кісі, – деді.

– Үйде отырған қонақ сол ма?

– Иә, өзі.

– «Сөзінде кесапаты зор» деген серігіңіз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдіңіз? Әкесі қызына жолда болған оқиғаны түгел баяндады. Қызы баланың айтқан сөздерін естіп:

– Әке, бұл сөздер – кесапатты сөздер емес, мағынасы зор сөздер. Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген екенсіз. Оның бірінші: «Кезек арқаласып отыралық», – дегені, «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын» дегені. Екінші: «Мына егін желінген бе, желінбеген бе?» – дегені, «Байдікі ме, кедейдікі ме?» дегені. Байдікі болса, өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, тұқымын өзі себеді, өнімін де өзі алады. Ал бұл желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады да, түскен өніммен қарызын қайта жабады. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанға есеп болады. Үшінші: «Өлген адам ба, өлмеген адам ба?» – деп сұрағаны, «Баласы бар ма?» – дегені. Өлген адамды қабірге салғанда, балалары қабірдің басында Құран оқыған шығар, соны көріп: «Өлмеген адам екен» – дегені сол болу керек. Артында қалған баласы бар адамның аты жойылмайды, сондықтан ол өлмейді. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, – деді қызы.

Шал өзінің сөз төркінін түсіне алмағанын мойындап, Ұлықпанның жанына келеді де, қолын алып:

– Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен соған қатты ренжіп едім. Олай емес, сен ақылды жігіт екенсің. Мына менің қызыммен екеуіңнің ақылың тең, бірге өмір сүріңдер, – деп, қызын Ұлықпанға қосыпты.

Ұлықпанның ұлына өсиеті

Ұлықпан өлерінде ұлына үш түрлі өсиет қалдырып:

– Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма, – дейді. Баласы әкесінің айтқандарын тексеріп көргісі келді. Сосын бір қойды сойып, етін қапқа салып, қанын сорғалатып үйіне келді. Әйелі:

– Бұл не? – деп сұрады. Ері:

– Түзде бір кісімен ерегісіп, байқамай өлтіріп алдым. Қаптағы соның денесі. Қораға көмейік, сен ешкімге айтпа, – деді. Ертесіне жаңа байыған танысынан әдейі қарыз алды. Арғы күні әкімнің Дәруһа нөкерін қонаққа шақырып, онымен дос болды. Бір күні отбасында ойламаған жерден жанжал туады. Әйеді екеуі біраз жерге барысады. Әйелі шыдамай кетіп:

– Құдайыңды ұмытайын деген екенсің. Қылмысыңды әшкерелеп, дарға тартқызам, – деді. Әйелі сол заматта ханға барып:

– Менің байым адам өлтірді. Денесі қорада көмулі жатыр. «Айтсаң, өлтірем» деп мені қорқытты, – деп, байын ұстап берді. Хан нөкерлеріне:

– Қылмыскерді кім әкеледі? – деді. Сол кезде патшаға жағымпазданған Дәруһа:

– Тақсыр, рұқсат болса, мен жеткізейін. Өткенде оның үйінде қонақта болғанмын. Түрі сол кезде маған ұнамаған. Бұйырсаңыз, алдыңызға сүйреп әкелемін, – деді.

– Жеткіз! – деп бұйырды патша. Жандайшап нөкері тілге келместен, досын жығып салып, қол-аяғын байлап, ат артына өңгеріп, сүйрей жөнелді. Досы:

– Дәруһа досым, «Бір күн ас бергенге қырық күн сәлем» деген. Үйімде талай отырып, ас жеп едің. Қолыма арқан батты, босат. Өз аяғыммен барайын, – деді. Дәруһа көнбеді. Жолда жаңа байыған танысы кездесті. Досының істі болғанын көріп, «Қап, қарызым қайтпайтын болды-ау» деп жаны қалмады. Хал сұрамастан:

– Досым, қарызымды қайтар, – деп жабыса кетті. Досы:

– Бауырым, тұра тұрсаңшы. Басыма іс түсті. Құтылсам, қарызыңды қайтарамын,

– десе де, ол ізінен қалмай, сарайға еріп келді.

Хан:

– Қарағым, бұл не масқара? Сені ел «Ұлықпанның ұлы» деп айтады. Ата даңқына дақ түсірдің, – деді. Бала:

– Әкем үш түрлі өсиет айтты. Соның растығын тексермек болдым. Әйелімді алдап, қораға қой көмдім. Мұқтаждығым болмаса да, жаңа байығаннан қарыз алдым. Достарым көп болса да, сіздің нөкеріңізбен жолдас болдым. Арты осыған әкеп соқты, – деді. Хан қораны тексертті. Расында да қораға қой көміліпті. Хан оған риза болып, баланы босатады.

Жолаушының жол ақысы

Ұлықпан хакім бір жас баламен сапарлас болады. Жас жігіт салған жерден:

– Ақсақал, жолымыз бір сияқты, әңгіме айтыңыз, жол қысқарсын, – деді. Ұлықпан:

– Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл, – деді де, үн-түнсіз жүре берді. Сөз астарын ұқпаған бала қайтадан қолқалап:

– Ақсақал, көпті көргенсіз. Ақыл айтыңыз, – деді. Ұлықпан хакім бұрылмастан:

– Балам, отырған орныңды сақта, – деді. Бала бұл сөздің де мәнісін аңғармады.

– Ата, болмаса, білгеніңізді айтыңыз. Біз де біле жүрейік, – деді. Ұлықпан:

– Балам, асылыңды сақта, – деді. Бала ішінен «Мынау бір қырсық шал екен» деп ойлады.

Осылайша екеуі бір ауылдың шетіне ілікті. Ұлықпан:

– Балам, мына ауылдан құман сұрап әкелші, дәрет алайын, – деп баланы жұмсады. Бала ауылдан құман сұрап барса, олар:

– Құман сұратқан кісінің есімі кім? – деді. Бала:

– Атын білмеймін, – деді. Ауыл жұрты:

– Құман сұратқан молданың атын білмейтін қандай кешесің? Сапарда қарияның атын сұрамай, насыбай сұрадың ба? – деп ұрысып жібереді. Бала қайтып келіп, ақсақалдың атын сұрады. Қария:

– «Ұлықпан хакім деген кісі сұратып жатыр» деп айт, – деді. Ұлықпанның атын естігенде, ауыл ақсақалдары оның алдынан шығып, қарсы алды. Қой сойып, қонақ қылды. Ұлықпанға сәлем беретін кісілер көбейген сайын қасындағы серігі үлкендерге орын беріп, есікке ығыса берді. Ұлықпан мұны әдейі байқамаған болып отыра берді. Серігі босағада отырған сол ауылдың балаларымен табақтас болды. Ет турап отырғанда бір бала оның кездігін сұрап алып, қайтармады. Ұлықпан хакім бұған да байқамаған сыңай танытты.

Қонақтар тарқаған соң серігі Ұлықпанға:

– Ата, кездігімді бір бала алып, бермей кетті. Алып бересіз бе? – деді.

Ертесіне аттанарда Ұлықпан қасындағы жас баланы көрсетіп:

– Мына бала – немере інімнен қалған жалғыз тұяқ. Осыдан бір жыл бұрын інім сапарға кеткеннен оралмады. Іздеп, мәйітін таптық. Жон арқасында бір кездік қадалып тұрды. Содан бері «Бұл кездіктің иесі табылар ма екен» деп ел аралап жүрген жайымыз бар. Кеше кездіктің иесі осы ауылдан табылды, – деді.

Ауыл ақсақалдары кездікті алған баланы шақыртып:

– Кездікті не үшін алдың? – деп сұрағанда, еш нәрседен хабары жоқ қанненқаперсіз тұрған бала:

– Бұл кездік менікі, – деп жауап береді. Бұл уәжді пайдаланған Ұлықпан:

– Өз сөзі өзіне куә. Інімді бұл баланың әкесі немесе ағасы өлтірген, – деп құн сұрады. Алған бала: «Кездікті ойнап алып едім»; – депазар да безер болды. Ұлықпан құн даулап отырып алды. Ақсақалдар шарасы құрып:

– Айып бізден. Төрелігін өзің айт, – деді.

– «Ердің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы» деген. Жүз жылқы алғанмен, інім тірілмес. Баласына ер-тұрманымен ат мінгізіп, шапан жабыңдар. Осымен бітісейік!

– деп төрелік айтты. Ел-жұрт бітімге риза болып, сұрағанын берді.

Хакім ауылдан ұзағасын жас жігітке:

– Кездескен күні жөн сұраспадың. «Бір көрген біліс, екі көргенің таныс, үш көргенің туыс» деген. Таныспай жатып әңгіме сұрадың. Мен саған «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» дедім астарлап. Оны ұқпадың. Соның кесірінен бір құманға екі бардың. Екінші мәрте әңгіме сұрағанда «Орныңды біл» дедім. Сөз мәнісін білмей босағадан бір-ақ шықтың. Үшінші ретте «Асылыңды сақта» дедім. Бозбалалар басынып, кездігіңнен айырды. Соның кесірінен жалған дау шығарып, өтірік құн сұрадым. Жолаушылық ақың үшін кездігіңді әперемін деп, келеңсіз дауға киліктім. Бұдан былай сөзді ишарадан ұқ. Жақсыға ишара, жаманға не шара, – депті.

Ұлықпан мен залым патша

Зұлым патша Ұлықпанның даңқын көре алмайды. Іштарлығы шыдатпай, сынықты сылтау қылып, оны зынданға тастатады.

– Ақылды болса, осы зынданнан аман шықсын, – дейді. Зынданның аузын көміп, үстіне егін ектіреді. Зынданға қамарда Ұлықпанды сыйлайтын бір нөкер оның қойнына бір дорба құрманы салып жібереді. Зынданда жарты жыл соны азық қылады.

Бірде патша ас жеп отырғанда тамағына құрманың дәні тұрып қалады. Көлденең кептелген дәнді ешбір дәрігер ала алмайды. Барлық емші-тәуіпті жинап:

– Егер ем таппайтын болсаңдар, бәріңді дарға асамын! – дейді қаһарланып. Сонда бір қария тұрып:

– Ұлықпан деген данышпан бар. Әміріңізбен зынданға қамалғалы жарты жыл болды. Өліп қалмаса, мұның емін сол білер, – деді.

Патша дереу зынданды аштырып, әлсіреп жатқан Ұлықпанды шығарды. Ол әлденген соң, кіріптар патша ауруына ем сұрады.

– Бел балаңызды бауыздап, жүрегін пісіріп жеңіз. Сонда жазыласыз, болмаса ажалыңыз осы дәнектен, – деді. Патша шошып кетті. Ақыры, уәзірлері үгіттеп көндірді. Ұлықпан оның баласын байлап, сарайға алдырды. Патша баласын өлімге қимай жылай берді. Хакім оған:

– Жүрегіңіз шыдамас. Баланы тасалап, перденің арғы жағында бауыздайын, – деді.

Ұлықпан перденің артына білдірмей бір қой әкеп жасырды. Сосын: «Ей, жігіт, саған ажал, маған бұйрық келді, әкең үшін құрбансың!» – деп, баланы емес, жанындағы қойдың өңешін пышақпен орып жіберді. Қой «қор» ете қалғанда, патша жан-жүрегі бұлқынып, тұла бойы сілкініп, бар дауысымен шыңғырып жіберді. Сол кезде іріңдеп тұрған тамағы бырш етіп жарылып, құрма сүйегін аузынан атып жіберді. Өзі де есінен танды. Сәлден соң есін жиып қараса, баласы алдында отыр. Ұлықпан:

– Балаң аман! – деді. Патша оған риза болып, сый-құрмет көрсетті. Қоштасарда:

– Мен саған дұшпандық қылдым. Сен болсаң, мені ажалдан алып қалдың. Қалайша кек алмадың? – деді патша. Сонда Ұлықпан хакім:

– Жақсыда кек болмайды, кек болса, тек болмайды. «Кімнің кеудесінде кек болса, соның жүрегіне Хақтың нұры дарымайды» деген. Ақылды адам дұшпаннан дос жасайды, достан бауыр жасайды, бауырдан тәуір жасайды. Зынданға салдың деп кектеспеймін. Құдайсыз қурай сынбайды. Бірде сапарлас серігіме бөтен ауылдың балалары қиянат қылды. Соның ақысын әперемін деп, жалған дау көтеріп, құн төлеттім. Бұл азабым – сол өтіріктің жазасы. Әділ Құдай себепсіз басқа іс салмайды,

– депті.

Ұлықпанның ұлына қалыңдық айттыруы

Ұлықпан хакімнің ұлы аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен момын, қызға қырсыз, жұмсағанға мінсіз екен. Ержеткен соң, лайықты жар таппай жүріп қалады. Бойдақ баласының жүрісі көбейген сайын, ел арасында сөз де көбейеді. Болмағасын хакім ұлын ертіп, келінді өзі іздейді. Қалыңдық іздеп ел аралағанда, ұлын аттың бауырына алып, қамшымен сабайды екен.

– Ақсақал, ұлыңыз не жазды? – деп сұрағанға:

– Айтқанды екі етпейді, – деп жауап береді екен. Жұрт:

– Балаң айтқан тілді екі етпесе, одан артық не керек? – деп түсінбепті. Күндер өте береді. Бір күні бір ауылға келіп, ұлын тағы сабапты. Жұрт Ұлықпанның мына әрекетін түсінбей, тағы да аң-таң болады. Сол кезде бір қыз:

– Сауап, өзіне де сол керек. Өзі біліп іс қылмайтын ынжықтан, айтқызбай-ақ үй күзететін ит артық. Мұндай еркекке осы жаза лайық, – депті. Ұлықпан мына сөзді естігенде, елең ете қалады. «Ұлыма жар болатын ақылды әйел таптым» деп түйеді. Сол қызды айттырып, ұлының бағын ашыпты.

Патшаның екі қызы

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріпті. Қыздары не қаласа, соны беріп, бетінен қақпай өсіреді. Бірақ өсе келе қыздарының мінезі өзгере бастапты. Үлкен қызы үнемі мұңаюмен, ал кіші қызы жадырап жүреді екен. Патша бірде Ұлықпан хакімді шақырып:

– Хакім, менің екі қызым бар. Кіші қызым үнемі жадырап жүреді. Ал үлкен қызым күлмейді, дертін ешкім білмейді, – деді.

– Патшам, рұқсат етсеңіз, сарайыңызда бірнеше күн қонақ болайын. Қыздарыңыздың мінезін көрейін, жауабын содан кейін берейін, – деді Ұлықпан. Патша рұқсат етеді.

Ұлықпан екі қызбен күнде сұхбаттасып, сыр бөліседі. Байқаса, жайдары жүретін кіші қызы ұйықтар алдында үнемі тек жақсылықтар ойлайды екен. Таңертең ұйқыдан тұрғанда да тек жақсы адамдарды, жақсы істерді ойлап оянатын болыпты. Ал үлкен қызы күні бойы көрген қиыншылықтар мен жамандықтарды еске түсіріп ұйықтайды екен. Таңертең де төсектен тұрғанда кешегі көрген жағымсыз оқиғаларды есіне түсіретін болыпты. Ұлықпан патшаға келіп:

– Патшам, өмір айна сияқты. Адам айнадан өзін қалай көргісі келсе, айна оны солай көрсетеді. Өмірдің жақсы жақтарын ойласақ, өмір бізге әдемі көрінеді. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің тек жаман жақтарын ойлап жүреді. Сондықтан оның ойын да жамандық билеп, ашу-ызаға тез бой алдырады. Қабағы ашылмайды. Бұдан былай ол жатар кезінде тек жақсы ой ойласын. Таңертең тұрғанда да жақсы тілекпен, жақсы ниетпен оянсын. Сонда көңілдің кірі тез кетеді, – депті.

Содан бастап үлкен қызы тек жақсылықтар ойлап жүретін болыпты.

Ұлықпан мен шәкіртінің әңгімелері

Ұлықпан хакім өте әдепті болыпты. Одан бір шәкірті:

– Хакім, әдепті кімнен үйрендіңіз? – деп сұрады.

– Әдепсізден, – деп жауап берді.

– Әдепсізден не үйренуге болады?

– Өтірікшіден өзім бездім. Себебі, өтірік айтып, басы дауға шатылды. Мылжыңнан да қаштым. Бос сөзден оның жүрегі қатайып, жаман мен жақсыны айырудан мақұрым қалды. Өсекшіден аулақ кеттім. Қарасы жұқты. Мақтаншақ өз дамбалын өзі былғады. Одан да жиіркендім. Күншіл көршім менімен бақталасып, өз бағын өзі тепті. Дөрекі мен тұрпайыдан шошындым. Қасында жанашыр туысы қалмады. Қылжақбас, қырсықтан жырақ жүрдім. Досынан айрылды. Өзімшіл тәкаппардан сақтандым. Оларды Құдай ұрды. Осы бақытсыз пенделердің өмірін зерделеп, олардан үлгі алдым. Ғибрат алатын адамға оларда да ғылым бар екен, – депті.

жжж

Ұлықпан хакімнің сұхбатына қатысып отырған бір шәкірті:

– Хакім, білгірлікті кімнен үйрендіңіз? – деп сұрайды. Хакім:

– Табан жолын көрмейтін соқырлардан үйрендім. Олар алдын таяғымен түртіп, жолын тексермей, бір адым алға баспайды. Жолы қауіпсіз болса ғана жылжиды. Мен де сол сияқты бастар ісімді, айтар сөзімді әбден пысықтап аламын. Игі іс болса қолға аламын, пайдасыз болса доғарамын, – депті.

жжж

Бірде шәкірті Ұлықпан хакімнен:

– Иә,хакім, дүниеде бақытты күндер, бақ-дәулет, қуанышты сәттер неге тұрақсыз?

– деп сұрайды. Хакім:

– Тәңірі тағала адамды жаратқанда, денесіне бір күн қуаныш, қырық күн қайғы нөсерін жаудырған. Тәубадан жаңылмасын деп, шаттығын берсе, шер-мұңын да қоса берген. Әлемде жұпсыз зат жоқ. Ақ пен қара, күн мен түн, өмір мен өлім, бақыт пен қайғы, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, сараңдық пен жомарттық, мейірім мен қатыгездік, сынықтық пен тәкаппарлық, күндестік пен ақжүректік әлем жаралғалы тайталасып келеді. Баянды бақыт пен шексіз шаттыққа жетудің жалғыз жолы – адам баласына риясыз қызмет ету; – депті.

жжж

Ақ кебінге оранып, ақтық сапарға кетіп бара жатқан бір байды көріп, Ұлықпан шәкірттеріне:

– Жер хабар айтып бармасын, мына адам өтірікші екен, – депті. Шәкірттері түсінбей:

– Өлген адам туралы неге олай айтасыз? – деп сұрады. Хакім:

– Осының алдында ғана маған «менде зәулім сарай, қора-қора малым, сандық толы алтыным бар» деп мақтанып еді. Енді қарасам түгі жоқ, он кез боз матаға оранып бақиға кетіп барады, – депті.

ы

Ұлықпанның өсиеті

Ұлықпан хакім дәм-тұзы таусылып, дүниеден өтер шағында ұлын шақырып өсиет айтады:

– Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – дейді.

Әкесі дүниеден өткесін, ұлы өсиетін орындай бастайды. Жұма сайын үйленіп, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, әбден бар байлығын тауысады. Сөйтіп, тақыр кедейге айналады. Бір күні ішерге ас, киерге киім таппай тозып, қайыр сұрап кетеді. Ұлықпанның баласының қайыр сұрап жүргенін естіген патша оны шақырып алып:

– Әу, қарағым. Жақсының көзі едің, тектінің өзі едің. Мына жүрісің не? Жұрт сені Ұлықпанның ұлы деп айтады. Әкең өліп еді, күн көре алмай қайыр сұрап кеттің ғой, – деді. Жігіт:

– Әкем өлер шағында өсиет айтып еді. Соны орындаймын деп осындай күйге түстім. Маған жақсы өсиет қалдырмапты, – деді.

– Қандай өсиет айтып еді?

– Әуелгі өсиеті «Мен өлген соң, жұма сайын қыз ал» деп еді, мен әкемнің сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Қалыңмалына әкеден қалған байлықтың үштен бірін шаштым. Бірақ алған әйелдерімнен еш жақсылық көрмедім. Екінші өсиеті «Қала сайын үй сал» деген. Мен қала сайын үй салдым. Байлығымның тағы да үштен бірін құрттым. Бірақ қанша үй салсам да, соның бірінде рақаттанып жата алмадым. Үшінші өсиеті «Ас ішсең, бал же» деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, күн сайын бал жедім. Байлығымның соңғысы балға кетті. Соқыр тиыным да қалмады, әйел де тұрақтамады. Баспанамның бәрінен айрылдым. Бал жемек түгіл, бір үзім қатқан нанға зәрумін, – деді мұңын шағып. Сонда патша:

– Әй, балам-ай! Әкеңнің өсиетінұқпаған екенсің. Әкең дана еді. Әр сөзінастармен, мол ғибратпен жеткізетін. Әкеңнің «Жұма сайын қыз ал» дегені – «Әйеліңе әр жұмада көңіл бөл. Сонда қадірің болады, әйелің қыздай көрінеді» дегені. «Қала сайын үй сал» дегені – «Әр қалада достарың болсын, түсетін үйің болсын» дегені. «Ас ішсең, бал же» дегені – «Еңбек етіп, ас ішсең, балдан тәтті болады» дегені, – депті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетін сонда ғана түсінеді. Патша:

– «Әкең өлсе де, көзін көрген өлмесін» деген. Ұлықпан хакіммен талай дәмдес, табақтас болып едім. Сенің бұлай жүргенің жарамас, – деп, баланы қайтадан ел қатарына қосыпты.

Тәтті қарбыз

Лұқпан хәкімнің қожайыны тамақты хәкіммен бірге отырып жегенді жақсы көреді екен. Себебі хәкім оған неше түрлі хикаялар, аңыздар айтып, көңілін шаттандырады. Тәтті сөздер сөйлеп, ішкен асын берекетті етеді. Бір күні бір бағбан қожайынға тарту ретінде бір үлкен қарбыз әкеліп беріпті. Қожайын қызметшіге:

– – Барып, Лұқпанды шақырып келе қойшы, > депті.

Лұқпан келген кезде қожайын қарбызды кесіп, оған бір тілімін беріпті. Хәкім бұл тілікті бал жеп отырғандай сүйсіне жепті. Тағы береді, тағы да сүйсіне жейді. Сөйтіп бүкіл қарбызды жеп қоюға айналады. Ең соңғы тілік қалғанда, қожайын:

– – Мұны енді мен жейін. Сенің сонша сүйсініп жеп отырғаныңа қарап, тәбетім ашылып кетті ғой, -- деп күледі. Сөйтіп, қарбыздан асап қалады. Ашылығынан аузы от татып, тілі қуырылады. Есінен танып қала жаздайды. АЛұқпанға қарап, таңғалып:

– – Ай, досым! Мұндай у татыған қарбызды қалай шыдап жеп отырсың? Неге дәмсіз, ашы екенін айтпадың? -- деп сұрайды. Сонда Лұқпан әдеппен ИІЛІП:

– – Уа, мырзам. Осы уақытқа дейін маған тәтті-дәмді тағамдарды өз қолыңмен ұсынып келдің. Мен оларды сүйсіне жейтінмін. Енді бір ғана дәмсіз қарбызға бола, саған шүкірсіздік етпегенім ұят болмай маз Менің адамдық қасиетім қайда қалады? – деген екен.

Ұлықпанның ұлына айтқаны

Ұлы ержеткен шағында, Ұлықпан баласына: «Ұлым, адал еңбек ет! Кедейшіліктен қаш. Кедейшілік иманды әлсіретеді. Адамгершілікті жояды. Жақсы ниетті жойып, кей кездері ұрлық іске, екі жүзділікке мәжбүрлейді. Екіншіден, мұқтаждық пенденің еңсесін езіп, жігерін жаншып тұрады. Аяғыңа тұсау болады. Отбасы жанжалына да жиі себеп болады. Үшіншіден, кедей адамның қадірі болмайды. Дұшпанның табасында боласың. «Сұраған адам қайыршы, ұрлаған адам қарақшы» деген. « Гіленшек» деген атқа қаласың, > депті.

Миғражнама

Кішкене күнімде Имам ағзам атаның немересімен жолдас болдым. Сабақтан соң үйіне барып ойнаймыз. Баламыз ғой, ойынның қызығына түсіп кетіп босағада отырып қаламыз. Үйдің маңдайшасына асыламыз. Сөйтсек, қария бізді сырттай бақылап жүреді екен. Бір күні екеумізді шақырып алып:

– – Босағада ойнамандар. Ана маңдайшаны да тартпаңдар. Әбілет пен Тәбілет сияқты Құдайды ренжітесіңдер, – деді. Өмірі естіп көрмеген Әбілет пен Тәбілет бізге тылсым сияқты естілді. Ертегіні жақсы көреміз ғой, ондай кезде құлақты түріп:

– – Ата, олар кімдер? -- деп жамырай кетеміз. Атамыз басынан бастап Әбілет пен ТГәбілеттің аңызын айтып берді.

.«Құдай Әбілет пен Гәбілетті жаратып екеуін алғаш жерге жіберіпті. Үлкен үй салып беріпті. Сосын бақыт құсын жаратып:

– – Әбілет пен Тәбілеттің төріне жайғас. Оларға бақыт сыйла, -- деп жіберіпті. Бақыт құсы ұшып келсе, Әбілет пен Гәбілеттің төрі шашылып жатыр екен. Құдай әмір еткен соң, Бақ амалсыздан босағасы тұрып қалады. Бірақ, Әбілет пен Тәбілет үйдің есігін теуіп ашып, босағаны керіп, табалдырықты езіп, маңдайшаға асылып жүреді екен. Бұл қылық бақ құсына ұнамапты. Ол ренжіп үйлерінен кетіп қалыпты. Бақ құсын ұшырып жіберген сон, Құдай да Әбілет пен Тәбілетке ренжіпті, – деді.

Біз бұл әңгімені естіп қорқып кеттік.

– – Ата, енді үйден бақ құсы ұшып кетті ме? – деп сұрадық. Ол:

– – Жоқ, сендер оны білместікпен істедіңдер. Егер әдейі істесең, бақ құсы ұшып кетеді.

– – Ата, сіз бақ құсын көріп тұрсыз баЗ -- дедік үрейленіп.

– – Мен оны бас көзімен емес, ой көзімен, көңіл көзімен көріп отырмын, – деді. Біз де жан-жағымызға қарап, бақыт құсын іздеп отырдық та, бір кезде:

– – Ата, бұларды қайдан естігенсіз? Аңыздың бәрін қайдан білесіз? – деп тағы да жамырай кеттік. Ол кісі:

– – Еее, мен кішкене кезде «Миғраж түнін» көп естідім. Аңыздың бәрі сонда бар, -- деді. «Аңыз көп» дегенді естігенді көзіміз оттай жана түсті. Атаға жабысып:

– – «Миғраж түні» деген нед -- деп сұрадық.

– – Ай, балапандарым-ай, бір нәрсе естісіңдер, түбіне жетпей тынбайсың. Осы мінездерің маған ұнайды. Сендердей бала көп болса, ел іші көгерер еді. «Миғраж түні» – Мұхамбет пайғамбар жеті қат аспанды аралап, Алланың дидарымен қауышқан сапары. Онда жаңағы мен айтқан Обілет пен Гәбілетті де көріпті, – де 11. Біз Әбілет пен Гәбілетті естігенде тағы да елең ете қалдық.

% ғ

– – Ата, онда «Миғраж түнін» айтып беріңізші, – дедік.

– Ой, ол – ұзақ әңгіме. Шаршайсыңдар ғой.

– – Жоқ, шаршамаймыз. Айтып берсеңіз, болды.

Имам Ағзам ақсақал Миғраж туралы әңгімені бастады. Әңгімесі расымен ұзақ әрі қызық екен. Бізге күн сайын айтып беруді әдетке айналдырды. Түн ортасы аумай мен де ол үйден қайтпайтын болдым. Миға сыймайтын миғраж сапарын тыңдағанда қиялға батып, басқа әлемге қалықтап ұшып кеткендей әсерге бөлендім. Ертесіне Имам Ағзам атадан естіген аңызымды құрбы-құрдастарыма айтып бердім. Олар да мені қоршап алып, ауыздарының суы құрып, менен әңгіме тыңдап отыратын. Миғраж оқиғасының кереметі сонда -- оның оқиғалары балалардың мінез-құлқына сұмдық қатты әсер етті. Олар миғраж сапарымен араласа баяндалатын қазақ салттары мен ырымдарын барынша бұлжытпай орындауға жанын салып бағатын. «Миғраждан келгендіктен ерекше киелі» деп санайтын барлық құнды заттарды қастерлеп төбелеріне көтеретін. Тіпті тентектеу деген баланың өзі миғраж сапарын тыңдаған соң көркем мінезді болуға тырысып, әлсізге тізесін батыратын қиянатын қоюшы еді. Мен Қазақстанға көшіп келген сон, СССР кезінде мұндай құнды кітаптардың тамыр-тұмырымен жойылып кеткеніне көзім анық жетті. Рухани тамырынан ажыраған қазақ жастарының мәдени кемелдікке жете алмай, керісінше тез рухани кедейленіп сала беруінің түпкі себептерін өзімнің өмір тәжірибеме сүйеніп тапқандай болдым. Бала кезден осындай хикметке толы рухани қазынаны кеудесіне құйып өспеген тың буын өсе келе алтын қазығын табай алмай, адасуға бейім болады екен. Бір жақсысы – мен Имам Ағзам ақсақалдан естіген миғраж сапарын дәптерге жазып отырдым. Ақыр соңында олар үш қалың дәптер болды. 90-жылдары Қазақстан экономикалық қиындықты бастан кешіп жатқандықтан, мен Қытай қазақтарынан жазып әкелген бұл қазынамды елге шаша алмадым. Оның үстіне тап осындай жауһарды талап етіп, іздеп жүрген жігерлі жастар да ұшыраса қоймады. Сөйтсем, Құдайға шүкір, ел ішінде азаматтар бар екен. Абзал Құспан есімді інім «Отбасы хрестоматиясы» деген серияны қолға алыпты. Осы азаматтың маңайына топтасқан қайратты жігіттер мендегі миғражнаманы өңдеп, балалар тіліне бейімдеп, тұңғыш рет сіздерге ұсынып отыр. Миғраж сапарын тыңдап өскен ұрпақтың ақылы озық, жүрегі жұмсақ, мінезі көркем, рухы асқақ, жаны таза болады. Мен – ондай ұрпақтың қалыптасу кезеңін өз көзімен көрген адаммын. Сіздердің де ұрпақтарыңыз миғраж сапарының хикметтерін тыңдап өсіп, сауатты да салауатты өмірге құштар болсын!

Болат Бопайұлы

М.Әбдуов «Қазақтың діни эпосы» деген зерттеу еңбегінде «Миғражнама қазақ даласында ең көп тараған қиссалардың бірі саналады» дейді. Ғалым дәл осы қиссаның көшпенділер арасына тез және ауқымды таралуын былайша пайымдайды: «Исламға дейін де Ұлы даланы мекендеген көшпенді түркілерде қонақжайлылық менталитет басым еді. Олар Ислам мен Тәңіршілдіктен монотеистік нышандарды көргендіктен, Мұхамбет пайғамбарды да жылы қабылдады. Оның миғраж түнінде Аллаға қонаққа баратын оқиғасын айрықша ұнатты. Себебі, көшпенділерде мындаған шақырым жерлерді «Құдайы қонақ» немесе «Тәңірі қонақ» деген мәртебемен-ақ тегін шарлап шығатын болған. Сондықтан адами сипаттағы пайғамбарды Ұлық Алланың өз дәргейіне қонақ қылу оқиғасы көшпенді жұрттың көңіліндегі кілтін тапқандай болды».

Мұхамбет пайғамбардың миғражға ұшуы

Мұхамбет пайғамбар миғражға Рабиғул әууал айында көтерілді. Ол кезде пайғамбардың жасы елу екіден асқан еді. Мұхамбет пайғамбар Құдайдың құдіретімен бір түнде Жебірейіл періштемен жеті қат көкті кесіп өтіп, жеті тозақ, сегіз жәннатты түгел аралап, Ұлық Алланың құзырында қонақ боп қайтқан. Сол сапарда пайғамбар ғылымға бағынбайтын, уақыт меңгермейтін, ақылға сыймайтын, қиял кешпейтін Раббы әлемін аралап, сан-санақсыз періштелерді көрді. Бір түннің ішінде Құдысқа ұшып барып, соңынан Мекке шаһарына қайтып оралды. Бұндай ғажайып сапар Мұхамбет пайғамбарға ғана нәсіп болды. Бұл сапардың артықшылығы Алла елшісінің рухы мен тәні ажырамай бірге ұшқан. Миғраж сапарынан бір күн бұрын Мұхамбет пайғамбар Тайып қаласына барып, Алланың бірлігін уағыздайды. Қаланың надан жұрты оны мазақтап, ит қосып қуады. Пайғамбар сол жердегі жүзім егілген бауға тығылып жан сақтайды. Шаршап отырып, талықсып кетеді. Кенет көзін ашса, бір кісі дауыстап оятып жатыр. Ол пайғамбарға бір тостақ жүзім алып келіп тұр екен. Пайғамбар:

– – Сен кімсің? -- деп сұрады.

– – Мен Аддаспын, – деді ол.

– – Қай жерден боласың?

– – Кенғаннанмын.

– – |Жүсіп пайғамбардың елінен екенсің ғой.

– Сіз Жүсіп пайғамбарды білуші ме едіңіз?

– – Әлбетте, білем. Ол да – мен сияқты пайғамбар.

– – Бұл Тайыпта Жүсіпті танитын адам аз. Көбі надан.

– Жүсіп – Алланың ұлық пайғамбарларының біреуі. Мен Тәңірдің адамзатқа жіберген елшілерінінең соңғысымын. Менен соң Ұлық Алла елші жіберуді токтатады.

Мұхамбет пайғамбардың шын сөзі баланың жүрегін жібітті. Келген жігіт:

– Мен сізге сенем. Пайғамбарлығыңызға иман келтірдім. Мені өзіңізбен ала кетсеңіз, жақсы болушы еді. Мен де сізден даналық пен әдеп ғылымын үйренгім келеді, – деді пайғамбардың көркем мінезіне қызығып.

– – Інім, әзірше осында қала тұр. Әлі ерте. Менің басыма қауіп төніп тұр. Ата-анаңа жауапты болар жайым жоқ. Көп ұзамай Алла маған жеңіс береді. Менің даңқымды барлық тараптан еститін боласың. Сол кезде маған кел. Саған көкірек көзін ашатын хикмет ілімін үйретемін, – деді. (ас жігіт:

– – Онда мен сізді қауіпсіз аймаққа дейін шығарып салайын, -- деп біраз жер сапарлас болды. Пайғамбар оның батылдығына риза боп қалды. ІЖігіттің де кеудесінде хикмет ілімін үйренсем деген құштарлық оянды.

Пайғамбар түн ортасында Әумехан есімді жақын туысының үйіне арып-ашып зорға жетті. Гайыпта көрген қорлықтың ізі мүбәрәктің көңілінде дық болып кетпей тұрған. Ол інісінің үйінде қамығып жатып ұйықтап кетті. Бірақ оның көзі ұйықтағанымен, көңілі ояу тұратын. Ұлық Алла сүйікті пайғамбарының қорланып қамыққанын көріп-біліп тұрды. Ұлық Алла «Менің хабибім бүгін қатты ренжулі. Көңіліне дық түсті. Мен оны мұндай халде көргім келмейді. Өзіме қонаққа шақырып, көңілін бірлейін» деді де:

– – Ой, Жебірейіл, жәннатқа барып, барлық періштелерді салтанатқа әзірле! Бүгін менің пайғамбарым Мұхамбет осында келіп, мейман болады. Пайғамбардың нұрынан жаралған Ғаршы-Күрсі, Лаухы-Қалам құрметін көрсетіп, қызмет етсін. Мұса, Ғайса, Нұх, Ыбырайым пайғамбарлардың рухтары шадыман болып, РБақымның Нұрын қарсы алсын. Көрісіп, емін-еркін сырлассын. Күллі ғалам шаттанып, пайғамбардың нұрлы келбетіне көз тойдырсын. Өдзің жетпіс мың періштені ертіп, пейіштен бір пырақты асыл тастармен әбзелдеп, досыма жөнел! Хақтың елшісін пыраққа мінгізіп, жеті қат көкті, жұмақ пен тозақты аралатып көрсет! -- деп әмір етті.

Жебірейіл Алланың бұйрығын орындап, сәруардың нұрынан жаралған он сегіз мың ғаламды шарлап, сүйінші сұрады. Құрметті қонақпен қауышуға дайындықты бастауды міндеттеді. Жетпіс мың періштені ертіп, Мұхамбет пайғамбармен көріспекке келді де:

– Мә, Мұхамбет! – деп оны оятты. Пайғамбар орнынан тұрып:

– – Армысың, Жебірейіл досым! – деп сәлем берді.

– – Уа, Алланың сүйікті досы Мұхамбет, саған Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Үмбетіңді уайымдап, түнде ұйықтамадың. Күндіз отырмадың. Аш екенмін деп ас ішпедің, түн екен деп түс көрмедің. Шаршауды білмедің. Қайғырдың. Қам жедің. Сонда да қайратың қайтпады. Қорықпадың. Құбылмадың. Бігерің мұқалмады. Хақ дінді жаю үшін қаншама азапты бастан кештің. Бүгін сені Алла өз құзырына қонақ етуді қалады. Сенің пәк нұрыңнан үлес алған он сегіз мың ғалам жүзіңді бір көруге ынтық боп, асыға күтіп отыр. Менімен бірге жүр, -- деді. Пайғамбар Аллаға шүкіршілік айтып, жан-жүрегімен елжірей тебіренді. Жәннаттан әкелген жібек киімдерді киді. Періштелермен бірге үздіксіз кәлима айтып, Алланы пәктеп, Қағбаны тәуап қылды. Жебірейіл пайғамбардың кеудесін ауыртпай тіліп, жүрегін алды. Мәкәйіл періште оның жүрегін алтын ыдысқа салып, мағрифаттың суымен жуды. Басқалары қолдарын қусырып, тәжім етіп, Алла елшісінің құзырына құлдық ұрып тұрды. Жебірейіл мүбәрәктың алдына пырақты көлденең тартты. Қос періште қос қолтығынан демеп, оны алтын ерге отырғызды. Нұр пырақтың ерні қызыл гауһардан, иегі нұрдан, сүйегі сом алтыннан, тұяғы жауһардан, тізгіні зүбәржаттан, жүгені ақықтан, маңдайы ақ жақұттан екен. ?Мұпардай иісі, майдай жүрісі бар екен. Алланың хабибісін көргенде құйрық-жалы райханнан таралып, қызыл күрең реңі құлпыра түсті. Пырақ Мұхамбетті көзді ашып-жұмғанша көкке алып ұшты. Сапар бастала бергенде ту сыртынан беймәлім дауыс естілді.

– – Ей, Мұхамбет, кейін қайт. (олдан адастың. Онан да мұнда кел, атыңның басын кері бұр, -- деді. Пайғамбар дауыс шыққан жаққа қарамады. Есіл-дерті Алланың дидарымен қауышу болған пайғамбар оны елемей өте шықты. Сәлден соң әлгі дауыс тағы да дыбыс беріп:

– – Ей, Мұхамбет, мына жаққа үңілші, күллі әлемнің қызығы мен рахаты осында жатыр. Алып кет. Ол рахатқа сен ғана лайықсың, – деді. Пайғамбар ол сөзді құлағына да ілмеді. Бейтаныс дауыс енді оң жағынан естілді.

– Ей, Мұхамбет, патшалықты қалайсың ба? Міне тақ, міне бақ. Алда, әлемді биле. Тек мына сапарды мезгілінде тоқтата сал, -- деп гауһардан жасалған алып тақты алдына көлденең тосты. Пайғамбар тақты айналып өте берді. Енді дауыс үдей бастады. Ол енді:

– – Мұхамбет, сені алдыңнан ажал тосып тұр. Бұл – сенің түсің ғана. Ақылға кел. Үйіңе қайт. Әйтпесе, басың бәлеге шатылады, -- деп шыңғыра айғайлады. Пайғамбар міз бақпаған күйі әуелеп ұша берді. Үміті үзілген әлгі дауыс кенет бір пәсте құдіреттің күшімен жаншылып кеткендей кілт үзілді.

Жолай пырақтың алдынан неше түрлі зәулім сарай, мыңғырған мал кездесті. Астың асылы мен тонның қамқасы да, бірінен соң бірі көздің жауын ала бастады. Алуан түрлі дәмді тағамдардың иісі бұрқырап тұрды. Қарны қатты ашып тұрса да, пайғамбар оларға назар салмады. Осылайша сан алуан дүнияуи нығметтер барлық тараптан қол бұлғап, өзіне шақырумен болды. Біраздан кейін алдарынан бір сұлу әйел күлімдей жолықты. ?БҺанарымен арбап, сиқырлы күлкісімен баурап алғысы келді. Ол пайғамбарға қол бұлғап шақырды. Бірақ пайғамбар әйелге көзінің қырын да салмай өтіп кетті. Қыз да пырақтың артында жылап қала берді. Аздан соң /Жебірейіл періште пайғамбарға:

– – Ей, Мұхамбет, аттың басын бұрмағаның дұрыс болды. Әлгінде арбаған малғұн Ібілістің дауысы еді. Ол сені бала-шағамен, қала берді өліммен қорқытып сапарыңнан қалдыруды ойлады. Дүние нығметтерімен қызықтырып, Алланың дидарынан мақұрым еткісі келді. Сен оларға назар салмадың. Ең соңында әйел болып алдады. Оны елемедің. Егер осылардың біреуіне титтей де болсын көңіл бөлгеніңде сапарың осымен тоқтар еді. Үмбетің қыз-қырқынға, байлық пен билікке көңілі ауып, Алланы ұмытар еді. Сен нағыз Алланың хабибісі екенсің. Осы ерлігіңнің шарапатынан үмбетіңнен Алланың дидарына ғашық болатын нағыз ерлер қияметке дейін шығып отырады, > деді.

Пырақ заулаған қалпы пайғамбарды Құдыс қаласындағы әл-Ақса мешітіне әкелді. Мешіт алдында қисапсыз періштелер пайғамбарды күтіп тұр екен. Оны салтанатпен қарсы алды. Пайғамбар мешіттің ішіне кірсе, іші құжынаған халық екен. ІБебірейіл:

– -Бұлар – сізден бұрын өмір кешкен жүз жиырма төрт мың пайғамбар. Олар Алланың қалауымен шірімеген тәндеріне қайта кірді. Олар саған сәлем беріп, құшақтасып қауышуға жиналды. Пайғамбарымыз қолын төсіне қойып, басын иіп, олармен амандасты. Барлық пайғамбар:

– – Мұхамбет, сапарың оң болсын! Миғраж құтты болсын! Бұл – саған ғана нәсіп болған нығмет. Біз саған қызығып тұрмыз, >- деді.

Мұхамбет пайғамбар бәрімен құшақтасып көрісті. Бір-бірінің мейір шуағына қанған соң, екі бас намаз оқуға ыңғайланды. ?Киналған жамағат:

– – Иә, Алланың сүйіктісі, бізге имам болыңыз. Алға өтіңіз, -- деді. Мұхамбет пайғамбар:

– – «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без» деген. Алдымда атам тұрғанда менің сап бастағаным әдепсіз болар. Имамдыққа бәріміздің атамыз -- Адам Сафиолла шықсын, -- деп сынықтық танытты. Адам ата:

– Мен пейіште жүргенде тыйым салынған бидайдың дәнегін жеп, Ұлық Алланың алдында ұятты болдым. Соның өкініші әліге дейін өзекті өртеп тұрады. Имамдық маған қол емес, – деп кері шегінді. Пайғамбарымыз Нұхқа бұрылып:

– – Адамзаттың екінші атасы – Сізсіз. Топан судан кейінгі тіршілікті сіз жалғастырдыңыз. Онда имамдыққа сіз шығыңыз! -- деді. Нұх та кейін шегініп:

– – Мен сабырым сарқылып, өз жұртыма қарғыс айттым. Соның кесірінен елде алапат апат болды. Сол сабырсыздығыма әлі кезге дейін ұялам. Бұл жерде имамдыққа шығуға лайықты емеспін, – деді. Пайғамбар Ыбырайымға бұрылып:

– – Сіз де – Алланың сүйген құлысыз. Есіміңізді еркелетіп «Халиолла» деп атаушы едік. Онда сіз шығыңыз, – деді. Ол:

– – Мен де өз заманымда Ажар әйелімді аяғы ауыр кезінде айдалаға апарып тастаған едім. Сол қаттылығым үшін осы кезге дейін қысыламын, -- деп ол да михрабқа жақындамады. Кезек /Күніс пайғамбарға келді. Ол:

– – Мен Мұсыл шаһарында еліме апат келгенде кемеге мініп, бас сауғалап кетіп қалдым. Сол үшін мені Ұлық Алла жазалап, балықтың қарнына тықты. Имамдыққа лайықты емеспін, -- деп тартыншақтады. Пайғамбар оның қасында тұрған Жүсіпке бұрылған еді, ол:

– – Мен әкеме ат үстінде сәлем беріп, әдепсіздік көрсеттім. Сол үшін Алла мені жазалады. Денем жеті күнде шіріп кетті. Бүгін бәрі қабірдегі тәндеріне қосылғанда, менің өз денем табылмады. Сіздің шарапатыңыздан ғана Ұлық Алла мейір-шапағат етіп, менің денемді жаңадан сомдады, -- деп айыбын есіне алды. Пайғамбар:

– – Әй, Мұса, Ұлық Алламен тікелей тілдескен өзіңсің. Сол үшін елің еркелетіп «Кәлимолла» деп атады. Намазды сен бер, – деді. Мұса:

– – Мен Ұлық Алланың дидарын елге көрсетем деп оңбай қателікке ұрынғам. Сол қылығым есіме түссе, әліге дейін қызарып кетем. Өй, Мұхамбет, сенің дәрежең бәрімізден ұлық. Намазды сен бер. Біз саған ұйып, намаздың ләззатын алайық, -- деді. Олардың арасында Дәуіт пайғамбар да тұрған еді. Ол жезтаңдай әнші болатын. Құйқылжытып Эәбүр жырларын айтқанда тау-тас егіліп жылайтын. Аққан су, құтырған жел тоқтап қалатын. Ұшқан құс, жүгірген аңның бәрі елітіп тыңдап тұрушы еді. Сондықтан да Дәуіт азан шақырып, тәкбір айтты. Жүз жиырма төрт мың пайғамбар сапқа тұрып, Мұхамбет пайғамбарға ұйып намаз бастады. Бұған дейін бір де бір пайғамбар құлшылықтан тап осылай ләззат алмаған екен. Барлығы балқып, Ұлық Алланың мейірім-шапағатына бөленді. Рахымды Құдай бұл намазды бірден қабыл етті. Мұхамбет пайғамбар намаздан соң Ұлық Алладан үмбетінің жарқын болашағын тіледі. Құлшылық біткен соң Жебірейіл періште:

– Әй, Мұхамбет, Алла сенің сынық мінезіне риза болды. Әлбетте, Жаббар Хақ сенің дәрежеңді бәрінен артық етті. Егер көңілің өсіп, өзгелерді елемей, имамдыққа бірден сұранып шыққаныңда, сапарың осы намазбен тамам болар еді.Өзге пайғамбарлар да сенің бағынмен таласпады. «Ердің өзімен талассаң да, бағымен таласпа» деген. Ұлық Алла сол мінездері үшін олардың да намазын қабыл етті. Бұл -- Алланың жақсы көретін қасиеттерінің бірі, – деді.

Намаздан соң жиналған жамағат та, періштелер де Мұхамбетті қимай мекендеріне тарасты. Нағыз миғраж сапары енді басталды. Жебірейіл мен пайғамбар пыраққа келді. Оның қасында қазандай қара тас жатыр екен. Пайғамбар оны басып, пыраққа мінді. Осы сәтте қара тас пайғамбардың оң табанына жабысып, бірге көтерілді. Пайғамбар түсінбей төменге қарады. Қара тас:

– – Әлем жаралғалы сізге басқыш ретінде қызметке жарау үшін мыңдаған жыл бойы тапжылмай күтіп жаттым. Бұл міндетті маған Алла әуелде жүктеген еді. Міндетімді адал атқардым. Енді мен де мекеніме қайтамын, – деді. Жебірейіл періште тасқа оқты көзін қадап:

– – Ой, қара тас, әдепті бол. Пайғамбардың шылауына жармаспа. Алладан саған қайтуға әлі рұқсат жоқ. Қияметке дейін осында боласың. Қал, – деп бұйырды. Құдайдың құдіретімен сол сәтте қара тас бос ауада қатып қалды. Бұл тас әлі күнге дейін әл-Ақса мешітінің жанында қалықтап тұр екен деседі.

Пырақ пайғамбарды мінгізіп алып, көкке жүйтки жөнелді. Сол мезетте жеті қат көкке қарай інжу-маржанмен безендірілген ғажайып бір жол пайда болды. Жолдың екі жағынан қойылған шам-шырақтар самалдай сәуле шашты. ?болдың оң жағында сексен мың періште, сол жағында сексен мың періште Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып ілесіп келе жатты. Бір кезде пайғамбар астындағы пырақтың мұнды кейіпте жылап келе жатқанын байқады. Ол пырақтың жалынан сипап:

– – Ой, пырақ, сен неге жылап келесің? -- деді. Алланың құдіретімен пыраққа ТІЛ бітіп:

– Алланың сүйіктісі Мұхамбет, сендей асыл ерді алып ұшу бақытының маған нәсіп болғанына қуаныштан жылаймын. Бірақ бұл рахат сезім де бір сәтте өте шығар-ау деп қайғыдан жүрегім сыздап келеді. Мақшар таңында да сені үмбетіңнің алдында алып жүрсем деген арманым бар еді. Сол арманым орындалар ма екен деп уайымдап келемін, – деді. Пайғамбар:

– Алла тілегімді берсе, махшарда сені таңдадым. Еш алаң болма, – деді. Пырақ:

– – Мақшар таңында пырақ аттар өте көп болады. Барлық пайғамбарлар мен әулиелердің, салиқ, тақуа құлдардың бәріне пырақ ат беріледі. Сол кезде ең бірінші пырақ міну құрметі сізге бұйырады. Пырақ атаулының нашары жоқ. Бірінен бірі асып түсетін сұлу да сымбатты болады. Менен сұлу пырақтар болуы әбден мүмкін. Сол кезде сіздің назарыңыза ілінбей қаламын ба деп қорқамын, -- деп мұңын шақты. Пайғамбар:

– – Ой, пырақ, маған деген ықыласың бір сәтке де кемімесін. Мен сені ықыласыңа қарап танимын. Шарты сол болсын, – деді. Пырақ басын изеді де, көңілі мейірленіп сала берді. Ол шабысына шабыс қосып, көз іліспес жылдамдықпен ұша жөнелді.

Олар жеті қат көк пен жеті қат жерді жалғап тұрған ғажайып сатыға келді. Сатының бір жағы алтыннан, бір жағы күмістен екен. Гіреуіш қазықтары меруерттен жасалыпты. Сатымен періштелер жерден көкке, көктен жерге тынымсыз ағылуда. Өлген адамдардың рухтарын періштелер осы жерге жетектеп әкеп жинап жатыр. Оларды осы сатымен барзақ әлеміне әкетеді екен. Оларды жердегі жай адамдар көре алмайды. Жебірейіл пайғамбарға:

– – Бұл – жеті қат көкке көтерілетін есік. Жер мен көктің шекарасы – осы мекен, – деді. Пайғамбар таңғажайып сатыны, оның күміс қақпаларын тамашалап тұрды. Бір кезде бір топ періштенің белгісіз рухтарды шынжырмен байлап, қамшымен айдап көкке қарай қинап алып бара жатқанын көрді. Олардың басы салбыраңқы, жүздері солғын екен.

– – Бұлар кімдер? -- деп сұрады пайғамбар. Жебірейіл:

– – Бұлар – әлімсақ уәдесін ұмытқан рухтар. Алланың алдында қарар беті жоқ, бастары салбырап бара жатыр. іштерін өкініш пен ұяттың оты өртейді. Жерде істеген күнәсіне көкте жауап береді. Періштелер оны таразы-мизамға тартуға алып бара жатыр. Олар «тағы да қайта туылсақ бола ма? Біз енді туылсақ, өмірде момын болар едік» деп жалынып жатыр, -- деді. Пайғамбар осы сәтте:

– Иә, Алла, менің үмбетімді де осындай ғапыл, күнәхар құлдардың қатарынан қылма, --деп жалбарынды. ІЖебірейіл бірінші боп аспан әлемінің қақпасын ашты. Пайғамбар «біссіміллә» деп бірінші қат көктің босағасын аттады.

Мұхамбет пайғамбардың бірінші қатқа көтерілуі

Мұхамбет пайғамбар бұл көкке көтерілгені сол еді, жанынан бірнеше пырақ аттарды жетектеп, қолдарына тон-жамылғы алып, кетіп бара жатқан періштелерді көрді. Бұл пайғамбардың жанарын еріксіз бұрды. Ол:

– – Әй, Жебірейіл, бұлар қайда бара жатыр? -- деп сұрады. ?ебірейіл:

– Алланың сүйікті достары келеді. Соларды қарсы алуға бара жатыр, – деді. Пайғамбар қақпа жанында қызығып қарап тұрды. Періштелер бір топ адамды күтіп алып, оларға жібектен тон кигізді. Пырақ ат мінгізді. Барынша құрмет көрсетіп жатты. Пайғамбар Жебірейілге:

– – Бұл сыйлы қонақ кімдер? – деді.

– – Дүниеде ата-анасын сыйлаған, солардың батасын алғандар. Кім ата-анасын құрметтесе, Алла оларға да осылай сый көрсетеді, -- деді ол. Пайғамбар олар үшін қатты қуанды.

– – Ата-анасын сыйлағанға мен де ізет көрсетемін, – деп, олармен сәлемдесті. Олар да пайғамбармен мейірлене көрісті.

Бірінші қат көктің өне бойы қызыл жақұтпен безендірілген, етегі қызыл алтынмен әшекейленіпті. Оның бір ұшы көк тіресе, екінші ұшы жердің шыңырау түбіне жетеді. Мүбәрәк оның ортасынан бір дарияны көрді. Дарияның тереңдігінің өзі екі жүз жылдық жол екен. Суы көгілдір реңге боялып, көркімен көз тартады. (НКердегі аспанның түсі осы дарияның әсерінен көк түске боялып тұр екен. |Нер жүзіндегі барлық асыл нұр осы дарияға жиналыпты. Пайғамбар дарияның жағасына келіп, оның сұлулығына тамсанып қарап қалды. ІБебірейіл:

– Бұл – рақым дариясы. Кім дарияға шомылса, оған сегіз жәннаттың есігі түгел ашылады, – деді. Мұхамбет пайғамбар дарияға қолын малып жуды да, алақанын жайып:

– Иә, Алла, үмбетім рақым дариясына шомылсын, -- деп дұға жасады. Жебірейіл:

– – Үмбетің ғұсылсыз жер баспаса, міндетті түрде рақым дариясына шомылады, >- деді. Осыдан бастап үмбетіне ғұсылмен жүруді міндеттеген екен.

Пайғамбар дариядан өткен соң үлкен бір қазынаны көрді. Ол алыстан жарқырап, айналасына шұғылашашып тұрды.

– – Бұл не? -- деді пайғамбар. Жебірейіл:

– – Бұл – су иесі Сүлеймен патшаның қазынасы, -- деді.

Қазынаға қараса, оның әр сарайына жетпіс мың құлып салыныпты. Әр құлыпты жетпіс мың періште күзетіп тұр. Қазынаның ұшы-қиыры жоқ. Жебірейіл:

– Ей, Алланың досы, сенің құрметіне қазынаның барлық есігі ашылады, қарап көр, – деді. Сарайдың ішіне үңіліп еді,онда ақыл-парасат, әдеп, көркем мінез-құлық, кешірім, мейірім-шапағат бар екен. Пайғамбар:

– – Сүлейменнің қазынасы деген алтын-күміс деп ойлаушы едім. Бұл қалай болғаны? – деді. Жебірейіл:

– – Рас айтасың. Оның қазынасы қисапсыз алтын, күміс, дүр-гауһарға толы болды. Сүлеймен дүниеден өткен соң оның қазынасын Ұлық Алла бергі дүниеге алдырды. Бірақ алтын-күміс бұл жақта бағалы зат емес. Хақ тағала барлық асыл тасты құдіретімен даналық пен хикметке айналдырды. Егер Сүлейменнің қазынасы тас күйінде қалғанда, жердегі адамзат пен жын-пері оларға таласып, соңы жоқ соғыстан көз ашпас еді. Сүлейменнің қазынасынан түсіп қалған азынаулақ алтын-күмістің өзі талай соғысқа себепші болады. (алғанда дүниеде даналыққа көп адам құштар болмайды. Сондықтан олар осында сақтаулы, – деді.

– – Сонда қалай, даналық хикметі ешкімге бұйырмай, осында жата бере ме?

– – деді пайғамбар.

– Жоқ. Жер бетінде даналық іздеген адамның ақысы желінбейді. Оған жауапты періштелер жердегі пенденің жүрегін бақылап отырады. Егер бір пенденің жүрегі дүниеге құштарлықтан ада болса, соның кеудесіне даналықтың дәнін егеді. Оның хикмет кеудесі рухани қазынамен байыған үстіне байып отырады, -- деді. Пайғамбар:

– – Иә, Тәңірім, үмбетім даналықты қаласа, кеудесін Сүлейменнің қазынасымен толтырғайсың, -- деп дұға тіледі. Ел аузында кеудесі ақыл-парасатқа толы адамды «Сүлейменнің қазынасына жолыққан екен» деп айтып жататыны осыдан екен деседі.

Пайғамбар одан өтіп, аспандай берді. Орта жолда бір қара тасты көрді. Тастан бір көк өгіз атып шықты. Ол шыққан бойда кері айналып, қара тасқа қайта кірмекші болды. Бірақ кіре алмады. Мүйізі тасқа соғылғанда одан шарт етіп алапат от шықты. Өгіз одан сайын өршіленіп, тасты сүзгілей берді. Болмаған соң өгіз өкіре түсті. Оның даусынан күн күркіреп, зілзала басталды. Аспан асты мұң-шер, қайғы басқандай қорқынышты күйге енді. Пайғамбар шошып кетін:

– – Бұл не өгіз? -- деп сұрады. Жебірейіл:

– Қара тас – адамның мысалы. Көк өгіз – олардың сөйлеген сөзі. Пенде өтірік айтып, өсек таратса, жүйесіз сөз осы көк өгіз сияқты иесін қайта айналып сүзеді. Керек десең, бір сөздің кесірінен соғыс оты тұтанады. Эілзала соны меңзеді. Қандай сөз сөйлесең де, бәрінің есебі бар. Дүниеде, ақиретте шерменде қылады, – деді. Пайғамбар:

– – Менің үмбетім ғайбат айтып, ақиретте өкірген өгіздің кейпін кимесін, – деп күбірлеп бетін сипады. Ары қарай жүріп еді, алдынан бір кісі жолықты. Оның қолында екі кесе бар екен. Бір кеседе сүт, екіншіге шарап құйылыпты. Пайғамбар сүтті алып ішті. Шарапқа назар да салмады. Мүбәрәктің әрбір ісқимылын бақылап келе жатқан Жебірейіл:

– Дұрыс таңдау жасадың, Мұхамбет. Сүт -- жәннаттың шәрбаты. Сүт ішіп, оны қастерлеу бұдан былай үмбетіңе сүндет болсын. Сүттің дәмі жұмақтың кәусарымен тең болады, – деді.

Бір кезде пайғамбар отын жинап жүрген қарт адамды кездестірді. Ол зор мехнат тартып, арқасына отын артады. Жиған шөпшегін көтере алмай зорығады. Сонда да «бұл жиғаным әлі аз» деп, отынға көзі тоймай, қу бұтақты тере береді. |Жаңа бұтақты көрген сайын арқасындағы отынын ұмытады. Соның кесірінен жүгі ауырлап, жалп етіп құлайды. Пайғамбардың оған жаны ашып, жүгіріп барып көмектесті. Мүбәрәктің жанашырлығына риза кейіппен қарап тұрған Жебірейіл:

– – Ех, Мұхамбет, бұл сенің дүниеқоңыз үмбетің ғой. Ол бейшара тірісінде дүние-мүлікке тоймаған. Қала берді, жиған дүниесінің ішінде ғаріп-міскіннің көз жасы бар. ІЖүгін ауырлатып тұрған нақақ көз жасы. Жиғандарын бауырларымен бөліспеді. Өз рақатына да қимады. Өлгенше мал көбейтіп, ешкімге зекет бермеді. Енді мәңгі бақи осылай отын жинап, қор болады. Онысы өзіне опа бермейді. Отыншы -- соның мысалы, -- деді өкінішпен. Пайғамбар сонда да жаны ашып, оған мейлінше болысты. Бірақ отыншы сонда да тойымсыздығын тыя алмады. Отын жинап, тәлтіректеп кете берді. Тіпті пайғамбармен ісі де болмады.

Басул мен періште әріқарай жүргенде құдық қазып жатқан адамды көрді. Ол құдығын машақатпен қазып болғаннан кейін маңдай терін сүртіп, оған қауға тастады. Бірақ құдықтан бір тамшы да су шықпады. Әлгі пенде қайта-қайта тастады. Ақыры болмағасын, шөлдегеннен ерні кезеріп, қайтадан құдық қаза бастады. Пайғамбар оны аяп кетіп, жанына барды. Қолындағы қауғасын алып құдыққа тастайын деп оқталды да, кенет тоқтай қалды. Құдықтың іші тола су екен. Пайғамбар таңғалып:

– – Ей, Жебірейіл, бұл не хикмет? Құдық суға толы, ал мына бейшара шөлден қаталап, бір тамшы су ала алмай зорығып тұр, > деді. Небірейіл басын шайқап:

– Бұл құдықшы -- бақытсыз жан. Қауғасын қанша салса да, өзі қазған құдықтан бір тамшы су іше алмай, мәңгі бақи қор болады. Ол адам дүниеде талай жанға жақсылық жасаған бай болған. Бірақ жақсылығын міндет етіп, елден мақтау тілеп, өзгеден сый-құрмет дәметіп жүретін. Соның кесірінен игілігінің қайырын мәңгі дүниеде көре алмай сорлап отыр, -- деді. Пайғамбар оған жаны ашыған күйі қасынан өте берді.

Бір уақытта пайғамбар бір бейбақтың екінші бір кісіге жабысып, соңынан қалмай жүргенін көрді. Ол қайда барса да, «ақымды бер», – деп, қасынан бір елі ажырамайды.

– – Ей, бұл адам саған не істеді? – деп сұрады.

– – Бұл кісіде менің алынбаған ақым бар, – деді.

– – Қандай ақы?

– – Бұл менің көршім еді. Алла оған байлық берді. Ауласынан үнемі ауқатты адамдар арылмайтын. Ал мен өте кедей, пақыр болдым. Күнде оның есігіне сығалап телміріп тұратын едім. Ол маған көзінің қиығын да салмайтын. Бала-шағам аш жатты. Бір татым нанға зар болдым. Алла дәулетті бір басына үйіптөгіп бергенде ішіне кедей-кепшіктің де несібесін берген еді. Бұл байлығын қажетсіз жерге шашты. Қияметте екеуміз қатар келіп, Алла берген сол көршілік

ақымды сұрап жүрмін, – деді.

Пайғамбар бұрынғы байға қараса, мүсәпір күйге түсіпті. Көршісіне қарауға беті шыдамай, жүзі қарайып кетіпті. Пайғамбардың алдында жер шұқыды.

Құдай елшісі:

– – «Көрші ақысы -- Тәңір ақысы». Көршісіне қарайласпаған, халін сұрамаған адам менің үмбетімнен емес, – деді де, жүре берді.

Бір кезде қайнап жатқан екі қазанды көрді. Оның бірінде адал ет, екіншісінде ірің сасыған арам ет балбырап пісіп тұрды. Қазанды қалқалаған аш жұрт сасыған етке ұмтылып, таласып-тармасумен болды. Пайғамбар бұған таң қалып:

– – Адал ас тұрғанда мыналар неге арамға ауыз салды? -- деп сұрады. Жебірейіл:

– Олар тірісінде өздерін арамнан тыймаған нас кісілер еді. Бұл дүниеде арам ас жесе, о дүниеде де лас ауқатты қорек қылады. ?Веп отырғаны ет емес. Көздеріне солай елестейді. Әсілінде, бұлар тозақтың тағамдары: құсық, сасық және ірің. Осыны ішкеннен кейін мың өліп, мың тіріледі. Бұ дүниеде адалдан басқаны татып алмағандар жәннаттың ауқатын жейді, – деді. Пайғамбар:

– – Менің үмбетім астың адалын жейді. Біссімілләсіз аузына дәм алмайды,

– – деді де, сапарын жалғастыра берді.

Бір уақытта жібек қаптар арқалаған бір топ періштені көрді. Олар Мұхамбет пайғамбарға келіп, сәлем берді. Жебірейіл:

– -Бұл періштелер -- жердегі адамның тілегін Аллаға жеткізуші. Адамның тілек-талаптарын қаптарына толтырып, Құдайдың дәргейіне жеткізеді, – деді. Пайғамбар:

– – Қандай тілекті жеткізеді? -- деп сұрады.

– – Ақ дастарқан басында айтылған тілекті, мазардың қасындағы айтылған ниетті, ауыр сапар мен сахардағы намаздың дұғаларын дорбаға салады. Алланың алдына барғанда осы дорбалар ашылады. Ұлық Алла оларды жауапсыз қалдырмайды, -- деді.

– – Кімнің тілегі Алланың алдында мүлтіксіз қабыл?

– – Адал ас жеген ақсақалдың, көп бала тапқан кейуананың, ниеті түзу жігіттің, ерін күткен адал жардың тілегі лезде қабыл болады, – деді де, – Иә, Алланың сүйікті досы, Тәңірден уахи келді. Миғраж түні үмбетің үшін ерекше түн болсын. Бұл күні үмбетің қандай тілек тілейді, соны Құдай кері қайтармайды. Мына періштенің бәрі жерге түсіп, дорбаларын тілекке толтырады,

– – деді. Осыдан бастап мұсылман үмбетінде миғраж түні ерекше мәнге ие болыпты. Бұл хабарды естігенде пайғамбардың жүрегін қуаныш кернеп, екінші қат көктің босағасын аттады.

Мұхамбет пайғамбардың екінші қатқа көтерілуі Пайғамбар «біссіміллә» деп екінші қатқа шыққанда Аллаға мақтау айтып отырған қисапсыз періштені көрді. Олардың ұзынсонар қарасына көз жеткізе алмай таңғалып тұрды. Жебірейіл:

– – Бұлар – әуелден қияметке дейін Алланы отырған күйі тапжылмай мадақтайтын періштелер. Бұлардың саны бір Құдайға ғана мәлім, – деді. Пайғамбар:

– – Еее, бұлардың санына көз жетпесе, сырына сөз жетпесе, сауаптары мен дәрежесі ұлық шығар, – деп қызықты.

– Қателесесін, Мұхамбет, – деді Жебірейіл, – бұлардың дәрежесі жер бетінде Алланы ықыласпен еске алған бір пенденің бәсінен төмен болады. Бұлардың арманы -- Құдайдың сүйген құлдарымен бірге отырып зікір айту. Соны Құдайдан тілеп күтіп отыр, – деді.

Бір кезде тікесінен тұрып, Алланы еске алып, шуылдасып ұйысып тұрған періштелерді көрді. Жебірейіл:

– – Бұлар – әуелден ақырға дейін тізе бүкпей зікір айтатын періштелер,

– – деді. Пайғамбар «тізе бүкпесе, бұлардың дәрежесі ұлық болды ғой» деп ойлады. Жебірейіл:

– – Олардың дәрежесі сапарда жүрсе де, Алланы тілінен тастамаған үмбетіңнің беделінен кем болады, >- деді.

Пайғамбар одан өтіп, әрі жүріп еді, самғап жүріп Алланы мадақтайтын періштелер легін көрді. Жебірейіл:

– Бұлар – әуелден ақырға дейін қалқып жүріп Құдайды еске алатын періштелер, -- деді. Пайғамбар:

– – Қияметке дейін еш жерге қонбастан Алланы пәктейтін болса, дәрежесі бәрінен ұлық шығард-- деді. Жебірейіл:

– Бұлардың дәрежесі төсек тартып жатса да, бір Құдайды жад етуден танбайтын табанды пенденің бәсінен төмен болады, – деді. Пайғамбар қолын жайып дұға етті де:

– Мә, Алла, менің үмбетімнің тілі Алланы еске алудан босамасын, -- деп бетін сипады. Сапар жалғаса берді. Бұлар келе жатып бір ер адам мен хас сұлу әйелді көрді. Жебірейіл:

– – Бұл – Адам ата мен Хауа ана, – деп сыбырлады. Адам ата тақтың үстінде отыр екен. Алдында нөпір адам. Оның оң жағында бір есік, сол жағында бір есік тұрды. Адам атаның оң қолын алғандар оң есікке, сол қолын қысқандар сол жақтағы есікке кіріп жатты. Адам оң қолын ұсынғанда қуанып, сол қолын қысқандарға налып отыр екен. Жебірейіл:

– – Әзірейіл пенденің жанын алса, Адам атаның алдынан өткізеді. Он жақта тұрған есікке момындар, сол жақтағы есікке залымдар кіреді. Оң есіктен момындардың жәннаттағы жайы көрінеді. Адам ата жәннатқа барғанға шаттанып, қуанады. Ал сол жақтағы тамұқтың есігі. Безбүйрек перзентінің тамұққа түскенін көріп, қайғырып, налиды, -- деді. Пайғамбар Хауа анаға қарады. Ол ерінің сол жағында тұр екен. Басына ақ жаулық тартыпты. Өте келбетті һәм көрікті, инабатты келіншек екен. Хауа ана оң аяғының табанын болмашы ғана көтеріп еді, жарық нұрдың шұғыласы он сегіз мың ғаламды нұрға көміп жіберді. Бұлбұлдар тамылжыта ән салып, мейірім-шуақ әлемді құшағына орап алды. Бір кезде сол табанын сәл ғана жылжытып еді, астынан ыстық жалын ұрды. Әлгінде ғана орнаған жайма шуақ бақытты әлем көз алдында балқып жанып кетті. Мұхамбет пайғамбар мұның мәнісін біле алмай тұрып қалды. Жебірейіл:

– – Хауа ананың оң жақ табанынан шыққан нұр -- жәннаттың мейір шуағы, сол жақ табанынан атқылаған жалын -- тозақтың оты. «Тозақ та, жұмақ та ананың аяғының астында» деген осы. Егер әйел баласы иба-әдепке берік болып, арын таза сақтаса, айналасын пейішке айналдырады. Ал егер бұзылып, ар мен намыстан жұрдай болса, үрім-бұтағын тозаққа отын қылады, – деді. Пайғамбар пырақтан түсіп алдымен Хауа анаға, артынан барып Адам атаға сәлем берді. Хауа ана Мұхамбеттің маңдайынан сүйді. Адам ата маңдайынан иіскеді. Пайғамбар олардың жанында отырып армансыз сұхбаттасты. Хауа ана пайғамбарға жұмақтың кәусарын берді. Барша адамзат баласы үшін дұға тілеп, Алладан шапағат сұрады.

Пайғамбар Адам атаның батасын алып, рұқсат сұрап, жолға шықты. Олардан ұзаған соң, Жебірейіл періште:

– – Әй, Мұхамбет, сен нағыз Алланың хабибісі екенсің. Үлгілі іс қылдың. Алла сенің екі қылығыңа дән риза. Біріншісі, аттан түсіп сәлем бердің. Жүсіп пайғамбар әкесіне ат үстінде сәлем беріп, денесі жеті күнде шіріп кетті. Артында тұяқ қалмады. Сен кішіпейілдік танытқандықтан, денеңді қабірде нұрға бөлейді. Тәкаппарлық -- Алланың ең жек көретін дерті. Бұдан кейін үмбетіңе сәлем беру – парыз, сәлем алу қарыз болсын! Сәлем -- жүректің есігі, жақсылықтың бесігі. Құдайға жаққан екінші қылығың: алдымен анаңа сәлем бердің. Хауа анаға екінші боп сәлем бергеніңде миғраж осы жерден тоқтайтын еді. Әкеңе бір рет сәлем берсен, анаңа екі рет сәлем бер. Әкеңе бір мәрте жақсылық етсең, анаңа екі қайтара жақсылық жаса. |(Шұмақ та, тозақ та анаңның аяғының астында. Үмбетің айт. Жұмақты іздесе, үш қыз тапқан ананы қадірлесін, – деді. Пайғамбар:

– – Үш қыз таппаса ше? -- деп сұрады.

– – Екі қыз тапқан ананы қадірлесін.

– – Сонан кейінз

– – Бір қыз тапқан ананы әлпештесін.

– – Қыз тумаған ана болсаше?

– – Онда ұл тапқан ананы сыйласын.

– – Баласы жоқ әйелдердің жайы не болады?

– Алла пейіштің шарапатын ерін сыйлаған әйелдің табанының астына жасырады.

– – Ерге тимегенқыздардың қадірі қаншалықты қымбат?

– – Олардың иманы мен әдебі таразыға түседі. Көркем мінезі мен әдемі иба қылығы оларды басқалармен теңестіреді.

– – Үмбетіме «анаңды, әйеліңді, қызыңды құрметте, сыйла» деп айтайын. Ал ер-азаматтың құрметі қаншалықты болмақ? -- деп сұрады.

– – Ер-азаматты сыйламаған Құдайға қарсы келгенмен бірдей. Ұлық Құдай Адам атаны жер бетіне орынбасар етіп жаратқан. Ол – отбасының иесі. Таразы-мизамда да сұрақ алдымен ерден басталады, – деді періште.

Пайғамбар қолын жайып:

– – Иә, Жасаған ием, менің еркек кіндік үмбетімді пасық, жасық, намыссыз, қайратсыз, жігерсіз, жеңілтек, қорқақ болудан сақта! Олар ер-азамат атануға лайық болсын, – деп дұға жасады.

Пайғамбар пыраққа мініп ілгері жүрді. Жолда бір топ қауымды көрді. Олар егін салып жүр екен. Егін салса, дақылдары демде көктеп көгереді, артынша сарғайып піседі. Оны орып алады. Тағы егін салады.Ол да тез пісіп, жайқалады. Бірақ әр егініпіскен кезде қайғырып, мұңаяды. Пайғамбар мұны көріп, аңтарылып тұрып қалды. Жебірейіл:

– Бұлар – Тәңірге қылығы жаққан құлдар. Олардың егіні қай кезде де бітік шығады. Жұмаққа кіремін десе де, есік ашық. Бірақ бұлар артында қалған ұрпағы үшін егін егіп, соны орып жатыр. Бұлардың егіні -- ұрпағының несібесі. Құдайдың қалауымен ұрпағының ризығына айналады. Соның шарапатынан артында қалған ұрпағының бірі бай, бірі бағлан болып өмір сүреді. Бірақ кейбір көңілі соқыр ұрпағы келген дәулетті «өзім таптым, өзім жидым» деп ойлайды. Соны көргенде ата-бабасы қатты қынжылып, қайғырады, -- деді. Пайғамбар пырақтан түсіп, диханшы қауыммен амандасты. Олар да пайғамбарды құрметтеп, қарсы алды.

Диқаншылардан соң, пайғамбарға бір топ адам кезікті. Олар мүбәрәкті көріп, алдынан жүгіріп шықты. Пайғамбар сәлем беріп еді, олар қолдарын ербеңдетіп ымдады. Бәрі қаумалай келіп, мұң-мұқтажын жеткізбек болды. Бірақ қанша сөйлейін десе де, дыбыстары шықпады. "Гілдері икемге келмеді. |(Бақтары қарысып, қатып қапты. Пайғамбар не істерін білмей әлек болды.

Жебірейіл:

– – Бұлар – мылқаулар қауымы. Пәниде аузы өсек, ғайбаттан босамаған бақытсыз жандар. Ерлі-зайыптының ортасына түсіп, өсекпен біреудің шаңырағын шайқалтқан, екі достың ортасына от салып, жақсыларды бір-біріне дұшпан қылған залымдар. Олар ақиретте осылай мылқау боп тіріледі. Аллаға, пайғамбарға мұң-мұқтажын жеткізе алмай қиналады. Жапа шегеді. О дүниеде ешкім олардың дауысын естімейді, -- деді. Пайғамбар ол қауымнан теріс бұрылып кетіп қалды.

Одан әрі өткенде тағы бір топ адамды көрді. Пайғамбар сәлем беріп еді, олар жауап қатпады. «Естімей қалған шығар» деп, Расул екінші мәрте сәлем берді. Олар үндемеді. Пайғамбар қасына барып еді, құлақтары шеміршектеніп бітеліп қалыпты. Ешнәрсені естімейді. Жебірейіл:

– Бұлар – саңыраулар. Пәниде өсек-аяңға құмар болған. Құлағымен зікір, азан, кәлима сияқты хикметті сөздерді сіңірмеді. Өсек аңдып, соны жинап-терумен әуре болды. Өлген соң құлақпен жиған барлық өсек пен ғайбат шеміршекке айналып, санасының саңылауын бітеп тастады. Бұлардың ауыр жазасы шапағаттың дауысын естімейді, -- деді. Пайғамбар олардан да теріс айналды.

Бір кезде соқырларды көрді. Қолдарымен қармалап, теңселіп, тентіреп жүр екен. Сүрініп, қабынып, әбден қор болыпты. Пайғамбар жаны ашып, оларға жақын барып, сәлемдесіп қолын созып еді, соқырлар оны көрмеді. Кім келгенін білмеді. Мүбәрәк бір соқырға жақындап, қолына жеміс ұстатып, көмектесті. Жебірейіл:

– – Бұлар – Алланың берген көз айнасын қор қылғандар. Көбі – сұлу көрсе, ашкөздікпен сұқтанған арсыз еркектер. Құдай оларға қаһарланып, көздерін соқыр қылды. Бұ дүниеде құмарлана қараған арсыз суреттері шелге айналып, көздерін көр қылды. Енді олар қияметте соқыр болып тіріледі. Мақшарда періште мен шайтанды айыра алмай қор болады, -- деді. Пайғамбар олардан да теріс айналып кетіп қалды.

Пырақпен жүйткіп отырып, енді бір жерге келгенде қолдары жоқ, иығынан шолақ бір топ мүгедекті көрді. Олар шөп арасында жатқан жемістерді аяқтарымен теріп, жегісі келеді. Гапқандарын ауыздарына сала алмай қиналып жүр. Пайғамбарды көргенде дежете алмай, теңселіп құлап, жатқан орнында тырбандап, аунай берді. Пайғамбар пырақтан қарғып түсіп, олардың тұруына көмектесіп жатты. Жебірейіл:

– – Олар – пәниде ұрлықты кәсіп кеткен қарақшылар. Қолдары сұғанақ болды. Елді тонап қан қақсатқан қарабеттер. Халықтың несібесінжеке құлқындарына жұмсаған жексұрындар. Құдіретті Құдай олардың екі қолын кесіп тастап, шолақ етті. Енді бұлар мәңгі бақи тамақтарын аяқтарымен теріп жеп осылай азап шегеді, – деді. ІІайғамбар олардан да теріс айналып кетіп қалды.

Пайғамбар әрі жүргеннен кейін тағы бір топты көрді. Олардың қол-аяқтары шидей, мойындары қылдай жіңішке. Бастары асқабақтай үлкен. Құлақтары қалқандай болса, башпайлары талқандай. Қарындары қабақтай, бұлғақтары табақтай, бұттары жарғақтай, бөкселері сырғақтай екен. Пайғамбар мұндай адамды өмірінде көрмеген еді. Есеңгіреп тұрып қалды. Сол кезде /Кебірейіл періште:

– – Бұлар – пәниде біреудің наным-сенімін мазақ қылған адамдар. Біреудің діни сеніміне тиісіп, кекетіп, мұқатқанды Ұлық Алла жек көреді. Тәңір оларды о дүниеде осы қалыпқа енгізіп, өздерін көпшілік алдында мазақ етеді, – деді. Пайғамбар олардан да теріс айналды.

Мүбәрәк әрі өткен соң лаулаған үлкен отты көрді. Оған бір-бір қашырды жетектеген адамдар отын тасып жүр екен. Ор отын әкеліп салған сайын зар қақсап жылайды. Пайғамбар:

– – Бұлар неге от жағып жатыр)» -- деп сұрады. Жебірейіл:

– Бұл – Намұрттың Ыбырайымды өртеу үшін жаққан оты. Ұлық Алла ол отты көкке көтеріп, осы жерге жағып қойды. Анау жүрген топ -- Намұрт патша мен әскері. Олар қияметке дейін отын тасып, алауды өшірмей жандырып тұрады. Қияметте өздері сонымен азапталады. Сол есіне түскенде зар илейді,

– – деді. Пайғамбар:

– – Құдай сақтасын, – деп теріс айнала беріп еді, періште:

– – Ой, Мұхамбет, үмбетіңе айта бар. Дүниеде жазықсыз жанға жапа көрсеткендер қияметте Намұрыттың тобырына қосылады, -- деді. Пайғамбар шошып кетіп:

– Иә, Жаратқан, бұл оттан менің үмбетімді сақта, -- деп дұға етті.

Жебірейіл екеуі оттан алыстап жоғары көтеріле берді. Үшінші қаттың қақпасына жетті.

Мұхамбет пайғамбардың үшінші қатқа көтерілуі

Пайғамбар «біссіміллә» деп қақпадан кірді. Ол жерде пайғамбарды Ысмайыл есімді алып періште күтіп алды.Ол періште қораз бейнесінде жаралыпты. Ұлық Алланы мақтап-мадақтап, зікір айтып тұр. /Кебірейіл періште:

– – Бұл періштенің есімі -- Ысмайыл. Ол сахар мезгілі жақындағанда жерге

– – Ей, момындар, тұрыңдар,

Эікір айтқын сахарда.
Хаққа құлдық қылыңдар,

Нұр таратып жаһанға, – деп шақырады. Оның дауысын естіп, жер бетіндегі барлық қораздар қосыла шақырып, жұртты оята бастайды. Түн тарап, күн шығады. Періштелер жерге түсіп, ризық шашады. Тіршілік ұйқыдан оянады. Әуелден ақырға дейін осылай шақырып, мезгілді реттеп тұрады, – деді. Пайғамбар:

– – Бұл періштенің беймезгіл уақытта шақыратын кезі бола ма? -- деп сұрады. Жебірейіл:

– Әлбетте. Бұл тек қиямет-қайымда ғана беймезгіл шақырады. Олжамандықтың бастауы. Сол кезде күн мен түн соғысып қиямет басталады,

– – деді. Пайғамбар:

– – Иә, Алла, қияметті алыс ет. Үмбетімнің болашағын жарқын ет, – деп дұға тіледі.

Үшінші қатта пайғамбар жеміс терген бір адамдарға жолықты. Олардың кейбірі ағаштың жерге түскен жемістерін теріп, ал енді бірі бұтақтарын сілкіп жатыр екен. Пайғамбар:

– – Бұлар кімдер? -- деп сұрады. Жебірейіл:

– – Бұлар -- құлшылығы жоқ, бірақ Хақтың жолына садақа берген жомарт жандар. Садақасының шарапатынан Алла оларға жемістен жеуге рұқсат берді. Егер құлшылық қылғанда, ағашты сілкімей-ақ өзі түскенді теріп жер еді, – деді. Пайғамбар одан өте беріп еді, түйе үстіне мінген бір адамды көрді. Қолында ұзын, инедей жұқа таяғы бар екен. Сонымен тау-тасты шұқып, бір нәрсе іздеп жүреді. Әлсін-әлсін бір құс келіп, оның басынан шұқып өтеді екен. Пайғамбар Жебірейілден:

– – Бұл кім? Не қылған пенде? – деп сұрайды. Жебірейіл періште:

– Бұл адам пәни дүниеде нанның қиқымын бейберекет шашып жеген. Ысырап, обал дегенді білмеген. Ысырапшылығы үшін Алла тағала ол адамға мақшар алаңында жер бетінде өзі түсірген нанның қиқымын түйенің үстінде тұрып тергізеді, – деді.

– Ал құс не үшін оның басын қайта-қайта шұқып кетеді?

– Ол нанның қиқымын таптап жүре беретін надан болды. Нанның обалы қара құсқа айналып, төбесінен осылай шұқып кетеді, -- деді. Пайғамбар осыдан соң үмбетіне нан қиқымын шашпау туралы өсиет айтыпты.

Бір кезде мүбәрәктің алдынан екі адам шықты. Біреуі бағалы киім киген, кеудесін керіп, аяғын талтитып, екі қолын артына ұстап, мұрнымен аспанды сүзіп келе жатты. Екіншісі жұпыны киім киген, тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, тағзым етіп тұрды. Пайғамбар екінші адаммен сәлемдесті. Ол да иіліп, екі қолын ұсынды. Мұхамбет пайғамбар біріншісіне назар да салмады. Жебірейіл:

– – Ей, Алланың сүйіктісі Мұхамбет, бірінші адамға неге зер салмадың? – деді.

– Мен кішіпейіл адамды жақсы көремін. Кім кішіпейіл болса, ол – менің туысқаным. Ал өркөкірек, тәкаппар адам менің үмбетімнен емес, – деді. Жебірейіл:

– Мә, Расулалла, расымен біріншісі адам бейнесіндегі Ібіліс болатын. Екіншісі періште еді, – деді.

Олардан өткен соң, пайғамбар қатар өскен екі ағашты көрді. Бірінің жапырағы жайқалып тұр. Саясында бір топ адам ағаштың жемісін жеп, рақаттанып сұхбат құрып отыр екен. Екінші ағаш қурап кетіпті. Жеміс те, жапырақ та жоқ екен. Оның да айналасында жүздерін мұң басқан бір топ адам отыр. Олар жемісті ағаштың саясында отырған кісілерге қызығып та, қызғанып та қарап отыр. Пайғамбар:

– – Бұлар кімдерӘ – деді. Жебірейіл:

– – ШМеміс ағашының саясында отырғандар -- өнегелі ұрпақ өсіргендер. Тәрбиелі ұрпағының игі істері бәйтерек болып жайқалып, ата-бабаларына сая болып тұр. Қураған ағаштың түбінде ұрпағын бетімен жіберген тоңмойындар отыр. Ұрпағы қиянатқа үйір болған. Соның кесірінен ата-бабасы сая таппай, қиналып тұр. Ұрпағының жемісін жей алмай, өзгелерге қызығып қарауда. Кез келген адам өнегелі өмір сүрсе, ана дүниеде ата-анасы осылайша рақат табады,

– – деді. Пайғамбар:

– – Ұрпағын жақсы тәрбие беру менің үмбетіме сүндет болсын, – деп тілек тіледі де, жүріп кетті. Жолда бір топ періште кездесті. Олардың саны қырық екен. Олар әсем дауысымен Алланы мақтап-пәктеп, ұлықтап тұрды. Пайғамбар періштелердің әсем үнмен құйқылжыта салған зікірін ұзақ тыңдап, бақылады. Олардың үні адамның денесін еріксіз балқытып, алпыс екі тамырыңды иіп жіберердей әсерлі екен. Пайғамбардың ет-бауыры елжіреп сала берді. Бір кезде кейбір періштенің зікірін тоқтатып, қынжылып тұрғанын көзі шалды. Мәнісін түсінбей, абдырып қалды. Пайғамбардың мұңды жүзін аңғарған Жебірейіл:

– Жердегі бейбіт тіршілік қырық періштенің зікірінің шарапатынан тұр. Бір адам өтірік айтып, алдап, арам әрекетке барса, бір періште қынжылып зікірін тоқтатып тұрады. Сол кезде алаяқтың үйінде тыныштық бұзылып, берекесі кетеді. Егер он періште Алланың мадақтауын доғаратын болса, сол елде соғыс өрті тұтанады. Барлық періште бір мезетте кілт тоқтаса, он сегіз мың ғалам бір сәтте шаң-тозаңға айналады, -- деді. Мұны естігенде пайғамбардың ұнжырғасы түсіп кетті. Ол:

– – Адамнан көңілі қалған періште не істейді сосын? -- деді. Жебірейіл:

– Бір адам жақсылық жасаса, періште сол сәтте жадырап сала береді. Эікірін сол заматта қайта жалғап, Алланы пәктей жөнеледі. Үмбетің өзгеге қуаныш сыйлаған сайын қиямет алыстай түседі, – деді. Пайғамбар жадырап сала берді. Ол:

– – Құдай қаласа, үмбетім қияметті болдырмауға жанын салар, – деді. Жебірейіл оны қостап:

– – Нағыз үмбетің -- тыныштықтың кепілі, – деді.

Пайғамбар мен !Бебірейіл аспанның терең қойнауына сүңгіп, жоғары өрлей берді. Бір кезде оларға Мұса пайғамбар жолықты. Екі пайғамбар құшақтасып көрісті. Мұса:

– – Миғражың құтты болсын, Мұхамбет! Алла үмбетіне рақым нұрын төге берсін. Қияметке дейін сені бір көріп, әңгіме-дүкен құрсам деп армандаушы едім. Алла тілегіме жеткізді, -. деді қуанып. Қос пайғамбар сұхбаттың шырынды ләззатынан шыға алмай, ұзақ уақыт отырып қалды. Бір кезде Ұлық Алла Жебірейілге:

– – Ей, Жебірейіл, досымды жылдам жеткіз, -- деді. Мұхамбет пен /Жебірейіл Мұсадан жөнелуге рұқсат сұрап, сапарын жалғастырды. Пырақ аспанға өрлей ұмтылып, төртінші қатқа жетіп барды.

Мұхамбет пайғамбардың төртінші қатқа көтерілуі

«Біссіміллә» деп бұл қатқа да аяқ басты. Төртінші қатта да пайғамбарды қисапсыз періштелер қарсы алды. Жебірейіл:

– Мұнда жер бетіндегі ауа райы орналасқан. Оларды Алланың қалауымен Ысрапыл періште реттеп тұр, – деді. Ол жерде денесінің жартысы оттан, жартысы қардан жаралған періштені көрді. Жебірейіл:

– – Мұның есімі – Рағыт. Ол найзағай ойнатып, жай түсіреді. Бұлттарды ерсілі-қарсылы айдайды. Қай жұрт тасаттық берсе, сол жерге жаңбыр жаудырады. Сараң елге қуаңшылық жібереді. Ондай ел жұтқа жиі ұшырайды,

– – деді. Рағыт пайғамбарды көргенде құшақ жая:

– – Сізбен дидарласу – бізге үлкен бақыт, -- деп құрмет көрсетті. Ол пайғамбарға төртінші қатта орналасқан маусым мезгілдерін көрсетті. бел, жанбыр, боран, дауыл тұрғызатын періштелердің қызметімен таныстырды. Бұл аспан қатында үлкен бір дария ағып жатты. Рағыт:

– Бұл – өмір суы. Ысрапыл сүр үрлегенде, бұл дарияның суы көкке көтеріледі. Ол нөсерге айналып жерге жауады. Ат тұяғындай жерден жетпіс мың адам тіріледі, – деді. Пайғамбар:

– – Жерде адам денесі жерленбеген бос орын бар маӘ-- деп сұрады. Рағыт:

– – Әлемді билеген Ескендір патша әскеріне: «мен өлген соң, денемді адам аяғы тимеген жаңа мекенге жерле» деп әмір етті. Әскері жер тарапты іздеп, ондай жер таппады. Бәрі ақылдаса келе: «Қап тауының шыңына жерлейік, оған пері бармаса, адамның табаны жеткен жоқ» деп, Қап тауына шықты. Тоң мұзды жарып Ескендірді жерледі. Бірақ Ескендір тар лақатқа жайғасқан соң, қасында жатқан бес жүз Ескендірді көріпті. Тіпті мұхиттың түбінде де бос орын жоқ. Нұхтан бұрын да, одан кейін де теңізде опат болғандардың денелері су астында қабат-қабат боп жатыр, -- деді. Пайғамбар Тәңір тағаланың құдіретіне таң қалып жүріп кетті.

Төртінші көкте Мұхамбет пайғамбарға Дәуіт, Сүлеймен, Ғайса пайғамбарлар келіп сәлем берді:

– – Ей, ақырдың пайғамбары, біз Қияметке дейін сенімен бір сұхбаттасуға зар едік, – деп қуанысты. Олар ұзақ сұхбат құрды. Дәуіт пен Сүлеймен өз дәуірі жайлы айтып берді. Сүлеймен әл-Ақса мешітін жындарға қалай тұрғызғанын баяндады. Мұхамбет пайғамбар оларды сүйсініп тыңдады. Олар да Мұхамбеттің мінез-құлқына ғашық болып, тамсанып қалды. Жебірейіл:

– – Ей, Мұхамбет, барлық пайғамбар өмірде елші болғаннан гөрі, сенің үмбетің болуды аңсаған. Солардың ішінде Ғайсаның ғана тілегі қабыл болды. Ол төртінші көкте ғұмыр кешеді. Мерзімі келгенде көктен түсіп, елге тура жол нұсқайды. Сенің үмбетіңнен болады, – деді. Ғайса сол сәтте кәлима шаһадат айтты. Мұхамбет оны құшақтап, екеуі төс қағыстырды. Жебірейілмен Мұхамбет пайғамбар сапарын жалғай берді.

Пайғамбар жолдың екі жағында самсап тұрған шамдарға тамсана қарап келе жатып, бір ғажайып періштелерді көзі шалды. Ор періштенің жетпіс мың басы, әр басында жетпіс мың аузы, әр аузында жетпіс мың тілі бар екен. Пайғамбар періштенің жаратылысына таңғалып, таңдай қақты. Жебірейіл:

– Бұлар – жақсылықтың періштелері. (Юер жаралғалы Алланы пәктеп, ұлықтап тұр, -- деді. Пайғамбар періштелерімен сәлемдесті. Олар құйқылжыта шырқап тұрған зікір әуенін тоқтатпастан пайғамбармен сәлемдесті.

Періштелер:

– – Ей, Алланың хабибісі, сенің нұрлы дидарыңды көру бізге арман еді. Біздің тілекАлла алдында қашанда қабыл. Не тілейсің? -- деді. Пайғамбар:

– – Үмбетім бірінің қамын бірі ойласын. Бір жүрек, бір тілекте болсын, – деді. Періштелер жамырап:

– – Біз тіледік, Алла қабыл етті. Сенің нағыз үмбетің ғана өзгенің қамын жейтін салих болады. Оларды сол қасиетінен танисың, -- деді. Пайғамбар бұл жауапқа риза болды. Жақсылық періштелерімен қоштасып, ілгері жылжи түсті. Алдынан тағы да бір топ періште көрінді. Олардыңда саны жетпіс мың екен. Әрбірінің мың басы, әр басында мың көз орналасыпты. Жебірейіл:

– – Бұлар – есепшілер. Әуелден ақырға дейін жауатын жанбырдың санын біледі, – деді де, – қияметке дейін түсетін жанбыр тамшысын есептендер, – деді. Олар кірпік қаққанша санап берді. Жебірейіл:

– Ал енді, жер бетіндегі құмның санын айтыңдар, -- деді. Періштелер оны да сол заматта санап шықты. /Жебірейіл енді мұхиттың тамшысын сұрады. Оның санын да лезде айтты. Пайғамбар олардың жүйріктігіне таңғалып:

– – Бұлардың есептей алмайтын заты бола маз --деді. Жебірейіл:

– – Иә, бар, – деп жауап берді, -- бұлар науқастың көңілін сұраған ақжүректін, кедейге қарасқан ауқатты кісінің, жаназаға қатысқан мұсылманның, отау құрған екі жастың қуанышын бөліскен момынның, жетімнің басынан сипаған, жесірдің жоғына қарасқан адал адамның әр басқан қадамына жазылған сауаптың санын біле алмай арманда кетеді. Қайырлы істің сауабы ?Баратқанға ғана мәлім, – деді.

Жетпіс мың періште тағы көрінді. Олардың да әрқайсысының жетпіс мың басы бар екен. Бір басында жетпіс мың құлақ, әр құлағында жетпіс мың есту түйсігі бар екен. Жебірейіл:

– – Бұл – ақпарат періштелері. Бұлар қыбыр еткен қоңыздың, қанат қаққан көбелектің сусылын естіп отырады, -- деді. Пайғамбар:

– – Бұлардың естімейтін заты бар ма? -- деді. Жебірейіл:

– – Әлбетте, бар. Олар адамның өсек-ғайбаттарын ести алмайды. Құдайдың құдіретімен өсек-аяң бұларға жетпейді. Егер жетсе, өсектің салмағы құлақтарына зіл болып батады. Құлағы ауырған сон, өсекшіні қарғайды. Бұлардың қарғысы зая кетпейді, – деді. Пайғамбар Алланың шексіз мейіріміне риза болып сапарын жалғады.

Пырақпен зулап отырып, бір үлкен ұйыққа келді. Сасық иіс мүнк етіп қолқаны қапты. Пайғамбар:

– – Бұл не қылған сасық иісӘ -- деді. Жебірейіл:

– Бұл – нәжістің иісі. Мұнда саранның пірі Қарынбай өмір сүреді, – деді. Пайғамбар Мұса кәлимолланың інісі Қарынбайды туралы білуші еді. Құжынаған шыбын-шіркейдің арасында нәжіске батып бір мес қарын отыр екен. Үстінің бәрі сатпақ-сатпақ. Астындағы нәжісті шыбын-шіркейден қорғап әлек. Қарнының үлкендігі сонша орнынан тұра алмайды. Еңбектеп қана жылжиды. Екі жағына аунап түсіп қана орын ауыстырады. Пайғамбар жиіркеніп кері шегінбек болып еді, Жебірейіл:

– Ей, Мұхамбет, сен сасық иістен қашасың. Бұл – дүние-мүліктің иісі. Пәни жалғанда мал-мүлік, зәулім сарай, алтын-күміс тәтті, қымбат болып көрінгенімен, бақида нәжістен айырмасы болмайды. Ар-иманды малға сатқандар қияметте Қарынбайдың қауымында тіріледі, -- деді. Пайғамбар шошып кетіп:

– – Ей, Алла, үмбетімді дүниеқоңыз болудан сақтағайсың, -- деп дұға жасап ілгері аттады. Бұл кезде олар бесінші қатқа келген еді.

Мұхамбет пайғамбардың бесінші қатқа көтерілуі

Пайғамбар бесінші қаттың қақпасын «біссіміллә» деп ашты. Бұл жер көздің жауын алардай өте әдемі екен. Көз тояр емес. Суреттеп айтуға теңеу жоқ. Ғажайып раушан нұры төгіліп тұр. /Жақұт сынды асыл тастармен безендірілген екен. Тәңірі тағала бұл аспанды күміспен өрнектепті. ер бетіндегі күллі сұлулық, әдемілік, сымбаттылық, әсемдік, таңғажайып, тамашалық, мөлдірлік, тұнықтық, сүйіспеншілік, махаббат -- бәрі-бәрі осы жерде орналасыпты. Жебірейіл:

– – Бұл қабатты сұлулық мекені деп атайды. Әлемдегі сұлулық осы жерде жасалады, > деді. Бұл көктің періштесі Садрайыл екен. Ол пайғамбарға сәлем берді. Ол сұлулық әлемін таныстырды. Сұлулық пайғамбарды еріксіз мас қылды. Садрайыл періште:

– – Ей, Алланың сүйікті досы, дүниеге келетін әр сәбиге түр-ренді осы көктен жібереміз. Қаласаң, үмбетіңе сұлулықты аямай төгейік. Бірінен бірі асқан келбетті болсын, -- деді. Пайғамбар сұлулыққа бір сәт қарап тұрды да:

– Сырт сұлулығы адамға опа бермес. Үмбетімнің ішкі дүниесі көрікті болғанын қалаймын, -- деді. Садрайыл:

– Ей, Мұхамбет, сен – Алланың мақтауына тұрарлық жансың. Дұрыс таңдау жасадың. Үмбетіннің жан сарайы таза болса, біз оның өзін де, ұрпағын да сұлулардың қатарынан етеміз. Олар қияметте де көркем бейнеде тіріледі,

– деді.

Бұл көкте Жүсіп, Жақып, Жүніс пайғамбарлар мекендейді. Жүсіп шашы бұйра, ұзын бойлы, аққұба жүзді, үлкен көзді, ат жақты, қою қасты, толық білекті, мығым сүйекті адам екен. Күлкісінен нұр, еріндерінен сәуле шығып тұр. Олар Мұхамбетпен сұхбаттасып отырып қалды. Кетерінде /Күсіп пайғамбар:

– – Ей, Мұхамбет, үмбетіңе өсиетім бар. Өзін өзгеден артық санамасын. Сұлумен деп паңданбасын. Мен Кенғанда жүргенде сұлулығыма қарап, көңілім өсетін. Бәсіме баға жетпес деп ойлаушы едім. Бірақ Мысырда менің құным бір бақырға татымады. Сол кезде тәубе еттім, -- деді. Мұхамбет пайғамбар олармен қоштасып, жоғары қарай өрлей берді.

Бір кезде сәждеде жатқан бір топ періштені көрді. (ЖБебірейіл:

– – Үмбетіңнің ішінде әділ ел билеген басшылар болады. Бірақ олар уақытында құлшылық ете алмайды. Мүмкіндігі болмайды. Құлшылығы жоқ сауап құмға сіңген судай жоғалады. Бұл періштелер әділетті басшылардың сауабы жоғалмасын деп күні-түні олар үшін құлшылық етеді. Тілеуін тілейді, – деді. Пайғамбар көңілденіп қалды. Жебірейіл:

– – Бірақ, Мұхамбет, бұл періштелердің ұнатпайтын бір қасиеті бар. Ол – мақтаншақтық. Басшылар қайырлы ісіне мақтанатын болса, періштелер одан безініп, дұға-тілегін тоқтатады, – деді. Пайғамбар:

– – Ей, Алла, үмбетімді мақтаншақ болудан сақта, -- деп дұға тіледі.

Бесінші қатта жүріп пайғамбар Құран Кәрімді көрді. Оны күзетіп алты жүз мың басы, әр басында алты жүз мың аузы, әр аузында алты жүз мың тілі бар бір періште тұрды. Ол:

– – Уа, Алланың сүйікті пайғамбары, сені көру бізге арман еді. Алла бүгін сәтін салып, бізге қуаныш сыйлады, > деді де, пайғамбармен көрісті. Жебірейіл:

– Бұл – Құранды жатқа оқитын қари періште. Аты – Эәликал. Құран сүрелерін қирағаттап, миллион түрлі мақамға салғанда жанды-жансыз мақұлықтың тұла бойы балқып кетеді, -- деді. Пайғамбар Құран тыңдағысы келді. Эәликал алты жүз алпыс алты түрлі қирағатқа салып, Құранды оқи жөнелді. Әуеннің әсем болғаны сонша -- пайғамбар есінен танып қалды. Есін жиған соң:

– Маған қирағат үйретші, – деп қолқа салды. Ол:

– – Қирағаттың бірнешеуін ғана үйретемін. Егер бәрін үмбетіңе жеткізсен, Құранның әуеніне жер шыдап тұра алмайды. Тау мен тас балқиды. Аспанның тіреуіштері иіліп жерге құлайды. Мұхиттар толқып, топан су басады. Дариялар кемерінен асып елге апат әкеледі. Адамзат Құранның барлық мақамын пейіште ғана тыңдай алады, – деді де, пайғамбарға шектеулі ғана қирағатты таңдап үйретті. Расул оған риза болып, қош айтысып жүріп кетті.

Мұхамбет пен /Кебірейілдің алдынан үлкен бір дария шықты. Оны Нұр дариясы деп атайды екен. Ол бесінші қат көктен жерге қарай құлап ағып жатыр. Бір ғажабы ол дарияның бір тамшысы жерге түспейді. Дарияның суы тұнық әрі нұрлы. Жерге қарай қарыс бойы таяп келеді де, қайтадан көтеріліп, кері кетеді. Пайғамбар бұл құбылысқа да таңырқап тұрды. Жебірейіл:

– Бұл – Алланың мейір-шапағат дариясы. Мұны адам баласы көре алмайды. Мұны көру тек саған ғана нәсіп болған. (ер бетінде ниеті бұзық пасықтар көп болғандықтан, нұр дариясының тамшысы жерге тамбайды. Егер нұр дариясының тамшысы жерге түссе, жерде жұмақ орнар еді, – деді. Пайғамбар:

– Уа, Рақымды Алла, менің үмбетімнің иманын кәміл ет. Пасық адам болудан сақта, -- деп тілек тіледі.

Дариядан әрі өткенде аспан астын тілгілеп, айналасын шұғылаға бөлеп жатқан сәулені көрді. Пайғамбар:

– Жебірейіл досым, мына сәуле қайдан шығып жатыр9--деді. Періште:

– Бұл – бесінші қатта сақталып тұрған Сүлеймен пайғамбардың жүзігі. Сәуле содан шығып жатыр. Ол ғарыштағы жұлдызға шағылысқанда, жұлдыз аққандай күй қалдырады. Үмбетің бұл кезде тілек тілесе, дұғасы қабыл болады,

– – деді. Пайғамбар оны көргісі келді. Жебірейіл:

– Ей, Мұхамбет, Сүлейменнің жүзігі өте алыста. Аспанда жарқыраған жұлдыз сияқты. Арамызда мың күншілік жол жатыр. Нұр пырақ та оған жете алмас, – деді. Пайғамбар қатты қызығып қалды. Ұлық Алла жүзікке:

– – Менің сүйікті пайғамбарым сені көргісі келеді. (Йылдам жет, – деп әмір етті. Көзді ашып-жұмғанша жүзік ұшып келіп, пайғамбардың алақанына қонды. Сақинаның түрі өте айбарлы екен. Айналасын шұғылаға толтырып жіберді. Жебірейіл:

– – Ей, Мұхамбет, Сүлеймен бұл жүзікпен күллі жын-періні билеп төстеді,

– -деді. Расулалла:

– Сүлейменнің жүзігін білемін. Мұндай жүзік менің үмбетімде болғанда, жын-пері қашық жүрер еді, -ддеді. Жебірейіл:

– – Ей, Мұхамбет, үмбетің құлшылыққа бекем, тақуа болса, онда бұл жүзіктің күш-қуаты оларға да дариды. ?Вын-пері олардан қорқатын болады. Ұлық Құдай мұғжизаны саған дейінгі пайғамбарлардың заттарына жасыратын. Мұса асатаяғымен, Сүлеймен жүзігімен, Дәуіт көрігімен залымдарды қашыртып, жын-періні илеген еді. Алла ендігі мұғжизаны сенің үмбетіңнің бойына жасырады. Олар керемет пен мұғжизаны өз бойынан ғана іздесін. Рухтың күшімен-ақ талай кереметті көрсетеді, – деді. Пайғамбар бұл сүйінші хабарды үмбетіне тезірек жеткізгенше асық болды.

Мұхамбет пайғамбардың алтыншы қатқа көтерілуі

«Біссіміллә» деп пайғамбар алтыншы қаттың босағасын аттады. Алла бұл қатты алтынмен зейнеттепті. Тіл жеткісіз әдемі, көз жеткісіз ғаламат, ой жеткісіз тамаша. Бұл қатта да қаптаған періште пайғамбарды қуана қарсы алды. Жебірейіл:

– – Адамзаттың несібе-ризығы осыдан таралады. Оған Мәкәйіл періште жауапты, – деді.

Пайғамбар бұл қатта төрт қыры бар, төрт жүзі бар ерекше періштені көрді. Оның бір жүзінде адамның, екіншісінде аңның, үшіншісінде құстың, төртіншісінде балықтың бейнесі бар екен. Жебірейіл:

– – Бұл періштенің есімі -- Ризайыл. Тәңірден жердегі тіршіліктің нәпақасын тілейді. Дұғасының шарапатынан төрт түрлі мақұлықтың ризықтары жетіп отырады, -- деді. Пайғамбар онымен сәлемдесіп, жүздесті.

Бұл қатта жүргенде пайғамбар өртеніп кеткен сұрықсыз бақты көрді. Ішінде бір періште отыр. Оның аузынан, мұрнынан, құлағынан, көзінен тіпті барлық дене мүшесінен от жалын шашып тұрды. Қасына жақындау мүмкін емес. Оттың ыстығы өте жоғары. Пайғамбар онымен тілдескісі келді. Жебірейіл:

– Ей, Мұхамбет, «Ықылас» сүресін үш мәрте оқы, сонда от денеңе дарымайды, -- деді. Пайғамбар «Ықылас»сүресін оқып еді, лаулаған от Құдайдың құдіретімен салқын самал болып есті. Жебірейіл:

– – Бұл- тозаққа жауапты Мәлік деген періште, -- деді. Пайғамбар оның жаратылысына таңданып тұрып:

– Алла сені қандай заттан жараттыз -- деп сұрады.

– Алла мені өзінің қаһар отынан жаратты.

– – Сенің түсің өте суық, қаһарлы, қабағың қатулы екен. Неліктен?

– – Күн сайын тозаққа адамдар тобымен келіп түседі. Олардың шыңғырған дауысын естігенде жаным қиналады. Соған налимын, – деді.

– – Жайма-шуақ отыратын кезің бола ма?

– – Менің шырайым бейсенбі, жұма күндері ашылады. Сол күні тозақтар жабылып, жәннат есіктері ашылады. Сол кезде ғана қуанып, көңілді отырамын.

– – Бұл жерде не істеп отырсыңд

– – Тамұқ отын қыздырып отырмын.

– – "Тозақ қай кезде пайда болды?

– – Ібілістің бойына тәкаппарлық ұя салғаннан бастап тозақтың оты маздап жана бастады. Кімнің кеудесінде тәкаппарлық тамыр жайса, сол адам тозақтың отыны болады.

– – Тозақ отының сөнетін кезі бола ма?

– – Адамдар тәкаппарлықтан құтылуға тырысса, тозақтың да оты өшіп, жалыны бәсеңдейді. Ал біреумен бақталас болып, күншілдік дертіне шалдықса, тозақ оты лаулап жанады.

– – Тозақтың әсілі нед

– Қайғы – тозақтың тоңы, ашу-ыза – тозақтың оты, ауру-дерт – тозақтың азабы, имансыздық – тозақтың жолы, күнә – тозақтың тамыздығы, арсыздық

– – тозақтың көлігі, маскүнемдік – тозақтың кілті, соғыс -- тозақтың ошағы, ғайбат – тозақтың тілі, қиянат -- тозақтың қақпасы, опасыздық -- тозақтың жалыны, зина – тозақтың серігі, шайтан – тозақтың туысы, тәкаппарлық – тозақтың тұғыры, берекесіздік -- тозақтың тұрағы, қайырымсыздық -- тозақтың арқауы, күншілдік -- тозақтың торы, ұрлық – тозақтың терезесі, парақорлық – тозақтың босағасы, жауыздық --тозақтың табалдырығы, арамзалық – тозақтың көпірі, күпірлік- тозақтың көзі, өсек – тозақтың құлағы, қарғыс -- тозақтың аузы, жамандық -- тозақтың аяғы, надандық >-- тозақтың қолы. Ең қауіптісі

– – осы надандық. Надандық жайлағанда тозақтың барлық сипаты тіріле бастайды, – деді де, Мәлік періште сөзін жалғап: -- Үмбетіңе айт! Бір-біріне мейірімді болсын. Бұл -- жәннаттың жолы. Қабақ шытпай, бір-біріне қуаныш сыйласын! Қуаныш -- жәннаттың нұры. Шаттық адамның ғұмырын ұзартса, ашу-ыза ажарын алады. Бағын тайдырады, бақытын қашырады. Берекеттің жолын тоқсан тоғыз күн буып тұрады. Мезгілсіз қаза мен емі жоқ ауру ашудан жабысады. Қуанған адам жәннатқа, ызалы адам тозаққа жақындай береді, – деді. Пайғамбар қолын жайып:

– – Иә, Алла, үмбетімді үнемі қуандырып күлдір. Қайғы мен ашудан аулақ қыл. Жәннатқа жақындат, тозақтан алыстат, -- деп дұға етті де:

– – Ей, Мәлік, тозақтың түндігін түрші, ішін бір көрейін, – деді. Періште түндігін түрді. Пайғамбар үлкен бір аждаһаны көрді. Мәлік:

– – Бұл – тозақтың аждаһасы. Оның төрт аяғы бар. Бір аяғы мен екінші аяғының арасы отыз мың жылдық жол. Аждаһаның отыз мың басы бар. Ор аузында отыз мыңнан тісі, отыз мың айыр тілі бар. Оны отыз мың шынжырмен байладық. Аждаһа қияметке дейін байлаулы тұрады. Оны отыз мың періште күзетеді. Қиямет күні Ұлық Алла аждаһаны бір мезетке босатады. Ол Ожуз, Мәжузбен қоса барлық күнәхарды жұтып қояды. Сосын тозаққа әкеп құсады. Ей, Мұхамбет, үмбетің мына аждаһаның аузына түспесін, – деп сөзін аяқтады. Пайғамбар да үмбетіне дұға тілеп, тозақты араламақ болды. Тозақтан жалын атып тұрды. Мәлік періште:

– – Ей, Мұхамбет, «Ықылас» сүресін үш қайтара оқы. Тозақ сені күйдірмейді. Үмбетіңе де осыны аманат ет. «Ықылас» сүресін көп оқысын, – деді.

Пайғамбар «Ықылас» сүресін үшрет оқыды. Тозақ мүбәрәктің тәніне еш зиян етпеді. Ол тозақты аралай бастады. Үлкен бір отты дарияны көрді. Суы бұрқ-сарқ етіп қайнап жатыр екен. Дарияның ішінде отты жыландар жүзіп жүр. Мәлік:

– Бұл – Алланың қаһарынан жаралған қаһар дариясы. Мұның сыры бір Аллаға аян. Менің білетінім: от дарияның бір тамшысынан Алла күнді жаратты. Сол күннің нұры бүкіл әлемге әуелден ақырға дейін шуақ шашып, Жер-ананы жылытып тұрады. Егер дарияның бір тамшысын жүзге бөліп, оның бір бөлігін жерге тастаса, жер жүзі жанып кетер еді, – деді.

Пайғамбар басын шайқап Алланың құдіретіне таңғалды. Бір кезде құлындай шыңғырған дауыс естілді. Дауыс шыққан жаққа қараса, дарияның ортасында аяғы көктен салбыраған екі мақұлық тұр. Мәлік періште:

– – Бұлар – Әбілет пен Тәбілет. Алла әуелде жер бетіне бұл екеуін жіберген. Олар Алланың тыйымын ұмытып, некесіз қосылды. Одан тексіз Ібіліс туды. Бұл екеуі Алланың қаһарына ұшырады. Қияметке дейін осылай салбырап тұрады. Мақшарда адам баласы бұл екеуін көрмей, жұмаққа да, тозаққа да кірмейді, – деді. Дарияның бетінде жүзіп жүрген алып айдаһарлар оларды тістеп, шайнап жатыр. Шайнаған сайын олардың жаны көзіне көрініп, қиналады. Бір кезде дарияның ішінен беймәлім құстар ұшып шығып, екеуінің табандарын шұқыды. Әбілет пен Тәбілет жанын қоярға жер таппай тыпырши берді. Ұзақ қарап тұруға пайғамбардың дәті шыдамады. Олардың шыңғырған дауысын естіп денесі түршігіп кетті. Мәлік періште:

– – Бұлар қиналғаннан шыңғырып жатқан жоқ, Мұхамбет. Бұлардың өзегін өртегені -- өкініш. Бұлар бізді көргенде өкініші өзекке түсіп шыңғырады. Олар да бір кезде бізбен қатар жүріп еді. Қияметте адам баласы жаны қиналғаннан емес, өзге адамдардың жұмаққа бара жатқанын көріп өкініштен өкіреді. Адамға азаптан да гөрі, ар-иманның өкініші ауыр тиеді, -- деді. Пайғамбар екеуінің қиын жайын көріп көзіне жас алды да:

– – Менің үмбетімде қияметте осылай азаптала ма? -- деп сұрады. Мәлік періште:

– – Әлбетте. Тамұқтың дариясына түспеу үшін үмбетің зинадан тыйылсын. Кім зинадан тыйылмаса, мақшарда Әбілет пен Гәбілеттің қауымынан болады. Бұдан да ауыр азап тартады, -- деді. Пайғамбар:

– – Иә, Алла, үмбетімді бұл дарияға тастама, -- деді. Пайғамбар дариядан өтіп еді, алдынан жарты денелі адамдар шықты. Ерлердің сол жағы, әйелдердің оң жақ бөлігі жоқ. Бір аяқпен секектеп жүр. Оларды көк түсті періштелер оттан өрілген қамшымен сабап қуалап жүр. (алғыз аяқпен тұра алмай, шоқтың үстіне құлап жатыр. Құлаған сайын денесі шоққа шыжғырылып, шыңғыра береді. Пайғамбар Мәлік періштеге:

– – Бұлар – сүйіп қосылған ерлі-зайыптылар. Алла оларға бақыт сыйлап, бала берді. Бірақ бұлар адал некені талақ етіп, бейкүнә сәбиді жетім қылды. Бір-бірінің көзіне шөп салды. Эина жасады, ажырасты. Пәниде бірінің қадірін бірі білмесе, о дүниеде сүйенетін сүйеніш таппай, жарты дене кейпінде тіріледі. Барша адамның алдында абыройы ашылып, масқараға қалады. Сабап жүрген көк түсті періштелер -- қараусыз қалған сәбилерінің көз жасы. Алла оларды періштеге айналдырып, өздерін сабатып қойды, -- деді. Пайғамбар дұға етіп:

– Иә, Алла, менің үмбетімді ажырасудан, зинадан, талақ етушілерден сақта,

– – деп тіледі. Пайғамбар одан ары өтіп еді, бір қауым елді көрді. Ол жерде қарты бар, жасы бар, әйелі мен ері бар -- барлығы араласып жүр екен. Олардың желкелерін тесіп қойыпты. Сол тесіктен бір шыбын ұшып шығып, лезде үлкейіп жылан болды. Жылан айдаһарға айналып, адамның өзіне атылды. Адам оны көріп қашпақ болады. Аждаһа тырнағымен іліп алып, оларды шайнап тастайды. Адамдар шыңғырып, бақырып жатты. Пайғамбар Мәліктен:

– – Бұлар неге аждаһаға таланып жатыр -- деді.

– Кәрісі Құдайға, жасы әке-шешесіне тілі тигендер. Ерін күтпеген әйелдер, адал жарды ұрып қорлаған еркектер. Құдай олардың желкесін ойып, одан айдаһар шығарды. Пәнидегі кесір сөздері аждаһаға айналып, өздерін жұлмалап жейді, – деді. Пайғамбар:

– – Ей, Жасаған Ием, менің үмбетімнің жүрегіне сұлулық пен сабыр бер. Тілдерінен шәрбат шығар. Олар жұмсақ сөйлессін, -- деді. Пайғамбар ілгері жүріп еді, сұрықсыз бір топ адамды көрді. Ауыздарында бір тіс жоқ, құлақтары жырық, мұрындары пұшық, көздері қысық, қол-аяғы шидей жіңішке, бірақ қарындары қампиған. Өз бетінше жүре алмайды. Тырнақтары сояудай, жезтырнақтың кейпіне енген. Шаштары да алба-жұлба. Пайғамбар шошып кетті.

– – Бұлар кімдер? -- деп сұрады. Мәлік:

– – Бұлар – өмірде ата-анасын ренжітіп, Құдайдың рахымынан құр қалғандар. Кім қартайған ата-анасын бақпай, қараусыз қалдырса, қияметте ұсқынсыз бейнеде тіріледі, -- деді. Пайғамбар:

– – Ата-анасын бақпаған сұрықсыздар менің үмбетімнен болмасын! – деп дұға қылды.

Біркезде бір топ қыз-келіншекті көрді. Олардың үстінде лыпа жоқ екен. Олар пайғамбарды көргенде ұяттан өртеніп, бірінің артына бірі тығылып, әуреттерін қолымен жауып әуре. Пайғамбар:

– – Мына әйелдер неге жалаңаш? -- деп сұрады. Жебірейіл:

– – Иә, Расулалла, бұлар -- жезөкшелер. О дүниеде күллі адам баласы олардың бетіне түкіреді. Олар ұяттан өртенеді. Әке-шешелерін, аға-інілерін, туған-туыстарын көргенде кірерге есік, тығыларға тесік таппай жер болады. Ұяттың азабы оларды мәңгі бақи азаптайды, -- деді. Пайғамбар оларға тоқталмай өтіп кетті.

Пайғамбар тозақта басын қорғалап қашып жүрген бір топ адамды көрді. Періштелер оларды шоқпармен сабап жүр. Жебірейіл:

– – Бұлар – малынан зекет бермеген қайырсыз байлар, -- деді. Енді бір үйлер отқа оранып, жанып жатты. Жанған үйдің айналасына темір тікендер төселген. Ішіндегі адамдар күйіп шыңғырады. Шыдамай сыртқа шықса, тікенді басып қайта қашады. Жебірейіл:

– – Бұлар – ел-жұртты мазақтап, әжуалаған сайқымазақтар, – деді.

Енді біреулер жүк арқалап алыпты. Ауыр жүктен мыжылып, ентігіп еңбектейді. Жебірейіл:

– – Аманатқа қиянат қылып, бөтеннің заты мен мүлкін рұқсатсыз иеленгендер осындай күй кешеді, -- деді. Тағы да бір топқа кезікті. Періштелер олардың тілдерін оттан жасалған қысқашпен қысып жатыр.

– – Әкім-қараларды өтірік мақтап, жағынғандардың жазасы -- осы, – деді Жебірейіл. Пайғамбар:

– – Алла сақтасын, -- деп жүре берді. Бір кезде өз еттерін жеп отырған жыртқыш қауымды көрді. Жебірейіл:

– – Бұлар – өмір бойы жақсы адамның сыртынан ғайбат айтқандар, – деді. Бір пенделер қан мен ірің ішіп отыр.

– – Арақ, шарапқа құмар болғандар енді шөлдерін осылай қандырады, – деді Жебірейіл. Тілдері желкесінен шыққан доңыз бейнесіндегі адамдар жүрді.

– Бұлар – сотта жалған куә болғандар. Тірісінде ағайын-туыс, дОСжақындарының сойылын соғып, сотта жалған куәлік берген. Ақшаға сатылып, жазықсыз кісілерді соттауға жәрдем берген жауыздар, – деді періште. Тағы бір адамдарға қараса, аяқтарына бұғау салыныпты.

– – Бұлар -- парақорлар. Билігін жеке мақсатына пайдаланып, пара алудан қолы босамаған, -- деді періште. Біреулер от пышақпен бауыздалып, азап шегіп жатыр.

– – Бұлар – нақақтан қан төккен қанішерлер, -- деді періште. Пайғамбар тозақты одан әрі аралауға дәті шыдамады. /Жүрегі ауырып:

– Иә, Алла, үмбетімді бұлай қорлама, – деп, сәждеге бас қойды. Ұзақ жатып тамұқтағы адамдардың кешірілуін тіледі. Бір уақытта кейін қайтуға ыңғайланып еді, Мәлік періште:

– Мә, Алланың елшісі, сен бір тозақтың кішкене бөлігін аралап, сұмдығын көрдің. Әлі алты тозақ бар, – деді. Пайғамбар:

– – Алла ол тозақты маған да, үмбетіме де көрсетпесін, -- деді де, Мәлікпен қош айтысты.

Пайғамбар одан әрі жүріп еді, алдынан жасыл түсті періште шығып сәлем берді. Пайғамбар бірінші рет айрықша сұлу періштені көрді. Жебірейіл:

– Ей, досым, бұл – сегіз жәннаттың күзетшісі Раузан періште, – деп таныстырды. Раузан:

– – Уа, Алланың сүйікті хабибі, сені көру бізге арман еді. Сегіз жәннаттың төбесіне «Лә иллаһа илла Алла, Мұхаммад расул Алла» деген жазуды көргеннен-ақ, жәннат сенің нұрыңнан жаралғанын білгеннен-ақ, есіл-дертіміз – сенсің. Құдай сәтін салып бүгін дидарластық, -- деді. Пайғамбар:

– – Шұмаққа кіріп көрсем бола маӘ – деп сұрады.

– – Болады, -- деді де, Раузан періште жол бастады. Пейіштің хош иісі жан дүниесін баурап алды. Нұры ішке жетелей жөнелді. Пайғамбар «біссіміллә» деп жәннатқа кіргенде, оның табалдырығы мен босағасы дірілдеп тұрды. Пайғамбар түсінбей тұрып қалды. Раузан:

– – Ей, Алланың сүйікті досы, жұмақтың босағасы да, табалдырығы да сені көріп, езіліп жылап тұр. Сарғайған сағынышын, солыққан мауқын басып жатыр,

– – деді. Пайғамбар да көзіне жас алып, жәннаттың босағасын сипады да:

– – Иә, Алла, осы табалдырық пен босағадан менің үмбетімнің көптеп кіруіне бір өзің жар бола гөр. Менің көрген жұмағымды олар да көріп, осы жерден жай тапсын, -- деді. Сосын Раузанға:

– – Бұл табалдырық пен босаға менен басқа да адамды сағына ма? – деп сұрады. Раузан:

– – Әлбетте, әрбір демінде Алланы есінен шығармаған хас тақуаларды бір көруге ынтық. Олар келгенде де осылай бір күрсініп, бір жылап сағынышын баса алмай тұрады, – деді. Пайғамбар «жәннат сағынатын үмбетім көп болсын» деп тіледі де, пейішке кірді. Жәннатта оны сан мыңдаған періштелер мен ғылмандар, хорлар қарсы алып шашу шашты. Әсем әуезбен зікір, салауат айтты. Пайғамбарға жұмақтың жемістерін ұсынып, құрмет көрсетті. Пайғамбар олардың құрметіне риза болды.

– – Сегіз жәннаттың аттары қалай) -- деп сұрады. Раузан періште:

– – Біріншісі -- Дәрсәлім, екіншісі -- Дәрінқарар, үшіншісі --Дәріннақар, төртіншісі -- Нағым, бесіншісі -- Пердауыс, алтыншысы -- Манат, жетіншісі

– -Ғабдил, сегізіншісі -- Ағна, -- деп айтып берді.

Шұмақ көрген көздің жауын алады, көңілді тойғызады, сезімді семіртеді, қиялға қанат бітіретін тамаша екен. Бір кезде ол төрт түрлі, төрт түсті әдемі бұлақты көрді. Оның сыңғыр қаққан сұлу дауысы құлаққа азар шалынады. Бойға ерекше ләззат сыйлайтындай екен. Раузан періште:

– – Бұл -- жәннаттың бұлақтары. Бірінші бұлақ -- сүт бұлақ, екіншісі--бал бұлақ, үшінші бұлақ -- тұнық бұлақ, төртінші бұлақ -- шәрбат бұлақ, – деп таныстырды. Төрт бұлақтың жағасында әсем құрақ өсіп, жанға жайлы самалмен есіп тұрды. Құрақ арасында өскен жемістер балбырап пісіп тұр. Раузан періште жеміс ағаштарынан бір жемісті алып берді. Пайғамбар оны алып тұрып:

– Ей, Баузан, бұл жемісті менің де үмбетім жейді ме? -- деп сұрады. Баузан:

– – Әлбетте, үмбетің жүрегін таза ұстаса, күнәдан ада болса, жұмақтың жемісін жей алады, – деді. Пайғамбар жемісті жеп, ілгері жүріп келе жатқанда алдынан Ыддырыс пайғамбар кездесті. Екеуі құшақтасып көрісті. Ыдырыс:

– – Уа, Мұхамбет, сені көруге бір зармын, -- деді. Мұхамбет:

– – Шұмақтағы жайыңыз қалай? -- деп сұрады.

– Ақылым мен айлам періштеден асып түсіп, жұмаққа кірдім. І/Жемісін жедім, суын іштім. Хор да, ғылман да менің алдымда қызметте жүгіріп жүр. Періштелермен бірге Алланы мадақтап зікір айтам. Пейіште мәңгі жүрсем де, «Пайғамбар болғанша Мұхамбеттің ақжүрек үмбетінің бірі болсам еді» деген арман бір сәт көңілден кеткен емес. Үмбетің қандай бақытты еді! – деді. Пайғамбар:

– – Үмбетімнің айрықша мәртебесін қайдан білдің -- деп сұрады.

– – Жәннатта ерекше сән-салтанатпен салынған зәулім сарайлар, керемет бақшалар бар. Оған кірейін десем, «Саған рұқсат жоқ. Бізге тек Мұхамбеттің үмбеті ғана кіреді. Ұлық Алла біздерді соларға арнап салдырған», – деді Ыдырыс пайғамбар. Бұл сарайлардың ішін көру арман болды, – деді. Бұл сөзді естігенде пайғамбардың кеудесін шаттық кернеді.

Баузан періште Мұхамбетке пейіштің екінші қабатындағы ғажайып бір өзенді көрсетті. Оның саусақтай бес саласы бар екен. Бес саласының суы бір-біріне ұқсамайтын түспен жерге қарай ағып тұр. Пайғамбар:

– – Бұл неге жерге қарай ағып жатыр? -- деп сұрады. Раузан періште:

– Бұл дарияның нұры бес уақыт намазын шын ықыласпен оқыған момындардың жүрегіне нұр болып құйылады. (Шұмақтың суымен жүрегінің тотын шайып, көңілін кірден тазартады, -- деді. ІТайғамбар енді үшінші жәннаттың есігін ашты. Ол да тіл жетпейтін ғажап екен. Онда екі өзен жерге қарай ағып тұр. Раузан періште:

– Бұл – Алланың рақым нұры. Оның нұры ораза ұстап, малынан зекет берген жомарттың кеудесіне барып құйылады, – деді.

Пайғамбар жұмақтың төртіншісі -- Нағымға көтеріледі. Мұнда төрт дарияны көрді. Дарияның шеті, шегі жоқ. Олардан су мен сүт, бал және шәрбат ағып жатты. Мүбәрәк:

– – Бұл дариялардың бастауы қайда -- деп сұрады. Раузан періште:

– «Біссіміллә» десен, дарияның бастауына лезде барасың, – деді. Пайғамбар көзін жұмып, «біссіміллә» деп еді, сол сәтте бір күмбезге келіп жетті. Күмбездің төбесі алтынмен апталған, жиегі күміспен күптелген екен.

– – «Біссіміллә» десеңіз,есігі өзі ашылады, – дедіперіште.

Пайғамбар «біссіміллә» деп ішке кірді. Кірсе, төрде «біссіміллә» деп жазылыпты. Төрт дария содан бастау алып тұр екен. Пайғамбар таңғалып:

– – Төрт дария да осы сөзден бастау алып жатыр екен. Мұнда не сыр бар?

– – деді. Раузан періште:

– Үмбетің «біссіміллә» деп көп айтса, Ұлық Алла төртінші жәннаттағы дарияны соның еншісіне береді, – деді.

ШЖұмақты аралап жүріп пайғамбар әсем үйді көрді. Оның төбесі аршыға тиіп тұр екен. Үйдің іші-сырты қызыл жақұтпен қапталыпты. Оның жетпіс мың бұрышы, әр бұрышында жетпіс мың алаңы бар. Үйдің алдынан төрт бұлақ ағып жатты. Бірінде > сүт, бірінде -- бал, бірінде -- кәусар, бірінде -- зәмзәм суы ағып тұрды. Үйдің айналасында запыран, сүмбіл, лалагүл, райхан сияқты асыл өсімдіктер жайқалып, хош иістер шығарып тұр екен. Пайғамбар ерекше көз тартқан үйге кіріп көргісі келді. Жебірейіл періштеден:

– – Бұл кімнің үйіЗ -- деп сұрады.

– Алланың досы Мұхамбетке сыйлаған үйі, – деді періште. Пайғамбар қуанып кетіп, үйдің есігіне жақындай берді де, кілт тоқтап қалып:

– Менің үмбетім де осындай үйге кіре ме? – деп сұрады.

– – Жоқ, бұл тек саған арналған, -- деді /Жебірейіл.

– – Үмбетім кірмейтін болса, мен де кірмеймін, -- деді пайғамбар. Сол кезде Алладан:

– – Ей, досым, бұл үйді сен үшін жараттым. Егер үмбетің үйлерінде маған көп мақтау-пәктеу айтса, сенімен бірге бұл үйге бәрін кіргіземін, -- деген әуез естілді. Пайғамбар қолын жайып:

– Иә, Алла, үмбетімнің ішінде сенің дидарыңа ғашық болып, сенің есімдерінді үйлерінде пәктейтін ақжүректер көп болсын, -- деп дұға жасады.

Осылайша пайғамбар сегіз жәннатты аралап, сансыз жеміс ағаштарын көрді. Жемістері пісіп, хош иістері мұрынды жарады. ?бәннаттың ұшы-қиырсыз үлкендегін бір Алладан басқа жан баласы білмек емес. Әлгі жеміс ағаштарының айналасында мөп-мөлдір бұлақтар сыңғырлап ағып жатыр. Айналасы гүлдермен безендіріп қойғандай әдемі. Саялы бақ, сайран сарай, алтын тақталы жол, жемісі мол керімсал керемет дүние. Пайғамбар:

– – Менің үмбетім өмір сүретін дүнияда дәл осындай жәннатты мекен бар ма екен) -- деп ойлады. Пайғамбардың әрбір ойын күзетіп тұрған Жебірейіл:

– – Ей, Мұхамбет, жердіңжүзін Алла тағала жеті тозақ пен сегіз жәннаттың ұсақ тамшыларын араластырып жасаған. Анау асқар таулар, нулы ормандар, мөлдір сулар, жасыл құрақтар, айна көлдер, алуан гүлдер, ағарған тандар, жазиралы далалар, алтын дәнді астықтар, көгілдір көктің бәрі -- жәннат мұғжизасының белгісі. Ал сасыған, борсыған, іріген, шіріген, құлаған, қу медиен шөлдер, құлан жортпас далалар, ми қайнатар саясыз жерлер, мұзды мұхиттар, тіршілік тынысы жоқ құздар -- тозақ мұғжизасының нышаны. Сенің үмбетіңнің арасындағы тақуа ғалымдары жақсы біледі. Толық сезінеді, – деді. Ол Раузан періштемен қоштасып, жәннаттың бақшасынан шықты да, сапарын жалғастырды. Бұл кезде пайғамбарымыз жетінші көкке де жеткен еді.

Мұхамбет пайғамбардың жетінші қатқа көтерілуі

Алдынан жетінші қат аспан қақпасы ашылды. Бұл аспанның астына жеті қат көк пен жеті қат жер бір-ақ сыйып кеткендей екен. Бұл бос кеңістікті көріп пайғамбарымыз ойланып қалып еді, Жебірейіл періште:

– – Бұл – Қасым деген алып періштенің орны. Ол Құдайдың әмірімен жеті қат аспан, жеті қат жерді түгел меңгеріп тұрған. Ол періште әдепсіздік жасап қойды. Оның ойына тәкаппарлық кіріп «пайғамбардың денесі менің жанымда тозаңдай ғана екен» деп ойлады. Сол үшін Алла оны орнынан қуып жіберді. Енді ол сенің дидарыңды көру бақытынан айрылды. Енді қалған ғұмыры құсада өтеді, – деді. Пайғамбарымыз Қасым періштеге жаны ашып кетті. Ол қолын жайып:

– – Иә, (асаған, Қасым періштенің ағаттығын кеше гөр. Оны орнына қайтар. Дидарласайын, -- деп жалбарынды. Сол кезде Жебірейіл:

– – Ұлық Алла сенің құрметіне ол періштенің күнәсін кешірді, -- деп хабарлауы мұң екен, алып періште қасына шаттанған халде жетіп келді. Қасым періште пайғамбардың жанына келіп қараса, оның рухы тым алып екен. Періште өзін ұсақ шыбындай сезініп қалды. Ол дереу кешірім сұрады. Пайғамбарымыз да оның құшақтап:

– Ұлық Алла кешірімді жақсы көреді, – деді. Сапар жалғаса берді. Бір кездебір топ адамды көрді. Олардың үстіне нұр сәулесі түсіп тұр екен. (бүздері жайдары, алдарына үлкен дастарқан жайылыпты. Дастарқанда пайғамбарымыз бұрын-соңды көрмеген ас-тағамның түр-түрі толып тұр. Бір топ періште оларға қызмет көрсетіп ұшып жүр. Пайғамбар:

– – Бұлар кімдерӘ – деді. Жебірейіл:

– – Бұлар – жомарт жандар. Алла олардың кең пейіліне риза болып, оларға Өзінің де жомарттығын паш етіп жатыр. Пейілі кеңге Хақ тағала да мол дастарқан жаяды, – деді. Пайғамбар олармен құшақтасып амандасты. Бірге отырып дәм татты. Пайғамбар:

– – Ей, Шасаған, жомарт құлдарыңды үмбетіме көбірек жібергейсің, – деп асқа бата жасады. Бір кезде алыстан мұнартып тұрған айшықты көрді. Жақындап келсе, үлкен мешіт екен. Жебірейіл:

– Бұл – аспан мешіті. Бәйтүл Мағмур деп аталады. Алла тағала әлемді жаратқанда осы мешітті қоса жаратты. (ер бетіндегі Бәйтүл Мұқаддас осы үлгіде салынған. Бұл жерде қисапсыз періште Аллаға мадақ айтып, құлшылық етеді. Сауабын сенің үмбетіңе бағыштайды, – деді.

Мешіттің бір қақпасы алтыннан, бір қақпасы күмістен салынған. Эікірге жиналған періштелер алтын қақпадан кірсе, қайтарда күміс қақпадан шығады. Мешіттің бір қабырғасы алтыннан, бір қабырғасы күмістен, бір қабырғасы гауһардан, бір қабырғасы жақұттан жасалыпты. Пайғамбар мешіттің ішіне кірді. Эулкайл атты періште имам екен. Ол пайғамбарға сәлемдесіп:

– – Уа, Алланың елшісі, біз сенімен бір дидарласуды аңсап жүр едік. Бүгін Құдай сәтін салды, – деді шаттанып. Пайғамбар намаз оқығысы келді. Ол ЭЗулкайлға:

– – Имам болыңыз, -- деп ізет көрсетті. Періште:

– Уа, Мұхамбет, сенің алдыңда біздің имам болғанымыз жарамас, біз саған ұйиық,сен намаз бер. Сенің дәрежең бізден ұлық. Біз сіздің нұрыңыздан жаралғанбыз. Имамдыққа сіз лайықсыз, -- деді. Пайғамбар ізетпен михрабқа келіп тұрды. Эулкайл әсем дауысымен құйқылжыта азан шақырды. Сол кезде мешіттің іші періштелерге тола бастады. Періштелер көбейген сайын мешіттің көлемі де үлкейіп, кеңейіп кете берді.

Пайғамбар мешіттен ұзаған кезде тағы бір адамдарды көрді. Олардың алдында дастарқан жаюлы екен. Бір жағында жақсы, дәмді тамақтар тұрды. Екінші жағында сасық, шіріген тағамдар тұрды. Олар адал асқа қол созбай, тек шіріген асты жеп отыр. Беттері ұяттан қызарып кеткен екен. Пайғамбар:

– – Бұлар кімдерӘ -- деп сұрады. Жебірейіл:

– – Бұлар -- өздерінің отауында адал жары болса да, бөтеннің әйеліне көзін сатқандар. Адал жарының намысын таптағаны үшін о дүниеде адал асты жей алмай қор болады. Олардың мәңгілік азығы -- шіріген тағамдар, – деді. Пайғамбар адал жайылған астын ауыз тиіп:

– Жарына адал болу – менің сүндетім. Соған бекем болған үмбетімнің ақиретте де жейтін асы адалдан болсын, – деді.

Бір уақытта пайғамбардың алдынан бір есек кездесті. Оның маңдайы ісіп, бет-аузынан қан сорғалап тұр екен. Құйрық жүндері жұлынып, алба-жұлба кейіпте бір жаққа кетіп бара жатты. Пайғамбар:

– – Мына есекті кім сабаған? Құйрығы қайда? -- деп сұрады. Жебірейіл:

– Құдай тағала мал-мүлікті есектің кейпінде жаратқан. Дүниеқоңыздар есекті ұстаймыз деп үнемі соңынан қалмай қуалайды.Есек оларға жеткізбейді. Олар хайуанға жете алмай, құйрық жүндерін жұлып, жамбасын қанатып тастаған, – деді.

– – Ал, есектің үсті-басы неге қанжоса?

– Мал-мүлік ақжүрек момындарға үйір болады. Олар қайда барса да, ізінен қалмай еріп жүреді. Ақжүрек адамдар мал-мүліктің алдамшы екенін жақсы біледі. Оны жанына жуытпайды. Есек оларды қуып жеткен сайын момындар оны басынан сабалап, қасынан қуып жібереді, – деді.

Пайғамбар одан өткенде бас-аяғы жоқ ұзынсонар керуенге тап болды. Тізбектелген қисапсыз түйелердің үстіне жүк артылған. Пайғамбар:

– Иә, Жебірейіл. Бұл қандай керуен? -- деп сұрады. Періште:

– – Бұл керуен мен жаралғалы бар. Содан бері тоқтаусыз ағылып жатыр. Өлі соңы көрінетін емес. Сыры бір Аллаға ғана мәлім, -- деді. Пайғамбар керуенді көргісі келді. Гүйелерге тек жұмыртқа артылыпты. Пайғамбар Алланың құдіретімен /Жебірейіл екеуі бір жұмыртқаның ішіне кіріп кетті. Қараса, жұмыртқа дегені өзінше бір әлем екен. Олар сол әлемді шарлап келіп, күмбезі үлкен бір мешітке бас сұқты. Онда бір қарт ғалым жас балаға:

– Ақырдың кезінде Мұхамбет есімді соңғы пайғамбар дүниеге келеді, – деп, болашақты болжап отыр екен. Пайғамбар мына көрініске қайран қалды. Жебірейіл періште:

– Алланың жаратқан әлемі сансыз. Оның есебі бір Аллаға ғана аян. Бұл хикметтерді жүрек көзі ашылған даналар ғана түсінеді, -- деді. Пайғамбар да Алланың шексіз құдіретіне таңғалды. Осылайша олар тағы бірнеше жұмыртқаға кірсе, әрқайсысында бөлек-бөлек әлем, сан түрлі халық бар екен. пайғамбар мен Жебірейіл керуеннен өтіп, сапарын әрі қарай жалғастырды.Осы жерде пайғамбар үшін тағы бір қызықты оқиға болды. Кенеттен пайғамбардың құлағына баспалдақтан түсіп келе жатқан адам жүрісінің дыбысы естілді. Алланың елшісі:

– – Бұл не дыбыс? – деп сұрады. Жебірейіл:

– Бұл Біләл сахабаң ғой. Ол мұсылмандарды намазға ояту үшін азан шақыруға кетіп бара жатыр, -- деді. Пайғамбар таңғалып тұрып қалды. Себебі, ол кезде әлі намазға азан шақырып ояту салтқа енбеген еді. Біләлдің азан шақыруы мұсылмандар Мәдинаға барған соң ғана сүндетке енген еді. Жебірейіл:

– – Ей, Мұхамбет, азан айту болашақта үмбетіңе парыз болады. Азанның дауысы жеті қат жерге, жеті қат көкке жетеді. Оның дауысын естіген періштелер қуанады, жын-сайтан қайғырады, қорқады. Бұл -- Алла үшін ең жағымды дауыс. Азанның дауысы қияметті қашық етеді. Үмбетің азан айтуды токтатқанда қиямет-қайым орнайды, – деді.

Мұхамбет пайғамбардың Сыдыратул мунтаһаға көтерілуі

ШЖБетінші қат көктен өткен сон, пайғамбар Сыдратул мунтаһаға келді. Бұл – Жебірейіл періштенің тұрағы. Бұл жетінші қат аспаннан жоғары тұратын Алла тағала ерекше хикметпен жаратқан жері екен. Бұл аспанның шекарасы болып есептеледі. Мұнда да періштелер Аллаға мадақ айтып тұр. Олардың бір тобы Тәурат, Зәбір, Інжіл мен Құран жазып жатыр. ?|Бебірейіл мен пайғамбар бір бұлақтың жағасына тоқтады.

– – Алланың хабибі, мына бұлақтың суынан дәм тат, – деп, /Жебірейіл періште кесе толы су ұсынды. Пайғамбар дәмін татып көрді де, оның ғажайып дәмінен талып қалды. Сәлден соң есін жинап:

– – Бұл ненің суыЗ – деп сұрады.

– – Кәусар бұлағының суы – осы, – деді.

– – Менің үмбетім де осы судан іше мез

– – Жоқ, Алланың хабибі, бұл -- Тәңірдің сізге арнаған сыйы. Тек сізге ғана тиесілі, – деді.

– – Егер менің үмбетім кәусар бұлағынан ішпейтін болса, мен де бас тартамын,

– – деп, бұлақ суын ішпей қойды. Сол сәтте Ұлық Алладан әуез келіп:

– – Ей, қимас достым, үмбетің бұл кәусардан дәм татуы үшін менің бір шартым бар. Үмбетің Рамазан айында ораза ұстасын. Ауыз ашатын суын алдын ала дайын қылсын. Менің періштелерім осы кәусар бұлағынан су алып, олардың ауызашарға дайындаған суына тамызып шығады. Сонда олар да бұл кәусардан дәм татады, -- деді. Содан бастап мұсылмандар оразада ауыз ашатын суды алдын ала арнайы дайындап қоятын болыпты.

Бас мұқарам періште /Жебірейіл Сыдратул мунтаһадан ары ұшпай тоқтап қалды. Пайғамбар оның қолынан ұстап:

– – Әй, досым, неге тоқтадың? Жүр кеттік, – деді. Періште:

– Ей, Мұхамбет, Алла тағала маған дәл осы жерге дейін ұшуға рұқсат берген. Ары жүрсем, қанатым күйеді. Мен сені осы жерде күтіп, жер бетіне қайта апарамын. Алланың дидарын көру – тек саған ғана жазылған ұлы бақыт,

– – деп Сыдратул мунтаһада қалды.

Мұхамбет пайғамбар аң-таң болып тұрып қалып еді, алдынан Міәкәйіл періште шықты:

– – Ей, Мұхамбет, саған ары қарай мен серік боламын. Бұл – менің маңдайыма жазылған бақыт. Әуел әлем жаралғанда біз төрт періште саған көрсетілетін құрметті бөліп алған едік. Енді менің кезегім келді, -- деді де, пайғамбарға жол бастады. Пайғамбар Мәкәйіл періште екеуі жоғары қарай көтеріліп келе жатқанда, жолда Құран әріптері сияқты әдемі суретте ағып жатқан жеті дарияны көрді. Олардың түр-түсі, бір-біріне ұқсамайтын өзгеше екен. Пайғамбар:

– – Иә, Мәкәйіл, мына жеті дария ненің хикметі? -- деп сұрады.

– Бірінші дария -- тіршілік дариясы. Адам баласы дүниеге келген соң, тіршілік қамын жасайды. Тірі қалып, аман-сау жүрудің жолдарын меңгереді. Екінші дария -- білім дариясы. Тіршілікке жалғанып, қолы аузына жеткен үмбетің оқу оқып, сауат ашпаса, қараңғылықтан шыға алмас. Білім болмаса, ит тіршілікке байланып, надандықта қалып қояды. Сондықтан хат танып, білім жинау үмбетіне парыз болмақ. Үшінші дария – ақыл дариясы. «Ақыл

– – білімнің сауыты» деген. Екі дүниені қатар барлайтын ақыл нұры болмаса, құр білімнен пайда жоқ. Ақылсыз білім, хақты тануға жол бермей, пендені тәкаппарлық дертіне ұрындырады. Сондықтан үмбетіне жаралыстан ғибрат алып, үнемі ойланып, ақыл айнасын нұрландыру міндет болмақ. Төртіншісі – мейірім-шапағат дариясы. Ақылды үмбетіне бұл дарияның хикметі дарымаса, суық ақылға бой алдырады. Ондай адамның көңілі қатайып, мейірім-шапағатқа кедей болады. Сондықтан мейірім-шапағатсыз, махаббатсыз ақыл тұл. Бесінші дария – бейнет дариясы. Бұл дарияның хикметі қонғанда адам күш-қайратын адамзаттың игілігіне жұмсайды. Жинаған білімі мен мол тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретеді. Осы жолда тер төгеді, еңбек етіп, халыққа қызмет етуден ләззат алады. Гақуалықта табанды болады. Артыншы дария >- зейнет дариясы. «Бейнеттің бір зейнеті бар» деген. Бұл дарияның шарапаты тигенде ол үмбетің еліне құрметті болар. Жас кезде төккен ашы терінің тәтті жемісін жейді. Халқы ондай адамды төбесіне көтеріп сыйлайды. ІБетіншісі -- имандылық дариясы. Иман дариясы дарыған үмбетіңнің жүрек көзі ашылады. Бұл кезде олардың кеудесінде жалғыз-ақ арман қалады. Ол -- Алланың дидарымен қауышу. Бұлар құлшылық қылғанда бейне бір ұлық Алланы көріп тұрғандай сезімде болады. Риядан толық айығып, көңілінде ақирет күнінің қаупі дүнияның уайымынан басым болады, – деді. Сонда Пайғамбар:

– – Мен үмбетіме иман үйретіп жүрмін. Ал мына жерде Иман дариясы ең соңғы қабатта ағып жатыр. Бұл қалай? -- деді. Сонда Мәкәйіл:

– – |Жоқ, иман дариясы соңында емес, керісінше, ең жоғарғы сатыға қойылған. Осы жеті дариядан түгел өткен үмбетіне кәміл адам дәрежесі нәсіп болмақ, – деді. Осы кезде пайғамбардың көңілі жайланып:

– – Иә, Алла, менің үмбетіме кәміл адам дәрежесін нәсіп қылғай! -- деп дұға қылды да, жеті дариядан шалқып өтті. Бір кезде Мәкәйіл періште:

– Досым Мұхамбет, мен енді ары қарай ұша алмаймын. Қанатым күйеді. Менің міндетім -- сені осы жеті өзеннен өткізу. Ары жүрсем, Аллаға қарсы келген боламын. Қайтарда сені осы жерде күтіп, жеті өзеннен қайта алып өтемін, -- деп пайғамбармен қош айтысты.

Пайғамбар пырақпен одан әрі көтеріліп еді үлкен бір періштені көрді. Оның басы жеті көктен асып, ғарышқа тиіп, ал аяғы жеті қат жер астындағы қақтасқа тиіп тұр. Оны жай адамдар көре алмайды. Оны Алланың қалауымен тек пайғамбар ғана көрді. Ол періштенің аты Ысрапыл екен. Оның көз жанары жиегінде күннің көлемінен жүз есе үлкен бір тамшы жас тұрды. Егер бұл жас жер жүзіне тамып түссе, бүкіл жер-жаһанды түгел су басады екен. Нұх заманындағы топан су осы Ысрапылдың көзіндегі бір тамшы жасынан пайда болыпты. Ол он сегіз мың ғаламдағы от, су, жел, топыраққа жауапты. Ол Алланың әмірімен күллі табиғат, әр алуан құбылыстарды бақылап отыр.

– – Әй, Ысрапыл, қияметтің періштесі. Сенің сүріңмен қияметте барша адам қайта тіріледі. Менің үмбетім де тіріліп, Алла құзырына барады. Сенен тілерім: менің үмбетім қияметте қиналмай тұрсын, менің ақ туымды оңай тапсын. Өзің жол көрсет, -- деді пайғамбар. Ысрапыл:

– – Бір шартым бар. Егер үмбетің күніне жүз рет «.Лә иллаһа илла Алланы» айтса, онда мен оларды қияметте оңай тірілтіп, сенің ақ туынды адаспай табуға жол сілтейін, -- деді. Сосын Ысрапыл періште пайғамбарға жол көрсетіп, жоғары қарай өрледі. Ол да бір мекенсіз жерге келгенде:

– -Иә, Алланың сүйікті досы. Мен әрі қарай ұша алмаймын. Қанатым күйеді. Енді сені Мәләкул Мәуіт жеткізеді, -- деді. Мәләкул Мәуіт – өлім періштесі Әзірейіл еді.

Пайғамбарымыз пырықпен самғап отырып жоғары көтерілгенде Ысрапылдан да өте үлкен періштені көрді. Әзірейіл қолындағы қағазға қарап тұр екен. Оның алдында алып бәйтерек өсіп тұр. Әр жапырағында тірі адамдардың есімдері жазылған. Озірейіл алдындағы табаққа түскен жапырақты екі жағындағы періштелерге табыс етуде. Оң жақтағы періштеге оң қолымен алған жапырақты, сол жақтағы періштеге сол қолымен алған жапырақты беріп отыр. Әзірейіл пайғамбарды көріп, иіліп сәлем берді. Пайғамбар жапырақта не сыр бар екенін сұрады. Әзірейіл:

– – Иә, пайғамбар. Бұл бәйтеректің жапырағы үзілсе, жердегі бір пендеге ажалдың жеткені. Егер ол ізгі адам болса, оң жақтағы періште жанын алады. Егер зұлым болса, онда сол жақтағы періште жанын алады, – деді. Пайғамбар қайғырып, Әзірейілге:

– – Менің үмбетімнің жанын қинамай ал, -- деп өтінді. Ол:

– Ұлық Алла маған «Мұхамбеттің үмбетінің жанын қинамай ал» деп күніне жетпіс рет ескертеді. Бірақ бір шартым бар. Үмбетің Мұхамбеттің атына сансыз салауаттар жолдауды сүндетіне енгізсін. Егер солай жасаса, сен қайғырма, жандарын ауыртпай аламын, -- деді. Пайғамбар жадырап сала берді. Әзірейіл періште де пайғамбарға жол бастап жоғары өрледі. Бір жерге келгенде ол да:

– – Ей, Алланың хабибі, бұдан әрі бара алмаймын. Менің рухани болмысым Алла дәргейіне мұндай жақын баруға жаралмаған. Осы арадан қайтам. Ары қарай ұшсам, Алланың нұры қанатымды күйдіреді, – деді.

Пайғамбар пыраққа мініп жалғыз ұшты. Аршыдан өтіп, үлкен дарияға тап болды. Сол жерге келгенде пырақ:

– – Ей, Мұхамбет, мына дариядан мен түгіл, бірде-бір періште өте алмайды. Дарияның шеті мен шегі жоқ. Ұшқан мақұлық дарияның ортасына да жете алмайды. Сондықтан мен әрі қарай алып ұша алмаймын. Сені осы жерде тосамын, – деді. Мұхамбет пырақты қоя беріп, дарияның жағасына келгенде ғайыптан жайнамазпайда бола кетті. Ол адамша тіл қатып:

– Ей, Мұхамбет, менің үстіме мін. Мен сені дариядан өткізіп, Алланың дәргейіне жеткіземін, -- деді. Пайғамбар жайнамазға мініп, екі бас намаз оқыды. Жайнамаз ұша жөнелді. Көзді ашып-жұмғанша оны дарияның арғы бетіне жеткізді. «Намаз – мұсылманның миғражы» деген нақыл сөз осыдан қалса керек-ті. Жайнамаз бен пырақтың ұшу қарқыны аспан мен көктің парқындай екен. |байнамаздың жанында Нұр-пырақтың шабысы жаяу жүргендей сезілді. Пайғамбар жайнамазды тастамай, миғраждан үмбетіне ала келді. Содан бастап жайнамаз киелі бұйымға айналыпты.

Мұхамбет пайғамбардың Ғаршы ағлаға көтерілуі

Пайғамбар Ғаршы ағлаға келсе, шет-шегі көрінбейтін үлкен бір перде тұр екен. Жайнамаз одан өтіп барып кілт тоқтады. Пайғамбар жайнамаздан түсіп, тоқсан тоғыз қадам басты. Әр қадам басқан сайын Алланың бір есімін айтып, ұлықтап отырды. Осыдан бастап Алланың 99 есімі дүния адамдарына мәлім болды. Бір жерге келгенде Ұлық Алладан махаббат пен мейірімге толы достық пейілдегі дауыс естілді:

– – Ей, менің хабибім, сүйікті досым, қош келдің!

Пайғамбар дауысты естігенде жүрегі езіліп, жанарына жас толды. Қолын жүрегіне қойып, басын иді:

– – Ассалаумалейкум, Тәңірі тағалам, Жасаған ием! -- деді жүрегі қуаныштан жарыла жаздап.

– – Уағалейкумсалам! -- деді рахмани әуез. Сосын:

– – Ой, досым, маған қандай сыйлық әкелдің) -- деп тағы да үн қатты. Пайғамбар:

– Иә, Алла! Дүниеден ұлықтығыңа лайық ештеңе таппадым. Өдзімнің жан жүрегімді алып келдім, – деді. Алла тағала:

– – Менің де күткен сыйым -- осы. Таза жүрек, кіршіксіз көңіл, кең пейіл – мен үшін ең үлкен сый, – деді де: – Тағы не әкелдіңд-- деп сұрады.

– – Қарабет үмбетімнің күнәларын ала келдім. Оларға мейірім-шапағат ет. Күнәларын бетіне баспа. Менің үмбетім заманның ең қиын кезінде ақиқат алаңында сыналады. Оларға залымдармен күресу қиынға соғады, – деді.

– – Мақұл, дегенің болсын! Олардың күнәсін шапағат суымен жуып кетіремін. Эаманның қиындығына орай үмбетіне сан түрлі жеңілдіктер беремін. Басқа қандай тілегің бар? -- деді.

– – Олардың бәрін жәннатқа кіргізсең деймін.

– – Кіргізем. Тек оларға қояр шарттарым бар.

– – Жаратушы ием, шартынды айт. Қарабет үмбетіме өсиет етіп қалдырайын.

– – Біріншіден, үмбетің менің бірлігіме шүбә келтірмесін. Екінші, ата-анасын сыйласын. Олардың менен кейінгі жаратушысы -- солар. Үшінші, өлгенше надандықпен күресіп өтсін. Ілім іздеп, ғылым игеру ендігі заманда үмбетіне парыз болады. Төртінші, әділдіктің туын жықпасын. Күллі адамзаттың теңдігі үшін күрессін. Бесінші, ұрпағына рухани тәлім-тәрбие беруді міндет деп санасын. Адамзаттың азғындауына жол бермесін. Алтыншы, елі мен жұртының бейбіт өмірі мен берекелі тіршілігінің тұтқасы болсын. Елдің ынтымағын ойламаған ізбасарың Мені бір деп тани алмайды. /Жетінші, бөтеннің айыбын ашуға емес, жабуға бейіл болсын. Ақысына ақиретте Мен де оның айыбын жабамын. Сегізінші, жазықтыны жазалауға емес, кешіруге асық болсын. Себебі мен жазалауды емес, кешіргенді сүйетін мейірімді Алламын. Тоғызыншы, бөгде жұрттың сенім-нанымын кекетіп-мұқатпасын. Кемсітуге ұшыраған халық надандықпен Исламды сөгетін болады. Оныншы, үмбетің сенің көркем мінезқұлқынды үлгі қылсын. Сондықтан да мен сені ерекше көркем мінезді етіп жараттым. Он бірінші, үмбетің басына қандай сынақ түссе де, менен үмітсіз болмасын. Менің дәргейімнен Ібіліс малғұн ғана үмітсіз кеткен, – деді. ШБаратушының шарттарын Пайғамбар қабыл алды. Қуанғаннан Құдайға мақтау айтты. Ұлық Алла:

– Менің сүйікті досыма құрмет көрсетіңдер! -- деп әмір еткені сол еді, ғайыптан үлкен сарай, сансыз періштелер пайда болды. Ұлық Алла:

– – Әй, Мұхамбет, сарайға кір, қонақ бол, -- деді. Пайғамбар сарайға кірді. Періштелер оған алтын табаққа салып дүр-гауһардан шашу шашып, құрмет көрсетті. Пайғамбар бұл сияпатқа таң-тамаша болды. Себебі мұндай құрметті алғаш көрген еді. /аратушы:

– – Сенің келгеніңе барша періште қуанып жатыр. Менің сүйікті қонағым барлық сияпатқа лайық, -- деді. Пайғамбар:

– – Менен өзге де сыйлы қонақ бола маЭ – деп сұрады. Ұлық Алла:

– – Жүрегін таза ұстаған салихтар, қылдай қиянаты жоқ момындар -- қияметте менің құрметті қонақтарым, – деді.

Сарайдың ішінде шет-шегі жоқ ақ дастархан жайылыпты. Пайғамбар дастарқан басына жайғасты. Күллі періште қызмет етуді мәртебе санап, тікесінен тік тұрды.

Құдай тағала періштелерге:

– Менің сүйікті пайғамбарымның шынтағы мамыққа тисін, – деді. Періштелер Мұхамбеттің оң иығына жастық әкеліп қойыпты. Содан бастап мұсылман қауымында қонаққа жастық ұсынатын дәстүр пайда болыпты.

Алла тағала пайғамбарға:

– – Достым, не қалайсың? Бүгін сұрағаныңның бәрін беремін. Мен сені екі дүниенің нығметіне қатар бөлеймін. Мына дастарқандағы ас-ауқат жәннаттың ең асыл тағамдарынан саған арнайы дайындалып жасалған. Дастарқаннан дәм ал, – деді. Пайғамбар:

– – Менің үмбетім де осы дастарқаннан үлес ала маЭ – деп сұрады.

– – Жоқ, тек саған ғана. Мен бұл тағамдарды сенің бір өзің үшін ғана әзірлеттім.

– Олай болса, үмбетіме бұйырмайтын ас-ауқаттан тойып ішуге менің арұятым жібермейді, – деп, дәмге қол созбай отырып алды.

– Онда мына дастарқанды саған сыйлыққа берем. Ішіне ырыс, дәулет, берекені жасырдым. Үмбетіңе айт. Егер дастарқанын таза ұстап, адал асқа ғана жаятын болса, күллі ырысты сол дастарқаннан табады, – деді Алла.

Пайғамбар дастарқанды өзімен берге миғраждан ала келіпті. Үмбетіне «шаңыраққа береке кірсін десеңдер, дастарқанға арам ас жолатпандар, аяқасты етпеңдер» деп өсиет қалдырыпты.

Миғраждан қайтар сәтінде Ұлық Алла періштелеріне:

– Мұхамбеттің иығына зүміреттен жасалған шапан жабыңдар. Басына сәлде ораңдар. Сәлде ер үмбетінің қорғаны болсын, -- деді. Періштелер пайғамбарға салтанатымен зерлі шапан жапты, басына сәлде орады. Сол кезде пайғамбар:

– – Сәлде ердің қорғаны болса, әйелдің қорғаны не болмақ – деп сұрады. Ұлық Алла:

– – Әйел затты үмбетіңе орамал беремін. Орамалы олардың әрі көркі, әрі қорғаны, әрі иба-әдебі болады, – деді.

Пайғамбар миғраж сапарынан мұсылман үмбетіне тоғыз түрлі қасиетті зат ала келіпті. Олар Құран, жастық, дастарқан, шапан, сәлде, орамал, жайнамаз, сәлемдесу үлгісі, намаз екен. Мұны «пайғамбардың базарлығы» деп атайды. Ел арасында Құранды құрметтеу, дастарқанды баспау, киім-кешекті, бас киімді, орамалды аяқасты етпеу, жастықты, жайнамазды қадірлеу сияқты ырымдар осыған орай шығыпты.

ЖЖ

Миғраж оқиғасы жайлы қаншама ғибратты хикаялар, жыр-дастандар тараған. Түркі даласында кең тараған аңызда Мұхамбет пайғамбардың миғражда Қожа Ахмет Ясауидің нұрын көргендігі айтылады. Аңыздың таралуына себеп болған Ясауидің өзінің хикметтері. Ясауидің бізге жеткен «Диуани хикмет» кітабында миғраж оқиғасы жайлы шумақтар бар. Осының әсерінен Сыр өңірі мен Маңғыстауда өмір сүрген жыраулар да, пайғамбардың миғраж сапарында Ясауидің рухын көргендігін жырға қосқан. Ясауидің өзі хикметте:

Уа, достар, құлақ салғын айтқаныма,
Не себептен алпыс үште кірдім жерге?
Миғраж кеші хақ Мұстафа рухым көрді,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Миғраж түні «нұр» дедім, «перзент» деді,
Қолымды алып «үмбетімсін, үмбет» деді,
«Сүннет жолын берік ұста, ұлым» деді,
Мұстафаны жоқтауменен кірдім ғой мен”, -- дейді.

3 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет (хикмет жинағы). Топтастырып, қазақ тіліне аударған Ғ.Қамбарбекова. – Алматы, 2013.

Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыздар

Аманат құрма хикаясы

Бірде Мұхамбет пайғамбар серіктерімен келе жатқанда, жолда азықтары таусылып, қарындары ашады. Жебірейіл періште оларға пейіштен інжу, меруерт, дүрлермен өрнектелген алтын табаққа салынған құрма жемісін әкеледі. Пайғамбар «Біссіміллә» деп, табаққа қол салып, құрмадан дәм татты. Серіктері де жапырлай қозғалып, құрма жеуге кірісті. Габақтағы құрма азайғанда, ортадағы бір құрма ерекше көрінеді. Бір кереметі, ол құрма қолға түспей дөңгелей береді. Сахабалар бұған таң қалады. Бұл құрманы ешқайсысы жей алмады. Сол кезде пайғамбарымыз құрманы қолына алып қарайды да, «Бұл не ғажапӘ», «Бұл не деген кереметз» деп ойланып қалады. Сол кезде Жебірейіл періште де жетті.

– Уа, Алланың елшісі! Бұл құрмада үлкен бір құпия бар. Ол сізге де, серіктеріңізге де бұйырмайды. Сізге Тәңірім сәлем жолдады. Төрт жүз жыл заман өткен соң сіздің бір үмбетіңіз дүниеге келеді. Оның есімі Ахмет болады. Ол үмбетіңіз сіздің рухани жолыңызды жалғастырады. Бұл құрма сол баланың несібесі, -- дейді. Серіктері мына әңгімені естігенде, таң қалады. Сол кезде Мұхамбет пайғамбар:

– – Иә, Жебірейіл, ол заманға дейін бұл құрма қалай жетеді? -- деп сұрады. Жебірейіл періште:

– – Бұл құрманы Ахмет атты балаға жеткіз деп бір серігіңізге тапсырыңыз,

– – деді. Сонда Пайғамбар:

– – Уа, бауырлар! Мына аманат құрманы менің 400 жылдан кейін дүниеге келетін ардақты үмбетіме кім табыстайды? Кім тәуекелге бел байлайдыз – деді.

Ешкім үндемеді.

– – Бұл құрманы жеткізген адам екі дүниеде бақытты болады. Ол бақыт кімге бұйырғалы тұр екен? -- деп сұрады.

Серіктері «төрт жүз жылға дейін өміріміз жетпей қалады-ау» деп күмәнданып тұрғанда, пайғамбар сөзін қайта жалғады:

– – Егер кімде кім бұл аманатты менің үмбетіме жеткізер болса ол адам пейіште Алла жамалын көреді, -- деді. Сол кезде ортаға Арыстан бап шықты да пайғамбарға қарап:

– Иә, Алланың елшісі. Аманат-құрманы жеткізуді маған тапсырыңыз. Құдай қолдаса, аманатыңызды жеткізермін, – деді.

– – Бәрекелді!

– – Бәрекелді!

– ІШарайсың Арыстан сахаба!

– – Дегеніңе жет!

– Алла жар болсын!

– Алла жар болсын! – деп шуласты. Барлық сахаба қуанысып қалды. Мұхамбет пайғамбар:

– – Уа, менің құрметті серігім. Тәуекелге бел байлағаныңа ризамын. Алла жолыңды оңғарсын, мақсатыңа жет! -- деп батасын берді. Арыстан бап:

– – Уа, Алланың елшісі, менің сізге айтар датым бар! – деді.

– – Датың болса айт!

– – Бұл құрманы жеткізу үшін маған ұзақ ғұмыр керек. Тәңірден менің өмір жасымды ұзартуын сұрап, дұға қылсаңыз, -- дейді. Пайғамбар:

– Мә, Алла, Арыстан сахабаның ғұмыр-жасын ұзақ қыл! Оны рақымың мен игілігіңе бөлей көр! -- деп дұға жасады. Сол кезде /ЖКебірейіл періште:

– – Уа, Алланың елшісі! Сүйініш! Сүйінші Алла сенің бұл тілегінді қабыл етті. Арыстан баптың өмірін ұзартты, – дейді.

Мұхамбет пайғамбар мұны естіп, қуанып қалды. Ол құрманы беріп тұрып:

– – Аузынды аш, Арыстан бап! Мына құрманы тіліңнің астында сақтағайсың. Таңсәріден тұрып, менің Ахмет атты үмбетімді іздеп сапар шегесің. Арып-ашып, жердің жүзін шарлайсың. Бармаған жерің, баспаған тауың қалмайды. Ақыры бір мекенге келіп жетерсің. Гүркілер мекендеген Сайрам шаһарына кез боларсың. Осы шаһарда үлкен бір медресе бар. Аманаттың иесі – осы медресенің шәкірті. Оның медресеге кірген ізі болса да, шыққан ізі болмайды. Аманатты өзі келіп, сенен сұрап алады. Оған Құдай сондай артықша қасиет берген, -- деді. Арыстан бап:

– Иә, Расул! Бұл аманатты аман-есен барып тапсырып, міндетіңізден құтылармын – дейді.

Арыстан бап ұзақ жыл сапар шегіп, Сайрам шаһарына ақыры жетіп жығылады. Ұзақ жолдан қажыған ол дем алмақ болып, ілім ордасының маңында ағып жатқан Сайрам суының жағасында сәл аялдады. Сол кезде медреседен жас бала шығып, бұған қарай аяңдады. Олгі бала Арыстан бапқа жете бере сәлемдеседі.

– Ассалаумағалейкум, Арыстан бап! (оғың болса, кешікпей тап! – деді. Арыстан бап та іздеген адамының осы екенін білу үшін:

– – Балам, есімің кім? -- деп сұрады.

– – Атымды қайтесіз, аманатымды беріңіз, ата?

– – Балам, атың Ахмет екен. Ішің тола хикмет екен. Аманатыңды ал, аузыңды аш! -- дегенде, төрт жүз жыл бойы сақтаған құрма ұшып барып, шәкірттің аузына кірді. Бала Ахмет құрманы жұтып жіберді. Сонда Арыстан бап:

– – Аманатыңды осынша жыл сақтағанда, еңбегімді елемегенің қалай? Маған сүйегі ғана қалыпты, – дейді.

– – Ата, онда жұрт, алдымен сізге түнесін, бізден тілесін, – деді.

Құл Қожа Ахмет Ясауиге «аманат құрманы» жеткізген Арыстан бап халық аузында оның ұстазы ретінде айтылады. Ел арасында «Арыстан бапқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз тараған. Арада бірнеше ғасыр өткен соң, Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауидің басына күмбезді кесене салмақ болады. Түркістанға келгеннен кейін бұл істі қолға алады. Бірақ кешке дейін қалаған дуал таңертең барса, бұзылып жатады. Оны құлатқан кім екенін білу үшін Әмір Гемірдің өзі түнде келіп қарауыл болады. Түннің бір ортасында үлкен өгіз келіп, дуалды сүзіп қиратады. Әмір Темір ойланып қалады. Оған түсінде Қожа Ахмет бабамыз аян беріп, былай дейді:

– – Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы. Сен, алдымен, соның басына кесене тұрғыз, – деді.

– – Мен оны қалай табамын? -- дегенде,

– – Мен өзім жол көрсетемін, -- деп жауап береді. Сонымен ол ерте тұрып, Отырарға бет алады. Арыстан бап жатқан жерді тауып, зәулім кесене салады. Осы кезден бері қалыптасқан зиярат тәртібі бойынша адамдар, алдымен, Арыстан бап кесенесінде түнейтін болған. Ертесіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Құдайдан тілектерін тілейді екен.

Мақал-мәтелдің шығу тарихы

Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бір күні шәкірттерімен сұхбат құрып отырып:

– – Мұхамбет пайғамбар миғражға көтерілген сапарында Алламен дидарласып, тілдескен екен. Сол кездесуде тоқсан тоғыз мың түрлі сөз айтылыпты. Оның отыз үш мыңы шариғат, отыз үш мыңы тариқат, отыз үш мыңы хақиқат екен. Мұнша көп сөз бір кітапқа сыймаған. Сол себепті де халық арасына кеңінен таралмапты. Сендер бүгін осы жерде әрқайсысың бір ауыз аталы сөзден айтыңдар. Мағынасы Құран аяты мен пайғамбар хадисімен үндесіп жатсын. Бұл асыл сөздер кейінгі ұрпаққа жәдігер болып қаларлық болсын. Сендердің сөздерің миғраждағы сұхбаттың көлеңкесі сияқты боп, жұрт аузында қалсын, – дейді. Шәкірттері олай болса ол сөздерді қалай етіп қалдырсақ дұрыс болар,

– – деп Әзірет Сұлтанның өзінен сұрайды.

Ясауи ұстаз:

– – «Мақал» деп айтылатын сөз болсын. Шаруа көшсе байиды, дәруіш кешсе

байиды. Уақытсыз ерден, бақытсыз ұрғашы артық, – дейді.
Сонда бір шәкірті:

– Ақылды ерден иман қашып құтылмас, – десе, және біреуі іліп әкетіп:

– Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар, – депті. Тағы біреуі

іркілместен:

– – Дінде жүріп дос ізде, дұшпан өзі-ақ табылады, -- дейді. Келесі отырғаны:

– – Ер азаматтың кеудесі жүкті болмаса әйелі әулие тумас, – дейді. Енді

бірі:

– – Азамат ердің ішіне ат басындай шер өсер, -- депті. Осылайша кезегімен

мынадай мақалдар айтылып кете барыпты:

– – Байқамаса жүрек те кірленеді, кірленсе қара тастай түрге енеді.

– Жігіттің де жігітін ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде

сайтан бар.

– – Ниет етсең, шөптен де жақсылық табасың.

– – Отбасы ала болса кереге басы сайын пәле болады.

– – Әулиеге екі дүние бір қадам.

– – Пәлегі таза қауынның түйнегі жақсы болар, жүрегі таза адамның түйгені

жақсы болар.

– – Қолы ашықтың жолы ашық.

– Аллаға сенген құстай ұшады, адамға сенген мұрттай ұшады.

– Елдің ынтымағын ойламаған адам, Алланы бір деп біле алмайды.

– – Қырықтың бірі Қыдыр, мыңның бірі уәли болар.

– Шұдырығы қаттыдан, жүрегі қатты жаман.

– – Астан кедей қылса да, бастан кедей қылмасын.

– – Күпірлік қылсаң, иығыңды зіл басар. Шүкірлік қылсаң, көкірегіннен жын

қашар.

– Ниеті тәуір жігіттің жүрісінде мін болмас, айтқанында зіл болмас,

көңілінде кір болмас.

– – Ер жігітке өлім барда қорлық жоқ.

– – Бидайдың кеудесін көтергені дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін

көтергені ақылының жоқтығы.

– – Адамды күншіл қылатын -- құштарлық пен іштарлық.

– – Жетектесе ұятың, жетегінде жүре бер.

– Ұғымы жоқтың – жұғымы жоқ.

– – Көкірегі көр болса, екі көзден пайда кем.

– – Жетесінде жоқ болса, айтқан сөзден пайда кем.

– Қарт болуға бала кезден дайындал.

– – "Жонын айналдырсаң жүні шығады, ішін айналдырсаң жыны шығады, әйтеуір айналдыра берсең, періштенің де міні шығады.

– – Есті білімін көтереді, надан көкірегін көтереді, ақымақ тұмсығын көтереді.

– – Адам кейде азаптан ғибрат алады, рақаттан зақымданады.

– – Шүкір қылған адамның, төрт жағы да -- құбыла, айналасы – шұғыла.

– – Ең алдымен нәпсі қуды жүгенде, содан кейін бар-жоғыңды түгенде.

– – Жүрегі таза болса адамның, періштеден айырмасы болмайды.

– Қарыздың ең ауыры да, ең үлкені де – уәде.

– – Опасызбен жолдас болма, дәміңді татып та кетеді, үйіңде жатып та кетеді, бәлеге шатып та кетеді, тар жерде сатып та кетеді.

– Қыз баланың қымбаты мен қимасы – ұяты мен ибасы.

– – Әдепсіз әйелдің қолында әдепті қыз өспейді.

– – Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол.

Олардың қызметін қылып жүрген біреуі, сөз таба алмай отырып қалыпты. Содан шәкірттер жиналып:

– – Егер жанымызда жүрген қуыс кеуде болатын болса, мұны ертіп не қыламыз? Қол-аяғын байлап суға тастайық, -- деп, оған жабыла кетеді. Сонда қорқып кеткен ол:

– – Ей, Алла терең батырып, көп қорқытады екен-ау. Өзің құтқар, -- деп шыңғырып жібереді. Құрдастары:

– – Болды босатайық. Бұл да бір ғибратты сөз айтты, – депті.

ШӘәкірттердің айтқан сөздері «мақал-мәтел» деп, Құран мен хадистің астарлы сыры айтылған жер кейін келе Сырдария аталыпты.

Ақман мен Қараманның хикаясы

Қожа Ахмет Ясауидің есімі ел аузында жиі аталып, атағы тарала бастайды. Оның беделінің күн санап күшейіп бара жатқанын көрген Ақман, Қараман атты қараниет бектер оны қалайда құртуды ойлайды. Бірде екі бек ханның өгізін ұрлап сояды да, етті Ясауидің қорасына жасырады. Өздері ханға келіп, арыз қылады:

– – Сіздің әулие деп жүрген адамыңыз ұры екен. Күндіз елді басына көшіріп «зікір» салады. Қараңғы болса жұрттың малын ұрлайды. Кешегі жоғалған көк өгізді де сол сойып алды. Сенбесеңіз үйін тексерейік. Жалған сопының тиісті жазасын берейік, – дейді.

Бектері қоймағасын, хан оларды ертіп Ясауи бабамыздың үйіне барыпты. Аттан түсер-түспестен Аққман мен Қараман қораға қарай жүгіріп, өздері жасырған өгіздің терісін тауып алады. «Ханға теріні мен көрсетемін, жоқ мен көрсетемін» деп өзара таласып-тармасып ханға жетеді. Хан абдырап қалады. Сол кезде Ясауи атамыз «Егер осы рас болса мені Құдай атсын, ал егер жапқандары жала болса, иә, Аллам, мына екеуін итке айналдыр, Аллаһу акбар!» деп бетін сипайды. Сол заматта екі бек теріні тістелеп, ырылдасып жатқан екі итке айналады.

Мына сұмдықты көрген ел үркіп қаша жөнеледі. Хан екі итке қарап тұрып:

– – Әулиені сөккенің Құдайды сөккенмен бірдей. Жала жабамын деп жаза таптыңдар. Обалдарың өздеріңе, -- дейді.

Хан Ясауи бабамыздан кешірім сұрап, кері қайтыпты.

Әзірет Сұлтанның қылуеті

Қожа Ахмет Ясауи бабамыз 63 жасқа келген сон, «Пайғамбар жасына келдім, енді қалған ғұмырымды құлшылықпен өткізейін» деп қылуетке түседі. Мұны естіген жұрт: «Өзін-өзі сонша тар жерде қамап, не көрінгенд» – деп сынайды. Ұстазының өсек-аяңға қалғанына намыстанған Мансұр есімді бір шәкірті қылуетке барып, Ясауи бабамызға:

– – Ұстаз, адам бойы әрең сиятын қылуетке кіріптар болып, өзіңізді неге қинайсыз, кең дүние жетпеді ме? – дейді.

Сонда Ясауи бабамыз оны қылуетке кіргізеді. Мансұр қылуетке кіріп еді, тар бөлме шексіз кең, жарық әлемге айналып шыға келді. Шәкірт таң қалып:

– – Ұстаз-ау, сіз отырған жер дүниеден кең ғой, – деп таң қалды.

– Құдайдың кереметінде шек бар ма Көкірегі кең адамға көр іші де кең болар, пейілі тар кісі үшін кең сарай тар қапасқа айналар, – депті.

Жыр арқауы - Ясауи

Қазақ халқында бағзы заманнан Қожа Ахмет Ясауиге деген құрмет қалыптасқан. Ол жайында аңыз-әпсаналар, толғаулар мен дастандар кеңінен таралған. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің бастауы Қожа Ахмет Ясауидің даналық ілімінде жатыр. Оның өмір жолымен, мұраларымен танысудың, ол туралы өнегелі жырларды оқудың жас ұрпаққа беретін пайдасы мол болмақ. Себебі біздің ата-бабаларымыз жас кезінде Озірет Сұлтан мұраларын жадына сіңіріп өскен, сол арқылы білім мен ғылымға қызығып, адамгершілік, арлылық, мейірімділік қасиеттерін игерген. Қазақтың әр аймағынан шыққан ақын-жыраулардың Ясауи баба жайлы ғибратты өлеңдер шығарып, халыққа таратуы осыны дәлелдейді. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз жөнінде қазақтың жыр-толғауларында келетін төмендегі шумақтарды балаға жаттатуға кеңес береміз.

...Бақытына қарай халықтың
Ұлығы мұндай пір шыққан
Атамыз Адай ұраннан.
Әзірет-ишан Обдінің

Мирсалық деген пірі екен.
Қожа Ахмет Ясауи
Пірден пірге төре екен.
Силсаласы жалғасқан

Отыз үш ата жер екен.
Шежіресін көз көрді –
Кімдер жалған дер екен?!
Қардерлерді демеген,

ЭЗарыққанды жебеген,
«Құр емес, – дейді, – зайырдан”».
Дәріс айтқан ұстазы
Үргеніште Бақыржан.

Ұстанған үлгі жолы бар
Құл Қожа Ахмет тақсырдан.
Алласы қалап әуелде
Уәлилерге бас қылған.

Миғражда нұрын көргесін,
Хақ Расулі паш қылған.
Арыстан баптай досына
Аманат-құрма тапсырған.

Солардың үлгі жолымен
Бекетім шықты дін түзеп,

Көкірек көзін аштырған”.

33 Жылқышыұлы Ж. Жыр-дария. Маңғыстау ақын-жыраулары. // Ұзақбай Қазжанұлы . Әнестен бергі тарихтан. – Ақтау, 1995.

3 «Кердерінің ахун қызы Ағибаштың Ақтанға жұмбағы» // Үш қиян. Х931 (439)
06.08.2009.
Пәруар пірдің басшысы
Қожа Ахмет Ясауи

Түркістанда бұ да өткен
Туына жұртын түнеткен,
Кереметін асырып,
Жеті өлікті тірілтіп,

Мұсылманға қайыр-дұға еткен”,
Қожа Ахмет Ясауи
Силсаласы силсалам.
Атын білген бар ғалам.

Хилафлық” қылып ол затқа,
Сөз айтпайды бір кәләм.
Іздеп тауып Арслан бап,
«Бері кел» – деді, – «Ей, балам»,

Шақырып алып баланың,
Нышанасын көріпті,
Аманатын Расулдың
Аузынан алып беріпті.

Атасының артынан
Жан баба деп еріпті.
Қожа Ахметтің сол уақытта,
Жетіге жасы жетіпті.

Арманым жоқ деп бабасы
Дүниеден сапар етіпті.
Көмектесіп періште
Лахадқа мадфун” етіпті.

Пайғамбарлар, уәлилер,
Біреуі қалмай өтіпті.
Айла таппай ажалға,
Өнерлілер кетіпті:2,

35 Жанғабылұлы С. Аманат: Өлең-толғаулар, жыр-дастандар. – Алматы: Ер-Дәулет, 1996. % Қарсылық.

37 Кебіндеп жерлеу. 3% Балқыбайұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Құрастырған Қ. Игісін. – Алматы: Алаш, 2005.

Бақса Қағба көрінген,
Басса жерлер түрілген
Құл Қожахмет Ясауи
Ладун” ғылымы берілген

Шапағат бер Сәлалла!
Қайғылы көзден шығар жас,
Не көрмейді ғазиз бас.
Жәрдем бергей жар болып,

Бабай түкті шашты Озиз
Қырда -- Қызыр, ойда -- Ілияс!!!
Шапағат бер Сәлалла!!%
Тірегі мұсылманның ажам, араб,

Мұхамбет пайғамбардан шыққан тарап.
Қожа Ахмет Ясауи Түркістанда
Кіші Мекке атанған алтын дарақ.
Алланың арыстаны Ер Ғалидың,

Мұхамбет Ханафиясынан өскен тарап"!.

“хх

Қожа Ахмет, Арыстан бап,
Түркістанда тұрағы.
Әлемге кеткен атағы,

Дін исламның шырағы.

39 Алладан адамға тікелей берілген ілім түрі. % Сатыбалдыұлы Ф. Шерлі жылдар, шерулі жырлар: Өлеңдер мен поэмалар. – Қостанай: Баспа үйі, 2004. 41 Ибрашұлы С. Сайыпназар ахун. Осы мақалада: Палман ақын // Анатілі. 1992. 5 қараша. 42 Ибрашұлы С. Сайыпназар ахун. Осы мақалада: Бұдабай Қабылұлы // Ана тілі. 1992. 5 қараша.

Түркістанмен табысу немесе Әзірет Сұлтан рухымен тілдесу
Тыңда мені,
Төрт қақпалы Түркістан!
Қос қақпалы Қожа Ахмет!

Алты ғасыр арбауына шыдаған,
Төрт бұрышын көк перісі сұраған,
Қабырғасын Қызыр-Баба сылаған
Қасиетті Көк Күмбез,

Тұрсың ба,
Уа, дін-аман!
Алыстан Хақ дем берген,
Арыстан Баб тең көрген,

Аса пірлер жол берген,
Мүсәпірге қол берген,
Халайықты меңгерген,
Машайықты жөн көрген,

Шәрбат ішкен әздермен,
Шарап ішкен Шілтенмен
Әзіреті Сұлтан ҚОЖА АХМЕТ,
Құзырыңа келген -- мен...

Әзелден-ақ дара отау
Алпыс мың бар бұлағы,
Ақ тасы бар қыналы,
Пәк тәніңнің тұрағы,

Оз жаныңның шырағы --
Әуеніңе Қаратау
Төңкеріліп тұрады.
Уа, дүр текті

Асыл жан,
Тәуап еттім жасымнан,
Санама ектім сыр түюлі тасыңнан.
Дәруіштей дәргейіне бас ұрған,

Хақ дидарын көрердеймін жасырған,
Алдым босап арқаннан,
Көшім босап көгеннен,
Құлыптаулы қырық қақпам ашылған.

Маңдай алды қас бетіңе жел өпкен
Түзік қатар салған мырза теректен
Уілдеген үн естимін ерек мен.
ШЖанын жыққан Биігіне қалаған,

Шырқау асып шығып кеткен
Санадан
Үкі құс боп жеткен сен бе дана жан?!.
Бауырына Бұхараны балаған,

Серігіне Самарқанды санаған
Сендей кентті таба алам ба даладан –
Асық еткен жеріме гүл
ЖаҺанды,

Нәсіп еткен төріме Алла Тағалам!
Уа, тыңда,
Бай өлке ұлыс -- байтағым!
ШЖатсынып жоқ қайтарым,

Сақсынып бар айтарым:
Қаншама жыл ғаріп болып саф ділге,
Арып-талып жеткен кезде ақ күнге,
Қарсы қойып қауымынды хақ дінге,

Ұрпағымды ұйытпасын жат кірме.
Далам үшін жолын кесіп
Тауымның,
Күлше салман керсеніне кәуірдің.

Тілің менен жырың және діліңе
Қоса тұт деп түзу дінін Тәңірдің,
Төрт тараптан түгел қостым түркі ұлын
"Тоғысында ғасырлар мен дәуірдің.

Беу, тыңдағын,
Төрт қақпалы Түркістан!
Қос қақпалы Қожа Ахмет!
Салғаным -- зікір,

Айтқаным -- шүкір,
Ойлағаным – пікір,
Қорыққаным -- күпір болсын,
Қолда өзің Хазірет!

Ақтың құлын тәлім ет!
Хақтың нұрын жаныма ек!
Бұрдым жүзімді,
Өптім ізіңді,

Озиз жолыңды тұттым,
Ғибадат орныңды құштым,
Миуалы бағыңа шықтым,
Мүбәрак қолыңды қыстым,

Қабыл ет!..

Төреғали Гәшен

Мифтер мен аңыздар

Көне заманнан бері өркениетті елдерде дүниетанымның негізгі екі түрі қалыптасқан. Ежелгі гректер оны «миф» және «логос» деп атаған. Олардың екеуі де маңызды қызмет атқарып, бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл дүниетанымның екеуі де өз орнымен қолданылған. Логос («сана, ақыл») – табиғатты игеруге көмектесетін рационалды-прагматикалық ойлау түрі. Мәселен, үй салып, қоғам құрып, тұрмыстық тіршілікті реттегенде немесе тағы басқа дүние істерін жасағанда біз міндетті түрде логосқа сүйенеміз. Логос ескірген көзқарастарды дамытып, жаңартуға қабілетті. Ол практикалық тұрғыда көп қолданысқа түседі. Логос өткен заманға емес, болашаққа назар салады. Миф керісінше, келешекке емес, өткенге назар аудартады. Күннің негізі -- тозақ оты екен. Алла тағала оны жаратқан соң, күнге аспанға шық деп бұйырады. Күн Құдайға уәж айтып:

– – Егер аспанға шығатын болсам, қараңғы халық жаратушы Құдай деп маған табынып, тура жолдан адасады. Маған құрбандық шалып, жалынып жалбарынатын болады. Сондықтан, бұл әміріңді орындай алмаймын, – дейді. Алла тағала Күнге қаһарланып:

– Ой, Күн, мен бәрін білуші ұлық Алла емеспін бе? Мақұлықтарым сені тәнір деп танымас үшін түнді де қоса жараттым, – дейді де, періштелерге қарап, «Күнді аспанға күштеп шығарыңдар» деп әмір етеді.

Үш жүз алпыс бес періште Күнді темір шынжырмен байлап, аспанға сүйреп шығарады. Күн періштелердің еріксіз жұлқылағанына ашуланып, қызарып кетеді. Күннің шығыстан қызарып шығуы содан екен. Күн аспанда жарқырап шыққанда, өзінің тіршілік атаулыға нәр беріп тұрғанына масаттанып, көкжиекке батуды ұмытып кетеді екен. Сол кезде періштелер оны қайтадан шынжырмен тартып түсіреді. Күн бұлқан-талқан болып, қызарыпбөртіп барып батады екен.

Бөдененің құйрығы неге қысқа?

Ертеде бір асқар таудан ешбір құс асып өте алмапты. Қыран құстың барлығы талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті. Бүркіттің де меселі қайтыпты. Ең соңында:

– – Енді кім қалды? -- дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдене бағын сынамақ болып:

– – Тәуекел ет те, тас жұт, ажал келмей өлім жоқ! -- деп ұша жөнеледі. Ол да аса алмайды. Ызаланған бөдене құлдилап келіп, тауды көкірегімен соққанда тесіп өтіп, арғы беттен бір-ақ шығады.

Содан бері бөдене көкірегін жерге соғып қонады екен. Тауды тесіп өткенде құйрығы қысылып, қалып қойыпты. Оған дейін бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болған екен деседі.

Құс жолы қалай пайда болған?

Құдай тағала он сегіз мың ғаламды жаратты. Оның алты мыңын хайуанат, алты мыңын өсімдік, қалған алты мыңын тау-тас, топырақ түрлері құрады. Тәңірі тағала аң-құс, жан-жануар, жәндік атаулыны жаратып, олар тіршілігін бастады. Құстар аспанда самғап, Құдай берген қос қанатының арқасында нәпақасын айырды. Кей құстар күз келгенде, туған жерін тастап, жылы жаққа ұшып кететін. Олар жолда неше түрлі азап-бейнетті бастан кешетін. Көбісі жолдан адасып, аштыққа, суыққа ұшырап өлді. Енді біреулері жол торыған мергендердің оңай олжасына айналды. Сөйтіп бірде құстар Алла тағалаға арыз айтты:

– Иә, Алла, жаратып жан бергеніңе шүкіршілік. Бірақ көк жүзінде қауіпқатер жоқ па десек, біздің жағдайымыз жердегілерден де қиындап барады. Шылы мекенге ұшқан қанша бауырларымыз жолдан жаңылып, қырылып қалды. Кейбіреулері аңшы мылтығының қарауылына ілікті. Сабымыз селдіреп, азып-тозып, азайып барамыз. Бізге де жердегі жол сияқты көктен жол жасап берсең, -- деді. Құдай:

– Болсын тілектерің. Сендер де адам сияқты жолмен қатынап, қалаған мекендеріңе барып-келіп жүріңдер, – деді. Сөйтіп көк аспанда шығыстан батысқа қарай шұбалып жатқан Құс жолын жасады. Осылайша құстар Құс жолы арқылы жылы жаққа адаспай, ұшып барып-қайтатын болыпты.

Мифтің мақсаты – өмірдегі ең
құнды, ең киелі, ең қасиетті идея-
ларды ұмыттырмай, ұдайы еске
салып отыру. Миф адамдарды

әманда әр нәрсенің түпкі негізі мен
бастауына үнңілдіреді. .Лоғос болмаса
да адам өмірі тұйыққа тіреледі.
Бірақ оның да кемшін тұстары жоқ

емес.

Логос адамның жан-дүниесін жұбатуға немесе өмірден терең мән табуға дәрменсіз. Мұндай жағдайда адам жаны мифке мұқтаж. Егер адамдар лоғостың (ақылдың) орнына мифті не болмаса, керісінше мифтің орнына лоғосты қолданатын болса, қоғамдық өмір қарама-

қайшылыққа ұрынады.

Көкек

Алла барлық құстарға:

– – Бір күн рұқсат берем. Өздеріңе ыңғайлы қоныс тауып алыңдар. Сол жерге ұя салып, тіршілік етіңдер, -- деп әмір берді. Бүркіт асқар тауды ұнатып, қияға ұя салды. Қызғыш судың ішіне жайғасты. Шағала теңізді, үйрек көлді, бозторғай жазық даланы ұнатты. Қарлығаш Ыбырайым пайғамбардың шарапатынан адамның шаңырағынан жай алды. Ымырт үйірілгенше, құстар өздеріне ұя таңдап, жайғасып үлгерді. Көкек қана сайды еңіс, тауды биік, суды суық деп кірпиязданып жүріп алды. Алланың үкімі екеу болмайды. Кесімді мерзім жетеді. Ұлық Аллла құстардың таңдаған қоныстарын өздеріне жайлы мекен етіп берді. Кірпияз көкек ұясыз қалады. Өліге дейін өзіне тиесілі ұя-жайы жоқ екен. Содан бастап жұмыртқасын басқа құстың ұясына салуға

мәжбүр екен.

Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?

Ертеде жылқы:

– – Иә, Алла мені ең сұлу жануар дейді. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да сұлу етіп жасап берсең! -- деп Аллаға арыз айтады.

– Не керек? – дейді Алла.

– – Сирақтарым бұдан да ұзындау және сидандау болса, шашасына шаң жұқпайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, бұдан да асқан көрікті болар едім. Гөсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар едім. Жотамда алынбайтын мәңгі ер болса. Себебі адамды алып жүремін, – депті.

– – Болсын! -- дегенде жерге «дүңк» етіп түйе түседі. Арбиған түйені көргенде жылқы «селк» ете қалады.

– – Ұзын да сидаң аяқ, аққу мойын, жалпақ кеуде, арқасында ері бар жануар осы болар. Осындай болғың келе ме? – дейді Алла тағала.

– Жоқ-жоқ... – дейді жылқы тілі күрмеліп.

– – Ендеше Мен жаратқан мүсініңе риза бол, -- дейді Алла.

Содан бері жылқы малы түйені көрсе, денесі «дір» ете қалады екен.

Қарағай мен сексеуіл

Ұлық Алла ағаш-талдарға қоныс алуға ерік берді. Қарағай мен сексеуіл ойпатты, жасыл алқапқа жайғасты. Бірақ бір-бірімен бақталас болып сыйыспайды. «Орі тұр, бері тұрмен» күн өткізіп, бір-бірімен сойылдасады. Сексеуіл сабақтарын сілкіп, қарағайға майда инелерін атып, шаншиды. Қарағай қалың бұтағымен сексеуілді сабалайды. Бақталастықты жек көретін Құдай оларға қаһарын төгіп, сел қаптатыпты. Селден қашып қарағай тауды, сексеуіл шөлді паналайды. Құнарлы, ойпатты жерлерге тату-тәтті ғұмыр кешетін көркем мінезді ағаштарды жайғастырды. Қарағайдың діңгегі мен бұтағындағы қылтанақ тікенектер бір заманда сексеуіл қадаған ұсақ инелер екен. Қарағайдың ауыр соққысынан сексеуілдің тұла бойы кедір-бұдыр боп қалыпты.

Біздің заманда көп адам мифтен
қашып, барынша тылыми логоспен
өмір сүруге бейіл. Миф ұғымы
қазіргі адам санасында «жалған»,

«далбаса», «долбар» деген мағынада қалыптасып кетті. Ежелгі
адамдар мифті иллюзия немесе
фантазия деп қабылдаған емес.

Миф пен лоғостың дүние тану тәсілі екі түрлі болғанмен, екеуі де әлемді шығармашылық тұрғыда тануға көмектесті. Әрине, миф негізінен Құдай, пайғамбар, киелілік, жаратылыс туралы баяндаған. Бірақ аңыз-әпсаналардың өзегінде адам жанының тылсым және нәзік иірімдері көрініс табады. .Лоғос жан құпиясындағы осы құбылысты жеткілікті дәрежеде бере алмайды. Ғалымдардың психология бастауын мифтен іздеді де тегін емес. Мифтер қаһарманның диюлармен, мыстандармен айқасып, аң-құстармен тілдесуін баяндағанда, нақты тарихи мәлімет беруді мақсат тұтпайды. Миф адамның жан-дүниесін тебірентіп, көңіл қатпарындағы нәзік құпия сезімдерді оятады. Бағзы заманның адамдары өзінің бойындағы кемшіліктермен миф арқылы күрескен. Тағы да қайталап ескертеміз: тарихи оқиғаны дәлме-дәл баяндау

– мифтің міндетіне кірмейді: Мифтік оқиғалар – белгілі бір дәрежеде, белгісіз кезенде болды деп саналатын және адам өмірінін астарлы қатпарында тұрақты қайталанып тұратын құпия құбылыс.

Сиырдың бүйрегі

Ұлық Алла барлық жан-жануарларды жаратып, оларға бүйрек үлестіріпті. Жайбасар сиыр кешігіп, соңынан келеді. Келсе бүйрек қалмапты. Сиыр:

– – Бүйрексіз қайтіп күн көремін! -- деп, өкіріп жылайды. Сиырдың көз жасын көрген басқа жануарлар оған жаны ашып, қарап тұрады. Сиыр:

– – Бүйректерің бар ғой, бөліссендерші, -- депті. Оған жаны ашыған жылқы, түйе, қой т.б. жануарлар сиырға өз бүйректерінен аз-аздан бөліп береді. Сиырдың бүйрегі сондықтан да бұжыр-бұжыр, біркелкі емес. Сиырдың қилықилы мінездері осы қырық құрау бүйрегіне байланысты екен.

Коянның жаралуы

Ұлық Алла қоянды ерекше хикметпен ең соңынан жаратыпты. Оның он екі мүшесін қоянға дейін жаралған жан-жануарлардан алады. Ернін түйеден, құлағын есектен, құйрығын ешкіден, аяғын иттен, әйтеуір, әр жануардан әр мүшесін құрапты. Ал, жүрегі мен бауырына келгенде, Ұлық Алла қоянға «Жүрек пен бауырды басқалардан өзің сұрап ал» депті. Қоян қанша жалынса да, ешкім оған жүрегі пен бауырын бергісі келмепті. Ұлық Алла қоянның қиналғанын көріп, оның жүрегін судан, бауырын тастан жаратады. Жүрегі судан жаралғасын, қоян сужүрек, қорқақ болыпты. Қыл аяғы өзінің көлеңкесінен де қорқып, өмірі қашумен өтеді екен. Бауыры тастан болғасын, көжектеріне мейірімсіз, тасбауыр болыпты. Содан бастап, қоян көжектеген соң, басқа жануарлардай баласын асырамайды. Үш күннен соң, «қанжығада көрісейік» деп, тастап кетеді екен. Әдетте, туысына жаны ашымайтын адамды «тасбауыр», қорқақ адамды «қоян жүрек» деп атайтыны осы оқиғаға орай шығыпты.

Түйенің жаратылуы

Ертеректе көшпенді халық:

– Иә, Алла, малдың бәрі жақсы. Бірақ енді жүгімізді көтеретін, алысқа сапар шеккенде шөлге шыдамды мал жаратып берсең, – деп өтініпті.

– – Ұлық Алла жануар біткеннің дене мүшелерінен құрастырып, оларға түйені жаратады. Сол себепті түйенің құлағы -- тышқан құлақ, бақайы -- сиыр бақай, тірсегі -- барыс тірсек, ерні – қоян ерін, шөккені – үлудікі, көзі -- жылан көз, төбесі -- жылқы төбе, тісі -- қойдікі, жүні -- мешіндікі, мойны – аққу мойын, табаны – ит табан, құйрығы -- доңыздікі екен.

«Түйе жылға енген он екі хайуаннан мүше алған» деген сөз содан қалыпты. Мифке «толығымен илану» аздық етеді. Миф – ең әуелі адам өмірінің бағдарламасы іспеттес. Ол адам жүрегіне рухани жігер мен серпін береді. Бірақ мифті өз өміріне «ақиқатың арқауы» етіп алуалмау әр адамның еркі боп қала береді. Кез келген мифтің шынайылығы мен құндылығы өмір сүру барысында ғана анықталады. Мәселен, жаужүрек батырлар туралы аңыз, ертегілер барлық мәдени дәстүрде бірдей мазмұнда баяндалады. Олар адамның ерлік істерге деген ынтасын арттырады. Кейінгі ұрпаққа өнеге ету үшін Будда, Ғайса, Мұхамбет сияқты ұлы тұлғалардың өмірі мен істерін аңыз, ертегілерде баяндайды. Мағыналы аңыздар бізге даналықпен өмір сүруді және өлім сырын түсінуді үйретеді. Біз аңыз, ертегілерді тындаудан қашқан сайын, олар бізге шындыққа жанаспайтын қиял сияқты көріне береді.

Иттің пайда болуы

Ұлық Алла адамның тәнін топырақтан жаратарда, Озірейілді жұмсап:

– – Жердің бетінен әртүрлі топырақ әкел, -- дейді. Періште ұшып жүріп, жер бетінен топырақ таңдайды. Ол тән балшығын әртүрлі топырақтан таңдапты.

Құдай балшықты күнге кептіріп, оған жан енгізіпті. Адам орнынан тұрып, өмір тірлігін бастапты. Жасаған балшықтан илеп, адам мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратқан екен. Иттің үнемі адамнан айрылмай, қайда барса да, иесінің мал-мүлкін қорып, адамға серік болып жүретін себебі сол екен.

Қас пен кірпік

Адамда қас пен кірпік болмапты. Маңдайдан тер аққанда көздің ішіне кіріп, удай ашытыпты. Шаң-тозаң да көзге тез кіреді екен. Көз бір күні Құдайға арыз қылып:

– Иә, Алла, мен қиналдым. Шаң мен теріден сақтайтын қорған бер, – дейді. Мейірімді Алла дұғаны қабыл етіп, көздің төбесіне қасты, айналасына кірпікті қадапты.

Осыдан бастан аққан тер қасқа тіреліп, көзді айналып ағатын болыпты. Кірпіктер көзді шаң-тозаңнан қорғапты. Екеуі де көздің ажарын кіргізеді.

Адамның жаралуы

Алла тағала Адамның тәнін топырақтан жасап болған соң, оның үстіне қырық жыл қайғы нөсерін, бір-ақ жыл қуаныш жаңбырын жаудырыпты. Адамзаттың қайғы-қасіреті көбірек болатыны содан екен. Құдай тағала өзінің құдіретімен Адамның басын қайыр-ихсанның топырағынан жасады. Ал мүбәрәк жүздерін жәннаттың топырағынан кейіптеді. Тістерін гауһардың топырағынан бәдіздеді. Он қолын Қағбаның топырағынан, ал сол қолын Ол-Ақсаның топырағынан бедерледі. Аяғын Үндістанның, ал әуретті жерін Бабыл шаһарының топырағынан, көкірегі кең болсын деп, кеудесін Гұранның даласынан жаратты. Арқасын сахараның құмынан иледі. Қыраттардың топырағы табан болды. Сондықтан адамның табаны қатты, төзімді екен. Бойындағы ыстық қанын таулардың топырағынан алды. Кәусар бұлағының балшығы көзге айналды. Тәңірі тағала асқан шеберлікпен жансыз мүсінді көркіне көз тоймас жан иесіне айналдырған соң, әртүрлі жақсы қасиеттерді оның бойына дарытады. Ақылды басқа орналастырды. Иба-әдеп, ар-ұятты жүзіне жасырды. Тағдыр-қияметті маңдайына жазды. Қос иығына «кироман-катибин» деп аталатын екі періштені қондырды. Мұрнына ырзық-жәннатті үрледі. Құлағына азан-қауметті оқыды. Аузына кәләм-шаһадатты салды. Екі қолға қайыр-сахауат барып жайғасты. Ізет пен құрмет тізеден орын алды. Гәттілік сезім тіліне ұялады. Кемер-қуатын беліне жасырды. Нәпсісіне сабыр-қанағатты жолдас қылды. Мейрімі-шапағатты рухына сіңірді. Иман пен әдет көңілден жай алды. Аяғана жол-шариғатты көрсетті.

Содан кейін Тәңірі тағала адам рухына:

– – Адамның денесіне кір! -- деп әмір берді. Рух ішінде бір сәуле қараңғы жайға беттегісі келмеді. Тіксініп, біраз уақыт балшық тәнге жоламады. Ұлық Алла адамның басына Мұхамбет пайғамбардың нұрын орнатты. Самасаған сансыз періште сан түрлі әуезге салып, құйқылжытып зікір-салауат айта бастады. Бух пайғамбардың нұрына ғашық болып, әрі әдемі әуезге елітіп, балшық тәнге енді. Денесіне жан кіргеннен кейін Адам ата түшкіріп қалды. Рух:

– – Әлхамділлә! – деді. Онысы Құдайға сансыз мадақ болсын дегені екен. Алла оған:

– – Жәрекімалла! -- деді. Мағынасы саған Алланың рақымы болсын деген екен. Сондықтан, адам түшкіріп қалса, өзі «ОӘлхамділлә» деп айту сүндет болды. Ал, түшкіргенге «ФКәрекімалла» деу осыдан қалыпты.

Адамда өндіршек бұғанасының пайда болуы

Адамды балшықтан жаратқан сон, Ұлық Алла:

– – Менің орынбасарымды көрсін! -- деп бар мақұлықтар мен періштелерге, жын-шайтандарға әмір береді. Бүкіл тіршілік иесі кезекпен келіп, адамды тамашалайды. Кезек сиырға келгенде оның құйрығынан Ібіліс білдірмей тартып қалады. Сиыр үркіп кетіп, басын сілкігенде екі мүйізі адамның кеудесіне тиіп, терісін жырып жібереді. Осы соққыдан адамның екі өндіршек бұғанасы пайда болыпты.

Адамның кіндігінен жаралып, оны күзетіп тұрған ит сиырға тап беріп, қуа жөнеледі. Иттің сиырды көрсе қуа жөнелетіні әлімсақтан басталған екен.

Жаратқанның итке жылы тон беруі

Құдай адамның кіндігінен итті жаратады. Ит әлімсақтан адамның серігіне айналады. Иіт адамның кіндік балшығынан жаралған соң, терісі түксіз, жалаңаш болыпты.

біліс:

– – Алла сені несіне жаратқан, түрің құрысын, -- деп, адамның бетіне түкіріп жібереді. Сол сәтте ит адамды қорғап, Ібіліске тап береді. Ібіліс итке ашуланып, қаһарын төгеді. Ібілістің қаһары асып түсіп, ит тоңып өледі.

Алла тағала иттің ерлігіне риза болып, оны қайта тірілтіп, денесін жүні қалың терімен қаптайды. Адамның шаңырағынан мекен береді. Ал, Ібіліс адам бетіне түкіргендіктен, адам әртүрлі кеселге шалдығатын болыпты.

Темекі мен насыбайдың пайда болуы

Алла Адамды топырақтан жаратты. Періштелер адамға сәжде етті. Ібіліс иілмеді. Алла:

– – Ей, Ібіліс! Неге адамға тағзым етпедің? -- деді. Сонда Ібіліс:

– Мен оттан, ол топырақтан жаралды. Одан артықпын, -- деді. Алла қаһарланып, Ібіліске лағнет қамытын кигізді. Алланың қаһары жауғанда Ібіліс қорыққаннан зәрін жіберіп қойды. Айнала ластанды. Алла періштелерге:

– – Мына малғұнның зәрін жерге шашыңдар. Кімде-кім хақтан тайып, Ібілістің жолын ұстанса, оның жейтін тамағы осы зәрден болсын, – деді. Періштелер оның зәрін жерге шашып жібереді. Оның зәрі тиген жерлерден темекі, насыбай, көкнәр өсіп шығыпты.

Шаштың пайда болуы

Шұмақта Адам ата мен Хауа ананы шайтан азғырып, бидай жеп қояды. Олар пейіштің тамағын жеп, таза жүріп тұратын. Жеген бидай асқазанда қорытылып, алғаш рет нәжіс пайда болды. Жұмақ былғанды. Шошып кеткен екеуі сасқандарынан нәжісті қолтығына тығады. Қолтығынан алып, шабына жасырады. Болмаған соң, тақиясына салып, басына киіп алады. Бірақ лас зат иістенеді. Нәжіс тиген жердің бәріне шаш өседі. Сондықтан қолтық, шаптағы қылды, басқа өскен шашты қысқарту уәжіп болыпты. Әйелдердің шашына орамал тағуы осыдан қалған екен.

Жиде ағашы

Адам ата мен Хауа ана пейішті былғап, кінәлі болды. Алла тағала қаһарланып, оларды пейіштен қуады. Періштелерге:

– – Жәннаттың киімдерін шешіп алып, екеуін жерге тастаңдар! – деп бұйырады. Бұл сөзді естіп, екеуі қашады. Періштелер әдеп сақтап, оларды ұстап алуға батпайды. Сол кезде жиде ағашы бұтағымен Адам атаны бас салады. Қарсыласқанына қарамай, бар киімін сыпырады. (биде ағашының өрескел әрекетіне періштелер тосылып қалады. Ағаш:

– Алланың әмірі бәрінен де жоғары, -- дейді. Осы сәт Алладан әуез келеді:

– – Ей, жиде, Менің әмірімді орындағаның жақсы. Бірақ, менің орынбасарыма қаталдық көрсеттің. Мұншалықты дөрекі болмасаң етті. Осы үшін сен де жазаға лайықсың. Бұдан былай жерде өсесің. Адам баласы сені арнайы екпейді. Судан жырақта өнесің. Денеңді тікен қаптап, ағашың қатты болады, – деді.

Содан бері жиде судан жырақтан мекен алыпты. Адамдар оны арнайы екпейді екен.

Інжір жемісінің қасиеттері

Адам ата мен Хауа ана бидайды жеп, күнәлі болғанда, үстеріндегі жәннаттың жібек киімдерінен айрылады. Екеуі әуретті жерлерін қолдарымен жауып, барлық ағаштан лыпа боларлық жапырақ сұрады. Ешқайсысы жапырақ бермеді. Оларға жаны ашыған інжір ағашы бес жапырақ береді. Екеуі інжірдің жапырағымен ұятты жерлеріне жауып, інжірге рахмет айтты. Сонда ұлық Алла:

– – Ой, інжір! Менің орынбасарымды құрметтеп, жапырақ бердің. Оларға мейірім көрсетіп, мәрттік таныттың. Сол үшін Мен де саған құт-береке һәм кие дарытам. Адам ұрпағының ризығы боласың. Кімде-кім ауырса, сенің жемісіңді жеп, шипа тапсын. Нәрлі сөліңді ішіп рақаттансын. Сенен басқа жемісжидектердің біреуінің іші, ал біреуінің сырты ғана жеуге жарамды болады. Сенің ішің де, сыртқы қабығын да адамға азық болсын, – деді.

Содан бері інжір ағашы адам сүйсініп жейтін құнарлы жеміске айналды. Адам ата мен Хауа ана жер бетінде киім тігуді үйренгеннен кейін үстеріндегі бес жапырақ қурап түсіп қалды. Оның біреуін киік жеп еді, мүйізіне жұпар ніс бітті. Біреуінен әнбар деген өсімдік өсіп шықты. Адамдар оны да пайдаға жаратып, тамағына дәмдеуіш ретінде қосатын болды. Біреуін ара жеп еді, бал шығаратын болды. Тағы бірін жібек құрты жеп, одан жібек жібі өнетін болды. Адам ата егін егіп жатқан кезде, бір жапырақ ұшып келіп, оның алдына түсті. Адам қолына алып қарап, оның інжірдің жапырағы екенін таныды.

– Шабыққанда сыйым болып, тарыққанда киім болып едің. Енді сені менің ұрпақтарым да иініне іліп жүрсін, -- деп, жерге екті. Одан мақта өсіп шықты. Содан бастап адам ұрпағы мақта егіп, одан жіп иіріп, киім тоқып киюді үйренген екен.

Әннің пайда болуы

Ұлық Алла Адам атаның топырағын қырық жыл илеп, әбден пісіреді. Иі қанып, саз балшық бабына келген сон, одан адам тәнін мүсіндеп тұрғызады. Енді оған жан салу керек. /баббар Хақ бұл істі Жебірейіл періштеге тапсырады. Жебірейіл Рухты жетектеп, балшық денеге жақындайды. ?БҺаны жоқ қорқынышты денені көргенде Рухтың зәресі ұшады. Містеніп, ішкі сарайы қап-қараңғы боп тұрған балшық тәннің ішіне кіру – ол үшін тар қапасқа қамалғанмен бірдей боп көрінеді. Ол Жебірейілге бой бермей, тәнге кірмей табандап тұрып алады. Бух Тәңірдің ерекше сыйпаты һәм сыйы болғандықтан, /Жебірейіл оны жұлқа тартып, денеге күштеп кіргізуге батпайды. Сосын, қасында самсап тұрған қисапсыз періштелерге қарап «бәрің Аллаға зікір айтып, ән салыңдар» деп әмір етеді. Сол кезде миллиардтаған періштелер миға симайтын үйлесіммен құйқылжытып сайрай жөнелді. Таңғажайып ән мен саздың сиқырлы әуені, қасарып тұрған нұрлы Рухты балқытып жіберді. Сазға елтіген Рух мас болып, есінен танып қалды. /Жебірейіл осы сәтте еппен қимылдап, оны тәннің ішіне жайғастырып үлгерді. Осылайша рух денеге дарып, дүниеге Адам ата келеді. Ұлық Алла оны пейішке кіргізіп, барлық нығметті үйіп-төгеді. Ол қалаған уақытында күй тыңдап, рахатқа бөленетін. Періштелерге қосылып, ән салып, зікір айтатын. Күндердің күні болғанда, малғұн Ібіліс оны орға апарып жығады. Ібіліс оларды азғырып, Ұлық Алланың «жеме» деген жемісін жегізді. Құдай тағала ашуланып, екеуін де пейіштен қуып, жерге түсірді. Адам ата мен Хауа ананы Ұлық Алла үш жүз жылға айырып, екеуін әлемнің екі бөлігіне жібереді. Олар бірін бірі сағынып, кейде күні бойы егіліп жылайтын. Адам ата сондай кездерді сағынышын өлеңге қосып, ішіндегі қайғысын шығарғысы келетін. Бірақ ол кезде жерге әлі ән мен әуен түспеген еді. Адам қанша тырысса да пейіштегі әуенді есіне түсіре алмай қиналады. Ол кезде су да сылдырап ақпайтын. Қамыстар дыбыссыз қозғалатын. Талдар меңіреу кейіпте тұра беруші еді. Құстар сайрау дегенді білмейтін. Музыканың жоқтығынан Адам ата ішқұса боп ақыры өлуге айналады. Он-күйсіз өлі тыныштық тозақтың азабынан да ауыр болып сезілді. Бір күні Адам ата шыдай алмай тізерліп отырып, егіліп тұрып Аллаға арыз айтып жылайды. «Иә, |Шаратушы Ием, мен мына жерде ән-күйсіз жүре алмаспын. Пейіштегі сиқырлы сазды сағындым. Маған жаның ашысын. Жәрдем ет. Маған пейіштегі ән-күйді жеткіз» деп жалынды. Оның осынша шын жүректен езіле жасаған дұғасы Ұлық Алланы жұмсартады. Тәңірі тағала ән мен күйге жауапты періштені шақырды да:

– – Дорбанды музыкаға толтыр. Пейіштегі ән мен күйді жерге апарып шаш. Менің халифам меңіреу тыныштықтан азап тартып жүр. Бұл оның жанына рахат сыйласын, -- деп бұйырады. Періште дорбасына сан түрлі саз бен әуенді толтырып алады да, жерге қарай зымырай жөнеледі. Жерге жеткен бойда періште қабының аузын ашып, әдемі әуезді бұрқыратып әлемге шаша бастайды. Музыка түскен сағаттан бастап құстар да сайрап қоя берді. Жайнап жатқан далалар мен жазықтар да шөптермен бірге қосыла тербеліп, өзінше бір тылсым күйге басты. Сулар да сыңғырлап айналасын арбай жөнелді. Тау, тас, өзен, көл бәрі де өздерінше үн шығарып, ортақ үйлесімге ұмтылды. /Жан дүниесі қуарып, сағыныштан сарғайып, әзер отырған Адам ата, ежелден өзіне таныс музыканы естігенде шыдап тұра алмай еңкілдеп жылап жібереді. Арызын қабыл алып, жердегі тіршілікке жеті түрлі саз сыйлаған Мейірімді Месіне мақтау-мадақ айтып, шүкірлік етіп, бірнеше түн ұйықтамай тағат қылады. Осыдан бастап кез келген бұтақтан, қамыстан қиып алып, аспап жасап, көңілі сүйген күйді қалауынша ойнайтын рахатқа қол жеткізді. Қайғысы азайып, мұңы басылды. Ол енді Хауа ананы сағынғанда сан түрле әуенге салып, құйқылжытып ән шырқайтын болды. Осылайша адам ұрпағына ән, күй, жыр деген нығметтер мирасқа қалды.

Ал, періште Ұлы даланың үстімен ұшып бара жатқанда, оның байқаусызда қабының аузы ашылып кетеді. Сары майдай сақтап келе жетқан неше түрлі сыйқырлы әуендер Сарыарқаның үстінен өткенде сауылдап төгіліп қалады. Періште қабының аузын байлап, ретке келемін дегенше ең сазды, ең әуезді, ең мазмұнды, ең сырлы деген ән-күй мен өлең-жырдың көбі Ұлы Далаға шашылып, желмен таралып кете барады. Ұлы Даланы қоныс етіп, Сарыарқаға мекендеп қалған қазақ жұртының ән-күй өнерінің ерекше сазды, айрықша мазмұнды болатыны содан екен деседі.

Кеннің пайда болуы

Адам ата жерге түскеннен кейін тіршілік етуге кірісті. Алдымен, мал бағып, одан кейін егін екті. Содан кейін аңшылық кәсіппен айналысып, ұшқан құс пен жортқан аңды азық етті. Бір күні (ебірейіл періште келіп:

– Иә, Адам, кез келген кәсіп сені жалықтырады. Өйткені сенің жаның Алланың нұрымен қауышқанша, тыным таппайды. Сондықтан Алла тағала сенің ұрпағыңа көп кәсіп беріп, нәсібін әртүрлі еңбекпен тапқанын қалады. Мен қара жердің қойнына жәннаттан әкеліп, алтын, күміс, асыл тас, темірді жасырамын. Сенен өрбіген ұрпақтарың кейін оны қазып алып, кәдесіне жаратады. Бұл тастардың барлығы -- тамырсыз өсетін дарақтар. Оуелден ақырға дейінгі ұрпағыңа жетеді. Оны қазып алып, түрлі бұйымдар, дүние-мүлік жасау ұрпағыңа қияметке дейін кәсіп болсын, -- деді. Адам ата:

– – Менің ұрпағымның қамын ойлаған Аллаға мың-сан мадақ болсын! – деп риза болды. Жебірейіл періште жұмақтан алуан түрлі кендерді әкеліп, таутастың қойнауына жайғастырды. Содан бастап Адам ұрпағы кен қазып, әртүрлі өндіріс ошақтарын сала бастапты.

Дәрілік, әтірлік шөптердің пайда болуы

Жұмақтан қуылып, Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, ал Хауа ана |Миддә тауына түседі. Екеуі екі жақта Алладан кешірім сұрап жылайды. Періштелер оларды жұбата алмай қиналады. Сол кезде Алла тағала:

– – Шылай берсін, жұбатпаңдар. Олардың көз жасы менің рахметім, -- дейді.

Адам атаның көз жасы тамған жерден: жалбыз, адыраспан, итмұрын, дермене, шайқурай, таңқурай, мия, киікоты сияқты мыңдаған дәрілік шөптер өсіп шығады. Хауа ананың көз жасынан: қалампыр, оспа, қына, сүмбіл сияқты мыңдаған әтірлік шөптер мен хош иісті гүлдер өсіпті. Екеуінің теңізге тамған жастарынан інжу, маржан, дүрлер пайда болады. Адам ата мен Хауа ананың Қабыл мен Әбіл деген баласы болады. Қабыл қызғаныштан Обілді таспен ұрып өлтіреді. Әбілдің қаны тамған жерден ақ тікен мен бұта өсіпті.

Қала мен шөл дала қалай пайда болған?

Адам ата жерге түскеннен кейін Хауа анамен кездескенше, жер-жаһанды шарлап жүрді. Тау мен тасты бөктерлеп асты, көл мен теңізді кешіп өтті. Қырға шықты, сайға түсті. Жұмақта жіберген қателігі үшін өкініп, тәуба қылды. Адам атаның табаны тиген жердің бәрі кейін гүлденген шаһар, кентке айналды. Адамзат жасыл желекке оранған қалаға тұрақтап, сая тапты. Ал Адам аяқ баспаған өңірлер шөлейт болып қалды. «Адам аяғы баспаған қу медиен» деген сөз содан қалыпты. Жаман адам туралы «жүрген жеріне шөп шықпайтын кісі», жақсы адамға тілек айтқанда, «жолына гүл бітсін» деп тілек тілеу де содан қалыпты. Ел аузындағы «Жақсы жүрген жеріне кент салдырар, жаман жүрген жеріне өрт салдырар» деген мақал да Адам атаға қатысты айтылған екен деседі.

Албасты, жындардың пайда болуы

Жастау кезінде Хауа ананы Ібіліс жиі азғырыпты. Хауа ана жерге түскенде оған бірінші рет хайыз келеді. Ол не істерін білмей, қатты сасады. Сол кезде оған Ібіліс періште сипатта келіп:

– – Қанды күлге таста, -- деп кеңес береді. Оған сеніп, Хауа ана айтқанын жасайды. Біраз уақыт өткен соң, күл-қоқыстан албасты-жындар мен диюперілер өсіп шығады. Олар «шешеміз осы» деп Хауа анаға жабысады. Хауа ана қатты шошып, Адам атаға тығылады. Екеуі оларды қуып жібереді. (ындар мен албастылар «анамыз бізді кері тепті» деп, әйелдерге өшігеді. Әйелдер түнде жалғыз жүрсе, далаға жалаңбас шықса, дәретхана мен күл-қоқысты «біссімілләсіз» басса, жындар оларға ауру боп жабысады екен. Хауа анамыз алғаш рет пәле-жаладан сақтану үшін орамал тартыпты.

Оттың пайда болуы

Адам ата жерге түскеннен кейін қатты тоңады. Қарны ашады.

– Иә, Ұлық Алла. |Жерде қалай өмір сүремін Өзің жәрдем ет, – деп жылайды. Алланың әмірімен Небірейіл Адамға қалай тіршілік етуді үйретеді.

Адам періштеге түнде жаурайтынын айтып мұңаяды. Жебірейіл тозақтан оттың ұшқынын әкеліп, Адамға береді. Бірақ ұшқын оның қолында тұрмай, ыршып, дарияға түседі. (НКебірейіл қайтадан әкеледі. Бұл жолы да от қолда тұрмайды. Періште алты рет от жеткізеді, бірақ бәрі суға кетеді. /Кебірейіл жетінші мәрте әкелгенде, от:

– Ой, Адам, мен сенің қолыңда тұрмаймын. Геріңді күйдіріп аламын. Пайғамбардың қолын күйдірсем, Құдай алдында ұятты боламын, – дейді.

Сол кезде Жебірейіл отты тасқа жасырады. Тасты-тасқа үйкесе, от шығатыны содан екен. Адам отқа жылынып, ет пісіріп жеп, оның игілігін көреді.

Адамның алғаш етті пісіріп жеуі

Адам ата мен Хауа ана ертеде етті пісіруді білмей шикідей жепті. Бірде Адам аңға шыққанда нөсер болып, найзағай ойнайды. Орманға жай түсіп, өрт болады. Өрт өшкен соң, Адам ата отқа күйген бұғыға тап болады. Жебірейіл:

– – Бұғының еті – сенің ырыздығың. Ұлық Алла сені жердегі тіршілікке бейімдеп жатыр. Етті отқа пісіріп жейсіңдер, – дейді.

Адам бұғының етін жеп көреді. Піскен ет жұмсақ екен. Еттен кесіп алып, үйіне қайтады. (болда қарны ашып, тағы да ет жегісі келеді. Бір жапырақ етті ала бергенде, Жебірейіл қолынан қағып жібереді. Ет «сылп» етіп сортаң жерге түседі. Адам етті қайта алып, жеп көрсе дәмді боп кетіпті. Кебірейіл:

– – Адам бұл да Алланың нығметі. Ет жаңа сорға емес, тұзға түсті. Дәмін кіргізген сол тұз. Бұдан былай етті тұздап же, – деді.

Адам ата дорбасын тұзға толтырып, үйіне келді. Тұзбен піскен етті Хауа ана да ұнатады. Осыдан бастап етті тұздап, пісіріп жеу дәстүрге еніпті.

Нан қалай пайда болды?

Алла тағала Адамға бидайдың дәнін жіберіп:

– – Ей, Адам, дәнді жерге егіп, жақсы баптасаң, бұл саған ең нәрлі азық болады, – дейді.

Адам бидай дәнін жерге егіп, соны баптаумен болады. Күзде бидай да піседі. Ол «Қанша күнгі еңбектің зейнетін енді көретін шығармын» деп ойлап, бидайды орып алады. Қарны да қатты ашады. Бидайдың бір масағын алып, «Дәмі қалай екен?» деп, аузына салады. Шайнап көрсе, дәмі сезілмейді. Адам ашуланып, «Босқа кеткен еңбегім-ай» деп, дәу таспен бидайды ұра бастайды. Біраздан кейін ашуы тарқайды, әрі қатты шаршайды. Бидайға қараса, масағынан ажырапты. «Қап, мынау көзге күйік болды-ау. Қанша ұрсам да үгітілмеді. Мұны құртпасам, зая кеткен еңбегім есімнен кетпес» деп ойлайды. Бірақ қалжырап тұрғандықтан, тыныстап алғысы келеді.

Алла тағала желге:

– – Бар да, бидайды суырып тазала, -- деп бұйырады. Жел бидайдың бар қауызын ұшырып, тек дақылын қалдырады. Адам ата ұйқыдан тұрып, бидайды ұнтақтауға кіріседі. «Мұның көзін біржола құртайын» деп, аппақ қиқымды суға тастайды. Қараса, ол сумен ағып кетпей, қоймалжың затқа айналады. Бидай ұны қамыр болыпты.

Адам «Суға ақпасан, отқа жанарсың» деп, қамырды отқа салады. Оның түсі қызарып, тәтті исі бұрқырап шығады.

Сонда Адам:

– Иә, Алла. Мұның сыры неде? -- деп сұрайды. Алла:

– – Әй, Адам, «Бидай – сенің нәсібің» деп айтпап па едім. Енді наннан дәм тат. Ас болсын, – дейді.

Адам нанды «біссіміллә» деп жеп көреді. Дәмі тіл үйіріп, қарны тойды. Адам сонда ғана бидайдың азыққа айналғанын түсінді. Алла тағаланың өзін диқаншылыққа тәрбиелегенін білді.

Ас атасы -- нан осылай шыққан деседі.

Ер адамның пісірген тамағы неге дәмді болады?

Адам ата жерге түскен соң, Жебірейіл періште оған ас пісіріп жеуді үйретеді. Жеміс-жидек, көкөніс, шөп-шалам, дәнді дақылдардың қасиетін түсіндіреді. Тамақ пісірудің қыр-сырын меңгерген Адам ата білгенін Хауа анаға үйретеді. Содан бастап, адал астан әртүрлі тамақ пісіріп жеу дәстүрге айналады. Ас жасауды алғаш рет Адам ата /Кебірейілден үйренгендіктен, ер адамның пісірген тамағы дәмді, асы берекелі болады екен.

Өгіздің пайда болуы

Жебірейіл періште көктен үш бидай дәнін әкеп, екеуін Адам атаға, біреуін Хауа анаға береді.

– – Бұларды егіндер, берекелі дақыл болады, – деді. Адам ата:

– – Мұны қалай егеміз? -- дегенде, періште:

– – Жерді жыртып, дәнді ек. Сосын суғар, -- деді.

Адам ата жерді жыртып жүріп, әбден шаршайды. Аллаға арыз қылып:

– Уа, Алла, мен шаршадым. Маған күш-қайрат бере гөр, – деді. Ұлық Алла:

– – Өзенге қолыңды батыр. Не ілінсе соны тартып шығар, -- деді. Адам ата өзенге қолын батырды. Қолына бір нәрсе ілінгендей болды. «Біссіміллә» деп тартқанда судан өгіз шығады.

Өгізді соқаға жегіп, жұмысқа салады. Өгіз қырсық екен. Қозғалмай сіресіп тұрып алады. Діңкесі құрыған Адам ата таяқты алып, малдың жамбасынан тартып жібереді. Өгіз:

– – Ей, Адам, неге ұрасың? – дейді.

– – Тіл алмағаның үшін, – деді Адам. Өгіз:

– – Сөз тыңдамаған соққыға лайық паз Алланы тыңдамай сен де жұмақтан қуылғансың, – деді. Адам ата:

– – Құдай маған сені берді. Қыңырлығынды біліп, сойылды жаратты. Енді Алланың бергенін пайдаланбасам, менікі нағыз мойынсұнбағандық болар. Әркім өз жазасын өзі тартар. Менің күнәмді сен арқаламайсың! -- дейді де, өгізді екінші рет белден салып жіберді.

Сөзден жеңіліп, аузына құм құйылған өгіз айтқанға көніп, айдағанға жүреді. Ол содан бастап, «ләм-мим» деп жақ ашпайды екен. «Аузын буған өгіздей» деген осыдан қалыпты. Сиыр малының судан өткенде аузын суға бір малып өтетіні, судан жаралғандығынан екен дейді аңыз.

Ит, жылқы, қыран адамға не үшін дос болды?

Адам ата, Хауа ана, Ібіліс, тауыс және жылан жұмақтан қуылады. Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, Хауа ана Арабиядағы |(Шиддә тауына түсті. Ібілісті Басраға түсіреді. Иракта бүлік оқиғалар көп болатыны содан екен. Жылан Исфаханға, тауыс құсы Иеменге түседі.

Адам ата жерге түскенде Ібіліс барлық аң-құстарға, жан-жануарларға:

– – Жерге Адам келді. Ол сендерді жояды. Оны өлтіріңдер, -- деді. Аңдар жиналып, Адамды өлтірмекші болады. Құстар келіп, Адамның басын шұқиды. Адам ата Алладан жәрдем сұрайды.

Жебірейіл:

– – Мына үш жануардың басынан сипасаң, саған қияметке дейін қызмет етеді, сені қорғайды, – дейді. Олар ит, жылқы, қыран құс екен. Қыран құстардан, ит аңдардан қорғапты. Ал жылқы малы Адамның мінсе көлігі, ұшса қанаты, жесе азығы, ішсе сусыны, кисе киімі, ауырса дәрісі болыпты.

Жылқы неге тұрып ұйықтайды?

Адам ата жерге түскен соң, оны Ібілістің азғыруымен жылан шағып өлтірмек болады. Адам ата Алладан пана тілейді. Ұлық Алла:

– – Сен үшін желден жылқыны жараттым. И/Ггілігіңе мін. Жануардың жотасынан сипа. Асаулығы басылады. Мінсең көлік, ішсең сусын, қашсаң қорғаның, ұшсаң қанатың сол болады, -- дейді. Адам жылқыны үйретіп мінеді.

Адам ата ұйқыда жатқанда жылан келеді. Жылқы жыланның басын мыжып өлтіреді. Адам аман қалады. Жылан атаулы осыдан бастап, жылқыдан сақтанатын болады. Жылан ұрпағы кегін алу үшін жылқының ұйықтаған сәтін аңдиды. Жылқы одан сақтанып, тұрып ұйықтайды екен.

Жағалтай неліктен жағал-жағал?

Ертеде жағалтай деген құс болыпты. Оның тепкісі темірді сындыратын тегеурінді екен. Ібіліс Адамға дұшпан болғандықтан, аң-құстарды оған айдап салыпты. Адам ата жерге түскенде өзге құстар мен хайуандар оны өлтірмек болады. Жағалтай да Ібілістің тіліне еріп, Адаммен жауласады.

Бір күні Адам ата диірмен тартып жатқан кезде /Жағалтай келіп:

– – Ей, Адам. Мен сенің диірмен тасыныңды теуіп сындырамын да, аштан қатырамын, -- деді. Адам ата:

– – Шамаң жетсе сындыр, – деді.

Жағалтай көктен құлдилап келіп, диірменнің тасын қатты теуіп екіге бөліп жібереді. Құс қайта көтерілгенде, Адам сынған тасты ауыстырып, орнына бүтінін сала қояды. Жағалтай қараса, тас бүтін жатыр. Ашу-ызасы қайнаған құс диірмен тасын екінші мәрте теуіп, екіге бөліп тастайды. Адам ата тасты қайта ауыстырып үлгереді. ?Вағалтай одан сайын ызаланады. Қайраты қайтқанына қарамастан үшінші рет тебеді. Бұл жолы таспен бірге өзінің аяғы да «морт» сынып, жерге жалп ете қалады. Басын көтеріп қараса, қасында өзі сындырған диірменнің екі тасы жатыр. Сынған аяқ шыдатпай шырқыратады. Екі көзінен парлап жас ағады. Ұшуға дәрмен жоқ. Адам ата оған жаны ашиды. Сынған сүйегін салып, жарасын таңып, жем-су береді. |ағалтай сол кезде ғана сайтанның сөзіне еріп, арандап қалғанын түсінеді. Өкініп, тәуба етеді. Толассыз аққан көз жасы жанарының айналасын сатпақтап, алқымы жағал-жағал түске еніпті. Содан бері оны халық «жағалтай» деп атаған екен.

Шаһадат бармағы

Адам ата жұмақта жүргенде періштелер ізінен қалмайды екен. Бірде Адам ата Құдайдан:

– – Уа, Алла, періштелер неге соңымнан еріп жүреді? -- деп сұрайды. Ұлық Алла:

– – Менің сүйіктім Мұхамбеттің нұры сенің беліңде. Періштелер сол нұрға тоймайды. Қараған сайын көргісі келіп тұрады, – деді.

– – Уа, Алла, сол нұрды менің де көргім келеді, -- деді Адам. Ұлық Алла:

– – Онда сұқ саусағыңа көшірем, -- дейді. Нұр оның сұқ саусағына көшеді.

Адам ата саусағындағы нұрға мейірлене қарап, «шаһадат кәлимасын» айтады. Намазда сұқ саусақты көтеріп, шаһадат кәлимасын айту Адам атадан қалыпты.

Кәлима шаһадат айтқанда нұр қасындағы саусақтарды шарпиды екен. Адам:

– – Иә, Алла, неге басқа саусақтар да жарқырап кетті -- деп сұрайды.

– – Бұл Мұхамбет пайғамбардың сенімді серіктерінің нұры, -- деді Алла.

Осыдан бастап:
Бас бармақта -- Әбубәкір Сыдықтың;
Балаң үйректе -- Мұхамбет пайғамбардың;
Ортан теректе -- Әділетті Омардың;

Шылдыр шүмекте – Нұрлы Оспанның;
Кішкентай бөбекте -- Әзіреті Әлидің нұры пайда болған екен.

Қауын-қарбыздың пайда болуы

Хауа ана мың жылдай өмір сүріп, ақтық сапарға аттанар сәті тақапты. Бала-шағасын шақырып, бақұлдасады. Ұрпағы қимай:

– Анашым, «іңгәлап» дүниеге келгенде, ақ сүтіңді еміп жұбанып едік. Уызыңнан нәр алып, махаббатыңа бөлендік. Құдайдың мейірімін сол арқылы ұқтық. Бір омырауыңның сүті сусын болса, бір омырауыңның сүті тамақ болды. Ақ сүтіңнен асқан дәмді ас жоқ еді. Енді бақилық болып барасыз. Бізге ақ сүтінді ұмытпайтын бір мұра қалдыр, – деп өтінеді.

Сонда Хауа ана екі омырауының ұшын басқанда, екі дән ытқып шыққан екен. Мұны балалары алып, жерге егеді. Одан қауын мен қарбыз пайда болыпты. Піскенде балалары оны жарып жеп көріп еді, бақилық болған аналарының сүтінің дәмін сезді. Қарбыз шөлдерін қандырса, қауын қарындарын тойғызыпты. Қауын мен қарбызды қазақ сол себепті Хауа ананың мирасы деп атайды. Ал, олардың берекелі болуы әрі қарынды тойдырып, шөлді қандыруы Хауа анамыз берген қасиеттен екен.

Ешкі неге бақырады?

Әзелде Алла тағала барлық мақұлықты жаратып, жерге жіберіпті. Жердегі тіршілік қайнаған кезде жан-жануар адамның үстінен шағым айтып, Аллаға келіпті. Алла:

– – Неге маңырап кеттіңдер: Не арыздарың бар? -- деп сұрайды. Жан-жануар:

– – Иә, Алла бәріне ризамыз. Тек сенің орынбасарың адам ғана бізге күн бермейді. Оның ақылы бізден артық. Әбден діңкелетіп өлтіретін болды, – дейді.

– – Не боп қалды?

– – Адам екі аяғына мініп алып, бір дамыл көрмейді. Үйінің айналасын түгел қоршап, жер-жаһанның шөбін иеленіп, қоятын емес. (базда қалың шөпті орып алып, қыста жесе де, жемесе де ауласына жинап қояды. Қорасына кіріп кетсең, ұстап алып сабайды. Қамап қойып қинайды. Енді қайда барып жайыламыз? – деп жамырайды. Ұлық Алла:

– – Менде мынадай ұсыныс бар. Ақыры адам қора жасап, шөп жинайды екен. Онда сендерді де сол қорада бағып, асырасын. Сендер қыста қиналмай дайын шөпті жеп, жылы жерде жатыңдар. Бірақ адам қарны ашқанда сендерді сойып, азық етсін. Өззара ақылдасып, бір тоқтамға келген соң, шешімдеріңді айтыңдар. Үш күн уақыт берем. Көпке созбаңдар, – дейді.

Жан-жануар түгел ақылдасады. «Ұлық Алла тиімді ұсыныс айтты. Адамның жылы қорасында қыстап шығайық. Дайын шөбін жейік. Есесіне қыста азық іздеп, тау-тасты аралап қаңғып жүрмейміз. Қарны ашса, қалаған малын сойып жесін. Олар аз. Біз көп. Қайбір жеп тауысар дейсің. Осыған келісейік» дейді. Сонда ешкі:

– – Жоқ! Мен бұған өлсем де келіспеймін. Өзімді байлатып, бауыздатып қоя алмаспын. Бұл не деген сұмдық, > деп, бір өзі қарсы шығады. Бүкіл мал мен жан-жануар жабылып, оны көндіре алмайды. Межелі күн де жетеді.

Барлығы Аллаға келіп:

– Иә, бәрі келісті. Ұсынысқа ризамыз. Адам бізді бақсын. Қалағанын сойып жесін. Бірақ бұл шешімге ешкі жалғыз өзі бақырып көнер емес. Не істейміз? -- дейді. Ұлық Алла:

– Шаяудың шаңы шықпайды, жалғыздың үні шықпайды. Көп қайда болса Құдай сонда! Бір ешкіге бола бәрің азап тартпаңдар. Келіспесе, адам ешкіні бақыртып-ақ соя берсін, – депті.

Ешкіні бауыздар кезде қатты бақырып, шыңғыратыны осы оқиғадан екен.

Ақбөкен неге киелі?

Адам ата жерге түскен соң барлық жан-жануар Ұлық Алланың орынбасарын көруге ынтық болыпты. Сол кезде ең алғаш Адам атаны көрген ақбөкен екен деседі. Ол «Алланың халифасы жерге түсті» дегенді естігенде қазақ даласынан Шидда тауына қарай желіп отырыпты. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана Жидда тауының етегінде үй салып, тіршілік кешіп жатыр екен. Ақбөкен ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып, Адам атаның тұрағына жеткенде құлап түседі. Адам оны көтеріп алып, үйіне әкеледі де оған інжірдің жапырағын беріп асырапты. Адам ата мейірленіп оның тұмсығынан сипағанды жақсы көреді екен. Пайғамбардың қолы тигендіктен, ақбөкеннің тұмсығы өзге аңдардан ерекше, сұлу болып бітіпті. Арқасынан сипағанда, денесінен хош иіс шығыпты. Аяғынан сипағанда тұяғына қасиет бітіпті. Қуса жеткізбейтін жүйрік жануарға айналыпты. Тұяғы мың бір ауруға ем болыпты. Көзінен өпкенде жанарына көрік бітіп, сұлу жануарға айналып шыға келіпті. Мүйізінен ұстағанда оған да шипалық қасиет дарыпты. Пайғамбардың алақаны беліне тигенде, буаз кезінде іштегі елігінің жынысын қалауына қарай өзгерте алатын болыпты.

Ақбөкеннің арнайы келісіне риза болған Адам ата:

– Жануарым, мен саған ризамын. Бұйымтайың болса айт. Мейірімді Алладан дұға етіп, бір мұқтаждығынңды өтейін, -- дейді. Сонда ақбөкен:

– – Төлдегенде құралайым шыбын-шіркейге жем болады. Одан қалса, қасқыр шабады. Даланың шөбі төлдерге ауырлық етіп, қоң жинай алмайды. Осы қиындықтан құтқарсаң, – депті. Адам ата Аллаға ақбөкеннің арызын жеткізіп, қиындықтан құтқарыпты. Содан бастап, Алланың әмірімен киіктер төлдейтін кезде бетбақ далада шыбын-шіркейді шығартпайтын суық болады екен. Мұны қазақта «құралайдың салқыны» деп атайды. Ұлық Алла сол уақытта қасқырдың киікке деген тәбетін тыяды. Құралайлар көшке ілескенше қасқырлар оларға жақындай алмайды. Жас киікке арнап даладан түйетабан деген шөп шығарады. Ол тек ақбөкен төлдейтін кезде ғана көгеріп, көктеп, кішкене лақтарға азық болады екен.

Ақбөкен Ұлық Алланың халифасын көріп, қолынан жем жеп, мақсаты орындалған соң бетбақ далаға қайтпақшы болады. Сол кезде Адам ата оған:

Сахараға сән болып,
Құт пен кие, мән қонып.
Өсіп-өнсін нәсілің
Бір Құдайым жар болып,

Аллам өзі қолдасын,
Бар бәледен қорғасын.
Саған зауал келтірген
Ешқашан да оңбасын.

Сайын түзден тап мекен,
Басқа орнасын бақ бекем.
Қу медиен түздерге

Ырыс дарыт, ақбөкен, -- деп батасын береді. Содан бастап, киікке кие бітіп, қасиетті түз тағысы саналыпты.

Күдірдің жұпар исі

Ұлық Алла Адамды мүсіндіп, күллі мақұлықты көрсін деп шақырады. Бүтін жан-жануар ағылып кеп, Адамды тамашалап кезегімен көріп кетіп жатады. Олардың ішінде күдір деген аң да бар еді. Өзге жануарлар адамның бойынан артықша сұлулық байқамай, тамсанбастан өтіп кетеді. Күдір ғана оның ерекше есеппен жасалған таңғажайып дене пішіміне таңқалады. Таңқалғаны сонша, аузы ашылып, ұзақ уақыт кетпей Адамды сырттай бақылап тұрыпты. Адамның бойындағы сұлулық пен көркемдікті көре білген зеректігі Ұлық Аллаға бірден ұнайды. Хақ тағала күдірдің кіндігіне ешбір жануардың бойында жоқ айрықша жұпар иіс дарытады. Оған мекендеуге Алтайдың әсем табиғатын нәсіп етеді. Жұпар иістен жүректері айныған жыртқыш аңдар күдірге жоламайды. Ерекше иісінің арқасында күдір қауіпсіз тіршілік кешеді екен. Ол әліге дейін орманда адамды көрсе адамның түр-тұрпатына тамсанып, сыртынан бақылап тұрады екен деседі.

Харут пен Маруттың хикаясы

Қабыл Әбілді өлтіргендіктен, оның баласы да, немересі де соқыр болып туады. Бір күні көрсоқыр немересіне бір жігіт келіп: «Сен менің атамды өлтірдің» деп, оны таспен ұрып мерт қылды. Бұл оқиғаны көрген періштелер:

– Иә, Алла, ана жігіт бейкүнә бейшараны себепсіз ұрып өлтірді. Біз озалда «Адамды жаратпа, жер жүзіне таратпа» деп зар иледік. Оның білімі бізден артық болғанымен өзі нақақ қан төгуге, ұрлық-қарлыққа, зина жасауға, өтірік айтуға бейім екен, – деді. Алла тағала:

– – Ей, періштелерім, егер жерге жіберсем, сендер де күнәға белшеден батасыңдар. Мен адамның бойына ішпек-жемекке әуестік, дүние-мүлікке қызығушылық, рахатқа тоймайтын ашкөздік сияқты толып жатқан құбылмалы нәпсі сезімдерін дарыттым. Бұдан бөлек Адамның басына кездейсоқ келетін мың түрлі бәле, жүз түрлі кесел тағы бар. Адамға берген сынақтың бір парасын сендерге берсем, сендер де тура жолдан тайып, қылмыскер атанар едіңдер, – деді. Періштелер:

– – Құдай сақтасын. Қандай сынақ берсең де, біз тура жолдан таймас едік»,

– – деп шуласты. Ұлық Алла:

– – Өз араларыңнан ең күшті, білімі озық деген үш періште шықсын. Адам кейпінде жаратып, жерге жіберейін. Адамның күйін бастан кешіп көрсін, – деді. Харут, Марут, Әзірейіл есімді үш періште келісті. Алла оларды жерге түсіріп, бойларына нәпсінің құмарлығын қоса салды. Әзірейіл періште сынақтың оңайға түспесін бірден түсінді. |Нерге түскен мезетте, нәпсінің құмарлығы оянып, әртүрлі сайқал сезімдер тұла-бойын билеп алды. Бір бәлеге ұрынарын түсінген ӨЗзірейіл табан астында тәубаға келді:

– – Иә, Алла, тәуба қылдым. Сынаққа төзбейтін сияқтымын. Періште қалпыма қайтар, -- деп жалынды. Алла оның тәубасын қабыл алып, кері қайтарды.

Қалған екі періште бір елге барды. Олардың түр-сымбаты, білімі елден ерекше еді. Жұрт олардың біліміне бас иіп, бірін қазы, бірін мүфти етіп сайлады. Бір күні олардың алдына бітуәжа”? сұрап, ерлі-зайыптылар келді. Келген келіншек ай десе аузы, күн десе көзі бар хас сұлудың өзі екен. Екеуі бірдей осы Эухра есімді көркем әйелге сол жерде ғашық болды. /Құбайларды жарастырудың орнына, ойлары бұзылып:

– – Келіншегіңді шамадан тыс қара жұмысқа саласың. Демалуға мұрша бермейсің. Әйеліңді талақ ет немесе бір адал кісінің қасынан үй салып, оңаша шығар. Дем алып, тынықсын, -- деді. Ері қазы мен мүфтидің сөзіне имандай сенді. Бірақ әйелін талақ етуге Құдайдан қорықты. Себебі, ері Ұлық Алланың ажырасуды жек көретінін білуші еді.

– Жақсы, дегендерің болсын. Бір адал кісінің қасынан үй салып, оңаша шығарайын, -- деді. Қазы мен мүфти:

– – Бізден асқан адал адамды таппайсың. Отауды екеуміздің үйіміздің ортасына тік. Әйелің сол жерде тұрсын. Ешкім оған тиіспейді, біз бас-көз боламыз, – деді.

Күйеуі әйеліне оңаша үй салып берді. Сұлу әйелмен көрші болғасын, қазы мен мүфтиді нәпсінің құмарлығы қинай бастады. Олар бір-бірінен жасырынып, күні-түні әйелді аңдумен болды. Бір күні екеуі құмарлығын тежей алмай, әйелдің ауласында қараңғыда кездесіп қалды. Бір-бірінің ойын ыммен түсініп, «құмарды бір қандырайық, ертең құлшылық етерміз. Алла бізді кешірмегенде кімді кешіреді» дейді де, Зухраның үйіне кіріп келеді.

Зухра:

– – Сендерді жұрт иманның айнасы дейді. Адал некедегі әйелге не беттеріңмен келдіңдер, -- деді. Екеуі:

– – Айтқанға көнбесең, сені күйеуінің көзіне шөп салды деп көпшіліктің көзінше масқаралаймыз. Жала жауып, таспен атып өлтіреміз, -- деді. Амалы таусылған Эухра қулыққа басып:

– – Дегендерің болсын. Бірақ алдымен маған «исми ағзам» (Алланың ұлық аттарын) дұғасын үйретіңдер, – деді. Олар «исми ағзамды» үйретті. Сосын

43 Ерлі-зайыптыны татуластыру үшін жасалатын келісім (Авт.)

– – Мен жуынып келейін, – деді.

Зухра тұла бойы тазарған соң, исми ағзам дұғасын оқып: «Ей, Алла, мені мына күнәһар құлдарыңнан сақта, пәк қалпымда аспанға алып ұш», – деп жалынды. Бұл мезгіл Ұлық Алланың ең жақсы көретін -- сахар сәті еді. Әйелдің дұғасы сол замат қабыл болды. Эухра көкке самғай ұшып, Шолпан жұлдызына айналды. Содан бері сахар мезгілі болғанда, Эухра да таңшолпан болып туады екен. Зухра қыздың хикаясы ел арасында үлгі болып тарайды. Ал, қазы мен мүфтидің күмәнді жүрісі туралы өсек-аяң ел ішіне тарап кетеді. Бір күні олар жеңіл жүрісті бір әйелдің үйіне келеді. Бірге арақ ішіп, кезек-кезек көңіл көтереді. Бір кезде масайған әйел:

– – Маған исми ағзам дұғасын үйрет. Менің де жұлдыз болып жанғым келеді, -- деді. Періштелер үйретті. Әйел мас кейпінде исми ағзамды оқыды. Оған керісінше Алланың лағнеті жауды. Құдайдың әмірімен Әзірейіл періште әйелдің басынан гүрзімен ұрды. Оның денесі бес бөлекке бөлініп түсті. Бір бөлігі -- шырпыдағы отқа, бірі – тастағы отқа, бірі -- найзағай отына айналды. Қалған екі бөлігі жапан дүздегі албасты мен жын-жыбырлардың қатарына қосылды. Харут пен Марут шошып кетті. Бір-біріне қараса, түр-тұрпаттары диюға ұқсап кетіпті.

Алла тағала оларға:

– – Осы бүлдіргендерің де жетеді. «Жерге жіберсең адамға үлгі боламыз, күнәдан ада боламыз» деген уәделерің қайда? Күнәға белшеден баттыңдар. Енді күнәнің жазасын осы пәни дүниеде тартасыңдар ма, әлде ақиретте мәңгібақи тартасыңдар ма? -- деп сұрады. Тамұқ азабын жақсы білетін олар:

– – Уа, Жаратқан, бізді осы дүниеде жазала, – деп жалынды. Құдай оларды Бабылдағы (Вавилон) тереңдігі 40 құлаш құдыққа басынан салбыратып асып қойды. Олар ақырзаманға дейін аш-жалаңаш, солай салбырап тұрады екен.

Бір күні сол құдыққа бір қойшы байқамай түсіп кетеді. Ол салбырап тұрған екі періштені көреді. Харут пен Марут одан сусын мен ас сұрайды. Ақысына олар қойшыға сиқыр дұғаларын үйретеді. Қойшы сиқырды үйреніп алып, құдықтан шығады да, ел ішінде сиқырлықпен айналысады. Бөтен еркектің басын дуалап, әйелін тартып алу содан басталыпты. Балгерлік, құмалақ ашу, сиқыр жасау, көз байлау барлығы да осы Харут пен Марут үйреткен қойшыдан қалған екен деседі.

Өрмекші қалай пайда болды?

Шиш пайғамбар жүн иіріп, одан киім тоқып кигісі келеді. Бірақ жіпті иіргенмен, киім тоқуға өнері жетпейді. Гөзімі таусылған соң, мезі болып, қолындағы жіпті шимайлап лақтырып жібереді. Ол:

– – Иә, Алла, маған киім тоқуды үйрет, -- деп жалбарынады. Ұлық Алла жіпті жәндікке айналдырады. Ол ағашқа өрмелеп шығып, өрмек тоқиды. Шиш оның әрекетіне қарап, киім тоқуды үйреніп алады. Жәндік өрмек тоқитын болғандықтан, оны «өрмекші» деп атапты.

Есек қалай пайда болды?

Ыдырыс пайғамбар ілім-білімге құмар болыпты. Ыддырыс деген аты да «дәріске құмар» дегенді білдіреді. Ілім іздеп, Ыдырыс жаяу ел кезеді екен. Бір күні екі аяғынан әл кетіп:

– Уа, Алла маған мінетін көлік бер. Көлігім кітап артқанда қиналмай көтеретін мықты болсын. Өзі тамақ талғамайтын қарапайым болсын, -- депті. Ұлық Алла Ыдырысқа:

– – Тасты таяғыңмен ұр, -- дейді. Пайғамбар тасты ұрғанда одан екі құлағы қалқиған есек пайда болады. Бідырыс есекке жүгін артып, сапарын жалғастыра береді. Есекті қанша ұрса да, денесіне таяқ батпайтыны тастан жаралғандығынан екен.

Ыдырыстың көлігін көрген Ібіліс:

– – Уа, Алла, пайғамбарыңа көлік бердің. Мен де ілімге құмар болдым, талай құлшылық қылдым. Соның өтеуіне маған да есекті көлік ет, -- дейді. Сонда Алла:

– – Хақтан тайып, менімен қас болғандар сенің есегің болсын, -- дейді. Содан бері ниеті бұзылған адамдарды Ібіліс көлік етіп мінетін болыпты.

Суаршынның пайда болуы

Топан судың кезінде екі адам кемеге мінбей аман қалыпты. Оның бірі Құж болса, екіншісі -- мыстан кемпір. Жейтін ас-азық болмағасын, мыстан кемпір аштан өледі. Оның екі тісі мен тырнағынан бір жәндік пайда болады. Ол жәндіктің мекені судың беті болыпты. Аққан судың бетінде жазықта жүргендей жүйткиді екен. Оның көргендер «Мына жәндік судың бетін аршынмен өлшеп жүргендей екен» дейді. Сондықтан бұл жәндік суаршын атаныпты. Суаршын күні-түні тынбай, су бетінде азық іздеп жүреді екен.

Мешіннің пайда болу оқиғасы

Нұх пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етіпті. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай, кейде жылап жібереді екен. Ол:

– – Мына жындының ісін қарандар, су жоқ жерге кеме жасап жатыр. Кемеге барлық жануарды жинамақшы. Кемеде қасқыр мен қой, түлкі мен тауық қайтіп бірге тұрадыЗ -- деп әжуалайды екен.

Бір күні апат басталып, барлық жануар Алланың әмірімен кемеге мінеді. Кеменің есігі жабылар соңғы сәтте Жебірейіл періште бір мақұлықты сүйреп әкеліп:

– – Әй, Нұх, мынау сені әжуалап, талай рет жылатқан қылжақбас. Момынды мазақтаған, Құдаймен ойнағанмен бірдей. Сені нала қылғаны үшін Алла оны маймылға айналдырды. Оны ала кет. Топан судан қалай аман қалатыныңа куәгер болсын, – дейді.

Қылжақбас адам маймылға айналып, хайуандардың қарасын көбейтеді. Содан бері өзі де елдің мазағына ұшырап келеді екен.

Есектің арам болуы

Топан су басталғанда Нұх кемеге барлық жан-жануарларды асығыс кіргізіп жатады. Есек кіріп келе жатқанда Ібіліс оны арбап:

– Есек, саған ерекше қасиет біткен. Ешқашан досқа қиянат жасамайсың. Мені топан суға қалдырмай, өзіңмен бірге кемеге алып кір, -- деп жалынады. Есек келісіп, екеуі ішке ұмтылады. Сонда Ібіліс:

– – Нұх мені кіргізбейді. Құйрығыңа тығылып кірейін, – дейді. Есек:

– – Мақұл, – дейді. Ібіліс есектің құйрығынан ұстап алып, кері қарай сүйрейді. Есек шыдай алмай, ақырып жібереді. Шошып кетіп, зәр жібереді. Тар жерде топырлап тұрған хайуандар азан-қазан болады.

Нұх есекке жекіп:

– – Кір ішке! -- дейді. Есек төрт аяқтап тұрып алады. Нұх екінші рет:

– – Ей, малғұн, өткелді бөгемей, кір ішке, -- дегенде есектен бұрын Ібіліс кіреді. Нұх оған:

– – Шық! – дейді. Ібіліс:

– – Кір, малғұн! -- деген өзің. Малғұн менмін. Әмірінмен кірдім, -- деп кемеге жайғасады. Нұх сөзден жеңілген соң, есекке қарап:

– – Көрген күнің қараң болар,

ІЖКүрісің шабан болар,
Жегенің сабан болар,
Етің арам болар, – депті.

Есек содан бастап, еңбегі адал болғанмен, еті арамға айналады. Есектің әліге дейін өткелде суға зәр жіберетін жаман әдеті осы оқиғадан қалыпты. Қазір де есек Ібілісті көрсе, өткелдегі оқиға есіне түсіп, ақырып, жаны қалмай қорқады екен.

Жүзімнің пайда болуы

Ібіліс кемеге мінген соң, әркімді азғырып, бүлік шығарып жүреді. Бірде ол қорапта жатқан жүзім ұрығын ұрлап алады. Нұх іздесе, жүзімнің дәні орнында жоқ. Хайуандардан сұраса, ешқайсысы көрмеген. Ол:

– – Ібіліс, жүзімнің дәнегін алған сен беЗ -- деп сұрайды.

– Жоқ. Оны қайтем? Жүзімді торғай жеп отырған, -- деп өтірікті соғып жібереді. Барлық хайуан торғайға жабылады. Бейшара торғай «шыр-шыр» етіп, жаны қалмай ақталады. Оны ешкім тыңдамайды. « Горғайдай жаны қалмай шырылдады» деген сөз содан қалыпты.

Нақақтан нақақ жалалы болғанына ызаланған торғай булығып жылап жібереді. Нұх оған сенеді. У-шу басылады. Көз жасын көрген соң, жануарлар да райынан қайтады.

Нұх Ібіліске:

– – Ой, малғұн, дәнекті қайтар, әйтпесе жағдайын қиын болады, – дейді. біліс:

– – Берем, бірақ шартым бар, – дейді.

– – Айт шартыңды.

– Ертең жүзім қайта егілгенде, маған үш рет суғаруға рұқсат ет. «Коқ» десен, жұтып қоямын, – деп қорқытады.

– – Бұқсат.

Ібіліс ұрықты қайтарады.

Су басылып, жер құрғап, жүзім егілетін күн туады. Нұх Ібілістің алдын орап, жүзімді пейіштегі «Ранжбибил» және «Салсабил» өзендерінің суымен екі рет суғарады. Кезек Ібіліске тигенде, бірінші түлкінің кіші дәретіне, екіншіде иттін, үшіншіде шошқаның дәретіне өзінің дәретін қосып суғарады. Нұх бірінші Салсабил бұлағымен суғарғандықтан, жүзімге дәмді шырын бітеді. Ранжбибил бұлағымен суғарғандықтан, кепкен кезде мейізге айналады. Ібілістің қолы тигендіктен, жүзім жемісі сәл ашыса, мас қылатын шарапқа айналады. Шарапты ішкен кісі түлкіге ұқсап, жәдігөйленеді. Көп ішсе, итке ұқсап, ырылдасып, шайнасады. Есінен танып ішсе, шошқа сияқты батпақта аунап жата береді. Нұх пайғамбар жүзімді бірінші боп суғарғандықтан, оның жемісі, алдымен, адал боп піседі. |ШПырыны ашыса, арам суға айналады. Пейіштің суы тигендіктен, жүзімге ерекше қасиет бітіпті. «Егер кімнің үйінде мейіз болса, сол үйде періштелер жүреді» деген сөз Нұх пайғамбардан қалыпты.

Мысық, тышқан және доңыздың пайда болуы

Нұхтың кемесінде үш түрлі мақұлық жаңадан пайда болыпты. Олар – мысық, тышқан, доңыз. Кеме тар болғандықтан, тез былғанып, ластанады. Нұх:

– Иә, Алла, кеме нәжіске толды. Не істемек керек? -- дейді. Ұлық Алла:

– – Пілдің арқасын сипа, – дейді. Пілді сипағанда оның ұзын мұрнынан доңыз түседі. Шошқа нәжісті жеп, тап-тұйнақтай қылады.

біліс доңызды арбап:

– – Менің қолым тиген жануар қасиетті болады. Кел, арқаңды сипат, – дейді. Доңыз Ібіліске жонын тосады. Арқасын сипағанда доңыздың танауынан екі тышқан атып шығады. Піл тышқанды көріп, шошып кетеді. Пілдің тышқаннан қорқатыны осыдан екен.

Тышқандар кемені кеміре бастайды. Кемеге су кіріп, жан-жануар әуресарсаңға түседі. Нұх:

– – Мә, Алла, енді не қылдым? -- деп жалынады. Ұлық Алла:

– Дереу жолбарыстың арқасын сипа, – деді. Жолбарысты сипағанда, оның мұрнынан мысық атып түседі. Ол жалма-жан тышқандарды қуалай жөнелді. Нұх оған риза болып «Мысықжан, жауырының жерге тимесін» деп арқасын сипайды. Нұхтың батасын алғандықтан, мысық құлағанда жон арқасын жерге тигізбей, төрттағандап түседі екен.

Тесіктен кемеге сыздықтап су кіре берді. Су түбіне кету қаупі төнді. Сонда жылан:

– Тесікті бітесем, ақысына не бересің? – дейді. Нұх:

– – Қалағаныңды ал! – дейді.

– – Дүниедегі ең қаны тәтті мақұлықты қорек еткім келеді, – деді.

– Дегенің болсын! – деп келіседі. /(былан құйрығымен тесікті бітеп, жатып алады. (Шарты денесі суық теңізде ұзақ тұрғандықтан, оның тәні мұздай болыпты.

Ібілістің қолы тигендіктен, доңыздың еті арам болып саналады.
Ит пен мысық неге өш;
Кеме теңізге түскен соң, Нұх:

– – Кеме тар, азық өлшеулі. Сыймай кетеміз. Нәпсілеріңді тежеңдер, – деп әмір етеді. Ит шыдай алмай, жұбымен шағылысып қояды. Мысық байқап қойып, пайғамбарға арыз айтады. Нұх:

– – Ой, ит, мысықтың айтқаны рас па? -- деді. Ит:

– – Құдай сақтасын! -- деп мойындамайды.

– – Мысық көріпті ғой?

– – Оның іші тар. Менің адаммен достығымды көре алмайды. (балған айтады, -- деп жалтарады. Осы кезде өзге мақұлықтар да:

– – Ит өтірік айтпайтын шығар. Ол адаммен бұрыннан дос. Мысықтың пайда болғаны кеше ғана, – деді. Бәрі жабылып, мысықты келеке етіп, өзін ұятқа қалдырады. Мысық итке тісін қайрап кетіп қалады. Одан кейін күндіз-түні аңдығаны тағы да ит болады. Бірде ит тағы да түнде қосылып қояды. Бақылап тұрған мысық:

– Иә, Алла, бұл ит сенің пайғамбарыңа жалған сөйледі. Мені өтірікші қылды. Құдіретіңмен итті осы жағдайда ұстай тұр. Мен барып пайғамбарды шақырып келейін. ӨЗзі көрсін. Маған сенсін, – деді.

Мысықтың дұғасы қабыл болды. Нұх келгенше, ит босай алмай, ұрғашысына жабысып, ыңғайсыз қалыпта тұрып қалды. Мұны көрген Нұх итке ренжіді. Пайғамбарға өтірік айтқаны үшін Алла итті жазалайды. Содан бастап иттер шағылысқан кезде бір-бірінен босай алмай жабысып қалатын болыпты.

Иттің айыбын аңдып жүріп ашқаны үшін мысық та жазасыз қалмайды. Нұх:

– – Ой, мысық, ескерткенің дұрыс. Оған дау жоқ. Бірақ өзгенің айыбын ашып, елге шашқан жақсы емес. Құдай мұндай істі жек көреді. Әркім өз мінімен әуре болсын. Бұдан былай сен де шағылысқанда өзінді өзің әйгіле

– – деп жазалапты. Мысық содан бастап, күйі келгенде мауығып, жан-жағына білдіріп тұратын болыпты.

Тауық неге ұшпайды?

Топан суға дейін қарға мен тауық дос болыпты. Ол кезде қарға ақ түсті, ал тауық ұшатын құс екен. Топан су басқанда кемеге екеуі қатар жайғасыпты. Кемені шалдыратын мезгіл тақайды. Бірақ судың қаншалықты тартылып, құрғақ жердің бар жоғын білу мүмкін емес еді. Нұх:

– – Судың қаншалықты тартылғанын кім біліп келедіз – дейді. Қарға:

– – Ыктияр етсеңіз, мен ұшайын, – дейді.

– – Сен жемтікке үйір едің. Далада өлексе болуы мүмкін. Қызығып қалып қойсаң ше?

– – Маған сеніңіз. Бір заманда Адам атаға жол көрсеткен мен едім.

– – Келмей қойсаң, сені көп күтуге мұршамыз жоқ. Кепілдікке не қалдырасың?

– – деді. Сонда Тауық:

– Қарға қимас досым. Дос үшін екі қанатымды кепілдікке мен қоямын, – деді. Пайғамбар келісті.

Қарға ұшып шықты. Қараса, біраз жер ашылып, құрғап қалыпты. Топан суға тұншығып өлген жан-жануардың өлігі шашылып жатыр. Кемеден ашқұрсақ шыққан қарға өлексені көргенде араны ашылып, кемедегі ел-жұртты ұмытты. Нұх оны күте-күте шыдамы таусылды. «Іздеп кел» деп сауысқанды жіберді. Ол да жемтік жеп қалып қойды. Үшінші жолы кептер ұшты. Ол зәйтүн ағашына қонды. Ағашқа бұрынғы жойылған қауым мен өлген мақұлықтың қаны жұққан екен. Оның аяғы қанға тиіп қызарып кетеді. Содан бастап кептердің аяғы қызыл болыпты.

Кептер зәйтүн ағашының бір жапырағын тістеп, кемеге оралды. Нұх кептерден:

– – Ана екеуінен хабар бар ма? Аман ба екен? -- деп сұрады. Кептер:

– – Иә, көрдім. Қарға өлген малдың басын, сауысқан көтеншегін шұқып отыр, – деді. Нұх ыза болып:

– – ШЖегендерің жемтік, ішкендерің іртік болсын! -- дегенде екі құстың ұсқыны кетеді. Қарға қара түсті құсқа айналады. Осыдан бастап, ол өлген мал көрсе басын, сауысқан құйрығын шоқитын болыпты. Нұх кептерге:

– Адалдығың білінді. Қарның ашса, адамның қолынан жем же, шатырына ұя сал! -- деді. Сосын пайғамбарға тауық келіп:

– – Қанатымды бер, – деді. Нұх:

– – Досың сені сатып кетті. Ол келсін, қанатыңды сосын аласың, – деді. Тауық осылайша ұша алмай қалады. Күн сайын таң мезгілі болғанда, «Қарға қанатымды қайтар» деп шақырады екен. Сол кезде елдер ұйқыдан оянатын болыпты.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Кеме Қазығұртқа тоқтаған соң, жылан Нұхқа келіп:

– – Уәденді орында. Дүниедегі қаны ең тәтті мақұлықты қорегім ет, – деді. Пайғамбар келісті.

– – Бірақ ненің тәтті екенін қалай білемін? -- деді.

– Масаны жұмсайық. Сол тауып келсін. Қан соратын сол ғой, – деді жылан.

Пайғамбар масаны жұмсады. Маса бар мақұлықтың қанын сорып көрді. Ең тәтті қан адамның қаны екен. Іздегенін тауып, кері қайтады. (Юолда қарлығаш:

– – Ей, маса, қайда асықтың? – деді.

– – Ең тәтті қанды таптым. Соны жыланға айтпаққа асықпын.

– – Иә, кімнің қаны тәтті екен?

– – Адам баласының.

– – Маған да дәмін татқыз, байқап көрейін, -- деп өтінді.

– Мақұл, – деп маса тілін шығарғанда, қарлығаш тілін жұлып алады. Тілінен айрылған маса ызыңдап, Нұх пен жыланға келді.

– – Тәтті қан таптың баз -- деді пайғамбар. Маса ызыңдап тұра берді. Ешкім тілін түсініп болмады. Сол кезде қарлығаш келіп:

– – Маса маған кездескенде құрбақаның қаны тәтті деген. Бұл соны жеткізе алмай тұр, – деді. Жылан бір қулықтың болғанын іштей сезді. Қарлығашқа:

– – Маса неге сөйлемейді? Оған не болды? – деп сұрады.

– – Бақа қанының тәттілігі сондай, маса қомағайлықпен өзінің тілін жұтып қойған, -- деді қарлығаш. Пайғамбар уақытты созбай:

– – Жылан, сенің қорегің құрбақа болсын, -- деп дұға жасайды. Сол кезде жылан ызаланып, қарлығашқа тап берді. Ол жалт берді. Құйрығы жыланның аузында кетті. Содан бастап қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты.

Нұхтың дұғасы қабыл болып, жылан бақаны азық етіпті. Нұх қарлығашқа риза болып:

– – Ұрпағымды жыланның азуынан сақтадың. Бұдан былай көктемнің жаршысы бол! Мамыражай мезгіл сенімен бірге келсін! -- деп бата береді.

Тәтті қанға ынтық болған маса содан бері адам қанына үйір болады. Ал, бақа «мені жыланға азық етті» деп, түнде маса аулайды екен.

Үкі неліктен киелі?

Топан су тартылып, таулардың төбесі көрінеді. Асқар таулар:

– Нұх маған тоқтайды. Адамзат ұрпағы менен қайта таралады, – деп таласады. Тұран даласындағы Қазығұрт тауы сынықтық көрсетіп:

– – Бұл дәрежеге лайық емеспін. Ұлық Алла орынбасарын биік тауға тоқтатар,

– – дейді. Алла Қазығұрттың кішіпейілдігіне риза болып:

– – Нұх, кемені Қазығұртқа қондыр. Тіршілік сол жерден басталсын, -- деп әмір береді. Нұх:

– – Қазығұрт тауы қайда? -- деді. Ұлық Алла сонда «үкі» деген құс жаратып:

– – Мына үкіні қасыңа ал. Оның көзі өткір, түнде көреді. Қазығұртқа баратын жолды сол біледі, – деді. Үкі Қазығұртқа жеткенше, кеменің алдында жол көрсетіп, ұшып отырды. Нұх (иддә тауын, сосын Арарат тауын айналып өтті. Кеменің желкені көрінгенде таулар балбырап, балқып кетіпті. Сондықтан да олардың жақпарында кемеге ұқсас жартастар түзіліпті.

Нұх Қазығұрт тауына аман-есен тоқтайды. Кеме тоқтаған бетте пайғамбар кіші ұлы Жаппасқа «Осы жерге қазық үр!» деп бұйырды.

Үкіге риза болған Нұх пайғамбар:

– – Орман-тоғайдың иесі бол! Шаңырағымның киесі бол! – деп бата берді. Содан үкіге айрықша кие дарыды. Адамдар оны «тіл-көз тимесін» деп, баланың бесігіне, қыздың бөркіне тағатын болыпты.

Төрт түліктің қасиеті

Нұх пайғамбар Қазығұртқа келіп тоқтаған соң хайуандар мен жәндіктер кемеден шығуға таласа бастайды. Сонда Нұх пайғамбар:

– – Бәрің де шығасыңдар, асықпандар. Тек адамзатқа қажет төрт түлікті алдымен шығарайын. Өйткені олар адамдардың кисе – киімі, ішсе – сусыны, жесе -- тамағы, жатса -- төсеніші болады, -- дейді. Сонда манадан бері тағаты қалмай тынышсыз тұрған екі жылқы алдыңғыларын кие жарып, есік аузына жетіп келіпті. Нұх:

– Тұлпарым-ай, жақсылығыңды адам баласынан аяй көрме! Жаратқан Ием жаныңа адалдық беріп, тіршілік иесінің қанаты мен қанағаты бол! – деп, екеуінің жалынан сипап, кемеден шығарыпты. Пайғамбардың мейірімі түскендіктен, жылқының жалы жұмсарыпты. «Жылқы жығылған кісіге жалын төсейді» деген сөз содан қалыпты.

Есік алдына екінші боп маңырап қой келіпті.

– – Момын жануарым! Бәледен аулақ бол, басыңа топалаң келмесін, -- деп оның жонынан сипап, өріске жібереді. Нұхтың қасиетті қолы тигендіктен қой берекелі жануарға айналады.

Үшінші боп есікке түйе келеді. Оның маң-маң басқан жүрісін көріп:

– – Пай-пай, жампозым-ай! Асықпай басып, ақырын келесің, артыңнан «сарып» келсе де асығар емессің-ау! Келең көбейіп, матауың кең болсын! -- деп, шуда жүнінен аялай сипап, кемеден шығарыпты. Нұхтың қолы тигендіктен шудасына кие дарыпты. Сол себептен адам оның шудасын табанға баспай қадірлейді екен. Нұх түйенің қарасы көрінбей кеткенше қимай ұзақ қарап тұрады. Бұл қимастық сезімі аруанаға да дарыпты. Ол да баласын қимастан ішінде он екі ай сақтайтын болыпты. Төртінші түлікті шығару үшін Нұх пайғамбар кеменің ішіне қарайды. Кемеден шыққысы келмей, бір бұрышта жатқан екі торпақты көрген Нұх пайғамбар:

– – Ей, сүті бұлақ сиырларым, бұл жатыстарың қалай? Кәнеки, шығыңдар, әукім-әукім! -- деп шақырыпты. Сиырлар күйіс қайырып жата беріпті. Нұх ренжіп:

– – Ей сендерге не болған? Қане, тұрыңдар, өк! -- деп екінші рет қайталайды. Сонда ғана олар еріне тұрып, әрең қозғалып, есікке беттейді. Реніші тарқамаған пайғамбар:

– – Ой, жайбасарларым-ай! Аяқтарыңды тез бассаңдаршы, -- деп мүйізінен ұстап, есікке сүйрейді. Бақайларын сыртылдатып, сыртқа шығарады. Нұх пайғамбар ашуы тарқаған соң кемеден ұзап бара жатқан екі сиырға қарап:

– – Бір сөзді екі рет айтқыздыңдар ғой! |НБем-шөбіңді жеген соң күйіс қайыруың ұзаққа созылар! – депті.

Ашуланып мүйізінен тартқандықтан, сиырдың мүйізі қатты болып біткен екен. «Өгіз жығылған кісіге мүйізін төсейді» деген сөз де содан қалыпты. Осыған орай «Сиырдың мүйізінен қатты ұстауға болмайды» деген түсінік қалыптасыпты.

Наурыз көже қалай пайда болған?

Қазығұртқа Нұх күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл жиырма екінші наурыз күні екен. Пайғамбар апаттан аман қалғанына шүкіршілік етіп, құдайы тамақ бермек болады. Кемедегі азық-түлікті қараса, қап түбінде алақандай ет, бір-екі құрт, бір уыс бидай мен жүгері, тары, су, бір шөкім тұз қалыпты. Пайғамбар «тәуекел» дейді де, барлығын қазанға салып, пісіреді. Гағамды әр былғаған сайын Алланың есімін айтып ұлықтайды. Алла періштелерге:

– – Көрдіңдер ме? Мен үшін қолдағы барын салып, ас беріп жатыр. Барып, қазанына кәусардан тамызыңдар, берекемді шашыңдар, -- дейді. Періштелер жиналып, қазанды былғайды. Азғантай жеті түрлі дәмнен жасалған тағам берекелі асқа айналады. Жан-жануар, аң-құс жиналып, пайғамбардың қазанынан дәм татады.

Содан бері Нұхтың бұл тағамы «тілеу көже» немесе «наурыз көже» деп аталыпты. Наурыз күні адамдар мен жануарларды тойдыру пайғамбардың сүндетіне айналыпты.

Ойын-сауық қалай пайда болды?

Нұх пайғамбар кемеден түскеннен кейін үш баласын дүниенің үш тарабына жібереді. Үлкен баласы Самнан барша ақ нәсілділер тарайды. Ортаншысы Хамнан қара нәсілділер өрбіді. Кіші ұлы ? аппастан түркі нәсілі тарады. Бірақ топан судан кейін үшеуі де қапаланып жүрді. Еңселері түсіп, өмірден баз кешетін. Алла олардың көңілдерін ауламақ болды. Ойын-күлкіні жаратып, оны он бөлікке бөлді. Бір бөлігін Сам мен Жаппасқа берді. Әкесінің етегі ашылғанда, әуретіне күлгені үшін Хамға тоғыз бөлігін берді. Хам ұрпақтарының ұяттары төмен болып, түрлі шулы әуендерді, шектен шыққан билерді, думандарды ойлап шығарды. ? Вер жүзіне таратты.

Өсімдіктердің түсі неге жасыл?

"Топан суына дейін жердегі өсімдіктердің бәрі ақ боз түсті болған екен. Су толық тартылғанша, алты айдан аса мерзім өтті. Осынша уақыт судың астында тұрғандықтан, шөп атаулыға көкшіл рең әбден сіңді. Сөйтіп өсімдіктер ақшыл түстен көк, жасыл бейнеге ауысты. Ал теңіз, мұхит түбіндегі балдырлар, шырмауықтар, тұңғиық гүлдері бір замандағы осы шөптердің тұқымдастары екен.

Төбе, шағыл құмдардың пайда болуы

Бер бетін қырық кез топан су басады. Су астындағы құм, топырақ лайға айналып, ағыспен бірге көшіп жүреді. Олар бір дараққа, талға тірелгенде, сол жерге жинала береді. (|Шан-жақтан жиналған құм шағылға, ал лай-топырақ төбеге айналады. Кейін топан су тартылғанда мұнар төбелер мен құм бархандар пайда болған екен. Сондықтан абыз-қариялардың:

– – Топан судың болмағанына сенбесең, төбе мен шағылға қара. Кез келген төбе мен шағылдың астын қазсаң, не ағаштың, не үлкен тастың тұрғанын көресін, – деуі содан екен.

Дәуіт қалай пайда болды?

Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сияды екен. Қарсы келген адамды өлтіріп, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі:

– – Дәуіт пайғамбардан көмек сұрайық. Аллаға тілегімізді жеткізіп, мына пәледен құтқарсын, -- деді. Оның сөзін бәрі қоштады. Сөйтіп Дәуітке хабаршы жіберілді.

Дәуіт Мақпар тауында ұста екен. Хабаршы ел тілегін айтып, көмек сұрайды. Дәуіт кеудесінен бір түйме үзіп алады. Оны төске қойып, балғамен үш рет ұрады. ТГүймесі жәндікке айналады. Оны хабаршыға беріп:

– – Қалаға кіргенде босат. Жыланды қуып шығады, -- деді.

Халқы Дәуітті күтіп отырады. Хабаршыны көріп:

– Дәуіт қайдад -- деп сұрады. Жігіт жәндікті көрсетіп:

– – Міне, – деді. (әндік секіріп түсіп, жыландармен айқасқа түседі. Қылыш қолымен жыланның көзін ойып, қаладан қуып шығады.

Ерлігіне риза болған ел оны «Дәуіт», «Дәуіттің жәндігі» деп атап кетеді. Оған қасиетті, киелі деп құрмет көрсетеді. Үйге дәуіт келсе, пәле-жала есіктен кетеді, құт төбеден келеді дейді. «Дәуіт бар жерде жылан жүрмейді», «Дәуітті жер тәуір жер», «Дәуітке көзінен айрылар жылан кездеседі», «Дәуітті тәу еткен құр қалмас» деген тәмсіл сөздер осыдан қалыпты.

Шошқаның еті неліктен арам?

Дәуіт пайғамбар бір дінбасының қатты бұзылғанын естиді. Дінбасы түнде әйелі де, өзі де көңілдестерімен бір үйде зина жасап, күндіз халыққа уағыз айтады екен. Дәуіт анық-қанығын білу үшін бір батырын жұмсайды. Ол дінбасын іздеп келеді. Қараса әйелі екеуі көңілдестерімен сайран құрып отыр екен. Батыр ашуланып, барлығын шауып тастайды. Дінбасының бөлінген денесінен екі шошқа пайда болады. Ол екеуін де шабады. Бірақ ол төртке көбейеді. Гөртеуін шапса, ол сегізге айналады. Шошқаны қанша бөлшектесе, сонша есеге көбейе беріпті. Амалы құрыған батыр пайғамбарға келеді:

– – Ей, Дәуіт, дінбасыны өлтіріп едім, шошқаға айналды. Шошқаны өлтірсем, көбейе береді. Не істеймін? -- дейді. Дәуіт:

– Дінбасы Алланың кәріне ұшыраған. |Нер қабылдамады. Азғаны үшін шошқаға айналды. Енді Қияметке дейін араларыңда шошқа болып өмір сүреді. Одан қашық жүріндер, – депті.

Сауыт-сайманның алғаш жасалуы

Дәуіт пайғамбар Құдайға:

– – Иә, Алла, атса оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін, сүңгі салса дарымайтын болаттай берік киімді қайдан тапсам боладыЗ -- деп сұрады. Ұлық Алла Жебірейілді жұмсады. Жебірейіл қара қоңызды алып келіп:

– – Дәуіт, мына қоңызға қара. Оның денесі мықты сауытпен қапталған. Осы сауытының арқасында қара қоңыз қаншама қауіп пен қатерден аман қалады. Басындағы телпек жәндіктердің қауіпті инесінен қорғайды. Сен де сол сияқты басыңа дулыға жаса, денеңе темірден сауыт соқ, -- деді. Дәуіт қара қоңызға қарап, сауыт-сайман жасаған екен.

Шібек құрты мен жауын құрттың хикаясы

Сүлеймен Саба елінің патшасы Былқысқа үйленгісі келіп, елші жіберді. Ол елшілерге жақұт тастар беріп:

– – Сүлейменнің пайғамбар екені рас болса, мына тастарды қол тигізбей тессін. Перінің де, диюдың да саусағын тигізбей жіптен өткізсін. Сосын алдыма әкелсін. Сонда ғана бір Аллаға иман келтіріп, адал жары болуға келісім беремін, – дейді.

Сүлеймен қалай істерін білмей ойланып тұрды. Сол кезде Ұлық Алла оған екі құртты көмекке жіберді. Бір құрт жақұтты кеулеп тесті. Екіншісі оған жіп өткізді. Сүлеймен оларға риза болып:

– – Не тілейсіңдер? --деді. Олар:

– – Ұлық Алланың орынбасары Адам ұрпағына игілікті қызмет еткіміз келеді. Бізге жер бетінен жай бер, – деді.

– – Қалауларың болсын! -- деп Сүлеймен дұға жасады.

Бір құрт жауынқұртына айналды. Ол қатты топырақ жеп, жерді қопсытып, құнар беріпті. Адамдардың бау-бақшасы осының арқасында тез гүлденетін болды. Екіншісі жібек құртына айналды. Ол тек тұт ағашын қорек етіп, жібек жібін өндірді. Адам ұрпағы содан бастап, жібектен киім киіп, сән-салтанаты арта түсті. Әібек киімге биттер түспейді екен. /Мібек көйлек тазалықтың кепілі болыпты.

Құстардың тұмсығы не үшін тесілген?

Сүлеймен патшаның Эуһра атты сұлу әйелі болыпты. Бір күні әйелі Сүлейменге:

– – Мені сүйсең құстың сүйегінен үлкен сарай соғып бер. Сол сарайда тұрғым келеді, – деп назданды.

Нақсүйерінің көңілін қимаған патша күллі құс біткенді ордасына жинады. Құстар аяқтарынан тұсалып, тұмсықтары тесіліп, сымға тізілген соң:

– – Түс көрдім. Түсімде ғажап сарай көрдім. Досым Жебірейіл:

– – «Құс сүйек» деген сарай осы. Кілең құс сүйегінен салынған» деді. Сол сарайға аңсарым әбден ауды. Сендердің сүйектеріңнен сондай сарай тұрғызсам деген арманым бар, – деді.

Құс біткен басын иіп:

– – Патша ием, сіздің әжетіңізге жараса, жанымызды алыңыз, сарайыңызды салыңыз. Біздің сүйек сіздің жолға садақа, – деді.

Сол кезде Бөдене бытпылдап:

– – Арамызда байғыз жоқ, – деді.

Қараса байғыз келмепті. Сүлеймен қаһарланып:

– – Қаршыға, байғызды дереу дәргейіме жеткіз, -- деп бұйырды. Қаршыға байғызды алып келді. Патша оған:

– – Шақырғанда неге келмейсің -- деп ақырды. Байғыз басын шайқап:

– – Тақсыр, ой үстінде әміріңізді естімей қалдым, – деп жауап берді.

– – Патшаның әмірінен күшті қандай ой?

– – Дүниеде жазық көп пе, төбе көп пе, соны санап, ойланып отырғанмын?

– – деді байғыз. Сүлеймен:

– – Әрине, жазық көп. Сол да сұрақ болып па? – деді.

– – Жоқ, патшам, мен санасам дүниеде төбе көп екен.

– – Қалайша төбе көп?

– – Тақсыр, мен өлген адамның моласын қосып санадым. Әрбір адам өлген соң бір төбеге айналады екен, -- деді. Сүлеймен сөзден тосылып қалып:

– – “Тағы не санадың? – деді.

– – Дүниеде тірі көп пе, өлі көп пе? Соны да санадым, тақсыр! -- деді байғыз. Сүлеймен:

– – Әрине, тірі көп, -- деді.

– – Жоқ, тақсыр. Қанша санасам да өліден тірінің саны аспады.

– – Қалайша?

– Мен күн шыққанша ұйықтайтын адамдарды да өліге қостым, – деді.

Сүлеймен бұл жолы да сөзден тосылды:

– Тағы нең бар санаған) – деді.

– Дүниеде еркек көп пе, әйел көп пе, соны да санадым, – деді. Сүлеймен

жалт қарап:

– – Иә, кімдер көп екен? -- деп сұрады.

– – Әйел көп, – деді.

– – Қалайша?

– – Әйелінің тілін алатын еркектерді де мен әйел санатына қостым, – деді. Сөз төркінін түсінген Сүлеймен патша қателігін түсініп, құстарды босатты.

Құстардың аяғындағы тұсауларын шешіп жатқанда, тірі қалғандарына қуанған торғай мен ұзақ тағатсызданып ұшып кетеді. Аяқтарына байланған тұсаулары толық шешілмегендіктен, олар әлі күнге дейін секеңдеп жүреді екен. Құстарды сымға тізгендіктен, олардың тұмсығында тесіктер қалыпты. Байғыздың тұмсығы сымға тізілмегендіктен, бітеу қалпында кетіпті.

Мойынға алқа тағу қалай пайда болды?

Сүлеймен Былқыс патшаның атағын естіп, оны көрмекке ынтық болды. Оған хат жазып, қонаққа шақырады. Хатты бәбісекке”“ беріп:

– – Мұны Былқыс патшаға жеткіз! -- деп бұйырды. Бәбісек хатты тұмсығымен тістеп, Саба еліне қарай ұшып кетті. Ханшаның ордасына кірсе, ол ұйықтап жатыр екен. Бәбісек түндіктен кіріп, хатты оның бас жағына қойды. Қыз оянбады. Бәбісек оны көкірегінен шоқып оятты. Былқыс оянса, қасында хат жатыр екен. Хатты ашып оқып, Сүлеймен патшаның шақыруын қабыл алады.

Бәбісектің тұмсығының ізі Былқыстың көкірегінде тыртық болып қалып қояды. Бәбісек оны көріп қорқып кетеді:

– – Иә, Алла, мен Былқысты оятпақшы болып, оның көкірегін жаралап алдым. Бұл жайды Сүлеймен патша білсе мені өлтіреді. Мені құтқара гөр, – деп Тәңірге жалбарынады. Сол кезде Жебірейіл періште пейіштен дүр гауһармен өрнектелген алқа әкеліп тақты. Былқыс көркіне көз тоймайтын көркем аруға айналды. Сарайдағы қыз-келіншектер оның алқасын көріп есінен танды. Олар да ханшайымына еліктеп, асыл тастардан алқа жасатып мойындарына тағуды әдетке айналдырды. Содан бастап әйелдердің алқа тағуы сәнге айналыпты.

44 Бәбісек – кәдімгі көкек құсы (Авт).

Бәбісектің айдары қалай пайда болған?

Көкек Сүлейменнің көп қызметіне жарапты. Пайғамбар оны қайда барса да, қасынан бір елі тастамайды екен. (борыққа шыққанда, көкек әскердің алдында ұшып жүреді. (апан түз, шөл далада келе жатқанда, көкек суы бар жерге қонады екен. Оның арқасында Сүлейменнің әскері шөл азабын тартпапты. Саба патшалығына барып, Былқыс ханшаның сұлу дидарын көрген де сол екен. Оған Сүлейменнің хатын жеткізіп, арада дәнекер болады. Құстың риясыз қызметіне риза болған Сүлеймен:

– – Сен менің көктегі қолғанатым болдың. Шөлде де құдықтың көзін табатын қырағы қасиетің бар. Көкейдегі ойды айтқызбай түсінетін сұңғыласың. Елшілік міндетті де адал атқардың. Кейінгі ұрпақ сенің пайғамбардың сенімді қолғанаты болғаныңды білсін. Саған ризамын. Бұдан былай жақсылықтың жаршысы, ізгіліктің есігі бол! Сенің есімің бүгіннен бастап «баб» болсын! Самғар көгін тарылмасын, басыңнан бақ арылмасын, – деп басынан сипапты. Содан көкектің төбесіне патшаның тәжіне ұқсайтын айдар өсіп шығыпты. Осыдан бастап ел-жұрт оны «баб» -- «есік», кейін келе бабесік, бәбесік, бәбісек деп атап кетіпті.

Жылан неге ирелендеп жүреді?

Бірде Сүлеймен пайғамбардың жанына ирелеңдеп жылан келеді де, сымға тартылғандай түп-түзу боп тұра қалады. Сүлеймен мұны көріп:

– – Ой, жылан, өзің оқтай түзу екенсің, жүргенде неге ирелеңдеп жүресің – деп сұрады.

– Алла өзімді әу баста оқтай етіп, көркем түрде жаратқан еді. Бірақ Ібілістің тілін алып, қисық жолмен жүруге мәжбүр болдым. Содан бастап бойым түзу болса да, жолым қисық, – депті.

Жүйрік тұлпардың пайда болуы

Сүлейменнің заманында мың қанатты пырақ өмір сүрген екен. Олардың тұрағы пейіште екен. Күнде бір мезгіл Кауан деген өзеннен келіп су ішеді екен. Пырақ аттар бір-бірінен өткен көз тоймайтын сұлу болыпты. Сүлеймен патшаның пейіштің пырағына аңсары ауып, қанша әуреленсе де қолына түсіре алмапты. Бір күні Сәманду деген дию Сүлейменге келіп:

– – Басыма азаттық берсен, аттарды құзырыңа жеткіземін, – деді.

– – Болсын тілегің, -- деді Сүлеймен.

– – Бір шартым бар. Маған мың батпан жүн, мың көзе шығыр”, мың дию бересің. Мен аттарды ұстап алып келемін, -- деді. Сүлеймен келісті.

Сәманду аттар су ішетін Кауан өзеніне құятын бұлақтарды жүнмен бітеп тастайды. Өзендегі судың орнын шараппен толтырады. Мың диюды жанындағы ну қамысқа жасырды. Бір кезде пырақ аттар келіп өзеннен су іше бастайды. Олар шарапқа масайып, ұша алмай қалады. Сол кезде жасырынып тұрған диюлар тап береді де, бір-бір пырақ атты жетектеп алып кетеді. Сүлейменнің ордасына келгенде екінті уақыты екен. Патша намаз оқиын деп жатады. Аттардың дыбысын естігенде «аттарды тез көре салайын, көп уақыт кетпес. Намазды келіп оқырмын» дейді де, тұра жүгіреді. Қараса аттар расымен сұлу екен. Бірінен-бірі өтіп, көздің жауһарын алады. Сүлеймен әр аттың басынан тұяғына дейін қарап шығамын деп уақыттың қалай өткенін білмей қалады. Бір кезде есін жинаса арада алпыс күн өтіп кетіпті. Алпыс күн ішінде қарамағындағы халық азып-тозып бет-бетімен кетіпті. (Мын-пері, диюлар есіріп елді қан қақсатып, бастарына зобалаң салыпты. Сүлеймен патша бұл сұмдықты көріп шошып кетеді. Есінен айырған аттарға ашуланып барлығының басын шабады. Сол кезде Асыпұлы Барқия деген уәзірі бір пырақты жасырып, аман алып қалады. Кейін ол пырақ адамға бауыр басып жерге үйренеді. Асыл тұқымды жүйрік сәйгүліктер, тұлпарлар, қазанаттар пейіш пырағының ұрығы екен деседі.

Масаның пайда болуы

Ертеде адамдардың қанын ішетін мыстан кемпір болыпты. Ол айдалада қолына түскен адамды өлтіріп, қанын ішіп, қаннан қуат алып жасарады екен. Бір күні халық Сүлеймен пайғамбарға келіп шағым айтады. Ол диюлары жіберіп, мыстан кемпірді ұстап алып өлтіреді. Оның денесін әбден өртеп, күлін көлдің үстіне шашқызады. Мыстанның күлінен мың-мыңдаған масалар ұшып шығады. Маса осыдан пайда болыпты деседі. Оның баласын көлдің бетіне туатыны содан екен.

45 Шығыр - арақ-шараптың атауы

Сүлеймен пайғамбардың күзетшісі

Сүлеймен пайғамбардың қазынасы өте мол болыпты. Жеті қат жердің астын, жеті қабат таудың қойнауын толтырыпты. Пайғамбар сол қазынаны әупілдекке күзеттіріп қояды. Әупілдектің тұрпаты жұдырықтай болғанымен, даусы жержаһанға жетеді екен. Оның үнінен сескеніп, қазынаға ешқандай ұры жоламапты. Кейін Сүлеймен өмірден өткесін, басқалар әупілдекті ұмытып кетіпті. Сосын ол дүниеден баз кешіп, оңаша көлге барып жасырынады. Содан бері ол құс ешкімнің көзіне түспейді екен.

Көшпелі алтын

Сүлеймен пайғамбар дүниеден өткесін, оның қазынасы қараусыз қалады. Асыпұлы Барқия есімді әулие мұны біліп:

– «Жерге көмгенге қара тас та жарайды. /Шұмсағанға алтын жақсы» деген. Бұл қазына пақыр-міскіндердің, қаріп-қасерлердің игілігіне айналсын, -- деп дұға етеді. Ұлық Алла оның дұғасын қабыл етіп, Сүлейменнің қазынасын көшпелі алтынға айналдырады. Қазына сынаптай сырғып, иен дала, жапан түзде көшіп жүреді. Оған кезіккендер:

– – Көшпелі алтынды даладан көрдім, ұстайын деп едім ұстатпады, – деп аңыз қылып айтып жүреді екен. Оны білетін ақсақалдар «Алтынды қолмен ұстап алу мүмкін емес. Ол алақаннан сусып, саусақтардың арасынан жылыстап ұстатпай кетеді. Бірақ алтын-күміс інжу-гауһар қанмен келген дүние ғой. Оған кезіккен адам шынашағының қанын тамызсын. Қанмен келген дүние қанға ғана тұрақтайды. Көшпелі алтын сонда ғана қатып, кесекке айналады екен» деседі.

Құзғынның қасиеттері туралы

Бірде Салық пайғамбардың анасы Эаағым құзғынды көріп:

– – Ой, құзғын, төбең неліктен ақ)? -- деп сұрады.

– Мен Қабылдың Обілді өлтіруіне себеп болдым. Бірде қасымдағы қарғаны көре алмай, қызғаныштан мерт қылдым. Жан-жағыма қарасам Қабыл мені бақылап отыр екен. Артынша барып інісі Әбілді таспен ұрып өлтірді. Алғаш зұлымдыққа бастау болғаныма өкінгендіктен төбемдегі жүнім түсіп қалды. Сол себепті таз болдым, – деді.

– – Тұмсығың неге сарыз

– – Бірде ұжмақта өсетін запыран шөбін жедім. Ібіліс жұмаққа жасырынып кіргенде, ол шөпке заһарын шашқан екен. Аңдамай жегендіктен тұмсығым сарғайып кетті.

– – Бауырың неліктен қара?

– – Бірде ақымақтықпен құстарға жеті тозақтың үстін бұйым көрмей ұшып өтемін деп мақтандым. Қанаттарымды қомдап, тозаққа жете бергенімде лаулаған оты бауырым тиді. Эәре құтым қалмады. Дарақылығымның кесірінен бауырым қарайып кетті.

– – Неге ұшқанда жан-жағыңа жалтақтап қарай бересің?

– Нұх пайғамбар жұмсағанда жемтікке қызығып кемеге оралмадым. Пайғамбардың ренішіне, Алланың наласына қалдым. Содан бері Құдайдың бәлесі қай жағымнан келіп қалады екен деп, жан-жағыма жалтақтап жүремін,

– – депті.

Балықта желбезектің пайда болуы

Намрұт патша өзін «Құдаймын» деп жариялайды. «Ыбырайымның Алласын садақпен атып өлтіремін» деп, елде жоқ алып садақ жасатады. Жебесі жүз құлашқа жетіпті. Ол Аллаға оғын атарда ішінен: «Уа, Алла мен сенің бар екеніңді білемін. Бірақ өзімді «құдай» деп айтып қойдым. Сөзімді қайтып ала алмаймын. Осы дүниеде тілегімді бер, ана дүниеде өзің біл» – дейді.

Алла келіседі. Ол оғын атқанда Жебірейілге:

– Оның оғына балықты тос. /Жебесі зая кетпесін, – дейді. Жебірейіл солай жасайды. Жебе балықтың мойнын тесіп өтеді. Одан қан ағып, жерге тамшылайды. Намрұт қанды көріп, қуанады. Елге қанды көрсетіп:

– – Қараңдар Ыбырайымның Құдайын өлтірдім, -- деп жар салады.

Балық:

– – Иә, Алла неге мені оққа тостың? – деді. Ұлық Алла:

– – Балық қайғырма. Ақыңды жемеймін. Сені адам үшін адал ас еттім. Сені кім ауласа да бауыздамай жей берсін, -- деді. Балық Аллаға риза болды.

Балық осыдан бастап, адал асқа айналыпты. Оның желбезегі жебенің орны екен. Қаны сол кезде аққандықтан, оны сойғанда қан шықпайтын болыпты.

Қарлығаштың алқымы неліктен ақ түсті?

Ыбырайым пайғамбардың кезінде Намрұт атты залым патша Бәйт-әл Мұқаддасқа шабуыл жасайды. Қасиетті орынды қиратып, оның киесін кетірмек болады. Қалың қолмен қалаға келіп кіргенде үрейленген ел-жұрт дүние-мүлкін тастап қашып кетеді. Бәйт-әл Мұқаддастың маңдайшасына бір қарлығаш ұя салған екен. Бір апаттың төнгенін білген қарлығаш:

– Жаратушы Ием! ШШаудың бұл орынды аяқ асты етуіне жол берме. Дұшпанның бетін қайтар, -- деп жылап тұрып дұға жасайды. Оның көзінен алты тарам жас ағып, алқымына құйылады.

Алла тағала оның тілегін қабыл етеді. Нау Бәйт-әл Мұқаддасқа жақындай бергенде, айналаны қалың тұман басады. Қалың қол адасып, бір біріне соқтығыса бастайды. Ақыры, қаланы таппай айдалада қаңғып, азықтары таусылып, тірі қалғандары шұбырып еліне қайтады. Сөйтіп, киелі орын апаттан аман қалды. Қарлығаштың көз жасы тиген жерді Алла тағалаға ақ түске өзгертеді. Содан бастап, қарлығаштың алқымы ақ екен.

Қара шегірткенің пайда болуы

Перғауын өзін «Мен -- Құдаймын!» деп жариялайды. Ел-жұртты өзіне сәжде жасауға бұйырды. Әміріне көнбеген момындарды азапқа салып қинайды. Өзін адамдық қасиеттерден ада, тәңір ретінде көрсеткісі келді. Елге көрсетіп тамақ жемеді, жұрттың көзінше түзге отырмады. Бір күні жорықта қарны ашып, нан жеп отырғанда, қасына нөкерлері жетіп келді. Перғауын дереу нанды жұдырығына жұмып қалып:

– – Иә, Алла мен елге өзімді «Құдаймын!» деп жариялап қойдым. Абыройымды төгіп, масқара етпе. Нанды жоқ қыл! -- деп жалбарынды. Құдай тілегін қабыл алды. Перғауын алақанын ашып қалғанда, қара шегіртке ыршып түсті. ?Керге түскен бетте толассыз шырылдап, жұрттың мазасын алады. Қара шегіртке перғауынның тілегімен жаралғандықтан, Алла тағала оған ырзықнесібе жазбапты. Сондықтан ол нәр татпай, үйдің іргесінде шырылдап қана жата береді екен.

Тоқылдақ қалай пайда болған?

Мұса пайғамбардың қауымында қолының сұғы бар бір ұры болыпты. Қауымында одан зиян шекпеген адам қалмапты. Төңірегін түгел зар қақсатқан баукеспе енді Мұсаның асатаяғын ұрлап, пайғамбар болғысы келеді. Бір күні түнде іргеден баспалап келіп, босағаға сүйеулі тұрған асатаяқты білдіртпей алып кетеді. Үйіне әкеп асатаяқты қуысқа тыға бергенде ол қара шұбар жыланға айналып, өзіне тап береді. Ұры жанұшырып:

– Ойбай, жылан! – деп ауылды басына көтеріп айғайлайды. Көрші-қолаң түгел жиналады. Мұса да жетіп үлгереді. Асатаяқтың ұрланғанын біліп:

– Шаныңа жан жуымасын! Басыңнан қайғы арылмасын! ӨӚркенің өспесін, өзегің жарылмасын, -- деп ашу үстінде теріс бата беріпті. Тәңірі тағала ұрыны сол мезетте тоқылдаққа айналдырып жібереді. Ұлық Құдай оның ырыздығын ағаштың өзегіне жасырады. Тоқылдақтың ешбір құсқа жуымай, ертелі-кеш ағашты тұмсығымен соққылап, құрт-құмырсқаны азық ететіні осыдан екен.

Қарынбайдың малы

Мұсаның заманында Қарынбай деген бай болыпты. Малы қисапсыз болса да, өзі сараң екен. Таңертең атына мінсе, төрт түлігін ақшамда әрең аралап бітеді екен. Малын азсынып, Құдайдан «бұдан да көп мал бер» деп тілейді. Тілеуі қабыл болып, малы көбейеді. Ол малын айлап санайды. Байыған сайын, сараңдана береді. Бір күні байға Мұса пайғамбар келеді. Қарынбай оған тышқақ лағын қимай, мысық сойып әкеледі. Габақты алдына тартқанда Мұса дұға қайырады. Тамағы сол сәтте бақа-шаянға айналады. Мұса:

– – Арам ас, бақа-шаянға айналып, о дүниеде өзіңді шағады. Су берсең де, шынайы ниетпен адалдап бер! – деді. Қарынбай үндемеді. Мұса:

– Алла жолына зекет бер. Сол үшін келдім, – деді. Қарынбай:

– Артық малым жоқ, > деді. Сол кезде жер жарылып, Қарынбайды тізеге дейін жұтады. Мұса:

– – Зекет бер. Эекет кедей-кепшіктің сендегі несібесі, -- деді. Қарынбай:

– ШЖарлыны жарылқайтын жағдайым жоқ. Артық малдарың болса, маған қарасыңдар, – деді. Жер байды беліне дейін жұтты. Мұса:

– – Алла бай адамға ырыздық бергенде, төңірегіндегі ел-жұрттың несібесін қоса береді. ӘЭекет бер, -- деді. Қарынбай:

– Алла маған ештеме берген жоқ. Байлықты өз күшіммен жинадым, – деді. Жер байды кеудесіне дейін жұтты. Мұса:

– – Ей, Қарынбай саған жан қымбат па, мал қымбат па? Садақа бас амандығы,

– – деді. Қарынбай:

– – Мал қымбат. Жаным садақа, – деді айқайлап. Вер Қарынбайды жұтып қойды. Оның қисапсыз малы тағыланып, жабайы аңдарға айналып кетті. Шылқысы -- құлан мен бұланға, ешкісі -- тауешкі мен бұғыға, қойы -- арқар мен киікке, қозы-лақтары – қоянға, иті – қасқыр мен түлкіге айналды. Мұса:

– ІБабайы андар – Қарынбайдың қисапсыз малы, қара халықтың несібесі. Кім атып алып жесе, оның сұрауы жоқ, – депті.

Асаймұса ағашы

Мұса пайғамбардың асатаяғы оған Адам атадан мирасқа қалған. Ол да шөп жеп, су ішеді екен. Мұса перғауынның алдында мұғжиза көрсеткенде, асатаяқ жыланға айналады. Пайғамбар асасымен Қызыл теңізді екіге жарып, қауымын аман-есен алып өтеді. Сөйтіп, асатаяқ қаншама жыл пайғамбардың серігі болады. Дүниеден өтерінде Мұса таяғын Тұр тауына қадап:

– – Бұл асатаяқ бір Алланың дидарына ынтық болған ақжүрек момындарға сүйеніш болсын. Дүние-малды тәрк еткен момын-дәруіштерге осы асатаяқты мирас етіп қалдырамын, -- деді. Қайтыс болғаннан кейін бұл асатаяқты Шайқы Бұрқы ұстап жүріпті. Содан кейін ол ауысып келіп, Жақып пайғамбарға мұра болып қалды. Жақып пайғамбар оны әрдайым жаумен тірескенде алып шығады екен. Асатаяқтың кереметімен ұстасқан дұшпанын жеңбей қоймайды екен. Содан бастап жүрек көзін ашуды мақсат тұтқан дәруіштер сапар шеккенде, Мұса пайғамбардың аманаты болған асатаяқты қолдарына ұстап жүретін болыпты.

Ал, Мұса өзінің асасын қадаған жерден асаймұса деген ағаш бұта өсіп шығады. Асаймұса тасты, шатқалды тау бөктерлерінде және құрғақтау немесе сортаң жерлерде өседі екен. Өзегі қатты болғандықтан, асаймұсадан ағаш шеберлері әртүрлі бұйымдар – кәдуілгі таяқ, балдақ, қамшының сабын және т.б. жасайды. Асаймұсаның сүйегі ауыр болғандықтан, суға салса, батып кетеді. Сонымен қатар қазақта отбасындағы ең қажетті зат пен бұйымдарды «асай-мүсей» деп атайды. Ол «Мұсаның асасы» деген мағынаны білдіреді.

Мариям шөбі

Ғайса пайғамбардың анасы Бибімәриям Құдайға құлшылық етіп, үңгірде жатады. Нәр татпайды. Су ішпейді. Жалғыз қылтанақ шөпті тістеп, соның нәрін сорып жата береді. Мәриямның тақуалығына риза болып, Алла шөптің бойына құнарлы азық пен бал татыған су бітіреді. Мың дерттің шипасын береді. Мәриям суық үңгірде жатса да ауырмайды. Кейіннен ол шөп «Мәриям шөбі» деп аталыпты. Бірақ ол ілуде біреудің ғана көзіне шалынады екен. Оның қасиетін білген тасбақа аузына көлденең тістеп, ұзақ күндік сапарларды шаршамай-талмай жүріп өтеді. Әрі қарны да ашпайды, шөл далада да сусап өлмейді. Гасбақаның ұзақ жасайтын сыры да осы шөптің қасиетінде екен.

Жарқанат қалай пайда болған?

Бір күні Ғайса пайғамбар бір топ балықшыға кезігеді. Олар Ғайсаға:

– – Әй, Ғайса сені елші дейді. Сол рас па? -- деп сұрады. Ғайса:

– – Иә, мен пайғамбармын, -- деді.

– – Пайғамбар болсаң, керемет көрсетші. Елші екеніңе сенейік.

– – Мұғжиза тек Алланың қалауымен болады. Иман келтірсең, керемет

көрсетемін. Қызық үшін сұрасаң, кесірі ұрады, -- деді. Балықшылар бір
ауыздан:

– – Бізді таңғалдырсаң дініңе кіреміз, елші екеніңді мойындаймыз, – деп уәде берді. Ғайса:

– – Қандай керемет көрсетейін, – деді. Бірінші балықшы балықты көрсетіп:

– – Мынаның аузынан құс шығар, денесі жүнсіз болсын. Аузына дем сал, көз алдымызда ұшсын, -- деді. Екінші балықшы:

– – Құстың тұмсығы болмасын. Басы қойдан аумасын. Тістері болсын, бірақ шөп те, ет те жемесін. Қорегі қан болсын, -- деді. Үшіншісі:

– – Құлағы есектің құлағына ұқсасын, бірақ естімесін. Көзі болсын, бірақ көрмесін. Аяғы болсын, бірақ жүрмесін, -- деді. Төртіншісі:

– – Құстың емшегі болсын. Бір емшегінен сүт ақсын, екіншісінен су ақсын. Өз емшегін өзі сорсын, – деді. Бесінші:

– – Құстың қанаты кеменің желкеніндей болсын, бірақ суда жүзбесін, – деді. Алтыншы адам:

– Құс жұмыртқа баспасын. Голғатып тусын, -- деді. Жетіншісі:

– – Ой, Ғайса, жаратқан құсың мен сияқты шықылықтап күлетін болсын, – деп оттай салды. Ғайса балықтың аузынан бір құс шығарып:

– – Сұрағандарың осы ма) -- деп, балықшыларға лақтырып жіберді. Түрі сиықсыз, аузында тісі, салбыраған екі құлағы, екі емшегі бар мақұлықты көргенде олардың зәресі ұшады. Құсты жерге тастай салып:

– Елші екеніңе сендік. Мынаның қарасын жылдам құрт. Түрі неткен қорқынышты, >- деді. Ғайса:

– Алла «Кун» деп әмір бергенде жаралмайтын зат жоқ. Қанша жерден қиялмен қиындатсаң да, Ұлық Алла қиыннан қиыстырады. Ол сондай шебер Алла, – деді. Балықшылар:

– – Ау, бұл зәремізді ұшырады ғой. Көрген адамның жүрегі жарылып өлер,

– деді.

– – Ендеше тек түнде ұшсын. Адамға көрінбесін, -- депті Ғайса. /Жарқанат осылай балықшылардың қиялынан туыпты.

Мұхамбет пайғамбардың нұры

Алла тағала, алдымен, Мұхамбет пайғамбардың рухын жаратты. Одан кейін оның нұрынан барша әуелден ақырға дейін өмірге келетін рухтарды шығарды. Сансыз рухтардың ортасына пайғамбардың рухын қойды да:

– – Уа, менің құлдарым! Сендердің барлығың Мұхамбет пайғамбардың нұрынан жаралдыңдар. Оның рухына қарап, құрмет көрсетіңдер! -- деп бұйырды. Барлық адам рухтары пайғамбардың рухына қарап, тағзым етті. Сол кезде оның басын көргендер дүниеде патша, сұлтан болды. Олар жер жүзінде билік құрып, әмірлерін жүргізді. Ал мүбәрәк жүзін көргендер қазы, би болып, әділдікке қызмет етті. Момындардың ақысын жегізбей, таразыны тең ұстады. Пайғамбардың көзіне қарағандар қары, абыз, ғұлама болып, Құранды жүрекке тоқыды. Халық ел сыйлаған құрметті кісілерге айналды. Мұхамбет пайғамбардың қасына көзі түскендер ақылды, білімді жандар болып, білім-ғылымның нұрын шашты. ІЖЖКүзін көргендерге даналық дарып, хәкімдік мәртебені иеленді. Олар сонымен бірге мың дерттің шипасын білетін еді. Ауру-сырқауды емдеп, халықтың алғысын алды. Пайғамбардың екі ернін көргендер патшаға уәзір болып, қызмет етті. Ауызын көргендердің дүниеде істері сәтті, берекелі болып, көңілдеріне қайғы, қасірет келмеді. Көз жасын көргендердің ажар-көркі асып, олардың сұлулығына ешкім тең келмейтін болды. Пайғамбардың құлағын көргендердің пешенесіне елші болып, екі елді елдестірмек міндеті жазылды. Мүбәрәк алқымына назар салғандар тәхлил-тасбих айтатын тақуалардың сапынан орын алды. Пайғамбардың екі қарына көзі түскен жандар ержүрек, батыр болып, жаудан мерейі асты. Кімде-кім оң алақанын көрсе, ұстаға айналып, он саусағынан өнер тамған зергер болды. Сол алақанын көргендер таразы ұстап, саудагер болды. Екі қолына бірдей назар салғандар қолы берекелі, жомарт жандар ретінде халыққа танылды.

Осылайша, жерге түспей тұрып, Алланың қалауымен Мұхамбет пайғамбардың рухын тамашалап, оның қасиетті денесін көргендер дүниеде атақ-лауазым, мәртебе, кәсіптерін еншіледі. (Мер жүзіндегі тақуа, әулие, ғұлама, жомарт, ғалым, патша, сұлтан, бай-бағлан, би, қазы, зергер, саудагерлер өз қызметіне әлімсақта ие болған екен.

Ботташық туралы хикая

Бір күні Мұхамбет пайғамбардың үйіне қонақ келеді. Қызы Фатима анамыз:

– – Әке, қонаққа не береміз. Үйде азық жоқ, – дейді. Пайғамбар қызына:

– – Қонақ өз несібесін ала келеді. Ниетің түзу болса, Алла жар болады. Қазанға тас салып қайната бер, -- дейді. Қызы солай жасайды.

Сәлден соң, қазанды қараса тастар сары, қызғылт түсті тағамға айналыпты. Оны дастарқанға әкеліп қояды. Қонақтар дәмін татып ұнатады.

Кешке (атима әкесінен:

– – Әке, бұл не тамақ? – деп сұрады. Пайғамбар:

– – Бұл – тәтті тамыр. Алла бізді ұялтпас үшін құдіретімен тасты тәтті тамырға айналдырды, -- депті. Бұл тағам картоппен тұқымдас. Оны мұсылмандар оны «батат», еуропалықтар «потат», ал қазақта «ботташық» деп атайды екен.

Күріштің хикаясы

Ухуд шайқасында Мұхамбет пайғамбардың астыңғы күрек тісі сынады. Бір сахабасы сынған тісті тауып алады. Пайғамбар тісін аяқ асты қылуға дәті жібермейді. Тісті үйінің бір бұрышына көмеді. Тіс көмілген жерден әппақ күріш өсіп шығады. Сахаба пайғамбарды шақырады. Пайғамбар келіп, «Ясин» сүресін оқып, дұға жасайды. Ол сахабаға:

– Алла менің тісімнен күріш өсіріп шығарды. Оған Ясиннің қуатын бердім. Оны аяқ асты етпеңдер, – деп өсиет айтады.

Содан бері халық күрішті қастерлепті. Пайғамбардың дұғасынан соң, күріш тойымды әрі берекелі асқа айналыпты.

Қаракүйе қалай пайда болған?

Мұхамбет пайғамбар заманында ағайынды екі жігіт өмір сүріпті. Өздері ішер асқа, киер киімге жарымаған жарлы екен. Бірақ пайғамбардың қасынан қалмай, оның ақыл-кеңесін тыңдауға құштар болыпты. Тақуалық пен тағатқа ден қойып, жұрттың назарына ілінеді. Бір күні пайғамбар екеуіне екі қара қой тарту етіп:

– Берекелерің артып, несібелерің көбейсін! -- деп шын ниетімен бата береді. Ағайынды екеуі қуанып, қойды үйлеріне алып кетеді. Пайғамбардың қолы тиген қойларға құт дариды. Қанша сауса да, сүті таусылмайды. Жүнін қырықса, қайтадан тез өсіп шығады. Екеуі асқа жарып, тұрмыстарын түзеп алыпты. Сөйтіп жүргенде, көңілдеріне құрт түсіп, байлықты аңсапты. Дүниеге деген құмарлықтары асқына берді. Пайғамбардың алдына барып:

– Уа, Алланың елшісі! Сізге бір қолқамыз бар. Құдайдан бізге байлық тілеп, бата беріңізші, -- деп, жалынып қоймайды. Пайғамбар:

– – Бұл қолқаларың орынсыз. Екі қойдың сүті мен жүні сендерді аш-жалаңаш қылмайды. «Барға – қанағат, жоққа сабыр», «ынсап сайын береке» деген. Мал көңілге жел бітіреді, көзге шел бітіреді. Мыңғыртып мал айдаған Қарынбайды қара жердің жұтқанын естімеп пе едіңдер, – деп, екеуін ынсапқа шақырады. Бірақ олар қиылып отырып алды.

– – Әзіреті Оспан да, Сәдуақас та төрт түлігі сай кісілер ғой. Қаншама жұрттың сауабын алды. Ашқа -- тамақ, жаяуға – ат, жалаңашқа – киім берді. Құдайдың ен дәулетінен біз де құр қалмайық. Бізге де Алла байлықта нәсіп етсе екен, -- деп қоймады. Ақыры пайғамбар шарасыз күйде қолын жайып:

– Иә, Алла мына бауырларды бай, дәулетті қыл! -- деп бата берді. Пайғамбар дұғасы қабыл болып, ағайындылардың дәулеті тасып, бай болды. Мал басы көбейген сайын, шаруа да көбейеді. ІПаруаға маталған сайын көңілдері кірлей берді. Ғанылдықтан жүректері қатайып, тәкаппарлығы өсіп, кедей-кепшікті елемеуге айналды. ПТайғамбарға берген уәделерін ұмытты. Мұны сезген пайғамбар оларға бір серігін жіберді. Ол:

– – Мені сендерге Мұхамбет пайғамбар жіберді. «Құдайдың берген дәулетін орнымен жұмсасын. Малдарынан зекет берсін», деп сәлем айтты, – дейді. Сонда үлкені:

– – Бір-екі көтерем қой бердім деп, сонша міндетсіне ме? Бұл мал-мүлікті біз табан ат, маңдай ақымызбен жинадық. Еңбекпен келген дәулетті тегін таратар жайымыз жоқ, – деді. Эекетші болған жайды пайғамбарға айтты. Пайғамбар оған сенбей, өзі келді. Барса, ағайындылар қойларын қырқып жатыр екен. Қойдың күзем жүні тау-тау болып үйіліп қалыпты. Пайғамбарды көрген кезде екеуі де сасып қалып, сәлем берді. Өтірік мәймөңкелеп, зекетшіге жала жапты. Біраздан соң ағасы мен інісі сыртқа шығып:

– – Қонақасыға қандай мал соямыз, – деп кеңесті. Сонда ағасы:

– – Өзіміз көбейтіп, өзіміз төлдеткен мал ғой. Қалай көзіміз қиып бауыздаймыз? Одан да бір мысық сойып, алдына тартайық. Ненің еті екенін кім біліп жатыр? – деді. Інісі келісе кетті. Олар мысық сойып, соның етін асты. Пайғамбар алдына ас келгенде:

– Иә, Алла мына екеуінің арам пиғылдары болса өзің әшкере қыл, – деп дұға жасады. Сол-ақ екен, табақтағы ет мысық болып тіріліп, мияулап, сыртқа жүгіріп шықты. Мұны көріп, жүздері күйген ағайындылар қалың жүннің арасына кіріп кетті. Ұлық Алла екі сараңды сол заматта қаракүйеге айналдырып жіберді. Содан бері олардың ұрпақтары жарық дүниеге шықпай, қараңғы жерде жүннен тоқылған киім-кешек пен киіз-текеметтерді азық етіп күнелтеді екен.

Тәспі қалай пайда болған?

Түйенің пірі -- Ойсыл Қара Мұхамбет пайғамбарды бір көруге зар болыпты. Үйіндегі қарт шешесіне қарайлап, пайғамбарға бара алмапты. Бір күні Құдай сәтін салып, Меккеге жол тартады. Пайғамбардың құтты шаңырағына келсе, оның өзі жоқ, сахабалары ғана отыр екен. Ойсыл Қара олармен сұхбат құрып отырғанда, көзі төрдегі адамның азу тісіне түседі.

– – Бұл кімнің тісіз -- деп сұрайды. Сонда Әбубәкір Сыддық:

– Жақында мүбәрәктің бір тісі түсіп қалды. Біз оны аяқ асты болмасын деп, сақтап қойдық, – деді. Мұны естіген Ойсыл Қара Құдайдан:

– Иә, Алла. Мұндай ұлық пайғамбардың бір тісін алғанша, менің отыз екі тісімді алмадың ба? -- деп елжірейді. Алла оның тілегін қабыл етеді. Отыз екі тісі түбінен босап, сол жерде түсіп қалды. Ойсыл Қара пайғамбарды көре алмай, үйіне қайтады. Пайғамбар келген соң, бұл жағдайды естіп көзіне жас алды:

– – Түйешіге Алла бақ берсін. Ол нағыз иманды жан екен. Менің бір тісім мен оның отыз екі тісін қосып, тәспі жасаңдар. Кәлима қайталағанда сол тәспімен санап отырыңдар, >-- деді. Сөйтіп отыз үш тістен тұратын тәспі пайда болыпты. Оның толық атауы «тасбих», яғни «Алланы пәктеу» дегенді білдіреді.

Момынның ақысын жемейтін әділ Құдай Ойсыл Қараға жаңа тістер өсіріп беріпті.

Бірқазан құсының қасиеті

Мұхамбет пайғамбар Мәдинаға көшіп барған соң, бірінші мешітті салады. Барлық сахабалары жабылып асарлатады. Бірақ құрылысқа су жеткізудің машақаты көбейеді. Пайғамбар:

– Қайырлы іске Құдай да қарайласады. Алладан үміт үзбеңдер, – деді. Көп ұзамай бірқазан ұшып келеді. Аузы толған су екен. Келген бойда сол суды балшыққа құяды. Жұмысқа жан бітіреді. Бірқазан бір сәт дамыл таппай, көлден су тасиды. Артынша қаптаған бірқазандар жұмысқа қызу араласып кетеді. Оның еңбегіне сүйсінген пайғамбар:

– – "Тұрқың шағын болғанмен, ұртың қазандай кең құс екенсің. Бізге көмектессен, сені де Алла жарылқасын. Үмбетім қай жерге қоныстанса, сол жерде өрбіп-өніп, көбейгін, -- деп дұға қылады. Сондықтан бірқазан адамдар қайда мекендесе, соған жақын көлдерге ұшып келеді екен.

Адыраспан хикаясы

Төрт шадиярдың бірі әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа бара жатады. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан-жаққа шашыратып қуады. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалады. Оның кісінеген даусын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналады. Оспан да серіктерін ертіп жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң, Мұхамбет пайғамбарға болған жайды баяндайды. Пайғамбар:

– – Бұл шөптің аты қалай? -- деп сұрады. Оспан:

– – Мұны адыраспан деп атадым, -- деді. Пайғамбар:

– – Ұлық Алла бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де

адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін, -- деп, аят оқып, шөпке дем
салған екен.
Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Осыған орай ел ішінде:
Ассалаумағалейкум, адыраспан,

Атыңды қойған екен Өзіретті Оспан.
Пайғамбар дұғасынан нәр алған соң,
Өзіне келіп тұрмын жол алыстан, -- деген сөз қалыпты.

Жан-жануар, жәндікті өлтіру неліктен обал?

Мұхамбет пайғамбар бірде сахабаларына:

– Алла тағала жан-жануар, жәндікті тіршілік үшін жаратқан. Оларды нақақ өлтіру обал болып саналады. Адамға өзі тиіспесе, құрт-құмырсқаға зарар бермеңдер, – депті. Бір сахабасы:

– Иә, Алланың елшісі! Адамға көмегі тиген, жәрдем берген, өлтірсе күнә болатын аң-құс, жәндік-жануарларды атап берсеңіз. Біз де ұл-қыздарымыздың құлағына құя жүрейік, -- дейді. Пайғамбар:

– Адам ата ең алғаш Меккеге барып, Алланың үйін салғанда, көкқарға жол көрсетті. Сондықтан бұл құсты өлтіруге болмайды. Сүлеймен пайғамбарға көп ғибратты өсиет айтқандықтан, құмырсқаның да илеуін бұзып, азап беруге тыйым салынған. Қарлығашқа да тиіспендер, киесіне ұшырайсыңдар. Ол Нұх пайғамбардың кезінде адам ұрпағын жыланға азық болудан сақтап қалды. Ыбырайым пайғамбарды Намрұт отқа тастағанда, лаулаған жалынға қанатымен су септі. Намрұт Бәйт әл-Мұқаддасты қиратуға келгенде, Тәңір тағала қасиетті мешітті қарлығаштың дұғасының шарапатынан аман сақтап қалды. Бәбісекті де өлтірмендер. Ол Сүлейменге елші болып, оның Былқыспен табысуына себеп болған. Бал арасын да өлтірмеңдер. Оның балы -- дертке мың да бір дауа, – дейді.

Осының арқасында мұсылмандар құрт-құмырсқа, жануар, жәндікті өлтіруді обал санайтын болыпты.

Бибі Фатиманың шымшығы

ШЖауторғай мен шымшықты жұрттың бәрі жек көреді. Оларға тіпті балашағаға дейін тас атқылап, күн көрсетпепті. Бір жылдары Арабияда қуаңшылық болады. Жұрт егістікті торғайдан қорғап, көрген жерде оларды қуалап өлтіреді. Бірде аяғы жаралы бір шымшық балалардан қашып келіп, Оатима анамыздың қойнына тығылыпты. Құсқа жаны ашыған (Оатима оны үйіне әкеліп, жарасын жазады. Шымшық үйінің шатырына ұя салады. Фатима қайда барса да жанынан қалмапты. Халық оны «Бибі Оатиманың шымшығы» деп атап кетеді. Оған тиіспепті. Осыдан кейін халықтың торғайға аянышы оянып, оларды өлтіруді обал санайтын болыпты.

Ішірткінің пайда болуы

Ертеде бір ғұлама көп ізденіп, ілім игеріпті. Қаншама жыл көз майын тауысып, күш-қайратын сарп етіпті. Оқыған-түйген ғылымын қағазға түсіріп, екі қоржын кітап жинапты. Өзінің мол қазынасына көңілі толған ғалым:

– Ғұмырымның көп жылын ілім-білім үйренуге сарп еттім. Дүниенің ғылымын жиып, ғаламның сырын кітапқа түсірдім. Енді осы еңбегімнің өтеуін алатын уақыт келді. (Минаған мұрамды алтын-күміске айналдырсам, байлық жағынан менімен кім теңесе алады? Қарынбайын да, Шәдәтың да менімен шендесе алмас, -- деп масаттанады екен.

Бір күні жолаушылап жүріп, бір өзеннің жағасына келеді. Сол жерде демалып, көзінің шырымын алмақ болады. Есегін қаңтарып, ұйқыға кетеді. Сол мезетте бір құйын соғып, қоржындағы барлық кітаптарын ұшырып әкетіп, әртүрлі дәнді-дақылдарды суғарып жатқан атыздарға әкеліп тастайды. Кітаптардың сиясы шайылып, жазулары лезде жоқ болады. Ғұлама ұйқыдан оянса, құр қағаздар су бетінде қалқып жүр екен. Өзінің астамсып сөйлегені есіне түсіп, тәубаға келеді. Кенет сол маңда жайқалып тұрған егінге көзі түседі. Ол ішінен: «Құдай сөзінің қасиеті жоғалмайды. Сиясы суға араласып мына арпа, бидай, сұлы, тары, күрішке дарыса керекті. Емдік шарапаты осы дақылдарға жұқты. Әділ Құдай ілімнің шарапаты барша адамға пайдасын тигізсін деп, бұл істі Әдейі жасаса керек» деп түйеді. Содан бастап бидай, арпа, сұлы, тары, күрішке емдік қасиет бітіпті. Ауырған адамға олардың суын қайнатып ішкізеді екен. Ал, қағазға құран аяттарын жазып, одан ішірткі жасау да сол кезде пайда болыпты.

ыл басы туралы

Ертеде хайуандар жыл басы болуға таласыпты. ОӚркім өзінің қасиетін, адамға жасаған жақсылығын айтып жарысыпты. Алдымен жылқы:

– Мен адамның қанатымын. Мінсе көлігі, ішсе сусынымын. Қылымнан арқан еседі. Адам ата жерге түскенде оған алғаш жолдас болдым. Адамды шақпақ болған жыланды тұяғыммен мыжып өлтірдім. (был басы мен болуға лайықпын, – деді. Түйе:

– – Мен ең киелі жануармын. ІШудама Нұх пайғамбардың қолы тиген. Менің жүнімді адамдар аяқ асты етпейді. Киім тоқып, иініне іліп жүреді. Салық пайғамбардың мұғжизасымен таудан жаралдым. Ел-жұртты шипалы шұбатпен суардым. Қымыраным мың бір дертке дауа. «Ашпын» деп арпа сұрамаймын, қаңбақ пен жантақ менің сүйікті азығым. Тілімді тікен теспейді. Шөлде жүргенде апталап су ішпеймін. Мені «құмның кемесі» деп мақтайды. Жыл басы болуға мен лайықпын, -- деді. Қой:

– – Кішкене ғана бойым бар, айналдырып киген тоным бар, күй талғамай тез семіретін қоңым бар, менен асқан қандай қойың бар. Мен қасиетті Меккенің топырағынан жаралдым. Адам ата мен Хауа ана мені бағып тұрмысын түзеді. Менің жүнімді түтетіп, үстеріне киім тоқыды. Ыбырайым пайғамбарға көктен түсіп, Смағұлды құрбандықтан аман алып қалдым. Нұхтың батасын алып берекелі малға айналдым. Жұрт жүнімнен киіз басады, арқан иіреді, жабағымнан киім тігеді, сүтімнен құрт-май алады. (ыл басы болуға мен лайықпын, – деді. Сиыр:

– – Адам атаға егін егуге жәрдемдестім. (Белініме Нұхтың қолы тиіп, сүттің бұлағына айналдым. Үйдің ырысына баландым. Зеңгі баба өсіріп, баптаған жануармын. Жұрт сүтімді ішеді. Айран, құрт-ірімшік менің сүтімнен жасалады. Жыл басына мен лайықпын, – деді.

Ит:

– – Әй, сендер білмеуші ме едіңдер? Мен әлімсақтан Адамның досымын. Оның кіндігінен жаралдым. Адам ата жерге түскенде оны қауіп-қатерден сақтадым. Ібілістің қаһарына ұшырап бір өліп, бір тірілгенім және бар. Адам үшін мендей жан бергенің бар ма? Мен болмасам, сендерді ұрылар ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Сендерді де күзетемін, ұрыны көрсем үріп, иеме белгі беремін. Жыл басына лайық мен емеспін бе? -- деді. Тауық:

– Мен болмасам, адамдар таңның атқанын білмес еді. Құдайға тағатын ұмытады. Тағаты кетсе, ырзық-берекесі кемиді. Нұх кемесінде барлық мақұлықтың амандығы үшін кепілге қанатымды қойдым. Сорпам сырқат жанға шипа, Жұмыртқам адамның жеңсік асы. Мамығым жастық. Қауырсыным жебеге масақ. Менімен таласып не керек? – деді.

Доңыз:

– Менің ерлігімді ұмыттыңдар маз Нұхтың кемесі нәжіске толып, бәрің

қиналғанда кемені тазалаған мен едім ғой? |Жыл басы мен болайын, -- деді.
Жылан:

– – Ой, егер мен болмасам сендер осы жерде таласып тұрмас едіңдер. Нұхтың кемесін тышқан тескенде тесікті құйрығыммен бекітіп, сендерді аман сақтадым. Өзімді құрбан еткенім сонша, суық суда тұрған денем әлі күнге дейін сыздайды. (Шыл басы болуға толық ақым бар, – деді.

Жолбарыс:

– Кемені тышқан тескенде, Құдай менің танауымнан мысықты жаратты. Мысық тышқанды жеп, кемені аман сақтады. Мен болмағанда топан суға қарқ болар едіңдер. Жыл басына мен лайықпын, – деді.

Бұл сөздер тышқанға жақпады. Ол таласты тоқтатқан боп, қулыққа басты:

– Бұл даудан ештене өнбес. Қарап тұрсам қара жаяу ешкім жоқ. Әркімнің де Құдайға жаққан қылығы бар. Көнсеңдер мен бір шешім айтайын. Бәріміз ұйықтамай, жыл басын күтейік. Таңсәріде атып келе жатқан күнді кім бірінші боп көрсе, сол жыл басы болсын, – деді.

Бәрі осыған бірауыздан келісті. Түйе өзінің биік бойына, ұзын мойнына сеніп, «Таудай боп мен тұрғанда, өңшең қортық не көріп жарытасыңдар» деп астамсиды. Тышқан білдірмей түйенің өркешіне шығып жайғасады. Бәрі таңсәріні тағатсыздана күтіп тұрады. Шыққан күнді алдымен, тышқан көріп, шыңғырып жібереді. Екінші сиыр байқайды. Сосын жолбарыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз көреді. Астамсыған түйе мойнын қанша созса да, күнді көре алмапты. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген сөз осыдан қалыпты.

Құстар неге сөйлей алмайды?

Ұлық Алла құс біткенге адамша тіл береді. Тіл пайда болған соң, құстар адамдар сияқты өз араларында патша сайлауға таласады. Құстар шықылдап, шулап, даланы басына көтереді. Барлығының хан болғысы келеді. Ортаға бүркіт шығып:

– – Хан мен боламын. Бәріңнен биікке самғап ұшамын, -- деді. Оған құстар келіспеді:

– – Жоқ, бүркіт, сен өте тәкаппарсың. Бізге хан болуға лайық емессің, – деді.

Жарқанат:

– Мен хан боламын. Қанатым жүннен емес, теріден. Құстарға құспын деймін, аңдарға аңмын деймін. Бәріңнен ерекше жаратылғанмын, – деді. Құстар келіспей:

р

– – Шоқ, жарқанат сенің айыбың да осы ерекшелігінде. (барықтан қорқасың, тек түнде ғана жүресің. Ал түнде біз ұйқыда боламыз. Бізге ондай патшаның керегі жоқ, – деді.

Көкек:

– – Әу, құстар ендеше мен хан болайын, -- деді. Құстар оған да жабылып:

– Сенің үйің жоқ, я күйің жоқ. Балаларыңды әр ұяда бір туасың. Бізді жетістірмек түгіл, алдымен, үйіңді келістіріп ал, -- деді. Қарға тұрып:

– – Мен хан болайын, – деді. Құстар оған да:

– – Сен Нұх пайғамбарды алдап кеткенсің. Саған қалай сенеміз, – деді. Болмағасын, ең соңында шықылықтап торғай шығады:

– Ақыры лайықты құс табылмады. Бәрінде сын да бар, мін де бар. Ендеше мен хан болайын. /Денем кіші демесең, менен әділ патша таппайсыңдар, – деді. Құстар:

– – Сен Ыбырайым пайғамбардың отын үрледің. Сенімнен кеткенсің. Бізге патша бола алмайсың, – деді. Осылай құстар бір-бірімен таласып жатты. Әр құс өзін хан ұсынса, құстар жамырап, қарсы болды.

Құстардың тартысып, таласып жамырағаны сонша, даусы көктегі періштелерге жетіпті. Сосын Ұлық Алла ренжіп:

– Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіндер, онда тілдеріңді аламын. Сөйлемей-ақ шықылықтап жүре беріңдер. Араларыңнан хан да шықпасын. Әркім өз басына патша болсын, -- деді. Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады.

Адамның ғұмыры жайлы аңыз

Он сегіз мың ғаламды жаратқан сон, Алла адам мен жан-жануарларды қадір-қасиет пен мөлшерлі ғұмыр бөліп беру үшін дәргейіне шақырады.

Бірінші болып адам келеді. Оған Алла:

– Адам – сен Менің орынбасарымсың. Сол үшін саған сөйлеуге тіл, ойлауға ақыл бердім. Барша жаратылыс сенен төмен тұрады, оларға өз үкіміңді жүргізесің. Гағдырыңа отыз жыл ғұмыр жаздым, – деді. Адам өзіне аз ғұмыр берілгеніне қапаланып, ішінен: «Егер мен дүниенің патшасы болсам, онда отыз жыл ғұмыр сүргеннің не пайдасы бар?» -- деп ойлапты.

Екінші болып Есек келгенде, Тәңірі оған:

– – Сен адамның айтқанына көніп, айдағанына жүресің. Үнемі жаза көріп, мехнат шегесің. Етің арам, еңбегің адал болады. Саған елу жыл ғұмыр бердім,

– – дейді. Бұл үкімді естігенде, Есек басын жерге ұрып:

– – Егер дүниеде тек азап шексем, соншама ғұмыр неге керек? Өймірімнің жиырма жылын алыңыз, -- деп жалынады. Сонда Адам келіп:

– Иә, Ұлық Алла. Есектің жиырма жылын маған бер, – дейді. Алла екеуінің де өтінішін қабыл алады.

Содан соң ит келеді. оған Алла:

– – Сен адамның үй-жайын күзетесің. Азығың сүйек-саяқ, жуынды болады. Қырық жыл ғұмыр кешесің, -- дейді. Ит қыңсылап:

– – Егер үй күзетумен ғұмырымды өткізсем, оның несі өмір? (Шасымды жиырма жылға азайтыңыз, -- деп сұрайды. Мұны естіген Адам қайта келіп, иттің бас тартқан жиырма жасын өзіне қосқызады.

Одан кейін маймыл келеді. Оған Алла:

– – Адамға сенің тек сыртқы бейнең ұқсар, бірақ мінезің бала сияқты болады. Сондықтан балалар сені ермек қылады. Дүниеде алпыс жыл жүресің, – дейді.

Шошынған маймыл Алланың дәргейіне бас ұрып:

– Адамға тек сыртқы пошымым ұқсаса, әрі кім көрінгенге мазақ болсам, мұндай өмірдің не қызығы бар? Ғұмырымды отыз жылға қысқартыңыз, – деп өтінеді. Адам тағы келіп, маймылдың отыз жасын сұрайды. Бұл жолы да Алла оның тілегін қабыл етеді.

Адам тілегі толық орындалған соң, «жүз жыл ғұмыр да жетер» деп жөніне кетеді. Адам әуелгі отыз жылдың ішінде еш уайымсыз, бақытты дәурен сүріпті. Отыздан асып, елуге жеткенше, есек сияқты бейнет тартып, дүние жинайды. Бұл есектен алған жиырма жыл екен. Елуден жетпіске дейін жиған дүниесін қориды. Кім болса соған айқайлап, қазымыр күй кешіпті. Бұл кезең -- иттен алған жылдары. Жетпістен асқан соң ажарынан, ақылынан айрылып, бала мінезді болыпты. Белі бүкірейіп, таяқпен жүретін болыпты. Жас балалардың ермегіне айналады. Бұл маймылдан алған жасы екен.

Райхан гүлі туралы аңыз

Оғыздың ханы Қарабура әулиенің қызына үйленеді. Есімі Бегім екен. Өте ажарлы болғасын, жұрт оны «Бегім сұлу» деп атапты. Бірде хан аңға шыққанда бүркітінің томағасын ұмытып кетеді. Атқосшыны томағаға жұмсайды. Ол Бегім сұлуды көріп, ақыл-есінен айрылады. Ертесіне есін әрең жинап, қайтып келеді. Патша қаһарланып:

– – Неге кешіктің, -- деп дүрсе қоя берді. Ол қорыққаннан:

– Ханым білегімнен ұстап жібермей қойды, – деп өтірік айтады. Хан ашуланып, үйіне келеді. Сөзге келместен, әйелінің бұрымын, оң қолын кесіп, зынданға тастайды.

Қызының ауыр хәлін Қарабура әулие түсінде көреді. Ханға келіп:

– – Қызым адал жарың еді ғой. Не жазды? – деді.

– – Көзіме шөп салды. Абыройыма дақ салды.

– – Менен туғаны рас болса, олай істемейді. Көрсет қызымды, сөйлесейін.

– – Жоқ. Жоғал қараңды көрсетпей, -- деді хан. Нөкерлеріне:

– – Мынаны сүйреп шығарыңдар -- деді. Қарабура әулие:

– – Қызым кінәсіз болса, бүгін түнде қолы мен бұрымы қалпына келсін. Жазықсыз жапа бергенің үшін қалаңды жылан бассын, -- деп дұға жасайды.

Түнде Бегім сұлудың қолы мен бұрымы Алланың құдіретімен қалпына келді. Хан оның кінәсіз екеніне көзі жетіп, кешірім сұрайды. Бірақ көңілінде дық қалған әйелі көгершінге айналып ұшып кетеді. Сол уақытта бір жалғызілікті кейуана өмір сүріпті. Кемпір бір күні тезек теріп жүріп, іннің алдынан бір алтын ділда тауып алады. Ертеңіне тағы да әлгі іннің маңына келсе, бір ділда жатыр екен. Осылайша, кемпір күнде алтын ділда алып кетуді әдетке айналдырады. Жағдайы оңалып, малы көбейе бастайды. Оны байқаған жұрт кемпірді әңгіме қылады. Бұл әңгіме ханға жетеді. Хан кемпірді алдырып, қорқытып отырып шындығын айтқызады. Хан істің ақ-қарасына көз жеткізу үшін інді аңдытады. Бір жылан сол іннің аузына күнде бір алтын ділда шығарып тастайды екен. Ханның нөкерлері ақылдасып, інді қазбақшы болады. Інді қазса, жер астынан алтынға толы бірнеше сандық шығады. Ханның адамдары елге мол қазынамен оралады. Шаһарға келіп кіре бергенде, әлгі сандықтар ордалы жыланға айналып, жерге түсе бастайды. Баяғы Қарабура әулиенің қарғысы есіне түскен халық дүрлігеді. Қаптаған жылан қара халықты шаға бастайды. Ел-жұрт үйінен безіп, қаласы қаңырап бос қалады. Бегім сұлудың қолы мен бұрымы көмілген жерден райхан гүлі өсіп шығады. Халық сол жерді қастерлеп, биік мұнара тұрғызады. Мұнараның төбесінде әлі күнге дейін көгершін отыр екен. Айналасында райхан гүлдер жайқалып тұр

деседі.

Кетпеннің ортасы неге тесік?

Ертеде ?Банкент шаһарын ордалы жылан басып, халықты қырады. Қырғыннан әкелі-балалы екеу ғана қашып шығады. Олар ұзақ жүріп, бір ағаштың жанына келеді. Қалжырап, саясында мызғымақ болады. Бір кезде ысылдаған дыбысты естиді. Шошып оянса, жыланның бірі ізінен қуып жетіпті. Әкесі қарғып тұрып жыланға кетпеннің басын тосады. |Шылан кетпенді тесіп өтіп, әкесін шағып өлтіреді. Кезек балаға келеді. Ол қойнындағы шелпек нанды тосады. (Мылан нанды құрметтеп, балаға тиіспейді. Нанның арқасында бала аман қалады. Осыдан кейін адамның нанға деген құрметі артқан екен.

Жылан тескен соң, кетпеннің ортасы ойық болып қалыпты.

Мұратәлі қалай байғызға айналды?

Ертеде Қаратаудың ойында, (Биделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде бір бай болыпты. Балаға зар болыпты. Етегі жасқа толып жүріп көрген жалғыз ұлына Мұратәлі деп ат қойыпты. Ол өте ерке болып өседі. Еркелік пен есерліктің арасы тым жақын екен, өсе келе үлкенді үлкен, кішіні кіші демей, беталды сөйлейтін болыпты. Қаралы жиында қарқылдай күліп, той-томалақты төбелессіз таратпапты. Бірде Ұмай анаға тіл тигізіпті.

– – Ұмай, Ұмай дейді, Ұмайы кім десем, көп қатынның бірі екен ғой, – депті. Мұны естіген ел төмен қарап, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздайды. Ұмай ананың наласына қалғандықтан, Мұратәлі бір түнде жұдырықтай құсқа айналып, тоғайға сіңіп жоғалады. Ол сұңқылдап жылайды екен. Онысы өткен іске өкініші екен. /Әұрт жаман тамның басында жарбиып отырған кішкентай құсты көрген сайын «е, мынау әлгі Ұмай ананың наласына қалған құс қой, байқұс-ай», -- деп мүсіркейді екен. Келе-келе байғыз атанып кетіпті.

Кірпінің пайда болуы

Баяғыда бір байдың Кірпі деген әйелі болыпты. Бай қайырымды болғанымен, бәйбішесі сараң екен. Үйіне қонақ келсе, жақтырмай, тырысып қалады екен. Оның мінезінен бай үйіне ешкім жоламапты. Бір күні сол үйге Қызыр баба келіп түседі. Бай үйінде жоқ екен. Қонақты көрген бәйбішесі қабағын шытып:

– – Қаңғыбастардан қашан құтылар екенбіз. Сендерді тойдыра берсек, үйде

тамақ қалмас, - деді. Қызыр:

– – Құдайы қонақпын. Ең болмаса су бер, – деді. Бәйбіше қолына таяқ алып:

– – Құдайы қонақ болсан, суды Құдайыннан сұра, -- деп, Қызырдың басынан ұрды.

Ұлық Алла досын қорлағаны үшін бәйбішені хайуанға айналдырады. Бай үйіне келсе, төсекте үсті тікенек бір мақұлық бүрісіп жатыр екен. Бай шошып кетеді. Көршісінен мән-жайды естіп, аһ ұрыпты. Хайуанға айналған бәйбіше орманға қашыпты. Содан бері ол адам көрсе, ескі әдетінше жиырылып тұрады екен. (Мұрт бұл хайуанды «кірпі» деп атапты. «Кірпідей жиырылып» деген сөз содан қалған екен деседі.

Суырдың пайда болуы

Баяғыда бір дүниеқоңыз бай жерге тоймай, кедейдің жерін алғысы келеді. Ол кедейге:

– – Түнде түс көрдім. Түсімде /Жаратушы маған осы жерді сыйлады. Енді Алла берген жерімді өзіме қайтар, – депті. Кедей:

– – Бұл жер ата-бабамнан мирасқа қалған. Әділ Құдай қалайша саған береді?

– – дейді. Бай:

– – Сенбесең ертең жеріңе барып, үш рет Тәңірден сұраймын, -- дейді.

Түнде бай кедейдің жерінен үңгір қазып, ішіне қызын жасырып:

– Мен «бұл жер кімдікі?» деп үш рет айғайлаймын. Сен «байдікі» деп жауап бер, – дейді.

Таң ата бай жұртты жинап:

– – О, Тәңірім, бұл жер кімдікі? -- деп үш рет сұрайды. Қызы:

– – Байдікі, байдікі, байдікі, -- деп үш рет айғайлайды.

Кедей нала болып, кетіп қалады. |Бұрт тараған соң, бай үңгірдегі қызына келеді. Қараса, ол беймәлім хайуанға айналып кетіпті. Бай қызын үңгірден шығара алмайды. Қайғыдан қан жұтады. Үйіне оралмастан дала кезіп, қызын іздейді. Мақұлықты көрсе, «суыр, суыр, суыр» деп дауыстайды. Мұнысы «қызымды суырып шығарып бер» дегені екен. Мақұлық содан бері «суыр» атаныпты. Аңшылар суырды ұстағанда, ол екі қолымен бетін басып, қиянатына өкініп жылайды екен. Қолын маңдайына қойып, жол қарайтыны әкесін іздейді екен. «Кез-келген жамандықтың бір кесапаты бар» деген сөз осыдан қалыпты.

Иттің ырыздығы

Ертеде бидайдың дәні сабағының түбінен бастап ұшар басына дейін салған екен. Молшылық жылдары ел-жұрт астықты аяқ асты етіпті. Бір әйел дәрет сындырған баласының құйрығын бидайдың масағымен сүртеді. Оның надандық әрекетіне қаһарланған Алла елге жұт жіберді. Бидайдың масағы кетіп, сабаны қалды. Астың кепиеті атып, адамдар ашаршылыққа ұшырады. Сол кезде ит ұлып:

– Иә, Алла менің несібемді қалдыр, – деді. Әділетті Алла итке жаны ашын:

– Болсын! – деді де, бидайдың басына кішкене масақ бітірді. Халық иттің несібесін бөлісіп жеп, жұттан аман қалды. Ит содан бастап жеті қазынаға кірді. Осы жұттан соң, бидай дәні сабақтың ұшар басына ғана бітетін болыпты. «Иттің ырыздығы» деген сөз осыдан қалыпты.

Еншісі бөлінбеген қазақ

Ертеде Сарыарқада малды алғаш рет қолға үйреткен абыз қария өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Қарияның төрт түлігі сардаланың төсіне сыймай жайылыпты. Ақсақал пәниден өтерінде барлық малын төртке бөліп, ұлдарына аманат етіпті. Сонда балалары әкесінен:

– Біз үшеуміз, ал малды төртке бөліпсіз. Төртінші бөлік кімнің еншісіне тиедіЗ -- деп сұрайды. Қария балаларына қарап:

– – Ол құдайы қонақтың сыбағасы болады. Қонақтың малы сендердің малдарыңмен бірге өсіп-өнсін. Бір қорада төлдеп, бір далада жайылады. Құдайы қонақ келгенде ол өз үлесін жейтін болады. Үйлеріне қонақ келгенде ас-ауқаттан тарылмаңндар. Өзіне тиесілі малдан семізін сойып, етін асып, тамағын дайындап беріңдер! – деген екен.

Содан бастап көшпенді қазақ арасында құдайы қонақты далаға қондырмай, үйіне түсіріп алу дәстүрге айналыпты. Үй иелері де қонаққа «сіздің сыбағаңыз» деп қиналмай қой сойып беретін болыпты. Заман өте келе қарияның үш ұлынан өрбіген ұрпақ қазақтың үш жүзін құрапты. Үш жүзден тараған барлық ұрпақ осы дәстүрді бұлжытпай орындайды екен. Ел аузында «еншісі бөлінбеген қазақ» деген сөз осыдан қалыпты.

Домбыраның пайда болуы

Қамбархан деген аңшы марал атып алады. Олжасын сойып, ішегін жөргем етіп өреді де, ағаштың бұтағына лақтырып жібереді. Бір күні Қамбархан өтіп бара жатса, құлағына жағымды қоңыр әуен естіледі. Үн шыққан жерге барып қараса, ағаш басында екі ішек тартылып тұр. Бел соқса, екі ішек дірілдеп, күмбірлеп қоя береді. Қамбархан ағашты кесіп алып, шауып, жонып, екі ішекті соған байлайды. Шертіп көрсе, жүректі тербейтін қоңыр үн шығады. Осылай күй өнері басталыпты. Қамбарханның жаңалығы бүкіл қазаққа домбыра болып таралыпты.

Домбырада екінші ішектің пайда болуы

Ертеде тауқұдірет деген құс болыпты. Оның жалғыз ғана қанаты бар екен. Бірі еркегінің оң жағына, бірі ұрғашысының сол жағына бітіпті. Ол кезде Қамбарханның домбырасында жалғыз ғана ішек болыпты. Жалғыз ішекпен көсілтіп күй тарта алмайды. Ал, жалғыз қанатты тауқұдірет қалықтап ұша алмай қорланады. Домбырашы да күйге құмары қанбай қиналып жүреді. Тауқұдірет күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қос қанат сұрап, жалбарынады екен. Бір күні Тәңірі:

– – Эарлап қиналғанша, талпынып тірлік етіп көріңдер, -- дейді. Аталық тауқұдірет пен аналық тауқұдірет қолдасып ұшқысы келеді. Бірінде – оң қанат, екіншісінде – сол қанат, екі тауқұдірет бір-бірімен қолдасып, қатарласып қанат қағады. Сол кезде қалықтап ұша жөнеледі. Қос тауқұдіреттің қанаттарын жел сүйемелдеп, көк жүзінде рақаттана самғайды. Көңілдері шаттанған құстар Тәңірге ризашылығын білдіріпті. Кейін олардың балапандарына Тәңірі қос қанат дарытады. Домбырашы осыны көріп:

– – Қос қанат бірігіп еді -- ұшты, домбырада қос ішек болса ше? – деп, екінші ішекті тағыпты. Қос ішекті домбырадан ғажайып үн шығады. Домбырашы қатты қуанады. Риза болғаны сонша, ең алғашқы күйін тауқұдіретке арнайды.49

Сыбызғының пайда болуы Ескендір патшада қос мүйіз болыпты. Мүйізін ешкімге білдірмес үшін басына дулыға киіп отырады екен. Ел-жұрт мүйізді «дулығадан шығып тұр» деп ойлапты. Құпиясы ашылмас үшін, патша шашын алған шаштаразды өлтіре

береді. Бір күні шашын алған жас жігіт:
46 Әбуғазы М. Шығыстың шыңырау күйлері. – Өскемен: Шығыс Полиграф, 2009.

– – Бала-шағамды аяңыз, -- деп жалынады. Ескендір жаны ашып:

– Менің мүйізім жайлы тіс жаратын болсан, аяушылық күтпе, – дейді.

Шігіт жұмған аузын ашпайды. Бірақ, патшаның сыры ішіне сыймай аласұрады. Қос мүйіз күндіз-түні көз алдынан кетпей, әбден қиналыпты. Шыдай алмай, бір күні ну қамыстың ішіне кірін:

– – Ескендір патшаның қос мүйізі бар, -- деп сыбырлайды. Іші босап, рақаттанып қалады.

Бір күні патша аң аулап жүріп, алыстан «Ескендір патшаның қос мүйізі бар» деген дауысты естиді. Барып қараса, самал желмен тербеліп, қамыстар үн шығарып тұр. Патша шаштаразды сарайға алдырады. Ол ант-су ішіп, ешкімге тіс жармағанын, тек қамыс арасында ғана жәй сыбырлағанын айтады. Сонда патша:

– – Тісіңнен шығарма деп ескерттім. Өз обалың өзіңе. Сыр сақтамаған өзіңнен көр, -- деп оны өлтіреді. Бірақ, Ескендірдің мүйізі туралы әңгіме елге таралып кетеді. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген сөз содан қалыпты.

Қамыстың жел тербесе, ән салатын қасиетін білген жұрт, кейін келе сыбызғы аспабын жасаған екен.

Жетігеннің тарихы

Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып, аспап жасайды. Оған әр баласы өлген сайын жылқы қылынан ішек тағып отырады. Тұңғышы Қания қайтыс болғанда, бір ішекпен «Қарағым» күйін шертеді. Екінші ұлы Гөреалымның өліміне екі ішекпен -- «Қанат сынар» күйін шығарады. Үшіншісі Байкелді өлгенде -- «Құмарым» күйін үш ішекпен тартады. Төртінші ұлы Бекенге төрт ішекпен -- «От сөнер» деген жоқтау шығарады. Бесіншісі Хауастың қайғысына -- «Бақыт көшті» деген күй арнайды. Алтыншысы ШЖұлзарға ажал жеткенде -- «Күн тұтылды» деген күй туады. Кенжесі Қияс қайтқанда, қарт жетінші ішекті тағып, жетінші күйін шертеді. Қарттың жеті ұлын жоқтап жасаған аспабын ел «?Ветіген» деп атапты. Ал оның ұлдарына арнап шығарған күйлері «Бетігеннің жетеуі» деген атпен ел арасына тарапты.

Жеті шелпектің шарапаты

Баяғыда бір жолаушы келе жатып, сандық тауып алады. Ашып қараса, алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, алтын тас үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.

– – Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» – деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім құтқаратын болса, соны жұтамын» – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып жалынса да, жылан көнбейді. Кенет оның көзі отыз жолаушыны шалады.

Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:

– – Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, -- деп кетіп қалады.

Жылан жақындай түседі. Бейбақ:

– Өлген жерім осы болды ғой, -- дей бергенде, тағы да бес кісінің сұлбасы көрінеді.

Жолаушы құтқар деп жалынады.

– – Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесіңз -- деп, олар да кетіп қалады.

Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір аласа бойлы адам келе қалады.

– – Ей, жылан, мына бейбақтың не жазығы бар? -- деп сұрайды. Жылан мән-жайды баяндап:

– Отыздан қайыр, бес жаннан пайда болмағанда, сен не істей аласың? Жолынңнан қалма, -- дейді. Аласа адам:

– – Ей, жылан, жазықсыз жанға жала жаппа. ӨТтірігіне сенбеймін. Айтқаның рас болса, мына денеңмен кішкене сандыққа қалай сыйдың? Көз көрмей, көңіл сенбейді, -- дейді. (йылан бұлқан-талқан ашуланып:

– – Сандықтан қалай шықсам, солай сыйып та кетемін, -- дейді де, түтінге айналып, жоғары көтеріліп, сандыққа кіріп кетеді. Аласа адам сандықты тарс жауып:

– – Жыланнан құтылдың. Енді жолыңнан қалма, -- дейді. (болаушы қуанып:

– – Айланды асырдың, батыр. Қарыздармын. ?бөніңді айт, кімсіңд -- дейді.

– – Бұл жылан -- орынсыз айтқан өз сөзің. Он пәленің тоғызы -- тілден. Орынсыз сөз иесін қабады. Ақылды адам тілін буады. Отыз кісі ұстамаған оразан, бес кісі қаза қылған бес уақыт намазың. Құлшылыққа салғырт қарадың. Олардан қайран болмады. Бірақ сен жұма сайын жеті шелпек пісіріп, кедейкепшіктерге садақа бердің. Мен -- өзің пісіріп таратқан шелпекпін. Сені

құтқаруға Құдай жіберді, – депті.

Бай

Батырлар жыры

Батырлар жырын қара сөзбен қысқаша баяндап, жеңіл, ықшам нұсқада беру

– – бұрыннан бар дәстүр. Мұның артықшылығы да көп. ІПумақты жырды прозалық тұрғыда сөйлету баланың ой танымына, қабылдауына сәйкес келеді. Қазақ әдебиетінде бұл «шалқыма» жанры деп аталса, жазушы Мұхтар Мағауин «Мен» деген шығармасында бұл дәстүрді «еспе сөз» жанры деп анықтайды. Бұл кітапта біз ең танымал «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырларын баланың оқуына лайықтап, ықшамдап беріп отырмыз.

АЛПАМЫС БАТЫР

Бұрынғы өткен заманда (НМиделі байсын деген жерде, Қоңырат деген елде Байбөрі деген бай өмір сүріпті. Ол қайыры мол, қолы ашық жан екен. Аш-арыққа ас-ауқатын беріп, кедей-міскінге қарайласып тұрыпты. Соның шарапатынан төрт түлігіне береке дарып, көбейе береді. Келе-келе түйесі сексен мыңға жетеді. Гоғай сайын мың жылқысы жайылып жүрді. Бірақ байдың көкірегінде бір арманы бар еді. Ол арманы бір перзент сүю екен. Байбөрі қартайғанша өз кіндігінен бала көрмепті. ?Валғыз Құлтай деген немере інісі ғана болыпты. (асы сексенге келген Байбөрі бір баланың жоқтығына налып:

– – Уа, Құдайым! Сонша байлықты, ырыс-дәулетті еншіме берсең де, бәрінің құны бір ұлға татымады. "Тілегімді берсен, жалғыз перзенттің жолына құрбан етер едім. Менің шаңырағымнан шақалақтың үні қашан шығар екенз -- деп жалбарынды. Күні-түні еңіреп, кісесін мойнына салды. Мұңын естіген жандар оны аяп:

– – Тәңірім, осы байға бір перзент бере гөр. Қайыр-сахауаты асқан кісі еді. Жұртына көп жақсылық қылып еді. Кеудесінде арман кетпесін, -- деп қосыла тіледі. Осылай бай қапаланып жүргенде, інісі Құлтай ұлды болды. Байбөрі Құдайдың бұл бергеніне зор шүкіршілік етті. Шерлі жүрегін жұбатты, жабыққан көңілін демдеді. Ат шаптырып той жасап, баланың атын Ұлтан деп қойды. Бірақ күңнен туған баланың келбеті адам шошитындай еді. Кеудесі кепедей, мұрны төбедей, тістері кетпендей ақсиып тұратын. Ол иба-әдеп дегеннен жұрдай болып өсті. Байбөрі мен Құлтайға ақырып:

– Алжыған немелер! Малда не ақыларың бар? Көрге бірге алып кетейін деп пе едіңдер) Бұлар бәрібір маған қалады, – деп кеудесін соғатын. Көршіқоланды бездіріп, ақсақалдан именуді білмеді. Үлкеннің алдында айылын жимай, абыройсыздыққа белшеден батты. Бірде Байбөрінің жары Аналық жылап отырып:

– – «Өзіңнен тумай, ұл болмас» деген. Мұндай баланың барынан жоғы игі. Табан ет, маңдай теріңмен жинаған дәулет құл-құтанға қор бола ма деп қорқамын. Мақұл десен, Озірет Сұлтанға түнеп, Алладан бір ұл тілейік. Әулиенің шарапаты тисе, ұлық Алла бір перзентін беріп қалар. Құдай момын пендесін құр қалдырмас, – деді. Байбөрі:

– – Бәйбіше, сөзің жөн. Әулиеге барып зиярат етелік. Құрбандық шалып, қаріп-қасірге садақа берейік, – деді.

Ол қойдан қошқар, түйеден бура, жылқыдан айғырды таңдап сойып, жұртқа үлестірді. Алтын мен күмісін халыққа таратып, мұқтаж жандарды жарылқады. Сөйтіп бәйбішесімен сәрсенбінің сәтті күні жолға шықты. Арып-ашып сапар шекті. Ұшқан құстың қанаты талатын шөлден жаяу өтті. Біраз күннен соң Әзірет Сұлтанның кесенесіне де жетті. Әулие басындағы шырақшыларға алып шыққан қазынасының жартысын таратты. Кесенеде жеті күн түнеп, Құдайдан тіледі. Аян болмай, қатты зарықты. Байбөрі:

– Алланың рахметінен үміт үзбелік. Әзіреті Қаратау әулиенің кені ғой. Бәрінің басына қонып тілесек, Құдай қабыл етер, – деді.

– – Олай болса, жүрелік, -- деді бәйбіше. Екеуі жүріп отырып, Бабатаға келді. Мұнда да үш күн қонып, перзент тіледі. Баптардың басын зиярат етті. Арада тоқсан күн өтті. Ешқандай нышан келмеді. Сонда да күдер үзбеді. Бір күні (Нылыбұлақ деген көлдің жағасына жетті. Қалың шеңгелдің ішіне кіріп:

– Біздей мұңлық бар ма екен? Қартайғанда қубас атанам деп ойлап па едім -- деп егілді Байбөрі.

– – Тәңірім, жұртқа берген бір шикі өкпені бізге де қисаңшы, – деп жалбарынды Аналық. Сол кезде бір шеңгелдің шыбығы бәйбішенің маңдайына қадалып қала жаздады. Бірақ сонда да қан шықпады. «Бұл бір керемет шеңгел екен» деп ойлады Аналық. Ол жаулығын жыртып, әр шеңгелдің басына ілді. Құптан уақыты да келді. Қатты шаршаған екеуі ұйқыға кетті. Таң сарғайып атып келе жатқан кез еді.

Сол уақыттар болғанда,
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Сырлы асасы қолында,

Өзі ақтың жолында,
Бір диуана келді де,
Асамен түртіп оятты.
Көкірегін оятып,

Бетіне бетін қаратып,
Есектен түспей тіл қатты:
«Ей, бишара, мүгедек,
Жаныңызға не керек?

Дейсің ғой: «Маған ұл керек!»
Әулиені қыдырдынң,
Жердің жүзін сыдырдың,
Маңдайыңа төбелеп.

Орқайсысының әртүрлі
Мәртебесі бір бөлек.
Сен үшін бәрі қиналды,
Бір жерге тегіс жиналды.

«Бір ұл бер, – деп, – осыған»
Бір жаратқан Құдайдың
Дәргейіне жылады.
Мен де тұрдым ішінде,

Әулиенің күші де.
Жаратушы жалғыз-ақ,
Дәргейіне ұнады.
Ұнағанын сонан біл:

Бір қыз қосып сыйлады.
Сексен сегіз серулер,
"ТГоқсан тоғыз мың машайық –
Бәрінің көңілін қимады.

Менің атым -- Шашты Өзіз,
Қыламын десең ықылас,
ШЖарылқады Жаратқан,
Ей, бишара, көзіңді аш!

Ұлыңның аты -- Алпамыс,
Қызыңның аты – Қарлығаш,
Атса, мылтық өтпейді,
Шапса, қылыш кеспейді,

Қалмақтармен болар қас.
Түрегел де, қолың жай,
Болады өзі өмір жас!»

Мұны естіген екеуі орнынан тұрып, диуананың қолынан сүйді. «Гәбәрік» деп, тонынан тұмарлық мата кесіп алды. Диуана бата бергеннен кейін ғайып болды.

– – Өңім бе, түсім бе? -- деді Байбөрі.

– ШҮүкір, шүкір. Жабыққан көңілім жұбанды, тарыққан көңілім қуанды, – деп бәйбіше жылап жіберді. Олар елдеріне қайтты. Біраз күннен соң Аналық:

– – Отағасы-ау, бойыма бірдене біткен сияқты. Қабыланның етін жегім кеп тұрғаны. Жүрегін қуырып жесем, жерігім басылар еді, -- деді. Мұны естіген Байбөрінің қуаныштан есі шықты.

– Онда менімен бірге жүр. Сәті түссе, олжаға жолығармыз, – деп, қолына қара мылтығын алды. Аралға барып, қабылан атып алды. Бәйбіше қабыланның етін жеп, жерігін басты. Сөйтіп шат-шадыман қалыпта елге де келіп жетті. Қалың Қоңырат алдарынан шықты. Байбөрі ат шаптырып, той жасады. Жиылған кісілер құрсақ шашу жеп тарасты. Бәйбішенің босанатын сәті де жақындады. Қыз-келіншектер жарыс қазан жасады. Дүниеге іңгәлап шекесі торсықтай, маңдайы кере қарыс ұл келді. Ақ түйенің қарны жарылды. Ел-жұрт сүйінші сұрап, Байбөрінің шаңырағына ағылды:

– – Алла әрдайым ісін оңдасын, Әулие-әнбиелер қолдасын, -- деді абызқариялар.

– Ел-жұртына тірек болсын, дұшпанына түнек болсын, -- деді ағайынтуыстары.

– – Басына бақ қонсын, жүрегі нұрға толсын, -- деп тілесті қоңсы жақындары. Баршасы ақ пейілмен баталарын берді. Сәбиге Алпамыс деп ат қойды. Бөбек отбасына құт болып, үш жылдан кейін бәйбіше бота көзді бір қыз туды. Баба түкті шашты Озіздің өсиетімен оны Қарлығаш деп атады. Байбөрі арманына жеткендей болды.

Шекті елінде Сарыбай деген бай бар еді. Ол да перзентсіз болғандықтан, Байбөріге мұңдас еді. Бір-бірімен сөйлесіп, іштегі шерлерін тарқататын. Байбөрі:

– – Біріміздің ұлымыз, біріміздің қызымыз болса, мың жылдық құда болар едік. Қыз бен ұлды қосып, тойларын жасап берсек, отауын тігіп беріп, қызығын көрсек, көңілде қиял қалмас еді-ау, – дейтін. Сарыбай да:

– Рас айтасың. Екеуміз құда болсақ, одан артық қандай бақыт бар? – дейтін. Алпамыс дүниеге келген кезде Сарыбайдың әйелі де бір қыз туды. Оның атын Гүлбаршын деп қойды. Екі бай бірінен бірі сүйінші сұратты. Төс түйістіріп, құда болды. Бірақ бірде Сарыбайдың кеудесіне «Алпамыс атадан жалғыз ғой. Егер жазатайым өліп кетсе, қызым Ұлтан құлға қор болар. Ол тексізге қор еткенше, көшіп кетейін»деген арам ой түсті. Құдай алдындағы сертін бұзды. Шектіні де тегіс көшіріп әкетті. Бұл кезде Алпамыс он жасқа толған еді. Жас та болса, ақылымен Қоңырат еліне бас болды. Күш-қуаты тасып, майданға түсуге асық боп жүрді. Ойнап жүріп, біреуге қолы тисе, оны майып қылатын. Сондықтан барлық бала онымен ойнаудан қашты.

Бір күні Алпамыс өрмек тоқып отырған кемпірдің қасында ұйықтап жатқан баланы көріп:

– – Ей, бала, тұр, ойнаймыз, – деп түртіп қалды. Бала оның түрткенін көтере алмай жан тапсырды. Кемпір:

– – Ойбай, қу шешек! Шалғызымның түбіне жеттің-ау! Ойының осылғыр неме! Балаларға батырсынғанша, қашып кеткен қалыңдығын Гүлбаршынды қайтарып алмайсың ба? -- деп зар иледі. Алпамысқа бұл сөздер қатты батты. Бойын ұят пен намыс билеп, «қайтсем де, қалыңдығымды алып келемін» деп, жылқыға жөнелді. Сол кезде жарап жүрген Байшұбар ат:

– – Батырым, сенің жорықта көлігін, қиналғанда серігің боламын. Мені мін,

– – деді. Оның көркіне Алпамыстың көңілі толмады.

– – Сендей лақса кімге керек? Мінбеймін, -- деді ол. Көлденендеп кетпей қойғасын, ашуланып, құйрығынан ұстап лақтырды. Ат құламай, тақыр жерге төрт тағандап тұра қалды. Бала мұнда бір сыр бар екенін біліп, атқа жүген салды. Ерттегенде, сегіз жасар ат болды. Бала Шұбарға қарғып мінді.

– Аллам, өзің жар бола гөр. |ал-құйрығы жоқ жалғыз едім. Тілегіме жеткіз, досқа күлкі, дұшпанға таба қылма. Баба түкті шашты Озіз пірім, өзің медет бер, -- деді. Қайын жұртына қарай шауып ала жөнелді. Он екі айлық жолды он екі күнде басып өтті. Ел шетіне жеткенде, тасқа жазған хатты көрді. Қараман деген қалмақ батыры Гүлбаршынды аламын деп ауылды қоршап жатыр екен. Осының бәрін Гүлбаршын тасқа жазып кеткен екен. Бұдан кейін Алпамыс қайраттанып, аттың басын қоя берді. Қызыл найзасын қолына ұстап, жауға келіп тиді. Оның келгенін Гүлбаршын да біліп, сүйсініп тұрды. Ғайып ерен, қырық шілтен қолдап, Алпамыс жауды бет қаратпай қырды. Қараман да аттандап, қарсы шапты. Күркіреп сөйлей берді:

– Уа, бала! Қабырғаң қатпаған, бұғанаң бекімеген екен! Әуре болмай, үйіне қайтсайшы, – деді.

– – Аса сөйлеме, Қараман! Намысымды ит қалмаққа таптатып қоя алмаспын. Одан да тұрысатын жеріңді айт! -- деді Алпамыс.

– – Олай болса, кезегімді бер.

– Ал, ендеше, кезегіңді. Аянып қалма!

Қараман келген бетте Алпамысты шоқпарымен ұрып өтті. Алпамыс Аллаға жалбарынып, көмек сұрады. Орайы келген сәтте Алпамыс қалмақтың батырын соғып өтті.

Қараманды Алпамыс
Ұрып-ұрып кетеді.
Қаршығадай қайрылып,
Ителгідей сүзіліп,

Ұрып-ұрып өтеді.
Ұрған сайын Қараман
Қарақұстай қалбандап,
Құрбан-құрбан етеді.

Алпамыс әккі қимылмен ұрыс салып, Қараманды өлтірді. Мерейі тасып, сән-салтанатпен Гүлбаршынды өзіне жар етті. Қалмақтарды бағындырып, атасы Сарыбайды сол елге хан сайлады. Бірнеше ай жатқасын, бір күні еліне қайтуды ойлады. Халқын жинап, рұқсат сұрады. Қайын жұрты ақылдасып, қырық нарға зер артып, алтын отаумен екеуін шығарып салды. Бірнеше күн жол жүріп, өзінің еліне келді. Алпамыс батыр еліне келсе, әкесінің жылқысын Тайшық хан деген қалмақ шауып әкетіпті. «Мал ашуы мен жан ашуы бір» дегендей, Байбөрі бұл қорлыққа төзбеді. Баласы мен келініне қуанбады, келген дүниеге көңілі алданбады. Алпамыстың алдынан шығып:

– – Ұлым, қалмақта кегім кетті. «Ежелгі дұшпан ел болмас» дейтін еді. Мал-мүлкімді талапайлап, асылымды атына өңгеріп әкетті. Аттан түспей, тез аттан! Тарыққанда Баба түкті шашты Озіз медет берсін. Ғайып ерен, қырық шілтен шылауыңда жүрсін, -- деді. Алпамыс Гайшықтың артынан қумаққа бекінді. Үйіне түсіп, бір кесе сусын ішпеді. Халқы жиналып келіп:

– – Ей, шырағым, Алпамыс, жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Үйіңе түсіп, беліңді шеш. Намысқа тұрар ерлер көп, бәрін жинап бар! – деді. Алпамыс:

– Жұртым, жалғыздың жары бір Құдай емес пе?! Бір Алла қолдаса, мың дұшпаннан бағым асар. «Ер жолдасы – тәуекел» деп аттандым. Маған шын жандарыңыз ашыса, ата-анама қамқор болыңыздар. Әйелімнің ішінде жеті айлық бала қалып барады. Ұл туса, атын ІЮәдігер қойыңыздар, – деді.

Осыны айтып, Алпамыс батыр Гайшыққа қарай жол тартты.
Қалмақтың ханы Тайшық түнде түс көрді. Түсінен шошынып, ел-жұртын жинап:

– – Мен бір түс көрдім. Түсімде жаман іс көрдім. Басымдағы тәж, дәулетім жерге құлады. Бір арыстан шаһарымды талады. Қаламды қанға бояды, ұлдарымды құл, қыздарымды күң қылды. Бір жас батыр шұбар атқа мініп келе жатқан тәрізді. Сол тұлпардың дүбірі құлағыма келіп тұр. Оған қызымды берсем, бәледен құтыла аламын ба? – деді.

Көріпкелдер:

– – Е, тақсыр, «түс -- түлкінің боғы» деген, қорықпаңыз, ешнәрсе етпейді, – деп жұбатты. Тайшық хан:

– – Жоқ, оларың болмайды. Ойласып, бұл бәледен құтылар жолды табыңдар!

– – деді. Ешкім амал таба алмады. Сол кезде жасы үш жүзге жеткен, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан бір мыстан кемпір келді. Ол:

– – Сіз өзіңіз патша бола тұра, жалғыз қызыңыз Қаракөзайымды жауға беремін дегеніңіз қалай)» Менің самайынан ірің аққан таз балам бар. Соған қызыңды берсен, дұшпаныңды өзіңе құл етемін, -- деді. Тайшық:

– – Шаудың сағын сындырсаң болды. Тілегіңді орындаймын, – деді. Мыстан қырық отау, қырық шөлмек шарап алды. Ханның қызы Қаракөзайымды бас қылып, қырық қыз алды. Қырық отауды Алпамыстың жолына тіктіріп, қырық қызды келіншекше киіндірді. Сөйтіп Алпамыстың жолын тосты.

Алпамыс көп ұзамай мыстанға келіп жолықты. Мыстан батырды көре салысымен, шеңгелді құшақтап зарлап жата кетті. Алпамыс одан:

– – Не қылып жүрген жансызӘ -- деп жөн сұрады. Кемпір еңіреп қоя берді:

– – Ойбай, шырағым, менің күткенім сен едің. Байбөрінің жылқысын Тайшық хан айдап алып кетіп еді. Менің қырық балам бар еді. Бәрі де сол жылқыны құтқарып аламыз деп өлді. Сен малыңды іздеп, кегіңді алуға келе жатыр екенсін. Талабыңа нұр жаусын! Алдымен, отауға кіріп, деміңді ал. Қырық келінім саған қызмет көрсетсін, -- деп алдады. Байшұбар ат оның арамдығын біліп, кемпірді қос аяқтап тепті. Сонда мыстан азғырып:

– – Алпамысжан, шұбардың басын кесіп таста. Басқа жүйрік ат тауып берейін, -- деді. «Жатыр -- аңқау, ер -- көдек» деген. Оның сөзіне ерген батыр қанжарын көтеріп, аттың басын шапты. Сол сәт пірлері қолын қағып жіберді. Қанжары қара тасқа кіріп кетіп, әрең алды. Кемпір оны отауға кіргізіп, шарапқа әбден тойдырды. Ұйықтаған соң, отаудың бәрін үстіне жығып өртеді. Баба түкті шашты Озіз Алпамыстың тәніне қалқан болып, еш жерін күйік шалмады. Болмағасын, мыстан от ішінен байлап алып, Тайшық ханның қолына берді. Батырды атса, оқ өтпеді, шапса, қылыш кеспеді. Кәміл пірлері демеп тұрды. Көрген кісілер «Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды» деген осы екен-ау» деп аңыз етісті. Амалы таусылған Тайшық оны зынданға тастатты. Алпамыс есін жиғаннан кейін алданғанын білді. Құдайдан жәрдем тіледі:

– Жаратқан Ием, өзің пана болмасан, халім мүшкіл. Бір өзіңді жадыма алып, жәрдем сұраймын. Мені дұшпанның тұзағынан құтқара гөр. Кәміл пірлерім сендерден медет тілеймін, -- деді. Мұңын шағып, жалғыздығын айтып налыды. Оған күнде бір мысық таба нан әкеліп тастап жүрді. Соны жеп, Алпамыс батыр аш болмады. Бұл кезде Шұбар ат ешкімге әл бермей, алдына келгенін тістеп, артына келгенін тепті. Ақыры патша ұсталарға темір үй соқтырып, Шұбарды соған қаматты. Мыстан ханға келіп қызын сұрады. Тайшық жиырмаға толғанда, қызын мыстанның ұлына ұзатпаққа уәде берді. Хан қызының арманы Алпамыстың қайда жатқанын білу еді. Әкесінен тоғыз жыл өткенше, сауық-сайран құруға рұқсат сұрады. Бәсіре етіп жүз серке беруін өтінді. Хан оған қуанып, рұқсат берді. Сөйтіп, Қаракөзайым қасына қырық қыз нөкерін ертіп, сауық құрды. Серкелерді Кейқуат атты бір құл бағып жүрді. Бірде бір серке ойнақтап жүріп, зынданның ішіне түсіп кетті. Кейқуат ордың басына, Алпамыстың қасына келіп, айқай салды:

– Ей, Алпамыс, қайдасың, серкем түсіп кетті, шығарып бер, әйтпесе Қаракөзайым ұрсады, -- деді. Алпамыс:

– – Сен маған серкеңнің күніне біреуін беріп тұр. Егер ордан аман шықсам, өзімнен бұрын сені мұратыңа жеткіземін, -- деді. Кейқуат ашуланып:

– Жеті қабат жердің астында жатып, мақсатқа жеткіземін дейсің. Сенің қолыңнан не келеді? Одан да өзіңді жоқ қылайын, -- деп, бір диірмен тасты дөңгелетіп әкеліп, үстіне тастап жіберді. Алпамыс тасты қағып алып, қайта лақтырып жіберді. Тас Кейқуаттың басынан асып кетті. Кейқуаттың зәресі ұшып кетті. Ол сасып қалды. «Осының айтқанын қылайын, өлсем -- өлейін, өлмесем -- жақсылығын көрейін» деп ойланды. Серкенің күніне біреуін беріп тұрды. Сөйтіп жүріп серкенің бәрін тауысты. Алпамысқа келіп:

– – Ей, Алпамыс, серке таусылды, не қыламын? -- деді. Алпамыс:

– – Мен серкелердің мүйізі мен қабырғасынан сырнай істеп қойдым. Соны қыздардың жолына барып тарт, сені олар ұстап алып: «Сырнайды кім жасады?»

– деп сұрайды. Сен жауап берме. Қаракөзайымға ғана жеткіз, – деді. Кейқуат сырнайды алып, қыздар жүретін жолға келіп тартты. Сырнайдың сазды үні қыздарды баурап алды. Қыздар естіп, оған келіп: «Ей, Кейқуат, мұны кім жасады, қайдан алдың?» -- деп сұрады. Кейқуат айтпады. Қаракөзайым «Маған шынын айтатын шығар» деп, оңаша шығарып сұрады. Алпамыстың аман екенін естіп, жүрегі алып-ұшты. Кейқуатқа жалынып жүріп, зынданға жетті.

Қаракөзайым зынданға үңіліп:

– Алпамыс, бармысың? -- деді. Алпамыс:

– – Бармын, – деп жауап берді. Қаракөзайым:

– – Сені іздеп жүргеніме жеті жыл болды. Саған қандай көмек бере аламын?

– деді.

– – Сен мені құтқара алмассың. Шұбар атым қайда? Сол ғана шығара алады,

– – деді Алпамыс.

– – Атың патшаның қолында, жеті қабат темір үйде. Сыртынан көп адам бағады. Мені оның маңайынан да жүргізбейді, – деді Қаракөзайым. Алпамыс:

– – Қамзолыма неше жылдан бері терімнің иісі сіңіп еді. Осыны ішіңнен киіп, шашыңды түй. Диуана кейпінде барып, атты үйрете аламын де. Сонда олар Шұбарды еркіңе береді, – деді. Қыз:

– – Айтқаның болсын, -- деп, қамзолды киіп, шашын түйіп алды. Дәруіш кейпінде әкесінің ордасын аралап жүрді. Иесінің иісін сезген Шұбар ат темір үйді теуіп, талқан қылды. Бағып тұрған қалмақтар қашып кетті. Тұлпар оқыранып келіп, диуананың қойнына тұмсығын тығып тұра қалды.

Тайшық мұны көріп таңғалды. Ол:

– – Ей, диуана, сен Алпамыстың өзімісін, болмаса, көзімісің? -- деп сұрады. Диуана:

– – Е, патша, Алпамыс менен он есе үлкен емес пе? – деді. Патша:

– – Иә, Алпамыс сенен үлкен. Сен кімсің? -- деді. Диуана:

– – Байшұбар құнан кезінде ит тиіп ауырған еді. Мен үшкіріп жазған едім. Содан маған бауыр басып қалған болатын. Енді басындағы мұңын шағып жылап тұр, – деді. Патша:

– – Ей, диуана, осы Шұбарды үйретіп берші! Қалағаныңды берейін, – деді. Диуана келісіп, Алпамыстың қару-жарағын сұратты. Патша бәрін түгендеп берді. Диуана Алпамыстың қару-жарағын, киім-кешегін алып, Шұбар атты жетектеп, орға келді. Зынданға арқан салып, бар қуатымен Алпамысты шығарып алды. Алпамыс атқа мініп, «Алла» деп есін жинады. Құдайға мінәжат қылды.

Қысылғанда қолдай көр,
Әкеме берген аруақ!
Түп қара ағашы қасында,
Ақ шеңгелдің басында

Жылы бұлақ, бір бұлақ,
Армандамын бара алмай,
Басыңа жағып жұп шырақ!
Қолдай көр бүгін балаңды,

Сіздер жарсыз, біздертақ.

Ол бөгелмей, ханның ордасын шапты. Тайшық хан Алпамысқа қарсы жүз мың әскер шығарды. Алпамыс жүз мың әскерді жайпап өте шықты. Гайшықтың жалғыз ұлын жекпе-жекте өлтірді. Аллаға жалбарынып, пірлерге сыйынды.

Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды,
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды,

Көрген түсін Гайшықтың
Өтірік емес, шын қылды.

Алпамыс өзін алдаған мыстанды сүңгіге түйреді. Сұрапыл соғыста найзасы қысқарып, таяқ болды, қылышы қысқарып, пышақ болды. Қанша күн сүргін салып, жауды тұқыртты. Қалмаққа Кейқуатты патша етіп қойды. Ұлан-асыр той жасап, Қаракөзайымға үйленді. Алпамыс бір күні түс көрді. Түсінде Алла аян берді. Елінің жаны айдауда, малы қамауда екен. Қасірет шеккен ата-анасын көріп, Ұлтан құлдың зобалаңын білді. Оянған соң екі көзі жасқа шыланды. Байшұбар атты ерттеп алып, еліне қайтуды ойлады. Қаракөзайым үзеңгіге асылып:

– – Шынымен де кеттің бе, батырым? Шолыңа жаным құрбан болсын. Сенімен еріп, еліңе мен де барайын. Гастамашы мені, -- деп жалынды. Оған Алпамыс:

– – «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы-ау. Мен қайрылмай кетіп бара жатқан жоқпын ғой. Айналып келер алтын қазығымның бірі өзің емес пе едің?-- деп жұбатты. Жүрегі шаттыққа толған Қаракөзайым оған ақ жол тіледі. Осылайша Шұбар ат күніне тынбай шауып отырып, елдің шетіне де ілінді. Алпамыс батыр келе жатса, жолында бір шатыр тұр. Шатырға келсе, ішінде бес бек ұйықтап жатыр. Біреу мосыға шай қайнатып отыр. Біресе жылайды, біресе қалғып кетеді. Қараса, Гортай деген ағайыны екен. Бес бек Алпамыстың жылқысын бағатын бес құлы екен. Бұл бесеуін танығасын, диуана кейпінде:

– – Аға, бұл кімнің жылқысыз -- деп сұрады. Тортай:

– Бұл – Байбөрінің жылқысы. Бірақ Ұлтан құл бәрін өзі иеленіп алды. Алпамыс деген ұлы бар еді. Арыстан туған ұлан еді. Жауда кеткен кегімді аламын деп майданға аттанған. Содан бері хабар-ошар жоқ, – деп көзіне жас алды. Бұл сөзді естіген бес бек:

– – Ей, қақпас, Алпамысты бізден сұра, Алпамыс қалмақтың қолында өліп кеткен. Ел қыдырған диуана не біледі) Шайыңды қайнат! -- деп ұрсып тастады. Алпамыс батыр араша түсіп:

– – Бектер, бұларың қалай? Мені сыйлаңдар. Қарт адамға тиіспеңдер, – деді. Бектер оның сөзіне құлақ аспады. Алпамыс бес құлды қылышпен шауып өлтірді. Өзінің Алпамыс екенін айтып, ағасымен жылап көрісті. Елдің жайын сұрағанда ағасы:

– – Несін сұрайсың, шырағым? Құлдың дәурені жүрді. Әкеңе түйе бақтырып, атаң Құлтайды қойдың соңына салды. Ұлың бәдігерді жалаң аяқ, жалаң бас қозы бақтырып қойды. Гүлбаршынды әйелдікке аламын деп жүр. Тілімді алсаң, ертерек бар, -- деді. Алпамыс мұны естіп, дереу аттанып кетті. Әкесі Байбөрімен, атасы Құлтаймен көрісті. “бәдігермен қауышып, мауқын басты.

Алпамыс диуана кейпінде елге келді. Гүлбаршынға өзінің Алпамыс екенін айтты. Ешкім тигізе алмай жатқан жамбыны садақпен көздеп атып, Ұлтан құлға: «Бәйгемді бер!» -- деп келді. Сонда ғана Алпамысты таныған Ұлтан құл қаша жөнелді. Жәдігер оны қуалап жүріп, найзасымен шаншып өлтірді. Сөйтіп Алпамыс жау мен құлда кеткен кегін қайтарды. (Мұртымен табысып, қуанышқа кенелді.

Тозып кеткен ел-жұртын
"ТГЕегіс жиып алады.
Тентегі мен телісін
Түзетіп, жөнге салады.

Атасы мен анасын
Боз биенің сүтіне
Шомылдырып алады.
Әкесін таққа мінгізіп,

Сыртынан өзі қарады.
Осылайша Алпамыс барлық мақсат-мұратына жетті.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қарақыпшақ елінде Гоқтарбай деген атақты бай болыпты. Оның байлығында есеп жоқ, төрт түлік малы өте көп еді. Бай жазда Көздікөл деген жайлауды жайлады. Қыста Қараспан деген жерге келіп қыстады. Гоқтарбай кедейлерге қол ұшын берді. Дәулеті артып, еш нәрседен таршылық көрмеді. Бірақ оның бір үлкен арманы бар еді. Жасы сексенге келгенше, бір перзент сүймеді.

– – Шөл иесі сұңқардың қияғы жоқ. Қайтейін, артымда ізімді басар тұяғым жоқ, – деп мұңын шақты. Қайғысына қалың қыпшақ қайысты. Жабыла тілек тілесті.

Әулие қоймай қыдырып,
Етегін шеңгел сыдырып,
Жеті пірге танысқан.
Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,
Қабыл болған тілегі,
ШЖарылғандай жүрегі.

Аналық бәйбіше елу жасында құрсақ көтерді. Арыстандай бір ұл мен алтындай ажарлы қыз тапты. Ұлының атын Қобыланды деп, қызының атын Қарлығаш деп қойды. Тоқтарбай:

– – Көңілімнің гүлі, көзімнің нұры, -- деп тебіренді. Аналық:

– – Қос құлыным – жүрегімнің миуасы, – деп елжіреді. Екеуі қолдан қолға түспеді. Алты жасқа келгенде, Қобыландының салтанаты артты. Қамқадан киім киіп, тобылғы меңді торы атты еншім деп мініп жүрді. Үніне таулар балқып, тастар жанды. Ер есейсе, ел сүйейтін, ер тілеуін ел тілейтін дәстүр бар еді. Жұрты ұланның жолына жанын беруге даяр болды. Қобыланды жасынан бүркіт салып, аңға шығуға құмартты. Арғымағын ойқастатып, қаршығасын қолына ұстап, тазысын ертіп шыққанда, айбарланып кететін. Үнемі Алладан жәрдем тілеп, көңіліне қылау түсірмеді.

Тоқтарбайдың тоқсан жылқышысы бар еді. Олардың басшысы Естеміс деген ержүрек кісі еді. Ол Қобыландыны қолғанатым деп жақсы көрді. Қобыланды қиқулап, үйір айдасуға келді. Барлық жылқышылар оның келгеніне қуанысты.

– – Бәрекелді. Кел, батырым, талабың оң болсын!

– – Міне, нағыз ер! «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар» деген осы!

– – Асыл асылдан туады. Әкеңдей Алашқа мәлім азамат бол! Бізді қуантсаң, сені Құдай қуантсын! -- деп қауқылдасты бәрі. Естеміс Қобыландыны ертіп, күнде киік аулап шығады. Жолай жарақты жау кездессе, олармен майданға да түсті. Бірде олар бір тауда қос тігіп жатыр еді. Намазшам өтіп, құптан мезгілі жеткен кезде құлаққа бір дүбірдің, айқай-шудың дыбысы келді.

– – Естеміс аға, бұл не шу? – деп сұрады бала жылқышыдан.

– – Е, шырағым, бұл таудың арғы бетін Қызылбас деген жұрт мекен етеді. Жасыл байтақ шүйгін жерді жайлайды. Айдынды шалқар көлді жағалай, үй тіккен үлкен ел. Осы халықты Көктім Аймақ деген хан билейді. Оның күндей көркем Құртқа деген бойжеткен қызы бар. Нағыз сендей ерге жар болуға лайық қыз. Хан ай астына бақан ағаш қақтырып, соған алтын теңге ілдірді. Егер кімде-кім теңгені садағымен атып түсірсе, қызын соған ұзатпақ. Бірақ сен бұған қызықпа. Атадан жалғыз ұл едің, қапыда жау қолына түссең, құтыла алмассың, – деді. Қобыланды:

– Ағажан, қорықпаңыз. Кәміл пірлерім жар болса, Ғайып ерен, қырық шілтен шылауымда болса, қызды өзіме жар етермін. Одан да батаңызды беріңіз, -- деп қиылды.

– – Қой, шырағым, сен әлі жассың. Бір қыз үшін басыңды бәйгеге тікпе. Тілімді алсаң, рұқсат бере алмаймын, -- деді Естеміс. Бірақ баланың көңілін қия алмай, ақ батасын берді:

– – Жортқанда жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын! Арманыңа ақылың серік болсын, бес қаруың берік болсын! Олжамен қайт, ұланым! Бір Аллаға тапсырдым. Әумин! – деді.

Қобыланды торы атымен сыдыртып Қызылбас еліне жетті. Батырдың айбатынан сескенген Көктім Аймақ:

– – Уа, жұртым! Қазақтың батыры келді. Кезегін берейік, қызығына қарап тұрайық. Асып туған ер болса -- қызымның бағы жанғаны, -- деді. Қобыланды:

– Алла, өзің қолда! Пірлерім жебей көріңдер! |Небем желге кетпесін, – деп сыйынып, садақты кере тартты. Садақты тартқан кезде масағынан өткерді, басын қолға жеткерді. Эымырап ұшқан жебе бақан басындағы теңгені қақ бөлді. Көзін айырмай қарап тұрған Құртқа сұлу сүйініп, батырдың үстіне шашу шашты. Ханның қызын бермеске шарасы таусылды. Құртқаны отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, ұзатуға әзірленді. Бірақ сұлудың Қобыландының жары болғалы жатқанын естіген қырық бес кез Қызыл ер: «Қобыланды, алдымен, менімен күрессін. Егер жықса ғана, Құртқаны алар. Әйтпесе аулақ жүрсін!» – деп хабар жіберді. Мұны естіп, ашуланған Қобыланды Қызыл ер жатқан киіз үйге келіп:

– Ау, Қызыл ер! Іздеген Қобыланды мен боламын! Сенімен күреспекке келіп тұрмын. Қане, шын ер болсаң, сертінде тұр, -- деді. Қобыландыны баласынған Қызыл ер жастықтан басын көтермей:

– Сен әуелі менің аяғыммен күрес, – деп, бір аяғын созды. Сол-ақ екен, Қобыланды керегеде ілулі тұрған алпыс құлаш ала арқанды дәудің аяғына салып кеп жіберді.

Іліп алып аяққа,
Мініп алып торы атқа,
Дүрілдетіп жөнелді.
Қызыл ерді сүйретті,

Сүйреткі қылып күйретті.
Ішінде шеңгел, тікенге
Өкпе, бауырын түйретті.
Тақымға салып сүйретіп,

Қабырғасын күйретті.
Менсінбеген дұшпанды
Ақылын тауып үйретті.
Көкбөрі қылып дұшпанын,

Тау мен тасты күңірентті
Қорлықпенен өлсін деп,
Тасқа салып боршалап,
Қызыл ерді еңіретті.

Домаланды жерге бас,
Кеудесінен жан кетті.
Алыпты жеңген Қобыландының алдынан жүгіріп шыққан Құртқа:

– – Сұлтаным, ерлігіне тәнтімін. Жасаған Жаппар әркез жолыңды оңғарсын,

– – деп тәжім етті. Көктім Аймақ:

– Қазақтан асып туған ер екенсің. Әліп таңба қыпшақтың маңдайына біткен батыр екенсің! -- деп, қошемет көрсетті. (йұртына жәбір көрсетіп келген жауынан құтылғанына қуанды. Құртқа қызын салтанатпен ұзатты. Іші алтын, сырты күміс ақ отау мен жасау-жабдық артты. Қырық түйе қазынаға қосып, қырық құл мен қырық күңді берді. Қобыланды келіп:

– – Уа, ата! Құртқаның жасауының салтанатын арттырдыңыз. Маған берер еншіңіз не болмақ? -- деді. Сонда Көктім Аймақ:

– – Балам, төбеңде тұрған төрт бұлтқа қара. |Наз болса күн жақтан, қыста жел жақтан шығып, қалқа болар. Жау келсе, жау жақтан шығып, қатерден сақтар, – деп, екеуін шығарып салды. Ел шетіне іліккен соң, Құртқа күймеден басын шығарып, далаға көз салды. |былқының ортасында жусап тұрған көк ала биеге назары түсті. Күймеден түсе сала, көк ала биенің қасына жетіп келді.

– – Бұл кімнің жылқысы, батырымд -- деп сұрады Қобыландыдан.

– Бұл жылқы – менің немере ағам Сәлімбайдың жылқысы, – деп жауап берді ол Құртқаға.

– Анау көк ала биені құнына мені берсең де алып қал. Жануар нағыз ер қанаты болатын тұлпарды туатын бие екен, – деді қыз Құртқа. Қобыланды Сәлімбайға шауып барып, келінінің қолқасын жеткізді. Сонда ағасы:

– – Шырағым, Қобыланды. Бір түкті малды сенің жолыңа қимағанда, басқа кімге беремін? Сенің басқан ізіңнен садаға, -- деп, ол да мырзалық танытты. Тілегіне жетіп қуанған Құртқа көк ала биені өзі бағып, қарады. Ақыры биенің туатын уақыты да келді. Бие дөңбекшіп, ұзақ қиналып, бурыл құлын туды. Құртқа құлынды жас баладай етіп күтті. Гүндіктің астына ұстап, суды түтікпен берді. Маңқа ауруынан аман болсын деп, қызыл дәрі жегізді. Әбден баптап, бала қаздай жем беріп асырады.

Сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген батыр шығып, Ноғайлының Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын шауып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін жайғастырды. Қазанның бұл хабарын қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы Қараман батыр есітті. Атадан ер болып туғасын, «Ноғайлының жерін қызылбастар билесе, сүйекке таңба емес пе) Алаштың басына түскен нәубет осы емес пед» деп, елінен аттанып шықты. Қасына Қарақозы, Аққозы, Қаражан ұлы Қосдәулет батырды, Қара Бұқан жауырыншыны ертті. Қараман Қобыландыға келіп:

– – Уа, құрдасым. Мына Қазан батыр елімді ойран етті, жерімнің киесін қашырды. Қос шаһарды қайтарып алмасақ, намысымызға сын емес пе? Менімен бірге жүрсеңші, жолбарысым, -- деді. Қобыланды батыр:

– – Менің барар-бармасымды үйдегі жарым Құртқа біледі. Өйткені бурыл атты жаратып жүрген сол, -- деп жауап берді. Сөйтті де, Естеміс ерді Құртқаға жұмсады. Естеміс батыр ақ отаудың сыртына келіп, Құртқаға Қобыландының сәлемін айтты. Құртқа:

– – Сұлтаныма сәлем дегейсіз. Тілімді алса, бұл сапарға бармасын. Себебі бурыл аттың қырық үш күндік кемдігі бар еді, – деді. Бұл сөзді естігесін Қобыланды Қараманға:

– – Бұл сапарға бармаймын. Бурыл аттың бабы әлі келмепті, -- деді. Қараман мұны естіп:

– – Гәйірі, қатын билеген азаматтан не қайыр? -- деп намысқа тиді. Бойын ыза кернеген Қобыланды Құртқаның басын алайын деп, үйіне қарай шапты. Қабағына қар қатып, кірпігіне мұз тоңды. Бойын ашу жеңгесін, ақыл еркінен кетті. Ерінің ашулы екенін сезген Құртқа сасып, амал ойлады. Тайбурылды ерінің алдынан алып шықты. Тайбурыл екі рет аспанға қарғып, Құртқа оны жерге тартып түсірді. Заты әйел болса да, қайратты жан еді.

– – Әттеген-ай! Үш рет ұшып-түсетін едің. Бір ұшуың кем болды, жануар. Қайтейін, енді ерге серік бол, -- деп жалынан сипады. Гайбурылдың жараған мүсінін көргесін, батырдың ызасы тарқады. Құртқаның адалдығын біліп:

– Асыл Құртқамды шауып тастай жаздаппын ғой, мен бейбақ, – деп өкінді. Тайбурыл атқа мініп, жиылған жұртымен қоштасты. Беліне семсер іліп, үстіне шығыршығы торғай көз ақ сауытын киді. Ата-анасы, қарындасы мен бүкіл жұрты зар еңіреді.

– – Тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен құлыным! Сен кеткесін, біздің күніміз не болмақӘ -- деп жылады Аналық.

– – Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Құдайдан сұрап алған жалғызым ең. Сенсіз қалай өмір сүремін? -- деп зарлады Гоқтарбай. Қарындасы Қарлығаш:

– Шан көкешім, тілеулес ата-анаңды кімге қалдырдың? Жан жарың Құртқаны кімге тастадың? Қарындасың Қарлығашты кімге аманат еттің: Тоғай толы малыңды кімге тапсырдың) Өзіңсіз біздей бейбақ мұңлықтың күні не болады? – деп егілді. Қобыланды:

– – Қарындасым Қарлығаш, қамықпа! Қарақан бастың қайғысы үшін емес, қалың елдің қамы үшін кетіп барамын. Әкемді Аллаға аманат еттім. Анамды әзіреті Мұхамбетке тапсырдым. Сені Бибайшаға, Құртқаны Бибі (Оатимаға тапсырдым. Гоғай толы түлігімді жасанған жау мен аш бөріге қалдырдым, – деді. Қарлығаш:

– – Көкешім, онда өзіңді Ұлық Аллаға тапсырдым. Тар жерде Ғайып ерен, қырық шілтен демесін. Омар, Оспан сахаба сапарыңда жолдас болсын, – деді. Қобыланды Тайбурыл атпен жөнелді. Тайбурыл құстай ұшып, пырақтай самғады. Көзді ашып-жұмғанша қияттың бес батырын артқа тастады.

Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі...
...Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады,
Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады.
Кешке таман Гайбуырыл
Шын қаққанға ұқсады,
Құлан менен құлжаның

Ұзатпай алдын тосады.
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша,

Белінен басып асады,
Дуадақ пен жек қалды,
Әлде өтірік, әлде шын
Ақ қарабас, лашын,

Өлген құсты жеп қалды.
Ебелек ұшты елсізден,
Көбелек ұшпас көлсізден,
Адам жүрмес жерлерден,

Батпақ, лай көлдерден,
Асқар-асқар белдерден
Жалғыз шауып жол шекті.

Ақшам уақытында Қазанның Сырлы қаласына жетті. Қазанның елден әкеткен жылқыларын көріп, соларға аялдады. Қаптаған жылқыны қырға шығарып, Қазанның Сырлы қаласын айнала шапты. Бетіне қалқан жауып, қақпадан қарғып, арғы бетке түсті. «А, Құдай!» деп ат қойды. «Мұхамбет!» деп лап қойды. Садағынан оқ жаудырып, қарсы келген дұшпанды бет қаратпады. Сырлы қаланы он екі күнде жаудан құтқарды. Қияттың қолы он екі күн дегенде ғана әзер жетті. Қырық мың қол әскер Қазанның Қырлы қаласын қоршап алып, ішіне кіре алмай іркіліп тұр екен. Қобыланды қайраттанып келіп, Қараманға қосылды. Қаланың сыртын айналдыра қоршаған алты қабат ордан Бурыл атты «шу!» деп ырғытты. Тайбурыл адымын кең жазып қарғып, шаһардың дәл ортасына топ етіп түсті. ?Вердің шаңы бұрқ ете қалды. Қараман атын қарғытуға тәуекелі жетпей, қаланың сыртында қала берді. Қобыланды ақ білегін сыбанып, ақ найзасын қолына алып, жау қолына тиісті. Сол уақытта қарақасқа атқа мінген Қазан батыр қарсы шыға келді. Атын ойнақтатып:

– – Ей, бурыл атқа мінген қазақ. Қазір шыбын жаныңнан түңілерсің. Үстіңдегі ақ сауытты, астыңдағы бурылды қанға былғамай бергенің жөн болар, – деді. Қобыланды:

– Сен қызылбас неден есірдің) Менменсіген көңіліңді басайын, қаныңды судай шашайын. Ит те болсан, үлкенсің ғой. Кезегінді ал, -- деді. Батырлар бір-біріне қарсы ұмтылды.

Ырғай сапты сүңгімен,
Ырғай-ырғай салысты,
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті,

Бүге-бүге тұрысты.
Тебінгіге тер қатып,
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,

Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі.
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып,

Қан қабақтан төгілді,
Ерлер жаннан түңілді
Аш күзендей бүгілді.
Екеуінің ақ сауыт

ШЫығыршықтан сөгілді.

Сол уақытта Қобыланды найзасын сұғып, Қазанды аттың үстінен көтеріп алды. Оны атынан құлатты. Қалың әскерге қарсы шауып, барлығын қойға тиген қасқырдай қырды. Қырық мың атты қызылбас батырдың қайратына шыдамады. Қобыланды қырық қақпалы Қазанды он сегіз күнде алды. Қият қолы қайтуға жиналды. Сол кезде Қараман Қобыланды батырға келді:

– – Ай, Қобыланды батырым! Бәрекелді, қайратыңды көрдім. Бірақ мен арманда кетіп барамын. Дұшпанға найзам тиген жоқ. Жақын жердегі бір шаһардың Көбікті деген ханы бар екен. Соны шауып алып, жылқысын олжа етейік, -- деді. Оған Қобыланды: «Мақұл!» – деді. Алладан жәрдем тілемей, сол қалаға жөнелді. Жүріп отырып, таңға жақын Көбіктінің шаһарына келді. Сол бетімен үйірлі жылқыны айдай бастады. (йылқының арасында Көбіктінің Тарлан аты да бар еді. Ол ұстатпай, қашып кетті. Қобыланды Тайбурыл атпен қуып, жете алмады. Құртқаның айтқан қырық үш күндік кемдігі осы арада білінді. Нылқыға жау тигенін Көбікті біліп, Тарлан атты ерттеп, екеуінің артынан шапты. «Малды таста!» -- деп айқай салды. Қараман Көбіктіні шаншып тастамақ болып, найзасын кезеді. Бірақ ашулы Көбікті оның найзасын қағып тастады. Қолындағы тас шоқпармен Қараманды соғып құлатты. Оны тақымына басып алды. Ал талай күн көз ілмеген Қобыланды бұл кезде таудың баурайында ұйықтап жатты. Көбікті тоғыз қабат тормен батырды байлап-матап тастады. Қос ерді қолға түсіріп, жылқысын айдап, қаласына қайтып келді. Байлаудағы Қобыланды батырды Қарлыға сұлу көріп, ғашық болып қалды. Екеуінің қасына жасырын келіп, былай деді:

– – Батырлар! Егер мен сендерді босатып жіберсем, елдеріне қайтасыңдар ма? -- деп сұрады. Сонда Қараман:

– Мен өзім нашар адаммын. Егер қол-аяғымды шешсең, еліме қашып, мұнда жоламаспын, -- деп қарғанды. Қобыланды болса:

– – Әкең мені ұйқыда жатқанда тұтқынға түсірді. Ер болса, жекпе-жекте байлап алмады маз Өбшімді алмай кетпеспін. Қараман, сен елге барсаң, сәлем айт! – деп жатып алды. Оның шықпайтынын білгесін, Қараман мен Қарлыға абақтының алдына Тайбурылды алып келді. Санына қыл бұрау салып шыңғыртты. Тұлпардың дауысын естіген батыр қамаған үйді ойран қылып, сыртқа шықты. Қарлыға өзінің хал-жайын батырға айтты:

– – Менің анам «қазаққа ти» деп өсиет етіп еді. Сені көріп, өзіме лайық жар деп шештім. Енді сен қолыңа найза ұстап, қайтадан жылқыны айда. Сол кезде Тарлан ат тағы қашып кетер. Оны қуып, әуре болма. Мен есебін тауып, сенің артыңнан жетермін, -- деп ақыл берді. Осылайша Қобыланды денесіне сауытын киіп, қару-жарағын асынып, жылқыға барды. Үйірді айдап, Сары өзенге жеткен кезде Тарлан ат қайтадан қашып кетті. Осы сәтті аңдып тұрған Қарлыға әкесіне барып:

– – Әкежан, сен әуре болма. Мен өзім барып, оған жем берейін, – деді. Көбікті ұйқыға жатқаннан кейін өзі Ақмоншақ атқа мініп, екі батырдың соңынан кетті. Көбікті мұны кеш біліп, соңдарынан қуды. Ол үстіне қылыш кеспейтін, оқ өтпейтін берен сауыт киген еді. Қарлыға сұлу Қобыландыға:

– – Әкемнің кіндік тұсында сауыттың төрт көзі соғылмай қалған. Егер сол жерін көздеп атпасаң, басыңа қауіп төнер, -- деді. Екеуін алға қарай жіберіп, Қобыланды Көбіктіні күтіп тұрды. Бір мезетте ол да айқай салып жетті. Батыр көздеп тұрып, кіндік тұсты көздеп, садақ тартты. Сұр жебе Көбіктінің денесін екіге бөліп түсті. Қобыланды серіктерінің соңынан кетті. Бір жерге келгенде, Тайбурыл тартынып, аяқ баспай қойды. Қобыланды ұйқыға жатты. Ақмоншақ ат пен Тайбурылды Қарлыға қосып бағып жүр еді. Кенеттен ұйқысынан шошып оянған Қобыланды мұңайып, Қарлығаға келді:

– – Елімді жау шауыпты. Қалмақтың ханы Алшағыр Қараспан таудағы халқымды ойран етіпті. Қараман мен Қарлыға, қош-сау болыңдар! Мен елімді құтқаруға кеттім, – деді. Сонда сұлу:

– – Батырым, жалғыз кеткенің қалай? Ертең мен де артыңнан барамын. Еш алаңдама, -- деді. Батыр тоқтамай шауып отырып, таң атқан кезде Алшағыр ханның алтынды шаһарына жетіп келді.

– Халқымды қайтсем де, азат етермін. Олар үшін жаным садаға, – деп тістенді. Қаланы айнала екі рет шапса да, кірер жер таба алмады. Іштен: «Уа, қозым!» -- деп зарлаған әкесі Гоқтарбайдың зарын есітті. Бесін кезі болғанда, Қарлыға қыз да жетті. Қарлығаның соңынан Сейілдің ұлы Қараман да келді. Оның артынан Орақ дейтін бір батыр келді. Төрт батыр қару-жарақ асынып, аттарына мінді. Қақпаның алдына келгенде, Қобыланды ақырып, Алшағырды жекпе-жекке шақырды.

Сол уақыттар болғанда,
Түлкідей көзін жайнатып,
Қаруы сыймай қайнатып,
"Тасқа шаншып найзасын,

Қарыс сүйем бойлатып,
Қобылекен келді бұл жақтан
Тайбурыл атты ойнатып.
Шайықтың бойы қамыс-ты,

Бермейміз деп намысты
Екі батыр екпінмен
ШЖақындасып қалысты.
Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті,
Бүгісе-бүгісе тұрысты,
Бір-біріне ұмтылып,
Тақымдары құрысты,

Он саусағы қарысты
Бірін-бірі ала алмай...
От шығады ұртынан,
Үмітін үзді Алшағыр

Шаһары, байтақ жұртынан.
Қобыландыдай батырың
Найзасын ырғап ендірді.
Алшағырдай дұшпанын

Ат сауырына міндірді.
Қатуланып Қобыланды
Түгі шығып білектен,
Етке тоқтар қайрат па,

Өтіп кетті сүйектен.
Қайта тартса шықпайды
Қобыланды ердің найзасы.
Ақыры Қобыланды Алшағырды атынан аударып түсірді. Барлық қалмақты

жайпап, жау қолында қалған елін босатты. Атасы Гоқтарбай бастаған қыпшақтар
алдынан қарсы алды. Барлығы да бостан болды. Үш ай, үш күн дегенде жүріп
отырып, Қараспан тауына келді. Қобыланды қалмақтан алған мол олжасын
жұртына үлестіріп берді. Барлығы да батырдың әділдігіне риза болды. Кедейі

байға теңеліп, қуанышқа кенелді. Сөйтіп, Қобыланды мақсатына жеткен екен.

ЕР ТАРҒЫН

Ертеде Тарғын деген батыр өмір сүрді. Бірде ол аңдаусызда бір кісіні өлтіріп алып, Қырым жұртына кетіп қалды. Қырымда қырық мың мешіт пен қырық ханы бар еді. Сол қырық ханның үлкені Ақша деген хан еді. Тарғын ханның қарамағында қызмет етті. Ешкім оның батыр екенін білмеді. Қырым жұртының да он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт деген жауы бар еді. Горғауыт Олалай, Бұлалай деген екі ханның елі еді. Ноғайда көп батырлар өтсе де, Олалай, Бұлалайдың елін ешкім жеңе алмады. Бірде Ақша хан қол жинап, торғауытқа қарай аттанды. Тарғын әскерлермен бірге жолға шықты. Күн-түн қатып жүріп отырып, торғауытқа барып жетті. Қырғын соғыс болып, қан төгілді. Алайда қамалды ешбір адам бұзып ала алмады. Ақша хан амалы таусылып, жұртына қайтпақ болды. Сол кезде Тарғын тұлпарына қамшы басты.

Аллалап батыр шабады,
ШБалғыздың жары Құдай деп.
Сарала туы салбырап,
ШАапты батыр тебініп,

ШЖалмауыздай емініп,
Сырттағы жүрген әскерге
Қарамады бұл батыр,
Ішкі қамалға кірді желігіп.

Әскерлер мұның Тарғын екенін танымады. Бірақ кіргенін көңілге медеу қылды. Аттандап шауып, соңынан олар да кірді. Горғауыттарды шаңға аунатып ұрды, қанға аунатып қырды. Қырғын соғыстан күндіз күн тұтылып, түнде ай тұтылды. Ақыры жауды жеңіп, көңілдері жайланды. Ақша хан еліне қуанышпен қайтты. Елге келген соң нөкерлеріне:

– – Қамалды бұзған қаһарманды маған алып келіңдер. Қырымда мұндай арыстан туған ерлер жоқ еді. Кім екенін білейік, -- деді. Нөкерлер Гарғынды тауып, хан алдына жеткізді. Хан:

– – Айбатыңа амалың сай батыр екенсің. ?Варқыным, жөніңді айтшы. Қайдан келдің) -- деді. Тарғын батыр:

– – Алдияр, мен жұртымның бетке ұстаған батыры едім. Ханның бір бегін аңдаусызда мерт қылдым. Әдейі өлтірейін демедім, ажалы жеткен екен. Бәрі ізіме түсіп, жазаламақ болды. Қол астыңызға келіп, пана таптым, -- деді. Хан:

– Жауды жеңген күшіңді жұртыңа көрсетпедің беӘ -- деді. Тарғын:

– – Нақақтан елімді жылату – Құдай сүймейтін іс, -- деп жауап берді. Ақша хан ұзақ сөйлесіп, Тарғынның ақылына қайраты сай екендігін білді. Батырды әскербасы етіп қойды. Тарғын күні-түні аттың белінен түспей, қару-жарақпен жүрді. Арғымақ аттың мойнын талдырып, жазыда жаумен айқасты.

Ақша ханның Ақжүніс есімді қызы бар еді.
Шашын дынданменен тараған,
Бектер мінген бедеудей
Бауырынан жараған,

Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай.
Ет ажарын байқасаң,
Терісінен айырған

Арпа-бидай ақ ұндай.
Қасы сарыжадай керілген,
Кірпігі оқтай тігілген,
Бұралып белі бүгілген,

Қараған кісі үңілген,
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелдегі бір сөзді
Ақжүніс атты ару еді.

Ақжүніс Тарғынның ерлігін естіп, оны бір көруге құмартты. Орайы келген бір сәтте қызметшісін жұмсап, батырды шақыртып алды. Тарғынмен сұхбаттасып, біраз отырды. Тарғын қайтпақ болғанда, қыз:

– Ерлігіңізді, өрлігіңізді естіп едім. Өзіңізбен жүздескеніме ризамын. Ордайым сұхбаттасып отырайық. Менің тілегімді жерге тастамай, келіп тұрыңыз! – деді.

– – Дегеніңіз болсын. Бұл сөзіңізді қабыл алдым, -- деді Тарғын батыр. Сөйтіп екеуі әңгімелесіп жүрді. Бірде Ақжүністі бір ханның баласы айттыра келді. Ақша хан қызына кісі салды:

– – Сені айттырып ханның ұлы келді. Тегі бірді теңім деп біл. Оған күйеуге тиюге ырзасың ба? -- деп сұратты. Ақжүніс:

– Әкем маған үш күн мұрсат берсін! – деді. Ханның ұлын көңілі сүймеді. Бірақ бұла дәуреннің басынан өтерін білді. Тарғын батырға:

– – Мені бір ханның баласы айттырып келіп отыр. Әкем менен рұқсат сұратып, кісі жіберді. Маған ханның ұлы таңсық емес. Мен де ханның қызымын. Сұлулығы қажет емес, өзім де сұлумын. Мен кімнің бағы зор болса, соған барамын. Егер батыр екенің рас болса, мені құтқарып ал, – деді. Тарғын:

– – Сөзіңде тұрсаң, айнымас серігің болайын, -- деді. Ақжүніс адал болуға ант берді. Батыр қызды Ақша ханның Қанатты Қара жорғасына мінгізіп, алып қашты. Үш күннен соң Ақша хан қызының Гарғынмен кеткенін білді. Бармағын шайнап, ашуға мінді. (Мұртын жинап:

– – Менің қызым қарадан шыққан батырмен қашып кетті. Көңіліме қаяу, сүйегіме таңба салды. Асыл текті хан ұлына тисе, риза болар едім. Ханзададан кірмені артық көрді. Ел-жұрттың алдында мені масқара қылды. Қызымды кім қуып жетіп алып қалса, соған қосамын. Ол адам мейлі бай, мейлі кедей болсынне қаусаған қарт болсын. Егер қуып жетіп өлтірсе, құны сұраусыз, – деді.

Ханның сөзін естігендер атқа мінді. Ақжүніске бұрыннан қызығып жүргендер көп еді. Біреулер екі атты, біреулер үш атты қосарға алды. Бірақ орта жолда бәріне ой түсті. Бір мырза:

– – Мақұл, оларды қуып жетерміз. Бірақ қамал қиратқан батыр емес пе, бізді бұйым құрлы көрер дейсің бе? -- деді. Екіншісі оны қостап:

– – Рас айтасың. Егер қаһары келсе, бізді қырып салар, -- деді. Бәрі іркіліп тұрып қалды.

– – Қой, бір қыздың соңынан қуамыз деп, бәлеге ұшырармыз. Одан да есіміз барда елімізді табайық, – деді үшіншісі.

ұрт аттарын кері бұрды. Бірақ алпыс беске келген бір қарт қайтпады.

– Не Ақжүністі алып қайтамын, не өліп қайтамын деп уәде беріп едім. Сертімді бұзсам, нәмәрттік болар. Батыр деген атағыма сын болар, абыройыма мін болар, -- деді. Сөйтті де, атына қамшы басты. Бір кезде Тарғын мінген Тарлан ат пысқырды. Тұлпар жаудың лебін сезгенде, пысқыратын еді. Тарғын қараса, жалғыз кісі келеді екен. Ол тізгінін тартып, қартты күтіп тұрды. Өзіндей ер екенін біліп: «Ассалаумағалейкум, ақсақал!» -- деп сәлем берді. Әлгі батыр:

– – Қасындағы Ақжүністі алып кетуге келдім. ?Векпе-жекке шық, – деді.

– – Олай болса, кімсіңд -- деді Ер Тарғын.

– – Менің арғы атам – Еркөлік, әкем аты – Қоянақ, есімім – Қартқожақ! Талай жасанған жаудан олжа алған атақты ермін! -- деді.

– – Онда бірінші кезек сенік! -- деп Тарғын қасқайып қарсы тұрды. Қартқожақ мұндай мәрт батырды атуға қимады. Доғал оқпен атып, Тарғынның қорамсағына тигізді. Оның атқан жебесі жүз алпыс кез оқты уатып кетті. Тарғын қылышын суырып, Қожаққа ұмтылды. Қартқожақ:

– – Тоқта, менің кезегім біткен жоқ. Мен сені аяғаннан оғынды атып едім.

Ақылы болса, қызды маған қияр деп ойлап едім. Сен менің аяғанымды
білмедің! Ендеше орныңа бар, қайта атамын, -- деді. Тарғын «Шынымен
аяғаны рас екен, мен оны білмеппін»деп ойлады. Ақжүністі тастап жүре берді.
Қожақ қыздың қасына келіп еді, қыз атынан түсті. Киімін басына бүркенді де,

жылай берді. Қожақ:

– – Сен мені қарт деп менсінбей тұрмысың? Әкеңнің «Кім қуып жетіп айырса,

сол алсын, егер де өлтірсе -- құны жоқ» деген уәдесі бар. Көп жылай берсең,
басыңды қылышпен кесермін. Көз жасыңды төккенше, өзіңнің көркіңді көрсет.
Ұнатсам, алармын, ұнамасаң, тастап кетермін, -- деді. Ақжүніс былай деп
толғады:

– Ай, Қартқожақ, Қартқожақ!

Атыңның басын тарт, Қожақ!
Менің немді сұрайсың?
Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қоланды көр де – шашым көр.

Зергер барсан, қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де -- басым көр!
Молдаға барсаң, қасында

Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де – қасым көр!
Ымыран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де -- мұрным көр.

Ор шаһарға қарасан,
Құрулы тұрған күзгі бар,
Күзгіні көр де – көзім көр!
Самарқан барсаң, сандал бар,

Сандалды көр де – тісім көр!
Ұсталарға барсаң, қасында
Тартулы жатқан сымдар бар,
Сымды көр де – қолым көр!

Тоғайға барсан, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де – жоным көр!
Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де – етім көр!
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де – бетім көр!
Мен Қырымның ішінде

Ақша ханның қызы едім,
Атам менен анамның
Асыранды қазы едім,
Қойда бағлан қозы едім,

Шылқыда шаңқан боз едім,
Қытай менен Қырымнан
"Тамам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.

Менің немді сұрайсың?
Бұл уақыт болғанда,
Бұл заманның шағында,
Жылап тұрған көзім бар,

Жалынып тұрған сөзім бар,
Өксіп тұрған жасым бар,
Әуре болған басым бар.
Алғанымнан айырма,

Мені өзіңе қайырма!
«Жатыр Қожақ -- мен!» дейсің,
Біз сықылды бишара
ШЖылап тілек еткен соң,

Тілекті бермес болар ма
Сіз сықылды асылдар?!
Бес жасыңда Қарт Қожақ,
Жас шыбықтан жай тарттың,

Жалғыз шиден оқ аттың,
Атқан оғың жоғалттын,
Кәне шыққан мүйізің?
Он жасыңа келгенде,

Қызыл-жасыл киініп,
Қынай белің буынып,
Қызбалықты көрініп,
Бала болдың бір кезек,

Кәне шыққан мүйізін?
Жиырма беске келгенде,
Ақ балтырың түрініп,
Оймақтай аузың бүрініп,

Қарт бурадай қамданып,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыннан дұспан сөз айтса,
ШЫыныңменен арланып,

Қызды бақтың бір кезек,
Кәне шыққан мүйізің?
Отыз беске келгенде,
Қоңыраулы найза қолға алдың,

Қоңыр салқын төске алдың,
Жауды көрсең, шүйілдің,
енсіз берен киіндің,
Көксерке атты борбайлап,

Қамалды бұздың айқайлап,
Кәне шыққан мүйізің?
Қырық бес жасқа келгенде,
Қырым деген шаһардың

Жел жағына қаласың,
Ық жағына панасын.
Қырдан қиқу төгілсе,
Елге таман үңілсе,

Мың кісіге бір өзің
Шошынбай жалғыз барасың,
Кәне шыққан мүйізің?
Елу беске келгенде,

Топқа бардың бой түзеп,
Дауға бардың тіл безеп,
Билік құрдың бір кезек,
Кәне шыққан мүйізін?

Алпыс беске келгенде,
Сақал-мұртың қуарып,
Бойға біткен тамырдың
Бәрі бірдей суалып,

Алайын деп тұрмысың,
Мені көріп қуанып?
Өлтірсең де тимеймін,
Теңдік берсең, сүймеймін.

Бұрын батыр болсаң да,
Сенің басың бұл күнде –
Жерде жатқан қу тезек! – деді.

Мұны естіген Қартқожақ «Шын асылзада қыз екен. Қой, обалына қалып, өмірін өксітпейін. Ердің басына талассам да, бағына таласпайын» деп ойлады. Ақжүністі Тарғын батырға қосты да, батасын берді.

– Уа, ұлым! Менің дәуренім көшкен екен, сенің бағың өскен екен. Еліне қорған болар батырға қиянат жасамайын. (Нолдарың болсын! Қайда жүрсеңдер, бір Алла өзі жар болсын! -- деді. Тарғын Ақжүністі алып, Еділдегі Орманбеттің еліне барды. Ханзада деген ханның қол астына келді. Ханның бір биінің үйіне «Құдайы қонақпын» деп ат шалдырды. Би одан:

– – Сіздің атыңыз кім? – деді.

– – Менің атым -- Тарғын.

– – Жолдасыңыз кім?

– – Жолдасым – Ақша ханның қызы Ақжүніс сұлу.

– – Ол қасыңызға еретіндей қандай ерлік көрсеттіңіз?

– – Торғауытты тоздырып, қамалын шауып алған едім.

Мән-жайға қаныққан би оларды сыйлады. Ерлігін есіткен еді, көріп көңілі тойды. Ханзада ханға Тарғынның келгенін айтты. Хан Тарғын мен Ақжүністі шақыртып, алтын сарайға мейман қылды. Биіне:

– – Тарғын батыр құрбы-құрдастарын, ерлерін, мырзаларын сағынар. ІЖКүрегіне дерт түсер, ішіне шер қатар. Оны менің бай-бағлан, батыр-билеріммен араластыр. Біздің елге үйреніп кетсін, – деді.

– – Ләббай, тақсыр, айтқаныңыз болсын, -- деді бек. Ханның жарлығымен Тарғын батырға жұртының жақсыларын көрсетіп, таныстырды. Олар Тарғынның ерлігін ханнан сұрап білді. Барлығы жиылып:

– – Тарғын батырды біздер құрметтеп сыйладық. Сіздің жарлығыңыз жерде қалған жоқ. Біз мұны Шаған бойындағы қалмаққа жұмсалық. Ол қалмақтың жерін бізге тартып алып берсін, -- деді. Хан Тарғынға:

– – Сен Қырым жұртына көп жақсылық жасап едің. Олар сенің қадіріңді білмеді. Бір қыздарын қимады. Бізге де бір қайырың тисін. Қыл жалаулы қалмаққа ойран салып, жерін бізге алып бер, -- деп қолқа салды. Тарғын:

– Жарайды. Алла қаласа, жауыңды шабармын. Бірақ маған үш батырды серік қылып беріңіз, -- деді. Хан:

– – Кімдерді аласың? -- деді. Тарғын:

– – Маған Қарасайұлы Көбенді, Алшағырұлы Тегенді, Өмірұлы Себенді беріңіз. Гөртеуіміз біріксек, жасанған жауға дес бермей жеңерміз, – деді. Тарғын батыр қалмақты қырып, жерін алды. Қалмақтың қонысы адыра қалды. Жауын шолу үшін жалғыз еменнің басына шықты. Батыр отырған шірік бұтақ опырылып, Тарғын жерге құлап, орнынан тұра алмай қалды. Үш жолдасы оны найзаға салып, елге әкелді. Сынықшылар, тәуіптер келіп, емін таппады. Болмағасын, Тарғынды Ақжүніспен бірге Бұлғыр тауға тастап, өздері ТШағанға көшіп кетті. Тарғын жалғыз жатып күңіренді:

– – Балтаға бардым тал үшін,

Талды кестім сал үшін.
Айналасы алты айшылық Еділге
Тарланды талай-талай салғанмын.
Еділдің арғы жағына

Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан малы үшін.
Аттанғанмын кәуірге
Атамның ежелден ескі кегі бары үшін!

Екеуі аштықтан өлім халіне жетті. Тарғын жанында жолдастың жоқтығына, ханның сатқындығына күйініп қайғырды:

– – Әттен, қасымда қырық досым болғанда, бұл бәлеге ұшырамас едім, – деп мұңайды. Өзінің бейшара күйде қалғанын айтып зарланды. Ақжүніспен, атымен қоштасты. Ақжүніс «Мен ханның қызы едім. Тарғын ел-жұртынан, атаанасынан айрылса да, сөзімді аяқасты етпеді. Мен де батырмен қоштасайын. Егер дүниеден өтсе, маған көңілі хош болсын» деп ойлады. Ақжүніс:

– – Сен дүниеден өтсең, мен қайтіп жер басып жүремін, -- деп жылады. Оның зарынан батырға ой түсті. Тарғын жаудың қолынан емес, ағаштан құлап өлгелі жатқанына намыстанды. «Бұлай жатқанша, біржолата өлейін» деп, белін қолымен басып қалды. Сол-ақ екен, бел омыртқасы орнына түсіп кетті. Алты құлаш белбеумен белін мықтап орады. Аллаға жалбарынып, көмек сұрады. Ақжүніс Тарлан атты Тарғынның алдына тартты. Атын ерттеп болған соң, Тарлан атқа екеуі мінгесті. Тарғын:

– – Кешегі опасыз ноғайдың еліне жүр, -- деді. Бір кезде Тарлан ат пысқырып, жерді тебінді. Тарғын Ақжүніске:

– – Ай, Ақжүніс, бұл Тарлан менің сыралғы жолдасым ғой. Хайуан болса да, мұның сырын жақсы білемін. Бұл артынан адам келе жатса, пысқыратын еді. Егер шабыс тілесе, жер тебетін еді. Сол екі әдетін бірдей жасады. Жан-жағыңа қарашы, кім келе жатыр екен? -- деді. Ақжүніс:

– – Сырт жағымызда ешкім көрінбейді. Бірақ алдымызда бір-екі қара көрінеді, -- деді. Тарғын:

– – Омыртқам мертігіп, жалғыздығым жаныма батты. Бүйтіп жүргенше, жөнімді тауып, еліме барайын, -- деді. Сөйтіп Тарғын атының басын тартып тұрды. Ақжүніс:

– – Жоқ, өйтпеңіз. Қайта ноғайға барып, хан, халқына көрініңіз. (бақсысына ой салып, жамандарын қорқытып қайтыңыз. Егер қайтып кетсеңіз, Тарғын батыр қарға, құзғынға жем болды дер, – деді. Тарғын:

– Ендеше, жүр! – деді. Бұл екеуі ел шетіне келіп түсті. Оларды көрген қойшы, малшылар:

– – Тарғын батыр ел шетіне келіп түсті! -- деп, биге жеткізді, би ханға

жеткізді. Бұл уақытта ханның елін Тарғын ойрандаған көп қалмақ шапқалы
жатыр екен. Ханзада ханның бір сұлу қызы бар екен. «Сол қызыңды берсең,
шаппаймын, егер де қызыңды бермесен, шабамын» деп, елді әуреге салуда
екен. Тарғынның келгенін естіген ханы, биі -- баршасы жиылып барды:

– – Айыпқа бұйырма, батыр. Саған жәрдем бере алмадық. (Мұртымызға

жау келіп, жанымызға қайғы келді. Аман-есен жазылып келдіңіз бе? – деді.
Батыр:

– Аллаға шүкір, келдім, – деді. Хан:

– – Бұл қалмақтан бізді құтқар, – деді. Тарғын:

– – Менің жауға шабатын қуатым жоқ. Бірақ бұл әскердің қашыратын айланы

сіздерге үйретейін, – деді. Хан:

– – Шабуға әліңіз жоқ болса, үйретіңіз, -- деді. Тарғын:

– – Талапты туған жігітке

Тәңірім қайғы бермесін,
Алтыннан соққан кеудесі
Ат басындай шер табар!
Ай, жебір сұлтан, сен білмейсің,

Елден кеткен ер жігіт
Алғидың құба жонында,
Тәңірім жөнін берген соң,
Тарланға мінгесіп жүріп жөн табар!

Мінбей-түспей қарыған,
Байлауда тұрып арыған
Тарлан жауға мінілмес!
Мінілсе де бұл Тарлан,

Бұрынғыдай жүгірмес!
Қалған белім үзіліп,
Балдағы алтын ақ болат
Енді белге ілінбес,

Ерлігім жауға білінбес!
Шығыршығы шираған
Бадана көзді кіреуке
ШАарайнасы бес қабат,

Жау қарысы жетпеген,
Жез айырдың оғы өтпеген,
Сатуға бәсін сұрасаң,
Сан ділдеге бітпеген,

Енді үстіме киілмес!
Батыр жауға шүйілмес!
Неге десең, сұлтаным,
Қатып қалған көнім бар,

Шілде түспей жібімес.
Қатты қалған көңілім бар,
Май құйсаң да ерімес.
Жебір сұлтан, сен білмейсің,

Мен -- бір аңқау туған бөрімін,
Көп екен деп саған иек сүйемен,
Несібемді бір Тәңірден көрермін!
Бұл барғаннан барармын,

Қырымға таман барармын,
Қырымда қалған қырық құрдас,
Қырқын қасқа алармын!
Алла маған жол берсе,

Бері қарай, сұлтаным,
Сапарланып салармын.
Есен барып, сау келсем,
Домалантып басыңды алармын,

Жұртыңа бүлік салармын, – деді.
Тарғынның бұл сөзінен ханы, халқы қорықты. Ханзада хан:

– Олай болса, райыңыздан қайтыңыз. Кінәмнің өтеуіне жалғыз қызымды

берейін. Қолыңды бер! – деді. Батыр райынан қайтып, ханның ордасына келді.
Тарлан атына мініп, қалмаққа қарсы аттанды. Оны майданда үнемі Бітуәжа
бабасы қорғап жүретін еді. Осы жолы да пірінен медет тіледі. Қалмақ батыры
Домбауылдың жебесі денесіне дарымады.

Алаша аттың басы деп,
Қалмақы ердің қасы деп,
Қақ жүректің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,

Толықсып келген қалмақты
Толғап Тарғын салады.
ЭЗырқырай оғы кетеді,
Қалмаққа таман жетеді,

Көкірек қысқан көбеден,
Қалмады қапыл жебеден,
ЭЗырлауменен өтеді,
Бұған тоқтар қайрат па,

Мұнан да өтіп кетеді,
Бір төбеге жетеді,
Төбені төңкере тастай кетеді.
Атқан оғын көрген соң,

Мықтылығын білген соң,
Аттанып келген әскердің
Көңіліне қайғы бітеді.

Тарғын жауды жапырып қырып, он үш күн айқасты. Қараса, астындағы "Тарланның тұяғы оймақтай болыпты. Етектей ернінен екі елі ғана қалыпты. Өзі де он жеті жерінен жараланыпты. Жаудың қырғанын қырып, қашырғанын қашырып, аман-есен келіп, Ханзада ханға көріскен соң, мұның қуанышына ат шаптырып, той қылды. Халық тойдың қызығымен таңның атқанын, күннің батқанын білмеді. Бірақ хан қызын беремін деген уәдесінде тұрмады. Ол:

– – Жеті атаңнан бері сұрасам, төреге қатысың жоқ екен. Саған қызымды беруге аталарымның аруағынан қорқамын. Өдзің он сан Орманбеттің ішінен қандай сұлу қыз тапсаң, алып берейін, – деді. Тарғын:

– – Биылғы Бұлғыр тауға тастап кеткен кінәңді кешіріп едім. Бұл алдағаныңды кешпеймін. Қайта айналып келсем, қайыр күтпе, – деді. Ақжүністі алып, Қырымға кетті. Хан мен халық әбігер болып састы. Сол кезде жасы жүзден асқан Сыпыра деген жырау бар еді. Ол толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді. Хан Сыпыра жыраудан ақыл сұрады. Сыпыра жырау оны ертіп, Тарғынның еліне барды. Батырға:

– – Ай, батырым! Сен өзің аруақты туған ерсің ғой. Бір қызды қайтесің? Одан да сыйға қара лашын алып, құс іліп, саятшылық құрмайсың ба? Қара арғымақ мініп, елден елді аралап жүрмейсің бе? Ақ семсерді беліңе ілмейсің бе? Бес жүз атан, бес жүз бие береді. Қызығын көрмейсің бе? Бес жүз ауыл береді. Өзің сұлтан болып, қалаған жеріңе қоныстанбайсың ба? Қорық Құдайдан, қайт райдан. Халқыңмен өштесіп, құрмет таппассың, – деді.

Батыр сонда ғана сөзге келді. Ханның берген сыйын алды. Үш Тарғын деген тауды жаз жайлауы, қыс қыстауы етті. Тарғынның өзі хан болды және батыр болды. Ұзақ жасап, дүниеден өтті. Ақжүністен Ардаби деген ұл туды. Бұл да ер болды, асыл би болды. Ардабиден екі бала туды. Үлкені Әжігерей мырза жиырма жасында дүниеден өтті. Кенжесі Айғожа бес қалаға хан болды. Сөйтіп, жұрт иесі болып, таққа мінді. Бес қаланы билеп, мұратына жетті.

ҚАМБАР БАТЫР

Әзімбай деген бай болыпты. Оның алты ұлы мен Назым деген қызы бар еді. Назым он сегіз жасқа толды. Ажары ай мен күндей толысты. Көркіне қаншама жан ғашық болды. Бірақ алты ағасынан қорқып, маңына ешкім жоламады.

Сүйегі асыл дүр еді,
Құдайдың өзі біледі,
Он төртінші айдай боп
Түседі кімнің қасына?

Алпыс сомдық әр кезі
Үстіне асыл кигізді.
ШЖорғадан жегіп қаракөк,
Күймелі арба мінгізді.

Көзі түскен пенденің
Жүрегін оттай күйгізді.
Ашылған гүлдей нұрланып,
Қылығымен сүйгізді.

Өз теңінің ішінде
Асырып дәурен сүргізді.
Уызында жарыған
Ерте туған бағландай

Толықсытып жүргізді.
Әкесі Әзімбай бойжеткен қызын ұзатуды ойлады. Ол халыққа:

– – Назымның бас еркі өзінде. Қызым кімді таңдаса, соның жары болады. Теңін тапса, тегін беремін. Далада мал жайып жүрген он екі жасар балаға дейін қалмай келсін. Бағын сынап, барқадар тапсын, -- деді. Ат шаптырып, ұлан-асыр той қылды. Назым қыз биік мұнараның басына шықты. Бұл тойға дәмелі ерлердің бәрі келді. /Шігері тасыған жас та жүр, қайраты жасыған қарт та жүр. Бегі мен бекзадасы да, жақсы мен жайсаңы да -- тегіс үмітті. Баршасы мұнараның алдынан өтті. «Ару қыз мені таңдаса екен» деген арман оты барлығының көкірегінде маздады. Бірақ Назымның ықыласы олардың бірде-біреуіне түспеді. Қабағын шытып, қапа болды. Сол кезде бір кісі:

– – Бұл мерекеге Әлімбайдың баласы Қамбар батыр келмепті. Ел үшін туған, еңіреген ер еді. Күш-қайраты толысқан, ақылы кемел жан. Тоқсан үйлі тобырды аштыққа шалдырмай, өзегін талдырмай отыр. Жалғыз айыбы -- кедейлігі. Бірақ ешкімге намысын бермес өр жігіт, -- деді. Бұл сөзді естіген Назым Қамбар батырдың ерлігіне сүйсінді. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген. Батырды тезірек көруге ынтықты.

Қамбардың әкесі Әлімбай да кезінде хан болып, жұртты биледі. Еліне қайыры тиген, барша халыққа сыйлы адам еді. Қамбар да өсе келе, халқының жоғын жоқтады. Алпыс үйлі Арғын мен тоқсан үйлі Гобырды аңның етімен асырады. Қара қасқа атымен далада жүріп, аң мен құсты аулады. Киік пен құланның етін үйіп тастады. Аш-арықты тойдырып, жылағанды жұбатты. Ноғайлыдан шығып, Алаштың қамын ойлаған арыс болды. Бір күні Қамбар тоғайдың ішімен келе жатып, қызыл жолбарысқа тап болды. Тарлан атты тарғыл аңның мысы басты. Ер Қамбар қаһарына мініп, Құдайдан медет сұрады. Қара қасқа атына:

– – Қанатты пырағым, сен неге осынша қалтырап қорқасың? Ажал жетпей, жан шықпайды. Тәуекел! Тағдырымды сынап көрейін, – деді.

Сол уақытта жолбарыс
Түгінің бәрін жатқызды,
Құлағын жымып, жасырды,
Арандай ашып ауызын,

Айбарлы жаман ақырды,
Дауысы жерді көшіріп,
Нар маядай бақырды,
Бүркіттей жазып тырнағын,

Тұлпарға барып асылды.
Қамбар да қайтпай, ұмтылып,
Бар қайратын шақырды.
Құйрығынан көтеріп,

Айналдырып басынан,
Лақтырып жіберіп,
Қырық қадам жерден асырды.
Құлаған жардай дүрс етіп,

Ырылдауға әлі жоқ,
Демінен түсіп басылды.

Қамбар олжасын қанжығасына бөктерді. Шерінің басының өзі он екі қарыс қазанмен тең еді. (бұртының тобасы қабыл болып, батыр бір қатерден аман қалды. Мәртебесі артып, мерейі үстем болды. Киік-құланын қоса артып, ауылына қарай жол тартты. (болай Назымның аулының үстінен өтті. Қызға көзінің қиығын да салмады. Қамбардың өзін елемегенін білген Назым «Қамбар батыр не үшін бір қарамай кетті екен» деп уайым жеді. Ордасына отыз жеңгесін шақырып:

– – Кешке дейін бір ұршық жібек иіріп беріңдер, -- деп бұйырды. Жібек жіп дайын болған сон, Қамбардың жолына өрмек құрдырды. Назым оның қасына қымыз әзірлеп қойды. Кешке қарай Қамбар батыр олжасын байлап, үйіне қайтты. Назымның қымыз даярлап, өзін күтіп отырғанын көрді де:

– «Қазанға жолама, күйесі жұғады. Қызға жолама, бәлесі жұғады». Егер осыған алдансам, мені Құдай ұрғаны, -- деп шаба жөнелді. Өрмектен тұлпарын қарғытып өте шықты. Назымның бұған қатты ашуы келді.

– Адыра қалғыр, сен өрмек, -- деп өрмекті алты жерден турады. «Тоқтай тұр!»-- деп Қамбарға қолын бұлғады. Назым сонда:

– Хан сүйекті Қамбар-ау! Шөлдеген шығарсың, сусын ішуге біздің үйге түссейші, -- деп қиылды. Сонда Қамбар батыр:

– Қара аттан бөлек малымды ағайын жеп тауысты. Кедейлікпен жолдас болдым. Үйдегі атам мен анамды құс етін беріп бағамын. Саған айналып қалсам, халқымның жайы не болмақ? -- деп жауап берді. Назым қыз:

– – Сен бүгінше біздің мейманымыз бол. Алпыс үйлі Арғының бұл үшін кінә тақпас. Байдың баласы сенің басқан ізіңе де татымайды. Бекзатым, менің айтқаныма құлақ ас, – деп жалынды. Қамбар батыр:

– – Өз теңімнің ішінде айтулы ердің бірі едім. Тар тоғайда жолбарыс соғып алдым. Бұл да – елімнің тілегінің арқасы. Сол елімнен басқа ешкімді жақын көрмеймін. Сенімен көңіл қосып, кейін малы көп бір жаман алып кетсе, жүрегім қайғыдан шерленер, – деді. Осылайша екеуі сыр ақтарып, әңгімелесіп тұрғанда, бұларды Әзімбайдың үлкен ұлы Қабыршақ көріп қалды. Ол көре сала, айғайға басты:

– – Қораз, Дараз, Алшыораз, Қарымсақ, қайдасындар? Мына жалаң аяқ жарлы бізді қорлады ғой. Ақ семсерді қолға алып, басын шабыңдар. Біздің теңіміз осы ма еді? -- деп ашуға мінді. Барлығы да бұрқылдап, қолдарына бір-бір келтек ұстап жүгірді. Олардың ішіндегі ақылдысы жалғыз Алшыораз еді. Ол бауырларына мұның жөнсіздігін айтып тоқтатпақ болды. Бірақ Қарымсақ інісінің айтқанын тыңдамады. Сонда Алшыораз:

– – Бәрің де азғана дәулетке мастанып, менменсіп жүрсіңдер. Қамбардың тегінде еш кемдік жоқ. Әкесі – Одлімбай хан. Ертең екіталай заман болғанда, қорғаның осы Қамбар ғой. Сондықтан Назымжанды осыған қоссақ, мақұл емес пе? -- деді. Дараз да:

– – Ағалар, бізге қарағанда, Алшыораздың ақылы көп екен. Ноғайлының батыры кекті болып кетпесін. Егер өшіксек, ертең бізге зиянын тигізіп жүрер, – деді. Осымен бәрі де сабырға келіп, таяқтарын тастады. Қамбар батыр жөнеліп кетті.

Назымның ажар-көркі хан мен қараның көкейіне қиял салды. Қалмақтың ханы Назым қызды айттырып, жиырма жігіт жаушы жіберді. Оны Керейұлы Келмембет бастап келді. Әзімбай олардың келгеніне ашуланып:

– – Ей, қалмақтар! Ата жауың мен едім, ата дұшпан сен едің. Мұнда не үшін жүрсіңдер? -- деп сұрады. Сонда Келмембет:

– – Патшам мені сізге жаушы қылып жіберді. Қыз Назымға құда түсе келдік. Ханымыз кәрленсе, шаңырағыңыз шайқалар. Одан да қол қусырып, әмірге мойынсынғаныңыз жөн болар. Біздерді құда санап, қошеметпен күтіңіз, -- деп астамси сөйледі. Алшыораз оған:

– – «Жақсы адамда жаттық жоқ» деген. Жақын келіңіз, төс түйістіріп көріселік. Түбі құда болатын адамсыз ғой, – деді.

– – Көріссек, келе ғой, шырағым, -- деп Келмембет оған еңкейіп қолын ұсынды. Сол кезде Алшыораз оны аттың үстінен жұлып алды. Алқымынан сығып, айбынын асырды. Жиырма жігіттің зәресі ұшып:

– – Бізді өлтіре көрме! ПШыбын жанымызды қи, – деп жалбарынды. Алшыораз Келмембеттің құлағы мен мұрнын кесіп алып:

– Ылғи ісіп-кеуіп жүретін едің. Енді Қараман ханыңа сәлем айта бар. Соғысатын жерін айтсын, – деді. Келмембет қанға боялып, ханның алдына келді. Мұны көрген Қараман ызаға булықты. Бес мың әскерін жинады. Туларын көтеріп, даңғыра қағып, Әзімбайдың аулының маңына келіп жайғасты. Келмембет Әзімбайдың үйінің сыртына келіп:

– Алшыораз, енді ер болсаң, бермен кел. Әйтпесе қатыныңды күң қылып, мал-жаныңды талап алармын, -- деп тепсінді. «Қолдай гөр, пірім» деп, үйінен Әзімбай шықты.

– – Уа, Келмембет. «Жақсының кегі жібек орамал кепкенше, жаманның кегі басы жерге жеткенше» деген. Сен бүгінше оңаша үйге түсе тұр. Мен қатынбаламен ақылдасып, жауабыңды соңыра берермін, -- деді. Сосын ағайынын жинап, бұл бәледен қалай құтылуға болатынын ортаға салып ақылдасты. Барлығы Қамбарды шақырған жөн деп ұйғарды. Алшыораз:

– – Қамбарға тоғыз бие тарту етіп апарайық. Әйтпесе ол өздігінен келмейді,

– деді. Келмембетті күтіп, ат-шапан айыбын өтеді. «Назымды патшаңа береміз» деп алдаусыратып шығарып салды. Келмембет ордаға жеткеннен кейін патшасына:

– – Падишам! Олар құлағымның құнына Назымды сізге беретін болды. Мендей құлыңа ырза бол! -- деп басын иді. Қараман патша:

– – Олай болса, сүйіншіңе не тілесең де, беруге әзірмін. Саған қарсы келгеннің қанын төгіп, жанын алармын. Қазынамнан өзіңе жетерлік дүние алып, есепсіз мал-мүлікті еншіле, – деді.

Бұл кезде Әзімбай Қамбар батырға кісі жіберіп, сәлем жолдады: «Түбіміз бір, тегіміз бір жандар едік. Керейұлы Келмембет келіп, басымызға бәле салды. Бізді жаудан құтқар. Халқың ашықса, сатып, азық етсін» деп, ат басындай алтын мен қой басындай күмісті қоржынға салып беріп жіберді. Елші болып келген Жәдігер барлық жайтты Қамбарға жеткізді. Сонда Қамбар қайраттанып:

– – Жәдігер, сіз көп уайымдамаңыз. Әзімбайдың ұлдары мені кедей деп кемсітсе де, оларға өкпелеп, қарап отыра алмаймын. Әуелі Алла, екінші елім деп, атыма мінермін. |(ауыңды жеңіп, ел-жұртыңды құтқарармын. Сәтті күні жолға шығамын, – деді.

Қараман патша өзінің шатырында сауық құрып жатты. Оған Келмембет осы елде Қамбар деген батырдың бар екендігін айтты. Патша оны өзінің алдына алып келуін бұйырды. Келмембет Қамбар батырдың алдына барса да, ердің мысы басты. Патшаның сәлемін айтқан бойды қаша жөнелді. Қамбар батыр жауға қарай аттану үшін жолға жиналды. Үстіне бадана көзді сауыт киді. Қару-жарағын асынып, бір Құдайға жалбарынды. Алпыс үйлі Арғын мен тоқсан үйлі Гобыр «Жатыр бұл сапардан аман келсін» деп дұға қылды. Батыр қаһарына мініп, Қараманның ордасына құйғытып келді. Одан қорыққан патша: «боғары шық», – деп, қасынан орын берді. Сонда да қорқынышын білдіргісі келмей: «Осыдан кешіккеніңде, өлтірейін деп едім», – деді. Қамбар батыр:

– Падишам, пәлен жерде өрт шығып, соны өшірдім. Одан келе жатсам, сұңқардың олжасына қара құс таласып жатыр екен, екеуін ажыратып алдым. Әрі қарай құмай тазының жеміне төбет иттің таласып жатқанын көрдім. Оларды да ажыраттым. Сөйтіп жүріп кешігіп қалдым. Өзің де ауылдың маңына шатыр тігіп, Әзімбайды жүдетіп отыр екенсің. «Назымның күйеуімін» деп қоясың. Екеуміз жауласып, қолымызды қанға боямайық. Дәл қазір қалана қайт, деді. Қараман оған:

– – Елшімді сабап, Ноғайлы мені жаман басынды. Назымды қайтсем де, мен аламын. Одан да менімен ұрысуға қалайсың? |(екпе-жекке шық, – деді. Мұны естіген Қамбар батыр тұлпарына мініп, Аллаға сыйынды.

Екі батыр соғысты.
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысты.
Әзімбайдың ауылынан

Қалмақтар қылған қонысты.
Қараман дәу мен Қамбар бек
Қарсыласып, қылыш шабысты.
Ақ найзалар айқасып,

Нар бурадай алысты.
ШАанышқанына шыдамай,
Астындағы Күлбадам
ШӘәөге жата қалысты.

Қалмақтың ханы Қараман
Сол жағынан құлады,
Артындағы әскері
Қолынан берді намысты.

Арыстан туған Қамбар бек
Аш бөрідей жалақтап,
Аралады қосынды.
Ақылынан айрылып,

Қалмақтар жаман шошынды.
Қамбар батыр қалың қалмаққа лап қойып, барлығын да қырып-жойды.
Әзімбайдың алты ұлы да аттарына мініп, бір шетінен келіп дұшпанның қолын

ойсырата жеңді. Жеңіске жетіп, мерейі үстем болғаннан кейін ақ ордаға кірді.

еңістің арты үлкен думанға, сауыққа ұласты.
Әзімбай қызы Назымды қаншама дәулетпен, мал-мүлікпен Қамбарға ұзатты.
Жұртына келгеннен кейін Қамбар батыр бұрынғысындай кедей-кепшікке
қамқорлық көрсетіп, халқының қорғаны болды. Сөйтіп, қайғы көрмей, бақытты

тұрмыс кешіп, дүниеден өткен екен.

Түсіндірме сөздік

Ажам – Араб халқы өздерінен бөлек басқа жұрттарды осылай деп атаған. «Араб тілін білмейтіндер» деген мағынаны білдіреді. Негізінен бастапқыда Ирандағы парсы халқына қатысты айтылған.

Азан-қаумет – Азан «естірту, білдіру» деген мәнде қолданылады. Намаз уақытында мұсылмандарды құлшылыққа шақыру үшін күніне бес уақыт азан шақырылады. Оның мәтінінде Алланың ұлықтығы, Мұхамбет пайғамбардың оның елшісі екендігі айтылады. Азан айтатын адамды «муәзин» деп атайды. Қаумет - намаздың басталғандығын білдіретін азанға ұқсас сөздер. Азанға қарағанда жылдамырақ оқылады. Жаңа туған жас сәбиге ат қойған кезде, алдымен, оның оң құлағына азан, сол құлағына тәкбір айтады. Содан баланың құлағында азан-қаумет сіңіп қалады.

Ақики – 1. «Шынайы», «ақиқат» мағынасында; 2. Нәресте дүниеге келген кезде Құдайға шүкіршілік белгісі ретінде сойылатын малды «ақиқа құрбаны» деп атаған.

Ариф – Алла тағаланы таныған әулие жандар

Аршы - Ғаршы ағла – Жеті қат көктен жоғары, киелі, тылсым әлем

Асхаб – Мұхамбет пайғамбардың серіктері

Аятүл күрсі – Дұғаның атауы

Әбілхаят (ар.) – Тірлік суы деген сөз. Ескі наным бойынша ішкен адам өлмейтін киелі су

Әз – «Асыл», «текті» «данышпан», «құрметті» мәніндегі «әзиз», «әзіреті» сөздерінің қысқарған түрі. Сонымен қатар қартайып, көзі көруден қалған қарияларды да ертеректе «әз» деп атаған.

Әзел – «Бастапқыда», «ежелде» деген мағынада.

Әжуз-Мәжуз – Ислам қағидасы бойынша қиямет жақындағанда жер жүзіне шығатын қауым. Адамдардың арасына бүлік салып, елді қырғынға ұшыратады. Бірақ азғана уақыт өмір сүріп, өздері де жойылып жоқ болады Әли - Мұхамбет пайғамбардың ең жақын төрт серігінің бірі, әрі күйеу баласы. Фатима анамыздың жары. Өте әділетті, жомарт жан ретінде сипатталады Әлімсақтан - «Әл Мисақтан»: Әуелден ақырға дейінгі барлық адам рухтары Аллаға «Әрине, Сен біздің Раббымызсың» деп ант беретін орын Әпсана - Аңыз әңгімелер, мифтер Бақыл - Ниеті тар, сараң адам Барзақ - Дүниеден өткен кісілердің о дүниеде орналасатын мекені Бәбісек - Көкек құсы Бәділ - Адамның азғындап, хайуанға айналу процесін айтады Бәйтүл - Палестина өлкесіндегі Құддыс қаласындағы Мұқаддас мешіттің атауы Бәйтүл Мағмур - Жетінші қат көктегі періштелер құлшылық ететін мешіт Ғазаттық - Ислам дінін басқа өлкелерге тарату Ғайбат - Басқа адамның мінін ашу. Өсек сөз, жала мағыналарына келеді Ғайса -- Кітап түскен төрт пайғамбардың бірі Ғайып - Көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін, жасырын деген мәнде қолданылады Ғайып ерен - Тарыққан жандарды желеп-жебеп жүретін, көзге қырық шілтен көрінбейтін киелі кісілер. Ғайыптан пайда болатын шілтендер құс бейнесінде көрінуі де мүмкін. Алыс сапарда жүрген, жолынан адасқан жолаушыларға, мүсәпірлерге жәрдем береді Ғанкабут сүресі - Құран сүресі. Қазақша мағынасы «Өрмекші» деген сөз Ғапылдық - Алланы еске алудан кесілу. Алла Тағаланы ойдан шығарып алу, ұмыту Ғаріп - Бейшара, дәрменсіз кісі деген мәнде Ғибадат - Аллаға құлшылық ету Ғылман - Діни түсінік бойынша жәннаттағы қызметшілер Дәуіт - Құранда аты аталатын пайғамбарлардың бірі. Сүлеймен пайғамбардың әкесі Дәргей - Алланың құзыры

Дәруіш – Парсыша «мұқтаж», «пақыр» дегенді білдіреді. Яғни сопылықта астарлы түрде «Құдайдың нұрына, дидарына мұқтаж жандар» сипатында қолданылады.

Дұға – Аллаға жалбарыну, тілек тілеу

Жад – «Ес», «ақыл». «Жадына тоқу», «жад ету», «жад қылу» - Алланы еске алу деген сөз.

Жайнамаз – Мұсылмандар намаз оқыған кезде қолданатын төсеніш

Жамағат – Қауым, көпшілік, топ

Жаһаннам – Тозақ, тамұқ

Жәдігөй – Сиқыршыны айтады

Жұраты – «Жұрағаты», «ұрпағы» мәнінде

Жүсіп – Түс жорудың пірі болып есептелетін пайғамбар. Құранда бір сүре Жүсіптің атымен аталған. Өте көрікті, ажарлы жан ретінде сипатталады

Жын-перінің шәрі келмес – «Жын-перінің жамандығы келмес» деген мағынада

Зайыр – «Захир», яғни «сырты», «тысы» деген сөз.

Зәбүр – Дәуіт пайғамбарға түскен кітаптың атауы. «Жазылған насихат, кітап» деген мағынаны білдіреді

Зекет – Ислам дініндегі бес парыздың бірі, яғни мұсылмандықтың төртінші шарты. Ауқатты, бай адамдардың пақырларға, кедейлерге, дін қызметкерлеріне беруі тиіс садақа, жәрдемі

Зиярат – «Бару», «көру». Діни мәнде қабірлерге, кесенелерге барып, әруақтардың рухына Құран бағыштау салты

Зұлыпқар – Мұхамбет пайғамбардың сахабасы, төрт шадиярдың бірі-Әзіреті Әлидің қылышы. Аңыз бойынша қылыш пайғамбарға көктен түсіпті, оның екі ұшы бар екен. Пайғамбар Әлиге қылышты сыйға тартады.

Зүрият – «Ұрпақ», «нәсіл», «тұқым».

Зікір – Алланы еске алу

Иләһи – Құдайлық, Тәңірлік

Иман-бостан – «Бостан» бақша деген ұғымда қолданылады. Иманы кемелденіп, көркейген кісілердің жан-дүниесі баубақша сияқты құлпырып тұрады дегенді білдіреді

Импровизация – «Суырып салмалық» өнер

Ислам аша келу – «Ислам дінін тарату» деген сөз

«Кәәнә ләһу – Құрандағы «Қаф» сүресінің 37-аяты. Мағынасы

қалбун» – «Құрандағы рухани қазына жүрек көзі ашылғандарға ғана нәсіп болады» дегенді білдіреді

Кәлам – Араб тілінде «сөз» деген мәнде. Алланың кәламы, яғни сөзі - Құран Кәрім

Кәлам-шаһадат – Мұхамбет пайғамбардың Алла Тағаланың Хақ елшісі екендігіне куәлік беру

Кәлима – «Сөз» мәнінде. Бұл жерде иман келтіру, яғни Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне, Мұхамбет пайғамбардың оның хақ елшісі болғанына сенуді айтады

Кэлимолла – «Алламен тілдесуші». Мұса пайғамбарға Алламен сөйлескендігі үшін берілген құрметті сипат

Кәмару- Мұхамбет – «Мұхамбеттің белбеуі» деген мағынада

Кәрабан – Әрбір адамның екі иығында отырып, оның

Катибан – жақсылығы мен жамандығын жазып отыратын қос періштенің есімдері. Құранда «Кироман-Катибин» деген атпен кездеседі.

Керсеніне – «Керсен» - үлкен дөңгелек ыдыс. Кәуір - «діннен

кәуірдің – бас тартқан адам» мағынасында.

Күрсі – «Тақ», «ілім», «мүлік», «Алланың құдіреті» деген мағынада келеді

Қақтас – Судың қағынан пайда болған тас

Қардер – «Көмекке мұқтаж жан», «міскін»

Қирағаттап – Құранды нақышына келтіріп, әуенмен, көркем әуезбен оқу

Қисса – Араб тілінде «еріп жүру», «баяндау», «әңгімелеу» деген мағыналарға ие. Құранда жиырма бес пайғамбар туралы оқиғаларды «қиссалар» деп атайды.

Қисса сүл-әнбия – «Пайғамбарлар қиссасы»

Қиямет – Барша адам баласы о дүниеде тіріліп, Аллаға есеп беру үшін мақшар майданына жиналатын кез. «Қиям» - «тік тұру» деген сөзден шыққан»

Құбыла – Мұсылмандар намаз оқығанда жүздерін бағыттайтын тарап

Құдыс – Иерусалимнің ежелгі атауы. «Киелі» деген ұғымда сипатталады

Қызыр – Құранда аты аталатын, Мұса пайғамбарға ұстаздық ететін данагөй. Қияметке дейін тірі жүретін төрт пайғамбардың бірі. Қазақ дүниетанымында, жырларында, баталарында тарыққанға жәрдем беруші, жол көрсетуші ретінде сипатталады

Мағрифат суы – Алланы тануға себеп болатын, қасиетті су

Малғұн – «Қарғысқа ұшыраған» деген мағынадағы шайтанның сипаты

Маһшар – Барлық адам баласы ақыретте қайта тірілетін жер

Машайық – «Шайқылар», яғни әулие-ғұламалар, Ислам дінін тарату жолында жан аянбай еңбек еткен кісілер

Мәуліт жыры – Мұхамбет пайғамбардың туған күні тойланғанда айтылатын, пайғамбардың өмір жолын өнеге ететін жырлар

Мехнат, мехнат тарту – Бейнет көру, азап шегу

Миғраж – Мұхамбет пайғамбардың Алла тағаланың шақыруымен киелі әлемге жасаған сапары

Михраб – Намаз оқығанда имамның тұратын орны

Мүбәрәк – Құрметті, берекелі

Мүмін – «Момын». Алланың бірлігіне шын көңілімен иман келтірген адам

Мүсәпір – Жолаушы, көмекке мұқтаж кісі

Мұғжиза – Пайғамбарларға тән болған қасиеттер

Мұқарам – Ислам дініндегі қасиетті айлар

Мұқарап – Ең жақын, қадірлі мәнінде

Мұса – Құран қиссаларында айтылатын пайғамбар. Халқын перғауындар құлдығынан құтқарған. Алламен тілдесу мәртебесін иеленген

Мұхамбет – Соңғы әрі ең құрметті пайғамбар. Діни қағида бойынша он сегіз мың ғалам Мұхамбет пайғамбардың нұрынан жаратылған. Кемел дін ислам дінін таратуда өлшеусіз еңбек сіңірген. Ыбырайым пайғамбардың нәсілінен тарайды

Мінәжат – Аллаға мұқтаждығын айтып, мұңын шағу, жалбарыну

Мілләт – «Ұлт», «қауым»

Міскін – «Кедей», «жарлы», «бейшара»

Намаз – Құлшылық, бес парыздың бірі

Нахл сүресі – Құран сүресі. Қазақша мағынасы «Бал арасы» деген сөз

Нәби – Алланың елшісі, пайғамбар

Нұх – Аллаға сенген жандарды топан судан құтқару үшін кеме жасаған пайғамбар

Нышанасы – «Белгісі», «сипаты»

Лағин – Қарғысқа ұшыраған шайтан мағынасында

Ләмәкан – Мекенсіз деген мағынаны білдіреді

Лә иләһә – Көркем сөз, яғни «Кәлима таиба». Мағынасы:

иллалла – «Алладан басқа Тәңір жоқ Мұхаммед - Оның

Мухаммад расул Алла – елшісі»

.Лауһа-Қалам – Алланың әмірімен әуелден ақыр заманға дейін өмір сүретін барша адам баласының тағдырын, өмірін жазған қалам

Пайғамбар – Мұхамбет пайғамбардың жасап кеткен істері, үлгі-

сүндеті – өнегесі мен ғибратты амалдары

Пәктеп, – Алланы мақтау, Оның еш кемшіліксіздігін,

Алланы пәктеу – мінсіздігін тілге тиек ету

Пәруар – Парсыша «қолдаушы», «қорғаушы», «қамқор», «азық беруші», «асыраушы» деген мағынада.

Перғауын – Мұса пайғамбар дәуірінде өмір сүрген Мысыр билеушісі

Пешене – Тағдыр, жазмыш

Рабиғул әууал – Мұхамбет пайғамбар дүниеге келген қасиетті ай. Мұсылман күнтізбесіне сәйкес жылдың үшінші айы

Рахмат – Алланың мейірімі, жәрдемі

Рациональ – «Ақылмен ойлап білетін құбылыстар»

Рия – Адамдардың мақтауын алу үшін жасалатын құлшылық. Екі жүзділік

Салауат – Мұхамбет пайғамбарға Алланың игілігі мен сәлемін тілеу

Салих – Аллаға шын ниетімен құлшылық ететін, ізгі істерді молынан жасайтын әулие адамдар

Салсабил – Құранда аты аталатын жұмақтағы бұлақтардың біреуі

Сакраль – «Кие», «қасиет» мәнінде

Сахаба – Мұхамбет пайғамбардың серіктері

Сахар – Таң атпастан бұрынғы алакөбең шақ. Таңсәрі мезгілі. Діни сенім бойынша осы кезде айтылған барлық тілектер қабыл болады

Сахауат – «Жақсылық», «жәрдем», «қайырым»

Сафиолла – Адам атаның сипаты. «Топырақтан иленіп жасалған» деген мағынаны білдіреді

Сәжде – Араб тілінде «мойынсұну», «бағыну», «маңдайын жерге тигізу» деген мағыналарды береді

Сәруар – Парсыша «жолбасшы», «көсем» мәнінде

Сиқыршының – Дуа- бұл жерде сиқырмен жасалатын қастық, арам

дуасы өтпес – ниетпен жүзеге асырылатын зұлымдық. Арнайы құпия сөздер формуласынан тұрады

Силсала – «Тізбек», «шынжыр». Сопылықта адамның рухани ілім ұстазына жалғастығын білдіру үшін қолданылатын ұғым

Сүлеймен – Жер бетіндегі жанды-жансыз мақұлықтардың тілдерін білген, жындар мен перілер әлемінің билігі берілген пайғамбар. Құмырсқамен, байғызбен сұхбаттасып, олардан өмірлік ғибраттар алған

Сүндет – Мұхамбет пайғамбардың жасаған үлгілі істері, амалдары

Сыдратул – Ғаршыдағы алып киелі бәйтеректің атауы. Діни

мунтаһа – сенім бойынша оның жемістері қисапсыз көп, әрі дәмі бір жеген адамның аузынан өмір бақи кетпейді

Тайбатүн – «Көркем сөз», яғни «кәлима-и таиба»

Тақуа – Құдайдан қорқатын, оның әмір-бұйрықтарын шын жүрегімен орындайтын адам

Таразы мизам – Қияметте адам баласының сауабы мен күнәсін есептеу үшін құрылатын таразы

Тарихат – «Жол», «сүрлеу». Сопылықта Аллаға бастап апаратын жол, бағыт. Ясауи жолы, ілімі, қағидасы «Ясауия тарихаты» деп аталады.

Тәбәрәк – «Берекелі», «қасиетті»

Тәжім етіп – Иілу, құрмет көрсету

Тәкбір – «Аллаһу акбар», яғни «Алла ұлы» сөзін айту

Тәмсіл – Өнегелі, ғибратты сөз

Тәуап – «Құрметтеу». Қажылыққа барған кісілер Қағбаны жеті рет айналып тәуап етеді

Тәурат – Мұса пайғамбарға түскен кітап. «Үйретуші, жолбасшы, өсиеті кітабы» деген мәнді білдіреді

Транцендент – Философиялық термин ретінде тәжірибе арқылы танып-білуге келмейтін, «сезімдік танымнан тыс» деген мағынаны білдіретін ұғым

Уахи – Алла Тағаланың пайғамбарларға жіберетін хабары

Уәжіп – Орындалуы парыз секілді талап етілмеген, бірақ нақты дәлелдермен айқындалған іс-әрекеттер мен міндеттер. Мысалы, құрбандық шалу, айт намаздары, т.б.

Үмбет – Мұхамбет пайғамбардың сүндетін, қағидаларын бұлжытпай ұстанатын жандар, яғни мұсылмандар

Ұстын – «Діңгек», «тіреуіш» ұғымында

Хабиб – Арабшадан аударғанда «сүйікті» деген мағынаны береді

Хаджар әл – Меккеде, Қағбаның қасында орналасқан жалтыра-

асуад – ған үлкен тас. Діни сенімге сәйкес жәннаттан түскен. Алғашында күмістей аппақ болған, бірақ кейін күнәкер пенделердің қолы тие бергеннен кейін қарайып кеткен. Сондықтан «қара тас» деген мағынаны білдіреді

Хайыз – Етеккір

Халифа – «Орынбасар» мағынасында. Алла Тағала Адам атаны «орынбасарлық» үшін жаратқан.

Халиф – «Әмірші», «билеуші». Мұхамбет пайғамбардан кейін оның орнына отырған әділетті төрт сахаба халифтер деп аталады. Олар: Әз. Әбубәкір Сыддық, Әз. Омар, Әз. Оспан, Әз. Әли

Хақ – 1. Алланың бір есімі. 2. Шын, ақиқат мағынасында

Хақ жамалы – Алла тағаланың дидары

Харап – «құру», «қирап біту», «жойылу»

Хикмет – Даналық

Һәрне – Әрбір нәрсе.

Шадияр – «Шахарияр», яғни «төрт дос». Әзіреті Әубәкір Сыддық, Әзіреті Омар, Әзіреті Оспан, Әзіреті Әли

Шаһадат – «Куәлік беру», яғни «Алладан басқа тәңір жоқ. Мұхамбет оның елшісі» деп, өзінің мұсылман екендігіне куәлік беру

Ібіліс – шайтанның атасы, Адам атаға сәжде етпегені үшін қарғысқа ұшыраған

Інжіл – Төрт киелі кітаптың бірі. Ғайса пайғамбарға түскен. «Жақсы хабар, сүйінші» деген мағынаны білдіреді. Кейіннен қатты бұрмаланып, мәтіні өзгеріске ұшыраған Осы кітаптың жарық көруіне демеушілік жасап, жәрдемін аямаған Абзал Құспан мырзаға шын жүректен алғыс айтамыз. Кітапты құрастыру барысында ісіміздің алға басуына тілектес болып, игі лебіздерін білдірген Әдібай Табылды, Мекемтас Мырзахметұлы, Мұзафар Әлімбаев, Адырбек Сопыбеков, Көмек Ыбырайұлы, Мұрат Ыбырахымұлына, Моминов Мураджан Махамаджанұлына, Әшімхан Дәулет Дидахметұлына, Шарафудинов Дурбек Нуриддинұлына, Көкенов Сәкен Нұрқабекұлына, Уатбай Мұса Мұратұлына, Тастанов Амангелді Мейрамбекұлына, Әділбек Ермекбаевқа, Тайғарин Сұлтан Қыдырбекұлына, Арғынбек Қыдырбековке, Мықтыбаева Гүлнәр Сейтқызына, Сараш Қоңырбаеваға, Қарагөз Смадиловаға, Гүлшат Әбиковаға алғысымыз шексіз. Ақын-жазушы ағаларымыз Қадыр Мырза Әлидің, Дидахмет Әшімханұлының, Ермек Өтетілеуұлының рухтарына тағзым етеміз. Отбасы хрестоматиясының елдің игілігіне жарауы үшін қолдан келген көмегін аямаған басқа да аға-бауыр, апа-қарындастарымызға ризашылығымызды

білдіреміз. – Кітаптағы суреттер Е.М.Сидоркиннің еңбегінен алынды. Сонымен қатар исламдық мазмұндағы минатюралар орта ғасырда салынған. Ғаламтордан

таңдалып алынды. – Құрастырушылардан Құрметті оқырман қауым! Сіздердің де ата-әжелеріңізден естіген, кітаптан, баспасөз беттерінен оқыған тағылымды аңыз-хикаяларыңыз, қисса фрагменттері болса, төмендегі электрондық адреске жіберулеріңізді сұраймыз. Келесі кітап жинақталғанда, сіздерге сілтеме жасаймыз. Алдын-ала алғыс айтамыз. Электрондық адрес: лаы тіп(Отайга

Шығу деректері

ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ

Құрастырғандар
С. Керімбай, Б. Бопайұлы,
Ә. Нәби, М. Төлеген
Корректоры Шарипа Шадығали

Техникалық редакторы Әділхан Күлімбетов
Компьютерде беттеген Жамила Айдос

ИБ №38

Теруге 17.07.2020 ж. берілді.
Басуға 14.01.2022 ж. қол қойылды.
Пішімі 70х100 1/16. Қаріп түрі «Academy.kz».
Офсеттік басылым. Есептік баспа табағы 18.

Таралымы 2000 дана.
“Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қоры
Алматы қ. Абай даңғылы, 143-үй, 112-бөлме.
тел.: 8-707-327-65-65

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
“Полиграфкомбинат” ЖШС-нде басылды.

050002. Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙