TELEGEI

Home

Шаш үлгілерін безендіру

С.И.Королева

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шаш үлгілерін безендіру

Оқулық «Шаштараз», ПМ.04 «Шаш үлгілерін безендіру» кәсібі бойынша Орта кәсіптік білім берудің федералдық мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалған. Шаш үлгілерінің ежелгі уақыттардан біздің күндерімізге дейінгі даму тарихы, шаш үлгісі өнеріндегі стиль мен сән, шаш үлгілерінің жіктемесі, ...

С.И.КОРОЛЕВА

Contents

Кәсіби білім беру

1

Құрметті оқырман
Кіріспе
1 тарау
2 тарау

3 тарау
4 тарау
5 тарау
Әдебиеттер тізімі

Мазмұны
Оқу басылымы

С.И.КОРОЛЕВА

ОҚУЛЫҚ

«Шаштараз» кәсібі бойынша орта кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқу процесінде пайдалануға арналған оқулық ретінде «Федералды білім беруді дамыту институты» федералды мемлекеттік автономды мекемесі ұсынылған.

Пікірдің тіркеу нөмірі 133.
3 маусым 2016 ж.
4- басылым, өңделген

Мәскеу

«Академия» баспа орталығы

2016

ӘӨЖ 687.53(075.32)

КБЖ 38.937я722

К682

П і к і р ж а з ғ а н — Мәскеу қ., № 39 политехникалық колледждің арнаулы пәндер оқытушысы, С. В. Зябкина

Королева С. И.

К682 Шаш үлгілерін безендіру: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық / С.И.Королева. — 4- басылым, өңделген — М. : «Академия» баспа орталығы, 2016.

— 144 б.,

[16] түсті көрн.

ІSBN 978-5-4468-1511-1

Оқулық «Шаштараз», ПМ.04 «Шаш үлгілерін безендіру» кәсібі бойынша Орта кәсіптік білім берудің федералдық мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалған. Шаш үлгілерінің ежелгі уақыттардан біздің күндерімізге дейінгі даму тарихы, шаш үлгісі өнеріндегі стиль мен сән, шаш үлгілерінің жіктемесі, сондай-ақ шаш үлгілерінің негізгі композициялары қарастырылған. Мүсін мен шаш үлгісінің пропорционалды қатынасының заңдары, шаш үлгілерін әртүрлі тәсілдермен модельдеудің ерекшеліктері және оларды орындаудың технологиялық схемалары берілген.

Осы оқулыққа «Шаш үлгілерін безендіру» электрондық қосымшасы шығарылған.
Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған.

ӘӨЖ 687.53(075.32)

КБЖ 38.937я722 Осы басылымның түпнұсқа-макеті «Кәсіпқор»холдингі»коммерциялық емес акционерлік қоғамының жеке меншігі болып табылады және оны құқық иеленушінің келісімінсіз кез келген тәсілмен қайта басып шығаруға тыйым салынады.

ІSBN 978-5-4468-1511-1

© Королева С.И., 2012
© Королева С.И., 2016, өзгерістерімен
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2016
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы,2016

Құрметті оқырман

Бұл оқулық «Шаштараз» кәсібі бойынша оқу-әдістемелік кешенінің бөлігі болып табылады. Оқулық ПМ.04 «Шаш үлгілерін безендіру» кәсіптік модулін зерделеуге арналған. Жаңа ұрпақтың оқу-әдістемелік жинақтары білім беру және жалпы кәсіптік пәндер мен кәсіптік модульдерді зерделеуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және инновациялық оқу материалдарын қамтиды. Әрбір жинақта жалпы және кәсіби құзыреттерді игеруге қажетті оқулықтар мен оқу құралдары, оқу және бақылау құралдары, оның ішінде жұмыс берушінің талаптары ескерілген құралдар бар. Басылымдар электрондық білім беру ресурстарымен толықтырылады. Электрондық ресурстар интерактивті жаттығулар мен жаттықтыру құрылғылары бар теориялық және практикалық модульдерді, мультимедиялық объектілерді, Интернеттегі қосымша материалдар мен ресурстарға сілтемелерді қамтиды. Оларға терминологиялық сөздік пен оқу процесінің жұмыс уақыты, орындалған бақылау және практикалық тапсырмалардың нәтижелері сияқты негізгі параметрлері тіркелетін электрондық журнал қосылған. Электрондық ресурстар оқу процесіне жеңіл қосылады және әртүрлі оқу бағдарламаларына бейімделуі мүмкін.

Кіріспе

Қазіргі уақытта өз заманына лайық адамның рухани дамуы оның еңбегінің мазмұнымен тығыз байланысты. Осыған байланысты қандай мамандықтар барынша танымал? Әрине, кешенді ойлануды, жұмыс процесінің барлық циклін көздеуді қажет ететін мамандық жоғары маңызға ие болуда. Шаштараздың бір ғана функциясы бар — адамдардың шашын сәндеу. Алайда бұл функция синтетикалық не практикалық, сонымен қоса зияткерлік сияқты көптеген функцияларды қамтиды. Мұнда ойлану техникалық шеберлік сияқты еңбектің бір бөлігі болып табылады. Осы тұрғыдан жақсы шаштараз жұмысының, мысалы, инженердің, суретшінің, мүсіншінің, музыканттың, әртістің және т.б. еңбегінен еш айырмашылығы жоқ. Кешенді ойлай білу, яғни міндетті тұтас көлемде, барлық салдарымен көре білу шеберге қажетті техникалық және көркемдік құралдарды таңдап алуға көмектеседі. Біздің талғамымыз, сезімдеріміз біліміміздің, кәсіби шеберлігіміздің тікелей нәтижесі болып табылады. Осы сезімдердің пайда болуын алдын ала айқындайтын сезімдер мен техникалық, сол сияқты кәсіби білімдердің бөлінбейтін бірлігі бүгінгі күні адамның еңбек қызметінде ең бастысы болмаса да, аса маңызды болып табылады, өйткені оның жұмысын қызықты етеді, алғашқыда кәсібіне сонша алыс болып көрінетін дүниелерге қаншалықты қызығушылық танытуға болатынын түйсінуге мәжбүрлейді. Алынатын білімдердің жиынтығы жаңа эмоциялық серпін береді, шеберлікті жаңа сапалы сатыға көтереді. Осының бәрі жұмыста ерекше көңіл-күй туғызады.

«Шаштараздық шеберлік» терминін оп-оңай талдап алуға болады: бір жағынан «әдемілік», «кербездік» және «көңіл-күй» — эмоциялық ұғым екінші жағынан — «модельдеу», «шаш үлгісінің құрылымы», «тарау техникасы», «тұтынушылық құрылымы мен серпіні» — техникалық қана емес, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде ғылыми ұғымдар. Осы білімдер әдемілік, кербездік, көңіл-күй қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал шаштараздың үнемі алға ұмтыла отырып, жұмысын бүгінгі күнге сай жүргізетіні жайлы айтудың қажеті де жоқ!

Жұмысы жемісті болуы үшін шаштаразға жаңа сән ағымдары мәнін, сән бағытының идеясын түсіну маңызды. Бұл оған уақыттың эстетикалық жаңа идеалдарына сай келетін көркем образдар жасау үшін негіз болып табылатын шаш үлгілерінің жаңа түрлерін еркін ойлап табуға мүмкіндік береді. Шаштараз сонысымен қазіргі заманғы сәннің жалпы идеяларын нақты образдарға енгізу мүмкіндігіне ие болады. Ішкі түйсік, түс пен пішінді сезіну, композиция заңдарын түсіну, заманауи шаш үлгілері мен шаш қиюды нақты бір адамның сыртқы келбетіне бейімдеу, белгілі бір стиль жасап шығару — осының бәрі сән бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жеке модельдеу кезінде сәнді түсіндіру жүзеге асырылады. Қоғамда шаш үлгісінің моделі әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Біріншіден, модель, әдетте, аздап жеңілденеді, себебі тұрмыстық жағдайлар шаш үлгісіне өз талаптарын қояды, мысалы: қарапайымдылық, табиғилық. Екіншіден, сәнді түстер мен детальдарға өзгерту шаш үлгісінің қандай да бір деталіне шоғырлануға немесе оның әлсіреуіне алып келуі мүмкін, бұл бастапқы сән үлгісінен едәуір алшақтауға алып келеді. Модельді (эталонды) өзгертуге көптеген факторлар әсер етеді, оның нәтижесінде жаңа бірегей идеялар мен модификациялар (тұрмыста) пайда болады, шебер оларды есінде сақтап қалады және жаңа модельдер ойлап табуға ынталанады.

Осылайша, шаштараз жұмысының негізінде күнделікті өмірде бұрынғы мен жаңадан өзіндік іріктеу жүргізе отырып, көптеген ұсақ өзгерістерді көру және екшелеп алу қажеттігі, нәтижесінде заманауи талаптарға жауап бере алатын жаңа түсінік ала білу білігі жатыр. Осының нәтижесінде материал ретінде шаштың ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті технология әзірленеді. Осылай жаңа модель туындайды.

Шаштараздың практикалық жұмысы бүгінгі күні дағдылы таптаурындардан алыстап кеткен. Оның эстетикалық жағы басым: бұл гигиеналық қажеттіліктерді қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар әдемілік мұраттарына шығармашылық қызмет көрсету. Шаштараздың жұмысы қолданбалы өнердің ерекше түрі бола алады, өз уақытының озық идеяларын насихаттай алады.

Шаш үлгісін жасай отырып, шебер адамның сыртқы келбетін қалыптастыру үстінде тікелей жұмыс істейді. Шаштараз — орындаушы ғана емес, өзінің шығармашылығымен адамның күнделікті өмірі деңгейінде әдеміліктің заңдары мен нормаларын жасайтын суретші. Шаш үлгісін модельдеу негіздері білімінсіз кәсіпке үйрену мүмкін емес. Бұл пән шаштаразды даярлауда айқындаушы рөлге ие және осы саладағы кәсіби білімдер мен біліктер кешенін қалыптастыруға ықпал етеді.

1 тарау

ШАШ ҮЛГІСІНІҢ ТАРИХЫ. ШАШ ҮЛГІСІ ӨНЕРІНДЕГІ СТИЛЬ ЖӘНЕ СӘН

1.1. ЕЖЕЛГІ УАҚЫТТАН БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗҒА ДЕЙІНГІ ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МӘНІ

Шаштараздық шеберліктің даму тарихыөз бастауын ежелгі кезеңдерден алады. Шаштараздық өнер сияқты шаштың күтімі адамның өз сыртқы келбетін сәндеудегі қажеттілігінің артуы нәтижесінде қалыптасты. Әдемілік ұғымы әртүрлі қоғамда және тарихтың әртүрлі кезеңінде үнемі өзгеріп отырды. Шаш үлгісі алғашқы қоғамда киімнен айтарлықтай бұрын пайда болды және адамзат қоғамының эволюциясымен бірге өзгеріп отырды. Археологиялық қазбалар б.д.д. V—VІ ғғ. өзінде-ақ шаш күтіміне үлкен көңіл бөлінгенін растайды. Шаш үлгілері климаттық жағдайларға, тарихи оқиғаларға, діни сенімдерге, эстетикалық көзқарастарға және халықтардың мәдени мұрасына қарай жиі өзгеріп отырды. Шаш үлгісі қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан, бұл адам еңбегімен жасалған және белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын материалдық құндылық, екінші жағынан — бұл адам келбетін эстетикалық тұрғыдан түрлендіретін өнер туындысы.

Шаш үлгісі — бұл шашқа тарау, бұйралау, қию, жатқызу және басқа да технологиялық тәсілдер арқылы берілетін пішін. Шаш үлгісі табиғи немесе жасанды шаштардан жасалуы мүмкін. Көбінесе оның құрамдауыштары бас киімдер, постижерлік бұйымдар (париктер, шиньондар, бұрымдар және т.б.), әртүрлі әшекейлер, ленталар, қауырсындар.

Шаш үлгісінің түрі мен пішіндері объективті және субъективті себептерге байланысты. Шаш үлгісі костюм сияқты, өнер туындысы болып табылады. Ол әрдайым мәдениеттің дамуының белгілі бір кезеңін көрсетті.

Өнердегі көркем стильдер, бағыттар ауысқан кезде шаш үлгілерінің түрі мен пішіні өзгеріп отырды, бұл ретте заманауи әдістердің ықпалы қадағаланды, шаштараз өнері жетілдірілді, шаш күтімінің жаңа аспаптары мен құрылғылары, құралдары пайда болды. Шаш үлгісі адамның өзіндік төлқұжатына айналды. Өткен жүзжылдықтардағы шаш үлгілері туралы біз майлы бояумен салынған суреттер, мүсіндеме, өрнек, фреска, сәндік жазбалар, қолданбалы өнер заттары сияқты көптеген өнер туындылары бойынша, сондай-ақ көркем әдебиет, драматургия, поэзия туындылары бойынша сөз ете аламыз.

Алғашқы адамдардың шаш үлгілері барынша қарапайым және шартты болды. Ұзын шаштарды босатып жіберетін немесе ат құйрығындай етіп түйіп қоятын.

Шашта сиқырлы күш бар деп саналатын. Беттегі және денедегі шаштар жұлынуы тиіс болатын, бірақ бастағы шаш қиылмайтын. Бұйраланып тұратын шашты күн мен суықтан қорғайтын, ол тұмар рөлін атқарды — оның сиқырлы күші бар деп есептелетін. Кейбір тайпалардың әскерлері маңдайдан қарақұсқа дейін шаш қалдырып, самайларындағы шашты қиятын. Кейде тақыр болып алынған баста жекелеген шаш жолдары қалдырылатын — ол жауға деген сес болатын. Шаш үлгісі Американың байырғы тұрғындарының сыдыру дәстүрімен тікелей байланысты болды: сыдырумен жеңімпаз жауының шашына шоғырланған өмірлік күшін алып қоятын.

Африка халқының шаш үлгілері тайпаның өмір салтына байланысты болды және әртүрлі әрі ерекше болатын. Ер адамдар әйелдерге қарағанда, шаш сәндеу процесіне көп уақыт кетіретін, бірақ әйелдер де, еркектер де кейде шаштарын түгел алып тастайтын. Шаш үлгілерінің пішіні адамның жеке қасиеттеріне, жынысына, қоғамдағы орнына қарай да түрленіп отырды. Айталық, балалардың шашы төбесінде шағын қызықты айдарлар ғана қалдырылып, тақыр болып алынатын. Бойжеткендер мен бозбалалар шаштарын саусақтың жуандығындай етіп ұсақ өрімдерге өретін де оларды бір-біріне қатар-қатар тығыз жатқызып қоятын. Шашты өсімдік бояуларымен бояған. Дайын шаш үлгісін қауырсындармен, жемістермен және бақалшықтармен әшекейлейтін. Көптеген әшекейлер ауқаттылықтың, бейбітшіліктің белгісін білдірді.

Қоғамның әртүрлі таптарында әдемілік ұғымы әртүрлі болды және уақыт өте бірнеше рет өзгерді. Таптық қоғамның дамуымен, әсіресе абсолютизмнің нығаюы кезеңінде шаш үлгісі сословиелік тиесіліліктің символына айналды. Шаш үлгісі таптық және ұлттық қасиеттерді ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар адамның талғамын да көрсетеді. Әрбір кезең шаштараз өнерін дамытуға өз жаңалығын қосты.

1.2. ШАШ ҮЛГІСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Шаш үлгісінің даму тарихы танымдық маңызынан бөлек, үлкен практикалық қызығушылыққа шақырады және шабыт көзі, білімнің қайнар бұлағы мен жаңа пішіндер жасауда жаңа идеялардың көзі болып табылады. Шаш үлгісінің пішініндегі образды мазмұнды көрсетудің тәсілдерімен танысу үшін шаш үлгісі тарихына аздаған саяхат жасайық.

Ежелгі дүние шаш үлгілері осы уақытқа дейін бізді өзінің үйлесімділігімен және көркемдік орындалуымен таң қалдырып келеді. Ежелгі египеттіктерде трапеция тәріздес пішінге тән шаш үлгісін жасау күрделі болғаны әрі көп еңбекті қажет еткені соншалық, оқытылған құлдардың қызметі қажет болды, олардың ішінде мамандану байқалады: біреуі шашты тек жуады және бояйды, екіншісі шаш үлгісімен сәндейді және т.б. Ер адамдар мен әйелдер қоғамдық жағдайына сәйкес жасанды париктер киді. Париктер сословиелік тиесілілік қана болып қойған жоқ, сонымен қатар күннің шыжыған сәулесінен қорғайтын бас киім рөлін де атқарды. Билеушілер мен сарай маңы ақсүйектерінің шаш үлгілері сәнділігімен және жұмбақтығымен (әсіресе патшайымдар мен ақсүйек бикештер), қарапайым адамдардың шаш үлгілері — қарапайымдылығымен және сабырлылығымен ерекшеленді. Бұрымдар, бұйралар, ұсақ бұйралар мен бұрымшалар осыған тән элементтер болды (1.1-сур.).

Ежелгі гректердің шаш үлгілері тіпті қызық. Олардың мінсіз үйлесімді образ жасауға ұмтылуы шаштараз шеберлігінде де өз көрінісін тапты. Әдемілеу,

1.1. -сур. Ежелгі Египет шаш үлгілері:

а— «перғауын» шаш үлгісі; б -«патшайым» шаш үлгісі

1.2. -сур. Ежелгі Греция шаш үлгілері:

а, б — әйелдер классикалық шаш үлгілері; в — жасөспірімдер шаш үлгісі (б.д.д. V ғ.)

атап айтқанда, диадема, оларда сәндік ұсақ-түйек ғана емес, сонымен қатар шаш үлгісінің негізгі композициялық элементі рөлін атқарды. Олар сол кездің өзінде-ақ «каламис» деп аталатын металл біліктің көмегімен орындалатын ыстық бұйралауды білді. Алғашқы рет белгілі бір кәсіп атауы пайда болады — шеберлерді каламистрлер деп атайды. Әйелдер шаш үлгісінің ішінде оларға неғұрлым тән «корим-бос» (грек торабы деп аталатын) моделін атап көрсетуге болады. Бұл шаш үлгісі ешқандай өзгерістерге ұшырамастан, біздің уақытымызға дейін жетті және еуропалықтар арасында кеңінен таралды. Ер адамдардың шаш үлгілері шаш қию үлгілерінің, әсіресе классикалық кезеңдегі әртүрлілігімен ерекшеленеді (1.2-сур.).

Ежелгі Римде шашты бұйралауға арналған алғашқы қысқыштар, шашты суық тәсілмен (саусақпен, сол сияқты сол кездің өзінде-ақ пайда болған бигудидің көмегімен) жатқызу пайда болды.

1.3.-сур. Ежелгі Рим шаш үлгілері:

а — ерлер шаш үлгісі; б — әйелдер шаш үлгісі

1.4.-сур. Орта ғасыр шаш үлгілері:

а — «пейзан» ерлер шаш үлгісі; б — готика кезеңінің әйелдер шаш үлгісі

Римдіктерге сілті сабынын пайдалана отырып, шашты ашық түске бояу әдісі, сондай-ақ арнайы тіректі қолданумен күрделі шаш үлгілерін жасау тәсілі таныс болды. Римдіктер өз шаш үлгілеріне басқа біреудің шашын пайдаланумен ғажайып пішіндер бере білді (1.3-сур.).

Орта ғасырларда киім мен шаш үлгілерін шіркеу қатаң реттеп отырды, әйелдің өзінің сыртқы келбетін тиімді етіп көрсеткісі келетін кез келген тілегі «шайтан қитұрқысы» деп түсінілді және күнәлі деп жарияланды. Әрине, бұл шаштараз өнерінің дамуына кері әсерін тигізді. Керісінше, шіркеу әйелдерге шаштарын көлегеймен, тақия тәрізді бас киімдермен және өзге де бас киімдермен жабуды ұйғарды (1.4-сур.).

Жаңару кезеңі адамның жеке тұлғасына деген қызығушылықтың өсуімен сипатталады. Жаңа дүниетанымды растай отырып, гуманистер ежелгі мұраға бас ұрды. Шаштараздар бұл кезеңде ежелгі образдарды көшіріп алды және кейіннен ғана шаш үлгілері ренессанс деп аталатын стильдің ерекше белгілеріне ие болды. Әйелдер шаш үлгілері өзінің жұмбақтылығымен таң қалдырды. Ең танымал шаш үлгісі «флорентий бұрымы» болды. Шаш үлгілерінің маңызды элементтері бұрымдар, бұйралар, бұраулар, өрулер болды (1.5-сур.).

XVІ ғ. соңынан бастап XVІІІ ғ. ортасына дейін өнерде жаңа стиль

— барокко өркендеді. Стильге сарай маңындағы ақсүйектіктің талғамына негізделген салтанаттық, театрлық, сәнділік және ауырлық белгілері тән. XІV Людовик билеген жылдары, абсолютизмнің шырқау шегінде Франция сәннің басты заң шығарушысына айналды.

1.5-сур. XV ғ. Италия шаш үлгілері:

а, б — ерлер; в — өру элементтері бар әйелдер шаш үлгісі

Француз сәнінің үстемдігі ел шекарасынан асып кетеді. «Мемлекет — ол мен» деген абсолютизм формуласын беруші адам «Сән — ол мен» дей алады. Ол уақытта еркектіктің символы арыстан болды — ер адамдар арыстанның жалына ұқсайтын үлкен сары және ақ париктер киіп сылаңдады. Барокко стилі ұлғайтылған пішіндерден көрініс тапқандықтан, сәнде шиньондар мен париктердің пайда болуы соғұрлым табиғи болып табылды (1.6-сур.).

XVІІІ ғ. екінші жартысында барокко стилін алмастырған Ерте рококо шаш үлгілері айтарлықтай аз болды. Шаш үлгісіндегі даңғазалық пен алыптық әсемділікке және сәнділікке ауысты.

1.9-сур. XVІІ ғ. барокко стиліндегі Франция шаш үлгілері:

а — «Анри катр» ерлер шаш үлгісі; б —«а-ля-гарсетт» әйелдер шаш үлгісі; в — маркиза Севинье шаш үлгісі

Рококо стилінің атауы «рокайль» деген француз сөзінен шығады, ол
«безендіруді», «қабыршақ пішініндегі декор элементін» білдіреді. Жаңа

стильдің әсерімен эстетикалық мұрат та өзгерді. Ер адамдар бейнелерінде күш пен еркектіктің белгілері жоғалады. Оларды жасандылық, тежелушілік, солғындық алмастырды. Әйелдер де, еркектер де жібекке оранған, жас ерекшелігі мен даралығы білінбейтін қуыршақтарды еске салды. Ашық түсті париктер, ақ бояу мен далап жас ерекшелігін жасырды. Ерлер шаш үлгілері қарапайым орындалуымен ерекшеленді. Аздап бұйраланған шаштар артқа таралды және қара лентамен желкеге ат құйрығы секілді байланды, бұл шаш үлгісі «а-ля Катоган» (1.7, а- сур.) деп аталды. Кейіннен бұл шаш үлгісін XV Людовик өз паригінде пайдаланды. Әйелдер шаш үлгілері көп жағдайда «а-ля фонтанж» шаш үлгісінің нұсқаларын (1.7, б-сур.) қайталады. Биік шаш үлгісі шілтермен, ленталармен және асыл заттармен безендірілді. XVІІІ ғ. екінші жартысында шаштараз өнері барынша өркендейді. Шаш үлгілерін жасаудағы техникалық тәсілдер жетілдіріледі, Парижде шаштараздар даярлайтын академия ашылады. Шаш үлгілері бірнеше сағаттың ішінде шебер шаштараз-куаферлер тұрғызатын, биіктігі жарты метр шаш ғимараттарын еске салды, мысалы: «фрегат» — желкендері бар шағын кемелер орналасқан шаш.

1.10 -сур. XVІІІ ғ. рококо стиліндегі Еуропалық шаш үлгілері: а — «а-ля Катоган» ерлер шаш үлгісі; б — «а-ля фонтанж» әйелдер шаш үлгісі; в — «фрегат» шаш үлгісі — желкендері бар шағын кемелер(1.7, в-сур.), «жебеуші әйел Помона» — жидектер мен жемістерден тұратын натюрморт.

1789 ж. Француз революциясы король билігін құлатты, рококо стилін жойды. Енді қоғамдық-саяси жағдайлар өмірге жаңа мәдени ағымдар алып келді. Әдемілік туралы түсінік өзгерді. Баррикадалардың батырлары мен қатысушылары әдемілік бейнесіне айналды. Күшті, батыр адамдар еліктеу үшін үлгі болды. Шаш үлгілері сословиелік тиесілілікті білдірмейтін болды. Жастар күрделі шаш үлгілерінен бас тартты, енді ұзын бос жіберілген шаштар бетке және иыққа бейберекет түсіп тұратын болды. Сәнге «патриот-элегант», «кірпі», «пайызторғай», «а-ля соваж», «тағы» шаш үлгілері енді. Көнелікке еліктеу «а-ля Титус», «а-ля Каракалла» шаш үлгілеріне алып келді. Бұл шаш үлгілерін ерлер де, әйелдер де пайдаланды. Сондай-ақ көнелік шаш үлгілерінің міндетті элементі түйін немесе әдемі жасалған шиньон болып табылды, ол түйреуіштің, тарақтың, тордың немесе каркастың көмегімен бекітілді. Шаш үлгілері тарақтармен, ленталармен, бағалы диадемалармен, меруерт тастармен сәнделді (1.8- сур.).

XІX ғ. бірінші жартысында Еуропа мәдениетінде романтизм стилі қалыптасты. Бұл стиль Англияда және Германияда 1815 жылы пайда болды. Осы көркемдік бағыттың негізінде — еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылу, жетілуге құштарлық және өмірді жаңғырту жатыр. Романтикалық кейіпкерлер — бүлікшілер, қиялдаушылар, жоғары құштарлық адамдары және тағдыры қиын, жалғызбасты әрі мейірбан адамдар. Романтикалық көңіл-күй шаш үлгілерінде де көрініс тапты: Ференц Листің Еуропа бойынша гастрольдерінен кейін

1.11-сур. Директория уақытының шаш үлгілері:

а — «кірпі» ерлер шаш үлгісі; б — «а-ля соваж» әйелдер шаш үлгісі және бас киімі; в — бұйра элементтері бар ампир стиліндегі әйелдер шаш үлгісі

барлық жас әртістер ұзын шаш қойды. Әйелдер көбіне ұзын бұйраланған, иыққа қарай әдемі түсіп тұратын шашты ұнатты. Бұл шаш үлгісі «өкініш» атауына ие болды.

XІX ғ. екінші ширегінде музыка мен ойын-сауық ортасы Вена сән орталығына айналды. Шваб ауылының мұғалімі, епті пысыққа айналған Людвиг Эрхордтың «Бидермайер Людерлюст» кітабы кейіпкерінің атымен аталған жаңа бидермайер бағыты пайда болады. Шаштараз өнерінде жылтырдың, асқан шеберліктің заманы келді. Ерлер шаш үлгісіне қысқа қию тән болды. Шаш маңдайдың үстінде кекіл қойылып, алға таралды. Әйелдер шаш үлгісінде орнатылмалы бұрымдар, бұрымдар қолданылды. Самайда үлкен шоқтары бар, көпсітілген бұйралары мен төбеде күрмектері бар шаш үлгілері пайда болды (1.9-сур.).

Одан әрі әдемілік өлшемі салондық сыпайылық, күйректікке бет алды. Сәулетте стильдерді араластыру басым болды. Әдеміліктің өлшемі құн, аса қымбаттылық бола бастады. 1850 — 1860 жылдары француз патшайымы Мария Антуанеттаның сарайында сәнге айналған нұсқалар көптеп тарады. Бұл қайта пайда болған стиль «екінші рококо» деп аталды. «Екінші роко- ко» кейде «көрме стилі» деп те аталды. Ер адамдарда екі жанынан, тікелей, аралас тармақтарға бөлінген жартылай ұзын шаш үлгісі көптеп қолданылды. Шаш үлгісі әртүрлі сақалдармен және мұрттармен толықтырылды. Әйелдер шаш үлгісіне «мадонна айрығы» атына ие болған, самайда биік емес білікшелері бар тікелей айрық тән. Шаш желке тұста үлкен етіп түйілді.

1.12-сур. XІX ғ. екінші ширегінің шаш үлгілері:

а — ерлер шаш үлгісі (бидермайер); б — «өкініш» әйелдер шаш үлгісі; в -әйелдер шаш үлгісі [бидермайер]

1.10 -сур. 1850—1860 жж. шаш үлгісі:

а — ерлер шаш үлгісі; б, в — екінші рококо стиліндегі әйелдер шаш үлгісі

Шаш үлгісі гүлдермен, шілтерлі қыстырғыштармен және ленталармен әдеміленді (1.10-сур.).

XІX ғ. екінші жартысында әйелдер шаш үлгілері өзгереді, түйілетін шаш үлгісінің орнына барынша жеңіл, созылмалы тік сызықты нәзік шаш үлгілері келеді. Әртүрлі бұйралар (жоңқалы, ленталы, түтікті) төбе тұсында тиімді жатқызылған түкті банттармен, ілмектермен, бұрымдармен безендірілді.

XІX ғ. соңында соңғы классикалық стиль — модерн келді. Жаңа стильдің негізгі орталықтары Вена мен Брюссель болды. Бұл стильге жайқалған өсімдік өрнектері, икемді сызықтар, асимметрия, өзгермелі

«органикалық» стильді пішіндер тән. Модерн стилінің арманы — адамның айналасын барлық жағдайда нәзік үйлесімді әдемілікпен толықтыру болып табылды. Әйелдер шаш үлгісінде дене бітімі нәзік гүлге ұқсайды: жұқа иілгіш тал шыбық тәрізді болды — жиегі кең шляпамен үйлескен көпсітілген шаштан жасалған. Бандо (байлам) атауын алған, көпсітілген шаштан жасалған шаш үлгісі сәнге айналды. Шаш үлгілері байламдармен, бағалы тастармен немесе жылтырақтармен, шыны моншақтармен, қыстырма тарақпен безендірілді. Көпшілігі Марсель қысқыштарымен және Нестле перманентімен ыстық бұйралау тәсілімен орындалды. 1909 —1914 жылдары «конус», «фантази» (бұйралар толқын тәрізді жиналды) шаш үлгілері таралды. Ерлер шаш үлгісінің сәні көп өзгерген жоқ. Сәнде бұрынғысынша әртүрлі айрықтармен қысқа қию сақталды, бұл ретте шаш бұйраланатын және бриллиантиннің көмегімен жатқызылатын. Шаш үлгілерін эспаньолка мен мұрт толықтырды (1.11-сур.).

1.11 -сур. «Каскад» әйелдер шаш үлгісі

(а) — 1870-1880 жылдар және модерн стилі «бандо» (б) — 1905 жыл, ерлер шаш үлгісі (в) — 1905 жыл

Ресейдегі бірінші дүниежүзілік соғыс пен Октябрь революциясы тұтас әлемде әлеуметтік қозғалыстардың жүруіне негіз болды. Империалистік соғыс Еуропаның барлық дерлік елдерін кедейлікке алып келді. Ерлердің соғысқа жұмылдырылуы әйелдерді ерлер кәсіптерін игеруге мәжбүрледі, бұл әйелдердің шашын телпекке жинауға, кең жеңдері мен белдемшелерін тарылтуға алып келді. Сәнге «ұлдарға ұқсас»,

«гарсон», «фокстрот» және «танго» қысқа үлгілері енді. Кейбір әйелдер тік жиналған, желкеге түйілген шашпен жүрді. Ерлер шаш үлгілері — қысқа қиюлар: әртүрлі айрықтармен және толқын тәрізді жатқызумен «полька», «бокс» және «полубокс» үлгілері. Беттің сақалын тегістеп қыру сәнге айналды, бұл сән Америкадан келді.

Соғыстан кейін кезеңде білікшемен, кекілмен жартылай ұзын шаш үлгісі тарай бастады. Ұсақ бұйраларға немесе сақиналарға жинақталған шаш «тәж» үлгісіне безендірілді. Оның «әлем тәжі», «венгр тәжі»,

«жартылай тәж» және «гүлдесте» сияқты бірнеше нұсқасы болды (1.12- сур.). Экономиканың, мәдениеттің және ғылымның шапшаңдап дамуы Шаштараз өнерінің де дамуына ықпал етті. Соңғы жылдары экономикада, мәдениетте және адам әрекетінің басқа да салаларында байланыс дамуда әрі кеңеюде. Киімдер мен шаш үлгілерінің модельдерін көрсетумен сүйемелденетін халықаралық көрмелер, жәрмеңке-көрмелер өткізіліп тұрады. Шаштараздардың және социалистік елдер косметологтарының халықаралық конкурстары өткізіліп тұрады.

1.12-сур. ХХ ғ. бірінші жартысындағы шаш үлгілері:

1920 жылдары әйелдер шаш үлгілері;

а — қысқа шаш; б — «а-ля гарсон» үлгісі; 1930 жылдары әйелдер шаш үлгісі: в — толқынды; 1940—1950 жылдары: г — «полька» ерлер шаш үлгісі; д — маңдай үстінде көлемді буклялары бар «Достық кубогы» әйелдер шаш үлгісі.

Шаштараз өнерінің мамандары жыл сайын тәжірибе алмасады, өз тәжірибесін байыта отырып, орындау техникасына үйренеді. Жыл сайынғы көрсетілімдер ұлттық мектептердің шеберлігінің өскенінен, жетілгенінен хабар береді. Сәнде әрбір күнге арналған кербездік, қарапайымдылық пен қолайлылық басты бағытқа айналды. Барлық осы іс-шаралар тәжірибе алмасуға ғана ықпал етіп қоймайды, сонымен қатар шаштараз өнерінің даму деңгейімен таныстырады, сәндегі алдағы бірнеше жылдың негізгі жаңа бағытын айқындап береді. Сән интернационалдық бола бастады, бірақ сонымен қатар ұлттық дәстүрлер, белгілі бір елге немесе халыққа тән ерекшеліктер де сақталады.

1960 жылдардың ортасынан бастап жастар жартылай ұзын, одан кейін ұзын тік шаш қоятын болды. Бұл шаш үлгілері

«битлз», «фин баласы» және «швед баласы» атауларына ие болды. «Кубалық» деп аталатын сақал қою сәнге айналды. Әйелдер шаш үлгілерінде өзінің нұсқасына қарай «қоңырау» атауына ие болған шаш қию кеңінен таралды. Осы шаш қиюдың негізінде «жоңышқа», «мысықтың құлақтары», «пони» типіндегі шағын, ұқыпты шаш үлгілері таралды. Бұл шаш үлгілері нақты бір елдерге байланысты аздаған өзгерістерге ұшырай отырып, тұтас әлемге таралды. Шаштараздар шаш үлгілерін жасау кезінде шаш бөліктерін тұйықтау тәсілдерін пайдаланады, оның нәтижесінде шаш биіктейді, барынша берік әрі тұтас нұқсаға айналады. «Омарта»,«көпсітілген шаш», «қант бас», «бабетта», «грек түйіні», «айналма» және «хала» шаш үлгілері пайда болады. Ерлер шаш үлгілері біраз өзгерістерге ұшырады, бірақ әйелдердікі сияқты көп өзгерген жоқ (1.13-сур.).

1970 жылдары даралық пен өзіндік стиль бұрынғысынан да жоғары бағаға ие болды. «Хиппи» стилі туындайды. Жастардың кумирлері Дженис Джоплин, Джимми Хендрикс, Боб Дилан, «АББА» тобы болды. Хиппиден бөлек 1970 жылдары стильді қалыптастыруға афроамерикалық мәдениет көп әсерін тигізді. Онымен бірге көзге ұрып тұратын түстер, энергия мен сергектік, химиялық түстерге боялған париктер, екінші теріге ұқсап денеге жабысып тұратын және жұлдыздармен безендірілген комбинезондар, аса ірі платформалар, ақылға сыймайтын аксессуарлар пайда болды. Осы тұста сәнге шаш үлгісінің жаңа стилі — шаштардан жасалған үлкен шар түріндегі — «афро» пайда болды. Жаңа образ іздеу жаңа шаш қиюлар мен шаш үлгілеріне алып келді. Сәнге «паж», «гаврош», «каскад» («пони» кекілімен) шаш қию үлгілері енді, ал ағылшын шаштаразы Видал Сэссун ойлап тапқан дәлдеп қию әдісімен заманауи шаш қиюдың пайда болуы

1.13-сур. 1960 жылдар. Шаш үлгілері:

а, б — «қант бас» және «бабетта» әйелдер шаш үлгілері; в — «пластикалық» ерлер шаш үлгісі

технологияны түбегейлі өзгертті және шаштараз өнеріне жаңа бағыт берді. Шаш үлгілерінде геометриялық сызықтар, қаталдық пен қарапайымдылық орын алды. Шашты жатқызу пішіні өзгерді. Шашты қысқыштың, феннің және домалақ жөкенің көмегімен жатқызу технологиясы пайда болды. Шаш қию мен шаш үлгісінің пішіндерін ескере отырып, химиямен бұйралаудың жаңа технологияларының пайда болуымен сән бұйраға қайта ауыса бастады. Шашты бигудиге орау әдісі өзгерді, оның жаңа түрі — созып отырып бұйралау ұсынылды. Бұл әдіс «революциялық» атауына ие болды, оның нәтижесінде шаш үлгілерін «кішкентай бас» девизімен модельдеу мүмкіндігі пайда болды (1.14-сур.).

1.14-сур. 1970 жылдар шаш үлгілері:

а — «олимпиадалық фантазия» әйелдер конкурстық шаш үлгісі; б —«Голливуд» стиліндегі әйелдер шаш үлгісі; в — «жастар» ерлер шаш үлгісі; г, д — «гарсон» әйелдер конкурстық шаш үлгісі

1.15-сур. 1980 жылдар шаш үлгілері:

а — «каскад» әйелдер шаш үлгісі; б — әйелдер кешкі шаш үлгісі; в — геометриялық нұсқамен ерлер шаш үлгісі

1980 жылдары жарқын мюзиклдер, телешоулар, сериалдар кезеңі басталады. Бейнеклип — жаңа жанры, оған қоса жаңа эстетика пайда болды. Поп-музыка мен сәннің қосылуы жаңа бағытты — «панк» стилін қалыптастырды. Бұл бағыт әйелдердің, сол сияқты ерлердің де шаш қиюлары мен шаш үлгілерінде көрініс тапты, ол конкурстық шаш үлгілерінде айқын көрінді (түсті қос., 1-сур.). Шаш бұрымдарының барлық жағы ине сияқты шығып тұратын әсер берді. Шаш үлгілерінің детальдарында биязылықты ашып көрсететін толқындарға деген қызығушылық байқалды (1.15-сур.). Толқындар электр қысқыштардың, тарақтың және феннің, химиямен бұйралаудың көмегімен орындалды.

1990 жылдары ең сәнді үрдістер мен ағымдар бұрынғыдай әдебиетте, сурет өнерінде немесе кинода емес, костюм мен образ жасаудағы дизайнға арналған журналдар мен альбомдар беттерінде орын алды. Дәл осы әдемі шаш үлгісі әйелдің «Голливуд» стиліндегі романтикалық образын ашып көрсетуі тиіс (1.16-сур.). Дәл осы дизайн ең ауқымды мәнінде (сәулет, тұрмыстық заттар, киім, шаш үлгілері және т.б.) уақыт рухының көрінісі қызметін атқарады. Қарапайымдылық, қолайлылық, парасатты мағына айқындаушы сипаттамаларға айналады.

Әлемді, қоршаған шынайылықты, өмір сүру салтын өзгерту процестері шапшаңдықпен дамуда. Біз уақыттан өте өмір сүрудеміз. Адамның күнделікті өміріне телевидение, Интернет, кино, ұялы телефондар, электрондық ойындар басқарушылық етуде. Оның үстіне шынайылық қаншалықты виртуалды болған сайын, адамзат бұрыннан белгілі, тұрақты әрі сенімді дүниелерге ұмтылуда. Уақыттан оза өмір сүргісі келетін адамға тірек нүктесі қажет. Осы сияқты теңгерім бұрыннан таныс образдар мен

1.16-сур. 1990 жылдардағы шаш үлгілері:

а, б — «Голливуд» стиліндегі әйелдер шаш үлгісі; в, г — ерлер шаш үлгілері

кешегі күннің бұзылмайтын құндылықтары болды, олар жаңа түсінікте жаңа үрдістер туғызды. Шаштараз сән бағытында қандай идея барын әрқашан білуі (немесе сезінуі) және әрқашан оны өз жұмысында қаншалықты дұрыс қолданып отырғанын ойлап, шеше білуі тиіс. Мұнда оған тек арнайы білімі, техникалық дағдылары ғана емес, сонымен қатар көркемдік сезгіштігі де көмектесе алады. Кәсіби білімдерді меңгеру және көркем образдармен ойлай білу шаштаразға шаш үлгілері мен шаш қиюдың жаңа пішіндерін, жаңа образдарды, қажетті техникалық құралдарды ойлап табуына және уақыттан қалыспай алға озуына мүмкіндік туғызады (цв. вкл., 2-сур.).

1.3. ШАШ ҮЛГІСІНДЕГІ СТИЛЬ МЕН СӘН

Бастапқыда бір бірінен салыстырмалы түрде оқшауланған ошақтарда туындай отырып, адамның көркем қызметі өзіндік этникалық дәстүрлер қалыптастырды. Кейінгі кезеңдерде бұл дәстүрлер өзара бір біріне әсерін тигізді, араласты немесе бір біріне қарама қайшы тұрды. Жалпы тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде өз негізінде әмбебап көркем әдістің жекелеген жақтары өздерінің ішкі мүмкіндіктерін тауыса отырып, өңделді, бекіді және жетілдірілді. Осылайша калссицизм, готика, барокко, Директория кезеңіндегі рококо, ампир, романтизм, бидермайер және т.б. сияқты тарихи көркем стильдер пайда болды.

Стиль — тарихи дамуының белгілі бір кезеңіне тән көркем ойлаудың неғұрлым жалпы дәрежесі. Барлық стильдер тарихпен байланысты, олардың мазмұны осы тарихи, географиялық және әлеуметтік жағдайларда нақты адам өмір сүретін және әрекет ететін кеңістік пен уақытты пайымдау мен түсінуді дамытудың ішкі логикасымен айқындалады. Тарихи дәуір, тарихи өнер типі, көркемдік бағыт ұғымдары шекарасының қатыстылығы аясында стиль дәрежесі барынша үлкен тұтастылыққа ие болады. Дәл осы стиль көркем шығармашылық феноменінің өзінің мазмұны мен пішіндері, бейнеленуі мен көрінуі, жеке тұлғалылығы мен дәуір сияқты барлық құрамдауыштарының бірлігінде мәнін, бірегейлігін бейнелейді. Сондықтан қанша мәдениет пен адам болса, тиісінше сонша әлем, сонша стиль бар.

Стиль өшпейтін құндылыққа ие, ол ескірмейді және әрдайым өзекті. Бұл өткеннің стильдеріне қайта оралуға деген үнемі қажеттілікті туғызады. Одан басқа, белгілі бір тарихи дәуірде қалыптасқан стильдер із- түссіз кетпейді, олар жаңа кезеңге енеді, көркемдік дамуға қатысады, қайта түрленеді және өзге қасиетімен келесі кезеңде жаңғырады.

Стиль ұғымы — бұл өнердің идеялық мазмұнының бірлігіне негізделген көркемдік құралдары мен тәсілдерінің, образды жүйенің тұрақты тұтастығы.

Шаш үлгісі қолданбалы өнердің бір түрі болып табылады, сондықтан қолданбалы өнердің басқа түрлерінің қатарында оның стилі қандай да бір дәуір стилінің жалпы бағытын көрсетеді. Әртүрлі дәуірлердің стильдерін зерделей отырып, біз өзіміздің осы саладағы ой-өрісімізді кеңейтеміз және жаңа идеялар мен серпіндер аламыз. Бұл, әсіресе, шаш үлгілері мен шаш қиюлардың жаңа пішіндерін жасау кезінде көрінеді. Мысалы, Ежелгі Египетте классикалық стильдегі пішіндер алғашқы рет туындады, оның көркемдік нысаны қарапайымдылыққа, ашықтыққа, ұтымдылыққа, ойлылыққа негізделген, қатаң геометриялық пішіндермен көрсетілген. Бірақ терең зерделеген кезде біз осы стильдің шаш үлгісі тарихындағы дамуын қадағалай аламыз.

Бір стильдің шегінде сән деп аталатын әртүрлі түр өзгеру орын алады. Сән — күрделі құбылыс. Онда қоғамда болып жатқан экономикалық, әлеуметтік және психологиялық (көбіне көзге көрінбейтін) процестер жүреді. Сән белгілі бір дәрежеде жеке тұлға мінезінің типін, өмір сүру стилін, яғни адамның өзіне және өзгелерге деген көзқарасының стилін

көрсетеді. Ғасырдың әртүрлі эстетикалық ағымын көрсете отырып, пайдақорлық, жаңа сызықтар, бояулар, пішіндер іздеуде сән саяси көзқарасты, дәуір идеяларын, оның қоғамдық қалыптасуын көрсетеді. Өз дәуірінің ғұрыптары және дәстүрлерін зерделей отырып, француз ағартушысы, құқықтанушы әрі философ Шарль Монтескье былай деп жазды: «Әйелдер қауымы ғұрыптарды бұзады және талғам қалыптастырады. Басқалардан гөрі көбірек ұнағанды қалау сәнді киімдер туғызады, ал өздігіңнен ұнағаннан да артық ұнағанды қалау сәндер туғызады». Әртүрлі әлеуметтік-экономикалық дәуірлерде сән тек жаңаға ұмтылуда ғана көрініс тауып қойған жоқ. Ол көбіне адамдар арасында танымалдылығы жоғары жекелеген тұлғаларға немесе топқа құрмет көрсетуден, оларға еліктеуге деген тілектен туындады.

1960 жылдардың ортасында Батыста хиппи қозғалысы пайда болды. Жастар буржуазиялық құндылықтарға қарсы, оның ішінде жалпы қабылданған сәнге қарсы наразылық танытты. Олар жыртылған джинсылар, ұзын белдемшелер (барлығы қысқа киіп жүргенде), этникалық мотивтері бар құлпырып тұрған романтикалық жейдешелер (сәнде геометриялық суреттер болса да) киді және ұзын шашпен жүрді (ал сәнде қысқа шаш болатын), қозғалыстың шырқау шегі 1968 жылдың жазы болды, ол «Махаббат жазы» деп аталып, студенттер ереуіліне ұласты. Алайда наразылық пен сәнге қарсы шығудан бұл стиль сәнге айналды.

Сән көзбен шолу кескіні мен «ресімдеуге» жеткенге дейін адам мінезінің белгілі бір типі мен өмір сүру стилі ретінде туындайды (алайда сәнді «тұтыну», әдетте, заттарды, бұйымдарды, мәнерлерді, яғни сәндік құбылыстарды қабылдаудан және еліктеуден басталады). Сәннің өмір сүру салтымен байланысты болуы негізінен дұрыс, себебі ол мәдениеттің, тұрмыстың, мінез-құлықтың сыртқы пішіндерінің кезең- кезеңмен пайда болатын, қайталанатын ішінара өзгерісін көрсетеді және әлеуметтік тұрғыдан келісілген көпшілік әрекеттерді жүзеге асырудың ерекше тәсілі болып табылады. Адамдардың жаңаға деген қажеттілігін қанағаттандыра отырып, ол өткеннен, бұрынғы мәдени тәжірибеден, әлеуметтік қатынас пен мінез-құлықтан еш бұлтармайды. Өткенге оралу сәті — сәннің «циклдік», қайталанатын дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір жаңа сән бұрынғы сәнге қатысты қажетті жаңаны, кейде толық қарама-қайшылықты алып келеді. Сәннің қарама-қайшылығы оны одан әрі дамытудың алғышарттары болып табылады.

Әлеуметтік кезеңді, шаш үлгісі мен костюмдегі сәнді зерделей отырып, біз пішінді, сызықтарды, нұсқаны, жекелеген элементтерді, толықтыруларды талдаймыз, сән бағытының мәнін айқындай отырып, дәуір тұлғасының бейнесінен (интерьерде, сәулетте, өнерде) ұқсастық табуға тырысамыз.

Стильдержіктемесі.XXІғасырсәнклассикалық,спорттық,

романтикалық, фольклорлық, авангардтық (креативті) сияқты негізгі стильдерді өмірге әкелді.

Классикалық стиль — жетекші, үлгілік, уақытқа бағынбайтын, өзінің ұтымдылығымен, пішінінің айқындығымен, геометризмімен, сызықтардың, пішіннің, түстің қарама-қарсылығымен әрдайым ерекшеленеді (түсті қос., 3-сур.).

Бұл стильге қатал, айқын геометриялық нұсқасы мен пішіні, классикалық элементтері (толқындар, мүсіндік бұрымдар, байламдар, білікшелер, тегіс сызықтар) бар шаш үлгілері тән. Шаш үлгісі немесе шаш қию пішінінің үндестік шешімі түстер үйлесімінде беріледі (қара-ақ, қара- қызыл, қара-сары және т.б.).

Спорттық стиль — еркін, қолайлы, жайлы, пішінінің айқындығымен, шашты қысқа қиюмен, ашық түсті шаш (күйген шаш әсері) үйлесімімен және шаш үлгісін безендіруде тік сызықтармен беріледі (түсті қос., 4-сур.).

Романтикалық стиль — көтеріңкі, мәртебелі, жұмбақ, жұмсақ, дөңгеленген, жатық сызықтармен, шаштың табиғи түсі гаммасымен (сарғыш, каштан реңктері, қою ақшыл сары) берілген. Шаш үлгілері жартылай ұзын шаштардан, бұрымдар, бұйралар элементтерімен жасалады (түсті қос., 5-сур.).

Фольклорлық стиль — сәндік, бірегей, шаш үлгісіндегі пішіндер мен элементтердің этникалық және ұлттық ерекшелігін көрсететін стиль. Байсалды, дөңгеленген немесе сызықтардың графикалық үйлесімімен, шаш түстерінің табиғи гаммасымен (алтын түсті, ақшыл сары, ақшыл- каштан, кейде қара реңктер) ерекшеленеді. Шаш үлгілері жартылай ұзын немесе ұзын шаштардан, өрімдер, бұрымдар, бұраулар, түйіндер элементтерімен жасалады (түсті қос., 6-сур.).

Авангардтық (креативті) стиль — заманауи, еркін, ирониялық, көлемдердің көп қабатымен, стильдердің араласуымен, пішіндердің сызықтардың және түстің батыл, қарама-қарсы үйлесімімен берілген (түсті қос., 7-сур.). Дәстүрден тыс сән бағытын («унисекс», «гранж»,

«салтанаттылық», «гламур», «денди» және т.б.) жасаудағы жаңашылдық шешімдерді көрсетеді. Шаш үлгілері мен шаш қиюда элементтердің, түстердің ақылға сыймайтын (кейде мүлдем үйлеспейтін жасыл, көк, алқызыл) үйлесімдері пайдаланылады. Даралығы геометриясымен және бояуымен, батыл үйлесімді қиюмен, бағынбайтын бұрымдарымен, тік шаштармен және стайлингпен көрінеді.

Дәуір стилі. Қазіргі уақытта бәрі де шапшаңдықпен өзгеруде: жаңа технологиялар, жаңа қатынас нысандары пайда болуда, өмір сүру философиясының түрі түрленуде. Сәнге, стильге деген көзқарас та өзгеше қалыптасуда. Сәнді жас буын алып келуде. Әлеуметтік, жас ерекшелік және ұлттық шеңберлер араласып кеткен демократиялық имидж басымдық алуда, ерлер мен әйелдер арасындағы, іскерлік пен күнделікті, күндізгі мен

кешкі сәннің арасындағы шектер жойылуда. Бұрын айқын ажыратылатын стильдер араласуда, бірігуде, бір-бірінен ұсақ-түйектерді алып пайдалануда. Егер XX ғасырда екі-үш айқын бағыт болса, бүгінгі күні оларда сан жоқ.

Сән әлемін табиғат, ғылым, тарих, ғарыш, фантастика, музыка, кино, яғни адам өміріне байланыстының бәрі басқаруда және ол дәуірдің эстетикалық мұратын бейнелейді. Бұл эстетикалық ағымдар жаңа үйлесімділікті орната отырып және қарама-қайшылықтардың бірі-біріне жарқын әсерлер беруімен, таңғажайып образ тудыруымен түрлі-түсті нақыштар болып шырмалуда. Сән бағыттарын қатаң шеңберлерде қалдыруға, тоқтатуға болмайды. Олардың пайда болуы мен жоғалуы тек жеке заңдарға ғана бағынады. Шаш үлгілері мен стильдердегі сән үрдістері қазіргі адамдардың өмірінен хабар береді. Олар адамдардың тілегі мен түрткі болған ниеттерін, қорқыныштары мен армандарын көрсетеді. Бұл ретте сәнді әлеуметтік құбылыстардан ажырата білу маңызды, олардың стильдік бағыттарға ықпалын айыра білу керек. Кәсіпқой маманның көзқарасы мен нарықты жақсы білу, сондай-ақ жүйелі тәсіл қажет. Париж агенттігінің скауттары тапсырманы орындау үшін музыка, өнер, сәулет, мәдени дәстүрлер және саяси ағымдар сияқты қоғам өмірінің әртүрлі аспектілерін зерделейді. Лондоннан бастап Токиоға дейінгі мегаполистер урбанистік ортаға төселетін, сәндегі болашақты зерделейтін, талдайтын, жорамалдауға тырысатын скауттар үшін негізгі ақпарат көздері болып табылады. Осылайша жаңа сәнді шаш үлгілерін, шаш қиюды, киімдер мен аксессуарлар топтамасын әзірлеу кезінде жетекші рөл атқаратын сән мен стильдер пайда болады.

Атеистік дүниетанымнан туындаған, өмірдің шаттығы мен оның шарасыз аяқталатынының қайғысын сезіну сәнді XXІ ғасыр жер жүзінің образына, бәрі мүмкін және бәріне рұқсат болатын бітпес көрініс образына алып келді. Ғылым мен медицина жүректі ауыстырып отырғызу, адамның мүсінін түзету, аяқты ұзарту, шашты қалпына келтіру және өсіру, бет пен дене терісін тарту, көздің түсін өзгерту және т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізді. XXІ ғасыр сәннің тежеусіз билігі адамның барлық маскалар мен киімдерді шақтап көріп, оның соңына түсуімен ақырында өзін табуына — төлтума, мәңгілік және өлмейтін, тек әлемді барлық көркемдігімен қоса қиялдауға уақытша берілген адамды табуына алып келді. Жоғарыда айтылғанның бәрі шаштараздар үшін де іс-қимыл диапазонын ашып береді, олардың шығармашылық тұрғыдан өсуін біз қазіргі журналдардан қадағалай аламыз.

Стиль және имидж. Стиль мен имидждің негізгі бағыты — бұл жасалатын образға тұтастылық пен даралық беру.

Имидж («образ», «түр») — эмоциялық-психологиялық әсер етуге бағытталған, мақсатты түрде қалыптастырылатын образ (тұлғаның,

заттың, құбылыстың), бұл біздің басқалар үшін жасайтын визит карточкамыз, қоршаған адамдарға сыйлағымыз келетін көңіл-күй. Сауатты жасалған имиджде барлық детальдар келісілген — сыртқы атрибуттар (киім, шаш үлгісі, макияж, аксессуарлар, әшекейлер және т.б.), ғана емес, сонымен қатар мінез-құлық мәнері, тіпті адамның маңайы да берілген мақсатқа жұмыс істейді. Имидж адамның ішкі қасиеттеріне, оның мінезіне, темпераменті мен өмір сүру образына сәйкес келгенде ғана өміршең әрі сенімді. Үйде, жұмыста, достар компаниясында және танымайтын адамдардың арасында біз белгілі бір әлеуметтік рөлде ойнаймыз. Олар әртүрлі болса да, біз оларды ыждаһаттылықпен орындаймыз. Дегенмен егер рөл адамның шынайы бетпердесін жасыратын маскаға айналса, егер ол оның дүниетанымына жалпы сәйкес келмесе, онда имидж машақатқа айналады. Адам өзінің рөлін ойнамағаны үшін қолайсыздық сезінеді. Сыртқы келбетіміз біздің ішкі жан дүниемізді көрсетеді және керісінше. Егер әйел өз шашының түсінің түбегейлі өзгертсе, ол жаңа өмір бастаудан еш қорықпайды деген сөз. Шиеленіске, рухани уайымға тап болған адамның сыртқы келбеті диссонанстан, сенімсіздіктен, белгісіздіктен хабар беріп тұрады. Егер адам өзінің ішкі жан дүниесімен және әлеммен үйлесімділікте болса, онда оның образының құрамдауыштары да жеке тұлғаның тұтастығын көрсете отырып, бірін-бірі толықтырады.

«Дара стиль» және «имидж» — әртүрлі ұғымдар, алайда олардың бір- бірінсіз күні жоқ. Егер имидж — қандай да бір рөл болса, стиль — ол адамның болмысы, оның ішкі «мені». Көптеген адамдар үшін өз стилін табу өзін табуды, өз көзқарасын табуды және оны көрсете алуды білдіреді. Шаш үлгісі, костюм және басқа ұсақ-түйектер бойынша адамның сүйікті стилін ұғуға болады.

Адам барлық ұсақ-түйектерді мұқият ойластырғанымен стильді көрінбейді, өзіндегінің бәрі өзіне жарасатындығымен стильді көрінеді. Міне, дәл осы құбылыс ішкі мен сыртқының өзара байланысы, имидждің стильге, стильдің имиджге сәйкестігі. Мұндай үйлесімді образ туа біткен талғамның және сұлулықты сезіне білудің, сондай-ақ стилистика негіздері мен үйлесімділік заңдарын білудің арқасында қалыптасады.

Сән үйлесім мен әдемілік ұғымдарына өз әсерін тигізбей қоймайтынына сөз жоқ. Бір кездері қағидаларды мүлтіксіз сақтау және бірыңғай стильді ұстану қажет болды, кейбір кездері, оның ішінде біздің заманымызда стильдер оңай араласып кетті, даралықтың кез-келген көрінісін қабылдай отырып түрленуде. Дегенмен, сән неге көндірсе де, үйлесімділік заңын жоққа шығаруға дәрменсіз. Адам саналы түрде және интуициялық сезіммен әсемдікке, көзге, тәнге және жанға не жағымды болса, соған ұмтылады. Өз стиліңнің болуы — ешкімге ұқсамау.

Ол үшін кейде батылдық, тіпті ержүректік қажет болады. Бірақ өзіңе, өзіңнің стиліңе деген сенім қайталанбас, мәнерлі әрі естен кетпес образ жасап шығаруға алып келеді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАҢЫЗ

2 тарау

ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ

2.1. ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адамның даралығын, сыртқы келбетін табиғат қана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар киім мен шаш үлгісі модельерлерінің, визажистер мен косметологтардың шығармашылық жұмысының нәтижесі де қалыптастырады. Шаш үлгісімен, макияжбен және аксессуарлармен бірге дұрыс таңдап алынған костюм жеке тұлғаның абыройын көрсетеді, оның көркемдік образын жасайды.

Шаш үлгісі адамның даралығының қайталанбас қасиеттерін көрсетеді, оның талғамы мен көзқарасын анықтайды және бетінің ерекшеліктері мен басының пішінін жасырады немесе ашып көрсетеді, жынысын, жасын, ұлттық және әлеуметтік белгілерін, адамның мінезін, стилін білдіреді.

Шаш үлгісі — бұл табиғи, сол сияқты жасанды шаштардан жасалған, шашты белгілі бір пішінге келтіру, бұйралау немесе қию.

Бағытына қарай шаш үлгілері шартты түрде тұрмыстық және көріністік деп бөлінеді.

Тұрмыстық шаш үлгілері (түсті қос., 8-сур.). Бұл шаш үлгілерін күнделікті және сәнді (кешкі) деп бөлу қалыптасқан.

Күнделікті — бұл әрбір күнге арналған шаш үлгісі. Күнделікті өмірге арналған шаш үлгілерін таңдап алуға қызмет түрі, жас ерекшелігі, әлеуметтік орта, ұлт, маусымдық өзгерістер, сән мен стиль әсер етеді. Күнделікті шаш үлгілері адамның әлеуметтік-психологиялық образын көрсетуге, сыртқы келбетін қалыптастыруға қызмет етеді. Сәннен тыс және нақты бір тұлғаға және оның сыртқы ерекшеліктеріне байланысты жасалатын шаш үлгілері дара үлгі деп аталады.

Сәнді (кешкі) шаш үлгілері бағытына қарай театрға, балға, мерейтойға, үйлену тойына, дискотекаға арналған шаш үлгілері деп бөлінеді. Бұл шаш үлгілерінің түрлері жатқызудың күрделірек нысанымен ерекшеленеді, салмалы парик жасау бұйымдарын және әшекейлерді қолданумен сәндеп толықтыруға болады. Барлық жағдайларда олардың көркем ойға негізделген айқын көрсетілген мақсатты бір бағыты болады.

Сәнді шаш үлгісі адамды әдемілеуге арналған. Сондықтан ол адамның сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне, оның өзін өзі ұстау мәнеріне ғана сай болып қоймай, қайталанбайтын дара болуы тиіс. Сәнді шаш үлгілері ерекше жағдайларда жасалатындықтан, ол, әдетте, мерекелік костюмнің толыққанды бөлігі болып табыла отырып, сәнді туалетке байланысты болады, жақсы көңіл-күй мен мерекелік атмосфера туғызуға ықпал етеді.

Көріністік шаш үлгілері. Аталған шаш үлгілері сахна өнерінің түріне және жанрына байланысты. Олар адам өнер туындысын пайымдау кезінде пішіннің әдемілігі мен образдылығына, орындалу техникасына сүйсіне отырып, сезінетін ерекше жарқын әсерге бөлейді. Мұндай шаш үлгілерінің жіктемесі барынша шартты болып келеді, себебі бір модельді әртүрлі жағдайларда көруге болады, мысалы, тарихи шаш үлгісі кинода, театрда, карнавал костюмінде, конкурстық үлгілік өнер көрсетуде және т.б. пайдаланылуы мүмкін.

Осы шаш үлгілерінің барлығы әртүрлі көрсетілімдерде, өнер көрсетулерде жасалады. Алайда көріністік шаш үлгілерінің жіктемесі шартты болмағандықтан, мұндай шаш үлгілерін конкурстық, тарихи, фантазиялық деген үш топқа бөлу қалыптасқан.

Конкурстық шаш үлгілері — бұл сұлулық индустриясы саласындағы біліктілікті құруға және арттыруға деген кәсіби, шығармашылық, жеке көзқарас. Техниканы меңгерген, сұлулық талаптары аясында оны жетілдіру үстінде тұрақты жұмыс істейтін модельер ғана конкурсқа ұсынылған барынша жаңа шаш үлгілерін модельдеу бойынша міндеттерді шешуге қабілетті. Конкурстық шаш үлгілерімен жұмыс конкурс жарыстарының шарттарына байланысты. Әрбір конкурстың шарттары, біріншіден, жарыстар түрлерінің санын; екіншіден, конкурсты ұйымдастырушылар жарыстың нақты түріне қоятын талаптарды шектеудің немесе кеңейтудің неғұрлым нақты айқындамаларын; үшіншіден, жекелеген жұмыстардың нақты орындалу уақытын көрсетуді қамтиды.

Конкурстар әртүрлі нұсқаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Олар ағымдағы жылғы жоғары сәннің соңғы бағыттарын көрсетумен, шаш үлгілері мен шаш қиюлардың даму перспективаларымен, шаштараз өнері саласындағы кәсіпқойлардың техникалық санатына байланысты болуы мүмкін. Конкурстық модельдер қатаң түрде сәндік, техникалық, креативтік, фантазиялық (еркін тақырып), салон шаш үлгілері мен шаш қиюларына бөлінеді (түсті қос., 9-сур.). Конкурсқа қатысу Шаштараз мамандығының танымалдылығына ықпал етуге; сәннің жаңа бағыттарын айқындауға; жұмыстың орындалу техникасының жаңа бағыттарын көрсетуге; қатысушы-шеберлердің кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған.

Тарихи шаш үлгілері жаңа кәсіби идеялардың, сарындардың, импульстердің, ойлардың көзі болып табылады. Үнемі жаңашылдыққа ұмтыла отырып, тарихи нұсқа мен пішінді қайталай әрі өзгерте отырып, адамдар ескіден заманауи сән тұрғысынан әдемілік іздеп табады.

Шаш үлгілері жаңа пішіндерінің пайда болуының ең өнімді көздерінің бірі халық нақыштары болып табылады. Халық дәстүрлерінің байлығы қазіргі уақытта шаш үлгілерінде пайдаланылады (түсті қос., 10-сур).

Фантазиялық шаш үлгілері шаштараз өнерінің үлгісі болып табылады. Ресімдеуде басты назар идеяның бірегейлігіне аударылады. Мұндай шаш үлгілері суретшінің техникалық шеберлігі мен фантазиясын көрсетуге арналған. Мұнда адамның киімімен және сыртқы бейнесімен өзара байланыста қолдау табатын пішіннің образдылығы маңызды, бірақ ең бастысы жаңа идеяның техникалық тұрғыдан іске асырылуы болып қала береді.

2.2. ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ

Адамның жас ерекшелігі модельді таңдап алу және шаш үлгісінің өзінің немесе шаш қиюдың технологиялық орындалу тәсілдерін таңдау сипатын айқындайды. Жас ерекшелігі бойынша шаш үлгілері былайша бөлінеді: балалар, жастар, кербездік жасының шаш үлгілері, үлкен жастағылар шаш үлгілері.

Балалар шаш үлгілері. Балаларға арналған шаш үлгілерін модельдеу кезінде оның әртүрлі өсу кезеңдеріндегі дене бітімі ерекшеліктері мен психологиясын, гигиена мен педагогика талаптарын ескеру қажет.

Балалар шаш үлгісі әдемі әрі ыңғайлы болуы тиіс, ол балаға сәнмен қоса қуаныш сыйлауы керек, балалар организмінің дұрыс физиологиялық дамуына ықпал етуі, эстетикалық тұрғыдан тәрбиеленуіне жәрдемдесуі тиіс.

Заманауи балалар шаш үлгілері (түсті қос.,11-сур.) ересектердің шаш үлгілеріндегідей едәуір сәндік өзгерістерге ұшырай бермейді. Олар көбіне өз заңдарына бағынады. Шаш үлгісінің пішіні (көбіне шаш қию түрі), оның нұсқасы, шаштың ұзындығы жас ерекшелігімен, оған байланысты өмір сүру салтының өзгерістерімен және баланың тұтас келбетімен айқындалады. Балалар шаш үлгілерінің пішіндері ересектердің өмір сүру образына жақындай бастаған жасөспірімдер мен жастардың шаш ерекшелігін қоспағанда, негізінен тұрақты (олар сәнге сәйкес келуі немесе келмеуі мүмкін). Балалар шаш үлгілерінде үлкендер сәнінің кейбір үрдістері болуы мүмкін және тиіс, бірақ, әрине, ол баланың жас ерекшелігіне және функционалдық, сол сияқты тәрбие факторларына бағынуына байланысты.

Сәннің әсері ерте жастағы шаш қиюда болмайды. Функционалдылық, қолайлылық, гигиена, пішіннің жеңілдігі, технологиясындағы барынша қарапайымдылық (механикалық және физикалық әсердің жиілігі жас баланың шашына зиянды екенін ұмытпаған жөн) айқындаушы факторлар болып табылады. Үлкендердің шаш үлгілеріне тән күрделі детальдарды қолданбау ұсынылады, себебі бұл жастағы балалар бір орында отыра алмайды және шебердің ұзақ жұмыс істеуіне шыдай алмайды, бұл рәсім оларға жалықтыратындай көрінеді. Одан басқа, олар өз шаш үлгілерін өз беттерінше ұқыпты ұстауға қабілетсіз.

Балалар шаш үлгілерін ойластыруда ата-анасының рөлін де ескерген жөн. Кейбір ата-аналар өз балаларын не «қуыршақ» сияқты еткісі келеді не оған ультрасәнді үлкендер шаш үлгісін қойғысы келеді. Мұндай жағдайларда ата-аналар тапсырыстарын икемдеу мүмкіндігін іздестіру қажет. Мұндай қайшылықтарды қалай шешу керектігіне шаштаразға өзінің тәжірибесі мен нақты жағдай ғана көмектесе алады.

Оқушының қызығушылық шеңбері кеңейе түседі, міндеттер пайда болады, еңбек пен спорт оның өмірінде көбірек маңызды бола бастайды, психологиялық және физиологиялық жас ерекшелігі маңызды факторлар болып табылады. Тиісінше шаш үлгісінің түрі, нұсқасы немесе орындау технологиясы өзгереді, ол сән бағытын көрсетеді, бірақ шектен аспайды. Шаштараз модельдейтін бұл шаш үлгілерінің эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеушілік рөлі болуы тиіс. Шаш үлгісінде нақты сән шаш қиюдың заманауи техникасын пайдалану түрінде көрініс табады, бұл көбіне көлеміне қарай сәнді нұсқалар алу мүмкіндігін айқындайды. Жас ерекшеліктері кекілдің ұзындығын да өзгертуі мүмкін. Бастауыш және орта сыныптардың өмір сүру салтының ерекшеліктері (спорт, оқыған және жазған кезде басты ұстау) қысқа немесе орташа кекіл ұзындығын қалайды, шаш үлгісінің барлық қалған бөлігі тиісінше қиылып, сәнделеді. Жоғарғы сыныптарда кекіл, әдетте, сән үрдістеріне қарай не маңдайдағы безеулерді жасыру қажеттігіне қарай ұзартылады, бұл да өте маңызды. Мұны шаш қию кезінде ескеру қажет және ешқандай жағдайда кекілді қысқартпау керек.

Бұл жас ерекшелігі топтарының өкілдерінде шаш үлгісін жеке модельдеу кезінде өте көп проблема туындайтынын атап өткен жөн, себебі олар көбіне формалды жағына көп көңіл бөле отырып және нұсқа мен пішінді жалпы, сол сияқты тиісті ұсақ-түйектерді әсірелеуге бейімдікті таба отырып, ағымдағы сәнді өзінше қабылдайды.

Жастар шаш үлгілері. Жастар сәні қазіргі уақытта сән индустриясында дербес бағытқа ие болды. Ол пішіндердің барынша батыл шешімдерімен, сәндік ұсақ-түйектермен, түсінің ашықтығымен, әртүрлі стильдегі элементтердің қосылуымен ерекшеленеді. Жастар сәні — батыл шешімдер іздеудің көзі, образының айқындығымен, стиль таңдау еркіндігімен айрықшаланады. Мұнда қысқа, сол сияқты жартылай ұзын, ұзын шаштарды ұсынуға болады.

Сән бағыттарында еліктеудің импульсі үшін сүйікті кино кейіпкерлері, заманауи музыка, би, спорт кумирлары, қазіргі заманғы өнер, жастар топтары және т.б. бола алады.

Жастарға шаш үлгілерінде ерекше стиль тән. Онда жаңа заманның талаптары ғана емес, сонымен қатар өнермен жинақталған, көп ғасырдан бері келе жатқан тәжірибе, мәдени дәстүрлер де көрініс табады. Жас адамдар әлеуметтік босауды, ашықтықтың батылдығын, өзгелерге ұқсамайтындай ерекшеленуді аңсайды. Жастар сәнінде барлық уақытта да киім мен шаш үлгісі ыңғайлы, қолайлы, қолжетімді болуы әрі уақытқа үйлесіммен сәйкес келуі тиіс. Жастардың барынша танымал стильдері спорттық, авангард элементтерімен классикалық, фольклор және авангард элементтерімен романтикалық болып табылады. Шаш қию аса сәнді детальдарымен, жатқызу технологиясымен және өнерімен, шаш ұзындығы бойындағы кереғар жолдарымен ерекшеленеді (түсті қос., рис. 12). Шаш миға мүлдем қонбайтын түстерге боялуы, әлем-жәлем қиылуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Сәндегі бағыттар үрдістеріне сүйене отырып, шаштараздар жас клиенттердің ең батыл армандарын іске асыруға тырысады. Біздің дәуіріміз — метаморфозалар дәуірі: бәрі өзгеруде, дамуда, түрленуде. Бүгінгі күні бәрі де образын өзгерткісі келеді: күніне бірнеше рет, жылдам әрі жеңіл.

Кербездік жас ерекшелігіне арналған шаш үлгілері. Адамның кербездік жасы ең үйлесімді болып саналады, адам әлі жас және сән ұсынатын жаңалықтардың бәрін батыл қабылдай алады, сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде қалыптасқан, рухани әрі эстетикалық тұрғыдан өз орнын тапқан. Сондықтан мына жағдайларды ескеру маңызды: адамның сыртқы келбеті (икемділік, сымбаттылық, ширақтық), мінез; жалпы эстетикалық мәдениетінің деңгейі; кәсібі, әлеуметтік және ұлттық шыққан тегі (өмір сүретін ортасы); шаш үлгісінің стилі мен бағыты.

Бұл жас ерекшелігі үшін шаш үлгілерін модельдеудегі басты факторлар: қолайлылық, шаманы білу, айқын көрсетілген даралық және заманға сай болу (түсті қос., 13-сур.).

Үлкен жастағы адамдардың шаш үлгілері. Адамның бұл жастағы әдемілігі оның даралығынан, ақыл-парасатынан және өмірлік тәжірибесінен көрініс табады. «...Кез келген шынайы білімді адам шынайы өмір — ақыл мен жүректің өмірі екенін сезінеді. Ол адамның бет әлпетінен, бәрінен бұрын көздерінен көрінеді — сондықтан халық әндерінде көп айтыла бермейтін бет әлпеті білімді адамдардың арасында басым әдемілік жайлы ұғымдарда үлкен маңызға ие болады; және адамның біз үшін көбіне көздері сұлу, айқын болса, өзі де сұлу болып көрінеді», — деп жазды Н. Г. Чернышевский.

Бұл жастың эстетикалық бағасы адамның өмір, өмір сүру салты, еңбек және өзге қызметі туралы түсінігімен байланысты. Ең соңында, адам өмір сүретін орта мен уақытқа, яғни сәнге деген тәуелділік те бар екені айқындалады. Бұл жас үшін киім даралықтың айнасы іспетті, бет әлбетінің ерекшеліктерін көрсететін шашқа, шаш үлгісіне ерекше көңіл бөлінеді. Кербез, классикалық стиль басым. Әйелдер шаш үлгілеріне айқындылық, ұстамдылық, қолайлылық, нәзіктік, ал ерлер үшін — ер- азаматтық тән. Бұл жаста беттің босап кеткен бұлшық еттерін оптика тұрғысынан алдаудың және жасырудың маңызы зор. Шаш үлгісінің қималары жеңіл әрі еркін түрде жоғары бағытталуы тиіс, шаш үлгісін күрделендірудің қажеті жоқ. Шаш туа біткен түсінде немесе табиғи, жұмсақ түсті болуы тиіс.

Шаштараз мамандығы ылғи да адамға жеке қызмет көрсетумен байланысты болғанын ұмытпау керек. Шаштараз адамға өзі орындай алмайтын тілегінің орындалуына көмектесуі тиіс.

2.3. ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ НЫСАНЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ

Әйелдердің шаш үлгісі. Заманауи сән біркелкі емес, яғни қатаң түрде ұзын шашты, белгілі бір детальды регламенттемейді. Ішкі және сыртқы сапа сыртқы детальдарды қалай сипаттайтынын қарастырайық. Егер әйелдің сырт келбеті классикалық немесе спорт стилінде болса, онда оның шаш үлгісі детальдарды ойластырып біріктірумен ерекшеленеді, үлгінің бірқатар түс өзгерісімен пропорционалды арақатынасында тұрақтылық байқалады. Шаш қысқа немесе орташа ұзындықта геометриялық үлгіде қиылуы мүмкін.

Егер әйел романтикалық стильді қаласа, онда бұл стиль еркіндік элементін қамтитын болады, жұмсақ сызықтармен және нәзік реңктермен сипатталады.

Кез келген шаш үлгісінің пішіні оның тікелей нысанасына жауап беруге, яғни функционалды болуға тиіс. Шаш үлгісін жасау кезінде шебер шаш күтімінің ыңғайлы болуын, шаш үлгісінің сақталуын және жеңілдігін қарастыруы қажет. Жеке үлгіде сәндеуде шаш құрылымына да көңіл бөлу қажет. Шаш өз құрылымы бойынша жұмсақ, сусымалы, жұқа, қалың және бұрын боялған болуы мүмкін – бұл шаш қиюдың және шаш үлгісін жасаудың техникалық пішінін айқындайды. Көптеген әйелдер сәнді ұсыныстарды бірден қабылдауға дайын болмайды: оларға қандай да бір модельдердің туындау жолы беймәлім. Шебер сән бағытын таңдау қажеттігіне сендіруге мүмкіндік беретін бітімгерлік шешім табуға тиіс. Шаш қию немесе шаш үлгісін жасау кезінде шебер сән әлемінде болып жатқан өзгерістерді білуге тиіс, эстетикалық тұрғыдан да, қолайлылық тұрғысынан да өз клиентурасының мұқтаждықтарын егжей-тегжейлі білуге тиіс.

Ерлердің шаш үлгілері. Ерлерде бет сұлулығы емес, рухани және дене күші, ерлік әрқашан бағаланады, бірақ әр уақытта бұл қасиеттер көрініс табудың түрлі құралдарын талап етеді. Шаш үлгісінің образдылығы әдемі ер адамның келбетін (уақыт тұрғысынан) қалыптастыруға тікелей қатынасы бар және алдағы уақытта да бола бермек.

Шаш үлгісін таңдауда ерлер негізінен әйелдерге қарағанда анағұрлым консервативті. Олар сәнге жастық шақтарында көңіл бөледі, алайда жылдар өткен сайын өздерінің жастық шақтарындағы шаш үлгілерінде жүруді жалғастыра отырып, басқа да өмірлік маңызы бар мәселелерге баса назар аударады. Сәннің түбегейлі өзгеруінің салдарынан ғана олардың кейбіреулері өздерінің шаш үлгілері заман талабына сай келмейтінін байқайды. Сондықтан ерлердің шаш үлгілерін жеке дара модельдеу кезінде бұл ерекшеліктерді ескеру қажет, ал перспективалы модельдеу кезінде жастарға ғана бағдарлану қажет және қоғамда сән идеялары кеңінен таралғаннан кейін ғана ерлерге жаңа шаш үлгілерін ұсынуға болады. Заманауи ер адамдар респектабельді және күтім жасалған болып көрінуге әдеттенген. Әйелді қызықтыратыны – процесс, ал ерлерді – нәтиже екені белгілі. Ерлер абстрактілі, образды түрде ойламайды, сондықтан схеманы, уақытты нақты айқындау ұсынылады. Шебер шаш қиюдың барлық техникалық тәсілдерін шебер қолдануға, түрлі нұсқаларын ойлап табуға тиіс, бірақ ерлердің шаш үлгілерінің өте маңызды бір сипаттамасы – пішінді ұстап тұратын қолайлылық және жеңілдік туралы да ұмытпаған жөн. Сұлулық деген ұғымға шаш қаншалықты табиғи (немесе сусымалы болуы) көрінетіні, сондай-ақ ықтимал кемшіліктерді қаншалықты тиімді жасыратыны кіреді.

Тойға арналған шаш үлгілері (14-сур.). Тойдың шаш үлгісін модельдеу барынша дәстүрлі болып табылады. Тұрмысқа шығатын қыздар қаншалықты креативті, дәстүрді ұстанбайтын, сәнді болса да, көбінесе өз тойларында дәстүрден аттап кетпеуге тырысады. Олар әрқашан салтанатты, ұзын әрі ақ көйлек кигілері келеді. Тойға арналған дәстүрлі аксессуарлар - тәжді, фата мен гүлдерді пайдаланады.

Шаш үлгісін жасаудың техникалық аспектілері әртүрлі: қысқа шаштан бастап ұзын шашқа дейін, жалғанбалы немесе өсірілген шаш болуы мүмкін. Шаштың түсі көздің, терінің түсіне барынша үйлесіп, сыртқы келбетпен үндесіп тұруға тиіс. Тойдың шаш үлгісінің негізгі ерекшеліктері жеңілдік, нәзіктік болып табылады. Қазір шаш үлгісін ұзақ уақыт бойы сақтап тұру үшін шаштың құрылымына, сәнді элементтерге, шашты үлгілеп, бекітіп қоятын құралдарға баса назар аударылады. Сондай-ақ тойдың қай жерде өтетіні, іс-шараның қандай форматта болатыны да маңызды. Бұл шаш үлгісі мен көйлекті дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Той рәсімінде күйеу жігіт те мінсіз болуға тиіс. Салтанатты смокингке қарама-қайшы сызықтары, детальдары бар шаш ұзындығымен классикалық немесе жұмсақ романтикалық стиль тамаша үйлеседі. Шаш үлгісі салтанаттың ерекшелігін бере отырып, шаш қиюдың үйлесімді техникасымен, табиғи үлгісімен ерекшеленеді.

Оқу бітіру кешіне арналған шаш үлгісі (15-сур.). Оқу бітіру кешіне арналған шаш үлгісін сәндеу кезінде көптеген проблемалар туындайды. Әрине, жас қыздар мен жас жігіттер есейіп, мектеп бітірді, бірақ бұл үлкендер сияқты киініп, шаштарын үлкендер сияқты сәндеулері тиіс деген сөз емес. Оқу бітіру кешінде киім мен шаш үлгілері өте сәнді, ерекшеленіп тұруға тиіс, бірақ жағдайды да ескеру қажет және образдың жеке ерекшелігін және жас екенін де ұмытпау керек.

Оқу бітіру кеші үшін романтикалық және фольклорлық стильді ұсынуға болады. Сезімнің, еркіндіктің көрінісі және шарттылықтың жоқ екенін білдіретін стиль жастардың есейіп, ата-ананың қамқорлығынан алшақтағысы келетінін білдіреді. Қажетті сұлба шеңберіндегі образды сипаттайтын шаш үлгісінің пішінін, детальдарын таңдай отырып, шебер жұмыстың қажетті техникасы мен технологиясын таңдайды, ойластырған шаш үлгісін бет-әлпеттің, дене сымбаты мен киімнің ерекшеліктерімен үйлестіреді. Шаштараз табиғилықтың, импровизацияның иллюзиясын жасайды. Жас қыздар үшін жұмсақ толқындар, ұсақ бұйра шаш, көлемді локондар, өрілген элементтер мен жгуттардың қосындысымен жиналған немесе бос жіберілген шаштар жарасымды болады. Егер шаш үлгісінің негізі қиылған шаш болса, онда оны жасау үшін текстуралық үлгі қолданылады. Жас жігіттерге арналған шаш үлгісі классикалық стильдегі қатаң және біршама ұстамды пішіндерге негізделеді. Ерлердің шаш үлгілерінің сәнді детальдары маңдай үстіндегі үлкен «кок», шаштың толқын тәріздес текстуралық беті, қарақұс пен самай маңындағы шашты қатты қысқарту болып табылады.

Жаңа жылдық балға арналған шаш үлгісі (16-сур.). Кез келген мереке қарсаңындағы әйел образының ажырамас элементі – шаш үлгісі. Маусымның сәнді тенденциялары алуан түрлі. Әр шаштаразда клиентке ұсына алатын шаш үлгісінің үлкен таңдауы бар. Жаңа жылдық мереке үшін тік, бұйра, қысқа, ұзын шаштың барлығы да өзекті, бастысы шаш күтім жасалған, әдемі болуға тиіс. Әрбір образға біршама жасампаздық пен өміршеңдік беру қажет. Ұзын шаш үлгісі әрқашан нәзіктік шыңы болып саналады. Әдемі түйреуіштерді, әшекейлерді пайдалана отырып жасалған көлемді шаш үлгісі, төмен түсіп тұратын локондар, ұсақ бұйра шаш, ұсақ толқындар мен тегіс шағын түйіндер ғажайып образдар жасауға мүмкіндік береді.

Мұндай салтанат үшін ерлерге міндетті түрде жаңа шаш үлгісі қажет емес. Шаш үлгісін түрлендіру, оған бірегейлік беру үшін шаш үлгісінің құрылымына немесе жекелеген элементтеріне баса назар аудара отырып, гельдің, балауыздың, көбіктің немесе мустың көмегімен үлгілеу жеткілікті.

Бұл ретро стиліндегі шаш үлгілері де болуы мүмкін (17-сур.).

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАҢЫЗ

Ақпараттық каталогтар мен журналдарды пайдалана отырып, нысана бойынша және жас ерекшеліктеріне қарай шаш үлгілерін таңдаңыз. Өз таңдауыңызды түсіндіріп беріңіз.

3 тарау

ШАШ ҮЛГІСІ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

3.1. ШАШ ҮЛГІСІНІҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ. ОНЫҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ

Шаш үлгісін көркем безендіру тікелей өнер саласымен байланысты. Шаш үлгісін бағалау өнер туындысын бағалау тұрғысынын жүзеге асырылады. Шаш үлгісі көбінесе мүсін туындысына ұқсас. Шаш үлгісі де мүсін сияқты, ол адамның сырт келбетін безендіріп, көркем образ туғызады. Шаш үлгісі саласындағы шығармашылық мүсіншінің шығармасымен бірдей, ол да сызықтар мен массалардың тектоникасын, символизмін, пропорционалды мүшенің көркемдігін және т.б. ескере отырып, басқа өнер түрлері сияқты идеяны материал (шаш) арқылы бейнелейді.

Бұдан басқа, шаш үлгісін жасау саласындағы шығармашылықты біз көбінесе музыка шығармашылығымен, сәулетші, құрылысшы, конструктор шығармашылығымен салыстыруға бейімбіз. Сол саладан алып, жұмыс процесінде пайдаланатын сөздерден басқа, пішін, олардың мазмұны, бірлігі, шаш үлгісіндегі фигураның кеңістікпен өзара қарым-қатынасы туралы түсінік сияқты музыкаға, сәулетке тән құралдарды қолданамыз. Шығармашылықтың эстетикалық негізі санмен тексерілетіні, сан сезіммен түзетілетіні белгілі. Сондықтан суретші-модельер үндестік сияқты шығармашылық санатын пропорция, симметрия, ырғақ, шама, грация, тұтастық, алуан түрліліктегі бірлік, пішіннің мазмұнға сәйкестігі сияқты эстетиканың ұғымдарымен және санаттарымен байланыстыра пайдаланатыны кездейсоқ емес. Шаш үлгісін көркем безендіру тікелей композициямен, яғни оның құрамдас бөліктерінің құрылымымен, орналасуымен, арақатынасымен байланысты. Осы әрекеттің нәтижесі – шаш үлгісі де композиция деп аталады. «Композиция» деген сөз латынша composі-tіo - құрастыру, шығарма, бөліктерді қосу, оларды тәртіпке келтіру деген сөзден шыққан. Ол тараптар, бөліктер, оларды қосу кезінде құрылатын кейбір бірлік туралы түсінікті білдіреді. Осы жерден «композиция» деген ұғымның анықтамасы туындайды.

Композиция – көркем туынды нысанының барлық элементтерін, образды, идеялық көркем мазмұнды білдіретін, қаралып отырған құбылыстар арасындағы елеулі байланыс пен қарым-қатынасты бейнелейтін санаттарға негізделген органикалық тұрғыдан біртұтас құрамдас бөліктерге біріктіру.

Шаш үлгісіндегі композицияның құрамдас бөліктері көркем шығармадағы сияқты пішін мен сұлба, қима сызықтар (конструктивті және декоративті), түс, шаш үлгісінің жекелеген элементтері мен декор (әшекей) болып табылады.

Композициялық құралдар немесе композиция тәсілдері пропорция (барлық элементтердің ауқымдылығы, композициялық бірлігі), симметрия және асимметрия (композициялық тепе-теңдік, статика және динамика), ырғақ, контраст, нюанс (акцент) болып табылады.

Композицияның тағы да екі міндетті құрамдас бөлігі бар: стиль бірлігі мен пішіннің образдылығы. Оларға қол жеткізу модельер- шаштараздың шаш үлгісі арқылы уақыт бейнесін бере білуіне байланысты. Пішіннің образдылығы шоғырланған күйінде аталған шаш үлгісінің түрі мен уақыт туралы түсінікке байланысты.

Шаш үлгісінің мақсаты мен модельер-шаштараздың образы композицияның құрамдас бөліктері мен композициялық құралдар таңдауын анықтайды. Модель композициясын әзірлеу оның барлық құрамдас бөліктерінің сипатын айқындауды, оларды бір-бірімен үйлестіруге және біреуін екіншісімен толықтыруға қол жеткізуді, көркем образдылықты, яғни клиенттің шаш үлгісінің, бет пішінінің, оның сұлбасы мен костюмының жалпы үйлесімін анықтауды білдіреді.

Гармония сұлулықты түсінудің негізі ретінде біртұтас заттың бір бөліктерінің үйлесуін, біздің жағдайда адам бейнесін жасайтын эле- менттердің үйлесуін білдіреді. Үндестік композицияның ең маңызды ерекшелігі болып табылады. Үндестік — бұл сұлулықтың ажырамас серігі. Композициялық орталық пен композицияның қалған бөліктерінің үйлесімділігі бірқатар шарттарды орындау негізінде шаш үлгісінің барлық элементтерінің бірлік құралдары мен байланыстары арқылы қол жеткізіледі: бөліктердің өзара үйлесімді сәйкес келуі, пропорциялар, ауқымдылық, икемділік, ырғақты байланыс, түс пен фактура шешімі, әшекейді шектеп қолдану. Композицияның осы құралдары арқылы шаш үлгісінің немесе шаш қиюдың үйлесімділігі мен жарасымдылығына қол жеткізіледі. Оларды қолдану үлгіге қойылатын функционалды және конструктивті талаптарға, сондай-ақ олардың ортамен және адаммен оңтайлы байланысына қойылатын талаптарға бағынуға тиіс.

Бұл композиция біртұтастығының негіз қалаушы заңы болып табылады. Кез келген композиция басты элементтердің, маңыздылығы аз

және қосалқы элементтердің қосындысына негізделген белгілі бір жүйе ретінде қаралуы мүмкін. Осыдан композицияның мынадай заңдарын тұжырымдауға болады:

Күрделі шаш үлгісі жұмыста немесе спорт алаңында орынсыз екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Сол сияқты ресми сипаттағы қабылдауға ұзын бос жіберілген шашпен бару орынсыз екені анық. Композицияда барлығы шаш үлгісінің масқатына сай болуға тиіс. Басқаша айтқанда, шаш үлгісінің практикалық нысанасы оның көркем үлгісінің мазмұны болуға тиіс. Бұл заңды білдіретін үш қағида бар: Кез келген шаш үлгісінің пішіні тікелей өз мақсатына сай болуға, орынды жасалған, яғни шаш үлгісі функционалды болуға тиіс. Мысалы, станокта жұмыс істейтін әйелдің шаш үлгісі қысқа қиылуға не жинақы пішінге ие болуға тиіс, бұл ұзын шаштың қозғалып немесе айналып тұратын станок бөліктеріне оратылып қалу қаупін болдырмайды. Спортпен шұғылданатын әйелдердің шаш үлгісі көбінесе қысқа болады: біріншіден, жарыс қағидаларында (әсіресе спорттың ойын түрлерінде) металдан жасалған түйреуіштерді, шпилькаларды пайдалануға және т.б. тыйым салынады, себебі олар жарақат алуға себеп болуы мүмкін, екіншіден, спортшылар душқа жиі түседі және ұзын шаш ыңғайсыздық туғызады. Шаш үлгісін жасау кезінде оны күтудің ыңғайлығын, оның сақталуын, қолайлылығын, гигиеналық жағын және т.б. қарау қажет. Модельер-шаштараз өз жұмысында ерекше негізгі материал – шашпен жұмыс істейді. Мұнымен шаш үлгісінің композициялық ерекшеліктерінің спецификасы (қандай да болмасын пішін жасаудың техникалық мүмкіндігі ғана емес, композициялық негіздемесі де) түсініледі.

Композиция теориясы қаралатын құбылыстар арасындағы елеулі байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін санаттарға негізделеді. Шаш үлгісінің композициясында тектоника мен көлемдік-кеңістіктік құрылым осындай санат болып табылады.

Тектоника — материал арқылы көрініс табатын конструкция мен пішіннің өзара шарттылығы.

Тектоника заттың материалдық-техникалық мәні қалайша оның көркем пішіні арқылы көрінеді деген сұраққа жауап береді. Пішін арқылы көрініс табатын зат, конструкция және материал тектоника деп аталады. Жаңа тектоникалық пішіндердің пайда болуы зат өндірісінің жаңа материалдары мен жаңа әдістерін игерумен тығыз байланысты.

Шаш үлгісінің кез келген деталі мен оның пішіні жалпы, материалдың, яғни шаштың ерекшеліктері көрінген жағдайда ғана әдемі бола алады. Шаш үлгісі әрқашан шаш үлгісі болып қалуға тиіс. Тірек әшекейлерді, лакты және т.б. көп қолдана отырып, кез келген пішінді жасау қиын емес, бірақ шаштың табиғи сұлулығы көрініп тұратын шаш үлгісі ғана әдемі болып саналады. Шаш үлгісінің ұзақ уақыт бойы қалпын сақтауы және ыңғайлы болуы оны бағалаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Суретші-модельер шаш үлгісінің қандай да бір моделін жасай отырып, алдымен шаш үлгісі шаштың құрылымына негізделуге тиіс екенін басшылыққа алады.

Шаш үлгісін жасау үшін немесе шаш қию үшін шашты таңдаған кезде шебер бірінші кезекте шаштың тығыздығын, массасын, қалыңдығын, түсін ескереді. Шаш өз құрылымы жағынан жұмсақ, жеңіл, жұқа, қалың және т.б. болуы мүмкін. Шаш үлгісінің және шаш қиюдың көркемдік (және практикалық) құндылығы бастапқы деректерді ескере отырып, тиісінше, суретшінің ойын бейнелейтін және үлгінің пішіні мен мақсатына жауап беретін қандай да бір композициялық құралдар мен техникалық тәсілдерді қолдана отырып қамтамасыз етіледі. Шаш үлгісін сәндеу үшін шаштан жасалған бұйымдарды, бижутерияны, лентаны, обручті, гүлдерді, өз шашынан жасалған локондарды, жеке бұрымдарды, түрлі-түсті лактарды және т.б. пайдалануға болады. Әрбір нақты жағдайда кез келген декор түрін пайдалану бастапқы деректерге және шаш үлгісінің мақсатына сай келуге тиіс. Шаш үлгісінің композициясын әрлеу алдында оның сипатын, түрін және орындау техникасын анықтап алу қажет.

Әшекейлер шаштың құрылымдық-фактуралық сапасына (бастапқы сапасына), сондай-ақ шаш үлгісіне қайшы келмеуге тиіс. Көбінесе декоративті әшекейлерді пайдалану, әсіресе сәнді шаш үлгілеріне пайдалану композицияны одан әрі безендіруге емес, шаштың жетіспеуі салдарынан туындайтын шаш үлгісінің кемшіліктерін жасыру қажеттілігіне арналады. Шаш үлгісінің мұндай кемшіліктері эстетикалық тұрғыдан жағымсыз көрінетін артық қайтарылған шаш, бұрым немесе шаштың бастапқы қайтарылу нүктелері, шаш үлгісінің көлемді-кеңістіктік құрылымындағы бос орындар болуы мүмкін. Кемшіліктерді түрлі толықтырулармен жасыра отырып, шаштараздар мұндай кемшіліктерді болдырмауға көмектесетін композициялық «көпір» жасайды. Шамамен осы мақсат үшін шашқа арналған түрлі декоративті түйреуіштер, тарақшалар және т.б. (көбінесе ұзын шаштарға) қолданылады, олар белгілі бір жерлерде шаш үлгісінің детальдарын бекіте отырып, үлгіге қосымша әсемдік береді. Аяқталған композициялық тұтастық болып табылатын тамаша жобаланған үлгіге әдетте, композицияның идеялық бағытын бекіту қажет болған және әшекей үлгінің композициясына біртекті сипат беріп кірігіп тұрған, мысалы, келіннің шаш үлгісіндегі фата немесе гүл, мерейтойға немесе тарихи оқиғаларға арналған салтанатты конкурстың шаш үлгісіндегі эмблема сияқты жағдайларды қоспағанда, ешқандай қосымша әшекей қажет емес. Әшекей өзінің мазмұнымен шаш үлгісінің мақсатын және көркем ойын білдіруге көмектескен кезде ол композициядағы белсенді және көрнекі элемент болады және керісінше, әшекей шаш үлгісінің жалпы мақсатына және бастапқы деректерге сәйкес келмесе, композицияның тұтастығын бұзады. Әшекейлерден басқа, көптеген декоративті құралдар бар. Шаш үлгілерінің детальдарын қалыптастыру конструкция арқылы жүзеге асырылады. Пішін күрделі болған сайын, оны білдіретін конструктивті қима сызықтар да алуан түрлі болады. Мұндай қима сызықтар тік, қисық, дөңес, вертикальды, көлденең немесе диагональ, қысқа және ұзын болуы мүмкін; өзара алуан түрлі қиылысуы да мүмкін. Пішін құру үшін қажет бола отырып, бұл сызықтар оның ажырамас бөлігі болып табылады және үлгінің конструктивті ғана емес, эстетикалық та шешімі бола алады. Кеңістіктегі пішін ерекшеліктері — бұл көзбен көру арқылы қабылданатын барлық белгілердің жиынтығы: геометриялық түр (конфигурация), шама, кеңістіктегі күй, масса, фактура, сурет, түс, жарық. Шаш үлгісінің ерекшеліктері адамның дене пішіні мен киім стиліне негізделеді. Кез келген шаш үлгісінде пішіннің екі түрі бар: шаш үлгісінің негізін, оның көлемін құрайтын пішіндер; осы көлемнің сыртын құрайтын пішіндер, яғни үлгілер. Мұндай декоративті элементтерге түрлі локондар, толқындар, түрлі кекілдер және т.б. жатады. Бірінші түрдің пішіні басты, екінші пішін декоративті болып табылады. Декоративті пішіндер басты пішіндерден тыс жеке дара қолданыла алмайды, сондықтан олар басты пішіндерге бағынуға тиіс. Басты пішіндерді алу мүмкіндігі бастапқы деректерге байланысты. Тиісінше, қандай да бір декоративті шешімді әзірлеу конструктивті әрі эстетикалық тұрғыдан да бастапқы деректермен үздіксіз байланыста болуға тиіс.

Шашүлгісіндекомпозициялықорталықтыңболуыміндетті.

«Композиция орталығы (акцент)» деген ұғым түрліше түсініледі, алайда көптеген жағдайда ол шаш үлгісінің барлық элементтері арасындағы негізгі, маңызды байланыстардың шоғырланған орны деп түсініледі. Қызықты акцент болмаса, композиция біркелі әрі іш пыстыратын болады. Ол жеке адамға, сән мен стильдің бағытына байланысты көзге түсетін және көзге түспейтін болуы мүмкін. Орналастыру орны - бастың кез келген аймағы (желке, маңдай, самай). Шаш үлгісінің немесе шаш қиюдың сұлбасы мен пішіні, пішін сызығы, толықтыру мен безендіру элементтері, шаш құрылымы, кекіл, қайтарылған шаш, шаштың түсі және т.б. акцент болуы мүмкін.

Ырғақ деген ұғым өлшенетін немесе сезім арқылы білінетін элементтердің қалыпты кезектесуін білдіреді, ол пішін құраушы маңызды құралдардың бірі болып табылады. «Ырғақ» деген сөз (грек тілінде rhіthmosот rheo — ағамын) ағысты білдіреді; қандай да болмасын ырғақтың мәні қозғалыс болып табылады.

Қозғалыстағы элементтерді акцентке қарай кеңістікте бөлу ырғақты қалыптастырады. Бейненің мағынасына негізделген көрнекі ырғақ композицияға сәйкестік береді, сезімді білдірудің және образды көріністердің айқын болуына жәрдемдеседі. Ырғақ акценттер мен интервалдардан тұрады, қозғалыс бірқалыпты және бірқалыпты емес, өспелі және кемімелі болуы мүмкін немесе түрлі композиция нысанын жасай отырып (статиканы немесе динамиканы, үндестікті немесе керісінше) кез келген тәртіпте құрылуы мүмкін. Бас кезінде ырғақты игеруде жалпы ритмикалық идеяны, үлкен массалар мен қима сызықтардың басым ырғағын белгілеп алу маңызды. Мысалы, қима сызықтардың эмоционалды мазмұны жоғары, төмен қозғалысты, тыныштық күйді, тұрақсыздықты, ауыспалылықты, үйлеспеушілікті, солғындықты, ұлғаюды және кемуді, бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалысты білдіреді (3.1-сур.). Егер пішіннің бөлінуін кеңістікте қарайтын болсақ, онда шаш үлгісінің пішіні мен көлемінің түрліше өзгеруін көреміз (3.2-сур.): а) бірқалыпты, қайталанатын; б) бірқалыпты, кезектес; в) мойынға қарай ұлғаятын; г) бетке қарай ұлғаятын; д) аралас

(кемитін және ұлғаятын); е) шаш үлгісінің элементтерімен кезектесетін.

Баланс деген ұғым симметрияны немесе асимметрияны құрайтын масса мен көлемнің пропорционалды арақатынасымен байланысты, ал бұл өз кезегінде шаш үлгісінің композициясында динамиканы немесе ста- тиканы қалыптастырады (3.3-сур.).

Симметрия табиғат заңдарының бірі – тұрақтылыққа ұмтылуға жауап береді. Симметриялық баланс — бұл

3.1. -сур. Ырғық деген ұғым: қима сызықтардың эмоционалдық мазмұны:

а—жоғарыға ұмтылу; б — төменге қарай жылжу, құлау; в — тыныштық сезімі; г — тұрақсыздық, жылжымалылық; д — шиеленіс; е — солғындық; ж — кему; з — ұлғаю; и — біркелкілік; к — әркелкілік

3.2. -сур. Ырғақ деген ұғым және шаш үлгісінде пішін көлемінің кеңістікте бөлінуі:

а — бірқалыпты, қайталанатын; б — бірқалыпты, кезектес; в — мойынға қарай ұлғаятын; г — бетке қарай ұлғаятын; д — аралас - кемитін және ұлғаятын; е — шаш үлгісінің элементтерімен кезектесетін

3.3 -сур. Баланс деген ұғым:

а, в — симметриялық баланс; б, г — асимметриялық баланс

тұтас заттың бір жартысының екінші жартысына толықтай тең болуы, шаш үлгісінің пішініне кіретін барлық детальдардың, сызықтардың және композицияның басқа элементтерінің орналасуы мен шамасы жағынан симметрия осіне қатысты толық сәйкес болуы. Бет-әлпет пен желкенің ортасы арқылы өтетін ойымыздағы қима сызықтар шаш үлгісіндегі симметрия осі деп саналады. Композицияны үндестіретін құрал ретінде симметрия көбінесе шаш үлгісінің жекелеген бөліктері мен детальдарының тепе-теңдігін сақтап тұрады, статикалық пішін береді. Симметрия осі тепе- теңдік осі болып табылады, ол кемуі немесе ұлғаюы мүмкін. Біздің жағдайда симметрия — пішіннің қалпын айқындайтын композицияның жарқын әрі бейнелі ерекшеліктерінің бірі, оның көмегімен пішін және композицияның барынша белсенді заңдылығы қалыптасады. Симметрия шаш үлгісіндегі композицияның бірлігі мен көркемдігіне қол жеткізудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. Практикада шеберге кездесетін симметрия ерекшеліктерінің бірі - симметриялық пішінде асимметрияның көрініс табуы. Симметриядан алшақтау пішінді міндетті түрде бұзады деп түсінбеу қажет

3.4-сур.Баланстағы қима сызықтар композициясы

а — симметрия (қалыпты); б — симметриялық [динамикалық]; в — асимметриялық (статикалық); г — асимметриялық (динамикалық); д — асимметриялық (аралас)

Асимметриялық элементті ұтымды қолданған кезде соңғысы қалған көлеммен органикалық тұрғыдан байланысады және композициялық тепе- теңдікке қол жеткізіледі, ал симметриялық композиция жалпы өзіндік ерекшелік пен шынайылыққа ие болады.

Асимметриялық композиция көлем мен детальдарды орталықтан бастап түрлі арақашықтыққа орналастыра отырып, бөліктердің көрнекі тепе-теңдігі есебінен қалыптасады. Асимметрия кемірек статикалық композицияны құрайды, қозғалысты, мазасыздықты, динамиканы білдіреді және көбінесе осыған басымдық беріледі. Асимметриялық пішін тұтастығының басты шарты – бұл оның композициялық тепе-теңдігі. Симметрия мен асимметрияны шебер қолдана білу шаш үлгісінің алуан түрлі пішінін жасауға мүмкіндік береді. Шаш үлгісіндегі аталған ерекшеліктерді қима сызықтар (3.4-сур.) көмегімен қарайық: а) шаш бағыты төменге қарай (бетке қарай), жоғарыға қарай (бет жақтан бастап), симметриялық пішіндес тік айрығы бар шаш үлгісі статикалық және динамикалық композиция құрайды (3.4-сур., а, б); б) шаш бағыты дәл осындай, бүйір жағынан айрығы бар шаш үлгісі асимметриялы статикалық және асимметриялы динамикалық композицияны құрайды (3.4-сур., в, г); в) анағұрлым күрделі және қызықты шаш үлгісін жасау үшін қима сызықтарды құрамдастыруға болады (3.4-сур., д).

3.2. КОМПОЗИЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шаш үлгісіндегі көлемді-кеңістіктік композиция. Композицияның екі түрі бар: көлемді және жазық. Шаш үлгісін көркем безендірумен көлемді-кеңістіктік композиция айналысады. Композицияның мақсаты функционалды және технологиялы шаш үлгілерінің нысандарын жасау, оларға сән мен үйлесім беру болып табылады.

Үлгілеу процесінде көлемді пішін ретінде қандай да бір шаш үлгісін жасау үшін материал ретінде шаш пайдаланылады. Кез келген басқа көлемді зат ретінде шаш үлгісінің пішіні белгілі бір ерекшелікке ие. Пішін сұлба арқылы қалыптастырылады. Шаш үлгісі пішінінің геометриялық түрі (шар немесе шеңбер, доғал, тікбұрыш, трапеция, ромб, конус) маңызды болып табылады. Пішін түрі шаш үлгісінің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеумен айқындалады. Көлем бастың көлемі мен шаш үлгісінің пішініне негізделіп, шектелген диапазонда көрінеді. Егер бастың пішінін қайталайтын тегіс шаш үлгісі мен жартылай жиналған, үлпілдек шашты салыстырсақ, онда соңғысы анағұрлым көлемді болып көрінеді, себебі оның көлемі бас терісінен бастап есептеледі. Шаш үлгісінің көлеміне сырт келбеті әртүрлі жекелеген элементтер мен детальдар қосылады. Шаш үлгісінің элементтері бірлесіп үлгінің жалпы көлемін қалыптастырады және оның пішінінің эмоционалдық ерекшеліктерін білдіреді. Шаш үлгісінің көлемі ұлғаюы немесе кемуі мүмкін, бұл қазіргі сән бағытының талаптарына байланысты. Шаш үлгісі пішінінің көлемділігі туралы айтқан кезде оның құрылымының екі негізгі құрамдауышы: көлем мен кеңістікті атап өтуі қажет, себебі кез келген пішін кеңістікпен өзара іс-қимылда болады.

Шаш үлгісі құрылымының көлемді-кеңістіктік белгілері бойынша шартты түрде үлкен үш негізгі топқа бөлуге болады:

Пішін массасы туралы ұғым. Пішін массасы — шаш үлгісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің: кекіл, түйіншек, түйін және т.б. пішінінің көзге көрінетін мөлшері.

3.5. сурет. Шаш үлгісінің көлемін анықтау

а - сүйір құрылым, б – көлемді құрылым, в – көлемді және сүйір құрылым

Шашты безендіру кезінде массивтіліктің орны ерекше, себебі геометриялық түр, шама, түс; басқа сипаттамалардың өзгеруі сияқты шаш үлгісінің пішінін сипаттайтын көптеген факторларды композициялық тұрғыдан біріктіреді. Шаш үлгісінің массасы тұрғысынан осы факторлардың өзара байланысы қалайша көрініс табады? Ең алдымен масса көлемді-кеңістіктік құрылымға байланысты: шаш үлгісінің құрылысы монолитті болған сайын, соғұрлым массивті болады. Сондай-ақ шаш үлгісінің ауырлығын бағалау адамның бет пішініне қатысты қандай да бір детальдардың орналасуына байланысты. Мысалы, төбе бөлікте орналасқан түйіншек шаш үлгісін ауырлатып тұрады. Қарақұстың төменгі бөлігінде орналасқан дәл осындай түйіншек шаш үлгісінің пішінін айтарлықтай жеңілдетеді. Тік шаш бигудимен бұйраланған шашқа қарағанда әрқашан жеңілірек көрінеді. Көлемді шаш үлгілері шағын жинақы үлгілерге қарағанда айтарлықтай ауыр көрінеді. Жеңіл бұйраланған шаш пен шағын әшекейлер шаш үлгісін жеңілдетеді, ал көлемді немесе қалың таралған шаш монолит пішінге ұқсап тұрады. Жалпы пішін массасының өзгеруі элементтердің, детальдардың, әшекейлер мен оның құрамдас бөліктерінің шамасы мен сипатына байланысты. Масса шаш түсі мен фактурасына да байланысты: бұл элементтер шаш үлгісінің сыртқы пішіні мен көрнекілігіне айтарлықтай әсер етеді. Материал ретінде шаш фактурасы (қалың немесе жұқа, тік немесе бұйра, табиғи немесе боялған және т.б.) шаш үлгісінің қандай да бір пішіні қалай көрінетініне байланысты.

Шаш түсі мен фактурасын ескеру әсіресе шаш үлгісінің пішіні мен детальдарын таңдау кезінде маңызды. Мысалы, жұқа ақшыл шаштан жеңіл локондарды пайдаланып, көлемді шаш үлгісін жасауға болады. Ақшыл шаш түстері пішінге жұмсақтық, жеңілдік сезімін береді. Осы детальдар қара шаш үлгісінде орынсыз көрінеді, мұндай шаш үлгісі шашыраңқы болып тұрады.

Қалың қара шаш шағын монолитті пішіндерді талап етеді, мұндай шаш үшін жеңіл бұйра шаш пайдаланылмайды. Қара шаштан жеңіл шаш үлгісін жасау үшін айқын детальдарсыз қысқа шаш үлгісі ұсыныады. Қара түс шаш үлгісінің көрнекілігін күшейтіп, композицияны жақсы ұстап тұрады, сондықтан қара шаштан жасалған шаш үлгілері детальдылықты жоғалтып, шағын және монолитті болып қалады.

Шаштың түс пен фактура ерекшеліктерін оңтайлы қолдана білу шаштараздар үшін пішін композициясын жасау үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

Пішінді қабылдау да симметрия мен асимметрияның рөлі.

Композициямен жұмыс істеу кезінде шаштараз түрлі шаш үлгісін жасау барысында үнемі түрлі симметрия мен асимметрия көріністеріне кездеседі. Шаш үлгісінің кез келген бастапқы бөлігін жасауда бет-әлпеттің ортасы арқылы тік өтетін симметрия осі болады. Бірақ бұл ось шаш үлгісінің пішінін ұйымдастыруда белгілі бір композиция жасай отырып, түрлі дәрежедегі белсенділікпен қатысады.

Композициялық тепе-теңдікке қол жеткізу тұрғысынан симметрияның кейбір ерекшеліктерін және симметриялық пішіндегі асимметрияның рөлін қарайық, себебі дәл осылар шаштаразға практикада кездеседі. Шаш үлгісінің жалпы көлеміне ассимметриялық элементтерді қосу өзіндік ерекшелік пен шынайылық береді. Симметриялық пішінде асимметрияның нақты көрініс табуы алуан түрлі, кейде тіпті күтпеген сипатта болуы мүмкін, алайда кейбір жалпы сипаттағы негіз қалаушы заңдылықтарды анықтауға болады.

Айталық симметриялы емес, біршама амфорлы шаш үлгісі (3.6-сур., а) теріс көзқарас туғызбайды: пішінді ұйымдастыру қағидатын сезбейміз, сондықтан оған соншалықты назар аудармаймыз. Алайда осы сұлбаға сол және оң жақты белгілеп тұратын детальдарды қоссақ (3.6-сур., б, в), мұндай пішінге көзқарасымыз бірден жағымсыз жаққа қарай өзгереді және құрылым бірден көзге түседі. Симметрия осін ескермей, бүйір жақ көлемнің мөлшерін біршама өзгерткеннің өзінде пішін жағымсыз көрінетін болады (3.6-сур.,г,д). Симметриялы пішінді біржақты өзгертуге жол берілмейді. Пішіннің дұрыс шешімі 3.6, е. суретінде көрсетілген.

Осылайша, кейбір қағидаларды атап өтуге болады. Осьтің ықпалы күшті болған сайын, симметрия соғұрлым күшті «жұмыс істейді». Мұнда орналасқан айрықтың симметрия осі ерекше назар аударады. Пішіні жағынан бірдей және осьтен бастап бірдей арақашықтықта орналасқан детальдар симметрияның күшті әсерін білдіреді. Мұндай шаш үлгілеріндегі

тепе-теңдік екі жақтың бірдей болуынан туындайды (3.6-сур., ж). Симметриялы пішінге кіретін детальдарды әзірлеу кезінде болмашы асимметрияға жол беріледі; мұндай ауытқулар тектоникалық тұрғыдан негізделуге және анық көрінетін симметриялы сұлбаның шегінен шықпауға тиіс. Ось неғұрлым аз көрінген сайын, шаш үлгісінің сыртқы контурының симметриялығын сақтау кезінде соғұрлым асимметриялы детальдарды әзірлеуге болады.

3.6. -сур. Шаш үлгісінің пішінін қабылдау — осьтің ықпал етуі:

а — жағымсыз көзқарас туғызбайды; б, в — теріс көзқарас туғызады: г, д - пішіннің жағымсыз көрінуі; е — пішіннің дұрыс шешімі; ж — қатаң симметриялы шаш үлгілері; з — симметриялы шаш үлгілері

Шаш үлгілерінің пішіні асимметриялы детальдар болған кезде барынша тепе-тең болып көрінеді (3.6-сур., з), себебі детальдар сыртқы түрі жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді, бір-біріне барабар: көлемі жағынан бір-біріне тең (оларды жасау кезінде бірдей бигудилер пайдаланылуға тиіс, нақты немесе болжамды тік айрықтан біркелкі арақашықтықта орналасуға тиіс) және ең маңыздысы, олардың массасына көзбен баға берген кезде де бірдей болып көрінеді (осы детальдарды жасау үшін пайдаланылған шаш көлемі бірдей болған кезде шаш тараудың бір тәсілі мен техникасы қолданылады).

Тектоника тұрғысынан ешқандай бұзушылықтар көріп отырған жоқпыз: суретте біркелкі көлемді пішін жасамайтын бұрымның ұштарын бір техникамен өңдеген кезде (бұл жерде шаштың ұштары олардың біркелкі болуын анықтайды), тараған кезде 3.6-суретте көрсетілгендей болады. Детальдарды жасаудың түрлі техникасы симметриялы шаш үлгісінің өзінде тепе-теңдік сезімін туғызбауы мүмкін, детальдардың бір-біріне толық қарама-қайшылығын, үйлесімсіздігін туғызуы мүмкін. Кекілдің бір жағы ұсақ бигудимен, ал екінші жағы ірі бигудимен жасалған шаш үлгісі кезінде симметриялы контур тепе-теңдіктің бұзылуын одан бетер көрсетіп тұрады. Бұл жағдайда симметрияның осін ерекшелеп тұратын тік айрықты өзгертсе, маңдай-самай бөлігінің симметриялы болмауы бұзушылық емес, жай ғана шаш үлгісінің симметриялы композициясына ерекшелік беріп тұратындай етіп көрсетуге болады.

Шаш үлгісі оғаш әрі аяқталмаған болып көрінбес үшін симме- триялы композицияға асимметриялы детальдарды абайлап енгізу керек екенін ұмытпаңыздар. Симметриялы негізді бұзудың шегі болуға тиіс, осы шектен тым алшақтауға болмайды. Практикада алдынан қарағанда сұлбасы симметриялы болып көрінбейтін шаш үлгілері асимметриялы болып саналады. Кез келген басқа композиция симметриялы болып саналады. Симметриялы емес детальдарды симметриялы шаш үлгісіне енгізу кезінде кейбір қателіктерді түзету үшін осы детальдарды аз ғана өзгерту жеткілікті. симметрия осі көрінбес үшін маңдай-самай бөлігінің орталық аймағын тарап қоюға болады. Композициялық қателікті түзету үшін кейде екі бұрымның ұшын түзету немесе босату жеткілікті. Ашық түсті шаш иелерінің шаш үлгісінде кейде локонды түзету жолымен де қателіктерді түзетуге болады, себебі локон көлеңкесінің орналасуы және оның шамасы пішін тепе-теңдігі үшін орасан зор мәнге ие. Бірақ бұл тәсілді абайлап қолдану қажет, себебі бір ғана қате түсіп қалған көлеңке барлық еңбекті зая кетіруі мүмкін. Шашты безендіру кезінде шаш үлгісіндегі жарық пен көлеңкенің арақатынасының бірдей болуын байқап отыру керек; шаш үлгісінің бір жағында көлеңке, екінші жағында жарық басым болуына жол бермеу керек. Көлеңке мен жарыққа қарамастан, сұлба сызығы өзінің үздіксіз болуын жалғастыруға тиіс. Сыртқы түрі пішіннің барлық өзге детальдарымен қарама-қайшы асимметриялы элементтерді шаш үлгісіне қосу жағдайы өзгеше. Бұл элементтер әдетте басты мағыналық мәнге ие: қоршаған адамдардың басты назары ерекше көзге түсіп тұрған, бірақ толығымен үйлеспейтін детальдарға ауады, сондықтан шаш үлгісінің сұлбасы симметриялы болмауға тиіс. Мұндай шаш үлгілеріндегі асимметриялы элементтер мағыналық акцент рөлін сақтап, жалпы көлеммен үйлесімді болуға тиіс, бұл қағидадан сәл ғана ауытқу барлық пішін үшін орасан зор қателік болуы мүмкін.

Пішіндердің симметриялығы әдетте шаш үлгісі иесінің қарапайымдылығын, байсалдылығын білдіреді. Сондықтан жас қыз үшін мұндай шаш үлгісінің пішіні орынсыз болуы мүмкін. Шаш үлгісіне енгізілген асимметриялы элементтер оның мазмұнын ерекшелендіріп, адамның мінезін анық көрсете алады.

Заманауи сәнді шаш үлгілерінде көптеген модельдерде қолданылатын және барлық композицияның мағыналық акценті болып табылатын детальдар жиі кездеседі. Бірақ адамның бет пішіні мен оның бояуының ерекшеліктеріне байланысты кейде композицияда сәнді детальдарды басым ете бермеу керек. Ол шаш үлгісінде қалуы мүмкін, бірақ біршама күңгірт тартып, шаш үлгісінің қалған сызықтарында еленбей қалуы мүмкін.

Шаш үлгісіне асимметриялы детальдарды енгізу жақсы дамыған түйсікті талап етеді, керісінше жағдайда шаш үлгісі орынсыз көрінуі мүмкін. Шаш үлгісіне симметриялы емес элементтерді енгізу адамның бетіндегі симметрияның табиғи осімен дәл тепе- тең болуға тиіс.

Асимметриялы шаш үлгілерінде шаш фактурасы мен түсінің маңызы симметриялыға қарағанда ерекше. Шашты қатты бұйралау немесе керісінше, шаштың ұшын түзету шаш үлгісін бұзатын орасан зор қателік болуы мүмкін. Мелирленген шаштағы түстердің құбылуы да ойластырылған композицияда орынсыз көрінуі мүмкін. Асимметриялы деталь неғұрлым назар аудартқан сайын, соғұрлым көлемі жағынан үлкен бола бермек. Осыған сәйкес қарама-қарсы жақтағы теңестіруші деталь көлемі жағынан шағын, көзге түспейтін және түсі жағынан ашығырақ болмауға тиіс, себебі бұл шаш үлгісінің пішінін толықтай бұзады. Сондықтан мелирленген немесе түс жағынан біршама ерекшеленетін шаш ірі асимметриялы детальдарда болғаны дұрыс, ал бүйір жағында тұрған теңестіруші деталь қалған шаштың түсімен сәйкес келуге тиіс. Асимметриялы шаш үлгілерінде шашты желке тұсынан көтеру ұсынылады, себебі пішінді теңестіруге көмектеседі. Асимметриялы шаш үлгілерімен жұмыс істеу кезінде ескеру қажет пішінді айқындайтын тағы бір деталь – динамикалылық. Бір жаққа қарай бағытталған, кеңістікке күрт еніп кететін пішін динамикалық пішін болып саналады. Егер динамикалылық анық көрінген болса, онда ол композициядағы негізгі кезең бола алады. Қандай бір жаққа қарай динамикаға ұмтылу айқын көрінетін мұндай шаш үлгілерінде шаштың бағыты тараған кезде пішіннің геометриялық бағытына қарама-қайшы келмеуге тиіс.

Шашты басқа жаққа қаарй тарап, шаш үлгісіне динамикалылық пен тепе-теңдік беруге болады. Сол жақ пен оң жақ пішіндердің диаметральды қарама-қайшылығы да шаш үлгісіне тепе-теңдік береді. Айталық, бір жақтың шашы біршама жоғарыға, ал екінші жақтың шашы төменге қарай бағытталған шаш үлгісі барынша тепе-тең болып көрінеді.

Шаш үлгісінің пішіні профильді сұлбада серпінді болуға, бірақ анфас жағынан статикалық және тұрақтылық белгісін сақтауға тиіс. Егер шаш үлгісінің айқын ауыртпалық орталығы болса, ол статикалық болып саналады. Айталық, бас төбесіндегі көлемді түйіндер толығымен статикалық, дегенмен мұндай шаш үлгілерінде кекіл мен бүйір жақтарын безендіру кезінде кез келген асимметриялы элементтерді пайдалануға жол беріледі.

Көтерілген шаш статикалық және тепе-теңдік сезімін қалыптастырады, себебі бақылаушы көтерілген және бекітілген шаштың қозғалып кету мүмкіндігіне сенбейді. Сусымалы шаштан көтерілмей жасалған шаш үлгісі толық симметриялы пішіннің өзінде серпінділік пен еркіндік сезімін туғызады, себебі ішінара немесе толығымен өз пішінін өзгерте алады. Осы себепті қатты бекітілген детальдар мен тарап көтерілмеген сусымалы шаш үйлестірілген шаш үлгілерінің пішіні табиғи болып көрінбеуі мүмкін, ал толығымен монолитті шаш үлгілері немесе керісінше толығымен сусымалы шаш үлгілері ешқандай теріс эмоция туғызбайды.

Көлемді және табиғи элементтер өзара үйлесе алады, бірақ шектеу сезімі болуға тиіс, ал шебер қай деталь басым болатынын айқын білуге тиіс. Шаш үлгісінің образды мазмұнын білдіру үшін симметрияның немесе асимметрияның тиісті осін, шаш өңдеудің алдын ала техникасын, шаш үлгісінің ерекше элементтерін, композициялық орталықтың орналасуын таңдау қажет және шебер осыны қаншалықты дұрыс шешсе, шаш үлгісінің эмоционалды әсері көрерменге соншалықты әсер етеді.

Сұлба мен пішін ұғымы. Шаш үлгісінің сұлбасы үлгіні анфас және профиль жағынан қабылдау кезінде шаш үлгісінің көлемді пішіні мен кеңістік арасындағы шекарада көрінеді. Сұлба шаш үлгісінің көлемі туралы да бірқатар түсінік береді.

Сұлба — бұл контурлармен айқын шектелген шаш үлгісінің көлемді пішінін жалпы көзбен көріп қабылдау.

Түрлі үлгілерді сипаттау, оларды салыстыру және бағалау үшін «шаш үлгісінің сұлба пішіні» деген ұғым пайдаланылады.

Шаш үлгісінің сұлба пішіні — бұл үлгі проекциясын экранда фронталды және профильді бейнелеу.

Ол шеңбер, доғал, төртбұрыш, конус, трапеция, тікбұрыш немесе басқа геометриялық фигуралар пішінімен сипатталады. Геометриялық сипаты жағынан пішіннің беті тік сызықты және қисық сызықты, дөңес және еніс, тегіс және сынық болуы мүмкін. Сынық беттің барынша айқын мысалы арнайы гофраланған қысқыштармен бұйраланған толқынды шаш бола алады. Түрлі пішін беттерін үйлестіру пішіннің және шаш үлгісі сұлбасының жалпы көрнекілігін күшейтуге ықпал етеді. 3.7 және 3.8- суреттерде қысқа және ұзын шаштың түрлі үлгілеріне арналған сұлбалар мен пішіндерді айқындау техникасы көрсетілген.

3.7.-сур. Қысқа шашта шаш үлгісінің сұлбасы мен пішінін айқындау: а — тікбұрыш; б — трапеция тәріздес (негізі төмен қарай); в — трапеция тәріздес (негізі жоғары қарай); г — үшбұрыш; д — шар тәріздес; е — доғал

Қиылған шаштың сыртқы пішіні тікбұрыш, трапеция тәріздес (негізі төмен және жоғары қарай), үшбұрыш, шар тәріздес және доғал фигуралармен көрсетілген.

3.8. -сур. Ұзын шашта шаш үлгісінің сұлбасы мен пішінін айқындау: а — пішіннің ось бойымен орналасуы: вертикаль, горизонталь, диагональ; б — асимметриялы пішін; в — профиль сұлбасындағы пішін түрі (доғал, шар, конус, тікбұрыш)

Бұл пішіндер шаш қиюдың талдауы және технологиясы кезінде құрылым негізін айқындайды. Ұзын шашта сұлба доғал, шар, конус фигурасында көрінеді. Пішін құру үшін түрлі осьтерді (вертикальды, горизонтальды, диагональды) пайдалану арқылы кез келген шаш үлгісінің түрін жасауға болады. Шаштың көлемі мен басқа жабысып тұру дәрежесі бойынша барлық сұлба шартты түрде үш топқа бөлінеді: Шаш үлгісінің бұл ерекшеліктерін салыстырғанда оларды екі немесе одан көп пішіннің арақатынасы ретінде қарау қажет. Бұл ретте түрі жағынан біртекті шаш үлгілерін және олардың құрамдас бөліктерін ғана шамасы жағынан салыстыруға болады.

Түрлі шаш үлгілерінің жалпы пішіні екі және одан көп бөліктерден тұруы мүмкін (мысалы, кекіл мен түйін). Көп немесе аз айырмашылық қағидаты бойынша осы бөліктер пішінінің шамасын салыстыру көптеген шешімдер береді.

3.9. -сур. Сұлба ерекшеліктері:

а — скульптуралы (жабысып тұратын); б — декоративті; в — жартылай жабысып тұратын

Бір пішінді екінші пішінмен салыстырғанда өлшемде айырмашылық айқын көрінген сайын, жасалатын шаш үлгісінің пішіні де көрнекі болады. Композициямен жұмыс істеу кезінде үлкен және кіші шамаларды қарама-қарсы салыстыру әсері жиі қолданылады. Бұл ретте пішін шамасы иллюзиялық тұрғыдан ұлғаяды немесе азаяды. Мысалы, үлкен пішінді құрайтын ұсақ детальдар оны одан әрі көрнекі түрде ұлғайта түседі, ал осы детальдар ірі жерде дәл сол пішінді азайта түседі.

Пішін мен деталь шамасы сән талаптарымен үздіксіз байланыста болады.

Шаш үлгісіндегі сызықтарды жіктеу және сипаттау. Шаш үлгісінің композициясы тік, қисық сызықпен және сынық сызықпен сипатталады. Шаш үлгісінде сызықтың негізгі төрт тобы бар: сұлбалы немесе контурлы; конструктивті; декоративті; конструктивті-декоративті.

Сұлбалы немесе контурлы сызықтар шаш үлгісінің немесе шаш қиюдың сыртқы пішін сызбасын қалыптастырады, көлемділік дәрежесі туралы жалпы түсінік береді, пропорцияны айқындайды және сән бағытын көрсетеді, олардың сипаты композицияның мағынасын ашуға ықпал етеді. Контурлы сызықтар жекелеген детальдарды да, жалпы пішінді де жасау кезінде түсінік береді.

Конструктивті сызықтар — бұл пішін жасау үшін пайдаланылатын жұмыс сызықтары. Конструктивті сызықтарды кейде технологиялық сызық деп атайды.

Оларға шашты айрықтарға бөлетін сызықтар, аймақтар, блоктар; шаш қимасы түрінде қатысатын сызықтар; шаш үлгісінің алдағы пішінін айқындайтын сызықтар және т.б. жатады.

Сәндік сызықтар пішін жасауда шешуші болып табылады. Оларға түрлі әрлеу, локон элементтері, анағұрлым күрделі конфигурация детальдарының элементтері арқылы жасалатын сызықтар жатады. Егер контурлы сызба үлгі туралы, айталық оның сәнді сипатын анықтай отырып, түсінік беретін болса, сәндік сызықтар пішін жасауға қатыса отырып, шаш үлгісіне көркем ерекшеліктер, яғни жеке дара сипат береді.

Конструктивті-сәндік сызықтар — бұл қос жүктемесі бар көзге көрінетін конструктивті сызықтар: бір жағынан олар пішін жасау құралы ретінде қолданылса, екінші жағынан үлгінің эстетикалық шешіміне тікелей қатысады.

Толықтай ырғақты толқындар арқылы жасалған скульптуралы пішіндегі шаш үлгісін бағалау конструктивті-сәндік сызықтар жұмысының қосалқы сипаты туралы нақты түсінік береді. Толқын тәріздес кез келген толықтырулар, олардың шамасының өзгеруі және басқа детальдарды қосу үлгінің қарапйымдылығына, оның қатаңдығына, (динамикаға) және тыныштыққа (статикаға) ұмтылуына әсер етеді.

Осылайша, үлгі композициясын әзірлеуде қолданылатын барлық сызықтар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, түрлі дәрежедегі қосарланған сипатқа ие: конструктивті сызықтар сәндік сызықтар рөлін атқара алады; сәндік сызықтар шаш үлгісі пішінінің бет жағын жасай отырып, жалпы пішін жасауға қатысады (декоративті жиек сызықтар мысалы сұлба контурының бір бөлігі болып табылады) және шаш үлгісі сұлбасының өзі сәндік болады. Бұл барлық сызықтар ортақ композициялық оймен өзара байланысты және өзара негізделген болуы тиіс екенін білдіреді. Үлгі композициясының көркем шешімінде кез келген осы сызықтар басты болуы, яғни негізгі сәндік -көркем жүктемені көтеруі мүмкін, осының нәтижесінде осыларға қарағанда басқа да сызықтар белгілі бір шамада қосалқы, бағынышты сипатқа ие болуға тиіс.

Қосалқы сызықтар басты сызықтардың туындауына негіз болады не шаш үлгісінің формальды түрде аяқталуына қатысады. Композицияның мақсатына, идеясына, тақырыбына байланысты кейде сұлбалы немесе тіпті конструктивті сызықтар негізгі сәндік-көркем жүктемені көтереді, композициядағы олардың рөлі біршама өзгеріп, ауқымды эстетикалық құндылыққа ие болады.

3.3 ШАШ ҮЛГІСІНІҢ БАСТЫ БӨЛІГІНІҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ

Шаш үлгісінің пішінін безендіру кезінде шебер бас бөлікті жасауға ерекше назар аударуға тиіс, себебі дәл осы бөлік адамның бет-әлпетімен үйлесіп тұрады, ал бет-әлпет адамның көркем-психологиялық образын бағалауда орасан зор, көбінесе айқындаушы рөл атқарады.

Жалпы бет пішіні, терінің ерекшеліктері (түсі), детальдардың (маңдай, жақ, көз, мұрын, иек) пішіні мен мөлшері, олардың пропорционалдығы және өзара орналасуы, ым, өзіндік бояну және басқа ерекшеліктер – осының барлығы жиынтығында адамның бетіне өзіне ғана тән ерекшелік береді, бет-әлпеттің қимыл-қозғалысын білдіреді.

Әр адамда бет-әлпеттің қимыл-қозғалысы өзгеріп отырады және мінез-құлыққа байланысты осы өзгерістер өте жылдам (немесе баяу) жасалауы мүмкін, бірақ әр адамда қандай да бір негізгі, өзіне ғана тән бет- әлпеттің қимыл-қозғалысы болады. Портрет салатын барлық суретшілер портреті салынып отырған адамның бет-әлпетінің осы негізгі ерекшелігін көрсетуге тырысады.

Кейде суретші бет-әлпеттің барлық детальдарын өте дәл салып береді, дегенмен портрет адамның өзіне ұқсамай шығады. Шаш үлгісі адамның бет-әлпетіне жараспай тұрса, осыған ұқсас жағдайды шаштараз жұмысынан да байқауға болады. Көптеген жағдайда бұл шаш үлгісі пішінінің образды көркемдігі, сызықтар символикасы, пластикасы және басқа да композиция ерекшеліктері адамның бет-әлпетінің басты ерекшелігімен өзара байланысы жоқ екенін білдіреді.

Қолданыстағы барлық түзету жүйелері, яғни бет-пішінге қатысты шаш үлгісі детальдарының орналасуы мен шамасы жөніндегі ұсынымдар кемшіліктерді жасыру мақсатында объективті, бірақ тым жалпылама сипатқа ие және модельердің практикалық қызметіне жеткіліксіз. Себебі«кемшіліктер» деген үғым жалпылама сипатта барынша шартты болып табылады: мысалы кең маңдай Қайта өркендау дәуірінің кейбір шаш үлгілерін жасау үшін қажет, кең иек – қажырлы адам образының таптырмас атрибуты, кішкентай көз шығыс стиліндегі образбен тамаша үйлеседі және т.б. Бұдан басқа, көптеген адамдар өздерінің кемшіліктерін көркемдікке айналдырып, арнайы ерекшелеп тұрады. Ұзын мойын, мысалы жас қызға тартымды нәзіктік береді және мойынды ұзын шашпен жасырудың орнына, жас қыз шашын қысқа етіп қияды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Басқаша айтқанда, бет әлпетін әрлей түсетін шаш үлгісінің пішіні мен детальдардың образды көрнекілігі басты назарда қала бермек, түзету қажеттілігі нюанстау кезеңінде ғана туындайды.

Әрбір сән белгілі бір әлеуметтік-психологиялық образдарды белгілеуге арналған өзінің өлшемдік қатынастар жүйесін ұсынады. Егер бүгінгі күн тұрғысынан 1960 жылдардағы шаш үлгісіне қарасақ, бізге өте үлкен, бет-әлпетіне қатысты пропорционалды емес детальдарды көреміз.

Шаш үлгісінің ауқымы (және кейінгі барлық пропорционалды арақатынастар) модульге байланысты, оның мөлшерін сән мен адам сұлулығының эстетикалық идеалы айқындайды. Белгілі бір сәннің қолданылуы кезінде идеал жасау үшін ерінді далаппен бояу талап етіледі, екінші біреуінде үлкен ерін қажет болады. Алдымен әлемнің барлық қыздары көздерін ұзарта бояп, «египеттік көздерді» әсемдікке айналдырды («Клеопатра» фильміндегі Элизабет Тейлордың гримі), кейіннен Одри Хэпберндікі сияқты дөңгеленген көз сәнге келді. Әрбір сән өз пайдасына беттің табиғи пропорциясын бұзады, біресе көзге, біресе ерінге және т.б. баса назар аудартады. Мұндай көркем-мағыналық акценттер көбінесе сәнді шаш үлгісімен жиынтықта «бет кемшілігін» (қолданыстағы сән тұрғысынан кемшілікті) жасыруға жәрдемдеседі.

Тиісінше, түзету туралы барлық әңгімелер, яғни шаш үлгісінің пішінімен бет кемшілігін өтеу белгілі бір образ (көбінесе қандай да бір сән идеалы) шеңберінде біздің айтуымызша, «бетпен жұмыс істеу» туралы әңгіме қозғалғанда ғана орынды. Бұл жұмыс екіжақты сипатқа ие: бір жағынан жоспарлап отырған шаш үлгісінің сәнді пішінін нақты бір адамның бетіне қатысты пысықтау керек, екінші жағынан – беттің өзі және жеке адамның өзі пішіннің, детальдың, оның құрамдас бөліктерінің сипатына ықпал етеді.

Жаппай енгізу үшін жаңа шаш үлгісі әзірленгеннің өзінде оны қандай да бір жалпы жинақталған бетке байланыстырып қояды, ол шын мәнінде өзіне тән бояумен, пропорционалды ерекшеліктерімен көзге түсетін сәнді идеал, белгілі бір көркем образды білдіретін, бет-әлпеті қазіргі уақытта да әдемі болып көрінетін идеал болып табылады.

Тиісінше, бет-әлпетті әрлейтін барлық детальдар мен шаш үлгісінің пішіні жалпы бір жағынан, сән талабына жауап беруге тиіс, екінші жағынан адамның жеке басына сәйкес келуге тиіс (осы сән немесе тарихи стиль үшін), бұл ретте осы сәйкестіктер детальдардың пішінін, олардың мөлшерін (түс болуы мүмкін), оларды әзірлеу техникасын және шаш бағытын, сәнді сұлба (анфас және профиль) шеңберінде оларды жинақтауды қамтиды, бұл жиынтығында адамның образына белгілі бір стиль береді.

Жалпы стильді түйсіну ғана шаш үлгісімен жұмыс істеуде жемісті нәтиже береді. Көбінесе бұл осы стильге тән және тиісті техника (және технология) арқылы жасалатын нақты пішіндерді жасауды білдіреді.

3.4. ШАШ ҮЛГІСІНДЕГІ ТҮСТІҢ МАҢЫЗЫ

Түстің адамға эмоционалды әсері баршаға белгілі, сондықтан шаш үлгісінің образды көрнекілігі көбінесе үлгі түсінің шешіміне байланысты (табиғи түс ретінде, яғни шаштың өз түсі, сонымен бірге арнайы боялған түс). Кез келген шаш үлгісі нақты бір адамда ғана көрінетіндіктен, ол біртұтас үйлесімді жүйе құрауға тиіс. Шаш үлгісіндегі шаш түсі, өзіндік бояу, киімнің түс ерекшеліктері - осылардың барлығы көркем образ жасауға қызмет етуге, оны шаштараз өз жұмысында ескеруге тиіс. Бұл үшін түстің адамға психофизиологиялық әсерін білу қажет және керекті шаш түсін ала білу қажет. Бізді қоршаған әлемде көптеген бояу түрлері кездеседі. Ғылыми деректер бойынша адамның көзі 10 миллион түсті ажыратуға қабілетті. Бұл ретте кейбір адамдар бір түсті қаласа, екіншісі мүлде қарама-қайшы түске басымдық береді. Қандай да бір түсті қалау адамның мінезі мен рухани дамуына тікелей байланысты екені байқалды. Мысалы, күлгін түсті табиғаты эмоционалды, әртіс адамдар жақсы көреді, ал жасыл түсті барынша бірқалыпты адамдар ұнатады. Интеллектуалдар сары түсті жақсы көреді. Қызыл түс экстраверт — сыртқы әлемге және ондағы қызметке қызығушылығы басым адамдар типін сипаттайды. Интроверт — ең алдымен өзінің ішкі жан дүниесі, өз эмоциясы мен қайғысы қызықтыратын адамдарға көбінесе көгілдір түс жақын. Кейбір психологиялық тестер адамның қандай түсті қалайтынына негізделгені бекер емес.

Адамның психологиялық образы шаш түсін таңдаумен байланысты: қызыл, күлгін сары отпен байланысты, мұндай түс иесі сарқылмас энергияға ие, сексуалды, еліктіргіш; қара түс – түн, қараңғылық, қайғы түсі, қатал, жұмбақ, шешімге толы жанның образын білдіреді; ашық түсті шаш иесі күннің көзіне, періште образына ұқсас, нәзік, ақылды, байсалды, кейде суық; қызыл сары түсті шаш иесі романтик, армандаушы, сонымен бірге жұмысбасты адам образымен сипатталады.

Бізді қоршаған түстер психологиялық образды ғана емес, сонымен бірге біздің эмоционалды күйімізге де зор әсерін тигізеді.

Түс екі топқа бөлінеді: хроматикалық (қызыл, күлгін сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) және ахроматикалық (қара, сұр, ақ). Адамның образын да тоналдылық пен түске бөлуге болады (параметрлері шаш, тері, көз болып табылады). Адамның тұлғасы қарама-қайшы, жақын және аралас болуы мүмкін.

Шаштараз жұмысының ерекшелігі түспен байланысты. Шаш үлгісін жасау немесе шаш қию алдында шебер композициялық ойды іске асыру үшін алдымен керек түсті таңдайды. Түс шаш үлгісінің кейбір детальдарының жақындығын немесе алыстығын қабылдау үшін елеулі рөл

атқарады, сондықтан беттің кейбір кемшіліктерін түзету үшін, сондай-ақ пішінді көзбен қабылдау иллюзиясы арқылы батыл және қайталанбас шаш үлгісін жасау үшін түс палитрасын тиімді қолдануға болады. Ашық әрі жылы түстерге боялған детальдар адамға жақындай түсетінін және көлемі ұлғая түсетінін, ал күңгірт әрі суық түстер детальдарды кішірейтетінін есте сақтаңыздар.

Шаш бояу кезінде түсті қабылдау айналадағы түстерге байланысты өзгеріп отыратынын ескеру қажет. Айталық, ашық түс аясында барлық түстер күңгірт тартады, күңгірт түс аясында ашық бола түседі. Сондықтан шашы жұқа адамдар жұмсақ түстерді таңдаулары тиіс, себебі шашты күңгірт түске бояған кезде бастың ақ терісі көрініп қалады. Сондай-ақ кез келген түс басқа түс аясында неғұрлым жарқын реңкке ие болады не керісінше, өзінің қанықтығын жоғалтады. Мысалы, алтын түстес шаш көк киімнің аясында анағұрлым ашық, ал шашы бидай өңді қыздың көгілдір көздері одан да ашық көк болып көрінеді.

Түс жарықтың түсуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Электр жарығы кезінде шашы бидай өңді қыздың алтын түсі солғын тартады, жұмсақ түстер күңгірт тартады немесе жасыл реңкке ие болады, ал қызыл мен күлгін сары түстер ағарып, жарқындана түседі. Түс үндестігін жасау кілті түс заңын түсіне білуде. Жас ұлғая келе шаштың түсі өзгеретінін түсіну керек. Көптеген адамдар жас кездеріндегі шаш түсін қайтарғылары келеді, олар терінің пигментациясы жас ұлғая шаш пигментациясы сияқты өзгеретінін түсінбейді. Егер жас кезіндегі шаш түсі қайтып келсе, тері арасында бірден көзге түсетін қарама-қайшылық туындайды, бұл мүлдем қолайсыз болады. Шашты бояу кезінде тонды таңдау терінің түсіне байланысты. Терінің табиғи түсін мойынның маңайынан айқындау оңай. Терінің түсі зәйтүн түстес, қызғылт, алтын түстес және бейтарап болады. Зәйтүн түсінің негізінде сұр, жасыл және сары реңктер жатыр. Терісі зәйтүн түстес клиенттерге суық және бейтарап реңктер жарасымды. Терісі қызғылт әйелдерге жылы реңктер ұсынылмайды. Алтын түстес реңктің негізінде қоңыр, алтын немесе шабдалы түстес реңктер бар. Алтын түстес тері жылы реңктегі шашпен тамаша үйлеседі. Шаш түсінің деңгейі терінің табиғи түсімен үйлесуге тиіс. Бейтарап түс – бұл жылы және суық реңктердің теңгерімі. Мұнда қызғылт және сары түс араласқан, бірақ ешқайсысы басым емес, мұндай түсті піл сүйегі, ақшыл немесе қоңырқай түс деп те атайды. Бұған жылы, сонымен бірге суық реңктер жатады. Түстің негізгі физикалық қасиеттерін білу психофизиологиялық сапаны ескере отырып, керекті түсті алуға ықпал етеді, адамдарға дәл, эмоционалды-психологиялық әсер етуге алғышарт жасайды.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

4 тарау

ШАШ ҮЛГІСІНІҢ ҮЙЛЕСІМДІ АРА САЛМАҒЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ

4.1. ДЕНЕ БІТІМІ МЕН ШАШ ҮЛГІСІНІҢ ҮЙЛЕСІМІ

Шаш үлгісін модельдеудің маңызды факторы оның пішіні мен адамның сыртқы түр-келбетімен үйлесімді ара салмағы болып табылады. Шаш үлгісінің пішіні мен элементтерінің сәйкес келуі – композицияның негізі. Шаш үлгісінің пропорциялары, оның бетпен, дене бітімімен (көлемділік) үйлесімі шешуші рөл атқарады, яғни сұлбаның сипатын айқындайды. Негізгі көлемдері мен пішіні үйлесуінің келісімі мен шаш үлгісінің бейнемен жалпы пропорциялары қаншалықты сәтті табылғанына байланысты шаш үлгісінің моделі де соншалықты әдемі әрі әсерлі болады.

Шаш үлгісін жасалатын пішіндері адамның киімі мен дене бітімімен етене байланысқан, сондықтан шаштараз-сәнгердің пластикалық анатомия саласында біраз біліп, тоқығаны болуы тиіс, яғни адамның дене бітімін, оның ерекшеліктері мен пропорцияларын білуі тиіс. Шаш үлгісінің нұсқасы дене бітімінің ерекшеліктерімен (жалпақтық, биіктік, толықтық және т.б.) үйлесуі тиіс, сонымен қатар жынысын, дене бітімінің, бет әлпеті мен шашының жасқа байланысты ерекшеліктерін, киіну үлгісін ескеру қажет. Дене бітімі мен шаш үлгісінің пропорционалды ара салмағының кейбір параметрлерін қарастырайық (4.1 және 4.2-сурет).

Бойы ұзын толық әйелдерге (4.1-сур., а қар.) биік (көлемді) шаш үлгісін жасатудан, ұзын жіберілген шаштан, тегіс сызықтардан, түсі жарқын шаштан бас тарту қажет, ал ер адамдарға (4.2-сур., а қар.) ұзын шаш, шаш қидырудың ұзынша келген түрлерін, бұйра шаш (химиялық бұйралау) жасатпаған жөн. Әйелдерге – шаштың орташа ұзындығы (құлақ бөбешігіне немесе иек сызығына дейінгі деңгейде) ұсынылады, шаш үлгісінің көлемін самай (немесе құлақ маңындағы) бөлікке шоғырлаған жөн, шаштың түсін аралас етіп (қарақоңыр және ашық) жасаған жақсы; ер адамдарға – классикалық шаш үлгісі, сұлбасы анық, трапеция тәріздес, шаш үлгісінің сызықтары беттен бағыттылауы тиіс.

Бойы ұзын арық әйелдерге (4.1-сур., б қар.) тегіс немесе жоғары, тым қысқа немесе ұзын жіберілген шаш үлгілірін жасатпаған жөн, шаш бояған кезде контрастылы реңктердіпайдаланбаған дұрыс, ал ер адамдарға (4.2-сур., б қар.) – қысқа спорттық-классикалық шаш үлгісін жасатпаған

абзал. Әйелдерге – иек пен мойын тұсында көлем жасатумен шаш үлгісінің ұзынша келген үлгісі ұсынылады; шаш үлгісінің сызықтары жұмсақ, толқынды, көтеріңкі; шаштың түсі аралас түсте; ер адамдарға – романтикалық сарындағы шаш үлгілері, пішіні жұмсақ ұзартылған шаш үлгісі, химиялық бұйралау ұсынылады.

Орта бойлы және дене бітімі орташа әйелдер мен ер адамдарға жеке ерекшеліктерін ескере отырып түзету ұсынылады: шаш үлгісінің көлемі мен өзіне тән элементтері мен сызықтары бет әлпетінің ерекшеліктері мен киім үлгісін ескере отырып таңдалуы керек. Бойы аласа және толықша келген әйелдерге (4.1-сур., в қар.) ұзын жіберіп қойған шаш, ұсақ бұйраланған бұрым, шаш үлгісі пішінін дөңгелетіп, шашты ашық түске бояу, ер адамдарға (4.2-сур., в қар.) – шаш қидырудың ұзартылған түрлері, дөңгеленген тегіс сызықтар, бұйра шаш ұсынылмайды. Әйелдерге – биік сәнденген, бірақ денесіне сай келетін шаш ұсынылады, төбе тұсында көлемі бар қысқа шаш та жақсы жарасады, элементтері тегіс, сәл толқынды; бір реңкті түс; ер адамдарға – классикалық стиль, геометриялық сұлба, беттен бағытталған қатаң сызықтар ұсынылады.

4.1.-сур. Әйелдердің дене бітімі мен шаш үлгісінің нұсқасы:

а — бойы биік, толық, көлем самай жағында; б — бойы биік арық, көлем иек пен мойын тұсында; в — аласа бойлы толық, көлем төбе тұсында; г — аласа бойлы арық, біркелік көлем; д — мықыны толық дене бітімі, көлем самай тұсында; е — спорттық, көлем мойын тұсында

4.2. -сур.. Ер адамдардың дене бітімі мен шаш үлгісінің нұсқасы:

а — бойы биік толық, шаш қидырудың нұсқасы трапеция тәріздес; б — бойы биік арық, шаш қидырудың сұлбасы дөңгеленген; в — бойы аласа, толық, шаш қидыру нұсқасы анық, трапеция тәріздес немесе тіктөртбұрышты; г — аласа бойлы арық, нұсқасы дөңгеленген; д — мықыны толық дене бітімі, шаш қидырудың нұсқасы трапеция тәріздес; е-спорттық нұсқасы дөңгеленген немесе трапеция тәріздес

Бойы аласа және арық әйелдерге (4.1-сур., г қар.) үлкен көлемді шаш, шаштың контрастылы реңктері, ал ер адамдарға (4.2-сур., г қар.) – ұзын шаш немесе желкесін ашатын қысқа шаш ұсынылмайды. Әйелдерге – біркелкі көлемді (самай мен құлақ тұсында) шаш үлгісі ұсынылады, элементтер жұмсақ, толқынды; бір реңкті түс; ер адамдарға – романтизм элементтері бар классикалық стиль, тік сызықтар, сәл толқынды, маңдай тұсты сәл ашқан дұрыс.

Мықыны толық дене бітімі бар әйелдерге (4.1-сур., д қар.) үйлесімді тепе-теңдік үшін самай тұсында көлеммен, шаш айырығы ортасында болатын шаш үлгісі үлгісін таңдаған жөн (шаштың ұсынылатын ұзындығы

– иек немесе мойынның ортасына дейін, шаш құлақ тұсында ең үлкен көлеммен тік, біркелкі түс); ер адамдарға (4.2-сур., д қар.) классикалық стиль жарасады, шаш қидырудың нұсқалық пішіні – трапеция.

Спорттық дене бітімі: әйелдерге (4.1-сур., е қар.) шаштың көлемі бет пен мойын тұсындағы ұзартылған шаш үлгісін таңдау ұсынылады; элементтері толқынды; шаштың түсі түп жағында қарақоңыр, ұштары ашық түсті; ер адамдарға (4.2-сур., е қар.) сыртқы түр-әлпетін ескерумен таңдалған кез келген нұсқа келеді.

Еңкек жауырын: шаштың негізгі көлемі мойын тұсында, толқынды элементтерімен ұзартылған шаш үлгісінің түрі ұсынылады.

4.2. БАС ПРОПОРЦИЯЛАРЫ

Шаш үлгісін модельдеген кезде жақсы нәтижелерге жету үшін клиенттің бас пішініне назар аудару қажет. Қырынан қарағандағы бас пішіні мінсіз, созыңқы (төбе жағы шығыңқы), сүйірленген (төбесі шығыңқы), қиғашталған (төбесі тегіс), тегіс (жалпақ төбе), желке жағы шығыңқы; үстінен қарағанда – дөңгелек, тіктөртбұрышты (тегіс желке мен самай жағы шығыңқы), сопақ (желкесі шығыңқы ұзартылған пішін).

4.2. -сур. Бастың пішінін шаш үлгісімен түзету:

а — созыңқы (төбе жағы шығыңқы); б — сүйірленген (төбесі шығыңқы); в — қиғашталған (төбесі тегіс); г — тегіс төбе; д — желке жағы шығыңқы; е — шығып тұратын желкесі бар.

4.3. -сур. Басты шаш сәндумен түзету (үстінен қарағанда): а — дөңгелек бас; б — тіктөртбұрышты бас; в — сүйір (ұзартылған) бас.

Басты түзетудің белгілі заңдылықтары бар:

а) қырынан қарағанда:

4.3. БЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ПРОПОРЦИЯЛАРЫ

Шаш үлгісін модельдеген және жасаған кезде бет пішінінің ара салмағын ескеру қажет. Шаш үлгісіде салмақ пен көлемді орналастыру, сонымен қатар ұнаған пішінді келтіру үшін тік, көлденең және диагональды сызықтарды пайдалану керек. Беттің неізгі жеті түрін ажыратады: мінсіз (сопақ), шаршы тәріздес, дөңгелек, тіктөртбұрышты, үшбұрышты (төбесі төменде), үшбұрышты (алмұрт тәріздес, төбесі жоғарыда), ромб тәріздес (бет сүйег шығыңқы). Әйелдер мен ер адамдардың бетін түзетуді қарастырайық. Негізінен бет үш бірдей бөлікке бөлінуі мүмкін: маңдай жақ қас сызығына дейін, қастан бастап мұрын түбіне дейін, мұрын түбінен иекке дейін.

Әйел бетінің түрлері

Сопақ бет. Мұндай пішін мінсіз болып саналады. Сопақ беттің сұбасы мен пропорциялары барлық қалған түрлерін айқындауға неіз болады. Көзілдірік, мұрынның ұзындығы мн пішіні, көздердің орналасуы мен тереңдігі, қырынан қарағандағы пішіні сияқты кейбір бөлшектердің әсер етуін есептемегенде, мұндай бет пішіні бар әйелдерге кез-келген шаш үлгісі жараса береді.

Төртбұрышты (4.5-сур., а). ерекшеліктері: тік сызықты шаш, төртбұрышты жақ, беттің орташа бөлігі тегіс (бет сүйек). Түзету үшін жұмсақ, симметриялы емес пішін мен сызықтарға ден қою керек. Шаштың көлемін төбе және самай бөлікте орналастырған жөн. Шаш үлгісі үлгілері алдыға маңдай жаққа, самай мен жақтың төменгі бұрыштарына, ал бет сүйегі бөлігінде - беттен бағытталуы тиіс. Кекіл – дөңгеленген әрі жұмсақ (филировка жасалған, нақты сызығы жоқ) немесе симметриялы емес. Әсіресе самай тұсында ашық тұтамдар мен төбе жағындағы көлем үшін күнге күйген шаш әсері ұсынылады.

Дөңгелек бет (4.5-сур., б). Ерекшеліктері: беті жалпақ, толық, төмен маңдай, бет сүйегі шығыңқы, дөңгеленген толық иек. Түзету үшін бетті тігінен ұзарту керек: төбе жағындағы көлеммен жоғары шаш үлгісі, шаштың сызықтары негізінен беттен бағытталуы тиіс; беттің жанында толықтықты жасыратын ұзын тік тұтамдар болған жөн; кекіл симметриялы емес, ұзын; шаштың түсі – қарақоңыр (ұштары ақшыл немесе көлемді ету үшін төбе жағында шашқа мелирования жасауға болады).

Тіктөртбұрышты бет (4.5-сур., в). Ерекшеліктері: ұзынша келген, арық, маңдайы жазық, иегі үлкен, жақтары солған бет. Түзетудің мақсаты – шаш үлгісі арқылы бетті «қысқарту», көлденең кеңейту; бұл үшін самай мен бет сүйегі тұсында көлем жасау керек, шаштың негізгі бөлігін самай бөлігінде орналастыру қажет, шаштың сызықтары бетке бағытталуы тиіс, бөлшектері жұмсақ, дөңгеленген, көлемді кекілі бар. Кекіл бөлігінде анағұрлым қарақоңыр түс, шаштың негізгі бөлігінде ашық тұтамдар ұсынылады.

4.4. -сур. Әйелдер бетінің түрлері:

а — төртбұрышты; б — дөңгелек; в — тіктөртбұрышты; г — үшбұрышты; д — алмұрт тәріздес; е— ромб тәріздеҮшбұрышты бет (4.5-сур., г). Ерекшеліктері: кең маңдай, тар сызықты иек. Түзету үшін маңдайдың кеңдігін азайтып, беттің төменгі бөлігін ұлғайту қажет, шаштың көлемін төбе жағында, бет пен иек тұсында орналастыру қажет. Жеңіл кекіл ұсынылады. Бастың жоғарғы бөлігіндегі шаштың сызықтары негізінен беттен ұрт пен иек жаққа бағытталуы тиіс (бетке қарай және беттен, жоғары және ішке қарай). Анағұрлым қарақоңыр кекіл, төбе, бет, иек жағында ақшыл шаш ұштары, бірақ қарақоңыр түп жақтары ұсынылады.

Алмұрт тәріздес (үшбұрыш жоғарыда) (4.5-сур., д). Ерекшеліктері: тар маңдай, кең сызықты жақ пен иек, толық бет. Мақсат – маңдай сызығын кеңейтіп, биіктігін ұлғайтатын шаш үлгісін жасау. Бұл көлемді самай және төбе жағында жасау қажт. Жоғары жақта шаш қысқа, кекіл жеңіл болып, маңдайды жабатын болуы тиіс; бет пен иек тұсындағы шаш – ұзын, тік, төменгі жақ бұрыштары мен иекті жабатын болуы керек. Төбе жақтағы шаш үлгісінің сызықтары бетке және беттен (біршама шашыраңқы), бет пен мойын тұсында – бетке бағытталған. Бастың жоғарғы бөлігінде – шаш анағұрлым ашық, ал ұштары (иек пен мойын тұсында) – қарақоңыр.

Ромб тәріздес бет (4.5-сур., е). Ерекшеліктері: тар маңдай, бет сүйегі шамадан тыс шығыңқы және тар иек. Түзетудің мақсаты – бет сүйегінің шығып тұруын азайту. Бұл үшін шаштың көлемін бастың жоғарғы бөлігінде, бет пен иек тұсында орналастыру қажет, бет сүйегін ұзын тұтамдармен жапқан жөн. Беттің бұл түрінде жұмсақ бұрымдары бар мен біркелкі дөңгеленген пішінді шаш үлгісі ұсынылады. Түсі біркелкі, шаштың ұштарын ашық етіп, түп жағын қарақоңыр етуге болады.

Ер адамдар бетінің түрлері

Ер адамдар бетінің түрі де көп жағдайда түзетуді қажет етеді. Шаш қидырудың жеке үлгілеген кезде көлеммен және шаштың сүлбасымен жұмыс жасаудың, сызықтар бағытының, шаштың ұзындығы, сақал мен мұрт пішіні есебінен орындалады. Шаштың түсі табиғи, шаш бөлшектері – табиғи. Ер адамдардың бет түрлерін жақынырақ қарастырайық (4.6-сур.).

Сопақ бет. Кез-келген шаш қидыру жарасады, тек бет әлпетіне назар аударған жөн.

Төртбұрышты (4.6-сур., а). Шаштың дөңгеленген трапеция тәріздес сұлбасын таңдаған жөн, шаш сызықтары маңдайдың шеткі сызығының бастапқы нүктесінен асимметриялы бағытталған, самай жағы қысқа, қиғаш болған жөн. Мұрты орташа, қиғаш келген. Ер адамның сақалы болса, пішіні дөңгеленген, ең үлкен ұзындығы иек тұсыда болуы керек.

Дөңгелек бет (4.6-сур., б). Түзету үшін шаштың трапеция тәріздес сұлбасы (классикалық) бар үлгісі қажет. Шаштың сызықтары беттен бағытталған. Самай жағы беттің бір бөлігін жабатын ұзартылған, жақ сақалын жасаған жөн. Мұрты орташа, сызық төмен бағытталған (тігінен). Сақал «тамшы тәріздес» (беттің ортасында).

4.5. -сур.. Ер адамдар бетінің түрі:

а — төртбұрышты; б — дөңгелек; в — тіктөртбұрышты; г — үшбұрышты; д — алмұрт тәріздес; е— ромб тәріздес

Төртбұрышты бет (4.6-сур., в) сопақ сұлбасы ұзартылған шаш ұсынылады. Шаш үлгісінің сызықтары бетке және беттен бағытталған. Самай қысқа да, тік. Мұрты орташа, кеңінен орналасқан. Сақалы дөңгеленген, төменгі жақ бұрышында ең үлкен көлеммен.

Үшбұрышты бет (4.6-сур., г) дөңгеленген сұлбамен, төбе жақтағы ең үлкен көлеммен түзету қажет, кекіл ұсынылады. Шаш үлгісіндегі сызықтар алдыға, бетке бағытталуы тиіс немесе бетте ассимметриялы бағытталуы тиіс. Самай қысқа, тік. Мұрты орташа, дөңгеленген, көлденең жіберелген. Сақалы да дөңгеленген пішінде.

Алмұрт тәріздес бет (4.6-сур., д). Тарпеция тәріздес сұлбасымен, пішіннің нақты сызығымен шаш үлгісімен түзетуді талап етеді. Шаш үлгісінің сызықтары шаштың шеткі сызығының ортасынан және жан- жаққа бағытталуы тиіс. Самай ұзартылған, жақ сақалы ұсынылады. Мұрт пен сақал дөңгелек бетке арналғандай.

Ромб тәріздес бет (4.6-сур., е) орташа ұзындықты самаймен шаштың дөңгеленген, бет сүйегін жабатын сұлбасын жасаған жөн. Мұрты орташа, қиғаш орналасқан. Сақал дөңгеленген қысқа.

Ер адамдарда жиі кездестін кемшіліктің бірі – маңдайдың екі жақ бұрышында шаштың болмауы, бұл кемшілікті жасыру үшін шашқа филировка жасап, қысқа шаш қалдыру қажет, шаштың сызықтары бетке қарай бағытталуы тиіс.

Ерлердің таңдалған шаш үлгісіне қарай мойынның пішініне назар аудару қажет. Ерлер мойынының пішіні толық қысқа, ұзын арық, «балалардікі сияқты» арық (4.7-сур.) болуы мүмкін. Шебердің міндеті – бұл бейнені көзге көрінерлік етіп өзгерту болып табылады:

Шаш үлгісі арылы бет әлпетін түзетуге болады. Бет әлпеті ірі, орташа, ұсақ болады.

Бет әлпеті ірі адамдарға шаш үлгісінің ұзартылған пішіні жарасады, барлық элементтер бір-біріне жұмсақ өтеді. Бетті толықтай ашық етіп қалдырып, шаштың негізгі бөлшектерін одан алыс шоғырландыруға болады. Кішігірім кекілі бар шаш қойған жөн. Бет әлпеті ірі болса: үлкен (кең) маңдай, кең орналасқан немесе бадырайған көздер, ұзын (үлкен) мұрын, толық бет, шығыңқы иек, үлкен ауыз, алдыға шығып тұратын ауыр иек – шаш сызықтарын бетке бағыттаған жөн. Шаштың жекелеген бөлшектері: кекіл, беттің жанындағы шаш тұтамы, бұрым және шаштың белгілі ұзындығымен назарды басқа жаққа ауыстыруға болады.

4.7-сурет. Ерлердің мойнын түзету:

а — толық қысқа;б — ұзын арық; в — «балалардікі сияқты» арық

Бет әлпеті ұсақ болған жағдайда: қушық маңдай, кішкентай мұрын, жақын орналасқан көздер, арық бет, аласа бой, қиғаш иек – шаш қидырудың сызықтарын беттен бағыттаған дұрыс. Ашық бөлшектер көзге одан сайын үлкенірек көрінетін болады; кішігірім бөлшектер (шаш бұйралары) тамаша үйлеседі, олар бетке нәзіктік береді. Ұзындығы орташа көлемді шашты таңдауға болады.

Бет әлпеті орташа адамдарға шаш қидыру мен үлгісін жеке ерекшеліктеріне қарап таңдау керек.

Басқа ерекшеліктерді қарастырайық:

4.8. -сур.. Иекті түзету: а — кішкентай; б — қиғаш; в — ауыр

4.9. -сур. Бет бөліктерін түзету:

а — қалқан құлақ; б — кең орналасқан көздер; в — жақын орналасқан көздер

4.10 -сур. Әйелдердің мойнын түзету: а — қысқа мойын; б — ұзын мойын

4.11.-сурет. Қырынан қарағандағы пішінді түзету:

а — шығыңқы қыр; б — ойыс қыр; в — жазық маңдай; г — еңіс маңдай

Шаш үлгісін және шаш қидыруды таңдаған кезде шаштың өсуі мен шаш жабындысының шекарасын есепке алу керек. Ерлердің шаш қидыруы анағұрлым қырлы болады, ал толқынды жұмсақ пішіндер әйелдерге тән болады (4.12-сур., а). Шаш қидырған кезде шаштың өсу бағыттарының ерекшеліктеріне байланысты қиын бөліктері төбеде, маңдай бөлігі мен желкесінде орналасады (4.12-сур., б): шашты бұл бөліктерінде ұзын немесе өте қысқа етіп қалдырады. Ұзындығы орташа шаш жан-жаққа шығып тұрады. Шаштың тығыздығы да шаш қидырудың ұзындығы мен пішініне әсер етеді. Шаштың жалпы ғана емес, жеке бөліктерінің тығыздығын да талдаған жөн, олардың негізгілері 4.12-сур., в-да көрсетілген.

4.12.-сур.. Шаштың өсуін түзету:

а — шаш жабындысының шекарасы; б — шаштың өсу түрлері; в — шаш тығыздығының түрлері.

4.4. ШАШҮЛГІСІНІҢ ҚЫРЫНАН ҚАРАҒАНДАҒЫ СҰЛБАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕТТІҢ АЛДЫҢҒЫ ТҮРІМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Егер адамның басына қырынан қарайтын болсақ, қырынан қарағандағы сұлбамен жабылатын жартылай көрінетін маңдай, самай, төбе, мойын бөліктерінен тұратын үлгінің жартысын көруге болады. Мұндай көзқараспен біз шаш үлгісіге немесе кескініне енетін бөлшектерді, рельефті, көлемділігін толық көлемде бағалаймыз. Қырынан қарағандағы сұлба шаш үлгісі туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.

Сәнді шаштың өзгеруі барысында оларда тап осы қырынан қарағандағы сұлба өзгереді. Бір адамның өзі сәннің өзгеруіне байланысты түрлі сұлбалы шаш үлгісін қолданады, олардың әрқайсысы оның бетіне сәйкес келеді. Түрлі кескінді шаш үлгісін нақты бір адамның белгілі бір түр пішініне айқындауға мүмкіндік беретін шынайы заңдылықтар бар. Түрлі адамдардың қырынан қарағандағы кескіні өзінің бет пішінімен ерекшеленеді. Беттің үш сұлбасын қарастырумен шектелеміз, оларға қандай да бір деңгейде басқалары құштар болады. Егер қарастырып отырған шаш үлгісін барлық кескіндер үшін бірдей қылатын болса, онда шаш үлгісінің пішінді қалыптастырушы сызықтарының қисықтығы дұрыс беттің сопақшалығын қалыптастырады (4.13-сур., а). Осы дұрыс беттің сопақшалығына енгізілген пішін (беттің және шашты үлгісінің кешені) жеткілікті түрде ұйымдастырылған болып көрінеді (яғни, жеткілікті түрде әдемі).

4.13-сур. Шаш үлгісінің қырынан қарағандағы сұлбасы және оның беттің алдыңғы түрімен өзара байланысы:

а — дұрыс беттің сопақтығы; б, в — беттің кейбір бөлшектері сопақтық сызығынан шығып, пішінді бұзады; г — иектің пішінің түзету; д — мұрын пішінін түзету; е — маңдайдың пішінін түзету

Кейде беттің немесе шашты үлгісінің кейбір бөліктері оның сызығынан тысқары шығатынын байқауға болады (4.13-сур., б, в) – ол пішіннің бұзылатындығын білдіреді. Осындай кемшіліктерді түзету үшін бетке қатысты сопақшалықты беттік кескін оған толығымен үйлесетіндей жатқызуға болады (4.13-сур. г-е). Көп орын алатын беттік кескін сопақшалықтың аз радиуспен қалыптасқан бөлігін көтермелеуге мәжбүрлейді (4.13-сур., д). 4.13, е суретте көрсетілген беттік кескіннің ерекшелігі керісінше сопақшалықтың үшкір бөлігін бостауға мәжбүрлейді. Осындай әрекеттерден кейін барлық үш шаш үлгісі пішін және бетке қатысты орналасуы бойынша біраз әр түрлі көрінеді, бірақ мұның өзінде кескіндік сызықтардың ерекшеліктерін толығымен сақтайды және әдемі көрінетін болады.

Осы шаш үлгісілердегі бағыттылықтың динамикасы аздап әртүрлі болады, осыдан кескіннің біраз кемшіліктерін түзету кезіңде шаш үлгісінің динамикалық ерекшеліктерінің өзгеруі мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Оған жекелеген элементтердің көлемділігін өзара байланысты өзгеруімен қол жеткізіледі. Сонымен 4.13, г суретте бейнеленген моделдің пішінін түзетуге төбе аймағына диаметрі үлкен бигудиді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Көлемі әртүрлі кекілді қолданған дүрыс, ол беттің кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік береді.

Басқадай кескіндермен жұмыс кезіңде осы мәселелер осылайша шешіледі. Беттің кескіні тураға жақындау үшін (4.14-сур.) моделдің жекелеген элементтерінің көлемділігін өзгерту қажет. Ол үшін қалғандарын өзгеріссіз қалдырып, шаш үлгісінің маңдай-төбе бөлігінің көлемділігін ғана өзгерту жеткілікті болып көрінуі мүмкін. Бұл дұрыс емес, себебі мұндай жағдайда шашты үлгісінің пішінің қалыптастырушы сызықтары бұзылады және жекелеген элементтердің динамикасы бұзылады.

4.14. Сур. Шаш үлгісінің бөлшектерін түзету

Егер бір орында пішіннің азаюы байқалса, онда ол моделдің сипаттылығын және тұтастығын сақтауда шашты үлгісінің басқа бөлігіне ауысуы керек. Беттік пішінмен жұмыс кезіңде бетті пішіндеуші шаш үлгісінің элементтерін ғана басқару жеткіліксіз. Мысалы клиенттің беті тура пішінді делік, бірақ мұрыны кішкентай. Мұндай мұрынды көзбен ұлғайту үшін, шаш үлгісінің бетті пішіндеуші элементтерін пішін неғұрлым шығыңқы болып көрінетіндей етіп қысу қажет. Ұзын шаштарды бастың маңдай-төбе және самай бөліктеріне оңай тартуға мүмкіндік береді – ол үшін шашты түю керек. Бірақ түюдің өзінің орналасуы сіздің барлық күшіңізді жоққа шығаруы мүмкін (4.15-сур., а-в), басқасында алға қойылған міндетті шешуге ықпал етеді.

Нәтиже шаш үлгісінің пішінінің динамикасына байланысты.

Шаш үлгісінің тігінен төмен немесе жоғары күшті қозғалысы (4.15-сур., а, б қара) көз мөлшерімен бетті тартады да, өзі кішкентай мұрынды одан сайын кішкентай қылады.

4.15-сур. Беттің бөлшектерін шаш үлгісі арқылы түзету:

а, б — төмен және жоғарыға қозғалыс мұрынды кішірейтеді; в — шаш үлгісі мұрынды ерекшендіреді; г — сәтсіз жасалған шаштың үлгісі үлкен иекті оғаш көрсетеді; д, е — шаш үлгісінің пішіні иекті және мұрынды түзетеді

4.16.-сур. Қырынан қарағандағы сұлбаны каре шашпен әрлеу

Беттен көлденең жасалған күшті қозғалыс (4.15-сур., в қара) пішінді қалыптастырушы (кескіндік) сызықтарға бетті тартқызады, нәтижесінде мұрын қарама-қарсы жаққа қарай жылжиды. Шаш үлгісінің пішінін қарама-қарсы бағытта қозғалтумен беттің пішінінде қажетсіз динамиканың туындауына әкелуі мүмкін (мысалға, иектің (4.1-сур. 5, г) немесе мұрынның пішінінде (4.15-сур., в). Шаш үлгісінің пішінінің бағыттылығы өзгерген кезде беттің кемшіліктері байқалады (мысалға, шығыңқы иек және мұрын (4.15-сур. е). Беттің пішінің кескіндік сызықтарынан абстракциялана отыра, каре шашты үлгісін мысалға келтіре отыра кескінді қараймыз. Егер 4.16-суретте көрсетілген модельді бет жағынан көрерменге қарай бұратын болсақ, онда шаштың жиегі бірдей болады. 4.16-суретте берілген шешім, шаш үлгісінің пішінінің сызықтарын көрсетеді, оның көмегімен бейіндік кескіннің кейбір кемшіліктерін түзетуге болады (мұрын, иек, желке және мойын). Бейіндік кескіндердің және анфас кескінінің өзара байланысын қарастыра отыра, шебердің жұмысы бұл жерде шашты үлгісінің бейнелік пішінінің көріну қажеттілігімен шарттасқан деп айтуға болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

5 тарау

ШАШТЫ ҮЛГІЛЕУДІ МОДЕЛЬДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5.1. ШАШТЫҢ ПІШІНІМЕН ЖҰМЫС

Нақты бір адам үшін шаштың үлгісін үлгілей отыра, үлгінің сыртқы бейнесіне, сипатына, қажетті стиліне, адамның қызмет түріне және т.с.с. назар аудару қажет. Әдетте адамның бірнеше айқын белгілері болады және олардың бәрін шашты үлгісі арқылы көрсету мүмкін емес. Бір моделдің шашты үлгісінің түрлі пішіндерінің адамның беті сияқты дербес сипаты болады: жұмсақ және жылы, қатаң және ресми және т.с.с. Шаш үлгісі пішінің сипаты ұсақ айырмашылықтарда, әрлеуге және түстік гамма ерекшелігінде байқалады. Сәннің қарқынды өзгеруі шаш үлгісінің көркем ресімдеу технологиясына қатысты шаштараздың жұмысы көптеген өзгерістер енгізеді. Қазіргі заманғы сән бірегей емес, яғни шаштың ұзындығын және шашты үлгісі бөлшектерінің сипатын реттемейді. Көркемдік ерекшеліктері адамның әлеуметтік-психологиялық сипатына, стиліне байланысты. Егер әйел адам сырт пішінімен іскерлік немесе спорттық стильді ұстанса, онда оның шаш үлгісіі осы бағытқа сәйкес келуі қажет. Шаш үлгісі онда пішіннің сипатының көрінуіне байланысты. Пішіннің сипаты көбінесе құрылымына және технологиясымен шарттасқан. Осыдан шаш үлгісінің көлемдік-кеңістіктік құрылымын таңдай отыра, шебер оны ойын іске асыруға қажетті техникалық құралды бағалаумен (таңдаумен) тексеру керек. Әрбір шаш үлгісінің композициялық орталығы болады, ол стильдік шешімнің таңдауын бейнелейді, атқарымды болады. Шаш үлгісін таңдай отыра, шашты - бастапқы материалды есепке алу керек, себебі оның фактурасынан сол немесе басқа шаш үлгісі тұрама және жақсы көріне ме екендігі байланысты.

Шашқа табиғи күй беретін шаш үлгісі ғана әдемі көрінеді. Солбыр және жіңішке шаштар, мысалға қатты тығыз линияны бермейді.

Шашты жинау бағытына байланысты төрт негізгі типке бөледі: қайтымды, ацентрлік, концентрлік, фронталдық. Осы типтердің қисындастырылуы мүмкін (5.1-сур.). Кез-келген шаш үлгісін безендіру үшін шаштың түрлі өнімдерін, лента, түйреуіштер, сақиналар және т.с.с. қолданылуы мүмкін. Кез-келген әрлендіру (безендіру) бастапқы күйіне және шаш үлгісінің тағайындалуына сәйкес келуі керек және шаштың құрылымдық- фактуралық сапасына және шаш үлгісінің пішініне қарама-қайшы келмеуі керек.

Шаш үлгісінің пішіні айқын теңдестірілуі қажеттігін есте сақтаңыздар. Барлық элементтер бір-біріне сәйкес келуі керек. Шаш үлгісі саны, көлемі және пішінін дайындау кезіңде бірнеше рет тексеру керек, себебі композиция тұрғысынан дұрыс құрылған шаш үлгісі ғана әдемі көрінеді.

Технология және көркемдік безендірудің өзара байланысы ажырамас. Әрбір кәсіби шеберге көркемдік безендіруге таза техникалық тәсілдердің тұтас қатарын қолдану енеді, ал технология көбінесе айқындалған пішіннің сол немесе басқа технологиясын алуды шарттастырады, ол мейлі шаш үлгісінің жекелеген немесе тұтас бөлшегі болсада. Алайда біздің мамандықта технология туралы оны шаш үлгісі құрылымымен жұмыс ретінде түсінік қалыптасқан, яғни шашты үлгісінің сан-алуан түрлерінде қолданылатын әдістер туралы: шашты бигудимен бұйралау, ыстық жатқызу (қысқашты қолдану), салқын жатқызу, фенмен жатқызу. Біз технологияны шаш үлгісінің пішінін құру бойынша қандайда бір дайындық жұмыс ретінде қарастырамыз.

5.1-сур. Шаш үлгісі пішіндерінің түрлері

а - қайтымды (беттен); б - ацентрлік (төбеден]; в - концентрлік(төбенің ортасына қарай); г - фронталдық (бетке қарай)

Технология пішінді көркемдік әрлендірумен байланысты мәселелердің бөлігін қамтитындықтан, бөлшектерді (элементтерді) алатын технологиялық тәсілдерді және оларды шаш үлгісіге біріктіру тәсілдерін қарастырамыз.

Шаш үлгісі түрлі шығыңқылықтармен және тереңдетулермен үш өлшемді көлемді білдіреді, олар өздіктерінен түрлі көріністі (сур.ті), көлемді болады және өзара өте сан-алуан түрде үйлеседі. Бөлшектерді үйлестіру (біріктіру) техникалық тұрғыдан екі принцип бойынша іске асады: немесе ол бөлшектердің өзара енуі, онда бір бөлшек түрлік өзгереді, екіншісіне ауысады; немесе бөлшектерде жалпылама құрылымдық және декоративтік сызықтар болады, әрбір бөлшекті шынайы немесе бұлдыр сағым (декоративтік) ажыратушы. Нақты шаш үлгісін немесе оның бөліктерін әзірлеуде біріктірудің осы екі принципі қолданылуы мүмкін.

Шаш үлгісінің негізгі элементтері

Айырым— шаштың ең таралған элементі; бастың шаш жабының тең немесе тең емес екі бөлікке бөлетін тура линияны білдіреді. Айырымдар тура, бүйірлік және фигуралық болуы мүмкін:

Жартылай айырым — айырымның қысқартылған сызығы. Ол солайша тура, бүйірлік немесе фигуралық болады.

Толқын — байыпты иілген және екі жағынан кронмен шектелген шаш үлгісінің бөлігі; крон — толқынның ең жоғарғы сызығы, мұнда шаштар өзінің бағытын керіге ауыстырады. Крон жоғары және төмен, жіңішке және кең болады. Крон неғұрлым жіңішке және жоғары болса, шаш үлгісі соншалықты көп тұрады.

Бетке қатысты толқындар шығатын және кері болады. Айырымға қатысты толқындар тура, қисық және көлдеңен болады.

Бұрым — түтікше немесе сақина қылып бұйраланған шаш тұтамы. Баста орналасуы бойынша бұрым тік, көлденең, түсіңкі, жайпақ және көлемді болып бөлінеді.

Бізді өзара байланысты пішіндерді алу қызықтырып отырғандықтан бір бұрымды мысалға келтіре отыра оларды өңдеудің кейбір технологиялық тәсілдерін қарастырамыз. Тұтам деп шаштың жеткілікті түрдегі бөлігін атауға келісейік, ол үш көлемді көлемнің бөлігі болып енеді және таралған күйінде аяқталған көркемдік әсер беруге қабылетті түрде (5.2, а, б-сур.). Тұтамның (шаштың түп бөлігі) негізі шаш үлгісіде ешқашан көрінбейді, тек олардың бөліктері ғана көрінеді; шаштың өсуінің шеттік сызықтары, айырым жаны немесе қандайда бір бастапқы нүктесі, яғни тұтамның басталатын орындарында. Әрине өте сирек жағдайда (күрделі шаш үлгісіде, онда тұтам тігінен орналасқанда) негізі толығымен көрінуі мүмкін (периметрі бойынша). Бір тұтаммен жасалынатын аяқталған көркем әсер туралы сөз қозғай отыра, біз оның жалпы пішіндегі қандайда бір дербестігін айтамыз. Ойға және шаштың ұзындығына байланысты бір тұтам бірден бастың бірнеше аймағын бөлшектеп немесе тұтасымен жабуы мүмкін: сол жақ самай жағынан басталып және оң жағынан жалғасын тапты дерлік (маңдай-төбесі арқылы); маңдайдан толқын болып басталып және самайдан елеулі түрде төмен-локонмен аяқталады.

5.2-сур.

а — бұрым: 1 — басы; 2 — негізі; 3 — бұрым бойынша шаштың бағыты; 4 - бұрым соңы; б — сипаттамалары: 5 и 12 — бұралану; 6 және 11 — күрделенген; 7, 8 и 10 — шығарыңқылар; 9 — «көлемді шеңбер»; 13 — бастапқы нүктесі

5.3-сур. Шаш бағытының өзгеруі

Басқа сөзбен айтқанда шаш үлгісінің пішіндерін оны құрайтың тұтамдарға бөлу олардың бастың түрлі аймақтарында орналасу орыны бойынша бөлшектерге бөлуге қарағанда дұрыс. «Тұтамдағы шаштың бағыты» термині осылайша қарастыруды қажет етеді. Шаштың бағытын өзгерту көлдеңен және тігінен болуы мүмкін. Шаштың бағыты немесе рельефі сур.пен анықталады (5.3-сур.).

5.2. ШАШТЫ ШАШ ҮЛГІСІНЕ РЕСІМДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Бигудидің көмегімен шаш үлгісін ресімдеу. Тұтам пішінінің оның негізіне қатысты бигудидің орналасуына байланыстылығын қарастырамыз: а) тұтам басқа 45°бұрышпен орналасқан (5.4-сур., а), бигуди тұтамның негізіне қатысты бетке қарай алға жылжытылған. Біз шаштың ең үлкен көлемін аламыз; б) тұтам бигудиді бұйралау кезіңде 90°орналасқан (5.4- сур., б) бигуди қатаң түрде негізіне бекітіледі, көлем сақталады (бірақ бірінші жағдайға қарағанда аз); в) тұтам беттен 45° бұрышқа бұйраланады (5.4-сур., в), көлемі өте аз. Осылайша тұтамның тартылу бұрышын бұйралау кезіңде өзгерте отыра, біз әрбір нұсқада шаштың түрлі көлемін аламыз, ал тарау кезіңде – биіктігі бойынша, кернеулігі және пішінің шығыңқылығы бойынша.

Шашты бигудимен бұйралаудың сипатталған нұсқаларын үйлестіре отыра, біз шаш үлгісінің неғұрлым үлкен және кішкентай шығыңқылықтарының орналасуын, шашты жинау жылдамдығын, биіктігін, тұтам шығыңқылығының көлемін алдын-ала анықтай аламыз. Тереңдетулерді және шығыңқылықтарды 5.5-суретте көрсетілгендей үйлестіруге болады.

5.4.-сур. Бигудидің көмегімен тұтамды безендіру:

а — беттің негізіне қатысты тұтамның 45°бұрышқа тартылуы; б — тұтамның 90° бұрышқа қатысты орналасуы (тартылуы) (көлемі аз тұтам); в - тұтамның беттен 45°бұрышқа орналасуы (көлемнің болмауы)

5.5.-сур.. Тереңдету әсерін алу:

а — шығыңқылық; б — тереңдету; в — шығыңқылықты және тереңдетуді үйлестіру

5.6-сур. Бигудимен бұйралау түрлерінің ықшамсызбасы:

а — тік бұрыш; б — «кірпішпен қалау»; в — үшбұрыш; г — параллелограмм; д — шеңбер; е — сопақша

Сипаттық сызықтарды (элементтерді) алу үшін, шаштың бағытының қисық өзгеруі айқын көрінетін немесе шаш үлгісінің фронтальдық аймағын (кекіл) рәсімдеуде немесе жеке бөлігінің сур.інде шашты бигудимен бұйралаудың түрлерінің бірін таңдап аламыз (5.6-сур.). Шеңбер, тікбұрыш, үшбұрыш, параллелограм және түрлі сопақша тәріздес бигудиді орналастырып, шашты бұйралаймыз: Шашты бигудимен ептілікпен бұйралау шаш үлгісіде көлемді пішіндердің кез-келген бөлшектерін ойластыруға және іске асыруға, тұтамдарды бастың кез-келген аймағында орналастыруға және оларды шаш үлгісіде сан-алуан түрлі үйлестіруге мүмкіндік береді. Бигудимен бұйралау кезіңде қатты шаштар үшін диаметрі неғұрлым ірі бигудиді, ал жіңішке және үлпек шаштар үшін диаметрі кішкентай бигудилерді қолдану керектігін естпе сақтау керек, ол шашты жатқызудың пішінін таңдауды және бигудидің қажетті диаметрін анықтайды.

5.7 -сур. Бигудиді орналастыру түрлері:

а — қиғаш; б — тікбұрышты; в — үшбұрышты; г — шеңберде; д — доғалда; е —шеңберде және доғалда

Шашты бигудиге орау ережелері:

Шашты үлгісі үшін сондай-ақ түтіп даярлау және тупирлеуді қолданады.

Түтіп даярлау — бұл өңделетін бұрымның барлық ені мен көлеміне дейін тығыз түтісуі.

Түтіп даярлағанда шаш бір шаша бұрымын ішкі және сыртқы жағынан өндейді. Түтіп даярлағанда ең алдымен тарақпен бастың шаш жамылғысының қажет учаскесінен бір шаш бұрымын бөліп алады. Содан кейін бір шаша бұрымын сол қолдың бас және сұқ саусақтармен алып оны бастың бетінен перпендикулярлы тартады. Әрі қарай тарақты шаш бұрымы негізінен 5...6 см арақашықтықта тарақты шашқа енгізеді, тарақты сыртқа қарай қимылдату арқылы түтіп даярлау жасалынады. Тарақты бұрым негізіне енгізу кезінде ол әрі қарай жүрмеген кезде тоқтатады, сондай-ақ тарақты әрі қарай енгізгенде ол шаш бұрымының негізінен әрі қарай тежеліп отырады. Бұл қимылдарды бірнеше рет қайталайды. Бір мезгілде шаш бұрымын ұстап тұрған сол қолды бұрым соңына қарай жоғарыға ауыстырады. Сол қолдың саусақтарын жоғары бұрымдарға ауыстырып шашқа тарақты үйлесімді енгізу керек. Осындай тәсілмен шаш бұрымдарын екі жағынан өңдейді.

Тупирлеу— шашты бұрымның жартылай қалыңдығына дейін тарау. Тупирлеу шаш бұрымының бағыты бойынша орындалатын түтіп даярлаудың бір бөлігі ретінде қаралады. Осындай тәсілмен шаш бұрымы шашқа бағыт және көлем беру үшін өңделеді.

Сақиналы бұрым түрінде шаш үлгісі. Кейбір жағдайда бедерлі (дөңес — күрделену) пішіндерді алу үшін шашты сақиналы бұрым түрінде оларды тік жазықтықта орналастыра отыра қысқыштармен қысу арқылы жасауға болады.

5.8 -сур. Сақиналы бұрымдар түрлері:

а — жалпақ; б — жартылай көлемді; в — көлемді

Мұндай қажеттілік шаштың шеткі тұстарын әдемілеу үшін немесе бигуди арқылы көлемдірек пішіндерге үйлесімді ауысу үшін туындайды. Сақиналы бұрымдарды бұрым негізіне қатысты әртүрлі орналастыру арқылы түрлі нәтижеге, бағыттарға қол жеткізуге болады. Бұрымдардан сызба қалыптастыруға көшпес бұрын үлгілеудегі бұрымның сыртқы ерекшеліктерін қарастырайық. Бұрымдар жалпақ, жартылай көлемді және көлемді болады (5.8-сур.).

Жалпақ бұрымдардың екі түрі болады:

Жартылай көлемді бұрым шашқа жеңілдік береді бұрымның негізіне үйлестірілмейді, жеңіл алмасуға мүмкіндік береді. Бұрымның бұл пішіні шаша үлгісінің ең дөңес бөлігін байланыстыруға, шашқа кез-келген бағытты және бұйралауды жасауға мүмкіндік береді.

Көлемді немесе «тік» бұрымдар бигудимен жасалатын бұрымдардың бастамашысы. Бұрымның бұл пішіні шашатың ұшынан бұрым негізіне дейін бұйраланады, бұйралау сақиналары «тік» қалыпта бекітіледі. Бұндай көлем шашты бигудимен бұйралаумен қиыстырылатын толқынды алу және тұрақсыз шаштарды бұйралау үшін бұрымды көлемді етіп көрсетеді.

Бұрымдарды қалыптастыруға кірісер алдында шашты тікбұрышты, үшбұрышты, шаршы немесе доға тәрізді негіздерде бұйралау үшін бөліктерге бөлу қажет. Сызба түрлері 5.9-суретте көрсетілген.

5.9-сур. Сызбанұсқадағы бұрымдар бағыттары:

а — қиғаш; б — тікбұрышты; в — шаршы; г — шаршы («кірпіш қалау»); д - үшбұрышты және доға тәрізді е — тікбұрышты қиғаш

Тікбұрышты негіздегі бұрымдарды бұйралау әдетте бұйраланған шашты жоғарыға қарай тарап қоюға мүмкіндік беретін алдынғы сызықтағы шаштарға қырынан жасауға ұсынылады. Бұрымдар ыдырап кетпеу үшін бұйралымдар бірінен соң бірі жасалу керек.

Үшбұрышты негіздегі бұйралауды маңдай алдынан жасаған жөн. Үшбұрышты негіз бұйралаудың әрбір бұрымын екіншісіне үйлестіріп (толқынды) жасауға мүмкіндік береді.

Шаршы негіздегі шаш бұйралау шаш үлгісінің үлкен көлемі қарастырылмаған кезде бірдей пішіндегі бұрымдарды жасау үшін жарайды. Оны бастың барлық аймақтарына жасауға болады және олар пішінің ұзақ сақтайды. Бұрымдар ажырап кетпеу үшін оларды ирек түрінде (шаршы негізінде, «кірпіш қалау») орналастырыңыз.

Жарты ай немесе С әрпі түріндегі доға тәрізді формалар бұйра шаштар бағытын жақсы ұстап тұратындығымен ерекшеленеді. Оны келесі жағдайда жасайды, шаштар бірқалыпты жабысып тұру үшін шашты жоғары тарап қою үшін немесе желкенің төменгі жағын бұйралау қажет болған жағдайда.

Шашты әртүрлі үлгісі шаш үлгісін ерекшелендіреді. Қандай жағдайда болмасын шаштың бұйрасы қай бағытқа қарай таралған сол жаққа қарай тегіс жату керек, әйтпесе тегіс емес толқынмен күресу қажет болады.

Суық тәсілмен жасаудағы шаш үлгісі. Суық тәсілмен жасаудағы шаш үлгісіне иілімді және жұмсақ шаштар жақсы келеді. Қатты және иіргіш шаштарға жасалған шаш үлгісі аз уақытқа ғана тұрады. Бұл әдісті меңгеру өте маңызды: ол шашты дұрыс орналастыруға және оған бағыт беруге, толқындар элементтерімен ерекше шаш үлгісін жасауға, ептілікті, үйлестіруді және саусақтардың күшін дамытуға үйретеді.

Суық тәсілмен шаш үлгісінің көптеген үлгілерін жасауға болады: асимметриялық сызықпен – түзу және қиғаш толқындар, түзу айрықпен - түзу толқындар, айрықсыз — көлденең толқындар (5.10-сур.).

5.10 сурет: а- қисық; б — көлденең; в — түзу (симметриялық толқындар); г — түзу (асимметриялық толқындар]

Суық тәсілмен шашты үлгісі үшін зығыр тұқымы немесе гель пайдаланылады. Шашты үлгісі үшін шаш үлгісінің бағыты бойынша шашты алдын ала тарап алып шығып тұратын толқыннан бастау керек. Содан кейін сол жақ қолдың орта саусағына дейін тарақты шашқа тығыз енгізу керек және оны толқынның бағыты бойынша сыртқа қарай (1... 2 см) итеру қажет, тарақты шаштан шығармай өзіңе қарай қисайта отыра сол қолдың сұқ саусағымен қалыптасқан сызықты (крон) ортанғы және сұқ саусақтармен тығыз қысу қажет. Әрі қарай сол қолдың сұқ саусағынан төмен орналасқан шаштарды тарап крон сызығының кері бағытына көшу керек. Тарақты қарама қарсы жаққа бағыттай отыра қимылды қайталау керек. Шашты үлгісі барысында толқындар орнынан жылжып кетпеу үшін оларды қысқышпен қысып қою қажет (5.11-5.13 суреттер, 19 сур.). Үлгісінің бұл формасы шаш үлгісінің барлық композициясының көрнекті-мәнді екпіні бола отыра, сақиналы бұрымды бигуди және фенды пайдалана отыра басқа технологиялық әдістермен керемет үйлесе отыра басымдылық сипатқа ие болады.

5.11-сур. Суық үлгісі және сақиналы бұрымдарды қиыстыру: а — шаш үлгісінің жалпы түрі; б — қырынан қарағанда; в — желкеден қарағанда

5.12 -сур. Бигуди және сақиналы бұрымды қиыстыру: а — шаш үлгісінің жалпы түрі; б — маңдайалды қарағанда; в — желкеден қарағанда; г — қырынан қарағанда

Сурет 5.13. Шашты салқын әдіспен жинақтау және бигуди қою: а - маңдай алды түрі; б - оң жағынан түрі; в - сол жағынан түрі; г - сәндеп жасалған шаштың жалпы түрі

Шашты бұйралайтын электр қысқыш арқылы ыстық әдіспен сәндеу. Қазіргі уақытта шашты сәнді жинақтау жұмысының бұл түрі өзекті, сондай-ақ ұзақ мерзімде әсемдігін сақтап одан да әсем жасаудың көптеген түрлерін ашуға мүмкіндіктер жасайды. Шашты бұйралайтын электр қысқыш арқылы ыстық әдіспен сәндеу 1960 ж. басында өз дамуын бастады. Ол уақытта еуропа елдердің көбінде Марсель қысқышымен салыстырғанда (16...20 мм) үлкен диаметрлі бұрымды бұйралау үшін қысқышты қолдана бастады.

Шашты заманауи үлгіде ыстық әдіспен бұйралау дегеніміз шаш бұрымын (бигудиді қолданумен) бұйралау, тегіс шашты түлендіріп (гофре, толқын, «қыртысталған» бұрымдар) көркемдету және шашты тегістеу секілді әдістер құрайды.

Толқын мен бұрымдар шаштың сыртқы түрін өзгертетін, сондай-ақ әсемдеудің маңызды элементтері болып табылады. Шашты тек толқын немесе тек бұрым жасау арқылы әсемді жасауға болады. Екі жағадайда да шаш үлгісі әдемі және өзгеше болады.

Ыстық әдіспен шашты жинау әдісі көмегімен шашты суламай-ақ тік шашты жылдам бұйралауға, бұйра шашты ірі бұрымды етуге немесе оны тегістеуге мүмкіндік береді. Қысқыш арқылы жасанды шашты және қосымша шашты дереу және тиімді тарауға болады. Шаштараз ыстық әдісті қолдану кезінде құралдарды жетік меңгеруді, аназарды және шығармашылықты талап етеді.

Қысқышпен жұмыс жасау процесінде шашатараз епті болу тиіс, яғни әр нақты жағдайда жеке шешім табу керек. Құралдарды жетік меңгеру дегеніміз белгілі уақыт пен қлкен жүйелі жаттығуды талап ететін күрделі қызмет.

Электр қысықышпен жұмыс жаасудың бірқатар тәсілдерді ажыратады. Бұрымды бұралау әдістерін қарастырайық: көлденең – бұрымдар әсемделетін шашта қатар-қатар орналасады; қиғашты (қия түскен) – әдетте 45° жасау; тігінең - 90° жасау; қыртысталған бұрымды жасаған кезде бұрымның ұшы толқын тәрізді; ылди (құралама) секілді – тек ұзын шашқа (кемінде 20 мм) шиыршық тәрізді жасалады.

Шашты бұрымды бұйралаудың бірнеше: төмен, жоғары, сегіздік етіп, жартысегіздік етіп, шиыршықты тәсілдері бар. Бұйралау шаштың ұзындығы мен таңдаған әдіске байланысты шаштың түбінен бастап ұшына қарай және шаш ұшынан бастап түбіне қарай жасалады (сурет 5.14, а-г).

Шашты электр қысқыш көмегімен әсемдету кезде тек таза және құрғақ болу тиіс, себебі сулы шаш кезінде қолдану өмірге қауіп төндіреді. Егер де шашыңызға жуырда лак немесе басқа да фиксатор себіліп жағылса, онда шаштың құрылымын бұзып әсемдетуге қиыншылықтар туғызады.

Сурет 5.14. Электр қысқышпен шашты әсемдету:

а — шашты бөлу; б — шашты түбінен бастап бұйралау; в — (өзінен бастап) қысқышты бұру; г — бұрымдарды қатайту; д — маңдай тұсынан бастап бұйралау; е — бұрымдарды бұйралау технологиясы; ж — реттеп әсемдеу

Шашты әсемдеп жинақтау тәртібі:

Шашты әсемді жинау кезде фенді қолдану. Бұл әдіс шашты бұйралауға, кептіру мен тарауға уақытты келтірмей жеңіл және табиғи тұстажинақтауғамүмкіндікжасайды.Бұләдісарқылышашты жинақтаудың әр түрлі формасын әдемі, жеңіл және күнделікті, сондай-ақ шашты зақымдатпайды, шаштың табиғи сұлулығын көрсетеді, жасалатын шаш үлгісіне тартымдылық силайды. Шашты фенмен жинақтау өзіндік және жасаудың (бигуди, электр қысқыш) құралдар көмегімен орындалады.

Шашты жасау үлгісін тұтас фенмен немесе оның жеке бөліктерін жасауда қолдануға болады. Шашты жасау кезде қатты пластиктен жасалған тістердің орналасу жиілігінің түрлі дәрежелі тарақпен, түрлі диаметрлі брашинг домалақ щеткамен және тегіс (қаңқалық және массаждық) щеткамен тарайды. Жасалатын шаш үлгісін таза жуылған және шашты жасауда қолданатын (лосьон, мусс, көбік, лак және т.б.) құралдарды қосып таралған шашқа жасайды. Бір түрлі шаш үлгісін феннің көмегімен әртүрлі шашты әсемді жинақтауға болады. Шашты әсемді жинақтау кезінде фенді қолдану технологиясын таңдау болашақ шашты ісемді жинақтауда бағыты мен жинақтауды орындау көлеміне байланысты болады.

Шашты фенмен жинақтаудың бірнеше түрлері бар (сурет 5.15.). Оның арасында (түрлі диаметрлі) қаңқалық және домалақ щеткамен шаш жинақтау тәсілі ең кең тараған. Тегіс және қаңқалық щеткаларды қолдану шашқа түбінен бастап көлем мен бағыт-бағдар жасауға мүмкіндігін береді. Егер де шашты (өзіңнен, перпендикулярлы, өзіңе) шамалы тартып түбіне щетканы орналастырсақ феннің ыстық ауасымен кептірсек, онда қажетті тартудың бұрыш арақатынасына қарай шаштың түрлі түбір асты көлемді шашты жинақтаймыз. Шаштың әр талы бірнеше кезеңде өңделеду, одан бөлек шашты жасау барысында фен мен щетканың орналасу тәртібі өзгертіліп тұрады. Шаштың әр талы мұқият бастапқыда сыртынан, кейін ішкі жағынан кептіру тиіс, нәтижесінде шаш щеткаға жақсы ілінеді және түбір асты көлемі жақсарады (сурет5.15, а,б)

Сурет 5.15. Шашты феннің көмегімен жинақтау тәсілдері

а — шашты фенмен тарту арқылы жинақтау; б — шашты басқа перпендикулярлы етіп фенмен жинақтау; в — толқындарды жасау

Шашты домалақ щеткамен жинақтау арқылы шаш бұйралауының түрлі дәрежесіне немесе ойлаған шаш жинақтаудағы шаштың әр талын

«үтіктелген» бағытын беруге мүмкіндік жасайды.

Сонымен, шашты түрленше тартуды қолдана отырып шаш жинақтауда түрлі көлемдерді жасауға болады.

Егер де шаш жасау ойыңызда толқындар жасау қажеттілігі туындаса, онда оны фен мен тарақ арқылы орындауға болады. Шашты алдын ала жақсылап тарап болашақ шаш жинақтаудың негізгі сызықтарының (толқындарының) бағыттарын белгілеу тиіс. Шаш жинақтауды (шебер клиентке беті жағымен тұрады) маңдай тұсындағы шаштың өсу сызығынан бастау керек. Щетка немесе тарақтың тістері шашқа кіреду және шетке шамалы1..2 см бірінші толқынның бағытына қарай қозғалады (сурет 5.15, в), (шаш тобын ұстап тұратын) тарақты ұстап толқынның тереңіне қарай ауамен кептіру. Бұл әрекетті бірнеше рет бір орында толқын пайда болғанша қайталау керек. Одан кейін, бірінші толқыннан 3...4 см кейңн екінші толқынды жасаймыз. Ол бірінші толқынның бағытына қарама қайшы жағына қарай тарақтың қозғалысымен, сондай-ақ өзіңнен тарақ тістерін бұрғанда пайда болады. Бұл қимыл толқынның керекті саны жасалғанша бірнеше рет қайталанады. Бастың басқа учаскелерінде домалақ щетка көмегімен шашты кептіру өажет.

Шаштараз шашты фенмен жинақтау кезінде шаш үлгісін жақсы формаға жеткізу үшін ұқыпты жұмысын талап етеді. Шаш үлгілері негізінде сәнделген шаш шашты жинақтауды айқындайды. Шаштың «сэссун», «паж», «каре» қырқым түрлеріндегі шашты тарау техникасы «ұшы жоғары» және «ұшы төмен» тәсілдерімен сәйкес келіп бір сәнделген шашта біріп кету мүмкін.

Технологиялық амалдардың әртүрлілігі, шаштың модельдерінде қозғалысы және шаштың керекті бағытын: қыртыста, суреттеу, алдын ала жоспарланған көлемді формасын түрлі амалдарды ескере отырып фен көмегімен жинақтауға болады (түрлі-түсті қосымша парақ, сурет 20).

ШАШТЫ ӘСЕМДЕП ЖИНАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР МЕН АСПАПТАР

Мусс, гель, балауыз пен помадалар

Шашты әсемдеп жасаудың аталған құралдарын қолданбай, әрине жасаға болады, бірақ өзіңіз қалағандай мінсіз бола алмайды. Бұл құралдардың ең кішігірім қызметі – ол көлем, құрылым мен қозғалмалылығы. Маңыздысы – қолайлығын таңдай және оны дұрыс қолдану.

Қолданудың жалпы ережесі. Әр стайлингтік құралдар тек таза шашқа жағылады. Шаш сымбатын сақтау, шашты ауырлатпау үшін шашты әсемдеп жинақтау кезінде екі: базалық және қатайт құралын қолданады.

Майлы зат (крем) — бұрымдарды әрлеу, жұмсарту, туралау және жабыстырту үшін қолданады. Егер де бұрымдарды мінсіз тура тал шаш немесе керісінше жасағыңыз келсе, онда үздік көмекші таба алмайсыз. Көпфункционалды майлы заттар (кремдер) бар. Олардың қайта қалпына келтіруші және жұмсартатын құнарланған құрамы арқасында зақымдалған және әлсіз шашты әсемдеп жинақтауға көмектеседі. Құралды (әдемілеп алынған шашты сәндеу үшін) сулы және (ерекшелікті көрсету үшін) құрғақ шашқа жағады.

Гель — тегіс, әдемілеп алныған шаштың стильдігін, сондай-ақ су шаш әсерін құру үшін қолданады. Оны дымқыл, құрғақ шашқа, сондай-ақ әдемілеп қырқылған шашты әрлеу үшін жағады. Гель қияңқы, қатты және тым бұйра шашты жинақтау кезде қолданады. Ал қазіргі уақытта бұл шаштың мәселесін шешетін одан да жетік формулалар пайда болды.

Мусс (көбіктер) – шаштың көлемін жасау үшін қолданады, сондықтан да оларды тек жұқа шашқа пайдаланады.

Муссты сүлгімен шамалы кептірілген дымқыл шаштың бар ұзындығына тарақпен тарқата тегіс жағады. Мусс құрамында табиғи өсімдік майы мен протеин және пантенол бар. Оның көмегімен зақымдалған шаштың құрылымын тіпті химиялық бұйралаудан кейңн де қайта қалпына келтіруге болады. Мусс әртүрлі фиксациялы (жеңіл, орта, қатты, экстра күшті, табиғи, эластикалық және т.б.) және түрлі қолданыста (түс беретін, шашқа қаттылық беретін және жылтыр) болып кездеседі. Демек, қатты фиксациялы құралдарды әлсіз, зақымдалған шашқа жақпаған жөн, бірақ кәсіби стайлинг межелігінде мысалы, қатты фиксациялы құралдар жіңішке және жұқа шаш үшін ұсынылатыны бар. Сонымен, әрбір ережеде денсаулыққа зиындығы тимейтін жақтарын табуға болады.

Балауыз пен помада. Балауыз әр шашты нәзік және елгезек етуге көмек етеді. Оның көмегімен шашты әсемді жинақтауға мінсіз жағдай жасайды, ол әдемі қырқылған шашқа форма мен тартымдылық силайды. Балауыз су негізінде жасалған, сондықтан алғашқы кезекте құрғақ, сынғыш шашқа ауадай қажет, ал құрамында май мен ара балауызы бар болғандықтан майлы шаш ұсқынсыз түрде (шаштың талшықтары мұз секілді кейпін қабылдауы мүмкін) абайлап пайдалану керек.

Балауыздың шамалы мөлшерде алақанға құйып құрғақ шашқа жағады. Помада балауыздан айырмашылығы оның табиғаты өте жұмсақ.

Паста, балшық және опа

Паста, балшық және опа жиі стайлинг үшін қолданады. Нені таңдау керектігін клиен өзі шешеді. Бұл жерде қандай тартымдылықты ұнатасыз, шашыңыздың ұзындығы мен қай түріне жататындығы, сондай-ақ шашты әрлеу құралын (форма мен фиксациясы немесе кұтім мен қорғау) қолдана отырып шаштың қай үлгісін жасайсыз, яғни жеке ерекшеліктер мен жеке қолайлығығыз басым рөл атқарады.

Ойланыңыз, пайданап көріңіз, таңдау жасаңыз және есіңізде болсын: басқаның барлығына жүк салуға болады, тек шашқа емес.

Лак және спрейлер

Әдемелеп алынған шашты болу аздық етеді, оны жасау кезде уақыт пен кеткен жігер бос кетпеу үшін сенімді қатайту керек. Бұл жағдайда сізге көмекке лак пен спрей келеді. Оларды таңдау талғам мен керекті пайдаңызға байланысты болады.

Лак пен спреи кәсіби және тұрмыстық болып бөлінеді. Олар табиғи, жеңіл, өте күшті және ультра күшті фиксацияда болады. Олардың күштілігі полимерлердің қоюлығына байланысты болады: жоғары болған сайын лак пен спрей күші жоғарлайды. Әдемілеп алынған шаш қаншалықты күрделі болған сайын қолданатын элементтер саны көбейе береді, демек фиксация кұшті болу тиіс. Лак пен спрей шашқа жылтыратады.

Құралдарды таңдау. Таңдау жолы келесі болу керек:

Егер де Сіз шашыңыздың денсаулығы мен сұлулығына қам жасасаңыз, онда міндетті түрде құралдардың құрамын зерделеңіз.

Есіңізде болсын, жақсы лакты пайдаланған кезде шашыңыздың
табиғи түрі, жылтыры мен иілгіштігі сақталады.

Спирт негізінде лак пен спрейлердің негізінде бір ғана кемшілік бар

– олар шашты құрғатады, сондықтан дұрысы мөлшермен қолдану.

Құрамында майы бар құралдар (мұнайды қайта өңдеу өнімдер) жұмсартуға өте сапасыз болап табылады. Бұл майлар ылғалды сақтап қалса да булануға кедергі жасайтын жіңішке өткізбегіш қабыршық болып табылады. Расында да, бұл қабыршық шашқа пайдалы заттарды ішкі кіргізбейді, сондықтан шаш әлсірейді. Сонымен қатар, бұл май шашты ауырлатып оның түсуіне ықпал етеді.

Қалай қолданамыз. Лак пен спрейлер 20...30 см арақашықтықта шашырылатылады. Лак пен спрей ұзын және орта ұзындықтағы шашқа төменнен жоғары қарай себіледі. Айқын бұрымдарды жасау, шаш талшықтарын қысқышқа немесе бигудиге орау алды лак пен спрей себеді. Немесе шаш талшықтарын щетка мен бигудиге орау алды лак себу, соңынан фенмен кептіру.

Спрейді шашты кәдімгідей жинақтау үшін қолданады. Лакты тым кұшті фиксацияны қажет ететін шашқа қолданады. Демек, бұл фиксация зақымдалған бояланған және әлсіз шаш үшін қауіпті жүк болғандықтан қолданған дұрыс келмейді. Ір түрлі типті шаш үшін түрлі фиксация қажет. Мысалы, жіңішке шаш үшін жеңіл, ал қалын немесе қияңқы шаш үшін тыс күшті қатайту құралдары қажет.

Шашты әсемдеп жинақтауға арналған құрал-саймандар

Әдемілеп алынған шашты көркемдету үшін қажетті құрал-саймандар: фен, фен құрылғылары, қысқыштар, щеткалар, тарақтар.

Фен. Ең үздігі 1 800 Вт қуатттылығымен қосымша саптамасы – диффузоры бар фен болып табылады. Саптаманың көлем мен қуаттылығына байланысты ұзын шашты немесе шаш талшықтарын, оралған бигудилерді жылдам кептіруге көмек етеді. Бұл фенде кемінде төрт температуралық режим болу тиіс.

Қысқыш пен плойка. Шашты жинақтау үшін туралау және түрлі бұрымдарды жасау, сондай-ақ жіңішке шиыршықтан бастап көлемді толқындарды жасайтын көптеген құрал-саймандардың алуан түрі бар. Қысқыш пен плойкаларға қойылатын талаптар:

Тарақтар мен щеткалар. Шашты (фенмен жинақтау үшін) домалақ щеткалар керемет қыртысын тегістейді, жылтыратады және шамалы бұйралатады. Жылтырату үшін щетканың максималды диаметрде табиғи түгі дұрыс келеді.

Шашты шамалы бұйралату үшін щетканың орта мен кіші диаметрде металды түгі бар, себебі ыстық феннің ықпалымен қызып термобұйралау әсер береді.

Күрекше-щетка тым шатасып кеткен шашты жеңіл және мұқият тарайды, сондай-ақ электрлінгендігін төмендетеді.

Құйрықша щетка шашты керемет көтереді, жабыстырады және шаш талшықтарын тегіс етеді.

Құйрықша тарақ пен шанышқы тарақ шашты әсемдеп жинақтау кезінде көтеру, көлемді ету, әдеміі бөлу, сондай-ақ күрделі өруді жасау үшін қолданады.

Қосалқы құрал-саймандар мен құрылғылар. Әдемелеп қиылған шашты жасау кезде қол асты көптеген қосалқы құрал-самандар болу керек:

5.4. ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КЕШКІЛІК ТҮРІН ӨҢДЕУ

Нақты адамның әдемілеп алынған шашын сәндеу үшін антропометриялық мәліметтерін ғана емес кіммен жұмыс жасайды, тұлғаның өзін, эстетикалық сұрақтар мен сипаттамасын ескеру керек.

Адамның мінезі мен жігерлілігіне қарай, сондай-ақ қырқым және шашты әдемілеп алуға таңдау жасауға ықпал ететін негізгі бес түрі: әйелдік, жастық, спорттық, кербездік, және салқынқандық болып анықталады.

Әдетте адамның бірнеше айқын жүріс-тұрысына қарай шашты әдемілеп алуға мүмкіндік бермейді. Клиентпен кеңесе отырып басым тұрғысына қарай жүгіну тиіс. Мысалы, романтикалық модель – бұрым, бұйра және толқын элементтері арқылы келбетін көркемдетуға болады.

Егер де клиент мінезінде сыпайылық анықталса, онда тым көзге түсерлік айшықты шаш үлгісін жасау дқрыс емес, себебі өзін ыңғайсыз сезінеді.

Шашты әдемілеудің барлық модельдер нақты стильдік бағыттарға: классикалық, романтикалық, креативтік және қиялдық болып бөлінеді. Шашты әдемелеудегі стильдік шешімді оның бағытына қарай қабылдау керек.

Шашты әдемелеудің кешкілік әдемі үлгісі күнделікті жүруге ыңғайсыздық тудырады. Олай боса, шашты әдемелеудің кешкілік үлгісі қиялға еркіндік беру керек, ең өзіндік формалары мен сәндік бөліктерін қолдануға болады.

Үй салтанатына, театр мен концерт залы, би кеші мен дискотека, сондай-ақ ресми қабылдауларға арналған модельдер болып табылады, сондай-ақ айтарлықтай бір-бірінен айырмашылығы кемде-кем. Үй салтанаты үшін жасалған шаш тым әдемі және көркемдетілмесе де боларлық, себебі тұрғын жабдығымен сәйкес келетіндей болғаны дұрыс. Күрделі формалар, өте бағалы әшекейді қолану орынсыз.

Театр мен концерт залына бару үшін шағын ғана алып формалар жасалады. Бұл шаш үлгілерінде құбылмалылық шектеледі, бірақ киімге салтанат пен алыптықты беретіндей шарф, аң терісінен бөкебайлар мен орамалдар қосылады. Шаштағы әшекелер қатаң киіммен ғана сәйкестіріледі.

Үй жайына қарағанда зал жарығын қолданып ең қымбат әшекелерді салуға, бірақ жылтыр бұйымдарды абайлап қолдану керек.

Ресми қабылдау үшін шаш үлгілері қарапайым сәнділік формасымен ерекшеленеді, түрлі элементттер минималды қолданады.

Дискотека үшін шаш үлгілері қатты және ырғақты қозғалыстардан шашырап кетпеуді ескеру тиіс. Демек, қыстырғыштармен немесе лакты себу арқылы қатайтылған құбылмалы да шағын ғана шаш үлгілері.

Салтанаттық қабылдау, балдар үшін кешкілік, сондай-ақ той шаш үлгілерінде аздық мөлшерде сәндік және өзгеше элементтер қолданылады, себебі кешкі және той көлектерінің дәстүрлі фасондарына сәйкестігін ұстану керек.

Есіңізде болсын: кешкілік шаш үлгілері ұқыпты және сәнді болу керек. Барлық салтанат барысында өз формасын жоғалтпай қасиетін сақтайтындай болу тиіс. Шаш үлгісі шеберлі, талғаммен, жалпы келбетті толықтырарлықтай және сыртқы әсер ететін факторларға тұрақты болу міндет.

Шаш үлгісін жеке сәндеу кезде жұмыс жасау қағидасы мен тәртібін қалыптастырамыз:

Бұл қағидаларды қолданған жағдайда, жұмыста орын алатын кемшіліктер болмайды. Клиентке ойластырған нұсқаны бағалауға, оны мақұлдауға немесе бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, клиент ниеттелгені бойынша шашын қайта тарап жағдайды өзгертуге болады.

5.5. КЕШКІЛІК ШАШ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Шаш үлгісінің пластикалық қасиеттерін жеткізу үшін сипаттайтын элементтерін қарастырайық. Әдетте шаш үлгісін пішінге келтіретін элементтер қатысады: Бастапқыда шаш үлгісінің бұл элементтерін жеке жасау технологиясын түсіну қажет, ал содан соң таңдаған пішін үлгісінде орындау керек.

Бұрау- тұтам шашты тығыз әр жақа бұрау. Бір, екі жіне үш тұтам шаштан, өзара бұрап жасалады.

1 нұсқа: тұтам шаш алынады, тұтам шаштың тартуын азайта келе қалаған жаққа барынша қатты бұрайды, нәтижесінде «серіппе» бұрау пайда болады. Сонымен, ілмек элементі немесе «қаракуль» тәрізді болады.

2 нұсқа: екі бірдей бір жақты етіп (оңға немесе солға), ал кейін өз арасында қарама қарсы бағытта бұралған тұтам шаштан орындалады (сурет 5.17).

Түйін – түйінге оралған тұтам шаш. Бір тұтам шаштан бірнеше түйін, егер ұзындығы қолайлы болса басқа тұтам шашты қоса отырып жасайды.

Сурет 5.16. Шаш үлгілерінің элементтері:

а — бұраулар; б — түйіндер; в — «бидайлық» өрім; г — қарапайым мен күрделі өрулер; д — мүсіндік бұрымдар; е — валиктер

Өрімнің бірнеше түрлері бар және екі және одан көп тұтамнан жасалады.

«Бидайлық» өрім – екі тұтамнан тегіс өру, қисын әдісімен жасалады.

Бұл элемент бастағы бар шашқа жасалса айқындығы шамалы, буылған шашқа жасаған өте дұрыс болады (сурет 5.19).

Сурет 5.17. Шаш ширатпасы:

а — біркелкі иірім технолгоиясы; б — екі қатар иірім ширатпасы;

Сурет 5.18. Өрімдер технологиясы:

а — бір қатар; б — екі қатар

Сурет 5.19. Бұрымның өрілу технологиясы:

а — бағытталған өрім; б — жай түрі

Бұрым – үш немесе одан да көп өрімнен тұрады.

1 нұсқа — үш тұтамнан өріледі (сурет 5.20, а, б). Өру ортадаға 1 тұтамнан басталады, 2 тұтам астына қарай бағытталады, кейін 3 тұтамды үстіне қарай өресің. Одан әрі, қимылды қайталап тұрасың.

Сурет. 5.20. Өрімді өру технологиясы:

а, б — «өзіңе қарай» және «өзіңнен» үш тұтамнан; в — көп тұтамдық; г — үш және одан көп тұтамнан: 1 ...9 — тұтамдарды қосу реттілігі

2 нұсқа — көп тұтамды өру. Төрт, бес, алты және одан көп тұтамнан өріледі (сурет. 5.20, в, г). Өру 1 нұсқада секілді ортадан үш тұтамнан басталады, кейін шеткі тұтамдарды өзара кезектестіріп қосады. «Шахмат» суреті тәрізді болады.

Мүсіндік бұрым — ірі сақина, букли, жарты сегіздік немесе сегіздік тәрізді тұтамның цилиндр формасында жасалады.

Бұрым толық жиналған шаш тұтамынан жасалады. Бұрымды үздік бұрау үшін әрбір ыңғайлы технологиялық әдісті қолдана отырып, мысалы бигудимен, қысықышпен шашты алдын ала бұйралау керек (сурет 5.21).

Валик — тығыз оралған шаш массасы. Шаш үлгісінде көлем немесе бума жасау үшін қолданылады. Көтерілген немесе қосымша шаш көлемінен орындалады.

Валик үлгісі — жарты шеңбер немесе конус түрде болады (сурет 5.22).

Сурет. 5.21. Мүсіндік бұрым жасау технологиясы: а — сақиналық; б, в — цилиндрлік және оның бағыттары; г — «жарты сегіздік»; д — «сегіздік»; е — «ілмек»; ж — «сегіздікте»және « жарты сегіздікте» бұрымдардың орналасуы; з — «ілмекте» бұрымдардың орналасуы: 1... 5 — бұрымдарды жасау реттілігі

Кешкілік шаш үлгілерінің қарастырылған элементтері.

Шаш үлгісін «Бидайлық» элементімен жасау. «Бидайлық» өрімі үшін шашты төбе жақтан 3 см жалпақтықта екі тұтамға бөлу керек, кейін оң тұтамды құйрықша тарақ көмегімен солға бұрып, ал келесі оң тұтамды оның үстіне, оң тұтам – сол тұтамға және т.с. кете береді ( 5.23-сурет).

«Бидайлық» элементімен шаш үлгісі – ұзын шаштың шаш үлгісін әсемдеудің ерекше түрі. Өрімді өру үшін үш бірде тұтам керек. Кейін оң тұтамды сол тұтамның үстіне қойып өрімді сол қолға алу керек. Бірақ оң тұтам сол тұтам үстіне, ортадағы оңға түседі және т.с.с. жалғаса береді (сурет 5.24).

Сурет 5.22. білікше жасау технологиясы

а – тігінен; б – конус формасында; в – жартышар формасында Өрімнің бұл формасы жапсырылған форманы көрсетеді, ал егер өрімнің бағытын өзгертсек, онда өрім ішкі жаққа кетіп өрім көтеріліп тұрған формасын көрсетеді.

Сурет. 5.24. Өрімді өру (а—в)

«Мүсін» кешкілік шаш үлгісі. Төбеде шашты көлемді жинап мүсіндік бұрымдардан жасалады. Ол үшін шаштың ұзындығы иықтан төмен түсіп тұруы қажет. Шашты нығайту үшін лак, түйрегіштер мен тупировка қолданылады.

Шашты алдын ала төбеге «ат жалыны» секілді жинау керек, резеңкемен қатайту және жуандығы бірдей етіп алты бұрымға бөлу. Кейін әр бұрымды қысқышпен бұйралайды, шамалы тарақпен тарап тұрады, лак себеді де цилиндр тәрізді орайды, бұрымды түйреуіш және түйрегішпен қыстырады (сурет 5.25).

Классикалық бума. Бұл шаш үлгісі ұзын шаштарға арналып жасалады. Егер де шаш қалыңдығы мен ұзындығы жеткілікті болса, онда көлем мен жасанды шашты қолдануға болады. Шаш үлгісінің маңдай жағынан әрлеу үшін шашты алдын ала бөледі және шашқты салқын түрде жасайды, кептіріп қалған шашты желкенің төмен жағына буады. Одан кейін шашты қатты көтереді немесе көлем қолданады. Буылған шашты үш бөлікке бөлініп көлемді біркелкі таратып жасайды. Буманың жақсылап тарап бұраумен әрлейді, алдын ала үш тұрым немесе бумадан тұрым ұштарын қолданады (сурет 5.26).

Шаш үлгісін «бабетта» стильде жасау. Бұл шаш үлгісі орташа ұзын шашқа қатты көтеру арқылы жасалады. Бұл әдісте валик қолданылады. Шаш үлгісін жасау кезде шашты қатты тарап, жақсылап көтермелеу және тығыз валикке жинақтап лак пен түйрегішпен қатайту қажет. Маңдай жағы кока немесе кекіл тәрізді әрлейді (сурет 5.27).

Сурет. 5.25. «Мүсін» шаш үлгісін жасау:

а — шаш үлгісінің жалпы көрінісі; б — буманы әрлеу; в, г — қысқыш көмегімен бууды бұйралау; д — бұрымдарды әрлеу және тупировка жасау; е — кекілді әрлеу

Сурет. 5.26. Классикалық бууды жасау:

а — шаш үлгісінің жалпы көрінісі; б — буманы әрлеу; в — шашты салқын әдіспен жинақтау және кептіру; г — применение объема; д — бұрауды орындау; е — шаш үлгісін бөлшектермен әрлеу

Сурет 5.27. «Бабетта» шаш үлгісін жасау.

а – шаш үлгісінің жалпы көрінісі; б,в – бөліктерге бөлу; г,д,е – желке, самай және маңдай жағын әрлеу

5.6. ШАШ ҮЛГІСІН ПОСТИЖДІ ҚОЛДАНУМЕН ӘРЛЕУ

Постиж – табиғи және жасанды шаштан жасалған сәндік бұйымдар (жасанды шаш, жасанды жартылай шаш, шиньон, шаш қосындылары, бұрым, өрімдер. сақал, мұрт, бакенбардтар мен басқалар).

Шаш үлгілерін постиждік бұйымдармен әрлеу байырғы уақыттан белгілі. Сән кезең-кезеңімен қайталанып келуде, бұл бұйымдардың көптеген түрі бар (сурет 5.28). Оларды жасау үшін табиғи және жасанды шаш (моно талшықтар, каниклон) қажет. Постиж бұйымдары сәннің заманауи түрде шаш үлгілерін әрлеу, сондай-ақ жұқа немесе қысқа шаш үшін кеңінен қолданылады. Постиж бұйымдарының көптеген түрі шығармашылық үшін мүмкіндіктер береді. Салтанат жағдайға (той, бал, мерейтой және басқалар түрлеріне) арналған шаш үлгілері арнайы ерекшелігі мен нәзіктігімен ерекшеленеді. Шашты әрлеу кезде ерекшелік беру үшін табиғи немесе дәстүрлі емес ашық түстер қолданылады (сурет 5.29).

Күнделікті және іскерлік шаш үлгілерін әрлеу үшін постиж бұйымдары тым көрінбейтіндей етіп қолданылады.

Мысалы, той шаш үлгісінде постиж үлгілерін қолдануды қарастырайық (түрлі түсті қосымша парақты қара, 21- суретте атақты стилист Руслан Татьянин шиньон қолданған шаш үлгісі көрсетілген).

Той шаш үлгісін әрлеу едәуір дәстүрлі. Той көйлектірінің түрлі нобайлары тек сәндік фасондармен қол жеткізіледі, ал шаш үлгісіне шектеулі сан пішіндері бар. Той көлегінің тұтас бөлігі барлық киімнің көркемдік мағынасы, сондай-ақ өзгеше бас киімі – дәстүрлі жаулық болып табылады.

Сурет 5.28. Постижді қолданумен шаш үлгісін әрлеу:

а — шиньон; б — бұрым; в — өрім; г — өрімді бекіту

Сурет 5.29. Шаш үлгісін шиньон мен бұрымдармен әрлеу:

а - шаш үлгісінің жалпы көрінісі; б - шиньонды бекіту; в - шаш үлгісінің бұрымдары

Әдемі шаш үлгісін жоғары көркемдік көпэлементті форма, декор сырты мен элементтердің айтарлықтай тазалығы, нақты орындарды қатаң бекіту, дәстүрлі, сыпайылық сезілу керек. Аса көлемді және берік шаш үлгісін жасау үшін шиньон, бұрым немесе шаш иірін қолданады, бірақ композиция заңы мен стильдік шешімдерінің бірлігін ұмытпауды ескертеміз.

Той шаш үлгілерін әрлеу

Той шаш үлгілерінің стильшілері - шаштараз өнерінің шеберлер элитасы. Шаштан, гүлден, қауыз бен жылтырлардын қисынсыз тәжілерді жасау үшін кереметтей қалындықтардың басына тек көркемдік талғам мен құрал-сайманды шеберлі меңгеру ғана емес құдаймен сыйға тартылған талант керек. Қарапайым бойжеткендерді ертегідегі ханшайымдай, ақсүйек пен қиялды романдарының кейіпкерлеріне жеп-жеңіл айландыру ептілігі той шаш үлгілерінің стилист кәсібі дүниежүзінде іздейтіндер сатыларынан бастапқысы болып табылады.

Той шаш үлгісінің шебері – бас мамандарының бірі қалындықтың мерекелік келбетін жасайды. Сондықтан, жоғары біліктілігін игеру арқасында стильдің әр бөлшегі және қалындықтың барлық ниеттері ескеріледі. Одан бөлек, той стильшісінің жұмысы қажетті стильді қалындық киіміне үйлестіру, салтанат кейіпкерінің табиғи сұлулығын негіздеп макияж көмегімен керемет келбетін аяқтайды.

Қалындық болу – оңай іс емес. Барлығының үміті қалындық той күні өте әдемі және қайталанбайтындай болады. Бірақ ол аздау, себебі фото сурет пен бейне түсірілімдерде ең мыншыл көзге керемет болу керек.

Той сәніндегі өзерістер қалындыққа өз келбетін жетікке келтіру үшін той көйлегі, той макияжы, той шаш үлгісі ретінде қосымша күшті қосуға

ұсынады. Бір сөзбен, барлық нәрсе таңғалдырту тиіс. Қалндықтың тойдағы мақсаты – таңғалдыру, ерекше болу және қайталанбатындай болу тиіс.

Той сәні бар және онымен ешкім бақталаса алмайды. Бірақ барлық сәндердің ішінен ең керітартпалығы да осы. Бірақ қалындықтар үшін қиялдау тән қасиет. Әрине, бастапқы кезекте сәндік беталыс той киімінде орын алады. Жаңа толқындар той шаш үлгілеріне де қатысты болды.

Заманауи той шаш үлгілері өте қарапайым және ыңғайлы. Бүгінгі таңда күрделі құрылым, шаш көтерудегі оны бұрқырату, сондай-ақ шашқа қалың лак себу өзекті емес. Бүгін қалындық өміріндегі жауапты сәтте той шаш үлгісінің бұзылуына қам жемейді, өзінің мінсіз сыртқы келбетін уайымдамайды және керемет күні мерекеден ляззат алуы тиіс.

Той шаш үлгісіндегі беталыс. Соңғы кезде той шаш үлгісінің түрлері жеңіл табиғи стилін талап етеді. Той шаш үлгілеріне заманауи бостандық береді. Той шаш үлгілерінің еркін стильде өзекті, өгеше таза және нәзік.

Егер де қалындықтың шашы қысқа болған жағдайда уайымдамай той шаш үлгілерін тиімді жасауға болады. Бүгінде қырқым негіздегі стильді той шаш үлгілерін жасау қазіргі таңда өте кең тараған. 1920 ж. стильдегі шаш үлгілері бүгінде ерекше қолданыста, себебі әсем тар көйлек, той шаш үлгісі «жеңіл» көйлекпен, сондай-ақ албырт қысқа бұрымдылар жеңіл сай келеді.

Заманауи той шаш үлгілерінде келбеттің сұлулығы мен табиғи әсемдікті көріктейтін жайылған шаш жиі қолданылады. Мұндай той шаш үлгісімен сай келетін көйлекті таңдау кезде бәрінен бұрын тиімді декольте нұсқаларына тоқталады. Бұған сәйкес келушілік қалындықтың әйелдік ерекшілігі мен романтикалық келбетін анықтайды.

Классикалық биік той шаш үлгілеріндегі жинақталған шаш сәнде әрқашан қала бермек, бірақ заманауи тұрғыда үйлесімді, шашы қатты жинамай артықшылық нәрселер болмау тиіс (түрлі түсті қосымша парақ, сурет 22).

Ұзын шашқа той шаш үлгілері. Ұзын шаш – көптеген шаш үлгілерін жасауға мүкіндік береді. Олар толығымен төбеге жиналады, бірақ жайылса да рұқсат. Барлығы қалындық пен шебердің ниетіне байланысты болады. Шаш үлгілерірінң бірнеше нұсқаларын келтірейік.

шашты әдемі жинақтауға мүмкіндік береді. Әдеттегідей, мұндай шаш үлгілері өте көлемді және шашты жоғары көтерілгендей көрінісін береді (сурет 5.31).

Қысқа шашқа той шаш үлгілері. Егер де қалындық шашы иығына түсіп тұрса, онда оған биік шаш үлгісінің «ракушка» немесе «бабетта» түрі сай келеді. Желкеде жинақталған кішігірім бұйралардан құралған өте әдемі және әйелдік сипатта жинақталған шаш тартымды көрінеді.

Қысқа той шаш үлгілері жайылған шаштан жасауға да болады. жіңішке бигудиге бұрымдарды бұйралап оларды кездейсоқ тәртіпте жинақтау (түрлі-түсті қосымша парақ, сурет 23). Ұқсас шаш үлгісін диадема немесе жиекпен әсемдейді.

Бұл жағдайда ең тартымды жоғары шаш үлгілері көрініс табады. Олар биікке көтеріліп немесе желкеде резеңкемен жиналуы мүмкін. Кейде мұндай шаш үлгілері бірден бірнеше бөліктерден құралады, мысалы: жоғары жағында гүлтәж тәрізді өрім өрілу мүмкін, ал желкеде кереметтей шаш буылады. Егер де бұрымды жақсылап бұйраласа, онда оны жайылған күйде қалдырса да болады.

Сурет. 5.30. Өру мен бұрым элементтерімен ұзын шашқа той шаш үлгісі: а — шаш үлгісінің жалпы көрінісі; б, в —классикалық сұлба бойынша үш қатарда бигудиге шашты бұйралау; г — бастың ең жоғарғы нүктесінен бастап құлақтан құлаққа шашты бөлу, тарау, бигудиді шешу арқылы шашты кептіру; д — желкеден шашты ассиметриялық бағытта француз өрім бойынша өру, резеңкемен шашты жинау, ұшын бос қою; е — шашты төбеден француз өрімде өру, самайдың бір жағынан бастап басқа жағына қарай өру, резеңңкемен бекіту, өрімді желкедегі өріммен қосу.

Сурет 5.31. Шашты көтерумен көлемді той шаш үлгісі: а — жалпы түрі; б — шашты көтеру; в — бетке жақын етіп құлақтан құлаққа бөлу жасау; г — желкенің жоғарғы жағында валик етіп түйреуіш көмегімен бекіту; д, е — желке мен төбе аралығында шашты жабу; ж — керекті көріністі жасау үшін шашты тарау; з — самайдағы шашты артқа тарап, оларды желкеде бекіту; и — кекілді жеңіл бұйралау және шаш үлгісін әсемдету.

Кекілі бар той шаш үлгілері. Жас қыздың келбетіне кекіл ерекше сұлулық береді. Сондықтан кекілі бар той шаш үлгілері соңғы уақытта ерекше сұраныста. Кекіл қалыңдықтың келбетіне өзгеше нәзіктік келтіреді. Кекіл тік немесе қиғашынан болуы мүмкін. Беттің түрленуіне қарай оны қалың немесе сиректеу етіп жасайды. Жиірек, кекілді қысқа бұйралармен немесе биік шаш үлгілермен келістіреді. Кекіл шаш жинақтаудың безендірудің тұрлерінің бірі болып табылады және бұйралау әлеміне ерекшелік ендіреді (сурет 5.32).

Той шаш үлгілерін әшекейлеу. Той шаш үлгілері шаштараз өнерінің туыныдысы. Бірақ, сиқырлы ханшайымның келбетіне сай той шаш үлгісін жасау үшін оны сәндік элементтерімен әшекейлеу керек. Жиі қолданылатын әшекейлердің бірі – жаулық-фата, гүл мен диадема.

Диадемасы бар той шаш үлгілері. Шаш үлгілерінде көп таралғаны диадемаларды қолдану. Олар биік немесе өте кішілері болып қолданылады. Диадема арқылы шаш үлгісі ерекше сүйкімділікке бөленеді. Кейбір диадемалар бекіту тәсіліне қарай гүлтәжіге ұқсайды, ал басқалары жиек секілді киіледі. Демек, диадема фата мен шаш үлгісін өзара біріктіретін жиек (сурет 5.33).

Фатасы бар той шаш үлгілері. Фата – той шаш үлгісінің дәстүрлі әшекейі.Ол қалындықтың обрызын аяқтайды, оған құпиялылқ силайды. Бүгінде фатасы бар қалындықтар сиректеп барады, бірақ кейбір жағдайда ол қажеттілік. Егер де той салтанаты шіркеуде құпиялылықты сақтап неке қиылса, онда фата міндетті түрде киіледі.

Жаулықтың екі негізгі түрі: бір қабатты және көп қабатты болады. Соңғысы қалындық өз бетін жасырып қалу үшін ыңғайлы. Одан бөлек, ол өте әдемі болғандықтан, әуедегі ауа тәрізді сымбатты. Жаулық-фата ұзындығы қысқадан өте ұзын болуы мүмкін (сурет 5.34).

Гүлі бар той шаш үлгілері. Әйел баласы әрдайым табиғатпен ерекше байланыста болады. Сондықтан гүлдері бар шаш үлгілері өте тартымды және табиғи болып көрінеді. Сәндік элементтерінің бірі болып табиғи және жасанды гүлдер қолданылады.

Жасанды гүл күні бойына солмайды және қатты бекітуге мүмкіндік береді. Тірі бутонның жетістігі қалындыққа кереметтей хош иіс пен балғындықтық силайды. Маңыздысы, олар көйлек және гүл шоқтарымен сымбатты көрінеді. Шамалы қиялдансақ, әр қалындық ханшайым болып көрінеді (сурет 5.35).

Сурет. 5.32. Кекілі бар той шаш үлгілері:

а — жалпы көрініс; б — шашты бигудиге орау, оны кептіру және тарау; в — құлақтан құлаққа шашты бөлу; г — желке шашты бір жақа және валик үшін негіз болатындай оларды түйреуіштермен қыстыру; д — желке шаштан валикті жасау және оны түйрегішпен бекіту; е — самайдың оң жақтағы шашты беттің тұсындағы шашты толындап жинақтау; ж — самайдың сол жақтағы шашты еркін валик түрде шаш үлгісін аяқтау

Сурет. 5.33. Диадемасы бар той шаш үлгілері

а — жалпы көрініс; б—г — белгіленген сұлбада шашты бұйралау: шашты кептіру, бигудиді шешу және тарау; д — желкедегі шашты көлденең жоғары және төменге қарай бөлу; жоғарғы жақтаң шашқа тупировка жасау; е — желкенің жоғары шашын дөңгелек форманы жасау үшін тарау, түйрегішпен бекіту; ж — шаш үлгісін лакпен қатайту және диадема немесе жиекпен безендіру

Сурет. 5.34. Жаулығы бар той шаш үлгісі

а — жалпы көрініс; б — шашты тарау; в — құлақтан құлаққа бөлу және желкедегі шашты жанынан бөлу; г — төбедегі шашты талшықтарға бөлу және валикке орау; д — желкедегі шашты талшық етіп жинақтау; е — самайдағы оң жақ шашты жинақтау валиктің жоғарғы жағына, бір тал шашты құлақ артына қыстырып қалдыру; ж — желке жақтағы бос шаш талын жинақтау; з — желке мен самайдың сол жақ шашын қысқышпен және сақина түрлінде жинақтау

Сурет 5.35. Гүлі бар той шаш үлгілері:

а — жалпы көрініс; б — шаштараз үтігімен шашты тегістеу немесе фен мен щетқаны қолдана отырып шашты тарту; шашты төбеге биікке жинау және резеңкемен бекіту; ұшынан жеке-жеке тал шашты бөлу; в — жеке тал шашты төменге тарау және түбінде тірегішпен бекіту; г — қосымша көлем үшін бөлінген тал шашқа тупировка жасау; д — буылған шаштың қалғандарына тупировка жасау; е — шаштың сыртқы жағын щеткамен тарау, олардан биік бума жасау және түйрегішпен бекіту; ж, з — әдемі сызықпен бос шаш ұштарын жинау және түйреуіштерді жасыру үшін оларды бір-біріне қосу, жылтырақ лак себу және тірі гүлмен әсемдету.

5.7. ТАРИХИ ШАШ ҮЛГІЛЕРІН ӨҢДЕУ

Тарихи шаш үлгілері заманауи жағы ойлардың көзі. Әр шебер тарихи шаш үлгілерін, олардың технологиялық ерекешеліктерін және жасау жолдарын білу міндет. Олдан бөлек, шебер жеке шығармашылық белсенділікті таныту қажет, себебі көшірмесі жасалған түпнұсқасы – ол шаш үлгісінің жартылай суреті немесе фото суреті

Сурет 5.36. Бидермайер стилінде шаш үлгісін жасау

а - жалпы көрініс; б - бумаға бөлу; в - жоғары ілмекті желке жасау; г - самайдағы бұрымдарды қысқышпен бекіту; д - шаш үлгісіндегі бөліктерді жасау

Тарихи шаш үлгілерін жасауды қарастыратын болсақ, онда оның техникасын, шаш үлгісінің техникасы мен орындалуын бидермсайер стилінде орындау қажет (сурет 5.36). Шаш үлгісі жоғары тұрған ілмектерден, желке жақта өрілген өрімдерден және самай жақта бұрымдардың салбырауларынан құралады. Бұл шаш үлгісін жасау кезде жүктеу элементтері (шиньон, тал шаш) қолданылады:

5.8. МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ БАЛЫНА АРНАЛҒАН ШАШ ҮЛГІСІ

Мектеп бітірушілердің балы – ата-ана, мұғалімді, сыныптастарыңды және тіпті өзіңді таңқалдыратындай және бағындыратындай тамаша мереке. Бал үшін шаш үлгілері табиғи, жеке болуы тиіс. Негізгі екпін өрім мен бұйрау элементтерімен үйлесетін майда және ірі бұрымдар немес бұйралар формада жасалады. Шаш үлгісі заманауи тұрғыда және келбет, пішін және көйлек ерекшеліктерімен келісімді болу тиіс. Бірнеше шаш үлгілерін жасау технологиясын келесі мысалдарға сүйеніп қарастырамыз:

Сурет. 5.37. Мектеп бітірушілер балына арналған банты бар шаш үлгісі:

а — жалпы көрініс; б — шаштараз үтігі көмегімен шашты туралау; в — желкенің төменгі жағына шашты бума етіп жинау және үш бұрымға бөлу; г — шаштараз үтігімен тегіс шашқа қол жеткізу үшін бір тал шашты өңдеу; д, ары көтеру және оны бұрап ұзындықтың ортасына әкелу;

Сурет. 5.38. Мектеп бітірушілер балына арналған банты бар шаш үлгісі:

а — жалпы көрініс; б — шаштараз үтігі көмегімен шашты туралау; в — желкенің төменгі жағына шашты бума етіп жинау және үш бұрымға бөлу; г — шаштараз үтігімен тегіс шашқа қол жеткізу үшін бір тал шашты өңдеу; д, е — басқа тал шашты аударылған сегіздік секілді шашты жинақтау және түйреуішпен бекіту; ж — үшінші тал шашты жоғары көтеру және оны бұрап ұзындықтың ортасына әкелу; з — бұралмаған тал шашты сақина тәрізді жинақтау

Сурет. 5.39. «Бидайлық» элементімен балға арналған шаш үлгісі: а — жалпы көрінісі; б — шашты екі бөлікке тура бөлу; в— үлкен диаметрлі қысқышқа шиыршық арқылы шашты бұйралау; г — екі тал шаштан «бидайлық» секілді екі жақтан шашты өру; д — «бидайлықты» керекті көлемге келтіріп созу;m«бидайлықтың» ұшына жіңішке өрулер өру; е — бөлуден екі жаққа толқындатып шаш кекілін жинау

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Шаш үлгісін формаға келтіру жұмысына не кіреді? 2. Бигуди негізінде шаш үлгісін жасау ерекшеліктері туралы әігімелеңіз. Көрнеклікті материалды таңдап сұлбасын сызыңыз. 3. Шашты сақиналық бұрымдар етіп жасауды сипаттаңыз? Сұлбасын сызыңыз. 4. Шашты ыстық әдіспен жинақтау ерекшеліктері қандай? 5. Шашты фенмен жинақтау ерекшеліктерін атаңыз. Көрнекілікті материалды таңдаңыз. 6. Кешкілік шаш үлгісін жасау кезде қанадай талаптар қойылады? 7. Кешкілік шаш үлгісін жасау кезде қандай технологиялық әдістер қолданылады? 8. Түрлі бағыттағы шаш үлгілерін жасау кезде қандай материалдар қолданылады?

ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ

Түрлі бағыттағы шаш үлгілері бойынша көрнеклік материалдарды таңдау.

Әдебиеттер тізімі

Демидова И. Сіздің гардеробыңыз — стиль — имидж / И. Демидова. — Минск : Миринда, 2000.

Haіr's журналдары. THE BEST технологиялары. Үйлену тойының шаш үлгілері мен стилі. — 2006.

Каминская Н. М. Костюм тарихы / Н. М. Каминская. — М. : Жеңіл индустрия, 1977.

Корнеев В. Д. Модельдеу және шаш үлгісін көркем безендіру / В.Д. Корнеев.— М. : Жеңіл өнеркәсіп, 1989.

Мода және стиль. Қазіргі заманғы энциклопедия. — Ростов н/Д. : Феникс, 2005.

Паранюшкин Р. В. Композиция / Р. В. Паранюшкин. — Ростов н/Д. : Феникс, 2005.

Сыромятникова И. С. Шаш үлгісінің тарихы / И. С. Сыромятникова. — М. : Искусство, 1983.

Татьянин Р. Өмірдегі барлық жағдайларға арналған үздік шаш үлгілері / Р. Татьянин. — М. : ЭКСМО, 2011.

Сұлулық мектебі : болашақ шаштараздарға, косметологтарға, стилистерге және визажистерге арналған оқу құралы / ағылш. тілінен ауд. Э. Алексеева, С. Шестериева. — М. : Крон-Пресс, 1998.

Мазмұны

Кіріспе
1-тарау. Шаш үлгісінің тарихы. Шаш үлгісі өнеріндегі стиль және сән
1.1. Ежелгі уақыттан біздің заманымызға дейінгі шаш үлгілерінің мәні
1.2. Шаш үлгісінің даму тарихы

1.3. Шаш үлгісіндегі стиль мен сән
2-тарау. Шаш үлгілерінің жіктемесі
2.1. Шаш үлгілерінің түрлері және олардың ерекшеліктері
2.2. Шаш үлгілерінің жас ерекшелік топтары бойынша сипаттамасы

2.3. Шаш үлгілерінің нысаны бойынша сипаттамасы
3-тарау.Шаш үлгісі композициясының негіздері
3.1.Шаш үлгісінің композициясы. Оның мәні мен негізгі заңдары
3.2.Композицияның ерекшеліктері

3.3. Шаш үлгісінің басты бөлігінің композициясы
3.4. Шаш үлгісіндегі түстің маңызы
4-тарау. Шаш үлгісінің үйлесімді арасалмағының заңдары
4.1. Дене бітімі мен шаш үлгісінің үйлесімі

4.2. Бас пропорциялары
4.3.Бет түрлерінің пропорциялары

4.4.Шаш үлгісінің қырынан қарағандағы сұлбасы және оның беттің алдыңғы түрімен өзара байланысы

5-тарау . Шаш үлгісін модельдеудің ерекшеліктері
5.1. Шаштың пішінімен жұмыс
5.2. Шашты шаш үлгісіне ресімдеудің технологиялық әдістері
5.3. Шашты бұйралауға арналған құралдар мен аспаптар

5.4. Той шаш үлгілерін әзірлеу
5.5. Шаш үлгілерінің кешкілік элементттері
5.6. Шаш үлгісін постижді үлгісін қолдану арқылы әрлеу
5.7. Тарихи үлгіде шаш әзірлеу

5.8. Мектеп бітірушілер балына арналған шаш үлгісі
Әдебиеттер тізімі

Королева Светлана Ивановна

Оқулық

4- басылымы, өңделген
Редактор В. А. Савосин
Компьютерде терген: Д. В. Федотов
Корректорлары Е. В. Кудряшова, О. В. Попова

Баспа № 104112616. Басуға қол қойылды 22.06.2016. Форматы 60 х 90/16. Гарнитурасы «Балтика». Офсеттік қағаз. Офсеттік баспа. Шартты баспа таб. 10,0 (оның ішінде 1,0 түсті қос.), Тиражы 1000 дана. Тапсырыс № «Академия» баспа орталығы» ААҚ. www.academіa-moscow.ru 129085, Мәскеу, Мир даңғ., 101В, 1 бет. Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. ПЩ01. H 00695 31.05.2016. Идел-Прессте басылды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙