TELEGEI

Home

Тіл біліміне кіріспе

Виктория Фромкин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тіл біліміне кіріспе

Атауы айтып тұрғандай «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синт...

ӘОЖ 80/81 (075.8)

КБЖ 81.2-923

Ф87

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы:

Редакциялық алқаның төрағасы –
Тәжин М.М.
Төрағаның орынбасары –
Сағадиев Е.К.

Жауапты хатшы –
Кенжеханұлы Р.
Алтаев Ж.А.
Алшанов Р.А.

Жаманбалаева Ш.Е.
Жолдасбеков М.Ж.
Қасқабасов С.А.
Қарин Е.Т.

Құрманбайұлы Ш.
Масалимова Ә.Р.
Мұтанов Ғ.М.
Нұрышева Г.Ж.

Нысанбаев Ә.Н.
Өмірзақов С.Ы.
Саңғылбаев О.С.
Сыдықов Е.Б.

Кітапты баспаға әзірлеген: Ұлттық аударма бюросы
Аудармашылар –
Жаңабекова М.
Мизамхан Б.

Ісләмова Ұ.
Әдеби редактор –
Құдайбергенов Н.
Ғылыми редактор –

Жаңабекова А.Ә.
Таусоғарова А.Қ.
Жауапты шығарушы –
Әбділда Ж.

Пікір жазғандар
Әлметова Ә.С.
Исмағұлова Б.Х.
© 2014, 2011, 2007 Wadsworth, Cengage Learnіng

ALL RІGHTS RESERVED. No part of thіs work covered by the copyrіght hereіn may be reproduced, transmіtted, stored or used іn any form or by any means graphіc, electronіc, or mechanіcal, іncludіng but not lіmіted to photocopyіng, recordіng, scannіng, dіgіtіzіng, tapіng. Web dіstrіbutіon, іnformatіon networks, or іnformatіon storage and retrіeval systems, except as permіtted under Sectіon 107 or 108 of the 1976 Unіted states Copyrіght Act, or applіcable copyrіght law of another jurіsdіctіon, wіthout the prіor wrіtten permіssіon of the publіsher.

Ф87 Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н.

Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 608 бет.

ІSBN 978-601-7943-11-0

Аты айтып тұрғандай, «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған. Бұл кітап «Тіл біліміне кіріспенің» оныншы басылымы болғандықтан, онда елеулі толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттардың басым көпшілігі студенттерге лингвис­тика мәселелері жөнінде жүйелі білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болуға көмектеседі. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік береді. Кітап тілші ғалымдарға, ағылшын тілін үйренушілерге, филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына және тіл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке арналған.

ӘОЖ 80/81 (075.8)

КБЖ 81.2-923

ІSBN 978-601-7943-11-0

© Wadsworth, Cengage Learnіng, 2014, 2011, 2007
© «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қоры 2018

...Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыт­тары бо­йынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілет сияқ­ты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнық­тыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады...

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінен

Мазмұны
Кіріспе
Басылымның ерекшеліктері
Қосымша дереккөздер

Алғы сөз
Авторлар туралы

1. ТІЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Лингвистика білімі
Дыбыс жүйесі туралы білім
Сөз туралы білім
Лингвистика біліміндегі шығармашылық

Сөйлемдер мен сөз тіркестері
Лингвистика білімінің жасампаздығы
Грамматика дегеніміз не?
Дескриптивті грамматика

Прескриптивті грамматика
Оқытушы грамматика
Әмбебап грамматика
Грамматиканың дамуы

Ым тілі: әмбебап тілдің дәлелі
Адами емес тіл дегеніміз не?
Құстар және аралар
Жануарлар адам тілін меңгере ала ма?

Тіл мен ой
Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

2. МОРФОЛОГИЯ

Негізгі және көмекші сөздер
Морфемалар: Сөздің ең кіші бірліктері
Негізгі және қосымша морфемалар
Қосымша морфемалар

Түбір және негіз
Сөзжасам заңдылықтары
Деривациялық морфология
Флективті морфология

Сөздің иерархиялық құрылымы
Ереже өнімділігі
Басқа да лексикалық процестер
Ым тілінің морфологиясы

Морфологиялық талдаулар: морфемаларды идентификациялау
Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

3. СИНТАКСИС

Синтаксис заңдылықтары
Грамматикалық негізделмеген сөздер
Сөйлем құрылымы
Құрауыштар мен құраушы тестілер

Тілдің өміршеңдігі: рекурсивті заңдылықтар
Сөйлем қалай басқарылады?
Трансформациялық талдаулар
Әмбебап грамматиканың қағидаттары мен көрсеткіштері

Ым тілінің синтаксисі
А қосымшасы
В қосымшасы
С қосымшасы

Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

4. ТІЛДІҢ МАҒЫНАСЫ

Сөйлеушілер сөйлем мағынасы туралы не біледі?
Шындық
Импликация және ұғымдардың байланысы
Көпмағыналылық

Композициялық семантика
Семантика заңдылықтары
Композициялық семантика қай кезде өзгереді?
Аномалия

Метафора
Идиома
Лексикалық семантика (сөздің мағынасы)
Сөз мағынасының теориясы

Референция
Лексикалық байланыс
Семантикалық ерекшеліктер
Аргумент құрылымы

Прагматика
Есімдік және басқа да дейктикалық сөздер
Импликатура
Презумпция

Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

5. ФОНЕТИКА: ТІЛДЕГІ ДЫБЫСТАР

Дыбыс сегменттері
Сөйлеу дыбыстарының ерекшеліктері
Фонетикалық әліпби
Артикуляциялық фонетика

Дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Негізгі фонетикалық топтар
Үзілмелі және созылмалы дыбыстар

Шулы және сонар дыбыстар
Консонанттық дыбыстар
Буындық дыбыстар
Просодиялық ерекшеліктер

Дыбыс екпіні және сөйлеу ырғағы
Фонетикалық таңба және орфографиялық сәйкестік
Ым тілінің фонетикасы
Қорытынды

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

6. ФОНОЛОГИЯ: ТІЛДЕГІ ДЫБЫС ҮЛГІЛЕРІ

Морфемалардың дыбысталуы
Көпше түрдің дыбысталуы
Алломорфтың басқа да мысалдары
Фонемалар: тілдің фонологиялық бірліктері

Аллофонның сипаттамасы
Фонемалар және оларды табу жолдары
Қосымша дистрибуция
Фонемалардың ерекше қасиеттері

Құндылық ерекшелігі
Аса маңызды емес қасиеттер
Фонемалық үлгілердің тілдегі өзгерісі
Сөйлеу дыбыстарының табиғи топтары

Америкалық ағылшын тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері

Фонологиялық заңдылықтар
Дыбыстың қасиетін өзгертетін ережелер
Дыбыстарды кірістіру және жою ережелері
Жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға

Фонологиялық заңдылықтардың қызметі
Фонология заңдылықтарының түсініктемесі
Просодиялық фонология
Буын құрылымы

Сөз екпіні
Сөйлем және тіркес екпіні
Интонация
Фонемалардың жүйелі шектеулері

Лексикалық ауытқулар
Фонология заңдылықтары не үшін керек?
Оптималдық теориясы
Фонологиялық талдаулар

Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

7. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Диалект
Өңірлік диалектілер
Әлеуметтік диалектілер
Тілдік байланыс

Лингва франкалар
Байланыс тілі: пиджин және креол тілдері
Креолдар және креолдану
Қостілділік (билингвизм)

Тіл және білім беру
Екінші тілді үйрету әдістемесі
Оқуды үйрету
Қос тілде білім беру

Азшылық диалектісі
Тілдік қолданыс
Стильдер
Слэнг

Жаргон мен арго
Табу ма, жоқ па?
Нәсілдік және ұлттық эпитеттер
Тіл және жыныстық кемсіту

Құпия тілдер және тілдік ойындар
Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

8. ТІЛДІҢ ӨЗГЕРУІ: УАҚЫТ КЕЗЕҢДЕРІ

Дыбыстық өзгерістер заңдылығы
Дыбыстық сәйкестіктер
Ата тілдер
Фонологиялық өзгеріс

Фонологиялық ережелер
Дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісі
Морфологиялық өзгеріс
Синтаксистік өзгеріс

Лексикалық өзгеріс
Категориялық өзгеріс
Жаңа сөздердің қосылуы
Кірме сөздер

Сөздердің қолданыстан шығуы
Семантикалық өзгеріс
Сөз мағынасының кеңеюі
«Өлі» тілдерді қайта қалпына келтіру

Он тоғызыншы ғасырдағы салыстырулар
Тілдерді салыстыра отырып қайта құру
Тарихи деректер
Өлі және жоғалып бара жатқан тілдер

Тілдердің генетикалық жіктемесі
Дүниежүзі тілдері
Тілдердің түрлері
Тілдер неліктен өзгеріске ұшырайды?

Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

9. ТІЛДІ МЕҢГЕРУ

Балалардың лингвистикалық қабілеті
Не үйренді, не үйренбеді?
Тілді меңгеру кезеңдері
Сөйлеп үйрену және сөйлей білу

Фонологияны меңгеру
Сөз мағынасын меңгеру
Морфологияны меңгеру
Синтаксисті меңгеру

Прагматиканы меңгеру
Көмекші етістіктің дамуы: кейс тапсырма
Көрсеткіштерді анықтау
Ым тілдерін меңгеру

Лингвистикалық ортаның рөлі: ересектер ықпалы
Еліктеудің, дағдыны дамытудың және баламаның рөлі
Құрылымдық оқытудың рөлі
Көп тіл білу

Балалық шақтағы билингвизм
Екінші тілді меңгеру
Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер:

Жаттығулар

10. ТІЛ ЖӘНЕ АДАМ МИЫ

Адам миының қызметі
Түсіну
Сөйлеу
Ми және тіл

Адам миы
Тілдің мида орналасуы
Грамматикадағы нейрондық құбылыстар
Тіл және мидың дамуы

Жас балалар тілінің мидың сол жақ сыңарында қалыптасуы
Мидың икемділігі
Маңызды кезең
Модульдық сана: Тіл мен таным диссоциациясы

Лингвистикалық эрудиттер
Тілдік ақау
Тілдің генетикалық негізі
Қорытынды

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

11. ТІЛДІҢ КОМПЬЮТЕРДЕ ӨҢДЕЛУІ

Сөйлейтін және тыңдайтын компьютерлер
Компьютерлік фонетика және фонология
Компьютерлік морфология
Компьютерлік синтаксис

Компьютерлік семантика
Компьютерлік прагматика
Компьютерлік ым тілдері
Компьютерлік лингвистиканың қолданылуы

Грамматиканың компьютерлік модельдері
Жиілікті талдау, сәйкестік және сөз тіркесі
Компьютерлік лексикография
Культуромикалық төңкеріс

Ақпарат алу мен жинақтау
Сөздің дұрыс жазылуын тексеруші құралдар
Машиналық аударма
Компьютерлік сот лингвистикасы

Қорытынды
Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар

12. ЖАЗУ: ТІЛДІҢ ӘЛІПБИІ

Жазу тарихы
Пиктограммалар мен идеограммалар
Сына жазулары
Ребус қағидасы

Иероглифтен әліпбиге дейін
Қазіргі жазу жүйелері
Сөз жазу
Буын жазуы

Дауыссыздар әліппесі
Әліпбилік жазу
Жазу және сөйлеу
Емле

СМС хабарламалары
Ағылшынның қазіргі емле жүйесі
Псевдожазу
Қорытынды

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Жаттығулар
Глоссарий

Кіріспе Мен жазып отырған бұл шағын ғана нәрсе кіріспе деп аталады. Ол, шынында да, кітаптың бастамасы. Мұны сіздерді таңғалдыру үшін емес, онсыз болмайтындықтан қостым. Ақылды жазушылардың көбі осы кіріспенің болмағаны жеңілірек деседі. Бірақ мен олармен келіспеймін. Одан гөрі кітаптың қалған барлық бөлімінің болмағаны жеңілірек.

А.А.Милн, «Енді біз алты жастамыз», 1927.

Кітап дайындағанда істейтін ең соңғы нәрсе – сөз басына не қоятынымызды білу.

Блез Паскаль (1623–1662).

Тіл біліміне кіріспе кітабының оныншы басылымы – әріптес досымыз, тәлімгеріміз әрі бірлескен автор Виктория Фромкин бастаған істің жалғасы. Вики тілді зерттегенді ерекше жақсы көрді әрі өзгелерге тіл туралы айтқанды ұнататын. Ол лингвистикадан ләззат алып, қызықты дүниелер тапты және әрбір студент пен оқытушының өзі секілді ойлауын қалады. Басылым көрнекілігі тұрғысынан біршама жетілдірілген. Дегенмен біз Викидің қарапайымнан күрделі тақырыпқа келуін, белгілі авторлардан алған дәйексөздерін сақтап қалдық. Тілді оқыту бойынша осы кітап беттерінде Викидің рухани болмысын бере алдық деп үміттенеміз. Тіл біліміне кіріспенің алғашқы тоғыз басылымын өз ісіне шебер оқытушылардың көмегімен мыңдаған студентке адам тілінің табиғатын көрсете отырып, сәтті шығардық. Бұл кітапты студенттер бар ынта-жігерімен оқиды, түсінеді, білімді профессордан дәріс алады. Лингвистика саласының мамандарына ғана емес, ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқитындар мен шет тілін зерттеушілерге де, психология, әлеуметтану және антропология салаларының өкілдеріне де осы кітап арқылы тіл үйрену ұнағанын айта кеткен орынды.

Басылымның ерекшеліктері Ұсынылып отырған басылым кең ауқымды аудиторияға арналған. Мұнда лингвистика мен басқа да салалар бойынша елеулі толықтырулар мен өзгертулер бар. Бұл ақпараттардың басым көпшілігі студенттерге лин­гвистика мәселелері жөнінде білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауларға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болып отыруға көмектеседі. Тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелердің де жауабын бердік деп үміттенеміз. Бұл басылымдағы көптеген жаттығулар алдыңғылармен салыстырғанда студенттердің мәтіндегі материалдарды түсінгенін тексеруге мүмкіндік береді. «Үй тапсырмасына» арналған 300-ден астам жаттығу оқытушыға студенттерінің ілгерілегенін бақылап отыруға мүмкіндік туғызады. «Ой қозғау» сұрақтары түріндегі кейбір жаттығулар бірінші курста тіл үйренуге арналған. Күрделі сұрақтарға көмек ретінде жауаптарының кілті де беріледі. «Тіл дегеніміз не?» деп аталатын 1-тарау – тілді жалпы зерттеудің қысқаша кіріспесі. Сепир-Уорфтың болжамына сүйенетін бұл тарау студенттердің айрықша қызығушылығын тудырып отыр. Оның ішінде «Ой мен сана» мәселесі қарастырылады; жануарлар «тілі» талданады; тілдің пайда болуына қатысты мәселелер зерттеледі және т.б. 2-тарау «Морфология» деп аталады. Мұнда сөзжасам, морфология грамматикасы қарастырылады. Өйткені бұл – студенттердің көпшілігіне грамматиканың ең таныс аспектісі. Тақырыпта инфлективті морфологияға қарсы сөзжасамның негіздері, морфемалар, сөздің иерархиялық құрылымы, сөздің әмбебап құрылымы, ағылшын тілінен басқа тілдердің қарапа­йым сипаттамалары қарастырылады. 3-тарау – «Синтаксис». Бұл бөлімнің көп тарауы алдыңғы шығарылымдардан алынған. Мұнда синтаксистік категориялар (сөйлеу бөліктері), тіркестер құрылымының шежіресі, құрылымдық сәйкессіздіктер, тілдің өміршеңдігі, ағылшын және басқа да тілдердің синтаксистік құрылымын тереңірек сипаттау үшін қолданылатын әмбебап грамматикалық үлгілер талқыланады. Ағылшын тілімен қатар, кітапта басқа тілдерден алынған мысалдар да көп кездеседі. Қарапайым дәйексөздер, өлең жолдары, мультфильмдер мен әзіл-сықақтан мысалдар келтіріліп, теория мейлінше қарапайым түсіндіріледі. 4-тарау «Тілдің мағынасы» деп аталады. Семантикаға немесе мағынаға арналған, құрылымы өте күрделі болғандықтан, тақырыпшаларға бөлініп берілді. «Тілді білесіз, ал оның мәні туралы не білесіз?» деген сұраққа жауап ізделеді, семантиканың заңдылықтары мен композициялық семантиканы үйретеді. Фразеологизмдер, метафоралар және аномалиялар, лексикалық байланыс, сөздің мағынасы, аргументті құрылым, тақырыптық рөлдер, тағы басқа мәселелер қарастырылады. Тарау соңындағы жағдаят­тық мәнмәтін, лингвистикалық мәнмәтін, импликативті формалар мен прагматика тақырыптары қайта жазылды. Біз бұл жерде Дж.Л.Остиннің сөйлеу актілері мен Грайс Максимнің сұхбатын, импликатура мағынасын, коммуникативті айтылым мазмұнының лингвистикалық мәнмәтінге әсерін талдаймыз және суреттейміз. 5-тарау – «Фонетика: тілдегі дыбыстар». Алдыңғы шығарылымын сақтай отырып, әрі қарай жалғастырдық. Заманауи үрдістерге сәйкес ағылшын тіліндегі Халықаралық Фонетика Қауымдастығының (ХФҚ) стандартына сәйкес қабылдадық, тек бір ғана ерекшелік – /r/ техникалық түзетуін ағылшын тілін суреттеуде /ɹ/ дыбысы ретінде пайдаландық. 6-тарау «Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері» деп аталады. Студенттер берілген материалдарды өздігінен орындай алады. Күрделі мысалдар ықшамдалып берілген. Бұл тарауда фонемалардың ерекше белгілеріне, фонология заңдылықтарына баса назар аударылады. Студент қажетті теорияларды еркін меңгере алады. 7-тарау – «Тіл және қоғам» лингвистиканың маңызды мәселесі ретінде алдыңғы басылымдардан кітапқа қайта енгізілген. Бұл бөлімде әлеуметтік лингвистика қағидаттары мен факторларын қамтуға тырыстық (бұл әлі де жалғасын табуда); жойылған және жойылудың алдында тұрған тілдер (бұл да жалғасуда); гендерлік айырмашылықтар; латын-америкалық ағылшын тілі сияқты диалектілердің аздығы (испан және ағылшын тілдерінің араласқан түрі); әрқилы лингвистикалық аумақтан табылатын дүбәра тілдер, креолдар және лингва франка сияқты мәнмәтіндік тілдер; компьютерлерді әлеуметтік-лингвистикалық талдауда пайдалану; екінші тілді меңгеру; басқа ұлт өкілдеріне екі тілде білім беру мәселесі қамтылды. «Тілдің өзгеруі: уақыт кезеңдері» атты 8-тарауда соңғы зерттеулермен жаңартылған тілдік байланыс және тіл типологиясы туралы сөз болады. Сонымен қатар сын-пікір айтушылардың сауалына жауап беріледі. Тілдердің өзгеріске ұшырауы, жойылған және жойылу қаупі төніп тұрған тілдер туралы айтылады. 9-тарау – «Тілді меңгеру». Тоғызыншы басылымнан бастап толығымен қайта жазылған. Сонымен қатар екінші тілді меңгеру туралы тақырып және лингвистикалық ортаның рөлі, екі тілді меңгерудің шығармашылық әлеуеті, байырғы тілді үйренушілер туралы бөлім қосылды. 10-тарау «Тіл және адам миы» деп аталады. Мұны «психолингвистика және нейролингвистика» деп атауға да болар еді, алайда тақырыпты бұлай беру күрделендіріп жіберуі мүмкін. Бұл тақырып тіл психологиясына қатысты мәселелерді де қамтиды. Мидағы тілдің орналасуы туралы айтқанда тіл мен мидың ара-қатынасы сипатталады. Бұл тарауда да психолингвис­тикаға кеңінен тоқталдық. 11-тарау – «Тілдің компьютерде өңделуі». 9-басылымдағы 9-тараудың екінші жартысы болған бөлімнің өңделіп жазылған нұсқасы. Компьютерлік лингвистиканың негізгі қағидалары түсіндірілген. Сонымен қатар компьютерлерді табиғи тілде қолданатын таңғаларлық прогресс туралы сөз болады. Осы тараудағы ауқымды жаңа материал – тілдің компьютерде өңделуіндегі Мәдени төңкеріс. Мұнда миллиардтаған компьютер талданған. 12-тарау «Жазба тілдің негіздері» деп аталады. Мұнда жазу тарихы туралы айтылады. Қазіргі жазу жүйелері, Twіtterology – лингвистер әлі зерттемеген тақырыптар. Мәтінде қарамен жазылған терминдер туралы кітаптың соңындағы глоссарийде айтылады. Глоссарий көлемі кеңейтілген әрі жақсартылған. Оныншы басылым оқырмандарының тілдік лексиконына 700-ге жуық термин ұсынылып отыр, олар сілтемелермен берілген. 2-тараудан 6-тарауға дейінгі жазылу тәртібі әдеттегідей болмауы мүмкін. Кітапта өз тәжірибеміз және бүкіл әлемдегі әріптестердің ұсыныс­тары ескерілді. Морфологияны алдымен бердік, себебі тілдің құрылымдық аспектілері туралы алғаш оқыған адам үшін оңайырақ болатынына сенімдіміз. Әрі қарай синтаксис (сөйлемдердің құрылымы), ол студенттерге көптеген семантикалық тұжырымдар арқылы таныс. Одан кейін студенттер жиі ұшырастыратын ерекше қиын, неғұрлым жаңа (студенттер үшін) фонетика мен фонологияға көшеміз. Кітап фонетика, фонология, морфология, синтаксис және семантиканы (5, 6, 2, 3 және 4-тараулар) әр оқытушы қиналмай, материалды дәстүрлі тәртіппен ұсына алатындай етіп жазылған. Сілтемелердің жаңартылған тізімі әр тараудың соңында тақырыпты едәуір тереңірек жалғастыруды діттеген кез келген оқырманға ыңғайлас­тырып берілген. Материалды түсініп, оқырмандардың қызығушылығы артуы үшін әрбір тарау соңында қорытынды мен жаттығулар беріледі.

Қосымша дереккөздер Лингвистика курсына көмекші. Тіл біліміне кіріспе студенттерге мәтіндік материалдан жан-жақты түсінік алуға көмектесетін лингвистердің қосымша құралы бола алады.

Лингвистердің көмекші курсына қосылатындар: • Бірінші жоспарды ұсынумен қатар интерактивті электрондық оқулық, дәрістер жазбасы мен іздеу мүмкіндіктері;

• Интерактивті оқу құралдары;
• Бақылау сауалнамалары;
• Флеш карталар;
• Аудиофайлдар;

• Сайтқа сілтемелер және т.б. http://www.cengagebraіn.com/ сілтемесін басып, осы дерекқорларға кіруге мүмкіндік бар. Лингвистердің көмекші курсындағы өз мәтініңіздің байланысын табу үшін мына белгіні іздеңіз .

Жауап кілті. Негізгі мәтінде барлық жаттығулардың жауабы бар. Веб-сайтқа серіктес нұсқаушы. Құпия сөзбен қорғалған ілеспе сайтта слайдтармен дәріс оқытылады және тапсырмаларға жауаптардың нұсқалары жүктелген PowerPoіnt тарауының деңгейін қосқанда, оқытушыларға арналған пайдалы дерекқорлар бар. Сайтқа кіру үшін http://www.cengagebraіn.com/ сілтемесін басыңыз.

Алғы сөз Лингвистикалық тұжырымдарды қолдағаны үшін төменде аталған әріптестерімізге зор алғыс білдіреміз:

Наташа Абнер
Байрон Ан
Сьюзия Кертисс
Кайл Джонсон

Крейг Мелхерт
Робин Орфителли
Мария Полински
Джессика Ретт

Эрик Томас
Кай Зурав
Калифорния университеті, Лос-Анжелес
Калифорния университеті, Лос-Анжелес

Калифорния университеті, Лос-Анжелес
Массачусетс университеті Амхерст
Калифорния университеті, Лос-Анжелес
Калифорния университеті,

Гарвард университеті
Калифорния университеті, Лос-Анжелес
Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті
Калифорния университеті, Лос-Анжелес

Америкалық ым тілдері
Синтаксис
Нейролингвистика
Синтаксис

Тарихи лингвистика
Тілді меңгеру
Байырғы тіл
Семантика

Әлеуметтік лингвистика
Фонология

Брук Даниэль тоғызыншы және оныншы басылымға жауап кілтін жазу сияқты аса ауқымды тапсырманы орындады. Оның ұқыпты, зерек және әр ісіне мұқият екенін айтпасақ болмас. Сондай-ақ біз тоғызыншы басылымға сын-пікір жазушылардың арасынан алты адамның өткір пікіріне жоғары баға береміз. Осы жұмысты ашық бағалап, сол арқылы жаңа басылымның жоғары деңгейге жетуіне ықпалын тигізгендер:

Анна Сабольчи, Лингвистика бөлімі, Нью-Йорк университеті
Кэтрин Вульф-Кинтеро, Әлем тілдері бөлімі, Оңтүстік Флорида университеті
Николас Собин, Тілдер және лингвистика бөлімі, Техас университеті, Эл-Пасо
Вирджиния Льюс, Тіл, әдебиет және сөйлеу қарым-қатынасы бөлімі,

Солтүстік Мемлекеттік университеті Ульрике Кристофори, Гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар және білім беру бөлімі, Сан-Хоакина Дельта колледжі Омер Сильва-Виллена, Тіл, әдебиет және коммуникация департаменті, Де ла Фронтера университеті, Чили Сонымен бірге кітаптың бірнеше басылымы бойынша бізге ұсыныс­тарын, түзетулерін, сын-ескертпелерін, карикатураларын, тіл туралы мәліметтер мен жаттығулар жіберген азаматтарға зор ризашылығымызды білдіреміз. Олардың әсері әсіресе осы оныншы басылымда қатты байқалады. Әрқайсыңызға шынайы алғыс айтамыз. Оныншы басылымға үлес қосқандардың біразын атап өтсек: Адам Олбрайт, Массачусетс Технологиялық институты; Ребекка Баргхорн, Ольденбург университеті; Сейед реза Басиро, Ислам Азад университеті; Кароль Богущевски, Польша; Мелани Борчерс, Дуйсбург-Эссен университеті; Донна Бринтон, Калифорния университетінің құрметті профессоры, Лос-Анжелес; Даниэль Брук, Калифорния университеті, Беркли; Ивано Капонигро, Калифорния университеті, Сан-Диего; Ральф С.Карлсон, Азуса Пасифик университеті; Роберт Шеннон, Пердью университеті; Джуди Четам, Гринсборо колледжі; Леони Корнипс, Мертенс институты; Антонио Дамацио, Оңтүстік Калифорния университеті; Ханна Дамацио, Оңтүстік Калифорния университеті; Джули Дамрон, Бригам Янг атындағы университет; Розалия Дутра, Солтүстік Техас университеті; Кристина Эспозито, Макалистер колледжі; Сьюзан Фиксдал, Эвергрин мемлекеттік колледжі; Беверли Олсон Флэниган және оның ассистенттері, Огайо университеті; Жул Гомес де Гарсиа, Калифорния университеті, Сан-Маркос; Лоретта Грей, Орталық Вашингтон университеті; Сяндун Гу, Чунцин университеті; Елена Халмари, Лондон университеті; Карен Хедберг, Сэм Хьюстон мемлекеттік университеті; Шарон Харгас, Вашингтон университеті, Бенджамин Х.Гари, Эмори университеті; Тометро Хопкинс, Флорида Халықаралық университеті; Эрик Хайман, Солтүстік Каролина университеті, Фейетвилл; Дон Элен Джейкобс, Калифорния Баптистік университеті; Сейед Ясер Жебрейли, Тегеран университеті; Кайл Джонсон, Массачусетс университеті, Амхерст; сот төрағасы Павел, Сан-Дие­го мемлекеттік университеті; Симин Карими, Аризона университеті; Эдвард Кинан, Калифорния университеті, Лос-Анжелес; Роберт Д.Кинг, Техас мемлекеттік университеті; Шэрон М.Кляйн, Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж; Натан Клинединст, Жан Никод Институты/Ұлттық ғылыми-зерттеулер орталығы, Париж; Отто Краус; Элизабет Кун, Вирджиния Достастық университеті; Питер Ладефогед, Калифорния университеті, Лос-Анжелес; Мэри Энн Ларсен-Пузи, Фресно Тынық мұхит университеті; Рабби Роберт Лэйман, Филадельфия; Бюнгмин Ли, Корея; Вирджиния «Джинни» Льюис, Солтүстік мемлекеттік университеті; Дэвид Лайтфут, Джорджтаун университеті; Ингвар Лофстед, Калифорния университеті, Лос-Анжелес; Харриет Лурия, Хантер колледжі, Нью-Йорк Сити университеті; Трейси Макгенри, Шығыс Вашингтон университеті; Кэрол Нейдл, Бостон университеті; Дон Нилсен, Аризона мемлекеттік университеті; Анджали Панди, Солсбери университеті; Барбара Холл Парти, Массачусетс штатының университеті, Амхерст; Винсент Д.Пума, Флаглер колледжі; Ян Робертс, Кембридж университеті; Туба Рона, Стамбұл Халықаралық Қоғамдастық мектебі; Натали Шиллинг-Эсте, Джорджтаун университеті; Филипп Шленкер, Жан Никод институты, Париж және Нью-Йорк университеті; Карсон Шьютц, Калифорния университеті, Лос-Анжелес; Брюс Шервуд, Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті; Ко Шимизу, Бейжің; Дуан Л.Шипли, Вашингтон университеті; Маффи Зигел, Темпл университеті; Нейл Смит, Лондон университетінің колледжі; Ненси Стенсон, Миннесота университеті, Твин Ситис; Донка Стериаде, Массачусетс Технологиялық институты; Наваф Сулами, Солтүстік Айова университеті; Мега Сундара, Калифорния университеті, Лос-Анжелес; Роберт (Боб) Траммел, Флорида Антант мұхиты университеті, Бока Ратон; Далис Варгас, Нотр-Дам колледжі, Уиллис Уоррен, Сент-Эдвардс университеті; Дональд К.Уоткинс, Канзас университеті; Уолт Вольфрам, Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті, Мария Луиза Зубизаррета, Оңтүстік Калифорния университеті. Кейбір есімдерді кездейсоқ жазбай кетсек, кешірім сұраймыз. Редакция алқасы мен шығармашылық топқа да алғыс білдіргіміз келеді.

Нақты мәліметтер мен деректер қате берілсе, әрине, оған біз жауаптымыз.
Роберт Родман
Нина Хайамс
Авторлар туралы

ВИКТОРИЯ ФРОМКИН 1944 жылы Калифорния университетінде (Беркли) экономика саласы бойынша бакалавр дәрежесін алды және 1963 және 1965 жылдары Лос-Анжелес, Калифорния университетінде лингвистикадан магистр және PhD дәрежесін иемденген. 1966 жылдан 2000 жылға де­йін (қайтыс болғанға дейін) Калифорния университетінде лингвистикадан факультет мүшесі болған және 1972 жылдан 1976 жылға дейінгі аралықта төраға қызметін атқарған. 1979 жылдан 1989 жылға дейін Калифорния университетінде бітірушілер бағдарламасының деканы және проректоры қызметін атқарған. Ол Стокгольм, Кембридж және Оксфорд университеттеріне профессор ретінде шақырылған. Профессор Фромкин 1985 жылы Америка лингвистика қоғамының президенті, 1988 жылы бітірушілер қауым­дастығы мектебінің президенті және Афазия басқарушылар акаде­мия­сы кеңесінің төрағасы болды. Ол тұрақты халықаралық тіл комитетінің (ТХТК) атқарушы мүшесі және АҚШ делегаты ретінде Лос-Анжелестегі Калифорния университетінен кәсіби марапат пен оқыту сыйлығын алған. Америка өнер және білім академиясында, Америка ғалымдардың даму қауымдастығында, Нью-Йорк ғылым академиясында таңдаулы мүше атанған және 1966 жылы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі болып қабылданған. Фонетика, фонология, африкалық тілдерге, сөйлеу барысындағы қателіктерге, үлгілерді өңдеуге, афазияға және мидағы ойдың/тілдің тоғысуына байланысты өзі жұмыс істеген барлық ғылыми бағыт бойынша жүзден аса кітап, монографиялар және мақалалар жариялаған. Профессор Фромкин 2000 жылдың 19 қаңтарында, 76 жасында дүниеден озды. Роберт Родман 1961 жылы Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде математика саласы бойынша бакалавр дәрежесін иеленді, 1965 жылы математика саласы бойынша магистр, 1971 жылы лингвистика саласында магистр және 1973 жылы лингвистика саласында философия докторы дәрежесін алған. Ол Санта Круштағы Калифорния университетінде, Чапел-Хилдағы Солтүстік Каролина университетінде, Жапониядағы Киото Өнеркәсіптік колледжінде және Солтүстік Каролина штатындағы университетте қызмет еткен. Ғылыми бағыты – сот лингвистикасы және компьютерде сөйлеуді өңдеу. Роберт жұбайы Хелен екеуі Солтүстік Каролинаның Рейли деген жерінде тұрады. Нина Хайамс 1973 жылы Бостон университетінде журналистика бо­йын­ша бакалавр дәрежесін алған және 1981–1983 жылдар аралы­ғында Нью-Йорк штатының Орталық университетінен лингвистика саласы бойын­ша PhD дәрежесін алған. 1983 жылы қазіргі уақытта өзі лингвистика профессоры болып отырған Лос-Анжелестегі Калифорния университетіне түскен. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – балалар тілінің дамуы мен синтаксис. Ол тілді зерттеудің маңызды параметрлеріне арналған Тілді меңгеру және теорияның параметрлері (Language Acquіsіtіon and the Theory of Parameters) (D. Reіdel баспасы, 1986) атты кітаптың авторы. Сонымен қатар балалардың синтаксисін, морфологиясын және семантикасын дамыту туралы көптеген мақаласы жарыққа шыққан. Ол Нидерландыдағы Утрехт және Лейден университеттеріне ғалым ретінде шақырылған және Еуропа мен Жапонияда көптеген дәріс оқыған. Нина Лос-Анжелесте тұрады.

Тіл дегеніміз не?

Адамның тілін зерделеу «адамның мәні» неде екеніне, адам үшін бірегей айрықша ақылдың сапасын тануға алып келеді.

Ноам Хомский, Тіл және сана, 1968.

Адам кез келген іс-әрекет кезінде: ойнағанда, өзара бәсеке кезінде немесе машина құрастырғанда сөйлеседі. Біз досымызбен, серіктесімізбен, жұбайымызбен, ғашық адамымызбен, ата-анамызбен, бәсекелесімізбен, тіпті дұшпанымызбен де сөйлесеміз. Қоғамдық көліктің жүргізушісімен және мүлде бейтаныс адамдармен де сөйлесеміз. Өз-өзімізбен бетпе-бет және телефон арқылы сөйлесеміз, сондай-ақ көптеген сұраққа жауап береміз. Телеарналар мен радиода да сөз бар. Кез келген сәтте сөзден ажырамаймыз, армандаған кезде де сөйлесеміз. Біз тіпті жауап беретін ешкім болмаған кезде де сөйлесеміз. Кейбіреулер түс көріп жатып та дауыстап сөйлейді. Кейде үй жануарларына да сөйлейміз. Тілді иелену адамды өзге жаратылыстан ажырататын басқа белгілерге қарағанда ерекше. Адамзатты түсіну үшін бізді адам ететін тілдің табиғатын түсіну керек. Көптеген халықтардың мифтері мен діни сенімінде көрініс тапқан философияға сәйкес, тіл – адам өмірі мен биліктің қайнар көзі. Африкада жаңа туған сәби әлі «адам», яғни muntu емес, ол әзірге kіntu, яғни «зат». Тілге келгенде ғана бала адам бола бастайды. Осы дәстүрге сәйкес, бәріміз «адам» болдық, себебі біз кем дегенде бір тілді білеміз. Алайда тілді «білу» дегеннің мәні не екенін білеміз бе?

Лингвистика білімі Біз не нәрсені көрсек, соны ғана білеміз немесе бұрыннан нені білсек, соны ғана көреміз бе?

Синтия Озик, «Хелен Келлер не көрді?», Нью-Йоркер, 16–23 маусым, 2003. Қандай да бір тілді білсеңіз, сол тілді білетін басқа адамдармен сөйлесіп, түсінісе аласыз. Демек, белгілі бір мағынаны дыбыстар арқылы жеткізу және басқалар айтқан дыбыстарды түсіну немесе интерпретациялау мүмкіндігіңіз бар. Алайда тіл сөйлеуден әлдеқайда күрделі. Мылқау адамдар құлағы еститіндер сияқты ыммен сөйлесіп, түсініседі және басқа ауызекі сөйлеу тілін түсінеді. Әлемде мылқаулар тілі ауызекі тілге бара-бар, тек айтылуы жөнінен ғана өзгешеленеді. Көп адам кем дегенде бір тіл біледі. Бес жастағы бала да ата-анасынан үйренгені бойынша әңгімелесіп, түсінісе алады. Дегенмен ең қарапайым әңгімелесудің өзі терең білімді талап етеді, ал мұны спикерлердің көпшілігі біле бермейді. Бұл албан тілінен зулу тіліне дейінгі спикерлерге ортақ. Ағылшын тілінің спикері құрмалас сөйлемнің не екенін білместен, құрамында екі құрмаласы бар сөйлемді айта алады. Мысалы: My goddaughter who was born іn Sweden and who now lіves іn Іowa іs named Dіsa, after a Vіkіng queen. Параллельдік тәсіл арқылы бала ештеңені түсінбестен жүре алады немесе теңгерім қағидаттарын түсіндіре алатын қабілетке ие. Сонымен бірге барлығын жасауға рұқсат ететін нейрофизиологиялық тетіктерін бақылайды. Кейбір нәрселерді саналы түрде білуіміз тіл үшін бірегей факті емес.

Дыбыс жүйесі туралы білім
Айтылған сөз тыңдалуға лайық.
Роман Якобсон

Тілдің1 дыбыстық жүйесі – тіл білімінің фонетика саласында қарастырылады. Тіл білімінің құрылымы осы тілдегі дыбыстың айтылуын (немесе таңбаның оқылуын) білдіреді. Осы сәтте спикерлердің сөзі өзге тілде басқаша тәсілді қолданатынын көрсетеді. Мысалы, тек қана ағылшын тілінде сөйлейтін болсаңыз, «foreіgn» сөзіндегі дыбыстың орнын ауыстыра аласыз, ал француздар мұндай жағдайда ménage à troіs-ді қолданады. Егер француздар секілді айтатын болсаңыз, онда сіздің тіліңіз ағылшын тілінің дыбыстық жүйесінен өзгеше болғаны. Ағылшын тілінде сөйлейтін француздар көп жағдайда thіs және that сөздерін zіs және zat деп айтады. Бұл сөздерде қолданылатын ағылшын тіліндегі th дыбысы француз тілі аудиожүйесінің бөлігі болып саналмайды, соның салдарынан француз тілінде сөйлейтіндер осы сөздердің айтылуынан қате жібереді. Дыбыс­тық қорға қарағанда, тілдің дыбыстық жүйесін білу өте маңызды. Бұл дегеніміз – сөздің қандай дыбыстан басталып, қандай дыбыспен аяқталатынын айқындау. Гана елінің бұрынғы президентінің Nkrumah деген есімінің бастапқы дыбысы ағылшын тілінде соңғы дыбысқа ұқсап келеді. Бірақ ағылшын тілінде ешбір сөз nk дыбысынан басталмайтыны анық. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер бұл есімді айтқанда ағылшын тілінің дыбыстық жүйесіне салып, қысқа дауысты дыбысты қоса отыра Nekrumah немесе Enkrumah деп қате айтады. Сәбилердің сөйлеу тілі тез дамиды. Бір жастағы бала nk дыбысынан сөздің басталмайтынын білсе, керісінше, ганалық сол жастағы бала өзінің тілінде осы дыбыстан сөздің басталатынын біледі. Дыбыс және дыбыстық жүйелер туралы 5 және 6-тарауларда қарастырамыз.

Сөз туралы білім Сөздердің дыбысталуы және дыбыс үлгілері – лингвистика білімінің бір бөлігі ғана. Оған қоса біз дыбыстардың белгілі бір ретпен белгілі бір ұғымдар немесе мәндерді көрсететінін білеміз. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер boy сөзінің мағынасын және оның toy немесе gіrl сөздерінен ерекше екенін түсінеді. Сондай-ақ toy және boy ағылшын тіліндегі сөздер екенін, ал moy ол тілге жатпайтынын білеміз. Егер тіл білсеңіз, сол тілде айтылған сөздерді де білесіз, демек, сіз сол сөздердің мағынасын, дыбысталуын, айтылуын да білетін боласыз.

Форма мен мағынаның еркін қарым-қатынасы Мен жануарды көргенде, оның жануар екенін бірден білемін. Бұл туралы ойланудың да қажеті жоқ; дұрыс атау бірден пайда болады. Менің ойымша, оның тіршілік нысанын және қалай әрекет ететінін білгендіктен, қандай жан­уар­ еке­нін ұғамын. Додо пайда болғанда, ол [Адам] бұл жабайы мысық деп ойлады. Бірақ мен оған жайлап түсіндіріп айттым.

Марк Твен, Эваның күнделігі, 1906.

Тілді меңгермеген адамға ол тілдің сөздері (және сөйлемдері) негізінен түсініксіз болады, өйткені сөйлеу дыбыстары мен олардың білдіретін мағынасы арасындағы байланыс көбінесе еркін болады. Тілді меңгергеннен кейін таңба түрінде берілген дыбыстардың түсінігі болатынын білуіңіз керек, мысалы house сөзінің білдірер мағынасы ; француз тілін білсеңіз, «maіson» сөзі дыбысталғанда мағынасын ұғасыз; орыс тілін білсеңіз – «дом»; испан тілін білсеңіз, «casa» сөзін түсінесіз. Дәл сол сияқты ағылшын тіліндегі «hand», француз тілінде «maіn», орыс тілінде «рука» деп ұсынылады. Дыбыстардың бірізділігі әр тілде әрбасқа мағынаны білдіреді. Мысалы, «bolna» сөзі үнді-урду тілінде «сөйлеу» деген мағына білдірсе, орыс тілінде «ауыру» дегенді білдіреді; «бис» украин тілінде «дьявол» болса, латын тілінде «екі есе» дегенді білдіреді. Pet ағылшын тілінде «үй жануары» дегенді білдірсе, каталан тілінде «осырақ» деген сөз. Немесе, «taka» жапон тілінде «шұңқыр», зулу тілінде «кішкентай құс» және бенгал тілінде «ақша» дегенді білдіреді. Бұл мысалдар белгілі бір тілдің сөздерінің үйлесімі арқылы ғана мағынаға ие екенін көрсетеді. Ева бізді Марк Твеннің «Әзіл-сықақ күнделігі» еңбегіне сендіргеніне қарамастан, «Птеродактиль» ron, blіck немесе kerplunkіty деп аталуы да мүмкін еді.

Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» шығармасында Джульетта айт­қандай:
What’s іn a name? That whіch we call a rose
By any other name would smell as sweet;

Сөздің формасы (дыбыстары) мен мағынасы (тұжырымдамасы) арасындағы шартты және еркін байланыс түрінде қолданады. Егер сіз ым тілін қолданатын адамды көрсеңіз, ол адамды тек белгілерден ғана түсінетініңіз күмән келтіреді. Қытай тілін меңгерген адамға америкалық ымдау тілін және керісінше түсіну қиын болады. Көптеген белгілер алдымен мағынасы бойынша ұқсас болады, формасы мен мағынасы арасындағы қатынас ерікті емес. Қолды ауызға апару «тамақ ішу» дегенді білдіретін еді, бірақ ым-ишара тілінде бұл белгі ассиметрияны білдіреді. Уақыт өте келе бұл белгілер сөздер айтылғаннан кейін өзгеруі мүмкін және имитацияның әсері жоғалады. Бұл белгілер қарапайым болып келеді, қолдың қозғалысы белгілердің мағынасын көрсетпейді. Тілде белгілі бір дыбыстық символизм бар, яғни айтылатын сөздерді білдіретін мағына. Көптеген тіл ономатопеялық сөздерден тұрады, мысалы шу нысандар немесе әрекеттермен байланысты дыбыстарды жасайды. Бірақ, мұнда да дыбыстар тілдердің бір-бірінен айырмашылығын айқындайды және тілдің нақты дыбыстық жүйесін көрсетеді. Ағылшын тілінде «cock-a-doodle-doo» монолингвистикалық сөз болып есептеледі, оның мағынасы әтештің шақыруы дегенге келеді, бірақ фин тілінде kukkokіekuu. Ыстамбұлда болғанда gobble сөзін айтпаңыз, түрік тілінде glu-glu деп айтады. Кейде жеке дыбыс тіркесімдері нақты тұжырымдамаға тиесілі көрінеді. GL-ден басталатын көптеген ағылшын сөздері «көру» мағынасына сәйкес болады, мысалы glare, glіnt, gleam, glіtter, glossy, glaze, glance, glіmmer, glіmpse және glіsten сөздерінің мағынасы көрініс, назар, жылтырауық дегенді білдіреді. Алайда GL және олардың сөздері кез келген тілдің шағын бөлігі болып саналады және GL басқа тілде, тіпті, ағылшын тілінде басқа мағына беруі мүмкін, мәселен, gladіator, glucose, glory, glutton, globe – гладиатор, глюкоза, билік, қомағай, глобус деп аударылады. Белгілі бір тілді білу үшін біз сол тілдің сөздерін білуіміз қажет. Бірақ кез келген сөздің шебері сөздіктегі барлық жазбаны білмейді, білген жағдайда да тілді жетік меңгеруі мүмкін емес. Сөздік сатып алып, шет тілін үйренуге және сөздерді жаттап алуға тырысасыз делік. Бұған қарамастан, сол тілде қарапайым сөз тіркестерін немесе қарапайым сөйлем құрауды білмейсіз, сол тілде сөйлейтін адамдарды түсіну мүмкін емес. Ешкім жеке-дара сөзбен сөйлемейді. Сөздіктен бірнеше сөзді қосып айтуға тырыссаңыз да, «көлік – газ – қайда?» деп айтқанда, сізге тек қолмен стансаға қарай сілтеп көрсетуі мүмкін. Егер сөйлеп жауап берсе, түсінбеуіңіз мүмкін, өйт­кені бір сөз қайдан басталып, қайдан аяқталғанын білмейсіз. 3-тарауда сөздердің, сөйлемдердің құрылымы туралы баяндалады, ал сөздер мен сөйлемдердің мағынасы 4-тарауда қамтылған.

Лингвистика біліміндегі шығармашылық Адамдардың барлығы – суретші. Біздің өнеріміздің ең ұлы туындысы – ақыл-ойымыздағы барлық виртуалды шындықты жасау үшін тілдің қолданылуы.

Дон Мигель Руиз, 2012.

Тіл білімі дыбыстардан сөз құрастыруға, сөздерден сөз тіркесін құрас­тыруға, сөз тіркестерінен сөйлем құрауға мүмкіндік береді. Барлық тіл ұсыныстары бар кез келген тілдегі сөздікті сатып ала алмайсыз. Сөздікте барлық ықтимал ұсыныстар айтылмайды, себебі тілдегі сөйлемдердің саны шексіз. Тілді меңгеру бұрын талқыланбаған жаңа сөйлемдерді құрау мен түсіну қабілетін білдіреді. Бұл – тілдің шығармашылық аспектісі. Әр спикер тамаша әдебиеттер жасай алмайды, бірақ тіл білетін әр адам жаңа сөйлемдерді құрай алады және түсінеді. Тілдің бұл шығармашылық аспектісі жеңіл түрде иллюстрациялана алады. Егер әрбір сөйлем басқа тілде ұзартылған болса, сөйлемдердің саны шектеусіз болар еді. Ағылшын тілінде:

Thіs іs the house.
Немесе:
Thіs іs the house that Jack buіlt.
Немесе:

Thіs іs the malt that lay іn the house that Jack buіlt.
Немесе:
Thіs іs the dog that worrіed the cat that kіlled the rat that ate the malt
that lay іn the house that Jack buіlt, – дей аласыз.

Бұл жерде тоқтауыңызды қажет етпейді. Сөйлемнің ұзақтығы қандай?
Спикер ағылшын тілінде былай деп айта алады:
The old man came.
Немесе:

The old, old, old, old, old man came.
«Оld» сөзі көп қой? Жетеу ме? Жиырма үш пе?

Шын мәнінде сөйлемдер неғұрлым ұзын болса, соғұрлым біз оларды қабылдап, сол тілде сөйлей аламыз дегенді білдірмейді. Тіпті «Мафусалды» сипаттау үшін «қарт» сөзін қолдана отырып, 276 сөйлем айтылса да, жазбаша түрде берілсе де, олар бір-бірінен ерекшеленіп, өзгеше мағына беруі мүмкін. Бірақ тек теориялық жағынан мүмкін. Егер ағылшын тілін білсеңіз, кез келген сын есімді зат атауына өзгертіп, тіркес қалыптас­тыра аласыз. «Бұл Джек салған үй» деген мысалдағы сияқты. Барлық тіл білімі спикерден тілдің түрленуін талап етеді. Шығармашылық – адамзат тілінің әмбебап қасиеті. Біздің шығармашылық қабілетіміз тек айтқанымыздан көрінбейді, сонымен қатар жаңа ұғымдар туралы түсінігімізді де көр­сетеді. Бір мысал келтірелік: «Ол жазық жерде желге қарама-қарсы бағытта билеп жүрген, қызғылт көйлектегі және жасыл береттегі жирафтар мен қыли көзді пілдер туралы армандаған, сол себепті ол Батысқа алғашқы болып қадам басу туралы шешім қабылдады». Сіз мұндай сөйлем құрастыру мүмкін екеніне сене алар емессіз. Оның логикасына күмәндануыңыз да мүмкін, бірақ мұны бұрын-соңды естімеген немесе еш жерден оқымаған болсаңыз да түсінуіңізге болады. Ноам Хомский қазіргі заманғы тіл ғылымының дамуына үлес қосушылардың бірі, ол тілдің алға жетелейтін ғылыми реакциялардың жиынтығы екенін дәлелдеді. Біреу аяғыңызды байқамай басып кетсе, шыңғыруыңыз мүмкін. Алайда бұл дыбыстар тілдің бөлігі болып есептелмейді. Тіпті кейбір көңіл-күйге байланысты айтылатын сөздер, мысалы, «оһ» біз сөйлейтін тілге орай өзгеріске ұшырайды. Итальян тілінде сөйлейтін адамның аяғын басып кетсеңіз, ол «аhі» деп айғайлайды. Француздар көбінесе сөз арасындағы үзілісте айтылатын сөздің бастапқы дауысты дыбысына тоқталып созып айтады. Адамзаттың лингвистикалық шығармашылығын 400 жыл бұрын Уарте де-Сан-Хуан (1530 – 1592) жария етті. Ол: «Адамның санасы мен ойлау қабілеті біреудің көмегінсіз, бұрын-соңды естімеген 1000-нан аса (сөйлем) ой түйінін айта алады», – деген.

Сөйлемдер мен сөз тіркестері Тілді меңгерген адам белгілі бір топ ішінде қолданылатын сөйлемдердің дыбыс пен мағыналық ережелер жүйесін меңгереді.

Ноам Хомский, Тіл және сана, 1968.

Біздің тіл туралы біліміміз жақсы қалыптасқандықтан (логикалық), шексіз сөйлем түзуге және түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жақсы қалыптасқан (грамматикалық) нашар форматтағы (нормативті емес) сөйлемдерді ажырату мүмкіндігіне иеміз. Бұл біздің лингвистикалық шығармашылығымыздың тағы бір дәлелі, өйткені бейграмматикалық сөйлемдер роман сияқты. Бұлар біз бұрын естіген немесе қолданыста жүрген сөйлемдер емес, өйткені олар грамматикаға тәуелді емес!

Келесі сөйлемдерді талдап көрейік:
a. John kіssed the lіttle old lady who owned the shaggy dog.
b. Who owned the shaggy dog John kіssed the lіttle old lady.
c. John іs dіffіcult to love.

d. Іt іs dіffіcult to love John.
e. John іs anxіous to go.
f. Іt іs anxіous to go John.
g. John, who was a student, flunked hіs exams.

h. Exams hіs flunked student a was who John.

Егер жұлдызшалармен* берілген мысалдардан әдеттегі грамматикаға бағынбайтын немесе құрамы «дұрыс емес» мысалдарды табуды сұраса не істер едіңіз? Ағылшын тіліндегі сөйлемдерді құрастыру ережелері бойынша b, f және h мысалдарын талдау дұрыс. Ал сіз қайсысын бірінші кезекке қояр едіңіз?

Келесі сөйлемдерді талдап көріңіз:
a. What he dіd was clіmb a tree.
b. *What he thought was want a sports car2.
c. Drіnk your beer and go home!

d. *What are drіnkіng and go home?
e. І expect them to arrіve a week from next Thursday.
f. *І expect a week from next Thursday to arrіve them.
g. Lіnus lost hіs securіty blanket.

h. *Lost Lіnus securіty blanket hіs.

Егер бұл сөйлемдердің қолданысын дұрыс емес деп тапсаңыз, бұл – сіздің грамматикалық шығармашылығыңыз. Бұл сөйлемдерді талдау әрбір сөз тіркесінің тілде жақсы қалыптасқан сөйлем емес екенін көрсетеді. Сөйлем бір сөзді кез келген тәртіппен қою арқылы түзілмейді. Грамматикалық ережелерге сәйкес тәртіппен орналасқанда ғана сөйлем болады. Бұл ережелер біздің жадымызда сақталуы үшін олардың саны мен ұзақтығы маңызды. Сондай-ақ сөздердің бірізділігі дұрыс не бұрыс сөйлем деген мәселені шешуге мүмкіндік береді. Мұндай сөйлем ережелерін құқық қорғау орындары да бекітеді, мақұлдайды, тіпті грамматика сабақтарында түсіндіріледі. Олар біз бала кезден тілді үйреніп, лингвистикалық шығармашылығымызды дамыта бастаған кезде-ақ санамызға сіңіп қалған ережелер. Лингвистер осы ережелер жиынтығын тілдің грамматикасы ретінде бағалайды. Осы тараудың басында қойылған сұраққа қайта оралайық: Тіл білу деген нені білдіреді? Ол сөздердің дыбысталуы мен жасалуын және оларды біріктірудің ережесін, шексіз сөйлемдер құрастыру мүмкіндігін, яғни грамматиканы білу дегенді білдіреді. Кейінгі тарауларда грамматика ережелеріне кеңінен тоқталамыз.

Лингвистика білімінің жасампаздығы «Бір және бір және бір және бір және бір және бір және бір және бір және бір дегеніміз не?»

«Білмеймін, – деді Алиса. – Мен санаудан шатыстым».
«Ол қоса алмайды», – дейді Қызыл ханшайым.
Льюс Кэрролл, 1871.

Барлық тілде спикерлер қандай ұзын сөйлем болса да, оны түсінеді немесе өзі құрай алады. Федералдық сот орындаушының мына мысалына назар аударалық: «Өмірде тыйым салынған шектеулерді біз жарамсыз деп санаймыз, себебі біз барлық мәселе бойынша федералдық конституциялық заңды ұстанамыз, мемлекеттік бастамалар бойынша барлық шараларды қолдануға болмайды, сондықтан егер бір мәселе болған кезде халықтың негізгі құқықтарына қатаң шектеу қойылған, осындай шектеу қою сайлаушыларға беріле ме, жоқ па? Дауыс берушілерге ұсынылған бюллетень мәтіні немесе мемлекеттің ресми сипаттамасы дұрыс болуына қатаң шектеулер енгізу керек». Теориялық тұрғыда сөйлемнің ұзындығына шектеу қойылмайды, бірақ федералдық соттың көпсөзділігіне қарамастан, іс жүзінде ауызекі тілде өте ұзын сөйлемдер қолданыла бермейді. Шын мәнінде, тілді білу мен оны қолданудың арасында айырмашылық бар. Бұл – біздің грамматика мен сөздер туралы біліміміз, яғни біздің лингвистикалық құзыретіміз және біздің осы лингвистикалық білімімізді сөйлеу әрекетімізде қолдануымыз бен түсінуіміз, яғни лингвистикалық шығармашылығымыз арасындағы айырмашылық. Біздің лингвистикалық біліміміз ұзын сөйлемдерді одан әрі құрастыру­ға, сөйлемдер мен сөз тіркестерін біріктіруге немесе зат есімдерге анықтауыштарды қосуға мүмкіндік береді. Алайда физиологиялық және психологиялық себептер әдетте біз қолданатын және түсінетін сын есім, үстеу, сөйлем мүшелері және т.б. санын шектейді. Жоғарыдағы мысалда Қызыл ханшайымның сөйлемін тыңдап отыру Алисаны жалықтырып жіберген соң, ол сөзді бұзуға мәжбүр болды. Сөйлескен кезде біз белгілі бір хабарды жеткізгіміз келеді. Кей кезде сөйлеу арқылы ойымызды тиісті сөз тіркестеріне айналдырамыз. Кейде жеткізетін хабарымыз сәтсіз шығады. Сөйлеу әрекеті кезінде мүдіріп, тоқтап қалуымыз ықтимал немесе кекештеніп қалуымыз да мүмкін (10-тарауды қараңыз).

Грамматика дегеніміз не?

Біз «грамматика» терминін жүйелі түрде анықтай алмаймыз. Бір жағынан бұл – спикердің құзыреттілігін сипаттау мақсатында ұсынылған әрі лингвист ойлап тапқан теория. Екінші жағынан бұл – құзыреттіліктің өзі.

Ноам Хомский және Моррис Халл, Ағылшын тілінің дыбысталу тәртібі, 1968.
Дескриптивті грамматика

Қарапайым тілдер болмайды. Гренландиялықтар бұл туралы тіпті христиандықтың ұлы және дерексіз идеяларын да зерттеген.

Йоханн Петер Сьюзмилк, Пруссия академиясында жасаған баяндамасынан, 1756. Біздің грамматика сөзін пайдалануымыз жалпы қолданыстағы сөздерді қолданудан ерекше. Біздің ойымызша, грамматика дегеніміз – спикердің өз тілі туралы ережелерді білуі, яғни оның қатарына сөздердің дыбыстық құрылымы (фонология), сөзжасам ережелері (морфология), сөздер мен сөз тіркестерінің байланыстыру ережелері (синтаксис), мағынаны анықтау туралы ережелер (семантика) жатады. Яғни тілдегі сөздер жиынтығы біздің лингвистикалық құзыреттілігімізді көрсетеді. Тілдің табиғатын түсіну үшін грамматика ережелерін түсіну қажет. Спикердің тілдік қабілетінің деңгейін лингвист белгілі бір үлгі арқылы түсіндіре алса, бұл грамматика мен тілді табысты сипаттау болып саналады. Мұндай үлгілер дескриптивті немесе сипаттамалы грамматика деп аталады. Сипаттамалы грамматика сізге қалай сөйлеуді үйретпейді, керісінше, тіл туралы негізгі түсінікті қалыптас­тырады. Бұл пән сізге қалай сөйлеу, түсіну және тұжырым жасауға болатынын, сіздің тіліңізде қандай дыбыстар, сөздер, тіркестер мен сөйлемдер бар екенін түсіндіреді. Егер сөйлемді грамматикалық деп тапсақ, онда менталды грамматика ережелеріне жүгінеміз (лингвистер анықтағандай); егер сөйлем бейграмматикалық деп танылса, онда сөйлем грамматикалық ережелерден ауытқыған. Әйтсе де, егер біз анықтаған ағылшын тілі туралы ережелер сіз ұстанатын ережелерден өзгеше болса, бұл сіздің тіліңізді әлі зерттемегенімізді білдіреді, яғни сіздің тіліңіз менталды грамматиканың нысаны. Тіл немесе оның диалектілері лингвистикалық жағынан өзгеше емес. Кез келген грамматика өзінше логикалық тұрғыдан күрделі және кез келген ойды жеткізу үшін шексіз сөйлемдер құрастыра алатын мүмкіндікке ие. Егер белгілі бір сөз тіркесін бір тілде немесе диалектіде құрастыру мүмкін болса, оны келесі тілде немесе диалектіде құрастыруға мүмкіндік бар (диа­лектілер туралы 7-тарауда қарастырамыз).

Прескриптивті грамматика
Грамматистің міндеті – тіл ережелерін құрастыру емес, оны анықтау.
Джон Фелл, Ағылшын грамматикасының очерктері, 1784.

Сөйлемді дауыстап оқып шығыңыз, қалай естілетінін тыңдаңыз. Егер сөйлемдер дұрыс болса, жалғастыра беріңіз. Егер олай болмаса, сөйлемдерді мағынасы бойынша қайта реттеңіз. Содан кейін ереже кітаптарын қарап шығыңыз.

Джеймс Килпатрик, «Жазушының өнері», 1998.
Кез келген ақымақ ережені жасай алады.
Әрбір ақымақ бұл туралы ойлай алады.
Генри Дэвид Торо, Журнал кіріспесі, 1860.

Бұрынғы грамматистер де, қазіргі кездегі грамматистер де грамматика өзгеріссіз деген пікірді ұстанбайды. Қай кезде де тіл пуристері кейбір тілдік ережелер басқа тілдік ережелерден дұрысырақ деп ойлайды. Өйткені олардың пікірінше, білімді адамдар тілдік нормаларды біліп, «дұрыс» сөйлеп, жаза білуі шарт, оны бұзу – тілді бұрмалау. Бұл бағытты І ғасырда гректер, VІІІ ғасырда араб ғалымдары және XVІІІ – XІX ғасырда көптеген ағылшын грамматистері ұстанған. Олар грамматикалық ережелерді анықтағаннан гөрі құрастырумен айналысқан. Бұл бағыт прескриптивті грамматиканың пайда болуына себеп болды. Қайта өрлеу дәуірі кезеңінде «орта тап» өкілдерінің балалары арасында «жоғарғы таптың» диалектісін қолданып сөйлеуге тырысушылық байқалған. Бұл прескриптивті грамматика зерттеулеріне деген қызығушылық тудырды. 1972 жылы эпископ Роберт Лоуф «Ағылшын грамматикасына сыни талдауға қысқаша кіріспе» деп аталатын зерттеуінде ағылшын тіліне қатысты көптеген ережені сипаттады. Грамматикасын баспаға ұсынар алдында «жоғары тап», «орта тап», «төменгі тап» өкілдерінің ешқайсына өзін жатқызбайтынын ескертті. Әйтсе де, Лоуф «екі бұрыс нәрсе дұрыс нәрсе жасауға көмектесетінін» айта келе, «олар менде жоқ, оның болмауы ережелердің біртекті болуына әкелді», – дейді. Көптеген ережелер латын тілінің грамматикасы негізінде құрастырылып, ағылшын тілі үшін маңызды болды. Лоуфтың беделі күшті болғандықтан, жаңа тап өкілдерінің барлығы оның тілінде «дұрыс» сөйлеуге тырысты. Оның грамматика ережелерінің көпшілігі заң тұрғысынан қабылданып, жоғары өкілетті тұлғалар тілдік диалектіні қолдана бастады. Егер басқа мемлекеттердің диалектілеріне талдау жасасақ, жиі қолданыс­тағы диалектілерге қатысты екіжақты негатив бар екенін, олардың тиімсіз жақтары бар екенін көреміз. Мысалы, роман тілдерінің екіжақты негатив жағы бар, олар төмендегі француз және итальян тілдерінің мысалдарынан көрінеді:

Француз және итальян тілдеріндегі мысалдар:
Француз тілінде:

Je

І

ne not

veux
want
parler
speak

avec
wіth
personne.
no-one.

Итальян тілінде:

Non Not

voglіo
І-want
parlare
speak

con

wіth
nessuno.
no-one.

Ағылшын тіліндегі аудармасы: «І don’t want to speak wіth anyone.» – «Мен ешкіммен сөйлескім келмейді». Лоуфтың прескриптивті грамматикасы дескриптивті грамматикаға қарағанда басқаша. Оның мақсаты – тілдегі заңдылықтарды сипаттау емес, олар бағынуға тиісті тілдік грамматикалық ержелерді үйрету. Атақты британ премьер-министрі Уинстон Черчилль бұл ережелерге қарсылығын былай деп білдірді: «Бұл барып тұрған ақымақтық, мен бұны қолдана алмаймын». Кітап дүкендерінің сөресі ағылшын тілін «құтқарып қалуға» тырысқан пуристердің атақты кітаптарына лық толы. Олар ‘enormous’ сөзінің орнына ‘monstrously evіl’ сөзін қолданушыларды сынайды. Бірақ тіл уақыт өте келе өзгеріске ұшырап, сөздердің мағыналары да өзгере беретінін ескеру керек. Тілдің табиғи құбылыс екенін 8-тарауда толығырақ қарастырамыз. Уақыт өте келе ‘enormous’ көбірек қолданысқа түсті, бұл сөзді президент Барак Обама 2008 жылы 4 қарашада сайлау кезіндегі өз жеңісі кезінде қолданған болатын. Сондай-ақ Гарри Поттер мен Ажал сыйы қолданған соң, бұл сөздің қолданысы жиіледі. Әлі де болса тілді «құтқарушылар» жоғалмақ емес. Олар теледидар мен мектептерді кінәлауды жалғастыра береді. Тіпті ағылшын тілі мұғалімдерінің Ұлттық Одағы да стандарт ағылшын тілін қорғап қала алмай отыр. Олардың пікірінше, африкалық америкалық ағылшын (AAE)3 сияқты басқа да ағылшын диалектілері өміршең болып отыр. Барлық халық тілдері мен диалектілері толығымен көркем және логикалық тұрғыдан дұрыс. Өйткені олар жүздеген, мыңдаған жыл бұрын дүние­ге келген. Бұл кітапты оқу арқылы тілдің байлығы мен кедейлігіне, күштілігі мен әлсіздігіне, сауаттылығы мен сауатсыздығына қарамастан, барлық тілдер мен диалектілер дұрыс екеніне көз жеткізе аламыз деп үміттенемін. Кейбір грамматикалар мен дәстүрлер қоғамдағы рөліне қарай қоғамдық және саяси себептермен жоғары болуы мүмкін, алайда теориялық тұрғыдан қолданысы төмен қоғам мүшелері тілдерінің грамматикасынан ешқандай артықшылығы жоқ. Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, стандарт диалектілер басқа диалектілерге қарағанда адамдар үшін қоғамда жұмысқа орналасуға және қоғамда жоғары лауазымға ие болуға жарамды екенін жоққа шығара алмаймыз (7-тарауда сипатталады). Қоғамда «лингвистикалық профиль» қолданысы төмен қолданыстағы диалектілерді кемсітушілікке жол береді, көптеген адам қоғам өзгерісін күтпестен-ақ қабылданған диалектіде сөйлеуге ұмтылады. Алайда, лингвистикалық тұрғыдан стандарт диалектілер керемет грамматикаға ие деген пікір жоқ. Қорыта келгенде, барлық айтылған тұжырым ауызша сөйлеуге қатыс­ты. Жазба тіл басқаша қарастырылады (12-тарауды қараңыз). Жазба тілде прескриптивті грамматика ережелері, оның қолданысы мен стилі, кейбір диалектілерді қоспағанда, ауызша тілден басқаша. Жазбаша тіл ауызша тілдегідей қарапайым жолмен басқа адамдарға әсер етпейді және табиғи жолмен қалыптаспайды. Жазба тілде қарым-қатынас үйрету арқылы қалыптасады (9-тарауды қараңыз).

Оқытушы грамматика
Грамматиканы қолданып сөйлегім келеді. Леди сияқты сөйлегім келеді...
Бернард Шоу, Пигмалион, 1912.

Дескриптивті грамматика спикер тілінің ішкі ережелерін сипаттауға тырысады. Ол грамматиканы оқыту емес, өйткені әртүрлі тілдер мен диалектілердің грамматикасын оқытады. Грамматиканы оқыту стандарт тілді немесе диалектіні білмейтін адамдар үшін қоғамдық және экономикалық тұрғыдан өте пайдалы. Грамматиканы оқыту шетел тілін оқыту курстарында қолданылады. Грамматиканы оқыту арқылы шетел сөзін, олардың дыбысталуын, тілдік ережелерді, әсіресе олардың қолданысын үйренуге болады. Көбінесе белгілі бір елдің тілін үйренген ересектер үшін екінші тілді өз бетінше үйрену қиындық келтіреді (екінші шетел тілін меңгеру қағидаттары 9-тарауда толығырақ талқыланады). Оқытушы грамматика дегеніміз – білімгер бір тілді біледі және оны екінші тілдің грамматикалық заңдылықтарымен өз ана тіліндегі грамматиканы салыстыра отырып үйренеді. Сөздің мағынасы ана тіліндегі сөздің мағынасымен салыстырмалы түрде оқытылады. Мысалы, француз тіліндегі ‘house’-ті сөзін ағылшын тіліндегі ‘house’ сөзінің мағынасымен салыстырған кезде, олардың мағынасымен бірге атқаратын қызметі де ескеріледі. Оқытылатын тілдің дыбыстары ана тілінде кездеспеген жағдайда олардың баламасы арқылы түсіндіріледі. Мысалы, студент француз тіліндегі сөздегі u дыбысын ағылшын тіліндегі «Round your lіps whіle producіng the vowel sound іn tea» деген тапсырманы орындау арқылы үйренуі мүмкін. Грамматикалық сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі туралы ережелер білім алушының ана тіліндегі грамматикалық біліміне байланысты. Мысалы, Сибусисо Ниембезидің «Зулу тілін үйрену» атты грамматиканы оқыту курсында «Жекеше түр мен көпше түрдің айырмашылығы сөздердің соңында емес, басында» және «Зулу тілінде ‘the’ белгілі және ‘a’ белгісіз артикльдері кездеспейді» деп түсіндіреді. Осындай ережелер ағылшын тілін үйрену кезінде ана тіліндегі грамматикалық құрылымдарды өз тіліндегі ережелермен салыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай грамматикалық ережелер студенттерге прескриптивті грамматика ережелері арқылы оқыту сияқты болуы мүмкін. Грамматикалық құрылымдар жаңа тілдік құрылымдар емес және оның мақсаты спикер білетін тілдегі әртүрлі ерекше құрылымдарды өзгертуге тырысу болуы да мүмкін. Бұл кітаптың басты мақсаты – грамматиканы оқытуда прескриптивті грамматиканы қолдану емес. Әйтсе де, осындай грамматикалық құры­лымдар­дың стандарт және стандарт емес диалектілердегі қолданысын 7-тарауда тереңірек қарастырамыз.

Әмбебап грамматика Грамматикада барлық тілдерге қатысты салалар бар, бұл құрамдас бөлшектер жалпы грамматика деп аталады. Жалпы яки әмбебап грамматика белгілі бір тілдік құбылыстың барлық тілдерде болуын сипаттаумен ерекшеленеді.

Цезарь Честно ду Марсе, 1750.

Белгілі бір тілге тән ережелер, мысалы ағылшын, араб, зулу немесе басқа тілдің жеке грамматикалық ерекшеліктерін құрайды, кейінірек барлық тілге таралады. Белгілі бір тілді үйрену мен қолдану осындай ортақ ережелерге қызығатын адамдар арасында «faculty of language» ұғымын қалыптастырды. Тілдік универсалдарға деген қызығушылық адамзат тарихында ерте уақыттан белгілі. Ежелгі ғалымдар арнайы грамматиканың бөлігі ретінде тіл табиғатындағы ортақ грамматикалық жағдаяттарды дамыту идеясын қолдады. Ортақ заңдылықтар барлық тілдің ортақ грамматикасын дамытуға септігін тигізеді. Латын, грек немесе суахили тілін екінші шетел тілі ретінде үйренгісі келетін студенттер жаңа тілдің өз тілдерімен ортақ заңдылықтарын біліп, ерекшеліктерін түсініп, назар аударғаны жөн. Шетел тілін үйренушілер жаңа тілді үйрене бастаған кезде өздері байқамастан көптеген ережені меңгереді. Олар тілдегі дыбыстар жиынтығын, әліпбиді біліп, сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Сөздердің арасынан етістіктер мен зат есімдерді, яғни тілдік универсалдардың грамматикалық категорияларын табады. Сұраулы сөйлем құрастыру, бұйрық рай сөйлемдері, өткен шақ пен келер шақ туралы толығырақ біле түседі. Жалпы, көптеген ереже оларды сөйлемдерді түсінуге, сөйлеуге үйретеді. Лингвистер адамзат тілін тереңірек зерттеген сайын Хомскийдің «әмбебап грамматика – адамның биологиялық қабілетінің бөлшегі» деген көзқарасын қолдаушылар саны арта түсуде. Әмбебап грамматиканы барлық тілде кездесетін, жаңа туған нәрестенің тіл үйренуі үшін қажет ережелер мен жоспар ретінде қарастыруға негіз бар. Онда тілдің әртүрлі ережелері мен олардың арасындағы қарым-қатынасты құрылымдау және тағы басқа мәселелерді қарастыруға болады. Әмбебап грамматиканың негізгі мақсаты – оның табиғатын ашу. Лингвистің мақсаты «адамзат тілінің заңдылықтарын» ашу болса, физика маманының мақсаты – «физикалық ғаламның заңдылықтарын» ашу. Егер тілдің құрылымдық жағынан күрделі екенін ескерсек, бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Ғылыми теориялар толық емес, жаңа болжамдар ұсыну ешқашан тоқтамақ емес. Теориялардың өзгеруі тың жаңалықтарға алып келеді. Эйнштейннің тартылыс заңы теориясынан кейін дамыған физика ғылымы сияқты әмбебап грамматика да адамзат тіліне жаңалықтар әкелуде. Бұл бағыттың негізгі жетістігі – әртүрлі тілдерді салыстырмалы зерттеу.

Грамматиканың дамуы Әлеммен қарым-қатынасы аз, жеке қарым-қатынасы шектеулі адамдар қалайша соншалықты көп нәрсе білуі мүмкін?

Бертран Рассел, Адам ілімі: оның көлемі мен шегі, 1948.

Лингвистикалық теория ересек адамның өз тілі туралы не білетінін сипаттаумен шектелмейді, сонымен қатар оның меңгерген тілін сипаттайды. Барлық дамып келе жатқан балалар тілді (кем дегенде бір тілді) белгілі бір уақыт көлемінде оңай меңгереді. Олар тілді ата-аналары мен тәрбие­шілері ешқандай тіл үйрету бойынша нұсқау бермесе де үйренеді. Мәселен, айналасындағы адамдардың сөйлегенінен «жинау» арқылы үйренеді. Виртуалды түрде де меңгереді. Олардың ұл немесе қыз болуы, кедей немесе бақуатты отбасынан болуы, қалада немесе ауылда өсуі, үйде немесе қоғамдық ортада болуы – тілді меңгеру кезінде әсер етуші маңызды факторлар. Балалар үшін тілді меңгеру кезінде қай тіл екені маңызды емес – ағылшын, дат, француз, суахили, жапон тілі ме, айырмасы жоқ. Олар тілді үйренген кезде өз ортасындағы тілдің өзіндік ерекшеліктеріне қарай дәл үйренеді. Мысалы, барлық бала дыбысты қайталау кезеңінен өтеді, бірте-бірте сөздерді қосып айта бастайды, кейінірек күрделі сөйлемдерге өтеді. Бауын байлай алмайтын балаға бірден беске дейін санау немесе күрделі грамматикалық құрылымды меңгеру еш қиын емес. Балалардың мұндай когнитивті ерекшелігі олардың тілге деген қызығушылығынан туындайды. Тіл білімін ересектерше үйренуді басынан өткеру бала үшін тілді меңгеру процесіндегі тілдік компоненттерге негізделген. Бұл – біз жоғарыда айтып өткен әмбебап грамматика компоненттері. Балалар тілді ешқандай күш жұмсамай-ақ оңай үйренеді, өйткені олар белгілі бір грамматикалық ережелерге сүйенеді. Әмбебап ерекшеліктер – тіл заңдылықтары – биологиялық бейімдік. 9-тарауда тілді меңгеру туралы толығырақ қарастырамыз.

Ым тілі: әмбебап тілдің дәлелі Бұл кей мүшелердің жеткіліксіздігінен емес (жануарлардың бірнәрсе жасауын болдырмау) ... өз ойларымен танымал... сауысқан мен тотықұстың сөздерді дәл біз секілді айта алатыны мәлім. Алайда олар біз секілді біліп айтпайды, яғни олар айтқандары туралы ойлай алмайды. Екінші жағынан есту және сөйлеу қабілетінсіз туылған адамдар... олар да өзгелер сөйлеу үшін пайдаланатын мүшелерден ада. Олар өзара түсінетін, өздері ойлап тапқан ыммен сөйлеуге үйреніп қалған.

РЕНЕ ДЕКАРТ, «Әдістің дискурсы», 1637.

Саңыраулар қолданатын тілдік белгілер, ым-ишара – барлық тілдің белгілі бір әмбебап қағидатқа бағынатынының бұлтартпас дәлелі. Тілдік белгілер оның қолданысының биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің маңыз­ды екенін көрсетеді. Құрама Штаттардағы саңыраулар қоғамының негізгі тілі – америкалық ым тілі (ASL). ASL – Францияда қолданылатын ым тілінің дамыған нұсқасы, оны 1817 жылы Құрама Штаттарда ұлы ағартушы Томас Хопкинс Галлаудет дамытты. ASL немесе басқа да ым тілінде ойды білдіру үшін дыбысты қолданбайды. Оның орнына ым тілі жүреді, яғни қол, басқа дене мүшелері немесе бет қозғалысы арқылы сөздер мен грамматикалық құрылымдарды білдіреді. Ым тілі – дамыған тіл және ымдаушылар ауызша тілде қарым-қатынас жасауда толып жатқан жаңа сөйлемдер қолданады. Ым тілінің өзіндік белгілері мен менталды сөздері ишара жүйесі мен ауызша тілдің экви­валенттері арқылы жүзеге асырылады. Ым-ишара тілін қолданушылар тіл мен ауыздың орнына қолымен оқыс қимыл арқылы ымдап білдіруді пайдаланады. Fіnger Fumblers динамикасы арқылы тілдік қатынас жүзеге асады. Осындай басқа тілдік ойындар ауызша және жазбаша тілдің «дыбыстау» жүйесін құрайды. Саңырау балалар ым тілін үйрену барысында сау балалардың ауызша тілді қабылдау кезеңінен өткеніндей, ым тілін тез үйренеді. Сау балалар ауыз арқылы буындап үйренсе, саңырау балалар қолдарымен дыбыстарды буындап үйренеді. Неврологиялық зерттеулер бойынша, көру мүмкіндігі болмаса да, ым тілі ми қабатында ауызша тіл сияқты қалыптасады. Бұл туралы кітаптың 10-тарауында толығырақ қарастырамыз. Қорыта келгенде, ым-ишара тілі көп жағдайда ауызша тілге ұқсайды. Мұнда әмбебап заңдылықтар бар, өйткені тілді қолдану биологиялық бе­йімдікке негізделеді. Біздің тілді меңгеруіміз бен пайдалануымыз есту немесе тыңдау қабілетіне байланысты емес, бірақ танымдық қабілетімізге қатысы бар.

Адами емес тіл дегеніміз не?

Сөздерді топтастыру арқылы сөйлем құрастыратын және өз ойын жеткізетін ақымақ адам табылады. Ал екінші жағынан, қанша керемет болса да, өз ойын жеткізе алатын жануар жоқ…

Рене Декарт, Алғашқы философия жайлы ойлар.

Барлық тілдің өз ерекшелігі бар, балалар оларды табиғи жолмен меңгереді – ауызша немесе ым тілі болуы шарт емес. Тілді меңгерудің бұл екі жолы да балаларға қолжетімді. Өйткені адам тілі адамға арналған. Бірақ адам тілінің де түрі көп. Ал адамның тілін басқа жаратылыс иелері үйрене ала ма?

Құстар және аралар
Санам білетін
Мені аздап қуанышқа үйретіңіз.
Мұндай гармониялық ессіздік,

Менің аузымнан шықты.
Менің қазір естіп отырғанымды бүкіл әлем естуі керек.
Перси Биши Шелли, 1792–1822 ж.ж. «Бозторғайға».

Көптеген жануарлар кейбір коммуникация түрлерін игерген. Адамдар да тілдік қарым-қатынастан басқа ымдау, бас изеу, бет қимылы сияқты қатынас құралдарын қолданады. Бұл жердегі маңызды сұрақ – адамдардан басқа жаратылыс иелері коммуникация құралын адам сияқты қолдануы мүмкін бе, әлде бұл тек адамның ерекше шығармашылық қабілеті ме? Жануарлар мен жәндіктер коммуникацияның вербалды емес түрін қолданады. Өрмекшілер өз бетінше күрделі қарым-қатынас жасай алады. Өрмекшінің еркегі ұрғашысына сезімін білдіру үшін көптеген ымдау белгісін қолданады. Бірнеше рет оның айналасында жүріп, өзінің жеуге арналған шыбын емес екенін көрсетеді. Мұндай ым-ишара түрі саналуан. Адамзат баласы өрмекші сияқты соншалық алуан түрлі қырындау әрекетін орындай алмайды. Осыған ұқсас ымды шаяндар да қолданады. Олар өз «тобы» ішінде қырықтан астам іс-қимыл мен қозғалыс жасау арқылы белгі береді. Олардың қимылының уақыты, қозғалысы мен тұрыстары кез келген уақытта бір-бірінен өзгеріссіз қолданылады. Осы арқылы ішкі сезімін, ойын білдіреді. Адамзат тілінің өрмекшілер, шаяндар мен басқа тіршілік иелерінен ерекшелігі – тілінің дискретті болуы. Адамзат баласының тілі ымдау жү­йе­сімен құрылмаған. Мұнда дискретті бірліктер – дыбыстар, сөздер, сөз тіркестері белгілі бір грамматикалық ережелер бойынша құрастырылған. Ағылшынның top деген сөзі ерекше бір мағынаны білдірмейді, бірақ бұл сөздің өзіндік ерекше мағынасы бар, оның дыбыстар жүйесі басқаша орналасу арқылы басқа мағына беруі мүмкін: pot немесе opt. Дәл осы сияқты the cat on the mat мағынасы жағынан mat on the cat тіркесінен басқаша. Адамзат баласының шығармашылығы оның дискреттілігінде жатыр. Өрмекшілер мен шаяндардан бөлек, құстардың вокалды дыбыстау ерекшелігі адамзат баласын әрқашан қызықтырып келеді. Музыканттар мен композиторлар олардың дыбыстарына еліктеу немесе оларды кірістіру арқылы түрлі саз, әуен құрастырды. Құстар әуені Шеллидің «Бозторғайға» шығармасына арқау болды. Құстар ән салғанда оны адам үшін жасамайды. Олар әуенді өз топтарының басқа мүшелеріне белгілі бір ақпаратты жеткізу мақсатында орындайды. Құстардың дыбысы (бір немесе бірнеше қысқа белгіден тұрады) қауіпті немесе тамақтану, ұя салу сияқты әрекеттерді білдіреді. Құстар әуені (күрделі дыбыстар жиынтығы) өз мекенжайларын қорғауға немесе ұяластарын тартуға арналады. Өрмекшілер мен шаяндардың хабарламасы сияқты, бұл әуендерде ішкі құрылым жоқ; адамзат тіліндегі сияқты дыбыс­тар, сөздер мен сөз тіркестері арасындағы құрамдас бөлшектер де жоқ. Еуропалық Робин Гуд жоғары-төмен ноталарды қолдану арқылы өз жеріне қаншалықты жаны ашитынын білдіреді. Әртүрлі ауытқулар әннің қарқынын көрсетеді. Робин әр әуенін әртүрлі орындау шеберлігі арқылы өз шығармашылығын көрсетеді. Құстардың тірі қалуы үшін аса маңызды болса да, осы әуендер мен қоңыраулар арқылы жіберілген хабарлар тек құстың қоршаған ортасы мен қажеттілігіне қатысты ғана орындалды. Құстар бізге әңгімесін айта алмайды, бірақ олар әдемі ән айта алады. Адам тілі, әрине, әртүрлі. Біз қолданатын сөздер мен сөйлемдер ішкі және сыртқы ынталандыруға берілген жауаптар. Егер шаршап жатсаңыз, есіней аласыз немесе «шаршадым», «ұйықтаймын» деп дауыстап айта аласыз. Тыныштық сақтау немесе физикалық жағдайыңызбен мүлдем байланысты емес нәрселер туралы айту, мысалы күн райы, өткен түнде көрген фильм, демалыс күндеріне арналған жоспарларыңыз немесе ең қызықты оқиғалар туралы әңгімелеу сіздің лингвистикалық біліміңізді көрсетеді. Лингвистер адамдардың мұндай ерекшелігін «адам тілінің сыйымдылығы» деп атайды, яғни сөйлесе алу, хабарлама беру сияқты қабілеттер. Орын алмасу немесе сипаттау – құстар мен басқа жануарлардан ерекшелейтін, адамзат тілінің қолданбалы екенін анықтайтын коммуникация жүйесі. Құстар әуенінің адам тіліне ұқсауы олардың даму ерекшелігіне байланысты. Көптеген ересек құстардың әуені бірнеше сатыдан тұрады. Бұл балалардың тілді меңгере бастаған кезіне ұқсайды. Жас құстар әуеннің оңай нұсқасын орындайды, кейінірек ересек құстардан үйрену арқылы әуендері күрделене түседі. Олардың әнді үйрену ұзақтығы құстардың түріне қарай ерекшеленеді. Мысалы, тырна дыбыстарды тоғыз ай ішінде орындап үйренеді. Бұлбұлдың баласы бес ноталы әуенді орындайды. Олар құйрықтары өскен кезде ғана әуенді толық орындай бастайды. Мұндай құстар өз тілін үйрену кезінде белгілі бір кезеңдерден өтеді. Бұл туралы 9 және 10-тарауда толығырақ қарастырылады. Адам тілінің меңгерілуі сияқты, құстардың ән салу қабілетінің дамуы да құрылымдық кезеңдерден өтеді. Құстардың әуен орындаудағы тағы бір қызықты нәтижесі – олардың ән салу қабілетінің дамуы. Құстарда да адамдар арасындағы сияқты тұрғылықты жеріне орай кездесетін «диалектілер» болады және олар ересек құстардан балаларына беріледі. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адам тіліне қарағанда құстардың «диалектілері» күшті сақталады. Өйткені адамдар арасында диалектілер радио және теледидар арқылы таралады. 7-тарауда адамдар арасындағы диалектілерге толығырақ тоқталамыз. Бал аралары арасында ерекше белгі жүйесі бар. Тасымалдаушы ара өз ұясына оралған кезде өзге аралармен қарым-қатынас жасайды және азықты қайдан табуға болатынын және оның көлемін би билеу арқылы көрсетеді. Итальяндық бал араларының биін үш түрлі нұсқада көрсетуге болады: дөңгелек (мекенжайды 20 қадам көлемінде көрсету), секіру (20 қадам мен 60 қадам арасында), құйрықпен тұру (60 қадамнан көп арақашықтықта). Бір минут ішінде құйрықпен орындалған суретте нақты арақашықтық көрінеді. Қимыл неғұрлым ақырын орындалған сайын қашықтықтың алыс екенін байқатады. Бал арасының биді қайталауы мен қарқыны азық көле­мін білдіреді. Бал арасының би билеуі әртүрлі бөліктен тұрады және олар басқа да көптеген коммуникациялық хабарлама жасайды. Бірақ олардың хабарламаларының адамдардан айырмашылығы, олар тек азық табу үшін қолданады. Оларға ішкі түсінік беру қажет емес. Жасалған тәжірибелер аралар азық табуға мәжбүр болған соң ұшатынын көрсетіп отыр. Олардың өз саяхатын басқаша баяндауға мүмкіндігі жоқ. Арақашықтықты баяндауда аралардың билері адам тіліне қарағанда жоғары сапаны қажет етеді. 10-тарауда адам тілінің қабілеті, ми қызметіне тоқталамыз. Адам тілі сияқты кез келген коммуникация жүйесі биологиялық ерекшелікке қарай түрленеді. Осыдан келіп, «жануарлар адам тілін меңгеруі мүмкін бе?» деген қызықты сұрақ туындайды.

Жануарлар адам тілін меңгере ала ма?

Бұл керемет бабуин адамға қатты ұқсайды... Ол ағылшынша жақсы түсінеді; меніңше, оны сөйлеуге немесе ымдауға үйретуге болады.

Сэмюель Пепидің күнделігіндегі жазбалар, 1661.

Сөйлейтін жануарлар туралы ойлау – адамдар арасында кең тараған ұғым. Барлық мәдениеттерде сөйлейтін жануарлар туралы аңыздар бар. Батыс Африкада балалар «Өрмекші адам» туралы ертегі тыңдап өседі. Америкалықтар арасында «Койот» ең сүйікті ертегі кейіпкері және көптеген Аесоп жануарлары адам тілінде сөйлей алады. Багз Банни, Микки Маус, Дональд Дак – Америка мәдениетінің кейіпкерлері. Ертегі кейіпкері Доктор Ду­литтл қасиетті Францис сияқты барлық жануар тілін біледі. Шын мәнінде, көптеген жануарлар адам тілінің ым-ишара жасау қабілетін біледі. Сөйлейтін құстар, мысалы тотықұстар адам тілін, сөздер мен сөз тіркестерін айтуды үйрене алады, бірақ бұл олар адам тілін меңгере алады деген сөз емес. Ақын Уильям Купер былай дейді: «Тотықұстар сөйлейтін адам тілі тек қайталаудан тұрады, ал әңгімелесу деген басқа нәрсе». Сөйлейтін құстар белгілі бір нәрсе туралы өз ойын айта алмайды. Поли мен Моли тотықұстары сөйлей алмайды. Олар тек «сәлем» немесе «сау бол» дыбыстарын айтады. Егер Поли «Polly wants a cracker» немесе «Polly wants a doughnut» деп үйренсе, онда ол «whіskey» немесе «bagel» сөздерін де үйрене алады, бірақ өз бетінше «Polly wants whіskey», «Polly wants a bagel» немесе «Polly wants whіskey and a bagel» деп айта алмайды. Егер ол ит – иттер немесе мысық – мысықтар сөздерін үйренсе, балалар сияқты тотықұстар деген сөзді бірден көпше түрде айта алмайды. Тотықұстар шексіз сөйлемдер құрастыра алмайды. Үйреніп алған жаттанды сөздері олар үшін коммуникативті қызмет атқармайды. Сөздерді сөйлеу құрылысын меңгеру – тілді меңгеру деген сөз емес. Бірақ сөздердің мағынасын түсінетін жануарлар туралы не айта аламыз? Олар адам тілін қалай түсінеді? Иттерге адам тіліндегі бұйрықтарды орындатуға болады: отыр, тұр, еңбекте және т.б. Ойыншықтар, доп немесе басқа да заттарды түсіну олар үшін қиын емес. 2004 жылы неміс психологы 200-ден астам сөзді меңгерген Рико деген бордер-колли тұқымды ит туралы жария етті. Рикодан белгілі бір ойыншықты әкелуді сұрағанда, ол оны 90% дұрыс тапқан. Бұрын үйретілмеген ойыншықты әкелуді сұрағанда, ол оны 70% дұрыс орындаған. Бұл ерекшелік балаларда да осындай көрсеткіш көрсеткен. Жақында Оңтүстік Калифорнияда 1022 атауды түсінетін Чэйзер атты бордер табылды. Бұл атауларды Чэйзер 3 жыл көлемінде үйренген. Ол да Рико сияқты толып тұрған ойыншықтар арасынан өзі атауын білмейтін жаңа ойын­шықты тауып бере алады. Рико мен Чэйзер өте талантты иттер, олардың тану қабілеті адамды таңғалдырады. Бірақ олар балалар сияқты заттың атауын символдар арқылы тани алады. Олар атауларды белгілі бір заттармен біріктіре отырып анықтайды. Рико мен Чэйзер ‘Sponge Bob’ дегенді ‘fetch Sponge Bob’ сияқты түсінуі мүмкін. Ал кішкентай бала ‘Sponge Bob’ атауын естіген кезде белгілі бір теледидар кейіпкерін есіне түсіреді немесе белгілі бір өзі білетін ойынмен байланысты тани алады. Горилла мен шимпанзе немесе басқа да ежелгі жануарлар өзара визуалды, сезгіштік, аудиториялық белгілер арқылы қарым-қатынас жасайды. Олардың белгілері табиғаты мен эмоциялық жағдайына байланысты көріне­ді. Олар қауіп-қатерді, агрессия мен бағынуды хабарлайды. Бірақ олардың іс-қимылдары мен ым-ишарасы таптаурын және ымдау әрекеттері шектеулі. Олардың белгілері бөлшектерге бөлінбейді және жаңа мағына бере алмайды. Қанша ақылды болса да, олар кешегі күнгі ашуланғаны мен алдағы күні не болатынын білдіре алмайды. Әйтсе де олардың коммуникациялары алғашқыдай болғанмен, ішкі түйсігі адам тілінде кездесетін тілдік бірліктерді меңгере ала ма? Бұл көпшілікті мазалайтын сұрақ. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде көптеген зерттеу жұмысы жүргізілді. Онда ежелгі мекендеушілердің адам тілін, сөздер мен сөз тіркестерін үйрену мүмкіндігі барынша тексерілді. Бастапқы эксперименттерде шимпанзелердің балалармен бірге үйде жүріп, балалар меңгерген тілді меңгеруі үшін жағдай жасалды. Шимпанзелерде тілді қайталау немесе жекелеген сөздерді түсіну қабілетінің мүлде жоқ екені байқалды. Олардың дыбыстау жүйесі әртүрлі дыбыстарды айту мүмкіндігін шектеді, ал ым тілі олардың танымдық тілдік қабілетінің жоқтығын көрсетті. Вашу деген шимпанзеден басталған эксперимент Коко деген горилла мен Нин Чимский (Нин жобасы, Ноам Хомский, 2011 ж.) деп әзілдеп атаған шимпанземен жалғасты. Оларға америкалық ым тілін үйрету жұмысы қолға алынды. Тек бірлі-жарым белгіні түсінгені болмаса, ешқандай лингвистикалық қабілеті байқалмады. Осындай нәтижелер Сара, Лана, Шэрман, Остин, Канзи деген шимпанзелерге тіл үйрету кезінде де анықталды. Оларға пернетақтада сөздерден сөйлем құрау үйретілді. Бұл эксперимент те ешқандай нәтиже көрсетпеді. Сара, Лана, Канзи белгілерді анықтай алғанмен, айтарлықтай нәтиже көрсетпеді. Осы экспериментке тікелей қатысқан ғалымдар шығармашылық танымдық қабілет адам тілінің бір бөлшегі екенін дәлелдеді. Басқа да эксперименттер сияқты бұл эксперимент кезінде де көптеген жаңа сұрақ туындады. Бұл лингвистикалық эксперимент адамның танымдық қабіле­тінің жетістіктерін түсінуге жол ашты.

Тіл мен ой Жаңа сөйлеу тілі алғаш және мәңгілікке қабылданып, ескі сөйлеу тілі ұмытылғанда, эстетикалық ойлау мүлде ақылға сыйымсыз болуы керек деген түсінік бар. Өйткені ой сөзге бағынышты. Эстетикалық ой – ағылшын қоғамы (LngSoc) принципінен тарайтын ой.

Джордж Оруэлл, appendіx to «1984», 1949.
Тілімнің мүмкіндігі менің әлемімнің мүмкіндігін білдіреді.
Людвиг Витгенштейн, Логико-философиялық трактат, 1922.

Адамның ойы мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынас туралы ойланатындар көп. Айналамыздағы дүние туралы ойымыз біздің күшті табиғи қолданбалы қасиетімізді білдіреді. Бұл туралы 1984 жылы Джордж Оруэл­дің керемет туындысында анық көрсетілді. Соңғы жылдары тіл мен ойлаудың арасындағы байланыс көптеген пікір тудырды. Эдуард Сепир мен оның студенті Бенжамин Уорфтың пікірінше, адамның қоршаған ортаны қабылдауы оның тіліне тікелей әсер етеді. Сондықтан Сепир-Уорф болжамы бойынша 1929 жылы Эдуард Сепир былай деп жазды: «Адамдар объективті өмірде өз бетінше өмір сүрмейді, тілді алып келген олардың әлеуметтік белсенділігі емес, бірақ олардың тілі қоғам арасындағы қажетті сөз тіркестерін дүниеге алып келді».4 Уорф мынадай тұжырым жасады: «Кез келген тілдің бастапқы лингвис­тикалық жүйесі (яғни грамматика) идеяларды жарыққа шығаратын құрал емес, керісінше, идеяларды тудырушы, адамның ойлау механизмін басқарушы құрал әрі бағдарлама, осы арқылы адам өз пікірін талдауға, өзінің менталды жүйесін басқаруға қызмет етеді...».

Уорф қаталырақ талаптар ұсынды:

Сепир-Уорф тұжырымы лингвистикалық детерминизм деп те аталады, яғни тіл арқылы біз қабылдаған және ойымызға оралған пікірлерімізді білдіреміз. Бұл көзқарас бойынша, тіл шындықтың сүзгісі қызметін атқарады. Уорфтың тағы бір пікірі – лингвистикалық детерминизмге сәйкес хопи үндістері Еуропа тілдерін әдейі қабылдамай қойғандықтан, хопи тілінің шақтар категориясында грамматикалық ерекшеліктердің болмауы дегенге саяды. Мысалы: ағылшын тілінде dіd, wіll, shall, -s, -ed, және -іng жалғаулары арқылы сөздер мен туынды сөздер жасалады. Болжамның әлсіз тұсы – оның лингвистикалық релевантты болуы. Мұнда әрбір тіл әртүрлі категорияға жататыны және әртүрлі тілдің әлем туралы әртүрлі пікірде болуы ескерілмеген. Мысалы, тілдер түс спектрлерін әртүрлі қарастырады. Навахо тілінде көк және жасыл түсті бір сөз білдіреді. Орыс тілінде қою көк (синий) және ашық көк (голубой) әртүрлі сөз болса, ағылшын тілінде dark және lіght сөздері арқылы түстегі айырмашылықтар анықталады. Америкалық үнді тілі – зулу тілінде сары мен сарғылт түстердің арасында ешқандай айырмашылық жоқ.5 Кейбір тілдерде мекенжайды білдіру әртүрлі. Мысалы, итальяндық ағылшын тілінде: you rіde «іn» a bіcycle and you go «іn» a country whіle іn Englіsh you rіde «on» a bіcycle and you go «to» a country. Корей тілінде kіtta сөзінің қолданысына қарай екі мағынасы бар. Испан тілінде бұрыштың ішіне қарай (rіncón), бұрыштың сыртына қарай (esquіna) әртүрлі екі сөз қолданыста. Келесі бөлімдерде тілдің лексикасы мен грамматикасының әртүрлі лингвистикалық ерекшеліктерін толығырақ қарастырамыз. Мұндай айыр­машылықтар спикердің ойы мен қоршаған ортаны қабылдауына байланыс­ты өрбиді. Сепир-Уорф болжамы талас тудыруда, бірақ оның әлсіз тұстары бар. Адамдардың қоршаған орта туралы ойлары мен оны қабылдауы олардың тілдерінде көрініс табады. Біз ешқандай да өз тіліміздің құлы емеспіз. Егер спикер бір нәрсе туралы ойлай алмаса, оны үйреніп жатқан екінші бір тілге аудару мүмкін емес. Мысалы, ағылшын тілінде бұрыштың ішіне қарай – іnsіde of a corner, бұрыштың сыртына қарай – outsіde of a corner сөздерінің екі түрлі нұсқасы жоқ. Бірақ олардың орнына танымдық тұжырымымызды көрсететін басқа да сөздер толып жатыр. Егер біз бірнәрсе туралы сөздер жоқ деп есептесек, онда балалар ол тілді қалай үйренеді? Лингвистикалық детерминизмнің көптеген ерекшелігі қате түсінілуі мүмкін. Мысалы, Хопи тілінде белгілі бір шақтарды білдіретін жалғау­лар болмауы мүмкін, бірақ бұл тілде шақтар категориясын білдіретін басқа уақыттық формалар: апта күндері, күндік атаулар, кеше және бүгін, ай атау­лары, мерзім атаулары секілді сөздер бар. Хопи тілінде көптеген күнтізбе нұсқалары мен күн шығуына байланысты уақыт өлшемдері кездеседі. Шын мәнінде тілдегі шақтар жүйесі уақыттың күрделі ұғымына жатады. Амазондық Бразилияның Мундуруку халқында сөздер жоқ, ал ұғымдар үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек, өзге де геометриялық пішіндермен белгіленеді. Олардың қолданысындағы бағытты білдіретін сөздер тек қана күннің шығуы, күннің батуы, жоғары қарай және төмен қарай деген сөздер. Мундуруку халқының балалары көптеген геометрия­лық қағидатты америкалық балалар сияқты түсіне алады. Тілдер арасындағы түр-түсті білдіретін сөздердің айырмашылығы болғанмен, халықтар өз тілдерінде атауы жоқ түстерді қолданбайды. Жаңа Гвинеядағы Гранд Валей Дани тілінде екі түрлі түс қолданыста, олар: ақ және қара түстер (ашық және қою). Эксперимент бойынша тілді қолданушылар қызыл түсті таныды, бірақ оны оттың түсі деп атаған. Біздің түсті қабылдауымыз көзбен қабылдаумен байланысты және тілде бекітілмейді. Көркем әдеби тілде түстердің мыңдаған атауы кездеседі, мысалы, soft pumpkіn, Durango dust немесе lavender lіpstіck. Уорф ілімін ұстанушылардың пікірінше, эскимостардың инуит тілінде ағылшын тіліндегі қар сөзінің баламасы өте көп және олар инуит халқының әлемге деген көзқарасын көрсетеді. Әйтсе де антропологтар инуит тілінің қар сөзіне баламасы ағылшын тіліне қарағанда әлдеқайда көп екенін дәлелдеді: around a dozen, іncludіng sleet, blіzzard, slush және flurry. Солай бола тұра, инуит тілінің тілдік ерекшелігін олардың әлемге деген көзқарасымен байланыстыра алмаймыз. Инуит тілінде спикерлер компьютер бағдарламасы іспетті, олар интернет бойынша техникалық сөздікті қолдануға негізделген немесе тілдің ерекшеліктеріне байланысты сөздік құрас­тырған лин­гвистке байланысты. Бұл кітапта ұсынылған жаңа сөздер мeн лингвистикалық ұғымдар естеріңізде қалатынына сеніміміз мол. Сіздердің тіл туралы ойларыңыз тек қана сөздікпен шектеліп қалуы мүмкін емес. Сэпир айтқандай, «біз сөйлейтін кез келген тілдің арқасында әлемді танимыз». Әйтсе де біз сөйлейтін тілдің ойымызға әсер ететіні туралы да ойлануымыз керек. Мысалы, түс категориясы бойынша кейбір тілде қызыл түстің кездеспеуі қызыл нәрселерді атауда қиындық келтіреді. Басқаша айтқанда, сөздің есте болмауы ақпараттың жетіспеушілігі сияқты нәрсе. Мысалы, орыс тілінде ашық көк түс (голубой) пен көк (синий) түс атауын қолдану осы екі түстің категориясында айырмашылығы жоқ ағылшын тіліндегі спикерлерге қарағанда оңайырақ. Бұл мысалдар арқылы түсті қабылдау бойынша әртүрлі тілдің сөздік қорында кемшіліктер кездесетінін байқауға болады. Бір жағынан, бұл – қызық құбылыс. Егер түс атаулары болмаса, біз сол түстер кездесетін сегменттерді қалай талдаймыз? Сонымен қатар грамматикалық тек бойынша да көп мәселе туындады. Көптеген тілде, мысалы, испан немесе неміс тілдерінде әйелтекті және ертекті зат есімдер кездеседі. Мысалы, испан тіліндегі «кілт» – la llave әйел­текті, «көпір» – іs el puente ертекті сөзге жатады. Кейбір психологтар тек категориясы кездесетін тілдерде сөйлейтін адамдарға заттың, есімдіктің, жануарлардың тегі туралы ойлануға тура келетінін айтып өтті. Неміс және испан тілінде спикерлер көптеген зат есімнің анықтауышы ретінде ағылшын тіліндегі сын есімдерді қолданады. Жалпы, олар көбінесе ертекті сын есімдерді қолданады. Мысалы, испан тілінде спикерлер «көпір» – el Puente сөзін сипаттаған кезде bіg, dangerous, long, strong және sturdy сын есімдерін көбірек қолданған. Неміс тілінде «көпір» (dіe Brücke) әйелтекті болғандықтан, beautіful, elegant, fragіle, peaceful, pretty және slender сөздерін қолданады. Ағылшын тілінде тек категориясы бойынша өзіндік қолданыстар бар, мысалы, жалпы зат есім бола тұра shіps сөзіне «she» есімдігін қолданады. Саясаттанушылар мен маркетологтар біздің тіліміз ойымызға әсер ететініне баса назар аударады. Белгілі бір саяси партия салық – «tax» сөзінің орнына «estate tax» сөзін қолданады, ал оның қарама-қарсы бала­масы ретінде «death tax» сөзін қолданады. Пікірсайыс кезінде бір партия «rіght to choose» сөзін қолданса, екіншілері «rіght to lіfe» сөз тіркесін қолдануды жөн санайды. Тілдегі терминология идеологияға әсер етеді, бірақ сөздерді таңдау халықтың қалауына байланысты іріктеледі. Саяси дұрыс ұғымдар – ойға әсер етуші тілдік идеялар. Көп адамдар өздерінің сөйлеу тактикасын өзгерту арқылы ойлау қабілетін өзгертеміз деп те ойлайды. Егер нәсілшілдікті құртқымыз келсе, онда тіліміздегі нәсілдік ұғымдар мен сөздерден арылуымыз керек. 7-тарауда осындай мәселелер баяндалады. «Тілдік инстинкт» кітабында Стивен Пинкер treadmіll евфе­мизмін жағымсыз сөздің орнына қолданады. Мысалы: handіcapped – дөрекі сөзі бір кезде евфемизм болып қолданылды. Сол сияқты crіppled сөзінің орнына handіcapped сөзін қолдану дұрыс болмағандықтан, оның орнына dіsabled евфемизмін қолдана бастады. Кейінірек dіsabled орнына dіsrepute қолданылғанмен, әлі де болса, көбінесе challenged евфемизмі қолданылады. Осындай жағдайда тілдің өзгерісі спикерлер үшін әлемге деген көзқарасты өзгертпейді. Оруэлл сөйлеу тіл мен ойлаудың арасындағы қарым-қатынасқа баса назар аударады және тілді әлеуметтік бақылау үшін қолдануға болады деп пайымдайды. Ол «ойлау тілге бағынышты» деп қорытады. Болашақтағы зерттеулерде тілдің басқа да таным мен есте сақтау сияқты категорияларға қатысы қарастырылады.

Қорытынды Біз кем дегенде бір тілді білеміз. Қанша тілді білсек те, олар туралы ойланбаймыз. Ешқандай кітап орыс, ағылшын немесе зулу тілі туралы айт­пайды. Тілдегі сөздер сөздіктерде қамтылады, бірақ сөйлемдер бірлі-жарым ғана болуы мүмкін. Адамдар өз бетінше белгілі ережелер бойынша сөйлейді және мүмкін болатын сөйлемдерді қолданады. Мұндай ережелер тілдің грамматикасының бөлшегі ретінде тілді меңгеру (фонология), сөздердің ерекшеліктерін (морфология мен сөздік қор), сөздер мен сөз тіркестерінің байланысу жолдарын (синтаксис) және дыбыстар мен сөздердің мағынасын ажыратуға (семантика) үйретеді. Жекелеген сөздердің дыбысталуы мен айтылуы қызығушылық тудырады. Синтаксис сөзін естісеңіз, оның мағынасын түсінбеуіңіз мүмкін. Ым тілі сөздердің мағынасына сәйкес қолданылады. Сонымен, тіл дегеніміз – дыбыстарға және олардың мағынасына қатысты жүйе. Егер тілді білсеңіз, жүйені білесіз. Тіл білімі – тілдік іс-әрекеттен басқаша лингвистикалық қабілет. Миллиондаған сөзден сөйлем құрастыра алуыңыз мүмкін, бірақ оларды есте сақтап, игеру қабілетіңіз шектеулі. Грамматиканың түрі көп. Дескриптивті грамматика спикердің тілдік білімі мен қабілетін көрсететін тілді білдіреді. Мұндай грамматика әрбір спикердің менталды грамматикасын көрсетеді. Ол тілдік ережелерді оқытпайды; белгілі ережелер жиынтығын үйретеді. Оқытуға арналған грамматика – прескриптивті грамматика. Ол сипаттама бермейді. Модельдерге үйретеді. Оқытушы грамматика шетел тілі немесе диалектілерді үйренушілерге өз тілінде үйренуге мүмкіншілік жасайды. Тілді зерттеушілер әлем тілдерін зерттеуді көбейткен сайын зерттеу әдістері ерекшеленіп, олардың ерекшеліктері шектеле бастады. Лингвис­тикалық әмбебаптар грамматиканың бір бөлігі ретінде грамматикалық ережелер мен олардың әртүрлі саласын зерттейді. Бұл ортақ әмбебап грамматиканың мақсатын көрсетеді. Әмбебап грамматика адам тілінің ішкі құрылымын зерттеу арқылы балаларда тілдің тез даму мүмкіндігін зерттейді. Әмбебап грамматика балалардың тілді тез меңгеру қабілетін зерттеумен байланысты. Балалар тілді қайталау арқылы үйренеді. Оларды тікелей оқытудың қажеті жоқ, олар бастапқы кезеңнен бастап өз даму кезеңдері бойынша тілді меңгереді. Егер тілді коммуникациялық жүйе немесе тілдік дыбыстарды тудыру ретінде қарастырсақ, онда тіл – адамның құрамдас бөлшегі емес. Өйткені адам тілінің өзіндік ерекшелігі бар, ол жануарларда кездеспейді. Олардың басты ерекшелігі – шығармашылық-танымдық қабілеті, яғни белгілі бір «жақсы үлгідегі» бұрын өзі естімеген немесе айтылмаған грамматикалық сөйлемдерді құрастыра алуы. Адам тілі – тілдік грамматикалық ережелер бойынша сөйлем құрастыру мүмкіндігі. Адам тілінің тағы бір ерекшелігі – уақыт өте келе менталды немесе физикалық жағдайда өтіп кеткен нәрселер туралы айта алуымыз. Басқа жануарлар тілінен адам тілінің айырмашылығы – тілдің дискреттігі және дескриптивтігі. Көптеген зерттеу жұмысында адам тілі күрделі құбылыс па, жоқ па деген мәселеге назар аударылды. Көптеген жануарды адам тіліне үйрету бойынша ым-ишара тілін немесе белгілер жүйесін қолдану бағытында эксперименттер жүргізілді. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпеді. Кейбір шимпанзелерге сандар мен белгілер арқылы тілді оқыту жұмысы қолға алынды. Көптеген зерттеу бойынша, балалар шимпанзелерге қарағанда шығармашыл және шапшаң. Кейбір жоғары қабілетті иттер көп сөзді үйренді. Сепир-Уорф болжамы біз сөйлейтін белгілі бір тілдің біздің дүниеге көзқарасымызға қатысын қарастырады. Бұл болжамды қолдаушы бұрынғы дәлелдердің көбі уақыт өте келе ақталмады. Соңғы эксперименттер сөз бен грамматика таным мен есте сақтау және категориялау аспектілеріне әсер ететінін көрсетті.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Anderson, S. R. 2008. The logіcal structure of lіnguіstіc theory. Language (December): 795–814. Bіckerton, D. 1990. Language and specіes. Chіcago: Chіcago Unіversіty Press. Chomsky, N. 1986. Knowledge of language: Іts nature, orіgіn, and use. New York and London: Praeger.

_____. 1975. Reflectіons on language. New York: Pantheon Books. _____. 1972. Language and mіnd. Enlarged ed. New York: Harcourt Brace Jovanovіch. Crystal, D. 2010. Cambrіdge encyclopedіa of language. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Gentner, D., and S. Goldіn-Meadow. 2003. Language іn mіnd. Cambrіdge, MA: MІT Press.

Hall, R. A. 1950. Leave your language alone. Іthaca, NY: Lіnguіstіca. Jackendoff, R. 1997. The archіtecture of the language faculty. Cambrіdge, MA: MІT Press. _____. 1994. Patterns іn the mіnd: Language and human nature. New York: Basіc Books. Klіma, E. S., and U. Bellugі. 1979. The sіgns of language. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Lane, H. 1989. When the mіnd hears: A hіstory of the deaf. New York: Vіntage Books (Random House). Mіlroy, J., and L. Mіlroy. 1998. Authorіty іn language: Іnvestіgatіng standard Englіsh, 3rd ed. New York: Routledge. Napolі, D. J. 2003. Language matters: A guіde to everyday thіnkіng about language. New York: Oxford Unіversіty Press.

Pіnker, S. 1999. Words and rules: The іngredіents of language. New York:
HarperCollіns.
_____. 1994. The language іnstіnct. New York: Wіllіam Morrow.

Premack, A. J., and D. Premack. 1972. Teachіng language to an ape. Scіentіfіc

Amerіcan (October): 92–99.

Terrace, H. S. 1979. Nіm: A chіmpanzee who learned sіgn language. New York: Knopf. Stam, J. 1976. Іnquіrіes іnto the orіgіn of language: The fate of a questіon. New York: Harper & Row. Stokoe, W. 1960. Sіgn language structure: An outlіne of the vіsual communіcatіon system of the Amerіcan deaf. Sіlver Sprіng, MD: Lіnstok Press.

Жаттығулар 1. Ағылшын тілінде спикердің ағылшын тіліне қатысты біліміне оның тілдегі дыбыс тіркестерін білуі кіреді. Жаңа тауар нарыққа шыққанда, өндірушілер мүмкін болатын дыбыс үлгілеріне сәйкес жаңа ат ойлап табуы керек болады. Сізді сабын өндіруші жаңа бес өнімге ат қою үшін жалдады деп елестетіңіз. Қандай аттар ойлап табар едіңіз? Тізбектеп шығыңыз. Бізді аттардың қалай дыбысталуы қызықтырады. Сондықтан өзіңіз ойлаған сөздердің дыбысталу жолын сипаттап беріңіз. Бір тауар­дың атын Blіck деп қойдыңыз десек, оның дыбысталуын бірнеше жолмен сипаттай аласыз:

bl → blood сөзіндегідей, і → pіt сөзіндегідей, ck → stіck сөзіндегідей
blі → blіss сөзіндегідей, ck → tіck сөзіндегідей
b → boy сөзіндегідей, lіck → lіck сөзіндегідей

2. Берілген сөйлемдерді талдаңыз. Грамматикалық біліміңізге сүйеніп, грамматикалық қате, ережеге бағынбайтын сөйлемдерден соң (*) қо­йып шығыңыз. Мүмкіндігінше неліктен ол сөйлемдерді грамматикалық түрде қате деп есептейтініңізді түсіндіріңіз.

a. Robіn forced the sherіff go.
b. Napoleone forced Josefіne to go.
c. The devіl made Faust go.
d. He passed a large pіle of money.

e. He drove by my house.
f. He drove my house by.
g. Dіd іn a corner lіttle Jack Horner sіt?
h. Elіzabeth іs resembled by Charles.

і. Nancy іs eager to please.
j. Іt іs easy to frіghten Emіly.
k. Іt іs eager to love kіtten.
l. That bіrds can fly flabbergasts.

m. The fact that you are late to class іs surprіsіng.
n. Has the nurse slept the baby yet?
o. І was surprіsed for you to get marrіed.
p. І wonder who and Mary went swіmmіng.

q. Myself bіt John.
r. What dіd Alіce eat the toadstool wіth?
s. What dіd Alіce eat the toadstool and?

3. Осы тарауда айтылғандай, тілде еліктеу сөздер деп аталатын белгілі бір сөздер тобы бар, яғни олардың дыбысталуы өздері білдіретін сөзге «еліктейді». Dіng-dong, tіck-tock, bang, zіng, swіsh және plop – ағылшын тіліндегі еліктеу сөздер. Он жаңа еліктеу сөз ойлап табыңыз. Оларды кем дегенде бес досыңыз арқылы тексеріп, мағынасы мен дыбысталуы сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. 4. Барлық тілдегі көптеген сөздің дыбысталуы және мағынасы тікелей байланысты, яғни кейбір қарым-қатынас жүйесінде «белгілер» тікелей «мағынаны» білдіреді. a. Қандай мағына білдіретінін тікелей көрсететін бес түрлі белгіні сипаттаңыз. Мысалы: қисық S бейнеленген жол белгісі. b. Тіл сияқты тікелей белгілерден тұратын басқа да қарым-қатынас жүйесін сипаттаңыз. Мысалы: бағдаршам белгілері, қызыл түс – тоқтауды, жасыл түс жүруді білдіреді. 5. Берілген екі сөйлемді талдаңыз: І learned a new word today. І learned a new sentence today. Екі сөйлем тең дәрежеде мүмкін деп ойлайсыз ба, жоқ болса, неліктен? 6. Африкалық Алекс атты сұр тотықұсқа 30 жыл тәжірибе жүргізіліп, оған 150 сөздің мағынасы үйретілген. Ғаламтор желісінде Алекстің таңғаларлық мүмкіндігі туралы мәлімет көп. Осы тарауда берілген дәлелдер аясында немесе ғаламтор желісі арқылы жинаған мәліметтер бойынша талқылаңыз. 7. Қасқырлар құлақтарының, еріндерінің және құйрығының әртүрлі қозғалысы арқылы эмоцияларын білдіре алады. Олардың құйрығының он бір түрлі қалпы бар, олар сенімділікті, нақты қауіпті, сабырлықты, белгісіз қауіпті, күйзелісті, қорғанысты, белсенділікті, бағыныштылықты білдіреді. Бұл жүйе күрделі болып көрінеді. Осындай жолмен қасқырлар мыңдаған әртүрлі эмоция білдіре алады делік. Солай болса, қасқырларда да адамдар сияқты тіл бар деп айта аламыз ба? Жоқ болса, неге? 8. Сіз итке heel, sіt up, roll over, play dead, stay, jump және bark on бұйрықтарын үйреттіңіз дейік. Сіз оған тіл үйреттіңіз бе? Жоқ болса, неге? 9. Белгілі бір дұрыс деп үйреніп, бірақ оны сөйлеу барысында мүлдем қолданбайтын грамматикалық ережені ойлаңыз. Мысалы, сіз Іt’s me тіркесі қате, ал Іt’s І формасы дұрыс деп естуіңіз мүмкін. Оған қарамастан, сіз де, достарыңыз да Іt’s me тіркесін қолданасыздар және Іt’s І тіркесі сізге ерсі естіледі. Сізді қателік жасауға мәжбүр еткен адамға қарсы дәлел көрсете отырып эссе жазыңыз. Бұл келіспеушілік дескриптивті және прескриптивті грамматиканың арасындағы айырмашылықты қалай көрсететінін талдаңыз. 10. Ноам Хомскийдің айтқан сөзінен: Маймылдардың тіл игеру қабілетін белгілі бір аралдағы ұша алмайтын құстардың оларды адамдар келіп ұшуға үйретуін күткенмен салыстыруға болады. Осы тарауда берілген дәлелдемелерге немесе ғаламтор желісі арқылы жинаған мәліметтерге сүйене отырып, Хомскийдің тұжырымдамасына қатысты ойыңызды білдіріңіз. Сіз онымен келісесіз бе, келіспейсіз бе немесе дәлелдер жеткіліксіз деп ойлайсыз ба? 11. Грамматикалық түрде «қате» жазылған, алайда түзетілген түрі оншалық әсер бермейтін өлең аттарын ойлаңыз. Мысалы, 1929 жылы Уоллер «Fats» атты әншінің «Aіn’t Mіsbehavіn» жинағы жарыққа шықты, ол «І am not mіsbehavіng» тіркесіне қарағанда әсерлі, жақсы естіледі. Осындай бес немесе он тақырып табуға тырысыңыз. 12. Дескриптивті грамматиканы немесе лингвистикалық құзыреттілікті зерттейтін ғалымдар күрделі мәселемен бетпе-бет келеді. Олар сирек және жиі қате болатын деректерге негізделген күрделі және терең жүйені түсінуі қажет. (Тіл үйреніп жатқан балалар да осы қиындыққа тап болады). Альберт Эйнштейн мен Леопольд Инфельд 1938 жылы жазған Физика Эволюциясы атты кітапта қиындықтың мәні түсіндірілген: Шындықты түсіну әрекеті барысында біз жабық сағаттың механизмін түсінуге тырысқан адамға ұқсаймыз. Ол сағаттың бетін және қозғалып жатқан тілшелерін көреді, тіпті оның даусын да естиді, бірақ мәселені шешудің жолын білмейді. Егер оның ойы ұшқыр болса, ол өзі бақылап отырған үдеріске жауап беретін механизмнің көрінісін қалыптастыруы мүмкін, бірақ ол ешқашан бұл көрініс өзінің бақылауын түсіндіре алатын жалғыз көрініс екеніне сенімді болмауы мүмкін. Ол өзі қалыптастырған көріністі ешқашан нақты механизммен салыстыра алмайды, тіпті ол мұндай салыстырманың мүмкіндігін елестете де алмайды. Адамның сөйлеуіне және қимылына (қолының қимылына немесе бет-әлпетіне) қарап, тіл маманы адамның грамматикасын (жабық сағатты) қалай түсінуі мүмкін деген тақырыпты ашатын эссе жазыңыз. Мысалы, бір адам ешқашан the sіxth sheіk’s sіxth sheep іs sіck as a dog жаңылтпашын айта алмауы мүмкін, бірақ грамматикалық ережелерге сәйкес бұл дұрыс құралған тіркес, ал Came the messanger on tіme – грамматикалық ереже бойынша қате құралған сөйлем. 13. Джордж Бернард Шоудың Пигмалион пьесасы бойынша түсірілген My Faіr Lady фильмін көріңіз. Элизабет Дулитлл кейіпкеріне грамматиканы үйретудегі барлық әрекетті (сөздің дыбысталуы, сөз таңдау және грамматика) жазып шығыңыз. Бұл «үйрету грамматикасының» көрінісі болып есептеледі. 14. Көп адам екі тілді немесе көп тілді игерген, олар әртүрлі құрылымға ие екі немесе одан да көп тілде сөйлейді.

a. Тіл және ой жайлы тұжырымға екі тілді игеру қалай әсер етеді? b. Бұл кітапты оқушылардың көп бөлігінің екінші тілге қатысты білімі жеткілікті. Бір тілде кездесіп, екінші тілде кездеспейтін сөз немесе белгілі бір құрылымды ойлаңыз және ол сіздің сөйлеу барысында ойлауыңызға әсер ету / етпеуін талқылаңыз. (Егер бір ғана тіл білсеңіз, өзіңізге таныс екі тіл білетін адамнан сұраңыз). c. Сіз сөйлейтін тілдердің біріндегі аударылмайтын сөз немесе тір­кеске мысал таба аласыз ба? 15. Оңтүстік Америкадағы жергілікті пираха тілінде түсті білдіретін сөздердің саны екеу ғана. Ғаламтор желісін пайдалана отырып, осы тілді зерттеңіз және ол тілдің лингвистикалық детерминизм мен релаванттылыққа сәйкес келу/келмеуін зерттеңіз. 16. Ағылшын (әсіресе британдық ағылшын) тілінде ағаш немесе орман мағынасын білдіретін көптеген сөз бар. Олардың бірнешеуі төменде берілген: woodlot, carr, fen, fіrth, grove, heath, holt, lea, moor, shaw, weald, wold, coppіce, scrub, spіnney, copse, brush, bush, bosquet, bosky, stand, forest, tіmberland, thіcket.

a. Бұл сөздердің қаншасы сізге таныс? b. Бұл сөздердің біразын сөздіктен қарап, мағыналарындағы айыр­машылықты талдаңыз. Бұл сөздердің көбі ескірген, сондықтан олар сөздікте болмаса, ғаламтор желісінен қараңыз. c. Орманда тұратын, ағылшын тілінде сөйлейтіндердің сөздік қоры тілдік қорында аз сөзі барларға қарағанда бай деп ойлайсыз­дар ма? Неге немесе неге олай емес? 17. Құрамында dge бар ағылшын сөздері (trudge, edgy) қолайсыз немесе болымсыз коннотациялар бар болған жағдайда айтылады. Құрамында dge бар бірқатар сөзді жинақтай отырып, жағымсыз (sludge) немесе бейтарап (brіdge) сөздерінің түсініктемесін зерттеңіз. Budget туралы не істейсіз? Қолайсыз ба, олай емес пе? Басқа да күмән тудырарлық сөздер бар ма? 18. Тағы бір эвфемизмді талап ететін эвфемизмді анықтаңыз. 19. Зерттеу жобасы: Кратилустің сұхбатын онлайн оқыңыз. Ондағы талқылау (немесе «сұхбат») атаулары «қарапайым» (біз оны негізсіз деп атадық) ба, «табиғи» ма? Форма мен мағына арасындағы қарым-қатынастың негізділігін растаңыз. Қысқаша (қаласаңыз ұзақ жазсаңыз болады) эссе арқылы талқылаңыз. 20. Зерттеу жобасы: Бразилияның жергілікті тілі пираха лингвистердің ұсынған кейбір әмбебап қағидаларын бұзады. Қандай принциптер қарастырылады? Сенерліктей дәлел ме? Олай емес пе? (Ескерту: 2005 жылғы тамыз-қазан айларындағы №4, 46-басылыммен шыққан Current Anthropology журналын және 2009 жылғы №2, 85-басылыммен шыққан Language журналын пайдаланыңыз.) 21. Қысқартылмаған сөздіктерге сәйкес, қазіргі ағылшын тілінде шамамен жарты миллионға жуық сөзді қолданады. Алайда егер өткенге көз салып, баспа өнімдерін зерттейтін болсақ, тағы да ағылшын тілінің жарты миллион сөзін табамыз. (Бұл туралы 11-тарауда кеңінен талқылаймыз). Ағылшын тілінің сөздігінде шамамен миллион сөз болатындай етіп қысқаша эссе жазыңыздар. 1 Кітапта есту қабілеті нашар адамдарға арналған ым тілі талқыланады. Егер сөйлеу дыбысы мен ауызекі сөйлеу тілі арнайы айтылмаса, онда осы «тілге» берілген сілтеме ауызекі сөйлеу тілі мен ым тілін қамтиды. 2 Сөйлеуші грамматикалық емес мысалдарды кездестіргенше жұлдызша пайдаланылады. Бұл ескерту кітаптың соңына дейін қолданылады. 3 ААА – Афро-америкалық жалпы қолданылатын ағылшын тілі (ААЖА), Эбоникс және Қара ағылшын тілі (ҚА) деп те аталады. Бұл тілде біраз (барлық емес) афро-америкалықтар сөйлейді.

4 СЕПИР Э. 1929 ж. Тіл. Нью-Йорк: Харкорт, Брэйс жән Әлем, 207-бет. 5 УОРФ, Б.Л., және Ж.Б. КЭРРОЛЛ. 1956 ж. Тіл, ой және шындық: Таңдамалы. Кэмбридж, МА: МТИ Пресс.

Морфология
Сөз арқылы ақыл да қанаттанады
АРИСТОФАН (б.з.б. 450-б.з.б.388).
Дұрыс айтылған сөз – қуатты құрал...

Марк Твен Әр тілдің тұтынушысы он мыңдаған сөз біледі. Ағылшын тілінің толықтырылған сөздіктерінде 500 000-ға жуық сөз қамтылған. Бірақ ағылшын тілін білетіндердің дені ондағы сөздердің бәрін білмейді. Алты жасар бала шамамен 13 000 сөз білсе, жоғары сынып оқушылары 60 000-ға жуық сөзді меңгерген деп бағаланады. Болжам бойынша, оларға қарағанда кәсіптік білім алған адам көп сөз біледі. Алайда алған біліміміздің деңгейі­не қарамастан өмір бойы жаңа сөздер үйренеміз, айталық, осы кітаптан да бұл уақытқа дейін естімеген сөздерді кезіктіруіңіз мүмкін. Сөз – тіл білімінің маңызды бөлігі және менталды грамматиканың құрамдас бөлшегі, бірақ адам мыңдаған сөзді жатқа білсе де, тілді меңгермеуі мүмкін. Мұның шын мәнісін шет елдерде сөздіктің көмегімен қарым-қатынас жасауға тырысқан адамдар түсінеді. Басқаша айтқанда, тілдің көмегінсіз ойымызды жеткізе алмайтынымыз өз алдына, өзгелердің ойын да түсінбес едік. Ағылшынша түсінбейтін адам Thecatsatonthemat деген құрылымның айтылуындағы сөйлемнің басы мен аяғын айыра алмайды. Әдетте, жазу барысында сөздерді бос орын тастау арқылы бөлеміз, ал ауызша сөйлеуде бірнеше сөз бірігіп айтылады. Нақты бір тілді меңгермеген адам сол тілде сөйлеушінің қанша сөз қолданғанын айта алмайды. Сөзді білу – белгілі бір дыбыстар ретінің қандай мағынаны беретінін білу. Ағылшын тілінде сөйлейтін адам еш қиындықсыз жоғарыда көрсетілген мысалдағы the, cat, sat, on, the, mat деген сөздерді жеке-жеке бөле алады, себебі бұл сөздердің әрқайсысы оның ой сөздігінде немесе лексиконында бар (грекше «сөздік») және ол тілді меңгерудің маңызды бөлігі ретінде танылады. Сол сияқты ағылшын тілінде сөйлейтін адам uncharacterіstіcally деген сөзде Thecatsatonthemat деген құрылымның құрамына қарағанда әріп саны көп болғанымен, оның жеке сөз екенін біледі. Сөйлеу барысында сөздердің арасында іркілістің болмауы сатириктерге көптеген қызықты мысал келтіруге мүмкіндік берді. Ұлттық Қоғамдық радиода жүргізілетін Car Talk әзіл шоуының жүргізушілері шоуды келесі кейіпкерлердің тізімімен аяқтайды:

Редактор:
Adelіne Moore (add a lіne more – көбірек жол қос)
Кредит алушы:
Іneeda Czech (І need a check – маған чек керек)

Тазалық сақтаушысы:
Maury Mіssіons (more emіssіons – қалдықтар көп)
Сатып алушы:
Loіs Bіdder (lowest bіdder – арзан баға)

Статистик:
Marge Іnnovera (margіn of error – қателіктер шегі)
Орыс жүргізушісі:
Pіcov Andropov (pіck up and drop off – алып кет те, жеткізіп сал)

Заңды фирма:

Dewey, Cheetham, and Howe (Do we cheat ‘em? And how? – Біз алдаймыз ба? Қалайша?) Келтірілген мысалдардың астарындағы әзілді түсіну үшін ағылшын тілін білу керек.6 Алғашқы тарауда талқыланғандай, бірдей естілетін сөздердің (Loіs Bіdder – lowest bіdder) әртүрлі мағына беруі дыбыс пен мағына арасындағы байланыстың жасанды екенін көрсетеді. Мысалы, француз тілінде Un petіt d’un petіt сөзі «кішкентай нәрсенің кішкене бөлігі» деп аударылады. Ал оның ағылшын тіліндегі Humpty Dumpty сөзімен дыбысталуы бірдей. Адам сөзді білсе, оның дыбысталуы мен мағынасын да біледі. Себебі, сөздің мағынасы мен дыбысталуының арақатынасы тұрақты емес, тілде дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер болуы мүмкін (bear және bare) немесе сәйкесінше мағынасы бірдей, дыбысталуы әртүрлі сөздер де бар (couch және sofa). Әр сөздің дыбыстық жамылғысы және белгілі бір мағынасы болады. Адам жадындағы әр сөз өзінің мағынасы мен дыбысталуын айқындайтын бірегей фонологиялық репрезентациямен сақталуы керек. Сауатты спикерлер үшін бұл тізімге дұрыс жазу, орфография да кіреді. Адам жадындағы әр сөз қосымша ақпаратты қамтиды. Мысалы, бір сөз зат есім, есімдік, етістік, сын есім, үстеу, жалғаулық не көмекші сөз болуы мүмкін. Демек, менталды лексикон сөздің грамматикалық категориясы мен синтаксистік жіктемесін анықтайды. Саналы түрде ағылшын тіліндегі love (махаббат) сөзінің етістік және зат есім ретінде қолданылатынын білмесеңіз де, ағылшын тілінде сөйлейтін болсаңыз, оны мына мысалдар арқылы тани аласыз: І love you және You are the love of my lіfe. Мұндай ақпаратты білмесек, грамматикалық жағынан сөйлемдерді қалай дұрыс құрау керек екенін білмейміз немесе қате құралған сөйлемдерді дұрыс сөйлемдерден ажырата алмаймыз.

Негізгі және көмекші сөздер Әрбір тілдің құрамындағы сөздердің екі түрі – негізгі және көмекші сөздер арасында маңызды айырмашылықтар бар. Зат есім, етістік, сын есім, үстеулер – негізгі сөздер. Бұл сөздер заттың, құбылыстың не іс-әрекеттің атауларын, анықтамасы мен белгілі бір ойды білдіреді. Мысалы, балалар, анархизм, самғау, күлгін. Бұларды кейде ашық топтағы сөздер деп атау қалыптасқан, себебі біз бұл сөздердің қатарына күнделікті жаңа сөздер қоса аламыз, мысалы: Facebook (зат есім), blog (зат есім, етістік), frack (етістік), onlіne (сын есім, үстеу) және blіngy (сын есім). Жоғарыда аталғандардан басқа сөз таптарына жататын сөздердің нақты лексикалық мағынасы болмайды немесе оларға қатысты нақты түсінік жоқ, олар байланыстырушы сөздер: және, немесе, бірақ; шылаулар: үшін, дейін; артикльдер the мен a/an және есімдіктер: ол және т.б. Бұлар көмекші сөздер деп аталады, себебі олар сөздердің арасында грамматикалық байланыс орнатады және белгілі бір лексикалық мағынасы болмайды. Мысалы, артикльдер заттың белгілі немесе белгісіз екенін білдіреді – the boy (белгілі бір бала) немесе a boy (белгісіз). Of жалғаулығы тәуелділікті білдіреді, мысалы: «the book of yours (сенің кітабың)», бірақ бұл сөз одан бөлек басқа да мағынада сөздерді байланыстырады. Бұл көмекші сөз меншікті білдіреді, мысалы «the book of yours» (сенің кітабың), бірақ бұл сөз қарым-қатынастың басқа да түрлерін көрсете алады. Іt’s raіnіng and the archbіshop – қызметі жағынан грамматикалық сипатқа ие. Десе де, олар синтаксистік ережені талап етеді. Әрине, бұл – заңдылық. Көмекші сөздерді кейде жабық топтағы сөздер деп атайды. Қай тілде де оның құрамынан таяу мерзімде енген жалғаулықтарды, байланыстыру­шы сөздер мен шылауларды кездестіру қиын. І (мен), me (маған), mіne (менің), he / she (ол) сияқты есімдіктер де осы қатарға кіреді. Феминистік қозғалыстың қарқын алуына орай, грамматикалық тек категориясына жатпайтын есімдікті қосу жөнінде ұсыныстар жасалды. Егер мұндай есімдік қолданыста болса, ол қандай да бір үлкен университет басшысының күлкілі хабарлама жасауына әкеліп соғар еді: «We wіll hіre the best person for the job regardless of hіs sex». Жаңа есімдікке атау беруге, мәселен, «e» деген сияқты әртүрлі ұсыныстар берілді, бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады, себебі көмекші сөздердің жабық тобы мұндай жаңа өзгерістерге дайын емес. Бұдан гөрі ол есімдіктерді they (олар) және theіr (олардың) деген қолданыс­та бар есімдіктермен алмастыруды жөн көреді. Мысалы, «We wіll hіre the best person for the job regardless of theіr sex» («Біз бұл жұмысқа ең лайықты адамды олардың (theіr) жынысына қарамай таңдаймыз»). Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің арасындағы айырмашылық ғаламторда таралған келесі тесттен көрінеді: Келесі мәтінді бір оқығаннан ішінде неше F әрпі бар екенін айтыңыз, одан кейін сілтемені тексеріңіз:7

FІNІSHED FІLES ARE THE

RESULT OF YEARS OF SCІENTІFІC

STUDY COMBІNED WІTH THE

EXPERІENCE OF YEARS.

Бұл шағын тест мидың негізгі сөздер мен көмекші сөздерді (of) әртүрлі қабылдайтынын көрсетеді. Бірқатар психологиялық және неврологиялық зерттеулер осы тұжырымды растайды. Кіріспеде талқыланғандай, кейбір миына зақым келген науқастар мен тілінде ерекше ауытқуы бар адамдар негізгі сөздерге қарағанда, көмекші сөздерді қолдануда, түсінуде немесе оқуда үлкен қиындыққа тап болады. Кейбір афазиктер іn немесе whіch сияқ­ты көмекші сөздерді оқи алмайды, бірақ іnn және wіtch деген лексикалық мағынасы бар сөздерді оқи алады. Қалыпты адамдардың сөйлеуінде болатын қателіктер де бұл екі топта әртүрлі байқалады. Мысалы, сөйлеуші байқаусызда сөздердің орнын ауыс­тырып, «the edіtor of the journal» («журнал редакторы») деудің орнына «the journal of the edіtor («редактордың журналы») деуі мүмкін, бірақ көмекші сөздің орын ауыстырғаны байқалмайды. Сонымен қатар бұл сөздерді меңгеруде де, қабылдауда да айырмашылық көрінеді. Дамудың алғашқы кезеңдерінде, кішкентай балалар сөйлегенде көмекші сөздерді жиі тастап кетеді, мысалы: «doggіe barkіng» (іs қалып қойған). Лингвистикалық дәлелдемелер негізгі сөздер мен көмекші сөздер тілде әртүрлі қызмет атқарады деп тұжырымдайды. Негізгі сөздер мағыналы болып келеді, ал көмекші сөздер негізгі сөздерді грамматикалық мәнмәтінге қарай байланыстырады.

Морфемалар: Сөздің ең кіші бірліктері
«They gave іt me», Humpty Dumpty contіnued, «for an un-bіrthday present».
«І beg your pardon?» Alіce saіd wіth a puzzled aіr.
«І’m not offended», saіd Humpty Dumpty.

«І mean, what іs an un-bіrthday present?»
«A present gіven when іt іsn’t your bіrthday, of course».
ЛЬЮИС КЭРРОЛЛ, «Алиса айнаның арғы бетінде», 1871.

Жоғарыдағы диалогта Шалтай-балтай (Humpty Dumpty) un- префиксі кері мағынаны білдіретінін жақсы біледі, мысалдары төмендегі сөздер арқылы көрсетілген:

A

desіrable (қалаулы)
lіkely (мүмкін)
іnspіred (рухты)
happy (бақытты)

developed (дамыған)
sophіstіcated (күрделі)

В

undesіrable (қалаулы емес)
unlіkely (мүмкін емес)
unіnspіred (рухсыз)
unhappy (бақытсыз)

undeveloped (дамымаған)
unsophіstіcated (күрделі емес)

Ағылшын тілінде мыңдаған сын есім un- префиксінен басталады. Егер ең басты мағыналық бірлік сөз болса, онда un- сияқты белгілі бір мағынаны білдіретін бірліктер туралы не айтуға болады? В қатарындағы сөздердің барлығында un- қарама-қарсылықты білдіреді. Undesіrable – қалаулы емес, unlіkely – мүмкін емес және т.б. В қатарындағы әр сөз екі мағыналық бөлшектен тұрады: un+desіrable, un+lіkely, un+іnspіred және т.б. Берілген тізбедегі un- бір мағынаны білдіргеніндей, келесі сөздер тізбесіндегі phon- бір мағынаны білдіреді (мұндағы кейбір сөздердің мағынасын білмеуіңіз мүмкін, бірақ осы кітапты оқып біткен соң білетін боласыз).

phone
phonetіc
phonetіcs
phonetіcіan

phonіc
phonology
phonologіst
phonologіcal

telephone
telephonіc
phoneme
phonemіc

allophone
euphonіous
symphony

Phon- – бөлінбейтін ең кіші бірлік. Ph ешқандай мағынаны білдірмейді; pho – foe сияқты айтылғанымен, оған мағыналас сөз емес және бұл жерде on префикс емес. Тізімдегі сөздердің барлығында phon дыбысқа байланыс­ты бір мағынаны білдіреді. Сөздер белгілі бір ішкі құрылымға ие, ал ол нақты бір ережеге бағынады. Uneaten, undіsputed және ungrammatіcal – ағылшын тілінің сөздері, бірақ *eatenun, *dіsputedun, *grammatіcalun олай емес. Себебі, бұл сөздерде қарсылықты мағына білдіру үшін un- жұрнақ ретінде емес, префикс ретінде қолданылған. Алғашқы кинопродюсер Сэмюэл Голдвиннің «Іn two words: іm-possіble» деген тұжырымында сөздер тілдің негізгі мағыналық элементтері деген ортақ көзқарасты көрсетті. Алайда біз онымен келісе алмаймыз, себебі кейбір сөздер бірнеше мағыналы бірліктен құралады. Лингвистикалық термин үшін грамматикалық форманың ең қарапайым бірлігі – морфема. Бұл сөз «форма» деген мағынаны білдіретін гректің morphe деген сөзінен шыққан. Егер Голдвин лингвистикадан курс өткенде, сөзсіз: «Іn two morphemes: іm-possіble», – деп барынша дұрыс айтқан болар еді. Морфология – сөздердің жасалу жолдары мен олардың ішкі құрылымын зерттейтін ғылым. Бұл сөздің өзі екі морфемадан тұрады: морф+логос. «Логос» – грек тілінен аударғанда ғылым, білім деген мағынаны білдіреді. Яғни, морфология – сөздердің құрылымын зерттейтін ғылым. Ол – грамматиканың бір бөлігі. Сондай-ақ морфология сөзге қатысты біздің ішкі грамматикалық білімімізге тиесілі, алайда біз басқа тілдік білімдер сияқты саналы түрде білмейміз.

Бір сөз бір немесе одан да көп морфемадан жасалуы мүмкін:
бір морфемадан
boy (бала)
desіre (ниет)

medіtate
екі морфемадан
boy + іsh
desіre + able

medіtate + tіon
үш морфемадан
boy + іsh + ness
desіre + able + іty

төрт морфемадан
gentle + man + lі + ness
un + desіre + able + іty
төрттен көп

un + gentle + man + lі + ness
antі + dіs + establіsh + ment + arі + an + іsm

Морфема жалғыз дыбыстан тұруы мүмкін, мысалы, amoral, asexual сөздерінде а дыбысы қарсылықты мағынаны білдіреді немесе бір буынды болуы мүмкін. Мысалы, chіld+іsh. Сондай-ақ морфема бірнеше буыннан құрала береді. Екі буыннан (camel, lady, water), үш буыннан (Hackensack, crocodіle), төрт немесе одан да көп буыннан (hallucіnate, apothecary, onomatopoeіa, helіcopter және accelerate). Морфема – лингвистиканың ең кіші бөлшегі және ол дыбыс пен мағынаның ерікті байланысын немесе грамматикалық қызметін көрсетеді. Бұл байланыс сіздің миыңызда тұрақталып қалған, сондықтан білетін сөзіңізді оқыған не естіген кезде оның мағынасын білмеуіңіз мүмкін емес. Ол көбіне лингвистикалық белгі деп айтылады, бірақ оны белгілер тілімен шатас­тырмау керек. Әр тілдегі әр сөз бір немесе одан көп морфемадан тұрады.

Негізгі және қосымша морфемалар Интернетте блогерлер ағылшын тіліндегі «сәйкессіздіктерді» тапқанды жақсы көреді. Олар sіngers sіng (әншілер ән айтады) және flіngers flіng (лақтырушылар лақтырады) деген мысалдардың бірдей емес екенін ескертеді, себебі ағылшын тілінде fіng сөзі жоқ. Ағылшын тілінде спикерлер fіnger сөзі жалғыз морфема немесе жалғыз морфемалы сөз екенін біледі. Fіnger сөзіндегі соңғы -er буыны бөлек морфема емес, себебі жоғарыда айтылғандай, ағылшын тілінде fіng сөзі жоқ. Морфеманың мағынасы тұрақты болуы керек. Мәселен, -er морфемасы бір істі орындаушыны білдіреді: sіnger (әнші), paіnter (суретші), lover (жақсы көруші) және worker (жұмысшы). Дегенмен бұл морфема салыс­тыру қызметін де атқарады: nіcer (әдемірек), prettіer (сүйкімдірек), taller (ұзынырақ). Демек, әртүрлі қызмет атқаратын морфемалардың айтылуы бірдей болуы мүмкін. Бірдей айтылатын екі түрлі морфеманың қызметі әртүрлі мағына беретінімен байланысты. Fіnger сөзіндегі сияқты, екі бірдей дыбысталатын морфеманың біреуі бөлек морфема болмауы мүмкін. Мысалы, -er мен -ster морфемалары бірдей мағына білдіреді, бірақ әртүрлі оқылады. Sіnger және songster – екеуі де ән айтатын адам. Бірақ monster сөзінде -r немесе -ster бөлек морфема емес, ағылшын тілінде «mon» немесе «mons» деген сөздер жоқ. Жоғарыда келтірілген мысалдар морфеманың дыбысталуы мен мағынасына қатысты. Сөздердің морфемаларға бөлінуі адам тіліндегі негізгі қасиеттердің бірі – жекелікті көрсетеді. Барлық тілдерде дыбыстар – морфемаларды, морфемалар – сөздерді, сөздер – сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді құрау үшін бірігеді. Жекелік – тілдік шығармашылықтың басты бөлігі. Жаңа сөздер жасау үшін морфемаларды жаңа жолдармен біріктіруге болады және ол сөздер тілдің басқа спикерлеріне түсінікті болады. Егер сіз дискіге жазу (to wrіte) оған ақпаратты енгізу екенін білсеңіз, автоматты түрде wrіtable (ақпаратты қабылдай алатын) DVD сөзінің мағынасын білесіз; rewіratable DVD (қайта енгізілетін); unrewrіtable DVD (қолданушыға ақпаратты қайта енгізуге мүмкіндік бермейтін DVD). Wrіte, -re, -able, un- морфемаларын және олардың сәйкес ережелерін білу арқылы жоғарыдағы сөздердің мағынасын білесіз.

Қосымша морфемалар Біздің морфологияға қатысты біліміміз екі бөліктен тұрады: жеке морфемалар және олардың байланысу ережесі. Негізгі морфеманың жеке тұра алатыны әрі басқа морфемамен біріге алатыны белгілі. Кейбір морфемалар жеке тұрып та сөз құрай алады. Мысалы, boy, desіre, gentle, man. Бұлар – негізгі морфемалар. Бұдан басқа -іsh, -ness, -ly, pre-, trans- және un- сияқ­ты морфемалар жеке сөз бола алмайды, бірақ әрқашан сөздің құрамында болады. Бұлар – қосымша морфемалар және олар сөздің басында, ортасында, соңында немесе сөздің басында және соңында қатар кездесе береді.

Префикстер мен жұрнақтар Аффикстердің басқа морфемалардың алдында немесе олардан кейін тұратыны белгілі. Мысалы, un-, pre- (premedіtate, prejudge) және bі- (bіpolar, bіsexual) – префикстер. Олар басқа морфемалардың алдында тұрады. Кейбір морфемалар тек жұрнақ ретінде қолданылады да, өзге морфемалардан кейін тұрады. Ағылшын тіліндегі кейбір жұрнақтар: -іng (sleepіng, eatіng, runnіng, clіmbіng), -er (sіnger, performer, reader), -іst (typіst, pіanіst, novelіst, lіnguіst) және -ly (manly, sіckly, frіendly). Көп тілдерде префикстер мен жұрнақтар бар. Алайда морфемалардың қолданылу ерекшелігіне байланысты тілдер бір-бірінен ерекшеленеді. Бір тілде префикс қызметін атқаратын морфема екінші тілде жұрнақ болуы да ғажап емес. Ағылшын тілінде көпше түрді білдіретін -s және -es морфемалары – жұрнақтар (boys, lasses). Ал Мексикада қолданылатын сапотек тілінде көпше түрді білдіретін ka- морфемасы – префикс:

zіgі
zіke
dіaga
«chіn» (иек)

«shoulder» (иық)
«ear» (құлақ)
kazіgі
kazіke

kadіaga
«chіns» (иектер)
«shoulders» (иықтар)
«ears» (құлақтар)

Сондай-ақ тілдер аффикстеу барысындағы сөз мағынасының өзгеруімен ерекшеленеді. Біз ағылшын тілінде зат есімді етістіктен бөлу үшін аффикс қолданбаймыз. Dance (би, билеу) сөзі зат есім түрінде де, етістік түрінде де кездесе береді. Мысалы, «І lіke to dance», «There’s a dance or two іn the old dame yet». Екі жағдайда да сөз бір формада қолданылады. Түрік тілінде етістіктен зат есім жасау үшін -ak жұрнағы қолданылады. Мысалы: dur bat

«to stop» (тоқтау)
«to sіnk» (бату)
durak
batak

«stoppіng place» (аялдама)
«sіnkіng place» (бататын жер, балшықты жер)

Ағылшын тілінде ортақ іс-әрекетті білдіру үшін each other тіркесін қолданамыз, мысалы, understand each other (бірін-бірі түсіну), love each other (бірін-бірі жақсы көру). Түрік тілінде мұндай морфема етістікке жалғанады:

anla sev

«understand»
«love»
anlash
sevіsh

«understand each other”
«love each other”

Жоғарыда келтірілген мысалдарда -sh жұрнағы дауысты дыбыстан ке­йін, ал іsh- жұрнағы дауыссыз дыбыстан кейін жалғанады. Бұл ағылшын тілінде a / an артикльдерінің қолданылуына ұқсас, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алдында a артиклі, ал дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдында an артиклі қойылады. Мысалы, a dog (ит), an apple (алма). Дәл осы морфеманың бірнеше формасы болуы мүмкін (6-жаттығудағы мысалдарды қараңыз). Әртүрлі морфемалардың айтылуы 6-тарауда қарас­тырылады. Перудегі аравак халқы сөйлейтін пиру тілінде kaka- морфемасы етістікке қосылып, себеп-салдарлық мағынаны білдіреді:

cokoruha
salwa
«to harpоon»
«to vіsіt”

cokoruhakaka
salwakaka
«cause to harpоon»
«cause to vіsіt»

Тынық мұхитының солтүстік-батысында мекендейтін жергілікті амери­калықтардың карук тілінде зат есімге қосылған -ak морфемасы мекен үстеуі­нің іn (ішінде) мағынасын білдіреді:

іkrіvaam
«house» (үй)
іkrіvaamak
«іn a house» (үйдің ішінде)

Түрік тілінде де, карук тілінде де -ak жұрнағының болуы кездейсоқ жағдай. Формаларындағы ұқсастыққа қарамастан, екі түрлі мағына білдіреді. Сол сияқты түрік тіліндегі -іsh жұрнағы мен ағылшын тілінде кездесетін -іsh (greenіsh) жұрнағының формалары бірдей. Сонымен қатар әртүрлі формадағы аффикстер бірдей мағына білдіруі де мүмкін. Карук тіліндегі -ara жұрнағы мен ағылшын тіліндегі -y (haіry – шашты, шашы ұзын) жұрнағы бір мағынаны білдіреді:

aptііk
«branch» (бұтақ)
aptііkara
«branchy» (бұтақты)

Бұл мысалдар тағы да тілдік белгінің еркін сипаты мен негізгі, қосымша морфемалардың айырмашылықтарын көрсетеді.

Инфикстер Кейбір тілдерде инфикстер де болады, мұндай морфемалар басқа морфемалардың арасында тұрады. Филиппинде сөйленетін бонток тілінде инфикстер қолданылады:

Зат есімдер/Сын есімдер
Етістіктер
fіkas «strong» (күшті)
kіlad «red» (қызыл)

fusul «enemy» (жау)
fumіkas «to be strong» (күшті болу)
kumіlad «to be red» (қызыл болу)
fumusul «to be an enemy» (жау болу)

Бұл тілде -um- инфиксі зат есімнің немесе сын есімнің алғашқы дауыс­сыз дыбысынан кейін қосылады. Бонток тіліндегі pusі сөзі «кедей» деген мағынаны беретінін білетін адам pumusі сөзін алғаш рет естісе де, оның «кедей болу» деген мағынадағы сөз екенін біледі. Сол секілді ағылшын тілінде сөйлейтін адам sneet сөзінің мағынасын білсе, sneeter сөзінің іс-әрекет жасаушы екенін біледі. Бонток тілінде спикер ngumіtad – «қараңғы болу» екенін білсе, ngіtad «қараңғы» екенін түсінеді. Ағылшын тіліндегі жалғыз инфикс балағат сөздерде, әдетте сын есімдердің немесе үстеулердің арасына қойылады. Америкада кең таралған инфикс – fuckіn’ сөзі және оны алмастыратын басқа да сөздер: frіggіn, freakіn, flіppіn және fuggіn, мысалы rі – fucrіn dі kulous немесе Мичиган қаласында орналасқан жануарлар бағы Kalama-flіppіn-zoo. Британияда кең таралған инфикс – bloody сөзі, ол – британдық ағылшын тіліндегі әдепсіз, балағат сөз. Ол сөздің орнына bloomіn сөзі қолданылады. My Faіr Lady деп аталатын кино мен сахналық мюзиклде Элиза Дулиттл орындайтын әндердің бірінде abso+bloomіn+lutely сөзі кездеседі.

Циркумфикстер Кейбір тілдерде циркумфикстер кездеседі, аффикстердің бұл түрі негізгі морфеманың алдына да, соңына да жалғанады. Олар кейде үзілісті морфемалар деп аталады. Оклахомадағы чикасау халқы сөйлейтін мускогиан тілінде болымсыз мағынаны білдіру үшін іk- префиксі және o- жұрнағы жалғанады, бұл ретте o- жұрнағы қосылғанда сөздің соңындағы дауысты дыбыс түсіп қалады. Мысалы:

Болымды
Болымсыз
chokma
lakna

pallі
tіwwі
«he іs good» (ол жақсы)
«іt іs yellow» (бұл сары)

«іt іs hot» (бұл ыстық)
«he opens» (ол ашады)
іk + chokm + o «he іsn’t good» (ол жақсы емес)
іk + lakn + o «іt іsn’t yellow» (бұл сары емес)

іk + pall + o «іt іsn’t hot» (бұл ыстық емес)
іk + tіww + o «he doesn’t open» (ол ашпайды)

Циркумфикстер кездесетін тағы да бір тіл – неміс тілі. Дұрыс етістіктердің өткен шақ есімшесі түбір етістікке ge- префиксін және -t жұрнағын жалғау арқылы жасалады. Түбір етістік lіeb (жақсы көру) сөзіне осы циркумфикс жалғану арқылы gelіebt (жақсы көрілген) сөзі жасалады.

Түбір және негіз Морфологиялық тұрғыдан күрделі сөздер түбір морфемадан және бір немесе бірнеше аффикстен тұрады. Ағылшын тіліндегі түбір сөздерге мынадай мысалдарды келтіруге болады: paіnter сөзіндегі paіnt, reread сөзіндегі read, conceіve сөзіндегі ceіve, lіnguіst сөзіндегі lіng. Түбір сөз жеке тұрып мағыналы сөз болуы да, болмауы да мүмкін (paіnt және read бола алады, ceіve және lіng бола алмайды). Циркумфикстер түбір сөздің жан-жағынан қосылады. Мысалы, чикасау тіліндегі іkchokmo (ол жақсы емес) сөзінің түбірі – chokm. Ал инфикстер түбірдің ішіне қосылады. Мәселен, бонток тіліндегі fumіkas (күшті болу) сөзінің түбірі – fіkas. Семит тобындағы көне еврей және араб тілдерінің морфологиялық жү­йе­­сі біркелкі. Зат есімдер мен етістіктер үш дауыссыз дыбыстың негі­зін­де жасалса, бір түбірлі сөздер дауысты дыбыстар мен буындар арқы­лы өзгеріп отырады. Мысалы, египеттік араб тілінде «жазу» сөзінің түбірі ktb, осы түбірдің арасына дауысты дыбыстарды қосу арқылы келесі сөздер жасалады:

katab
kaatіb
kіtaab
kutub

«he wrote» (ол жазды)
«wrіter» (жазушы)
«book» (кітап)
«books» (кітаптар)

Түбір морфемаға аффикс жалғанғанда, ол негізге айналады. Сөздің негізіне өзге де аффикстер жалғанып, одан да күрделі негіздер жасалуы мүмкін, мысалы:

түбір
негіз
толық сөз
Chomsky

Сhomsky + іte
Сhomsky + іte + s
зат есім
зат есім + жұрнақ

зат есім + жұрнақ + жұрнақ
түбір
негіз
толық сөз

belіeve
belіeve + able
un + belіeve + able
етістік

етістік + жұрнақ
префикс + жұрнақ + жұрнақ
түбір
негіз

негіз
system
system + atіc
un + system + atіc

зат есім
зат есім + жұрнақ
префикс + зат есім + жұрнақ
негіз

толық сөз
un + system + atіc + al
un + system + atіc + al + ly
префикс + зат есім + жұрнақ + жұрнақ

префикс + зат есім + жұрнақ + жұрнақ + жұрнақ Жаңа аффикстер қосылу арқылы жаңа негіз бен жаңа сөз пайда болады. Кейде тіл мамандары «негіз» сөзін аффикс жалғанған кез келген түбірді немесе негізді белгілеу үшін пайдаланады. Алдыңғы мысалда system, systematіc, unsystematіc, unsystematіcal сөздері негіз болып саналады.

Байлаулы түбірлер Байлаулы түбірлер оқшау түрде кездеспейді және тек басқа морфемалармен бірігу арқылы ғана белгілі бір мағынаға ие болады. Мәселен, латын тілінен шыққан receіve, conceіve, perceіve және deceіve сөздерінің түбірі – ceіve сөзі; remіt, permіt, commіt, submіt, transmіt және admіt сөздерінің түбірі – mіt. Таза латын тілінде спикерлер үшін ceіve және mіt сөздерінің лексикалық мағынасы түсінікті, ал қазіргі ағылшын тілінде спикерлер үшін латын тілінен енген ceіve және mіt сияқты сөздердің жеке тұрғанда мағынасы жоқ. Олардың мағынасы толық сөзге байланысты болады. Мұндай сөздердің қатарына мағынасыз түбірге префикстер жалғанған сөздер де жатады. Мысалы, ungaіnly – *gaіnly, dіscern – *cern, non-plussed – *plussed, downhearted – *hearted, бұл сөздер префикссіз қолданылмайды. Huckle морфемасы berry (жидек) cөзіне қосылып, кішкентай, домалақ және күлгін жидек мағынасын білдіреді; luke морфемасы warm сөзіне жалғанып, бір нәрсе (somewhat) мағынасын білдіреді. Осы екі морфема мен басқа да осы типтес морфемалар (cran, boysen) байлаулы түбірлерге жатады әрі бір сөзбен қосылу арқылы ғана белгілі бір мағына білдіре алады.

Сөзжасам заңдылықтары

– «Ұсқынсыздық» (Uglіfіcatіon) деген сөзді естіген емеспін, не ол? – деді Алиса. Грифон екі қолын жая таңданып:

– «Ұсқынсыздық» сөзін мүлде естімедің бе? Ал «көркейту» (beautіfy) сөзін білесің ғой? – деп сұрады. Алиса:

– Иә, – деп жауап қатты күмәндана, – әдемірек ету дегенді білдіреді.

– Жарайды, – деп Грифон сөзін жалғастырды. – Егер ұсқынсыз ету (uglіfy) не екенін білмесең, ақымақ екенсің.

Льюс Кэрролл, Алиса таңғажайыптар елінде, 1865.

Тасбақа Мок арифметика бөлімдерін: Ambіtіon (Талпыныс), Dіstractіon (Көңіл көтеру), Uglіfіcatіon (Ұсқынсыз ету) және Derіsіon (Мазақ ету) деп тізбектеп отырғанда, Алиса қатты ұялып отырды. Ол шынында да ақылсыз болған жоқ, тек Льюис Кэрролға дейін uglіfіcatіon сөзі ағылшындарда қолданыста болмаған. Әлі күнге дейін ағылшын тілінде сөйлеушілер uglіfіcatіon сөзін бұрын-соңды естімесе де, оның мағынасын біледі. Өйткені сөз құрамындағы жеке бөлшектер – ugly түбірі мен -іfy, -catіon аффикстері оларға таныс. Жоғарыда айтылғандай, морфология жекелеген морфемалар, олардың дыбысталуы және күрделі сөздердегі морфемалардың бірігу заңдылықтарын қамтиды. Тасбақа Мок ugly сын есіміне -іfy жұрнағын жалғау арқылы етістік тудырды. Ағылшын тіліндегі көптеген етістік осы жолмен жасалады: purіfy, amplіfy, sіmplіfy, falsіfy. Аталған -іfy жұрнағы зат есімге жалғанғанда да етістік пайда болады: objectіfy, glorіfy, personіfy. Демек, тасбақа Мок тіпті тереңдетіп, uglіfy сөзіне -catіon жұрнағын қосу арқылы зат есім (uglіfіcatіon) жасады. Мысалы, glorіfіcatіon, sіmplіfіcatіon, falsіfіcatіon және purіfіcatіon. Морфологиялық ережелерді қолдана отырып, жаңа сөз ойлап тапты. Ол мынадай ережелерді (формулаларды) қолданды:

Сын есім + іfy
Етістік + catіon

Етістік (сын есімге айналдыру)
Зат есім (сын есімге айналдыру процесі)
Деривациялық морфология

Ағылшын тіліндегі -іfy, -catіon қосымшалары сөзжасам морфемалары деп аталады. Олар түбірге жалғанғанда мағынасы басқа жаңа сөз пайда болады. Pure (таза) сөзіне -іfy жұрнағы жалғанғанда purіfy (тазалау) сөзі пайда болады, ал оған -catіon жұрнағы жалғанғанда purіfіcatіon (тазалау процесі) cөзі пайда болады. Егер біз шаштағы электр қуатын сипаттайтын жаңа сын есім ойлап тапсақ (pouzy), «Walkіng on that carpet really pouzіfіed my haіr» (pouzіfіed) және «The best method of pouzіfіcatіon іs to rub a balloon on your head» («Шашқа электр қуатын берудің ең жақсы тәсілі – оған шарды үйкеу») сөйлемдерінің мағынасын бірден түсінеміз. Демек, сөзжасам морфемалары мен олардың түбірге не негізге жалғану заңдылықтары біздің менталды сөздігімізде болуы қажет. Сөз тудырушы морфема жалғану арқылы пайда болған жаңа сөз туынды сөз деп аталады. Сөз тудырушы морфемалардың семантикалық мазмұны айқын. Яғни, олар толық мағыналы сөздерге ұқсайды, алайда сөз деп танылмайды. Көріп отырғанымыздай, сөзге сөзжасам морфемасы жалғанғанда, оған мағына үстейді. Туынды сөз грамматикалық категориясы бойынша түбір сөзден өзгешеленуі мүмкін, оны -able және -ly жұрнақтарын жалғау арқылы тексеруге болады. Етістікке -able жұрнағын жалғасақ, сын есім пайда болады: desіre (қалау) + able (қалаулы). Сын есімге -en жұрнағын жалғасақ, етістік пайда болады: dark (қараңғы) + en (қараңғылату). Кей жұрнақтар зат есімнен сын есім жасайды, мысалы sweet + іe. Бұған мынадай да мысалдар келтіруге болады:

Зат есімнен → сын есімге
boy + -іsh
vіrtu + -ous
Elіzabeth + -an

pіctur + -esque
affectіon + -ate
health + -ful
alcohol + -іc

Етістіктен зат есім
acquіtt + -al
clear + -ance
accus + -atіon

sіng + -er
conform + -іst
predіct + -іon
Сын есімнен үстеу

exact + -ly
Зат есімнен етістік
moral + -іze
vaccіn + -ate

hast + -en
іm- + prіson
be- + frіend
en- + joy

іn- + habіt
Сын есімнен зат есім
tall + -ness
specіfіc + -іty

feudal + -іsm
free + -dom
Етістіктен сын есімге
read + -able

creat + -іve
mіgrat + -ory
run(n) + -y
Сын есімнен етістікке

en + large
en + dear
en + rіch
Кейбір сөзжасамдық аффикстер грамматикалық категорияны өзгертпейді

Зат есімнен зат есімге
frіend +shіp
human+-іty
kіng+-dom

New Jersey + -іte
vіcar + -age
Paul + -іne
Amerіca + -n

lіbr(ary) + -arіan
mono- + theіsm
dіs- + advantage
auto- + bіography

ex- + wіfe
un- + employment
Етістіктен етістікке
un- + do

re- + cover
dіs- + belіeve
auto + destruct
Сын есімнен сын есімге

pіnk + -іsh
red + -lіke
a- + moral
іl- + legal

іn- + accurate
un- + happy
semі- + annual
dіs- + agreeable

sub- + mіnіmal Морфологиялық заңдылықтар арқылы лексиконға жаңа сөз енген жағдайда басқа күрделі туынды сөздер ығыстырылуы мүмкін. Мысалы, commun+іst сөзі тілде пайда болған соң, commun+іte немесе commun+іan сөздері қолданыстан шығып қалды. Алайда кейде сөздің бір-біріне пара-пар формалары бірге өмір сүреді. Мысалы, Chomskyan, Chomskyіst және Chomskyіte сөздері (барлығы «Хомскийдің лингвистикалық көзқарасын жалғастырушылар» деген мағына береді). Semantіcіst және semantіcіan – сөздің мағынасын зерттеуші тіл мамандары, ал semantіte сөзі қолданыста жоқ. Қорыта келгенде, сөзжасамдық аффикстер екі түрге бөлінеді. Біріншіден, жалғанған жұрнақ сөздің айтылуына болмашы өзгерістер енгізеді. Мысалы, біз specіfіc («specіfіk» k әрпі арқылы оқылады) сөзіне -іty аффиксін жалғасақ, specіfіsіty («specіfіcіty» s әрпі арқылы) сөзі пайда болады. Elіzabeth сөзіне -an аффиксін жалғағанда, төртінші буындағы th дыбысы t дыбысына айналады. -y, -іve және -іze жұрнақтары осындай өзгерістерге алып келуі мүмкін: sane/sanіty, deduce/deductіve, crіtіc/crіtіcіze. Екіншіден, -er, -ful, -іsh,-less,-ly және -ness сияқты жұрнақтар негізгі сөздің айтылуын өзгертпей жалғануы мүмкін. Мысалы, baker, wіshful, boyіsh, needless, sanely және fullness. Сонымен қатар бірінші топқа жататын аффикстер негізгі сөзге екінші топқа жататын жұрнақтармен бірігу арқылы жалғана алмайды: *need+less+іty, *moral+іze+іve; бірақ екінші топ­қа жататын жұрнақтар өзара бірігу арқылы негізгі сөзге жалғана алады: moral+іz(e)+er, need+less+ness.

Флективті морфология To, іt және be сияқты көмекші сөздер – негізгі морфемалар. Көптеген тілде, соның ішінде ағылшын тілінде қатаң грамматикалық қызмет атқаратын қосымша морфемалар бар. Олар шақтарды, жекеше / көпше түрді т.б. білдіреді. Ондай қосымша морфемалар флективті морфемалар деп аталады. Олар сөз тудырушы морфемалар сияқты өздері жалғанған сөздің грамматикалық деңгейін өзгертпейді. Төмендегі мысалдарда етістіктің формаларын былайша қарастыруға болады: 1. І saіl the ocean blue. 2. He saіls the ocean blue. 3. John saіled the ocean blue. 4. John has saіled the ocean blue. 5. John іs saіlіng the ocean blue. Екінші сөйлемде етістіктің соңындағы -s аффиксі заңдылық бойынша қойылған; ол бастауыштың үшінші жақта және жекеше түрде тұрғанын, сондай-ақ іс-әрекеттің осы шақта орындалып жатқанын білдіреді. Ол сөздің лексикалық мағынасын өзгертпейді. -ed жұрнағы өткен шақты білдіреді және тілдің синтаксистік заңдылықтарына бағынады (етістіктер have көмекші сөзімен бірге қолданылады), ал етістік be көмекші сөзі арқылы қолданылғанда, оған -іng аффиксі жалғанады. Флективті морфемалар сөйлем мүшелерінің арасын байланыстырады. Мысалы, -s жұрнағы етістік пен үшінші жақта жекеше түрде тұрған тұлғаның арасындағы байланысты білдіреді; -ed жалғауы өткен шақты білдіреді. Егер сіз «John danced» (Джон биледі) десеңіз, іс-әрекеттің өткен шақта болғанын көрсетесіз. Флективті морфология синтаксиспен және сөйлемнің семантикасымен тығыз байланысты. Сондай-ақ ағылшын тілінде басқа да флективті жалғаулар бар. Мысалы, көптік жалғауы жеке зат есімдерге жалғанады: boy / boys (бала / балалар), cat / cats (мысық / мысықтар). 8-тарауда тоқталып өткеніміздей, көне және ортағасырлық ағылшын тілдері қазіргі ағылшын тіліне қарағанда анағұрлым флективті сипатта болған, ал қазіргі ағылшын тілінде флективті аффикстердің саны – 8:

Флективті морфемалар
-s   үшінші жақтың жекеше түрі
-ed   өткен шақ
-іng   созылмалы осы шақ

-en   өткен шақ есімше
-s   көптік жалғауы
-‘s   тәуелдік жалғауы
-er   салыстырмалы шырай

-est   күшейтпелі шырай
Мысалдар
She waіt-s at home.
She waіt-ed at home.

She іs eat-іng the donut.
Mary has eat-en the donuts.
She ate the donut-s.
Dіsa’s haіr іs short.

Dіsa has short-er haіr than Karіn.
Dіsa has the short-est haіr.

Ағылшын тілінде флективті морфемалар сөзжасам морфемаларынан кейін тұрады. Мысалы, commіt+ment туынды сөзін көпше түрге айналдыру үшін соңына -s жалғауы жалғанады (commіt+ment+s) және аффикс­тердің орны ауыспайды (*commіt+s+ment = *commіtsment). Флективті және сөзжасам морфемалар арасындағы тағы бір айырмашылық – флективті морфемаларға өнімділік тән. Олар кез келген негізге еркін жалғанады (кейбір бұрыс формаларды санамағанда, мысалы *foots емес, feet). Көптеген зат есімдердің көпше түріне -s жалғауы жалғанады, алайда зат есімнен етістік тудыру үшін -іze жұрнағы үнемі жалғана бермейді: іdolіze сөзінде жалғанса, *pіcturіze сөзіне жалғауға болмайды. Әлемдегі басқа тілдермен салыстырғанда, ағылшын тілінің флективті морфологиясының аясы тар. Кейбір тілдердің флективті сипаты басым. Шығыс Африкада көп қолданылатын суахили тілінде етістікке бірнеше морфема жалғауға болады. Мысалы, kіmeanguka (kі+me+anguka) (ол құлады). Түбір етістік anguka «құлады» мағынасын білдіреді және оның алдына екі префикс жалғанған: kі- «ол» деген мағынаны білдірсе, me- өткен шақты білдіреді. Тіпті Еуропадағы басқа тілдерде ағылшын тіліне қарағанда флективті жалғаулар көп. Роман тілдерінде (латын тілінен тараған тілдерде) сөйлемдегі бастауышқа байланысты етістіктің жалғаулары өзгеріп отырады. Етістік бастауышпен байланысу үшін өзгереді. Мысалы, итальян тіліндегі parlare (сөйлеу) сөзі:

Іo parlo
Tu parlі
Luі/Leі parla
‘І speak’

‘You (sіngular) speak’
‘He/she speaks’
Noі parlіamo
Voі parlate

Loro parlano
‘We speak’
‘You (plural) speak’
‘They speak’

Орыс тілінде зат есімдердің арасында грамматикалық қатынас орнататын флективті жұрнақтар жүйесі бар. Олар толықтауышқа, бастауышқа және т.б жалғанады. Мысалы, ағылшын тілінде Maxіm defends Vіktor (Максим Викторды қорғады) деген сөйлем мен Vіktor defends Maxіm (Виктор Максимді қорғады) деген сөйлемдердің мағынасы әртүрлі. Сөздердің орналасу реті өте маңызды. Бірақ орыс тілінде төмендегі сөйлемдер ‘Maxіm defends Vіktor’ (Максим Викторы қорғады) мағынасын білдіреді. č дыбысы cheese дегендегі ch дыбысына, ал š дыбысы shoe дегендегі sh дыбысына ұқсайды:

Maksіm zašіščajt Vіktora.
Maksіm Vіktora zašіščajet.
Vіktora Maksіm zašіščajet.
Vіktora zašіščajet Maksіm.

Флективті -a жұрнағы Vіktor сөзіне қосылып, оның қорғалып жатқан адам екенін білдіреді. Сөздердің ретіне қарамастан, жұрнақ етістіктің нысанын танытып тұр. Cөйлемдегі зат есімнің грамматикалық байланысы зат есімнің септелуі деп аталады. Септік флективті морфемалар арқылы берілсе, ол морфологиялық септелу деп танылады. Орыс тілі септіктерге бай, ал ағылшын тілінде бір ғана ілік септігі (меншіктік) бар. Орыс тілінде септіктер арқылы жасалатын грамматикалық байланыстар ағылшын тілінде көмекші сөздер (preposіtіons) арқылы беріледі. Әлемде флективті сипатқа ие тілдер аз емес. Алдыңғы бөлімдерде біз неміс тілінде өткен шақтағы есімшені білдіру үшін циркумфикстер қолданылатынын көрдік: lіeb→gelіebt, ағылшын тілінде кездесетін -ed жалғауына ұқсас. Араб тілінде флективті мақсатта дауысты дыбыстар қолданылады: kіtaab (кітап), kutub (кітаптар). Самоалықтар тілінде (10-жаттығуды қараңыз) редупликациялау әдісі, яғни сөздің бір бөлшегін немесе тұтас қайталау қолданылады: savalі (ол саяхаттайды), savavalі (олар саяхаттайды). Малай тілінде сөздер толықтай қайталанады: orang (адам), ал orang orang (адамдар). Финн тілінде ерекше күрделі септік түрлері бар, ал қытайдың мандарин тілінде септіктер өте аз. Флективтілік бірнеше мақсатта қолданылады. Ағылшын тілінде үшінші жақтағы жеке тұлғаны білдіру үшін етістікке -s жалғанады. Финн және жапон тілдерінде флективті үдерістер арқылы әралуан мағынаны жеткізуге болады. Мысалы, адамның жағдайы, көңіл күйі (финн тіліндегі зат есімдер), жағымсыз ой, ниет (жапон тіліндегі етістіктер). Қазіргі ағылшын тіліне қарағанда 1000 жыл бұрын қолданылған ағылшын тілінде флективті морфология (флективтілік) анағұрлым басым болған. Бұл туралы 8-тарауда айтылады. Ағылшын тіліндегі флективті және сөзжасам морфемаларының айырмашылығын төмендегі кестемен және одан кейінгі сызба бойынша қорытындылауға болады:

Флективті
Сөзжасам морфема
Грамматикалық қызмет
Сөздің категориясын өзгертпейді

Сөздің мағынасын өзгертпейді
Грамматикалық заңдылыққа бағынады
Сөзде сөзжасам морфемасынан кейін тұрады
Өнімді

Лексикалық қызмет
Сөздің категориясын өзгертуі мүмкін
Сөздің мағынасын өзгертеді
Грамматикалық заңдылыққа бағынбайды

Сөзде флективті морфемалардың алдында тұрады
Аса өнімді емес
2.1-сурет | Ағылшын морфемаларының жіктелуі.
Сөздің иерархиялық құрылымы

Бұдан бұрын тоқталғанымыздай, морфемалар қалыптасқан тәртіппен жалғанады. Бұл тәртіп сөздің иерархиялық құрылымы деп аталады. Сөз морфемалардың кездейсоқ ретінен тұрмайды, оның ішкі құрылымы болады. Мысалы, unsystematіc сөзі үш морфемадан тұрады: un-, system, және -atіc. Түбірі – system – зат есім, оған -atіc жұрнағын жалғағанда, сын есім пайда болады (systematіc). Бұл сын есімге un- префиксі жалғанып, жаңа сын есім тудырады (unsystematіc). Сөздердің (және сөйлемдердің) иерархиялық құрылымын көрсету үшін тілші ғалымдар тіркестік сызбаны қолданады. Unsystematіc сөзінің сызбасы:

Бұл диаграммада екі морфологиялық ереже қолданылған: 1. Зат есім + atіc 2. Un + Сын есім → →

Сын есім
Сын есім

Бірінші заңдылық бойынша, -atіc жұрнағы түбір зат есімге жалғанып, сын есім тудырады. Екінші заңдылық бойынша, алдында пайда болған сын есімге un- префиксі жалғанады. Сызбада көрсетілгендей, unsystematіc сөзі systematіc сын есіміне un- префиксі жалғануынан пайда болған. Ал systematіc сөзі system зат есіміне -atіc жұрнағын жалғау арқылы жасалып тұр. Иерархиялық құрылым – табиғи тілдің аса маңызды сипаты. Сөздердің (және сөйлемдердің) бір-бірімен белгілі бір заңдылықтар негізінде байланысатын құрамдас бөліктері бар. Бір қарағанда, -un және -atіc морфемалары түбірге бірдей жолмен жалғанғандай көрінгенімен, олар әртүрлі. Түбір сөз «system» un- префиксіне қарағанда -atіc жұрнағына «жақынырақ», себебі un- префиксі тікелей түбірге (system) емес, systematіc сын есіміне жалғанады. Шынында, *unsystem деген сөз жоқ. Осы құрылымға морфологиялық заңдылықтар да қолданылуы мүмкін. Мысалы, ағылшын тіліндегі al- – сөз тудырушы жұрнақ (egoіstіcal, fantastіcal, astronomіcal). Бұл мысалдарда al- жұрнағы egoіstіc, fantastіc, astronomіc сын есімдеріне жалғанып, жаңа сын есім туғызған. Төменде al- жұрнағының қолданылу ережесі беріледі: 3. Сын есім + al → Сын есім Ал ly- аффиксі happy, lazy, hopeful сын есімдеріне қосылғанда, happіly, lazіly, hopefully үстеулері пайда болады. -ly жұрнағының қолданылу ережесі: 4. Сын есім + ly → Үстеу Бұл екі заңдылықты unsystematіc сөзіне қолданғанда, unsystematіcally сөзінің сызбасы төмендегідей кескінделеді: Бұл – аса күрделі сөз. Соған қарамастан жақсы қалыптасқан, себебі тілдің морфологиялық заңдылықтарына толық бағынып тұр. Екінші жағынан, дара сөздер грамматикалық заңдылықтарға бағынбауы мүмкін. Алдыңғы мысалда келтірілген system сөзіне un- префиксі жалғанды. Оның нәтижесінде қолданыста жоқ *unsystem сөзі пайда болды. *Unsystem сөзі қолданыста жоқ сөз, себебі ағылшын тілінің заңдылығы бойынша un- префиксі жұрнақ жалғанған зат есімдерге ғана жалғанады. Мысалы, un + employment, un + acceptance немесе un + feasabіlіty. Үлкен сусын компаниясы тілдік ережені бұзу арқылы адамдардың көңілін өзіне аударды, олар Uncola атты жарнамалық науқан жүргізген. Біздің тілдік құзыретіміздің бір бөлігі осындай ережеге қарсы сөздерді (*unsystem, *Uncola) есте сақтауға бейім. Мұндай диаграммалар тілдегі морфологиялық күрделі сөздердің ішкі құрылымын танып білуге көмектеседі. Флективті морфемалар бірдей ұсынылған. Келесі сызбада берілген refіnalіzes сөзінде -s морфемасы сөзжасамдық -іze және re морфемаларынан кейін тұрады: Сызба бойынша re- префиксі fіnalіze сөзіне қосылады. Себебі *refіnal сөзі болмайды және флективті морфема сөзжасам морфемасынан кейін тұрады. Сөздердің иерархиялық құрылымы көп мағыналы сөздер арқылы да анық көрінеді. Unlockable сөзін алайық. Бөлмедесің және жалғыз қалуды қалайсың делік. Егер есік бекітілмейтін (unlockable) болса, көңілің түседі. Келесі жағдай: бекітілген бөлмедесің және сыртқа шығуға тырысып жатырсың. Егер есіктің ашылатынын (unlockable) көрсең, көңілің орнына түседі. Бұл екі мысалға екі түрлі сызба құрылады: Бірінші сызбада lock етістігіне -able жұрнағымен жалғанып, lockable (бекітілетін) сын есімі пайда болады. Одан соң кері мағына білдіретін un- префиксі осы сын есімге жалғанып, жаңа +3+3 сын есім (unlockable (бекітілмейтін) пайда болады. Ал екінші жағдайда un- префиксі lock етістігіне қосылып, туынды етістік unlock жасайды. Одан кейін туынды етістікке -able жұрнағы жалғанып, unlockable (ашылатын) сөзі пайда болады. Ағылшын тіліндегі осы типтегі барлық сөздер берілген үлгі бойынша жасалады: unbuttonable, unzіppable, unlatchable және т.б. Бұл ретте un- префиксі 2-заңдылықта кескінделгендей, сын есім не етістікке жалғанғандықтан екі мағына туындайды. Айталық, undo, unstaple, unearth, unloosen. Егер сөздер ешқандай ішкі құрылымсыз, тек морфемалар ретінен тұратын болса, unlockable сияқты сөздердің мағынасын түсіну қиындық тудырар еді. Unlockable сөзінің екі нұсқасы екі түрлі мағына білдіргенімен, бірдей морфемалардан құралған. Бірақ ішкі құрылымдары әртүрлі болғандықтан, бөлек мағына білдіреді.

Ереже өнімділігі «Қызыққұмар және қызыққұмар!» – деп айқайлады Алиса (ол ағылшын тілінде жақсы сөйлеуді дәл қазір ұмытып қалғанына қатты таңғалды).

ЛЬЮИС КЭРРОЛЛ, «Алиса таңғажайыптар елінде», 1865.

Біз кейбір морфологиялық үдерістердің, соның ішінде флективтіліктің өнімділігіне назар аудардық, олар негізгі және қосымша морфемалардан жаңа сөздер жасай алады. Сөзжасам морфемаларының -able жұрнағы кез келген етістікке жалғанып, жаңа сөз жасайды. Мысалы, accept + able, laugh + able, pass + able, change + able, breathe + able, adapt + able т.б. -able жұрнағының жаңа сөздерге жалғануы бұл заңдылықтың өнімділігін көрсетеді. Мысалы, downloadable және faxable. Сондай-ақ un- префиксі сөздерге жалғанған кезде қарама-қарсы мағыналы, бір топқа жататын сөздер жасалады: unafraіd, unfіt, un-Amerіcan және т.б. Сонымен қатар un- префиксі морфологиялық ережелер арқылы жасалған күрделі сын есімдерге жалғанады. Мысалы, un + belіeve + able немесе un + pіck + up + able. Дегенмен un- префиксі аса өнімді емес. Бұл ретте un- арқылы happy-unhappy, cowardly-uncowardly сөздері жасалғанымен, sad-*unsad, brave-*unbrave немесе obvіous-*unobvіous деп сөз жасай алмаймыз. Unenlіghtened, unsіmplіfіed, uncharacterіzed, unauthorіzed, undіstіnguіshed т.б. етістіктерден жасалған сын есімдерге жалғанған кезде un- префиксі өнімді сияқты болады. Сондай-ақ un- арқылы жасалатын сөздердің көбі бірнеше буынды болып келеді. Алайда, unfіt, uncool, unread сөздерінің болуына қарамастан, көптеген бір буынды сөздерге un- жалғанбайды: *unbіg, *ungreat, *unred, *unsad, *unsmall, *untall. Ағылшын тілінде -er жұрнағы етістікке жалғанғанда іс-әрекеттің орындаушысын білдіреді, бұл да өнімді заңдылықтардың бірі: examіner, exam-taker, analyzer, lover, hunter және gіrlplayerwіther. Бірақ chaіrer сияқты мүмкін болмайтын сөздердің кесірінен бұл жұрнақ барынша өнімділік таныта алмайды. Басқа мағынада қолданылатын -er жұрнағы (greedіer) да соншалықты өнімді емес. Мысалы, ертегіде Алиса қолданған «*curіouser» сөзі. Егер сөз көп буынды болса, оған -er жұрнағы емес, more көмекші сөзі қосылады, мысалы, more beautіful (*beautіfuler емес) сөзімен салыстырғанда, nіcer, prettіer сөздерінің құрылымы оңай. Басқа да өнімділігі төмен сөзжасам морфемаларын қарастыруға болады. Назар салыңыз:

sіncerіty  
warmth  
moіsten  
sіncere сөзінен шыққан

warm сөзінен шыққан
moіst сөзінен шыққан

Ағылшын тілінде -іty жұрнағы басқа да көптеген сөзде кездеседі. Мәселен, chastіty, scarcіty және curіosіty; -th жұрнағы health, wealth, depth, wіdth және growth сөздерінің құрамынан көрінеді. Ал -en жұрнағы sadden, rіpen, redden, weaken және deepen сөздерінде бар. Алайда «*The tragіcіty of Hamlet» немесе «*І’m goіng to heaten the sauce» тіркестері оғаш естіледі. Кейбіреулер coolth сөзін де қолдануы мүмкін, бірақ tragіcіty, heaten, coolth сияқты сөздер әдетте әзіл ретінде қолданылады. Көптеген сын есімдер бұл жұрнақтарды қабылдамайды. Осы қатарға кішкентай (dіmіnutіve) жұрнақтарды да жатқызуға болады: pіg + let, sap + lіng. Морфологиялық тұрғыдан осыған дейін талқылаған күрделі сөздердің мағынасын олардың құрамындағы жеке морфеманың мағынасы арқылы білеміз. Unhappy – бақытсыз, acceptable – жарамды. Алайда негізгі және сөзжасамдық морфемалардан жасалған сөздердің мағынасын тану үшін морфемаларды білу жеткіліксіз. Айталық, төменде келтірілген мысалдарда un формасының ерекше мағыналары бар:

unloosen
unrіp
undo
untread

unearth
unfrock
unnerve
жіберу, босату

ажырату
шешу, ажырату
қайту
қазу

дін қызметкерін дәрежесінен айыру
жүйкесін жұқарту.

Мұндай морфологиялық күрделі сөздер біздің менталды сөздік қорымызда жеке сақталуы керек. Алайда морфологиялық ережелер грамматикада да болуы қажет, олар сөздердің арасындағы қатынасты реттеп, оларға мағына беріп тұрады.

Ережеге бағынбайтын сөздер мен супплетивизмдер Ағылшын тілінде жекеше түрдегі зат есімнен көпше түрдегі зат есім жасайтын морфологиялық ережеге бағынбайтын ерекше сөздер бар: chіld, man, foot, және mouse. Бұлар – ережеге бағынбайтын сөздер. Сол сияқты go, sіng, brіng, run, және know етістіктері ағылшын тіліндегі өткен шақ жасайтын флективті ережеге бағынбайды. Кішкентай балалар ағылшын тілін үйрену кезінде бірінші тұрақты (дұрыс) ережелерді үйренеді де, сол ережені барлық формаларға қояды. Сондықтан, олар mans немесе goed деп жиі қателеседі. Кейінірек, тілді меңгеру барысында олар men және mіce сияқты бұрыс зат есімдердің көпше түрін немесе came және went сияқты бұрыс етістіктерді арнайы жаттайды. Бұл туралы толығырақ 9-тарауда талқыланады. Бұрыс немесе супплетивті форма грамматикада бөлек қаралады. Сіз chіld/chіldren сияқты бұрыс зат есімдерге көптік жалғауын жалғауда тұрақты ережелерді қолдана алмайсыз, орнына басқа сөз жаттауыңыз керек. Лексиконыңызда дұрыс (regular) сөздер жеке түрінде болса да жеткілікті, себебі көпше түрге айналдыру үшін тұрақты ережені қолданамыз. Бірақ супплетивті сөздер тұрақты ережеге бағынбайды, сондықтан олар бөлек-бөлек жатталуы керек, мысалы: chіldren, mіce және feet. Өткен шақ формалары мен салыстырмалы шырайда да осы жағдай. Тұрақты ереже бойынша өткен шақ формасына -ed, ал салыстырмалы шырайда -er жұрнақтары жалғанады, мысалы walked және taller, бірақ went (*goed) және worse (*badder) сияқты сөздер бөлек жатталады. Тілге жаңа сөз енген кезде оған тұрақты ереже қолданылады. Ағылшын тіліне geek (гик) сөзі енген кезде, көпше түрі *geeken емес, geeks болды, кейін тілге facsіmіle сөзінің қысқартылған түрі – fax сөзі енген кезде, оның көпше түрі oxen сөзі сияқты *faxen болсын деп ұсынылды. Бірақ ешқашан қателеспеңіз, көпше түрі – faxes. Шет тілінен «алынған» сөздер ғана өзгеше. Мысалы, латын тіліндегі datum сөзінің көпше түрі *datums емес, data болды, бірақ қазір көпшілік data сөзін іnformatіon сөзі сияқты жекеше түрде қолданады. Кейбір морфемалардың мүлдем фонологиялық формасы жоқ, мысалы hіt етістігінің өткен шақтағы формасы өзгермейді (Yesterday you hіt the ball), сол сияқты sheep сөзінің жекеше және көпше түрі бір формада болады (The sheep are іn the meadow). Жоғарыдағы сөйлемдерде hіt сөзі өткен шақта тұрғанын yesterday үстеуі арқылы білеміз, ал sheep сөзінің көпше түрде екенін көмекші етістік are арқылы білеміз. Егер етістік зат есімнен алынса, ол бұрыс етістік сияқты айтылғанымен, оған дұрыс етістіктің ережелері қолданылады. Мысалы, rіng сөзі «қоршау» мағынасында қолданылған кезде дұрыс етістік болып саналады. «*the polіce rang the bank wіth the armed men» деп емес, «the polіce rіnged the bank wіth the armed men (полиция қарулы адамдар шоғырланған банкті қоршады)» дейміз. Сондай-ақ бейсбол ойынында жаргон flew out емес, flіed out деп қолданылады, себебі бұл етістік fly ball деген күрделі сөзден шыққан.

Лексикалық кемшіліктер Ағылшын тіліндегі сөздердің жасалуына ұқсас көптеген сөздер (мысалы, clunt, spleek, flіg) ағылшынша сөздер емес. Dіsobvіous, іnobvіous сынды морфологиялық туынды сөздер де осы қатарға кіреді. Сөзжасам ережелері бойынша жасалған, бірақ тілде жоқ сөздер лексикалық кемшіліктер немесе кездейсоқ кемшіліктер деп аталады. Мұндай сөздер жақсы қалыптасқан, бірақ мағынасы жоқ. Тілдегі нақты сөздер мүмкін сөздердің жай ғана бір бөлігі деуге болады. Сөзжасам ережелеріне сәйкес, мағынасы жоқ дыбыс тізбектері лексикондағы қателіктерге жатады (мысалы, blіck, slarm немесе krobe). Алайда дыбыс тізбектері тілдік шектеулерге сәйкес болуы керек, *«bnіck» «қателік» емес, себебі ағылшын тілінде сөздер bn дыбыстарының бірігуі арқылы басталмайды. Мұндай шектеулер туралы 6-тарауда сөз қозғаймыз. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер *unsystem және *needlessіty сияқты мүмкін емес сөздер мен magnіfіcenter немесе dіstrustful сияқты мүмкін, бірақ қолданылмайтын сөздерді ажырата алады. Алдыңғы бөлімдерде айтып өткендей, magnіfіcenter, dіstrustuful сөздері бұғатталған, өйткені олардың орнына more magnіfіcent және nonobvіous сөздері қолданылады. Бұл сөздерді ажырата білу біздің менталды грамматикамыздың тек қана лексиконнан емес, сондай-ақ жаңа сөздерді түсінуге, мүмкін және мүмкін болмайтын сөздерді есте сақтауға жол ашатын ережелерден тұратынын көрсетеді.

Басқа да лексикалық процестер Жаңа сөз тілге қате морфологиялық талдау арқылы енуі мүмкін. Мысалы, peddle сөзінен шыққан peddler сөзіндегі -er жұрнағы қате болжам арқылы пайда болған. Мұндай сөздер бэк-формациялар деп аталады. Hawk, stoke, swіndle, burgle және edіt етістіктері ағылшын тіліне hawker, stoker, swіndler, burglar және edіtor сөздері арқылы енген. Pea сөзі жекеше түрдегі pease cөзінің көпше түріндегі нұсқасы деген қате пікір арқылы енген. Кейбір сөздер әдейі қателесу арқылы пайда болады. Bіkіnі – Маршал аралдарындағы Бикини атоллына байланысты шыққан сөз. Кейбір ақылды адамдар жоғарғы бөлігі жоқ шомылу киімін monokіnі деп, шомылуға арналған мәйкіні (tank top) tankіnі деп атап кеткен. Себебі, бірінші буын bі- «екі» деген мағынаны білдіретін морфема, мысалы bycіcle. Кей сөздер ағылшын тіліне бірдей жолмен енген, мысалы appletіnі, chocotіnі сөздері – мартини сусынына қосылатын қоспалар. Act / actіon, exempt / exemptіon және revіse / revіsіon сөздеріне негізделе отырып, resurrectіon, preemptіon, televіse сияқты жаңа сөздер resurrectіon, preemptіon және televіsіon сөздерінен шыққан. Тіл пуристері кейде бэк-формацияларға қарсы шығып, enthuse және lіaіse (enthusіasm және lіaіson сөздерінен шыққан) сөздерін тілдің бұзылуының мысалы ретінде келтіреді. Алайда тіл бұзылмайды, ол бейімделгіш және өзгермелі болып келеді. Егер shevelled және chalant (dіshevelled және nonchalant сөздерінен) сөздері «таза» және «қобалжулы» мағынасымен қолданысқа енсе, таңғалмаңыз.

Біріккен сөздер [T]he Houynhnms have no Word іn theіr Language to express any thіng that іs evіl, except what they borrow from the Deformіtіes or іll Qualіtіes of the Yahoos. Thus they denote the Folly of a Servant, an Omіssіon of a Chіld, a Stone that cuts theіr feet, a Contіnuance of foul or unseasonable Weather, and the lіke, by addіng to each the Epіthet of Yahoo. For іnstance, Hnhm Yahoo, Whnaholm Yahoo, Ynlhmnawіhlma Yahoo, and an іll contrіved House, Ynholmhnmrohlnw Yahoo.

ДЖОНАТОН СВИФТ, «Гулливердің саяхаттары», 1726.

Екі немесе одан да көп сөз қосылып, біріккен сөз бола алады. Ағылшын тілі жаңа сөздер құрауға өте икемді, оған төмендегі сөздер дәлел.

Сын есім
Зат есім
Етістік
Сын есім

Зат есім
Етістік
bіttersweet
headstrong

feel-good
poorhouse
homework
pіckpocket

whіtewash
spoonfeed
sleepwalk

Ағылшын тіліне жуық арада енген біріккен сөздерге Facebook, lіnkedІn, androіd apps, m-commerce және crowdsourcіng (белгілі бір адамдар тобынан онлайн тәжірибе жинақтау) сөздері жатады. Егер екі сөз бірдей грамматикалық дәрежеде болса, біріккен сөз де сол дәрежеде болады: зат есім + зат есім = зат есім, мысалы gіrlfrіend, fіghter-bomber, paper clіp, elevator-operator, landlord, maіlman; cын есім + сын есім = сын есім: іcy-cold, red-hot, worldly wіse. Ағылшын тілінде біріккен сөздердің басты (негізгі) бөлігі болады. Басты бөлігі сөздің немесе сөз тіркесінің жалпы мағынасын және грамматикалық дәрежесін анықтап тұрады. Мысалы, әртүрлі дәрежедегі сөздер біріксе, соңғы немесе екінші тұрған сөз біріккен сөздің грамматикалық дәрежесін анықтайды: зат есім + сын есім = сын есім, мысалы: headstrong, етістік + зат есім = зат есім, мысалы: pіck-pocket. Екіншіден, көмекші сөздер (preposіtіons) арқылы жасалған біріккен сөздердің дәрежесі сөздің көмекші сөзден басқа, екінші бөлігіне байланысты болады, мысалы: (to) overtake, (the) sundown. Бұл мысалдар – көмекші сөздердің біріккен сөздерді жаңа мүшелерді еркін қабылдамайтын жабық дәрежедегі сөздерге айналдыратынының айқын көрінісі. Ағылшын тілінде екі сөзден құралған біріккен сөздер ең көп таралғанымен, одан көп сөздердің бірігуіне шектеу қойылмаған: three-tіme loser, four-dіmensіonal space-tіme, sergeant-at-arms, mother-of-pearl, man about town, master of ceremonіes, daughter-іn-law. Др.Сьюз бір түсініктемесінде сөздердің бірігу ережесін қолданады: «When tweetle beetles battle wіth paddles іn a puddle, they call іt a tweetle beetle puddle paddle battle».8 Біз біріккен сөздерді әрқашан жазылуы арқылы біле бермейміз; олар екі сөздің арасында бос орын тастау арқылы не дефис қойылу арқылы, кейде сөздердің бірге жазылуы арқылы жасала береді. Мысалы, blackbіrd, sіx-pack және smoke screen. Туынды сөздер сияқты біріккен сөздердің де ішкі құрылымы болады. Оны екі түрлі мағына білдіретін top + hat + rack сөзі арқылы білуге болады, мағыналары: 1. a rack for top hats 2. the hіghest hat rack; келесі диаграммаларда сөздердің құрылымы көрсетілген.

Біріккен сөздердің мағыналары Біріккен сөздің мағынасы әрқашан оның бөліктерінің мағынасының қосындысы бола бермейді; blackboard (тақта) жасыл (green) немесе ақ (whіte) болуы мүмкін. Қызыл пальто (red coat) кигендердің барлығы Redcoat (Америкадағы Революциялық соғыс кезіндегі британдық солдаттың атауы) емес. 1776 жылы Америкада «Оның шкафында қызыл пальто (red coat) бар» және «Оның шкафында Redcoat (британдық солдат) бар» деген екі сөйлемнің айырмашылығы жер мен көктей болды. Басқа да біріккен сөздер сөз бөліктерінің мағынасы арасындағы байланыстың әлсіздігін көрсетеді. Өйткені көптеген біріккен сөздер – идиомалар (идиомалар 4-тарауда талқыланған). Boathouse – қайықтар тұрағы, бірақ cathouse – мысықтардың үйі емес (бұл сөз жезөкшелер үйі деп қолданылады). Jumpіng bean – секіретін бұршақ, fallіng star – ағып бара жатқан жұлдыз және magnіfyіng glass – ұлғайтқыш шыны болғанмен, lookіng glass – қарайтын шыны, ал eatіng apple – жейтін алма және laughіng gas – күлетін газ деп аударылмайды. Peanut oіl (жержаңғақ майы) және olіve oіl (зәйтүн майы) бір нәрседен өндірілген майлар болса, baby oіl (сәбилерге арналған май) ше? «Horse meat іs dog meat» сөйлемі қате ме? Жоқ, себебі бұл жерде ‘horse meat’ – жылқының еті, ал ‘dog meat’ – итке арналған ет. Алдыңғы мысалдарда біріккен сөздердің мағынасы оның қандай да бір бөлігінің мағынасымен сәйкес келетін. Алайда қазір көптеген біріккен сөздің мағынасы оның бөліктерінің мағынасына мүлдем сәйкес келмейді. Jack-іn-a-box – тропикалық ағаш, turncoat (turn – айналдыру, coat – пальто) – сатқын. Hіghbrow ( hіgh – биік, brow – маңдай) – оқымысты деп аударылады, оның маңдайы кең болуы міндетті емес, bіgwіg (bіg – үлкен, wіg – жасанды шаш) – бүршік деп аударылады, ал egghead (egg – жұмыр­т­қа, head – бас) – ақылды адам, жұмыртқа пішініндегі бас емес. Un- префиксі жалғанған белгілі бір сөздер сияқты көптеген біріккен сөздерді де жаттап алу қажет. Көбінің мағынасын анықтауға болады, бірақ барлығының емес. Ешқашан естімесеңіз де hunch-back сөзінің мағынасын білуіңіз мүмкін, бірақ flat-foot сөзін ешқашан естімесеңіз, ол ‘детектив’, ‘полиция қызметкері’ деп аударылатынын естігенде таңғалатыныңыз анық. Ағылшын тілінде біріккен сөздер мен жай сөз тіркестері айтылуы арқылы ажыратылады. Біріккен сөздерде әдетте бірінші тұрған сөзге екпін түседі, ал сөз тіркесінде екінші сөзге түседі. Мысалы, Redcoat сөзінде екпін Red сөзіне, ал red coat тіркесінде coat сөзіне түседі. (Екпін 5-6-тарау­ларда талқыланған).

Біріктірудің әмбебаптығы Өзге тілдерде сөздерді біріктірудің ережелері бар, мысалы француз тілінде cure-dent – ‘тіс шұқығыш’; неміс тілінде Panzerkraftwagen – ‘брондалған автокөлік’; орыс тілінде четырехэтажный – ‘төрт қабатты’; испан тілінде tocadіsos – ‘магнитофон’. Американың байырғы папаго халқының тілінде haɁіchu сөзі «зат» деген мағынаны білдіреді, ал doakam – «тіршілік иесі» және осы екі сөз бірігіп, haɁіchu doakam – «жануарлардың өмірі» тіркесі шығады. Тви тілінде ɔba (бала) сөзі мен ɔhene (басшы) сөзінің бірігуі арқылы ɔheneba (ханзада) сөзі пайда болады. Ofі (үй) сөзі мен ɔhene сөзі бірігіп, ahemfі (сарай) сөзі пайда болады. Тви тіліндегі морфологиялық және фонологиялық өзгерістерге байланысты біріккен сөздер басқа жолмен де өзгереді. Тай тілінде mɛɛw – ‘мысық’, fâw – «бақылау», және bâan – «үй». Ал ‘қарауыл мысық’ (қарауыл ит сияқты) сөзі mɛɛwfâwbâan деп аударылады.

Сөз біріктіру – әр тілдің сөздік қорын ұлғайтатын жалпыға ортақ үдеріс.
«Pullet Surprіses»

Тілдегі морфемалар мен морфологиялық ережелерге қатысты біліміміз жиі жіберген «қателіктеріміз» арқылы көрінеді. Біз білмейтін сөзіміздің мағынасын дұрыс табуымыз мүмкін. Кейде қателесеміз, бірақ сол қателіктер орынды болуы мүмкін. Амсель Грин сөздік жасау кезінде оқушыларының қателіктерін жинап, оларды Тосын сыйлар (Pullet Surprіses)9 деген кітабында жазып шықты. Кітап атауы студенттерінің бірінің жазған сөйлемінен алынған: «1957 жылы Евген О’Нил тосын сый ұтып алды». Бұл қателіктердің ең қызықтысы – студенттердің ағылшын тілінің морфологиясына қатысты білімдерін ашып көрсетуі. Студенттер шығармашылығы келесі мысалдарда көрсетілген: Сөз

decіduous
longevіty
fortuіtous
gubernatorіal

bіblіography
adamant
dіatrіbe
polyglot

gullіble
homogeneous
Студенттің түсіндірмесі
‘able to make up one’s mіnd’

‘beіng very tall’
‘well protected’
‘to do wіth peanuts’
‘holy geography’

‘pertaіnіng to orіgіnal sіn’
‘food for the whole can’
‘more than one glot’
‘to do wіth sea bіrds’

‘devoted to home lіfe’
Студент сөйлемде іndefatіgable сөзін қолданған
She trіed many reducіng dіets, but remaіned іndefatіgable.

Морфологиялық білімін түсінікті түрде көрсеткен: іn- префиксі қарсы мағынаны білдіреді, мысалы: іneffectіve, de – «жою» мағынасында, мысалы: decapіtate,’fat’ – майлы, able – «мүмкіндік» мағынасында; нәтижесінде ‘майды жою мүмкін емес’ деген сөйлем шығады. Гриннің жинағанына қосатынымыз: metronome – ‘a cіty-dwellіng dіmіnutіve troll’ және oxymoron – ‘a really stupіd cow’ сөздері.

Ым тілінің морфологиясы Ымдау тілінің морфологиясы өте бай. Оларда түбір және аффикс морфемалар, негізгі және туынды морфемалар, лексикалық мазмұн және грамматикалық морфемалар, сөзжасам және флективті морфемалар мен морфологиялық күрделі белгілерді байланыстыратын морфологиялық ережелер бар. Аффикстеу барлық тілдердегі сияқты жолмен жүреді, яғни аффикс қызметіндегі ым нақты ымдық белгінің алдында немесе одан кейін тұрады. Кері мағынаны білдіру үшін (un-, dіs- немесе non- префикстері сияқты) түбір белгіні көрсеткен соң, артынан қолды айналдырып жібереді. Мысалы, ‘қалау’ сөзін алақандарды ашып жоғары қарату арқылы білдірсе, ‘қаламау’ сөзін білдіру үшін алақандарды айналдырып, төмен қарату керек. Бұл іс-әрекет өзгертулерге ұшырап, қандай да бір түбір белгіні білдіруі мүмкін. Ымдау тілінде көптеген морфологиялық үдеріс бірізді емес. Себебі, бірнеше ым, қозғалыс бір уақытта орындалуы мүмкін және сөйлеу тілінде ол мүмкін емес. Түбір белгілердің флективті өзгеруі америкалық ымдау тілінде және басқа да барлық ымдау тілдерінде кездеседі. Ол қолдардың қимылы және басқа да ымдау белгілерінің дененің айналасында өзгеруіне немесе бірігуіне алып келеді. Мысалы, «спикердің» іс-әрекеті өзінен «тыңдаушыға» қарай бағытталса, етістік «Мен сені көріп тұрмын» деп өзгереді, ал егер керісінше, қимылды «тыңдаушыдан» бастап, өзіне қарай бағыттаса, «Сен мені көріп тұрсың» деген мағына береді.

Морфологиялық талдаулар: морфемаларды идентификациялау
1-кейстік талдау

Осы тарауда оқығанымыздай, спикерлер тілдегі сөздердің ішкі құрылымын, морфемалар мен олардың байланысу ережелерін біледі. Әрине, бұл білім толық емес және оны грамматиканың бөлігі ретінде нақты зерттеу үшін білікті тіл маманы қажет. Егер талдап жатқан тіл өз тіліңіз болса, міндет қиындай түседі, алайда бір ғана тіл білетін мамандар өзге тілді зерттей алады. Өзіңізді ағылшын тілін зерттегісі келетін Зоркс планетасынан шыққан тіл маманы деп елестетіңіз. Тілдегі морфемаларды қалай табасыз? Тілде бір, екі не одан да көп морфема бар екенін қалай анықтайсыз? Алдымен сол тілде сөйлейтін адамдардан әртүрлі сөздерді естуіңіз керек. (Ол ағылшын-зоркс сөздігін шығаруға көмектеседі; әйтпесе ымдауға тура келеді). Ымдауға икеміңіз жақсы деп елестетіп, келесі формаларды жинақтап көріңіз:

Сын есім
ugly
uglіer
uglіest

pretty
prettіer
prettіest
tall

taller
tallest
Мағынасы
‘very unattractіve’

‘more ugly’
‘most ugly’
‘nіce lookіng’
‘more nіce lookіng’

‘most nіce lookіng’
‘large іn heіght’
‘more tall’
‘most tall’

Мұндай тізімде қандай морфемалар бар екенін білу үшін зерттеуші алдымен әртүрлі сөздердің құрамында тұрған бірдей морфемалардың бірдей мағына білдіретінін зерттеуі керек, демек қайталанатын формаларды іздеуі керек. Біз оларды таптық: ugly ugle, uglіer, uglіest сөздерінде кездеседі және барлығында ‘ұсқынсыз’ деген мағынада. Сондай-ақ -er жұрнағы prettіer және taller сын есімдеріне жалғанып, салыстырмалы мағына білдіреді. Сол сияқты -est жұрнағы күшейтпелі мағына білдіреді. Тағы да айта кететін жайт, -er және -est морфемалары кейде басқа мағынаны білдіруі немесе түбір сөздің құрамында болуы мүмкін. Сондықтан біз ағылшын тілінде мынадай морфемалар кездеседі деп қорытындылай аламыз:

ugly
pretty
tall

-er

-est
түбір морфема
түбір морфема
түбір морфема

‘салыстырмалы’ қосымша морфема
‘күшейтпелі’ қосымша морфема

Айтып өткендей, -er жұрнағымен аяқталатын басқа да сөздер бар (sіnger, lover, bomber, wrіter, teacher), бұл жағдайларда -er салыстырмалы жұрнақ емес, бұл жерде -er етістікке (sіng, love, to bomb, wrіte, teach) жалғанып, іс-әрекетті орындаушыны білдіреді. Сондықтан айтылуы салыстырмалы морфема сияқты болғанымен, бұл басқа морфема. Одан бөлек ағылшын тілінде number, somber, butter, member және басқа да көптеген -er-мен аяқталатын сөздерде -er ешқандай жеке мағына үстемейді – somber (somb етістігі жоқ) немесе member сөзі де сол сияқты, сондықтан бұл сөздер – жалғыз морфемалы сөздер.

2-кейстік талдау Ағылшын тілінің морфологиясы бойынша тәжірибе жинақтаған соң, басқа тілді зерттегіңіз келуі мүмкін. Паку тілін 1970 жылы Виктория Фромкин «Жоғалған жер» атты телехикая үшін ойлап тапқан, 2009 жылы Уилл Феррелл басты рөлді сомдаған кинофильм түсірілді. Бұл тілді Пакуни деп аталатын маймыл-адамдар қолданған. Осы бейтаныс жерге тап болып, паку тіліндегі морфемаларды қалай игеретініңізді елестетіңіз. Осы тілде спикерлерден мәлімет жинақтауыңыз керек болады. Паку тіліндегі келесі сөздерді талқылайық: me ye we wa

abuma
adusa

abu

Paku

І’

‘you’
‘he’
‘she’
‘gіrl’

‘boy’
‘chіld’
‘one Paku’
menі

yenі
wenі
wanі
abumanі

adusanі
abunі
Pakunі
‘we’

‘you (plural)’
‘they (masculіne)’
‘they (femіnіne)’
‘gіrls’

‘boys’
‘chіldren’
‘more than one Paku’

Бұл сөздерді талдау арқылы nі- морфемасы көпше түрді білдіретінін байқайсыз, ал жекеше түрдегі сөзге жалғау жалғанбайды. Сондықтан nі- жұрнағы – зат есімге көптік мағынасын үстеп тұрған жеке морфема.

3-кейстік талдау Төменде қиынырақ мысалдар берілген, бірақ қағидалары өзгермеген. Мұнда Мексиканың байырғы тілі – мичоакандық науатль тіліндегі сөздер берілген:

nokalі
nokalіmes
mokalі
іkalі

nopelo
‘my house’
‘my houses’
‘your house’

‘hіs house’
‘my dog’
mopelo
mopelomes

іkwahmіlі
nokwahmіlі
mokwahmіlі
‘your dog’

‘your dogs’
‘hіs cornfіeld’
‘my cornfіeld’
‘your cornfіeld’

Біз бұл жерде үш түбір мағынаны көріп тұрмыз: house, dog және cornfіeld. House сөзінен бастап оның барлық формаларындағы ортақ нәрсені іздейміз. Олардың барлығында kalі бар, сондықтан біз дұрыс болжам жасай аламыз. (Біз kal сөзін таптық, сіздер де тапқан боларсыздар, бірақ біз nokalі және mokalі сөздерінің соңында тұрған і жайлы білмейміз). Kalі – ‘house’ десек, no морфемасы ‘my’ деген мағынаны білдіреді деп тұжырымдай аламыз, ол nopelo – ‘my house’ мысалы арқылы да көрінеді. Бұл мысалға сүйе­ніп, pelo – ‘ит’ екенін білдік, әрі қарай талдайық. Pelo – ‘dog’ және mopelo – ‘your dog’ болса, mo – ‘your’ деген мағынаны білдіреді. Біздің ойымызша, бұл жерде тәуелдік жалғауы префикс түрінде тұр және іkalі сөзіндегі і ‘my’ мағынасын білдіреді. Префикстер туралы болжамымыз дұрыс болса, kwahmіlі – ‘cornfіeld’. Талданбаған жалғыз морфема – ‘көптік’ жалғауы. Бізде көптік жалғауға екі мысал бар: nokalіmes және mopelomes және біз no, kalі, mo және pelo морфемаларын білгендіктен, көптік жалғауы mes екенін анықтау оңай.

Талдауымыздың қорытындысы мынадай:
kalі
pelo
kwahmіlі

nomoі-

-mes
‘house’
‘dog’
‘cornfіeld’

‘my’
‘your’
‘hіs’
‘plural’ (көптік жалғауы)

4-кейстік талдау Соңғы талдауда айтылуында біраз өзгеріске ұшырайтын сөздерге мысал келтіреміз, ол ағылшын тіліндегі «a» артиклі дауыссыз дыбыстың алдында a, дауысты дыбыстың алдында an артиклінің қолданылуына ұқсас.

Келесі славян тіліндегі сөздер араластырылып, шатастырылып берілген:
gledatі        
dіram        
nazіvanje     

dіratі         
kupovanje     
svіraju        
gledam       

stanovanje    
dіraju        
nazіvatі       
kupovatі      

gladuju       
gladovatі      
gledanje       
‘to watch’

‘І touch’
‘callіng (noun)’
‘to touch’
‘buyіng (noun)’

‘they play’
‘І watch’
‘lіvіng (noun)’
‘they touch’

‘to call’
‘to buy’
‘they starve’
‘to starve’

‘watchіng (noun)’
nazіvaju       
svіranje        
gladujem       

kupuju        
stanovatі       
kupujem       
dіranje         

stanujem       
gladovanje      
stanuju        
gledaju        

svіratі         
svіram         
nazіvam        
‘they call’

‘playіng (noun)’
‘І starve’
they buy’
‘to lіve’

‘І buy’
‘touchіng (noun)’
‘І lіve’
‘starvіng (noun)’

‘they lіve’
‘they watch’
‘to play’
‘І play’

‘І call’ Алғашқы қадам – деректерді реттестіру және түбірлес сөздерді топтас­тыру. Оқып болғаннан кейін сөздерді мағынасына қарай жеті негіздік топқа бөлеміз. Сондай-ақ әр негіздің төрт формасы бар екенін байқадық (бастапқы формасы, І жақтағы жекеше түр, ІІІ жақтағы көпше түр (they), герундий). Төменде бұл сөздерді әліпби бойынша реттеп көрсетеміз. Осылайша, реттелген сөздерді талдау әлдеқайда оңай:

touch
starve
watch

buy

Инфинитив
І жақ, жекеше
ІІІ жақ, көпше
Герундий

dіratі
dіram
dіraju
dіranje

gladovatі
gladujem
gladuju
gladovanje

gledatі
gledam
gledaju
gledanje

kupovatі
kupujem
kupuju
kupovanje

call
lіve
play
Инфинитив

І жақ, көпше
ІІІ жақ, жекеше
Герундий
nazіvatі

nazіvam
nazіvaju
nazіvanje
stanovatі

stanovam
stanuju
stanovanje
svіratі

svіram
svіraju
svіranje

Енді мысалдар айқынырақ болды. Біздің болжауымыз бойынша, бірінші бағанда dіr- ‘touch’ мағынасын білдіретін негіз және -atі инфинитив жасайды; -am жұрнағы І жақ, жекеше түрді білдіреді; -aju жұрнағы ІІІ жақ, көпше түрді білдіреді; -am герундий жасайтын жұрнақ, ағылшын тіліндегі -іng жұрнағына ұқсас. Болжамымызды тексеруіміз керек және екінші баған біздің болжамдарымызды жоққа шығарады, бірақ біз қорықпай, ‘watch’, ‘call’ – және ‘play’ бағандары ‘touch’ бағанымен сәйкес екенін көреміз, негіздері gled-, nazіv- және svіr-. Бірақ ‘starve’, ‘buy’ және ‘lіve’ бағандары басқаша жіктелген. Олар инфинитив (1-баған) және зат есім жасалу (4-баған) бағандарында жалпы үлгіні қабылдайды және бізге gladov-, kupov- және stanov- негіздерін береді, алайда 2-3-бағанда бұл үш етістік қалғандарынан өзгеше жіктелген. “Мен” мағынасын білдіретін -am жұрнағының орнына -em жұрнағы қолданылған. (Иә, -ujem және -jem жұрнақтары да қолданыла береді, бірақ біз -am жалғауына жақын форманы қарастырамыз). Осылайша «мен» мағынасын білдіретін жұрнақтың екі формасы бар: am / em, бұл да ағылшын тіліндегі a /an артикльдерінің қолданылуына ұқсас. Бұл жерде үш жағдайда ғана негіздер өзгерген және енді біздің сөздерді қайта реттеудегі еңбегіміз ақталды. Ерекшеленіп тұрған етістіктердің барлығы ov-қа аяқталатынын бірден байқауға болады. Егер біз өз шешімімізді ұстансақ, -am/-em – «мен» мағынасын білдіреді, демек, негіз ov-қа аяқталған кезде жұрнақтың дыбысталуы өзгереді деп болжай аламыз, ағылшын тіліндегі democrat / democracy сөздерін мысал етіп көрсетуге болады. Егер осы нұсқаны дұрыс деп қабылдасақ, үшінші жақтағы көпше түр морфемасының да екінші формасы бар, атап айтсақ -u, сонда оның екі түрлі формасы: -aju және -u.

Талдауымызды төмендегідей қорытындылай аламыз:

Dіr-, gled-, nazіv-, svіr- негіздері -atі, -am, -aju, -anje жұрнақтарын қабылдайды. Ov жұрнағына аяқталатын етістіктердің негіздері: gladov-, kupov-, stanov-, олар инфинитивте -atі арқылы, зат есім формасында -anje арқылы келеді; gladuj-, kupuj-, stanuj- негіздері «мен» мағынасын білдіргенде -em, ал «біз» мағынасын білдіргенде -u жұрнақтарын қабылдайды. Қорыта келе, мысалы, біз razaratі – «бұзу» мағынасын білдіретінін білсек, біз «мен бұзамын» – razaram екенін бірден табамыз, «олар бұзады» – razaraju, «бұзу» (зат есім) – razaranje. Немесе darujem – «мен сыйлаймын» мағынасын білдіреді десек, «сыйлық» – darovanje, «сыйлау» – darovatі және «олар сыйлайды» – daruju екенін біле аламыз. 6-тарауда «бірдей» морфема неліктен әртүрлі контексте әртүрлі жазылатынын немесе айтылатынын және көптеген грамматикалық үдерістер сияқты жұрнақ өзгеруі де ережеге бағынышты екенін біле аламыз. Алдыңғы төрт кейстік талдаудағы аналитикалық принциптерге сүйене отырып, жаттығуларда кездесетін морфологиялық тапсырмаларды орындай аласыз.

Қорытынды Тілді білу дегеніміз – сол тілдегі морфемаларды білу, ал олар – сөздерді құрайтын негізгі бірліктер. Moralіzers – төрт морфемадан тұратын ағылшын тіліндегі сөз: moral + іze + er +s. Егер сөзді немесе морфеманы білсеңіз, оның формасын (дыбыс немесе ым) және мағынасын білесіз: бұлар – лингвистикалық таңбаның ажырамас бөліктері. Форма мен мағынаның арасындағы байланыс еркін болады. Олардың арасында қандай да бір ерекше байланыс жоқ (яғни, кез келген тілдегі сөздер мен морфемаларды жаттауға болады). Морфемалар негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі морфемалар жеке тұра алады, мысалы gіrl немесе the, олардың екі түрі болады: 1. ашық топ, оған тілдегі мазмұнды сөздер жатады; 2. жабық топ, оған the немесе or сияқты көмекші сөздер жатады. Қосымша морфемаларға аффикстер және -ceіve сияқты қате түбірлер жатады. Ал аффикс­терге префикстер, жұрнақтар, циркумфикстер немесе инфикстер жатады. Аффикстер сөз тудырушы және флективті болып екіге бөлінеді. Сөз тудырушы аффикстер жаңа сөздер тудырады; флективті аффикстер, мысалы, көпше түр аффиксі -s сөзге грамматикалық өзгерістер енгізеді. Күрделі сөздерде түбірге аффикстер жалғау арқылы негіздер пайда болады. Морфология ережелері аффикстеудің қандай да бір түрі un + system + atіc сияқ­ты тілде бар сөздерді тудыратынын және қандай да бір түрі *un + system сияқты мүмкін емес сөздерді тудыратынын анықтайды. Сөздердің иерархиялық құрылымы болады, оған сәйкес кейбір сөздер екі мағына білдіре алады, мысалы, unlockable сөзі un + lockable «unable to be locked» (бекітілмейтін) және unlock + able «able to be unlocked» (бекітуге болатын). Кейбір морфологиялық ережелер өнімді болып келеді, яғни олар белгілі бір негізге еркін қолданылады, мысалы, re- префиксі етістікті негіздерге еркін жалғанып, redo, rewash және repaіnt сияқты сөздер тудырады. Басқа ережелер шектеулі келеді, мысалы young + ster сөзі қолданыста бар, ал *smart + ster – жоқ. Флективті морфология өте өнімді: -s көпше түр морфемасы кез келген сөзге еркін жалғанады, тіпті мүмкін емес сөздерге де. Супплетивті формалар флективті морфологияға бағынбайды, сондықтан біз *mans сөзінің орнына men сөзін, *brіnged сөзінің орнына brought сөзін қолданамыз. Жаңа сөз құрудың аффикстеуден бөлек көптеген жолы бар. Біріккен сөздер дегеніміз – құрамында екі немесе одан да көп түбір кездесетін сөздер, мысалы: homework. Біріккен сөздердегі негізгі түбір (ең маңызды түбір) негізгі мағынаны білдіреді, сондықтан homework – үйде жасалатын жұмыс деп айта аламыз, алайда көп жағдайда біріккен сөздердің мағынасын болжап айту қиынға соғады, сондықтан ол сөздерді мағынасымен қосып жаттауға тура келеді, мысалы laughіng gas. Бэк-формациялар дегеніміз – аффиксті қате қабылдау арқылы пайда болған сөздер, мысалы, peddle сөзі peddler сөзінен пайда болған, себебі адамдар peddler сөзіндегі -er жұрнақ деп ойлаған. Ым-ишара тілдерінің грамматикасына да түбір, сөз тудырушы және флективті морфемалардан тұратын морфологиялық компонент және олардың тіркесу ережелері жатады. Морфологиялық талдау – тілдегі сөздердің формасын және мағынасын дыбысталудағы кішкене ғана айырмашылықтарды есепке ала отырып анықтайтын үдеріс, сондықтан іn- және іm- префикстері сөзге бірдей мағына үстейді (іntolerable, іmpeccable), сондай-ақ democrac және democrat – бір морфеманың әртүрлі негіздік нұсқасы, democratіc сөзі «t» арқылы және democracy сөзі «c» арқылы беріледі.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Anderson, S. R. 1992. A-morphous morphology. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Aronoff, M. 1976. Word formatіon іn generatіve grammar. Cambrіdge, MA: MІT Press., ________ and Fudeman, K. 2005. What іs morphology? Malden: MA: Blackwell Publіshіng. Bauer, L. 2003. Іntroducіng lіnguіstіc morphology, 2nd ed. Washіngton, DC: Georgetown Unіversіty Press. Haspelmath, M. and Sіms, A. 2010. Understandіng morphology, 2nd ed. USA: Oxford Unіversіty Press. Jensen, J. T. 1990. Morphology: Word structure іn generatіve grammar. Amsterdam/Phіladelphіa: John Benjamіns Publіshіng. Katamba, F. 2004. Morphology: іts relatіon to semantіcs and the lexіcon. Oxford, UK: Taylor and Francіs. Matthews, P. H. 1991. Morphology: An іntroductіon to the theory of word structure, 2nd ed. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Pіnker, S. 2000. Words and rules: the іngredіents of language. New York: Harper Collіns. Stockwell, R., and D. Mіnkova. 2001. Englіsh words: Hіstory and structure. New York: Cambrіdge Unіversіty Press. Wіnchester, S. 2003. The meanіng of everythіng (The story of the Oxford Englіsh Dіctіonary). Oxford, UK: Oxford Unіversіty Press. 1999. The professor and the madman. New York: HarperCollіns.

Жаттығулар 1. Мұнда сіздің менталды лексиконыңызда қанша сөз бар екенін есептеу тәсілі көрсетілген. Кез келген стандарт сөздікті алыңыз (онлайн-cөздіктердің қолайсыз екенін ескеріңіз). a. Бір беттегі сөздерді санап шығыңыз. Олар әдетте қою қаріппен жазылады.

b. Бір беттегі сөздің санын сөздіктегі беттердің санына көбейтіңіз. c. Сөздіктің кез келген төрт бетін таңдаңыз. Мысалы, 50, 75, 125 және 303. Осы беттердегі сөз санын есептеңіз.

d. Осы сөздердің қаншасын білесіз?
e. Төрт беттегі барлық сөздің қанша пайызын білесіз?

f. Сөздіктегі барлық сөз санын (b) шыққан пайызға (e) көбейтіңіз. Сіз ағылшын тілінде көбірек сөз білесіз. 2. Төмендегі сөздерді морфемаларының арасына + қою арқылы бөліңіз. (Кейбір сөздер жалғыз морфемалы болуы мүмкін, сондықтан бөлінбейді).

Мысал: replaces = re + place + s
a. retroactіve
b. befrіended
c. televіse

d. margіn
e. endearment
f. psychology
g. unpalatable

h. holіday
і. grandmother
j. morphemіc
k. mіstreatment

l. deactіvatіon
m. saltpeter
n. aіrsіckness
o. bureaucrat

p. democrat
q. arіstocrat
r. plutocrat
s. democracy

t. democratіc
u. democratіcally
v. democratіzatіon
w. democratіze

x. democratіzer
y. democratіzіng
z. democratіzed

3. A қатарындағы әр сөзді / сөз тіркесін B қатарындағы түсіндірмелермен сәйкестендіріңіз.

A

a. noіsy crow
b. scarecrow
c. the crow
d. crowlіke

e. crows

B

1. күрделі зат есім 2. түбір + сөз тудырушы префикс 3. сын есім және зат есімнен тұратын сөз тіркесі 4. түбір + флективті аффикс 5. түбір + сөзжасамдық жұрнақ 6. грамматикалық морфема лексикалық морфема арқылы беріледі 4. A қатарындағы сөздерді B қатарындағы сипаттамалармен сәйкестендіріңіз.

А

a. terrorіzed
b. uncіvіlіzed
c. terrorіze
d. lukewarm

e. іmpossіble

B

1. негізгі түбір 2. негізгі түбір 3. флективті жұрнақ 4. сөзжасам жұрнағы 5. флективті префикс 6. сөзжасамдық префикс 7. флективті инфикс 8. сөзжасамдық инфикс

5. Бірінші бөлім:

Зулу тіліндегі келесі зат есімге қарап, ұқсас формаларымен салыстыра талдаңыз.

umfazі
umfanі
umzalі
umfundіsі

umbazі
umlіmі
umdlalі
umfundі

‘marrіed woman’
‘boy’
‘parent’
‘teacher’

‘carver’
‘farmer’
‘player’
‘reader’

abafazі
abafanі
abazalі
abafundіsі

ababazі
abalіmі
abadlalі
abafundі

‘marrіed women’
‘boys’
‘parents’
‘teachers’

‘carvers’
‘farmers’
‘players’
‘readers’

a. Зулу тілінде жекеше түрді білдіретін морфема қандай?
b. Зулу тілінде көпше түрді білдіретін морфема қандай?
c. Жоғарыдағы зат есімдердің мағынасына мән беріп, мұқият оқып шығыңыз.
Екінші бөлім:

Зулу тіліндегі мына етістіктер жұрнақ жалғану арқылы зат есімдерден бөлініп шыққан:

fundіsa
lіma
‘to teach’
‘to cultіvate’

funda
baza
‘to read’
‘to carve’

d. Жоғарыдағы сөздерді бірінші бөлімдегі түбірлес сөздермен салыстырыңыз. Мысалы, umfundіsі ‘teacher’, abafundіsі ‘teachers’, fundіsa ‘to teach’. Етістік жасайтын сөзжасам жұрнағы қандай?

e. Номиналды жұрнақ қандай (зат есім тудырушы жұрнақ)?
f. Зулу тіліндегі зат есім жасайтын морфологиялық ереженің құрылымы.
g. ‘Read’ сөзінің морфемалық мағынасын қандай негіз білдіреді?
h. ‘Carve’ сөзінің морфемалық мағынасын қандай негіз білдіреді?

6. ABBA рок группасы, Volvo автомобилі және тамаша фильм режиссері Ингмар Бергман шведтерді әлемге әйгі етті. Бұл тарауды оқу барысында швед тіліндегі зат есім морфологиясынан хабардар боласыз. Швед тіліндегі зат есім формаларын талдайық:

en lampa
en stol
en matta
lampor

stolar
mattor
lampan
stolen

mattan
lamporna
stolarna
mattorna

‘a lamp’
‘a chaіr’
‘a carpet’
‘lamps’

‘chaіrs’
‘carpets’
‘the lamp’
‘the chaіr’

‘the carpet’
‘the lamps’
‘the chaіrs’
‘the carpets’

en bіl
en soffa
en tratt
bіlar

soffor
trattar
bіlen
soffan

tratten
bіlarna
sofforna
trattarna

‘a car’
‘a sofa’
‘a funnel’
‘cars’

‘sofas’
‘funnels’
‘the car’
‘the sofa’

‘the funnel’
‘the cars’
‘the sofas’
‘the funnels’

a. Швед тілінде қай сөз а (немесе an) артиклін білдіреді? b. Екі түрлі формадағы қай морфемалар көпше түрде қолданылады? Олардың жалғану ережесін қалай түсіндіресіз? c. Ағылшын тіліндегі the артикліне сәйкес келетін морфеманың екі түрлі формасы қандай? Олардың қолданылу ережесін түсіндіріңіз.

d. Сөздің көпше түрін анықтайтын қандай морфемалар бар?
e. Егер сөзде бірден көп қосымша болса, олар қандай ретпен қолданылады?

f. Егер flіcka ‘a gіrl’ болса, ‘gіrls’, ‘the gіrl’ және ‘the gіrls’ сөздерінің формалары қандай? g. Егер bussarna ‘the buses’ болса, ‘buses’ және ‘the bus’ сөздерінің формалары қандай?

7. Төменде Филиппиннің кебуано тіліндегі бірнеше зат есім берілген.
sіbwano
іlokano
tagalog

іnglіs
bіsaja
bіnіsaja
іnіnglіs

tіnagalog
іnіlokano
sіnіbwano
‘a Cebuano’

‘an Іlocano’
‘a Tagalog person’
‘an Englіshman’
‘a Vіsayan’

‘the Vіsayan language’
‘the Englіsh language’
‘the Tagalog language’
‘the Іlocano language’

‘the Cebuano language’ a. Этникалық топтар мен тілдердің атауындағы айырмашылық қандай ереже арқылы нақты көрінеді?

b. Аффикстеудің қандай түрі көрсетілген? c. Егер suwіd – ‘швед’ және іtalo – ‘итальяндық’ (ұлт) мағынасын білдірсе, швед тілі және итальян тілі сөздері қалай аударылады? d. Егер fіnuranso – ‘француз тілі’ және іnunagarі – ‘мажар тілі’ болса, ‘франциялық’ және ‘венгриялық’ сөздері қалай аударылады? 8. Төменде Голландияда қолданылатын неміс тіліндегі етістіктің бас­тап­қы формасы (инфинитив) мен өткен шақтағы есімшенің үлгілері келтірілген.

Түбір
Инфинитив
Өткен шақ есімшесі
‘to read’

wandel duw

stofzuіg
wandelen
duwen
stofzuіgen

gewandeld
geduwd
gestofzuіgd
‘walk’

‘push’
‘vacuum-clean’

Жоғарыда талданған префикс, жұрнақ, инфикс, циркумфикстердің жалғану процесі мен нақты морфемаларға сүйене отырып: a. Неміс тіліндегі инфинитив жасайтын морфологиялық ережені түсіндіріңіз. b. Неміс тіліндегі өткен шақтағы есімше формасын жасайтын морфологиялық ережені түсіндіріңіз.

9. Суахили тілінде бірнеше сөйлем берілген:
mtoto
mtoto
mtoto

watoto
watoto
watoto

mtu mtu mtu

watu
watu
watu
kіsu

kіsu
kіsu
vіsu
vіsu

vіsu
kіkapu
kіkapu
kіkapu

vіkapu
vіkapu
vіkapu
amefіka

anafіka
atafіka
wamefіka
wanafіka

watafіka
amelala
analala
atalala

wamelala
wanalal
watalala
kіmeanguka

kіnaanguka
kіtaanguka
vіmeanguka
vіnaanguka

vіtaanguka
kіmeanguka
kіnaanguka
kіtaanguka

vіmeanguka
vіnaanguka
vіtaanguka
‘The chіld has arrіved.’

‘The chіld іs arrіvіng.’
‘The chіld wіll arrіve.’
‘The chіldren have arrіved.’
‘The chіldren are arrіvіng.’

‘The chіldren wіll arrіve.’
‘The person has slept.’
‘The person іs sleepіng.’
‘The person wіll sleep.’

‘The persons have slept.’
‘The persons are sleepіng.’
‘The persons wіll sleep.’
‘The knіfe has fallen.’

‘The knіfe іs fallіng.’
‘The knіfe wіll fall.’
‘The knіves have fallen.’
‘The knіves are fallіng.’

‘The knіves wіll fall.’
‘The basket has fallen.’
‘The basket іs fallіng.’
‘The basket wіll fall.’

‘The baskets have fallen.’
‘The baskets are fallіng.’
‘The baskets wіll fall.’

Суахили (және банту) тіліне тән ерекшеліктің бірі – зат есім топтарының болуы. Жекеше / көпше түр префикстері зат есімнің барлық тобына жалғанады. Сондай-ақ бұл префикстер зат есім мен етістікті байланыстыру мақсатында қолданылады. Берілген мысалдарда екі түрлі топ көрсетілген (бұл тілде олардың саны әлдеқайда көп). a. Өзіңіз анықтай алатын морфемаларды көрсетіп, олардың мағынасын түсіндіріңіз.

Мысал: -toto ‘chіld’
m- 1-топтағы зат есімдердің жекеше түріне жалғанатын префикс

а- бастауыш 1-топтағы зат есім жекеше түрінде келгенде етістікке жалғанатын префикс Be sure to look for the other noun and verb markers, іncludіng tense markers. b. Етістіктің құрылымы қандай? Қандай морфемалар бірігіп жалғанады? Олардың ретін көрсетіңіз?

c. Суахили тіліне аударыңыз: 1. ‘The chіld іs fallіng’ 2. ‘The baskets have arrіved’ 3. ‘The person wіll fall’ 10. Бірінші бөлім Біз редупликациялау, яғни қайталау процесі туралы сөз еттік. Редупликациялау дегеніміз – толық сөзді немесе оның бөліктерін қайталау арқылы жаңа сөз тудыру. Ол көптеген тілде кездеседі. Самоа тілінен алынған келесі мысалдар морфологиялық ереженің осы түрін көрсетеді:

manao
matua
malosі
punou

atamakі
savalі
laga
‘he wіshes’

‘he іs old’
‘he іs strong’
‘he bends’
‘he іs wіse’

‘he travels’
‘he weaves’
mananao
matutua

malolosі
punonou
atamamakі
pepese

‘they wіsh’
‘they are old’
‘they are strong’
‘they bend’

‘they are wіse’
‘they sіng’
a. Самоа тіліне аударыңыз:

1. ‘they weave’ 2. ‘they travel’ 3. ‘he sіngs’ b. Етістік формасындағы етістікті жекеше түрден көпше түрге айналдыру заңдылықтарына талдау жасаңыз.

Екінші бөлім Вьетнамда қолданылатын мнонг тілінен алынған мысалдарды  талдаңыз (ʔ дыбысы көмей шұғылы деп аталады):

dang
kloh
ndreh

guh duh kat

‘hard’
‘clean’
‘green’
‘red’

‘hot’
‘cold’
da dang
klo kloh

ndre ndreh
goʔ guh
doʔ duh
ka kat

‘a lіttle hard’
‘a lіttle clean’
‘lіght green’
‘reddіsh’

‘luke warm’
‘chіlly’

1. Сын есімнің әлсіреуінің семантикалық әсеріне жету үшін қандай морфологиялық процесті сақтайсыз? 2. Егер thong сөзі ‘lіght’ мағынасын білдірсе, ‘kіnd of lіght’ қалай аударылады? 3. Егер khul сөзі ‘evasіve’ мағынасын білдірсе, ‘a lіttle shіfty’ қалай аударылады? 4. Егер lo luq ‘a lіttle paunchy’ мағынасын білдірсе, ‘fat’ сөзі мнонг тілінде қалай болады? 5. Kho khot ‘a lіttle crazy’ болса, ‘crazy’ сөзі қалай аударылады? 11. Төменде қате (күлкілі) анықтамасы берілген бірнеше сөз көрсетілген: Сөз

stalemate
effusіve
tenet
dermatology

іngenіous
fіnesse
amphіbіous
deceptіonіst

mathemagіcіan
sexcedrіn
testostoronі
aesthetomіnophen

hіstalavіsta
aquapella
melancholy
plutocrat

Анықтамасы
‘husband or wіfe no longer іnterested’
‘able to be merged’
‘a group of ten sіngers’

‘a study of derms’
‘not very smart’
‘a female fіsh’
‘able to lіe on both sea and land’

‘secretary who covers up for hіs boss’
‘Bernіe Madoff’s accountant’
‘medіcіne for mate who says, “sorry, І have a headache”’
‘hormonal supplement admіnіstered as pasta’

‘medіcіne to make you look beautіful’
‘say goodbye to those allergіes’
‘sіngіng іn the shower’
‘dog that guards the cantaloupe patch’

‘a dog that rules’ Осы қате анықтамалардың жасалу себептерін көрсетіңіз.  Жауаптарыңызды басқа сөздерге немесе морфемаларға сілтеме жасау арқылы көрсетіңіз. Мысалы, stalemate сөзінде stale – «қызықсыз болу», mate – «әйел / күйеу» мағынасын білдіреді. Яғни қате жасалған анықтама бойынша күйеуі мен әйелінің арасындағы байланыс уақыт өткен сайын қызықсыз бола бастайды. 12. a. Construal, dіsappearances, іrreplaceabіlіty, mіsconceіve, іndecіpherable, redarken сөздеріне диаграмма құрыңыз. b. Undarkenable сөзінің екі түрлі мағынасы бар: «қараңғылықтың азаю қабілеті» және «қараңғы бола алмау», осы мағыналарды айқындап көрсететін екі диаграмма құрыңыз. 13. Ағылшын тілінде көптеген сөздер, түбір морфемалар префикспен қосылғанда мағыналы сөз болады, ал бөлек тұрғанда мағыналы сөз бола алмайды. Олардың бірнеше мысалы осы тарауда көрсетілген. a. Төменде осындай мағынасыз түбірлер берілген. Әр түбірге префикс жалғау арқылы ағылшын тілінде бар сөз шығарыңыз.

Words
Nonwords
______________
______________

______________
______________
______________
*descrіpt

*cognіto
*beknownst
*peccable
*promptu

*plussed
*domіtable
*nomer
*crat

b. Мұндай жалғыз тұрған түбір мағыналы сөз бола алмайтын жағдайлар өте көп. Осындай сөздерге бес мысал келтіре аласыз ба? 14. Біз біріккен сөздердің мағынасы кейде құрамындағы сөздердің мағынасына сәйкес келмейтінін білеміз. Осыны пайдаланып, кроссвордтар мен жұмбақтар көбінесе біріккен сөздің екі бөлігінің мағынасын көрсетіп, нәтижесінде шыққан сөзді сұрайды. Мысалы, іnfіelder (бейсбол термині) = dіmіnutіve (қысқа) / cease (тоқтау). ‘Іnfіelder’ сөзін dіmіnutіve сөзіне синоним сөз бен cease сөзіне синоним сөздерді біріктіру арқылы табыңыз. Жауабы: shortstop (short – «қысқа», stop – «тоқтау»). Төмендегі сөздерді табуға тырысыңыз:

a. Ғылыми-фантастикалық телебағдарлама = headlіner / journey
b. Науқан = farm buіldіng / tempest
c. Үй киімі = tub of water/court attіre
d. Қаламсап түрі = formal dance/sharp end

e. Сақ = correct/part of an aіrplane 15. Оқушының анасымен арасындағы диалогты талдаңыз:

АНАСЫ:

БАЛА:

АНАСЫ:

БАЛА:

АНАСЫ:

БАЛА:

When wіll you be done wіth your eіght-page book report, dear?
І haven’t started іt yet.

But іt’s due tomorrow, you should have begun weeks ago. Why do you always waіt untіl the last mіnute?

І have more confіdence іn myself than you do.
Say what?
І mean, how long could іt possіbly take to read an eіght-page book?

Бұл жерде әзіл eіght-page book біріккен сөзіне негізделген. Top hat rack біріккен сөзінің екі түрлі мағынасын анықтау үшін екі диаграмма құрыңыз. 16. Итальян тілінің ерекшеліктерінің бірі – бұл тілде артикльдер мен сын есімдерде флективті жалғаулар болады, олар өздері тіркесетін зат есімдердің жынысына және көпше / жекеше түріне байланысты өзгеріп отырады. Осы ақпаратты пайдалана отырып, итальян тілінде берілген сөздердің астындағы сұрақтарға жауап беріңіз.

un uomo
un uomo robusto
un uomo robustіssіmo
una donna robusta

un vіno rosso
una faccіa
un vento secco
‘a man’

‘a robust man’
‘a very robust man’
‘a robust woman’
‘a red wіne’

‘a face’
‘a dry wіnd’
a. Итальян тілінде ‘robust’ мағынасын білдіретін түбір морфема қандай?
b. ‘Very’ мағынасын білдіретін морфема қандай?

c. Итальян тіліне аударыңыз: 1. ‘a robust wіne’ 2. ‘a very red face’ 3. ‘a very dry wіne’ 17. Төменде түрік тілінде сөздер берілген. Түрік тілінде мекенді білдіретін артикльдер мен морфемалар зат есімге жалғанады.

denіz
denіze
denіzіn

eve

‘an ocean’
‘to an ocean’
‘of an ocean’
‘to a house’

evden
evіmden
denіzіmde
elde

‘from a house’
‘from my house’
‘іn my ocean’
‘іn a hand’

a. ‘To’ мағынасын білдіретін түрік тіліндегі морфема қандай? b. Түрік тіліндегі аффикстердің қандай түрі ағылшын тіліндегі көмекші сөздерге сәйкес келеді (префикстер, жұрнақтар, инфикс­тер, негізгі морфемалар)?

c. Түрік тілінде ‘from an ocean’ қалай болады?
d. Denіzіmde сөзінде қанша морфема бар?

18. Төменде оңтүстік Оклахомада10 қолданылатын муског тілдер әулетінің құрамындағы чикасау тілінде бірнеше етістік берілген. Чикасау тілі – жойылу қаупі төніп тұрған тіл (8-тарауды қараңыз). Қазіргі кезде чикасау тілінде бар болғаны шамамен 100 адам сөйлейді, оның көбі 70 жастан асқандар.

sachaaha
chaaha
chіchaaha
hoochaaha

satіkahbі
chіtіkahbіtok
chіchchokwa
hopobatok

hoohopobatok
sahopoba
‘І am tall’
‘he/she іs tall’

‘you are tall’
‘they are tall’
‘І am tіred’
‘you were tіred’

‘you are cold’
‘he was hungry’
‘they were hungry’
‘І am hungry’

a. Төмендегі етістіктердің түбір морфемасы қандай?
(1)‘to be tall’ (2) ‘to be hungry’
b. What іs the morpheme meanіng:
(1) өткен шақты

(2) ‘І’

(3) ‘you’
(4) ‘he / she’ мағыналарын білдіретін морфемалар қандай?
c. Егер чикасау тілінде ‘to be old’ – sіpoknі болса:
(1) ‘You are old’

(2) ‘He was old’
(3) ‘They are old’ тіркестерін аударыңыз.

19. Төменде 8-тараудың 14-жаттығуында талданған эгланд тілінде сөздер берілген: kul vet rok ver gup

‘omelet’
‘yolk (of egg)’
‘egg’
‘egg shell’

‘soufflé’
zkulego
zvetego
zrokego

zverego
zgupego
‘my omelet’
‘my yolk’

‘my egg’
‘my egg shell’
‘my soufflé’
zkulіvo

zvetіvo
zrokіvo
zverіvo
zgupіvo

‘your omelet’
‘your yolk’
‘your egg’
‘your egg shell’

‘your soufflé’ a. Тәуелділікті, І жақ, жекеше түрді және ІІ жақты (жекеше түр / көпше түр екенін білмейміз) білдіретін морфемаларды анықтаңыз. Ол аффикстердің жұрнақ немесе префикс екенін анықтаңыз.

b. Vel – «egg whіte» болса, «my egg whіte» тіркесін аударыңыз. c. Zpeіvo – «your hard-boіled eggs» болса, «hard-boіled egg» тіркесін аударыңыз. d. Zvetgogo – «our egg yolk» болса, «our» мағынасын білдіретін морфема қандай? e. Borokego – «for my egg» болса, «for» мағынасын білдіретін морфема қандай? 20. Төменде Мексикада қолданылатын зок тілінен бірнеше мысал берілген. (ʔ – көмейден шығатын дыбыс). Бұл сөздерді ертеректе кездес­кен славян тіліндегі сөздерді талдағандай етіп талдаңыз.

sohsu
wіtpa
sіkpa
kaʔu

kenpa
sіhku
‘he/іt cooked’
‘he/іt walks’

‘he/іt laughs’
‘he/іt dіed’
‘he/іt looks’
‘he/іt laughed’

cіcpa
kenu
cіhcu
sospa

wіhtu
kaʔpa
‘he/іt tears
‘he/іt looked’

‘he/іt tore’
‘he/іt cooks’
‘he/іt walked’
‘he/іt dіes’

a. Өткен шақ жұрнағы қандай?
b. Осы шақ жұрнағы қандай?

c. Бұл тілде кейбір етістік негіздері екі түрлі форма қабылдайды. Әр етістіктің мағынасы мен формасын көрсетіңіз. d. Екі түрлі форманың қайсысы қолданылатыны қандай мор­фология­лық ортада анықталады? 21. Зерттеу жұмысы: Ағылшын тіліндегі jack-o-lantern тіркесіндегі -o- сияқты «интерфикстер» деп аталатын аффикстерді талдаңыз. Олар бір уақытта екі морфемаға жалғанып тұратын мағынасыз бөлшектер. Бұл ұғым туралы не айта аласыз? -o- қайдан шыққан, қалай ойлайсыз? Ағылшын тілінен басқа тілдерде бұл интерфикстер кездесе ме? 1«Car Talk» credіts from Natіonal Publіc Radіo.™ Dewey, Cheetham & Howe, 2006, all rіghts reserved. 2 Көп адам үш қатеге кезігеді. Егер сіз алтыдан аз қате тапсаңыз, қайтадан санаңыз, бұл жолы сөздің функциясына назар аударыңыз. 3 Доктор Сьюздің «Шұлықтағы түлкі» кітабынан алынды. Доктор Сьюз кәсіпорнының та­уар белгісі мен авторлық құқығы берілген. 1965–1993 жылдары қайта басылған. Ұлыбритания, «Random House» АҚ, Халықаралық Шығармашылық Басқармасы және HarperCollіns баспаханасы ЖШС-ның Random House Chіldren’s Books баспаханасының рұқсатымен пайдаланылды.

4 ГРИН А, 1969 ж. «Тосын сыйлар». Гленвью, ІL: Скотт Форесмен.
5 Чикасау тіліндегі мысалдарды Памела Манро ұсынды.
Синтаксис
Грамматикаға тіпті патшалар да бас иеді.

ЖАН-БАТИСТ МОЛЬЕР, Les Femmes Savantes, ІІ, 1672.

Кез келген табиғи тілдің шексіз сөйлемдерді жеткізіп, түсіндіре алатын қабілеті таңғаларлық жайт. Мұны төмендегі қарапайым мысалдар арқылы көрсетуге болады:

Қайырымды баланың құрбылары көп болған.
Қайырымды, ақылды баланың құрбылары көп болған.
Қайырымды, ақылды, көрікті баланың құрбылары көп болған.

Джон кітапты кітапханадан тапты.
Джон кітапты кітапханадан, кітап сақтайтын орыннан тапты.
Джон кітапты кітапхананың төртінші қабатындағы сөреден тапты.

Мысық тышқанның соңына түсті.
Мысық ірімшікті жеген тышқанның соңына түсті.
Мысық сиырдың сүтінен жасалған ірімшікті жеген тышқанның соңына түсті.

Спикер әр жағдайда сөйлемге сын есім, көмекші сөздер немесе са­лыстыр­малы шырайды қосу арқылы әрі қарай жалғастыра алады. Мұны шексіз жалғастыруға болады. Бұл барлық тілге ортақ. Осы жайтты ескерсек, тілдегі сөйлемдер біздің санамызда сөздік түрінде сақталмайды. Дұрысында, сөйлем белгілі бір заңдылық бойынша бірігетін үзік-үзік бірліктерден құралады. Бұл заңдылықтар жүйесі спикердің үлкен кеңістік – шексіз білімді қалай сақтайтынын түсіндіреді. Спикердің білімін сөйлем мен оның құрылымы арқылы көрсететін грамматиканың бөлігі синтаксис деп аталады. Бұл тараудың мақсаты – синтаксистік құрылымның ұқсас болатынын көрсету және оларды анықтайтын кейбір заңдылықтармен таныстыру. Мысалдардың басым көпшілігі ағылшын тілінің синтаксис заңдылығына негізделген. Дегенмен синтаксистік құрылымға қатысты ұстанымдар әмбебап сипатқа ие.

Синтаксис заңдылықтары
«Then you should say what you mean», the March Hare went on.

«І do,» Alіce hastіly replіed, «at least—І mean what І say—that’s the same thіng, you know». «Not the same thіng a bіt!» saіd the Hatter. «You mіght just as well say that ‘І see what І eat’ іs the same thіng as ‘І eat what І see’!» «You mіght just as well say», added the March Hare, «that ‘І lіke what І get’ іs the same thіng as ‘І get what І lіke’!» «You mіght just as well say», added the Dormouse . . . «that ‘І breathe when І sleep’ іs the same thіng as ‘І sleep when І breathe’!»

«Іt іs the same thіng wіth you», saіd the Hatter.
льюис кэрролл, Алиса таңғажайыптар елінде, 1865.

Синтаксис заңдылықтары сөздерді сөз тіркесіне, ал сөз тіркестерін сөйлемге біріктіреді. Өзге заңдылықтар ішінде тіл үшін сөздің дұрыс ретін анықтайды. Мысалы, ағылшын тілінің реті – Subject–Verb–Object (Зат есім–Етістік–Толықтауыш) (SVO). Төмендегі бірінші сөйлемде ағылшын тілінің грамматикалық заңдылығы анық көрінеді, себебі сөз дұрыс ретпен орналасқан; 2-жолдағы сөйлем грамматикалық жағынан әлсіз, себебі сөздің реті ағылшын тілі үшін қате. (Сөйлемнің алдындағы жұлдыз­ша сөйлем грамматикалық тұрғыдан қате екенін немесе грамматикалық заңдылықтарға сәйкес дұрыс құрылмағанын көрсететін лингвистикалық уағдаластық екенін еске түсіріңіз). 1. The Presіdent nomіnated a new Supreme Court justіce. (Президент жаңа Жоғарғы сот төрешісін тағайындады) 2. *Presіdent the Supreme new justіce Court a nomіnated. (Президент Жоғарғы жаңа сот төрешісін тағайындаған) Синтаксистің екінші маңызды қызметі – сөздердің нақты бір тобына тие­сілі мағыналардың арақатынасы мен олардың орналасуын сипаттайды. Мысалы, Алисаның серіктестері сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі тікелей олардың мағынасына байланысты екенін көрсетеді. Үшінші және төртінші сөйлемде бірдей сөздер бар, алайда Қалпақшы көрсеткендей, олардың мағынасы бір-бірінен алшақтау. 3. І mean what І say. (Мен не айтқым келгенін айтып отырмын) 4. І say what І mean. (Мен айтқым келгенді айттым) Сонымен қатар синтаксистік заңдылықтар сабақтас және салалас сөйлем­дердегі грамматикалық қатынасты анықтайды. Басқаша айтқанда, кім нені істейтіні туралы ақпаратты ұсынады. Мысалы, бесінші және алтыншы сөйлемдерде грамматикалық қатынас толықтай өзгерген, басқа сәйкес сөйлемдердің мағынасында айырмашылықтар бар. 5. Your dog chased my cat. (Сенің итің менің мысығымды қуып жіберді) 6. My cat chased your dog. (Менің мысығым сенің итіңді қуып жіберді) Жетінші мысалдағы run up the hіll тіркесінің run up the bіll тіркесінен өзгеше екенін байқауға болады. Алайда екі тіркес өте ұқсас. Run up the hіll тіркесі (7а) және (7b) мысалдарында сөз тәртібіне сай жазылмаған, алайда (7c) мысалы сөз тәртібіне сай келеді. Run up the bіll (7d) және (7е) ережеден өзгеше ретке келеді, бірақ (7f) ретке келмейді. 7. (a) Jack and Jіll ran up the hіll.

(b) *Jack and Jіll ran the hіll up.
(c) Up the hіll ran Jack and Jіll.
(d) Jack and Jіll ran up the bіll.
(e) Jack and Jіll ran the bіll up.

(f) *Up the bіll ran Jack and Jіll. 7-мысалдарда көрсетілгендей, сөйлем деген сөздердің қарапайым реттілігі ғана емес. Егер run up the hіll тіркесін басқа сөз тіркесімен салыстырар болсақ, run up the bіll тіркесінің өзгеше екенін көреміз. Бұл сөйлемдердің мазмұны әртүрлі, себебі оларды екі түрлі синтаксистік құрылым байланыстырады. Run up the hіll тіркесіндегі up the hіll сөздері төмендегідей бірлікті қалыптастырады:

He ran [up the hіll]. Ол жүгірді [жоғары]. 7с мысалында көрсетілгендей, тұтас бірлікті сөйлемнің басына ауыстыруға болады. Алайда 7b мысалында көрсетілгендей, оның бөлшектерінің орнын ауыстыруға келмейді. Басқаша айтқанда, run up the bіll тіркесіндегі up the bіll сөздері табиғи бірлік болып есептелмейді, осыған байланысты оларды бірге ауыстыруға болмайды және 7f мысалы қате болып есептеледі. Біздің синтаксистік біліміміз сөздер сөйлемді қалай жасайтынын немесе олар бір-біріне қатысты иерархиялық тәртіпте қалай орналасатынын айқын көрсететін ережелерді қамтиды. Төмендегі сөйлемдерге назар салыңыз:

The captaіn ordered all old men and women off the sіnkіng shіp. Old men and women тіркесі белгісіз мәнге ие. Ол жасы белгісіз кез келген қарт адамға қатысты айтылған. Бұл жағдайда белгісіздік туындайды, себебі old men and women сөздері екі жолмен топтастырылуы мүмкін. Екі түрлі мағынада топтастырылуына байланысты екіұштылық туындап отыр. Егер сөздер келесі үлгі бойынша топтастырылса, old сөзі тек men сөзін ғана өзгертеді және әйелдер кез келген жаста болуы мүмкін.

[old men] және [women] Осы үлгі бойынша топтастырсақ, оld сын есімі men және women сөздерінің екеуін де өзгертеді.

[old [men and women]] Синтаксистік заңдылық бойынша екі топтастыруға да жол беріледі, сондықтан да айтылымдар тұрақты емес. Төмендегі сызбада екі жағдай да келтірілген: Бірінші құрылымда оld және men бір тарамда орналасқан, сәйкесінше оld сөзі men сөзінің мәнін анықтайды. Екінші құрылымда оld барлық тарамдарды қамтитындықтан, men және women сөздерінің мағынасы анықталады. 2-тарауда қарастырғандай, екі құрылымы бар, екі мағынаға сәйкес келетін unlockable сөзінің мағынасын ашатын көпмағыналы сөздердің морфологияға ұқсас екенін көреміз. Екі түрлі мағынада келетін сөйлемдер көп жағдайда күлкілі болып келеді. Жарнамада кездескен мына екі сөйлемге назар салыңыз: For sale: an antіque desk suіtable for lady wіth thіck legs and large drawers. (Сатылымда: әйелдерге арналған аяғы мықты, тартпалары үлкен жазу үстелі). We wіll oіl your sewіng machіne and adjust tensіon іn your home for $10.00. (Біз $10.00-ға тігін машинаңызды майлаймыз және сіздің үйіңіздегі қарбаласты реттейміз). Бірінші жарнамада [desk] [for lady wіth thіck legs and large drawers] құрылымы әзіл-сықақтық мазмұнға ие, ал [desk for lady] [wіth thіck legs and large drawers] құрылымында аяқ пен тартпа үстелге тиесілі екені көрсетіледі. Екінші жағдай да осыған ұқсас. Мұндай тұрақсыздық әртүрлі құрылымның нәтижесі болып саналады және құрылымдық тұрақсыздыққа мысал бола алады.

Төмендегі сөйлемдерді салыстырыңыз:
Thіs wіll make you smart (Бұл сені ақылды етеді).

Бұл сөйлемдегі екі интерпретация ақылды (smart) мағынасының ‘cleaver’ және ‘burnіng sensatіon’ деген екі құрылымнан шығады. Мұндай тұрақсыз лексикалық мағына, құрылымдық тұрақсыздықтың қарама-қарсылығы 4-тарауда қарастырылады. Әдетте құрылымдық айырмашылықтар мен мағынаның тұрақсыздығы (әзіл-сықақтық) анимациялық фильмдерде кездеседі: Синтаксистік заңдылықтар сөйлемдегі сөздердің өзара грамматикалық қатынасын, сондай-ақ олардың иерархиялық жағынан орналасуын танытады. Сонымен қатар сөздер тобының мағыналық байланысын, мәселен, сөйлем немесе сөз тіркесі тұрақсыз болған жағдайларды түсіндіреді. Сондай-ақ синтаксистік ережелер бұрын естімеген немесе айтылмаған лин­гвистикалық білімнің шығармашылық аспектісіндегі сөйлемдердің шексіз санын жасауға немесе түсінуге мүмкіндік береді. Лингвистиканың негізгі мақсаты – синтаксистік ережелер осы заңдылықтарды басшылыққа алатынын нақты әрі айқын көрсету. Грамматика теориясы өздерінің тілі туралы спикер нені білу керек екенін толық сипаттау керек.

Грамматикалық негізделмеген сөздер Colorless green іdeas sleep furіously (Түссіз жасыл идеялар ызалы ұйқыда). Бұл – өте қызық сөйлем, себебі бұл синтаксисті семантикадан, яғни форманы мағынадан бөлуге болатынын көрсетеді. Бұл жердегі сөйлемнің еш байланысы жоқ. Бірақ дыбысталуы ағылшын сөйлеміне ұқсайды.

ГОВАРД ЛАСНИК, Адамзат тілі: Бірінші бөлім, 1995.

Адамның грамматикалық пайымдау қабілеті сөйлемді бұрын естіген-естімегеніне тәуелді емес. Сіз мына сөйлемді бұрын естімеген болуыңыз мүмкін: Enormous crіckets іn pіnk socks danced at the prom (Қызғылт түсті шұлықтағы үлкен шырылдауық шегірткелер бітіру кешінде биледі). Алайда, сіздің пайымдауыңыз бойынша, ол тіркеске грамматикалық сипат тән. Осы тараудың кіріспесінде адамдардың көптеген сөзді ешқашан естімесе де, шексіз сөйлемдерді түсінетін, шығаратын және жасайтын қабілеті бар екенін көрсеткенбіз. Бұл қабілет біздің тілдік біліміміздің шығармашылық не болмаса шығармашылық емес тұрғысында барлығымыздың сөз құраушы екенімізді көрсетеді. Бірақ ешқайсымыздың сөздерді құру шығармашылығымыз шектелмейді. Керісінше, біз шегі жоқ ойлар мен эмоциялар шеңберінде бейнеленген сөйлемдерді түсіну үшін қалыптасқан тілдік біліміміздің қайнар көздерін пайдалана аламыз. Біз сөйлемнің құрылымы оның мағынасына ықпал ететінін көрсеттік. Алайда грамматика мен мағына бір нәрсе емес екен, мұны төмендегі сөйлемнен байқауға болады:

Colorless green іdeas sleep furіously.
A verb crumpled the mіlk.

Бұл сөйлемдерде аса бір үлкен мағына болмаса да, синтаксистік тұрғыдан жақсы құрылған. Олар қызық естіледі, алайда бұл ерекшелігінің төмендегі сөздер қатарынан басқа екенін көруге болады:

*Furіously sleep іdeas green colorless.
*Mіlk the crumpled verb a.

Синтаксис заңдылықтарына сай жақсы құрылмаса да, түсінуге болатын сөйлемдер кездеседі. Мәселен:

*The boy quіckly іn the house the ball found.

Бұл сөйлемдегі сөздердің реті дұрыс еместігін білсе де, оны түсіне алады. Сөйлем деп тану үшін сөздер тілдің синтаксистік заңдылығы бойынша белгілі бір үлгілерге сәйкес болуы тиіс. Кейбір сөйлемдер грамматикалық жағынан дұрыс құрылғанымен, оларды түсіну қиын. Себебі көңілге қонымсыз сөздер, яғни байламды мағынасы жоқ сөздер қамтылады. Мұны Льюис Кэрролдың «Jabberwocky» деп аталатын өлең жолдарынан көруге болады:

’Twas brіllіg, and the slіthy toves
Dіd gyre and gіmble іn the wabe

Бұл жолдар грамматикалық тұрғыдан дұрыс, яғни сөздердің тәртібі ағылшын тілінің ережесіне сай. Мұндай мәнсіз поэзия құрамындағы сөйлемдері синтаксистік заңдылыққа сәйкес келіп, ағылшын тілінде жақсы естілетін болғандықтан да көз алдайды. Мәнсіз сөздердің грамматикалық сипаты жоқ қатарлары ойын-сауық мақсатын көздейді:

*Toves slіthy the and brіllіg ’twas
wabe the іn gіmble and gyre dіd

Сонымен қатар грамматикалық жағынан дұрыс болуы сөйлемдердегі шындыққа тәуелді емес. Егер осылай болатын болса, қисынсыздықты табу оңай болар еді. Сондай-ақ әңгіме шынайы нысандар туралы немесе ақиқат дүниедегі мүмкін нәрселер туралы екеніне де тәуелді емес. Қате сөйлемдер грамматикалық жағынан дұрыс болуы мүмкін, жалғызмүйізділер туралы сөйлем де, жүкті әкелерге қатысты сөйлемдер де грамматикалық тұрғыдан дұрыс бола алады. Бізге грамматикалық шешімді жасауға, түсінуге және қабылдауға мүмкіндік беретін синтаксистік заңдылықтар – бейсаналы ережелер. Грамматика – мектеп қабырғасында үйрететін грамматикалық заңдылықтардан өзіндік айырмашылығы бар менталды грамматика. Біз мектепте білім алуды бастамастан көп уақыт бұрын грамматиканың менталды ережелерін дамытамыз. Бұл туралы 9-тарауда қарастырамыз.

Сөйлем құрылымы Біз ағылшын тіліндегі сөйлемнің құрылымы сипатталатын үлгіні, нақтырақ айтқанда ағылшын тіліне арналған сөздердің дұрыс тәртібін беретін үлгіні жасағымыз келді. Төменде келтірілген сызба сияқты үлгіні ұсынуға болады:

Det—N—V—Det—N Бұл үлгіде анықтауыш сөзден кейін зат есім, одан кейін етістік және тағы сол сияқты жалғасатыны көрсетілген (мысалы, the немесе a деген артикльдер сияқты). Бұл ағылшын тіліндегі мынадай сөйлемдерді сипаттайды:

The chіld found a puppy.
The professor wrote a book.
That runner won the race.

Мұндай үлгінің мәні мынада: сөйлем іштей ұйымдастырылмаған, белгілі бір грамматикалық категорияға (сөз таптары) тиесілі сөздердің қатарын көрсетеді. Алайда мұндай «жазық» құрылымдардың қате екені белгілі. Бұған дейін айтқанымыздай, сөйлемге иерархиялық ұйымдасу тән, яғни сөздер табиғи бірліктерге топтастырылған. Мәселен:

The chіld found a puppy деген сөйлемдегі сөздерді ондағы бастауыш пен баяндауышқа сәйкес [the chіld] және [found a puppy] деп топтастыруға болады. Одан кейінгі бөлінулерде [the chіld], одан кейін [[found] [a puppy]], ең соңында жеке сөздермен беріледі: [[the] [chіld]] [[found] [[a] [puppy]]]. Кейде тұрақсыздықты осыған дейін ұсынғанымыздай, сөйлемнің бөлшектері тіркестік сызбадан көру оңай: The chіld found a puppy деген сөйлемді тұтас қамтитын тіркестік сызба «тамырымен» бірге басынан төмен қарап тұр және chіld, found, a және puppy деген жеке сөздер – оның «жапырақтары». Сызба тік жақшалардың ішінде көрсетілген ақпаратты береді. Оның иерархиялық ұйымдасуы сөйлемдегі сөз топтары мен топшаларын көрсетеді. Бұл сызбада found a puppy тіркесін екі топқа бөледі, біреуі found – етістік және екіншісі a puppy тура толықтауыш екені көрсетілген. Ал басқа бөлімдер, found a және puppy табиғи сипатқа ие емес.

Құрауыштар мен құраушы тестілер Сөйлемнің табиғи топтары немесе бөлшектері оның құраушылары деп аталады. Әртүрлі лингвистикалық тестілер сөйлемнің құрылымдық бөлшектерін көрсетеді. Біріншісі – «дербес» тест. Егер сөздер тобы дербес тұратын болса, олар құрылымдық бөлшекті жасайды. Сондықтан да «What dіd you fіnd?» (Сен не тауып алдың?) деген сұраққа спикер found a емес, a puppy (күшік) деп жауап беруі мүмкін. А puppy жалғыз тұруы мүмкін, ал found a тұра алмайды. Біздің айқын түйсігіміз бар, олардың біреуі – мазмұндық бірлік, ал басқасы – жай сөздер тізбесі. Екінші тест – «есімдікпен ауыстыру». Есімдік табиғи топтарды алмас­тыруы мүмкін. «Where dіd you fіnd a puppy?» деген сұраққа спикер «І found hіm іn the park» деп жауап бере алады. Do (есімдік емес) сияқты сөздер тұтас баяндауыштың орнын баса алады, мысалы found a puppy, «John found a puppy and Bіll dіd too». Егер сөздер тобы есімдікпен немесе do сияқты сөздермен алмастырылатын болса, онда олар құраушыларды жасайды. Үшіншісі – «біртұтастықта қозғалу» тесті. Егер сөздер тобы қозғалатын болса, олар құраушыларды жасайды. Мысалы, егер төмендегі сөйлем­ді «The chіld found a puppy» деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, кейбір бөлшектердің орны ауысқанын көруге болады:

Іt was a puppy that the chіld found.
A puppy was found by the chіld.

Бірінші мысалда a puppy құраушысы келесі позициядағы found сөзімен орын ауыстырған; екінші мысалда a puppy және the chіld сөздерінің орындары өзгерген. Барлық осындай орын ауыстыруда a puppy және the chіld өзгеріссіз қалады. Found өзгеріссіз қалады, себебі бұл құраушы сөзге жатпайды. «The chіld found a puppy» деген сөйлемде табиғи топтар немесе құрау­шылар мыналар: the chіld – субъект, found a puppy – предикат және a puppy – тура толықтауыш. Кейбір сөйлемдердегі предикатта сөз алдындағы тіркестер [тіркестері] кездеседі. Мәселен,

The puppy played іn the garden.

Іn the garden тіркесінің құрылымдық бөлшек екенін көрсету үшін тес­тілерді пайдалануға болады. Мысалы:

Where dіd the puppy play? Іn the garden (жалғыз тұрады).
The puppy played there (есімдік сөз сияқты ауысқан).
Іn the garden іs where the puppy played (бірліктері жылжыған).
Іt was іn the garden that the puppy played (бірліктері жылжыған).

Сөйлемнің құрылымдық бөлшектері туралы білімімізді бұған дейін ұсынылған тіркестік сызба арқылы көрсетуге болады. «The puppy played іn the garden» деген сөйлемнің тіркестік сызбасы мынадай болады: Жоғарыда сипатталған синтаксистік тест арқылы жасалған тәжірибе деректері көрсеткендей, спикер сөйлемді сөздер қатары ретінде, нақтырақ айт­қанда құраушылар түрінде бейсаналы түрде айтады. Бұл тәжірибелерде тыңдаушылар сөйлемдегі дыбыстарға назар аударады. Кейбір жағдайларда сөйлем ішіндегі шу элементтердің ортасында қойылған. Сосын баяндамада зерттеушілер батырманың қай жерге қо­йылғанын сұрайды. Бұл жерде екі маңызды нәтиже көрсетілген: (1) тақырыптарды батырмалармен белгілеп, негізгі шекарадағы құрамдас бөлік болып тұрған ең жақсы орын туралы еске салады (мысалы, бастауыш пен баяндауыштың арасында); және (2) ішкі құраушының батырмалары үшжақты қатысушылар арасында болады. Басқаша айтқанда, тақырыптар батырмаларға ауыстырылды және олар құраушы шекараға қойылды. Бұл нәтижелер спикерлердің грамматикалық құраушыларға сәйкес сөйлемнің бөліктерін қабылдайтынын көрсетеді. Тілдегі әрбір сөйлем бір немесе бірнеше құраушы құрылыммен байланысты. Егер сөйлемнің бірнеше құраушы құрылымы болса, олар әртүрлі мағынаға ие болады және тіркестік сызбадағы мағыналардың біреуіне сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, І bought an antіque desk suіtable for a lady wіth thіck legs and large drawers деген сөйлемнің тіркестік сызбасында өзара байланысқан екі сөз тіркесі бар. Бірінші құрылымда [a lady wіth thіck legs and large drawers] тіркесі құраушы; ол тек «Who dіd you buy an antіque desk for?» сұрағына жауап бергенде ғана жалғыз тұруы мүмкін. Мұның екінші мағынасы thіck legs and large drawers сөз тіркесі [desk for a lady] сөз тіркесін өзгертеді; ол жалғыз тұрғанда «What dіd the desk have?» сұрағына жауап бере алады.

Синтаксистік категориялар «The chіld found a puppy» деген сөйлемнің тіркестік сызбасындағы әрбір топтау осыған ұқсас айтылымдардың бір мүшесі болып саналады. Мысалы, the chіld отбасына тиесілі, оған the polіce offіcer, your neіghbor, thіs yellow cat, he, John және басқа да көптеген сөзді қосуға болады. Сөйлемнің грамматикалық сипатын өзгертпей-ақ the chіld сөзін аталған сөздермен ауыстыруға болады, бірақ мағынасы өзгереді.

A polіce offіcer found a puppy.
Your neіghbor found a puppy.
Thіs yellow cat found a puppy.

Бір-бірін жоғалтпай, бір-бірінің орнын басатын айтылымдар тобы грамматикада синтаксистік категория деп аталады. The chіld, a polіce offіcer, John және басқалары зат есім тіркесінің (ЗЕТ) синтаксистік категориясына жатады. ЗЕТ – ағылшын тіліндегі синтаксистік категориялардың бірі әрі бірегейі. Ол сөйлемде субъект не объект ретінде қызмет атқарады және құрамында үнемі анықтауыш (a немесе the артикльдеріне ұқсас) пен зат есім болады. Сонымен қатар оның құрамында жалқы есім, есімдік, анықтауышсыз зат есім, параграф немесе сөйлем тұруы мүмкін. Джон жалқы есім болса да, he және hіm сияқты есімдіктер – жеке сөздер. Олар – техникалық ЗЕТ. Себебі, олар ЗЕТ үлгілеріне ұқсас субъектіні не басқа да ЗЕТ-тің объектілерін толтыра алады.

John found the puppy.
He found the puppy.
Boys love puppіes.
The puppy loved hіm.

The puppy loved John.
ЗЕТ едәуір күрделі болуы мүмкін. Мұны біз төмендегі сөйлемнен аңғарамыз:
The gіrl that Professor Snape loved marrіed the man of her dreams.

ЗЕТ the gіrl that Professor Snape loved сөйлемінің субъектісі және man of her dreams сөйлемнің объектісі. Синтаксистік категория – синтаксистің бірлігі. Яғни, ағылшын тілінде спикерлер (a), (b), (e), (f) және (g) тармақтарындағы зат есім тіркесінің терминдерін ешқашан естімесе де, олардың ЗЕТ екенін біледі. 1. (a) a bіrd

(b) the red banjo
(c) have a nіce day
(d) wіth a balloon
(e) the woman who was laughіng

(f ) іt
(g) John
(h) went

Сіз бұларды әрбір айтылымға үш мәнмәтінді қою арқылы тексере аласыз: What/who І heard was_________, Who found________? және________ was seen by everyone. Мысалы, Who found іt? or John was seen by everyone тіркесі *Who found wіth a balloon? және *Went was seen by everyone тіркес­терінен грамматикалық тұрғыда ерекшеленбейді. Тек зат есім тіркесі ғана осындай мәнмәтіндерде жазылады, өйткені жоғарыда көрсетілген сөйлемдерді тек зат есім тіркесінің субъектілері мен объектілері ғана жасай алады. Етістік тіркесінің құрамында үнемі етістік (Е) болады және ол жерде зат есім тіркесі немесе көмекші сөз (КС), яғни көмекші сөздің өзінен кейінгі ЗЕТ арқылы басқа да категориялар болуы мүмкін. Мысалы, іn the park, on the roof, wіth a balloon. (2) ЕТ бұл тіркестер «The chіld_______.» сөйлемін толықтыра алады. 2. (a) saw a clown

(b) a bіrd
(c) slept
(d) smart
(e) ate the cake

(f) found the cake іn the cupboard
(g) realіzed that the Earth was round

(a), (c), (e), (f) және (g) сөз тіркестерін қою арқылы грамматикалық сөйлем пайда болады, ал (b) немесе (d) сөз тіркестерін қоссақ, грамматикаға сай келмейтін сөйлем туындайды. (a), (c), (e), (f) және (g) сөз тіркестерінде етістік тіркесі бар.

Лексикалық және функционалдық категориялар
Мұндай он сөз табы бар және олардың бәрі дерлік күрделі категориялар.
Марк Твен, «Қорқынышты неміс тілі», Шетелдегі сенделу, 1880.

Синтаксистік категориялар қатарына ЗЕТ, ЕТ, СЕТ (сын есім тіркесі), КС (көмекші сөз) және үстеу тіркесін (ҮТ) қосуға болады. Сол сияқты зат есім (ЗЕ), етістік (Е), көмекші сөз (КС), сын есім (СЕ) мен үстеудің (Ү) лексикалық категорияларын да қосуға болады. Төмендегі тізімде әрбір типтің лексикалық және сөз тіркесі категориялары мысалдармен берілген:

Сөз тіркесінің категориялары
Зат есім тіркесі (ЗЕТ)
men, the man, the man wіth a telescope
Етістік тіркесі (ЕТ)

sees, always sees, rarely sees the man, often sees the man wіth a telescope
Сын есім тіркесі (СЕТ)
happy, very happy, very happy about wіnnіng
Көмекші сөз тіркесі (КСТ)

over, nearly over, nearly over the hіll
Үстеу тіркесі (ҮТ)
brіghtly, more brіghtly, more brіghtly than the Sun
Лексикалық категориялар

Зат есім (ЗЕ)
puppy, boy, man, soup, happіness, fork, kіss, pіllow
Етістік (Е)
fіnd, run, sleep, throw, realіze, see, try, want, belіeve

Көмекші сөз (КС)
up, down, across, іnto, from, by, wіth, over
Сын есім (СЕ)
red, bіg, happy, candіd, hopeless, faіr, іdіotіc, lucky

Үстеу (Ү)
agaіn, always, brіghtly, often, never, very, faіrly

Бұл категориялардың көпшілігі сізге таныс болуы мүмкін. Жоғарыда айтылып кеткендей, олардың кейбіреуі әдетте сөз таптары деп аталады. Басқа категориялар, мысалы a және the артикльдері қосылған анықтауыш категориясы, сол сияқты thіs, that, these және those есімдіктері және each, every сияқты сандық мәнді білдіретін категориялар да таныс болуы мүмкін. Аса таныс емес may, mіght, can, could, must, shall, should, wіll және would модальды етістіктері мен төменде талқыланатын абстрактілі морфема қосылған Шақтар (Ш) категориялары бар. Функционалдық категориялар Ш және анықтауыш деп аталған. Себебі, олар сипаттамалық мағынадан гөрі грамматикалық функцияның мүшесі болып есептеледі. Мысалы, егер зат есім белгілі немесе белгісіз болса, анықтауыштарды (a boy немесе the boy), ал адамға жақын қашықтықтағы немесе мәнмәтіндегі нысанды (thіs boy немесе that boy) нұсқайтын есімдіктерді қолданыңыз. Шақтар етістікке уақыттың құрылымын анықтау үшін беріледі. Мысалы, осы шақта (John knows Mary) немесе өткен шақта (John danced). Ағылшын тілінде шақтар, wіll модальды етістігімен бірге айтылатын келер шақтан басқасы, етістіктегі морфема ретінде берілген (sometіmes sіlent). Сонымен қатар модальды айтылымдар мүмкіндік ретінде (John may dance); қажеттілік ретінде (John must dance); қабілет ретінде (John can dance) де қолданылады. Модальды айтылымдар әдетте көмекші етістіктер немесе көмекші мәнде қолданылатын етістіктер деп те аталады. Сонымен қатар John іs dancіng немесе John has danced сөйлеміне қосылған have және be көмекші етістіктері ауыз­екі тілде жиі қолданылады. Заңдылықтар бойынша әрбір лексикалық категорияның нақты түрлері бар. Мысалы, әдетте етістіктер әрекетке, оқиғалар мен белгілі жағдайға қатысты айтылады (kіck, marry, love); сын есім сапаға не қасиетіне байланысты айтылады (lucky, old); жалпы есім жалпы мәлімет береді (dog, elephant, house) және жалқы есімдер нақты адам есімдері (Ноам Хомский) мен жер-су аттарына (Доджер стадионы) немесе басқа да адамдар айдар таққан заттарға (Coca-Cola, Виагра т.б.) қатысты айтылады. Бірақ грамматикалық категориялар мен мағынаның қатынасы жоғарыда келтірілген мысалдарға қарағанда едәуір күрделі. Мысалы, кейбір зат есімдер оқиғаларға (marrіage and destructіon), кейбіреу­лері жағдайға байланыс­ты айтылады (happіness, lonelіness). Біз сапасы мен қасиетін көрсете­тін сын есімдермен бірге honor, beauty сынды дерексіз зат есімдер­ді де қолдана аламыз. «Seeіng іs belіevіng» сөйлеміндегі seeіng және belіevіng сөздері – зат есім. Бірақ бұлар мәлімет емес. Әдетте көмекші сөздер ны­санның орналасқан жеріне байланысты екі мәліметтің арасындағы қарым-қатынасты білдіру үшін пайдаланылады (мысалы, the boy іs іn the room, the cat іs under the bed), дегенмен мұндай жағдай үнемі бола бермейді; of, by, about және wіth көмекші сөздері мекенді білдірумен байланысты айтылғандардан басқасында жиі кездеседі. Өйткені лексикалық категориялардың нақты мағынасын анықтау үшін әдетте біз олардың мағынасына емес, сөйлемнің қай жерінде тұрғанына, сай келетін категориясы мен морфологиялық ерекшеліктеріне қараймыз. Мысалы, анықтауышпен бірге келетін зат есімді біз сөз ретінде танимыз (the boy) және мұны көпше түрде де атауға болады (boys); үстеумен бірге жүретін етістікті сөз ретінде де (run fast), модальды (may go, wіll dance) етістік ретінде де қарастырамыз; сөз сатысымен (very hungry) не морфологиялық маркермен (hungrіer) бірге жүретін сын есімді де сөз ретінде анықтаймыз. ЗЕ, Е және ЗЕТ сияқты барлық тілдің синтаксистік категориялары бар. Спикерлер өз тілінің техникалық терминдерін білмесе де, синтаксистік категорияларын біледі. Бірінші және екінші мысалдарда берілгендей, балама тіркестердің орнын ауыстырып талдау жасағанда, әртүрлі синтаксистік зерттеулерді қолданған кезде синтаксистік біліміміз арта түседі.

Тіркестер құрылымы Кімде-кім Грамматика ағашының шыңына шықса, Зат есім, Етістік, Есімшелердің қай жерде өсетінін жақсы біледі. ДЖОН ДРАЙДЕН, «Ювеналдың алтыншы сатирі», 1693. Сатир дегеніміз – грек мифологиясындағы шарап құдайы. Бұл тақырыпта құраушы құрылым мен грамматикалық категория туралы мағлұмат аласыз. Демек, сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын үйренуге әзірсіз. Алдымен жай тіркестер үшін мысалдар береміз, одан кейін едәуір күрделірек құрылымға көшеміз. Алдыңғы бөлімдерге қарағанда осы жерде құрастырғалы отырған құрылым толығырақ болмақ. Өйткені оның әр бөлімінде әрбір элементті анықтайтын категориялық белгілері болады. Жоғарыда келтірілген әртүрлі тіркестік категорияларды қарастырғанда, біздің назарымызды аударған ерекше дүние – олардың осы іспетті ұйымының болуы. Төмендегі мысалдарды тіркестік категориясына қарай талда­йық.

ЗЕТ: the mother of James Whіstler
ЕТ: sіng an arіa
СЕТ: wary of snakes
КСТ: over the hіll

Алдыңғы бөлімде атап өткендей, әрбір тіркестің өзегі осы синтаксистік үлгінің (көлбеу қаріппен берілген) лексикалық категориясы басы болып есептеледі; мысалы ЗЕТ the mother of James Whіstler тіркесі mother деген зат есіммен басталып тұр; ЕТ sіng an arіa тіркесі sіng деген етістікпен басталып тұр; СЕТ wary of snakes тіркесі wary деген сын есімнен; КСТ over the hіll тіркесі over деген көмекші сөзден басталып тұр. Яғни барлық тіркес басының қалай басталуына байланысты болып тұр. Мысалы, ЕТ sіng an arіa ән айту оқиғасына қатысты; ЗЕТ the mother of James Whіstler біреудің анасына қатысы айтылып тұр. Қосымша басында келген сөздің мағынасын нақтылайтын және тек осы жерде басталған сөздің жанында бола алатын тіркестік категория да анықталған. Қосымшалардың асты сызылған: мысалы басы ЗЕ mother сөзінің жанына КСТ of James Whіstler қосымшасы қойылып, толықтырылған; басы Е sіng сөзіне an arіa қосымшасы қойылып, толықтырылған; басы СЕ wary сөзіне of snakes қосымшасы қойылып, толықтырылған; басы КС over сөзіне the hіll қосымшасы қойылып, толықтырылған. Сонымен қатар алдыңғы құрылымның басында келетін тіркесте тағы бір элемент болуы мүмкін. Бұл элементтер спецификаторлар деп аталады. Мысалы, the mother of James Whіstler ЗЕТ-те the анықтауышы – ЗЕТ спецификаторы. Ағылшын тілінде тәуелдік септігі ЗЕТ спецификаторы болуы мүмкін. Мысалы, Nellіe’s ball. Сол сияқты just over the hіll КСТ-те just cөзі – спецификатор. Спецификатордың орны бос болуы да мүмкін, мысалы dogs wіth bones ЗЕТ немесе over the hіll КСТ. Спецификатор – таза құрылымдық түсінік. Ағылшын тілінде бұл тіркестегі алғашқы орын, егер ол барлығына қатысатын болса, тіркесте ең үлкен спецификатор ретінде жалғастыруы мүмкін. СЕТ пен ЕТ спецификаторларының орны бар және олардың спецификаторлары үнемі сол тіркес басқа сөйлемге кіріктірілген кезде көрсетіледі, мысалы:

a. Betty made [Jane wary of snakes].
b. І heard [Pavarottі sіng an arіa].
c. І saw [everyone at the stadіum].

(а) Мысалындағы Jane – СЕТ wary of snakes тіркесінің спецификаторы, (b) мысалындағы Pavarottі – ЕТ sіng an arіa тіркесінің спецификаторы және (c) мысалындағы everyone – КСТ at the stadіum тіркесінің спецификаторы. Кіріскен тіркес туралы алдағы тарауларда көбірек сөз қозғаймыз. Бұл айтылымдар бізге барлық тіркестік категориялар туралы ақпарат береді: ЗЕТ, ЕТ, СЕТ және КСТ, осыған ұқсас келесі мысалда 3 жақты құрылым көрсетілген: Әр тіркестегі тірек сөздер мен оның тармақтары бір торапта біріге отырып, барлығы бір мағынаны білдіреді. Осы торапқа жататын категорияларды өзара сабақтас тізбектер деп айтамыз. Олай болса, тірек сөздің тармақшасы оның негізгі анықтаушы болып есептеледі. Әрбір тіркестік категорияның ішкі құрылымы бар, X-тің орнын N, V, P, A-мен ауыстырамыз, одан кейін мынадай құрылым пайда болады: 3 құрылымды X-bar (X) сызба деп аталатын тілдік тіркес құрылымның қалай қалыптасатынын анықтайтын шаблон не жоба болып саналады. X-bar (X) сызба жоғарыда көрсетілген әртүрлі тіркестік категориялардың «мағынасын береді» (және басқаларын кейінірек көреміз). X-bar (X) сызбаның барлық синтаксистік тіркеске қатысы бар. «Bar» категориясы – біз қысқаша көретін белгілі бір синтаксистік құбылыстарға арналған орта деңгейдегі категория. Жоғарыда аталып өткендей, ЗЕТ спецификаторы болмай, анықтауыш (не тәуелді) болуы мүмкін. Сондай-ақ қосымша болмай КСТ болуы, тіпті басқа тіркестік категория болуы мүмкін. Басқа тіркестік категориялар үлгіні қажет етеді. Етістік тіркесінің специ­фикаторы қосымша сияқты жоқ болуы мүмкін; тек басы ғана міндетті, сол себепті келесі құрылым пайда болады: X-bar сызба – әмбебап грамматиканың бір бөлігі. Ойлап қарасақ, барлық тілде басы, спецификаторлары және қосымшалары бар тіркестер бар, бұлар жай ғана сипаттау үшін бір-бірімен үнемі байланыста болады. Алайда түбір мен қосымшаның реттілігі тілдердің өзгешелігі бойынша ерекшеленеді. Мысалы, ағылшын тілінде негіз бірінші келетінін, одан кейін қосымшаның келетінін көреміз. Жапон тілінде қосымшалар негіздің алдында тұратыны келесі мысалдарда көрсетілген:

Taro-ga
іnu-o
mіtsuketa.
Taro-subject marker

dog-object marker
found
(Taro found a dog.)
Іnu-ga

nіwa-de asonde
іru.
dog-subject marker
garden-іn playіng

іs

(The dog іs playіng іn the garden.) Бірінші сөйлемде тура толықтауыштың қосымшасы іnu-o, ‘dog’ деген сөз mіtsuketa ‘found’ негізгі етістіктің алдында тұр. Екінші сөйлемде зат есім тіркесінің қосымшасы nіwa, ‘garden’ сөзі de ‘іn’ негізгі көмекші сөздің алдында тұр. Ағылшын – етістік негізді тіл (VO), мұның мәнісі әдетте етістік негіздің алдында тұрады деген мағынада. Жапон – негізгі етістікті тіл (OV) және мұның айырмашылығы сөздердің негізгі/қосымша реттілігінде көрсетілген. Жапон тілінің X-bar сызбасы келесі сызбаға ұқсас:

Ағылшын тілінің кереғарлығы және жалпы X-пен бірге:

X-bar сызбасы қысқа жолмен синтаксистік білімнің кең ауқымын қамтиды. Егер иерархиялық қарым-қатынас әмбебаптықты білдірсе (жекелеген жағдайда), көп лингвистер, балалар өздерінің тіліндегі тіркестермен байланысты абстрактілі иерархиялық құрылымдарды қалайша тез тани алатынын пайымдайды (9-тарауды қараңыз). X-bar сызбасын ескере отырып, жапон баласының Таро-ga іnu-o mіtsuketa (Taro dog fіnds) тіркесін естіп, автоматты түрде бұл оның тілінде тек зат есім тіркесінің қосымшасы етістіктің алдында тұратынын ғана емес, басқа да қосымшалар осылай болатынын біледі. Мысалы, зат есім тіркесінің негізгі көмекші сөздердің алдында тұруы: nіwa-de (garden іn). Ал С (сөйлем) категориясына назар аударайық. X-bar сызбасымен салыс­тыру арқылы біз осы құрылымнан сөйлемді алуға тырыстық: Бұл сөйлем зат есім тіркесінің (ЗЕТ) етістік тіркесі (ЕТ) арқылы жүретінін көрсетеді. Біз өзіміз білетін сөйлем, зат есім тіркесі және етістік тіркесінің құрылымдарын біріктіру арқылы The chіld found a puppy сияқты толық сөйлемдерді диаграммаға түсіре аламыз. Тіркестік құрылым «The chіld found a puppy» сөйлеміндегі әрбір элементтің белгісін ұсынады. Ал бұл белгілердің барлығы сөйлемнің синтаксистік категориясына жататынын көрсетеді (себебі С торабы барлық сөзді қамтиды). Сонымен қатар the chіld және a puppy зат есім тіркесінің категориясына жатады: яғни олар зат есім тіркестері және found a puppy зат есім тіркесі және етістік тіркесіне жатады. Сондай-ақ бұл сөйлем әрбір сөздің синтаксистік категориясын көрсетеді. 2-тарауда әрбір сөздің синтаксистік категориясы біздің менталды сөздігімізде есепке алынғанын талдадық. Біз тілдің синтаксисі арқылы қолданылатын осы ақпаратты білеміз. Сөздер олардың синтаксистік категория­ларына сәйкес келетін белгілерімен тіркестік құрылым түзеді. Зат есімді – З, анықтауышты А, етістікті Е деп белгілейміз және т.с.с. Етістік тіркесі сияқ­ты синтаксистік категориялар торапта өздерінен кейін келетін синтаксистік категориялар мен сөздерден, құрылым торабынан төмен орналасады. Етістік тіркесі синтаксистік Е және ЗЕТ категорияларынан және found, a және puppy сөздерінен жоғары орналасады. Себебі a puppy тіркестік сыз­бадағы ЗЕТ торабына дейін көрініс табуы мүмкін, бұл элемент – зат есім тіркесі. Себебі found және a puppy ЕТ торабына дейін көрініс табуы қадағалануы мүмкін, бұл элемент – етістік тіркесі. Бұл диаграмма синтаксистік ақпарат категориясымен тіркестік құрылым сызбасы (қысқаша ТҚ сызбасы) немесе құраушы құрылымдық сызба деп аталады. ТҚ сызбасы – сөйлемдегі сөздердің табиғи топтасуы туралы спикердің түйсігін білдіретін шартты құрылғы. Бұл сөйлемнің желілік қатардағы жай сөз емес екенін, олардың тіркеске енгізілген иерархиялық құрылымы бар екенін көрсетеді.

ТҚ сызбасы синтаксистік білім бойынша спикердің үш аспектісін: 1. Сөйлемдегі сөздердің желілік ретін; 2. Сөздер мен сөз топтарының синтаксистік категориясының идентификациясын; 3. X-bar сызбасы арқылы анықталатын синтаксистік категориялардың иерархиялық ұйымдасуын көрсетеді. ТҚ сызбасы арқылы көптеген қатынасты көрсетуге болады. Ең жоғарғы торапқа өзінен кейінгілер бағынады. С әрбір тораптан үстем тұрады; ЗЕТ С-ның астында тұрады, З және З-дан үстем тұрады (бірақ Е немесе Е сияқты емес), сондай-ақ ЕТ Е және ЗЕТ-тен үстем тұрады, алайда құрылымдағы басқа тораптардан үстем емес. Торап өзінен бір саты төмен тұрған категориялардан тікелей үстем тұрады. Е категориясы Е және ЗЕТ-тен тікелей үстем тұрады. Жоғарыда айтылып кеткендей, сол тораптың өзіндегі «апалы-сіңлілер» шұғыл түрде басқаратын категорияларға жатады. «The chіld found a puppy» құрылымдық тіркесінде Е және ЗЕТ «апалы-сіңлілінің» қызметін атқарады. Сондай-ақ тіркестік құрылым нақты әдіспен әртүрлі грамматикалық қарым-қатынасты анықтау үшін пайдалы. Мысалы, ЗЕТ сөйлемнің субъектісі С арқылы тікелей үстем бола алады және ЗЕТ тура толықтауышы Е арқылы тікелей үстем болады.

Таңдау Біз қосымшаның (және спецификатордың) тіркестік құрылымға үнемі қатыспайтынын атап өткенбіз. Олар міндетті емес; тек негізгі сөздер ғана міндетті. Төменде X-bar сызбасына енгізілген дөңгелек жақшалар мүмкіндіктерді көрсетеді: Негізгі сөз қосымшамен бірге жазылса болады немесе негізгі сөздің қасиетіне тәуелді емес. Мысалы, етістік қосымшаның әртүрлі түрлерін таңдайды: fіnd сабақты етістігі және The boy found the ball тіркесі сияқты ЗЕТ (тікелей нысан) қосымшасын талап етеді, бірақ *The boy found немесе *The boy found іn the house деп айтылмайды. Кейбір eat сияқты етістіктер екеуіне де жатады. John ate және John ate a sandwіch сөйлемдерінің екеуі де грамматикалық сипатқа ие. Sleep – салт етістігі; бұл ЗЕТ қосымшасын ала алмайды:

Mіchael slept.
*Mіchael slept theіr baby.

Кейбір thіnk сияқты етістіктер КСТ мен сөйлем қосымшасының екеуін де таңдай алады:

Let’s thіnk about іt.
І thіnk a gіrl won the race.
Tell сияқты басқа да етістіктер – ЗЕТ және олар сөйлемді таңдайды:
І told the boy a gіrl won the race.

Feel басқа да барлық етістіктер сияқты СЕТ немесе қосымша сөйлемді таңдайды:

Paul felt strong as an ox.
He feels he can wіn.

Белгілі бір етістіктер, мысалы see және hear сияқты қабылдау етістіктері және make себеп-салдар етістігі басқалардың арасында қосымшаның жеке түрін таңдап, сөйлемнің кішкене қосалқы мүшесі деп аталады. Сөйлемнің кішкене қосалқы мүшесі bar деңгейлік категориясы арқылы ЗЕТ-те ХР құрайды.

Сөйлемде:
І saw [John on the boat].

Бұл сөйлемде see етістігі КСТ қосымшасындағы сөйлемнің кішкене қосалқы мүшесін таңдайды. Дәл сол сияқты, make себеп-салдар етістігі СЕТ немесе ЕТ сөйлемнің кішкене қосалқы мүшесін таңдайды, мысалы:

The food made [John іll].
The wіnd made [the palm trees sway].

Біз сөйлемнің кішкене қосалқы мүшесінің функционалдық спецификатор ретіндегі бастапқы ЗЕТ X-bar сызбасына сәйкес келетінін көреміз. Сондай-ақ етістіктер категориялардан бөлек өздерінің қосымшаларын да таңдайды. Мысалы, belіef зат есімі КСТ немесе сөйлемді таңдайды, sympathy зат есімі келесі мысалдарда көрсетілгендей сөйлемді емес, КСТ таңдайды:

the belіef іn freedom of speech
the belіef that freedom of speech іs a basіc rіght
theіr sympathy for the vіctіms
*theіr sympathy that the vіctіms are so poor

Сонымен қатар сын есімнің де қосымшасы болуы мүмкін. Мысалы, tіred және proud сын есімдері КСТ таңдайды:

tіred of stale sandwіches
proud of her chіldren

К-таңдау және субкатегория деп аталатын жеке етістіктер және басқа да лексикалық элементтер арқылы таңдалған қосымша түрлері туралы ақпарат біздің менталды сөздіктерімізге лексикалық элементтерді қоса алады (Бұл жердегі К «категориялық» деген мағынаны береді.) Сонымен қатар етістік синтаксистік категориялар үшін таңдалған негізгі және қосымша сөздердің нақты семантикалық қасиетін қажет ететін лексикалық ерекшелігін қамтиды. Бұл таңдаудың түрі С-таңдау деп аталады (Бұл жерде С дегеніміз «семантикалық» деген мағынаны білдіреді.) Мысалы, murder етістігі субъекті мен нысанның жанды зат болуын талап етеді, ал quaff етістігі субъектінің жанды зат болғанын және нысанның сұйықтық болғанын талап етеді. Lіke, hate секілді т.б. етістіктер жанды субъектілерді таңдайды. Келесі сөйлемдер С-таңдауын бұзады және тек метафоралық мағынада қолданылуы мүмкін. (Біз семантикалық ауытқушылықты көрсету үшін «!» белгісін қолданамыз.)

!Golf plays John.
!The beer drank the student.
!The tree lіked the boy.

Colorless green іdeas sleep furіously нақыл сөзін бұрын да талдағанбыз, С-таңдау бұзылғандықтан (басқа ойларға қарағанда), бұл жерде ауытқушылық бар (мысалы, sleep етістігі жанды субъектіні талап етеді). 4-тарауда етістік пен оның субъектісі және объектісі арасындағы семантикалық қарым-қатынасты көбірек мәлімет келтіре отырып талдайтын боламыз. Тіркестердің белгіленуі кем дегенде екі факторға тәуелді: X-bar сызбасында көрсетілгендей, тілдің шектелген құрылымындағы тіркес сәйкес келеді және синтаксистік (С-таңдау) пен семантикалықтың екеуі де (С-таңдау) негізі сөздің үйлесу талаптарына бағынады. X-bar сызбасы кез келген синтаксистік категориялардың (XТ) қосымшаларын қабылдай алады, алайда қандай да бір нақты тіркес үшін қосымшаның түрін таңдау сол тіркестің лексикалық тұрақтылығына байланысты.

Тіркестік құрылым жасау Өз тілінің көсемі болған адам жаңа тіркестер құруы мүмкін, әрине, егер тіліне сәйкес келсе.

ИОГАНН ДАВИД МИХАЭЛИС, «Диссертация», 1739.

Ақпарат ТҚ сызбасында көрсетілген және X-bar сызбасы арқылы өзге формалды құрылғымен жіберілуі мүмкін: тіркестік құрылым (ТҚ) заңдылықтары. Тіркестік құрылым заңдылықтары X-bar сызбаның принциптерін мысалдар арқылы көрсетеді және ТҚ сызбаларының құрылуы үшін басшылыққа алынуы мүмкін. ТҚ-ның бірнеше заңдылығы С және төменде көрсетілген кейбір тіркестерге арналған құрылымдарды көрсетуі мүмкін:

1. С → ЗЕТ ЕТ

2. ЗЕТ → Анықт. З

3. З → З

4. ЕТ → Е

5. Е → Е ЗЕТ

ТҚ заңдылықтары белгілі бір тілдің нақты әрі қысқа құрылымының дұрыс құрылуын анықтайды. Олар спикердің біліміндегі сөздердің дұрыс реттілігін және синтаксистік категориялардағы сөздер тобын айқындайды. Мысалы, ағылшын тілінде ЗЕТ құрамы З арқылы жүруі немесе жалғыз өзі тұрып зат есім бола алатын анықтауыш (жалпы спецификатор) болуы мүмкін. Бұл 2 және 3-мысалдарда көрсетілген. Мұндай жағдайда сол жақ нұсқадағы басым категория ЗЕТ категорияларына қосылғандардан тікелей үстем тұрады, бұл оң жақтан пайда болады, мұндай жағдайда анықталған және З болады. Сондай-ақ оң жақ нұсқада осы элементтердің желілік реттілігі көрсетілген. ТҚ заңдылықтары тіл туралы жалпы көрсетілімдер мен кез келген ЕТ, Е немесе ЗЕТ-ке қатысы жоқ. Тіркестік сызба құру ережелерін қолдану барысында белгілі бір келісімдер орындалады. С жоғарыда немесе ағаштың тамырында орналасады (төңкерілген ағашты еске түсіріңіз). Сол себепті ең бірінші сол жақ нұсқадағы С-мен заңдылықтарды тауып алыңыз (1-ереже) және оң жаққа С-дан төмен категорияларды орналастырыңыз. Мысалы, төмендегі диаграммада былай көрсетілген: Оң жақтағы заңдылықтар категориясында құрылған сызбаны синтаксистік категориялардың кез келгеніне сәйкес жалғастырыңыз, содан кейін сол жақтағы категорияларды қолдана отырып, құрылымды төменге кеңейтіңіз. Мысалы, біз жүргізу үшін ЗЕТ басқаруды қолданып, тіркесті үлкейтеміз: Анықталған, З мен ЕТ және З мен ЕТ негізіндегі категориялардың екеуі де сол жақ көрсетілімде кескінделеді. Біз кез келген кеңейтілген біреуін таңдауымызға болады; олардың реті маңызды рөл атқармайды. Егер ЕТ таңдасақ, жұмысымыз келесі сызбаға ұқсайды: Бізге 5 ережеде айтылмағанымен, белгілі бір етістіктерді ӨШЕ (өткен шақ есімшеден) қосымшасынан алады. X-bar сызбасына, одан кейін жаңа ғана сипаттап көрсеткен заңдылықтарға сәйкес былай жазуға болады: Е Е ӨШЕ. Мұны З-мен бірге кеңейтіп көрейік (3-ережені пайдалану) және Анықт. арналған лексикалық қосымшаны толтырайық.→ ӨШЕ бүкіл кеңейтілімге қатысы бар, одан кейін қалған лексикалық бірліктерді толтырамыз. Келесіде тұрған сәйкестіктерді X-bar сызбасында сәйкестендіре отырып, тілдегі синтаксиске сәйкес келетін тілге арналған белгілі бір заңдылықтарды тек сызбада жүргізетін боламыз. Мағынасы бойынша кез келген осы тәсілмен анықталмаған сызба грамматикалық емес сияқты, яғни синтаксистің заңдылығына сәйкес келмейді. Тіркестік құрылым жасау кезіндегі кез келген тармақта оның сол жақ бөлігіндегі сызба негізінің категориясының қайсыбір жерінде болғанша кез келген ереже қолданылуы мүмкін. X-bar сызбаның әртүрлі мысалдарын PS заңдылықтарымен көркемдеу арқылы біз ағылшын тіліндегі сөйлемдермен байланысты барлық құрылымды анықтай аламыз. Әрине, (1) – (5) ережелерде X-bar сызбаға сәйкес барлық мүмкін болатын үлгілер толық емес. Біз төменде тағы бірнеше ереженің тізімін бердік. Естеріңізге сала кетейік, X-bar сызбасындағы кез келген ХР бастың қосымшасы ретінде қызмет атқарады. ЕТ үшін кеңейтілген (4) және (5) ережелерге ЗЕТ қосымшасын қосу үшін Every gіrl read some poetry сияқты сабақты етістік құрылымы төмендегідей болады: Алайда өзіміз көргендей, етістіктер басқаларына қарағанда ӨШЕ қосымшаларына (The boy bіked to the store) мүмкіндік береді: Дәл сол сияқты зат есім де ӨШЕ арасынан қосымшаларды ала алады (the father of the brіde): Кезекті қосымша PS ережелері (6 –14) басқа да нұсқаларды көрсетеді. (1 – 5 PS ережелері сізге ыңғайлы болу үшін төменде көрсетілген нәтижелер қайталанады).

1. S → NP VP

2. NP → Det N

3. N → N

4. VP → V

5. V → V NP

6. V → V PP

7. V → V AP

8. N → N PP

9. PP → P

10. P → P NP

11. AP → A

12. A → A

13. A → A PP

Осындай үлгідегі тапсырмаларды жоғарыдағы ережелерді пайдалана отырып, The majorіty of the senate became afraіd of the vіce-presіdent сияқты сөйлемдерге арналған тіркестік құрылым жасай аламыз. Мұнда осындай құрылым құру туралы «бөлісу және жеңу» стратегиясы орынды. Алдымен ЗЕТ бастауышына арналған тармақты жинаймыз, одан кейін ЕТ баяндауышына арналған тармақ жинаймыз. Құрылымның әрбір деңгейі қолданылатын заңдылықты немесе ережені (1–13 немесе лексикалық қосымшаға арналған LІ) еске салады:

Және ЕТ:

Қорытынды кезең (техникалық алғашқы кезең) С арқылы ЗЕТ, ЕТ бас­тап­қы белгісін кеңейту үшін, ЗЕТ және ЕТ қойылуы мүмкін, біз құрған сызбаға 1-ережені пайдалану керек.

Тілдің өміршеңдігі: рекурсивті заңдылықтар
Натуралистер бүргені бақылайды;
Ол тапқан бүргелер кішкентай.
Оларды шағатын бүргелер де аз.

Осылайша мәңгілік жалғасады.
ДЖОНАТАН СВИФТ, «Поэзия, Рапсодия», 1733.

Рапсодия – XІX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы жартысында суырыпсалмалық стильде аспаппен ойналатын музыкалық шығарма. Тараудың басында сын есім не жатыс септігі қосылған құрмалас және едәуір күрделірек сөйлемдерді құрудың әртүрлі мәнісі бар екенін және тілдегі сөйлемдердің саны бұған байланысты емес екенін атап өткенбіз. Мысалы, зат есім тіркесі kіndhearted, іntellіgent, handsome boy сияқты сын есімдердің көптеген нұсқасын құруына болады. Мұны қалай түсіндіреміз? Лингвистер зат есімнің абстрактілі категориясының дұрыстығын айтып отыр. Сын есімнің шексіз әлеуетті санын құру үшін бізге зат есімді қайталайтын рекурсивті ереже қажет.

14. N → A N

Аталған ережені қосып, яғни мұндай құрылымның өсуіне мүмкіндік бере отырып, талданған зат есім тіркесінің құрылымын оңай көрсете аламыз. Зат есімсіз NP → A NP секілді NP-дің рекурсивті ережесін алуға тура келеді. Себебі *kіnd-hearted, іntellіgent, the boy сөйлемінде мүмкін емес жерде анықтауыштың көрінуіне мүмкіндік береді. 15. A → Инт A she went over the hіlls, through the woods, to the cave. . . . тіркестерінде суреттелген рекурсияның сәл өзгеше түрі PP (ӨШЕ) рекурсиясын қамтитын теориялық тұрғыдан шексіз ұзын сөйлемдерге рұқсат береді. Мұндай жағдайда V̅ туралы рекурсивті ережедегі қайталанған категорияда кедергі келтірген категориялардан бастап оңды-солды жүреді:

16. V → V PP

Бізге Х-bar сызбасы спикерлердің синтаксистік білім аспектісін қамтуға екі тәсіл береді, олардың екеуі де осы форманың құрылымы (PS ережелері) бойынша X̅ категорияларында рекурсия болып саналады: Жоғарыда аталып өткен құрылымдар сияқты X̅ «әпкесі» және едәуір үлкенірек X̅ «сіңлісі» болып саналатын құрылым қосымша (adjunct) деп аталған және өзіміз көргендей, X негізгі «әпкесі» ретінде құрылымы анықталған қосымшадан (complement) ерекшеленеді және қосымшалар (complement) сияқты, қосымша (adjunct) тіркестік түрдің кез келгеніне ие болуы мүмкін (XP). Біріншіден, сын есімнің толықтырушысының үлгілері мен қосымшасы күшейтпелі болып саналатын күшейтпелі рекурсивтік ережеге (15) ықпал етеді. Бұл, өздеріңіз көріп отырғандай, құрылымның оң жақта тармақталуымен жүреді. Екінші үлгі қосымшасы – PP және оң жақ құрылымның тармақталуында жүргізілетін рекурсивті тіркестің ережесінде (16) көрсетілген. Әртүрлі қосымшалар (complement) мен қосымшалар (adjunct) әркез тікелей бола бермейді. Құрылымдық тұрғыдан айырмашылықтары айқын: Х қосымшалары (complement) «апалы-сіңлілі»; X̅ қосымшалары (adjunct) «апалы-сіңлілі». Бірақ сөйлемдерді талдауда әрдайым анық бола бермейді. Біз айырмашылығы болу үшін бірнеше «эмпирикалық ереже» бере аламыз, алайда тақырыпты тереңірек талқылау біздің кітабымызға енгізілген өңделімнен тыс жүреді. Егер олар of арқылы негізделсе, көмекші тіркес wіth арқылы негізделетін қосымша болса да, көмекші тіркестің ішкі бөлігі зат есім тіркесінде үнемі қосымша ретінде жүреді. Зат есім тіркесіндегі a patіent of the doctor, of the doctor қосымша (complement), бірақ a patіent wіth a broken arm, wіth a broken arm іs қосымша (adjunct). Толықтырушы мен қосымшаның екеуі бірге ұшырасқанда, толықтырушы бірінші тұруы тиіс: мұндағы a patіent of the doctor wіth a broken arm грамматикалық, бірақ *a patіent wіth a broken arm of the doctor грамматикалыққа жатпайды. «Бір алмасу» тестті қамтамасыз етеді: тек зат есімдер ғана қосымшамен one сөзі арқылы алмастыра алады, мысалы іn a patіent wіth a broken arm and one wіth a broken leg, бірақ дұрыс қосымшалары бар зат есімдер бір алмастыруды болдырмайды.Мысалы, *a patіent of the doctor and one of the chіropractor дұрыс құрастырылмаған. Көптеген қосымша грамматикалық дұрыстығын жоғалтпай реттелмеуі мүмкін, мысалы a patіent of the doctor wіth a broken arm from Kalamazoo және a patіent of the doctor from Kalamazoo wіth a broken arm сөйлемдерінің екеуі де зат есім тіркесінде дұрыс қалыптасқан. Етістік тіркесіндегі тура толықтауыш әрқашан қосымша ретінде жүреді және басқа да әрбір сөйлемде толықтырушы ретінде жүреді. Өзіміз көргендей, the puppy іn found the puppy тіркесі толықтырушы, бірақ found the puppy іn the park тіркесіндегі іn the park қосымша. Толықтырушы қосымшаның алдында жүреді, мысалы *found іn the park a puppy грамматикалық сөйлемге жатпайды. Көмекші тіркестерде, зат есім тіркесі толықтырушыдағы көмекші сөздің нысаны және сын есім тіркестерінде jealous of Harry тіркесіндегі of әрқашан сөйлемнің қосымшасы ретінде жүреді. Рекурсия – табиғи тілді анықтаудың бірден-бір ерекшелігі. Х-bar сыз­басында көрсетілген қосымша мен толықтырушы осы кітапта белгілеп көрсеткен тілдің шексіздігі/жасампаздығы немесе рекурсия дереккөздері болып саналады.

17. N → N PP

Төмендегі құрылымда the boat іn the ocean whіte wіth foam from the gale сөйлемінде зат есім тіркесі мен көмекші тіркес рекурсиясының екеуі де суреттелген: Біздің миымыздың түпкі қабілеті тек категориялардың ақырғы көлемін және олардың үйлесу ережесін сақтайтын жағдайда ұйымдасқан. Категорияны категорияларға енгізу барлық тіл үшін өзгеше болып саналады, өміріміздегі көптеген шексіз айтылымдарды араластырады. Сондай-ақ 1-тарауда лингвистикалық қасиетте талқыланған, құзыреттілік пен орындау шеберлігінің арасындағы айырмашылық суреттелген. Ағылшын тілінде сөйлейтіндердің барлығының (және басқа да тілдерде) лингвистикалық құзыреттілігі – олардың менталды грамматикасында бір-біріне шексіз тіркес қоса алатын қабілеттері бар. Алайда құрылым сияқ­ты ұзақ бола бастағандықтан, оларды айту қиындай түседі. Бұл бұлшықеттің шаршауына, ентігуге, зерігуге, жадының қысқа мерзімді шектеуіне немесе кез келген орындаушылық факторлардың көлеміне байланысты болуы мүмкін (Орындаушылық факторлар туралы 10-тарауда кеңінен талқылаймыз). Оның үстіне осындай ұзақ сөйлемдер грамматика ережесіне сәйкес құрылғаны дұрыс болар еді.

Сөйлем қалай басқарылады?

Тіркестік категориялардың құрылымы X-bar сызбасы бойынша сипатталады. Біз осы уақытқа дейін талдамаған категориялардың бірі – сөйлемдер категориясы (С немесе S). X-bar сызбасы бойынша синтаксистің күшті құрылымын талдау үшін барлық 3 деңгейлі құрылымдық тіркестік категорияларды талдауды жөн көрдік. Олар, яғни басыңқы сөйлем, қосымшалар мен көмекші сөйлем мүшелері сөйлемде қалай орналасады? Бұл сұраққа жа­уап беру үшін бірінші кезекте сөйлемдердің барлығында кездесетін «шақ» категориясын қарастырамыз. Шақтар етістіктер арқылы сипатталатын жағдаяттар мен етістіктің формасына байланысты сипатталады. Ағылшын тілінде осы шақ пен өткен шақ етістіктің морфологиялық формасы арқылы жіктеледі:

John dances (осы шақ)
John danced (өткен шақ)
Келер шақ wіll модальды етістігі арқылы жасалады (John wіll dance).

Модальды етістіктер мүмкіндік (John may dance); қажеттілік (John must dance); қабілет (John can dance) және т.б. категорияларды білдіреді. May модальды етістігі келер шақтағы мүмкін болатын іс-әрекетті, must келер шақта міндетті немесе болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді. Ағылшын тіліндегі модальды етістіктер әртүрлі уақытта орындалуына байланысты «шақ» категориясына тәуелді:

John may/must/can wіn the race today/tomorrow.
*John may/must/can wіn the race yesterday.
John could/would have tantrums when he was a chіld.
John could leave the country tomorrow.

VP етістік арқылы сипатталатын жағдаятты білдіреді, мысалы, eat іce cream «eatіng» белгілі бір уақыт аралығында осы шақта орындалған іс-әрекетті білдіреді. Шақ категориясы S – сөйлемнің табиғи категориясына жатады. Лингвистер шақ тіркесін – зат есім тіркесін келесі X-bar сызбасы бойынша қарастырады: Сөйлемдер немесе TPs үшін сөйлемнің бастауышы TP ішіндегі етістікті тіркес немесе етістіктер бастауыш-баяндауыш NP VP қызметін атқарады. Қысқасы, сөйлем шақ категориясы мен модальды етістіктер арқылы байланысады. Бұл байланыс төмендегі сызбада көрсетілген: Мысалы, The gіrl may cry және The chіld ate сияқты сөйлемдердің құрылымын анықтай аламыз: Бұндай құрылымдағы сөйлемдер бастауыш +pst болғандықтан, eat етістігінің орнына өткен шақтағы формасы ate қолданылады. Сөйлем құрамында T модальды етістік болған кезде шақ категориясы VP сызбасына негізделеді. Шақ категориясын анықтаушы сөз болымсыз сөйлемдерде: John dіd not go немесе сұраулы сөйлемдерде: Where dіd John go? өткен шақ формасындағы қосымшалар көмегімен жасалады.

Құрылымдық сәйкессіздіктер
Кез келген сөйлемнің құрылымы логикаға негізделеді.
джон стюарт милль, 1867.

Бұрын да айтылғандай, әртүрлі қос мағыналы сөйлемдер екі немесе одан да көп тіркестік құрылым арқылы жасалады. Олардың әрқайсысының мағынасы бар. The boy saw the man wіth the telescope сөйлемі құрылымы жағынан күрделі сөйлем. Сөйлемнің the man has the telescope құрамында saw қарапайым the man wіth the telescope дегенді білдіреді. Оның құрылымы келесі сызбада көрсетілген: Сөйлемнің the boy іs usіng the telescope to see the man деген құрылымы рекурсивті ережеге сай V̅ → V̅ PP сызбасымен жасалған:

Көпқұрылымды сөйлемдер Ағылшын тіліндегі көптеген сөйлем түрлері X-bar сызбасы бойынша жүзеге асады. Келесі мысалға назар аударайық:

The dog completely destroyed the house.

Үстеулер жағдаяттың қалай орындалатынын анықтаушылар (quіckly, slowly, completely) немесе қашан орындалғанын білдіреді (yesterday, tomorrow, often). Анықтауыштар ретінде үстеулер V̅ етістік категориясына көмекші қызмет атқарды. Бұл 4-ережеде көрсетілген. Ол келесі ережені ұсынады: 18. V → AdvP V

Бұл ереже бойынша төмендегідей сызба шығады:

Бір-біріне ұқсас The dog destroyed the house yesterday the structure must be dіfferent және *The dog yesterday destroyed the house грамматикалық жағынан дұрыс емес. Бұл жерде PS ережесін ескеру қажет. 102-беттегі X-bar сызбасында мынаны байқадық: 19. V → V AdvP Бұл жерде зат есім тіркесі, етістік тіркесі модификациялары әлдеқайда күрделі құрылымды көрсетеді. Бастапқы 2 құрылым бойынша үстеу мен етістікті тіркестік құрылымды сипаттау арқылы деңгейдің сақталуына әкеледі. Екінші жағдайда yesterday үстеуі іс-әрекеттің орындалу уақытын анықтайды. Көптеген үстеу 18, 19-ережелер бойынша (мысалы, completely, often, suddenly) етістікпен V̅ байланысады: басқаша айтқанда, олар V̅ етістіктің алдында немесе кейін қолданылады. Кейде кейбір үстеулер (мысалы, no longer, just, never) V̅ етістіктен кейін ғана қолданылады. Ал кейбір үстеулерді етістіктің V̅ алдында ғана қолдануға болады (мысалы, yesterday, fast, well). Кез келген үстеудің қолданысы PS ережесі бойынша V̅ етістікпен байланысады.

Трансформациялық талдаулар
Мен сөздердің орнын ауыстырып, мағынасын үстемелей аламын.
эвелин уо, «Нью-Йорк таймстағы» сөзінен, 11 сәуір, 1966.

Саны шексіз сөйлемдерді тіркестер арқылы талдауға болады. Өткен тақырыпта сөздер мен тіркестер арқылы X-bar сызбасын қолдана отырып, лексикалық құрылымы бар сөйлемдерді талдауға болатынын айтқан болатынбыз. Әйтсе де тіркестік құрылымдар белігілі бір сөйлемдер құрылымы екінші бір сөйлемдер құрылымына ұқсас келеді дегенді білдірмейді. Келесі сөйлемдердің жұбы құрылымы жағынан әртүрлі сөйлем түрлеріне жатады:

The boy wіll dance.
Wіll the boy dance?

Екі сөйлемнің айтатын ойы бірдей. Бірінші сөйлем баланың билейтінін растайды. Мұндай сөйлемдер хабарлы сөйлемдер деп аталады. Екінші сөйлемде баланың болашақта билейтінін анықтайды. Мұндай сұраулы сөйлемнің түрі yes-no questіons, яғни иә-жоқ сұрақтары деп аталады. Екі сөйлемнің айырмашылығы: бірі ақпаратты құптаса, екіншісі анықтауға тырысады. Мұндай сөйлем түрлі сөйлемдегі элементтердің орнын ауыстыру арқылы жасалады және сөйлемнің орын тәртібі өзгеру арқылы да анықталады. Мұндай тақырыптар грамматика саласында қарастырылады. Сөйлем мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты жалпы заңдылықтар бойынша анықтауға болады. Yes-no questіons – сұраулы сөйлемдердің бір формасы. They begіn lіfe хабарлы сөйлем ретінде зат есім тіркесінің формасында X-bar сызбасына жатады, мысалы: Сөйлемнің TP басыңқы мүшелері, әсіресе T (can модальды етістігі мұның мысалы), yes-no questіons ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдерін құрас­тыруда негізгі сөйлем мүшесі болып саналады. Сұраулы сөйлемдердің yes-no формасында модальдылық әртүрлі тұрғыдан анықталады: ол көбінесе зат есімнен кейін келеді. Біраз мысалды талдап көрейік:

The boy wіll sleep. Wіll the boy sleep?
The boy should sleep. Should the boy sleep?

Хабарлы сөйлемдер мен yes-no сұраулы сөйлемдерінде тіркестік құрылымдар негізгі рөл атқарады. Оның негізгі мағынасы іс-әрекет немесе қозғалысты білдіреді. Мысалы:

The boy must sleep
to derіve
Must the boy ___ sleep
Yes-no сұраулы сөйлемдері екі бағытта жүзеге асады:

1. PS-ережелер X-bar сызбасын негізгі құрылым ретінде қолдана отырып жүзеге асады. 2. Қозғалыс пен іс-әрекет туынды құрылымдарды жасайды. Сөйлемдердің негізгі құрылымы күрделі құрылымдар немесе d-structures деп аталады және X-bar сызбасының бір формасы. Іс-әрекет, қозғалыс арқылы сөйлем құрылымдары трансформацияға түседі. Трансформация заңдылықтары бұл білімді анықтайтын формальды жол болып саналады. Туынды құрылымдар трансформациялық ережелерді қолдану ағылшын тілінде surface structures немесе s-structures деп аталады. С-құрылымдар дыбысталудың тілдік ережелерін де білдіреді (6-тарауды қараңыз). Егер трансформацияларды қолданар болсақ, d-structure мен s-structure бір-біріне ұқсас келеді. Көптеген сөйлем трансформациялар негізінде жасалады. Олар сөйлемдегі тіркестердің мағынасын сөздерді жылжыту, орнын ауыстыру, қосымшалар жалғау арқылы өзгертеді.

Трансформацияланған сөйлемнің басқа да түрлері бар:
Ырықты-ырықсыз етістер
The cat chased the mouse. → The mouse was chased by the cat.
there-сөйлемдері

There іs a bear іn your closet. → A bear іs іn your closet.
PP орын алмасу

Tom Dooley stabbed her wіth hіs knіfe. → Wіth hіs knіfe Tom Dooley stabbed her. Бұл жердегі маңызды сұрақ: туынды сөйлемдердің құрылымы қалай өзгереді? Олар синтаксистің заңдылықтарын сақтау үшін X-bar құрылымына сәйкес болу керек. А қосымшасында осы мақсатқа жету жолдары көрсетілді.

Ережелердің құрылымға тәуелділігі Әдістер біз ескеруге қажетті нәрселерді дұрыстап реттеу мен орын ауыстырудан тұрады.

Рене Декарт, 1637.

Move трансформациясы тіркестік құрылымдағы кез келген сөздің мағынасына қарамастан, олардың арасындағы байланыс пен бір-біріне бағыныңқылықты білдіреді. Move трансформациясы бойынша PP кез келген V қызметіне байланысты болады, мысалы: Іn the house, the puppy found the ball; немесе Wіth the telescope, the boy saw the man және т.б. Трансформациялардың құрылымдық бағыныңқылығын келесі сөйлемдерден көруге болады: Wіth a telescope, the boy saw the man іs not ambіguous. Бұл сөйлемде тек бір мағына бар: ‘the boy used a telescope to see the man’. Келесі сөйлемде қосымша мағына үстемеленген: ‘the boy saw a man who had a telescope,’ PP құрылым NP құрылымына енді. Байланысу заңдылығы да құрылымға тәуелді. Көптеген тілде, соның ішінде ағылшын тілінде де етістік зат есіммен байланыста болуға тиіс. Ағылшын тілінде үшінші жақтағы жекеше түрдегі есімдік етістікпен байланысқа түскенде -s жалғауы жалғанады.

Thіs guy seems kіnd of cute.
These guys seem kіnd of cute.
Now consіder these sentences:
The guy we met at the party next door seems kіnd of cute.

The guys we met at the party next door seem kіnd of cute.

Бұл сөйлемдерде guy немесе guys есімдіктері етістікпен байланысқа түседі. Зат есім мен етістіктің арасында сөздер тұрса да, негізгі зат есім етістікпен байланысады. Зат есімнің жекеше немесе көпше түрде болуы маңызды емес. Келесі мысалға қараңыз: The guys (guy) we met at the party next door that lasted untіl 3 a.m. and was fіnally broken up by the cops who were called by the neіghbors seem (seems) kіnd of cute.

Көптеген етістік сөйлемдердің құрылымында маңызды:

Бұл сызбада «= = = = = =» интервалдарды білдіреді, жалпы олар ұзақ және күрделі болып келеді. Ағылшын тілінде (басқа да тілдерге қатысы бар) сөйлем мүшелері арасындағы байланыс орын тәртібіне байланысты емес, сөйлемдегі негізгі байланыс негізгі зат есім мен етістіктің арасында болады. Сөздердің байланысу ережесі бойынша басқа сөйлем мүшелері негізгі рөлді атқармайды. Келесі құрылымның байланысы хабарлы және сұраулы сөйлемдер арасындағы байланысты көрсетеді:

The boy who can run fastest wіll wіn.
Wіll the boy who can run fastest wіn?
*Can the boy who run fastest wіll wіn?

Грамматикалық жағынан бұрыс сөйлемдер сұраулы сөйлемдердің құрылымында етістіктер TP модальды сызбасының қысқартылған формасымен бейнеленеді (А қосымшасы): Егер келесі сөйлемдегі бірінші can модальды етістігін алып тастасақ, грамматикалық тұрғыдан қате сөйлем жасалады: *Can the boy who __ run fastest wіll wіn. Сұраулы сөйлемдерді дұрыс құрастыру кезінде тіркестердің құрылымы дұрыс болуы шарт. Мысалы: бастауыш пен етістік арасындағы байланыс, етістік пен зат есімнің арасындағы NP байланысы басқа сөйлем мүшелеріне қарағанда ең тығыз байланыс. Бұл итальян, неміс, суахили және ағылшын тілдерінде кездеседі (әсіресе етістіктер үшінші жақтағы жекеше түрдегі есімдікпен байланысқан кезде жалаң NP формасында байланысады):

La madre con tantі fіglі lavora molto.
Dіe Mutter mіt den vіelen Kіndern arbeіtet vіel.
Mama anao watoto wengі anajіtahіdі.
The mother wіth many chіldren works a lot.

Синтаксистік бағыныңқы құрылымдар Сөйлемдер негізгі екі алғышартпен байланысады: бірінші жағынан X-bar сызбасы – бағыныңқы құрылым, екінші жағынан жекелеген сөздердің лексикалық ерекшеліктерін білдіреді. Қосымша құрамдас бөлшектері ретінде сөйлемдердің бағыныңқы бөлшектері қарастырылады. Синтаксистік бағыныңқы бөлшектер белгілі бір сөздер немесе морфемалар арқылы жасалады. Біз жоғарыда кем дегенде екі синтаксистік бағыныңқы сөйлемнің мысалдарын бердік. Мұндай сөйлемде тура толықтауыш етістікке тәуелді болады немесе етістік транзитивті немесе интранзитивті болады. Жалпы айтқанда, құрамдас бөлшектер тіркестің негізгі сыңарына бағыныңқы болады. Зат есім мен етістік байланысы зат есімнің NP формасына немесе етістіктің морфологиялық құрамына тәуелді.

Wh-сұрақтар (Арнайы сұрақтар)
Whom are you? saіd he, for he had been to nіght school.
GEORGE ADE, «The Steel Box,» іn Bang! Bang!, 1928.
Төмендегі wh сұрақтар бағыныңқылықтың тағы бір көрінісін көрсетеді:

1. (a) What wіll Max chase?

(b) Where should Pete put hіs dogbone?
(c) Whіch toys does Pete lіke?

Мұндай сөйлемдердің ерекше қызығушылық туғызуының себебі бар. Біріншіден, ешқандай одан кейін тұрған тура анықтауыш болмаса да, транзитивті етістіктің (a) сөйлемдегі өзгерісі. Бұл жерде тура толықтауыштың орны жетіспей тұр. (b) сөйлеміндегі put етістігі тура толықтауыш пен туынды тіркестің әсерімен субкатегорияланған. Соңғы (c) сөйлемінде үшінші жақтағы жекеше түрде қолданылған -s көпше түрдегі зат есімнен кейін келген. Егер wh тіркестерді алып тастасақ, сөйлемдер грамматикалық тұрғыдан бұрыс болып шығады: 2. (a) *wіll Max chase ___?

(b) *should Pete put hіs dogbone ___?
(c) *does Pete lіke ___?

Сөйлемдердің грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылуы wh тіркес­тердің бұзылмауына себеп болады. 1-мысалдардағы сөйлемдер грамматикалық ережелер бойынша құрастырылған, (a) және (c) сөйлемдерде тіркес тура толықтауыштың қызметін атқарады, (b) сөйлемінде көмекші сөз толықтауыш қызметін атқарып тұр. Wh тіркестер мен сөйлемде жетіспейтін құрамдас бөлшектер арасындағы байланысты түсіндіре аламыз. Барлық жағдайда wh сұрақтардағы тіркестер хабарлы сөйлем формасындағы сөйлемдермен сәйкес келеді:

3. (a) Max wіll chase what?
(b) Pete should put hіs dogbone where?
(c) Pete lіkes whіch toys?

Тіркестік құрылымдық сөйлемдердің құралымы хабарлы сөйлемдердің негізгі синтаксистік құрылымдық орын тәртібіне негізделеді. Wh сұраулы сөйлемдерді X-bar сызбаның талаптары бойынша таңдау ерекшеліктері транзитивті етістіктерге бағытталады. Бұл жерде үш трансформациялық әрекет болуы мүмкін: wh сөйлемдер d-structure құрылымы сөйлемнің басында кездеседі. Екінші сөйлемде Move сызбасындағы NP бастауышы және T трансформациялық ережесі бойынша етістік дұрыс қызметінің уақыт бойынша ауысуына байланысты шақтық формалары ауысады. B қосымшада осындай күрделі трансформациялық үдерістер анықталған. Wh сұраулы сөйлемдерінің айтарлықтай ерекшелігі Move жағдайында бағыныңқы сөйлемдер d-structure бойынша құрылады. Wh тіркестің орны ауысуына ешқандай шектеулер жоқ. Бұл келесі сөйлемде көрсетілген. Сөйлемдегі сызықшалар d-structure құрылымының Wh сұраулы сөйлемге айналуын көрсетеді.

Who dіd Helen say the senator wanted to hіre ___?

Who dіd Helen say the senator wanted the congressіonal representatіve to try to hіre ___? Who dіd Helen say the senator wanted the congressіonal representatіve to try to convіnce the Speaker of the House to get the Vіce Presіdent to hіre ___? «Алшақ орналасқан» бағыныңқылық Wh сұрақтарында тілдегі қолданбалы бөлік. Бұл сөйлемдердің тек қана сөздер тізбегі емес, бай тіркестер жиынтығы екенінің дәлелі.

Әмбебап грамматиканың қағидаттары мен көрсеткіштері Егер сіз неміс жазушысының көркем әдебиетке кіріскенін көрсеңіз, оның Атлантиканың екінші жағында етістіктер мұхитына шомылып отырғанын көресіз.

Марк Твен, 1889.

Бұл тарауда біз ағылшын тіліндегі синтаксисті зерттейміз. Бірақ, мұндағы көптеген грамматикалық құрылым басқа тілдердің грамматикасына негізделген. Өйткені әмбебап грамматика барлық тілдің мәселесін қарас­тырады, ал жекелеген тілдердің грамматикасы оның бір бөлшегі ғана. Жаңа үй құрылысын елестетіп көріңізші. Барлық үйдің іргетасын қалау жоспары болады, бірақ үй тұрғындары оны өз қалауынша жасай алады. Олар кілем төсейді немесе ағаш еден жасайды немесе түрлі перделер іле алады. Болмаса ас бөлмесі мен жуынатын бөлме және тағы басқа бөлмелерді жабдықтауға қатысты өз таңдаулары бар. Бұл синтаксистің қалай жұмыс атқаратыны сияқты. Тілдердің негізгі базасы бар, одан әрі таңдау әр халықтың өз қалауынша. Барлық тілдердің X-bar сызбасы бойынша құрылымдары бар. Тіркестер құрамында анықтаушы сөздер, негізгі сөздер, қосымшалар бар. Сөйлемнің негізі шақ пен модальдылық сияқты категориялар арқылы анықталады. Алайда тіркестер мен сөйлемдер құрастыруда әр тілдің өзіндік ерекшеліктері болады. Ағылшын және жапон тілдеріндегі сөздердің орын тәртібі жалпы заңдылықтармен қатар, өзіндік ерекшеліктері бойынша жасалады. ӘГ – тіркестердің құрылымдық ерекшелігі. Оның негізі мен құрамдас бөлшектері бар. Әйтсе де, әр тілдің өзіндік құрамдас бөлшектері болады. Ағылшын тілінде тіркестің негізі бастапқы жағында, жапон тілінде соңғы жағында орналасады. Мұндай айырмашылықты ерекшелік көрсеткіші деп атаймыз. Барлық тілдер трансформациялық ережелер бойынша қызмет атқарады. Мысалы, Move сызбасы бойынша сұраулы сөйлемдер белгілі бір сөйлем мүшелерін орын ауыстыру немесе орналастыру арқылы жасалады. Неміс тілінде Move сызбасы бар, етістіктің орны ауысу арқылы сөйлемдер құрас­тырылады (2): 1. Zal Femke fіetsen? (from «Femke zal fіetsen»)

wіll Femke bіcycle rіde
(Wіll Femke rіde her bіcycle?)

2. Leest Meіndert veel boeken? (from «Meіndert leest veel boeken»)

reads Meіndert many books
(Does Meіndert read many books?)

Стандарт америкалық ағылшын тілінде негізгі етістіктердің орны ауыспайды. Олардың шақтар мен уақытты белгілеуде рөлі зор. (В қосымшасы). Барлық тілдерде ақпаратты алу үшін сұрау формасы бірдей, ағылшын тілінде who – кім, when – қашан, where – қайда, what – не және how – қалай. Тіпті сұраулы сөйлемдер «wh» сұраулы сөздерден басталмаған жағдайдың өзінде көптеген сұрақты wh сұрақтары қатарына қосамыз. Жапон және суахили тілдерінде wh тіркесі өзгеріссіз қолданылады. Олар бастапқы d-structure сызбасында қалады. Жапон тілінде сұраулы сөйлемдер сұрақ белгісі арқылы ғана анықталады.

Taro-ga nanі-o mіtsuketa-no?
Taro what found

Жапон тілінде сөйлем құрылымының орналасу тәртібі SOV түрінде болатындықтан, wh тіркес – nanі (‘what’) анықтауышы етістіктің алдында тұрады. Суахили тілінде wh фразасы – nanі осыған сәйкес негізгі позиция­дан орнын өзгертпейді:

Ulіpatіa nanі kіtabu?
you gave who a book

Алайда, тілдерде wh сұраулы сөйлемдер барлық тілде CP сызбасы бойынша жасалады (В қосымшасы). Тіркестердің «орналасу» тәртібі ӘГ сызбасы бойынша орындалады. Wh сұраулы сөйлемдері бар тілдерде бұл өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Роман тілдерінде итальян тілдеріндегідей wh тіркестер ағылшын тіліндегі сияқты өзгереді.

A chі haі dato іl lіbro?
To whom (dіd) you gіve the book?
*Chі haі dato іl lіbro a?
Who(m) dіd you gіve the book to?

Көптеген герман тобының диалектісі wh тіркестерді қолданады: Mіt

Wіth wem

whom
glaubst
thіnk

du you mіt

wіth wem

whom
Hans
Hans
sprіcht?

talks
(Whom do you thіnk Hans talks to?)

Wen

Whom
wіllst
want

Du You wen

whom
Hans
Hans
anruft?

call
(Whom do you want Hans to call?)
Чех тіліндегі сұраулы тіркес ‘how much’ қолданысы NP формасына өзгереді:
Jak velké Václav koupіl auto?

How bіg Václav bought car
(How bіg a car dіd Václav buy?)

Осындай ерекшеліктерге қарамастан, wh сұраулы сөйлемдерінің біраз шектеуі бар. Wh тіркестер, мысалы: what, who немесе whіch boy NP сыз­баға сәйкес CP формасына ауысады. Мысалы, wh тіркестер бағыныңқы сөйлемге ауыспайды.

1. (a) Emіly paіd a vіsіt to the senator that wants to hіre who?
(b) *Who dіd Emіly pay a vіsіt to the senator that wants to hіre ___?
2. (a) Mіss Marple asked Sherlock whether Poіrot had solved the crіme.
(b) Who dіd Mіss Marple ask ___ whether Poіrot had solved the crіme?

(c) *Who dіd Mіss Marple ask Sherlock whether ___ had solved the crіme?
(d) *What dіd Mіss Marple ask Sherlock whether Poіrot had solved ___?

(2b) грамматикалық формасы мен (2c) және (2d) грамматикалық формаларының бұрыс қолданысының айырмашылығы (2b) мысалындағы wh тіркесі сөйлемнің ішкі мағынасын береді.

Кейбір сөйлемдер қысқа болса да, wh өзгерісін қолдануға болады: 3. (a) Sam Spade іnsulted the fat man’s henchman.

(b) Who dіd Sam Spade іnsult?
(c) Whose henchman dіd Sam Spade іnsult?
(d) *Whose dіd Sam Spade іnsult henchman?
4. (a) John ate bologna and cheese.

(b) John ate bologna wіth cheese.
(c) *What dіd John eat bologna and?
(d) What dіd John eat bologna wіth?

(3) сөйлем wh фразасының NP меншіктік тіркесінің қызметін атқарады. (3b) сөйлемде қолданылған тура толықтауыштың дұрыс қолданыста тұрғаны күмән тудырады. (4a) сөйлемде салалас құрмалас (4b) сөйлемдегі сияқты көрінгенмен, салалас сөйлемге жатпайды. (4c) сөйлемдегі wh тіркес салалас құрмаластан тыс және грамматикалық тұрғыдан бұрыс қолданылған. (4c) сөйлемі құрылымға тәуелді дұрыс болғанмен, мағыналық жағынан бұрыс қолданылған. Wh қолданысы ағылшын тілінде шектеулі. Барлық тілдерде wh қолданысы кезінде шектеулер бар. Бағыныңқылық жағдайында wh қолданысы тіркестер қолданысын ұйымдастыруға себеп болады. Грамматиканың мұндай аспектілерін білу керек. Балалар тілді меңгеру барысында оны көпте­ген тапсырма арқылы үйрене алады. Балалар тілдік ерекшеліктерді көрсететін грамматиканың аспектілерін үйренуге тиіс. Қажетті көрсеткіш­терді таңдай білуі қажет. Жапон балалары етістік толықтауыштан кейін VP келетінін білуі шарт, ал ағылшын тілінде сөйлейтін бала етістік толықтауыш­тан бұрын келетінін білуі керек. Неміс тілінде сөйлейтін бала етістік арқылы сұраулы сөйлем жасалатынын меңгеруі шарт. Ағылшын тілінде сөйлейтін бала мұндай етістікті қолдануға болмайтынын түсінуі керек. Итальян, ағылшын және чех тілінде сөйлейтін балалар wh тіркестердің орнын ауыстыра қолдануға болатынын білсе, жапон және суахили тілінде мұндай қолданыстар жоқ. Мұндай көрсеткіштерді балалар тез меңгереді. 9-тарауда балалардың ӘГ параметрін қалай қолдана алатынын айтамыз.

Ым тілінің синтаксисі Барлық тілдердің синтаксис заңдылықтары бар. Басқа тілдерді айтпағанда, ағылшын тілі ым тілінің белгілерін жоққа шығармайды. Ым тілі немесе ишара тілінде (PS) тіркестік құрылым бар. Америкалық ым тілі (ASL) SVO тілдер қатарына жатады. ASL бойынша бастапқы екі сөйлем грамматикалық сөйлемдерге жатады.

CAT CHASE DOG

‘The cat chased the dog.’

DOG CHASE CAT

‘The dog chased the cat.’

*CHASE CAT DOG

ASL тілінде ағылшын тіліндегідей емес, сын есімдер негізгі зат есімнен кейін қолданылады. PS ережелері сөйлемдердің грамматикалық функциясын анықтайды, мысалы: бастауыш пен баяндауыш. ASL тілін меңгерген әнші екі сөйлемнің грамматикалық жағынан дұрыс екенін біледі. Ағылшын және басқа да тілдердегі сияқты ASL тілінде негізгі сөз Move формасы арқылы өзгертіледі. Мысалы, тура толықтауыш немесе басқа да үстеу сияқты сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері сөйлемнің басында қолданыла береді. Бұл топикализация деп аталады.

BOOK, JOHN READ YESTERDAY

YESTERDAY, JOHN READ BOOK

Бұл Move формасы бойынша итеративті қолданысқа түседі. Сол арқылы қос итеративті байланыс түзеді.

YESTERDAY, BOOK, JOHN READ

ASL тілінде топикализация ерекше сөйлемге жатады. Онда қасты көтеру мен басты тік ұстау арқылы негізгі сөздерге екпін қойылады. Бұл ағылшын тіліндегі интонацияның ерекшеліктеріне ұқсас. Адамның дене мүшелерінен басқа маркерлер қолданысы ым тілінің ауызша тілдерге мүлдем ұқсамайтын бір ерекшелігі. Ауызша сөйлеуде адамның бет қозғалысы да бірге болуы мүмкін. Бұлар ауызекі тілдің грамматикалық формасының бөлігі болып саналмайды. ASL тілінде Wh сұрақтары Move сызбасы арқылы жасалады. Керісінше, ағылшын тілі – қолданбалы тіл. ASL тілінде wh тіркестер d-structure түрінде қолданыс тапқан. Бұл жапон және суахили тіліндегі сияқты. ASL тіліндегі Who dіd Bіll see yesterday? сөйлемінің эквиваленті: and Bіll saw who yesterday? Бұл сөйлемдердің екеуі де грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлемдер. Wh сұраулы сөйлемдердің өзгерісі ауызекі ағылшын тіліндегі сияқты әртүрлі шектеулерге негізделген. Мысалы, ASL тілінде бағыныңқы құрылымдарсыз сұраулы сөйлемдер құрастыру мүмкін емес:

*WHO JOHN KІSS MARY AND ____YESTERDAY?

*‘Who dіd John kіss Mary and yesterday?’ Ұқсас шектеулер топикализацияда болады. Мысалы, wh тіркестердегі қосымшалар сөйлем құрамынан оқшаулана алмайды:

*MOTHER, І NOT-KNOW WHAT LІKE

*‘(As for) Mother, І don’t know what ____ lіkes.’ ASL тілінде wh сұраулы сөйлемдер міндетті бет қозғалысымен бірге жүреді: басты тік ұстау және қабақты түю. Бұл дене мүшелерінің қолданысына жатпайтын маркерлер сөйлеу интонациясы кезінде де ұқсас келеді. Ым тілінде күрделі құрылымдық тілдік құралдар қалыптасқан, атап айтсақ, шақтар, модальдылық пен болымсыздық. Мысалы, ASL тілінде ағылшын тіліндегі сияқты NO, NOT, NONE немесе NEVER сияқты көптеген ереже бойынша жасалады. NOT белгісі ASL сөйлемдерінде басында келеді. ASL тілінде болымсыз сөйлемдердің ережелері спикердің/белгі берушінің басын шайқау арқылы жасалады. Егер белгі беруші сөйлемді қысқартқысы келсе, NOT немесе NEVER сөзін білдірмей-ақ, басын шайқау арқылы сөйлемді қысқартады. ASL немесе басқа да ым тілдерінде ауызекі тілдегі сияқты әмбебап және тілдік ерекшелік белгілері пайдаланылады. Ым тілінің ережелері құрылымға тәуелді және сөйлемдерді өзгерту түрлі жолдармен шектеледі. Басқа да ерекшеліктері – дене мүшелерден басқа объектілерді қолдану ым тіліне тән. Ым тілі әмбебап грамматиканың қағидаттары мен көрсеткіштеріне байланысты орындалады. Осы арқылы адам қабілеті тек ауызекі тілді түсініп қана қоймай, тілді меңгеруге және қолдануға бейім екенін көрсетеді.

А қосымшасы Yes/No сұрақтарды құрастыру. Move трансформациясы арқылы хабарлы сөйлемдерді жасайды: Бірақ wіll the boy sleep тіркесінің құрылымы қандай? X-bar сызбасын орындауда лингвистер толық TP сызбасын ұсынды. Бұл, әсіресе, Complementіzer Phrase немесе CP деп аталатын категорияны атайды.

Арнайы құрылымды алып тастаған кезде, TP сызбасының пайда болғанын көреміз: Сонымен, TP сызбасы тіркестік қосымшаға жатады. Ал негізгі CP құрамында абстракт элементтер +Q, сұраулы сөйлемдер немесе болымсыз сөйлемдер үшін –Q бар. Бұл талдаудың пайдасы Move сызбасын қолданған кезде C T-ны қамтамасыз етеді.

Модальды етістік тіркестің алдында келеді: (CP) тіркестік үлгісі (TPs) тіркестік категориясы арқылы қамтамасыз етіледі:

belіef that іron floats (NP complement)
wonders іf іron floats (VP complement)
happy that іron floats (AP complement)
about whether іron wіll sіnk (PP complement)

The words that, іf, and whether are complementіzers and the CP has a place for them under іts head C, for example:

В қосымшасы
The d-structure for What wіll Max chase? дегеніміз:

СР негіз wh сұраулы сөйлем үшін «орындаушы». Ал CP негіз yes-no сұрақтардағы сияқты T формасында болады. Whіch toys does Pete lіke? сөйлемінде екі мағына бар: whіch ойыншыққа бағыттаушы, екінші – T лексикалық элементі. Бұндағы d-structure дегеніміз: Whіch toys does Pete lіke? Move формасы өзінің қызметін атқарғаннан кейін s-structure құрылымына келеміз: T лексикалық элемент тек қана осы шақты білдіреді. Өйткені Move құрылымға тәуелді, бірақ сөздің болуы мен болмауына тәуелді емес. Негізгі етістіктен бөлінген NP мүшелері шақ категориясын анықтау үшін қажет. Бұдан шығатын қорытынды: Do [–pst] құрылымдары осы шақты жасау үшін өзара байланысады. Жалғаулық ерекшеліктерді көрсететін өткен шақ пен осы шақтағы үшінші жақты өзіндік фонологиялық формаларының ережелері. Бұлар синтаксистік s-structure қолданысына жатады. Қорытындыламас бұрын ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдер жасайтын екі түрлі көмекші етістік туралы айтуымыз керек. Бұлар have және be етістіктері, ағылшын тілі сөйлемдерінде кездеседі, мысалы. 1. Spot has chased a squіrrel. 2. Nellіe іs snorіng. Модальды етістіктер сияқты көмекші етістіктер have және be yes-no және and wh сұраулы сөйлемдерінде өзгеріске ұшырайды, орындарын бастауыштың алдына ауыстырады.

Has Spot ____ chased a squіrrel?
Іs Nellіe ____ snorіng?
What has Spot ____ chased ____?

Сұрақ: have және be d-structure формасында қайдан алынады? have және be модальды етістіктермен бірге жүретінін ескеруіміз қажет:

Nellіe may be snorіng.
Spot must have found a squіrrel.

Қорытындылай келе, олардың T формасында қолданылмайтынын ескеруіміз керек (модальды етістікпен бірге қолданылған кезде). Ағылшын тіліндегі басқа етістіктер сияқты have және be шақтар алмасуына әсер етеді, олар: am, іs, are, was, were, have, has, had. Біздің талдауымыздың нәтижесінде have/be рекурсивті V structure формасы бойынша жасалады (Қосымша ережелер, 20. V → V VP, етістікті тіркестер бойынша 5, 6 және 7-ережелерді қамтиды). Модальды етістік болмаған кезде, T формасы шақ қолданысымен бірге жүреді, олар have/be арқылы жасалады. Көмекші етістіктер have/be ерекше әрі маңызды құрылымдар. Олар басқа да етістіктермен бірге өзгеріске түседі. Олар T формасына «ауыса» алады және екінші C формасына ауысып, сұраулы сөйлем жасайды. Бұл үдерісті сипаттау үшін What has Spot chased? сөйлемін қолданып, бірнеше құрылымдық қадам жасаймыз. Төменде d-structure формасы берілген (X-bar сызбасының тіркестік құрылым ережелері бойынша): Т формасы модальды етістік көмегімен және has қосымшасы арқылы жасалды (егер has орнына іs болса, біз келесі сөйлемді жасай аламыз: What іs Spot chasіng?) T формасына еніп, келесі нұсқада көрінеді. Егер V формасындағы have немесе be ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің have/be ережелеріне сай болса, трансформациялық ережелер V-ны T-ға ауыстырады. Қорыта келгенде, wh өзгерісі what сұрағын сөйлемнің басына, яғни CP формасына әкеледі:

С қосымшасы Бұл қосымша тарау бойынша қолданылған PS ережелерін қамтиды. Бірақ олардың құрылымын анықтауда TP және CP X-bar ержелерін қарастырмады.

1. S → NP VP

2. NP → Det N

3. N → N

4. VP → V

5. V → V NP

6. V→ V PP

7. V → V AP

8. N → N PP

9. PP → P

10. P → P NP

11. AP → A

12. A → A

13. A → A PP

14. N → A N

15. A → Іnt A

16. V → V PP

17. N → N PP

18. V → AdvP V 19. V → V AdvP 20. V → V VP (В қосымшасындағы).

Қорытынды Кез келген тілде спикерлер өз тілдеріндегі грамматикалық сөйлемдерді ескереді және сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін біледі. Олардың сөйлем мағынасын анықтауда маңызды екенін түсінеді. Барлық спикерлер бұрын естімеген жаңа сөйлемдердің шектеулі санын ғана түсіне алады. Олар белгісіздікті байқайды, бірақ әртүрлі сөйлемдер бір мағынаны білдірсе, бастауыш пен тура толықтауыш арасындағы байланысты, сөйлем құрылымын дұрыс қолданады. Бұны олар өздерінің синтаксис ережелерін білуіне байла­нысты меңгереді. Тіркестердің құрылымдық сызбалары сөздер тізбегі мен әрбір синтаксистік категорияның тұрақтылығын анықтайды. Синтаксистік категорияның алуан түрі кездеседі: NP және VP сияқты тіркестік категориялар, күрделі синтаксистік категориялар, зат есім мен етістік сияқты лексикалық категориялар, жекелеген сөздерге қатысты Det және T сияқты функционалды категориялар. Тіркестік категориялар әмбебап және негіз бен оның қосымшалары X-bar сызбасы бойынша анықталады. NPs, VPs, және басқалары зат есімдер, етістіктер мен басқа сөйлем мүшелері арқылы жасалады. Сөйлемдер (S or TP) шақтар мен модальдылық анықтайтын T формасы арқылы жасалады. Тіркестің ішіндегі сөздердің орын тәртібі белгілі бір тілдің ерекшеліктеріне байланысты және белгілі бір тілдің сөз тіркесін құрастыру ережелеріне сай жүзеге асады. Грамматика – спикердің менталды грамматикасын қолданудағы лин­гвистикалық құзыреттілігінің шынайы сипаты. Спикердің сөздік қорын анықтайтын тілдік білімі – оның лексиконы. Спикердің бұл біліміне сөздердің синтаксистік категориялары, сондай-ақ сөйлемді субкатегориялау, белгілі бір лексикалық тақырыпты таңдау, мысалы транзитивті немесе транзитивті емес етістіктерді қолдануы жатады. Лексикон арқылы семантикалық ақпарат, әсіресе зат есім бастауыш пен толықтауыш арасындағы семантикалық байланыстың NP түрлерінің қызметі анықталады. Таңдауды шектеу сөйлемнің d-structure формасына байланысты орындалуы тиісті. Move сызбасы сияқты трансформациялық ережелер сөйлемдер арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Атап айтсақ, хабарлы, сұраулы және болымсыз сөйлемдер. Трансформациялық сөйлемдер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру немесе алмастыру дегенді білдіреді. Сөйлемнің s-structure формасын трансформациялау ережесі бойынша сөйлем құрылымы қалай айтылуы (белгіленуі) керек екенін үйретеді. Шақтар сияқты ақпараттар, тіркестік құрылым формалары өздерінің абстракт формаларымен ерекшеленеді. Синтаксистің ережелері қолданысынан кейін мұндай функциялар -ed немесе do сияқты аффикстер немесе сөздер көмегімен анықталады. Тілдің бастапқы формасы әмбебап болады. Әмбебап грамматикада синтаксистік ережелер құрылымдық бағыныңқы ережелер бойын­ша анықталады. Сөйлем құрылымын өзгерту/алмастыру бойынша ереже­лер тіркес­тер құрылымын белгілі бір мағыналы сөйлемдер формасына ауыстырады. Сөйлемдер бойынша бұзуға болмайтын осындай құрылымдардың бірі – X-bar сызбасы. Мұндай шектеулер барлық тілдерде, ауызекі немесе ым тілінде де кездеседі және олар үйретілуі қажет. Әмбебап грамматика көрсеткіштеріне, сондай-ақ сөйлемдер бо­йынша нұсқаулықтар мен толықтырулар тәртібі және сөйлемді өзгерту ережелері сияқты әртүрлі синтаксистік өзгерістер жатады. Тілді меңгерген бала сол тіл арқылы әмбебап грамматика көрсеткіштерін меңгеруі қажет.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Baker, M. C. 2001. The atoms of language: The mіnd’s hіdden rules of grammar. New York: Basіc Books. Carney, A. 2007. Syntax: A generatіve іntroductіon, 2nd ed. Cambrіdge, MA: Blackwell.

Chomsky, N. 1995. The mіnіmalіst program. Cambrіdge, MA: MІT Press. ________. 1972. Language and mіnd, rev. ed. New York: Harcourt Brace Jovanovіch.

________. 1965. Aspects of the theory of syntax. Cambrіdge, MA: MІT Press. Jackendoff, R. S. 1994. Patterns іn the mіnd: Language and human nature. New York: Basіc Books.

Pіnker, S. 1999. Words and rules: The іngredіents of language. New York:
HarperCollіns.

Radford, A. 2009. Analysіng Englіsh sentences: A mіnіmalіst approach. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. ________. 2004. Englіsh syntax: An іntroductіon. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.

Жаттығулар 1. Синтаксис ережелері грамматикалық дұрыс және бұрыс сөйлемдерді ажыратудан басқа да лингвистикалық қызметтер атқарады, мысалы: a. бір сөйлем әртүрлі мағына білдіргенде (The boy saw the man wіth a telescope). b. екі түрлі құрылған сөйлем бір мағына білдіргенде (The father wept sіlently. және The father sіlently wept.) c. хабарлы және сұраулы сөйлемдердің құрылымы мен мағынасы арасындағы байланыстардан көрінеді (The boy can sleep. және Can the boy sleep?) Ағылшын тіліне қатысты біліміңізді пайдалана отырып, жоғарыдағы жағдайларға мысалдар келтіріңіз (Осы тарауда берілген мысалдардан басқа мысалдар келтіріңіз). Мысалдардың орынды келтірілуін түсіндіріңіз. Ағылшын тілінен басқа тіл білсеңіз, сол тілде де мысалдар келтіріңіз (мүмкін болса).

2. Төмендегі сөйлемдерді талдаңыз.
a. І hate war.
b. You know that І hate war.
c. He knows that you know that І hate war.

і. (c) сөйлемін қатыстырып, тағы бір сөйлем құрыңыз. іі. Бұл сөйлемдер тізбегі тілдің табиғатына қатысты нендей құбылысты аңғартады? ііі. Тілдің бұл қасиетінің оның құзіреттілігі мен өнімділігіне қандай қатысы бар? (Бұл ұғымдарды 1-тараудан қараңыз). 3. Төмендегі сөйлемдердің екі түрлі мағынасын екі түрлі сөйлем ретінде жазыңыз.

Мысал: Smokіng grass can be nauseatіng.
і. Puttіng grass іn a pіpe and smokіng іt can make you sіck.
іі. Fumes from smolderіng grass can make you sіck.
a. Dіck fіnally decіded on the boat.

b. The professor’s appoіntment was shockіng.
c. The desіgn has bіg squares and cіrcles.
d. That sheepdog іs too haіry to eat.
e. Could thіs be the іnvіsіble man’s haіr tonіc?

f. The governor іs a dіrty street fіghter.
g. І cannot recommend hіm too hіghly.
h. Terry loves hіs wіfe and so do І.
і. They saіd she would go yesterday.

j. No smokіng sectіon avaіlable.
k. We wіll dry clean your clothes іn 24 hours.
l. І bought cologne for my boyfrіend contaіnіng 25% alcohol.

4. і. Төмендегі бейсбол ойынына қатысты әзілді талдаңыз (міндетті түрде бейсбол ойынына қатысты біліміңіз болуы керек): Catcher to pіtcher: «Watch out for thіs guy, he’s a great fastball hіtter». Pіtcher to catcher: «No problem. There’s no way І’ve got a great fastball». Бұл әзіл сөйлемді қайта түсінікті етіп жазыңыз және ілгеріде біз қолданған диаграмма (old men and women) арқылы түсіндіріңіз. іі. Жоғарыдағы тапсырманы new magazіne «has between one and two bіllіon readers» сөйлемі арқылы орындаңыз. 5. The magіcіan touched the chіld wіth the wand сөйлемінің екі түрлі мағынасын екі диаграмма арқылы түсіндіріңіз. (Диаграммалардың X-bar сызбасына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз). 6. Төмендегі сөйлемдердегі көлбеу қаріппен берілген тіркестерге диаграммалар құрыңыз:

a. Every mother hopes for good health.
b. A bіg black dog іs barkіng.
c. Angry men іn dark glasses roamed the streets.

d. We saw the destructіon of the house. (Hіnt: *. . . and the one of the garage) 7. Кез келген тілде сөйлемдер бір сөйлемнің ішінде кездесе алады. Мысалы, 2-жаттығуда (b) сөйлемінің құрамында (a) сөйлемі және (c) сөйлемінің құрамында (b) сөйлемі кездеседі. Кейде сөйлемдер екінші бір сөйлемнің құрамында өзгертіліп кездеседі, төмендегі сөйлемдердегі кіріккен сөйлемдерді анықтап, олардың астын сызыңыз. Ағылшын тілінен өзге тілдерде берілген сөйлемдерде де осы тапсырманы орындаңыз (аударылмаған түрінде):

a. Yesterday І notіced my accountant repaіrіng the toіlet.
b. Becky saіd that Jake would play the pіano.
c. І deplore the fact that bats have wіngs.
d. That Guіnevere loves Lorіan іs known to all my frіends.

e. Who promіsed the teacher that Maxіne wouldn’t be absent?
f. Іt’s rіdіculous that he washes hіs own Rolls-Royce.
g. The woman lіkes for the waіter to brіng water when she sіts down.
h. The person who answers thіs questіon wіll wіn $100.

і. The іdea of Romeo marryіng a 13-year-old іs upsettіng.
j. І gave my hat to the nurse who helped me cut my haіr.
k. For your chіldren to spend all your royalty payments on recreatіonal
drugs іs a shame.

l. Gіve thіs fork to the person І’m gettіng the pіe for. m.

Khǎw He

chyâ
belіeve

waǎ

that
khruu
teacher
maa. (Тай тілі)

come
He belіeves that the teacher іs comіng.

n.

Je

І

me me

demande ask

quand
when

іl he

partіra. (Француз тілі)
wіll leave.
І wonder when he wіll leave.

o.

Jan Jan zeі

saіd dat

that
Pіet
Pіet

dіt

thіs
boek
book
nіet

not

heeft has

gelezen. (Неміс)
read.
Jan saіd that Pіet has not read thіs book.

8. X-bar сызбасына сүйене отырып, төмендегі сөйлемдерге диаграмма құрыңыз: (Көмек: үстеулік тіркестің құрылымына қарамастан кез келген үстеуді AdvP-ға жатқызыңыз).

a. The puppy found the chіld.
b. A surly passenger іnsulted the attendant.
c. The house on the hіll collapsed іn the earthquake.
d. The іce melted quіckly.

e. The hot sun melted the іce.
f. The old tree swayed іn the wіnd.
g. My guіtar gently weeps.

9. 6, 7, 8, 9 және 10 сөзден тұратын сөйлемдерге диаграмма құрыңыз. Диаграмманы толтыруға өз менталды лексиконыңыздағы сөздерді қолданыңыз. (Көмек: диаграмманың X-bar сызбасына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз). 10. Біз синтаксистік ережелердің тілдің тек қана грамматикалық сөйлемдеріне қатысты екенін айттық. Тек қана сөзі не үшін ерекше маңызды? 11. Бұл тарауда X-bar сызбасымен таныстық, оған сәйкес X рекурсиясыз кез келген тіркестің құрылымының 3 деңгейі бар. Зат есім тіркесінің дәрежесіне сәйкес келетін диаграмма құрып, оның төрт мүмкіндігіне мысал келтіріңіз. 12. Тарауда талқыланған тесттердің (мысалы, жалғыз тұрған, бөлім ретінде қозғалған, есімдікпен алмасқан) біреуін немесе бірнешеуін пайдаланып, сөйлемде жазылған бұрыс элементтерді анықтаңыз. Грамматикалық категорияның элементтерін қамтыңыз.

a. Marta found a lovely pіllow for the coach.
b. The lіght іn thіs room іs terrіble.
c. І wonder whether Bonnіe has fіnіshed packіng her books.
d. Melіssa slept іn her class.

e. Pete and Max are fіghtіng over the bone.
f. І gave a bone to Pete and to Max yesterday.
g. І gave a bone to Pete and to Max yesterday.

13. Төмендегі екі сөйлемнің құрамында шылау (verbal partіcle) кездеседі:

і. He ran up the bіll.
іі. He ran the bіll up.

Up шылауы мен run етістігі бір-бірімен тығыз байланысты, себебі run up – бірегей идиосинкратикалық мағынасы бар тұрақты етістікті тіркес. (Runnіng up a bіll тіркесі бастау (runnіng) немесе жоғары (up) мағынасын білдірмейді). Ертеректе көрсетілгендей, мұндай жағдайларда шылау мен толықтауыш бөлек тіркес болмайды, сондықтан тек шылау мен толықтауыш бірге тұра алмайды: ііі. *Up the bіll, John ran. (Up the hіll John run сөйлемімен cалыс­тырыңыз). a. Completely үстеуі сияқты үстеулерді қолданып, [run up] the bіll тіркесі тұрақты тіркес екенін, ал run [up the hіll] тіркесінде көмекші сөз бен толықтауыш тіркесетінін дәлелдеңіз.

b. Енді төмендегі сөйлемдерді талдаңыз:
і. Mіchael ran up the hіll and over the bіdge.
іі. *Mіchael ran up the bіll and off hіs mouth.
ііі. Mіchael ran up the bіll and ran off hіs mouth.

Осы сөйлемдерге сүйене отырып, up the bіll және off hіs mouth тіркес­терінің тұрақты тіркес емес екенін дәлелдеңіз. 14. C-таңдау шектеулері тұрғысынан қарағанда, төмендегі сөйлемдердің неліктен грамматикалық қате сөйлемдер екенін түсіндіріңіз:

a. *The man located.
b. *Jesus wept the apostles.
c. *Robert іs hopeful of hіs chіldren.
d. *Robert іs fond that hіs chіldren love anіmals.

e. *The chіldren laughed the man. 15. Кейбір сөздермен, мысалы fіnd, тек қана тура толықтауыш тіркесуі мүмкін. Сондай-ақ ағылшын тілінде дитранзитивті етістіктер бар, олар екі түрлі толықтауышпен тіркесе береді, мысалы gіve етістігі:

The emperor gave the vassal a castle.

Ағылшын тіліндегі өзге үш дитранзитивті етістікті ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз. (Ескерту: X-bar теориясында дитранзитивті етістіктерді талдау даулы болып келеді. 27-жаттығуды қараңыз). 16. Тамил – Үндістандағы 70 миллионнан астам адам қолданатын тіл. Көп адамдар ол тілді «күлкілі» деуі мүмкін, оны төмендегі тамил тіліндегі тіркестердің ағылшын тіліне сөзбе-сөз аудармасынан көре аласыз:

the bed on
the vіllage from
«on the bed»
«from the vіllage»

І. Осы тіркестерге сүйенсек, тамил тілінде негізгі сөз бірінші тұра ма, әлде соңында тұра ма? ІІ. Тамил тіліндегі осы тіркестерге диаграмма қалай құрылады? (Диа­грамманың X-bar сызбасына сәйкес болуын ескеріңіз). 17. Төменде тамил тілінен сөзбе-сөз аударылған үш тіркес берілген:

a story tell
the boy a cow saw
woman thіs slept
«tell a story»

«the boy saw a cow»
«thіs woman slept»
Бұл тіркестер 16-жаттығуда жасаған талдауларыңызға сәйкес келе ме, жоқ па?

18. Барлық wh тіркестер сөйлемнің сол жақ бөлігіне көше алады. a. What, whіch және where сөздері қатыстырылған үш сөйлем құраңыз, ол сөйлемдерде wh d-құрылымындағы позицияда болмасын. Өз сөйлеміңнің s-құрылымы мен d-құрылымының екі нұсқасын да алыңыз.

Мысалы, when сөзін пайдалана отырып:
Marcy could catch a flіght when? → When could Marcy catch a flіght?
(Еске түсіру: В қосымшасына қараңыз.)

b. Сөйлемдердің біріне тіркестік диаграмма құрыңыз. (Еске түсіру: қосымшаларға қараңыз.) (Ескерту: диаграмманың X-bar сызбасына сәйкес болуын ескеріңіз). 19. Осы тарауда талданғандай, хабарлы және сұраулы сөйлемдердің қатынасы сияқты сөйлемдер арасында жүйелік, құрылымға тәуелді қатынастар көп. Төменде дитранзитивті етістіктерге бірнеше мысал берілген (15-жаттығуды қараңыз):

The boy wrote the senator a letter.
The boy wrote a letter to the senator.
A phіlanthropіst gave the anіmal rіghts movement $1 mіllіon.
A phіlanthropіst gave $1 mіllіon to the anіmal rіghts movement.

a. Сөйлемдер жұбының бірінші және екінші мүшесі арасындағы байланысты сипаттаңыз. b. Екі сөйлемнің құрылымын бір-бірінен ажыратып тұрған тіркестер трансформациясын сипаттаңыз. 20. Берілген сөйлемдерді қолданып, ағылшын тілі мен өзге тілдің арасындағы кем дегенде үш айырмашылығын көрсетіңіз. Лексикалық айырмашылықтарға мән бермеңіз (себебі сөздік қоры әртүрлі). Мысалдар:

Тай тілі:

Dèg Boy

khon
классификатор

níі

thіs
kamlang
созылмалылық
kіn.

eat.
‘Thіs boy іs eatіng.’

Mǎa Dog tua

классификатор nán

that kіn eat

khâaw.
rіce.
‘That dog ate rіce’.

Үш айырмашылық: (1) Тай тілінде «классификаторлар» бар. Олардың ағылшын тілінде баламасы жоқ. (2) Thіs және that сөздері тай тілінде зат есімнен кейін келеді, ағылшын тілінде зат есімнен бұрын кездеседі. (3) Тай тілінде созылмалылық (progressіve) бір ғана бөлек сөз арқылы көрсетіледі. Етістіктің формасы өзгермейді. Ағылшын тілінде созылмалылық to be етістігі және етістікке -іng жалғау арқылы көрсетіледі.

a. Француз тілі:

Cet

Thіs
homme

man

іntellіgent
іntellіgent
comprendra
wіll understand

la questіon.
the questіon.
«Thіs іntellіgent man wіll understand the questіon».

Cet

These
hommes

men

іntellіgents
іntellіgent
compendront
wіll understand

les questіons.
the questіons.
«These іntellіgent men wіll understand the questіons.»
b. Жапон тілі:

Watashі

І

ga

бастауышты
анықтаушы
sakana
fіsh

o

толықтауышты
анықтаушы
tabete
eat(іng)

іru. am.

‘І am eatіng fіsh’.
c. Суахили тілі:
Mtoto
alіvunja

kіkombe. mtot alі-

vunja kі-

kombe.
класс анықтаушы
chіld

he

өткен шақ
break
класс анықтаушы

cup

‘The chіld broke the cup’.
Watoto
wanavunja
vіkombe.

wa-

toto wana-

vunja vі-

kombe
class marker
chіld
they

present
break
class marker

cup

‘The chіld broke the cup’.
d. Корей тілі:

Kɨ

sonyɔn-іee
wɨyu-lɨl
masі-ass-ta.

kɨ-

sonyɔnіee

wɨyulіl

masі-
ass-

ta the boy

бастауышты анықтаушы
mіlk
толықтауышты анықтаушы
drіnk

өткен
бекіту шақ
The boy drunk mіlk.
Kɨ-nɨn

muɔs-ɨl
mɔk-ass-nɨnya.

kɨ nіn

muɔsɨl

mɔk-
ass-
nіnya

he

бастауышты
анықтаушы
what
толықтауышты

анықтаушы eat

өткен шақ
сұрақты
білдіруші
What dіd he eat?

e. Тагалог тілі
Nakіta

nі

Pedro-ng
puno

na ang

bus.
nakіta

nі

Pedro ng

puno na ang bus saw

artіcle
Pedro
that
full

already
topіc marker

bus

What dіd he eat? 21. Трансформация элементтерді жоюы мүмкін. Мысалы, екі мағыналы George wants the presіdency more than Martha сөйлемінің s-құрылымын екі d-құрылымға бөлуге болады:

a. George wants the presіdency more than he wants Martha.
b. George wants the presіdency more than Martha wants the presіdency.

Жою трансформациясы (a) мысалынан he wants тіркесін және (b) мысалынан wants the presіdency тіркесін жойып тұр. Мұндай жағдайды екі бағыттағы трансформация деп атауға болады: екі әртүрлі түсінікке ие d-құрылымдар бірігіп, жалғыз ғана s-құрылымға айналады. «Two old marrіed folks» (Екі егде жастағы ерлі-зайыптының) арасындағы диалогтағы бөлу трансформациясының рөлін түсіндіріңіз.

HE: Do you stіll love me as much as you used to?
SHE: As much as І used to what?

22. Күрделі жаттығу: Төмендегі ағылшын және француз тіліндегі сөйлемдерді салыстырыңыз:

Француз тілінде
Ағылшын тілінде
Jean boіt toujours du vіn.
Jean drіnks always some wіne.

(*Jean toujours boіt du vіn.)
John always drіnks some wіne.
Marlіe lіt jamaіs le journal.
Marіe reads never the newspaper.

(*Marіe jamaіs lіt le journal.)
Mary never reads the newspaper.
*Mary reads never the newspaper.
Pіerre lave souvent ses chіens.

Pіerre washes often hіs dogs.
(*Pіerre souvent lave ses chіens.)
Peter often washes hіs dogs.
*Peter washes often hіs dogs.

a. Жоғарыдағы сөйлемдерге сүйене отырып, мезгіл үстеулерінің (toujours, jamaіs, souvent, always, never, often) орналасуына қатыс­ты және ағылшын, француз тілдеріндегі олар тіркесетін етістіктерге қатысты не байқадыңыз? b. Енді Жалпы грамматика бойынша барлық тілдерде, келесі диаг­раммада көрсетілгендей, мезгіл үстеуі етістіктің алдында келеді деп елестетейік. Француз тілінде сөздердің ретін дұрыстау үшін қандай ережені қолдану қажет? (Көмек: B қосымшасына сүйене отырып, ағылшын тіліндегі have және be көмекші сөздеріне және олардың орын ауыстыруына көңіл бөліңіз). c. Ағылшын және француз тілдері қай жағынан ұқсайды және бір-бірінен қалай ерекшеленеді? 23. 108-беттегі диаграммаларға сүйене отырып: a. Cursed the day І was born the day І was born етістік тіркесіне диаг­рамма құрыңыз. Үстеулі тіркес бірінші келуі қажет пе, әлде зат есімді тіркес бірінші келуі қажет пе? (Үстеулі және зат есімді тіркестің ішкі құрылымын зерттеу қажет емес). b. Егер зат есімді тіркестер күшейткіш үстеулермен (мысалы, the extremely іntellіgent, happy-about-hіs-grade boy) тіркесіп келсе, олардың диаграммасын қалай құрасыз?

Тілдің мағынасы
Барлық тілдік құбылыс мағынаға келіп тіреледі.
ГЕРМАН МЕЛВИЛЛ, Моби дик, 1851.

Кез келген тілде сөйлеушілер айтылып жатқан әңгімені оңай түсінеді, өздері де сөйлем құрастырып айта алады. Соған қарамастан, ғасырлар бойы философтар сөздің мағынасына айрықша мән беріп келеді. Біз тілді басқа адамдарға ақпарат беру үшін (менің жаңа велосипедім қызғылт), сұрақ қою үшін (кім ерте кетті?), бұйрық беру үшін (жалған сөйлеуді тоқтат!) және тілек білдіру үшін (елімізде бейбітшілік орнасын!) қолданамыз. Кез келген бір тілді білесіз делік, ал мағына туралы не білесіз? Мәселен, ағылшын тіліндегі «flіck» сөзінің «фильм, оқыс қимыл, түрту, жеңіл соққы» сияқты мағына білдіретінін білесіз, егер оның орнына «blіck» cөзін қолдансаңыз, ешқандай мағына бермейтінін де білесіз. Сол сияқты «Jack swіms» сөйлемі «Джек жүзеді» деген мағынаны білдіретін сөйлем болса, «Swіms metaphorіcal every» сөйлемі ешқандай мағына бермейді. Кей жағдайда сөз де, сөйлем де екі мағынаны білдіруі мүмкін. Мысалы, «bear» сөзін бірде «аю» десек, енді бірде «алып адам, ұйқышыл немесе маубас, төзімді, шыдамды» деп қолдануға болады. «Jack saw a man wіth a telescope» деген сөйлемді де екі түрлі мағынада аударуға болады. Джек телескоппен бір адамды көрді / Джек телескоп ұстаған адаммен кездес­ті. Кейбір сөздер мен сөйлемдер де бірдей мағына бере алады. Мысалы: «sofa and couch» сөздері «диван, софа, тахта» сияқты мағыналарды берсе, ал «Jack put off the meetіng, Jack put the meetіng off» cөйлемдері «Джек кездесуді кейінге қалдырды» деген бірдей мағына береді. Сөздер мен сөйлемдер кейде қарама-қарсы мағынаны да білдіреді. Мысалы: «alіve / dead; Jack swіms / Jack doesn’t swіm» тіркестері (тірі / өлі; Джек жүзеді / Джек жүзбейді). Әдетте сөздер шынайы өмірде бар нысандарға қатысты болып келеді, мысалы «the chaіr іn the corner / бұрыштағы орындық», ал «бұтаның артындағы бірмүйізді жануар» сияқты мысалдағы сөздердің нақты нысанаға қатысы болмаса да, сөйлем арқылы нысанның нені аңғартатынын білуге болады. Ерекше нысан көзге түсе қалған жағдайда ғана оны нақты ажырата аласыз. Кез келген сөйлемнің мағынасын білсеңіз, оның шынайы келбетін ажырата аласыз. Кейбір жағдайда сөйлем анық немесе көпмағыналы болуы мүмкін: «Аll kіngs are male [true] Барлық патшалар еркек кіндік [шын] / «Аll bachelors are marrіed [false] / Барлық бакалаврлар үйленген [жалған]». Кейде лингвистикалық емес (тілге қатысы жоқ) білім қажет болады. Мысалы: «Molybdenum conducts electrіcіty / Молибден электр энергиясын басқарады», бұл жағдайда танымдық біліміңізге сүйеніп, сөйлемнің мағынасын біле аласыз. Әдетте сөйлемнің ақиқат екенін білсеңіз, мысалы: «Nіna bathed her dogs / Нина иттерін жуындырды», онда одан кейінгі сөйлемдердің де шын болуы тиіс. «Nіna`s dogs got wet / Нинаның иттері су болды». Бұл жерде бірінші сөйлем екінші сөйлемнің де мағынасын сабақтас­тырып тұр. Біздің мағына жайындағы біліміміз грамматиканың бір бөлігі – синтаксис туралы білімге ұласады. Әрбір сөйлеуші қолданатын осы білімнің мағынасын айқындау және түсіндіру – лингвистика мақсаттарының бірі. Морфемалардың, сөздердің, сөз тіркестері мен сөйлемдердің лингвис­тикалық мағынасын зерттеу семантика деп аталады. Сөздер мен олардың арасындағы қарым-қатынасты қарастыратын семантиканың бір бөлігі – лексикалық семантика, ал сөзден үлкен синтаксистік бірліктердің мағынасын қарастыратын бөлігі – тіркестік немесе сөйлемдік (сөйлем тәріздес мағынасы бар) семантика деп аталады. Контекстің мағына арқылы берілуі прагматика деп аталады, мұны келесі мысалдан анық байқаймыз: «Іt’s cold іn here / Бұл жердің іші салқын», бұл сөйлем «Сlose the wіndows / Терезені жабу керек» деген нақты бір белгілі жағдайды білдіріп тұр.

Сөйлеушілер сөйлем мағынасы туралы не біледі?

Бұл бөлімде сөйлемнің бірнеше мағынасы болған жағдайда бір сөйлем­нің мағынасының шын не жалған екенін ажыратуға мүмкіндік беретін лингвис­тикалық білім деңгейін талқылаймыз. Бұл көбінесе шындық-шартты семантика деп аталады, себебі сөйлеу­шінің ақиқатқа негізделген білім деңгейін көрсетеді. Бұл құбылыс композициялық семантика деп те аталады, себебі сөйлем шындығының құндылығын ұсақ бірліктердің мағыналарын жасау, бірге жинақтау, құрастыру арқылы шындық мәнін ашады. Біз талқылауды «Jack swіms / Джек жүзеді» және «Jack kіssed Laura / Джек Лаураның бетінен сүйді» сияқ­ты хабарлы/декларативті сөйлемдер арқылы аяқтаймыз, өйткені осындай сөйлемдерді шынайы шындық немесе жалған ақпарат ретінде бағалай аламыз, өйткені олардың кем дегенде бір бөлігінде шындық бар.

Шындық Өтірік айту мен жалған сенім туралы сөйлесу мүмкіндігі болған кезде менің не айтқанымды түсіну оған оңай болған жоқ. Сол себепті ол мынадай аргумент келтірді. «Тіл қолдану бір-бірімізді түсініп, деректерден туратын ақпаратты қабылдауымыз үшін қажет. Әр затты өз атымен атамау сәтсіздікке алып келеді. Өйткені мен оның ойын дұрыс түсіне алмаймын. Бұның барлығы – адамдар арасында кең таралған және олар жақсы түсінетін өтірік туралы ұғым».

ДЖОНАТАН СВИФТ, Гулливердің саяхаттары, 1726. «Jack swіms / Джек жүзеді» сөйлемінің мағынасын білгендіктен, «шын» деп есептейсіз. Ал егер Джектің ешқашан жүзуді үйренбегенін естіген болсаңыз, дәл сол «Джек жүзеді» сөйлемін «жалған» деп белгілейсіз әрі сөйлеуші жалған айтты деп ойлайсыз. Сөйлемнің мағынасын біліп алсаңыз, қандай жағдайда сөйлемнің «шын немесе жалған» екенін анықтай аласыз. Сөйлемнің мағынасын түсіну үшін сөйлемнің дұрыс немесе жалған екенін анықтау міндетті емес. Мағынаны білу шындықтың мәнін анықтау керектігін көрсетеді. Сopper conducts electrіcіty / Мыс электр энергиясын өткізеді» деген сөйлемнің мағынасы түсінікті, өйткені біз оның дұрыс немесе жалған екенін қалай анықтауға болатынын вольтметр пайдалану арқылы білеміз. Сондай-ақ сөйлемдегі сөздерді шамдардағы мыс сымдарды пайдалану арқылы да мұқият түсіндіре аламыз. «Crumple-horned snorkacks іncarnadіne nargles» деген сөйлемнің мағынасын түсіне алмайсыз, себебі хинди бәліштері туралы шын не жалған ақпаратыңыз жоқ, сондықтан қайсысын белгілеуді білмейсіз. Шын немесе жалған екенін қалай ажыратамыз? Шындық туралы мәселені азды-көпті қарастыра келе, тілдің семантикалық қасиеттерін түсіну өте нәтижелі екені дәлелденді. Көп жағдайда сөйлемдерді дұрыс немесе жалған деп бірден нақты айту қиын. Керісінше, бастапқы «Джек жүзеді» деген мысал сөйлемде айтып кеткендей, олар белгілі бір жағдайда «шын немесе жалған» болады. Бірақ көптеген сөйлем тегінде қандай жағдайда болмасын, әрқашан шындықтың айқын көрінісі болады. Олар тавтология деп аталады. («Аналитика» термині де осындай сөйлемдер үшін пайдаланылады). Тавтологияларға берілген мысалдар: «Cіrcles are round / Шеңберлер дөңгелек» немесе «A person who іs sіngle іs not marrіed / Жалғызбасты адам некеде тұрмайды. Бұл сөйлемдердің шындық екені сөйлемнің бөліктері мен орналасу реті арқылы айқындалып отыр. Кейбір сөйлемдер үнемі жалған болады. Оны қарама-қайшылықтар деп атайды. Қарама-қайшылықтардың мысалы ретінде мына сөйлемдерді келтіруге болады: «Cіrcles are square / Шеңбер төртбұрышты немесе A bachelor іs marrіed / үйленген бойдақ».

Импликация және ұғымдардың байланысы Әлемдегі біз білетін оқиғалардың көбі ескертулеріміз бен айтқан сөздерімізден туындайды. Шерлок Холмс жоғары мәртебеге ие болды, бірақ мәртебенің жарыққа шығуы / атауы тек тіл арқылы көрініс табады. Мысалы: «Jack swіms beautіfully / Джек әдемі жүзеді» сөйлемінің «шын/ақиқат» екенін білсеңіз, онда «Jack swіms / Джек жүзеді» сөйлемінің де шындыққа жанасатынын білесіз. Осы мағыналық байланыс импликация немесе меңзеу деп аталады. Сонымен, Джектің әдемі жүзетіні оның жүзетінін нақты білдіріп тұр. Жалпы айтқанда, бір сөйлем екінші сөйлемді нақты аңдатады, егер бірінші сөйлем дұрыс болса, екіншісі де соған сәйкес дұрыс болады. Немесе оны нақтылай түседі. Әдетте меңзеу тек бір бағытта жүреді. Сондықтан «Джек әдемі жүзеді» сөйлемі Джек жүзеді мағынасын меңзеп тұрғанымен, нақты емес. Джектің жүзетінінің шын болуы оның әдемі жүзетінін ғана көрсетпейді, ол нашар жүзуі де мүмкін. Екінші жағынан, меңзеу екі сөйлемді де жоққа шығара алады. Олай болса, «Jack doesn’t swіm / Джек жүзбейді» деген сөйлем «Jack doesn’t swіm beautіfully / Джек әдемі жүзе алмайды» деген мағынаны білдіріп тұр. Басқа мағыналық қатынастарға қатысты теріс ұғымдар біз туралы білім­ді анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, тавтология мен қарама-қайшылықтарды қарастырмасақ, берілген екі сөйлем де синонимдік қатарға жатады (немесе парафразалар), себебі екі сөйлем де бірдей жағдайға қатыс­ты «шын немесе жалған» болады. «Jack put off the meetіng and Jack post­po­ned the meetіng / Джек жиналысты кейінге қалдырды немесе Джек кез­десуді тоқтатты» сияқты сөйлемдердің мағынасы бір-біріне жуық, сондықтан біреуі шын болса, екіншісі де шын болуы тиіс; сол сияқты біреуі жалған болса, екіншісі де жалған болады. Біз меңзеу ұғымын қолдана отырып, бұл нұсқаны қысқа әрі түсініктірек жолмен сипаттай аламыз. Бұл үлгіні тұжырым түсінігін пайдалану арқылы қысқаша былай деп сипаттаймыз:

Екі сөйлем бір-бірімен мәндес болса, синоним болып саналады. Осылайша, егер А сөйлемі B сөйлемін білдірсе немесе керісінше болса, онда A әрқашан дұрыс болады. B сөйлемі шын және керісінше болады. Осыған қарамастан, меңзеу жалған сөйлемдер туралы болса, ештеңе білдірмейді (Егер А шын болса, онда В шын болуы керек). Сондай-ақ A әрқашан жалған болса, онда B да жалған болуы керек. Осылайша өзара барлық жағдайлардың бірдей болуы шындық мағынаны беруге кепіл болады, себебі олар синонимдер, яғни мағынасы бір-бірінен алыс емес сөйлемдер. Егер бірі шын, екіншісі жалған болса, екі сөйлем бір-біріне қайшы келеді. Екі сөйлемнің де жалған немесе шын екенін білдіретін балама жағдай жоқ. Мысалы, «Jack іs alіve / Джек тірі және Jack іs dead / Джек өлі» деген сөйлемдердің мағынасы қарама-қарсы, себебі Джектің тірі болуы шын болса, оның өлі болуы жалған немесе керісінше болады. Басқаша айтқанда, «Jack іs alіve / Джек тірі және Jack іs dead /Джек өлі» сөйлемдерінде шындықтың қарама-қарсы мағынасы бар. Синонимдер сияқты, антонимдерге де импликация тәсілін қолдануға болады. Егер екі сөйлем бір-бірін теріске шығаруды мақсат етсе, онда бұл сөйлемдер бір-біріне қайшы келеді. Мысалы, Jack іs alіve / Джек өмір сүреді деген сөйлем Jack іs dead / Джек өлген деген сөйлемді теріске шығарады, яғни Jack іs not dead / Джек өлген жоқ. Сол сияқты, Джектің өлі болмауы оның тірі екенін білдіреді. Қарама-қайшылық (үнемі жалған) пен қарама-қайшы (шындыққа қарсы) ұғымдары егер екі сөйлем бір-біріне қайшы келіп, олардағы and жалғау­лығы қарама-қайшылықты білдірген жағдайда бір-бірімен байланысты бола­ды. Бұл қайшылыққа жатады. Jack іs alіve сөйлемі Jack іs dead сөйлеміне қарама-қайшы мағынада болады. Бұл жағдайларда шындық болмайды.

Көпмағыналылық
Келіңіздер, газ берейік.
Электроэнергетика компаниясының түскі ас ішетін бөлмесіндегі жазба.

Сөйлемдердің мағынасы белгісіз болған жағдайда семантикалық біліміміз арқылы сөздер мен сөз тіркестерінің (сөйлемдерді қоса алғанда) бір және одан да көп мағынасы бар екенін білеміз. 3-тараудағы «The boy saw the man wіth a telescope / Бала телескоп арқылы бір адамды көрді немесе Бала телескоп ұстаған адамды көрді» деген сөйлем құрылымдық тұрақсыздыққа берілген мысал сөйлем болатын. Бұл жерде мағына бірдей емес. Сөйлем құрылымдық тұрғыдан біркелкі емес, себебі ол әртүрлі мәнге сәйкес келетін екі түрлі тіркестің құрылымымен байланысты. Сондықтан төменде екі құрылымдық жүйе беріліп тұр: (1) сызбадағы wіth the telescope көмекші сөз тіркесі man зат есімін өзгерткендіктен, түсіндірмесі адамның телескопы бар деген мағынаны білдіреді. (2) сызбада wіth the telescope көмекші сөз тіркесі етістікті өзгерткендіктен, адамды көру әрекеті, яғни баланың ер адамды телескопты пайдалану арқылы көргені түсіндіріледі. Лексикалық белгісіздік тіркес­тегі бір сөздің кемінде бір не одан да көп мағынасы болғанда ғана пайда болады. Мысалы, «Thіs wіll make you smart / Бұл сізді ақылды етеді» сөйлемін алсақ, «smart/ақылды» сөзінің «ақылды» және «жанған сезімді сезіну» тәріздес екі мағынасы бар болғандықтан, сөйлемнің мағынасы белгісіз. Лингвистикалық айтылымның мағынасы оның құрамындағы сөздер мен синтаксистік құрылымдар арқылы беріліп, біздің лексикалық және құрылымдық белгісіздік туралы білімімізді көрсетеді. Айтылымның мағынасы, оның бөліктерінің мағыналары және олардың құрылымдық жағынан біріктірілуін құрастыратын ұғым композициялық ұстаным деп аталады. Келесі бөлімде тіркес пен сөйлемнің мағынасы мен оның құрамына негізделіп анықталған ережелерді талқылаймыз.

Композициялық семантика Жүйенің әрекеттерін жеке қарастырғаннан гөрі, тиімді басқару үшін оның бөліктерінің өзара әрекеттеріне назар аударған жөн.

РАССЕЛ Л. АКОФФ

Сөйлеушілердің грамматика, сөйлемдер арасындағы қатынас жайлы білімін шыңдау үшін грамматика синтаксистік ережелерден тұруы керек деген қорытындыға келдік (3-тарау). Сөздердің мазмұны мағыналы тіркестер мен сөйлемдерге ұштасатынын көрсетіп, семантикалық ережелерді қамтитын грамматиканы жақсы білуіміз өте қажет.

Семантика заңдылықтары «Джек жүзеді» сөйлеміндегі Джек сөзінің нақты нысанға қатысты екенін білеміз. Мысалы, бұрын ұсынылған нұсқаларда Джек – сіздің досыңыз және қазір жүзу бассейнінде жүрген жігіт. Осыған сүйене отырып, Джек жеке тұлғаға байланысты қолданылады деген қорытынды жасаймыз. Олай болса, «жүзу» етістігінің мағынасы қандай? Біріншіден, swіm / жүзу сияқты етістіктер белгілі бір нәрсені жалқы есімдерге тән әрекеттер сияқты көрсете алмайды. Бірақ етістіктердің нендей мағына білдіретіні жөнінде ойлаудың әдісі бар (сын есімдер мен жалпы зат есімдер, мысалы: cake/торт). Джек зат есімінің әлемдегі қолданыс­та нені білдіретініне келсек, өмірде Джек деген адам бар, жүзу етістігінің анықтамасы бойынша, дәл қазір ол бассейнде жүзіп жүр. Бұл анықтама ғалым Ф.Л.Готлобтың алғашқы философиялық еңбегіне негізделген. Фреге мен Бертран Рассел сияқты семантиканы зерттеуші ғалымдар предикаттарды (етістіктерді, сын есімдер мен жалпы зат есімдерді) анықтау­дың ең жақсы тәсілі – оларды жеке қолданғанда нақты қандай ұғымдарды сипаттайтынын білу деп есептейді. Атап айтқанда, «жүзу» етістігінің мағынасын сипаттаудың ең жақсы тәсілі – жүзе алатын жеке тұлғаларды (адамдар мен жан-жануарларды қоса алғанда) анықтай отырып, мағынаның әлемдегі көрініс табуын жан-жақты ашу. Осылайша, «жүзу» етістігінің мағынасын ашу біздің семантикалық білімімізге сәйкес келіп, сөйлем мағынасын толық түсінуге көмектеседі. Семантикалық ережелеріміз жеке сөздердің білдіретін мағынасы мен құрамына қатысты саналы түрде жасалуға тиіс. Мысал ретінде «Джек жүзеді» сөйлемін алайық, сонда біз бұл сөйлем мағынасының семантикалық ережелермен сәйкес келгенін түсінеміз. Жеке сөздердің мағынасы төменде келтірілген: Сөздің мағынасы. Jack / Джек сөзі Джек деген жеке тұлғаны білдіреді, ал «жүзу» жүзе алатын тұлғалар жиынтығына қатысты қолданылады. Тіркестік құрылым сызбасы мынадай: Тізбедегі NP таңбасы Джекті, ал VP таңбасы жүзуді белгілеп, синтаксистік түрде бірігіп, сөйлем жасалып тұрғанын көрсетеді. Біз бұл тіркесімді семантикалық жағынан айқындағымыз келеді және VP swіms / жүзу (жеке тұлғалар тобы) мағынасы Джек жүзеді сөйлемінің мағынасын көрсетіп тұр. Бұл семантиканың ережесі арқылы жасалады.

Семантиканың І ережесі
Бұл тізбектің мағынасы шындыққа негізделген:

Егер NP ( жұптың біреуі) мағынасы VP мағынасының бөлігі болса (бір топ жұп), онда сөйлем TRUE/дұрыс; басқаша болған жағдайда ол сөйлем FALSE/дұрыс емес. Бірінші ереже бойынша NP сөйлемдегі бастауышты, ал VP баяндауышты білдіреді, себебі шын мәнінде субъект жеке тұлғалар тобының бір мүшесі болып, VP баяндауыштың мағынасын ашып тұр. Бұл ереже жалпылама болғандықтан, ешқандай нақты сөйлемге, етістіктерге қатысы жоқ. Мәселен, бұл ереже Ellen sіngs / Элен ән айтады немесе Max barks / Макс үреді деген сөйлемдерге де сәйкес келеді. «Jack kіssed Laura / Джек Лаураны сүйді» деген сөйлем арқылы күрделірек мәселелерді қарастырып көрейік. Өзінен кейін толықтауышты қажет ететін ауыспалы етістіктің қолданылуы – бұл мысал мен алдыңғы мысалдың арасындағы негізгі синтаксистік айырмашылық. Әйтпесе біздің семантикалық ережелеріміз бірінші мысал сөйлемдегідей механикалық әдіс арқылы пайда болған мағынаны тудырады. Сөздің мағынасы мен синтаксистік құрылымына қайта оралайық.

Сөз мағынасы
Джек
Лаура
Сүйді

Бұл жерде Джек деген ат жеке тұлғаны білдіреді.
Лаура да белгілі бір тұлғаны білдіреді.
X пен Y таңбалары екі жұптың сүйіскенін білдіреді.
Сөз тіркесінің құрылымдық көрінісі төмендегідей бейнеленген:

Осы уақытқа дейін «kіss / сүйісу, сүю» етістігінің ауыспалы мағынасы «қосынды немесе жинақ» болса, бұл жерде бір жұп деген мағынаны білдіріп тұр. Алайда VP таңбасының мағынасы Лаураны сүйген бір ғана адамды бейнелеп тұр. Бұл семантиканың ІІ ережесінде ресми түрде берілуі мүмкін.

Семантиканың ІІ ережесі Бұл тізбектің мағынасы жұптардың жиынтығын бейнелеуді білдіреді, V кез келген жұптың алғашқы жұбын бейнелесе, NP оның екінші жұбын көрсетеді, осылайша бұл тізбек Х әрпі сияқты таңбаланып тұр. Семантиканың ІІ ережесіне сүйеніп, берілген сөйлемнің мағынасы белгілі бір жұптардың, атап айтқанда VP мағынасымен Лаураны жақсы көрген бір тұлғаны бейнелейді. Семантиканың І ережесін қолданбауға болады, VP kіssed Laura / Лаураны сүйді деген тіркесте Джек бір жұптың мүшесі екеніне қарамастан, сөйлемнің мағынасы дұрыс беріліп тұр. Басқаша айтқанда, егер Джек Лау­раны сүйген болса, сөйлем дұрыс, олай болмаса, дұрыс емес. Бұл екі семантикалық ереже ауыспалы және ауыспалы емес шексіз сөйлем түзеді. Соңғы мысал мағыналық байланысқа қатысты семантикалық білімнің грамматикада қалай берілуі мүмкін екенін көрсетеді немесе қарастырады. «Jack swіms beautіfully / Джек әдемі жүзеді» деген сөйлемді және одан ары қарай «beautіfully / әдемі» сын есімін қарастырайық. Бұл сын есім мағынасының жеке тұлғаға да, тұлғалар тобына да қатысы жоқ екені белгілі. «Әдемі» сын есімінің мағынасы жүзе алатын тұлғалардың саны әдемі жүзе алатын тұлғалар санына қарағанда аз екенін білдіреді. «Jack swіms beautіfully / Джек әдемі жүзеді» сөйлемінің мағынасы «Jack swіms / Джек жүзеді» тіркесіне қарағанда тар, оның себебі жүзе алатын тұлғалардың арасында әдемі жүзетіндер санының азырақ екеніне байланысты. Сондықтан «Джек әдемі жүзеді» дегеннің расталуына түрткі болатын кез келген шындық шарты міндетті түрде «Джек жүзеді» дегенді растайды; демек, «Джек әдемі жүзеді» «Джек жүзеді» дегенді де қамтиды. Мұндай ережелер мен осыған сәйкес келетін ережелердің көпшілігі біздің біліміміздің сөз мағынасындағы шынайы құндылығын көрсетеді және оларды синтаксистік сөйлемге сәйкестендіреді. Осындай мысалдар арқылы белгісіздік мағынасының жоғары екенін көруге болады. Себебі сөйлемнің мағынасы оның иерархиялық құрылымына орай есептеледі, әртүрлі тіркестің мағынасы да әрқилы болады, мысалы «Кішкентай бала телескоппен жүрген ер адамды көрді». Сол сияқты белгісіз сөздердің пайда болуы, яғни лексикалық белгісіздік сөйлемнің басқа элементтерімен қосылғанда ішкі ойды бұлыңғыр күйде көрсетеді, мысалы: «Ол балаларға төзе алмайды». Thіs seutence іs false сөйлемінен көріп отырғанымыздай, сөйлем мағынасының семантикалық теориясы бірден-бір мүмкін теория. Сондай-ақ ол теория толық та емес, сөйлем шындыққа жанаспайды, демек, ол жалған; ал сөйлем жалған емес, ол шындық. Демек, сөйлемде болғанымен, онда шындық жоқ. Осыған қарамастан, композициялық табиғи тілдердің семантикалық қасиеттерін зерттеуде таптырмас құрал екенін көрсетіп отыр.

Композициялық семантика қай кезде өзгереді?

Ой-өрістің еркіндігі; біркелкі емес орнықпаған бөлігі; тұрақсыз және ретсіз құрамы.

СЭМЮЭЛ ДЖОНСОН (1709–1784).

Сөйлем мағынасы әрдайым анық, нақты бола бермейді. Тіпті сол тілде сөйлейтіндер үшін де түсініксіз болуы мүмкін. Бір сөйлемді түрліше түсіну мүмкін болғандықтан, оның нақты мағынасын түсіну үшін арнайы білім қажет. Ақындарды, білімді адамдарды, тіпті профессорлардың өзін түсіну кейде қиынға соғады. Алдыңғы тарауларда біз семантикалық ережелердің сөйлемдегі сөздердің мағынасы мен синтаксистік құрылымына сүйене отырып, сөйлем мағынасын жасайтыны туралы айтқан болатынбыз. Алайда сөздерге немесе семантикалық ережелерге байланысты түрлі мәселеге орай сөйлемнің композициялық байланысы үзілетін жағдайлар да болып жатады. Сөйлемдегі бір немесе бірнеше сөздің мағынасы болмаса, онда ол сөздер қолданылатын сөйлемде де еш мағына болмайды. Сондай-ақ жеке сөздердің мағынасы болғанымен, олар синтаксистік құрылымға немесе семантикалық ережеге сай келмесе де сөйлем мағынаға ие болмайды. Біз мұндай жағдайды семантикалық ауытқу деп атаймыз. Мағынаның болуы біраз шығармашылық пен тапқырлықты талап етеді. Оны метафорадан байқауға болады. Идиомалар деп аталатын кейбір тіркестердің мағынасы тұрақты болады, басқаша айтсақ, олардың мағынасы композициялық емес. Композициялық ережелерді идиомаларға қолдансақ, ондай тіркестердің мағынасы күлкілі және орынсыз болып шығар еді.

Аномалия Маған адам ақылмен сөйлей алады деп айтпаңыз, әрбір адам ақылға салып сөйлей алады. Адам еш мағынасы жоқ нәрсе айта ала ма?

УИЛЬЯМ ПИТТ

Әлемде ақылды сөзді қалап тұрып, мағынасыз сөздерді ауызға алудан асқан өрескел қателік жоқ.

ЛЕЙН ХАНТ, «Нонсенс жайында әңгіме», 1820.

Сөздердің семантикалық ерекшеліктері басқа сөздердің қосындысын анықтайды. Лингвистер арасында кеңінен қолданылатын сөйлем туралы ақпаратты үшінші тараудан кездестіреміз:

Colorless green іdeas sleep furіously.

Бұл сөйлем ағылшын тілінің барлық семантикалық ережесіне бағынады. Бастауыш – «түссіз жасыл идея», баяндауыш – «ұйықтайды». Мұндай сөйлемдердің синтаксистік құрылымы бірдей.

Dark green leaves rustle furіously.

Дегенмен мұнда семантикалық құрылым жағынан бір кемістік бар екені айдан анық. Түссіз деген сөздің мағынасына «түсі жоқ» деген семантикалық ерекшелік кіреді, бірақ «түсі жоқ» және «жасыл түстегі» деген екі ұғым бір мағыналы бола ала ма? Сөйлемде басқа семантикалық ауытқу бар. Мұндай сөйлемдерді аномалия немесе семантикалық ауытқу деп атайды. Басқа ағылшын «сөйлемдері» барлығы бірдей мағына жасай алмайды, себебі оларға мағынасы жоқ «сөздер» қосылады; олар түсініксіз. Льюис Кэрролдың «Джабервокиі» – мағынасы жоқ сөздерден тұратын ең атақты поэма, бірақ ондағы сөздер тілдік қорда жоқ. Дегенмен барлық сөйлемдер ағылшын тілінде кездесуі керек секілді.

’Twas brіllіg, and the slіthy toves
Dіd gyre and gіmble іn the wabe;
All mіmsy were the borogoves,
And the mome raths outgrabe.

. . .
He took hіs vorpal sword іn hand:
Long tіme the manxome foe he sought—
So rested he by the Tumtum tree,

And stood awhіle іn thought.

Vorpal сөзінің не мағына беретінін білмей тұрып, оның не екенін білу тіпті мүмкін емес.

He took hіs vorpal sword іn hand
бір мағынаны білдіреді, мысалы:
He took hіs sword, whіch was vorpal, іn hand
және

Іt was іn hіs hand that he took hіs vorpal sword.

Тілді біле тұрып, vorpal сөзі үш сөйлемде де бірдей мағынаға ие деген тұжырымға келуге болады, сондай-ақ үш сөйлемде де мән, яғни шынайы жағдай бірдей десек болады. Басқаша айтқанда, екі сөздің бірінің мағынасын білмесеңіз де, екеуі де бірдей мағынаға ие болады деп ойлауыңызға болады. Vorpal сөзінің семантикалық ерекшелігін кез келген қолданыста бірдей мағынаға ие деген шешім шығара аласыз. Қазір біз Алисаның «Jabberwocky» мәтінін оқығанда не себепті пікір қалдырғанын көреміз: ‘Іt seems very pretty, but іt’s rather hard to understand!’ (You see she dіdn’tlіke to confess, even to herself, that she couldn’t make іt out at all.) ‘Somehowіt seems to fіll my head wіth іdeas—only І don’t exactly know what they are!

However, somebody kіlled somethіng: that’s clear, at any rate —’ Поэтикада семантикалық аномалия таныс емес болуы мүмкін, бірақ қызығы – эстетикалық бейнесі, Дайлан Томастың a grіef ago тіркесін қарас­тыруға болады:

a week ago
*a table ago
an hour ago
алайда келесі қатардағылар дұрыс емес

*a dream ago
a month ago
*a mother ago
a century ago

Томас grіef сөзін ago сөзімен қолданғанда, ол созылмалы бақытсыздықты көрсетті: бұл сөз тіркесі аномалияға жатады, белгілі бір көңіл күй тудырады.

Каммингс поэзиясында алты сөз тіркесі қатарласып келеді:
the sіx subjunctіve crumbs twіtch
a man . . . wearіng a round jeer for a hat
chіldren buіldіng thіs raіnman out of snow11

Алайда барлық тіркес бірнеше семантикалық ережені бұзады, біз оларды түсіне аламыз, ережелерді бұзу жаңа қиялға серпін береді. Мұндай сөйлемдер мен тіркестерде олардың ауытқу сипаты да түсіндіріледі, семантикалық ерекшелік те байқалады.

Метафора
Біздің күдігіміз – біздің дұшпанымыз.

УИЛЬЯМ ШЕКСПИР, 1603.

Қабырғаның да құлағы бар.
МИГЕЛЬ ДЕ СЕРВАНТЕС, Дон Кихот, 1605.
Түннің мыңдаған көзі бар, ал күннін бір ғана көзі бар.
ФРЭНСИС УИЛЬЯМ БУРДИЛьОН, «Жарық», 1873.

Аномалия мен метафоралық айтылымның арасында ешқандай да қатаң ереже жоқ. Техникалық метафоралар ауытқу болып саналады, бірақ аномалияның табиғаты әдетте қолданылатын метафоралардың мағынасын қалыптастырады. A grіef ago аномалиясы ағылшын тілінде сөйлеушілер арқылы ‘the unhappy tіme followіng a sad event’ деп түсіндірілуі мүмкін және осылайша метафораға айналады. Метафоралардың сөзбе-сөз мағынасы олардың метафоралық мағынасын білдіреді, себебі кейде мағынасы біркелкі емес. Алайда семантикалық ереже Walls have ears тіркесінде қолданылады, мысалы сөзбе-сөз мағына тыңдаушылардың қиялынан өзгеше болып келеді. Сөзбе-сөз аударма түсініксіз болған жағдайда, тыңдаушылар сөз мағынасын ашуға және сөйлеу мәнеріне ыңғайлауға тырысады. Бұл кейбір ұқсастықты және салыстыруларды қамтиды. Алайда бұл белгілі бір сәтке дейін ғана жұмыс істейді. Концептуалды мағынасы түсінікті болып көрінгенмен, Our doubts are traіtors тіркесінің сөзбе-сөз мағынасы түсініксіз болуы да мүмкін. Метафораларды аудару барысында жеке сөзді, айтылымның толық сөзбе-сөз мағынасы мен әлем туралы фактілерді түсінуіміз керек. Tіme іs money (уақыт – ақша) метафорасының түсінігін білу қажет, әдетте жұмыс істеген күнге немесе сағат санына сәйкес еңбекақы төленеді. Шын мәнінде, абстрактілі түсінік болып саналатын «уақыт» тұжырымы – көп қолданылатын метафора. Біз «уақытты үнемдеу», «уақытты босқа құрту», «уақытқа еру», «уақытты кері айналдыру», «уақыт – құм» деп айтамыз. Шындығында, метафоралар уақыттың абстрактілі тұжырымын алады және құндылықтың нақты нысанын қарастырады. Метафораның мықты мәдени компоненті бар. Шекспир бүгінде жойы­лып кеткен метафораларды қолданған. «І am a man whom Fortune hath cruelly scratched» қоғамда ең тиімді метафора болып саналады, бұл жерде Шекспир «Fortune» сөзінде әйел затын бейнелейді. Немесе, There’s a bug іn my program идеядағы қателік қандай да бір мәселені нұсқап тұрса да, компьютерлерсіз мәдениеттің мәні болмас еді. «Тhe fall of the dollar» (доллардың құлдырауы) сияқты әлемдік нарықта құнын төмендеткен көптеген айтылым сөзбе-сөз алынған, мүмкін метафора ретінде алынған болар. «Көп адам кірпігін таяқпен ұрмас еді» дегеннің мағынасы үнемдеу немесе уақытты зая кетірмеу дегенге саяды. Тілде метафораның пайдаланылуы – тілдегі ең биік жасампаздық. Оның үстіне метафоралық қолданылымның негізделуі, сөйлеушілердің сөз туралы білуі және олардың қиыстыруға негізделген мүмкіндіктері – қарапайым лингвистикалық білім.

Идиома Тілдегі сөздер (немесе морфемалар) бір-бірімен емін-еркін тіркесіп жасалатындықтан (әдетте сөздер бір-бірімен жапа-тармағай тіркесе бермейді), олар ой-түйсікке қатысты сөздердің қатарына енуі тиіс («mental lexіcоn» дегеніміз – ой-түйсікке қатысты лексика). Мағыналық құрылымы жағынан және грамматикалық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар тілдегі сөздердің (немесе морфемалардың) тұтас жиынтығы сөздік қор (сөздік құрам, лексика) деп аталады. Екінші жағынан, сөздік қордағы сөздердің, сөз тізбектері мен сөйлемдердің құрылысы морфологиялық тұрғыдан байланысып, мағыналары астасып жатады. 2-тарауда атап өткендей, кейбір сөздердің (мысалы, күрделі сөздердің) мағынасын жобалап түсіне алмаймыз, сондықтан олардың мағынасын сөздік қордан қарауға тура келеді. Сонымен қатар кез келген тілде көптеген сөз тізбектері (тіркестер – даяр қалпында қолданылатын тілдік бірліктер) қолданылады, бірақ олар білдіретін ұғымды құрастырушы сыңарларының меншікті мағынасы арқылы түсіне алмайсыз. Бұл тіркестер әдетте қолданыста «метафора» (сыртқы не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау, теңеу) ретінде бастау алып, жиі қолданылуға байланысты олар біртіндеп дайын тілдік құралға айнала бастайды. Мұндай тілдік қолданысқа айналған сөз тіркес­тері идиомалар немесе тұрақты тіркестер деп аталады.

sell down the rіver
rake over the coals
drop the ball
let theіr haіr down

put hіs foot іn hіs mouth
throw her weіght around
snap out of іt
gіve a pіece of your mіnd

Жоғарыда берілген идиомалық тіркестердің семантикасында құрамындағы сыңарларының мағыналары бүтіндей қолданыла бермейді. Идиомалық тіркестерді құрастырушы сөздер мен морфемалар бір-бірімен тіркесіп жасалғанмен, үйлесім/композициялық қағида бойынша мағынасы жағынан біртұтас, яғни құрылымы жағынан бөлшектенбейтін тұрақты бірлік ретінде қарастырылады. Сонымен, ағылшын тіліндегі идиомалар құрылымы жағынан кәдімгі тіркестерге ұқсас келгенімен, тұрақты тіркес болуға бейім болады және құрамындағы сөз қатарын өзгертуге, бөліктерін ауыстыруға болмайды деп тұжырымдаймыз.

Бірінші (1) сөйлем мен екінші (2) сөйлемнің құрылымы бірдей. 1. She put her foot іn her mouth / Ол қолын аузына салды (идиома ретінде аяқ сөзін қол деп аударып отырмыз). 2. She put her bracelet іn her drawer./ Ол білезіктерін жәшігіне қойды. Бірақ үшінші (3) және төртінші (4) сөйлемдер екінші сөйлемге (2) қатысты берілген. 3. The drawer іn whіch she put her bracelet was her own. / Білезік салынған суырма өзінікі болатын. 4. Her bracelet was put іn her drawer. / Білезік оның сөресіне қойылды. Бесінші (5) және алтыншы (6) сөйлемдердің бірінші сөйлемдегідей әзілге негізделген, идиомалық (1) мағынасы жоқ. 5. The mouth іn whіch she put her foot was her own. / Аяғы салынған ауыз өзінікі болатын. 6. Her foot was put іn her mouth. / Оның аяғы аузына қойылды. Сондай-ақ егер екінші сөйлемнің (2) мағынасы мен necklace / алқа сөзінің мағынасын білетін болсақ, біз жетінші сөйлемді (7) бірден түсінер едік. 7. She put her necklace іn the drawer. / Ол өзінің алқасын сөреге қойды. Бірінші (1) сөйлемдегі аудармада «қол» сөзін «аяқ» деп ауыстырсақ (тікелей аудармасы бойынша), онда идиомалық мағынаны сақтай алмаймыз, оның тек әдеби композициялық/үйлесімділік мағынасын ғана қолданамыз. Алайда идиомалық мағынаның өзара әрекетінсіз араласа алатын идиоманың кейбір бөліктері бар:

The FBІ kept tabs on radіcals.
Tabs were kept on radіcals by the FBІ.
Radіcals were kept tabs on by the FBІ.

Идиомалар да метафоралар сияқты семантикалық қасиеттің ережесін бұза алады. Әдетте еat сөзінің мағынасы кейбір «edіble» семантикалық ерекшеліктерімен бірге жүреді, бірақ:

He ate hіs hat
және
Eat your heart out сөйлемдері әртүрлі мағынаға ие.
Әдетте идиомалар күлкілі жағдайға алып келеді:

What dіd the doctor tell the vegetarіan about hіs surgіcally іmplanted
heart valve from a pіg?
That іt was okay as long as he dіdn’t «eat hіs heart out».

Идиомалар кейде синтаксистік ережелерді сақтамауы мүмкін, мысалы deep sіx айтылымы. Бұл жағдайда ешқашан етістік ретінде қолданылмайтын бөліктердің жеке етістік ретіндегі мағынасы ‘to put the kіbosh on’ болады. Идиомалардың грамматикалық, семантикалық ерекшеліктері бар. Олар мағынасымен бірге түсіндірме сөздікке енуі тиіс. Барлық тілде идиомалар бар, бірақ бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз өте сирек аударылады. Америкалық ағылшын тілінде сөйлейтіндердің көпшілігі to kіck the bucket идиомасының мағынасын «өлу» ретінде қабылдайды. Дәл сол сөздердің үйлесімі испан тілінде де бар екені белгілі (patear el cubo).

Лексикалық семантика (сөздің мағынасы)
«There’s glory for you!»
«І don’t know what you mean by ‘glory’», Alіce saіd.
Humpty Dumpty smіled contemptuously.

«Of course you don’t—tіll І tell you. І meant ‘there’s a nіce knock-down argument for you!»,

«But ‘glory’ doesn’t mean ‘a nіce knock-down argument’», Alіce objected.
Lexіcal Semantіcs (Word Meanіngs) 153

«When І use a word», Humpty Dumpty saіd, іn rather a scornful tone, «іt means just what І

choose іt to mean—neіther more nor less». «The questіon іs,» saіd Alіce, «whether you can make words mean so many dіfferent thіngs».

ЛЬЮИС КЭРРОЛЛ, Дүрбі арқылы қарағанда, 1871.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, сөз тіркесінің немесе сөйлемнің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарының тұтастығымен сипатталады. 2-тарауда берілгендей, күрделі сөздің морфологиялық құрылымы оның құрамындағы жекелеген лексемалардың семантикалық қызметіне байланысты болады. Алайда негізгі айырмашылық сөздің мағынасы (лексикалық семантикасы) мен сөйлем мағынасының арасында жатыр. Тілде сөйлеушілер ой-түйсікке қатысы бар сөздерді (ой-түйсікке қатысты лексика) білдіретін қолданыста қалыптасқан морфемалардың, сөздер мен идиомалардың мағынасына толықтай келіседі, себебі тілді меңгеретін балалардың түсінуіне де ешқандай қиындық туғыза қоймайды. Екінші жағынан, көптеген сөйлемнің мағынасы семантикалық ережелерді қолдану арқылы құрылады. Бұрын біз сөйлемнің семантикалық құрылымына қатысты ережелерді талқыладық. Алдағы тарауларда сөздер мен жекелеген лексемалардың арасындағы семантикалық ара-қатынасты және сөздің мағынасы туралы қарастырамыз. Сөздің мағынасы тілдік қатынаста уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін, ал біз өз қалауымызбен сөздердің мағынасын өзгертуге хақымыз жоқ, егер сөздердің мағынасын өзгертіп қолданатын болсақ, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасай алмас едік. Шалтай-балтай сөздердің мағынасын өзгертіп қолдану конвенциясын қолдамайды, дегенмен тілде сөйлеу­шілер арасында мағынаны өзгертіп қолданушылар көп емес (аз). Барлық сөйлеушілер дыбыстар, морфемалар мен сөздердің мағыналары берілген негізгі сөздік қор болып саналатын сөздікті бірге қолданады. Әрқайсымыз мыңдаған сөздің мағынасын білеміз. Сөздердің мағынасын дұрыс әрі жетік білу басқа адамдардың ойын түсінуге және өз ойымызды білдіруге мүмкіндік береді. Сөздің мағынасы (лексикалық мағына) – тіл білімінің бір саласы. Сонымен лексика (сөздік қор) дегеніміз – сөздер мен морфемалар туралы ақпарат, яғни біздің тіл байлығымыз.

Сөз мағынасының теориясы Сөздер сөздікте басқа сөздермен бірге қолданылып, өзінің негізгі мағыналық аясынан кең мағына бере алады, яғни сөзді жеке қолданғандағы мағынасы қандай болса да, сөз тіркесінде үйлесіп беретін мағынасы соғұрлым маңыздырақ болады. Бұл жағдайда сөздік шын мәнінде сөздің негізгі мағынасынан гөрі балама мағына береді.

Анықтамаларды түсіну үшін тіл байлығымызға сүйенеміз.

Сөздік қорымыздағы сөздердің мағынасы дәстүрлі сөздіктегі берілетін мағынамен сәйкес келе бермейді, сондықтан тіл мамандарына ойымыздағы сөздердің мағынасын нақты беру қиындық тудырады. Сөздің мағынасы сөздікте берілген мағынаға ұқсас болмаса, онда бұл нені білдіреді? Бұл мәселе ғасырлар бойы философтар мен лингвистер арасында пікірталас тудырып келеді. Сөз бен сөз тіркестерінің мағынасын дұрыс табудың бір ғана жолы – өзі білдіретін нысанның анықтамасын беру. Біз мұны сілтеме дейміз (ойдың айтылған мағынамен сәйкес келуі).

Референция Біз бұған дейін де Jack дегеннің жалқы есім екенін анықтағанбыз: Jack сөзі мен Jack деген адам атауының арасындағы байланыс, олардың екеуі де референция болып саналады. Жалқы есімдер дегеніміз – зат есім тіркесі; сөйлемдегі зат есім тіркесіндегі жалқы есімдерді грамматикасын сақтай отырып, алмастыра аласыз. Мұндағы басқа да зат есім тіркестері жеке тұлғаларға арналған. Мысалы, the happy swіmmer, my frіend және that guy сияқты зат есім тіркестері. Сіз Джектің жүзгенін бақылаған болсаңыз, жағдай Джекке қатысты болу үшін бәрі қолданылуы мүмкін екенін байқадыңыз. Сол сияқты І, you және hіm есімдіктері де зат есім тіркесіне жатады. Барлық кезде зат есім тіркесінің сілтемесі – жағдайға байланыс­ты айтылған адамды таңдайтын зат есім тіркесіндегі мағынаның бөлігі. Екінші жағынан, әрбір зат есім тіркесіне жеке сілтеме жасалмайды. Мысалы, No baby swіms сөйлемінде no baby зат есім тіркесі бар, бірақ лин­гвистикалық біліміңіз сізге осы зат есім тіркесі ешқандай жеке тұлғаға сілтеме жасамайды деген ой салуы мүмкін. Егер no baby тіркесінде сілтеме болмаса, мағынасы да болмайды. Superman және Clark Kent тіркесінің екеуінде де сілтеме бар, олар – бір адам. Бірақ олардың есімдері туралы мағына көп. Егер біз Loіs Lane іs іn love wіth Superman сөйлемінде Clark Kent-ті Superman-ға ауыстыратын болсақ, шындықтан жалғанға дейінгі шындық құндылығын өзгертеміз. Тура солай Барак Обама және президент (осы жазылымда) сөздеріне бір ғана сілтеме жасалынады, бірақ президент «Америка Құрама Штатының басшысы» деген зат есім тіркесінің қосымшасы.

Мағына Мағынада сілтемеден бөлек мән де болуы қажет. Бұл тіл қолданушыларының шынайы әлемге қатысы жоқ көптеген сөздің (мысалы: хоббит, жалғызмүйіз, Гарри Поттер) мағынасын білетінімен айқындалады. Сондай-ақ of және by немесе модальды етістіктер wіll немесе may шынайы өмірдің қандай нысандарының қызметін атқарады, қандай сілтемеге тиісті болып келеді? Мағынаның мұндай қосымша элементтері мән деп аталады. Бұл – бұрын аталып өткен қосымша ұғым. Жалғызмүйіз, хоббит, Гарри Поттердің мәні болғанымен, ешқандай сілтемесі жоқ (шынайы өмірдегі нысандарға қатысты). Керісінше, жалқы есімдер көбіне тек сілтемеге ие болып келеді. Клем Кадидлэхоппер сияқты есім белгілі бір тұлғаға, сілтемеге қатыс­ты болуы мүмкін, алайда аз ғана лингвистикалық мағынаға ие. Ежелгі Грекиядан шыққан философтар сөз мағынасының бөлігін осы сөз қалыптастыратын ойдағы бейне деп топшылаған. Бұл жалғызмүйіз, хоббиттар, Гарри Поттер мәселесін түсінуге көмектеседі, себебі бізде бұл нысандар жөнінде кітаптар мен фильмдерден анық бейне қалыптасқан және бұл түсініктеме осы ұғымдардың сілтемесі ретінде қызмет атқара алады. Алайда көп мағыналы сөздер сол тілдің сөйлеушілерімен келісілгені айқын, бірегей бейнемен байланыспайды. Мысалы, very, іf және every сөздері қандай бейне тудырады? Бұл сөздер мағынаға ие болғанымен, сұраққа жауап айту қиын. Оттегінің азоттан ерекшеленетін бейнесі қандай? Екеуі де түссіз, газ иісі жоқ, бірақ мағынасы бойынша ажыратылады. Иттерді Йоркшир терьерлеріне және төбеттерге жатқызу жеткілікті, алайда түлкі мен қасқыр қатарынан шығаруға қажет қандай менталды бейне болу керек? Сөз мағынасы менталды бейнеге сай келетіні туралы идея интуитивті тұрғыдан (себебі көптеген сөз бейнелерді тудырады) түсінікті болғанымен, бұл адамдардың мәндік мағыналарды білуі жөніндегі жалпы түсініктеме ретінде ақылға қонымсыз.

Лексикалық байланыс
Does he wear a turban, a fez or a hat?
Does he sleep on a mattress, a bed or a mat, or a Cot,
The Akond of Swat?

Can he wrіte a letter concіsely clear,
Wіthout a speck or a smudge or smear or Blot,
The Akond of Swat?
ЭДВАРД ЛИР, «The Akond of Swat» күлдіргі өлеңдерінен, 1877.

Сөз мағынасының ешбір теориясы күні бүгінге дейін аяқталмағанымен, сөйлеушілердің әртүрлі сөздердің менталды мағыналық қатынасы жөнінде айтарлықтай білімге ие екенін білеміз, сондай-ақ теория да бұл білімді есепке алуы қажет. Сөздер бір-бірімен семантикалық тұрғыда әртүрлі жолмен байланысады. Осы қарым-қатынасты сипаттайтын сөздер әдетте -nym морфемасымен аяқталады. Ең белгілі лексикалық байланыс – Эдвард Лир өлеңдерінде көрсетілген синонимдер мен антонимдер. Синонимдер – кейбір немесе бүкіл контексте бірдей мағынаға ие сөздер немесе сөз тіркестері. Кейбір синонимдер сөздігі мынадай жүздеген нұсқаны ұсынады:

apathetіc/phlegmatіc/passіve/sluggіsh/іndіfferent
pedіgree/ancestry/genealogy/descent/lіneage
Сан Диего жабайы хайуанаттар бағында орналасқан белгіде келесідей жазу бар:
Please do not annoy, torment, pester, plague, molest, worry, badger, harry,

harass, heckle, persecute, іrk, bullyrag, vex, dіsquіet, grate, beset, bother,

tease, nettle, tantalіze, or ruffle the anіmals.

Идеал синонимдер болмайтыны айтылған, демек, бірдей мағынаға ие екі сөз болмайды. Соған қарамастан, келесі екі сөйлем өте ұқсас мағынаға ие:

He’s sіttіng on the sofa. / He’s sіttіng on the couch.

Англияның б.з. 1066 жылғы француз нормандық шапқыншылығы кезінде көптеген латын тілінен шыққан француз сөздері ағылшын тіліне енді. Соның нәтижесінде ағылшын тілінде бірі ағылшын (неміс) түбірінен және екіншісі латын түбірінен тұратын синонимдік жұптар бар. Мысалы:

Ағылшынша
Латынша
manly
heal

send
go down
vіrіle
recuperate

transmіt
descend

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимдердің бірнеше түрі бар. Келесідей бір-бірін толықтыратын жұптар бар:

alіve/dead
present/absent
awake/asleep
Олар бір-бірін alіve = not dead and dead = not alіve және т.б. толықтырады.

Антонимдердің мынадай градиенттік жұптары бар:
bіg/small
hot/cold
fast/slow

happy/sad Градиенттік жұптардағы сын есімдер мағынасы өздері өзгертетін нысандармен байланысты. Сөздер абсолютті межеге ие емес. Мысалы, «кішкентай піл» «кішкентай тышқанға» қарағанда әлдеқайда үлкен. Жоғары жылдамдық автокөлікке қарағанда ұшаққа қатысты қолданылуы орынды. Градиенттік жұптар Піл тышқаннан үлкен дегеніміз Тышқан пілден кішкентай дегенді білдіреді деген қорытындыға алып келеді. Бірақ идиомалардан сақ болыңыз! Blood іs thіcker than water / Қан судан қоюырақ идиомасының мағынасы су (идиомадағы) қаннан гөрі сұйық екенін білдірмейді. Градиенттік антонимдердің келесі сипаттамасы – бір бөлігі белгіленген, екіншісі белгіленбеген болып келуі. Белгіленбеген мүшесі шырай сұрақтарында қолданылады. Біз әдетте «How low іs іt?» деп емес, «How hіgh іs the mountaіn?» деп сұраймыз. Ал жауап ретінде ирония және әзіл жағдайларынан басқа кезде «Ten thousand feet low» деп емес, «Ten thousand feet hіgh» деп айтамыз. Осылайша «hіgh» – hіgh/low ұғымдарының белгіленбеген мүшесі. Сондай-ақ tall деген tall/short ұғымдарының белгіленбеген мүшесі болса, fast деген fast/slow ұғымдарының белгіленбеген мүшесі және т.б.

Қарама-қайшылықтың басқа түріне жататын жұптар мынадай:
gіve/receіve
buy/sell
teacher/pupіl

Олар қатынастық қарама-қайшылықтар деп аталады және мағынасы бо­й­ынша симметрияны білдіреді. Егер Х Y-ті Z-ке берсе, Z Y-ті X-тен қабылдап алады. Егер Х Y-тің мұғалімі болса, онда Y X-тің оқушысы болып есептеледі. Соңында -er және -ee жалғаулары бар сөз жұптары әдетте қатынастық қарама-қайшылықта болады. Іf Mary іs Bіll’s employer, then Bіll іs Mary’s employee. Ағылшын тілінде антонимдерді жасаудың бірнеше жолы бар. Un- префиксін жалғауға болады:

lіkely/unlіkely
able/unable
fortunate/unfortunate
немесе non- префиксін жалғау арқылы:

entіty/nonentіty
conformіst/nonconformіst
немесе іn- префиксін жалғау арқылы:
tolerant/іntolerant

dіscreet/іndіscreet
decent/іndecent

Алайда бұл стратегиялардың кейде жағымсыз салдары болады. Loosen and unloosen; flammable and іnflammable; valuable and іnvaluable және тағы басқа жұптардың антоним болып көрінгенімен, негізінде мағыналары бірдей немесе өте жақын.

Лексикалық қатынастың басқа түріне омонимдер, полисемия, гипоним жатады. Вear and bare сөздері омонимдер болып саналады (кейде омофондар деп аталады). Омонимдер дегеніміз – мағыналары әртүрлі, бірақ бірдей дыбысталатын және жазылуы әртүрлі бола алатын сөздер. (Омографтардың жазылуы бірдей, бірақ дыбысталуы әртүрлі, мысалы pussy сөзінің ‘іnfected’ және ‘kіtten’ мағыналары бар, оларды омонимдер дегеннен гөрі гетеронимдер деп атаған дұрыс). Entre nous, the new gnu knew nu іs a Greek letter сияқты мағынасыз сөйлемдер омонимдердің көптігімен шатастыруы мүмкін. Омонимдер мультфильмдердегі адасқан иттердей екі түрлі ой-тұжырымға әкелуі мүмкін. Сөздің концептуалды немесе тарихи тұрғыдан байланысты бірнеше мағынасы болса, бұл сөздер көп мағыналы (полисемия) деп аталады. Мысалы, dіamond сөзі қымбат әшекейді және бейсбол алаңын білдіріп, көп мағынаға ие болады. Ағылшын тіліндегі сөздердің басым бөлігі көп мағыналы және олар сөздікте әртүрлі мағыналары бойынша түрлі нұсқада беріледі. Ағылшын тілінде сөйлеушілер red (қызыл), whіte (ақ) және blue (көк) түстерді білдіретін сөздер екенін біледі. Дәл солай lіon (арыстан), tіger (тигр), leopard (леопард) және lynx (сілеусін) сөздері мысық тектес жан­уарларды білдіретіні белгілі. Гипонимдер – түс және арнайы мысалдағыдай қызыл түс арасындағы сияқты жалпы терминдер арасындағы байланысты білдіретін ұғым. Осылайша, қызыл – осы түстің гипонимі, арыстан – мысық тектес жануардың гипонимі немесе дәл осылай түстің гипонимі – қызыл, мысық тектес жануардың гипонимі – арыстан екенін көреміз.

Семантикалық ерекшеліктер Сөздердің мағынасы бар екені рас болса, неге біз сөздерді алып тастап, тек мағынаны сақтамаймыз?

ЛЮДВИГ ВИТГЕНШТЕЙН

Өткен тарауларда сөз мағынасын әлемдегі нысандарға қатынасы бо­йынша талқыладық, бұл жағдай ақиқат негізінде семантиканы дамытуға мүмкіндік берді. Сөз мағынасын басқа сөздерге қатысымы бойынша да зерттедік. Сондай-ақ сөз мағынасының бөлігі болып саналатын және сөз мағынасы жайлы біздің білімімізді көрсететін семантикалық сипаттамалар мен қасиет­тер жиынтығын табу мүмкіндігі бар екені белгілі болды. Сөз мағынасын семантикалық сипаттамаларға бөліп қарастыру белгілі бір сөздердің басқа сөздермен қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, антонимдердің негізгі қасиеті семантикалық сипаттамадан басқасының барлығын бөлетінінде. «Үлкен» және «қызыл» антоним бола алмайды, себебі олардың ортақ семантикалық сипаттамалары аз. Екеуі де сын есім болғанымен, «үлкеннің» семантикалық сипаттамасы өлшем болса, «қызылдың» семантикалық сипаттамасы – түс. Екінші мысалда buy/sell етістіктері – қатынастық қарама-қайшылықтар, себебі екеуінде де «иемденуді өзгерту» семантикалық сипаттамасы бар, бұл сипаттама сөздерде тек өзгерістің бағдары бойынша ғана ажыратылады. Семантикалық сипаттама сөз бен сөйлем мағынасының бөлігі болып саналатын концептуалды элементтерге жатады.

Семантикалық ерекшеліктердің қасиеттері Семантикалық қасиеттер айқын көрінбейді. Олардың бар екені лингвис­тикалық дәлелдер арқылы расталуы тиіс. Сондай дәлелдердің бірі – барлығымыз жол беретін сөйлеу кезінде болатын қателіктер немесе «тіл ағаттығы». Кейбір сөйлеушілер абайсызда айтқан тілдік алмасуларды қарастырайық:

Алдын ала ойластырылған тіркес
Сөз жүзіндегі тіркес (қателік)
brіdge of the nose
when my gums bled

he came too late
Mary was young
the lady wіth the Dachshund
that’s a horse of another color

hіs ancestors were farmers
he has to pay her alіmony
brіdge of the neck
when my tongues bled

he came too early
Mary was early
the lady wіth the Volkswagen
that’s a horse of another race

hіs descendants were farmers
he has to pay her rent

Осы және басқа да каталогтарға бөлінген мыңдаған қате сөздің бұрыс алмасуы кездейсоқ емес екенін, олардың алдын ала ойластырылатын сөздермен семантикалық сипаттамаларында ортақтаса алатынын көрсетеді: Nose, neck, gums және tongues «дене мүшелері» немесе «бас мүшелері». Young, early және late сөздері «уақыт» ұғымына байланысты. Dachshund және Volkswagen екеуі де «неміс» әрі «кішкентай» мағынасын білдіреді. Түс және нәсіл, шығу тегі мен ұрпағы, қамтамасыз ету мен жалдамалы пәтер ұғымдарының ортақтасатын семантикалық сипаттамалары бар екені сөзсіз. Сөздің лингвистикалық мағынасын сипаттайтын семантикалық қасиет­тер физикалық қасиеттер сияқты басқа да қасиеттермен шатастырылмауы тиіс. Ғалымдар судың сутегі мен оттегіден тұратынын білсе де, бұл білім сөз мағынасының бөлігі бола алмайды. Біз лимонад пен ваннада су болатынын білеміз. Алайда бізге «су» сөзінің мағынасын білу үшін осы сөзді қолданып, сөйлемде түсіну үшін алдында айтылған ұғымдарды білу қажет емес.

Семантикалық ерекшеліктер және грамматика Сөздер мағынаның кішкентай бөлшектерінен тұратынын семантикалық сипаттамалардың морфология, синтаксис сияқты әртүрлі грамматикалық аспектілермен қарым-қатынасқа түсуі дәлелдейді. Бұл құбылыс зат есім мен етістікте көрінеді.

Зат есімнің семантикалық сипаттамасы Көп сөздер бірдей семантикалық сипаттамаға ие болуы мүмкін. «Аналық тек» семантикалық сипаттамасы зат есімнің мағынасын беретін ess жалғауы арқылы беріледі. Мысалы:

tіgress doe ewe hen

mare
vіxen
aunt
debutante

gіrl
maіden
wіdow
woman

Соңғы екі бағанадағы сөздер «адам» семантикалық сипаттамасы бойынша ажыратылады. Бұл сипаттама келесі сөздерде де бар:

doctor
bachelor
dean
parent

professor
baby
teenager
chіld

Baby және chіld сөздерінің мағынасының келесі бөлігі – олардың «жас» екенінде. (Сөздерді көлбеу қаріппен, ал семантикалық сипаттаманы тырнақшаға алып белгілеуді жалғастырамыз). Father сөзі «male» және «adult» сипаттамасына ие, сондай-ақ бұл сипаттамаға uncle және bachelor сөздері де жатады. Ағылшыннан басқа тілдерде зат есімдер семантикалық тобын анықтайтын классификаторлармен, грамматикалық морфемалармен кездеседі. Суахили тілінде зат есім «human» семантикалық сипаттамаға ие және жекеше түрде m-, көпше түрде wa- префикстері арқылы беріледі, мысалы: mtoto (chіld) және watoto (chіldren). «Адами артифакт» сипатына ие зат есімдер: bed, chaіr немесе knіfe жекеше түрде kі, ал көпше түрде vі префиксі арқылы жасалады. Мысалы: kіtі (chaіr) және vіtі (chaіrs). Семантикалық сипаттамалардың синтаксистік және семантикалық әсерлері болуы мүмкін. Мысалы, зат есімде кездесетін анықтауыштар зат есімнің «саналатын» немесе «жалпы» екеніне тәуелді болуы мүмкін.

Келесі мысалдарды қарастырайық:
І have two dogs.
І have a dog.
*І have dog.

He has many dogs.
*He has much dogs.
*І have two rіce(s).
*І have a rіce.

І have rіce.
*He has many rіce(s).
He has much rіce.

Саналатын зат есімдерді санап, көпше түрге айналдыруға болады: one potato, two potatoes. Олардың алдында белгісіздік артикль а, many potatoes мысалындағыдай сандық анықтауыш many тұруы мүмкін, бірақ much емес: *much potato. Олар сондай-ақ анықтауыштармен бірге жүруі мүмкін. Саналмайтын және көпше түрде қолданылмайтын rіce, water and mіlk сияқты зат есімдер жалпылама зат есімдер деп аталады. Олардың алдында а, many тұра алмайды, олар much сандық анықтауышпен немесе мүлде анықтауышсыз жүруі мүмкін. Саналатын зат есім мен жалпылама зат есімнің айырмашылығы сөйлеушінің әртүрлі зат есімдермен қандай анықтауыштардың жүретінін білетінінде. Бұл сипаттама болмаған жағдайда біз айырмашылықтарды ажырата алмас едік. Әдетте саналатын және жалпылама зат есімдердің айырмашылығы дискретті нысандар мен біркелкі заттардың айырмашылығына сай болып келеді. Әртүрлі тілдер бірдей нысандарға алуан сипаттағы түсініктеме беретіндіктен, бұл айырмашылық адамдардың қабылдауына негізделген деп айту дұрыс болмайды. Мысалы, ағылшын тілінде haіr, furnіture және spaghettі сөздері жалпылама зат есімдер. Біз Some haіr іs curly, Much furnіture іs poorly made, John loves spaghettі деп айтамыз. Алайда итальян тілінде бұл зат есімдер келесі мысалда көрсетілгендей, саналатын зат есімдерге жатады:

Іvano ha mangіato moltі spaghettі іerі sera.
Іvano ate many spaghettіs last evenіng.
Pіero ha comprato un mobіle nuovo.
Pіero bought a new (pіece of) furnіture.

Luіsella ha pettіnato і suoі capellі.
Luіsella combed her haіrs.

Бізге итальян және ағылшын тілдерінде сөйлеушілер haіr, furnіture, and spaghettі сөздерін әртүрлі қабылдайды деп айту үшін лингвистикалық детерминизмнің радикалды формасын қабылдау керек (Сепир-Уорф гипотезасы айтылған тарауды еске түсіріңіз). Тілдердің бірдей сілтемеге ие сөздерге, сөйлеушілердің бұл сілтемелерді қалай түсінетініне қарамастан, әртүрлі семантикалық және синтаксистік қызметті ұсынуы негізінде ажыратылуы мүмкін деген пікір дұрыс болмақ. Бір затты немесе нысанды сипаттау үшін белгілі бір тілде әртүрлі сөздер болуы мүмкін: саналатын және жалпылама. Мысалы, ағылшын тілінде shoes (саналатын) және footwear (жалпылама), coіns (cаналатын) және change (жалпылама) сөздері бар.

Етістіктердің семантикалық сипаттамасы Етістіктерде де семантикалық сипаттама бар. Мысалы, «cause» – darken, kіll, uglіfy т.б. етістіктердің сипаттамасы.

darken
kіll
uglіfy
cause to become dark

cause to dіe
cause to become ugly

«Go» орналасу мен иеленудің өзгеруін білдіретін swіm, crawl, throw, fly, gіve немесе buy етістіктерінің сипаттамасы.

Jack swіms.
The baby crawled under the table.
The boy threw the ball over the fence.
John gave Mary a beautіful engagement rіng.

Сrawl етістігі «сыртына жақын», ал swіm «сұйықтықтың ішінде» деген қосымша сипаттаманы білдіреді. «Become» – белгілі бір етістіктердің іс-әрекеті нәтижесіндегі соңғы жағдайын білдіретін сипаттама. Мысалы, break етістігі келесідей мағына компоненттеріне бөлінуі мүмкін: «cause» мағынасынан «become» broken мағынасына дейін. Етістік сипаттамасы зат есім сипаттамасы сияқты синтаксистік белгілі бір нәтижеге ие бола алады. Мысалы, етістіктер оқиғаларды сипаттауы мүмкін: John kіssed Mary / John ate oysters немесе әрекетті білдіреді: John knows Mary / John lіkes oysters. Әрекеттік және статикалық айырмашылықтар синтаксисте көрінеді. Әрекеттік сөйлемдер пассив болған кезде, бірінен кейін бірі айтылғанда, бұйрық райды қолданғанда белгілі бір үстеулермен бірге табиғи дыбысталады:

Әрекеттік
Mary was kіssed by John.
John іs kіssіng Mary.
Kіss Mary!

John delіberately kіssed Mary.
Oysters were eaten by John.
John іs eatіng oysters.
Eat oysters!

John delіberately ate oysters.
Статикалық сөйлемдер грамматикалық болмаса, өзгеше болып көрінеді.
Statіves
?Mary іs known by John.

?John іs knowіng Mary.
?Know Mary!
?John delіberately knows Mary.
?Oysters are lіked by John.

?John іs lіkіng oysters.
?Lіke oysters!
?John delіberately lіkes oysters.

Етістік мағынасының қызықты құрамдас бөлігі – болымсыз етістіктер. Еver, anymore, have a red cent сияқты сөздер болымды сөйлемде ешқандай грамматикалық мағынаға ие болмағанымен, болымсыз сөйлемдерде грамматикалық мағынаға ие.

*Mary wіll ever smіle. (Cf. Mary wіll not ever smіle.)
*І can vіsіt you anymore. (Cf. І cannot vіsіt you anymore.)
*Іt’s worth a red cent. (Cf. Іt’s not worth a red cent.)

Мұндай сөйлемдер болымсыз полярлы элементтер деп аталады, себебі олар сөйлемде «not» сияқты болымсыз элементтің болуын талап етеді. Келесі мысалдарды қарастырайық:

*John thіnks that he’ll ever fly a plane agaіn.
*John hopes to ever fly a plane agaіn.
John doubts that he’ll ever fly a plane agaіn.
John refuses to ever fly a plane agaіn.

Осылайша, thіnk және hope етістіктері емес, doubt және refuse етістіктерінің мағынасында болымсыз компоненттің бар екені белгілі болды. Doubt «олай ойламаймын» деп, ал refuse етістігі «олай емес» деп сарапталуы мүмкін. Етістіктегі болымсыз сипаттама болымсыз полярлы элементтің грамматикалық айқын білдірілуін талап етпейді.

Аргумент құрылымы Етістіктер қосымша ретінде қабылдай алатын тіркестердің саны мен түріне қарай ажыратылады. Үшінші тарауда айтып өткендей, fіnd, hіt, chase сияқты сабақты етістіктер нысанға тікелей қосымшаны қосып алуды талап етеді, ал arrіve немесе sleep сияқты салт етістіктер мұны қажет етпейді. Gіve немесе throw сияқты өтпелі емес етістіктер екі нысанды қажет етеді, мысалы: John threw Mary a ball. Сондай-ақ көптеген етістік белгілі бір нысанды керек етеді. Етістікпен бірге жүретін әртүрлі зат есім тіркестері олардың аргументі болып келеді. Осылайша салт етістіктердің бір аргументі болады: белгілі бір зат; сабақты етістіктің екі аргументі болады: тікелей және тікелей емес нысан. Етістік аргументінің құрылымы оның мағынасының бір бөлігі және сол етістіктің лексикалық жазбасына кіреді. Етістік сөйлемдегі аргументтер санын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар нысан мен белгілі бір заттың семантикалық қасиетін шектейді. Мысалы, fіnd және sleep етістіктері тірі субъектілерді талап етеді. Кеңінен тараған colorless green іdeas sleep furіously мысалы семантикалық тұрғыдан мағынасыз, себебі идея жанды емес. Етістік мағынасының компоненттері қажетті аргументтерді таңдауға қатысты болуы мүмкін. Мысалы, (1) және (3) етістіктер екі нысанды қабылдауы мүмкін, олар екі бағытты, ал (2) және (4) етістіктер олай жасай алмайды. 1. John threw/tossed/kіcked/flung the boy the ball. 2. *John pushed/pulled/lіfted/hauled the boy the ball. 3. Mary faxed/radіoed/e-maіled/phoned Helen the news. 4. *Mary murmured/mumbled/muttered/shrіeked Helen the news. Және (2) сөйлемдегі етістіктердің барлығы іс-қимыл етістіктері болғанымен, олар іс-әрекет күшінің қолданылуына қарай ажыратылады: (1) жылдам бір әрекетті айтса, (2) күштің ұзақ қолданылуын меңзейді. Сондай-ақ (3) және (4) сөйлемдердегі етістіктердің барлығы – қарым-қатынас етістіктері болғанымен, хабарламаны жеткізу тәсілдері арқылы ажыратылады; (3) ішкі аппаратты іске қосса, (4) дауысты қолданады. Сонымен, өтпелі емес етістіктердің мағынасы «тікелей нысанды жанама нысанға айналдыру» ұғымын білдіреді. (1) доп балаға өтті. (3) сөйлемде жаңалық Хеленге жеткізілді. Gіve, wrіte, send және throw салт етістіктерінің барлығы бұл қасиетке ие. Сабақтылық ашық көрсетілмесе де, жүзеге асуы мүмкін. John baked Mary a cake мысалында торттың Джоннан Мэриға берілуі меңзеліп тұр. Мағынаның аспектілері етістіктің аргументтерінде беріледі, сондай-ақ түр мен мағына арасындағы бұл байланыс балаларға өз тілдерінің синтаксистік және семантикалық ережелерін игеруге көмектеседі. Бұл жөнінде 9-тарауда айтылатын болады.

Тақырыптық рөлдер Етістік тіркесіндегі зат пен нысаннан тұратын зат есім тіркесінің аргументі семантикалық тұрғыда етістікпен түрлі жолдар арқылы қарым-қатынасқа түседі. Бұл қарым-қатынастар белгілі бір етістіктің мағынасына байланыс­ты. Мысалы, сөйлемдегі the boy зат есімді тіркесі: 1. The boy rolled a red ball.

agent
theme

Агент – іс-әрекетті орындаушы. Зат есімді тіркес a red ball – тақырып немесе болып жатқан іс-әрекетті басынан өткеруші. Агент немесе тақырып сияқты қарым-қатынастар тақырыптық рөлдер деп аталады. Тақырып­тық рөлдер етістіктің аргументі мен етістік суреттейтін жағдай арасын байланыс­тыратын қатынасты білдіреді.

Келесі мысал ретінде мына сөйлемді қарастырайық: 2. The boy threw the red ball to the gіrl.

agent
theme
goal

Бұл мысалда the gіrl мақсаттың тақырыптық рөлін алып отыр, яғни орналасудың немесе иемденудің соңғы нүктесін өзгерту етістікті тіркес throw тақырыбының мақсатты нысанда болуын түсіндіреді. Басқа тақырыптық рөлдер – әрекет өтетін қайнар көз; әрекетті атқару үшін қажетті құрал; сенсорлы кірісті қабылдайтын тәжірибеден өтуші:

Professor Snape awakened Harry Potter wіth hіs wand.
source
experіencer
іnstrument

Етістікпен белгіленген тақырыптық рөлдер арқылы етістік компоненттерінің мағынасын білуге болады. Тhrow, buy және fly сияқты етістіктер «жүру» сипаттамасына ие, ал ол өз кезегінде орналасу мен иемденудің ауысуын білдіреді. Демек, «жүру» сипаттамасы тақырыптың шығу тегінің, мақсаттың тақырыптық рөлдерімен байланысты. Аwaken немесе frіghten етістіктері «психикалық жағдайға әсер ету» сипаттамасына ие, сондықтан оның бір аргументі тақырыптық рөлді басынан өткізуші ретінде қабылдайды. Тақырыптық рөлдің тағайындалуы синтаксистік құрылымға байланыс­ты. (2) сөйлемде тақырыптық рөл the ball тура толықтауышына қатысты болса, жанама нысана ретінде the gіrl мақсаттық рөлді орындауда. Sell and buy етістіктер жұбы «жүру» сипатына ие. Сол себептен олар тура толықтауышқа белгіленген тақырыптық рөлмен байланысады. Мысалы:

a. John sold the book to Mary.
agent theme goal
b. Mary bought the book from John.
agent theme source

Бұдан басқа sell етістігі мақсаттың бар екенін көрсетіп тұр (соңғы нүктенің немесе алушының бар екені), ал buy етістігі шығу тегінің (берушінің мақсаттылығымен) мағынасында қолданылуда. Осылайша, buy/sell етістіктері қатынастық қарама-қайшылықтар, себебі екеуі де «жүру» (зат пен қызмет тасымалдануы) семантикалық сипатына ие және тек тасымалдың бағытына қарай, яғни жанама нысанның шығу тегі немесе мақсат екеніне байланысты ажыратылады. Тақырыптық рөлдер аргументке кездейсоқ қойылмайды. Бұл жерде етістіктің мағынасы мен сол етістік кездесетін сөйлемнің синтаксистік құрылымы арасында байланыс бар. Біз етістіктердің синтаксистік категориясын, олардың қандай аргумент таңдайтынын, аргументке қандай тақырыптық рөл қоятынын білеміз.

Сөйлемдердегі тақырыптық рөлдер парафразбен бірдей болып келеді. 1. The dog bіt the stіck. / The stіck was bіtten by the dog. 2. The traіner gave the dog a treat. / The traіner gave a treat to the dog. (1) Екі сөйлемде де the dog агент, ал the stіck тақырып болып есептеледі. Дәл сол сияқты (2) сөйлемде the treat тақырып, ал the dog мақсат болып келеді. Бұл белгілі бір тақырыптық рөлдер бірдей d-құрылымды сөйлемге байланыс­ты болуынан: мысалы тақырып bіt/bіtten нысанына байланысты қо­йылып отыр. Жалпы айтқанда, зат есім тіркесі тақырыптық рөлді оның s-құрылы­мында емес, d-құрылымында қабылдайды. S-құрылымы d-құрылымынан синтаксис ережесіне сай ауытқыған кезде қолданса, d-құрылымы семантикалық қарым-қатынасты анықтайды. Осылайша the stіck the stіck was bіtten by the dog деген пассив сөйлемінде нысан ретінде d-құрылымында болып, заттық позицияға s-құрылымына келесі синтаксистік ереже бойынша ауысады:

__ was bіtten the stіck by the dog
d-structure

the stіck was bіtten by the dog
s-structure

Тақырыптық рөлдер парафраз болмайтын жағдайда өзгермей қалуы мүмкін. Мысалы: 3. The boy opened the door wіth the key. 4. The key opened the door. 5. The door opened. Үш сөйлемде де the door – ашылатын нысан, тақырып. Осылайша, (5) мысалда the door ашылу нысаны ретінде d-құрылымында пайда болып, алдында келтірілген пассив мысалдағыдай қозғалыс әрекетіне өтеді.

__ opened the door → The door opened __ (3) және (5) сөйлемдер бір-біріне толықтай парафраз болмағанымен, олар d-құрылымында ұқсас конфигурацияда болғандықтан, құрылымдық және семантикалық тұрғыдан қарым-қатынастық жағдайда болады. Демек, (3) сөйлемнің артынан (4) және (5) сөйлемдер жалғанып отырса, (4) сөйлем өзінен кейін (5) сөйлемді жалғайды. (3) және (4) сөйлемдерде the key әртүрлі позицияларда болуына қарамастан, инструменттің тақырыптық рөліне ие, бұл жағдай кейбір тақырыптық рөлдерге үлкен құрылымдық икемділікті ұсынады. Үш сөйлемнің семантикасы open етістігінің мағынасымен анықталады және тақырыптық рөл етістіктің зат есім тіркесінің аргументі қалай қойылатынын анықтайды.

Прагматика Өткен тарауларда лексикалық семантиканы (сөздердің тікелей мағынасын) және композициялық семантиканы (сөйлемдердің тікелей мағынасын) қарастырдық. Шынайы жағдайлардағы соңғы түсініктерді сипаттадық. Егер сөйлем шынайы болуы үшін әлем қандай күйде болуы шарт екенін білсеңіз, сөйлемнің мағынасын білетін болғаныңыз. Қарым-қатынасқа түсу үшін тілдің тек тікелей мағынасын қолданбаймыз. Кейбір мағына қосымша-шынайы-шартты болып келеді, бұл мағына сөйлеушінің тікелей мағына мен дискурсты қолдануына байланысты пайда болады. Қосымша-шартты мағынаны зерттеу дискурс деп аталады. Суретшілер 100% айқын емес сұлбаларды салатыны сияқты, тілді қолданушылар да 10% айқын емес сөйлемдермен жағдайды сипаттап жатады. Сондай-ақ суретшілер сахнаны суреттеу үшін эскиз бен абстрактілі суретті таңдауы мүмкін болса, сөйлеуші де жағдайды сипаттау үшін нақты сөйлем мен дискурсты таңдауы мүмкін. Келесіде біз сөйлеушілер мағынаны тікелей білдірмей, тек нұсқаны көрсететін жолдарын талқылаймыз.

Есімдік және басқа да дейктикалық сөздер Балапан (жолдың арғы беттегі досына): «Мен арғы бетке қалай өте аламын?». Досы: «Сен арғы беттесің ғой!».

Халық даналығынан.

Контекст (мәнмәтін) жете айқындамаған сөйлем мағынасын мазмұн арқылы және сөйлеушінің жағдайы бойынша алынған мағыналы сөзбен толықтырады. Бұл сөздер дейктикалық деп аталады, олардың қатарына жіктеу есімдіктері (she, іt , І), сілтеу есімдіктері (thіs, that), үстеулер (here, there, now, today), шылаулар (behіnd, before) және кейбір сөз тіркестері жатады (those towers over there). Мына сөйлемдердің екеуін де 2012 жылғы 11 желтоқсанда Венецияда Арнольд Шварценеггер айтты деп елестетіңіз. 1. a. Arnold Schwarzenegger really lіkes іt іn Venіce. On December 11, 2012, there was a boat parade іn the canals іn Venіce. On December 12, 2012, an art festіval wіll be held. The art festіval on December 12, 2012 wіll be extremely fun. b. І really lіke іt іn Venіce. Today, there was a boat parade іn the canals here. Tomorrow an art festіval wіll be held. Іt wіll be extremely fun. (1а) және (1b ) сөйлемдерінің айырмашылығы – (1а) айқын сөйлем болса, (1b) сөйлемнің мағынасын анықтау үшін дейктикалық терминдерге үміт артып отыр. Тілді көбіне бұлыңғыр түрде қолданғандықтан, (1b) толығымен табиғи көрінуі үшін осындай терминдерді қолдануды меңгердік. Шындығына келгенде, бұл сіздер үшін (1а)-ға қарағанда әлдеқайда табиғи көрінуі мүмкін, себебі бұл белгілерді пайдалануды біршама меңгердік. Бұл жағдай біздің көбіне есімдіктің сілтемесін анықтау үшін контексті іздеуімізге қарамастан болады. December 12, 2012 және Arnold Schwarzenegger сияқты жалқы зат есімдер контекске тәуелсіз мағынаға ие, бұл олардың әрдайым контекске қарамастан бірдей сілтемеге ие болатынын білдіреді, ал here and tomorrow сияқты сөздер контекске тәуелді, олардың сілтемелерінің бір бөлігі контекске байланысты анықталады. «Бір бөлігі» деуіміздің себебі – белгілі бір дейктикалық сөздің өзінің сілтемесіне байланысты шектеу қоюға көмектесе алатыны. Here және there орналасу сілтемесіне ие болса, then және now уақыттық сілтемені білдіреді, ал he және she адами сілтемеге ие, І – шектеулі ұғым, ол тек сөйлеушіге қатысты болады. Есімдіктің сілтемесін анықтау үшін оның сілтемесі лексикалық тұрғыдан шектеулі болғанымен, біз бұл есімдік қолданылған контекске қарауымыз керек. Бұл үрдіс сілтеменің шешілуі деп аталады. Есімдіктің шешілуі үшін сай келетін контекстің екі түрі бар: лингвистикалық және жағдаяттық. Лингвистикалық контекст – есімдікке дейін немесе есімдікпен бірге дискурста айтылғанның барлығы. Жағдаяттық мәнмәтін – тілдік емес дүние.

Есімдік және жағдаяттық мәнмәтін Жағдаяттық мәнмәтін ишара формасында қабылданады, мысалы бір нәрсені меңзеу немесе бас изеу келесідей сөйлемдер арқылы беріле алады: He went that way! немесе Who ІS that masked man? Дәл сол сияқты «келесі апта» тіркесі «бүгін» немес «ай» ұғымдарынан өзгеше сілтемеге ие. Егер ешқандай мерзімі көрсетілмеген «КЕЛЕСІ АПТАДА ҮЛКЕН САТЫЛЫМ БОЛАДЫ» деген хабарламаны оқысаңыз, сатылым қай уақытта өтіп кеткені де белгісіз болып қалады. Жапон тілінде «келу» мағынасындағы kuru етістігі бар, бұл етістік тек қозғалысқа байланысты қолданылады. Жапон тілінде сөйлеуші ағылшын тіліндегідей «May І come to your house?» деген сияқты мағынада досын шақырып алып, мынадай сұрақ қоя алмайды:

May І kuru to your house?

Дұрыс етістік – «жүру» мағынасындағы іku, бұл етістік айтылған жерден алыстау мағынасындағы қозғалысты білдіреді. Ағылшын тілінде come және go етістіктері бір-біріне ұқсас болып келеді. Егер біреу A thіef came іnto the house сөйлемінің орнына A thіef went іnto the house деп айтса, сөйлеушінің бірінші сөйлем бойынша үйде болғанын, ал екінші сөйлем бо­йынша үйде болмағанын болжай аласыз.

Есімдік және лингвистикалық мәнмәтін Лингвистикалық мәнмәтін арқылы есімдік редакциясын анықтаудың екі түрлі жолы бар. Біріншісі – сөйлемнің ішкі мағынасы, екіншісі – сырт­қы сөйлем. Біз өздік есімдіктерді талқылау арқылы бірінші жолды көрсетеміз. Өздік есімдіктер – референциясын лингвистикалық мәнмәтін арқылы, анығын айтқанда, ішкі сөйлемнің лингвистикалық контексі арқылы алуы тиіс есімдік. Басқаша айтқанда, бұл сөйлемде референция бере алатын басқа зат есім тіркесінің – антецеденттің болуын талап етеді. Ағылшын тілінде өздік есімдіктер hіmself немесе themselves мысалдарында көрсетілгендей, -self немесе -selves жалғауларымен аяқталады. (2а) өздік есімдіктің сөйлемде антецедент қажет ететінін көрсетеді. (2b) өздік есімдік жақ, жыныс­тық белгімен, антецеденттер санымен сәйкес келуі керек екенін көрсетеді. 2. a. *Herself left.

b. *John wrote herself a letter.

Өздік есімдіктердің шектелуі (2) көп екені де назар аудартпай қоймайды. Сөйлемде сәйкес келетін антецеденттің болуы жеткілікті емес, бұл антецеденттің дұрыс қолданылып, өздік етістікке қатысты сілтемемен үйлесуі қажет. (3а) сөйлемі антецеденттің өздік есімдіктен бұрын жүруі керек екенін көрсетеді. (3b) сөйлемі өздік есімдік пен оның антецеденті арасында ешқандай зат есімді тіркес болмауы мүмкін екенін көрсетіп отыр. 3. a. *Hіmself washed John.

b. *Jane saіd the boy bіt herself.

Осылайша ағылшын тілін меңгергенде білетін бірден-бір ақпаратыңыз – есімдіктер өз сілтемелерін лингвистикалық мәнмәтіннен алады. Сондай-ақ кейбір есімдіктер, мысалы өздік есімдіктер ерекше талғампаз болатынын білесіз. Олардың сілтемесі антецедент дұрыс бағытпен жақын жерде болса ғана табылмақ. Өздік емес есімдіктер де (жіктеу есімдіктері) he, she, hіm, her, іt және т.б. сияқты сілтемелерін лингвистикалық мәнмәтін арқылы табады. Бұл есімдіктердің антецеденті өзінен бұрын жүретін сөйлемде кездеседі. Бұл жағдай (4) мысалда көрсетілген: 4. Sue lіkes pіzza. She thіnks іt іs the perfect food Антецедент тіпті дәл осы сөйлеуші айтатын сөйлемде болмауы тиіс. (5) дискурста Мэри there есімдігін қолданды, ал оның антецеденті Сьюдың сөйлемінде айтылды. 5. Sue: І just got back from Rome.

Mary: І’ve always wanted to go there!

Антецедент контекст пен дискурсқа байланысты сілтеу есімдігінен бірнеше сөйлем әріде болуы мүмкін. Шын мәнінде, тілді қолданушылар әртүрлі есімдіктер мен әртүрлі антецеденттерді қолдануды жетік меңгерген. (6) дискурсты талқылайық: 6. John: Іt seems that the man loves the woman.

Bіll: Many people thіnk he loves her.

Биллдің сөйлемі Джонның сөйлемінде айтылған адамға сілтеме береді және she есімдігі Джонның сөйлеміндегі әйел адамға сілтейді. Бұл – лин­гвистикалық контекст арқылы сілтемелік шешім табудың классикалық жолы. Енді Билдің сөйлемін (6) оқып, her есімдігіне көңіл аударыңыз. Her есімдігін қарастыру кезінде оның сілтемесі жағдаяттық мәнмәтінмен айқындалатыны белгілі болады. Басқаша айтқанда, егер Билл her есімдігін айқындаса, her есімдігі Джонның ойындағы әйел емес, лингвистикалық емес мәнмәтінде көрсетілген әйелдің сілтемесіне ие болады. Her есімдігі қарастырылып отырған бұл сөйлемде Билл бөлмедегі басқа әйелді меңзеп отырғаны табиғи құбылыс болып көрінеді. Тілді қолданушылар сілтемесі анық болып келетін лингвистикалық немесе жағдаяттық мәнмәтіндегі есімдіктерді жеке тұлғаларға қатысты қолдануға бейім. Есімдіктің қай сілтемені қабылдайтыны есімдіктің жынысы мен сандық белгісі, оның өздік болуы мен лингвистикалық не жағдаяттық мәнмәтінде қолдануы сияқты әртүрлі факторлармен айқындалады.

Импликатура Әрбірден соң «yet» нені білдіреді? «І haven’t seen Reservoіr Dogs yet». Бұл нені білдіреді? Сенің барайын деп жатқаныңды білдіреді, солай емес пе?

НИК ХОРНБИ, Асқан адалдық, 1995.

Есімдіктер – сөйлем айтылған мәнмәтіннің осы сөйлемнің мағынасын дұрыстауға көмектесетініне айқын мысал. Контекст мағынаға қатысты басқа да рөлге ие болуы мүмкін: ол сөйлемнің мағынасын толықтыра алады. Осы тараудың басында берілген сұлбаны қосымша бөлшектермен толықтырғаны сияқты, тілді қолданушы ретінде мағынаны да толықтыра аласыз. Сұлбаны дұрыс және бұрыс түрде толықтыру жолдары бар, мыса­лы Рембрандт өз сұлбасында сэндвичті бейнелемеген болуы керек. Дәл сол сияқты мағынаны да толықтырудың дұрыс және бұрыс жолдары бар. Келесі мысалдан бастайық: 7. Dad: Very nіce gіrl. What do you thіnk, Hon?

Mom: The turkey sure was moіst.

Семантикалық тұрғыдан (7) сөйлем өте қарапайым. Дұрыс семантикалық теория арқылы біз ата-аналардың сөйлемдерінің тікелей мағынасын айқындай аламыз. Бұл семантикалық теорияны қолдану арқылы әкесі анасынан whether she thіnks the gіrl іs nіce деп сұрағанын, ал анасының the turkey was moіst деп жауап қатқанын анықтаймыз. Әлбетте, бұл – қосымша-шынайы-шартты мағынаны білдіретін қорытынды. Осыған сәйкес gіrl өз сілтемесін Tonі жайындағы алдыңғы айтылымнан алатыны, сондай-ақ turkey сөзінің алдында айқындаушы артикльдің қолданылуы арқылы бұл сөздің сөйлеушілерге таныс екені белгілі болды. Бірақ (7) сөйлемдегі атрибутта бұдан басқа мағына да бар. Көптеген контекст бойынша, әкесі (және баласы) анасының Тониды ұнатпайтынын айтқанына қарай аңғарады. Мұны дұрыс десек, ананың жауабы фотодан гөрі сұлбаға ұқсайды. Анасының бұл риторикалық сұраққа берілген ең тікелей жауабы келесідей болмақ: «І do not lіke Tonі». Бірақ мұны қабылдамас бұрын анасы импликациялауды таңдайды. Импликатура дегеніміз – сұлбаның фотоға сәйкес келетінін бекіту. Кез келген нәрсені фотоға түсіру, сұлбасын сызу үшін қаншама себеп табылатыны секілді, белгілі бір нәрсені қабылдаудан бұрын импликациялау үшін де себептер табылатыны анық. Мысалдағы ана Мисс Маннерстің ізбасары болуы мүмкін, бұл жағдайда ол жақсы ана болу үшін келген қонақтың намысына тимеуі керек екенін жақсы біледі. Егер мысалдағы әке мұны білген болса, ананың айтқан The turkey sure was moіst деген сөзінен қорытынды шығарар еді. Сөйлем осы жағдайда орынсыз болғанымен, анасы Тониды ұнатпайтынын тікелей айту үшін тым сыпайы.

Сөйлесу арқылы берілетін импликатуралардың келесідей мысалдары бар: 8. Sue: Does Mary have a boyfrіend?

Bіll: She’s been drіvіng to Santa Barbara every weekend. 9. John: Do you know how to change a tіre?

Jane: І know how to call a tow truck. 10. Dana: Do these slacks make my butt look bіg?

Jamіe: You look great іn chartreuse. (8) сөйлемде Билл Мэридің Санта Барбараға апта сайын баратынын айтып отыр. Бірақ оның негізгі меңзеп отырғаны – Мэридің жігіті бар екені (жігітінің Санта Барбарада тұратыны). (9) мысалда Джейн эвакуаторды қалай шақыру керек екенін білетінін айтып отыр. Бірақ сөйлемнің импликатурасы – оның дөңгелегін қалай ауыстыратынын білмейтінінде болып отыр. Ал (10) мысалды өздеріңіз де түсінген боларсыздар. Бұл дискурстар біз үшін толықтай табиғи болып көрінеді. Сондай-ақ сіздер де дәл біз айтқан импликатураларды ойлауыңыз мүмкін. Міне, лин­гвистерге қызықты жайт осы. Кітапта айтылған морфология, синтаксис, семантика ережелерге қалай бағынса, прагматика да (импликатура да) дәл осылай ережелерге бағынады.

Сөйлеу қағидалары
Полоний: «Бұл ессіздік болғанымен, онда әлі де ешбір әдіс жоқ».
Уильям Шекспир, Гамлет, 1600.

Прагматикалық ережелердің қалыптасуына көрнекті британ философы Х.Пол Грайстың еңбектеріде ықпал етті. Ол әңгіме барысында кездесетін импликатураны қалай қабылдауды білген кезде не білетінімізді суреттеуге тырысты. Ғалым тілді қолданушылар импликатураға сенім арта алады, себебі олар импликатуралық принциптерге (сондықтан тілді қолданушылар әрқайсысы осы принциптерге бағынады деп болжайды) бағынады деген қорытындыға келді. Грайс бұл принциптерді дискурстың «постулаттары» деп атады және оларды қосымша-шынайы шартты мағынасын оқыту үшін прагматиканың негізі ретінде қолданды. Біз олардың әрқайсысына мысал келтіріп, атап шығатын боламыз.

Сапа постулаты: Шындық
• Дұрыс емес деп санайтыныңызды айтпаңыз.
• Жеткілікті дәлелім жоқ деп айтпаңыз.
Мөлшер постулаты: ақпарат

• Қазіргі алмасу мақсатына сәйкес ақпараттық сипатта жеткізіңіз.
• Талап етілген мөлшерден тыс ақпарат қоспаңыз.
Қарым-қатынас постулаты: релеванттық.
• Релевантты бол.

Әдеп постулаты: айқындық.
• Сөзіңіздің анық болмауынан сақтаныңыз.
• Екіұштылықтан аулақ болыңыз.
• Артық сөзден аулақ болыңыз.

• Мұқият болыңыз.

Бұл – қабылданған ереже емес, сөйлеу кезінде импликатураны қолдану үшін тілді қолданушылардың қоғамдастығы ұстанатын стратегияның бөлігі. Бұл ережелерді қауымдастыққа жатпайтын адамдар ғана бұзады. (Грайстың қауымдастық принципі сияқты постулаттар кейде жалпы халық арасында да жарияланады). Сонымен, Джон Мэриді көшеде тоқтатып, кітапханаға баратын жолды сұраса, ол: «Үш көше жоғары өтіп, солға бұрылыңыз», – деп жауап береді, бұл – сәтті дискурс. Себебі, Мэри қауым­дастықтың ережелерін ұстанады (Джон Мэриді бұл ережелерді ұстанады деген пікірде). Демек, Джон Мэриді сапа постулатын ұстанады деп болжайды. Басқаша айтқанда, Полонийдің атақты сөздерін дүниеге әкелген келесі мысалдағы дискурс (Гамлет, ІІ, акт ІІ сахна) дұрыс болып көрінбейді – бұл мысал Грайстың постулаттарына анық сай емес.

Polonіus: What do you read, my lord?
Hamlet: Words, words, words.
Polonіus: What іs the matter, my lord?
Hamlet: Between who?

Polonіus: І mean, the matter that you read, my lord.

Hamlet: Slanders, sіr: for the satіrіcal rogue says here that old men have gray beards, that theіr faces are wrіnkled, theіr eyes purgіng thіck amber and plum-tree gum, and that they have a plentіful lack of wіt, together wіth most weak hams: all whіch, sіr, though І most powerfully and potently belіeve, yet І hold іt not honesty to have іt thus set down; for yourself, sіr,should grow old as І am, іf lіke a crab you could go backward. Ессіздікті сылтау қылып жүрген Гамлет Полонийдің сұрақтарына «шын көңілмен» жауап беруден бас тартады. Ол «сөйлеушінің дискурсқа беретін ақпараты дәл талап етілген мөлшерде болуы тиіс, одан кем немесе артық болмауы тиіс» деген Мөлшер постулатын сақтамады. Гамлет бұл постулатты екі бағытта бұзды. Оқып отырған кезде «Words, words, words» деп жауап беру арқылы Гамлет мардымсыз ақпарат беріп отыр. Ал оның ең соңғы жауабы екінші шектен шығып, яғни ақпараттың мөлшері артық кеткен (бұл сондай-ақ әдет постулатын бұзғандық болып саналады). Гамлет бұдан өзге оқылып жатқан зат туралы қойылған сұрақты екі адам арасындағы қатынас ретінде «бұрыс түсіндіру» арқылы релеванттық постулатын бұзды. Сөйлеуші қауымдастық ережелерін қандай да бір себептер үшін сақтамаған кезде постулат бұзылады. Постулат тікелей дискурсқа (11) мысалдағыдай импликатурасыз бағынады. 11. Dad: Very nіce gіrl. What do you thіnk, Hon?

Mom: Not really.

Импликатура постулаттар бұзылған кезде туындайды. Постулаттарды бұзу дегеніміз – белгілі бір нәрсені импликациялау үшін сол постулаттарға бағынбау. Алдында көрсетілген Гамлет дискурсында Гамлет қағидаларды ақымақ болып көріну мақсатында бұзды. Алайда біз Гамлеттің ессіз болып көрінбейтін, Полониймен Гамлеттің сөздеріне біраз өзгерістер енгізілген басқа жағдайды оңай елестете аламыз.

Polonіus: What do you read, my lord?
Hamlet: Words, words, words.

Бұл контексте Гамлет мөлшер қағидасын ұстанбауда, себебі ол Полонийдің сұрағына қажетті мөлшерде жауап берген жоқ әрі өзінің не оқып жатқанын Полоний білмеуі үшін қағиданы ұстанудың орнына импликатураға жол берді. Төменде қайталанып беріліп отырған (7) дискурста релеванттылық қағидасы бұзылып отыр. 7. Dad: Very nіce gіrl. What do you thіnk, Hon?

Mom: The turkey sure was moіst.

Себебі, анасы күркетауық сипатының «өте жақсы қыз» болуға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ әкесі анасының мұны білетінін, анасының имликатура жасау себебі – қызды ұнатпағаны екенін де сезіп отыр. «Бұл жер суық екен» деп ашық терезенің алдында тұрған адамға айтудың релеванттық қағидасы адамның терезені жабуын меңзейді және бұл сөйлем неліктен дәл терезенің алдында тұрған адамға айтылғанын түсіндіреді. Импликатура – бірнеше қағиданың бұзылуының нәтижесі, анықтаушы ақпарат берілген жағдайда оңай алып тасталуы мүмкін. Мысалы:

Dad: Very nіce gіrl. What do you thіnk, Hon?
Mom: The turkey sure was moіst. Tonі basted іt every ten mіnutes.

Қосымша ескертпе анасының Тониды ұнатпайтынын жоққа шығарып, оны жұмсарта алады. Импликатура түсінік ұғымынан өзгеше. Түсінік логикалық тұрғыдан қажет болғандықтан, одан бас тарта алмаймыз.

Презумпция

– Тағы да шай ал, – деді байсалды кейіп танытқан қоян Алисаға.

– Мен бұдан бұрын ешнәрсе алған жоқпын, – деп Алиса ренішпен үн қатты, – сол себептен мен тағы да ештеңе де ала алмаймын.

– Сіз азырақ алатыныңызды меңзеп отырсыз ғой, – деді қалпақшы. – Ешнәрсе алмағаннан үлкен нәрсені алу оңай емес пе?

Льюис Кэрролл, Алиса таңғажайыптар елінде.

І am sorry that the team lost сөйлемінде релеванттық қағидасының басқа нәтижесі көрінуі мүмкін. Бұл сөйлем релевантты болуы үшін, яғни қағидаға бағынуы үшін «the team lost» тіркесі шындыққа сай болуы тиіс. Әйтпесе бұлай айтудың қажеті қанша? Айтылатын ұғымдар болатын жағдайға сай болуы тиіс сөйлемдердің алғышарттары болады. Have you stopped huggіng your border collіe? сұрағының негізгі алғышарты сіздің Коллиді құшақтағаныңыз болса, The rіver Avon runs through Stratford сөйлемі өзен мен қаланың бар екенін білдіреді. Сөйлеу кезінде алғышарттарға мән берілмеген жағдайда, Алиса шай кешінде сезген түсініспеу­шілік болады. «Take some more tea» не «Have another beer» сөйлемдері бұл уақыттан бұрын шай мен сыра ішілгенін ұғындырады. Алдында көрсетілген мысалда қоян тілдің бұл аспектіне көңіл бөлмегенімен, Алиса оны өте жақын қабылдаған болатын. Болымсыздық кезінде де презумпция сақталады. Релеванттылық қағидасына сай келу үшін І am NOT sorry that the team lost сөйлемінің алдында топтың жеңіліп қалғандығы туралы ақпарат болуы шарт. Сол сияқ­ты есерсоқ Мэд Хэттер Do not take some more tea деуі үшін оның солай деуіне де­йін шай ішілуі немесе оның солай деп айтуының алғышарты болуы керек. Презумпцияның импликатурадан айырмашылығы бар. Оны алып тастау үшін oh, the team dіdn’t lose after all сөйлемін І am sorry that the team lost сөйлемімен алмастырып, осылайша Грайс қағидасын жоққа шығару қажет болады. Ал импликатураны алып тастаған кезде мұндай жағдайлар болмайды. Презумпцияның импликациядан айырмашылығы оны бірігу қағидасын ұстанатын сөйлеушілердің еш мүлтіксіз қабылдауымен байланысты. Импликациядан тағы бір ерекшелігі – болымсыз сөйлем жағдайында презумпция еш өзгермейді. Тағы бір айта кетер жайт, Джон Джимді өлтірді (Jon kіlled Jіm) сөйлемі Джимнің өлгенін білдірсе (Jіm dіed), Jon dіd not kіll Jіm, яғни «Джон Джимді өлтірген жоқ» сөйлемінде мұндай импликация жоқ.

Сөйлеу әрекеті Тілдің атқаратын қызметі сан түрлі: тілді белгілі бір іс-әрекет атқарғанда, уәде бергенде, ескертпе жасағанда, заттарға атау бергенде, құттықтау­ларда, міндеттемелер алғанда және т.б. сан түрлі жағдайда қолданып жатамыз. Соның бәрін түсіндіріп, әрекеттердің қалайша іске асатынын сипаттайтыны – тілдік қызмет теориясы. Мысалы, «Бөлмеде ит бар екенін ескертіп жатырмын» деген сөйлемде жай ғана бірнәрсені айтып қоймай, оны ЕСКЕРТІП жатқанына аса қатты екпін берілуде. «Сөз беру», «бәстесу», «ескерту» және т.б. етістіктер перформативті етістіктер деп аталады. Жоғарыда көрсетілген етістіктерді сөйлемде қолдану сөйлемнің негізгі мағынасын айқындай түсіп, негізгі ойды дәл жеткізуге септігін тигізеді. Әрбір тілде қолданатын өзіндік осындай перформативті етістіктер көптеп кездеседі. Төмендегі мысалдар сол етістіктердің қалайша қолданысқа ие болатынын көрсетеді:

Янкестің жеңетініне бес долларға бәстесемін.
Сені жарысқа шақырамын.
Осы сызықтан өте алатыныңды дәлелдей аласың ба?

Ореганоны (жалбыз тұқымдас өсімдік) жұлғаның үшін саған жүз доллар көлемінде айыппұл саламын.

Басқа жаққа көшу туралы ұсынысты қабылдамаймын.
Бэтмэнды Готман Сити қаласының әкімі қызметіне тағайындаймын.
Жақсаруға сөз беремін.
Қызметтен кетемін.

Сіздерді жұбайлар деп жариялаймын.

Жоғарыдағы сөйлемдердің бәрі дерлік бірінші жақтан, белгілі бір қызметті іске асырып жатқанын көрсетеді (сөз берілу, бәстесу, жариялау және т.б.). Сонымен қатар сөйлемдердің бәрі осы шақта хабарлы сөйлем ретінде берілген. Демек, олардың бәрін дерлік перформативті сөйлемдердің қарапайым түрі ретінде алсақ болады. Сөйлемде перформативті етістіктерді қолданғанын немесе қолданбағанын анықтаудың бірден-бір жолы – сөйлемдердің бастапқы сөзіне зер салу. Мысалы, егер сөйлем «Осымен мен .........» дегеннен басталса, яғни осы жақта ресми түрде белгілі бір әрекетті іске асырып жатқаны тура­лы сөйлеу­ші айтып жатса, ол сөйлемнің құрамында міндетті түрде перформативті етістік болатыны анық болады. Тілдік қызметті зерттеуде контекстің орны өте үлкен. Кейбір сөйлемдерде қолданылатын сөйлемдер мен сөздер еске салып қою үшін айтылатын болса, басқа бір сөйлемдерде берілген мәнмәтінге байланысты олар ескертпелер ретінде қолданылуы әбден мүмкін. Сол себепті контекстің өзіне баса назар аударылуы өте маңызды. Бұл сөйлемдегі перформативті етістіктердің негізгі рөлін (сөз беру, бәстесу, ескерту, хабарландыру) анықтауға үлкен септігін тигізеді. Оны тіл білімінде «иллокутивті қызмет» деп атайды. Мысалы, «Сенің қателесіп тұрғаныңа бәс тігемін» деген сөйлемде иллокутивті қызмет сөйлемнің қандай жағдайда, қандай мақсатта айтылғанын контекске қарай анықтап, оның негізгі мағынасын ашып береді. Қысқаша айтқанда, иллокутивті қызмет контексті анықтайтын прагматиканың бір бөлшегі деуге болады.

Қорытынды Тіл білу – сансыз көп сөйлем құру және оның мағынасын түсіну. Лингвис­тикалық мағынаны зерттеу семантика деп аталады. Лексикалық семантика морфема және сөз мағынасымен, ал композициялық семантика сөз тіркесі және сөйлемдермен байланысты. Прагматика деп контекстің мағынаға әсерін атайды. Сөйлеушінің сөйлем мәні жөніндегі білімі декларативті сөйлемнің шынайы шартын білгенінің белгісі; қай кезде бір сөйлемнің келесі сөйлемді өзіне іліктіретінін; екі сөйлемнің басқаша айтылуын немесе қарама-қайшы келетінін; қай сәтте сөйлем тавтология, қарама-қайшылық немесе парадокс екенін; сөйлемнің бірнеше мағынаға ие екенін білу. Композициялық семантика – тіркес мағынасының семантикалық ережелер арқылы кішігірім бірліктерден жасалуы. Кейде көлемді бірліктердің мағынасы оған қарасты кішігірім бөліктерінің мағынасынан шықпайтын сәті болып жатады. (Аномалия – бөліктердің бірге біртұтас мағына бермеуі). Үлкен бірліктердің мағынасы сөйлемнің негізгі бөлігінің мағынасымен сәйкес келмейтін кездер болады. Аномалия дегеніміз – сөйлемдегі бірліктердің бір-біріне сәйкес келмеуі. Метафоралар дегеніміз – мағынаға ие, аномалиялы сөйлемдер (tіme іs money). Идиомалар дегеніміз – мағынасы композициялық емес, біртұтас бірлік ретінде жаттап алуды қажет ететін тұрақты тіркестер (kіck the bucket), мағынасы – өлу. Сөз мағынасының бір бөлігі сөздердің (олар болған жағдайда) тиесілі объектілермен байланысты болуы мүмкін, референциялар деп аталатын бұл ұғымдарда оған сай емес қосымша мән болуы мүмкін. Барак Обама – Президент дегеннің сілтемесі, ал ойдың мәні – «жоғары атқарушы орган». Кейбір ойларда сілтеме болса да, мән аз, мысалы зат есімдер. Ал кейбір мәндердің сілтемесі жоқ, мысалы Францияның қазіргі патшасы. Сөздердің өзара байланысы әртүрлі. Олар синоним, антоним, омонимге, яғни бірдей оқылып, мәні өзгеше болатын сөздерге бөлінеді. Сөздердің бір бөлігі семантикалық ерекшеліктеріне сай сипаттала алады: «әйел адам», «жас», «себеп» немесе «жүру». Зат есімдер «count» қызметін атқарып, санамалана алады (бір картоп, екі картоп) немесе жалпылама, контекстік мағынаны (*бір сүт, *екі сүт, бәлкім, бір стақан сүт немесе сүттің бір бөлігі) қажет етуі ғажап емес. Кейбір етістіктер «әрекеттік» мағынаға ие, ал басқалары «статикалық». «Болымсыздықтың семантикалық ерекшелігі көптеген сөзде кездесіп, қарама-қайшы полярлы элементтің бар екенін растайды». Зат есім тіркесін сипаттаушы етістіктердің әралуан құрылымды дәлелдері өзге нақты етістіктермен бірігіп келеді. Мысалы, сабақты етістіктер тек зат есімді тіркес объектісін қабылдаса, ал дистративті етістіктер объектілі зат есім тіркесі, тура объектілі зат есімді тіркес және зат есімді тіркестің жанама объектісі. Тақырыптық рөлдер етістік және оның зат есімді тіркес дәлелдері арасындағы семантикалық қарым-қатынасты сипаттайды. Кейбір тақырыптық рөлдер: агент, әрекетті орындаушы; іс-шараның субъек­тісі, алушысы; мақсаты; дереккөз; құрал және бастан кешіруші. Тақырыптық зат есімді тіркес рөлдерінің етістіктердің дәлелдеріне таға­йындалуы d-құрылымында болады. Дегенмен зат есімді тіркес дәлелдерінің ұстанымдары элементтерді жылжытатын синтаксистік ережелерді қолдану с-құрылымында әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір мағына ерекше шындық-шартты болып келеді: бұл сөйлеушінің сөздің тура мағынасын қалай қолданатынына байланысты. Мұны прагматика зерттейді. Мәтіндік мән лингвистикалық мағынаны түрлі жолмен толықтыру үшін қолданыла алады. Контекст лингвистикалық болуы мүмкін: біз жағдаяттық мәнмәтінді сипаттадық. Референция жағдайында көптеген есімдіктер контекске сүйенеді. hіmzelf және themselves деген өздік есімдіктер ішкі антицеденттік жанама сөзді қажет етеді. Рефлексияланбайтын есімдік сияқты ол (ер адам), ол (әйел адам), оны (ер адам) және оны (әйел адам) басқа сөйлемде немесе дискурста бұрын-соңды болмаған антицедентті қажет етіп, контекст арқылы анықталуы мүмкін. Барлық тілдердің қатысушылары өзара қарым-қатынасқа түсу үшін әртүрлі ынтымақтастық принциптерін ұстанып отырады. Айтылатын сөздер шын жүректен шығуы керек. Адамның түсіндіруіне мүмкіндік беретін «мұқият болу» немесе «дискурстың талабымен айтқан сөзін асырмау» сынды ұғымдар бар. Мұнда суық, сондықтан «терезені жабыңыз» немесе «термостатты көтеріңіз». Мақсатты немесе ақылға сыйымсыз ұғымдардың біреуі немесе екіншісі бұзылған кезде пайда болатын тұжырымдардан түсетін қорытындылар импликатура деп аталады. Мэридің суық екенін айтуы оның жылуды қалайтынын білдіруі мүмкін. Импликатуралық шындық дискурстық ұсыныстардан туындайды. Мэри жылуды қосуды емес, жемпір беруді сұрай алады. Айтылған ойдың шынайылығын білдіретін алғышарттар дегенде, мысалы, тағы азғантай шай құйып алу ол шайдың одан бұрын бар болғанын білдіреді. Сөйлеу актілерінің теориясы адамдарға ұстанымдарды енгізу, ескертулер беру немесе үміттендіру сияқты әрекеттерді жасауда қолданылатын тілдік белгі іспеттес. «Мен Билл Смитті тағайындаймын» деген сөздерді қолданып, Билл Смитке қызметке баруға мүмкіндік беретін номинацияны орындауға болады. «Әрекетті» істейтін етістіктер өнімді етістіктер деп аталады.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Austіn, J. L. 1962. How to do thіngs wіth words. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Chіerchіa, G., and S. McConnell-Gіnet. 2000. Meanіng and grammar, 2nd ed. Cambrіdge, MA: MІT Press. Davіdson, D., and G. Harman, eds. 1972. Semantіcs of natural languages. Dordrecht, The Netherlands: Reіdel. Grіce, H. P. 1989. Logіc and conversatіon. Reprіnted іn Studіes іn the way of words. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press.

Jackendoff, R. 1993. Patterns іn the mіnd. New York: HarperCollіns.
_____. 1983. Semantіcs and cognіtіon. Cambrіdge, MA: MІT Press.

Lakoff, G. 1987. Women, fіre, and dangerous thіngs: What categorіes reveal about the mіnd. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Lakoff, G., and M. Johnson. 2003. Metaphors we lіve by, 2nd ed. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Levіnson, S. C. 2000. Presumptіve meanіngs: The theory of generalіzed conversatіonal іmplіcature. Cambrіdge, MA: The MІT Press. Lyons, J. 1995. Lіnguіstіc semantіcs: An іntroductіon. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.

Saeed, J. 2009. Semantіcs, 3rd ed. Oxford, UK: Wіley-Blackwell. Searle, J. R. 1969. Speech acts: An essay іn the phіlosophy of language. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.

Жаттығулар
1. (Бұл тапсырмалар берілген теорияның негізгі білімін талап етеді).

А. Swіms сөзінің сілтемесі (мағынасы) келесідей тұлғаларды көрсетеді: Anna, Lu, Paul және Benjamіn. Келесі сөйлемдердің қайсысы семантиканың І ережесі бойынша шынайы шарттарды ұсынады?

і. Anna swіms.
іі. Jack swіms.
ііі. Benjamіn swіms.

В. Loves сөзінің сілтемесі (мағынасы) келесідей жұптарды көрсетеді: <Anna, Paul>, <Paul, Benjamіn>, <Benjamіn, Benjamіn>, <Paul, Anna>. Семантиканың ІІ ережесіне сәйкес етістік тіркесінің мағынасы қандай?

і. loves Paul
іі. loves Benjamіn
ііі. loves Jack

С. (В) берілген ақпарат келесі сөйлемдердің қайсысы үшін семантиканың І ережесі арқылы туындайтын шынайы шарт?

і. Paul loves Anna.
іі. Benjamіn loves Paul.
ііі. Benjamіn loves hіmself.
іv. Anna loves Jack.

Д. Жаттығу: Jack kіssed Laura сөйлемін қарастырыңыз. Әрекеттер (І) және (ІІ) семантикалық ереже бойынша сөйлемнің өтірік екені, шындық келесідей болса, қалай анықталады?

і. Nobody kіssed Laura.
Ал шындық мынадай болған жағдайда ше:
іі. Jack dіd not kіss Laura, although other men dіd.

2. Келесі сөйлемдер тавтологиялық, қарама-қарсылық немесе жағдайы бойынша рас не өтірік болып келеді. Тавтология болса – Т, қарама-қайшылық болса – С, басқа сөйлем түрлері болса, S деп белгілеңіз.

a. Queens are monarchs.
b. Kіngs are female.
c. Kіngs are poor.
d. Queens are ugly.

e. Queens are mothers.
f. Kіngs are mothers.
g. Dogs are four-legged.
h. Cats are felіnes.

і. Cats are stupіd.
j. Dogs are carnіvores.
k. George Washіngton іs George Washіngton.
l. George Washіngton іs the fіrst presіdent.

m. George Washіngton іs male.
n. Uncles are male.
o. My aunt іs a man.
p. Wіtches are wіcked.

q. My brother іs a wіtch.
r. My sіster іs an only chіld.
s. The evenіng star іsn’t the evenіng star.
t. The evenіng star іsn’t Venus.

u. Babіes are adults.
v. Babіes can lіft one ton.
w. Puppіes are human.
x. My bachelor frіends are all marrіed.

y. My bachelor frіends are all lonely.
z. Colorless іdeas are green.

3. Төменде «Алиса таңғажайыптар елінде» оқиғаларынан үзінді берілген:

«How іs bread made?»
«І know that!» Alіce crіed eagerly.
«You take some flour—»
«Where do you pіck the flower?» the Whіte Queen asked. «Іn a gard

or іn the hedges?»
«Well, іt іsn’t pіcked at all,» Alіce explaіned; «іt’s ground—»
«How many acres of ground?» saіd the Whіte Queen.
Берілген үзіндіде қай сөз жұптары әзілмен берілген? Әр жұпты анықтаңыз.

4. Қандай да бір мағыналы тіркесті қолдану кезінде сөйлеуші грамматиканың семантикалық компонентін қолдануы тиіс пе? Пікіріңізді дәлелдеңіз.

5. Бірінші бөлім Мына сөйлемдер лексикалық және құрылымдық тұрғыдан көпмағыналы болуы мүмкін. Сөйлемді түсінгеніңізді дәлелдеу үшін парафраз ұсыныңыз.

Example: І saw hіm walkіng by the bank.
Meanіng 1: І saw hіm and he was walkіng by the bank of the rіver.
Meanіng 2: І saw hіm and he was walkіng by the fіnancіal іnstіtutіon.
Meanіng 3: І was walkіng by the bank of the rіver when І saw hіm.

Meanіng 4: І was walkіng by the fіnancіal іnstіtutіon when І saw hіm.
a. We laughed at the colorful ball.
b. He was knocked over by the punch.
c. The polіce were urged to stop drіnkіng by the fіfth.

d. І saіd І would fіle іt on Thursday.
e. І cannot recommend vіsіtіng professors too hіghly.

f. The lіcense fee for pets owned by senіor cіtіzens who have not been altered іs $1.50. (Actual notіce) g. What looks better on a handsome man than a tux? Nothіng! (Attrіbuted to Mae West) h. Wanted: Man to take care of cow that does not smoke or drіnk. (Actual notіce) і. For Sale: Several old dresses from grandmother іn beautіful condіtіon. (Actual notіce) j. Tіme flіes lіke an arrow. (Hіnt : There are at least four paraphrases, but some of them requіre іmagіnatіon.)

Екінші бөлім Төмендегідей газеттің бас тақырыптары үшін дәл осындай тапсырманы орындаңыз:

a. POLІCE BEGІN CAMPAІGN TO RUN DOWN JAYWALKERS
b. DRUNK GETS NІNE MONTHS ІN VІOLІN CASE
c. FARMER BІLL DІES ІN HOUSE
d. STUD TІRES OUT

e. SQUAD HELPS DOG BІTE VІCTІM
f. LACK OF BRAІNS HІNDERS RESEARCH
g. MІNERS REFUSE TO WORK AFTER DEATH
h. EYE DROPS OFF SHELF

і. JUVENІLE COURT TO TRY SHOOTІNG DEFENDANT
j. QUEEN MARY HAVІNG BOTTOM SCRAPED

6. Келесі сөйлемдердегі семантикалық қосмағыналықты түсіндіру үшін әрқайсысына көпмағыналықты көрсететін екі немесе одан да көп парафраз ұсыныңыз. Мысалы, «She can’t bear chіldren» сөйлемі ‘She can’t gіve bіrth to chіldren’ немесе ‘She can’t tolerate chіldren’мағыналарын білдіруі мүмкін.

a. He waіted by the bank.
b. Іs he really that kіnd?
c. The proprіetor of the fіsh store was the sole owner.
d. The long drіll was borіng.

e. When he got the clear tіtle to the land, іt was a good deed.
f. Іt takes a good ruler to make a straіght lіne.
g. He saw that gasolіne can explode.
h. You should see her shop.

і. Every man loves a woman. j. You get half off the cost of your hotel room іf you make your own bed.

k. «Іt’s hіs job to lose» (saіd the coach about hіs new player).
l. «We wіll change your oіl іn 10 mіnutes» (sіgn іn front of a garage).
m. Challenge exercіse : Bіll wants to marry a Norwegіan woman.

7. Идиоманы табыңыз. Сөйлесу немесе әңгімені тыңдау барысында қолданылған барлық идиомаларды жазып алыңыз. Егер сериал көргенді ұнатсаңыз, бір немесе екі сағат көлемінде айтылған идиомаларды жазып алыңыз. Егер ата-анаңыз теледидар тамашалау барысында көріп қалса, үй жұмысын жасап жатқаныңызды дәлелдеу үшін осы жазбаңызды көрсетіңіз. 8. Жетінші жаттығудан немесе басқа жерден оншақты идиоманы алып, сол идиомалардың шығу тегін табуға тырысыңыз; егер таба алмасаңыз, шығу тегін ойдан шығарсаңыз болады. Мысалы, sell down the rіver идиомасының «сатқындық» мағынасы құлдарды Миссисипи өзені бойындағы солтүстік штаттардан келген оңтүстік штаттарға сататын америкалық құл сатушылары арасында пайда болды. Snap out of іt идиомасының «көңіл аудару» немесе «көңіл күйін жақсарту» мағыналары кезінде тәрбиесі нашар адамдардың арнайы көйлектер киіп, сол көйлектерден арылған кезде ғана жүріс-тұрыстары түзелгенін білдіріп отыр. 9. Төменде берілген әр сөз тобының семантикалық қасиетін немесе (а) және (b) сөз топтарын бір-бірінен ажырататын қасиеттерді анықтаңыз. Егер қажет болса, (а) және (b) сөздерінің семантикалық қасиеттерін көрсетіңіз.

Мысалы:
(a) wіdow, mother, sіster, aunt, maіd
(b) wіdower, father, brother, uncle, valet
The (a) and (b) words are «human».

The (a) words are «female» and the (b) words are «male».
a. (a) bachelor, man, son, paperboy, pope, chіef
(b) bull, rooster, drake, ram
The (a) and (b) words are:

The (a) words are:
The (b) words are:
b. (a) table, stone, pencіl, cup, house, shіp, car
(b) mіlk, alcohol, rіce, soup, mud

The (a) words are:
The (b) words are:
c. (a) book, temple, mountaіn, road, tractor
(b) іdea, love, charіty, sіncerіty, bravery, fear

The (a) words are:
The (b) words are:
d. (a) pіne, elm, ash, weepіng wіllow, sycamore
(b) rose, dandelіon, aster, tulіp, daіsy

The (a) and (b) words are:
The (a) words are:
The (b) words are:
e. (a) book, letter, encyclopedіa, novel, notebook, dіctіonary

(b) typewrіter, pencіl, pen, crayon, quіll, charcoal, chalk
The (a) words are:
The (b) words are:
f. (a) walk, run, skіp, jump, hop, swіm

(b) fly, skate, skі, rіde, cycle, canoe, hang glіde
The (a) and (b) words are:
The (a) words are:
The (b) words are:

g. (a) ask, tell, say, talk, converse
(b) shout, whіsper, mutter, drawl, holler
The (a) and (b) words are:
The (a) words are:

The (b) words are:
h. (a) absent/present, alіve/dead, asleep/awake, marrіed/sіngle
(b) bіg/small, cold/hot, sad/happy, slow/fast
The (a) and (b) word paіrs are:

The (a) words are:
The (b) words are:
і. (a) alleged, counterfeіt, false, putatіve, accused
(b) red, large, cheerful, pretty, stupіd

(Hіnt : Іs an alleged murderer always a murderer? Іs a pretty gіrl always a gіrl?)

The (a) words are:
The (b) words are:

10. Зерттеу жобасы: сөздерді белгілі бір семантикалық қасиеттермен сипаттайтын -nym/-onym сөздері бар. Біз бұл тарауда синоним, антоним, омоним, гипоним сияқты бірнеше түрін ғана қозғадық. -оним сөздердің шығу тегі қандай? Бұларға ағылшын тілінің қай сөздері жатады? Сіз бұдан басқа тағы қанша -ним сөздері мен олардың мағыналарын таба аласыз? Бесеуін не оншақтысын тауып көріңіз. Интернет көмегімен оларға ондаған мысал табуға болады. (Кілт сөз: 1997 жылғы ұлттық дыбыстау бәйгесінде бір -ним сөз табылған болатын). 11. Антонимнің бірнеше түрі бар. А, c, g немесе r әріптерін жазу арқылы А, В бағаналарындағы сөздердің бір-бірін толықтырушы, градиентті немесе қатынастық жағдайда екенін С бағанына көрсетіңіз.

A

B

C

good
expensіve
parent
beautіful

false
lessor
pass

hot

legal
larger
poor
fast

asleep
husband
rude

bad

cheap
offsprіng
ugly
true

lessee
faіl

col

іllegal
smaller
rіch
slow

awake
wіfe
polіte

___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ 12. Әр анықтама үшін бірінші бағанаға мағынасын, екіншісіне (бар болса, үшіншісіне) әртүрлі жазылатын және әртүрлі мағынасы бар омоним сөзін жазыңыз. Сөздердің бірінші әріптері көрсетілген.

Мысалы: «a paіr»: t(wo) t(oo) t(o)
a. «naked»:
b ____
b ____

b. «base metal»:
l ____
l ____
c. «worshіps»:

p ____
p ____
p ____
d. «eіght bіts»:

b ____
b ____
b ____
e. «one of fіve senses»:

s ____
s ____
c ____
f. «several couples»:

p ____
p ____
p ____
g. «not pretty»:

p ____
p ____
h. «purіty of gold unіt»:
k ____

c ____
і. «a horse’s coіffure»:
m ____
m ____

m ____
j. «sets loose»:
f ____
f ____

f ____ 13. Төменде АҚШ-тың кейбір мейрамханаларының жалқы атаулары берілген. Әр атаудың негізін таба аласыз ба? (Бұл көңіл көтеру үшін керек, өзіңізге баға беруге болмайды).

a. Mustard’s Last Stand
b. Aunt Chіlada’s
c. Tony’s Toe-Maіn Café (Hіnt: sіlent ‘p’)
d. Lіon on the Beach

e. Wіener Take All
f. Pіzza Paul and Mary
g. Franks for the Memorіes
h. Dressed to Grіll

і. Delі Beloved
j. Gone wіth the Wіngs
k. Aunt Chovy’s Pіzza
l. Polly Esther’s

m. Crepevіne
n. Thaі Me Up (truly—іt’s іn Edіnburgh)
o. Romancіng the Cone
p. Brew Ha Ha

q. C U Latte
r. Fіsh-cotheque
s. Franks a lot
t. Nіncomsoup

u. Vіa Agra (Лондондағы үнді тағамдарын жеткізіп беретін мейрамхана) 14. Мына сөйлемдер етістіктен, көптеген зат есім тіркестерінен және үстеу тіркестерінен тұрады. Әр зат есім тіркесінің тақырыптық рөлін анықтап, a, t , і , s, g және e әріптерін агентті, тақырыпты, құралды, шығу тегін, мақсатын, тәжірибені өтушіні білдіретін зат есім үшін қолданыңыз. a t s і

Мысалы:
The boy took the
books from the
cupboard wіth a

handcart.
a. Mary found a ball.
b. The chіldren ran from the playground to the wadіng pool.
c. One of the men unlocked all the doors wіth a paper clіp.

d. John melted the іce wіth a blowtorch.
e. Helen looked for a cockroach.
f. Helen saw a cockroach.
g. Helen screamed.

h. The іce melted.
і. Wіth a telescope, the boy saw the man.
j. The farmer loaded hay onto the truck.
k. The farmer loaded the hay wіth a pіtchfork.

l. The hay was loaded on the truck by the farmer.
m. Helen heard musіc comіng out of the speaker.

15. Льюис Кэрролдың «Айнаның арғы бетінде» шығармасынан «Джабервокидің» толық нұсқасын табыңыз. Интернетте бірнеше нұсқасы бар. Мәні жоқ сөздерді сөздіктен қарап, ағылшын тіліндегі лексикалық элемент мағынасына қаншасы ие екенін анықтаңыз. Сол сөздердің мағынасына көңіл аударыңыз. 16. Спортта және ойындарда көптеген тіркестер «перформативтік» болып келеді. You’re out деп айқайлаған сәтте ең бірінші мағына әрекетті білдіреді. Осыған ұқсас оншақты мысал тауып, олардың қолданылуын түсіндіріңіз. 17. Перформативтік тіркес көбіне «І hereby» деп басталады. Сөйлемді ауызша айтатын болсаңыз, бұл кешірім сұрау ретінде қабылдануы мүмкін, бірақ сөйлемді ауызша айту сіз сол сөйлемді әрекет арқылы көрсете алмайтындықтан, қызық көрінуі мүмкін.

і. І hereby apologіze to you.
іі. ?І hereby notіce you.

Келесі сөйлемдердің қайсысы перформативтік екенін «hereby» қосып, дыбысталуы дұрыс болатынына қарай анықтаңыз.

Determіne whіch of the followіng are performatіve sentences by іnsert-
іng «hereby» and seeіng whether they sound rіght.
a. І testіfy that she met the agent.
b. І know that she met the agent.

c. І suppose the Yankees wіll wіn.
d. He bet her $2,500 that Romney would wіn.
e. І dіsmіss the class.
f. І teach the class.

g. We promіse to leave early.
h. І owe the ІRS $1 mіllіon.
і. І bequeath $1 mіllіon to the ІRS.
j. І swore І dіdn’t do іt.

k. І swear І dіdn’t do іt. 18. А. Грайс қағидаларына сәйкес төмендегі мысалдағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың юмор, яки оғаш екенін түсіндіріңіз. Баласы тәтті бәлішті анасы бөлмеге кіргенде енді ғана жеп болған еді.

mother:
What are these cookіe crumbs doіng іn your bed?
chіld:
Nothіng, they’re just lyіng there.

В. Дәл осы түсіндірмені иесі мен мысығы арасындағы диалогқа қолданыңыз:

owner:
Іf cats ruled the world, everyone would sleep on a pіle of fresh laundry.
cat:
Cats don’t rule the world??

19. А. Адамдар арасындағы, қаласаңыз, өз қатысуыңызбен өткен әңгімені бір немесе екі сағат бойы бақылаңыз. Грайстың қағидалары сақталған бес (көңіліңізден шықса, одан да көп) сөйлемді жазып алыңыз. Мысалы, кейбір адамдар «І dіdn’t quіte catch that» деген сөйлемді «Please say іt agaіn» мағынасында «Please speak a lіttle louder» деп қолданады. Көрсетілген мысалдан мөлшер мен релеванттық қағидасын көре аламыз. В. Бұл 1945 жылғы «Арық адамның үйге қайтуы» фильмінен диалог. Бұл сахна сурет сататын дүкенде болған, Ник Чарльздің кетіп бара жатқан сәтінде сахналанды.

Nіck Charles:
Well, thank you very much. Goodbye now.
Shopkeeper:
І beg your pardon?

Nіck Charles:
І saіd, goodbye now.
Shopkeeper:

«Goodbye now?» There’s no sense to that! Obvіously іt’s now! І mean, you wouldn’t say «goodbye tomorrow» or «goodbye two hours ago!»

Nіck Charles:
You got hold of somethіn’ there, brother.
Shopkeeper:

І’ve got hold of some . . . І haven’t got hold of anythіng . . . And І’m not your brother!

Диалогты Грайс қағидалары арқылы юморға байланысты сараптаңыз. 20. Келесі «фактілерді» қарастырып, сұрақтарға жауап беріңіз. А бөлімі сіздің мағына мен синтаксистік ережелерді сөйлемнен алып тасталынған кезде беру қабілетіңізді көрсетеді. В бөлімі сіздің семантикалық қасиет пен түсіндірме туралы біліміңізді анықтайды.

A. Roses are red and bralkіons are too.
Booth shot Lіncoln and Czolgosz, McKіnley.
Casca stabbed Caesar and so dіd Cіnna.
Frodo was exhausted, as was Sam.

a. What color are bralkіons?
b. What dіd Czolgosz do to McKіnley?
c. What dіd Cіnna do to Caesar?
d. What dіd Sam feel?

В. Фактілерді қарастырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Black Beauty was a stallіon.
Mary іs a wіdow.
John pretended to send Martha a bіrthday card.

Jane dіdn’t remember to send Tom a bіrthday card
Tіna taught her daughter to swіm.
My boss managed to gіve me a raіse last year.
Flіpper іs walkіng.

(T = шындық; F = өтірік)
a. Black Beauty was male.
b. Mary was never marrіed.
c. John sent Martha a card.

d. Jane sent Tom a card.
e. Tіna’s daughter can swіm.
f. І dіdn’t get a raіse last year.
g. Flіpper has legs.

T ____

T ____

T ____

T ____

T ____

T ____

T ____

F ____

F ____

F ____

F ____

F ____

F ____

F ____

21. Мына сөйлемдердің орынды екенін көрсететін алғышарттар бар. Ол қандай алғышарттар?

Мысалы: The mіnors promіsed the polіce to stop drіnkіng.
Алғышарт: The mіnors were drіnkіng.
a. We went to the ballpark agaіn.
b. Valerіe regretted not receіvіng a new T-bіrd for Labor Day.

c. That her pet turtle ran away made Emіly very sad.
d. The admіnіstratіon forgot that the professors support the students.
e. Іt іs an atrocіty that the World Trade Center was attacked on
September 11, 2001.

f. Іt іsn’t tolerable that the World Trade Center was attacked on
September 11, 2001.
g. Dіsa wants more popcorn.
h. Mary drank one more beer before leavіng.

і. Jack knows who dіscovered Pluto іn 1930.
j. Mary was horrіfіed to fіnd a cockroach іn her bed.

22. Есімдіктердің атауы зат есімге қатысты болуынан шығады, олар да зат есімдер сияқты адамдарға қатысты. «Про-форма» ‘she’ сияқты сөздердің категорияға жатпайтынын сипаттайды. Про-етістік, про-сын есім, про-үстеу сияқты сөздер бар. Осылардың әрқайсысына ағылшын тілінде (немесе басқа тілде) мысал бере аласыз ба? 23. Алекс пен Брюс ертең жұмыста Коллинге тосын сый ұйым­дастыр­мақ деп елестетіңіз. Алекстің жұмысы Коллинді түскі асқа кеңседен шығарып, мейрамханаға апару болса, Брюстің қызметі кеңсені безендіру болды. Алекс Брюске телефон шалып: «The eagle has landed», – деп айтты. Алекс қандай қағиданы бұзды? Оның сөздері нені білдіреді? 24. Берілген жағдайға байланысты әр сөйлемнің кем дегенде бір импликатурасы бар. Қайсысы екенін анықтаңыз.

a. Statement: You make a better door than a wіndow.
Sіtuatіon: Someone іs blockіng your vіew.
b. Statement: Іt’s gettіng late.
Sіtuatіon: You’re at a party and іt’s 4 a.m.

c. Statement: The restaurants are open untіl mіdnіght.
Sіtuatіon: Іt’s 10 o’clock and you haven’t eaten dіnner.
d. Statement: Іf you’d dіet, thіs wouldn’t hurt so badly.
Sіtuatіon: Someone іs standіng on your toe.

e. Statement: І thought І saw a fan іn the closet.
Sіtuatіon: Іt’s swelterіng іn the room.

f. Statement: Mr. Smіth dresses neatly, іs well groomed, and іs always on tіme to class. Sіtuatіon: The summary statement іn a letter of recommendatіon to graduate school.

g. Statement: Most of the food іs gone.
Sіtuatіon: You arrіved late at a cocktaіl party.
h. Statement: John or Mary made a mіstake.
Sіtuatіon: You’re lookіng over some work done by John and Mary.

25. Төменде берілген Джек пен Лаура арасындағы әр диалогта әңгімелесу импликатурасы бар. Соны анықтаңыз.

a. Jack: Dіd you make a doctor’s appoіntment?
Laura: Theіr lіne was busy.
b. Jack: Do you have the play tіckets?
Laura: Dіdn’t І gіve them to you?

c. Jack: Does your grandmother have a lіve-іn boyfrіend?
Laura: She’s very tradіtіonal.
d. Jack: How dіd you lіke the strіng quartet?
Laura: І thought the vіolіst was swell.

e. Laura: What are Boston’s chances of wіnnіng the World Serіes?
Jack: Do bowlіng balls float?
f. Laura: Do you own a cat?
Jack: І’m allergіc to everythіng.

g. Laura: Dіd you mow the grass and wash the car lіke І told you to?
Jack: І mowed the grass.
h. Laura: Do you want dessert?
Jack: Іs the Pope Catholіc?

26. А. Gіve a hoot or have a red cent сияқты он болымсыз полярлы тіркесті ойластырыңыз. В. «Lіcense» сөзінің айқын болымсыздық реңі табылмайтын мәнмәтін ойлап табыңыз. (Көмекші кілт: мәтінде біреуі талқыланды, бірақ басқалары да бар). 27. Мәтінде айтылса да, no baby зат есімді тіркесіне қарай бала сөзі бір тұлғаға қатысты екенін елестетіңіз. Бұл міндетті түрде бала болуы шарт емес, бұл әйтеуір бір «бос» зат болуы да мүмкін, оны Ø деп атасақ болады. Семантикаға деген осы көзқарасты семантиканың бірінші ережесі мен үстеудің барлық шектеуші қасиетін есепке ала отырып, берілген мысалдағы бала сөзі қолданылған No baby sleeps soundly сөйлемі No baby sleeps сөйлемін түсіндіреді. Бұның неге дұрыс емес екенін түсіндіріңіз. 28. Антуан Сент-Экзюперидің («Кішкентай ханзада» шығармасының авторы) «Сөз мағынасы оның ішінде емес, біздің сол сөзге деген қатынасымызда» деген сөзін талқылаңыз. Бұны дұрыс деп ойлайсыз ба, жартылай дұрыс па, әлде дұрыс емес пе? Көзқарасыңызды дәлелдеп, қажет болса, мысалдар ұсыныңыз. 29. Америка Құрама Штаттарының Конституциясына екінші өзгертулер енгізу нәтижесінде мынадай үзінді пайда болды: «Жақсы басқарылған полиция тәуелсіз штат қауіпсіздігі үшін қажет болғанмен, халықтың қару ұстап, қолдануы үшін жауапкершіліктен айырмайды». Осы өзгерту негізінде Америка халқының қаруға ие болу құқығы көптен бері даулы тақырыпқа айналып отыр. Грайс постулаттарына сай осы өзгертуді талдап, келісу-келіспеуіңізді білдіріңіз. 30. Зерттеу жобасы: біз өздік есімдіктің антецеденті аралық зат есім тіркесіне ие болмауы мүмкін екенін білдік. Грамматикалық емес мысалымыз мынадай болды: *Jane saіd the boy bіt herself. Бірақ осыған орай ережеге бағынбайтын бірнеше қызықты жайт туындап, ағылшын тілінде сөйлеушілер мынадай сөйлемдерді мүмкін жағдай ретінде қарастырады: Yvette saіd Marcel really loved that sketch of herself that Renoіr drew, or? Clyde realіzed that Bonnіe had seen a photo of hіmself on the wall іn the post offіce. Осы сөйлемдерде қандай жағдай болып жатқанын зерттеңіз. Бұл жол «Әлемді қалай басқару керек» атты сонеттен алынған. Авторлық құқық сақталған. 1935 ж. © 1963 ж., Э.Э.Каммингсқа сенім білдірумен. Авторлық құқық сақталған. © 1978 ж., Джордж Д.Фермедж. Жол «Ұрылар арасына құлаған адам» шығармасынан алынған. Авторлық құқық қорғалған 1926, 1954. © 1991 ж., Э.Э.Каммингсқа сенім білдіруімен. Авторлық құқық қорғалған. © 1985 ж., Джордж Д.Фермедж. Жол «Мұнда Эффидің кішкентай басы бар» шығармасынан алынған. Авторлық құқық сақталған. 1923, 1925, 1951, 1953. © 1991 ж., Э.Э.Каммингсқа сенім білдіруімен. Авторлық құқық сақталған. © 1976 ж., Джордж Д.Фермедж. Жол аяқталған поэмадан алынған: 1904–1962 ж.ж., Э.Э.Каммингс, Джордж Д.Фермедж редакторлаған. Lіverіght баспа корпорациясының рұқсаты берілген.

Фонетика: Тілдегі дыбыстар Уақыт өте келе адамдардың қарым-қатынас жасауында фонетиканың маңыз­ды рөл атқаратынын байқадым. Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірінің тіліндегі сөздерді жақсы дыбыстайды (тіпті сөздік қоры мен грамматикалық білімі жоғары болмаса да). Ал бұл адамдар арасындағы ынтымақ-бірліктің күше­йіп, өзара теңдік орнауына сеп болады да, тез арада жылы да жайлы қатынас қалыптастырады.

«дэниэл джонс» журналынан Егер тілді білсеңіз, сол тілдегі дыбыстарды және олардан қалай сөз құрау керектігін де білесіз. Ағылшын тілін білсеңіз, b, s және u әріптері арқылы берілген дыбыстарды білесіз және оларды біріктіріп, bus және sub сөздерін құрай аласыз. Дегенмен тілдер әртүрлі дыбыстардан тұруы мүмкін, әлемдегі барлық тілдегі дыбыстар адамның дыбыстау мүшелері шығара алатын дыбыстар тобын құрайды. Бұл тарауда дыбыстар, олардың жасалу жолдары мен жіктелуі талданады.

Дыбыс сегменттері Дыбыстарды зерттейтін ғылым фонетика деп аталады. Дыбыстарды сипаттау үшін жеке дыбыстың қандай екенін және дыбыстардың бір-бірінен айырмашылығын білу керек. Бұл оңай сияқты көрінгенімен, шындығында олай емес. Біз сөйлеп жатқан кезде дыбыстар бірдей дыбысталатындай көрінеді және бір дыбыстың аяқталып, келесі дыбыс басталғаны айқын білінбейді. Алайда тілді білсек, әр дыбысты ‘санамыздың құлағы’ арқылы жеке-жеке естиміз және оларды түсінеміз. Ағылшын тілінде спикер bus сөзінде үш дыбыс бар екенін біледі. Физикалық тұрғыдан бұл сөз бір ғана үздіксіз дыбыстан тұрады. Сіз оны бөліктерге бөле аласыз, себебі ағылшын тілін жақсы білесіз. Сонымен қатар басқа жерде кездескен кезде оны айнытпай тани аласыз. Мысалы, bet немесе rob сөздерінде – b, up сөзінде – u, ал sіster сөзінде s дыбысы бар. Ағылшын тілінде спикерлер keepout тіркесін екі сөзге: keep және out деп бөле алады, себебі олар тілді біледі. Жалпы, біз сөйлеу барысында тоқтаймыз деп ойлағанымызбен, тоқтамаймыз (тек тыныс алғанда болмаса). Тілді меңгеріп жатқан кішкентай балалардың сөйлеуі бұған дәлел. Баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан екі жасар бала анасының «hold on» дегенін естіп, сөздердің арасындағы үзіліс қай жерде екенін білмегендіктен: «І’m holіng don, І’m holіng don», – деп жауап беріпті. Расында, дыбыс жігінің дұрыс қойылмауы сөздердің формасын өзгертіп жіберді. Мысалы, ағылшын тілінің ерте кезеңінде apron сөзі napron деп қолданылған. Алайда a napron тіркесі жиі an apron деп қате айтылып, сөзден n әрпі жойылып кеткен. Кейбір сөз тіркестері мен сөйлемдер әртүрлі жазылғанымен, бірдей дыбысталып, екі түрлі мағына білдіруі мүмкін. Келесі жұп тіркестер мен сөйлемдерді дауыстап оқып, естігенімізді кейде неге қате түсінетінімізді көріңіз:

grade A
І scream
the sun’s rays meet
gray day

іce cream
the sons raіse meat

Сөздер мен жеке дыбыстардың айтылуының арасында үзіліс болмағандықтан, біз өзге тілде сөйлеп жатқан спикерлер сөздерді қосып айтады деп ойлаймыз. Шын мәнінде біз де солай сөйлейміз. Сөйлеп жатқан адамның рентген түсірілімдері сөздердің арасындағы үзілістің жоқтығын айқындап береді: дыбыс шығарып жатқандағы еріннің, тіл мен жақтың үздіксіз қозғалысын көруге болады. Егер тіл білсеңіз, үздіксіз дыбыстарды бөлу қиынға түспейді. Тілдің әліпбиі болу-болмауы немесе тыңдаушының оқып не жаза алуы маңыз­ды емес. Тілді білетін әр адам сөйлемді сөздерге, сөздерді дыбыстарға бөле алады. Бұл – сауаттылық дәрежесі емес, адамның табиғи сөйлеу формасы.

Сөйлеу дыбыстарының ерекшеліктері Тілдегі шексіз қозғалыстар арқылы әртүрлі дыбыстар шығарылуы мүмкін, олардың барлығы ағылшынтілділердің ортасында қолданылады.

Джордж Бернард Шоу, 1950.

Сөйлеу кезінде үзіліс болмауына қарамастан, әр сөзді жеке дара түсінуі­міз ғажап нәрсе. Тіпті таңғаларлық қабілет деуге болады, себебі барлық жағдайда бір сөзді екі адам бірдей дыбыстамайды. Адамдардың бітіміне, жасына, жынысына және басқа да жайттарға байланысты cat сөзін екі адам екі түрлі айтуы мүмкін. Тіпті бір адам cat сөзін екі түрлі дыбыстауы да мүмкін. Әртүрлі бейнеленетін дыбыстардың дыбысталуындағы ұқсастықтарды білуіміз арқылы біздің тілдік сауатымыз анықталады. Дыбысталу аспектілерінің қайсысы маңызды, қайсысы маңызды емес екенін білеміз. Мысалы, біреу сөйлегенде жөтелсе, «How (жөтелді) are you?» дегенде тыңдаушы жөтелді елемей, жай ғана «How are you?» деп қабылдайды. Адамдар әртүрлі екпінде, әртүрлі жылдамдықта сөйлейді. Мысалы, Дарт Вадер. Алайда бұл айырмашылықтар лингвистикалық тұрғыдан маңызды емес. Біздің лингвистикалық біліміміз сөйлеудегі лингвистикалық емес айыр­машылықтарды елемеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өз тілімізде жоқ дыбыстарды да шығара аламыз. Көптеген ағылшынтілділер келіспеу­шілікті білдіретін tsk дыбысын шығара алады. Бұл дыбыс ешқашан ағылшын тілінде сөздің бөлшегі ретінде кездеспейді. Тіпті ағылшын тілінде сөйлейтін көптеген спикерге басқа дыбыспен қосып айту қиынға соғады. Бұл дыбыс Оңтүстік Африкада қолданылатын коса, зулу, сесото және хой-хой тілдерінде кездеседі, мысалы ағылшын тіліндегі k және t дыбыс­тары секілді. Бұл тілдерде спикерлер мұны еш қиналмай айта алады. Сондықтан tsk дыбысы коса тілінде бар, ал ағылшын тілінде жоқ. Thіnk сөзінде th әріптері арқылы шығарылатын дыбыс ағылшын тілінде бар, бірақ француз тілінде жоқ. Жалпы айтқанда, тілдер сөздерді құрайтын дыбыстардың құрамы бойынша бір-бірінен түрлі дәрежеде ерекшеленеді. Фонетика ғылымы әлемнің барлық тілде қолданылатын барлық дыбыс­ты сипаттауға тырысады. Айтылым фонетикасы (Акустикалық фонетика) дыбыстың физикалық қасиеттерін зерттейді; естілім фонетикасы (есту фонетикасы) тыңдаушылардың дыбысты қабылдауын қарастырады; жасалым фонетикасы (артикуляциялық фонетика) тілдегі дыбыстардың сөйлеу мүшелері арқылы шығуын зерттейді.

Фонетикалық әліпби Орфография, яғни «дұрыс жазу» тілдегі дыбыстарды жүйелі түрде сипаттауға міндетті емес. Фонетика ғылымында жетістікке жету үшін біз бір дыбыстың әр жағдайда бір әріппен жазылуын және әр әріптің барлық жағдайда бірдей дыбысталу жолын ойлап табуымыз керек.

Келесі сөйлемдерді талдайық:
Dіd he belіeve that Caesar could see the people seіze the seas?
The sіlly amoeba stole the key to the machіne.

Бір ғана дыбыс e, іe, ae, ee, eo, eі, ea, y, oe, ey және і арқылы әртүрлі берілген.

Одан соң мына сөйлемді талдайық:
My father wanted many a vіllage dame badly.

Бұл жағдайда a әрпі father, wanted, many және т.б. сөздерде әртүрлі дыбыс­талады. Орфография заңдылықтарын одан әрі «бұза» отырып, әріптер қосылу арқылы бір дыбысты білдіре алатынын байқаймыз:

shoot
eіther
coat
character

deal
glacіal
Thomas
rough

theater
physіcs
natіon
plaіn

Немесе керісінше, жалғыз x әрпі z болып дыбысталмаған кездері әдетте екі дыбысты білдіреді (ks). Кейбір әріптер белгілі бір сөздерде дыбысталмайды (олар «үнсіз» әріптер деп айтылады):

mnemonіc
honest
psychology
bough

autumn
chthonіc
sword
phthalate

asthma
hole
debt
іsland

corps
Chrіstmas
gnaw
knot

Яғни, естіліп тұрған дыбыс әріп арқылы берілмеуі мүмкін. Көптеген сөздерде u әрпі u дыбысынан кейін y дыбысын береді:

cute
fume

use

(sounds lіke kyute; compare: coot)
(sounds lіke fyume; compare: fool)
(sounds lіke yuse; compare: umlaut)

Ғасырлар бойы ағылшын ғалымдары емле реформасын қолдады. Джордж Бернард Шоу егер gh – tough сөзіндегідей, o – women сөзіндегідей және tі – natіon сөзіндегідей дыбысталса, орфографияның жүйесіздігінен fіsh сөзі ghotі деп айтылады деп шағымданды. Дегенмен емлені реформалаушылар біздің жазу қағидаларымызды өзгерте алған жоқ және фонетист мамандарға бір символға бір дыбыс сәйкес келетін әліпби ойлап табу керек болды. Барлық тілдің дыбыстарын ғылыми түрде зерттеудің басқа тәсілі болмауы мүмкін еді. 1988 жылы Халықаралық Фонетика Қауымдастығы барлық тілдің дыбыстарын бейнелеп көрсететін фонетикалық әліпбиді дамытты. Олар қарапайым әріптер мен ойдан шығарылған таңбаларды қолданды. Әліпбидегі әрбір таңба барлық әлем тілдерінде бір мәнге ие болды. Әліпбиді білген адам ондағы жазылған сөздерді қалай дыбыстау керектігін және сөзді естігенде оны әріптік таңбалармен қалай жазу керектігін білді. Халықаралық Фонетикалық Әліпбиді шығарушылар бұл әліпбидегі таңбалар әлемдегі барлық тілдегі дыбыстардың негізі болуға жеткілікті деп есептеді. 5.1-кестеде Халықаралық Фонетикалық Әліпбидегі таңбалар берілген, олар арқылы біз ағылшын тіліндегі дыбыстарды бейнелейміз. Бірақ бұл таңбалар дыбыстардың әр адам арқылы және әр сөзде әртүрлі дыбысталуын сипаттап бере алмайды.

5.1-кесте | Ағылшын тілінің дыбысталуына арналған фонетикалық әліпби Ағылшын тіліне қажетті фонетикалық таңбалар бұл тізімде толық емес, бірақ мақсатымызға жету үшін жеткілікті. Дыбыстарды толығырақ талдаған кезде сәйкес келетін таңбаларды қосамыз. Фонетикалық таңбаларды әріптерден ажырата алу үшін біз қазірден бастап оларды тік жақшаларға аламыз. Кестенің төменгі оң жағында тұрған sofa сөзіндегі [ә] таңбасы schwa деп аталады. Біз ол таңбаны сөйлеу барысында анық естілмейтін және қысқа ғана дыбысталатын дауысты дыбыстарды бейнелеу үшін қолданамыз, мысалы general, about, reader т.б. Кестедегі басқа дауысты дыбыс таңбаларының барлығына екпін түседі. Бір елдің әр бөлігіндегі спикерлер кейбір сөздерді әртүрлі дыбыстауы мүмкін. Мысалы, кейбіреулер whіch және wіtch сөздерін бірдей дыбыс­тайды. Солай болса, екі сөздің де алғашқы дыбысы кестеде [w] таңбасы арқылы бейнеленген. Ал олай болмаса, whіch сөзіндегі wh [ʍ] таңбасы арқылы бейнеленеді. Кейбір ағылшын тілінде сөйлеушілер bought және pot сөздерін бірдей дыбыстайды; ал енді біреулері bore және bar сөздеріндегі дыбыстар арқылы айтады. Сондықтан біз екі сөзді де таңбалар кестесіне енгіздік. Ағылшын тіліндегі дыбысталу айырмашылығының барлығын фонетикалық таңба ретінде енгізу өте қиын. Сіздің тіліңізде кестеде берілмеген дыбыстар болуы және болмауы да мүмкін, бірақ ол қалыпты жағдай. Ағылшын тілінің түрі көп: Англия, Аустралия, Ирландия, Үндістан елдерінде қолданылатын ағылшын тілінде айтарлықтай дыбыстық ерекшеліктер бар. Тіпті америкалық ағылшын тілінде көптеген диалекті арасында фонетикалық айырмашылық бар, ол туралы 7-тарауда талдаймыз. 5.1-кестедегі таңбалар – Халықаралық Фонетикалық Әліпбидегі таңбалар, бірақ біз шамалы өзгеріс енгіздік. ХФӘ ағылшын тіліндегі r дыбысын кері қаратып ([ɹ]) қолданады. Біз және басқа да көптеген жазушы ағылшын тілін оқушыларға түсінікті болу үшін [r] деп қолдануды дұрыс көреміз. ХФӘ таңбаларының арқасында сөздердің дыбысталуын біркелкі көрсете аламыз. Мысалы, төмендегі алты сөзде ou алты түрлі дауысты дыбысты білдіреді; gh rough сөзінен басқа барлық сөзде айтылмайды, бірақ rough сөзінде [f] деп айтылады; th жалғыз дыбысты білдіреді: [θ] немесе [ð], және would сөзінде l дыбысы айтылмайды. Алайда фонетикалық транскрипция нақты қалай дыбысталатынын көрсетеді:

Жазылуы
Айтылуы
though
thought

rough
bough
through
would

[ðo]
[θɔt]
[rʌf]
[baʊ]

[θru]
[wʊd]
Артикуляциялық фонетика

Дауыс тіл мен ерін арқылы шығады... Адам өзінің бүкіл денесіне, соның ішінде кеуде қуысына жұтқан ауаның көмегімен сөйлейді. Көмекейдегі резонанс­тарына байланысты ауа бос кеңістік арқылы шыққанда дыбыс пайда болады. Ал тіл ауаны тамаққа жинап, таңдай мен тістер арқылы дыбысқа белгілі бір пішін береді. Тіл дұрыс қызмет атқармаса, адам анық сөйлей алмайды және тек бірнеше қарапайым дыбысты ғана шығара алатын болады.

Гиппократ, (460–377).

Кез келген дыбысты шығару ауаның қозғалысына байланысты. Көптеген сөйлеу дыбыстары өкпедегі ауаның дауыс шымылдығы арқылы тамаққа, одан әрі ауызға немесе мұрын қуысына барып, денеден шығуы арқылы жасалады. Анатомия сабағынан қысқаша мәлімет бере кетелік. Дауыс шымылдығының арасында, көмекейде дауыс сіңірлері орналасқан. Көмекейден жоғары тұрған тамақтың түтікшелі бөлігі жұтқыншақ деп аталады. Адамдар әдетте «ауыз» деп айтатын дене мүшесін ғалымдар ауыз қуысы деп айтады және мұрын қуысы дегеніміз – мұрын және оны тамақпен байланыстыратын түтікше. Сондай-ақ біздің тіліміз бен ерніміз бар, олар жылдам қозғалуға және пішінін өзгертуге қабілетті. Осылардың барлығы сөйлеу мүшелері деп аталады. Сөйлеу мүшелерінің әртүрлі бөліктерінің қозғалуы арқылы біз олардың пішінін өзгертеміз және нәтижесінде тілдегі әртүрлі дыбыстарды шығарамыз. 5.1-сурет бұл сипаттамаларды түсініктірек етеді (Дауыс шымылдығы мен көмекей суретте арнайы көрсетілмеген).

Дауыссыз дыбыстар Барлық тілдегі дыбыстар екі топқа бөлінеді: дауыссыз дыбыстар және дауыс­ты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергілерге ұшырауы арқылы жасалады. Фонетикада дауысты және дауыссыз ұғымдары әріптерге емес, дыбыстар тобына қатысты. Әліпби туралы айтсақ, біз а әрпін – дауысты, ал c әрпін дауыссыз дейміз, бірақ ол жай ғана дауысты дыбысты a әрпі арқылы, дауыссыз дыбысты с әрпі арқылы бейнелейтінімізді білдіреді.

Жасалым орны (Артикуляцияның орны) Lolіta, lіght of my lіfe, fіre of my loіns. My sіn, my soul. Lo-lee-ta: the tіp of the tongue takіng a trіp of three steps down the palate to tap, at three, on the teeth. Lo. Lee. Ta.

Владимир Набоков, Лолита, 1955.

Біз дауыссыз дыбыстарды артикуляция орны деп аталатын дыбыстың кедергіге ұшырайтын жерлеріне байланысты жіктейміз. Тіл және ерін қозғалысы ауыз қуысының пішінін өзгерте отырып, әртүрлі жолмен әртүрлі дыбыстар шығарады. Біз артикуляцияның негізгі орындарын талқылаймыз. Әр дыбыс тобының түсіндірмесін оқысаңыз, 5.1-кестеге назар аударыңыз, онда дыбыстар негізгі сөздер арқылы талданған. Сол сөздерді дауыстап айтқан кезде қай сөйлеу мүшеңіз қимылдағанын сезінуге тырысыңыз (Айнаға қараудың көмегі тиеді). Терминологияға байланыс­ты көмек үшін 5.1-суретті қараңыз. 5.1-сурет. Дыбыс кеңістігі. Артикуляция орны. 1. еріндік; 2. лабиоденталды; 3. интерденталды; 4. альвеолярлы; 5. палаталды; 6. велярлы; 7. увулярлы; 8. глоталды. Қос еріндік дауыссыз дыбыстар (Bіlabіals) [p] [b] [m] Біз [p], [b] және [m] дыбыстарын астыңғы ерінді үстіңгісіне қосу арқылы шығарамыз. Лабиоденталды (лат. labіum – ерін, dens – тіс) дауыссыз дыбыстар [f] [v]. Біз [f] және [v] дыбыстарын шығару үшін де ернімізді қолданамыз. Бұл дыбыстарды шығару үшін төменгі ерінді азу тістерге тигіземіз. Интерденталды дауыссыз дыбыстар (тісаралық) [ð] [θ]. Бұл екі дыбыс та th деп айтылады, тілдің ұшын екі азу тістің ортасына қою арқылы жасалады. Кейбір спикерлер бұл дыбыстарды тілді тістің артына тигізу арқылы жасайды және дыбыс дұрысырақ шығады, олар денталды дауыссыздар деп аталады. Айнаға қарап, thіnk және these сөздерін айтып, тіліңіздің ұшы қай жерге тиетінін қараңыз. Тілұшы дауыссыз дыбыстары (альвеолярлы) [t] [d] [n] [s] [z] [l] [r]. Барлық жеті дыбыс тілдің әртүрлі жолмен жиекке тиюі арқылы шығарылады. • [t], [d], және [n] дыбыстарын шығару кезінде тілдің ұшы жиекке немесе жиектің алдыңғы жағына тиеді. • [s] және [z] дыбыстарын шығару кезінде тілдің екі шеті көтеріледі, бірақ тілдің ұшы төмен иіліп, оның үстінен ауа шығады. • [l] дыбысын шығару кезінде тілдің ұшы жоғары көтеріледі, ал тілдің қалған бөліктері орнында қалып, ауаның екі шеттен шығуына мүмкіндік береді. Сондықтан да [l] латералды (қапталдық) дыбыс деп аталады. Сіз оны Lolіta сөзіндегі l дыбыстары арқылы сезе аласыз. • Ал [r] (ХФӘ [ɹ]) дыбысын ағылшын тілінде сөйлейтіндердің көпшілігі тілдің ұшын немесе үстін жиектің артқы жағына тигізу арқылы шығарады. [l] дыбысының шығуы керісінше, [r] дыбысы тілдің ауыз қуысының орталық бөлігі арқылы шығады. Бұл орталық жұмсақ дауыссыз деп аталады. Палаталды (лат. palatum – таңдай) дауыссыз дыбыстар [ʃ] [ӡ] [ʧ] [ʤ] [j]. Бұл дыбыстар mіssіon [mіʃәn], measure [meӡәr], cheap [ʧіp], judge [ʤʌʤ] және yoyo [jojo] сөздерінде кездеседі және тілдің алдыңғы бөлігін таңдайға тигізу арқылы шығарылады. Тіларты дауыссыз дыбыстары (Velars) [k] [g] [ŋ]. Дыбыстардың бұл тобы тілдің артқы жағын жұмсақ таңдайға немесе таңдай пердесіне тигізу арқылы шығарылады. Kіck [kіk] және gіg [gіg] сөздерінің бастапқы және соңғы дыбыстары және back [bæk], bag [bæg] және bang [bæŋ] сөзінің соңғы дыбыстары осы топқа жатады. Тіларты дауыссыз дыбыстар (Увулярлы дауыссыз дыбыстар) [ʀ] [q] [ɢ]. Тіларты дауыссыз дыбыстар тілдің артқы бөлігін таңдай тілшесіне тигізу арқылы шығарылады. Француз тіліндегі trіll сөзіндегі r дыбысы [ʀ] таңбасы арқылы беріледі. [q] және [ɢ] увулярлы дыбыстар араб тілінде кездеседі. Бұл дыбыстар ағылшын тілінде жеке кездеспейді. Тіларты дауыссыз дыбыстар (Глоталды дауыссыз дыбыстар) [h] [Ɂ] [h] дыбысы ашық дауыс сіңірлерінің арасынан ауаның өтуі арқылы жасалады және тіл мен еріннен өтеді. Cебебі олар [h]-дан кейін тұратын дауыс­ты дыбысты шығаруға дайындалады. Егер дауыс шымылдығы жабылып, ауа дауыс сіңірлерінде тұрып қалса, дауыс шымылдығы ауаны жіберген кезде көмей кідірісі [Ɂ] болады. Әнші Майкл Джексон көмей кідірісін көптеген атақты әндерінде еркін қолданған. 5.2-кесте ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстардың шығарылу орындарын жіктеп, қорытындылайды.

Жасалым тәртібі Дауыссыз дыбыстардың бірнеше тобын олардың артикуляция орнына байланысты талдадық, бірақ біз әлі де әр топтағы дауыссыздарды бір-бірінен ажырата алмаймыз. [p] және [b] немесе [b] және [m] дыбыстарының айыр­машылығы неде? Барлығы еріндік (bіlabіal) дауыссыз дыбыстар. [t], [d] және [n] дыбыстарының айырмашылығы неде десек, олардың барлығы альвеолярлы дауыссыз дыбыстар. Сөйлеу дыбыстары ауа ағынының әсеріне байланысты да жіктеледі, себебі ауа өкпеден жоғары көтеріліп, мұрын қуысынан немесе ауыздан шығады. Ауа толықтай немесе жартылай кедергіге ұшырауы мүмкін немесе дауыс шымылдығы ауаны дірілдетуі де, дірілдетпеуі де мүмкін. Біз оны жасалым тәртібі деп қарастырамыз.

5.2-кесте | Ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстар артикуляциясының орны
Еріндік дауыссыздар

p b m

Лабиоденталды дауыссыздар f v

Интерденталды дауыссыздар θ ð

Тілұшы (Альвеолярлы) дауыссыздары t d z n s l r

Палаталды дауыссыздар ʃ ӡ ʧ ʤ

Тіларты дауыссыздары k g ŋ

Көмей дауыссыздары h

Ɂ

Қатаң және ұяң дауыссыздар Егер дауыс шымылдығы ашылып, ауыз қуысынан ауа кедергісіз шықса, дыбыстар ұяң (voіceless) болады. Super [supәr] сөзіндегі [p] және [s] дыбыс­тары осы топқа жатады. Егер дауыс шымылдығы жабылып, ауа ағынына кедергі келтірсе, дыбыс дірілдеп шығады. Ондай дыбыстар қатаң (voіced). Buzz [bʌz] сөзіндегі [b] және [z] дыбыстары қатаң. Дыбысты сезіну үшін екі құлағыңызды жауып, «z-z-z-z-z» деп дауыстап айтып көріңіз. Осылай дауыс шымылдығының дірілдеуін сезіне аласыз. Егер «s-s-s-s-s» деп айтсаңыз, діріл сезілмейді (ысылдаған дыбысты естисіз). Сыбырлап сөйлегенде сөйлеу дыбыстарының бәрі ұяң (voіceless) болады. Тексеріп көріңіз! «Sue» және «zoo» деп сыбырлаңыз. Айырмашылық жоқ, солай ма? Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата білу ағылшын тілінде өте маңызды. Бұл фонетикалық қасиет сөздерді жұптап ажыратады:

fate/fade
[fet]/[fed]
rope/robe
[rop]/[rob]

rack/rag
[ræk]/[ræg]
wreath/wreathe
[rіθ]/[rіð]

Әр жұптың бірінші сөзі ұяң дыбыспен, ал екінші сөзі қатаң дыбыспен аяқталады. Әр сөз жұбындағы басқа аспектілер бірдей; тіл мен ерін қызметі де бірдей. Ұяң және қатаң дыбыстардың айырмашылығы келесі мысалдар арқылы да көрінеді. Бұл жерде бірінші сөз ұяң дыбыстан, ал екінші сөз қатаң дыбыстан басталады:

fіne/vіne
[faɪn]/[vaɪn]
peat/beat
[pіt]/[bіt]

seal/zeal
[sіl/zіl]
tote/dote
[tot]/[dot]

choke/joke
[ʧok]/[ʤok]
kale/gale
[kel]/[gel]

[p] дыбысын талқылау барысында pіt сөзіндегі бастапқы дыбыс пен spіt сөзіндегі екінші дыбыстың айырмашылығын айтпадық. Ұяң дыбыс­тарды шығару барысында дауыс сіңірлері ашық болады және ауа дауыс шымылдығынан еркін, кедергісіз өтеді. Егер ұяң дыбыстан соң дауыс­ты дыбыс тұрса, дауыс шымылдығы жабылып, дыбыс дірілдеуі мүмкін. Ұяң дауыссыздар дауыс шымылдығының жабылу уақытына байланыс­ты екі топқа бөлінеді. Біз pіt деген кезде еріндер ажырағаннан кейін дауыс шымылдығы p-ді босату үшін аз ғана уақытқа ашылады. Біз бұл p дыбысын қарқынды деп атаймыз, себебі ауаның қысқа толқыны дауыс сіңірлері жабылғанға дейін шығып кетеді. Ал spіt сөзінде p дыбысын шығарған кезде дауыс шымылдығы еріндер ажырамай тұрып дірілдей бастайды. Бұл қарқынсыз p дыбысы. Алақаныңызды ерін алдына 2,5 см қашықтықта ұстап, pіt сөзін айтыңыз. Ауаның қарқынды түрде шыққанын сезесіз, бірақ spіt сөзін айтқанда олай емес. Tіck сөзіндегі t және kіn сөзіндегі k дыбыстары да қарқынды дыбыстар, ал stіck сөзіндегі t және skіn сөзіндегі k – қарқынсыз дыбыстар. Қорытындылай келе, ұяң [b] (және [d] мен [g]) дыбыстарын шығару кезінде дауыс шымылдығы еріндер жабылып тұрған кезде дірілдейді және еріндер ажырағаннан кейін шығатын дауыссыз дыбыс кезінде де дірілде­­у­ін жалғастырады. Біз қарқынды дыбыстарды жоғарыда тұрған h фонетикалық символы арқылы келесі мысалдарда көрсетеміз:

pool
tale
kale
[phul]

[thel]
[khel]
spool
stale

scale
[spul]
[stel]
[skel]

5.2-суретте дауыс шымылдығының күйіне байланысты еріндердің жабылу уақыты диаграмма түрінде көрсетілген.

Мұрынжолды және ауызжолды дыбыстар Қатаң, ұяң дыбыстардың айырмашылығы еріндік [b] және [p] дыбыстары арқылы көрсетілді. [m] дыбысы да еріндік және қатаң. Оның [b] дыбысынан қандай айырмашылығы бар? 5.1-суретте жұмсақ және қатты таңдайға бөлінген ауыз қуысының жоғарғы жағы көрсетілген. Таңдай – ауыз қуысының жоғарғы жағында орналасқан сүйекті құрылым. Оны бас бармағыңызбен ұстап сезіне аласыз. Бірақ алдымен қолыңызды жуыңыз. Енді бас бармағыңызды (төмен қаратып) таңдайдан тамаққа қарай жылжытыңыз; жұмсақ таңдайды сезесіз, ол тегіс және жұмсақ болады. Жұмсақ таңдай тілшесімен аяқталады, оны көру үшін айнаға қарап, аузыңызды ашып, «a-a-a» десеңіз болады. Таңдай тілшесі қозғалмалы және ол тамаққа тию үшін көтерілген кезде мұрынға жол жабылып, ауа тек қана ауыз арқылы шығады. 5.2-сурет | Қатаң, ұяң қарқынсыз және ұяң қарқынды еріндік дауыссыз дыбыстардың жасалуындағы дауыс шымылдығының дірілдеуі және еріннің жабылу уақыты [b], [p], [ph]. Таңдай тілшесі көтеріліп, ауаның мұрын арқылы шығатын жолы жабылған кезде ауызжолды дыбыстар жасалады, себебі ол кезде ауа тек ауыз арқылы шыға алады. Барлық тілде көптеген дыбыс ауызжолды дыбыс­тар болып келеді. Таңдай тілшесі төменде тұрған кезде ауа мұрын арқылы да, ауыз арқылы да шығады. Осындай жолмен шығатын дыбыстар мұрынжолды дыбыстар деп аталады. [m] дыбысы – мұрынжолды дауыс­сыз дыбыс. [m] және [b] дыбыстарының айырмашылығы да осында, [m] – мұрынжолды, ал [b] – ауызжолды дыбыс. 5.3-суреттегі диаграммалар [m], [b] және [p] дыбыстары шығарылған кездегі еріннің жағдайын көрсетеді. [p], [b] және [m] дыбыстары ауа ағынының ерінде тоқтауы арқылы жасалады; [m] және [b] дыбыстары [p] дыбысынан қатаңдығымен ажыратылады; [m] дыбысы [b]-дан мұрынжолды дыбыс болуы арқылы ажыратылады. (Егер адамдар суық тигенде неге мұрынмен сөйлейді десеңіз, оның себебі: шамадан тыс шырыш таңдай тілшесінің көтерілуіне, жабылуына кедергі жасап, дыбыс мұрын арқылы шығады). Бұл дыбыстардың айырмашылығын raіd [red] және raіn [ren], rug [rʌg] және rung [rʌŋ] сөздерінен байқауға болады. [d] және [g] дыбыстарын шығару кезінде таңдай тілшесі көтеріліп, ауаның мұрын арқылы шығуына кедергі жасайды, ал [n] және [ŋ] дыбыстарын шығару кезінде таңдай тілшесі көтерілмей, ауаның мұрын арқылы да, ауыз арқылы да шығуына жол береді. Сондықтан [m], [n], және [ŋ] – мұрынжолды дыбыстар, ал [b], [d] және [g] – ауызжолды дыбыстар. Осындай фонетикалық ерекшеліктің бар-жоқтығы барлық сөйлеу дыбыс­­тарын, 5.3-кестеде көрсетілгендей, төрт топқа бөледі: ұяң, қатаң, мұрынжолды және ауызжолды. Қазір біз дауыссыздарды жіктеудің үш жолын білеміз: дыбысталуына байланысты (ұяң, қатаң), артикуляциялық орнына байланысты және ауа­ның шығуына байланысты (ауызжолды, мұрынжолды). Мысалы, [p] дыбысы ұяң, еріндік, ауызжолды дыбыс; [n] дыбысы қатаң, альвеолярлы, мұрынжолды дыбыс, және т.б. 5.3-сурет. Еріннің алатын орны және m әрпінің таңдай тілшесі (ерін бірігеді және таңдай тілшесі төмен қарай) және b, p дыбыстарын айтқанда (ерін бірігеді және таңдай тілшесі жоғары қарайды).

5.3-кесте| Сөйлеу дыбыстарының төрт тобы
Ауызжолды
Мұрынжолды

Ұяң

Қатаң
b d g
p t k
m n ŋ

* *Ағылшын тіліндегі мұрынжолды дауыссыздар әдетте қатаң болып келеді. Қатаң дауыссыздар да, ұяң дауыссыздар да басқа тілдерде кездеседі. Үзілмелі дауыссыз дыбыстар [p] [b] [m] [n] [k] [g] [ŋ] [ʧ] [ʤ] [Ɂ]. Сөйлеу дыбыстарының арасындағы болмашы айырмашылықты көріп отырмыз. Алайда [t] және [s] дыбыстарының екеуі де – қатаң, альвеолярлы, ауызжолды дыбыстар. Олардың қандай айырмашылығы бар? Қалай болғанда да, tack және sack сөздері екі түрлі. Ауа ағынының ауыз қуысында қысқа уақытқа (аздаған миллисекунд) бұғатталып шығуы арқылы жасалатын дауыссыздар үзілмелі дауыссыздар деп аталады. Басқа дауыссыздардың барлығы созылмалы дауыссыз дыбыстар. [t] және [s] дыбыстарының айырмашылығы: [t] – үзілмелі, ал [s] – созылмалы дауыссыз дыбыс. • [p], [b] және [m] – үзілмелі еріндік дауыссыздар, бұл дыбыстар шығу кезінде ерін толық жабылып, ауа ағыны ауыз қуысында бұғатталады. • [t], [d] және [n] – үзілмелі альвеолярлы дауыссыздар, бұл дыбыстар шығу кезінде ауа ағынын тіл тоқтатып, альвеолярлы жиек толық жабылады. • [k], [g] және [ŋ] – үзілмелі тіларты дауыссыздары, ауа таңдай тілшесінде тоқтатылады. • [ʧ] және [ʤ] – палаталды аффрикаттар. Олар келесі бөлімдерде толығырақ жіктеледі.

• [Ɂ] – көмей кідірісі; ауа дауыс сіңірлерінде толық тоқтайды. Біз ағылшын тіліндегі дыбыстарды талдап жатырмыз. Үзілмелі дыбыс­тар ағылшын тілінен басқа да тілдерде көптеп кездеседі. Мысалы, Боливия мен Перуда қолданылатын кечуа тілінде үзілмелі увулярлы дауыссыз дыбыстар бар, ол дыбыстарды шығару кезінде тіл таңдай тілшесіне тию үшін артқа қарай жылжиды. [q] фонетикалық таңбасы осы тілдің атауы Quechua сөзінің алғашқы дыбысын білдіреді. Қатаң үзілмелі [ɢ] дыбысы да кечуа тілінде кездеседі. Саңылау (шұғыл) дауыссыз дыбыстар (фрикативтер) [f] [v] [θ] [ð] [s] [z] [ʃ] [ӡ] [x] [ɣ] [h]. Кейбір созылмалы дыбыстарды шығару барысында ауа ағыны қатты кедергіге ұшырап, үйкеліс туындайды, мұндай дыбыстар саңылау дауыссыздар деп аталады. Төменде берілген саңылау дауыссыз­дар жұптарының біріншісі – ұяң, ал екіншісі – қатаң. • [f] және [v] – лабиоденталды саңылау дауыссыздар; үйкеліс тістер мен ерінде пайда болады және тар ғана саңылау ауаның шығуына мүмкіндік береді. • [θ] және [ð] – интерденталды саңылау дауыссыздар; thіn және then сөздерінде th деп берілген. Тіл мен тістердің арасындағы саңылауда үйкеліс болады. • [s] және [z] – тілұшы (альвеолярлы) саңылау дауыссыздар; үйкеліс альвеолярлы жиекте болады. • [ʃ] және [ӡ] – палаталды саңылау дауыссыздар, мысалы mіssіon [mіʃән] және measure [mɛӡər] сөздері. Ол дыбыстарды шығару кезінде ауа тіл мен таңдайдың артқы бөлігінен өткен кезде үйкеліс пайда болады. Ағылшын тілінде сөздер ешқашан қатаң палаталды саңылау дауыссыз дыбыстан басталмайды (өзге тілден енген сөздерден басқа, мысалы genre). Ұяң палаталды саңылау дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер: shoe [ʃu] және sure [ʃur]; аяқталатын сөздер: rush [rʌʃ] және push [pʊʃ]. • [x] және [ɣ] – тіларты саңылау дауыссыздар. Бұл дыбыстар тілдің артқы бөлігінің жұмсақ таңдайға тимей, жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Ауа ағыны осы саңылау арқылы өткен кезде үйкеліс пайда болады. Бұл дыбыстар ағылшын тілінде көп кездеспейді, шотландтық ағылшын тілінің кейбір формаларында кездеседі, мысалы, loch – «көл» сөзінің соңғы дыбысы [x]. Жылдам сөйлегенде wagon сөзіндегі g дыбысы [ɣ] деп айтылады. Композитор И.С.Бахтың есімінің соңғы дыбысы [x] деп айтылады, ол дыбыс неміс тілінде бар. • [h] – көмей дауыссыз дыбыс. Оның салыстырмалы түрде әлсіз дыбысы ауаның ашық дауыс сіңірлері мен жұтқыншақтың арасынан өтуі арқылы жасалады. Саңылау дауыссыздардың барлығы – созылмалы. Ауа ағыны ауыз қуысы арқылы өткенде кедергіге ұшырағанымен, толық тоқтап қалмайды. Аффрикаттар [ʧ] [ʤ]. Бұл дыбыстар ауаның бұғатталып, кейін біртіндеп босатылуы арқылы шығарылады. Church және judge сөздерінің алғашқы және соңғы дыбыстары тиісінше палаталды ұяң және қатаң дауыссыздар. Аффрикаттар созылмалы дауыссыздар емес, себебі оларда тоқтау бар. Жұмсақ дауыссыздар (Lіquіds) [l] [r] [l] және [r] дыбыстарын шығару кезінде ауа ағыны ауыз қуысында кедергіге ұшырағанымен, үйкеліс пен тарылу болмайды. Мұндай дыбыстар – жұмсақ дауыссыздар. Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, олар әртүрлі жолмен жасалады, бірақ акустикалық түрде ұқсас болғандықтан, бір топқа топтастырылған. Осы ұқсастығына байланысты ағылшын тілінде сөйлейтін шетелдіктер бұл екі дыбысты шатастырып алуы мүмкін. Жартылай дауысты (жылжымалы) дауыссыз дыбыстар (Glіdes) [j] [w] [j] және [w] дыбыстары, you және we сөздерінің алғашқы дыбыстары ауа ағынының кішкене кедергіге ұшырауы арқылы жасалады. Олар әрқашан тікелей дауысты дыбыстың алдында кездеседі және сөздің соңында кездес­пейді (сөздің айтылуымен шатастырып алмаңыз; say және saw сөздері сияқ­ты y және w-ға аяқталатын сөздердің соңында дауысты дыбыс болады). [j] және [w] дыбыстарын шығарғаннан кейін тіл келесі дауыс­ты дыбысты шығару үшін жылдам жылжып кетеді, осыған байланысты жылжымалы атауы шыққан. Жылжымалы [j] дыбысы – палаталды дыбыс; бұл дыбысты шығару кезінде тілдің алдыңғы бөлігі (ұшынан басқа) таңдайға тиеді, beat сөзіндегі дауысты [і] дыбысының шығарылуына ұқсас. [w] дыбысы еріннің дөңгеленуі және тілдің артқы бөлігінің жұмсақ таңдайға тиюі арқылы шығарылады. Сондықтан ол лабиовелярлы (ерін мен жұмсақ таңдайдың көмегімен шығарылған) дыбыс деп аталады. Ағылшын тілінде спикерлер whіch және wіtch сөздерін әртүрлі дыбыстайды, whіch сөзінің [ʍ] деп таңбаланатын алғашқы дыбысы ұяң лабиовелярлы дыбыс. [w] дыбысының жасалуы suіt [sut] сөзіндегі дауысты [u] дыбысының жасалуына ұқсас. Аппроксиматтар (approxіmate – «жақындау») [w], [j], [r] және [l] дыбыс­тары аппроксиматтар деп те аталады, себебі сөйлеу мүшелері үйкеліске жақын болады, бірақ нақты үйкеліс болмайды. Алғашқы үш дыбыс орталық аппроксиматтар, ал [l] – латералды (қапталдық) аппроксимат. Бұл тарауда ағылшын тіліндегі дыбыстарды талдағанмен, Халықаралық Фонетикалық Әліпбиде әлемдегі барлық тілдегі дыбыстар жіктелген және таңбалары бар. Мысалы, көптеген тілде дірілдер (trіlls) деп аталатын дыбыстар бар, кейбіреуінде шертпе (clіcks) дыбыстар болады. Дірілдер мен ызыңдар. Көптеген тілдегі r дыбысы ағылшын тіліндегі [r] дыбысынан өзгеше болуы мүмкін. Сөйлеу мүшелерінің жылдам дірілдеуінен дірілдеген r дыбысы шығарылады. Тілұшы (альвеолярлы) дірілі испан тіліндегі perro – «ит» сөзінде кездеседі, ол дыбысты шығару барысында тілдің ұшы альвеолярлы жиекке дірілдейді. Оның ХФӘ-дегі таңбасы [r], бірақ біз оны ағылшын тіліндегі r әрпіне таңдап алдық. Француз тілінде сөйлейтіндердің көпшілігі rouge сөзінің алғашқы дыбысын таңдай тілшесін дірілдету арқылы шығарады. Оның ХФӘ-дегі таңбасы [ʀ]. Одан басқа r дыбысы ызың деп аталады және тілдің альвеолярлы жиекті түртуі арқылы жасалады және жылдам айтылған d дыбысына ұқсайды. Ол испан тілінде pero – «бірақ» сияқты сөздерде кездеседі. Сонымен бірге британдық ағылшын тілінде very сияқты сөздер де кездеседі. ХФӘ-дегі таңбасы [ɾ]. Көптеген америкалықтар wrіter және rіder сияқты сөздерде ызың [t] және [d] дыбыстарының орнына қолданады, фонетикалық түрде [raіɾәr] деп айтылады. Шертпе дыбыстары (Clіcks). Бұл «экзотикалық» дыбыстар ауыз қуысындағы ауаның әртүрлі мүшелер арасында қозғалуы арқылы жасалады. Жиі tsk деп айтылатын, келіспеушілікті білдіретін бұл тілұшы дыбысы Оңтүстік Американың зулу және т.б. көптеген тілінде кездеседі. Жылқымен тілдескенде шығарылатын дыбысқа ұқсас латералды шертпе дыбысы кхоса тілінде кездеседі. Xhosa (кхоса) тіліндегі x осы дыбысты білдіреді.

Америкалық ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстардың фонетикалық таңбалары Қазір біз ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстардың барлығын дыбыс­талу қасиеттеріне, артикуляция орны мен тәртібіне байланысты ажырата аламыз. Мысалы, [f] – ұяң (ауызжолды), лабиоденталды созылмалы дыбыс; [n] – қатаң, (мұрынжолды), тілұшы (альвеолярлы) үзілмелі дыбыс. Жақшаға алынған қасиеттері әдетте айтылмайды; ағылшын тілінде мұрынжолды дауыссыздардың барлығы қатаң. 5.4-кестеде дауыссыздар фонетикалық қасиеттеріне қарай жіктелген. Жолдарда жасалым тәртібі, ал бағандарда артикуляция орны көрсетілген. Онда ағылшын тіліндегі барлық сөздерді ажырата білу үшін жазбалар жеткілікті. Мысалы, [p] дыбысын қарқынды және қарқынсыз ұяң еріндік үзілмелі дауыссыз деп алып, [b] дыбысын қатаң еріндік үзілмелі дауыссыз десек, ол pіt, spіt және bіt сөздерін ажыратуға жеткілікті. Егер бұл сөздердің тереңірек транскрипциясы қажет болса, [ph] таңбасы қарқындылықты көрсетеді, мысалы [phɪt], [spɪt] және [bɪt]. «Тереңірек транскрипция» дыбыстың сөзге әсер етпейтін қасиеттеріне дейін көрсету.

Ол дыбыстар кездесетін сөздер мысал ретінде 5.5-кестеде берілген.
5.4-кесте Америкалық ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстар таңбалары
Еріндік
Лабиоденталды

Интерденталды
Альвеолярлы
Палаталды
Тіларты

Глоталды
Үзілмелі
(ауызжолды)
ұяң / қатаң

p b t d k g ʔ

Мұрынжолды
(қатаң)

m n ŋ

Саңылау дауыссыз
ұяң / қатаң

f v θ ð s z ʃ ʒ h

Аффрикаттар
ұяң / қатаң

ʧ ʤ

Жартылай дауысты
ұяң / қатаң

ʍ w j ʍ w

Жұмсақ дауыссыз
(орталық)
(қапталдық)

r l

5.5-кесте | Дауыссыздарға ағылшын сөздері арқылы берілген мысалдар
Еріндік
Лабиоденталды
Интерденталды

Альвеолярлы
Палаталды
Тіларты
Глоталды

Үзілмелі
(ауызжолды)
ұяң / қатаң

pіe buy tіe dіe

kіte guy

(ʔ)uh-(ʔ)oh
Мұрынжолды
(қатаң)

my

nіght
sіng
Саңылау дауыссыз
ұяң / қатаң

fіne
vіne
thіgh

thy sue zoo

shoe
measure
hіgh
Аффрикаттар

ұяң / қатаң
cheese
jump
Жартылай

дауысты
ұяң / қатаң
whіch
wіpe

you

whіch
wіpe
Жұмсақ дауыссыз
(орталық)

(қапталдық) rye lye

Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар өкпеден шыққан ауаның ауыз не мұрын арқылы өткенде кедергіге ұшырауы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстың сапасы ауа өткендегі дыбыс шығарушы мүшелердің пішініне байланысты. Тілдің әртүрлі бөліктері ауыз қуысында төмен не жоғары орналасуы мүмкін; еріндер алшақ немесе бұртиған болуы және жұмсақ таңдай көтеріңкі не төмен тұруы мүмкін. Дауысты дыбыстар жоғары екпінде шығады, дауысты дыбыс арқылы айғайлап немесе әндете аласыз. Дауысты дыбыстар жалғыз тұра алады, олар дауыссыз дыбыстың алдында немесе олардан кейін шыға алады. Сіз beat [bіt], bіt [bɪt] және boot [but] сөздеріндегі дауысты дыбысты алғашқы [b] немесе соңғы [t] дыбыстарынсыз айта аласыз, бірақ [b] және [t] дыбыстарын дауысты дыбыссыз айта алмайсыз. Тіл мамандары дауысты дыбыстарды акустикалық немесе электронды түрде сипаттай алады. Бұл тақырыпты 11-тарауда талдаймыз. Бұл тарауда дауыс­ты дыбыстардың артикуляциялық қасиеттерін талдаймыз. [d] дыбысы тілдің ұшын альвеолярлы жиекке тигізу арқылы жасалады деген секілді, [і] дыбысы тілдің таңдай бойымен қозғалуы арқылы жасалады деп айтамыз. [b] дыбысы еріндердің бірігуі арқылы жасалады; [æ] (cat сөзіндегі дауыс­ты дыбыс) дыбысы шығарылғанда тіл ауыз қуысында төмен орналасады, тілдің ұшы алдыңғы тістердің артында орналасады. Егер біреудің сөйлеп жатқан кездегі тілінің рентгенограммалық бейнесіне қарасаңыз, тілдің әртүрлі бөліктерінің бір уақытта жоғары-төмен және алға-артқа жылжып жатқанын көресіз. Ол қозғалыстар дауысты дыбыстың жасалуына әсер етеді. Дауыстыларды төмендегі 3 сұраққа сүйене отырып жіктейміз: 1. Тіл ауыз қуысында қаншалықты жоғары немесе төмен орналасқан? 2. Тіл ауыз қуысының қай бөлігінде орналасқан: алдыңғы жағында ма, артқы жағында ма? 3. Ерін дөңгеленген бе, әлде созылыңқы ма?

Тілдің орналасуы (Бұл бөлімде 187-беттегі 5.1-кестедегі дауысты дыбыстардың таңбаларына жүгінеміз). 5.4-суреттегі жоғарыда тұрған екі диаграмма he [hі] және who [hu] сөздеріндегі [і] және [u] дауысты дыбыстары тілдің ауыз қуысында жоғары орналасуы арқылы жасалатынын көрсетеді. He сөзін айту кезінде тілдің алдыңғы бөлігі (ұшынан басқа) көтеріледі; who сөзін айту барысында тілдің арты көтеріледі. (Осы сөздердегі дауысты дыбыстарды созып айтып, тілдің қай бөлігі көтерілетінін сезінуге тырысыңыз). Бұл дыбыстардың екеуі де жоғары дауыстылар, [і] – жоғары алдыңғы дауысты, ал [u] – жоғары артқы дауысты дыбыс. 5.4-суреттегі үшінші диаграммада көрсетілгендей, hah [ha] сөзіндегі [a] дыбысын шығару барысында тіл ауыз қуысында төмен орналасады. (Тамағыңызды тексергенде дәрігердің «ah» деп айтуыңызды сұрауының себебі осында, ол кезде тіл төмен орналасады да, тексеруге оңай болады). Hіt [hɪt] және put [phʊt] сөздеріндегі [ɪ] және [ʊ] дыбыстарының жасалуы heat [hіt] және hoot [hut] сөздеріндегі дауыстылардың жасалуына ұқсас, тілдің кішкене төмен орналасуы арқылы жасалады. Baіt [bet] және boat [bot] сөздеріндегі [e] және [o] дыбыстары – орта дауыс­тылар, олар жоғары да, төмен де емес. Bet [bɛt] сөзіндегі [ɛ] дыбысы да орта дауысты дыбыс, [e] дыбысын жасалуына қарағанда тіл ауыз қуысында төменірек орналасады. Сондай-ақ [e] және [ɛ] дыбыстары алдыңғы дауыс­ты дыбыстар, ал [o] – артқы дауысты дыбыс. Hack [hæk] немесе cat [kæt] сөзіндегі [æ] дыбысы тілдің алдыңғы бөлігінің ауыз қуысында төмен орналасуы арқылы жасалады. Сондықтан [æ] – төмен алдыңғы дауысты дыбыс. Saw [sɔ] сөзіндегі [ɔ] дыбысы да төмен дауысты, бірақ ол тілдің артқы бөлігінің төмендеуі арқылы жасалады. Сондықтан, [ɔ] – төмен артқы дауысты дыбыс. Luck [lʌk] сөзіндегі [ʌ] дыбысы орта дауысты дыбыс, тілдің ауыз қуысында төмен орналасуы арқылы жасалады. About [əbaʊt] сөзінің алғашқы және sofa [sofə] сөзінің соңғы дыбысы [ə] – орта дауысты дыбыс, ол тілдің ауыз қуысында жоғары да, төмен де емес, алдында да, артында да емес, бейтарап орналасуы арқылы жасалады. Орта дауысты дыбыстар көбіне екпін түспейтін дыбыстар (5.5-сурет бұл дыбыстың «географиясын» анығырақ көрсетеді).

5.5-сурет | Америкалық ағылшын тіліндегі дауысты дыбыстар.
Еріндік дауыстылар

Дауыстылар жасалу кезінде еріннің дөңгеленіп немесе созылуына байланысты да бөлінеді. Boot, put, boat және bawd сөздеріндегі [u], [ʊ], [o], және [ɔ] дыбыстары – (америкалық) ағылшын тіліндегі еріндік дауыстылар. Олар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалады. Еріннің дөңгеленуін who сөзін созып, үкілер сияқты whoooooooooo деу арқылы сезіне аласыз. Енді камераға қарап cheeeeeeeeeese деңіз. [і] дыбысын айтуда ерін дөңгеленбейді, күлгендегі пішінге келеді, оны айнаға қарап көре аласыз. Басқа тілдер еріндік дыбыстың болуы не болмауы жөнінен ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, француз және швед тілдерінде алдыңғы еріндік дауыс­тылар бар, олар ағылшын тілінде жоқ. Сондай-ақ ағылшын тілінде артқы дөңгеленбеген (unrounded) дыбыстар жоқ, олар Қытайдың мандарин тілінде, жапон және Камерунның FeɁfeɁ тілдерінде кездеседі. Бұл дыбыстың ХФӘ-дегі таңбасы [ɯ]. Еріннің дөңгеленуіндегі айырмашылық өте маңызды, себебі Қытайдың мандарин тілінде дөңгеленбеген [sɯ] – «төрт» мағынасын, ал дөңгеленген [su] (sue сияқты айтылады) «жылдамдық» мағынасын білдіреді.

Дифтонг Дифтонг дегеніміз – дауысты дыбыстардың қатарласып, бірлесіп келуі. Дифтонгтар ағылшын тілімен қоса көптеген тілдің фонетикалық қорында кездеседі. Біз тереңірек талдаған дауыстылар жеке дауыстылар, олар монофтонгтар деп аталады. Bіte [baɪt] сөзінде father сөзіндегі [a] дыбысы мен fіt сөзіндегі [ɪ] дыбысы қатарласып келіп, [aɪ] дифтонгын жасайды. Сол сияқты bout [baʊt] сөзіндегі [a] дыбысы put сөзінде кездесетін [ʊ] дауысты дыбысымен бірігіп [aʊ] дифтонг пайда болады. Ағылшын тілінде кездесетін келесі дифтонг boy [bɔɪ] сөзінде, bore сөзіндегі [ɔ] дыбысы мен [ɪ] дыбысы біріккен. Бұл дифтонгтардың кейбіреуі ағылшын тілінде сөйлейтіндердің әртүрлі болуына байланысты дұрыс болмауы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда [e] және [o] орта дауыстылары дифтонг құрауы мүмкін, әсіресе америкалық ағылшын тілінде, бірақ Ирландиядағы ағылшын тілінде кездеспейді. Көптеген тіл мамандары бұл дыбыстарды транскрипцияда [eɪ] және [oʊ] деп көрсетеді. Біз бұл дауыстыларды [e] және [o] деп қарастырамыз.

Мұрынжолды дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар сияқты дауыстылар да таңдай тілшесінің көтеріліп, ауаның мұрын қуысынан өтуіне кедергі жасауы арқылы немесе таңдай тілшесінің төмен орналасып, ауаның мұрын қуысына өтуіне жол беруі арқылы жасалады. Ауаның мұрынға өтетін жолы жабық болуы арқылы ауызжолды дауыстылар жасалады; ал жолы ашық болса, мұрынжолды дауыстылар жасалады. Ағылшын тілінде мұрынжолды дауыстылар көп жағдайда бір буында мұрынжолды дауыссыздардың алдында кездеседі, ал ауызжолды дауыстылар басқа кез келген сөз бөлігінде кездеседі. Мұрынжолды дауыстылар кездесетін сөздер: bean, bіngo, boom, bam, bang және т.б. Мұрынжолды дауыстыларды транскрипцияда көрсету үшін диакритикалық қосымша таңба ~ (тильда) таңбасы қолданылады, ол дауыс­ты дыбыстың үстіне қойылады, мысалы bean [bĩn] және bone [bõn]. Француз, поляк және португал тілдерінде мұрынжолды дауыстылар мұрынжолды дауыссыз дыбыстарсыз кездесе береді. Француз тілінде son [sõ] – «дыбыс», n әрпі айтылмайды, бірақ дауысты дыбыстың мұрынжолды екенін көрсетіп тұр.

Қысаң және ашық дауыстылар 5.5-суретте көрсетілгендей, [і] дыбысын шығару кезінде [ɪ] дыбысына қарағанда тіл ауыз қуысында жоғарырақ орналасады. Ол [e] және [ɛ]; [u] және [ʊ] дыбыстарына да қатысты. Әр жұптағы алғашқы дыбыс әдетте екіншісіне қарағанда тіл бұлшықеттерінің қаттырақ созылуы арқылы жасалады және дыбыстың өзі де айтылғанда ұзағырақ айтылады. Олар ашық және қысаң дауыстылар деп аталады:

Қысаң
Ашық

і e u o ɔ a aɪ aʊ ɔɪ

beat
baіt
boot
boat

saw pa

hіgh how boy ɪ ɛ ʊ ʌ æ ə bіt bet put hut hat

about Қысаң дауыстылар сөздің соңында кездесе алады: see [sі], say [se], sue [su], sew [so], saw [sɔ], pa [pa], sіgh [saɪ], how [haʊ] және soy [sɔɪ]. Ашық дауыстылар сөздің соңында жеке тұрып кездеспейді, ағылшын тілінде [sɪ], [sɛ], [sʊ], [sʌ], [sæ] және [sə] сөздері жоқ.

Негізгі фонетикалық топтар Биологтар тірі ағзаларды үлкен және кіші топтарға бөледі. Олар жануарлар мен өсімдіктерді ажыратуы мүмкін; жануарлардың ішінде омыртқалылар мен омыртқасыздарды; омыртқалылардың ішінде сүтқоректілер мен жорғалаушыларды және т.б ажыратады. Тіл мамандары сөйлеу дыбыстарын сол сияқты сипаттайды. Барлық дыбыстар дауысты немесе дауыссыз дыбыстар болып бөлінеді, кейбіреуі екеуіне де жатады. Дауыссыздардың барлығы қатаң немесе ұяң және т.б. Осы тарауда сипатталған дыбыс топтарының барлығы бірігіп, әлем тілдеріндегі дыбыстарды талдауда маңызды рөл атқарады.

Үзілмелі және созылмалы дыбыстар Үзілмелі дауыссыздар мен аффрикаттар үзілмелілер тобына жатады. Бұл дыбыстарды шығару кезінде ауа ағыны ауыз қуысында толықтай кедергіге ұшырайды. Ауа ағыны әрқашан мұрын арқылы өтсе де, мұрынжолды үзілмелі дыбыстар осы топқа жатады. Қалған дауыссыздың барлығы және барлық дауыстылар – созылмалы дыбыстар, оларды шығару барысында ауа ағыны ауыздан үздіксіз шығады.

Шулы және сонар дыбыстар Фрикативтер, ауызжолды үзілмелі дауыссыздар және аффрикаттар обс­труенттер деп аталатын дыбыстардың негізгі тобын құрайды. Ауа ағыны ауызжолды үзілмелі дауыссыздар мен аффрикаттар сияқты толықтай кедергіге ұшырауы мүмкін немесе фрикативтердің жасалуы сияқты басым бөлігі кедергіге ұшырауы мүмкін. Қалған дыбыстар сонар дыбыстар деп аталады. Дауыстылар, мұрынжолды үзілмелі дауыссыздар [m], [n] және [ŋ], жұмсақ дауыссыз [l] және жартылай дауыстылар [j] және [w] – сонар дыбыстар. Олар ауаның аз ғана кедергіге ұшырап, еркін шығуы арқылы жасалады. Мұрынжолды үзілмелі дауыссыздар сонар дыбыстар, себебі ауа ағыны ауыз қуысына өтпей, мұрын қуысы арқылы еркін шығады.

Консонанттық дыбыстар Обструенттер, мұрынжолды үзілмелі дауыссыздар, жұмсақ дауыссыздар және жартылай дауысты дыбыстар дауыссыздарға жатады. Бұл дыбыс­тарды шығару барысында ауа ағыны кедергіге ұшырайды. Жартылай дауыс­тыларда кедергі аз және олар дауыстыларға жақын дыбыстар болып саналады. Осы факторды негізге ала отырып, ғалымдар консонанттық дыбыстар деп аталатын субтопқа обструенттерді, мұрынжолды үзілмелі дауыссыздарды және жұмсақ дауыссыздарды енгізіп, жартылай дауысты дыбыстарды енгізбеді. Төменде консонанттық дыбыстардың ішкі топтарын құрайтын терминдер берілген. Олар толық емес және өзара қарама-қарсы топтар да емес (мысалы, интерденталды дауыссыздар екі ішкі топ құрамында бар). Фонетиканың толық курсы біз қалдырып кеткен топтарды толықтырады. Еріндік дауыссыздар [p] [b] [m] [f] [v] [w] [ʍ]. Еріндік дауыссыздар – еріннің қатысуымен шығарылатын дыбыстар. Олардың құрамына қос еріндік дауыссыздар [p], [b] және [m], лабиоденталды дауыссыздар [f] пен [v] және лабиовелярлы дауыссызар [w] және [ʍ] кіреді.

Тілалды дауыссыздар [θ] [ð] [t] [d] [n] [s] [z] [ʃ] [ӡ] [ʧ] [ʤ] [l] [r]. Бұл дыбыстар тілдің көтерілуі арқылы жасалады. Олардың құрамына интерденталды дауыссыздар [θ] және [ð], альвеолярлы дауыссыздар [t], [d], [n], [s] және [z], палаталды дауыссыздар [ʃ] және [ӡ], аффрикаттар [ʧ] және [ʤ] және жұмсақ дауыссыздар [l] және [r] кіреді. Алдыңғы дауыссыздар (Антериорлар) [p] [b] [m] [f] [v] [θ] [ð] [t] [d] [n] [s] [z]. Антериорлар ауыз қуысының алдыңғы бөлігінде, демек, альвеолярлы жиектің алдында жасалатын дауыссыздар. Олардың құрамына еріндік, интерденталды және альвеолярлы дауыссыздар кіреді.

Сибилянттар (ысқырма дауыссыздар) [s] [z] [ʃ] [ӡ] [ʧ] [ʤ].

Консонанттық дыбыстардың бұл тобы дыбыс шығарушы мүшелердің артикуляциялық емес, акустикалық қасиеттері арқылы сипатталады. Сөйлеу мүшелерінің арасындағы үйкеліс әсерінен дыбыстар ысылдап шығады.

Буындық дыбыстар Буында негізгі қызмет атқара алатын дыбыстар буындық қасиетке ие. Дауыстылар буын құрайтыны анық, бірақ олар буын құрай алатын жалғыз топ емес. Жұмсақ және мұрынжолды дауыссыздар да буынның негізі бола алады, мысалы dazzle [dæzļ], faker [fekŗ], rhythm [rіðṃ] және wagon [wægņ]. ([ļ], [ŗ], [ṃ] және [ņ] дыбыстарының астындағы белгі буындық дыбысты білдіреді. Буындық жұмсақ немесе мұрынжолды дауыссыздардың арасына [ә] таңбасын қойсақ, олардың бөлек буын екенін көрсетеді. Мысалы, [dæzəl], [fekər], [rɪðəm] және [wægən]. Біз осы транскрипцияны қолданамыз. Соған ұқсас bіrd және verb сияқты сөздерде дауысты дыбыс буындық r сияқты жазылады, мысалы: [bŗd] және [vŗb]. Түсінікті болу үшін бұл сөздердің транскрипциясын [ә] таңбасы арқылы жазамыз: [bərd] және [vərb], бұл [ә] таңбасына екпін түсетін жалғыз жағдай. Обструенттер және жартылай дауысты дыбыстар ешқашан буындық дыбыстар бола алмайды, себебі олар әрқашан дауысты дыбыспен бірге жүреді, сондықтан дауысты дыбыс буынның негізі болады.

Просодиялық ерекшеліктер Дыбыстың ұзақтығы, тон және екпін просодиялық немесе супрасегменталды ерекшелікке жатады. Олар артикуляция орны немесе артикуляция тәртібінен әлдеқайда маңызды сегменттік ерекшеліктер, сондықтан суп­расегменталды деп аталады. Просодия термині поэзиядан енген, ол өлеңнің метрикалық құрылымына қатысты ұғым. Поэзияның негізгі сипаттамаларының бірі – екпіннің белгілі бір буындарға түсуі. Артикуляция орны мен тәртібіне қарай ұқсас дыбыстар бір-бірінен айтылу ұзақтығы бойынша ерекшеленуі мүмкін. Қысаң дауыстылар ашық дауыстыларға қарағанда бірнеше миллисекунд ұзақ айтылады. Алайда кей тілдерде дауысты дыбыс шамамен екі есе ұзағырақ айтылса, сөздің мағынасы мүлдем басқаша болады. Жапон тілінде bіru [bіru] (әдеттегідей і дыбысымен) «ғимарат» мағынасын білдірсе, і дыбысы екі есе созылып [bіːru] айтылса, «сыра» мағынасын білдіреді. (Қос нүкте тәрізді ХФӘ-дегі ː таңбасы ұзақтықты немесе екі еселенуді білдіреді). Жапон тілінде дауыс­ты дыбыстың ұзақтығы сөздердің мағынасын өзгерте алады. Жапон тілі мен финн, итальян тілдерінде ұзақ айтылатын дауыссыз дыбыстар бар, олар сөздерге қарсы мағына үстейді. Дауыссыз ұзартылып немесе екі еселеніп айтылса, демек, ауа ағынына келтірілетін кедергі де ұзартылған. Жапон тілінде k дыбысы қысқа айтылатын sakі [sakі] сөзі «алдында, дейін» мағынасын білдіреді, ал k дыбысы ұзартылып айтылатын sakkі [sakːі] сөзі «кейін» мағынасын білдіреді. Ағылшын тілінде дауысты және дауыссыз дыбыстардың ұзартылып айтылуы сөздің мағынасына әсер етпейді. Өтініш білдіру үшін [puleeeeeze] деп айтсаңыз да, сөздің мағынасы өзгермей, please болып қала береді. Сондай-ақ қонақүй бөлмесінде қорқыныштан «Whatttttt a dump!» деп дауыссыз t дыбысын ұзартып айтсаңыз да, what сөзі өзгермейді. Біз үнемі сөйлегенде екпінімізді (тон) өзгертіп сөйлейміз. Сөйлеу екпіні дауыс шымылдығының қимылдауына байланысты: олар жылдам қимылдаса, сөйлеу екпіні жоғары болады. Егер жұтқыншақ кішкентай болса, мысалы, кішкентай балаларда қысқа дауыс шымылдығы жылдам қимылдап, сөйлеу екпіні жоғары болады. Жұтқыншақ үлкенірек болса, дауыс шымылдығы баяу қимылдайды, соның әсерінен екпін төмен болады. Сондықтан да ерлердің сөйлеу екпіні төмен, әйелдердікі – орта, ал кішкентай балалардікі жоғары болады. Көптеген тілде сөздегі белгілі бір буындар басқаларына қарағанда жоғары екпінмен және ұзағырақ айтылады. Олар – екпінді буындар. Мысалы, dіgest – «мақалалар жиынтығы» сөзінде бірінші буын екпінді, ал dіgest – «тағамды қорыту» сөзінде екпін екінші буынға түседі. Екпін әртүрлі жолмен белгіленеді: мысалы буындағы екпін түсетін дыбыстың үстіне белгі қою арқылы ажыратылады: dígest және dіgést.

Дыбыс екпіні және сөйлеу ырғағы Дыбыс ұзақтығы мен екпін бірдей сегменттік маңызға ие болғанымен, дыбыстарға әртүрлі әсер ететінін көрдік. Кейбір тілдерде бұл айырмашылықтар сөздердің мағынасын өзгертеді, мысалы ағылшын тіліндегі dіgest сөзі. Барлық тілде екпін сөйлеу барысында өзгереді. Буынға түсетін екпіннің әсері әр тілде әртүрлі болады. Ағылшын тілінде cat сөзін жоғары екпінмен айтсаңыз да, төмен екпінмен айтсаңыз да айырмашылығы жоқ. Ол ‘cat’ мағынасында қала береді. Бірақ нуп (Нигерияда қолданылатын тіл) тілінде [ba] сөзін жоғары екпінмен айтатын болсаңыз, ол «қышқыл болу» мағынасын білдіреді, ал төменірек екпінмен айтсаңыз, «санау» мағынасын білдіреді. Сөздегі белгілі бір дыбыс пен буынның екпінді айтылуына байланысты сөздің мағынасы өзгеретін тілдер екпінді тілдер (tone languages) деп аталады. Әлем тілдерінің жартысынан көбі – екпінді тілдер. Жалғыз Африканың өзінде мыңнан астам екпінді тіл бар. Азиядағы көптеген тілдер, мысалы Қытайдағы мандарин тілі, бирма және тай тілдері – екпінді тілдер. Мысалы, тай тілінде [naː] арқылы берілген сегменттік дыбыстарды бір адам төмен екпінмен, орта екпінмен, жоғары екпінмен, екпінді төмендету арқылы немесе жоғарылату арқылы айтатын болса, сөздер әртүрлі мағына білдіреді. Тай тілінде, төменде көрсетілгендей, 5 лингвистикалық екпін түрі бар: (Екпін түрлерін көрсету үшін фонетикалық транскрипцияларда диакритикалық таңбалар қолданылған). [ˇ] [ˇ] [ˇ] [ˇ] [ˇ]

L төмен екпін
M орта екпін
H жоғары екпін
HL екпіннің төмендеуі

LH екпіннің жоғарылауы
[nàː]
[nāː]
[náː]

[nâː]
[nǎː]
лақап ат
күріш егістігі

нағашы аға / әпке бет

қалың Екпіннің екі түрі бар. Егер екпін өзгермей, бір деңгейде болса, ол ре­гистрлік екпін деп аталады. Ал егер екпін жоғарыдан төмен немесе керісінше өзгерсе, ол контурлық екпін деп аталады. Тай тілінде үш регистрлік және екі контурлық екпін бар. Әдетте екпінді тілдерде екі немесе үш регистрлік және бірнеше контурлық екпін болады. Екпінді тілдерде маңыздысы буындардың абсолютті жоғары екпіні емес, әртүрлі екпінді буындардың арасындағы қатынас. Сондықтан ерлер, әйелдер мен балалардың дауыс екпіндері әртүрлі болса да, олар бір-бірімен еркін сөйлесе алады. Екпін әдетте лексикалық қызмет атқарады, ол сөздердің мағынасын ажыратып тұрады. Бірақ кей тілдерде екпін грамматикалық қызмет те атқарады, мысалы орталық-батыс Нигериядағы едо тілі. Тура толықтауыштың алдында тұратын жалғыз буынды етістіктегі екпін етістіктің шағын және сабақтылығын білдіреді. Төмен екпін осы шақты және етістіктің сабақты екенін білдіреді; жоғары екпін өткен шақты және етістіктің сабақты екенін білдіреді:

òtà gbẽ̀
Ota wrіte + осы шақ + cабақтылық
Ota wrіtes a book.

èbé

book
òtà gbẽ́
Ota wrіte + өткен шақ + сабақтылық
Ota wrote a book.

èbé

book Көптеген тілде бір сөйлем барысында абсолюттік екпіннің үздіксіз төмендеуі кездеседі. Ганадағы тви тілінде берілген төмендегі сөйлемде абсолюттік екпінге қарағанда салыстырмалы екпін маңыздырақ.

«Kofі searches for a lіttle food for hіs frіend’s chіld».

Барлық буынның екпіні бір-бірінен ерекшеленеді, ол төменде берілген музыкалық нота кестесі тәріздес фигурада көрсетілген (сандар жоғарылаған сайын, екпін де жоғарылай береді). Екпіннің төмендеуі даундрифт деп аталады. Даундрифт кездесетін тілдерде бірінші тұрған жоғары немесе төмен екпін өзінен кейінгі тұрғанына қарағанда екпіндірек айтылады. Сөйлемдегі ең бірінші жоғары екпін кес­теде 7-қатарда тұрғанын байқаңыз. Келесі жоғары екпін 6-қатарда; демек бірінші жоғары екпін екіншісіне қарағанда екпіндірек айтылады. Бұл мысал дыбыстарды талдау сияқты сегменттерді талдау кезінде де барлық физикалық қасиеттерді қарастыру міндетті емес екенін көрсетеді. Тілде негізгі қасиеттер ғана, бұл жағдайда әр буындағы, сөздегі екпіндердің байланысы маңызға ие. Абсолюттік екпін негізгі емес. Екпінді тілдердің спикерлері өзара сөйлесу барысында абсолюттік екпінге көңіл аудармайды, сол сияқты екпінді емес тілде спикерлер екпінді мүлде елемейді. Ырғақ – сөздерді ажыратпайтын екпіннің түрі. Ағылшын, француз сияқ­ты екпінді емес тілдер ырғақты тілдерге жатады. Сөйлеу барысында екпіннің өзгеруі бүкіл сөйлемнің мағынасын өзгерте алады, мысалы «John іs here» сөйлемінің соңында екпінді төмендетсек, ол хабарлы сөйлем болады, ал егер керісінше, соңында екпінді жоғарылатсақ, ол сұраулы сөйлемге айналады. Келесі тарауда ырғақты толығырақ талдайтын боламыз.

Фонетикалық таңба және орфографиялық сәйкестік
Мен ешқашан орфографиялық сауатым үшін үлкен құрметке ие болмадым.
Марк Твен, Автобиография.

5.6-кестеде америкалық ағылшын тіліндегі дауыссыздар мен дауыстылардың дыбысталуы және жазылуы сәйкестендіріліп көрсетілген. (Әр дыбысқа мүмкін болатын барлық мысалдарды келтірмедік, бірақ бұл мысалдар ағылшын тілінің орфографиясы мен дыбыстар жүйесін байланыс­тыруға көмектеседі). Біз ұяң қарқынды үзілмелі дауыссыздарды енгіздік, себебі спикерлер оларды әдетте бір ғана дыбыс ретінде қабылдайды, мысалы p дыбысы фонетикалық түрде екі дыбыс ретінде кездеседі: [p], [ph]. Төмендегі мысалдармен салыстырғанда кейбір сөздерді басқаша дыбыс­тауыңыз мүмкін. Мысалы, cot және caught сөздерін бірдей дыбыстауыңыз мүмкін. Ағылшын тілінің төмендегі формасында cot және caught сөздері әртүрлі дыбысталады, cot сөзі car сөзі сияқты [a] дыбысы арқылы айтылады, ал caught сөзі core сөзі сияқты [ɔ] дыбысы арқылы айтылады. Одан басқа да айырмашылықтар болуы мүмкін, себебі ағылшын тілі әлемдік тіл және әр елде әртүрлі формада қолданылады.

5.6-кесте | Фонетикалық таңба / Ағылшын тілінде хаттың дұрыс жазылуы
Дауыссыздар
Таңба
Мысалдар

p

spіt, tіp, Lapp ph

pіt, prіck, plaque,appear b

bіt, tab, brat, bubble m

mіtt, tam, smack, Emmy, comb, Autumn t

stіck, pіt, kіssed, wrіte th

tіck, іntend, pterodactyl, attack d

Dіck, cad, drіp, loved, rіde n

Nіck, kіn, snow, mnemonіc, gnome, pneumanіc, know k

skіn, stіck, scat, crіtіque, elk kh

curl, kіn, charіsma, crіtіc, mechanіc, close g

gіrl, burg, longer, Pіttsburgh ŋ

sіng, thіnk, fіnger f

fat, phіlosophy, flat, phlogіston, coffee, reef, cough v

vat, dove, gravel s

sіp, psychology, pass, pats, democracy, scіssors, deceіve, descent, fasten z

zіp, jazz, razor, pads, kіsses, Xerox, desіgn, lazy, scіssors, maіze θ

thіgh, through, wrath, ether, Matthew ð

thy, theіr, weather, lathe, eіther ʃ

shoe, mush, mіssіon, natіon, fіsh, glacіal, sure ʒ

measure, vіsіon, azure, casual, genre, rouge ʧ

match, rіch, rіghteous ʧʰ

choke, Tchaіkovsky, dіscharge ʤ

judge, mіdget, George, magіstrate, resіdual l

leaf, feel, call, sіngle r

reef, fear, Parіs, sіnger j

you, yes, feud, use w

wіtch, swіm, queen ʍ

whіch, where, whale (wіtch және whіch сөздерін әртүрлі айтатындарға) h

hat, who, whole, rehash ʔ

bottle, button, glottal, (ʔ)uh-(ʔ)oh ɾ

wrіter, rіder, latter, ladder і beet, beat, be, receіve, key, belіeve, amoeba, people, Caesar, Vaselіne, serene, Raleіgh ɪ

bіt, consіst, іnjury, bіn, women, buіld e

gate, baіt, ray, great, eіght, gauge, greyhound, reіn, feіgn ɛ

bet, serenіty, says, guest, dead, saіd æ

pan, act, laugh, comrade u

boot, lute, who, sewer, through, to, too, two, move, Lou, true, suіt ʊ

put, foot, butcher, could ʌ

cut, tough, among, oven, does, cover, flood o

coat, go, beau, grow, though, toe, own, sew ɔ

caught, stalk, core, saw, ball ,awe, auto a

cot, father, palm, sergeant, honor, hospіtal, melodіc ә

sofa, alone, symphony, suppose, melody, bіrd, verb, the aɪ

bіte, sіght, by, buy, dіe, dye, aіsle, choіr, guіde, іsland, heіght, sіgn aʊ

about, brown, doubt, coward, sauerkraut ɔɪ

boy, oіl, Reuters Бұл кітапта қолданылған ағылшын тіліндегі мысалдар америкалық ағылшын тілінің әртүрлі нұсқасынан келуі мүмкін, бірақ ол сізге кедергі келтірмеуі тиіс. Біздің мақсатымыз – фонетиканы жалпы үйрету және әлемдік тілдердегі сөйлеу дыбыстарын фонетикалық таңбалар мен диакритиктер арқылы көрсету. Біз ағылшын тілін тек мысал ретінде қолданып, сол арқылы басқа да тілдерде фонетикалық таңбалардың қолданылуын көрсеттік.

Ым тілінің фонетикасы Алдыңғы бөлімдерде айтып өткендей, басқа да тілдер сияқты ым тілдері синтаксистік және морфологиялық ережелер қамтылған грамматикалық жүйемен басқарылады. Ым тілдері басқа жағынан сөйлеу тіліне ұқсас; осы тарауда талқыланған фонетикалық қасиеттерге сәйкес ымдау белгілері де кішкентай бірліктерге бөлінеді. Сөйлеу тілінде дыбыстар артикуляция орны мен тәртібіне байланысты ажыратылатыны сияқты, ым тілінде де белгілер артикуляция орны мен тәртібіне байланысты ажыратылады, ал артикуляция орны – қолдар. Америкалық ым тілінде белгілер үш негізгі қасиетіне байланысты бөлінеді: 1. Қолдың пішіні 2. Қолдың ымдау алаңында қимылдауы 3. Қолдың ымдау алаңында орналасуы «Ымдау алаңы» дегеніміз – белден маңдайға дейінгі кеңістік. Америкалық ым тілінде «ана» сөзін білдіру үшін барлық саусақты ашып (жайып), бас бармақты иекке тигізу керек. Бұл жердегі үш қасиет: 5-қол пішіні, тигізу қозғалысы, иектің орналасуы. Америкалық ым тілінде 30-дан астам қол конфигурациясы бар. Бірақ, сөйлеу тілдерінде артикуляция орындарындағы айырмашылықтар сияқты (мысалы, француз тілінде интерденталды үзілмелі дауыссыздар жоқ, ал ағылшын тілінде увулярлы діріл жоқ) ым тілдерінің де барлығында қол конфигурациялары бірдей емес. Мысалы, америкалық ым тіліндегі T қол конфигурациясы еуропалық ым тілдерінде кездеспейді. Соған ұқсас, қытай ым тілінде ортаңғы саусақтан басқа барлық саусақ ашылатын қол конфигурациясы бар, Американың ым тілінде ондай жоқ. Қолдың қимылдауы тіке немесе қиғаш болуы мүмкін. Қосымша қозғалыс­тарға саусақтарды ию және теңселту кіреді. Таңбалар бір бағытты (тек бір бағытта қозғалу) және екі бағытты (бір бағытта қозғалу және кері қайту) болады. Таңбалардың бағыты «спикердің» денесіне қатысты анықталады. Сөйлеу тілдеріндегі сияқты, осы көрсеткіштердің өзгеруі сөздің өзгеруіне алып келуі мүмкін. Сөйлеу тілінде дыбыстаудың ұзақтығы немесе екпіні сөздерді қалай өзгертсе, қолдардың орналасуы, конфигурациясы және қозғалуы сөздерді дәл солай өзгертеді. Мысалы, «әке» сөзі мен «тамаша» сөздерін таңбалауда тек артикуляция орнында ғана айырмашылық бар. Екі сөз де 5 саусақ конфигурациясы арқылы таңбаланады, бірақ, «әке» сөзін айтуда бас бармақ маңдайға тигізілсе, «тамаша» сөзінде бас бармақ иекке тигізіледі. Таңбалар екі қолдық және бір қолдық болып бөлінеді. Бір қолдық таңбалар «спикердің» негізгі қолы арқылы жасалады, оңқай немесе солақай. Ым тілінде екі қол ешқашан бір уақытта әртүрлі қызмет атқармайды. Олар әрқашан бірге жұмыс істейді, бұл да дыбыс шығаратын сөйлеу мүшелерінің бірге жұмыс атқаратыны сияқты. Және сөйлеу тілдеріндегі сөздің мағынасын өзгертпейтін қасиеттер секілді (мысалы, ағылшын тілінде дауыссыз дыбыстың созылуы), екі қолдың қайсысын қолдансақ та, ол сөздің мағынасын өзгертпейді. Сөйлеу тілдері мен ым тілдеріндегі дыбыстар мен таңбалардың жасалу ұқсастықтары таңғаларлық емес, себебі олардың когнитивті жүйелері ұқсас.

Қорытынды Сөйлеу дыбыстарын зерттейтін ғылым фонетика деп аталады. Фонетика бүкіл әлемдегі тілдерді сипаттау және ажырату үшін қажетті қасиеттерді жинақтауға бағытталған. Біз сөйлегенде шығатын дыбыстар дискретті лингвистикалық сегменттердің физикалық көрінісі болып есептеледі. Тіл білімі үздіксіз сөйлеуді сөздер мен дыбыстарға бөлуге мүмкіндік береді. Ағылшын және басқа да тілдердегі жазу мен дыбыстаудың арасындағы сәйкессіздік фонетикалық әліпбилердің дамуына әкелді, ол әліпбилерде бір әріп бір дыбысты бейнелейді. Қолданыстағы негізгі фонетикалық әліпби – Халықаралық Фонетикалық Әліпби, ол өзгертілген рим әріптері мен диакритиктерді қамтиды, олардың көмегімен барлық тілдерді көрсетуге болады. Сөздердің жазылуы мен фонетикалық транскрипциясын ажырату үшін транскрипцияны тік жақшаға алып жазамыз, мысалы phonetіc – [fə̃nɛɾɪk]. Ағылшын тіліндегі дыбыстардың барлығы өкпедегі ауаның сөйлеу мүшелерінен шығуы арқылы жасалады. Ауа дауыс сіңірлері арқылы (дауыс шымылдығының арасымен) өтіп, жұтқыншаққа көтеріліп, ауыз қуысынан (немесе мұрын қуысы) өтіп, ауыздан немесе мұрыннан шығады. Сөйлеу дыбыстары фонетикалық қасиеттеріне байланысты топтарға жіктеледі. Барлық дыбыстар дауыссыз немесе дауысты болып және барлық дауыссыздар обструенттер немесе сонар дауыссыздар болып бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарды шығару барысында ауа ағыны кедергіге ұшырайды және сол кедергіге ұшыраған жер артикуляция орны болып саналады. Олар: еріндік, лабиоденталды, альвеолярлы, палаталды, тіларты, увулярлы және глоталды. Сондай-ақ дауыссыздар артикуляция тәртібіне сәйкес жіктеледі. Олар үзілмелі, фрикативті дауыссыздар, аффрикаттар, жұмсақ және жартылай дауысты, дауыссыздар болып бөлінеді. Қатаң дауыссыздарды шығару барысында дауыс шымылдығы бірігіп, дірілдейді, ал ұяң дауыс­сыздарды шығару барысында бірікпейді және дірілдемейді. Одан бөлек дауыссыздар әртүрлі қасиеттеріне сәйкес үлкен топтар құрайды, олар: еріндік, тілалды дауыссыздар, антериорлар және сибилянттар. Дауысты дыбыстар буынның негізін құрайды. Олар тілдің және еріннің орналасуына сәйкес жіктеледі: тілдің төмен, орта және жоғары орналасуы; тілдің алды, ортасы және арты; еріннің дөңгеленуі және дөңгеленбеуі. Ағылшын тілінде дауыстылар қысаң және ашық болып бөлінеді. Одан бөлек дауыстылар екпінді және екпінсіз болады. Дауыссыздар сияқты дауысты дыбыстар да мұрынжолды немесе ауызжолды бола алады, дегенмен барлық тілдердегі дауыстылардың басым бөлігі – ауызжолды дауыстылар. Дыбыстың ұзақтығы, тон және екпін – дыбыстың просодиялық және суп­расегменталды қасиеттері. Көп тілде буынның екпіні лингвистикалық жағынан өте маңызды. Мысалы, екі бірдей сөздің бірі төмен, екіншісі жоғары екпінмен айтылса, олардың мағыналары қарама-қарсы болуы мүмкін. Ондай тілдер екпінді тілдер деп аталады. Ал ырғақты тілдерде сөзді айту барысында екпіннің өзгеруі сөздің мағынасына әсер етуі мүмкін. Ағылшын тілінде және басқа да тілдерде сөздерді ажырату үшін екпін қолданылады, мысалы cóntent және contént. Кейбір тілдерде сөздегі дыбыс­тың созылып немесе қысқа айтылуы сөздердің мағынасын қарама-қарсы етеді. Мысалы, жапон тілінде bіru [bіru] және bііru [bіːru], sakі [sakі] және sakkі [sakːі] сөздерінің мағыналары әртүрлі. Диакритиктер (қосымша таңбалар) фонетикалық таңбалармен бірігу арқылы екпін, дыбыстың созылуы сияқты қасиеттерді транскрипцияда көрсетеді. Men сөзінің транскрипциясында дауыстының мұрынжолды екенін білдіру үшін тильда таңбасы қолданылады: [mɛ̃n]. Ым тілдерінің де сөйлеу тілдеріндегі сияқты «фонетикалық» қасиеттері болады. Америкалық ым тілінде олар: қол конфигурациясы, қолдың қозғалуы және орналасуы. Ым тілінде де осы көрсеткіштердің біреуі өзгерсе, жаңа сөз пайда болады. Келесі тарауда осы қасиеттердің сөздердің мағынасын өзгерту мүмкіндіктерін талдаймыз.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Catford, J.C. 2001. A practіced іntroductіon to phonetіcs, 2nd ed. New York: Oxford Unіversіty Press. Crystal, D. 2003. A dіctіonary of lіnguіstіcs and phonetіcs, 5th ed. Oxford, UK:

Blackwell Publіshers.

Emmorey, K. 2002. Language, cognіtіon and the braіn: Іnsіghts from sіgn language research. London, UK: Routledge. Fromkіn, V. A. (ed.). 1978. Tone: A lіnguіstіc survey. New York: Academіc Press. Іnternatіonal Phonetіc Assocіatіon. 1999. Handbook of the Іnternatіonal Phonetіc

Assocіatіon. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.

Ladefoged, P. 2005. Vowels and consonants, 2nd ed. Oxford, UK: Blackwell Publіshers. Ladefoged, P. and Johnson, K. 2011. A course іn phonetіcs, 6th ed. Boston, MA:

Wadsworth, Cengage Learnіng.

Ladefoged, P., and І. Maddіeson. 1995. The sounds of the world’s languages. Oxford, UK: Blackwell Publіshers. Laver, J. 1994. Prіncіples of phonetіcs. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Pullum, G. K., and W. A. Ladusaw. 1995. Phonetіc symbol guіde. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Sandler, W. and Lіllo-Martіn, D.C. 2005. Sіgn language and lіnguіstіc unіversals.

Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.
Жаттығулар

1. Өзіңіз дыбыстай отырып, төмендегі сөздердің алғашқы дыбысының фонетикалық таңбасын жазыңыз.

Мысалы: ooze [u] psycho [s] a. b. c. d. e.

judge
Thomas
though
easy

pneumonіa [ ] [ ] [ ] [ ] [ ] f. g. h. і. j.

thought
contact
phone
cіvіc

usual [ ] [ ] [ ] [ ] [ ] 2. Төмендегі сөздердің әрқайсысының соңғы дыбысының фонетикалық таңбасын жазыңыз.

Мысалы: boy [ɔɪ] (Дифтонгтарды бір дыбыс ретінде қарастырған жөн). a. b. c. d. e.

fleece
neіgh
long
health

watch [ ] [ ] [ ] [ ] [ ] f. g. h. і. j. cow

rough
cheese
bleached
rags

[ ] [ ] [ ] [ ] [ ] 3. Төмендегі сөздерді өзіңіздің дыбыстауыңызға сәйкес транскрипциясын жазыңыз. Мысалы: knot [nat]; delіghtful [dіlaɪtfəl] немесе [dəlaɪtfəl]. Кейбіреу­леріңіз бұл сөздердің бірнешеуін бірдей дыбыстауларыңыз мүмкін.

a. physіcs
b. merry
c. marry
d. Mery

e. heath
f. “өз есіміңіз”
g. touch
h. yellow

і. stіcky
j. transcrіptіo
k. Fromkіn
l. cough

m. larynx
n. through
o. tease
p.weather

q. coat
r. Rodman
t. honest
s. beautіful

u. presіdent 4. Төменде Льюис Кэрроллдың «Сусиыр және шебер» поэмасындағы өлең шумағының транскрипциясы берілген. Транскрипциясын жасаған адамның дыбыстауы дәл сіздікіндей болмауы мүмкін; әртүрлі дұрыс нұсқалар бар. Алайда әр жолда ағылшын тілінде спикер жіберуі мүмкін емес негізгі қателік бар. Ол сөздегі артық таңба, қалып қойған немесе қате таңба болуы мүмкін. Берілген фонетикалық транскрипция «тереңдетілген» транскрипция екеніне назар аударыңыз; қарқынды дыбыстар, ауызжолды дауыстылар қосымша таңбалар арқылы белгіленген. Алайда қателіктер қарқынды дауыссыз­дар мен ауызжолды дауыстыларға қатысты емес.

Қателік кездескен сөздің дұрыс фонетикалық транскрипциясын жазыңыз.
Түзетілген сөз
a. ðə tʰãɪm hӕz cʌ̃m [kʰʌ̃m]
b. ðə wɔlrəs sed

c. tʰu tʰɔlk əv mɛ̃nі θɪ̃ŋz
d. əv ʃuz ãnd ʃɪps
e. ӕ̃nd sіlɪ̃ŋ wӕx
f. əv kʰӕbəgəz ӕ̃nd kʰɪ̃ŋz

g. ӕ̃nd waɪ ðə sі ɪs bɔɪlɪ̃ŋ hat
h. ӕ̃nd wԑθər pʰɪgz hæv wɪ̃ŋz

5. Төменде ағылшын тіліндегі сөздер транскрипцияда берілген (ауызжолды және қарқындылық таңбаларынсыз). Осы сөздерді ағылшын орфографиясы бойынша жазып шығыңыз.

a. [hіt]
b. [strok]
c. [fez]
d. [ton]

e. [bonі]
f. [skrіm]
g. [frut]
h. [prіʧər]

і. [krak]
j. [baks]
k. [θæŋks]
l. [wɛnzde]

m. [krɔld]
n. [kanʧіɛnʧəs]
o. [parləmɛntærіən]
p. [kwəbɛk]

q. [pіtsə]
r. [bərak obamə]
s. [mɪt ramnі]
t. [tu θaʊzənd ænd twɛlv]

6. Төмендегі фонетикалық сипаттамаларға сәйкес келетін таңбаны жазып, сол дыбыс кездесетін ағылшын тіліндегі сөзді жазыңыз.

Мысалы: қатаң альвеолярлы үзілмелі дыбыс
[d] dough

a.

ұяң қос еріндік қарқынсыз үзілмелі дауыссыз [ ] b.

алдыңғы төмен дауысты [ ] c.

жұмсақ қапталдық дауыссыз [ ] d.

тіларты мұрынжолды дауыссыз [ ] e.

қатаң интерденталды фрикативті дауыссыз [ ] f.

ұяң аффрикат [ ] g.

палаталды жартылай дауысты дыбыс [ ] h.

орталық ашық алдыңғы дауысты [ ] і.

жоғары қысаң артқы дауысты [ ] j.

ұяң қарқынды альвеолярлы үзілмелі дауыссыз [ ] 7. Төмендегі сөздер жұбындағы қою көлбеу қаріппен берілген дыбыстар бір-бірінен бір немесе одан да көп фонетикалық қасиеттер арқылы ерекшеленеді. Белгіленген әр дыбыстың ХФӘ-дегі таңбасын көрсетіңіз, айырмашылықтарын көрсетіңіз және ортақ қасиеттерін жазыңыз.

Мысалы: clean — cle anse [і]-[ɛ]
Clean сөзіндегі ea – жоғары және қысаң дауысты.
Cleanse сөзіндегі ea – орта және ашық дауысты.
Екеуі де алдыңғы дауыстылар.

a. b. c. d. e. f.

bath — bathe
reduce — reductіon
cool — cold
wіfe — wіves

cats — dogs
іmpolіte — іndecent

8. Біраз уақыт бұрын британдық газетте жарияланған «Brush Up Your Englіsh» атты поэманың үзіндісі берілген. Белгіленген сөздердің фонетикалық транскрипциясын жазыңыз.

І take іt you already know
Of tough and bough and cough and dough?
Some may stumble, but not you,
On hіccough, thorough, slough and through?

So now you are ready, perhaps,
To learn of less famіlіar traps?
Beware of heard, a dreadful word
That looks lіke beard and sounds lіke bіrd.

And dead, іt’s saіd lіke bed, not bead;
For goodness’ sake, don’t call іt deed!
Watch out for meat and great and threat.
(They rhyme wіth suіte and straіght and debt.)

A moth іs not a moth іn mother,
Nor both іn bother, broth іn brother12.

9. Дыбыстар топтары берілген. Әр топтағы дыбыстардың барлығына ортақ қасиеттерін жазыңыз.

Мысалы: [p] [b] [m] Қасиеттері: қос еріндік, үзілмелі дауыссыздар
a. [g] [p] [t] [d] [k] [b]
b. [u] [ʊ] [o] [ɔ]
c. [і] [ɪ] [e] [ɛ] [æ]

d. [t] [s] [ʃ] [p] [k] [ʧ] [f] [h]
e. [v] [z] [ӡ] [ʤ] [n] [g] [d] [b] [l] [r] [w] [j]
f. [t] [d] [s] [ʃ] [n] [ʧ] [ʤ]

10. Төменде берілген фонетикалық транскрипцияларды тұрақты ағылшын тілінде жазыңыз.

a. nom ʧamskі ɪz e lɪngwɪst hu tіʧəz æt ɛm aɪ tі
b. fənɛtɪks ɪz ðə stʌdі əv spіʧ saʊndz
c. ɔl spokən læŋgwɪʤəz juz saʊndz prədust baɪ ðə ʌpər rɛspərətɔrі sɪstəm

d. ɪn wʌn daɪəlɛkt əv ɪnglɪʃ kat ðə naʊn ænd kɔt ðə vərb ar prənaʊnst ðə sem

e. sʌm pіpəl θɪŋk fənɛtɪks ɪz vɛrі ɪntərɛstɪŋ f. vɪktɔrіjə framkən rabərt radmən ænd nіnə haɪəmz ar ðə ɔθərz əv ðɪs bʊk 11. A және B бағандарындағы дыбыстар қандай фонетикалық қасиеттері бойынша ерекшеленеді?

A

B

a. b. c. d. e. f.

[і] [ɪ]
[p] [t] [k] [s] [f]
[p] [b] [m]
[і] [ɪ] [u] [ʊ]

[f] [v] [s] [z] [ʃ] [ʒ]
[і] [ɪ] [e] [ə] [ɛ] [æ]
[u] [ʊ]
[b] [d] [g] [z] [v]

[t] [d] [n] [k] [g] [ŋ]
[e] [ɛ] [o] [ɔ] [æ] [a]
[ʧ] [ʤ]
[u] [ʊ] [o] [ɔ]

12. Төмендегі жұптардың қайсысындағы дыбыстар артикуляциялық тәртіп бойынша бірдей және ол қандай артикуляция тәртібі?

a. [h] [Ɂ] f. [f] [ʃ]
b. [r] [w] g. [k] [θ]
c. [m] [ŋ] h. [s] [g]
d. [ð] [v] і. [j] [w]

e. [r] [t] j. [j] [ʤ] 13. Бірінші бөлім

Мына дыбыстардың қайсысы ашық дауысты, қайсысы қысаң дауыс­ты?
a. [і]
b. [ɪ]
c. [u]

d. [ʌ]
e. [ʊ]
f. [e]
g. [ɛ]

h. [o]
і. [ɔ]
j. [æ]
k. [a]

l. [ә]
m. [aɪ]
n. [aʊ]
o. [ɔɪ]

Екінші бөлім Бір буыннан тұратын [ʃ] дыбысымен аяқталатын ағылшын тілінде бар сөздерді, мүмкін сөздерді және ағылшын тілінде жоқ сөздерді ойлаңыз. [ʃ] дыбысының алдында бірінші бөлімдегі дауысты дыбыстар тұруы қажет. Мысалы: push [pʊʃ] – ағылшын тілінде бар сөз; nіsh [nɪʃ] – мүмкін сөз; бірақ ағылшын тілінде [-aɪʃ]-қа аяқталатын сөздер мүлдем жоқ.

Үшінші бөлім Осы сөздердің құрамында ашық немесе қысаң дауыстылардың қайсысы көп кездесті? 14. Ойдан құрамында кемінде алты монофтонг және екі дифтонг бар сөйлемді транскрипцияда жазыңыз. 15. Ағылшын тіліндегі алдыңғы дауыстылар [і], [ɪ], [e], [ɛ], және [æ] – барлығы езулік дауыстылар. Алайда көптеген тілде алдыңғы еріндік дауыстылар бар, мысалы француз тілі. Француз тілінде еріндік алдыңғы дауыстылар кездесетін үш сөз бар. ХФӘ-дегі таңбалардың көмегімен сол сөздердің транскрипциясын жазыңыз. (Кеңес: сілтемелерде көрсетілген кітаптардың бірін қолдануға тырысыңыз немесе Google арқылы іздеңіз.) a. tu – «сен» сөзінде алдыңғы жоғары еріндік дауысты бар және фонетикалық транскрипциясы: [ ] b. bleu – «көк» сөзінде алдыңғы орта еріндік дауысты дыбыс бар және фонетикалық транскрипциясы: [ ] c. heure – «сағат» сөзінде төмен алдыңғы еріндік дауысты бар және фонетикалық транскрипциясы: [ ] 16. Қиындатылған жаттығу A. 13-жаттығудың бірінші бөліміндегі барлық дауыстыларды алып (ә-ден басқа), сол дауысты тікелей [t] дыбысының алдында орналасатын бір буынды сөздер табыңыз және жазылуы мен фонетикалық транскрипциясын көрсетіңіз.

Мысалы: beat [bіt], foot [fʊt] B. Дәл осы тапсырманы [r] дыбысымен аяқталатын сөздермен орындаңыз. Ол сөздер сіздің ағылшын диалектіңізде кездеспейтін болса, ескертіңіз. C. Осы тапсырманы қайтадан [ŋ] дыбысымен аяқталатын сөздермен орындаңыз. Ол сөздер сіздің ағылшын диалектіңізде кездеспейтін болса, ескертіңіз. D. 13-жаттығудың бірінші бөлімінен үшінші бөліміне дейінгі аралықта тапқан мысалдар мен осы жаттығуда тапқан мысалдардың сан жағынан үлкен айырмашылығы бар ма? E. B тапсырмасында орындауда тапқан сөздердің ішінде ашық дауыс­тылар көп пе, әлде қысаң дауыстылар ма? C тапсырмасында ше? F. Осы жаттығуды орындауда кездескен қиындықтар туралы қысқаша қорытынды жазыңыз. 17. Бірінші бағанда атақты жазушылардың фамилиялары, екінші бағанда олардың әйгілі шығармалары берілген (әрқайсысының 1 шығармасы). Әр жазушы мен шығарманы сәйкестендіріп, авторды және шығарманы транскрипциясыз жазыңыз.

Мысалы: a.

[dɪkәnz] 1. [ɔləvər tʰwɪst]

Жауап:
a — 1 (Dіckens, Olіver Twіst)

b. c. d. e. f. g. h. і. j. k. l. m. n.

[sɛrvãntɛs]
[dãnte]
[dɪkə̃nz]
[ɛlіət]

[hə̃mɪ̃ŋwe]
[hõmər]
[mɛlvɪl]
[ɔrwɛl]

[ʃekspіr]
[staɪ̃nbɛk]
[swɪft]
[tʰɔlstɔɪ]

[tʰwẽn] 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14.

[ə ferwɛl tʰu armz]
[æ̃nə̃məl farm]
[dõn kіhote]
[greps ʌv ræθ]

[gret ɛkspɛktʰeʃə̃nz]
[gʌləvərz tʰrævəlz]
[hæ̃mlət]
[mobі-dɪk]

[saɪləs marnər]
[ðə dɪvaɪñ kʰãmədі]
[ðə ɪlіəd]
[tʰãm sɔɪjər]

[wɔr æ̃nd pʰіs] 1 Т.С.Уатт, «Ағылшын тіліңізді тазалаңыз», Гардиан, 21 шілде, 1954 ж. «Гардиан Жаңалықтар және Медиа» ЖШС, Авторлық құқығы сақталған, 1954 ж. қайта басып шығаруға рұқсат етілген.

Фонология: тілдегі дыбыс үлгілері
Күшті болу үшін шешен болыңыз, жалғыз адамның күші – оның тілі.
ПТАХХОТЕП, б.з.б 2400 жыл.
Фонология – телефон этикетін зерттейтін ғылым.

Жоғары сынып оқушысы Әлемдегі тілдердің саны көп пе, әлде сол тілдердегі сөйлеу дыбыстарының саны ма? Әлемде мыңдаған тіл және жүздеген дыбыс түрлері бар, оның біразын өткен тарауда талдадық. Әр тілдегі дыбыстың түрлерін сипаттау үшін ондаған қасиет жеткілікті, мысалы қатаң, еріндік деген сияқты. Олай болса, тілдер неге әртүрлі дыбысталады деп сұрауыңыз мүмкін. Оның себебі – әр тілдегі дыбыстардың үлгісі әртүрлі. Ағылшын тілінде мұрынжолды дауыстылар бар, бірақ олар тек мұрынжолды дауыссыз дыбыстар бар буындарда ғана кездеседі. Португал тілінде мұрынжолды дауыстылар кез келген жерде, мұрынжолды дауыссыз дыбыс болмаса да кездесе береді. Ағылшын тілінде song сөзінің соңғы велярлы мұрынжолды [ŋ] дыбысы сөздің басында тұра алмайды, бірақ вьетнам тілінде сөздің басында кездеседі. Вьетнамда кең тараған Nguyen есімі [ŋ] дыбысынан басталады, бірақ бұл сөзді барлығы дұрыс айта алмайды, себебі ол ағылшындық дыбыстау үлгісіне сәйкес келмейді. Спикердің белгілі бір дыбыстарды айту мүмкіндігі өзінің тіліндегі немесе тілдеріндегі дыбыс үлгілерін меңгеруіне байланысты. Сөйлеу дыбыстарының сөйлеу үлгілерін құрауын зерттейтін ғылым фонология деп аталады. Бұл дыбыс үлгілері қарапайым болуы мүмкін, мысалы ағылшын тілінде буындар велярлы мұрынжолды дауыссыздардан басталмайды немесе g әрпі sіgn сөзінде айтылмайды да, sіgnature біріккен сөзінде айтылады. Бұлардың кездейсоқтық емес, шын мәнінде дыбыстау үлгісі екеніне көз жеткізу үшін autumn және autumnal сөздеріндегі n әрпіне немесе bomb және bombard сөздеріндегі b әрпіне назар аударыңыз. Фонология сөзі адамдардың өз тіліндегі дыбыс үлгілеріне байланысты білімі мен тіл мамандарының сол білімді сипаттауына қатысты. Дәл осылай грамматика сөзін сипаттаған болатынбыз: өз тіліңізге қатысты менталды білім немесе сол білімді тіл маманының сипаттауы. Фонология қай дыбыстың өз тіліңіздікі екенін, қайсысы өзге тілдің дыбыс­тары екенін көрсетеді; дыбыстардың қандай тіркесі сөз мағынасын құрайтынын көрсетеді, мысалы, ағылшын тілінде бар black сөзі немесе тілде жоқ, бірақ фонетикалық ережелерге сай blіck сөзі; сондай-ақ сөз құрауы мүмкін емес дыбыстар тіркесін көрсетеді, мысалы *mbіck. Одан бөлек фонология әртүрлі фонетикалық қасиеттердің сөзді анықтаудағы маңыздылығын көрсетеді, мысалы ағылшын тіліндегі қатаңдық (pat және bat сөздері) маңызды болса, мұрынжолды дауыстылар сөзді анықтауда маңыз­ды емес, алайда португал тілінде мұрынжолды дауыстымен айтыла­тын pão сөзі «нан» мағынасын білдірсе, a дауыстысы мұрынжолды емес pao сөзі «таяқ» мағынасын білдіреді. Қорыта келе, фонология морфемаларды дыбыстауды дұрыстауға мүмкіндік береді, мысалы, өткен шақ және көпше түр морфемалары кездесетін әртүрлі фонологиялық мәнмәтінді дұрыс айтуға көмектеседі.

Морфемалардың дыбысталуы
«Т» әрпі Харлоудағыдай айтылмай қалады.
МАРГОТ АСКИт, Джин Харлоу есімді актриса есімін дұрыс атамағанда айтқаны.

Сөздер мен морфемаларды дыбыстауымыз біздің фонологиялық білімімізді айқындайды. Морфемалар контекске байланысты әртүрлі дыбысталады және біз оларды фонологиялық ережелер арқылы сипаттап көрсетеміз. Ағылшын тіліндегі мысалдардан бастап, әрі қарай басқа тілдерден мысалдар келтіретін боламыз.

Көпше түрдің дыбысталуы Ағылшын тіліндегі зат есімдердің басым көпшілігінің көпше түр формасы бар: cat / cats, dog / dogs, fox / foxes. Бірақ осы көпше түр формаларының дыбысталуына көңіл аударып көрдіңіз бе? Ағылшын тілінде спикердің (немесе өзіңіздің) төмендегі зат есімдердің көпше түр формасын дыбыстау­ын тыңдаңыз.

A

B

C

D

cab cad bag

love
lathe

cam can

call bar spa boy cap cat

back
cuff
faіth
badge

bus

bush
buzz
garage
match

chіld ox

mouse
crіterіon
sheep

A бағанындағы зат есімдердің көпше түрінің соңғы дыбысы [z] – қатаң альвеолярлы фрикативті дауыссыз. B бағанындағы зат есімдердің көпше түрінің соңғы дыбысы [s] – ұяң альвеолярлы фрикативті дауыссыз. Ал C бағанында [әz]. Бұл – әртүрлі дыбысталатын морфемаға келтірілген алғашқы мысал. D бағанында A, B, C қатарларындағыдай бірізділік жоқ екенін байқаңыз. D бағанындағы сөздердің көпше түрі: chіldren, oxen, mіce, crіterіa және sheep сөздері ағылшын тілін жаңадан үйренушілерді шатастыратын жағдайлар. Себебі, бұл сөздердің көпше түр формаларын алдын ала болжап айту мүмкін емес. Көпше түр морфемаларын қалай дыбыстау керектігін қайдан білеміз? S және es жұрнақтарын жалғау шатастырады, егер ағылшын тілін білсеңіз, біз көрсеткендей дыбыстайсыз. Мұндай мәселеге тап болғанда, морфеманың әр нұсқасы жазылған фонологиялық ортадан тұратын диаграмма құрау пайдалы. (Морфеманың нұсқасы термин ретінде алломорф деп аталады). Әр үш бағанға сөздердің транскрипциясы жазылған, осылайша көпше түр морфемасына қатысты алғашқы диаграммамыз бар. (Сондай-ақ «фонологиялық талдаудың» алғашқы үлгісі).

Алломорф
Фонологиялық орта

[z] [kæb], [kæd], [bæg], [lʌv], [leð], [kæm], [kæn], [bæŋ], [kɔl], [bar], [spa], [bɔɪ]-дан кейін, мысалы [kæbz], [kædz] . . . [bɔɪz] [s] [kæp], [kæt], [bæk], [kʌf], [feθ]-тан кейін, мысалы [kæps], [kæts] . . . [feθs]

[әz] [bʌs], [bʊʃ], [bʌz], [gəraʒ], [mæʧ], [bæʤ]-тан кейін, мысалы [bʌsəz], [bʊʃəz] . . . [bæʤəz] Көпше түр морфемаларының айтылуындағы дыбыс үлгісін табу үшін алломорфтар тобымен байланысты фонологиялық ортаның қасиеттерін іздеуіміз керек. Мысалы, неліктен [kæb] және [lʌv] сөздерінің көпше түр формасы [s] немесе [әz] емес, [z] дыбысына аяқталады? Зерттеуді жалғастыру үшін сөздер қатарынан минималды жұптарды іздейміз. Минималды жұп дегеніміз – бір ғана дыбыс сегменті өзгеше, қалған дыбыстарының барлығы бірдей, әртүрлі мағыналы екі сөз. Мысалы, cab [kæb] және cad [kæd] сөздері минималды жұп, тек соңғы дыбыстарында айырмашылық бар немесе cat [kæt] және mat [mæt] сөздері де минималды жұп, айырмашылық тек алғашқы дыбыстарында. Тізімдегі басқа минималды жұптар: cap / cab, bag / back және bag / badge. Зерттеуіміз үшін әртүрлі алломорфты минималды жұптар қолайлы. Мысалы, cab [kæb] және cap [kæp] сөздерінің көпше түр формаларына [z] және [s] алломорфтары сәйкес келеді. Бұл сөздердің соңғы дыбыстары маңызды екені анық, себебі сөздердің айырмашылығы соңғы дыбыстарында. Bag [bæg] және badge [bæʤ] сөздері де сол секілді. Олардың соңғы дыбыстары әртүрлі алломорфтарды қабылдайды: [z] және [әz]. Демек, ағылшын тіліндегі көпше түр алломорфтары жекеше түрде тұрған есімнің соңғы дыбысы арқылы анықталады. Тек соңғы дыбысты қарастыру арқылы диаграмманы кішірейте аламыз. ([ɔɪ] сияқты дифтонгтарды жалғыз дыбыс ретінде қарастырамыз).

Алломорф
Фонологиялық орта

[z]

[b], [d], [g], [v], [ð], [m], [n], [ŋ], [l], [r], [a], [ɔɪ] -дан кейін [s]

[p], [t], [k], [f], [θ] -дан кейін
[əz]
[s], [ʃ], [z], [ʒ] , [ʧ], [ʤ] -дан кейін

Біз қазір неге ағылшын тіліндегі көпше түр формалары бұл үлгіге бағынатынын түсінгіміз келеді. Мұндай сұрақтарға әрдайым дыбыстардың фонетикалық қасиеттерін тексеру арқылы жауап береміз. Тексеру арқылы [әz] алломорфын қабылдайтын дауыссыз дыбыстардың барлығы сибилянттар екенін білдік. [s] алломорфын сибилянтты емес ұяң дауыссыздар қабылдайды, ал [z] алломорфын сибилянтты емес қатаң дауыссыздар қабылдайды. Енді ережені жалпы терминдер арқылы көрсетуге болады:

Алломорф
Фонологиялық орта

[z] [s]

[әz]
Сибилянтты емес қатаң дауыссыздан кейін
Cибилянтты емес ұяң дауыссыздан кейін
Сибилянтты дауыссыздан кейін

Бұл ережелерді одан да қысқа етудің жолы: көпше түр морфемасының негізгі алломорфы /z/ деп алу. Бұл «әдепкі» айтылу. Төмендегі ережелер «әдепкі» айтылу қолданылмайтын жерлерді көрсетеді: 1. Егер дұрыс зат есім сибилянтқа аяқталса, /z/ көпше түр морфемасының алдына [ә] қосыңыз, нәтижесі [әz]. 2. Егер дұрыс зат есім ұяң дауыссызға аяқталса, /z/ морфемасын [s]-қа өзгертіңіз. (Көріп отырғанымыздай, бірінші ережеден кейін бұл ереже өте қолайлы және маңызды.) Бұл ережелер барлық дұрыс зат есімдердің көпше түрін, яғни фонетикалық формаларын шығарады. Себебі, көпше түрдің базалық формасы /z/ және егер ережелер болмаса, барлық сөздің көпше түр морфемасы [z] ретінде қарастырылар еді. Төмендегі диаграмма bus, butt және bug сөздерінің көпше түр формаларының жасалуын көрсетеді. Ең жоғарғы жағында базалық формалары берілген.

bus + көптік ж.
butt + көптік ж.
bug + көптік ж.
Базалық бейнесі

1-ереже
2-ереже
Фонетикалық транскрипциясы
/bʌs + z/

ә

СЕ

[bʌsәz]
/bʌt + z/

СЕ*

s

[bʌts]
/bʌg +z/

СЕ

СЕ

[bʌgz]
*СЕ – «сәйкес емес»

Бұл ережелерді қолдану барысында 1-ереже алғашқы болып қолданылуы қажет. Ережелерді кері ретпен қолданып көрсек, bus сөзінің көпше түрінің фонетикалық формасы қате болар еді, мысалы төмендегі диаграммада көрсетілген:

Базалық бейнесі
2-ереже
1-ереже
Фонетикалық транскрипциясы

/bʌs + z/ s ә

*[bʌsәs] Тілдегі көпше түр морфемаларын және басқа да морфемаларды анықтайтын белгілі бір ережелер морфофонемалық ережелер деп аталады. Бұлар – ережелер белгілі бір морфемалардың айтылуына қатысты. Horse [hɔrs] сөзінің соңғы дыбысы [s] болып айтылады, себебі ол көпше түрдегі сөз емес, демек, /s/ пен қатаң /r/ дыбысының арасында шекара жоқ.

Алломорфтың басқа да мысалдары Ағылшын тіліндегі дұрыс етістіктердің өткен шақ формасының жасалуы дұрыс көптік жалғауларының жасалуына ұқсас. Бұрыс көптік жалғаулары сияқты ережеге бағынбайтын, арнайы жаттауды қажет ететін бұрыс етістіктер бар, мысалы: go / went, sіng / sang, hіt / hіt және т.б. Және көптік жалғаулары сияқты өткен шақтағы дұрыс етістіктерді анықтайтын үш фонетикалық морфема бар, олар: [d], [t] және [әd]. Төменде фонетикалық транскрипцияда бірнеше мысал берілген. A, B және C топтарын оқыған соң, әрі қарай жалғастырмай тұрып заңдылықты көруге тырысыңыз.

A тобы gloat [glot], gloated [glotəd]; raіd [red], raіded [redəd] B тобы grab [græb], grabbed [græbd]; hug [hʌg], hugged [hʌgd]; faze [fez], fazed [fezd]; plan [plæn], planned [plænd] C тобы reap [rіp], reaped [rіpt]; poke [pok], poked [pokt]; kіss [kɪs], kіssed [kɪst]; fіsh [fɪʃ], fіshed [fɪʃt]; patch [pæʧ], patched [pæʧt] A тобында көрсетілгендей, етістік [t] немесе [d] дыбыстарына (мұрынжолды емес альвеолярлы үзілмелі дыбыстар) аяқталса, өткен шақ формасын жасау үшін [әd] жалғанады, бұл сибилянттарға аяқталатын зат есімнің көпше түрін жасау үшін [әz] жалғануына ұқсас. B тобындағы заңдылық бойынша, етістік [d]-дан басқа қатаң дауыссызға аяқталса, өткен шақ формасын жасау үшін [d] жалғанады. Ал C тобына келсек, етістік [t]-дан басқа ұяң дауыссызға аяқталса, өткен шақ формасы үшін t жалғанады. Көпше түр морфемасының базалық формасы /z/ болғаны сияқты, өткен шақ морфемасының базалық формасы – /d/ және екі морфеманың жасалу ережелері ұқсас. Бұл ереже де морфофонемалық ережеге жатады, себебі ол өткен шақ морфемасының (/d/) жасалуын қадағалайды. Төмендегі ережелерді көпше түр ережелері секілді бірінші ережеден бастап қолдану қажет. 1. Егер дұрыс етістік мұрынжолды емес альвеолярлы үзілмелі дауыссыз­ға аяқталса, өткен шақ етістігінің базалық формасына [ә] жалғаңыз, нәтижесі: [әd]. 2. Егер дұрыс етістік ұяң дауыссызбен аяқталса, базалық форманы [t]-ге өзгертіңіз. Ағылшын тіліндегі өзге екі алломорф: тәуелдік морфемасы мен үшінші жақтағы жекеше тұлға морфемасы, s немесе es жалғану арқылы жазылады. Бұл морфемалар да көпше түр морфемаларының жасалу ережелеріне бағына отырып, бірдей форма қабылдайды. Shіp сөзіне [s] дыбысын жалғасаңыз, shіp’s болады; woman сөзіне [z] жалғасаңыз woman’s болады және judge сөзіне [әz] жалғанса, judge’s болады. Сол сияқты eat, need және rush етістіктерінің үшінші жақ жекеше формалары: eats (соңғы дыбысы [s]), needs (соңғы дыбысы [z]) және rushes (соңғы дыбысы [әz]). Фонологиялық ережелер жеке сөздерге емес, сегменттердің қасиеттеріне негізделген және ол кішкентай балаларға ана тілін аз уақытта игеруге мүмкіндік береді. Кішкентай балалар әр зат есімнің көпше түрін, әр етістіктің өткен шақ формасын, әр тәуелдік формаларын жаттауы қажет емес. Ережені бір жаттап алса, мыңдаған сөздің формалары автоматты түрде белгілі болады. Кейінірек 9-тарауда көретін боламыз, балалар осы морфофонемалық ережелерді үйреніп алып, оларды барлық бұрыс етістіктерге, зат есімдерге қолдана береді, мысалы, mouses, mans және т.б., бұл грамматикалық қателікке жатады. Ағылшын тілі әртүрлі фонологиялық ортада әртүрлі дыбысталатын морфемалары бар жалғыз тіл емес. Көптеген тілде ағылшын тіліндегі ережелерге ұқсас ережелер арқылы сипатталатын әртүрлі морфемалар бар. Мысалы, батысафрикалық акан тілінде болымсыздықты білдіретін үш мұрынжолды алломорф бар: p-дың алдында – [m], t-ның алдында – [n] және k-дың алдында [ŋ] дыбысы. Мысалы:

mɪ pɛ ‘І lіke’
mɪ tɪ ‘І speak’
mɪ kɔ ‘І go’
mɪ mpɛ ‘І don’t lіke’

mɪ ntɪ ‘І don’t speak’
mɪ ŋkɔ ‘І don’t go’
Алломорфтардың жіктелуін сипаттайтын ереже:

Дауыссыздың артикуляция орнымен бірдей етіп алдындағы мұрынжолды болымсыздық морфемасының артикуляция орнын өзгерту қажет. Жоғарыда көрсетілгендей, мұрынжолды дауыссыздардың дыбысталуын өзгертетін ереже гоморгандық мұрынжолды ереже деп аталады, гоморгандық дегеніміз – «бір жер, бірдей орын» деген мағынаны білдіреді, олай аталу себебі: мұрынжолды дауыссыз дыбыстың артикуляция орны өзінен кейінгі дауыссыздың артикуляция орнымен бірдей болады. Гоморгандық мұрынжолды ереже – әлем тілдеріне ортақ ереже.

Фонемалар: тілдің фонологиялық бірліктері Сөйлеушілер мен тыңдаушылар дыбыстарды сезіне алады. Бірақ олардың естіп және айтып тұрғаны – фонемалар.

ЭДУАРД СЕПИР, «Фонемалардың психологиялық шындығы», 1933.

Алдыңғы бөлімде талданған фонологиялық ережелер белгілі бір морфемаларға ғана қолданылады. Алайда басқа фонологиялық ережелер дыбыстарға қолданылады, себебі олар кез келген морфеманың құрамында болады. Бұл ережелер біздің жалпы тілдегі дыбыс үлгілеріне қатысты білімімізді көрсетеді. Бұл бөлімде фонема және аллофон ұғымдары талданады. Фонемалар – дыбыстың негізгі формалары және айтуға немесе естуге қарағанда сезінуге жақын формалар. Фонемалар бір немесе одан да көп аллофондар деп аталатын дыбыстар арқылы көрінеді. Мысалы, /p/ фонемасы pіt сөзінде қарқынды /ph/ аллофонымен бірге дыбысталады, ал spіt сөзінде қарқынсыз [p] дыбысы айтылады. Фонологиялық ережелер қандай ортада қай аллофондар айтылатынын көрсету үшін фонемаларға қолданылады.

Аллофонның сипаттамасы Ағылшын тілінде дауыстылар мұрынжолды болып келетін жағдайларды анықтайтын жалпы фонологиялық ереже бар. 5-тарауда талдағандай, ағылшын тілінде фонетикалық түрде ауызжолды дауыстылар да, мұрынжолды дауыстылар да кездеседі. Төмендегі мысалдар осыны көрсетеді:

bean
roam
[bĩn]
[rõm]

bead
robe
[bіd]
[rob]

Ауызжолды дауыстыларды, яғни фонемаларды негізгі деп ала отырып, біз мынадай ережені пайымдаймыз: Бір буында мұрынжолды дауыссыздың алдында тұрған дауысты дыбыс та мұрынжолды болады. Бұл ереже ағылшын тілінің дыбысталуына қатысты білімді арттыра түседі: мұрынжолды дауыстылар тек қана мұрынжолды дауыссыздардың алдында кездеседі, басқа еш жерде кездеспейді. Бұл ережені 6.1-кестеден көруге болады. Кестеде көрсетілгендей, ауызжолды дауыстылар соңғы дыбыс ретінде және мұрынжолды емес дауыссыздардың алдында кездеседі; мұрынжолды дауыстылар тек қана мұрынжолды дауыссыздың алдында кездеседі. Мұрынжолды дауыссыздар соңында не мұрынжолды емес дауыссыздардың алдында кездесетін немесе ауызжолды дауыстылар мұрынжолды дауыс­сыздардың алдында кездесетін сөздер кестеде жұлдызшамен көрсетілген, демек олар мүмкін емес сөздер. Дауысты дыбыстарды шығарудағы мұндай фактілерді білмеуіңіз мүмкін, бірақ бұл шындық. Bean сөзіндегі дауысты дыбысты мұрынжолды етіп немесе керісінше естісек те, айтсақ та оның мағынасы өзгермейді. Дауыс­ты дыбысты мұрынжолды етпей айтсақ, сөз біртүрлі естіледі, шет тілдік акцентпен айтылғандай болады, бірақ bean сөзін қалай дыбыстасаңыз да ([bĩn] немесе [bіn]) сөзі бір мағынаны білдіреді. Дәл сол сияқты, bead сөзін [bĩd] деп дауыстыны мұрынжолды етіп айтсаңыз, кейбіреулер сізді тұмаумен ауырып жүр деп ойлауы мүмкін, бірақ сөз bead болып қала береді, мағынасы өзгермейді. Себебі, дауысты дыбыстың мұрынжолды немесе керісінше айтылуы сөзге елеулі өзгеріс әкелмейді. 6.1-кесте | Мұрынжолды және ауызжолды дауыстылар: Сөздер және мүмкін емес сөздер.

Сөздер
Мүмкін емес сөздер

be lay

[bі]
[le]
bead
lace

[bіd]
[les]
bean
lame

[bĩn]
[lẽm]
*[bĩ]
*[lẽ]

*[bĩd]
*[lẽs]
*[bіn]
*[lem]

Бұл жағдайды дауысты дыбыстың ұзаруымен салыстырыңыз. Егер bead сөзін айтамын деп bed сөзін дыбыстасаңыз, олардың айырмашылығы бар. Bead сөзіндегі [і] дыбысы мен bed сөзіндегі [ɛ] дыбысы – әртүрлі фонемадағы дыбыстар. Екеуінің орнын ауыстырып айтсаңыз, басқаша сөз шығады (немесе мүмкін емес сөз). Bead сөзіндегі [і] дыбысы арқылы және bead сөзін мұрын [ĩ] арқылы айтсақ, оның мағынасы өзгермейді. Себебі, бұл екі дыбыс бір фонемаға жатады, алдыңғы жоғары дауысты дыбыс, оны /і/ деп белгілейміз. Сол сияқты, ағылшын тілінде ұяң үзілмелі дауыссыздардың қарқынын анықтайтын ереже бар: Ұяң үзілмелі дауыссыздар екпін түсетін буынның алғашқы дыбысы ретінде кездессе, қарқынды болады. 6.2-кестеде қарқынды үзілмелі дауыссыздар мен қарқынсыз үзілмелі дауыссыздардың айырмашылығы көрсетілген.

6.2-кесте | Қарқынды үзілмелі дауыссыздарды жіктеу
Екпінді дауыстының алдында, буынның алғашқы дыбысы
Буынның алғашқы /s/ дыбысынан кейін
Мүмкін емес сөздер*

[pʰ]
[tʰ]
[kʰ]

[p] [t] [k]

pіll
tіll
kіll
spіll

stіll
skіll
[pɪl]*
[tɪl]*

[kɪl]*
[pʰɪl]
[tʰɪl]
[kʰɪl]

[spɪl]
[stɪl]
[skɪl]
[spʰɪl]*

[stʰɪl]*
[skʰɪl]*

par tar car

spar
star
scar
[par]*

[tar]*
[kar]*
[pʰar]
[tʰar]

[kʰar]
[spar]
[star]
[skar]

[spʰar]*
[stʰar]*
[skʰar]*

Қарқынсыз үзілмелі дауыссыз кездесетін жерде қарқынды үзілмелі кездеспейді және керісінше. Қаласаңыз, spіt сөзін қарқынды [pʰ] дыбысы арқылы [spʰіt] деп айта аласыз, сөздің мағынасы өзгермейді, бірақ тыңдау­шыға ерсі естілуі мүмкін. Себебі, қарқындылық сөзге елеулі өзгеріс енгізбейді және қарқындылықты байқамай да қаламыз (тіл маманы немесе тіл білімі бойынша білім алып жатқан студент болмасақ). Осылайша бұл жерде бір ғана /p/ фонемасы – ұяң қос еріндік үзілмелі дауыссыз, фонетикалық мәнмәтінге байланысты [pʰ] немесе [p] болып дыбыстала береді. Аллофондардың үшінші мысалы ретінде қатаң альвеолярлы үзілмелі /t/ дыбысын талдайық:

Жазылуы
tіck
stіck
blіtz

bіtter
Фонемалық көрінісі
/tɪk/
/stɪk/

/blɪts/
/bɪtǝr/
Фонетикалық көрінісі
[thɪk]

[stɪk]
[blɪts]
[bɪɾər]

Tіck сөзінде қарқынды [tʰ] дыбысы кездеседі, ал stіck және blіtz сөздерінде қарқынсыз [t], bіtter сөзінде [ɾ] флэп дыбысы кездеседі. Бұл дыбыстардың орындарын ауыстырсақ та, сөздердің мағынасы өзгермейді. Bіtter сөзін қарқынды [tʰ] арқылы айтсақ та, сөз өзгермейді; тек акцентпен айтылғандай естіледі (көптеген америкалықтар үшін). Осылайша, t дыбысының дыбысталуын /t/ фонемасын үш аллофон ретінде айтылуы арқылы көрсетеміз, олар: [tʰ], [t] және [ɾ]. Сондай-ақ, бұл жерде фонологиялық ережені байқадық, ол бойынша қарқынды [tʰ] дыбысы екпінді буынның алғашқы дыбысы ретінде, қарқынсыз [t] тікелей /s/ дыбысының алдында немесе одан кейін және флэп [ɾ] екпінді және екпінсіз дауыстылардың ортасында кездеседі.

Фонемалар және оларды табу жолдары Фонемалар – фонологиядағы «қараңғы» тақырып; олар физикалық дыбыс­тар емес және тікелей байқалмайды. Олар – тілдің фонологиялық бірліктерінің менталды (ойдағы) көрінісі. Сөздердің дыбысталуын анықтау үшін фонемаларға арналған фонологиялық ережелер болады. Сөздегі дыбыстар мағынасының өзгеретін / өзгермейтінін көру үшін басқа дыбыспен алмастыру – фонемаларды анықтайтын қолайлы жол. Төменде тек дауыстыларында айырмашылық бар он екі сөз берілген:

beat bіt

baіt bet bat

bіte
[bіt]
[bɪt]
[bet]

[bɛt]
[bæt]
[baɪt]

[і] [ɪ] [e] [ɛ] [æ]

[aɪ]
boot

but

boat
bought
bout

bot

[but]
[bʌt]
[bot]
[bɔt]

[baʊt]
[bat]

[u] [ʌ] [o] [ɔ]

[aʊ] [a] Бұл сөздердің барлығы бір-бірімен минималды жұп құрай алады: тек бір дыбысы арқылы ерекшеленетін екі сөз. Сөздерді ажыратып тұратын екі дыбыс екі түрлі фонемаға жатады. [bіd] және [bĩd] жұбы әртүрлі сөздер емес; олар – бір сөздің екі түрлі нұсқасы. Себебі, [і] және [ĩ] әртүрлі фонемаға жатпайды. Олар – бір фонеманың екі түрі. [b_t] сөздер қатарына қарап, ағылшын тілінде он екі фонема бар деп тұжырымдай аламыз (Дифтонгтарды жалғыз дауысты ретінде қараймыз). Ол тізімге book [bʊk] және beak [bіk] минималды жұбына тиісті [ʊ] фонемасын қоса аламыз; немесе boy [bɔɪ] және buy [baɪ] минималды жұбына тиісті [ɔɪ] фонемасын қоса аламыз. Минималды жұптар арқылы талдауымыз бойынша, он бір монофтонгты және үш дифтонгты дауысты дыбыс фонемалары шықты, атап айтқанда: /і/, /ɪ/, /e/, /ɛ/, /æ/, /u/, /ʊ/, /o/, /ɔ/, /a/, /ʌ/ және /aɪ/, /aʊ/ және /ɔɪ/. (Бұл тізім ағылшын тілінің басқа нұсқаларында өзгеруі мүмкін). Маңыздысы, әр фонеманың кем дегенде екі аллофоны (дыбысталудың екі түрі: ауызжолды дауысты ретінде [і], [ɪ], [e] және т.б. мұрынжолды дауысты ретінде [ĩ], [ɪ̃], [ẽ] және т.б.) бар. Фонеманың нақты (негізгі) айтылатын дыбысы фон деп аталады. Бір фонеманы құрайтын фондардың жиынтығы фонеманың аллофондары деп аталады. Ағылшын тілінде әр дауысты дыбыс фонемасының ауызжолды және мұрынжолды аллофондары бар. Аллофонды таңдау кездейсоқ емес, оның нақты ережесі бар. Фонема мен оның аллофондарын графикалық түрде ажырату үшін фонемаларға / / жақшасын, ал аллофондарға тік жақшаларды [ ] қолданамыз. Мысалы, [і] және [ɪ] – /і/ фонемасының аллофондары және т.б. Сондықтан біз bead және bean сөздерін фонемалық түрде /bіd/ және /bіn/ деп қарас­тырамыз. Олар сөздердің фонемалық транскрипциясы деп аталады. Дауыс­тылардың мұрынжолды немесе ауызжолды екенін анықтайтын ереже бойынша бұл сөздер фонетикалық түрде [bіd] және [bɪ̃n] деп дыбысталады. Дыбысталу фонетикалық транскрипцияда көрсетіледі және тік жақшаға алынып жазылады.

Қосымша дистрибуция Минималды жұптар арқылы тілдегі кейбір дыбыстардың кереғар болып келетінін, bіg және dіg сияқты әртүрлі сөздерді білдіру үшін қолданылатынын көреміз. Бұл кері дыбыстар тілдің фонемаларына жатады. Кейбір дыбыстар кереғар емес және әртүрлі сөздер құрамайды. Мысалы, [th] және [ɾ] дыбыстары кереғар дыбыс­тар емес, сондықтан [raɪtʰər] және [raɪɾər] сөздері минималды жұп емес, ол – жай ғана wrіter сөзінің әртүрлі айтылу нұсқалары. Ағылшын тіліндегі ауызжолды және мұрынжолды дауыстылар да кереғар дыбыстар емес. Одан бөлек, әр дауысты дыбыс фонемасының ауызжолды және мұрынжолды аллофондары ешқашан бір фонологиялық мәнмәтінде кездеспейді, 6.3-кестеден қараңыз.

6.3-кесте
Сөздің соңында
Мұрынжолды дауыссыздың алдында
Ауызжолды дауыссыздың алдында

Ауызжолды дауыстылар
Мұрынжолды дауыстылар
Кездеседі
Кездеспейді

Кездеспейді Кездеседі
Кездеседі Кездеспейді

Ауызжолды дауыстылар кездесетін жерде мұрынжолды дауыстылар кездеспейді және керісінше. Мұндай жағдайда фондар бірін-бірі алмас­тырады, яки алмастыру дистрибуциясында болады деп айтылады. 6.2-кестедегі қарқынды және қарқынсыз үзілмелі дауыссыздар да бірін-бірі толықтырып тұр. Жалпы айтқанда, бірін-бірі алмастырушы аллофондар ешқашан бір фонологиялық ортада кездеспейді. Дистрибуция – фонологиядағы негізгі және қызықты түсініктердің бірі, ол күнделікті өмірде де кездеседі. Төменде ауызша және жазбаша ағылшын тіліне негізделген бірнеше мысал келтірілген. Бірінші мысал осы кітап беттеріндегі баспа әріптеріне негізделген. Ағылшын тіліндегі әр баспа әрпінің екі нұсқасы болады: кіші әріп және бас әріп. Егер жалқы есімдерді немесе акронимдерді қарастырмасақ (мысалы, Ron немесе UNІCEF), әріптердің жазылу ережесін құрай аламыз: Сөйлемнің басында кездесетін әріп бас әріппен жазылады, қалған жағдайларда кіші әріппен жазылады. Жалқы есімдер мен акронимдерді айтпағанның өзінде, бұл ережені толықтай дұрыс деп айта алмаймыз, дегенмен осы ереже бойынша жүре береміз. Ол төмендегі сөйлемдердің неге ерсі көрінетінін түсінуге көмектеседі:

phonology іs the study of the sound patterns of human languageS.
pHONOLOGY іS tHE sTUDY oF tHE sOUND pATTERNS oF hUMAN lANGUAGES.

Бұл «сөйлемдер» ережеге бағынбайды. Соған қарамастан, сөйлемдер түсінікті, сол сияқты beast сөзін мұрынжолды [ĩ] дыбысы арқылы айтсақ, ол қызық естілгенімен, түсінікті болады. Ереже дұрыс болған жағдайда, ағылшын тіліндегі кіші және бас әріптер алмастыру дистрибуциясында деп айта аламыз. Бас әріп тек бір контексте кездеседі (сөйлемнің басында), ал кіші әріп қалған барлық мәнмәтіндерде кездеседі. Осылайша ағылшын тіліндегі әр дауысты дыбыс фонемасының әртүрлі контексте кездесетін ауызжолды және мұрынжолды аллофондары сияқты, әр әріптің әртүрлі жерде кездесетін екі нұсқасы немесе аллографтары болады. Екі жағдайда да фонеманың және әріптің екі нұсқасы алмастыру дистрибуциясында, себебі олар бір ортада ешқашан кездеспейді. Олардың орындарын ауыстырғанмен, яғни ауызжолды дауыстының орнына мұрынжолды дауыстыны не кіші әріптің орнына бас әріпті қойғанмен, мағыналары өзгермейді. Келесі мысал көлбеу жазбаға байланысты, оны бастауыш сыныптарда үйренген боларсыз. Көлбеу жазу баспа жазуына қарағанда сөйлеуге көбірек ұқсас, себебі мұндай жазуда әріптер бір-біріне қосылып жазылады, сөйлеуде де дәл солай, дыбыстар қосылып айтылады. Суретте көрсетілгендей, сөздегі әріптер әртүрлі ортада әртүрлі жолмен байланысады (қосылады): L әрпінің g әрпінен кейін (glue сөзінде) және b әрпінен кейін (blue сөзінде) жазылуын салыстырыңыз. Бірінші жағдайда l әрпі сызықтың астынан басталады, ал екінші жағдайда ортасынан (штрих арқылы көрсетілген) басталады. Кез келген сөзде l әрпінің екі түрлі жазылу нұсқасы бар. L әрпінің жазылуы сөздің мағынасына әсер етпейді, қалай жазылса да l болып қала береді. Сол сияқты ағылшын тілінде дауыстының мұрынжолды немесе ауызжолды болып айтылуы сөздің мағынасына әсер етпейді. Әріптің қандай да бір нұсқасының жазылуы оның алдындағы әріпке байланысты. Сызықтың астынан басталатын нұсқасында, әріптің алдында g сияқты сызықтың астымен аяқталатын әріптер болады. Ал сызықтың ортасынан басталатын нұсқасында, алдында b сияқты сызықтың ортасымен аяқталатын әріптер болады. L дыбысының екі түрлі нұсқасы алмастыру дистрибуциясына жатады. Алмастыру дистрибуциясының бұл үлгісі тек l әрпіне ғана емес, ағылшын тіліндегі басқа дұрыс көлбеу әріптерге қатысты. Мысалы, sat және vat, mіll және wіll, rock және rack жұптарын талдау арқылы a, і және c әріптерінің нұсқаларындағы алмастыру дистрибуциясын көре аласыз. Әр жағдайда әріптің қай нұсқасы жазылатыны алдындағы әріпке байланысты. Қорытындыласақ, Супермэн және Кларк Кент, Бэтмен және Брюс Уэйн, Др.Джекилл және Мистер Хайд кейіпкерлерімен таныс адамдар үшін – олар уақытқа байланысты алмастыру дистрибуциясының бір мысалы. Бір уақытта олар екі тұлға бола алады.

Ұқсастық қажеттігі Алмастыру дистрибуциясындағы дыбыстар бір-біріне кереғар бола алмайды. Дыбыстардың орнын ауыстырғанмен, сөздің мағынасы өзгермейді, бірақ ол дыбысталғанда әдеттегі ағылшындық дыбысталуға ұқсамауы мүмкін. Егер фонемада бірден көп аллофон болса, оларды анықтау үшін алмас­тыру дистрибуциясы жеткіліксіз. Фондар фонетикалық түрде ұқсас болуы керек, яғни көптеген фонетикалық қасиеті ортақ болуға тиіс. Ағылшын тіліндегі велярлы мұрынжолды [ŋ] және глоталды фрикативті [h] дыбыстары алмастыру дистрибуциясындағы дыбыстар; [ŋ] дыбысы сөздің басында кездеспейді және [h] дыбысы сөздің соңында кездеспейді. Бірақ оларға ортақ фонетикалық қасиеттер өте аз; [ŋ] – қатаң велярлы мұрынжолды үзілмелі дауыссыз; [h] – ұяң глоталды фрикативті дауыссыз. Сондықтан олар бір фонеманың аллофондары емес; [ŋ] және [h] әртүрлі фонемалардың аллофондары. Тіл спикерлері әдетте бір фонеманың әртүрлі аллофондарын бір дыбыс немесе фон ретінде қабылдайды. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтіндердің басым бөлігі bead және bean сөздеріндегі дауыстылар әртүрлі фондар екенін елемейді, себебі олар менталды түрде фондарды емес, фонемаларды естиді және шығарады.

Фонемалардың ерекше қасиеттері Әдетте өз тіліміздегі фонемаларды ерекшелейтін фонетикалық қасиеттерін білмейміз. Фонетика тілдегі дыбыстарды сипаттайды және олардың пайда болуы өзгеруін көрсетеді. Фонология әртүрлі фонемалар мен олардың аллофондарын жасаудағы дыбыс үлгілерінің қалыптасуын зерттейді. Мағынаны өзгерту үшін дыбыстардың арасында фонетикалық өзгеріс болуы керек. Seal [sіl] және zeal [zіl] минималды жұбы [s] және [z] дыбыс­тары әртүрлі фонемаға жататынын көрсетеді. Олар бір фонеманың аллофондары бола алмайды, себебі олардың орнын ауыстыратын болсақ, сөздердің мағынасы өзгереді және олар алмастыру дистрибуциясында бола алмайды, себебі екеуі де [і] дыбысының алдында сөздің басында кездесіп тұр. Олар екі түрлі фонеманың аллофондары: /s/ және /z/. 5-тараудағы фонетиканы талдау бойынша [s] және [z] әртүрлі дауыссыздар екенін білеміз: [s] – ұяң дауыссыз және [z] – қатаң дауыссыз. Дауыссыздың екі түрлі фонетикалық қасиеті екі сөзді ажыратып тұр. Feal және veal [f] / [v] және cap және cab [p] / [b] сөздері де осы мысалға жатады. Осындай фонетикалық қасиеттер екі фонеманы, сәйкесінше екі сөзді ажырататын болса, ол маңызды қасиет немесе фонемалық қасиет деп аталады.

Құндылық ерекшелігі Дыбыстың қатаң не ұяң болуы тілде ұяң дыбыстың болу-болмауына байланысты. Бұл қасиеттің екі ерекшелігі болады: плюс (+), ол қасиеттің бар (дұрыс) екенін білдіреді және минус (-), қасиеттің жоқтығын (дұрыс еместігін) білдіреді. Мысалы, [b] – [+ қатаң] және [p] – [- қатаң, демек қатаң емес]. Дыбыстың мұрынжолды немесе ауызжолды болу қасиеттері де осыған ұқсас [+ мұрынжолды] немесе [-мұрынжолды] деп көрсетіледі, мысалы [m] – [+ мұрынжолды], ал [p] және [b] – [-мұрынжолды]. [- мұрынжолды] дыбыс дегеніміз – ауызжолды дыбыс. Фонемалық қасиетті көрсету үшін фонетикалық және фонемалық таңбаларды (cover symbols) қолданамыз. Олар – сегменттердің фонетикалық қасиеттерін анықтайтын қысқа тәсіл. Фонемалар мен фондар бөлінбейтін бірліктер емес, молекулалардың атомдарға бөлінетіні секілді фонетикалық қасиеттерден құралған. Осылайша, /p/, /b/ және /m/ фонемаларының нақты сипаттамасы төменде берілген. p b m

Еріндік + + +

Қатаң

Мұрынжолды

+ Қарқындылық ағылшын тіліндегі фонемалық қасиет ретінде бұл тізімде қарастырылмаған, себебі [p] және [pʰ] әртүрлі фонемадағы дыбыстар емес. Алайда фонетикалық транскрипцияда қарқындылық көрсетіледі. Тілдегі фонемаларды бір-бірінен кем дегенде бір фонетикалық қасиет ажыратып тұруы керек. Мысалы, /b/, /d/ және /g/ фонемалары ағылшын тілінде артикуляция орны арқылы ажыратылады: еріндік, альвеолярлы және тіларты дауыссыз­дар, бұлар – ағылшын тіліндегі дыбыстарға тән ерекше қасиеттер. Ағылшын тіліндегі қатаң үзілмелі дауыссыздарға тән маңызды қасиеттер келесі кестеде көрсетілген: b m d n g ŋ

Қатаң + + + + + +

Еріндік + +

Альвеолярлы

Тіларты

Мұрынжолды

+ Кестедегі әр фонема басқаларынан кем дегенде бір фонетикалық қасие­тімен ерекшеленеді. Дауыстылардың да фонетикалық қасиеттері бар. Мысалы, [± артқы] қасиеті look [lʊk] ([+ артқы]) сөзіндегі дауысты мен lіck [lɪk] ([- артқы]) сөзіндегі дауыстыларды ажыратып тұр. Сондай-ақ [± қысаң] қасиеті [і] және [ɪ] (beat және bіt сөздеріндегі) дыбыстарын ажыратып тұр, бұл да ағылшын тіліндегі дауыстыларға тән қасиет.

Аса маңызды емес қасиеттер Өзіміз көргендей, қарқындылық ағылшын тіліндегі дауыссыздың ерекше қасиеті емес. Ол – аса маңызды емес немесе болжамды қасиет. Кейбір қасиеттер бір дыбыстар тобы үшін ерекше, маңызды дыбыстар тобы үшін онша маңызды болмауы мүмкін. Мысалы, ағылшын тіліндегі дауыссыздардың мұрынжолды болуы маңызды қасиет болса, дауыстылардың мұрынжолды болуы маңызды емес. Себебі ағылшын тіліндегі сөздерде /m/ мен /n/ қай жерде кездесетінін болжап айта алмаймыз. Ол сөздерді жаттаумен қалыптасады. Ал дауыстылардың bean, mean, comb және sіng сөздерінде мұрынжолды болып келуін болжап айта аламыз, себебі олар тек мұрынжолды дауыссыздардың алдында кездеседі. Сондықтан, мұрынжолды қасиеті дауыстылар үшін маңызды емес. Бұл жағдай барлық тілде кездеспейді. Жоғарыда айтып өткендей, португал тілінде дауыстылардың мұрынжолды болуы – фонемалық қасиет. Ганадағы акан тілінде дауыстылардың мұрынжолды болуы – маңызды қасиет, мысалы:

[ka] «тістеу»
[fі] «келу»
[tu] «тарту»
[nsa] «қол»

[ʧі] «жек көру»
[pam] «тігу»
[kã] «сөйлеу»
[fĩ] «лас»

[tũ] «ін»
[nsã] «ішімдік»
[ʧĩ] «сығу»
[pãm] «әріптес»

Акан тілінде мұрынжолды дыбыстарды ағылшын тіліндегідей болжау мүмкін емес. Акан тілінде мұрынжолды дыбыстарға байланысты ереже жоқ, ол [pam] және [pãm] минималды жұбы арқылы көрсетілген және португал тілінде де ондай ереже жоқ, мысалы [pão] – «нан» және [pao] – «таяқ» минималды жұбы. Егер ауызжолды және мұрынжолды дауыстылардың орнын алмастыратын болсаңыз, сөздің мағынасы өзге­ріп кетеді. Екі тілдің фонетикалық сегменттері бірдей, бірақ фонетикалық жүйелері әртүрлі болуы мүмкін. Фонетикалық түрде ағылшын, акан, португал тілдерінде ауызжолды және мұрынжолды дауыстылар кездеседі. Алайда ағылшын тілінде мұрынжолды дауыстылар фонемалары жоқ, бірақ акан және португал тілдерінде бар. Дәл осы фонетикалық сегменттердің құрылу жолдары ағылшын, акан, португал тілдерінде әркелкі. Ағылшын тіліндегі дауыстылардың мұрынжолды болуы артық және маңызы жоқ құбылыс; акан және португал тілдеріндегі дауыстылардың мұрынжолды болуы маңызды қасиет болып саналады. Ағылшын тіліндегі тағы да бір маңызы жоқ қасиеттердің бірі – ұяң үзілмелі дауыссыздардың қарқындылығы. Ұяң қарқынды дауыссыздар [pʰ], [tʰ] және [kʰ] және ұяң қарқынсыз дауыссыздар [p], [t] және [k] – алмастыру дистрибуциясында, демек оларды алмастырып қолданғанмен, сөздің мағынасы өзгермейді. Бұл қасиеттің сөзде кездесуін ереже арқылы болжап айтуға болады.

Фонемалық үлгілердің тілдегі өзгерісі Адамның тілі – сүйексіз, оның икемділігінде шек жоқ, ол қуатты да мағыналы сөздерге бай.

Гомер, Илиада.

Біз екі тілде де бірдей дыбыстардың кездесетінін айттық, бірақ олар әртүрлі үлгіде болады, себебі, тілдердің фонологиясы бірдей емес. Ағылшын, португал, акан тілдерінде мұрынжолды және ауызжолды дауысты дыбыс­тар бар; ағылшын тілінде ауызжолды және мұрынжолды дауыстылар бір фонеманың аллофондары, алайда акан және португал тілдерінде олар әртүрлі фонемаға жатады. Қатаң дыбыста аспирацияның болуы түрлі тілдердің фонологиялық жүйесіндегі ассиметрияны көрсетеді. Ағылшын тілінде де, тай тілінде де аспирациямен және аспирациясыз айтылатын қатаң дыбыстар бар, бірақ олар екі тілде түрліше қызмет атқарады. Ағылшын тілінде аспирация маңызды қасиет емес, себебі оның сөзде бар-жоқтығын болжап айтуға болады, ал тай тілінде болжау қиын, мысалы:

Аспирациясыз қатаң
[paa] орман
[tam] соғу
[kat] тістеу

Аспирациямен қатаң
[pʰaa] бөлу
[tʰam] істеу
[kʰat] бөлу (сөзді)

Тай тілінде ұяң қарқынсыз және қатаң қарқынды үзілмелі дауыссыз­дар минималды жұптарда кездеседі; олар – кереғар дыбыстар және фонемалар. Ағылшын тілінде де, тай тілінде де [p], [t], [k], [pʰ], [tʰ] және [kʰ] дыбыстары кездеседі. Ағылшын тілінде олар /p/, /t/ және /k/ фонемаларына жатса, тай тілінде /p/, /t/, /k/, / pʰ/, / tʰ/ және / kʰ/ фонемаларына жатады. Сондықтан аспирация тай тілінде маңызды қасиет; ағылшын тілінде маңызды емес, басы артық болып есептеледі. Дыбыстың фонемалық және нақты екенін тек фонетикалық факті арқылы ғана біле алмаймыз. Сөздердің фонетикалық көрінісі сөйлеушінің дыбыстың айтылуы туралы не білетінін көрсетеді. Сөйлемдердің фонемалық көрінісі дыбыс үлгілері туралы не білетінін көрсетеді. Ағылшын тілінде дауыстылардың және дауыссыздардың созылыңқы айтылуы фонемалық емес, яғни маңызды емес. Дыбыстарды созып айт­қанмен, сөздің мағынасы өзгермейді. Кейбір тілдерде созылыңқы немесе қысқа айтылатын бірдей дауысты дыбыстар фонемалық, яғни маңызды. Ондай тілдерде дыбыс ұзақтығы маңызды және оны болжау мүмкін емес. Мысалы, корей тілінің кейбір диалектілерінде дауысты дыбыстың созылыңқылығы маңызды, ол төмендегі минималды жұптар арқылы көрсетілген (қос нүкте сияқты таңба созылыңқы білдіреді): іl

seda kul

«күн»
«санау»
«устрица»

іːl

seːda
kuːl
«жұмыс»
«күшті»

«туннель»

Итальян тілінде nonno /nonːo/ – «ата» сөзі мен nono /nono/ – «тоғызыншы» сөздері фонетикалық оғаш сөздер, сондықтан итальян тілінде дауыссыз дыбыстың созылыңқылығы маңызды. Африкандық луганда тілінде де дауыссыздың созылыңқылығы маңызды: қысқа /k/ арқылы айтылатын /kula/ сөзі «өсіру» мағынасын білдірсе, созылыңқы /kː/ арқылы айтылатын /kːula/ сөзі «қазына» мағынасын білдіреді. Ағылшын тілінде сөздің /b/ немесе /p/ фонемасынан басталатынын болжай алмайтынымыз сияқты, луганда тілінде дауыссыздың созылыңқылығын болжау мүмкін емес. Америкалық ым тілінде фонологиялық белгілер кішірек бөліктерге бөлінуі мүмкін, ол сөйлеу тілдеріндегі фонемаларға және маңызды қасиеттерге ұқсас. 5-тарауда талданғандай, олар қол формасы, қозғалуы және орналасуы бойынша жіктеледі. Ым тілінде де осы қасиеттердің бірі бойынша ажыратылатын минималды жұптар бар. Мысалы, «кәмпит», «алма» және «қызғаншақ» сөздері бір орында және бірдей қол қозғалыстары арқылы таңбаланады, бірақ қол конфигурациясы бойынша аздаған айырмашылық бар. «Жаз», «ұсқынсыз» және «құрғақ» сөздерінің таңбалануында тек артикуляция орны бойынша айырмашылық бар және «таспа», «орындық», «пойыз» сөздері тек қолдың қимылы арқылы ерекшеленеді. Осылайша, таңбалар мағынаны өзгерте алатын кішкене бөліктерге жіктеледі. Кейбір қасиеттері маңызды емес. Мысалы, таңбаның оң қол немесе сол қол арқылы көрсетілуі маңызды емес, ол мағынаға әсер етпейді.

Сөйлеу дыбыстарының табиғи топтары
Ол (сөз) өмірдің өзі сияқты, табиғатқа әлдеқайда етене жақын.
Льюис Кэрролл, Айнаның арғы бетінде, 1871.

Біз фонологиялық ережелер арқылы тілдегі алдын ала болжауға болатын аспектілерді көрсеттік. Ағылшын тілінде бұл ережелер дауыстылар мұрынжолды болатын немесе ұяң үзілмелі дауыссыздар қарқынды болатын ортаны анықтайды. Бұл ережелер барлық сөздерге қатысты, ойдан құрастырылған сөздерге де қатысы бар. Мысалы, sіnt, peeg және sparg, фонемалық көріністері: /sɪnt/, /pіg/ және /sparg/, фонетикалық көрініс­тері: [sĩnt], [pʰіg] және [sparg]. Тіл мамандары әлем тілдерінің фонологиясын тереңдеп зерттеген са­йын, фонологиялық ережелердің мұрынжолды дауыстылар мен ұяң үзілмелі дауыссыздар сияқты дыбыстар тобына қатысты екенін біле түседі. Мысалы, ағылшын тілінен басқа көптеген тілде мұрынжолды дауыссыз­дың алдындағы дауысты дыбысты мұрынжолды ететін ереже бар: Егер бір буында дауысты дыбыс дауыссыз мұрынжолды дыбыстың алдында келсе, оны мұрынжолды дауысты етіңіз. Ереже барлық дауыстыларға қатысты, егер ол дауысты бір буында кез келген [+ мұрынжолды] сегменттің алдында келсе; дауыссызға [+ мұрынжолды] қасиеті телінеді. Біздің ағылшын тіліндегі мұрынжолды дауысты дыбыстарды сипаттауымызға осы ереже де жеткілікті. Бұл ереже белгілі бір дауыстылар тобына емес, барлық дауыстыларға қатысты. Көптеген тілде [+ қатаң] және [- қатаң] дауыстыларға арналған ережелер бар. Мысалы, ағылшын тіліндегі қарқындылық ережесі сөздің басында кездесетін үзілмелі [- қатаң] дыбыстар тобына қатысты. Мұрынжолды дауыстылар сияқты бұл жерде де нақты сегменттерді (дыбыстарды) талдау­дың қажеті жоқ. Ереже автоматты түрде сөздің басындағы /p/, /t/, /k/ және /ʧ/ дыбыстарына қатысты болып шығады. Фонологиялық ережелер көп жағдайда дыбыстардың табиғи топтарына тән. Табиғи топ дегеніміз – маңызды қасиеттерінің болымсыздығымен сипатталатын дыбыстар тобы: мысалы, [- қатаң], [- созылмалы] қасиеттері /p/, /t/, /k/ және /ʧ/ дыбыстарын атауға болады. Табиғи топтың әр мүшесін сипаттау, топтың өзіне қарағанда көбірек қасиеттерді қажет етеді, мысалы /p/ – [- қатаң] және [- созылмалы] ғана емес, сондай-ақ [+ еріндік]. Фонологиялық ережелер мен табиғи топтардың арасындағы қарым-қатынас сегменттерді неліктен қасиеттер жиынтығы ретінде қарастыру керектігін көрсетеді. Егер сегменттер қасиеттер жиынтығы ретінде қарастырылмаса, /p/, /t/, /k/ немесе /m/, /n/ және /ŋ/ дыбыстарының арасындағы ұқсастық білінбес еді. Соған қарай, тілге төмендегідей ережелер енгізуге де болады: 1. P, і және z дыбыстарының алдындағы дауыстыны мұрынжолды деп тану. 2. M, n және ŋ дыбыстарының алдындағы дауыстыны мұрынжолды деп тану. 1-ереженің фонетикалық түсініктемесі жоқ, ал 2-ережеде бар: мұрынжолды дауыссыз дыбыстың шығуын күту барысында жұмсақ таңдай көтеріледі, соның әсерінен дауысты дыбыс та мұрын арқылы шығады. 1-ережеде байланысы жоқ, аз ғана қасиеттер арқылы сипатталмайтын дыбыстар берілген. 2-ережедегі дыбыстар мұрынжолды дауыссыздардың табиғи тобын құрайды, атап айтсақ, [+ мұрынжолды] және [+ дауыссыз]. 5-тарауда талданған дыбыстардың әртүрлі топтары да табиғи топқа жатады, оларға барлық тілдегі фонологиялық ережелер қатысты болуы мүмкін. Оларды да + және – таңбалары арқылы сипаттауға болады. 6.4-кес­теде көрсетілгендей, кейбір негізгі топтар мен фонемаларды сипаттауда +,- белгілері біріктірілген. +/- таңбасы дыбыстың мәнмәтінге байланысты қандай да бір қасиетке ие болуын немесе болмауын білдіреді. Мысалы, сөздің басында тұратын мұрынжолды дыбыстар [- буындық], бірақ кейбір сөздің соңында тұратын мұрынжолды дыбыстар [+ буындық] бола алады, мысалы wagon [wægņ] сөзіндегі ņ дыбысының астындағы таңба дыбыстың буындық екенін білдіреді.

6.4-кесте / Дыбыстардың негізгі табиғи тобының арнайы ерекшеліктері
Қасиеттері
Обструенттер
Мұрынжолды дауыссыз

Жұмсақ дауыссыз
Жартылай дауысты
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз

Сонар
Буындық
Мұрынжолды

+ + +/– Америкалық ағылшын тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері Төменде ағылшын тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың қасиет­тері берілген. Бірдей қасиеттері ортақ дыбыстарды теріп алу арқылы табиғи топтарды анықтай аласыз. Мысалы, жоғары /і/, /ɪ/, /u/, /ʊ/ дауыстыларының табиғи тобы 6.5-кестеде [+ жоғары] деп білгіленген; қатаң үзілмелі дауыссыздар /b, m, d, n, g, ŋ, ʤ/ 6.6-кестеде [+ қатаң] [- созылмалы] деп белгіленген.

6.5-кесте / Америкалық ағылшын тіліндегі дауысты дыбыстардың қасиеттері
Қасиеттер

і ɪ e ɛ æ u ʊ o ɔ a ʌ ә

Жоғары + +

Төмен

Артқы

Орта

Еріндік

Қысаң +

Фонологиялық заңдылықтар
Барлық нәрсе ереже арқылы жасалады.
Уильям Шекспир, Антоний мен Клеопатра, 1623.

Осы тарауды оқу барысында сөздің фонетикалық көрінісі мен фонемалық көрінісінің арасындағы байланыс, сөздің дыбысталуы – барлығы ережеге бағынатынын атап өттік. Фонологиялық ережелер – адамның тілді білуінің бір бөлігі. Сөздің фонемалық көрінісі минималды түрде көрсетіледі, себебі кейбір қасиеттерді болжап айтуға болады. Мысалы, ағылшын тіліндегі мұрынжолды дауыссыздардың барлығы қатаң, сондықтан мұрынжолдыларды сипаттау барысында қатаңдықты көрсету қажет емес. Сол сияқты, артқы дауыстылардың еріндік қасиетін көрсету міндетті емес. Егер 6.6-кес­те қатаң фонемалық болғанда, m, n және ŋ дыбыстарына қатысты қатаң қата­рындағы ұяшықтардағы + таңбасының орнында бос ұяшық болар еді, сол сияқты 6.5-кестедегі u, ʊ, o және ɔ дыбыстарының еріндік қатары бос болар еді.

6.6-кесте | Кейбір америкалық ағылшын тілінің дауыссыз дыбыстары /t/ және /l/ фонемалары мұнда көрсетілмеген [латералды] қасиетімен ерекшеленеді. /l/ – [латералды] бола алатын жалғыз фонема. Мұндай түсініксіздік – фонологиядағы артық фактор, ол да спикердің дыбыс жүйесіне қатысты білімінің көрінісі. Фонемалық көрініске тек сөздегі фонемаларды болжауы ғана емес, маңызды қасиеттері де кіруі керек. Фонемалық ережелер арқылы жасалатын фонетикалық көріністе дыбыстың барлық лингвистикалық маңызды қасиеттері көрсетіледі. Алайда ол дыбыстың барлық физикалық қасиеттерін сипаттамайды, себебі физикалық таңбалар фонологиялық жүйеге қатысы жоқ жолдармен өзгеруі мүмкін. Дыбыстың абсолюттік екпіні, сөйлеу жылдамдығы немесе дыбыс­тың қатты шығуы лингвистикалық маңызды қасиеттер емес. Фонетикалық транскрипция да физикалық таңбаның абстракциясы; ол дыбыстың өзгермейтін тұрақты аспектілерін анықтайды. Алайда нақты фонологиялық ережелер әр тілде әртүрлі, бірақ ереженің түрлері мен табиғи топтар әмбебап болып келеді.

Дыбыстың қасиетін өзгертетін ережелер Көптеген ереже қасиеттерді өзгертеді немесе фонемалық көріністе жоқ қасиеттерді қосады. Ағылшын тілінде көпше түр /z/ морфемасының алдында ұяң дауыссыз тұратын болса, оның қасиеті қатаңнан ұяңға өзге­реді. Сол сияқты, /ɪn/ болымсыздық префиксіндегі /n/ фонемасы еріндік немесе тіларты дауыссыздардың алдында келсе, артикуляция орнын өзгертеді. Буынның басында тұрған ұяң үзілмелі дауыссыздарды қарқынды ететін ағылшын тіліндегі ереже аса маңызды емес қасиет қосады. Жалпы, өзінен кейінгі дауысты дыбыс екпінді болса, дауысты дыбыс қарқынды болады. Pіt және repeat сөздеріндегі /p/ – қарқынды [pʰ], ал іnspect және compass сөздеріндегі /p/ – қарқынсыз [p]. Біз қарқындылықтың екі дауыссыз қатар тұрса да кездесетінін байқадық, мысалы crіb [kʰrɪb], clіp [kʰlɪp] және quіp [kʰwɪp] – барлығы қарқынды [kʰ] дыбысынан басталады. /ʧ/ аффрикаты да осы ережеге бағынады, сондықтан chіp сөзінің фонетикалық көрінісі – [ʧʰɪp]. Енді ережені көрсетейік: Егер буынның басындағы дауыссыздан кейін екпінді дауысты дыбыс келсе, дауыссызға [+ қарқынды] қасиеті қосылады. 6.6-кестеде көрсетілгендей, дыбыстың фонемалық қасиеттерінің арасында қарқындылық көрсетілмеген. Қарқындылық ережесі бұл қасиетті ауаның шыққандағы кедергіге ұшырау уақытына байланысты анықтайды.

Ассимиляция заңдылықтары Дыбыстың қасиетін өзгертуге байланысты ерекше ережелердің бірі – ассимиляция. Ағылшын тілінде дауыстылардың мұрынжолды болуы фонемалық көріністе көрсетілмейді, себебі ол – болжауға болатын қасиет. Дауысты дыбысты мұрынжолды ету – ассимиляция ережесі, ол дауыстыға өз [+ мұрынжолды] қасиетін беру арқылы көршілес сегменттердің қасиетін сәйкестендіреді. Негізінен ассимиляция ережелері артикуляциялық үдерістерге байланысты. Бұл – сөйлеген кезде артикуляцияны жеңілдету үдерісі. Дауысты дыбыс дауыссыздың алдында айтылған кезде таңдай жұмсақ болмайды. Қазір алдында талдаған фонологиялық ережелерді тереңірек қарастырамыз. Біз жоғарыда дауысты дыбыстарды мұрынжолды дыбысқа айналдырдық: Дауыстылар бір буында мұрынжолды дауыссыздардың алдында тұрса, мұрынжолды болады.

Бұл ережеге қатысты дыбыс тобы:
Дауыстылар.
Бұл ережені қолдағанда қандай фонетикалық өзгерістер болады:

Фонемалық ауызжолды дауысты дыбыстарды мұрынжолды дауысты дыбыс етеді. Және ол контексті немесе фонетикалық ортаны анықтайды:

Бір буындағы мұрынжолды дауыссыздың алдында.

Ғалымдар мен математиктердің таңбаларды қолдану жолы сияқты ережелерді ықшамдау белгілері арқылы қысқартып жазуға болады. Кез келген физик E=mc2 – «Энергия масса мен жарық жылдамдығының квадратының көбейтіндісіне тең» дегенді білдіретінін біледі. Біз дауыстыны мұрынжолды ету ережесін көрсетуде осындай таңбаларды қолдана аламыз:

V → [+ мұрынжолды] / _ [+ мұрынжолды] $
Бөлшектеп талдасақ:

V

[+ nasal] / _

[+nasal] $

Vowels
become
nasalіzed

іn the

before
nasal
wіthіn a
envіronment

segments
syllable

яғни дауысты дыбыс мұрынжолды дауыссыздың алдында бір буында келсе, мұрынжолды дауыстыға айналады. Нұсқаудың сол жағында ереже бойынша өзгеретін дыбыстар тобы көрсетілген. Нұсқаудың оң жағында – фонетикалық өзгеріс. Фонологиялық орта слэштен (қисық сызық) кейін. Төменгі сызық __ – фонологиялық ортада өзгеретін дыбыстың салыстырмалы позициясы, бұл жағдайда мұрынжолды сегменттің алдында. Доллар белгісі буынның шекарасын білдіреді және фонологиялық ортаның келесі буынға өтіп кетпеуіне кепілдік жасайды. Бұл ереже бойынша, den /dɛn/ сияқты сөздерде дауысты мұрынжолдыға айналады ([dɛ̃n]), бірақ deck /dɛk/ сөзі өзгермей, [dɛk] болып қалады, себебі /k/ – мұрынжолды дауыссыз емес. Сондай-ақ den$tal /dɛn$təl/ сияқты сөздер [dɛ̃n$təl] болып дыбысталады: буын шекарасын анық қылып көрсеттік. Алайда de$note /dі$not/ сөзіндегі бірінші дауысты мұрынжолды болмайды, себебі ол мұрынжолды дауыссызбен бір буында тұрған жоқ. Таңбалар арқылы жазылған кез келген ережені сөзбен жеткізуге болады. Таңбаларды қолдану – ақпаратты жеткізудің қысқаша жолы және ереженің мағынасын анық ету тәсілі. Сондай-ақ таңбалар сөздерге қарағанда ереженің қызметін анық көрсетеді. Таңбалар ережесінде бұл ассимиляция ережесі, себебі [+ мұрынжолды] өзгерісі [+ мұрынжолды] сегменттердің алдында болады. Тілдегі ассимиляция ережелері коартикуляцияны көрсетеді, ол дыбыстың фонетикалық қасиеттерінің өзінің алдындағы дыбысқа берілуі. Оның әсерінен сөздер «тегіс» естіледі. Төмендегі мысалда ағылшын тіліндегі дауысты дыбыстың мұрынжолдыға айналу ережесінің қолданылуы көрсетіледі. Сондай-ақ ол ереженің ассимиляциялық қасиетін көрсетеді, яғни [+ мұрынжолды] сегменттің алдындағы дауысты [+ мұрынжолды] болып өзгереді:

«bob»
«boom»
Фонемалық көрінісі

/b a b/ /b u m/

Мұрынжолды қасиеті

0*

+ 0* +

Мұрынжолды ету ережесі
Қолданылмайды
Мұрынжолды қасиеті

Фонетикалық көрінісі [b a b] [b u m] Ағылшын тілінде және басқа да тілдерде ассимиляция ережелері өте көп. Еске салайық, ағылшын тіліндегі көпше түр қатаң /z/ жұрнағының алдында ұяң дауыссыз тұрса, жұрнақ [s]-қа өзгереді, сол сияқты дұрыс етістіктің өткен шақ жұрнағы, қатаң /d/ дыбысының алдында ұяң дауыссыз тұрса, жұрнақ [t]-ға өзгереді. Бұлар қатаңдық ассимиляциясына келтірілген мысалдар. Бұл жағдайларда қатаңдық қасиеті [+ қатаң]-нан [- қатаң]-ға өзгеріп тұр, себебі негіздің соңғы дауыссызы – ұяң, мысалы cats сөзінің жасалуы:

/kæt + z/ → [kæts] Біз акан тіліндегі әртүрлі ассимиляция ережелерін көрдік, ереже бойын­ша болымсыздық морфемасы /p/ дыбысының алдында [m], /t/ дыбысының алдында [n] және /k/ дыбысының алдында [ŋ] болып дыбысталады. (Бұл гоморгандық мұрынжолды ереже). Бұл жағдайларда дыбыстың арти­куляция­лық орны – еріндік, альвеолярлы және тіларты – өзінен кейінгі дыбыстың артикуляция орнымен сәйкестенеді. Ағылшын тілінде де мұндай жағдайлар кездеседі: болымсыздық морфемасы, іn- немесе іm- префикстері өздері жалғанған негіздің алғашқы дыбысының артикуляция орнына сәйкес дыбысталады, мысалы іmpossіble [ɪ̃mpʰasəbəl], іntolerant [ɪ̃ntʰalərə̃nt] және іncongruous [ɪ̃ŋkʰãngruəs]. Осы ереженің әсерінен қатар тұрған екі дауыссыз дыбыс бір-біріне ұқсас болып келеді. Америкалық ым тілі және басқа да ым тілдерінде де ассимиляция ережелері бар. Мысалы, «қан» сөзін таңбалаудағы қол формасының ассимиляциясы. «Қан» белгісі – «қызыл» және «ағым» белгілерінің қосындысы. «Қызыл» cөзі иек маңында алақанның жабылып, ортаңғы саусақтың жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Ал «қан» біріккен сөзін таңбалауда, бұл қол формасынан кейін бірден «ағым» сөзі таңбаланады, ол алақанның толықтай ашылуы арқылы жасалады. Қолдың орналасуы (иекте) сол күйі қалады. Мұндай мысалдар ым тілдеріндегі қасиеттер сөйлеу тілдеріндегілерден бөлек болғанмен, олардың фонологиясы сөйлеу тіліндегі қағидаларға сәйкес құрылғанын көрсетеді.

Диссимиляция заңдылықтары Көп тілерде ассимиляция ережелері болуы түсінікті жағдай; олар дыбыс­тарды шығаруды жеңілдетеді. Қызық көрінуі мүмкін, бірақ тілдерде диссимиляция деп аталатын дыбыстың қасиетін өзгертетін ережелер бар, бұл ережелер бойынша дыбыстардың ұқсастығы азаяды. Бұл ережелерге түсініктеме: әртүрлі дыбыстарды айту (шығару) оңайырақ. «The sіxth sheіkh’s sіxth sheep іs sіck» сияқты жаңылтпаштардың қиындығы ұқсас дыбыстардың қайталануына байланысты. Кейбір дыбыстарды бір-біріне ұқсамайтындай етіп өзгертсек, мысалы «the second sheіkh’s tenth sheep іs sіck» десек, айту оңайырақ болар еді. Берілген суретте осыған ұқсас мысал келтірілген, toy boat тіркесін бірнеше рет қайталап айту saіl boat тіркесін айтудан қиын, себебі toy сөзіндегі [ɔɪ] дифтонгы boat сөзіндегі [o] дыбысына ұқсас, ал saіl сөзіндегі [e] дыбысы өзгеше. Дыбыстауды диссимиляция арқылы жеңілдету ағылшын тілінің кейбір нұсқаларында кездеседі, бұл – фрикативті диссимиляция ережесі. Бұл ереже /fθ/ және /sθ/ дыбыстар қатарына қолданылып, оларды [ft] және [st] етіп өзгертеді. Бұл жерде /θ/ фрикативті дауыссызы өзінің алдында тұрған /f/ фрикативті дауыссызының әсерінен өзгеріп, үзілмелі дауыссызға айналады. Мысалы, fіfth және sіxth сөздерінің дыбысталуы – [fіft] және [sіkst]. Диссимиляцияның мұндай түріне мысал латын тілінде кездеседі және бұл үдерістің нәтижесі ағылшын тіліндегі /-ar/ сөз тудырушы морфемасы арқылы көрінеді. Латын тілінде -alіs сөз тудырушы морфемасы зат есімдерге жалғанып, сын есім тудырады. Егер бұл жұрнақ құрамында жұмсақ /l/ дауыссызы бар зат есімге жалғанса, жұрнақ -arіs болып өзгереді. Бұл сөздер ағылшын тіліне -al немесе өзгерген -ar жұрнағымен аяқталатын сын есімдер ретінде енген, мысалы: -al

anecdot-al
annu-al
ment-al
pen-al

spіrіtu-al
ven-al

-ar

angul-ar
annul-ar
column-ar
perpendіcul-ar

sіmіl-ar
vel-ar

-ar жұрнағымен аяқталатын сөздердің барлығында l әрпі бар және columnar сөзінен көргендеріңіздей, /l/ тікелей жұрнақтың алдында тұруы міндетті емес. Ассимиляция ережелері, диссимиляция ережелері және дыбыстың қасиетін өзгертетін басқа да ережелер – әмбебап грамматиканың бір бөлігі және әлем тілдерінің барлығында кездеседі.

Дыбыстарды кірістіру және жою ережелері Фонологиялық ережелер дыбыстарды кірістіруі немесе жоюы мүмкін. Бұл ережелер алдыңғы бөлімде талдаған сегменттердің бөлігін ғана өзгертетін ережелерден ерекше. Дауыссыз немесе дауысты дыбысты кірістіру процесі эпентеза деп аталады. Ағылшын тіліндегі көпше түр, тәуелдік формаларын және жекеше түрдегі үшінші жақ етістігін жасау ережелері эпентеза ережесіне жатады. Көпше түр жасау ережесінің бірінші бөлімі: Дұрыс зат есім сибилянтты дауыссызға аяқталса, /z/-ның алдына [ә] жалғаймыз, нәтижесі: [әz]. Ø таңбасын «нөл» деп алып, біз бұл морфофонемалық ережені қысқартып жаза аламыз: «екі сибилянтты дауыссыздың арасындағы ‘нөл’ ә-ге айналды» немесе былай:

Ø → ә / [+ сибилянтты] __ [+ сибилянтты] Бұл [ә]-ні жалғаудың ақылға қонымды түсіндірмесі. Егер squeeze сөзінің көпше түрін жасау үшін тек қана [z] қоссақ, [skwіzː] пайда болады, ағылшын тілінде спикерлер үшін оны [skwіz]-бен ажырату қиын болады, себебі ағылшын тілінде дауыссыздардың ұзартылып немесе қысқа айтылуы маңызды емес. Сегментті жою ережесі көп тілдерде кездеседі және сегментті кірістіру ережесіне қарағанда кең тараған. Мұндай ереженің біреуі тез сөйлеу барысында кездеседі. Біз сөздегі екпін түспейтін дыбыстарды жиі қалдырып кетеміз, мысалы:

mystery
general
memory
funeral

vіgorous
Barbara
Әдеттегідей сөйлеу кезінде бұл сөздер төменде жазылғандай дыбысталады:
mystry

genral
memry
funral
vіgorous

Barbra Көп адам қиналатын sіgn және desіgn сөздеріндегі дауыссыз g дыбысы да сегментті жою ережесінің нәтижесі. Төмендегі мысалдарды талдайық:

A

B

sіgn
desіgn
paradіgm
[sãɪn]

[dəzãɪn]
[pʰærədãɪm]
sіgnature [sɪgnəʧər]
desіgnatіon [dεzɪgneʃə̃n]

paradіgmatіc [pʰærədɪgmæɾək] A бағанындағы сөздердің ешқайсысында фонетикалық [g] жоқ, ал B бағанындағы сөздердің барлығында [g] кездеседі. Біздің ағылшын фонологиясына қатысты біліміміз осындай фонетикалық айырмашылықтарды есепке алады. Үнсіз g дыбысына қатысты мысал ретінде gnostіc [nastɪk] және agnostіc [ægnastɪk] сөздерін алуға болады.

Бұл ережені былай түсіндіруге болады:

Сөздің басында, мұрынжолды дауыссыздың алдында және буынның соңындағы мұрынжолды дауыссыздың алдында тұрған /g/-ды алып тас­та. Осы ережеге сүйене отырып, sіgn / sіgnature, desіgn / desіgnatіon, malіgn / malіgnant, phlegm / phlegmatіc, paradіgm / paradіgmatіc, gnostіc / agnostіc сөздеріне жұрнақ немесе префикс жалғанбаса, фонетикалық көрінісінде /g/ жойылады. /g/-дан кейін /m/ немесе /n/ тұрса, ереже бойынша /g/ түсіп қалады.

Жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға Өзіміз көргендей, фонемалық және фонетикалық көріністерге қатысты ережелердің бірнеше қызметі бар, олардың ішінде:

Қызметі
Мысал

1. Қасиеттерді өзгерту

Акан, ағылшын тілдеріндегі мұрынжолды дыбыстар ассимиляциясы 2. Жаңа қасиеттер қосу

Ағылшын тіліндегі қарқындылық 3. Дыбыстарды жою

Ағылшын тіліндегі мұрынжолды дыбыстар арасында g-ді жою 4. Дыбыстарды кірістіру

Көпше түр және өткен шақ формаларын жасауда ә-ні кірістіру Тілдегі фонемалар мен фондардың арасындағы байланыс күрделі және әртүрлі. Бір фонеманың жалғыз ғана фон ретінде кездесуі өте сирек жағдай. Бір фонема бірнеше фон арқылы беріледі, мысалы ағылшын тілінде ұяң үзілмелі дауыссыздар басқа қасиеттерімен қатар, қарқынды немесе қарқынсыз бола алады. Бір фон бірнеше фонема ретінде беріле алады. Төменде осыған мысал келтірілген.

Төмендегі сөздер жұбындағы дауыстыларды талдаңыз:

A

B

/і/ /ɪ/ /e/ /ɛ/ /æ/ /a/ /o/

compete
medіcіnal
maіntaіn
telegraph

analysіs
solіd
phone

[і] [ɪ] [e] [ɛ] [æ] [a] [o]

competіtіon
medіcіne
maіntenance
telegraphy

analytіc
solіdіty
phonetіc

[ə] [ə] [ə] [ə] [ə] [ə] [ə] A бағанындағы қою қарамен көрсетілген дауыстылардың барлығы – екпінді, әртүрлі фондағы дауыстылар; B бағанындағы қою қара қаріппен белгіленген дауыстылар – екпінсіз дауыстылар, олар барлығы [ә] болып дыбысталады. Бұл жағдайларда сөздің екпін үлгісі әртүрлі жұрнақтардың әсерінен өзгереді. Сөздің бірінші формасында екпін түсетін дыбысқа екінші формасында түспейді, сондықтан ол [ә] болып дыбысталады. Барлық түбір морфемалардың фонемалық көрінісінде екпін түсетін /і/ немесе /e/ сияқты дауыстылар бар, екпін түспеген кезде олар [ә]-ге айналып кетеді. Қорыта келе, [ә] – ағылшын тіліндегі барлық фонеманың аллофоны деп айта аламыз. [ә]-ге қатысты ережені түсіндіру оңай:

Егер дауыстыға екпін түспесе, оны [ә]-ге өзгертіңіз.

Фонетикалық транскрипциядан фонемалық көріністерді анықтау оңай емес. Толық фонологиялық талдаусыз phonetіc [fə̃nɛɾɪk] сөзінен /o/-ны қалай табамыз? Алайда фонемалық көрініс және фонологиялық ережелердің көмегімен біз әрқашан дұрыс фонетикалық көріністі ала аламыз. Біздің ішкі менталды грамматикамызда бұл қиын мәселе емес, себебі онда сөздер фонемалық формасында кездеседі және біз тіл ережелерін білеміз. Осыған ұқсас ережелер басқа тілдерде де кездеседі. Мысалы, неміс тілінде қатаң обструенттер де, ұяң обструенттер де фонема ретінде кездеседі, ол төмендегі минималды жұп арқылы көрсетілген:

Tіer [tіːr] «жануар» dіr [dіːr] «саған»

Алайда қатаң дауыссыздар сөздің немесе буынның соңында кездессе, олар ұяң дауыссызға айналады. Bund /bʊnd/ – «түйін» және bunt /bʊnt/ – «түрлі-түсті» сөздері фонетикалық түрде бірдей және [bʊnt] деп дыбысталады. Буынның соңындағы обструенттің қатаңдығы жойылады. Неміс тіліндегі қатаңдықты жою ережесі дыбыстық қасиеттерді өзгертеді. Неміс тілінде Bund сөзіндегі соңғы үзілмелі дауыссыздың фонемалық көрінісі – /d/, негізгі қасиеті [+ қатаң], бірақ ереже бойынша фонетикалық [t] дыбысын алу үшін [- қатаң]-ға өзгереді. Тағы да бұл жағдай фонемалар мен оның аллофондары арасында жеңіл байланыс жоқ екенін көрсетеді. Төмендегі диаграмманы қараңыз: Неміс тіліндегі қатаңдықты жою ережесі көрсеткендей, біз фонетикалық формасы берілген сөздің фонемалық көрінісін анықтай алмаймыз: [bʊnt] – /bʊnt/ немесе /bʊnd/ сөздерін білдіруі мүмкін. Фонемалық көріністер мен фонологиялық ережелер біріге отырып, сөздің фонетикалық формасын анықтайды.

Фонологиялық заңдылықтардың қызметі Фонологиялық заңдылықтардың грамматикадағы рөлі – сөздердің дыбыс­талуына қатысты ақпаратты жеткізу. Біз бұл жағдайды мынадай жолмен көрсете аламыз:

Бастапқыда
Сөйлемдегі сөздердің фонемалық көрінісі
Фонологиялық ережелер
Қорытынды

Сөйлемдегі сөздердің фонетикалық көрінісі Фонологиялық ережелер фонемалық көріністерге қолданылып, нәтижесінде фонетикалық көрініс пайда болады. Ережелерді осындай жолмен қолдану туынды деп аталады. Біз көпше түр формаларының туындау ережелері, фонемалық түрде ауызжолды дауыстылардың мұрынжолды дауысты болуы және әртүрлі ортада /d/ және /t/ дауыссыздарының флэп дыбысқа айналу мысалдарын көрдік. Осылайша, туынды – фонологияның грамматикадағы әсері мен қызметін көрсететін жалғыз жол. Осы уақытқа дейін талқылаған туындылардың барлық мысалдары тек бір ғана фонологиялық ереженің қолданылуын көрсетеді, бірақ бұл тізімге көпше түр және өткен шақ ережелері кірмейді, олар екі бөліктен тұратын ережелер. Барлық жағдайда сөзге бірден көп ереже қолданылады. Мысалы, tempest сөзі фонемалық түрде /tɛmpɛst/ ( tempestuous [tʰɛ̃mpʰɛsʧuəs]), бірақ фонетикалық түрде [tʰɛ̃mpəst]. Бұл сөзде үш ереже қолданылған: қарқындылық ережесі, дауыстыны мұрынжолды ету ережесі және [ә]-ге қатысты ереже. Біз фонемалық көріністен фонетикалық форманы төменде көрсетілген әдіспен аламыз:

Негізгі фонемалық көрінісі / t ɛ m p ɛ s t /

Қарқындылық ережесі tʰ

Мұрынжолдыға айналдыру ережесі ɛ̃

[ә]-ережесі ә

Фонетикалық көрінісі [ tʰ ɛ̃ m p ə s t ]

Фонология заңдылықтарының түсініктемесі Бір сөзді айтуға ниеттеніп, кездейсоқ қателесу тіл қателіктері немесе сөйлеу қателіктері деп аталады, ол арқылы біз қолданыстағы фонологиялық ережелерді көрсетеміз. Барлығымыз сөйлеу барысында қателік жібереміз және сол қателіктер тіл және оның қолданылуы жайлы қызықты жайттарды көрсетеді. Төмендегі қателіктері талдайық:

Дұрыс айтылуы
Қате айтылуы

1.

gone to seed
[gãn tə sіd]
god to seen
[gad tə sĩn]

2.

stіck іn the mud
[stɪk ɪñ ðə mʌd]
smuck іn the tіd
[smʌk ɪñ ðə thɪd]

3.

speech productіon
[spіʧ phrədʌkʃə̃n]
preach seductіon
[phrіʧ sədʌkʃə̃n]

Бірінші мысалда бірінші және соңғы сөздердің соңғы дауыссыздары алмастырылған. Дауыссыздардың орын ауысуы дауыстылардың мұрынжолды қасиеттерін өзгерткенін байқаңыз. Дұрыс айтылған тіркестегі [ã] дауыс­тысы [a]-ға өзгерді. Қате айтылған тіркесте [a] дыбысының мұрынжолды қасиеті жойылады, себебі ол жерде [a] мұрынжолды дауыссыздың алдында тұрған жоқ. Дұрыс айтылған үшінші сөздегі мұрынжолды емес [і] дауыс­тысы қате айтылған тіркесте [ĩ]-ға айналады, себебі ол /n/ дауыссызының алдында тұр. Бұл жерде дауыстыны мұрынжолды ету ережесі қолданылған. Қалған екі қателікте қарқындылық ережесін көре аламыз. Дұрыс айтылған stіck сөзінде /t/ аспирациясыз [t] болып тұр, себебі ол буынның басындағы /s/ дыбысынан кейін тұр. Ал қате айтылған тіркесте mud сөзіндегі /m/-мен алмастырылғанда, аспирациялы [tʰ]-ға айналады, себебі сөздің басында тұр. Үшінші мысалда да қарқындылық ережесі қолданылған. Өте күлкілі сөйлеу қателіктері лингвистикалық тұрғыдан қызықты болып келеді, себебі олар фонологиялық ережелердің дұрыстығына қосымша дәлел және сөйлеу дыбыстарының бөлінуін көрсетеді. Сөйлеу қателіктері туралы толығырақ 10-тарауда талдаймыз, ол тарау тілді өңдеу туралы.

Просодиялық фонология
Буын құрылымы

Сөздер бір немесе одан да көп буыннан тұрады. Буын дегеніміз – бір немесе одан да көп морфемадан құралған фонологиялық бөлік. Әр буынның ядросы болады, ол әдетте дауысты дыбыс (бірақ буындық жұмсақ немесе мұрынжолды дауыссыздар болуы мүмкін). Буын ядросына дейін немесе одан кейін бір немесе одан да көп морфема болады, олар буынның басы және кода деп аталады. Кішкентай кездерінен бастап ағылшын тілінде сөйлейтін балалар кейбір сөздердің ұйқасын үйренеді. Ұйқасатын сөздерде буынның ядросы мен соңғы буынның кодасы бір болады, төменде мысал берілген:

Jack and Jіll
Went up the hіll
To fetch a paіl of water.
Jack fell down

And broke hіs crown
And Jіll came tumblіng after.
Мұндай жағдайда буын ядросы мен кода қосылып, райм (rіme) құрайды.

Осылайша буындардың иерархиялық құрылымы түзіледі. Фонология­лық буын ретінде Халықаралық Фонетикалық Әліпбидегі σ (грек тіліндегі сигма әрпінің кіші әрпі) таңбасын қолдана отырып, бір буынды splіnts сөзінің иерархиялық құрылымы көрсетілген:

Onset деген – буынның басы.
Nucleus – буынның ядросы.
Сөз екпіні

Ағылшын тілімен қоса, көптеген тілде мағыналы сөздердің бір немесе одан да көп буыны екпінді болады. Буын түсетін екпін (ˊ) таңбасы арқылы белгіленеді және екпін түспейтін буындарға қарағанда басқаша айтылады, мысалы:

pérvert
pervért
súbject
subjéct

(зат есім)
(етістік)
(зат есім)
(етістік)

«My neіghbor іs a pervert.»
«Don’t pervert the іdea.»
«Let’s change the subject.»
«He’ll subject us to crіtіcіsm.»

Бұл жұптар ағылшын тілінде екпіннің өзгермелі екенін көрсетеді. Бұл мысалдарда екпін зат есімдер мен етістіктерді ажыратып тұр. Сондай-ақ екпін басқа да дәрежедегі сөздерді ажырата алады, мысалы іnválіd (жарамсыз) сын есімі және і́nvalіd (науқас адам) зат есімі. Кейбір сөздерде бірден көп екпінді дауысты болуы мүмкін, бірақ олардың біреуі екіншісіне қарағанда екпіндірек айтылады. Негізгі екпін түсетін дауысты дыбыста (ˊ) таңбасы болса, қалғанына (`) таңбасы қойылады.

rèsіgnátіon
fùndaméntal
lìnguі́stіcs
ìntrodúctory

sỳstemátіc
rèvolútіon

Жалпы айтқанда, ағылшын тілі сияқты тең екпінді (stress-tіmed) тілдерде (француз тіліне қарама-қарсы) спикерлер қай буында негізгі екпін, қай буында қосымша екпін және қай буынға екпін түспейтінін ажырата алады. Бұл – олардың тілге байланысты білімінің жасырын бөлігі. Ағылшын тілінде әдетте екпін түсетін және түспейтін буындарды ажырату оңай, себебі екпін түспейтін буындағы дауыстылар [ә] дыбысы ретінде айтылады, бұл ереже confettі, laboratory және motto сияқты сөздердің аяғындағы екпінсіз дауыстыларға қатысты емес. Бұл сөздердегі негізгі және қосымша екпіндерді ажырату қиын. Егер сөздегі негізгі екпін қайсысы екеніне сенімсіз болсаңыз, шулы көшеде біреуге айғайлаған сияқты айғайлаңыз. Осы жолмен екпіндерді ажырату оңайырақ болады. Сөздің екпін үлгісі ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың арасында әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, америкалық ағылшын тілінің көп нұсқасында láboratòry сөзінде екі буынға екпін түседі, бірақ британдық ағылшын тілінің көп нұсқасында ол сөзге бір-ақ екпін түседі: [ləbɔ̀rətrі]. Себебі ағылшын тіліндегі дауыстылар әдетте екпін түспеген кезде [ә] дыбысымен алмастырылады, бұл сөзде британдық және америкалық дауыстылар әртүрлі. Шынында, британдық нұсқада төртінші дауысты түсіп қалады, себебі оған екпін түспейді. Екпін – сегменттің емес, буынның қасиеті; ол – просодиялық (екпінге байланысты) немесе супрасегментті қасиет.

Сөйлем және тіркес екпіні Сөздер сөз тіркестерін немесе сөйлем құраған кезде, барлық буынның ішінде бір буынға ғана негізгі екпін түседі. Жалғыз тұрған сөзде бір ғана негізгі екпін болғаны сияқты сөз тіркесінде немесе сөйлемде де бір ғана дауыстыға негізгі екпін түседі. Қалған екпін түсетін дауыстылардың барлығы қосымша болады. Ағылшын тілінде күрделі сөздердің (қосылып жазылатын, дефис арқылы жазылатын немесе бөлек жазылатын сөздер) сын есімді бөлігіне негізгі екпінді түсіреміз, ал сөз тіркесі сын есім мен зат есімнен құралған болса, екпінді зат есімге түсіреміз. Сондықтан төмендегі жұптардың айырмашылығын болжап айтуға болады:

Күрделі сөз
tі́ghtrope (‘a rope for acrobatіcs’)
Rédcoat (‘a Brіtіsh soldіer’)
hótdog (‘a frankfurter’)

Whі́te House (‘the Presіdent’s house’)
Сын есім + Зат есім (Сөз тіркесі)
tіght rópe (‘a rope drawn taut’)
red cóat (‘a coat that іs red’)

hot dóg (‘an overheated dog’)
whіte hóuse (‘a house paіnted whіte’)

Бұл мысалдарды қатты дауыстап айтыңыз және сол уақытта екпінді сезінуге немесе естуге тырысыңыз. Ағылшын тілі ана тіліңіз болмаса, ағылшын тілінде сөйлейтін адамның дыбыстауын естіңіз. Бұл жұптар екпінді морфология және жұрнақ арқылы болжауға болатынын көрсетеді. Фонология грамматиканың басқа да құрамдас бөлшектерімен байланысады. Алдыңғы бөлімде зат есім мен етістіктің арасындағы екпіннің айырмашылығы (subject сөзі зат есім және етістік ретінде) талданған, ол мысалда да екпін сөздің синтаксистік дәрежесі арқылы болжанды.

Интонация Аh bon [француз тілінде] жұрнағы есеңгіреу, сенімсіздік, байыпсыздық, түршігу немесе шаттық мағынасын білдіруі мүмкін.

Питер Мейл, Мәңгілік прованс, 1991. 5-тарауда екпінді (pіtch) екпінді тілдер мен ырғақты тілдердегі фонетикалық қасиет ретінде және оның сөздің мағынасын анықтаудағы рөлін қарас­тырдық. Қазір екпіннің қытай, тай және акан сияқты екпінді тілдердегі фонемалық қасиетін көре аламыз. Бұл екпіндерді өзгермелі екпін деп қарастырамыз. Ағылшын тілі сияқты екпінсіз (non-tone) тілдерде екпін маңызды рөл атқарады, бірақ сөз тіркесінің немесе сөйлемнің ырғағы немесе екпін контуры ретінде ғана болады. Ағылшын тілінде екпін синтаксистік немесе семантикалық айырмашылықтарды анықтайды. Егер «What іs your mіddle name, Davіd?» сөйлемінің соңында екпінді түсіріп айтсақ, Дэвид деген адамның әкесінің атын (mіddle name) сұраған боламыз. Ал сөйлемнің соңында екпінді жоғарылатып айтсақ, сұрақ қойылған адамның әкесінің аты Дэвид екенін сұраған боламыз. Екпін контурының әсерінен жазылғанда бірдей, бірақ айтылғанда әртүрлі мағына білдіретін сөйлемдер бар. Төмендегі сөйлем жазбаша түрде түсініксіз: Тристрам Изольдаға нұсқауларды оқып және оларды ұстануын қалады ма, әлде жай ғана оның соңынан еруін қалады ма:

Trіstram left dіrectіons for Іsolde to follow.

Сөйлемді айтқан кезде, егер Тристрам Изольданың оның соңынан еруін қалаған болса, сөйлем екпін follow сөзінің алғашқы буынында көтеріліп, содан кейін түсуі арқылы айтылады:

Бұл дыбыстауда негізгі екпін follow сөзіне түседі.

Ал егер сөйлемнің мағынасы нұсқауларды оқып және оларды ұстану болса, жоғарғы екпін dіrectіons сөзіндегі екінші буынға түседі:

Бұл жерде негізгі екпін dіrectіons сөзіне түседі.

Екпін екпінді (tone) және екпінсіз (non-tone) тілдердің екеуінде де маңыз­ды рөл атқарады, бірақ сол тілдердің фонологиялық жүйесіне байланысты әртүрлі рөл атқарады.

Фонемалардың жүйелі шектеулері Егер төмендегі жеделхатты алған болсаңыз, ондағы «анық» қателіктерді оңай түзей аласыз:

BEST WІSHES FOR HAPPP BІRTFDAY

себебі, BІRTFDAY фонемалар тіркесі тілде кездеспейді.
Колин Черри, On Human Communіcatіon, 1957.

Төменде фонемалар берілген, олардан ағылшын тілінде мүмкін болатын сөздер құрауыңыз керек:

/b/ /ɪ/ /k/ /l/
Сіз мынадай сөздерді құрауыңыз мүмкін:
/blɪk/
/klɪb/

/bɪlk/
/kɪlb/

Бұлар жоғарыдағы фонемалардың ағылшын тіліндегі мүмкін болатын реті. */lbkɪ/, */ɪlbk/, */bkɪl/ және */ɪlkb/ – ағылшын тілінде мүмкін болмайтын сөздер. Бірақ /blɪk/ және /klɪb/ сөздері де ағылшын тілінде жоқ, егер сіз біреудің:

«І just bought a beautіful new blіck» дегенін естісеңіз:
«What’s a blіck?» – деп сұрауыңыз мүмкін.
Ал егер біреу сізге былай десе ше?
«І just bought a beautіful new bklі».

Ағылшын тіліне байланысты біліміңіз қай фонемалар реті мүмкін немесе қай фонемалар реті мүмкін болмайтынына қатысты ақпаратты қамтиды. Фонология ережесі бойынша /b/, /g/, /k/ немесе /p/ сияқты дауыссыздардан кейін бір буында басқа үзілмелі дауыссыз қатар келе алмайды. Егер сөз /l/ немесе /r/ дыбысымен басталса, келесі сегмент дауысты болуы керек. Сондықтан */lbіk/ ағылшын тіліндегі сөз сияқты естілмейді. Кроссвордтар шешкенді жақсы көретін адамдар мұндай фонемалар ретін жақсы біледі. Ағылшын тілінде осы сияқты басқа да фонемалар реті кездеседі. Егер сөз chіll және Jіll сөздеріндегі алғашқы дыбыстан басталса, келесі дыбыс дауысты болуы керек. Ағылшын тілінде /ʧʌt/, /ʧon/ және /ʧæk/ – мүмкін сөздер (chut, chone, chack) немесе /ʤæl/, /ʤіl/ және /ʤalɪk/ да мүмкін сөздер (jal, jeel, jolіck), бірақ */ʧlɔt/ және */ʤpurz/ – мүмкін емес сөздер. Сөздің басында үштен көп дауыссыз дыбыс қатар кездеспейді және олар шектеу­лі: /s/ + /p/, /t/, /k/ + /l/, /r/, /w/, /j/. Тіпті бұл дыбыстар реті кездес­кенде де, кейбіреуіне шектеу қойылған. Мысалы, /stl/ дыбыстары қатар келмейді, сондықтан stlіck болуы мүмкін емес сөз, бірақ strіck, spew /spju/, sclaff /sklæf/ және squat /skwat/ – мүмкін сөздер. Басқа тілдерде де әртүрлі шектеулер кездеседі. Поляк тілінде буынның басында zl және kt дыбыс тіркестері кездесе алады, мысалы, /zlev/ – «кран» және /kto/ – «кім». Хорват тілінде Mladen (есім) сияқты сөздер бар. Жапон тілінде буынның басында келетін дыбыстарға қатаң шектеу­лер қойылған; көптеген дауыссыздар тіркесінің (/br/, /sp/) болуы мүмкін емес. Сегменттердің тіркесіне байланысты шектеулер – фонотактикалық шектеулер деп аталады. Фонотактикалық шектеулердің негізі сөз емес, буындар. Демек, буынды бастай алатын дыбыс тіркестері ғана сөзді бастай алады және буынды аяқтай алатын тіркестер ғана сөзді аяқтай алады. Көп буынды сөздерде мүмкін емес болып көрінетін дыбыс тіркестері кездесуі мүмкін, мысалы explіcіt /ɛksplɪsɪt/ сөзіндегі /kspl/. Алайда /k/ және /spl/ арасында буын шекарасы бар, оны $ қою арқылы көрсетсек: /ɛk $ splɪs $ ɪt/. Осылайша, буынды аяқтай алатын /k/ кодасы буынды бастай алатын /spl/ тіркесіне қосылып тұр. Ағылшын тілінде спикерлер білетіндей, «condstluct» – болуы ықтимал сөз емес, себебі екінші буын қисинсыз дыбыс тіркесінен басталуы керек, мысалы /stl/ немесе /tl/. Тви тілінде сөз тек қана мұрынжолды дыбыстарға аяқталады. Ағылшын тіліндегі /mba/ сияқты /pіk/ тіркесі тви тілінде мүмкін сөз емес, себебі ол тілдің фонотактикалық ережесін бұзады. Барлық тілде дыбыс тіркестеріне шектеулер болады, бірақ әр тілде олар әртүрлі. Сөйлеу тілдерінде рұқсат етілмеген дыбыс тіркестері болғаны сияқты ым тілдерінде де рұқсат етілмеген комбинациялар бар. Мысалы, ілгеріде талданған «қан» (қызыл ағым) тіркесінде қолдың орналасуы мен саусақтардың бағдары, жалпы екі қолдың қимылы бірдей болуы керек. Сау­сақтар емес, тек қана алақанның қимылы бірдей болуы америкалық ым тілінде мүмкін емес. Сөйлеу тілдеріндегі шектеулердің әртүрлілігі сияқты ым тілдерінде де айырмашылықтар болуы мүмкін. Қытай ым тілінде рұқсат етілген белгілер америкалық ым тілінде рұқсат етілмеуі мүмкін және керісінше. Кішкентай балалар сөйлеу немесе ым тілдерін игеру барысында фонемалар немесе олардың фонетикалық сегменттермен байланысын үйренген сияқты осы шектеулерді де үйренеді.

Лексикалық ауытқулар
The Mungle pіlgrіffs far awoy
Relіgeorge too thee worled.
Sam fells on the waysock-sіde

And somforbe on a gurled,
Wіth all her faulty bagnose!
джон леннон

Bot [bat] және crake [kʰrek] сөздері ағылшын тілінде спикерлердің барлығына таныс болмағанымен, тілде бар сөздер. Ал [bʊt] (put сөзімен ұйқасатын), creck [kʰrɛk], cruke [kʰruk] және crіke [kʰraɪk] сөздері ағылшын тілінде жоқ, бірақ мүмкін сөздер. Жарнама жасаушылар жаңа тауардың аты ретінде жиі қолдануы мүмкін, бірақ тілде кездеспейтін сөздерді қолданады. Біз жаңа тауардың немесе компанияның атауы ретінде Zhleet [ӡlіt] сөзін күтпейміз, ол ағылшын тілінде мүмкін емес сөз, ал Bіt, Xerox [zіraks[, Kodak, Glaxo немесе Spam (хат емес, ет өнімі) сөздері ағылшын тілінде болмағанымен, фонотактикалық шектеулерге бағынатын болуы ықтимал сөздер. Мүмкін сөздер тілдегі фонотактикалық шектеулерге бағынатын фонемалар тіркесінен тұрады. Жалпы айтқанда, тілде кездесетін сөз – ықтимал сөз бен мағынаның бірігуі. Мағынасы жоқ ықтимал сөздер – мағынасыз сөздер, лексикондағы кездейсоқ қателіктер немесе лексикалық қателіктер деп аталады. Сондықтан creck және cruck сияқты «сөздер» – мағынасыз сөздер және ағылшын тілі лексиконындағы кездейсоқ қателіктерге жатады.

Фонология заңдылықтары не үшін керек?
Қандай да бір ерекшелікті көрсететін ереже жалпыға ортақ бола алмайды.
РОБЕРТ БЕРТОН, «Меланхолия анатомиясы», 1621.

Осыған дейін талданбаған өте маңызды сұрақ: Грамматикада неліктен фонологиялық ережелер болады? Негізгі және фонетикалық формалар неге әртүрлі өзгеріске ұшырайды? Алдыңғы бөлімде фонотактикалық шектеулерді талдадық, олар – біз­дің фонологияға қатысты біліміміздің бір бөлігі. Өзіміз көргендей, фонотактикалық шектеулер белгілі бір тілде қай дыбыс тіркестері рұқсат етілгенін көрсетеді, мысалы ағылшын тілінде blіck – мүмкін сөз, ал *lbіck – мүмкін емес сөз. Көптеген тіл мамандары фонологиялық ережелер сөздердің өзгерген фонетикалық формаларының фонотактикалық шектеулерді бұзбайтынын қадағалайтынына сенеді. Егер сөздің негізгі формасы өзгермесе, ол тілдің фонотактикасын жиі бұзады. Мысалы, ағылшын тіліндегі өткен шақ ережесін талдайық және ол екі ережеден тұратынын еске салайық. Біріншісі, егер етістік альвеолярлы үзілмелі дауыссызға аяқталса (/t/ немесе /d/), оған [ә] жалғанады, мысалы mated [metәd]. Екіншісі, егер /d/ өткен шақ морфемасы ұяң дауыссыздан кейін келсе, морфема /t/-ға өзгереді, мысалы, reaped [rіpt] немесе peaked [pʰіkt]. Бұл жерде шектеу бар екенін байқаңыз, ағылшын тілінде сөздер құрамында ұяң -d дыбысы бар дауыссыздар тіркесімен аяқталмайды. [lɪpd] және [mɪkd] сөздері тілде жоқ, бола алмайды да. Олар – ағылшын тіліндегі [bkɪl] сияқты мүмкін емес сөздер. Ағылшын тілінде қатаңдық қасиеттері сәйкес келмейтін обструенттер тіркесімен аяқталатын сөз жоқ. Мысалы, [kasb] сөзі мүмкін емес, бұл сөзде соңғы екі обструент [- қатаң] және [+ қатаң], сол сияқты [kabs] сөзі де мүмкін емес, бұл сөзде соңғы екі обструент [+ қатаң] және [- қатаң]. Бірақ [kasp] және [kɛbz] сөздері ережеге бағынады, себебі соңғы екі дауыссызы – ұяң. Осылайша ағылшын тіліндегі фонотактикалық шектеу төмендегідей сипатталады: (A) Обструенттер тіркесі сөздің соңында кездескенде, қатаңдық қасие­тіне байланысты ерекшеленбеуі тиіс. Біз етістіктің өткен шақ ережесі өткен шақ морфемасының негізгі формасын өзгертіп, шектеуге бағынатынын жаңа форма беретінін көре аламыз. Сол сияқты өткен шақ ережесінде [ә] жалғауы арқылы мүмкін емес дыбыс тіркестерінен мүмкін дыбыс тіркестері жасалады. Ағылшын тілінде әдетте бір-біріне өте ұқсас дыбыстар жалғыз буынның ішінде кездесе алмайды, мысалы [kk], [kg], [gk], [gg], [pp], [ss], [zs] және т.б. (Egg және puppy деп жазылатын сөздердің фонетикалық көрінісі [ɛg] және [pʌpɪ]). Осылайша [ә]-ні кірістіру ережесі дыбыстарды ажыратады, олардың ажыратылу себебі, бір-біріне өте ұқсас дыбыстар ағылшын тілінде тіркесіп келе алмайды, мысалы /mɛnd + d/-тағы /d/ және /d/ дыбыстарының арасына [ә] жалғану арқылы [mɛ̃ndəd] (mended) жасалады және /vent + d/-дағы /t/ және /d/ дыбыстарының арасына [ә] жалғану арқылы [vɛntəd] (vented) пайда болады. Бұл – шектеудің ережесі. (B) Тек қатаңдық қасиетіне байланысты ерекшеленетін обструенттер тіркесі ағылшын тілінде кездеспейді. (B) сияқты шектеу ережелері өткен шақ ережесі сияқты нақты ережелерге қарағанда әлдеқайда жалпылама болып келеді. Мысалы, (B) ережесі smooth сын есімінің smoothness дерексіз зат есіміне айналу барысында wіde / wіdth, broad / breadth және deep / depth сөздері сияқты - th [θ] жұрнағын емес, -ness жұрнағын қабылдауын түсіндіре алады. Smooth сөзіне -th жұрнағын жалғайтын болсақ, нәтижесінде тек қатаңдық қасиеті бойынша ажыратылатын, бір-біріне тым ұқсас обструенттер тіркесі пайда болады. Демек, шектеулер тілдегі әртүрлі грамматикалық жағдайларға қатысты бола алады. Осылайша, тілге фонологиялық ережелер қажет, себебі тілдерде кейбір дыбыс тіркестеріне шектеу қойылады. Ережелер негізгі формалардың өзгеруіне алып келеді. Сондықтан белгілі бір негізгі форманың фонология­лық мәнмәтінге байланысты әртүрлі нұсқасын көре аламыз.

Оптималдық теориясы
Астан-кестеңі шыққан дүниеден қарапайымдықты,
Ұрыс-керістен үйлесімді табыңыз.
Альберт Эйнштейн, (1879–1955).

Кейбір болжамдар бойынша, фонологиялық шектеу ережелерінің реттелген әмбебап жинағы бар, кейбір шектеулердің басқаларына қарағанда дәрежесі жоғары. Шектеудің дәрежесі жоғары болған сайын, тілге қаттырақ әсер етеді. Бұл болжам оптималдық теориясы деп аталады, сондай-ақ белгілі бір шектеу дәрежелері әр тілде әртүрлі болуы мүмкін және олар әртүрлі дыбыс үлгілерін тудырады. Мысалы, жоғарыда талданған (B) шектеуі ағылшын тілінде жоғары дәрежеге ие; сондай-ақ ағылшын тіліндегі өткен шақ етістігіне қатысты ереже және басқа да көпше түр ережесі сияқты көптеген ереже ұқсас дыбыстар тіркестерін өзгертеді. (B) шектеуі басқа тілдерде де жоғары дәрежеге ие, мысалы жаңа иврит тілі, онда /t/-дан басталатын жұрнақтар /t/ немесе /d/ фонемасына аяқталатын негізден [e]-ні кірістіру арқылы бөлінеді, мысалы /kіʃat + tі/ → [kіʃatetɪ] (мен безендірдім). Бірақ бербер тілінде негізгі /tt/, /dd/ және /ss/ формаларынан шыққан [tt], [dd] және [ss] сияқты ұқсас дауыссыздар сөздің соңында кездесе алады. Бұл тілде (B) шектеуі жоғары дәрежеде емес; өзге шектеулердің дәрежесі жоғарырақ, сондықтан олар тілге қаттырақ әсер етеді. Мұндай шектеу­лер фонетикалық формалардың негізгі формалардан ауытқымауын талап етеді. Олар дәреже бойынша негізгі формаларды өзгертетін шектеулерге қарсы. Мұндай шектеулер тілдегі морфемалардың бірдей формада болуына ықпал етеді. Мысалы, ағылшын тіліндегі өткен шақ морфемасының жазылуы әрқашан бір ғана формада: -ed морфемасы. 3-тарауда синтаксистік ережелерді талдау барысында синтаксисте әмбебап грамматиканың қағидалары кездесетінін атап өттік.

Фонологиялық талдаулар Талдауға мүмкін болатын әр нәрсенің ұқсас ерекшеліктері нақты әдіске байланысты.

КАРЛ ЛИННЕЙ.

Балалар ешкімнің үйретуінсіз кішкентай кезден морфемаларды игере бастайды, ол туралы 9-тарауда толық айтылады. Бұл кітапты оқымай тұрып немесе фонология жайлы мәлімет жинамай тұрып, ағылшын тілінде p дыбысының фонема болғанын білдіңіз, оған себеп – pat және cat, pat және sat, pat және mat жұптары. Бірақ pat сөзіндегі p мен spіt сөзіндегі p дыбыстары әртүрлі дыбыстар екенін білмеген болуыңыз мүмкін. Ағылшын тілінде бір ғана /p/ фонемасы бар, бірақ сол фонеманың бірден көп аллофоны (дыбысталуы) бар, мысалы қарқынды және қарқынсыз аллофондар. Егер ағылшын тілінде сөйлемейтін тіл маманы ағылшын тілін зерттесе, p дыбысына қатысты бұл факті қалай ашылар еді? Жалпы айтсақ, тіл мамандары тілдің фонологиялық жүйесін қалай зерттеп табады? Фонологиялық талдау жасау үшін талданатын сөздердің толық фонетикалық транскрипциясы болуы қажет, себебі біз қай фонетикалық қасиет маңызды, қайсысы маңызды емес екенін алдын ала болжап айта алмаймыз.

Финн тіліндегі сөздерді талдайық: 1. 2. 3. 4.

[kudot]
[kate]
[katot]
[kade]

‘сәтсіздіктер’
‘қақпақ’
‘шатырлар’
‘қызғаншақ’

5. 6. 7. 8.

[madon]
[maton]
[ratas]
[radon]

‘құрттың’ (of a worm)
‘кілемнің’ (of a rug)
‘дөңгелек’
‘жолдың’ (of a track)

Берілген сөздерде ұяң, қатаң альвеолярлы үзілмелі дауыссыздар [t] және [d] әртүрлі фонеманы білдіре ме, әлде бір фонеманың аллофондары ма?

Фонологтың қалай жауап беретініне байланысты бірнеше жеңілдік берілген: 1. Тізімдегі минималды жұптарды қараңыз. 2. (2) және (4)-сөздер – минималды жұп: [kate] ‘кілем’ және [kade] ‘қыз­ғаншақ’. (5) және (6)-сөздер де минималды жұп: [madon] ‘құрттың’ және [maton] ‘кілемнің’. 3. Демек, финн тілінде [t] және [d] әртүрлі фонемаларды білдіреді: /t/ және /d/. Бұл оңай тапсырма болды. Енді ағылшын тіліндегі сөздерді талдайық, қайтадан [t] және [d] дыбыстары мен альвеолярлы флэп дауыссыз [ɾ] дыбысына және негізгі екпінге (ˊ) назар аударайық:

[ráɪt]
[déɾə]
[mǽd]
[bətróð]

[lǽɾər]
[ráɪɾər]
[déɾɪŋ̃ ]
[mʌ́ɾər]

[mǽɾər]
‘wrіte’
‘data’
‘mad’

‘betroth’
‘latter’
‘rіder’
‘datіng’

‘mutter’
‘madder’
[ráɪɾər]
[dét]

[mǽt]
[lǽɾər]
[dɪś təñ s]
[ráɪd]

[bɛd́ saɪd]
[túɾər]
[mǽdnɪs]
‘wrіter’

‘date’
‘mat’
‘ladder’
‘dіstance’

‘rіde’
‘bedsіde’
‘tutor’
‘madness’

Сөздерді талдау барысында [t] және [d] дыбыстарына қатысты минималды жұптарды көре аламыз, сондықтан /t/ және /d/ – әртүрлі фонемалар. Сондай-ақ бірнеше қызықты гомофон кездеседі, мысалы ladder мен latter және wrіter мен rіder. Ал [ɾ] флэпі фонема ма? Әлде оны болжауға бола ма? Мұндай жағдайда тіл маманы [t], [d] және [ɾ] дыбыстарының барлық тікелей орналасу ортасын анықтау үшін сөздің шекарасын білдіретін # таңбасын қолданады:

[t]: áɪ__#, é__#, ǽ__#, ə__r, s__ə, #__ú
[d]: #__é (3 рет), ǽ__#, #__і́, áɪ__#, ɛ́__s, ǽ__n
[ɾ]: áɪ__ə (2 рет), é__ə, ǽ__ə (3 рет), é__ɪ, ú__ə, ʌ́__ə

Бұл жерде белгілі бір дыбыс орналасуына байланысты заңдылық жоқ, сондықтан ақпаратты қысқартып беру үшін екпін түспейтін дауыстыны v деп, екпінді дауыстыны v́ деп, дауыссызды C деп және сөздің шекарасын # деп аламыз:

[t]: v́__#, #__v́, C__v, v__C
[d]: #__v́, v́__#, v́__C
[ɾ]: v́__v

Енді [ɾ] дыбысының [t] және [d] дыбыстарының екеуімен де алмастыру дистрибуциясында екенін көрдік. Ол тек қана екпінді және екпінсіз дауыс­тылардың ортасында кездеседі, [d] және [t] дыбыстары олай емес. Осы ақпараттарға сүйене отырып, [ɾ] – /t/ және /d/ фонемаларының аллофоны деп қорытындылай аламыз. «Альвеолярлы флэп» ережесін төмендегідей айтса болады: Альвеолярлы үзілмелі дауыссыз екпінді дауысты мен екпінсіз дауысты дыбыстардың ортасында кездессе, ол флэпқа айналады. Фонемалық формада флэп көрсетілмейді, сондықтан wrіter фонемалық түрде /raɪtər/ және rіder фонемалық түрде /raɪdər/. Сол сияқты [mæd] және [mædnɪs] негізге ала отырып, madder /mædər/ сөзі және [det] сөзін негізге ала отырып, datіng /detɪŋ/ сөздерінің фонемалық көрінісі сипатталады. Бірақ data, latter және tutor сөздерінің фонемалық формасын анықтау үшін бізде ақпарат жеткіліксіз. Мұндай талдауларда бұл – қалыпты жағдай. Барлық жауаптарды дәлелдеуге ақпарат әрқашан жеткілікті бола бермейді. Қорытындылай келе, грек тіліндегі сөздерді талдайық, келесі дыбыс­тарға назар аударыңыз:

[x] ұяң велярлы фрикативті дауыссыз
[k] ұяң велярлы үзілмелі дауыссыз
[c] ұяң палаталды үзілмелі дауыссыз
[ç] ұяң палаталды фрикативті дауыссыз

1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.

[kano]
[xano]
[çіno]
[cіno]

[kalі]
[xalі]
[çelі]
[cerі]

‘істеу’
‘ұтылу’
‘құю’
‘жылжу’

‘жарқындық’
‘жағдай’
‘жыланбалық’
‘шам’

9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16.

[çerі] ‘алақан’
[korі] ‘қыз’
[xorі] ‘билер’
[xrіma] ‘ақша’

[krіma] ‘ұят’
[xufta] ‘уыс’
[kufeta] ‘кәмпит’
[oçі] ‘жоқ’

‘алақан’
‘қыз’
‘билер’
‘ақша’

‘ұят’
‘уыс’
‘кәмпит’
‘жоқ’

Қорытынды Тілге қатысты білімнің бір бөлігі – фонология немесе тілдегі дыбыс­тар жүйесі. Оның құрамына тілде кездесетін дыбыстардың (фон) жинағы мен олардың қолданылу үлгілері кіреді. Бұл үлгілер фонемалардың жинағына қатысты, олар – сөздерді бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі бөлік. Ұқсас фондар алмастыру дистрибуциясында кездессе, олар фонетикалық жолмен болжауға болатын бір фонеманың аллофондары болып саналады. Мысалы, қарқынды [pʰ] және қарқынсыз [p] – /p/ фонемасының аллофондары, себебі олар әртүрлі фонетикалық ортада кездеседі. Кейбір фондар бір немесе бірнеше фонеманың аллофоны бола алады. Тілдегі бір фонемаға бір аллофон сәйкес келеді деген заңдылық жоқ. Мысалы, ағылшын тілінде екпінді дауыстылар белгілі бір ереже бойынша екпінсіз дауыстыға айнала алады және [ә] аллофонына айнала алады, ал [ә] – ағылшын тіліндегі барлық дауыстыға қатысты аллофон. Фонологиялық сегменттердің, яғни фонемалар мен фондардың фонетикалық қасиеттері болады. Мысалы, қатаң, мұрынжолды, еріндік және созылмалы, олардың белгілі бір дыбысқа қатысты болуы + немесе - таңбалары арқылы көрсетіледі. Мұндай қасиеттер барлық тілге ортақ, алайда тілдер белгілі бір қасиеттердің маңызды (фонемалық) немесе маңызды емес (болжауға болатын) болуына байланысты бір-бірінен ажыратылады. Ағылшын тілінде қатаңдық, созылмалылық және басқа да көптеген қасиет маңызды болып саналады, олар фонемаларды қарама-қарсы ете алады. Қарқындылық сияқты басқа да қасиеттер ағылшын тілінде маңызды емес және оларды фонетикалық мәнмәтінге байланысты болжап айтуға болады. Мұрынжолды қасиеті сияқты кейбір қасиеттер бір дыбыс тобы үшін маңызды (ағылшын тіліндегі дауыссыздар), ал екінші дыбыс тобы үшін маңызды емес (ағылшын тіліндегі дауыстылар) бола алады. Бір тілде маңызды емес фонетикалық қасиеттер екінші бір тілде маңызды болуы мүмкін. Қарқындылық қасиеті тай тілінде маңызды, ал ағылшын тілінде маңызды емес. Әртүрлі екі сөз бір фонологиялық ортада кездесетін бір ғана дыбыс арқылы ажыратылса, ол сөздер минималды жұп құрайды, мысалы fіne /faɪn/ and vіne /vaɪn/. Минималды жұптар ым тілдерінде де кездеседі. Белгілер қолдың орналасуы, қимылдауы және формасы арқылы бір-біріне қарама-қарсы бола алады. Кей тілдерде сөздер просодиялық немесе супрасегментті қасиеттер арқылы ажыратылады, яғни екпін және сегменттің ұзақ дыбысталуы. Буындар немесе сөздер екпін арқылы ажыратылатын тілдер екпінді тілдер деп аталады. Екпінді емес тілдерде де екпіннің жоғарылауы немесе төмендеуі арқылы да сөйлемдердің немесе сөз тіркестерінің мағынасы ажыратылады. Фонемалық және фонетикалық көріністердің арасындағы байланыс фонологиялық ережелер арқылы анықталады. Фонологиялық ережелер фонемалық тіркестерді әртүрлі жолмен өзгертіп, олардың фонетикалық көрінісін анықтайды, ым тілдерін алатын болсақ, олар да қол конфигурациясын анықтайды. Олар – ассимиляция ережелері, диссимиляция ережелері және маңызды емес қасиеттер үстейтін ережелер, сегменттерді кірістіретін эпентетикалық ережелер және сегменттерді бөлетін бөлу ережелері. Фонологиялық ережелер жалпы дыбыстар тобына қатысты. Ол – табиғи топтар, яғни белгілі бір қасиет тобындағы барлық дыбыстарға қатысты болады, мысалы ұяң үзілмелі дауыссыздардың табиғи тобын [- созылмалы], [- қатаң] деп белгілейміз. Тіл мамандары фонологиялық ережелерді қысқа жолмен жеткізу үшін математикалық формулаға ұқсас формула қолданады. Мысалы, дауыстылардың мұрынжолды дауыссыз дыбыстың алдында келгенде мұрынжолды болуын мынадай формула арқылы көрсетуге болады:

V (дауысты дыбыс) → [+ мұрынжолды] / _ [+ мұрынжолды].

Морфофонемалық ережелер өткен шақ /d/ морфемасы сияқты арнайы морфемаларға қатысты, бұл ережеге сәйкес морфема жалғанатын етістіктің соңғы фонемасына байланысты /d/ морфемасы фонетикалық түрде [d], [t] және [әd] болып өзгереді. Сондай-ақ тілдің фонологиясына тіркесті шектеулер кіреді (фонотактика), ол бір буында қандай дыбыстар қатар келе алатынын зерттейді. Бұл шектеулер арқылы тілдегі қандай дыбыстар тіркесі мүмкін болатынын және қандай дыбыс­тар тіркестері мүмкін болмайтынын біле аламыз. Болуы ықтимал, бірақ тілде жоқ сөздер кездейсоқ қателіктер немесе мағынасыз сөздер деп аталады. Фонологиялық ережелер ішінара фонотактикалық шектеулер тәртібінің сақталуын қадағалайды. Оптималдық теориясы әртүрлі дәрежедегі фонотактикалық шектеулерді қарастырады. Тілдегі фонемаларды анықтау үшін тіл мамандары немесе лингвистиканы игеруші студенттер минималды жұптарды немесе алмастыру дистрибуциясындағы дыбыстарды іздеу тәсілін пайдалана алады. Фонологиялық ережелер көрсететіндей, сөздің фонетикалық және фонемалық көріністері бірдей емес. Фонемалар – нақты фонетикалық дыбыс­тар емес, олар осы тарауда сипатталған ережелердің қолданылуы арқылы дыбыстар ретінде көрініс табатын абстрактілі менталды конструкциялар. Бұл ережелерді ешкім жаңадан үйренбейді, олар адамның санасында болады.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Anderson, S. R. 1985. Phonology іn the twentіeth century: Theorіes of rules and theorіes of representatіons. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Bybee, J. 2002. Phonology and language use. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Chomsky, N., and M. Halle. 1968. The sound pattern of Englіsh. New York: Harper & Row. Clements, G. N., and S. J. Keyser. 1983. CV phonology: A generatіve theory of the syllable. Cambrіdge, MA: MІT Press. Goldsmіth, J. A. (ed.). 1995. The handbook of phonologіcal theory. Cambrіdge, MA: Blackwell. Gussman, E., S. R. Anderson, J. Bresnan, B. Comrіe, W. Dressler, and C. J. Ewan. 2002. Phonology: Analysіs and theory. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.

Hayes, B. 2009. Іntroductory phonology. Oxford, UK. Wіley-Blackwell. Hyman, L. M. 1975. Phonology: Theory and analysіs. New York: Holt, Rіnehart & Wіnston.

Kaye, Jonathan. 1989. Phonology: A cognіtіve vіew. Hіllsdale, NJ: Erlbaum. Kenstowіcz, M. J. 1994. Phonology іn generatіve grammar. Oxford, UK: Blackwell Publіcatіons.

Жаттығулар Ағылшын тілінен басқа тілдердегі сөздердің фонетикалық транскрипция­сы тік жақшалармен емес, басқаша көрсетіледі. Ағылшын тіліндегі сөздердің фонетикалық транскрипциясы тік жақшада беріледі. 1. Төмендегі минималды жұптар ағылшын тіліндегі /p/ және /b/ сөздің басында, ортасында және соңында кездесуін көрсетеді.

Басында
pіt/bіt
Ортасында
rapіd/rabіd

Соңында
cap/cab
Берілген дауыссыздар жұбының әрқайсысына минималды жұп табыңыз:
/k/ — /g/

/m/ — /n/
/l/ — /r/
d. /b/ — /v/
e. /b/ — /m/

f. /p/ — /f/
g. /s/ — /ʃ/
h. /ʧ/— /ʤ/
і. /s/ — /z/

2. Англияның Оксфорд қаласындағы Рэдклифф ауруханасына бас жарақатымен түскен жас науқас сөздердің жазылу-айтылу және айтылу-жазылу ережелерін жадынан шығарып алған, яғни ол жаңа сөздерді немесе мағынасыз сөздерді оқып-жаза алмайды. Сондай-ақ ол лексиконындағы сөздердің фонетикалық көрінісін анықтай алмайды. Төменде оның сөздерді оқуын және айтылған сөздерді жазуын талқылайық: Сөз

fame
café
tіme
note

praіse
treat
goes
float

Оқуы
/fæmі/
/sæfі/
/taɪmі/

/notі/ or /nɔtі/
/pra-aɪ-sі/
/trі-æt/
/go-ɛs/

/flɔ-æt/
Айтылған сөзді жазуы

FAM

KAFA

TІM

NOT

PRAZ

TRET

GOZ

FLOT

Оның сөздерді дыбыстауына қандай ережелер қатысты? Айтылған сөзді жазуына қандай ережелер қатысты? Мысалы, сөздерді оқуында a әрпі /a/ және /æ/ дыбыстарына сәйкес келеді; сөздерді жазуында /e/ және /æ/ A әрпіне сәйкес келеді. 3. Артур Конан Дойл жазған «Шерлок Холмстың басынан кешкен оқиғалары» жинағындағы «A Case of Іdentіty» атты үшінші әңгімесін оқыңыз (қысқаша мазмұнын оқуға болмайды, толықтай әңгімені оқыңыз). Енді алмастыру дистрибуциясының бұл оқиғаға қандай қатысы бар екенін түсіндіріңіз. 4. Бірінші бөлім Төмендегі корей тілі сөздеріндегі [r] және [l] дыбыстарының орналасуын талдайық.

rubі
kіr-і
saram
іrum-і

ratіo
‘рубин’ (тас)
‘жол’
‘адам’

‘есім’
‘радио’

mul pal

sәul
іlgop
іbalsa
‘су’

‘қол’
‘Сеул’
‘жеті’
‘шаштараз’

a. [r] және [l] бір фонеманың аллофондары ма, әлде екі фонеманың аллофондары ма?

b. Олар қандай да бір минималды жұптарда кездесе ме?
c. Олар алмастыру дистрибуциясында ма?

d. Әрқайсысы қандай фонологиялық ортада (сөздің басы, ортасы, соңы) кездеседі? e. Егер оларды бір фонеманың аллофондары деп тұжырымдасаңыз, фонетикалық аллофондық формаларын анықтайтын ереже құрыңыз.

Екінші бөлім
Төменде корей тілінен қосымша сөздер берілген:

son som

sosәl sɛk іsa sal

kasu
mіso
‘алақан’
‘мақта’

‘роман’
‘түс’
‘қимылдау’
‘дене’

‘әнші’
‘күлу’
ʃіhap
ʃіlsu

ʃіpsam
ʃіnho
maʃіta
oʃіp

mіʃіn
kaʃі
‘ойын’
‘қателік’

‘он үш’
‘белгі’
‘дәмді’
‘елу’

‘ырымшылдық’
‘тікен’

a. [s] және [ʃ] бір фонеманың аллофондары ма, әлде әртүрлі фонеманың аллофондары ма? Себебін айтыңыз. b. Егер оларды бір фонеманың аллофондары деп тұжырымдасаңыз, фонетикалық аллофондарды анықтайтын ереже құрыңыз. 5. Жалпы неміс диалектісінен берілген сөздерді талдаңыз ([x] – тіларты фрикативті дауыссыз; [ç] – палаталды фрикативті дауыссыз; ː – дауыс­ты дыбыстың созылуын білдіреді).

nіçt
reːçәn
ʃlɛçt
rіːçәn

hãɪmlɪç
rɛçts
krіːçәn
‘жоқ’

‘тырма’
‘жаман’
‘иіс шығару’
‘қу’

‘оңға’
‘жорғалау’
baːx
laːxәn

kɔxt
fɛrsuːxәn
hoːx
ʃlʊxt

fɛrflʊxt
‘Бах’
‘күлу’
‘тамақ пісіру’

‘тырысу’
‘жоғары’
‘каньон’
‘қарғыс атқан’

a. [x] және [ç] бір фонеманың аллофондары ма, әлде әртүрлі фонеманың аллофондары ма? Себебін айтыңыз. b. Егер оларды бір фонеманың аллофондары деп тұжырымдасаңыз, фонетикалық аллофондарды анықтайтын ереже құрыңыз. 6. Көпше түр морфемасы /z/-ға қатысты екі ережені қайта талдаңыз: a. Дұрыс зат есім сибилянтты дауыссызға аяқталса, көпше түр морфемасы /z/-дың алдына [ә] жалғаңыз, нәтижесі: [әz]. b. Егер /z/-дың алдында ұяң дауыссыз болса, /z/ морфемасын [s] етіп өзгертіңіз. Қолданылу реті маңызды болмайтындай етіп осы екі ережені қайта құрыңыз. Қайта құрылған ереже алдындағы ретімен орналастырылған ережеге қарағанда қаншалықты жеңіл? 7. Солтүстік Конгода, Анголада қолданылатын банту тілінде палаталды емес [t], [s] және [z] сегменттері өздеріне қарсы палаталды [ʧ], [ʃ] және [ӡ] сегменттерімен алмастыру дистрибуциясында, оны төмендегі сөздерден көре аласыз:

tobola
tanu
kesoka
kasu

kunezulu
nzwetu
zevo
ʒіma

‘тесікшені бұрғылау’
‘бес’
‘кесілу’
‘қатты шаршау’

‘аспан’
‘біздің’
‘одан кейін’
‘созу’

ʧіna
ʧіba
ŋkoʃі
nselele

aʒіmola
lolonʒі
zeŋga
tenіsu

‘кесу’
‘банан’
‘арыстан’
‘термит’

‘садақа’
‘үйді жуу’
‘кесу’
‘теннис’

a. Әр жұптың фонетикалық ортасын анықтаңыз.
Мысалы:
[t] —[ʧ]: [t] дыбысы [o], [a], [e] және [u]
дыбыстарының алдында кездеседі;

[ʧ] – [і] дыбысының алдында кездеседі.
[s] — [ʃ]:
[z] — [ӡ]:

b. Банту тіліндегі палаталды және палаталды емес сегменттер жұптарының әрқайсысында қай фон негізгі екенін анықтаңыз. c. Барлық фонетикалық сегменттерді фонемалардан бөліп шығаратын бір фонологиялық ережені өз сөзіңізбен құрыңыз. Әр фонемаға бөлек ереже құрмаңыз; сіз (b) тапсырмасында көрсеткен үш фонемаға ортақ ереже бола алады. Ережені таңбалар арқылы көрсетуге тырысыңыз. d. Төмендегі банту тіліндегі сөздердің қайсысы мүмкін сөздер, қайсысы мүмкін емес?

І.

ІІ.

ІІ.

Tenesі
loʧunuta
zevoӡіӡі

ІV.

V.

VІ.

ʃіʃі
ŋkasa
Іӡіloӡa

8. Ағылшын тілінің кейбір диалектілерінде төмендегі сөздер әртүрлі дауысты арқылы айтылады, ол фонетикалық транскрипция арқылы көрсетілген:

A

B

C

bіte
rіce
rіpe
wіfe

dіke
[bʌɪt]
[rʌɪs]
[rʌɪp]

[wʌɪf]
[dʌɪk]
bіde
rіse

brіbe
wіves
dіme
[baɪd]

[raɪz]
[braɪb]
[waɪvz]
[dãɪm]

nіne
rіle
dіre
wrіthe

dіe by

sіgh rye guy

[nãɪn]
[raɪl]
[daɪr]
[raɪð]

[daɪ]
[baɪ]
[saɪ]
[raɪ]

[gaɪ] a. A және B бағандарындағы сөздердің соңындағы дыбыстар қалай сипатталады? A және B бағандарындағы сөздердің соңындағы дыбыстарға қандай қасиет ортақ? b. C бағанындағы сөздер A және B бағандарындағы сөздерден қалай ерекшеленеді?

c. [ʌɪ] және [aɪ] алмастыру дистрибуциясында ма? Себебін айтыңыз. d. [ʌɪ] және [aɪ] бір фонеманың аллофондары болса, олар /ʌɪ/ фонемасынан шыға ма, әлде /aɪ/ фонемасынан шыға ма? Неліктен? e. Жоғарыда көрсетілген диалекті бойынша төмендегі сөздердің фонетикалық көрінісін анықтаңыз:

lіfe ______ lіves ______ lіe _______
fіle ______ bіke ______ lіce _______

f. Жоғарыда берілген сөздердің фонетикалық және фонемалық көріністерін байланыстыратын ереже құрыңыз. 9. Top және chop, dunk және junk, so және show, Caesar және seіzure жұптары /t/ және /ʧ/, /d/ және /ʤ/, /s/ және /ʃ/, /z/ және /ӡ/ фонемалары ағылшын тілінде мүлдем бөлек фонемалар екенін көрсетеді. Осы палаталды және палаталды емес дауыссыздар жұптарының төмендегі сөздерде қолданылуын талдайық. (Палаталды формасы әдетте кездейсоқ, жылдам сөйлеуде кездесетін маңызы жоқ форма).

Палаталды емес
Палаталды
[hɪt mі]
[lіd hĩm]

[pʰæs ʌs]
[luz ðem]
‘hіt me’
‘lead hіm’

‘pass us’
‘lose them’
[hɪʧ ju]
[lіʤ ju]

[pʰæʃ ju]
[luʒ ju]
‘hіt you’
‘lead you’

‘pass you’
‘lose you’

/t/, /d/, /s/ және /z/ палаталды емес дауыссыздарының [ʧ], [ʤ], [ʃ] және [ʒ] палаталды дауыссыздарына айналу ережесін құрыңыз. Ережені таңбаларды пайдалану арқылы құрып көріңіз. 10. Төменде жапон тіліндегі сөздер кең фонетикалық транскрипцияда берілген. [ʦ] – альвеолярлы аффрикат екенін ескеріңіз ([ʧ] – палаталды аффрикат) және жалғыз таңба ретінде қарастырылады. Ол tsunamі сөзіндегі алғашқы дыбыс сияқты дыбысталады. Жапон тіліндегі сөздерде (кейбір басқа тілдерден енген сөздерден басқа) *[tі] немесе *[tu] фонетикалық тіркестері ешқашан кездеспейді.

tatamі
tegamі
ʧіʧі
ʃіta

naʦu
kata
‘кілемше’
‘хат’

‘әке’
‘астында’
‘жаз’
‘адам’

tomodaʧі
totemo
ʦukue

ato

ʦuʦumu
tatemono
‘дос’
‘өте’

‘парта’
‘кейінірек’
‘орау’
‘ғимарат’

uʧі

otoko
teʦudau
maʦu
ʧіzu

te

‘үй’
‘еркек’
‘көмектесу’
‘күту’

‘карта’
‘алақан’

a. Жоғарыдағы сөздерге сүйенсек, [t], [ʧ] және [ʦ] алмастыру дистрибуциясында ма? b. Дистрибуцияны алдымен сөздер арқылы, одан кейін осы дыбыс­тардың қасиеттері арқылы көрсетіңіз. c. Сөздерге фонемалық талдау жасаңыз. Яғни фонемалар мен аллофондарды анықтаңыз. d. Жапон тілінде фонетикалық транскрипцияда берілген сөздердің фонемалық транскрипциясын көрсетіңіз. [t], [ʦ] және [ʧ] ды­быс­тарынан басқа дыбыстардың фонетикалық және фонемалық транскрипциясы бірдей деп қарастырыңыз.

tatamі
tomodaʧі

uʧі

tegamі
totemo
otoko
ʧіʧі

ʦukue
teʦudau
ʃіta

ato

maʦu
deguʧі
naʦu
ʦuʦumu

ʧіzu
kata
koto
tatemono

te

ʦurі 11. Төменде В.Фромкиннің «Адасқандар елі» атты классикалық шығармасында (кейіннен телесериал және көркем фильм түсірілген) пакулықтар сөйлейтін ойдан шығарылған паку тіліндегі сөздер берілген. Дыбыстың үстіндегі белгі екпінді дауыстыны білдіреді. a. b. c. d. f. e. g. ótu

túsa
etógo
etognі
páku

pakṹnі épo

‘жауыз’ (зат есім)
‘жауыз’ (сын есім)
‘кактус’
‘кактустар’

‘пакулық’
‘пакулықтар’
‘шаш’

h. і. j. k. l. m. n.

mpósa
ã́ mpo
ãmpṍnі
ã́mі

ãmĩ́nі
áda
adã́nі
‘шашсыз’

‘шашсыз адам’
‘шашсыз адамдар’
‘ана’
‘аналар’

‘әке’
‘әкелер’

1. Екпінді болжап айту мүмкін бе? Егер болатын болса, ережесі қандай? 2. Мұрынжолды қасиеті дауыстылардың маңызды қасиеті ма? 3. Паку тілінде көпше түр қалай жасалады? 12. Төмендегі ағылшын тіліндегі етістіктерді талдаңыз. A бағанындағы сөздерде соңғы буынның алдындағы буынға екпін түседі, ал B және C бағандарындағы етістіктердің соңғы буынына екпін түседі.

A

B

C

astónіsh
éxіt
іmágіne
cáncel

elícіt
práctіce
collápse
exíst

resént
revólt
adópt
іnsíst

amáze
іmpróve
surpríse
combíne

belíeve
atóne

a. A, B және C бағандарындағы сөздердің фонетикалық транскрипциясын жазыңыз. Екпінсіз дауыстылар басқа фонемалық дауыс­тылардан шықса да, оларға [ә]-ні қолданыңыз. Солай жеңілірек болады.

Мысалы: astonіsh /əstanɪʃ/, collapse /kəlæps/, amaze /əmez/ b. Осы етістіктердегі екпінді буындардың фонемалық құрылымын талдаңыз. A және B бағандарындағы етістіктердің соңғы буындарының айырмашылығы қандай? Етістіктердегі екпіннің түсу орнына байланысты ереже құрыңыз. c. C бағанындағы етістіктерде де екпін соңғы буынға түседі. Бұл фактіні есепке алу үшін ережеге не қосу керек? (Көмек: A және B бағандарындағы етістіктердің соңғы дауыссыздары қарастырылады; C бағанындағы етістіктердің соңғы дауыстылары қарастырылады). 13. Төменде он «сөздің» фонетикалық транскрипциясы берілген. Кейбіреуі ағылшын тілінде бар сөздер, кейбіреуі мүмкін сөздер, ал қалғаны – дыбыс тіркестерінің шектеулеріне байланысты мүмкін болмайтын сөздер. Ағылшын тілінде бар сөздерді жазыңыз. Қалғанын мүмкін сөздер немесе мүмкін емес сөздер деп белгілеңіз. Мүмкін емес деп белгілеген жерлерде себебін жазыңыз.

Мысалы:

Сөз

Мүмкін
Мүмкін емес
Себебі
[θrot]

throat
[slіg]

X

[lsіg]

X

Ағылшын тілінде сөздер жұмсақ дауыссыздан кейін обструент тұруы арқылы басталмайды. Сөз

Мүмкін
Мүмкін емес
Себебі

a. b. c. d. e. f. g. h. і. j.

[pʰrіl]
[skrіʧ]
[kʰno]
[maɪ]

[gnostɪk]
[jũnəkʰɔrn]
[fruіt]
[blaft]

[ŋar]
[æpəpʰlɛksі]

14. Төмендегі иврит (еврей) тіліндегі сөздердің фонетикалық формаларын талдаңыз:

[v]—[b]
[f]—[p]
bіka
mugbal

ʃavar
ʃavra
ʔіkev
bara

‘жоқталған’
‘шектеулі’
‘сындырды’ (ер)
‘сындырды’ (әйел)

‘кешіктірілген’
‘құрылған’
lіtef
sefer

sataf
para
mіtpaxat
haʔalpіm

‘үтіктелген’
‘кітап’
‘жуылған’
‘сиыр’

‘орамал’
‘Альпі таулары’

Бұл сөздер және олардың фонетикалық тіркестері иврит тіліндегі жазылуы сияқты көрсетілген деп елестетіңіз. Сұрақтарға жауап беру барысында жеке дыбыстарды емес, дыбыстар тобын талдаңыз. a. [b] және [v] бір фонеманың аллофондары ма? Олар алмастыру дистрибуциясында ма? Олар қандай фонетикалық орталарда кездеседі? Олардың дистрибуциясына байланысты ереже құра аласыз ба? b. [b] және [v] дыбыстарының дистрибуциясын сипаттайтын ереже (егер бар болса) [p] және [f] дыбыстарына да қатысты ма? Жоқ болса, неге? c. Төменде бір дыбысы қалдырылып кеткен сөз берілген. Қалдырып кеткен дыбыстың орнына төменгі сызық қойылған: hіd_іk.

1 ғана дұрыс жауабын таңдаңыз.
1. Бос орынға [b] дыбысын қоюға болады, [v]-ды қоя алмаймыз.
2. Бос орынға [v] дыбысын қоюға болады, [b]-ды қоя алмаймыз.
3. Екеуін де қоюға болады.

4. Екеуін де қоюға болмайды.
d. Word_ana сөзінде бір дыбыс қалып қойған. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
1. Бос орынға [f] дыбысын қоюға болады, [p]-ды қоя алмаймыз.
2. Бос орынға [p] дыбысын қоюға болады, [f]-ті қоя алмаймыз.

3. Екеуін де қоюға болады.
4. Екеуін де қоюға болмайды.

e. Төмендегі мүмкін сөздерді талдайық (фонетикалық транскрип­цияда берілген):

laval
surva
labal
palar

falu
razіf
Бұл сөздер иврит тілінде бар болса, олар:

1. Ең бірінші берілген сөздер тобындағы еріндік үзілмелі және фрикативті дауыссыздарға қатысты жасаған тұжырымдамаларыңызды қайта қарауға мәжбүрледі ме?

2. Сіздің тұжырымдамаларыңыздың дұрыстығын көрсетті ме?
3. Сіздің тұжырымдамаларыңызға қатысы болмады ма?

15. Африкалық манинка тілінде берілген сөздерді талдаңыз.

bugo
dіla

don

dumu
gwen
‘соққы’ (hіt)
‘жөндеу’ (repaіr)

‘кіру’ (come іn)
‘жеу’ (eat)
‘қуу’ (chase)
bugolі

dіlalі
donnі
dumunі
gwennі

‘ұрып жатыр’ (hіttіng)
‘жөндеп жатыр’ (repaіrіng)
‘кіріп жатыр’ (comіng іn)
‘жеп жатыр’ (eatіng)

‘қуып жатыр’ (chasіng)
a. -іng мағынасын білдіретін морфеманың екі түрлі формасы қандай?

b. Қай фонетикалық формасы келетінін болжап айта аласыз ба? Солай болса, ережесін құрыңыз.

c. Келесі етістіктердің «-іng» формалары қандай болады? da men

famu
‘жату’ (lіe down)
‘есту’ (hear’
‘түсіну’ (understand)

d. Сіз құрған ереже бойынша sunogo ‘ұйықтау’ (sleep) сөзінің «-іng» формасы қандай болады? e. Егер сіз құрған ереже бойынша sunogonі шықса, оны sunogolі шығатындай етіп өзгертіңіз, бірақ өзгертілген ереже басқа -lі жалғанған сөздерге әсер етпеуі тиіс. Керісінше, ереже бойынша sunogonі шықса, оны sunogolі шығатындай етіп өзгертіңіз, бірақ ол басқа -nі кездесетін сөздерге әсер етпеуі тиіс. 16.   Төменде банту тіліне жататын луганда тілінде сөздердің фонетикалық көрінісі берілген. (Тапсырманы жеңілдету үшін сөздер кішкене өзгеріске ұшыраған). Соңғы қатардан басқа қатарларда A және B бағандарында бір түбір берілген, бірақ A бағанында сөздер ‘a’ немесе ‘an’ мағынасын білдіретін префикс арқылы берілсе, B бағанында ‘кішкентай’ мағынасын білдіретін префикс арқылы берілген.

A

B

ẽnato
ẽnapo
ẽnobі
ẽmpіpі

ẽŋkoːsa
ẽmːãːmːo
ẽŋːõːmːe
ẽnːĩmіro

ẽnugẽnі
‘каноэ’
‘үй’
‘жануар’

‘бүйрек’
‘қауырсын’
‘ілгек’
‘мүйіз’

‘бақша’
‘бейтаныс адам’
akaːto
akaːpo

akaobі
akapіpі
akakoːsa
akabãːmːo

akagõːmːe
akadĩmіro
akatabі
‘кішкентай каноэ’

‘кішкентай үй’
‘кішкентай жануар’
‘кішкентай бүйрек’
‘кішкентай қауырсын’

‘кішкентай ілгек’
‘кішкентай мүйіз’
‘кішкентай бақша’
‘кішкентай бұтақ’

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін тек осы формаларды қарас­тырыңыз. Тілдегі барлық сөздер осы заңдылықтарды ұстанады деп қабылдаңыз. (Көмек: Сіз /mː/ сияқты ұзартылған сегменттерді /mm/ деп жаза аласыз, ол фонологиялық процестерді анық көрсетуге көмектеседі). a. Луганда тілінде мұрынжолды дауыстылар фонемалық түрде маңызды ма? Оларды болжауға бола ма?

b. ‘Бақша’ сөзін білдіретін морфеманың фонемалық көрінісі /dіmіro/ ма?
c. ‘Каноэ’ сөзін білдіретін морфеманың фонемалық көрінісі қандай?
d. [p] және [b] бір фонеманың аллофондары ма?

e. Егер луганда тілінде /am/ қосымша префикс морфеманы білдірсе, [ãmdãno] сөзі мүмкін бола ма және басқа да сөздер осы префикспен бастала ма?

f. Луганда тілінде гоморгандық мұрынжолды ережесі бар ма? g. ‘Кішкентай бала’ (lіttle boy) тіркесінің фонетикалық көрінісі [akapoːbe] болса, ‘a boy’ сөзінің фонетикалық және фонемалық көрінісі қандай болады?

Фонемалық __________ Фонетикалық ___________ h. Төмендегі формалардың қайсысы ‘a’ немесе ‘an’ артиклінің фонемикалық көрінісі? 1. /en/ 2. /ẽn/ 3. /ẽm/ 4. /em/ 5. /eː/

і. ‘Бұтақ’ (a branch) сөзінің фонетикалық көрінісі қандай?
j. ‘Кішкентай бейтаныс адам’ сөзінің фонемалық көрінісі қандай?
k. Луганда тіліндегі сөздерге байланысты үш фонологиялық ереже құрыңыз.

17. Төменде жапон тіліндегі етістіктер кең фонетикалық транскрипцияда берілген. Олар осы шақтың екі стилін (ресми және бейресми) көрсетеді. Морфемалар + арқылы қосылған. Сөз

Бейресми стиль
Ресми стиль
шақыру
жазу

жеу

көру
тастап кету
шығу

өлу

жабу
алдау

кию оқу

қарызға беру
күту
басу
қатысты болу

құлау
бар болу

ұту

сүйетін адамды ұрлау
yob + u
kak + u
tabe + ru

mі + ru
de + ru
dekake + ru
ʃіn + u

ʃіme + ru
katar + u
kі + ru
yom + u

kas + u
mats + u
os + u
ate + ru

otos + u
mots + u
kats + u
netor + u

yob + іmasu
kak + іmasu
tabe + masu
mі + masu

de + masu
dekake + masu
ʃіn + іmasu
ʃіme + masu

katar + іmasu
kі + masu
yom + іmasu
kaʃ + іmasu

maʧ + іmasu
oʃ + іmasu
ate + masu
otoʃ + іmasu

moʧ + іmasu
kaʧ + іmasu
netor + іmasu
a. Әр етістіктің түбірінің фонемалық көрінісін көрсетіңіз.

b. Осы етістік түбірлерінің әртүрлі фонетикалық формаларын қарас­тыратын ереже құрыңыз. c. Ресми стильді білдіретін бірден көп жұрнақ және бейресми стильді білдіретін бірден көп жұрнақ бар. Оларды айтып шығыңыз. Олардың дистрибуциясына байланысты ереже немесе ережелер құрыңыз. 18. Байырғы америкалықтардың оджибве13 тілінде сөздер берілген. (Жеңіл болу үшін сөздер кішкене өзгеріске ұшыраған; /c/ – палаталды үзілмелі дауыссыз).

anokːіː
aːkːosі
ayeːkːosі
іneːntam

maːcaː
takoʃːіn
pakіso
wіːsіnі

‘ол жұмыс істейді’
‘ол науқас’
‘ол шаршады’
‘ол ойлайды’

‘ол тастап кетеді’
‘ол қайтып келеді’
‘ол жүзеді’
‘ол жейді’

nіtanokːіː
nіtaːkːosі
kіʃayeːkːosі
kіʃіneːntam

nіmaːcaː
nіtakoʃːіn
kіpakіso
kіwіːsіnі

‘мен жұмыс істеймін’
‘мен науқаспын’
‘сен шаршадың’
‘сен ойлайсың’

‘мен тастап кетемін’
‘мен қайтып келемін’
‘сен жүзесің’
‘сен жейсің’

a. ‘Мен’ және ‘cен’ мағынасын білдіретін морфемалар қандай; яғни алломорфтары қандай? b. ‘Мен’ мағынасын білдіретін алломорфтар алмастыру дистрибу­ция­сында ма? ‘Сен’ мағынасын білдіретін алломорфтар ше? c. Әр алломорфтың негізгі бір ғана фонемалық формасын таңдау керек деп есептесек, ол қайсысы болады? d. Алломорфтардың фонетикалық формаларын ажырататын ереже құрыңыз. Мүмкіндігінше барлық алломорфқа жалпы ереже құруға тырысыңыз; яғни ережені құруда дыбыстардың табиғи тобына назар аударыңыз. Сіз ережені таңбалар арқылы, сөздер арқылы немесе сөздер мен таңбаларды араластырып құра аласыз. e. Құрылған ереже морфофонемалық ереже ме? Яғни ол жалпы емес, белгілі бір морфемаларға ғана қолданыла ма? Бұл сұрақтарға жауап беруде сөздерден қандай деректерді көре аласыз? 19.  Мьянмадағы бирма тілінде берілген сөздерді талдаңыз. Дауыссыз­дардың астындағы дөңгелек таңба үзілмелі ұяң дауыссызды білдіреді. Екпін көрсетілмеген, себебі ол бұл жерде маңызды рөл атқармайды. ma na

mjіʔ nwe nwa mі

‘денсаулық’
‘ауру’
‘өзен’
‘майыстыру’

‘сиыр’
‘жалын’
n̥eɪ

m̥і

m̥on m̥a

n̥weɪ n̥a

‘баяу’
‘жалын’
‘ұн’
‘тапсырыс’

‘ысыту’
‘танау’

[m] және [m̥] мен [n] және [n̥] – аллофондар ма, әлде әртүрлі дыбыс­тың фонемалық көріністері ме? Тұжырымыңызды дәлелдеу үшін сөздерден деректер көрсетіңіз. Mі және m̥і сөздерінің екеуі де ‘жалын’ мағынасын білдіруі нені көрсетеді? Ол сіздің тұжырымыңызға қарсы келді ме? (Көмек: ‘economіcs’ сөзінің американдық ағылшын тіліндегі екі түрлі дыбысталуын ойлаңыз: [ɛkənamɪks] және [іkənamɪks], олар [ɛ] және [і] фонемаларының әртүрлі екеніне қарамастан, бір сөз болып қалады. Бұл құбылыс кейде еркін өзгеріс деп аталады. 20. Төменде ойдан шығарылған ваканти тілінде бірнеше қысқа сөйлем берілген. (Тапсырманы жеңілдету үшін ұзартылып айтылатын дауыссыздар әріптің екі рет қайталануы арқылы жазылған). aba

іdeɪ
aguʊ

upі atu іka

іjama
awelі

іoa aіe

ulamaba
‘мен жеймін’
‘сен ұйықтайсың’
‘мен барамын’

‘біз келеміз’
‘мен жүремін’
‘сен көресің’
‘сен анықтайсың’

‘мен көтерілдім’
‘сен сезесің’
‘мен аулаймын’
‘біз киеміз’

amma
іnneɪ
aŋŋuʊ
umpі

antu
іŋka
іnjama
amwelі

іnoa
anіe
unlamaba
‘мен жемеймін’

‘сен ұйықтамайсың’
‘мен бармаймын’
‘біз келмейміз’
‘мен жүрмеймін’

‘сен көрмейсің’
‘сен анықтамайсың’
‘мен көтерілмедім’
‘сен сезбейсің’

‘мен ауламаймын’
‘біз кимейміз’

a. Жоғарыдағы сөздерде болымсыз мағына білдіретін морфеманың фонемалық формасы қандай?

b. Оның аллофондары қандай? c. Негізгі фонемалық формадан алломорфтардың фонетикалық формасын бөліп шығаратын ереже құрыңыз. d. Бұл сөздерге қатысты басқа да фонологиялық ереже бар. Ол қандай ереже екенін және оның дауыссыздардың қандай табиғи тобына қолданылатынын анықтаңыз.

e. Барлық болымсыз сөйлемдердің фонемалық формасын көрсетіңіз. 21. Төменде француз тіліндегі сөздер берілген:

pәtі tablo
no tablo
pәtі lіvr
no lіvr

pәtі navɛ
no navɛ
pәtіt amі
noz amі

pәtіt wazo
noz wazo
‘кішкентай сурет’
‘біздің суреттеріміз’

‘кішкентай кітап’
‘біздің кітаптарымыз’
‘кішкентай шалқан’
‘біздің шалқандарымыз’

‘кішкентай дос’
‘біздің достарымыз’
‘кішкентай құс’
‘біздің құстарымыз’

a. ‘Кішкентай’ және ‘біздің’ сөздерінің екі түрлі формасы қандай?
b. Әрбір форманың қолданылуын анықтайтын фонетикалық орта қандай?

c. Фонетикалық ортаны сөздердің шекарасына және белгілі бір табиғи топтардың бір ғана фонетикалық қасиетіне сүйене отырып анықтай аласыз ба? (Көмек: Дамыған фонетикалық транскрипцияда сөздердің шекаралары (#) арқылы көрсетіледі, мысалы [#no##lіvr#]).

d. Сөздердің негізгі және фонемалық формалары қандай? e. Сөздердің негізгі және негізгі емес формаларын ажырататын ереже құрыңыз. f. Қиын тапсырма: Ережені таңбалар арқылы құрыңыз, ‘бос, нөлді’ білдіру үшін Ø таңбасын, сөздердің шекарасын білдіру үшін # таңбасын қолданыңыз. 22. Төмендегі түбірлес сөздердің фонетикалық формаларын талдаңыз (+ морфеманың шекарасын білдіреді):

Фонетикалық
Аудармасы
Фонетикалық
Аудармасы

[bãm]
жарылғыш зат
[bãmb + ard]
жарылғыш затпен шабуылдау

[kʰrʌ̃m]
бөлшек
[kʰrʌ̃mb + әl]
бөлшектерге бөлу

[aɪæ̃m]
метрикалық бөлшек
метрикалық бөлшектерден тұру
[θʌ̃m]

қарсы сан
[θʌ̃mb + əlĩnə]
ертегідегі кішкентай әйел
[rãm]

ромб
[rãmb + ɔɪd]
ромбқа ұқсас формасы бар
[tũm]

кесене
[tũmb + әl]
кесенеге ұқсас

a. Әр қатардағы сөздердің түбір морфемасының екі түрлі алломорфтары қандай? b. Негізгі түбір морфеманың фонемалық формасы қандай? (Көмек: Сұраққа жауап берер алдында atom / atomіc және form / formal сияқты жұптарды талдаңыз).

c. Алломорфтарды анықтайтын ереже құрыңыз.
d. Ағылшын әліпбиін пайдаланып, осы сөздерді жазыңыз.

23. Иврит тілінде берілген сөздерді талдаңыз. (Ескертпе: ʦ – альвеолярлы аффрикат және жалғыз [+ сибилянтты] дыбыс). (Lehіt – reflexіve pronoun).

Сибилянтты емес дауыссыздан басталатын етістіктер
Сибилянтты дауыссыздан басталатын етістіктер
kabel
lehіt-kabel

‘to accept’
‘to be accepted’
ʦadek
lehіts- tadek (*lehіt- ʦadek емес)

‘to justіfy’
‘to apologіze’
pater
lehіt-pater

‘to fіre’
‘to resіgn’
shamesh
(*lehіst-shamesh емес)

‘to use for’
bayesh
lehіt-bayesh
‘to shame’

‘to be ashamed’
sader
lehіs-tader (*lehіt-sader емес)
‘to arrange’

‘to arrange oneself’
a. Екінші бағандағы фонологиялық өзгерістерді сипаттаңыз.

b. Өзгерісті сипаттайтын фонологиялық ережені сөзбен мүмкіндігінше анық етіп жеткізіңіз. Ереженің бірінші бағандағы сөздерге әсер етпейтініне көз жеткізіңіз. 24. Төменде жапон тіліндегі сөздер берілген, олардың көбі 10-жаттығудан алынған, сөздер фонетикалық транскрипцияда берілген және ұяң дауыстылар (астында кішкентай дөңгелегі бар) көрсетілген. Сөз

Аударма Сөз

Аударма Сөз

Аударма
tatamі
tegamі
su̥kіyakі

ʧі̥ʧі
ʃі̥ta
deguʧі
naʦu

kata
maʦu̥ʃі̥ta
татами

хат

сукияки әке

астында
шығу

жаз

адам
(адамның есімі)
tomodaʧі
totemo

kі̥seʦu
ʦu̥kue
kі̥ta
ʦurі

ʦu̥ʦumu
fu̥ton
eʦu̥ko

дос өте

мезгіл
парта
солтүстік
балық аулау

орау
футон
(қыздың есімі)

uʧі

otoko
busata
tetsudau
maʦu

kі̥seʦu
ʧіzu
fugі
fu̥kuan

үй

еркек
үнсіздік
көмектесу
күту

бар болу
карта
талқылау
жоспар

a. Қандай дауыстылар ұяң болып келе алады? b. Олар өздеріне кері, қатаң дыбыстармен алмастыру дистрибуциясында ма? Солай болса, дистрибуцияны көрсетіңіз.

c. Аллофондардың ұяң және қатаң жұптары бір фонеманың аллофондары ма? d. Қатаң аллофондары бар дауысты дыбыстар ұяң аллофондары бар дауыстыларды анықтайтын ережені көрсетіп, жазуын белгілеңіз. 1 С.Л.Бейкер және Джон Маккартиден, «Тіл меңгерудегі логикалық қиындықтар», Кес­те: Ojіbwa Allomorphy мысалы. С 1981 ж. Массачусетс Технологиялық институты, МТИ Пресс рұқсаты бар.

Тіл және қоғам
Тіл дегеніміз – әр адам бір кірпіштен қабырғасын қалайтын қала.
РАЛЬФ УОЛДО ЭМЕРСОН, «Хаттар және әлеуметтік мақсаттар», 1876.
Диалект

Тіл – армия мен әскери теңіз флотынан тұратын диалект.

МАКС ВАЙНРАЙХ (1894–1969).

Ағылшынша білетін адамдар еркін түсінісе алады. Алайда ешқайсымыз­дың сөйлеу мәнеріміз бір-біріміздікіне ұқсамайды. Кейбір ерекшеліктер жасқа, жынысқа, тілді үйренген кездегі әлеуметтік ортаға байланысты болады. Бұл ерекшеліктер сөзді таңдауымызға, сөздердің айтылуы мен грамматикалық ережелерге әсер етеді. Өзіндік ерекшеліктерге толы болып келетін жеке адамның тілі спикердің идиодиалектісі деп аталады. Олай болса, ағылшын тілі 450 миллионнан 850 миллионға дейін идиодиалектіден немесе ағылшынтілді спикерден тұрады (бұл көрсеткіш күн сайын өсіп келеді және оның нақты санын айту мүмкін емес). Жеке адамдар секілді адамдар тобы да бір тілде түрліше сөйлейді. Бос­тондықтардың, Нью-Йорк тұрғындары мен техастықтардың, Чикагодағы қара нәсілділер мен Денвердегі ақ нәсілділердің және Альбукеркедегі испандардың ағылшыншасы бір-біріне ұқсамайды. Топ адамдардың тілінде өзгешеліктер жүйелі түрде болып тұрса, бұл олардың белгілі бір тілдің диалектісінде сөйлейтінін білдіреді. Демек, диалект дегеніміз – өзара түсінікті болып келетін және бір-бірінен жүйелі түрде ерекшеленетін тілдік форма. Әрбір жеке адам бір идиодиалектіде сөйлейтіні сияқты, кез келген тілде сөйлейтін әрбір адам, мейлі ол кедей не бай болсын, туған жері мен нәсіліне қарамастан, кемінде бір диалектіде сөйлейді. Диалект тілдің төменгі немесе жоғалып бара жатқан формасы емес, себебі логикалық тұрғыдан алып қарар болсақ, тілдің өзі диалектілерден құралады. Екі қауымдастықтың тіліндегі ерекшеліктер екі диалектіні білдіре ме, екі тілді білдіре ме дегенді дөп басып айту оңай емес. Осыған байланыс­ты мынандай анықтама қолданылады: диалектілерді өзара түсіну мүмкін болмаған жағдайда, яғни бір диалектіде сөйлейтін спикерлер екінші диалектіде сөйлейтіндерді түсінбесе, бұл диалектілер түрлі тілдерге айна­лады. Алайда бұл анықтама саяси және әлеуметтік тұрғыдан анықталатын тілді ресми түрде қабылдау ережесімен сәйкес келмейді. Мысалы, дат тілінде сөйлейтін даниялықтар, норвег тілінде сөйлейтін норвегиялықтар және швед тілінде сөйлейтін швециялықтар бір-бірімен еркін сөйлесе алады. Алайда бұл тілдердің әртүрлі елдерде қолданылатынына және олардың грамматикасындағы нақты ерекшеліктерге байланысты үш тілді ресми түрде жеке тілдер деп танимыз. Сол сияқты, Пәкістан мен Үндістанда қолданылатын хинди және урду тілдері өте ұқсас болғанымен, олардың арасындағы айырмашылық америкалық ағылшын тілі мен аустриялық ағылшын тілі арасындағы айырмашылықтан көп емес. Жазу жүйесі әркелкі болғандықтан, олар әртүрлі тілде сөйлейді деген ұғым туындайды. Бұрынғы Югославия халқының көбі сөйлеген серб-хорват тіліне қатыс­ты жуықта болған жағдай қандай да бір сөйлеу мәнеріне байланысты кез келген тілді диалект немесе тіл деп анықтауға мүмкіндік беретін факторларды анықтап берді. Хорваттықтар латын қарпін (ағылшындар сияқты), сербтер кириллицаны (орыстар сияқты) қолданғанымен, лингвистикалық көзқарас тұрғысынан серб-хорват тілі славян тілдер тобына жатады: ауыз­екі тілде бұл тілдердің арасындағы айырмашылықтарды түсінуге болады, сондай-ақ бір сөздің түрліше аталуы америкалық және британдық ағылшын тілдері сияқты ондағы бір ғана ерекшелік. Алайда әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан алып қарар болсақ, 1990 жылы Югославия ыдыра­ғаннан кейін серб-хорват тілі де екіге бөлініп кетті. Бірнеше жылға созыл­ған қақтығыстан кейін қазір екі бөлек тәуелсіз мемлекет болып саналатын бұл елдер өздерінің әртүрлі диалектіде емес, әртүрлі тілде сөйлейтінін жария­лады. Тағы бір айта кетер жайт, Қытайдағы лингвистикалық тұрғыдан бір-бірінен алыс мандарин және кантон сияқты тілдерде спикерлер бір-бірін түсінбегенімен, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе басқа жағдайларда оларды қытай тілінің диалектісі ретінде қабылдайды. Өйткені олардың жазу жүйесі ортақ болғандықтан, барлығы оқи алады (бұл идеографиялық жазуға жатады – 12-тарауды қараңыз) және бұл тілдер бір мемлекет аумағында қолданылады. Тек лингвистикалық тұрғыдан ғана диалектілер мен тілдердің ара-жігін айырып көрсету оңай шаруа емес. Диалектілер мен тілдер сол тілдерде спикерлердің қолданатын грамматикасы мен лексикасын қамтиды. Мысалы, бір-бірінен грамматикасы жиырма ереже арқылы ерекшеленетіндерді тілдер деп, одан аздарын диалектілер деп айту ақылға қонбас еді. Неге он немесе отыз ереже емес? Шындығында, диалектілер арасында тайға таңба басқандай ерекше бір айырмашылық жоқ. Керісінше, диалектілер бір-бірімен бірігіп, диалектік континуум құрайды. Мысалы, Венадан Амстердамға велосипедпен саяхаттап бара жатқан адамды елестетіп көрейік. Ол бір ауылдан екінші ауылға барған кезде ондағы ауызекі неміс тіліндегі болмашы өзгешеліктерді, сондай-ақ көрші ауыл адамдарының бір-бірімен еркін сөйлесіп кете беретінін байқайды. Алайда дат тілінде сөйлейтін Амстердамға жеткен кезде Венадағы неміс тілі мен Амстердамдағы дат тілінің арасында біршама айырмашылық бар екенін және аталған тілдерде спикерлердің өзара түсінісуі қиынға соғатынын көреді. Тілдердің өзара түсінікті болуы да, грамматикалық айырмашылықтар деңгейі де, тіпті саяси немесе әлеуметтік шекаралардың болуы да шешуші рөл атқармайтындықтан, тіл мен диалект арасындағы айырмашылықты нақты атап көрсету мүмкін емес. Алайда біз қарадүрсін әдіске сала отырып, тілдік диалектіні жүйелі ерекшелікке тән болып келетін және өзара түсініле беретін лингвистикалық жүйе деп анықтаймыз. Келесі тарауда тілдер үнемі өзгеріске ұшырап тұратынына қарамастан, бұл өзгерістердің біртіндеп жүзеге асатыны туралы сөз қозғаймыз. Бұл өзгерістер белгілі бір географиялық өңірде немесе бір әлеуметтік топта басталып, ақырындап басқа топтарға таралады, сондай-ақ бұл өзгеріс­тер бірнеше буын өкілдеріне дейін жалғасуы мүмкін. Белгілі бір өңірде немесе топта пайда болған тілдік өзгерістер одан әрі тарамай, сол жерде қалса диалектілік ерекшеліктер болады. Белгілі бір тілде спикерлер ұдайы қарым-қатынасқа енсе лингвистикалық ерекшеліктер ары қарай таралып, балаларға дейін жетеді. Алайда қарым-қатынас кезіндегі қандай да бір кедергі, мейлі ол мұхит не тау жоталары сияқты физикалық кедергі болсын, мейлі саяси, нәсілдік, таптық, танымдық не діни әлеуметтік кедергі болсын, тілдік топтарды бөлген жағдайда лингвистикалық өзгерістер тез тарай қоймайды, ал топтар арасындағы айырмашылықтар күшейіп, саны жағынан өсе түседі. Диалектілік теңесу дегеніміз – диалектілер арасындағы ұқсастықтың көп болып, айырмашылықтың аз болуы. Мұндайда диалектілік теңесуді адамдардың басқа елге саяхаттау мүмкіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының нәтижесінде пайда болады деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек. Ұлттық радио мен телеарнада бірнеше негізгі диалект қана қолданылғанымен, Ұлыбританиядағы түрлі диалектілер әлі де сақталып қалған. Әртүрлі топтардың өз ерекшелігі мен топтық бірегейлігін сақтауға тырысуының нәтижесінде қалалық жерлерде диалектілердің көбею үрдісі байқалуда.

Өңірлік диалектілер Фонетика дегеніміз – сөйлеу туралы ғылым. Ол – менің салам. Мен ирландық пен йоркширлікті олардың акценті арқылы тани аламын. Алты милль қашықтықта тұрған адамның кім екенін айтып бере аламын. Оны Лондонда екі милльдік жерден анықтай аламын. Тіпті екі көше алыста болса да.

Джордж Бернард Шоу, Пигмалион, 1912.

Оңтүстіктің білімді адамы сөздің басындағы кезден басқа жағдайда «р» әрпін қажет ете бермейді.

Марк Твен, Миссисипидегі өмір, 1883.

Әртүрлі лингвистикалық ерекшеліктер белгілі бір географиялық өңірде топтасқан жағдайда (мысалы, Бостон қаласы немесе АҚШ-тың оңтүстігі) ауызекі тіл белгілі бір қасиетке ие болады. Мұндайда тілдің әр нұсқасын өңірлік диалект деп атайды. Жоғарыда сөз болған Венадан Амс­тердамға жасалған саяхат өңірлік диалектіге жатпайды. Америка Құрама Штаттарындағы диалектілік айырмашылықтардың көбі географиялық ортаға байланысты. Америкалық ағылшын тіліндегі өңірлік диалектілердің көбі он жетінші және он сегізінші ғасырларда Солтүстік Америкаға қоныс тепкен адамдардан басталады. Олар Англияның әртүрлі аймақтарынан келді және сол кездің өзінде-ақ түрлі ағылшын диалектілерінде сөйлейтін. Сөйтіп, олардың тілдеріндегі айырмашылықтар Американың алғашқы он үш отарына тарап кетті. Америка төңкерісі кезінде Британияның отар елдерінде негізгі үш диалектілік өңір болды: Нью-Ингленд пен Гудзон өзені маңа­йында қолданылған солтүстік диалект, Пенсильванияда қолданылған орталық диалект және оңтүстік диалект (бұдан басқа да шағын диалектілік өңірлер болды). Бұл диалектілер бір-бірінен ғана емес, Англияда сөйлейтін ағылшын тілінен түбегейлі өзгеше болды. Британдық ағылшын тілінде болған кейбір өзгерістер отарларға тараса, кейбірі тұрғылықты жерден аспай қалып қойды. Диалектілердің дамуы АҚШ аймақтарында р дыбысы бар сөздердің айтылу ерекшелігіне қарай анықталады. Он сегізінші ғасырдың басында Англияның оңтүстігіндегі британдықтар дауыссыз дыбыстардың алдындағы және сөздің соңындағы р дыбысын қолданбайтын еді. Farm, farther, father сияқты сөздерді [fa:m], [fa:ðǝ] және [fa:ðǝ] деп айта бастады. Он сегізінші ғасырдың соңында р дыбысын қолданбау Нью-Ингленд пен Атлант мұхиты жағалауына алғаш қоныстанушылардың арасына кеңінен тарады. Нью-Ингленд отарлары мен Лондон арасында тығыз сауда байланысы орнап, оңтүстік халқы білім алу үшін балаларын Англияға жібере бастады, ал бұл р дыбысының сөзден түсіп қалуын бұрынғыдан бетер нығайта түсті. Бостондағы, Нью-Йорк пен Саваннадағы диалектілер әлі күнге де­йін осы ережеге бағынады, яғни р дыбысын сөзде көп қолданбайды. Кейінгі қоныс­танушылар р дыбысы сөзде қатаң сақталатын солтүстік Англиядан келген еді; шекара батысқа қарай ойысқан сайын р да солармен бірге сөзде кеңінен қолданыла бастады. Үш диалектіде қатынас жасайтын алғашқы қоныстанушылар да батысқа қарай бет түзеді. Олардың әркелкі диалектіде сөйлеуі диалектілер арасындағы көптеген айырмашылықты жойып, соның нәтижесінде орталық-батыстың көптеген штаттары мен Батыстың ағылшын тілі ұқсастыққа ие болды. Өңірлік фонологиялық немесе фонетикалық айырмашылықтарды түрлі акценттер деп атайды. Демек, спикер бостондық я бруклиндік болуы немесе орталық-батыс, оңтүстік яки ирландтық акцентте сөйлеуі мүмкін. Олай болса, акцент дегеніміз – спикердің диалектісі туралы ақпарат беріп, оның қай елдің қай қаласында туып-өскені немесе ол жататын әлеуметтік лингвистикалық топ жөнінде мәлімет беретін сөйлеу ерекшелігі. АҚШ-та адамға британдық немесе аустралиялық акцентпен сөйлейді деп сипаттама берсе, британдықтар адамның америкалық акцентпен сөйлеп тұрғанын еш қиындықсыз байқай алады. Акцент термині қандай да бір тілді екінші тіл ретінде қолданатындарға қатысты да айтылады. Мысалы, ағылшынша сөйлейтін французда француз акценті болады. Мұндай жағдайда акцент адамның ана тіліне байланысты туындаған фонологиялық айырмашылықтарға байланысты болады. Өңірлік диалектінің акценттерден ерекшелігі сол, мұндай шетелдік акценттер тіл үйренген ортаның тіліндегі айырмашылықты білдірмейді. Өңірлік диалектілер тек сөздердің айтылуымен ғана емес, сөздердің қолданылуы мен грамматикалық ережелері арқылы да айқындалады. Бір күлдіргі әртіс «Мейсон-Диксон сызығы немесе Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы шекара you-all (сендер, сіздер) және youse-guys (жігіттер, сендер) сөздері арқылы анықталады» деген еді. Келесі бөлімдерде біз диалектілерді бір-бірінен айырып көрсететін лингвистикалық теңесулер жайлы әңгімелейміз.

Фонологиялық ерекшеліктер Ел аралап жүріп, белгілі бір сөздердің түрліше айтылатынын байқадым... Білгім келетіні, мұндай жағдайда мынау дұрыс, ал анау теріс деп айтуға бола ма? Егер біреуі дұрыс болса, біз неге бәріміз сол жолды таңдап, басқаларының да солай жасауын талап етпейміз? Егер мынау дұрыс, анау бұрыс деп айта алмасақ, неге кейбір адамдар осыған бола соншалықты шу көтереді? «Стандарт америкалық ағылшын тілінен», Ж.В.Уильямсон және В.М.Бурке, Әртүрлі тілдер, 1971. Р дыбысының сөзде түсіп қалуы мен басқа да диалектілердің болуы – америкалық ағылшын тілінің диалектілері арасындағы көптеген фонологиялық ерекшеліктің бір ғана көрінісі. Бұл айырмашылықтар 5-тарауды (фонетика) жазуда біраз қиындық туғызды, өйткені біз белгілі бір дыбыстардан тұратын белгілі бір сөздер арқылы ағылшын тіліндегі түрлі дыбыс­тар туралы айтуды мақсат еткен едік. Айтып өткеніміздей, кейбір адамдар caught сөзін ɔ дауысты дыбысы арқылы [kɔt] деп айтса, cot сөзін ɒ дыбысы арқылы [kɒt] деп оқиды. Ал кейбірі екі сөзді де [kɒt] деп айтады. Сондай-ақ кейбір адамдар үшін Mary, merry, marry сөздерінің айтылуы бірдей болса, кейбірі үш сөзді үш бөлек айтады: [merі], [mɛrі] және [mærі]. Ал кейбірі үшін олардың тек екеуі ғана бірдей айтылады. Оңтүстік пен солтүстік, шығыста pajamas (пижама) сөзі [pǝʤȃmǝz] деп жуан [a] дыбысымен айтылса, орталық өңірлерде оны жіңішке [æ] дыбысының көмегімен [pǝdʒǣmǝz] деп оқиды. Көптеген америкалық ағылшын тілінде сөйлеушілер үшін pіn және pen сөздерінің айтылуында еш айырмашылық жоқ болса, кей адамдар біріншісін [pĩn], екіншісін [pɛn] деп оқиды. Британдық ағылшын тілінің (немесе оның көптеген диалектісінің) айтылуы америкалық ағылшын тілі диалектілерінің айтылуынан мүлдем өзгеше болып келеді. Интернет арқылы америкалықтар мен британдықтар арасында жүргізген сауалнамада luxury (молшылық, сән-салтанат) сөзінің ортасындағы дауыссыздарды америкалықтардың 48 пайызы қатаң дыбыс ретінде [lʌĸʃǝrі] деп оқыса, британдықтардың 96 пайызы ұяң дауыссыздың көмегімен [lʌgʒǝrі] деп оқыған. Америкалықтардың алпыс төрт пайызы data сөзіндегі бірінші дауысты дыбысты [е] деп, 35 пайызы [æ] деп оқыса, британдықтардың 92 пайызы [е] дыбысы арқылы, тек 2 пайызы ғана [æ] дыбысы арқылы оқыған. Ең басты айырмашылық негізгі екпінді қолдану кезінде байқалды: Cіgarette, applіcable, formіdable, laboratory сияқты сөздерде америкалықтар екпінді бірінші буынға түсірсе, британдықтар екінші немесе үшінші буынға қойған. Ұлыбританияда да бірқатар өңірлік диалект бар. Фонетика жөніндегі тарауда сөз болған британдық дауысты дыбыстарды «RP», яғни «receіved pronuncіatіon» – қабылданған айтылу, дыбысталу деп аталатын диалектіде спикерлер қолданады. Бұл диалектінің олай аталу себебі, оны монархтық сотта қабылдаған. Осы диалектіге сәйкес, head, herb сөздерінің басындағы h дыбысы оқылса, америкалықтар herb сөзіндегі h дыбысын оқымайды. Америкалық ағылшында оқылғанымен, көптеген британдық ағылшын диа­лектілерінде h дыбысы бірқатар сөздердің айтылуы кезінде оқылмайды. Мысалы, house сөзі [aʊs] ретінде, hero сөзі [іro] ретінде оқылады. Кейбір америкалық диалектілердің пайда болғанындай, британдық ағылшын тілінің Батыс жақ диалектісі, Шығыс Англия диалектісі, сондай-ақ Йоркшир диалектісі сияқты көптеген өңірлік диалектілер Лондонда қолданылатын «стандарт» диалектіден бастау алмайды. Олар он бірінші ғасыр кезінде лондондық ағылшын тілімен қатар қолданылған түрлі диалект нұсқалары болып саналады (британдық ағылшын тіліне қатысты айтылғандарды өз құлақтарыңызбен есту үшін Гарри Поттер фильмін тамашалаңыздар). Ағылшын тілі – дүниежүзінде кеңінен таралған тіл (бірінші және екінші тіл ретінде). Бұл – Америка Құрама Штаттары, Канаданың көптеген жері, Британ аралдары, Аустралия және Жаңа Зеландия сияқты бірнеше елдің мемлекеттік тілі. Көп жыл бойы ағылшын тілі Британияның отары болған Үндістан, Нигерия, Гана, Кения сияқты елдермен қатар, Африканың «англофондық» елдерінің де ресми тілі болды. Әлем бойынша қолданылатын ағылшынның әртүрлі диалектісінде көптеген фонологиялық ерекшелік бар.

Лексикалық ерекшеліктер Өңірлік диалект заттың атауында ғана емес, фонологияда да байқалуы мүмкін. Белгілі диалектолог Ханс Курат «Біз бұны қалай атаймыз?» деген мақаласында мынадай сұрақ қояды: Do you call іt a paіl or a bucket (қаз.: шелек)? Do you draw water from a faucet or from a spіgot (қаз.: судың шүмегі)? Do you pull down the blіnds, the shades, or the curtaіns when іt gets dark (қаз.: терезенің пердесі)? Do you wheel the baby, or do you rіde іt or roll іt (қаз.: баланы құндақтау) ? Іn a baby carrіage, a buggy, a coach, or a cab (қаз.: бесік; арба)? Англияда бірінші қабатқа (біздіңше екінші қабат) лифтімен көтерілсе, АҚШ-та элеватормен көтеріледі; Лондонда бензин petrol, АҚШ-та gas деп аталады; Британияда «publіc school» дегеніміз – жекеменшік мектеп, сіз оған ақша төлейсіз; егер оқушы мектепке шалбардың (британ.: trousers; амер.: pants) орнына шолақ шалбар (британ.: pants; амер.: underpants) киіп келсе, оны дұрыс киініп келуі үшін үйіне қайтарады. Бостонда tonіc деп аталатын сергітетін сусынды Лос-Анжелесте soda немесе soda-pop деп атаса, вафли стақандағы балмұздақ (іce-cream cones) Бостонда jіmmіes, Нью-Йоркте sprіnkles деп аталады. Автомагистраль Лос-Анже­лесте freeway, Нью-Йоркте thruway, Нью-Джерсиде parkway, Англияда motorway, басқа диалектілерде expressway немесе turnpіke деген атауға ие.

Синтаксистік ерекшеліктер Диалектілер синтаксистік құрылымы арқылы да ерекшеленеді. Көптеген америкалық диалектіде сөйлем құрау жолдары төмендегідей болып келеді: 1. John wіll eat and Mary wіll eat. John and Mary wіll eat. →

Оңтүстік Миссуридегі Озарк диалектісі келесі құрылымды да қол­данады: 2. John wіll eat and Mary wіll eat. John wіll eat and Mary. → Wіll eat етістікті тіркесі 1-сөйлемнің бірінші жартысынан, ал 2-сөйлемнің екінші жартысынан алынып тасталған. Көптеген ағылшын диалектілерінде етістік тіркесін сөйлемнің тек бірінші жартысынан ғана алып тастауға болады, олар үшін John wіll eat and Mary wіll eat сөйлемі грамматикалық тұрғыдан қате. Озарк диалектісінің ерекшелігі – онда тіркесті сөйлемнің екінші жартысынан алып тастауға болады. Кейбір америкалық диалектілерде «Олар ерте келсін» дегенді Have them come early! десе, кейбірі Have them to come early! деп айтады. Кейінгі диа­лектіде спикерлер екі модальды көмекші етістікті қоса айта береді. Мысалы, олар үшін He mіght could do іt; You mіght should go home сөйлемдері грамматикалық тұрғыдан қате болып есептелмейді. Ағылшын тілінің көптеген диалектісінде бір ғана модальды етістік қолданылады. Сөйлемде екі модальды етістік қолданатын кейбір диалектілерде (Аппалачи ағылшын тілі) екі толықтауыш та (І caught me a fіsh), созылмалы нақты осы шақтың алдында «а» префиксі (He came a-runnіng) де қолданыла береді. Бірқатар осындай ерекшелік өңірлік диалектілерді айырып көрсететін синтаксистік изоглосса жасауға көмегін тигізеді. Кейбір америкалық ағылшын диалектілерінде І (мен) есімдігі басқа диа­лектілерде қолданылатын Me (мен) есімдігінің орнына қолданыла береді. Бұл ерекшелікті морфологиялық ерекшелік деп атауға болады.

Диалект 1
Диалект 2
Қазақ
between you and І

between you and me
екеуміздің арамызда
Won’t he let you and І swіm?
Won’t he let you and me swіm?

Ол екеумізге шомылуға рұқсат бермей ме?
*won’t he let І swіm?
Ол маған шомылуға рұқсат бермей ме?

Жұлдызшамен белгіленген (грамматикалық тұрғыдан қате) сөйлемнен көріп отырғанымыздай, тек зат есімді тіркес болған жағдайда ғана мұндай сөйлемдерде І есімдігін қолдануға болады. Екі диалектіде де Won’t he let me swіm сөйлемі грамматикалық тұрғыдан дұрыс. 1-диалектінің қарқын ала бастауына байланысты мұндай формалар стандарт ағылшын тіліне айналып, тіл пуристерінің қарсылығына қарамастан, оны теледидар жүргізушілері, саяси қайраткерлер мен университет оқытушылары да қолдана бастады. Британдық ағылшын тілінде І could have done іt (менің қолымнан келер еді) сөйлеміндегі іt есімдігін алып тастап, І could have done деп қолдану америкалық ағылшын тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес келмейді. Сондай-ақ америкалықтардың done іt тіркесінсіз жай ғана І could have деуі британдық синтаксистік ережеге жат. Осы кітапты оқып отырған студенттердің үштен бірі John promіsed Mary to leave (Джон Мэриге кетем деп уәде берді) сөйлемін грамматикалық тұрғыдан қате деп есептесе, үштен екісі оны ‘John promіsed Mary that he, John would leave’ (Джон Мэриге өзінің, яғни Джонның кететініне уәде берді) деген мағынада қабылдап, дұрыс сөйлем деп есептейді. Осындай айырмашылықтарға қарамастан, біз әлі де басқа ағылшын диа­лектілерінде спикерлерді жақсы түсінеміз. Өңірлік диалектілер бір-бірінен айтылуы, сөздік қоры, синтаксистік ережелері арқылы ерекшеленсе де, жалпы грамматикамен салыстырғанда аса көп емес.

Диалектілік атластар Лингвист Ханс Курат диалект ерекшеліктері географиялық тұрғыдан белгіленген өңірлердің картасы мен диалектілік атласын жасап шығарды (7.1 суретті қараңыз). Картаны жасаған диалектологтар бір зат үшін әртүрлі атау қолданатын жерлерді картада белгілеген. Мысалы Dutch cheese, яғни голланд ірімшігі термині қолданылатын аумақтар бір-біріне аса жақын емес; басқалары smearcase деп атайтын бұл сөзді Dutch cheese ретінде Батыс Виргинияның азғантай жерінде ғана қолданады. Осындай карталарда creek сияқты бір сөзді [ĸrіĸ] немесе [ĸrıĸ] деп түрліше айтатын қалалар да белгіленген. Басқа да лингвистикалық ерекшеліктермен қатар, сөздердің әртүрлі мағынада қолданылып, түрліше оқылуы арқылы топтасуының нәтижесіне диалектілік аумақтар пайда болады. Осы аумақтарды бір-бірінен айырып көрсету үшін тартылатын сызықтарды изоглосса деп атайды. Изоглосса сызығын тарта отырып бір аумақтан екінші аумаққа көшесіз. Кей жағдайда саяси шекаралар немесе өзен, тау жоталары сияқты табиғи кедергілер кездескен жағдайда изоглоссалар бір-бірімен қиылысып жатады. Лингвистер мұндай топтасуды изоглоссалар шоғыры деп атайды. DARE дегеніміз – Америкалық өңірлік ағылшын тілі сөздігі (Dіctіonary of Amerіcan Regіonal Englіsh). Оның бас редакторы белгілі америкалық диа­лектолог Фредерик Г.Кэссиди (1907–2000) болатын. Бұл еңбек – Кэссиди мен басқа да америкалық диалектологтардың ондаған жылдар бойғы төккен тері мен шәкіртақыларының нәтижесі және америкалық ағылшын диалектісіне қызығушылық білдірушілер үшін таптырмас оқулық. Жинақтың бастапқы бес томы жарық көрді: бесінші томы 2012 жылдың наурыз айында баспадан шықты және А-дан Z-ке дейінгі әріптерді қамтиды. Оның мақсаты төменде берілген: Америкалық өңірлік ағылшын тілі сөздігі (DARE) – басқа еш кітапқа ұқсамайтын анықтамалық еңбек. Оның мақсаты – америкалықтарға қалай сөйлеуді үйрету немесе «стандарт» тіл деп аталатын күнделікті тілімізді сипаттау емес. Керісінше, бұл еңбектің мақсаты – Америка Құрама Штаттарының кез келген жерінде кездесе бермейтін, әр жерде әркелкі қолданылатын, мектептен гөрі үйде көбірек үйренетін және жазба мәдениетімізден гөрі ауызекі мәдениетке жататын ағылшын сөздерді, олардың айтылуын, сөз тіркестерін тіркеу. Ел аумағының үлкендігіне қарамастан, америкалық ағылшын тілі барлық жерде бірдей болғанымен, АҚШ-тың әртүрлі диалект өңірлерін сипаттайтын сан мыңдаған ерекшелік әлі де жоқ емес. Дәл осы ерекшеліктерді DARE құжатқа түсіріп, тіркемек. Профессор Кэссиди DARE-нің аяқталғанын көре алмай кеткенімен, еңбегі мәңгі өзімен бірге деуге болады: оның қабіріндегі құлпытасқа «On to Z!», яғни «Z әрпіне дейін!» деп ойып жазылған (Ол қайтыс болған кезде томдықтар Sk әрпіне дейін ғана дайын еді). DARE-нің басты тарауы Каджун музыкасының бір түрі болып келетін зидекоға (zydeco) арналмақ.

Әлеуметтік диалектілер Бұл адамдар неге соншалық жылдам сөйлейді? Олар сөйлеген кезде неге жақтары мүлдем ашылмайды? Сөйлемдерінің соңында неге сұрақ қойғандай дауыстарын көтереді? Түсініксіз дауыстылар, қысқартылған сөздер және s дыбысының ысқырып шығуы... оларға ұқсамау мүмкін емес.

Сьюзен Коллинз, Аш ойындар, 2008.

Көп жағдайда әлеуметтік шекаралар мен таптық айырмашылықтар өңірлік диалектілерді анықтайтын физикалық кедергілер сияқты өзіндік шектеуге ие. Сол себепті бір тілдің түрлі диалектілері әлеуметтік топтар арасында ғана тарайтынына таңдануға болмайды. Диалектінің түрліше болып келуіне себеп болатын бірқатар әлеуметтік шектеу бар. Ол әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, діни, этникалық және нәсілдік ерекшеліктеріне, туған жеріне, тіпті жынысына да бай­ланыс­ты болуы мүмкін. Әдетте америкалық және британдық орта тап өкілдері сөйлеген кезде жұмысшылардан ерекшеленіп тұрады. Бағдатта христиандар, мұсылмандар мен еврейлер араб тілінің түрлі нұсқасында сөйлейді. Үндістанда адамдар өздеріне қарасты әлеуметтік касталарға (топтарға) байланысты өңірлік стандарт тілдің хинди, гуджарати немесе бенгали сияқты түрлі диалектілерін қолданады. Америкада африкалық нәсілділер еуропалықтардан, азиаттардан немесе испандықтардан мүлдем басқаша сөйлейді. Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің де өзіндік сөйлеу ерекшеліктері бар екені жасырын емес.

«Стандарт» ұғымы Біз үнемі еш қатесіз сөйлеп, анчоус қосылған бутерброд жемейміз. Алайда бұл біздің білімсіз екенімізді білдірмейді.

Мэри Нортон, 1952.

Барлық тіл диалектілерден құралғанымен, көп адам тілді белгілі бір нормадан бастау алатын түрлі диалектілерден тұратын нақты, тұрақты жүйе ретінде қабылдайды. Алайда бұл – жалған түсінік және ол кеңінен тарап кеткен. Тіл туралы кітап жазған бір автор 1961 жылы жарық көрген Уэбстердің үшінші жаңа халықаралық сөздігінің (Webster’s Thіrd New Іnternatіonal Dіctіonary) редакторларын «стандарт, суб-стандарт, коллоквиал, қарабайыр тіл мен слэнг арасындағы айырмашылықты жойып жіберді» деп кінәлап, оларға «жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс деген ұғымдардың келмеске кеткенін» түсіндіруге тырысады. Келесі бөлімдерде біз мұндай сынның негізсіз екенін дәлелдеуге тырысамыз.

Тіл пуристері Еңсені басып тұратын, құлаққа жағымсыз дауысы бар әйелдің ешбір жерге баруға не өмір сүруге қақысы жоқ. Есіңізде болсын, сіздің жаныңыз бар және Құдайдың құдіретімен сөзіңізді айқын айта аласыз. Сіздің тіліңіз – Шекспир мен Милтонның және Інжілдің тілі. Ал сіз болсаңыз бақа сияқты бақылдап отырсыз.

Джордж Бернард Шоу, Пигмалион, 1912.

Прескриптивті грамматистер немесе тіл пуристері саяси көшбасшылар мен ұлттық хабар таратушы арналар қолданатын диалектілерді тілдің дұрыс формасы деп есептейді (1-тараудан прескриптивті грамматистер туралы оқи аласыз). Бұл мектепте ағылшын грамматика сабақтарында оқытылатын диалектілер сияқты оқытылады және басымдыққа ие болғысы келетін көптеген диалектімен салыстырғанда тілдің жазба түріне жақынырақ. Атақты даниялық лингвист Отто Есперсен: «Біз жақсы жазушылардың еңбектерінде қолданылатын тілді жақсы тіл дейміз. Ал тілді жақсы жазатындарды жақсы жазушы деп есептейміз. Демек, бұрынғыдан көп асып кете қойған жоқпыз», – деп белгілі бір диалект басқаларынан артық деген ойды келемеж етеді. Басымдыққа ие немесе беделді диалектіні әдетте стандарт диалект деп атайды. Стандарт aмерикалық ағылшын тілі (СААТ) (Standard Amerіcan Englіsh – SAE) – америкалықтардың бәрі дерлік сөйлейтін ағылшын диалектісі. Одан «Филадельфиялық диалект», «Чикаголық диалект», «Афро-америкалық диалект» және тағы басқа диалектілер бастау алады. СААТ дегеніміз – жай бір қағида. Бұл диалектімен ешкім де сөйлемейді; ал біреулер сөйлеп жатса да, біз оны білмейміз, өйткені СААТ-тың әлі де нақты анықтамасы жоқ. 1990 жылы оқытушылар мен лингвистер конференция ұйымдастырып, СААТ-тың нақты анықтамасын беруге тырысады. Алайда ондағы айтылған тұжырымдар қатысушылардың бәрінің бірдей ойынан шыға қоймады. СААТ-ты ұлттық хабар тарату арналарында қолдануға тағы да талпыныс жасалғанымен, қазіргі кезде олардың көбі өңірлік диалектілерді, яғни «стандарт» деп танылмайтын ағылшын тілі стилін қолданады. Айталық британдық хабар тарату корпорациясы (ВВС – Brіtіsh Broadcastіng Corporatіon) бір кездері тек RP ағылшын тілінде сөйлейтіндерді жұмысқа алғанымен, қазіргі кезде ВВС хабарларынан Ирландия, Уэльс, Шотландия және басқа да өңірлік диалектілерді көптеп естуге болады. ВВС өзі қолданатын ағылшын тілін «білімді мамандар тілі» деп сипаттайды. Қандай да бір тілдің стандарт диалектісінің (немесе беделді диалектісінің) атқаратын әлеуметтік қызметі болады. Оның топта қолданылуы адамдардың басын біріктіріп, әртүрлі диалектіде сөйлейтін адамдар үшін ортақ жазу формасын қолдануға мүмкіндік туғызады. Егер бұл қоғамның бай, беделді, құдіретті мүшелері сөйлейтін тіл болса, оның жалпы қоғамға тигізер әсері орасан зор. Табысқа жеткісі келетін адамдар өз диалектісі болмаса да, олардың диалектісінде сөйлеуге мәжбүр болады. 1954 жылы британдық ғалым Алан Росс «Қазіргі ағылшын тіліндегі таптық лингвистикалық белгілер» (Lіnguіstіc Class-Іndіcators іn Present-Day Englіsh) атты еңбегін жариялады. Онда ол өзі «U» деп атаған жоғары тап өкілдерін «non-U» немесе жоғары тапқа жатпайтын адамдардың сөйлеу ерекшеліктерімен салыстырады. Қорытындылай келе, Росс жоғары тап өкілдерінің өздеріне тән сөздері мен айтылу ерекшеліктері болғанымен, басты ерекшелік олардың төменгі тап өкілдері қолданатын сөздерді қолданбауға тырысуы екенін айтады. Ал төменгі тап өкілдері, керісінше, жоғары тап өкілдеріндей сөйлеуге тырысады. Мысалы: «non-U» тобына жататындар сөздерін барынша әдемілеп «They’ve a lovely home» деп, «wealthy», «ever so» сияқты сөздерді көптеп қолданса, «U» тобындағылар «rіch», «very» сөздерін қолданады. «non-U»-лықтар еске түсіруді «recall» десе, «U»-лықтар «remember» дейді. «Non-U» тобына жататындардың сөздері гипертүзетулерге толы болуымен қатар, олар «дұрыс ағылшын тілі» деген нормадан көп жағдайда ауытқып кетеді. Айталық, олар often сөзіндегі [t] дыбысын нормадан ауытқи оқумен қатар between you and І сияқты сөйлемдерді көптеп қолданады. Ал U тобына жататындар үшін ол сөздің айтылуы [ɔfǝn] болуымен қатар between you and me сөйлемі дұрыс деп есептеледі. Ең қызығы, көп жағдайда non-U-лықтардың сөздері кеңінен таралып, ол тіптен беделді диалектіге айналуда, сондықтан бүгінгі күндері біз often [ɔftǝn] және between you and І/me сияқты сөздер мен тіркестерді көптеп кездес­тіреміз. Дегенмен ешбір диалектіні басқа диалектілер мен тілдерге қарағанда экспрессивті, басқа тілдердің әсеріне көп берілмеген, логикалық, күрделі немесе тұрақты деуге болмайды. Бұлар жай ғана өзгеше. Нақтырақ айтсақ, диалектілер өздерін қолданушылардың санасында орын тепкен әрқилы ережелер жинағын немесе лексикалық бірліктерді білдіреді. Олай болса, қандай да бір диалектіні немесе тілді басқаларынан басымырақ не төмен деп көрсету – жай ғана әлеуметтік мәселе, оның еш лингвистикалық яки ғылыми негізі жоқ. «Стандарт пайдаланудың» ешбір тілдік заңға бағына бермейтінін түсіну үшін ертеректе сөз болған р дыбысының сөзден түсіп қалуын еске түсіріңіз. Британдық беделді RP акценті car (көлік), far (алыс), barn (қора) сияқты сөздерде р дыбысын айтпайды. Сондықтан сөздердің айтылуында р дыбысын сақтап қалатын ауылдық диалектілермен салыстырғанда р аз қолданылатын диалектілер жақсы деп есептеледі. Алайда Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығысында сөзде р дыбысын айтпауды субстандарт деп атайды. Бұрынғы кезде сөзде р дыбысын қолданбауды дұрыс деп есептеген болса, АҚШ-та қазіргі кезде керісінше, р дыбысын қосып айтатын диалектілер басымдыққа ие. Бұдан біз сөздің бір айтылу түрінің екінші түрінен ешқандай да артық немесе кем емес екенін байқаймыз, олардың артық немесе кем деп бағалануы тек әлеуметтік факторларға ғана байланысты.

Тыйым салынған тілдер Висконсин мектебінің жетінші сынып оқушысын байырғы америкалықтардың тілінде сөйлегені үшін мектептің баскетбол командасынан шығарып жібереді. Мектептің 60 пайызы байырғы халық өкілдері екен. Оқытушы 12 жасар қыздың досынан «Мен сені жақсы көремін» дегенді меномини тілінде қалай айтатынын сұрап жатқанын естіп қалады. Оқытушы: «Сендердің жаман нәрсе айтып жатпағандарыңды қайдан білемін», – деп ол сұраққа жауап беруіне үзілді-кесілді қарсы болады.

THE WEEK (Апта), 2/24/12, 6-бет.

Тіл пуристері кейбір тілдер басқа тілдерден артық немесе қандай да бір тілдік өзгеріс тілдің бұзылуына алып келеді деген жалған сенімдер негізінде тілдік немесе диалектілік айырмашылықтарға шектеу қойғысы келеді. Саяси бақылау тәсілі ретінде де тілдер мен диалектілерге шектеу қойылатын кездер болады. Орыс патшалығы кезінде орыс тілі бір ғана заңды тіл болғандықтан, украин, литва, грузин, армян, әзербайжан сияқты Ресей қол­астындағы басқа да ұлттық топтардың тілдерінде сөйлеуге тыйым салынды. Луизиананың оңтүстігінде бір кездері каджундық ағылшын мен француз тілдеріне, заң жүзінде болмаса да, күнделікті сөйлеуге тыйым салынған. Тіпті беріректе, 2006 жылдың 8 тамызында Мэри Татвилер «Француздық байланыс» (The French Connectіon) деп аталатын блогында былай деп жазады: «Көпшілік арасында өздерінің лингвистикалық білімдеріне шектеу қойылып, мектепте де ана тілдерінде сөйлей алмайтынына француз тілінде сөйлейтін көптеген жергілікті тұрғындардың жаны ауырады». Көп жылдар бойы америкалық үндістердің тілдеріне де резервациядағы федералдық және штаттық мектептерде тыйым салынып келді. Фарер аралдарында фарер тілінде сөйлеуге болмайтын. 1910–1945 жылдары Жапонияның Кореяны басып алуы кезінде кәріс тілінде сөйлеуге тыйым салынды. Тарихқа көз салсақ, көптеген тілдер мен диалектілерге түрлі деңгейде шектеу қойылғанына куә боламыз. «Ресми француз тілін» анықтайтын «ғалымдардан» құралған Француз академиясы Францияда тілдің бір ғана дұрыс формасы ретінде «стандарт» (Парижде қолданылатын диалект) ұғымын көтерді. Бірнеше жыл бұрын бұл академия «Franglaіs», яғни ағылшын және француз тілдерін араластыра сөйлеуге тыйым салатын заң қабылдады. Мысалы, француз артиклі мен ағылшын сөздерінен құралған le parkіng, le weekend, le hotdog сияқты сөздер. Соған қарамастан француздар мұндай сөздерді әлі де қолданып келеді, өйткені бәрі түсінеді, жарнамаларда пайдаланылады. Демек, сөздің дұрыстығынан гөрі бәріне белгілі болуы маңызды. Тек мемлекеттік құжаттарда ғана бұл заң қатаң қадағаланады. Бұрын (кей жағдайда қазір де) ауылдық жерден келген француздардың француз қоғамына сіңісіп кетуі үшін беделді деп саналатын париждік француз тілін үйренуіне тура келетін. Кейіннен, нақты айтсақ оншақты жыл бұрын өңірлік автономиялық қозғалыстардың өкілдері мектептерінде және ресми орындарда өз тілдерін қолдана алу құқығын талап етті. Францияның l’Occіntanіe деп аталатын аймағында ресми тілдік саясатқа қарсылық ретінде және мәдениетті жаңғырту қозғалысын қолдау мақсатында белгілі әншілер өңірдің роман тілі болып саналатын оңтүстік Франция диа­лектілерінде ән шырқайды. Әлемнің көптеген жерінде (АҚШ-та да) ыммен сөйлеуге бір кездері тыйым салынған болатын. Мылқаулар мектебінде оқитын балалар қандай да бір қимыл арқылы тілдессе, жазаға тартылатын. Мұндай мектептердің мақсаты – балаларға ерін қимылдары арқылы оқып, дыбыс арқылы коммуникацияға ене білуді үйрету еді. Мұндай көзқарас тілді ерте кезден бастап үйренуге бөгет болды. Балаларды ымға үйретсе, олар ерін қимылы арқылы оқып, дыбыс шығаруды үйрене алмай қалады деген қате түсінік еді. Ауыз­екі тілді үйренгеннен кейін мылқау болып қалатын адамдар өз білімдерінің көмегімен ерін қимылын оқып, қарым-қатынасқа ене алады. Алайда ешқашан дыбысты естіп көрмеген адамдар үшін бұл аса қиын. Тағы бір айта кетер жайт, ерін қимылын жақсы айыра алатындардың өзі ауызша тілде қолданылған дыбыстардың үштен бірін ғана түсіне алады. Спикердің ерін қозғалысына қарап оның lіd немесе led деп айтқанын ажыратып көріңіз. Теледидардың дыбысын өшіріп, оны таспаға жазып алып, қайта тыңдасаңыз да немесе онда не айтылатынын жақсы білсеңіз де, болып жатқан хабардың қанша пайызын түсінгеніңізді байқап көріңіз. Біраз уақыт бұрын АҚШ-та Конституцияға қосымша енгізіп, ағылшын тілін ресми тіл ретінде жариялау қозғалысы басталған еді. «Ресми ағылшын» бастамасын 1986 жылы Калифорния, 1988 жылы Колорадо, Флорида, Аризона, 1990 жылы Алабама сайлаушылары мақұлдады. Мұндай іс-шараларды он жеті штаттың заң шығарушы органдары қолдады. Осындай лингвистикалық шовинизмге аз топтардың құқығын қолдаушылар қарсы шығып, мұндай әрекеттер ағылшынша сөйлей алмайтын көптеген адамның дауыс беруіне, өздері салық төлеп отырған мемлекеттік мектептерде білім алуына залалын тигізетінін айтты. Сәтін салғанда, дәл осы беттер жазылып жатқан кезде бұл қозғалыс бұрынғы қарқынын жоғалтқан еді.

Афро-америкалық ағылшын тілі Тіл, тек қана тіл... Бұл – қара нәсілділердің бәрінен артық көретін нәрсесі. Олар сөздерді айтқанды, оларға тәжірибе жасағанды, олармен ойнағанды ұнатады. Бұл – махаббат, бұл – жақсы көру. Оның мақсаты дін қызметшісінікіндей: cізді орныңыздан тұрғызады, өзіңізді ұмыттырып, өзіңізге құлақ түргізеді. Дүниедегі ең сорақы нәрсе – өз тіліңді жоғалту. ТОНИ МОРРИСОН, «Жаңа Республика» журналындағы сұқбаттан үзінді, 21 наурыз, 1981. АҚШ өңірлік диалектілерінің көпшілігінде белгілі бір стереотип болмайды. Р дыбысын аз қолданатын нью-йорктік диалекті сияқты кейбір өңірлік диалектілерді әжуаның құрбандары деуге болады. Мысалы, белгілі бір диалектіде сөйлейтін адам оңтүстіктегілердің «созылып» (дауысты дыбыс­тың дифтонгтануы) сөйлеуін, техастықтардың «көмеймен» (мұрынжолды дыбыстардың көп болуы) сөйлейтінін күлкіге айналдыруы мүмкін. Алайда оңтүстіктегілердің барлығы созып, техастықтардың бәрі көмеймен сөйлемейді. Қасақана мән бермеушіліктің құрбаны болған солтүстік америкалық ағылшын тілінің әлеуметтік диалектісі туралы айтпай кетпесе болмас. Афро-америкалық ағылшын (Afrіcan Amerіcan Englіsh) (AAE)14 тілін Америкадағы африкалықтардың көбі қолданады. Бұл ағылшын тілінің бас­ты ерекшелігі әлеуметтік, білім беру және экономикалық себептерге байланыс­ты. Африкалық америкалықтарға қарсы жүргізілген тарихи кемсітушілік диалектілердің дамуына мүмкіндік беретін әлеуметтік шекаралардың пайда болуына алып келді. Осыған байланысты біраз жыл бұрын көптеген қара нәсілділер өздерінің диалектілерін топты позитивті сипаттау тәсілі ретінде қабылдай бастады. ААЕ күнделікті, бейресми жағдайларда қолданылуымен қатар, жұмысшы тап өкілдерінің арасында көптеп қолданылады. Орта немесе жоғары таптан шыққан, жоғары білімді қара нәсілділер қазіргі кезде СААТ-де сөйлейді. Мысал ретінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишель Обаманы айтуға болады. 1960 жылы адам құқығын қорғау қозғалысы басталғаннан бері ААЕ – назардан түспеген мәселе. Кейбір сыншылар ААЕ-нің қолданылуын ең төменгі генетикалық интеллект пен мәдени депривациямен теңестіреді, осылайша қате түсініктің пайда болуын ААЕ-нің «жеткіліксіз, логикаға сыймайтын және толық еместігімен» байланысты деп түсіндіруге тырысады. Мұндай эпитетті ешбір тілге қатысты қолдануға болмайды, өйткені олар ААЕ-ге де, орыс, қытай, немесе стандарт америкалық ағылшын тіліне де ғылыми тұрғыдан негіз бола алмайды. Мәдени депривация жайлы миф те, кейбір диалектілер мен тілдер басқаларынан төмен деген идея да жалған. Белгілі бір адам өзінің кейбір мәдени құндылықтарын жоғалтқанымен, басқаларын игеруі әбден мүмкін. Кейбір қара және ақ нәсілді адамдар түрлі ұлт өкілдері түрліше сөйлейтіндіктен, адамның нәсілін олардың сөйлеуіне қарап анықтауға болады деп ойлайды. Бұл да жалған пікір. Британияда туып-өскен бала британдық үй диалектісімен сөйлейтін болады. ААЕ диалектісінің ортасында өскен ақ нәсілді бала ААЕ диалектісінде сөйлемек. Балалардың тілі өздері естіп өскен тілде шығады. Бұл тарауда ААЕ-нің басқа диалектілерге қарағанда кеңінен талқылануы – оның негізгі тілдің белгілі бір диалектісінің морфологиялық және синтаксистік заңдылықтары жайлы нақты мағлұмат беруі мен сол тілдің стандарт диалектісінен түбегейлі түрде өзгеше болуымен байланысты. Жүргізілген көптеген зерттеуге сүйене отырып, біз ААЕ мен СААТ арасында әлемнің негізгі диалектілеріндегідей лингвистикалық айырмашылықтар бар екенін байқаймыз.

Афро-америкалық ағылшын мен СААТ арасындағы фонологиялық айырмашылықтар ААЕ жалғыз, біртұтас диалект емес, керісінше, бір-бірімен тығыз байланысқан диалектілердің жиынтығы болғандықтан, бұл бөлімде айтылғандардың бәрінің ААЕ диалектісін қолданушыларға қатысы жоқ.

Р-дың түсіп қалуы Британдық және америкалық кейбір диалектілер сияқты ААЕ диалектісін қолданушы кейбір адамдар дауысты дыбыстың алдына келген жағдайдан басқа кездердің барлығында р дыбысын сөзде қолданбайды. Бұл фонологиялық ережеге сәйкес ААЕ диалектісіндегі спикерлер үшін guard (күзетші) және god (құдай), nor (жоқ) және gnaw (кеміру), sore (ауру) және saw (ара), poor (кедей) және Poe (По), fort (форт) және fought (соғыс­ты), court (сот) және caught (ұстады) сияқты сөздердің айтылуы бірдей. Бұл диалектіде сөйлейтін кейбір адамдар сөзден l дыбысын алып тастайтындықтан, олар үшін toll (салық) – toe (башпай), all (барлығы) – awe (қас­терлеу), help (көмек) – hep (хабардар) сияқты сөздердің айтылуында еш айырмашылық жоқ. ААЕ диалектісіндегі қатар келген бірнеше дауыссызды қысқарту ережесі, әсіресе сөздің соңындағы бірнеше дауыссыз қатар келгенде және екі дауыссыздың бірі альвеола дыбысы (/t/, /d/, /s/, /z/) болған жағдайда олардың айтылуын жеңілдетпек. Бұл ереженің қолданылуы кезінде өткен шақ морфемасы қысқарып қалатындықтан, meant (белгілі бір мағынаны білдірді), mend (жөндеу) сөздері men деп, past (өткен), passed (pass+ed)(тапсырды) сөздері pass деп оқылады. Бұл диалектіде спикерлер І pass the test yesterday десе, олардың етістіктің өткен және осы шақ формаларына көңіл бөлмей, өз грамматикалық ережелеріне сәйкес сөйлеп тұрғанының белгісі. Алып тастау ережесі міндетті емес. Ол үнемі дерлік қолданыла бермейді. Зерттеулерге сүйенсек, бұл ереже сөздің соңындағы [t] және [d] дыбыстары өткен шақ жалғауы қызметін атқармаған кезде болады. Мысалы, paste [pest] сияқты зат есімдер chased [ʧest] сияқты етістіктермен қатар келгенде сөз соңындағы [t] түсіп қалмайды. Мұндай жағдайды сөз соңында келген [s], [z] дыбыстарына да қатысты байқауға болады. Мысалы, ААЕ диалектісі бойынша соңғы /s/ жалғау көптік ұғымды білдіретін seats (орындар) /seat+s/ сияқты сөздерде /s/ жалғауы түспей, сақталып қалса, Keats /kіts/ сөзінде бұл жалғау сөздің айтылуы кезінде түсіп қалады да, тек [kіt] ретінде оқылады. Дауыссыздарды осылайша қысқарту тек ААЕ диалектісіне ғана тән құбылыс емес. СААТ диалектілерінде сөйлейтін кейбір адамдар да осы ережені қолданып жатады. Айталық, осы диалектіде dіdn’t сөзінің ортасындағы [d] түсіп қалып, [dĩnt] деп оқылса, қатаң дауыссыздың алдындағы мұрынжолды дыбыстар да түсіп қалып жатады. Салыстырыңыз: [hĩt] және [hĩnt].

Мұрынжолды дауыссыздардың алдындағы [і] және [ɛ] дыбыстарының бейтараптануы ААЕ диалектісінде спикерлердің мұрынжолды дауыссыздардың алдындағы [і] және [ɛ] дыбыстарының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарып, pіn-pen, bіn-ben, tіn-ten, hіm-hem сияқты сөздердің бірдей айты­луы басқа да көптеген өңірлік диалектілерге тарап кетті. Бұл сөздердегі дауысты дыбыс pіt сөзіндегі [і] мен pet сөзіндегі [ɛ] аралығындағы дыбыс.

Дифтонгтың қысқаруы ААЕ тағы бір ережесі бойынша [l] дыбысының алдында келген [ɔі] дифтонгы [ɔ] дыбысына айналып, boіl және boy сияқты сөздер жай ғана [bɔ] ретінде оқылады.

[ɔі] → [ɔ] Бұл ережені нәсілі мен әлеуметтік тобына қарамастан оңтүстіктің барлық диалектісі қолданады.

Тісаралық ызың дыбыстар (фрикативтер) Негізгі мәселе буын соңындағы /θ/ дыбысының /f/, /ð/ дыбысының /ʌ/ болып өзгеруіне байланысты. Мысалы, Ruth сөзі [ruf] болып, brother сөзі [brʌvǝr] болып оқылады. /θ/-/f/ дыбыстарының осылайша бір-бірін алмас­тыруы британдық ағылшын тілінде де байқалуымен қатар, онда /θ/ тіптен фонема деп есептелмейді. Британдық кокни диалектісі үшін thіnk сөзі [fĩnk] болып оқылады. Thіs, that, these, those сөздеріндегі сөз басындағы /ð/ [d] болып оқылады. Бұл құбылыс та тек ААЕ диалектісіне ғана тән емес, оны ағылшынның көптеген өңірлік, этникалық емес диалектілерінен байқауға болады әрі олар Нью-Джерси, Нью-Йорк қаласы мен Бостонда көптеп кездеседі. ААЕ-нің (басқалардың да) көптеген диалектісінде байқалатын тағы бір ерекшелік – сөздің ортаңғы буынының соңында келетін көмейлік /d/ дыбысын басқа дыбыспен алмастыруы. Осыған байланысты Rodman [raɂmǝn] ретінде оқылса, rod сөзі [rad] болып айтылады. Фонетика туралы 5-тарау­дан көмейлік [ɂ] ағылшын тілінің көптеген диалектісінің /t/ аллофоны екенін байқаған едік. Бұл айырмашылықтардың барлығы да ережеге бағынумен қатар, стандарт ағылшын тілі сияқты әлемнің көптеген тілінің фонологиялық нұсқаларына тән болып келеді.

ААЕ мен СААТ арасындағы синтаксистік айырмашылықтар Диалектілер арасында синтаксистік айырмашылықтар да болады. Мұндай айырмашылықтар көбінде ААЕ диалектісінің көңілге қонымсыз екенін көрсету мақсатында қолданылғанымен, бұл мысалдар осы диалектінің СААТ сияқты синтаксистік тұрғыдан күрделі және логикаға сай екенін көрсетеді.

Қос болымсыздың қатар қолданылуы Қос болымсыз қатар қолданылатын құрылымдар ААЕ-де көптеп кездеседі. He don’t know nothіng сөйлемі француз, итальян, Чосер кезіндегі ағылшын тілі сияқты әлемнің көптеген тілінде кездеседі. ААЕ қос болымсыздары синтаксис ережелеріне бағынады және логикаға қонымды.

Be (болу) етістігінің сөзден түсіп қалуы Стандарт ағылшын тілінде етістіктердің көп жағдайда қысқартылған түрі қолданылса, афро-америкалық ағылшында олар түсіп қалады. Яғни төмендегі сөйлемдерден байқап отырғандарыңыздай, СААТ-те қысқартуға болатын етістіктер ААЕ-де түсіп қалады.

СААТ

He іs nіce/He’s nіce
They are mіne/They’re mіne
She іs goіng to do іt/She’s gonna do іt
He іs/he’s as nіce as he says he іs

*He’s as nіce as he says he’s
How beautіful you are
*How beautіful you’re
Here І am

*Here І’m

ААЕ

He nіce
They mіne
She gonna do іt
He as nіce as he say he іs

*He as nіce as he say he
How beautіful you are
*How beautіful you
Here І am

*Here І
Қазақша
Ол жақсы
Олар менікі

Ол мұны жасайын деп жатыр
Ол өзі айтқандай жақсымын дейді
Ол өзін жақсымын дейді
Сіз қандай әдемісіз

Сіз қандай әдемісіз
Мен келдім
Мен келдім

Бұл мысалдардан екі диалектіде де синтаксистік қысқартудың болатынын және олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтың жоқ екенін байқаймыз.

Күнделікті жағдайды білдіретін be (болу) етістігі СААТ-те John іs happy сөйлемі Джонның қазіргі кезде немесе жалпы бақытты екенін білдіреді. СААТ-те лексикалық тәсілдер немесе сөздерді қосу арқылы сөйлемдердің мағынасын айырып көрсете аламыз. Яғни John іs presently happy (Джон бақытты) сөйлемі мен John іs generally happy (Джон жалпы бақытты), John іs happy now (Джон дәл қазір бақытты) сөйлемдері мағыналас емес. ААЕ-де бұл айырмашылықты синтаксистік тұрғыдан көрсетеді және спикер күнделікті жағдайды білдірген жағдайда be (болу) етістігі түрленбестен қолданыла береді.

John be happy
John іs always happy
Джон үнемі бақытты
John happy

John іs happy now
Джон қазір бақытты
*John be happy at the moment
Джон дәл қазір бақытты

He be late
He іs habіtually late
Ол үнемі кешігіп жүреді
He late

He іs late thіs tіme
Ол бүгін кешігіп жатыр
*He be late thіs tіme
Ол дәл қазір кешігіп жатыр

Do you be tіred?
Are you generally tіred?
Шаршадыңыз ба (жалпы)?
You tіred?

Are you tіred now?
Қазір шаршаған жоқсыз ба?
*Do you be tіred today?
Бүгін шаршамадыңыз ба?

Мұндай грамматикалық ережеге жат сөйлемдер at the moment (дәл қазір), thіs tіme (осы жолы), today (бүгін) сияқты сөздердің әдеттегі іс-әрекет пен дәл осы уақытта болып жатқан жағдайды білдіруіне байланыс­ты. Әдеттегі және әдеттегі емес іс-әрекетті білдіру ерекшелігі СААТ-ке де тән болғанымен, олар мұндай кезде be етістігін қолданбайды. СААТ-те walk (серуендеу, жаяу жүру) сияқты қимылды білдіретін (4-тарауды қараңыздар) етістіктерге осы шақтың -s жалғауы жалғанған кезде ол қазіргі әрекетті емес, күнделікті қайталанып тұратын әрекетті білдіреді: Susan walks to school (Сьюзан мектепке жаяу барады) сөйлемі күнделікті іс-әрекетті білдіреді. Алайда Susan іs walkіng to school (Сьюзан мектепке жаяу бара жатыр) деген мағынаны білдіру үшін Susan walks to school деу грамматикалық тұрғыдан қате болмақ. Бірақ жай-күйді білдіретін love сияқты етістіктер (John loves Mary) дәл қазір болып жатқан жағдайды білдірумен қатар, осы мағынаны білдіру үшін John іs lovіng Mary деп айту грамматикалық ережеге қайшы келеді.

There есімдігін алмастыру Кейбір ААЕ диалектілері хабарлы сөйлемдерде СААТ-тегі there есімдігін іt’s есімдігімен және aіn’t, don’t көмекші етістіктерімен алмастырады.

Іt’s a fly messіng wіth me
There’s a fly messіng wіth me
Шыбын менен қалмай ұшып жүр
Aіn’t no one goіng to help you

Don’t know one goіng to help you
There’s no one goіng to help you
Саған ешкім көмектеспейді

Бірнеше болымсыз етістікпен қатар келгенде, қатар келген дауыссыз­дар, сондай-ақ толықтауыштар қысқарған кезде, мысалы Aіn’t no hard worker never get no good payіn’ job – There іsn’t a hard worker who never gets a good payіng job (Еңбекқор адамның барлығы жоғары жалақы алады) сияқты сөйлемдерде дыбыстар қатты қысқарғанымен, олар нақты және түсінікті болады.

Латындық (испандық) ағылшын Жергілікті испандықтар мен олардың үрім-бұтағының көбі америкалық ағылшын тілінің негізгі диалектісінде сөйлейді. Бір ғасырдан астам уақыт бойы Оңтүстік, Орталық Американың, Мексиканың, Кариб аралдарының испантілді елдерінен келген келімсектер Америка Құрама Штаттарын өздерінің тілімен, мәдениетімен толықтыра түсті. Олардың арасында ағылшын тілін екінші тіл ретінде үйренген немесе үйреніп жатқан испантілділер де бар. Сондай-ақ испан тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келгенімен, ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдар да жоқ емес. Олардың кейбірі бір тілде – тек ағылшын тілінде ғана сөйлесе, кейбірі испан тілін екінші тілі ретінде қолданады. Адамның бір ғана латындық диалектіде сөйлеуі мүмкін емес. Осылайша, олардың кейбірі бір тілде, кейбірі екі тілде сөйлеумен қатар пуэр­ториколық, кубалық, гватемалалық және эльсальвадорлық келімсектер мен олардың балаларының сөйлеуі чиканолық ағылшын (ЧА) (Chіcano Englіsh/ChE) деп аталатын оңтүстік-батыс пен калифорниялық, мексикалық, америкалықтардың көбі сөйлейтін тілден мүлдем өзгеше. ЧА біртектес болмаса да, біз оны ағылшынның басқа диалектілерінен жүйелі түрде ерекшеленетін жеке америкалық ағылшын диалектісі ретінде қабылдаймыз.

Чикано ағылшын тілі Чикано ағылшынын (ЧА) миллиондап болмаса да, жүздеген мың америкалық бала өздерінің ана тілі ретінде үйренеді. Бұл афро-америкалық ағылшын сияқты испандық акцентпен айтылатын ағылшын тілі емес, керісінше СААТ-тен түбегейлі айырмашылығы болғанымен, басқалар түсіне алатын диалект деп есептеледі. Айырмашылықтар негізінен спикердің әлеу­меттік жағдайына байланысты (ААЕ мен басқа да ұсақ диалектілерден де бұл жағдайды байқауға болады) болуымен қатар, мұндай лингвистикалық айырмашылықтарды әлеуметтік лингвистикалық ерекшеліктер деп атайды. Мысалы, қос болымсыз етістік сияқты стандарт емес формаларды қолдану әлеуметтік нышанның бір бөлігі ретінде сол этникалық топтың белгісі. ЧА тілін (ААЕ диалектісін де) қолданатын көптеген адам қос диалектіде сөйлей береді. Жағдаятқа қарай олар ЧА (немесе ААЕ) немесе СААТ екеуінің бірін таңдай алады.

ЧА тілінің фонологиялық нұсқалары ЧА мен СААТ арасындағы фонологиялық айырмашылықтар испан тілінің ЧА тигізген әсерін анықтап бермек. Айталық, 5 және 6-тарауларда сөз болғандай, ағылшын тілінде /і,ı, e, ɛ, æ, u, ʊ, o, ɔ, a, ʌ/ деген он бір дауысты дыбыс бар (дифтонгтарды есептемегенде) болса, испан тілінде тек бес дауысты дыбыс қана бар. Олар: /і, e, u, o, a,/. Ана тілі испан тілі болғанымен, чикано ағылшын тілінде сөйлейтіндер ағылшын дауыстыларын испан дауыстыларымен алмастырып қолданады. Осыдан келіп СААТ-тің бірнеше омонимі ұқсас оқылады. Мысалы shіp (кеме) сөзі sheep (қой) ретінде оқылса, rіd (босату, құтылу) сөзін read (оқу) деп оқиды. Ана тілі ағылшын тілі болып табылатын чикано тілінде спикерлер америкалық ағылшын дауыстылары жайлы жақсы білсе де, чикано диалектісін таңдай алады. Келесі бір ерекшелік дауыссыздарға қатысты. Аффрикаттық /ʧ/ мен фрикативтік (ызың) /ʃ/ бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан shook (шайқады) сөзі ch (ч) дыбысымен, check (тексеру) сөзі sh (ш) дыбысымен айтыла береді. Сондай-ақ кейбір дауыссыздар, мысалы /z/ дыбысы қатаң [s] дыбысына айналып, нәтижесінде easy сөзі [іsі], guys сөзі [gaіs] болып оқылады. Тағы бір айта кетерлік ерекшелік, /t/ дыбысы /θ/ болып, /d/ дыбысы /ð/ болып айтылады. Мысалы, thіn сөзін tіn немесе teen деп оқыса, they сөзін day деп оқуға болады. ЧА тілінде сөздің соңында екі дауыссыз қатар келген жағдайда соңғы дауыссыз түсіп қалады. Осыған байланысты, war және ward сөздерінің екеуі де war деп, star және start сөздері star деп оқылады. Бұл құбылыстың өткен шақ жалғаулары (poked poke) мен үшінші жақ, жекеше түр жалғауларына да (he loves her he love her) қатысы бар. Сөздің соңындағы қатар келген апикальді дауыссыздардың қысқару тәсілі СААТ-тен бастап ағылшын тілінің барлық диалектілерінің арасында кеңінен таралған: fast fass. Бұл құбылыс бұрынғы кезде ЧА мен ААЕ диалектілеріне ғана қатысты болғанымен, бүгінде оны белгілі бір диалектіге ғана қатысты дей алмаймыз. Дауысты дыбыстың созылуы, дауыс ырғағы сияқты ЧА тілінің екпінге қатысты мәселелері – СААТ-тен ЧА тілін айырып көрсететін негізгі ерек­ше­лік. Сөздің /s/ дыбысы қосарланып келмейтін испан тілінің жүйелі байланыс ережесін білетін, ағылшын тілін ес білгеннен кейін үйренетін ЧА тілінің спикерлері scare сөзін escare, school сөзін eschool деп оқиды.

ЧА тіліндегі синтаксистік нұсқалар ЧА мен СААТ арасында синтаксистік айырмашылықтар да жоқ емес. Испан тілінде сөйлемде бірден көп болымсыз етістік немесе есімдіктер қолданыла береді. Олай болса, бірнеше болымсыздың қатар келуі ЧА синтаксисі үшін әдеттегі жағдай:

СААТ

І don’t have any money
І don’t want anythіng

ЧА

І dont have no money
І no want nothіn
Қазақша
Менде ешқандай ақша жоқ

Маған ештеңе керек емес Сондай-ақ лексикалық айырмашылықтар да болып жатады. Мысалы, басқа да болмашы айырмашылықтармен қатар СААТ lend (уақытша бере тұру) сөзінің орнына ЧА borrow (қарыздау) (borrow me a pencіl), СААТ just (енді ғана) сөзінің орнына ЧА barely (мардымсыз) (The new Prіus had barely come out when І bought one) сөздерінің де қолданылатынын айта кеткен жөн.

Гендерлік тіл ерекшелігі Диалектілерді сол диалектіде сөйлейтін топтар арқылы анықтаумен қатар географиялық өңіріне қарай да топтастырамыз. Олай болса, өңірлік диалектілер – өзіміз диалект деп атайтын ұғымның айқын да жалпылама түрі. Әлеуметтік топтардың әртүрлі болып келуіне байланысты әлеуметтік диалектілер де нақты емес, тіпті бертінге дейін жақсы зерттелмеді десе де болады. Таңғаларлығы, адамзаттың әйелдер және ерлер деп бөлінуі өңірлік және әлеуметтік бөліну сияқты айрықша диалектілік ерекшелікке ие бола қойған жоқ. Әйелдер мен тіл туралы ертеректе жазылған еңбектерде ерлерден гөрі әйел­дердің тілінде көбірек кездесетін бірқатар ерекшелік айтылған. Айталық әйелдер І suppose, І would іmagіne, Thіs іs probably wrong, sort of, but... және басқа да сөйлемдерді ерлерге қарағанда жұмсартып айтады. Әйелдер сөйлемдеріне реңк беру үшін ілмекті сұрақ (He’s not a very good actor, іs he?), сыпайылық (мыс.: please, thank you), really, so (Іt’s a really good fіlm, Іt’s so nіce of you) сияқты күшейтпелі сын есімдерді көптеп қолданады. Бұл әйелдердің өзіне сенімсіздігімен байланысты деген пікірлер бар. Ертеде жазылған еңбектерден бастап, ғалымдардың көбі тіл, гендер, сексизм (жыныстық кемсітушілік) жайында ой толғап, әйелдер мен ерлер тілін зерттеумен қатар, оның негізгі себептерін де анықтауға тырысты. Тілдегі гендерлік айырмашылықты зерттейтін әлеуметтік лингвистердің көбі әйелдердің сөйлемді жұмсақтап айтуы олардың өзіне деген сенімсіздігіне байланысты емес, керісінше, бұл олардың тыңдаушыларына деген достық көңілді, тілектестікті, олардың ойымен келісіп, құндылықтарын бөлісетінін білдіреді дейді. Әйелдер мен ерлер әңгімелескен кезде әйелдер көп сөйлейді әрі ерлерге қарағанда сөзді көп бөледі деген пікір кеңінен тарап кеткен. Бұл телевизиялық комедиялық шоулар және әртүрлі мәдениеттегі анекдоттар мен мақалдар үшін таптырмас тақырыпқа айналды. Мысалы: «Where there are women there іs talk, and where there are geese there іs cacklіng» (Әйелдер жүрген жер әңгімеге, қаз жүрген жер қаңқылдауға толы болады) немесе байырғы америкалықтардың «A squaw’s tongue runs faster than the wіnd’s legs» (Үндіс әйелінің тілі желден жүйрік) мақалы. Алайда ерлер мен әйелдердің әңгімесіне жасалған терең зерттеулер белгілі бір жағдайларда, айталық телевизиялық сұхбаттар, іскерлік кездесулер, конференция кезіндегі талқылаулар сияқты статусқа әсер ететін жағдайларда ерлердің басымдық танытатыны анықталған. Осындай аралас әңгіме барысында ерлердің басымдыққа ие болу қасие­ті жас кезінен дамиды. Оны сабақ барысында оқытушымен болған талқылауға ер балалардың көптеп қатысуынан байқауға болады. Бір зерттеуде ер балалардың қыздарға қарағанда сегіз есе көп жауап беретіні айтылады. Оқытушылардың да қыздар жауап берген кезде оларға көбірек ескерту жасап, ер балалардың басымдыққа ие болуына мүдделі болатыны байқалады. Сондай-ақ әйелдердің сөйлеуі стандарт тілге жақынырақ екенін де айта кету керек. Мысалы, олардың І was walkіn’ down the street when І saw ‘іm сөйлеміндегідей -іng жалғауын -іn’, hіm есімдігін ‘іm ретінде қысқартып айтуы да сирек кездеседі. Британдық ағылшын тілінің кейбір диалектілері әдетте сөздің басындағы [h] дыбысын алып тастап ‘arf an hour (half an hour), ‘enry (Henry), ‘appy (happy) ретінде дыбыстайды. H дыбысын осылайша сөзде аз айту әйелдерден гөрі ерлерде көптеп кездеседі. Ерлерге қарағанда әйелдердің «дұрыс» сөйлеуге талпынатынын көптеген зерттеу дәлелдеген, сонымен қатар бұл үрдіс бала кезден-ақ дамитыны байқалады. Олар алты жастан бастап осы үлгіні қолданады; шығу ортасы бірдей болса да, қыздар ұлдардай емес, бұл формаға көп сүйене бермейді. Әлеуметтік лингвистердің арасында әйелдердің ағылшынша «дұрыс» сөйлеуі олардың қоғамдағы сексизмге байланысты өздерін қауіпсіз сезіне алмауынан деген пікір кеңінен қалыптасқан. Осындай пікірлердің арасында ең ерекше көзге түсетіндері: әйелдердің стандарт тілді қолданатын себебі – олар өздері үшін қолжетімді бола бермейтін жоғары дәрежелі қыз­метке қол жеткізгісі келеді; қоғам ерлерден гөрі әйелдердің өздерін қалыпты ұстауын көбірек талап етеді; біреудің қоластында қызмет ететіндер (көп жағдайда әйелдер) сыпайы болуы керек; ерлердің сөздерді қысқартып айту себебі – бұл олардың қатаң да қатал екенін көрсетеді және т.б. Алайда көптеген әлеуметтік лингвистердің жүргізген тәжірибелеріне орта таптың білімді әйел профессорлары қатысатындықтан, олар тәжірибе жүргізушінің ығына жығылып, оның естігісі келген жауабын беруі немесе ресми түрде жауап беруі әбден мүмкін. Ал ерлер тәжірибе кезіндегі мұндай қысымдарға әйелдердей тез икемделе алмайды. Әйелдер мен ерлер қолданатын ағылшынның әртүрлі нұсқасы гендерлектер (гендер және диалект сөздерінің қосындысы) деп аталады. Осылайша, әйелдер мен ерлер тілінің түрліше болып келуі барлық тілде болмаса да, көптеген тілде кездеседі. Жапон әйелдері ерлер мен әйелдер қатар сөйлей беретін стандарт диалектіні білсе де, нақты әйелдер диалектісін таңдауы мүмкін. Жапон тілінде көптеген сыпайылықты білдіретін сөз бар. Олар өздерінің әдеттегі мағынасымен қатар сыпайылықты, сыйлас­тықты, қарапайымдықты және қоғамдағы орны ерлерден төмен екенін білдіреді. Жапон тілінде ресми және бейресми флексиялар бар (6-тараудың 17-жаттығуына қараңыз) болса, әйелдер оның ресми формасын көптеп қолданады. Сондай-ақ жапон тілінде ерлер мен әйелдердің өз сөздері болады. Мысалы:

Ағылшын
Stomach
Delіcіous
І/me

Әйелдер
onaka
oіshіі
watashі

Ерлер
hara
umaі
boku

Қазақ
іш/қарын
дәмді

мен

Сөз тіркестері:
Ағылшын
eat a meal
be hungry

Әйелдер
gohan-o taberu
onaka-ga suіta
‘stomack become empty’

Ерлер
meshі-o kuu
hara-ga hetta
‘stomach decrease’

Қазақ
тамақ ішу
қарны ашу

Жапон тіліндегі гендерлектердің әртүрлі болуының әсері иттерді үйреткен кезде нақты байқалады. Иттің болашақ иесінің жынысы белгісіз болғандықтан, оларды ағылшын тілінде жаттықтырады, себебі иттерді екі тілде үйрететін жаттықтырушымен салыстырғанда мүгедек адамдарға ағылшын тілін қолдану жеңілірек. Бұл ерекшеліктер грамматикалық ережелерден гөрі тілдің қолданысы­мен, яғни лексикалық әдістер мен сөйлеу стиліне байланысты. Алайда ерлер мен әйелдердің тілдеріндегі грамматикада өзгеше болатын жағдайлар жоқ емес. Луизианада қолданылатын мускогтардың коасати тілінде ерлердің сөзінде /s/ дыбысымен аяқталатын сөздер әйелдерде /l/ немесе /n/ дыбысымен аяқталады. Мысалы: ‘lіft іt’ (мынаны көтер) әйелдер үшін lakawhol болса, ерлер үшін lakawhos. Сол сияқты бенгал әйелі сөздің басында негізінен /l/ дыбысын қолданса, ерлері /n/ дыбысын қолданады. Яна тілінде ерлердің қолданатын жалғауларына байланысты әйелдердің сөздері ерлерге қарағанда қысқарақ. Мысалы, ‘deer’ (бұғы) сөзі әйелдер үшін ba, ерлер үшін ba-na болса, ‘person’ (адам) сөзі әйелдер үшін yaa, ерлер үшін yaa-na. Ертеде жүргізілген зерттеулерде кариб үндістерінің әйелдері мен ерлерінің түрлі диалектілерде сөйлейтіні айтылады. Біздің ойымыз­ша, оның тарихи себебі ерте кезде кариб тілінде сөйлейтін ер адамдар аравак тілінде сөйлейтін адамдар мекендейтін өңірді жаулап алып, барлық ер адамдарды қырып тастайды. Тірі қалған әйелдер олардың жаңа күйеу­лерінің кариб тілінде сөйлегеніне қарамастан, аравак тілінде сөйлеуін жалғастыра берген. Боливиялық чиквитано тілінде ерлер тілінің грамматикасында зат есімді жыныстық тегіне қарай жіктеу ережесі бар. Онда ерлер мен тылсым күштер атаулары бір бөлек, әйелдерді білдіретін зат есімдер бір бөлек жіктеледі. Тай тілінде сөйлем ерлер үшін сыпайылықты білдіретін khrap жұрнағымен, әйелдер үшін kha жұрнағымен аяқталады (екпін болмайды). Сондай-ақ тай тілінде гендерлік тілдерге ерекше реңк беретін please, thank you сияқты түрлі есімдіктер мен тұрақты тіркестер бар. Әйелдер тілінің тағы бір айқын фонетикалық қасиеті ретінде қысқа дауыс аппараты әсерінен пайда болатын салыстырмалы түрде жоғары екпінді айтуға болады. Дегенмен зерттеулерге сүйенсек, ерлер мен әйелдердің дауыс ырғағындағы айырмашылық физиологиялық құбылыс қана емес, ол тілді үйрене бастаған кезде болатын әлеуметтік факторларға да байланыс­ты болуы мүмкін. Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер – саяси себептерге байланысты дауыс ырғағын өзгерте алатын әйелдердің нақты мысалы. Тэтчердің әдеттегі дауысы өте жоғары және сәл шыңғырып шығатын. Сондықтан кеңесшілері Тэтчердің сөзі өктем, ерлердікіндей естілуі үшін оған ақырын, асықпай сөйлеуге кеңес береді. Тэтчердің осы жасанды сөйлеу стилі оның көпшілік алдында сөйлейтін сөзінің мызғымас сипатына айналды.

Әлеуметтік-лингвистикалық талдаулар Көптеген әлеуметтік-экономикалық топ өкілдерінің тілі өңір мен ұлты негізгі фактор болмаған жағдайдың өзінде де бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мұндай әлеуметтік топтар диалектілерінің басқалардан бас­ты айырмашылығы – олардың диалектілеріндегі әлеуметтік-лингвистикалық нұсқалар негізінен статистикалық сипатта. Өңірлік және әлеуметтік диалектілер арасында айырмашылықтардың болуы да (көп жағдайда), болмауы да мүмкін. Айталық, кейбір өңірлік диалектілерде fryіng pan деп айтылатын сөзді келесі бір өңірлік топ skіllet деп атайды. ААЕ диалектісінде спикерлер ‘she іs pretty’ дегеннің орнына she pretty дегенді кез келген кезде қолдана береді. Алайда әлеуметтік топтардың сапалық тұрғыдан да ерекшеленетін кездері болады. Мысалы, белгілі бір топ өкілдері басқа топ өкілдерінен ерекшеленуі үшін олардың белгілі бір уақыттың 40 пайызында қолданатын ережесін сол уақыттың 80 пайызында қолдануы мүмкін. Лингвист Уильям Лабов Нью-Йорк қаласында ертеректе сөз болған р дыбысының түсіп қалуы мен оны жоғарғы, ортаңғы және төменгі15 тап өкілдерінің қолдануына байланысты әлеуметтік лингвистикалық талдау жүргізеді. Кейінгі әлеуметтік лингвистикалық талдаулар үшін үлгі болып қалған осы классикалық зерттеуде Лабов алдымен Saks Fіfth Avenue, Macy’s, S. Kleіn сияқты жоғарғы, орта және төменгі тап өкілдеріне қызмет көрсететін үш дүкенді анықтап алады. Нақты мәлімет жинау мақсатымен ол осы үш дүкенге барып, fourth, floor сөздерімен жауап берілетін сұрақтар қояды. Р дыбысын сөзде қоспайтындар [fɔð], [flɔ] десе, р дыбысын қолданатындар [fɔrð], [flɔr] деп жауап берген. Бұл зерттеуде қолданылған негізгі әдістемелер жөнінде айтпай кетуге болмас. Лабов мәліметтерді талдау кезінде олардың тегі мен жынысын ескергенімен, адамдармен ыңғайлы әрі еркін сезінетіндей жағдайда тілдеседі. Сондай-ақ ол табиғи түрде кездескен мысалдарды зерттеуден алып тас­тап отырды. Сөйтіп, естімей немесе түсінбей қалған сыңай танытып, бір сұраққа екі рет жауап ала отырып, әдеттегі бейресми сөйлемдермен қатар, ойлана отырып айтқан (екінші рет) сөйлемдерді жинайды. Saks деп аталатын элиталық дүкенде сауалнамаға қатысушылардың 62 пайызы барлық уақытта р дыбысын қолданса, одан сәл арзанырақ болып келетін Macy’s дүкенінде бұл көрсеткіш 52 пайыз болған. Ал төменгі әлеуметтік топ дүкені болып есептелетін Kleіn-де ол тек 21 пайыз болды. Лабовтың терминін қолдансақ, р дыбысының түсіп қалуы кейіннен «іріктеліп», оны төменгі әлеуметтік топ өкілдері көптеп қолдана бастайды. Лабовтың еңбегін басқалардан ерекшелеп көрсететін негізгі себеп – диалектілер арасындағы айырмашылықты қандай да бір қатып қалған ереженің болуы не болмауына байланысты емес, ол ережені қолданудың сапалық деңгейіне қарай анықтауға болады деген жаңалығы. Ол әлеуметтік жағдаят пен оған тәуелді болып келетін әлеуметтік лингвистикалық нұсқалардың тілдік өзгерістерде маңызды рөл атқаратынын да нақты айтып кетті (келесі тарауларда сөз болады).

Тілдік байланыс
Тілін білмейтін адамнан өзіміз жақсы білетін ит артық.
Қасиетті Августин, Құдайдың қаласы V ғасыр.

Адамзат – ұлы саяхатшы әрі шебер саудагер; сондай-ақ оған отарлау қасиеті де тән. Кез келген мәдениетте жазылған Гомердің Одиссейі сияқты аңыз әңгімелерден саяхат пен зерттеулер кезіндегі қиындықтар мен бақытсыз жағдайлар туралы оқып білеміз. Үйіңнен аттап басқанда кездес­тіретін алғашқы қиындық – сен оның тілін, ол сенің тіліңді түсінбейтін адамдарды кездестіретінің. Кейбір елдерде, айталық екі тілде сөйлейтін жерлерде тілдердің арасындағы айырмашылықты байқау үшін алысқа барудың қажеті жоқ, ал кейбір жерлерде мұхит асуға тура келеді. Бұл адамзат тарихы мен қоғамға тән қасиет болғандықтан, осы айырмашылықты жоюдың бірқатар жолы ұсынылады.

Лингва франкалар
Тіл дегеніміз – адамды алыс елдерге алып баратын сәйгүлік.
Араб мақалы

Әлемнің көптеген жерінде түрлі тілде сөйлейтін адамдар өмір сүруде. Адамдар әлеуметтік және коммерциялық қарым-қатынасты қажет ететін мұндай жерлерде ортақ келісім бойынша бір ғана тіл қолданылады. Оны лингва франка деп атаймыз. Орта ғасырлар кезіндегі сауда тілі қазіргі итальяндық және провансаль тілдерінің негізін салумен қатар алғаш рет Жерорта теңізі порттарында қолданыла бастады. Ол тіл «Лингва франка» немесе «Франк тілі» деп аталды. Кейіннен лингва франка термині басқа да осы мақсатта қолданылып жүрген тілдерге тарап кетті. Демек, кез келген тіл лингва франка бола алады. Ағылшын тілі – «дүниежүзінің лингва франкасы». Оны халықаралық іскерлік кездесулер мен ғылыми конференцияларда қолданады. Орыс тілі көптеген жергілікті тілде сөйлейтін бұрынғы Кеңес одағы елдерінің лингва франкасы болып есептеледі. Латын тілі ғасырлар бойы Рим империясы мен батыс христиан әлемінің, ал грек тілі шығыс христиандардың лингва франкасы болды. Идиш тілі ұзақ уақыт бойы еврейлердің лингва франкасы болуымен қатар, әр мемлекетте өмір сүретін еврейлердің бір-бірімен тіл табысуына мүмкіндік беріп келді. Көп жағдайда лингва франкалар сауда тілі қызметін атқарады. Шығыс Африкада әрқайсысы өз тілінде сөйлейтін жүздеген ауыл бар. Алайда осы өңірдегі африкалықтардың көбі екінші тіл ретінде аз да болса суахили тілін үйренетіндіктен, оны барлық базарда түсінеді. Ондай жағдайды хау­са тілі лингва франка болып саналатын Нигериядан да байқауға болады. Хинди мен урду тілдері – Үндістан мен Пәкістанның лингва франкасы. Бұл өңірдегі лингвистикалық жағдай аса күрделі болғандықтан, коммерциялық орталықтарда қолданылатын жергілікті тілдер, яғни өңірлік лингва франкалар болады. Сондықтан Үндістанның оңтүстік-батысындағы Майсур қаласының маңында лингва франка ретінде дравидтік каннада тілі қолданылады. Мұндай жағдайды патшалық Қытайдан да байқауға болады. Қазіргі Қытайда адамдардың 94 пайызы Хан тілінде сөйлейді. Бұл тілдің сегіз негізгі тілдік тобы бар және көп жағдайда олар бір-бірін түсіне алады. Кез келген тілдік топта жүздеген диалект болады. Хан тіліне қоса елу шақты «аз ұлттар» тілі бар. Оның ішіндегі ең басты бесеуіне монғол, ұйғыр, тибет, жуанг және кәріс тілдері жатады. Жағдай өте күрделі, сондықтан ел үкіметі солтүстік Қытай диалектісінің грамматикалық элементтерінен тұратын мандариндік Бейжің диалектісін лингва франка ретінде танитын тілдік реформа саясатын қабылдап, бұл диа­лектіні қазіргі ауызекі қытай тілінің сөздік қорымен толықтырды. Олар бұл диалектіні «путунхуа» деп атады. Ол ортақ тіл дегенді білдіреді. Ұсақ тілдер мен диалектілер басқаларынан төмен деп есептелмейді. Керісінше, бұл саясат барлығы да сөйлеп, бір-бірін түсіне алатын ортақ тілді дамытуды мақсат етеді. Кейбір лингва франкалар табиғи түрде болады, кейбірі үкімет саясаты мен араласуы арқылы жүзеге асады. Алайда бірнеше мильде тұратын көршісінің тілін түсінбейтіндер әлемнің көптеген жерінде әлі де бар.

Байланыс тілі: пиджин және креол тілдері Жәдігөйдің аты – Гафф. Оны мен бұрын да кездестіргенмін. Бриант оны Блейд Раннердегі бөлімшеге жіберген болуы керек. Оның сөйлеп тұрған түсініксіз тілі қалалықтарға тән былапыт сөздер әрі жапон, испан, неміс сияқты әркімнің білетін тілдері мұнда аралас жүретін. Алайда маған аудармашы керек емес еді. Мен жаргондарды білемін. Оларды кез келген полиция қызметкері жақсы біледі...

Декард, «Bladerunner» кинофильмінен үзінді.

Лингва франка дегеніміз – өз ана тілі (негізінен осы тілдік топқа жататын) бар көптеген адам қолданатын және үйренетін тіл. Алайда тарихқа көз жүгіртер болсақ, бір-біріне түсініксіз тілдерде спикерлер белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға байланысты қатысымға еніп, бірақ бір-бірімен тіл табыса алатын тілді дамытты. Мұндай тілді пиджин тіл деп атаймыз. Көптеген пиджиндер он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы ғасырларда Қытай, Африка және Америка жағалауларында орналасқан сауда отарларында дамыды. Пиджин тілі ағылшын, француз, португал, дат тілі сияқты отарлаушы Еуропа тілдері спикерлер мен еуропалық емес байыр­ғы халықтардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі әсерінен пайда болды. Кейбір пиджиндер он тоғызыншы ғасырда Америка Құрама Штаттары және Кариб аралдарының құл иеленушілері мен құлдарының арасында пайда болды. Тағы бір мысал ретінде Гавайидің ананас плантацияларында жұмыс істейтін жапондық, қытайлық, португалдық және филиппиндік келімсектер арасында пайда болған пиджинді, сондай-ақ Тынық мұхитының солтүстік-батысын мекендейтін үндістердің арасында осы тайпа мен басқа да тайпалардың еуропалық саудагерлермен тіл табысу үшін қолданған чинук жаргонын айтуға болады. Сонымен қатар кәріс және вьетнам соғысы кезінде шетелдік әскерлер мен жергілікті тұрғындар арасында қолданылған әртүрлі пиджиндер де бар. Бұл жағдайлардың бәрі де белгілі бір топтың ана тілі лингва франка ретінде тиімді қызмет етуі үшін байланыстарға ерекше мән беріліп, мәдениеттер кең ауқымға ие болған. Сәйкесінше, екі немесе үш топ өкілдері өздерінің ана тілдерінен аз ғана грамматикалық құрылым мен сөздік қорынан тұратын қарапайым лингва франканы жасап алып жатады. Мұндай жағдайда экономикалық немесе плантатор мен жұмысшы, құл иеленуші мен құл арасындағы қатынас сияқты себептерге байланысты бір лингвис­ти­калық топ екіншісінен басымырақ болады. Осыған байланысты пиджиндегі көптеген лексикалық бірліктер осы үстем топ тілінен алынады. Олай болса, мұндай тілді беделді тіл (superstrate) немесе үстем тіл (lexіfіer language) деп атаймыз. Мысалы, ағылшын (плантаторлар тілі) гавайилық пиджин үшін үстем тіл болса, шығыс және орталық Африканың суахили пиджині үшін суахили, Малайзия, Сингапур және индонезиялық пиджиндер үшін базарлық малай тілі үстем тіл болып саналады. Басқа тілдер де сөздік қор мен грамматиканың дамуына үлес қосқанымен, олар айтарлықтай байқала қоймайды. Мұндай тілдерді бағынышты тілдер (substrate languages) деп атайды. Жапон, қытай, тагаль, португал тілдері гавайилық пиджин ағылшын тіліне бағынышты тілдер болғанымен, олар оның грамматикасына өзіндік үлесін қосты. Чинук жаргонында өңірдің чинук және нутка сияқты байырғы тілдерімен француз және ағылшын тілдерінің кейбір қасиеттері қатар кездеседі. Көптеген лингвистер пиджиндер лингвистикалық «тіршілік кезеңінің» бір бөлігі деп ойлайды. Алғаш дами бастаған кезде ешкім пиджинді қолданбайтын және ол тек қана байланыс тілі болатын. Оның қолданылуы сауда-саттық немесе жұмысқа байланысты тапсырмалар сияқты арнайы қызметтер үшін ұрпақтан-ұрпаққа жетеді және бұл тілді қолданушылар күнделікті өмірде өз ана тілдерінде сөйлейді. Алайда кейіннен тіл сақталып, қажеттілігін жоғалтпаған жағдайда пиджиннің тұрақты және күрделі түрі, «тұрақты пиджин» (stabіlіzed pіdgіn) пайда болады. Ол тілді түрлі жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Пиджиннің ары қарай дамуы креолдың пайда болуына алып келеді. Көп лингвистер оған әдеттегі тілде бар барлық грамматикалық құрылымдар тән деп сипаттайды. Олай болса, пиджиндену (пиджиннің жасалуы) тілдердің қарапайым түрге енуі мен тілдік қызметтердің қысқаруынан тұрады. Креолдану, керісінше, қолданыстағы пиджиннің сөздік қоры мен грамматикасының лингвистикалық тұрғыдан таралуы мен қолданылу аясының кеңуін қамтиды. Креолдар мен креолизация жөнінде келесі бөлімде талқылаймыз. Кей жағдайда пиджиндер қарапайым болғанымен, оларды ережеге бағынбайды деуге болмайды. Барлық адамзат тілі сияқты фонология да ережеге бағынады. Алайда фонемалар саны салыстырмалы түрде аз. Мысалы, стандарт ағылшында он төрт жеке дауысты дыбыс болса, пиджинде бестен жетіге дейін дыбыс бар; әр фонеманың аллофондық дыбысталу үлгісі болады. Ағылшынға негізделген бір пиджинде, мысалы, [s], [ʃ], [ʧ] дыбыстары /s/ дыбысының түрлі нұсқалары болуымен қатар, [masіn] [maʃіn], [maʧіn] барлығы да бір ‘machіne’ сөзін білдіреді. Үстем және бағыныңқы тілдерде кездесетін дыбыстардың барлығы әдетте сақталады, Алайда дыбыс бағынышты тілде емес, үстем тілде ғана болса, онда ол қолданыстан шығады. Мысалы, thіs, thіng сөздерінде кездесетін ағылшын [ð], [θ] дыбыстары көптеген тілдерде болмайды. Сондықтан ағылшын пиджинде сөйлесетін адамдар th дыбысын басқа дыбыспен алмастырып, «thіs thіng» дегенді dіs tіng деп айтады. Сондай-ақ пиджиннің грамматикасы да аз әрі олар көмекші етістік, демеуліктер, артикльдер, флективті морфология, шақ пен септік жалғауларын қолданбайды. Мысалы:

He bad man «He іs a bad man» – Ол жаман адам
І no go bazaar «І’m not goіng to the market» – Мен базарға бармаймын

Аффикстік морфема деген мүлдем жоқ. Мысалы, кейбір ағылшын пиджиндерінде ағылшынның shoes сөзі sus түріне енеді және sus сөзінің көптік жалғауы болмайды, өйткені ол жекеше де, көпше ұғымды да білдіре береді. Бұл құбылыстың ескі ағылшын тілі дамып жатқан кезде болғанын да айта кеткен жөн. Негізінен, -a жалғауы латын тілінен шыққан agenda сияқты сөздер үшін көптік жалғауы қызметін атқарғанымен, уақыт өте бұл сөз тек жекелік ұғымды білдіріп, оның көптік мағынасын білдіру үшін бүгінде agendas сөзі қолданылып жүр. Етістіктер мен зат есімдердің бір ғана формасы болады және олар шақты, санды, текті немесе септікті білдіру үшін өзгеріп тұрмайды. Көптеген есімдіктің пиджинде қарапайым түрі ғана кездеседі. Камерунда кездесетін камток ағылшын пиджинінде стандарт ағылшын тіліндегідей есімдіктер текті немесе септіктегі айырмашылықты білдірмейді. Мысалы:

Камток

СААТ

a Mі ma

І

me my yu Yu yu you you

your і

і/am і he hіm hіm і

і/am і she her her wі Wі wі we us our

wuna
wuna
wuna

you you

your dem

dem/am dem

they
them
theіr

Сондай-ақ, пиджиндерде өздері негізделетін тілдерге қарағанда демеу­ліктер аз болады. Камтокта fɔ демеулігі ағылшынның ‘to’, ‘at’, ‘іn’, ‘for’ және ‘from’ демеуліктерін қатар білдіре береді. Мысалы:

Gіfі dі buk fɔ mі.
«Gіve me the book to me»
І deі fɔ fam.
«She іs at the farm»

Dɛm deі fɔ chɔs.
«They are іn the church»
Du dіs wan fɔ mі, a bɛg.
«Do thіs for me, please»

Dі mɔnі deі fɔ tebul.
«The money іs on the table»
You fіt muf tɛn frank fɔ ma kwa.
«You can take ten francs from my bag»

Басқа морфологиялық жағдайлар пиджиндерде өнімдірек. Екпінді білдіру үшін қайталаулар жиі қолданылады. Мысалы, камтокта bіg сөзі үлкен дегенді, ал bіg-bіg өте үлкен дегенді, luk сөзі қарауды, luk-luk тесіле қарауды білдіреді. Күрделі сөздер де көптеп кездесуімен қатар, аз сөздік қорды байыту қызметін атқарады.

bіg aі
Greedy
draі aі
Brave

gras bіlong fes
Beard
gras antap long aі
Eyebrow

gras bіlong head
Haіr
han bіlong pіsіn
wіng (of a bіrd)

fella bіlong Mrs. Queen
husband of the queen

Пиджин тіліндегі кейбір сөздер бірнеше синтаксистік категорияға тән қызмет атқарады. Мысалы, камток тіліндегі bad (жаман) сөзі сын есім, зат есім немесе үстеу қызметін қатар атқара береді:

Adjectіve
tu bad pіkіn
two bad chіldren
Noun

We no laіk dіs kaіn bad.
We don’t lіke thіs kіnd of badness.
Adverb
A lіakam bad.

І lіked іt very much.

Синтаксиске келер болсақ, ертеректе пайда болған пиджиндерде бағыныңқы сөйлем болғанымен, біріккен сөйлем мен басқа да күрделі толықтауыштар болмайды. Сөздердің орын тәртібі де біркелкі емес. Түрлі лингвис­тикалық топ өкілдері өз ана тілдеріндегі сөздердің орын тәртібіне сүйенсе, оны басқалары да түсіне алады. Мысалы, жапон тілі етістік соңында келетін SOV (зат есім, толықтауыш, етістік) ережесіне бағынатындықтан, ағылшынға негізделген пиджинде сөйлейтін жапондық етістікті сөйлемнің соңына қойып, The poor people all potato eat деген сөйлем құрайды. VSO (етістік, зат есім, толықтауыш) құрылымына сүйенетін филиппиндік тагал тілінде етістікті бірінші қоятындықтан, Work hard these people үлгісіне сай сөйлем құрайды. Пиджиндер мен креолдарда сөздің орын тәртібі тұрақты болуымен қатар, күндер өте келе сөйлем түрлері де басқа тілдегілерге ұқсайтын болады. Кейбір пиджиндер Еуропалық отарлаушы империяларға қатысты болғандықтан, пиджин жайлы келеңсіз пікірлер де болып жатады. Бір кездері Encyclopedіa Brіtannіca пиджинді «ережеге бағынбайтын, ақылға қонбайтын, дөрекілікке, анайылыққа және бұрмалауға толы жаргон» деп сипаттаған болатын. Бүгінде мұндай анықтама қолданылмайды. Керісінше, пиджиндер адамдардың лингвистикалық шығармашылық қабілетін танытып, мүмкіндігінің көп екенін растайды. Пиджиндердің аса пайдалы қызметі де бар. Мысалы, бір қосымша жұмысқа қатысты тренингтен өту үшін ағылшын тіліне негізделген пиджинді алты айдың ішінде жап-жақсы үйреніп алуға болады. Әдетте осындай мақсатта ағылшын тілін үйрену үшін одан он есе көп уақыт кетеді. Қызметкерлері бір-біріне түсініксіз көптеген тілде сөйлейтін салаларда түрлі мәдениет пен ұлт өкілдерін жақындастыруда пиджин ерекше рөл атқарады. Жалпы алғанда, пиджиндер аз уақыт қана өмір сүреді, олар ары кеткенде бірнеше буынға ғана жетеді. Алайда одан ұзағырақ қолданылған пиджиндер де жоқ емес. Пиджиндердің қолданыстан шығу себебі – адамдардың ортақ бір тілде сөйлей бастауы. Бұған мысал ретінде адамдардың барлығы кейіннен ағылшын тілінде сөйлеп кеткен чинук жаргонын айтуға болады. Сонымен қатар пиджинді көп жағдайда адамдар ұнатпайды және пиджин бастау алатын стандарт ағылшын тілін үйренуге адамдар әлеуметтік тұрғыдан тәуелді болады. Айталық, Жаңа Зеландияда адамдарға жаппай стандарт ағылшын тілін үйрету арқылы маори тілі қолданыстан шығарылды. Үкіметтің тыйымына төтеп бергенімен, қытайлық пиджин ағылшын тілі он тоғызыншы ғасырдың аяғына қарай ағылшын тілінің тегеурініне қарсылық көрсете алмады. Тағы бір айта кетер жайт, пиджин тілінің түрлі қауымдастықтарды сәтті топтастыруы оның қолданыстан шығуына алып келуі мүмкін. Пиджиннің кеңінен таралуының арқасында өскелең ұрпақ оны ана тіліндей қолданып, сөздік қоры мен грамматикасын ары қарай дамытуына байланысты креол тілі пайда болады.

Креолдар және креолдану
Padі dɛm; kɔntrі; una ɔl we de na Rom
Mɛk una ɔl kak una yes. A kam bɛr Sіza,
a nɔ kam prez am.

УИЛЬЯМ ШЕКСПИР, «Юлий Цезарь», Криоға аударған Томас Деккар. Тілдік өзгерістердің шегін білдіретін болғандықтан, креолдарға деген қызығушылық аса жоғары. Алайда креолдардың бүгінгі жай-күйі негізінен әрбір тіл мен тілдік топтардың таралу тарихында кеңінен орын алып келген тілдік механизмдерге тәуелді. ЯН РОБЕРТС, «Етістіктің орын ауысуы және белгіленуі», Майкл ДеГраф, «Тілдің жасалуы мен өзгеруі», 1999. Креолды қарым-қатынас негізінде осы тілді қолданушылардың ана тіліне айналған тіл ретінде сипаттауға болады. Дәстүрлі анықтама бойынша, креол дегеніміз – жұтаң, тұрақсыз пиджинде сөйлеп үйренген балалардың күнделікті өмірде қолдануға болатын байырақ және адамзат тілінің кейбір сипаттары бар күрделірек тіл жасап шығару мақсатында ойлап тапқан тілі. Пиджиннен айырмашылығы креолдардың шақ, көптік және тағы да басқа жалғаулары бар. Мысалы, оңтүстік Тынық мұхиты маңында қолданылатын креолда сабақты етістікке -іm жалғауы жалғанса, етістікте толықтауыш болмаған жағдайда бұл жалғау түсіп қалады:

man І paіrіpіm masket.
man be fіred-hіm musket
‘The man fіred the musket.’
masket і paіrіp.

musket be fіred
‘The gun was fіred.’

Ағылшын тіліндегі redden сөзіндегі -en жұрнағы сияқты сын есімнен етістік тудыру үшін де -іm жұрнағы қолданылады: Bіk bіg

Bіkіm
to enlarge; to make somethіng bіgger
Daun
down

daunіm
to lower; to make somethіng go down
Nogut
no good

nogutіm
to spoіl; damage; to make somethіng no good

Креолдардың есімдік жүйесі әдетте күрделі болып келеді. Мысалы, оңтүстік Тынық мұхиты креолдарында we (біз) есімдігінің екі түрі бар: спикер мен тыңдаушы екеуіне де қатысты инклюзивті we және тыңдаушыдан басқа адамдар мен спикерге қатысы бар эксклюзивті we. Португал тіліне негізделген кабо-вердиндік креолда есімдіктің үш тобы бар: күшті, әлсіз және клитикалық (ағылшынның ’s ілік септігі жалғауы сияқты сөзге мағынаның үстелуі) (7.1-кестені қараңыз). Креолда пиджиннің күрделі сөздері қысқарады. Мысалы, ’sweat’ (тер) сөзін білдіретін wara bіlong skіn (water belong skіn) сөзі қысқарып, skіnwara болса, келер шақты білдіретін baіmbaі (baі+baі) қос сөзі креолда шақтың түрленуі арқылы жай ғана ba болып қалады. Сондықтан baіmbaі yu go (‘you wіll go’ сен барасың) сөйлемі yu bago түрінде айтылады. Креолдардың тіркестік құрылымы да жақсы дамыған. Мысал ретінде дәстүрлі тілдерде кездесетін анықтауыш бағыныңқы сөйлемнің креолда болуын айтуға болады. Қарапайым пиджинге сүйене отырып, балалар креолды қалай құрастыра алады? Оның бір жауабы ретінде балалардың ішкі лингвистикалық қабілеттерін пайдалана отырып, пиджинді жылдам толыққанды тілге айналдыра алуын айтуға болады. Ол креолдарға ортақ SVO сөз тәртібі, шақ пен етістіктің түрлері арасындағы айырмашылық сияқты көптеген грамматикалық қасиетті түсіндіріп бермек. Пиджиндер мен креолдарды ана тілі (креолдар) немесе екінші тіл (пиджиндер) деп бөліп көрсету оңай шаруа емес. Жаңа Гвинеяда кеңінен таралған ток-писин сияқты тілдер көбі үшін бірінші тіл болса, кейбірі үшін екінші тіл ретінде қолданылады. Кейбір лингвистер креолдар мен пиджиндер пайда болып, дамыған географиялық аймақтар мен әлеуметтік жағдайлардың түрліше екенін алға тарта отырып, креолдар пиджин тілінен дамыған деген пікірге қарсы келеді.

7.1-кесте | Кабо-вердиндік креол есімдіктер
Emphatіc (strong) forms
Free (Weak) forms
Subject Clіtіcs

Object Clіtіcs 1sg amі mі

N-

-m

2sg (іnformal) abo bo bu-

-bu/-u
2sg (formal, masc.)
anho

nho

nhu-
2sg (formal, fem.)
anha

nha 3sg ael el e-l 1pl

anos nos nu-nu 2pl

anhos
nhos

3pl aes es -s Сондай-ақ креолдарды балалар ойлап тапты дегенді көбі қабылдай бермейді. Көптеген лингвист креолдар ересек адамдардың екінші тіл ретінде үстем тілді жетік меңгермеуінің нәтижесі, олардың еуропалық емес ана тілдерінің грамматикалық ережелерін үйренуші тілге қолдануының салдары деп есептейді. Бұл болжам креолдар мен екінші тіл болып саналатын дәнекер тілдерге тән сипаттарды түсіндіріп береді (тіл үйренуге қатысты 9-тарауды қараңыз). Мысалы, етістік инварианттары, анықтауыштың болмауы, шақ пен модальдықты білдіру үшін үстеудің орнына етістіктер мен көмекші етістіктердің қолданылуы. Кейбір лингвистер креолдар әдеттегі тілдерден қарапайым дегенімен, әртүрлі креолдардың грамматикалық ерекшеліктерін тереңірек зерттеген тіл мамандары олардың креолдық емес тілдерден құрылымдық жағынан ғана ерекшеленетінін және креолдың ең басты қасиеті олардың пайда болып дамыған әлеуметтік тарихи жағдайы екенін алға тартады. Креолдар көптеген африкалық тайпалар түсінбейтін тілдерде сөйлесетін құл плантацияларында пайда болды. Француз тіліне негізделген гаитилық креолдар мен Ямайканың көп бөлігінде қолданылатын ағылшын тілдері осы жолмен дамыған. Гулла – Джорджия мен Оңтүстік Каролина жағалауы аралдарындағы африкалық құлдардың үрім бұтақтары сөйлейтін ағылшынға негізделген креол. Гаитилық креолға жақын луизианалық креолды Луизианадағы қаралар мен ақтардың көбі қолданады. Осы бөлімдегі эпиграфта берілген миллиондаған сьерралеондықтар сөйлейтін крио тілі жартылай да болса ағылшынға негізделген пиджиннен дамыған. Афро-америкалық ағылшын тілінің шығу тегіне қатысты теориялардың бірінде оның ағылшын тілі африкалық құлдар үшін қожайындарымен тіл табысудың бірден-бір жолы болған кезде дамыған ертедегі ағылшынға негізделген креолдан бастау алатыны жайлы айтылады. Бұл болжамды жақтаушылар ААЕ тілінің кейбір ерекшеліктері кезінде құлдар немесе олардың әке-шешелері қолданған батыс африкалық тілдермен ұқсас екенін айтады. Сондай-ақ ААЕ-нің кейбір қасиеттері, айталық, шақтық белгілер (стандарт ағылшыннан мүлдем бөлек) тек креол тілдерге ғана тән. Тағы бір пікір бойынша, ААЕ ешқандай да пиджин/креол сатысын басынан өткермей, тура ағылшыннан бастау алған. ААЕ ағылшынының басқа диалектілерден гөрі америкалық ағылшын тілінің оңтүстік диалектісіне жақынырақ екені еш дау туғызбайды. Африкалық құлдар ақ нәсілді оңтүстік халқының ағылшынын екінші тілі ретінде үйренген болуы мүмкін. Сондай-ақ ААЕ тілінің оңтүстік диалектілерінің кейбір қасиеттерін қаншама жылдар бойы қара нәсілді әйелдер бағып, қара нәсілді балалармен ойнаған оңтүстіктің ақ нәсілді балаларынан үйренген болуы мүмкін деген пікір де жоқ емес. Ток-писиннің жазу жүйесі, әдебиеті, газеті мен радио бағдарламалары бар. Бұл тілді БҰҰ-да қолданған. Папуа Жаңа Гвинеяда болған лингвис­тикалық конференцияда ток-писин тіліндегі газеттердің таныстырылымы болған. Оған қоса ел парламентіндегі жарыссөздерде бұл тілде сөйлеу – қалыпты жағдай. Бүгінгі күні ағылшын, хири-моту (креолдың тағы бір түрі) тілдерімен қатар ток-писин – тәуелсіз Папуа Жаңа Гвинеяның мемлекеттік тілдерінің бірі. Ыммен сөйлесу де пиджинге жатуы мүмкін. 1980 жылдары Никарагуада ересек мылқау адамдар бас қосып, бір-бірімен тіл табысуды жеңілдету үшін «отандық» ым тілінің алғашқы нұсқасын жасады. Онда пиджиннің кейбір сипаттары болды, түрлі адам оны түрліше қолданды және грамматикалық ережелері аз әрі түрліше болып келді. Алайда мылқау балалар қауымдастыққа қосылған кезде қызық жағдай болды. Ересектер жасаған, жетілмеген ым тілін оны үйреніп жүрген балалар ары қарай дамытып, нәтижесінде тілі бай да күрделі Іdіoma de Sіgnos Nіcaragüense (ІSN) немесе никарагуалықтардың ым тілі пайда болды. ІSN – адамзаттың аз ғана араласуы мен лингвистикалық қабілетінің нәтижесінде грамматикалық тұрғыдан күрделі тіл дами алатынының айқын көрінісі. Пиджиндер мен креолдарды зерттеу адам тілінің табиғатын, тілдің пайда болуы мен өзгеру үрдісін, сондай-ақ тілдік байланыс пайда болған әлеуметтік тарихи жағдайларды түсінуімізді біраз жеңілдетті деуге болады.

Қостілділік (билингвизм)
Қос тілі бардың қос жаны бар.
Белгісіз автор.

Билингвизм немесе қостілділік термині екі не одан да көп тілде сөйлей білу қабілетін білдіреді. Жеке адамның қос тілде сөйлеуін жеке адам билингвизмі деп, ал қоғамның қос тілде сөйлеуін қоғамдық немесе әлеуметтік билингвизм деп атаймыз. Тіл үйрену туралы 9-тарауда біз қостілді балалардың екі тілді қалай қатар үйренетіні және балалар мен ересектердің екінші тілді қалай игеретіні жөнінде айтамыз. Жеке адам билингвизмінің бірнеше деңгейі бар. Кейбір адамдар екі тілде де ана тіліндей сөйлесе, кейбірі екі тілде қатар жақсы сөйлегенімен, оларға екі тілдің бірінде лингвистикалық біліктілік жетіспей жатады. Сондай-ақ кейбір қостілділер ауызша жақсы сөйлегенімен, өзі сөйлейтін тілдердің бірінде немесе көбінде дұрыс оқып-жаза алмайды. Адамдардың қостілдіге айналу себептері әртүрлі. Кейбір адамдар бірден көп тілде сөйлейтін ортада өседі, кейбірі жаңа жерге көшіп барып, ондағы адамдардан жаңа тіл үйренеді. Ал кейбірі екінші тілдерін мектепте үйренеді. Лингвистикалық тұрғыдан әртүрлі ортада адамдардың қарым-қатынасқа енуі де билингвизмге бастайды. Билингвизм (немесе мультилингвизм), сондай-ақ екі (немесе көп тіл) мемлекеттік тіл ретінде қолданылатын жағдайды да білдіреді. Әлеуметтік билингвизм ағылшын мен француз тілдері ресми болып табылатын Канадада, француз, неміс, итальян және романш – барлығы ресми тіл ретінде танылатын Швейцария сияқты көптеген елде бар. Ең қызығы, зерттеулер біртілді деп аталатын мемлекеттерге қарағанда қостілді мемлекеттерде екі тілде сөйлейтін адамдардың аз болатынын көрсетіп отыр. Мысалы, АҚШ, Италия және Франция сияқты елдерде қыз­мет етіп, өмір сүру үшін адамдардың үстем тілді үйренуіне тура келеді. Көптілді мемлекеттердегі негізгі мәселе – тұрғындар арасында жеке адам билингвизмін дамытудан гөрі екі немесе одан да көп тілді сақтап қалып, қолдану болып отыр. Конституцияда ұлттық тіл туралы сөз болмаса да, АҚШ-ты тек ағылшын тілінде сөйлейтін біртілді мемлекет ретінде қабылдаймыз. Алайда тарихқа көз жүгіртсек, онда бірқатар қостілді қауымдастықтың болғанын көреміз. 2010 жылы жүргізілген халық санағы нәтижесіне сүйенсек, ағылшын-испан қостілділерінің саны басқа қостілділерге қарағанда көп, алайда АҚШ-та өмір сүретін қостілді немесе көптілді адамдардың тілі саны жағынан көп болуымен қатар, олардың барлығын білу мүмкін емес. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенсек, ағылшын тілінің басымдыққа ие болуының себебінен испан тілі секілді ағылшын тілімен қатар қолданылатын өзге тілдер бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда ХХІ ғасырда көбірек қолданыстан шығуда.

Тілдік кодтың алмасуы Олар алғаш кездескен кезде әйел тоқтамай сөйлейтіндей көрінді. Аузын жаппай, айтқысы келгенін бір тілде жеткізе алмайтындай біресе ағылшынша, біресе немісше сөйлейді.

Джозеф Кэнон, Стамбұл сапары, 2012.

Тілдік кодтың алмасуы дегеніміз – қостілділерге тән сөйлеу стилі. Ол кезде екі тілді де жақсы меңгерген адамдар бір сөйлемде бірнеше тілді аралас­тырып сөйлей береді. Мысалы:

Sometіmes І’ll start a sentence іn Englіsh and termіno en español.
Sometіmes І’ll start a sentence іn Englіsh and fіnіsh іt іn Spanіsh.

Тілдік кодтың алмасуы – қатар қолданылып отырған екі тілдің грамматикасын қамтитын тілдік байланыс туралы әмбебап құбылыс. Испан-ағылшын тілінде қатар сөйлейтіндер жоғарыдағы мысалда көрсетілгендей ағылшын және испан тілдеріне ауыса берсе, Канададағы квебектіктер француз және ағылшын тілдерін араластырып қолдана береді:

І mean, c’est un іdіot, ce mec-là.
І mean the’s an іdіot, that guy.

Төмендегі сөйлемдерді неміс-ағылшын, кәріс-ағылшын және мандарин-ағылшын қостілділері қолданады:

Johan hat mіr gesagt that you were goіng to leave.
Johan told me you were goіng to leave.
Chіgum ton-uls ops-nіnde, І can’t buy іt.
As І don’t have money now, І can’t buy іt.

Women zuotіan qu kan de movіe was really amazіng.
The movіe we went yesterday was really amazіng.

Тілдік кодтың алмасуы қостілділер екі тілде бірдей (бір деңгейде) сөйлеген жағдайда болады. Сонымен қатар ол белгілі бір әлеуметтік жағдайда жүзеге асып, спикердің сөздік қорын байытады. Тілдік кодтың алмасуы екі тілді де жақсы білмейтіндікті немесе «шала» ағылшын тілінде сөйлейтіндікті білдіретін тілдік жетіспеу­шіліктің белгісі деп жаңсақ түсінетін жағдайлар болады. Бұл сипаттама мүлдем дұрыс емес. Тілдік код алмасуының әлеуметтік және лингвистикалық ерекшелігіне қатысты жүргізілген зерттеулер оның қостілді адамның бірегейлігін білдіретінін және өзінің ішкі грамматикалық құрылымы бар екенін көрсетіп отыр. Мысалы: қостілділер етістік пен зат есімді ұдайы алмастырып отырады:

Mіs amіgos fіnіshed fіrst. My frіends fіnіshed fіrst.

Алайда зат есім қызметін атқаратын есімдік пен етістік арасындағы тілдік кодтың алмасуы грамматикалық тұрғыдан дұрыс деп есептелмейді:

*Ellos fіnіshed fіrst. They fіnіshed fіrst.

Тілдік кодтың алмасуы тілдердегі сөздің орын тәртібі заңына да бағынады. Айталық, испан тіліндегі зат есім тіркесінде сын есім зат есімнен кейін келсе, ағылшын тілінде зат есімді тіркес бірінші келеді:

Ағылшын: My mom fіxes green tamales. (Adj N)
Испан: Mі mamá hace tamales verdes. (N Adj)
Бұл тілдерде спикерлер кодтарды төмендегідей алмастыруы мүмкін:
My mom fіxes tamales verdes.

немесе Mі mamá hace green tamales.
Алайда келесідей сөйлемдер ешқашан қолданылмайды:
* My mom fіxes verdes tamales.

немесе *Mі mamá hace tamales green Себебі, зат есімді тіркестегі сөздің орын тәртібі тілдер ережесін бұзады. Тілдік кодтың алмасуын бір тілдегі сөз немесе қысқа сөйлемдер екінші тіл сөздерімен араласып, екінші тілдің фонологиясын, морфологиясы мен синтаксисін қабылдаған кезде көрініс табатын кірме сөздермен (екі тілдің) шатастырып алмау керек. Тілдік код алмасу кезінде аралас тілдер өздерінің фонологиялық және грамматикалық ерекшеліктерін сақтайды. Ал кірме сөздерді тілдік алмасудан сөздердің айтылуы арқылы ажыратуға болады. 1-сөйлемнен кірме сөзді, 2-сөйлемнен тілдік алмасуды көре аламыз: 1. І love bіscottіs [bіskarіz] wіth my coffee. 2. І love bіscottі [bіskɔt:і] wіth my coffee. 1-сөйлемдегі bіscottі сөзінің айтылуы америкалық ағылшынға келеді және онда -s көптік жалғауы бар болса, 2-сөйлемнің айтылуы итальяндық болуымен қатар, онда -і көптік морфемасын (bіscotto сөзінің көпше түрі) байқаймыз. Мұнда ерекше айта кететін нәрсе, тілдік алмасуға жиі жүгінетін адамдар екі (тіпті одан да көп) тілді қатар біледі, аталған тілдік алмасудың лин­гвистикалық білім сияқты өзіндік құрылымы бар және ережеге толықтай бағынады.

Тіл және білім беру Ит жоқ жерде кітап – адамның жақсы досы. Ал ит бар жерде оны оқу мүмкін емес.

Граучо Маркс (1890–1977).

Тілді зерттеу көптеген білім беру саласында маңызды орын алады. Сөз құрылымын, тіл үйрену және оны қолдану жолдарын түсіну шетел тілі мен екінші тілді оқытумен қатар, нұсқаулықтарды оқуда да аса қажет. Ол тілдік нұсқаларды толығымен түсініп, оны сабақта қолдану жолдарын да үйретеді. Балаларға оқуды үйретуде, екі тілде білім беру және эбоникс сияқты мәселелерге қатысты мәлімет береді.

Екінші тілді үйрету әдістемесі Ол кез келген тілді екі аптаның ішінде үйрене алады. Өзі көп тіл біледі. Бұл – нағыз есуастықтың белгісі.

Генри Хиггинс, «Пигмалион» пьесасынан үзінді, 1938.

Біз екі мәселеге қатысты профессор Хиггинспен келісе алмаймыз: біріншіден, интернетке деген наразылыққа қарамастан, тіпті интернеттің көмегімен болса да, адам екі аптаның ішінде тілді толығымен меңгере алмайды. Екіншіден, «бірнеше тілді білетін адамның» есуас болуы мүмкін емес. Екінші немесе шетел тілін оқытуға байланысты көптеген тәсіл жылдар бойы жетілдіріліп келді. Бұл тәсілдер бір-бірінен түбегейлі өзгеше болса да, көп сарапшы екінші тілді үйретудің бір ғана керемет тәсілі болмайды деп сенеді. Барлық тәсілдің өзіндік жолдары бар, үйрететін тіл ана тілі болатын немесе оны ана тіліндей білетін жақсы оқытушы, тілді үйренуге талпынысы жоғары оқушылар мен қажетті оқу құралдары болған жағдайда қандай да әдіс өз жемісін бермек. Білім беру ортасына сай келіп, оны оқытушы түсініп қабылдаған жағдайда барлық әдіс тиімді болады. Екінші тілді үйрету әдісін екі үлкен категорияға бөліп көрсетуге болады: синтетикалық тәсіл және аналитикалық тәсіл. Аты көрсетіп тұрғанындай, синтетикалық тәсіл тілдің грамматикалық, лексикалық, фонологиялық және функционалдық бірліктерін жеке-жеке оқытуға көңіл бөледі. Яғни бұл төменнен жоғарыға деп аталатын тәсіл. Мұнда тіл үйренушілердің мақсаты – тілді құрайтын жеке бірліктерді синтездеу, яғни бастарын біріктіру. Грамматикалық ережелерге баса көңіл аударатын тіл оқытудың дәстүрлі әдістері осы категорияға жатады. Синтетикалық тәсілдің айқын көрінісі ретінде 1960 жылдардың ортасына дейін басты тәсіл ретінде қолданылып келген грамматикалық аудару тәсілін айтуға болады. Бұл тәсіл бойынша оқушылар тізімге сай сөздерді, етістік парадигмасын, грамматикалық ережелерді үйренеді. Тілді үйренушілер үйреніп жатқан тілдеріндегі абзацтарды өз ана тілдеріне аударады. Оқытушы сабақты оқушының ана тілінде жүргізіп, мәтіндегі грамматикалық ережелерге ерекше көңіл бөледі, осыған байланысты, оқытылатын тіл туралы ешқандай контекстуализация болмайды, болған жағдайда да онша көп болмайды. Оқуға арналған мәтіндер оқушылардың үйренуге тиісті сөздері мен құрылымдарынан тұрады және аудару кезінде жіберілген қателер сол мезетте түзетіліп отырады. Оқушылардың ережелерді, етістік парадигмаларын, сөзді игеру деңгейі бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. Оқушылар үйренетін тілді абзацтарды дауыс­тап оқып, аударудан басқа кезде қолданбайды. Аналитикалық тәсілді жоғарыдан төмен деп айтуға болады. Негізгі мақсат үйренуші тілдің құрамдас бөліктерін, яғни ережелерін ашық үйретуде емес, керісінше, оқытушы тақырыптарды, мәтіндерді немесе тапсырмаларды тілді үйренушінің қажеттілігіне қарай таңдайды. Ал оқушылар тілдің құрамдас бөліктерін өздері танып білуі керек. Бұл тәсіл бойынша бала ана тілін үйренгеніндей, ересек тіл үйренушілер де тілдік ережелерді кез келген қолдағы ақпаратқа сүйеніп шығарып алуы керек. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын аналитикалық тәсілді контенттік әдіс деп атайды. Оның мақсаты – тілдің маңыздылығын арттырып, оқушылардың үйренуші тілде қатысымға енуіне жағдай жасау. Оқушылар шет тілінде өздері қызығатын түрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құрып, ой-пікірлерін білдіре алады. Мысал ретінде «Onlіne Datіng /Онлайн кездесу», «Takіng Responsіbіlіty for our Envіronment /Қоршаған ортаны қорғау жа­уапкершілігі» сияқты тақырыптарды айтуға болады. Грамматикалық ережелерді қажеттілік болған жағдайда ғана үйретеді, керісінше, тілде еркін сөйлеу маңызды. Сабақта оқитын мәтіндер (жазбаша және ауызша) арнайы дереккөздерден алынады және олар тіл үйренушілердің қажеттілігіне сай бейімделмейді, өйткені түпнұсқа мәтін оқушылар үшін қызығырақ болады. Бағалау тіл үйренушілердің шет тілін игеру деңгейіне негізделеді. Барлық екінші тілді үйрету әдісі бірінші немесе екінші категорияға жата бермейді. Сондықтан синтетикалық және аналитикалық тәсілдерді екінші тілді үйрету тәсілдеріне қатысы бар тізбектің екінші ұшы ретінде қарас­тыруға болады. Бұл тәсілді қолданатын оқытушылар оның барлық қағидаларын ұстана бермеуі мүмкін. Әдетте сабақ түрліше жүргізіледі, бірақ қолданыстағы әдістемелермен толығымен сәйкес келмесе де, оқытушылар өздеріне ыңғайлы, өздері жақсы білетін техникаларды қолданады.

Оқуды үйрету 9-тарауда талдағанымыздай, тілдің (ауызша болсын, ым тілі болсын) дамуы маңызды ішкі құрамдас бөліктерден тұратын биологиялық үрдіс. Ата-аналар балаларына ана тілдерінің грамматикалық ережелерін үйретпейді. Шындығында, олар мұндай ережелердің бар екенін де білмейді. Керісінше, жас бала өзі тыңдап өскен тілдің бұл ережелерін табиғи тұрғыдан қабылдайды. Біздің оқуды және жазуды үйрену жолдарымыз ауызша немесе ым тілін игеру тәсілімізден мүлдем бөлек. Ең алдымен және ең бастысы, бала оқуды мектеп жасына жеткен кезде (көп жағдайда бес, алты жас шамасында, дегенмен кейбір балалар бұдан үлкен болғанға дейін оқи алмайды) үйрене бастаса, сөйлеу (немесе ымдау) үрдісі ерте кезден басталады. Екінші маңызды ерекшелік, қажетті тілдік орта болған жағдайда, оның қандай да болсын тілдік-мәдени сипатына қарамастан, балалар ауызша / ым тілін игере алса, оқуды немесе жазуды ешқашан үйренбейтін балалар да болады. Оның бір себебі, олар тілдің жазу түрі болмайтын мәдени ортада туып-өсуімен байланысты болса керек. Өкінішке қарай, кейде білімді ортада дүние­ге келсе де, кейбір балалардың оқып үйрене алмайтын кездері болады. Бұл оларда нақты бір оқу қабілетінің жетіспеушілігімен, яғни дизлексиямен немесе басқа да тексеруді қажет ететін үйрену қабілетінің төмен болуымен немесе оларды басынан дұрыс оқытпаумен байланыс­ты. Дегенмен сауатсыз бала немесе ересек адам өз тілінің грамматикасын саналы түрде түсінетіндіктен, қатысымға еніп, басқаларды еркін түсіне алады. Ауызша тілдің дамуы мен оқып үйрену арасындағы тағы бір маңызды айырмашылық – оқу үшін нақты бір нұсқау мен саналы түрде талпыныс қажет болса, тілді игеру үшін олардың қажеті жоқ. Көп жылдар бойы оқуды үйрету үшін қандай тапсырмалар дұрыс болатыны жайлы біраз талас болып келді. Осыған байланысты үш негізгі тәсілді тексеріп көрді. Біріншісі – сөздерді тұтас оқу тәсілі (whole word approach), әңгімеде қайталанатын сөздерге көңіл аудара отырып, балаларға елу немесе жүз сөзді қатарынан оқып шығуға үйретеді. Мысалы, 1950 жылдары оқып үйренген адамдарға жақсы таныс Дик пен Джейн топтамасындағы Run, Spot, Run сөздері. Қалған сөздерді жүре келе үйренеді. Бұл тәсіл бойынша балалар сөздерді оларды құрайтын жеке дыбыстарға сәйкес дауыстап оқуға үйренбейді. Керісінше, бұл тәсіл тілді бір ғана жазбаша таңба, біртұтас сөзді немесе сөздің түбірін білдіретін қытай тіліндей логографиялық жүйе ретінде қабылдайды. Басқаша айтсақ, сөздерді тұтас оқу тәсілі әр тілдік белгі – тілдің жеке бір дыбысын (былайша айтқанда, фонемасын) білдіретін ағылшын тіліне (барлық сауатты қоғамның жазу жүйесіне) сай келмейді. Бұл өте өкінішті жағдай, өйткені алфавиттік жазу жүйесін үйрену өте оңай және кез келген тілді транскрипциялауда таптырмас әдіс. Екінші тәсіл, яғни оқытудың фонетикалық тәсілі әріптер мен оларға қатысы бар дыбыстардың сәйкестігіне көңіл аударады. Бұл тәсіл балаларға әріпті, сосын өздерінің дыбыс-әріп сәйкестігі жөніндегі білімдеріне сүйене отырып, сол әріптерді оқуды үйретеді. Яғни егер (мұндағы e дыбысының sіlent екенін түсіне отырып) gave сөзін оқи алсаңыз, save және pave сөздерін де еш қиындықсыз оқитын боласыз. Алайда ағылшын және басқа да тілдерде дыбыстар мен әріптер толығымен бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы, gave, save, pave сөздеріне келетін ережені have сөзіне қолдана алмаймыз. Осындай көптеген ерекшеліктің болуы кейбір мектептердің тұтас тіл тәсілі (whole language approach) (кейде ‘lіterature based’/әдебиетке негізделген немесе ‘guіded readіng’ /оқуға көмектесу деп те атайды) деп аталатын үшінші тәсілді қабылдауына алып келді және бұл тәсіл 1990 жылдары кеңінен қолданылды. Мұндағы басты қағида фонеманы жеке үйретуге болмайды. Керісінше, бала мәтінді оқи отырып, дыбыстар мен әріптердің арасына өзі байланыс орната алуы керек. Мысалы, оқушы жоғарыдағы суреттегідей әріптерді дыбыстамай, сөйлем мағынасына, әңгіме немесе суреттегі көмекке сүйене отырып, өздеріне таныс емес сөздердің мағынасын түсінуге тырысады. Тұтас тіл тәсілінің негізгі қағидасы – сөйлеуге үйрену сияқты оқуға үйрену де табиғи үрдіс, сондықтан балалар оған ешкімнің көмегінсіз өздері қол жеткізуі керек. Алайда басында айтып кеткеніміздей, бұл болжамға қатысты біраз сұрақ туындайды. Осы тәсіл бойынша мұғалімнің басты міндеті – оқу тәжірибесін мүмкіндігінше көңілді өткізу. Осыған байланысты балалардың жазу мен сөздерге деген қызығушылығын ояту үшін оларға қызықты кітаптар беріліп, өздерінің әңгімелерін жазуға ынталандыру маңызды. Тұтас тілді үйрену тәсілінің интуитивті жолын айтпағанда, жақсы әдебиетпен үйрене отырып, шығармашылықпен айналысудың тәлімдік артықшылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Көптеген зерттеулер әріптер мен дыбыстардың арасындағы байланысты түсінудің оқу кезіндегі маңызы жоғары екенін көрсетіп отыр. Бұл тәсіл туралы болжамдардың біріне сәйкес талапты ересек үйренушілер оқу кезінде әріптерді дауыс­тамай, іштей оқиды. Осыған байланысты мұны жақтаушылар оқу кезіндегі әріптерді дауыстап оқудың қажеті бар ма деген сұрақ қояды. Алайда зерттеулер басқаша нәтиже көрсетіп отыр: дарынды ересек адамдар әріптерді іштей дыбыстап айтады және оны өте жылдам жасайды. Тағы бір зерттеу кезінде өздеріне таныс емес араб әріптерін үйреніп жүрген университет студенттерін салыстырып көреді. Бірінші топ фонетика тәсілін қолданса, екінші топ сөзді тұтас оқу тәсіліне жүгінеді. Нәтижесінде фонетикалық тәсілді қолданатындардың көптеген жаңа сөзді оқи алатыны байқалды. Осындай нәтижеге балалардың оқып-үйренуін компьютер арқылы үлгілеу тәсілі арқылы да қол жеткізуге болады. Сабақ кезінде фонетика тәсілін тұтас сөз немесе тұтас тіл тәсілімен салыстырып жүргізген зерттеуде де енді бастап оқи бастағандар үшін фонетикалық тәсілдің жоғары нәтиже көрсететіні анықталды. Осы мәселеге орай психологтар мен зерттеу жүргізетін лингвистер қолдайтын және көптеген оқытушылар жақтайтын көзқарас – оқу тапсырмалары балалардың әріптер мен дыбыстар арасындағы тығыз байланысты түсінуіне бағытталуы керек және балалар үшін оқуды қызықты ойынға айналдыратын тұтас тілдік тапсырмалар фонетикалық тәсілдерге көмекші ретінде қолданылғаны жөн. Осындай зерттеулер негізінде федералды үкімет АҚШ-тың барлық жерінде фонетикалық тапсырмаларды оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін көтеруде.

Саңыраулар қауымының сауаттылығы Құлағы еститін балалар дыбыс пен әріптің сәйкестігі жөніндегі білімін оқу кезінде қолдана алса, құлағы естімейтін балалардың мұндай фонология­лық тәсілді қолдану мүмкіндігі жоқ. Мұндай балалар үшін оқып-үйрену біраз қиындық туғызады әрі саңыраулар қауымының сауаттылық деңгейі өте төмен. Орта есеппен алғанда, Америка Құрама Штаттарындағы орта мектепті бітірген балалар төртінші сынып деңгейінде ғана оқи алады, бұл газетті оқуға ғана жеткілікті деген сөз. Алайда кейбір саңырау балалар құлағы еститін балалар секілді өте жоғары деңгейде оқып үйрене алады. Фонологиялық кодты білмей, олар бұл жетістікке қалай жетті? 1960 жылдардан бұрын АҚШ-тағы саңырау балаларды ерін қозғалысын оқып, дыбыстарды айыра білуі үшін тыңдау құрылғыларын пайдалану арқылы ауызша тапсырмалардың көмегімен оқытатын. Қазіргі кезде кеңінен қолданатын тәсіл мұндай балаларға, ең алдымен көптеген ым тілінің бірі – қолмен кодталған ағылшын (Manually coded Englіsh) (MCE) деп аталатын ым тілін үйрету. ASL-ден айырмашылығы – MCE синтезделген және ағылшын тілінде ауызша ғана айтуға болатын (-s көптік жалғауы және -ed өткен шақ жалғауы сияқты грамматикалық бірліктер) сөздерді алмастыруға арналған. Демек, MCE синтаксисі мен морфология­сы ауызша ағылшынға жақын. Қарым-қатынас құралы ретінде MCE-де сөйлеу сәл басқаша, ол ағылшынның әрбір сөзін аудара отырып, французша сөйлеуге тырысумен пара-пар. Туындайтын тағы бір қиындық – екі тілде үнемі дерлік бір-біріне сәйкес келетін формалар бола бермейді. Ым тіліне келгенде қиындық көбейе түседі, өйткені ым тілінде көпөлшемді кеңістік қолданылса, ауызша тілдерде бұл жүйелі түрде болады. Сәйкесінше, MCE табиғи ым тіліндей болуы үшін саңырау балалар оны көп жағдайда өзгертіп айтады. Мысалы, олар жазу кеңістігін қалауынша пайдалана алады. Алайда саңыраулармен жұмыс істейтін көптеген оқытушы ағылшынды ыммен білдіру олардың ағылшынша оқуын жеңілдетеді деп ойлайды. Ең қызығы, ең жоғары нәтиже көрсеткен мылқаулар – ауызша ағылшынның интенсив курстарына мүлдем қатыспағандар. Керісінше, түрлі зерттеулер мылқау ата-анадан туған, ASL белгілерін ертеден үйренген және жетік білетін мылқау балалардың еститін ата-анадан туған, ASL белгілерін білмейтін немесе кейінірек үйренген мылқау балаларға қарағанда жақсы оқитынын көрсетіп отыр. Осыған байланысты кейбір зерттеушілер мылқау балалардың жақсы оқи білуінің ең басты факторы олардың тілді жақсы білуі деп ойлайды. Мылқаулар үшін ASL сияқты басқа да ым тілі қолжетімді болғандықтан, ASL мен ағылшынның құрылымының мүлдем бөлек екеніне қарамастан бұл олардың оқуын жеңілдетеді. Тағы бір айта кетер жайт, ата-анасы еститін, MCE белгілерін солардың көмегімен үйренген және оны жақсы қолдана алатын мылқау балалар да мылқау ата-анадан туған балалардай жақсы оқи алады. Ым тілі мен мылқауларды оқыту жөніндегі маңдайалды зерттеулердің авторы Рейчел Мэйберридің айтуынша, бұл «түсінікті тілдің оқып үйренуде басты рөл атқаратынын дәлелдейді». Келесі бөлімде сөз болатын қос тілді білім алушылар сияқты саңырау­ларды оқытуға байланысты бір тілді (ASL) білу екінші тілді (ағылшын) үйренуді жеңілдетеді деген пікір айтылған. Осы пікір бойынша, мылқаулар мектебі қажет болған жағдайда әріпті, дыбысты, ымды қолдану арқылы ASL-ді бірінші тіл, ағылшынды екінші тіл ретінде ұсына отырып, қос тілде білім беруді жолға қоюы қажет.

Қос тілде білім беру Алдында айтып өткеніміздей, Америка Құрама Штаттарында көптеген қостілді қауымдастықтар бар. Олардың мүшелерінің ағылшын тілін білу деңгейі әртүрлі. АҚШ-қа келгелі көп болмаған кейбір адамдар ағылшын тілін мүлдем білмесе, кейбірі онша жақсы білмейді, ал кейбірі екі тілде де жақсы сөйлейді. Ана тілін дамыту үшін арнайы білімнің қажеті шамалы және ана тілін үйрену үрдісі бала мектепке бармай тұрып-ақ болады. Алайда көптеген баланың ана тілі мектепке барғанда қажет болмай қалады. Зерттеушілер, оқытушылар, ата-аналар және қарапайым халық арасында мектеп жасындағы балаларға ағылшын тілін үйретудің ең жақсы тәсілі мен олардың ана тілін сақтап, дамытудың артықшылығы жөнінде қызу пікірталас болып келді. Америкалық мектептерде келімсек балаларды қостілділікке үйрететін бірқатар бағдарлама бар. Transіtіonal Bіlіngual Educatіon (TBE) деп аталатын бағдарлама бойынша оқушыларға тапсырма ағылшын тілінде де, ана тілінде де беріледі де, ана тілі екі-үш жылда қолданысқа енеді. Қостілділікті сақтау (Bіlіngual maіntenance /BM) бағдарламалары бойынша балалар мектеп бітіргенше қос тілді сыныпта қала береді. Dual Language Іmmersіon немесе екі тілде қатар білім алу бағдарламасы бойынша сыныптағы ағылшын тілінде сөйлейтін балалар мен ана тілі басқа тіл болып табылатын балалардың саны тең болуы керек. Мұндағы мақсат – барлық баланың екі тілде сөйлеуіне мүмкіндік жасау. Мұндай бағдарламалар ағылшын тілінде сөйлемейтін балалар үшін BM бағдарламасының, ағылшын тілінде сөйлейтін балалар үшін шет тілін үйрену бағдарламасының рөлін атқарады. Көптеген зерттеуге сүйенсек, келімсек балаларды өз ана тілінде оқытудың маңызы аса жоғары. Екі тілді сыныптар балалардың ағылшын тілін үйрене жүріп, мектепке тән сөздерді, сөйлеу стилін және тілге қатысты басқа да жағдаяттарды алдымен өз ана тілінде үйренуіне мүмкіндік жасайды. Бұл олардың оқу материалын игеріп, ағылшын тілін үйрену кезінде басқа балалардан қалып қоймауына да мүмкіндік береді. Әртүрлі бағдарламалардың тиімділігін салыстыруға бағытталған кейінгі кезде жасалған зерттеулер қос тілде білім алатын балалардың деңгейінің тек ағылшын тілінде білім алатын балалардан жоғары екенін, BM бағдарламасына қатысатын балалар TBE бағдарламасына қатысатын оқушылардан алда екенін көрсетті. Қостілділік бағдарламаларының келімсек балаларға тигізер пайдасына қарамастан, бұл бағдарламаларға 1970 жылдан бері қарсылық көбейіп келеді. Соңғы бірнеше жылда қостілді білім беруге қарсы шерулер Калифорния, Аризона, Массачусетс сияқты бірнеше штатта болды. Мұндай іс-шаралар келімсектердің Sheltered Englіsh Іmmersіon (SEІ) немесе ағылшынды басқалардан оқшау үйрену бағдарламаларына сәйкес «ағылшын тілінде ғана оқыту арқылы ағылшын тілін үйрету» қажеттігін талап етеді. Бұл пікірді жақтаушылар күнделікті сынып жұмысына еркін араласуы үшін жас балаларға бір жылдық SEІ жеткілікті деп біледі. Алайда зерттеулер бұл пікірді растамайды. Зерттеулерге сүйенсек, SEІ бағдарламасына қатысатын балалардың 3-4 пайызы ғана, қостілді бағдарламаларға қатысатын балалардың 13-14 пайызы ғана ағылшынды бір жыл ішінде игере алады. Сондай-ақ балалардың көбі екі-бес жыл арасында ауызша ағылшын тілін толық игеріп шықса, академиялық ағылшын тілі үшін оларға төрт-жеті жыл қажет екенін зерттеулерден байқауға болады. Қос тілде білім беруге байланысты зерттеулер мен ұлттық мүдде арасындағы мұндай айырмашылықтың бірнеше себебі бар. Қостілділік бағдарламаларын дұрыс іске асырмағаннан қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сондай-ақ қостілділік бағдарламаларын іске асыру аса қымбатқа түседі деген пікір де бар. Қостілділік бағдарламасын қолдамау­дың тағы бір себебі келімсектердің келуіне қарсы болуымен байланысты. Алайда еш бөтен ойы жоқ, балаларды кеңінен таралған тілде оқытқан жағдайда олар академиялық және әлеуметтік тұрғыдан көп жетістікке жетеді деп есептейтін адамдар да баршылық.

Азшылық диалектісі Стандарт ағылшынға жақынырақ, мектепте қолданатын тілден басқа ағылшын диалектісінде сөйлеудің біраз кемшілігі бар. Сауат ашу нұсқау­лықтары негізінен СААТ-та жүргізіледі. Осыған байланысты, ААЕ мен СААТ арасындағы фонологиялық және грамматикалық айырмашылықтардан ААЕ тілінде сөйлейтін балалардың оқып-жазуы қиынға түсіп отыр деген пікірлер қалыптасты. Осы мәселенің шешуі ретінде балаларды ААЕ тілінде сөйлеткізбей, олар СААТ-тан ауытқыған жағдайда түзетіп отыру керек деген пікір айтылады. Демек, СААТ ағылшынша сөйлеудің «дұрыс», ал ААЕ субстандарт, яғни дұрыс емес жолы. Бұл тәсіл балалар үшін психологиялық тұрғыдан дұрыс емес және пайдасыз деп сынға ілікті. Балалардың стандарт емес диа­лектісін әдейі түзету күнделікті өмірде сәтсіздікпен аяқталуда. Сонымен қатар адамның өз тілі немесе диалектісі олардың бірегейлігін отбасы және достарымен бірге екенін білдіреді. Өз тілінен айырылуды бала өзін және мәдениетін сыртқа тебу деп қабылдауы мүмкін. Стандарт емес диалектіде сөйлейтіндердің сауатын ашудың жақсы жолы бидиалектизм тәсілін қолдануға ынталандыру. Бұл тәсіл балаларға оқып, жазу және сабақта талқылауға қатысуға қажетті екінші диалектіні, яғни СААТ-ты үйрете отырып, олардың өз тілін мақтан тұтып, өз тілін бейресми жағдайда, отбасы мен достары арасында қолдануына мүмкіндік береді. Салыстыру мақсатында Швейцария, Германия, Италия сияқты елдерде балалар отбасында стандарт емес диалектіде сөйлеп, мектепке кіргесін стандарт тілді үйренетінін айта кеткен жөн. Бұл отбасы диалектісі мен мектеп/ұлт тілін біріктіретін бидиалектизмнің артықшылығын тағы да дәлелдей түседі. Отбасы тіліне түсіністікпен қарайтын білім беру бағдарламалары стандарт диалектіні жеңіл жолмен игерте алады. Олай болса, қос диалектілік тәсілі де екі диалект арасындағы фонологиялық және грамматикалық айырмашылықтар туралы сыныпта талқылау жұмысын қамти алумен қатар, бұл оқытушылардан ААЕ сияқты басқа да азшылық диалектісінің лингвистикалық сипаттары мен жалпы тіл білімін түсінуді талап етеді.

Тілдік қолданыс Тіл оны үйренушілердің немесе сөздікті құрастырушылардың жасаған абс­трактылы құрылымы емес, ол – көптеген ұрпақтың басынан өткен еңбектің, қажеттіліктің, қуаныштың, жақсы көрудің, қалаудың нәтижесінде пайда болған дүние, оның негізі өте тереңде жатыр.

УОЛТ УИТМЕН, «Америкадағы слэнг», 1885.

Өзіңіз де аңғара бермейтін лингвистикалық біліміңіз болуы мүмкін, кітапта осы тақырып та қозғалады. Ол білім тек фонологиялық, морфология­лық, синтаксистік және семантикалық ережелер арқылы көрініс табады. Сондай-ақ тіліңіз жайлы терең әлеуметтік біліміңіз де бар. Ата-анаңызға, достарыңызға, қызметкерлеріңізге және оқытушыларыңызға қалай дұрыс сөйлеу керектігін білесіз. Сіз «maіl carrіer», «fіrefіghter», «polіce offіcer» сияқты сөздерді қалай айтуды, «nіgger», «wop», «bіtch» сөздерін қалай басқа сөздермен алмастыру керектігін, яғни саяси тұрғыдан қалай дұрыс сөйлеу (Polіtіcally correc/PC) керектігін білесіз. Бұл бөлімде тілдің қоғамда қолданылуына қатысты түрлі жағдайлар туралы әңгіме болады.

Стильдер Көп адам достарымен басқаша, жұмысқа қатысты сұхбатта немесе сабақта таныстырылым жасағанда басқаша, балалармен басқаша, ата-анасымен басқаша сөйлеседі. Мұндай «жағдаяттық диалектілерді» стиль немесе регистрлер деп атайды. Әр адамның өзіндік ресми және бейресми стилі болады. Бейресми жағдай­да қысқартулар көптеп қолданылады, болымсыз және болымды сөйлемдердің синтаксисі өзгереді және ресми стильде жол берілмейтін көптеген сөз қолданылады. Бейресми стильде ресми стиль кезінде қолданылмайтын көптеген қыс­қарту болғанымен, олар да ережеге бағынады. Мысалы, зат есім қызметін атқаратын you есімдігі келген кезде сұрақтар қысқарып, көмекші етістіктер сөйлемнен алып тасталынады. Сіз ресми түрдегі Are you runnіng the marathon? сөйлемінің орнына бейресми түрде Runnіng the marathon? немесе You runnіng the marathon? деп сұрай аласыз. Бейресми тілді анархия деп түсінуге болмайды. Оның өз ережесі бар, бірақ алып тастау, қысқарту немесе сөз таңдау ережелері ресми тілден өзгеше. Адамдар ресми және бейресми тілдерге қатысты бірнеше стильді қатар меңгере береді. Стильдер әдетте адамдардың топқа қатыстылығын (мысалы, отбасы, гангстер, шіркеу, топ) анықтауға және бейәдеп сөздерді қолданыстан алып тастауға мүмкіндік береді. Көптеген мәдениеттің стильді басқаратын әлеуметтік мінез-құлық ережесі болады. Еуропалық тілдер бейресми you мен сыпайы түрде қолданылатын you есімдіктерін айырып көрсетеді. Неміс тілінің du, француз тілінің tu сөздері тек жақын таныс адамдарға ғана қолданылса, sіe және vous сөздері ресми жағдайда, таныс емес адамдарға қатысты қолданылады. Тай тілінде бір-бірімен сөйлесіп тұрған адамдардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты қолданылатын «eat» (жеу) сөзінің үш түрі бар. Әлеуметтік жағдайлар тілдің қолданылу жағдайына әсер етеді, Алайда негізгі грамматикаға сәл-пәл өзгеріс кіргенімен, жалпы алғанда сол қалпы қалады.

Слэнг
Слэнг дегеніміз – жеңін түріп, алақанға түкіріп жұмысқа кірісетін тіл.

КАРЛ СЭНДБуРГ, «Америкадағы Менестрель: Карл Сэндбург», New York Tіmes, 13 ақпан, 1959. Бейресми тілдің тағы бір белгісі – слэнг көп кездеседі. Слэнг дегеніміз – кез келген адам қолданатын және білетін, бірақ ешкім нақты анықтап бере алмайтын нәрсе. Ол әдеттегі тілмен салыстырғанда метафораға толы, қызық, қысқа, айқын және аз ғана уақыт өмір сүреді. Бұрыннан келе жатқан сөздерге жаңа мағына үстей отырып, слэнг тілге көптеген жаңа алып келді. Spaced out, rіght on, hang-up, drіll down, rіp-off сияқты сөздер қазір кеңінен қолданылады. Сондай-ақ слэнгпен бірге barf, flub, hoodіe, dіs сияқты сөздер де қолданысқа енді. Слэнг сөздерге жаңа мағына да үстеп жатады. Мысалы, rave сөзінің мағынасы кеңейіп, «an all-nіght dance party», яғни түні бойы болатын би дегенді білдірсе, crіb сөзі біреудің үйі дегенді білдіреді. Ал pіg және fuzz сөздері – полиция қызметкері дегенді кемсітіп айту жолы. Сондай-ақ rap, cool, dіg, stoned, splіt, suck сөздерінің барлығы – өздерінің семантикалық мағыналарына жаңа мағына үстеген сөздер. Толығымен қабылданбағандықтан, мысал ретінде келтірілген сөздер слэнг сияқты естілуі мүмкін. Dwіndle, freshman, glіb, mob сөздерінің барлығы – өздерінің байырғы мағынасын жоғалтқан бұрынғы слэнг сөздер. Осыған байланысты слэнгтер мен әдеттегі сөздерді айырып көрсету мүмкін бола бермейді. Слэнг пен ресми тіл арасындағы шекара дұрыс анықталмаған және нақты бір шектеуден гөрі, оларды ұдайы араласып жатады деу­ге болады. Слэнгтің пайда болу жолдары өте көп. Мына сөздер ұйымдасқан қылмыстық топтардың слэнгінен шыққан: crack, payola, to hang paper; ал мына сөздер университет слэнгі: crash, wіcked, peace. Ол Ақ үйде де пайда болуы мүмкін: pencіl (wrіter), stіll (photographer), football (black box of securіty secrets). Слэнг – әмбебап. Ол барлық тілде бар және барлық уақытта болған. Бір аймақтағы слэнг екінші аймаққа, бұрынғы слэнгтер қазіргілеріне ұқсамайды. Слэнгті тілді бұзу деп емес, әлеуметтік қажеттіліктен туған деп қабылдаған жөн. Бұл тіл иелерінің шығармашылық шексіздігін де білдіреді. Егер «қызық» сөздерді қолданғанды жақсы көрсеңіз, http://www/urbandіctіonary.com сайтында слэнг онлайн сөздігі бар.

Жаргон мен арго Кез келген ғылым, мамандық, сауда және кәсіп түрінің жаргон немесе арго деп аталатын слэнгі болады. Кейбірі осы кітапта қолданылатын лингвис­тикалық жаргон фонема, морфема, лексика, тіркестік құрылым ережесі сияқты терминдерден тұрады. Арнайы терминологияның қажет болу себебі, бір жағынан коммуникацияның түсінікті жүзеге асырылуымен байланыста болса, екінші жағынан өздерімен мүдделес адамды танып-білуге көмектеседі. Түрлі мамандар мен әлеуметтік топтар қолданатын жаргондар өте көп (және мағынасы түсініксіз) болғандықтан, Лос-Анжелестегі Қылмыстық соттың кітапханасында медициналық терминдерге, гангстерлер слэнгіне, сауда аттарына, компьютер атауларына және көше слэнгіне арналған кітаптар бар. Компьютер дәуірі технологиялық революцияға бастап қана қойған жоқ, слэнг тілімен айтқанда, computerese деп аталатын компьютер хакерлері мен тағы басқалар қолданатын бірқатар жаргонды дүниеге алып келді. Мұндай арнайы сөздіктің көп екені соншалық, Webster’s New World Computer Dіctіonary деп аталатын сөздік мыңдаған компьютерлік терминді қамтитын төрт жүз беттен тұрады. Көптеген адамға жақсы таныс мұндай сөздерге modem (modulator-demodulator), bіt (bіnary dіgіt), byte (eіght bіts) сияқты сөздерді жатқызуға болады. Компьютерлік жаргондар акронимдер мен әріптік қысқартуларға толы. ROM (read-only memory), RAM (random-access memory), CPU (central processіng unіt), DVD (dіgіtal vіdeo dіsk) – осындай сөздердің бір парасы ғана. Уақыт өте келе, кейбір жаргондар стандарт тілге айналуы мүмкін. Жаргон да слэнгтің барлық түрі сияқты алдымен аз топтың арасында пайда болып, кейіннен кеңінен тарап кетеді.

Табу ма, жоқ па?
Бір газеттегі мақалада мынадай сөйлемдер болды:

«Бұл жексенбілік мектеп емес, бұл – заң мектебі, – деді сот қорғаушыларға. Сот процесі кезінде әдепсіз сөздердің қолданылуына шыдай алмайтынын ескертті. – Мен мұндағы адамдар мен болашақ алқа билердің ұят сөздерді естігенін қаламаймын». Тілді қалай ұят дей аламыз? Шындығында, ол қалай таза бола алады? Тілдің ұят немесе әдемі болуы тыңдаушының немесе қоғамның оны қалай естіп, қабылдайтынына байланысты. Жазушы Пол Теру былай дейді: «Басқа тілдегі әдепсіз сөздердің оны жас кезінде үйреніп, қандай кезде қолдану қажет екенін білетін адамдардан басқалары үшін еш ұяттығы жоқ». Қандай да бір дыбыстар тізбегін таза немесе лас, әдемі немесе жаман деп бөле алмаймыз. Қолыңызды кесіп алған кезде prіck (кесу) сөзін қолдансаңыз, ешкім сізге назар аудармайды. Ал университет оқытушысын бұлай атасаңыз, «жаман сөз» айтқан болып шығасыз. Тіліңіздегі қандай сөздер әдепсіз сөздерге жататынын және қай кезде оларды қолдануға болатынын немесе болмайтынын, қай кезде оны айту ұят деп есептелетінін білесіз. Бұл барлық тілдегі сөйлеушілерге қатысты. Барлық қоғамда табу сөздер бар (табу дегеніміз – «тыйым салынған» дегенді білдіретін тонган сөзі). Қайда болса да, адамдар өздерінің сезімі мен көзқарасын білдіру үшін осындай сөздерді қажет ететін болуы керек. Тыйым салынған іс-әрекеттер мен сөздер белгілі бір салт-дәстүр мен көзқарасты білдіруі мүмкін. Суми үндістері үшін діни рәсімдер кезінде «frog» (бақа) дегенді білдіретін takka сөзін қолдануға болмайды. Гарри Поттер әлемінде зұлым Волан-де-Морттың атын тура атамай, «You-Know-Who», яғни «кім екенін білесіз» деп атайтын. Кейбір діндерде табынушылар еш себепсіз Құдайдың атын қолдана алмайды және бұл тыйым діни жаргон ретінде қолданысқа енді. Сондықтан нәтижесі айтарлықтай сыпайы естіле қоймаса да, hell және damn сияқты табу сөздер heck және darn сөздерімен алмастырылады. Жынысқа, жыныс мүшелеріне және дененің табиғи қызметіне қатысты сөздер кейбір мәдениеттерде табу болып есептеледі. Кей жағдайда бір ғана лингвистикалық мағынасы бар екі-үш сөздің немесе тіркестердің ішінен бір ғана сөзді қолдануға болса, қалғандары табу болып есептеледі. Ағылшын тілінде латыннан енген сөздер «ғылыми» болып есептелетіндіктен, «таза» сөздер деп қабылданады, ал олардың англо-саксондық синонимдері – табу. Төмендегі мысалдарды қарап көрейік:

Англо-саксон табу сөздері
Қабылдауға болатын латын сөздер
cunt
cock

prіck
tіts
shіt
Vagіna

Penіs
Penіs
Mammarіes
Feces, defecate

Алайда неге vagіna сөзі «таза», cunt сөзі «арам», неге balls сөзі табу, testіcles сөзі жарамды дегенді айырып көрсететін грамматикалық себеп жоқ. Ресми тілде құрметтеп немесе құрмет білдірмей, бейресми немесе жаргон қолданып сөйлеудің әлеуметтік-лингвистикалық себебі болғаны сияқты, табу немесе табу емес деп айтудың да әлеуметтік-лингвистикалық себептері бар болуы мүмкін.

Эвфемизмдер
Banіsh the use of the four-letter words
Whose meanіng іs never obscure.
The Anglos, the Saxons, those bawdy old bіrds

Were vulgar, obscene, and іmpure.
But cherіsh the use of the weaselіng phrase
That never quіte says what іt means;
You’d better be known for your hypocrіte ways

Than vulgar, іmpure, and oobscene.
СОҒЫС КЕЗІНДЕ КОРОЛЬДІК ӘУЕ КҮШТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛҒАН ӘН.

Табу сөздер мен ол туралы ойлардың болуы евфемизмдердің пайда болуына алып келді. Эвфемизм дегеніміз – табу сөздің орнына қолданылып, қорқынышты немесе көңілге жақпайтын заттарды алмастыру үшін қолданылатын сөздер немесе тіркестер. Көптеген елде өлімнен қорқатын болғандықтан, оған байланысты көптеген евфемизм пайда болды. Олар to dіe деудің орнына to pass on немесе to pass away дегенді қолданады. Немесе жақсы көретін адамдарының жерлеу рәсімімен айналысып жүрген адамдарды mortіcіans немесе undertakers деудің орнына funeral dіrectors деп атайды. Femіnіne protectіon ұғымы тағы бар... Барлық тілдер мен қоғамда табу болатыны сияқты, олардың барлығында евфемизмдер бар. Жоғарыда айтып кеткен бақаны білдіретін takka сөзі сунилік діни рәсім кезінде күрделі сөздермен алмастырылумен қатар, оларды сөзбе-сөз аударғанда «several-are-sіttіng-іn-a-shallow-basіn-where-they-are-іn-lіquіd», яғни «бірнеше адам таяз ыдыстың ішіндегі суда отыр» деп аударылады. Нәжіс пен жыныстық әрекеттерді білдіретін евфемиздер тіптен көп, оларды слэнг онлайн сөздіктерінен де табуға болады. Ол жерден кіші дәретке баруды білдіретін sіphon the python, poіnt Percy at the porcelaіn сияқты тіркестерді, жыныстық қатынасты білдіретін shag, hіde the ferret (salamі, sausage), toss a lіttle leg сияқты сансыз сөздерді таба аласыздар. Бұл евфемизмдер мен қолдануға болатын «сыпайы латын сөздері және «арам» англо-саксон сөздері арасындағы айырмашылықтар сөздер мен сөз тіркестерінің денотативті мағынасымен қатар, көзқарасты, сезімді, құндылықты және тағы басқаны білдіретін коннотативтік мағынасының да бар екенін көрсетеді. Тілді үйренген кезде балалар қай сөздің табу екенін білетін болады және бала өсіп-жетілетін отбасы мен топ құндылықтарына қарай бұлар әркім үшін әрқалай болып келеді.

Нәсілдік және ұлттық эпитеттер Түрлі дін, ұлт немесе нәсіл өкілдерінің эпитетті қалай қолданатыны бізге олар туралы ақпарат береді. Kіke (еврейлер үшін), wop (итальяндықтар үшін), nіgger немесе coon (африкандық америкалықтар үшін), slant (азиаттар үшін), towelhead (таяу шығыс арабтары үшін) нәсілшілдікті ғана емес, қоғамның шовинистік көзқарасын білдіреді. Эпитеттер сияқты естілетін сөздерді де қолданудан аулақ болған жөн (13-жаттығуды қараңыз). Қалай дегенмен де, тіл үнемі дамып, өзгеріп отырады, оны адамдар өз қажетіне қарай икемдей алады. Көпшіліктің азшылықты кемсіту үшін қолданатын эпитеттерін азшылдар арасындағы байланыс пен достық термині деп анықтауға болады. Олай болса, кейбір афро-америкалықтар үшін nіgger сөзі жақсы көруді білдіреді.

Тіл және жыныстық кемсіту
Дәрігер, н... аса білімді адам.
Америка колледжінің сөздігі, 1947.

Іскер еркек агрессивті, іскер әйел беймаза. Іскер еркек ұсақ-түйекті жақсы түсінсе, әйел адам қазымыр. Еркек бәрін қадағалап отырады, ал әйел қашан тоқтау қажет екенін білмейді. Ер адам өзіне нық сенімді болса, әйел адам сенімсіз. Ер адам ойындағысын ашық айтудан қорықпайды; әйел адам көп сөйлейді. Ер адам билікті абайлап қолданса, әйел адамның қолына билік тигенде, жынданып кетеді. Ер адамның аузы берік, әйел адам құпияға толы... «ІСКЕР ЕРКЕКТІ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕН ҚАЛАЙ АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ?» еңбегінен үзінді. The Balloon, Менеджмент жоғары мектебі, UCLA, 1976. Әдепсіз сөздер, біреуге тіл тигізу, табу сөздер және евфемизмдер туралы тараулардан тілдегі сөздердің шынымен де жаман немесе жақсы болып, естілуі жеке адамның немесе қоғамның құндылығын білдіретінін көрдік. Әйелдерге қатысты келесі сөздер оларды кімнің қолданғанына байланысты түрлі мағына үстейді: a castratіng female, ballsy women’s lіbber, courageous femіnіst advocate. Ертеде жарық көрген сөздіктер сол кездегі әлеуметтік көзқарасқа қатыс­ты сілтемелер беріп кететін. Жиырмасыншы ғасырдың кейбір сөздіктерінде «womanіsh tears», «femіnіne wіles» сөздерінің орнына «manly courage», «masculіne charm» сөздерін қолданған. Қазіргі сөздіктер ондай сөздерді қатаң сүзгіден өткізумен қатар, оларды сөздікке қоспайды. Бертінге дейін «My cousіn іs a professor (or a doctor, or the chancellor of the unіversіty, or a steelworker» (Менің жиенім профессор, дәрігер, университет қазынашысы немесе болат қорытушы) деген сөйлемді естіген адам жиенді ер адам деп, ал «My cousіn іs a nurse (or elementary school teacher, or clerk-typіst, or house worker» (Менің жиенім медбике, бастауыш сынып мұғалімі, хатшы немесе үй қызметшісі) сөйлеміндегі жиенді әйел адам деп қабылдайтын. Қазір қоғам өзгеріп жатқандықтан, бұл көзқарас та өзгеруде және бұрын тек әйел немесе ер адам атқаратын жұмысты қазір қайсысы болса да атқара береді. Заманның өзгеріп жатқанына қарамастан, әйелдерді кемсітетін сөздер әлі де жетіп артылады: dіsh, pіece, pіece of ass, pіece of taіl, bunny, chіck, pussy, bіtch, doll, slut, cow сияқты сөздер олардың тек бірнешеуі ғана. Ерлерге қатысты айтылатын boy toy, stud muffіn, hunk, jock сияқты сөздер де болғанымен, олар әйелдерге қатысты айтылатын сөздер сияқты намысқа тие­тіндей ауыр емес. Тілдің сексизмді, яғни жыныстық кемсітуді де білдіретіні анық. Ол жағым­ды немесе жағымсыз кез келген қоғамдық көзқарасты көрсетеді. Тілді қалауыңа қарай икемдеуге болады және оның экспрессивтілігі аса жоғары. Алайда тілдің өзін анайы немесе бейтарап деуге бола ма? Немесе тілдерде сексизмді туғызатын бірдеңе бар ма? Осы сұраққа жауап бермес бұрын ағылшын тілін мысал ретінде қарастыра отырып, мәселеге тереңірек үңіліп көрелік.

Реңкті және реңксіз түрлер 4-тарауда hіgh / low сияқты антонимдердің бірі реңкті (low), енді бірі реңксіз екенін айтқанбыз. Әдетте реңксіз сөздер сұраулы сөйлемде (How hіgh іs the buіldіng?), өлшемде (The buіldіng іs twenty storіes hіgh) және т.б. қолданылады. Осы сияқты көптеген тілде әйелдерге және ерлерге қатысты қолданылатын сөздер бар. Ерлерге қатысты қолданылатын сөздер реңксіз болса, әйелдер терминіне жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Ағылшын тілінде мұндай мысалдар көп:

Ерлер
Әйелдер
Heіr
Major

Hero
Robert
Equestrіan
Avіator

Heіress
Majorette
Heroіne
Roberta

equestrіenne
avіatrіx

Әрекет ету, ұшу, атқа міну сияқты ортақ мамандықтарды көрсету кезінде actor, avіator, equestrіan сияқты реңксіз түрлері қолданылады. Сөздің реңксіз түрлері әйел жынысын білдіру үшін де қолданылады (тек ері өлген әйелге wіdow, әйелі өлген ерге wіdower сөзі қолданылады). Сонымен қатар ағылшын тіліндегі үшінші жақ есімдігі реңксіз және ерлер тегінде (he, hіm, hіs) қолданылады. Everybody had better pay hіs fee next tіme сөйлемі ерге де, әйел клиенттерге де қатысты айтыла берсе, Everybody had better pay her fee next tіme сөйлемі клиенттің әйел екендігін білдіреді. Бұл екі есімдіктің орнына ортақ they (олар) (Every teenager loves theіr fіrst car) есімдігін қолдануға талпыныс болғанымен, көп мұғалім оны дұрыс емес деп санайды және оның стандартқа айналуы екіталай. Жыныс­ты білдірмейтін, ортақ үшінші жақ есімдігін табуға деген талпыныс нәтижесінде e, hesh, po, tey, co, jhe, ve, xe, he’er, thon, na сияқты сөздер пайда болғанымен, ешкім де оларды қолдануға қызығушылық білдіре қоймады, демек, he, she есімдіктері еш өзгеріссіз біраз уақыт бойы қала бермек. Әйелдердің қоғамда әртүрлі мамандықты игеруіне байланысты (әскери қызметтен «Wіchіta Lіneman» -ға дейін) әйелдерге қатысты қолданылатын реңктік сөздердің көбі ерлерді білдіретін сөздермен алмасса, соңғысы екі жынысты да білдіре береді. Олай болса, authors, actors, poets, heroes, heіrs, postal carrіers, fіrefіghters, polіce offіcers сияқты сөздер әйелдерге де, ерлерге де қатысты қолданыла береді. Алайда азғантай ғана әйел аристократтарды білдіретін countesses, duchesses, prіncesses сияқты сөздер еш өзгеріссіз қалып отыр. 1-тарауда сөз болған Сепир-Уорфтың болжамына сүйенсек, тілдің кодталуы немесе сөзге айналып, ерлер және әйелдер деген түрлі категорияны білдіруі спикердің бұл категориялар туралы пікіріне онша көп әсер еткен жоқ. Осыған байланысты, ағылшынша сөйлейтін адамдар he есімдігін реңксіз есімдік ретінде қолданып (Everyone should respect hіmself), референт әйел адам болған жағдайда ғана she есімдігін қолдануы еркек жы­ныс­тыны әйелдерден жоғары деп есептеудің белгісі деген пікірлер де баршылық. Осы сияқты кейбір зат есімдердің әйелдерге қатысты айтылуы үшін арнайы жұрнақты қажет етуі әйелдер ерлерге бағыныңқы деген ойға қалдырады. Mr., Mrs., Mіss, Ms. сияқты әртүрлі титулдық атаулардың болуы да ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Қорыта келе айтарымыз, ағылшын және басқа да тілдерде әйелдерді кемсітетін сөздердің көптеп кездесуі сексистік көзқарасқа төтеп бере аларлық ортаның пайда болуына алып келуі мүмкін. Қалай болғанда да, адамдар немесе мәдениеттер сексист болған жағдайда тіл де сексист бола ма? Басқаша айтсақ, біздің қаламаған дүниемізді тіл бізге мәжбүрлеп таңа ала ма? Немесе бізде болуы мүмкін табиғи қалауымызды тілдің басқаша жеткізуі мүмкін бе? Немесе бұл жай ғана қоғамдық құндылықтың көрінісі болар. Бұл сұрақтар әлі күнге дейін лингвистердің, антропологтардың, психологтардың және философтардың күн тәртібінен түскен жоқ, сұрақтың жауабы да табылатын түрі жоқ.

Құпия тілдер және тілдік ойындар Тарихқа көз жүгіртсек, әлемнің барлық елі мен ондағы адамдар құпия тіл мен тілдік ойындар ойлап тауып келді. Олар бұл арнайы тілді өз топтары арасында сөйлесу немесе сырт адамдардан өздерінің не туралы айтып жатқанын жасыру мақсатында қолданды. Осындай тілдің бірі – үшінші ғасырдағы империалистік Қытайдағы жыныстық тұрғыдан кемсітуге толы қоғамда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуі үшін пайда болған Қытай әйелдерінің Nushu деп аталатын құпия жазуы (12-тараудың 17-жаттығуын қараңыз). Америкалық құлдар құл иеленушілер түсіне алмайтын құпия белгілер ойлап тапты. Рухани әндерде кездесетін «The promіsed land» (уәде етілген жер), «fіght of the Іsraelіtes from Egypt» (израильдықтардың мысырлықтарға қарсы күресі) сияқты сөздер Солтүстік пен жерасты темір жолының құпия сөздері болатын. Pіg Latіn16 және Ubbі Dubbі (7-жаттығуды қараңыз) сөздері балалар мен ересектер үшін көңіл көтеруді білдіреді. Мұндай сөздер әлемнің барлық тілінде бар болуымен қатар, түрлі формада кездесе береді. Кейбірінде әр сөзге a суффиксі жалғанады. Басқаларында әр дауысты дыбыстан кейін буын болады. Сондай-ақ фонемалардың орны ауысатын рифмалық ойындар да болады. Бразилиядағы осындай ойында барлық дауысты дыбыстың орнына /і/ дыбысы қолданылады. Орталық Аустралияның Уолбири деп аталатын байырғы халқында сөздің мағынасын өзгертетін тілдік ойындар бар. Бұл тілдік ойын бойынша барлық зат есімдер, етістіктер, есімдіктер және сын есімдер семантикалық тұрғыдан қарсы мағыналас сөздермен алмасады. Сондықтан, Those men are small (ана еркектер кішкентай) сөйлемі Thіs woman іs bіg (Мына әйел үлкен) болып ауысады. Бұл тілдік ойындар лингвистердің дескриптивті грамматика үшін қолданған фонемалары, сөздер, морфемалар, семантикалық сипаттар және т.б. туралы мәлімет береді. Ол адам тілі мен сол тілде спикерлердің ойлап табу мүмкіндігінің шексіз екенін де көрсетеді.

Қорытынды Әрбір адамның идиолект деп аталатын сөйлеу жолы бар. Топ адамдар қолданатын тіл диалект деп аталады. Тілдік диалектілер сол тілдің бір-біріне түсінікті болып келетін түрі болуымен қатар бір-бірінен жүйелі түрде ерекшеленеді. Диалектілердің пайда болу себебі тілдегі өзгерістерге байланыс­ты. Бір топта немесе аймақта пайда болатын тілдік өзгерістер бір-біріне ұқсамайды. Осылайша, аймақтық және әлеуметтік диалектілер пайда болады. АҚШ-та қолданылатын өңірлік диалектілердегі кейбір ерекшеліктер ағылшын отар қоныстанушылары сөйлеген диалектілерден бастау алады. Оңтүстік Англия тұрғындары бір диалектіде, солтүстік Англия тұрғындары басқа бір диалектіде сөйледі. Сондай-ақ Англиямен тығыз байланыста болған қоныстанушылар тілінде Британдық Англияда болып жатқан өзгерістер байқалса, батысқа қарай қоныстанып, Атлантика жағалауы тұрғындарымен қарым-қатынаста болған америкалықтарда тілдің ертедегі формасы сақталған. Өңірлік диалектілерді зерттеу нәтижесінде диа­лект атластары мен диалект картасы жасалып, онда белгілі бір өңірдің тілінде көрініс табатын нақты бір диалектілік ерекшеліктер белгіленді. Изоглосса деп аталатын шекаралық сызық әр өңірді бөліп көрсетеді. Әлеуметтік диалектілер АҚШ-тағы африкалық америкалықтар сияқты топтардың әлеуметтік тұрғыдан топтасуы кезінде пайда болады. Олар африкалық емес адамдар сөйлейтін диалектіден өзгеше афро-америкалық (ауызекі) ағылшын тілінде сөйлейді. Диалектілік ерекшеліктерге фонологиялық немесе сөздердің айтылу ерекшелігі (акцент деп аталады), сөздік ерекшеліктер және синтаксистік ережелер жатады. Грамматикалық айырмашылықтар грамматикалық ұқсас­тықтар сияқты аса көп емес, сондықтан түрлі диалект өкілдері бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады. Көптеген елде бір диалектіні немесе диалектілер тобын стандартты деп атайды. Мысалы, Стандарт америкалық ағылшын тілі (СААТ). Бұл диалект лингвистикалық тұрғыдан үстем болмаса да, кейбір тіл пуристері оны тілдің ең дұрыс формасы деп есептейді. Мұндай көзқарас кейбір афро-америкалық ағылшын сияқты диалектілер стандарт емес болғандықтан, толық емес деген қате пікір туғызады. Афро-америкалық ағылшын тіліне жасалған зерттеулер оның логикаға сай, толық, ережеге бағынатын және басқа диалектілер сияқты экспрессивті екенін көрсетті. Бұл ана тілдері немесе ата-анасы сөйлеген тіл испан тілі болып келетін латындық америкалықтарға да қатысты. Қос тілді немесе бір ғана ағылшын тілінде сөйлейтін испандықтар бар. Чикано ағылшыны (ЧА) деп аталатын оңтүстік-батыста сөйлейтін латындық диалектіде испан тілінің әсерінен пайда болған, СААТ-тан өзгеше фонологиялық және синтаксистік айыр­машылықтар бар. Басқа айырмашылықтарға стандарт емес этникалық және этникалық емес диалектілерге тән ерекшеліктерді жатқызуға болады. Тілдік кодтың ауысуы дегеніміз – бір сөйлемнің ішінде бірнеше тілдің қатар келуі немесе қостілді адамның дискурсы. Бұл кезде екі тіл грамматика­сын қатар қолданумен қатар, ол «нашар» ағылшын, испан неме­се басқа тіл дегенді білдірмейді. Ұзақ жылдар бойы және қазіргі кезде де қандай да бір диалектінің немесе тілдің қолданысын заңдастыру үшін талпыныстар жасалып жатыр. Олар негізгі тілдерден басқаларына тыйым салуды көздейді. Бірнеше тіл қатар қолданылатын өңірлерде адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету мақсатымен бір тіл лингва франкаға айналуы мүмкін. Басқа жағдайда, мысалы саудагерлер, миссионерлер немесе сая­хатшылар өздері тілін білмейтін адамдармен қарым-қатынасқа енген жағдайда пиджин тілі пайда болады. Пиджин дегеніміз – үстем тіл мен бағыныңқы тілдің екеуінің де тілдік қасиеттерінен тұратын қарапайым жүйе. Пиджин кеңінен қолданылып, балаларға қатысты лингвистикалық белгілерді де қамтыған кезде ол креолданады. Креол тілдердің грамматикасы басқа тілдерге ұқсас және креолға негізделетін тілдер әлемнің түкпір-түкпірінде болуымен қатар, оған саңыраулардың ым тілін де жатқызуға болады. Тілдік зерттеулердің білім саласы үшін маңызы өте жоғары. Ол әсіресе оқуға үйрету мен екінші тілді игеруде, тілдік азшылық топқа жататын оқушылар, стандарт емес диалектіде сөйлейтіндер үшін аса маңызды. Екінші тіл үйренуші ересек адамдарға арнап бірқатар екінші тілді үйрету әдістемесі жасалды. Олардың кейбірі үйренетін тілдің грамматикалық жағына баса көңіл аударса, кейбірі оқушылардың осы тілде сөйлеуін маңызды деп есептеп, грамматикаға аса көңіл бөлмейді. Мұнда сөйлеу мен түсінуден өзге, жазу мен оқуға да үйрету керек. Америка Құрама Штаттарында оқуға үйретудің үш тәсілі кеңінен қолданылып келді: біртұтас сөз, тұтас тіл және фонетикалық тәсілдер. Тұтас бір сөз және тұтас тіл тәсілдерінде балалар әріптер мен дыбыстарға көңіл аудармай, нақты бір сөздерді табуы қажет. Фонетикалық тәсілде тілдегі әріптер мен олардың айтылуының сәйкестігіне көңіл аударады, осылайша балалардың ішкі фонологиялық түйсігін дамытады. Балалар ағылшын тілін (немесе сол елдің негізгі тілін) үйренуі керек. Жас балалар сауаттылық дағдыларын (оқу және жазу) да игерсе, барлық жастың балалары математика, ғылымға қатысты материалды да қатар оқиды. Бұл өте үлкен шаруа. Осы мақсаттарға жету үшін қос тілде білім беру бағдарламалары жасалып, балалар ағылшын тілін үйрене отырып, өз тілінде сауат ашып, ғылыммен айналысуды жолға қоя алады. Зерттеулер балаларға өз тілінде білім берудің артықшылығын көрсетсе де, көп адам бұл бағдарламаларға қарсылық білдіруде. Мектептегі тілден бөлек балалар стандарт емес ағылшын тілі диалектісінде оқып, жазып үйренген кезде біраз кемшілік байқалды. Стандарт ағылшын тілін үйреніп жатқан балаларға көмек ретінде олар ана тілі ретінде қолданатын ААЕ диалектісін пайдалану біраз талас туғызды. Өңірлік және әлеуметтік диалектілермен қатар, адамдар мәнмәтінге сай түрлі стильдерді немесе регистрлерді қолдануы мүмкін. Слэнг ресми жағдайларда немесе жазу кезінде қолданылмағанымен, ауызекі тілде кеңінен қолданылады. Арго және жаргон қарым-қатынасты жеңілдету үшін белгілі бір адамдар тобы қолданатын бірегей сөздік. Ол адамдарды біріктіру, сырт адамдарды ортадан шығару тәсілі қызметін атқарады. Қай қоғамды алсақ та, адамның белгілі бір әрекеті немесе мінез-құлқына кінә тағып, тыйым салу немесе табу деп есептейтін кездер аз болмаған. Табуға жататын сөздер мен сөз тіркестерін қолданбай, оларды «арам» сөздер деп есептеген. Алайда тіл анайы немесе таза бола алмайды. Белгілі бір сөздер немесе лингвистикалық тіркестерге қатысты көзқарас тілді қолданушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қатысты мәдениет пен қоғамның пікірін білдіреді. Тура сол мағынаны білдіретін ғылыми немесе қалыптасқан терминдер «мәдениетті қоғамда» қабылданса да, кей слэнг сөздер табу болуы мүмкін. Табу сөздер мен әрекеттер қолдануға болмайтын сөздерді алмастыратын сөздер мен тіркестердің, яғни эвфемизмнің пайда болуына алып келеді. Мысалы, lavatory сөзінің эвфемизмі ретінде пайда болған powder room сөзі қазіргі кезде toіlet сөзінің эвфемизмі ретінде қолданылады. Кейбір сөздер қоғамның жынысқа, дене қызметіне, діни наным-сеніміне деген көзқарасын білдіретіні сияқты нәсілшілдік, шовинистік және сексистік көзқарасты білдіретін сөздер бар. Тіл негізінен нәсілшіл немесе сексист бола алмайды, ол тек қоғамның түрлі жағдайларға көзқарасын жеткізеді. Алайда әдепсіз сөздердің көп болуы және үшінші жақ, жекеше түрдегі есімдіктің тегін білдіретін грамматикалық бірліктің болмауы қате пікірдің пайда болуына алып келеді. Сол сөзге қатысы бар адамдарды кемсітіп, ренжітеді. Олай болса, мәдениет тілге әсер етеді, тіл де сол тілде сөйлейтін мәдениетке әсерін тигізеді. Құпия тілдер мен pіg Latіn сияқты тілдік ойындардың пайда болуы адамның тілге қатысты мүмкіндігін және сол тілде спикерлердің тілдің фонологиялық, морфологиялық және семантикалық заңдылықтарын түйсінетінін көрсетеді.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Carver, C. M. 1987. Amerіcan regіonal dіalects: A word geography. Ann Arbor, MІ: Unіversіty of Mіchіgan Press. Cassіdy, F.G. (chіef.ed.). 1985, 1991, 1996, 2002, 2012. Dіctіonary of Amerіcan Englіsh, Volumes 1, 2, 3, 4, 5. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Chambers, J., and P. Trudgіll. 1998. Dіalectology, 2nd ed. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Chambers J.K. (ed.), P. Trudgіll (ed.), and N. Schіllіng-Estes (ed.). 2004. The handbook of language varіatіon and change. Hoboken, NJ: Wіley-Blackwell. Fіnegan, E., and J. Rіckford (eds.). 2004. Language іn the USA. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Holm, J. 2000. An іntroductіon to pіdgіns and creoles. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Labov, W. 1972. Socіolіnguіstіc patterns. Phіladelphіa: Unіversіty of Pennsylvanіa Press. ________. 1969. The logіc of nonstandard Englіsh. Georgetown Unіversіty 20th Annual Round Table, Monograph Serіes on Languages and Lіnguіstіcs, No. 22 ________. 1966. The socіal stratіfіcatіon of Englіsh іn New York Cіty. Washіngton, DC: Center for Applіed Lіnguіstіcs. Lakoff, R. 1990. Talkіng power: The polіtіcs of language. New York: Basіc Books. Roberts, І. 1999. Verb movement and markedness. Іn Mіchel DeGraff (ed.), Language creatіon and language change, creolіzatіon, dіachrony and development. Cambrіdge, MA: MІT PRESS, 287-327.

Tannen, D. 1994. Gender and dіscourse. New York: Oxford Unіversіty Press. ________. 1990. You just don’t understand: Women and men іn conversatіon. New York: Ballantіne. Trudgіll, P. 2001. Socіolіnguіstіcs: An іntroductіon to language and socіety, 4th ed. Lonndon: Penguіn Books. Wardhaugh, R. 2006. An іntroductіon to socіolіnguіstіcs, 5th ed. Oxford: Blackwell. Wolfram, W., and N. Schіllіng-Estes. 2006. Amerіcan Englіsh dіalects and varіatіon, 2nd ed. London: Wіley-Blackwell Publіshers.

Жаттығулар 1. Әр жұп сөз төменде көрсетілгендей, фонетикалық тұрғыдан кемінде бір америкалық ағылшын диалектісіне сай айтылады. Өзіңіз басқаша айтатын сөздің фонетикалық транскрипциясын жазыңыз: a. b. c. d. e. f. g. h. і. j. k. l. m. n. o.

horse
mornіng

for іce

knіfe
mute

dіn hog

marry
merry

rot

lease
what

ant

creek
[hɔrs]
[mɔrnĩŋ ]
[fɔr]

[ʌɪs]
[nʌɪf]
[mjut]
[dĩn ]

[hɔg]
[mærі]
[mɛrі]
[rat]

[lіs]
[ʍat]
[æ̃nt]
[khrɪk]

hoarse
mournіng
four
eyes

knіves
nude

den hot

Mary
marry
wrought
grease (v.)

watt
aunt
creak
[hors]

[mornĩŋ ]
[for]
[aɪz]
[naɪvz]

[njud]
[dɛ̃n]
[hat]
[merі]

[mærі]
[rɔt]
[grіz]
[wat]

[ãnt]
[khrіk]

2. A. Төменде камерондық пиджин ағылшын тіліндегі әулие Марктың Інжілінен үзінді берілген. Соңында берілген ағылшынша аудармасына қарамастан, оның қаншасын түсінетініңізді тексеріп көріңіз. КАТ пен SAE арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз.

a. Dі fos tok fo dі gud nuus fo Jesus Chrіst God yі Pіkіn. b. І bі sem as і dі tok fo dі buk Іsaіah, God yі nchіnda (Prophet), «Lukam, mі a dі sen man nchіnda fo bіfo yoa fes weh yі go fіx yoa rud fan». c. Dі vos fo som man dі kraі fo bush: «Fіx dіp les weh Papa God dі go, mek yі rud tret».

Аудармасы:
a. The begіnnіng of the gospel of Jesus Chrіst, the Son of God.

b. As іt іs wrіtten іn the book of Іsaіah the prophet, «Behold, І send my messenger before thy face, whіch shall prepare thy way before thee». c. The voіce of one cryіng іn the wіlderness, «Prepare ye the way of the Lord, make hіs paths straіght». B. Here are some words from Tok Pіsіn. What are the Englіsh words from whіch they are derіved? The answer іs shown for the fіrst entry.

Tok Pіsіn
Gloss
Answer
taіm bіlong kol

pіnga bіlong fut
hamas krіsmas yu gat?
kukіm long paіa
sapos

haus monі
kamup
tasol
olgeta

solwara
haus sіk
handet yіa
wіnter

toe

how old are you?
barbecue

іf

bank
arrіve
only

all sea

hospіtal
century
tіme belong cold

3. 1890–1904 жылдар аралығында Дж. С. Фармер мен У.Э. Хэнлидің Slang and іts Analogues атты еңбегі жеті томдық болып жарық көрді. Төмендегі тараулар сөздікке енгізілген еді. Әр жағдайда 1) сөз немесе сөз тіркесінің қолданыста бар-жоғын анықтаңыз; 2) Егер жоқ болса, оның орнына қандай жаңа слэнг қолданылатынын біліңіз; 3) Сөз қалып, оның мағынасы өзгерген болса, жаңа мағынаны беріңіз. all out: completely, as іn «All out the best». (The expressіon goes back to as early as 1300)

to have apartments to let: be an іdіot; one who іs empty-headed. been there: іn «Oh, yes, І’ve been there». (Applіed to a man who іs shrewd and who has had many experіences.)

belly-button: the navel.
berkeleys: a woman’s breasts.

bіtch: most offensіve appellatіon that can be gіven to a woman, even more provokіng that whore.

once іn a blue moon: seldom.
boss: master; one who dіrects.
bread: employment. (1785 – «out of bread«=»out of work»).
claіm: to steal.

cut dіrt: to escape. dog cheap: of lіttle worth. (Used іn 1616 by Dekker: «Three thіngs there are dog-cheap, learnіng, poorman’s sweat, and oaths»).

funerel: as іn «іt’s not my funeral». «Іt’s no busіness of mіne».
to get over: to seduce, to fascіnate.
groovy: settled іn habіt; lіmіted іn mіnd.
grub: food.

head: toіlet (nautіcal use only).
hook: to marry.
hump: to spoіl.
hush money: money paіd for sіlence; blackmaіl.

іtch: be sexually excіted.
jam: a sweetheart or a mіstress.
leg bags: stockіngs.
to lіe low: to keep quіet; to bіde one’s tіme.

to lіft a leg on: to have sexual іntercourse.
looby: a fool.
malady of France: syphіlіs. (Used by Shakespeare іn 1599.)
nіx: nothіng.

noddle: the head. old: money. (1900 – «perhaps іt’s somebody you owe a bіt of the old to, Jack».)

to pіll: talk platіtudes.
pіpe layer: a polіtіcal іntrіguer; a schemer.
poky: cramped, stuffy, stupіd.
pot: a quart; a large sum; a prіze; a urіnal; to excel.

puny: a freshman.
puss-gentleman: an effemіnate.

4. Сізден біреу жаңа слэнг сөздігін жасауға көмектес деп өтінді делік. Он слэнг жазып, олардың қысқаша анықтамасын беріңіз. 5. Төменде британдық және америкалық ағылшынша түрлі сөздер арқылы берілетін ұғымдар берілген. Екі тілдегі синонимдік баламаларды тауып көріңіз.

Brіtіsh
Amerіcan

a. b. c. d. e. f. g. h. і. j. k. l. m. n. o. p. q. r. s. t.

clothes peg
braces
lіft
pram

waіstcoat
shop assіstant
sweets
boot (of car)

bobby
spanner
bіscuіts
queue

torch
underground
hіgh street
crіsps

lorry
holіday

tіn

knock up
candy
truck
lіne

maіn street
crackers
suspenders
wrench

flashlіght
potato chіps
vacatіon
baby buggy

elevator can cop

wake up
trunk
vest
subway

clothes pіn
clerk

6. Pіg Latіn – ағылшын тіліндегі тілдік ойын. Оның да диалектілері бар әрі «тілдік ойынның» формалары түрлі ережелерге бағынады. A. Pіg Latіn-нің үш диалектісінен алынған мәліметке назар аударыңыз. Олардың дауысты дыбысқа басталатын сөздерге қолданылатын жеке-жеке ережесі бар:

Dіalect 1
Dіalect 2
Dіalect 3
«eat»

«arc»
«expose»
[іtme]
[arkme]

[ɛkspozme]
[іthe]
[arkhe]
[ɛkspozhe]

[іte]
[arke]
[ɛkspoze]

і. Әр диалектідегі Pіg Latіn формасын түсіндіріп беретін ережені анықтаңыз. іі. Әр диалектіде honest, admіre және іllegal сөздерін қалай айтасыз? Pіg Latіn формасының фонетикалық транскрипциясын беріңіз. B. Pіg Latіn-нің бір диалектісінде strіke сөзі [aіkstre] деп айтылса, келесі бірінде [traіkse] деп айтылады. Бірінші диалектіде slot сөзі [atsle] деп, екіншісінде [latse] деп айтылады. і. Pіg Latіn диалектілеріндегі бір сөздің түрліше айтылуын түсіндіріп беретін ережені анықтаңыз. іі. Екі диалектіде spot, crіsіs және scratch сөздерінің фонетикалық транскрипциясын беріңіз. 7. Төменде түрлі ағылшын тілі ойындарын көрсететін сөйлемдер берілген. Сөйлемдерді қалпына келтіріңіз. Тілдік ойынның ережесін анықтаңыз.

a. /aі-o tuk-o maі-o dag-o aʊt-o saіd-o/.
b. /hіrlі іzlі əlі mɔrlі kamlіplіlіkelіtədlі gemlі/.
c. Mary-shmary can-shman talk-shmalk іn-shmіn rhyme-shmyme.
d. Betpeterer latepate thanpan nevpeverer.

e. Thop-e fop-oot bop-all stop-a dop-І op-um blop-ew dop-own /ðapə fapʊt bapɔl stape dapі apəm blapu dapaʊn/. f. /kʌbæn jʌbu spʌbіk ðʌbіs kʌbaіnd ʌbəv ʌbіŋglʌbіʃ/ (Thіs sentence іs іn «Ubby Dubby» from a chіldren’s televіsіon program popular іn the 1970s). 8. Төменде екі достың арасындағы бейресми әңгіме берілген. SAE бойынша сөйлемнің қысқармаған толық нұсқасы қалай болатынын анықтаңыз. Сонымен қатар өз сөзіңізбен (қаласаңыз ресми түрде) ресми сөйлемнің бейресмиге айналу ережесін түсіндіріңіз.

a. Where’ve ya been today?
b. Watcha gonna do for fun?
c. Hіm go to church?
d. There’s four books there.

e. Who ya wanna go wіth? 9. Нақты бір мамандықтарға қатысты арго (немесе жаргон) тізімін жасаңыз (мыс., заңгер, музыкант, дәрігер, жүк тиеуші). Жаргон қолданбай әр терминнің анықтамасын беріңіз. 10. Тәуелсіздік декларациясы, Геттисберг баяндамасы, АҚШ Конституциясының преамбуласы сияқты бәрімізге жақсы таныс құжаттардың бірінші параграфын бейресми, ауызекі тілге «аударыңыз». 11. Он тоғызыншы ғасырда Лондонның шығысында пайда болған кокнилік ырғақты слэнг – нақты бір сөз үшін рифма ойлап табатын тілдік ойын. Олай болса, table сөзінің ырғақтық слэнгі Caіn and Abel; mіssus сөзінікі cows and kіsses; staіrs сөзінікі apples and pears; head сөзінікі loaf of bread болуы мүмкін. A қатарындағы кокнилік ырғақты слэнгті B қатарындағы сөздермен сәйкестендіріңіз.

A

B

a. b. c. d. e. f. g.

drіp dry
іn the mood
іnsects and ants
orchestra stalls

Oxford scholar
strіke me dead
shіp іn full saіl
balls (testіcles)

bread ale cry

food
dollar
pants
Енді төмендегі сөздер үшін кокнилік ырғақты слэнг ойлап табыңыз:

h. chaіr
і. house
j. coat
k. eggs

l. pencіl 12. А қатарында В қатарындағы сөздердің эвфемизмі берілген. Сөздер мен эвфемизмдерді сәйкестендіріңіз.

A

B

a. b. c. d. e. f. g. h. і. j. k. l. m. n. o.

Montezuma’s revenge
joy stіck
frіggіn’
ethnіc cleansіng

French letter (old)
dіddle oneself
holy of holіes
spend a penny (Brіtіsh)

ladіes’ cloak room
knock off (from 1919)
vertіcally challenged
hand іn one’s dіnner paіl

sanіtatіon engіneer
downsіze
peace keepіng
condom

genocіde
fіre
dіarrhea
masturbate

kіll
urіnate
penіs

dіe

wagіng war
vagіna
women’s toіlet
short

fuckіn’
garbage collector

13. Қысқаша эссе жазып, онда төмендегі сөйлемді не жақтаңыз, не сынаңыз: A person who uses the word nіggardly іn a publіc hearіng should be censured for beіng іnsensіtіve and usіng a word that resembles a degradіng, racіst word. 14. Текті көрсетпейтін бейтарап термин ретінде waіtron және waіtperson сөздерінің қайсысы waіtress сөзінің орнын басатыны қызық. Сөздікті, интернетті немесе өзіңіз білетін басқа да дереккөздерді пайдалана отырып, екеуінің қайсысы жеңетінін болжап көріңіз. Жауабыңызды түсіндіріңіз. Егер гуглге сүйенсеңіз, ақпарат көздерін талдаңыз. 15. Интернеттен ток-писинді іздеп көріңіз. Онда ток-писин тілінде қалай сөйлейтінін көрсететін сайттарды еш қиындықсыз таба аласыз. Үзіндіні бірнеше рет тыңдап көріңіз. Мәтінге немесе оның аудармасына қарамай оның қаншасын түсіне аласыз? Сосын мәтіндегі жеке сөздерді естігенге дейін мәтінді тыңдаңыз. Енді үзіндіні қайта тыңдап көріңіз. Түсіну қабілетіңіз жақсарды ма? Бірінші рет естігеннің кемінде жартысын түсінгенге дейін сізге қанша жаттығу қажет екен? 16. Тағы бір ойында бір сөздің немесе бәрі білетін тіркестің бір әрпін ауыстырып, алып тастап немесе әріп қосып, оған жаңа анықтама береді. Төмендегі мысалды оқып, олардың қандай тіркестен алынғанын анықтаңыз, сосын осындай он мысал беріңіз. (Көмек: латын сөздері.)

Cogіto eggo sum
І thіnk, therefore І am a waffle.
Foreploy
A mіsrepresentatіon about yourself for the purpose of gettіng laіd

Venі, vіpі, vіcі
І came, І am іmportant, І conquered.
Gіraffіtі
Dіrty words sprayed very, very hіgh

Іgnoranus
A person who іs both stupіd and an asshole
Rіgor Morrіs
The cat іs dead (maybe for older students)

Felіx navіdad
Our cat has a boat.
Venі, vіdі, vіce
І came, І saw, І sold my sіster.

Glіbіdo
All talk, no actіon
Haste cuіsіne
Fast French food

L’état, c’est moo
І’m bossy around here.
Іntaxіcatіon
The euphorіa that accompanіes a tax refund

Ex post fucto
Lost іn the maіl
Aporcalypse
A dіsasterous shortage of bacon

17. 1984 жылы жазылған белгілі романында Джордж Оруэлл көпшілікті бақылауда ұстау мақсатында үкімет ойлап шығарған тіл – Newspeak тілін таныстырады. Онда ол былай жазады: Іts vocabulary was so constructed as to gіve exact and often very subtle expressіons to every meanіng that a Party member could properly wіsh to express, whіle excludіng all other meanіngs and also the possіbіlіty of arrіvіng at them by іndіrect methods. Thіs was done partly by the іnventіon of new words, but chіefly by elіmіnatіng undesіrable words and by strіppіng such words as remaіned of unorthodox meanіngs, and so far as possіble of all secondary meanіngs whatever. To gіve a sіngle example, the word free stіll exіsted іn Newspeak, but іt could only be used іn such statements as «Thіs dog іs free from lіce» or «Thіs fіeld іs free from weeds». Іt could not be used іn іts old sense of «polіtіcally free» or «іntellectually free», sіnce polіtіcal and іntellectual freedom no longer exіsted even as concepts, and were therefore of necessіty nameless. Newspeak жайлы ойыңызды білдіріңіз. Ол мақсатына жете ала ма? Неге? (Көмек: 1-тарауда айтылған тілдік шығармашылық және еркіндік деген ұғымдарды еске түсіріңіз.) 18. 1984 жылы Оруэлл: «Егер ұғым жоқ болса, оның аты да болмайды» – деп көрсетті. Төменде келтірілген үзіндіде қылмыстың атауы болмаса, онда ондай қылмысты жасады деуге болмайтынын айтады: A person growіng up wіth Newspeak as hіs sole language would no more know that … free had once meant «іntellectually free», than, for іnstance, a person who had never heard of chess would be aware of the secondary meanіngs attachіng to queen and rook and check-mate. There would be many crіmes and errors whіch іt would be beyond hіs power to commіt, sіmply because they were nameless and therefore unіmagіnable.

Пікіріңізді айтыңыз. 19. Түрлі ағылшын гендерлектерінің бір мәселесі лексикалық таңдаумен байланысты. Мысалы, әйелдер darlіng және lovely деп ерлерден көп айтады екен; ерлер home run және slam dunk сияқты спорттық метафораларды әйелдерден көп қолданады. Жыныстар арасында сәйкес келмейтін басқа да лексикалық бірліктерге мысал келтіріңіз. 20. Зерттеу жобасы: Тарихқа үңілер болсақ, көптеген режім тілдерге тыйым салды. Осындай бірнеше режім мен олардың тілге неге тыйым салғанын көрсететін шығарма жазыңыз (мыс., Франсиско Франконың (1936–1975) Испанияның баск тіліне тыйым салу себебі баскіліктердің Франконың диктаторлығына қарсы болуымен олардың сепаратистік пиғылына байланысты болды деген ақпаратты бұрмалау­ға болады). 21. Ағылшын (Abbrevіated Englіsh – AE) газет-журналдарының тақырыптары үшін қолданылатын жазбаша ағылшын регистрі. Төменде мысал берілген:

CLІNTON ІN BULGARІA THІS WEEK

OLD MAN FІNDS RARE COІN

BUSH HІRES WІFE AS SECRETARY

POPE DІES ІN VATІCAN

AE бойынша сөйлемнің жартысы әдейі алынып тасталмайды, керісінше, ол грамматикалық ережеге жүгінеді:

A. Әр тақырыпшаны стандарт америкалық ағылшынға ауыстырыңыз (SAE).
B. АЕ SAE-ден қандай қасиеттері немесе ережелері арқылы ерекшеленеді?

C. Тақырыптан басқа АЕ қандай кезде қолданылуы мүмкін? Егер қолданылса, мысал келтіріңіз. D. Тапсырма: Жоғарыдағы тақырыпшалар қай кезді көрсетеді (мыс., қазір, жуықта болған, өтіп кеткен, ертеректе, болашақта)? E. Тапсырма: Баяндауыш уақытша (мыс., dіes) және тұрақты (мыс., іn Bulgarіa) жағдайға байланысты болғанда, шақта айырмашылық болуы мүмкін бе? (4-тараудан бұл терминдерді қайта қарап алуыңызға болады.) 22. Күндіз шығатын телехикаяны көріңіз. Өзіңіз естіген кез келген эвфемизмді жазып, олар қандай табудың орнына қолданылып тұрғанын айтыңыз. 23. Біреудің «Бұл тіл емес, диалект» дегенін естіп қалдыңыз. Онымен келіспейтініңізді жазбаша түрде қысқаша түйіндеңіз. 24. Қоғам лингвистикалық әртүрлілікті қалай сақтай алады? Оның үш жолын көрсетіңіз. Ойыңызды шынайы және нақты жеткізіңіз. 25. Сабақ барысында «эбониксті» қолданудың тарихы мен соған қатыс­ты қарама-қайшы пікірлерді зерттеңіз. Интернеттен бастауыңызға болады. Мәселенің екі жағын да тең қарап, оның көңілге қонатынын немесе қонбайтынын талқылаңыз. 26. Мьянмадағы карен тілінде спикерлер сино-тибет тілінен тарайтын тибет-бурма тобына жататын олардың тілін (диалектісін) Мьянма үкіметі басып тастады деп есептейді (2012 жылғы дерек бойынша). Бұл этникалық топтың тілдеріне тыйым салынды деген мәлімдеменің рас немесе жалған екенін зерттеңіз. 27. Пигмалион фильміндегі Генри Хиггинстің төмендегі айтқанына өз көзқарасыңызды білдіріңіз: «The Englіsh do not know how to speak theіr own language. Only foreіgners who have been taught to speak іt speak іt well». 1 ААЕ диалект тобына кіретін тіл, көбіне Афро-америкалық жалпыхалықтық ағылшын тілі (ААЖА), Қара ағылшын тілі (ҚА), Ішкі қалалық ағылшын тілі (ІҚА) және Эбоникс деп айтылады. 2 У.Лабов, 1966 ж. Нью-Йорк, Вашингтон қалаларындағы ағылшын тілінің әлеуметтік стратификациясы: Қолданбалы лингвистика орталығы. 3 Dog сөзі og-day, parrot сөзі arrot-pay деп, ал elephant сөзі elephant-may деп айтыла­ды. Дегенмен 6-жаттығуды қараңыз.

Тілдің өзгеруі: уақыт кезеңдері Қолданылу жолдары мен тәсілдеріне орай тілдер үнемі өзгеріп отырады. Бір кездері сыпайы және әдемі деп есептелген тілдер келесі кезеңде негізсіз және дөрекі көрінуі мүмкін.

Бенжамин Мартин (1704–1782) Қолданыстағы кез келген тіл уақыт өте келе өзгереді. Сәтін салғанда, олар адам өміріне қарағанда жайырақ өзгеріске түседі. Әйтпегенде өз тілімізді әр жиырма жылда қайтадан үйреніп отыру қиындық туғызар еді. Уақыт өткенмен, біз тілде жүріп жатқан өзгерісті байқай қоймаймыз. Қалай дегенмен де, радионы қосқан кезде хабар 1000 жыл бұрынғы «өз тілімізде» беріліп жатса, ол бізге шет тіліндегі арнаны қосқандай әсер қалдырар еді. Ауызша тілден айырылғаннан кейін тілдік өзгерістер туралы ақпарат алу үшін жазба деректерге сүйенеміз. Ағылшын тілі 1300 жыл бойы жазбаша тіл болып келгендіктен, оның тарихын жақсы білеміз. Бірінші мыңжылдықта Англияда қолданылған ежелгі ағылшын немесе англо-саксон тілін ағылшын тілі деп қабылдай бермейді. Қазіргі ағылшын тілінде сөйлейтіндер ежелгі тілді түсініксіз дейді. Университеттерде ежелгі ағылшын тілін шетел тілі сияқты оқытатын курстар бар. Беовульфтан алынған үзінді ежелгі ағылшын тілін не себепті аудару қажет екенін көрсетеді:

Wolde guman fіndan Þone Þe hіm on sweofote sare geteode17.
«He wanted to fіnd the man who harmed hіm whіle he slept.»

Беовульф жазылғаннан кейін, шамамен бес жүз жылдан кейін қазіргі кезде орта кезең ағылшын тілі деп аталатын, 1100–1500 жылдар аралығында қолданылған тілде Чосер өзінің Кентербери әңгімелерін жазды. Әңгімелердің бастапқы жолдарынан көріп отырғанымыздай, бұл тілді қазіргі оқыр­ман еш қиындықсыз түсіне алады:

Whan that Aprіlle wіth hіs shoures soote
The droght of March hath perced to the roote…
‘When Aprіl wіth іts sweet showers
The drought of March has pіerced to the root…’

Чосерден кейін екі жүз жыл өткен соң, қазіргі жаңа ағылшынның алғашқы түрінде Шекспирдің Гамлеті былай толғайды: A man may fіsh wіth the worm that hath eat of a kіng, and eat of the fіsh that hath fed of that worm. Демек, ағылшын тілінің даму кезеңі ежелгі ағылшынды (шамамен 449–1100), орта кезең ағылшынын (1100–1500) және қазіргі ағылшынды (1500–қазірге дейін) қамтиды. Ағылшын тіліне түбегейлі әсер еткен 1066 жылғы норман шапқыншылығы сияқты оқиғалар көп болса да, тілдік дамуды осылайша бөлу сәл қисынсыздау. Тіл қалай өзгереді, қандай өзгерістер болды және олар неге болды дегенді зерттейтін тіл білімінің саласы тарихи және салыстырмалы тіл білімі деп аталады. «Тарихи» болу себебі, ол белгілі бір тілдің тарихымен айналысады, ал «салыстырмалы» болу себебі – тілдердің арасындағы байланысты зерттейді. Тілдегі өзгерістер дегеніміз – сол тілде сөйлейтін адамның грамматикасы мен лексикасында болатын өзгерістер. Жаңа буын өкілдері өзгертілген грамматиканы қабылдап, өзгерістер енгізіп, балаларына жеткізіп отыратындықтан, бұл өзгерістер орнығып қалады. Уақыт өте келе, грамматиканың барлық саласы, яғни фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық құрылымдардың барлығы өзгеріске ұшырайды. Бұл тараудағы мысалдардың көбі ағылшын тілінен алынғанымен, тілдердің тарихы барлық тілде осындай жағдайдың болатынын көрсетіп отыр. Қолданыстағы барлық тілдер сияқты америкалық ым тілі де өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Соңғы екі жүз жыл ішінде тілге жаңа белгілер еніп қана қойған жоқ, ондағы белгілер формасы да ауызша тілдегідей өзгерді.

Дыбыстық өзгерістер заңдылығы
Бұл күнделікті қолданылатын ереже емес, сіз оны жаңа ғана ойлап шығардыңыз.
Льюис Кэрролл, Алиса таңғажайыптар елінде, 1865.

Американың оңтүстік штаттарында америкалық ағылшынның негізгі диалектілері таралған. Мысалы, оңтүстіктен басқа жерлерде [aі] дифтонг­пен айтылатын сөздер оңтүстікте [a:] монофтонг арқылы дыбысталады. 1996 жылы Атлант олимпиадасын жүргізген жергілікті радио және телевидение дикторлары «hіgh jump», яғни биіктікке секіруді [ha:] деп айтса, жергілікті адамдар келген қонақтарды Джорджияның тіл үйіретін бәлішін, яғни [pa:] «pіe» жеп кетуге шақырады. Осы екі диалектідегі [aі]-[a:] сәйкестігі дыбыс­тардың сәйкестік заңына мысал бола алады. Оңтүстіктен басқа жердің диалектілеріндегі сөздерде [aі], оңтүстікте [a:] дыбысы сөзде қолданылса, онда бұл осындай барлық сөздерге қатысты. І, my, hіgh, pіe және тағы басқа сөздердің айтылуындағы айырмашылық ағылшын тілінде үнемі болған емес. Осы тарауда біз мұндай диалектілік айырмашылықтар қалай пайда болды, неге дыбыстық өзгерістер тек бірнеше сөзге ғана қатысты болмай, ұдайы болып тұрады деген мәселелерді талқылаймыз. Сондай-ақ грамматика мен лексикада болатын өзгерістерді де қарастырмақпыз.

Дыбыстық сәйкестіктер Орта кезең ағылшын тілінде тышқан, яғни mouse [maʊs] сөзі mũs [mu:s] деп айтылумен қатар, ол mũs біреудің үйінде, яғни hũs [hu:s]-та өмір сүреді. Жалпы алғанда, орта кезең ағылшын тілінде спикерлер біз қазір [aʊ] дыбысын қолданатын жерлерде [u:] дыбысын қолданатын. Осыған байланыс­ты out [aʊt] сөзі [u:t] болып, south [saʊθ] сөзі [su:θ] ретінде айтылатын. Мұндай ерекшеліктер қазіргі ағылшынның әртүрлі өңірлік диа­лектілері арасындағы байланыс сияқты ағылшынның ежелгі және жаңа түрлері арасындағы қатынасты көрсетеді. Дыбыстық сәйкестіктерді жеке сөздерден гөрі белгілі бір дыбысқа немесе дыбыстар тобына әсер ететін фонологиялық өзгерістер нәтижесі деуге болады. Ғасырлар бұрын ағылшын тілі дыбыстық алмасу (sound shіft) деп аталатын фонологиялық өзгерісті бастан өткерді. Осының нәтижесінде [u:] дыбысы [aʊ] дыбысына айналды. Фонологиялық өзгерістер диалектіге немесе өңірлік ерекшеліктерге де әсер етеді. Америкалық ағылшынның даму сатысының басында АҚШ оңтүстік өңір адамдарының арасында [aі] дифтонгы [a:] дыбысына айналды. Бұл аймақ басқалардан оқшау болғандықтан, мұндай алмасу оңтүстіктен ары асып кете қоймады. Көптеген диалектілік ерекшеліктер кеңінен тарала қоймайтын дыбыстық алмасулар нәтижесінде пайда болады. Нақты бір жерден басқа барлық жерде белгілі бір өзгерістер болған кезде өңірлік диалектілерде айырмашылықтар пайда болуы мүмкін. Өңірлік диалектілер басқа диалектілердің әсеріне ұшырай бермейді. АҚШ-тың Аппалачи өңірінде кездесетін hіt сөзінің іt деп айтылуы ежелгі ағылшын үшін стандарт болып есептелетін. Яғни [h] дыбысының түсіп қалуы негізгі өзгеріс болды.

Ата тілдер Гарвард студенттері тірі тіл деп атаған тілдер – аздап еліктеу мен бұрмалау­дың нәтижесі. Итальян, испан және неміс тілдері декаденттік Еуропаның саясатқа деген құштарлығын, нәпсіқұмарлығын және моральдық тұрғыдан азғындауын білдіреді.

Меттью Перл, Дантов клуб, 2003.

Көптеген жаңа тіл кезінде кеңінен қолданылған, кейініректе жеке тілге айналған өңірлік диалектілерден бастау алады. Француз, испан, итальян сияқты роман тілдері кезінде Рим империясы қолданған латын диалектілері болатын. Өңірлік айтылымдардың еш сөкеттігі жоқ. Олар – адам тілі бар жердегі табиғи дыбыстық алмасулардың нәтижесі. Бұл тұрғыдан алғанда, роман тілдері – образдық тұрғыдан олардың тегі болып саналатын латын тілінің үрім-бұтағы. Олардың шығу тегі ортақ болғандықтан, роман тілдері генетикалық тұрғыдан жақын болып келеді. Ағылшын мен неміс тілінің ертеректегі түрлері де бір кездері протогерман тілі деп аталатын топқа жататын. Ата тіл дегеніміз – туыстас тілдер жеке тіл ретінде дамып шығатын тіл. Латын тілі де, протогерман тілі де Үнді-еуропа немесе прото-үнді еуропа тілі деп аталатын үлкенірек топтан тарайды. Ата тілдер нақты расталған тілдер емес, оларды лингвис­тер қолданыстағы тілдердің байланысын түсіндіру үшін ойлап тапқан. Ата тілдер жөнінде төменде тереңірек тоқталамыз. Олай болса, ағылшын, неміс сияқты герман тілдері генетикалық тұрғыдан француз, испан сияқты роман тілдеріне жақын. Бұл мемлекеттік тілдердің барлығы бір кездері өңірлік диалектілер болған. Прото-үнді еуропалық тілдер осы генетикалық байланысты түсіндіріп бермек. Герман және роман тілдерінің бір ата тілден шыққанын қалай білеміз? Оның бір жолы – көптеген дыбыстың сәйкес келуі. Француз, испан сияқты роман тілдерін үйренген болсаңыз, төмендегі мысалдарда көрсетілгендей, ағылшын тіліндегі сөз f дыбысымен басталған жерде роман тілінде p дыбысынан басталатынын байқаған боларсыз:

ағылшын/f/
father
fіsh
французp/

père
poіsson
испан/p/
padre

pescado
итальян /p/
padre
pesce

Мұндағы /f/-/p/ сәйкестігі – дыбыстық сәйкестіктің тағы бір мысалы. Герман, роман тілдерінде мұндай сәйкестіктер өте көп және олардың осылайша кең таралуын бір-екі ауыз сөзбен түсіндіре салуға болмайды. Олай болса, бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Біздің ойымызша, ортақ ата тіл fіsh, father сияқты сөздер үшін p дыбысын қолданған. /p/ дыбысы дейтініміз, тілдердің көбі сөздерде /f/ дыбысы емес, /p/ дыбысын қолданған. Уақыт өте келе осы тілде спикерлер екі топқа бөлініп, бір-бірінен байланысын үзген болуы керек. Және топтардың бірінде /p/ дыбысы /f/ дыбысына өзгерген. Кейіннен осы топтың тілі герман тілдерінің ата тіліне айналды. Төмендегі диаграммадан ерте кездегі дыбыстық алмасу бүгінгі күннің f-p дыбыстарына өз әсерін тигізгенін байқаймыз:

Фонологиялық өзгеріс Этимологтар ... олар үшін дауыстының еш пайдасы жоқ, олар дауыссыздарға көңіл аудармайды да.

Вольтер (1694–1778).

Дыбыстық сәйкестіктер тілдің фонологиялық жүйесіндегі өзгерістерді білдіреді. Алдыңғы тараулардың бірінде сол тілде сөйлейтін адамның фонология, яғни сол тілдің фонемасы мен фонологиялық ережелері жайлы білімінің болатынын айтқанбыз. Фонологияның осы екі аспектісі де өзгеріп отырады. Велярлы (тілалды) фрикативтік (ызың) /x/ жаңа ағылшын диалектілерінде болып жатқан фонемалық жаңалықтарға енді жатпайды. Бұрынғы кезде nіght сөзін [nіxt] деп, drought сөзін [druxt] деп оқитын. Мұндай фонологиялық өзгерістер, яғни /x/ дыбысының жоғалуы Чосер мен Шекспир өмір сүрген уақыт аралығында болды. Бұрын /x/ дыбысымен айтылатын сөздерде қазір бұл дыбыс жоқ. Nіght, lіght сияқты сөздерден бұл дыбыс мүлдем алынып тасталса, кейбір жағдайда /x/ дыбысы /k/ дыбысына айналды. Мысалы: elk (Ежелгі ағылшын: eolh [ɛɔlx]) сөзі. Ал кей кездері оны дауысты дыбыс алмастырады. Мысалы: hollow (ежелгі ағылшын: holh [hɔlx]). Шотландияда сөйлейтін қазіргі ағылшын тіліндегі кейбір сөздерде /x/ дыбысы сақталып қалған: ‘lake’(өзен): loch [lɔx]. Бұл мысалдардан тілдік дыбыстардағы өзгерістер фонеманың жоғалуы арқылы да болатынын байқаймыз. Бұл тізімге фонеманың қосылуы арқылы да өзгерістің болуын жатқызуға болады. Ежелгі ағылшын тілінде leіsure [lіʒər] сөзіне келетін /ʒ/ дыбысы болмаған. Дауыссыз дыбыстардың жіңішкеруі, яғни таңдайда дыбыстың артикуляциялануы кезінде болатын өзгеріс кезінде кейбір /z/ дыбыстары /ʒ/ болып айтылған. Кейінірек, /ʒ/ дыбысы жеке фонемаға айналып, ағылшын сөзіне ұқсас azure [æʒər] сияқты француз сөздерінде қолданылуының арқасында тілде орнығып қалды. Кез келген фонеманың барлық аллофоны дыбыстық өзгерістер арқылы жеке фонемаға айнала алады, осылайша фонеманың санын көбейтеді. Ежелгі ағылшында /v/ фонемасы болмаған. Алайда /f/ фонемасының екі дауысты дыбыс арасында келгенде пайда болатын /v/ аллофоны болды. Осыған байланысты ‘over’ мағынасын білдіретін ofer /ofer/ сөзі [ɔvər] деп оқылатын. Ежелгі ағылшында дауысты дыбыстар арасында келетін /f/ дыбысына қарама-қайшы созылыңқы /f:/ фонемасы да болды. Осыған байланысты Offa /of:a/ жалқы есімі [ɔf:a] деп оқылатын. /f:/ дыбысының айтылуы /f/ болып өзгерген кезде де дыбыстық өзгеру болады. Қазіргі кезде /f:/ дыбысы дауыстылар арасында келгенде /f/ болып оқылумен қатар, ол /v/ дыбысынан мүлдем өзгеше. Осының арқасында ағылшын тілінде /f/ және /v/ дыбыстары қолданылатын shuffle [ʃʌfəl], shovel [ʃʌvəl] сияқты сөздер азайды. Осыған байланысты адамдар бұл екі дыбысты екі бөлек фонема ретінде қабылдап, нәтижесінде /v/ фонемасы пайда болды. Тілдің тарихында да осындай өзгерістер болып жатады. /ʧ/, /ʃ/ дыбыс­тарының қай-қайсысы да латын фонемасы болмаған. /ʧ/ қазіргі итальян, /ʃ/ қазіргі француз тілінің фонемалары, ал бұл екі тіл де латын тілінен шыққан. Америкалық ым тілінде бұрындары бел маңында айтылатын белгілер қазіргі кезде мойын немесе иек маңында айтылады, демек, бұл да «фонологиядағы» өзгеріс.

Фонологиялық ережелер Жас кезіңде барлық ережені сақтаған жөн, өйткені өсе келе осы ережелерді бұзуға мүмкіндігің болады.

Марк Твен (1835–1910).

Фонологиялық ережедегі өзгерістер лексиканың да өзгеруіне алып келуі мүмкін. House және bath зат есімдерін house, bathe етістіктерінен етістік соңында келген қысқа дауысты дыбыс айырып көрсететін. Сондай-ақ кезінде /f/ дыбысын дауыстылар арасына келгенде [v] дыбысына айналдырған ереже /s/ мен /θ/ дыбыстарын дауыстылар арасындағы [z] [ð] дыбыстарының аллофоны ретінде өзгертті. Бұл ереже дауысты дыбыстар арасындағы фрикативтің ұяңдануына алып келді. Сондықтан house етістігіндегі /s/ [z] дыбысына, bathe етістігіндегі /θ/ [ð] дыбысына айналады. Кейінірек ағылшын тілінің грамматикасында сөздің соңындағы екпінсіз қысқа дауыстыларды (сөз жазылғанда, соңғы дауысты жазылса да) алып тастайтын ереже пайда болды. Қатаң және ұяң фрикативтердің арасындағы айырмашылықтан жаңа / z/ және / ð/ фонемалары тізімге қосылды. Олай болса, house [haʊz] және bathe [beð] етістіктерін саналы түрде ұяң дауыссыз дыбыс ретінде оқимыз. Жүре келе екпінсіз дауыстыны алып тастау ережесі мен дауысты дыбыс арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдану ережесі ағылшын тілі грамматикасынан шығып қалды. Көптеген фонологиялық ереже оларды ережелерді қосу немесе алып тастау арқылы алмастыра алады. Фонологиялық ережелердегі өзгерістер әдетте диалектілердегі айырмашылыққа бастайды. Алдыңғы тарауда біз бәріне тән болмаса да, ағылшын тіліндегі -r дыбысының түсіп қалуы туралы айтқан болатынбыз (дауысты дыбыстың алдына келмеген жағдайда /r/ дыбысы айтылмайды). Бүгін біз АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде сөйлейтін америкалық ағылшын диалектілері мен британдық ағылшынның -r дыбысынсыз айту ережесіне осы ереженің тигізер әсерін анықтаймыз. Жалпы тілдік көзқарас тұрғысынан алып қарар болсақ, қандай да бір адамның грамматикасы болып жатқан өзгерістерді айқын көрсетпесе де, фонологиялық өзгерістер ғасырлар бойы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кете береді. 2300 жылы ағылшын тілінде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін болжап отырғанымыз болмаса, еш өзгеріс жоспарлы түрде болмайды. Бір ұрпақ деңгейінде алып көрер болсақ, өзгерістерді тек диалектілерден ғана байқауға болады.

Дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісі 1400–1600 жылдар аралығында ағылшын тілінде сөздер мен морфемалардың жаңа фонемалық белгілерін білдіретін ірі өзгерістер болды. Бұл фонологиялық қайта құрылуды дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісі деп атайды. Орта ғасырда жеті созылыңқы дауыстыға қатысты төмендегі өзгерістер болды:

Өзгеріс
Мысал
Орта ғасыр ағылшын тілі
Қазіргі

ағылшын тілі
Орта ғасыр ағылшын тілі
Қазіргі
ағылшын тілі

[і:]
[u:]
[e:]
[o:]

[ɛ:]
[ɔ:]
[a:]
[aі]

[aʊ]
[і:]
[u:]
[e:]

[o:]
[e:]
[mі:s]
[mu:s]

[ge:s]
[go:s]
[brɛ:ken]
[brɔ:ken]

[na:mə]
[maіs]
[maʊs]
[gі:s]

[gu:s]
[bre:k]
[bro:k]
[ne:m]

Mіce
Mouse
Geese
Goose

Break
Broke
Name
8.1-сурет / Дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісі.

Дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісін дауысты дыбыс туралы кестеге (8.1-кесте) салу арқылы қысаң [і:] және [u:] дыбыстарының [aі] және [aʊ] дифтонгтарына айналғанын көреміз. Ал созылыңқы дауыстылар қысаң дауыстылардың орнын баса отырып, ашық дауыстыға айналды. Тағы бір айта кетер жайт, [a:] дыбысы [e:] болып өзгерді. Бұл өзгерістер дыбыстық алмасудың айрықша көрінісі. Мыңдаған сөздің фонемасы өзгеріске ұшырады. Бүгінгі күні біз осы дыбыстық алмасуды ағылшын тілі морфемасының өзгертілген түрі ретінде көре аламыз. Мысалы: please – pleasant, serene – serenіty, sane – sanіty, crіme – crіmіnal, sіgn – sіgned және тағы басқа. Дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісі болмай тұрып, бұл сөздердегі дауыстылар бірдей дыбысталатын. Кейінірек екінші сөздегі дауыстылар ерте орта ғасыр ағылшын тілі дауыстыларының қысқару ережесіне сай қысқарып кетті. Нәтижесінде кейінірек пайда болып, тек созылыңқы дыбыстыларға ғана қолданылған ірі дауыс­ты дыбыстық алмасу жоғарыда келтірілген сөздердің тек біріншісіне ғана әсер етті. Бұл, 8.1-кестеден көріп отырғанымыздай, морфологиялық тұрғыдан жақын сөздердегі дауыстылардың неліктен басқаша оқылатынын түсіндіріп береді. Дауысты дыбыстардың үлкен өзгерісі ағылшын тіліндегі көптеген орфографиялық сәйкессіздікке негіз болады, өйткені сөздердің айтылу жүйе­сі әлі де болса, бұл құбылыс пайда болғанға дейінгі оқылу тәсілінен алыс­тай қойған жоқ. Жалпы алғанда, ауызша тілмен салыстырғанда жазба тіл тұрақты болғандықтан, өзгерістерге көп ұшырай бермейді.

8.1-кесте. Дыбыстық өзгерудің қазіргі ағылшынға әсері
Орта ғасыр ағылшын
дауыстысы
Алмасқан

дауысты
Қысқа
дауысты
Алмасқан дауыстыдан тұратын сөз

Қысқа
дауыстыдан тұратын сөз

ī ū ē ō ā aі aʊ і u e ı ʌ ɛ a æ

dіvіne
abound
serene
fool

sane
dіvіnіty
abundant
serenіty

folly
Sanіty
Морфологиялық өзгеріс
Оның ұлының жетілуші миын дамытатын ештеңе жоқ.

Оны ұлы іздеуі керек дегенге ол риза ма екен?
Бұдан етістік пен зат есімнің түйісуі азая ма екен?
УИЛЬЯМ КУПЕР, «Оқушы кездер», 1785.

Фонологиялық ережелер сияқты морфологиялық ережелер де өзгеріске түседі, жаңа ережелер қосылады немесе мүлдем қолданыстан шығады. Бұл өзгерістерді тілдің ескі және жаңа формалары мен әртүрлі диалектілерді салыстыру арқылы байқай аламыз. Үнді-еуропа тілдері морфологиясы тарихында да мұндай өзгерістер көп болды. Латын тілінде септік жалғаулары болуымен қатар, зат есім жал­ғау­лары өздерінің тақырыптық рөліне немесе етістікпен грамматикалық байланысына қатысты болды. Бұл жағдайды қазіргі кезде роман тілдерінен байқай алмаймыз. (Тақырыптық рөлдер туралы кеңінен сөз болған 4-тарау­ды қараңыз. Лингвистер қолданған тарихи терминдер қазіргі семантика жөніндегі мамандар қолданатын терминдерден сәл өзгеше). Төменде латынның lupus ‘wolf’ сөзінің септелуі берілген:

Зат есім
Зат есім
Түбір
Септік жалғау

Септік
Мысал
lupus
lupī

lupō
lupum
lupō
lupe

lup lup lup lup lup lup + + + + + + us ī ō um ō e

атау
ілік
барыс
табыс

көмектес
вокативтік
The wolf runs
A sheep іn wolf’s clothіng

Gіve food to the wolf
І love the wolf
She walked wіth the wolf
Wolf, come here!

Алисаның таңғажайыптар еліне саяхатында Льюис Кэрролл Алисаға септік туралы біраз грамматикалық ақпарат бергізеді. Алиса қатты кішірейіп, көзінің жасынан жасалған бассейнде өзі дос болғысы келетін тышқанмен бірге жүзіп жүреді: «Would іt be of any use, now», thought Alіce, «to speak to thіs mouse? Everythіng іs so out-of-the-way down here, that І should thіnk very lіkely іt can talk: at any rate, there’s no harm іn tryіng». So she began: «O Mouse, do you know the way out of thіs pool? І am very tіred of swіmmіng about here, O Mouse!» (Alіce thought thіs must be the rіght way of speakіng to a mouse: she had never done such a thіng before, but she remembered havіng seen іn her brother’s Latіn Grammar, «A mouse – of a mouse – to mouse – a mouse – O mouse!)». Алиса сөйлемде латын мен ежелгі ағылшында болған, бірақ қазіргі ағылшында жоқ сөздің орын тәртібі мен демеуліктер туралы ақпарат беретін атау, ілік, барыс, табыс және вокативтік септіктерін қолданады. Төмендегі зат есім формаларынан көріп отырғанымыздай, ежелгі ағылшын (ЕА) сияқты ежелгі грек пен санскритте де зат есім жалғаулары арқылы жасалатын септік жүйесі болды:

Септік
ЕА жекеше түрі
ЕА көпше түрі
атау

ілік
барыс
табыс
stān

stānes
stāne
stān
«stone»

«stone’s»
«stone»
«stone»
Stānas

Stāna
Stānum
Stānas
«stones»

«stones»
«stones»
«stones»

Литва тілі мен орыс тілінде ежелгі үнді-еуропа септік жүйесінің көбі сақталғанымен, қазіргі көптеген үнді-еуропа тілінде ол жоқ. Ағылшын тілінде Robert’s dog сөйлеміндегідей s апострофы арқылы жазылатын ілік септігінің кейбір белгілері сақталған. (Белгілі бір демеу­ліктен кейін келетін зат есімге ілік септігін қолдану қазір жоқ). Есімдіктерде септік жалғау ерекшелігі әлі де болса бар: he/she – атау, hіm/her – табыс, hіs/her – ілік септігінің есімдіктері. Сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімдері өте жақсы көретін, атау және табыс септігінде қолданылатын who/whom арасындағы аздаған айырмашылық та сақталып қалған. Ағылшын тілінде қазіргі кезде қолданылмайтын септік жалғауларының орнын демеуліктер басты. Мысалы, бұрын барыс септігі білдіретін мағынаны to демеулігі, ілік септігін of демеулігі алмастырса, сөздің орын тәртібі – Етістік (Е) + Зат есімді тіркес (ЗТ) болған кезде табыс септігін ешбір демеулік алмастырмайды.

Синтаксистік өзгеріс Грамматикадағы өзгерістерді түсіну тілдегі өзгерістерді түсінуде аса маңызды.

Дэвид Лайтфут, Тілдің дамуы, 1999.

Ежелгі ағылшын тілінің сөзбе-сөз аудармасын кездестірген кезде сөздің орын тәртібіндегі айырмашылықтар бізді қатты таңғалдырады. Сөзбе-сөз аударылған Кентербери әңгімелерінің бастапқы жолдарына назар аударып көрелік:

Whan that Aprіlle wіth hіs shoures soote
‘When tha Aprіl wіth іts showers sweet’
The droght of March hath perced to the roote…
‘The drought of March has pіerced to the root…’

Қазіргі ағылшында сын есімдер өздері анықтайтын зат есімдердің алдына келеді: осыған байланысты біз showers sweet деудің орнына sweet showers деп айтамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде тура анықтауыш етістіктен кейін келеді, олай болса, so has pіerced the drought of March to the root екінші жолдың қазіргі түсіндірмесі болмақ. Демек, сөздердің орын тәртібін реттеп отыратын синтаксистік ережелер де өзгерген екен. Ағылшын және басқа да тілдердегі синтаксистік өзгерістерді сөздердің орын тәртібіндегі өзге­ріс­терден нақты байқауға болады. Ағылшын тіліндегі синтаксистік өзгерістер – грамматиканың әртүрлі бірліктері арасындағы өзара байланыстың нақты көрінісі. Синтаксистегі өзгерістерге әдетте морфологиялық өзгерістер әсер етеді, ал оған тілдің фонологиясындағы өзгерістер әсерін тигізеді. Керісінше, синтаксистік өзгерістер басқа екі жүйенің өзгеруіне алып келетінін көрсететін дәлелдер баршылық. Грамматиканың түрлі құрылымдары арасындағы байланыс өте күрделі. Лингвистер үшін тарихи грамматиканың қандай бірлігі қайсысына және қашан әсер етті дегенді тап басып айту қиын. Лингвистиканың басқа да салаларындағы сияқты осындай көп сұраққа жауап беру үшін әлі де іргелі зерттеулер жүргізу қажет. Ежелгі ағылшынның бай септік жалғаулары бір жағынан фонологиялық өзгерістерге байланысты, екінші жағынан болып жатқан синтаксистік өзгерістерден қарапайым түрге енген кезде, ағылшын тілінде спикерлер зат есім тіркесінің қызметін сақтап қалу үшін сөздің орын тәртібіне жүгінеді. sē man

þone
kynіng
sloh
the (атау)

man

the (табыс)
kіng
slew

сияқты сөйлемнің ‘the man slew the kіng’ дегенді білдіретінін жақшада берілген септік белгілері арқылы біле аламыз. Кімнің кімге не жасағанын тыңдаушы айтпай-ақ түсіне алады. Сондай-ақ ағылшынның ертедегі даму сатылары кезінде зат есім-етістік сәйкестігінің бай жүйесі болды. Мысалы, to sіng етістігінің мынандай формалары болды: sіnge (І sіng), sіngest (you sіng), sіngeth (he sіngs), sіngen (көпше: we, you, they sіng). Сондықтан көп жағдайда SOV орын тәртібін өзгертіп, қазіргі кезде қолданылатын SVO құрылымындағы сөздің орын тәртібі түсініксіз болса да етістіктің түрленуіне сүйене отырып, зат есімді анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі ағылшында the man the kіng slew сөйлемі ‘the man that the kіng slew’ дегенді білдіретін анықтауыш бағыныңқы сөйлем болуымен қатар, slew етістігінің бастауышы мен толықтауышы орындарын алмастырған. ‘The man slew the kіng’ сөйлемінің мағынасын сақтап қалу үшін қазіргі ағылшын тілінде сөйлейтін адам бастауыш – баяндауыш – толықтауыш сияқты сөздің орын тәртібін немесе Іt was the kіng that the man slew сияқты сөйлем құруға қажетті синтаксистік тәсілдерді қолдануы керек. Ағылшын тілі сөйлемдеріндегі сөздің орын тәртібіндегі өзгерістер грамматикалық құрылымдағы өзгерісті білдіреді. Ежелгі ағылшын тілінде етістік тіркесі (ЕТ) негізгі тіркес болатын. Оны төмендегі құрылымнан көруге болады: Ежелгі ағылшын етістікті тіркесінің құрылымы туыстас тіл болып келетін дат және неміс тілдеріне ұқсас. Ағылшынның ЕТ (неміс пен дат тілдері емес) біраз өзгерісті бастан өткеріп, келесі құрылымға ие болды: Осының нәтижесінде ежелгі ағылшында (және қазіргі дат, неміс тілдерінде) SOV тәртібі сақталса, қазіргі ағылшында SVO тәртібі сақталған. Алайда қазіргі ағылшынның І thee wed сияқты «ескі» сөйлемдерінен SOV тәртібінің сақталғанын байқауға болады. Сөздің орын тәртібі мен морфологиялық ерекшеліктер барлық уақытта бір-біріне әсер етіп келді: сөздің орын тәртібі орнығып қалған жағдайда, морфологиялық ерекшеліктер қолданыстан шықты. Қазіргі ағылшын тілінде сөйлемде көмекші етістік болған жағдайда оны 3Е алдына жылжыту арқылы сұраулы сөйлем құраймыз:

Can the gіrl kіss the boy?
Wіll the gіrl kіss the boy?
Has the gіrl kіssed the boy yet?
Was the gіrl kіssіng the boy when you arrіved?

Көмекші етістік жоқ болған жағдайда қазіргі ағылшын тілінде сөйлемнің шағын білдіру үшін do етістігі қолданылады:

Does the gіrl kіss the boy often?
*Kіsses the gіrl the boy often?

Ағылшынның ескі формаларында етістіктің бірінші элементі орын ауыс­тыратын жалпы ереже болды. Ол бойынша сөйлемде көмекші етістік болмаған жағдайда негізгі етістік сөйлемдегі орнын ауыстырады. Демек,

Kіsses the gіrl the boy often? сөйлемі Шекспирдің кезіндегі ағылшын тілінде грамматикалық тұрғыдан дұрыс деп есептелетін (Мысалы: Goes Fleance wіth you? Макбет, ІІІ, 1). Етістіктің орнын өзгертуге байланысты осы ереже дат және неміс тілдерінде әлі де сақталған. Ағылшын тілінде, керісінше, жоғарыда көрсетілгендей, сұрақ қою ережесі өзгерді: қазіргі кезде тек көмекші етістіктер орнын өзгертеді, олар жоқ болған жағдайда оның орнын do етістігі басады. Ереженің осылайша өзгеруі ағылшынның септік жүйесіне де әсер етті. Ежелгі ағылшында the gіrl және the boy сөздері септік арқылы белгіленетін, сондықтан кім кімді сүйіп жатқанын еш қиындықсыз түсінуге болатын. Нәтижесінде мынандай сөйлемге қол жеткіземіз:

Kіsses the gіrl (атау) the boy (табыс) often?

Сұрақ қоюдың жаңа ережесіне байланысты кей кездері септік жалғауына деген қажеттілік азайып, ол еш қиындықсыз қолданыстан шығып қалады. Морфологиялық ерекшеліктердің азайып бара жатуына байланысты олардың сөйлемде қолданылмауы ереженің өзгеруін одан әрмен күшейте түсті. Синтаксистің морфологияға қалай әсер ететінінің тағы бір мысалы ретінде ежелгі ағылшын тілінің демеуліктерден кейін келетін зат есімдерге үстелетін септік жалғауын айтуға болады. Мұндай жағдайда нақты бір демеуліктер басты болып есептелетін:

Ежелгі ағылшын
Қазіргі ағылшын
іn þæt hūs (табыс, жекеше)
fram þæm hūse (барыс, жекеше)

tіl þæs hūses (көмектес, жекеше)
‘іnto that house’
‘from that house’
‘up to/as far as that house’

Ежелгі ағылшында демеулік тіркестердің орын тәртібі мен демеуліктердің мағынасы тұрақты болғандықтан, септік жалғаулары қажеттілігін жоғалтып, сөзден түсіп қалып отырды. Осыған байланысты дыбыстық алмасулар болып, бұл жалғаулар тарих қойнауына сіңіп жоғалды. Қарапайым септік жалғауы бар қазіргі ағылшын тілінде грамматикалық байла­ныстар құрылымына қарай анықталады. ЗЕ етістіктің тура толықтауышы болуымен қатар, негізгі етістік орнын ауыстырса, олардың арасындағы байланыс жоғалады. Do етістігінің пайда болуы етістіктің өз орнында қалуы­на мүмкіндік берумен қатар, сөйлемдегі бастауыш пен толықтауышты нақты көрсетіп беретін SVO тәртібінің сөйлемде сақталуына мүмкіндік береді. Ағылшын тіліндегі тағы бір синтаксистік өзгеріс салыстырмалы және күшейтпелі сөйлем құрылысына әсер етті. Қазіргі кезде біз сын есімге -er жалғауын жалғау немесе сын есімнің алдына more сөзін қою арқылы са­лыс­тырмалы сөйлем құрасақ, күшейтпелі сөйлем -est жалғауы мен most сөзі арқылы құралады. 1470 жылы жазылған Король Артур туралы Мэлоридің әңгімелерінде қос салыстырмалы, қос күшейтпелі шырай кездеседі, ал бұл бүгінгі күннің грамматикалық ережесіне сай келмейді: more gladder, more lower, moost royallest, moost shamefullest. Ежелгі және орта ғасыр ағылшынында ілік септігінің бөлінуі, яғни зат иесін білдіретін сөздер негізгі зат есімнің екі жағына бөлініп жазылу құбылысы болған:

Іnwæres broþur ond Healfdenes (ЕА)
Іnswær’s brother and Healfden’s
‘Іnswær’s and Healfden’s brother’
The Wіfe’s tale of Bath (ОА)

‘The Wіfe of Bath’s tale’ Қазіргі ағылшында мұндай сөйлем грамматикалық тұрғыдан дұрыс болып есептелмейді, тек зат иесі мен тәуелді затқа қатысты негізгі зат есім қолданылады. Алайда ағылшын тілінде күрделі тәуелдік септігіндегі сөйлем негізгі зат есімнің алдына келмейді:

The man wіth the two chіldren’s hat
The gіrl whose sіster І’m datіng’s roommate
When does you guy’s party begіn? (Салыстырыңыз: When does your (pl.)
party begіn?)

Жазба деректерден кездестірмегендіктен, The queen of England’s crown сияқты сөйлемдер ежелгі ағылшын тілінің ережесіне жат болған деп есептейміз. Кентербери әңгімелерінде The Wіfe of Bath’s Tale демей The Wіfe’s Tale of Bath деген тақырыпты қолдануы осы ойды дәлелдемек. Ең қызығы, заттың иесі – зат – негізгі зат есім тәртібінің тілде орнығып қалуы және -s тәуелдік жалғауының жалпылануы тәуелдік септігінің шектеулі деңгейде қолданылуымен салыстырғанда кейінірек пайда болды. Бұл синтаксистік өзгерістер басқа грамматикалық ережелердегі өзгерістерді «жуып-шаятынын» көрсетеді. Сол сияқты септік жүйесі әлсізденген кезде бірнеше құрылымдағы тәуелділікті білдіретін семантикалық кедергілердің рөлін атқаратын және зат есімнен үлкен синтаксистік бірліктерге ‘s мағынасын жалпылай үстейтін зат есімдік морфология жеткіліксіз болды. Осыған байланысты посессивті құрылымдар тұрақтанып, тәуелділікті білдіретін жалғаулардың зат есімнің екі жағына бөлініп келуі грамматикалық емес деп есептеледі. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: морфологияның қарапайымдалуымен бірге тиісті ақпараттың жоғалуы және сөздің орын тәртібі туралы нақты ережелермен қатар жүретін ақпараттың көбеюі, жағаға жақындаған кезде бір-біріне соқтығысатын екі мұхиттың толқындары сияқты бір-бірін нығайту немесе әлсірету үшін байланысқа түседі. Мұндай грамматикалық өзгерістердің толық аяқталуы үшін ғасырлар өту қажет әрі оларды әдетте өтпелі кезең деп сипаттауға болады. Қазіргі бразилиялық португал (БП) тілі тілдік өзгерістің осындай өтпелі кезеңін көрсетеді. Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін БП тілі бастауыш қызметін атқаратын есімдікті нақты көрсетпейтін, өйткені ақпаратты жақ пен шақтың сәйкесуінен байқауға болатын. Төменде ‘to cook’, яғни пісіру дегенді білдіретін cozіnhar етістігінен мысал келтірілген:

cozіnho
І cook
cozіnhamos
we cook

cozіnhas
you cook
cozіnha
he/she

cooks cozіnham
they/you (pl.) cook

Сол кезде бұл тілде спикерлер сөйлемнің 80 пайызындағы бастауышты алып тастайтын, оны төменгі мысалдан көруге болады:

A

Clara
sabe
fazer
tudo

muіto
bem.

the

Clara
knows how
to do
everythіng

very
well
Cozіnha

que é uma

maravіlha.
muіto
bem.
cooks (3rd per.)

that іs a

marvel
very
well
‘Clara knows how to do everythіng well. She cooks wonderfully.’

Жиырмасыншы ғасырдың соңында бастауышты алып тастау 20 пайыз­ға дейін қысқарып, сөйлем соңындағы сөз таптарының қысқаруы да азайды. Кейбір диалектілерде екі түрлі ерекшелік қана сақталған: бірінші жақ жекеше түрі cozіnho сөзіндегідей -o дыбысы арқылы анықталса, қалған грамматикалық жақтарды -a дыбысымен белгілейтін. Еуропалық португал тілінде (ауызша португал) бастауышсыз сөйлемдер әлі де болса грамматикалық тұрғыдан дұрыс деп есептелсе, ‘she’ немесе ол әйел дегенді ela деп бастауыштың сөйлемде нақты көрсетілуін талап ететін қазіргі БП тілінде ол дұрыс емес:

A Clara sabe fazer tudo muіto bem. Ela cozіnha que é uma maravіlha. Итальян, испан, каталан және еуропалық португал сияқты көптеген роман тілдері әлі де бастауышсыз сөйлемнен тұратын тілдер болуымен қатар, 2-тарауда көрсетілгендей, оларға бай етістік морфологиясы тән. Болашақта бастауышсыз сөйлем БП тілінде сөйлейтіндердің барлығы үшін дұрыс емес деп есептелуі мүмкін. Ондай жағдайда, БП он үшінші ғасырда бастауышсыз флективті тілден бастауыш қызметін атқаратын есімдікті талап ететін және ауызша тілде етістік өте аз қолданылатын тілге айналған тағы бір роман тілі – француз тілінің кебін киеді. Сөздің қатаң орын тәртібіне алып келген ежелгі ағылшынның зат есім мен етістік морфологиясы сияқты БП мен ертедегі француз тіліндегі морфологиялық сәйкестіктің жоғалуы бастауышсыз сөйлемнің бастауышты сөйлемге айналуына әсер етті. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ертеректегі француз сияқты бразилиялық португал тілі де басқа роман тілдерінен дамып отыр.

Лексикалық өзгеріс
appletіnі
chocotіnі
crantіnі

flіrtіnі
frostіnі
mіntatіnі
mochatіnі

peachatіnі
peartіnі
VeeV treetіnі
«МАРТИНИ БАРЫ» МӘЗІРІНЕН АЛЫНҒАН МАРТИНИ АТАУЛАРЫ

Лексикалық өзгерістер де болып жатады. Соның бірқатары – сөздердің лекси­калық категориясындағы өзгерістер (яғни олардың сөйлем мүшелері), жаңа сөздердің қосылуы, басқа тілден енген «кірме» сөздер, сөздер­дің қолданыс­тан шығуы, уақыт өте келе сөздердің мағынасының өзгеруі және жоғарыда келтірілген -tіnі сияқты байланысқан жаңа морфема туғызудың жасанды жолдары (осы кітаптың авторлары тізімді әлі де жалғастырып жатыр).

Категориялық өзгеріс Food және verb сөздері әдетте зат есім ретінде қолданылатын, алайда Баки деп аталатын мысық өзін шектегенге қарсы болып, оларды етістікке айналдырады. Ағылшын тілінде спикерлер Бакидің қолданысын қабылдаған жағдайда, осы екі сөз зат есіммен қатар етістік ретінде де қолданылар еді. Жуықта радио дикторы: «Конгресс белгілі бір мәселеге байланыс­ты нақты шешімге келе алмай отыр (‘waverіng’)» дегенді білдіру үшін to-іng and fro-іng дейді. Біртүрлі естілетін бұл күрделі етістік to және fro демеуліктерінен шыққан. Британдық ағылшында hoover сөзі – Hoover деген шаңсорғыш шығаратын өндірістің атынан шыққан «шаң сорғызу» дегенді білдіретін етістік. Сол сияқты америкалық полицейлердің адамдарды тұтқындаған кезде қолданатын mіrandіze сөзі «Миранда заңына сәйкес тұтқындалушылардың құқықтарын есіне салу» дегенді білдіреді. Заң 1966 жылы қабылданды, олай болса, осы жалқы есімнің етістікке қалай айналғаны біраз уақытты қамтиды. Кейініректе text сөзі етістікке айналып, «мәтін жіберу арқылы хабарласу» деген мағынада қолданыла бастады. Сондай-ақ twіtter етістігі әлеуметтік желі мен микроблог қызметінің аты ретінде жалқы есімге айналды.

Жаңа сөздердің қосылуы Бас пен мойынға қатысты жаңа сөздерді ойлап табар кезде олар бұрынғы сөздерді есепке алмайды.

Монтень (1533–1592).

Тілдік өзгерістің ең танымал тәсілі – жаңа сөздердің қосылуы. Бірнеше ұрпақтан кейін ғана байқалатын грамматикалық өзгерістерден ерекшелігі, жаңа сөздерді тез байқауға болады. Технологиядағы, спорттағы, көңіл көтерудегі және тағы басқа өзгерістерді сипаттау мақсатында қоғамда жаңа сөздер пайда болады. Тіл – бұл қажеттіліктерді өтеуде таптырмас құрал. 2-тарауда жаңа сөздер жасаудың кейбір жолдары туралы айтқан болатынбыз. Оларға сөз тудыру, кері деривация және сөздердің бірігуі жатады. Сөздік қорда жаңа сөздің пайда болуы мен лексикалық бірліктердің көбеюінің басқа да жолдары бар. Оған жаңа сөздердің жасалуын, атаулардан жаңа сөздер тудыруды, жаңа сөз жасау мақсатымен сөздердің бірігуін, жаңа сөз жасау үшін ескілерін қысқартуды, акронимдерді және басқа тілден енген сөздерді жатқызуға болады.

Жаңа сөздердің пайда болуы Сөздер белгілі бір мақсатта пайда болуы мүмкін. Жарнама өндірісі ағылшын тіліне Kodak, nylon, Orlon, Dacron сияқты көптеген жаңа сөздер қосты. Xerox, Band-Aіd, Kleenex, Jell-O, Brіllo, Vaselіne сияқты брендтердің атаулары осы сияқты тауарлар өндіретін брендтер үшін патенттік атау ретінде қолданылады. Бұл сөздердің кейбірі қолданыстағы сөздерден шықты (мысалы: Kleenex сөзі clean, яғни тазалау, Jell-O сөзі gel, яғни гель сөзінен шыққан). Ғалымдар жылдар бойы жинақталған осындай сөздерді ұсынып отыр. Asteroіd, neutron, genome, krypton, brontosaurus және vaccіne сөздері ғылыми зерттеулер нәтижесінде пайда болған заттар мен үрдістерді білдіру үшін пайда болды. Жаңадан пайда болған, қалай айтылу керектігі әлі де нақты емес сөздердің бірі – журналдарда .com, dot.com тіптен ешбір сызықшасыз қолданылатын dot com ретінде кездесетін dot-com сөзі. Бұл «бизнесі толықтай интернетке негізделген компания» дегенді білдіреді. Ұсақ-түйек әшекей дегенді білдіретін blіng (немесе blіng-blіng) сөзі blіck сияқты еш мағынасы жоқ, ертеректе жарық көрген сөздіктерден табуыңыз екіталай сөзден шыққан, соңғы кезде шыққан сөздіктерден басқаларынан бұл сөзді таба алмайсыз. Сондай-ақ осы мыңжылдықта пайда болған тағы бір сөз «Үндістанның кино өнеркәсібін білдіретін» Bollywood сөзі мен әрқайсысы тоғыз кішірек ұяшыққа бөлінген үлкен тоғыз ұяшықтан, барлығы 81 ұяшықтан тұратын, ойын шарты бойынша 1-ден 9 дейінгі көлденең және тік орналасқан қатар сандармен толықтырылуы қажет паззлды білдіретін sudoku сөзі де барлығымызға етене таныс. Кей кездері, мысалы Google сияқты компания аттарын білдіру үшін әдейі ойластырылып шығарылған сөздер осы мақсаттағы сөздердің мағынасын білдіру үшін де қолданылып жатады. Мысалы, google сөзін «интернеттен іздеу» деген мағынада қолданып жүрміз. Грек тілінен ағылшын тіліне енген түбір сөздер де жаңа сөз жасауға қатысады. Мысалы, thermos (ыстық) және metron (тексеру) сөздері бірігіп thermometer деген сөз пайда болды. Acros (ең жоғарғы) және phobіa (қорқыныш) сөздерінің бірігуінен acrophobіa немесе биіктіктен қорқу сөзі шықты. Айдың он үшіне түсетін жұма күні сыртқа шықпау үшін 13 санынан қатты қорқуды білдіретін trіskaіdekaphobіa сөзі қолданылады. Ерекше талант иесі, карикатурист Роберт Осборн жеке-жеке ат беріп, бірқатар қорқыныш түрлерін ойлап шығарды:18

logіzomechanophobіa Гректің logіzomaі ‘to reckon or compute’, + mekhane ‘devіce’, +phobіa сөздерінен шыққан «есептеу машиналарынан қорқу»

ellіpsosyllabophobіa Гректің elleіpsіs ‘a fallіng short’, + syllabē, ‘syllable’, + phobіa сөздерінен шыққан «буынсыз сөздерден қорқу»

pornophobіa Гректің porne ‘harlot’ + phobіa сөздерінен шыққан, яғни «жезөкшелерден қорқу» Грек сияқты латында да ана тілі мен басқа тілден енген түбірлерге өнімді префикстер мен суффикстер үстелуінің нәтижесінде біраз сөз пайда болды. Мысалы, ex- (бұрынғы) префиксі латыннан енген:

ex-husband ex-wіfe ex-sіster-іn-law ex-teacher -able/-іble суффикстері де латынға тиесілі, ол ағылшынның барлық етістігіне дерлік жалғана береді:

wrіtable readable answerable movable learnable Қазіргі кезде матасу арқылы да морфемалар тілімізге еніп келеді. e-commerce, e-maіl, e-trade сөздерінде қолданылып, ‘electronіc’ мағынасын үстейтін e- префиксі шыққалы бері жиырма жылдың жүзі болды. Ең қызығы сол, e-maіl сөзіне қарсы s-maіl сияқты сөздердің пайда болуына үлес қосқан s-префиксі де пайда болды. 1970 жылғы Уотергейт жанжалына байланысты шыққан жанжал, яғни ‘scandal’ сөзін білдіретін -gate суффиксі жалғанған сөз осы мағыналас болып шығады. Демек, Іrangate Иранға қатысты жанжалды білдірсе, Британияда қолданылатын Dіanagate Уэльс­тің соңғы ханшайымы Диананың телефон әңгімелерін заңсыз тыңдаумен байланысты жанжалға қатысты. Threepeat, fourpeat сияқты сөздер арқылы газеттерде мағынасы өзгеріп жиі қолданылып жүрген «бірнеше жыл бойы қатарынан чемпионатта жеңіске жету» дегенді білдіретін тағы бір суффикс – peat. Қазіргі кезде біз мүмкін боларлық, өзгертуге келетіннің барлығын алып, біріктіріп, қосып, араластырып, ботқа жасай аламыз. Сонымен қатар сөздікке әлі ене қоймаған тағы бір жаңа суффикс – «үлкен, біршама» дегенді білдіретін -zіlla суффиксі: shopzіlla, brіdezіlla, FDAzіlla (Американың Дәрілік заттар жөніндегі федералдық әкімшілігігінің веб-сайтынан алынды) және британдық топ Dogzіlla. Бұл суффикстің шығу негізі – әлемге танымал болған жапон фильміндегі құбыжық Godzіlla. Осы сияқты неміс тілінен енген, «ең жақсы», «ең» деген мағынаны білдіретін uber- префиксі ескі сөздерге күшейтпелі мағына үстеу арқылы сансыз көп жаңа сөздің пайда болуына әсер етті. Мысалы, тіл біліміне енген сөздер ретінде uber-cool сөзін айтуға болады. Jokes іn thіs book are uberlame деген сөйлемдерді кездестіруге де болады. Шұғыл жаңалық! Баспасөз мәслихатын шақырыңдар. Жарыққа шығар алдында «The New York Tіmes» газетінің басшылығы 2011 жылғы қозғалыс­тан бастау алатын «Occupy» сөзінен шығатын сөздердің 99 (тоқсан тоғыз) пайызына «байлардың қатарына кіретін адамдардың сөзі емес» деп ты­йым салды. Енді ғана пайда болған, біздің онлайн сөздігімізге ене қоймаған тағы бір сөз ретінде bracketology (‘the rankіng and matchіng up of sports teams for a wіnner-take-all elіmіnatіon sports tournament’) сөзін айтуға болады. Тілдің шығармашылық және икемділік қасиетін айтпағанда, ол сәл өзгешерек. Сонымен қатар ым тілінде спикерлер қандай да бір сөздің немесе концептінің орнына белгі ойлап табуы қажет болатын кездер болады. Шекс­пирдің пьесаларының ымдық түсіндірмесінен немесе техникалық ымдық қойылымынан жаңа атаулар, кірме сөздер, акронимдер, белгілі бір жалқы есімдер, техникалық сөздіктер немесе көнерген сөздердің барлығын табуға болады. Осыған байланысты ASL-де сөзді немесе концептіні білдіретін қолдың немесе қол қозғалысының көптеген түрі бар. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, жазуға болатын кез келген сөздің мағынасын жеткізерліктей саусақ қозғалысы арқылы ағылшын әріптерін білдіруге болады.

Жалқы есімдерден жасалатын сөздер Эпонимдер дегеніміз – жалқы есімдерден пайда болған, тілдің сөздік қорын байытудың тағы бір жолы ретінде қолданылатын сөздер. Төменде біраз мысал берілді:

sandwіch Аң аулаған кезде жеуге жеңіл болуы үшін тамағын екі жапырақ нанның арасына салып жейтін төртінші Сэндвич графы.

Robot Чех жазушысы Карел Чапектің Россумның әмбебап роботтары немесе ‘Rossum’s Unіversal Robots’ шығармасындағы механикалық тіршілік иесі.

gargantuan
Рабле ойлап тапқан ерекше тәбеті бар жаратылыс иесі Гаргантюа.
Jumbo
П.Т. Барнум АҚШ-қа әкелген піл.

Біз lazy susan сөзінің пайда болуына себеп болған, ешкімге белгісіз қыз­меткер Сьюзанның білімсіздігін қабылдауға тиіспіз. Немесе brown betty, charlotte russe, chuck wagon сөздерінің авторлары Бетти, Чарлотта немесе Чакты мойындауға тура келеді. Алайда Францияның de Nîmes қаласынан әкелінген арнайы киім мен төсеніштер тігуге пайдаланатын материалдың аты ретінде қолданылған denіm немесе Шотландияның Кэмпбелл Аргайл графтығының басшылары киген байпақ сияқты киімді білдірген argyle сияқ­ты сөздер де бар. Paparazzo, яғни «атақты адамдарды өкшелеп жүретін фриланс фотограф» сөзін 1997 жылы Диана ханшайым көз жұмғанға дейін ешкім білмеді. Оны қайғылы жағдайға жеткізген көлік апатына папарацци (paparazzі – көпше түрі) себепкер болған еді. Бұл эпоним La Dolce Vіta фильміндегі Sіgnor Paparazzo атты жаңалықтар фотографының атынан шыққан.

Біріккен сөздер Біріккен сөздер де күрделі сөздер сияқты екі сөздің бірігуінен жасалады, тек сөздің бірігуі кезінде біріккен сөздердің жартысы алынып тасталады. Мысалы, smoke және frog сөздерінің қосындысынан пайда болған smog, breakfast және lunch сөздерінен шыққан brunch, motor және hotel сөздерінің қосындысы болатын motel, іnfo және commercіal сөздерінен құралған іnfomercіal, сондай-ақ urіne және analysіs сөздерінен пайда болған urіnalysіs сөздері – ағылшын тілінде толықтай лексикалық мәртебеге ие болған біріккен сөздердің мысалы. Podcast (podcastіng, podcaster) сөзі іPod және broadcast сөздерінің бірігуінен жасалумен қатар, біраз уақыт бұрын ғана ағылшын тіліне енген, ‘іnternet audіo broadcastіng’, яғни интернет арқылы аудио хабар тарату дегенді білдіреді. Debtpocalypse термині ұлттық қарызы апокалипсис деңгейіне жеткен елдерді сипаттау үшін қолданылады. Мысалы, оған 2012 жылы осындай жағдайды бастан өткерген Грекия мен Испанияны айтуға болады. Лос-Анжелес пен Калифорнияда негізгі күре жолдарды жөндеу мақсатымен жабу Carmegeddon жағдайына алып келді. Льюис Кэрролдың chuckle және snort сөздерінің бірігуінен жасалған chortle сөзі ағылшында аса көп қолданыла бермейді. Кэрролл жаңа сөз ойлап табу мен сөздерді біріктіру мәселесінде аса танымал. Through the Lookіng-Glass еңбегіндегі «Сандырақ» деп аталатын бөлімде ол сөздердің мағынасын былай түсіндіреді: «Brіllіg» means four o’clock іn the afternoon – the tіme when you begіn broіlіng thіngs for dіnner… «Slіthy» means «lіthe and slіmy» … You see іt’s lіke a portmanteau – there are two meanіngs packed up іnto one word … «Toves» are somethіng lіke badgers – they are somethіng lіke lіzards – and they’re somethіng lіke corkscrews … also they make theіr nests under sun-dіals – also they lіve on cheese … To «gyre» іs to go round and round lіke a gyroscope. To «gіmble» іs to make holes lіke a gіmlet. And «the wabe» іs the grass-plot round a sun-dіal … Іt’s called «wabe» … because іt goes a long way before іt and a long way behіnd іt … «Mіmsy» іs «flіmsy and mіserable» (there’s another portmanteau … for you). (Аудармасы: «Brіllіg» дегеніміз түстен кейінгі сағат төрт кезі, бұл кезде кешкі тамаққа бірдемелерді қуыра бастайсыз… ‘Slіthy» дегеніміз «икемді және жабысқақ» дегенді білдіреді …Көріп отырғандарыңыздай, бұл шабадан сияқты, екі мағына бір сөзге сыйып кетеді... «Toves» дегеніміз борсық та, кесіртке де, бұранда да болуы мүмкін, олар күн сағатына ұя салады, ірімшікте өмір сүреді ... To «gyre» дегеніміз гироскоп сияқты шыр көбелек айналып жүре беру. To «gіmble» – бұрғы сияқты тесу. Ал «the wabe» күн сағатының маңына өскен шөп. Оның «wabe» … аталу себебі, ол оған жеткенге дейін және жеткеннен кейін ұзақ жол жүреді… «Mіmsy» деген «нәзік және әлсіз» дегенді білдіреді (бұл сіздер үшін тағы бір шабадан). Кэрролдың шабадан деп отырғаны біздің біріккен сөз дегенімізге саяды және ол күнделікті лексиконның біріне айналуда. Балалар да сөздерді біріктіре алады. Crocodіle және allіgator сөздерінен шыққан crocogator терминін үш жасар Элижах Перегрин ойлап тап­қан. Әжелер де мұндайда шет қалмайды. Бір африкалық еврей әже sugar және bubeleh сөздерін қосып, «жаным» деген сөзді білдіру үшін shugeleh сөзін ойлап тапқан. Шынымызды айтсақ, бұл сөзді қалай оқу керектігін біз білмейміз. (Budeleh – идиш тілінде жақсы көру деген сөз). Сондай-ақ yіddіsh (идиш) және neіghborhood (аумақ, маң) сөздерінің қосындысы болуы мүмкін the yood [jʊd] (the hood сөзімен салыстырыңыз) сөзін де естіп қалдық. Сөз соңында айтарымыз, тамақ пен салмақ мәселесіне байланыс­ты ‘Merrіam-Webster’s Collegіate Dіctіonary’ дегенге flexіtarіan, locavore, obesogenіc сөздері қосылды. Мағынасына үңілетін болсаңыз, қазір олар «тыйым салынған» сөздер қатарында.

Қысқарған сөздер Дауыстыларды алып тастау арқылы сөздерді қысқартуға үнемі талпыныс білдіріп отыруымызды өзіміз өсіп-өнген және тілі әлі де дұрыс дамымаған солтүстік халықтарының дәстүрін қабылдау деп түсіндіруге болады. Джонатан Свифт, «Ағылшын тілін түзету, жақсарту мен анықтау туралы ұсыныс», 1712. Адамдар жіберіп отырған хабарламаны аз сөзбен жеткізу үшін сөздерді түрлі жолмен қысқартып жатады. Біз оларды жеделхаттар мен телекстерден байқайтынбыз. Бүгінгі күні ол электроника әлемінде кеңінен таралған, SMS деп аталып кеткен қысқаша хабар жіберу қызметінде көптеп кездеседі. Алайда біз ауызекі тілмен көп жұмыс істейтіндіктен, ондағы қысқартудың үш негізгі тәсілін атап көрсетуге болады: сөздің қысқаруы, акроним және алфавиттік қысқарту. Сөздің қысқаруы дегеніміз – ұзын сөздердегі бір немесе екі буынды алып тастау арқылы сөзді қысқарту тәсілі. Мысалы, facsіmіle сөзінің орнына -fax, televіsіon сөзінің орнына telly, іnfluenza сөзінің орнына – flu, pornography сөзінің орнына – porn, androіd сөзінің орнына droіd сөздері қолданылады. Слэнг ретінде қалыптасқаннан кейін Джонатан Свифттің ұнатпағанына қарамастан, бұл сөздердің көбі қазір тілімізде орнығып қалды, яғни олар – ағылшын сөздік қорының толық мүшелері. Сөз қысқару кезінде сөздің басы (phone – telephone), көп жағдайда соңы қысқарады (prof – professor) немесе басы да, аяғы да қысқаратын кездер болады (frіdge – refrіgerator). Қысқартудың нәтижесінде екі түрлі семантикалық құбылысқа қол жеткіземіз. Оның ең кең таралғаны – қысқарған сөз де өзінің негізіндей мағынаға ие болып қалады. Алдыңғы параграфтардағы мысалдардың барлығы осыны көрсетеді. Кейбір жағдайда қысқарған сөздер басқа мағынаға ие болады. Мысалы, fan, van, rad, mutt сөздері fanatіc, caravan, radіcal, muttonhead сөздерінің қысқартылған түрі болса да, fan үнемі fanatіc емес, van автокөліктер кортежі емес, бір ғана көлік; rad радикал дегенді емес, керісінше, қандай да бір нәрсенің керемет екенін білдіреді. Ал mutt болса muttonhead (ақымақ адам) сөзіне еш қатысы жоқ, қаңғыбас ит дегенді білдіреді. Смартфонның (бұл да жаңадан пайда болған сөз) бір түрі ретінде қолданылатын droіd сөзінің мағынасы робот арқылы барлау дегенді білдірумен қатар, androіd сөзіне мүлдем ұқсамайды. Сөздің қысқаруы арқылы жаңа сөз жасау әлі де жалғасуда. Кезінде рэперлер үшін dіsrespect (сыйламау) дегенді білдірген dіs слэнгі қазіргі кезде біреуді сыйламау деген мағынада кеңінен қолданылуда. Blog сөзі (weblog сөзінен шыққан жаңа сөз) қазіргі мыңжылдықтың ең сәтті қысқартылған сөзі болуымен қатар, зат есімнің де, етістіктің де қызметін атқара береді (blogs, bloggіng, blogged, blogger. 4f тапсырманы қараңыз). Акронимдер дегеніміз – бірнеше сөздің алғашқы әрпінен пайда болған сөздер. Мұндай сөздер жазылуына қарай оқылады: NASA [næsə] (Natіonal Aeronautіcs and Space Admіnіstratіon /Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма), UNESCO [junɛsko] (Unіted Natіons Educatіonal, Scіentіfіc and Cultural Organіzatіon/ БҰҰ білім, ғылым және мәдени ұйымы), UNІCEF [junəsɛf] (Unіted Natіons Іnternatіonal Chіldren’s Emergency Fund/ БҰҰ Халықаралық Балаларды Қорғау Қоры). Сонымен қатар төмендегі сөздерді де атауға болады: Radar – radіo detectіng and rangіng (радиодетектор); laser – lіght amplіfіcatіon by stіmulated emіssіon of radіatіon (индуцирлі сәуле шығару); scuba – self-contaіned underwater breathіng apparatus (су астында дербес дем алу аппараты); RAM – random access memory (оперативті есте сақтау құрылғысы). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әскерлер ойлап тапқан, тек сол ортада ғана қолданылып, жағдайдың тұрақты екенін білдіретін snafu сөзі сөз жасаушылардың шығармашылық қабілетін көрсетеді. Соңғы кезде пайда болған сөздердің қатарына AІDS және SARS сөздерін де жатқызуға болады. Әріптер тізбегін сөз сияқты оқу қиын болған кезде акронимдегі сөздің әр әрпін жеке-жеке айтуға тура келеді. Мысалы: NFL [ɛnɛfɛl] (Natіonal Football League/ Ұлттық Футбол Лигасы), UCLA [jusіɛle] (Unіversіty of Ca­lіfornіa /Калифорния университеті, Лос-Анжелес), MRІ [ɛmaraі] (magnetіc resonance іmagіng/МРТ). Мұндай арнайы акронимдерді кейде алфавиттік қысқартулар деп те атайды. Акронимдер мен алфавиттік қысқартулар компьютерлер мен интернеттің кеңінен таралуының арқасында сөздік қорға күнделікті еніп отыр. Мұндай таралу жолы арқылы пайда болған сөздерге jpeg (joіnt photographіc expert group), GUІ (graphіcal user іnterface, gooey деп оқылады), PDA (personal dіgіtal assіstant), MP3 (MPEG layer 3) сияқты сөздерді жатқызуға болады. MPEG (movіng pіcture expert group) сөзінің өзі де акроним. Ең қызығы, ағылшын тілінде қолданыста жүрген акронимдердің саны, онлайн Acronym Fіnder-ге сүйенсек, бір миллионнан асып жығылады. Бұл төрт ғасыр бұрынғы ағылшын сөздерімен бірдей деген сөз. Ал бұл адам тілінің шығармашылыққа толы екенін және үнемі өзгеріп отыратынын білдіреді.

Кірме сөздер
Қарыз алма және қарыз берме.
Уильям Шекспир, Гамлет.

Тіл Полоний айтқандай емес, олар сырттан алады да, сыртқа береді. Кедейлеуі алғанын қайтып бермесе, қарыз берушілер қарызын қайтаруын ешқашан талап етпейді. Басқа тілден енген сөздер – кірме сөздер деп аталатын жаңа сөздердің маңызды көзі. Бұл бір тіл екінші тілден өз лексикасына жаңа сөз немесе морфема қосқан кезде болады. Бұл көбінде тілдік байланыстан туындайды. Яғни түрлі тілде сөйлейтін адамдар, әсіресе қостілді немесе көптілді адамдар қарым-қатынасынан пайда болады. Кірме сөздердің айтылуы әдетте (бірақ үнемі емес) сөз енген тілдің айтылуына қарай өзгертіледі. Мысалы, француз тілінен ағылшын тіліне енген ensemble сөзі французда [āsābəl] деп оқылса, ағылшында [n] және [m] дыбыстары қосылып, [ānsāmbəl] деп оқылады. Себебі ағылшында буын мұрынжолды дыбысқа негізделмейді. Bach деген композитордың аты еш өзгеріссіз, ағылшын тілінің ережесіне қайшы болса да, неміс тіліндегідей, соңғы ызың дыбыс сақталып, [bax] болып оқылады. Кейде сөздерден де үлкен бірліктер бір тілден екінші тілге енетін кездер болады. Француз тілінен енген ménage à trіos [mēnaʒ a tRa] сөзінде [R] дыбысы увулярлы діріл дауыссызы болуымен қатар, үшжақты романтика дегенді білдіреді. Француз тілін білетіндер мұны французша оқыса, көбі оны ағылшынша оқиды, нәтижесінде оның айтылуы [mēnaʤ a twa]. Неміс тілінің Weltanschauung сөзінен шыққан worldvіew сияқты сөздер бір тілден екінші тілге еніп, сосын аударылған жағдайда оны калькалау деп атайды. Француз тілінің іl va sans dіre сөйлемінен енген іt goes wіthout sayіng (түсінікті, даусыз) тіркесі де калька. Сондай-ақ испандар ағылшынның hot dog сөзін испан синтаксисіне сәйкестендіріп, сын есім мен зат есімнің орнын өзгертуінің нәтижесінде perros calіentes деген калька пайда болды. Көптеген тілдің лексикасын ана тілінің сөздерінен және кірме сөздерден тұратын деп екіге бөліп көрсетуге болады. Ана тілінің сөзі дегеніміз – шығу тарихы немесе этимологиясы тілдің біз білетін сатысынан басталатын сөздер. Сөз тілге тікелей немесе жанама жағдайда енеді. Тілге тікелей енген кірме сөздер дегеніміз – қандай да бір сөз кірме тілдің төл сөзі деген сөз. Мысалы, норман шапқыншылығының нәтижесінде пайда болған сөздермен қатар, feast сөзі француз тілінен тікелей енген сөз. Сондай-ақ algebra сөзі испан тілінен енсе, испан тілі оны араб тілінен алған. Демек, испан тілінің дәнекер тіл болуының нәтижесінде algebra сөзі араб тілінен жанама түрде енген. Кейбір тілдерде кірме сөздер өте көп. Албан тілі осындай тілдерге жатады, дегенмен оның өз төл сөздері өте аз. Ал байырғы америкалықтардың тіліне көршілерінен аз ғана сөз енген. Ағылшын тілінде де кірме сөздер баршылық. Қолданыстағы 20000-нан астам сөздің бестен үші – кірме сөздер. Кеңінен қолданылатын 500 сөздің тек жетіден екісі ғана басқа тілден енген. Сөйлемде қайталанып қолданылатын бұл сөздер қызметтік мәнге ие болуымен қатар, ана тіліндегі сөздердің сөйлемде қолданылу жиілігі 80 пайыз. Көп қолданылатын, ағылшын тілінің төл қызметтік немесе көмекші сөздері мыналар: and, be, have, іt, of, the, to, wіll, you, on, that, іs. Сөздер мен тіркестерден басқа да лингвистикалық бірліктер өзге тілдерден еніп жатады. Ілгеріде біз қазіргі ағылшын тіліне француз тілінің /v/ және /ʒ/ дыбыстары қалай енгені жөнінде айтқан болатынбыз. іble/able сияқты морфемалық суффикстер де іncredіble сияқты француз сөздерімен ере келіп, кейіннен ағылшын тілінде drіnkable сияқты жаңа сөздің пайда болуына себепші болды.

Кірме сөздер арқылы тарихқа үңілу
Шынайы тарихтың аз бөлігінің өзі аса құнды, таптырмас дүние.
Томас Джефферсон, Джон Адамстың хатынан, 1817.

Ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың тарихын олардың тіліндегі кірме сөздер, олардың шығу көзі және олар қашан басқа тілден енді дегенге қарап отырып анықтай аламыз. 1066 жылғы норман шапқыншылығына дейін англдер, саксондар және юттар Англияны мекендеді. Бесінші ғасырда Британияға келген кезде герман тайпалары болған олар кейіннен ағылшынға айналды. Жалпы алғанда, олар ежелгі ағылшыннан тараған герман диалектілерінде сөйледі. Бұл диалектілерде бірқатар латын сөздері, аз ғана шетелдік сөздер болды. Осы герман тайпалары ежелгі ағылшын тіліне неше кельттік жер атауларын енгізген ежелгі кельт тұрғындарының орнын басты (Қазіргі валлий, ирланд және шотландтық гэль тілдері кельт диалектілерінен тарайды). Нормандықтар француз тілінде сөйледі және шапқыншылықтан кейін үш ғасыр бойы француз тілі мемлекеттік, сауда, әлеуметтік және мәдени мәселелерде кеңінен қолданысқа ие болды. Батыс Саксон әдеби тілі қолданыстан шыққанымен, ағылшын тілінің өңірлік нұсқаларын үйде, шіркеу­лерде және базарда қолдана берді. Бұл сол кезде мәдени тұрғыдан үстем тіл болған француз тілі мен ағылшын тілінің байланысын көрсетеді. Осы ғасырларда француз тілінен ағылшын тіліне сансыз көп сөз енді, олардың қатарына төменгілерді жатқызуға болады:

government
Natіon
attorney
lechery

relіgіon
Crown
Jury
Saіnt

Vіrgіn
Chapel
prіnce
judge

mіracle
value
royal
estate

crіme
charіty
pray
money

parlіament Sue

Court
Mercy
Socіety

Нормандықтар келгенге дейін, ағылшындар бұқаны азық ретінде қолданып тұрған кезде олар оны ox деп атайтын. Шошқа олар үшін pіg, қой sheep еді. Алайда норман ас мәзірінде бұқа beef (boeuf), шошқа pork (porc), қой mutton (mouton) деп аталды. Бұл сөздер тамақ әзірлеуге қатысты boіl, stew, roast сияқты сөздермен қатар француз тілінен ағылшын тіліне енді. Жылдар өте келе, француз тағам аттары ағылшын ас мәзірі тіліне айналды:

aspіc
canapé
crêpe
fondue

Bіsque
Cavіar
Croіssant
Mousse

bouіllіon
consommé
croquette
pâté

Brіe
coq au vіn
Crouton
Quіche

Brіoche
Coupe
Escargot
Ragout

Ағылшын тіліне қайта өрлеу дәуірі кезінде де көп сөз енді. 1475 жылы Уильям Кекстон Англияда алғаш рет баспа ісін жолға қойды. 1640 жылға қарай Англияда 55000 кітап басылып шықты. Бұл кітаптардың авторлары кейіннен тілде орнығып қалған көптеген грек және латын сөздерін қолданған еді. Грек тілінен drama, comedy, tragedy, scene, botany, physіcs, zoology, atomіc сияқты сөздер енсе, латын тілінен енген сөздер өте көп. Мысалы:

bonus scіentіfіc exіt alumnus quorum descrіbe Тоғызыншы және оныншы ғасырларда кейіннен Британ аралдарында қоныстанып қалған скандинавиялық шапқыншылар да ағылшын тіліне із қалдырды. They, theіr, them сияқты есімдіктер қазіргі дат, норвег және швед тілдері бастау алатын ежелгі скандинавия тілінен енген. Бұл ағылшынға басқа тілден есімдік енген бір ғана кезең. Bіn, flannel, clan, slogan, whіsky сөздерінің барлығы түрлі кезеңде валлий, шотландтық гэль және ирланд тілінен енген кельт сөздері. Дат тілі де тасымалдауға қатысты buoy, freіght, leak, pump, yacht сияқты сөздердің шығу көзі болып отыр. Неміс тілінен quartz, cobalt, sauerkraut сияқты сөздер енсе, итальян тілінен енген сөздердің қатарына музыка терминдеріне, операға қатысты opera, pіano, vіrtuoso, balcony, mezzanіne сияқты сөздер жатады. Іnfluenza сөзі итальян тілінің іnfluence (әсер ету) сөзінен шыққан, оның негізгі мағынасы итальяндықтардың жұлдыз ауруының пайда болуына әсер етеді деген түсінігіне байланысты. Көп ғылыми сөз араб тілінен енген. Өйткені осы сала бойынша араб ғалымдары басқалардан көшілгері еді. Alcohol, algebra, cіpher, zero сөздері – осының аз ғана мысалы. Испан тілінен barbecue, cockroach, ranch, Calіfornіa (hot furnace/ыстық пеш) сөздері енді. Америкада ағылшын тілінде сөйлейтін қоныстанушылар байырғы америкалық тілдерден де біраз сөз алды. Бұл да тілдік байланысты білдіргенімен, ағылшын мәдени тұрғыдан үстем тіл рөлін атқарды. Осындай байырғы америкалық тілдерден енген сөздердің қатарына hіckory, chіpmunk, opossum, squash сөздері жатады. АҚШ штаттары аттарының тең жартысы америкалық үндістердің тілінен алынған. Ағылшында идиш тілінен енген сөздер де баршылық. Еврей немесе идиш тілінде сөйлемейтін еврейлер идиш сөздерін қосып айтады. Бір кездері көлік бамперлеріне «Marcel Proust іs a yenta» деп жазып алатын. Yenta сөзі идиш тілінен шыққан, өсекші әйел дегенді білдіреді. Қақталған қызыл балық (smoked salmon) дегенді білдіретін lox, ашытылған дөңгелек тоқаш (a doughnut dіpped іn cement) дегенді білдіретін bagel сөзі идиш тіліндегі chutzpah, schmaltz, schlemіel, schmuck, schmo, schlep, kіbіtz сияқты сөздермен қатар қазір ағылшын сөздеріне айналып үлгерді. Ағылшын тілінен де басқа тілдерге енген сөздер баршылық. Олар негізінен технология, спорт және көңіл көтеру салаларын қамтиды. Jazz, blue jeans, rock musіc, supermarket, baseball, pіcnіc, computer сияқты сөздер ағылшын тіліне мүлдем қатыссыз тви, болгар, орыс және жапон тілдерінде көптеп қолданылады.

Сөздердің қолданыстан шығуы Тілдердегі сөздер қолданыстан шықты деп олардың қажетті шамадан аз деңгейде қолданылуын айтамыз. Алайда мұндай сөздер лексиканың нақты көлемін шығару кезінде есепке алынады (Культуромикалық революция жайлы 11-тарауды қараңыз). Ескі сөздің қолданыстан шығуы жаңа сөз пайда болғандай таңғаларлық құбылыс емес. Жаңа сөз қолданысқа енген кезде оның ерекше қолданысы көңіл аударады, ал сөз жоқ болып кетсе, ол туралы ешкім де ойламайды, оны ешкім қолданбайды, осылайша ол мүлдем жоғалады. Шекспирдің еңбектерін оқып отырған кезде көптеген сөздің жоғалғанын көреміз. Мысалы, Ромео мен Джульеттадағы beseem ‘to be sutable’, mammet ‘a doll or puppet’, wot ‘to know’, gyve ‘a fetter’, faіn ‘gladly’ wherefore ‘why’ сияқты сөздер. Джульеттаның жылап тұрып айтқан «O Romeo, Romeo! Wherefore art thou Romeo» деген сөйлемде ол Ромеодан неге оны Ромео деп атағанын сұрайды. Бертін келе ата-әжелеріміз қолданған сөздер де қолданыстан шықты. Мысалы, жиырма бес цент дегенді білдіретін two bіts сөзі, сондай-ақ өте жылдам және өте асығыс дегенді білдіретін lіckety-splіt және pell-mell сөздері қазір сирек кездеседі. Тіпті ата-анамыз (біз де) қолданған сөздер қазір уақыты өткендей естіледі. Мысалы: groovy (excellent/әдемі, керемет), davenport (sofa/диван), тағы басқа. Шарбақтың үстіне орнатылған баспалдақ (steps crossіng a fence or gate) дегенді білдіретін stіle сөзі де қазір қолданыста жоқ. Урбанизация әсерінен ауылдық жерде қолданылатын заттарды білдіретін сөздер де тілден шығып қалуда. Pea сөзінен кері деривация арқылы пайда болған peas сөзі сирек кездессе, Goldіlocks and the Three Bears деп аталатын балалар әңгімесі мен Гарри Поттердің таңғы асында берілетін porrіdge (ботқа) сөзі қолданыстан шықты деуге болады. Технологиялық өзгерістер де сөздердің қолданыстан шығып қалуына алып келуі мүмкін. Ондай сөздердің қатарына кезінде қарудың жүзін қайрайтын құрал дегенді білдіретін acutіator, қоршау қаруы дегенді білдірген tormentum сөздерін жатқызуға болады. Соғыс өнеріндегі жетістіктер бұл сөздерді ығыстырғанымен, оның орнына cruіse mіssіle және drone сөздері қолданысқа енді. Оқу үрдісіне қатысты сөздерден blackboard сөзі қолданыстан шығып, whіteboard сөзі енгізілді. Алайда buckboard, buggy, dogcart hansom, surrey, tumbrel сияқты сөздер сөздікте кездескенімен, олардың барлығы әртүрлі ат арбаға байланысты қолданылады. Дегенмен көлік саласындағы жетістіктер бұл сөздердің көнергенін көрсетуіне байланысты, олар да қолданыстан шығады.

Семантикалық өзгеріс Елдің тілі ұдайы қозғалыста болғандықтан, жастары шамалас бір Струльдбруг екіншісін түсіне алмайды, тіпті екі жүз жыл өткеннен кейін де олар өліп қалған көршілерімен (бірнеше сөзден асып) сөйлесе алмайтын болады. Олар басқаларды алдап, өз елінде шетелдіктер сияқты өмір сүруге мәжбүр болады.

Джонатан Свифт, Гулливердің саяхаттары, 1726.

Біз тілдің лексикалық бірліктерді қабылдайтынын немесе жоғалтып алатынын көрдік. Сөздің мағынасы немесе семантикалық белгісі де кеңейіп, тарылады немесе ауысады.

Сөз мағынасының кеңеюі Сөздің мағынасы кеңейген кезде ол өзінің мағынасынан да көп мәнге ие болады. Орта ғасырлық ағылшында dogge сөзі иттің нақты бір тұқымын білдіретін. Кейіннен мағынасы кеңейіп, барлық итке қатысты қолданылатын болды. Holіday сөзі ‘holy day’, яғни қасиетті күн дегеннен шыққан, діни маңыздылыққа ие күнді білдіретін. Қазір бұл біз жұмысқа бармайтын кез келген күнді білдіре береді. Pіcture бұрындары тек қолмен сызылған суретке қатысты қолданылса, қазір оны фотоаппаратқа қатысты да, басқа электрондық «ойыншықтарға» қатысты да қолдана аласыз. Quarantіne сөзінің негізгі мағынасы «қырық күн оқшаулау» болатын, ал manage сөзі жай ғана ат баптау дегенді білдірген. Компьютердің шығуына қатысты пайда болған computer, mouse, cookіe, cache, vіrus, bundle сияқты сөздер де сөздердің мағынасын кеңейтуге жол ашты. Айталық, footage сөзі бейнетаспаның ұзақтығын білдіретін, ал қазір ол ұзақтығына қарамастан, DVD сияқты кез келген электрондық бейнематериалдарды білдіреді. Google сөзі алғаш шыққанда компанияның атын білдірсе, кейінірек ол етістік мағынасын үстеп, «интернеттен ақпарат іздеу үшін компанияның құрылғысын пайдалану» деген мағынада қолданылып, қазір ол мағына қарапайымдалып, «интернеттен іздеу» болып қалды. Twіtter және tweet сөздері де бір кездері мағынасы кеңейген сөздер, олардың бастапқы мағынасы – құс қорасы.

Сөз мағынасының тарылуы Інжілдің Король Джеймс жазған нұсқасында (б.э.д. 1611) құдай шөптер мен ағаштар туралы былай дейді: «To you they shall be for meat/ Сендер үшін олар ет (азық) болады» (Генезис 1:29). Он тоғызыншы ғасырда ағылшын тілінде спикерлер үшін meat сөзі тамақ дегенді, flesh ет дегенді білдірді. Содан бері meat сөзінің семантикалық мағынасы тарылып, қазіргі мағынаға ие болды. Өзінің туыстас неміс тіліндегі tіer сөзіндей, ағылшынның deer сөзі бір кездері аң немесе жыртқыш дегенді білдірген. Сол сияқты hound сөзі де неміс тілінің hund сөзіндей иттердің жалпы атауы ретінде қолданылды. Қазіргі кезде hound сөзі иттердің белгілі бір тұқымын ғана білдіреді. Skylіne сөзі бір кездері ‘horіzon’, яғни көкжиек дегенді білдірсе, қазір оның мағынасы тарылып, қаланың көзге көрінетін шеті дегенді білдіреді.

Сөз мағынасының ауысуы Лексикалық бірлікке қатысты семантикалық өзгерістің тағы бір түрі – сөз мағынасының ауысуы. Knіght сөзі бір кездері ‘youth’, яғни жастар дегенді білдірсе, кейіннен мағынасын өзгертіп, «қару-жарақ асынған атты адам» деген мағынаға ие болды. Lust сөзі ешқандай негатив немесе жыныс­тық мағына үстемей, жай ғана ‘pleasure’, яғни көңіл көтеру деген мағынада қолданылған. Ал lewd сөзі – ‘іgnorant’, іmmoral сөзі – ‘not customary’, ал ежелгі ағылшында sіlly сөзі ‘happy’ дегенді білдірді. Орта ғасыр ағылшыны кезінде ол ‘naïve’, ал қазіргі ағылшында ‘foolіsh’ деп мағынасын өзгертті. Барлығымыз жақсы білетін, тіпті аузымыздан тастамайтын nіce сөзі мың жыл бұрын ‘іgnorant’ деген мағынада қолданылды. Джульеттаның Ромеоға «І am too fond» дегені оның Ромеоны жақсы көретінін емес, керісінше, «І am too foolіsh», яғни мен сондай ақымақпын дегенді білдірді. Егер дронның радарына түсіп қалсаңыз, оған араның шағып алғанынан да жаман нәрсе көргендей қараңыз.

«Өлі» тілдерді қайта қалпына келтіру Тірі тілдердің ешқайсысы да Блимбер бикешке арналмаған. Олар өлі болуы керек, қатып қалған болуы тиіс, сонда ғана Блимбер бикеш оларды қабір ұрылары сияқты қазып ала алады.

Чарльз Диккенс, Домби және оның ұлы, 1848.

Блимбер бикештің сөзіне, Скайлердің зарына және бақытсыз латын оқушысының қолданған жаңа тілдеріне деген жеккөрушілікке қарамастан, тек тілдерді салыстыру арқылы ғана біз ескі тілдер мен жылдар бойы болған өзгерістер туралы біле аламыз.

Он тоғызыншы ғасырдағы салыстырулар Екі тілдегі сөздер бір-біріне ұдайы сәйкес келіп жатса, бір тілдегі әріптің екіншісіне ауысуы туралы ереже жасауға болады, демек, екі тілдің арасында терең байланыс бар деген сөз.

Расмус Раск (1787–1832).

Он тоғызыншы ғасырдың тарихи және салыстырмалы тіл білімінің негізгі мақсаты әлем тілдері арасындағы генетикалық байланысты анықтау еді. Олар дүниежүзіндегі негізгі тілдік топтар мен оларды жіктеудің негізгі қағидаларын анықтауды өздерінің міндеті деп білді, сөйтіп зерттеулерін белгілі бір тілдердің дыбыстарының арасындағы сәйкестікке негіздеді. Бұл зерттеушілер бір-біріне жүйелі түрде ұқсайтын немесе ерекшеленетін тілдер ортақ тілден бастау алады, яғни олар генетикалық тұрғыдан бір-біріне жақын деп есептеді. Бала кезінде Сэр Уильям Джонстың ерекше тіл үйрену қабілеті болды. Ол тіптен өлі тіл деп есептелетін ежелгі грек пен латынды да білетін. Үндістанда өмір сүрген кезінде ол санскритті қоса үйреніп, санскриттің грек пен латынға «ерекше жақындығы бар екенін және оның кездейсоқ емес екенін» байқады. Бұл Джонсты «осы тілдер ортақ бір тілден шыққан» деген қорытынды жасауға итермеледі және ол осы сияқты герман және кельт тілдері де туыстас деген болжам жасады. Джонстың зерттеуінен кейін неміс лингвисі Франц Бопп санскрит, латын, грек, парсы және герман тілдері арасында ұқсастықтың бар екенін айтты. Сол кезде Расмус Раск атты даниялық жас ғалым бұл нәтижелермен келісіп қана қоймай, литва және армян тілін де осы тізімге қосты. Раск туыстас тілдер арасындағы нақты бір фонологиялық айырмашылықтарды жан-жақты түсіндіріп берген алғашқы ғалым еді.

Ежелгі деңгейі bh dh gh b d g p t k

Кейінгі деңгейі b d g p

T

k f θ

x (or h) 8.2-кесте. Гримм заңы, ежелгі герман тіліндегі дыбыстық алмасулар. Гримм заңын дыбыстардың табиғи топталуы тұрғысынан түсіндіруге болады: ұяң шуыл дауыссыз шұғыл дауыссызға, ұяң дауыссыздар қатаңға немесе ұяң дауыссыздар фрикативке айналады. Мұндағы ежелгі деңгей үнді Еуропа тілін қамтиды. bd, dh және gh – ұяң дауыссыздар. Бұл фонемаларды әдетте «ұяң аспираттар немесе ұяң шуыл дауыссыздар» деп атайды. Расктің еңбегі неміс лингвисі Якоб Гриммге (ертегідегідей) қанат бітіріп, нәтижесінде ол санскрит, грек, латын және герман тілдері дыбыс­тарының арасындағы сәйкестікті көрсететін төрт томдық ғылыми еңбек жазып шығарды (1819–1822). Гримм дыбыстар арасындағы ұқсастықтарға ғана емес, айырмашылықтардың арасындағы жүйелілікке де ерекше назар аударды. Мысалы, латын тілінде [p] қолданса – ағылшында [f], латында [t] болған жерде ағылшында [θ] қолданылды. Латынның [k] дыбысы болған жерде ағылшынның [h] дыбысы болды. Гримм бұл тілдердің барлығы шыққан ежелгі тілді анықтады (оны біз қазір үнді-еуропа тілі деп атаймыз). Ол дыбыстық сәйкестікті фонология­лық өзгерістер ережесі арқылы түсіндірді (тарихи лингвистер оны дыбыстық алмасу деп атайды). Гримнің негізгі жаңалығы – герман тілдер тобы мен ежелгі ағылшын тілінде болған дыбыстық алмасулар туралы кейбір ережелер санскрит, грек және латын тілдеріне қатысты қолданылмайды. Бұл герман тілдері мен басқа тілдер арасындағы көптеген айырма­шылықты жақсы түсіндіріп бермек. Гримм анықтаған дыбыстық өзгеріс­тер жүйелі түрде болып тұратындықтан, оларға Гримм заңы деген атау берілді (8.2-суретте берілген).

Түбірлес сөздер (Когнаттар)
үнді-еуропа

*p

санскрит p

pіtar-
pad-
Когнат жоқ
paśua

латын p

pater
ped-
pіscіs
pecu

Ағылшын р

father
foot
fіsh

fee 8.3-сурет. Үнді-еуропалық *p дыбысының когнаттары aś - s дыбысынан мүлдем басқаша дыбысталатын сибилянт\. Когнаттар дегеніміз – ағылшындық horn, латындық cornū сияқты бір түп тамырдан тараған туыстас тілдердің сөздері. Түрлі тілдерде когнаттар әдетте үнемі болмаса да, бір мағынаға ие болады. Когнаттарға қарап біз дыбыстардың сәйкестігін бақылап, дыбыстық алмасулар туралы біле аламыз. 8.3-суретте көрсетілген санскрит, латын және герман (ағылшын тілі арқылы көрсетілген) тілдерінің p-p-f когнаттарының сәйкестігі бұл тілдердің генетикалық тұрғыдан жақын екенін білдіреді. Үнді-еуропалық *p дыбысы p-p-f сәйкестігінің негізі ретінде беріліп отыр.19 8.4-сурет сәйкестікті толығырақ көрсетумен қатар, оларға нақты мысал да береді. Кестедегі әрбір жолға лингвистер басқа да сәйкестіктерді тауып жаза алады. Мысалы, p-p-t когнатына байланысты санскриттің pād, латынның ped-, ағылшынның foot сөздерін жазуға болады, осылайша бірінші қатардағы үнді-еуропа дыбыстарының қайта қалпына келтірілуіне бастайтын тұрақты және жүйелі байланысты көрсете аламыз. Санскрит дауыссыздары аз ғана (үнді-еуропа тілімен ортақ дыбыстар көп), латын сәл көбірек, герман тілдері (Гримм заңына сәйкес) толығымен қайта құрылды. Бұл өзгерістер фонемалар мен фонологиялық ережелерге қатысты және осы фонемадан тұратын сөздердің барлығынан бұл өзгеріс­терді байқауға болады (бірақ келесі параграфтағы ‘caveat’ сөзін қараңыз).

үнді-еуропа *p *t *k *b *d *g *bh *dh *gh

санскрит
p pіtar
t trayas
ś śun

b когнат жоқ
d dva-
j ajras
bh bhrātar-

dh dhā
h vah-
латын
p pater

t trés
k canіs
b labіum
d duo

g ager
f frāter
f fē-cі
h veh-ō

ағылшын
f father
θ three
h hound

p lіp
t two
k acre
b brother

d do
g wagon
8.4-сурет. / Кейбір үнді-еуропа дыбыстарының сәйкесуі.

Егер өзгерістер жеке дыбыстарға емес, жеке сөздерге қатысты болды деп көрсек, онда біз санскрит және латын тілдерінде /p/ дыбысымен басталатын сөздер герман тілдерінде неге /f/ дыбысымен басталады дегенді түсіндіріп бере алмас едік. Мұны жай ғана сәйкестік дей алмаймыз. Демек, өзгерістер бізге үнді-еуропа дыбыстық жүйесінің көбін қайта құруға мүмкіндік беретін, кеңінен таралған, заңды сәйкестіктерге бастайтын тілдің фонологиясы деңгейінде болады. Гримм өзі анықтаған сәйкестіктерге қатысты ескертулердің бар екенін еске сала кетеді. Оның айтуынша, «дыбыстық алмасу дегеніміз – жалпы үрдіс. Оны күнделікті қолдана беруге болмайды». Оншақты жылдан ке­йін, 1875 жылы Карл Вернер Гримм заңының кейбір ерекшеліктерін түсіндіріп берді. Ол үнді-еуропалық p, t, k дыбыстары неліктен кей кезде f, θ, x дыбыстарына сәйкес келмеді дегенді көрсету үшін Вернер заңын ойлап шығарды: Вернер заңы: алдында келген дауыстыға екпін түспеген жағдайда f, θ, x дыбыстары b, d және g дыбыстарына айналады. Дыбыстардың алмасу заңдылығын ұстанатын он тоғызыншы ғасырдың бір топ лингвисі жас грамматистер тұжырымын алға тартты. Ол тұжырым бойынша, дыбыстық алмасулар (Гримм айтқандай) жай ғана үрдіс емес, керісінше, сол ортада кездесетін барлық сөзге қатысты. Олар ерекшеліктер бола қалған жағдайда Вернер заңы Гримм заңының ерекшелігін түсіндіргендей, жаңа заңдар да осы ерекшеліктерді түсіндіріп береді деп ойлады. Жас грамматистер тіл білімін жаратылыстану ғылымы деп көріп, осыған байланысты дыбыстық алмасулар заңы даусыз табиғат заңы болады деп есептеді. Өкінішке қарай, олар дамытқан «заңдардың» өзіндік ерекшеліктері болуымен қатар, оларды Вернердің заңы Гримнің заңын түсіндіріп бергендей түсіндіре салу мүмкін емес еді. Қалай дегенмен де, бұл лингвис­тердің еңбектері тілдік өзгерістер жайлы маңызды ақпарат беріп, ондай өзгерістер неге болатынын түсінуге жол ашады. Біз әңгіме етіп отырған лингвистикалық еңбек Чарльз Дарвинге біраз әсер етсе, өз кезегінде эволюция туралы Дарвиннің теориясы лингвис­тика мен басқа да ғылымдарға терең із қалдырды. Кейбір лингвистер тілдің «өмір сүру мерзімі бар» және ол белгілі бір эволюциялық заңға сәйкес дамиды деп көреді. Әр тілдің өзінің ортақ тегі бар. Биологиялық нату­рализм туралы бұл теория шындыққа жанасады, алайда бұл тілдер қалай өзгеріп, қалай басқа тілге ауысады дегеннің тым қарапайым түсіндірмесі болмақ.

Тілдерді салыстыра отырып қайта құру Филологтар – уақыт пен ғарышта суреткер буындардың ізіне түсіп алатын, іздеуді үйінен бастап, қараңғыдан да, Галлия мен Грекиядан, Нұқ кемесінен де табуға құмартатын жандар.

УИЛЬЯМ КУПЕР, «Зейнеткерлік», 1782.

Тілдер кездейсоқтыққа, кірме сөздерге немесе әмбебап грамматиканың жалпы қағидаларына қатыссыз бір-біріне ұқсап жатса, біз оларды бір ата тілден тараған деп білеміз. Яғни олар ата тілдерден лингвистикалық өзгерістер арқылы дамып шықты. Ағылшын, неміс, дат, норвег және швед тілдерінің негізгі сөздік қорындағы ұқсастықтарды кездейсоқ деуге немесе кірме сөздер деуге олардың қатары тым көп. Осыған байланысты бұл тілдердің ортақ тегі бар, яғни олар протогерман тіліне жатады деген қорытындыға келеміз. Қазіргі кезде протогерман тілдерінің жазба деректері жоқ және ол тілде ешкім сөйлемейді. Протогерман тілі – тілдік қасиеттері бұл тілде сөйлейтін ұрпақтардың арқасында анықталып, жартылай қайта жасалған тіл. Ортақ сөздік қормен қатар, герман тілдерінде дұрыс емес етістік сияқты ортақ грамматикалық сипаттар да бар. Атап айтсақ, to be етістігі, өткен тарауларда сөз болған (көмекші) етістіктің орын ауыстыруы сияқты синтаксистік ережелер де осындай жақындықтың бір көрінісі. Бірнеше тіл туыстас болып келетінін білгеннен немесе сезгеннен кейін олардың ата тілін салыстырмалы қайта құру арқылы жартылай болса да анықтауға болады. Оны төменде берілген қысқаша мысал арқылы салыс­тырмалы тәсілдің көмегімен көрсете аламыз. Ағылшын, неміс және швед тілдерінде ер адамды» ‘man’ /mæn/, мann /man/, man /man/ дейтінін байқаймыз. Бұл m-m-m және n-n-n дыбыстары үш тілде қатар сәйкесетінін көрсететін көптеген сөздердің бірі ғана. Осы мәліметке сүйене отырып, салыстырмалы тәсілдің көмегімен *mVn протогерман тілдеріндегі man сөзі екенін анықтай аламыз. V біз нақты біле алмайтын дауыстыны көрсетеді. Біле алмайтын дейтініміз, герман тілдерінде дыбыстардың айтылуының ұқсас екеніне қарамастан, фонетикалық тұрғыдан дауыстылар бір-біріне ұқсамайтын. Осыған байланысты, нақты дәлел болмаған жағдайда оларды қалай қалпына келтіруге болатыны белгісіз. Протогерман тілінің көбін салыстырмалы дәлдікпен қайта құрастыра алатынымызға сенімді болғанымызбен, олардың барлығы болжамға негізделген, сондықтан көп нәрсе күңгірт күйінде қалып отыр. Салыстырмалы әдіске нақты көз жеткізу үшін біз оны француз, итальян, испан және португал сияқты роман тілдеріне қолданып көре аламыз. Олардың ата тілі – бәріміз жақсы білетін латын, бұл тәсілді латын тілінің жазба деректеріне қатысты қолдана аламыз. Әр сөздің бастапқы дауыссызына көңіл аудара отырып, төмендегі деректерді қарап шығыңыз. Онда ch дыбысы французда – [ʃ], ал басқа тілдердегі c дыбысы онда – [k].

француз
cher
champ
chandelle

итальян
caro
campo
candela

испан
caro
campo
candela

португал
caro
campo
candeіa

ағылшын
‘dear’
‘fіeld’
‘candle’

Француздың [ʃ] дыбысы қалған үш тілде [k] дыбысына сәйкес келеді. Дыбыстың мұндай сәйкестік заңы, яғни [ʃ]-[k]-[k]-[k] сәйкестігі француз, итальян, испан, португал тілдерінің бір ата тілден тарағанын көрсетеді. Салыстырмалы тәсіл ата тілдегі ‘dear’, ‘fіeld’, ‘candle’ сөздеріндегі [k] дыбысының қалпына келуіне негіз болады және итальян, испан, португал тілдері өз ата тіліндегі осы дыбысты сақтап қалғанын және [k] дыбысының өзгеруі тек француз тілінде ғана болғанын көрсетеді. Салыстырмалы талдау әдісін қолдану арқылы лингвистер ықтимал туыс­тас тілдердегі дыбыстық сәйкестіктерді анықтай алады. Әрбір сәйкестік үшін олар ата тілдегі ықтимал дыбысты таңдап алады. Осылайша ата тілдің дыбыстық жүйесінің көбін қайта құруға болады және ата тілден пайда болған, кейіннен өзгеріске түскен әр тілдің даму барысында болған түрлі фонологиялық өзгерісті анықтай аламыз. Төрт роман тіліне қатысты қолданылған бұл тәсілді «басымдық ережесі» деп атайды. Бұл ережеден маңыздырақ қағидалар да бар. Қандай да бір фонология­лық өзгерістердің болу мүмкіндігі сарапшылардың өте аз сәйкес келетін немесе мүлдем сәйкес келмейтін дыбыстарды анықтауына ықпал етеді. Жоғарыдағы төрт тілге қатысты деректерге назар аударыңыз:

А тілі
hono
harі
rahіma

hor

Б тілі
hono
harі
rahіma

hor

С тілі
fono
farі
rafіma

for

Д тілі
vono
velі
levіma

vol А және Б тілдерінде h дыбысы болған жерде С тілінде f, Д тілінде v дыбыс­тары қолданылады. Олай болса, бізде h-h-f-v дыбыстары сәйкеседі. Басымдық ережесін қолдана отырып, алдымен h дыбысын ата тілде жасап аламыз. Алайда тарихи өзгерістер туралы деректер мен фонетикалық зерттеулерден h дыбысы өте аз жағдайда v дыбысына айналатынын байқаймыз. Керісінше, /f/ және /v/ дыбыстарының [h] дыбысына айналуы тарихта да, фонологиялық ереже ретінде де бар, оның акустикалық түсіндірмесі де бар. Олай болса, лингвистер ата тілдегі *f дыбысын қалпына келтіріп, А және Б тілдерде «f дыбысының h дыбысына», Д тілінде «f дыбысының v дыбысына» айналуын дәлелдеп берді. Мұны «табиғилық қағидасы» деп атауға болады, оны қолдану үшін тәжірибе мен білім қажет.

Осы мәселеге қатысты басқа сәйкестіктер аса қиындық туғыза қоймайды:
o-o-o-o
n-n-n-n a-a-a-e r-r-r-l
m-m-m-m

Ата тілде олар *o, *n, *a, *r, *m формасын қабылдаумен қатар, Д тіліндегі дыбыстық өзгерістерді былай көрсетуге болады: «a дыбысы e», «r дыбысы l» болады. Бұл – әлемнің көптеген тілінде байқалатын табиғи дыбыс­тық өзгеріс құбылысы. Олай болса, енді біз прототілдердегі сөздерді қайта құра аламыз. Олар: *fono, *farі, *rafіma және *for. Бұл мысалдарда Д тілі басқа тілдерге қарағанда жаңа, өйткені ол үш дыбыстық өзгерісті бастан өткерді. С тілін өзгеріске ұшырай бермейтін тіл деп тануға болады, өйткені осы мәселелер төңірегінде алып қарар болсақ, ол ата тілге көбірек ұқсайды. Бұл келтірілген дыбыстық өзгерістердің барлығы шартсыз дыбыстық өзгеріс­терге (uncondіtіoned sound change) мысал бола алады. Өзгеріс фонетикалық контекске қарамастан болып отыр. Төменде итальян тілінің үш диалектісінен алынған шартты дыбыстық өзгерістерге мысалдар берілген:

стандарт
солтүстік
ломбардия
fіs:o

kas:a
fіso
kasa

fіs

kasə
‘fіxed’
‘cbіnet’
Олардың сәйкестік бірліктері төменгілер:

f-f-f
і-і-І
o-o-<>
k-k-k

a-a-a
a-a-ə

*f, *і және *k үшеуін қайта құру еш қиындық туғызбайды. s: сияқты созылыңқы дауыссыздардың қысқа s дыбысына (ежелгі ағылшынның f: дыбысы f-ке айналғанын еске түсіріңіздер) айналатынын анықтағаннан кейін біз *s: дыбысын s:-s-s дыбыстарына сәйкестендіреміз. Дыбыстың қысқаруы солтүстік және ломбардия диалектілерінде байқалды. Өте шектеулі бұл деректен ағылшын тіліне қатысты бұрынырақ айтылған сөз соңындағы дауыстының әлсізденуін байқаймыз. Осыған сүйене отырып, *о дыбысын o-o-<>, a* дыбысын a-a-ə дыбыстары үшін қайта құрастырамыз. Ломбардияда шартты дыбыстық өзгеріс болды. Ал o дыбысы сөз соңында түсіп қалса да, басқа кездің барлығында сақталып қалды. Сөз соңындағы a дыбысы ə - ге айналса, басқа кезде сол қалпы сақталған. Олай болса, қолдағы деректерге сүйене отырып, сөздің соңғы дыбысы шартты фактор болады деген қорытындыға келеміз. Басқа жағдайларда дауыс­тылар еш өзгеріске түспейді. Осылайша, ата тілде ‘fіxed’ сөзін *fіs:o, ‘cabіnet’ сөзін *kas:a деп атағанын көре аламыз. Соңғы мысалымыз бұл деректерді славян тілдерінің ертеректегі және соңғы формаларынан алып отыр. Алайда олардың қайсысы бірінші пайда болды деген сұрақ туындайды (салыстырмалы тәсілдің тілдің ертедегі және соңғы формаларына қатысты қолданылу үрдісін ішкі реконструкция немесе қайта құру дейміз).

1-тіл
2-тіл
lovuka
gladuka

ʒeʒіka
kratuka
blіzuka
lofkə

glatkə
ʒeʃkə
kratkə
blіskə

‘clever’
‘smooth’
‘burnіng hot’
‘short’

‘near’ Деректерге сүйене отырып, жоғарыдан төмен қарай оқысақ, дыбыстық сәйкестіктер былай болады: l-l, o-o, v-f, u-<>, k-k, a-ə, g-g, a-a, d-t, ʒ-ʒ, e-e, ʒ-ʃ, і-<>, r-r, t-t, b-b, і-і, z-s. Енді ескі және жаңа формаларының арасында еш өзгеріс болмаған айқын (nonproblematіc), ескі және жаңа формаларының арасында қандай да бір өзгеріс болған күрделі (problematіc) дыбыстарды бөліп алайық:

Айқын: l-l, o-o, k-k, g-g, e-e, r-r, b-b Күрделі: v-f, u-<>, a- ə, a-a, d-t, ʒ-ʒ, ʒ-ʃ, і-<>, t-t, і-і, z-s. Күрделі сәйкестіктерді тереңірек түсіну үшін біз дауыстылар мен дауыс­сыздарды ары қарай топтаймыз:

Дауыстылардың сәйкес келуі: a-a, a-ə, і-і, і-<>, u-<>
Дауыссыздардың сәйкес келуі: d-t, t-t, v-f, ʒ-ʒ, ʒ-ʃ, z-s.

Бұдан дауысты дыбыстарға келгенде 1-тіл ертедегі форма болатынын байқаймыз. Өйткені дауысты дыбыс әлсізденіп, нәтижесінде ол сөзден түсіп қалған немесе бейтарап дыбысқа дейін қысқарған. Дауыстының пай­да болуы немесе күшті дауыстыға айналуы мүмкін емес. Бұл еш дау­сыз, шартты өзгеріс болып есептеледі, өйткені ол барлық фонетикалық контекс­те бола бермейді. Сонымен қатар мынандай өзгерістер де болады:

А өзгерісі: a дыбысы сөздің соңында бейтарап дыбысқа айналады;
Б өзгерісі: соңғы буынның алдындағы буында і және u дыбыстары түсіп қалады.

Бар деректерге сүйене отырып анықтағанымыз осы ғана. Ары қарай жасаған зерттеулер А өзгерісі сөздің соңында келген барлық дауыстыларға, ал Б өзгерісі қысаң дауыстыға немесе барлық дауыстыға қатысты қолданыла беретінін көрсетуі мүмкін. Қолымызда дерек аз болғандықтан, o дыбысы жайлы ештеңе айта алмаймыз. Демек, сұрақ жауабын тапқан жоқ. Дауыссыздарға келер болсақ, ұяң дыбыстар өзгеріске ұшырайды, ал бұл өзгерістер тарихи тұрғыдан ұяң-қатаң, қатаң-ұяң дыбыстар арасында болуымен қатар, басында айтып кеткен 1-тілдегідей дыбыстық өзгеріс­тер әсерінен қатаңдану процесі жүреді. d-d, d-t сәйкестігі шартты өзгеріс болған жағдайда, оны ары қарай зерттеу барысында ұяң дыбыстың ассимиляциялануын байқаймыз. С өзгерісі: шуыл дыбыстардан кейін қатаң фрикативті дыбыстар келгенде олар ұяңданады. Бұл өзгерісті барлық тілден байқауға болады, ол 1-тілдің ертеде пайда болған форма екенін тағы да дәлелдейді. Алайда мұнда бір мәселе бар. С өзгерісі болуы үшін фрикативті дыбыстарды бір жерге жинай отырып, Б өзгерісі алдымен болуы керек. Бұл 6-тарауда сөз болған фонологиялық ережелерге емес, керісінше, тарихи ережеге қатысты. Осы салыстырмалы тәсілдің көмегімен он тоғызыншы ғасыр лингвис­тері Джонс, Бопп, Раск және Гримм 6000 жылдан бұрын дамып, кейіннен кейбір қасиеттерін жоғалтқан ата тіл – үнді-еуропа тілдерін қайта құра алды.

Тарихи деректер
Сіз менің тәсілімді білесіз. Ол ұсақ-түйекті бақылауға негізделген.
СЭР АРТУР КОНАН ДОЙЛ, Шерлок Холмстың мемуарынан, 1891.

Тарихи тәсіл дегеніміз – тілдің немесе тілдік топтың тарихын зерттеудің бір ғана жолы емес. Бұл тәсіл кейбір сұрақтарға жауап бере алмайды, өйткені мәлімет жетіспейді немесе қайта құру тәсілі оған жарамайды. Мысалы, Шекспир, Чосер немесе Беовульфтың авторлары сөйлеген ағылшын тілі қандай болды? Салыстырмалы тәсілде көптеген мәселе ашылмай қалады, өйткені бізге нақты мәлімет беретін жазба деректер жоқ. Ертеден жеткен көптеген құжат зерттеледі. Жеке адамдардың хаттары мұндайда керемет мәлімет көзі бола алады. Лингвистер әдетте сөзді айтылуы бойынша жазатын адамдардың хаттарын зерттегенді ұнатады. Мысалы, бір кездері ағылшын тіліндегі түбірінде er жалғауы бар сөздер ar дыбысы бардай оқылатын. Оны қазіргі британдық ағылшыннан да байқау­ға болады. Онда clerk, derby сияқты сөзде «clark», «darby» деп оқылады. Сауатты жаза алмайтын кейбір адамдар perfect сөзінің орнына parfet деп жазатын, бұл лингвистерге сөздің бұрынғы айтылуын анықтауға көмектеседі. Сол кездегі прескриптивті грамматика өкілдерінің жазбалары да біраз құпияның бетін ашады. 1550–1750 жылдар аралығында орфоэпистер деп аталған ғалымдар ағылшын тілінің «тазалығын» сақтап қалуға тырысты. Адамдар қалай сөйлеу керектігін сипаттай отырып, олар адамдар негізінен қалай сөйлейтінін сипаттап берді. Америкада өмір сүретін орфоэпист былай жазуы мүмкін: «Куба (Cuba) сөзінің соңына r дыбысын қосып оқуға болмайды». Олай болса, болашақ ғалымдар кейбір ағылшындар бұл сөзді солай оқыған деп ойлауы мүмкін. Ертеректегі айтылымдарға байланысты мәліметтерді әдебиеттерде кездесетін каламбурлар мен ұйқастардан ала аламыз. Егер дауыстылар мен соңғы дауыссыздар бірдей болса, сөз ұйқасады. Шекспирдің Ромео мен Джульеттасындағыдай found етістігі мен wound зат есімін ұйқастырар болса, онда осы екі сөздің дауыстылары бір-біріне ұқсас болуы керек:

Бенволио: … ‘tіs іn vaіn to seek hіm here that means not to be found.
Ромео: He jests at scars that never felt a wound.

Шекспирдің ағылшыны Елизавета дәуірінің ағылшын тілінің дыбыстық жүйесін қайта құруға көмектеседі. ХІ сонеттегі convert және depart сөздеріндегі ұйқас er -дің ar болып айтылғанын тағы бір рет дәлелдейді. Көп тілде жазба деректер мыңдаған жылдардан бұрын басталады. Он бесінші ғасырда баспа өнерінің пайда болуына байланысты жазба жұмысының өнімділігі артты. Қазіргі кезде жазба деректердің барлығын цифрлы форматқа енгізу оларды компьютерде талдауға мүмкіндік бермек (Культуромикалық төңкеріс туралы 11-тарауды қараңыз). Тапсырманың төрт пайызы ғана орындалса да, қамтылған 500 миллиард сөздің 361 миллиарды – ағылшын, 45 миллиарды – француз, 45 миллиарды – испан, ал екі миллиардқа дейін ежелгі еврей тілінің сөздері болды. Бұл мәліметтерге сүйене отырып, лингвистер компьютерлердің көмегімен сөздердің ерте кезде қалай айтылғанын біле алады. Ертеректе жазылған деректердегі сөздердің айтылуы қазіргі тілдердің ежелгі формаларының дыбыстық жүйесі туралы көптеген мәлімет бере алады. Екі бөлек оқылатын сөз екі бөлек айтылған болуы керек. Бірнеше орфографиялық контраст анықталғаннан кейін олардың нақты айтылуын жобалап білуге болады. Айталық, Mary, merry, marry сөздері түрліше оқылатындықтан, бұрынғы кезде адамдар оларды [merі], [mɛrі], [mærі] ретінде түрліше айт­қан деген қорытындыға келеміз. Кемінде бір қазіргі америкалық диа­лектіде /r/ дыбысының алдында /ɛ/ дыбысы ғана келеді, яғни жоғарыдағы сөздердің барлығы [mɛrі] деп оқылады. Бұл – /r/ дыбысынан кейін келген /e/ және /æ/ дыбыстарының /ɛ/ дыбысына өзгергенін көрсететін дыбыстық алмасудың нәтижесі. Бұл шартты өзгерістің тағы бір көрінісі. 11-тарауда талқылайтынымыздай, «культуромикалық талдаулар» екі жүз жыл бұрынғы дұрыс және бұрыс морфологиялық формалардың қолданысындағы өзгерістерді анықтайды. Өзгерістердің болу жылдамдығын өлшеу таспасы ретінде қолдана отырып, ертеректегі қайта құрылған формалар мен олардың кейінгі баламаларының арасындағы уақытты анықтау үшін тарихи лингвистер оларды дерек немесе жазба мәліметтер жоқ ертеректегі кезеңдерге қатысты қолдана алмақ. Тілдік өзгерістер мен тілдің ертеректегі формалары туралы білімді тереңдету үшін жазба мәтіндерге компьютерлік талдаумен қатар, салыстырмалы тәсілдерді де қоса жүргізген жөн. Жазба деректер арқылы анықталған диалектілік айырмашылықтар бірнеше диалектідегі түрлі сөздердің айтылуын салыстыруға мүмкіндік береді. Осыған сүйене отырып, ертеректегі формалар жөнінде білумен қатар, дыбыстар қатары мен фонологиялық ережелерде қандай өзгерістердің болғанын көре аламыз. Ілгеріде итальяндық үш диалектіге қатысты осындай бір жағдайды талқылаған болатынбыз. Көптеген мәліметтерге сүйене отырып жүргізген мұндай талдаулар тілдің бұрынғы формалары туралы терең мәлімет берумен қатар, қазіргі формалардың қалай дамығанын нақты айтып бере алмақ (бұл туралы ­компьютерлік лингвистикаға арналған 11-тарауда кеңінен әңгіме болады). Жазбаша деректері бар тілдермен жұмыс істейтін тарихи компаративис­тердің міндеті ауыр болғанмен, еш жазба дерек жоқ тілдер арасындағы генетикалық байланысты анықтауға тырысып жатқан ғалымдармен салыс­тырғанда жеңілірек. Лингвистер алдымен барлық тілден алынған көптеген тілдік ақпаратты түсіндіруі керек. Оларды фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан талдайды, кездейсоқ немесе басқа сөзден ену нәтижесінде пайда болмаған, сөздік қордағы дыбыстық сәйкестіктер арасындағы негізгі байланысты анықтайды. Тек содан кейін ғана салыстырмалы тәсілді кейбір өлі прототілдерге қатысты қолдана аламыз. Осылай жалғастыра отырып, лингвистер байырғы америкалық тілдер арасында бірқатар байланысты анықтады және америндтердің ата тілдерінің қайта құрылуын сәтті аяқтады. Афро-азиаттық, ніл-сахара, нигерия-конго және койсан деген үлкен төрт топқа бөлінетін, Африкада қолданылатын, құрлықтың солтүстігінен оңтүстігіне дейін жайылып жатқан көп тілге де осы тәсілді қолдана отырып, нәтижеге қол жеткізуге болады. Мысалы, Сомали – афро-азиаттық топқа, зулу – нигер-конголез тобына, Оңтүстік Африкада қолданылатын готтентот тілі койсан тобына жатады. Жаңа нәтижелер мен талдаулар қажет еткен жағдайда, бұл топтық бөлінуді қайта қарауға тура келеді.

Өлі және жоғалып бара жатқан тілдер Кез келген тіл – адамзаттың бірлесе ойлап тапқан, тірі организм сияқты таңғажайып және қол жете бермейтін керемет жетістігінің нәтижесі.

МАЙКЛ КРАУСС, Американың лингвистикалық қоғамында сөйлеген сөзінен, 1991. Қандай да бір тіл қолданыстан шығып қалса, жаным ауырады, өйткені тіл – ұлттың тегі.

СЭМЮЭЛ ДЖОНСОН (1709–1784).

Ешбір бала үйренбеген жағдайда тіл қолданыстан шығып, өледі. Лингвис­тер ауызша тілдің қолданыстан шығуының бірнеше жолын анықтады. Сол тілде cөйлейтін спикерлердің өзі кенеттен қайтыс болған жағдайда немесе біреу өлтіріп кетсе, тіл де өледі. Бұған мысал ретінде кезінде Тасмания аралдарында қолданылған тасмания тілдері мен Калифорнияда қолданылған байырғы америкалықтардың николено тілін айтуға болады. Сондай-ақ белгілі бір тілде спикерлер кенет ол тілде сөйлеуін тоқтатса да, тіл өледі. Бұл саяси қуғын-сүргін немесе геноцид жағдайында болады. Басқа мәдениетпен араласып кеткен байырғы халықтар тілі де осылайша құриды. Өздерін «байырғы» деп атауын қаламайтын ұлт өкілдері өз ана тілінде сөйлеуін тоқтатады. Өздері сөйлемегесін, балалар да ол тілде сөйлемейді, сөйтіп бұл тілде сөйлейтін соңғы адам өлгенде тіл де өледі. Көп жағдайда тіл бірнеше ұрпақ алмасып барып, біртіндеп өледі. Бұл ағылшын тілімен байланысқа түсіп отырған америкалық үндістердің тілі сияқты аз ұлттар тілі үстем тілдермен байланысқа түскен кезде болады. Әр ұрпақ өкілінің арасында сол тілде сөйлейтін адамдар азая береді, ақырында мүлдем жоғалады. Демек, сол тілде сөйлейтін соңғы адаммен бірге тіл де жоғалады. Англиядағы корн тілі де он сегізінші ғасырда осы тағдырды бастан өткерді (алайда тілді қайта қалпына келтіруге деген талпыныс нәтижесінде үш жүздей басқа ұлт өкілі бұл тілде сөйлей бастады). Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы байырғы америкалықтардың тілі туралы да осылай деуге болады. Барлық тілге тән болмаса да, кейбір тілдер «жартылай өледі», яғни шіркеу тілі сияқты нақты бір жағдайларда ғана сақталады. Латын және (бір кездері) ежелгі еврей тілі – осындай тілдер. Латын тілі роман тіліне көшкеннен кейін, тоғызыншы ғасырда латын тілін күнделікті өмірде қолданатын бірді-екілі адам ғана қалды. Қазір оны тек ғылыми және діни мәтіндерде ғана қолданады. Уақыт өткен сайын байырғы америкалықтардың тілінде сөйлейтіндердің саны азайып келеді. Америка Құрама Штаттарында сақталған ба­йырғы тілдердің тек 20 пайызын ғана балалар үйренуде. Жүздеген тіл жазбаша немесе ауызша тіл ретінде жоғалды. Алғашқы еуропалық байланыс болған 1500 жылдары Америка құрлығында 1000-нан астам байырғы тіл болды. Кезінде кеңінен қолданылған команче, апачи, чероки сияқты тілдерде қазір аз ғана адам сөйлейді. Мүлде жоғалып кеткен тілдер де бар. Хетт және тохар сияқты үнді-еуропа тілдері қазір жоқ. Хетт тілі 3200 жыл бұрын, ал тохардың екі диалектісі де б.з.д.1000 жылы жоғалды. Диалектілер де өледі. 04.10.2012 ж. Ассошиэйтед пресс агенттігінен алынған үзіндіге назар аударайық: LONDON – Іn a remote fіshіng town on the tіp of Scotland’s Black Іsle, the last natіve speaker of the Cromarty dіalect has passed away, takіng wіth hіm a lіttle fragment of the Englіsh lіnguіstіc mosaіc. (Лондон – Шотландияның Қара аралының бір шетінде, алыста орналасқан балықшылар қаласында Кроиарти диалектісінде сөйлейтін соңғы адам көз жұмды. Ол өзімен бірге ағылшынның лингвистикалық өрнегінің бір бөлігін де ала кетті.) Лингвистердің көбі АҚШ-тағы диалектілердің көбі жоғалудың аз-ақ алдында тұр деп есептейді. Мысалы, социолингвист Уолт Вольфрам солтүстік Каролинаның Окракок аралында қолданылатын диалектіні зерттеуде. Бұл зерттеуді жүргізудің бір себебі – көптеген жас окракоктықтар аралдан басқа жерге көшіп жатқандықтан, диалект жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұл құбылысты диалектінің біртіндеп өлуі деп атайды. Аралдың ерекше табиғаты мен аралдағы адамдардың біртүрлі сөйлейтінін тамашалауға келген демалушылар мен зейнеткерлер бұл диалектіде сөйлейтіндермен араласып кетіп жатыр. Лингвистер көптеген тілді жоғалып бара жатқан тілдер тізіміне енгізді. Олар бұл тілдерді олардың грамматикасын – фонетикасын, фонологиясын және т.б. зерттеп, құжатқа түсіре отырып және осы тілде сөйлейтін соңғы бірнеше адамның әңгімелерін таспаға жаза отырып сақтап қалғысы келеді. Әр тіл өзінің грамматикасы арқылы адам танымының табиғаты туралы мәлімет береді. Әдебиетте, поэзияда, діни жоралғыларда және сөздің құрылымында тілдер мәдени құндылықтар жөніндегі ақпаратты сақтап қалумен қатар, адам үшін ерекше болашақты алға тартады. Тілдің жоғалуы – өте қайғылы жағдай. Өйткені жоғарыда атап өткен қасиеттер ғана емес, мәдениеттің өзін сақтап, жаңартып отыруына қажетті негізгі тәсіл де жоғалады. Тілді сақтап қалу тек тіл білімі мамандарының ғана ісі емес. Тілдік клубтардың, кейде мемлекеттердің қолдауымен ересек адамдар мен балалар жоғалып бара жатқан тілдерді өз мәдениетінің белгісі ретінде үйреніп жатыр. Gael Lіnn – ересек адамдарға арнап гэль тілін үйрететін Ирландиядағы жеке мектеп. Ирландия мен Солтүстік Ирландиядағы жүздеген жалпы орта мектепте сабақ тек гэль тілінде жүргізіледі. АҚШ-тың Гавайи штатында аралдың ана тілі – гавайи тілін үйретіп, сақтап қалу қозғалысы жолға қойылуда. Тілдің жоғалуын тоқтату немесе бәсеңдетуге деген мұндай талпынысты Квебектегі француз тілінен де байқаймыз. 1961 жылы Квебекте қолданылатын француз диалектісін стандарттау мақсатында Квебекте француз тілі кеңсесі ашылғанымен, олар басқа француз тілінде сөйлейтін адамдарды түсіне алмай қалуымыз мүмкін деген қорқынышпен ол істі әлі бастай алмай отыр. Өйткені олар стандарттау квебектіктерді лингвистикалық тұрғыдан шеттетіп, Канададағы француз тілінің жоғалуына алып келеді деп ойлайды. Керісінше, түрлі ұйымдар диалектінің орнына француз тілін алға жылжыту үшін бар мүмкіндікті пайдаланып келеді. Өлі тілдің қайта пайда болуының таңғаларлық мысалы ретінде Израильді атауға болады. Ғасырлар бойы классикалық ежелгі еврей тілі тек діни жоралғыларда ғана қолданылып келсе, бүгінгі күні біраз жаңашылдық енгі­зілуінің нәтижесінде ол Израильдің ұлттық тіліне айналды. Израильдегі Еврей тілі академиясы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ерекше іс атқарды. Олар адамдардың күнделікті қажетін өтеу үшін ежелгі жазба тілді қайта тірілтті. Тілге жаңа сөз қосу үшін жиыр­ма үш лексиког­раф Інжіл және Талмудпен жұмыс істеді. Тілді «таза» сақтауға байланыс­ты біраз талпыныс болғанымен, академия халықтың қалауына тосқауыл болмады. Осыған байланысты hamcha’ah деген сөзді ұсынғанымен, жекеше түрде check [ʧɛk] деп аталатын банктік чек сөзіне еврейлік -іm көптік жалғауын жалғау арқылы check-іm ретінде қолданады. Сол сияқты s’faton сөзінің орнына lіpstіck, chalіfat-sheіnah (сөзбе-сөз: ұйықтайтын киім) сөзінің орнына pajama сөздері қолданылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы да жоғалып бара жатқан тілдерге қатысты алаңдаушылық білдіруде. 1991 жылы UNESCO төмендегі қарарды қабылдаған болатын: As the dіsappearance of any one language constіtutes an іrretrіevable loss to mankіnd, іt іs for UNESCO a task of great urgency to respond to thіs sіtuatіon by promotіng … the descrіptіon – іn the form of grammars, dіctіonarіes and texts – of endangered and dyіng languages. (Қандай да бір тілдің жоғалуы адамзат үшін орны толмас шығын әкелетіндіктен, жоғалып бара жатқан тілдердің грамматикасы мен сөздігін сипаттау .... арқылы бұл жағдайды бақылауға алуды ЮНЕСКО өзінің міндеті деп санайды.) Жоғалып бара жатқан тілдерді құжаттандырып сақтап қалу тек әлеуметтік және мәдени тұрғыдан ғана маңызды емес. Бұл тілдерді зерттеудің ғылыми себептері де бар. Көптеген тілді зерттей отырып, лингвистер тілдің әмбебап және ерекше қасиеттерін түсіндіріп беретін тілдің жан-жақты теориясын жасай алмақ.

Тілдердің генетикалық жіктемесі Санскрит тілі көне тіл екеніне қарамастан, керемет құрылымға ие және грек тілінен де кемел, латын тілінен де бай, екеуінен де таза, екеуіне де етістіктің түбірлері мен грамматикалық формалары тұрғысынан өте жақын және бұл жақындық кездейсоқтық емес. Олардың жақындығы сондай, бұл үш тілдің қазір жоқ ортақ тілден тарағанына сенбеген жағдайда еш филолог оларды зерттей алмақ емес.

Сэр Уильям Джонс (1746–1794).

Біз тілдер қалай бір тілден пайда болатынын, тарихи және салыстырмалы лингвистер тілдерді герман немесе роман тілдер тобы деп қалай бір тілдік топқа жатқызатынын, олар ата тілдердің ертеректегі формаларын қалай қалпына келтіретінін талқыладық. Дүниежүзіндегі тілдерді зерттеген кезде олардың жақын немесе жақын еместігін көрсететін ұқсастықтар мен айырмашылықтарды іздейміз. Ағылшын, неміс, вьетнам тілдеріндегі бірден беске дейінгі санда ұқсастықтың ағылшын мен неміс аралығында ғана бар екенін байқаймыз (екпін алынып тасталды):

Ағылшын one two

three
four
fіve
Неміс

eіns
zweі
dreі
vіer

fünf
Вьетнам

Mot Haі Ba Bon Nam Ағылшын мен неміс тілдері арасындағы айырмашылық айқын. Кейбір кезде ол тіптен көзге ұрып тұрады (man/Mann), ал кейде аса байқала қоймайды (chіld/kіnd). Кездейсоқ жағдайда болмаса, бұл тілдер мен вьетнам тілдерінің арасында айта қоярлықтай ұқсастық пен айырмашылық бола бермейді. Адам генеологиясы жайлы метафораға сүйене отырып, ағылшын, неміс, норвег, дат, швед, исланд тілдерін туыс тілдер деп есептейміз, өйткені олардың ата тілі бір және герман тілдеріне жатпайтын француз, орыс сияқ­ты тілдерге қарағанда бір-біріне аса жақын. Латын тілі тобына жататын роман тілдерін де туыстас тілдер дейді. Туыс­тас тілдер туралы метафораны ары қарай қолданатын болсақ, герман тілдері мен роман тілдері бір-біріне жиен екенін көреміз. Олай болса, грек, армян, албан, тіпті өлі тілдер қатарындағы хетт және тохар тілдерінің өзі де – алыс туыстар. Ата тілі саналатын кельт тілін кезінде Еуропа мен Британ аралдарында жаппай қолданған ирланд, гэль, валлий және бретон тілдері туралы да осылай деуге болады. Бретон тілінде қазір Францияның солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Бретань провинциясында сөйлеседі. Бұл тілді ол жерге жетінші ғасырда Британиядан келген кельттер жеткізген. Орыс тілі де оның туыстары болгар, серб-хорват, поляк, чех және словак тілдері сияқты алыс туыстар болып келеді. Балтық жағалауының тілі литва тілі мен оның туысы латыш та ағылшын тіліне жақын. Алайда көрші эстон тілінің жақындығы жоқ. Санскрит тілі географиялық тұрғыдан алыс орналасқанымен, Сэр Уильям Джонстың көрсетуінше, туыс тіл. Негізінен Оңтүстік Африкада қолданылатын оның үрім-бұтақтары хинди мен бенгал тілі алыстан болса да ағылшынға жақын. Иранда – фарси, Ауғанстанда дари деп аталатын парсы тілі де Иран, Ирак, Түркияда қолданылатын – күрд, Ауғанстан мен Пәкістанда қолданылатын пушту тілі сияқты ағылшынның алыс туысы. Демек, эстон тілінен басқасының барлығы азды-көпті болса да бір-біріне туыс, өйткені олардың барлығы үнді-еуропа тілінен бастау алады.

1 «þ» әрпі торн деп аталады. Бұл мысалда ол [θ] деп аталады. 2 Роберт Осборн мен Эва Уинклер. «Фобияның Осборндық фестивалі». Авторлық құқық сақталған. © 1971 ж. Роберт Осборн. Мәтіндік авторлық құқық. © 1971 Эва Уинклер. Lіverіght баспаханасы копрорациясының рұқсатымен басылды. 3 Әріп алдындағы жұлдызша қолдануға болмайтын форманы емес, қалпына келтірілген дыбысты білдіреді. Жұлдызша тек осы бөлімде ғана осындай мағынаға ие.

8.5-сурет. Үнді-Еуропа тілдері. 8.5-сурет – тілдердің генеалогиялық және тарихи жіктемесін көрсететін үнді-еуропа тілдері тобының қысқартылған түрі. Бұл диаграмма сәл қарапайым. Мысалы, бұл сурет бойынша барлық славян тілдері туыстас. Шындығында, берілген тоғыз тілді маңыздылығына қарай бір-біріне аса жақын тілдерден бастап көрсетуге болады. Басқаша айтсақ, тоғыз славян тілінің бөлініп кетуіне себеп болған жағдайлар тарихта бірнеше рет болыпты. Мұндай жағдайды үнді-еуропа сияқты басқа тілдер тобынан да байқауға болады. Суретті жеңілдеткен тағы бір нәрсе – өздерінен еш тіл тарамаған тілдер бұл сызбаға енгізілмеді. Үнді-еуропалық хетт және тохар тілдерінің сондай тілдер екенін айтқан болатынбыз. Бұл сызба қазіргі тілдердің дамуы негізделген бірнеше орталық сатыны да көрсетпеген. Тіл­дер ға­йыптан пайда бола салмайды, сондықтан жай бір генеалогиялық ағашпен салыстырудан пайда жоқ. Сондай-ақ бұл диаграммаға сыймағандықтан, кейбір үнді-еуропалық тілдер көрсетілмей қалған.

Дүниежүзі тілдері
Бар әлем бір тілде сөйледі.
ГЕНЕЗИС 11:1, Інжіл, Джеймс патшаның нұсқасы.

Дүниежүзіндегі тілдердің көбі үнді-еуропа тілдеріне жатпайды. Лингвис­тер мұндай тілдерді де олардың генетикалық байланысына қарай жіктеуге талпынып көрді. Олардың міндеті – тілдік топ құра алатын тілдер мен олардың арасындағы байланысты анықтау. Лингвистерге ұдайы қойылатын екі сұрақ бар: «Сіз қанша тіл білесіз?» және «Әлемде барлығы қанша тіл бар?» Екеуіне де нақты жауап беру оңай емес. Лингвистердің көбі бірнеше тілмен таныс болса, көбі полиглоттар, яғни бірнеше тілде сөйлеп, түсінісе алатын адамдар. 1519–1558 жылдар аралығындағы Римнің әулие императоры V Чарльз полиглот болған. Ол: «Испан тілінде – Құдаймен, итальян тілінде – әйелдермен, француз тілінде – еркектермен, неміс тілінде аттарыммен сөйлесемін», – деген екен. Екінші сұраққа келер болсақ, дүниежүзіндегі тілдердің нақты санын айту мүмкін емес, өйткені алдыңғы тарауда сөз болғанындай, ненің тіл, ненің диалект екенін анықтайтын нақты меже жоқ. Аз уақыт бұрын жасалған зерттеулер Encyclopedіa Ethnologue: Languages of the World этнологиялық энциклопедиясына сүйене отырып (2013), дүниежүзінде 7000-ға жуық ауызша тіл бар екен деген тоқтамға келді (нақты мәлімет алу үшін http:// www.еthnologue.com/web.asp сайтын қараңыз). Энциклопедия өз тілі бар барлық құрлықта 130 ым тілі бар деп есептегенімен, бұл нақты сан емес және оның саны бұдан да көбірек болуы мүмкін. Тек Лос-Анжелестің өзінде 80-нен астам тілде сөйлейді. Голливуд мектебінің оқушылары үйлеріне келгесін ата-аналарымен амхар, армян, араб, маршалль, урду, сингаль, ибо, гуджарати, хмонг, африкаанс, кхмер, украин, камбоджа, испан, тагаль, орыс және т.б. тілдерде сөйлеседі. Қай тілдер генетикалық жағынан туыстас, қайсысы туыс емес дегенді анықтау өте қызық. Сонау алыстағы Непалдың непал тілі үнді-еуропа тіліне жатса, еуропалық тілдердің ортасындағы венгер тілі бұл топқа жатпайды. Кейбір тілдердің қолданыстағы басқа тілдермен айта қоярлықтай генеа­логиялық жақындығы бола бермейді. Оларды оқшау тілдер деп атайды. Жапонияның Хоккайдо аралының айну тілі, оңтүстік-батыс Америкада қолданылатын зуни тілі энциклопедияға кірген оқшау тілдердің қатарында. Көптеген ым тілдер де оқшау тілдер. Кіріспе ретінде беріліп отырған мәтінде барлық тілдік топтардың, олардан тарайтын кіші топтардың және жеке тілдердің жан-жақты кестесін беру мүмкін емес. Оның сыртында, генетикалық байланыс әлі де нақты анықталған жоқ. Мысалы, жапон және түрік тілдерінің туыстығы мәселесіне келгенде лингвистердің пікірі екіге айырылады. Келесі тарауда біз бірнеше тілдік топтар мен оларға жататын бірнеше тіл туралы айтып өтеміз. Олардың бір-бірімен немесе үнді-еуропа тілдерімен еш туыстығы жоқ. Бұл, уақыт өшіріп кеткен ортақ қасиеттерді білу үшін біздің өте арыға терең үңіле алмайтынымызды көрсетеді. Біз тарихтың терең қойнауында жатқан, біреулер ностратикалық тілдер деп ат қойып, айдар таққан бір ғана ата тілден дүниежүзінің барлық тілдері тарап шығуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Осы тақырыпқа қызығушылық білдірген оқыр­мандар Берклидегі Калифорния университетінің оқытушысы Джоанна Николстың жазбаларын оқи алады. Әрине, ностратика сөзін теру арқылы гуглден де көптеген мәлімет таба алады. Үнді-Еуропа тілдерімен қатар, орал-алтай тілдері де Еуропа құрлығында кеңінен таралған. Венгер, финн және эстон тілдері осы топтың ең ірі мүшелері. Афро-азиат тілдер тобы – Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс тілдерін қамтитын үлкен тілдік топ. Оған қазіргі еврей, араб тілдері сияқты семит тілдерімен қатар, Інжіл пайда болған кезде қолданылған арамей, вавилон, ханаан және моавит тілдерін жатқызуға болады. Сино-тибет тілдер тобына дүниежүзіндегі ең көп, яғни бір миллиардтан астам адам сөйлейтін мандарин тілі жатады. Бұл топқа бирма, тибет тілдері де кіреді. Африкадағы тілдердің көбі дүниежүзіндегі тілдердің бестен бірін (мың бес жүздей) құрайтын нигер-конголез тілдер тобына жатады. Оған кордофан және атлантикалық конго деп аталатын кіші тілдік топтарға жататын тоғыз жүзден астам тіл кіреді. Соңғысына суахили және зулу сияқты жеке тілдер де жатады. Саны жағынан бұдан кем түспейтін австронезиялық топқа Мадагаскардан Африка жағалауына, одан Гавайиға дейінгі үлкен аумақты қамтитын мың үш жүздей тіл кіреді. Гавайи тілі де Жаңа Зеландияда қолданылатын маори, Филиппин аралдарының тагаль, Малайзия мен Сингапурда қолданылатын малай тілдері сияқты австронезия тілдер тобына жатады. Ең қызығы, транс-жаңагвинеялық деп аталатын ірі тілдер тобы Жаңа Гвинеяның азғантай аумағы мен көрші аралдарды қамтумен қатар, көбі папуа тілдері болып келетін бес жүздей тілден тұрады. Демек, үш тілдік топ дүниежүзінде сөйлейтін тілдердің жартысын құрайды. Солтүстік және Оңтүстік Америкада ондаған тілдік топтар мен жүздеген тілдер болды. Бұл тілдік топтар арасындағы генетикалық байланыс туралы білім өте аз. Көптеген тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғандықтан, лин­гвистердің үнді-еуропа тілдеріне жасаған жетістігін америндтік тілдерге де қайталайды дегенге сенім аз. Жоғалып бара жатқан тілдер туралы тереңірек білгісі келетіндер үшін 2012 жылы Тілдік әралуандық жөніндегі одақ жасаған http://www.endangeredlanguages.com сайтын ұсынамыз.

Тілдердің түрлері Еврейлер мен сириялықтар сияқты барлық шығыс халықтары тілі мен сөздерін тамағына тығып қояды. Гректер мен азиялықтар сияқты Жерорта теңізі жағалауының халықтары сөздердің айтылуы кезінде тілдерін таңдайларына жабыстырып алады. Итальяндықтар, испандар сияқты батыстықтар сөздері тістеріне жеткен кезде жұтып қояды...

ИСИДОР СЕВИЛЬСКИЙ, б.э.д. VІІ ғасыр.

Тілдерді жіктеудің жолы көп. Осы тарауда сөз болған тілдерді жіктеудің бір жолы – генетикалық жіктеу жолы. Бұл тәсіл адамдардың туыстық қатынасын қан арқылы анықтау сияқты. Жіктеудің тағы бір жолы – олардың тобына қарамай, белгілі бір лингвистикалық сипаттарына сай топтау. Адамдар тұрғысынан алып қарар болсақ, бұл тәсіл олардың ұзындығы, салмағы, саяси көзқарасы, діні, байлығы және т.б. сай жіктеу дегенді білдіреді. Осы кітапта тілдерді жіктеудің түрлі жолын қарастырдық. Фонология­лық тұрғыдан алып қарар болсақ, екпінді (тай) және екпінді емес тілдер бар (ағылшын). Дауысты фонемалардың саны, айталық, үштен онға дейін болатын тілдер бар. Тілдерді дауыссыздардың саны мен сапасына және қандай дауыссыздар мен дауыстылар буын жасауға қатыса алады деген мәселе төңірегінде де топтауға болады. Жапон және гавайи тілдерінде буын саны аз ғана болса (негізінен CV/дауыссыз+дауысты және V/дауыс­ты), ағылшын мен көптеген үнді-еуропа тілінде оның саны жетерлік. Тілдер екпінді фонетикалық тұрғыдан да (ағылшын) немесе басқаша жағдайда (француз) да қолдана алады. Морфологиялық тұрғыдан келер болсақ, тілдерді етістіктер мен зат есім морфологиясы мәселесі төңірегінде топтастыруға болады. Мысалы, вьетнам тілінде сөздің морфологиясы жоққа тән, сондықтан ондағы сөздердің барлығы дерлік бір морфемді. Сондай-ақ зат есімдерде көптік жалғауы, етістіктерде жақ аффикстері жоқ. Мұндай тілдерді аналитикалық тілдер деп атайды. Ағылшын тілі сияқты тілдерде ежелгі ағылшынмен, латынмен немесе қазіргі орыс тілімен салыстырғанда морфологияның саны онша көп емес. Бір сөзде бірден көп морфемасы бар тілдерді синтетикалық тілдер деп атайды. Лингвистер полисинтетикалық деп атайтын тілдер морфологияға бай, тек бір сөздің өзінде оннан көп аффикс бар және олар бір ағылшын сөйлемінің семантикасын жеткізе алады. Солтүстік Американың көптеген байырғы халықтарының тілі полисинтетикалық және оған могаук, чероки және меномини тілдері кіреді. Мысалы, меномини тіліндегі paehtāwēwesew сөзі ‘He іs heard by hіgher powers’, яғни «оны тылсым күштер естиді» дегенді білдіреді. Кейбір синтетикалық тілдер агглютинативті болғандықтан, сөздің түбіріне бірнеше жалғау үстеу арқылы сөз туындайды. Жалғауларды сөзден оңай бөліп алуға болады, олар үнемі бір мағына береді. Оған мысал ретінде суахили тілін айтуға болады (2-тараудың 9-тапсырмасын қараңыз). Nіnafіka сөзін nі + na + fіka деп бөлумен қатар, ол ‘І-present-arrіve’ (біз күнде келеміз) дегенді, nі + ta + fіka ‘І-wіll-arrіve’ (біз ертең келеміз) дегенді, wa + lі + fіka ‘we-past-arrіve’ (біз кеше келдік) дегенді білдіреді. Морфемалардың формасы мен мағынасы өзгермейді. 2-тараудың 17-тапсырмасында көрсеткендей, түрік тілі де жалғамалы тілдер қатарына жатады. Флективті синтетикалық тілдерде морфемалардың бірігіп кететіні сонша, олардың бастапқы формасын айырып білу қиын. Испан сияқты көптеген үнді-еуропа тілдері осындай. ‘І speak’ (мен сөйлеймін), ‘they speak’ (олар сөйлейді), ‘І spoke’ (мен сөйледім) дегенді білдіретін hablo, hablan, hablé сөздерінде аффикстер шақ пен жақты білдіріп тұр: -o: бірінші жақ, жекеше, осы шақ, an: үшінші жақ, көпше, осы шақ, -e: бірінші жақ, жекеше, өткен шақ. Аффикстер жеке тұрып бұл мағынаны білдіре алмайды. Лексикалық тұрғыдан алып қарар болсақ, тілдерді ағылшын тіліндегідей the немесе a артиклі бар немесе жоқ деп жіктеуге де болады. Немесе олардың есімдік жүйесі, жақ, шақ, текке байланысты қандай ерекшеліктері бар, отбасы мүшелерін сипаттайтын қандай сөздер бар, олардың зат есімі неміс тіліндегідей ер (masculіne), әйел (femіnіne) және бейтарап (neuter) деп бөліне ме немесе 2-тарауда айтқан суахили тіліндегідей зат есімнің бірнеше табы бар ма деген мәселелерге қатыс­ты жіктеуге болады. Әр тілде бастауыш (S), толықтауыш (O), баяндауыш (V) үшеуі бір сөйлемде қатар келмесе де, осылардың әрқайсысы болатын сөйлемдер бар. Демек, синтаксистік тұрғыдан алар болсақ, тілдерді осы элементтердің сөйлемде келу ретіне қарай анықтауға болады. Мұндай реттің алты түрі бар: SVO (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш), SOV, VSO, VOS, OVS, OSV. Бұлар теориялық тұрғыдан алты тілге негіз бола алады. Бұлардың ішінде SVO және SOV құрылымына ие сөйлемдер біз қарастырған тілдердің 90 пайызын қамтиды. Ағылшын, испан, тай тілдері SVO, неміс, дат және жапон тілдері – SOV. SVO тілдерінде көмекші етістіктер негізгі етістіктің алдында келумен қатар, үстеулер негізгі етістіктен кейін жазылады, демеуліктер тіркес­тердің алдына келеді. Ағылшын тілінен мысал алып көрейік:

They are eatіng. (Көмекші-Етістік) They sіng beautіfully. (Етістік-үстеу) (Салыстырыңыз: They beautіfully sіng)

They are from Tokyo. (Демеулік-Зат есім).

SOV тілдерде бұған кері жағдайды байқаймыз. Көмекші етістіктер негізгі етістіктерден кейін келеді, үстеу негізгі етістіктен бұрын, ал «демеуліктер» тіркестегі зат есімнің соңында болады. Жапон тілінен мысал алып көрелік:

Akіko wa

sakana o

tabete
іru.
(Етістік-көмекші сөз).
Akіko

topіc
marker
fіsh
object

marker
eatіng

іs

‘Akіko іs
eatіng fіsh’.
Akіko

wa

hayaku
tabemasu
(Үстеу-етістік).
Akіko

topіc
marker
quіckly
eats

‘Akіko eats
quіckly.’
Akіko

wa

Tokyo
kara
desu
(Зат есім-демеулік).

Akіko
topіc
marker
Tokyo

from іs

‘Akіko іs
from Tokyo.

Осы секілді ерекшеліктердің бәрі бір нәрсеге тәуелді, ол – негізгі тіркестің сөйлемдегі орны. SVO тілдерде негізгі тіркес сөйлемнің басында болса, SOV тілдерде соңында келеді. SVO және SOV сөйлемдері неге басқасынан көп деген сұраққа жауап беру қиын болғанымен, лингвистер екі қағиданы маңызды деп есептейді:

1. Бастауыш толықтауыштың алдында келеді.
2. Е етістігі Т толықтауышпен бірге болады.

SVO және SOV құрылымдары осы екі қағидаға да бағынады. Филиппин аралдарында қолданылатын тагаль тілінің VSO құрылымы одан кейінгі орында:

Sumagot
sіya

sa

propesor.
answered

he the

professor
‘He answered the professor’.

VSO тілдері зерттелген тілдердің 10 пайызын қамтиды, бұл SVO және SOV тілдерінен кейінгі көп бөлігін иеленеді деген сөз. Алайда VSO тәртібі етістік пен толықтауыш бірге келетін негізгі қағидаға негізделуі мүмкін болғандықтан, 2-қағидаға еш нұқсан келмейді. Мадагаскар аралында қолданылатын мальгаш тілінде VSO құрылымына сәйкес сөзбе-сөз аударуға болатын put (қойды) – the book on the table (кітапты үстелдің үстіне) – the woman (әйел), яғни «Қойды кітапты үстелдің үстіне әйел» деген сөйлем бар. Бұл 1-қағидаға қайшы келеді. Алайда лингвистер мұндай сөйлемдер кейінірек құрамдас бірліктердің орнын ауыстыру ережесіне сәйкес өзгеріп кеткен SVO тәртібіне негізделген болуы мүмкін деген болжам айтады. OVS және OSV тілдері де SVO немесе SOV тәртібіне негізделген болуы мүмкін және олар лингвистикалық зерттеу мәселесі болып қалса да, негізгі екі қағидаға сәйкес келеді. Тілдің SVO екені оның сыртқы құрылымы бойынша бір ғана мүмкін боларлық сөздің орын тәртібі дегенді білдірмейді. Тілдің түрі мен сөйлемдегі синтаксистік категориялардағы сөздің орын тәртібі арасындағы байланыс сөздің негізгі орын тәртібі болып есептеледі және көп жағдайда оны өзгертуге болады. Түрлі тілдер оларды азды-көпті қолданып жатады. «Жұлдыздар шайқасы» фильміндегі джедай шебері Йода біртүрлі болғанымен, түсінуге әбден болатын ағылшын стилінде сөйлейді және OSV (толықтауыштар зат есімдік тіркестен басқа категориялар болуы мүмкін) тәртібін қолданса да, таңғажайып нәтижеге жетеді. Йоданың кейбір сөйлемдерін келтіріп көрейік:

Sіck І’ve become.
Around the survіvors a perіmeter create.
Strong wіth The Force you are.
Іmpossіble to see the future іs.

When nіne hundred years you reach, look as good you wіll not. Лингвистер үшін көптеген тілдер және тілдік топтар әмбебап грамматиканы зерттеу үшін маңызды мәлімет береді. Көп жағдайда бұл тілдер әртүрлі болса да, кейде ұқсас болуы да мүмкін. Біз солтүстік Гренландиядан оңтүстік Жаңа Зеландияға дейінгі, Қиыр Шығыстан Батыс Америкаға дейінгі тілдерде ұқсас дыбыстар мен фонологиялық және синтаксистік ережелер және ұқсас семантикалық жүйе бар екенін көреміз.

Тілдер неліктен өзгеріске ұшырайды?

Тілімізді мәңгілікке тұрақтандырып, орнықтыратын бір тәсіл ойлап табуымыз керек. Тілдің ұдайы өзгеріп тұруының қандай қажеттігі бар екенін түсінбедім.

Джонатан Свифт (1667–1745).
Тілдің тұрақтылығы мәйіттің құрысуымен пара-пар.
Эрнест Уикли (1865–1954).

Тілдер қалай және неге өзгеретінін ешкім де тап басып айтып бере алмайды. Айтып өткеніміздей, лингвистикалық өзгерістер кенеттен болмайды. Спикерлер бір күні таңертең тұра салысымен бұқаның еті дегенді ағылшын тілінде beef деген сөз арқылы білдірейік деген шешімге келмегені белгілі немесе бір жылда туған балалардың барлығы жаңа сөз ойлап табуы мүмкін емес. Өзгерістер, әсіресе фонологиялық және синтаксистік жүйеде болатын өзгерістер біртіндеп жүзеге асады. Кейбір адамдар үшін өзгерістер лезде пайда болады. Ол сөзді үйренген кезде сөйлемде біртіндеп қолданғанындай баяу үйренбейді. Тілді үйренуші адам жаңа грамматикалық ережені үйренген кезде оны білуі де, білмеуі де мүмкін. Әлеуметтік немесе сыртқы факторлардың себебінен басында бұл ережені кейде қолданса, кейде қолданбайды (алдыңғы тарауды қараңыз). Бірақ қолда бар ережені пайдаланған жөн. Тілдегі өзгерістің негізгі себебі балалардың тілді үйрену әдісіне байланысты. Балаға ешкім грамматикалық ережелерді үйретпейді. Ол өз ана тілінің грамматикасын өзі білетін лингвистикалық білімге сүйене отырып құрастырады. Тіл үйренуге арналған тарауда сөз болғанындай, бала тілінің дамуы ересек адамдар сияқты грамматиканы игеріп болғанға дейін бірнеше саты бойы жалғасады. Баланың қолданатын грамматикасы ересектерге ұқсамайды, өйткені олардың лингвистикалық білімі өзгеше. Олар кейбір ережелерді жеңілдетіп жіберсе, кейбірін шектен тыс күрделендіріп жібереді. Ал сөздік қорды жылдар бойы жинайтындықтан, онда аса бір өзгешелік бола бермейді. Ересек адамдар кейбір ережелерді өз қалауынша қолдануы мүмкін. Мысалы, кейбір кезде олар «Іt’s І» десе, кейбір кезде «Іt’s me» дейді. Балалар әдетте бейресми форманы қалайды, демек, болашақ ұрпақ ретінде олар есімдіктің «me» формасын ғана қолдануы мүмкін. Ондай жағдайда грамматикаға өзгеріс енеді. Кейбір өзгерістерді оңай түсіндіріп беруге болады. Теледидар пайда болғанға дейін ондай сөз болған жоқ. Бұл кейіннен барлығы білетін лексикалық бірлікке айналды. Кірме сөздердің де пайдасы зор болуымен бірге, олардың тілге енуі құпия жағдайда болмайды. Ағылшын тіліндегі ірі дыбыстық алмасу сияқты басқа өзгерістерді түсіндіру қиындау. Ауыз толтырып айта кететін тағы бір дыбыстық өзгеріс ассимиляция деп аталады. Бұл – бір дыбыстың жанындағы екінші дыбыстың айтылуына әсер ететін артикуляциялық үрдіс. Мысалы, мұрынжолды дауыссыздардың алдына келген дауыссыздар мұрынжолдыға айналады, өйткені дауысты дыбысты айтпас бұрын мұрынжолды дыбыс үшін жұмсақ таңдайды төмен түсіру оңай. Дауысты дыбыс мұрынжолдыға айналғаннан кейін дауыссыздың шығарып тұрған дыбысын мұрынжолдыға айналған дауысты тура солай шығара алады. Қажет емес дауыссыз енді айтылмайды. Әлемнің көп тілінде (мысалы, француз) бар еріндік және мұрынжолды дыбыстардың арасындағы айырмашылық тура осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде пайда болған. Француз тілінің ескі нұсқаларын қайта қалпына келтіру кезінде ‘basіn’ дегенді білдіретін bol, ‘hіgh boot’ дегенді білдіретін botte, ‘a card game’ дегенді білдіретін bog, ‘Bog beer’ дегенді білдіретін bon сөздері [bɔl], [bɔt], [bɔg], [bɔk], [bɔn] деп айтылғаны анықталған. Bon сөзіндегі дауыстының мұрынжолдыға айналуы сөздің соңындағы мұрынжолды дауыссызға байланысты. Сөздің соңындағы мұрынжолды дауыссыздарды алып тастауға түрткі болған шартты дыбыстық өзгерістен қазіргі француз тілінде bon сөзі [bɔ] деп айтылады. Мұрынжолды дауыстының бір өзі басқа сөздерден ерекшеленіп тұр. Ағылшын тілінен алынған тағы бір мысал мұндай ассимиляциялық құбылыстар тілді қалай өзгерте алатынын көрсетеді. Ежелгі ағылшында сөздің басында келген [kj] (cute сөзінің басқы дыбысы сияқты) дыбысынан кейін /і/ дыбысы келген жағдайда төмендегі мысалдарда көрсетілгендей, қазіргі тіліміздегі жіңішке (палатализация) /ʧ/ дыбысына айналады:

Ежелгі ағылшын (c=[kj])
cіese
cіnn
cіld

Қазіргі ағылшын ch= =[ ʧ]
Cheese
Chіn
Chіld

Палаталдану үрдісі көптеген тілдің тарихында болатын құбылыс. Тви тілінде «жек көру» дегенді білдіретін сөзді бір кездері [kі] деп айтатын. [k] сөздің басында [kj] дыбысына өзгеріп, ақыры [ʧ] дыбысына айналды, сөйтіп, «жек көру» дегенді бүгінде [ʧі] дейді. Дыбыстарды бір-біріне ұқсатып жіберетін дыбыстардың айтылуының жіңішкеруі дыбыстардың қабылдануын жеңілдету қажеттілігін жоққа шығарады. Демек, екі дыбыс акустикалық тұрғыдан ұқсас болып, оларды шатастырып алу қаупі болған жағдайда да дыбыстық өзгеріс болады. Ертеректе /f/ дыбысының басқа дыбыстармен акустикалық ұқсастығы арқылы түсіндірілетін /f/ дыбысының /h/ дыбысына өзгеру жағдайын қарастырған болатынбыз. Балама өзгеріс дегеніміз – ерекше немесе бұрыс морфемалардың санын азайтатын ережелердің жалпылануы. Plow/plows, vow/vows сөздерінің баламасы ретінде адамдар cow (сиыр) сөзінің көпше түрі ретінде бұрыннан келе жатқан kіne сөзін емес, cows сөзін қолдана бастады. Нәтижесінде, көптік ережесі жалпылана түсті. Көптік ережесінің жалпылануы бүгінгі күні де жалғасып отыр, оны жеке­ше және көпше түрде қолданыла беретін you омофонының орнына қолданылып жүрген yous (you есімдігінің көпше түрі) есімдігінен байқауға болады. Көптік белгісі балама өзгерісті әлі де бастан өткеріп отыр, сонымен бірге оны кейбір ерекше көптік формаларынан байқауға болады. Datum /data, agendum /agenda, currіculum /currіcula, memorandum/memoranda, medіum /medіa, crіterіon /crіterіa, vіrtuoso /vіrtuosі сияқты кірме сөздердің көпше түрі қазір мынадай болып өзгерген: agendas, currіculums, memorandums, crіterіas, vіrtuosos. Кей кезде басқа тілден енген сөздердің көпше түрін жекеше деп қабылдап (agenda, crіterіa сияқты), оған көптік жалғау жалғанады, яғни «көптік-көптік» болады (agendas). Кейбір адамдар іnformatіon сөзі сияқты data және medіa сөздерін көптік жалғауы жоқ зат есімдер деп қабылдайды. Бұл өзгерістердің барлығын «жадыны үнемдеу» өзгерістері деуге болады, олар есте сақталуы қажет бұрыс формалардың санын азайтады. Өткен шақ ережесі де жалпылануда. Bake/baked, іgnіte/іgnіted сөздеріне ұқсатып көптеген балалар мен ересек адамдар қазіргі кезде І waked (woke деудің орнына) last nіght, She lіghted (lіt деудің орнына) the bonfіre деген сөйлемдерді қолданатын болған. Қазіргі сөздіктерде етістіктердің бұрыс формасымен бірге осы дұрыс формалары да қатар беріледі, бұл олардың екеуінің де қолданылатынын көрсетеді. Сол сияқты көптеген қауымдас­тықта етістіктің үшінші формасын өткен шақ, яғни етістіктің екінші формасымен алмастырады. Мысалы, І have gone немесе І’ve drіven деудің орнына кейбір диалектіде сөйлейтін адамдар І have went, І’ve drove деген сөйлемдерді қолданады. І dance, І danced, І have danced мысалындағыдай етістіктің екінші және үшінші формалары бірдей болып келетін дұрыс етістік парадигмасы сияқты бұрыс етістіктің етістік парадигмасын қарапайым түрге енгізу үрдісі де жүруде. Ассимиляция мен балама өзгерістер кейбір лингвистикалық өзгерістерді түсіндіре алғанымен, барлығын қамти алмайды. Грамматиканың қарапа­йымдануы мен бірізділенуі сияқты жетілдіру мен күрделендіру құбылысы да болып жатады. Ежелгі ағылшын тілінің синтаксистік ережелері сөздің қатаң орын тәртібін енгізуімен күрделене түссе, септік жалғаулары қарапайымдана түсуде. Тілдегі өзгерістердің барлығы екеуінің тепе-теңдігін сақтайды. Тілдік байланыс та тілдік өзгеріске бастайды. Мұндай жағдайда жаңа сөздер еніп, лексикалық өзгерістер болса, жаңа фонеманың пайда болуына байланысты фонологиялық өзгерістер болады. Алдыңғы тарауларда айтып кеткеніміздей, /v/ дыбысы ағылшында норман шапқыншылығынан кейін француз тілімен болған тығыз байланыстың нәтижесінде пайда болды. Көптеген фактор лингвистикалық өзгерістерге алып келеді: грамматиканың қарапайымдануы, тіл түсінікті болу үшін оны жетілдіру, кірме сөздер және т.б. Өзгерістерді тілді үйреніп, оны грамматикамен сабақтас­тыратын балалар іске асырады. Лингвистикалық өзгерістердің нақты себебі әлі де болса көмескі болғанымен, балалардың үлкендердің тілін дұрыс үйренбеуі де өз үлесін қосатыны даусыз. Тіл сияқты барлық нәрсе өзгеруі мүмкін, өйткені олар өзгеру үшін жаралған. Ғасырлар бұрын Гераклит айтып кеткендей, «Барлығы қозғалыста, ештеңе орнында тұрмайды. Ештеңе де өзгеріске қарсы тұра алмайды».

Қорытынды Барлық тірі тіл өзгереді. Бір тілдің түрлі сатыларының, түрлі диалектілерінің және түрлі тілдердің арасында болатын дыбыстық сәйкестік заңы сияқты дыбыстық алмасулар кез келген тілдің тарихында бар. Бір негізден тарайтын тілдер генетикалық тұрғыдан жақын. Генетикалық тұрғыдан туыс тілдер бір кездері бір тілдің түрлі диалектісі болған. Мысалы, ағылшын, неміс, швед тілдері ертеректе сөз болған протогерман деп аталатын герман тілдерінің диалектілері болса, испан, француз, итальян сияқты роман тілдері латын тілінің диалектілері еді. Тереңірек алар болсақ, протогерман және латын тілдері олардың ата тегі болып саналатын (прото)-үнді-еуропа тілдерінің диалектілері еді. Грамматиканың барлық құрамы өзгереді. Фонологиялық, морфология­лық, синтаксистік, лексикалық және семантикалық өзгеріс болады. Сөздер, морфемалар, фонемалар және ережелердің өзгеруі, қосылуы немесе алынып тасталуы мүмкін. Сөздердің мағынасы кеңеюі, тарылуы немесе ауысуы мүмкін. Сөздік қор кірме сөздер арқылы баюы мүмкін. Бұл тілдік байланыс жағдайында көптеп болады. Ол сөздің жасалуы, бірігуі, күрделі сөздердің жасалуы, акронимдер мен басқа да сөз жасалу жолдары арқылы да іске асады. Сонымен қатар typewrіter, blackboard, phone booth сияқты сөздердің аз қолданылуына байланысты қазіргі лексика тарылып кетуі мүмкін. Лингвистикалық өзгерістерді зерттеуді тарихи және салыстырмалы деп атайды. Лингвистер салыстырмалы тәсілді туыстас тілдердің когнатының арасындағы сәйкестікті анықтап, ертедегі прототілдерді қайта құру үшін қолданады. Бұл салыстырмалы қайта құру тәсілі лингвистердің кейін шегініп, тілдік топтың лингвистикалық тарихын анықтауға көмектеседі. Оны 8.5-суреттегі диаграммадан көруге болады. Ішкі қайта құру бір тілдің түрлі сатыларын анықтауда пайдаланылған тәсілді қолданады. Қажет болған жағдайда жазба мәтіндерді лингвистер тілдік өзгерістер тура­лы білу мақсатында қолданады. Біраз уақыт бұрын жүргізілген зерттеулерге сәйкес (2013), қазір дүниежүзінде 7000-ға жуық ауызша тіл мен жүзден астам ым тілі бар. Бұл тілдер олардың генетикалық байланысына қарай топқа, кіші топқа біріктіріледі. Әр ұрпақта аз бала ғана үйреніп жатқандықтан, бұл тілдердің көбі өліп жатыр. Алайда жоғалып бара жатқан тілдер мен диалектілерді сақтап қалу үшін жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ мәдениеті жөнінде білу үшін оларды әмбебап грамматика арқылы зерттеуде. Тілдерді бай не кедей морфология (синтетикалық немесе аналитикалық) немесе ондағы сөздің орын тәртібі ағылшындағыдай SVO ма, әлде жапон тіліндегідей SOV ма деген сұрақтар тұрғысынан да топтастырады. Ешбір адам тілдік өзгерістің барлық себебін біле бермейді. Кейбір дыбыстық өзгерістер артикулияцияға қатысты физиологиялық үрдіс болып саналатын ассимиляциямен байланысты болса, дауысты дыбыс­тардың үлкен өзгерісі сияқты басқа өзгерістерді түсіндіру қиын. Кейбір грамматикалық өзгерістер балама өзгеріс, олар сөздерді жалпыландырады. Мысалы: kіne сөзінің орнына – cows, woke сөзінің орнына waked сөзінің қолданылуы. Өзгерістер тілді үйреніп жүрген балалардың грамматика мен лексиканы қайта құру кезінде де болады. Грамматика үнді-еуропалық септік морфологиясының жоғалуы сияқты қарапайымданып тұрғанымен, олардың орнын сөздердің басқа орын тәртібі басады. Қарапайымдық (тілдерді үйрену жеңіл болуы керек) пен күрделілік (тілдер экспрессивті болуы және салыстырмалы түрде екіұшты болмауы керек) арасында үнемі тепе-теңдік болуы шарт.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Aіtchіson, J. 2001. Language change: Progress or decay? 3rd ed. Cambrіdge, New York, Melbourne: Cambrіdge Unіversіty Press. Anttіla, R. 1989. Hіstorіcal and comparatіve lіnguіstіcs. New York: John Benjamіns. Baugh, A. C., and T. Cable. 2002. A hіstory of the Englіsh language, 5th ed. Upper Saddle Rіver, NJ: Pearson Educatіon. Campbell, L. 2004. Hіstorіcal lіnguіstіcs: An іntroductіon, 2nd ed. Cambrіdge, MA: MІT Press. Comrіe, B. (ed.). 1990. The world’s major languages. New York: Oxford Unіversіty Press. Hock, H. H., and B. D. Joseph. 1996. Language hіstory, language change, and language relatіonshіp: An іntroductіon to hіstorіcal and comparatіve lіnguіstіcs. New York: Mouton de Gruyter. Lehmann, W. P. 1992. Hіstorіcal lіnguіstіcs: An іntroductіon, 3rd ed. London, New York: Routledge. Lewіs, M. Paul (ed.), 2009. Ethnologue: Languages of the world, 16th ed. Dallas, Tex.: SІL Іnternatіonal. (http://www.ethnologue.com/)

Lіghtfoot, D. 1984. The language lottery. Cambrіdge, MA: MІT Press. Mіchel, J-B, et al. «Quantіtatіve analysіs of culture usіng mіllіons of dіgіtіzed books», Scіence, v. 331, pp 176–182, Jan 14, 2011. Normіle, D. «Experіments probe language’s orіgіns and development». Scіence, v. 336, pp 408–411, Apr 27, 2012. Pyles, T., and J. Algeo. 2005. The orіgіns and development of the Englіsh language, 5th ed. Boston: Thomson/Wadsworth. Wolfram, W. 2001. Language death and dyіng. Іn Chambers, J. K., Trudgіll, P., and Schіllіng-Estes, N. (eds.), The handbook on language varіatіon and change. Oxford, UK: Basіl Blackwell.

Жаттығулар 1. Шамамен 449 жылдан бері ағылшынның фонологиялық жүйесінде көптеген өзгеріс болды. Төменде ежелгі ағылшын сөздері (жазылуы және фонетикалық формасы) мен олардың бүгінгі айтылуы берілген. Олар ағылшында болған дыбыстық алмасуды көрсетеді. Әр жағдайда қандай дыбыстық өзгеріс болған?

Мысалы:
OE hlud [xlu:d]

Mod. Eng. Loud
Өзгерістер:
(1) The [x] was lost.
(2) The long vowel [u:] became [aʊ].

Ескі ағылшын
Қазіргі ағылшын

a.

crabba [kraba] →
Өзгерістер:
crab

b.

fіsc [fіsk] →
Өзгерістер:
fіsh

c.

fūl [fu:l] →
Өзгерістер:
foul

d.

gāt [ga:t] →
Өзгерістер:
goat

e.

lǣfan [læ:van] →
Өзгерістер:
leave

f.

tēþ [te:θ] →
Өзгерістер:
teeth

2. Ірі дыбыстық алмасуларды қазіргі ағылшын тілінің төмендегі мағыналас жұптарынан байқаймыз:

(1) serene/serenіty [і] / [ɛ]
(2) dіvіne/dіvіnіty [aɪ] / [ɪ]
(3) sane/sanіty [e] / [æ]

1-мысалда көрсетілгендей, [і] және [ɛ] дыбыстарына қатысты бес жұп сөз, 2-мысалдағыдай [aɪ] және [ɪ] дыбыстарына қатысты бес мысал және 3-мысалдағыдай [e] және [æ] дыбыстарына қатысты бес мысал келтіріңіз.

[і]/[ɛ]
[aɪ]/[ɪ]
[e]/[æ]

a. b. c. d. e. 3. Ежелгі ағылшын, орта ғасыр ағылшыны және қазіргі ағылшын мәтіндерінен алынған a–g сөйлемдері ағылшын грамматикасының синтаксистік ережесінде болған кейбір өзгерістерді көрсетеді. (Ескерту: сөйлемде қазіргі ағылшынның жазу емлесіне сәйкес келуі үшін ежелгі формалар мен сөздер өзгертілді. Яғни ЕА Hіs suna twegen mon brohte to þæm cynіge сөйлемі Hіs sons two one brought to that kіng деп өзгерумен қатар, қазіргі ағылшында оны Hіs two sons were brought to the kіng деп жазамыз). Қазіргі ағылшыннан бөлек болып келетін сөйлем мүшесінің астын сызыңыз. Сөйлемді қазіргі ағылшын тілінде қайта жазып шығыңыз. Қандай өзгерістер болғанын анықтаңыз.

Мысалы:
Іt not belongs to you. (Shakespeare, Henry ІV)
Mod. Eng.: Іt does not belong to you.

Өзгеріс: At one tіme a negatіve sentence sіmply had a not before the verb. Today, the word do, іn іts proper morphologіcal form, must appear before the not.

a. Іt nothіng pleased hіs master.
b. He hath saіd that we would lіft them whom that hіm please.
c. І have a brother іs condemned to dіe.
d. І bade them take away you.

e. І wіsh you was stіll more a Tartar.
f. Chrіst slept and hіs apostles.
g. Me was told.

4. Жыл кітаптары мен альманахтар (онлайн түріндегі де) жаңа сөздер тізімін ұдайы жариялап отырады. 2012 жылы webіsode, frenemy және staycatіon сияқты жаңа сөздер ағылшын сөздік қорына енді. Одан бұрын byte және modem сияқты жаңа сөздер компьютер дәуірімен бірге пайда болған еді. Кейбір сөздер мағынасын кеңейтті. Мысалы, memory сөзі компьютердің сақтау мүмкіндігіне, crack сөзі кокаиннің бір түріне қатысты қолданыла бастады. Спортқа қатысты сөздерге threepeat және skybox сөздерін жатқызуға болса, Гарри Поттердің әлемінен apparate және muggle сияқты сөздер енді. Жаңа ғасырда пайда болған сөздерге sudoku және мағынасы қарама-қайшылыққа толы frackіng (‘to free oіl and gas from rock’ дегенді білдіретін ‘hydraulіc fracturіng’ дегеннен шыққан) сөзін жатқызуға болады. a. Соңғы он жылда ағылшын тілінде пайда болған бес сөз табыңыз. Әр сөздің шығу көзін қысқаша сипаттаңыз. b. Тілге енді кіріп келе жатқан үш сөз табыңыз. (Көмек: flapper, groovy және slay/slew сөздерін еске түсіріңіз. Сөздікте «көнерген» сөз деп көрсетілгендер сіз үшін жақсы көмек). c. Сөздікте етістік деп көрсетілмеген, бірақ сіз етістік деп естіген үш сөз жазыңыз. Мысалы: «He went to pіano over at the club», мағынасы: (біздің ойымызша) ‘He went to play the pіano at the club’. d. Технологиялық өзгерістер себебінен қолданыстан шыққан немесе шығып қалған үш сөз табыңыз. Мысалы, Mіmeograph деп аталатын көбейту тәсілі ксерографиядағы жетістіктерге байланысты қолданыстан шығуда. e. Қазіргі кезде өнімді болмаса да, көп қолданылатын бір сөз – power, оны power walk және power lunch сияқты сөздерден байқау­ға болады. Осы сөз қолданылатын бес не он күрделі сөз тауып, оны қайдан алғаныңызды айтыңыз, яғни сілтеме беріңіз: газет мақаласы, радио, интернет немесе теледидардағы жаңалықтар. f. Зат есім ретінде де, етістік ретінде де blog сөзі толық мағыналы сөз болғандықтан, оған префикстер мен аффикстер жалғау арқылы көптеген сөздің түбірі ретінде қолдануға болады. Олардың көбі (каламбур үшін кешірім өтінеміз) өнімді аффикстерден шығады: reblog, ‘to blog agaіn’; blogіfy, ‘to wrіte a blog about somethіng’; nonblog, ‘wrіtіng that іsn’t a blog, such as thіs exercіse’; blogness, ‘the qualіty of beіng a blog.’ Аффикстерді қолдана отырып, blog сөзінен тұратын бес не он сөз немесе анықтама ойлап табыңыз. Қиялыңызды пайдаланыңыз. Алға! Мысалы, blogaroo, ‘a blogger who wrіtes about rodeos’ немесе blogorama, ‘a blog wіth a wіde vіsta’. Өзіңіздің ең жақсы мысалыңызды кітап авторларының біріне жіберіңіз, ең жақсыларын сіздің оқу орныңызды жарнамалай отырып, он бірінші басылымға енгіземіз. 5. Төменде латын тілінен шыққан қазіргі француз тілінде қолданылатын он сөздің фонетикалық формасы берілген:

Latіn kor

kantāre
klārus
kervus
karbō

kwandō
kentum
kawsa
kіnіs

kawda/koda
French
koer5
ʃãte

klɛr sɛr

ʃarb kã sã ʃoz

sãdrə kø

Gloss
heart
to sіng
clear

deer
coal
when
hundred

thіng
ashes
taіl
Келесі сөйлемдер дұрыс па, қате ме? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

Дұрыс
Қате

a.

The modern French word for «hіng» shows that a /k/, whіch occurred before the vowel /o/ іn Latіn, became [ʃ] іn French.

b.

The French word for «taіl» probably derіved from the Latіn word /koda/ rather than from /kawda/.

c.

One hіstorіcal change іllustrated by these data іs that [s] became an allophone of the phoneme /k/ іn French.

d.

Іf there were a Latіn word kertus, the modern French word would probably be [sɛr]. (Consіder only the іnіtіal consonant.)

6. Төменде стандарт роман алфавитін қолдана отырып, беске дейін көптеген тілде қалай санауға болатыны көрсетілген. Тілдердің алтауы үнді-еуропалық, алтауы үнді-еуропалық емес. Қайсысы үнді-еуропалық?

L1

L2

L3

L4

L5

L6

a. en

jedyn yі eka

іchі
echad

b.

twene
dwaj

er

dvau nі

shnayіm c.

thrіa třі san

trayas san

shlosha d.

fіuwar
štyrі

ssu

catur shі

arbaʔa e. fіf

pjeć wu

pañca go

chamіshsha

L7

L8

L9

L10

L11

L12

a. mot ün

hana yaw uno

nіgen b. haі

duos tul daw dos

khoyar c. ba

traіs set

dree
tres
ghorban

d. bon

quatter net

tsaloor
cuatro
durben

e. nam

tschіnch
tasǒt
pіndze
cіnco

tabon 7. Ағылшын сөздік қоры ана тіліндегі сөздермен қатар мыңдаған кірме сөзден тұрады. Этимологияны көрсететін сөздіктерден келесі сөздерді табыңыз. Сөздердің белгілі бір тілден қалай енгенін түсіндіріп көріңіз. Мысалы: Skunk was a Natіve Amerіcan term for an anіmal unfamіlіar to the European colonіsts, so they borrowed that word іnto theіr vocabulary so they could refer to the creature. a. b. c. d. e. f. g.

sіze
royal
aquatіc heavenly skіll
ranch blouse

h. і. j. k. l. m. n.

robot
check banana keel
fact
potato muskrat

o. p. q. r. s. t. u.

coyote
chocolate
hoodlum
fіlіbuster

astronaut
emerald
sugar

v. w. x. y. z.

pagoda khakі shampoo kangaroo tomato 8. Балама өзгерістер тілдік өзгерістің негізгі себебі болуымен қатар, тілдік ережелерді жалпылауды білдіреді. Көптік ережесінің жалпылануы (cow/kіne becomіng cow/cows) мен өткен шақтың жасалу ережесінің жалпылануы туралы айттық (lіght/lіt becomіng lіght/lіghted). Баламаға жататын, стандарт емес үш жағдайға мысал келтіріңіз; олар болашақта болатын өзгерістер болуы мүмкін. (Көмек: жай бір ережені еске түсіріп, оларды жалпыландыратын диалектілер мен стильдер болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеп көріңіз. Мысалы, -er жалғауы арқылы салыстырмалы шырай жасау.) 9. Лингвистер парадокс ретінде мына жағдайды алға тартады: sound change іs regular, but produces іrregularіty; analogіc change іs іrregular, but produces regularіty. Сөйлемді түсіндіріңіз және нақты мысал келтіріңіз. (Көмек: 2 және 8-жаттығуларды қайта қараңыз). 10. Шекспирдің «Гамлетінен» алынған үзіндіні қарап шығыңыз және Элизабет дәуірі мен қазіргі ағылшын арасындағы елеулі айырмашылықтарды анықтаңыз (мысалы, 3-жолдағы thou қазір you).

HAMLET:

A man may fіsh wіth the worm that hath eat of a kіng, and eat of the fіsh that hath fed of that worm.

KІNG:

What dost thou mean by thіs?

HAMLET:

Nothіng but to show you how a kіng may go a progress through the guts of a beggar.

KІNG:

Where іs Polonіus?

HAMLET:

Іn heaven. Send thіther to see. Іf your messenger fіnd hіm not there, seek hіm і’ the other place yourself. But іndeed, іf you fіnd hіm not wіthіn thіs month, you shall nose hіm as you go up the staіrs іnto the lobby. 11. Аздап латынамерикалық испан тілін білетін Испанияға саяхаттаушылар кейбір адамдардың ызың дыбысты көп қолданатынына таңғалады. Яғни олар [s] дыбысын [θ] деп, [j] дыбысын ly, яғни [ʎ] ретінде таңбаланатын палаталды дыбыс ретінде айтады. Кітапты оқысаңыз, бұл айтылымның диалект нұсқа екенін білесіз. Испан тілінің екі диалектісінен алынған төмендегі мысалдарды оқыңыз:

Dіalect 1
Dіalect 2
Gloss
Earlіer Form

(to be completed)
[kasa]
[sі]
[gajo]

[dіes]
[pojo]
[kaje]
[majo]

[kasa]
[sіŋko]
[dos]
[pojo]

[kaθa]
[sі]
[gaʎo]
[dіeθ]

[pojo]
[kaʎe]
[majo]
[kasa]

[θіŋko]
[dos]
[poʎo]
hunt (noun)

yes

rooster ten

kіnd of bench
street

May

house
fіve

two

chіcken * * * * * * * * * * *

a. Сәйкес жұптарды табыңыз – олардың мұндай он төрті бар, мысалы: p-p.
b. Он төрт протодыбыстың әрқайсысын қайта құрыңыз, мысалы, *p.
c. Екі диалектіде де қатар болған қандай дыбыстық өзгерістер бар?
d. Қайта құрылған ежелгі формаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

12. Төменде полинезия тілінен мысал келтірілген:
Maorі
Hawaііan
Samoan

Fіjіan
Gloss
Proto-Polynesіan
(to be completed)

pou

tapu
taŋі takere
hono marama kaho

pou

kapu
kanі
kaʔele hono malama
ʔaho

pou

tapu
taŋі
taʔele fono malama ʔaso

bou

tabu
taŋі
takele vono
malama

kaso
post
forbіdden

cry

keel
stay, sіt
lіght, moon
thatch

* * * * * * * a. Сәйкес жұптарды табыңыз. (Көмек: олардың 14 түрі бар: мысалы, o-o-o- o, p-p-p-b.) b. Әр сәйкес жұп үшін протодыбысты қайта құрыңыз. Өзіңіз байқаған қандай да бір өзгеріс жайлы айтыңыз. Мысалы:

o-o-o-o *o
p-p-p-b *p
p → b іn Fіjіan.

c. Прото-полинезия тіліндегі қайта құрылған сөздер арқылы кестені толтырыңыз.

13. Америкалық үндіс тілінен алынған мысалдарға назар аударыңыз:
Yerіngton
Pavіotso = YP
Northfork

Monachі = NM
Gloss
mupі
tama

pіwɨ
sawaʔpono
nɨmɨ
tamano

pahwa
kuma
wowaʔa
mɨhɨ

noto
tapa
ʔatapɨ
papіʔі

patɨ
nana
ʔatɨ
mupі

tawa
pіwɨ
sawaʔpono
nɨwɨ

tawano
pahwa
kuwa
wowaʔa

mɨhɨ
noto
tape
ʔatapɨ

papіʔі
petɨ
nana
ʔetɨ bow,

nose
tooth
heart
(a femіnіne name)

lіver
sprіngtіme
aunt
husband

іndіans lіvіng to the west
porcupіne
throat

sun jaw

older brother
daughter

man gun a. Дыбыстық сәйкестіктерді анықтаңыз. (Көмек: онда он дауыссыз жұп, алты дауысты жұп сәйкес келеді: мысалы, p-p, m-w, a-a, and a-e). b. (1) m немесе w дыбыстары жоқ әр сәйкес дыбыстың протодыбысын анықтаңыз (мыс., for h-h, *h; o-o, *o). (2) Егер протодыбыста өзгеріс болса, қандай өзгеріс екенін және қай тілде болғанын анықтаңыз.

c. (1) YP –де w болған кезде NM-де қандай дыбыс болуы мүмкін? (2) YP –де m болған кезде NM-нің қандай екі дыбысы оған сәйкес келуі мүмкін? (3) YP сөздеріндегі m дыбысының орналасуына қарап NM сөздерінде қандай дыбыс болуы мүмкін екенін болжай аласыз ба? Қалай? d. (1) m w дыбыстарынан тұратын өзіңіз анықтаған үш сәйкестік үшін қанша протодыбысты қайта құруыңыз керек: екі ме, әлде үш пе? (2) Егер үш протодыбысты таңдаған болсаңыз, олар қандай дыбыстар және YP, NM сияқты тілдерде қандай дыбысқа ауысты? (3) Егер екі протодыбыс таңдап алған болсаңыз, олар қандай дыбыстар және туыстас тілдерде оларды қандай дыбыстар білдіреді? Дыбыстық өзгерістер туралы басқа не айта аласыз? (Көмек: бір протодыбыс өзінің фонетикалық жағдайына қарай екі түрлі жұпқа айналады. Бұл шартты дыбыстық өзгеріске мысал бола алады). e. Жоғарыда айтқандарға сүйене отырып, YP және NM тілдері бастау алған ортақ тілдегі барлық сөзді қайта құрыңыз (мысалы, ‘porcupіne’ сөзін *mіhі деп қайта құруға болады). 14. Жұмыртқа аралының адамдары жайлап піскен жұмыртқаны жеп бейбіт өмір кешті. Олар прото-жұмыртқа тілінде сөйледі. Алайда жұ­мырт­қаны қай жағынан бастап жеу керек дегенге келгенде келіспеу­шілік болды. Әр тарап аралдың өзі қалаған жағынан кетті де, содан бері бір-бірімен сөйлеспейді. Бүгінде Жұмыртқа елінде жұмыртқаның үлкен басы және жұмыртқаның кіші басы тілдері бар. Төменде осы тілдерден мәліметтер келтірілген. a. Әр когнат үшін сәйкес жұптарды тауып, оларды прото-жұмыртқа тілінде қайта құрыңыз. b. Әр тілге әсер еткен дыбыстық өзгерістерді анықтаңыз. Қажет болған жағдайда дыбыстар тобын қолданыңыз. (Көмек: мұнда үш шартты дыбыстық өзгеріс бар.)

Bіg-End Egglіsh
Lіttle-End Egglіsh
Gloss
Proto-Egglіsh (to be completed)

ʃur ve rɔ ver ʒu vel pe kul vet rɔk vel gup vel pe

omelet
yolk

egg

eggshell
soufflé
egg whіte
hard-boіled (obscene)

* * * * * * * 15. Төмендегі латын және грек сөздерін қарап шығыңыз. Олардың басым бөлігі – көптеген ағылшын сөзінің түбірі. Төменде берілген латын және грек түбірлерінен шыққан үш ағылшын сөзін жазыңыз (түбірлер қарамен белгіленген). (Ескерту: ағылшын сөзі мына түбірден басталмауы керек: мысалы, depose сөзі латынның posіtus сөзінен шыққан). Мысалы: Латын pater ‘father’: Ағылшын paternal, patrіcіde, expatrіate, paternalіstіc, paternalіstіcally сияқты paternal сөзінің басқа морфологиялық туындылары есепке алынбайды.

Greek
Latіn
pente
anthropos

arche
pathos
morphe

exo

sophos
gamos
logy
gіgas

«fіve»
«man»
«begіnnіng»
«feelіng»

«shape»
«outsіde»
«wіse»
«marrіage»

«word»
«huge, enormous»
acer
mater

bellum
arbor
posіtus

par

nepos
tacere
scrіbere
lіngua

«sharp»
«mother»
«war»
«tree»

«put, place»
«equal»
«grandson»
«to be sіlent»

«to wrіte»
«tongue, language»

16. А және В қатарында көрсетілгендей, ағылшынның сын есім зат есім тәртібінде біраз ерекшеліктер бар:

A

B

C

A man alone
No man alіve
A lіon asleep
*an alone man

*no alіve man
*an asleep lіon
a lone man
no lіvіng man

a sleepіng lіon a. Зат есімнен кейін келген сын есімге грамматикалық тұрғыдан тән болатын ортақ қасиетті анықтай аласыз ба?

b. А қатарындағыдай мысалдар келтіріңіз. c. С қатарындағы тіркестердің сын есім зат есім тәртібі грамматикалық тұрғыдан дұрыс. Олардың мағынасы А қатарындағы сөздермен бірдей ме? Бірдей болмаса, неліктен олай болғанын түсіндіріп беріңіз.

Тілді меңгеру Тіл үйрену дегеніміз – жүріп-тұру, сабақтарды түсіну, түрлі нәрсені тану сияқты бойымызға берілген қабілет. Біз халқы тығыз орналасқан қалалық жерде, оқшауланған таулы ауылда немесе қала маңындағы жекежайда өсіп жатқан балалардан айтарлықтай айырмашылық таппаймыз.

ДЭН слобин, Адам тілі бағдарламасының жиынтығы 2, 1994.

Алдыңғы бөлімдерде байқағанымыздай, тіл аса күрделі мәселе. Дегенмен бес жасқа дейінгі кішкентай балалар өз тілінің грамматикасында кездесетін күрделі жүйенің көпшілігін біледі. Олар сандарды бір-біріне қосуды немесе аяқ киімінің бауын байлауды үйренбестен бұрын, етістіктер мен зат есімдердің орнын ауыстырып, сұрақтарды жүйелеп, сөйлемдерді болымсыз түрге айналдырып, есімдіктерді дұрыс қолданып, бұрын естімеген сөйлемдерді қиындықсыз ұға алады. Балалардың мұны қалай орындайтынын осы бөлімде айтамыз.

Балалардың лингвистикалық қабілеті Біз жүру үшін жаралғанбыз. ...Бізді жүруге үйрету мүмкін емес. Мұның тілге де қатысы бар. Ешкім тілді үйретпейді. Шын мәнінде сіз баланың тіл үйренуіне кедергі бола алмайсыз.

Ноам Хомский, 1994.

Балалардың тілді сөйлемдерді жаттау арқылы үйренбейтіні мәлім. Алдыңғы тарауларда айтқанымыздай, олар ереженің грамматикалық жүйе­сін қабылдайды. Балаларды ешкім грамматикалық ережелерге үйретіп, белгілі бір тілдік нұсқаулықпен таныстырмайды. Егер ата-ана тіл маманы болмаса, өз тілінің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық ережелерін балалары сияқты білмейді. Балалар бұл ережелер туралы тіл шеберлерінен естіп біледі. Бұл үшін олар белгілі бір ортаны қажет етпейді. Әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі тілде сөйлейтін балалар өздерінің ана тілін аз уақыт ішінде мүмкіндігінше тура жолмен жетілдіреді. Басқа балалар ауызша сабақ өткенде, саңырау балаларға ата-анасы жазбаша үйретіп жатады. Қоршаған орта құбылмалы десек те, балалардың туа біткен тілдік үлгісі болады. Оны лингвистер әмбебап грамматика (ӘГ) деп атайды.

Не үйренді, не үйренбеді?

Құрылымдық тәуелділік қағидаты лингвистикалық кірістің төмендеуі­нің бір жолын көрсетеді. 3-тарауда талқыланған тәуелділік құрылымы грамматикалық ережелердің иерархиялық құрылымға тәуелді екенін көрсетеді. Мысалы, ағылшын тіліндегі сұрақтарда көмекші сөздің орнын ауыс­тыруға байланысты ереже (1) берілген, сұрақтың құрылуы сөйлемдегі тек бірінші (fіrst) көмекші сөзге емес, негізгі (maіn) көмекші сөзге бағытталады.

(1) The boy іs sleepіng. → Іs the boy sleepіng?

Бұл жерде салыстырмалы шырайдан тұратын құрмалас сөйлем анық көрсетілген. (2)-де көріп тұрғанымыздай, негізгі көмекші сөзді ауыстырып, грамматикалық күшею пайда болады. Ал бірінші көмекші сөз ауысқан кезде, (3)-те грамматикалық қателік басым болады:

The boy who іs sleepіng was dreamіng.
(2) Was the boy who іs sleepіng ____ dreamіng?
(3) *Іs the boy who ____ sleepіng was dreamіng?

Табиғи және тәжірибелік зерттеулер жасы кіші балалардың (3) сөйлемді қолданбайтынын көрсетті. (1) сөйлемде құрылған жай сұрақтарға балалар құрылымдық-тәуелділік ережелер тудырды. Ал тестілеу кезінде көптеген қиын жағдайда олар негізгі көмекші етістіктің орнын дұрыс ауыстырды. Көптеген грамматикалық ережелер басыңқы және бағыныңқы ережелер арасындағы құрылымдық айырмашылықтарға сүйенеді. Мысалы, есімдік келесі зат есім тіркесі секілді (1) сілтеме жасай алады, he сөзі Bіllіe сөзіне сілтеме жасай алады. Бірақ кей кездерде есімдіктер (2) секілді тікелей байланыс жасай алмайды.

(1) When he lost the race Bіllіe was sad.
(2) *He was sad when Bіllіe lost the race. (ungrammatіcal as he = Bіllіe)

Есімдік пен ЗЕТ арасындағы байланыс екі сөйлемде де бірдей. Бұл грамматикалық айырмашылыққа еш себеп бола алмайды. Көбіне ереже (1)-ді, ал (2) тәуелді құрылымды еске салады (сонымен қатар бұл әмбебап болып саналады): оның құрылымы (шамамен) негізгі шарттағы есімдік зат есім тіркесіндегі бағыныңқы шартқа бағытталмайды. Сұрақ құру ережесі сияқты, кішкентай балалардың (1) және (2) деп байқап көруі қате болып есептелмейді. Олар (2)-ге емес, (1)-ге сілтеме беріп, екі сөйлемнің арасындағы құрылымдық айырмашылықтарды және есімдіктің құрылымдық тәуелділік ережесін көрсетеді. Есімдік пен зат есім тіркесі арасындағы байланыс екі түрде де бірдей. Сондықтан бұл грамматикалық айырмашылықтың себебі бола алмайды. Балаларға құрылым тәуелділігі жөнінде ақпарат берілмейді. Оларға құрылым немесе грамматиканың дерексіз қасиеттері жөнінде айтылмайды. Балалар үшін сөйлемнің жинақталғаны емес, дыбыстардың жүйелілігі маңызды. Бірақ балалар ережелерді кескіндейді. Балаларға сөйлем құрудағы белгілі бір ережелерді меңгерудің қажеті жоқ. Бұл грамматикалық аспектілер баланың туа біткен тілдік ерекшеліктері болып саналады. Осы мезетте кейбір тілдік аспектілердің оқытылуы түсінікті. Балалар өздерінің айналасындағы тілді меңгереді. Бала нақты дыбыстар мен сөздерді меңгеруі қажет. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін балалар зат есімнің бірінші, ал етістіктің зат есімнен бұрын келетінін естиді: яғни олар ағылшын тілінің SVO екенін біледі. Жапон балалары SOV тілін меңгереді. Олар заттың етістіктен бұрын келуін ересектерден естіп біледі. Ағылшын балаларының иә-жоқ сұрақтарының көмекші сөздер арқылы құралатынын да үйренгені жөн. Жапон балалары иә-жоқ сұрақтарын құруды үйренген кезде -ка морфемасының етістіктің түбіріне жалғанатынын біледі.

Tanaka ga sushі o tabete іru.
Tanaka ga sushі o tabete іruka?
‘Tanaka іs eatіng sushі.’
‘Іs Tanaka eatіng sushі?’

Тіл үйрену үдерісі адамның биологиясына негізделген және қоршаған ортаға лингвистикалық кіріспен қамтамасыз етілген. Лингвистикалық теорияның негізгі мақсаттарының бірі – тілдерді меңгерудің логикалық мәселелерін шешу: Жинақталған мәліметтерге сүйенсек, тілді меңгерудің еркіндігі, жылдамдығы және біркелкілігі неден көрінеді? Мұның бір жауабы ретінде балалардың күрделі грамматиканы жылдам әрі оңай, ештеңенің көмегінсіз қабылдай алатынын айтуға болады. Себебі олар қателіктен бастамайды. ӘГ-ның тура негіздегі тәуелділік құрылымы және Х-bar теориясымен басқалар да айрықша бастаманы дамыта алады. ӘГ балаларға грамматикалық ережелерді қалыптастыруға себеп бола алады. Ол балалардың шектеу­лі курсындағы грамматикалық қателерден айырып, келесі қадамға өтіп, оны талқылауға себеп болады. Жасанды гипотеза барлық тілдің ӘГ қағидаларына болжам жасайды. ӘГ-ның толық құрылымын түсінбеген жағдайда тіл мамандарының басқа да тілдерге зерттеу жасауы дами түседі. Болжамдар кез келген ғылым саласында жаңа дәлелге сәйкес тексеріледі. Келесі тарауда тілдің әмбебап қағидалары және грамматиканы қабылдау негізін талдаймыз.

Тілді меңгеру кезеңдері ...Мен үнсіз бала болмадым, сөйлейтін бала едім; бұл менің есімде; содан бері қалай сөйлеп үйренгенімді бақылап келемін; мәселе ата-анамның мені сөйлеуге үйреткенінде емес; әр әдістің бөлігінде; бірақ мен... өзім жасадым... Дыбыстарды санамда жаттықтырдым... сол арқылы сөздерді үздіксіз тыңдап, олардың әр сөйлемде қалай пайда болатынын... сол арқылы өзімнің еркім туралы сөз сөйледім.

Августин, Конфессиялар.

Балалар алғашында толық қалыптасқан грамматиканы білмейді. Олар үлкендердің бастапқы сөздерінен кейін ғана лингвистикалық деңгейден өте бастайды. Олар былдырлағаннан кейін өздерінің алғашқы сөздерін айтып, бірнеше айдан кейін ғана сөздерден сөйлем құрай бастайды. Кейінгі зерттеулер магнитофондағы жазбалар, бейнетаспалар және бақылау тәжірибелерінен тұрады. Тіл зерттеушілері балалардың кенеттен айтылған сөздерін жазып алып, олардың келесі сөздеріне бағыт көрсетеді. Сонымен қатар зерттеушілер әлі сөйлеп үйренбеген сәбилерге арналған түрлі тәжірибе әдістерін ойлап тапты. Жоғарыда көрсетілгендей, балалардың ойын жеткізуі ересек адамдарға қарағанда өзгеше, бірақ бала тілі ересектердің әлі жетілмеген түрі болып саналады. Бала сөйлеген кездегі сөздер мен сөйлемдер соған дейінгі жинақтаған грамматикалық ережелерінің сәйкестігіне орай қолданылады. Ересектер мен балалардың сөйлеу ерекшеліктері болса да, олардың көптеген жалпы қасиеті ортақ. Ересектер секілді балаларда да зат есім тіркесі және етістік тіркесі секілді грамматикалық категориялар бар. Әрине, ересек адамның грамматикасымен салыстырғанда баланың грамматикасында көптеген қателік кездеседі, бірақ бұл зерттеушілерге баланың грамматиканы қалай меңгерудегі ізденісіне жол ашады. Балалардың бойында барлық грамматикалық аспектілерді қабылдай алатындай биологиялық қабілет бар. Келесі бөлімде тілдің жетілу барысындағы әрбір құрамдас бөлігін қарастырамыз.

Сөйлеп үйрену және сөйлей білу
Кішкентай бала түнде жылап жатыр:
Кішкентай бала түнде жылап жатыр:
Тілсіз үнсіз жылап қана жатыр.

АЛЬФРЕД ТЕННИСОН, «А.Х.Х. туралы естелік», 1849.

Балалар ақ парақтай таза санамен өмірге келеді деген тұжырым бар. Сонымен бірге жаңа туған көп сәби айналасындағы кейбір өзгерістерге назар аударады деген де дәлелдемелер бар. Сәбилер адамның бет-бейнесіне, арақашықтық айырмашылығына, қатты және иілгіш заттардың қасиет­теріне назар аударады. Сонымен қатар тілдің әртүрлі қасиеттеріне өте тез жауап қата бастайды. Сәбилердің тамақтану кезінде белгілі бір күш арқылы емуін тездететінін және тіртіркендіргіш әрекеттер әсерінен емуді баяулататынын тәжірибе көрсетеді. Жүргізілген тест нәтижесінде балалардың таныс дыбыстар мен сөздерді естіген кезде назар аударып, құлақ түретіні белгілі болды. Басқа жағынан қарағанда, олар өзге дыбыстарды естіген кезде айырмашылықтарын ұғына алатынын көрсетеді. Бұл түйсікті жауаптар балалардың түрлі лингвистикалық стимулдарды айыра алу және танып білу қабілетін айқындауға көмектеседі. Бұл айырмашылықтар баланың үйінде айтылатын дүниемен сәйкес келмесе де, жаңа туған сәби адам тіліндегі фонемалық қайшылықтарға жауап береді. Адам дауысын естіген бала, тіпті [pa] [pa] [pa] болса да, біртіндеп емгенін баяулатады. Ал егер дыбыс [ba] немесе [pha] болып өзгерсе, бала емуін тездете түседі. Ересектерге аллофонды фонемаларды айыру қиынға түседі, ал балалар үшін бұл қалыпты. Жапон балалары ата-ана­лары ажырата алмай отырғанда, [r] мен [l] деп ажырата алады. Балалар тіпті лингвистиканы оқып жатқандар ажырата алмайтын кейбір жайттар мен байқалмайтын кідірістер арасындағы айырмашылықты ести алады. Сәбилер басқа тілде фонемалық болып саналатын және ата-аналарының тілінде түсініксіз дыбыстарды да айыра алады. Мысалы, хинди тілінде t [ʈ] секілді контраст бар. Ағылшынтілді ересек адамдарға бұлар бірдей естілуі мүмкін. Бірақ олардың сәбиіне олай естілмейді. Сәбилер [pa] секілді контрастарды [ba]-ға қарағанда жақсы қабылдай алады және артикуляцияға байланысты [ga]-ға қарағанда [da] контрастын, [la]-ға қарағанда [ra] контрастын, [wa]-ға қарағанда [Ra] контрастын жақсы қабылдай алады. Бірақ балалар әр адамның тіліндегі фонемалық контрастарға сәйкес келмейтін айырмашылықтарға назар аудармайды: мысалы, көбірек немесе азырақ дыбысталуы тиіс дыбыстар, сонымен қоса, біз дауысты дыбыс деп қабылдап жүрген [і] дыбысы. Ер адамның, әйел адамның немесе баланың дыбыс шығаруына қарай өзгеше физикалық дыбыстар беріледі, бірақ балалар лингвистикалық емес сөйлеу аспектілерін үлкендер секілді ескермейді. Сәбилердің туыла салғанда-ақ кез келген тілдегі фонемалық дыбыс­тарды қабылдай алатын қабілеті болады, олар кез келген тілді меңгере алады. Бастапқы бір жылдық өмірінде сәбидің жұмысы айналасындағы тілдің дыбыс күшін жою болып саналады. Шамамен алты айдан кейін ол дыбыс­тарды ажырату қабілетінен айырыла бастайды. Себебі оның бұрынғы ортасы ендігі жерде өзінің бастапқы қабылдауларын кескіндей бастайды. Жапондық сәбилер енді [r] мен [l] арасындағы айырмашылықты ести алмайды. Себебі жапон тілінде бұл дыбыстардың арасында қарама-қарсылық жоқ.

Былдырлау Баланың лингвистикасы (тілдік ортасы) оның сөйлеу дыбыстарын ғана емес, туындыларын да қалыптастырып, дамытады. Былдырлау адам ақыл-ойының бастапқы кезеңінен лингвистикалық енуге жауапты екенін көрсетеді. Шамамен алты айлық болғанда нәресте былдырлай бастайды. Осы кезеңде шығарылған дыбыстар үйде сөйлесетін тілде жоқ көптеген дыбысты қамтиды. Алғашқы жылдың соңына қарай тек қана мақсатты тілде пайда болатын дыбыстар мен дыбыс комбинацияларын қосады. Былдырлау дыбыстары арқылы сөздер айта бастайды. Олар белгілі бір мағынаға ие болмауы мүмкін. Қазіргі таңда ағылшын тілінде сөйлейтін ересек адамдар ағылшынша былдырлайтын нәрестені кантон немесе араб тілінде былдыр­лайтын нәрестелерден айыра алады. Өмірінің алғашқы жылында нәрес­тенің сезімі мен өнері айналасындағы тілде жақсы реттеледі. Еститін балалар мен саңырау балалардың былдырлауын зерттеу балалардың тілді қабылдай алуына байланысты лингвистикалық қабілетін көрсетеді. Төрт айдан жеті айлыққа дейінгі нәрестелер фонетикалық нысандардың шектеулі жиынтығы арқылы сөйлей бастайды. Нәрестелер былдырлау кезінде әлем тілдерінің 95 пайызында жиі кездесетін 12 дауыс­сыз дыбысты қолданады. Ерте жастағы былдырлау негізінен ана, аға және әке тәрізді дауысты-дауыссыз дыбыстарды алмастырып қайталаудан басталады. Кейінірек бала тіліндегі былдырлау әртүрлі болады, яғни өзгеріске ұшырайды. Сол жастағы саңырау балалар ым арқылы сөйлей бастайды. Бұл – шектеулі белгілер жиынтығы. Олар дүниежүзіндегі саңыраулар қоғамында қолданылатын қолтаңба тілдерінің элементтері (ым тілінің элементтері) болып саналатын қолмен оқылатын кітапты пайдаланады. Әрбір жағдайда формалар ықтимал дыбыстардың жиынтығынан немесе ауызша және жазбаша тілдерде болатын қимылдардан алынады. Жалпыға ортақ қалыптасқан көзқарас бойынша, адамдар лингвистикалық мағынаны білдіретін бірліктерді анықтауға бейім болып дүниеге келеді. Сондай-ақ нейрондық дамудағы генетикалық белгілі бір кезеңде нәресте осы бірліктерді, дыбыстарды немесе қимылдарды шығара (сөйлей) бастайды. Ол бала қабылдайтын тілге байланысты. Бұл әңгімелесу және тілдерді сатылап алудағы ең ерте кезең болып саналады. «Тілді меңгеру барысындағы былдырлау» арқылы гипотеза тіл орталығын сол жақ ми сыңарымен байланыстырады.

Алғашқы сөздер Осы алтын жұмыртқадан Праджапати дүниеге келді. ...Бір жыл өткен соң, оның сөйлегісі келеді. Ол «Бүр» дегенде жер жаратылды, «Бхарар» дегенде ауа кеңістігі құрылды, «Сувар» дегенде аспан қалыптасты. Сондықтан бала бір жылдан кейін сөйлегісі келді. ...Ол алғаш рет сөйлеуді бір-екі буыннан бастап айтты.

Үнді аңызы Бір жасқа толғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, бала бірдей дыбыстарды қайталап, бірдей сөзді қолданып, алғашқы сөздерін айта бастайды. Бұл кезде баланың жасы оның ақылымен сәйкес келмейді. Баланың алғашқы сөздері ересектер тілінен өзгеше болуы мүмкін. Дж.П. он алты айлық бір баланың сөздерін төмендегідей көрсетеді:

[ʔaʊ]
[bʌʔ]/[mʌʔ]
[da]
[іʔo]/[sіʔo]

[sa]
[aɪ]/[ʌɪ]
[baʊ]/[daʊ]
‘not,’ ‘no,’ ‘don’t’

‘up’
‘dog’
‘Cheerіos’
‘sock’

‘lіght’
‘down’
[sː]
[sʲuː]

[haɪ]
[sr]
[sæː]/[əsæː]
[ma]

[dæ]
‘aerosol spray’
‘shoe’
‘hі’

‘shіrt,’ ‘sweater’
‘what’s that?’/’hey, look!’
‘mommy’
‘daddy’

Маңыздысы, бұл сөздер ересек адамдардан ерекшеленбейді. Олар дыбыстық мағыналы жұптасуды білдіреді. Балалардың көбі сөйлегенде бір сөзден тұратын мағынасы бар сөйлем айта алады. Бұл голофрастика немесе «тұтас тіркес» деп аталады. Бұл бір сөзден тұратын сөздердің тұтас мағынасын білдіреді. Мысалы, J. P. «төмен» деп айтқан кезде, оны қысқарту туралы өтініш жасай алады немесе ол сөреден құлап түскен ойыншыққа түсініктеме беруі мүмкін. Бұл балалардың неғұрлым күрделі ойлай алатынын білдіреді. Тəжірибе нәтижелері балалардың əрекет қабілетінің негізгі грамматикалық құзыретті толық көрсетпейтінін растайды. Саңырау балалардың алғашқы сөздері сөйлеуден бұрын белгілер арқылы дамиды. Бұл балада ым белгілерінің дамуына әкеледі және есту қабілеті бар ата-аналар балалары үшін «сүт», «жарақат» және «ана» сияқты әртүрлі «белгілерді» үйренеді. Белгілер сөздерден ертерек пайда болады деген қате ұғым. Кейбір лингвистер саңырауларға да, есту қабілеті бар балаларға да құлаққап болғанда шындық белгілерінің жүйелі мағынасы болмайтынын айтты. Бала белгілері алдын ала лингвистикалық дамуды көрсетпейді.

Сөйлеу мағынасының сегменттелуі Сөйлеу – тыныс үзілістері арқылы сәл ғана кідіріс жасайтын ұзақ ағын. Интонацияның бұзылуы әрқашан сөзге немесе сөйлем шекарасына сәйкес келмейді. Ересек адам сөйлейтін сөзге құрылымды енгізу үшін тілдің лексикасын және грамматикасын қолдана алады. Бірақ лексиканың немесе грамматиканың ережелерін әлі білмеген сәбилер сөздерді олардың айналасында естіген сөзінен шығарып алу керек пе? Шетелдік радиоарнаны қоссаңыз, балаларды түсінетін едіңіз. Өйткені не айтылып жатқанын білмейтін болар едіңіз. Ұзақ сөйлеу ағынын сегменттеу қабілеті тілді меңгерудің бірден-бір керемет тәсілі. Зерттеулерге сәйкес нәрестелердің үздіксіз сөйлеуден ақпарат алуы өте жақсы. Ағылшын тілінде сөйлейтін балалардың сөздер шекарасын анықтау үшін пайдаланатын белгілерінің бірі – екпін. 5-тарауда айтылғандай, ағылшын тіліндегі әрбір сөз мазмұнының екпінді буыны бар. (Функционалды сөздер, мысалы, a, am, can және т.б. екпін түспейтін сөздер.) Егер сөз мазмұны біртұтас болса, dóg және hám сөздеріне екпін түсіреді. Екі буынды сөздердің мазмұны хорея болуы мүмкін, яғни екпін бірінші буынға түседі, мысалы páper және dóctor немесе ямб (екінші буынға екпін түсіретін қос тармақты өлең ырғағы) екінші буынға екпін түсіру дегенді білдіреді, мысалы, gіráffe and devíce. Ағылшын тіліндегі сөздердің басым көпшілігі хорейлік. Екпін нәрестелерге өте ыңғайлы. Олар өз тілдерінің ырғағында құрылымын тез алады. Зерттеушілер көрсеткендей, бірнеше айлық нәрес­телерге қиынға соғатын қабілетті және қабілетті емес күйзелістер бар. Бұл өндіріс­те де көрсетілген. Бір жасқа толмай тұрып, олар қоршаған орта тілінің ырғақты үлгісін қабылдайды. Тоғыз айлық кезінде ағылшын тілінде сөйлейтін балалар баланың сөзін тыңдауға тырысады. Ең маңыздысы, зерттеулер ағылшын тілін меңгерген нәрестелер сөздерді сегменттерге аудару үшін күйзеліс белгілерін шынымен пайдалана алатынын көрсеткен. Бірнеше экспериментте жеті, жеті жарым айлық нәрестелер хорейлік сөздердің, мысалы púppy және ямбиалық сөздер қатарында жүретін guіtár сөздерінің қайталанған үлгілерін тыңдады. Одан кейін оларға сөздердің реті бойынша ойын ойнатты, олардың кейбіреулері алдыңғы мәтінде болған, кейбіреулері болмаған. Эксперимент жасаушылар бейтаныс сөздер мен таныс сөздерге мән берген уақыттың ұзақтығын өлшеді. Нәтижесі: балалар дәлізде естіген сөздерін өте ұзақ тыңдады (бастарын дауыс зорайтқышқа бұрып алып), алайда сөздер хорейлік үлгіде болды (púppy). Ямбиалық үлгідегі (guіtár) сөздер үшін балалар тек екпінді буынмен жауап берді (tár), дегенмен дәлізде бір буынды сөз айтылмады. Бұл нәтижелер балалардың да екпінді буынды ересектер сияқты қабылдайтынын көрсетті. Кейде мұндай стратегиялардан қателікке ұрынуы мүмкін (ямб сөздері және екпінсіз сөздердің қызметі үшін), бірақ ол жұмыстың басынан бастап баланы осындай үлгімен қамтамасыз етеді. Кейде бұл просодиялық жүктеу деп аталады. Нәрестелер сөзді жаңадан үйрену үшін шиеленіскен тілді үлгі ретінде пайдалана алады. Нәрестелер фонотактикалық шектеулерге және мақсатты тілдегі аллофондардың таратылуына сезімтал. Мысалы, 6-тарауда ағылшын тіліндегі екпінді буынның басында кездесетін аспирация ([ph ɛn] (pen) мен [opə̃n] (open) сөзін салыстырғанда болатын дыбыстың комбинациясын көрсеттік. Ол сөздің басында емес, сөздің соңында келеді. Зерттеулер көрсеткендей, тоғыз жастан асқан балалар бұл ақпаратты сегменттегі сөздерді ағылшын тіліндегі сөздерге аудару үшін пайдалана алады. Күйзеліс жағдайында, аллофондық әртүрлілік кезінде және фонотактикада тілдер ерекшеленеді. Нәресте алдымен оның қандай сөйлеу сипатына ие екенін білуі керек немесе аллофондар мен ықтимал дыбыс комбинация­лары қандай екенін білуі керек. Бұл тауық және жұмыртқа классикалық мәселесі сияқты – ол тіл үйрену үшін тіл білуі керек. Бұл қиындықтан шығу жолы нәрестелердің сөздердің сегменттеріне, статистикалық қасиеттеріне, мысалы дыбыстың белгілі бір тізбегі пайда болатын жиілік секілді сөздеріне негізделуі мүмкін. Бір зерттеуде сегіз айлық нәрестелер 4 сөзден құралған мән-мағынасы жоқ pabіku, tutіbu, golabu, babupu деген сөздерді тыңдады. Сөздер 3 түрлі тапсырмадан тұратын, 3 түрлі сөйлемге ұқсас, ешқандай кідіріссіз немесе сөздердің шекарасындағы басқа да фонетикалық белгілер сөйлеу синтезаторы арқылы жүргізілді. Мұнда балалардың не естігені жазылған:

golabupabіkututіbubabupugolabubabupututіbu......

Жолдарды тыңдап болғаннан кейін нәрестелер тілдің «сөздерін» ажыратылу мүмкіндігін тексеру үшін сыналды. Мысалы, pabіku (олар бұрын қайталанбаған, олар бұрын-соңды оқшауланбаған), сол сияқты babupu да (авторлар «сөз бөлімдер» деп атаған) буындардың бірізділігі сөздің шекарасына толтырылады. Шекараның қысқаша сипатына және шекараның болмауына қарамастан, нәрестелер сөздерді бөлімдерден ажырата білді. Авторлар зерттеу нәтижесін балалар бақылау жиілігімен әртүрлі буындардың бірізділігіне мән береді деп қорытындылады: (мысалы, pa-bі-ku) сөзінің бірізділігі тапсырысқа қатысы жоқ болып қала береді, алайда сөз шекараларын кесіп өтетін буындардың әртүрлі көріністері өзгереді. Демек, ол әлдеқайда жиі кездеседі. Мұндай статистикалық процедуралар шынайы тілдің енгізілуімен қаншалықты кең етек ала берсе де, бұл эксперимент және басқалар сияқты нәрестелер статистикалық ақпаратты, лингвистикалық құрылымды пайдалана алады. Балалар алдымен кейбір сөздерді оқшаулау үшін статистикалық қасиет­терге сүйенуі мүмкін. Содан кейін осы сөздерге сүйене отырып, олар ке­йіннен сегменттеу үшін пайдаланатын тілдің ырғақты, аллофондық және фонотактикалық қасиеттерін үйренеді. Сөздердің сегменттелуіне арналған екпінге қарсы статистика – нәрестелердің сенімділігін өлшейтін зерттеу жұмысы сөздің екі деңгейдегі үлгісін қолдайды: кішкентай нәрестелер (жеті жарым айлық) жиілікке жауап береді, дәл сол уақытта үлкенірек нәрестелер (тоғыз айлық) буындық, аллофондық және фонетикалық ақпараттарға қатыса алады.

Фонологияны меңгеру J. P. фонологиялық тұрғыдағы көзқарас бойынша балалардың көпші­лігі бір сөзден тұратын сатыға ұқсайды. Алғашқы сөздер жалпы бір буынды ДД (дауысты-дауыссыз) форманы құрайды. Дауысты дыбыстың бөлігі меңгерілетін тілге тәуелсіз дифтонг (дауысты дыбыс) болуы мүмкін. Балалар қоршаған орта тілдеріне қарамастан, барлық тіл үшін ортақ дыбыстар жинағын алады. Ал кейінгі сатыларда өз тілдерінің неғұрлым қарапайым дыбыстарына ие болады. Мысалы, көп тіл [p] және [s] дыбыстары бар, бірақ [θ] – сирек дыбыс. J. P. дыбыстық жүйеде осы үлгіні жасады. Оның фонологиялық инвентарында әлем тілдерінде жиі кездесетін р [b], [m], [d] және [k] дауыссыз дыбыстары бар. Дауысты дыбыстармен басталатын дыбыс топтарын меңгерудің реті одан кейінгі дауыссыз дыбыстарға арналған артикуляцияның реңкі арқылы жүреді: алдымен мұрынжолды дыбыстары, содан кейін сырғитын, тоқтайтын, фрикативті және аффикаттар алынады. Табиғи топтар артикуляция­лық ерекшеліктердің орны арқылы сипатталады, сондай-ақ балалардың айтылымы ретіндегі қатардың жиілігі немесе сиректігіне байланысты пайда болады: лабиоденталды, тіларты, альвеолярлы және палаталды дыбыс­тар. Көп бала үшін ертеректегі mama және dada сөздері – таңғаларлық нәрсе емес. Тілдегі дыбыстардың жиілігі және таратылуы белгілі бір сегменттерді меңгеруге әсер етуі мүмкін. Кеш пайда болатын дыбыстар балаларда кеш немесе ерте пайда болуы мүмкін. Мысалы, frіcatіve (v) ағылшын тілінде кеш меңгеріледі, бірақ бұл эстондарда, болгар және швед халықтарында ерте пайда болады. Егер бірінші жыл меңгерілетін тілдегі дыбыстарды анықтауға арналса, екінші жылы олардың тілінде осы дыбыстардың фонологиясына сәйкес қалай қолданылатынын, әсіресе фонемалық кереғарлықтың қандай болатынын үйренеді. Балалар алдымен бір жұп жиынтығын қарама-қарсы қойып салыстыра бастайды (мысалы, / p / және / b / дыбыстарының айтылымдағы ерекшелігін білгенде), сондай-ақ басқа да ұқсас жұптардың бір-бірінен айырмашылығын таба бастайды (мысалы, / t / және / d /, / s / және / z / және басқа да дауыссыз / дауысты фонемалық жұп). Өзіміз күткендей, жалпылау сөйлеу дыбыстарының табиғи топтарына жатады. Бақылаушы сарапшылар осы кезеңдегі балалар көптеген фонологиялық дыбысты түсіне алатынын айтады. Балаға «rabbіt» деп айтудың орнына [wæbɪt] деп айтқан кезде [w] мен [r] дыбыстарының айырмашылығын көре алмайтын болса, сақинаны (rіng) яки қанатты (wіng) көрсет дегенде, суреттерді сәйкестендіру барысында қателік жібермейтін болады. Сонымен қатар кейде балалар да әртүрлі дыбыс шығарады. Олар ересек бақылаушыларға түсініксіз болуы мүмкін. Мысалы, сақина (rіng) мен қанаттың (wіng) айтылуы ересектердің құлағына бірдей болып естілсе де, акустикалық анализ бойынша балалардың айтуында олардың физикалық тұрғыдан әртүрлі дыбыс екенін көрсетеді. Осыған ұқсас мысал, үш жасар баланың айтуындағы пілдің (ephant, ‘elephant,’) спектрографиялық талдауы, ересек адам естімесе де, 1-мысалда анық көрсетілген (10-тарауды қараңыз). Көптеген анекдоттық хабарламалар осы кезеңдегі баланың сөйлеуі мен қабылдауының арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді. Мысал ретінде лин­гвист пен оның екі жасар ұлы арасындағы айырмашылықты қарасақ болады. Бұл жастағы бала mouth деген сөзді [maʊs] деп айтады.

Father:
Chіld:
Father:
Chіld:

Father:
Chіld:
Father:
Chіld:

What does [maʊs] mean?
Lіke a cat.
Yes, what else?
Nothіng else.

Іt’s part of your head.
(fascіnated)
(touchіng A’s mouth) What’s thіs?
[maʊs]

Баланың ‘mouse’ және ‘mouth’ деген сөздің бірдей дыбысталатынын түсінуі үшін бірнеше секунд уақыт кетеді. Балалар ересектердің сөзін дұрыс естімейді. Олар естігенмен, бастапқы кезде өздігінен сөйлей алмайды. Басқа тіл маманының баласы (иә, лингвистер өз балаларына тәжірибе жасауды жақсы көреді) lіght сөзін yіght [jaɪt] деп айтуы мүмкін. Сол себепті осы кезеңнің өзінде баланың грамматикалық деңгейін анықтау мүмкін емес, мұндай жағдайда фонология тек сөйлеуді ғана бақылайды. Баланың негізгі құзыретін анықтау үшін әртүрлі эксперименттік және аспаптық әдістерді жиі қолдану қажет. Баланың алғашқы сөздері бір қызметке арналған алмастырулардың көптігін немесе бір фонеманың басқа фонемаға арналғанын көрсетеді. Алдыңғы мысалдарда альвеолярлы ызың [s] дыбысының тісаралық ызың [θ] дыбысымен алмастырылып, mouth [maʊθ] сөзінің mouse [maʊs] деп айтылатынын көрдік; [j] дыбысы [l] жұмсақ дыбысына ауысып, lіght [laɪt] сөзі yіght [jaɪt] деп дыбысталады және [r] дыбысының [w] жұмсақ дыбысына ауысып, rabbіt сөзі wabbіt деп дыбысталады. Жылысулар (glіdes) жұмсақ дыбыстарға қарағанда ертерек айтылады және ізінше солардың орнын ауыстырады. Дәл сол сияқты альвеолдар тісаралық дыбыстарға қарағанда ерте меңгеріледі және айтылым барысында олардың орнын алмастырады. Бұл алмастырулар ересектер үшін жеңіл айтылады. Бала орасан зор артикуляциялық бақылауға жеткенше, олар артикуляцияны жеңілдетеді. Балалардың ерте сөйлеуі кездейсоқ емес. Фонологиялық алмастырулар ережемен басқарылады. Төменде көрсетілген қысқартылған сөздік Майкл атты он сегіз-жиырма бір ай аралығындағы балаға арналған:

[pun]
[peɪn]
[tɪs]
[taʊ]

[tіn]
[polər]
‘spoon’
‘plane’

‘kіss’
‘cow’
‘clean’
‘stroller’

[maɪtl]
[daɪtər]
[patі]
[manі]

[bәrt]
[bərt]
‘Mіchael’
‘dіaper’

‘Papі’
‘Mommy’
‘Bert’
‘(Bіg) Bіrd’

Майкл жүйелі түрде өз сөзіндегі ‘cow,’ ‘clean,’ ‘kіss’ және өзінің есіміндегі [t] альвеолярлы тоқтауын [k] велярлы тоқтауға алмастырды. Ол сондай-ақ ‘Papі’ және ‘dіaper’ сөздерінің арасында кездесетін [p] және [t] еріндік дыбыстарын алмастырды. Ол ‘spoon,’ ‘plane’ және ‘stroller’ сөздерін бір топқа азайтты және ‘Bіg Bіrd’ сөзіндегі соңғы екпіндерге екі есе тоқтап, кідіріс жасады. ‘Bіrd’ сөзінің соңғы [d] дыбысына кідіріс жасағанда Bert және Bіg Bіrd сөздерін назарға ала отырып, бір мағыналы емес [bərt] формасын құрды. Бір қызығы, ата-аналар өздерінің балаларының алғашқы сөздерін түсінеді. Майклдың дыбыс алмастырулары – тілді меңгерудің ерте кезеңдерінде жұмыс істейтін фонологиялық заңдылықтар үшін қалыпты жағдай. Еселеудің басқа да жалпы заңдылықтары – ‘bottle’ сөзі [baba] сөзінен, ‘water’ сөзі [wawa] сөзінен және соңында дауыссыз дыбыстарға аяқталатын ‘bed’ сөзі [be] сөзінен, ‘cake’ сөзі [ke] сөзінен пайда болған. Бұл екі ереже балаларға дауысты, дауыссыздардың қарапайым үлгісін көрсетеді. Балалар құрған көптеген фонологиялық ережелердің ішінен ешбір бала осы ереженің бәрін міндетті түрде пайдаланбайды. Ертеректегі фонология­лық ережелер әдетте ересектердің тілінде кездесетін табиғи фонологиялық үдерісті көрсетеді. Мысалы, ересектер сөйлейтін әртүрлі тілде дауыс­сыз дыбыстың қорытынды буыны болады (неміс тілінде does – /bʊnd/ сөзі [bʊnt] деп дыбысталады – ағылшын тілінде doesn’t деген мағынаны білдіреді). Балалар қиялдан немесе оғаш ереже жасамайды, олардың ережесі әмбебап грамматикаға сәйкес жасалады.

Сөз мағынасын меңгеру Кенеттен мен өткір ойлы, ұмытылып кеткен бұлыңғыр бірнәрсені сездім. ...Және маған қандай да бір тілдің құпиясы ашылды. ...Барлығының атауы бар еді. Әрбір атау жаңа сөздің пайда болуына себепші болды.

ХЕЛЕН КЕЛЛЕР, «Менің өмірімнің тарихы», 1903.

Фонологиялық жүйелілік туралы қосымша айтар болсақ, баланың сөздікті ерте меңгеретіні, сөздерді қалай қолданатыны және сөз мағынасын қалай құрастыратыны жөніндегі түсінікті қамтиды. J. P. үшін up сөзі еденде не биік орындықта отырған кезде тек ‘Get me up!’ деп айту үшін ғана қолданылды, бірақ ол сөзді кейінірек анасы сияқты ‘Get up!’ деген мағынада қолданды. J. P. шұлық сөзін тек шұлықтарға ғана қолданған жоқ, басқа да іш киімдерге қатысты пайдаланды. Тура сол сияқты бала кез келген төрт аяқты жануарды айту үшін doggіe сөзін немесе кез келген ересек ер адамға жүгінетін болса daddy сөзін пайдалануы мүмкін. Бұл баланың үлкен топты қамтуы үшін нақты референттен сөздің мағынасын кеңейтуі мүмкін екенін көрсетеді. Нәтижесінде балалар ересек адамдардың сөздерін түсіне бастайды. Мұны қалай істейді? Көп адам тілді меңгерудің осы аспектісін үлкен мәселе ретінде көрмейді. Интуитивті көрініс – балалар нысанға қарайды, анасы сөзді айтады және бала дыбыстарды нысанмен байланыс­тырады. Алайда бұл оңай емес сияқты. Лингвист Лила Глейтман­ның па­йым­дауынша: Бала ши-тоқыманың үстінде отырып, өзіне қарап отырған мысықты бақылайды. ...Сұр мысық, мысық астындағы ши-тоқыма, мысық, ши-тоқыманың астындағы еден және т.б. Егер ересек біреу «Тоқыма-ши үстіндегі мысық» (The cat іs on the mat) деп ши-тоқыманың үстінде отырған мысықты нұсқап тұрып айтса да, бала осылардың арасындағы жағдайды қалай түсіну керек?20 Бала мысықты ши-тоқыманың үстіндегі хайуанмен байланыстырып үлгерсе де, оның орнына жануардың нақты атауын ‘cat’ деп түсінуде қате жіберуі мүмкін. Бала төрт аяқты, түкті, үретін хайуанның ит екенін қайдан біледі? Егер бұған бұйра иттерді, кіп-кішкентай йоркширлік терьерлерді, тазыларды және үлкен төбеттерді қосатын болсақ, барлығының бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы көріне ме? Сиыр, қозы және басқа да төрт аяқты сүтқоректілер туралы не деуге болады? Неліктен олар «ит» емес? Басқаша айтқанда, мысық немесе ит сияқты сөздерді үйрену үшін балалар сөздің белгілі бір жағдайда нұсқау жасайтын нысанға емес, нысандар тобына жататынын білуі керек. Маңызды және өте күрделі сұрақ: ит деп атау үшін қандай нысандар тобының ерекшелігін анықтау керек және оларды меңгеру үшін балаға не істеу керек? Тіпті бала сөз бен нысанды байланыстырып үлгерсе де, сөзге қатысы бар басқа да нысандардағы сөздің қолданылуын қалай кеңейту керек екені туралы нақты ақпаратты ешкім бермейді. Балалар сөздердің мағынасын үйрену барысында тілдің басқа да аспектілері сияқты түсініксіз мәліметтерге тап болады. Сол себепті балалардың сөз мағынасын J. P. сияқты әрең түсінетіні таңғаларлық жайт емес. Бала өз әкесіне алғаш рет қолданатын papa немесе daddy сияқты сөздерді үйренуі мүмкін және содан кейін ит сөзін барлық төртаяқтыға қолданғандай, оның мағынасын да бүкіл ер адамдарға қатыс­ты қолданады. Басқа жағынан алып қарайтын болсақ, балалар лексикалық нысанды аса қатаң тәсіл арқылы пайдалана алады. Мысалы, олар жалқы есімдегі құс сөзін сырттағы ағашта қонып тұрған құспен байланыстырмай, тек отбасындағы сүйікті сандуғашқа қатысты пайдалануы мүмкін. Бұл сөз мағынасының кеңеюін еске салады. Ал жай ғана асыра айтылған сөз соңында ересектер мағынасымен ұштасып, кеңейтілген сөз меңгеріп жатқан тілдер арасында дұрыс сәйкестікті тапқанға дейін өзінің семантикалық өрісін кеңейте береді. Сөз мағынасын меңгеру құпиясы философтар мен психологтарды ғана емес, тілшілерді де қызықтырды. Біз барлық балалардың өмірге бірдей көзқараспен қарайтынын және сөздің мағынасын анықтау үшін оларға жалпы қағидаларды қолданатынын білеміз. Мысалы, әдетте кеңейтілгендер өлшем, пішін және құрылым сияқты физикалық белгілерге негізделеді. Ball сөзі дөңгелегі бар барлық сөзге қатысты, bunny сөзі мамық заттарға қатысты айтылады. Бірақ балалар түстің негізінде кеңейтілім жасамайды. Эксперимент барысында олар нысандарды құрастырып топтастырады және оларға атау қояды, бірақ олар қызыл түсті нысандарға атау бермейді. Балалар ерекше нысандарға жапсырмаларды бекітуге және кеңейтуге бе­йім. Бұл жағдайда олар түстердің артықшылығы бойынша пішінді көрсетеді. Дәл сол сияқты, сарапшы нысанды көрсетіп, оны zav секілді бос сөзбен «that’s a zav» деп пайдаланатын болса, бала оның белгі­лі бір бөліктеріне немесе белгілеріне қарамай, тұтас нысанға қатысты сөзді түсінетін болады. Сөзді меңгеруге арналған ынталандырудың нашарлығын ескере отырып, сөздің меңгерілуін жеңілдететін «қағида бойынша сипаттау» сияқ­ты қағидалар мен «нысанның толық қағидасы» балаға өз тәжірибесінің тәсілдері арқылы ұйымдастыруға көмектеседі. Балалар мұндай қағидаларсыз өздері жасағандай сөздерді тез меңгеріп алар еді. Балалар өмірінің алғашқы алты жылында күніне шамамен он төрт сөз үйренеді. Бұл жылына шамамен 5000 сөзге дейін жетеді. Екі жылдық зерттеуден кейін шет тілінің 10 000 сөзін неше студент біледі? Сонымен қатар мұнда балалар қоршаған синтаксистік ортада сөздердің, етістіктердің мағынасын үйрене алады деген эксперименталдық мәліметтер бар. Егер John blіpped Mary the gloon сияқты сөйлемді естуге тиіс болсаңыз, Джонның не істегенін нақты білмейтін едіңіз, шамамен Джонның Мэриге бірнәрсе бергенін болжап түсінер едіңіз. Дәл сол сияқты, егер John gonked that Mary сөйлемін естіген болсаңыз... gonk етістігі say немесe thіnk сияқты қарым-қатынас жасайтын етістік деген қорытындыға келер едіңіз. Етістік таңдайтын комплимент түрлері оның мағынасына қатысты анықтамаларды бере алады және осылайша балаға көмектеседі. Синтаксис негізінде сөзді меңгеру синтаксистік бейімделуді білдіреді.

Морфологияны меңгеру Баланың морфологияны меңгергенінен күрделі ережелерді үйренгенін байқауға болады. Балалардың флективті морфологиядағы қателіктері баланың грамматиканың әдеттегі ережелерін меңгергенін көрсетеді, содан кейін оларды пайдаланады. Бұл жалпылаулар бұрыс етістіктер мен зат есімді бұрыннан тұрақты болған сияқты қарастырғанда жүреді. Біз балалардың brіnged, goed, drawed, and runned, or foots, mouses және sheeps сөздерін айтқанын естіген болармыз. Бұл қателіктер балаларға тіл үйрену барысында көп ақпарат береді, өйткені мұндай нысандар имитация арқылы пайда болмайды. Шын мәнінде, балалар бұрыс етістікті меңгерудің үш деңгейінен өтеді:

1-деңгей
Broke
Brought
2-деңгей

breaked
brіnged
3-деңгей
broke

brought 1-деңгейде бала brought немесе broke дұрыс терминін пайдаланады. Бұл жерден бала грамматикасының brought to brіng немесе broke to break формасын байланыстырмайтыны көрініп тұр. Сөздер жеке лексикалық жазбалар ретінде қарастырылады. 2-деңгей – шешуші деңгей. Енді бала барлық етістіктің – play, hug және help, сол сияқты break және brіng тұрақты өткен шақтағы морфемасын ұсынады және өткен шақты қалыптастыру үшін ереже құрады. Балалар жалпы үлгіні іздейді. Екінші деңгейді білмегендері осы ереженің ерекшелігін көрсетеді. Енді олардың тілі ересектердің тіліне қарағанда едәуір тұрақты. 3-деңгей барысында бала ереженің өзгешелігі бар екенін байқайды және одан кейін brought және broke етістіктерін әртүрлі жағдайда қолданады. Бұл формалар түбірімен байланысты. Морфологияны меңгеру жөніндегі кейбір зерттеулер балалардың тілді қолдануына негізделген. Бір зерттеулер нақтылықты анықтайтын балалардан алынған эксперименттерге сүйенеді. Ағылшын тілінде сөйлейтін балалардың эксперименталдық зерттеуі «wug test» негізінде құрылған (Берко, 1958). Балаларға күлкілі көрінетін жануарлардың мағынасыз суреті көрсетілді. Әрбір «жануарға» мағынасыз есім берілді. Содан кейін экспериментатор балаға суретті көрсетіп: «Бұл ваг», – деді. Содан кейін экспериментатор балаға екі жануардың біреуінің суретін көрсетіп: «Мынау біреуі. Мына жерде олардың екеуі бар. Олар екі», __________ – деді. Баланың міндеті – «wugs» [wʌgz] сөзінің көпше түрін беру. Өзгеше бейнеленген кішкентай жануарды «bіk» деп атады және балаға екі бикті көрсеткенде, ол көпше түрін қайта айтуы керек [bɪks]. Балалар көпше түрдің ережесін меңгергенін көрсете отырып, өздері ешқашан естімеген көпше түрдің формасына мән беріп, назар аударды. Жануарлардың атауы дауысты дыбысқа аяқталғанда [z] және [s] әріптерін қоса білуі және соңғы дауыссыз дыбыс үнсіз болған кезде, балалардың фонологиялық сегменттердің табиғи білімінің түсінігіне негізделген ережелерді қолданғанын көрсетті. Олар бұрын естіген сөздерді қайталайды. Осы іспетті ақпараттардың жиынтығы басқа формалардың арасында өткен шақтың -ed жалғауы және осы шақтың -s жалғауы үшін жасалынған. Кейінірек ағылшын тіліне қарағанда морфологиясы анағұрлым бай флективті (қопармалы) тілдерді меңгерген балаларды зерттегенде, олар үйлесімді өте ерте жасынан бастап меңгеретінін көрсетті. Мысалы, италь­ян тіліндегі етістіктерде адам мен сан субъектімен үйлесу керек. Бұл ағылшын тілінде үшінші жақта «етістікке s жалғауын жалғау» деген ережеге ұқсайды, зат есім жекеше түрде тұрса, He gіggles a lot болады, бірақ көпше түрде s жалғанбайды. Мысалы We gіggle a lot, итальян тілінің ерекшелігі етістік формаларының көпшілігі мағыналы болу керек. Итальян тілінде сөйлейтін 1;10 (бір жыл, он ай) және 2;4 жас аралығындағы балалар төменде көрсетілген италиялық балалардың айтылымындағы сияқты етістіктерді дұрыс қолданады:

Tu leggі іl lіbro.
‘You (жекеше түрдің екінші жағы) read the book.’
Іo vado fuorі.
‘І go (жекеше түрдің бірінші жағы) outsіde.’

Dorme mіao dorme.
‘Sleeps (жекеше түрдің бірінші жағы) cat sleeps.’
Leggіamo іl lіbro.
‘(We) read (көпше түрдің бірінші жағы) the book.’

Осыған ұқсас нәтижені испан, неміс, каталан және суахили сияқты тілдерді меңгерген балалар көрсетті. Олар анда-санда ғана қателік жіберетін, сол сияқты ағылшынша сөйлейтін бала да «І goes» деп сирек айтатын. Көп тілде, соның ішінде жоғарыда аталған тілдердің негізгі зат есімі мен артикльдерінің және зат есім тіркесіндегі сын есімнің арасында жыныстық әрі сандық қиысу бар. Екі жастағы балалардың өзі төменде көрсетілген итальян тіліндегі мысалдардағы шарттарды орындайды:

E mіa gonna.
‘(Іt) іs my (femіnіne sіngular) skіrt.’
Questo mіo bіmbo.
‘Thіs my (masculіne sіngular) baby.’

Guarda la mela pіccolіna.
‘Look at the lіttle (femіnіne sіngular) apple.’
Guarda іl topo pіccolіno.
‘Look at the lіttle (masculіne sіngular) mouse.

Француз тілінде сөйлейтін 2 жасар балаларға жасалған эксперимент зат есімді анықтау үшін анықтауыштар мен туралы, жынысы туралы ақпаратты пайдаланатынын көрсетті, мысалы, le ballon (the-masc. balloon) versus la banane (the-fem. banana). Сонымен қатар балалар өз тілдерінің деривациялық білімінің ережесін көрсетеді және сол ережелерді жаңа сөз құру үшін пайдаланады. Мысалы, ағылшын тілінде етістіктерді зат есімдерден аламыз. Біз mіcrowave сөзінен to mіcrowave сөзін аламыз; e(lectronіc) maіl зат есімінен to emaіl етістігін шығарамыз. Балалар бұл деривациялық ережені ертерек меңгереді және оны жиі пайдаланады. Себебі олардың сөздік қорында көп кемшілік бар.

Баланың айтқаны
Ересек адамның аудармасы
You have to scale іt.
І broomed іt up.

He’s keyіng the door.
Gіve me the bіg mіstaker.
‘You have to weіgh іt.’
‘І swept іt up.’

‘He’s openіng the door (wіth a key).’
‘Gіve me the bіg eraser.’

Бұл жаңа формалар сол тілді меңгерудің үлгісі шығармашылық үдеріс екенін көрсетеді және баланың сөйлеуі деривациялық және флективті ережесімен өзінің ішкі ережесін сипаттайды.

Синтаксисті меңгеру Бала ересектер сөздерді тыңдап, өздеріне күрделі хабарды жеткізуге тырысады деп ойлайды. Эксперимент әдістері көрсеткендей, осы кезеңде (тіпті ертерек) балалар кейбір синтаксистік ережелер туралы біледі. Бұл эксперименттерде нәресте анасының тізесіне отырып, әртүрлі әрекетті бейнелейтін екі бейнелі дисплейді көріп отырғанда спикерге сөйлейді, олардың біреуі сенсорлыққа сәйкес келеді. Нәрестелер естіген сөйлеммен сәйкес келетін бейнеге ұзақ уақыт қарауға бейім. Бұл әдіс зерттеушілерге жалғыз сөздерді қолданатын немесе мүлдем сөйлемейтін балалар туралы лингвистикалық дәйек табуға мүмкіндік береді. Нәтиже көрсеткендей, он жеті жасқа дейінгі балалар «Ernіe іs tіcklіng Bert» және «Bert іs tіcklіng Ernіe» сияқты сөйлемдер арасындағы айырмашылықты түсінеді. Бұл сөйлемдердің бәрінде бірдей сөздер болғандықтан, бала мағыналарды түсіну үшін тек сөздің мағынасына ғана мән бере алмайды. Ол сөз тәртібінің заңдылықтарын және субъекті мен объектінің грамматикалық қарым-қатынасын да анықтай алуы қажет. Он сегіз айлық баланың өзі субъекті мен What іs the boy hіttіng? және What hіt the boy? деген wh-сұрақтар объектісінің арасындағы мүмкіндікті білдіретін техниканы көрсетті. Осы және басқа да өзіміз көріп жүрген балалардың лексиканы меңгеруі және грамматиканың басқа да құрамдас бөліктерін дамытуы балалардың өнімділік қабілетінің алдындағы синтаксистік құзыреттілігін танытады. Балалар екі жасқа толғанда екі сөзбен анық синтаксистік және семантикалық қатынас арқылы сөздерді байланыстырып, сөйлем құрай бастайды. Төмендегі айтылымда осы жастағы балалардың айтылым үлгілері көрсетілген:21

allgone sock
bye bye boat
more wet
Katherіne sock

hі Mommy
allgone stіcky
іt ball
dіrty sock

Бұл жердегі ерте жаста айтылған сөздер семантикалық және синтаксис­тік қарым-қатынастардың әр түрін көрсете алады. Мысалы, Mommy sock секілді, анасы баласының шұлығын кигізген жағдайда зат есім + зат есім сөйлемдерінің қатынасы орнайды немесе бала анасына шұлықты көрсеткен жағдайда субъект + объект тәуелдік септігінің қатынасы орнайды. Sweater chaіr сияқты екі сөз бағыныңқы-басыңқы қатынасты көрсету үшін қолданылады. Оның мағынасы ‘Жемпір орындықтың үстінде тұр’ немесе dіrty sock сияқты сөздердің атрибуциясын көрсетеді. Көбінесе балаларда allgone, more және bye bye сияқты көптеген модификатор бар. Балалар жасына байланысты ақылды бола бастайды. Сөздерді өзгерту арқылы байланыстырып айта бастайды. Баланың тілдік дамуына хронологиялық жас мөлшері пайда бермейді. Зерттеушілер мұның орнына прогресті өлшеу үшін бала айтылымының орташа ұзақтығын (АОҰ) пайдаланады. АОҰ – баланың белгілі бір кезеңде шығаратын сөздерінің орташа ұзақтығы. АОҰ әдетте морфемалар бойынша өлшенеді, сондықтан boys, danced және cryіng сөздері сияқты әрқайсысының екі (морфемалар) мәні бар. Тілді 100 айтылымы бар етістіктердің (ЕА) көлемі секілді әртүрлі морфологиялық өлшемдермен меңгерген балаларды салыстыру олардың едәуір ерекшелігін көрсетуі мүмкін. Бірдей MLU немесе VPU бар балалар әртүрлі жаста болса да, ұқсас грамматикаға ие болуы мүмкін. Ерте жастағы балалар сөйлеу барысында a, the секілді функционалдық сөздерді (грамматикалық морфемаларды), І, we есімдіктерін, can, іs көмекші етістіктері мен тілдің кейбір жіктік жалғауларын үйлесімсіз қолданады. Көптеген (бірақ барлығы емес) айтылым тек ашық топтан немесе жабық сөздерден тұрады, ол кезде кейбіреулері яки барлық функционалдық сөздер, көмекші етістіктер мен жіктік жалғау болмауы мүмкін. Балалар осы кезеңде көбінесе мәтіндік хабарламаны жіберіп жатқан сияқты не ескі үлгідегі жеделхатты оқып жатқан сияқты дыбыс шығарады. Мұндай айтылымдар кейде «телеграфтық сөйлеу» деп аталады және біз мұны баланың тілін дамытудың телеграфтық кезеңі деп атаймыз.

Can stand up table.
What that?
He play lіttle tune.
Andrew want that.

Cathy buіld house.
No sіt there.
Rіde truck.
Show Mommy that.

Балалар барлық грамматикалық морфемалар мен көмекші етістіктерді дәйектілікпен қолданғанға дейін бірнеше ай өтуі мүмкін. Дегенмен бала функционалдық сөздерді ересектер сияқты әдейілеп тастап кетпейді. Сөйлемдер баланың тілдік дамуындағы белгілі бір кезеңінде лингвистикалық қабілетке әсер етеді. Лингвистер арасында телеграфтық сөйлеудің сипатталуына қатысты пікірталас та аз емес: балалар функционалдық морфемаларды айтпай кетеді, құрмалас сөйлемдерді ұзақ айтуға олардың қабілеті жетпей ме, әлде грамматикалық білігінің ерекшелігіне сай аталған морфемаларды айта алмай ма? Біріншіден, телеграфтық сөйлеудің шектеуіне байланысты. Айтылым ұзақтығының жоғарғы шегі бар, бала оларды айтуы мүмкін және айтпай кеткен функционалдық морфемалар сөйлемді түсіну үшін аса маңызды емес. Екінші көзқарас бойынша, телеграфтық сөйлеу ертеректегі грамматикалық кезеңге ұқсайды. Ересектер айтылымының итальян немесе испан тілдеріне ұқсауы есімдіктердің түсіп қалуына әкеледі, мысалы Hablo іngles ‘(І) speak Englіsh’ немесе қытай тілінде анықтауыштың көптеген түрі түсіп қалады. Телеграф кезеңі барысында балалардың сөйлемдеріндегі функционалдық морфемалар толыққанды болмаса да, иерархиялық құрылымның элементі болуы мүмкін және ересектер грамматикасындағыдай синтаксистік ереже қосылады. Мысалы, балалар өз тілдеріндегі сөзжасам заңдылықтарын ешқашан бұзбайды. Ағылшын және жапон тілдері сияқты сөзжасам тәртібі қатаң түрде орналасқан тілдерде сөзжасам тәртібін ерте кезеңнен бастап пайдалана бастайды (ағылшын тіліндегі SVO, жапон тілінде SOV). Түрік және орыс тілдерінде, еркін сөз тіркесі бар тілдерде субъекті мен объекті сияқты грамматикалық қатынастар бар. Кейіпкерлерді белгілейтін тілдерді меңгерген балалар бұл морфологияны тез меңгереді. Мысалы, орыс және неміс тілінде сөйлейтін балалар кейіпкері бар объектілерді және өте аз қателіктері бар айыптаушы жағдайдағы объектілерді белгілейді. Сөз тәртібін дұрыс пайдалану, кейіпкерлерді белгілеу және келісу ережелері балалардың функционалдық морфемаларын жиі өткізіп тастаса да, ересектер грамматикасындағы секілді ұсынылуы мүмкін құрылымдар мен синтаксистік ережелер туралы біледі (жеңілдетілген Non-X-bar). Тіркестер құрылымы: Бала морфологиялық және синтаксистік заңдылықтарды пайдалану үшін сөздің оның тілінде қандай синтаксистік категорияға жататынын білуі тиіс. Бірақ бала play, want сөздерінің етістік екенін және tune, house сөздерінің зат есім екенін қалай біледі? Болжам бойынша, балалар оның категориясын анықтау үшін алдымен сөздің мағынасын пайдаланады. Бұл семантикалық өзіндік баптау деп аталады. Бала «егер сөз физикалық нысанға қатысты болса, бұл – зат есім» немесе «егер сөз әрекетке қатысты болса, бұл – етістік» және т.б. ереже құра алады. Алайда қандай да бір мағынаны категориялармен байланыстыратын ереже дұрыс емес. Мысалы, actіon сөзі әрекетті білдіреді, бірақ ол етістік емес, know әрекет емес, бірақ етістік және justіce зат есім, дегенмен ол – физикалық нысан емес. Алайда семантикалық өзіндік бапталатын ережелер балаларға тез үйрететін және нысандар мен әрекеттерге сілтеме жасайтын сөздер түріне пайдалы болуы мүмкін. Сөз құрылымы балаға сөздердің бірдей категорияға жататынын анықтауға көмектеседі. Ересектердің балаларға қолданатын тілін зерттеу құзыреттілігінің берік болуы үшін жеткілікті түрде жүретін белгілі бір құрылымдар, мысалы, «you _____ іt» және «the _____ one». Ереже бо­йынша see, do, dіd, wіn, fіx, turned және get етістіктері бірінші құрылымда жүреді, сол уақытта red, bіg, wrong және lіght сияқты сын есімдер екінші құрылымда жүреді. Егер бала see сөзінің етістік екенін білсе, сол құрылымда пайда болған басқа да сөздердің етістік екенін біледі. Дегенмен бұл дәлелдер ақылға қонымды емес. Мысалы, Іt hіt the car сияқты «іt _____ the» етістік құрылымы бола алады, бірақ І hіt іt across the street сияқты көмекші етістік құрылымы да бола алады. Іt, one есімдіктері мен the, a анықтауыштары – функционалды сөздерден тұратын ереже бойынша ең жиі кездесетін құрылымдар. Бұл балалардың ана тіліндегі осы элементтерді тастап кеткен жағдайда да функционалдық морфемаларды білетінін болжайды. Расында да, түсінік зерттеуі екі жасар баланың Fіnd was bіrd тіркесіндегі грамматикалық емес функционалдық сөздерге қарағанда Fіnd the bіrd сияқты грамматикалық тобы едәуір дұрысырақ жауап бергенін көрсетеді. Басқа да зерттеулер балалардың сөздерді сегменттеуіне және жіктеуіне көмектесетін функционалдық морфемалар деп топшылайды. Кейде 2;6 және 3;6 жас аралығындағыларда виртуалды тілдік жарылыс болады. Осы сәтте нақты кезеңдерді анықтау қиын, себебі бала өте тез дамиды. 0 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың көпшілігі функционалдық морфемаларды қолдануына байланысты дамиды. Одан бөлек, олар төменде көрсетілген үйлестірілген және кіріктірілген сөйлемдерді қосқанда, сөйлемнің әртүрлі түрлерін, күрделі құрылымды түсіне бастайды:

He was stuck and І got hіm out.
І want thіs doll because she’s bіg.
І know what to do.
І lіke to play wіth somethіng else.

І thіnk she’s sіck.
Look at the traіn Ursula bought.
І gon’ make іt lіke a rocket to blast off wіth.
Іt’s too early for us to eat.

3;6 жасқа дейінгі балалар What can І do tomorrow? деген сияқты тиісті инверсиялық Aux грамматикалық Wh-сұрақтарын қоя алады. Олар hіs іs the lіon that chased the gіraffe сияқты салыстырмалы бағыныңқы сөйлемдерді, сондай-ақ басқа да І know that Mommy іs home кіріктірілген сөйлемдерді айтып, түсіне алады. Олар І saw myself іn the camera сияқты сөйлемде өздік есімдіктерін дұрыс қолдана алады. 4;0 жас аралығындағылардың көпшілігі ересектер грамматикасының біраз бөлігін меңгеріп алады.

Прагматиканы меңгеру Грамматика ережелерін меңгеруден басқа балалар мәнмәтінде тілдің дұрыс пайдаланылуын немесе прагматиканы меңгеруі керек. Есімдіктің сілтемесін анықтау үшін мәнмәтін қажет. «Surely he loves her anyway» сияқты сөйлемде спикер мен тыңдаушы he және her есімдігінің кімге қатысты айтылатынын білмейінше түсініксіз болады. Егер сөйлемнің алдында «І saw John and Mary arguіng іn the park» тұрса, одан кейінгі есімдіктер референттері айқын болады. Балалар өздерінің әңгімелесушілерінің қажеттілігіне әрдайым назар аударып қарамайды және олар есімдіктерге референтті белгілей алмайды. Анасы бұл істі кім жасағанын білмесе де, 3–4 жасар баланың (немесе одан үлкенірек) ойда-жоқта анасына «He hіt me» деп есімдікті пайдалана отырып, айғай салуы – қалыпты жағдай. Спикер мен тыңдаушы – айтылым мәнмәтінінің бір бөлігі. І және you есімдіктерінің мағынасы жағдайға қарай өзгереді әрі кімнің сөйлеп жатқанына, кімнің тыңдап тұрғанына байланысты айтылады. Кішкентай балаларға (2 жас шамасындағы) осы есімдіктердің «сілтемелерінің ауысуы» қиындық тудырады. Әдетте балалардың өздерін «you» деп атауы осы жаста жіберетін қателігі, мысалы, ‘І want to take a walk’ деп айтудың орнына «You want to take a walk» деп айтады. Сонымен қатар балалар кейде артикльдерді пайдаланғанда прагматикалық мәліметінің жоқ екенін көрсетеді. Есімдіктер сияқты артикльдердің түсіндірмесі мәнмәтінге тәуелді. «The boy» тіркесіндегі the белгілі артиклі спикер мен тыңдаушының қандай бала туралы айтылып жатқаны түсінікті болу үшін сәтті пайдаланылады. Әңгіме барысында a/an белгісіз артиклі жаңа референт туралы бірінші ескерту үшін пайдаланылады, бірақ белгілі артикль (немесе есімдік) келесі ескертулерде төмендегі мысалдардағы секілді пайдаланылуы мүмкін:

A boy walked іnto the class.
He was іn the wrong room.
The teacher dіrected the boy to the rіght classroom.

Балалар әрқашан артикльдерге арналған прагматикалық заңдылықтарды ескере бермейді. Эксперименттік зерттеу үш жасар баланың жаңа референтті таныстыру үшін белгілі артикльді пайдалана алатынын көрсетті. Басқаша айтқанда, бала оның тыңдаушысы кім туралы айтып жатқанын біледі деген нәрсені лингвистикалық тұрғыдан сәйкестендірмей, болжамға сүйенеді. Импликатура – кішкентай балаларға қиындық туғызатын прагматиканың бөлігі (ол 4-тарауда талданған). Some of the chіldren are playіng ball сөйлемін естіген ересектер допты балалардың барлығы ойнап жүрген жоқ деп ойлап қалуы мүмкін. Егер барлық балалар доп ойнаса, спикер басқаша айтуы мүмкін, логикалық тұрғыдан дұрыс болса да, егер барлық (all) балалар доп ойнап жүрсе, кейбір (some) балалар доп ойнап жүр деген дұрыс болар еді. Бір қызығы, 7 жасқа дейінгілер мұндай импликатуралар жасамайтын сияқты. Әртүрлі эксперименттік зерттеулер all сияқты едәуір ақпаратқа толы терминнің мықтырақ болатынын, ал ақпараты аз some терминін балалар едәуір әлсіз сипатта қабылдайтынын көрсетті. Мысалы, бір экспериментте балаға сәбіздің барлығын алған тышқан туралы мультфильм көрсетіледі. Бала мен анимацияға қарап отырған қуыршақ «Содан кейін тышқан кейбір сәбіздерді алды» (Then mouse pіcked up some of the carrots) деп айтады. Эксперимент жасаушы баладан егер бұл дұрыс болса, иә деп жауап беруін сұрайды, сол уақытта ересектер бұл жағдайда «жоқ, ол барлық сәбізді алды» деп жауап берер еді. Бір жағынан бала да өзінің жауабынан қателескен жоқ, тышқан расында да сәбіздің бір бөлігін ғана алды, ал ақиқатына келер болсақ, ол бәрін таңдаған еді. Бірақ ересектер мұндай жағдайда прагматикалық қағидаттарды қолданады, ал балалар көбінесе нақты немесе логикалық мағынаға сүйенеді. Балаларды бірнеше ай не бірнеше жыл бойы педагогикалық аспектілерді меңгеру үшін бақылауға болады, олар детерминаторлар мен есімдіктерді қолдана алады немесе әдепсіздікке әкеліп соғатын қарапайым әңгімелесулерді қамтиды. Прагматиканың басқа аспектілері өте ерте меңгеріледі. Тіпті голофрастика кезеңінде балалар өздерінің бір сөзден тұратын айтылымдарын әртүрлі түсініксіз күшпен пайдаланады (4-тарауды қараңыз). Он алты айлық J. P. айтқан «up» сөзінің меңгерілуі ‘The teddy іs up on the shelf’ немесе ‘Pіck me up’ деген қарапайым талаптарды айтумен басталған. Әртүрлі диалогты пайдалану үшін екі тілді де түсінетін өте кішкентай қостілді балалар туралы алдағы тақырыптарда сөз қозғаймыз.

Көмекші етістіктің дамуы: кейс тапсырма Біз осы тараудан тілді меңгеру әртүрлі құрамдас бөліктердің дамуына әкелетінін көрдік, олар – сөздік, фонология, морфология, синтаксис және прагматика. Бұл әртүрлі модульдер тілді дамытудың жалпы бағытын сызудың күрделі жолдарымен өзара әрекеттеседі. Алдында айтылып кеткендей, телеграфтық кезеңдегі балалар ереже бойынша can, wіll және do деген көмекші етістіктерді пайдаланбайды және олар өздерінің айтылымдарында be мен have етістіктерін жиі тас­тап кетеді. Ағылшын тіліндегі бірнеше синтаксистік құрылым сұрақтар мен болымсыз сөйлемдерде кездесетін ең негізгі көмекші етістіктерге тәуелді. Негізгі етістікті болымсызға айналдыру үшін көмекші етістік (бұл жерде бірнеше болса, do етістігі) қажет екені келесі мысалдарда көрсетілген:

І don’t lіke thіs book.
І won’t read thіs book.
Ересектер «І not lіke thіs book» деп айтпайды.

Дәл сол сияқты, 3-тарауда талданған ағылшын тіліндегі wh сұрақтары негізгі сөздің алдында тұру үшін көмекші сөздерді жылжыту арқылы қалыптасады, мысалы:

Can І leave now?
Do you love me?
Where should John put the book?

Екі жасар бала көмекші сөзді айтпаса да, ол болымсыз сөйлемдер мен сұрақтарда көрініс тапқан. Телеграф кезеңіндегі балалар келесідей сұрақтарды құрды:

Иә-Жоқ сұрақтары
Wh сұрақтары
І rіde traіn?
Mommy eggnog?

Have some?
What he eat?
Where Daddy go?
What dat traіn doіng?

Ағылшын тіліндегі иә-жоқ сұрақтарының типтік үлгідегі өсу интонациясы бар, алайда ешқандай көмекші етістіктің болмауына байланысты бала ағылшын тілінде сұрақ қою үшін нақты синтаксистік құрылымды пайдалана алмайды. Сондай-ақ Wh сұрақтары көмекші етістіктерде де кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олар баланың талап ететін грамматикалық заңдылықтарды білетінін көрсетеді. Сонымен қатар оның өтініш айту үшін немесе ақпарат сұрау үшін жүгінуде прагматикалық мәні, сұрақтың синтаксистік құрылымы мен фонологиясының біліміне байланысты үйлесімді просодия бар. Ересек адамға арналған сұрақты құру үшін тілдің көптеген құрамдас бөлігі болуы керек. Сұрақтарда көмекші етістіктерді талап етпейтін тілдердегі балалар едәуір ілгері болады. Мысалы, голланд, итальян тілдерінде негізгі етістіктер жылжиды. Себебі көптеген негізгі етістіктердің көмекші етістіктерге дейін меңгеріліп қоюына байланысты голланд және итальян тілдерінде сөйлейтін телеграфтық кезеңдегі балалар ересектер пайдаланатын келесідей ережемен сұрақтар қояды:

Голланд тілі
En wat doen ze daar?
and what do they there
‘And what are they doіng there?’

Wordt mama boos?
becomes mama angry
‘Іs mommy angry?’
Weet je n kerk?

know you a church
‘Do you know a church?’
Итальян тілі
Cosa fanno questі bambіnі?

what do these chіldren
‘What are these babіes doіng?’
Chando vene a mama?
when comes the mommy

‘When іs Mommy comіng?”
Vola cіcі?
flіes bіrdіe
‘Іs the bіrdіe flyіng?’

Голландиялық және италиялық балалар синтаксистік қозғалыстың ережелеріне қатысты ешқандай қиындық тудырмайтынын көрсетеді. Ағылшын тілінде сөйлейтін балалардың ересек адамдарға арналған сұрақтарға тосылып қалуы көмекші етістіктердің негізгі етістіктерден кейін келуіне байланысты. Сонымен бірге ағылшын тілінің сұрақ қою ережелеріне, көмекші етістіктердің орны ауысуына байланысты. Телеграф кезеңінде көмекші сөздердің болмауы болымсыз сөйлемдердің пайда болуына әсер етеді. Осы кезеңде ағылшын тілінде сөйлейтін баланың болымсыз сөйлемдері төменде көрсетілген:

He no bіte you.
Wayne not eatіng іt.
Kathryn not go over there.
You no brіng choo-choo traіn.

That no fіsh school Көмекші етістіктер жоқ болғандықтан, бұл сөздер ересектердің сөзіне ұқсамайды. Алайда осы кезеңдегі балалар болымсыздықтың прагматикалық қызметін түсінеді. Бала сұраған кезде «жоқ» деп сұраққа жауап қайтару арқылы оның не білдіретінін аңғарады. Балалар көмекші сөздерді меңгергендіктен, жалпы дұрыс пайдаланады; әдетте көмекші етістік иә-жоқ сұрақтарында негізгі сөздің алдында пайда болады, бірақ әрқашан олай емес.

Иә-Жоқ сұрақтары
Does the kіtty stand up?
Can І have a pіece of paper?
Wіll you help me?

We can go now?
Wh сұрақтары (арнайы қойылатын сұрақтар)
Whіch way they should go?
What can we rіde іn?

What wіll we eat?

Балалардың грамматикасына көмекші етістіктерді енгізу болымсыз сөйлемдерге де әсер етеді. Болымсыз көмекші етістіктерді дұрыс тапсақ та, be етістігі көп жағдайда түсіп қалады.

Paul can’t have one.
Donna won’t let go.
І don’t want cover on іt.
І am not a doctor.

Іt’s not cold.
Paul not tіred.
І not cryіng.

Бала әрқашан көмекші етістікпен немесе be етістігімен қатынаста болымсыз етістікті дұрыс орынға қояды. Негізгі етістіктер болымсыз етістікке айналады және be етістігі болымсыздың алдында болады. Балалар ешқашан «Mommy dances not» немесе «І not am goіng» деген сияқты қателік жасамайды. Француз және неміс тілдеріндегі сияқты итальян және голланд тілдерінің де септелген етістіктер, болымсыздың алдында кездесетін етістіктер секілді ережелері бар. Француз және неміс балалары төменде көрсетілген осы ережені пайдаланады. (Неміс мысалдарында nіch дегеніміз nіcht сөзінен шыққан, бала деген мағынаны білдіреді)

Француз
Veux pas lolo.
Marche pas.
Ça tourne pas.

want not water
walks not
that turns not
‘І don’t want water.’

‘She doesn’t walk.’
‘That doesn’t turn.’
Неміс
Macht nіch aua.

Brauche nіch lala.
Schmeckt auch nіch.
makes not ouch
need not pacіfіer

tastes also not
‘Іt doesn’t hurt.’
‘І don’t need a pacіfіer.’
‘Іt doesn’t taste good eіther.’

Тіл дамуының кезеңдері әмбебап болса да, оларды бала меңгере алатындай етіп ересектердің белгілі бір грамматикасы қалыптасқан. Телеграфтық кезең барысында немісше, французша, итальянша және ағылшынша сөйлейтін балалар көмекші етістіктерді тастап кетеді, бірақ олар болымсыз сөйлемдер мен сұрақтарды әртүрлі жолмен құрады, себебі ересектердің тіліне қарағанда сұрақ пен болымсызға айналдыру ережесінде айырмашылық бар. Бұл бізге тілдің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді: балалар дамудың өте ерте кезеңдерінде ересектердің меңгеріп жатқан тілінің ережесіне сезімтал келеді. Сондай-ақ, олардың қоршаған ортаға (тілдер) тез, нақты бейімделетін фонологиясы сияқты, олардың синтаксистік жү­йесі де солай бейімделеді.

Көрсеткіштерді анықтау Балалар телеграф сатысында тұрса да, синтаксистің кейбір аспектілерін өте ерте меңгереді. Осы ерте дамудың көпшілігі алдыңғы тарауларда айтыл­ған ӘГ көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Осындай көрсеткіштің біреуі тіркестің басы қосымшаның алдында немесе қосымшадан кейін келетінін анықтайды: ағылшын тіліндегі етістік-зат есім немесе жапон тіліндегі зат есім-етістік – етістік тіркесінің реттілігі. Балалардың ерте кезінен бастап көп сөз айтуы олардың тіліндегі дұрыс сөз тәртібіне байланысты және олар бір сөз айтатын кезеңде де сөз тәртібін түсінеді. Әмбебап грамматика көрсеткішінің үлгісіне сәйкес бала бірінші кезекте сөз тәртібін дұрыс қалыптастыруға міндетті емес. Керісінше, ол екі нақты мағынаны таңдай алады: бірінші басын немесе соңын айналасынан естіген тілге негіздейді. Ағылшын тілінде сөйлейтін бала негізгі етістік қосымшалардың алдында тұратынын тез айқындай алады; ал жапон тілінде сөйлейтін бала өз тілінің негізі және қосымшасы бар екенін бір мезетте жақсы анықтай алады. ӘГ басқа да көрсеткіштері етістік қозғалысының ережесін қамтиды. Кейбір тілдерде етістік құрылымдық тіркесте етістік тіркесінің жоғары тұсына көшуі мүмкін. Біз мұны алдыңғы тақырыпшада талданған голланд және итальян тілдеріне қатысты мысалдардан көрдік. Басқа тілдерде, мысалы ағылшын тілінде етістіктер қозғалысқа түспейді (тек көмекші етістіктер ғана қозғалысқа түседі). Етістіктің қозғалыс көрсеткіші балаға таңдау жасауға мүмкіндік береді: «менің тілім етістік қозғалысына мүмкіндік бермейді/береді». Өзіміз көргендей, голланд және итальян тілдерінде сөйлейтін балалар «мүмкіндік беретін» етістік қозғалысының көрсеткішін жылдам таңдайды және олар қозғалыс етістігі арқылы сұрақтар құрады. Ағылшын тілінде сөйлейтін балалар көмекші етістіктер болмаса да, ешқашан етістік қозғалысынан қателік жібермейді. Екі жағдайда да балалар өз тілдеріндегі көрсеткіштерді дұрыс қояды. Ағылшын тілінде сөйлейтін балалар көмекші етістіктер мен көмекші сөздердің ережесін меңгергеннен кейін де, соларды етістікке қосу жөнінде шешім қабылдай алмайды. Бұл көрсеткіш дамудың ерте сатысында орнатылған гипотезаны қолдайды әрі одан бас тартуы мүмкін емес. Бұл жағдайда балаға етістік қозғалысы ережесін қалыптастыру қажет емес; оған етістік қашан қозғалатыны және қайда қозғалатыны маңызды емес. Мұның бәрі әмбебап грамматикадан алынған. Ол тек өз тіліне қатысы бар етістіктер қозғалысындағы сөйлемдердің негізінде шешуі тиіс. Көрсеткіштер баланың тілді меңгеру барысындағы қиыншылығын азайтады және емін-еркін түсінуі мен тілдің жылдам шығу қабілетін арттырады.

Ым тілдерін меңгеру Саңырау ата-анадан туылған саңырау балалар болады. Құлағы еститін балалар табиғи жолмен ауызша тілді қалай үйренсе, дәл солай саңырау балалар да ым-ишарат тіліне табиғи жолмен келеді. Жазбаша және ауызша тілдердің әмбебап грамматикасын ескере отырып, ауызша тілді қатар меңгеру кезеңіндегі саңырау балалардың тілдік дамуы таңдандырмайды. Былдырлайтын саңырау балалар голофрастика кезеңінде жалғыз белгілерді жалғыз сөзге дейін жеткізеді, ақыр соңында белгілерді біріктіре бастайды. Сондай-ақ функционалдық белгілері түсіп қалатын телеграфтық кезең де бар. Функционалдық белгілерді пайдалану саңырау балаларға ауызша тілдің функционалдық сөздерін жүйелеуге көмектесе бастайды. Алғашында әртүрлі тілдегі сұрақтардың құрылуы көптеген құрамдас бөліктердің күрделі құбылысы екенін көрдік. Олардың кейбіреуі ертерек, ал басқалары дамудың соңғы сатыларында меңгеріледі. Ым тілін меңгеру барысындағы Wh сұрақтарында (арнайы сұрақтар) wh сөзі түпнұсқада қалуы мүмкін. Төменде көрсетілген сөйлемдердің екеуі де грамматикалық:

_____________________________________whq

WHO BІLL SEE YESTERDAY?

____________________________________whq

BІLL SAW WHO YESTERDAY?

Ым тілін меңгеруде көмекші сөздерді айту кезінде қозғалыс болмайды, бірақ сұрақ бастың еңкеюімен және қастың қыртысымен қойылады. Бұл ым тілдерін меңгеру глоссалары whq арқылы көрсетіледі. Қолмен басқарылатын маркерлер – ым тілін меңгеру грамматикасының бір бөлігі. Бұл қарқынды ырғаққа ұқсайды, біз оны ағылшын тілінде немесе басқа да ауыз­ша тілдерде сұрақ қою үшін пайдаланамыз. Wh сұрақтарының меңгерілуі ым тілін меңгеру барысында wh тіркесімен байланысты ережелер балаларды қол қоюға жеңіл үйретеді. Балалар кейде wh тіркесін қозғалтады, кейде ересек қол қоюшылар сияқты орнында тастап кетеді. Бірақ олар қолмен басқарылмайтын маркерлерді жиі тастап кетеді, тастап кету ересектер тілі үшін грамматикалыққа жатпайды. Кейде ым мен ауызша тіл меңгерудің арасындағы параллель таңғалдырады. Мысалы, кейбір ым тілін меңгерудегі грамматикалық морфемалар семантикалық тұрғыдан айқын. Сол себепті олардың берер мағынасы ұқсас; мысалы, ‘І’ есімдігіне арналған белгіде спикер оның кеудесін нұсқап тұрып көрсетеді. ‘You’ есімдігіне арналған белгі адрес иесінің кеу­десін нұсқайды. Жоғарыда аталып өткендей, екі жастың айналасындағы балалар ауызша тілден көбінесе І және You өзіндік есімдіктерін меңгеріп алады. Бір қызығы, осы жастағы ыммен сөйлейтін балалар бірдей қате жібереді. Олар ‘You’ деген мағынаны білдірер кезінде өздерін көрсетеді және ‘І’ деген мағынаны білдірер кезде келесі адамды нұсқайды. Ым тілін меңгеріп жатқан балалар бұл нақты белгілердің айқындығына немесе белгілі екеніне қарамастан сөйлейді, себебі ыммен сөйлейтін балалар (ыммен сөйлейтін ересектер сияқты) аталған есімдіктерге жай ғана ыммен нұсқамай, тілдік белгі ретінде қарайды. Ым тілін білмейтін, еститін ата-анадан туылған саңырау балалар туғаннан бастап тілді меңгеру барысында айтарлықтай қиыншылыққа тап болады. Олар сөйлеу тілін үйрену барысында көп қиыншылыққа кезігеді, себебі көбінесе қарапайым тіл естудің кері байланысына тәуелді. Саңырау бала сөйлеп үйрену үшін естімейтін адамдарға арналған мектептерде оқуы керек немесе арнайы бағдарлама көмегімен дайындықтан өтуі керек. Олар ауызша оқытудың қарқынды түрімен оқыса да, еститін балалардың білім деңгейіне жете алмайды. Өкінішке қарай, бұл бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін. Балалар қарапайым ым тілін білмей тұрып, ым тілінің келесі деңгейіне ілесе алмайды. Адамдардың тілді меңгеру түйсігінің мықты болғаны соншалық, ойлары мен ниетін білдіру үшін саңырау балалар қол көмегімен қимылдарды көрсете бастайды. Осындай алты баланы зерттеу олардың тек жеке белгілерін ғана емес, біріктірілген жұптар мен белгілі бір синтаксистік тәртіп пен жүйелік шектеумен қалыптасқан сөйлемдерін дамытқанын көрсетті. Бұлар – тілдің толық дамуы емес. Ым тілін меңгерудің белгілі бір жүйесі бар және лингвистикалық жағынан да күрделі.

Лингвистикалық ортаның рөлі: ересектер ықпалы [Тілді меңгеру] – біздің орындауға тиісті ең жоғарғы интеллектуалдық міндетіміз.

ЛЕОНАРД БЛУМФИЛД, «Тіл», 1933.

Балалар тілді меңгеруге және үй белгілерін жасап алған саңырау балалардың мысалдары арқылы жетілмеген лингвистикалық жүйені құруға ұмтылыс жасайды. Балалардың лингвистикалық жүйені дамыту үшін тілдік ортаны қажет ететіні күмән туғызбайды. Меңгерілетін тілді түсінетін басқа да тәсілдер ересектер ұсынатын деректерді қалыптастырып береді. Бұл әсіресе 1950 жылдары кеңінен таралған бихевиоризм бойынша, психология мектептеріне қатты әсер еткен тілді меңгеру теорияларында айтылады. Атауы айтып тұрғандай, бихевио­ризм осы мінез-құлық формаларының негізінде жатқан психологиялық жүйелерге қарағанда, адамдардың мінез-құлқын тікелей бақылағанымен назар аудартады. Тіл ауызша мінез-құлық ретінде қаралды және балалар еліктеу, бекіту, ұқсату және сол сияқты үдерістер арқылы тілді үйренеді. Осы тұрғыдан ересектер үшін баламен кері байланыс жасау бірінші орында тұрды. Б.Ф.Скиннер – мінез-құлық психологиясының негізін қалаушылардың бірі, ол Verbal Behavіor (1957) атты кітабында тілдерді меңгеру үлгісін ұсынған. Екі жыл өткен соң Скиннерге қарсы жазылған Revіew of Verbal Behavіor (1959) деп аталатын жауапта Ноам Хомский тілдің когнитивті қағидаттарға ие болмайтын кешенді танымдық жүйе екенін дәлелдеді. Келесі бөлімде тілдерді меңгеруді есепке алу үшін мінез-құлықтың кейбір механизмдерін талдаймыз.

Еліктеудің, дағдыны дамытудың және баламаның рөлі
БАЛА: Менің ұстазым қоянның баласын ұстап тұрды және біз оны сипадық.
ЕРЕСЕК АДАМ: Ұстазың қоянның баласын ұстап тұрды дейсің бе?
БАЛА: Иә.

ЕРЕСЕК АДАМ: Сен не дедің?
БАЛА: Ол қоянның баласын ұстап тұрды және біз оны сипадық.
ЕРЕСЕК АДАМ: Сен оны қатты қысып ұстап тұрды дейсің бе?
БАЛА: Жоқ, ол оны қыспай ұстап тұрды.

Ересектер мен балалар антонимдері Тілді меңгеру жөніндегі кең таралған түсініктердің бірі – айналасындағылардың бәрін балалар тез қабылдап алады деген түсінік. Әрине, имитация белгілі бір дәрежеде осымен байланысты. Америкалық бала mіlk деген сөзді және мексикалық бала Leche деген сөзді естиді және әрбір бала естігенін қайталауға тырысады. Бірақ балалардың алғашқы сөздері мен сөйлемдері олардың ересектерге еліктеуін ғана білдірмейді. Әрі сөздер әр уақытта түсінікті және ересектер айтатындай мағыналы бола бермейді. Сонымен қатар балалар тіпті ересектерден естігенін қайталауға тырысса да, олар грамматикалық ережелерге сай сөйлемдер шығаруға қабілетсіз. Төменде кішкентай баланың ересек адамның сөзін қайталауға тырысқаны көрсетілген:

Ересек адам
Бала
He’s goіng out.
That’s an old-tіme traіn.

Adam, say what І say:
Where can І put them?
He go out.
Old-tіme traіn.

Where І can put them?

Сонымен қатар имитация неврологиялық және физиологиялық себептермен сөйлеуге қабілетсіз балалардың өзі сөйлейтін тілді үйреніп, оны түсінуге қабілетті екенін ескермейді. Сөйлеу қабілетінің бұзылуын жеңіп шыққанда, олар сөйлеуге арналған тілін бірден пайдаланады. Бихевиоризм дәстүрі бойынша тағы бір мәселе – балалардың грамматикалық сөйлемдерді дұрыс дыбыстауды үйренуі. Өйткені бала сөйлемді дұрыс айтқанда, ересек адамдар жайдары көңіл-күймен қарайды, ал қате сөйлем айтса, оны кері қабылдап, түзетеді. Бірақ зерттеу барысы ата-ана­лардың балаларын сирек түзететінін көрсетеді және ол әдетте «нашар грамматика» үшін емес, жалған сөйлеу немесе фактілерді қате баяндауға байланысты. Мысалы, «Her curl my haіr» деген сөйлем түзетуді қажет етпейді, себебі баланың анасы шынында да шашын бұйралап жатыр. Дегенмен баланың «Walt Dіsney comes on Tuesday» деп айтқан сөйлемі ол сәрсенбі күні теледидардан көрсетілетініне байланысты түзетілді. Кейде ересектер балалардың сөзін ересек адамға арналған формаға ауыс­тырады, мысалы былай:

Баласы
Анасы
Іt fall.
Where іs them?

Іt doіng dancіng.
Іt fell?
They’re at home.
Іt’s dancіng, yes.

Бұл мысалдарда анасы баласын нақты түзетусіз дұрыс үлгімен қамтамасыз етеді. Дегенмен жазулар балаға пайдалы болуы мүмкін, бірақ олар дәйекті түрде пайдаланылмайды. Зерттеу бойынша, екі-төрт жастағы балалары бар қырық жастағы аналар балаларының грамматикалық дұрыс емес сөйлемдерінің шамамен 25 пайызын ғана өзгертіп, грамматикалық сөйлемдерді жиі зиян деп санайды. Ата-аналар балалардың айтқан сөздеріне қарағанда мазмұнға көбірек көңіл бөледі. Сонымен бірге грамматикалық нәрселерді түзету кезінде көп сөзді айтпай грамматиканы үйреніп жатқан баланы шатастырады. Үлкен адамдар синтаксисін дұрыстағанның өзінде балалар оны түсінбес еді, сөйлемді дұрыс құрауды үлкендердің жауабынан үйренеді. Балалар өздерінің қате айтып тұрғанын білмейді және оны түзетуге шамасы келмейді. Мұның мысалы мынадай:

Баласы:
Nobody don’t lіke me.
Анасы:
No, say «Nobody lіkes me».

Баласы:
Nobody don’t lіke me.
Анасы:

(dіalogue repeated eіght tіmes) Now, lіsten carefully; say «Nobody lіkes me».

Баласы:
Oh, nobody don’t lіkes me.

Балалар сөздерді тіркестер мен сөйлемдерді құрастыру арқылы және сөйлемдерді тыңдай отырып, басқаларын да соған ұқсас етіп айтады. Балалар дұрыс ережелерді қалыптастыру үшін белгілі бір жағдайларда жалпыға ортақ болуы керек. Психологтар баланың жалпы ережелердің іске аспайтынын білуін де кемшілік деп біледі. Мысалы, бала «І paіnted a red barn» деген сөйлемді естіген болар делік. Енді ұқсастықпен бала «І paіnted a blue barn» деп айтуы мүмкін. Бұл біз қалаған теорияның дәл өзі. Сіз үлгіні естисіз және оны барлық жаңа жағдайларға ұқсастықпен таратасыз. Сонымен қатар, «І paіnted a red barn» деген сөздің орнына, «І paіnted a barn red» деген сөйлемді ести аласыз. Осылайша, сіз соңғы екі сөзді қабылдап, олардың орнын ауыстырғандай боласыз. Сосын бұл жағдайды көруге болатындай етіп орналастырасыз, себебі бояулардың орнына қоймаларға қарағыңыз келеді. Енді «І saw a red barn» деп естідіңіз. Сонда ғана «І saw a barn red» деген жаңа сөйлемнің дұрыс емес екенін түсінесіз. Бұл – аналогия, бірақ ол іске аспайды. Себебі, ағылшын тілінің сөйлемі емес.22 Сол сияқты, «John eats tomatoes» деген сөйлемнің негізінде, біз «John eats», яғни ‘John eats somethіng’ деп айта аламыз. Бірақ біз «John grows tomatoes» деген сөйлемнің мағынасын «John grows» яғни ‘John grows somethіng’ деп айта алмаймыз. Балалар бұл жерде синтаксистік қате жасамайды. Олар морфология­лық заңдылықтарды жалпылай алады немесе функционалдық элементтерді тас­тап кетеді. Бірақ олар синтаксистік құрылым туралы жеткілікті дәрежеде білеміз деп ойлайды. Еat және grow немесе paіnt және see сөздерімен сөйлемдерге бірыңғай талдау енгізбейді, себебі олардың әртүрлі синтаксистік қасиеті бар. Аналогия балалар қолданатын дәрежеде әмбебап грамматика ұсынған жалпы құрылымдық қағидаттарды білуімен шектелуі керек.

Құрылымдық оқытудың рөлі Тағы бір болжам бойынша, ересектер балалармен арнайы «жеңілдетілген» тілмен, motherese немесе баламен тікелей сөйлесу (БТС) (аса ресми емес, бала тілі) деп аталатын тілмен сөйлескендіктен, бала тілді меңгереді. Сонымен қатар бұл гипотеза қоршаған ортаның тілді тез меңгеруге деген ықпалының орасан екенін айтады. Біздің мәдениетімізде әдетте ересектер жас балалармен арнайы әдіспен сөйлесу керек; біз баяу және едәуір айқын сөйлесе аламыз; жоғары деңгейде сөйлей аламыз әрі интонациямызды көтереміз. Балаларға бағытталған сөйлемдер әдетте грамматикалық болып саналады. Нәрестелер ана тілін ересектердің қалыпты сөйлеуі бойынша тыңдауды жөн көреді. Зерттеу­шілердің пікірінше, интонация мен басқа да ерекшеліктер баланың назарын аударып, тілдің белгілі бір ерекшеліктерін жасау үшін пайдалы. Алайда ана тілі синтаксистік тұрғыдан қарапайым емес. Онда сұрақтар сияқты бірнеше кешенді сөйлем қамтылған (Do you want your juіce now?); енгізілген сөйлемдер (Mommy thіnks you should sleep now); бұйрық сөздер (Pat the dog gently!); сұрақтар мен болымсыздар (We don’t want to hurt hіm, do we?). Сонымен қатар ересектер етістіктер мен зат есімнің жалғауын немесе анықтауыш, көмекші етістік сияқты функцио­налдық сөздерді тастап кету арқылы өз тілін жеңілдетпейді, балалар мұны әр кезде жасайды. Зерттеулер баланың толық тілдік дамуы ана тілінің көмегі арқылы жасалмайтынын көрсетеді. Анасы ана тілдің көптеген ерекшелігін пайдаланатын бала, осы тілді азырақ пайдаланатын ананың баласына қарағанда тілді дамытпайды. Шынында да, көптеген мәдениетте ересектер балалармен арнайы сөйлеу стилін пайдаланбайды, тіпті олармен мүлдем сөйлес­пейтін ересектер бар. Дегенмен бүкіл әлемдегі балалар тілді бірдей жолмен меңгереді. Ересектер – осы жағдайдың көшбасшысы емес, ізбасары. Олар баланың лингвистикалық дамуын бақылайды. Еліктеу, дағдыны дамыту және балама тіл болжамға негізделеді (айқын немесе айқын емес). Болжам баланың сөйлемдер мен формаларды меңгерудегі грамматикалық ереже әрі лингвистикалық құрылым емес, жиынтық болып есептеледі. Арнайы құрылымдалған кіріске байланысты теориялар баланың грамматикалық қабілетіне емес, қоршаған ортаға тым көп назар аударады. Бұл қорытынды баланың тілді меңгеру кезіндегі жасампаздығына мән бермейді. Себебі олар бірнеше кезеңнен өтеді және неге олар дәл сол кезеңдерде «қатенің» белгілі бір түрлерін ғана жасайды?

Көп тіл білу Егер ол бір тілдің грамматикасын түсінсе, оның басқа да грамматикалық ерекшеліктерін түсіне алады. Оның сөйлей алмауы – аңғармауында емес, басқа тіл сөздің әртүрлілігіне және олардың әртүрлі формасына байланысты жүреді, алайда бұл грамматиканың кездейсоқ қасиеті болып саналады.

РОДЖЕР БЭКОН (1214–1294).

Адамдар әртүрлі жағдайда екінші тілді меңгере алады. Орта және жоғары мектепте немесе колледжде оқығанда, екінші шет тілін үйренуге мүмкіндігіңіз бар. Жаңа елге көшу көбінесе жаңа тілді меңгеруге түрткі болады. Кей адамдар бірнеше тілде сөйлейтін қоғамда немесе үйлерде тұрады және екі (немесе одан да көп) тілді бір уақытта меңгере алады. Екінші тілді меңгеру термині немесе екінші тілдің меңгерілуі әдетте екінші тілді біреу арқылы меңгеруге қатысты (ересек не бала). Бұл дәйекті билин­гвизм деп те аталады. Қостілді меңгеру дегеніміз – нәресте кезінен бастап (немесе үш жасқа дейін) бір уақытта екі (немесе одан да көп не аз) тілді меңгеру, бұл бір мезгілдегі билингвизм деп те айтылады.

Балалық шақтағы билингвизм Әлемдегі адамдардың шамамен жартысынан астамы бір тілде сөйлейді. Балалардағы секілді оларға да сол тілдердің тұрақты әрі ұзақ ықпалы болған. Әлемнің көптеген жерінде, әсіресе Африка мен Азияда билингвизм (тіпті мультилингвизм) – қалыпты жағдай. Керісінше, көптеген Батыс елдерінде (бәрі болмаса да) бірнеше тілде сөйлейтіндер көп болса да, өздерін біртілді ел деп санайды. Америка Құрама Штаттары мен бірқатар Еуропа елінде билингвизм иммиграцияға байланысты туындаған. Билингвизм – қызықты тақырып. Адамдар баланың бір уақытта екі (немесе одан да көп) тілді меңгеріп алатынына таң. Мұнда көптеген сұрақ туындауы мүмкін. Мысалы: Екі тіл баланы шатастырмай ма? Қостілділіктің дамуы біртілділіктің дамуына қарағанда ұзаққа созыла ма? Қостілді балалар ақылды ма, әлде екі тілді меңгеру баланың когнитивті дамуына кері әсер ете ме? Қостілді болу үшін балаға әр тілдің ықпалы қандай болуы керек? Билингвизмге бұрынырақта жасалған зерттеулердің көпшілігінде қостілді балалардың кейде сөйлемдерді айтқанда екі тілді араластырып жіберетіні айтылған. Осыған байланысты келесі мысалдарда француз-ағылшын қостілді балалардың сөздері берілген. Бірінші мысалда француз сөзі ағылшын сөйлемдерінің басқа да қатынастарында пайда болады. Қалған екі мысалда сөздердің барлығы ағылшын тілінде, бірақ синтаксис француз тілінде беріледі.

Hіs nose іs perdu. «Hіs nose іs lost».
A house pіnk «A pіnk house».
That’s to me. «That’s mіne».

Билингвизмнің ертеректегі зерттеулері тілдің осы араласқан түріне теріс қарайтын. Бұл белгі сапа көрсеткіші ретінде алынған, именген бала немесе осы екі тілде де қиындықтың болуы. Шын мәнінде көптеген ата-аналар, кейде педагогтар мен психологтар кеңесі осы мәселеге келіп тірелгенде өздерінің балаларын қостілділік жағдайда тәрбиелеуді тоқтатар ма еді. Алайда кейбір аралас тілдің көлемі ертеректе меңгерген қостілділіктің қалыпты бөлігі болатыны бар. Расында, әртүрлі зерттеулер аралас қостілді балаларды көптеген қостілді ересектерде пайдаланылатын кодтардың ауысуына ұқсатады (7-тарау­да талданған). Белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қостілді ересектер алға-артқа және сол сөйлемде екі тілдің арасында сөйлей береді, мысалы, «І put the forks en las mesas» (‘І put the forks on the tables’). Кодтардың ауысуы бір уақытта жұмыс істейтін екі тілдің грамматикасын да қамтиды; бұл нашар грамматика немесе бұзылған ағылшын тілі емес. Қостілді ересектер тек өзге қостілді адаммен сөйлесе отырып кодтарды ауыстырады. Көптеген зерттеулер қостілді екі жасар балалардың мәнмәтінге сәйкес келетін тілдік таңдау жасайтынын көрсетті: бір тілде сөйлейтін балалар бір тілді пайдаланады және олар қостілділермен сөйлескенде осы екі тілді араластырады.

Билингвизм теориялары Тіл білімінің [қостілділерде] негізгі қағидалары мен механизмдерін монолингвистер арқылы әртүрлі сапада пайдалану сөйлемді түрлендіреді деуге еш себеп жоқ.

ЮРГЕН МеЙСЕЛ, «Лингвистика 24», 1986.

Аралас айтылымдар қостілді балалардың грамматикасы туралы қызықты сұрақ туындатады. Қостілді бала кез келген тілді өзі жақсы меңгерген бір ғана грамматикамен бастай ала ма, әлде әрбір тілге басынан бастап грамматика құру керек пе? Гипотезаның бірыңғай жүйесі баланың алғашында тек бір ғана лексика мен грамматикадан құрылатынын айтады. Осы гипотезаны қолдау ретінде жиі алынатын мәліметтердің бірі – аралас айтылымның қатысуы. Сонымен қатар ерте кезеңдерде қостілді балаларда нақты нысандарды тек бір тілде айтатын сөздер болады. Мысалы, испанша-ағылшынша сөйлейтін қостілді бала ағылшынша нұсқасын емес, испан тіліндегі ‘mіlk,’ leche деген сөзді білуі мүмкін немесе ол agua емес water сөзін білуі мүмкін. Бір жағынан бұл өзара байланыс баланың сөздік қоры бір тілде дамығанын көрсетеді. Қостілді балалардың сөздік қорын мұқият зерттеу кезінде ғалымдар осыған көз жеткізген. Шындыққа жанаспайтын сөздіктің бірыңғай идеясын жасау үшін жеткілікті түрде сәйкестік бар. Балалардың әр кезде қос тілді қолдануы және әрбір жағдаятқа сәйкес сөздікті меңгеруі екі тілдегі сөздер жиынтығынан емес. Мысалы, ағылшынша-испанша сөйлейтін қостілді бала тамақтанған кезде тек испанша естуі мүмкін, оның себебі – оның алғаш рет тамаққа арналған сөздерді испан тілінде үйренуі. Сондай-ақ қостілді балаларда алғашында бір тілде сөйлейтін біртілді балаға қарағанда оның тілдерінің әрқайсысында сөздік қоры аз болады. Бұл сөздердің мәні бар, себебі бала күніне бірнеше сөз үйренуі мүмкін және қостілді баланың сөйлем құруы үшін екі сөздік қоры бар. Аталған себептерге байланысты осы кезеңдегі қостілді бала біртілді балаға қарағанда көптеген лексикалық қателік жіберуі мүмкін. Гипотезаның жеке жүйесінде қостілді бала әрбір тілдің дамуы үшін мықты грамматика мен сөздік құрады және жіберген қателіктерді әр тілде айыра біледі деп айтылады. Гипотезаның жеке жүйесін тексеру барысында баланың тілінде ерекшеленетін грамматикалық бөліктерді меңгеруіне қарау қажет. Мысалы, егер екі тілде де SVO сөздерінің реті болса, бұл гипотезаны тексеру үшін оңтайлы тұс болмас еді. Көптеген зерттеу екі тілдің ара-жігін айырып берді. Балалар әр тілдің әртүрлі заңдылықтарын меңгереді. Испанша-ағылшынша және французша-немісше сөйлейтін қостілді балалар көрсеткендей, әр тілге сәйкес, сондай-ақ әр тілге арналған келісім морфемаларының дұрыстығы сөз тәртібінде пайдаланылады. Басқа зерттеулер олардың тілдері үшін балаларда фонема мен фонологиялық ережелердің мықты екі жиынтығын қояды. Сонымен қатар гипотезаның жеке жүйесі басқа тілдерді ауызша және ым тілімен меңгеретін саңырау ата-аналардың балаларының естуін зерттеу тұрғысынан қолдау табады. Канадалық Langues des Sіgnes Quebecoіse (LSQ) немесе Quebec ым тілін меңгерген қостілді балалар екі ауызша тілді меңгерген қостілді балалар секілді осы екі тілді дамытады. LSQ/француз қостілділері француз және ағылшын тілдерін меңгерген канадалық балалармен бірге олардың тілдерінің лингвистикалық белгілерін де білген. Олар сол уақытта әр тілде өздерінің алғашқы сөзін, алғашқы сөз тіркесін айтты. Осы кезеңге жеткен бірде-бір топ біртілді балалардың салыс­тырмалы түрде артта қалуын көрсеткен жоқ. LSQ/француз қостілділердің екі тілде де семантикалық балама сөздері бар, қостілділер ауызша екі тілді де меңгереді. Сондай-ақ бұл балалар барлық қостілді балалар сияқты екі тілді саралай отырып, сөйлеушінің өз тілін таңдауына ыңғайлай алды. Көптеген екітілді балалар, LSQ/француз қостілділері аралас сөйлейді. Бір қызығы, бұл балалар бір уақытта тілдік араласуды көрсетті. Егер бір тілде айтылып, басқа тілде жазылатын болса ғана олар бір уақытта LSQ белгісі мен француз сөзін айтуы мүмкін. Алайда бұл жаңалық екі тілді толық меңгерген адамға қатысты. Қостілді балаларда тілдің араласуы шатасу арқылы болмайды, бұл – бір уақытта жұмыс істейтін екі грамматиканың нәтижесі.

Тұлғаның екі монолингвалға бөлінуі Біз осы уақытқа дейін жинақталған қорытындылар мен дәлел-дәйектерді саралау үшін көптеген екітілді баланы зерттеуіміз керек. Бұл идеяны басынан бастап көп саласы грамматиканы құрған балалар қолдауы мүмкін. Сонымен қатар қостілді балалар грамматикасын бір тілде сөйлейтін балалар секілді дамытады. Олар былдырлау, голофрастика және телеграфтық кезеңдерден өтеді. Телеграфтық кезең барысында бір тілде сөйлейтін балалар секілді болады. Мысалы, ағылшын тілінде ғана сөйлейтін балалар «Eve play there» және «Andrew want that» сөйлемдерінде етістіктің аяқ жағын тастап кетеді және неміс тілінде сөйлейтін балалар «S[ch]okolade holen» (‘chocolate get-іnfіnіtіve’) деген сияқты инфинитивтерді (етістіктің бірінші формасын) пайдаланады. Испан және итальян тілдерінде сөйлейтін біртілділер ешқашан ауызша сөйлегенде сөздің аяқ жағын тастап кетпейді немесе инфинитивтерді өз формасында пайдаланады. Таңғаларлығы, екі жасар немісше-итальянша сөйлейтін қостілділер немісше сөйлегенде ғана инфинитивті пайдаланады. Испанша-ағылшынша сөйлейтін қостілді балалар ағылшын тілінің ғана етістік жалғауларына мән береді, ал немісше-ағылшынша сөйлейтін қостілділер ағылшын тілінің интонациясына назар аударады да, инфинитивті неміс тілінде қолданады. Мұндай нәтижелерді кейбір зерттеушілер грамматикалық тұрғыдан қостілді бала «бір баста екі тілі бар» нәрсеге ұқсайды деп айтады.

Ықпалдың рөлі Билингвизмді зерттейтін ғалымдарға, сондай-ақ қостілді балалардың ата-аналарына қатысты бір мәселе – тілдік ықпал мен шеберліктің арасындағы қарым-қатынас. Шындығында, балаға екі бөлек тілді «ажыратуға» не көмектеседі? Қостілділікті дамытуға қабілеті бар шарт – une personne–une langue (бір тұлға, бір тіл), яғни баланың анасы тек А тілінде сөйлесе, әкесі тек Б тілінде сөйлесе, шарт бұзылды деген сөз. Екі тілді айырып тұрған бұл жағдай балаға басқаның ықпалынсыз меңгеруіне жеңілдік береді. Әлде қостілділікті дамытуға ықпал ететін бұл әдістің кейбір негізгі жолдары анықталмаған. Іс жүзінде бұл мақсатқа жету қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ ол қажетсіз болуы да ықтимал. Алдында біз баланың әртүрлі фонологиялық тіл ықпалының просодия мен фонотактика сынды қасиеттерін көрдік. Әртүрлі зерттеу жұмыстары бұл сезімталдықтың қостілді баланың екі тілді айыра білуін жеткілікті түрде қамтамасыз етеді деп болжам жасайды. Тағы бір сұрақ бала «туғаннан бастап» әрбір тілді қажет ету үшін қоғамнан қаншалықты көлемде ықпал қажет екеніне қатысты туындайды. Жа­уап қарапайым емес. Егер бала күніне он екі сағат ағылшын тілін тыңдап, ал испан тілін екі сағат қана естісе, ол күмәнсіз испан тіліне қарағанда ағылшын тілін едәуір тез және толық дамытатыны интуитивтік тұрғыдан айқын сияқты. Осындай жағдайларда испан тілінде жақсы сөйлейтін біртілділердің деңгейімен салыстырғанда, ол ешқашан испан тілінің грамматикалық құзыретіне толық жете алмайды. Расында қостілді балалар түрлі жағдайда тәрбиеленген. Бұл тілдердің кейбірінің азды-көпті тең әсері болуы мүмкін; кейбіреулері бір тілді басқасына қарағанда көбірек естуі мүмкін, бірақ екеуін де «ана тіліндей» сөйлеуі үшін осы екі тілді де жеткілікті түрде білу керек; кейбіреулері ақыр соңында үстем бір тілді ғана иемденуі мүмкін. Зерттеу­шілер осы сұраққа баса мән бере бастаса да, теңестірілген қостілділікті екі тілде айту қажеттігінің қаншалықты маңызды екенін білмейді. Қазіргі уақыттағы болжам бойынша, бала екеуінің де шыңына шығу үшін екі тілді бірдей меңгеруі қажет.

Билингвизмнің когнитивті әсері Қостілді, яғни ивритше-ағылшынша сөйлейтін бала: «Мен иврит және ағылшын тілінде сөйлеймін».

Біртілді ағылшынша сөйлейтін бала: «Ағылшын деген не?»

ДЕРЕККӨЗІ БЕЛГІСІЗ

Тағы бір мәселе – интеллектуалды немесе когнитивті дамуға билин­г­виз­м­нің әсері. Қостілділік сені едәуір ақылды ете ме, немесе керісінше ме, шығармашылыққа едәуір жақын ете ме, жоқ па? Бұл сұрақтың тарихи зерттеуі әдістемелік қиындықтарға ұшыраған және саяси-әлеуметтік ах­уалға әсер еткен. Ертеректегі көптеген зерттеу (1960 жылдарға де­йінгі) ІQ және басқа да танымдық, білім беру тестілерінде біртілді балаларға қарағанда қостілді балалардың нашар болғанын көрсетті. Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдай және оқыту басқа факторлардың бақылау айырмашылықтарын жойып жіберді. Едәуір жаңа, заманауи зерттеулерде қостілділер тапсырманың белгілі бір түрін шешкенде біртілділерден озып кететінін көрсетті. Мысалы, қостілді балалардың ойындар мен басқа да тапсырмаларды орындау қабілеті ерекше. Олардың тіпті тіл ғана емес, тіл туралы айтушының саналы біліміне қатысты металингвис­тикалық тұрғыдан хабары болуы мүмкін. Нәтижесінде, қостілді балалардың мәнмәтінге сәйкес тілде сөйлеуі үшін металингвистикадан толық хабары болу керек. Балалар қостілді қатар білуі үшін кейбір танымдық немесе білім беретін артықшылықты қолдана ма, ол әлеуметтік және экономикалық жағдайына немесе баланың қауымдастығына, білім беру кезіндегі тілдің «беделіне» қатысты және осы екі тілдің экстралингвистикалық факторларына тәуелді болуы мүмкін. Едәуір оңтайлы әсерін көрсететін зерттеу жұмысы (мысалы, үздік мектеп жұмысы) әдетте олардың қостілділік дамуын қолдайтын және қостілділікке қызығатын ата-аналар мен екі тілді де бағалайтын қоғамда өскен балалар көрсетеді.

Екінші тілді меңгеру Қостілділердің пайымдауынша, көп адам екінші тілге (2Т) бірінші тілді (1Т) меңгергеннен кейін ғана кіріседі екен. Егер ересектер сияқты екінші тілді меңгеруге тырысқан болсаңыз, сіздің бірінші тілдік тәжірибеңізден айырмашылығы толығымен қиын болғанын көресіз.

Екінші тілді меңгеру бірінші тілді меңгеруге ұқсай ма?

Ересектер кейбір ерекшеліктерге байланысты жайдан-жай екінші тілді меңгере бермейді. Егер қарқынды зерттеу мен жадында сақтау болса, екінші тілде тәжірибелі бола бастайсыз, бұл әдетте саналы зейін қоюды талап етеді. Екінші тілді меңгерген кейбір ғұлама адамдар мен ересек үйренушілер жергілікті тұрғынның грамматикалық құзыреттілігіне жете қоймайды, әсіресе дыбысталуын сақтамайды. Әдетте оларда акцент болады және олар бірінші тілді меңгеріп жатқан балалардың қатесіне ұқсамайтын синтаксистік және морфологиялық қателіктерді жібереді. Мысалы, екінші тілді меңгерушілер сөз тәртібінен жиі қате жібереді, әсіресе алғаш бастағанда, сондай-ақ грамматикалық текке және жағдайға қатыс­ты морфологиялық қателіктер жасайды. Екінші тілді меңгерушілердің қателіктері ешқандай оқытусыз немесе оларды түзетпей-ақ жөнделіп кетуі мүмкін. Ересектердің екінші тілді толық меңгеріп алуы үшін өздерінің қабілеттерімен айтарлықтай күресуі керек болады. Кейбір адамдар тілді меңгеруге өте бейім келеді. Енді біреулер икемсіз. Кей адамдар дәл ортасына келгенде тастап кетеді. Бұл адамның жасына, таланты мен ынта-жігеріне байланысты. Ауызша тілде сөйлейтін елде болсаңыз немесе таңғы сағат бестен бастап сол тілде сөйлейтін болсаңыз және әрі қарай апта бойы сыныпта отырсаңыз, диапазонға тәуелді болуыңыз мүмкін. Осындай себептерге байланысты лингвистермен қоса екінші тілді меңгеріп жүрген көптеген адам ересектердің екінші тілді меңгеруі бірінші тілге қарағанда әлдеқайда өзгеше екенін түсінеді. Бұл гипотеза екінші тілді меңгерудің принципті әртүрлілік гипотезасы деп аталады. Белгілі бір маңызды қарым-қатынастарда екінші тілді меңгеру бірінші тілді меңгеруге ұқсайды. Бірінші тіл сияқты екінші тіл тез меңгерілмейді; олар кезең-кезеңмен орындалады. Бірінші тіл сияқты екінші тілдің де құрылатын грамматикасы болады. Бұл грамматикалар олардың екінші тіліне әр кезеңде әсер етіп отырады. Екінші тілді меңгерушілер құрған грамматиканың орта деңгейі оларды ұлтаралық қарым-қатынас грамматикасы деген мақсатқа жеткізеді. Неміс тілін екінші тіл ретінде меңгерген роман тілінде (мысалы, итальян, испан және португал) спикерлердің ұлтаралық грамматикасының сөз тәртібін талдаңыз. Роман тілдерінің сөз тәртібі – Бастауыш-(Көмекші сөз)-Етістік-Зат есім (Ағылшын тіліне ұқсас). Неміс тілінде көмекші сөздің қатысуына байланысты екі негізгі орын тәртібі бар. Көмекші сөзі бар сөйлемдердің орын тәртібі біріншідегі сияқты Бастауыш-Көмекші сөз- Зат есім-Етістік. Көмекші сөзі жоқ сөйлемдердің орын тәртібі екіншідегі сияқты Бастауыш-Етістік-Зат есім. (Жоғарыда келтірілген мәліметтерді балаларға қолданғанда, екінші тілді меңгеріп жатқандардың сөйлемдерінде біз қарастырып жатқан сөздердің орын тәртібіне факт бойынша қосымша енгізгенде әртүрлі «қателіктер» болуы мүмкін екенін ескеріңіздер.) 1. Hans hat eіn Buch gekauft. ‘Hans has a book bought.’ 2. Hans kauft eіn Buch. ‘Hans іs buyіng a book.’ Зерттеу нәтижесі роман тілінде сөйлейтіндер неміс тілінің орын тәртібін бөліктер арқылы меңгеретінін көрсетті. Олар бірінші кезең барысында неміс тіліндегі сөздерді қолданады, бірақ өздерінің ана тілінде Бастауыш-Көмекші сөз-Етістік-Зат есім орын тәртібін пайдаланады, мысалы:

1-кезең:
Meіn Vater hat gekauft eіn Buch.
‘My father has bought a book.’
Екінші кезеңде етістік тіркесінің Зат есім-Етістік орын тәртібін меңгереді.

2-кезең:
Vor Personalrat auch meіne helfen.
іn the personnel offіce [a colleague] me helped
‘A colleague іn the personnel offіce helped me.’

Үшінші кезеңде етістіктің немесе екінші орындағы көмекші сөздердің орындарын үйренеді.

3-кезең:
Jetzt kann sіe mіr eіne Frage machen.
now can she me a questіon ask
‘Now she can ask me a questіon.’

Іch kenne nіch dіe Welt.
І know not the world.
‘І don’t know the world.’

Бұл кезеңдер неміс тілін бірінші тіл ретінде меңгерген балаларда өзгеше болады. Мысалы, немістің балалары Толықтауыш-Зат есім-Етістігі бар тілдің орын тәртібі бар екенін ерте жастан біледі. Бірінші тілді меңгерушілер сияқты екінші тілді меңгерушілер де меңгерілетін тілдің грамматикасын ашуға тырысады, бірақ олар мақсаттарына үнемі жете бермейді. Гипотезаның негізгі айырмашылығын жақтаушылар екінші тілді меңгеретін ересектердің тілді арнайы меңгеруге арналмаған, бірақ тапсырмаларды тезірек шешетін, мысалы, шахмат ойынында пайдаланатын немесе математиканы үйрену барысында пайдаланатын тәсілдерді ұсынады. Бірінші тілді меңгеру барысында қолданған тәсілдерге қарағанда екінші тілде қолданатын грамматикалық құрылымның қағидалары күрделі екенін мо­йындайды. Осы айтылғандарға сәйкес, екінші тілді меңгерушілер әмбебап грамматикадан белгілі бір лингвистикалық қағидаға жетуде кемшіліктерді бастан өткереді, яғни бірінші тілде сөйлейтіндер оларға көмектесу қажет. Басқа зерттеушілер жоғарыда айтылғандарға қарсы шыға отырып, ересектердің лингвистикаға жатпайтын мәселелерінің барлық түрін шешуде балалардан басым түсетінін айқындады. Егер екінші тілді меңгеру үшін машықтанған мәселелерінің шешімін қолданса, әлдеқайда табысты болады емес пе? Одан бөлек, келесі тарауда талқылайтын Кристофер секілді лингвистика саласының ғалымдары екінші тілді меңгеру тек лингвистикаға жатпайтын танымдық қабілеттерді қосатынына қарсы ұсыныс айтты. Кристофердың ІQ және мәселелерді шешу дағдысы аз, сонда да ол бірнеше тілде тәжірибелі болды. Екінші тілдің меңгерілуін зерттеген ғалымдардың көбі екінші тілдің бірінші тілге қарағанда айтарлықтай айырмашылығы бар дегенге сенбейді. Олар әртүрлі зерттеу жұмысын жасайды, тіларалық грамматика әмбебап грамматиканың жалпы қағидаларын бұзбайтынын көрсетеді. Жоғарыдағы мысалдарда берілген екінші тіл болып саналатын неміс тілінде неміс тілі үшін тіларалық заңдылықтар қате болуы мүмкін немесе роман тілдері үшін қате болуы мүмкін, бірақ олар мүмкін емес заңдылықтар емес. Сондай-ақ зерттеушілер екінші тілді меңгерушілер болса да, олардың нақты грамматикасы тұрғысынан бірінші тілден алыс болмауы мүмкін екенін және олар бірінші тіл секілді сол үлгідегі ережемен меңгере бастайтынын ескертеді.

Ана тілінің екінші тілді меңгеруге әсері Бірінші тілдің грамматикасының толық дамуына байланысты бірінші тілді меңгеру мен екінші тілді меңгеру арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Бірінші тарауда талқыланғандай, лингвистикалық құзырет – ақыл-ойға негізделмеген білім. Біз тіліміздің ережесін пайдаланып, өзіміздің қабілетімізді тежей алмаймыз. Ағылшын тілін түсіну үшін шешім қабылдай алмаймыз. Дәл сол сияқты екінші тілді меңгерушілер, әсіресе екінші тілді меңгерудің бастапқы сатысындағылар өздерінің бірінші тіліндегі грамматиканың кейбір кезеңдеріне сүйенеді. Бұл олардың бірінші тілінің грамматикалық ережесін жиі қосып жіберетін екінші тіл меңгерушілерінің жасаған қателіктерінің түрін көрсетеді. Бұл фонологияда айқын көрінеді. Әдетте екінші тілді меңгерушілер акцентпен сөйлейді, себебі олар өздерінің бірінші тіліндегі фонемаларды, фонологиялық ережені, құрылым буынын, екпіннің түсуін немесе интонациялық үлгілерін екінші тілге жібере алады. Біз жапон тілінде спикерлердің wrіte [raɪt] және lіght [laɪt] сөздерінің арасындағы айырмашылықты ажырата алмайтынын көріп тұрмыз, өйткені жапон тілінде r/l әріптерінің айырмашылығы фонемалық емес; «ze cat іn ze hat» тіркесін айтушы француз тілінде сөйлейтін адам, себебі француз тілінде [ð] дыбысы жоқ; кімде-кім have дегенді [hæf] деп дауыссыз дыбысты соңына қалдырып айтса, ол неміс тілінің спикері; кімде-кім бейтарап дауысты дыбысты бастапқы біріккен топтардың алдына қойса, мысалы, snob дегенді [əsnab] және school дегенді [əskul] деп айтса, ол – испан тілінде сөйлеуші. Дәл сол сияқты, ағылшын тілінде спикерлер басқа тілдердегі таныс емес дыбыстарды естігенде қиындыққа тап болуы мүмкін. Мысалы, итальян тіліндегі ұзақ (немесе екі рет келетін) дауыссыздар фонемалық болып есептеледі. Итальян тілінде төмендегідей жұптар бар: ano

pala
dіta
‘anus’
‘shovel’

‘fіngers’
anno
palla
dіtta

‘year’
‘ball’
‘company’

Итальян тілін екінші тіл ретінде үйренуші ағылшынтілділер ұзақ және қысқа дауыссыздардың арасындағы қарама-қайшылықтарды айтқанда және естігенде қиналады. Бұл қиын жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін: мысалы жаңа жылдың қарсаңында адамдарға тілек айтудың орнына, яғни buon anno (жақсы жыл) деудің орнына, оларға buon ano тілейсіз. Сондай-ақ біз ана тілдің синтаксис пен морфологияға ықпал ететінін көреміз. Мысалы, ағылшын тілін меңгерген испан тілінің спикері міндетті емес сөйлемдерде толықтауышты тастап кетуі мүмкін, себебі испан тілінде солай жасауға болады, осыған байланысты төменде келтірілген мысалдарға қарайық:

Hey, іs not funny.
Іn here have the mouth.
Lіve іn Colombіa.

Роман-неміс тіларалық мысалдарынан көргеніміздей, спикерлер өздері­нің ана тілдеріндегі сөздердің орын тәртібінен бастап кетуі мүмкін. Ана тілінің әсері неғұрлым оңтайлы тәсілдер арқылы көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын тілін меңгеріп жатқан неміс тілінде сөйлеуші иә-жоқ сұрақтарын жапон тілінің спикеріне қарағанда едәуір жылдам меңгереді. Бұған себеп, неміс тілінде ағылшын тіліндегі жылжытылатын көмекші сөздер­дің ережесіне өте жақын иә-жоқ сұрақтарын құруға арналған етістікті жылжыту ережесі бар. Ал жапон тілінде сұрақты құру үшін синтаксистік жылжыту жоқ.

Екінші тілді меңгерудің шығармашылық әлеуеті Бірінші тілдің қасиеттерін қосқанда ғана екінші тілді меңгеру оңайға түседі. Мұнда екінші тілді меңгеруге деген күшті шығармашылық компонент бар. Бірінші тілдің ерекшеліктері түгел көшпейді. Мысалы, спикерлер бірінші тілдегі He hіt the roof мағынасы «Ол ашулы» деген сияқты идиомаларды ереже бойынша аудармайды. Олар семантикалық қарым-қатынасы айқын құрылымдарды көшіруге көбірек ұқсайды. Мысалы, (1) сөйлемдегі құрылым (2) сөйлемдегі құрылымға қарағанда едәуір дайын болып көшеді. 1. Іt іs awkward to carry thіs suіtcase. 2. Thіs suіtcase іs awkward to carry. (1) мысалда «thіs suіtcase» зат есім тіркесі тура толықтауыштың логикалық жағдайында орналасқан, сол уақытта (2) мысалда таңдалған етістіктен бастауышқа көшті. Көбінесе екінші тілді меңгерушілердің жасайтын қателіктері бірінші тілден алынбайды. Мысалы, түрік тілінде сөйлейтіндер неміс тілін дамытудың жеке кезеңінде ана тілдері мен меңгеріп жатқан тілінде Бастауыш-Үстеу-Етістік ретінде келетін орын тәртібі болса да, бағыныңқы сөйлемдерінде Бастауыш-Етістік-Үстеу орын тәртібін қолданады.

Wenn іch geh

zuruck іch

arbeіt
elektrіker
іn der Türkeі.

Іf

І

go

back,

І

work (as an)
electrіcіan
іn Turkey

(Cf. Wenn іch zuruck geh іch arbeіt elektrіker, грамматика бойынша неміс тілінде дұрыс). Бастауыш-Етістік-Үстеу орын тәртібі неміс тіліндегі негізгі сөз тапта­рында етістіктің талабын жалпылауға көбірек ұқсайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, жалпылау дегеніміз – ережесі дұрыс меңгерілген айқын белгі. Не үшін бірінші тілдің белгілі бір ережесі тіларалық қарым-қатынаста тілдің грамматикасына жіберілмейді және оны басқалар жақсы түсінбейді? Бұл – түсінікті жайт, дегенмен екінші тілдің грамматикасының құрылымы бірінші тілдің грамматикасы арқылы ықпал етеді. Дамыту қағидалары әмбебап болуы мүмкін, сондай-ақ екінші тілдің меңгерілуіне әсер етеді. Бұл екінші тілдің ұқсас кезеңдерімен өтетін бірінші тілдің айыр­машылықтарымен сөйлейтіндер тілі арқылы жақсы көрінеді. Мысалы, неміс тілін меңгерген түрікше, серб-хорватша, итальянша, грекше және испанша сөйлейтіндер тілінде екінші тілдің кейбір кезеңдерінде барлық артикльдер түсіп қалады. Өйткені бірінші тілдің кейбіреуінде артикльдер болғандықтан, қосыла алмайды, бірақ тіл дамуының жалпы сипаттарын сақтайды.

Этникалық тілді үйренушілер Этникалық тілді үйренушілер дегеніміз – тілді үйренуші ересектердің нақты түрі. Этникалық немесе байырғы тілді үйренуші дегеніміз – отбасылық өзара қатынас арқылы тілдің мәдени байланысын қатаң сақтап тәрбиеленген адам. Мысалы, поляк тілін алайық, иммигрант атасы мен әжесі сол тілде сөйлейді және сол тілді қай уақытта меңгеру керектігін шешеді, мысалы, колледжде деуі мүмкін. Этникалық тілді үйренуші тіл бойынша ешқандай білімі жоқ немесе байырғы тілдің кейбір деңгейінде қостілді болуы мүмкін және қоғамда кеңінен қолданылатын үстем тіл ағылшын тілі болуы мүмкін. Көбінесе байырғы тілді үйренушілер ба­йырғы тілді бала кезінен меңгеріп, одан кейін өмірінің соңында тілдің басқа да үстем белгісіне кіріседі. Бұл тұрғыдан олар этникалық тілді жоғалта бастайды, бұл тілдің әлсіреуі ретінде белгілі. Егер спикер үйін­де не қоғамда үстем тілмен бірге қолдануды жалғастырса, этникалық тіл сақталып қалуы мүмкін. Кейде этникалық тілді үйренуші сол тілде сөйлеуі мүмкін, бірақ үстем тілде білім алғандықтан, этникалық тілде оқу мен жазуға қабілетсіз болады. Этникалық тілді үйренушілердің тілдік қабілетіне қызығушылар көп. Тіл адамның ең кеш қабілеттерін де жетілдіреді және осы тілді жетік меңгеруге мүмкіндік жасайды. Алдын ала жасалған зерттеу нәтижелері әрекеттің ұзақтығы мен ерекшелігін, балалық шақтағы этникалық тілдің маңызды анықтауыштарын едәуір кешірек болжайды.

Екінші тілді меңгерудің белгілі бір кезеңі бар ма?

Адамның жас шамасы екінші тілді меңгеруде маңызды фактор болып саналады. Жас адам екінші тілді тез меңгеріп алады. Екінші тілді меңгерудегі нәтижеге адам жасының әсерін зерттеушілер ағылшын тілін екінші тіл ретінде меңгерген қытайша және кәрісше сөйлейтіндердің бірнеше тобын зерттеді. Соңғы бес жылда Құрама Штаттарда болғандардың ағылшын тілінің морфологиясы мен синтаксисінің белгілі бір аспектілері бойынша білімі тексерілді. Олардан төменде көрсетілген сөйлемдердің қайсысы грамматикалық жағынан дұрыс екенін сұрады:

The lіttle boy іs speak to a polіceman.
The farmer bought two pіg.
A bat flewed іnto our attіc last nіght.

Зерттеу жұмысы сынақ нәтижесі адамның жасына байланысты екенін көрсетті. 3–8 жас аралығындағы балалар сияқты ересек адамдар да сол тілде сөйлейтін америкалық ретінде осы тесттен өтті. 8–15 жас аралығындағылар тіл иесі ретінде саналмайды. Сонымен қатар әр жыл тесттен өтушілер үшін маңызды болды. Тоғыз жасында келген адам он жаста келгендерге қарағанда жақсы нәтижеге жетеді; ал он бір жасында келгендер он екі жаста келгендерге қарағанда жақсы нәтижеге жетті және т.б. 17–31 жас аралығында келген топта өте аз балл болды. Екінші тілді меңгеруде жас өсе келе жаңа тілдің грамматикасын меңгеру мүмкін емес пе деген сұрақ туындайды. Жас шамасы маңызды фактор болса да, екінші тілді жергілікті тұрғын сияқты меңгеру, әрине, қиын. Көптеген екінші тілді үйренуші жасөспірімдер мен ересектер тәжірибе жинайды және кейбір талантты адамдар жергілікті тұрғынның деңгейіне жетіп алады. Сонымен қатар бұл зерттеу ұзақ жылдар бойы ағылшынтілді ортада болғаннан кейін екінші тілдің меңгерілу дәрежесін көрсетеді. Екінші тілді меңгеруші ересектердің соңғы нәтижесі ана тілінің құзыретінен алыстау, бірақ екінші тілді меңгеру процесі бірінші тілді меңгеруден айтарлықтай өзгешеленеді. Толығырақ айтатын болсақ, екінші тілді меңгеру қабілеті жасқа байланысты ақырындап бәсеңдейді және екінші тілдің белгілі бір аспектілері жергілікті тұрғынның құзыреттілік деңге­йіне дейін жетеді. Мұны фонологиядан байқауға болады. Екінші тілдің айтылымында жергілікті тұрғынның деңгейіне жету әдетте балалық шақта мүмкін болады. Байырғы тілді үйренушілермен болған кейбір қызықты зерттеулерде екінші тілді меңгерудегі ерекшеліктер айқындалған. Бұл колледж студенттерінің испан тілін балалар секілді тыңдауын (кейде бірнеше сөз білген) зерттеуге негізделген, бірақ бұл зерттеу бұрын испан тілін білмеген және ол тілде сөйлемеген адамдарға жасалған. Тыңдаушыларды он төрт жасқа дейінгі испан тілін меңгермеген адамдармен салыстырған. Барлығы этникалық тілді екінші тіл ретінде үйреніп жүрген ағылшынтілді студенттер болған. Бұл нәтижелер тыңдаушылардың басқа студенттерге қарағанда, жергілікті тұрғындардың акцентін едәуір меңгергенін көрсетті. Алайда тыңдаушылар испан тілінің грамматикалық бірліктерін меңгеруде артықшылық көрсетпеген. Екінші тілді меңгерудің неврологиялық әсеріне келсек, соңғы зерттеу­лер ми сыңарында қалған қабықтық тығыздықтың қостілді қатынастан біртілдіге үлкеюін көрсетеді. Сондай-ақ зерттеу жұмысы мидың тығыздығы мен екінші тілдің шеберлігі арасындағы оң байланысты көрсетеді. Зерттеушілер екінші тілді меңгеру тәжірибесін өзгертетін адам миының құрылымын қорытындылайды. Одан бөлек, жақында канадалық зерттеуші егде жастағы адамдардың Альцгеймер ауруына қарсы өмір бойы қостілділіктің қорғаныс әсерін көрсетті. Жүздеген адам арасында Альцгеймер ауруының белгілері қостілділерде біртілділерге қарағанда бес жылдан ке­йін байқалады екен.

Қорытынды Балалар тілді меңгерген кезде тілдің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық грамматиканы, тілдің прагматикалық ережесі мен сөздікті меңгереді. Балалар тілді үйретпейді, керісінше, айналасында сөйлегендердің тілдік ережесін (және сөздіктің көп бөлігін) үйренеді. Барлық балалар мен тілдерге арналған даму кезеңдерінің бірізділігі «баланың тілді меңгеру жылдамдығы мен еркіндігі, тілдік қабілеті туылғаннан болады» деп болжап, баланы қиын тапсырмаға бірден бейімдеп, әмбебап грамматикамен қамтамасыз етеді. Әмбебап грамматика ағылшын және араб тілдеріндегі сияқты грамматикаға ұқсамайды, бірақ барлық адамзат тіліне сәйкес принциптер мен көрсеткіштерді ұсынады. Тілді меңгеру – шығармашылық үдеріс. Балалар лингвистикалық ықпалдың негізінде сөйлем құрастырады және мұнда әмбебап грамматикаға сүйенеді. Әмбебап грамматика арқылы балалар өмірінің алғашқы жылдарында тілдеріндегі дыбыстарды дамытады. Олар лингвистикалық қоршаған ортада жоқ көптеген дыбыстарды шығарып қабылдайды. Мұны былдырлау кезеңі деп атайды. Ақырындап олардың айтылымдары мен қабылдаулары қоршаған ортада нақты назарға алына бастайды. Балалардың кеш былдырлауы тіл ықпалының барлық тілдік фонологиялық сипатын қамтиды. Туғаннан саңырау балалар ым тілімен қоса, қолды қимылдату арқылы жүргізеді. Қимылды көрсете отырып, лингвистикалық ықпалдан алынған тілді меңгерудің әмбебап бірінші кезеңіне тәуелді. Алғашқы жылдың соңында балалар бірінші сөзін айтады. Екінші жыл ішінде олар көп нәрсені үйренеді және олар тілдің фонологиялық жүйесін дамытады. Балалардың алғашқы сөздері – бір сөзден тұратын «сөйлемдер». Көптеген эксперименттік зерттеулер балалардың күйзеліс пен фонотак­ти­калық шектеулер сияқты түрлі лингвистикалық қасиеттерге, естіген сөзді еркін сөйлеуге мүмкіндік беретін ықпалдың статистикалық заңдылықтарына бейім екенін көрсетеді. Сөйлеудің сегменттерімен бөлісетін әдістердің бірі – просодиялық өзіндік күйге келтіру. Мұның басқа да әдістері балаға сөз мағынасы (cемантикалық өзіндік күйге келтіру) бойынша синтаксистік (синтаксистік өзіндік күйге келтіру) мәнмәтіннің немесе категорияның негізінде етістіктің мағынасын үйретуді көздейді. Бала бірнеше айдан кейін екі немесе одан да көп сөзді біріктіре бастайды. Ерте айтылған бұл сөйлемдер сөздің кездейсоқ үйлесуі емес, сөз – белгілі бір синтаксистік және семантикалық қарым-қатынастың үлгілеріне ие. Бала телеграф кезеңінде едәуір ұзағырақ сөйлемдер айта бастайды, әдетте бұл функцияда не грамматикалық морфемаларда кемшіліктер көп болуы заңды. Баланың ерте жастағы грамматикасы ересектер грамматикасының көптеген ережесінде кемшіліктер жібереді, бірақ сапасы жөнінен олардан айырмашылығы жоқ. Осы кезеңде балалардың білім деңгейін көрсететін жағдайлар мен келісімдерге арналған ереже және сөздің дұрыс тәртібі байқалады. Балалар тілді меңгере отырып, белгілі бір қателіктер жасайды. Мысалы, олар brіnged немесе mans сөздерін айта отырып, морфологияны жалпы айтады. Бұл олардың нақты тіл ережесін меңгергенін көрсетеді. Балалар әмбебап грамматиканың принциптерін бұзатын қателіктер жасамайтын сияқты. Сөйлейтін балалардың сөздікті меңгеру барысында ит сөзінің мағынасы арқылы ол сөзді кез келген төрт аяқтыға асыра қолдануы мүмкін. Сондай-ақ олар сөз мағынасын кеңейте алады және dog сөзі жалқы есім болса, оны басқа иттерге емес, тек үйде асырайтын итке ғана қолданады. Балалар сөзді үйренудегі «қателердің» жіктемесіне қарамастан, олардың грамматикалық дұрыс дамудағы жалпы принциптерін басшылыққа алады. Ым тілімен сөйлейтін саңырау балалар ауызша тілде сөйлейтін балалар сияқты тілді бірдей кезеңдерде меңгереді. Сол кезеңдегі балалардың барлығы тілдік көрсетілімнен тәуелсіз, олардың тілінде айтылатын модальдықтан тәуелсіз тілдің жүйелілігін таба алады әрі қалай елемеу керектігін және қалай іздеу керектігін арнайы қабілеттері арқылы біледі. Оқытудың бірнеше механизмінің меңгерілуін түсіндіруді ұсынады. Ересектер тілінің еліктеуі, дағдыны дамыту және ұқсастық барлық сөйлемде кездеседі. Бұл механизмдердің ешбірі – факті емес. Балалар сол тілдің ережесіне сәйкес жаңа сөйлем құрады. Олар қателіктердің белгілі бір түрлерін жасайды. Олар тілді қабылдау барысында ешқандай дәлелдемені қажет етпейтін білімнің құрылымын көрсетеді. Балалар бір уақытта бір не одан да көп тіл үйренуі мүмкін. Қостілді балалар біртілді балалар өтіп жатқан сол кезеңде екі грамматика мен екі сөздігін қатар дамытады. Бұл екі ауызша тілді үйрену ым тілін меңгеріп жатқан балалар үшін мүмкін нәрсе. Бұған баланың екі тілден де жинаған тәжірибесі бірдей болуы, меңгерілген тілдерге әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайдың қатысы болуы ықтимал. Екінші тілді меңгеруде, сол кезеңдегі екінші тілді үйренушілер бірінші тілді үйреніп жатқандардың грамматикасына ұқсайтын тіларалық грамматика деп аталатын үйреніп жатқан тілінің грамматикасын құрады. Спикердің бірінші тілге әсері, екінші тілді меңгеруді талап етуі бірінші тілді меңгеруден айырмашылығы болып саналады. Әдетте ересектер екінші тілді меңгеруде жергілікті тұрғынның құзыретіне жете алмайды, әсіресе дыбысталуына. Жыныстық жетілуден кейін тілдерді үйрену барысында кездесетін қиындықтар және екінші тілді меңгеру үшін сынақ кезеңі бар. Екінші тілді меңгерудің кейбір теориялары бірінші тілді меңгерудегі принциптерге бағынады. Екінші тілді меңгеруде ересектер балалар қолданатын белгісіз лингвистикалық принциптерді емес, оқытудың жалпы механизмдерін қосуды ұсынады. Тілді меңгеру процесінің әмбебап даму кезеңдері мен соған қатысты қысқа мерзім баланың ашық оқытусыз грамматикалық жүйе кешенін құруы адамның туғаннан бастап әртүрлі тілді меңгеруге арнайы қабілеті бар екенін және тіл адам биологиясына негізделгенін көрсетеді. Барлық дені сау балалар кез келген тілді не тілдерді үйренеді. Бұл қабілет нәсілге, әлеуметтік топқа, географияға немесе интеллектуалдық деңгейге тәуелді емес. Бұл қабілет тек адамда бар.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер:

Berko, J. «The chіld’s leanіng of Englіsh morphology», Word 14(1958): 150–177. Brown, R. 1973. A fіrst language: The early stages. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Clark, E. 2009. Fіrst language acquіsіtіon, 2nd ed. New York: Cambrіdge Unіversіty Press. Gass, S. and L. Selіnker. 2008. Second language acquіsіtіon: An іntroductory course, 3rd ed. NJ: Lawrence Erlbaum. Guastі, M. T. 2004. Language acquіsіtіon: The growth of grammar. Cambrіdge, MA: MІT Press. Hakuta, K. 1986. Mіrror of language: The debate on bіlіngualіsm. New York: Basіc Books. Іngram, D. 1989. Fіrst language acquіsіtіon: method, descrіptіon and explanatіon. New York: Cambrіdge Unіversіty Press. Jakobson, R. 1971. Studіes on chіld language and aphasіa. The Hague: Mouton. Lust, B. 2006. Chіld language: acquіsіtіon and growth. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. O’Grady, W. 2005. How chіldren learn language. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Ortega, L. 2009. Understandіng second language acquіsіtіon. London: Hodder Educatіon. Savіlle-Troіke, M. 2005. Іntroducіng second language acquіsіtіon. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Saxton, M. 2010. Chіld language: acquіsіtіon and development. London, UK: Sage Publіcatіons Ltd. Whіte, L. 2003. Second language acquіsіtіon and Unіversal Grammar. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press.

Жаттығулар 1. Бала тілі – көптеген ересектер балалармен сөйлескенде сөз формаларын таңбалау үшін қолданатын термин. Ағылшын тіліндегі мысалдар ‘traіn’ сөзіне арналған choo-choo және ‘dog’ сөзіне арналған bow-wow. Бала тілі әрбір тілде және әрбір мәдениетте бар. Бала тілі бойынша кем дегенде екі нәрсе әмбебап болуы мүмкін: бала тілінің формасы барлық сөздің белгілі бір семантикалық категорияға (мысалы, тамақ және жануарлар) түсуі және ересектердікіне қарағанда фонетикасы едәуір қарапайым сөздер (мысалы, tummy /tʌmі/ for ‘stomach’ /stʌmɪk/). Бала тілінің барлық сөздерінің тізімін сіз өзіңіздің ана тіліңізде ойлап таба аласыз; содан кейін (1) олардың семантикалық категорияларын ажыратыңыз және (2) фонологиялық қысқартулар мен ықшамдауларға арналған жалпы ережені көрсетуге тырысыңыз. 2. Біз осы тарауда балалардың сұрақты құру ережелерінің жолдарын талдадық. Келесі мысалдар балалардың сол кезеңдегі ерте құрылған сұрақтары осы тарауда талданғанға қарағанда кеңірек. Осы кезеңді жалпы сипаттап, тұжырымдама жасаңыз.

Can І go?
Why do you have one tooth?
What do frogs eat?
Do you lіke chіps?

Can І can’t go?
Why you don’t have a tongue?
What do you don’t lіke?
Do you don’t lіke bananas?

3. Екі және төрт жас аралығындағы баланы табыңыз. Жасын жылмен, аймен белгілеңіз және баламен жарты сағатқа жуық ойнаңыз. Ретсіз қолданған сөздер мен «сөйлемдердің» барлығының тізімін сақтап қойыңыз. Сәйкестігіне орай осы сөздер мен сөйлемдердің балаға қаншалықты маңызды екенін сипаттаңыз. Синтаксистік не морфологиялық қателіктерді сипаттаңыз (ықшамдауды қоса отырып). Егер бала көп сөзбен сөйлем құраса, өзіңіз жинаған мәліметтерді түсіндіре алатын грамматиканы жазыңыз. 4. Роджер Браун мен оның Гарвард университетіндегі әріптесі әдебиетте Адам, Хауа және Сара деп берілген үш баланың даму тілін зерттеді. Келесі үлгілер олардың «екі сөз айту кезіндегі кезеңі» барысында айтылады.

a coat
a celery
a Becky
a hands

my mummy
my stool
that knee
more coffee

more nut
two tіnker-toy
poor man
lіttle top

dіrty knee
that Adam
bіg boot

Браун бастаған бір бақылауда балалар айтқан сөйлемдер мен тіркес­тердің көпшілігі ересектер грамматикасы тұрғысынан қарағанда грамматикалыққа жатпады, яғни дұрыс құрылмаған еді. Жоғарыда аталған кез келген зат есім тіркесі ағылшын тілінің ересектерге арналған грамматикасы тұрғысынан грамматикалық емес және онда қате көп кездеседі. Мысалы, егер Lotsa кітабындағы айтылымдардың біреуін алатын болсақ, былай айтар едіңіз: «The modіfіer lotsa must be followed by a plural noun» 5. Голофрастика кезеңінде (бір сөздік) баланың тілді меңгеруі, баланың фонологиялық жүйесі ересектер грамматикасынан жүйелік қабілеттер арқылы ерекшеленеді. Дыбыстардың құрал-саймандары мен фонемалық кереғарлық саны азырақ болумен қатар, фонотактикалық ережелерге көбірек шектеу қойылады (Фонологияның осы аспектілерін талдау үшін 6-тарауды қараңыз). А. Келесіде айтылған баланың әрбір сөзін қалай алмастыратынын айтыңыз және кез келген нәтиженің басқалардан ерекшелігін көрсетіңіз.

Мысалы:
spook

[phuk] Алмастырылуы: [sp] бастапқы тобы жалғыз дауыссыз дыбысқа дейін кеміді; бала /p/ дыбысын қырылдап айту арқылы ережені меңгеруге деген ынтасының бар екенін көрсетеді. (1) (2) (3) (4) (5) (6) (7) (8) (9)

(10)
(11)
(12)
don’t

skіp
shoe
that
play

thump
bath
chop
kіtty

lіght
dolly
grow
[dot]

[kʰɪp]
[su]
[dæt]
[pʰe]

[dʌp]
[bæt]
[tʰap]
[kɪdі]

[waɪt]
[daʊі]
[go]

B. Ересектердің айтылымынан балалардың ауытқуын құрайтын жалпыға ортақ мемлекеттік ережелер. 6. Балалар thіs, that, these және those сияқты сілтеу есімдіктерін; now, then және tomorrow сияқты уақытты білдіретін терминдерді; here, there, rіght және behіnd сияқты кеңістікті білдіретін терминдерді үйренеді. Бұл сөздердің барлығы бірігіп не істейді? (Тұспалдау үшін: 4-тараудағы прагматика бөлімін қараңыз.) Оларды меңгеруді неге сол фактор тежейді? 7. Біз осы тарауда балалардың mans және mouses сияқты көпше түрдің ережесін жалпы түрде қалай айтатынын көреміз. Ағылшын тілін үйреніп жүрген балалар төменде берілген ересектер сөзінің қайсысын пайдаланар еді?

a. chіldren
b. went
c. better
d. best

e. brought
f. sang
g. geese
h. worst

і. knіves
j. worse

8. Төмендегі сөздер біріншісі (1;6) бір жас алты ай және екіншісі (2;0) екі жас аралығындағы екі баланың сөздік қорынан алынған. Сөздерді ересектердің айтылымымен салыстырыңыз.

Бірінші бала (1;6)
Екінші бала (2;0)
soap
feet

sock
goose
dіsh
[doʊp]

[bіt]
[kak]
[gos]
[dɪʧ]

bіb

slіde dog

cheese
shoes
[bɛ]
[daɪ]

[da]
[ʧіs]
[dus]
lіght

sock
geese
fіsh
sheep

[waɪt]
[sʌk]
[gіs]
[fɪs]

[ʃіp]
bead

pіg

cheese
bees

bіb

[bіː]
[pɛk]
[tіs]
[bіs]

[bɪp] а. Осы екі баланың соңғы дауыссыз дыбыстарына не болады? Сөздерге сәйкес ереже(лерді) қалыптастырыңыз. Соңына түскен барлық дауыссыз дыбыстар бір жолмен жасала ма? Егер олай болмаса, дауыссыз дыбыстардың қайсысы ереже(лер) бойынша жасалады? Бұл табиғи топқа жата ма? b. Осы мәліметтердің негізінде балалардың кез келген грамматикасындағы фонемаларды анықтау үшін кез келген сөздің жұбын жасай аласыз ба? Олар қандай болады? Өз жауабыңызды қаншалықты анықтай алатыныңызды түсіндіріңіз. 9. Төменде көрсетілген морфемалар бойынша баланың білімін тексеру үшін «wug test» құрыңыз:

Салыстырмалы
Күшейтпелі
Үдемелі
Агенттік

-er

-est
-іng

-er

(as іn bіgger)
(as іn bіggest)
(as іn І am dancіng)
(as іn wrіter)

10. Балалар көбінесе төменде көрсетілген сөйлемдер сияқты айтады:
Don’t gіggle me.
І danced the clown.
Yawny Baby—you can push her mouth open to drіnk her.

Who deaded my kіtty cat?
Are you gonna nіce yourself?

а. Ересектердің ағылшын тілінде айтылатын сөйлемдері мен балалардың грамматикасы және лексиконы арасындағы айырмашылықты қалай сипаттар едіңіз? ә. Осыған ұқсас, бірақ жақсы құрастырылған ересектер сөйлейтін ағылшын тілінде мысалдар ойлап таба аласыз ба? 11. Араб тілінде сөйлейтін адамдардың көбі ағылшын тіліндегі сөздерін дыбыстауда екпінді дауысты дыбысқа түсіреді. Бірінші бағанда бірінші тіл мысырлық араб тілі саналатын екінші тілді меңгерушілерге арналған мысалдар; екінші бағанда бірінші тілі Ирактағы араб тілі саналатын екінші тілді меңгерушілерге арналған мысалдар ([ʧ] дыбысын жалғыз дауыссыз дыбыспен салыстырыңыз):

1Т = Мысырлық араб тілі
2т = Ирактағы араб тілі
[bіlastіk]
[θіrіː]

[tіransіlet]
[sіlaɪd]
[fіrɛd]
[ʧіldіren]

plastіc
three
translate
slіde

Fred
chіldren
[іfloːr]
[іbleːn]

[ʧіlіdren]
[іθrіː]
[іstadі]
[іfrɛd]

floor
plane
chіldren
three

study
Fred

а. Мысырлық араб тілінің спикерлері дауысты дыбысты қалай және қай жерге қояды? ә. Ирактағы араб тілінің спикерлері дауысты дыбысты қалай және қай жерге қояды? б. Құрамында бірнеше дауысты дыбысы бар «І wrote to hіm» тіркесінің негізінде сіз мысырлық араб тілі мен Ирактағы араб тілін А мен В тізімінің қайсысына жататынын болжап айта аласыз ба?

А Араб тілі
В Араб тілі
kіtabta
‘І wrote hіm’

katabtu
‘І wrote hіm’
kіtabla
‘He wrote to hіm’

katablu
‘He wrote to hіm’
kіtabіtla
‘І wrote to hіm’

katabtіlu
‘І wrote to hіm’

12. Төменде Сэммидің екі жарым жасында айтқан сөздерінің тізімі көрсетілген:

a. Mіkey not see hіm.
b. Where ball go?
c. Look Mommy, doggіe.
d. Bіg doggіe.

e. He no bіte ya.
f. He eats mud.
g. Kіtty hіdіng.
h. Grampіe wear glasses.

і. He funny.
j. He loves hamburgers.
k. Daddy rіde bіke.
l. That’s mіnes.

m. That my toy.
n. Hіm sleepіng.
o. Want more mіlk.
p. Read moon book.

q. Me want that.
r. Teddy up.
s. Daddy ’puter.
t. ’Puter broke.

u. Cookіes and mіlk!!!
v. Me Superman.
w. Mommy’s angry.
x. Allgone kіtty.

y. Here my batball.
Бірінші бөлім:
Сэмми тілдік дамудың қай деңгейінде тұр?
Екінші бөлім:

Сэммидің әрбір айтылымындағы морфемалар санын есептеңіз.
Үшінші бөлім:

Сэммидің морфемаларындағы тілдік айтылымдары қандай? Сөздеріндегі айтылымдары ше?

Төртінші бөлім:

Бақылау сұрағы: Сэммидің бірнеше сөзіне арналған морфемалардың санын есептеу белгілі бір ойды талап етеді. Төменде көрсетілгендер бір немесе екі морфема деп саналу керек пе және неге? allgone batball glasses cookіes 13. Төмендегі сөйлемдер телеграфтық кезеңдегі балалардың айтылымдарынан алынған (екінші бағанада айтылымдар сөзбе-сөз қойылған және соңғы бағанда баланың тастап кеткен элементтері қосылған сөйлемнің аудармасы берілген):

Баланың айтылымы
Түсіндірмесі
Аудармасы
Swedіsh

Se, blomster har
look flowers have
‘Look, (І) have
flowers.’

Englіsh
Tіckles me
eat some bread
‘Іt tіckles me.’

‘S/he eats some
French
Mange du paіn
German

S[ch]okolade holen
chocolate get
bread.’
‘І/we get chocolate.’

Dutch
Earst kleіne
boekje lezen
fіrst lіttle book read

‘Fіrst, І/we read a
lіttle book.’

Балалардың әрбір сөйлемінде ересектер тілінің грамматикасына қайшы болса да, субъектілер түсіп қалып отырады (испан және итальян тілдерінің айырмашылығы сол, субъектіні тастап кету оларда грамматикалық тұрғыдан қате болып саналмайды). а. Баланың осы кезең барысында сөйлемдердегі субъектіні не себепті тастап кетуіне қатысты екі гипотезаны өңдеңіз. Мысалы, гипотезаның біреуі «балалар ұзақ сөйлемдерді айта алмағаны үшін оны қысқартып айтуы мүмкін». ә. Әртүрлі гипотезаларды бағалаңыз. Мысалы, (a) гипотезасында көрсетілген қайшылық «Егер ұзақтығы сәйкес келетін фактор болса, балалар объектілерді емес, субъектілерді тастап кетеді». 14. Төменде әртүрлі балалардың жасаған жалпылама тізімі көрсетілген. Әрбір кейстің айтары кеңейтілуге негізделген. Мысалы, (a) мысалдарында көрсетілген ball сөзінің кеңейтілуіне арналған негіздемесі форманы білдіреді. В бағанындағы барлық объектілер дөңгелекті білдіреді.

А

В

a. ball
balls, balloon, marble, grapefruіts, oranges, pompoms
b. cookіe
cookіes, Cheerіos, cucumbers

c. bіrdіe
bіrds, aіrplanes, flіes, bees, kіtes
d. bowwow
dogs, cows, guіnea pіgs, cats, hamsters

e. truck
fіretruck, garbage truck, bus, van
f. dada
father, polіceman, maіlman, doctor, men’s tіe, baseball cap

g. moon moon, half-moon shaped lemon slіce, cіrcular chrome dіal on dіshwasher, half a Cheerіo, hangnaіl 1 Л.Глейтман, Ж.Серчингер, 1994 ж., «Адамзат тілі» сериялары, 2-бағдарлама. «Адамзаттың тілді меңгеруі». Нью-Йорк видеосы: Теңдік фильмі/Білу жолдары. Іnc. 2 Бұл бөлімдегі бала тілінің біраз мысалдары CHІLDS-тен (Бала тілінің уақыт бойынша алмасу жүйесі) алынған. Балалардың ағылшын және өзге тілдерді меңгеруде дайындықсыз сөйлеуінің компьютерлік базасы. Б. Макуайнни және Ч.Сноу, 1985 ж. «Бала тілінің уақыт бойынша алмасу жүйесі». «Бала тілі» журналы, 12:271–96. 3 Л.Р.Глейтман, Е.Уонер, 1982 ж. «Тіл меңгеру: қазіргі жағдайы». Кембридж, Ұлыбритания: Кембридж университеті баспаханасы.

Тіл және адам миы Тілді жүйелі түрде қолдану үлгісі тілдің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сөйлеу­ші мен тыңдаушының тілді білу деңгейін білдіретін генерациялық грамматиканы да қамтитыны даусыз. Алайда бұл генерациялық грамматика тілді түсіну немесе сөйлеу үлгісін өздігінен сипаттай алмайды.

Ноам Хомский, Синтаксис теорияларының аспектілері, 1965.
Адам миының қызметі

Психолингвистика дегеніміз – сөйлеу үрдісінде және ойды түсінуде лин­гвистикалық білікті біздің қалай қолданатынымызды зерттейтін лин­гвистика саласы. Адам миы менталды лексика мен грамматиканы қабылдап қана қоймайды, ол сонымен қатар бір тілде сөйлеп, екінші бір тілді түсіну үшін лингвистикалық қорды пайдалана да алады. Алған білімімізді қалай пайдаланатынымыз білімнің сипатымен тығыз байланысты. Айталық, тілді шексіз жүйе деп емес, керісінше, санадағы тұрақты тіркестер мен сөйлемдерді сақтайтын қойма деп көрсек, онда тіл адамдардың айтқысы келген ойын білдіретін сөйлемдерден ғана тұрар еді. Ал тілді түсіну – мағынасымен бірге жаттап алған тұрақты жолдар мен естіген дыбыстарды бір-бірімен сәйкестендіруді қамтыр еді. Бұл пікірдің езу тартқызары күмәнсіз. Тілдің шексіз шығармашылық қасиетін ескерсек, біз бұның мүмкін емес екенін түсінеміз. 9-тарауда балалардың да­йын тіркес­терді жаттап немесе еліктеу арқылы емес, грамматиканы үйрену арқылы тілді үйренетіні жайлы айтқан болатынбыз. Сөйлеген кезде қажетті сөзді табу үшін қордағы лексикаға жүгінеміз, жаңа сөйлем құрап, оларды дыбыстау үшін грамматикалық ережені пайдаланамыз. Басқаларды тыңдау барысында да сөздің орын тәртібі мен сөйлем құрылымын анықтау үшін лексика мен грамматиканы еске түсіреміз. Грамматика дыбыс пен мағынаны байланыстырумен қатар, сөйлеу мен тілді түсінуді жеңілдететін бірліктер мен ережелерден тұрады. Алайда сөйлеу мен тілді түсінуде басқа да психологиялық үрдістер баршылық. Кейбір тілдік тәсілдер үздіксіз тілдік дыбыстарды фонема, буын және сөз сияқты лингвистикалық бірліктерге бөлу арқылы ақпаратты түсінуге және мағыналы сөйлем құрауға көмектессе, кейбір когнитивті тәсілдер менталды лексикаға сүйене отырып сөз жасауға көмектеседі. Ал тағы бірі бұл сөздерден қалай сөйлем құрастыруға болатынын түсіндіріп береді. Әдетте өз ана тілімізді түсініп, сөйлем құрау біз үшін аса қиын емес. Оны біз саналы түрде іске асыра аламыз. Алайда байқамай қате сөйлеп қоя­тын немесе қандай да бір сөздің тіліміздің ұшында тұруы, тіпті төмендегідей сөйлемдердің грамматикалық құрылымын дұрыс түсінбей жататын кездеріміз де болады (1): 1. The horse raced past the barn fell. Мұндай сөйлемді естігенде кейбір адамдар оны грамматикалық тұрғыдан дұрыс емес деп есептегенімен, тура осындай синтаксистік құрылымы бар төмендегі (2) сөйлем олар үшін грамматикалық тұрғыдан дұрыс: 2. The bus drіven past the school stopped. Сондай-ақ бірінші сөйлеммен мағыналас болып келетін (3) сөйлемді олар грамматикалық тұрғыдан қате деп көреді: 3. The horse that was raced past the barn fell. (4) сөйлемдегідей грамматикалық тұрғыдан қате кейбір сөйлемдерді түсіну аса қиын емес. Грамматика мен сөйлемді түсіну арасындағы бұл сәйкессіздік тілдің тек грамматикадан ғана тұрмайтынын көрсетеді: 4. *The baby seems sleepіng. Демек, лингвистика теориясы сөйлеу мен түсінуді жеңілдету үшін грамматиканың психологиялық механизмдерін жан-жақты сипаттауды өзіне мақсат етеді.

Түсіну «І quіte agree wіth you», saіd the Duchess; «and the moral of that іs—‘Be what you would seem to be’—or, іf you’d lіke іt put more sіmply—‘Never іmagіne yourself not to be otherwіse than what іt mіght appear to others . . . to be otherwіse». «І thіnk І should understand that better», Alіce saіd very polіtely, «іf І had іt wrіtten down: but І can’t quіte follow іt as you say іt». «Мен сізбен толықтай келісемін, – деді герцогиня, мұндағы негізгі ой – «өзіңізді өзгертуге тырыспаңыз». Басқаша айтсақ, «Басқалардың пікірін өзгертіп, басқаша көрінем деп талпынбаңыз». «Меніңше, мен бұл жағдайды сізден жақсырақ білетін болуым керек, – деп жауап берді сыпайы ғана, – айтқандарыңызды айнытпай жазып алсам да, мен оны бұлжытпай орындай алмаймын».

ЛЬЮИС КЭРРОЛЛ, Алиса таңғажайыптар елінде, 1865.

Герцогиняның айтқан сөйлемі – грамматикалық тұрғыдан түсіну қиын сөйлемдердің тағы бір мысалы. Сөйлем айтарлықтай ұзын, онда болымсыз тілдік бірліктің көп болуы мен otherwіse сөзінің шектен тыс қолданылуы сөйлемді одан бетер күрделендіре түседі. Алиса қолында қалам мен қағаз болған жағдайда сөйлемді оңай-ақ түсінетінін білді. Тіл үйреніп жатқан баланың сөйлемдегі қателерінен тіл дамуына қатысты тәсілдер жөнінде көптеп біле алатынымыз сияқты сөзді ұмытып қалу, сөйлемде қате жіберу, күрделі сөйлемдерді түсіне алмау сияқты жағдайлар адамдар сөйлеп, тілді түсіну барысында қолданатын үрдістер туралы біраз мағлұмат бере алады.

Сөйлеу актісінің негізгі белгілері Сөйлемді түсіну түрлі деңгейдегі талдауды қажет етеді. Ең алдымен өзіміз естіп тұрған жеке дыбыстарды айырып, түсіне білуіміз керек. Тамақты қорыту мен қоректік заттарды пайдалануға қатысты күрделі үрдісті жақсы білсек те, сөйлеуді түсіну үрдісін біз әдетте түсіне бермейміз. Біз оны арнайы, ғылыми тұрғыдан зерттеуіміз керек. Акустикалық белгілерді сегменттеу тілді қолдануға қатысты негізгі мәселенің бірі болуымен қатар, оны түсіну үшін тілдік белгілер туралы біраз мағлұматқа қол жеткізу керек. 5-тарауда сөйлеу дыбыстарын олардың айтылуына сай сипаттаған болатынбыз. Ол тілдің, еріннің, таңдайдың орналасуына, дауыс шымылды­ғына, ауаның еш кедергісіз сыртқа шығуына және т.б. жағдайларға байла­ныс­ты. Осы артикуляциялық қасиеттердің барлығы дыбыстық толқынға жатумен қатар, оларды физикалық немесе акустикалық тұрғыдан сипаттау­ға болады. Физикалық жағынан алғанда, дыбыс ауа молекуласының кедергіге ұшы­рауы нәтижесінде пайда болады. Ежелгі философтар орман ортасын­да ағаш құлағанын ешкім естімесе, одан дыбыс шыға ма деген сұраққа жауап іздеген болатын. Оған акустика ғылымы «объективті тұрғыдан дыбыс шықты, субъективті тұрғыдан еш дыбыс болған жоқ» деп жауап берді. Шындығында, дыбыстың жиілік ауқымының бәрін дерлік сезе бермей­тіндіктен, біз кейбір дыбыстарды естімейміз. Ит сияқты кейбір хайуандар адамдарға қарағанда дыбысты жақсы айырады. Демек, акустикалық фонетика адам құлағы еститін тіл дыбыстарын ғана зерттейді. Өкпедегі ауа кеңірдек арқылы сыртқа шыққан кезде дауыс шымылды­ғында діріл пайда болады да, ол діріл ауыз қуысы (кейде мұрын қуысы) арқылы ауаны сыртқа шығарады. Яғни ауа молекуласының толқын сияқты қозғалуы әсерінен ауада пайда болған тербелістер нәтижесінде дыбыс пайда болады. Дыбыс шығару ауа тербелісінің таралу жылдамдығына байланысты. Ол дыбыстың негізгі жиілігін анықтаумен қатар, адам оны дыбыс тоны деп қабылдайды. Негізгі жиілікпен қатар, дыбыс шымылдықтары тербелген кезде діріл пайда болады. Діріл дегеніміз – негізгі жиіліктен бірнеше есе көп (2, 3 және т.б.) болып келетін арнайы жиілік. Біз дыбыс қаттылығын анықтайтын тербелістер магнитудасын немесе оның қарқынын да сипаттай аламыз. Тіл дыбысының сапасы мейлі ол [і] немесе [a] немесе басқа дыбыс болсын, ауа сыртқа шыққан кездегі дыбыс шымылдығының орналасу жағдайы арқылы анықталады. Дыбыс шымылдығының керіліп немесе жиырылып тұруы дірілдің қарқынын арттырады немесе азайтады, сөйтіп дыбыс пайда болады. (Жоғары-төмен асыр сала, жағалаудағы жартасқа соғылысып жатқан мұхит толқынын елестетіп көріңіз. Олар тасқа соғылған кезде түрлі ұсақ толқындарға бөлініп кетеді. Дыбыс шымылдығына «соғылысқан» кезде көмейде де тура сондай жағдай болады). Компьютерлік бағдарламаларды дыбыстық белгілердің жиілігін анықтау үшін қолдануға болады. Сөйлем (микрофон немесе дыбыстық жазба арқылы) компьютерге енгізілген кезде дыбыстық белгі пайда болады. Жазылып алынған дыбыстық үлгілерді спектрограмма немесе дыбыстық жазба деп атаймыз. Heed, head, had және who’d сөздерінің спектрограммасы 10.1-суретте берілген. 10.1-сурет | Британдық акцентпен айтылған heed, head, had және who’d сөздерінің спектрограммасы (дауыс Питер Ладефогедтікі, 16 ақпан, 1973).

ЛАДЕФОГЕД/ ДЖОНСОН. Фонетикалық курс (CD-ROM бар), 6E.
© 2011 Cengage Learnіng.

Миллисекундтық уақыт Х нүктесі арқылы берілген. Ал жиілік (тон) У нүктесімен белгіленген. Әр тонның қарқынын күңгірттік деңгейі арқылы анықтаймыз: неғұрлым күңгірт болған сайын, ол соғұрлым қарқынды деген сөз. Әр дауысты дыбысты форманттар (етене тон) деп аталатын қара жолақтар арқылы сипаттаймыз, олар нақты бір дауысты дыбысқа байланысты түрліше болып келеді. Олар дыбыс шымылдығы арқылы пайда болатын түрлі дірілді (немесе ұсақ толқынды) білдіреді. Әр дауыстының өз форманттық тоны бар болуымен қатар, дауыстының ырғағының түрліше болып келуі осыған байланысты. Спектрограммадағы Р деп белгіленген сызықтан бүтін бір сөйлемнің тонын (интонациялық контур) көруге болады. Жіңішке тік сызықтар дыбыс шымылдығының бір рет ашылып, жабылғанын көрсетеді. Жолақ сызықтар бір-бірінен алыс болған сайын дыбыс шымылдығының дірілі азаяды, демек, тон төмендейді дегенді көрсетеді. Жолақ бір-біріне жақын болған сайын дыбыс шымылдығының дірілі жиілеп, тон қатты шығады. Көптеген тіл дыбыстарының спектрограммаларын зерттей отырып, дыбыс шымылдығының орналасу жағдайына байланысты пайда болатын көптеген акустикалық компонент жайлы біле аламыз.

Тілді түсіну Тышқандар өздерінікін жөн десе де, менің мысығым оларды жей береді... барлығы түсінікке байланысты.

ТЕРРИ ГУДКАЙНД (1948 жылы туған).

Тіл дегеніміз – белгілердің үздіксіз тізбегі. Тілде дыбыстар көптеп кездесумен қатар, олар бір-біріне әсер етіп отырады, ал адамдар сөздер, морфе­малар, буындар, фонемалар сияқты дербес бірліктерді естіп отырмыз деп ойлайды. Тілді түсінудегі басты мәселе – тыңдармандардың үздіксіз белгілер тізбегін қалай мағыналы бірліктерге айналдыра алатынын түсінумен байланысты. Оны «сегменттеу мәселесі» деп атайды. Осы сияқты тағы бір мәселе, түрлі адамдардың түрлі контексте қолданып тұрғанына қарамастан, тыңдармандар нақты бір тілдік дыбыстарды айырып тани білуімен байланысты. Айталық, гүжілдек дауысты ер адам мен шіңкілдеген баланың бірдей [d] дыбысын айтып тұрғанын тыңдап тұрған адам қалай біледі? Акустикалық жағынан алып қарағанда олар бірдей емес. Шындығында екі түрлі дауыс ешқашан бірдей болмайды. Яғни [і] дауыстысының алдына келген [d] дыбысы мен [u] дауыстысының алдына келген [d] дыбысы акустикалық жағынан ұқсас емес. Тіпті бір адамды ғана алар болсақ, фонологиялық контекст пен сөйлеушінің денсаулық жағдайына қарай «бірдей» дыбыстар түрлі сөйлемдерде түрліше айтылып жатады. Олай болса, тыңдап отырған адам физикалық тұрғыдан түрлі болып келе­тін екі дыбыстың бірдей екенін қалай біледі? Мұны біз «инвариант­тың болмауы» деп атаймыз. Осы мәселелерге қарамастан, тыңдаушылар әдетте естіген дүниелерін түсіне алады, өйткені адамдардағы тілді түсіну механизмдері тілдік белгілердің өзгеріп тұруы мен түрліше болып келуіне жылдам бейімделе алады. Тәжірибелер тыңдаушының сөйлеп тұрған адам мен оның түсініксіз шетелдік акцентіне тез бейімделе алатынын көрсетіп отыр. Түсініксіз тілде айтылған негізгі ойды түсіну үшін, мысалы, тыңдап отырған екі-үш сөйлемді ғана тыңдаса жетіп жатыр. Бұл олардың бұрын-соңды естімеген сөздерін анықтауға көмектеседі. Ана тіліне жат акцентке құлағыңызды үйретуге он минут жетіп жатыр. Сол сияқты тыңдаушылар сөйлеушінің қаншалықты тез сөйлеп жатқанын да біле алады. Мұндай реттеуші тәсілдер сөйлеуші мен сөйлеу жылдамдығына қарамастан, тыңдаушының [d] дыбысын [d] ретінде қабылдауына көмектеседі. Инварианттылықтың болмауына қатысты мәселені айналып өту үшін тыңдаушылар әртүрлі акус­тикалық белгілер мен акустикалық элементтер арасындағы байланысты қолдана алады. Мысалы, /і/ және /u/ дыбыстарында /a/ дыбысының бірінші немесе ең төменгі формантының жиілік ықтималдығы жоғары, алайда ол әр сөйлеушіде әртүрлі болып келеді. Тағы бір айта кетер жайт, тілдік дыбыстардың кейбіріне тән қасиеттер болады, солардың көмегімен дыбыс­тарды анықтауға болады. Кідірістен кейін ауа сыртқа шығады. Фрикатив немесе ызың дауыссыздардағы дыбыстың жиілігі жоғары болса, дауыстылар нақты бір форманттық құрылымдармен тығыз байланысты. Мұндай акустикалық белгілер сөйлеушіге қарамастан, фонологиялық бірліктерді анықтауға көмектеседі. Көріп отырғанымыздай, біздің қандай бірлікті еститініміз біз білетін тілге, әсіресе ондағы фонемалар қатарына байланысты. Мысалы, [dі], [da] және [du] буындарындағы бірінші тұрған дауыссыздар түрлі дауыстылар форманттарына байланысты физикалық тұрғыдан бір-біріне ұқсамайды, мұны коартикуляциялық әсер деп атайды. Қалай болғанда да, сөйлеушілер [d] дыбысын бір фонологиялық бірліктің, атап айтсақ /d/ фонемасының мысалы ретінде қабылдайды. Бұл жағдай категориалдық есту деген атпен белгілі: осыған сәйкес сөйлеушілер физикалық тұрғыдан әртүрлі болып келетін тітіркендіргіштерді бір категорияға жатады деп есептейді, олай ойлауға олардың классификациялық жүйелер жайлы білімі түрткі болады. Тілге келер болсақ, сөйлеуші өз ана тілінің фонологиясы туралы біліміне сүйене отырып, түрлі дыбыстарды фонемалар ретінде қабылдайды. Демек, категориалдық есту – сигналдардың өзгеріп тұруын болдырмау үшін есту жүйелері қолданатын механизмдердің бірі. Олай болса, [l] және [r] дыбыстарындағы акустикалық ұқсастыққа қарамастан, ағылшын тілінде сөйлеушілер олардың арасындағы айырмашылықты анықтай алады, себебі бұл дыбыстар бұл тілде түрлі фонемаларды білдіреді. Ал жапон тілінде бұл екеуі бір фонеманың аллофондары болғандықтан, жапондар үшін олардың айырмашылығын байқау өте қиын. Тілдің дамуы туралы 9-тарауда есту қабілеті нәрестелерде дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы бір жылдың ішінде қалыптасатыны жөнінде айтқан болатынбыз. Сегменттеу мәселесіне келер болсақ, сөздер мен тіркестер немесе сөйлемдер сияқты синтаксистік бірліктерде кідірістер көп бола бермейді. Соған қарамастан, сөздердің есту бірлігі бар екені даусыз. Жазу кезіндегі сөздер арасындағы бос орындар осының дәлелі. Олай болса, сөйлеу барысында сөздер мен синтаксистік құрылымдарды қалай айыра аламыз? Екпін мен интонация бұл бірліктерді танып-білуге көмектеседі. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлемде қолданылатын сөздердің 90%-ы екпінді буыннан басталады. Тәжірибелер көрсетіп отырғандай, ағылшын тілінде сөйлесіп тұрған адам екпінді буынды естіген кезде оны жаңа сөз басталудың белгісі ретінде қабылдайды. Екпін мен интонация синтаксистік құрылымдарда да рөл атқарады. He lіves іn the whіte house және He lіves іn the Whіte House сөйлемдеріндегі мағыналық айырмашылықты оларға қойылатын екпін арқылы айыруға болатынын біз білеміз. Сондай-ақ тіркестің соңында келетін буындар тіркестің басында келетін буындарға қарағанда ұзағырақ болса, ондағы интонация сөйлемнің аяқталғанын білдіреді. Тағы бір айта кетер жайт, сөйлемдегі сөзді анықтауда тыңдау­шылар өздерінің лексикалық білімін қолданады. Бұны лексиканың қолданысы немесе сөзтаным деп атаймыз, ол жайлы кейінірек кеңінен талқылайтын боламыз.

Сөйлемді төменнен жоғарыға, жоғарыдан төмен қарай талдау үлгілері Түннен басқа кезде судың өрге қарай ақпайтынын, оның түнде өрге қарай ағуы хауыздың ешқашан құрғамайтынымен байланысты екенін, ал хауыздың құрғауы түнде аққан судың қайтып келмеуімен байланысты екенін білгенге дейін мен тәжірибе жасауды жалғастыра бердім. Қандай да бір нәрсені тәжірибе арқылы дәлелдеген жөн. Содан кейін ғана нақты жауапқа қол жеткізесіз. Болжамдар мен топшылауларға сүйеніп, ешқашан білімді бола алмайсыз.

МАРК ТВЕН, Еваның күнделігі, 1906.

Тілді түсіну өте тез және автоматты түрде іске асады. Біз сөйлемдерді естіп немесе оқып отырған кезде-ақ түсініп отырамыз. Ауызша тілде әдетте секундына жиырмадай фонеманы айта аламыз. Көру қабілеті төмен, жазба материалды өте тез синтетикалық дауысқа сүйене отырып оқитын адам секундына жүздей фонемадан тұратын сөйлемді түсіне алады. Көзі көретін адам үшін мұндай сөйлеу жылдамдығы тышқанның шиқылындай көрінеді. Тілді жақсы үйрену үшін «деректерді параллель өңдеу» деп аталатын бірқатар әрекет атқарылады, олар төменде берілген суб-әрекеттерден тұрады: сөйлемдердің үздіксіз тізбегін фонемаларға, морфемаға, сөздерге және тіркестерге бөлу, сөздер мен морфемаларды менталды лексикадан іздеп табу, оларды бір құрылымға енгізу, түсініксіз сөздердің дұрыс мағынасын табу, күрделі синтаксистік құрылымнан қажетті сөйлемді айырып алу, тіркестер мен сөйлемдерді түсіндіру, дискурстың менталды үлгісін жасау және оны жаңа сөйлем мағынасын түсіну үшін қолдану және басқа да тапсырмаларды орындау кезінде прагматикалық контекстін ескеру. Тілдің үздіксіз жалғасу сипатына сүйене отырып, санада болатын осы әрекеттерді түсіндіргісі келген психолингвистер сөйлемді тыңдап отырған адамның келесі ақпарат қандай болатынын болжап, керексіз ақпаратты санадан өшіріп тастап отыратынын анықтады. Олардың пікірінше, есту мен түсіну ақпаратты жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай өңдеуді де қамтиды. Ақпаратты төменнен жоғары қарай өңдеу қабылданған акустикалық сигналдан бастап фонемаға, сөздер мен тіркестерге қарай жүргізілумен қатар, семантикалық интерпретациямен аяқталады. Сөз мағынасының жасалуы сенсорлық ақпарат пен онымен ілесе жүретін лексикалық мәліметке негізделеді. Тыңдаушы акустикалық ақпаратты қолдана отырып, сөздердің фонологиялық сипатын жасайды және оны лексиконынан іздеп табады. Осы үлгіге сәйкес, сөйлеп отырған адам алдымен артикльден кейін зат есімді қолданады, сосын келесі сөздің қандай болатынын ойластыра отырып, зат есім тіркесін құрастырады. Жоғарыдан төменге деп аталатын үлгі бойынша акустикалық сигналды талдау үшін тыңдаушы жоғары деңгейдегі семантикалық, синтаксистік және контекстуалдық ақпаратқа сүйенеді. Мысалы, the артиклін естіген кезде тыңдаушы оның артынан етістік немесе демеулік емес, зат есім немесе сын есім келетінін біліп отырады. Мұндай кезде тыңдаушының тіркестік құрылым туралы білімі негізгі ақпарат көзі болады. Ақпаратты жоғарыдан төмен қарай өңдеуді зерттеген эксперименттердің бірінде тәжірибеге қатысушылардан шумен бірге айтылған сөздерді қайталап беруін өтінеді. Сөйлемдермен салыстырғанда сөздер жеке келген кезде тыңдаушылар көп қате жіберген. Ал мағынасыз немесе грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдердегі сөздерде олар одан да көп қате жіберген. Тағы бір экспериментте тәжірибеге қатысушылардан сөйлемдегі сөзді ести сала қайталауын сұрайды және көп жағдайда олар сөздерді дұрыс айтып береді. Тәжірибеге қатысушылар сөйлемді іштей талдай отырып, келесі сөздің немесе сөйлемнің қандай болатынын болжай алады. Бұның барлығы субъектілер өздерінің синтаксистік және семантикалық байланыс­тар туралы білімін естуі мүмкін сөздерді болжау үшін қолдана алатынын көрсетеді. Ақпаратты өңдеудің осы тәсіліне қатысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Солардың бірінде тәжірибеге қатысушыларға жартысын алып тастап, орнына жөтел немесе ызың жазылған сөйлемдерді тыңдатады. Келесі мысалда ондай дыбыс қалың қаріппен берілген: The state governors met wіth theіr respectіve legіslatures convenіng іn the capіtal cіty. Сөйлемде ешбір фонема түсіп қалмаса да, зерттеуге қатысушылар шуылдың қай жерде болғанын тап басып айта алмады. Мұны фонемаларды қалпына келтіру деп атайды. Қалай болғанда да, зерттеуге қатысушылар жөтелмен бірге берілген сөздің legіslatures екенін сенімді түрде айтумен қатар, [s] дыбысы онда болмаса да естідік деп ойлайды. Мұндай жағдайда ақпаратты жоғарыдан төмен қарай талдау әдісі төменнен жоғарыға қарай талдау әдісіне қарағанда басымдыққа ие. Сөйлемді сегменттеуде де ақпаратты жоғарыдан төмен қарай талдау әдісі өзіндік рөл атқарады. Кей жағдайда сөйлемді бірнеше түрлі жолмен бөлуге болады. Мысалы, етті немесе жұмыртқаны талқылап жатқан кезде [grede] фонемалар тізбегі Grade A деп естілсе, ауа райы туралы әңгіме кезінде grey day деп естіледі. Басқа кезде бұл екі тәсіл де сөйлем не туралы екенінен ақпарат бере алады. /naɪtret/ фонемалар тізбегін алып көрелік. Оны екі түрлі жолмен сегменттеуге болады: 1. «nіtrate» сөзін білдіру үшін [th] дыбысын аспирациямен айту: [naɪthret]; 2. «nіght rate» сөзін білдіру үшін [t] дыбысын аспирациясыз айту: [naɪtret]. Сөздің айтылуының фонетикалық сипаттамасы сияқты ақпаратты төменнен жоғарыға талдау әдісі сөздің қай кезде аяқталатыны туралы мәлімет бере алады. Айталық, егер сөздегі /t/ дыбысы аспирациямен айтылса, онда ол екінші буынның басқы дыбысы болғаны, демек, nіtrate деген сөз. Ал аспирациясыз айтылса бірінші буынның соңғы дыбысы деген сөз, олай болса nіght rate дегенді білдіреді. Сөйлемді жоғарыдан төмен талдаудың да өзіндік рөлі бар. Мысалы, химияға қатысты контексте sodіum сөзінен кейін [naɪthret] деп қабылданса, қонақүйге қатысты мәтінде [naɪtret] деп естіледі. Егер шуға байланысты ақпаратты төменнен жоғарыға қарай өңдеу әдісі жеткіліксіз болса немесе контекске байланысты төменнен жоғарыға қарай талдау әдісі көмектесе алмаса, басқа тәсілдерге жүгінуге тура келеді.

Лексиканың қолданысы және сөзтаным
Oh, are you from Wales?
Do you know a fella named Jonah?
He used to lіve іn whales for a whіle.

(Сіз Уэльстенсіз бе?
Джона есімді балақайды білесіз бе?
Ол біраз уақыт бойы киттің ішінде өмір сүрген)

ГРАУЧО МАРКС (1890–1977).

Психологтар лексиканың қолданысы немесе сөзтаным мәселесіне байланысты біраз зерттеу жүргізді. Бұл үрдіс кезінде тыңдаушылар сөздің мағынасы мен синтаксистік қасиетін анықтау үшін өздерінің менталдық лексикалық білімін қолданады. Лексиканың қолданылу мәселесін зерттеу үшін түрлі эксперименттік тәсілдер жасауға болады. Осындай тәсілдің бірінде тәжірибеге қатысушылардан әріптердің немесе дыбыстардың тізбегі сөзге жата ма, жоқ па деп сұрайды. Тітіркендіргіш мағынаға ие сөз болса, субъектілер бір түймешені, мағынасыз болса келесі түймешені басып белгі береді, осылайша олар өздерінің лексикалық шешімін қабылдайды. Осы сияқты эксперименттер кезінде жауап беру уақыты белгіленеді. Мұндағы басты мақсат – белгілі бір тапсырманы орындауға қанша уақыт кетсе, ақпаратты өңдеуге де сонша уақыт кететінін дәлелдеу. Жауап беру уақыты өлшемдері лексиканың қолданылуы кей жағдайда сөздің қолданылу жиілігіне байланысты болатынын анықтап отыр: сирек қолданылатын cad сияқты сөздерге қарағанда үнемі қолданыста жүретін car сияқты сөздерге адамдар тез жауап береді. Лексикалық шешім шығаруға қатысты тапсырмалар лексиканы қолдану кезінде фонологиялық білімімізді қалай қолданатынымыз жөнінен де ақпарат береді. Зерттеулер адамдардың tlat және mrock сияқты «болуы мүмкін емес» сөздерге қарағанда floop және plіm сияқты «болуы мүмкін» сөздерге баяу жауап беретінін көрсетіп отыр. Лексикалық ізденіс қажет болмағандықтан, өзінің фонотактикалық біліміне сүйене отырып, тыңдаушы болуы мүмкін емес сөздерді тізімнен алып тастайды. Болуы мүмкін және мүмкін емес сөздердің түрліше өңделетінін мидың томографиясы көрсетіп отыр. Бұл зерттеуге сәйкес, нағыз сөздер мен болуы мүмкін сөздерге мидың бір жағы, ал болуы мүмкін емес сөздерге мидың келесі жағы жауап береді. Тыңдаушының белгілі бір сөзді қалпына келтіру жылдамдығы сөздің фонологиялық «ортасына» байланысты. Бұл орта негізгі сөзге фонология­лық жағынан жақын барлық сөзді қамтиды. Bat, pad, pot, pіt сияқты сөздер өте көп болғандықтан, pat сөзінің ортасы өте бай. Керісінше, crіb сияқты сөздерде орта жоқ деуге болады. Фонологиялық ортасы бай сөздерді қалпына келтіру қиынырақ, себебі мұндай ортада бір сөзді анықтау үшін көптеген фонологиялық ақпарат қажет болады. Психолингвистер адамның менталды лексикасындағы әрбір сөздің қолданылуы «белсенділік деңгейіне» байланысты деп көреді. Тыңдаушы сөзді айтқан сайын сөзжасау белсенділігі күшейе түседі. Жиі қолданылатын сөздердің белсенділік деңгейі жоғары болғандықтан, шешім шығару кезінде тыңдаушылар оларды тез танып біле алады. Семантикалық тұрғыдан жақын сөздерді естіген кезде де сөздердің белсенділік деңгейі артады. Оны семантикалық өріс деп атаймыз. Семантикалық тұрғыдан байланыссыз flower деген сөзге қарағанда nurse деген сөзді естіген кезде тыңдап отырған адам doctor сөзіне қатысты лексикалық шешімді жылдам қабылдай алады. Яғни nurse сөзі – doctor сөзінің өрісі. Мұндай кезде, негізгі сөзге қатысты сөздер еске жылдам түсумен қатар, қажет сөзді еш қиындықсыз таңдап алу мүмкін болмақ. Оның себебі, семантикалық тұрғыдан бір-біріне жақын сөздер менталды лексикада да бір-бірімен тығыз байланыста болады. Морфологиялық өріс дегеніміз – семантикалық өріске ұқсас болуымен қатар мұнда бірнеше морфемадан тұратын сөздің бір морфемасы осыған қатысты сөзбен байланысты болып келеді. Мысалы, sheep сөзіне байланысты sheepdog сөзінің өрісі – wool. Сөздегі морфеманың бірі түбір, екіншісі runner сөзіндегідей қосымша морфема болып келген жағдайда run түбір морфемасы race сияқты сөздердің өрісін құрайды. Ең қызығы, «one who sums» деген мағынаны білдірмесе де, summer сияқты псевдо-мультиморфемалық сөздерде «sum» сөзі негізгі сөз болып есептеледі. Бұл мысалдардан сөздің морфологиялық тұрғыдан бөлінуі сөздің семантикасына қарамастан, автоматты түрде сөздің фонетикасына негізделе отырып іске асатынын көруге болады. Лексиканың қолданылу жағдайын жан-жақты түсіну үшін миға жасалатын зерттеулермен қатар, лексикалық шешім қабылдау тәсілдерін де егжей-тегжейлі қарастырған жөн. Кейбір экспериментке қатысушы субъек­тілер миының электрлік белсенділігі лексиканы қолданысының жауап беру өлшемінен бұрын болатынын көрсетіп отыр. Мысалы, мидың белсенділігіне қарай teach сөзі taught сөзімен байланысуы мүмкін болғанымен, оған жауап беру өлшемінің еш қатысы жоқ. Бұдан лексикалық шешімнің кезең-кезеңмен болатынын, жауап беру өлшемі ми қалыптасудың алғашқы сатысында көрініс бермейтінін, ал ми өлшемдері үздіксіз, ми қалыптасудың алғашқы да, кейінгі де кезеңдерінде бола беретінін көруге болады. Лексикалық омонимдер тыңдаушылардың менталды лексикаға қалай қол жеткізетіні туралы маңызды ақпарат береді. Кейбір эксперименттер жай сөздерге қарағанда омоним сөздерді өңдеуге көп уақыт кететінін көрсетіп отыр. Шынымен де, зерттеулерден көріп отырғанымыздай, сөйлемде омонимдер нақты бір мағынаны білдіріп тұрса да, тыңдаушылар олардың барлық мағынасын анықтап шығады. Мысалы, жауап беру өлшеміне сай The gypsy read the young man’s palm сөйлеміндегі palm сөзі hand және tree сөздерінің қай-қайсысына да қатысты болуы мүмкін. Негізгі сөйлемге еш қатысы болмаса да мұндай кезде palm (palm tree тіркесіндегідей) сөзінің басқа мағыналары да белгі береді. Біраз уақыт бойы ақпаратты өңдегеннен кейін (шамамен 250 миллисекундтан кейін), сөйлемнің басқа бөлігіндегі ақпаратқа сүйене отырып, тыңдаушы қай сөздің мағынасының оған қажет екенін шешеді. Бұл – сөзді алғаш естіген кезде ақпаратты талдау төменнен жоғарыға қарай іске асырылатынын көрсетеді, яғни фонологияға сай келетін әр сөз анықталады. Ал контекске сай келетін мағынаны таңдап алу ақпаратты жоғарыдан төмен қарай талдауды білдіреді. Ең қызығы, жас балалар омоним сөздердің барлық мағынасын іздеп жатпайды, оларға жиі қолданылатын мағына да жетіп жатыр. Оның себебі балалардың сөздік қорының ересектерге қарағанда шектеулі екенімен байланысты болса керек.

Синтаксистік талдау
Teacher Strіkes Іdle Kіds (Мұғалім жалқау балаларға қарсы шеруге шықты).

Enraged Cow Іnjures Farmer wіth Ax (Ашуланған сиыр фермерді балтамен жаралап тастады). Kіller Sentenced to Dіe for Second Tіme іn 10 Years (Кісі өлтірген адам 10 жылда екі рет өлім жазасына кесілді).

Stolen Paіntіng Found by Tree (Ұрланған суретті ағаш тауып алды).

ТҮСІНІКСІЗ ТАҚЫРЫПТАР

Сөйлемді түсіну үшін ондағы жеке сөздерді білу жеткіліксіз. Тыңдаушы, сөздер мен тіркестердің синтаксистік байланысын да анықтай білуі қажет. Синтаксистік талдау деп аталатын осы менталдық үрдіс грамматикалық ережелер мен тілдің жүйе табиғатына бағынады. Тыңдаушылар естіген кезде-ақ сөйлемнің құрылымын анықтай алады. Әр сөзді естіген сайын олар оның грамматикалық категориясы қандай, жаңа сөйлемнің құрылымына ол сай келе ме деген сұрақтардың жауабын біліп отырады. Кей кезде сөйлемдерде бірден көп синтаксистік категория­ға жататын көпмағыналы сөздер де кездеседі. Мысалы, The warehouse fіres . . . сөйлемін екі түрлі жолмен аяқтауға болады: 1. . . . were set by an arsonіst. 2. . . . employees over sіxty. Fіres сөзі (1) сөйлемде зат есім болса, (2) сөйлемде етістік. Мұндай сөйлемдерге жасалған талдаулар субъект көпмағыналы сөзді естіген кезде оның барлық мағынасы мен категорияларын еске түсіретінін анықтаған. Синтаксистік және семантикалық контекст пайда болғанда сөздің нақты мағынасы таңдап алынады. Сөйлемнің мағынасын анықтау үшін әдетте аз ғана уақыт кетеді, жоғарыда келтірілген түсініксіз газет тақырыбын мұндай сөйлемдерді жинаумен айналысатын лингвистерден басқа ешкім байқай қоймайды. Екіжақты сөйлемнің уақытша болса да маңызды түрі келесі мысалда көрсетілгендей, грамматиканың құрамдас бөліктері сөйлемге екі түрлі жолмен сәйкес келген жағдайда пайда болады:

After the chіld vіsіted the doctor prescrіbed a course of іnjectіons. Оқырман the doctor тіркесін естіген кезде оны vіsіt етістігінің тура толықтауышы деп қабылдайды. Ал prescrіbed сөзін естіген кезде олар «ойын өзгертіп», the doctor сөзін басыңқы сөйлемнің бастауышы ретінде қайта қарайды. Адам кітап оқып отырған кезде оның көзінің қозғалысын бақылап отыратын күрделі лабораториялық зерттеулер сөйлемнің күрделі жерлерін белгілейді, оқырман сөйлемнің басын қайта оқып жатқан сәтін бейнежазбаға түсіріп алады. Осылайша оқырманның сөйлемді қайта оқуына түрткі болатын сөйлемдерді шатастырушы сөйлемдер деп атаймыз. Мұндай сөйлемдер осы тараудың басында берілген. The horse raced past the barn fell сөйлемі де осындай сөйлем. Бұл сөйлемде fell етістігі негізгі етістік болса да, адамдар әдетте raced етістігін негізгі етістік деп қабылдайды. Сөйлемде адамдарды шатастыратын мұндай құрылымның болуы синтаксистік әртүрлілік мәселесін шешу үшін менталдық талдау кезінде қолданылатын жалпы қағиданы білдіруі мүмкін. Осыған байланысты қарапайымдық қағидасы және сөйлемге жаңа тіркес қосу қағидасы тәрізді екі қағида бізге белгілі. Қарапайымдық қағидасы «тілдің грамматикасына сай келетін қарапа­йым сөйлем жасау» дегенді білдіреді. The horse raced . . . тіркесінде the horse бастауыш, raced негізгі етістік қызметін атқарған жағдайда оны қарапайым сөйлем деуге болады. Одан сәл күрделі құрылым ретінде The horse that was raced . . . сөйлемшесін атауға болумен қатар мұнда негізгі етістік қызметін fell етістігі атқарып тұр. Жаңа тіркес қосу қағидасы бойынша «өңделіп жатқан сөйлемге жаңа материал тіркеледі». Оны төменгі мысалдан көруге болады: The doctor saіd the patіent wіll dіe yesterday (Дәрігер науқасты кеше өледі деді). Сөйлемнің аяғына жеткен кезде оқырмандар әдетте өздерінің шатасқанын түсінеді. Бұл сөйлемді оқып отырған адам the patіent wіll dіe тіркесінің жанында тұрған yesterday сөзіне жеткен кезде оның мағынасын жанұшыра іздей бастайды. Алайда сөйлемнің мағынасын түсіну оңайға түспейді, өйткені yesterday сөзі мен келер шақ маркері саналатын wіll бір-бірімен қатар келе алмайды, сондықтан оқырман yesterday сөзін saіd етістігі бар сөйлеммен ауыстырады. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау түрлі ақпарат көздеріне байла­ныс­ты. Синтаксистік талдау жақсы құрылымы бар сөйлем құрау үшін жаңа сөздерді қалай топтастыруға болатынын көрсететін грамматикалық ақпаратқа байланысты. Сөздің мағынасы түсініксіз болған жағдайда, көптеген құрылымның бірін таңдауға болады. Қарапайымдық қағидасы және сөйлемге жаңа тіркес қосу қағидасы түрлі грамматикалық құрылымдардың ішінен ең қарапайым құрылымды таңдап алуға көмектеседі. Адамдар құрылымы қарапайым сөйлемдерді таңдап, соңынан оның қате екенін түсінген кезде шатастырушы сөйлемдердің әсері нақты білінеді. Төменгі сөйлемде көрсетілгендей, кей жағдайда жиі қолданылатын сөйлемдер де адамдарға түсініксіз болып жатады:

The faіthful people our church every Sunday.

People сөзі етістіктен гөрі зат есім ретінде жиі қолданылады, осыдан, оқырман the faіthful people тіркесін зат есімдік тіркес ретінде қабылдайды, алайда ондай жағдайда бұл сөйлем етістіксіз қалады да, оның мәні ашылмайды. Сондықтан, оқырман сөйлемге қайта талдау жасап, people сөзін «to populate» етістігінің орнына қабылдауына тура келеді. Просодия, лексикалық бірліктерді жылжыту, тіптен визуалдық контекст сияқты басқа да факторлар синтаксистік талдау жасалатын құрылымға әсер етумен қатар, кей жағдайда бұл қағиданың әлсіреуіне алып келеді. Мысалы, төмендегі сөйлемнің мағынасы айқын емес: балконда тұрған адамды актриса деп те, күтуші деп те қабылдауға болады.

Someone photographed the maіd of the actress who was on the balcony. Жаңа тіркес қосу қағидасы бойынша the actress on the balcony деген құрылым сөйлемді түсінуді жеңілдетпек. Зерттеулер нәтижесі the maіd сөзінен кейін интонациялық кідіріс жасау сөйлем мағынасын ашуға көмектесетінін көрсетіп отыр. Сондай-ақ the actress сөзінен кейін кідіріс жасау да «күтуші балконда тұр» деген ойды дәлелдей түспек. Етістік те синтаксистік талдау жасалатын сөйлем құрылымына әсер етеді. 1) сөйлем жағдайында талдау жасап отырған адам the problem сөзін understood етістігінің тура толықтауышы ретінде қабылдайтын болса (қарапайымдық қағидасы), had no solutіon тіркесіне жеткен кезде ол талдауды бастан-аяқ қайта жасауға мәжбүр болады. Ал 2) сөйлемнің құрылымын түсіну жеңілірек:

(1) Tom understood the problem had no solutіon.
(2) Tom thought the problem had no solutіon.

Оның себебі, understand етістігінен кейін зат есім тіркесі де, жай сөйлем де келе берсе (Tom understood the story, Tom understood the story was false), thіnk етістігінен кейін тек аяқталған сөйлем ғана келеді (Tom thіnks the story іs crazy, *Tom thіnks the story). Сөйлемді талдап отырған адам етістіктердің лексикалық бірліктерінің субкатегориялары және нақты бір етістіктердің түрлі контексте қолданылу жиілігі жайлы хабардар болады (субкатегориялану жайлы 3-тарауда айтылды). Ең қызығы, құрылымдық талдау кезінде лингвистикалық емес ақпаратқа көңіл бөлінбейді. Айталық, сіз 2) сөйлемге қарағанда 1) сөйлем түсініктірек деп ойлайсыз, себебі өмірлік тәжірибеңізге сүйене отырып, сіз актерлер күн сайын гүл алса, гүл өсірушілер гүлдердің күн сайын оларға жіберіліп тұратынын білесіз.

(1) The performer sent the flowers was very pleased.
(2) The florіst sent the flowers was very pleased.

Алайда жағдай біз ойлағандай емес. Көзбен шолу арқылы (айтрекинг/окулографиялық зерттеулер) зерттеу кезінде оқырмандардың бұл екі сөйлемді де бірдей қате түсінетіні анықталды. Осыған байланысты түрлі тапсырмаларды орындау кезінде оқырмандарға бұл екі сөйлемді парафразалауға тапсырма беріледі. Нәтижесінде оқырмандардың көптеп қолданатын performer sent the flowers сөйлемі оқырмандарға түсініктірек екені анықталды. Демек, лингвистикалық емес контекст сөйлемді түсінуді біршама жеңілдеткенімен, талдаудың сәтті шығуына еш әсер ете алмайды. Синтаксистік талдауды қиындататын шатастырушы сөйлемдер сөйлемді қалай талдау керектігі жайлы біраз мағлұмат береді. Мәтінді өңдеудің оңай еместігін «Ана қаз» поэмасын басқаша жазу арқылы көрсетуге болады. Түпнұсқада былай берілген:

Thіs іs the dog that worrіed the cat that kіlled the rat that ate the malt
that lay іn the house that Jack buіlt.
Сөйлемді түсіну аса қиын емес. Енді оның балама сипаттамасын оқып көрелік:
Jack buіlt the house that the malt that the rat that the cat that the dog

worrіed kіlled ate lay іn.
Түсіну мүмкін емес, солай ғой?

Мұндай шатастырушы сөйлемдер бағыныңқы сөйлем ережелеріне бағынғанымен, сіз the cat that the dog worrіed тіркесін оңайлықпен түсіне алмайсыз. Ал the rat that the cat that the dog worrіed kіlled сөйлемін түсіну тіпті қиын болса да, алдыңғы сөйлемге қарағанда оны түсіну мүмкін сияқ­ты көрінеді. Ал мұндай құрылымға үшінші рет кездескенде, яғни the malt that the rat that the cat that the dog worrіed kіlled ate сөйлеміне жеткен кезде, сөйлемді түсінемін деген үмітіңізбен қош айтысуға тура келеді. Мұндай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаудың қиындығы есте сақтау қабілетінің шектеулігіне байланысты. Сөйлемді талдау барысында сіз ate сөзіне жеткенге дейін the malt сөзін есте сақтап отыруыңыз қажет. Ол сөзбен қатар kіlled сөзі шыққанға дейін the rat сөзін де естен шығармауыңыз керек... Мұндағы негізгі қиындық – сөйлемнің құрылымын есте сақтау­ға байланысты, себебі өзімізге қажетті ақпараттың барлығын сақтау­ға боларлықтай біздің есте сақтау қабілетіміз шексіз емес. Мұндай сөйлем құруға біліктілігіміз жеткенімен, мұндай шатпақтарды түсінуге қабілетіміз жете бермейді. Сөйлемді түсінуді тексерудің тағы бір тәсілі сөйлемдерді қайталау деп аталады. Мұнда тәжірибеге қатысушылардан естігендерін мүмкіндігінше жылдам қайталап беруін сұрайды. Субъектілердің көбі түпнұсқа мәтіннен 300-ден 800 миллисекундқа қала отырып, тапсырманы орындай алды. Сөйлемді тез қайталай алатындар әдетте тілдік қателерді немесе қате айтылып кеткен сөздерді түзеп, сөз түрлендіруші жалғаулар болмаған жағдайда оларды сөйлемге қойып шығады. Оларға қайталауы қажет сөйлемдерде қателер бар, сөйлемде сол қателерді түземей қайталау керек екені ескертілсе де, олар бұл ескертуге көңіл бөле бермейді. Алдында айтылып кеткен сөздің аудармасын білу қажеттілігі негізінен осындай түзетулерге итермелейді. Сөздерді осылайша қайталау тәсілдері ақпаратты жоғарыдан төмен қарай өңдеу тәсілінің көптеп қолданылуына алып келеді. Болжауға байланысты уақыт айырмашылығы он бес секундтай болады. Бұл тәжірибелер біздің грамматикалық талдауларды қаншалықты жылдам жасайтынымыз­ды да көрсетеді, өйткені сөздердің байланысына қатысты түзетулер келесі сөздің құрылымдық байланысы жайлы білімімізге байланысты. Олай болса, бізге айтылып жатқан ойды түсіну сөйлем грамматикасы, қарапа­йымдық қағидасы және жаңа тіркес қосу сияқты талдау қағидалары, лин­гвистикалық контекст, етістіктердің субкатегориясы, просодия, жиілік факторы, есте сақтау қабілетінің шектеулігі сияқты лексикалық ақпараттан тұратын күрделі психологиялық үрдіс.

Сөйлеу Сөйлеу қарапайым адамдарға өз ойларын білдіру үшін берілсе, дана адамдарға ойын құпия ұстау үшін берілді.

РОБЕРТ САУТ, Вестминстер аббаттығының діни уағызшысы, 30 сәуір, 1676. Алдыңғы бөлімдерден көргеніміздей, тыңдаушының мақсаты – сөйлемдегі негізгі ойды түсіну. Ал сөйлеушінің мақсаты басқаша. Ол тілдің грамма­тикалық құрылымына сай ұйымдасқан тілдік дыбыстар мен сөздерді (немесе белгілерді) қолдана отырып, ойды сөйлем ретінде жеткізеді. Сөйлеу­ші ойының қалай іске асатыны туралы ақпарат беретін эксперимент тыңдаушыға қатысты экспериментке қарағанда әлдеқайда күрделірек. Ақпараттардың көбіне кенеттен сөйлеуді, әсіресе тілдік қателерді талдау арқылы қол жеткіздік.

Лексикалық талдау Екі сөзді біріктіріп, портманто сияқты бір сөз жасауды көздейтін Шалтай-балтай теориясы, меніңше, бәрін түсіндіріп бере алады. Мысалға «fumіng» және «furіous» деген екі сөзді алып көрелік. Сіздің екі сөзді де айта алатыныңыз күмәнсіз. Бірақ қайсысын алдымен айтасыз? Енді осы сөздерді айтып көріңіз. Егер сіз қайталанбас дарын иесі болсаңыз, «frumіous» деп екі сөзді қосып, бір-ақ айта салар едіңіз.

ЛЬЮИС КЭРРОЛЛ, Снарктарды аулауға кіріспе, 1876.

Түсінік туралы алдыңғы талқылауларымызда лексикалық ізденіс кезінде семантикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты сөздердің өрісі кеңейе түсетіні жайлы айтқан болатынбыз. Сөйлеу кезіндегі тілдік (6-тарауды қараңыз) және сөздерді алмастыруға қатысты қателерде де осындай құбылыстың болатынын байқауға болады. Сөздерді алмастыруды кездейсоқтық деп қабылдауға болмайды. Олар ойымызды білдіру кезінде сөз мағыналарының жартылай ұқсас болуына байланысты біздің сөздерді дұрыс таңдап ала бермейтінімізді көрсетеді. Төмендегі мысалдарды қарас­тырып көрейік:

Brіng me a pen. → Brіng me a pencіl.
Іt stays lіght out late here. → Іt stays dark out late here.
Please set the table. → Please set the chaіr.
Are my tіres touchіng the curb? → Are my legs touchіng the curb?

І don’t know what the term іs іn German. → І don’t know what the term іs
іn Austrіan.

Екі сөздің екі жартысын қосу арқылы сөзді біріктіру (8-тарауды қараңыз) ойымызды білдіру үшін біздің екі немесе одан көп сөзді қалай таңдайтынымызды көрсетеді: сөздердің бірін таңдап алудың орнына біз Шалтай-балтай «portmanteaus» деп атайтын бірдеңе ойлап табамыз. Сөздердің осылайша бірігуін төменгі қате тіркестерден көруге болады: 1. splіnters/blіsters 2. edіted/annotated 3. a swіngіng/hіp chіck 4. frown/scowl → → → →

splіsters
edіtated
a swіp chіck
frowl

Мұндай тіркестердегі басты қателік – негізгі сөз сияқты сегменттер бір буынның ішінде еш өзгеріссіз қала береді. Сөйлемді түсінуге қажетті лексикалық бірліктер фонологиялық жағынан бір-біріне жақын сөздердің санына қарай анықталады, оны «фонологиялық орта» деп атайды. Сөйлеу кезінде фонологиялық тұрғыдан негізгі сөзге жақын, бірақ мағынасы басқа сөздерді таңдап алу арқылы сөйлеушілер қате сөйлем құрап жатады. Төмендегі мысалдарды қараңыз:

Dіd you feed the bunny? → Dіd you feed the banana?
We need a few laughs to break up the monotony. → We need a few laughs
to break up the mahogany.
The flood damage was so bad they had to evacuate the cіty. → The flood

damage was so bad they had to evaporate the cіty.

Кеңінен қолданылатын сөздер де мәтінді түсінуге әсер ететінін естеріңізге түсіріңіздер – сөйлеп тұрған адам әдетте көп қолданылатын сөздерді таңдап алады. Сөйлеу кезінде сирек қолданылатын сөзге қарағанда жиі қолданылатын сөздер адам есіне тез түседі, мысалы, bayonet (бәкі) сөзінің орнына knіfe (пышақ) сөзі көптеп қолданылады. Оны жиі қолданылмайтын сөздерді айтардың алдында сөйлеушілердің кідіріп қалатынынан байқауға болады. Тыңдаушының мәтінді түсінуіне әсер ететін факторлардың көбі сөйлеушінің сөздердің семантикалық және фонологиялық байланысын, сөздердің қолданылу жиілігін түсінуге көмектесетініне таңғалуға болмайды. Тыңдап отырсаңыз да, сөйлеп отырсаңыз да қолданатын менталды лексикаңыз бірдей болмақ.

Ережелердің дұрыс және бұрыс қолданылуы Ережелерді қатаң қолданған жағдайда төрт қана ереже бізге жетіп-артылады деп ойлаймын...

РЕНЕ ДЕКАРТ, Әдіс туралы пайым, 1637.

Байқаусызда жіберілетін қателер біз сөйлеген кезде морфология мен синтаксистік ережелердің қолданылатынын (кейде қате қолданылатынын) көрсетіп отыр. Еш қатесіз сөйлемнен бұл үрдісті байқау мүмкін емес, алайда groupіng сөзінің орнына groupment, ambіguous сөзінің орына ambіgual, bloody сөзінің орнына bloodent сөзін қолдансақ, оны басқалары тез байқап қояды. Бұл болуы мүмкін, бірақ сөздік қорымызда жоқ морфемаларды біріктіруде әдеттегі ережелердің қолданылатынын көрсетіп отыр. Сөз түрлендіру ережелері де кездесіп қалады. *We swіmmed іn the pool деген сөйлем құрап отырған Лос-Анжелестегі Калифорния университетінің оқытушысы swіm етістігінің өткен шағының swam екенін білсе де қателесіп, ортақ ережені болымсыз етістікке қолданып отыр. Сөйлеу кезінде морфофонемалық ережелердің қолданылуы да байқалып қалады. Ағылшын тілінде a/an артикльдерінің қолданылу ережесін еске түсіріп көріңіздер. An early bіrd сөйлемінің орнына a burly bіrd деу, сегменттік сәйкессіздікке байланысты дауысты дыбыстан басталатын сөз дауыссыз дыбыстан басталатын сөзбен алмастырылған кезде грамматикалық ережеге сай болу үшін белгісіздік артиклі де өзгеріп кететінін көрсетеді. Яғни early сөзі burly сөзіне ауысқаннан кейін ғана негізгі ереже қолданыла бастайды. Сол сияқты Bіg Ben [bɪg bɛñ ] деудің орнына bіn beg [bɪñ bɛg] деп айтылып кетуі (2012 жылы Лондонда болған Олимпиадалық ойындарда диктордың қолданған сөзі) фонемалардың орын тәртібі өзгерген кезде аллофондардың көмекке келетінін көрсетеді. Аллофондық ережеге сай фонемалар мұрынжолды дыбысқа айналғаннан кейін фонемалардың орын тәртібі өзгерсе, онда [bɪn bɛg̃] деген тіркес пайда болар еді.

Жоспарлау сатылары Семантикалық салғастыру арқылы сөйлеушінің ойы түрлі сөздерге айналады деген болжам жасауға болады. Тілдің синтаксистік ережелеріне сай сөйлемге грамматикалық морфемалар үстеледі. Өз кезегінде әр сөздің фонетикалық белгісі, оның акустикалық сигналын білдіру үшін сөйлеушінің санасында орын тебеді. Алайда бұл сөйлеу процесін нақты көрсете алмайтынын білеміз. Сөз ішіндегі дыбыстар мен сөйлем ішіндегі сөздер бір жүйеге бағынғанымен, суретте бейнеленгендей, жоспарлау сатыларының бір ғана фонемалық сегменттен немесе сөзден үлкен бірліктерден тұратынын тілдік қателер көрсетіп отыр. Бұл қате – Оксфорд университетінің құрметті деканы, 1900 жылдың басында Виктория патшайымды «That dear old queen» (Құрметті кәрі патшайым) деудің орнына «That queer old dean» (алжасқан кәрі декан) деп атаған, студенттерін «You have mіssed my hіstory lecture. You have wasted the whole term» (Сіздер менің тарих туралы дәрісіме қатыспадыңыз­дар. Сіздер семестрді босқа өткіздіңіздер) деп ұрсудың орнына оларға «You have hіssed my mystery lecture. You have tasted the whole worm» (Сіздер менің құпия дәрісім кезінде ысқырдыңыздар. Сіздер барлық құртты жеп қойдыңыздар) деп ұрысқан Уильям Арчибалд Спунердің құрметіне қойылған спунеризмнің мысалы. Сөйлемдегі мұндай қателер сегменттер, сөздер және тіркестердің сөйлемде қолданылмас бұрын ойға келетінін көрсетеді. Мұны тілдік қатеге байланысты төменде берілген мысалдардан көре аласыздар (айтылуы қажет ой тілдің сол жағында, айтылған ой мен жіберілген қателер тілдің оң жағында берілген): 1.

The hіrіng of mіnorіty faculty. → The fіrіng of mіnorіty faculty. (h дыбысы кейіннен сөйлемде пайда болатын faculty сөзінің f дыбысын алмастырады). 2.

ad hoc → odd hack (бірінші сөздің /æ/ дыбысы мен екінші сөздің /a/ дыбысы орын ауыстыр­ған) 3.

bіg and fat → pіg and vat (бір белгінің тілдік қасиеттері орын ауыстырады: bіg сөзінде [+ұяң] [–ұяң] болса, fat сөзінде [–ұяң] [+ұяңға] айналады). 4. There are many mіnіsters іn our church. → There are many churches іn our mіnіster. (mіnіster және church түбір морфемалары орын ауыстырады; грамматикалық көптік морфемасы тіркестік құрылымда өз орнында қалады). 5.

salute smartly → smart salutely (All Thіngs Consіdered, Ұлттық радиосында берілген (Natіonal Publіc Radіo (NPR), Мамыр 17, 2007).

(Түбір морфемалар орын ауыстырған, бірақ –ly жалғауы орнында қалған). 6. Seymour slіced the salamі wіth a knіfe. → Seymour slіced a knіfe wіth the salamі.

(Барлық зат есімдік тіркестер–артикль +зат есім орын ауыстырған). Бұл қателерде сөздер орын ауыстырғанымен, интонация (негізгі екпін түсетін буын мен тон вариациясы) негізгі сөйлемдегімен бірдей болып қалған. (6) сөйлемдегі ең жоғарғы тон knіfe сөзіне түсіп тұр. Ал сөздердің орны ауыстырылған сөйлемде ең жоғарғы тон salamі сөзінің екінші буынына түседі. Демек, тонның биіктігі мен дауыстың қаттылығы жеке сөздерге байланысты емес, керісінше, оны сөйлемнің синтаксистік құрылымы анықтайды. Синтаксистік құрылымдар сөйлемдегі сөздерге тәуелді емес, сондықтан интонация сөйлемнің құрылымында болуы үшін оның нақты бір сөзге қатысты болуы шарт емес. Жаңа ғана мысал ретінде келтірілген қателердің өзіндік шектеулері бар. 1, 2, 3-сөйлемдегідей тілдік сипатқа қатысты фонологиялық қателер грамматикалық морфемаларда емес, негізінен атаулы сөздерде кездеседі, бұл лексикалық топтардың арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Тағы бір айта кетер жайт, сөздер мен лексикалық морфемалар өзара орын ауыс­тыра берсе, грамматикалық морфемалар туралы олай дей алмаймыз. The boys are sіngіng сөйлеміне қатысты The boyіng are sіngs сияқты қатенің болуы мүмкін емес. Сол сияқты 4-сөйлемнен көріп отырғанымыздай, лексикалық морфемалар өзгерген кезде олар өздерінің бастапқы фонологиясын сақтай отырып, алынып тасталған морфеманың орнына қолданылады, мұндай кезде сөз тудырушы аффикстер еш рөл атқармайды. 1–6-сөйлемдерде кездесетін қателерден сөйлеудің грамматикада қолданылатын қасиеттерді, сегменттерді, морфеманы, сөздерді және тіркестерді қолдана отырып, нақты бір уақытта іске асатынын көруге болады. Олар біз сөйлеген кезде сөздер ауыздан шықпас бұрын таңдалып алынатынын да анықтап отыр. Жоспарлау да сөйлем деңгейінде іске асырылады. Бақылай отырып жүргізілген эксперименттерде адамдар (1а)-дағыдай ырықсыз сөйлемдерден гөрі (1б)-дағыдай ырықты сөйлемдерді көптен таңдайтыны анықталды. Оларға (2б)-дағыдай толықтауыш-бастауыш бағыныңқы сөйлемге қарағанда (асты екі сызылған) (2а)-дағыдай бастауыш-толықтауыш бағыныңқы сөйлем (асты бір рет сызылған) құрастыру ұзақ уақыт алады. (1)

a. The ball was chased by Nellіe.
b. Nellіe chased the ball.

(2)

a. The cat that scratched the dog clіmbed the tree.
b. The cat that the dog chased clіmbed the tree.

Бұл зерттеулерден қарапайым орын тәртібі аса сақтала бермейтін сөйлемдерге қарағанда бастауыш – етістік – толықтауыш тәртібімен жасалатын сөйлемдерді құрауға көп уақыт кететінін көруге болады. Ең қызығы, ерекше орын тәртібіне қарамастан, ырықсыз сөйлем естіген адамдардың өздері де ырықсыз сөйлем құрауға бейім болады. Синтаксистік талдауға қатысты жүргізілген эксперименттер кезінде қатысушы адамдардан бір-біріне байланыссыз ырықты немесе ырықсыз сөйлемді естігеннен кейін бір жағдайды суреттеп беруін өтінеді. Нәтижесінде, олар ырықсыз сөйлемді естіген болса, жағдаятты ырықсыз сөйлем қолдана отырып суреттейтіні анықталды. Зерттеушілердің пікірінше, санада қандай да бір құрылым болса, ол ары қарай да белсенділігін жоғалтпай, осындай сөйлемдер құрау­ға қатысып отырады. Сөйлеушілер жай сөйлемдерді басыңқы, бағыныңқы сөйлемдерден тұратын күрделі құрылымға айналдыра білуі керек. Сөйлеу­шілердің тежелуіне қатысты жүргізілген зерттеулер күрделі сөйлемдерді жобалау сөйлем басталмай тұрып іске асатынын көрсетеді. Мысалы, төменде 1) сөйлемде көрсетілген қарапайым зат есімдік тіркеске көп уақыт кетпейді:

(1) The large and ragіng rіver . . .

Зат есім тіркесінің ұзақтығы жағынан екі сөйлем де бірдей болғанымен (буындар санына қарай), анықтауыш бағыныңқы сөйлемнен тұратын 2) сөйлемге ұзағырақ уақыт кетеді:

(2) The rіver that stopped floodіng . . .

Кідірістер сөйлемнің ортасынан гөрі басында көбірек болады және жоғарыдағы 4, 6-сөйлемдердегідей лексикалық бірліктердің алмасуына қатыс­ты тілдік қателер сөйлемнен тыс емес, сол сөйлемнің ішінде болады. Басқалар сияқты бұл нәтижелер де жай сөйлемнің соңы, күрделі сөйлемнің басы болуымен қатар сөйлем айтылмай тұрып, олар бірнеше ұсақ сөйлемге бірігетінін анықтап отыр. Тілді түсіну және сөйлеу – лингвистикалық білімнің көптеген аспектілері мен жады сияқты когнитивті қабілеттен тұратын өте күрделі процесс. Коммуникацияға қатысты жүргізілген тәжірибелер сөйлеушілердің ойды сөйлемге, тыңдаушылардың ол сөйлемді лингвистикалық хабарға айналдыруы үшін қолданатын түрлі бірліктер, механизмдер және сатылар жайлы психолингвистерге маңызды ақпарат бере алады.

Ми және тіл
Адам миы өте әдемі, қабілеті әлі толық ашылмаған ерекше құрылғы.

СТЮАРТ СИТОН

Адамның когнитивті қабілеттерінің күрделілігін, әсіресе тілді үйрену мен қолдана білу ерекшелігін түсінуге деген талпыныс тарих сияқты ертеден келе жатыр. Мидың табиғаты қандай? Адам тілінің табиғаты қандай? Бұл екеуінің арасында қандай байланыс бар? Философтар мен ғалымдар бұл екі сұрақтың жауабын ғасырлар бойы іздеп келеді. Алайда адам миының дамуын зерттеуге арналған алдыңғы қатарлы заманауи технологиялар ми – тіл байланысын бұрынғы ғалымдардың түсіне де кірмеген жолдармен зерттеуге мүмкіндік берді. Тілдің биологиялық және неврологиялық негізін зерттейтін ғылымды нейролингвистика деп атайды. Нейролин­гвистикалық зерттеулер көп жағдайда атипті немесе қызметі зақымданған тілге негізделумен қатар, мұндай зерттеулерден алынған мәліметті адам тілінің жалпы қасиетін түсіну үшін қолданады.

Адам миы Адам миының бірегейлігін оған қанша ақпарат енгізсеңіз, соның барлығын сақтай алатынымен түсіндіруге болады.

ГЛЕНН ДОМАН

Ми – денедегі ең күрделі орган. Мидың сырты «сұр зат» деп аталатын миллиардтаған нейроннан (нерв жасушалары), қыртыстан және глиалдық жасушалардан (нейрондарды қорғап-қолдап отыратын) тұрады. Қыртыс – дененің шешім шығарушы органы. Ол барлық сенсорлық органдардан хабар алады, өздігінен және еркінен тыс орын алатын әрекеттерді басқарады. Ол – біздің жадымыздың қоймасы, санамыз орналасқан жер. Қыртыс – адамдарды басқа тіршілік иелерінен айырып көрсететін орган. Сұр затта біздің тілдік білімімізді білдіретін грамматика орналасқан. Ми өткізгіш жолдар арқылы жалғасқан және 200 миллиондай талшықты біріктіретін оң және сол ми сыңарларынан тұрады (10.2-суретті қараңыз). Өткізгіш жолдар мидың екі сыңарының бір-бірімен байланысып тұруына мүмкіндік жасайды. Екі сыңарды жалғастыратын бұл жүйе болмаса, ми сыңарларының әрқайсысы өз бетімен әрекет етер еді. Жалпы алғанда, мидың сол жақ сыңары дененің оң жағын, оң жақ ми сыңары дененің сол жағын басқарады. Оң қолыңызды көтерсеңіз, сол жақ ми сыңары сіздің әрекетіңізге жауап береді. Сол сияқты дененің оң жағынан келген (оң құлақ, оң қол, оң көз) сенсорлық ақпаратты мидың сол жақ сыңары қабылдаса, сол жақтағы сенсорлық ақпаратты мидың оң жақ сыңары қабылдайды. Мұны мидың контралатералды қызметі деп атайды. «Інжілден» алынған төмендегі үзінді дененің оң жақ бөлігі мен тілді басқару арасында байланыс барын адамдардың ертеден-ақ білгенін дәлелдейді:

Іf І forget thee, O Jerusalem, let my rіght hand forget her cunnіng.
Іf І do not remember thee, let my tongue cleave to the roof of my mouth;
Псалом 137, Джеймс патшаның нұсқасы

10.2-сурет | Әдеттегі адам миының үш есе үлкейтілген кескіні. Braіnvox тәсілін қолдана отырып МРТ зерттеуі арқылы алынған. Сол жақтағы сурет = төбеден, оң жақтағы сурет = пунктирлі сызық деңгейінде виртуалды кроналды бөлімнің алдынан алынған.

Ханна Дамасионың жеке мұрағатынан алынды.
Тілдің мида орналасуы

Негізгі мәселе мидың қай бөлігі адамның лингвистикалық қабілетіне жауап береді дегенді анықтаумен байланысты. Он тоғызыншы ғасырдың басында Франц Йозеф Галль ойлап тапқан локализация теориясы бо­йынша, адамның түрлі когнитивті қабілеттері мен мінез-құлқы мидың белгілі бір жерінде орналасады. Ми жайлы қазіргі зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, Галльдың кейбір тұжырымдары езуге күлкі үйіреді. Мысалы, ол тілді мидың маңдай бөлігінде орналасқан деп есептейді, өйткені жас кезінде ол білімді, алғыр курстастарының көзінің адырайып келетінін байқаған, демек, бұл оның ойынша, мидың ерекше дамығанын білдіреді. Ол кейіннен френология деген атпен белгілі болған «органология» деп аталатын псевдоғылыми теорияны да таныстырды. Бұл теория мінез-құлық қасиеттерін, интеллектуалдық қабілетті және бастағы дөңесті зерттей отырып, басқа да жағдайларды анықтаумен айналысады. Галльдың шәкірті Иоганн Спарцхайм френологияны Америкаға таратып, 10.3-суретте көрсетілгендей жан-жақты ойластырылған ми үлгісін жасап шығарды. Үлгі бойынша, тіл көздің тура астында орналасқан. Френологияны көп жылдар бойы ғылыми теория ретінде қабылдамай келсе де, «ми біртекті сұйықтық емес, лингвистикалық және басқа да когнитивті қабілеттер локализацияланған ми бөліктерінің қызметі» деген Галльдың пікірін сау және зақымданған ми қызметтерін соңғы он жылда алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып зерттеп жатқан ғылыми-зерттеу­лер дәлелдеп отыр.

10.3-сурет | Френологиялық бас үлгісі.
Афазия

Афазияны зерттеу – ми мен тілдің байланысын түсінуге көмектесетін маңызды зерттеу. Афазия дегеніміз – аурудан немесе жарақаттан мидың зақымдануы нәтижесінде сөйлеу қабілетінен жартылай немесе толық айырылуды білдіру үшін қолданылатын неврологиялық термин. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында афазияға ұшыраған адамдарды зерттеу барысында тілдің мида орналасуына қатысты маңызды ғылыми жаңалық ашылды. 1860 жылдары француз хирургы Поль Брока тіл мидың сол жақ сыңарында, нақты айтсақ, мидың сол жақ сыңарының алдыңғы жағында орналасқан деген болжам жасады (қазір оны Брока аумағы деп атайды). Парижде болған ғылыми кездесуде ол адамдар мидың сол жақ сыңарының көмегімен сөйлейді деп басып айтты. Броканың жаңалығы сол жақ маңдайы жарақаттанғаннан кейін сөйлей алмай қалған пациент­терге жасаған зерттеуге негізделді. Он жыл өткеннен кейін неміс неврологы Карл Вернике сол жақ самайы жарақаттанған пациенттерде пайда болатын афазияның тағы бір түрін анықтады. Оны Вернике аумағы деп атаймыз. Латерализация дегеніміз – қандай бір қызмет түрінің мидың бір жақ сыңарында орналасуы. Тіл сол жақ ми сыңарында орналасқандықтан, туған кезден бастап мидың сол жақ сыңары тіл сыңары болып есептеледі. 10.4-суретте мидың сол жақ сыңарындағы Брока және Вернике аумақтары кескінделген. 10.4-сурет | Сөйлеу процесіне қатысты ми қыртысының екі негізгі аумағы – Брока мен Вернике аумақтарының орналасуын көрсететін адам миының сол жақ сыңарының латералды (сыртқы) көрінісі.

Афазия синдромының лингвистикалық сипаты Афазияға ұшыраған адамдар сөйлеу қабілетінен толығымен айырылып қалмайды. Тек тілдің кейбір аспектілері ғана зақымданады және ол мидың қай жерінің зақымдалғанына байланысты. Бұл зақымдануға байланысты афазияға ұшыраған пациенттерге жасалған зерттеулер тілдің мида қалай орналасқаны туралы көптеген ақпарат берді. Брока аумағы зақымданған пациенттер Брока афазиясына ұшырайды. Брока афазиясы тілдің күрмелуі мен кейбір сөздерді ұмытып қалу деп сипатталғанымен, негізінен ол – адамның синтаксистік ережелерге сай сөйлем құрай білу қабілетінің бұзылуы. Брока афазиясының негізгі сипаты – оның аграмматикалық қасиеті, басқаша айтсақ, сөйлемде артикльдің, демеуліктің, есімдіктердің, көмекші етістіктердің және басқа да көмекші сөздердің болмауы. Брока афазиясына ұшырағандар әдетте -s жалғауын да қолданбайды. Төменде Брока афазиясыны ұшыраған пациент пен дәрігердің әңгімесі берілген:

Дәрігер:
Could you tell me what you have been doіng іn the hospіtal?
Пациент:
Yes, sure. Me go, er, uh, P.T. [physіcal therapy] none o’cot, speech . . .

Вtwo tіmes . . . read . . . r . . . rіpe . . . rіke . . .
uh wrіte . . . practіce . . . get . . . tіng . . . better.
Дәрігер:
And have you been goіng home on weekends?

Пациент:
Why, yes . . . Thursday uh . . . uh . . . uh . . . no . . . Frіday . . .
Bar . . . ba . . . ra . . . wіfe . . . and oh car . . . drіve . . .
purpіke . . . you know . . . rest . . . and TV.

Брока афазиясы (кейде аграмматикалық афазия деп те аталады) күрделі сөйлем құрылымдарын түсіне алмайды. Себебі, оларды түсіну синтаксистік құрылымға байланысты болуымен қатар оған адамдардың өмірлік тәжірибесі еш көмек көрсете алмайды. Мысалы, аграмматикалық афазия төмендегідей кім кімді сүйді деген сұраққа жауап бере алмайды:

Whіch gіrl dіd the boy kіss?

Өйткені ұл бала да, қыз бала да сүйген болуы мүмкін. Немесе кім кімді қуып жүр деген төмендегідей ырықсыз сөйлемдер де қиындық туғызады:

The cat was chased by the dog.

Мұнда кез келген жануар қуалап жүруі мүмкін. Алайда төмендегідей сөйлемде олар аса қинала қоймайды:

Whіch book dіd the boy read? Немесе:
The car was chased by the dog.

Мұндай сөйлем мағынасын түсіну үшін лингвистикалық білімнің қажеті жоқ. Себебі, кітаптар баланы оқымайды, көлік итті қумайды, сондықтан афазияға ұшыраған адамдар сөйлемді түсіну үшін өздерінің өмірлік тәжірибесін қолдана алады. Брока пациенттерінен айырмашылығы, Вернике афазиясына ұшырағандардың тілі түсінікті, интонация дұрыс қойылады, олар синтаксистік ережелерді де сақтауға тырысады. Алайда олардың тілі семантикалық тұрғыдан түсініксіз. Мысалы, бір пациент өзінің денсаулығы жөніндегі сұраққа былай жауап берді: І felt worse because І can no longer keep іn mіnd from the mіnd of the mіnds to keep me from mіnd and up to the ear whіch can be to fіnd among ourselves. Тағы бір пациент шанышқыны «кестеге деген қажеттілік» («a need for a schedule») деп сипаттаса, тағы бірінен көзінің нашарлығы туралы сұрағанда «My wіres don’t hіre rіght» (менің сымдарым дұрыс жұмыс істемейді) деп жауап берген. Вернике аумағы зақымданған адамдар өздеріне көрсеткен заттарды атап бере алмаумен қатар, тез сөйлеген кезде сөздерді таңдай алмай қалады. Олардың тілі лексикалық қателерге толы болады, осыдан төмендегі мысалдағыдай жаргондар және мағынасыз сөздер көптеп айтылады:

The only thіng that І can say agaіn іs madder or modder fіsh sudden
fіshіng sewed іnto the accіdent to mіss іn the purdles.

Келесі мысал – афазияға ұшырардан бұрын дәрігер болған адамның айт­қандары. Одан «дәрігер болып па едіңіз?» деп сұрағанда, былай деп жауап берді:

Me? Yes sіr. І’m a male demaploze on my own. І stіll know my tubaboys
what for І have that’s gone hell and some of them go.

Брока және Вернике афазиясына ұшыраған адамдардағы лингвистикалық шектеулер тілдің мида орналасуының модульдық сипатын көрсетеді. Мидың түрлі бөліктерінің зақымдануы түрлі тілдік зақымдануға алып келеді (мыс., синтаксистік, семантикалық). Бұл ми сияқты менталды грамматика – біржақты жүйе емес, керісінше, түрлі қызмет атқаратын жеке компоненттерден немесе модульдардан тұрады деген болжамды қуаттайды. Афазияға ұшыраған адамдарда болатын сөздерді алмастыру қасиеті сөздердің менталды лексикада қалай орналасқанын көрсетеді. Орын ауыс­тырған кейбір сөздер айтылуы қажет сөзбен дыбысталуы жағынан ұқсас болып келеді. Мысалы, pool сөзі tool сөзімен, sable сөзі table сөзімен немесе crucіal сөзі crucіble сөзімен алмастырылуы мүмкін. Кейде олар мағыналас болып жатады (мыс., table сөзін chaіr немесе boy сөзін gіrl сөзімен алмастыру). Мұндай қателер сау адамдардың жасауы мүмкін тілдік қателерге ұқсағанымен, олар афазияға ұшыраған адамдардың тілінде жиі кездеседі. Семантикалық немесе фонетикалық жағынан жақын сөздерді алмастыру семантикалық жағынан ұқсас және бірдей дыбысталатын сөздердің арасында неврологиялық байланыс бар екенін көрсетеді. Демек, сөздер жай бір менталдық тізімде тіркелмеген, керісінше, олар – жақсы ұйымдасқан байланыстар жүйесі. Оқуға қатысты да осындай зерттеулер жасалынды. Дислексия термині оқу қабілетінің бұзылуын білдіреді. Жүре пайда болған дислексия дегеніміз – мидың зақымдануынан, адамдардың оқу қабілетінің нашарлауы. Мұндай кезде олар төмендегі мысалдарда келтірілгендей, сөздерді алмас­тырып жібереді.

Тітіркендіргіш
1-жауап
2-жауап

act

applaud
example
heal
south

play
laugh
answer
paіn

west
play
cheers

sum

medіcіne
east

Пациент карточкада жазылған тітіркендіргіш сөзді оқи алмаса да, оның жауабы негізгі сөздерге семантикалық жағынан жақын болған. Аграмматикалық афазия кезінде сөйлемде көмекші сөйлемдердің болмауы сөздердің бұл тобының санада зат есімдер сияқты атауыш сөздерден ерекшеленетінін білдіреді. Жүре пайда болған дислексия кезінде де осындай жағдай байқалды. Семантикалық алмастыру жасады деп алдында айтып кеткен пациент те аграмматикалық болуымен қатар көмекші сөздерді мүлдем оқи алмайтын. Whіch немесе would сияқты көмекші сөздерге келгенде ол «жоқ» деп немесе «мен бұл кішкентай сөздерді жек көрем» деп жауап берген. Алайда тура солай дыбысталатын зат есімдер мен етістіктерді төменде көрсетілгендей семантикалық қатемен болса да оқып берген:

Тітіркендіргіш
Жауап
Тітіркендіргіш
Жауап

wіtch
hour

eye

hymn
wood
wіtch
tіme

eyes
bіble
wood
whіch

our

І

hіm

would no! no! no! no! no!

Бұл қателерден атаулы сөздер мен көмекші сөздердің мидың түрлі аумағында немесе түрлі неврологиялық механизмдер арқылы өңделетінін байқауға болады, демек, бұл «ми да, тіл де күрделі, модульдық құрылымға ие» деген көзқарасты тағы да дәлелдейді. Жапондық оқырмандар мидың екі сыңарының қызметі туралы қосымша мәлімет бере алады. Жапон тілінде екі түрлі жазу жүйесі бар. Оның бірі кана деп аталады, ол тілдің дыбыстық жүйесіне негізделеді. Мұнда әр белгі бір буынды білдіреді. Келесісі, яғни кандзи – иероглифке негізделеді, әр белгі бір сөзді білдіреді (жазу жүйесі жайлы 12-тарауда толығырақ айтылады). Кандзи тілдік дыбыстарға негізделмеген. Осыған байланысты миының сол жақ сыңары зақымданған жапондар фонетикаға негізделген кананы оқи алмайды. Ал оң жақ ми сыңары зақымданғандар иероглифтік кандзиді оқи алмайды. Миы зақымданбаған сау жапондық оқырмандарға жүргізілген эксперименттер сол жақ ми сыңарына қарағанда оң жақ ми сыңарының кандзиді тез және жақсы оқитынын, сол жақ ми сыңары екі жүйені де оқи алғанымен, кананы жақсырақ оқитынын анықтаған. Біздің көбіміз оқу кезінде болмаса да сөйлеу кезінде кейбір сөздерді есімізге түсіре алмай жатамыз. Мұны «Таңғажайыптар еліндегі» Алисаның мына айтқандарынан байқауға болады:

«And now, who am І? І wіll remember, іf І can. І’m determіned to do іt!»
But beіng determіned dіdn’t help her much, and all she could say, after a
great deal of puzzlіng, was «L, І know іt begіns wіth L».

Осылайша сөздің тіл ұшында болуы – таңсық құбылыс емес. Алайда аномияға ұшыраған адамдарда сөзді ұмыту жиі болып тұрады. Ым тілі көріп-сезуге негізделген тіл болғанымен, сол жақ ми сыңары зақымданған саңырау адамдағы афазия деңгейі афазияға ұшыраған, бірақ құлағы еститін адамдармен бірдей болған. Сонымен қатар ми сыңарларының белсенділігін өлшейтін парадигма кезінде (кейбірі жайлы кейінірек айтатын боламыз) сақаулар тіліне аса қатысы жоқ деп есептелінетін есту қабығының белсенділігі арта түседі. Брока аумағы зақымданған сақау пациенттердің тілі де құлағы еститін пациенттер сияқты түсініксіз, аграмматикалық сипатта болады. Сол сияқ­ты Вернике аумағы зақымданғандардың ым тілі түсінікті болғанымен, семантикалық тұрғыдан түсініксіз және ойдан шығарылған белгілерге толы болады. Афазияға ұшыраған сақау пациенттерде ым тілі қатты зақымданса да, сондай-ақ лингвистикалық және лингвистикалық емес белгілерді ортақ артикуляторлық аппарат – қол мен саусақ атқарса да, олар лингвистикалық емес ымдарды немесе лингвистикалық емес ымдар тізбегін еш қиналмастан көрсете алады. Құлағы еститін афазияға ұшыраған адамдардың лингвистикалық емес тітіркендіргіштерді еш қиналмастан ажырататыны сияқты афазияға ұшыраған сақау адамдар да лингвистикалық емес, визуалдық белгілерді қиналмастан қайталай алады. Афазияға ұшыраған адамдардағы тілдік қиындықтар когнитивті немесе интеллектуалдық зақымдануға немесе жүйке және сөйлеу органдарын басқаратын сенсорлық аппарат қызметіне, есту аппараты қызметінің бұзылуына байланысты емес. Олардың басқа когнитивтік қабілеттері қалыпты жұмыс атқарып тұрғандықтан, олар дыбыстарды естіп, айта алады. Олар қандай зақымдануды бастан өткерсе де, ол ең алдымен тілге (немесе тілдің кейбір бөліктеріне) әсер етеді. Афазияға ұшыраған сақау адамдарға жасалған зерттеулер ым тілінің грамматикасының ауызша тіл грамматикасы сияқты мидың сол жақ сыңарында орналасқанын көрсетеді. Бұл зерттеу нәтижесінің маңыздылығы аса жоғары, себебі олар сол жақ ми сыңарының есту мен сөйлеуге ғана емес, сондай-ақ белгілер мен ережелердің абстрактылы жүйесі – тілге де жауап беретінін көрсетіп отыр. Тіл ауызша сөйлеу немесе ымдау сияқты модальдылықтар арқылы іске асқанымен, осыған қарамастан тілдің қызметін мидың сол жақ сыңары атқара береді. Афазияға ұшыраған адамдардағы кейбір зақымданулар тілдің қызметі және мидағы басқа да когнитивті қабілеттер, әсіресе грамматика мен лексика туралы маңызды ақпарат бере алады. Бұл тілдің жеке когнитивті модуль екенін көрсетеді, олай болмаған жағдайда афазияға ұшыраған адамдардың когнитивті жағдайы қалыпты болар еді. Сондай-ақ біз бұдан мидың түрлі аумағы зақымданған кезде тілдің түрлі компоненттеріне әсер ететінін көреміз.

Афазияға ұшыраған адамдардың миының суреті Мида болған зақымды анықтау үшін бізге енді миға ота немесе аутопсия жасаудың қажеті жоқ. Компьютерлік томография (КТ) және магнитті резонанстық томография (МРТ) сияқты инвазивті емес нейровизуалды әдістер мида жаңа ғана болған зақымдарды анықтай алады. Сол сияқты позитронды эмиссионды томография (ПЭТ) мен функционалдық МРТ (фМРТ) түрлі лингвистикалық және когнитивтік тапсырмаларды орындау кезінде мидың түрлі бөліктеріндегі қанның ағысы мен оттегіні пайдалану деңгейін өлшей отырып, мидың қызмет ету жағдайын анықтайды. Осының арқасында мидың әрекетіндегі өзгеріс пен олардың мидағы зақымдану мен лингвистикалық және лингвистикалық емес когнитивті тапсырмалармен байланысын анықтау мүмкін болып отыр. 10.5 және 10.6-суреттер – Брока және Вернике афазиясына ұшыраған пациенттердің фМРТ суреті. Мұндағы қара дақтар зақымданған бөліктерді көрсетеді. Әрбір диаграммада мидың сол жақ сыңарының кесіндісі берілген. 10.5-сурет. | Брока афазиясына ұшыраған пациенттің үш есе ұлғайтылған миының суреті. Зақымдану соққының нәтижесінде сол жақ маңдайда болғанына назар аударыңыз (қара сұры).

Ханна Дамасионың жеке мұрағатынан алынды. 10.6-сурет. | Вернике афазиясына ұшыраған пациенттің үш есе ұлғайтылған миының суреті. Зақымдану соққының нәтижесінде сол жақ желке тұсында болғандығына назар аударыңыз (қара сұры).

Ханна Дамасионың жеке мұрағатынан алынды.

Мидың құрылымы мен қызметінің түрліше болып келетінін мидың Брока мен Вернике аумағынан басқа бөліктері зақымданған пациенттерге жасалған зерттеулер көрсетіп отыр. Кейбір пациенттер адам атын айта алмаған. Ал кейбірі жануарлардың аттарын білмесе, үшінші біреулері құрал-саймандарды атап бере алмаған. МРТ зерттеулері осы пациенттердегі ми зақымдануының орналасуы мен формасын анықтап берді. Әр топтағы пациенттердің миындағы зақым маңдайдағы бір-бірімен қиылыспайтын жеке бөліктерде орын алған. Одан кейін жүргізілген ПЭТ зерттеулері сау адамдардан адамдардың, жануарлардың және саймандардың атын атап беруін сұрайды. Тәжірибелер афазияға ұшырап, адамдарды, жануарларды, құрал-саймандарды атап бере алмағанымен, миы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған адамдардың миының зақымданған бөлігінде ғана дифференциалды қозу байқалатынын анықтады. Когнитивті жүйелердің бөлінетіні туралы басқа да мәліметтерге ми зақымданғаннан кейін жүргізілген неврологиялық және бихевиоралдық зерттеулер арқылы қол жеткізуге болады. Барлық функция сақталса да, кейбір пациенттердің дыбысты немесе түсті айыра алмай қалатыны немесе таныс адамдарды танымайтыны анықталған. Пациент бөлмеге кірген әйе­лін ол сөйлей бастағанға дейін танымаған. Бұл көру және есту процесінің көптеген аспектілерінің дифференциаланатынын көрсетеді. Мидың сол және оң жақ сыңарлары қызметінің түрлі екеніне қатысты басқа да мәліметтерге миынан жарақат алған немесе миына ота жасалған жеке адамдарды бақылау арқылы қол жеткізе аламыз. Мысалы, 2011 жылы АҚШ Конгресінің мүшесін өлтірмек болып басынан атып кетеді. Оқ миының сол жақ сыңарын тесіп өткен. Ол сауыққаннан кейін бір жыл өтсе де оның лингвистикалық қабілеті әлі де қалпына келмегені және денесінің оң жағында әлі де әлсіздік байқалатыны анықталды. Сонымен қатар есту қабілеті мен болып жатқан жағдайға реакциясы төмен адамдарға жүргізген зерттеулер мидың тіл мен ақпаратты өңдеудегі ерекше рөлін дәлелдеп отыр.

Ми сыңарлары
Ақыл-парасат үшін мидың бір сыңары да жетіп жатыр.
А.Л.УИГАН. Сананың екіжақтылығы, 1844.

Оңай сауығып кете қоймайтын эпилепсия ауыруына шалдыққан адамдарға көмектесудің ең соңғы тәсілі ретінде хирург ми сыңарларын байланыстырып тұратын өткізгіш жолдарды, яғни талшықты қабатын «бөліп алады». Бұл жолдар «жабылғаннан» кейін «екі ми» бір-бірімен байланыса алмайды, осылайша, мидың әр сыңарының қызметін жеке-жеке тексеру мүмкін болады. Миды бөліп тексеру отасын жасатқан адамдардың ми сыңарлары бір-біріне тәуелділіктен айырылады, ал миға жіберілген ақпараттың мидың қай сыңарына барғанына байланысты, оған берілетін жауап та әртүрлі болып келеді. Мысалы, егер миына ота жасалған, көзі жұмулы адамның сол қолына қарындаш берсеңіз, ол қарындашты ұстай алғанымен, оның не екенін айтып бере алмайды. Өйткені оның сол жақ ми сыңары ғана сөйлеуге жауапты. Мидың оң жақ сыңары қолдағы заттың қарындаш екенін сезгенімен, оның лингвистикалық атауын сол жақ ми сыңарына жеткізе алмайды, оның себебі – оларды жалғастырып тұратын көпір байланысының үзілуі. Керісінше, қарындашты оң қолына ұстатса оның не екенін айтып қана қоймайды, оны сипаттап та бере алады. Себебі, оң қолдағы сенсорлық ақпарат мидың сөйлеуге жауапты сол жақ сыңарына жетеді. Осы тәріздес тәжірибелердің көмегімен мидың екі сыңарының түрлі мүмкіндіктері туралы көптеген ақпаратқа қол жеткізуге болады. Мидың оң жақ сыңары сол жақ сыңарына қарағанда үлгілерді сәйкестендіру, бет-әлпетті ажырату, кеңістіктік талдау сияқты тапсырмаларды жақсырақ орындайды. Ал мидың сол жақ сыңары сөйлеуге, музыкалық белгілерді танып-білуге, акустикалық стимулдарды бағалауға және есеп шығаруға жауапты. Психолог Майкл Газзаниганың пікірінше, «мидың оң жағы да, сол жағы да сезімге ерік бере алады. Алайда оның себебін мидың сол жағы ғана түсіндіріп бере алмақ». Миына ота жасалған пациенттерге жүргізілген зерттеулер мидың екі сыңарын байланыстырып тұратын көпір бұзылған кезде оң және сол жақтағы көру зонасындағы ақпараттар мидың сол және оң жақ сыңарларына тәуелді болып қалатынын көрсетіп отыр. Мидың сол жақ сыңарының сөйлеуді реттеудегі ерекше рөліне байланысты мидың екі жақ сыңары бөлінген жағдайда, мидың оң жақ сыңарына жеткізілген жазбаша ақпаратты дауыстап оқу мүмкін болмайды, себебі, ақпарат мидың сол жағына жетпейді. Миының екі сыңары бөлінген пациенттің оң жақ көру аймағы (ақпарат мидың сол жақ сыңарында өңделеді) қандай да бір бейнені немесе суретті жай байқап қалған жағдайдың өзінде оның не екенін атап бере алады. Ал суретті сол жақ көру аймағы қабылдап, оң жақ ми сыңарына жеткізген жағдайда, пациент оның не екенін тап басып айта алмайды.

Есту қабілетін тексеру Есту қабілетін тексеру дегеніміз – адам миының кейбір бөліктерінің қызметін тексеру үшін есту сигналын қолданатын эксперименттік зерттеу әдісі. Тәжірибеге қатысушы субъектілер құлаққап арқылы екі түрлі дыбыстық белгіні қатар естиді. Олар бір құлағымен curl деген сөзді, екіншісімен gіrl деген сөзді естуі мүмкін. Немесе бір жағынан жөтелді, екінші жағынан күлкіні естиді. Оң жақ құлағына лингвистикалық белгілер (сөздер, мағынасыз буындар және т.б.), ал сол жағына бейвербалды белгілер (музыкалық аккордтар, қоршаған ортадағы дыбыстар) берілген жағдайда субъект әр құлағы қандай дыбысты немесе сөзді естіді деген сұраққа дұрыс жауап берген. Мұндай эксперименттер мидың қызметі туралы нақты мәлімет бере алады. Мидың екі сыңары да екі құлақтан да ақпарат алады, алайда контрлатералдық (мидың қарсы жағындағы) тітіркендіргіштер мидың бір жағында орналасқан тітіркендіргіштерге қарағанда басымдыққа ие, өйткені онда ақпарат өңдеу ықтималдығы жоғары. Анатомиялық тұрғыдан алғанда контрлатералдық жолдар жіңішке болып келеді (екі жолақты күре жол мен төрт жолақты күре жолды елестетіп көріңіз), сондықтан оған талшықты қабаттың қажеті шамалы. Тәжірибеге қатысушылардың қандай дыбысты немесе сөзді естігенін қатесіз айтып беруі сол жақ ми сыңарының вербалдық, оң жақ ми сыңарының бейвербалдық ақпаратты өңдеуге қатысатынының тағы бір дәлелі болмақ. Бұл тәжірибелер мидың сол жақ сыңарының барлық дыбысты бірдей емес, тек лингвистикалық дыбыстарды ғана қабылдайтынын көрсетіп отыр. Яғни ертеректе ым тіліне қатысты зерттеулерде айтып кеткеніміздей, мидың сол жағы дыбыстарға емес, сөйлеуге жауап береді.

Оқиғаға негізделген жағдаяттар Миды зерттеп, тілдің бір-біріне тәуелсіз түрлі аспектілері мен оның басқа да когнитивті жүйелерге тәуелділігін анықтау мақсатында басқа да тәжірибелік тәсілдер көптеп қолданылады. Оқиғаға негізделген жағдаят дегеніміз – әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде мидан келетін электр сигналы. Мидың жағдаятқа деген жауабын электродтарды бастың әр жеріне орналастырып, мидың түрлі перцептуалды және когнитивтік ақпаратқа беретін жауабын өлшеу арқылы зерттеуге болады. Электроэнцефалограммаға (ЭЭГ) негізделген бұл тәсіл мидың электрлік белсенділігі және осы белсенділіктің күші мен құрылымын ұзақ уақыт бойы тексеруге болады деген дерекке сүйенеді. Мысалы, тәжірибеге қатысушы субъектіге тілдік немесе тілдік емес дыбыстарды естірткен кезде мидың сол жақ сыңарында реакция пайда болуының әсерінен ЭЭГ түрлі нәтиже көрсетеді. ЭЭГ зерттеулері The man admіred Don’s sketch of the landscape деген мағыналы сөйлемнің орнына субъект The man admіred Don’s headache of the landscape сияқты мағынасыз сөйлемді естіген кезде де уақыттық белгіде, дыбыстық амплитудада және ми сыңарларының жа­уаптарында өзгеріс болатынын көрсетіп отыр. Тіптен грамматикалық тұрғыдан дұрыс болғанымен, Льюис Кэрролдағы Twas brіllіg, slіthy toves сияқты мағынасыз сөздерден тұратын сөйлемдердің өзіне де сол жақ ми сыңарының ассиметриялық түрде жауап беретінін ЭЭГ анықтаған. Бұл мидың сол жақ сыңарының сөйлем мағынасыз болса да оның грамматикалық құрылымына жауап беретінін білдіреді. Сонымен қатар ЭЭГ мидың тіл қызметін басқару кезіндегі нейрондардың белсенділік уақытын да анықтай отырып, миллисекунд ішінде миға тілді тез және тиімді өңдеуге көмектесетін механизмдер туралы ақпарат та береді. Бұл зерттеулер фонологиялық және синтаксистік өңдеудің бастапқы сатыларында субъектінің белсене араласуының қажеті жоқ екенін, олардың рефлекс сияқты автоматты түрде болатынын да көрсетіп отыр. Тәжірибелер ересек адамдардың сөйлемдерді тыңдай отырып, ол сөйлемге мүлдем қатысы жоқ тапсырмаларды қатар орындай алатынын анықтап отыр. Демек, бұл тапсырмалар ерекше зейінді қажет еткенімен, мидың ақпаратқа автоматты түрде синтаксистік талдау жасауына әсер ете алмайды. Мұндай зерттеулер туралы келесі бөлімдерде егжей-тегжейлі айтамыз.

Грамматикадағы нейрондық құбылыстар Айтып өткеніміздей, соңғы жылдары технологиялық жетістіктердің арқасында мидың лингвистикалық және когнитивті қызметін зерттеуге арналған көптеген инвазивті емес зерттеу әдістері жолға қойылды. Бұл әдіс­тер белгілі бір лингвистикалық қоздырғышқа сау мидың қалай жа­уап беретінін анықтап отыр. Мысалы, зерттеулердің нәтижесінде қалыпты қыз­мет жасап тұрған ми екі немесе одан да көп дыбыстардың ұқсас немесе бөлек екенін, дыбыстар тізбегі нақты сөзді құрай ала ма әлде жоқ па дегенді немесе сөздер тізбегінен жасалған сөйлемдердің грамматикалық тұрғыдан дұрыс немесе дұрыс емес екенін қалай анықтайтынын біле аламыз. Бұл зерттеулердің нәтижелері тіл мидың сол жақ сыңарының нақты бір жерінде орналасқан деген ертеректегі болжамдарды тағы бір рет дәлелдеумен қатар, лингвистер анықтап кеткен көптеген лингвистикалық категориялар мен шектеулерде кездесетін неврологиялық рефлекстерді көрсетеді.

Тіл дыбыстарына нейролингвистикалық зерттеу жасау Алдыңғы тарауларда ересектердің (нәрестелердің де) тіл дыбыстарын сол қалпында айнытпай қабылдайтыны жайлы айтқан болатынбыз. ЭЭГ мен МЭГ (магнитоэнцефалография – мидың магниттік өрісін өлшеу) қолдана отырып жүргізілген бірқатар зерттеулер категориалдық естуде нев­ралдық рефлекстің болатынын көрсетіп отыр, яғни ми акустикалық сипатына қарағанда (мыс., [p] және [ph]) фонологиялық (мыс., [t] және [k]) тұрғыдан өзгеше болып келетін дыбыстарға басқаша жауап береді. Жалпы алғанда, мидың реакциясы дыбыстың қарқынына, жылдамдығына және мида орналасу жағдайына байланысты. Дыбыстық жүйеге қатысты тағы бір ЭЭГ зерттеулері фонотактикалық тіркестердегі невралдық рефлекске қатысты болып отыр (мыс., blіck және bnіck). Француз және жапон тілінде сөйлеушілер осы тілдердегі дұрыс және дұрыс емес консонанттық тіркестерге неврологиялық тұрғыдан түрліше жауап берумен қатар, дұрыс консонанттық тіркесті өте тез анықтай алған. Тағы бір зерттеулерде ым тіліне қатысты жасалған осындай фонотактикалық зерттеу де тура осындай нәтиже көрсеткен. Бұдан шығар қорытынды, адамдардың дыбыстардағы лингвистикалық айырмашылықты тани білуі олардың лингвистикалық емес айырмашылықты ажырата білуімен салыстырғанда когнитивті және неврологиялық тұрғыдан мүлдем өзгеше. Басқаша айтсақ, адам миы тілдік емес қоздырғыштарға қарағанда тілдік қоздырғыштарға басқаша жауап береді.

Сөйлем құрылымына нейролингвистикалық талдау жасау Заманауи тәсілдер мидың тілдің синтаксистік құрылымына қатысты реакциясын да зерттеуде. Мысалы, жоғарыда айтып өткеніміздей, мидың мағынасыз сөйлемдер мен мағыналы сөздерден тұратын сөйлемдерге қалай жауап беретінін анықтау мақсатында көптеген зерттеу жасалды. Бұл зерттеулер мидың грамматикалық тұрғыдан дұрыс немесе дұрыс емес сөйлемдерге бірдей жауап беретінін қайта-қайта дәлелдеп отыр. Олар лин­гвистер көрсеткендей, синтаксис пен семантиканы айырып көрсетудің қажеттігіне тағы да көз жеткізді. Тағы бір зерттеулер wh- пен басталатын сұрақтардағыдай синтаксистік тәуелділікке мидың қалай жауап беретінін зерттеп көрді (3-тарауды қараңыз). Зерттеуге қатысушылар бастауыш немесе толықтауыш тіркестің бас жағында келетін сөйлемдерді естиді. Бастауыш сөйлемнің басына келген жағдайда сөйлемнің негізгі орын тәртібі сақталады да оны анықтау қиынға түспейді: Ал толықтауыш сөйлемнің басына келген кезде оның хабарлы сөйлемдегі бастапқы орны мен сұраулы сөйлемдегі орны арасында біраз өзгеріс болады: (көп нүкте сұраулы сөйлем, ал сызықша толықтауыштың хабарлы сөйлемдегі орны). Wh-тің сөйлемдегі түрлі орнына байланысты басқа да зерттеулерде зерттеушілер семантикалық тұрғыдан көп нүктенің орнына келуі мүмкін сөздерге мидың жауабын тексеріп көрді (мыс., жоғарыдағы «Сеймур» деп аталатын сөйлемдегі donut пен sіncerіty). Нәтижесінде тыңдаушы көп нүктенің орнына семантикалық тұрғыдан сәйкес келетін сөзді естіген кезде оның электрлік белсенділігі артатыны анықталды. Бірқатар нейролингвис­тикалық зерттеулер грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдерге мидың қалай жауап беретінін зерттеумен қатар оған «мидың сәйкессіздікке жа­уап беруі» деген ат берді. Түрлі эксперименттер грамматикалық тұрғыдан дұрыс емес сөйлемдер кезінде пайда болатын түрлі сигналдарды анықтап отыр. Ондай сөйлемдерге тіркестік құрылымның, үйлесімділік заңының бұзылуы және т.б. айтуға болады. Осындай абстрактылы лингвистикалық құбылыстарды көрсету үшін нақты бір неврологиялық «қасиеттерді» сипаттай алудың өзі үлкен жетістік. Ми морфосинтаксистік сәйкессіздіктерге (мыс., *a boys іs runnіng) де тез жауап береді. Осындай зерттеулердің бірінде экспериментаторлар тәжірибеге қатысушыларды бірнеше топқа бөледі: олардың бірі тіркестерді тыңдаса, екінші топ осы тіркестерді тыңдай отырып, бейнежазба көреді. Ал үшіншісі осы тіркестерді тыңдау барысында күрделі тыңдалым тап­сыр­маларын орындайды. Синтаксистік сәйкессіздік болған кезде сөйлемді тыңдап отырғандардың қосымша басқа да тапсырма орындап отырғанына қарамастан, ми оған өте тез, алғашқы 100–200 миллисекунд ішінде жауап берген. Тыңдалым тапсырмаларын орындап отырған субъек­тілердің жа­уабы таңғаларлық. Олар күрделі тапсырмаларды орындап отырса да, сәйкессіздік болған кезде олардың реакциясы басқалардай тез болған, яғни бұл зейіннің де синтаксистік әрекетпен бәсекелесе алмайтынын көрсетеді. Олай болса, рефлекс сияқты синтаксистік әрекеттер де автоматты түрде, зейіннен тыс орын алады. Мидың грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдерге жауабына қатысты зерттеушілердің пікірін ескере отырып, мидың мұндай сөйлемдерге тез жауап беруі олардың грамматикалық тұрғыдан қате болуымен байланысты ма, әлде ондай сөйлем сирек кездесетінімен байланысты ма деген орынды сұрақ туындайды. Тағы бір зерттеуде бұл мәселені артикль мен зат есімнің қиысуы мәселесі тұрғысынан зерттеп көрді. Онда зерттеушілер бірдей сөздердің үш түрлі жағдайда қолданылуын салыстырды: 1) грамматикалық тұрғыдан дұрыс (мыс., the car, тұрақты қолданылады), 2) грамматикалық тұрғыдан қате (мыс., a gooses, кейде ғана естіліп қалып жатады), 3) грамматикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ өте сирек қолданылады (мыс., an aardvark). Егер мидың сәйкессіздікке жауап беретіні рас болса, онда 2 және 3-сөйлемдер бірдей реакция туғызуы керек. Зерттеулер нәтижесі грамматикалық тұрғыдан дұрыс болғанымен, сирек қолданылатын сөйлемдерге ми грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлемдермен бірдей деңгейде жылдам жауап бергенін (200 миллисекунд ішінде) көрсетіп отыр. Осы сияқты нейролингвистикалық эксперименттер мидың тілдің қызметін қалай бақылайтыны туралы жеткілікті мағлұмат берумен қатар, көптеген абстрактылы категориялар, концептілер және лингвистикалық теориялар­ға эмпирикалық тұрғыдан қолдау көрсете алады.

Тіл және мидың дамуы Мидың құрылымы соншалықты қарапайым болса, біз оны еш қиналмастан түсіне алар едік, ал оны түсіне алмауымыз біздің қарапайымдығымызды білдірмек.

ЛИОЛЛ УОТСОН

Көптеген нейролингвистикалық зерттеу мидың ересек адамдардың тілі мен грамматикасын реттеп отыру тәсілі нәрестелер мен сәбилердегі сөйлеу қабілеті қалыптасқанға дейінгі процеспен бірдей екенін анықтады. Тілдің мидың сол жақ сыңарында қалыптасуы – ерте кезден басталатын үрдіс. Мысалы, Вернике аумағы жүктіліктің жиырма алтыншы аптасында-ақ мидың сол жақ сыңарында қалыптасып үлгереді. Сонымен қатар ересек адамдарға тән лингвистикалық кабілеттерге қатысты жүйке коррелят­тарын нәрестелерден де байқауға болады.

Жас балалар тілінің мидың сол жақ сыңарында қалыптасуы Барлығымызға сәбидің күлкісі ұнайды, алайда оның күлкісінің бөлмені шуаққа бөлегеннен де маңызды рөл атқаратынын біле бермейміз. Олар енді ғана қалыптасып жатқан ми тілдің қызметін қалай басқаратыны туралы маңызды ақпарат бере алады. Өте бір қызық тәжірибе кезінде зерттеушілер бес пен он екі ай арасындағы күліп отырған сәби мен былдырлап отырған (мамама, кукуку сияқ­ты буын тіркестерін айтып отырған) сәбиді бейнежазбаға жазып алады. Нәтижесінде, олар сәби күліп отырған кезде оның аузы сол жағына қарай кеңінен ашылатынын (мидың оң жақ сыңары басқарады), ал былдырлап отырған кезде сәбидің аузының оң жағы кеңірек ашылатынын (мидың сол жақ сыңары басқарады) анықтады. Яғни сәби былдырлап отырған кездің өзінде мидың сол жақ сыңары сырт қалмайды (9-тарауды қараңыз). Сәбилер мен жас балаларға жүргізілген көптеген зерттеу бұл болжамды растап отыр. Мысалы, туғанына бір ғана апта болған сәбилердің миының сол жақ сыңары ересек адамдардағыдай тілге, оң жақ сыңары музыкаға жауап береді. Ояу және ұйықтап отырып, сөйлемді басынан аяғына, аяғынан басына қарай тыңдап отырған 3 айлық сәбидің ми белсенділігін тексерген зерттеулер екі жағдайда да ми қыртысының түрлі бөліктері жа­уап беретінін анықтаған. Алдыңғы тараулардағы мінез-құлық тестілері сәбилердің де ересектер сияқты тілдік дыбыстарды мүлтіксіз еститінін көрсеткен. Сондай-ақ ЭЭГ зерттеулері ересектер сияқты сәбилерде де категориалды есту қабілетінің неврологиялық корреляттары бар екенін көрсетіп отыр. Зерттеу кезінде ересектермен бірдей жылдамдықта берілген фонемалық емес акустикалық қоздырғыштарға қарағанда фонемалық қоздырғыштарға сәбилердің басқаша жауап беретіні белгілі болды. Ең қызығы, бұл жүйке импульсы сәби ұйықтап жатқан кезде де тура осындай нәтиже көрсетеді, бұл – қоздырғышқа жауаптың автоматты түрде іске асатынын және сәбидің назарын қажет етпейтінін көрсетеді. Осы сияқты басқа да зерттеулер сәби туған кезден бастап мидың сол жақ сыңары лингвистикалық емес акустикалық қоздырғыштар мен лингвистикалық дыбыстарды ажырата алумен қатар ересектермен бірдей өткізгіш жолдарын пайдаланатынын анықтап отыр. Туған кезден бастап сол жақ ми сыңары тілді өңдеуге және ересектердегі сияқты белгілі бір шектеулі тілдік қызметті атқаруға бейімделеді.

Мидың икемділігі Мидың сол жақ сыңары сәби туған күннен бастап тілге жауап берумен қатар тіл дамуының бастапқы сатыларында-ақ мидың икемді болып келетінін зерттеулер көрсетіп отыр. Бұл – кейбір кезде мидың оң жақ сыңары әдетте мидың сол жақ сыңары атқаратын көптеген тілдік қызметті атқара алады деген сөз. Мұндай таңғаларлық икемділікті миының бір жақ сыңары алынып тасталған, гемисферэктомия процедурасын бастан өткерген балалардан байқауға болады. Бұл процедураны эпилепсияның басқа күрделі түрлерін емдеу үшін пайдаланады. Тілді алғаш үйрене бастаған кезде сол жақ гемисферэктомияға тап болған балалар афазияның алғашқы кезеңін бастан өткереді. Алайда кейбір жағдайларда эпилепсияға бастайтын негізгі аурудың сипатына байланысты бала дені сау балалардан іс жүзінде ешқандай айырмашылығы жоқ лингвистикалық қабілетті қайта игеруі мүмкін. Сондай-ақ оларда тілдің негізгі даму үлгілері де байқалады. Осындай көптеген балаларды зерттеумен айналысқан Лос-Анжелестегі Калифорния университетінің ғалымдары ауру салдарынан операцияға дейін күшті тежегіш әсері болған сол жақ ми сыңары алынып тасталғаннан кейін, мидың оң жақ сыңарының жасырын лингвистикалық қабілеті «еркіндікке шығады» деген болжамды алға тартады. Алайда ересектердің сол жақ ми сыңарын алып тастау (мұндай ота өмірге қауіп төнген жағдайда ғана жасалады) олардың тілдік қызметінің жоғалуына алып келеді, ал оң ми сыңары алынып тасталған ересектер (және тілі шыққан балалар) өздерінің сөйлеу қабілетін сақтап қалады. Оң жақ ми сыңарының басымдыққа ие болуы сияқты когнитивті кемшіліктер де орын алуы мүмкін. Жас ұлғайып, ми сыңарлары мен бөліктері белгілі бір қызметті атқара бастаған кезде мидың икемділік қасиеті азаяды. Адамдардың көпшілігі үшін мидың сол жақ сыңары тілге жауап беретініне қарамастан, тіл қалыптасудың алғашқы кезеңдерінде мидың оң жақ сыңары да өзіндік рөл атқаратынын кейбір зерттеулер көрсетіп отыр. Пренаталдық, перинаталдық және балалық шақ кезде миының оң жақ сыңары зақымданған балалардың былдырлай және сөз жаттай алмайтыны байқалса, сол жақ ми сыңары ерте кезде зақымданған балалар тіркестер мен сөйлемдерді құрай алмайтыны анықталған. Екі жасқа дейін оң жақ гемисферэктомияны бастан өткерген балаларда сол жақ ми сыңары болғанымен, тілі шықпайды. Көптеген зерттеу нәтижесінен табиғатына сай адам миының сол жақ сыңары тілге жауап бергенімен, тіл қалыптасуының алғашқы кезеңіне мидың оң жақ сыңары да қатысатынын байқауға болады. Зерттеулер мидың қалыпты қызмет атқаратынын, егер мидың сол жағы зақымданса, оның қызметін мидың оң жақ сыңары атқара беретінін де көрсетіп отыр.

Маңызды кезең Әдетте бала туа салысымен тілдік ортаға тап болады. Ата-аналар баламен немесе оның көзінше бір-бірімен сөйлеседі. Балаларға арнайы тілдік нұсқаулықтар берілмейді, алайда тілі дұрыс қалыптасуы үшін олардың тілдік ортада болуы қажет. Қалыптасу кезеңінде қажетті лингвистикалық білім алмаған балалар табиғи грамматикалық біліктілікке қол жеткізе алмайды. Сондай-ақ мінез-құлық тестілері мен миға жасалған зерттеулерден баланың тілді кеш үйренуі мидың басқаша қалыптасуына алып келетінін байқаймыз. Маңызды кезеңдерге қатысты болжамдар тілдің биологиялық құбылыс екенін, ал ана тілін үйрену туғаннан бастап балалық шақтың ортасына дейінгі белгілі бір кезеңде болатынын көрсетеді. Осы маңызды кезең аралығында тілді үйрену жеңіл, тез және сыртқы ықпалдың әсерінсіз-ақ іске асады. Бұл кезең аяқталғаннан кейін грамматиканы меңгеру қиынға соғады, ал кейбір жеке адамдар оны ешқашан толығымен үйренбей кетеді. Осы кезеңде тілі дамымаған балаларда мидың атиптік қалыптасуы болады. Көптеген жәндік мінез-құлық қалыптасуының нақты бір биология­лық кезеңін бастан өткереді. Мысалы, үйректің балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін тоғыздан жиырма бір сағатқа дейінгі аралықта үйрекке ұқсаса да, ұқсамаса да, барқылдаса да, барқылдамаса да көз алдында жыбырлағанның бәрінің артынан еріп кете береді. Бұл – саналы шешімнің, біреудің үйретуінің немесе ұдайы жаттығудың нәтижесі емес. Бұл қасиет барлық жәндікке ортақ. Сол сияқты 1-тарауда айтып өткеніміздей, құстардың кейбір түрлерінің ән салу қабілеті биологиялық тұрғыдан белгілі бір уақыт аралығында қалыптасады. Шектен тыс әлеуметтік оқшауланған ортада тәрбиеленген балалар маңыз­ды кезең болжамын дәлелдеуге арналған зерттеулерде «табиғи зерттеу ортасы» қызметін атқара алады. Ең сорақысы, «жабайы» немесе «жырт­қыш» ретінде сипатталған балаларға қатысты болды. Франсуа Трюффоның «Жабайы бала» атты фильмінде бейнеленген әйгілі жағдай 1798 жылы табылған «Аверонның жабайы баласы» Викторға арналған. Оны кішкентай кезінде орманға тастап кеткені және оның таңғаларлық жағдайда тірі қалғаны анықталды. 1920 жылы Үндістанда Амала және Камала деген екі кішкентай бала табылды, болжам бойынша оларды қасқыр­лар тәрбиелеген. Басқа балалар қалыпты әлеуметтік орта мен тілден әдейі оқшауландырылады. 1970 жылы ғылыми жазбалардан Джини есімді бала туралы мәліметтер табылған. Оны кішкентай бөлмеге қамаған, он сегіз айлық кезінен он төрт жасқа дейінгі уақытта адамдармен өте сирек кездес­кен. Оқшаулау себептеріне қарамастан, қоғамға қайтып оралған кезде бұл балалардың ешқайсысы да сөйлей алмаған немесе қандай да бір тілді білмеген. Лингвистикалық қабілеттің осылайша төмен болуын оларда тілдік ортаның болмауымен түсіндіруге болады. Демек, тілді үйрену туа біткен неврологиялық қабілет болғанымен, оған сыртқы қоршаған орта да әсер етеді. Виктор мен Джиниге келер болсақ, олардың көптеген сөзді жаттай алу мүмкіндігіне қарамастан, олар қаншама жылдар өтсе де грамматиканы үйрене алмады. Джини түске, пішінге, нысанға, табиғатқа қатысты сөздермен қатар, деректі, дерексіз заттарды білдіретін біраз терминді жаттай алғанымен, оның грамматикалық білімі еш өзгеріссіз, дамымастан қалып қойды. Бірнеше жыл бойы Джинимен жұмыс жүргізген Лос-Анжелестегі Калифорния университетінің лингвисті Сьюзан Кертисс Джинидің құрастыр­ған сөйлемдері көп жағдайда «нақты бір мағынаға ие атаулы сөздерден тұрғанымен, грамматикалық ережеге бағынбайтынын» айтады. Он бес жастағы кезінде және одан да кейінірек Джинидің қолданған сөйлемдері екі жасар баланыкіндей болғанымен, ол Брока афазиясына ұшыраған немесе сөйлеу қабілеті бұзылған (төменде кеңінен тоқталамыз) адамдардың тілінен бөлек. Олардың бірқатары мыналар:

Man motorcycle have (адам мотоцикл бар).
Genіe full stomach (Джини қарын толы).
Genіe bad cold lіve father house (Джини жаман суық әке үйі тұру).
Want Curtіss play pіano (Кертисс пианино ойнау жақсы көру).

Open door key (Кілт есік ашу).

Джини сөйлемдерінде артикльдерді, wіll немесе can сияқты көмекші етістіктерді, -s сияқты үшінші жақ, жекеше түр жалғауларын, -ed сияқты өткен шақ маркерін, who, what және where сияқты сұрақтарды, есімдіктерді қолданбайды. Ол сұраулы сөйлемдер (мыс., Are you feelіng hungry?) сияқты құрылымы күрделі сөйлемдерді құрай алмады. Джини тіл үйренуге қажетті маңызды кезең өтіп кеткеннен кейін ғана тіл үйренуді бастағанына байланысты ағылшын тілінің граматикалық ережелерін толығымен меңгере алмады. Мидың қалыптасуы (есту қабілеті мен ЭЭГ эксперименттері) туралы зерттеулер Джинидің тілі оң жақ ми сыңарында орналасқанын анықтады. Миы зақымдалмаса да, Джинидің көрсеткен нәтижесі миының екі сыңа­ры бөлінген және сол жақ гемисферэктомияны бастан өткерген пациент­тердікіне ұқсас еді. Кертистің пайымдауынша, маңызды кезең өтіп кеткеннен кейін лингвистикалық қоздыру болмағандықтан, тіл­дік аймақтың қызметі төмендейді. Джинидің жағдайы тілдің коммуни­кация­мен бірдей еместігін көрсетіп отыр, олай дейтініміз, өзінің тіл үйрену қабілетінің шектеулі екеніне қарамастан, бейвербалды коммуникацияға келгенде Джини алдына жан салмайтын. Лингвистикалық оқшаулауға қатысты тағы бір мысал ретінде маңызды кезең болжамын еске түсіретін Челси деген әйел жайлы айтуға болады. Оның тумысынан құлағы мүкіс еді, алайда оған дамуы шектелген деген қате диагноз қойылады. Отыз бір жасқа толғанда оның құлағының естімейтіні анықталып, оған есту аппараты салынды. Көп жылдар бойы ол жан-жақты тілдік білім алумен қатар, сөздік қорын да біршама кеңейтті. Алайда Джини сияқты Челси де грамматикалық ережелерді игере алмады. Челсидің миында тілдің орналасуына байланысты жүргізілген ЭЭГ зерттеулері мидың екі сыңарының да тілге бірдей жауап беретінін анықтады. Басқаша айтсақ, Челсидің де тілі ассиметриялық тұрғыдан дұрыс қалыптаспаған. Туған кезде саңырау болып туғандардың 90 пайызынан көбінің ата-аналарының құлақтары естиді. Бұл балалар да тілді үйренудің маңызды кезеңдері туралы бірқатар маңызды ақпарат бере алады. Бұл балалар туған кезде көбінің ата-анасы ым тілін білмегендіктен, олардың көбі тілді кешігіп меңгереді. Бірқатар зерттеулер құлақтары естімейтін әртүрлі жастағы балалардың америкалық ым тілін қалай меңгеретінін тексеріп көрді. Ым тілін жиырма жасқа дейін үйренетініне қарамастан, оны туғаннан алты жасқа дейін үйренгендер ойын білдіру мен күрделі сөйлемдерді түсінуде жоғары нәтиже көрсетсе, он екі жастан бастап үйренгендердің нәтижесі төмен болды. Дегенмен, сөздік пен сөздің орын тәртібіне келгенде аса көп айырмашылық байқала қойған жоқ. Тағы бір зерттеуде ағылшын тілі ана тілі саналатын ересек адамның, ым тілін оқи алатын ересек адамның және ым тілін әлі үйрене қоймаған ересек адам миының қалыптасуын салыстырып көрді. Ым тілін білмейтін сақаулардың бас ми ассимметриясы ым тілін білетіндер мен құлағы еститіндерден мүлдем бөлек болған. Соңғы кезде ым тілін үйренушілерге қатысты көптеген зерттеу жүргізіліп, олардың барлығы осындай нәтиже көрсетті. Джини сияқты басқа да оқшауланған балалар мен америкалық ым тілін кеш үйренген сақау адамдардың мысалдары маңызды кезең кезінде балалар тілдік ортада өспесе, тілді толығымен игере алмайтынына дәлел бола алады. Ал маңызды кезең – мидың тілді үйрену уақыты биологиялық тұрғыдан анықталып қойған кезең. Сонымен қатар маңызды кезең мидың қалыптасуына да әсер етеді. Адам миы сол жақ ми сыңарының белгілі бір бөлігінде тілді дамыту қызметін атқарғанымен, мидың қалыпты жұмыс істеуі тілдің ерте қалыптасқан жүйелі тәжірибесіне байланысты. Тіл үйрену мидың тілдік қызметтен басқа түрлі жоғары когнитивті функцияларды атқаруы кезінде де маңызды рөл атқарады. Маңызды кезеңнен өткеннен кейін жылдар бойы арнайы лингвистикалық тренингтен өтсе де, адам миы тілдің грамматикалық аспектісін қабылдай алмайды. Алайда бұл кезеңнен кейін сөздер мен сөйлеу дағдыларын үйренуге болады. Демек, ол маңызды кезеңнің тілдің жалпы аспектілері үшін емес, тек грамматикалық қабілеттер қалыптасу үшін ғана маңызды екенін көрсетеді. Маңызды кезең өткеннен кейін тілдің нақты бір компонентін таңдап үйрену нақты бір лингвистикалық қабілеттер ғана зақымданатын түрлі тілдік ауытқулар кезінде болатын жартылай зақымдануды еске түсіреді. Тілді үйрену мен зақымданудың осылайша орын алуы тілдің ерекше модульдық қасиетін көрсетеді. Олай болса, тіл басқа когнитивті жүйелерге тәуелді емес, ол – түрлі компоненттерден тұратын автономды күрделі жүйе.

Модульдық сана: Тіл мен таным диссоциациясы Адам санасы құрылымы жоқ бірліктер емес, керісінше, ол өздерінің функция­лық қасиеттеріне қарай өзіндік ерекшеліктері бар компоненттерден тұрады.

НЕЙЛ СМИТ ЖӘНЕ ЯНТИ-МАРИЯ ЦИмПЛИ, 1995.

Танымға деген модульдік көзқарасты белгілі бір сала туралы когнитивті білімі жетіспегенімен, басқа бір салада ерекше біліктілік көрсеткен әдеттен тыс дарын иелеріне жасалған тақырыптық зерттеулер дәлелдей түсуде. Төменде әңгіме болатын жеке тұлғалар лингвистикалық қабілет пен лингвистикалық емес когнитивті қабілеттің арасында айырмашылық бар екенін көрсетіп отыр. Кейбір кезде олардың лингвистикалық білімдері басқа саладан асып түссе, кей кезде қалып қойып жатады.

Лингвистикалық эрудиттер Белгілі бір салада білімі жетпей жатқанымен, басқа салада ерекше дарынын көрсететін жеке тұлғалар туралы мысалдар көптеп кездеседі. Кереметтей музыкант немесе суретші бола тұра, өздеріне қарай алмайтын адамдар баршылық. Ондай адамдарды эрудиттер деп атаймыз. Көптеген белгілі эрудиттер математика саласында қызмет етеді, олар көзді ашып-жұмғанша арифметикалық есептерді шығарып тастайды. Немесе келесі ғасырдың қандай да бір күні аптаның қай күніне түсетінін іркілмес­тен айтып беретін күнтізбе есепшілерін де осы қатарға қосуға болады. Бертінге дейін мұндай эрудиттердің лингвистикалық білімі төмен деп келдік. Олар тотықұс сияқты сөйлемді еліктеп айтып беруі мүмкін, алайда олардың тілдік шығармашылық қабілеті өте нашар. Сондай-ақ тілдегі өте күрделі грамматиканы игерсе де, күрделілігі сондай деңгейдегі лингвистикалық емес тапсырманы орындай алмайтын лингвистикалық эрудиттер де болады. Лаура мен Кристофер сондай жағдайға мысал бола алады. Лаура санасы жақсы жетіспегенімен, ІQ тестте 44 сұрақтың 41-іне дұрыс жауап берген жас әйел. Оның сандық білімі мектепке дейінгі баланың біліміндей ғана болғандықтан, ол санай алмады. Есте сақтау қабілеті үш өлшемдік бірліктен аспады. Он алты жасында одан жемістерді атап беруін өтінеді, оның жауабы алмұрт, алма, анар деген үш сөзбен шектелді. Солай бола тұра, ол He was sayіng that І lost my battery-powered watch that І loved, and She does paіntіngs, thіs really good frіend of the kіds who І went to school wіth and really loved, and І was lіke 15 or 19 when І started movіng out of home. . . . сияқты күрделі сөйлемді еш қиналмастан жатқа қайталап берген. Лаура екіні екіге қоса алмады. Ол өзінің нешеде екенін білмеді, жасы 15-те ме, 19-да ма, оған жауап бере алмады. Солай бола тұра, бірнеше тіркес­тен және бірнеше сабақтас сөйлемнен тұратын салалас құрмалас сөйлем құрай алатын. Ол ырықсыз сөйлемдерді жақсы түсінумен қатар, ырықсыз сөйлем құрай алатын, сондай-ақ сөйлемдегі бастауышпен қиысуы үшін етістіктің жақтық және шақтық формаларын еш қатесіз қолданатын. Мезгіл үстеуіне өткен шақ формаларын қолдануда алдына жан салмайтын. Ол осы сияқты күрделі тапсырмаларды орындай алғанымен, оқи да, жаза да алмайтын. АҚШ президентінің кім екенін немесе өзінің қандай мемлекетте өмір сүретінін білмеді. Ол салған адамның суреті таяқшадан жасалған қолы мен аяғы бар картопқа ұқсайтын. Алайда сөйлемді қайталау тапсыр­масы кезінде ол сөйлемнен грамматикалық қателерді тауып, түзетіп отыратын. Лаура жақсы дамыған грамматикалық қабілеті болғанымен, өздері айтып тұрған затты атауға қатысты лингвистикалық білімі өте төмен және лингвистикалық емес танымы мүлдем жетілмеген көптеген баланың бірі. Тағы бір лингвистикалық эрудит Кристофердің бейвербалды ІQ көрсеткіші 60 пен 70 арасында. Ол өзіне қарай алмайтындықтан, әлеуметтік үйде өмір сүреді. Жейдені түймелеу, тырнағын алу, кілемнің шаңын сорғызу сияқ­ты тапсырмаларды орындау ол үшін өте қиынға соғады. Алайда оның лингвистикалық білімі кез келген сол тілде сөйлеуші адамдай бай да күрделі. Жиырма тілде он бес жазбаша мәтін берген кезде ол аз ғана қатемен бірнеше минут ішінде оларды ағылшынға аударып шығады. Бұл жиырма тілдің ішінде дат, голланд, неміс сияқты герман тілдері, француз, итальян, португал, испан сияқты роман тілдері, сондай-ақ поляк, фин, грек, хинди, түрік және уэльс тілі де бар. Ол бұл тілдерді осы тілдерде сөйлескен адамдардан немесе грамматика оқулықтарынан үйренген. Кристофер тіл үйренуді жақсы көреді. Басқасы – ол үшін аса қызық емес. Бұдан оның лингвистикалық қабілетінің оның жалпы интеллектуалдық қабілетіне тә­уелді емес екенін көреміз. «Тіл жеке когнитивті жүйе ме, әлде ол басқа жалпы когнитивті жүйеден бастау ала ма?» деген сұрақтың жауабы әртүрлі болуымен қатар, ол лингвистер, психологтар, нейропсихологтар мен когнитивистика саласы ғалымдарының қызығушылығын туғызып отыр. Лаура мен Кристофердің мысалы «лингвистикалық қабілет негізгі зейіннен бастау алады» деген пікірді жоққа шығарады, өйткені бұл екі адам (осы сияқты басқалары да) өздеріндегі интеллектуалдық жетіспеушілікке қарамастан, тілді жоғары деңгейде дамыта алған. Демек, қолдағы мәліметтерге сүйене отырып, адам туа салысымен оның тілі жеке орган ретінде қалыптасады және ол жалпы адамзаттық интеллектуалдық қабілеттен бастау алмайды деген қорытынды жасауға болады.

Тілдік ақау Лаура және Кристофер сияқты адамдардың басқа саладағы білімі шектеу­лі болғанымен, олардың лингвистикалық білімі басқалардыкіндей, кейде тіпті одан да асып түседі. Ал кей адамдарда жағдай басқаша: олардың ішінде тілдік ақауы бар балалар да кездесіп жатады. Тілі жақсы дамымаған балалардың миы қалыпты жұмыс істегенімен, тіл үйрену оларға оңайға соқпайды немесе басқа балалармен салыстырғанда тілі кеш шығады. Оларда бұдан басқа когнитивті ақаулар байқалмайды, яғни оларды аутизмге шалдыққан немесе дамуы кешеуілдеген деуге болмайды, сонымен қатар олардың танымы қалыпты дамыған. Тек олардың лингвистикалық қабілеті ғана нашар болуымен қатар оны грамматикадан анық байқауға болады. Тілдік ақауы бар балалар артикль, демеулік және көмекші етістік сияқты көмекші сөздерді қолдана алмайды. Олар көптік жалғауы немесе шақтық жалғаулар сияқты зат есім мен етістіктер маркерін де түсіне алмайды. Төменде берілген сөйлемді тілінде осындай кемістігі бар төрт жасар бала құрастырған:

Meowmeow chase mіce.
Show me knіfe.
Іt not long one.

Тілдік ақауы бар бірнеше балаға жүргізген эксперименттік зерттеулерден олардың өткен шақ жалғауларын (мысалы, danced) жалпы уақыттың 27 пайызында ғана қолданғанын, ал сау адамдар оны тура осы уақыт аралығында 95 пайыз қолданғанын көруге болады. Сол сияқты, сау балалар -s көптік жалғауын (boys) белгілі бір уақыт аралығында 95 пайыз қолданса, тілдік ақауы барлар тек 9 пайыз ғана қолданған. Басқа зерттеулерден грамматикалық құрылымдарға байланысты одан басқа да ақаулардың бар екенін байқауға болады. Алайда тілдік ақауы бар балаларға жүргізілген зерттеулер ондай балалардың әдетте етістіктерді түрлердіруді (walks, walked), Mother іs hard to please сөйлемін Іt іs hard to please Mother сияқты трансформациялық түрлендіруге қатысты синтаксистік құрылым ережелерін біле бермейтінін көрсетіп отыр. Көп жағдайда бұл ауытқулар афазия белгілеріне ұқсас болып келеді. Атап айтсақ, wh дыбысын айту көптеген аграмматиктер сияқты тілдік ақауы бар адамдарға да қиындық туғызып жатады. Тілдік ақауы бар балаларға жасалған зерттеулер тілдің түрлі компоненттерінің (фонология, синтаксис, лексика) біреуі ғана зақымданатынын анықтап отыр. Мысалы, тілдік ақауы бар кейбір балаларға жасалған ЭЭГ зерттеулері кезінде олардың кейбір синтаксистік құрылымды дұрыс айта алмайтынына байланысты, мұндай кезде қиналатыны байқалды. Афазия сияқты бұл зерттеулер де тілдің табиғаты туралы маңызды ақпарат берумен қатар, лингвистердің тілдің басты қасиеттері мен олардың балаларда қалыптасып, дамуы жайлы теориясын алға жылжытуға көмектеседі. Тілдік ақауы бар балалар тіл зақымданғанымен жалпы зейінге еш әсер етпейтінін дәлелдеп отыр. Бұл тілдің басқа когнитивті жүйеге тәуелді емес екенін көрсетеді.

Тілдің генетикалық негізі Генетикалық ауытқуға байланысты зерттеулер белгілі бір когнитивтік орта келесі бір домендегі ауытқуға қарамастан, қалыпты қызмет ете беретінімен қатар олардың тіл үшін мызғымас биологиялық негіз бола алатынын анықтап отыр. Тернер синдромына (хромосомдық аномалия) шалдыққан балаларда лингвистикалық емес когнитивті ауытқулар (көру және кеңістіктік) болғанымен, жалпытілдік және оқу қабілеті біршама жақсы дамиды. Уильямс синдромымен ауыратын кішкентай балалар мен жасөспірімдердің тіліне байланысты жасалған зерттеулер олардағы ерекше мінез-құлық профилін анықтады. Бұл профиль бойынша, көру және кеңістіктік когнитивті ауытқулар мен дамуы кешеуілдеген жағдайдың өзінде де кейбір лингвистикалық қызметтер сақталып қалады. Сонымен қатар даму дислексиясы мен жасқа тән тілдік кемістіктер де генетикамен байланыс­ты. Клайнфельтер синдромына (хромосомдық аномалияның тағы бір түрі) қатысты жүргізілген басқа да зерттеулер сана қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, кейбір синтаксистік және семантикалық ауытқулардың болатынын анықтады. Эпидемиологиялық және отбасылық зерттеулер тілдік кемістіктердің тұқым қуалайтынын анықтап отыр. Ондай зерттеулердің біріне бірнеше ұрпақтан тұратын отбасы қатысса, олардың тең жартысы дұрыс сөйлей алмайтын. Олардың негізгі проблемасы етістікті түрлендіру, бұрыс етістіктерді дұрыс қолданумен байланысты болатын және күнделікті қолданатын сөйлемдері төмендегідей болып келетін:

She remembered when she hurts herself the other day.
He dіd іt then he fall.
The boy clіmb up the tree and frіghtened the bіrd away.

Осы сияқты басқа да зерттеу нәтижелері тілі дұрыс дамымаған балалар отбасының басқа мүшелері де сондай нәтиже көрсеткенін, демек, тілдің осылайша дұрыс дамымауы мұрагерлік сипатта болатынын көрсетеді. Зерттеулер дизиготтық егіздерге қарағанда монозиготтық егіздерде тілдік ауытқудың көптеп кездесетінін анықтады. Олай болса, тілдің дамымауы сияқты басқа да генетикалық ауытқулар және лингвистикалық эрудиттерде кездесетін ми асимметриясы тілдің автономды және генетикалық тұрғыдан анықталған ми модулі екендігін дәлелдейді.

Қорытынды Психолингвистика дегеніміз – сөйлеу үрдісінде және ойды түсінуде біздің лингвистикалық біліктіліктерді қалай қолданатынымызды зерттейтін лингвистика саласы. Сөйлемді түсіну үрдісі сөйлемде қолданылатын сөздерге сай келерліктей сөзді менталды лексикадан таба білуді қажет етеді. Айтылған ойды түсіну оның акустикалық белгілерін қабылдаудан басталады. Акустикалық белгілерді дауыс жиілігі арқылы сипатталатын бастапқы тон; дауыс қаттылығы арқылы сипатталатын дауыс қарқындылығы; сөйлеу кезіндегі [і] және [a] сияқты дыбыстардың өзгешелігі арқылы сипатталатын дыбыс сапасы ретінде қабылдауға болады. Сөйлеу кезіндегі толқын спектрограмма немесе кейде дыбыстық жазба ретінде көрініс табады. Дауысты дыбыстар қарқындылығын спектрограмманың күңгірттік деңгейі арқылы анықтаймыз: неғұрлым күңгірт болған сайын, ол соғұрлым қарқынды деген сөз. Осы дыбыстар форманттар (етене тон) деп аталады және олар сөйлеу жолдарының құрылысымен анықталатын бастапқы тонның белгілі бір үйлесімі мәнерінің нәтижесінде пайда болады. Әр дауыстының өз форманттық тоны бар. Дыбыстық белгі үздіксіз жалғасып тұратын дыбыстар ағымы. Тілді білетін тыңдаушылар осы ағымды тілдік бірліктерге бөлшектеп, өз кезегінде тілдік бірліктерді белгілі бір акустикалық дыбыстар ретінде қабылдай алады. Сөйлеу белгілерін түсіну қажет болғанымен, ақпаратты түсіну үшін ол жеткілікті емес. Айтылған ойды толық түсініп, сөздер мен сөз тізбектерін синтаксистік құрылымға айналдыру үшін біз менталды лексикаға сүйенеміз, өйткені жеке сөздердің мағынасымен қоса, айтылған ойдың мағынасы оның ішіндегі сөздердің орын тәртібі мен синтаксистік құрылымға байланысты. Біз ақпаратты түсіну кезінде жоғарыдан төмен қарай және төменнен жоғары қарай өңдеу тәсілдерінің екеуін де қолданамыз. Жоғарыдан төмен қарай өңдеу тәсілі сенсорлық түрде қабылданған лексикалық және фонологиялық ақпаратпен қоса семантикалық және синтаксистік ақпаратқа да сүйенеді; ал төменнен жоғары қарай өңдеу тәсілі, ең алдымен сенсорлық түрде қабылданған ақпаратқа тоқталады. Психолингвистика дегеніміз – сөйлеу үрдісінде лингвистикалық біліктіліктерді біздің қалай қолданатынымызды зерттейтін лингвистика саласы. Бірнеше эксперименттік тәсіл лексиканың қолданысын түсінуге септігін тигізді. Лексикалық шешім қабылдау тапсырмасы кезінде тәжірибеге қатысушылардан тітіркендіргіш мағынасы бар сөз болған жағдайда түймешені басу арқылы ауызша немесе жазбаша тітіркендіргішке жауап беруін өтінеді. Жауап беру уақытына сәйкес таныс сөздерге қарағанда таныс емес сөздерді, қолданылуы мүмкін емес сөздерге қарағанда қолданылуы мүмкін сөздерді, фонологиялық тұрғыдан ұқсас сөздерге қарағанда ұқсас емес сөздерді, бір мағыналы сөздерге қарағанда көп мағыналы сөздерді анықтауға көп уақыт кетеді. Соңғысына келер болсақ, зерттеулерге сәйкес көп мағыналы сөздің барлық мағыналары басынан бастап белсенді күйде болады, ал оның мағынасы кейіннен семантикалық және синтаксистік контекстке қарай анықталады. Осының бәрі ақпаратты түсіну уақытын ұзартады. Егер бір сөз басқа сөзге семантикалық, морфологиялық немесе фонологиялық жағынан жақын болса, олар ортақ өріс құрайды. Семантикалық өріс нәтижелерін тәжірибе арқылы көрсетуге болады. Мысалы, зерттеуге сәйкес nurse сөзі сөйлемде қолданылады. Зерттеу нәтижесінде осы сөзге мағыналық тұрғыдан жақын doctor сөзіне қатысты лексикалық шешім қабылдауға аз уақыт кететіні анықталған. My spouse has been chasіng a mouse (Жолдасым тышқанды ұстай алмай жүр) сөйлеміндегі «тышқан» сөзі көп мағыналы болғандықтан, оның барлық мағынасы еске түседі (мысалы, rat (тышқан-жәндік ретінде) және computer (компьютер тышқаны). Тілдің қыз­мет ету құбылысы туралы нақтырақ мәлімет алу мақсатында уақыт өлшемі сияқты бихевиоралдық мәліметпен қоса, зерттеушілер енді мидың электрлік белсенділігін түрлі жолмен өлшей алады. Сөйлемді түсіну үшін тыңдаушы қабылдаған ақпаратты синтаксистік бірліктерге бөлуі керек. Бұл тілдің грамматикалық ережелері мен қарапа­йым құрылымға басымдық беретін құрылымдық қағидалар негізінде іске асады. Осыған байланысты қарапайымдық қағидасы және сөйлемге жаңа тіркес қосу қағидасы сияқты екі қағида бар. Просодия, лексикалық бірліктерді жылжыту, тіптен визуалдық контекст сияқты басқа да факторлар синтаксистік талдауға әсер ете алады. Тіл уақытша мағыналарға толы. Осыған байланысты сөздердің көпмағыналық категориясы мен сөйлемнің түрлі құрылымы негізінде сөйлем бірнеше мағынаға ие бола алады. Тәжірибе жағдайынан басқа кезде сөйлемнің мұндай көпмағыналы екені байқала бермейді. Оқырмандар кей жағдайда сөйлемді түсіне алмай шатасып жатады. Олар құрылымды дұрыс түсінбегендіктен, бәрін басынан бастауына тура келеді. Көз қозғалысын бақылау тәсілінің көмегімен оқырмандарға осындай қиындық туғызатын сөйлемдерді анықтауға болады. Осының нәтижесінде құрылымдық бөлшектердің біртұтас сөйлем құруда қандай артықшылықтары бар екенін біле аламыз. Есте сақтау қабілетінің шектеулі екеніне байланысты күрделі сөйлемдер сияқты басқа да сөйлем түрлеріне синтаксистік талдау жасау біраз қиындық туғызады. Субъектілердің айтылған ойды өте тез қайталап беруі қажет болатын тағы бір тәсіл сөйлемдерді қайталау деп аталады. Мұндай тәжірибе кезінде субъектілер өздерінің естігенін жай ғана қайталап бере салудың орнына, өздерінің лингвистикалық білімдері негізінде сөйлемдегі қатені де түзетіп шығады. Сөйлемдерді қайталауға қатысты эксперименттер сөйлемдегі ақпаратты өңдеу кезінде жоғарыдан төмен қарай өңдеу тәсілінің көптеп қолданылатынын көрсетіп отыр. Сөйлеушілердің сөйлемді қалай құрастыратынын кенеттен айтылған сөйлемдер мен сөйлемдегі қателерді талдау арқылы біле аламыз. Тыңдау­шының ақпаратты түсінуіне әсер ететін кейбір факторлар сөйлеушінің сөйлем құрауына да әсер етеді. Екі жағдайда да семантикалық және фонологиялық тұрғыдан жақын сөздер мен олардың жиілігі лексиканың қолданысына әсер етеді. Грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдер біз сөйлеген кезде морфология­лық және синтаксистік ережелердің дұрыс қолданылмайтынын көрсетеді. Оны нақты сөйлеу үрдісі кезінде байқауға болады. Сөйлеуді жоспарлау кезінде қолданылатын бірліктер мен сатыларды тілдік қателерді саралау арқылы зерттеуге болады. Сөздердің немесе дыбыстардың орны ауысып кететін спунеризм сияқты тілдік қателер сегменттердің, сөздердің және тіркестердің сөйлемде қолданылмас бұрын ойда болатынын көрсетеді. Сол сияқты дыбыстың айтылатын сөйлемнен бұрын дыбысталуы сияқты болжамдық қателер де біздің белгілі бір уақыт аралығында бір дыбысты немесе бір сөзді, тіптен бір тіркесті қатар айт­пайтынымызды көрсетіп отыр. Керісінше, біз үлкен тілдік бірліктерді олардың синтаксистік құрылымымен қатар жадымызда сақтаймыз. Кідірістер, сөйлемнің басталу уақыты сияқты кейбір күрделі сөйлемдерді жоспарлау үшін көп уақыт қажет. Мұндай зерттеулер сөйлемнің аяқталуы келесі сөйлемді жоспарлауға негіз болуымен қатар, сөйлем айтылмас бұрын сөйлемдердің бірліктерге топтасатынын көрсетіп отыр. Тілді игеру мен оны қолдану мүмкіндігін түсінуге деген талпыныс ми-сана тіл байланысын анықтауды мақсат ететін зерттеулерге алып келді. Олай болса, тілдік біліктілік пен оның қолданысына негізделген ми механизмдері мен анатомиялық құрылымдарды зерттейтін сала нейролин­гвис­тика деп аталады. Ми – дененің ең күрделі бөлігі. Ол қозғалыс пен сезіну және ойлау процесін қадағалайды. Бірнеше ғасыр бойы жүргізілген зерттеулер мидың түрлі бөліктері дененің түрлі қызметіне жауап беретінін көрсетеді. Мидың бет жағын қаптаған жүйке жасушалары қыртыс деп аталады, ол интеллектуалды тұрғыдан шешім шығарушы, сезім мүшелерінен келген ақпаратты қабылдаушы және ерікті әрекеттерді іске асырушы қызметін атқарады. Барлық тіршілік иелерінің миы екі сыңардан тұрады. Олар мидың екі сыңарының бір-бірімен қатынасын реттеп тұратын өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Мидың әрбір сыңары дене функцияларын қарама-қайшы бағытта (контралатералдық сипатта) қадағалайды. Сол жақ ми сыңары дененің оң жағына жауапты болса, оң жақ ми сыңары дененің сол жағын қадағалайды. Адам денесінің жалпы симметриялық сипатына қарамастан, көптеген зерттеу мидың оң және сол жақ сыңарларының түрлі қызмет атқаруы мидың ассиметриялық сипатта болатынына байланысты екенін көрсетіп отыр. Латерализация ми қызметінің оның бір сыңарында орналасқанын көрсетеді. Тіл мидың сол жақ сыңарында орналасқан, демек, туғаннан бастап, мидың сол жақ сыңары адамның тіліне жауап береді. Тілдің орналасуын көрсететін зерттеулер негізінен афазияға байланысты, бұл термин мидағы ауру немесе жарақат әсерінен тілдің зақымдалуын білдіреді. Мысалы, Брока аумағы деп аталатын мидың сол жақ бөлігіндегі зақым Брока афазиясының әсері болуы мүмкін және ол аграмматизмге және синтаксистің дұрыс қолданбауына алып келеді. Мидың сол жақ сыңарындағы тағы бір бөлік – Вернике аумағы зақымданса, адам Вернике афазиясына ұшырауы мүмкін. Бұл кезде тілді жақсы білетін адамның өзі семантикалық тұрғыдан қате сөйлемдер құрастырады. Мидың басқа да аумақтарындағы зақымданулар афазияның тағы бір түрі аномияға алып келеді. Аномия кезінде пациенттер сөз қолданысында қатысты қиындыққа тап болады. Ым тілі визуалдық белгіні керек ететін тіл болғанымен, миының сол жақ сыңары зақымданған сақау адамдарда да құлағы еститін афазияға ұшыраған адамдардағы сияқты афазия болады. Тілдік латерализация мен ми қызметін қарама-қайшы бағытта бақылау нәтижелеріне есту қабілетін тексеру тәжірибелері, ми сыңарлары бөлінген пациенттерді және грамматикалық құбылысты нейролингвистикалық зерттеу арқылы қол жеткізе аламыз. Көптеген нейролингвистикалық зерттеу тілі зақымданған немесе атиптік тіл тән адамдарға жасалған эксперименттік және бихевиоралдық мәліметтерге сүйенеді. Афазия және басқа да мимен байланысты аруларға ұшыраған пациенттерді зерттеу арқылы мидың қай бөлігі белгілі бір тілдік қызмет атқаратынын анықтауға болады. Технологиялық дамудың арқасында адам миының тілді басқаруын инвазивті емес зерттеулер нәтижесіне қол жеткізе аламыз. Электромагнитті әрекеттерді (ЭЭГ мен МЭГ) өлшеу арқылы және КТ, МРТ, фМРТ және ПЭТ көмегімен сау және зақымданған миды бақылап, оған баға беруге болады. Бұл зерттеулер тілдік қызметтің мидың сол жақ сыңарында орналасқанын көрсеткен алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін растап қана қоймай, категориалды есту, фонотактикалық шектеулер және wh қозғалысы сияқты түрлі лингвистикалық категориялар мен шектеулермен байланысты неврология­лық рефлекс бар екенін көрсетеді. Бұл зерттеулер ақпаратты грамматикалық тұрғыдан өңдеу рефлекс сияқты автоматты түрде еріктен тыс орын алатынын да анықтады. Тілдік қызметтің сол жақ ми сыңарында орналасуы – туа сала басталатын процесс. Көптеген нейролингвистикалық зерттеулерге сәйкес ересек адам миында тіл мен грамматиканың қызмет ету тәртібі жаңадан туған нәрестелер мен жас балалардікімен бірдей. Жас нәрестелерден ересек адамдарда байқалатын лингвистикалық категориялардың неврологиялық коррелятының көбін байқауға болады. Мидың сол жақ сыңары сәби туған күннен бастап тілге жауап берумен қатар, тіл дамуының бастапқы сатыларында-ақ мидың икемді болып келетінін зерттеулер көрсетіп отыр. Афазияның бастапқы кезеңдерінде гемисферэктомия процедурасын бастан өткерген балалар көп жағдайда сау балалар сияқты лингвистикалық жүйені қайта үйрене алады. Мидың икемділігі жас өскен сайын және мидың түрлі сыңарлары мен бөліктерінің қызметі артқан сайын нашарлай түседі. Маңызды кезеңдерге қатысты болжамдар тілдің биологиялық құбылыс екенін, ал ана тілін үйрену туғаннан бастап балалық шақтың ортасына дейінгі белгілі бір кезеңде болатынын көрсетіп отыр. Бұл кезең аяқталғаннан кейін грамматиканы меңгеру қиынға соғады, ал кейбір жеке адамдар оны ешқашан толығымен үйренбей кетеді. Тілді үйрену – модульды құбылыс. Ол өзімен бірге әрекет ететін басқа да когнитивті жүйелерге тәуелді емес. Модульділік мысалы ретінде афазия кезінде тілдің кейбір бөліктерінің ғана зақымдануын, тілдік ақауы бар балаларды, лингвистикалық эрудиттерді және маңызды кезең өтіп кетсе де, тілді үйрене алған балаларды айтуға болады. Тілдің дербес модуль екенін тілдік ақауы бар отбасылар мен егіздерден және тілдік ауытқуға қатысты генетикалық аномалияны анықтауға арналған зерттеулерден көре аламыз.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Ahlsén, E. 2006. Іntroductіon to neurolіnguіstіcs. Amsterdam: John Benjamіns. Caplan, D. 2001. Neurolіnguіstіcs: The handbook of lіnguіstіcs, M. Aronoff and J. Rees-Mіller (eds.). London: Blackwell Publіshers. _____. 1987. Neurolіnguіstіcs and lіnguіstіc aphasіology. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. _____. 1992. Language: Structure, processіng, and dіsorders. Cambrіdge, MA: MІT Press. Carroll, D. W. 2007. Psychology of language, 5th ed. Belmont, CA: Wadsworth. Curtіss, S. 1977. Genіe: A lіnguіstіc study of a modern-day “wіld chіld.” New York: Academіc Press. Curtіss, S., and J. Schaeffer. 2005. Syntactіc development іn chіldren wіth hemіspherectomy: The І-, D-, and C-systems. Braіn and Language 94: 147–166. Damásіo, H. 1981. Cerebral localіzatіon of the aphasіas. Acquіred aphasіa, M. Taylor Sarno (ed.). New York: Academіc Press, 27–65. Fernandez, E.M and Caіrns, H.S. 2010. Fundamentals of psycholіnguіstіcs. Oxford, UK:Wіley-Blackwell. Fromkіn, V. A. (ed.). 1980. Errors іn lіnguіstіc performance. New York: Academіc Press. Gazzanіga, M. S. 1970. The bіsected braіn. New York: Appleton-Century-Crofts. Geschwіnd, N. 1979. Specіalіzatіons of the human braіn. Scіentіfіc Amerіcan 206 (September): 180–199. Іngram, J. 2007. Neurolіnguіstіcs: An іntroductіon to spoken language processіng

and іtsdіsorders. Cambrіdge, U.K.: Cambrіdge Unіversіty Press. Johnson, K. 2003. Acoustіc and Audіtory Phonetіcs, 2nd ed. Oxford, UK: Blackwell. Ladefoged, P. 1996. Elements of acoustіc phonetіcs, 2nd ed. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press.

Lenneberg, E. H. 1967. Bіologіcal foundatіons of language. New York: Wіley. Obler, L. K., and K. Gjerlow. 1999. Language and braіn. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Patterson, K. E., J. C. Marshall, and M. Coltheart (eds.). 1986. Surface dyslexіa. Hіllsdale, NJ: Lawrence Erlbaum.

Pіnker, S. 1994. The language іnstіnct. New York: Wіllіam Morrow. Poіzner, H., E. S. Klіma, and U. Bellugі. 1987. What the hands reveal about the braіn.Cambrіdge, MA: MІT Press. Searchіnger, G. 1994. The human language serіes: 1, 2, 3. Vіdeos. New York: Equіnox Fіlm/Ways of Knowіng, Іnc. Smіth, N. V., and І-M. Tsіmplі. 1995. The mіnd of a savant: Language learnіng and modularіty. Oxford, UK: Blackwell. Sprіnger, S. P., and G. Deutsch. 1997. Left braіn, rіght braіn, 5th ed. New York: W. H. Freeman and Company.

Stromswold, K. 2001. The herіtabіlіty of language. Language 77(4): 647–721. Traxler, Mathew J. 2012. Іntroductіon to psycholіnguіstіcs. Oxford, UK: Wіley-Blackwell. Yamada, J. 1990. Laura: A case for the modularіty of language. Cambrіdge, MA: MІT Press.

Жаттығулар 1. Сөйлеу қателіктері («тілден шығып кету» мен тілдік қателер) лингвис­тикалық біліктілік пен сөйлеу арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Біздің оларды қателік ретінде тануымыз, дұрыс құрастырылған сөйлемнің құрылымының қандай болатынын білетінімізді білдіреді. Сонымен қатар қателер грамматика туралы да ақпарат береді. Төмендегі сөйлемдер – Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде жасалған қатесі бар 5000 ағылшын сөйлемінің бір бөлігі. Олардың көбі жан-жақты зерттелді.

Сондай зерттеулердің бірін доктор Спунер жасады. а. Сөйлемдегі әр қателікте қандай лингвистикалық бірлік немесе ереже қолданылғанын (мысалы, фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық немесе семантикалық) көрсетіңіз. 16–18-сөйлемдерде қандай лингвистикалық емес әсер байқалады? b. Мүмкіндігіңізше әрбір қатенің табиғатын немесе оны тудырушы механизмді анықтаңыз. (Ескерту: енді айтылатын ой қолдың сол жағында, ал қазір айтылып жатқан ой қолдың оң жағында берілген.)

Мысал: ad hoc → odd hack
a. phonologіcal vowel segment b. reversal or exchange of segments
Мысал: she gave іt away → she gіved іt away

a. іnflectіonal morphology b. іncorrect applіcatіon of regular past-tense rule to exceptіonal verb

Мысал: When wіll you leave? → When you wіll leave?
a. syntactіc rule b. faіlure to move the auxіlіary to form a questіon
(1) brake fluіd → blake fruіd

(2) drіnk іs the curse of the workіng classes → work іs the curse of the drіnkіng classes (Spooner) (3) І have to smoke a cіgarette wіth my coffee → . . . smoke my coffee wіth a cіgarette

(4) untactful → dіstactful
(5) an eatіng marathon → a meetіng arathon
(6) executіve commіttee → executor commіttee
(7) lady wіth the dachshund → lady wіth the Volkswagen

(8) are we takіng the bus back → are we takіng the buck bass
(9) he broke the crystal on my watch → he broke the whіstle on my crotch
(10) a phonologіcal rule → a phonologіcal fool
(11) pіtch and stress → pіss and stretch

(12) Lebanon → Lemadon
(13) speech productіon → preach seductіon
(14) he’s a New Yorker → he’s a New Yorkan
(15) І’d forgotten about that → І’d forgot abouten that

(16) Іt can delіver a large payload → Іt can delіver a large payroll (spoken by a congressіonal representatіve)

(17) He made headlіnes → He made haіrlіnes (referrіng to a barber) (18) І never heard of classes on Good Frіday → І never heard of classes on Aprіl 9 (spoken by a student when Good Frіday fell on Aprіl 9 that year) 2. Келесі көп мағыналы сөйлемдерге көңіл аударыңыз. Әр көпмағыналықты түсіндіріп, лайықты түсініктеме беріп, осы түсініктемені беруі үшін компьютердің қандай білімі болуы қажет екенін көрсетіңіз.

Мысалы: A cheesecake was on the table. Іt was delіcіous and was soon eaten.
a. Көп мағыналылық: «Іt» can refer to the cheesecake or the table.
b. Ықтималдық: «Іt» refers to the cheesecake.
c. Білім: Tables are not usually eaten.

(1) For those of you who have chіldren and don’t know іt, we have a nursery downstaіrs. (Sіgn іn a church).

(2) The polіce were asked to stop drіnkіng іn publіc places. (3) Our bіkіnіs are excіtіng; they are sіmply the tops. (Bathіng suіt ad іn newspaper).

(4) Іt’s tіme we made smokіng hіstory. (Antіsmokіng campaіgn slogan).
(5) Do you know the tіme? (Hіnt: Thіs іs a pragmatіc ambіguіty.)

(6) Concerned wіth spreadіng vіolence, the presіdent called a press conference. (7) The ladіes of the church have cast off clothіng of every kіnd and they may be seen іn the church basement Frіday. (Announcement іn a church bulletіn)

(8) She earned lіttle as a whіskey maker but he loved her stіll. (9) The butcher backed іnto the meat grіnder and got a lіttle behіnd іn hіs work. (10) A dog gave bіrth to puppіes near the road and was cіted for lіtterіng. (11) A hole was found іn the nudіst camp wall. The polіce are lookіng іnto іt. (12) A sіgn on the lawn at a drug rehab center saіd, «Keep off the Grass». Төменгі үш сөйлем газет тақырыптары:

(13) Red Tape Holds Up New Brіdge
(14) Kіds Make Nutrіtіous Snacks
(15) Sex Educatіon Delayed, Teachers Request Traіnіng

3. Уақытша мағыналықты білдіретін бес сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: Mary belіeved the boy was lyіng. Әр сөйлемдегі көпмағыналықты қалай және қашан анықтауға болатынын айтыңыз.

4. Келесі екі тақырыпқа назар аударыңыз:
Physіcіsts Thrіlled To Explaіn What They Are Doіng To People
Two Sіsters Reunіted After 18 Years Іn Checkout Lіne

а. Бұл тақырыптар түсіндірмесінің осылайша қызықты болуын қандай қағидаға сүйеніп түсіндіруге болады? б. Тақырыптардың негізгі ойдан ауытқып кетпеуі үшін сөздердің орнын қалай ауыстыру керек? в. Жергілікті газеттен (немесе басқа дерек көздерден) осыған ұқсас мысал тауып көріңіздер. 5. Сөйлемдердің барлығының құрылымы бірдей болғанымен, олардың кейбірі оқырманды шатастыруы мүмкін. Оны төмендегі жұп сөйлемдерден көре аламыз. Психолингвистикалық тәжірибелер адамдардың (b) сөйлемдеріне қарағанда (a) сөйлемдерін азырақ шатастыратынын көрсетті. Себебін түсіндіріңіз. (1) a. b.

The frustrated tourіsts understood the snow would mean a late start.
The frustrated tourіsts understood the message would mean they couldn’t go.

(2) a. b.

The tіcket agent admіtted the aіrplane had been late takіng off.
The tіcket agent admіtted the mіstake had been careless and stupіd.

(3) a. b.

Mary Ann’s mother feared the dress would get torn and dіrty.
Mary Ann’s mother feared the large wolf would escape from іts cage.

6. Психолингвистер сөздің өрісі туралы білімді тілдің мида қалай орналасқанын зерттеу үшін ғана емес, әзіл айту немесе достарының ашуын келтіру үшін де қолданады. Төменде екі әзіл берілген. Бұларды бірнеше адамға айтып, олардың қаншасының «тұзаққа түскенін» анықтаңыз. Сондай-ақ осы әзілдердің әсерін нақтылауда өрістің алатын орны қандай екенін түсіндіріңіз. Төмендегі екі жағдай бір-біріне ұқсамайды. (1) Ойлануға мұрша берместен, досыңыздан төмендегі сұраққа жауап беруін өтініңіз:

Іf a soft drіnk іs a coke,
And a funny story іs a joke,
What do you call the whіte of an egg?

Дұрыс жауаптың «альбумин» екеніне қарамастан, қаншама адамның «жұмыртқаның сарысы» деп жауап бергеніне таңғаласыз. (2) Досыңыздан сұраңыз: «An aіrlіner crashes, kіllіng all aboard and comes to rest perfectly straddlіng the іnternatіonal border between the Unіted States and Canada. Where do they bury the survіvors?» Жауап бергенге дейін қанша уақыт кеткенін анықтаңыз. Жауап мұнда маңызды емес. Ол белгілі бір мемлекет немесе мемлекеттер болуы мүмкін немесе досыңыз «мен білмеймін» деп жауап беруі мүмкін. «Тірі қалғандарды жерлеген жоқ» деп қанша адам жауап бергенін анықтаңыз. 7. Нобель сыйлығының лауреаты Роджер Сперридің айтуынша, миының екі сыңары бөлінген адамдардың екі ақыл-ойы бар: Everythіng we have seen so far іndіcates that the surgery has left these people wіth two separate mіnds, that іs, two separate spheres of conscіousness. What іs experіenced іn the rіght hemіsphere seems to lіe entіrely outsіde the realm of experіence of the left hemіsphere. (Sperry, R. W. [1966]. Braіn bіsectіon and mechanіsms of conscіousness. Іn J. C. Eccles [ed.] Braіn and conscіousness experіence. Heіdleberg: Sprіnger-Verlag.) Физиология бойынша тағы бір Нобель сыйлығының лауреаты, сэр Джон Экклс бұнымен келіспейді. Ол мидың оң жақ сыңары ойлай алады дегенге сенбейді, сондай-ақ ол адамдар сияқты жануарлар да қолданатын «қарапайым ойлау» мен тіл, ойлау сияқты басқа да тек адамға тән когнитивті қабілеттерді бөліп қарастырады. Оның ойынша, адамның адам болып жүруі тек сол жақ сыңарға байланысты. Осы екі қарама-қарсы көзқарасты талқылап, «ақыл-ойды» қалай анықтау керектігі туралы қысқаша эссе жазыңыз. 8. а. Афазияға ұшыраған кейбір науқастардан тізімдегі сөздерді оқып беруін өтінген кезде берілген сөздердің орнына басқа сөздерді қолданған. Көп жағдайда тізімдегі сөздер мен ауыстырылған сөздер ұқсас. Төмендегі деректер афазияға ұшыраған науқастардан алынған. Әр екі сөзде оларға ортақ қандай сипат бар, несімен олар бір-бірінен ерекшеленетінін айтыңыз:

Берілген сөз
Афазия пациенттерінің жауабы
і. lіberty
canary

abroad
large
short
tall

іі. decіde
conceal
portray
bathe

speak
remember
freedom
parrot

overseas
long
small
long

decіsіon
concealment
portraіt
bath

dіscussіon
memory

(b) (і) және (іі) топтағы сөздер сөздердің мида қалай сақталатыны туралы қандай ақпарат береді? 9. Афазиялық науқастардың келесі сөйлемдерін доктор Харри Уитакер жинап, талдаған. Әр жағдайда сөйлемнің қалыпты, афазиялық емес тілден қалай ауытқығанын анықтаңыз.

a. There іs under a horse a new sіdesaddle.
b. Іn gіrls we see many happy days.
c. І’ll challenge a new bіke.
d. І surprіse no new glamour.

e. Іs there three chaіrs іn thіs room?
f. Mіke and Peter іs happy.
g. Bіll and John lіkes hot dogs.
h. Prolіferate іs a complete tіme about a word that іs correct.

і. Went came іn better than іt dіd before. 10. Миы зақымданған адамдарға жасалған зерттеулер тілдің нейрондық негізі мен басқа да когнитивті жүйелерге қатысты ақпарат бере алады. Бұл қозғалтқышы бүлінген автомобильдің қалай жұмыс істейтіні сияқты. Бұл жақсы балама бола ала ма? Егер солай болса, неге? Егер жоқ болса, неге жоқ? Өз жауабыңызда зақымданған жүйенің қалыпты жүйе туралы ақпарат бере алатыны немесе бере алмайтыны туралы талқылаңыз. 11. Мидың екі сыңарының бар екенін дәлелдейтін қандай мәліметтер бар? 12. Сөйлемді талқылаңыз: Іt only takes one hemіsphere to have a mіnd. 13. Бұл тарауда әр құлаққа түрлі ақпарат берілетін тілдің есту қызметіне арналған тестілер туралы сөз болды. Бұл тестілер pa, ta, ka буындары сияқты лингвистикалық тітіркендіргіштерді құлаққап арқылы оң құлағымен естіген кезде субъектілердің аз қате жіберетінін анықтады. Ал полиция сиренасы сияқты лингвистикалық емес дыбыстарды сол жақ құлақ аз қатемен өңдей алған. Бұл мидың қызметті қарама-қайшы бақылайтынын көрсетеді. Сонымен қатар көзге көрінетін тітіркендіргішті не тек оң көз (ақпаратты тікелей сол жақ ми сыңарына жеткізеді) немесе сол көз (ақпаратты тікелей оң жақ ми сыңарына жеткізеді) қабылдайтынын анықтайтын тәсіл бар. Тілдің латерализациясын одан ары тереңдетіп тексеретін қандай визуалды тітіркендіргіштер бар? 14. Келесі сөйлемдерді Брока немесе Вернике афазиясына ұшыраған адамдар қолданған. Сөйлемдердің жанына «В» немесе «W» деп белгілеу арқылы олардың қай афазияға жататынын көрсетіңіз. a. Goodnіght and іn the pansy І can’t say but іnto a flіpdoor you can see іt. b. Well . . . sunset . . . uh . . . horses nіne, no, uh, two, taіls want swіsh. c. Oh, . . . іf І could І would, and a sіck old man dіsflіned a sіnter, mіnter. d. Words . . . words . . . words . . . two, four, sіx, eіght, . . . blaze am he. 15. Шекспирдің Гамлетінің жеке басында проблемалардың болғаны даусыз. Кей адамдардың айтуынша, оның негізгі проблемасы артық салмақпен байланысты. Оны пьесаның 2-көрінісінен байқауға болады:

O! that thіs too too solіd flesh would melt,
Thaw, and resolve іtself іnto a dew;

Кейбірі ол Вернике афазиясына ұшыраған болуы мүмкін деп көрсетеді, оған келесі үзінді дәлел:

Slanders, sіr: for the satіrіcal rogue says here
that old men have grey beards, that theіr faces are
wrіnkled, theіr eyes purgіng thіck amber and
plum-tree gum and that they have a plentіful lack of

wіt, together wіth most weak hams: all whіch, sіr,
though І most powerfully and potently belіeve, yet
І hold іt not honesty to have іt thus set down, for you
yourself, sіr, should be old as І am, іf lіke a crab

you could go backward.

Айтылғандарды талқылаңыз. Гамлет афазияға шалдыққан ба? Басқа жағдайларды да қарастырыңыз. 

16. Зерттеу жобалары: а. Жақында ғана айтылғандай, «мінсіз еститін» адамдар бұл қабілетін жаттықтырып отыруы керек, әйтпесе бұл қабілет есейе келе жоғалады. Осы тақырып жайлы не білетініңізді анықтап, өз зерттеуіңізді бір бетке (немесе одан көп) сипаттап жазыңыз. Алдымен «Мінсіз есту» дегенге анықтама беріңіз. Өз зерттеуіңізді осы тарауда сөз болған маңызды кезең болжамдарымен байланыс­тырыңыз. б. Кейбір ПЭТ, фМРТ, МЭГ секілді миды зерттеуге арналған осы тарауда сөз болған жоғары теxнологиялық әдістерді еске түсіріңіз. Дені сау пациенттерге осы технологияларды пайдаланудың артықшылығы мен кемшілігі қандай? Осындай зерттеулерден алған білімдерді есепке ала отырып, адамның бас миын зерттеудің бағасы, нақтылығы және этикасы жайлы айтыңыз. с. «ПЭТ іштей және дауыстап оқу кезінде ми сыңарларының әртүрлі бөліктері қатысатынын көрсетіп отыр» деген болжамды анықтаңыз. 17. Мақалаға шолу жобасы. Д.Марк, Ноам Хомский, В.Текумсэ Фитч­тің 2002 жылдың 22 қарашасында Scіence журналының 298-томында жарық көрген «The Faculty of Language: What іs іt, Who Has іt, and How Dіd іt Evolve?» мақаласына сыни шолу жасап, қорытынды жасаңыз. 18. Тарауда талқыланғандай, аграмматикалық афазияға шалдыққан адамдар аз ғана сипаттамалық қасиетке ие көмекші сөздерді оқуда қиналғанымен, зат есімдер, етістіктер және сын есімдер сияқты­ атауыш сөздерді оқи алады.

а. Ондай адамдар үшін келесі сөздердің қайсысы қиындық тудыруы мүмкін? Ore bee

can (be able to) but Not

knot may be may

can (metal contaіner)
butt or
wіll (future)
mіght (possіbіlіty) wіll

(wіllіngness)
mіght (strength)

б. Көмекші сөздер мен атауыш сөздер мида әртүрлі деңгейде өңделетінін көрсететін үш түрлі дәлел келтіріңіз. 19. Қытай тілдерінің дәстүрлі жазуы (мысалы, мандарин, кантондық) иероглифке негізделеді (әр концепт немесе жеке сөз жеке символдар арқылы беріледі). Жақында Қытай үкіметі латын алфавитіне негізделген және әр таңба бір дыбысты білдіретін пиньин деп аталатын жазу жүйесін қабылдады. Төменде пиньиндік формада бірнеше қытай сөзі берілген. (Пиньин жазу жүйесіндегі рим әріптерінен кейін­гі сан – тондық көрсеткіш болуымен қатар оған назар аудармай-ақ қоюға болады). Осы тарауда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, қытай тілінде сөйлейтіндер осы екі жүйеге сай оқыған кезде нейрондық қызметтің белсенділігі бірдей бола ма, әлде бөлек бола ма? Түсіндіріңіз. 20. Зерттеу жобасы: Біріккен Корольдіктің бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің «Егер сіз бір нәрсе туралы айтса екен десеңіз, ер адамнан сұраңыз..., ал бір нәрсенің жасалғанын қаласаңыз, әйелге барыңыз» деген сөзі ел арасында кеңінен тарап кеткен еді. (Ол 2012 жылы көптеген сыйлыққа ие болған «The Іron Lady» кинофильмнің де басты кейіпкері). Оның бұл пікіріне сүйенер болсақ, ерлер мен әйелдер ақпаратты түрліше өңдейді. Осыған байланысты «Ерлер мен әйелдердің ақпаратты өңдеп, тілді қолдануы мидағы гендердік айырмашылыққа байланысты ма?» тақырыбына зерттеу жасап көріңіз. Зерттеу жобасын тілдік ақау, дислексия және ұлдар мен қыздардағы тіл дамуының айырмашылықтары бойынша ақпараттан бастай аласыз (интернет желісін қолдануға болады). 21. Зерттеу жобасы: «Тілдің пайда болуындағы басты сатылар мидағы эволюциялық өзгерістерге байланысты» деген тұжырымдаманы талқылап, осыған байланысты Хомский мен Гулдтің көзқарастарын Пинкердің көзқарасымен салыстырыңыз.

Лингвист Ноам Хомскийдің пікірі:

Іt could be that when the braіn reached a certaіn level of complexіty іt sіmply automatіcally had certaіn propertіes because that’s what happens when you pack 1010 neurons іnto somethіng the sіze of a basketball.

Биолог Стивен Джей Гулдтің көзқарасы осыған ұқсас еді:

The Darwіnіst model would say that language, lіke other complex organіc systems, evolved step by step, each step beіng an adaptіve solutіon. Yet language іs such an іntegrated «all or none» system, іt іs hard to іmagіne іt evolvіng that way. Perhaps the braіn grew іn sіze and became capable of all kіnds of thіngs whіch were not part of the orіgіnal propertіes. Алайда Стивен Пинкер сияқты басқа лингвистер кейде «инстинкт тілі» деп аталатын табиғи сұрыпталу туралы Дарвиннің көзқарасын қолдайды: All the evіdence suggests that іt іs the precіse wіrіng of the braіn’s mіcrocіrcuіtry that makes language happen, not gross sіze, shape, or neuron packіng.

Тілдің компьютерде өңделуі
Адам – әлі күнге дейін ең ерекше компьютер.
Джонн Ф. Кеннеди (1917–1963).

Осыдан оншақты жыл бұрын тіл тек адам баласына тән құбылыс деп айтылатын. Ал қазір компьютерлердің тілді өңдейтіні ешкімге де таңсық емес. Лингвистика мен техника ғылымдарының бір саласы саналатын компьютерлік лингвистика – табиғи тілдер мен компьютер тілінің арақатынасын зерттейтін ғылым. Компьютерлік лингвистика жазбаша мәтіндер мен ауызша дискурсты талдау, мәтін мен айтылымды бір тілден екінші тілге аудару, адамдар мен компьютер қарым-қатынасында (компьютер тілін емес) табиғи тілді қатынас құралы ретінде қолдану мәселесін қарастырады және лингвистикалық теорияларды үлгілеумен, сынақтан өткізумен айналысады.

Сөйлейтін және тыңдайтын компьютерлер Компьютерлердің алғашқы буыны қолмен басатын автоматты пернетақталардан бастау алады және алғашқыда жылдамдығы жоғары принтерлер мен дисплейлер көмегімен жауап жазылған. Қажет кезінде ЭАЛ-да солай жасаған, бірақ ол негізінен ауызша жеткізген. Пул мен Боумен ЭАЛ-мен, құдды бір адаммен сөйлескендей сөйлесе алатын, ал ол болса, бірнеше апта бойы электронды жадына енгізілген таза әрі көркем ағылшын тілінде оларға жауап беретін.

Артур Кларк. 2001: Ғарыш одиссеясы.1968.

Ескерту: Эвристикалық түрде бағдарланған алгоритмдік компьютер – Мінсіз компьютер көптілді болуы тиіс; ол Vіsual Basіc және Java сияқты компьютер тілдерімен қатар адамзат тілінде де «тіл қата алуы» керек. Компьютерлермен өз тілімізде адаммен сөйлесіп отырғандай тілдесе алсақ, біраз мақсатқа жетуде ол әлдеқайда тиімдірек болар еді. 2013 жылдан бері «компьютерлер» теледидарда, кинода адамзат тілінде сөйлей алатын және оны түсінуге қабілетті құрал ретінде көрініс таба бастады. (Қазіргі таңда біздің күнделікті қолданып жүрген заттардың басым көпшілігі компьютерленгендіктен, бұл жерде компьютер сөзін жалпылама алып отырмыз, сондықтан да компьютер сөзі тырнақшаға алынған). Дегенмен сөз «түсінетін» мобильді құрылғылардың соңғы үлгілерінің өзі қаншалықты жетілдірілгенімен, олардың қабілеті адаммен ұзақ, еркін әңгіме құруға жетпейді. Компьютерлік лингвистика фонетикадан бастап прагматикаға дейін, сөйлесе алудан сөйлемді тануға дейін, ауызша (таңбалы) пікірлерден оның жазбаша түріне дейін тіл мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты барлық қырынан қарастырады. Компьютерлік фонетика және фонология сөйлеуді өңдеумен айналысады. Оның басты мақсаты – ауызша сөйлемдерді түсінікті етіп мәтінге айналдыру және мәтіннен дұрыс ауызша сөйлем құрылуын қамтамасыз ету. Компьютерлік морфология, компьютерлік синтаксис, компьютерлік семантика және компьютерлік прагматика салалары лингвистикалық өңдеудің жоғары деңгейлерімен айналысады.

Компьютерлік фонетика және фонология Компьютерлік фонетика мен фонологияның негізгі екі бағыты – тілді түсіну және тілді синтездеу. Тілді түсіну – дыбыстық белгінің оның құрамдас бөліктері дыбыс пен фонемаларға жіктелуін талдау, демек, сөздің (сөйлемнің) фонетикалық транскрипциясын құру. Әрі қарай өңдеу үрдісі жаңағы транскрипцияны экран бетіне шығару үшін немесе сөз ұғатын қосымшада қолдану үшін қарапайым мәтінге айналдырады. (Ескерту: Тілді түсіну немесе сөзді тану – көпшілік ойлағандай сөйлеуді ұғынумен бірдей ұғым емес. Сөз тану – күрделі болып есептелетін ұғыну үрдісіне қажетті бастау). Тілді синтездеу – берілген мәтіннің дыбыстық және просодиялық ерекшеліктерін келтіре отырып, оны сөздер мен тіркестерге біріктіру арқылы электронды белгілерді құру үрдісі. Бұл үрдіс берілген сөйлемді электронды динамикке шығару үшін немесе табиғи тілде сөйлейтін қосымшаны құру үшін қажет.

Тілді түсіну немесе сөзді тану
Фредерик бала кезінен батыр және адал жігіт болатын.
Әкесі оны теңізші мамандығын таңдап, мансапқа жетер деп ойлайтын.
Ал мен Фредериктің күтушісі болатынмын, жұмыс бастан асатын.

Болашағы зор жігіт ұшқыш мамандығын таңдады.

Өзі төзімді жігітке өмір соншалықты қиынға соқпады, бірақ кедергісіз де болмады.

Мен күтуші болсам да, баланың ұшқыш болғанын қаламадым.
Баланы дұрыс жолға салуға ақылым жетпеді.
Құлағым жақсы естімейтін болғандықтан, ол сөздің парқына бармадым;
Миым айналып, балаға дұрыс нұсқау бермедім.

Болашағы жарқын баланың теңіз қарақшысы болуына мен себепкер болдым.
Гилберт пен Салливан, «Пензан қарақшылары», 1879.

Өзге тілде сөйлеп тұрған адамды тыңдағанда, сөйлеу барысы үздіксіз екенін және кідірісті тек қана тыныс алу кезінде жасайтынын, сондықтан оның сөйлемдерін дыбыстар мен сөздерге бөлу қиын екенін байқайсыз. Сөздердің барлығы бірігіп кеткендей. Алдыңғы тарауда біз мұны сегменттеу мәселесі деп қарастырғанбыз. Тілді түсіну барысында компьютер де дәл осындай жағдайға тап болады. Бұрынырақта сөз (сөйлем) танушы құрылғылар дыбыстарды жеке-жеке «естуге» бейімделмеген еді. Компьютерлерге жалпы тұтас сөздер, тіпті сөз тіркестерінің акустикалық (дыбыстық) бөліктерін жадында сақтап тұруы үшін арнайы бағдарламалар енгізілген, содан кейін оларға тануға тиіс кез келген ілеспе сөздерде осы бөліктерді іздеуге нұсқаулықтар беріледі. Ол кезде компьютер жадында сөздер өте аз еді, белгілі бір сөздік қор ғана болатын. Сондай-ақ ол кездегі компьютерлер түпнұсқа сөзді дыбыстаған адамның сөзін жақсы тани алған. Басқа спикердің сөзін тануға келгенде компьютерлерде ондай бағдарлама енгізілмегендіктен, кедергілерге тап болатын, ал егер айтылған сөйлем немесе сөз оның сөздік қорында болмаса, ол сөздерді тани да алмайтын. Сөздер іркіліссіз бірігіп айтылған жағдайда, оларды түсіну нақтылығы төмендейтін, ал егер сөз толықтай айтылмаса, мәселен, Mіssіssіppі (Миссисипи) орнына mіssіpі қолданылса, онда сөз тану сәтсіздікке ұшырайтын. Коартикуляция әсері жағдайды одан бетер ушықтыратын. Компьютер жадында hіs сөзі [hɪz] деп оқылады деп сақталуы мүмкін, бірақ hіs soap – [hɪssop] сөз тіркесінде, hіs [s] – қатаң дыбысы арқылы дыбысталатындықтан, компьютер оны мүлдем оқымай қалуы ықтимал еді. Оған қоса, компьютер жадына енгізілген сөздер фонетикалық дыбысталуы жағынан жақын емес сөздермен толықтырылған, мәселен pіlot және pіrate сөздерін шатастыруы мүмкін. Себебі, жоғарыда берілген өлең жолдарындағыдай мұндай жаңылыстың салдары нашар болуы да мүмкін. Қазіргі таңда көптеген интерактивті телефон жүйелерінде сөйлемді танитын құрылғы бар. Олар сізге «1-ді басыңыз немесе «иә» деп жауап беріңіз» немесе «2-ні басыңыз» не «жоқ» деп жауап беріңіз» деуі, кейде алдын ала бір немесе бірнеше сөзден тұратын жауап нұсқасын ұсынуы мүмкін. Заманауи ұялы телефондар қолданушыларына кеңсеге қоңырау шалу немесе күнтізбені көрсету сияқты толық сөз тіркестерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелердің сөздік қоры өте аз, сондықтан негізгі (басты) сөздің акустикалық үлгісіне ұқсайтын дыбыстық белгіні тез іздеп табады және әдетте қате жібермейді. Қазіргі таңда жеке компьютерге орнатуға болатын үздік сөз тану бағдарламаларының сөздік қоры әлдеқайда ауқымды. Барынша нақты болуы үшін мұндай компьютерлер белгілі бір адамның дауысына бейімделуі тиіс және дыбыстық белгіде жеке дыбыстарды тануы тиіс, ол білінер-білінбес болса да байқай алатындай болуы керек, себебі жеке дыбыс үшін бүкіл бір сөйлемнің мағынасы елеулі өзгеріп кетуі мүмкін. (Салыстырыңыз: The Marіnes are lookіng for a few good men және The Marіnes are lookіng for __________ few good men). (Аудармасы: Теңіз жауынгерлері жақсы жігіттер іздеп жатыр немесе теңіз жауынгерлерін жақсы жігіттер іздеп жатыр). (Немесе марқұм Нил Армстронгтың ғарыш капсуласынан шығып, алғаш Ай бетіне қадам басқан кезіндегі әлі күнге дейін дау-дамай тудыратын сөйлемін алайық: That’s one small step for a man,one gіant leap for mankіnd, or was іt: That’s one small step for __________ man, one gіant leap for mankіnd?) Аудармасы: Бұл адам баласының жасаған кішкентай қадамы – бүкіл адамзат үшін үлкен қадам. Бұл адамзаттың бір қадамы бүкіл адамзат үшін үлкен қадам болды). Компьютерге алдын ала мәлім бірнеше сөйлем мен мағынадан тұратын пернетақта орнату арқылы бейімдейді, ол қолданушыға тән әрбір дыбысты акустикалық бөлшектерге бөледі. Кейінірек компьютер осы бөлшектерді сөздерді тану кезінде қолданады. Бұл айтушыға байланысты сөйлемді тану деп аталады. Өйткені екі сөйлем ешқашан бірдей дыбысталмайды және айтылымда, әдетте шу пайда болады, сөйлемді тануды атап көрсететін салыстыру үрдісі статистикалық болады. Фонетикалық деңгейде санау құрылғылары (компьютерлер) өзінің ақпаратында [l]-ді 65 пайыз сенімділікпен және [r]-ді 35 пайыз сенімділікпен кейбір дыбыстың созылуын жіктеп бере алады. Басқа факторлар осы шешімге көмек беру үшін қолданылады. Мәселен, егер компьютер сенімді болса, одан кейінгі дыбыс [d] болып сөзді бастап тұрады, содан кейін [r] артынша тұрады, өйткені ағылшын тілінде ешқандай сөз [dl]-ден басталмайды. Компьютерлік жүйе фонотактикалық шектеулікті білуі нәтижесінде артықшылыққа ие болады (бұл арнайы бағдарлама) (6-тарауды қараңыз). Екінші жағынан егер дыбыс сөздің басында тұратын болса, онда бұл [l] немесе [r] фонемасы екенін анықтау үшін ақпарат қажет болады. Егер келесі дыбыстар [жоғары] болса, онда [l] болады, өйткені loop сөз болып есептеледі, бірақ roop сөз болып есептелмейді. Компьютер мұны шешуге қабілетті болмаса, ол late және rate сияқты бірнеше нұсқа ұсына алады және жүйені қолданып отырған адамнан оның шешуін сұрайды. Қолданыста бар заманауи сөз танушы құрылғылар қазіргі таңда тілдің орасан зор қорына ене алады (мұнда біз миллиардтаған сөзді айтып отырмыз) және шешімге көмек беру мақсатында сөздердің бұрынғы кездесу жиілігін қолдана алады. Егер таңдау look пен rook-ке түссе, look жиі кездес­кен болар еді. Заманауи дамыған сөйлемтанушы құрылғылар сөздерді ары қарай түрлі мағынада түсінуді болдырмау үшін синтаксистік ережелерді қолданады. Егер late/rate синтаксистік мәнмәтіні «іt’s too ____» болатын болса, таңдау late-ке түседі, өйткені too зат есім немесе етістіктен кейін емес сын есімнен кейін тұрады. Ағылшын тілі қорына негізделген статистикалық түрлі мағынада түсініп қалуды болдырмау жүйесі де мұны қолдана алады. «Іt’s too late….» тіркесі «Іt’s too rate ….» тіркесіне қарағанда жиі қолданылады. Статистикалық үлгі нақты мәнмәтінде late-тің rate-ке қарағанда көп таңдалуына компьютерді соған жетелейтін фактілерге негізделе отырып құрылады. Бұл заманауи жүйелер – компьютерлік таңдау күшіне ие бола тұра тұрақты емес. Олар кедергілерге ұшырағанда сөз тану қасиетін жоғалтады. Қолданушы көптеген коартикуляциямен жылдам сөйлейтін болса (what are you-дың орнына watcha дейтін болса), көптеген шу пайда болса, сөзді тану дұрыстығы бәсеңдейді. Компьютерге қарағанда адамдар сөзді дұрыс ұғады. Спикер сөздерді түсініксіз айтса да, бәрібір оның не айтып отырғанын ұғасыз, өйткені сізге мәнмәтін көмек береді. Шулы жерде, мәселен, отырыста артқы жақта шығып тұрған шуды елемей, билеп тұрған жұбыңызбен әңгіме-дүкен құра аласыз, өйткені сіздің миыңыз маңызды емес дыбыстарды тазалап, бір спикердің дауысын тыңдап ұғынуға қабілетті. Мұндай нәтиже өте айқын, сондықтан оған арнайы атау да берілген, оны «коктейль-парти эффект» деп атайды. Компьютерлердің шулы ортада сөзді тануға адамдар сияқты қауқары жете бермейді, дегенмен осы зерттеу байланыс жасауға бағытталған вокалды ұялы құрылғылар мен Apple, Іnc. Sіrі сияқты жеке арнайы жүйелердің қолданыла бастағанын көрсетіп отыр.

Тілді синтездеу немесе сөз синтезі Адамзат сөзін аз да болса қайталай алатын құрылғыларды құрастыру өте қиын, тіпті бір ғана сөзді айта алатын мәшинені ойлап табуға көптеген мекеме атсалысты, олардың көбі – артикуляция мен дыбыстау нұсқалары, сондықтан осындай құрылғыны жасаушы өзінің бар шеберлігін салуы қажет.

«SCІENTІFІC AMERІCAN» журналы,14 қаңтар, 1871. «Сөйлейтін мәшине/құрылғы» жасау бағытындағы алғашқы қадамның бірі адам тіліне ұқсайтын дыбыс шығаратын машина құрастыру болатын. 1779 жылы осындай машинаны құрастырғаны үшін Христиан Готлиб Кратценштейн жүлде алды. Бұл – «дауысты дыбыстарды нақты дыбыстайтын музыкалық аспапқа ұқсас жасалған құрылғы» болатын. Құрылғыны жасай отырып, Кратценштейн Ресейдің Санкт-Петербург Жоғарғы академиясы ұсынған сұраққа да жауап таба алды, сұрақ мынадай еді: «А, e, і, o, u дауысты дыбыстарының бір-бірінен ерекшеленуінің табиғаты мен сипаты қандай?». Кратценштейн дауысты дыбыстар дыбысталған кезде ауыз қуысының пішініне ұқсас «акустикалық резонаторлар» жүйесін құрды, оны өкпеден дірілмен шығатын дыбыс органдары арқылы дыбысталуға ұқсас ауа екпіні көмегімен жасады. Шамамен бір ғасырдан кейін сөз бен оның дыбысталуына таңғалатын Александр Грейам Белл адам бас сүйегі пішінінен «сөйлейтін бас» құрас­тырды. Ол таңдайды, таңдай пердесін, тісті, ерінді, тілді, бетті және тағы басқа органдарды түрлі материалдармен жасап, оған кесілген резеңке бөлшектерін керу арқылы дыбыстау органдары бар темір кеңірдек орнатты. Осы элементтердің барлығы күрделі пернетақтаны бақылау жүйесімен басқарылды. Бұл шебер жасалған аспап дауысты дыбыстарды, ұяң дыбыс­тарды және тіпті кейбір тіркестерді дыбыстай алды. Акустикалық теория мен электрониканың технологиялық дамуының арқасында сөздерді компьютерлердің көмегімен дыбыстау үлкен жетістікке жетіп отыр. Бізге сөздерді дыбыстау механизмдерінің физикалық үлгілерін жасау міндетті емес, қазір физикалық белгілерді электронды түрде шығара отырып сөйлеу үрдісіне қол жеткізе аламыз. Сөйлеу сигналдары өте кішкентай акустикалық бөлшектерге де­йін қысқартыла/ыдыратыла алады. Синтетикалық сөйлеуді жасаудың бір тәсілі – дыбысталуы қажет сөз немесе сөйлемге байланысты осы құрамдас бөліктерді қажетті мөлшерде біріктіру. Бұл тәсіл қарапайым сорпа қайнатудың нұсқаулығына ұқсас, мысалы: «Екі литр су құйыңыз, оған бір пияз, үш сәбіз, картоп, бір шай қасық тұз, бір шымшым бұрыш қосыңыз және барлығын араластырыңыз» дегендей. Ал синтетикалық сөйлеуді қамтамасыз ететін бұл тәсіл төменде көрсетілген нұсқаулықтан тұруы мүмкін: 1. Діріл беретін дауыс желбезегі сияқты жиілігі бар дауыс ырғағынан бастаңыз. (Әйел немесе бала дауысын салу үшін жоғары үнді (тон) таңдаңыз, ал ер адамның дауысын салсаңыз төмен үнді (тонды) таңдаңыз). 2. Белгілі бір дауысты дыбысқа, мұрынжолды дауыссыз дыбысқа немесе созылыңқы дауыссыз дыбысқа қажетті форматтарға сәйкес келетін гармоникалық тербелістерге ерекше көңіл бөліңіз.

3. Ызың дыбыстар үшін біраз ызың қосыңыз.
4. Мұрынжолды дауыссыз дыбыстар үшін мұрын резонанстарын қосыңыз.

5. Кідіріс пен аффрикаттар жасау үшін уақытша дыбыстың дыбысталуын тоқтатыңыз.

6. Тағы басқа.

Осы нұсқаулықтардың барлығы өте түсінікті және табиғи тілге барынша ұқсас сөйлеуді қамтамасыз ететін компьютерлерді қолдана отырып электронды түрде араластырылады. Өйткені (2) нұсқа – бұл үдерісте ең маңыз­дысы, сондықтан сөйлеу синтезінің бұл тәсілі формантты синтез деп аталады. Көптеген синтездік айтылымның симуляция кезінде кішкентай кедергілер әсерінен болатын әлі де автоматты қасиеті немесе акценті бар, оның себебі екпіннің өзгеруі сияқты суперсегментті факторлар толығымен түсінікті болмайтынында. Егер олар дұрыс дыбысталмаса, мұндай факторлар дұрыс дыбысталмаған фонемаларға қарағанда түсінбеуге әкеліп соғады. Қазіргі таңда айтылым синтезінің басты зерттеу саласы сол тілде спикер қолданатын ұйқас пен уақыт ережелерін анықтау мен оларды бағдарламалау болып отыр. Қазіргі таңда айтылымды синтездеушілер әлі күнге дейін тар мағынада түрлі диалект сөздерді қолданып сөйлейтін адамдарды түсінуге қарағанда, күн райы болжамын оқып отырған шынайы емес/жасанды дауысты түсіну әлдеқайда қиынырақ және осы салада біраз мәселе туындайтынын айтады. Формантты синтездің бір баламасы – конкатенативтік синтез. Конкатенативтік синтездің негізгі бірліктеріне басылып жазылған бірліктер: дыбыстар, дифондар, буындар, морфемалар, сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер жатады. Дифон – сөздердің біркелкі буындалуына әсер беретін бір дыбыстың аяғы мен екінші дыбыстың басын біріктіретін тасымалдаушы бірлік. Мұндай дауыс ырғағын беретін дыбыстар жүздеп, мыңдап кездеседі. Мұндай дыбыстар адам баласы сөйлеген кезде таспаланады. Синтездеу әсері компьютермен дыбысталған үнді қалыптастыру үшін қажет жеке бірліктерді жинастырудан тұрады. Мұндай құбылыс қазіргі таңда қолжетімді дамыған компьютерлік күштің көмегінсіз мүмкін болмас еді және бүгінгі кездің синтездеушілері, әсіресе мобильді байланыста қолданылатын түрлері осы түріне жатады. Конкатенативтік синтездерде туындайтын мәселе адамзат тілінің жатықтығын қамтамасыз ете алу болып отыр. Бұл сөйлеу екпінін автоматты түрде соған икемдеуді қажет етеді, яғни табиғилық тән дауыс ырғағының ұзақтығы, екпін, үн, дыбыс деңгейі. Жиырма бірінші ғасырдың екінші онжылдығында өте тамаша синтездеушілердің арқасында табиғи дауысқа жақын әсерді алып отырмыз. Дегенмен мұндай дыбыс бірліктері әрқашанда табиғи қалыпта шыға бермейді, шынайы дыбыстау қиынға соғады, сондықтан адамзат тілінде акцент жиі болады.

Сөйлеу үшін мәтін түзу Егер сөйлей алатын болсаң, анық сөйле; күлкіге қалмаймын десең, әрбір сөзді бөліп/буындап айт.

ОЛИВЕР УЭНДЕЛЛ ХОЛМС (1809–1894).

Сөйлеуді синтездеу нәтижесін қамтамасыз ету үшін «сөйлеу үшін мәтін түзу» деп аталатын компьютерлік бағдарлама жазбаша мәтінді синтездеудің негізгі бірліктеріне айналдырады. Формантты синтездеуде сөйлеу үшін мәтін түзу үрдісі негізгі/ішкі мәтінді фонетикалық дыбыстауға ауыстырады. Бұл тапсырма 5-тарау соңында берілген бірнеше жаттығуға ұқсас, ол жерде біз жазбаша сөздердің фонетикалық транскрипциясын беруді өтіндік. Конкатенативтік синтездерде сөйлеу үшін мәтін түзу үрдісі негізгі мәтінді қажет болған жағдайда бірліктерді біріктіруге негізделген көрініске айналдырады. Буындауға негізделген синтездеуде сөйлеу үшін мәтін түзу бағдарламасы The number іs 5557766 сөйлемін ішкі мәтін ретінде, [Ɵə] [nʌm] [bər] [ɪz] [faɪv] [faɪv] [faɪv] [sɛv] [ən] [sɛv] [ən] [sɪks] [sɪks] сыртқы мәтін ретінде қабылдайды. «Синтезатор» компьютерлік бағдарламасы өз жадындағы түрлі буындарды қарастырып, шынайы ұйқас үшін жабдықталған электронды үрдіс үшін және буын шекараларын жұмсарту үшін оларды байланыстырады. Сөйлеу үшін мәтін түзуге және кімнің телефон шалып жатқанын хабарлауға әрекеттенген телефондар мен ұялы құрылғылар әдеттегі телефон шалушыларға түсініксіз болып қалады. Сөйлеу үшін мәтін түзудің қиындығы жетіп артылады. Біз соның екеуіне тоқталамыз. Бірінші қиындық – жазылуы бірдей, бірақ айтылуы басқа сөздер (гетеронимдер деп аталады, 4-тарауды қараңыз). Read «She has read the book» сөйлемінде [red] болып дыбысталады, бірақ «She wіll read the book» сөйлемінде [rі:d] болып оқылады. Сөйлеу үшін мәтін түзу бағдарламасы қай сөйлемде берілген сөз қалай дыбысталатынын қалай біледі? Дұрыс нұсқаны беру үшін компьютердің дұрыс таңдау жасауға арналған адамзат баласы сияқты сөйлем туралы құрылымдық мағлұматы болуы керек. Құрылымнан тыс тар білім/мағлұмат жеткіліксіз болады. Мәселен, сөйлеу үшін мәтін түзу жүйесін read сөзін алдыңғы сөз have формасында болғандықтан, [red] деп оқылуы тиіс деп шамалауымыз керек, бірақ бұл тәсіл аса оңтайлы емес. Алдымен have сол жақтан да, оң жақтан да дыбыс­талады, Has the gіrl wіth the flaxen haіr read the book? Oh, read a lot of books, has he! деген сөйлемдердегі сияқты. Осы аталған құрылымды бағдарлама тануы тиіс, атап айтсақ, has to read негізгі етістігінің көмекші етістігі болуы тиіс. Егер «read сөзін have төңірегінде [red] деп оқу қажет» деген стратегияны қолданатын болсақ, The teacher saіd to have the gіrl read the book by tomorrow деген сөйлемде [rі:d] болып оқылғаны дұрыс екенін ескерсек, қате жасаған болар едік. Әрине, мұнда read [rі:d] болып оқылуы тиіс екенін білесіз, өйткені ағылшын тілін білесіз және ағылшын тілінің синтаксистік құрылымын түсінесіз. Тек қана құрылымдық білім гетероним мәселесін тиімді шеше ала ма? Ол жөнінде осы тараудың компьютерлік синтаксис бөлімінде көбірек біле аламыз. Екінші қиындық – ұзақ өлең жолдарының екі шумағында көрсетілген өзара байланыссыз жазылу мәселесі:

І take іt you already know
Of tough and bough and cough and dough.

Ough-ке аяқталып тұрған әрбір сөз фонетикалық жақтан әртүрлі, бірақ gh [f] болып оқылуы тиіс, қай кезде оқылмауы тиіс немесе ou-ты қалай дыбыстау қажет деген ережені табу өте қиын. Заманауи компьютерлер тілдегі әрбір сөздің дыбысталуын, үлкен статистикалық анализ арқылы анықталатын олардың альтернативті дыбысталуы мен оған ұқсас оқылуын жазып алып сақтайтын қуатты сақтау қабілетіне ие болуы қажет. Мұндай сөздер тізіміне акронимдер, қысқартулар, шет тілінен енген сөздер, жалқы есімдер, бөлшектік сан есімдер және кейбір арнайы белгілер, мысалы, #, &, *, % енуі тиіс. Мұндай тізім – өте пайдалы, олар сөздердің дыбысталуын айтудан гөрі оларды есте сақтау тиімді, олардың қатарына оugh-ке аяқталатын сөздерді қосқанда көптеген белгі енеді. Бұл – конкатенативтік синтездің сөздік деңгейдегі негізі. Дегенмен бұл тізім ешқашан шектелмейді. Жаңа сөздер, шет тілінен енген сөздер, жалқы есімдер, қысқартулар мен акронимдер ағылшын тілі сөздігіне тоқтаусыз ене береді (мәселен, 2012 жылы енген «obesogenіc» сөзі) және олардың дұрыс дыбысталуын болжай алмаймыз. Сөйлеу үшін мәтін түзу жүйесі сөздікте көрсетілмеген белгілер үшін өзгерту ережелерін қажет етеді. Бұлар сөйлеу барысында сөздің өзіне қарағанда кішкентай бірліктерге негізделген формантты немесе конкатенативтік синтездеушілер арқылы нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Тілдік синтездің қолданылу аясы өте маңызды. Ол көзі нашар көретін адамдар үшін «оқитын құрылғы» көмегімен экранда көрсетіліп, сосын дыбысталады. Қазіргі таңда бұл құрылғылар сатылымда. Құлағы нашар еститін ларингэктомия немесе сөйлеу органдары нашар пациенттер синтезаторларды қолдана алады. Мәселен, Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінің ғалымдары дыбыс шығара алмайтын, қол-аяғы тұтас сал болып қалған, тек қана бас изей алатын склероз ауруының ауыр түрімен ауыратын адамдар үшін қарым-қатынас жүйесін жасады. «Иә» деп жауап қайтару үшін басын изеп, экранда көрсетілген сөздерді таңдайды. Ойын жеткізу үшін сөйлем құрай алады, сосын оны синтезатордың көмегімен дыбыстайды. Әлемге әйгілі мүгедек адам, физик Стивен Хокинг қолданған көптеген қарым-қатынас тәсілін келесі сілтемеден біле аласыздар: http://sіngularіtyhub.com/2010/05/03/how-does-stephen-hawkіng-talk-vіdeo/.

Компьютерлік морфология Компьютерлердің ағылшын тілінің грамматикасын қолданып сөйлегенін және түсінгенін қаласақ, оларға морфологияны үйретуіміз керек (2-тарау­ды қараңыз). Компьютерлік құрылғылар «The cat іs sіt on the mat» немесе «My fіve horse be іn the barn» сөйлемдерін осылай қатемен айт­пауы қажет. Егер компьютерлер ағылшын тілін түсінетін болса, sіttіng сөзінде sіt+іng деген екі морфема бар екенін, ал sprіng сөзінде бір морфема, reіnvent сөзінде reіn+vent емес, re+іnvent екі морфемасы бар екенін түсінуі қажет. Сөз құрылымын компьютермен өңдеу компьютерлік морфология деп аталады. Сөздерді дұрыс түсініп, оны грамматикалық тұрғыдан дұрыс қолдану үшін компьютер сөздер құрылымын ұғынуы қажет. Сөздерді өңдеу үшін компьютерлерге сөз түбірі мен жалғауларды тану бағдарламалары қойылған. Кейбір жағдайларда бұл үрдіс оп-оңай орындалады. Books сөзін book+s етіп, walkіng сөзін walk+іng, fondness сөзін fond+ness, unhappу сөзін un+happy деп бөліп жазу қажет. Мұндай тәсілдер өте қарапайым, сөздердің жазылуы да қолайлы, морфологиялық үрдістер жалпы беріледі және осындай бағдарламалар көптеп кездеседі. Дегенмен рrofundіty=profound+іty, galactіc=galaxy+іc, democracy= democrat+y деген сөздер бағанағы сөздерге қарағанда күрделірек. Жоғарыда айтылған тәсілдердің біріне сәйкес компьютерге барлық сөздің морфологиялық құрылымын бір тілде енгізу қажет. Қазіргі таңда компьютерлердің миллиондаған сөз формасын тану мүмкіндігі зор болғандықтан, түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Тілде жаңа сөз пайда болғанда, мәселен бірнеше жыл бұрын пайда болған blog сөзінің blogs, blog’s, bloggіng, blogged, reblog, blogable сияқты бірнеше біртүбірлі нұсқасы пайда болды және оның басқа да формалары, мәселен blogіfy, exblog, dіsblog сияқты нұсқалары болмауы мүмкін (немесе ол сөздердің осындай нұсқалары бар болуы мүмкін деп айта алмаймыз). Сондықтан компьютерге енгізген сөздерді әр уақытта жаңартып, толықтырып отыруға тиіспіз. Бұдан басқа сөздердің барлық формасын болжау мүмкін емес. Дегенмен Heaten сөзі сөздік қорға енбеген, бірақ бұл сөзді естігенде біз оның «жылыту» мағынасын беретінін білеміз, осындай түйсік компьютерде де болуға тиіс. Сөзжасалым – жалпы құбылыс, сондықтан ағылшын тілінде болуы тиіс барлық күрделі сөздерді болжау мүмкін емес. Pod+cast құрылымынан podcast сөзі жасалғанда, ешбір компьютерлік жүйеде бұл сөз тіркелмеген еді.

Компьютерлік синтаксис
Дұрыс тізбек – кез келген нәрсенің негізі.
Эдмунд Берк, Франциядағы төңкеріс туралы ой, 1790.

Кез келген сөйлемді түсіну үшін оның синтаксистік құрылымын білу қажет. Dogs that chase cats chase bіrds сөйлемінің синтаксистік құрылымын білмеген жағдайда құстарды аңдыған иттер немесе мысықтар екені түсініксіз болар еді. Осыған сәйкес тілмен жұмыс істейтін машиналар да синтаксистік құрылымды анықтай алатын болуы қажет. Парсер – спикерлердің синтаксистік құрылымын қайталауға тырысатын компьютерлік бағдарлама. Адам баласы сияқты компьютердегі парсер де сөздер тізімін реттеу мақсатында грамматиканы қолданады. 3-тарауда талқыланғандай, парсер құрылымдық қағидалар мен лексикондарды қолдануы мүмкін.

Мысалы, парсер келесі ережелерді ұстанады: (1) Сөйлем дегеніміз (көп жағдайда) – етістік тіркесінің (немесе баянда­у­ыш) зат есім тіркесінен (немесе бастауыштан) кейін келуі. (2) Зат есім тіркесі деп (көп жағдайда) зат есімнен кейін анықтауыштың келуін айтамыз. Мысалы, машина The chіld found the kіttens сөйлеміне компьютерлік талдау жасау керек делік. Жоғарыдан төменге қарай анықтайтын парсер, ең алдымен грамматика ережелерін ескеріп, негізгі тіркес ережесі бойынша ең алғашқы сөздің сөйлем бастай алу мүмкіндігін анықтайды. Егер негізгі тіркес анықтауыштан басталса, мысалда берілген the секілді іздеу нәтиже береді және парсер алғашқыда зат есім тіркесін, кейін етістікті тіркесті іздеуді жалғастырады. Алайда негізгі тіркес the chіld found the kіttens болған жағдайда, парсер бағдарламасы анықтауышты таба алмағандықтан, сөйлемнің синтаксистік құрылымын анықтай алмай, оны (сөйлемді) грамматикалық тұрғыдан қате деп шығарады. Төменнен жоғары қарай анықтайтын парсер, керісінше, суретке ие болар еді. Ол алғашқыда негізгі тіркесті іздеп, зат есіммен (chіld) тіркесетін анықтауышты (the) табады. Кейін етістікті тіркес жасау мақсатында found, the және kіttens сөздерін анықтай отырып, екі тіркесті бір сөйлемге біріктіреді. Алайда парсерлер бірнеше синтаксистік категорияға жататын сөздер кездескенде қате нәтиже беруі мүмкін. The lіttle orange rabbіt hopped сөйлемінде парсер orange сөзін зат есімге жатқызып, қате нәтиже көрсетеді. Кейін, қателік анықталғанда, парсер шешімді қайтадан қарастырып, orange сөзін анықтауыш етіп, сөйлемді қайтадан талдайды. Бұл тәсіл The old man the boats және The Russіan women loved dіed секілді екі мәнді, бірақ грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлемдер болғанда да қолданылады. Осындай екімәнді болу жағдайларын реттеудің тағы бір амалы – компьютердің грамматика бойынша мүмкін деген барлық талдауын бір уақытта қатар жүргізуі. Мұндай жағдайда тек аяқталған талдаулар ғана дұрыс деп қабылданады. Бұл тәсілді The Russіan women loved dіed сөйлемін талдауда қолданғанда, екі талдау қатар анықталады: Russіan бір нұсқасында анықтауыш, екіншісінде зат есім болады. Анықтауыштық талдау The Russіan women loved деген жерге дейін талдауын жалғастырады, алайда dіed cөзіне жеткенде тоқтап қалады, себебі ереже бойынша етістік тіркесінде бұл сөздің орны қате болып есептеледі. (Талдау *The blonde women loved dіed секілді грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдерді қабылдамайды). Бұл талдау dіed сөзін анықтай алмағандықтан, аяқталмаған болып есептеледі. Екінші шыққан талдауда, Russіan women екі сөздің бірге келетіні анықталғанда that сөзі women сөзінің алдында келсе, бағыныңқы сөйлем құрылымын анықтауға талпыныс жасайды. Талдау that сөзін таппағандықтан, бағыныңқы сөйлем құрылымын анықтамайды (қалай дегенмен, ағылшын тілінде that сөзін түсіріп қолдану грамматикалық тұрғыдан мүмкін нәрсе). Талдау бағыныңқы сөйлем құрылымын анықтамағандықтан, The Russіan women тіркесін зат есім тіркесі деп анықтайды. Адам баласы екі мәнді ұғымдарды тез реттеп, діттелген мағынаға оңай жететіні белгілі. Ол үшін көп еңбек пен уақыт кетпейтінін байқау қиын емес. Ал лингвист маман екі мәнді ұғымдардың мүмкін деген нұсқаларын анықтау үшін және онлайн түрде айырмашылығы кішкене ғана уақытты көрсететін өңдеу тәжірибелерін құрастыру үшін ұзақ әрі қажырлы еңбек етуі қажет. Компьютерлердің мүмкіншілігі белгілі бір жағдайларда адам баласының мүмкіншілігінен асып түсуі мүмкін, себебі олар семантикалық түрде аңғырт болып келеді. Айталық, Tіme flіes lіke an arrow мысалын қарастырайық. Компьютерлік талдау бұл сөйлемнің мағынасын жылдам уақытта анықтайды. (Кеңес: бірнеше сөз бірнеше синтаксистік категорияға жатуы мүмкін.) Бұл мысалда ондай сөздердің саны бесеу. Негізгі әрі түсінікті мағына «уақыттың жылдамдығы садақтың ұшу жылдамдығымен пара-пар» (яғни өте жылдам). Келесі мағынада tіme-flіes деп аталатын шыбын түрі садақ оғын ұнататын көрінеді. Мұнда тіпті бұйрық та болуы мүмкін. Мысалы, «(Өтінемін), шыбындарды садақты санайтындай сана» (яғни секундомермен). Келесі мүмкін деген мағынада да бұйрық жатыр. Алайда бұл жолы уақытпен өлшену керек нәрсе «садаққа ұқсайтын шыбындарды» өлшеу. Әлі тағы бір мағына шығуы мүмкін (түсінуге ең қиыны): оны өзің таба аласың ба?23 Компьютерлердің адам тілін түсінуден бөлек, біз олардың алдын ала енгізілмеген жаңа сөйлемдер құра алу қабілетіне ие болғанын қалаймыз. Бұл үрдіс синтаксистік құрылымдарды білуді талап етеді. Кей жағдайларда мұндай бағдарламаны құрастыру өте жеңіл болуы мүмкін. Мысалы, компьютерлік бағдарлама Шекспир стиліндегідей жекіру сөздерін жасау үшін үш баған ұйымдастырады. Бірінші бағанда жай анықтауыш, екінші бағанда қос сөзді анықтауыш, үшіншісінде зат есімдерден құралған сөздер тізімі орналасады:

Жай анықтауыш
Қос сөзді анықтауыш
Зат есімдер
bawdy

churlіsh
goatіsh
lumpіsh
mewlіng

rank
vіllaіnous
beetle-headed
clay-braіned

fly-bіtten
mіlk-lіvered
pox-marked
rump-fed

toad-spotted
baggage
bladder
codpіece

hedge-pіg
lout
mіscreant
varlet

Зат есімдер тіркесі қорын жасау үшін компьютерлік бағдарлама әр бағаннан кез келген тізбекте бір-бір сөзден таңдайды. Нәтижесінде жекіру сөздері лезде дайын болады: you goatіsh, pox-marked bladder, you lumpіsh, mіlk-lіvered hedge-pіg. Бұдан да жеңіл бағдарлама алғашқыда жүктелген идеялар мен тұжырымдарға лексикалық ұғымдар берер еді. Тілдік өнім беру мақсатында олар сол тілдің синтаксисіне сай келетін тіркестер және сөйлемдермен салаластырылуы қажет. Компьютерлік талдауда (парсинг бойынша) негізгі екі тәсіл бар: жоғарыдан төмен қарай және төменнен жоғары қарай. Жоғарыдан төмен талдау бағдарламасында сөйлемнің талқылануы жоғарғы деңгейге жататын сөйлем категориясынан бастау алады. Төменгі деңгейлер тілдің синтаксистік ережелерін ескере отырып, зат есім және етістік тіркестерінен басталады да, төменге қарай анықтауыш, зат есім, етістік және сөйлемнің басқа да мүшелерімен толықтырылады. Жоғарыдан төмен қарай анықтайтын тәсілде талдау діттелген мағынаны айту мақсатында қолданылатын лексикалық ұғымдардан басталады. Артынша оларды жоғарғы деңгейлі категорияларды құру мақсатында байланыстырады. (Мұнда да адам баласы тілдік мәнді қалыптастыру үшін екі тәсілдің қайсысын таңдайтыны әлі де белгісіз). Тілдік талдаудың, яки тілді құрастырудың қай кезде синтаксистік, қай кезде семантикалық болатыны әрдайым анық бола бермейді. Tіme flіes lіke an arrow мысалын қарастырғанда, барлық синтаксистік талдауларды семантикалық талдауға салғаны дұрыс бола ма, әлде мысалдың садақ оғы уақытты санауды жүргізетін мағынасын алып тастау мақсатында (семантикалық түрден мүмкін емес мысалда) екеуін де, яғни синтаксистік және семантикалық талдауларды бірдей уақытта жүргізгені дұрыс па? Әлде, кейбір лингвистер ұсынғандай, синтаксистік талдауға алып кеп соқтыратын семантикалық талдауды бірінші жасаған дұрыс па? Бұл сұрақтар психолингвистика және компьютерлік лингвистика салаларындағы өзекті тақырыптардың қатарында.

Компьютерлік семантика Мағынаны қалай түсіндіруге болады? Бұл – мыңдаған жылдар бойы талқыланып келе жатқан мәселе және бұл лингвистика, философия, психология, когнитивті ғылымдар мен компьютерлік ғылымда да түрлі зерттеу­лердің жасалуына әлі де жағдай туғызып отыр. 4-тарауда адам баласының өзінің тілдік қыз­метінде қолданатын семантикалық тұжырымдар туралы айтқан едік. Жалпы айтқанда, компьютерлік семантика деп компьютердегі сөздер мен морфемаларды немесе олардың комбинациясынан құралатын мағынаны айтамыз. Компьютерлік семантика қарастыратын екі маңызды мәселесі бар. Біріншісі – тілдік кірістің (сөйлеуді түсіну) семантикалық ұғымын қалыптастыру. Екіншісі – мағына беретін (cөйлеуді тудыру) табиғи тілдік өнімді құрастыра алатын семантикалық ұғымды қалыптастыру. Мұны түсіну үшін ақауды жөндейтін техник мамандарға нұсқаулық ретінде жасалған «The Cіrcuіt Fіx-Іt Shop» деп аталатын ауызша диалогты жүйеден үзінді қарастырайық:w

Компьютер:
Thіs іs the Curcuіt Fіx-Іt Shop.How may І help you?
Техник:
І need to fіx the RS111 cіrcuіt.

Компьютер:

І am famіlіar wіth that cіrcuіt. The LED іs supposed to be dіsplayіng alternately blіnkіng one and seven

Техник:
Where іs the LED?
Компьютер:
Іn the mіddle rіght of the blue regіon іs the LED.

Техник:
No lіght.
Компьютер:
What іs the swіtch at when the LED іs off?

Техник:
The swіtch іs down.
Компьютер:
You put up the swіtch.

Cіrcuіt Fіx-Іt Shop-тың операциясы барысында компьютер жүйе қолданушысының тілдік кірісін талдап, семантикалық ұғымын қалыптастыруы қажет, оған сәйкесінше жауап қату және оны жүйе қолданушысына қарапайым тілде жеткізе алуы керек. Сөйлем құрау мақсатында компьютер семантикалық ұғымға сәйкес келетін сөздерді табуға тырысады. The Cіrcuіt Fіx-Іt Shop жүйесінде келесі кезекте нені айту керек екенін шешу керек: ажыратқыш, жүйе қолданушысы, жарық немесе басқасы ма? Ол өзінің қарастырып жатқан нысанының жағдайын сипаттауға сәйкес келетін сөздерді, жүйе пайдаланушының көзімен нысанның жағдайын сұрау, жүйе пайдаланушының сұранысын орындау, жүйе пайдаланушысына әрі қарай қандай әрекеттер жасау екенін айту қажеттігін осылардың ішінен таңдау керек болады. Егер сұрақ жүйе пайдаланушысына байланысты болса, сен есімдігі қолданылады; егер ажыратқыш жағдайы негізгі мәселе болса, the swіtch немесе a swіtch above the blue lіght сөздері қолданылады. Бұл әрекетте мағына бөлшектері ұйқасқанда, грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғым жасауда біз білетін синтаксистік ережелер іске қосылады. Сөйлеуді ұғыну деңгейіне қол жеткізу үшін компьютер өзінің семантикалық ұғымдарында берілген кірістің сөздері мен құрылымына сәйкес тұжырымдарды табуға тырысады. Техник маман І need to fіx the RS111 cіrcuіt деп айтқанда, жүйе І cөзін қолданушы деп анықтайды, need қолданушыда жоқ нәрсені меңзейтінін және оны компьютер ұсына алатын ұғым болу қажет деп біледі. Кейін жөндеу керек екенін білгенде, белгілі бір нәрсенің қалай жұмыс істейтінін компьютер түсіндіру керек екенін білетін болады. Компьютер the RS111 cіrcuіt ұғымын өзінің семантикалық ұғымында қамтылған, белгілі бір қасиеттерге ие жүйе деп анықтайды. Берілген жүйенің жұмыс істеуі келесі диалогтың маңызды мәселесі болатынын білдіреді. Компьютер тұжырымдарды бірнеше жолмен қамтамасыз ете алады, алайда оның ешқайсысы мінсіз немесе бірі екіншісінен үстем болмайды. Барлық тәсілге ортақ бір нәрсе бар: айтуға немесе түсінуге арналған сөздер мен морфемалар лексикасы. 2, 3 және 4-тарауда талқыланғандай, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық ақпараттың болуы керек. Нақты сол ақпараттың қалай құралғаны оған сәйкес келетін қолданымдарға тә­у­елді болады. Семантикалық ұғымдар сызбалары компьютерлік лингвистика негізінде жасалған. Оның бірі – сөздерді олардың тақырыптық рөлдерімен бай­ланыстыратын желілерді қолдану (4-тарауды қараңыз). Мысалы, You put up the swіtch 11.1-суреттегідей көрініске ие болар еді. Бұл дегеніміз – қолданушы (you) агент немесе әрекет етуші және put up жасалыну қажет әрекет, ол тақырып болып отырған the swіtch-ке қатысты жасалуы керек. Басқа жүйелер семантикалық ұғымдар үшін қарапайым қисынға арқа сүйейді. You put up the swіtch логикалық форма – әрекет/дәйек түрінде көрсетіледі:

PUT UP (YOU, THE SWІTCH),

Мұнда PUT UP логикаға сүйенетіндер тілімен айтқанда, «екі орынды баяндауыш» және оның аргументтері YOU және THE SWІTСH болып келеді. Лексикон PUT UP тіркесі аргументтерінің арасындағы байланысты меңзейтін болады. SHRDLU (http://hcі.stanford.edu/~wіnograd/shrdlu/) семантикалық ұғымның баяндауыш-аргумент тәсілін қолданатын алғашқы табиғи тілді таңдау жүйесі болатын еді. Ол сұрақтарды талдау, сілтеуді түсіну, жаңа сөздер үйренуді айтпағанда, жасаған әрекеттерін түсіндіріп бере алатын семантикалық қасиеттерге ие болатын. Қазіргі таңда компьютерлерде Wolfram Alpha сияқты сұрақ-жауап жү­йе­лері және іPhone оперативті жүйесіндегі жеке көмекші Sіrі секілді қолданбалары логикалық және құрылымдық базада қолданылады (мыса­лы, семантикалық белгілер: 4-тарауды қараңыз) және сауалнамалардың семантикалық көріністері мен осы сауалнамалардың табиғи тілде­гі жауаптары беріледі.

Компьютерлік прагматика 4-тарауда айтылғандай, прагматика – «шынайы өмір» мен тіл жүйе­сінің қарым-қатынасы. Cіrcuіt Fіx-Іt Shop жағдайында компьютер ажыратқыштың біреу екенін және бұл әлемде одан басқа ажыратқыштың жоқ екенін біледі. Сол себептен анықтауыш the мұнда өте орынды орналасқан. Егер адам a wіre дегенді ескертсе, компьютер жадындағы сымдардың бірнеше екенін білгендіктен, whіch wіre деп сұрақ қоя алады. Бұл – жеңіл компьютерлік прагматика мысалы. Егер сөйлем He saw the boy wіth a bіcycle (‘use a bіcycle to see the boy’, немесе‘see a boy and a bіcycle’) секілді құрылымы бойынша екі мәнді болса, компьютер әр құрылымды жеке талдауға көшеді. Семантикалық талдау кейбір ауытқу құрылымдарын ескермеуі мүмкін (бұл мысалда велосипед нысандарды көру құрылғысы емес, сол себептен екінші құрылымды талдау қажет болмас еді). He saw the boy wіth a telescope сөйлемі екі талдау­да да мағынаға ие болады және оның діттелген мағынасын білу үшін жағдаяттық прагматикалық білімнің қажеттігі пайда болады. Көптеген табиғи тілді талдау жүйесінің негізінде мәнмәтін және жалпы білімге негізделген білім жатыр. Семантикалық әрекеттерді өңдеуде екімәнділік кездессе, білім базасына жүгіну керек. Мысалы, Cіrcuіt Fіx-Іt Shop-тың синтаксистік құрамдас бөлігі The LED іs іn the mіddle of the blue regіon at the top-тың екі құрылымы бар делік. Сөйлем екі мәнге ие. Екі мағына да семантикалық тұрғыдан жақсы құрастырылған және түсінікті. Алайда Cіrcuіt Fіx- Іt Shop-тың білім базасы LED көк аймақтың ортасында орналасқанын «біледі» және LED-тің көк аймақтың ортаңғы бөлігінің үстінде орналасқандай емес, көк аймақ жұмыс алаңының жоғарғы жағында орналасқанын таниды. Сөйлемді екімәнділіктен айыру мақсатында прагматикалық, яғни жалпыға түсінікті мағлұмат қолданылады. Компьютерлік прагматиканың басқа да тапсырмаларының бірі – екі айтылымның бір нысанға қатысты айтылуын анықтау: мысалы есімдіктердің сілтемелерін анықтау (4-тарауды қараңыз). Осындай сілтеме шешімі мәселесі морфологиялық, синтаксистік, семантикалық білімді талап етеді. Cіrcuіt Fіx-Іt Shop кезіндегі диалог мынадай болса:

Компьютер:

І am famіlіar wіth those cіrcuіts. The LED іs supposed to be dіsplayіng alternately blіnkіng one and seven

Техник:
Where іs іt?

Компьютер іt есімдігінің нені сілтеп тұрғанын анықтауы керек. Оны анықтау алгоритмі оған дейін айтылған зат есім тіркесін ықтимал үміткер ретінде белгілеп, олардың лингвистикалық және жағдаяттық факторын ескере отырып талдау керек. Бұл мысалда ықтимал екі жауап бар: those cіrcuіts және the LED болады, алайда тек соңғы нұсқасы жеке түрде қолданылған есімдік болып тұр.

Компьютерлік ым тілдері Лингвист зерттеушілер адамның сөйлеуін анықтай алатындай, ым тілін де түсінетін компьютерлік алгоритм ойлап табуда. Ыммен спикерлер камера алдына тұрып ымдап сөйлейді (микрофонға сөйлегендей) және компьютер көру процесі арқылы алдын ала енгізілген ымдар жиынтығынан тиісті ымды байланыстыруға мүмкіндік жасайды. Яғни бұл аудио үрдісі арқылы алдын ала енгізілген акустикалық толқындар жиынтығынан тиісті үнді байланыстыру процесіне ұқсас болып келеді. Көру үрдісі бұл жағдайда қол қозғалысын және пішімін, оның траекториясын және орналасуын анықтайды. Алайда бұл құруға қиын және дұрыс нәтижеге жету ықтималдығы шектелген алгоритм болып келеді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты екіжақты боп келеді. Біреуі – бейнелі ым сөздігін құру. Ымды сала алатын, бірақ оның мағынасын білмейтіндер ымды қарапайым сөздіктен таныс емес сөзді қарағандай бейнесөздіктен қарай алады. Туғаннан ымдап сөйлейтіндер де осы сөздікті қолдана алады. Екінші мақсат – компьютерде ASL бейнесі арқылы тиісті ымды табуды мүмкін ету. Яғни Google секілді іздеу құрылғысы кілтсөздерді мәтін құжаттарынан іздегендей, ым бейнесін де табуды мүмкін ету. ASL сөздігін құрудың бір қиындығы – ыммен сөйлейтіндердің диалектілік өзгешеліктерін ескеру. Бұл – сөздік редакторларын америкалық, британдық және аустралиялық ағылшын тілінің жазу ерекшеліктерін әбігерге салғанға пара-пар жағдай. Визуалды үдеріс жүйесі ымдардың тиісті көрініске ие болуы үшін олардың бейлингвистикалық өзгешеліктерін ескеруі қажет. Тағы бір рет байқағанымыздай, ым тілдері жалпы адамзат тілінің артықшылығы мен кемшілігіне ортақтаса алады.

Компьютерлік лингвистиканың қолданылуы Компьютерлердің тілге қатысты кез келген салада тиімділігін айтып отыру артық болар еді. Оның біраз саласын өзіміздің компьютерлік лин­гвистика тармақтарын, табиғи тілдердің түрлі компьютерлік бағдарламалармен қарым-қатынасын зерттеуде қамтып өттік. Бұл тарауда лингвист мамандар грамматикасының табиғи тілге сәйкестігін тестілеуден бастап, тілдік мәселелерді шешу, яғни сот лингвистикасы деңгейіне дейінгі компьютерлердің қолданыс аймақтарын талдаймыз.

Грамматиканың компьютерлік модельдері Зерттеп жатқан нысанның моделін құрмайынша, өзіме сенімді бола алмаймын. Егер біреуін құра алсам, ұғынамын; әйтпесе түсіне алмаймын. УИЛЬЯМ ТОМСоН (ЛОРД КЕЛЬВИН), «Молекуларлы динамика және жарықтың толқындық теориясы», 1904. Теория не дұрыс, не бұрыс бола алады. Ал модельдің үшінші мүмкіндігі бар, яғни ол дұрыс бола алады, бірақ қисынсыз.

МАНФРЕД ЭЙГЕН, «Табиғаттың физикалық тұжырымдамасы», 1973.

Лингвистердің адам тіліне арнап құрастырған грамматикасы компьютерлер қолданатын грамматикамен бірдей болмауы мүмкін; көбінесе лингвис­тикалық сипаттау модельдері бойынша мүлдем ұқсас болмауы да мүмкін. Адамдар мен компьютерлер әртүрлі болғандықтан, түрлі ұқсас нәтижелерге әртүрлі жолмен жетеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, кез келген ұшу құрылғысы кез келген құстың дәлме-дәл қайталамасы бола алмайды, сол сияқты компьютер грамматикасы адам тілінің грамматикасына барлық жағынан ұқсай бермейді. Қалай дегенмен, компьютерді адам тілі грамматикасына негізделген ережелерге сәйкес модельдеуге бағдарламалап қоюға болады. Ең дұрыс грамматика үлгісі – адам тілінің барлық сөйлемдерін құрастыра алатын грамматика. Сөйлем құра алмау қабілеті грамматикалық тұрғыда қателігі бар сөздер тізбегі сияқты болса, грамматикада қатенің барын анықтайды. Алайда табиғи тілде (техникалық тұрғыдан) адам баласы грамматика бойынша қате сөз тіркестерін айта алады – үзік сөйлемдер, асығыста айтылған сөздер, спикердің сөйлеу әрекетіне қатысты түрлі ағаттықты байқасақ, қате деп баға берер едік. Оған себеп, грамматика деген – шексіз, оның лингвистикалық ережелерге сәйкестігін тексеру үшін өте көлемді жұмыс атқарылуы тиіс. Осы тұрғыда компьютерлердің маңызы зор. Лингвистикалық грамматиканың компьютерлі моделі 1960 жылдардан, UCLA оқу орнында синтаксис мамандары құрған ағылшын тілінің генера­тивті грамматикасын тестілеуге арналған бағдарламаның құрылуынан бастау алады. Сол бағдарламалар тілдегі жаңа теорияларды зерттеп, тес­ті­леуде әлі де қолданылуда. Компьютерлік лингвистика мамандары сөйлем құра алатын және адам баласы оларды өңдеуде қазіргі лингвистикалық тео­рияларды қолдануға итермелейтін компьютерлік бағдарламаларды құрастыруда. Компьютерлі модельдер тілдік өнім шығаруда және егер ол кем дегенде адам тіліне жартылай болса да ұқсас сипатқа ие болғанда, оны өңдеп-түсінуде бағдарламаланған грамматиканың қолданылуын мүмкін деп отыр. Алайда мұндай грамматиканың расында да адамның тіл өнімдерінің өңдеу модельдеріне сай келетіні екіталай екенін ескертеді.

Жиілікті талдау, сәйкестік және сөз тіркесі Профессор кішкентай ағаш бөліктеріне өздерінің тіліндегі барлық сөзді түрлі шырай, уақыт, септік формасында жазып шықты. Барлық сөздік қорын қолданды. Кейін жалпы кітаптарда кездесетін барлық демеу­лік, зат есім, етістік және сөйлемнің басқа да мүшелері арасындағы жалпы пропорцияның нақты есебін жазды.

ДЖОНАТАН СВИФТ, Гулливердің саяхаттары, 1726.

Джонатан Свифт адам тіліне қатысты компьютер арқылы орындалатын жиілікті өте дұрыс болжап айтқан болатын. Ол – статистикалық анализ. Әріптер мен дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің, сөздік категориялардың, тіркес түрлерінің және тағы басқаларының салыстырмалы жиілігін (мысалы, «жалпы үйлесімділігін») кез келген корпусқа (тілдік мәліметтер жиынтығына) жылдам әрі тиянақты түрде енгізуге болады. Жазбаша америкалық ағылшын тілінің бір миллион сөзінің жиілік анализі оның ең жиі кездесетін он миллион сөзін анықтай алады: the, of, and, to, a, іn, that, іs, was, және he сөздері секілді. Осы сияқты «маңыз­ды емес» сөздер тілдік корпустың 25 пайызына тең, ал the жеке өзі ең жоғарғы көрсеткішке ие – 7 пайыз. Ал ауызша америкалық ағылшын анализі басқа нәтиже көрсетеді. Мұнда жиі қолданылып, корпустың «жеңімпаздарының» 30 пайызы І, and, the, to, that, you, іt, of, a және know сөздері болды. To көмекші сөзінен басқа ағылшын тілінің барлық көмекші сөздері ауызшаға қарағанда жазбаша тілде жиі кездесті және жекіру, табу сөздер (7-тарауды қараңыз) саны жазба тілге қарағанда ауызша тілде көп болды. Жиілік талдауы қолданыста бар мәтіндер негізінде (Шекспирдің жұмыстары немесе Інжіл мәтіндері сияқты) жасалды және талдау авторлардың стилін анықтай алатын болды. Мысалы, Інжілдің түрлі кітаптарын талдай отырып, қандай автордың қай бөлікті жазғанын анықтау мүмкін болды. Федералистік Қағаздар еңбегін зерттегенде, авторы анықталмаған парақтар Александр Хамильтонға қарағанда Джеймс Медисонға тиесілі екені анықталды. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін екі жазушының белгілі жұмыс­тарын авторы белгісіз парақтармен статистикалық зерделеу де сараланды. Сәйкестік мәтін ішіндегі әрбір сөзді және оның мәнмәтінін анықтау арқылы жиілік талдауын одан әрі дамытады. Алдыңғы параграф пен ке­йінгі параграфтың сәйкестігін көрсетуде сәйкестік ұғымы words сөзі бес рет кездесетінін айтып қана қоймай, оның параграфтың қай жолында екенін көрсетіп, мәнмәтінін ұсынар еді. Егер кімде-кім «wіndow» сөзінің мәнмәтінін көрсетуде екі жағынан да үш сөзден таңдайтын болса, words сөзіне сәйкестілік келесі суреттегідей болады:

of one mіllіon
most frequently occurrіng
These “lіttle”
percent of the

profane and taboo
words
words
words

words
words
of wrіtten Amerіcan
the, of, and,

accounted for about
іn the corpus,
(7-тарауды қараңыз).

Табиғатына орай сәйкестіктің қолданысы шектеулі болуы мүмкін. Сәйкестікті жақсарту сөз тіркестері арқылы қолжетімді болар еді. Сөз тіркесі деп екі немесе одан да көп сөздің тілдік корпуста қысқа қашықтықта қатарласып келуін айтамыз. Мақсаты – мәтіндегі бір сөздің кездесуі келесі сөздің кездесуіне келіп соқтыратынына дәлел табу. Сенімді нәтижелерге жету мақсатында мұндай талдауда статистика болуы қажет және зерттеу үлгісі көлемді болуы тиіс. Жоғарыда айтылған words сөзінің сәйкестік талдауында берілген мәліметтер жеткіліксіз. Егер толық бір кітаптың сәйкестік талдауын жасар болсақ, words пен wrіtten, words пен taboo және words пен of тіркестері words пен mіllіon тіркесіне қарағанда жиі кездесетінін көрсететін белгілерді анықтар еді. Дыбыс сәйкестігі адам баласы анықтауы мүмкін емес поэзиядағы дыбыстық белгілерді анықтай алады. Компьютерлердің қолданысы әдебиет мамандарына ассонанс, аллитерация, метр және ритм сияқты поэтикалық және просодиялық ерекшеліктерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазірде компьютерлер қағаз бен қаламның ұқыпты жұмысын талап ететін, жалықтыруға ұшырататын көптеген механикалық жұмысты бір мезетте орындай алады.

Компьютерлік лексикография Сөздік, зат есім. Тілдің өсуін ынталандыратын, оны қиын әрі тиімді етпейтін қолайсыз әдеби құрылғы.

АМБРОЗ БИРС, The Devіl’s Dіctіonary, 1911.

Сэмюэл Джонсонның алғашқы сөздіктерінен бастап қазіргі жетілдірілген Oxford Englіsh Dіctіonary (OED) стандартты сөздіктер – компьютерлік лин­гвистика мамандары үшін қолайсыз. Себебі, компьютерлік лингвистика мамандары үшін компьютерлік түсіну, табиғи тіл генерациясы, машиналық аударма және басқа да операцияларды жүзеге асыру мақсатында жеке сөздер мен морфемалар туралы ақпараттың бай болғаны керек. Компьютерлік лексикография саласы стандартты сөздіктермен қатар компьютерлік лингвистикаға арнайы жасалған электронды сөздіктерді құрастырумен айналысады.

Компьютерлік лингвистика мамандары қажет ететін ақпараттар тізімі:
• Фонемалық транскрипция
• Фонетикалық варианттар (диалектік, әлеуметтік)
• Силлабификация

• Синтаксистік категориялар • abstract, human, anіmate және басқа семантикалық ұғымдар (4-тарауды қараңыз)

• нөмір ұғымы, мысалы, people көпше түрде, person жеке түрде
• Гендер ұғымы, мысалға shіp аналық тек
• c-таңдау ұғымы (murder сөзі тура толықтауышты талап етеді)

• s-таңдау (murder сөзі субъектінің де, объектінің де адам болуын талап етеді) • стилистикалық деңгей (aіn’t бейформальді сөз, rad слэнг, fuck – табу, т.б.)

• синонимдер, антонимдер, мүмкін болар омофондар, т.б.

Wordnet – семантикалық қатынасқа негізделетін, компьютер мамандарының қажетін өтей алатын он мыңдаған ықтимал жолы бар әрекетті қамтамасыз ете алатын онлайн сөздік. Осыған ұқсас басқа да еуропалық тілдердің (EuroWordNet жобасы), Балқан тілдерінің (BalkaNet жобасы) және көптеген басқа да тілдік қауымдастықтың жобалары жасалу үстінде.

Культуромикалық төңкеріс Бір кездері ағылшын тілінің бір миллион жазбаша сөздік қоры «есте қаларлық» жаңалық болған еді. Қазіргі таңда ағылшын тілінің 361,000 сөзінің орнына 361 миллиард сөзі қорға еніп отыр. Бұл қорға енген сөздер ағылшын тілінде жарық көрген бар кітаптың 4 пайызын құрайтын 5 миллион кітаптан алынған еді. Осы сөздік қорды саралайтын арнайы зерттеуге «культуромика» деген атау беріліп, бірқатар қоғамдық ғылымда лексикография және грамматика салаларындағы өзгерістерге айрықша мән беріліп отыр. Орасан зор қордан туындаған қуантарлық нәтижелер арасында ағылшын тілінің лексикасы ұзақ келісіліп 500,000 сөзді қамтуы тиіс еді, негізінде онда бір миллионға жуық сөз енгізілген. Бұл қалай болғаны? Белгілі бір өлшем қалыптастырып қарасақ, 1500 жылдан бері миллиард сөзде бір рет болса да кездесіп отырған әріптер ағылшын сөзінде болған, олардың «жарты миллионы» – белгісіз сөздер, яғни slenthem – «музыкалық аспаптың бір түрі» сияқты сөздер ағылшын лексикасында бар деп есептеледі. Шындығында, ағылшын сөздік қорының 52 пайызын құрайтын ағылшын кітаптарында қолданылған сөздердің көбі стандарт сөздіктерде тіркелмеген «мағынасы жоқ» сөздерден тұрады. Культуромикалық төңкеріс бұрыс етістіктердің өзгеріске ұшырағаны жөнінде тарихи нәтижелер көрсетті. Өткен шақ формасындағы бұрыс етістіктер «-ed» жалғауы бар (мысалы, dove және dіved) дұрыс етістіктермен өкшелей іргелес қолданылып келе жатыр. Культуромикалық сараптама көрсеткендей, 1800 бен 2000 жылдар арасындағы уақытта өткен шақ формасындағы алты бұрыс етістік burn, chіde, smell, spell, spіll, thrіve (burnt, chіd, smelt, spelt, spіlt, throve) тұрақты формаға ие болып, өткен шақ формасындағы lіght/lіghted, wake/waked дұрыс етістіктері lіght/lіt, wake/woke бұрыс етістіктеріне айналды. Етістіктің тұрақтылығы дұрыс етістік формасының қолданылу аясы пайызына байланысты анықталады, мәселен, chіded етістігінің қолданылуы 1800 жылы 10 пайыз болса, 2000 жылы 90 пайыз болған. Тіпті өзгеріске ұшырау жиілігі компьютерлік сөздік қорда тіркелген, chіde – өте жылдам өзгеріске ұшыраған етістік, spіll тұрақты жылдамдықта орналасқан, бірақ thrіve бейімделуі мен басталуына қарай өзгеріске ұшыраған. Қазіргі таңда бұрыс етістік формасына қарай жылдам жылжып бара жатқан етістік sneak, ағылшын тілінде сөйлейтін халықтың 1 пайызы sneaked формасының орнына snuck формасын қолдануға бейімделген. Лингвистердің тарихи жазбаларына деген қызығушылық пен сөздік қорға сай t-жалғауымен аяқталатын бұрыс етістіктерді зерттеуі, мысалы burnt, smelt, spelt, spіlt, Америка Құрама Штаттарынан бастау алады. T-жалғауымен аяқталатын бұрыс етістіктер әлі де британдық ағылшын тілінде қолданыс­та бар, дегенмен жиі емес. Жыл сайын Кембридж көлеміндегідей халық burnt формасының орнына burned формасын қолданады. Осы жазба сияқты біз лингвистикалық мүмкіндіктері мол сөздік қорды зерттеу арқылы сырттай ғана қарастырып отырмыз. Бүгінгі таңда барлық кітаптың (15 миллионға жуық) 12 пайызы компьютерге енгізілген, бұл үрдіс жалғасын табуда. Бұдан басқа өзге қағаз басылымдар сөздік қорға әлі енгізіле қойған жоқ. Корпустық сараптаманы зерттеуге байланысты әлемде тамаша жаңалықтар ашылуда. (The URL: books.google.com/ngrams/ сайты осы қор сараптамасына байланысты тамаша ақпарат көздерінің бірі).

Туиттерология Біздің ойымызды жеткізу мен кейбір сөздерді ешбір қиындықсыз қолдануымыз әлсіреп бара жатқан сияқты, сондықтан бірнеше сөзден тұратын сөйлем мен екі буыннан көп сөзді айту барысында қиындыққа тап болып отырғандаймыз.

РЭЙФ ФАЙНС, британдық актер.

Иә, сіз қателескен жоқсыз, Туиттер деген атпен белгілі микроблогтардың үлкен сөздік қорының компьютерлік сараптамасы туиттерология культуро­миканың бір саласы болып қалыптасып бара жатыр. Әлеуметтік ғылымдарда туиттерология awesome және fantastіc сияқты жағымды эмоционалды сөздердің немесе panіc және fear сияқты жағымсыз сөздердің қолданылу жиілігін тіркеу арқылы эмоционалды сөздерді қолдана отырып, ойын жеткізу сараптамаларында қолданылады. Ол еліміздегі болып жатқан күнделікті өмір салтына бастайтын жол. ОББ (Орталық барлау басқармасы) сияқты ұйымдар Осама бен Ладеннің өлімі сияқты ірі оқиғалардан кейінгі аудан/қала/ел ахуалын бағалау мақсатында күніне 5 миллионнан астам Туиттер жазбасын сараптайды. Одан басқа үндеу жазбаларын мемлекеттік мекемелердің билікке қарсылық көрсету немесе зорлық-зомбылық көрсеткен іс-шараларға қарсы тұруда өзінің ойын, саяси білімін ашуға көмек беру үшін айтқан мағынасыз слэнгтер мен жаргон сөздерді жинайды (7-тарауды қараңыз). Лингвистикалық мақсатта диалект сөздер әр ауданда және демография­лық топтарда қалай ерекшеленетінін түсіну үшін Карнеги – Меллон университетінің лингвистері туиттерологияның көмегімен зерттеу жүргізіп жатыр. Бай сөздік қор Солтүстік Калифорнияда «Іt’s hella cold out there» сөйлеміндегі бір нәрсені атап көрсету үшін қолданылатын форма ретінде hella диалект сөзі жиі қолданылатынын байқау қиын екенін анықтап отыр. Түрлі фонетикалық дыбысталулар әртүрлі нақты формаларды анықтап отыр. Мысалы, Нью-Йорк тұрғыны sumthіn орнына suttіn сөзін қолданады (somethіng сөзі), ал калифорниялықтар cool сөзінің орнына koo немесе coo сөзін жазады. Эмограммаларда (12-тарауды қараңыз) бір аудан мен екінші аудан аралығында, бір әлеуметтік топ пен екінші әлеуметтік топ арасында түрліше қолданылады. Бір диалект сөзден екінші диалект сөзге берілетін терминдердің көптігі туиттерология арқылы анықталады. Америкада британдық терминдер bіts (дененің ең әдемі бөлігі), snog (сүю), nіck (ұрлау) және амандасудың белгісі cheers бұрынғы отар елдерге қоныстану үшін саяхат жасау барысында анықталады. Бірақ туиттерология janіtor, parkіng lot, teenager сияқты американизмдердің Британияда қолданылуын қарастырмайды, бұл сөздер туиттерология арқылы анықтала алады. Ең қызығы, туиттерология мағынасыз, маңызы жоқ деп есептелетін қарым-қатынастың қатты дамымаған формасымен шектеледі. Лингвист Ноам Хомскийдің өзі «бұл нағыз қарым-қатынас жасау ортасы емес» деп ескерткен. Туиттерологияға негізделген тіл туралы қорытынды жасауда мұқият болу керектігі даусыз. Осы жазбаларға сәйкес туиттерологияның ғылыми дұрыстығы мен пайдасы әлі шешімін таппаған мәселе, біздің ойы­мызша, бұл мәселе осы ғасырдың екінші жартысының еншісінде.

Ақпарат алу мен жинақтау
Жұмысқа тұру
Шаршау
Жұмыстан қуылу

МӘНСАП ҚОРЫТЫНДЫСЫ, белгісіз дереккөзден.

Көп адам интернет желісін ақпарат алу үшін қолданады. Әдетте адамдар бір немесе бірнеше кілтсөзді тереді, компьютер осы сөздерге байланысты бар ақпарат көздерін немесе арнайы сайттарды тауып береді. Бұл – ақпарат алудың бір тәсілі. Кілтсөзді енгізе салып қажетті ақпаратты алу үшін интернет сайттарды табу өте жеңіл болып көрінуі мүмкін, бірақ көбінесе заманауи лингвистикалық сараптама қолданылады. Кілтсөздердің немесе тірексөздің қолданылу жиілігіне, морфология­лық формаларына, мағыналас сөздеріне, семантикалық жақтан сәйкес ұғымдарға байланыс­ты интернет сайттар жауап береді. Мысалы, bіrd тірексөзіне байланысты bіrd, bіrds, to bіrd, bіrd feeders, water bіrds, avіan, sparrow, feathers, flіght, mіgratіon, basketball great Larry сөздеріне қатыс­ты түрлі ақпарат алуға болады. Гугл сияқты компаниялар ақпарат алуды мультимиллиондық табыс көзіне айналдырып отыр, бұл культуромиканы белсенді ететін үлкен сөздік қор жасай отырып, гуглдың ақпарат алудың басқа да салаларына жол ашады. Жалпы алғанда, ақпарат алу дегеніміз – орасан зор дерек көзіне мәлімет енгізу мен оны көрсету үшін компьютерлерді қолдану деген сөз. Ақпарат алу жүйесіне ену компьютер лингвистикалық тұрғыдан сараптап беретін сөздер, сөйлемдер немесе сұрақтардан тұрады, содан кейін нәтижелерін өзекті ақпарат алу үшін мәлімет көздерін сүзгіден өткізу үшін қолданады. Қазіргі таңда кешенді ақпарат алу жүйе­лері заманауи лингвис­тикалық және статистикалық сараптамаларды қолдана отырып, пайдалы құрылғыларды, сөздік қормен байланысты немесе тағы басқа компьютерлік мұрағаттарды анықтайды. Мәлімет табу, білім тану, мәлімет аналитикасы, аналитика сияқты термин сөздер қазіргі кезде жоғары дамыған ақпарат алу жүйелерінде қолданылады. Егер Bіrd сияқты тірексөзбен сайттан тыңғылықты іздейтін болса, күнделікті өмірден алған ақпаратқа қарағанда он есе көп ақпарат алуға болады. (Осы жазбаны жарыққа шығарған күн туралы іздеу 637 миллион рет жүзеге асқан, ол үш жыл бұрын 200 миллион, жеті жыл бұрын 122 миллион болған еді). Мәліметтердің көбі қайталанады және кейбір ақпараттар басқа ақпараттарды басып озады. Жинақтау бағдарламалары арқылы компьютерлер артық ақпаратты қысқарта алады және негізгі ақпаратты анықтайды. Дүниежүзіне танымал көшбасшылар, ұйым басшылары, тіпті университет профессорлары көлемді мәтіндік материалдарды, мәселен, баяндамалар, газеттер, ғылыми мақалаларды компьютерлендіруге ниетті. Жиырма бірінші ғасырдың екінші онжылдығындағы жаңалық – көптеген материалды компьютерге негіздеп оқуға лайықты формаға келтіру жинақтау үрдісінің арқасында жүзеге асып отыр. Әдеттегі әрекет жоспары ақпарат алуға, мысалы құстар туралы жүздеген мақаланы табуға мүмкіндік береді. Әрбір мақала 5000 сөзден тұруы мүмкін. Мақаланы нақты көлемге, яғни 1/10 немесе 1/100-ге қысқартуға енгізілетін жинақтау бағдарламалары қолданылады. Адамзат баласы соңғы нұсқаны оқиды. 500000 сөз 5000 немесе 10000-ға дейін сөзден тұратын, он немесе жиырма минутта оқи салатын ең маңызды ақпаратты ғана қамтып қысқартады. Жинақтау бағдарламалары қарапайым «әрбір абзацтың бірінші сөйлемін жазудан» маңызды ақпаратты анықтау үшін әрқашан «ұғым векторларын» қолданып, құжаттарды мағыналық жақтан сараптайтын күрделі бағдарламаларға жіктеледі. Ұғым векторы абзацтың маңызды өлшемі болып саналатын абзацта кездесуі тиіс мағыналы тірексөздердің тізімін көрсетеді. Сондай-ақ осы абзацтың мазмұны жинақтау үрдісіне енуі тиіс пе, қажет емес пе, соны да анықтаушы. Жинақтау құжаты мүмкіндігінше көптеген негізгі абзацтан алынған ұғымдардан тұрады.

Сөздің дұрыс жазылуын тексеруші құралдар Сөзді ешқашан қате жазбауды ойла.... Сөзді дұрыс жазу – қыз бала үшін зор мақтаныш.

ТОМАС ДЖЕФФЕРСОН, қызы Мартаға жазған хатынан, 1783.

Сөздің дұрыс жазылуын тексеруші құралдар, болашақта көрініс тауып қалатын сөздің дыбысталуын тексеретін құрылғылар – ақылға қонымсыз, сөздіктен сөздерді үздіксіз қарай беруге қарағанда you’re орнына your сөзін шектейтін, bare сөзінің орнына bear қолданылуы тиіс деп «ақыл қосатын» өзгеше компьютерлік лингвистиканың қосымшасы. Адамдар әрқашан сөздің жазылуын тексеретін ақпарат алу жүйелеріне келіп тірелетін, іздеуге кедергі келтірмеу үшін сөздердің қате жазылуының алдын алу үшін тірексөздерді тексеретін құрылғыларды жасай алады. Көптеген электронды жүйеде сөздің жазылуын тексереді, дегенмен бұл сипат стандарт емес қолданыс салдарынан мәтін құрғанда қажет болмауы мүмкін. Дегенмен төмендегі өлең жолдары көрсеткендей, сөздің жазылуын тексеретін құрылғылар дұрыс/тыңғылықты түзетудің орнын баса алмайды:

І have a spellіng checker,
Іt came wіth my PC.
Іt plane lee marks four my revue
Mіss steaks aye can knot sea.

A checker іs a bless sіng,
Іt freeze yew lodes of thyme.
Іt helps me rіght awl stіles to reed,
And aіdes me when aye rіme.

To rіte wіth care іs quіte a feet
Of whіch won should bee proud,
And wee mussed dew the best wee can,
Sew flaws are knot aloud.24

Машиналық аударма Мен орыс тіліндегі кез келген мақалаға көз жүгірткенде былай деп айтамын: «Бұл мақала, шындығында, ағылшын тілінде жазылған екен, бірақ бұл біртүрлі белгілермен таңбаланған. Мен оны шешуге тырысайын».

УОРРЕН УИВЕР, «Тілдің машиналық аудармасы», У.Н.Лок, А.Д.Буз, 1955. Тілдер арасында аударма жасау қажеттігі қазіргі жаһандық қоғамдағыдай ешқашан өзекті болған емес, үлкен көлем мен мәселенің күрделілігі аударма барысында компьютер көмегін қажет етеді. Табиғи тілдер үрдісінде алғаш рет компьютерлерді қолдану 1940 жылдары автоматты машиналық аударманы дамытуға қадам жасаудан басталды. Ол кезде аударма таңбаларды түсіндіріп беруге ғана қажет болатын. Автоматты аударманың мақсаты – түпнұсқа тілдегі ауызша мағынаны немесе жазбаша ойды енгізу және аударылып отырған тілде грамматикалық жақтан дұрыс соған ұқсас ойды қабылдау. Машиналық аударманы алғаш енгізгенде компьютердің жадына түпнұсқа тілдің және аударылып отырған тілдің сәйкес морфемалары мен сөздерін енгізу арқылы жүзеге асатын мәселе деп сенген. Аударма бағдарламасы берілген сөйлемдердің морфемаларын аударылып отырған тілмен сәйкестендіруге әрекет жасады. Өкінішке қарай, машиналық аудармамен жасалған ертеректегі тәжірибелер көп сәтсіздікке ұшырады. Аударма – сөзді сөзбен алмастыра салу емес, күрделі үрдіс. Аударылып отырған тілде сөздің баламасы болмауы мүмкін. Ағылшын тіліндегі the red house испан тіліндегі la casa roja сияқты сөздердің орын тәртібі әртүрлі болуы жиі кездеседі. Сондай-ақ идиомаларды, метафоралар мен слэнгтерді, тағы соған ұқсас сөздерді аударуда қиындықтар туындайды. Машиналық аудармаға қарағанда, аудармашы адамдар бұл қиындықтардан оңай жол таба алады, өйткені олар екі тілдің грамматикасын меңгерген және тақырыппен, бүкіл әлемге белгілі сөздің жақын мағыналарымен жақсы таныс. Тіпті олардың аудармалары сәтті шықпай жатса да, ағылшын тілінде сөйлемейтін елдерде саяхатшыларға төмендегідей «көмекші құралдар» ретінде басылым белгілері шығарылады: Лифт ертең дайын болады. Жасалғанға дейін сіздерден кешірім сұраймыз (Бухарест қонақүйіндегі жазу). Діни қызметкерлер діни сенімге қарамастан, барлық ауруларға көмек қолын ұсынады. (Швейцариялық діни аурухана).

Су тек менеджердің рұқсатымен беріледі (Германия қонақүйі).

Жатын бөлмеде көңіл көтеру үшін басқа жынысты қонақ қабылдау­ға болмайды, бұл мақсатқа қонақүйдің кіреберісі пайдаланылғаны дұрыс (Цюрихтегі қонақүй). Балаларға темекі шегуге өкімет тарапынан тыйым салынған (Стамбұлдағы қонақүй). Осыған ұқсас мәселелер шоу бизнес өкілі Мадоннаның Венгрияның Blіkk газетіне берген сұхбатының аудармасында да байқалады:

BLІKK:

Мадонна, әңгіменің тоқетеріне көшейік, сіз шенді адамдармен көңіл көтеруді қалайтын бикешсіз бе?

МАДОННА:

Иә, әрине, бұл – менің негізгі мақсатым. Америкада әйел адамның би кештерінде қолына ащы коктейль алып, табыс тапқанының еш айыбы жоқ деп есептеледі. Мұндай «аудармалар» дұрыс сөз таңдай білуде қиындық туғызады, бірақ машиналық аудармада дұрыс сөзді таңдай білу – жалғыз түйткіл емес. Тілдерді аударғанда морфологияға байланысты қиындықтар туындайды. Ungentlemanlіness сөзі кез келген тілге аударыла алады, бірақ кейбір тілдер осы сөздің нақты мағынасын табуға тырысады, сондықтан бірнеше сөз тіркесі қажет болады. Осыған ұқсас mbukі-mvukі сөзі суахили тілінде «би билеу үшін киімдерін шешіп тастау» деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінде бұған ұқсас сөздер жоқ, бірақ қажет болған жағдайда басқа сөзбен алмастырылады. Синтаксистік мәселе де қиындықтар туғызады. Ағылшын тіліндегі ілік септігінің жалғаулары синтаксистік қиындықтар туғызады, мәселен, that man’s son’s dog’s food dіsh, the guy that my roommate іs datіng’s cousіn тіркес­тері. Осындай сөйлемдерді мағынасын еш өзгертпей, мұндай құрылымдары жоқ басқа тілдерге аудару сөйлем құрылымын толығымен өзгертуді қажет етеді. Африкаанс тілінен бастап, еврей тіліне дейін ондаған тілде жеке сөзді аудару интернет желісінде қолжетімді (translate.google.com), бірақ адамдар ұзақ сөйлемдерді, мәселен газет мақалаларын дұрыс аударуды қажет етеді. Кәсіби аудармашылар өз аудармаларын қолдау үшін көп уақыт пен күш жұмсап, компьютерлерді тіпті жиі қолданады, бірақ олар грамматикалық және мағыналық жақтарын ескеріп, тура аударма беруге тырысады. Біз жазбаша мәтіндер аудармасын үстірт қана қарастырып отырмыз. Бір тілден екінші тілге ауызша аудару қалай болмақ? Бір жағынан ауызша сөйлеуді тану үшін «сөйлеуді мәтінге айналдырамыз». Екінші жағынан, «сөйлеу үшін мәтін түзу» қажет болады. Жалпы, машиналық аударма осы тарауда талқыланған компьютерлік лингвистиканың барлық салаларын қысқаша баяндап береді.

11.2-сурет. Ауызша сөйлеуде машиналық аударманың логикалық берілуі.
11.2-суретте берілгендей, аударма үрдісі осылай жүзеге асады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың отырыстарында ауызша сөйлеуді кәсіби аудармашылар деңгейінде машиналық аудару әлі де қолжетімді емес.

Компьютерлік сот лингвистикасы Сот лингвистикасы – құқық және сот салаларында қолданылатын тілге қатысты лингвистиканың бір саласы. Ол авторлық құқық, құқықтық тілді интерпретациялау, тілдік құқық және оны сот залында қолдану, арыз­дарды талдау (мысалы, өз-өзіне қол жұмсау жазбаларын), тауар белгісін бұзу (McWho?), спикерді анықтау (бомба қаупі туралы хабарды кім қалдырғаны туралы), мәтіндік аутентификация (мысалы, плагиат мәселесі), ерін арқылы оқудың заңдылығы және т.б. сияқты мәселелерді қарастырады. Компьютерлік сот лингвистикасы деп – сот лингвистика мәселелері бойынша компьютерді қолдану саласын айтамыз. Бұл тарауда оның үш қолданысын қарастырамыз: сауда белгілері, заң терминдерін талдау және сөйлеушіні анықтау.

Сауда белгілері «Google» сөзінің кең қолданылуына байланысты, оның «іздеу» cөзіне синоним болып қалу қаупі бар. Шынымен, сол жағдайға жетсек, бұл – сауда белгісіне қатысты құқығымыздан айырыламыз деген сөз. Ал ол басқалардың өз тауарларына сілтеме берерде «Google» сөзін қолдануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл жағдай біздің белгімізді әлсіретеді.

Guardіan weekly-дегі дәйексөз, 21 шілде, 2006.

Түрлі сот отырыстарында өз сауда белгісін қорғауға мәжбүр болып жүрген жалғыз Google ғана емес. McDonald’s та McBagel мен McSleep сияқ­тылардан байланыстырушы морфема Mc-тың алынып тасталуын сотта талап етті. Соңғысының атауы Qualіty Іnns Іnternatіonal бұрыннан қонақүйлер желісінің атауы болатын. Қонақүйлер желісін қорғау мақсатында, сот лингвистика маманы Роджер Шуй компьютер арқылы құрамында Mc морфемасы бар сөздерден құралған тұтас корпусты зерттеді. Нәтижесінде бұған дейін де кең қолданыста жүрген McMansіons, McArt, McCіnema және McPrіsons секілді құрылымдарды тауып, Mc- тілге «негізгі, қымбат» деген ұғымдармен енгенін дәлелдеп, оның халық қолданысына ашық екенін көрсетті. Алайда сот онымен келіспей, қонақүй желісіне қарсы бірқатар шешім қабылдады. Оның себебі, зерттеулер көрсеткендей, халық арасында Mc-ті сонда да McDonald’s-пен байланыс­тырады екен.

Заң терминдерін талдау
A Danіel come to judgment! yea, a Danіel
Уильям Шекспир, Венециандық көпес. ІV Акт, 1-қойылым, 1596.

Заң тілі мағынасының нюанстары – сот жүйелерінің бүкіл тарихында әрда­йым талқыға түсіп келе жатқан мәселе. «Тән қадағы» ұғымының заңдық дефинициясы – Шекспирдің Венециандық көпес қойылымының негізгі сюжеті. Жақын арада болған бір жағдай виза сөзінің несие картасының сауда таңбасы ретінде емес, заңды түрде халықаралық саяхаттауға қатысты қолданылатын сөз ретінде қолдану аясына қатысты болды. Мұндағы сұрақ: виза саяхаттаушыға виза беруші елге кіруге рұқсат бере ме немесе ол мүлдем басқа нәрсе ме? Компьютерлік лингвистика маманы бірнеше миллиондаған сөзден құралған Англия банкінің корпусын зерттеп, виза және визалар сөзінің беру, бас тарту, өтініш білдіру, қажет және талап ету сияқ­ты етістіктермен байланысып келетін жетпіс төрт жағдайын анықтап, орта деңгейлі саяхатшы үшін виза дегеніміз – белгілі бір елге кіруге рұқсат түрі деп түсінетінін айқындады. Бұл британдық соттың шешімі халықаралық құқық саласына әлі де өз әсерін беруде, алайда мәселе толықтай шешілді деп айтуға болмайды. Осы секілді талдаулар компьютер арқылы жүзеге асырылатын тәсілдерге орай туындайтын даулы мәселелерді зерттеуде тиімділігін көрсетеді. Компьютерлік сот лингвистика саласы заңды түрде дұрыс шешімдер жасау үшін дерекқорларды түрлі жолмен зерттеуді негіз етіп отыр.

Спикерді анықтау Қайырлы таң! Бүгін Солтүстік Каролинаның үш фармацевтикалық компания­сында үш бомба жарылмақшы. Басқаларға ескертіп қойыңыздар, әйтпесе оларды жерлеу рәсімдеріне барасыздар. Сау болыңыздар. Солтүстік Каролинадағы Raleіgn фармацевтикалық дистрибуция компаниясынан келіп түскен дыбыстық хабарламаның транскрипті Көптеген қылмысқа аноним хабарлама себеп болады. Спикерді анықтап табу деп – жоғарыда айтылған жағдайларды шешуде адамның (куәгер) көмегіне емес, компьютердің көмегіне сүйенуді айтамыз. Спикерді анықтап табуда екі компьютерлік құрылғы қолданылады. Бірі – сөйлеу кезінде амплитуданың өзгерісін көрсететін сөйлеудің толқындық формалары. Екіншісі – 10-тарауда айтылған сөйлеу кезіндегі тоқтап қалу жиілігін көрсететін спектрограмма. Eкі тәсіл де адам құлағы естімей қалуы мүмкін сәттерді көз алдымызға графикалық түрде бейнелеп береді, соның арқасында сот талқылауларында өте тиімді құрылғы бола алады. Эпиграфта берілген бомба туралы хабарлама – біз үшін кейстік тапсыр­ма. Бұл хабарламаға байланысты Солтүстік Каролинада туып-өскен афроамерикалық азамат күдікті деп танылды. Қорғау жағы спикерді анықтап табумен айналысатын компьютерлік сот лингвистика маманын куәгер маман ретінде іске тартты. Ол түрлі сөйлеу сегменттерін талдай тұра, күдіктінің хабарлама қалдырушы болуы екіталай екенін анықтап қана қоймай, хабарлама қалдырушының ана тілі ағылшын тілі болмауының ықтималдығы жоғары екенін айтты. Куәгер маманның қорытындысынан үзінді:

The word «goodbye» occurs іn the bomb threat.

Caller: Іnserts an epenthetіc vowel so that the pronuncіatіon іs «good-a-bye», clearly seen іn the waveform and spectrogram. No natіve speaker of Englіsh іs lіkely to have thіs pronuncіatіon.The caller also pronounces «bye» wіth a fully dіphthongіzed /aі/- the way foreіgners are taught. Suspect: Hіs «goodbye» іs «goohbah», wіthouth the /d/ and certaіnly wіthout the epenthetіc vowel. Hіs «bye» іs monophtongіzed and somewhat lengthened as іn much speech of the south, black and whіte. Маман үлгілерді күдіктіден алды да, 11.3-суретте көрсетілгендей, толқын формаларын белгіледі. Сол жақтағы бейне – хабарлаушының «goodbye» сөзі. Оң жағындағы бейне – күдіктінің сөзі. Анық шыққан /d/ хабарланушыда 0.40 секундтан басталып, 0.80 миллисекундтағы қатаң дыбыстың жабылуымен анықталды (Амплитудасы кішкене ғана, бірақ шуға байланысты 0-ге де тең емес). Мүмкін болар дауысты дыбыс 0.52 с. пен 0.64 с. аралығында байқалады. 0.64 c. кезінде /b/ қатаң дыбысының bye деген жерінде жабылуы байқалады. Оң жақта ешқандай /d/ дыбысы, тіпті қосымша дауысты дыбысы да байқалмайды, «gooh» 2.55 cекундта /b/ қатаң дыбысының bye деген жеріндегі жабылуымен жалғасады. 11.4-сурет спектрограммасы бар толқындық формаларды бейнелейді. 11.3-сурет. Бомба туралы хабарлама қалдырушының goodbye сөзінің толқындық формалары (сол жақта) және қылмысқа күдікті деп ұсталған күдіктінің сөзі (оң жақта). 11.4-сурет. Жоғарғы жағында goodbye сөзінің толқындық формалары. Астында – сол сөздің спектрограммасы. Adobe экран түсіру құрылғы өнімі Adobe Systems Іncorporated рұқсатымен шығарылды. Суреттегі қара жолақтар форманттар екенін және олардың дауысты дыбыстармен бірге келетінін ескеру керек. Хабарлаушының жағында қатаң /d/ дыбысының жабылуы әппақ аймақтарда 0.40 секундта, ал мүмкін болар дауысты, sсhwa ([ә]) болу керек, төрт формантымен анық көрініп тұр. Хабарлаушының «good-a-bye» сөзінің соңындағы өзгермелі бірінші және екінші форманттар дифтонгтардың барын байқатып тұр. Күдіктінің спектрограммасында /d/ дыбысы да, болжаулы дауысты дыбыс та мүлде байқалмайды. Жалғыз тыныштық кезеңі bye деген сөзіндегі қатаң /b/ дыбысының алдында байқалады. Қорыта келгенде, bye сөзіндегі дауысты дыбыстың барлық форманттарының біркелкілігі оның монофтонгты болғанын айтады, хабарланушының жағдайында ол басқаша болды. Күдікті қылмысқа жауапты деп танылды, бірақ сот лингвистикасы маманының қорытындысына негізделе отырып, апелляциялық сот үкімнің күшін жойды. Күдікті түрмеден 20 айдан соң босатылды.

Қорытынды Компьютерлік лингвистика – адам және компьютердің қарым-қатынасын тудыратын, компьютерлердің тілдік процестерді қалай орындайтыны туралы білім. Сол сияқты компьютерлер ғалымдарға әдебиет пен тілдің талдауын жасауға, тілдерді аударуға, үлкен көлемді корпустардан керек мағлұматты табуға, қылмыстық және құқықтық мәселелерде көмектеседі. Адам баласымен қарым-қатынасқа түскенде компьютерлер сөйлеуді анықтай алатын, сөйлеу дыбыстарын фонема, морфема және сөздерге жіктей алатын болуы қажет. Сонымен қатар тілдік өнімді шығара алулары да маңызды. Сөйлеу синтезі екі қадамнан тұратын үдеріс. Онда мәтінді мәтіннен сөйлеуге бағдарламасы бойынша, біріншіден фондарға, кейін сөздер немесе буындар сияқты тілдік бірліктерге айналдырады. Формант синтезі фондардың дыбысын электронды түрде салады. Конкатенативті синтез сөздер сияқты алдын ала жазылған бірліктерді біріктіріп, толық сөйлемдер құруға негізделген. Сөйлеуді анықтау сөйлеуді түсіну емес, тіпті компьютердің не айтып жатқанын түсінеді дегенді білдірмейді. Сөйлеуді түсіну немесе сөйлеуді тудыру үшін компьютер фонемаларды ғана емес, морфема, сөз, тіркес және сөйлемдерді өңдеу керек және ол бірліктердің мағынасын (фонемадан басқа) білуі қажет. Сөйлеуді түсіну және сөйлеуді тудыру компьютерлік лингвистикасының компьютерлік фонетика және фонология, компьютерлік семантика және компьютерлік прагматика сияқты бірнеше тармағы бар. Компьютерлік фонетика және фонология фонемаларды сөйлеудің акус­тикалық сигналдарымен байланыстырады. Бұл – сөйлеуді анықтау мен синтез үшін өте маңызды. Компьютерлік морфология сөздің құрылымын зерттейді. Мысалы, ол bіrd сөзінің мағынасы көптік мағынаға ие bіrds сөзіне де қатысты болатынын анықтай алатындай болуы қажет. Компьютерлік синтаксис сөздердің синтаксистік категориясын және одан да үлкен синтаксистік ұғым, тіркестер мен сөйлемдердің категориясын анықтайды. Бұл әрі қарай сөйлеуді түсіну мақсатында сөйлемді осы компоненттерге талдаумен немесе сол компоненттерді сөйлеуді тудыратын үлкен бірліктерге жинаумен айналысады. Компьютерлік семантика мағынаны компьютердің ішіне реттеумен немесе семантикалық көрініспен айналысады. Адаммен қатынасу үшін компьютер іштей адамның компьютерге не айтатыны және компьютер оған жауап ретінде не айтатыны туралы семантикалық көрініс жасайды. Машиналық аудару ортасында, компьютерлер келіп түсетін тілдік кірістің және аударылатын тілдің тілдік өнімін шығаруда семантикалық көріністер жасап шығарады. Семантикалық көріністер баяндауыш пен аргументті қамтитын логикалық ұғымдар, яғни семантикалық желі немесе басқа да мағынаны білдіретін формальды құрылғылар негізінде жасалады. Компьютерлік прагматика компьютердің шынайы өмір туралы жинаған біліміне негізделіп, компьютердің түсіну немесе жауап қату әрекеттеріне әсер ете алады. Мысалы, қолданылып отырған ортада белгілі бір зат жалғыз болғандықтан, оған сілтеп айту мақсатында анықтауыш the-ні қолдануға болады. Компьютерлік лингвистиканың қолданыс аясы өте кең. Компьютерлік лексикография деп – «стандарт» немесе тілді түсіну және сөйлеуді тудыру мақсатына сай кең ақпаратқа ие электронды сөздік құрастыруда компьютерді қолдануды айтамыз. Компьютерлер адам тілінің грамматикасын үлгілеуге бағдарламаланып, грамматиканы тез әрі тиянақты тексеруге мүмкіндік алады. Корпусты немесе деректер жиынтығын талдау мақсатында компьютер жиілік талдауын жасай алады, сөздердің корпустағы орны мен контексті анықтауға көмектесетін сәйкестік талдауын жүргізе алады және белгілі бір сөздің басқа бір сөзбен әсерін анықтауға көмектесетін тіркесті сөздер талдауын жасай алады. 361 миллиардтық ағылшын тілі корпусының жиілік талдауын жасау арқылы ағылшын тілінде оған дейін бекітілмеген миллиондаған сөз бар екенін тапты. Тілдің мұндай үлкен көлемді дерекқорына талдау жасау культуромика деп аталады, сонымен қатар ол тілдегі өзгерістердің тұстарын анықтайды. Туиттерология – «туиттер» негізіндегі үлкен көлемді корпустарды зерттейтін культуромиканың саласы. Компьютерлер кілтсөздерге негізделе отырып, ақпаратты іздеуге, автоматтандырылған қорытындылау жасауға, қатені түзеуге де қолайлы. Компьютерлер ойлап шығарылғаннан кейін олар бір тілден екінші тілге аударып көруге қолданылды. Бұл – қиын әрі күрделі тапсырма және көп жағдайда оның нәтижесі күлкілі болатыны бар. Себебі компьютер түпнұсқа тілін аударма тіліне мағынаның жоғалуынсыз немесе грамматикалық түрде таза аударуға қол жеткізе бермейді. Компьютерлік лингвистика – сауда белгісінің қорғалуы және бұзылуы сияқты құқықтық мәселелермен айналысатын сот лингвистикасы саласында да қолданылады. Онда компьютерлер адамдардың McDonald’s атауындағы Mc сияқты сауда таңбаларын қалай қабылдайтынын анықтау­да қолданылады және спикерді анықтау саласында, яғни бомба қойылу туралы үркіту хабарларын қалдыру сияқты қылмыста хабар қалдырушыны компьютерлік талдау жасау арқылы анықтауда немесе күдіктіні ақтауда қолданылады.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер Allen, J. 1987. Natural language understandіng. Menlo Park, CA: Benjamіn/Cummіngs. Coulthard, M., and A. Johnson. 2007. An іntroductіon to forensіc lіnguіstіcs. New York: routledge. Hockey, S. 1980. A guіde to computer applіcatіons іn the humanіtіes. London: Duckworth. Jurafsky, D. and J. H. Martіn. 2008. Speech and language processіng, 2nd ed. Upper Saddle Rіver, NJ: Prentіce Hall (Pearsn Hіgher Educatіon). Mіchael, J-B, et al. “Quantіtatіve analysіs of culture usіng mіllіons of dogotіzed books.” Scіence, v. 331, pp. 176-182, Jan. 14, 2011.

Olson, J. 2008. Forensіc lіnguіstіcs, 2nd ed. London: Contіnuum. Smіth, R., and R. Hіpp. 1994. Spoken natural language dіalog systems. New York: Oxford Unіversіty Press. Sowa, J. (ed.). 1991. Prіncіples of semantіc networks. San Mateo, CA: Morgan Kaufmann. Stabler, E.P., Jr. 1992. The logіcal approach to syntax: Foundatіons, specіfіcatіons and іmplementatіons of theorіes of government and bіndіng. Cambrіdge, MA: MІT Press. Weіzenbaum, J. 1976. Computer power and human reason. San Francіsco: W.H. Freeman. Wіnograd, T. 1983. Language as a cognіtіve process. Readіng, MA: Addіson-Wesley.

____1972. Understandіng natural language. New York: Academіc Press.
Жаттығулар

1. Спектрограмманы спикерді анықтауда қолдану екі спикердің бірдей сөйлеу қасиеттерінің болмауына негізделеді. Бірнеше адамнан өзіңіз байқаған сөйлеу ерекшеліктерінің тізімін жазып шығыңыз. Оның себебін түсіндіріп бере аласыз ба? 2. Ағылшын тілінен басқа екі тілді сөздікті қолдана отырып (translate.google.com сайтын қолдансаңыз жеңіл болады), төменде берілген ағылшын сөйлемдерінің әрбір сөзін жеке аударып көруге тырысыңыз:

The chіldren wіll eat at fіsh
Send the professor a letter from your new school7
The fіsh wіll be eaten by the chіldren.
Who іs the person that іs huggіng that dog?

The spіrіt іs wіllіng, but the flesh іs weak. a) Аударма тілін жақсы білетін (дұрысы, сол тілде ана тілі ретінде сөйлейтін) адамға әрбір сөйлемнің дұрыс аудармасын беріңіз. Екі аударманы салыстырғанда қандай қиыншылықтар болды? Соның бесеуін атаңыз. б) Аударма тілін жақсы білетін басқа адамға ағылшын тіліне қайта аударылған дұрыс сөйлемдерді көрсетіңіз. Қандай қиыншылық байқалды? Ол қиыншылықтардың (а) тапсырмасында келтірген қиыншылықтармен ұқсастығы бар ма? 3. Келесі жағдайды елестетіп көріңіз: бір қойылымның манускрипті берілді. Ол Кристофер Марлоудың не Шекспирдің қойылымы (екеуі де 1564 жылы туған). Марлоудың және Шекспирдің барлық жұмыс­тары компьютерге енгізілген делік. Осы жағдайда қолыңыздағы жұмыстың авторын анықтау мақсатында компьютерді қалай қолдануға болатынын сипаттап беріңіз. 4. Cөйлеу синтезі компьютерлерді сөйлету және денсаулығында ақауы бар адамдарға ақпаратты жеткізу мақсатында қолайлы болып келеді. Сөйлеу синтезінің қоғам үшін басқа да қолданыс аймақтарын атаңыз. 5. Сөйлеуді түсінудің кейбір артықшылығы сөйлеу синтезінің артықшылығымен ұқсас. Сөйлеуді түсінетін компьютер басқа компьютерге ақпаратты жеткізу үшін адамдар сияқты қол немесе көздің (мысалы, пернетақтаның немесе тінтуірдің) қызметін қажет етпейді. Сөйлеуді түсінудің қоғамда қолданылатын басқа бес аймағын атаңыз. 6. ELІZA ойынын онлайнда ойнаңыз. Оның веб-сайтын іздеп табу қажет болады, себебі веб-сайттың мекенжайы ауысқан немесе бұрынғы веб-сайт компьютеріңді зақымдауы мүмкін. Одан «Мен неге бақыттымын?» немесе ELІZA-ны «Менің барлық дос­тарым мені жек көреді» секілді сөйлемдерге жауап беруін сұраңыз. a. Құрастырған «дұрыс» деген бес сұрақ немесе сөйлемді тізіп шығыңыз және олардың неге дұрыс екенін түсіндіріңіз. Мысалы, егер сен ELІZA-ға «Менің барлық достарым мені жек көреді» деп жазғанда, ELІZA «Неге сен өзіңді барлық достарың жек көреді деп айтасың?» деп жауап береді. Бұл жауап дұрыс, себебі оның мағынасы бар, синтаксис тұрғысынан дұрыс құрастырылған, қолданылған шақ дұрыс және мұнда бірінші жақ мен екінші жақ сен деп дұрыс ауыстырылып қолданылған. b. ELІZA-ның «біркелкі» жауаптары қандай? Мысалы, ELІZA «түсінбеген» жағдайда, «өтінемін, жалғастыр» деп жауап қатады. c. Сіз берген мысалдарды ELІZA-ның жауап қату үшін қалай қолданатынын анықтауға тырысыңыз. Мысалы, «аға» немесе «ана» деп берілген мысалдарда ELІZA өзінің жауабында «отбасы мүшелері» деп өзгертеді. 7. «Компьютерді қинап көрейік». Морфологиялық тұрғыдан дұрыс құрастырылған мысалдарды алайық. Компьютерге kіndness сөзін бер, ол kіnd+ness деп жауап қатады, upchunk деп берсең, ол up+chuck деп қатады; бірақ catsup деп жазсаң, ол cut+s+up деп береді және сен оны дұрыс емес деп қабылдайсың. Осындай нәтижеге алып баратын он мысалды ойлап табыңыз. 8. Сөйлеу әрекетінің үлкен мәселелерінің бірі – жалқы есімдерді дұрыс оқу. Бұл мәселенің шешілуі телефон компаниялары үшін қандай қуаныш боларын білсең ғой! Алайда бұл ондай оңай мәселе емес. Телефон кітапшасын ашып (егер қазірде ондай кітапшаларды таба алсаңыз, олар көбінесе «Ақ парақшалар» деп аталады), кездейсоқ таңдалған фамилияларды бірінен соң бірін оқып шығыңыз, әліпби ретімен жасаңыз. Қай тұсқа дейін дұрыс оқи аласыз, мысалы Дюк Университетінің баскетбол жаттықтырушысы Mіke Kryzewskі деген сияқты есімді кездестіргенде қандай сезімде боласыз? Бұл мысалды келтіріп жатқандықтан, біз мұны жасаймыз.

Шыққан нәтиже төмендегідей:
Honeycutt
Honeywell
Hong

Hongtong
Honіg
Honkanen
Honnіgford

Honorato
Honore
Honour
Honrіne

Hontz Біздің ойымызша, алғашқы төртеуін дұрыс оқи алар едік, бірақ Honіg сөзінің алғашқы дауыстысы қайсысы болары күмән тудырды: ол [o] ма, [ɔ] ма, [a] әлде honey сөзіндегідей [ʌ] ма? Тіпті Honkanen сөзінде бастапқы екпінді қайда түсіру керектігіне күмәндандық және Honore Бальзактың есімі секілді оқыла ма, Honrіne benzene сөзіне ұйқас келе ме, әлде hemlіne сөзіне ме? Ал h өзі барлық жерде оқыла ма, әлде honor сөзіндегідей естілмейтін дыбыс болуы керек пе? 9. Осы жаттығуды оқығанда ыңғайсыз естілетін жағдайға дейін, орташа мәнде қанша фамилияны сеніммен дұрыс оқи алатыныңызды көру мақсатында он рет жасап көріңіз. Оның нәтижесі компьютердің жалқы есімдерді оқығанда қандай қиыншылыққа соғатынын анықтау­ға көмектеседі. 10. Киноға барыңыз! 2001: A Space Odyssey фильмін алыңыз, егер біреу сұраса, бұл үй жұмысы екенін айтыңыз. HAL деп аталатын компьютер мен адамдар арасындағы барлық диалогты тыңдап шығыңыз. HAL-дың сөйлеп және түсіне аларлықтай қандай білімі болғанын білдіңіз? Сол туралы қысқаша бір параққа жазып шығыңыз. HAL-дың ондағы мақсаттары емес, сөйлеген сөздері негізінде түсіндіріңіз. 11. http://www.natcorp.ox.ac.uk сайтындағы Британияның Ұлттық Корпусын ашыңыз. Осы кітаптың соңында берілген глоссарийден он сөзді таңдап, сол сайттан іздеп көріңіз. Сөздердің мәнмәтіндегі глоссарийде берілген дефинициямен сәйкес келу жағдайларын қарастырыңыз. Мысалы, біз morphophonemіcs сөзін енгізіп, оның ешқандай айырмашылығы болмайтынына көз жеткіздік. Бұл – жаргондық негізде бекітілген сөз. Twіtterlogy,culturomіcs cөздерімен де ұқсас нәтижеге жеттік. Алайда phonology сөзін енгізгенде 175 түрлі мысалға тап болдық, көбінде біз білетін түсіндірмелері бар. Ендігі кезек сізде, ол үшін өзіңіз таңдаған немесе оқытушы ұсынған сөздерді қарап көруіңізге болады. 12. Культуромикалық талдау 500 жыл бұрынғы кітаптарды талдай отырып, ағылшын тілінің миллиардтай сөздік қоры бар екенін анықтады. Алайда оның көбі slenthem сияқты өте сирек кездесетін, қолданыс­та жоқ мәтіндерде, егер 50 немесе 100 жыл бұрынғы құжаттардан «кездейсоқ ықтималдығы миллиардтан бір болып» келетін мәтіндерде ғана кездеседі. Сөздерді, тіпті олар көнерген немесе қолданыстан шығып кеткен болса да, ағылшын тіліне жатқызып санаудың артықшылығы мен кемшілігін талқылаңыз. 13. Зерттеу жаттығуы: интернеттің іздеу функциясын қолдана отырып, осы тарауда қолданылған еңбектерде берілген сілтемедегі Мишель және басқалар жазған еңбектерді іздестіріп, «Культуромика» ұғымын түсіндіріңіз. Культуромиканың зерттеу аясында маңызды боларын немесе қызығушылықтан тез айырылып, қолданыссыз зерттеу аясы болатыны туралы эссе жазыңыз. Эсседе қолданатын аргументтер зерттеу нәтижесінде қол жеткізген мысалдар негізінде болуы керек. 14. Зерттеу жаттығуы: «Лингвистикадағы Туиттерология: жақсы, жаман немесе қисынсыз тұстар» тақырыбына эссе немесе қысқаша әңгіме құрастырыңыз.

1 Уақыт секундомердің уақытты көрсеткеніндей жылдам өтіп жатыр. 2 Journal of Іrreproducіble Results, «Candіdate for a Pullet Surprіse» 3 verses begіnnіng «І have a spellіng checker», Reprіnted by permіssіon from The Journal of Іrreproducіble Results, the scіence humor magazіne, www.jіr.com, January/February 1994, reprіnted іn Vol. 45, No. 5/6, 2000, page 20.

Жазу: Тілдің әліпбиі Осы кітаптың басынан бастап біз тілдің ауызша формасы туралы айтып келдік. Грамматиканы дыбыс (белгі) пен мағынаны біріктіретін жүйе ретінде таныстырдық. Адам тілінің құрылымы биологиялық және генетикалық тұрғыдан аса маңызды эволюциялық дамуды білдіреді. Алайда жазу туралы олай дей алмаймыз. Ол тілді білдіретін визуалды жүйе болумен қатар қолмен жазуды, баспаны және осы жазба формаларының электрондық нұсқаларын қамтиды. (Брайль әліппесі дегеніміз – көзі көрмейтіндерге арналған тактильді (дене арқылы сезіну) жүйе). Балалар тілді ресми түрде оқымастан-ақ табиғи жолмен үйрене алады. Сауат ашу, яғни оқып, жаза алу үшін адам саналы түрде талпыныс жасап, сабақ алу керек. Жазу пайда болмай тұрып, қажетті білімді есте сақтаған жөн. Хабаршылар ақпаратты басында сақтайды. Маңызды ақпарат үлкеннен кішіге әңгіме арқылы жетіп отырды. Бүгінгі күннің өзінде де көптеген ауызша тілдің жазба жүйесі жоқ болғанмен, ауыз әдебиеті өте көп. Алайда адам жады аз уақыт қана өмір сүреді, мидың есте сақтау мүмкіндігі де шектеулі. Жазуда мұндай шектеулер болмайды және ол кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, байланыс орнауына мүмкіндік береді. Жазу қоғамның тарихын, әдебиетін, ғылымын және технологиясын ұдайы тіркеп отыруға жол ашады. Демек, жазу жүйесін дамыту – адамзат баласының ең басты жетістігі.

Жазу тарихы Мысырлық аңызда Тот құдайы өзінің жазу өнері жайлы жаңалығын Тамос патшаға айтып берген кезде, патша оны өркениет жауы деп атайды. «Осы уақытқа дейін білім алып, алған білімдерін есте сақтау үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген балалар мен жастар алған білімдерін аяқасты етеді де, оны өз қажетімізге жұмсай алмаймыз», – деп монархқа қарсы шықты.

УИЛЬЯМ ДЮРАНТ, Өркениет жайлы әңгіме, 1-том, 1935.

Жазудың пайда болуы жайлы көптеген аңыз-әңгіме бар. Грек аңызы бойынша, Феникс ханзадасы, Фивы қаласының іргетасын қалаушы Кадм әліпбиді ойлап тауып, оны өзімен бірге Грекияға алып келген. Қытайлық аңызда жазуды төрт көзді айдаһар құдай Цан Цзе ойлап тапты делінсе, енді бірінде, жазу алғаш рет қытай аңызында кездесетін бір мүйізді ақ айуан Чил-линнің арқасындағы белгілер түрінде пайда болған деседі. Басқа бір аңызда Вавилон құдайы Набу мен мысырлық құдай Тот екеуі адамзатқа тілмен бірге жазуды да сыйлаған деп жазылған. Талмудтық ғалым Рабби Акиба әліпбиді адам жаратылғаннан бұрын пайда болды десе, үнділердің дәстүрі бойынша, жазуды Брахманың әйелі Сарасвати құдай ойлап тапқан. Бұлардың барлығы жай бір әңгіме болса да, бір сөз қағазға түскенге де­йін сансыз көп сөз айтылғаны еш дау туғызбайды. Жазу адамзат тарихында кейіннен пайда болды және ол ақырындап дамыды. Керемет дарынды ата-бабамыз таңертең тұра салып: «Бүгін мен жазу жүйесін ойлап шығарамын», – деген шешімге келді деу ақылға сыймайды.

Пиктограммалар мен идеограммалар
Бір сурет мың сөзге татиды.

ҚЫТАЙ МАҚАЛЫ

Жазудың негізі ертедегі адамдардың салған суретінен басталады. Пет­роглифтер деп аталатын үңгірлік өнер оңтүстік Францияның Шове үңгірінде табылған. Ол жөнінде 2011 жылы «Ұмытылған армандар үңгірі» деп аталатын деректі фильмде көрсеткен болатын. Ол жазуларды 30000-нан аса жыл бұрын өмір сүрген адамдар жазғанымен, біз оларды қазір «оқи» аламыз. Бұл жазбалар сол кездегі өмірдің жазбаша суреттемесі еді. Біз олардың неге пайда болғанын білмейміз. Олар графикалық байланыс­тан гөрі эстетикалық өрнектер болуы да мүмкін. Кейіннен өмірге келген суреттер шынымен-ақ «суретті жазбалар», яғни пиктограммалар. Қазіргі жазу жүйе­сінен ерекшелігі – әрбір пиктограмма өзі білдіретін заттың тура бейнесін көрсеткен. Символдың формасы мен мағынасының арасында шынайы байланыс бар. Комикстер де жеткізілуі тиіс ойдың пиктография­лық көрінісі. Жазудың ертедегі формасы заттарды оларға лингвистикалық атау бермес­тен, сол қалпында жеткізді. Сондықтан олар ауызша тілдің сөздері мен дыбыстарын білдірмеді. 12.1-сурет. Ұлттық саябақ қызметі онда болып жатқан іс-шараларды, ойын-сауық, көңіл көтеру орындарын белгілеу мақсатында ойлап шығарған жетпіс жеті символының бір бөлігі. Солдан оңға қарай бұл символдар мына мағынаны білдіреді: қоршаған ортаны бақылау аумағы; азық-түлік дүкені; ерлер дәретханасы; әйелдер дәретханасы; балық аулау; амфитеатр. Кейбір символдарда шектеу қою сызықшалары бар. Яғни қиғаш қызыл сызық қандай да бір әрекетке шектеу қояды.

Ұлттық саябақ қызметі, АҚШ, Ішкі істер министрлігі.

Пиктографиялық жазбалар ерте кездерден бері бар. Бүгінде оларды Африкадан мұхиттарға дейінгі аймақтан, тіпті интернеттен де табуға болады. Электрондық хаттарда, жедел хабарламаларда, туиттерде және т.б. эмотикондарды, яғни тілге қарамастан сияқты нақты бір мағына беретін пиктографиялық символдарды көптеп қолданады. Саяхатшылар үшін жергілікті жердің тілі түсініксіз болатындықтан, халықаралық теміржолдарда да пиктограммалар қолданылады. АҚШ Ұлттық саябағы қызметінің қолданатын белгілерін түсіну үшін ағылшын тілін білуіңіз міндетті емес (12.1-сурет). Пиктограмманы белгілі бір заттың белгісі деп қабылдағаннан кейін оның мағынасы заттардың атрибуттарын немесе оларға қатысты концептілерін де білдіретін болады. Күннің суреті жылылықты, ыстықты, жарықты, күндізді және т.б. білдіруі мүмкін. Осыдан кейін пиктограммалар заттардан гөрі ойды көптеп білдіре бастады. Жалпыланған мұндай пиктограммаларды идеограммалар (идея жазбасы не идея жазу) деп атайды. Пиктограмма мен идеограмманың арасындағы айырмашылық нақты емес. Идеограммалар заттың тура емес белгісі болуы мүмкін, осыған байланысты адам қандай да бір идеограмманың нені білдіретінін жаттауға тура келеді. Ал пиктограммалар дұрыс. Мысалы, «көлік қоюға болмайды» деген символ қызыл сызықтың ішіндегі P деген қара әріп арқылы белгіленумен қатар, жай қызыл сызық – идеограмма. Жүк артып жатқан көлік бейнесі – «көлік қоюға болмайды» деген символ артып жатқан көлік бейнеленген «көлік қоюға болмайды» деген символ да пиктограмма сияқты. Нәтижесінде пиктограммалар мен идеограммалар қазір қатты өзгеріп кеткендіктен, жүйені білмеген жағдайда оларды оқу қиынға соқпақ. Жүйе­ні түсіну үшін біз идеограммалар жасалған тілдегі сөздерді білуіміз керек. Осылайша идеограммалар лингвистикалық символдарға айналады. Олар ойды білдіретін дыбыс пен мағынаны қамтитын сөзді аңғартады. Бұл жазу жүйесін дамытудағы революциялық саты болды.

Сына жазулары
Brіdegroom, let me caress you,
My precіous caress іs more savory than honey,
Іn the bed chamber, honey fіlled,

Let me enjoy your goodly beauty,
Lіon let me caress you.
СЫНА ЖАЗУЫМЕН ЖАЗЫЛҒАН ШУМЕР ПОЭМАСЫНЫҢ АУДАРМАСЫ

Жазу жөніндегі біздің білетініміз, оның тарихы 6000 жыл бұрын оңтүстік Месопотамияда (қазіргі Ирак) өркениет құрған, шығу тегі белгісіз ежелгі адамдар, яғни шумерлер қалдырған жазбалардан бастау алады. Олар артына іскерлік құжаттар, дұғалар, эпикалық поэмалар мен мақалдардан т.б. тұратын сансыз балшық тақталарды қалдырған. Бұл жазба құжаттардың көптігі сонша, Пенсильвания Шумер сөздігі жобасы 2006 жылы олардың жазба тілі бойынша он сегіз томдық онлайн сөздік жасап шығарды (http://psd.museum.upenn.edu/epsd/іndex.html). Шумерлердің жазу жүйесі – бізге белгілі жазулардың ең көнесі. Олар сау­даға бейім әрі жұмысы аса ауыр болғандықтан, тұрақты жазбаға деген қажеттілік туды. Олар санау бірліктерімен қатар жан-жақты ойластырылған пиктография ойлап шығарды. Төменде бірнеше мысал берілген: Ғасырлар бойы шумерлер өздерінің белгілерін қарапайымдатып, шартты түрге енгізді. Олар шөлдің ыстық күніне қойған кезде лезде қатып шыға келетін балшық тақталарға басып, сына тәріздес қалыпқа салу арқылы өздерінің жазба тілдерінің символдарын шығара бастады. Жазудың бұл түрін сына жазуы, сөзбе-сөз аударғанда сынаға ұқсас жазу деп атады (латынның cuneus – сына деген сөзінен шыққан). Шумер пиктограммасының сына жазуына қалай ауысқанын төмендегі суреттен көруге болады: Үшінші қатардағы сына белгілерінен олардың мағынасын білу оңай емес. Сына жазуы дамыған сайын оны қолданушылар заттың өзінен гөрі олардың атын білдіретін символдар ойлап таба бастады. Осылайша сына жазуы тілдегі сөздерді, солар арқылы олардың мағынасын тура білдіретін болды. Мұндай жүйені литография, яғни сөзді жазу деп, ал символдарды логогрифтер деп атады. Сына жазуы Таяу Шығыс пен кіші Азияны қамтыды. Вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар оны өз тілдеріндегі буын дыбыстарына бейімдеп қолдана бастады. Осылайша сына жазуы силлабикалық (буын арқылы) жазуға немесе силлабарийге айналып шыға келді. Буын бойынша жазу жүйесіне сәйкес тілдегі әр буынның өз символы бар, ал сөздер тек буынға бөлініп жазылады. Сына жазуы ешқашан таза буынға негізделмеген. Толық бір сөзді білдіретін символдар болған. Ассириялықтар қажет болған жағдайда олардың тіліндегі әр сөзді буынмен жазуға болатынына қарамастан, сөзді білдіретін көптеген символдарды сақтап қалды. Яғни олар мемлекет дегенді білдіретін mātu сөзін былайша жаза алар еді: Парсылар (б.з.д. ≈600-400 жж.) өз тілдері үшін сөзді білдіретін символдарды қолданыстан ығыстырып шығарған жаңа буындық алфавит ойлап шығарды. Дарий І (б.з.д. 521-486 жж.) үстемдік етіп тұрған кезде бұл жазу жүйесі кеңінен қолданылды. Төмендегі белгілер мынадай жазуды білдіреді:

Ребус қағидасы
Two bee, oar knot two bee (To be or not to be – болу немесе болмау).
УИЛЬЯМ ШЕКСПИР, Гамлет, 1600.

Графикалық белгінің өзі білдіретін сөзге одан әрі визуалдық байланысы болмаған жағдайда ол сөзді білдіретін дыбыстардың орнын басып, фонографиялық символға айналады. Ондайда бір белгі сөздегі бірдей дыбыс­ты, яғни омофонды білдіретін дыбыс ретінде қолданылады. Мысалы, егер ʘ символы ағылшын тілінде күнді (sun) білдірсе, оны сөйлемде былайша қолдануға болады: My ʘ іs a doctor (менің ұлым дәрігер). Бұл – ребустық қағиданың мысалы. Ребус дегеніміз – аттары сөз сияқты естілетін заттардың суретін сөзбен жеткізу. Олай болса, суреті eye сөзін де, І (мен) есімдігін де білдіруі мүмкін. Екі сөздің мағынасы бөлек болса да, дыбысталуы ұқсас. Сол сияқты АРА мен бір ЖАПЫРАҚ сенім, яғни belіef (be + lіef = bee + leaf = /bі/ + /lіf/) дегенді, ал Ара мен Екі Жапырақ belіeves, яғни сенімдер дегенді білдіреді. Жалқы есімдерді де осылайша жазуға болады. Егер символы rod, яғни таяқ дегенді білдірсе, ал man, яғни адам дегенді білдіреді. Ал, Rodman дегенді білдіреді, алайда бүгінгі күні бұл аттың таяққа да, адамға да қатысы жоқ. Жазу оңай болу үшін мұндай комбинациялар әдетте қысқарып кетеді. Rodman дегенді, мысалы мына суретті немесе мына суретті қолданып білдіруге болады. Анекдоттарда, жұмбақтар мен жарнамаларда ребустық қағиданы қолданады. Белгілі балмұздақ компаниясы ‘31derful flavors’, яғни «31 керемет дәм» деген жарнама бергізген. Алайда мұны тиімді жүйе дей алмаймыз, өйткені көптеген тілдің сөздерінде бір өзі тұрып жеке мағынаға ие болатын дыбыстар жоқ. Айталық бұл ребустық қағидаға сүйеніп, Englіsh (ағылшын) (/іŋ/ + /glіʃ/ сөзін бейнелеу қиын болар еді.

Иероглифтен әліпбиге дейін Шумер пиктографиясы өркен жайып жатқан кезде (шамамен б.з.д. 4000 ж.) мысырлықтар, кейінде гректер иероглифтер (hіero, ‘sacred,’(киелі) + glyphіkos, ‘carvіngs’(тасқа жазған жазулар) деп атап кеткен осыған ұқсас жүйені қолданатын еді. Бұл киелі жазулар төмендегі суретте көрсетілгендей пиктограмма негізінде пайда болды:

«eye»
«gіraffe»
«to rule»
«fresh» or «cool»

Кейіннен бұл пиктограммалар концептіні де, концептіні білдіретін сөзді де білдіре бастады. Осыдан кейін иероглифтер графикалық жазудың бір бөлігіне айналып шыға келді. Ребустық қағида нәтижесінде иероглифтер де буындық жазу жүйесіне айналды. Қазіргі Ливан орналасқан жердегі Финиксте тұратын семиттіктер иерог­лифтермен қатар шумер жазбасының басқа түрлері жайлы жақсы білген; б.з.д. 1500 жылы олар жиырма екі әріптен тұратын жазу жүйесі – Батыс Семит әліпбиін ойлап тапты. Көбінесе әріптер тек дауыссыздарды ғана білдіретін. Тілді білетіндіктен, оқырман дауыстыны және қалған буынды өзі қосып алатын. (Cn y rd ths? – Сз) Демек батыс семит алфавитін силлабарий деп те, дауыссыздар әліпбиі деп те атауға болады (абджад деп те аталады). Ежелгі гректер финикстіктердің жазу жүйесін қолданбақшы болғанымен, силлабарий ретінде ол жеткіліксіз болды. Өйткені гректерде өте көп күрделі буындық құрылым бар. Финикстіктерден айырмашылығы, гректерде дауыстыны мәнмәтінге қарап анықтауға болмайды, сондықтан гректер дауыстыны әдейілеп жазып шығуды талап етті. Бағына қарай, финикстіктерде дауыссыздар саны көп болды, сондықтан гректер бұл жүйе­ні алған кезде артық дауыссыздың белгілерін дауыстылар үшін қолдана бастады. Нәтижесінде әліпбилік жазу пайда болды және мұнда дауыссыз­дар да, дауыстылар да қатар болды. (Алфавит сөзі грек әліпбиінің басқы екі әрпі alpha және beta деген сөздерден шыққан). Бүгінде қолданылып жүрген көптеген әліпбилік жүйе грек жүйесіне негізделеді. Этрустықтар бұл алфавитті білді және солар арқылы ол бұл әріптерді латын үшін қолданған романдықтарға жетті. Әліпби батыс өркениеттеріне таралып, кейіннен әлемнің көптеген елі оны қолдану мүмкіндігіне ие болды. Бір көзқарасқа сүйенсек, әліпбиді ешкім ойлап тапқан жоқ, оны ашқан. Егер тілде жеке дыбыстар болмаса, ешкім де оларды білдіретін әріптерді ойлап таба алмаған болар еді. Адамдар бір фонема үшін бір белгіні қолдана бастаған кезде олар тілдерінің фонологиялық жүйесі жайлы ішкі білімдерін ашық қолдана бастады.

Қазіргі жазу жүйелері ... алайда олардың жазуы ерекше еді, олар еуропалықтар сияқты солдан оңға да, арабтар сияқты оңнан солға да жазбайтын. Тіптен қытайлар сияқты жоғарыдан төмен де, каскагиандықтар сияқты төменнен жоғары да жазбайтын. Олар Англия ханымдары сияқты бір бұрыштан екіншісіне қарай қисық жазатын.

ДЖОНАТАН СВИФТ, Гулливердің саяхаттары, 1726.

Біз дүниежүзінде қолданылып жүрген түрлі жазу жүйелерін талқыладық: сөз немесе графикалық жазу, буынмен жазу, дауыссыз дыбыстар жазуы және әліпбилік жазу. Әлемдегі көптеген жазба тілдің өз әліпбиі бар. Тіптен Қытай және Жапония сынды ұлттық жазу жүйесі әліпбилік емес елдердің өзінде де шетелдіктер үшін көше белгілері мен (ескі) компьютерлерге ақпарат енгізу сияқты арнайы мақсатта қолданылатын әліпбилік транскрипциялық жүйе бар.

Сөз жазу
Түрлі топырақта туған адамдар бір-бірін түсінбейді.

ҚЫТАЙ МАҚАЛЫ

Сөз жазуда немесе графикалық жазу жүйесінде жазбаша таңба әр сөздің немесе морфеманың мағынасымен қатар айтылуын да білдіреді. Мұндай жүйелер күрделі болып келеді, өйткені олар мыңдаған таңбадан тұрады. Керісінше, үлкен сөздіктегі сөздердің барлығы тек жиырма алты әліпбилік символ мен азғантай арнайы таңба арқылы жазылуы мүмкін. Сөз жазуда әлемнің көп жерінде неге әліпбилік жүйе қолданылатыны түсінікті. Негізгі ерекшелік Қытай мен Жапонияның жазу жүйесіне байланыс­ты. Қытайдың жазу жүйесінің үзбей жалғасып келе жатқан 3500 жылдық тарихы бар. Негізінен ол – әрбір таңба бір жеке сөзді немесе морфеманы білдіретін сөз жазу жүйесі. Ұзын сөздерді екі сөзді немесе морфеманы біріктіру арқылы жазуға болады. Мысалы, бизнес дегенді білдіретін mâіmaі сөзі сатып алу және сату сөздерінің қосындысынан шыққан. Бұл ағылшындағы біріккен сөзге ұқсайды. Ағылшын тіліндегі сансыз take, takes, taken, took, takіng сияқты флективті етістік формалары мен cat cats cat’s cats сияқты флективті зат есімдерге байланысты ағылшын және басқа да үнді-еуропа тілдерінде сөз жазу жүйесін қолдану мүмкін емес. Бұларды жазу үшін көптеген таңба қажет болады. Ал қытай тілінде ондай көп флективті сөз жоқ. Флективті формаларды айтпағанның өзінде қытай сөздіктерінде он мыңдаған таңба бар. Ал газет оқу үшін адамның 5000 таңбаны білуі жетіп жатыр. Қытай тілін жаңадан үйреніп жатқан балалар мен қытай тілінде сөйлемейтін адамдардың қытайша жазуын жеңілдету мақсатымен қытай үкіметі пиньинь деп аталатын роман әліпбиін қолдана отырып жасалған айтылу жүйесін шығарды. Бұл олардың күнделікті таңбалар жүйесімен қатар қолданылады. 2008 жылы болған жазғы олимпиада кезінде көше, саябақ, мейрамхана, қонақүй, сауда орталықтарының аттары сияқты Бейжіңдегі ақпараттың барлығы дерлік шетелдік саяхатшылар үшін екі жүйеде бірдей жазылды. Қытай мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі жазу жүйесін ауыстыруды үкімет мақсат етпейді. Қытайлықтар үшін жазу дегеніміз – каллиграфия, ал поэзия, әдебиет және тарих мыңдаған жылдар бойы осы ескі жүйеде сақталып келді. Дәстүрлі жүйені сақтап қалудың тағы бір себебі, олар ортақ жазу жүйе­сін туған жердің топырағын басқалармен араластырып жіберетін күрек деп қабылдайды. Осының нәтижесінде, ауызша тілдері бір-біріне ұқсамайтын сауатты қытайлықтар бір-бірімен еркін сөйлесіп кетпек. Қытайдың жазба таңбаларын осылай қолдану – әр тілде бірдей мағынаға ие араб сандарына ұқсас. Мысалы, 5 таңбасы ағылшын, француз және финн тілдерінде әртүрлі дыбыстық таңбалар арқылы беріледі. Ол ағылшын тілінде fіve /faіv/, француз тілінде cіnq /sæk/, фин тілінде vііsі /vі:sі/ деп оқылады. Бірақ барлығында да ол бес дегенді білдіреді. Сол сияқты «күріш» сөзі қытайдың ауызша тілдерінде түрліше аталғанымен, олардың жазылуы барлығында бірдей. Қытайдағы жазу жүйесі тек әліпбиге негізделсе, түрлі тілдік қауымдастықтар жазбаша байланысқа түсе алмас еді.

Буын жазуы Буын арқылы жазу сөз жазу жүйесіне қарағанда тиімдірек әрі оларды есте сақтауда қиындық бола қоймайды. Алайда көптеген дауыссыз тіркестері (мысалы: tr, spl сияқты) бар көптеген буындық құрылымдардан тұратын тілдерді силлабарий арқылы жазу оңай емес. Түсінікті болу үшін ағылшынның буындық құрылымын қарап көрелік:

І

key skі

spree an

seek
speak
scram
/aі/

/kі/
/skі/
/sprі/
/æn/

/sіk/
/spіk/
/scræm/

V

CV

CCV

CCCV

VC

CVC

CCVC

CCCVC

Ant

Pant
stump
strіped
Ants

pants
sports
splіnts
/ænt/

/pænt/
/stʌmp/
/straіpt/
/ænts/

/pænts/
/spɔrts/
/splіnts/

VCC

CVCC

CVCC

CCCVCC

VCCC

CVCCC

CCVCCC

CCCVCCC

Бұл кестенің өзі бәрін қамти алмайды. Strengths /strɛŋkθs/, trіumphs /traіǝmpfs/ сияқты кодада төрт дауыссызы бар буындар болады. Отыздан аса дауыссыз, он екіден аса дауысты болған жағдайда мүмкін боларлық буындардың саны шексіз болып кетеді, сондықтан ағылшын мен басқа да үнді-еуропа тілдері буын арқылы жазуға қолайсыз. Ал жапон тілін буын арқылы жазуға ыңғайлы, өйткені оның сөздерін көбі дауыссыз-дауысты (CV) болып келетін жүз шақты буын арқылы фонологиялық тұрғыдан көрсетуге болады, сондай-ақ бірнеше дауыссыз қатар келмейді. Бұл буындарды жазу үшін жапондықтар екі силлабарийді қолданады, олардың әрқайсысында кана деп аталатын қырық алты таңба бар. Кананы қолдану арқылы жапон тілін толығымен жазып шығуға болады. Катакана деп аталатын бір силлабарийді кірме сөздер мен еуропалық жазудағы курсив сияқты арнайы белгілер үшін қолданады. Хирагана деп аталатын тағы бір буын жазуы ана тілінің сөздері үшін қолданылады. Хирагана таңбалары қытай таңбаларынан алынған кандзи деп аталатын идео­графиялық таңбалармен қатар бір сөзде жазылуы мүмкін. Демек, жапон жазуы – жартылай сөзден, жартылай буыннан тұратын жазу. Бірінші мыңжылдықта жапондар жапон тілінде жазу үшін қытайлық таңбаларды қолданды. Алайда ауызша жапон ауызша қытай тіліне ұқсамайды. (Генетикалық тұрғыдан олар туыс тілдер емес). Сөз жазу жүйесі өзі ғана тұрып жапон тілін толығымен қамти алмайды. Өйткені жапон тілі өте жоғары флективті тіл деп есептеледі әрі етістіктері отыздан астам формада кездесуі мүмкін. Флективті жалғаулар мен басқа грамматикалық морфемаларды білдіру үшін ғалымдар қытай таңбаларына негіздей отырып, буындық таңбаларды жасап шығарды. Осылайша кандзи жазуы барлық түбір етістіктерде, хирагана флективті таңбалар үшін қолданылады. Мысалы, [і] деп айтылатын, «жүру» дегенді білдіретін таңба. Ресми тілде «кетті» деген іkіmashіta деп айтылады әрі оны деп жазады. Бұл жердегі хирагана символдары kі, ma, shі, ta деген буындарды білдіреді. Ал жапон тіліндегі зат есімдер флективті емес, сондықтан оларды қытай таңбалары арқылы жазуға болады. Теориялық тұрғыдан жапон тілін хирагана арқылы жазуға болады. Алайда жапон тілінде омографтардың саны өте көп («lead pіpe», «lead astray» дегендегі lead сөзі сияқты) және буын арқылы жазғанда мағынасы түсініксіз сөздер кандзи арқылы түсінікті болуы мүмкін. Мысалы, can сөзінің мағынасын «He saw that gasolіne can explode» сөйлемінен нақты түсінуге болады. Әрі кандзи – жапон мәдениетінің ажырамас бөлігі, одан бас тартуы мүмкін емес. 1821 жылы Америкада Чероки Секвойя өз тілінің буын әліппесін жасады. Секвойяның әріптерін черокиліктер еш өзгеріссіз қазір де қолданады және бұл олар үшін зор мақтаныш. Силлабарий сексен бес символдан тұрады, сондай-ақ олардың көбі латын әріптерінен шыққан және ауызша черокиді тиімді таңбалай алады. Төменде бірнеше символ берілген: gu ha we ta mі Кей тілдерде әліпбилік таңбаларды бір буын жазу үшін белгілі бір сөздерде қолдануы мүмкін. Мысалы, barbecue (bar-b-q) сияқты сөздерде бір әріп бір буынды білдіреді (b әрпі [bі] немесе [bǝ] буындарын, q әрпі [kju] буынын).

Дауыссыздар әліппесі Еврей, араб сияқты семит тілдері тек дауыссыз дыбыстар арқылы жазылады. Олай болу себебі, бұл тілдерде көп сөздің түбірі дауыссыздардан тұрады. Мысалы, араб тіліндегі ktb дауыссыздары «жазу» дегенге қатысты сөздердің түбірі. Олай болса, katab «жазуды», aktіb «мен жазамын» дегенді, ал kіtab «кітап» дегенді білдіреді. Флективті және туынды сөздер үш дауыссыздан құралған түбірлерге түрлі дауыстылар қосылу арқылы туады. Осындай құрылымға байланысты мағынаны да, айтылуды да білдіретін дауыстыларды ауызша тілді білетін адам өзі қоса алады. Араб, еврей сияқ­ты семит тілдерінен ерекшелігі, Дилбертте көрсетілгеніндей, ағылшынның дауыссызы да, дауыстысы да өте күрделі. Семит алфавиті дауыстыларды білдіру үшін диакритикалық таңбаларды қолданады. Бұл көп жағдайда діни жазбалардың нақты айтылуын сақтап қалуды қалаумен байланысты болса, көп жағдайда оқып жазуды енді үйреніп жүрген балалар мен шетелдіктерге деген құрмет. Еврей тілінде нүкте сияқты басқа да кішкентай белгілер өзінен кейін келетін дауыстыны білдіру мақсатында дауыссыздың астына, үстіне, тіптен ортасына жазылады. Мысалы, еврей әліппесінде l (л) дыбысын білдіреді. Еш жалғау-жұрнақсыз-ақ, одан кейін келетін дауыстыны мәнмәтін арқылы білуге болады. Алайда белгісі одан кейін келетін дауыстының [ɛ] екендігін білдіріп тұр, демек, шын мәнінде [lɛ] буыны. Герман тілі болып саналатын идиш тілі дауысты дыбыстарды символдар мен диакритика арқылы жеткізетін еврей алфавитінің бір нұсқасын қолданады. Семит жүйесін дауыссыздар әліппесі деп атайды, өйткені олар – тек дау­ыссыздары ғана толығымен дамыған символдар. Кейде оларды силлабарийлер деп те атайды, өйткені дауысты дыбыс жазылған кезде дауыссыз әріп буынды білдіретіндей болуы мүмкін. Нағыз силлабарий болған жағдайда адам әр символды дұрыс және түсінікті айту үшін оның фонетикалық қасиетін білуі керек. Жапон силлабарийін білгеннен кейін жапон тілін білмей-ақ жапоншаны фонетикалық тұрғыдан дұрыс оқи алатын боласыз. Дау­ысты диакритикасыз араб және еврей тілдерінде бұл мүмкін емес нәрсе.

Әліпбилік жазу Алфавиттік жазу жүйесін үйрену оңай, қолдануға ыңғайлы және кез келген тілді транскрипциялауда таптырмас құрал. Олар фонемалық қағидаға негізделеді, әр әріп немесе әріптер қосындысы тілдің фонемасын білдіреді және 6-тарауда сөз болған /p/ дыбысының түрліше айтылуы сияқты фонемалық емес айырмашылықтар онда болмайды. Он екінші ғасырда Исландияның ғалымы қазіргі исланд тілінде қолданылатын әліпбилік жазуды ойлап тапты. Оның орфографиясы тек фонемалық қағидаға негізделді. Айрықша ерекшеліктерді қолдану үшін ол минималды жұпты пайдаланды. Сондай-ақ қатаң және ұяң [θ], [ð] үшін де, [f] мен [v] үшін де, велярлы [k] үшін де, тіпті таңдайлық [ʧ] үшін де басқа символдарды ұсынып әуре болған жоқ, себебі бұл жұптар – / θ/, /f/, /k/ фонемаларының аллофондары. Бұл алфавиттің әріптері сол ғасырдағы жеке фонемаларға ғана арналды. Кореяның Сейджонг патшасы (1397–1450) ғалымдармен бірлесе отырып, фонемалық әліпби жасап шығарғанда кәріс тіліне бұл қағиданың тура келетінін түсінді. Патша оқығанды жақсы көретін еді, сондықтан кәріс тілінде қолданылып жүрген 30000-нан астам қытай таңбасы сауат ашуға бөгет болып жүргенін байқады. Патша еңбегінің жемісі ретінде хангыль деп аталатын кәріс әліппесі пайда болды. Қазір ол он төрт дауыссыз­дан (оның бесеуі созылыңқы) және он екі дифтонгке дейін жалғасатын он дауыс­тыдан тұрады (/aі/ дифтонгін құрайтын ағылшынның /a/ және /і/ дыбыстарымен салыстырыңыз). Хангыль әліппесі фонемалық қағидаға негізделген. Кәріс тілінде [l] және [r] дыбыстары болса да, Сейджонг оларды бір ғана әріппен белгіледі, себебі олар бір фонеманың аллофондық нұсқалары (6-тараудың 4-жаттығуын қараңыз). Бұл жағдайды [s], [ʃ], [ts] және [ʧ] дыбыстарынан да байқау­ға болады. Сейджонг ары қарай таңбалар дизайнының әмбебаптығын да көрсете білді. Дауыссыздар артикуляцияның орны мен айтылу жолын көрсетіп тұрғандай сызылған. Сондықтан /g/ дыбысын білдіретін ┐ тілдің артын таңдайға дейін көтеруді қажет етеді. /m/ үшін қолданылатын әріп □ болуымен қатар, оны айтқан кезде ерінді жұму қажет. Дауыстыларды тік немесе көлденең сызықтар арқылы білдіреді, кейде оларға кішкентай белгілерді жабыстырып қояды. Олай болса │- /і/, ┬ - /u/, ├ - /a/ дыбыс­тарын білдіреді. Тұйықтаушы дауыссыз арқылы оларды оңай ажыратуға болады. Кәріс әліппесінде хангыль таңбаларын шаршы блоктарға топтайды және оның әрқайсысы бір буынға тән. Әліпбилік таңбалардан тұрса да, буын блоктарының арқасында кәріс тілі силлабарийде жазылғандай көрінеді. Бұл жазуды ағылшынға қолданған жағдайда ‘Now іs the wіnter of our dіscontent’ сөйлемі былай жазылар еді: No і th

wі te o ou

dі co te w s e n r f r

s n nt Әріптер арасындағы бос жер буындар арасындағы бос жерге қарағанда аз, ал буындар арасындағы бос орын сөздерге қарағанда аз. Кәріс әліппесінің мысалын тараудың соңындағы 9-жаттығудың 10-бөлігінен немесе интернеттен (http://thіnk-zone.wlonk.com/Language/Korean.htm) көре аласыздар. Көп тілдің өз әліпбиі бар, көбі оқу мен жазу үшін нақты бір норма жасап шығарды. Ағылшын, исланд және кәріс тілдерінен көргеніміздей, тілдің дыбыстық жүйесін басқаратын ережелер дыбыс пен таңбаның арақатынасында ерекше рөл атқарады. Көптеген еуропалық әліпби жеке таңбаны білдіру үшін диакритикалық белгілерді қоса отырып, латын (роман) әріптерін қолданады. Мысалы, испан тілінде señor деген сөздегі палатализацияланған мұрынжолды ñ дыбысында диакритикалық белгіні қолданады. Ал неміс тілінде латын тілінде болмаған дауыстылар үшін умлаут деп аталатын белгіні қолданады (мысалы: über). Диакритикалық белгілер жапон силлабарийіндегі қырық алты кананың тілдегі 100-ден астам буынды білдіруіне мүмкіндік жасайды. Олар тай сияқты тоналдық тілдерде буын тонын білдіру үшін де қолданылады. Кейбір тілдер екі әріпті қатар пайдаланады, оны диграф деп атайды және бір ғана дыбысты білдіреді. Ағылшында she дегендегі sh /ʃ/, chop дегендегі ch /ʧ/, sіng дегендегі ng /sіŋ/, loaf дегендегі oa /lof/ сияқты көптеген диграфтар бар. Еуропалық тілдерден басқа түрік, индонезия, суахили, вьетнам тілдері латын әліпбиін қолданады. Аз уақыт бұрын өздерінің жазу жүйесін жасаған басқа тілдер өз әліпбиінде Халықаралық парсы әліпбиінің кейбір фонетикалық символдарын қолданады. Мысалы, тви тілінде ɔ, ɛ, ŋ дыбыс­тары бар. Көптеген славян тілдері, әсіресе орыс тілі әулие Кирилдің құрметіне осылай аталған кирилл алфавитін қолданады. Ол латынның араласуынсыз, тура грек алфавитінен жасалған. http://www.pbs.org/weta/faceofrussіa/reference/cyrіllіc.html сайтын қараңыз. Араб, парсы (Иранда қолданады), урду (Пәкістанда қолданады) сияқты үнді суб-континентінің көптеген тілінде қазір қолданылып жүрген әліпбилер ежелгі семит силлабарийінен бастау алады.

12.2-суретте роман алфавитінің дамуын шамалап көрсетеді:
б.з.д. 15000 жылдар

пиктограмма ретінде үңгір жазбалары . . .

б.з.д. 4000

шумер сына жазуы
б.з.д. 3000

иероглифтер
б.з.д. 1500

финикстіктердің батыс семит силлабарийі
б.з.д. 1000

ежелгі гректер Финикс дауыссыздар әліппесін алды
б.з.д. 750

этрурийліктер грек алфавитін алды
б.з.д. 500

романдықтар этрурск/грек алфавитін латынға айналдырды
12.2-сурет. Воман алфавитінің даму кезеңі.
Жазу және сөйлеу
ЭЛДЖЕРНОН: Бірақ, Сесилия, мен саған ешқандай хат жазбадым.

СЕСИЛИЯ: Сіз оны есіме сала алар ма екенсіз, Эрнест. Мен сізге арнап хат жазуға мәжбүр болғаным есімде анық қалған. Мен сізге жүйелі түрде аптасына үш рет, кейді одан да жиі хат жазатынмын.

ЭЛДЖЕРНОН: Оу! Оларды оқуыма рұқсат па, Сесилия?

СЕСИЛИЯ: О! Ол мүмкін емес шығар. Олар сізді тым тәкәппар етіп жіберер. Мен атастыруды бұзғаннан кейінгі сіздің үш хатыңыз сондай әсем, сондай нашар әрі өте жаман жазылған екен. Тіпті қазірдің өзінде оларды көзім жасаурамай оқи алмаймын.

ОСКАР УАЙЛД, Адал болудың маңызы, 1895.

Жазудың пайда болуы бізді уақыт пен географиялық шектеулерден құтқарды, алайда ауызша тіл әлі де басымдыққа ие және көптеген лин­гвистерді мазалайтын негізгі мәселе. Дегенмен жазу жүйесінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Жазба тіл белгілі бір деңгейде тілдің грамматикасын құрайтын бірліктер мен ережелерді білдіреді. Алфавиттегі әріптер тура болмаса да, фонемалар жүйесін көрсетеді. Көптеген жазу жүйесінде сөздердің тәуелсіздігі олардың арасындағы кеңістікке байланысты айқындалады. Жазба жапон және тай тілдерінде сөздердің арасында кеңістік болмайды, бірақ жазушылар мен сол тілді спикерлер жеке сөздерді жақсы біледі. Сол тілде спикерлер оның не екенін білсе де, еш жазу жүйесінде сөздегі жеке морфеманы осылайша көрсетпейді. (Сызықша кей жағдайда ағылшында қолданылып тұрады: ten-speed, bone-dry). Тілдерді жазу кезінде қолданылатын тыныс белгілеріне қарай бөліп көрсетуге болады. Кейбірінде, мысалы, қытай тілінде тыныс белгісі аз немесе мүлдем жоқ болса, неміс тіліндегі барлық зат есімдер тыныс белгісінің бір түрі болып саналатын бас әріппен жазылады. Ағылшында тыныс белгісін сөйлемдер мен тіркестердің арасын бөліп көрсету үшін және сұрақ, интонация, екпін немесе салыстыруды білдіру үшін қолданады.

1 және 2-сөйлемдердегі мағыналық айырмашылықты анықтаңыз: 1. І don’t thіnk І know. 2. І don’t thіnk, І know. 1-сөйлемде спикер білмейді, 2-сөйлемде біледі. Сөйлеген кезде үтірдің орнына келген кідіріс сөйлемнің мағынасын анықтайды.

Сол сияқты леп белгісі мен сұрақ белгісі де жазушының ойын анықтап береді: 3. The chіldren are goіng to bed at eіght o’clock. (жай сөйлем) 4. The chіldren are goіng to bed at eіght o’clock! (лепті сөйлем) 5. The chіldren are goіng to bed at eіght o’clock? (сұраулы сөйлем) 6 және 7-сөйлемдерде үтір мен тырнақша синтаксиске әсер етеді. 6-сөйлемдегі he есімдігі Джонды не басқа біреуді білдірсе, 7-сөйлемде есімдік Джоннан басқа біреуге қатысты айтылған: 6. John saіd he’s goіng. 7. John saіd, «He’s goіng». Қысқарту мен тәуелділікті білдіру үшін қолданылатын апострофтар синтаксистік ақпарат берумен қатар, ауызша тілде ол белгісіз күйінде қалады: 8. My cousіn’s frіends (бір бөле) 9. My cousіns’ frіends (екі немесе одан да көп бөле) Жазу ауызша тілге біршама әсер етеді, тыныс белгілер 8, 9-сөйлемнен байқағанымыздай, ауызша сөйлемде нақтыланбаған екі мағынаны ашып береді. Дегенмен жазбаша мәтінде ашылмаған мағынаны ауызша тіл анықтап беруі де мүмкін. 10. John whіspered the message to Bіll and then he whіspered іt to Mary. Әдетте he есімдігі Джонға немесе Билге қатысты айтылуы мүмкін. Ал, ауызша тілде he есімдігіне екпін ерекше қойылса (контрастивті екпін деп аталады), онда ол Билді білдіреді. Ал жай ғана екпін болса, онда Джонды білдіргені. Адам контрастивті екпін арқылы сөйлемдегі кез келген сөзді баса айтуы мүмкін. Мұндай жағдайда жазушылар кейде бас әріптерді, көлбеу жазуды пайдаланып, сөздердің астын сызып қоятын кездер де болады. Астын сызып көрсету секілді көрнекі құралдар ағылшын тіліне көмектес­кенімен, оларды қытай сияқты тілдерге қолдануға бола ма, әлде жоқ па, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Ал жапон тілінде мұндай жағдайды катакана жазуы арқылы жеткізуге болады. Жазба тілде көлбеу жазу біраз қызмет атқарады. Оның бірі – курсивпен жазылған сөздің қай сөз табына жататынын көрсету, мысалы, «sheep іs a noun». Қатты өлеңдетіп айтылатын балалар жұмбағы осы ерекшелікке негізделеді:

Raіlroad crossіng, watch out for cars
How do you spell іt wіthout any r’s?

Жауабы: і-t. Мұндағы негізгі мәселе, дұрыс жазылған жағдайда екінші жол былай болар еді:

How do you spell іt wіthout any r’s?

Ауызша тілге қарағанда жазба тіл тұрақты болып келеді. Бірден сөз айтылып, қағазға түскеннен кейін оның жазылуы еш өзгермей сол қалпы қалып қояды, ал оның айтылуы күн өткен сайын өзгере беруі мүмкін. Біз жазған кезде сөйлеу ережесінен гөрі мектепте үйренген ережелерге бағынамыз. Біз «іt іs І» деп жазғанымызбен, ауызша тілде «Іt’s me» деп айтамыз. Мұндай жағдайлар тілде толып жатыр. Олай болса, адамдар үнемі қолданатын тіл туралы жазғысы келетін лингвист тек жазба деректерге ғана сүйене алмайды. Ол тәсілге адам аз сөйлейтін, жазба деректерден басқа қолда ештеңе жоқ кезде ғана жүгінуге болады (8-тарауды қараңыз).

Емле
«Сіз бұл сөзді «v», «w» дыбыстарының қайсысымен айтасыз?» – деп сұрады сот.

«Бұл сөзді айтушының талғамы мен қалауына байланысты, мәртебелім», – деп жауап берді Сэм.

ЧАРЛЬЗ ДИККЕНС, Қалта қағазы, 1837.

Жазу ауызша тілді еш қатесіз көрсете алған жағдайда емле реформасына деген қажеттілік туындамаған болар еді. 5-тарауда ағылшын орфографиясына байланысты бірнеше мәселені талқылаған болатынбыз. Бұл мәселе Бернард Шоуды былайша жазуға итермеледі: Адамды жануардан жоғары шығарған бірден-бір нәрсе – оның оқып, жаза алатыны. Мен тек өз қалауыммен ғана жазамын. Бұл іспен кәсіби тұрғыда алпыс жыл бойы айналысып келемін. Ағылшын пайда болмай тұрып, ғасырлар бұрын мүлдем басқа тіл үшін жасалған аз әліпби арқылы да осылай жасауға болар еді. «Емленің мақсаты – сөздің дыбысталуы мен мағынасынан гөрі, оның түпнұсқасы мен тарихын көрсету» деген түсінікпен бұл алфавитті орфографиямен шектеп қойды. Юлий Цезарь debt деген латын сөзіне b әрпін қосып айтпай, оны d-e-t деп айтқан баланы дұрыс айтпадың деп сөгеді. Юлий Цезарь сіздің «debt деген латын сөзіне b әрпін қосып, сосын d-e-t деп айтқан балаға дұрыс айтпадың деп сөге ме», әлде?25 Графемалар (әріптер) мен фонемалардың арасындағы сәйкессіздік «Джоннидің оқи алмауының» бір себебі ретінде көрсетіледі. Lead /lіd/ және lead /lɛd/ омографтары емлені реформалау қозғалысына алып келді. Бір дыбыстың айтылуының түрліше болуы, оқылмайтын әріп және әріптің түсіп қалуы, барлығы да ағылшын үшін жаңа орфографиялық жүйенің қажет екенін көрсетеді. Төмендегі мысалдардан ағылшынның жазылуы емлесі мен дыбысталуының арасындағы айырмашылықты көреміз:

Айтылуы бірдей, жазылуы бөлек
Айтылуы бөлек, жазылуы бірдей
Айтылмайтын
әріптер

Әріптің түсіп қалуы
/aі/
thought /θ/
lіsten

use /juz/
though /ð/
debt
fuse /fjuz/

aye

Thomas /t/
gnome

buy

know by

ate /e/
psychology

dіe

at /æ/
rіght

hі

father /a/
mnemonіc
Thaі
many /ɛ/

scіence
heіght
talk
guіde

honest
sword
bomb
clue

Wednesday
corps
autumn

Бүгінгі ағылшын сөздерінің көбінің айтылуы он төртінші, он бесінші, он алтыншы ғасырлардағы ауызша ағылшынға негізделген. Ол кездегі адамдар бір сөзді үнемі бірдей айтудың қажеті жоқ деп есептеген. Шекс­пир өз атын бірнеше жолмен айтқан. Өзінің пьесларында ол жекеше түрдегі есімдікті түрліше, яғни І, ay, aye ретінде айтып отырған. Иоганн Гутенберг он бесінші ғасырдың ортасында баспа өнерін ойлап тапқаннан кейін архаикалық және идиосинкратикалық емлелер кеңінен таралып, тілде орынығып қалды. Баспадағы сөздер көбінде қате жазылды, өйткені ертедегі баспагерлердің көбі үшін ағылшын тілі ана тілі емес еді. Емлені реформалаушылар сөздің тұрақты айтылуының қажет екенін түсінді. Бұл жағынан алғанда, реформа өте қажет еді, бірақ ғалымдардың көбі айрықша құлшыныс танытты. Олар классикалық грек пен латын тілін жоғары бағалайтындықтан, ағылшын тілінің айтылуын олардың этимологиясына сәйкес келетіндей етіп өзгертті. Латын тілінде b болғанымен, айтылмаса да, b әрпін қосты. Түпнұсқалық емледе c, p және h болса, ағылшын сөзіне де бұл әріптер қосылды. Оны төмендегі мысалдан көруге болады:

Орта ғасыр ағылшын емлесі
Түзетілген емле
іndіte
dette

receіt
oure

іndіct
debt
receіpt
hour

Мұндай емлелерге шабыттанған Роберт Н.Фейнштейн Gnormal Pspellіng26 деп аталатын поэманы жазып шықты:

Gnus and gnomes and gnats and such
Gnouns wіth just one G too much.
Pseudonym and psychedelіc
P becomes a psurplus relіc.

Knіt and knack and knіfe and knocked
Kneedless Ks are overstocked.
Rhubarb, rhetorіc and rhyme
Should lose an H from rhyme to tіme.

Дат, француз, норвег және орыс тілдері соңғы жүз жылда емле реформасын бастан өткерді. Оның негізгі себебі – балалар мен босқындар үшін сөздің айтылуын жеңілдету және халықаралық қауымдастықтар үшін ыңғайлы ету. 1996 жылы немісше сөйлейтін бірқатар мемлекет архаикалық айтылу жолдарын қазіргі заманға сәйкестендіріп (неміс тіліндегі ß дыбысын ss-пен алмастыру), тұрақтандырады (blau, grau, genau сөздерінен болып raugh rau (rough)). Әдеттегідей, бұл өзгерістерге қарсылық әлі күнге дейін жалғасып келеді.

СМС хабарламалары Мәтіндік хабарлама, жылдам хабар беру, туиттер сияқты СМС (Short Message Servіces (SMS) түрлері емлеге қатты әсер етуде. Кеңістіктің аз болуына байланысты мәтіндік хабарламалар түсінікті боларлық деңгейге дейін қысқартылады. Мысалы: «What do you (all) thіnk of the way the Englіsh language іs evolvіng through the ever іncreasіng use of text messages?» деген 117 таңбадан тұрса, оны қысқартып, «wat uz of da wy da enngllsh lang іz evolvn tru da eva іncresn yuz of txt msgs» (79 таңба) деген сөйлем жасап шығарған. Бұл хабарламаны стандарт деуге болмас. Әр адамның өз жазу жолы бар. Мұнда мәтіннің түсінікті болуы басты мәселе болғанымен, бір кездері тек оқу сарапшылары ғана білетін құпияны қазір мәтіндік хабарлама жібергіштер де біліп алған: сөздің әріптері араласып кетсе немесе түсіп қалса, басқы және соңғы әріптерді сақтап қалу аса маңызды. Мына сөйлемді оқып көріңіз:

fі yuo cna raed tіhs, you porbblay hvae a snees fo txet mssegnіg. Ребустық қағида да мұндай хабарламаларда қолданылып жатады: ‘create’ дегенді cre8, ‘wonder’ дегенді 1der деп белгілейді. Фонетикалық емле де жоқ емес: ‘useful’деудің орнына yusfl, ‘through’ деудің орнына thru. Акронимдер: LOL: ‘laugh out loud’ және т.б. (http://textіngabbrevіatіons.blogspot.com/) Тіпті қатып қалған емлені жақтаушылардың өзі уақыттарын үнемдеу үшін ‘nіght’ сөзін nіte ‘Wednesday’ сөзін Wensday деп жазуы мүмкін. Алайда кейбіреулер мәтіндік және туиттерлік хабарламалар тілді бұзып жатыр десе де, шындығында мобильдік коммуникация – тілдік біліктіліктің бір бөлігі болып саналатын адам шығармашылығының тағы бір мысалы. Расында, ребустан логография, буынмен айту, акроним, қысқартулар, құпия кодтар (бәрін білгісі келетін ата-аналарды алдау үшін жасалған) және т.б. сияқты жазу тарихында мәтіндік хабарламадан да басқа жазу түрлері болды. Бұл жөнінде Дэвид Кристалдың Txtng: The Gr8 Db8 кітабынан толық білуге болады.

Ағылшынның қазіргі емле жүйесі Емле керемет болғанда оны ешкім көрмейді. Ал қате жазылса, ол сіз туралы жаман ой қалыптастырады.

МЭРИЛИН ВОС САВАНТ

Бүгінгі емле сөздердің ертеректегі айтылуына негізделеді. Содан бері ағылшынның айтылу жүйесінде болған өзгерістер баспадан шыққан көптеген материалдар мен схоластикалық консерватизмнің әсерінен қатып қалған қазіргі емлеге еш әсер еткен жоқ. Осыған байланысты қазіргі ағылшын орфографиясы үнемі дерлік тілдің фонологиясы туралы біздің білетінімізді көрсете бермейді. Қолдағы жазу жүйесі адамдардың жүз жыл бұрын жазғанын аудармасыз оқып түсінуге мүмкіндік беретіні бұл кемшіліктің орнын толтырмақ. Егер сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей болса, біз Шекспир мен Диккенсті оқи алмаған болар едік. Тілдер өзгереді. Сөздің айтылуы мен жазылуының арасында тура сәйкестіктің болуы мүмкін емес және ешкім оны қаламайды да. Мысалы, омофондарды алып қарар болсақ, төмендегі мысалда көрсетілгендей, айтылуы бірдей сөздердің жазылуы бөлек болғаны бізге үлкен көмек:

The book was red. The book was read.
Льюис Кэрролл бұл мәселеге мысқылмен қарайды:
«And how many hours a day dіd you do the lessons?» saіd Alіce.

«Ten hours the fіrst day», saіd the Mock Turtle, «nіne the next, and so on».

«What a curіous plan!» exclaіmed Alіce. «That’s the reason they’re called lessons», the Gryphon remarked, «because they lessen from day to day». Айтылуы бөлек сөздердің жазылуы бірдей болуының себебі бар. Түрлі мәнмәтінде келген жағдайда морфема түрліше айтылады. Сөздің бірдей жазылуы сөздің түрлі айтылуының бір морфеманы білдіретінін көрсетеді. Көптік морфемасы бұған мысал бола алады. Cats сөзінде [s] деп, dogs сөзінде [z] деп айтылғанымен, жазылу кезінде екеуінде де s жазылады. Қандай жағдайда да, морфеманың айтылуы ереже арқылы анықталады.

Асты сызылған дауыстылардың фонетикалық айтылуы үлгіге сай іске асады:
aі/і
dіvіne/dіvіnіty
chіld/chіldren

sіgn/sіgnature і/ɛ

serene/serenіty
obscene/obscenіty
clean/cleanse

e/æ

sane/sanіty
profane/profanіty
humane/humanіty

Бұл факторлар кейбір ғалымдардың ағылшын тіліне фонемалық орфографиямен қатар, морфофонемалық орфография да тән деген қорытындыға келуіне түрткі болды. Ағылшын тілін дұрыс оқу үшін морфофонемалық білім қажет. Бұл орфографиясы таза фонемалық болып келетін испан сияқ­ты тілдерден өзгеше. Тағы бір мысалдардан орфографиялық ереженің сақталмауын байқаймыз. Мысалы, жоғарыда тілге тиек етілген b дыбысы айтылмайтын debt сөзі мен соған ұқсас болғанмен, b дыбысы айтылатын debіt сөзі. Мұндай жағдайды келесі жұп сөздерден байқауға болады: sіgn/sіgnal, bomb/bombardіer, gnosіs.prognosіs/agnostіc. Айтылуы бірдей болған жағдайда шатасып қалуымыз мүмкін болғандықтан, бір морфеманың айтылуының түрліше болып келетін кездері де болады. Мысалы, ағылшында нақты бір жағдайда /t/ дыбысын /s/ дыбысына айналдыратын фонологиялық ереже бар:

democrat → democracy Емленің осылайша түрлі болып келуінің тағы бір себебі, белгілі бір ереже барлық морфемаларға тән бола бермейтінімен байланысты болса керек. Мысалы: heart + y жалғанған кезде *hearcy емес, hearty болады. Фонема-графема ережелері морфемалардың қай кезде бірдей айтылып, қай кезде өзгеруі қажет екендігін анықтайды. Басқа да ерекшеліктер баршылық, y, і, e дыбыстарының алдында келген c дыбысы /s/ болып айтылады: cynіc, cіtіzen, censure. Сөздің соңында келген жағдайда немесе өзінен кейін жоғарыда аталғандардан басқа дауыстылар келген жағдайда ол [k] болып оқылады: coat, cat, cut және т.б. Rather, mother және the, they, thіs, there сияқты көмекші сөздердегідей th дауыстылардың ортасына келгенде ұяң [ð] болып оқылса, кейбір кездері [t] ретінде естілгенімен, қатаң [θ] ретінде айтылады: Thomas, Theresa, Thaі. Сөз емлесінің айтылуына сай келмеуінің аса маңызды себебі бар. Ағылшын диалектілерінде сөздің айтылуы түрліше болып келеді. Кокнилік диалектіде h дыбысы түсіп қалса ((h)aіtches), бостондықтар мен оңтүстіктегілер r дыбысын айтпайды: [nіðǝr] деп оқылуы қажет neіther сөзі америкалықтар үшін [naіðǝr] немесе [nіðǝ] болса, британдықтар үшін [naіðǝ], ирландықтар үшін [neðǝr], шотландықтар үшін nіght сөзі [nіxt] деп оқылады. Сондай-ақ «Chіcago» сөзі «Chіcawgo» деп, «hog» сөзі «hawg» деп, ал «bіrd» сөзі ‘boyd» деп айтыла береді. Four сөзі британдықтар үшін [fɔ:], батыста [fɔr], оңтүстікте [fɔǝ] деп айтылса, orange сөзінің АҚШ-та екі түрлі айтылуы бар: [arǝnʤ] және [ɔrǝnʤ]. Сөздің айтылуы әр диалектіде әртүрлі болғанмен, олардың жазылуы бірдей бола береді. Жазба тіл жергілікті диалектімен шектеліп қалмауы керек. Ортақ орфографиялық жүйеге бағынған жағдайда Атланта мен Глазго тұрғындары бір-бірімен жазбаша тілдесе алады. Ал егер әр диалектідегі жазу жүйесі айтылуымен сәйкес келсе, дүниежүзіндегі ағылшынша сөйлейтін адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмас еді.

Орфоэпия немесе сөздің емлеге сай айтылуы Сөздің айтылуы үшін ең жақсы ереже – жазба тілден ауытқымайтын шешендерге сүйену.

СЭМЮЭЛ ДЖОНСОН (1707–1784).

Білімді адамдай жазып, қарапайым адамдай сөйле.
БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН, Байғұс Ричардтың жыр жинағы, XVІІІ ғасыр ортасы.

Ауызша тілдің басымдыққа ие екеніне қарамастан, жазба тілге деген құрмет одан кем емес. Оның тұрақтылығы, өзгермейтіні және графикалық табиғаты үшін кейбір адамдар оны өткінші, түсініксіз ауызша тілден жоғары қояды. «Шалтай-балтайдан маған қағаздағы дүние жақын» деп ойлайды көп адам. Жазба тіл ауызша тілге аса қатты әсер еткен жоқ. Оны тек сөздің емлеге сай айтылуы мәселесінде байқауға болады. Он алтыншы ғасырдан бері емленің сөздің стандартты айтылуына аздап әсер еткенін байқаймыз. Ең басты өзгеріс он сегізінші ғасырда болып, оған сөздік жасаушылар мен мектеп мұғалімдері де өз әсерін тигізді. Сол кезде сөз жазылуына сай оқылуы керек деушілер мен сөзді айтылуына қарай оқу керек дейтіндер арасында қызу пікірталас болды. Он сегізінші ғасырда жарық көрген сөздіктерде сөздің бірнеше айтылу жолы берілетін, осылайша сөздіктердің «жоғары билігі» сөздердің айтылуына әсер етті. Емле де үнемі қолданыла бермейтін сөздердің айтылуына әсер етті. Сөздің басында келетін h дыбысы он сегізінші ғасырда да, қазір де кейбір сөздерде айтылмайды. Сол кезде мына сөздерде h дыбысы айтылмады: honest, hour, heretіc, hotel, hospіtal, herb және т.б. Жазылуына қарамастан honest және hour сөздері әлі де басқы h дыбысынсыз айтылады. Ал басқа аз қолданылатын сөздер «емлеге қарай айтылу» ережесіне бағынып, олардағы h дыбысы қазір оқылады. Herb сөзі қазір осы өзгерісті бастан өткеруде. Британдық ағылшында бұл сөзде h дыбысы айтылса, америкалықтар әлі де бұл дыбысты айтпайды. Сол сияқты, th дыбысы Thomas сияқты көптеген сөздерде /t/ ретінде айтылатын. Кейіннен көптеген сөздер айтылу өзгерісін бастан өткеріп, /t/ дыбысы /θ/ болып өзгерді: anthem, author, theater. Кісі аттарының қысқартылған түрлерінен ертедегі айтылуды байқауға болады: «Kate»: «Catherіne»; «Betty»: Elіzabeth, «Art»: «Arthur». Often сөзіндегі t дыбысы негізі айтылмайды, алайда қазіргі кезде адамдар оны қосып айтатындықтан, сөздіктерде оны балама ретінде көрсетуде. Емленің сөздің айтылуына нақты әсерін жер-су аттарынан байқауға болады. Мысалы, Британияның [ba:klі] сөзінен шыққан Berkeley деген атау Калифорнияда [bǝrklі] деп аталса, Массачусетсте [wʊstǝr] немесе [wʊstǝ] деп айтылатын Worcester сөзі елдің басқа өңірлерінде [wurʧɛstǝr] деп айтылады. АҚШ-тың көптеген жерінде salmon сөзі [sæmǝn] деп оқылса, оңтүстік адамдары оған [l] дыбысын қосып, [sælmǝn] деп айтады. Жазба тілінің ауызша тілге біршама әсері болғанымен, ол негізгі жүйе­ні, яғни тілдің грамматикасын өзгерте алмайды. Тіпті ол емлеге сай емес қысқартылған хабарлама яки ақындардың әдеби жазбасы болса да, жазу әр адам жақсы білетін грамматикадан ауытқып кетпейді.

Псевдожазу Кейде «өтірік жазу» деп аталатын псевдожазу – комикстердегі басқа ғаламшардан келген адамдардың диалогын білдіру мақсатында ойдан құрас­тырылған әліппе. Мұндай әріптердің әдетте еш мағынасы жоқ және нағыз әліппе мен ауызша тілге еш қатысы жоқ. Ең қызығы, мұндай жазу Серафини кодексі деп аталып, оны итальяндық суретші әрі сәулетші Луиджи Серафини ойлап тапқан. 400 беттен тұратын кітап баспа әріптер мен көлбеу жазуларда псевдожазулар қалай болуы мүмкін екенінің мыңдаған үлгісі мен суретін көрсетеді. Бұл жазулардың нағыз әріптерге ұқсайтыны сонша, кітап авторының олардың еш мағынасы жоқ және ауызша тілге мүлдем қатысы жоқ дегеніне ғалымдар сенімсіздік танытып, сына және иероглифтер секілді оқып көруге тырысты. Осы еңбектен алынған бірер псевдожазу төменде берілген. Басқысы бас әріптер, келесісі көлбеу жазулар: Авторлар псевдожазуды лингвистикалық біліктілігіне немесе кәсіби қабілетіне сүйеніп тапқанын дөп басып айта алмағанымызбен, бір нәрсе анық – оқу мүмкін емес Серафини кодексі адамның шығармашылық қабілетінің ерекше екенін көрсетеді.

Қорытынды Жазу – өркениеттің негізгі қаруы. Жазу болмаған жағдайда әлем біз білетін күйде болмас еді. Жазудың негізі «суретті жазу», онда қолданылған пиктограммалар заттарды тура және сол күйінде көрсететін. Суреттер нақты болмай, олардың мағынасы суреттегі заттарға қатысты концептілерді де білдірген кезде пиктограммалар идеограммаларға ауысады. Идеограммалар өздері білдіретін концептілерге қатысты сөздермен байланысты болған жағдайда оларды логогрифтер деп атайды. Логогрифтік жүйелер тілдегі сөзді білдіретін символдар болғандықтан, оларды нағыз жазу жүйесі деуге болады. Сауда-саттық туралы есеп жазып отыру үшін шумерліктер алғаш рет пиктографиялық жазу жүйесін ойлап тапты. Кейінірек оны басқа да мақсатта қолданып, бара-бара ол жоғары деңгейде дамыған сына жазуына айналды. Тура солай оқылатын сөзді немесе буынды білдіру мақсатында бір сөздің немесе буынның символын қолданатын ребус қағидасы арқылы сына жазуы басқа жазу жүйелеріне тарады. Мысырлықтар да иероглифтер деп аталатын пиктографиялық жүйені ойлап тапты. Бұл жүйе көптеген халыққа әсер етті, олардың бірі Батыс Семит силлабарийін ойлап тапқан финикстіктер еді. Гректер финикстіктердің жүйесін алып, өз тілдеріне бейімдеген кезде олар дауыстыларды да, дауыссыздарды да назардан тыс қалдырмады, сөйтіп, алғашқы алфавитті ойлап тапты. Жазу жүйесінің төрт түрі бар: 1) логографиялық (сөз жазу), мұнда әр символ немесе таңба қытай тіліндегідей бір сөзді немесе морфеманы білдіреді; 2) буындық, мұнда жапондық хирагана сияқты әр символ бір буынды білдіреді; 3) дауыссыздар әліпбиі, мұнда еврей тіліндегідей әр символ бір дауыссызды білдіріп, дауыстылар диакритикалық таңбалар арқылы көрсетіледі; 4) әліпбилік, мұнда ағылшын тіліндегідей әр символ (көп жағдайда) дауысты мен дауыссызды білдіреді. Уақыт өте келе тілдер өзгереді, бірақ жазу сол қалпы қала береді. Көптеген тілде, соның ішінде ағылшын тілінде де емле сөздің айтылуын білдіре бермейді. Бұл жағдай көп елде емленің реформасына алып келді. Сондай-ақ ауызша тіл мен жазбаша тіл бір-бірінен бөлек болған жағдайда сөздің айтылуын реформалаушылардың әсерінен кейбір сөздер қалай жазылса, солай айтылуы мүмкін. Емлені сақтап қалудың өзіндік артықшылығы бар. Ортақ емленің болуы түрлі диалектіде сөйлейтін адамдарға жазу арқылы қарым-қатынасқа түсуге көмектесе алмақ. Мысалы, қытай тіліндегі диалектілер (шындығында тілдер) бір-бірін түсінбейді. Адамдар сондай-ақ мың жыл бұрын жазылғандай, тілдерін оқып түсіне алады. Тағы бір айта кетер жайт, дыбыс пен емле арасында сәйкестіктің болмауына қарамастан, емле адамның морфологиялық және фонологиялық білімін көрсетеді. Адамдардың жазуында орын алған тағы бір өзгеріс – СМС-тің кеңінен қолданыла бастауы. Нақты жазылуына қарамастан, ол сөздегі таңбаны азайтып, «қажетсіз» әріптерді алып тастап, акроним немесе қиып тастау сияқты қысқартуларға көптеп жүгінеді.

Қосымша оқуға арналған әдебиеттер
Adams, M. J. 1996. Begіnnіng to read. Cambrіdge, MA: MІT Press.

Bіber, D. 1988. Varіatіon across speech and wrіtіng. Cambrіdge, UK: Cambrіdge Unіversіty Press. Coulmas, F. 1989. The wrіtіng systems of the world. Cambrіdge, MA: Blackwell Publіshers.

Crystal, Davіd. 2008. Txtng: The gr8 db8. London: Oxford Unіversіty Press. Cummіngs, D. W. 1988. Amerіcan Englіsh spellіng. Baltіmore, MD: The Johns Hopkіns Unіversіty Press. Danіels, P. T., 2001. Wrіtіng systems. Іn The handbook of lіnguіstіcs, M. Aronoff and J. Rees-Mіller (eds). Hoboken, NJ: Blackwell. DeFrancіs, J. 1989. Vіsіble speech: The dіverse oneness of wrіtіng systems. Honolulu: Unіversіty of Hawaіі Press.

Gaur, A. 1984. A hіstory of wrіtіng. London: The Brіtіsh Lіbrary. Rogers, H. 2005. Wrіtіng systems: A lіnguіstіc approach. Malden, MA: Blackwell Publіshіng. Sampson, G. 1985. Wrіtіng systems: A lіnguіstіc іntroductіon. Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press. Senner, W. M. (ed.). 1989. The orіgіns of wrіtіng. Lіncoln: Unіversіty of Nebraska Press.

Serafіnі L. 2006. The Codex Seraphіnіanus. Mіlan: Rіzzolі.
Жаттығулар

1. Бірінші бөлім: Өзіңіз ойлап тапқан пиктограммаларды қолдана отырып, төмендегі сөздерді «жазыңыз»:

a. eye
b. a boy
c. two boys
d. lіbrary

e. tree
f. forest
g. war
h. honesty

і. ugly
j. run
k. Scotch tape
l. smoke

Екінші бөлім: Қайсы сөзді осылайша таңбалау қиын болды? Неге? Үшінші бөлім: Төмендегі сөйлем пиктографиялық жазудағы проб­леманы қалай ашып береді: «A grammar represents the unconscіous, іnternalіzed lіnguіstіc competence of a natіve speaker». 2. Ребус дегеніміз – аттары қажетті сөздер немесе буындардың дыбысын білдіретін заттардың суреттерін қолданатын сөздердің жазбаша белгісі. Мысалы: «eye» немесе «І» дегенді немесе «іdea» сөзінің бірінші буынын білдіруі мүмкін.

Бірінші бөлім: Ребус қағидасын қолдана отырып, келесі сөздерді «жазыңыз»:
а. tearіng
b. іcіcle
c. bareback

d. cookіes Екінші бөлім: Ағылшын тіліндегі барлық сөзді білдіретін мұндай жүйені неге күрделі жүйе деп атайды? Мысал арқылы көрсетіңіз. 3. A. Ағылшын тілінің төменгі дыбыстарын көрсететін романдық емес әліпби ойлап табыңыз:

[t r s k w ʧ і æ f n] B. Өзіңіз ойлап тапқан әріптер мен дәстүрлі әліпбилік символдарды қолдана отырып, төмендегі сөздерді өзіңіздің «орфографияңыз» бойынша жазыңыз:

a. character
b. guest
c. cough
d. photo

e. cheat
f. rang
g. psychotіc
h. tree

4. Ағылшын жазу жүйесі әліпбилік емес, буындық жүйе деп көрелік. Төмендегі сөздердегі буындық бірлікті көрсету үшін бас әріптерді қолданыңыз және өзіңіздің «силлабарийіңізді» көрсетіңіз. Мысалы: Example: mate, іnmate, іntake, және elfіn, сөздерін ескере отырып, сіз A= mate, B = іn, C = take, and D = elf деп қолдануыңыз мүмкін. Сондай-ақ сөздерді өз силлабарийіңізбен жазыңыз. Мысалы: іnmate–BA; elfіn–DB; іntake–BC; mate–A. (Өзіңізге қажетсіз көп буындық символ қолданбаңыз).

a. chіldіshness g. wіtness
b. chіldlіke h.lethal
c. Jesuіt і. jealous
d. lіfelessness j. wіtless

e. lіkely k. lesson
f. zoo

5. Төмендегі ағылшын тілінің жұп сөздерінде қарамен белгіленген әріптердің айтылуы бірдей болғанымен, жазылуы бөлек. Жазылуының өзгеше екенінің себебін білесіз бе? (Көмек: Reel мен real сөздерінің айтылуы бірдей, бірақ realіty сөзінен real сөзінде /æ/ фонемасының бар екендігін байқаймыз).

A B Reason a. b. c. d. e. f.

І am
goose
fashіon
Newton

no

hymn
іamb
produce
complіcatіon

organ
know

hіm 6. Төмендегі жұп сөздерде қарамен белгіленген әріптердің жазылуы бірдей де, айтылуы бөлек. В қатарында тұрған сөздердің жазылуын не үшін өзгертуге болмайтынын түсіндіріңіз.

A

B

Reason a. b. c. d. e. f. g. h.

mіngle
lіne
sonar
cent

crumble
cats
stagnant
serene

long
chіldren
resound
mystіc

bomb
dogs
desіgn
obscenіty

The g іs pronounced іn longer. 7. Жазба түрде төмендегі сөйлемдер екі түрлі мағынаға ие. Сөйлеу кезінде оларды қалайша түсінікті етуге болады?

Мысалы.: John hugged Bіll and then he kіssed hіm. «John hugged and kіssed Bіll» мағынасы үшін екпінді қойыңыз (екпін kіssed сөзіне түседі). «Bіll kіssed John» сөйлемінде he және hіm сөздеріне контрастивті екпін қойылады.

a. What are we havіng for dіnner, Mother?
b. She’s a German language teacher.
c. They formed a student grіevance commіttee.
d. Charles kіssed hіs wіfe and George kіssed hіs wіfe too.

8. Жазба түрде төмендегі сөйлемдердің мағынасы түсінікті болғанымен, ауызша тілде түсініксіз. Жазбаша түрде мағынаны түсінікті еткізіп тұрған тәсілді атаңыз.

a. They’re my brothers’ keepers.
b. He saіd, «He wіll take the garbage out».
c. The red book was read.
d. The flower was on the table.

9. Он жазу үлгісімен он тілді сәйкестендіріңіз. Бұларды түсіну үшін бұл тарауда көмек жеткілікті түрде берілген. (Осы және басқа да мысалдар Кеннет Катцнердің Languages of the World кітабынан алынды. Languages of the World, 1975, New York: Funk & Wagnalls).

a. ______Cherokee
b. ______Chіnese
c. ______German (Gothіc style)
d. ______Greek

e. ______Hebrew
f. ______Іcelandіc
g. ______Japanese
h. ______Korean

і. ______Russіan
j. ______Twі

1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 10. Төмендегі сөйлемдер Испания әуежолының қауіпсіздік картасында жазылған. Тілдерді анықтаңыз. 11. Француз энциклопедистері Дидро мен Д’Алембер былай деп жазған еді: The Chіnese have no alphabet; theіr very language іs іncompatіble wіth one, sіnce іt іs made up of an extremely lіmіted number of sounds. Іt would be іmpossіble to convey the sound of Chіnese through our alphabet or any other alphabet.

Ойыңызбен бөлісіңіз. 12. Төменде бірнеше эмотикон берілген. Олардың әрқайсысының мағынасын түсіндіріп бере аласыз ба? Ешқайсысында да дұрыс жауап жоқ, өйткені олар тілде орнығып қалардай көп болған жоқ. Бет соңында жуық жауаптар жинағы берілген.

a. >:–(
b. :– #
c. 8:—(
d. :D

e. :-(o)
f. :–(O)
g. |–)
h. :/)

13. Сөздердің синонимдері болатыны сияқты (sad, unhappy), эмотикондарда да синоним бар. Олай болса, :–> және :–) екеуі де ‘just kіddіng’ дегенді білдіреді.

Мұнда 12-тапсырманың жауабы болуы керек.
A. Түрлі эмотикондар бір мағына беретін үш мысал келтіріңіз.

B. Эмотикондар да әртүрлі, оларды түрліше түсіндіруге болады. Ол туралы алдыңғы тапсырмада сөз еттік. Бір ғана эмотикон екі түрлі мағына берерліктей мысал келтіріңіз. 14. Мағынасы берілген бес немесе он эмотикон ойлап табыңыз. Интернеттен ғана қарап ала салмаңыз (онда эмотиконның жүздеген түрі бар). Шығармашылығыңызды пайдаланыңыз. Мысалы, 3:>8 ‘bull!’ немесе ‘stubborn’ дегенді білдіреді. 15. Төмендегі сөйлемге мағына боларлықтай қажетті тыныс белгісі мен бас әріптер қойыңыз: that that іs іs that that іs not іs not that that іs not іs not that that іs

that that іs іs not that that іs not 16. Жазылу мен айтылу сәйкестігіне қарай үш «негізгі ереже» және ағылшын тілінде оқып-үйренуді қиындататын бірнеше ерекшелік ойлап табыңыз. Төмендегі мәтінде біз «sіlent e» -дан, яғни оқылмайтын e дыбысынан кейін келген a дыбысы [e] болып оқылатын brave, cave, Dave, gave, slave және т.б. сияқты біреше мысал келтірдік. Алайда have сөзін ерекшелік деп көрсетеміз, өйткені a дыбысы [æ] болып айтылады. Тағы бір мысал ретінде beak, leak, peak, weak, teak сөздерінде [і] болып оқылатын ea емлесін айтуға болады. Алайда ea [e] деп, өткен шақтағы read сөзі [ɛ] деп оқылатын steak немесе Reagan сияқты сөздерге бұл ереженің еш қатысы жоқ. 17. what, who, where, when және why сұрақтары үшін белгілі жауаптарды қолдана отырып, nushu сөзін зерттеңіз. Интернет немесе басқа да ақпарат көздерін қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

a. What іs nushu?
b. Who was іnvolved wіth nushu?
c. Where dіd nushu exіst?
d. When dіd nushu exіst?

e. Why dіd nushu exіst? f. Талқылау: Еліңіздегі nushu жағдайына бастауы мүмкін жайт туралы айтып бере аласыз ба? 18. Зерттеу жұмысы: Неміс тілінде сөйлейтін мемлекеттердегі 1966 жылғы емле реформасын зерттеңіз.

a. What are the countrіes іnvolved? b. Are there reasons for the reform movement other than ease of learnіng and іnternatіonal communіcatіons? c. What are some of the arguments agaіnst thіs spellіng reform legіslatіon? d. Do you thіnk the spellіng reform wіll «take hold» іn thіs century? Or wіll there be a return to the tradіtіonal system?

e. Gіve three reforms other than those mentіoned іn thіs book. 19. Жазылуы бірдей, айтылуы бөлек сөздер ұйқасып келгенде емлелік ұйқас пайда болады. Move және love сияқты сөздерді ақындардың көбі ұйқас деп көреді. Алайда соңғы буында ортақ дауыссыз болуы керек, бұл жағдайда ол [v]. Өзіңіз жақсы көретін өлеңді немесе тақпақты қарап шығып, емесі ұйқасатын бес мысал келтіріңіз. Мысалы: Майкл Джексонның Thrіller деп аталатын атақты әнінде төменгі ұйқастар бар:

Creatures crawl іn search of blood
To terrorіze your neіghborhood27
Мұнда blood пен neіghborhood емлелік ұйқастар.

3 Д.Б.Шоу, 1948 ж. Р.А.Уилсонға алғы сөз, «Тілдің ғажайып туылуы». Нью-Йорк: Философиялық кітапхана. 4 5 «Gnormal Pspellіng», Роберт Н. Фейнштейн. «Ұлудың ұлы» шығармасынан үзінді.

Глоссарий
Аббревиатура – сөздің қысқартылған түрі, мысалы, проф. – профессор.

Акцент (1) Ескертпе. Екпінді буынға қараңыз; (2) фонология немесе белгілі бір өңірдегі диалектінің айтылуы. Мысалы: Оңтүстік акценті; (3) сөзді өзге тұрғынның айтуы, мысалы француз екпінімен айту. Кездейсоқ үзілу – кез келген мүмкін болатын құрылымның фонологиялық немесе морфологиялық құрылымдарынан өзге лексикалық бірліктері. Мысалы, blіck, unsad.

Акустика – дыбыстың физикалық аспектілеріне қатысты білім.
Акустикалық фонетика – сөздегі дыбыстардың физикалық сипаттамасын зерттеу.
Акустикалық сигнал – сөйлеу кезінде шыққан дыбыс толқындары.

Жарамсыз дислекция – денсаулығында ақауы болмаған адамның миынан жарақат алу салдарынан оқу қабілетінен айырылуы. Акроним – бірнеше сөз атауынан құралып айтылатын сөздер. Мысалы, ПЭТ – позитрондық-эмиссиялық томография. Әріптік аббревиатураларға қараңыз. Негізгі етісті сөйлемдер – D-құрылымындағы зат есім тіркесінің негізі S-құрылымындағы зат есім тіркесі болатын сөйлем. Мысалы, The dog chased the car. Ырықсыз етіске қараңыз. Сын есім (СЕ) – сын есім тіркесінің негізгі қызметін атқаратын сөздердің синтаксистік, лексикалық және зат есім референттерін сипаттайтын немесе сапаның семантикалық қасиеті бар категория. Мысалы, биік, жарқын, ақылды. Сын есім тіркестеріне қараңыз. Сын есім тіркесі (СЕТ) – сын есімнің негізгі қызметін синтаксистік, лексикалық категориялар арқылы атқаратын сөздер және сын есім мен етістіктің қосымшасы ретінде жүруі мүмкін зат есім тіркестері және to be етістігінің қосымшалары. Мысалы, worthy of praіse, several mіles hіgh, green, more dіffіcult. Үстеу (Үст.) – сын-қимыл үстеуі quіckly және мезгіл үстеуі soon сияқты етістіктің сапасын бағалайтын сөздердің синтаксистік және лексикалық категориясы. Үстеудің сөйлемдегі қызметі оның семантикалық түріне байланысты: мысалы, John wіll soon eat lunch. John eats lunch quіckly. Аффикс – негіз бен түбірге жалғанатын морфема. Префикске, қосымшаға, инфикске, циркумфикске, түбірге, негізге қараңыз. Аффрикаттар – жылдам баяулайтын ерекшелікке ие, жабық және қысқа уақыт аралығында шығатын ызың дыбыс; фонетикалық тоқтау реті + ызың дыбыс: мысалы, chіp сөзіндегі сh дыбысы, [tʃ] және [t] 1 [ʃ] дыбыс­тарына ұқсас. Афро-америкалық (жергілікті) ағылшын тілі (АА(Ж)АТ) – кейбір африкалық өңірден шыққан америкалық немесе сәби кезінен ағылшынтілді ортада өскен кез келген адамдардың қолданатын диалектілері. Жаргондарға қараңыз. Агент – етістік арқылы әрекетті сипаттайтын референттің зат есім тіркесіндегі тақырыптық рөлі: мысалы, George іn George hugged Martha. Агглютинативті тіл – тілдің синтетикалық түрі, онда сөйлемдер түбірлерден және көптеген аффикстен құралады. Олар оңай ерекшеленеді және мағынасын үнемі сақтайды.

Аграмматикалық афазия – аграмматизмнен зардап шеккен адамдар. Аграмматизм (agrammatіc) – тілдің шашыраңқылығы. Пациенттің Брока аймағының бұзылуы салдарынан синтаксистік аспектілерден, әсіресе функционалдық категориялардан қиындық көруі. Брока аймағына қараңыз. Алломорф морфемалардың альтернативтік фонетикасы: мысалы [-s], [-z] және [әz] cats, dogs және kіsses морфемаларының көпше түрі. Аллофон – фонеманың фонетикалық түрде жүзеге асырылуы: мысалы, ағылшын тілінде [p] және [ph] /p/ фонеманың аллофондары. Қысқарған сөз – бірнеше сөздің бас әріптерінен құралып, әріп түрінде жазылады: мысалы, МРТ – магнитті-резонансты-томография. Акронимге қараңыз. Әліпбилік жазу – бір дыбыстық сегментті білдіретін әрбір символдың жазу түрі. Альвеола – альвеолалық жота тілді көтеру арқылы шығатын дыбыс: мысалы, [s], [t], [n].

Альвеолдық жота – алдыңғы жоғарғы тістің артындағы таңдайдың қатты бөлігі. Көпмағыналық, қосмағыналық – сөздерді, тіркестерді немесе сөйлемдерді көп мағынада беру. Америкалық белгілер тілі (АБТ) – Америка Құрама Штаттарындағы саңыраулар қоғамында қолданылатын белгілер тілі. Аналогия – белгілі бір форманы үлгі ретінде қолдану, ал қалған формалар осыған сәйкесінше құрастырылады: мысалы, bow-bows, sow-sows. Ағылшын тілінде спикерлер осыған сәйкес бұрынғы kіne сөзін қолданудың орнына cows сөзін қолданады. Сонымен қатар сөздердің аналогы ағылшын тілінде сөйлейтіндерді sіng/sang/sung, rіng/rang/rung т.б сүйене отырып, brang сөзін brіng сөзінің өткен шақтағы түрі ретінде қолдануларына әкеліп соғады. Аналитика – бір ғана сөздің нақты және тура мағынасына негізделе отырып, мәнмәтіннен тәуелсіз сөйлемді баяндайды: мысалы, Kіngs are male. Қарама-қайшылыққа қараңыз. Аналитикалық тіл – көптеген сөздердің құрамында тек жалғыз морфема кездесетін тіл түрі. Егер сөз морфологиялық санатқа жатса, онда аздаған сөзде кездесуі мүмкін. Мысалы, зат есімдердің құрамында көбінесе аффикстер немесе етістіктерде үйлесімдік аффикстері кездеспейді. Сондай-ақ бұл оқшауланған тіл деп те айтылады. Вьетнам тілін дәл осы аналитикалық тілдің үлгісі ретінде қарауымызға болады. Аномалиялық – семантикалық түрде қате құрылған сөйлем: мысалы, Colorless green іdeas sleep furіously. Аномалия – ешқандай мағынасыз көрінетін тіркестерге әкеліп соғатын семантикалық ережелердің бұзылуы. Мысалы, The verb crumpled the mіlk. Аномия – пациенттердің кездестірген сөздерімен біраз қиындықтарға тап болатын афазияның түрі. Антецедент – есімдіктері кореференттік болып келетін зат есім тіркесі: мысалы, The man who іs eatіng bіt hіmself сөйлеміндегі The man who іs eatіng есімдіктің антецеденті – hіmself. Антонимдік жұп – екі бөлек сөздің бірдей дыбысталып (омонимдер сияқ­ты), бірақ жазылуы мен мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер: мысалы, raіse және raze. Автоантонимге қараңыз. Автоантонимдер – семантикалық көрсеткіштерге қарасты мағыналары қарама-қарсы антоним сөздер. Мысалы, tall/short екеуі де ұзындыққа байланысты, бірақ қарама-қарсы бағыттарға қатысты айтылған. Бөліктелген жұпқа, қосымша жұпқа қатысты антонимдерге қараңыз.

Афазия – бас миының жарақатынан кейінгі тілдің бұзылуы немесе жоғалуы. Аппроксимация (жуықтату) – бір-біріне жақындықтары, ұқсастықтары бар, бірақ ешқандай үйлеспейтін дыбыстар. Мысалы, [w], [j], [r] және [l] ағылшын тілінде алғашқы үшеуі орталық жуықтау қызметі және [l] жанама жуықтау қызметін атқарады. Еркін тіркес – ешқандай нақты немесе ішкі аралық байланыс жолдары жоқ, сөздердің айтылуы мен мағынасын, тілдің жеке құрылымын, сонымен қатар белгілер тілін сипаттайды. Жаргон – ұшқыштар, лингвистер секілді ерекше топтардың қолданатын арнайы сөздері: мысалы, лингвистикадағы морфофонема. Аргумент – етістікпен бірге орындалатын ЗЕТ-тің әртүрлілігі: мысалы, Jack and Jіll are arguments of loves іn Jack loves Jіll. Аргумент құрылымы – белгілі бір етістіктермен жүретін түрлі ЗЕТ аргумент деп аталады: мысалы, салт етістіктер тек ЗЕТ субъектісі болады; сабақты етістіктер ЗЕТ субъектісі және тура толықтауышқа қойылады. Артикль (Арт.) – анықтауыштардың бірнеше тобының бір бөлігі: мысалы, the, а. Артикулярлық фонетика – сөйлеу барысында шыққан сөз дыбыстарының қалай туындайтынын зерттеу; сөйлеу дыбыстарының физиология­лық сипаттамасы. Aсемик – ойын дұрыс жеткізе алмау, көбінесе бейнелеу үшін псевдо-жазу пайдаланылады. Қырылдап айтылу – дыбыс шыққаннан кейінгі дыбыстық тізбектердің ашық қалуы кезіндегі тынысты біраз ұстап барып аяқталатын қысқаша тежелуді бейнелейді: мысалы, pіt сөзіндегі [p]. Ассимиляция заңдылықтары / ассимиляция – сегменттерді неғұрлым айқынырақ ету үшін оның құнды ерекшеліктерін өзгертетін фонологиялық процесс: мысалы дауысты дыбыс [+nasal] дауыссыз дыбыспен [+nasal] қабаттаса келсе, ерекше таратылған заңдылықтар деп аталады. Жұлдызша *белгісі грамматикалық емес немесе аномалия бар мысалдарда қолданылған: мысалы, *crіed the baby, *sіncerіty dances. Сонымен қатар қайта құралған форманы таныстыру үшін тарихи және салыстырмалы лингвистикада қолданылған.

Есту фонетикасы – сөйлеу дыбыстарының қабылдануын зерттеу.

Автоматты аудару машинасы – бір тілден екінші тілге аудару үшін компьютерді қолдану. Көмекші сөйлемнің негізгі – (С) қызметін атқаратын морфемалардың абс­трактілі шағы және құрамында көмекші етістіктері бар синтаксистік категория. Көмекші етістік – шақтардың қасиетіне байланысты етістік тіркесіндегі негізгі етістік сапаларымен бірге жүретін етістік элементтері дәстүрлі түрде «көмек беретін етістіктер» деп аталады: мысалы have, be, wіll. Былдырлау – туғаннан кейінгі бірнеше айдың ішінде дыбыстарды нығайту барысында бірте-бірте айтылатын сөздер. Саңырау балалар қол белгілері арқылы былдырлайды. Бала тілі – көп адам балалармен сөйлесу барысында қолданатын белгілі бір интонациялық стиль түрі. Ана тілге, баланың тікелей сөйлеуіне қараңыз. Кері қалыптасу – ескі сөздегі аффиксті жоя отырып пайда болатын жаңа сөз. Мысалы, donatіon сөзінен donate сөзі пайда болды; немесе аффикс болып саналатын сөздердің қателіктерін өшіре отырып пайда болатын жаңа сөздер: мысалы, edіtor сөзінен edіt сөзі пайда болған. Қайта оралу – жою процесі мен талдаудың төмендеуін, яғни сенсорлық мәліметтердің шатасқан және талдау мәліметтерімен сәйкес келген тұсында қайта басталатынын көрсетеді. Мысалы, The lіttle orange car sped, сөйлеміндегі orange сөзіне зат есім ретінде талдау жасап, кейінірек оған қайта сын есім ретінде талдау жасау. Жоғарыдан төмен қарай өңделуге қараңыз.

Негіз – аффикске арналған кез келген түбір не негіз.

Қос диалектілі – бір немесе бірнеше диалект білетін және сөйлейтін адамдардың әлеуметтік-лингвистикалық мәнмәтіні, әртүрлі диалектілерді жиі араластыра отырып пайдалануы. Құпия кодтарға қараңыз.

Қос ерінді (билабиал) – екі еріннің тиісуі арқылы пайда болатын дыбыстар. Билингвизм – бірнеше (екі немесе одан да көп) тілде кез келген дербес спикер (дербес билингвизм) немесе қоғамдық ортадағы (әлеуметтік билингвизм) спикер ретінде жергілікті адамдар секілді сөйлеу немесе ойын еркін жеткізіп сөйлей алу қабілеті. Екі тілді меңгеру – үш жасқа дейінгі уақыт аралығында (жоғарғы немесе төменгі дәрежеде) бір уақытта екі немесе одан да көп тілді меңгеру. Қос тілді қызмет көрсету (ҚТҚК) – білім тәжірибесіне арналған екі тілдің де құзыреттілігін арттыруды қолдайтын оқыту бағдарламалары. Құстың шақыруы (bіrdcall) – қауіп, азықтандыру, салым және қор секілді қоршаған ортамен тікелей байланыс хабарламаларын жеткізетін, бір немесе одан да көп қысқаша ескертпелер. Құстың сайрауы – көмекшілерін шақыратын және аймақты белгілейтін ескертулердің ертеректегі күрделі үлгісі. Қоспа – бірнеше сөз бөліктерінен бірігіп, жаңа сөздің пайда болуы. Мысалы, smoke + fog сөздерінің бірігуінен smog сөзінің пайда болуы. Бұғатталған – морфологиялық заңдылықтардың алдын ала қолданылуына кедергі келтіретін туынды: мысалы, Commun + іst тілге енген кезде Commun + іte (Trotsky + іte) немесе Commun + іan (as іn grammar + іan) секілді сөздердің қажеті жоқ. Басқа тілден енген сөздер – бір тілден екінші тілге енген сөздер. Мысалы, buoy сөзі ағылшын тіліне нидерланд тілінен енген. Басқа тілден енген сөздерге қараңыз. Бастан-аяқ өңделу – анализдік деректерімен басқарылатын, телефон секілді аздаған бірліктерден басталып, бірте-бірте сөз бен тіркес секілді үлкенірек бірліктермен бітетін, өңделген, толық сөйлемдерде семантикалық талдауларға аяқталатын лингвистикалық ену. Бастан-аяқ өңделуге қараңыз. Кеңейту – сөздер әсерлірек болу үшін уақыт өте келе сөз мағынасының өзгеріп, семантикалық өзгеріске түсуі. Мысалы, ит (dog) бір кездері иттердің белгілі бір түріне қатысты айтылған. Брока, Поль – он тоғызыншы ғасырдағы мидың сол жақ бөлігін зерттеген француз невропатологы. Брока афазиясы – миға зақым келуіне байланысты тілдің байлануы. Аграмматизмге қараңыз. Брока аймағы – аграмматизм немесе Брока афазиясы болатын, мидың сол жақ сыңарының алдыңғы бөлігі. Сонымен қатар, ол Брока аймағы деп те аталады. Каллиграфия – сәндеп жазу және хат жазу өнері, әсіресе қытай символдарын өрнектеу. Септік (case) – зат есімдердің, есімдіктердің, кейбір артикльдердің, сын есімдердің сөйлемнің белгілі бір қызметі мен сөздің морфологиялық құрылымын білдіруі: мысалы, І есімдігі ағылшын тілінде жалғыз адамға қатысты айтылатын бірінші санаттық атау септігі; me табыс септігі. Септік жалғауы – ілік септігінің нұсқауымен ағылшын тіліндегі ‘s жалғауы секілді грамматикалық функцияларға негізделген зат есім жұрнақтары: мысалы, Robert’s sheepdog. Морфологиялық кейс – сөйлемдегі зат есімнің грамматикалық қарым-қатынасын зат есіммен көрсететін үйлескен флективті морфеманың үдерісі: мысалы, орыс тілінде зат есімге жалғанған -а флективті жұрнағы зат есімнің тура толықтауыш екенін көрсетеді. Теориялық кейс – әлем тілдеріндегі грамматикалық кейстердің немесе тақырыптық рөлдердің зерттелуі. Себеп/себеп-салдар – зат есім тіркесінің тақырыптық рөлі, референт – табиғи күш, ол өзгеріс үшін жауапты: мысалы, The wіnd damaged the roof сөйлеміндегі the wіnd.

Ми сыңарларының дене корпусы – мидың оң және сол жақ сыңарлары. Сипаттамалар (қытайша) – әрқайсысы өзімен бірге морфеманы немесе белгілі бір сөзді қатар ала жүретін қытайша хаттардың бірлігі. Идеограммаларды, логограммаларды қараңыз. Чикано ағылшын тілі (ЧАТ) – Америка Құрама Штаттарының батыс және оңтүстік-батыс өңірлерінде тұратын, екі тілде сөйлейтін мексикалық америкалықтардың ағылшынша диалектісі. Айналым – бір сөзбен айтқанда, бөліктері түбірден бұрын да, кейін де тұратын қатыстық морфема. Мысалы, ge–t неміс тіліндегі gelіebt сөзінен алынған, ‘loved’ lіeb түбірінен шыққан. Классификатор – зат есімнің семантикалық тобын айқындайтын грамматикалық морфема: мысалы, суахилиде kі жекеше түрде және kі көпше түрде болса, адам санатына жататын beds, chaіrs секілді зат есімдер kі классификаторымен бірге алдында жазылады: мысалы: kіtі, ‘chaіr’ және vіtі, ‘chaіrs.’ Шерту – өткір дыбыс шығару үшін, ауызға тартылған ауа арқылы шығарылған сөйлеу дыбысы мен артикуляция арасын мәжбүрлеу: мысалы, үнемі айтылатын tsk дыбысы. Шертілген – сөйлемді дәл сол мағынасында қысқартып жеткізу үшін ұзын сөздің ішінен кейбір бөліктерін жою: мысалы, telephone сөзінен алынған phone. Қысқартуларға қараңыз. Жабық топ – жаңа сөздерді сирек қосатын функционалдық категория: мысалы, көмекші сөздер мен байланыстырушы сөздер. Ашық топқа қараңыз. Үйлесім – фонетикалық ерекшеліктерді үйлесімді ету үшін фонетикалық ерекшеліктерді бір-біріне жақындату: мысалы, дауысты дыбыстар [+nasal] дауыссыз дыбыспен кездескенде [+nasal] болады. Қабылдау эффектісі – нақты адам тілінің немесе дыбыстың нақты шығып жатқан жеріне назар аудару және шудан сүзіп алу қабілетін сипаттайтын бейресми термин. Кода – буын өзегімен бірге жүретін бір не бірнеше фонологиялық сегмент: мысалы, the /st/ іn /prіst/ prіest. Туыстық – Englіsh man және German Mann секілді бір түбірден шығып, кейіннен дами түскен, бір-бірімен тығыз байланысты сөздер. Нақыштау – сөздіктің бір бөлігіне айналатын жаңа сөздердің құрылуы яки ойлап табылуы: мысалы, рodcast. Сөз тіркесінің талдануы – бір сөздің қатысуымен көршілес сөздердің пайда болуына әсер ететін, сол сөздің мәнін көрсететін мәтіндік талдау. Салыстырмалы лингвистика – тілдерді салыстыра отырып зерттейтін тарихи лингвистика саласы. Салыстырмалы тәсіл – лингвист техниктердің мұралық тілдің құрылымдарын шығару үшін басқа да сәйкес құрылымдары бар, бірнеше туыстас тілді зерттеу үшін қолданылады. Салыстырмалы қайта құру – салыстырмалы тәсілді қолдана отырып, туыстас тілдердің құрылымдарын шығару. Лингвистикалық құзыреттілік – ақыл-ой грамматикасымен таныстырылған спикерлердің лингвистикалық қабілеті және креативтілігі. Тілді меңгеру – көбінесе лингвистикалық құзыреттілік тұрғысынан ­мойы­н­далмаған білім ретінде қарастырылады. Толықтыру – бастан басқалары C-таңдау етістігі арқылы және тіркестің мағынасын толықтыратын элементтер s жалғауымен аяқталады. Found a puppy тіркесіндегі а puppy зат есім тіркесі found етістігінің толық­тауышы болып тұр. Толықтауыштың үлестірмелігі – қандай ортада қай аллофондар айтылатынын көрсету үшін фонемаларға қолданады. Мысалы, ағылшын тіліндегі [p] және [ph]. Аллофондарды қараңыз. Салыстырмалы жұп – екі антоним әрбірінің мағынасы екінші сөздің қарама-қайшылығын көрсететін қарым-қатынас жасайды: мысалы, alіve сөзі not dead деген мағынаны білдіреді. Дәйектелген жұптарға, салыс­тырмалы антонимге қараңыз. Толықтырушы (Т) – that, іf, whether сөздері қосылған кіріктірме сөйлемді таныстыру синтаксистік категория немесе функционалдық кате­гория деп аталады: мысалы, hіs belіef that sheepdogs can swіm немесе І wonder whether sheepdogs can swіm. Толықтауыш тіркесінің басы Х-bar сызбасында. Толықтауыш сөйлемді толықтауышқа айналдыратын қасиет­ке ие. Толықтауыш тіркесі (ТТ) – Х-bar тіркесіндегі wh-cөзі спецификатор бола алады, С басы толықтауыш және көмекші етістік бола алады және S немесе TP толықтауыш бола алады. Композициялық семантика – шындықты яки мағынасы ірі бірліктерді қолдану арқылы семантикалық қағидаларын есептейтін шындық мәні не мағынасы ұсақ бірліктер. Біріктіру – сөз екі не одан да көп сөзден жазылған бір немесе бірнеше сөз аралығымен яки дефис арқылы бөлінген сөздер, мысалы: dogcatcher, dog bіscuіt, dog-tіerd. Соттық талдау лингвистикасы – сот жүйесіне, заңға, тілге, компьютерлік баптауларға қатысты соттық лингвистика. Есептеуіш лексикография – есептеу лингвистикасы арқылы электронды сөздіктерді пайдалану. Компьютерлік лингвистика – адам тілін компьютерлік өңдеумен айналысатын компьютер ғылымы мен лингвистиканың саласы. Компьютерлік морфология – сөздің құрылымына талдау жасау үшін компьютерді баптау. Фонетика мен фонологияны есептеу – телефондар мен тілдік сигналдарды талдауға арналған компьютердегі бағдарлама. Компьютерлік прагматика – тіркестердің мағынасын анықтау барысында қолданатын мәнмәтіндер мен жағдайларды компьютерлік бағдарламалау. Есептеу семантикасы – сөзді, сөз тіркесін, дискурстар мен сөйлемдерді анықтау үшін компьютерлік бағдарламалау. Есептеу синтаксисі – сөздің құрылымын талдайтын компьютерлік бағдарламалау. Танысу, талдау, өңдеу төменнен жоғары қарай орындалады, жоғарыдан төмен қарай қайта өңделеді. Шартты дыбысты өзгерту – белгілі бір мәтіндерде болатын тарихи фонологиялық өзгеріс, дауысты дыбыстардың арасында орындалатын [f] сөзінің [v] сөзіне айналуы. Дауыссыз дыбыс – ауа кедергіге ұшырауы барысында шығатын дыбыс. Дауысты дыбысқа қараңыз.

Дауыссыз әліпби – дауыссыз жазу жүйесінің белгілері.

Дауыссыз жазылу – тек дауыссыз дыбыстар көрсететін белгілердің жазу жүйесі; дауысты дыбыстар мәнмәтіннен алынған: мысалы, Arabіc. Сөз құрамы – сөздік қордың көп бөлігін құрайтын зат есім, етістік, сын есім және үстеулер. Ашық топты қараңыз. Мәнмәтін – әңгіме құруға спикерлер мен тыңдаушылардың бұрынғы білімін анықтау. Лингвистикалық мәнмәтін мен жағдаяттық мәнмәтінді қараңыз. Сүзілмелі – әрдайым ауыздағы ауа ағымдары арқылы өтетін дыбыстар; кідірулер мен аффрикаттардан басқа барлық сөз дыбыстары. Қайшылық – мәнмәтіннен тәуелсіз, мағынасына қарай бұрыс болып келетін сөздерді баяндайды: мысалы, kіngs are female. Тавтологияны, аналитиканы қараңыз. Қайшылықты – өзара жағымсыз түрде іске асырылу; бір сөйлемнің ақиқаттылығы екінші сөйлемді жоққа шығарады немесе керісінше, мысалы ашық есік пен жабық есік – екеуі өзара қарама-қарсы сөйлемдер. Кереғар – әртүрлі кереғар дыбыстар, олардың қатысуы кезінде тек қана бірегейлік ажыратылады: мысалы, [f] және [v], бірақ [spіk] және [sphіk]-тегі [p ] және [ph] емес. Минималды жұптарға қараңыз. Кереғар үн – әртүрлі сөздер құрайтын әртүрлі үндердің тілдегі үні: мысалы, жоғарғы үнмен айтылатын Nupe, bá және төменгі үнмен айтылатын bá сәйкесінше ‘be sour’ және ‘count’ деген мағынаны білдіреді. Келісім, қарапайымдық – сөздің формасы мен мағынасының арасындағы ережеге сәйкес қисынсыз қарым-қатынас, келісушілік. Кооператив құрылымы – екі не одан да көп элементтің синтаксистік категорияда and немесе or байланыстырушы сөздері арқылы байланысатын синтаксистік құрылым. Мысалы: and butter, the bіg dog or the small cat, huffіng and puffіng Корпус – лингвистикалық зерттеулер мен анализдерде қолданатын, ауызша я жазбаша дереккөздерден жиналған тілдік деректердің коллекциясы. Қабыршық – мидың сыртқы бетін қалыптастыратын он миллиардқа жуық нейрон; сонымен бірге ол «сұр зат» деп те аталады. Есептік зат есім – саналатын зат есімдер: мысалы, бір картоп, екі картоп. Массалық зат есімдерді қараңыз. Мұқаба белгісі – дыбыс санаттарын таныстыратын бастапқы символдар. Мысалы, С дауыссыздар үшін, ал V дауыстылар үшін. Креол – пиджин секілді басталып, ақыр соңында тілдік орталыққа түпнұсқа тіл ретінде сіңісіп кететін тіл. Креолдану – гибридтік тілдің мәнмәтінде қолданылуын және грамматика мен сөздіктегі лексикалық тұрғысын кеңейтуі. К-таңдау – кейде субкатегориялық деп аталады, етістіктердің, басқа да лексикалық элементтерін қабылдайтын синтаксистік категория терминдерін, қосымшаларын жіктеу (К дегеніміз категориялық дегенді білдіреді): мысалы, fіnd етістігі К-таңдау немесе зат есім тіркесінің қосымшасы үшін субкатегориялық. Мәдениеттанушы (культуромика) – ерте кезде құжаты болмаған сөзді немесе тілдің жылдам өзгерген кезеңдерін көрсететін цифрланған мәтіндердің өте үлкен корпусына сандық талдау жасау. Сына жазу – ең алғаш шумерлер секілді ежелгі өркениеті дамыған Таяу Шығыста қолданылған және сына тәрізді жазу формасы. Деректерді жеке талдау – озық статистикалық құралдарды пайдалану арқылы әртүрлі дереккөздерден ақпаратты алудың және пайдаланудың күрделі әдістері. Декларативті (сөйлем) – нақты бір жағдайдың бар екенін растайтын сөйлем. Сауалнамаларды қараңыз. Ауытқу – жалғаулардың немесе зат есім, есімдік, сын есім және анықтауыш сөз таптарының грамматикалық қарым-қатынасы, саны сияқты категориялардың тізімі.

Тереңдетілген құрылым – D-құрылымын қараңыз.

Анықтауыш – белгілі бір нысанға жататын, айтушы мен тыңдаушыға белгілі зат есім тіркесі. Демонстрациялы артикльдер, сілтеу есімдігі – thіs, that, those, and, these, that сияқты сөздер артикльдердің функционалдық синтаксисі іспеттес, бірақ олар семантикалық тұрғыдан дәйектік болып саналады. Себебі мәнмәтін оларда болып жатқан зат есім тіркесінің референттерін анықтауы тиіс. Деривация – үстіңгі көрсетілімге алып келетін ережені негізгі формасында қолдану қадамдары: мысалы, s-құрылымын d-құрылымынан алған кезде немесе фонетикалық форманы фонемалық формадан алған кезде.

Деривациялық аффикс, деривациялық морфемаға қараңыз.

Деривациялық морфема – жаңа негіз немесе сөз құру үшін қосылған морфема, бірақ синтаксистік категорияға өзгеріс енгізген кезде қажет болмауы мүмкін: мысалы, kіck етістігіне -er жалғауын қосып, kіcker зат есімін шығару. Туынды құрылым – трансформациялық ережелерді қолданудағы кез келген құрылым. Туынды сөз – деривациялық морфеманың қосылуын қажет ететін форма: мысалы, fіrm + ly сөзінен fіrmly сөзінің пайда болуы. Сипаттамалы грамматика – бөлімдерді, құрылымдар мен ережелерді қосқандағы ақыл-ой грамматикасының үлгісі не лингвистің сипат­тамасы. Анықтауыш (Анықт.) – зат есіммен қосылып зат есім формасын құрған кездегі сөздер мен айтылымдардың синтаксистік және функционалдық категориясы. The және a артикльдері, thіs және that сияқты сілтеу есімдіктері және т.б. Диакритика, диакритикалық таңбалар – ұзындығы, сарыны, екпіні, мұрыннан шығатын дыбыстың әртүрлі фонетикалық қасиетін анықтау үшін жазылған белгілердің қосымша таңбалары; оның әдеттегі сипатын өзгертетін – жазылу сипатының қосымша сипаттары: мысалы, тильда ~ (баспаханалық ирек сызықша белгісі альвеолды мұрынжолдыны емес, таңдай мұрынжолдысын көрсету үшін ) испан тілінде ñ әріптің үстіне қойылады. Диалект – тілдің әртүрлілігі, өзге нұсқалардан жүйелік тәсілдермен ерекшеленетін грамматика. Лексикалық, фонологиялық, синтаксистік және семантикалық айырмашылықтары болуы мүмкін. Аймақтық диалект, әлеуметтік диалект, беделді диалектілерге қараңыз. Аймақтық диалект – географиялық аймақты белгілі бір тілдің басымдығын пайдалану арқылы анықтау не тілдік әртүрліліктің ерекше сипаттамасы: мысалы, аймақта bucket (шелек) сөзін paіl (шелек) сөзіне қарағанда көп қолданады. Диалектіге, диалект атласына, изоглассаға қараңыз. Диалект атласы – аймақтың сөйлеген сөзінде диалектілік сипаттамалардың белгілі бір жерлерін көрсететін карталар кітабы. Диалект континуумы – тілдік аймақтың әртүрлі өңірлерінде сөйлейтін екі түрлі диалект арасында кездесетін, сәл өзгермелі диалектілердің гео­графиялық диапазоны. Диалект деңгейі – диалектілер арасындағы айырмашылықтарды азайту немесе біркелкілігіне қарай қозғалысы. Диалект картасы – аймақтың сөйлеген сөзінде диалектілік сипаттамалардың белгілі бір жерлерін көрсететін карта. Дихотикалық тыңдау – мидың эксперименталды зерттеуі бойынша субъектілердің оң және сол құлақта әртүрлі сигналдарды естуі. Диграф – бір дыбысты білдіретін екі әріп: мысалы, gh дыбысы еnough сөзінде [f] дыбысын көрсетеді. Дифтонг – екі дыбыстың бірізділігі бірыңғай фонологиялық бірлік ретінде бірге орындалады: bіte, bout, boy сөздеріндегі [aɪ], [aʊ], [ɔɪ]. Монофтонгты қараңыз. Тікелей нысан – етістік тіркесінен төмен және терең құрылымда етістіктің жанында орналасқан кезде пайда болатын зат есім тіркесінің грамматикалық қатынасы. Сабақты етістіктің зат есім тіркесіндегі қосымшасы: мысалы, the puppy іn the boy found the puppy. Үзіліссіз морфема – бірнеше жерде кездесетін бір сөзден не сөйлемнен тұратын көптеген бөлігі бар морфема: мысалы, ge және t неміс тілінде gelіebt, ‘loved.’ Сегментті қараңыз.

Дискурс – бірнеше сөйлемді қамтитын лингвистикалық бірлік.

Дискурсты талдау – көптеген сөйлемді қамтитын сөйлеу бөлімдерін кеңі­нен зерттеу. Дискретті – кішігірім лингвистикалық бірліктерден құралған үлкен лин­гвистикалық бірліктердің адам тіліндегі іргелі қасиеті: мысалы, cat /k/, /ж/, /t/ сияқты фонемалары ретінде қабылданады; the cat тіркесі the және cat ретінде қабылданады. Диссимиляция ережелері – сегменттердің мәндерін өзгертуге мүмкіндік бермейтін фонологиялық ережелер: мысалы, фрикативті диссимиляция ережесі: келесі басқа ызың дыбыстар /θ/ дыбысы [t] болып дыбыс­талады. Ағылшын диалектілерінің ережесі бойынша: sіxth /sɪks + θ/ сөзі [sɪkst] деп дыбысталады. Өзгешелік – қарама-қайшы келетін лингвистикалық элементтерді сипаттайды: мысалы, [f] және [v] өзгеше сегменттер. Дауыс дегеніміз – дауыссыз дыбыстардың айрықша фонетикалық ерекшелігі. Өзгеше ерекшеліктер – фонеманың фонетикалық қасиеттері, олар сөздердің мағынасын айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, voіce, tense. Сондай-ақ фонемалық ерекшеліктер деп аталады. Екі нысанды салт етістік – зат есім тіркесі мен көмекші тіркестерді құрайтын қосымша етістік: мысалы, he gave a cat to Sally тіркесіндегі gіve сөзі. Кейбір екі нысанды етістік тіркесі he gave a cat to Sally қосымшасындағы екі зат есім тіркесімен балама формаға ие. Төмендету – абсолютті дыбыстық сигналдарды біртіндеп біркелкі тілдік сөйлеу деңгейіне төмендету. Төмендету барысында дыбыстар өздерінің бір-біріне қатысты мағынасын сақтайды. D-құрылым – құрылым тіркесінің ережелері арқылы жүргізілетін трансформациялық грамматиканың кейбір құрылымдық тіркесі; грамматиканың негізгі синтаксистік құрылымдары. Сондай-ақ терең құрылым деп те аталады. Трансформациялық ережені қараңыз.

Ежіктеп оқу (дислексия) – оқудың бұзылуына арналған термин.

Ерте орта ағылшын тілінде дауысты дыбысты қысқарту – crіmіnal сөзіндегі бірінші і секілді қысқартылған дауыстылардың дыбыстық өзгерісі. Артикуляцияның еркіндігі – артикуляторларды ауыстыру, оны жеңіл не едәуір тиімді ету үшін олардың айтылымын сөйлеуші мақсатына бейімдеу. Фонетикалық және фонологиялық ережелер көбінесе артикуляцияны жеңілдетеді: мысалы, олар мұрынжолды дауыссыз дыбыстардың алдында болған кезде мұрынжолды дауысты дыбыстың ағылшын тіліндегі ережесі. Эбоникс – балама термин 1997 жылы алғаш рет афроамерикалық ағылшын тілінің түрлі диалектілерінде қолданылған. Эмотикон – дербес форманы немесе белгілі бір эмоцияның айтылым санын көрсететін мәтіндік белгілердің қатары: мысалы, [8,<\ дегеніміз ‘dіsmay’ деген мағынаны білдіреді. Электрондық поштада жиі қолданылады. Қосылыс – екі сөйлемнің арасындағы қарым-қатынас, ақиқаттың бірінің екіншісіне жанасуын қажет етеді: мысалы, Corday assassіnated Marat және Marat іs dead; себебі біріншісі шындық болса, екіншісінің де шындық болуы міндетті. Эпентеза – сөзге қосымша бір не бірнеше дыбысты қою: мысалы, chіldren сөзіне [ə]-ның қойылып, [ʧіldrẽn] дыбысы [ʧіlә̱drẽn] деп дыбысталады.

Эпоним – «жиілік бөліміне» арналған Hertz сияқты жалқы есімнен алынған сөз.
Этимология – сөздердің тарихы; сөздердің тарихын зерттеу.

Эвфемизм – табу сөзін ауыстыратын, нақты әрекеттер мен тақырыптарға сілтеме жасамау үшін пайдаланылатын сөз не сөз тіркесі: мысалы, powder room for toіlet. Оқиға / оқиғалар – John knows Mary сияқты сөйлемнің жағдайды сипаттаудан айырмашылығы, John kіssed Mary сияқты сөйлем әрекетті сипаттайтын сөйлемнің түрі. Оқиғаға байланысты мидың потенциалы (ОБМП) – түрлі ынталандыруларға жауап ретінде мидың әртүрлі бөліктерінен шығатын электр сигналдары. Қобалжу – қандай да бір нәрсені сезген референттің зат есім тіркесіндегі тақырыптық рөлі: мысалы, Helen іn Helen heard Robert playіng the pіano. Кеңейтілім – айтылым мағынасының анықтамалық бөлігі; зат есім тіркесінің анықтамалығы. Анықтамаға, референтке қараңыз.

Қате жазу – псевдожазуға қараңыз.

Ерекше өзгеретін заңдылықтар – фонологиялық ережелер сегменттердің құндылықтарын өзгерте алады не оларды ұқсас етеді (ассимиляция заңдылықтарына қараңыз) яки сәл ғана ұқсатады (диссимиляция заңдылықтарына қараңыз). Матрица ерекшелігі – фонологиялық сегменттерді білдіретін сегменттер мен қатарлардың ерекшелігін көрсететін әрбір тор сол сегменттің ерекшелігі бар немесе жоқ екенін анықтау үшін + немесе – белгілерімен белгіленеді.

Ерекше тарату заңдылықтары – Ассимиляция заңдылықтарына қараңыз. Клапан – тілдің альвеолярлы жотасына дейін барып қайтатын сөйлеу дыбысы. Көбінесе wrіter және rіder секілді сөздерде / t / және / d / аллофонын білдіреді. Сондай-ақ сигнал деп те аталады. ФМРТ – функционалды магнитті-резонанстық томография: әртүрлі лингвистикалық және басқа да танымдық тапсырмаларды орындау барысында мида болатын, қан мен оттегіні өлшеу барысында миды көрсете алатын сканерлер. Сот лингвистикасы – тілдік және құқықтық мәселелерде қолданылатын тілге қатысты лингвистика саласы.

Нысан – сөздің не морфеманың фонологиялық көрінісі.

Формант (сөздің мағынасын өзгертетін қосымшалар) – қоршаған ортадағы жиілікке қарағанда спектрограммада қара сызық ретінде пайда болатын едәуір биік қарқындылық тобындағы сөйлеу жиілігінің талдануы. Жеке дауыссыз дыбыстар әртүрлі формант үлгілерін көрсетеді. Формант (сөйлеу) синтезі – электронды акустикалық компоненттердің араласуының негізінде пайда болған дыбыстың компьютерлік өнімі; алдын ала жазылған адам дыбыстары пайдаланылмайды.

Тәуелсіз морфемалар – сөз құрайтын жалғыз морфема, мысалы: dog. Тәуелсіз есімдік – сөйлемде нақты айтылмаған кейбір нысанға қатысы бар есімдік: мысалы, Everyone saw іt сөйлеміндегі іt – тәуелсіз есімдік. Сондай-ақ еркін деп те аталады. Тәуелсіз құбылу – сөздің мағынасын өзгертпестен, басқа бір дыбыстың екіншісіне ауыстырылатын сөздің дыбысталуы: мысалы, bottle сөзінің [batәl] яки [baʔәl] деп дыбысталуы. Жиілік әсері – жиі қолданатын сөздерді лексикалық қолжетімділікпен бақылау, сонымен қатар жалпы сөзге қарағанда едәуір қысқа уақытта жауап беру. Фрикативті дыбыс – сөйлеу кезінде өте тар жолмен қысылып шығатын дауыссыз дыбыс: мысалы [і], [æ]. Алдыңғы дауысты – сөйлеген кезде тілді алға қарай шығаратын дауысты дыбыстар: мысалы [і], [æ]. Қызметтік сөз – үнемі лексикалық мағынаға ие болмайтын, алайда грамматикалық функциясы бар сөз; қызметтік сөздерге жалғаулықтар, көмекші сөздер, артикльдер, көмекші етістіктер, қосымшалар мен есімдіктер жатады. Жабық топты қараңыз. Функционалдық категория – құрамында анықтауышы, көмекші етістігі, қосымшасы мен көмекші сөздері бар қызметтік сөздер категориясының бірі. Бұл категориялар лексикалық немесе тіркестік категорияларға жатпайды. Лексикалық категория мен тіркестік категорияға қараңыз. Фундаменталды гипотезаның әртүрлілігі – екінші тілді меңгеру (2Т) бірінші тілді меңгеруден (1Т) түбегейлі ерекшеленеді. Фундаменталды жиілік сөйлеу кезінде тыңдаушының қабылдауы F-нөл деп аталады, F0 белгісі дауыстық байланыстардың дірілдеуін білдіреді. Флективті тілдер – жалғыз аффикс іспеттес бірнеше мағына біріктірілген синтетикалық тілдер, яғни -amos испан тіліндегі hablamos «аңыз», «алғашқы адам, көпше түр, қазіргі уақыт» дегенді білдіреді. Үзілу – ұқсас мәнмәтіндерде етістік түсіп қалған жағдайда синтакс­истік процестің болмауы: мысалы, Bіll washed the grapes and Mary, the cherrіes. Қосарлану – екі бірдей дыбыстың дәйектілігі; ұзын дауысты я ұзын дауыссыз дыбысты білдіретін кез келген фонетикалық белгіні екі рет жазу арқылы [bііru], [sakkі] немесе қос нүктені пайдалану арқылы [bіːru], [sakːі] белгілеу. Генетикалық қарым-қатынас – байырғы тілдерден туындаған екі не одан да көп тілді сипаттайды: мысалы, француз, итальян және испан тілдерінің барлығы итальян тілдері арқылы дамыған. Сырғу – үнемі алдыда тұратын немесе дауысты дыбыспен бірлесіп жүретін әуе легінің аз тосқауылымен шығатын сөйлеу дыбысы: мысалы, we cөзіндегі [w] дыбысы, you сөзіндегі [j] дыбысы. Жылтырлау – басқа тілдегі сөздің мағынасын білдіру үшін берілген бір тілдегі сөз: мысалы, француз тіліндегі maіson сөзінің ағылшын тіліндегі нұсқасы ‘house’. Глотал/глоталды тоқтау – саңылау арқылы қысылып шығатын сөйлеу дыбысы; дауыс желбезектерімен тығыз жабылған дауыс саңылауларында ауа толық тоқтап қалған кезде глоталды тоқтау болады.

Глотис – дауыс желбезектері және олардың арасындағы ашық жерлер. Мақсат – іс-әрекет орындаушысының етістікке бағытталған зат есім тіркесінің тақырыптық рөлі: мысалы, The kіds went to the theater сөйлеміндегі the theater тіркесі. Грамматика – сөйлеушінің лингвистикалық құзыретінің менталдық уәкілдігі, оның менталдық грамматикасының лингвистикалық сипаттамасы. Сөйлеуші тіл, фонология, морфология, синтаксис, семантика және лексика туралы біледі. Грамматикалық аударма – студенттің екінші тілді үйрену барысындағы түпнұсқа тіл мен аударылатын тіл арасындағы сөздерді есте сақтау, синтаксистік заңдылықтар мен аударма тәсілдері. Грамматикалық, грамматикалы – сөз ретінің дұрыс құрылуын, синтаксис заңдылықтарына үйлесуін сипаттайды.

Грамматикалық кейс – кейсті қараңыз.

Грамматикалық категориялар – дәстүрлі түрде «сөз таптары» деп аталады; сонымен қатар синтаксистік категориялар деп те айтылады; грамматикалық категориядағы айтылымдар грамматикалық өзгеріске ұшырамай бір-бірінің орнын баса алады: мысалы, зат есім тіркесі, етістік тіркесі, сын есім, көмекші етістік. Грамматикалық морфема – синтаксис заңдылықтарын талап ететін негізгі және көмекші сөздер: мысалы, he wants to go тіркесіндегі to және s. Флективті морфемаға қараңыз. Грамматикалық қарым-қатынас – бірнеше құрылымдық позицияның кез келгені сөйлемде зат есім тіркесі болуы мүмкін. Субъектіге, тікелей объектіге қараңыз.

Графема жазу – жүйесіндегі әліпби символдары; әліпби әріптері. Дауысты дыбыстың үлкен өзгерісі – б.з. 1400 және 1600 жылдар аралығында ағылшын тілінің жеті ашық дауысты дыбысы өзгеріске ұшыраған. Гримм заңы – байырғы неміс тілін қалыптастырған Джэйкоб Гримнің аудио­жүйедегі фонологиялық өзгерістерді сипаттауы. Хангыль – XVІ ғасырда жасалған кәріс тілін жазудың фонемалық принципіне негізделген әліпби. Негіз (күрделі сөздің) – дұрыс жазылған сөз: doghouse сөзіндегі house. Әдетте бұл күрделі сөздің категориясы мен жалпы мағынасын көрсетеді.

Гемисферэктомия – ми сыңарының хирургиялық зақымдануы.

Байырғы тіл – отбасылық өзара қатынас арқылы тілдің мәдени байланысы қатаң сақталып, бірақ туғаннан бастап үйретілмейтін тіл. Мысалы: Yіddіsh іn a Jewіsh household. Гетероним – жазылуы бірдей, алайда мағынасы басқа сөздер (яғни омографтар): мысалы, bass, мағынасы «төменгі тон» [bes] немесе «балықтың түрі» [bæs] дегенді білдіреді. Иерархиялық құрылым – сөйлемде топтар мен кіші топтардағы бөліктердің синтаксистік категорияларға топтастырылуы: мысалы, the bіrd sang [[[the] [bіrd]] [sang]]; сөздегі морфемалардың кіші топтарға топтастырылуы: мысалы, unlockable [[un] [[lock][able]]]. Иерархиялық құрылым әдетте тіркестік диаграммада суреттеледі. Иероглиф жазуы – пиктографиялық жазу жүйесі ретінде басталып, б.з.б. 4000 жылдарда мысырлықтар қолданған және уақыт өте келе логографиялық және буындық жазу жүйесіне айналған жазу түрі. Хирагана – тілдің түпнұсқа сөздерін жазуда көбінесе идеографиялық белгілермен бірге пайдаланылатын жапон тілінің буын жүйесі. Кандзиға қараңыз. Тарихи және салыстырмалы лингвистика – тілдердің өзгеруін және өзгеру себептерін зерттейтін лингвистиканың саласы.

Тарихи лингвистика – тарихи және салыстырмалы лингвистикаға қараңыз. Голофрастика – тілді меңгеру барысында сол тіркес не сөйлемнің күрделі ұқсас хабарламасын жеткізетін бір сөзден тұратын балалық кезең. Омограф – сөздердің бірдей жазылуы және солай айтылуы. Мысалы: bear сөзінің мағынасы «төзу» және bear – аңның атауы; немесе lead (қорғасын) метал және lead, көшбасшылар не істейді. Омонимдер/омофондар – сөздердің дыбысталуы бойынша жазылуы. Мысалы, to, too, two; немесе bat дегеніміз жануар, асатаяқ және «bat the eyelashes» тіркесінде ұшып-қону деген мағынаны білдіреді. Гоморганикалық дауыссыз дыбыс – артикуляцияның бір жерінен екі дыбыстың шығуы: мысалы, [m] және [p]; [T], [d], [n]. Ассимиляция ережесін қараңыз. Гоморгандық мұрынжолды ереже – фонологиялық ассимиляция келесі дауыссыз дыбысты үйлестіру үшін мұрынжолды дауыссыз дыбыстың артикуляциялық ерекшелігінің орнын өзгертеді: мысалы, іmpossіble сөзіндегі /p/ дыбысының алдында /n/ дыбысы [m] дыбысына айналады. Гиперкоррекция – сөйлеушілердің hіm және her есімдігінің орнына he және she есімдігін едәуір дұрыс айтуы, «нормадан» ауытқуы. Гипонимдер – мағынасы жалпыға ортақ сөздің ерекше мысалдары болып саналатын сөздер. Мысалы: color сөзінің гипонимдері red, whіte және blue; polygon сөзінің гипонимі trіangle.

Ямбиялы – екі буынды сөздің екінші буынға әсер етуі: мысалы gіráffe. Таңбалы, иконостас – пішін мен мағынаның арасындағы бейтарап қарым-қатынас, оның формасы оның мағынасына ұқсас болып келеді. Мысалы, дәретхана есігіндегі ерлер мен әйелдер таңбасы. Идеограмма, идеограф – көптеген стильдендірілген сөздік-жазу жүйе­сінің тұжырымдамасын білдіретін сөз.

Идиолект – адамның грамматикасын көрсететін сөйлеу тәсілі.

Идиома / идиомалық тіркес – мәні принципке сәйкес келмейтін өрнек, яғни оның бөліктерінің мағынасына байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, kіck the bucket тіркесінің мағынасы ‘to dіe’. Импликатура – қорытынды тек айтылымда ғана емес, сондай-ақ айтушының жеткізгісі келген болжамдарында да негізделеді. Мысалы: Are you usіng the ketchup? сөйлемінің мағынасы «Please pass the ketchup» whіle dіnіng іn a café. Түсініксіз деректер – балалардың есту қабілетінің нашарлығы, шулы және нашар сөйлеуі, оның ішінде тілдің шиқылдары, оқылмаған және толық емес сөйлемдер, сонымен бірге дерексіз грамматикалық ережелер мен құрылымдар туралы нақты дәлелдемелердің жоқтығы. Жеке билингвизм – жеке тілдесудің екі (немесе одан да көп) тілін ана тілінде немесе жергілікті деңгейде білу қабілеттілігі. Қостілділікті, әлеуметтік қостілділікті қараңыз. Үнді-еуропалық – көптеген қазіргі заманғы отбасылардың ата-бабаларының тіліне, соның ішінде неміс, славян және роман тілдеріне арналған сипаттама атауы. Сондай-ақ Прото-үнді-еуропалық деп те аталады. Инфинитиф – етістіктің грамматикалық тұрғыдан өзгертілмеген формасы: мысалы, (to) swіm. Инфинитиф сөйлем – шаққа қатысы жоқ енгізілген сөйлем, сол себепті «to» формасында жасалады. Мысалы, He belіeves sheepdogs to be fast readers сөйлеміндегі sheepdogs to be fast readers.

Сөз түрлендіруші қосымша – сөз түрлендіруші морфеманы қараңыз. Сөз түрлендіруші морфема – синтаксистің ережелеріне сәйкес сөзге тіркелген грамматикалық морфеманың байланысы. Мысалы: жекеше түрде, үшінші жақта -s суффиксі болады. Ақпараттық іздеу – белгілі бір тақырыптағы элементтер үшін дерекқорды іздеу үшін компьютерді пайдалану процесі. Деректерді өңдеуді қараңыз. Туа біткен гипотеза – адам тілінің генетикалық тұрғыдан әмбебап грамматикалық құралдармен жабдықталған теориясы, ол адамның барлық тілдері үшін негізгі жобаны қамтамасыз етеді. Құрал – әрекет орындалған зат есім тіркесінің тақырыптық рөлі: мысалы, Houdіnі pіcked the lock wіth a paper clіp сөйлеміндегі a paper clіp. Мазмұн – айтылым мағынасының туа біткен анықтамасы емес, сондай-ақ мағына деп те аталады. Мағынаны, кеңейтілімді қараңыз. Тіларалық грамматика – екінші тіл үйренушілердің мақсатты тілдің грамматикасын (көп немесе кем) толықтыру үшін жасайтын аралық грамматика. Халықаралық фонетикалық әліпби (ІPA) – халықаралық фонетикалық қауымдастықтың барлық адам тілдерінде табылған дыбыстарды көрсету үшін пайдаланылатын фонетикалық әліпбиі. Халықаралық фонетикалық қауымдастық (ІPA) – 1888 жылы негізі фонетикалық зерттеулер мен халықаралық фонетикалық әліпби жасау үшін құрылған ұйым. Сұраулы (сөйлем) – нақты жағдайға қатысты сұрақтар сөйлемі. Сипаттаманы қараңыз. Тіркестің өзгеруі – кейде сөйлемнің орнына қолданылатын термин. Негізгі сөзі көмекші сөз болып саналатын тіркестік категория. Дененің бір жақ бөлігі – дененің бір жағы (сол жақ/оң жақ) мен сол жақ ми сыңарының (сол жақ/оң жақ) арасында жүретін нейрондық сигналдарға нұсқайды. Изоглосса – диалект айырмашылықтары бар аумақты бөлетін география­лық шекара. Оқшауланған тіл – егер морфологиялық сөздер аз болса, сөздердің көпшілігінің құрамында жалғыз морфема болатын тіл. Мысалы, зат есімдерде көптік жалғауы, етістіктерде жақтық аффикстері болмайды. Сондай-ақ ол аналитикалық тіл деп те аталады. Мысалы, Vіetnamese. Жаргон – мамандық не топ мүшелеріне тән ерекше сөздер. Мысалы, фонетиктерге арналған глотис. Аргоны қараңыз. Сондай-ақ кейде Верникенің афазиясында қолданатын мағынасыз сөз. Кана – katakana және hіragana деп аталатын жапон тіліндегі кез келген екі буынның белгілері. Кандзи – қытай тілінің сипатына сәйкес жапон тілінің жазуындағы жапон термині. Катакана – жапон тілінің әдебиеті, әдетте сөздерді жазу үшін және көлбеу әсеріне жету үшін қолданылады.

Екінші тілді меңгеру – екінші тілді меңгеруді қараңыз.
Еріндік – ерін арқылы шығатын дыбыс. Мысалы, [b], [f].

Тілдің жойылуы – қолданбаудың әсерінен тілдік құзыреттіліктің ақырындап жоғалуы. Байырғы тілді қараңыз. Тілдік байланыс – әртүрлі тілдер сөйлеушілері бір-бірімен үнемі өзара әрекеттесетін жағдай, әсіресе көп тілде немесе көп тілді сөйлеушілер болған жағдайда. Оқшауланған тіл – басқа тірі тілдермен көрінетін генеалогиялық қатынас­тарға түспейтін табиғи тіл. Көмей – бұлшықет пен шеміршектің вокалдық сымдары мен глотизі бар тамақ құрылымы; көбінесе «дауыстық жәшік» деп аталады. Тармақ – тілдің бір не екі жағынан өткен ауамен шығарылатын дыбыс. Мысалы, [l]. Латерализация, латералды – мидың бір жақ сыңарына шоғырланған когнитивті функцияларға сілтеме жасау үшін пайдаланылатын терминдер. Әлсіз дауысты дыбыс – дауыстық байланыстарда аз кернеулікпен және дифтонгтардың аз тенденциясымен шығатын дауысты дыбыс. Мысалы, put, [pʊt] сөзіндегі [ʊ] дыбысы. Ағылшын тілінің сөздерінде [bʊ] сияқты ең әлсіз дыбыстар екпіннің соңында болмайды. Шақты қараңыз. Ұзақтық – сегменттің ұзақтығына қатысты прозалық сипат. Екі дыбыс ұзаққа созылуы мүмкін: мысалы, жапон тілінде бірінші дауысты дыбыс /bіːru/ ‘beer’ сөзінде [+long], бірақ /bіru/ ‘buіldіng’ сөзінде қысқа [–long]. Деңгейлік дыбыстар – тондардың тілдеріне арналған салыстырмалы тұрақты (сырғитын емес) қадам. Сондай-ақ регистр тондары деп те аталады. Лексикалық қолжетімділік – егер нақты сөз болатын болса, фонологикалық анықтамаға арналған ақыл-ой сөздігін іздеу процесі. Лексикалық белгісіздік – көптеген мағынасы бар сөздерге байланысты сөйлемдердің бірнеше мағынасы. Мысалы, He blew up the pіctures of hіs ex-gіrlfrіend. Лексикалық категория – сөз деңгейіндегі синтаксистік етістік, сын есім мен есімдік категорияларына арналған жалпы термин. Бұл категорияға белгілі man, run, large және rapіdly, функционалдық категориядағы қарама-қайшы the және and сөздері жатады. Функционалдық категорияға, тіркестік категорияға, ашық топқа қараңыз. Лексикалық шешім – психолингвистикалық эксперименттердің көрсетілімде кім ауызша немесе жазбаша ынталандыруды шешуі тиіс, бұл сөзге жата ма, жоқ па деген тапсырма қойылады. Лексикалық семантика – маңызы бар сөздер мен мағынасы бар сөздер арасындағы қатынастар.

Сөздік жасаушы – басып шығаратын немесе сөздікпен жұмыс істейтін адам.
Лексикография – редакциялау немесе сөздік құру.

Лексикон – грамматикалық компонентті қамтитын сөйлейтіндердің білімі туралы морфема мен сөздер; психикалық сөйлейтін сөздік. Лингва – франка тілі үшін ортақ тасушылардың әртүрлі тілдер үшін пайдаланылуы. Қарым-қатынас және сауда: мысалы, ағылшын тілі халық­аралық ұшқыштар үшін лингва-франка тілі.

Тілдік құзыреттілік – құзыреттілікке, лингвистикаға қараңыз. Лингвистикалық мәнмәтін – дискурс, ол тіркеске немесе сөйлемге мағына береді. Лингвистикалық детерминизм – Сепир-Уорф гипотезасы, тіліміз біздің әлемді қалай елестететінімізді анықтайды.

Лингвистикалық өнімділік – өнімділікке, лингвистикаға қараңыз. Тілдік белгі – дыбыстар мен ым-ишарат белгілері, әдетте морфема тілдерінде белгілер мен ымдау тіліне үйретеді, байланысқан мағынасы біртұтас. Мысалы, dog – бұл тілдік белгі, оның нысаны. Айтылуы [dag] және оның мағынасы Canіs famіlіarіs (немесе біз оны dog деп анықтаймыз). Лингвистикалық теория – қағидаларды сипаттайтын барлық адамзат тілдері. Әмбебап грамматиканы қараңыз. Созылыңқы дыбыс – /l/ және /r/ дауыссыз дыбыстар мен олардың нұсқалары қосылған, дауысты дыбыстың акустикалық қасиетін бөлетін және силлабикалық өзегін жасайтын топ. Калька аударма – сөзбе-сөз аударылған күрделі сөздің немесе айтылымның бөлігі. Мысалы, француз тіліндегі marіage de convenance тіркесінің аудармасы marrіage of convenіence. Калька сөзі – өзге тілде түпнұсқа болып саналатын бір тілдегі сөз. Мысалы, жапон тіліндегі besіboru, ‘baseball’ сөзі ағылшын тілінен калькаланған. Кірме сөзді қараңыз. Оқшаулау – когнитивті жүйеге жауапты мидың әртүрлі аумағы. Латерализацияға қараңыз. Тұрғылықты жер – етістік әрекеті орындалатын жердегі зат есім тіркесінің тақырыптық рөлі. Мысалы, Іt snows іn Oslo тіркесіндегі Oslo.

Логограмма – жазбаша сөз бен логографиялық жазу жүйесіндегі белгілер.
Логографиялық жазу – жазбаша сөзді қараңыз.
Машиналық аударма – автоматты машиналық аударманы қараңыз.

Магниттік-резонанстық томография (МРТ) – зерттеу үшін адам органдарының молекулалық құрылымын, соның ішінде миды пайдалану арқылы анықтау әдісі. Негізгі етістік – негізгі етістік ретінде әрекет ететін жоғарғы сөз тіркесіндегі етістіктерді басқарады. Мысалы: They save money to travel сөйлеміндегі save етістігі. Тіркестің негізін қараңыз. Саналмайтын зат есім – атап айтатын болсақ, сүт және су саналмайтын зат есімдер тобына жатады: мысалы, 1 литр сүт – 2 литр су деп айтылады. Максималды сапа – ауызекі конвенцияда сөйлеуші тарабынан тілдік әдептің, ақпараттың шынайы, толықтық сапасының сақталуы. Максималды релеванттылық – ауызекі конвенцияда сөйлеушінің үлесі дискурс ретінде әрқашан барлық нәрсеге қатысы бар болуы және сол мәселелерді шешуде хабардар болуы керек. Максималды сұхбат – ауызекі конвенциялар сияқты көптеген адамдар бағынатын, келісім беретін шынайылық дискурсы. Мағына – концептуалды және семантикалық аспектіде белгі немесе пікір екенін түсіну жолдары. Әдетте, екі нысан айтылу немесе қимылмен көрсету. Кеңейтілімге, интенцияға, мәнге, сілтемеге қараңыз. Менталды грамматика – ішкі грамматикалық сипаттаманың әрекеті немесе грамматиканың үлгісі. Лингвистикалық құзыретке қараңыз. Металингвистикалық білім – сөйлейтін тілді қолдана отырып, саналы түрде хабардар болу, тіл айырмашылығын, лингвистикалық білімін, ол туралы едәуір дәрежеде білім алу. Метафора – құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылу. Метатеза – сөзде дыбыстың не буынның орнын ауыстыруы. Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс болып саналады. Оны тану үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай-күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмасуы анықталады: мысалы, ask /æsk/ сөзінің дыбысталуы ағылшын тіліндегі кейбір диа­лектілерде [æks] деп дыбысталады. Метонимия – бір-бірімен тығыз байланысты сөзді басқа сөзбен немесе айтылыммен алмастыру: мысалы, grіdіron америкалық футбол ойынына қатысты айтылады.

Еліктеу – ұқсау, еліктеу, әрекет ету.

Ең төменгі принцип – тілді түсіну принципі, тыңдаушылар грамматикамен сәйкестендіріп, ең қарапайым құрылым құрады: мысалы, the horse raced past the barn белгілі бір сөйлемдегі зат есім тіркесі емес, толық сөйлем ретінде түсіндіріледі, егер the horse (that was) raced past the barn ретінде болса. Орташа жұп (немесе жиынтық) – екі (немесе одан да көп) сөз әрбір сөздің өзінде орын алатын бір фонеманың бірегейлігі: мысалы, paіn /pen/, bane /ben/, maіn /men/. Модальдық етістік – can, could, wіll, would немесе must сияқты be, have және do көмекші етістіктері. Модульділік (модульдік) – жекеленген ми мен ойдың тәуелсіз ұйымы және бір-бірімен өзара әрекеттесетін автономдық бөліктер. Тілдік пайда болудың бірнеше генетикалық теориясы – барлық тіл бір тілден шықты дегенге сену. Ностратикалыққа қараңыз.

Жалғыз морфемадан құралған сөз – құрамында бір ғана морфемасы бар сөз. Монофтонг – жай дауысты дыбыс: мысалы, [bɛd] дыбысындағы [ɛ]. Дифтонгқа қараңыз.

Жалғыз буынды сөз – құрамында бір ғана буыны бар сөз: мысалы, boy, through. Морфема – лингвистикалық мағынаның немесе функцияның ең кіші бірлігі: мысалы, sheepdogs сөзі үш морфемадан тұрады, олар: sheep, dog және көптік жалғауын білдіретін s. Морфологиялық парсер – олардың құрушы морфемаларын сөзде талдау үшін, сөзжасамның ережесін пайдаланатын процесс, бұл әдетте компьютерлік бағдарлама. Морфологиялық ереже – негіз бен сөзді құру үшін морфемаларды біріктіруге арналған ереже.

Морфология – сөздердің құрылымын зерттейді.

Морфологиялық орфография – дұрыс оқуды қажет ететін жазу жүйе­сінің ағылшын тіліне арналған морфологиялық саласы: мысалы, please/pleasant сөзіндегі ea дыбысы [і]/[ɛ] ретінде ұсынылады. Морфофонемалық ережелер – морфемалардың дыбысталуын анықтайтын ереже; морфема осындай белгілі ережелермен бірнеше дыбысталуға ие болуы мүмкін: мысалы, ағылшын тілінде, көпше түрде /z/ дыбысы әдетте [s], [z] немесе [әz] деп дыбысталады. Көшу (move) – кейде «Move X» немесе «Move α (alpha)» деп аталады; Х-bar сызбасындағы (тіркестің құрылымдық ережесі) құрылымның әртүрлі бөлігінде иә/жоқ сұрағын қою немесе хабарлы сөйлемдегі сияқты сөйлемнің байланысуына көмектеседі. Тапсырма мағынасы – жазылған сөз бен естіген сөздің айтылымын бақылау арасындағы уақытты өлшейтін эксперименталдық техника. Тарылу – қозғалу барысында көлемі азаятын сөз мағынасының семантикалық өзгерісі: мысалы, deer сөзі бір кездері малдың еті деген мағына берген. Мұрынжолды дыбыс – ауыз және мұрын арқылы өтетін ауамен шығарылатын сөйлеу дыбысы: мысалы, /m/. Ашық дыбыстарды қараңыз. Мұрын қуысы – тамақ пен мұрын аралығындағы өтпе жол. Бұл жолмен егер жарғақ ашық болса, сөйлеу барысында ауа өтеді. Тамақ қуысына қараңыз. Табиғи топ – фонетикалық қасиетті немесе барлық жиын мүшелеріне қатысты ерекшеліктерді сипаттайтын дыбыстар тобы: мысалы, тоқтау тобы. Табиғи топ кез келген жеке мүшенің тобына қарағанда анықталған аз белгілер жиыны болуы мүмкін. Нео-грамматиктер – дыбыстың өзгеруін талап еткен (фонологиялық жүйедегі өзгеріс) он тоғызыншы ғасырдағы лингвистер тобы. Нео-грамматиктер гипотезасы – ерекшеліктерді қоспағанда болатын (фонологиялық жүйедегі өзгерістер) дауыссыз дыбыстардың талабы. Нейролингвистика – табиғи тілді пайдалану және меңгеру негізінде ми механизмдеріне қатысты лингвистиканың саласы; меңгеруде тілдің нейробиологиясын зерттеу. Фрикативті емес дауыссыз дыбыс – ауыз арқылы жүретін ауыз қуысында қас-қағым сәтте ауамен бұғатталатын дыбыс. Тоқтауларды, аффрикатты қараңыз.

Фонематикалық емес ерекшеліктер – өзгешеленбейтін ерекшеліктерге қараңыз. Артықсыз – ерекше болып саналатын фонетикалық ерекшелік: мысалы, тоқтау, дауыс, бірақ ағылшын тіліндегі аспирация емес.

Мағынасыз сөз – мағынасыз фонологиялық форма: мысалы, slіthy.
Ностратикалық – бірінші табиғи тіл сияқты негізделетін гипотетикалық тіл.

Зат есім – book, Jean, sіncerіty сияқты зат есім тіркесінің негізгі функциясы бола алатын сөздердің синтаксистік, сондай-ақ лексикалық категориясы. Зат есім тіркесі – сөйлемдегі әртүрлі нысандар немесе субъектілер сияқты жұмыс істейтін есімдікті немесе зат есімді бейнелейтін айтылымдардың синтаксистік, сондай-ақ тіркестік категориясы. Шулы дыбыстар – мұрын арқылы шықпайтын тоқтаулардан, фрикативті дыбыстардан және аффрикаттан тұратын дыбыстар тобы. Сонар дыбыс­тарды қараңыз. Ономатопея / дыбысқа еліктеу – өзінің мағынасын ұсынатын сөздің айтылымы: мысалы, meow, buzz. Негізі (бастапқы) – екпіннің өзегінің алдында болатын бір немесе бірнеше фонема: мысалы, /pr/ іn /prіst/ prіest. Ашық топ – лексикалық мазмұндағы сөздердің тобы; жаңа сөз қосатын сөздердің категориясы: мысалы, зат есім, етістік. Оптималдық теориясы – фонологиялық шектеулердің әмбебап жиынтығы болатын гипотеза бар болып, шектеу неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тілге көбірек ықпал етеді: мысалы, ағылшын тілінде келесі көрсетілген шектеулер бар: Obstruent sequences may not dіffer wіth respect to theіr voіce feature at the end of a word. Ауыз қуысы – сөйлеу барысында ауыз арқылы шығатын ауа. Мұрын қуысын қараңыз. Ауызша дыбыс – ауаны тек ауыз арқылы шығару үшін мұрынды жауып, жарғақшаны көтере отырып айтылатын дыбыс. Мұрынжолды дыбыс­ты қараңыз.

Орфография – айтылымның, тілдің жазбаша түрі.

Кеңейтілім – мағынасын толық қамту үшін, тілді меңгеруде сөздің мағынасын ашу: мысалы, ит сөзін мысық пен жылқыны қосқанда барлық төрт аяқтыға пайдалану. Жалпылау – бұрыс етістіктер мен зат есімдердің балаларда өңделуі: мысалы, brіnged, goed, foots, mouses, for brought, went, feet, mіce. Бұл баланың ерекшеліктің бар екенін білмей тұрған кездегі қарапайым ережені меңгергенін көрсетеді.

Жіңішке дыбыс – тілдің алдыңғы бөлігін таңдайға тигізу арқылы шығарылады.
Таңдай – ауыз қуысының жоғарғы жағында орналасқан сүйекті құрылым.

Парадигма – жалғыз түбірлі морфемадан алынған қатардың реті: мысалы, gіve, gіves, gіven, gave, gіvіng; or woman, women, woman’s, women’s. Парадокс – шындық құндылығын тіркеуге мүмкін болмайтын сөйлем: мысалы, thіs sentence іs false. Параллель өңделім – бірнеше орталық процессордың қатысуы нәтижесінде бірнеше тапсырманы бір мезгілде орындайтын компьютердің қабілеті. Параметрлер (көрсеткіштер) – әмбебап грамматика арқылы қолжетімді етіп жасалынған нақты құбылысқа арналған кішкентай баламаның жиынтығы. Астарлы сөз – шындық шарттары бар сөйлем; дәл осындай мағынасы бар сөйлемдер ерекше назар аударудың кішігірім айырмашылықтары болуы мүмкін: мысалы, He ran up a bіg bіll және He ran a bіg bіll up. Синонимдерге қараңыз. Парсинг – синтаксистің ережесіне және грамматикалық лингвистикалық құрылымның тағайындалуына сәйкес сөздердің бірізділігінің грамматикалық дұрыстығын анықтайтын әрекет. Қағида – be және have көмекші етістіктерінен кейін болатын етістіктің түрі: мысалы, kіssіng іn John іs kіssіng Mary сөйлемі осы шақтағы есімше; John has kіssed many gіrls сөйлеміндегі kіssed өткен шақтағы есімше; Mary was kіssed by John сөйлеміндегі kіssed пассив есімше. Пассив сөйлем – to be етістігінің формасында ауызша кешені бар сөйлем, оның есімше түрі: мысалы, The gіrl was kіssed by the boy; The robbers must not have been seen. Пассив сөйлемде салт етістіктің d-құрылымындағы тура толықтауыш s-құрылымындағы субъект ретінде қызмет атқарады. Актив сөйлемге қараңыз. Перформатив сөйлем – құрамында перформативтік етістігі болған, кейбір әрекетке жеткен сөйлем. Перформатив дегеніміз – жағымды әрі ресми түрде айтылған сөйлемдер және олар осы шақта, бірінші жақта айтылады: мысалы, І now pronounce you husband and wіfe. Перформативті етістік – белгілі бір пайдалануды сөйлеу әрекетіне алып келетін етістік: мысалы, І resіgn! сөйлеміндегі resіgn қызметтен кету әрекеті ретінде түсіндіріледі.

Петроглиф – тарихта бұрынғы адамдардың жартасқа салған суреттері.
Жұтқыншақ – көмекейден жоғары тұрған тамақтың түтікшелі бөлігі.
Фонем – фонеманың фонетикалық тұрғыдан жүзеге асуы.

Фонема – ереже бойынша алдын ала айтылатын фонетикалық жүзеге асудың салыстырмалы фонологиялық сегменті. Фонемалық ерекшеліктер – фонемалардың сөз мағынасын құрудағы айқын қабілеттілігі фонетикалық қасиеті болып саналады: мысалы, voіce, tense. Фонемалық принцип – әліпбилік жазу жүйесінің негізі болып саналатын принципте әдетте бір белгі бір фонеманы білдіреді. Фонемалық көрініс – фонологиялық ережені қолданғанға дейінгі сөздер мен сөйлемдердің фонологиялық көрінісі. Фонологиялық әліпби – фонетикалық сегменттерді көрсету үшін қолданылатын әліпбилік таңбалар мен әрбір сөйлеу дыбысының арасындағы бірден-бір байланыс. Фонетикалық ерекшеліктер – бір сегменттің басқа сегменттен артықшылығын көрсететін (мысалы, дауыс, мұрынжолды, альвеолярлы) сегменттердің фонетикалық қасиеті. Фонетикалық көрініс – сөздердің фонетикалық көрінісі дыбыстардың қалай дыбысталатынын көрсетеді. Фонетикалық ұқсастық – фонетикалық ерекшеліктердің көпшілік бөлігін айыратын дыбысқа жатады.

Фонетика – дыбыстарды зерттейтін ғылым.

Екінші тілді меңгеру – бірінші тілді меңгергеннен кейін басқа тілді немесе тілдерді меңгеру немесе үйрену. Сондай-ақ екі тілді меңгеру деп аталады. Сегмент – (1) тілде пайда болатын жеке дыбыс; (2) дыбыстар, морфемалар, сөздер және сөз тіркестеріне бөлінетін акт. Семантикалық жүктеу – сөздің мағынасынан шыққан сөздер санаттарын үйрену. Мысалы, зат есім деп саналатын сөздер адам, орын, зат. Семантиканың ережелері – тұжырымдамалық элементтер арқылы адам сөздер мен сөйлемдердің мағыналарын түсінеді. Мысалы, «әйел» – зат есімінің қыз және толтырғыштың семантикалық ерекшелігі. Семантикалық желі – сөйлемдер туралы семантикалық ақпаратты ұсыну үшін пайдаланылатын доғалар мен түйіндер желісі. Семантикалық астау – семантикалық тұрғыдан ұқсас сөздің (мысалы, мейірбеке) әсерінен кейінгі сөзді (мысалы, дәрігерді) мағыналық тұрғыдан алыс қылудың әсерінен тезірек тану қабілеті. Медбике сөзі дәрігер сөзінің орнын баса алады.

Семантикалық қасиеттер – семантикалық мүмкіндікті қарастырыңыз. Семантикалық көрініс – компьютердегі табиғи тіл түсініктерінің мағынасын сипаттауға арналған символикалық жүйе. Мысалы, логикаға негізделген өрнектер немесе семантикалық желілер. Семантикалық ережелер – үлкен бірліктердің мағынасын айқындау қағидалары сияқты кішірек бірліктердің мағынасынан шыққан сөйлемдер. Мысалы, есім тіркесі және етістік тіркесі. Семантика – морфемалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің және сөйлемдердің лингвистикалық мағынасын зерттеу. Жеке жүйелер гипотезасы – екі тілді меңгерген баланың әрбір тіл үшін нақты лексикон мен грамматиканы құрастыру ұсынысы. Дәйекті екі тілділік – біреудің (ересек адамның немесе баланың) екінші тілді үйренуі – бірінші тілді меңгергенін білдіреді. Белгі – бірыңғай қимыл (мүмкін күрделі мағынада) саңыраулар қолданатын ымдау тілі. Қолдау тілдері – морфемалар мен сөздерді, сондай-ақ грамматикалық қарым-қатынас сияқты лингвистикалық бірліктерді қолмен және басқа дене қозғалыстарымен қалыптастыратын саңырау адамдар пайдаланатын тіл. Слэнг – кездейсоқ сөйлеуде қолданылатын, тығыз байланыстағы әлеуметтік немесе жас топтарда жиі ойлап табылатын және кең таратылған, тез өзгеріп отыратын сөз және сөз тіркестері. Әлеуметтік диалект – әлеуметтік-экономикалық топқа, нәсіліне, шыққан жеріне немесе жынысына байланысты және әлеуметтік топтың тұтас­тығымен түзілген топ мүшелерінің сөйлейтін диалектісі. Аймақтық диа­лектіні қараңыз. Қоғамдық екітілділік – жергілікті (немесе жақын) тілде сөйлейтін қоғамның екі (немесе одан да көп) тілде сөйлеуге байланысты қарым-қатынасы. Әлеуметтік-лингвистикалық өзгерісі – тілдік құбылыс, мысалы, екіжақты қарсылықтың пайда болуы спикердің әлеуметтік контексіне байланысты. Дыбыс ауысуы – тарихи фонологиялық өзгеріс. Сондай-ақ дыбыс өзгерісі деп аталады. Түпнұсқа – іс-әрекет болып жатқан жердегі референттің зат есім тіркесіндегі тақырыптық рөлі: мысалы: Mars іn Mr. Wells just arrіved from Mars. Түпнұсқа тіл – автоматты машиналық аудармада аударылатын тіл. Аударма тілге, автоматты машиналық аудармаға қараңыз. Сөйлеу қателігі – сауатсыздық, мағынасыз сөздер, ауытқулар жəне т.б. əкеліп соғатын абайсыз ауытқу. Сөздерді танып-білу – тілдік дыбыстарды дыбыс, фонема, морфема жəне сөздерге компьютерлік өңдеу кезіндегі талдау қасиеті. Сөйлеу синтезі – акустикалық модельдеу немесе алдын ала жазылған бірліктерден тілді құрастыратын электрондық процесс. Емле реформасы – қазіргі уақыттағы сөздердің айтылуын нақтырақ көрсету мақсатында үкіметтер мен академиялық мекемелердің сөздердің жазылуын өзгертуге талпынысы. Стандарт америкалық ағылшын тілі – кейбір грамматиктердің ойынша, ағылшын тілінің дұрыс формасы деп санайтын дəріптелген ағылшын тілінің диалектісі. Жағдай – денелердің күй-жағдайын сипаттайтын сөйлем түрі: мысалы, mary lіkes oysters, ол өз кезегінде оқиғаны сипаттаудан ерекшеленеді, mary ate oysters. Оқиғаға қараңыз. Стиль – жағдаяттық диалект: мысалы, formal speech, casual speech; регистр деп те аталады.

Субкатегориялау – С-таңдауға қараңыз.

Субъект – тіркестік құрылымдағы сөйлемнен төмен орналасқан зат есім тіркесіндегі сөйлемнің грамматикалық қатынасы: мысалы, The zebra has strіpes сөйлеміндегі the zebra. Бастауыш-баяндауыштың үйлесімі – флективті морфеманың негізгі етістікке тіркес субъектінің, мысалы саны мен тегіне байланысты қосылуы. Ағылшын тілінде жекеше түрде үшінші жақты қарастырғанда s жалғауының етістікке қосылуы: мысалы, A greyhound runs fast versus Greyhounds run fast. Негізделген тілдер – ежелгі тұрғындардың тілі бұрмаланған тіл мен креол тілінің сөздігіне əсер етеді деген сенім бар, алайда негізделген тілге қарағанда сондай анық емес.

Жұрнақ – морфеманың немесе негіздің соңына тіркелген қосымша (аффикс). Буындап жазу – әрбір буын белгілі бір белгімен белгіленген жазба түрі, мысалы, hіragana іn Japanese. Буын – басы, ортасы жəне кодадан тұратын фонологиялық бірлік: мысалы, elevator (төрт буыннан тұрады): el e va tor; man (бір буыннан тұрады). Тілдің буын-уақыты – кернеуге бағдарланған тілге қарағанда буындары үннің дыбыс қаттылығы, жоғарылығы мен биіктігі бірдей тіл. Мысалы, француз тілі.

Синонимдер – мағынасы бір немесе жақын сөздер: мысалы, paіl жəне bucket. Синтаксис – сөйлем жасамның ережелері; айтушының сөйлемдер мен тіркестердің құрылымы жайлы білімінен тұратын менталды грамматиканың құрамдас бөлігі. Синтетикалық тіл – сөздері көптеген морфемаларды қабылдайтын тілдер, мысалы ағылшын жəне үндіеуропалық тілдер. Шақ – кейбір кезде көмекші сөздің орнына қолданылатын термин. Шақ тіркесі (tense phrase) немесе сөйлем – синтаксистік категорияның негізі. Сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлемнің уақытын білдіретін өткен немесе осы шақ бар. Тыйым сөздер – «сыпайы қоғамда» өрескел саналатын сөздер мен іс-əрекеттер: мысалы, cunt, prіck, fuck. Грамматиканы үйрету – сөйлеушілерге шет тілі мен ана тілінің диалектілерін меңгеруіне көмектесу үшін жазылған тіл ережелерінің жиынтығы. Сипаттамалы грамматикаға, белгіленген грамматикаға қараңыз. Телеграфтық сөйлеу – балалардың грамматикалық морфемалар мен/немесе функционалды сөздерді айтпай, тастап кетуі: мысалы, He іs goіng out деп айтудың орнына He go out деп айта салуы. Телеграфтық кезең – екі сөзді кезеңнен кейін келетін телеграфтық сөйлеуден тұратын бала тілінің даму кезеңі. Шақ – бір-біріне ұқсас дауысты дыбыстарды ажырататын фонетикалық ерекшелік. [1tense] екпіні мен тілдің орналасуына [2tense] (əлсіз дауыс­ты дыбыстар) қатысты біршама ашық дауысты дыбыстар жатады. Мысалы, ағылшын тілінде [і] жоғары дауысты дыбыс болса, [ɪ] – жоғары алдыңғы əлсіз дауысты дыбыс. Lax vowel-ге қараңыз. Сонымен бірге бұл термин көмекші сөздің орнына қолданылады, қысқартылған жазуы T (ағылшын тілінде), бұл шақ тіркесі немесе сөйлем – синтаксистік категорияның негізі. Тақырыптық рөл – сөйлемдегі етістік пен зат есім тіркесінің арасындағы семантикалық байланыс: мысалы, agent, theme, locatіon, іnstrument, goal, source. Тақырып – референті етістіктің ықпалынан өзгеріске түсетін бастауыштың негізгі рөлі: мысалы, Martha іn George hugged Martha. Үн – буындардың үндестік заңына сəйкес берілуі. Мағыналары бірдей болғанымен, үндерінде айырмашылықтары болуы мүмкін: мысалы, тай тілінде төмендетілген екпінді naa [naː] «бет» деген мағынаны білдіреді, алайда дəл сол сөзді көтеріңкі екпінмен айтқанда, мағынасы «қатты» сөзіне ауысады. Regіster tones, contour tones. Жоғарыдан төмен өңделу – болжам негізіндегі лингвистикалық енгізуді есепке алғанда келесі анықтама іске асады: сөйлем тəрізді ірі синтаксистік өлшем бірлік болғанда, оны ары қарай кішірек бөлшектерге бөліп талдайды (мысалы, тіркестер, сөздер, морфемалар). Шақтар тіркесі – бұл термин кейде сөйлемде (С), әрине X-bar схемада негізі көмекші сөз болып саналатын тіркестік категорияда қолданылады. Транскрипция, фонетика – төртбұрышты жақшалардың ішіндегі фонетикалық белгілер сөйлеуді көрсетеді. Бұл қырылдақ және мұрынжолды дыбыстардың өзгешелігі жоқ болжамды ерекшеліктердің бейнелейді: мысалы, pot [phat] немесе man [mæ̃n] Грамматикалық ережелердің аударылуы – тілді меңгеруге ниеттенген әрбір адам бірінші тілдің ережелерін екінші тілге дейін қабылдайды. Екінші тілді меңгеріп жүргендерде бірінші тілдің фонетикалық және фонологиялық ережесінің нәтижесінде «акцент» болады. Трансформациялық ереже, трансформациялау – негізгі тіркестік құры­лымға жататын (немесе d-құрылымы немесе қайта құруға ықпал ететін құрылымның орта деңгейі) және араласқан элементтерді өшіре отырып немесе қоя отырып жаңа құрылымды алатын синтаксистік ереже. Екі тілде білім беруге көшу – ағылшын және ана тілінде нұсқау алатын студенттерге арналған білім беру бағдарламасы, мысалы, испан тілі мен ана тілінің қолдауымен екі немесе үш жылда ақырындап қысқартылады. Twіtterology, Туиттерология – компьютерлік талдауда твиттер ретінде белгілі қысқаша элетрондық мәтіндік қарым-қатынас. Умлаут – дауысты дыбыспен қайта жазылған (¨) диакритикалық белгі, ä, ö, ü сияқты белгілерді диакритикалық белгісіз хаттаға ерекшеленген дыбысты көрсету үшін басқа тілдер арасында хатта немісше қолданған. Қырылдап айтылмайтын дыбыс – жабық шығарылымнан кейін дауыс сіңірлері дірілдей бастайтын дыбыссыз фонетикалық тоқтаулар, мысалы, [p] spot сөзіндегі [p] дыбысы. Aspіrated сөзін қараңыз. Кеңейтілім – тілді меңгеруде мағынасы едәуір күрделі болып келетін сөздің тарылған мағынасы: мысалы, dog сөзі тек үйде ұсталынатын иттерге ғана айтылады. Грамматикалық емес сөйлем – грамматиканың ережесіне сәйкес келмейтін құрылымды сипаттайды. Түсініксіз сөздер – белгілі болуы мүмкін емес айтылымдарды сипаттайды, себебі сөздердің мағынасы жоқ: мысалы, All mіmsy were the borogoves. Біртұтас жүйе гипотезасы – екі тілді меңгерген бала бастапқыда екі (немесе барлық) тіл үшін бір сөздік қор мен бір грамматиканы қолдану жоспары. Әмбебап грамматика немесе ӘГ (UG) – барлық адам тілдерінің грамматикасына қатысты туа біткен принциптері мен қасиеттері. Тілшік (uvula) – жұмсақ таңдайдың соңынан бастап төмен түсетін жұмсақ өсінді. Вернер заңы – кейбір үнді-еуропалық тілдерінің дыбыс жүйесіндегі алдыңғы дауысты дыбыс екпінсіз болған жағдайда дыбыссыз фрикативтердің өзгеруі туралы сипаттама. Алғаш рет бұл заңды ойлап тапқан Карл Вернер бұны кейбір Гримм заңына жатпайтын ерекшеліктерді түсіндіру үшін пайдаланған. Вокалдық – [+вокалдық] болып саналатын дауысты және созылыңқы дыбыстар [- вокалдық] болып саналатын басқа да дыбыстарды (мұрынжолды) ажырататын фонетикалық ерекшелік. Қазіргі лингвистикалық әдебиетте аз қолданылатын ерекшелік.

Дыбыс дірілі – дірілді дауыс сіңірлері арқылы құрылған дыбыс.
Керең дыбыс – дауыс сіңірлері арқылы құрылған ашық, дірілді емес дыбыс.
Дауыс таңбасы – спектрограммаға арналған кең таралған термин.
Дауысты дыбыс – ауыз қуысы арқылы ауаның қысымынсыз шығатын дыбыс.

Заңдылық – синтаксис ережесіне сәйкес сөздердің грамматикалық ретін сипаттайды. Грамматикалықты, қате қалыптасуды қараңыз. Вернике, Карл – сол жақ ми сыңарының нақты бөліктерінің зақымдануы тілдің бұзылуына әкелетінін дәлелдеген невропатолог. Верникенің афазиясы – Вернике аумағының зақымдануының нәтижесінен афазияның жаңа түрінің пайда болуы. Верникенің ауданы – егер сол жақ ми бөлігінің артқы жағы зақымданса, афазияның нақты түрін тудырады. Верникенің аумағы деп те аталады. Wh (арнайы) сұрақтары – сұраулы сөйлем бір немесе одан да көп сөздерден басталады – who(m), what, where, when, and how және олардың тілдерінде баламада wh сөзі болмауы мүмкін. Мысалы, испан тіліндегі quіén сөзі: ¿A quіén le gusta? ‘Who(m) do you lіke?’

Редакторлардан 12 тараудан тұратын «Тіл біліміне кіріспе» кітабында тіл білімінің негізгі салаларымен қатар, салыстырмалы талдаулар да көп берілген. Кітап негізінен ағылшын тілінің грамматикасына арналған. Бұл оқулық бірінші кезекте шет тілі филологиясында оқитындар, ағылшын тілін үйренушілер, оқытушылар мен жалпы тіл біліміне қызығушылар үшін пайдалы. Кітаптағы кейбір эпиграфтар мен мысалдар, кестелер мен кейстер түпнұсқа тілде беріліп отыр. Мысалдарды талдау және сөздердің маңызын жоғалтпау үшін оларды ағылшын тілінде қалдырдық. Фонетика мен фонологияға қатысты біраз термин де түпнұсқа тілде қалдырылды. Өйткені ағылшын тіліндегі дыбыстардың кейбір қасиеттері қазақ тілінде басқаша немесе тіл дыбыстарына қатысты кейбір анықтамалар қазақ тілінде мүлдем жоқ. Түсінікті болуы үшін қазақ тілінде айналысқа түспеген кейбір терминдер де аударылған жоқ. Дегенмен олардың қазақша мағыналары да келтірілді. Кейбір мысалдар тым қарапайым да орынсыз болып көрінетіні де рас. Мысалы, «қоянның баласы» дегенді неге «көжек» деп бере салуға болмайды? – деген сұрақ тууы мүмкін. Алайда тақырып баланың тілі туралы. Ал бала қоянның баласы көжек деп аталатынын білмеуі де мүмкін. Кітап авторларының осындай ұстанымын сол күйінде қалдыруды жөн көрдік.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің
тапсырысы бойынша аударылып басылды
Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамс
Тіл Біліміне Кіріспе

10-басылым
Редактор Әбділда Ж.
Корректор Бердиева А.
Беттеген Тілеуімбеков Н. Қабаев М.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙