TELEGEI

Home

Сәбит Дөнентаев өлеңдері

Сәбит Дөнентаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сәбит Дөнентаев өлеңдері

Сәбит Дөнентаев – поэзиясы терең мазмұнды ақын. Поэзиясы ойлылықпен қатар өзіне тән көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Ақын өлеңдері қандай көлемде жазылса да белгілі бір оқиғаға құрылған, айтар ойы мен типтік образдары бар.

1912-1918 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЛЕҢДЕРІ

ҚАЛАМҒА

Сыя әзір, қағаз мынау, жазсаң, қалам,
Қолымды, еркімді де бердім саған.
Өзіңнен бұрын жүрген басшы бар ғой,
Азбассың сол сүрлеумен бассаң қадам.

«Әйтеуір, маған ерік берді екен», деп
Буланып жүрме, жолдас, терге арам.
Қожаңның әуеніне қарап қозғал,
Затыңның қаттылығын етпей маған,

Ал, енді, не қылсаң да өзің білші,
Аяман мен көмекті келсе шамам.

ЗАМАНДАСТАР

Жабысайық өнерге,
Ынтықпай қарап өлерге,
Өзіміз керек демесек,
Керек қи бізді келер ме!

Сақтанбасақ бір қақтар,
Келешек мырза келерде,
Жұмулы болып көзіміз,
Ізденбесек езіміз,

Білімінен білгендер
Бөліп бізге берер ме?
Ұмтылайық оқырға,
Айналмай көр-жер қоқымға,

Жара болып ұлғаймай,
Дәрі іздейік қотырға.
Болымсызға алданып,
Өнімсізді малданып,

Рұқсат заман бермей тұр,
Қарғаша боқ шоқырға.
Қызмет көрсет халқыңа,
Игі ат қалсын артына,

Діндесіңді бауыр тұт,
Қарамай қазақ, сартына.
Аз нәрсеге мас болып,—
«Мен пәлен» деп шалқыма,

Пайдалы басқа өнерден,
Ұлт керегі дегеннен.
Жан қиналып жолында,
Бас кетсе де тартынба.

Көз сал газет, журналға,
Дін дүниеңе, қормалға,
Аз шығынды қызғанып,
Көп пайдадан құр қалма!

Сараңдыққа салынып,
Ішің пысып сарылып,
Жасап тұрып дүниеде,
Өзіңнен өзің ұрланба!

ҚАЗАҚТЫҢ БІЛГЕНДЕРІНЕ

Қазақтан шыққан білгендер
Халқыңды өрге сүйреңдер,
Қазаққа да туды ай, күн,
«Жарық мұнда, жүр» деңдер.

Бақытымызға берді алла,
Сіздер дейін кемеңгер,
«Сөзді ұғарлық адам жоқ,
Неғыламыз» демеңдер.

Еңбек кетпес далаға,
Жығылғанын демей бер,
Тарт қолынан, ет жәрдем,
Оттан шықсын күйгендер.

Оңсын милләт десеңіз,
Алалықты сүймеңдер.
Түзу жетсін мақсатқа,
Арттарыңнан жүргендер.

Бұл сөздерді тек кермес,
Қазағың шын сүйгендер.
Сіздер қалай бастасаң,
Соқырларың артыңнан,

Солай қарай сүмеңдер!

БҰЛБҰЛFA

Зарланып, көрмей дамыл не ай, не жыл,
Сондағы бар мұрадың бір қызыл гүл,
Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ,
Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!

Дабыл жеп ақырында қаршығадан,
Бұл күнде болып сақау қырқылған тіл.

БИІК ТАУ

Біз келдік биік таудың, панасына,
Жиһанның сыймай сақыра даласына.
Құйын мен жел, дауылдан аман-есен,
Биік тау, бізді сақтап қаласың ба?

Тынышты алып төбемізге тас құлатып,
Әлде езің тырнағыңды саласың ба?
Келген тау панасына оны қылса,
От болып есіл жүрек жанасың да!

1914

ҚАЙДА КЕТКЕН?

Ашу кеп бойды керген, ақыл қайда?
Тентекпен дүние толған, мақұл қайда?
Досыңнан біреу де жоқ, дұшпан сансыз,
Бәрі жат жан біткеннің, жақын қайда?

Қорқақтау жұрттың бәрі қоян жүрек,
Бұрынғы ер жүректі батыр қайда?
Түріңнен басқа пыйғылың ұқсамайды,
Өзіңнің «адам» деген атық қайда?

Солардың қайда кеткен жөнін білмей,
Дал болып мен отырмын терең ойда.

ЖЕР

Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген,
Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген,
Сол төрттің үшеуі су, бірі-ақ, құрғақ,
Бекер деп айтпас мұны қағаз керген.

Екінші: ол құрыны беске бөлген,
Айырым әр біріне есім берген.
Бәрінде бес құрғақтың адам болып,
Еждиһат етіп кәсіп күнін көрген.

Суларда кеме мініп сайран етіп,
Жоқ емес, тағы да адам дәурен сүрген,
Бір жарым миллиардтан көбірек жан,
Шамасы мыңнан аса тіл сөйленген,

Солардың, арасында жасап тұрып,
Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап өлген.

ЖАСТЫҚТА

Уай дүние, жас уақытта ойнап-күлсек,
Біраз күн көріп қызық, дәурен сүрсек.
Көзіне әркімдердің түсер едік,
Қылтыйып тәуір киіп, жақсы ат мінсек.

Ойын, той болса қайда сонда кірсек,
Шешенсіп көрінгенді кекеп ілсек,
«Сауықшыл, көңіл ашар» болдық жігіт,
Домбыра, бір-екі ауыз өлең білсек,

«Қырындап қызды ауылды» дегендейін.
Зор атақ — шашбаулыға жақын жүрсек.
Қақырам болғым келіп маңғаз жігіт,
Шалқаңдап екі қолды кезек сілтеп.

Осындай етсек деген көгі армандар,
Өмірдің дажалы екен ойлап білсек.
Енша алла екі жиһан болмаспыз қор,
Соңынан ғылым-білім зыр жүгірсек,

Әрине, соңғысына жұмсар едік,
Жәуһардың, жастық деген қадірін білсек.

АҚЫЛ

Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл,
Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр.
«Менде бар, менде бар» деп әр біреулер,
Жан біткен саған толық болып жатыр.

Бәрінде жалпақ жұрттың бірдеймісің,
Шыныңды айт, қайда жүрсің, өзің батыр.
* * *
Бұлайша ақыл маған берді жауап: —

Белгілі тұрағым жоқ бір жерде тап,
Кім жақсы тәрбие етсе, мен сонікі.
Аз және көп болуым соған қарап...
Не мұның тәрбиесі, не дейді ақыл?

Ол жерін, оқушылар, өздерің тап.

ОЙ

Қаза берсе түбі жоқ,
Қазбағанда суы жоқ,
Ой деген бір шыңырау.
Талаптыға жеткізбей,

Талапсызды өткізбей,
Жынды қылған, құрғыр-ау!
Сені қуған кісі әуре,
Қумағанның ісі әуре.

КӨҢІЛ МЕН ТІЛ

Тіл көңілдің тілмәші,
Көңілдің жоқ сырласы,
Тілмәшіңді оң жұмсап,
Теріске, көңілім, бұрмашы:

Айтқанын қып қожаңның,
Тілім қарап тұрмашы!
Аңғырттанып бет алды,
Масқара мені қылмашы.

Тым құтыртпай тыя ұста,
Тілмәшіңді, мырзасы.

БІPЛІК

Әуелі етіп бірлік басынды қос,
Сонан соң әр мұраттан қалмассың бос.
Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,
Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.

Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар»...
Болады тұрсаң тұтас дұшпан да дос.
Алтауың ала болып тұрған күнде,
Асыңның аузыңдағы кетуін тос.

Таласты алалық пен тастамасаң,
Бір күні туған жерге айтарсың «қош».
Бірлікпен илеу салған құмырысқа да,
Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.

ТАЛАП

Әр дәулет саған даяр етсең талап,
Бақ келмес іздеп сені жатсаң қарап,
«Нұр жауар талаптыға» деген қарттар,
«Жүргенге жөргем...» бар ғой бұрыннан-ақ!

«Жалғызбын, жарлымын» деп қорғаламай,
Сал құлаш, бір өзіңді жүзге балап.
Әр бірі талап пенен тауып жатыр,
Дүниеде неше өнерлі көрсең санап,

Өзіңде етіп еңбек тапқан мал жоқ,
Қалайша күн көресің ұрттап, жалап?
«Құл болмас сатып алмай...» дегендейін,
Қиын ғой жұрт болуың қолға қарап,

Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,
Дос күліп, дұшпандарын жүр табалап,
Көз салып осыларға, ойланатын,
Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?

ЖҰМЫСКЕРДІҢ ӨКІНІШІ

Бір күнде бай баласы ем бұлғақтаған,
Доп ойнап, атып асық қылжақтаған,
Дариға! Ол заманым бастан кетіп,
Бұл күнде келіп қырсық шынтақтаған.

Мезгілді босқа өткізіп ойнағаным,
Ойынға қанша ойнасам тоймағаным,
Атаның ауыр дәулет аркасында,
Жоқ еді мұндай күнді ойлағаным.

Шіреніп басып шалқақ мырза атанып,
Құс атып, ит жүгіртіп, бүркіт салып.
Жүрген күн бәрі бірден кетті «қош» деп,
Артына бір қарамай көзін салып.

Мал бітер, бақ кетер деп санамадым,
Өнерге (ғылым-білім) қарамадым,
Қолға ұстап ала қағаз жүрген күнде,
Бір банктен жүз теңгені аямадым.

Қалада пиво ішпедім бірде топсыз,
(Ақша мол, ішкен-жеген расчетсыз).
Базарға барып жүрген мезгілдерде,
Жүзден кем кім қайтыпты расходсыз.

Бәрінен сол дәуреннің болдым жұрдай,
(Ешбірі кетті, шіркін, токтай тұрмай,
Баяғы дос пен кампан бірге жүрген
Бәрі де теріс қарайды мойнын бұрмай.

«Мырзаның» тыйыны да жоқ қалтасында
Желқом бар жауыр аттай арқасында.
Ал, енді мен өкінбей кім өкінсін
Қалған соң тәмам сордың ортасында?

Қаншама бермей пайда зарланғаным,
Хохолға (жер жыртуға) жалданғаным.
Ағайдан естіп боқтық, май төмпеш жеп
Күндіз, түн көрмей дамыл, айдалғаным,

Көргенде өзім текті арланғаным
Не пайда? Ерте күнде қамданбадым,
Айтайын қайсыбірін бейнетім көп...
Жастарға болсын ғибрат бұл арманым.

Жүрмесем жас күнімде малға сеніп,
Өнерге ғылым іздеп болсам жерік,
Мен мұндай осы халде болмас едім
Не айла, қолдан кетті ондай ерік.

Салмайтын ғылымға кез, сері неме!
Жүре бер, бойыңа күт ләм-мем деме!
Ала көр менен ғибрат, шырақтарым,
(Кейінгі бала-шаға, жас немере).

РАМАЗАН АЙЫНДА ІБЛІСТІҢ ШАЙТАНДАРЫНА АЙТАТЫНЫ
Құдірет байлап бізді қойды тас қып:
Босау жоқ жұтқылсақ та қарғып, шапшып
(Келді де рамазан болдық мұндай)

Бұл айда адам саспас бізден апшып.
Шайтан деп азғырушы жүрген қақсап,
Адамдар енді тып-тыныш болды жақсы-ақ
Тал түсте ішкен, жеген, еткен күнә

(Шіркіндер құтырған ба дінін тастап!)
Ұялмай бір алладан бұл қалыппен,
Қалайша болады екен айтшыласбақ.
Байлауда біз шайтаны азғыратын,

Күнәсі қазір бізге аз қылатын.
Не түрлі, бәрін істеп бұзықтықтың,
Ал енді кісісі кім жазғыратын?
Демейік шайтанды да сүттей аппақ,

Әйтседе бұл туралы айтқаны хақ
Шайтанның саған қылар зорлығы кем,
Қазекем, өз нәпсіңмен келісіп бақ

ҰРЫ МЕН БАЛАСЫ

Көз салмас ұры неге қарны ашқан соң,
Аяғын арамдыққа бір басқан соң
Жанында бір кішкене баласы бар,
Жөнелді бақша жаққа кеш батқан соң.

Ұрлықтың жақсы емесін білер бала,
Әйтсе де әке айтқан соң барма шара?
Алмаққа алма салып ойлары бар,
Қолына келе жатыр қапшық ала.

Бақшаға бір мезгілде жетті келіп,
Ұры айтты баласына тұра қала:
«Балам, сен осы арада тұр қозғалмай.
Жасырын ешбір жаққа қадам салмай,

Қалмайық қапылыста кезге түсіп,
Қарап тұр төңірекке, көзіңді алмай».
Айтқандай тұрды бала қозғалмастан,
Бақшаға таман ұры қадам басқан,

Алмадан бара сала үзіп жатыр,
Асығып алды-артына қарамастан.
Сол кезде әкесіне бала келіп,
Айтады ақырындау (дыбыс беріп):

«Не болды енді ісіміз біздің, әке?
Тұр қазір мына арада біреу көріп».
Қалтылдап өне бойы, дір-дір етіп,
Жалма-жан алма ағаштан түсе қалып,

Баладан сұрап жатыр келіп жетіп:
«Апырмау, о кім, балам, қашан керді?
Қай жермен жүріп, қайда, қалай келді?»
Жас бала сол уақытта әкесіне:

«Ол бізді көріп тұрған құдай» деді.
Білмеді не айтарын жазған ұры,
Ұялып текке қарап, тұрды құры.
Ұрыдан ұрлық кетті мұнан кейін,

Еріген кар секілді жазғытұры.
Бұл емес жаңа шыққан бір жат хабар,
(Мұндай іс әркімде бар, әрқайда бар)
Жүз жерден бала түгіл үлкен айтсын,

Хақ сөзге таупық етер жан қайда бар?

ҚОЖА

Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын,
Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын,
Жер қазды ай-далада бір күн қожа,
Аямай барлық күшін, көрмей шығын.

Бір адам кез келді де айтты бұған,
Қазасын жерді неге, жарықтығым?
Қазамын соңын үшін, деді қожа:
Жоқ боп тұр мұнда кемген бір алтыным.

Бұл жерге көмген едім алтын бұрын,
Таба алмай сол алтынды дал боп тұрмын.
Қоймап па ен? — адам айтты,— ешбір белгі,
Болмаса ұмыттың ба белгің түрін?

Адамға қожа сонда ал не деді?
Қойып ем жоғалмастай мұнда белгі,
Мезгілде алтын көмген, дәл төбемде
Ақ бұлт көлеңкелеп тұрып еді.

Бұлтты аспандағы кім алады?
Бір белгі бұдан артық болар ма енді?
Жарайды олай болса жоғалмас! деп
Ол адам күлді дағы жүре берді.

Зор ғибрат, мұнда мағына болмаса да,
Әншейін бір күлкі үшін жазғым келді,
Алайда біздің жұртты араласаң
Табарсың қожа сынды талай ерді.

АУЫРҒАН АРЫСТАН

Бәрінен тырнақтының мықты арыстан,
(Ол артық аю, қасқыр, жолбарыстан).
Бір кезде әлдеқалай сырқаттанған,
Ішінде жануарлардың патша сұлтан.

Жиылып әрбір жануар (аю, қабылан...)
Көңілін арыста-екеңнің сұрай барған,
Кетті ме әлде жортып бір сапарға,
Жалғыз-ақ түлкі байғұс бара алмаған.

Барғандар көңілін сұрап, халін көрді,
Сұлтаным достарының бәрін көрді,
(Ойында арыстанның болмаса да)
Қасекең: «түлкі жоқ»,— деп хабар берді.

Түлкіні хаараттап дейді қасқыр:

— Жан қалмай сізді естіп, келдік, тақсыр,

Бәрі де осыншаның келгенінде,
Қалыпты түлкі келмей қара басқыр.
Арыстан мұны естіп ашуланды,
Түкең де бұл жұмыстан хабарланды.

Қашқанмен құтылмасы белгілі ғой,
Жылмаңдап ертеңінде салып барды.
Патшаның ашуланған кәрі күшті,
Түлкіні сол арада тергеп қысты,

— Тақсыр-ау, сізден аяр жаным бар ма,

Қалып ем өзім болып бір жұмысты?
Мен болдым сіз секілді қатты ауру,
Ізденіп жүріп қалдым соған дәру
Түлкінің сөзін бөліп деді арыстан: —

Табылды ол дертіңе неден дәру?
Түлкі айтты: (іліп ала-ақ) «ей, сұлтаным,
Кеше еді сізден жаман ауыр халім,
Қасқырдың артқы аяғы сіңірін жеп,

Жазылды сәлемет боп ғазиз тәнім».
Түлкінің бұл сөзіне кулак салды,
Шақыртып сонан кейін, қасқырды алды,
Бақыртып, басып жатып қасекеңнің,

Сіңірін алды, ағызып судай қанды.
Сонан соң кетті шығып қасқыр, түлкі,
(Шағудан қасқырдың көп алған мүлкі) —
Жануар қызыл аяқ, қайда жүрдің?

Деп түлкі: қасекеңді қылды күлкі.
Қазақта қасқыр да кеп, түлкі де көп,
Алайда жіп тақпаймыз ешкімге деп,
Сөз жүртіп, шағыстырған қасекеңдер,

Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп.

КӨЗІ ТОЙМАЙТЫН ИТ

Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірменен дария кешпек,
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Бұнда да бір сүйек бар бақса түстеп.

Судағы ит бұл бейбақтың көлеңкесі,
Білерлік көлеңкені болмады есі,
Толымды көрінген соқ анау сүйек,
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.

Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшін жинап бойға қайраттанып,
Түскен соң жайқын суға бұл батырдың,
Ісінің не болғаны айдан жарық...

Әр қайда «ашкөздінің» олжасы осы,
Байқасаң, іс түбіне кезің салып.

ЕКІ ТЕКЕ

Екі теке келіп түсті көпірге,
Біреуі — әрі, бірі бері өтуге,
Көпірдің дәл ортасында килігіп
Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.

Шайқасып басын, бірінің тілін бірі алмай,
Сүзісбекке кірісті қарап тұра алмай,
Тар көпірдің секіріссе үстінде,
Бірінен-бірі қояр ма, сірә, кек алмай,

Екеуі де суға құлап тыйыш тапты,
(Жігіттік қып, көпірді тезден босатты)
Ерегістің, нәтижесі осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты?..

СОҢҒЫ СӨЗ

Қазақ, біздің түпке жеткен надандық,
Надандықтың, шенгеліне қамалдық.
Сол еркенің, арқасында болып тұр,
Болса бізде не секілді жамандық.

Сайлау деген бір жақсы ырыс табылып,
Бірлік деген бәлекеттен тазардық.
Ұйым болып шын ұмтылсақ ғылымға,
Не орын бар қазақ бүйтіп азарлық?

Лажын тап, надандықтан безудің!
Бәрекелді, әне сонда адамдық.
Надандыққа су беретін бұлақтар —
Жалқаулық пен кәдігүнгі сараңдық.

Көзі бітіп бұлақтардың, осындай,
Бізден күні болар ма екен қаларлық!
Кежірленбей, іс қылайық аңғарып
Пайда бермес тартыншақтық, алаңдық,

Аз, жаман деп ұрсып жүрме, замандас,
Барым осы, қолдан келген шамандық.
Ақырында жатсақ, тұрсақ тілек сол,
Қазақтыққа берсін алла амандық!..

ҚИЯЛЫМ

Таза жүн, түсі әдемі бір күс болсам,
Бұтаққа көңілім сүйген ұшып қонсам,
Зарымды жұртқа айтарлық сайрағыш боп,
Уа, дүние, шағып мұным, көрсем шолпан!

Бойда күш, жанда канат болған күнде,
Кім тұрсын құмдық, таулық, жерде сортаң!
Жүзсем— көл, қонсам — орман, ұшсам — дала,
Не қажет маған байлық, патша, сұлтан.

Бұл істі ұнатсам да, бір жағымда
Қаршыға, тұзақшы бар, сонан қорқам.
Ойлаймын — кім қызықпас мені ұстауға,
Іліксем қаршыға жер үзіп қолқам.

Жанымды жапырақтай қоям Қайда,
Шығар күн болмаған соң, атарлық таң.
Бос оймен бірде олай боп, бірде бұлай,
Өзімше қумақшымын бір түрлі заң.

Қиялым, лаға бермей, айнал бері,
Құлдарша өнімсізге етіп қортаң.
Еңбек ет, боларға ұмтыл, шыңға баста,
Әлімше сонда артыңнан мен де жортам.

1913

БАЛАЛЫҚТЫ САҒЫНУ

Уай, заманым, балалық,
Әр ісің бір бадалық,
Алды-артыма қарасам,
Кетіп қапсың тазарып.

Өзің түгіл ізің жоқ,
Қарасам да қадалып,
Сен бір шала көрген түс,
Отыр сорлық қамалып.

Кет деп сені кім айтты?
Қалмай жұғын таралып?
Неден көңілің қалды екен,
Рақым етпей, сазарып?

Сағынам да жоқтаймын,
Келмес пе деп оралып.
Сонда дағы хабар жоқ,
Сенен деген бір қаріп.

Сен бардағы уақыттай,
Еш нәрсеге қақтықпай,
Сұм жүрегім бір минут
Тұрар ма екен ағарып?!

Хан, қараны тең көрген,
Асық, топай өңгерген,
Анау-мынау ойда жоқ.
Жан біткенді ел көрген;

Десе біреу қарағым,
Гүл-гүл жайнап өңі енген,
Қайда қалды тал атың
Күл, топырақтан жем берген,

Қоразданып, қамшылап,
Өзің дауыстап дем берген,
Оза қалсаң жарысып,
Пәлен ат деп шен берген,

Соны да тастап кеттің бе
Жаныңменен тең көрген?
Шын құрдастан айрылдың,
Құшақтасқан, сөз берген,

Ойдан қырға шапсам да,
Қанша аброй, бак, тапсам да,
Мыңнан бірін кермедім
Мерекенің сен көрген!

ҮМІТ

Жұмсаған, не қиынға салған үміт,
Тіл алған қайда болса барған үміт,
Сөз байлап, қол алысып жөнелгенде,
Шығармақ едің сүйреп жардан үміт,

Артынан әуре қылып ертіп қанша,
Бұл күнде сол уағдадан танған үміт.
Жолдасы, азық-түлік, қаруы жоқ,
Астында әр табанның қалған үміт.

Қарамай шамасына, таудай істі
Өзінің міндетіне алған үміт,
Ақырда «әлін білмес әлек» болып,
Арыған, қалжыраған, талған үміт.

Болды да жорғалар мен жорғаласпақ,
Ере алмай тәлтіректеп шалған үміт.
Батыр да, бай да болмақ ойымда еді,
Олардың, бәрі боп тұр жалған үміт.

Іздесең дертке дәрмен, адаспасақ,
Қалайша құр тастайды аллаң, үміт!
«Арбамен асықпаған қоян да алған»
Жабықпа, жолыңда бол, тарлан үміті

ДОСҚА

Дос тұттым, болдым жақын, тіліңе ердім,
Басқадан сырт түсіңді артық, көрдім
Көрініс шырайында еш кіршік жоқ,
Өзің мен жүрегіңді хаққа бердім.

Мейлің суыққа үсір, суға түсір!
Әйтеуір, «сені құдай» дедім, сендім.
Елтифат маған жан деп еткеніне,
Ішімнен мың қайтара алғыс бердім,

Аяман қолдан келген қызметімді
Бізді хақ бола қалса жеткізер күн.
Бір алла адалыңнан жолықтырғай!
Жан болса езу тартқан дос дей бердім.

Дос та дос, туған да дос, діндес те дос,
Түбінде зарарсызды шын дос көрдім.

ЖҮРЕККЕ

Жалқау жүрек,
Тіле тілек
Тартынба!
Тән өлгенде,

Жұрт көмгенде,
Не қалмақшы артыңда?
Шын жыласақ,
Мың сұрасаң,

Жетерсің бір мақсатқа.
Харекет қыл,
Шамаңды біл,
Тым кергіме, аптықпа!

Көтерме иық,
Болма биік.
Салып қабақ, ұртыңды
Қайда барсаң,

Ойыңа алсаң,
Қор болмассың, жұртыңды.
Тым қарайма,
Жолдан тайма,

Ел мұнда,
Кетпе алысқа,
Түс жарысқа,
Кел мұнда!

«Анау пәлен,
Мынау түген»,—
Деп алалық ойлама!
Бірін бастап,

Бірін тастап,
Ұлт ісімен ойнама!
Бар түрлі іс,
Істеуі күш,

Жетпесе әлің зорына.
Байқап кіріс,
Бар дағы түс,
Оңайырақ жолына.

Жол көп екен,
Қол жоқ екен,
Онда артығы тек жүрмек.
Онан да бос,

Мұнан да бос,
«Мен құдайы» деп жүрмек.
Ол олай деп,
Бұл қалай деп

Алла ісіне шек қылма,
Екпей бидай,
«Бер деп құдай»
Тентектікті көп қылма!

Айтқанды ұқсаң,
Жолға шықсаң,
Өзің үшін қайрылма.
Өлсең бірге өл,

Тар болмас көр,
Ұжданыңнан айрылма!

ЗАМАН КІМДІКІ?

Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі,
Дүниенің патшалығы, батырлығы —
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.

Жуас қой — ен жайылған қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны тақсыірдікі,
Құр қалмақ, әр орында қырсық шалмақ
Тартыншақ, жалқау қарабасқырдікі.

Даулы мал — ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ
«Мінеки мені-ақ кісі» десеңдікі.

Жарысқа тіккен бәйгі озғандікі,
Ем болмас өңешін құр созғандікі,
Талайда, талай үшін талапта жоқ,
Әлсіреп, кеміп бағы тозғандікі.

Жаным—хақ, қара басым — патшанікі,
Аброй, кісілігім — ақшаныкі,
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім
Ашулы жұдырығы зор саспанікі.

Жансыздық — іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай әбден ұрғандікі,
Күш-қуат жанталасып жинамасаң
Мал, басын, бұрын үміт қылғандікі,

1914

МЕНІҢ ЖАЙЫМ

Кез келіп арыстанның, арбауына
Тап болдым қу түлкінің алдауына.
Бірі ойнап, бірі шындап итермелеп,
Тықсырды жердің биік жарлауына.

Бірі айдап, бірі тартып түсіргенде,
Боларма менің сынып қалмауыма?
Кетуге су түбіне тұрмын таяу,
Қолымның қай тал жақын қармауына?

Деп ойлап, құлаш жайып, жүрмін сасып,
Уақыт жоқ мықты, осал деп таңдауыма.
Тұншығып, әлім бітті, есім шықты,
Бұрқылдақ жердің кез боп шаңдауына.

От салып біреуі әкеп, бірі үрлеп тұр,
Кім менің су құймақшы жанбауыма.
Кімнің дос, кімнің дұшпан екендігін,
Менде жоқ тырнақтай ес аңдауыма,

Соқырдай жетекшіден мықтап ұстап,
Лаж жоқ, бір ерген соң бармауыма.
Түсіріп қараңғыда қыңыр жолға,
Қаңғыртып қалма, басшым, қарғауыма.

Жәрдем қып, жақын жерден қайтармасаң
Қуат жоқ, ұзақ жолға талмауыма.
Саңырау, өзім соқыр, болсам ақсақ,
Кім көнер ертеңді-кеш зарлауыма?

Қорқамын дертім ұзап кете ме деп,
Бақсының душар болып паңдауына.
Қалайша берсең мағына ерік өзінде,
Жаздым да бердім, құрбым, таңдауыңа!

АТАМЫЗ БЕН ӨЗІМІЗ

Талай білгіш өтті ата,
Талай қызық етті ата
Қалды бізге өрнегі.
Ойын болды, той болды,

Қымыз болды, қой болды,
Жаз болғанда ермегі.
Әдетін қу атаның,
Тұрса түгел қатарың!

Мирасхоры біз қалдық,
Сол дәуренді қызғандық.
Етер шара болмады.
Тұтандық та, өртендік,

Ойландық та, дерттендік
Ем боп дауа қонбады.
Жазылмаса осы дерт,
Ұзатпай-ақ қылар мерт.

Ас та бітті той дағы,
Жоқ олармен ой дағы,
Қай қызықты ұстадық.
Жаз келеді, өтіп қыс,

Ешбірімен жоқ жұмыс,
Жайладық, тек қыстадық.
Көнсе заман, кете бер,
Ойдағыңды ете бер.

Ата аруағы қонбай тұр,
Қонуға да болмай тұр,
Енді қайда барамыз?
Сол күндегі тап бітіп,

Адал бітіп, ақ бітіп
Молайып тұр қарамыз.
Мұны көрер көзін жоқ,
Кезің болса сөзің жоқ.

Жалғап, құрап әрнені,
Алдап, сұрап дүниені
Я қорқытып тіленіп.
Еш міні жоқ өзінің,

Кіршігі жоқ сөзінің,
Басшымыз жүр шіреніп.
Неше сомдық, арың бар,
Базар қымбат барыңдар...

ӨЗ-ӨЗІМЕ

Аз білімін шығара алмай майданға,
Көп білімді жинай алмай қайранда,
Білмек түгіл білгенінен айырылып,
Қалды жүрек опыр-топыр ойранда.

Қырқылғыр тіл қыртқаныңнан пайда кем,
Бітіп қуат, бак маңдайдан тайғанда.
Шайпау болсаң, өгей әкең, жактырмас,
Қой белдікті, жорғала да маймаңда.

Мезгіл-мезгіл айнып жүрек тартасың,
Қайтарусыз, ежелгі ескі тайраңға.
Кімнің алған мәңгілікке шені бар,
Азулы боп, атақтарын жайғанда,

Қолың жетпей өксір өмір құр бекер,
Ен далада еркін өскен сайраңға.
Көздің жасын көретін жан болмай тұр,
Еткен зарың, түкке тұрмай айлаң да,

Тырп еткенің сатулы боп заман тұр:
Кедейден іс, қарас болмай байдан да
Қолды сыбан, іске кіріс алла деп,
Өзіңді өзін. жырмен аулап жайланба!

ЖАН МЕН ТӘН

Бір күні тәнге өкпесін жан айтады
(Жанның да дәл өзі емес халі айтады):
«Қанша жыл жолдас болып келіп едім,
Көңілімді бір мінезің қарайтады».

— «Айта ғой қандай мінез көрсеттім» деп,

Тән тұрып жанға көзін алайтады.

— «Тік тұрып табанымнан күткенімді —

Аймақтың бастан-аяқ бәрі айтады.
Күтпеді, сыйламады жолдасын деп
Жағынан алғыр қандай жан айтады.
Япырым-ай, мынау жанын күтеді-ау деп,

Қонақтың, қонып кеткен саны айтады».
Жан тұрып шыдай алмай бастады сөз:
«Бәрі бір ақылсызға алтын мен жез,
Шамалы сенің сыйын, болар еді,

Қисықты түзейтұғын болса егер тез,»
«Ісінді сый-құрмет деп білген ұқпас.
Көрмесе мұны құрмет санасыз кез,
«Солай күт, мені күтсең дедім қашан.

Қума өнер, қылма кесіп, ғылымнан без».
«Мен көндім не қылсаң да қина дедім,
Мал, өнер мені қинап жина дедім.
Шамаңша керектіңді баурап алып,

Сонан соң күтсең күтіп, сыйла дедім.
Ішіп-жеп, құрсақ сыйпап, жан күткен боп,
Мен сылтау, өз басынды сыйлап едің.
Басыңда жастық болды, астың көрпе,

Бай-патша, болдың мырза дегдар ерге,
Етті жеп, қымызды ішіп бөртіп алып,
Әңгіме соқтың қолды серпе-серпе.
Болса да кімнің сыйы ақыр жаттың,

Жер болса қиын-қыстау мені саттың,
Осы ма, сыйлағаның, есер жолдас
Досыңды өзің жатып тұзаққа аттың.»
Көзінен тән жылады ағызып жас: —

Жолдасым, сен айтқан сөз бәрі де рас.
Бұрынғы ізбен кеттім айып етпе,
Жалқаулық ата-анадан қалған мирас.
Қолымнан келсе де, түк келмесе де,

Бола алмас бұдан бұлай ішкенім ас.»

ӘР ЖАН ӘР ТҮРДЕ

Талай кәрі жорға жүр,
Ақаулы боп зорға жүр,
Іліне алмай жарысқа,
Кейбір жүйрік орда жүр,

Кейбір сұңқар тауда жүр,
Томағасы жауда жүр;
Дұшпандары аңдыған,
Тұзақ құрып ауда жүр.

Кей тырналар көкте жүр.
Қиқу салып текке жүр.
Қара қарға қарқылдап,
Өлең сені жеп те жүр.

Құйрық сорып борсық жүр,
Түлкі мырза жортып жүр.
«Құдай аман сақта» деп,
Қой мен тауық қорқып жүр.

Тышқан андып мысық жүр,
Алдап көзін қысып жүр,
Ін таба алмай саршұнақ,
Сорлы сасып, пысып жүр.

Кей мырзалар серпіп жүр,
Қарны шығып шертіп жүр,
«Сен солайсың» дегенге,
Тырс-тырс етіп тертіп жүр.

1914

ҚАЙТЫП ҚАРҒЫС АЛМАЙСЫҢ?

Жігіт-ақсың, маңдайсың,
Келбеттісің қандайсың.
Ағайынға айбатты,
Биік-ақсың, дардайсың.

Бетіне адам келтіріп,
Алдыңа жан салмайсың
Елі төмен болғанды,
Елтифатқа алмайсың.

Ант ауғандай күн болса,
Амалдайсың алдайсың.;
Басшы қылып, бағынса,
Түгіменен жалмайсың.

Таудай болсын өз мінің,
Оған кезің салмайсың,
Қылдан тайған сорлының,
Қыр соңынан қалмайсың.

Мысқыл менен өсекке,
Шаршамайсың, талмайсың,
Кісі айыбын терумен
Ашуға жүз жанбайсың.

Айтқышсынып турасын,
Жасырмайсың, танбайсың,
Жат мінезің, жәй сезің —
«А-құдайшыл» жандайсың.

Іске кірсең арамды
Қосақтайсың — парлайсың.
Жақсылықтың жағына
Жалғыз қадам салмайсың.

Жамандықтың жанынан
Жарты шерік қалмайсың.
Өзің шыққан ұлтыңнан,
Басшы қылған жұртыңнан,

Бұл мінез, бұл құлқыннан
Қайтып қарғыс алмайсың?!

СЫР

Жақын досты көре алмай,
Жалпы досқа сене алмай,
Ойды заман тізерлеп,
Жүр-ау шыбын өле алмай

Еткен жұмыс іс болмай,
Іс қылуға күш болмай. –
Жүрек қатып мұз боп тұр,
Суық түсіп қыс болмай.

Егін жыртып тақырға,
Қатқыл, тастақ-татырға,
Бейнет кетіп далаға,
Құр қол тұрмыз ақырда.

Құмар болып атаққа
Төс түрілді садаққа,
Атақ кетті айналып
Ұйқы-тұйқы шатаққа.

Тимей түзу нысана,
Көңіл қайғы құсада.
Іс аяғы айналды,
Мол әңгіме, қысаға.

Шын бақ бізден қашып тұр,
Уыстап топырақ шашып тұр.
Дәмелі бак қырсық боп,
Мол қып қойнын ашып тұр.

Тас-таламай шырқымыз,
Сырлы бояу сыртымыз,
Болатын күн туар ма,
Не қылсақ та ырқымыз.

Ұққанға бұл ішкі сыр,
Ұқпағанға тек бір жыр,
Тілегі бір замандас,
Ақы алмасаң, мойның бұр.

ЕРЕГІС

Бір қайғы кеп жүректі,
Әлдеқайдан ілекті,
Езіп, жаншып жарасын,
Талқан қыпты, ірепті,

Бұрынғыдай ақ, адал,
Болмай жүрек ретті,
Ашу қысып, қабартып,
Алқымынан тірепті.

Бұл жаласын жабуға,
Достан кінә табуға,
Сөйтіп кегін алуға,
Жүрек бетін түзепті.

Қысты жүрек басты кеп:
«Сенің ісің асты» деп,
«Мені қылдың осындай,
Мыйың қайда қашты?» деп.

«Түзу көрмей, оң естіп,
Неден қара басты?» деп.
«Тілің сенің тілмәрсіп,
Жұртқа сырым шашты» деп.

Қолды да істен шығарды,
«Арамға есік ашты» деп.
Аяқты әбден жерлепті,
«Зарарыма басты» деп.

Жер қалдырмай сөкпеген,
Бір кінәлі етпеген,
Құсық қоймай төкпеген,
Ақ көбігін шашты» кеп.

Бәрін керген көз айғақ,
Ұзамады тез айғақ,
Тоқтатты да жүректі
Бастады өзі сез айғақ.

Жас тамшылап зарлады:
«Тыңда сөзім құдайға-ақ
Иең берді әуелде,
Жүрек, саған ақ соқпақ.

Сол соқпақтан адасқан,
Бізден бұрын сен ақымақ.
Бәріміз де саған құл
Салдың өзің айтақтап.

Шу басында қарайып
Болып тұрсын енді аппақ
Алып қолға кезіңді
Сонан соң айт сөзіңді

Өлшеп әбден өзіңді,
Мырза жүрек, айтсақ хақ...

ҰЛТШЫЛҒА

Ah ұрып «жұртым» дейсің, «елім» дейсің,
Қалғанын елдің артта өлім дейсің.
Халқыңа жайшылықта ақыл айтып
Жолында жан қыюға шегінбейсің.

Қарның тоқ жұмысыңның жоқ кезінде,
Мелләттің қызметіне ерінбейсің
Басына қайғы келіп, сасса жұртың,
Неліктен маңайында көрінбейсің?

Көрсетіп жол-жобаны бастау түгіл
Табалап, ұрсып, зекіп жәбірлейсің.
Қабағың қатып, бір күн ашса қарның,
Бас салып сол мелләтті өзің жейсің.

Дегенде «ал істейік ұлттың ісін»
Атыңның басын тартып кежімдейсің.
Әр істі аузың айтып, қолын қылмай,
Қай түрмен: «елді бастап едім» дейсің.

Өзіңнің қайда жүрсең қарныңды ойлап,
Ұялмай жұрттың қамын жедім дейсің.
Орныңа өз ақылың келе алмаса,
Дірілдеп қалшылдайсың, безілдейсің.

Әрқашан ақ жүрекпен жұртым десең,
Қалайша адал болып сезілмейсің?
Көңіліңе хақ махаббат йен салып,
Шын жылап мелләтім, деп егілгейсің!

КӨРКЕМ ҚЫЗҒА

Нұрлы жүз, көркем мінез қарындасқа,
Арнап сөз лайық емес жазылмасқа,
Қыз бала елдің көркі, жұрт зейнеті
Болғанда елтифатқа алынбас па?

Бұл күнде түрленсең де тоты құстай,
Шырағым, сипатыңнан халың басқа.
Иісті май, жағындың гүл, сабындандың,
Түзеліп 'бейне хордай қабылдандың.

Сызылып, бұрақ басып, асыл киіп
Алыстан жұрт көзіне сағымдандың.
Күмістен таққан шолпың сылдырлаған,
Пайыдан қамзол, шапан судырлаған.

Сипатың жүрісіңе, киіміңе
Көз талып қарай-қарай бұлдырлаған.
Уақытша сен бір гүлсің тұрған таза,
Семерсің бір-ақ күні жетсе қаза.

Жұмысқа әсіре-қызыл әуес болып,
Өмірге қалып жүрме қор боп наза.
Оқымай, үлгі көрмей қалсаң жаста,
Сол үшін бой түзейсің ойдан басқа:

Жақсылық киім мен мал көрікте деп,
Өлшемей ой мен сырды жаза баспа!
Өзің де сырт түзеген болсаң бітеу,
Жүре бер көңілің сүйген бұлғақ басқа.

ҚАЗАҚТАРҒА ҚАРАП

Қамалған қараңғыда қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ,-
Қарулап, қуатсызды қуаттандыр,
Құрдан-құр қампыйтқанша қарын, қазақ.

Қулардың құлқынына кұм құйылсын,
Қайдағы құлдың қайғырт қамын, қазақ.
Қайтеді қайрылыссаң қарындасқа,
Қасармай, қақырайып қырын қарап,

Құннан да, қадірден де қалдың құр қол—
Құнт қылмай қуып құлқын құлды қанап.
Қайғырып, қатып қабақ қамықпай құр,
Қимылда, құныңды қу қадағалап.

Қақпанға қапылыста қақтығарсың,
Қадамда қиқаңдамай қадақ-қадақ!
Қауым ең қорқақ қоян, қара қазан
Қиының қисынар ма құдырет қалап?

1914

КӨК ТӨБЕТКЕ

Көк төбет, неге мұнша арсылдайсың,
Қабудан басқа шапшып тартынбайсың,
Үйір боп, күнде керіп жүрсең дағы,
Өшігіп, өршеленіп, барқылдайсың.

Кісінің зияны жоқ, не себептен,
Сау жерін таламаған қалдырмайсың,
Қолымда тағам" көрсең сүйек-саяқ,
Жалаңдап дәм етуге ар қылмайсың,

«Әу демен, өміріңде» дегендей-ақ,
Төңкеріп екі көзін жәй тұрмайсың.
Құйрықты бұлғақтатып, түсін жылып,
Жазылып кабактарын, жарқылдайсың.

Шырайың бұрынғыдан түзелген соң,
Мен байғұс қолдағысын бермей қайтсін.
Тимес деп бұдан былай сыйлап тұрмын
Деп емес: «ертең көзін бажырайтсын».

Айналып екінші рет жолыққанда,
Тағы да бұзылып өң солқылдайсың.
«Бұ жолы беретіні жоқ па екен?» деп,
Әр-бері төңіректеп, жалпылдайсың

Күдерді әбден үзіп алғаннан соң,
Қызарып екі көзің балтырлайсың...

ДАЛ БОЛУ

Ырас менің. қазақ деген атам ба,
Не болмаса бұл адасқан қатам ба?
Туғандығым анық болса сол жұрттан,
Мұнша лағып ай далаға қашам ба?

Қайырылсам қызмет қылып халқыма,
Соныменен зор кінәға батам ба,
Ондық өнер, өнер жинар күш болса,
Құр тілменен жоқты-барды шатам ба!

Өнер жоқ деп, қуат жоқ деп талапсыз,
Сары уайым саламын да жатам ба?
О жағым — жар, бұ жағым — өp, алдым — тау
Құр денемді соямын ба, асам ба?

Неткен нәзік жаратылған адаммын,
Аяғымды мертігемін басам да.
Күресінде көкке шыққан қыяқтың,
Мойным созып, басын шалып жатам да.

Көрінгенге кезім сүзіп қараймын
Жан кермейді, жұрттың бәрі қатаң, ба!
Деймін дағы өзіме өзім айтамын:
Сірә, азықсыз шығу қата сапарға.

ДОСЫМА ЖАЗҒАНЫМ

Хат жазамын шын көңілімнен досыма,
Жүрегіммен сағынамын қосыла.
Қол жазған соқ, тіл айтқан соқ—ағасыз
Кетті жүрек еріп, жөңкіп жосыла.

Екі жылдай жолдас болған, сырласым,
Айрылғандық біздің ішті тырнасын.
Өтіп кеткен екі жылға қайырлы,
Құп білемін екі өмірдің тұрмасын.

Айрылғанын көрсем дағы дененің,
Жүрегіміз мәңгі айрылмас — сенемін,
Біле алмаймын Сізге ұнарын, яки жоқ,
Бір мұңым бар айтайын деп келемін:

Босқа өтіп тұр минут, сағат, күніміз,
Күндер түгіл жұма, айымыз, жылымыз.
Тұздығы ащы, жері жақын, жемісі аз,
Жолда қалды жөн таба алмай ініңіз.

Ойға алғанның бәрі түгіл бірі жоқ,
Керек білем жәрдемшіңіз, пұлыңыз.
Аяғында жармаспасақ үмітке
Қанша айтқанмен біз — тағдырдың құлымыз.

Бұл әншейін досқа жазған сырымыз,
Деген емес «бұған айла қылыңыз»
Қол сермеген жемісіңіз тап болып,
Ұзақ өмір, қош сәлемет тұрыңыз.

БИТ ПЕН БҮРГЕ

Бір байдың, жабысып бит төсегінде:
Еркі бар сорып қанын, жесе күнде,
Тұрыпты сол күйменен біраз заман,
Басқа жоқ мұның көңіл есебінде. .

Шаққаны мұның байды оятпайды,
Жүрісі байпаңдаған тым-ақ жайлы.
Бір күні әлдеқалай келіп бүрге,
Қонуға биттен рұқсат ол сұрайды.

Құп алды, қабыл етті ол қонақты,
«Қоныңыз төсек жайлы, тағам тәтті.
Зәуімен келген сізді сыйлайын» деп,
Бит байғұс борсаңдапты, жорғалапты.

Мәз-майрам мына сөзге болды бүрге,
Келді де бит қасына қонды бүрге.
Бай жатты ұйықтайын деп төсегіне,
Бит дағы қонағымен болды бірге.

Секіріп барды бүрге байға таман,
Тұмсықты бара сала ол қадаған,
Бай болды оянды да алас-күлес.
(Бүрге иттің тістегені қандай жаман).

Тынышы да, ұйқысы да әбден кеткен,
Шам жағып тұра келді бай төсектен,
Қаратып битті тауып өлтіртіпті,
Зым-зыя бүрге мейман қашып кеткен.

Содырлы жалғанда емес жалғыз бүрге,
Ауысар бүрге әдеті бірден-бірге.
Жоқ емес бит секілді, мейман дос та,
Пендесі хақ жаратқан әрбір түрде.

Кей жемқор өз жеуімен дамытпаса,
Батырып із салмаса, арытпаса.
Сен оны бит шаққандай көрмес едің,
Қонақ қып бүргелерді налытпаса.

Оянса байға зиян болмас еді,
Битті өлтіріп, бүргені дарытпаса.

БІР КӨЛДЕГІ ҮШ БАЛЫҚ

Үштен артық балық жоқ,
Маңайында халық жоқ,
Көл болыпты бір жерде,
Ерте күнде қыстаған,

Қазір мүлде тастаған,
Ел болыпты бұл жерде.
Бір жағында бұ көлдің,
Бір ағатын өзеннің,

Қосылатын шеті бар.
Өзен жақтан екі аушы,
(Балық, басқа аң аулаушы)
Көлге келген беті бар.

Көлді көріп аушылар:
«Мұнда балық бар шығар,
Сүзейік те «кел» десіп,
Көл айнала жағалап,

Сүзер жерін сағалап,
Келе жатыр кеңесіп.
Үш балықтың зерегі,
Аушыларды кереді,

«Қауіп мұнда тұрмақ» деп
Тоқырамай бұ көлге,
Қылы менен өзенге
Жөнеледі зырлап кеп.

Аушы жақын келсе де,
Естіп сезін, көрсе де,
Екі балық көлде еді.
Білді қапы қалғанын,

Ұстауға ауды салғанын,
Біреуі еді зерделі,
Қамданса да ойланып,
Қалған қылы байланып:

Састы, өкінді не пайда?
Айтса дағы тек тұрмай,
«Үміт бітті» деп тұрмай,
Құрды тағы бір айла;

Батпай судың үстінде,
Аунап асты-үстіне,
Олай-бұлай қалқыды.
Судан алып көргенде,

Тірі ме, жоқ өлген бе,
Аушыны аң-таң
қалдырды.
Көлден жақын өзенге,

Орталықта бір жерде,
Керіп отыр аунатып,
Даң-дүң менен өздері,
Тайған кезде кездері,

Түсті балық суға атып,
Зырлап жүзіп жөнелді,
(Жаны қалды, кенелді)
Енді келде біреу-ақ.

Кетер емес ол балық,
Бөтен ниет ойға алып,
Жүр қаперсіз қайқақтап.
Бұл сабырлы мырза еді

Аушы бұған ырза еді,
Ауға алынып келген соң.
Сабырыңнан не тамар,
Алғанға ас боп кете бар,

Судан шығып өлген соң.

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жаңа жыл құтты болсын, алашым!
Мал мен басың өссін-өнсін тарасын!
Жана талап, жаңа дәулет, жаңа бақ
Беріп жұрттың толықтырсын шарасын.

Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен
Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.
Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,
Төрт түлікпен бықырлатсын даласын.

Жанын, малын аямайтын ұлты үшін
Етіп берсін мұнда туған баласын.
Ақ көңілдік, ақ бейілдік нәсіп қып,
Жұрттың жойсын жүректегі қарасын.

Тілек те бір, ниет те бір, іс те бір
Тістейтіндер жаңа жылдың қалашын.
Біреу аяқ, біреу ауыз, біреу қол
Болып, әркім қызметіне тарасын.

1915

УАЙ, ЖАНЫМ...

Уай, жаным, дүниеде сен аз күн қонақ,
Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет, оқтай зырлап, қардай борап.

Көп жүрген қара жолмен кадам бассаң,
Кім саған зорлық етер талап-тонап.
Отқа күй, оққа байлан, адалды тап,
Кеткен тәж, мінген тағың болсын сол-ақ.

Күнің бұл іс ететін орнық осы,
Мұнда бақ, мұнда дәулет, мұнда зор ат...
Қорқасың аяқ басып аттамайсың,
Алғасын алды-артыңды жылан орап.

Орынсыз орға түссең, көппен бірсің,
Тіл алсаң, тек жатпауын, деймін жол-ақ.

1915

ЖАЗ

Жаз келіп жайды құлаш қалайыққа,
Өлшейік ғибрат көзбен қарайық та.
Жадырап жазылды жан қысылғаннан,
Дәулетке хақтың берген қанайық та.

Бәрі әзір, бәрі тегін түрлі неғымет1,
Мұны бір ұжымақ деп санайық та...
Қаз қаңқыл, үйрек сымпыл, аққу сұңқыл
Еткенге құлақ түріп салайық та,

Құс-құрттар білген әнін жырламақта,
Тым-тырыс біз де үндемей қалайық па?
Жер жайып түрлі кілем той қылмақшы,
Кел, қазақ, тойға таман барайық та...

Кеңіген, бейілденген мезгілінде,
Тосаңсып жатырқауық ылайық па?..

1915

ШІЛДЕ

Жазбен жалғас шілде келді,
Деп ұқпаңдар мүлде келді,
Қонысыңды қуартам деп,
Шақырайған түрде келді,

Маса, сона, бүгелектер
Ұрандасып бірге келді,
Бәріне де ерулік бар,
Кім шеттетер іргелі елді.

«Ырас-ау» деп басын изеп,
Боз шолақтар тілге келді
Сылдыр бақай, тақыр танау,
Сәске болмай үйге келді.

Қой пысқырып шөлдеп, шулап,
Ұзын мойнақ көлге келді.
Құдық басы төрт түлікпен
Шаңқай түсте үймеленді.

Қымыз жылып, жүректі алып,
Сусын қанбай күйзеу енді
Бір бұлт шығып, жауса жаңбыр,
Шақ басылды, құдай берді.

1915

ЖӘМИЛА ҚЫЗ

Қатыны өліп Бекіштің,
Қызы бар деп Төкіштің
Іздеп келді алыстан,
Бұрыннан да емес жат,

Құдандалы қат-қабат,
Талай сүйек алысқан,
Жасы қырық-отыз арасы,
Бар жиырма, отыз қарасы.

«Қыз бермеймін кәрі» деп
«Қатыны өлген әрі» деп
Беттетпеді Төкіш бай.
Қыз құша алмай қойнына,

Су сорғалап мойнына
Үйге кайтты Бекіш жай,
Жүзге малы толмаған,
Жексұрын ғой оңбаған.

Сақалының ағы бар,
Маңдайының бағы бар,
Берден дейтін шал келді,
Оның аты Берден ғой,

Құдай оған берген ғой,
Жәмилаға дәл келді,
О да қатын іздеп жүр,
Ынта көңілі қыз деп жүр.

«Болса алыңыз қыз керек,
Маған жалғыз Сіз керек»,
Деп Төкіш бай жалпылдап,
Алпыстағы жасына

Боз қыраулы басына
Қарамастан қарқылдап,
Уағда қылды қол соқты,
Әлдекімді сор соқты.

Жәмиласы зарлап жүр,
Көзден жасы парлап жүр,
Кім тиді екен сорлыға?
Жақтырмаған апасы,

«Түк білмейсің, шатасын!»
Деп әкесі болды ма?
Шайтан алсын, шал алсын
Төкен байғұс мал алсын.

БАЛАЛЫҚ

Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,
Уансып деп ұсынғанды «берді» деп.
Көңілін жыртпай шұлғығанды «сенді»деп,
Мені көрсе соған ерген балалық.

Ыстық ұрттап аузы күйген «салқын» деп,
Иегіне шұлғау орап шәрпім деп,
Жылтыраса санын соғып «алтын» деп,
Сыртқы көзбен баға берген балалық.

Шығын демей қирағанды, күйгенді,
«Тек отыр» деп дұшпан көріп тигенді,
«Құбыжық» деп бөркін теріс кигенді,
Жығылғанын жұрттан көрген балалық!

«Ел қыдыртам, мінгіземін тайға» деп,
«Қаймақ пенен тойғызамын майға» деп,
Алдағанның бірін ұқпай айла деп,
Қолдағысын бәрін берген балалық.

Заман өтіп бара жатыр желдетіп,
Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп,
Текке отырған көздің жасын көлдетіп,
Қашан кетер біздің елден балалық.

1915

СҰҢҚАР МЕН ҚАРҒАЛАР

Ішінде көп қарғаның жалғыз сұңқар
(Болғанын кім біледі қайдан душар)
Туған жер, өз жынысын, ез тұрмысын
Сағынып, қайғысы бар аңсап, сусар.

Жүрегі бөлең жүрді, бөлең есті
Осылайша бірсыпыра мезгіл кешті.
Не кетпей, қарғалармен не қосылмай,
Білмеймін сонда кіммен ерегесті!

Кінә жоқ қарғаларға талай барды,
Кіруін мәжіліске қалай барды.
Зор тойдың жазғытұрғы мезгілінде
Шақыра қарғадан бір бабай барды:

«Ей жаным, атамыз құс, жынысын. бір,
Бізде бар үлкен сауық ұлы дүбір.
Бұл тойда боқтық та көп, жемтік те көп
Батаға басыңды қос, табаққа кір»,

Ойланып сұңқар айтты: «Елші қарға,
Жақындап бермен таман келші, карға.
Басшы боп сұңқар тойын үйретер ем,
Бөлініп сені менен ел шығар ма?

Жалп етіп, қарқ етті де деді карға:
«Дегенді сұңқар тойы аузына алма.
Келмейді біздің тойдың ширегіне
Дүниеде мен көрмеген қызық бар ма?».

Бұл жолы қалды бармай тойдан аман,
Өткізді сол қалыппен біраз заман.
Бір кезде шақырусыз кіріпті өзі,
(Түбінде бәрінен де аштық жаман)

Қарғаның түсіпті әбден жүрісіне
Кім білсін шыны сол ма, күн үшін бе?
Болыпты іс пен түсі айырғысыз
Ішімен онда жұрттың жұмысы не?

БОЗ ТОРҒАЙ

Боз торғай зорлық көріп тұрымтайдан,
Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.
Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ
Қырғыйды жолықтырып көрсе қайдан.

Ағып жүр оқтай зырлап, көрмей дамыл,
Шыбындай жанын сұрап бір құдайдан,
Тілегі көздің жасы қабыл болып,
Ақыры-ақ тапты іздеп бір тоғайдан.

Томарда, келсе, қырғый бұғып отыр,
Жемсауы ыңқ-ыңқ етіп шығып отыр.
Tүpі бар бір нәрсені аңдығандай,
Орнында қозғалмастан нығып отыр.

Келді де сәлем берді төресіне,
Аз-ақ тұр шықпай жаны денесінде;
Шақты кеп тұрымтайдың мінездерін:
«Ей, тақсыр, бейбағыңды көресің бе?»

Қырғи сал торғай сөзі бітер-бітпес;
«Сабыр қыл»! деді токта ешнәрсе етпес,
Қазірде қол бос емес жұмыс қатты,
Аз күтсең жаның шықпас, күнің өтпес.»

Деген соң, торғай кетті амал бар ма?
Тұруға сөз қайтарып заман бар ма?
Қалжырап, қажып, жүдеп қайтты сорлы
Бірде ұшып, бірде қонып томарларға.

Біp жерге дем алуға бөгеледі,
Тағы ұшып ол орнынан жөнеледі,
Түбінде бір томардың бұғып жатқан
Бір кезде көзі шалды бөденені.

Бөдене қылды ишара: «мұнда кел»,— деп,—
«Ағаңның мынау жатқан жәйін көр», — деп
Мені аңдып бір жау қырғи отыр еді
Білдің бе, кетті ме екен қабар бер»,— деп.

«Жеп қойды ұстап алып жолдасымды,
Сонан соң білдім мен де онбасымды,
Білмеймін әлі күнім екі талай,
Кетіп ем қашып қорғап ез басымды».

Мұны естіп ішін тартты торғай пақыр,
Ешкімге опа бермес мынау кәпір.
Мынадан болмас сірә істің сәті
Айтайын қаршығаны тапсам ақыр.

Деп ойлап іздеп кетті қаршығаны,
Мұң шағып, ішкі шерін аршығалы.
Келдегі кеп үйректің арасынан
Шулаған қаршығалап зар шығады.

Тыңдаса бұл дауысты жақын келіп,
Әр жерде бір шүрегей жатыр өліп.
Булардың бәрін қылған бір қаршыға,
Мен мәңгі келіп жүрген бұған сеніп.

Деді де бір түкіріп ұшты аспанға,
Кәйткенде айла табам шыбын жанға,
Бұлардың бәрінен де бекзат еді,
Барайын деп ойлады лашын ханға.

Көп іздеп неше түрлі бейнет көріп,
Оны да бір мезгілде тапты келіп,
Түбінде бір теректің бекзадасы
Жеп отыр қаздың етін көкірек керіп.

«Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе?!
Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?!
Кемтарға бұлар қайтіп кек әпермек?
Құдірет көн деген соң көнеміз де.

Дағдарды осыны айтып торғай сорлы,
Жеріне барам деген барып болды.
Бүркітке құс патшасы жолығуға,
Кезіпті жер-жиһанды онды-солды.

Тапқанын бүркітті іздеп, таппағанын,
Шаққанын ішкі мұңын, шақпағанын —
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,
Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын.

ЕСКІ БОЛЫСТЫҢ ТӘУБЕСІ

Ел биледім неше жыл,
Бергеніңе мың шүкір,
Қылдым тәуба-ай, сұбықан!
«Жемқор болыс, жалмауыз!»

Деген сезді бір ауыз
Естігем жоқ халықтан.
Басқа бәле тілден ғой,
Оны халық білген ғой!

1915

У ЖЕГЕН ҚАСҚЫРҒА

Түстін бе мұндай күйге, көкжал арлан?
Жолдасқа қалай екен мынау жалған?
Кешегі дер күнінде бүйтемін, деп
Жоқ едің түсте көріп, ойға да алған.

Жерін кем шарламаған, бармай қалған,
Ісің кем ойға алмаған, болмай қалған.
Жалғызды, жарлыны да, қимасты да
Ер едің көмекейге бүктеп салған.

Ертегі, мысалда да, аңызда да
Жоқ еді сені осал, деп құлақ шалған.
Дәурен ғой оның бәрі артта қалған,
Енді оның сеп болмасын көзің шалған.

Әлсіреп, аяғыңды санап басып,
Иенді кезін осы шын ойға алған.
Жүз күрсін, мың тәубе қыл жұмыс өтті,
Қу құлқын мұндай халге сені салған.

Қашаннан жегеніңнің бәрін құстың,
Қанеки, сол құлқыннан көрген пайдаң!
Не елде, не өзінде ризалық жоқ,
Обалға, өкінішке, сорлы-ау, қалған!

ТОТЫFА

Көңіл а шар тотымсың,
Жайнаған шоқ отымсың,
Кең дүниені көре алмай,
Тар қапаста отырсың.

Еліктеуің болмаса,
Өз сарайың соқырсың
Соның үшін карға боп,
Босансаң боқ шоқырсың.

Мәз боп жүрміз жүніңе,
Көз салмастан көңіліңе,
Кім нені айтса соны айтып,
Ерін қаққан үніңе.

Мақалдаған мақтау сөз
Жетпей қоймас түбіңе,
Шын сұрасам, бересің
Күндізіңді түніңе.

Бұлбұл көрсең бұлбұлсың,
Дүлдүл көрсең дүлдүлсің,
Қашан көрсе түрленіп,
Толықсыған бір гүлсің.

Тоқсан екі құйқылжып,
Ойнақшыған құрғырсың.
Кім көрсетсе мініңді...
Бас изерсің шұлғырсың.

Өзің тан боп өзіне,
Бір сөйлеген сөзіне
Баса-көктеп барасың.
Жан көрінбей көзіне

Бір түсіп кет шындықтың,
Таразылы тезіне.
Бұлбұл көріп құсысың,
Заңғар көріп шоқысын,

Білмей таң боп отырсын,
Алтыны ма, жезі ме...

ӨГЕЙ ҰЛ

Інісі өліп бір байдың,
Жазуы деп құдайдың,
Некеленді келінге.
Қалды ініден жалғыз ұл,

Өз ұлынан кем бе бұл,
Игілігін көруге?
Өсті бала ер жетті,
Байдан қайғы шер кетті

Жалшы іздеуге алыстан.
Неткен бала жұмыскер
Ертеңді-кеш ағып тер
Шаруамен алысқан.

Күндіз демей, түн демей,
Қабақ шытпай, үндемей

- Етті қызмет көп заман.

Өзі айтуға ұялып,
Жүрді кейде сөз салып;
«Қыз айттырсын,— деп,— маған».
«Жаз өсед, күз алым көп,

Я жыл шықсын малым деп»,
Шаруа келмей ыңғайға.
Неше қабат оқталды,
Жөні желмей тоқталды,

Кінә қайсы бұл байға?
Күннің боран кезі еді,
Ақшұнақтың езі еді.
Сонда бала жылқыда.

Ашылатын боран жоқ,
Бір жұмадан оған жоқ
Жылы тамақ, ұйқы да.
Бір мезгіл күн ашылды,

Қойды, боран басылды.
Бала да кеп қосына,
Тынығуға жантайды,
Күнде тоңып, шаршайды

Бір дем алыс болсын да!
Оянған соң, тұруға,
Ойласа малға шығуға,
Қозғалтпайды денесі.

Сол қабырға, жоны да,
Бір аяқ, бір қолы да
Сіресіп кеткен о несі?
Сонан былай оқалмай,

Бір саулық, күн бола алмай,
Айналды бала сырқатқа.
Апшымай-ақ, саспай-ақ,
Жарты жылдан аспай-ақ

Бетін бұрды лақатқа.
Бай шақырып дос-жарын,
Айтып жөнін, жоспарын
Ақылдасты, кеңесті.

Қыз айттырмай балаға,
Қалмалық деп жалаға,
Қаулы қылды, «е» десті.
Түстен соңғы тілеумен,

Құда болып біреумен,
Естіртті кеп балаға.
Қуанбайтын түрі жоқ,
Бар айыбы тілі жоқ,

Қол сермеді бала да.
Атқарылып қарыздан,
Мойнындағы парыздан,
Жағасы жайлау бай қалды

Ырзалық деп қол сермеу,
Сол ма, жоқ па ол сермеу
Кім тексерсін жәй-халді?

ЕКІ БАСТА

Күн ашық — танадай бұлт аспанда жоқ.
Өткен күн алты қырдан ассаң, да жоқ.
Су ішіп өрген жылқы, шулаған қой,
Көзіңді бадырайтып ашсаң да жоқ.

Қотанда ақ таяқты ақсақалды
Көруге бар ақшаңды шашсаң, да жоқ.
Бас қосқан көгал жерге мәжілістер,
Ентелеп аяғыңды бассаң да жоқ.

Ауқаулап сиыр сауған әйел даусы,
Дәл бүгін атсаң да жоқ, шапсаң да жоқ.
Завод тұр кек түтіні аспанға өрлеп,
Отырсың шайға қанбай көзің терлеп.

Қасаптан арқан бойы ет алуға
Ерініп бір-біріне «әкеп бер» деп,
Тамаққа тапқан табыс жетпейтін боп,
Айтқан көп елге сәлем «ас жібер» деп.

Күшіктей жұртта қалған дыбыс тыңдап,
Екі көз төртеу болды «кім келер?» деп.
Жолдастар, уайымға берілмейік!»
Деп бірі, біреуіне қайрат бермек,

Ақырда әр нәрсеге сабыр артық,
Әзелде, хақ жазғанын пенде көрмек.
Елде көп от арбамен ағылғандар,
Сандалып ақылынан жаңылғандар.

Қай жерде жөнді жұмыс кез келер деп,
Сартылдап, ертенді-кеш сабылғандар.
Жұмысқа ылайығы кетіп жатыр,
Жөні кеп жұмыс-бейнет табылғандар,

Далада күрке жетпей күнсіп отыр,
Киімі боқжамалап таңылғандар.
«Не көрдің, не естідің, не білдің» деп,
Сұрап жүр, бір-бірінен аңырғандар.

1916

ҚАЙРАН АТАМ

Қайран атам, дидарыңды көре алмай,
Сүйеп басын., қолдан сусын бере алмай,
Еңбегіңнің мыңнан бірін өтемей,
Арманда боп отыр балаң өле алмай.

Еркелетіп тәрбиелеп өсірген
Бір мен үшін жанған отқа шешінген,
Естігенде іштен ойлап халіңді,
Диуана боп айрыламын есімнен.

Ғылым біл деп, ойдан қырға сүйреген
Қарағым деп, бейнет көрген, күйреген
Арын сатып, жанын қинап мал тауып
Сен көгер деп, бүтін көйлек кимеген.

Сіз жатқанда сол секілді күйменен
Батпай асым жүрегімді түйнеген.
Арман қалды өміріме жетерлік,
Бір көре алмай өтіп кетсем дүниеден.

Тағдыр байлап тырп еткізбей таңып тұр
Жан-жағымнан жеті тамұқ жанып тұр,
Жебірейіл жер тамырын созғандай,
Түстік сапар жылдық жолға қалып тұр.

Баласы үшін жанын қыяр бар ата,
Бірақ, сіздей бола бермес әр ата.
Басқаларға бір тыйынға керексіз
Өзім үшін мүмкін сомдық жан ата.

Не шара бар жазу солай болған соң
Ол дүниеде назар салып, құлым деп,
Жаппар ием сапарыңды одғарсың!

БОСТАНДЫҚ

Тілекті бүгін хақтың берген күні,
Көл дария көздің жасын көрген күні,
Талайдың тіршіліктен қол сермеген,
Қайғысын тас-талқан ғып бөлген күні.

Жаз шығып, бір сағатта күркіреп күн,
Тырбаңдап тайша-торпақ өрген күні.
Құл болған екі аяқты айуандардың,
Қатарға адам болып енген күні.

Ғаламға аузын ашқан айдаһардың,
Мерт болып мақсатының өлген күні.
Ақ деп қан, шаһыйт деп жан, өлсек енді,
Шын басын әлеуметті берген күні.

Алланың азат құлы екеніне,
Әркімнің көзі жетіп сенген күні.
Теңдестік, адамшылдық, құрдастықтың,
Алдына мойын сұнып келген күні.

Бостандық өмір сүріп, өшсін құлдық,
Деп жұрттың мойын созып төнген күні.
Ә, құдай! Ұзағыңнан жаза көр деп,
Іркіліп көзге жастың келген күні.

1917

КІДІ ДОСҚА

Меншіктетіп бойыңды,
Бөлшектедің ойыңды.
Кешегі бар ыржағың
Неге бүгін қойылды?

Қылт еткенге, сылт етіп,
Күжірейттің мойынды.
Қашанғы айтып жағармын,
Көк қасқамды, қойымды?

Қалдырмайсың, қалтаңнан,
Зіл қорғасын шойынды.
Ақ бәтестей сыртың бар,
Ішің кесте оюлы.

Әділ сотты ұмытпа,
Ойлап құлқын тоюды.
Жау жағынан жылт етіп ,
Салсаң басқа сойылды.

1917

КЕМШІЛІКТЕ

Тағдырда жазған соң, алла,
Мен түстім мынадай халға...
Етерлік жәрдемің бар ма,
Жақындап жанассаң нетер?

Талай күн жүріп ек бірге,
Талай бір кіріп ек түрге.
Тұрғанда мен мұндай күйде,
Қайрылып қарасан, нетер?

Дос айтар: «сөзің жөн, тамыр!
Жәрдемді көресің тәуір,
Жәй күнде ең мінезің ауыр,
Сондайды санассаң нетер?

Жоқ болса зорлығың қылған,
Зор болып, қорлығың қылған.
Өкпені орны бұл қылған,
Сонда көп талассаң нетер?

1917

ӨЛІМГЕ

Қартаймайтын, қалмайтын, бабай өлім,
Бар ма, сірә, біреуді аяр жерің?
Сен катысқан жұмысқа қарсы келіп,
Ауыз ашар адам жоқ, қозғап ерін.

Келдің, болды: бөгетсіз жөнеледі.
Қатын, бала қалдырып, мүлкін, жерін.
Жан біткеннің бәріне біреу болсаң,
Қайдан ғана келеді шамаң сенің.

Ешкімді алмай қоймайтын әділ болсаң,
Кезегіңнен адасып жынды ма едің?
Залым деймін, қар деймін, жек көремін
Қас боп, қашан мезгілсіз келуші едің.

Ал, кел-ақ қой, ала-ақ қой ерегессең,
Неге тұлға тірі қап болушы едім?
Тән мен жанды белесің бітіргенің,
Мен өлгенмен өлмейді ісім менің,

Жоқ қылуға шамасы келмеген соң,
Бұл бейнеттің білмеймін неге себін?

1918

КӘРІ БАТЫРFA

Айналдырып қараймын,
Қартайыпсың, бабайым,
Сенің қылған ісіңнің
Қайсыбірін жазайын?

Қарсы келген дұшпанның
Қираттың-ау талайын,
Бердің білем сазайын.
Мынау бүкір қолыңнан,

Талай қастар сойылған,
Талай бастар жойылған.
Мынау төбең сойылдан,
Күні бар ма еді ойылғаң,

Сол күндегі қимылың,
Кетті ме екен ойыңнан?
Талай шапты ту алып,
Қанға қанжар суарып,

Оттай жанған кезіңнің,
Қалғаны ма суалып?
Сақал, шашың қуарып.
Талай тізең батқандар,

Күліп жүр-ау қуанып.
Жаудың шығып шетіне,
Жара түспей етіңе,
Қайтқандағы лепіре,

Жақ, қалқаның, дулығаң
Бар ма найзаң есінде?
Елі-жұртың, шуласа,
Сырға салса буласа,

Енді ол күнің қайту жоқ,
Маған десе мың жаса.
Иең жәрдем қылмаса,
Қой, қош, батыр, аман бол,

Тартып бір ұл тумасаң

АБАЙFA

Бәрі бала жас еді,
Бәрі ұйқыда мас еді
Барлық қазақ баласы.
Сонда ішінен жарқ етіп,

Ақыл ойын сарп етіп,
Жөн бастаған данасы!
Қидың басты соңыңа
Сол бастаған жолыңа!

Ойладың да, барладың,
Жыладық да, зарладың,
Елдің жайын көрген соң,
Жолдас таппай ісінде

Арман кетті ішінде:
Ерте туып, өлген соқ
Жоқ, өкінбе, тірісін,
Жазғы алаштың күнісің

Қараңғыда туып ең,
Қара бетті жуып ең.
Таба қылмай дұшпанға
Қолға ұстаған туымыз,

Қанат, құйрық бойымыз.
Қонғанда да, ұшқанда,
Құрмет етіп затыңды,
Бетке ұстаймыз атыңды.

ҚАУЛЫ

Жұрт тығыз, терлеп отыр ыстық үйде,
Желпініскен ағытып, тана-түйме.
Бай да бар, шешен де бар, көсем де бар,
Мес кеуде, толып отыр тоқпақ шүйде.

Біреу сөз инабатты бастап отыр,
(Сірә бір игілікті қостап отыр)
Халық үшін қарайғанын құрбан қылып,
«Кел, ер» деп дос-жаранға қақсап отыр.

Бұрыннан әңгіме еді ойда жүрген
Айтылып талай жиын тойда жүрген.
Жарайды әлде болса кештік қылмас,
Қайратын жұрт жұмсасын бойда жүрген.

Ұят та, басқалардан қалғанымыз,
Далаға кетпес бұған салғанымыз
Бай малын, батыр күшін аямасын
Ендігі осы болсын арманымыз».

«Пәле-ай!» деп, шұлғып отыр оған жұрты,
Бәрінің ауған білем солай мұрты.
Басшының айтқанынан шықпайтұғын
Бұл елдің болса керек сондай ғұрпы.

Мынау бай, айыру жоқ, анау кедей,
Бұл найман алалық жоқ, анау керей,
Бөрі де шамасынша салмақ болды,
Ат демей, атан демей, ақша демей.

Қаулыдан көрінбейді қалатындар,
Бәрі де өлімге айда, баратындар,
Қалса да жалғыз өзі қайтар емес,
Жоқ болса көк шолағын салатындар.

Сонымен жұрт тарасты асын ішіп,
Таң атса таз қалыпқа қалған түсіп.
Қаулыны күнде-күнде жасайтұғын
Ет қайда қазан-қазан тұрған пісіп.

Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды,
Халықта өкпе бар ма аузына алды.
Еттің де, халықтық да еркені өссін,
Ермектік бір әңгіме болды, қалды.

ЖАРЫҚ АҒАШ

Таңертең жел күшейді күнмен талас,
Соғып ет түнімен де қар аралас.
Қотанда оқшауырақ тұрушы еді
Ескілеу ат байлайтын жуан ағаш.

Кескенде балта құрғыр өтпеді ме?
Әлде аял Мәркеш жалшы етпеді ме?
Білмеймін, әйтеуір, бір жарығы бар,
Күннің, жеп, тозығының жеткені ме?

Көріп жүр ол жарықты талай кісі,
Абайлап онымен бар, кімнің ісі,
Ағаштың жарығы аз ба, ағаш аз ба?
Емес пе оны ескеру жынның ісі.

Туғаннан дүние кезген жолаушы жел,
Болмаған жанға қонақ, ешкіммен ел,
Ағашқа анадайдан зулап келіп,
Құшақтап, сәлем берді өскендей тел.

Сәлемін қабыл алып желдің, ағаш,
Елжіреп жібігендей жүрегі тас.
Өкіріп қоя берді «ой бауырымдап»,
«Зарымды тыңдап кетші, жолыңа бас!»

Мекенім, қалың елім-сар тоғайдың,
Ішінде бір ерке едім бар тоғайдық,
Өткенде әрлі-берлі өзің дағы
Көруші ен, шет жағасын біздің жайдың.

Көк өрім не сияқты қасымда еді,
Бұтақтар неше түрлі басымда еді.
Судырлап, әр бұтақта желкілдеген
Жас еді жапырақтарым, жасыл да еді.

Гүл шыққан алуан түрлі көлеміме,
Ойлаушы ем патшамын ба, төремін бе.
Ән салған не сияқты жыршы құстың,
Нешелер қосылып ем өлеңіне.

Болған жоқ жанға қылар зарар меңде
Тынығып әлденеше көлеңкемде.
Мәз болған бұтағымды ап адам досым
Бүгінде неғып отыр көресің бе?

Қиратты дәуренімді, бағымды алды,
Шуылдап, бұтақтарым жетім қалды.
Мәз болып жарқыратып дей алмаймын.
Балтадан мына жерім аман қалды.

Мен көрдім талай соққы, талай тепкі,
Жазықсыз нелер боқтық еттен өтті.
Көргенде аза бойым тік тұрады,
Жексұрын жерден шыққан кек жендетті.

Көтерген нелер көңіл досым, желім.
Кеткені-ақ қияметке кегім менің,
Өзімді не қылайын, өтті күнім...
Аман ба тек соны айтшы, қайран өлімі

СОВЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ӨЛЕҢДЕРІ

ЛЕНИННІҢ СУРЕТІНЕ

(Полетаевтан аударма)
Көрінген жоқ Лениннің
Суреті де, ұқсасы.
Келешек талай өмірдің

Келтірмесе ұстасы.
Баста қайнап тамырда
Ойнаған зор әлемнің
Әлі жоқ жәйін жазуға

Бояғыш, сызғыш қаламның.
Өмірді сансыз болжаған,
Көздің жетіп сырына
Бейнелейтін қандай жан

Мүлтіксіз жетіп сынына.

1924

ҰМЫТЫЛМАС

(Ленинге арнап)
Ақылсыз ем анамды айқын кермеген,
Аузым жарып, ақ көкірегін кермеген.
Арманда едім, әлсіз едім, жас едім,

Етек тартып әке артынан ермеген.
Ақ бауырсаққа алақаным бір толмай,
Қайда барсам босағаны бермеп ем.
«Жоғал арман, не бар саған, шық үйден»

Бірдей еді: «айналайын кел» менен.»
Ақ күнімде, пак күнімде жақсылық
Адам түгіл, құдайдан да көрмеп ем.
Қайғы-қасірет жүрегімді-кернеген,

Мезгілімде өмірден қол сермеген,
Дауыс шықты, білмеуші едім иесін:
«Құтқарамын, сорлы, қолың бер!» деген.
Бердім, кердім: қайда жетім өзімдей,

Жетіліпті билігінде төр деген.
Енді сорлы ол дауысқа ермеген,
Енді соқыр оның туын көрмеген,
Құтқарушы, қолын сұрап, сорлыны,

Кетсе де өзі, кетпес үні кеудеден.

1924

КӨСЕМГЕ

Өлгеніңді білді ғалам,
Туғаныңды қанша жан...
Тумағанда сен анадан,
Сарғаяр ма ед күткен таң.

Өлгеніңе қайғырды көп,
Туғаныңа қуанды аз,
Туғандығың жемісін жеп,
Қайғың кетер, шығар жаз.

Құлдықта өткен талай өмір,
Бүйтіп күліп, қарар ма ед?
Кім біледі бұғау темір
Мойында ұзақ қалар ма ед?

Бәрі жақын, бәрі таныс,
Барлық сорлы дүниеде.
Зор қуаныш — үлкен табыс
Келгендігің дүниеге.

1924

АТЫЛҒАНДАРҒА

(Лена уақиғасына арнап)
Тіледің деп,
Тірегің деп,
Жауған оқтар басыңнан,

Сарқырап қан,
Шырқырап жан
Адам баспай қасыңнан,
Қаза тапқан күндерің,

Жетті әлемге үндерің.
Сансыз сорлы,
Қапа болды,
Апатыңа кектеніп,

Он екі жыл
Міне биыл,
Күңіренеміз ескеріп,
Азаланды қандарың,

Тазаланар жандарын.
Айлар, жылдар —
Айлар, жылдар.
Тізбектелер, жалғанар,

Күңдер, құлдар,
Жетім, тұлдар
Дүниені алар, малданар
Сонда аттарың жат болар,

Рухтарын шат болар.

1924

БІР КОММУНИСТІҢ ҚАБЫР ТАСЫНА

Жолдастарым!
Денем топырақ
Болар, бірақ,
Жан-тілегім өлмейді,

Сендерді бақ
Әмбеге ортақ
Қылмайды, деп сенбейді.
Тигіз енбек панасын,

Жоғалт залым қарасын!

1924

БІРІНШІ МАЙ

Бейнетқордың, шыбын жаны қиналған,
Отансыздың, шаруа сәні қиралған.
Жер жүзінен бір тілекпен, бір бетпен
Күні бүгін басын қосқан жиналған.

Жиналғанда олар нені тіледі,
Кімге өшікті, неге соқты жүрегі?
«Өлсін құлдық, тусын тендік үйде, істе»
Деу болып ед тілегінің тірегі.

Кейде ол тілек қаққы көріп жүр еді,
(Кім күдерін, оған мойып үзеді).
Мезгіл жетіп қыял шынға айналып,
Деген осы тілек бетін түзеді.

Әлі талай артта қалған мешеулер,
Бейнеттенер, бөгет көрер, кешеулер.
Тілек уәде, өмір қосып бастарын,
Қор тұрмыстың қоламтасын көсеулер.

Қуанбайды сорлы құлдар жәй бүгін,
Қылатын күн төрт құбыласын сай бүгін.
Рақат бірдей, бейнет бірдей, жан бірдей,
Дегізетін дәл бірінші май бүгін.

1924

КІM HE ОЙЛАЙДЫ

Мал қазіргі тоғын ойлайды,
Иесі оның жоғын ойлайды.
Текті әкесін тірілтем деп,
Кекті тиген оғын ойлайды.

Бәленше екем елін ойлайды,
Жетім елден кемін ойлайды.
Ит боқ үшін қасқырға үріп,
Қасқыр жейтін жемін ойлайды.

Сәрсембай жаз егін ойлайды,
Қыс малынын, шөбін ойлайды.
Сөйтіп жүріп қартаяд та,
Қартайған соң елім ойлайды.

Бәйбіше май, құртын ойлайды,
Бай жиырманың қырқын ойлайды.
Жолды ақсақал сөз сөйлесе,
Атамыздың ғұрпын ойлайды.

Тасқара үйде тамақ ойлайды,
Жас мектепте сабақ ойлайды.
Білген сайын білсем-ау деп,
Күннен күнге талап ойлайды.

Оқып болса, анықты ойлайды,
Бұрын-соқты қалыпты ойлайды.
Адам болып адамшылық,
Жарықты ойлайды, халықты ойлайды.

ТӨРТІНШІ ОКТЯБРЬ

Қазақ, кеше қай кейіпте өсіп ең?
Нені көксеп, кімнің, қамын жесіп ең?
Сорлы кедей қашан басын, көтеріп,
Оттай шалқып қашан желдей есіп ең?

Бағың түгіл, өзіңдікі болып жат
Қара басың, ішер асық несібең.
Октябрьдің бүгін төрті екенін
Білемісің қымбат бізге несімен?

Тарих үшін шығып барлық үніміз,
Ең алғашқы шешек атып гүліміз.
Адамшылық кемесіне аяқ сап,
Aт шаптырып отау тіктік бүгін біз.

Біз де бүгін еңбек туын көтердік,
Ұранды ұстап бар ғаламға жетерлік.
Алалықсыз тереземіз теңеліп,
Біз де бүгін маңыздандық, жөнелдік.

Еңбек өлмес, еңбекшілер гүлденер,
Еңбек ортақ, «бақ ортақ» қа жұрт көнер,
Сонда біздің, бұл «4 октябрь»
Қатарына белгілі күн бірге енер.

1924

AЛТЫ ЖЫЛДА

Жараланған жүректер,
Жалбарынған тілектер,
Бірі де қабыл бола алмай,
Ланет, қарғыс, сілеттер

Мәңгі мінген мойнына
Бай, патшалар «құдіреттер»
Өмірде көрген қызығы
Қайла, балға, күректер

ІІІыдамай ақыр бұлқынып
Бейнетке піскен білектер
Қолеткені2 быт-шыт қып,
Құлдықтан шықты көк еттер.

Көк еттен туған бөбектер
(Бесіктен сорған коректер)
Олар да шулап, қуанып,
Үлкеннен қалмай дедектер:

Шын азаттық азат жас,
Орнатуға қосып бас.
(Жалшылар жылдық билігі
Кезінде катер — жанталас).

Міне Октябрь, алты жыл,
Салған түңғыш ірге тас.
Не қуаныш, нендей бақ
Келешек буын баққа ортақ.

Жасасын жастар бірлігі,
Жетілсін, жетсін сорлы тап!

1924

ТАРИХ ТАҢЫ

(25 октябрь)
Сасықта сансыз құрттай быж-быж қайнап,
Біреуге мың өлім мен өмір сайлап,
Жасаған миллиондаған сорлы құлды

Жаны ашып, көз салушы ед кім абайлап.
Бейнетқор бейнет үшін туады деп,
Ұқты жұрт «құдай солай қылады» деп.
Идеалист адам түгіл айуан сүйгіш

Айтып па ед оларға күн туады деп.
Күн өтті, бақ азайды, сор көбейді,
Сор мыңда, бақ біреуде зор көмейлі.
«Мұндас,— деп,— айлас қатын» сорлы біткен,

Қайғыға, қан жұтуға қор көбейді.
«Әйтеуір, бізге өзге жоқ бір өлімнен,
Бұлайша өлім артық жүрген күннен».
Дегендей көз қызарды, жанталасты,

«Тұрайық бұл дүниеде не сен, не мен».
Ашынған ащы дауыс аспанға асты,
Айғайға шерлі біткен араласты.
Ойран қып қор өмірдің қорын төгіп,

Октябрь — тарих тақы сәуле шашты.
Бұл тарих кімге арнаулы, таң кімдікі?
Әрине бейнетқор мен жарлыныкі.
Деген сөз дәуренімен ғайып болды:

«Байдікі», «патшанікі», «тәңірімдікі».

КОМСОМОЛДЫҢ АЙТЫ

Жолдас болып біз барлық жастарға,
Бір бетте бірге өмір сүреміз;
Толтырып білімді бастарға
Ескіден күдер үземіз.

Ораза, намазды, тарауық
Жинадық байларға бергелі
Жетер де айлалы жол тауып
Сорлыны алдай бергені.

Дін демек, бағынбақ, шұлғымақ
Құдайға, патшаға, байға.
Кедейді шайнамай қылғымақ
Құдай деп патша да, бай да.

Білеміз алданып, жалданып
Сопының, молданың қылғанын.
Елді алдап ақша да, мал да алып,
Аузынан ағызған жындарын.

Бостандық, теңдікпен біздің айт
Таянған еңбек пен білімге.
Ешуақыт алдамайд, жоламайд
Бізге енді бір молда, бір дін де.

1924

БАҚ ҚҰСЫНА

Жай, жай қанатың,
Көлеңкең түссін басыма.
Қатты дауыста, Қандыр мейірім,
Анық сайра ашыла.

Ұйқы бөлдің,
Ықылас бердім,
Қон деп келдім.
Айнал дағы қасыма!

Шырқа үніңді
Тоқсан түрлі,
Шерлі, мұңды көкірек
Дертін жазсын,

Судай тассын,
Саулай бассын — не керек!
Табысыңа, дауысыңа
Жан қалмады таң қалмай,

Түнде сайра,
Күнде сайра,
Қалғымасын аңғармай.
Дегенде елдім

Сені көрдім,
Сендім, сендім мен мәңгі...
Дауысыңнан,
Жарысыңнан,

Табысыңнан
Дән татпаған ек мәңгі.

1924

«ТІЛШІ» ГАЗЕТІНЕ

(2 жылдығына арнап)
Ат қойғандар «Тілші» деп,
«Туа сөйлей білші» деп,
Әлпештеді, шақырды

«Еңбектеші, жүрші» деп.
Жұтта туып, қарда өсіп,
Үлкендермен қам жесіп.
Құттықтаймыз, мақтаймыз,

Келгеніңді ілесіп.
Әлди, әлди, бөпеміз,
Алдыңнан тәуе етеміз.
(Шылқылдап тұр, елемей,

Қай бір біздің шекеміз).
Туғаныңа екі жыл,
Ойна да ойла, талап қыл!
Ай санап өс, күн санап,

Надандықты харап қыл!
Ауырсақ бірге ауырған,
Қайғыланған аһ ұрған,
Өссең, апаңды ескере өс,

Қараңғы түнді жамылған.

1924

«АУЫЛДЫҢ» ЖЫЛДЫҒЫНА

Мал баққан, егін салған, шаруа қуған
Бейнетке аңқау кедей белін буған
Бай, молда, ұры, қары, сұмырай, сұмға
Анадан секілденіп арнап туған.

Көруге, дыбыстауға дәрмені жоқ
Малға ұсап, кезін байлап, аузын буған.
Қайнаған қараңғылық түк көрсетпей
Айнала желбендеген қызыл тудан

Тұрғанда жуас ауыл жуасуда
Қамқоры «Ауыл» атты ұлы туған.
Мінеки, жыл болды «Ауыл» туған.
Ол туып надандыққа дауыл туған

Ал, «Ауыл», ауылыңның ұранына ер
Еңбекшіл дүниедегі бауыр туған.

1924

«ҚАЗАҚ TІЛІHE»

Бостандық қожалығын еңбекшілдің
Қорғауға қолдан келген еңбек қылдың.
Сорлының қайда езілген жоғын жоқтап,
Зарладық дәуірінде сен бес жылдың.

Қазақта кілең, сорлы қазақ тілі,
Хал-жәйі, қайғы-мұңы ғазап тілі.
Өткірді келемеждеп, кекеп күліп,
Қайғысыз тамағы тоқ қазақ мұны.

Қараңғы қалың орман түнмен кештің,
Сақара, жан жүрмеген кұммен кештің
Советтің, саясында қалдың қағып,
Қатерлі жазым болар күннен кештің.

Бес жылдай зарлағанда тынбай жағың,
Тігерлік болды кедей қос құлағын.
Бықсытып бейнетпенен жылтыратқан,
Жынды ма өзі өшіріп, өз шырағын?

Бұл шырақ өшпек түгіл, лаулап жанар,
Шақ келмес жарығына миллион фонарь.
Бұл күнгі талай құлдар, талай күңдер
Ұзамас қатарға енер мазаттанар.

1924

ЖАЗҒЫТҰРЫ ЖАР БАСЫНДА

(Семейде)
Он түгіл, он бірден де асты сағат,
Күн бүгін мейрімді өзі, әуесі шат.
Көшенің дені дегдіп, күн мүлгіп тұр,

Жүрмеуге енді нағып шыдасын дәт...
Шұбырған ерсіл-қарсыл аяңшылар
Бәрінін, барар жері таяу шығар?
Нешелер желбегейлер күнді алдап жүр,

Көбіне-ақ жаз болары аян шығар.
Қар суы жардан ағып күр-күр, сыр-сыр.
Кіріп жүрміз қойнына күлдір-сылдыр.
Тас атпай суға шалп-шұлп, мұзға сарт-сұрт,

Мұндайда тыйыш жүрер ме балалар құр.
Тұншығып жазғы әуені сағынған жұрт,
Жар асты, үстінде де ағылған жұрт,
Қылтыйып киіп жазғы киімдерін,

Серпіліп етек-жеңін қағынған жұрт.
Кейбір тон, тымақ пенен куә боп жүр,
Біз кеше ақсақалға бағынған жұрт,
Әне атты, міне жаяу, түйе, арбалы,

Деп таң боп суға қарап ақырған жұрт.
Осынша жыртық мұздан қорықпайтын,
Япырмай, мұндай бассыз нағылған жұрт?
Бәрі есті жар басында тұрғандардың,

Мұздағы бейне есінен жаңылған жұрт.
Өзекке өзен түгіл жолар ма екен,
Қажеті өз үйінен табылған жұрт?
Қысқасы үлкен-кіші, бақты, сорлы,

Бәрі де бүгін жарға жабылған жұрт.

ТЕМІРГЕ

Қолдан туып,
Мұздай суып,
Қабағыңнан қар жауды,
Қан сел қылып,

Қойдай қырып
Салдың, бетін, кімге ауды
Сонша жанның,
Дария қанның,

Білуші ме ең жазасын?
Тек қырдық ба,
Деп қылдың ба
Сен жазадан тазасың?

Топырақ, тастан,
Балшық ыластан
Болдың неғып мүсіндей?
Кіммен келдің,

Кімдерге ердің
Жүрсің әлі түсінбей,
Ұйқы бұзып,
Рахат қызық

Арам болып өмірге,
Ауру, аштық — Қарамастың,
Бір сен үшін өлімге.
Сөйтіп тапқан,

Тақылдатқан,
Білесің бе кім еді?
Жауын терлі,
Жауыр белді,

Қаратабан құл еді.
Зындан жерде,
Үңгір көрде,
Құшақтаған досыңды,

Қан қылғаның,
Даң қылғаның
Асықпасаң тосулы.
Жасын тыйып,

Есін жиып
Иең түгел қарманар,
Өлім құрсын,
Өмір үшін

Пайдаланар, малданар

CYЛЕЙМЕННІҢ НАНУЫ

Сүлеймен бай газет десе,
Газет елге қажет десе,
Тыңдамайтын, жиырылатын,
Айтылса да әлденеше.

Оқымайтын, алмайтұғын,
Газет шын деп нанбайтұғын,
Қу тілшінің күні бар ма,
Көз көргенін жазбайтұғын.

Сүкең биыл тоқал алған,
Асып емес малы бардан,
Бала үшін ед, оны білмей,
Бір сұмырай дереу жазған.

Газет шықты, Сүкең састы:
«Ой, алдам-ай,— деп,— кім басты?»
Ойға шауып, қырға шауып,
Дос-жаранға ақылдасты.

Жауап жазды ақылдасып,
Осы дұрыс, мақұлдасып.
Өзеурейді, өтінеді
Шығар ма деп газет басып.

Сүке-ау, газет неғып алдық,
Өтірікке қалай нандық?
Кім нанад деп жауап жазып,
Неғып мұнша естен тандың?

1924

«ЕЛШІЛГЕ»

«Елім» деп ең,
Еңіреп ең,
Елге бар ма ед бергенің?
Қақсағанда,

Бастағанда,
Алмақ па едің бермегін?
Ел баласы,
Бел баласы,

Болғандығың шын ба еді?
Жұққан мерез,
Не келемеж,
Не бір мұңдысын ба еді?

Елдің елі,
Ердің ері
Елің де емес, сен де емес.
Бақпай бақты,

Баспалдақты
Бақылаған мен де емес.
Бұлдырай бер,
Құлдырай бер

Сүйретілер ел жасар.
Барып-барып,
Бабай тарих,
Кім не түсті, перде ашар.

1924

ЖАЛДАМА САНДУҒАШ

Жылағанды уатқан,
Қайғырғанды жұбатқан,
Қатыбасты иілмес
Бойсындырған, құлатқан.

Тас жүректі жібімес
Қайғылы жерде жылатқан,
Естігем жоқ, көргем жоқ,
Саған жанды мін таққан

Сезімі жоқ, ойы жоқ,
Арманы жоқ, тойы жоқ,
Болмаса қас жын қаққан.
Жарасын жаншып жанымның,

Былғаған бетін арымның
Дерлік халге жеткенде,
«Шайнасам басын залымның»
Айрылыппын ашудан,

Буына мас боп әніңнің
Жырлайсың сонда кім үшін,
Қай сорлының мұңы үшін?
Зарлымысың сен әлде,

Дүние толған мін үшін?
Қинаймысың жаныңды,
Бір ақиқат шын үшін?
Сен — табиғат гүлісің,

Сақау сырдың, тілісің.
Сенің де күнің құрысын
Сен де өңештің, құлысың

ШОШҚА МЕН САУДАГЕР

Шықты тысқа бай-батша
Шашы, мұрты күзелген,
Жалт-жұлт қарап жан-жаққа,
Ішкен бе әлде бір жерден.

Көзі түсті кешікпей
Боқтық қазған шошқаға.
Қояр емес өшікпей
Шошқа түгіл басқаға.

Боқтығын жеп жай тұрған
Сорлыға ұрсып жатты ақыр.
«Мынаны жейді ант ұрған,
Өй, лағнет, нас кәпір!

Жер дүниенің боқтығы
Осы арада үйілген.
Адалдығың, жоқтығы —
Осы ғой жұрт түңілген!»

Қорс етті де тіл бітіп,
Керемет пе, сыйқыр ма!?
Деді шошқа: «бос қыртып,
Боқ қарыным, құтырма!

Өзіме адал жегенім,—
Ақысы емес адамның.
Сенің адал дегенің —
Нақ әкесі арамның.

Онға сатып, бірге алып,
Бейшараны тонайсың.
Байып алып, ырғалып,
Ақ малым деп борайсың.

Адал ма екен безгендік
Рақымнан, нысаптан?
Кем-мұқтажды езгендік,
Кешіле ме мал тапсаң?»

БӨШКЕНІҢ ЗАРЫ

Су-су, гу-гу,
Ертенді-кеш желдетіп.
Суда қайық,
Ойда орманды тербетіп,

Көлді шайқап,
Шөпті жайқап, жалақтап,
Елге келді,
Екпіндетіп жел жетіп:

Ал биледі
Түндік біткен қопақтап,
Жүгіріп жүр
Қаны қашып

Қатын-қалаш қоқақтап,
Бәрі әбігер
Бастырып жүр тартып жүр
Желбау бұрап,

Бақан тіреп шоқақтап.
Сілкіп-сілкіп
Баяулатып, зуылдап,
Топ еткізіп

Сасқандары шуылдап,
Бостанбайдың даладағы
Бос тұрған,
Көк бөшкесін

Тауып алды ызыңдап.
Бұл екі айдан
Бос тұратын бөшке еді,
Мұнын, заты

Демесе ағаш есті еді,
Шақты желге
Бостанбайдың зорлығын

С. Дөнентаевтың 1935 жылғы жинағының сыртқы беті.
Кім біледі не себептен кешпеді)
Төрт жыл болды
Бостанбайға келгелі

Іркіт еді
Содан бері бергені.
Екі ай болды
Оның өзін тоқтатты,

Әкесін мен —
Өлтіргендей көрдегі!
«Партияға» беріп жатыр сиырды,
Құрандасып,

Бауыр қылып қиырды,
Кеше үш сиыр
Тағы айдатып қалыңға,
Мені мұнда бос қоюға бұйырды,

Деп күңіренді
Ішін тартып көк бөшке!
Бұл халымды
Алар екен кім еске?

Жел қарағым!
Кеп жүруші ең ел кезіп,
Сотқа айта кет
«Берер ме екен пәвеске».

ДРАМАШЫҒА

Драма ма, құрама ма,
Сөз осылай құрала ма?
Сен жазушы болса екен деп,
Өмір бетін бұра ала ма?

Ағаң менен апаң сөзі,
Барлық сөзге тұра ала ма?
Сендей тауық балапанды
Бір-ақ күнде шығара ма?

Кеше туып, бүгін өсіп,
Ертең сақал шыға ала ма?
Ылақ емес, асық емес,
Уалама, қуалама.

Ішіне кір, сығалама,
Сынып кетер —сыналама,
Сенен басқа зердесіздер
Мұндай сөзді ұға ала ма?!

КҮЗДІҢ СЫРЫ

Ызыңдаған шулаған
Қыбырлаған дулаған.
Таңнан іңір басқанша
Минут тыныс қылмаған.

Ұсақ жандық жоғалып.
Ыссы өткен табаннан,
Тыныш кеткен адамнан
Сақара тұр дем алып,

Күйіне келіп таралған,
Қызметін бөліп доғарып.
Кейде жүріп аяндап,
Кейде тоқтап аялдап,

Тышқаншылар көкжалдар,
Дөңкиіп отыр табандап,
Қадау-қадау қара құс.
Ол дөңесті барлайды,

Тышқан затты андарды,
Бассалады бүлк етсе,
(Болар ма жеуге талғайды)
Өлсін бе аштан тамақсыз.-'

Ана елде не мына елде,
О жерде де, бұ жерде,
Әркім шұғыл әбігер,
Жолаушыдай жүрерде,

Асығады, сасады.
Отын үйіп қысына
Қора салып тысына,
Кейбіреуі баяулау.

Кейбіреуі қысыла
Шөп үйед, егін басады.
Кетіп барам бөгелмей
Ілес маған дегендей,

Түйдектелген сұр бұлттар
Зырқырауда өлердей,
Сараң беріп күн нұрын.
Жасында сұлу бұлғақтың,

Жастық пен сері ырғақтың.
Жасы толып келгенде
Сүрлеуі-ақ қалар ол жақтық
Ұқсаттым соған кесірін.

БІР ЖЫЛ ӨТТІ

(Леннннің өлгеніне жыл толуына арнап)
Өлді деп ер
Қайғы мен шер
Қаптады деп көкіректі,

Еңбекшіл ел
Көз жасы сел
Болғанына жыл өтті.
Аз ойламас,

Аз төкпес жас
Сорлы толған жұмыр жер.
Талай топтар
Өксіп жоқтар,

Биыл да сол жетімдер.
Биыл емес,
Бір жыл емес,
Өткен сайын жылдан жыл,

Еске енетін,
Ескеретін,
Көп табылар күң мен құл.
Ленин, Ленин,

Қайран ерім —
Деп еңбекшіл сағынар,
Сағынса өзін,
Сақтап сөзін

Тұмар қылар, тағынар.

ӘЙЕЛДЕР МЕЙРАМЫНА

К е ш е:
Жаны бұлсыз, қаны құнсыз кім еді?
Кімнің күні қараңғы көр, түн. еді?
Көзін ашса, шартылдаған найзағай,

Кімнің бұлты басындағы сұр еді?
Жас өмірі гүлдей солған кім еді?
Жас жүрегі умен толған кім еді?
Шыр еткеннен зыр еткізіп әкесін,

Сорлы туып, сорлы болған кім еді?
Малша малға саудаланған кім еді?
Бәйге орнына сауғаланған кім еді?
Бейнесі адам, бейнеті айуан кергісіз

Ол қазақтың, сорлы әйелі — күң еді.
Б ү г і н:
Шерлі көкірек уһ деп демін алғаны,
Қара көздің жанарының жанғаны,

Коммунизм теңсін деген дауысын
Тұнған құлақ тұман жерден шалғаны.
Қара күннің қайырылмасқа кеткені,
Қалың құрсау сатыр-сұтыр еткені.

Бүгін жалпы әйелінің қазақтық
Қайғысына қара нардын, шөккені.
К ұ т т ы қ т а й м ы з:
Құттықтаймыз қуанышты күнінде,

Мейрамыңды январьдың бірінде
Қол хауіпсіз, болғанменен сен әлсіз,
Жорғанбай бас, байғұс әйел, сүрінбе!

1925

1905 ЖЫЛҒЫ ТӨҢКЕРІСТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА

Кешегі патша ағызам заманында,
Нөгері, төлеңгіті аманында,
Құдайдың қор жаратқан құқ мен құлдар
Тәжіммен жүруші еді табанында.

Он түгіл, жүздер түгіл, мың жыл өтті,
Құдайға миллион сорлы мұңдық етті.
Жарылғап, жасағаны жасын иіп,
Ұлғайтты мұңды санын, сор көбейтті.

Тәңірінен тарыққанда алғаны сол,
Дегендей мұны көріп, тек тірі бол.
Алайда дін бастығын басшыға алып,
Көруге ақ патшаны қойысты қол.

— Сорлы еткен бізді байлар, сұмдар деді

Жол берген қу төрелер, мұңдар деді.
Жарықтық патша мұны білмейді ғой.
Жиылып арыз айтсақ, тыңдар деді.
Көзде жас, көкірегіне қолын салған,

Жерінде мыңдап тілек тілей барған,
Аядым сорлыларды, оқ жаудыр деп,
Қазреті Николайдан болды пәрмен.
Қырылған қатын-бала жанды көрген,

Көшеде өзен болған қанды көрген,
Құдайдан, патшадан да үзді күдер
Сорлы құл бұл сияқты халді көрген.
Десті де: «біз мұнымен не көреміз

(Ойлап ек жалынумен теңелеміз),
Ашынды, қарсыласты, айқай салды; —
«Келіндер, не жеңеміз, не өлеміз!»
Қапелім жайыла алмай айғай көпке,

Толғанып жинала алмай күш пен еп те,
Ашынған қайран ерлер берді басын,
Қалдырып кегін, жолын зор ниетке.
Ол бізден алғашқы адым, тұңғыш дүбір,

Жемісі сол күндердің — Ұлы Октябрь.
Артында бұл сияқты зор іс қалған,
Идік бас, құрметіңе жиырма жыл!

Сәбиттің үй-ішімен түскен суреті.

ПАРИЖ КОММУНАСЫНА

Бұдан бұрын 54 жыл,
Париждағы күн, менен құл
Бас көтерді қозғалып;
Қанын төкті, қайрат қылды,

Мақсат тапты, билік құрды,
Үкіметті қолға алып.
Бірақ олар дұспаны көп,
(Тар заманда қыспағы көп)

Тәжрибесіз жас еді.
Даңғыл жолды тірегі жоқ,
Дабыл қағар білегі жоқ,
Айналасы тас еді.

Сөйтіп Париж коммунасы
Екі-ақ ай боп өмір жасы,
Дәуренінен айрылған.
Сарқыраған қанын естіп,

Шырқыраған жанын естіп,
Талай сорлы қайғырған.
Сөйтіп олар төңкерістің,
Төңкерісте түрлі істің,

Көсемдері, құрбаны,
Еңбекшілер жер жүзінің
Ескеретін бүгінгі күн
Олар билік құрғаны.

Олар құрбан, ісі қалды,
Тәжрибе алар кісі қалды
Түсер дүние жолына.
Оған дәлел —

Ұлы Октябрь —
(Талайға үлгі бұл Октябрь)
Талайды ертер соңына.

1925

ДӘУІТБЕК

Бір күнде Дәуітбек те болып еді,
Қарны да, дәулеті де толып еді,
Ауылы аймағы мен болыс түгіл
Кей-кейде уезді де шолып еді.

Өшіксе жерін тартып алушы еді,
Өштессе жоқтан бәле салушы еді,
Балақтан басқа өрлейтін оңбағандар,
Әр жерде сыбағасын алушы еді.

Тиген жоқ ол адамға ерегеспей,
Сорғаны болмаса жәй қанын теспей.
Бақ берген құдай өзі бендесіне
Несі бар жүрсе түге пәлен деспей.

Сонымен құдай оны кем қып па еді?
Басқаның терезесін тек қып па еді?
Ұрысы, бұзақысы, ол маңайдың,
Өзгені Дәуітбектен бел ғып па еді?

Жарықтық заманында ел беріп пе ед?
Жүрмесең қолтығында, дем беріп пе ед?
Қысқанда етегінен ұстамасаң,
Жалғанда сені итіне теңгеріп пе ед?

Қылады кімге опа көшпелі бак?
Бақ тайса, патша да оңбас алтынды тақ.
Дәукең де көппен көрген ұлы тойға
Дәм жазып болып отыр бүгін ортақ:

Бақ кетті, дәулет кетті, карын қалды,
Кешегі толық көңіл жарымдалды,
«Дариға, әділшілік заманым-ай,»
Дейтұғын аузында құр сарын қалды.

Дау болса, Дәукең, қалды, сотқа кетті,
Бай болса, бастырмалау ходқа кетті.
Құл-кұтаң, көзі шалған қойшы-қолаң,
«Боржойсын, жуансын» деп оттап өтті.

Топ болса, терлеп-тепшіп өле жазды,
Қылмысын жіпке тізді, мінін қазды.
Жаңылып үйіп-төгіп бергенінен,
Кешегі дос құдайы бүгін азды.

Шын құдай Дәукесінен безгені ме?
Әлде мол садақаны бермеді ме?
Кей-кейде малы құрсын, бағы құрсын,
Зар болды үйінде тыйыш өлгеніне.

Кей-кейде саябырлап тыйыштық алад,
Ойлайды өткен күнді жүз толғанад,
Күйініп құл-құтанның ойнағына
Жүрегі алас ұрад, аттай шабад.

Көп ойлап тоқырайды көңілін болып: —
Түк енбес күр жатудан бекер жасып,
Қажыған ыңғайына жүрген болып,
Көрейін ептеп-септеп араласып,—

Дейді де, атқа мінед:— мен де кедей,
Малым аз, мен немене кедей емей.
Сайлауға кейде кіріп, кейде шығып,
Бұғып жүр, жорғалап жүр бөденедей.

Біреулер ер-ay дейді, біреу күлед,
Дәуітбек өз есебін өзі білед.
Қорғанып қарап жатып өлсін бе аштан,
Жүреді ептеп-септеп күнін көред.

ҚҰСАЙЫННЫҢ АРМАНЫ

Болғанмен Жұмақанның әкесі бай,
Ер жетіп, інілері ығай-сығай
Енші алып жиырма қара бөлең шықты,
Сонда да қайғы сызы бұрынғыдай.

Себебі ертенді-кеш үлкен үйде
Отырып қонақтармен үйме-жүйме,
Ет жейді, қымыз ішед, тамағы ток,
Ойда жоқ қатын-бала қандай күйде.

Кей-кейде байдың барып алмағына,
Көз салған боп жүреді мал жағына,
Қормалсып малшыларды ұрысып, боқтап,
Кісі боп рахаты жоқ бір жанында.

Ақылы ірі білгіш болмаса да,
Мыйына біреу сөзі қонбаса да,
Жігерлі, өзі шешен, өзі омырау,
Жылы үйде езі мықты тоқбаса да.

Қатыны қолынан да тілі пысық,
Бір екі-үш ұлдары бар қара пұшық,
Бір салып кез келгенін шапалақпен,
Отырад тершіп қана шәйін ішіп.

Көп бармайд үлкен үйге тым жек көред,
Қыс соғым, жаз жабағы жүнге өкпелеп,
Жұмақан аузын ашса, арпалысад: —
Қой деймін,— Тағы мына ит не деп келед!

Жарайды жарылғасын сені-ақ шешең,
Мал жанның керегі жоқ бір ет жесең,
Тыйындай өз жанына пайдасы жоқ,
Кетеді ерегісіп мал тап десем!

Қой деймін, былшылдамай иттен туған.
Біреуге ойың мені: Жалшы қылам,
Онан да балалардың киімін тік,
Соққанша құрғақ закон суаң-суаң.

— Адыра қал, абдырада бұлдарыңды,

Салақтық тікпей қандай қылғанымды.
Өзіндей болыс анау, бетім шіркін,
Ұстатпай аулақ отыр жындарымды.

— Несі бар, құдай берді оған бақты,

Дәулетті болыс кімнен тартып апты.
Орысша бір-екі ауыз білгендігі,
Болмаса кімнен оның ақылы артты?
Ер жетер балалар да аман болса,

Қиын ба сүйте-сүйте адам болса?
Басына бақ та қонар, бай да болар,
Амал жоқ саған тартып жаман болса.
Сөйтіп жүріп Құсайын келді он төртке,

Оқып еді бірер жыл әптиекте
Школ келіп ауылға, бермек болды
(Кісі емес қой, Жұмақан бәлен тек де).
Алып келіп школға берерінде,

Ескертті учительге зерегін де.
Оқуын тілмаштықтың оңдап үйрет!
Өзгенің онан артық керегі не?
Мал табад, тілмаш болса, ел билейді,

Дұспанды ерегескен нанша илейді,
Тұрса бір, Әбділдаша ызбарланып,
Кім жолайд, кім ақысын оның жейді?
Тисе де, школ қиын ә дегенде,

Жүрсе де кейде қалып без обеда
Бітіріп төрт жылдан соң бармақ болды,
Қалаға жұрт баласын жібергенде.
Ақшамен оқытуға малы шағын,

Басқалар бел ғып барды ата бағын.
Тілмаштан Жұмақан да қағаз алды,
Білдіріп кім екенін, аруағын.
Ілінді екі бала интернатқа,

Оларды басып кеткен ауыр бақ па?
Сәлім мен Бәймен әлде тілмашты алып,
Нығыздау жазылды ма сенім хат та.
Баласы Жұмақанның кірмей қалды

(Үйдегі омырауы жүрмей қалды),
Қалдырып Құсайынды пәтер үйге,
Жұмекең ауылға кеп әлек салды.

— Тілмаш ит жөндеп бермей сенім хатын,

Сезбей ме болыс соның қиянатын?
Құсайын қазынаға кірмей қалса,
Насырға шаптырамын істің артын.
Ауылдан Жұмақанға әркім ерді,

Болыстық айтып тыншын ала берді,
«Қасқырдың ең жаманы қой үркітіп»
Жұмашқа болыс былай уәде берді:

— Биылша оқыта түр өз жаныңнан,

Берерміз расхотын одан-бұдан,
Қазынаға биылдан соқ алғызармыз,—
Деген соң, разы болды Жұмаш бұған.
Сонымен ептеп бір қыс оқып өтті,

Жаз шығып партиялы сайлау жетті.
Бұл жылда қарсы жағы үстем болып,
Болыстық, уәде түгіл, қолдан кетті.
Құсайын тағы қалды қазынадан,

(Қайран жоқ жылдағыдай базынадан)
Түс деді бір орынға ақылшылар,
Боларсың іс үйреніп, жазып адам.
Соңымен, начальникке арыз берді,

Көзтаныс әркімді сап күн де көрді,
Соңына бірер жұма түсіп жүріп,
Әзер деп көшіруші орынға енді.
Екі жыл сол бетімен қызмет қылды.

Қағазды алғашқыда көп бүлдірді,
Жетіліп бірте-бірте кемтіктері,
Соңынан әжептәуір санға ілінді.
Әр жерге отыруға жарап кетті,

Заводта, конторда да қызмет етті.
Сөйлеуге орысшалап әбден біліп,
Қағазға қолы тұрмай, сып-сып етті,
Елге кеп анда-санда, кетіп жүрді,

Әкесі, елі де үміт етіп жүрді,
Орысша жетілгені ұнаса да,
Жалғыз-ақ мына жері кетік еді.
Жұмақан өзі нашар, баласы көп,

Тамақсау өңешінің бағасы көп.
Ұрсады, кей уақытта қынжылады,
Неге осы Құсайынның панасы жоқ.

— Басқаның ілінгені мал табады,

Көрмей ме кешегі анау Тасқараны,
Болды деп несін адам жұрт шулайды,
Әлі анық енгізген жоқ бір қараны.
Мұндай сөз Құсайынға жиі естілді.

Бір күні хажы да айтты көп ақылды:
«Шырағым, Құсайын, сен бүйтіп жүрме,
Білмеймін менің өзім малсыз күнді.
Шүкір, сен адам болдың біле-білсең,

Көрінген басынады жуас жүрсең,
Айтқаным мал тап, бақ тап, аруақты».
Жастардан зің теңді үмітім сен ойла,
Құсайын жеңіл емес бала күннен.

Тұрудың ызбарменен жөнін білген
Біреуге ағытылып сырын айтып,
Ешкіммен елбіресіп көрді ме екен?
Аз сөзді, аузы сараң аз күледі,

Күлсе де айту қиын — дәл шыны еді,
Біреуді кекегенде, кемітерде,
Жүзіне жайдарылық білінеді.
Ұстамақ, досқа-қасқа сыртын бірдей,

Кек алса, кейін алмақ біліндірмей,
Қалады жүз жыл болсын жүрегінде,
Біреуден бөгеу көрсе, хоты жүрмей.
Түскен ой Құсайынға көптен бергі:

Қор, деп қой жалынышты, малсыз ерді,
Дұспаннан кек алатын қаруын, — бақ,
Елсіз бақ ұстау қиын, бақсыз елді.
Сол бетпен қызмет қылды, іске кірді,

Әртүрлі елге жағар түске кірді.
Кедей боп, кедейлердің сөзін сөйлеп,
Шыққанша қыр басына дүрліктірді.
Кей-кейде шынымен-ақ байды сөкті,

Себебі: бір күндерде ызасы етті,
Әйтседе, қасиетті ата аруағын
Қорлаулар жүрегіне нар боп шөкті.
Кеңестер орнағалы көп іс көрді,

Болысты, уезді де тегіс көрді.
Жетсе де қатар үйге мал шаруасы,
Деуге жоқ, іске ілініп, сөгіс керді.
Өйткені ол даңғой емес басқалардай,

Еппенен іс қылады артын барлай,
Ай өткен, жыл өткенде мал көбейед,
Келгенін адам білмей кімнен, қалай.
Ендігі Құсайынның бір арманы:

(Сақтаулы жүрегінде ірі арманы).
Қолына коммунист боп, билет алса,
Жалғанда болмас еді, сірә арманы.
Кірсе егер партияға, билет алса

Жолы ашық, мерейі үстем, қайда барса,
Жоғалтып қарашығын жіберер ед,
Бір адам «байшылсывды» аузына алса.
Сол оймен талай арыз берді ізденіп,

Алмай жүр ячейкелер кесірленіп..
Аталы, табыскерлік аташылын,
Табылса, аларлық жер білмей сеніп.
Мал мен бак орнар еді елге түгел

(Өзіне мүрит болған жерге түгел)
Үш жылда бұл мақсаттың, болуы хақ,
Нанбасаң, партбилетті бір беріп көр.

1925

БӘЖЕЙДІҢ ДАЯРЛЫҒЫ

Бәндет оқып, Бәжей молда
Жайнамазын ілді дағы,
Қақырынып, тасбық қолда,
Төсек жаққа жүрді дағы:

— Тұр, тұр деймін, тұр, Қабиба,

Ой, патшағар, неткен ұйқы?
Ақ шапаным жалба-жұлба,
Жамасаңшы кетті сыйқы.
Аунай түсіп Қабибасы:

— Бай-бай-бай, неткен сорлы?

Сынып барад құрғыр басы,
Дамыл, тыйыштық бермес болды.
Таң атпай бұл шапан киіп, -
Бара ма екен есік көре?

Басын тырнап, көйлек киіп,
Есінейді аузын кере.
Онда Бәжең:— Ойбай байғұс,
Ұмыттың ба? Бүрсігүн айт!

Бүгін өзім бір жақсы түс
Көруім де көңіліме ұнайд.
Осы ақ шапан киінгенім,
Судай жана бүтін деймін,

Ақ боз атты шу-шулейім
Ол биылғы түсім дейім!

1925

ОЙ, ЖАЛҒАН-АЙ!

(Кооператив тұрмысынан)
Атадан аз қалған малды
Сақтау үшін, шыбын жанды
Талай отқа салып ем.

Талай жерден үзіп, жұлып,
Орны келсе құлдық ұрып,
Талай олжа тауып ем.
* * *

Көк ат жектім, қара ат жектім,
Пар ат жектім, дара ат жектім,
Бәрі ұнады кезінде.
Өз әлімше мырза болдым,

Бергеніне риза болдым,
Инабат бар сөзімде.
* * *
Талай баймен қалыс болып,

Банкеге де таныс болып,
Хотым тәуір жүріп ед,
Алып-алып сынғанымды,
Қай пейілмен қылғанымды

Кім кезінде біліп ед?
* * *
Сөйтіп жүріп, совет келіп,—
Саудагерге әлек келіп,

Сөнген шамдай бак кетті.
Үш-төрт жылда қайта оралып,
«Өлмегенге елі балық»,
Кооператив сап етті.

* * *
Ел басшысы соныма еріп,
Волисполком мөрін беріп,
Қарыштадым екі жыл.

Бірақ мынау үш мың шайтан,
Орналасар кімге жайсам,
Ой, жалған-ай, бұл құрғыры

«АҚ ЖОРҒА» ШЫҒЫПТЫ

Бүгін Жұман мекемеге
Онда келді кешігіп,
Сонда дағы бірдемеге
Асыққандай ентігіп.

Амандығы екпіндірек,
Күндегіден сөзі де,
Бүгін беті көкшілдірек,
Қызарыңқы кезі де.

Оны өзгелер аңғармады,
Хамит сезіп қырағы:

— Бір жұма еді ақша алғалы

Соққан екен сыраны,—
Дей бергенде сезін бөліп:

— Жоқ, жоқ,—деді Жұмекең,

Бүгін үйге қонақ келіп,
Жұтылып ед «жөргекке».

— Жорғасы не, самогон бе

Әлде ашты ма, не спирт?!.
Самогонге жол берген бе
Кеше толған әншіл жұрт?
Бірі созып, бірі баяу,

Әр нақысқа басып жүр,
Ирек басқан, биттей қаяу
Ой да жоқ, жүзі ашық жүр.

— Ойбой, әлі естімеп пе ен

Шыққан жоқ па «ақ жорға»?
Марқұм Некең, жұтады екен,
Дам татып ек біз де онда.
Сол ақ жорға жуырда ғана

Кең дүниеге шығыпты,
Сонан жұтып біраз ғана
Ағаң бүгін тынықты.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ АШУЫ

Қаржаубайдың қатыны өліп,
Қайырбекке күнде келіп,
Жанбикені әпер дейді,
Жұмәділге ақыл беріп.

Білсе дағы Жанбикенің,
Қаржаубайға тимейтінін,
«Жарайдымен» Қайырбек жүр,
Ескергеннен сайлау күнін.

Аллпйтынын байқады ма,
Келе-келе шаршады ма,
Ашуланды Қаржекең,
Әбден тиіп сайтанына.

«Сен антұрған күл ең кеше,
Есігіңе келдім неше,
Тоғыз саққа жүгіртесің,
Дүние ұстаған сен немеше.

Болыс болған жалғыз сен бе,
Кім бүгінде шеннен кенде:
«Атком» деген толып жатыр,
«Қолғап» дейме, «аукем» дейме.

Онан дағы аукалбиге,
Барайым да өзін үйге
Қопақ қылып жалынайын,
Кім шыдасын мұндай күйге.»

Деп бұрқылдап атқа мінді,
Білмегендер дер ед жынды,
Ашуланар жөні де бар,
Қайырбек қу әуре қылды.

НАҒИМАНЫҢ ӨКПЕСІ

Кем шығар Нағимадай келбетті әйел:
Оңай ма таласуға даладағы ел,
Ол түгіл қалада да теңелмейтін
Нешелер келте шашты, құмырсқа бел.

Ол емес өзгелердей киім құмар,
Орысша он-ақ түрлі көйлегі бар,
Оны да мода қуып алғызған жоқ,
Біреуі кең боп кеткен, біреуі тар.

Жаққанмен опа, далап жөнін білген,
Жері жоқ баттастырып бет бүлдірген.
Сөзінде, жүрісінде жоқ-ақ шығар
Қазақтың қатыны боп сыр білдірген.

Бәтеңке үш-ақ түрлі, шәлі бесеу,
Үш пәлте, бір першетке, ішік екеу.
Ол онша ынсабы жоқ әйел болса,
Шәріптен алдырмас па ед әлденешеу.

Отыр ғой қанағат қып үш шәріпке,
Иісті су айға үш-ақ сом, со да көп пе?
Жоқ жерден жеті сомға қараулық қып,
Нағышты өкпелетті Қасым текке.

Нағышта болатұғын бір-ақ сырға,
Алғалы оның өзін екі жыл да,
Онысы ескі моды, кішілеу боп,
Жаңаны тапсырып ед бір қатынға.

Бағасы—қымбат емес, жеті-ақ теңге,
Нағима үш сырғалы Қайдан кем бе.
Кісідей сыйламайтын әпермеген
Халық-ау, Қасымдікі айтшы жөн бе?!

МҰҚАН МЕН СЕРІК

Күн батарда Серік
Көк атымен желіп,
Сыртқы ауылға барады,
Қамшылана беріп.

Мұқан жүр ед мал жайып,
Қоян тымағы шалжайып,
Серікті көз сап қарады
Қаракеріңде қалбайып.

Жаным, мынау Серік пе,
Қайда барады, желікпе?
Биылғы жыл болыстық
Осыған арнап келіп пе?

Сонша болмай Серік
Сәлем берді келіп, —
Сізге әдейі бұрылдым,
Таныдым да көріп.

Қажы ауылына барамын,
Асыққаным желіп,
Жолды ашарсыз дейім,
Шақшаңызды беріп».

Мырс етті де Мұқан
Шақшаны алды қоныштан.
Шігесінен сілтеп,
Сөз қозғады болыстан:

Серік, сен шауып жүрсін,
Білмейім не тауып жүрсін?
Биыл болыс кім болады,
Өзің кімге ауып жүрсің?

— Ойбай, Мұқа, білмейсіз бе.

Әлде мені күндейсіз бе?
Серігіме Машайды алсам,
Сонда маған үндейсіз бе?

— Атанғаннан Мұқан өзін,

Тура айтатын бір мінезім,
Аңқаулығын, көп қой, балам,
Болса дағы ширақ өзің.
Машай рас жақын-ақ қой,

Болғаны оның мақұл-ақ қой.
Қайта сенің өсегін, жоқ,
Ол ма? жеуге батым-ақ қой.
Мұны істеген Қакең қу ғой,

Оның ойы ел тарту ғой.
Сені сайлап, қажыны алып,
Байбектерді қыжырту ғой.
Тұрғаным жоқ сені күндеп

Бітіремін мен нені үндеп,
Ылайым, тек болыс болсаң,
Абырой ал ел бүтіндеп.
Бірақ ерген жолдастарың

Бәрі зәндем, бәрі залым.
Сен байғұсты бір-ақ күнде
Қып жүрмесін алым-салым.

— Бай-бай, Мұқа-ай, тілін, удай,

Қайтер дейсің сақтар құдай,
Ауылға бет бұрып жүр ғой,
Қатаң болмас бұрынғыдай.

— Кім біледі Қакең өзі

Қажыменен бар бір сөзі,
Биылғы жыл жуан қалып,
Сайланбақшы келсе кезі.

— Мә, шақшаңыз, жүрем, қош бол,

Іліп шықсам, қалмай бос қол,
Налогіңнің жартысы олжа,
Жастарды қой, бізбен дос бол!

ДӘМЕТКЕН МЕН ҰМСЫНДЫҚ

Налог жиған ауылнай қонып,
Үйде даяр ұн жоқ болып,
Састы дағы Дәметкен
Ұмсындықтан бір аяқ ұн,

(Жөні бар ед алатұғын
Үй сыласқан Бәтеспен).
Сұрамаққа сарт-сұрт басып,
Анда-санда басын қасып,

Сіңбіріп сап келеді,
Қажы атаның қорасында,
Балташының арасында
Ұмсындықты көреді.

Жылжи басып шет жағалап,
Ұмсындыққа жанасалап:

— Жеңеше-ау,— деп тамсанды да,

Көңілі-қарын тыныш па? —деді.
Іс істетіп тұрсыз ба? — деді,
Күбіжіктеп тоқталды.
Деді Ұмсындық — тәйір, мына,

Садықжанның отауына
Есік, әйнек шапқызып ек.
Әшейін тек соны көріп,
Тұрғаным ғой жаңа келіп,

Төбе ағашын жапқызып ек.

— Я, оныңыз рас, ойбай,

Оңай бітсін ненің құдай:
Бәрі шығын, бәрі расход.
Қанша кісі жұмыс қылған,
Келіп жатыр ойдан, қырдан,

Соның бәрі сіздерге шот.
Тек қайырлы, іші құтты
Болсын деңіз, әйтеуір бітті
Ұмсындық та қара ішікті

Қаусырына беріп, басын
Кекірейтіп, керіп қасын
«Құтты болсын, нем шығыпты?

— Садықжанның өз өнері,

Қайта ол өзі бұдан көрі
Тәуір қылып салғызбақ ед.
Тартпақтаған болмай хажы,
(Оған керек шығын азы)"

Қала ісмерін алғызбақ ед.
Биылғы жыл бұл отауды,
Салғызуға өз беті ауды,
Май заводын ашамын деп,

Әуре болып ақша әкеп жүр,
Бұл үйді әлі завод деп жүр,
Тек біз мәз ғой шашуын жеп
Қажы ұрсады тайша жи деп,

Неге керек осынша үй? деп,
Мен қайта кеп үндемеймін.
Не қылайын салса салсын,
Қарағыма үй боп қалсын,

Бақ тұра ма мүлде деймін.

ПАРТПЕЛ

Партпелді жұрт мәз білмейді,
Өзі де елге мәз жүрмейді.
Елде қағаз салатынды,
«Сөмке» дейді, «қоржын» дейді.

Сондықтан ол қалаларда,
Көбіне төрағаларда,
Жалтырайды, бағаларын
Білемін бе шамаларға?

Тәуірлері әйтсе дағы,
Тұрар бір-бір қараларға.
Саусақ ілер қысқа баулы,
Онда есеп бар, онда қаулы.

Ол жоқ болса, ескі газет
Түскі шайға нан ораулы.
Не салса да, бәрі ішінде,
Жұрт аша ма жұмысы не?

Қымбат болса, сұқтанады,
Демек түгіл бұнысы не.

1925

БІР АДВОКАТТЫҢ МІНЕЗІНЕН

— Айналайын қарағым,

Арағын бар ма, арағың?
Полный бөтелке
Әй, атаңның, бабаңның!..

— Темекі ме? Мә, саған!

— «Қойдым, қойдым, нет «Не вам»,

— Шорт тебя знает, ақша жоқ,

Все равно пополам.

— Твю язвитый вставай!

Кый-кый-қи Итбай-Итбай-ай.
«Ой, ...» ка-ка-ка-ка...
Қой дейм, қой дейм, қой енді-ай.

— «Кешерва шервонца,

Е без канца...
Ей, бүгін ұстап қойдым...
Ту — уйдешь тан, атса».

1925

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 6 ЖЫЛДЫҒЫНА

Әбен — қ о й ш ы
Сегізде Әбен қозы бағып,
Бұзау байлап, кейде от жағып,
Білмей қалды он бірінде

Аталғанын қойшы нағып.
Ол тағы да жеті жылдай
Байпаңдады бала құрдай,
Он сегізде бағы өзгерді,

Күндері өтіп талай жырдай.
Әбен — жылқышы
Ол бағы еді — жылқышылық;
Белде шидем, қолда құрық.

Үш жылдан соң, ол қорлыққа
Шыдауға енді бермей ырық,
Намыс жайдай шарт етті де:
Көрмеске елді ант етті де,

Жер қазуға зауыт тартты;
Бай есігі шарт етті де.
Әбен — жұмысшы
Он жыл Әбен көмір қазды,

Күндіз-түні, қысты-жазды,
Білмей қызмет істесе де,
Естімеп ед «ой, сабазды!»,
Әбен — төраға

Кеңес орнап, дүние өзгерді,
Әбендердің күйі өзгерді —
Айтқанына ақ тұрғызды,
Болыс түгіл, уездерді.

Кеше байлар қинап еді,
Бүгін олар қирады енді.
Жаудан қалған жан досыңдай
Кеңес келіп сыйлап еді.

Әбен оқып, хат таныды;
Істі үйреніп, атқаруды
Болды болыс төрағасы;
Кедей мұңы жақталулы...

Талай болған Әбен мазақ:
«Әбен жалшы», «Әбен қазақ»
Болғанына толды алты жыл
Әбен қазақ арманы аз-ақ.

АЗАТ ЖЕТТІ, ЕНДІ ЖЕТІЛЕДІ ДЕ ЖЕТІЛДІРЕДІ

Қырықта Зейнептің,
Ажырап бейнеттің,
Көргені жоқ шығар
Бүтінін көйлектің.

Қыз болып кермеген
Қызығын көлбектің.
Шыққалы мұқтаждық
Ішінен жөргектің.

Жас тиді күйеуге,
Ене жоқ сүйеуге.
Ер түгіл, үй түгіл,
Байдікін тілеуде.

Он жылын өткізді
Жылауда, сілеуде. —
Жылқышы, пішенші
Боп жүрген күйеу де.

Майданға жалданды,
Он шақты малды алды.
Кәрі әке, қатынға
Әл болды қау жанды.

Жұмыс пен суық күн,
Дерт қозғап, әлді алды.
«Қайырсыз» сапарда
Қарсы алды ажалды.

Жетпісте кәрі әке —
Қай елге дәрі әке?
Жалғыздан айырылып,
Көз жасы тареке.

Зейнепке жігіт көп,
Деп тұрған қані әке.
Байынан буаз қап,
Ұл тапты жаз өте.

Ат қойды Азат деп,
Тартсам да азап деп,
Қуанар ішінен
Дертімді жазар деп.

Атамды күтейін,
Асырар Азат деп,
Кеп қалды 9 жыл,
Жүрген жоқ Азат тек.

Тоғыздан жетті онға,
3 жылдай детдомда.
Сайрап тұр тақылдап,
Басқадан ол қор ма?

Орамал қызылдан,
Дікілдеп оң-солға,
Аузында ұраны
Жұқпайды қол-қолға.

Мәз болып апасы,
Келгенде атасы.
Искелеп, аймалап
Саулайды батасы.

Атаның, апаның
Басылып қапасы,
Көргенде жойылар
Жәбірі, жапасы.

Қайғыда, қапала
Бір ата-апа ма?
Саннан көп бейнетін
Айтпа да, атама.

Азаттар ер жетсе,
Солар құр жата ма?
Жоқ, Азат қарсы өсіп
Жалпы, сор жапаға;

«Қорлық» тың қарасы
Жоғалад, бата да!..

КАПИТАЛШЫНЫҢ СОРЫНА ЖАСАЙМЫЗ

Іштен, тыстан еңбекші елді жаулады,
Оқ жаудырды, қолмен жеңіп алғалы.
Жеңбек түгіл желкелері үзіліп,
Көпке мәлім, ойлары адыра қалғаны.

Мұны көріп дағдарысты, кеңесті,
Кеңескенде нені ұйғарды, не десті,
«Қару жұмсап жойып болмас қарасын,
Азық бермей, аш қыруға е» десті.

Жауыр қолдар жаудың түрін байқады,
Көзі жайнап, ашуы ұстап, сайтаны,
Бұрқыратып жаңа тұрмыс жасады.
Мұны көріп, дұспан басын шайқады.

Күннен күнге өсті еңбекші, тыңайды,
Капиталшы қалжырады, мұңайды.
«Өз ішінен бере гөр» деп «бір бәле!»
Бар медеуі — құдайынан сұрады.

Алдыңғы жыл «Ленин өлді» дегенде,
Жау жағынан қуанбаған бір бенде
Қалды мекен! — бәрі санын соғып ед:
«Бітті совет, жоқ ортақшыл» деп енді.

Ол дәме де күткен жеміс бермеді;
Ленин өлді, партиясы өрледі,
Бұдан мойып көзін сатып тұрғанда,
Шықты былтыр Троцкий ермегі.

Бірін-бірі шымшып байлар бұл іске,
«Түрт шайтан!» деп айналып ед күліске.
Қасақана масқара үшін шыққандай,
Ақмақ қылды — өнбей одан бір іс те.

Шығып еді биыл бір аз «наразың»
(Болды ма әлде кемпір күйез аразын)
Дауласты рас, бірақ көпке жақпады,
Ендігі не дұспандарды қарызын?

Олар мұны талай түрге жорымақ,
(Жүрген мұндар жайшылықта тұрып-ақ)
Жори берсін, жол бұрынғы — бос үміт,
Біз жасаймыз капиталшы сорыңа-ақ

ЕРІКТІ АЙША

Жасында, Айша, Асау тайша
Былғақтап-ақ есіп ен,
Он бір жаста
Қайғы басқа

Орнап, бейнет кешіп ең.
Шешең өліп, Тезек теріп,
Сиыр сауып, от жақтың,
Ac пісірдік, Зыр жүгірдің,—

Ерте тұрдың, кеш жаттың.
Сол бетіңмен, Бейнетіңмен
Он төрт жасқа шыққанда,
Құрман күшік, Депті «пысық»

Тоқал құмар бір шалға.
Дәулетті шал,
Берді де мал,
Сорлы әкеңді улатты.

Шал алды деп,
Жас барды деп,
Кім зарыңды тыңдапты.
Қанша таяқ,

Қалдырды аяп,
Жарын. түгіл, күндесің!
Талай түнде,
Қашып үйге,

Табаныңды тілгейсің,
Үйінде, елде,
Қандай пенде,
Саған пана болып ед?

Күйіп жаның,
Қарғағанын,
Қай зәлімге қонып ед?
Қажыр сөніп,

Үміт өліп,
Жүр ен сүгірет пішінде.
Үш жыл бұрын
Мұндай ырым,

Кіріп пе еді түсін,е?
Онда едің кім? —
Әрине күң,
Қазір кімсің қарашы!

Шалын. қайда,
Зарың қайда,
Есептеші, санашы.
Ұранды естіп,

Жылап, өксіп
Қайғыңды аштың, құтылдың,
Сендей азат
Болғандар шат,

Бүгін жүздеп, ертең мық...
Ерікті Айша,
Толған айша
Жарқылда да жарық бол!

Басқа Айшалар, Сендер де бар,
Күндіктен шық, қарық бол!

БЕЙСЕННІҢ ОЙЫ

— Бай-бай-бай... бүгінгі күн неткен суық,

Келді екен мені мұнда не сор қуып?
Тыйыш жатпай, куәлікте нем бар еді,
Сөйтеді, кетсең биттей байға жуып.
Тайсалма сот алдында, ақ де дейме,

Атасы кедей еді тап де дейме?
Кедейі кедей босын, табы несі,
Шатасып жүргендері нақ кедей ме?
Құдай-ау, аласың-ау алжытып-ақ,

Бітті ғой өздері де қан жұтып-ақ.
Өлмесе жаны шықсын, өз обалы,
Бітірді-ау мені бірге қаңғытып-ақ.
Өздері сауда қылған, пайда қылған,

Жеймін деп қазынаны айла қылған.
Бір көйлек Жәмилаға бермеп еді,
Бір айға жазғы ана бір ала бұлдан.
Бұларда құдай сүйер қылық бар ма,

Ана жыл; не қылмады Жұмықтарға?
Кетпек пе жалған ісі ақыретке,
Болсын, шоқ, бұл жалмауыз бұзықтарға.
Бәрі бір сотқа өтірік айтары.м жоқ,

Шатасар қарап жүріп сайтаным жоқ.
Дейін де түк білмеймін отырайын,
Сот-еке, бұдан басқа айтарым жоқ.

ЖӘКЕҢ МОЛДА

Сәрсен, Мұқан кеңесті де
Шарқ-шұрқ болды, егесті де.
Бала-шаға қамап алды,
Не қылды, бұ не десті де.

Сұрастырса, басып зорға,
Таластары — Жәкең молда.
Жиналғандар тарап жатыр,
Деп тәйір-ай сол ма, сол ма?

Ол болғанмен онда мән бар,
Жәкен дейтін «данышпан» бар,
«Жарықтықтың» лебізінен
Шипа тапқан талай жандар.

Соған Мұқан шек келтірген,
Шекті қалай деп келтірген: —
Шын әулие болса Жәкең,
Ұлын кеше текке өлтірген.

Сәрсен айтты: — Мұқан, сенің
Міне діннен шыққан жерің.
Жәкен, білед, алла-макар,
Құдіреттің біл дегенін.

Мұқан тұрып: — осы Жәкең,
Сен мақтайсың білмеймін мен
Құдайменен тең серік пе,
Алу жағын қайдан білген?

Кітап ашад, күбірлейді,
қиын сөзден түк білмейді.
Кітабына киім, қойдан
Басқа неге ілінбейді?

МАЙ ТУДЫ

Талайлардың майы қалмай,
Майы түгіл жайы қалмай,
Жұтқа ілінген кедей елдің
Тарысы, ұны, шайы қалмай,

Аш, үңгірден алған ауыру
Бойдан тарқап айыға алмай,
Аз өлмеген көтеремнің
Әлі кіріп жайыла алмай,

Өліп едім, уфф... туды-ау май!..
ІІІаруа, саған енді өлім жоқ,
Жазың анау, мінеки көк!
Құм құшақтап, күнді арқала,

Малынды жай, егініңді ек
Майдың бұл тек бір еңбегі —
Ежелдегі сүр еңбегі.
Езілген ел —еңбекшіге

Оның басқа ірі еңбегі.
Онда салған ұран жүзсе,
Сонда дүние түзелмегі
Дүние толған бейнетқордың

Сонда акталар тұз, еңбегі
Кекес — үміт, пана, бірлік,
Тендік атта шідердегі.

1927

РИЗАМЫЗ

Жер тәңірі — патша ағзамды
Үш жүз жылғы Романды
Бақ тағынан бір-ақ күнде
Ұшад деп кім ойлаған-ды.

Нажағайдай жарқ етті де,
Бар шерліні қарқ етті де,
Тақ иесі талқан болды,
Февраль келіп сарт етті де.

Содан әркім «ер, февраль» деп,
«Тілегімді бер, февраль» деп,
Жан-жағынан анталады,
Бері, мұнда кел, февраль!!!» деп,

Тұңғыш күшті күресінен,
Соңғы жұрттың тіресінен
Қажыған соң, білгендей-ақ,
Шыға алмауын үдесінен,

Берді тізгін Октябрьге
Аз ба енбегі, бірме-бірге?
Қамал бұзып, қайрат берген
Біз риза Февраль дүрге!

1927

ОН ЖЫЛДЫҢ ЖЕМІСІ

(Октябрь мейрамына)
Бұрын бізде хан боп еді,
Ханда қанша заң боп еді?
Хан жарлығын қапы етерлік

Құлда қай бір жан боп еді?
Бұрын бізде би боп еді,
«Би түсерлік үй» боп еді.
Түскен үйі дауын шақса,

Би-екеме сый көп еді.
Бұрын бізде батыр боп ед,
Ел талауы мақұл боп еді.
Жорық сүймес момын жандар

Ерлігі жоқ қатын боп ед.
Бұрын бізде абыз боп ед,
Абыз сыйлау парыз боп ед.
Жомарттарға шек келтірген

Абыздарша жауыз боп ед.
Неғұрлым хан кәрлі келсе,
Би түнерген зәрлі келсе,
Абыз жиі түс көрімпаз,

Батыр - қолы қанды келсе,
Елге мақтау адыз боп ед.
Бұдан кейін заман азып
Қазы шықты мыйзам жазып,

Дуан басы — аға сұлтан
Ханға, биге қабыр қазып
Ол патшаға бағынған кез,
Қазы қарғы тағынған кез,

Орыс төре оң келмесе,
Өткен күнді сағынған кез.
Көп кешікпей болыс шығып
(Көрді ме онан оң іс шығып?)

«Ақшасыздың көзі ойнады»
Болыс қойса орыс шығып.
«Ел шолпаны болыс» еді,
Жер шұрайы қоныс еді.

Кім мақтанса баймыз дейтін,
Мен кедей деу жоқ іс еді.
Жоқ іс түгіл қорлық еді,
Дұспан айтса зорлығы еді.

Оңбаған ит кедей болса,
Ит атану онды ма еді?
Сөйтіп байлық зор іс еді.
Сондықтан ел байлық іздеп,

Мал соңында өлеміз деп,
Күші асқанның аты келді,
Жарысқанда мыңдап, жүздеп.
Аты озғандар қайта серпіп,

Қалғандарын басқа шертіп,
Алды ұпайды мың, жүз күнді,
Әлсіздері тулап елтіп.
Бұрын сөйтіп әлсіздерді

Кедей-кепшік, сәнсіздерді
Байлар үшін жаралған деп
Ойлаушы едік аспан жерді.
Ол тұрмысты ойды бұзып,

Бай жасаған тойды бұзып,
Талқан-тамыр қылды Октябрь,
Дүние өзгеріп, болды қызық.
Іштен-тыстан жау жиылды,

Қан дария боп, жан қырылды.
Текпіде өскен тесік өкпе
Жеңіп шықты, көңіл тынды.
Самсаған сан қолды бұзып.

Құлдықта өскен ер жетілді,
Недер бейбақ кем жетілді,
Жұрт аласыз теңдік алып,
Талай жетім ер жетілді.

Міне, соған он жыл толды.
Сонан бері онды-солды,
Бақсыздарға бақ орнатты,
Еңбекші ерлер үзбей қолды.

Бірге жүздің күші бітіп,
Тауды тесіп, тасты түтіп,
Ертегінің алыбындай
Еңбек етті жанды ұмытып.

Талай игі істер туып,
Талай жаудың көңілі суып,
Жер жүзінің күң мен құлы
Кеңес жұртын көрді жуық.

Біз ер жеттік — көзге түстік,
Бойды жидық, аттық, пістік.
Байқап болар, тегін тынбас
Бізге деген енді күштік

Жалпы құлдың беті суық.
Жаңаланған қаламыз бар,
Жаңғырыққан даламыз бар.
Тегісшілдік мектебінде

Миллиондаған баламыз бар.
Шаруасы өскен еліміз бар,
Шарасы артқан кеніміз бар,
Өскен бақты өркендетер

Ленин жолы — беліміз бар.
Жолы — кеңес жұртымыз бар,
Кеңесуге ырқымыз бар.
Көп тілегі бір болған соң,

Бұзылмайтын шырқымыз бар.
Дүние жарған даңқымыз бар.
Еңбек-бағы халқымыз бар.
«Құлдай істеп, бидей ішкен»

Көз сүзбейтін қалпымыз бар.
Он жылдағы олжамыз бұл —
Келешекке қордамыз бұл.
Әлемге айқын қызыл ту мен

Сірә, қайтеді ордалы құл,
Ұрандайтын салтымыз бар!

МЕН ЗЫНДАНДА

(Тұтқындағы әйелдің ішкі зарынан)
Жанба дейсің, жаңадан от саласын,
Алсын дейсің, әлді қайдан аласын?
Туғанымды көрмеп пе едің қасқырдан

Ашыққанда «ап!.. дейтұғын баласын?
Жете алмаймын көріп тұрып қарасын,
Көре алмаймын, біліп тұрып панасын,
Тілім сақау, халім мүшкіл, қайғым тау,

Қамқор қайда, қашан табар шарасын?
Жас жүрегім, жанып, күйіп барасың,
Қара көзім, кімге қарап таласын?
Құтқарушым, айғайын бар, қолың жоқ,

Мен зынданда, қашан арқан саласын?

1927

БАЙДӘУЛЕТТІҢ ТАМАҒЫНАН НЕГЕ AC ЖҮРМЕЙДІ?

He жұтаған малы жоқ.
Не шетінеген жаны жоқ,
Ептеген ақсақалдығы
Газетке басылған тағы жоқ.

Байдәулет неге «үуп-үу!» дейді?
Былтыр сайлау кең боп еді.
Отырған жері төр боп еді
«Қой, бүйтіңдер!» деген сөзі

Екі айтылмай, ем боп еді.
Биыл неге міңгірлейді?
Өзінің көбірек өсуі ме,
Әлде басқаның кесірі ме?

Әйтеуір, биыл бет қатандау,
Қара тізім тым тақаулау,
Соның үшін ас жүрмейді.

1927

ЖАҢА АУЫЛ БОЛАЙЫҚ, ЖАҢАРУҒА ҚАРАУЫЛ БОЛАЙЫҚ!

Тегісшілдік ұлы өріс,
Тек қана емес құр өріс.
Әлі де талай асу бар,
Сол үшін болған төңкеріс.

Ауылда соның бір ұлы,
Қу тілмен емес, құр ұлы.
Жаңа ауылдың жаңадан
Тезі бар нелер құрулы.

Басталған мынау темір жол,
Сыбанған анау қызыл қол.
Айғайлап, самсап ауылды
Отряд деген әне сол.

Оянса ауыл ойнама!
Түрленбес деп ойлама.
Еңбекке әркім жұмылмақ,
Қайрат, күш қалмай қоймада

Оқумен, іспен бар жасы,
Өнермен, күшпен шаруасы
Жетілген соң, жеткен соң,
Машина болар арбасы.

Трактор болып өгізі,
Электр оның егізі,
Жарық қып, жарса даланы,
Өнердің аңқыр лебізі.

Автомобиль, автобус
(Елді де қаптар, болмас түс).
Фабрик, завод күжілдеп
Тетікпен бітер барлық іс.

Телеграм, сымсыз телефон,
Бір болыста бестен, он.
Театр, клуб салынып,
Қазандай қайнар құба жон.

Кешегі зорлар қор болса,
Залымға даяр ор болса,
Зорлықшылдар тұсалып,
Момынға қайда жол болса!

Кешегі жалшы би болса,
Кешегі билер мый болса,
Санаттан бұрын қалғанға
Арнаулы бүгін сый болса;

Кеңеспен ауыл биленсе,
Жыл сайын жұмыс күйленсе,
Партия бастап, сан ұйым
Күн сайын тәуір күйге енсе;

Ауыл сайын мектеп боп,
Ағылса бала лек-лек боп,
Мәдени кіндік ашылса,
Надандықты жеңбек боп.

Кооператив — ұйымнан
Керегін алып бұйымнан,
Құтылса кедей кешегі
Қу саудагер — зұлымнан.

Қалыңмал түссе ұрлыққа,
Қарындар түсіп құлдыққа,
Қатын, жетім, қоңсының
Алынса сөзі бұлдыққа.

Ауылдың бұлар жаңарып,
Жан-жағына қаранып,
Ұлы өріске басқаны,
Сасықтан ескі тазарып.

Ұйымға ауыл бастығар,
Өйткені үкімет — басшы бар.
Ұйымшыл, білгіш кеңесті
Ірітер қандай қас шығар?

Жасаса кеңес, жаңа ауыл
Болуы айдай бар ауыл.
Кел ауылдың, кедейі,
Болайық соған қарауыл.

ҚЫЗЫЛ ӘСКЕРДІҢ ОН ЖЫЛДЫҒЫНА ШАШУ

Кім қорғаусыз қорлық көрсе,
Аштық, жоқтық, зорлық керсе,
Мыңдап жылдар қан жылаумен
Миллиондаған сорлы келсе:

Ақтың ісі десе, көнсе,
Көнбегені өліп өлсе,
Өлмегені сүйреп еңсе
Жүргенде ақыр бағы жеңсе;

Төңкерісі кеп бұлттай төнсе,
Сор ойнақшып аққан сеңше;
Құл мен күңнің бәрі азат боп,
Аз заманда теңдікке енсе.

«Сол теңдікке біз де жетсек,
Оған былтыр он жыл өтсе.
Кеңес туын барлық әлем
Еңбекшісі тауаф етсе.

Ол бақ үшін тіреп екше,
Жау жасағын шапқан шөпше,
Қанын, жанын аямастан
Қайрат еткен ер ерекше.

Нелер ауыр, күннен көшсе,
Талай қастың аттары өшсе.
Бүгін соның арқасында
Еңбекші елдің өркені өссе.

Ол ел — Қызыл әскер еді
(Ол барда қай қас келеді?)
Ол биылғы февральда
Оннан он бір жасқа енеді.

Октябрьді өркендеткен,
Жау түбіне өрттей жеткен,
Тәжрибесі аз, жас күні еді,
Қалмақ енді шүбә неткен?

Бәйге әперген тарланымыз,
Сен барда жоқ арманымыз:
Тегісшілдік (коммунизм) күн туғанша
Жаса, Қызыл қаһарманымыз.

1928

Сәбиттің «Қазақ, тілі газетінің бегінде латын әрпімен алғаш рет басылған» өлеңі

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ОН ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫНА

Жүздеген неше, мыңдар жыл,
Қайғы да, қорлық, мұң бар жыл,
Мезгілсіз талай өлімді
Кешірді бастан мұндар жыл!

Октябрь жайы шарт етіп,
Теңдіктің күні "жарқ етіп,
Өркенін құлдық өшірді.
Мұңдыны барлық қарқ етіп.

Езілген болса қай елде,
Еріксіз қайда тәуелді
Теңдікке жетті бәрі де
«Бәрінен қоры» әйел де.

Сол теңдігі әйелдер.
Қызықтан бүгін әлемдер –
Өздері он жыл басқарып,
Тұс-тұстан жауды сәлемді.

Бүгінде-ақ жүзден қаланы,
Қаптаған әйел баланы
Көргенде, енді он жылғы
Қиялдайсың даланы.

Бұл жүздер жетіп мыңдарға,
Білімін беріп қорларға.
Сауатсыз әйел қалдырмас,
Қала мен елде, қырларда!

Құтты болсын тойларың!
Орындалсын ойларың!
Еркекпен тезден теңелсін,
Білім мен қызмет бойларың!

Жүздеген неше, мыңдар жыл,
Қайғы да, қорлық, мұң бар жыл,
Мезгілсіз талай өлімді
Кешірді бастан мұндар жыл!

Октябрь жайы шарт етіп,
Теңдіктің күні 'жарқ етіп,
Өркенін құлдық өшірді.
Мұңдыны барлық қарқ етіп.

Езілген болса қай елде,
Еріксіз қайда тәуелді
Теңдікке жетті бәрі де
«Бәрінен қоры» әйел де.

Сол теңдігін әйелдер.
Қызықтан бүгін әлемдер –
Өздері он жыл басқарып,
Тұс-тұстан жауды сәлемдер.

Бүгінде-ақ жүзден қаланы,
Қаптаған әйел баланы
Көргенде, енді он жылғы
Қиялдайсың даланы.

Бұл жүздер жетіп мыңдарға,
Білімін беріп қорларға.
Сауатсыз әйел қалдырмас,
Қала мен елде, қырларда!

Құтты болсын тойларың!
Орындалсын ойларың!
Еркекпен тезден теңелсін,
Білім мен қызмет бойларың!

АРАП ӘРПІ, БАРЫП ТҰР!

Хат білгелі қазақпай,
Жазуы болып мазақтай,
Талайын тартты бейнеттің
Бұйырылып берген азаптай.

Арабтың әрпі туралды —
Құбыжықтай қып құранды.
Соңда да жетіп дегенге,
Сала алмадық ұранды.

Ендеше, арап, барып тұр,
Не күнім сенде қалып тұр?
Көп елдер алған, сыналған
Латынша жеңіл әріп тұр.

БАЙ МЕН КОМСОМОЛ

Бай:

— Бір баламдай көруші едім,

Жылда фітір беруші едім.
Өлгенше әкең жылқы бақты,
Марқұмға әбден сенуші едім.
Қартайғанша шешең Қауа,

Құрт қайната, сиыр сауа
Жүріп, үйді жайлаушы еді,
Біз тұрғанша — бесін ауа.
Неше ескімді әкең киді,

Шешен; ұстап біздің шиді,
Өз асындай билеуші еді,
Өзімсініп біздің үйді.
Бүгін мұндай заман болды —

Аяқ асты адам болды.
Жақсы атаның баласына
Сәуле көру арам болды.
Өңшең есер құл мен кедей

Бір біріне бұ нең демей.
Кеңеспіз деп керіп барад,
Буға пісіп ішпей-жемей.
Сірә бүйтіп заман кетпес,

Құдай бізді махрұм етпес.
Күн туғанда жалшы ойнағы
Бір қайырылар, естен кетпес.
Сәлім балам, дәмдес едік,

Білемін жоқ сенде желік.
Менің малым — сенін малын,
Мін де жек, сау, ал да бөліп
Өзің қорғап, өзің малдан,

Болар маған басы қалған,
Қазына алғанша сенде тұрын,
Арашала мынау заңнан.
Комсомол:

— Бай, сірә, бүл келмейтін жыр,

Білемін ғой сіздікі сыр.
Қоқиланып қорқытпайын,
Заманды айтып күшпенен құр.
Алайда, тек істің жайын,

Сіздің болған мүп-мүләйім
Көзіңізді өзіңізге
Аз ескертіп ұқтырайын:
Мың азапты кедей тартып,

Берді еңбегін саған сарқып.
Фітір, ескің жуындыңмен
Риза қылып, өстің. шалқып.
Туды октябрь, сынды шөлмек,

Қызыл жалау желбелеңдеп
Салған үнді елемейсің,
Ашты бағың, көр де, көн деп.
Баяғы мал, баяғы бак

Іздегенің жан-тәнің сап;
Шынар.а елді меңгермексің,
Атың сатып, асың бұлдап.
Кедей бағын бекер дедің,

Үнемі өстіп өтем дедің.
Бұрын зорлық, еппен еді
Байқалмай-ақ кетем дедің.
Жоқ, жалшы мен кедей де адам

Бәріне аян өткен заман.
Сыйға сыйлық көрсете алмай,
Болып жүред несіне жан.
Ұлы Октябрь бізсіз өтіп,

Сізге ұятты ек «сыйсыз» кетіп,
Он бір жылда бердік міне,
Кіші октябрь шыж-мыж етіп.
Аз да болса мәзіріміз,

Өз істеген қадіріңіз!
Еске түссе, тарқар өкпең,
Бізге істеген жәбіріңіз...

ЛЕНИН ӨЛІМІНІҢ БЕС ЖЫЛДЫҒЫНА

Өмірін төңкеріске арнап,
Оятқан құлдарды жарлап,
Кезеңге кезенбей қалмай,
Іс еткен есептеп, барлап.

Өткеннен өнеге теріп,
Ақылға, білімге теліп,
Төңкеріс планын құрған
Бірнеше досымен серік.

Таң атқан, айтқаны келіп,
Қиынды оңайлап беріп,
Бастаған көсеміміздің
Қалғалы лебізі сөніп,

Өткіздік бесінші жылын,
Нешелер өткелден қиын,
Келеміз аман-сау өтіп.
Бас қосып топтанып жиын. .

Ол берген сабақты біліп,
Ол айтқан жолменен жүріп,
Өркендеп өрледі совет
Күннен күн жаңалық құрып.

Өкіріп фабрик, завод,
Өндіріс жаңбыр боп жауад.
Жосытып кендерді қазып,
Жосылтып шойын жол салад.

Тау бұзып, тастарды қашап,
Трактор, машина жасап,
Электр, телеграф сымсыз
Құлаштап қай-қайдан асад.

Жүздеген совхоздар орнап,
Мыңдаған колхоздар қоздап,
Болып тұр қанатын қомдап,
Ескі өмір торғайдай тозбақ.

Қазақ елінің надандығы бар еді,
Сондықтан ба, шабандығы бар еді,
Оның бәрі де қалама деймін,
Заманның, жаңа замандығы бар еді.

Өйткені кедей бірігіп келеді,
Сыбағасын алып тіріліп келеді,
Қосшы, жалшы ұйымдарын ашып
Партия, кеңеске кірігіп келеді.

Суаттары аздап ашылып отыр.
Жеке ұйым болып, қосылып отыр,
Тап жауларының асқар тауларын
Алты қырдан асырып отыр.

Әлі де талай етеріміз көп,
Жыл өткен сайын жетеріміз көп.
Енді бес жылда бес есе өсеміз,
Ленин арбасының жетегінде боп.

КЕҢЕС САЙЛАУЫНЫҢ БІТУ ҚАРСАҢЫНА

Округ әкімдерінің қаламы сырт етсе,
Аудан ұлықтарының аузы бүлк етсе,
Бір қағазды бір қағаз айдап,
Ауыл кеңесін табады қит етсе.

Өкіл шықса ататын оғының,
Науқан басталса жанатын шоғының
Ең күштісі — ауыл кеңесі,
(Қажетсіз әлі бары мен жоғының).

Қаражаты кем, кеңсесі де болмай,
Кеңсе орнатуға еңсесі де болмай,
Кеңес ағасы кейде хатшымен
Шапқылаушы еді бел шешуде болмай.

Сөйтіп жүргенде биылғы сайлау
Өткізілгенде қаулы қып байлау,
Шығарды дағы, баяндаманы,
Талай кеңестің алдына жайды-ау.

Нелер старшын мұрттарын сылайды.
Ауыздарын аша алмай сиырша сұлайды.
Қара сөзге олақтығын айтып,
Өзі үшін сөйлеуге жолдасынан сұрайды.

Көп жерде солай қысылдыратын болды,
Олақтық қылғанын ысылдыратын болды,
Салақтық қылғанын, төрелік құрғаның,
Енді кеңестен ұшындыратын болды.

ЕСКІ ДӘУІР КҮЙРЕДІ

Бұрын елді хан билеп ед,
Хан жақтаған пан билеп ед,
«Аузы қисық бай сөйлесін»
Деген қасқа заң билеп ед.

Зұлым, зорлар мал тауып ед,
Мал арқылы ар тауып ед.
Ардан аброй, бак, құт тарап,
Тіл тигізу зор қауіп ед.

Хан ұрпағы төре болып,
Төлеңгіті келе болып,
Тірі түгіл аруағы
Ескірмеуші ед көне болып.

Елді олар да қинаушы еді,
Көнбегендер қираушы еді.
Мың түрлі азап тартса да ел
«Бұ нең?» деуге қимаушы еді.

Қимайтыны—«сыйлаушы» еді,
Сыйламаған сыймаушы еді.
Міне сөйтіп «есіл ерлер»
Бақ, аброй жинаушы еді.

Қоңсы, малшы, қарашының
Жаны есепті ед қара шыбын.
Шыбын байға жақса ғана,
Азар шықпай қалатұғын.

Ол дәуреннің Октябрь кеп
(Жылдан жылға өктегір кеп)
Туын жығып тоқтау айтты:
Таусылды енді өткелің деп.

Амалсыздан, сырты көніп.
(Сонда да ептеп «ризық теріп»),
Талай сабаз күнелтіп жүр,
Іште нелер төбеті өліп.

Әлде болса, ел аулақта,
Сыйынып ап ескі әруаққа,
Қараңғы елді алдап, жалдап,
Шұлғытып жүр дәулет баққа.

Туып міне кіші Октябрь
Жасады той — ұлы дүбір!
Бақ құсы шын бүгін ұшып,
Күйреді анық ескі дәуір.

Кекжиген-кер ханзадалар,
Дәулет масы — елге ағалар
Конфискемен ойрандалып,
Елдің кезі келді оңалар.

Қоңсы, жетім, жалшы, кедей,—
Еңбек сүйгіш жалпы кедей
Жаңа дәуір орнатуға
Енді енерді салшы, кедей!

ЖАЛҒЫЗ ҚҰДЫҚ БАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕКТЕБІНДЕ

Лениннің белгісін тағып,
Егессе кеудесін қағып,
Жүрген де комсомолдар бар,
Сөйлесе бетімен лағып.

Шаш тарап, сафоны тартып,
Кей-кейде бөтелке сарқып
Қоятын белсенді де бар
Көретін оны бір тәртіп.

Байлық деп шаруадан қашып,
Әкенің бергенін шашып,
Жүрген де «кедейшіл» жас бар,
Сөз қуып, құр өсек тасып.

Уставты оқымай біліп,
Ылауды ақшасыз мініп,
Жұмсаусыз қызметші болып,
Жүрген де бар терелік құрып.

Тасқожа, Ертай мен Молдаш
Слардай өмірі болмас,
Көргенде игіліктерін,
Көңілің қалайша толмас.

Мектепті кім үшін салған,
Ақшасын не жолмен алған?
Жасасы« тіл алғыш елі,
Обал да бір үйі қалған.

Әйелге арнаулы мектеп
Салыпты алпыс үй көптеп,
Жол тауып басшылық қыпты,
Әлгі үш жігіт өктеп.

Әне, шын комсомол жастар,
Жас болсаң, солардай басқар,
Бұл істі туғызған елді
Демейміз күтусіз тастар.

ТОҒЫЗ ЖЫЛҒЫ ОЛЖАМЫЗ

Тоғыз жыл Қазақстан дәуірінде
Істелген игі істердің әрбіріне
Көз салса, дұспан жылап, дос күлерлік,
Оңбаса қазақ елі, кәне бұл не?

Жер алды, шаруаланды кедей көбі,
Бас қосқан кедейдің бар қосшы тобы.
Кеңесті кедейлерден сайлап алып,
Жоқталған қайда болса кедей жоғы.

Оқуға, жұмысқа да кедей кірді.
Жер болса шығын шығар, кедейге үлгі,
Жалшы мен - кедей келсе, кооператив
Таңдаған бұлын беріп, зыр жүгірді.

Сынған соң, конфискемен байдың сағы,
Кедейдің көтерілді аруағы,
Басталған осы күнгі колхоздықта
Кедейдің ендігі үміт, болашағы.

Жалшылар сайлап алып батырачкомін,
Шарт жасап, айтып отыр байға жөнін.
Қиянат ақысына қылған байдың
Қолма-қол ағызады сотпен көзін.

Әйелдер тоқалдық пен қалың малдан
Құтылды, оларға енді білім арман.
Сондықтан оқу менен қызметке алып,
Кей жерде әйелге арнап мектеп салған.

Бізде өнер айшылықты аттап келед,
Бізде де завод, фабрик қаптап келед,
Темір жол күншығысты белден басып,
Құла дүз, тауды, тасты қаптап келед.

Біздегі ылғи қара домалақ та
Әскер боп, міне биыл тұрды сапқа,
Тоғыз жыл, мешеулікте мұны істеген
Қалмақшы Қазақстан қайдан артта...

ӨСЕК ҚАДЫРЫ АЗАЮДА

Жаз болса қозылардан қалып,
Қыс болса қазылардан қалып,
Барады Мәдилердің, де
Жарасы жазылардан қалып.

Олжасы, түстігі түгіл,
Өжеттік, күштігі түгіл,
Өз аты көптік қып барад,
Ат майы түскірі түгіл.

Ойлайды өткен күндерін,
Шайқап та төккен күндерін,
Ойлайд та, зығыры қайнайды,
Осындай еткен күндерін.

Шыдамай жиылысқа барады,
Жағалап құлағын салады,
Қамқорсып кезеңді жерде
Кертарта бір сөйлеп қалады.

Сөзі өтсе, құдайы берді:
Кеңеске кедергі келді.
Мәдекең, өнерін айтып,
Дос байдан омыртқа жейді.

Көп қамын, кекесін ойлайды,
Басшы боп, демесін ойлайды.
Мәдилер дұспандығы мен
Бір ғана өңешін ойлайды.

Қу тілге көнетіндер де,
Алданып, еретіндер де,
Күнбе-күн азайып келеді,
Көп шығын төгетіндер де.

ПРОЛЕТАРИАТ ЖЫРШЫЛАРЫНА

Дүниеде түрлі өнер көп,
Өнерді тапқан шебер көп.
Алайда тұрмыс енерге
Толған жоқ әлі кемерлеп .

Қаншама өнер өрбісе,
Іздеуші сонша көбеймек.
Жана өнермен тоқтаусыз,
Түрленіп тұрмыс өңеймек.

Өнермен тапқан құрал көп,
Өрнекпен салған дуал көп:
Салтанатты сарай мол,
Фабрик, завод бұдан көп

Дүние айналған темір жол,
Ұжмақтай қала оқ мен сол.
Сымды да сымсыз телеграм...
Әлі де алуы бұдан зор.

Мұхитты кезген кемеде,
Зырлаған құстай әуеде,
Миллиондап тетік шығарған
Адамда ақыл немене?

Өнердің табыс ернегін
Миллион жіпті ермегін
Ерінбей теріп тоқыған,
Білесіңдер ме әлде кім?

Алтын мен күміс, темірді,
Жер қойнынан кемірді

Сәбит қызметтес жолдастарының ортасында.
Тас-талқан ғып тартып ап,
Жайнатқан қай қол өмірді?
Есепсіз түрлі құралды

Кім жасап қолмен шығарды?
Керек пен шаттық тапқызып
Кім беіргізді моральды?
Көмірдей қара тоны бар,

Еңбекке ортақ жолы бар,
Жер тамырын, идірген
Темірдей қайрат, қолы бар.
Мұның, аты — жұмыскер.

Бұл өмірге мініскер.
Еңбекке ортақ, баққа да
Ортақтықты бұл істер.
Бұлар кеше кім еді?

Оңбаған, сорлы, сұм еді.
Сол өмірді өзгерту
Бұлардың арман мұңы еді.
* * *

Біздегі тұман ашылып,
Дұспанды қырдан асырып
Түзеуге кірді өмірді
Жұмысшы біткен ашынып.

Алай да асқар тауы кеп,
Дүниеде толған жауы көп.
Оларды да жоюы ақ,
Бастарын қосып тәуіреп.

Міне осындай елдердің
Нені істеп, нені көргенін,
Тұрмыспен қандай не ойлап,
Өмірін не үшін бергенін;

Келешектегі істерін,
Оны істерлік күштерін,
Еңбегіне дәлел ғып,
Қолының қалың күстерін.

Жырлайтұғын жырауы
Жыраудың жамау-құрауы.
Ашығуы керек ішінен
Ендігі жұрттың сұрауы.

Сол сұрауы қабыл боп,
Міне, отыр жырау-құрауы!
Күннен-күн құрау тұтасып,
Ширамақ, жетпек бұрауы!..

«ЖАҢА АУЫЛ»ДЫҢ ОН ЖЫЛДЫҒЫНА!

Бір кезде қазақ тағы еді,
Талаудың-таран жағы еді,
Талауда кімнің күші асса,
Сонікі дұрыс-ақ еді.

Күші асқандар батыр боп,
Бастады батыр «мақұл» боп,
Батырды сүйткен хан алды
Ханда айла мен ақыл көп.

«Хан батырды жауға сап,
Қара биді дауға сап,»
Өзі тып-тыныш отырды,
Олардан олжа, сауғаны ап.

Хандардан сүйткен бақ тайып
Ел сатып бірі жалпайып,
Торғайдай тозды қуылды,
Көнбегендер, шалқайып.

Бұл ақ патша дәуірі,
Ел игісі, тәуірі,
Жорғалаумен жыланша
Ақ жем болған бауыры.

Ол үшін шекпен — шен алды,
Кейбірі мақтау жер алды.
Болыстық сайлау шыққан соң,
Сол озды, кім тас көп алды.

Батыр мен ханның қылғанын,
Жорығын, қырын, сырларын,
Естуменен білеміз
Жыраудың ескі жырларын,

Көрген соң қысым патшадан,
Өткенін жоқтап қақсаған.
Зар менен мұңды естисің,
Жыраудан соңғы баспадан.

Бірер газет-журнал боп,
Тарады елге қормал боп,
«Дін ұлт» деумен күні етті,
Айнала байға қорған боп.

2. КЕҢЕС БАСПАСЫ

Октябрь о жолды өшірді,
Байлаған қолдар шешілді.
Баспасы туып кеңестің
Күннен-күн өрлеп есілді.

Төңкеріс, елдінің жанжалын,
Ақтықты, кеңес заңдарын,
Оқыдық, көрдік, үйрендік
Кеңестің газет-журналын.

Көбейіп газет шәһәр-шәһәрден;
Әр кемшілік, әр қалден
Сөз қозғады, жұмсалды
Бойында көптің бар дәрмен.

«ҚАЗАҚ ТІЛІ — «ЖАҢА АУЫЛ»

Сол газеттің бірі боп,
Бұ да бір кеңес тілі боп,
«Қазақ тілі» — «Жаңа ауыл»
Міне өтті бір он жылы боп.

Он жасты бүгін тойлаймыз,
Тойда алды-артқа бойлаймыз,
Он жылдағы көргенді
Еске аламыз, ойлаймыз.

Ел іші соғыс, жорық ед,
Мұқтаждық, аштық торып ед,
Фабрик, завод, шойын жол
Тоқтаған, қирап тозық ед.

Күшіне кеңес мініп ед.
Жарадай жауды сылып ед,
Большевиктің бетіне,
Сонда кім бөгет қылып ед?

Соғысты да, аштықты
Жоғалтып, елді ап шықты,
Шаруасын түзеп, ел билеп,
Аз уақытта бастықты.

Күн санап сонан өсуде,
Жақа өнерге көшуде,
Шиеленген ширығып,
Түйінді недер шешуде.

* * *
Он жыл болды, «Жақа ауыл»
Жоғарғыларға қарауыл,
Болумен келед, ұқтырып,

Кем дегендей қай ауыл!
Кеңес заңын, қаулысын,
Кеңеспен кімнің даулысын
Танытып келед, сездіріп

Іштен-тыстан жаулысын.
Жоқтық пен жаудың қаптауын,
Шет жылы сөз қатпауын
Еңбекші елдің бетінен

Қажымауын, қайтпауын.
Қайтпай-қайтпай жеңуін,
Жеңіп, жері кеңуін,
Аш тоғайып, шаруа ондап,

Қатарға кеңес енуін.
Қазақтық тізгін алғанын,
Жеп өзінің қамдарын,
Жылма-жыл түзеп жүрісін,

Аяғын қаздаң салғанын.
Кедейдің қосшы, көктігін,
Кектіктің олжа септігін,
Түсіндірді, көрсетті

Кедейге байдың шеттігін.
Оянған кедей оңданып,
Қос канатын қомданып,
Конфискеге түйілді,

Байға бұрмай толғанып.
«Жаңа ауыл» кедей жаршысы,
Жоғалту тапты барша ісі.
Көп жерде табын таныды,

Кедей мен елдің жалшысы.
Науқанның талай өткізген,
Маңызын елге жеткізген,
«Жаңа ауыл» сынды баспасөз

Талайды іскер еткізген.
Бесжылдыққа «Жаңа ауыл»
Болғанын колхоз бар ауыл,
Көру үшін көзінен

Бастамақ, болмақ қарауыл.
Жасасын колхоз — жаңа ауыл!
Қабыссын қайнап қала, ауыл.
Өркендеп кеңес баспасы,

Өрлесін бірге «Жақа ауыл»!

БІЗДІҢ КОЛХОЗ БӘЙГЕ АЛАДЫ

Мұстапа ағай:

— Даяр ма шай?

Деді Әлима жеңгейге.

— Не бітірдің,

Қайда жүрдің? —
Деп жатыр-ау жеңгей де.
Етік, тонын
Тастап, қолын

Жуып жатып Мұстекең»

— Биылғы егіс

Жүрсе тегіс,
Пайдасы,— дейді,— күшті екен.
Бригад кеп,
Доклад деп,

Собрание шақырды.
Көлік-сайман,
Тұқым жайдан
Айтты-ау нелер ақылды.

Нелер қулық,
Нелер сұмдық,
Айтылды да ашылды.
Болмайтынның,

Оңбайтынның
Көбін сотқа тапсырды.
Егінге деп,
Ерінбе деп

Бригадты сайлады.
Сайман-көлік,
Санап беріп,
Ие қылды, байлады.

Жинап, баптап,
Сортавайттап,
Дәрілетпек тұқымды.
Соқа жамап,

Көлік санап,
Мойнына алды күтуді.
Тыйнақтай қып,
Бәрін сай қып,

Біраз күннің ішінде
Тегіс егін сап,
Бәйге алуы ақ
Бұл екпінді пішінде.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙