Жалбыр
Бейімбет Майлин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын, қарапайым халықтың теңдік жолындағы көтерілісін шынайы бейнелейтін классикалық шығарма.
5 перделі, музыкалы пьеса
«Жалбыр» пьесасы туралы
«Жалбыр» пьесасы 35-жылы жазылып, сол жылы кітап боп басылып шыққан еді. 36-жылы Москваға апарар да, бірсыпыра өзгерістер кіргізіп, өңдеп берген едім. Бұл баспасын сол соңғы өзгерістеріме бірсыпыра сәйкестендіріп істедім, әсіресе ақтық пердесін өзгерттім. Басқы перделерін көбіне сол ескісі күйінде жіберуді мақұл көрдім. Автop.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Жалбыр - 16-жылғы қозғалыс бастығы.
Елемес - жақын інісі.
Бекен - ода.
Қадиша - Елеместің сүйген қызы.
Маусым - Бекеннің келіншегі.
Сүгір - інісі
Нағима - оның әйелі
Қайрақбай - батырақ
Төбет - ақсақал.
Жақып - интеллигент.
Начальник.
Ақсақалдар.
Жігіттер.
Ауыл әйелдері.
Әскер.
БІРІНШІ ПЕРДЕ
Сахнаның жартысында – киіз үйдің сырты, іргесі түрулі, ішінде отыратын адамдар жағалай көрініп отыратындай, қалған жартысы–ауылдың қотаны. Алыста ауыл, дала суреті. Шымылдық ашылған кезде «Маусымжан» күйі ойналып, би болып жатады. Сахна түбін қоршаған жастар. Би билеген соң, Елемес бастаған жігіттер сахнаның ортасына келеді. Қадиша қыз-келіншектерді бастап, үйге беттейді. Қадишаның жанында Маусым, ол ұзатылатын қыздың түріңде бөкебай бүркенген. Екі келіншек Бекен күйеуді ортаға алып, сахнаның екінші жағына келеді. Күйеу жеңгелері мен жігіттер ортада, қыздар үй жанында үш бөлек тұрған күйі «Маусымжан» әнімен хор айтылады.
Көздің жасын көл қылып бұламасын!
«Екі жасты бақытты ете гөр!» деп,
Біздер бата берелік сұрағасын...
Күн нұрындай күлімдеп Маусым жүрсін!
Құрбы-құрдас құрметтеп есік ашты,
Құттыхана үйіне Маусым кірсін!
Екі қыз Маусымда екі жағынан қолтықтап үйге алып кіреді. Қыздар үйге кіріп болғанша, Қадиша бөгеледі. Елемес Қадишаға ынтыға қараумен тұрады. Қадиша оны сезбеген секілденеді. Көптен оңаша, жендеттерімен Бекен отырады. Елемес.
Күйеуің құжырайған шал, Қадиша.
Ойында қандай пиғыл бар, Қадиша?
Қадиша.
Құмартып қолыңды ұсындың жүзім көріп,
Қамаулы қапастағы мен бір тұтқын,
Қайтесің, өнбейтінді айта беріп?!
Елемес.
Кеңеске құлағыңды сал, Қадиша:
Ұсынған қолды қағып, торға түссең,
Арылмас сүйегіңе ар, Қадиша!
Қадиша.
Қазақта жылаған қыз азғантай ма?
Қалдырып дос-дұшпанның табасына,
Жылатып ата-анамды барам қайда?..
Қадиша қыздарға барып қосылады. Бозбалалар өзара сөйлесіп отырысады. Елемес қайғылы түрмен. Елемес.
Сезе алмай сүйген жарың зар, Қадиша!
Жүрегің мен ғарыптың мұзға бөлеп,
Көзімнен ағызбақсың қан, Қадиша!..
Елемес жігіттерден оқшаулау, түрленуге таман отырады. Қадиша нақ осының тұсында Дәмеш (Бекенге).
Жарып риза дегендей жайланыпсың,
Жеңгені көзге ілмеуге айналыпсың.
Демей ме: «Құр жарбаңдап жай қалыпсың».
Бекен.
«Бер!» деген бір сөзіңді, қоймас жеңгем.
Дәмеш (наз қылып).
Ырымын берген соң... құрысын өңгең!
Бозбалалар «Жар-жар» айтуға кіріседі.
Бозбалалар.
Қырық кісінің ақылы ханда болар.
Әкем үшін қайын атаң онда болар.
Бозбалалар «Жар-тар» айтқан кезде, қыздар өзара сыбырласып, Маусымның бөкебайын бәрі бүркенеді. Қыздар.
Ауыл-аймақ таңданып қайран болсын.
Өз әкемдей қайын атам қайдан болсын!
Сахнаға Сүгір келеді. Қасыңда Асат, тағы біреу. Жігіттер құрмет қып орындарынан тұрады. Елемес оны елемеген түрмен отырады. Асат (даурығып).
Жол беріңдер мырзаға!..
Елемес.
Сүгір селт етіп, шатынай қарайды.
Асат.
Қадиша.
Қойыңдар!.. Келмей жатып не?..
Сүгіp.
Шын содыр мынау ма,
Мен бе? (Қадиша үндемейді.)
Елемес.
Сүгір (Елеместі кекеп).
Секілді ме қалай?
Алдымды бердің орай.
Қадиша.
Тарылмашы, құрбым-ай!
Сүгір.
Қырықжеті сенің құның мал, Қадиша.
Көңілінде қандай пиғыл бар, Қадиша?
Қадиша (үйден шығып).
Саттым деп мал орнына әкем риза.
Келген соң тең құрбылар ойнап-күлдім.
Сүгір.
Мен сенің құрбың емей, қалмағың ба.
Қадиша (әзіл түрінде).
Есіңе ал жігіттердің қалғанын да!
Сүгірді қолтықтап, Елемеске қарай түсіп, Қадиша үйге кіреді. Сүгір Қадиша мен Маусымның арасына отырады. Елемес.
Болғаны шын ба құның мал, Қадиша?
Қу заман қорқытқанын сыйлайтұғын,
Мырзаңа бізден рұқсат бар, Қадиша!
Асат (көпке).
Қағылмаған тісі бар екен,
Орта жығылғандай одыр екен,
Ойнақтаған содыр екен... (Қасындағы жігітке).
Жігіт. Taп өзі.
Асат. Айтамын-ау! Тым өктем сөзі.
Қадиша.
Ойланып, ойнақтап от баспаған жан
Қашанда мұратына бұрын жетпек,
Тасқындап қанасынан аспаған жан.
Сүгір.
Қадиша.
Елемес (Сүгірге естірте).
Сүгір. Асат!
Асат. Әу!
Сүгіp.
Көзіңді сала отыр.
Асат. Мақұл.
Елемес.
Айтақтай отырыңыз, Әсеке.
Асат.
Сүймейтінім – бәсеке.
Елемес.
Бірақ... билік сізде емес-ау...
Біреулер.
Біреу.
Біреу.
Асат! Мәжілісті сен басқар.
Домбыраны Асатқа береді. Асат жанындағы жігітке ұстатады.
Жігіт («Терме» әнімен).
Ат мініп, тон кигелі.
Жатырмысың жүргелі?
Асылдан екен кигенің,
Алтыннан екен ілгегі,
Алдында отыр топтанып,
Жалғыз сен боп білгені,
Сенімен ойнап-күлгелі,
Іс бол май ма үлгілі?
Жыр болғандай кейінге
Көрсетіп кет үлгіні!
Келіншек орамал мен сақина әкеп өлеңшінің алдына қояды. Өлеңші өлеңін қайта бастайды.
Жездеме аяқ салайын!
Бергені болса, алайын.
Телміріп отыр маңайым.
Шапанның кидік талайын.
Бар екен сенің талайың.
Деп отырсың, алайын.
Келісті жарың, келісті.
Қайсыбірін санайын!..
Күйеу жеңгесі бір шапанды әкеп, Асаттың алдына қояды. Асат оны қорашсынып ұстап, Сүгірге жібереді. Сүгір шапанды көргенде ашуланады. Сүгір.
Көрсетпе менің көзіме!
Шапшаң лақтырып жібереді. Жұртта шошынған түр. Асат жайдарыланады. Жұрт тым-тырыс. Әйелдер бетін шымшиды. Елемес.
Сүгір. «Жөн айт!» деп жүгінбеймін ешкімге әзір.
Елемес (сахнадағы көпке).
Сендерге бұйырса еді ойын-әзіл.
Сүгіp.
Ит жексұрын болушы ед тақымдаған.
Елемес.
Сүгіp.
Елемес.
Сүгір (шіміркеніп).
Тебермін де кезінде жақындаған...
Елемес.
Кім білсін.
Сүгір (аздан кейін). Асат!
Асат. Әу!..
Асат. Тірімін.
Сүгіp.
Бір ырымын істе, ырымын!
Асат жан-жағына қарайды. Елемес елеңдейді.
Асат.
Кәденің жөнін кеңесіп шешсек деп ем.
Елемес.
Лайықты дегеніңді істеп көр.
Асат. «Кеңеспен пішкен тон келте болмас» деген, Біреулер олқы көріп жүрер. Үйден Сүгір шығады. Сүгір.
«Төр менікі» дегені есіктегі,
Кекеу сөзді құлақтың есіткені.
Асат.
Балаға мазақ қылды бесіктегі!» дейсіз бе?
Үйден Қадиша шығады. Жалынышты түрмен Сүгірге қарайды.
Қадиша.
Тең көрші құрбыларды, өктем келмей,
Әзілге ашуланған мін емес пе?
Отыршы ойнап-күліп көппен бірдей.
Сүгір.
Сұлу қыз, улы сөзді қоймадың-ау!
«Ел» көрген құрбылардың жүзі салқын,
Екенін енді білдім кімдердің жау. (Асатқа).
Түсіндім тамырланған жұмыс екен.
Түбіне кез жетпейтін ұлы іс екен.
Сұлу қыздар құрбысын таңдап тауып,
Аралас көптен таныс-біліс екен.
Асат екеуі кетеді: жұртта аңырған түр. Шошыну. Қадиша үйге сүйенген күйі тұрады. Елемес (Қадишаға қарай түсіп).
Жылаймыз ғой, сірә!
Қадиша.
Буынсызға пышақ ұратын жігіт екенсің!
Елемес.
Буынын іздейміз деп,
Мырзаның аяғына бас ұрмақпыз ба?
(Қадиша үндемей үйге кіреді.)
Елемес.
Қырыңа ала алмассың!..
Қайтпас тауым!..
Сатымды сындырмашы, қалқатайым!
Сасқан түрмен бір әйел сахнаға келеді.
Әйел. «Тарқасын!» деп жатыр, ойбай.
Жігіттер.
Біліңдерші, біліңдер!
Бір жігіт кетеді. «Көргенді» мырзаның ісі шығар. Ылаң салмаса, даңқ шыға ма... Біреу. Тоқтаңдар!.. Шулама!.. Тыстан дауыс.
Сахнадан.
Тыстан.
– Әу?
Қатын, әй!
Әу?..
Қайт үйге!.. Балаң жылап жатыр.
Шақырылғандар біртіндеп кеткенде, сахнада күйеу жалғыз. Маусым мен Қадиша бір. Жалғыз отырып Елемес қалады. Аз тыныс. Бекен.
Елемес.
Қасқыр жер деймісің? Отыра бер...
Дауыс.
Қадиша. Әу!
Дауыс.
Елемес.
Уай дайт дерсің!..
Маусымға да кезек келсін.
Бекен (шошына тұрып).
Елемес.
Кім қалатын еді cay?
Беті жылтыраған әйелге
Қыдыр тұқымы жау.
Қайсысы қозғай алды дау?
Бекен. Апырым-ау!
Елемес.
Бір жөні болар.
Маусымжанды қолтықтап шығып, Қадиша кетуге бет алады.
Бекен.
Елемес(жалт қарап). Қадишажан, Сапарың он болсын!
Қадиша.
Елемес
Қадиша (тоқтап).
Сөз шығын қылмасаңыз екен!
Елемес.
Буғандай-ақ сөйлейсің. (Бекенге сыбырлап.) Ана қолыңдағыңды неге әкетіп сүймейсің? Жөнел! (Қадишаға жақындап).
Қадиша. Не үшін?
Елемес.
Бекен Маусымы алып, сахнадан шығады.
Қадиша.
Айттым ба, сірә?
Елемес.
Қадиша (аз тұрып, күрсініп). Кім білсін?
Елемес(назалы түрде).
Білмейтін хат-қаламды анайымын.
Байлардың бір кездегі малайымын.
Кедейді не демекпін «кедей» демей?
Құрбының көз қырына ілінбейтін,
Жігітпін жұрт жиренер мен бір өгей.
Сүйеді теңін таппай жынды жүрек.
Өнбейтін өр мінезден етіп тілек.
Қайтесің мендейлердің сөзін елеп!
Қадиша (Елеместің иығына қолын салып).
Дәрмен жоқ, не демекпін саған шалқып?
Жүрегім, жаным-тәнім түгел сендік,
Апырым-ау, не қыл дейсің бұдан артық?
Дегенмен құр алданыш...
Білмейтін кісі жоқ қой біздің жайды.
Қайтейін, өтер жылап өмір қайғы.
Кім екен бақыт кілтін бұрайтұғын?
Күй қалмай бара жатыр шыдайтұғын.
Жер бар ма жәрдем-көмек сұрайтұғын?
Қадиша (күрсініп).
Қолдан келгені осы.
Елемес(назаланып аз тұрып).
Құр кіжіну.
Менде де жоқ дәрмен.
Жоқ боларсың, тегі.
Болмай кетті қаптап.
Жүрген болсаң, сен құдай!
Сахнаға Қайрақбай келеді. Киімі жұпыны. Ойынның бас кезінде де жүрген. Дене құрылысы, аяқбасысы ерекшелеу адам, Сырт қарауға – түк түсінбейтін меңіреу. Қайрақбай.
Қыз қырғынға ұшыратты,
Мырзаны құдай атты.
Елемес (селт етіп).
Кімсін өзің?
Қайрақбай (жан-жағына қарана түсіп).
Мен Қыдырдың малайымын.
Жылаумен ойған көзін.
Қайратың болса, қимылда!
Елемес.
Дауыс (тыстан).
Не деген қараңғы түн!
Тыста шу.
Жалбыр келді!.. Жалбыр!.. «Жалбырлаған» дауыс сахна сыртын жаңғырықтырады. Елемес( елеңдеп).
Жәкем қайдан жүр?
Сахнаның тұс-тұсынан аңдап адамдар шығып, қатар тұра қалады. Аз тыныс. Ірі басып Жалбыр келеді. Жағалай қарап алып, оңаша тұрады. Елемес (үрей). Жәке-ау!.. Түсің суық... кейіп кепсін. Жалбыр.
(Сөзін үзе сөйлеп.)
Ақ патша қатын бопты бүгін алжып,
Майданға сендерді алмақ берді жарлық...
Атқа мін, кеңесейік елге барып. (Әлсіреп.)
Жәкеңнің басы қатты, қойды дал қып... Музыкада «Елім-ай». Көп күңіреніп қосылады. Көп.
Мәңгі-бақи тепкіде жүрген елім!
Адамың – құл, әйел – тұл, бас – ноқталы,
Көрінген бір есек қып мінген, елім!
Басқа азаттық болмай ма сұрау деген?
Атадан ұл, анадан қыз айрылып,
Ақтабан боп осы ма шұбау деген?
Жалбыр (жабыққан пішінде).
Қыдыр тұқымымен қастасамын деп басым бірнеше жыл түрмеде шіріді. Болыстың дегеніне көнбеймін деп бұзық атандым. Бұл лайсаңның салмағы кедейге түседі. Сонда кедей қайтеді? (Топқа бұрылып.) Уа, ер-азамат! Бұғалық мойындарыңа түскен жоқ, төніп қана тұр. Түсірмеймін десеңдер, еріктерің бар. Топ(шулап). Баста, Жәке! Жалбыр. Ендеше, мініңдер аттарыңа! Шымылдық.
ЕКІНШІ ПЕРДЕ
Сахнаның орта шенінде ағаш үйдің есігі. Бірер терезе. Сахнаның түп жайында ағаш үйдің төбесінен қараңдай боп мешіт мұржасы тұр. Сахнаның бір жақ шетінде киіз үйдің есігі, сәнді сықырлауық. Үй маңайы айнала ағаш. Терезе жаныңда да ағаш бар. Түн. Тым-тырыс. Алыста күзетшінің тоқылдағы. Зарлантып салған ән. Ән.
Қайысып сынғалы тұр сенің белің.
Табатын адам бар ма дерттің емін.
Ән салған күзетші сахнаға шығады. Қайрақбай тоқылдағын ұрып, жағалай қаранып тұрады. Әнін қайта бастап, киіз үйді орала кетеді. Ән.
Аламын тарыққанда өлең тербеп.
Осы кезде ағаш үйдің терезесі ашылып, Қадиша көрінеді: жалаңбас, көйлекшең, шашы иығына түскен. Ай сәулесі Қадишаның бетіне дәл түсіп, қайғылы шырайын айқын көрсеткен. Қадишаның құлағы Қайрақбайдың әнінде. Ән аяғы.
Зарлаумен өтті-ау өмір таппай ермек!
Қайрақбайдың тоқылдағының даусы ұзайды. Қадиша ауыр күрсініп, қайғылы пішінмен ән салады. Қадиша. Жібектен ақ орамал кестеледім. Кестемді сәулем алар деп сенемін.
Білемін, маған қатты өкпеледің.
Қорғансыз бір бала едім өскен жалқы.
Тартылып көкпарға, көзімде қан.
Тыңдашы сәлемімді соққан желден.
Жарқылдап мен алдыңнан шығар ма едім,
Сен келіп, сәулетайым, сонау елден!
Қайрақбай терезе жанындағы ағашты тасалап, Қадишаның өлеңін тыңдаумен тұрады. Қадиша жылауда, Қайрақбай тасадан шығады. Қадиша селт етіп, терезені жаппақшы болады. Қайрақбай.
Сана мені досыңа!
Күйіміз бір сорлымыз
Күңіренейік қосыла!
Қадиша (күрсініп).
Өз қайғымда жеткендей.
Қайрақбай.
Сезгенімді айтайын.
Жалбыр бастаған топ
Болыстың алды үрейін.
Осында да келмек...
Қадиша(елеуреп).
Елемес те келе ме?
Киіз үйдің есігі сықырлап ашыла бастайды. Қадиша дереу терезені жабады. Қайрақбай тоқылдағын ұрып алыстайды. Үйден Сүгір шығады: жалаңбас, жалаң аяғында кебіс, иығында желең шапан. Айға сығырая қарап тұрады. Насыбай атады. Қайрақбайды ымдап жанына шақырып алады. Сүгір.
Ондай-мұндай сезілсе,
Тоқылдақты ұр...
Қайрақбай. Иә.
Қайрақбай сол орнында тұрады. Сүгір ағаш үйге барып кіреді, Қайрақбай дереу отаудың есігіне барады. Қайрақбай.
Не бетіңмен жатырсың?..
Жалаңбас, көйлекшең, сасып Нағима шығады.
Қайрақбай.
Тоқылдағымды ұрып,
Оралып келейін бір.
Нағима аңырып тұрады. Қайрақбай тоқылдағын ұрып жөнеледі. Ағаш үйден Сүгір шыға келіп, әйелін көріп, аңырып о да тұрып қалады. Нағима. Ойбай!.. Қарабет!.. Сүгір (жақындап).
Кет үйге, кет!..
Әйелін желкеге бір нұқып, Сүгір отауына кетеді. Қайрақбайдың тоқылдағынан басқа ешбір дыбыс жоқ. Атып келе жатқан таң. Алыста естілген қоңырау даусы жақындап, аттың дүрсілі, көшірдің даусы естіледі. Қайрақбай сахнаға шығып, келген кісілерге қараумен тұрады. Қайрақбай. Ақ жаға... күміс шляпі... Келіскен екен түрі... Бұл қандай сұмырай екен?.. Сахнаға маңғаздана басып Жақып шығады. Екі шабаданды зорға көтеріп, артында көшір келе жатады. Таң сәулесі тегіс жарық қылған. Жақып.
Қайрақбай. Үйде.
Жақып.
Қайрақбай (Жақыпқа қарай түсіп). Дөкейдің бірі-ау, сірә?..
Қайрақбай ағаш үйге кетеді. Жақып жағалай қараумен тұрады.
Жақып.
Қыз-бозбала сайрандап,
Думанмен өткен кеші.
Желіккен бірер мұндарға
Жұрт ергені несі?..
Осы кезде мұнараға сәлделі молда шығып, азан айтуға кіріседі. Жақып солай қарай кетеді. Алыста мөңіреген сиыр даусы азанға араласады. Ағаш үйден Қадиша шығады. Киімі жұпыны, қолында күйентесі мен жалғыз ғана шелек. Отаудан Нағима шығады. Сәнді келіншектің киімі, есік алдында тұрады. Қадиша келіп босағадағы шелекті ала берем дегенде, Нағима аяғын жұмсап теппекші болады. Қадиша шелекті алып, тез алыстайды. Қадиша. Асқақтама. Аяғыңа ие бол!.. Нағима.
Қадиша.
Рас, мен осы кім?
(Суға бара жатып Қадиша ән салады.)
Асқардың шынында өскен мен бір киік
Сарғайып санаменен өлемін де
Жазбаса бұл дертімді сәулем сүйіп
Болыс пен Сүгір Жақыптың жанына келіп,
Қол ұстасып амандасып, мәз болысады.
Жақып.
Елге едің мықты тұлға...
Сайым.
Қайтсем соған жағам деп,
Қартайып та болдым.
Начальник те осында,
Көресің бетін елдің,
Жақып.
Сайым.
Берілер емес өлмей.
Тасыған дүлей сендей!
Бітімге адам салып ек,
Оған даты көнбей...
Сонымен...
Соларға бердім бөліп.
Басшылығын қолға ұстап.
Кетіңдер, – дедім, – керіп...
Сайым. Жалбыр! (Аз тыныс.)
Жақып.
Жалбыр ма? Шақырайын хат жазып. Жібере қой біреуді.
Сайым.
Жақып.
Лоблымай мақалыңтоп? (Күлімдеп.) Әлгі «жансыз» жүргендеріңе тапсыр, Елді олар ұйтқытса, Келмесіне шара жоқ! Сайым.
Қолға түсер күн болса.
Көрермізде ептеп. (Жақып жазғанын оқиды). «Мұқтарам Жалбыр ақсақал! Алаш баласының қамы үшін, түн ұйқымды төрт бөліп егіліп келіп отырмын. Ел бүлініп. Еділ бұзылғандай жұмыс әзір болған жоқ екен. «Бас жарылса, бөрік ішінде» деп еді атам қазақ. Келіңіз! Сөз түйінін өз қолыңызға алып берем. Екі ауыз сөзбен ұғынысармыз деп сенем. Алашулы ініңіз Жақып». Сайым.
Сүгір.
Жақып (хатты Сүгірге беріп).
Дұғада боп тұралық.
Хатты алып Сүгір кетеді. Жақыпты болыс ертіп үйге кіреді. Қайрақбай есік алдыңда ешнәрсеге түсінбейтін адамның түрімен самауыр қойып, сөздерін тыңдайды да тұрады. Нағима әндетіп келіп, самаурын жанындағы Қайрақбайды аяғымен тебеді. Нағима.
Басқа жер аз келгендей.
Нағима үйге кіреді.
Қайрақбай аңырып аз тұрады.
Қайрақбай.
Уә, сорлы!..
Қадишаның зарланып салған әніне елеңдеп, Қайрақбай қарсы шығып, суын көтеріседі. Қайрақбай.
Бір сұмдықты естіп,
Тым шошынып тұрғаным.
Қадиша.
Қойшы, жаным-ау!..
Қайрақбай.
Жалбырларды шақыртты. Келсе, кетпес сау.
Сақтандырып бақсайшы!
Қайрақбай.
Сүйтеміз бе?..
Сүгірді көріп, Қайрақбай кетеді. Қадиша аз тұрып күрсініп шай қоюға кіріседі. Сүгір келеді. Үстем тұр. Қадишаға мысқыл түрмен қарап тұрады. Сүгіp.
Деп ем ғой сенің құның мал, Қадиша,
Жазғаны жасағанның осы шығар,
Боласың енді маған жар, Қадиша!
Қадиша.
Ұзатып, тойын тойлап елім шалқып?
Мені алсаң аяғыңнан қаңғып келген,
Мін бар ма сүйегіңе бұдан артық?
Сүгіp.
«Алма» деп қолым қатар бар ма адам?
Қадиша (ызаланып).
Болмасын оның үшін көңлің алаң...
Сүгір (жақындап).
Өй!..
Қадиша (қалтыранып, алыстап).
Сүгір (мысқылдап).
Адамды жоқтан ыза қылады да...
Мысқылдаған күйі кетеді. Қадиша шын ызада.
Жан болдым арылмаған мәңгі сорым,
Жау орап тұйықталды оң мен солым.
Бермедім неге ғана сонда қолым?!
Сахнаға начальник келеді.
Жанында молда, тілмаш, доктор, урядник, ұры итше жылмаңдап, Асат дәйек боп жүреді. Начальник.
Асат.
Асат ағаш үйге кетеді. Начальник мұртын сынап ерсілі-қарсылы жүреді. Қадишаға көзін қадап, «да» деп қояды. Знактары салақтап – кейбіреуінің шені бар саба қарын билер, ауылнайлар сахнаға шығады. Бөріктерін алып, тәжім қылғаңдай иіледі. Начальник оның бірін де керексінбегендей. Начальник (шатынап). Жалбырдың елінен кім бар? Бір ауылнай (ұмтыла түсіп). Мен бармын, тақсыр! Начальник. Аулақ!.. Сволыштар!..
Қадиша
Мына шенді саған көрімдік үшін берген шығар! Еліңе ие бола алмай, атаңның басын бағып жүрмісің?
Начальник (ақырып). Молчать!
Осы кезде ағаш үйден Жақып, Сайымдар шығып, начальникке келеді. Сайым Жақыпты начальникке таныстырады. Начальник амандасып, Жақыпты бастан-аяқ бір қарап шығып күлімсірейді.
Көрейік...
Бәрі отауға кіреді. Билер, ауылнайлар екі жақ босағаға жарыла отырады. Музыкада «Елім-ай» күйі, күңіренген сарын. Ағаш ұй мен отаудың арасы сыңсыған қалың топ. Жапандаған ауылнай тізіммен шақырып, жастарды біртіндеп үйге кіргізіп жатыр. Алынған жастар киімдерін құшақтап, тәлтіректеп шығып жатыр. Ыңыранған сарыннан басқа ұн жоқ. Бір кезде сахна сыртында бір дауыс саңқ етеді. Жалбыр келді. Жалбыр! Музыкада екінші күй. Билер үрейленгендей отаудың арғы босағасына топтанады. Қалың топ үнсіз ұмтылып, ынтыққан түрде ағаш үйдің алдын орала түседі. Сахнаға ірі басып, жеке Жалбыр шығады. Соңында Елемес. О да жеке. Оның арты сықысқан топ. Ағаш үйдің алдын ораған бұрынғы топ Жалбырдың тобымен қанаттасады. Үйден начальник, Сайым, Жақып шығып, билерге қосылып, сахнаның бір жағында жеке топ боп бұлар тұрады. Түстерінде мысқыл. Аз тыныс. Начальник пен Сайымның ымдауымен Жақып ілгерірек шығады. Жақып.
Сыңардай болды-ау белің!
Түн ұйқыны төрт бөліп,
Келіп тұрған ұлыңмын,
Қамыңды ойлап бір сенің.
Қапыда қалма, біл, сенің!
Сарыарқаны күңірентіп,
Ботадай боздап жылауың
Жалғыз емес бұл сенің.
Жалбыр.
Сайым.
Бұзықтық орны бұл емес...
Жалбыр.
Әйтсе де бірдеме дейін.
Бұлбұлдай майда тілің.
Елдің көрдің түрін.
Байды сипап маңдайдан,
Кедейдің алды қырын...
Начальник тынышсызданып, болыспен сыбырласып, уряднигін тысқа қарай жұмсайды.
Тыңдаушы бар ма мұңын?
Начальниктің қалпынан шәк алғандай боп, Жалбыр содан көз айырмайды. Қалың топты ысыра сахнаға Қадиша шығады.
Елемес (жалт бұрылып). Қадиша!
Қадиша (асығыс сөйлеп).
Сақтан, сәулем, сақтан!..
Қадишаның Елемеспен сөйлескенін көріп, Сайымдар жағында қозғалыс. Әлдекімді іздегендей, Сүгір де асығыс бір жаққа жөнеледі. Сайым.
Ақсақалдардың ауқымын тыңда.
Жалбыр.
Жасырын сырым жоқ жұртыма. Айта бер!
Сайым (кекетіп).
Тасайын дедің бе?
Игі жақсының бәрін
Аяққа басайын дедің бе?
Жалбыр.
Мен сыйласатын игі жақсы – Міне, мынау тұрған топ! Мен осының ортасындамын! Елемес келіп, Жалбырға бірдемелер айтады. Елеуреген топ орала түсіп, начальниктер мен Жалбырдың арасына шөп боп тура қалады. Сайым.
Начальник.
Қазір...
Әмір берілді...
Елемес.
Айтқаныңыз шын болды,
Біз түсіппіз тұзаққа,
Енді сөзді ұзатпа!
Жалбыр.
Мен көрген құқай жалғыз бұл ғана емес. (Жағалай қаранып, өзін қоршаған топқа қарап.)
Ер жүрек қорғалаған қайран елім.
Сенімен шын сөйлесер келді кезім!
Kөп.
Болмайды басқа көңіл жаста, Жәке!
Белгілі біз қылышың алмастайын,
Майрылмас шапсаңдағы тасқа, Жәке!
«Жалғызбын»деген ойды таста, Жәке!
Бастасаң, бас тартатын біздер емес,
Сансыз жас шылауында, саспа, Жәке!..
Қалың топ қоршаған күйі Жалбыр сахнадан шығады. Қадиша да бірге кетеді. Начальник, болыстар өзара сапырылысып, бірдемеге қамданған, әлдекімдерге бұйрық берген түрмен тұрады. Жақып жеке, күміс таяғын білегіне іліп, қалың топтан көзін алмай аңырған күйі ол тұрады. Шымылдық.
ҮШІНШІ ПЕРДЕ
Сахнаның бір жақ шетінде Жалбырдың үйінің есігі. Үй жанында түрлі құрал. Жалбыр – ұстаның, киімінде. Бекен екеуі іс соғып жатыр. Ауыл қотаны. Дала. Өзен. Ағаш. Алыста салынған бір ән талып естіледі. Қадиша үйден шығады: үлбіреген келіншек киімінде, ас құйылған үлкен қара аяқты қос қолдап ұстап, сызыла басып келіп, Жалбырға ұсынады. Жалбыр қолын белдемшесіне сүртіп, асты ішігі, аяқты Қадишаға қайта береді. Жалбыр.
Қадиша аяқты алып, үйге артымен шегінеді. Үйді оралып Маусым келе жатады. О да келіншек киімінде. Жалбырды көріп, ол иіліп сәлем етеді. Жалбыр оған да тағы «Көп жаса, қарағым, ұл тап!» – дейді. Бекен күлімсіреумен тұрады. Жалбыр сахна сыртына кетеді. Келіншектер өздерін еркін ұстағандай болады. Бекен (күлімсіреп, Қадишаға).
Қадиша.
Бекен.
Екеуің екі ұл табуға міндетті болдыңдар-ау.. .
Бекен (Маусымды құшақтап).
Маусым.
Қой деймін! Атам келіп қалар.
Бекен.
Атаң келмейді. Әдейі кетті ол, бізді ойнап-күлсін деп.
Қадиша.
Маусым! Біз бақытты келіндер болдық-ау.
Бекен.
Бақытты болсаңдар, ән салыңдар, Жәкең естісін.
Қадиша.
Қой, ойбай-ау!..
Бекен.
Жәкемді жақсы көретіндерің шын болса, салыңдар! Елеусіз боп әнді тыңдайды да тұрады ол.
Маусым «мақұл» деп басын иеді. Музыкада «Маусымжан» әні. Бекен мен Маусым құшақтасып тұрып бастайды. Қадиша босағада жалғыз тұрып қосылады. Ән. Кеш алдына мінгенім құла қасқа. Қақтым шеген құдыққа құламасқа.
Орамалын, беріп кет жыламасқа.
Елемес келеді. Қадиша қуаныш қарсы алып, құшақтайды. Әнге о да қосылады.
Күнмен бірге біз күлмей, кім күледі?
Баста дәурен тұрғанда ойна да күл,
Алдағыны болжалдап кім біледі.
Екі-екіден құшақтасқан күйі сахнадан кетіп бара жатып, тағы ән салады. Бұл жолы әндерін Жалбыр сахнаға шығып тыңдайды да тұрады.
Ынтық болып қалқаға қарағаным.
Бақытты боп масайрап балаларың.
Жалбыр (аз тұрып, күрсініп).
Жүректі тілім-тілім тіліп үні.
Қуантам сорлыларды қандай күні?!.
Атандым «бұзық Жалбыр, жұрттан шыққан»,
Өлсем де мен жауымнан қорқып бұқпан! »
Артымда жеткіншегім қанат-құйрық
Іні бар жолымды ұстап, сөзімді ұққан.
Елемес (Жалбырға келіп).
«Мақұл-ақ, қосыламыз» дегенді айтад. «Жәкелер» әзіріне ырың-жырың. Жабыла атқа мінді «кермен», «шалтақ». «Тоғышек» топтанысып жатыр бүгін, Бастығы Төбет екен. Жалбыр (басын шайқап). Жаман ырым.
Не хабар орысың мен болысыңнан?
Елемес.
Көпшілік кетіпті оған болысудан.
Секілді ауылнайдың қолы сынған.
«Таманы» жатыр білем тізіп айдап.
Қол бастап жүрген Сүгір көрінеді...
Жалбыр (селт етіп).
Болғаны десейші онда – ел іші ойнақ.
Бекен (асығыс келіп).
Төбет шалы.
Қасында: «кермен», «шалтақ» ақсақалы.
Азамат ат үстінде қара құрым.
Жалбыр.
Шақыр бері, қалмастан келсін бәрі.
Бекен кетеді. Жалбыр үйге кіріп киінеді.
Бір ыдыс көтеріп, Қадиша келе жатады. Елемес күлімсірей қарап, көзін алмастан тұрады. Қадиша (күлімдеп). Сұқтанғаның не сонша? Көзің тисе қайтесің. Елемес. Бұзылмаса осы күй. Көрмесек енді қайғыны деймін. Қадиша (кенет өзгеріп).
Қалтырайды сұм жүрек,
Болып қалған сужүрек,
Не болғандай істерің?
Елемес.
Елдің басы қосылды,
Жаудың жолы тосылды,
Кенелген күн осы...
Үйден қақырынып Жалбыр шығады. Қадиша Елеместен тез алыстап, үйді оралып кетеді. Жалбырдың үстінде желең шапан, қолында таяқ, жалғыз өзі жекеленіп тұрады. Артыңда Елемес, Бекен бастап сахнаға көп адам келеді. Төбет алдында жеке. Сәлемдесу. Жастар әскерше тәртіппен тұрады. Жалбыр.
Шеген бидің баласы ең,
Сөйле,Төбет!
Төбет.
Орысың былай тұрсын, болыс қысып.
Жайым бар атқа мінген ерегесіп.
Жалбыр (Төбетке салқын қарап).
Жастарың арамтер боп таңын көріп.
Төбет.
Жалбыр-ау, сезіктенбе сертім берік.
Жалбыр.
Мақұл...Сөйлесейік былай барып.
Жалбыр бастап бәрі сахнадан шығады. Сахна бос. Сахнаның тұс-тұсынан екеуден-үшеуден шығып жатқан қыз-келіншектер. Қолдарында іс: кесте, ұршық, тоқу. Бәрі қосылып ән салады. Ән.
Елге жігер, күш, қайрат, бас ұланның,
Сергісейші, жүрегім, серпіл қабақ,
Шыныменен болды ма ашылар күн!
Аттандырып салатын біздер қолдан,
Жадыраған шырайды шаттық билеп,
Жау қамалы жай түсіп болсын ойран!
Қуаныш. Дабыра. Би.
Аздан кейін сахнаға Қайрақбай келеді. Қадиша оны қарсы алады. Оңаша апарып сөйлеседі. Басқалар біртіндеп тарай береді. Қадиша.
Түсің неге сұрғылт?
Қайрақбай.
Келгенім ғой.
Қадиша.
Неге?.. Неге?..
Елемес келеді.
Елемес (Қадишаны еркелеткен түрмен).
Босқа үрей боп, шошына берме, Қадиша, Қайрақбай жай жұмыспен жүрген болар. Қайрақбайды ертіп Елемес кетеді. Қадиша мұңаюмен тұрады. Қадиша (күрсініп).
Жау күші тым басым.
Мен де болдым масыл.
Бар ма екен әйел затта үзген торды? (Аз отырып.)
Желкілдеп желегіме жел естіртіп,
Бермеймін бірге аттанып неге қолды?
Топ сахнаға шығады. Жалбыр жеке. Топ алдында Төбет те жеке. Қадиша үйге кіреді. Аз тыныс. Елемес (Жалбырға сыбырлап).
Бізді шығыпты іздеп,
Төбетпен керіспей-ақ
Келісімнің жөнін қарастыр.
Жалбыр (көпке).
Сырты жылтыр, іші мұз,
Сергелдеңді кеселмен
Күнім үшін достасатын болам ба?
Төбет.
Уа, Жалбыр! Азаматыңды иірмей, Сөз түйінін білдір.
Жалбыр.
Төбет.
Қылмақ болдың ба?
Бір шал.
Азаматтың аңсаған адамы – сен.
Көп (шу етіп).
Жалбыр (аз тұрып, көтеріле түсіп)
Ендеше:
Сертіміз неге болсын басты байлау,
Тапсырдық екі аруақ, бір құдайға,
Иллаәмиін! (Қол жайып.)
Болмасын арам пейіл, алдау, арбау!
Ал, аттанамыз! Қаруыңды сайла! Ту қайда?
Жастар сапырылысып, қаруланады. Жалбыр үйіне кіреді. Төбет бастаған ақсақалдар сахнадан кетеді. Сахнадан шыға бергенде, Төбет бара жатқан Қайрақбайды көріп, аңырып аз тұрады. Батырлардың киетін ескі сауытын, Елеместің қаруларын көтеріп, Қадиша үйден шығады. Елемес келеді. Көтеріңкі. Сауытын киіп, қаруларын асынып жатады. Елеместі киіндіріп тұрып, Қадиша ән салады. Бір әйел, еркектен қоштасқан жастар сахнаның тұс-тұсынан шыға бастайды. Әнді Қадиша бастағанмен, басқа әйелдер де қосылады. Ән.
Дертімді жазып едің, сәулем, сүйіп;
Артында тілектесің – біз дұғагөй,
Аттаншы, сайманың сай, сауыт киіп!
Сайрандап шаттық дәурен сүре алмаспыз!
Ұйқыдан, күлкіден де таза безіп.
Екеуі қоштасқан түрмен құшақтасып аз тұрады.
Елемес.
Садақа кетпеспін бе, сәулем, сенен!
Күн туса екіталай, қолыңа ұста.
Белгі ғып қанжарымды сатан берем.
Қанжарын суырып Қадишаға береді. Екеуі құшақтасқан күйі жастардың жанына барады. Әйелдердің көбі көзін орамалмен басады. Жігіттер бір бөлек шығады, алдында Елемес, әйелдердің алдында Қадиша. Қоштасу өлеңі. Жігіттер.
Тілегіміз – жауды жеңу.
Әйелдер.
Қоштасқан ғой қолды беру.
Бәрі.
Жау маталып, арқандалсын!
Жат таңырқап таң болғандай
Жауға қарсы қалқам барсын!
Жігіттер.
Жыламаңдар, келеміз сау.
Әйелдер.
Ал күлейік, қалқалар-ау!
Бәрі.
Біз – жастардың серкесіміз!
Кереметке ісіміз сай.
Қоштасу биі. Би біткеннен кейін әйелдер мен жігіттер тағы екіге бөлініп тұрады. Құрал-сайманын асынып, сахнаға Жалбыр шығады. Жалбыр.
Дауыс.
Дайын!.. Дайын!..
Жалбыр.
Көп қорқытад деп еді атам қазақ.
Күлетін дәурен болса, болып азат.
Бер бата!
Ұланыңды сүйіп ұзат!
Жалбыр бастап, жігіттер сахнадан шығады. «Ақсарбас» деген дауыстар. Әскердің аттануы. Аздан кейін әйелдер қолын бұлғап, ақтық рет қоштасып, ән салады. Ән.
Жауының төбесінде ойнасын жас!
Айырылып арқа сүйер азаматтан,
Көр қылып көзімізді оймасын жас!
Шымылдық.
ТӨРТІНШІ ПЕРДЕ
Болыстың ауылы сол күйінде. Терезені ашып, Жақып өлең айтып отырады. Нағима отауынан шығып, соған қараумен тұрады. Ағаш үйден Жақып шығып, Нағиманы көріп, күлімсіреп бұрылады. Нағима (көпке).
Жақып (жақындап)
Қарауыл қараған адамдай
Қадала қарағаныңызды кім деп білеміз?
Нағима.
Кімге ұйғарар едіңіз?
Жақып.
Тым алысқа кетпес ем.
Нaғима.
Қалың ел «қате» демегенде,
Әйел басыммен мен «қате» демекпін бе?
Біріне-бірі күлімсірей қараған күйі екеуі шара кіреді, бесік көтеріп үйден бала бағушы әйел шығады. Бесікті сарт-сұрт тербетеді.
Әлди-әлди, әуп, бөпем, әуп-пай!
Мың жылқының маңдай алды жорға тай
Жыламашы, жілік шағып берейін.
Сендей ұлан менде де бар бесікте,
Шешең ұрсад келмей аз-кем кешіксем,
Сен жыласаң, шешең ұрсад, мен күйем,
Сол қадірді білемісің өсіп сен...
Өз құлыным жылап емген сүтімді!
Еңбек еш боп, атанармын мен мыстан,
Ер жеткен соң бересің ғой сыртыңды.
Сахнаға Сайым мен Би шығады.
Сайым (ашулы түрмен).
Арттарыңа ерген кедейлерің қайда?
Мыңың жиналып, «бір Жалбыр құрлы болмадық» деп,
Не беттеріңмен келіп отырсыңдар?
Бөлмессіңдер ме ұруға!
Сайымжан, сан соққандай бұл бір жұмыс,
Ауылдан кетіп қалды ел ұғыныс.
Тіл алсаң, бас аманда, өзің ығыс!
Сайым.
Сүйегімді сындырып,
Қатын қылмақ па ойыңыз?
Маған қол көтеретін Жалбыр болып па?
Мен – бағымдамын.
Жерін де талқандар.
Ауылнай.(Билер шулап). Істеңіз!.. Істеңіз!..
Отаудан Жақып шығады. Екінші жақтан Асатты ертіп, Сүгір келеді. Сайым аз теңселіп жүріп, орнына келеді. Ағаш үйден начальник шығып, террасға тұрады. Ауылнай, билер орындарынан тұрып, тәжім қып иіледі. Начальник. Иә, елдеріңнен жұрдай боп соқа бастарыңды маған сыйға тартқалы келдіңдер ме? Шен керек пе әлде? (Ешкім үндемейді. Начальник ақырып.) Айт деймін, шен керек пе?
Тағы әскер жіберейік. Мына Сүгір бастап барсын. (Аз тыныс.) Начальник. Что же, барсын. (Ауылнай, билерді нұсқап.) Мыналарды да айда: Иә Жалбырды өлтіріп келсін! Иә өздері өлсін! (Начальник үйге кетеді.) Сайын (Сүгірге).
Жалбырдың басын әкелмей,
Менің алдымды көрме!
Сүгір бас иіп, шығады. Сайым билерге:
Әшейіндегі майталмандықтарың қайда?
Жұмса осыған!
Маған қорғандықты
Жауымның алдынан шығып істе!
Жақып.
Тым дұрыс айтылды-ау... «Ер орнына ебелек, би орнына бишаралық» деген осы да. Сасқалақтап Төбет келеді.
Сайым.
Төбет. Атаң Қыдырдың аруағы бәрімізге ортақ еді. Сен тірі болсаң, біз де тіріміз. Жанашыр аға еді деп сөзіме сенсең, қазір жөнел!
Елмен көп істес болған адам ем. Талай қиындықтарды да бастан атқарған кісі ем. Мынаның түрі бөлек. Мен шошынып келдім. Сайым.Төке-ай, есітер құлаққа ұят жұмыс-ау! «Ұят»деген сөз бас аманда жарастықты.
Сайым (сазарып аз тұрып).
Жоқ! Мен бір кетсем, қайтып бұл елдің қарасын көрмеуім керек! Жеті атамнан бері ел билеп, артыма ерген қарасыным бар деп келмеп пе ем? Қайда сол қарасыным? Аз тыныс. Әскердің дабылы. Сахнадағылар селт етеді. Сайым (ышқынып). Әскер қайда? Начальник қайда? Ат! Шап! Сахна сырты атыс: мылтық, пулемет дауыстары. Сайымның барқыраған даусы: Соғыс жақын. «Жалбырлаған» ұран. Пулемет сүйреген солдат ағаш үйдің есігінің алдында оқ тиіп құлайды. Сайым алқына жүгіріп келіп, отауға қаріп есігін бекітеді. Ізінше Жақып келіп кірейін десе де, есік ашылмайды. Жақып шляпасынан айырылған. Ол сасқалақтап жүгіргенде начальникке кездеседі. Екеуі сасып, ағаш үйдің астына кіреді. Жалбыр даусы.
Маған билік айтпасын ақсақалың!
Сайым шықсын!
Сайымдаған дауыстар. Жалбыр бастаған топ сахнаға шығады. Үйден Сайынды алып шығады. Сайым Жалбырдың аяғын құшақтайды. Сайым.
Жалбыр. Жалынбақ шығарсың, жібітпек шығарсың жүрегімді? «Қысастық қиямет кекетпес»деген, салыңдар арқанды мойнына! Қайрақбай кесе түседі. Жалбыр.
Қайрақбай.
Рұқсат ет, Жәке, өз қолымнан жайратайын!
Жалбыр.
Бердім.
Қайрақбайлар Сайынды әкетеді. Сахна сыртында мылтық даусы. Топ жайраңдасады. Жалбыр. Мылтық орнына жұдырық жұмсады; зеңбірек орнына шоқпар жұмсады. Қалың әскерден шеп құрып қойса да, Қыдырдың шаңырағын бір ойрандадым! Ырзамын жұртыма! Топтың қосылып салған әні. Асығыс Елемес келеді. Елемес. Сүгір сойқан қалың әскермен келіп жетті. Жалбыр. Бөрісінен қорықпағанда, бөлтірігінен қорқамын ба? Сал ұранды! Бассын аруағым!.. Шымылдық.
БЕСІНШІ ПЕРДЕ
Үшінші пердедегі Жалбырдың аулы. Баласын көтерген әйелдер, ер жеткен қыздар, келіншектер көздерін көлеңкелеп сахна сыртына қараумен тұр. Үнсіз Қадиша үйден шығып, көзін көлеңкелеп о да қарайды. Қадиша бастап, басқалары қосылып, ән салады. Ән.
Зарығып жарың танды жылап есін.
Дариға, не болады күнің есіл!
Аз тыныс. Қадиша кенет бойын жинағандай боп, жүзін күлімсіретеді. Қадиша.
Ер жоғында елге ие сендер емессіңдер ме?
Серпілтсеңдерші бізді!
Әйелдер елеңдесіп, жайдарылана түседі.
Дауыстар.
Қайғысы құрысын!
Қуаныштан айырмасын!
Қыздар билейді. Әйелдер мәз-мейрам. Бір кезде шеткі әйел шошына елеңдеп, біріндегі қорқыныш әсері екіншісіне жұғып жатқандай – бәрі де елеңдей қалады. Би аяқталмай, билеушілер билеп жүрген жерлерінде қалшиып тұра қалады. Алыста талып естілген «Соловей» күйі. Музыка даусы біртіндеп жақындайды. Әйелдер үрей. Дағдарған пішінмен бір-біріне қарайды. Әскер дабыры тіпті жақын. Әйелдер бір-біріне тығылып, қайда жасырынарын білмеген түрде. Олай бір, бұлай бір қашып, Жалбырдың үйіне тығылады. Үрей ұшырғыш түрмен сахнаға әскер шығады. Сапырылыс. Талау. Бұлардың артынан түре атысып жігіттер келеді. Атысқан күйі өтеді. Оқ тиіп Елемес сахнада құлайды. Жанұшырып жүгіріп Қадиша келеді. Өліп жатқан Елеместі құшақтап жылап, басындағы орамалымен өліктің бетін жабады. Қадиша.
Шын сорлы жұртта қалған болдым бүгін.
Жан берген елің үшін есіл ерім.
Жастанып топырақты, құмнан кебін.
Алыста барқыраған Сүгірдің даусы. Қадиша шошынып тұра қашқанда, Сүгір қуып жетіп ұстайды. Қадиша қарсыласып, баяғы Елеместің берегін қанжарын суырғанда, Сүгір атып құлатып кетеді. Музыкада «Елім-ай» сарыны. Аздан кейін сахнаға Қайрақбай мен Бекен шығып, өлгендердің жанына келеді. Бір кезде Жалбыр келіп, ол да шошына қарайды.
Бекен. Елемес.
Қайрақбай. Қадиша.
Жылау, Жалбыр келіп, інісі мен келінінің басын құшақтап жылайды.
Жалбыр.
Келінжан, атан келді жараланып.
Айрылды арқа сүйер азаматтан.
Аттанып жаудан кекті ала барып.
Ұстаған қармағында талың едім.
Келінжан, күліп-ойнап қалып едің... «Елім-ай»сарыны үдей түседі.
Жалбырды қоршаған қалың топ.
Жалбыр шіміркене қозғалып, орнынан тұрады.
Жалбыр.
Жоқ!.. Мені жатқызбайды ызалы кек.
Ойласам ел қайғысын қозады кек.
Серт берем жау қамалын бұзамын деп!
Шымылдық
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру