TELEGEI

Home

Орыс халқы және социализм

Александр Герцен

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Орыс халқы және социализм

"МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ "МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев М., төраға, Досжан А., төрағаның орынбасары, Аска...

Ж. Мишилиге хат Мархабатты тақсыр, Менің ең терең сенімдеріме қатысты шаруада менің үндемей қалуыма, сөйтіп сіз Костюшко туралы өзіңіздің аңызыңызда орыс халқына берген сипатыңызды жауапсыз қалдыруыма Сіз барлық ойлы адамдардың пікірінде тым биік орын аласыз, сіздің ізгі қаламыңыздан туындайтын әрбір сөзді еуропалық демократия тым толық та лайықты сеніммен қабылдайды. Бұл жауап басқа бір себеппен де қажет. Ресей туралы айтқанда, қарасы көрінбейтін, үн шығармайтын, әрі мылқау, әрі саңырау туралы айтылмайтынын Еуропаға көрсететін уақыт жетті. (1812-1870). Орыс революционері жазушы, философ. Орыс помещигі мен неміс қызынан некесіз туғандықтан Герцен ("жүрек") деген фамилия берілген. Бала кезінде оған қатты әсер етіп, содан кейінгі бүкіл ғұмырын айқындаған оқиға - 1825 жылғы декабристер көтерілісі. Мәскеу университетінің студенттері Герцен мен Огарев маңына озық жастар жиналып, саясатпен және әлеуметтанумен байыпты айналысты. 1834 жылы жазда Герцен тұтқындалып әуелі Пермьге, кейін Вяткаға СИСӘН6 Владимирге жер аударылды. 1847 жылы шетелге кетіп, содан қайтып Ресейге оралған жоқ. Әуелі Италияда, 1852 жылдан Лондонда турды. Сонда келесі жылы Еркін орыс баспаханасын, 1855 жылы "Полярная звезда " алманахын ұйымдастырды, 1857 жылы жазда Огаревпен бірге "Колокол" газетін шығара бастады, ол Ресейде жасырын түрде кеңінен таратылды. 1867 жылы газет Ресейдегі азаттық қозғалысындағы өз рөлін атқарды деп біліп, оны шығаруды тоқтатты. Ол ендігі басты міндетін революциялық, теорияны талдан әзірлеу деп ұйғарды. 1869 жылы Парижге қоныс аударып, сонда тұруды ұйғарды. 1870 жылы 21-қаңтарда сонда қайтыс болды. Біз, Ресейден тек еркін орыс сөзі, ақыр соңында, Еуропада да естілуі үшін ғана кеткен адамдар, - осында бармыз және орасан зор да лайықты бедел! бар адам "Ресей жоқ, орыстар адам емес, олар инсанияттық мағынадан айрылған" деп соққанда өз даусымызды көтеру өзіміздің парызымыз деп білеміз. Егер сіз ресми Ресейді, патшалық-фасадты, византиялық - немістік үкіметті айтып отырсаңыз, дауымыз жоқ. Бұл тұрғыдан сіз не айтсаңыз да біз күні бұрын келісеміз. Бұл арада қорғаушы рөлін атқаратын біз емес. Орыс үкіметінің баспасөздегі агенттері жыртылып-айрылады, демек оның қарекеттері ділмар мақтау-мадақтау ешқашан жетіспестік болмайды. Бірақ сіздің еңбегіңізде әңгіме жалғыз ресми қоғам туралы емес; сіз неғұрлым терең мәселені қозғап отырсыз; сіз халықтың өзі туралы тіл безейсіз. Бейшара орыс халқы! Оны қорғап дауыс көтеретін жан жоқ! Өзіңіз - ақ бәсін беріңіз, ар-ұятқа салсақ, үндемей отыра аламын ба? Орыс халқы, мейірімді тақсыр, тірі, дені сау және тіпті кәрі де емес, - керісінше, өте жас. Адамдар жас кезінде де өледі, бұл болып тұрады, бірақ бұл қалыпты нәрсе емес. Орыс халқының өткені түнек; оның қазіргісі сұмдық, бірақ оның болашаққа хақысы бар. Ол өзінің қазіргі жағдайына сенбейді, уақыт өткенде қаншалық аз берсе, ол содан неғұрлым көп күтуден тайсалмайды. Орыс халқы үшін ең қиын кезең аяқталып келеді. Оны ғаламат күрес күтіп түр; оның жаулары соған дайындалуда. Кімді кім деген ұлы сұрақ Ресей үшін көп ұзамай шешіледі. Бірақ күрес алдында жеңістен күдер үзу күнә. Орыс мәселесі орасан зор, сұмдық көлем алып отыр; ол барлық партияларды қатты алаңдатады; бірақ маған императорлық Ресей мен ресми Ресеймен тым көп, ал халықтық Ресеймен, үнсіз Ресеймен тым аз айналысатын сықылды көрінеді. Тіпті Ресейге тек үкіметтік көзқарас тұрғысынан қарап - ақ, сіз осынау ыңғайсыз көршімен, өзін бір жерде найзасымен, бір жерде шпиондарымен көрсетіп бүкіл Еуропада сезіндіріп отырған көршімен жақынырақ танысу артық болмас еді деп ойламайсыз ба? Орыс үкіметі Оттомандық Портаға қамқорлығымен Жерорта теңізіне дейін, неміс бажалары мен нағашыларына қамқорлығы Рейнге дейін, Франциядағы тәртіпке қамқорлығымен Атлант мұхитына дейін созылып жатыр. Осынау әлемдік қамқоршыны лайықты бағалау, осынау оғаш мемлекетке Петербург үкіметі қабылдаған жиіркенішті рөлден - адамзат жолына ылғи да кесе-көлденең тұратын бөгет рөлінен басқа бір міндет жүктелмеп пе, соны зерттеу артық болмас еді, деймін мен. Еуропа сұмдық катаклизмге жақындап келеді. Ортағасырлық дүние күйреп жатыр. Феодалдық дүние аяқталып келеді. Саяси және діни революциялар өз дәрменсіздігінің салмағынан титықтауда; олар ұлы істерді жасады, бірақ өз міндеттерін атқара алмады. Олар тақ пен михрабқа сенімді күйретті, бірақ бостандықты жүзеге асыра алмады; олар жанжүректе атқаруға өздерінің күштері жетпейтін тілектерді оятты. Парламентаризм, протестантизм - осының бәрі тек кейін шегеру, уақытша құтқарылу, ажал мен қайта түлеуге қарсы дәрменсіз тіректер. Олардың уақыты өтті. 1848 жылдан бастап қатып-семген Рим құқығы да, алдамшы казуистика да, арық-тұрық атеистік философия да, тұл діни рационализм де қоғам тағдырының жүзеге асуын шегеріп тастай алмайтыны түсініле бастады. Күн күркірі жақындап келеді, оны теріске шығару мүмкін емес. Мұнымен революция адамдары да, реакция адамдары да келіседі. Жұрттың бәрінің басы айналды, ауыр өмірлік мәселе баршаның жүрегін жаншып, тынысын тарылтуда. Баршаның аузында өсе түскен беймазалықтан туындайтын бір сұрақ: ескі Еуропаның, осынау тірі аруақтың, осынау қаусап бара жатқан организмнің қайта түлеуіне күш жете ме? Жауапты үрейлене күтуде, және осынау күту сұмдық.

Шынында, сұрақ қорқынышты!

Қарт Еуропа өзінің суып бара жатқан қанын жаңартып, еңсерілмес күш жетелеп бара жатқан, осынау көз жетпес болашаққа қойып кете ала ма, сол болашаққа ол алды-артына қарамай зырлап барады, сол болашаққа барар жол, бәлкім, әке үйінің қираған жұрты арқылы, өткен өркенияттардың қирандылары арқылы, ең жаңа құрылымның табанмен тапталған байлықтары арқылы өтер? Қазіргі сәттің бүкіл маңыздылығын екі жақ та түсінді. Шешуші шайқастың алдында Еуропа саңырау, тымырсық түнек құшағында қалды. Бұл өмір емес, ауыр үрейлі сарғая күту. Заңдылық та, шындық та, тіпті бостандықтың ұрығы да жоқ; барлық жерде дүниауи инквизицияның шексіз үстемдігі; заңды тәртіп орнына - қоршаудағы жағдай. Бір ғана инсанияттық қозғаушы күш - қорқыныш бәрін билеп-төстеуде, және ол жеткілікті. Реакцияның аждаһадай қомағай мүддесінің алдында барлық мәселелер екінші қатарға ығыстырыла береді. Тегінде, ең дұшпан үкіметтер біртұтас, ғаламдық полиция болып қосылып кетуде. Орыс императоры, өзінің француздарға өшпенділігін жасырмай-ақ, Париждің полиция префектісін наградтай береді. Неаполь королі республика президенті орденімен марапаттайды. Берлин королі, орыс мундирін киіп алып, Николайдың жебеуі қатысуымен, өзінің дұшпаны Австрия императорын құшақтау үшін Варшаваға асығады, ал сол мезгілде әлгі Николай, біртүтас құтқарушы шіркеуден безінген адам, Рим папасына өзінің көмегін ұсынады. Осынау сатурналий (өз балаларынан қауіптеніп, оларды жеп қойған Сатурн туралы аңыздан шыққан сөз - Ауд.) ортасында, реакцияның осынау жын ойнағының ортасында енді кісіні жүгенсіздіктен ешкім қорғамайды. Тіпті дамымаған қоғамдарда, Қытайда, Персияда бар кепілдіктер де енді сауатты дүние делінетіндердің астаналарында құрметтелмейді.

Көзіңе әрең сенесің. Бір кездері біз білетін, жақсы көретін Еуропа осы ма? Рас, егер, Шекспир айтқандай "теңіздің күпісімен әдіптелген осынау алмас" - еркін де өркендеуде Англия болмаса, егер Швейцария, Петр секілді кесарьдан қорқып, өзінің бастауынан бас тартса, егер Италияның аман қалған бір бұтағы Пьемонт, Альпінің арғы жағына қуып тығылған, Аиениннен өтпеген бостандықтың осынау соңғы баспанасы, егер осынау үш ел де Париж бен Венадан соғып тұрған өлімтік рухынан ауру жұқтырса консерваторларға ескі дүниені ақтық іріп - шіруге жеткізудің сәті түсті, Франция мен Германияда варварлық заманы орнап үлгерді деп ойлауға болар еді. Осынау былық арасында, ажал алдындағы осынау сарығу мен азапты қайта түлеу арасында, бесіктің айналасында быт - шыт болып ыдырап бара жатқан дүние арасында жанарыңыз амалсыз шығысқа тігіледі. Онда, тұманнан жоғары бой көтерген қап-қара тау сияқты, дұшпан, қаһарлы патшалық көрінеді; кей-кейде ол, тасқын су сияқты, Еуропаға келе жатқан секілді, ол, шыдамсыз мұрагер сияқты, оның баяу ажалын тездеткісі келетін секілді көрінеді. Осыдан екі жүз жыл бұрын мүлдем белгісіз патшалық ешқандай құқықсыз, ешқандай шақырусыз кенеттен, келіп, Еуропа державаларының кеңесінде дөрекі, күркіреп, сөйлей жөнелді және оның жәрдемінсіз жиналған олжадан өз үлесін талап етті. Еуропаның барлық істеріне араласуға оның дәмесіне қарсы шығуға ешкімнің батылы бармады. Карл XІІ тәуекел етіп көрді, бірақ соған дейін жеңілісті білмеген оның семсері омырылып қалды; Фридрих ІІ Петербург сарайының дәмесіне қарсы шығып еді; Кёнисберг пен Берлин солтүстік дұшпанның олжасына айналды. Наполеон жарты миллион әскерімен алапаттың нақ жүрегіне жетті, бірақ алғаш қолы іліккен кең шанамен жалғыз өзі жылыстап берді. Еуропа Наполеонның зытып беруіне, оның артынын қуған қара бұлттай қазақтарға, Парижге беттеген, жолшыбай немістерге садақа - олардың ұлттық тәуелсіздігін берген орыс әскерлеріне таң-тамаша қарап тұрды. Сол кезден бері Ресей, қанішер сияқты, Еуропаның тағдырына ауыз салды да, патшалар мен халықтардың қателіктерін қалт жібермей қадағалап түр. Кеше ол Венгрияға қарсы көмектесемін деп Австрияны жаншып тастай жаздады, ертең ол Берлин королін тыншыту үшін Бранденбургты орыс губерниясы деп жариялай салады. Күрес қарсаңында осынау жауынгер туралы ештеңе білмеу ықтимал ма? Ал бүл екі арада ол бар қаһарымен, мұздай қаруланып, реакцияның алғашқы өтінішімен-ақ шекарадан аттап өтіп, жетіп келуге дайын түр. Сөйте тұра оның қаруын, оның бояуының түр-түсін әрең - әрең біледі және оның ресми сөздері мен ол туралы әрқилы бұлдыр әңгімелерді қанағат тұтады. Енді біреулер тек патшаның құдіреті бәріне жететіні, үкіметтің жүгенсіздігі, бодандардың құлдық рухы туралы ғана айтады; екінші біреулер, керісінше Петербург империализмі халықтық империализм емес, үкімет пен помещиктердің қосар деспотизмімен жаншылған халық қамытқа жегілген, бірақ онымен бітіспейді, ол жойылған жоқ, тек сормаңдай дейді, және сонымен бір мезгілде, осынау халықтың өзі, өзін жаншып отырған ғаламат патшалыққа бірлік пен күш береді дейді. Өзге біреулер, орыс халқы - маскүнемдер мен алаяқтардың жеккөрінішті тобыры деп толықтырады, басқа біреулер Ресей қабілетті де аса дарынды адамдар тұқымына толы деп сендіреді. Маған көне дүние өзінің қарсыласы туралы барлық мәліметтерді бытыстырып жіберетін қарттық ұмытшақтықта қасіретті бірдеңе бар сияқты көрінеді. Кереғар пікірлердің осынау тобырында мағынасыздықтың, сарсылтатын үстірттіктің, қатып-семген соқыр сенімдердің өріп жүргені соншалық, Римнің құлау кезеңімен салыстыруға біз амалсыз жүгінеміз. Сол кезде, онда да төңкеріс қарсаңында, варвар жеңісінің қарсаңында, Римнің мәңгілігі жарияланды, бұл назарейлердің (иудейерден шыққан алғашқы христиандардың атауы -Ауд.) дәрменсіз есалаңдығы мен варварлар дүниесінде басталған қозғалыстың түкке татымайтындығы еді. Сіздің ұлы еңбегіңіз бар: сіз Францияда бірінші болып орыс халқы туралы сөйлей бастадыңыз, сіз байқамай өмірдің жүрегінің өзіне, бастауының өзіне тиіп кеттіңіз. Егер ашу - ыза үстінде сіз созылған қолыңызды дереу қайта жиып алмасаңыз, егер сіз өзіңізге лай болып көрінген бастаудан теріс айналмасаңыз ақиқат сіздің көз алдыңызға көлденеңдей қалар еді. Мен сіздің ызаға толы сөздеріңізді терең өкінішпен оқып шықтым. Мұң жайлаған, жүрегімді сағыныш билеген мен, шынымды айтайын, одан біздің бәріміз білетін әрі жақсы көретін тарихшыны, философты және ең алдымен жүрегі сүйіспеншілікке толы адамды бекер іздеппін. Айта кетейін; мен сіздің ашулануыңыздың себебін, тәп-тәуір түсіндім: сіздің бүйрегіңіз бейшара Польшаға бұрыпты. Бізге де өзіміздің бауырларымыз поляктар жөніндегі осы сезім терең сіңген, және бүл сезім бізде - тек аяушылық емес, сондай-ақ ұят және ұжданның жегідей жеуі. Польшаға сүйіспеншілік! Біздің бәріміз оны жақсы көреміз, бірақ сол сезімді, дәл сондай сорлы басқа халыққа - қолы байлаулы болғандықтан долы үкіметтің зұлымдықтарына көмектесуге мәжбүр етілген халыққа өшпенділікті қосақтауға бола ма? Кең болсақ, кем болмаспыз, күні кешегі революцияның барлық олжаларына ие халық біздің көз алдымызда Римде варшавалық тәртіпті қалпына келтіруге келіскенін ұмытпайық, ал бүгін... айналаңда не болып жатқанына өзіңіз-ақ көз салыңыз... ал біз әлі француздар адам болудан қалды деп жүргеніміз жоқ қой. Бауырлар арасындағы осынау соры қайнаған соғысты ұмытатын уақыт жетті. Біздің арамызда жеңімпаз жоқ. Польша мен Ресейді басып-жаншып отырған ортақ жау. Құрбандықтар, азап шеккендер де - солардың өзі солар үшін де, біз үшін де бірдей мұңды өткеннен теріс айналуда. Сіз секілді мен де, сіздің досыңыз, ұлы ақын Мицкевичке сілтеме жасап отырмын. Бұл "садақа, күнәсіз адасу" деген поляк әншісінің пікірін айтпай-ақ қойыңыз. Жоқ. Бұл ұзақ та қаяусыз ойдың, славян дүниесінің тағдырын терең түсінудің жемісі. Жауды кешіру - тамаша ерлік; бірақ одан да тамаша, одан да адамшыл ерлік бар: бұл жауларыңды түсіну, өйткені түсіну - әрі кешіру, әрі ақтау, әрі татуласу! Славян дүниесі бірлікке ұмтылуға; бұл ұмтылыс Наполеон кезеңінен кейін іле-шала аңғарылды. Славяндар федерациясы туралы ой Пестель мен Муравьевтің өзінің революциялық жоспарларында - ақ туа бастады. Сол кездегі орыс астыртын ұйымына көптеген поляктар қатысты. Варшавада 1830 жылғы революция бұрқ ете қалғанда, орыс халқы патша ырқына көнбегендерге қарсы титімдей де дұшпандық көрсеткен жоқ. Жастар бүкіл жан-жүрегімен поляктар жағында болды. Біз Варшавадан жететін хабарларды қаншалық асыға күткенімізді мен ұмытқан жоқпын; Польшаның астанасында біздің петербургтік азапкерлерімізге (автор декабристерді айтып отыр -Ауд.) ас берілгені туралы хабары естігенде біз өксіп жыладық. Поляктарға жанашырлық бізді аяусыз жазаларға ұшыратты; оны амалсыз жүректе жасырып, үндемеуге тиіс болдық. 1830 жылғы соғыс кезінде Польшада ерекше ұлт және әбден түсінікті дұшпандық сезімі басым болуы әбден мүмкін нәрсе. Бірақ сол кезден бері Мицкевичтің қызметі, көптеген славяндардың тарихи және филологиялық еңбектері, еуропа халықтарын тереңірек білу (бүл елден аласталудың ауыр бағасымен сатып алынған білім) ойға мүлдем басқа бағыт берді. Поляктар күрес орыс халқы мен өздерінің арасында жүріп жатпағанын сезінді, олар алдағы уақытта өздері мен біздің бостандығымыз үшін күресуден басқа жол жоқ екенін түсінді, бүл олардың революциялық туына жазып қойылды. Николай азаптап, Вильнода атып тастаған Конарский тайпаға бөліп-жармай орыстар мен поляктардың көтерілісіне шақырды. Ресей оған алғысын еміс-еміс белгілі трагедиялардың бірі арқылы білдірді, ал бізде неміс ботфорттарының астында ырықтың қандай да қаһармандық көрінісі трагедиямен аяқталады. Армия офицері Короваев Конарскийді құтқаруға бел байлады. Ол кезекшілік жасайтын күн жақындап келе жатты; оны қашырып жіберу үшін бәрі де даяр болатын, дәл сол кезде поляк азапкерінің жолдастарының бірінің сатқындығы оның бүкіл жоспарының күлін көкке ұшырды. Жас жігіт тұтқындалып, Сібірге жөнелтілді, содан бері ол туралы ешқандай сыбыс естілген емес. Империяның қиыр губернияларында айдауда мен бес жылымды өткіздім; мен онда жер аударылған талай поляктармен кезіктім. Әрбір дерлік уездік қалада не тұтас бір әулет, не тәуелсіздік сорлы жауынгерлерінің бірі тұрады. Мен солардың айғағын қуана-қуана келтіре алар едім; әрине, олар жергілікті тұрғындар тарапынан іш тарту жеткіліксіз деп шағына алмайды. Әлбетте, бұл арада әңгіме полиция және жоғарғы әскери иерархия туралы емес. Ол еш жерде, оның үстіне Ресейде бостандыққа ынтықтығымен ерекшеленбейді. Сондай-ақ мен туған жердің ықпалынан алыстату үшін жыл сайын орыс университеттеріне жөнелтілетін поляк студенттеріне сілтеме жасай алар едім; оларды орыс жолдастары қалай қарсы алғанын солар айтсын. Олар бізбен көз жасын төгіп тұрып қоштасатын. Есіңізде ме, 1847 жылы Парижде, поляк эмигранттар өз революциясының жылдығын мейрамдап жатқанда, достық және өткенді ұмыту үшін мінберге орыстың көтерілгені. Ол біздің сорлы досымыз Бакунин болатын... Айтпақшы, отандастарыма сілтеме жасамау үшін, біздің дұшпандарымыз деп саналатындардың арасынан сіздің өзіңіз Костюшко туралы өзіңіздің аңызыңызда атаған адамды іріктеп алайын. Бүл мәселе туралы поляк демократиясының ақсақалдарының бірі революциялық Польшаның министрлерінің бірі Бернацкиге жүгініңіз; мен соған сілтеме жасауға тайсалмаймын - ұзаққа созылған қайғы, әрине, оны орыстікі атаулыға қарсылықта қатайта түсер еді. Бірақ ол мен айтқанның бәрін растайтынына кәміл сенемін. Ресей мен Польшаны өзара және бүкіл славян дүниесімен, біріктіріп тұрған ынтымақ теріске шығарыла алмайды, ол айдан анық. Одан да әрі: славян дүниесі үшін Ресейсіз болашақ жоқ; Ресейсіз ол дамымайды, ол жайылып кетіп, оны герман элементі лсүтып қояды; ол австриялық болып кетеді де, өзінің дербестігін жояды. Бірақ, біздің пікіріміз бойынша, оның тағдыры, оның міндеті бұл емес. Сіздің ойыңыздың біртіндеп өрбуінің артынан ере отырып, мен мынаны мойындауға тиіспін: мен сіздің бүкіл Еуропа бір тұлға, онда әрбір ұлыс қажетті орган рөлін атқарады деген көзқарасыңызбен келісе алмаймын. Маған барлық герман-роман ұлыстары еуропалық дүниеге қажет секілді көрінеді, өйткені олар сонда отыр, бірақ олар онда әлдене қажеттіліктің салдарынан отырғанын дәлелдеу қиын болар еді. Сонау Аристотель алдыңғы қажеттілікті фактылар салдарынан енгізілетін қажеттіліктен ажыратып көрсеткен болатын. Табиғат жүзеге асқан оқиғалардың қажеттілігімен келіседі, бірақ сан алуан мүмкіндіктер арасындағы тербеліс өте үлкен. Нақ сол негізде славян дүниесі бірлікке өз құқығын көрсете алады, оның үстіне ол бір тайпадан құралған. Орталықтандыру славян рухына жат; федерация оның сипатына әлдеқайда тән. Тек еркін де өзіндік ерекшелігі бар халықтар одағына топтасып қана, славян дүниесі, ақыр аяғында, нағыз тарихи тіршілік етуіне қадам басады. Оның өткеніне тек осу, дайындалу, тазару ретінде ғана қарауға болады. Славяндар өмір сүрген тарихи мемлекеттік пошымдар олардың ішкі ұлттық қажеттіліктеріне, керек десеңіз, дәйексіз, инстинктті қажеттіліктеріне, бірақ сол арқылы ғаламат өміршеңдігін, болашаққа көп үміт артқызатындығын мәлімдейтін қажеттіліктеріне сай келген жоқ. Славяндар осы кезге дейін өз тарихының барлық фазаларында оғаш жартылай назарға - тіпті ғажап ұнасымға ие болып отырды. Мәселен, Ресей мәжусиліктен христиандыққа дүрбелеңсіз, наразылықсыз, жалғыз ғана ұлы князь Владимирге мойынсұнудан, Киевке еліктеуден көшті. Ескі пұттар өкінішсіз-ақ Волховқа тасталып, жаңа құдайға жаңа пұт секілді бағынды. Сегіз жүз жылдан кейін Ресейдің бір бөлігі дәл сол секілді шет жерден жаздырып алдырылған өркениятқа бағынды. Славян дүниесі ешқашан сүйіп көрмеген, және сондықтан да, тегінде, өзінің айналасында болып жатқан күйбеңге ешқандай қатыспаған әйелге ұқсайды. Оның еш жерде керегі жоқ, баршаға жат. Бірақ болашақ үшін жауап беруге болмайды; ол әлі жас, және оғаш бір сағыныш оның жүрегін жаулап алып, оны тезірек лүпілдеуге итермелеп тұр. Халық байлығының рухына келсек, бір мезгілде күшті де, бостан да болған бірден-бір славян халқы поляктарды көрсету жетіп жатыр. Славян дүниесі, шындап келгенде, сырт көзге көрінетіндей, соншалық іру-тіру де емес. Рыцарьлық, либералдық және католиктік Польшаның сыртқы қабатының, императорлық, езгіге түскен, византиялық Ресейдің астында, серб воеводасының демократиялық басқаруы астында, Австрия Иллирияны, Далмация мен Банатты тұншықтырып отырған бюрократиялық қамыт астында, Османшылардың патриархалдық билігінің астында және Черногория владыкасының батасының астында физиологиялық әрі этнографиялық жағынан бірдей халық өмір сүруде. Осынау славян тайпаларының басым бөлігі ешқашан дерлік жаулап алу салдарынан езгіге түскен емес. Олар жиі тап болған тәуелділік, көбіне-көп тек өзгенің билігін мойындап, алым төлеп тұруға саятын. Ресейдегі монгол билігі, мысалы, сондай болды. Осылайша, жүздеген жылдар бойы славяндар өздерінің ұлтын, өздерінің құлқын, өздерінің тілін сақтап қалды. Осы айтылғандардың бәрінің негізінде Ресейді шыңдалудың дәні, бірлікке ұмтылған славян дүниесінің бүйрегі бұратын орталық деп санауға, мұның үстіне әзірше ұлы тайпаның күшті де тәуелсіз мемлекетке айналған бірден-бір бөлігі болып отырғанда солай деп санауға хақымыз жоқ па? Бұл сұраққа жауап, егер Петербург үкіметі өзінің ұлттық міндеті туралы титімдей де бірдеңе түсінетін болса, егер осынау нақұрыс та тажалды деспотизм қандай да бір адами оймен сыйыса алатын болса, мүлдем айқын болар еді. Бірақ қазіргі орнаған жағдайда қандай адал ниетті адам батыс славяндарға ұдайы қоршау жағдайындағы империямен -скипетр аямай ұрып өлтіретін таяққа айналған империямен бірігуді ұсынуға бел байлай алмақ? Сатып алынған немесе адасқан адамдар ара-тұра мадақтап қоятын императорлық панславизмнің, әлбетте, еркіндік бастауына негізделген одақпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Осы арада логика бізді бірінші дәрежелі маңызы бар мәселеге алып келеді. Славян дүниесі болашақта неғұрлым толық дамуға үміт арта алады деп топшыласақ, мынадай сұрақ қоймауға болмайды: ұрықтық ахуалында байқалған қандай элемент осындай үмітке құқық береді? Егер славяндар заманымыз туды деп санаса, бүл элемент Еуропадағы революциялық идеяға сәйкес келуге тиіс. Сіз сол элементті көрсеттіңіз, сіз оны қозғап көрдіңіз, бірақ ол сіздің қолыңызға түспей кетті, өйткені Польшаға ізгі жанашырлық сіздің назарыңызды бұрып әкетті. Сіз "орыс халқы өмірінің тұғыры коммунизм" дейсіз, сіз "оның күші аграрлық заңда, жерді ұдайы бөлісіп отыруда" дегенді кесіп айтасыз. Сіздің көмекейіңізден қандай қорқынышты Манефекел ұшып шықты!.. Коммунизм -тұғыр! Жер бөлісуге негізделген күш! Және сіз өз сөзіңізден өзіңіз қорқып кеткен жоқсыз ба? Осы арада бөгеліп, ойлану, мәселеге бойлай түсу, бұл арман ба әлде ақиқат па, соған көз жеткізіп алмай тұрып тастамау керек емес пе еді. XІX ғасырда коммунизм туралы мәселеден тыс жатқан, жерді болу туралы мәселеден тыс жатқан қандай да бір елеулі мәселе бар ма еді? Өзіңіздің ашу-ызаңызға бой алдырып, сіз былай сабақтайсыз: "Оларда (орыстарда) адамшылықтың елеулі нышаны - инсанияттық алғырлық, жақсылық пен жамандық сезімі жетіспейді. Ақиқат пен шындықтың олар үшін мағынасы жоқ; солар туралы сөз етіңізші -олар үндемейді, жымияды және сол сөздердің не екенін түсінбейді". Сіз сөйлескен орыстар кімдер? Ақиқат пен шындық туралы қандай ұғымдарды олар түсінбейтін болып шықты? Бұл басы артық сұрақ емес. Біздің барынша революцияшыл заманда шындық пен ақиқат деген сөздер өзінің абсолютті, баршаға бірдей мәнінен айрылып қалды. Ескі Еуропаның ақиқаты мен шындығы туып келе жатқан жаңа Еуропаша айтсақ - өтірік пен жалғандық. Халықтар - табиғаттың туындысы; тарих - жануарлық дамудың прогресті жалғасы. Біз табиғатқа өзіміздің инсанияттық өлшемімізбен алысқа ұзай алмаймыз. Оған біздің жамандауымыздың да, мақтауымыздың да бәрібір. Оған үкімдер де, Монтион сыйлығы да жоқ. Ол біздің жеке қалауымызбен жасалған этикалық категорияларға жатпайды. Маған халықты жаман деп, жақсы деп те атауға болмайтын секілді көрінеді. Халықта әрқашан ақиқат білдіріледі. Халықтың өмірі жалған бола алмайды. Табиғат аталмыш жағдайды жүзеге асыруға болатынды ғана туындатады: ол тіршілік етуші атаулыны өзінің творчестволық аши бастауымен, өзінің жүзеге асыруға қажымас құштарлығымен, тіршілік ететіндердің баршасына ортақ осынау құштарлықпен алға жетелейді. Тарихқа дейінгі жағдайда өмір сүретін халықтар бар, енді біреулер - тарихтан тыс өмір сүреді; бірақ, біртүтас, бөлінбейтін тарихтың кең ағынына бір түскен олар адамзатқа тиесілі, және, екінші жағынан, оларға адамзаттың бүкіл өткені тиесілі. Тарихта, яғни адамзаттың белсенді де прогресшіл бөлігінде әлпет пошымының, тері түсінің және басқа айырмашылықтардың аристократиясы аз-аздап жойыла береді. Адамға айналмаған нәрсе тарихқа ене алмайды; сондықтан тарихқа еніп алған, хайуандар үйірі деп атауға болатын халық жоқ, сондай-ақ таңдаулылар табыны деп атауға лайық халық та жоқ. Францияның Еуропа дүниесі тағдырындағы орасан маңызын жоққа шығаратын едәуір батыл немесе алғыс дегенді білмейтін адам жоқ; бірақ менің ашық мойындауыма рұқсат етіңіз, мен сіздің тарихтың алдағы барысына Францияның қатысуы - sіne qua поп шарт деген пікіріңізбен келісе алмаймын. Табиғат өзінің бүкіл капиталын ешқашан бір қартаға тікпейді. Әлемдік гегемонияға құқығы тіпті де кем емес Рим, мәңгілік қала, сүрінді, күйреді, жоқ болып кетті, және аяушылықты білмейтін адамзат соның моласын аттап өтіп, ілгерілей берді. Екінші жағынан, табиғатты жүзеге асырылған алжасау деп санамай тұрып, он жүз жылдықта көбейе берген, өзінің ұлтын табандап сақтаған, орасан зор мемлекетке топтасқан, тарихқа, бәлкім, керектен де көбірек килігетін халықтан - тек бәсіреден қағылған жұртты, тек ғаламат жалғандықты, тек кесепаты жағынан ғана кездейсоқ жиылған адамдар секілді тіршілік иелерін көру қиын болар еді. Және, біз айналысып отырған халық, тіпті оның дұшпандарының айтуынша, тіпті де тоқырауда қалмаған халық жөнінде, осының бәрін кабылдау одан да қиын. Бүл тіпті де өзінің тілектеріне шамамен сәйкес келетін қоғамдық пошымдарға жетіп алып, қытайлар секілді, ұйықтап қалған, тайпа емес, шектен тыс көп жасап, қарттық дәрменсіздікте үнділер секілді, өлімсіреп бара жатқан халық емес. Керісінше, Ресей мүлдем жаңа мемлекет - барлығына да әк иісі сіңген, барлығы жұмыс істеп, бірдеңелер бітіріп жатқан, әлі ештеңе мақсатқа жетпеген, барлығы да өзгеріп жататын, көбіне жаман жағына болса да, бәрібір өзгеріп жататын әлі салынып бітпеген ғимаратқа ұқсайды. Бір созбен айтқанда, бүл, сіздің пікіріңіз бойынша, негіз тұғыры коммунизм болған, жер бөлісімен мықты халық... Ақыр соңында, сіз орыс халқын немесі үшін жазғырасыз? Сіздің айыптарыңыздың мәнісі неде? "Орыс, - дейсіз сіз, - өтірікті судай сапырады, ұрлайды; ұдайы ұрлайды, ұдайы өтірік айтады, және мұның ешқандай айыбы жоқ; бұл оның табиғатындағы нәрсе". Мен сіздің үкіміңіздегі шектен тыс қорытуларға тоқталмаймын, бірақ сізге қарапайым ғана бір сұрақ қолмын: орыс адамы кімді алдайды, кімдікін ұрлайды? Әрине, помещикті, шенеунікті, басқарушыны, полицейді, ол соларды басурмандар, сатқындар, жартылай немістер деп біледі, олардан басқа кімді алдасын? Қорғаныштың мүмкіндігі атаулыдан жұрдай ол өзін азаптаушыларға қулығын көрсетеді, соларды алдайды және сонысымен өте дұрыс істейді. Қулық, мархабатты мырза, ұлы ойшылдың сөзіне қарағанда дөрекі өкіметке кекесін. Орыс шаруасы, сіз өте дұрыс байқаған жерге жеке меншігіне жиіркеніші тұсында, өзінің пәруай да жалқау табиғаты жағдайында, аз-аздап елеусіз ғана неміс бюрократиясы мен помещиктік билік торына шырмалып қалды. Ол осынау кемсіте беретін жамандыққа аянышты мойынсұнды, бірақ ол помещиктің құқығына да, соттардың шындығына да, атқарушы биліктің заңдылығына да сенген жоқ. Міне екі жүз дерлік жыл болды, оның тіршілігі орын алып отырған жағдайға меңіреу, теріс оппозицияға айналды. Ол қыспаққа бағынады, ол шыдайды, бірақ селолық қауымнан тыс болып жатқан ештеңеге оның қатысы жоқ. Патшаның есімі, халық арасында әлі соқыр сенімге негізделген жанашырлық туғызады; халық Николай патшаның алдында емес, дерексіз идея, миф алдында бас ұрады; халықтың түсінігінде патша қаһарлы кек алушы, шындықтың жүзеге асуы, жердегі көрегендік. Патшадан кейін тек жалғыз дінбасылар ғана православиелік Ресейге ықпал ете алатын еді. Үкіметтік өрісте жалғыз сол ғана ескі Русьтен өкілдік етеді: дінбасылар сақал қырмайды, сонысымен ғана халық жағында. Халық монахтарды сеніп тыңдайды. Бірақ монахтар мен жоғары дінбасылар тек о дүниемен айналысып, халық жайын еш ойламайды. Ал поптар ашқарақтығының, маскүнемдігінің және полициямен әмпейлігінің салдарынан ықпал атаулыдан айрылған. Халық бұл арада да идеяны сыйлайды, бірақ жеке кісіні емес. Раскольниктерге келсек, олар жаңағы кісіні де, идеяны да, попты да, патшаны да өлердей жек көреді. Патша мен дінбасылардан басқа, үкімет пен қоғамның барлық элементтері халыққа мүлдем жат, елеулі түрде оған дұшпан. Шаруа, сөздің төте мағынасында, заңнан тыс. Сот оған жәрдемші емес, және оның орын алып отырған бүкіл тәртіпке қатысты үстінен төніп тұрған, ол еңбегімен, қанымен төлейтін қос астарлы салықпен шектеледі. Жұрттың бәрі теріс айналған ол барлық басқару оның пайдасына емес нұқсанына ұйымдастырылғанын, үкімет пен помещиктердің міндеті соның көбірек жұмыс істеуін, көбірек рекрут, көбірек ақша беруін талап ету екенін инстинктті түрде түсінді. Осыны түсініп алған, алғыр да икемді ақыл дарыған ол оларды барлық жерде, барлық нәрседе алдайды. Басқаша болуы мүмкін де емес: егер о л шынын айтса, сонысымен солардың өзіне билігін мойындаған болар еді; егер ол солардан ұрламаса (есіңізде болсын, шаруаның маңдай терімен өндірілгеннің бір бөлігін оның жасырып қалуы ұрлық деп есептеледі), ол сонысымен олардың талаптарының заңдылығын, помещиктердің құқықтарын және соттардың әділдігін мойындаған болар еді. Орыс шаруасының жағдайын едәуір түсіну үшін оны сот алдында көру керек; ол әскери кеңес алдындағы әскери тұтқын, қарақшылар шайкасы алдындағы жолаушы екенін түсіну үшін оның ұнжырғасы түскен әлпетін, оның үрейге толы, жаутаңдаған жанарын көру керек. Бір қарағаннан-ақ құрбандықтың оны тергейтін, азаптайтын, жұрдай ететін осынау дұшпан, аяуды білмейтін, ашқарақ тонаушыларға титімдей де сенбейтіні аңғарылады. Ол ақшалы болса ақ, жоқ болса, қара болып шығатынын біледі. Орыс халқы өзінің ескі тілімен сөйлейді; қазылар мен хатшылар жаңа, қиқы-жиқы, әрең түсінілетін бюрократиялық тілмен жазады - олар тұтас бір фолианттарды грамматикалық сауатсыздықпен толтырып, осынау мылжыңды шаруаға асыға-үсіге оқып береді. Қалай қаласаң, солай түсін, қалай білсең, солай құтыл. Шаруа мұның бәрі қайда бұрылып бара жатқанын көреді де, өзін өте сақ ұстайды. Ол артық ештеңе айтпайды, өзінің мазасыздана бастағанын жасырады, ақымақ адам секілді үн шығармайды. Сот ақтаған шаруа үйіне нақ бір үкім естігендей қайғылы кейіппен сүмірейіп қайтады. Екі жағдайда да шешім жүгенсіздіктің немесе кездейсоқтықтың ісі сияқты болып көрінеді. Осылайша, оны куә ретінде шақырғанда да ол ештеңе білмеймін деп табандап тұрып алады, тіпті ең даусыз анық нәрседе де сөйтеді. Орыс халқының көзінде үкім адамды былғай алмайды. Жер аударылғандар, каторгаға айдалғандар ол үшін бейшаралар. Орыс халқының өмірі осы кезге дейін қауыммен шектеліп келді; ол өзінің құқықтары мен міндеттерін тек қауымға және оның мүшелері жөнінде ғана мойындайды. Қауымнан тыс жерде оған бәрі де зорлыққа негізделген секілді болып көрінеді. Оның мінез-құлқының жазмышты жағы оның сол зорлыққа мойынсұнатындығында, оның соны теріске шығарып, қулықпен өзін аман алып қалуға тырысуында. Заңсыз өкімет қойған қазы алдындағы өтірік сатып алынған префект соның ығына жығылып іріктеген көлденең билер алдындағы өтіріктен әлдеқайда бүкпесіз. Халық тек заңдар мен құқықтар туралы өзіне тән ұғымдар бейнеленген низамдарды ғана құрметтейді. Орыс халқымен жақын танысқан кез-келген адамға күмәнсіз бір факт бар. Шаруалар бірін-бірі ілуде бір алдайды; олардың арасында шектелмеген дерлік сенім үстем, олар келісім-шарт пен жазбаша қолхат дегенді білмейді. Телімдер арасын омақалау мәселесі қажетіне қарай салық төлеуші санына қарай жерді ұдайы қайта бөліп беру тұсында өте күрделі; сөйтсе-дағы іс шағымсыз, сотта қараусыз бітеді. Помещиктер мен үкімет килігу үшін сылтауды асыға күтеді; бірақ ондай сылтау табылмайды. Ұсақ келіспеушіліктер қарттардың, не қауымның талқысына беріледі де, олардың шешімін барша ләм-мим демей қабылдайды. Артельдерде де нақ солай. Артельдер көбіне белгілі бір уақытқа, мысалы - бір жылға бірігетін бірнеше жүз адамнан құралады. Жыл өткеннен кейін жұмыскерлер табылған табысты әркімнің еңбегіне қарай және ортақ келісім бойынша өзара бөліседі. Полиция олардың есеп айырысуына ешқашан дерлік араласа қоймайды. Артель әрқашан дерлік әрбір мүшесі үшін жауап береді. Бір қауымның мүшелері православиелік емес, раскольник болғанда шаруалар арасындағы байланыс одан да күшті болады. Үкімет ара-тұра әйтеуір бір раскольниктер деревнясына аяусыз жортуыл жасап тұрады. Шаруаларды абақтыға отырғызады, жер аударады, осының бәрі ешқандай жоспарсыз, ешқандай дәйексіз, ешқандай іліксіз және мұқтаждықсыз, тек дінбасылардың талабын қанағаттандыру және полицияғa жұмыс тауып беру үшін жүргізіледі. Раскольниктерге осынау жортуылдар кезінде орыс шаруаларының мінез-құлқы - оларды өзара байланыстырып тұрған ынтымақ тағы да байқалады. Олардың полицияны қалай алдап үлгеретінін, өз бауырларын құтқаратынын, қасиетті кітаптар мен ыдыстарды жасыратынын, ештеңе айтпай, қандай азаптарға шыдайтынын дәл сол кезде көру керек. Маған раскольниктер қауымын шаруа, тіпті православ шаруа көрсетіп берген бір оқиғаны кім көрсете алар екен? Орыс мінез-құлқының осынау қасиеттері полициялық тергеуді төтенше қиындатады. Бұған шын жүректен қуанбасқа болмайды. Орыс шаруасында оның коммунизмінен инстинктті, табиғи түрде туындайтыннан басқа инсаният жоқ; бүл терең халықтық инсаният; оған өкілден белгілі аз-маз нәрсе оны қолдап отырады; помещиктердің көпе-көрнеу әділетсіздігі оны соның құқықтары мен қауымдық құрылысқа матай түседі (автор өзінің ескертпесінде бұған бірталай мысал келтіреді, біз оларды аударып жатудың керегі болмас деп ұйғардық - Ауд.) Қауым орыс халқын монғол варварлығы мен императорлық өркенияттан, еуропаша боялған помещиктер мен неміс бюрократиясынан сақтап қалды. Қауымдық ұйым, қатты сілкіленсе де, өкіметтің килігуіне төтеп бере алды; ол Еуропада социализмнің дамуына аман-есен жетті.

Бұл жағдай Ресей үшін шексіз маңызды.

Орыс самодержавиесі жаңа фазиске қадам басты. Ұлтқа қарсы революциядан өсіп шыққан ол өзінің міндетін орындады; ол орасан зор империя, қаһарлы әскер, орталықтандырылған үкімет құрды. Шын тамырдан айрылған, аңыздардан айрылған ол, енді қарекетсіздікке бұйырылған; рас, ол өзіне жаңа міндет - Ресейге батыс өркениятын енгізу міндетін жүктегендей еді, және ол біршама дәрежеге дейін, әлі білімді үкімет рөлін ойнап тұрғанда, табысқа да жетті.

Енді ол бұл рөлді жиыстырып қойды.

Халықпен өркеният үшін ірге ажыратқан үкімет, самодержавие үшін білім беруден бас тартуды кешіктірген жоқ. Ол өзінің ұмтылысы тасасынан либерализмнің үші түсті елесі байқала бастаған бойда өркенияттан бас тартты; ол ұлтқа, халыққа оралуға тыраштанып көрді. Бұл мүмкін емес еді. халық пен үкімет арасында ортақ ештеңе жоқ еді; алғашқысы екіншісін тосырқап қалған-ды, ал үкіметке бұқара қойнауында жаңа елес, бұрынғыдан да қорқынышты -қызыл әтеш елесі жатқандай көрінді. Әрине, либерализм төндіретін қауіп жаңа пугачевшілдік төндіретін қатерден кемірек болатын, бірақ либералдық идеялардан үрей мен жиіркеніш күшті болғаны соншалық, үкімет енді өркениятпен татуласа алмайтын еді. Сол кезден бері царизмнің бірден-бір мақсаты царизм болып қалды. Ол билеп-төстеу үшін билеп-төстеуде. Өзара қырып-жоюға, жасанды тыныштықты сақтауға орасан күш жұмсалуда. Бірақ самодержавие үшін самодержавие кейіннен мүмкін болмай қалады; бұл тым одағай, тым тұл. Ол осыны сезінді де, Еуропадан айналысатын іс іздей бастады. Орыс дипломатиясының қызметі қажу дегенді білмейді; барлық жерде ноталар, кеңестер, қоқан-лоққы, уәде қардай борап тұр; агенттер мен шпиондар өріп жүр. Император өзін неміс ханзадаларының табиғи қамқорымын деп біледі; ол ұсақ неміс сарайларының барлық ұсақ айла-шарғыларына араласады; ол барлық дауларды шешеді; біреуіне зіркілдейді, енді біреуін ұлы ханшамен марапаттайды. Бірақ оның қызметі үшін бұл жеткіліксіз. Ол ғаламның бірінші жандармының міндетін өз мойнына артады, ол бүкіл реакцияның, бүкіл қуғындаудың тірегі. Ол Еуропадағы монархиялық бастау өкілінің рөлін ойнайды, ол нақ бір Бурбон немесе Плантагент секілді, ал оның сарайындағылар - Глостерлер немесе Монморанси секілді аристократиялық менмендік көрсетуден тайынбайды. Өкінішке қарай белгілі бір бастауы бар, өткені бар, әлеуметтік және діни идеясы бар феодалдық монархизм мен артында тек қасіретті тарихи қажеттілік, өткінші пайда тұрған, ешқандай да инсанияттық қайнарға сүйенбейтін Петербург патшасының наполеондық деспотизмі арасында ортақ ештеңе жоқ. Қысқы сарай да, күздің соңындағы тау шыңы секілді барған сайын қар мен мұзға көміле түсуде. Осынау үкіметтік шыңға дейін, жасанды түрде көтерілген өмір нәрі аз-аздап суып барады; бір ғана, әлі революциялық толқындардың тегеурінін тежеп тұрған материалдық күш пен жартастың беріктігі қалып түр. Генералдар, министрлер, бюрократтар қоршаған Николай өзінің жалғыздығын ұмытқысы-ақ келеді, бірақ сәт сайын түнеріңкі, торығулы, үрейлі бола түсуде. Ол өзінің ешкімге ұнамайтынын көріп жүр; ол алыстағы дауылдың өзіне жақындап келе жатқан секілді анық гуілінен өзінің айналасында патшалық құрған өлі үнсіздікті байқайды. Патша бәрін ұмытқысы келеді. Ол өзінің мақсаты - императорлық билікті ұлғайту екенін бар даусымен жариялады. Бұл мойындау - жаңалық емес: осынау жалғыз мақсат үшін қажымай-талмай, демалмай еңбек етіп келе жатқалы міне жиырма жылдың жүзі болды; бүл үшін ол өз бодандарының көз жасын да, қанын да аяған жоқ. Оған бәрінің де сәті түсті; ол поляк ұлысын жаныштап тастады; Ресейде ол либерализмді басып тастады.

Оған, іс жүзінде, енді не керек? Неліктен ол түнеріп жүр?

Император Польшаның әлі өлмегенін сезеді. Ол мүлдем бекер, жанкештілікпен індеткен, орыс топырағына тамыр жая алмайтын экзотикалық гүл - либерализмнің орнына басқа бір, найзағайлы бұлт секілді қаһарлы басқа бір мәселе келе жатыр. Помещиктердің езгісінің астында халық бұлқына бастады; жергілікті көтерілістер үздіксіз бұрқ ете түсуде; сіз өзіңіз мұның сұмдық мысалын келтіргенсіз. Қозғалыс, прогресс партиясы шаруалардың босатылуын талап етуде; ол өзінің құқықтарын құрбан етуге даяр. Патша толқу үстінде және кедергі жасауда; ол босатқысы келеді әрі оған бөгет болуда. Ол шаруаларды босату жерді босатумен байланысты екенін түсінді; оз кезегінде жерді босату - әлеуметтік революцияның басы екенін, селолық коммунизмді жариялау екенін түсінді. Босату туралы мәселені айналып өту мүмкін емес - оның шешімін келелі патшалыққа дейін шегере тұру, әрине, оңайырақ, бірақ бүл қорқақтық, және, шындап келгенде, бұл тек аттары жоқ жаман пошта станциясында жоғалтылған бірнеше сағат қана... Осының бәрінен сіз селолық қауымның өліп қалмағаны, жеке меншік қауымдық меншікті бөлшектеп жібермегені Ресей үшін қандай бақыт екенін; орыс халқының барлық саяси қозғалыстардан, еуропалық өркенияттан, қауымның түбіне жететін күмәнсіз және қазір социализмде өзін-өзі терістеуге дейін жеткен өркенияттан тыс қалғаны, ол үшін қандай бақыт екенін көресіз. Еуропа, - мұны мен басқа бір жерде айтқан болатынмын, - жеке кісі мен мемлекет арасындағы антиномияны шешкен жоқ, бірақ ол соны шешуді өзіне міндет етіп қойды. Ресей де бүл шешімді таба алған жоқ. Осы мәселенің алдында біздің теңдігіміз басталады. Еуропа әлеуметтік революция жолындағы алғашқы қадамында осынау халықпен, оған егіншілер арасында жерді ұдайы бөліп отырудың жүзеге асырылуын, жартылай жабайы, бас-аяғы ашық-шашық - бірақ бәрібір жүзеге асырылуын беретін халықпен ұшырасады. Және есіңізде болсын, осынау ұлы өнегені беріп отырған оқымысты Ресей емес, халықтың өзі, оның өмірлік процесі. Біз, батыс өркенияты арқылы өткен орыстар, біз орыс халқы мен революцияшыл Еуропа арасындағы құралдан, ашытқыдан, делдалдан басқа ештеңе емеспіз. Ресейдегі болашақтың адамы, Францияда дәл жұмыскер екендігі секілді, - мұжық. Бірақ солай болса, орыс халқының сіздің тарапыңыздан біршама кеңшілікке хақысы жоқ па, мархабатты тақсыр? Бейшара шаруа! Мүмкін болатын барлық әділетсіздік соның маңдайына тиеді. Император оны рекруттық жиып алуымен қуғындайды, помещик оның еңбегін, шенеунік соңғы бір сомын ұрлайды. Шаруа үндемейді, шыдайды, бірақ торықпайды, онда әлі қауым бар. Одан бір мүшені жұлып алса, қауым бұрынғыдан та тығыз жақындасады; былай қарағанда, бұл аяйтын жағдай; ал мұнда ешкімнің шаруасы жоқ. Шаруаны қорғау орнына, оны айыптайды. Сіз оған тіпті ол өзін адаммын деп сезінетін, ол жақсы көріп, қорықпайтын соңғы баспанасын да қалдырмайсыз; сіз былай дейсіз: "Оның қауымы - қауым емес, оның әулеті - әулет емес, оның әйелі - әйел емес: оның алдында ол помещикке тиесілі болады; оның балалары - оның ұрпағы емес, олардың әкесі кім екенін кім біледі". Сіз осылай осынау сорлы халықты ғылыми талдауға емес, басқа халықтардың, сіздің аңыздарыңызға қаяусыз құлақ қоятын халықтардың менсінбеуіне мұрындық боласыз. Осыған орай бірер сөз айтуды мен парызым деп санаймын. Барлық славяндардың үй тұрмысы төтенше күшті дамыған: бұл, бәлкім, олардың мінез-құлқының бірден-бір консервативті элементі, олардың терістейтін нәрсесінің соңғы шегі болар. Селолық семья оңайлықпен бөліне қоймайды; көбіне бәріне айтқанын істететін қарт атамен бір баспана астында үш, төрт ұрпақ тұрып жатады. Егіншілер сословиесінде барлық жерде болатыны секілді, әдетте әйел езгіде болады, бірақ ол әулеттің үлкенінің жесірі болса, құрметке бөленеді. Бүкіл отбасын ақ шашты әже басқаратыны сирек емес... Ендеше, Ресейде отбасы жоқ деп кесіп айтуға бола ма?

Енді помещиктің басыбайлы әулетке қатынасына көшейік.

Бірақ айқынырақ болу үшін норманы қиянаттан, құқықты қылмыстан ажыратып алайық.

Jus prіmae noctіs Ресейде ешқашан болған емес.

Помещик некедегі адалдыққа дақ салуды заңды түрде талап ете алмайды. Егер Ресейде заң орындалатын болса, басыбайлы әйелді зорлау, ол нақ еркін әйел болғандай, жазаланар еді, яғни каторгалық жұмысқа, не барлық құқықтарынан айрылып, Сібірге жер аударуға кесілер еді. Заң сондай, енді фактыларға жүгінейік. Үкімет помещиктерге берген билік тұсында оларға өз басыбайлыларының әйелдері мен қыздарын зорлау өте оңай екенін теріске шығарғым келмейді. Помещик қыспаққа алу, жазалау арқылы әрқашан мынаған қол жеткізе алады: қыздары мен әйелдерін оның койнына салып беретін әкелер мен күйеулер табылады, бүл "Пёшо жазбаларындағы" XVІІІ ғасырда, ерекше жақсылық ретінде, өзінің қызын Pare aux cerfs'Ke орналастыруды өтінген абыройлы француз дворянымен бірдей нәрсе. Сондай-ақ адал әкелер мен күйеулер Ресейдегі тамаша сот құрылысының арқасында помещикке сот таба алмайтыны да таңқаларлық нәрсе емес; олар көбіне-көп Людовик XV-нің тапсырмасымен Берье он бір жасар қызын ұрлап алған Тьерселен мырзаның жағдайында болады. Осынау пасық жаманшылықтардың бәрі де мүмкін: бұған көз жеткізу үшін орыс дворяндарының бір бөлігінің дөрекі де лас құлқын еске түсіру жеткілікті. Бірақ шаруаларға келсек, олар өз қожайындарының мұндай бұзықтығына тіпті де жайбарақат қарамайды.

Бұған дәлел келтіруіме рұқсат етіңіз.

Өз басыбайлылары өлтіретін помещиктердің жартысы (статистикалық мәліметтер бойынша олардың саны жылына алпыстан жетпіске дейін жетеді) өздерінің эротикалық ерлігінің салдарынан жаһаннамға аттанады. Мұндай ілік бойынша процестер сирек; шаруа өзінің шағымын сот ескермейтінін біледі; бірақ оның балтасы бар; ол оны шебер игерген және мұнысын да жақсы біледі. Шаруалар туралы осы ишарамен шектелемін де, мен сізден сауатты Ресей туралы бірер сөзге құлақ түруіңізді өтінемін. Сіз халықтың мінез-құлқы секілді Ресейдің ақыл-ой қозғалысына да менсініңкіремей қарайсыз; қаламыңыздың бір сүйкеуімен осы кезге дейін біздің бұғаулы қолымызбен жасалған барлық еңбекті сызып тастайсыз. Шекспирдің кейіпкерлерінің бірі өзінің мандыбас дұшпанын қорлау үшін, оған: "Мен тіпті сенің бар екеніңе күмәндімін" дейді. Сіз одан да әрі кеттіңіз, сізге орыс әдебиеті дегеннің жоқ екені даусыз.

Өзіңіздің төл сөздеріңізді келтірейін: "Біз орыс тіліне жаттығып, орыс әдебиеті-міс дейтіннің түсі қашқан елесімен Еуропаны аллдағысы келетін азын - аулақ қана ақылды адамдар жасаған тәжірибеге маңыздылық беріп жатпаймыз. Егер мен Мицкевич пен оның бейкүнә, пәк адасуына құрметпен қарамасам, мен, рас, оның осынау нәрсе туралы кендігі үшін (тіпті мархабаты үшін деуге де болады) оны айыптар да едім". Мен, мархабатты тақсыр, абақтыда оянған халықтың қасіретке толы алғашқы айғайын, абақты иесінің қолымен қылғындырылған күрсінісін сіз қабылдайтын менсінбеудің себептерін текке іздеппін. Біздің мұңды поэзиямыздың ғаламат үніне, тынымсыз өксік естіліп тұрған әуендерімізге сіздің неліктен құлақ түргіңіз келмеді? Сіздің жанарыңыздан біздің кекесінге толы күлкіміз, осынау үздік ирония, астарында әбден қансыраған жүрек жатқан, шындап келгенде, дәрменсіздігімізді тек жазмышты мойындау болып табылатын ирониясы не жасырып қалды? О, мен Пушкин мен Лермонтовтың бірнеше өлеңін, Кольцовтың бірнеше әнін сізге лайықты аударып беруді қандай қалаймын десеңізші! Сіз сонда бізге өзіңіздің достық қолыңызды ұсынар едіңіз, Сіз бірінші болып өзіңіздің сөзіңіз үшін кешіруді өтінер едіңіз! Шаруалар коммунизмінен кейін Ресейді оның әдеби қозғалысынан артық ештеңе сипаттай алмайды, ештеңе оған соншалық ұлы болашақ меңзей алмайды. Шаруа мен әдебиет арасында ресми Ресейдің - сіз айтқандай, "Ресей - жалғандықтың, Ресей - тырысқақтың" құбыжығы тұр. Бұл Ресей императордан басталады да, жандармнан жандармға дейін, шенеуніктен шенеунікке дейін, империяның ең қиыр түкпірлеріндегі ең соңғы полицейге дейін далиып жатыр. Осынау сатының әрбір басқышы, Дантенің тозағының орларындай, жамандықтың жаңа күшіне, былығу мен қаныпезерліктің жаңа баспалдағына не болады. Бұл қылмыстардан, қиянаттардан, сатып алудан, полицейлерден, оңбағандардан, қарны бір тоймайтын тоңмойын неміс әкімшілерінен; ылғи да нас надан қазылардан, әман да арам аристократиядан құралған тірі пирамида; осының бәрі тонау мен олжаның қоғамдастығымен байланысты және алты жүз мың найзалы табиғи машинаға сүйенеді. Шаруа үкіметтік цинизмнің осынау дүниесіне ешқашан былғанбайды, ол соның болғанына төзіп отыр, оның жалғыз жазығы - сол. Ресми Ресейге дұшпан қос бәріне дайын, оған қарсы шығатын, онымен күресетін, оны әшкерелейтін, астынан ор қазатын ат төбеліндей ғана адамдардан тұрады. Осынау жалғыз-жарым жауынгерлерді ара-тұра казематтарға тығады, азаптайды, Сібірге жер аударады, бірақ олардың орны ұзақ уақыт бос қалмайды; жаңа күрескерлер алға шығады; бұл біздің аңызымыз, біздің майоратымыз. Ресейде адам сөзінің үрейлі салдарлары қажетіне қарай оған ерекше күш береді. Еркін кеңеске сүйсіне, риясыз құлақ қояды, өйткені ондай сөзді бізде тек айтатыны бар адамдар ғана айтады. Әрбір беттің соңында жандарм, үштік, қос және алдағы уақытта Тобольск немесе Красноярск елестеп тұратын кезде оз сөзіңді баспасөзге беруге кенет бел байлай алмайсың... Орыс халқы оқымайды. Сондай-ақ Вольтер мен Дантені қоныстанғандар емес, дворяндар мен орташа сословиенің бір бөлігі оқығанын сіз білесіз. Ресейде орташа сословиенің сауатты бөлігі дворяндарға бейімдеу, ал дворяндар халық болудан қалғандардан құралған. Тіпті халықпен қосылып кететін дворяндар пролетариатқа да, және еркіндікке жіберіліп дворяндарға қарай көтеріліп келе жатқан пролетариат та бар. Осынау флуктуация, осынау үздіксіз жаңару орыс дворяндығына артта қалған Еуропаның артықшылықты таптарында сіз таба алмайтын сипат береді. Қысқасы, Петр І- ден бастап Ресейдің бүкіл тарихы дворяндық және оған ағарту ықпалының тарихы. Қоса кетейін, орыс дворяндары саны жағынан 31 - мамыр заңы бойынша Франциядағы сайлаушылар санымен бірдей. XVІІІ ғасырдың өн бойында жаңа орыс әдебиеті біз қазір ие болып отырған күмбірлеген бай тілге - икемді де құдіретті, герман метафизикасының ең дәйексіз идеялары мен француз әзілқойлығының жарқ-жұрқ еткен ойынын бере алатын тілге ие болып отырмыз. Петр І - нің кемеңгер ишарасымен дүниеге келген осынау әдебиет, рас, үкіметтік сипатта болды, бірақ ол кезде үкіметтің туы прогресс, революция дерлік болатын. 1789 жылға дейін императорлық тахыт ағарту мен философияның ғаламат шымылдықтарын масайрай жамылды. Екатерина ІІ өзін картон деревнялармен және түрлі-түсті боялған тақтайлардан жасалған сарайлармен алдауға лайық еді... Көрермендерді ғаламат жиһазбен одан артық ешкім көз қарықтыра алмайтын. Эрмитажда Вольтер, Монтескье, Беккариа ауыздан түспейтін. Мархабатты тақсыр, медальдың екінші беті сізге белгілі. Алайда, сарай маңындағы салтанатты жырлар арасында бір оғаш, күтпеген нота естіле бастады. Ол көп ұзамай барлық басқа, жасанды әуендер құйрығын қысып кетуге тиіс ештеңеге сенбейтін, қаһарлы ішектің дыбысы болатын. Әрі поэтикалық, әрі жалдаптық орыс ойының нағыз сипаты Николай таққа отырғаннан бастап бар күшімен дами бастады. Бұл бағыттың ерекше белгісі - ұжданның қасіретті босатылуы, аяусыз жоққа шығару, ащы мысқыл, өзіне-өзі азапты үңілу. Кей-кейде осының бәрі ес-түссіз күлкімен алмасады, бірақ бұл күлкіде көңілді ештеңе жоқ. Еңсені езіп тұратын ортаға тап болған, айқын көзқараспен және сатылмайтын логикамен қаруланған орыс өз ата - бабаларының сенімі мен құлықтарынан тез босанды. Ойлана білетін орыс - бұл дүниедегі ең тәуелсіз адам. Оны тоқтата алатын не? Өткенге құрмет пе?.. Егер халықтық пен аңыздарды теріске шығару болмаса, Ресейдің жаңа тарихының бастапқы нүктесі не болмақ. Әлде Петербург кезеңінің аңыздары шығар? Бұл аңыз бізді ештеңеге міндеттемейді; бұл "зинақорлар үйінде болып жатқан қанды драманың бесінші актысы", керісінше, біздің қолымызды біржола босатады. Екінші жағынан, батыс халықтарының өткені бізге өнеге ғана, басқа түк те емес; біз өзімізді олардың тарихи өсиеттеріне бас-көз болушы деп санамаймыз. Біз сіздердің күмәндарыңызға ортақпыз - бірақ сіздердің иманыңыз бізді жылытпайды. Біз сіздердің өшпенділіктеріңізге ортақпыз, бірақ ата-бабаларыңыз қалдырған өсиетке сіздердің үйірсектіктеріңізді түсінбейміз; біз жартыкеш бостандықты қанағат тұтуға тым езілгенбіз, тым сорлымыз. Сіздерді күмән матайды, сіздерді ішкі есеп тежейді. Бізде ішкі есеп те, күмән да жоқ, бізде тек күш жетіспейді... Біздегі сынау кекесін, біздің жанымызды жегідей жейтін, бізді жындануға дейін жеткізетін, Сібірге, азаптауға, жер аударуға, мезгілінен бұрын өлуге қол жеткізгенімізше бізді алға итермелей беретін сонау мұң осыдан. Біз ешқандай үмітсіз өзімізді құрбандыққа шаламыз; ызадан, зеріккеннен... біздің өмірімізде шынында да есуастық бірдеңе бар -бірақ ешқандай лас, ешқандай кертартпа, ешқандай тоғышарлық нәрсе жоқ. Бізді инсаниятсыз деп айыптамаңыз, өйткені сіз сыйлайтын нәрсені, біз сыйламаймыз. Жолдан табылған баланы ол ата-анасын сыйламайды деп жазғыруға бола ма? Біз тәуелсізбіз, өйткені өмірді қайтадан бастадық. Бізде өзіміздің организмімізден, біздің халықтығымыздан басқа ештеңе жоқ; бүл біздің мәнісіміз, біздің тәніміз бен қанымыз, бірақ матап ұстайтын бедел емес. Біз тәуелді емеспіз, өйткені бәрінен жұрдаймыз. Біз ынтық болатын ештеңе дерлік жоқ. Біздің есіміздегінің барлығы өкініш пен қастыққа толы. Білімді, ғылымды бізге дойырдың ұшымен берді. Біздің, мирас тимеген кенже бауырлардың сіздердің аңсар міндеттемелеріңізде қаншалық шаруамыз бар? Және біз ұжданымыз бойынша сіздердің таптаурын болған, христиандық та, адамдық та емес, тек ділмарлық жаттығулар мен прокурорлық баяндамаларда ғана бар инсанияттарыңызбен қанағаттана аламыз ба? Сіздің римдік-варварлық заңдылықтарыңыз, осынау жарық та, ауа жоқ бітеу, ебетейсіз, орта ғасырларда жаңартылған, еркін жіберілген мещандар әктеп қойған ғимараттарыңыз бізге өздерін қалай құрметтете алмақ? Келісемін, орыс соттарындағы тапа-тал түстегі тонау одан да жаман, бірақ бұдан сіздерде заңдар мен соттарда әділет бар деген қорытынды шықпайды. Сіздердің заңдарыңыз бен біздің жарлықтарымыздың арасындағы айырмашылық тек бастапқы формулада. Жарлықтар еңсені езетін ақиқаттан басталады: "Патша бұйрық беруді ұйғарды"; сіздердің заңдарыңыз кісінің жынын келтіретін өтірікпен - француз халқының атын кекесінді пайдаланумен және "бостандық, бауырластық және теңдік" деген сөздермен басталады. Николай низамдары бодандарға қарсы және самодержавиенің пайдасына есептелген. Наполеон низамдарының сипаты да үзілді-кесілді сондай. Бізге өзіне жаңа бұғауларды еркін салады десеңіздер, ол бұғаулар онсыз да тым көп. Бұл жағынан біз өзіміздің шаруалармен мүлдем бір қатарда тұрмыз. Біз дөрекі күшке бағынамыз. Біз құлмыз, өйткені босануға мүмкіндігіміз жоқ; бірақ біз өз дұшпандарымыздан ештеңе қабылдамаймыз.

Ресей ешқашан протестанттық ел болмайды.
Ресей ешқашан juste-mіlіeu {франц. - абзал орта) болмайды.

Ресей ешқашан революцияны Николай патшадан арылу, сөйтіп өкіл - патшалармен, қазы -патшалармен, полицей-патшалармен алмастыру мақсатымен істемейді. Біз, бәлкім, тым коп талап етіп отырған және ешқашан мақсатымызға жетпейтін болармыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ біз, бәрібір, торықпаймыз; 1848 жылға дейін Ресей революциялық жолға түсуге тиіс болмайтын, ол мүмкін емес болатын, оның әлі үйрене түсуі керек болатын және қазір ол біраз нәрсені үйренді. Патшаның өзі мұны түсініп, университеттерге, идеяларға, ғылымға қаһарын төгуде, ол Ресейді Еуропадан бөліп тастауға, ағартудың түбіне жетуге тырысады. Ол өзінің шаруасын тындыруда.

Сол шаруада ол табысқа жете ме?

Мен мұны бұрын айтқанмын. Болашаққа құлай сенуге болмайды; әрбір ұрықтың дамуға хақысы бар, бірақ бәрі бірдей өспейді. Ресейдің болашағы жалғыз оған тәуелді емес. Ол Еуропаның болашағымен байланысты. Егер реакция мен абсолютизм Еуропадағы революцияны біржола жеңер болса, славян дүниесінің тағдырын кім көріпкелдікпен айта алады?

Бәлкім, ол күйреп тынар?
Ондай жағдай бола қалса, Еуропа да күйреп тынады...
Сонда тарих Америкаға көшеді...

Алдыңғыларды жазып болып, мен сіздің аңызыңыздың соңғы екі фельетонын алдым. Оларды оқып шыққан соң менің алғашқы ниетім жазғанымды өртеп жіберу болды. Сіздің жанашыр жүрегіңіз мойындалмаған орыс халқын қорғауға басқа біреудің дауыс көтеруін күткен жоқ. Сіздің сүйіспеншілікке толы жаныңыз азап шеккен поляк халқы жолындағы бітіспес қазы, кек қайтарушы ретіндегі рөліңізден басым түсті. Сіз өзіңізге өзіңіз кереғар кеп қалдыңыз, бірақ мұндай кереғарлық - тектілік. Өзімнің хатымды қайта оқып шығып, мен одан сіз Ресей мен славян дүниесіне жаңа көзқарас таба аларсыз деп ойладым; сөйтіп, сізге жолдауды ұйғардым. Сіз менің скифтік қызбалығым ұстап кеткен жерлерді кешірерсіз деген бір үмітім бар. Варварлар қаны менің тамырымда бекер лүпілдеп жатпаса керек. Мен сіздің орыс халқы туралы пікіріңізді соншалық өзгерткім келген еді; сіздің бізге қарсы екеніңізді көру мен үшін тым қиын, тым ауыр болды да, мен өзімнің ренішімді, өзімнің толқынысымды жасыра алмадым да, қаламымды тежей алмадым. Бірақ енді, сіздің бізден үміт үзбегеніңізді, орыс шаруасының олпы-солпы шекпенінің ішінен сіз адам тани білгеніңізді көрдім, мен мұны көріп отырмын, және, өз кезегімде сізге мойындайын, Ресейдің атауының өзі еркін адам атаулыға ететін әсерді әбден түсінемін. Біздің өзіміз сорлы отанымызға жиі-жиі қарғыс жаудырамыз. Сіз мұны білесіз, сіздің өзіңіз Ресейдің инсанияттық бейшаралығы туралы өзіңіздің айтқаныңыз орыстарды өздері айтатын нәрсемен салыстырғанда нәренжік дейсіз. Бірақ біз үшін де Ресей жөніндегі табыт алдындағы соз заманы өтіп барады, және біз сізбен бірге: "Осынау ойда өмір ұшқыны жатыр" дейміз. Сіз сол ұшқынды өз махаббатыңыздың құдіретімен аңғара алдыңыз; ал біз оны көріп отырмыз, оны сезінеміз. Бұл ұшқынды жосылып аққан қан да, Сібірдің мұздары да, кеніштер мен абақтылардың тымырсығы да өшіре алмайды,. Ол күл астында жатып-ақ маздай берсін! Еуропадан соққан, суық, тажалды леп оны өшіріп тастауы мүмкін. Біз үшін қарекет сәті әлі соққан жоқ; Франция өзінің алдыңғы жағдайымен әлі әділетті мақтанады. 1852 жылға дейін оған қиын құқық тиесілі. Күмән жоқ. Еуропа табытқа немесе жаңа өмірге бізден бұрын жетеді. Қарекет күні біз үшін, бәлкім, әлі алыс болар; сана, ой күні әлден-ақ келіп жетті. Біз ұйқыда және жақ ашпауда әбден жетерлік күн кештік; біз айтатын уақыт келді. Шынында да, неміс (Гакстгаузен), сіз айтқандай, халықтық Ресейді ашу үшін, 1847 жылға дейін өмір сүруге тура келгені үшін, соған дейін сол Ресей, Колумбқа дейінгі Америка секілді, белгісіз болып келгені үшін кім кінәлі? Әрине, біз - кедей, мылқау біз, біздің именшек сөзіміз, біздің қорқытып тасталған қиялымыз жазықты. Біз өзіміздің бұғауларымызға өшпенділікпен қарайтынымызды мойындауға тіпті шет елде де қорқамыз. Тумысымыздан каторшик, аяғымызға байланған тасты ғұмырымыздың соңына дейін сүйретуге бұйырылған біз өзіміз туралы ерікті құлдар ретінде, суық өлкенің негрлері ретінде айтқанда өкпелейміз, сөйте тұра ашық қарсы шықпаймыз. Осынау сындарға ләм демей мойынсұнуымыз керек пе, әлде еркін орыс сөзі үшін кеудемізді төсеп, оларды тоқтатуға бел байлауымыз керек пе? Маңдайымызға басылған құлдық таңбасымен өмір сүргенше, бізді ерікті езгіге түскендер деп айыптауды естігенше, адамдық абыройы жоқ деген күдікпен өлген артық. Сорымызға қарай, Ресейде еркін сөз таң қалдырады, қорқытады. Мен бізді Еуропадан жасырып тұрған ауыр перденің бір шетін ғана көтеруге тырыстым, мен тек теориялық ұмтылыстарды, алыстағы үмітті, болашақ дамудың табиғи элементтерін ғана көрсеттім; бұл екі арада, сіз соншалық мақтаған менің кітабым Ресейде маған қолайсыз пікір туғызды. Мен өзім құрметтейтін дос-жар үндер оны жазғырады. Одан Ресейді айыптауды көреді! Айыптау!.. не үшін деңіз? Біздің қасіреттеріміз, біздің сорымыз, осынау жан түршігерлік жағдайдан құтылу жөніндегі біздің ниетіміз үшін... Бейшара, қымбат достарым, осы қылмысым үшін мені кешіріңіздер; мен тағы да сол қылмысты жасаймын. Күрессіз, таяу тұрған үмітсіз ұзақ күрестің қамыты ауыр, сұмдық! Ол кейіннен ең ізгі, ең күшті жүректі де зорықтырады. Ақыр соңында титықтау түбіне жетпейтін, қартайғанда жеміссіз күш-жігердің мәңгілік беймазалығынан тыныштықты артық көрмейтін батыр қайда? Жоқ, мен үндемей қала алмаймын! Менің сөзім адамдарды инсанияттық ажалға, рухани өлімге дейін жеткізетін орыс жеке-дара билігі талқандалған осынау сорлы тіршілік үшін кек алады. Біз сөйлеуге міндеттіміз; онсыз осынау азапты жандар өздерінің кеудесінде қаншама тамаша да асқақ нәрсені біржола жасыратынын, соның бәрі солармен бірге Сібір үскірігінде өлетінін ешкім білмейді, ал Сібірде тіпті олардың моласында олардың қылмысты аты да жазылмайды, олардың достары өз жүрегінде сақтайды да, естіртіп айтуға сескенетін болады. Біздің аузымызды ашуымыз мұң екен, өзіміздің тілектеріміз, өзіміздің үмітіміз туралы екі-үш сөзді былдырлауымыз мұң екен, аузымызды жапқысы келеді, біздің еркін сөзімізді бесігінде тұншықтырғысы келеді! Бұл мүмкін емес. Ой үшін кәмелет уақыты келеді; оны оған енді цензуралық шаралар да, сақтық та матай алмайды. Бұл арада насихат жалынды жүргізіледі; ұйқының тереңдігі соншалық, оны дабылыңмен де оята алмайтын кезде құлаққа сыбырлаумен қанағаттануға бола ма? Стрелецтердің көтерілісінен 14-желтоқсан қимылына дейін Ресейде байыпты саяси қозғалыс болған жоқ. Оның себебі түсінікті: халықта тәуелсіздікке айқын белгіленген ұмтылыс болған жоқ. Ол көп нәрседе үкіметпен келісті, үкімет көп нәрседе халықтан бұрын қимылдап отырды. Жалғыз шаруалар ғана, император пайдасына қатысы жоқ, бұрынғы қай кездегіден де қатты езілген шаруалар ғана көтерілуге тырысты. Жайықтан, Пенза мен Қазанға дейінгі Ресей үш ай бойы Пугачев билігінде болды. Казактар императорлық әскерді тойтарып, талқандады, және Петербургтен әскер қолбасылығын қабылдауға жіберілген генерал Бибиков, қателеспесем, төменгі Новгородтан былай деп жазды: "Жағдай тым жаман; бәрінен де бүлікшілердің қарулы тобырларынан емес, халықтың рухынан қорқу керек, ал ол қауіпті, өте қауіпті". Адам айтқысыз күш-жігерден кейін көтеріліс ақыр аяғында басылды. Халық құлаққа ұрған танадай мелшиіп қалды, аузын ашпайтын болды, сөйтіп мойынсұнды... Бүл екі арада дворяндық дами берді, оқу-білім, ақыл - ойды ұрықтандыра бастады да, инсанияттық дамудың осынау қажетіне қарай қызметтен көрінетін саяси кемелдігінің жанды дәлелі ретінде, осынау ғаламат тұлғалар, өзіңіз әділетті атағандай, осынау батырлар келді, олар "жападан-жалғыз, айдаһардың аузында тұрып-ақ 14-желтоқсанда батыл соққы жасауға бел байлады". Олардың жеңіліске ұшырауы, қазіргі патшалықтың терроры табысқа жету туралы ой атаулыны, уақытынан бұрын жасалған әрекет атаулыны басып-жаншыды. Басқа мәселелер туындады; конституцияға үміт артып өмірін қиюға енді ешкім тәуекел етпейтін болды; Петербургте жеңіп алынған хартия патшаның зұлымдығынан быт-шыт болатыны тым айқын еді: Польша конституциясының тағдыры көз алдында тұрған. Он жыл бойы ақыл-ой қызметі бірде-бір сөзімен бой көрсете алмады да, санаменен сарғайған сағыныш "бір сөтке еркін болу үшін өмірін қиюға" және өз ойының ең болмағанда бір бөлігін естірте айтуға дейін жетті. Біреулер тек бізде және поляктарда ұшырасатын жеңілтек әуейілікпен өздерінің байлығынан бас тартып, еркін ауа жұту үшін жат жұртқа аттанды; Петербург ауасының тымырсығына төзе алмаған енді біреулер деревняларға бас сауғалады. Жастардың біреулері панславизмге, біреулері неміс философиясына, біреулері тарихқа немесе саяси экономияға бой ұрды; қысқасы, ақыл-ой қызметіне бейім орыстардың ешқайсысы тоқырауға бағынғысы келмеді. Қысқы сарайдан екі қадам жерде бірнеше саяси қоғамдар ұйымдастырғаны үшін мәңгілік каторгаға кесілген Петрашевскийдің және 1849 жылы жер аударылған оның достарының тарихы ессіз аңғалдығы жағынан, табысқа жетудің айдан - анық мүмкін еместігі жағынан, ойға берілу уақыты өткенін, жан толқынысын тежеп ұстай алмайтыныңды, Петербург тәртібіне азапты үнсіз бағынудан гөрі анық өлім оңайырақ көріне бастағанын жеткілікті дәлелдемей ме? [...] Егер Ресейде бір рет болса да еркін тыныстауға ұмтылмайтын батыл адамдар құрып бітсе, оның күні қараң.

Бірақ мұнан қорқудың керегі жоқ...

Осынау сөздерден кейін менің ойыма М. Бакунин еріксіз оралады: Бакунин Еуропаға еркін орыс адамының үлгісін берді. Сіздің оған арнаған тамаша сөзіңіз мені қатты толқытты. Сорымызға қарай, ол сөздеріңіз оған жетпейді. Халықаралық қылмыс жасалды. Саксония өз құрбандығын Австрияға, Австрия -Николайға ұстап берді. Ол Шлиссельбургте, осынау лағнет атқан қамалда, онда бір кездері Алексей патшаның немересі Иван Антонович жабайы хайуан секілді торда ұсталып, оны Екатерина ІІ өлтірткізді, әлі үстінен күйеуінің қаны кеппеген осынау әйел әуелі тұтқынды өлтіріп жіберуге бұйырды, содан кейін оны өлтірген бейшара офицердің басын алуға бұйырды. Сыз арылмайтын камерада, Ладога көлінің мұздай суы жағасында арманға да, үмітке де орын жоқ! Саусақтарында соның қаны қалған екі үкімет сатқындық жасаған осынау азапкер соңғы ұйқысына тып-тыныш берілсін... Оның есімі даңққа бөленсін және кек алынсын!.. Бірақ сол кекшіл қайда!... Біз-дағы сол секілді жарты жолда өлеміз; сол кезде сіз өзіңіздің қатаң да ғаламат дауысыңызбен біздің балаларымызға олардың мойнында қарыз бар екенін айтып беріңіз... Бакунин туралы естелікпен доғарып, ол үшін де, өзім үшін де қолыңызды қатты қысамын.

Ницца, 1851 жылғы 22-қыркүйек
"А. И. Герцен. О социализме.
Избранное. Издательство "Наука ",
М. " басылымынан шамалы қысқартып қазақшалаған

Нұрмахан ОРАЗБЕК

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙